Файл қосу

Әбу Әли ибн



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті | |
|3 деңгейлі  СМЖ құжаты   |УМКД                     |УМКД                     |
|                         |                         |042-16-2.1.04/03-2013    |
|«Тарихтағы тұлға рөлі»   |                         |                         |
|пәні  бойынша            |№ 1 басылым              |                         |
|оқу-әдістемелік  кешені  |                         |                         |











                           «Тарихтағы тұлға рөлі»
                      пәннің оқу-әдістемелік кешенінің
                        оқу-әдістемелік  материалдары


                         Мамандық 5В020300 - «Тарих»
















                                 Семей 2013
1  ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
      5В020300 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік
      стандарты арнайы пәннің типтік  бағдарламасының   негізінде  жасалған.
      Құрастырушы   Семей    қаласының    Шәкәрім    атындағы    мемлекеттік
      университетінің  «Қазақстан   тарихы»   кафедрасының   аға   оқытушысы
      П.Санкайбаева
    «__04__»    __09__ 2014 ж.


2 ҚАРАЛДЫ
     1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің
« Қазақстан тарихы» кафедрасының отырысында қаралды
 Хаттама №_1__  « 04_»_09_ 2014  жыл


Кафедра меңгерушісі    ____________  Н.Мухаметжанова



2.2   Экономика,  құқық  және  гуманитарлық  ғылымдар  факультетінің    оқу-
әдістемелік бюросының отырысында талқыланды
Хаттама №_1__   «_09_»__09_  2014 жыл

ОӘБ төрағасы_________        С.Х.Тойкин



3 БЕКІТІЛДІ
3.1 Университеттің  оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында  мақұлданды  және
баспаға ұсынылды
Хаттама №_1___ «_11_»__09__2014 жыл

ОӘК төрағасы_________ Г.Искакова



4  АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № 4 «13» 09. 2012_  ж. баспа  ОРНЫНА)















Мазмұны

1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық сабақтар
4 Студенттердің  өздік жұмысы
5 Әдебиеттер












































1. Глоссарий:


1. Аббат - Католик шіркеуіндегі барлық дін  қызметкерлерінің  құрметті  аты
   немесе  Еркектер монастырының басшысы.
2. Абсолютизм - бір  адамның  (император,  король,  патша)  шексіз  билігі.
   Жоғарғы өкімет билігі  бір адамның ғана қолында болған басқару түрі.
3. Анархия -  жекелеген адамдар немесе топтардың басшылыққа бағынбауы  және
   соның салдарынан туған жөнсіздік тәртіпсіздік.
4. Барон - Батыс Еуропадағы  феодалдың  атағы.  VI-VII  ғасырларда  ауқатты
   адамдардың бәрі осылай аталды, ал XI—XII  ғасырларда  корольдің  тікелей
   вассалы - ірі феодалдар ғана осылай аталды.
5. Басқаң - монғол хандарының жаулап алынған жерлердегі  салық  жинау  және
   халық санын есепке алумен шұғылданатын өкілі.
6. Бей - Таяу және Орта Шығыс елдерінде ру-тайпалық, кейінірек ақсүйектерге
   ғана берілетін феодалдық атақ.
7. Буржуазия - табыс  көзі  жалдамалы  жұмысшылардың  еңбегін  қанау  болып
   табылатын өндіріс құрал-жабдықтарының иесі, капиталистік қоғамның  үстем
   табы.
8. Буси - Жапониядағы өскери-поместьелік дворяндар.
9. Вербендік жексенбі - Иса Мәсіхтың(Иисус Христос) айқыш ағашқа  шегеленіп
   өлтірілуінен бес күн бұрын оның Иерусалимге бейбіт патша ретінде  кірген
   күні.
10. Викария - епископтың епархияны басқарудағы көмекшісі.
11. Габсбургтер - 1516-1700 жылдары Австрияда, Чехия мен Венгрияда,  Испания
   мен оның иеліктерінде билік құрған әулет. 1438-1806 жылдардағы «қасиетті
   Рим империясының» императорлары.
12. Герцог - Батыс Еуропада корольден кейінгі баспалдақта түрған  ірі  аймақ
   иесі.
13. Гоминид- адамның арғы ата-бабалары.
14.  Гуманизм  —  адам  табиғаты)  —  адамның  еркін  ойлауының   әр   түрлі
   көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық
   дамуын уағыздайды.Қоғамдық  жағдайы  мен  өзінің  шығармашылық  күштерін
   еркін дамытатын жеке бас құқығына тәуелсіз  түрде,  адамның  құндылығын,
   адамдардын арасындағы  тендік,  әділеттілік,  адамгершілік  қатынастарды
   қуаттайтын көзқарастар мен идеялар жиынтығы.
15. Дарғы, Даруға - Алтын Ордаға бағынышты қалалардың билеушілері.
16.  Дворяндар  -  мұрагерлік  артықшылықтарды  пайдаланған   жер   иеленуші
   ақсүйектер сословиесі. Дінбасылармен бірге феодалдық қоғамның үстем табы
   болды. Капиталистік  қатынастардың  даму  барысында  дворяндардың  басым
   көпшілігі жаңа жағдайға бейімделіп, буржуазия табының негізін қалады.
17. Демократия – сөзі (гр. демос – халық және  гр.  кратос  –  билік)  деген
   сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді.
18. Держава - ірі мемлекет.
19. Диктатор - шексіз  билікке  ие  болып,  басқаруда  өзінің  қалауын  іске
   асыратын басшы
20. Диуани хикмет (Даналық кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидың кітабы.
21. Епископ  -  христиан  дініндегі  шіркеу  округының  басшысына  берілетін
   жоғары атақ.
22.  Каролингтер  -   Франк   мемлекетіндегі   корольдердің,   кейінірек   -
   императорлардың әулеті. Ұлы Карлдың (768-814) атынан шыққан.  Әулет  751
   жылы Меровингтердің орнына келді, X ғасырда биліктен  айырылды.  Католик
   шіркеуі (гректің «әлемдік», «бүкіл дүниежүзілік» деген сөзінен шыққан) -
   1054 жылы христиан дініндегі халықтар екіге  бөлінгеннен  кейінгі  Батыс
   Еуропа халықтары ұстанған христиан дінінің бір түрі.
23. Коммуна - өзін-өзі басқаратын қалалық қауым.
24. Коммунизм - [латынша соmmuniс - ортақ] - а) болашақтың қияли  көрінісін;
   ә) кейбір саяси партиялар мен  қозғалыстардың  идеологиясын;  б)  ерекше
   өмір салтын білдіретін ұғым.
25. Консерватор - а) өзгерістерге, қайта құруларға (қоғамдық-саяси  өмірдің,
   өндірістегі, ғылымдағы, мәдениеттегі жаңалықтарға)  қарсы  консервативті
   көзқарастағы адам; ә) консервативті партия мүшесі.
26. Конфедерация-өзінің егемендігін  сақтай  отырып,  белгілі  бір  мақсатқа
   бола біріккен мемлекеттер .
27. Кортес - Испаниядағы сословиелік өкілдіктің органы.
28. Күпірлер (гректің «ерекше діни  ілім»  деген  сөзінен  шыққан)  -  үстем
   діннің басты қағидалары мен ұйымдық құрылымын мойындамайтын ерекше  діни
   нанымды ұстанушылар.
29.  Құрылтай  -  Шыңғысхан  өулетінің  басшылығымен  өтіп   тұрған   монғол
   ақсүйектерінің кеңесі.
30. Лорд - ортағасырлық  Англиядағы  жер  иеленуші  феодал.  Бірте-бірте  ол
   ағылшын дворяндарының ең жоғарғы, ортақ атағына айналды.
31. Магистрат - қалалық басқарма.
32.  Майордом  (латынның  «үлкен  үй»  деген   сөзінен   шыққан)   -   Франк
   мемлекетіндегі  V  ғасырдың  аяғы  -  VIII  ғасырдың  ортасындағы  сарай
   меңгерушісі, ең жоғарғы мемлекет басшысы.
33. Меровингтер - Франк мемлекетінде 481-751 жылдары билік құрған  корольдер
   әулеті. Аса көрнекті өкілі - Хлодвиг (481-511).
34. Метрополия -Отар иемденген мемлекет .
35. Милитаризм – жаппай қарулануға, соғысқа  әзірленуге,  ішкі  және  сыртқы
   мәселелерді қарулы күшпен шешуге бағытталған саясат.
36. Монах (гректің «жалғыз» деген  сөзінен  шыққан)  -  жападан-жалғыз  өмір
   сүруші; діни қауымға  кірген  және  монастырь  жарғысының  талабына  сай
   сопылық құруға уәде берген адам.
37. Моңғол империясы- Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет.
38. Нотабель - Франциядағы жоғарғы дінбасыларының, қала тектілерінің өкілі.
39. Ордонанс - Франциядағы, Англиядағы корольдің жарлығы.
40. Патриарх (гректің  "әке",  "басшы"  деген  сөзінен  шық  қан)  -  кейбір
   елдердегі православиелік шіркеудің басшысы.
41. Патриархат – аталық рулық қауым.
42. Подъячий - XVI-XVIII ғасырдың басындағы  Ресей  әкімшілігіндегі  төменгі
   шен.  Дьяктардың  басшылығымен  подъячийлер  орталық   және   жергілікті
   мемлекеттік мекемелерде негізгі іс қағаздарын жүргізушілер болды.
43. Половецтер- қыпшақ тайпалары.
44. Райя - Осман  түріктері  империясындағы  бүкіл  салық  төлеуге  міндетті
   халық.
45.  Реакция  -  озық  қоғамдық  қатынастарға  қарсы  бағытталған  кертартпа
   әрекет.
46. Революция  — (бетбұрыс, төңкеріс) табиғат, қоғам өміріндегі,  білім  мен
   танымдағы сапалы өзгерістер.
47. Реконкиста (испанның "қайтарып алу"  деген  сөзінен  шыққан)  -  VIII-XV
   ғасырлардағы Пиреней түбегі халықтарының арабтар жаулап  алған  жерлерін
   қайтарып алуы.
48. Ренессанс (француздың "қайта өркендеу" деген  сөзінен  шыққан)  -  Батыс
   және Оңтүстік Еуропа елдеріндегі  ортағасырлық  мөдениеттен  жаңа  заман
   мәдениетіне өту дәуірі. Ол Италияда шамамен  XIV-XVI  ғасырларда,  басқа
   елдерде - XVXVI ғасырларда орын алды.
49. Репрессия- жазықсыз жазалау, қудалау шаралары.
50. Реформация (латынның "қайта құру", "жаңарту"  деген  сөзінен  шыққан)  -
   XVI ғасырдағы Батыс жене  Орталық  Еуропадағы  католик  шіркеуіне  қарсы
   қуатты қоғамдық-саяси және діни қозғалыс.
51. Ронин- Жапониядағы кедейленген самурайлар.
52. Рыцарь - (немістің «атты жауынгер» деген  сөзінен  шыққан)  -  сеньорына
   атты ескер қатарында қызмет етуге міндетті феодал.
53. Самурай - Жапониядағы ұсақ дворяндардың әскери-феодалдық сословиесі.
54. Санскрит - ежелгі және орта ғасырлардағы үнділіктердің әдеби тілі.
55. Сарациндер - Батыс Аравия халықтарының аты.
56. Сёгун - жапонның әскери қолбасшысы. Ол өкімет басшысы да болды.
57. Сейм - феодалдық монархиялардағы сословиелік-өкілдік мекеме.
58. Сеньор (француздың "үлкен" деген сөзінен  шыққан)  -  орта  ғасырлардағы
   Батыс Еуропадағы жер иесі, феодал. Tap  мағынада  -  вассалдың  мырзасы,
   қожасы.
59. Сервтер (латынның  "құл"  деген  сөзінен  шыққан)  -  орта  ғасырлардағы
   феодалдарға басыбайлы шаруалар тобы.
60.  Сипахилер,  Спахи  -  Осман  түріктері  империясындағы  сүлтаннан   жер
   иеліктерін алып, ол үшін әскер жасақтап, феодалдың атты әскері қатарында
   әскери міндет атқаруға тиісті леншілер.
61. Сойырғал - Темір  ұрпақтарының  кезіндегі  шартты  түрде  сыйға  беріліп
   тұрған жер үлесі.
62.  Социализм   -  әлеуметтік  әділеттілік  пен  теңдікке  негізделген,  ал
   мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім.
63. Статут - Англия жене тағы басқа кейбір елдердегі заңның аты.
64. Тамғаш - Алтын Ордаға бағынышты қалалардың билеушілері.
65. Тархан - 1) ортағасырлық түрік  халықтарындағы  феодалдардың,  сондай-ақ
   кейбір салықтан босатылған  адамдардың  атауы;  2)  мемлекеттік  салықты
   төлеуден босатылған Закавказье, Орта Азия, Қазан,  Астрахан  және  Қырым
   хандықтарының жері мен мүлкі.
66. Таурат - иудаизм мен христиандықтың қасиетті кітабы.
67. Тевтон  ордені-  XIII-XVI  ғасырларда  неміс  католиктері  құрған  діни-
   рыцарьлық ұйым.
68. Технология - өндірістің әдіс-тәсілі туралы ғылым.
69. Тиара - Рим папасының ерекше тігілген бас киімі.
70. Тиран - әрекеттері зорлық-зомбылыққа негізделген басшы.
71. Тоталитарлық -  жойқын  билік.  Университет  (латынның  "жиынтық"  деген
   сөзінен шыққан) - құрамында  ғылыми  білім  негізін  қалайтын  әр  түрлі
   пәндерді қамтитын бірнеше факультеттері бар жоғары ғылым-білім ордасы.
72. Тұрақ-ежелгі адамдар мекені.
73. Тэтчеризм  -Ұлыбританиядағы  консервативтік  үкіметтің  Маргарет  Тэтчер
   бастаған саясаты. Ішкі және  сыртқы  саясат  идеологиясындағы  шеткі  оң
   тенденциялардың бой көрсетуі.
74. Утопия (гректің "жоқ жер" деген сөзінен шыққан) - бүл терминді ең  алғаш
   ағылшындық  ойшыл-гуманист  Томас  Mop  қолданды.  Ол  өзінің  бірде-бір
   кемшілігі, қайшылығы жоқ қоғамын орнатпақшы болды. Ол  қоғамды  "утопия"
   деп атады.
75. Ұлтшылдық - саяси және ұлттық бірліктер сәйкес келуі керек дейтін  саяси
   принцип. 1983 жылы бұл анықтаманы Э. Геллнер ұсынды және  ол  әлі  күнге
   дейін қолданыста
76. Үшір - Осман түріктері империясындағы халықтың  өнім  түсімінен  төлеген
   салығы.
77. Фашизм - (диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі) - 1919 жылы  Италияда
   пайда болған саяси  ағым,  І  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  социалистік
   қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге,  оның  ішінде  Германияға  лезде
   таралып, национал-социализм аталуы.
78. Федерация-бір мүдделі бірнеше мемлекеттер одағы.
79. Феод - феодалдық  қоғамдағы  жер  иелігінің  негізгі  түрі.  Жер  әкеден
   балаға мүрагерлікке берілді. Жерге оның қожасының толық меншігі орнады.
80. Феодалдық рента (француздың "қайтарып  беру"  деген  сөзінен  шыққан)  -
   феодалдың жалға берген жерінен жинап отыратын салығы.
81. Феодализм - өндірістік қатынастардың  негізін  феодалдар  тобының  жерге
   жеке  меншіктігі  құрайтын  қоғамдық-экономикалық  формация.   Феодалдар
   шаруаларды жерді пайдаланғаны үшін міндеткерліктер өтеуге, яғни  еріксіз
   жүмыс істеуге мәжбүр етті.
82. Флот - теңіз кемелерінің жиынтығы.
83. Халиф - Мұхаммед пайғамбар өлгеннен кейін арабтар  мемлекетінің  басшысы
   болған оның орынбасарлары.
84. Халифат- халифтер  басқарған  исламдық  Араб  мемлекеті,  оның  құрамына
   кірген елдер.
85. Харадж- ислам дінін қабылдаған елдердегі жер салығы.
86. Цехтар - феодалдық  қаладағы  қолөнершілердің  бірлестігі,  экономикалық
   саяси және соғыс  одағы.  Негізгі  мақсаты  -  қолөнершілердің  мүддесін
   қорғау. Цехтардың өз жарғысы, таңбасы, туы болды.
87. Чомпилер - Орта  ғасырлардағы  Италияның  Флоренция  қаласындағы  тоқыма
   көсіпорындарының жұмысшылары. 1378 жылы маусым айында  олар  көтеріліске
   шығып, қала басшыларының алдына жағдайларын жақсарту  талаптарын  қойды.
   Көтеріліс жеңіліп, жұмысшылар талаптары орындалмай қалды.
88. Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы.
89. Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек.
90. Шовинизм - (Наполеон Бонапарттың басқыншылық саясатына  табынушы  солдат
   Н.Шовеннің  атына  байланысты  шыққан  сөз])-  шектен  шыққан,  жауыққан
   ұлтшылдықтың идеологиясы және  саясаты;  шовинизм  фашизм  идеялары  мен
   саясатында ашық көрініс тапты; шовинист ұлтын, тобын, табын  басқалардан
   артық көріп, асыра бағалайтын адам.
91. Інжу - Шыңғысхан өулетінен  шыққан  билеушілерге  бөлініп  берілген  жер
   үлесі.
92. Этногенез- халықтың шығу тегі.
93. Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын)
94. Эфталиттер- ақ ғұндар.
95. Юстиниан заңдары - Византия императоры I  Юстинианның  (527-565)  заңдар
   жинағы. Заңдар императордың шексіз билігін,  құл  иеленушілік  құрылысты
   нығайтуды, меншік құқын қорғауды көздеді.
96. Янычар - сұлтандық Түркиядағы полицейлік және  жазалаушылық  қызметтерін
   жауынгерлік қызметімен қоса атқарған, артықшылық жағдайдағы (1826  жылға
   дейін) жаяу әскер. Алғаш құлдыққа айдап әкелінген жастардан құрылды.
97.  Яса  -  Шыңғысханның  1206  жылы  Ұлы  хан  болып   сайланған   кезінде
   жарияланған заңдар мен ережелер жиынтығы.
98. Авеста – ежелгі парсының діни кітабы
99. Агора – ежелгі  гректерде  қалалық  өмірдің  маңызды  мәселесі  шешілген
   халық жиналысы
100. Амфитеатр – (грек сөзі көрушілер  залындағы  орындар)  көне  рим  жұрты
   түрлі ойындар мен сайыстарды тамашалауға арнап салған құрылыс.
101. Аристофан – ежелгі грек комедиясының атасы
102. Архимед – (б.з.б. 287-212) – ежелгі грек ғалымы, математик, өнертапқыш
103. Гладиатор – ( грек сөзі - семсер)  - ежелгі римдегі өзара  сайысу  үшін
   арнайы үйретілген құлдар
104. Демократия – халық билігі
105. Демос – (грек сөзі) халық  ертедегі  құл  иеленуші  Грекиядағы  төменгі
   еркін халық
106. Каста – португал сөзі ру, ұрпақ, ежелгі Үндістанда  адамның  шығу  тегі
   мен құқығы бойынша ерекшеленген және топтық артықшылық қорғайтын қоғамдық
   топ
107. Консулдар – (гр. кеңесшісі) – ежелгі римдегі жоғары лауазымды адамдар
108. Олигархия – ауқатты шонжарлардан тұрған аз адамдардың билігі
109. Палеста – (грекше күрес) – 12 жастан  бастап ұл балалар оқитын  қосымша
   мектеп
110. Перғауын – ежелгі Египеттің билеушісі
111. Плебейлер – (латын сөзі  қарапайым  халық)  Римге  басқа  жақтан  келіп
   қоныстанған адамдар, олардың ұрпақтары
112. Сенат – (лат.қария) – ежелгі римдегі  құлиеленушілер  республикасындағы
   ақсүйектер кеңесі, жоғарғы мемлекеттік органдар
113. Театр – грек сөзі ойын көрсететін орын
114. Центруиарт – патрийцилер мен плебейлер жиналысы
115. Форум – ежелгі римдегі базар алаңы























2 ДӘРІСТЕР

                          Дәріс сабағының құрылымы
                 МОДУЛЬ-1. Ежелгі дәуірдегі тарихи тұлғалар


Тақырып № 1.1.1. Ежелгі дәуір ғалымдарының
                              тарихта алатын орны-2 сағат

   1. Аристотель – әлем ұстазы.
   2. Платон – ежелгі грек философы.
   3. Қытай философы Конфуцийдің тарихи тұлғалық бейнесі.


      1.Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д.  384  —  б.з.д.
322 жылдар) - грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың  ұстазы.
Ол  түрлі-түрлі  тақырыптарға  зерттеулер  жазған,  соның   ішінде   физика,
метафизика, ақындық өнер, театр, музыка,  логика,  шешендік  өнері,  саясат,
үкімет, этика, биология және зоология.
      Сократ  және  Платонмен  бірге  Аристотель  батыс  философиясының   ең
маңызды,  оның  негізін  қалаушы  тұлғалары  ретінде  қарастырылады.  Ахлақ,
эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді  қамтитын
ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған  —  Аристотель.  Аристотельдің
физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең  әсер  етіп,
оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін  ол  қазіргі  заманғы
физикаға орын  беруге  мәжбүр  болды.  Биологиялық  ғылымдарда,  ол  жасаған
кейбір  бақылаулардың  дұрыстығы  тек  19-шы  ғасырда  ғана  расталды.  Оның
еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның  негізінде  19-
шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты.  Аристотельдің
метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман философияларына  зор  ықпал  жасады.
Ал оның мәсіхшілік философияға әсері,  әсіресе  Шығыс  православ  шіркеуінің
философиясына және Рим католик шіркеуінің  пәлсапалық  схоластика  мектебіне
қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің  философиясының  барлық  қырлары
әлі де терең зерттелуде.
      Аристотель  кезінде  көптеген  өте  көркем  шығармалар  мен  диалогтар
(Цицерон  оның  әдеби  стилін  «алтын  өзен»  деп  атаған)  жазса  да,  оның
жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның  кейбір  еңбектері  біресе
табылып, біресе қайта  жоғалып  отырды.  Кейбір  пайымдаулар  бойынша,  оның
жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.
— Гиппократтың шәкірті, философия ілімінің бірінші ұстазы сол кездегі  басқа
да ойшыл ғалымдармен қатар барлық  ғылымдардың,  оның  ішінде  морфологияның
дамуына да зор  үлес  қосты.  Аристотель  салыстырмалы  әдістерді  пайдалана
отырып, жануарлардың 500-ден аса түрлерінің дене  құрылысын  зерттеу  арқылы
өз  заманына  сай  морфологиялық  ғылыми  тұжырымдар   жасаған.   Аристотель
жануарлар денесінің  еркін  қозғалысын  мидың  басқаратындығын,  сүйекқаптың
маңызын, жүрек  пен  қан  тамырларының  байланысын  дұрыс  түсініп,  жүйкені
(нервті)  басқа  мүшелерден  ажырата  білген.   Аристотель   өзінің   ғылыми
еңбектерімен  салыстырмалы  анатомияның,  зоологияның  және   эмбриологияның
негізін қалаған.
      Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында  б.з.д.  384  жылы
туған.  Оның  әкесі  Македония  патшасы  Аминтастың  жеке  дәрігері  болған.
Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен  он  жасында
Аристотель Афина қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады.  Ол
сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға  дейін
қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы  Һермиас  патшаның
иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен  бірге  Лесбос
аралына сапар шегіп, екеуі аралдың  өсімдік  және  жануар  әлемін  зерттеді.
Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді.  Ол  туған  қызды
ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан  кейін  Аристотельді  Македония
патшасы  Филипп  өзінің  ұлы  Александрға  тәлімгер   болуға   шақырды.   Ол
Александрға сабап оқытты деседі.
      Александрға бірнеше  жыл  тәлім  бергеннен  кейін  Аристотель  Афинаға
қайтып оралды. Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп  аталатын  өзінің
мектебін ашып алған болатын. Афинада  оның  әйелі  Пития  қайтыс  болып,  ол
Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып,  оның  атын
Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.
      Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің  осы  кезеңінде  жазған  болуы
мүмкін. Ол тек кейбір  бөліктері  ғана  сақталған  диалогтар  жазған.  Бізге
келіп  жеткен  еңбектерінің  көбі  «трактат»  түрінде  өзінің   шәкірттеріне
арналған  оқу  құралы  ретінде  жазылғандықтан  көпшілігі   жалпы   таратуға
арналмаған.  Оның  ең  маңызды  еңбектері  ретінде  «Физика»,  «Метафизика»,
«Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектердің  арасында
өте  маңызды  байланыстар  мен  үндестіктер  болса  да,  олардың  стилі  мен
тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді.
      Философияан  эстетика,  этика,  басқару  ғылымы,  метафизика,  саясат,
психология, шешендік өнері және құдайтану туралы еңбектер  жазды.  Ол  білім
беру, шетелдердің әдет-ғұрыптарын,  әдебиет  және  поэзияны  зерттеді.  Оның
шығармаларының  толық  жинағы  ежелгі  гректерге  белгілі  болған   білімнің
энциклопедиясы  деп  атауға  болады.  Өз  заманында  белгілі  болған  ғылыми
мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең  соңғысы  Аристотель  болған  деген
жорамал жасалған.
      Александр қайтыс болғаннан кейін Афинада македондықтарға  қарсы  теріс
көзқарас   қалыптасты.   Билеуші    Еуромедон    Аристотельге    «құдайларды
қастерлемейсің» деген айып тақты. Аристотель «Афиналықтарға пәлсапаға  қарсы
екінші  рет  қиянат  жасатпаймын»  деп  анасының  Халкидадағы  иелігіне  бас
сауғалап кетті. Бұндағы оның қиянат  деп  отырғаны  афиналықтардың  Сократқа
шығарған әділетсіз сот үкімі болатын. Бірақ бір жыл өтпей ол Еубеяда  ауырып
қайтыс болды (б.з.д. 323 жылы). Аристотель  соңғы  өсиетінде  өзін  әйелінің
жанында жерлеуді сұрады.[
      Аристотельдің  (б.з.б.  384-322  жылдары)  философиясы,  бір  жағынан,
барлық көне грек философиясының қорытындысы  іспетті.  Ал,  екінші  жағынан,
Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің  қайнар
бастауы  болды.  Яғни  бұл  ұлы  ойшыл  көне  грек   данышпандары   көтерген
мәселелерге жан-жақты талдау жасап, өз  заманындағы  көкейкесті  мәселелерді
шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп  отырған  заманы  әлі
де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
      Аристотель философиясында алғаш  рет  өткен  дәуір  көзқарасына  терең
талдау жасалды. Ол "Метафизика" деп аталатын кітабында философияның  негізгі
мәселелерінің бірі  —  болмысты  жан-жақты  анықтай  отырып,  өзіне  дейінгі
ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.
       Бұл  жерде  біз  Аристотель  мен  Платонның  арасындағы   сабақтастық
байланысқа тоқталып  өткеніміз  жөн.  Я,  Аристотель  —  Платонның  шәкірті.
Ұстазының көзі тірісінде  шәкірті,  оның  шығармаларына  сын  көзбен  қарап,
пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе,  өзінің  философия  жүйесін
жасау барысында ол Платонның көзқарасына қарама-қарсы шықты. 
Енді біз Аристотельдің "Метафизика" деген кітабындағы Платонға қарсы  айтқан
біраз  пікірлеріне  қысқаша  тоқталайық.  Өйткені,  бұл  пікірлердің  ішінде
Платонды сынау ғана негізгі мәселе болып  отырған  жоқ,  сонымен  бірге  осы
ойлар жаңа философияның іргетасын қалайтын келелі мәселелерді қозғады.
       Айталық,  Аристотель  өзіне   дейінгі   философтар   сияқты,   болмыс
мәселесіне айрықша көңіл бөле келіп, оны адамның білімімен  біте  қайнастыра
қарастырады. Міне, осы болмыс пен білім негізін  ашудағы  ұғымдардың  қандай
рөл атқаратыны жөніндегі мәселе  де  Аристотельді  қатты  толғандырады.  Бұл
мәселе, сонау Сократтан бастап, философияның негізгі  көкейтесті  мәселесіне
айналған  болатын.  Платон  сияқты  Аристотель  де  ұғымдардың   өзіне   тән
ерекшеліктерін  көрсетіп,  олардың  болмысты,   табиғатты,   ғарышты,   тағы
басқаларының қасиеттері мен негізгі мәнін түсінуде айрықша  кұрал  екендігін
атап көрсетті. Бірақ Аристотель,  Платон  сияқты,  ұғымдар  мен  идеялар  өз
алдына дербес өмір сүреді  деген  ойдан  аулақ.  Аристотельдің  ойынша,  осы
ұғымдар  болмыссыз,  табиғатсыз,   бізді   айнала   қоршаған   дүниесіз   өз
дербестігін  жоғалтады.  Платон  ұғымдарды,  түрлерді,  идеяларды   сезімдік
заттар дүниесінің мәні деп  қарап,  оларды  бір-біріне  қарама-қарсы  қойса,
Аристотель бүған ашықтан ашық қарсы  шықты.  Оның  айтуынша,  мұндай  жалған
ойдың негізі  тарихи  жағынан  алғавда  өзінің  бастауын  сонау  Гераклиттің
диалектикалық көзқарасынан алады. Өйткені Гераклит сезімдік  заттар  дүниесі
үнемі өзгеріп, қозғалып отырады  деген  қағиданы  негізге  алды.  Платон  да
өзінің философиялық жүйесінде осы Гераклиттің пікіріне сүйене отырып,  үнемі
өзгеріп, қозғалып отыратын сезімдік заттар дүниесіне  қатысты  ешбір  ақиқат
жоқ деп есептеді.
Аристотельдің ойынша, Платон сияқты "идеяларды" өз алдына бөлек болмыс  деп,
оларды сезімдік заттар дүниесінен бөліп  алудың  таным  теориясына  ешқандай
пайдасы жоқ. Негізіңде, сезімдік заттар мен идеялардың болмыс  табиғаты  бір
ғой.
      Ендеше, Платонның бұларды екіге бөліп,  сезімдік  заттар  дүниесі  мен
идеялар дүниесі деп атауы ешбір қисынға келмейді. Өйткені,  сайып  келгенде,
Платонның ойынша, қарама-қарсы идеялардың  өзі  сезімдік  заттар  дүниесінің
көшірмесі, егіздің сыңары сияқты емес пе? Олай  болса,  Платон  екіге  бөліп
отырған заттардың  өзі  бір-бірімен  бірігудің  орнына  алшақ  келіп,  бізге
ешқандай білімнің негізін бермейді.
      Сондай-ақ, олар білімнің негізі емес. Платонның айтуынша,  "идеяларда"
жалпылық бар. Мұндай жалпылық жекелеген сезімдік заттарға  да  тән.  Ендеше,
осылай бөліне беретін идеяларда  мазмұнның  болуы  неғайбыл.  Өйткені  сайып
келгенде, жекелеген сезімдік заттарда мазмұн  болмай  шығады  ғой.  Айталық,
адам "идеясының" әрбір жеке сезімдік адамның ортақ белгілерінің  жиынтығьшан
ешбір айырмашылығы жоқ. Бұл жерде  Аристотель  өзінің  болашақ  философиялық
жүйесінің негізгі теориясын  айқындап  беріп  отыр.  Өйткені  Платон  өзінің
философиясында мазмұн (сезімдік заттар дүниесі) жөне форманы  (сезімнен  тыс
идеялар дүниесі) бір-бірінен бөліп алып, оларды алшақтатып жіберді.  Ендеше,
мұндай бір процестің екі жағын бір-біріне қарама-қарсы қою  болмыстың  мәнін
аша алмайды.
      Аристотельдің өзінің ұстазына бағыттаған екінші қарсылығында,  "Платон
идеялар  дүниесін  жеке  бөліп  альш,  оның  сезімдік  заттар  дүниесі   мен
арасындағы байланысты үзіп жіберді" деп  көрсетеді.  Әрине,  Платон  олардың
арасын  қосуға  да  әрекетгенді.  Сондықтан  ол  сезімдік   заттар   дүниесі
идеяларға біршама "қатысы" бар деп есептейді. Оның  бұл  түсіндірмесі  баяғы
замандағы  пифагоршылардың  әдісін  қайталағаны.  Олар  заттардың   сандарға
қатысы бар, яғни соларға еліктейді деген болатын. Мұндай ой желісі  мәселені
толық шешіп бере алмайды,  қайта  бұл  екі  дүниенің  арасындағы  алшақтықты
қайшылыққа әкеліп ұрындырды. Аристотель  Платонның  идеяларын  талдай  келе,
оның логикалық ілімінің қайшылығын да ашты.
Платон идеяларының логикалық арақатынасы жөніндегі  пікірі,  тіпті,  қисынға
келмейді.   Біріншіден,   "идеялардың"   арасындағы   логикалық    байланыс,
екіншіден, "идеялар" мен сезімдік заттар  арасындағы  қатынастар  қайшылыққа
толы. Идеялар арасындағы байланыс жеке идея мен жалпы идеялардың  арасындағы
қатынас арқылы көрініп, жалпы — жекенің мәні деген қорытындыға тіреледі.  Ал
идеялар мен сезімдік заттар арасындағы қатынаста зат пен  оның  идеясы  бір-
бірінен бөлек тұратын көрінеді.  Бірақ  заттар  дүниесі,  Платонның  ойынша,
"идеялар" дүниесінің бейнелеуі ғана ғой.  Ендеше,  әрбір  заттың  және  оның
идеясының екеуіне де ортақ және жалпы бірдеңе  болуы  керек.  Егер  сезімдік
затгарға қатысты "идеялар" дүниесі  бар  десек,  онда  осыларға  қатысы  бар
"идеялардың" жаңа дүниесі де болуы қажет.
Ендеше, бұл  —  "идеялардың"  өзіне  тән  екінші  дүние.  Сөйтіп,  Платонның
идеялар дүниесін амалсыздан сансыз көбейте беруге болады.  Яғни,  Аристотель
көрсеткендей, идеялар дүниесінен келіп, "үшінші  адам"  шықты  деуге  мәжбүр
етеді. Ол қалай дейсіз ғой? Ол мынандай  жағдайға  байланысты:  "Әуелі  жеке
сезімдік адам және оның идеясы бар". Одан соң, осылар бағынатын тағы да  бір
"идея" бар. Ендеше, бұл идея бірінші идея мен  сезімдік  адамның  арасындағы
ортақ жалпылықты қамтиды. Олай болса, ол — "үшінші адам".
      Сайып келгенде, Платонның  идеялар  туралы  теориясы  сезімдік  заттар
дүниесін  түсіңдіре  алмайды,  оның  қасиеттерін  ашуға  да  дәрменсіз.  Бұл
идеялар заттардың шығу тегін, қозғалуы  мен  қалыптасуын,  пайда  болуы  мен
жойылуын түсіңдіріп, оның мәнін аша алмайды. Өз  алдына  бөлек  тұрған  идея
заттардың қайдан пайда болып, не себептен қозғалып дамитынына  жауап  беруге
дәрменсіз келеді.
      Платон идеялар дүниесі арқылы жаратылыстану саласыңдағы себеп-салдарлы
байланысты аша алмады. Сондықтан Аристотельдің ғылыми ілімдерге  жете  көңіл
бөліп, жаратылыстану саласымен  кеңінен  айналысуы  Платон  философиясындағы
қайшылықтардан шығудың жолын іздегендігі деуге әбден негіз бар.
      Осы жерде бұл екі ойшылдың  көзқарасын  бір-біріне  тым  қарсы  қойып,
бірін — материалист, екіншісін — идеалист деуден аулақ болған дұрыс.
Мұндай қағиданы тым асыра дәріптеп  жіберуге  болмайды.  Өйткені  Аристотель
Платонды сынап, шын мәніндегі басқа бағытқа карай өтейін  деп  отырған  жоқ.
Керісінше, Аристотель  белгілі  бір  философиялық  мәселені  шешу  барысында
ұстазының қайшылыққа белшесінен батып, одан шыға алмағанын ғана көре  білді.
Енді өзі белгілі бір жүйе  жасау  үшін,  осы  қайшылықтарды  қалайда  шешуге
ұмтылды.
      Біз Аристотельдің сынын ақтайық деп отырғанымыз  жоқ.  Бірақ  дөл  осы
логикалық-диалектикалық, танымдық-теориялық мәселелерді  шешуде,  көне  грек
философиясының алыбы — Аристотель үшін басқадай жол қалмаған еді.
      Дегенмен, Платонды сынау арқылы Аристотель көптеген мәселелердің бетін
ашып тастады емес пе?
      Мәселенің өзі осы болып тұр. Біреуді "мынаны істемеді,  мына  мәселені
шешпеді" деп сынау, тағы басқа да себептерді  айтып,  айыптау  оңайырақ.  Ал
енді сол мәселелерді шешуге бет алған сыншының өзі қайшылықтарға  белшесінен
батып, тұншығып, шыға алмай қалуы мүмкін.
       Мыңмен  жалғыз  алысқан  Абай  көне  грек  философиясының   алыбы   —
Аристотельге ерекше назар аудара отырып, өзінің зар-мұңын  шағады,  заманның
тарылып бара жатқанын айтады...
      Сонау көне заманда көрнекті қолбасшы — Александр  Македонскийге  ұстаз
болған Аристотель қазақтың данасы — Абайға дәл осы өзі  өмір  сүріп  отырған
дәуірде,  адамдардың  рухани  дүниесі  өзгеріп,  әрі  жұтаңдап  келе  жатқан
кезенде,  оларға  "ата-анадан  мал  тәтті"  болып,  ашкөздікке  бет   бұрып,
"ғылымда жоқ, ми да жоқ, даладағы аңдарға" айналып бара жатқанда  аса  қажет
еді. Сондықтан данышпан ақын:
      "Қу емір жолдас болмас, өлі-ақ етер,
      Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер!
      Ұятың мен арынды малға сатып,
      Ұятсызда иман жоқ-түпке жетер",—деп түйіндейді...
      Аристотельдің    ғылымдағы,    әсіресе    жаратылыстану    салаларына,
философияға, этика мен эстетикаға, тағы басқа да мәселелерде ашқан  жаңалығы
мен даналық үлесі ұшан теңіз.
      Біздің еліміз — Қазақстан үшін, әсіресе қазіргі  нарықтық  экономикаға
бет бүрған, сол салада айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп отырған  кезеңде,
халқымызға гректің данышпан ойшылы —  Аристотельдің  еңбектері  баға  жетпес
рухани байлықтың қайнар көзі болып есептеледі. Тек сол мәңгі суалмас  рухани
байлықтан нәр ала білу қажет.
      2. Платон (Platon) Афиналық (б.з.б. 427-347) - ежелгі  грек  философы,
Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон  оның  лақап
аты (жалпақ, кең), өз есімі — Аристокл.
      407 ж. ш. Платон Сократпен танысып, оның ең  сүйікті  шәкіртінің  бірі
болды.  Сократ  өлгеннен  кейін  Афинадағы  саяси  жағдайдың  қолайсыздығына
байланысты Мегарга кетті.
       389  ж.  Оңтүстік   Италия   мен   Сицилияға   саяхат   жасап,   онда
пифагоршылармен  ғылыми,  философиялық,  діни  ілім  жайында  пікір  алысты.
Платон Афинада өз мектебі — Платон академиясының негізін қалайды.
      367 және 361  ж.  Сицилияға  екі  рет  саяхат  жасап,  өмірінің  соңғы
жылдарын Афинада өткізді.  Осында  көптеген  еңбектер  жазып,  дәріс  оқыды.
Негізгі шығармалары: “Апология” (Сократты қорғау),  “Критон”  (заңды  сыйлау
туралы), “Кратил”  (тіл  туралы),  “Федон”  (әдептілік  туралы),  “Мемлекет”
(идеялар теориясы), “Теэтет” (білім туралы), “Тимей”, “Заңдар”, т.б.
      Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен ғана білуге болатын  денесіз
идеялар  әлемі.  Оның  болмысы  Парменидтікіндей  біртұтас  емес,  керісінше
өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея  өз  алдына  мәңгі
және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ  шексіз  емес.
Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен  бірге  бір-біріне
бағынышты,  басқаша  айтқанда,  бірнеше  түрлі  идеялар  бір  ортақ   идеяға
бағынышты қатынастарда болады. Қоғамның теқтік бөлінуін Платон  азаматтардың
бірлескен  тұрғылықты  жерлері  ретінде  мемлекет  беріқтігінің  шарты   деп
жариялады. Төменгі теқтен жоғарғысына өз бетінше өтуге жол  берілмейді  және
ол үлкен  қылмыс  болып  саналады,  өйткені  әрбір  адам  өзіне  табиғатынан
белтіленіп  қойылған  іспен  айналысуы  қажет.  "Өз  ісімен  айналысу   және
бөтендерге килікпеу — әділдік деген осы".  Әділдіктің  платондық  анықтамасы
қоғамдық  теңсіздікті,  адамдардың  туғаннан  жоғары  және   төменгі   болып
бөлінуін ақтауға құрылған.
      Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе  “эйдос”
деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея  да,  эйдос  та  бір-біріне
ұқсас мағына береді:  түр,  пішін,  кейіп,  тәсіл,  т.б.  Эйдостар  сезімдік
заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады:
   1. себептілік;
   2. заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі;
   3. заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым.
      Материалдық  денелер  өзгермелі,  құбылмалы,  ал  эйдостар   мәңгілік.
Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін  бұл  екі  ұғым  аз,  сондықтан  Платон
оларға қосымша тағы бір ұғым — “хораны” (материя) кіргізді.  Хора-материя  —
көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол  кез  келген
түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті.  Платонның
материясын таны Платон білуге болмайды, ол — бейболмыстың бір түрі.  Материя
көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың,  өзгерістердің,  туу  мен  өлімнің,
табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің  қайнар  көзі.  Материя
мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді. Платон материяның  бұл  түрінен  физ.
материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя  антик.  көзқарастарда
қалыптасқан төрт негіз — от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді.
      Сезімдік заттар — заттандырылған идеялар  мен  материяның  туындылары.
Материалдық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, қайта жоғалып  жатады.
Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама —  әлемдік
рух немесе космос рухы шығарм.  күштің,  қозғалыстың,  тіршіліктің,  жанның,
сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі  мен  заттар
әлемін байланыстырады. Ол заттарды идеяларға ұқсауға, ал идеяларды  заттарда
болуға көндіреді. Осы екі әлемді  біріктіріп,  байланыстыру  үшін  космостық
рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек.  Ол  қарама-қайшылық  үш  бөліктен
тұрады:  біріншісі  —  өзіне-өзі  тең  бөлік  (идеялар  әлемі),  екіншісі  —
өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі — сол екеуінің қосындысынан  тұратын
бөлік (сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін — демиург. Ол  космостың
мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге  келтірушісі.  Демиург  жаратқан  жандар
аспанда болған кезінде идеялар  әлемін  көріп,  таны  Платон  біледі;  бірақ
жерге  түсіп,  адамдардың  денесіне  орналасқанда  көрген-білгенінің   бәрін
ұмытып қалады. Платон таным процесі — жанның ұмытып  қалған  идеялар  әлемін
еске түсіруі деген қорытынды жасайды. Материялық денелер идеялардың  бейнесі
болғандықтан, жан  оларды  көргенде,  ұмытып  қалған  идеялар  әлемі  туралы
білгені есіне  оралады.  Жанның  осы  жолмен  алған  білімі  нағыз  ақиқатқа
жатады. Аспан  әлемінің  үйлесімділігін  зерттейтін  ғылымдар  арқылы  алған
білім — ақиқатқа жақын, себебі  олар  идеялар  әлемі  туралы  тікелей  білім
бермесе  де,  соған  жақындатады.  Ал  сезімдік  денелер  туралы  күнделікті
тәжірибе арқылы  алған  білім  —  шындыққа  жанаспайды,  себебі  ол  болмыс,
идеялар әлемі туралы білім емес, олардың  көлеңкесі  туралы  алынған  білім.
Платонның  пікірінше,  сезімдік  танымның  ақиқатты  тану  жолында  ешқандай
маңызы жоқ, себебі түйсіктер  арқылы  алған  мәліметтер  заттардың  өзіндегі
құбылыстар туралы білім емес,  тек  адамдардың  пікірінде  ғана  қалыптасқан
ұғымдар. Ал заттардың  көзге  көрінбейтін  шын  мәнін  тек  ақыл-ойдың  күші
арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсіні Платон білу  үшін  ақыл-
ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар  әлемінде  көргендерін  есіне
түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда оған эрос  көмектеседі,  себебі  ол
адамдарды шығарм-қа жетелейтін құдіретті күш. Платонның  көзқарасы  бойынша,
идеяны,  эросты   басшылыққа   алған   өмір   әдептілік   идеясын   (игілік,
қайырымдылық) жүзеге асырады. Ол тек рухани махаббат негізінде ғана  мүмкін.
Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен үйлесімділігі.
      Платонның түсінігінше  игіліктің  төрт  түрі  бар.  Олар:  жүректілік,
данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне  бірдей
дарымайды. Осы игіліктердің  даруына  қарай  қоғамдағы  әлеум.  топтарды  үш
топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі  де  дарыған  —
философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа  қалған
үш игілік дарығандар — әскербасылар, т.б., ал  игіліктің  соңғы  екеуі  ғана
дарығандар — қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеум.  топтардың
әрқайсысы  мемлекетке  пайдалы  және  өте  қажет.  Сондықтан   мемлекет   өз
тарапынан азаматтарды  игілік  рухында  қалыптастыруға,  тәрбиелеуге  жағдай
жасауы  керек.  Жетілген  мемлекетте  аталған  үш  әлеум.  топ   бір-бірімен
жарасып, әрқайсысы өз  ісімен  айналысады  да,  мемлекетте  игілік  орнайды.
Өзінің жетілген мемлекет идеясын жүзеге асыруға талпынысы  сәтсіз  аяқталған
соң Платон өз шығармаларында "барлық нәрсенің өлшемі — Құдай"  деп  санайтын
адамдардан  құралған  нақты  мемлекет  пошымын  табуға  ұмтылады.  Платонның
ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды.  Олар  өмір  сүру
үшін тамақ, киім өндіріп,  үй  салулары,  т.б.  жасаулары  керек.  Біреулері
егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен,  төртіншілері
етікшілікпен, т.с.с айналысады.
      Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттілігін өтейді.  Осы  бірігудің
арқасында қоғам, мемлекет пайда болады.  Мемлекет  еркін  адамдардың  бәріне
бірдей әділ қызмет етуі керек. Платон мемлекеттік құрылысты 5  түрге  бөлді:
аристократия,  тимократия,  олигархия,  демократия  және  тирания.  Бұлардың
ішінде ең жақсысына  аристократ.  мемлекетті  жатқызды.  Онда  ақыл-естілік,
парасаттылық билейді. Оның қағидалары  адамгершілік,  абырой,  ар-намыс  деп
санады. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды.  Өйткені
қоғамдағы кикілжіңдер мен дау-жанжал, қайшылықтарды  тудыратын  жеке  меншік
деп  санады.  Платонның  философиясы  ежелгі  грек  дәуіріндегі   Пифагордан
басталған діни-мистикалық идеяны дамытумен ғана шектелген жоқ. Платон  өзіне
дейінгі философтардан қажетті, бағалы деген  ой-пікірлерді  қабылдай  білді.
Ежелгі грек философиясының  көрнекті  өкілі  ретінде  адам  туралы  мәселеге
кеңінен  тоқталып,  соған  байланысты  көптеген  мәселелер   көтерді.   Оның
философиясындағы үлкен бір жаңалық — адамды биол.  табиғи,  сезімдік  заттар
дүниесінің немесе атомдардың қосылысы деген дөрекі, тұрпайы анықтамадан  бас
тартуы. Ол, ең алдымен, адамды қоғамдық өмірдің сан  түрлі  белестеріне  көз
жүгірте отырып, тануға ұмтылды.  Сондықтан  Платонның  ойынша,  адам  —  әрі
қоғамдық, әрі парасатты, әрі  мемлекеттік  азамат.  Платон  өзінің  көптеген
шығармаларында,   әсіресе,    саяси-әлеуметтік    мәселелерді    қарастырған
сұхбаттарында адамның ішкі дүниесін ашумен қатар оның қоғамдық  іс-әрекетіне
де талдау  жасады.  Платонның  көптеген  ой-пікірлері  кейінгі  философтарға
үлкен ықпалын тигізіп, осы күнге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді.
      3. Конфуций, Кун-цзы,  Құң-фу-цзы  (б.з.б.  551,  Цзоу,  Лу  патшалығы
(қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйфу қаласы – 479  ж.ш.,  сонда)
– Ежелгі Қытай  ойшылы,  философ,  тарихшы,  мемлекет  қайраткері,  Қытайдың
мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы. Кедейленген  ақсүйектер
отбасында дүниеге келген. Өмірінің көп  бөлігін  Лу  патшалығында  өткізген.
Б.з.б. 11 – 3 ғасырларда болған осы көне  мемлекет  ежелгі  дәуірдегі  қытай
тарихы мен мәдениетінің дамуында елеулі рөл атқарғанмен, 6 –  5  ғасырлардан
бастап құлдырау кезеңін бастан кеше бастаған-ды. Сондай  шақта  өз  отанында
өмір сүрген Конфуций өзіне дейін өркен жайған  философиялық  ой  маржандарын
оқып-тоқып өсті. Жас шағында  төменгі  буындағы  шенеунік  қызметін  атқарып
жүрді. Сосын жеке мектеп ашып, 22  жасында  бала  оқыта  бастады.  Қытайдағы
тұңғыш жекеменшік оқу  орнының  негізін  қалаушы  атанды.Ең  атақты  мұғалім
ретінде даңқы  шықты.  Халық  оны  сүйіспеншілікпен  Құң  ұстаз  деп  атады.
Конфуцийдің мектебінде төрт пән – ақлақ (мораль), тіл, саясат  және  әдебиет
оқытылды. Конфуций 50 жасында Лу патшалығының  жоғары  дәрежелі  мемлекеттік
қызметшісі  болып  істеді.  Сол  шақта  саяси  қызметін   бастады.   Алайда,
қаскөйлік интригалдар салдарынан лауазымды жұмысынан кетуге  мәжбүр  болады.
Содан 13 жыл  бойы  Ежелгі  Қытайдың  Лу  патшалығынан  басқа  мемлекеттерін
аралайды. Бірақ еш жерде өз идеяларын қолданысқа енгізе  алмайды  да,  ақыры
484 ж. еліне қайтып оралады. Содан өмірінің соңына  дейін  ұстаздықпен  және
көне даналық кітаптарды жинап, өңдеп, таратумен шұғылданған. Конфуций  өзіне
арнайы бөлінген орынға жерленген. Оның қасына ұрпағы, жақын  шәкірттері  мен
ізбасарлары  қойылған.  Тұрғын  үйі  ғибадатханаға  айналдырылып,   Конфуций
рухына тағзым етушілер зиярат жасайтын орын ретінде әйгілі болған.  Конфуций
ілімі ол қайтыс  болғаннан  кейін  б.з.б.  136  ж.  мемлекеттік  идеологияға
айналған  шақта  ол  “он  мың  ұрпақтың  ұстазы”  деп  жарияланды.  Мемлекет
Конфуцийді 1503 ж. қасиеттілер,  әулиелер  қатарына  қосты.  Конфуций  есімі
Қытайда 1911 ж. болған ұлттық-буржуазиялық  революцияға  дейін  ресми  түрде
ардақталған.
      Конфуций өзіне тән төл ілім  жасамаған  деген  пікір  қалыптасқан,  ол
Ежелгі Қытайдың  бес  классикалық  шығармасын  –  “Шуцзин”  (тарих  кітабы),
“Щицзин” (әндер мен гимндер кітабы), “Лицзин”  (рәсімдер  туралы  жазбалар),
“Юэцзин” (музыка туралы  кітап),  “Ицзин”  (өзгерістердің  канондық  кітабы)
жинастырып, қайта әңгімелеген және оларға түсіндірмелер  берген.  Осы  ретте
тұжырымдалған басты көзқарастары мен ілімі жайындағы мағлұматтар  “Әңгімелер
мен пайымдар”' (“Лунь юй”) деген кітапта  таратылып  баяндалған.  Бұл  кітап
Конфуций айтқан ойлар  мен  оның  жақын  шәкірттерімен  және  ізбасарларымен
әңгіме-дүкенінің  жазбасы  болып  табылады.  Зерттеушілер  Конфуцийдің  жеке
басына тиісті деп тек “Көктем мен Күздің, Лу мемлекетінің  тарихы  кітабына”
түсіндірмелерін атайды. “Ұлы ілім” мен “Аралық туралы ілім”' атты  туындылар
да Конфуцийдің өзінікі емес, ол тек мұның екеуін де қайта  әңгімелеп  берген
деп саналады. Конфуций  ілімінің  өзіндік  сипаты  антропоцентризммен,  яғни
адамды ғаламдық ғимараттың кіндігі  және  ең  жоғарғы  мақсаты  деп  білетін
көзқараспен  айқындалады.  Конфуций  ой-пікірінің  негізгі  мазмұны  табиғат
заңдарына сәйкес келетін,  адамдардың  бірлесіп  өмір  сүруіндегі  парасатты
реттілікті, тәртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып  табылатын
қарапайым да ғаламат зор “5 ізгілікті” ұғындыруға арналған.  Конфуций  ғарыш
пен әлемнің пайда болуы, эволюциясы мәселелерімен әуестенбеген  деген  пікір
бар,  өйткені  ол  рухтар  мен  о  дүние  мәселесіне  көңіл  бөлмеген.   Бұл
Конфуцийдің:” “Өмірдің не нәрсе екенін білмей тұрып, өлімнің не екенін  білу
мүмкін бе?”,  –  деген,  сондай-ақ:  “Адамдарға  қызмет  ете  білмей  тұрып,
рухтарға қалай қызмет көрсетуге болады?” – деп  түйген  қағида  іспетті  ой-
тұжырымдарынан  аңғарылады.   Ол   адам   проблемасына,   оның   ақыл-ойына,
адамгершілік кескін-келбетіне мол көңіл  бөлді.  Конфуцийдің  саяси-этикалық
маңызды ұғымы  –  адамшылық,  адамның  әділ,  ақжүрек  болуы  (жэнь).  Ұлдың
кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы үлкен кісілерді сыйлап жүруін  анықтайтын
“сяо” тұжырымдамасы да осы қатарда. Бұл екі ұғым жасы үлкен мен орны  жоғары
адамдарға сый-құрмет көрсетіп  отыруға,  ел  басына  адалдыққа,  т.с.с-ларға
негізделген этик. және әлеуметтік қатынастар жиынтығын білдіреді. Ол  “текті
ерлерді” (цзюнь цзы) шешімді түрде “ұсақ пенделерге” (сяо жэнь) қарсы  қойып
отырған. Алғашқысы кейінгісін басқарып  отыруға,  оларға  үлгі  болуға  тиіс
деген.
      Осындай  этикалық   теориялары   негізінде   Конфуций   өзінің   саяси
тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты  –
бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген  атақты  сөзі  кеңінен
мәлім. Конфуцийдің мемлекетті “адамгершілікпен басқару” теориясы оған  дейін
де болған идеяға – басқарушы билігін құдіреттендіру идеясына сүйенді.  Соған
сүйене отырып, оны дамытты әрі  негіздеді.  “Басқару  –  түзету  деген  сөз”
деген қанатты сөзбен тұжырымдалатын негізгі  принцип  “чжень  мин”  ілімінде
көрініс тапқан. Мұнда Конфуций [[қоғам|қоғамдағы әр нәрсені  өз  орнына  қою
қажеттігін,  әркімнің  міндетін  қатаң  да  дәл  анықтау  керектігін   айтты
(Конфуций бойынша мемлекет –  үлкен  отбасы).  Ол  ел  билеушілерін  халықты
заңдар мен жазалаулар негізінде емес,  ізгілік  жасаушылар  жәрдемімен  биік
адамгершілік,  имандылық  қасиеттер  танытатын  тәртіпті  үлгі  ету  жолымен
басқаруға үндеді.  Халықты  салық,  салғырт  салумен  қинамай,  әдет  құқығы
негізінде басқаруды  қош  көрді.  Ең  бастысы  –  шынайы  принципті  әрқашан
басқарушы қатаң ұстануға тиіс деп білді, сонымен бірге адамдар  мен  олардың
игіліктеріне қамқорлық көрсету – басқарушы  парызы.  Адамдардың  байлық  пен
мәртебені  бәрінен  жақсы   көріп,   кедейлік   пен   жасқанбаушылықты   жек
көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс. Билеуші үшін  –  кісі  сеніміне
ие бола білу өте қажет. Осы  пайымынан  туындайтын:  “Билікке  қалай  жетуге
болады?”– деген сұраққа Конфуций: “Халықтың сүйіспеншілігіне қол  жеткіз,  –
деп  жауап  берген,   –   сонда   сен   билікке   жетесің,   егер   халықтың
сүйіспеншілігін жоғалтар болсаң, онда билікті де жоғалтып аласың”.
      Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік
доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль,  лайықты,  дұрыс  тәртіп,
этикет  эталондарына  (ли)  негіздеді.  Нашар  мінез  бен  келеңсіз   әдетті
өзгертудің ең жақсы құралы ретінде музыкаға (юе)  зор  мән  берді.  Конфуций
мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады.  Мұндай  адамның
асылдығы, Конфуций бойынша, шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне  байланысты
болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі  жетілдіру  нәтижесінде  қалыптасады.
Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл  (жень),  әділ,  адал,  ақжүрек
болу керек деп есептейді. Ол әрқашан білім ала беруге ұмтылып  тұруға  тиіс.
Ата-анасына, жалпы қарт адамдарға  айрықша  ілтипатпен  қарым-қатынас  жасау
ләзім. “Бүкіл өмірің бойы  басшылыққа  алуға  тұратын  сөз  бар  ма?”  деген
сұраққа орай Конфуций: “Бар, ол сөз – мейірімділік”,  –  деп  жауап  берген.
Конфуций  адамдар  арасындағы  (отбасында,  қоғамда,  мемлекетте)  мүлтіксіз
қарым-қатынас   заңын   мынандай   қанатты   сөзбен   тұжырымдаған:   “Өзіңе
тілемейтініңді  басқаға  жасама”.  Бертінгі  ұрпақ   адамгершіліктің   алтын
ережесі ретінде дәріптейтін осынау Конфуций іліміндегі тұжырымдама ілгерілі-
кейінгі ойшылдар  пайымдауында  адам  мінез-құлқы  мен  тәртібінің  іргетасы
іспетте қолданылуда. Конфуцийдің ізбасарлары оның  ілімін  басшылыққа  алып,
дамытып отырды. Мысалы, Мэн-цзы (б.з.б. 372 – 289  ж.)  өз  тұжырымдамасында
басқарудағы басты рөлді халыққа берді. “Мемлекетте халық  ең  бастысы  болып
табылады, – деді ол, – одан кейін топырақ  пен  дән  рухтары,  ал  ең  соңғы
орында ел басшысы  тұрады”.  Жалпы  алғанда,  Конфуций  ізбасарларына  қатаң
әлеуметтік  жіктелу   идеясын,   сондай-ақ,   қоғам   мүшелері   міндеттерін
отбасындағы қызмет  бөлу  тәрізді  [[иерархия|иерархиялық  бөлініске  салуды
жақтау идеясын қорғау тән. Мемлекет – халық  игілігін  қамтамасыз  ету  және
қажет тәртіпті орнату құралы. Солай бола тұра, мемлекет бәрін қамтитын  және
баршаға ортақ, бәрі орындауға міндетті, бірақ бет-бейнесіз заңға да,  тиран-
билеушінің озбырлығына да сүйенбеу керек, керісінше, мемлекет – билеуші  мен
оның көмекшілерінің даналығына, ізгілік-мейірімділігіне арқа  сүйеуге  тиіс.
Конфуцийдің саяси доктринасына  әр  заманда  әрдайым  мұқият  көңіл  бөлініп
отырды. Конфуций мен оның ізбасарларының ілімінде  бейнеленген  идеялар  осы
күнге дейін Қытай саяси  мәдениетінің  аса  маңызды  құрамдас  бөлігі  болып
табылады.

Тақырып № 1.1.2. Қазақстанның ерте  заман  кезеңінің  ел  билеген  патшалары
және олардың тарихи портреттері – 2 сағат

   1. Сақ патшасы-Томирис
   2. Үйсін және қаңлы мемлекеттерінің билеушілері туралы
   3. Ғұн патшасы-шанью Мөде

      Сақ тайпаларының көрнекті патшасының бірі-томирис (Тұмар ханшайым)
Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ халықтарының
байырғы  заманда  ел билеген  атақты  әйел патшаларының бірі. Грек
жазбаларында  оның елін  «массагет»  деп атайды. Тұмар ханша есімінің
тарихқа  еніп,  әлемге  танылуы   Ахемен әулетінен шыққан, «төрт  құбыланың
 тұтас  билеушісі»  атанған парсының  әйгілі  патшасы Кирдің  (ж.ж.с.д. 558
– 530) Орта Азияға  басқыншылық  жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп
дәріптелген  әскерін ашық шайқаста тас талқанын  шығарып  жеңуімен  тікелей
 байланысты.
      Мемлекетінің  аумағын  тойымсыздықпен  кеңейте  беруді   ойлаған   Кир
патша  батыс  елдеріне  аттанбас бұрын  әуелі шығыс  жағын   қауіпсіздендіру
мақсатымен  күнгей  түркі  сақтарды   бағындырып   алуды   көздейді.  Сөйтіп
түркі сақ еліне елші   аттандырып,  олардың   ханшасы,   сол  кезде   күйеуі
өліп  жесір отырған Тұмардың (Томириске) өзіне  тұрмысқа  шығуын  сұрайды.
      Бұл  Кирдің  түркі   сақтармен   соғысуға  желеу   іздеуі  еді.  Тұмар
ханша  Кирдің   ұсынысын   қабылдамай   тастайды.  Осыны   желеу  еткен  Кир
өзінің  жау  қайдалап  жұтынған   жаужүрек   жауынгерлерін   шығысқа   қарай
қаптатады. Аракс  дариясына  жетіп,   үстінен  қалқыма   көпірлерді   құруды
кемелердің   кермесінде  мұнара  қамалдар  тұрғызуды  әмір етеді.
      Өздерін  жаулап   алуға   келген   парсылардың   әр  қадамын   алыстан
бақылап,  біліп   отырған   Тұмар   ханша   олардың   дариядан    өту   үшін
әуреленіп, көпір  салғалы  жатқанын естіп,  Кирге арнайы  жаушы жібереді.
      -  Мидиялықтардың  патшасы! -, дейді жіберген   жаушысы  арқылы  Тұмар
ханша  Кирге. -  Ниетіңнен  қайт.  Салып   жатқан   көпірлеріңнің   игілігін
көрер көрмесіңді  өзің де білмейсің.  Өнбес   істі   қума.  Өз   патшалығыңа
бар да,  өз билігіңді  жүргізе бер,   бізді  күндеме.  Ал  егер  алда  жалда
соғыспай  қоймаймын   десең,   онда   көпір   салып,  уақыт   өткізіп,  әуре
болма.  Дарияның  біз   жақ   бетіне   шығып   соғысамын   десең,   біз   үш
күншілік  жерге кетіп,  жол ашайық,   ал  дарияның   өз   жағыңда  соғысамын
десең, сен  үш  күншілік жерге шегін.  Қалауына  қарай   өзің шеш.
      Тұмардың   ұсынысын  Кир   әскери   кеңеске   салады.   Біраз    пікір
таласынан  соң, Лидияның  бұрынғы  патшасы, сол  кезде   Кирдің    қолындағы
мырза тұтқын  Крездің  ақылымен  дарияның  түркі  сақтар  жағында   соғысуды
ұйғарып,  шешімдерін  Тұмарға  хабарлайды.
      Түркі сақтар уәделерінде  тұрып,  үш күншілік  жерге  шегініп  кетеді.
Олардың  кеткеніне   анық  көз   жеткізгеннен   кейін  Кир   бүкіл   әскерін
дарияның   арғы  бетіне   өткізіп,   Крездің   үйреткен   айласымен    түркі
сақтардың   шабылдаушы   тобын   алдап   қолға   түсіріп,   түгел   қырғынға
ұшыратады. Осы  шабуылшы топтың  басшысы,  Тұмар   ханшаның   ұлы  Спаргапты
(Спаргапис)  тұтқынға алады.
      Сүйікті  ұлы мен шеп  бұзар  жауынгерлерінің   қайғылы хабарын   алған
Тұмар  Кирге  жаушы  жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін  жеткізеді.
      Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің  ұлымды  ашық   айқаста  қару
құдіретімен  жеңген  жоқсың. Шарап  ішкізіп, алдап барып, пенде еттің.  Енді
  менің   мына   ақылымды   ал.  Айла  амалмен  біраз   жауынгерімді    опат
еткеніңді қанағат тұтып,  менің ұлымды өзіме  қайтарып бер де, есен  сауыңда
жөніңді   тап.  Егер   өйтпесең,  Тәңірі  атымен  ант  етіп  айтайын,  қанға
қаншама тойымсыз  болсаң да, адам қанын  сусының  қанғанша ішкізермін!
      Бар аңсары біреудің  елін  шауып,  олжаға   батып,   атағын   шығаруға
ауған Кир  ханша ақылын  тыңдамай,  өзінің   шайқасатынын   айтып,  Тұмардың
жаушысын  кері  қайтарады.
      Тұтқынға түскен  Тұмардың   ұлы   өзінің    қандай  күйге   ұшырағанын
мастығы айығып, есі кірген  кезде  ғана бір-ақ  біледі.  Кирден   аяқ  қолын
босатуын  өтінеді.  Қолдан  бұғау,  аяқтан   кісен  алынысымен,  ол  қасында
тұрған парсы жауынгерінің  қаруын  жұлып алып,  өзін өзі  өлтіреді.
      Келесі күні  екі жақтың  арасында  бұрын  соңды   көз  көріп,    құлақ
естімеген   сұрапыл   қырғын   соғыс   басталады.  Ақырында   далалық   ұрыс
тәсілін тиімді пайдаланған  түркі    сақтар   парсылардың   әскерін    түгел
дерлік  жусатып  салады.   Қоршауға   түсіп,   бас  сауғалар   мүмкіндігінен
айырылған. Кирдің   өзі де  жауынгерлерімен  бірге   айқас   алаңында   қаза
табады.
      Тұмар  ханша  шайқас  аяқталған соң,  сарбаздарына   Кирдің    денесін
таптырып  алып,   басын  кестіріп,  қан  толтырылған  меске   салып   тұрып:
«Әйтеуір  тірі қалдым,  сені   жеңіп  шықтым демесем,  жан дегендегі  жалғыз
ұлымды   аярлықпен  қолға  түсіріп, сен менің  түбіме  жеттің, жауыз!   Енді
 Тәңірге берген  сертімді  орындап,   басыңды  қанға   бөктіріп,   сусыныңды
қандырғаннан басқа  амалым жоқ»  дейді.
      Осылайша   күнгей  түркі  сақтар  өздерін   жаулауға  жасанып   келген
басқыншылардан    елінің   тәуелсіздігін   сақтап  қалады.   Осылайша  Тұмар
ханша  елбасылық  ұлы тұлғасымен,    қолбасшылық  асқан  ерлігімен   тарихқа
енеді.
      Түмен ұлы Мөде қаған  (ж.ж.с.д.  228-174)  Сиуңну  (Ғұн)  империясының
негізін  қалаушы,  жеке  тағдыры    қызық  та   қасіретті  оқиғаларға  толы,
қаталдығы мен даналығы  қабат өріліп жатқан күрделі   тарихи   тұлға.  Қытай
жазбаларында  оның  есімін   «Маудун»,  ал  билік   лауазымын  «чәниүй»  деп
атайды. Чәниүй атауының жеке  сөз  ретінде  не  мағына  беретіні  әлі  күнге
белгісіз, ал  лауазым   ретіндегі   мағынасы  сиуңнулар   үшін  ортағасырлық
түркілердің «Қаған»  дегенімен мәнзелдес.  Қазіргі  тарихшылардың   чәниүйді
 «тәңірқұт» деп алулары  қате.
       Мүде  шамамен  18-19  жасында,  ж.ж.с.д.  209  жылы,   әкесі  ТҮмәнді
өлтіріп,  Сиуңну  хандығының   тағына  отырып,  өзін   сиуңну  елінің   дара
билеушісімен  деп жариялайды. Содан  көп   ұзамай  шығыста   дҮнху,  батыста
жыужы (юечжи),  терістігінде   хуниүй,  чуйшы,  динлиң,  гыгун  және  шыңли,
оңтүстігінде   лыуфаң,  бай иән секілді  елдерді  жаулап алып, шағын  Сиуңну
  хандығын  Шығыста  теңдесі   жоқ  далалық   ұлы   империяға   айналдырады.
Осыдан кейін елі оны «ақылы асқан дана» деп мойындап, оған  «Чиңтижы»  деген
ат береді. Бұл қазіргі  түсінікте «Тәңірінің  күші», яғни «Құдайдың  қаһары»
 деген мағынаны  білдіреді.
       Ел  билігінің   басына   көсемдік  дарыны  аса  жоғары,   қолбасшылық
қабілеті тым ерен, көздеген мақсатына  жетпей тынбайтын жігерлі жас  Мүденің
  келуі   тек  сиуңну  халқының    ғана  емес,  бүкіл   Шығыс   халықтарының
тағдырына  үлкен өзгеріс әкеледі.  Бұрын  жеке жеке    хандықтарға  бөлініп,
өзара қырқысып  жатқан  түркі  халықтарының  басы  бірігіп,   бәрі   тарихқа
танылған үлкен бір далалық  империяның  құрамына  енеді.  Елді    басқарудың
жаңа жүйесі қалыптасады. Бұл жүйе  елді  үш  әкімшілік  аумақтық   құрылымға
бөліп басқару арқылы жүзеге  асырылып,   бар билік  бір  адамның   чәниүйдің
қолына көшеді.
      Мүде қаған   тұсында  мемлекетті  басқару жүйесінің  шен  дәрежесі  де
белгіленеді. Мемлекеттің шығыс бөлігін Сол  тужи уаң, батыс бөлігін Оң  тужи
уаң басқарды.  Қытайша  аталған бұл лауазымдардың   билік   пәрмені  кейінгі
түркілердің  «кіші хан»  деген  ұғымына   келеді.   Бұдан  кейінгі   лауазым
иелерін  Сол лули уаң, Оң   лули  уаң  деп  атайды.   Бұлар  кіші   хандарға
бағынышты азық түлікке жауап  беретін уәзірлер. Кезінде осы   төрт   лауазым
иелерін  топтастырып ортақ бір ақ   атаумен   чәниүйдің  «төрт  мүйізі»  деп
атаған. Мұның  сыртында «түмен басы» деп аталатын   24  әкімшілік  басшылары
болған.  Тәрізі  қазақтың қария   сөзінде   жиі  айтылатын   «24  баулы  ел»
деген  тіркес сол бір  шалғай   кез  кезеңнен   келе   жатқан  үрдіс   болуы
әбден мүмкін.
      Мүденің  реформасынан  кейін  мемлекетте әскери  шен  жүйесі  де  (бас
қолбасшы, түменбасы,   мыңбасы,   жүзбасы,   онбасы)  бір  қалыпқа   түседі.
Сиуңну   империясы    азаматтарының    бәрінің   бірдей    әскер    қатарына
шақырылуға  міндетті   болуы,     шақырылғандардың    әскери    бастықтарына
сөзсіз  бағынуы, әскердің  үнемі  жауынгерлік   рухта   болуы  үшін   әскери
жаттығулардың    жүйелі   жүргізіліп   тұруы   сиуңнудың   тұрақты   армиясы
болғанын  дәлелдейді.  Оның саны  бір деректе  «300  000,  екіншісінде   400
000 еді» деп көрсетіледі.
        Сиуңнулардың     ата-баба    дәстүріне    негізделген     азаматтық,
қылмыстық  заң жүйесінің  өмірге  келуі де осы  Мүде   қағаннан   басталады.
Бірақ  бұл заңдардан  қытайдың  байырғы  жазбалары  арқылы бізге жеткені  4-
5 бап қана. Олар:
      Адамға пышақ, не  қанжар   салып,   өлімші   еткендер   өлім  жазасына
кесіледі;
      Ұрлық  жасаушының мал-мүлкі  түгел  тәркіленеді;
      Жеңіл  қылмыс  жасағандардың беті тілінеді. Қазақтың «бетің  тіліңгір»
деген қарғысы осы Мүде қаған  заманынан  бүгінге   жеткен  бір  белгі  болса
керек;
      Ауыр қылмыс  жасағандар өлім  жазасына бұйырылады;
       Қылмыстыларды   қамауға   алып,   жазасын   беру   он  күннен   әріге
созылмайды. (Бірақ мемлекетте  мұндай  қамауға  алынатын  қылмыстылар   онша
көп болмаған).
       Сиуңнуларға   шын  ниетімен  беріліп,   өлгенше   чәниүй    ордасында
тұрып,  адал  қызмет  атқарған  қытай   оқымыстысы  Жүншин   Иөннің  айтуына
қарағанда: «олардың  заңдары   орындауға    жеңіл»   көрінеді.  Бұл,  әрине,
оның    Сиуңну    мемлекетінің    заңын   Хaн    патшалығының     заңдарымен
салыстырудан  шығарған   қорытындысы еді.
      Сиуңну  империясы  билігінің  тізгінін 35 жыл  уысында  ұстаған   Мүде
қаған  ж.ж.с.д. 174 жылы  қайтыс   болғаннан  кейін  де,   кезегімен   билік
басына  келген   оның   ұрпақтары   ол  орнатқан   ел  басқару  тәртібі  мен
заңдылықтарды   қатаң   сақтап,   жарты   әлемді   жалпағынан   басқан  алып
мемлекеттің  үш ғасыр  бойы  өмір сүруін  қамтамасыз ете алады.
      Мыңзықұлы Еділ (Аттила) қаған  батыстағы   Ғұн (сиуңну)   империясының
 аты  аңызға  айналған  әйгілі    билеушісі,   адамзат   тарихында   өзіндік
орыны   бар   тарихи   ірі  тұлға.  Оны   Еуропа    тарихшылары    «Аттила»,
«Атилла», «Атыл», «Аттылы» деп те атайды.
       Ежелгі    қытайдың    әулеттік    шежіре   тарихы   «Хан   кітабынан»
(«Хәншудан») қытайлықтар   есімін  білмегендіктен,  «Солтүстік  чәниүй»  деп
атап  кеткен  Солтүстік   Сиуңну   мемлекетінің  билеушісінің   жаңаша   жыл
санаудың  92  жылы  Хән   империясы   мен  сиәнбилердің   біріккен   күшінен
ойсырай  жеңілгеннен  кейін,  батысқа қарай  ығысып кеткені  белгілі.  Міне,
осы  сиуңнулар  бірден бірге ығыса  отырып, ІІ  ғасырда  Еділ  мен  Жайықтың
ортасында  жаңа ғұн ордасының  шаңырағын  көтереді. Олар кейін  күшейе  келе
IV V  ғасырларда   Қара  теңіз   жағалауы   мен   Еуропаның   біраз  бөлегін
өздеріне  қаратып,  үлкен далалық  империяға  айналады.
      Руғиланың  тұсында Ғұн империясы бұрынғыдан  да   айтарлықтай   күшейе
түсті. Ол   ата  баба   дәстүрімен   осы  үлкен  елді  інілері   Ақтар  және
Мыңзықпен бірлесіп басқарады.   Бұл   баяғы   Мүде   қаған   қалыптастырған,
елді  бір  орталыққа   бағынған  үш  әкімшілік   аумақтық  құрылымға   бөліп
 басқаруға  қатысқан  үштіктің бірі   осы Мыңзықтың баласы.
      434 жылы  Руғила  өлгенде  империя   билігі   оның    інілерініңбаласы
Бледа мен Еділдің  қолына  көшеді. Бірақ  көп ұзамай   Еділ    немере  туысы
Ақтардың   баласы  Бледаны өлтіріп,  билікке  өзі  жеке   дара   ие  болады.
Осыдан  кейін   ол  бұрын   білікті   қолбасшы   ретінде   төңірегіне  мәлім
болса,  енді  үлкен  саясаткер,  көреген  көсем   ретінде   жарқырап   көзге
түседі. «Әділ  билеуші» атанады. Оның  есімі қарсыластары   арасынрда   үрей
туғызады.  Оны «Құдайдың   қаһары» деп атайды.
      Еділдің   тұсында   империя   өзінің   шарықтау   биігіне  көтеріледі.
Шығыста  Кавказға,   батыста   Рейнге,    терістікте   даниялық   аралдарға,
күнгейінде  Дунайға дейінгі жер  Ғұн  империясының иелігіне айналады.
      Еділ бастаған ғұн әскері  447 жылы  Фракия  мен  Иллирияны  талқандап,
Фермопил мен  Константинополь іргесіне  дейін  жетеді. Шығыс  Рим  империясы
(Византия)  Еділге  тәуелді   екенін  мойындап,  алым салық  төлеп тұрады.
      Арада  төрт жыл  өткеннен кейін  Рим   императоры   Валентин   ІІІ-тің
қарындасы  Онорияның  өтінішімен  Еділ  батысқа   аттанып,   Галлияға  басып
кіреді.   Галлияны  билеуге  Рим   императоры   жіберген   атақты   қолбасшы
Аэций  вегтгот, алан,  франк   корольдерімен  тіл  табысып,  Еділге    қарсы
көп әскер  шығарады.  Мұның аяғы  тарихта   бұрын   болмаған  үлкен   қырғын
әйгілі   Каталун   шайқасына   әкеледі.  Тарихшылар   осы  шайқаста   майдан
даласында  165  мың жауынгердің өлігі қалды дегенді  айтады.
       452 жылы Еділ  Италияны  ойрандап,  Падуя, Милан   секілді  қалаларын
алады. Рим салық төлеп  құтылады. Сөйтіп   ол осынау  ұлы   жорықтан   Дунай
  бойындағы   мемлекетінің    астанасы   Еділқалаға   (Этзелбургке)    үлкен
жеңіспен,  салтанатпен  оралады.
Осының  алдында   Еділ   герман  тайпаларын   бағындырған   кезде  Бургундия
ханшайымы Илдионаға (Идилкаға)  ғашық  болып  қалған еді.  453  жылы  елінде
үлкен той  жасап,  осы  ханшайымға үйленеді. Бірақ  алғашқы   неке   түнінде
белгісіз  жағдайда   кенеттен қайтыс болады.
       Оның  орнына   әкесімен    бірге    шерулі     жорықтарға    қатысып,
қолбасшылық  дарыны  танылып, үлгірген  батыр баласы  Эллақ   отырады.  Еділ
өзінің  көзі тірісінде  оны  мұрагері етіп белгілеген болатын.
       Сөйтіп   билік   басында   болған   он   тоғыз    жыл   ішінде    Ғұн
империясының   жеріне жер,  еліне ел  қосып,  даңқын  алысқа   жайған   Еділ
қаған  Шығыстың  ұлы жаугер  ұлдарының бірі ретінде   тарихқа   енді.  Содан
да болар,  батыстың тарихшылары  оның   есімін  «адамзат   тарихындағы   ұлы
адамдар  Александр   Македонский мен  Юлий   Цезарь   есімдерінің   қатарына
қояды».
      Бумын қаған (туған жылы белгісіз  – 552 ж.)  -   түркілердің    өздері
«Мәңгі  ел»   деп  атаған   әйгілі    Бірінші   Шығыс   Түркі    қағанатының
негізін қалаушы   тарихи   ұлы   тұлғалардың   бірі.  Оның   алғаш   тарихқа
танылуы  түркі  еліне    Батыс   Вей  империясының   елшілерінің    келуімен
тікелей    байланысты.   Бұл   кезде   түркі    елі    Жыужән    қағанатының
құрамындағы, соларға  темір кенін  өндірумен айналысатын  бодан ел  болатын.
Бумынның  бұл  кездегі  билік лауазымы ұлы йабғу  (даиеху).  Оған  ол  түркі
елінің  басшысы   болған  әкесі  Ту  (Туву)   өлгеннен  кейін,    мұрагерлік
жолмен ие болған.
       Кезінде   хатталып,   қағаз   бетіне    түспегендіктен,   Батыс   Вей
империясынан елші келгенге  дейінгі   түркі   елінің   де,   оның    басшысы
Бумынның  да тарихы  белгісіз. Сондықтан да болар  тарихшылар   ортағасырлық
  түркілердің    тарихын,   шартты   түрде,   осы  елшілер  еклген  да   тун
жылнамасының  он бірінші   жылынан, яғни  545  жылдан  бастайды.
      Елшінің  келген мақсаты түркілердің Батыс Вей  империясының  бақталасы
Шығыс Вей империясының  одақтасы  болып отырған  Жыужән  мемлекетіне   қарсы
қойып, қарсыластар  күшін  әлсірету әрі  оларды күресте  өздерінің   жақтасы
  ету   болатын.   Бумынның   аса  ірі   саясаткер,  көреген  басшы   екенін
танытатын  тұс та, міне,  осы кез. Ол алып  империяның  айдапсалына  елігіп,
билікке  таласушылардың   қол  шоқпарына   айналмай,  өз  саясатын   жүргізе
біледі.
      Асылы, Бумын өзін империя  қолдайды екен деп,   аңдаусыз  аяқ  басудың
апатқа  ұрындырарын мейлінше  ұққан сақ жан.  Жылнамалар   жеткізген   тапшы
деректер  осыны  дәлелдейді. Ол  Батыс   Вей  секілді  империяның   қолдауын
пайдаланып қалайын деп, телылар  сияқты  жанталасып,  бірден атқа  қонбайды.
 Батыс Вейдің  елшісі  кеткеннен кейін  оларға  өзінің   елшісін    жіберіп,
бар жағдайды  өз адамдары  арқылы толық біліп алады.   Күресте   көмектеседі
деген  империясының  өз  көмегіне   зәру   мүшкіл   хәлін   көреді.  Азаттық
күресінде тек   өз  күшіне  ғана   сүйену  керектігін,  қазіргі   жағдайында
қыздырманың  тіліне еріп,   қарсы шыққанменен, дәуірлеп  тұрған  жыужәндарды
жеңуге  шамасы  жетпейтінін  түсінеді. Сол себепті  де  ол  ешкім   күтпеген
әрекетке  барып,   жыужәндарға  қарсы   жорыққа   аттанған  телы  тайпаларын
қолдау орнына, оларға  тосыннан тиісіп,  бүкіл   елін   өз   қарауына  қосып
алады.
      Бұл  ретте   «Жыу  кітабы»  (Жыушу):  «Осы   кезде   (546ж.)   телылар
жыужәндарға  қарсы  жаза  жорығына шығады.  Тумын  (Бумын)   өзіне   қарасты
тайпаларды  бастап, оларға орта жолда бүйірден тиісіп,  талқанын   шығарады.
Сөйтіп 50 мың түтіндік  бүкіл елін бағындырады» деген дерек  береді.
      Осылайша   еліне   ел  қосып,   жауынгерлер   санын  көбейтіп,  әскери
қуатын  нығайтып  алғаннан  кейін  барып,  ол  жыужәндарға  қарсы    шығудың
әрекетіне  көшеді. Онда да өзі бірден тиіспей, жыужәндардың   өзін  соғысуға
мәжбүрлейді. Жыужән  мемлекетінің билеушісі  Анагүйге қызын өзіне  әйелдікке
беруді сұрап, елшісін  жібереді. Бұл  сол  кездің   дипломатиясында:  «менің
енді сенімен терезем тең. Менімен санасуға  тиістісің»  дегенді   білдіретін
еді. Бұған, әрине,  Анагүй  келісе  алмады,   тас   талқан  болып  ашуланып,
Бумынды  балағаттап,  «Сен  менің  темірші  құлымсың,  бұлай  істеуге  қалай
батылың барады» деп,  арнайы  шапқыншысын жібереді.
      Бумынның  күткені  де осы еді. Дәстүр бойынша, енді   оның   қорланған
жан есебінде не істеймін десе де  еркі  бар,  халықтың  толық  қолдауына  ие
болады. Осыны қапысыз пайдаланған Бумын өшпенділікті одан әрі   өршіте  түсу
үшін  Анагүйдің шапқыншысының  басын алуға әмір  береді.  Қаған  шапқыншысын
өлтіру бұл дағы соғыс ашудың  бір сылтауы болатын.
      Ақыры фи ди жылнамасының  бірінші   жылының   (552ж.)  бірінші  айында
Хуәй хуанның  терістігіндегі   кең  жазықта    жыужәндар  мен  түркі  әскері
шешуші   айқасқа   шықты.  Осы    шайқасқа    жеті    жыл    бойы    қапысыз
дайындалған Бумын  ашудың  жетегінде асығыс жиналған жыужән әскерінің    тас
талқанын шығарды. Ойсырай жеңілген Анагүй өзін  өзі  жарып  өлтірді.  Сөйтіп
байтақ далада бір жарым ғасыр бойы  дара билік  жүргізген  Жыужән  қағандығы
құлады. Оның орнына  кейін  Ұлы  Далаға   бірнеше   ғасыр   бойы  үстемдігін
жүргізген  атақты  Түркі  қағанаты  орнады.
      Түркі елі жиналып,  Бумынды   ақ  киізге   көтеріп,  «Ел  қағаны»  деп
жариялады. Әйеліне «Ел Білге қатын» деген атақ берді.   Бірақ   Бумын  қаған
өзі орнатқан қағанаттың   дәуірлеп  дүркірегенін  көре  алмады.  553  жылдың
қозы айында   өз ажалынан  қайтыс болды.


Тақырып № 1.1.3. Біздің заманымызға  дейінгі  кезеңде  ғылым,  білім,  өнер,
мәдениет салаларындағы тарихи тұлғалар -2 сағат

   1. Цицерон – Рим қайраткері ғана емес, әлем тұлғасы.
   2. Гомер – ежелгі ақын.

Эсхил, Апулей Луций – жазба мәдениетінде алатын орындары.



      1.Цицерон Марк Туллий (б.з.б. 3.1.106, Арпинум — 7.12.43, Кайета маңы)
– ежелгі Римнің  саяси  қайраткері,  шешен,  жазушы.  Ақсүйектер  әулетінен.
Б.з.б.  63  ж.  Консул  болған  кезінде  беделі  қатты   өсті   (Катилинаның
қастандығын ашты, сенатта басшы  рөл  атқарды).  1-триумвират  (үштік  одақ)
құрылғаннан кейін ықпалы төмендеп, б.з.б. 58-57 ж. қуғынға түсті. Б.з.б. 56-
50 ж. Гней Помпей  мен  Юлий  Цезарьды  жақтады.  Олар  араздасқаннан  кейін
(б.з.б.  49)  азамат  соғысы  кезінде  екеуін  татуластырмақ  болды.  Цезарь
жеңгеннен кейін (б.з.б. 47) саясаттан қол үзіп, ол өлтірілгеннен кейін  ғана
саясатқа қайта араласты. Оның Марк Антонийге қарсы 14 сөзі — “филиппик”  осы
кезеңге жатады. 2-триумвиратқа қарсы күресте сенат жеңілген  кезде,  Антоний
мен  Октавиан  Августың  қолынан  қаза  тапты.  Цицеронның  саяси  идеалы  -
“аралас”  мемлекеттік  құрылыс  (монархия,  аристократия   және   демократия
элементтері  бар  б.з.б.  3-2  ғасырлардағы  Рим  республикасы   үлгісіндегі
мемлекет)  болды.  Цицерон  өзін  грек  философы  теориясы  мен  Рим   саяси
(шешендік)  теориясын  адамы”,  “татуластырушы”,   “тәртіп   сақтаушы   және
қамқоршы” адамның үлгісі  деп  есептеді.  Философиялық  идеалы  -  теориялық
скептицизмді   практикалқ   стоицизммен   біріктіру,   шешендік   идеалы   -
“молшылық”, тыңдаушыны қызықтыра да, сендіре де, еліктіре де  алатын  барлық
құралдарды меңгерген.  Цицерон  шығармаларынан  (үзінділерді  есептемегенде)
сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер,  саясат,  практик.  философия,  теор.
философия жөнінде 19 трактаты, аса  маңызды  психол.  құжат,  латын  ауызекі
тілінің ескерткіші және Римдегі азамат соғысы дәуірі туралы деректеме  болып
табылатын 800-ден астам хаты сақталған.
      Цицеронды  шіркеу  қайраткерлері  Лактанция,  Амвросий   Медиоланский,
Августин,  қайта  өркендеу  дәуірінің  жазушылары  Петрарка  мен   Боккаччо,
француз ағартушылары  Дидро,  Вольтер,  Монтескье,  Ж.Ж.  Руссо,  т.б.  үлгі
тұтқан.
      Шешендік өнер халықтық-демократиялық қоғамдарда өсіп-өркендейді. Ақыл-
ойға еркіндік шешендік өнердің  дамуының  алғашқы  шарты  болып  есептеледі.
Мысалы, ежелгі грек тарихында шешендік өнердің  дамуына  б.ж.х.д.  594  жылы
Афины  басқарушысы  әрі  ақыны  Солонның  құлдық  құрылыс  пен  сот  істерін
демократиялауға   бағытталған   заңының   себеп   болғандығын   шешендіктану
ғылымының зерттеушілері растайды. Бұл заң бойынша Афинының әрбір азаматы  өз
мүддесін өзі қорғауға тиіс болды. Сотта өзін-өзі  қорғау  үшін  қызыл  тілге
жүйрік болуға тиіс. Осыған байланысты сот алдыңда айтылатьш сөзді  алдын-ала
даярлайтын сөз шеберлері (логографтар) көптеп пайда  болған  екен.  Демосфен
шешен алғашында осындай логограф болған.
      Солон заңына ұқсас заң «Жеті  жарғы»  қазақ  елінде  де  болды.  "Жеті
жарғының атақты жеті биімен  ақылдасып  отырып  қабылдаған  хан  Тәуке  еді.
«Жеті жарғы» бойынша да әркім өз жоғын өзі  жоқтауға,  өзінің  әлі  келмесе,
жанкүйер бауырластары, одан қалса руластары қорғауға тиіс болған. Мұның  өзі
шешендік өнерді үйренуге, сөз  бостандығының  жандануына  жол  ашты.  Ежелгі
шешендіктің Отаны саналған Румда да римдіктер қан  майданда  Отанын  қарумен
қалай қорғаса халық мәжілістері мен  сенатта  суырылып  сөйлеу  әрқайсысының
басты парызы болған. Ресейде шешендік өнердің кенжелеп  дамығандығын  айтып,
оның  себебін  түсіндірген  Д.И.Фонвизиннің:  "Шешендердің  аз  болу  себебі
шындығында  шешендік  дарын  көрінетіндей  жағдайдың  жоқтығынан.   Шешендік
абырой-атаққа айқара есік ашатын және консульдікпен сайланатын  бізде  халық
жиналыстары жоқ» деген сөзін келтірген Б.Адамбаев: "Шешендік өнер қай  жерде
сөзге бостандық, еркіндік болса, жүйелі сөзге жұртшылық, қоғам  құлақ  асса,
міне, сол жерде, сол елде ғана  дамиды.  Керісінше,  ақыл-ойға,  сөзге-тілге
қысым жасалып, шек қойылған жерде ақыл-ойдың адамдары,  ең  алдымен  ақындар
мен  шешендер  қорғалап  сөйлей  алмайды,  сөз  өнері   тоқырайдың   («Халық
даналығы», А. "Рауан», 1996, 148-6), деген болатын. Жалпы  шешендік  өнердің
шығуы  белгілі  бір   қоғамдық   жағдайлармен   және   халықтың   бас   қосу
жиналыстарымен байланысты болғандығын  қазақ  шешендік  өнерінің  тарихы  да
растайды. Әсіресе халық жиналатын астың мәні үлкен болған.  Ә.Бөкейханұлының
сөзімен айтсақ, қазақтың үлкендеріне ас бергенінің  бір  пайдалы  жері  асқа
жиналған халықтар іс  тексеріп,  дау  бітіреді  екен,  бұрынғы  жиналыстарда
бітпей қалған дауларды шешеді екен. Халық жиналатын жерлердің бірі-  ақындар
айтысы. Ақындар айтысы да, ас пен той сияқты, шынайы шешендер  сөз  сайысына
түсетін және шындалатын орындар болған. Ердің, елдің  тағдыры  сөз  болатын,
соғыс, бітім секілді маңызды мәселелер  қозғалатын  бұрынғы  хан  кеңестері,
қазіргі парламент  сарайлары,  сот  залдары  -  саңлақ  шешендер  мен  саяси
қайраткерлерді  қалыптастыратын  орындар.  Дүние  жүзіне   есімдері   әйгілі
шешендердің  көбінесе  мемлекет  қайраткерлерінен,   заң   қызметкерлерінен,
парламент мүшелерінен  шығатыны  да  осыдан.  Мысалы,  ежелгі  Афина  шешені
Демосфен, Рим шешені  Цицерон  парламент  басшылары  болса,  орыс  шешендері
П.А.Александров, Ф.Н.Плевако, А.Ф.Кони заң қызметкерлері еді.
      2. Гомер (б. з. д. 12-8 ғ. ш.) - ежелгі гректің эпик  ақыны.  Өлеңдері
мен дастандарын ел аралап жүріп,  ішекті  аспаптың  әуеніне  қосылып,  айтып
шығарған.  Г.  шығармаларының  кейбір  тұстары,   соның   ішінде   «Илиада»,
«Одиссея»  дастандары  8-7  ғ-да-ақ  кең  тараған.  Абайдың  Жиырма  жетінші
сөзінде Гомер аты аталады. Ұстазы Сократ Хакім  ғалым  шәкірті  Аристодимнен
өнеріне  ел  таңданарлықтай  кімдерді  білетінін,  олардың  қандай  өнерімен
танымал  екенін  сұрағанда,  Гомерді  жұрт  бәйітшілдігі   (ақындығы)   үшін
құрметтейтінін  айтып,  оның  есімін  бірінші  атайды.   Гомер   өмірдерегін
зерттеушілер оны “ионий отарларының бірінде туған  болуы  керек”  деп,  шығу
тегін  ионий  гректеріне  жақындатқанымен,   бұлтартпастай   дәлел   келтіре
алмайды. “Кейінгі заман гректерінің өзі Гомердің қайда  туғанынан  бейхабар.
“Грек антологиясындағы” Смирна, Хиос, Колофон, Пилос, Аргос, Итака, Афины  –
жеті қала  Гомердің  отаны  деп  аталады”,  деп  көрсетеді  “Илиада”  эпосын
зерттеуші А.И.Зайцев (Гомер. Илиада. Л,  1990.  399-б).  В.П.Яйленко:  “Тағы
бір ұлы ақын Гомер есімі Кіші Азия халықтарының сөзінен шыққан. Грек  тіліне
ауысқанда  ол  “соқыр”  деген   мағынаға   ие   болған”   деседі.   Көптеген
зерттеушілер Гомер есімі ақынның шын есімі екеніне  күдік  келтіргенмен,  ол
Гомер аталса керек. Гректерде мұндай кісі аты жоқ,  гректер  оның  мағынасын
мүлде ұқпайды. Сондықтан “тұтқын”, “соқыр”  деп  түсіндіруге  тырысады...Ұлы
ақын грек болмай, жастайынан грек тілін меңгерген “варвар”  болуы  да  ғажап
емес” деп тұжырады (В.П.Яйленко...33-б, А.И.Зайцев... 400-б).
      Страбон мәліметінше: эолийліктердің қаласы Смирнада  (Измирде):  “төрт
бұрышты айлақта Гомер храмы және ағаштан ойылған Гомер мүсіні  бар.  Гомерді
меншіктеуге олардың себебі жеткілікті. Гомерик аталған мыс ақша шығарған  да
осылар”, деп мәлімдейді (Страбон. М, 1994. ХІV, 1, 3, 7. 604-б).
      Сонымен, Гомердің элийлік (алаштық) Смирнада тууы басқа  топшылауларға
қарағанда негіздірек көрінеді.
      Ғажабы сол – Гесиод пен Гомердің айтысқаны туралы дерек сақталған. Екі
ұлы ақын шақырумен  Евбейге  барып,  Халкидон  патшасы  Амфидамантты  жерлеу
кезінде айтысқан. Оны Плутарх жазып кеткен.  Амфидаманттың  інісі  Паниданың
шешімімен жеңіс соғыс пен жаугершілікті жырлаған  Гомерге  емес,  еңбек  пен
диқаншылықты дәріптеген Гесиодқа берілген. Бұл  оқиғаны  Гесиод  “Еңбек  пен
күндер” поэмасында  жазып  қалдырған.  “Алдын  ала  шақырылған  соң,  ақылды
Анфидаманттың құрметіне өткізілген айтысқа  қатысу  үшін  Халкидаға  бардым.
Ұлдары мол сыйлық атаған екен.  Сонда  құлақты  аспалы  ошақты  жеңіп  алып,
Геликон лираларына сыйға тарттым” деп баяндалған (В.П.Яйленко...35 б).
      4. Эсхил (б. з. д.  525-456)  -  бірінші  грек  драматургі,  "трагедия
атасы".  Трагедиялык  ақындардың  мүшәйрасына   13   рет   қатысып   (кейбір
деректерде 28 рет делінген), бәрінде де жүлдеге ие болған.
      Эсхил жазған 70 трагедия мен 20 сатиралық драмадан, бізге  7  драманың
ғана  толық  нұскасы  және  400-ге  жуық   фрагменттері   жеткен.   Олар   —
"Жалбарынеандар","Парсылар"Бугаудагы  Прометей  Фивтің   жеті   жауы"   және
"Орестея"  трилогиясына  енетін  "Агамемнон"9  "Хоэфор-  лар",  "Эвменидтер"
трагедиялары.
      Эсхил драмалары -  афины  демократиясының  дәуірлеу  кезеңінің  айнасы
(б.з.д. V ғасырдың бірінші жартысы). Грек-парсы соғысы тұсында  ортак  мүдде
туыстырған   афинылықтардың   патриоттық   рухының   көтерілуі    —    Эсхил
шығармаларыны? негізгі арқауы. Эсхил тағдырға — Мойраға  сенді,  тіпті  оған
Құдайлар да бағынышты болған дщ ойлады. Эсхилдің Прометей туралы  трагедиясы
— гуманистік Пафосқа толы  классикалық  туынды.  Зевс  құдай  адамзатты  жер
бетінен жойып жіберейін деп ойлаған кезде, Прометей аспаннан  қасиетті  отты
ұрлап алып, оны  адамдарға  әкеледі.  Бұдан  кейін  де  неше  түрлі  көмегін
корсетіп, үй салуды, жер игеруді, уақытты санауды, жабайы ардарды  асырауды,
дәрілік шөптерді ажырата білуді, т.б. үйретеді. Адамдарға көмектескені  үшін
қаһарлы Зевс ашуланып, Гефестке  оны  жердің  түбіне,  Скифияға  (Қара  және
Каспий  теңізі  алабында  орналасқан  елдігректер  осылай  атаған)   апарып,
жартасқа бұғаула  деп  бұйырады.  Зевстің  айткандарына  көбеген  Прометейді
Құдай жартаспен бірге жер асты — Тартарға түсіреді. Прометей — жан  дүниенің
терең трагизмімен әлемдік әдебиетте оқшау тұрған образ.
      Эсхил өзінің  қаһармандық-патриоттық  трагедияларында  екінші  актерді
(девтерагонист) енгізді. Бұл қайғылы  қақтығыстарды  тереңірек  ашып,  театр
ойынының  әсерлі  болуына  жол  ашты.  Және  де   актерге   арналған   әдемі
костюмдерді, маскалар мен котурныларды да, әр  түрлі  сахна  жабдықтарын  да
Эсхил шығарған деп есептеледі. Сонымен  қатар  Эсхил  өзінің  трагедияларына
билерді кіргізіп кана коймай, ондағы көп қимыл-қозғалыстар  мен  фигураларды
да өзі ойлап тапқан. Эсхил бір сюжетке немесе бір-бірімен байланысы  бар  әр
түрлі сюжетке арналған трилогияларды да  бірінші  болып  жаза  бастаған.  Әр
осындай трилогия сатирлердің қатысуымен, бір  мифтік  аңызды  қызықты  түрде
көрсететін сатиралық драмамен  аякталуын  да  ұлы  драматург  енгізді  деген
деректер бар.
      Апулей Луций (б.д.б. 124 ж. шамасы  -  өлген  жылы  белгісіз).  Африка
Мадаврада  туып  өскен  атақты  рим  жазушысы.  Дәулетті  жанұядан   шыққан.
Карфагенде  риторикалық  білім  алған,  Афиныда  философияны   оқыған.   Көп
саяхаттаған.  Римде  адвокат  қызметін   атқарып,   латын   тілін   үйренді.
Карфагенде тұрған кезде үлкен жетістіктерге  жетті.  Апулейге  тірі  кезінде
үлкен статуя орнатылды. Философ және маг аталған Апулейдің шығармашылығы  әр
алуан. Ол латын, грек тілдерінде  жазды.  Оның  философиялық,  жаратылыстану
тақырыптарына  жазылған  еңбектері,  әр  түрлі  жанрда  жазылған  поэтикалық
шығармалары бар. Апулейдің грек тілінде жазған  шығармалары  сақталған  жоқ.
Латын тілінде жазылған шығармалардың көбі сақталды: философиялық  трактаттар
және «Метаморфозы» немесе  «Алтын  есек»  атты  үлкен  роман  (қолжазбаларда
роман «Метаморфозы» деп аталған, IV ғ.  әйгілі  христиан  жазушысы  Августин
оны «Алтын есек» деп атайды). Әлем әдебиетіне Апулей «Алтын есек»  романының
авторы болып кірді.  Романда  ІІ  ғасырдағы  Рим  провинциясы  тұрғындарының
тұрмысы,  рухани  өмірі  бейнеленген.  «Алтын  есек»  Еуропа   әдебиетіндегі
бірінші психологиялық роман. Сиқыршы қасиетінің арқасында жануарға  айналып,
одан қайта адам кейпіні  оралған  адам  туралы  фольклорлық  аңыз  антикалық
әдебиетте Апулейге дейін болған. «Метаморфозы»  грек  шығармасының  өңделген
түрі.  Апулей   грек   жазушысы   Лукиан   шығармасының   сюжетін   көптеген
эпизодтармен кеңейтті. Апулейдің финалы да Лукианнан  өзгеше.  Бас  кейіпкер
киген есектің маскасы адамдардың мінез-құлығын сатиралық түрде көрсету  үшін
үлкен мүмкіндік берді. Апулей шығармасында  провинциялық  қоғамның  таптарын
әр түрлі жағдайларда көрсетеді; ол құлдарды  қатал  пайдалануды  жасырмайды,
шағын  жер  иелерінің  қиын  жағдайын  бейнелейді.  Сонымен  қатар,   Апулей
шығармасындағы дін мен  театрға  байланысты  ойларының  үлкен  мәдени-тарихи
құндылығы бар. Эпизодтар бай фольклорлық және  новеллалық  материал  береді;
соның ішінде, романға кіргізген үлкен әңгіме  (екі  кітаптың  көлеміндей)  -
«Амур мен Психея» туралы ертегі. Бұл  халық  ауыз  әдебиетінде  кең  тараған
ертегілік сюжеттердің бірі: құбыжыққа тұрмысқа шыққан қыз келісімді  бұзады;
күйеуі жоғалып кетеді; әйелі оны іздеп кетеді де ұзақ  саяхаттан  кейін  оны
табады. «Метаморфозы» романы орта ғасырда  кең  таралған.  Апулейдің  кейбір
новеллаларын Боккаччо пайдаланған. Әсіресе, «Амур мен Психея» туралы  ертегі
үлкен  жетістіктерге  жетті.  Бұл   сюжет   әдебиетте   кеңінен   пайдаланды
(Лафонтен, Виланд, Богданович әдебиетте,  Рафаэль,  Торвальдсен  -  бейнелеу
өнерінде).

     МОДУЛЬ 2.  Ортағасырлар дәуіріндегі тарихи тұлғалар рөлі – 6 сағат


Тақырып 2.1.4. Орта ғасырдағы ғалымдар, ойшылдар  мен  діни  қызметкерлердің
тарихта алатын орны

      1.  Әбу  Насыр  әл-Фараби   –   Әлемнің   екінші   ұстазы,   данышпан,
         энциклопедист ғалым.
      2. Әбу Райхан әл-Бируни - ортаазиялық энциклопедист-ғалым
      3. Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллах - ортағасырлық ғалым, философ, дәрігер.




      1. Әбу Насыр әл – Фараби (870–951)  –  Аристотельден  кейін  дүниежүзі
білімі  мен  мәдениетінің  екінші  ұстазы  атанған  данышпан,  энциклопедист
ғалым. Оның мұсылманша  толық  аты-жөні  Мұхаммед  ибн  Мұхаммед  ибн  Узлағ
Тархани. Туған жері – Сырдария бойындағы  ерте  заманда  түркі  халықтарының
орталығы болған Отырар қаласы. Отырарды  арабтар  «Фараб»  деп  атаған.  Қай
жерде  шыққанын  білдіру  үшін  аты-жөніне  өзінің  туған  мекенінің  атауын
тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған.  Махмұд  Қашқари
«Диуани  лұғат  ат-түрк»  атты  еңбегінде  Фараб  қаласының  түрікше  аты  —
«Қарашоқы» деп көрсетеді.
      Әл-Фараби заманында бүкіл Орта  Азия  мен  Түркстан  Араб  халифатының
ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда-саттық мәселесіне  ислам
қалыптасып, дамуына зор  үлес  қосқан  араб,  парсы,  түркі  тілдерін  қатар
қолданған. Соның ішінде рухани,  ғылыми  тіл  араб  тілі  болған.  Сондықтан
құмарлығы оянған Әл-Фарабидің осы үш тілді  жетік  білуі  заңдылық  еді.  Ол
кейін білім-ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде  әлемнің  ғылым
дүниесінің орталығы  болған  Бағдадқа  келіп,  сонда  тұрақтап  қалады.  Сол
кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен  сырлас  болады.  Грек,  латын,
санскрит және басқа тілдерді үйренеді.
      Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының  бәріне,  өнеріне  өзіндік
үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің  саны
жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына  қарай  бөлетін  болсақ,  олар
мынандай: астрономия,  астрология,  математика,  логика,  музыка,  медицина,
табиғат  ғылымдары,  социология,  лингвистика,  поэзия-риторика,   философия
болып келеді.
      XX ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан  ғалымдары  да  ұлы
ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады.  Қазір
Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл-Фарабидің елу  шақты  еңбегі
бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар  арасында  осы  күнге
дейін  белгісіз  болып  келген:  —  «Алмагеске  түсініктеме»,  «Геометриялық
сызықтар  жасаудың  әдістері»,  «Астрология»,  «Китаб  әл-мусики   әл-кабир»
секілді әрқайсысы бір-бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары  бар.
Мұның сыртында  соңғы  жылдары  Қазақстанның  Иранда  алғашқы  Төтенше  және
Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков тауып  әкеліп,  Алматыдағы
Әл-Фараби  атындағы  ұлттық  университеттің  кітапханасына   тапсырған   Әл-
Фарабидің қолжазбалары өз алдына бір пара қазына. Олардың көшірмесі  (он  үш
қолжазба)  бүгінде  Еуразия  ұлттық  университетінің  Отырар  кітапханасында
сақтаулы.
      Өмірінің соңына қарай Әл-Фараби Мысыр, Шам, Халеб  қалаларында  болып,
ақырында Шам шаһарына келіп, сонда тұрақтайды. Осында  қайтыс  болады.  Оның
денесі  Шам  шаһарының  Кіші  қақпа  (Баб  ас  –  Сағир)  жағындағы  зиратқа
қойылады.
      Әл-Фарабидің  ісін  жалғастырған,  ғылымға  берілген  шәкірттері   көп
болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта Азияның  ұлы  ғалымы  Әбу  Әли  ибн
Синаның (Авиценна) есімін атауға болады.  Кейінгі  кездегі  шығыс  ғалымдары
оларды бөліп жармай «Қос Фараби» деп  те  атайды.  Сондай-ақ  еңбектері  ұлы
ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар —  Беруни,  Бозжани,  Омар
Һайямдар да өздерін Әл-Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген.
      2.Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан  Мұхаммед  ибн  Ахмед  әл-Бируни  –
ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Әбу Райхан әл-Бируни 973 жылы қазан  айының
төртінде Қият қаласының маңында  өмірге  келген.  Негізгі  еңбектері  тарих,
математика, астрономия, география, топография, физика,  медицина,  геология,
минералогия,  т.б.  ғылым  салаларын  қамтиды.  Ол  Орта   Азия   мен   Иран
қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср  Мансур  ибн  Ирактан
дәріс алды. Әбу Райхан  әл-Бируни  –  парсы,  араб,  грек,  үнді  (санскрит)
тілдерін меңгерген оқымысты. 995 – 1010 жылдары Иранда тұрды. Ол  1000  жылы
орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы  аталған,  өзінің  әйгілі  «әл-Асар  әл-
Бақйия ән әл-Құрұн әл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген  еңбегін
жазды. 1010 жылы Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед  ұйымдастырған  Үргеніштегі
ғылыми орталықта Әбу Райхан  әл-Бирунидің  басшылығымен  Әбу  Әли  ибн  Сина
(Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан  ибн  Хаммар,  ибн  Мискуайх,  т.б.
көрнекті  ғалымдар  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізді.  Әбу  Райхан   әл-
Бирунидің ғылыми  мұрасының  бірсыпырасы  бізге  жетпеген,  сақталып  қалған
шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда  ол  жүз
елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен  математикаға  арналған.
Астрономиялық шығармаларында Әбу  Райхан  әл-Бируни  дүниенің  гелиоцентрлік
жүйесін (Коперниктен  500  жыл  бұрын),  денелердің  Жерге  қарай  тартылуын
(Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған.
      Арал  теңізінің  жағасында,  Үндістанда,   Ауғанстанда   астрономиялық
бақылау жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшерін  дәл  анықтаған.  Әбу  Райхан  әл-
Бирунидің  географиясында  сол  кездегі  белгілі  жерлердің  бәрі  айтылған,
сонымен қатар мұхит, теңіз, тау,  өзен,  шөл,  мемлекеттер  мен  халықтардың
аттары толық келтірілген. Әбу Райхан  әл-Бирунидің  картасы  Тынық  мұхиттан
Атлант мұхитына, Үнді мұхитынан Солтүстік  мұзды  мұхитқа  дейінгі  жерлерді
қамтыған. Әбу Райхан әл-Бируни түрлі  өсімдіктерді,  дәрілік  шөптерді,  сан
алуан жануарлар тіршілігін  зерттеген.  Әбу  Райхан  әл-Бируни  топографияға
байланысты «Геодезия» атты  үлкен  еңбек  жазды.  Онда  Әмударияның  бұрынғы
кездегі ескі арналары жөніндегі зерттеулері аса қызғылықты  баяндалған.  Әбу
Райхан әл-Бирунидің тарихи-географиялық еңбектерінде  Орта  Азия  мен  Шығыс
Сібірдің тарихи  этнографиясы,  сондай-ақ  Орта  Азия  көшпелі  тайпаларының
батысқа, Шығыс Еуропаға дейін қоныс аударулары, Қазақстан  географиясы,  оны
мекендеген түркі тайпалары,  олардың  әдет-ғұрпы,  салт-жоралғылары  жөнінде
құнды деректер беріледі.  «Үндістан»(1031),  «Бұрынғы  ұрпақтар  ескерткіші»
(1048), «Масғуд каноны», т.б. еңбектері ағылшын, неміс,  орыс,  парсы,  т.б.
тілдеріне аударылған. Ол 1048/50 жылы желтоқсан  айының  он  біріне  қараған
күні Ғазни қаласында қайтыс болған.
      3.Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллах (латын транскрипциясы —  Авиценна;  980,
Бұхара қалысы жанындағы Афшана ауылы — 18. 6. 1037, Хамадан) —  ортағасырлық
ғалым, философ, дәрігер.  Орта  Азияда  және  парсы  жерінде  (Иранда)  өмір
сүрген; түрлі әмірлер тұсында дәрігерлік және уәзірлік  қызметтер  атқарған.
Басты философиялық еңбектері — “Дауа кітабы”  (“Іұтқару  кітабының”  қысқаша
мазмұндамалық нұсқасы),  “өсиеттер  мен  кеңестер  кітабы”,  “Білім  кітабы”
(парсы тілінде, “Даныш-намэ”). Әбу  Әли  ибн  Сина  философиясы  метафизика,
гносеология және логика салалары бойынша шығыс аристотелизмі  дәстүрін,  бір
жағынан неоплатонизмнің онтологиялық концепцияларын дамытады.  Әбу  Әли  ибн
Сина пікірінше тек құдай ғана абсолютті тіршілікке ие, қалғандардың бәрі  де
өздігінше тек мүмкін нәрселер  ғана,  олардың  болмысқа  енуі  тек  құдайдың
құдіретімен  болатын  жәйт.  Әйтсе  де  құдай  жаратқан  табиғат  уақыт  пен
кеңістік ішінде бола тұрып, эманациялар иерархиясы арқылы мұнан әрі  өзіндік
қозғалыс принципі бойынша дамиды. Әбу Әли ибн  Синаның  әлеуметтік  ілімінде
әділетсіз қоғамға қарсы қарулы көтерілістер жасауға  дейін  баруға  болатыны
туралы ой бөлекше есте қалады.
      Мұсылмандық дін ілімі өкілдері (әсіресе, Әбу Мұхаммед Ғазали) Әбу  Әли
ибн  Синаны  “дін  бұзарлығы”  мен  “атеизмі”  үшін  айыптаса,   Әбу-л-Уәлид
Мұхаммед ибн Рушд оны натуралистік көзқарастары үшін сынға  алады.  Әбу  Әли
ибн Синаның философияға және  жаратылыстану  ғылымына  арналған  трактаттары
бірнеше жүздеген жылдар бойы Шығыс пен Батыста кең таралған тарихи мәні  зор
мәшһүр еңбектер қатарында келеді.  Әбу  Әли  ибн  Синаның  араб  және  парсы
тілдерінде азын-аулақ  өлеңдері  сақталған.  Оның  поэтикалық  шығармаларына
арқау болған тақырыптар —  материяның  мәңгілігі,  ағартушылық  пен  ғылымды
уағыздау. өлеңдерінің өзіндік  белгілері  —  афоризмге  толылығы,  көркемдік
бейнелеу әдістерінің  қарапайымдылығы.  Парсы  тіліндегі  өлеңдерінің  басым
бөлігі рубаяттар түрінде жазылған. Әбу Әли ибн Сина шығармалары  классикалық
парсы,  араб,  өзбек  және  орта  ғасырлық  еврей  әдебиетіне  елеулі  ықпал
жасаған. Әбу Әли ибн Сина дәрігерлік кәсіппен 16 жасынан бастап  шұғылданды.
жергілікті тәбиб әдістерін үйренген соң, ол  кітаптардан  ескі  грек,  руми,
үнді, парсы, қытай медицина негіздерін өңдеп жетіктірді. Әсіресе, ескі  юнан
жұртының  атақты  дәрігерлері  Гиппократ  пен  Галеннің  еңбектерімен  толық
танысты, олар  айтқан  қағидаларды  толықтырды,  қатесін  түзетті,  ескірген
ұғымдарын алып тастады. Әбу Әли ибн Сина арқасында  Гиппократ  пен  Галеннің
даңқы қайта жайылды,  әйтегенде  Еуропада  олардың  еңбегі  түгіл  есімі  де
ұмытыла бастаған еді. Оның күрделі туындысы — “Дәрігерлік  ғылымның  каноны”
(“Китаб әл-канун фи-т-тибб”), бұл —  көлемі  200  баспа  табақ,  5  кітаптан
тұратын медицина энциклопедия.  Араб  тілінде  сан  рет  көшірілді.  Латынша
аудармасы 12 ғ-да жарық көріп, аз уақытта бүкіл дүние жүзіне таралды.  Күллі
Шығыс пен Батыста Әбу Әли ибн Сина осы кітап арқылы 5 — 6 ғ.  бойы  медицина
ғылымының дара  жетекшісі,  дәрігерлердің  ұлы  ұстазы  болды,  “Медициналық
ханзада”, “Шейх-ур-райс” деген  ұлы  есімге  ие  болды.  Баспа  әдісі  пайда
болғаннан  кейін  “Канонның”   басылуы   Інжілмен   бәсекелес   өтті.   Араб
тіліндегісін санамағанда латын  аудармасы  30  шақты  рет  басылды.  “Канон”
орыс, өзбек тілінде ғалымның 1000 жылдық  салтанатына  байланысты  Ташкентте
(1954 — 56) басылып шықты. “Медицина — саулықты  сақтау,  науқасты  кеселден
айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым”, — дейді автор. “Медицинаның  бір
бөлігі — білім, екіншісі — амал, мұның екеуі де  ғылым,  біреуі  медицинаның
түп негізі болса, екіншісі — амал жасау ережелері”. Әбу Әли ибн  Синаның  ең
негізгі насихаты — саулықты күні  бұрын  сақтау.  Бұл  жөнінде  оның  қоятын
шарттары: тағамды  талғай  білу,  денені  шынықтыру  және  таза  ұстау.  Бұл
ережелер осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. Ал ғасырлар бойы бұған  еліктеп
жазылған кітаптар да өте көп. Саулық сақтау жолдарын Әбу Әли ибн Сина  былай
деп көрсетеді: “Дене құрылысының гармониясын бір қалыпты  ұстау,  тағам  мен
ішімдікті талғау, дәрет тәртібін мұхияттау, киім мен  ауа  тазалығын  ұстау,
дене мен рух бірлестігін көздеу,  ол  үшін  ұйқы  тәртібін  бұздырмау.  Дене
шынықтыру үшін жаттығулар әр адамның  жасына,  күшіне  сәйкес  әрқилы  болуы
қажет. Орта жастағыларға салт қыдыру тиімді болса, қуаты азайған  кекселерге
жаяу жүрген пайдалы. Сол сияқты бозбалаға шарт тағам қарттарға зиянды  болуы
ықтимал.  Жасы  келіп  қартайған  шақта  ұйқыны  көбейту,  жылы  сулы  бұлау
қабылдау,  қышқыл,  тұзды  тағамды  азайтып,  сүт  қоректерін,  өсімдіктерді
әсіресе сарымсақ, қызылша мен капустаны көбірек пайдалану керек”,  —  дейді.
“Канондағы”  саулық  сақтау  үшін  дәрігерлер  қолданатын   ережелердің   ең
маңыздысы — қанағат. Тамақтануда, шарап  ішуде,  дәрі  пайдалануда,  нәпсіге
де, қомағайлыққа да жол бермей, қанағат ету.  Әбу  Әли  ибн  Сина  қалдырған
соны мұраның ішіндегі ізгісінің бірі  —  ауру-кеселді  қоздырмас  үшін  күні
бұрын шаралар қолдану. Бұл  жөніндегі  ережелер  тек  дәрігерлерге  арналған
уағыз ғана болған  жоқ,  ғасырлар  бойы  қоғамға  пайдалы  ережеге  айналды.
Мысалы, сол дәуірде Үргеніш, Самарқан, Отырар, Тараз  сияқты  қалаларда  мал
сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз су  тазарту  тәртіптері  өкімет  тарапынан
қадағаланып  отырды.  Бұл  тәртіптер  Әбу  Әли   ибн   Синаның   және   оның
шәкірттерінің ықпалымен жүзеге асырылды. Таң қаларлық жағдай:  Әбу  Әли  ибн
Сина  кесел-аурулардың  жұғуы  көзге  көрінбейтін   өте   ұсақ   нәрселермен
байланысты деген пікір  айтты.  “Бұзылған,  иістенген  су  ішті  бұзады,  ал
бұзылған ауа шешек, оба кеселдерін  қоздырады.  Аурудан  сақтану  үшін  ауыз
суды сүзіп, қайнатып ішу шарт”, — дейді ұлы ғалым. Әбу Әли  ибн  Сина  ауру-
кеселдің түрін анықтауға, жалпы оташылыққа аса көп  көңіл  бөлді.  Әр  түрлі
мүшенің зақымдануы, жара, жарақат, қызба  ауруларын  толық  сипаттап  жазды.
Науқастың реңі, бет-әлпеті, тамыр соғуы, зәрдің түсі мен  түрі  арқылы  ауру
кезеңін байқауды замандастарына үйрете білді. Кеудені түрткілеу арқылы  өкпе
нұқсанын  аңғару  әдісін  кең  пайдалана  білген.  Бұл  диагностикалық  әдіс
Еуропада 18 ғ-да қайта табылып, кең өріс алды. Әбу Әли  ибн  Сина  келтірген
көптеген ауру-кеселдер сипаты осы уақытқа дейін  маңызын  сақтауда.  Мысалы,
өткен 1000 жылдың ішінде құтыру  ауруының  жұғу  жолдары,  бастамасы,  қозуы
тіпті өзгеріссіз деуге болады. Ал Еуропада бұл кеселдің  толық  белгісі  тек
18 ғ-да ғана сипатталып жазылды. Көздің  құрылысы  мен  қалай  көретіндігіне
оның берген ұғымы осы күнге дейін қалпында. Әбу  Әли  ибн  Сина  келте  кесу
(ампутация), шекебұрғылау (трепанация), қуықтан тас алу, онымен  қатар  жара
таңу, білтелеу, сынық салу амалдарын да үйретіп  кетті.  Әбу  Әли  ибн  Сина
ауруды емдеуде дәріні  кең  қолданды,  Гиппократ  дәрінің  200  түрін,  үнді
тәбибтері 800 түрін пайдаланған болса,  Әбу  Әли  ибн  Сина  дәуірінде  2600
түрлі дәрі қолданылып, оның жартысынан көбі өсімдіктерден алынған,  Әбу  Әли
ибн Сина көптеген дәрілерді жасау, дайындау, сақтау әдістерін ұсынды.


Тақырып №2.2.5. Қазақстанның орта ғасырдағы  ел  билеген  тұлғалар  мен  ұлы
қолбасшылардың тарихта алатын орны -2 сағат

1. Шыңғыс хан - Азияда біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі
  әскери және мемлекет қайраткері.
2. Сұлтан Бейбарыс - түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті
  билеген төртінші сұлтаны.
     3. Әмір Темір - Орталық Азия. жаһангері.


      1.Шыңғыс хан, Тэмуджин, Темучин  (1155 ж.  ш.,  Онон  өзені  бойындағы
Делиун-Болдак  шатқалы  –  25.8.1227,  Сися  мемлекетінің  жері)  –   Азияда
біртұтас  мемлекет  құрушы,  өз  заманының  аса  ірі  әскери  және  мемлекет
қайраткері.  Ежелгі  ру   басшысы   Есугей   батырдың   отбасында   туылған.
12–13 ғасырдың  басында  монғол  тайпасының   өкілі   Тэмуджин   Орта   Азия
тайпаларын біріктірді, сөйтіп ол Орта Азия даласындағы ең  құдыретті  жаулап
алушыға  айналды.  Өзінің  әскери  дарынының  арқасында  және  дұшпандарының
әлсіздігі мен бытыраңқылығын  пайдаланып,  1183 –  1204 жылы  өкімет  билігі
үшін күресте негізгі жауларын (Меркіт  тайпасының  көсемі  Тохтадан  бастап,
Найман тайпасының басшысы Таян  (Даян)  ханға  дейін)  талқандады  да,  кең-
байтақ  территорияны  басып  алды,  сөйтіп  онда  мекендейтін  көптеген   ру
тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды.  Осы  жеңістері  және  тайпа
көсемдерін  өз  маңына   топтастыруға   бағытталған   бірсыпыра   әлеуметтік
шараларды жүзеге асыру нәтижесінде Тэмуджин  дала  ақсүйектері  құрылтайының
шешімімен  1206 жылы  барлық  тайпалардың  ұлы  ханы  болып  жарияланды  да,
"Шыңғыс хан” (түрікше "теңіз, мұхит” деген сөзден шыққан)  лауазымын  алады.
Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір  орталыққа  бағындыруға
күш салды, түркі-моңғол тайпаларын "мыңдық”  деп  аталатын  әскери-әкімшілік
бөліктерге бөлді (өйткені хан  талабы  бойынша,  бұл  бөліктердің  әрқайсысы
1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым  жерлерімен
қоса өз туыстары  мен  нояндарға  еншіге  бөліп  берді.  Империя  әскері  үш
бөлікке бөлінді: оң қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар), орта қанат  (гол).
Мемлекет ішіндегі наразылықты басу үшін 10 мың адамдық жеке гвардия  (кэшиг)
құрды. Әскерде  өте  қатаң  тәртіп  орнатты:  сәл  кінәлі  немесе  қорқақтық
көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді, Шыңғыс хан әскери  стратегия
мен тактикада мұқият барлау,  жауды  жекелеп  талқандау,  тұтқиылдан  шабуыл
жасау, дұшпанды алдау үшін  арнаулы  топтардан  тосқауыл  қою,  қыруар  атты
әскермен маневр  жасау,  т.  б.  әдістерді  қолданды.  Ұлы  хан  жазбаша  іс
жүргізуді  ұйымдастырды.  1206 жылы  ол  әдеттегі  құқық  (яса)   ережелерін
бекітті. 1207 – 11 жылы Шыңғыс хан Сібір мен Шығыс Түркістанды  (буряттарды,
якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды. 1211 жылы  Цзинь
мемлекетiне жорық жасады. 1215 жылы Пекинді алды. 1217 жылы Солтүстік  Қытай
түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 жылы  Корея  патшалығы  Шыңғыс  хан
әскерлерінен  тізе  бүкті.  Моңғол  әскерінің  Солтүстік  Қытай  мен   Корея
патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылай  Гауин  Жалаири  басқарды.
Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерінің бір тобы  1218 –  19 жылы
Жетісуды, 1219 – 21 жылы Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды. Басып  алған
жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарын үлестіріп  берді.  Кіші  ұлы
Төлеге Моңғолияның өзі, үшінші ұлы Үгедейге батыс  Моңғолия,  жоғарғы  Ертіс
пен Тарбағатай аймағы, екінші ұлы  Шағатайға  шығыс  Түркістан,  Жетісу  мен
Мауераннахрдың  көп  бөлігі,  үлкен  ұлы  Жошыға  Ертістен   батысқа   қарай
Жетісудың солтүстік бөлігін және төменгі  Еділ  бойына  дейінгі  жерді  қоса
бүкіл  Шығыс  Дешті  Қыпшақ  бағындырылды.  Қазақстан  аумағы   Шыңғыс   хан
империясының үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі  –  Жошы  ұлысына,
оңтүстік  және  оңтүстік-шығыс  Қазақстан  –  Шағатай   ұлысына,   Жетісудың
солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына кірді. Шыңғыс  ханның  тірі  кезінде
ұлдарын бөліп берген жерлер олар үшін  тек  қана  пайда  көзі  болды,  бірақ
империя басшысына бағынышты болып қала берді. Шыңғыс хан өлген соң  басшылық
жорықтарын оның мирасқоры, Шыңғыс әулетінің хандары азды-көпті  үзілістермен
үсті-үстіне  жүргізе  берді.  Бірақ  күшпен,  зорлық-зомбылықтың   арқасында
құрылған  бұл  ұлыстардың  арасында  ешбір  саяси,  экономикалық,  этникалық
байланыс болмады. Шыңғыс хан ұрпақтарын өз әулеттерін толығымен дербес  етіп
алуға, ал  ұлыстарды  тәуелсіз  иеліктерге  айналдыруға  тырысуынан  империя
бірнеше мемлекетке ыдырады (Ақ Орда, Алтын Орда, Шағатай ұлысы).
      2.Жамақұлы  Бейбарыс  (1223–1277)  –  түркі  әулеті  Бахриден   шыққан
мамлюктердің Египетті билеген  төртінші  сұлтаны.  Оны  тарихи  шығармаларда
Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды.  Оның  шыққан  тегі  –  қыпшақ.  Бірақ  қай
жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып,  бірі  –  Хорезм,
Дербент қыпшақтарынан десе,  екіншілері  маңғыстаулық  еді  дегенді  айтады.
Соңғы  зерттеулер  бұл  дүдәмалдықтың  түйінін  шешіп,  Бейбарыстың   қыпшақ
тайпасының Беріш  руынан  шыққан  атақты  әулеттің  тұқымы  екені  анықтауға
мүмкіндік берді. Араб елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын  халық  романы
– «Бейбарыста» оның әкесі Жамақ, шешесі Әйек деп,  олардың  нақты  есімдерін
атап  көрсеткен.  Бейбарыс  өмір  бойы  қыпшақ  тілінде  сөйлеген,   алдыңғы
Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен.
      Бейбарыс Дамаскінің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан  кейін
жаңа қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен  әл-Бундукдари  деген  есімге  ие
болды. Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған Айюби  әулетінің  сұлтаны
Салих Нажумиддин оны өзінің  жеке  гвардиясының  бір  бөліміне  сардар  етіп
алады. Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи  деген  есімді
және қабылдайды. Ол  осында  жүргенде  крест  жорығына  қатысушыларға  қарсы
күресте Египет әскеріне қолбасшылық етеді.
      Египеттің жаңа сұлтаны Муиззәддин Айбек Айюби әулетінің соңғы бастаған
кезде, Бейбарыс бас сауғалап, Сирияға қашып кетеді. Содан мамлюктер  Айбекті
өлтіргеннен кейін ғана ол Каирға қайта оралады.  Мұнда  таққа  жаңа  отырған
Мұзаффар Сайфуддин Құтұз  сұлтан  оны  әскеріне  басшы  етіп,  Сирия  жеріне
ішкерлей кірген моңғолдарға  қарсы  күреске  аттанады.  Айн-Жалут  түбіндегі
шайқаста  мамлюк  қолы  моңғолдардың  тас-талқанын  шығарады.  Осы   соғыста
Бейбарыс ер жүректілігімен айрықша көзге түседі.  Бірақ  Құтұз,  неге  екені
белгісіз, басқаларға сый-сияпат жасап, Бейбарысты елеусіз қалдырады.  Осыған
өкпелеген Бейбарыс өзіне ниеттес адамдармен  келісіп,  Каирға  қайтар  жолда
Құтұзды өлтіреді. Жақтастары Бейбарысты Египеттің  сұлтаны  деп  жариялайды.
Сөйтіп ол әд- Мәлік әз-Заһир Руки-әд-Дүние вә-д-Дин  Бейбарыс  әл-Бундукдари
әл-Салихи деген есіммен Египеттің тағына  отырады.  Билік  басына  келісімен
Бейбарыс бар күш-жігерін крест жорығына  қарсы  шабуылға  жұмсайды.  Негізгі
шабуыл 1265 жылы басталып, крест тағушы франктердің қамалдары бірінен  кейін
бірі алынады. Бұдан кейін  Кіші  армения  патшалығына  (1267 ж.)  Кіші  Азия
селжұқтарына қарсы жорықтар жасап, берберлерді бағындырады.
      Бейбарыс медреселер салуға көп күш жұмсайды, каналдар  мен  бөгеттерді
жөндетеді. Каир қаласында ол салдырған мешіттердің бірі қазір  де  «Бейбарыс
мешіті» деп аталады.
      Бейбарыс Хулагу әулетіне  қарсы  күресу  мақсатымен  Алтын  Орда  ханы
Беркеге елші жібереді. Осыдан бастап Египет пен Алтын Орда арасында  тұрақты
дипломатиялық қатынас орнап, екі ел арасындағы одақтастық қашан  Алтын  Орда
ыдырағанға дейін сақталады. Өйткені бұл байланыстың осыншалық  ұзақ  уақытқа
ұласып, берік сақталуының негізінде египет елін билеген  Бейбарыс  сұлтанның
бір кезде тағдырдың қатал  кесімімен  қол  үзіп  қалған  туған  жеріне,  ата
бабасының еліне жақындауды мақсат  тұтқан  арман  тілегі  жатқан  еді.  Бұл,
сайып келгенде, Мысыр елін «Қыпшақ Египеті»  атандырған  мамлюк-қыпшақтардың
ортақ мүддесі болатын. Сондықтан олар Бейбарыстан  кейін  де,  қашан  мамлюк
қыпшақ әулетінен күш кеткенше «Алтын Орда» атанған қыпшақ елінен,  өздерінің
ата мекенінен қол үзбеуге ұмтылады.  Қатал  тағдыр  тағы  да  олардың  жолын
кесті. Египетте мамлюк-қыпшақтар  билік  басынан  қуылды,  Қыпшақ  даласында
Алытн Орда ыдырап кетті. Кезінде  жат  елге  құл  болып  сатылып  барса  да,
тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің  үлгісін  көрсетіп,
билік басына көтерілген  мамлюк  қыпшақтардың  рухы  тек  арада  жеті  ғасыр
өткенде ғана барып, Бейбарыс есімі арқылы ата мекеніне оралды. Қазір  өзінің
кіндік  қаны  тамған  жерінде  –  Жайық  өзенінің  атырауында  биік  тұғырға
орныққан  Бейбарыстың  ескерткішке  айналған  алып  тұлғасы  тәуелсіз  елдің
арайлы таңын жерлестерімен бірге қарсы алып, өшпес  айғағындай  болып  асқақ
тұр.
      1277 жылы Бейбарысты уәзірі  қыпшақ  Қалауын  у  беріп  өлтірді.  Оның
сүйегі Дамаскідегі Баб-әл-Барид зиратына қойылды. Осылайша  Бейбарыс  сұлтан
мәмлүктер мемлекетін ірі державаға айналдырып, Мысыр мен Сирияны  «крестілер
жорығы», моңғол шапқыншылығынан қорғап қалды.
      3.Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور  لنگ‎‎ —  Тимур-е
Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлаң) (1336—1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері.  Әмір
Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған.  Барлас  руынан  шыққан,
Кеште туған. Қазір бұл ӨзбекстанныңҚащқадәрия облысының  Шахрисабыз  қаласы.
Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары  өзбек  халқының
ішіне кіреді. Барластар  Шыңғысханның  жаулануы  кезінде,  қазіргі  Моңғолия
жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы  атасы  Қаражер  бек  еді,
оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның  баласы  Беркел
бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның  баласы  Әмір  Темір.  Темір
барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне  басқа  бектерін
қаратты,  Шағатай  ұлысының  хандары  -  Моғолстанның  билеушілеріне   қарсы
көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері керуендеріне  шабуыл  жасаған,
соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді.  Бектердің  бекі  болып,  Шағатай
ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған.  Бірақ  Шыңғысханның  тікелей  ұрпағы
болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан" емес, "әмір" еді.Әмір  Темір  Тоқтамыс
ханмен көп жылдар бойы соғыс жүргізеді.
      Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саїиб Қыран Ағзам Жанат Макан  (9.
4. 1336, Қожа-Илгар Кеш, Түркістанда өмірге келген — 18. 2.  1405,  Самарқан
қаласында дүние салды) — қолбасшы, мемлекет  қайраткері.  Барлас  тайпасының
биі Тарағай  бектің  баласы.  Әмір  Темір  алғашында  Қашқадария  уәлаятының
билеушісі  болды  (1361).  Осы  кезден  бастап  ол  Моғолстан  ханы  Тоғлұқ-
Темірмен, оның ұлы Қлияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі  Хұсейнмен  билік
үшін күрес  жүргізіп,  1370  жылы  Мауераннахрды  өзінің  қолына  алды.  Жас
кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14  ғасырдың
70-жылдары оның қолбасшылық  дарыны  толық  ашылып,  атақ-даңқы  жер  жүзіне
тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол “Aksak  Tіmur”  (Ақсақ
Темір), ирандықтарға Тимурленг,  еуропалықтарға  Тамерлан  есімімен  белгілі
болды.Әмір Темірдің  әскерлерінің  тегеурінді  шабуылдары  арқасында  Хорезм
мемлекеті (1372  —  88),  Шығыс  Түркістан  (1376),  Герат  (1381),  Хорасан
(1381),  Қандағар  (1383),  Сұлтания  (Оңтүстік  Әзербайжан,  1384),  Тебриз
(1384), Иран  және  Ауғанстан  толық  бағындырылды.  Бірнеше  дүркін  жойқын
жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Әмір Темір 1370 —  90  жылдары  Тоқтамыс
хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана  отырып,  Дешті
Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын  соғыс  жорығын  жасады.
Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң  жағдай
жасады. 90-жылдары  Әзербайжан,  Дағыстан,  Гүржістан  (Грузия),  Ирак  Әмір
Темір мемлекетінінің құрамына енді. 1398 жылы Үндістан басып  алынды.  Сирия
мен  Лубнан  (Палестина)  мәмлүктері  бағындырылды.  Алдыңғы  Азияның  басқа
мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. 1402 жылы жазда Әмір  Темір
Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін  талқандап,  түрік
сұлтаны  Илдырым  Баязидті  (Баязид)  тұтқындады.  Әмір  Темірдің   үздіксіз
соғыстарының нәтижесінде алып империя — Темір мемлекеті құрылды. Оның  жалпы
аумағы 14 млн км2-ге жетті. Әмір Темір 1405 жылы  Қытайға  жорыққа  шыққанда
жолай Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай,  9  күн  өмір  сүрді.  Сүйегі
Самарқандағы Гүр-Әмір  кесенесіне  жерленді.  Әмір  Темірдің  4  ұлы  болды:
Жиїангер (1356 — 1376), Әмір Шейї (1356 — 1394),  Мираншах  (1366  —  1408),
Шаїрух (1377 — 1447). Темір әулетінен  ұлы  ғалым  Ұлықбек  (1394  —  1449),
Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 —  1530)  сынды  атақты  адамдар  шықты.
Әмір  Темір  өлгеннен  кейін  мирасқорларының   билікке   таласуынан   Темір
мемлекеті ыдырап кетті. Ол әлемдік  тарихта  талантты  қолбасшы,  тегеурінді
саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатар  сәулетті  ғимараттардың
пайда   болуы,   қалалардың   өркендеуі,   шөл   даладағы   жер    суландыру
құрылыстарының салынуы, қолөнер  мен  сауданың  дамуы  Әмір  Темір  есімімен
тығыз байланысты. Тарихи деректер оның  қол  астындағы  аймақтардағы  түркі,
парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғалым-ойшылдары  Әмір  Темірдің
тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды.[2]  Әмір  Темір  қазақ  жерінде
мәңгілік өшпес ескерткіш  —  қасиетті  Қожа  Ахмет  Иасауи  кесенесін  салып
қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған елдердегі Әмір  Темірдің  шектен  тыс
қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады.

Тақырып № 2.2.6. Орта ғасырдағы өнер жұлдыздарының мәдениетке  қосқан  үлесі
-2 сағат

     1. Әбілқасым Фирдауси — шығыс ақыны.
     2. Омар Хайям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы
     3. Донато ди Николло ди Бетто Барди - атақты мүсінші


      1.Әбілқасым Фирдауси (940-1020)  —  шығыс  ақыны.  “Шаһнама”  дастанын
(ақын Дажини бастаған) 35 жыл бойы жазған, ол 55 мың бәйіттен  (қостағаннан)
тұрады. 1-нұсқасы 994 ж., 2-нұсқасы 1010  ж.  біткен,  тұңғыш  рет  1829  ж.
Үндістанда жарық көрді. Дастан 3 бөлімнен құрылған:
      мифологиялық аңыздар,
      батырлық жырлар,
      тарихи шежірелер.
      Сонымен  қатар  романтикалық,  драмалық  сарындағы  бірнеше  поэмалар,
дидактикалық және филос.  толғаулар  енгізілген.  Негізгі  сюжет  иран  және
тұран халықтарының басынан кешкен 4 мың  жылдық  тарихи  оқиғаға  байланысты
өріледі. Жүсіп Баласағұни “Құтадғу  білік”  дастанында  (1069)  “Шаһнаманың”
түркі тайпаларына  жақсы  мәлім  екенін  айтады.  Қазақ  халқы  “Шаһнамамен”
ертеден таныс. Поэма  қаһармандары  қазақ  ауыз  әдебиетінде  жиі  кездеседі
(мысалы, “Атымтай мен Наушаруан” ертегісі, “Иранғайып  шаһ  Ғаббас”  дастаны
т.б.). “Шаһнаманы” қазақ тіліне аудару ісі 19 ғасырдың 30-жылдарынан  бастап
қолға алынды. 1856—1870 ж. Ораз Молда  “Шаһнаманың”  үш  аудармасын  жасады,
1888  ж.  Сердәлі  ақын  бір  тарауын,  1914—1915  ж.   Мұқамеджан   Сералин
(1872—1929)  “Рүстем  және  Зораб”  деген   бөлімін   аударды.   “Шаһнаманы”
тәржімалауда Тұрмағамбет  Ізтілеуов  (1882—1939)  көп  еңбек  сіңірді.  Оның
аудармасы 40 мың жолдық 3 бөлімнен  тұрады  (“Жәмшиднама”,  “Рүстем-дастан”,
“Дарап-нама”). Осылардың ішінен “Рүстем-дастан” 1961 ж.  жарық  көрді.  Ақын
Б. Алдамжаров “Мәнушеһір” тарауын аударды (1972). Абай  Құнанбаев  Әбілқасым
Фирдауси ұстаз тұтты.  Сондай-ақ  “Шаһнама”  дастаны  Жамбыл  Жабаев,  Кенен
Әзірбаев  сияқты  халық  ақындарының  шығармашылығына  біршама  ықпал  етті.
Әбілқасым Фирдаусиге қазақ ақындары С.Мұқанов, Қ.Бекхожин,  Қ.Жармағамбетов,
Ө.Күмісбаев т.б. жыр жолдарын арнаған.
      2.Омар Хайям - көрнекті парсы-тәжік ақыны,парсы математигі, астрономы,
философы (толық аты — Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям)  шамамен  1048
жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда  қайтыс  болған.
Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге  құмартып  өскен,
оның кейбір өлеңдері  осы  күнге  дейін  жеткен.  Нишапурда  жүмыс  атқарған
кезінде,  сол  кездегі  оқымыстылармен  бірлесіп  сол  замандағы  күнтізбеге
өзгерістер енгізген.
      Әкесі Ибраһим лашық үй жасаумен шұғылданған,  “һайям”  –  осы  кәсіпке
байланысты  туған  атау.  Ғұмыры  Балх,  Самарқанд,  Мерв,   Исфаһан,   т.б.
қалаларда өткен. Әйгілі ғұламалардан дәріс алып, Аристотель мен ибн  Синаның
философиялық көзқарастарын қолдаған. Араб, парсы  тілдерін  қатар  меңгерген
ол “Болмыс және борыш туралы трактат” (1080),  “Үш  сауалға  жауап”,  “Жалпы
ғылыми пән туралы ақылдың нұры”, “Өмір сүру туралы  трактат”  (1980  –  91),
“Наурызнама” (1095 – 98), “Өмір сүрудің  жалпылық  қасиеті  туралы  трактат”
(1105  –  10),  т.б.  философиялық   еңбектер   жазды.   Салжұқ   сұлтанының
тапсыруымен күнтізбеге реформа жасады. Бұл күнтізбе бойынша әрбір  33  жылда
8 кібісе 7 рет 4 жыл сайын, 1 рет  5  жылдан  кейін  болады.  Мұндағы  уақыт
айырмасы  5000  жылда  1  тәулікке  теңеледі.  Оның  жыл   санауы   Григорий
күнтізбесінен  анағұрлым  дәл.  Омар   Һайям   еңбектерінің   басым   бөлігі
математика  ғылымының  үлесінде.  “Алгебра   және   әлмұқабала   мәселелерін
дәлелдеу туралы”  трактатында  математикалық  тарихында  тұңғыш  рет  үшінші
дәрежелі теңдеулерді саралап, оларды шешудің жүйесін жасауға  талпынды,  куб
теңдеулердің әр түрінің (барлығы 19) түбірін  геометриялық  тәсілмен  шешуді
ұсынды.  Үш  кітаптан  тұратын  “Евклид  еңбектеріндегі  қиын   тұжырымдарға
түсініктеме”  зерттеуінің  “Параллель  түзулердің  шын  мәні   туралы”   деп
аталатын бірінші кітабында Евклид ұғымына дәл келетін  параллель  түзулердің
жаңа теориясы баяндалған. “Қатынастар,  пропорциялар  және  олардың  нақтылы
мәні  туралы”  атты  екінші   кітабында   Евклидтің   қатынастар   теориясын
жетілдіріп,  сандар  мен  шамаларға  ортақ   теория   жасауға   күш   салды.
“Қатынастарды  құру  және  оларды  зерттеу”  туралы   кітабында   шамалардың
рационал және иррационал қатынастарына сандық өрнек табу жөніндегі Әбу  Наср
әл-Фараби идеясын дамытып, сан ұғымын оң нақты  сан  ұғымына  дейін  кеңейту
қажеттігін дәлелдеді. Омар Һайям еңбектеріндегі жаңалықтарды Әбу  Жафар  ат-
Туси, т.б.  математиктер  дамытты.  “Дене  құрамындағы  алтын  мен  күмістің
мөлшерін  анықтау  тәсілі  туралы”  трактатында  Архимед  шешкен   физикалық
есептерді  жетілдірді.  Омар  Һайям  медицина,  музыкалық   теориясымен   де
шұғылданды.
      Омар Һайям әлемге аян төрт тағандардың (рубай) авторы. Өлеңдерін парсы
тілінде жазды, оның ақындығын алғаш таныған (1176) ғалым Байхаки  еді.  Ақын
өмір мен өлім, жақсы мен  жаман,  жұмақ  пен  тозақ,  қанағат  пен  обырлық,
жастық пен кәрілік, махаббат пен зұлымдық,  құштарлық  пен  тақуалық  парқын
төрт  жолдан  тұратын   өлеңге   сыйғызды.   Оның   рубайлары   адамгершілік
ұстанымдарға негізделген,  ол  әділетсіздікке  қарсылық  білдірді,  қоршаған
ортаға сын көзімен қарап, озық ойларын батыл айта  білді.  Өз  ойын  жеткізу
үшін белгілі дәрежеде бейнелеу тәсілдерін қолданды. Мысалы,  құмыра,  пияла,
дүкен, шеберхананы жырлау арқылы жаратушы мен әлемнің, адамның  арақатынасын
сипаттаса, адам мүрдесі топыраққа айналған жерден  өсіп  шыққан  гүлді  өмір
мен  материяның  мәңгілік  құбылысы  ретінде  бейнеледі.  Ақын   өлеңдерінде
махаббатты  жырлау  арқылы   метафоралық   терең   ой   тұжырымдалды.   Оның
өлеңдерінен ақиқатқа талпыныс, тіршіліктің мәнін  парықтау  мен  енжарлықты,
екіжүзділікті әжуәлау  сарыны  байқалады.  Омар  Һайям  өлеңдері  аз  сөзбен
келелі ой айтуымен,  қарапайым  сөздердің  өзара  жарасымды  үйлесім  тауып,
әуезді болып келуімен ерекшеленді. 19 ғасырда Э.Фицджеральд  ақын  өлеңдерін
ағылшын  тіліне  аударды  (1859).  Бұл  аударманы  ғалым  Теннисон  “жаңадан
ашылған планетаға” теңесе, кей ғалымдар тақырып әуендерін  өзінше  өзгертіп,
кейде қосымшалар енгізіп жіберген деген пікір айтады  (Идрис  Шах  “Суфизм”,
М., 1994, 193 –  201-б.).  Омар  Һайям  рубайларының  І.Шаңғытбаев  аударған
нұсқасы  (325  рубай)  1965  жылы  жеке  кітап  болып   шықты.   Ө.Күмісбаев
“Иранбақтың бұлбұлдары” атты жинағында бірнеше шығыс ақындарымен қатар  Омар
Һайям өлеңдерін аударды (2004). Омар  Һайямның  кесенесі  Нишапур  қаласында
орналасқан.
      3.Донато ди Николло ди Бетто  Барди  -   атақты  мүсінші  Донателлоның
толық аты. Отаны – Флоренция. 1386 жылы дүниеге  келген.  Ауқатты  отбасынан
шықса  да,  әкесінен  ертерек  айырылып,  жетімдік  пен  жоқшылықтың  азабын
басынан өткереді. Ешқайда ұзап  шыға  алмай,  өмірінің  көбін  өзінің  туған
қаласында өткізді. Еңбек жолы сол кездегі  әйгілі  мүсінші  Лоренцо  Гиберти
шеберханасында басталды. Донателло қажымай-талмай  ізденді,  өткен  заманнан
келіп  жеткен  өнер  ескерткіштерін  үлкен   ықыласпен   зерттеді.   Әсіресе
антикалық мәдениет үлгілеріне ден қойып, өзінің творчетвосына нәр іздейді.
      Бұл  кезде  Флоренция  қаласында  атақты  Санта   Мария   дель   Фьеро
ғибадатханасының құрылысы қызу жүріп жатқан еді. Оның тезірек  бітуіне  қала
әкімдері орасан  зор  маңыз  береді.  Ғибаданхананы  салуға  белгілі  сәулет
өнерінің маманы, архитектор Филиппо  Брунелелески  басшылық  етеді.  Ол  сол
кезеде жаңа таныла бастаған  Донателлоны  қызметке  шақырып,  собордың  ішкі
жағын әшекейлеуді жүктейді. Жас  шебер  орасан  көп  еңбек  сіңіріп,  өзінің
болашағынан зор үміт күттірген мүсінші екенін көрсетеді.
      XV ғасырдағы Флоренция ірі өнеркәсіп, мәдениет орталығы еді. Онда неше
алуан цехтар жұмыс істейтін. Және олардың әрқайсысының  дербес  туы,  гербі,
қамқор әулиесі болды. Сондай қолөнер цехтарының бірі  қару-жарақ  шығаратын-
ды. Оған Георгий әулие қамқорлық етті.  Міне,  осының  барлығы  сол  кездегі
өнердің  басты  тақырыбына  айналды.  Бұған  дейін  де,   бұдан   кейін   де
творчествоға өзек болды. Мәселен,  суретшілер,  мүсіншілер  Георгийді  алуан
қырынан  алып  бейнелеген  еді.  Көбіне  ақбоз  ат  мінгізіп  сері   ретінде
көрсететін. Ұзын сапты өткір найзамен алпауыт  айдаһарды  өлтірген  батырдың
тұлғасын тек бір қырынан беруге бейім еді.  Мысалы,  мүсіншілер  ауыздығымен
алысқан атты, сосын азу тісті алты  қарыс  айдаһарды  мүсіндеумен  шектелді.
Ал, басты кейіпкер – Георгий ішкі дүниесін тереңірек  ашып,  кесек  тұлғасын
жасауға онша мән бермейтін.
      Осылай ғасырлар бойы қалыптасқан  трафареттен  бас  тартқан  Донателло
әулие Георгий образын бүтіндей басқаша бейнеледі. Ол батыр образын  мейлінше
шынайы етіп көрсетуге тырысты. Георгий мүсінші кескіндеуінде  сұңғақ  бойлы,
талдырмаш  жас  жігіт.  Ол  сауыт-сайман  асынбай,  жеңіл  киінген.  Жүзінде
сабырлылық пен өжеттілік бар. Болат  қалқанға  сәл  ғана  сүйеніп,  әлденеге
ойланған қалыпта. Жанары  өткір.  Тұлабойын  бұла  күш  кернеген  жас  батыр
қандай  да  болсын  сыннан  сүрінбей  өтетініне  кәміл   сеніммен   қарайды.
«Флоренция республикасына төнген қауіпті жеңу үшін  дәл  осындай  арыстандай
айбатты,  жолбарыстай  қайратты  жауынгер,  ел  қамқоршысы  болар  азаматтар
керек» деген ой туғызады. Донателло бұл туындысы арқылы ердің  Отанға  деген
сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін, қаһармандық бейнесін  көрсетпек  болды.
Мүсінші еңбегінің осы қырын кезіндегі Флоренция  әкімі  Козимо  Медичи  және
өнер сыншылары жоғары бағалаған еді.
      1431 жылы Донателло Римге саяхат  жасады.  «Мәңгі  қаладағы»  көптеген
айнтикалық ескерткіштерді түгелдей көріп, оларды зерттеді. Тіпті соған  орай
арнайы альбом жасап, оны суретке толтырды.  Олардың  көбі  мүсінші  қиялының
қағазға түскен алғашқы  бедерлері  еді.  Кейін  қолға  алмақ  шығармаларының
сұлбасы еді. Ол әулие Георгийден  кейін  өз  творчествосының  бағыт-бағдарын
біржола анықтап алады. Артынан өшпейтіндей  із  қалдырған  ерлердің  ерлігі,
адамзат баласы асқан ұстар адамгершілік қасиеттері оның  өзекті  де  өміршең
тақырыбана айналды. Соны ең басты  мақсат  етіп  қойды.  Соның  бір  айғағы,
талай ұйқысыз түндерден кейін  туған  қоладан  жасалған  Давид  мүсіні.  Бұл
тақырып  ежелгі  еврейлердің  қасиетті  кітабы  –  библиядан  алынған.  Иуда
патшалығы мен филистимлян әскерін көзсіз батыр  адам  басқарады.  Ол  –  екі
иығына екі кісі мінгендей алып тұлғалы, айбынынан   арыстан  именгендей  аса
сұсты Голиаф еді.  Оның  аты  аталған  кезде   сен  тұр  мен  атайын  дейтін
дұшпанның тізесі қалтырап, төбе шашы  тік  тұратын  болған.  Еңіреп  отырған
бала жылауын қояды екен. Сондай айдарынан жел  ескен  қаскөй  батырға  қарсы
келетін ел ішінен еркек кіндікті бір адам табылмай  қояды.  Қырық  күн  бойы
қырғын салған ол халықты қанға бөктіреді.  Ел  басына  нәубет  төніп  тұрған
осындай қиын-қыстауда Саул патшаның  шатырына  бақташы  бала  Давид  кіреді.
Иіліп сәлем беріп болған соң: «Қатерлі жауға мен шабамын!» -  деп  Давид  өз
тілегін  білдіреді.   Баланың   батылдығына   таңқалсада   бақай   есептілер
басындырғысы келмейді. Өзеуреп отырған жұрт  оның  бұл  тілегіне  ду  күліп,
мысқыл сөзбен шығарып салады.
      Бірақ бала тілегін қабыл алмасқа да шара қалмайды. Ақыры дүлей  күштің
тәңірісіндей  Голифқа  бұғанасы  бекіп,  қабырғасы  қатпаған  Давидті  қарсы
шығарады. Бала қолына бар-жоғы  таяқ  пен  сақпан  ұстайды.  Мына  келемежге
күйінген Голиаф  долдана  ұмтылған  сәтте  тас  салған  сақпанды  жас  батыр
айналдырып-айналдырып келіп, жауға қарсы тартып  жібереді.  Өткір  тас  сарт
етіп Голиафтың маңдайына тиеді. Жай  тимейді,  маңдай  сүйегін  парша  қылып
тесіп өтеді.
      Донателло шығармасына арқау болған осы аңыздағы  Давид  ерлігі  шынайы
қалпында мүсінделген. Сіз Голиафтың басын алған  өр  тұлғалы  батыр  баланың
семсерді  жерге  қадап,  сол  аяғымен  жауының  басын  басып  тұрған   сәтін
көргенде, осындай жұмбақ  сырға  тап  боласыз.  Давидтің  кәрленген  жүзінен
жауыздыққа  деген  өшпенділік  табын,  қан  жұтқан  халқының   өшпес   кегін
көргендей әсерде қаласыз.
      Ғасырлар  бойы  көрген  адамның  көңілін  өсірген  осынау   таңғажайып
туындыны терең ашып беру үшін мүсіншіге асқан  шеберлікпен  қатар,  сөз  жоқ
творчестволық батылдық керек болды. Олай дейтініміз, адам  сымбатын  жалаңаш
мүсін   арқылы   бейнелеу   Қайта   өрлеу   дәуіріндегі   өнердің    айрықша
жаңалықтарының бірі еді. Бұл дәстүрді бір ғасыр  өткен  соң  атықты  мүсінші
әрі суретші Микеланджело одан әрі дамытты.
      Өнер өлкесіне шалқар шабытпен бірге шынайы халық сүйіспеншілігін қатар
ала  келген  Донателло  осыдан  кейінгі  (1443-1453  ж.ж)  он  жылын   Падуя
қаласында  өткізген.  Осы  жылдар  ішінде  қажырлы  еңбек,  талмас   ізденіс
«Гаттамелата» сынды кесек дүниені өмірге әкеледі.
      Падуя   қаласының    орталық   алаңындағы    Базилика    дель    Санто
ғибадатханасының   алдында   ауыздығымен   алысқан   ат   үстінде   қолбасшы
(кондотьер) Эрамзо Нарни Гаттамелата отыр. Барлық саналы өмірін  түн  қатып,
күн кешкен  жорықтарда,  қан  төгіс  соғыстарда  өткізген  қарт  жауынгердің
жүзінен батырға тән айбынды аңғарасыз. Тосыннан тиер жауға айбат  шеккендей,
тіпті қымсыздану қыр көрсеткендей қалып танытады. Тұла бойын сарқылмас  күш,
жігер мен қайрат кернеп  алғандай  көзге  шалынады.  Батырдың  сырт  тұлғасы
арқылы  ішкі  тылсым  иірімдері  осылай  астасып,  осылай  көрініс   табады.
Автордың бұл статуясынан антикалық ескерткіштерге  тән  кейбір  элементтерді
де  байқауға  болады.  Ол,  сірә,   Донателлоның   тарихи   мұралардан   көп
үйренгендігін көрсетеді. Және бір айта кететін  жайт,  Гаттамелата  статуясы
 Қайта өрлеу  дәуірі  кезінде  жасалған  салт  аттының  тұңғыш  мүсіні.  Осы
себептен Гаттамелата   ескерткіші  ғасырлар  бойы  көптеген  мүсіншілер  мен
суретшілердің үлгі тұтар өнегесі болып келді.
      1453 жылы 63 жастағы Донателло туған қаласы Флоренцияға қайта  оралды.
Күш-қайраты сарқылмаған   кәрі  тарлан  творчестволық  ізденуді  тоқтатпады.
Көптен бері көңілінде жүрген бір тамаша ойды жүзеге асыруға кірісті.  Бұл  -
өжет қыз Юдифь ерлігі. Миф бойынша Юдифь деген қыздың туған қаласы  бір  жыл
бойы жау қоршауында қалады.  Халық  жүдеп-жадап,  еңсесі  түскен  кезде  әлі
бұғанасы қатпаған жас қыз Юдифь  көзсіз  ерлікті  көрсетеді.  Түнде  қаладан
шығып, жау жатағына барады.  Арақ  пен  шарапқа  мас  болып  отырған  дұшпан
елінің әскер бастығы Олофернді өз қылышымен басын кесіп,  елін  жаудан  аман
алып қалады.
      Осындай аңызға айналып, ұрпақтан –ұрпаққа хикая  болып  жеткен  тамаша
ерлік , жан сүйсінер батырлық талай шеберлердің  тіліне  тиек,  ойына  өрнек
болған еді. Осы ерлікті көрсету үшін кәрі  шебер  іске  шабыттана  кіріседі.
Донателло шеберлігінің тағы да бір  қырын  баяндайтын  Юдифь  мүсіні  біздің
заманымызға дейін жетіп, Флоренциядағы Палаццо Векко алаңында қойылды.
      Ұлы мүсінші Донателло 1466 жылы 13 желтоқсан күні қайтыс болады.

      МОДУЛЬ 3.   Жаңа дәуірдің  тұлғалары және олардың рөлі – 6 сағат































Тақырып № 3.1.7: Жаңа замандағы ғалымдар, философтары.

      1. Жаңа Дәуір ғылымы мен философиясының жалпы сипаттамасы.
      2. Жаңа Дәуір философиясындағы рационалистік және эмпиристік багыттар.
Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза.
      3. Дж.Локк пен Т.Гоббстың алеуметтік-философиячық концепциялары.
      4. Дж. Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы.

      1.  Жаңа  Дәуір  философиясының  қалыптасуы  мен  мазмұнына  қоғамдағы
әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-
дүниежүзілік сауда  мен  мануфактуралық  өндірістің  тез  қарқын-мен  дамуын
бастан   кешті,   ол   рационализмге   негізделген   еді   жән   өндірістегі
механизмдердің рөлі арта түсту
      Капиталистік  өндірістәсілі  ғылымғадеген  сұранысты  күшейтіп,  ғылым
бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери  жағынан
мықты мемлекетке айналуды мақсатетіп қойған  европалық  мем-лекеттер  ғылыми
ізденістерге  ерекше  көңіл  бөлуге  мәжбүр  болды,  бұл  өмір  талабы  еді.
Ғылымдар  академиясы  да  осы  кезеңде  пайда  бола  бастады.(Жаңа   Дәуірде
тәжірибе мен  эксперименттерге  негізделген  ғылымдар,  әсіресе  математика,
алгебра,  аналитикалық  геометрия,  механика  күшті  қарқынмен  дамыды,  бұл
фактор шіркеудің рөлін төмендетіп, атеизмнің терең тамыр жаюына әкелді.
      Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған  жоқ.  Мемлекет  басшыларына  дін
халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін  мен  мемлекет
одағының бұзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бір қоғамдық  өмірде  оның
секуляризациясы, шіркеуден  тәуелсіздік,  діни  шыдамдылық  (веротерпимость)
үшін күрес молырақ орын алды,  әрбір  адамның  діни  таңдау  еркіндігі  үшін
күрес үнемі жүріп отырды.
 Осы кезенде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй  кешті:  бір  жағынан  –
ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан –  философиялық  шығармаларда  дінн-
теологиялык мазмұн әлі де болса мол бол ды. Дегенмен  де  философия  ғылымға
көбірек бет бүра бастады;
       2.  Бұл  ерекшелік  ағылшын  философы  Фрэнсис  Бэконның  (1561-1626)
философиясынан   анық   байқалады.   Дворяндар    отбасындатуып,    Кембридж
университетін  бітірген  Бэкон   дипломатиялық   қызметпен   де   айналысты,
парламент  мүшесі,  танымал  адвокат,  шешен,  белгілі  жазушы  ретінде   де
танылды.  Негізгі  еңбектері:  «Жаңа  Органон»,  «Тәжірибелер  немесе  адам-
гершіліктік және саяси қағидалар», «Жаңа Атлантида», т.б.
        Бэкон  философия  ғылымының  практикалық  функциясына  ерекше  көңіл
бөледі. Оның ойынша.  философия  ғылыми  білімдердің  көмегі  арқылы  адамға
табиғатты игеруге көмектесуі қажет. Әйгілі «Білім –  күщ»  (Знание  –  сила)
деген қағиданың авторы Бэкон еді. Ғылымдарды да Бэкон  адамға  пайдалылығына
байланысты классификациялайды.
      Оның пікірінше, философияның  негізгі  зерттеу  объектілері  –  құдай.
табиғат және адам. Бэкон философияны табиғи  философия  деп  түсінеді,  оның
өзін  теориялық  және  практикалық  деп  бөледі.  Біріншісітабиғат  құбылыс-
тарының себептерін түсіндірсе, екіншісі  теориялық  жаңалықтарды  пайда-лана
отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады.  Табиғи  философияны  Бэкон  физика
және метафизика деп жіктейді,  оның  негізінде  –  Аристотельдің  себептілік
ілімі. Себептер материалдық және іс  жүзіндегі,  формальдік  және  мақсаттық
болып белінеді. Алғашқы екеуі тәжірибелік зерттеуде нақты  көрінеді,  себебі
олар табиғатта болып жатқан нәрселердің жақын себептері,  оларды  зерттеу  –
физиканың  міндеті.  Бірақ  бұл  жеткіліксіз,  формальдік  себептер  олардан
тереңдеу, оларды талдайтын – метафизика.
      Философияның соңғы бөлімі – адам туралы  ілім.  Адам  индивид  ретінде
антропологияның,  қоғам  мүшесі  ретінде   азаматтық   философияның   немесе
саясаттың пәні.Адам табиғатты  өзіне  бағындырып,  адам  патшалығын  орнатуы
қажет.  Бұл  істе  оған  көмектесетін  практикалық  философия,   объективтік
акиқаттарды  танып-білу  тосілі,  бұл  тәсіл.»Жаңа  Органонда»   баяндалады.
Бэконның  тұжырымдауынша,   адам   ақыл-ойына   жүгіне   отырып,   теориялық
пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізіп  отыруы
қажет.  Бэкон  осылайша  рационализмді  сынап,  эмпиризмді  қолдайды.   Оның
ойынша, адамның ақыл-ойына, санасына қателіктер тән, олар ақыл-ойдың  дамуын
тежеп  отырады,  сондықтан  олардан  құтылуға  тырысу   керек.   Бэкон   бұл
кемшіліктерді идоя-дар, елестер,  ескіліктің  қалдықтары  деп  атайды.  Оның
пікірінше,  кейбір  идолдар  адамға  туа  біткеннен  тән,   кейбіреуі   адам
танымының тарихи даму процесінде, ал енді біреулері  адамның  жеке  дамуының
кезендерін де пайда болады.  Бұл  елестер  адамнан  қалмай  қуалап,  олардың
бойынд. алдамшы идеялар  туғызады,  табиғаттың  нақты  бейнесін  көмескілеп,
адамға табигаттың тереңіне бойлауға бөгет болады. Олар:
      1) Адамның табигатына, тегіне, ақыл-ойына да, сезімдеріне де тән елес-
идолдар. Адамның ақыл-ойының да, сезімдерінің  де  кемшіліктері  көп.  Бірақ
адам оны ескере бермейді, не ақылына, не сезіміне көбірек жүгінеді.  Мысалы,
ғылыми фактілерді толық  жинап  болмай  жатып,  теориялық  асығыс  қорытынды
жасайды,  немесе  дәлелденбеген  нәрсеге  көбірек  сенеді.  Бэкон   теорияны
эксперимент тәсілі арқылы тексеру бұл идолдан құтылуға себеп деп  көрсетеді,
ақылдың қанатына таразы тас іліп  қойса,  ақыл  жерге,  фактілерге  жақындай
болады дейді.
      2) Үңгір идолдары – адамның физиологиясы мен психикасының, тәрбиесінің
ерекшеліктері, жеке наным-сенімдері мен  ырымдары  құбы-лыстарды  объективті
түрде қабылдауға кедергі жасайды. Оны түзететін ұжымдық тәжірибе.
      3) Алаң  идолдары  –  адамдардың  тіл  арқылы  араласуынан  туындайтын
идолдар. Жаман сөздерді қолдану адамның  санасын,  ойлау  логикасын  бұзады.
Адамдардың көпшілігі оның зиянын ескере бермейді. Бэкон бұл жерде  қарапайым
сананы сынайды.  Сөздерді  қолдана  отырып,  олардың  артында  нақты  заттар
тұрғанын, нағыз объективтілік тек соларға тән  екенін  ұмытпаған  жөн  дейді
(номинализм бағытын жалғастырады).
      4) Театр идолы – жалпы қабылданған, көнеден келе  жатқан  философиялық
доктриналарға, мектептер мен жүйелерге, олардың беделіне деген  соқыр  сенім
«философиялықтеатрларды» туындатады. Мысалы, дінге деген шектен  тыс  сенім.
Оны жеңу мақсатымен Бэкон «екі ақиқат» теори-ясын ұсынады.  Философия  ақыл-
ойға жүгініп, ол  әлсіздік  танытқанда  теологияға  да  арқа  сүйесе,  артық
болмайды. Бірақ олар бір-бірінің ісіне араласпауы  қажет.  «Ақиқат  беделдің
емес, уақыттың туындысы».
      Ф. Бэкон индукция  теориясының  маңызын  көрсетті.  Тәжірибедегі  фак-
тілерден  біртіндеп  жалпы  ережелерге  көшуді  дедуктивті-силлогистік  пай-
ымдауға қарсы  қойған  Бэкон  бұл  тәсілдің  ақылға  тән  кемшіліктерді  жоя
алатындығына сенімді  болды.  Бірақ  бұл  жай  тіркей  беру  емес,  жиналған
фактілерді қорыта білу (бал арасы секілді), жаңа қорытынды-тұжырымдарға  қол
жеткізу. Ал ол бақылау (наблюдение) процесінде емес, эксперимент  процесінде
ғана мүмкін.
      Рене Декарт (1596-1650) – француз  дворянының  отбасында  туып,  иезу-
иттердің Ла-Флеш коллегиясында  физика,  математика,  арифметика,  механика,
музыканы тереңдетіп оқыды.  Мықты  математик  ретінде  танылған  Декарт  осы
ғылымның көмегімен  бүкіл  ғылымдар  жүйесін,  философияны  қайта  өзгертуді
армандады.  Саясат  мәселелеріне  қызықпаған  де-карт  (Картезий)   алгебра,
аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен  айналысты  жарықтың
сыну заңын ашты,  қанның  айналуын  зерттеді  психология  мен  космогонияны,
және, әрине, философияны  талдады.  Белгілі  еңбектері:  «Бірінші  философия
туралы  пайымдаулар».  «Фи-лософияның  алғашқы  бастаулары»,  «Метод  туралы
ойлар».
 -философия ағаш секілді,  оның  тамыры  –  метафизика,  діңгегі  –  физика,
діңгектен тарайтын бұтақтары – үш басты ғылымның,  медицина,  механика  және
этиканың  төңірегінде  топталатын  ғылымдар.  Жемістерді   тамырдан   бастап
жинамайтынынымыз  секілді,  философияның  пайдалылығы  да  оны  құрастыратын
бөліктерге байланысты» деп. Декарт барлық ғылымдардың  бірлігін,  тұтастығын
атап көрсетеді. Бэкон секілді,  Декарт  та  шығармаларын  қоғамның  тандаулы
топтарына  ғана  емес,  қарапайым  адамдарына  да  түсінікті  тілде   жазуға
тырысты,  оларға  демократиялық  сипат  беруге  ұмтылды.  Екіншіден,  өзінің
ағылшын әріптесі сияқты, Де-карт та әлеуметтік реформаларды қолдамады,  діни
және қоғамдық тәртіпті өзгертуге қарсы болды.
      Ерекшеліктері:
      Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай
жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге  көшті,  оның  бұл  ерекшелігі  мате-матикалық
ойлау  тәсілінен  жақсы  көрінеді.  Өзінің   математикалық   ізден-істерінің
негізінде Р.Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізгі себеп  -адамдар  ғылым
және өнер саласында  ақиқат  ұғымдарды  емес,  болжамды  көбірек  қолданады,
сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды  ұсынуға
тек  математика  қабілетті,  сол  себепті  осы  ғылымның   тәсілдерін   жаңа
философиялық  жүйе  жасау  ісінде  қолдану  керек.   Декарт   төрт   ережені
тұжырымдайды:
      1) Ақиқат деп ақиқат  екені  күмәнсіз  нәрсені  ғана  қабылдау  қажет.
Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын,  нақты  тұжырымды
ғана қабылдау керек.  Картезиандық  рационализмнің  бұл  принципін  интуиция
ұғымы  буідіреді.  Декарт  бұл  қасиетті  табиғи,   бірақ   сезімдік   емес,
интеллектуальдік сәуле деп түсінеді.
      2) Зерттейтін сұрағымызды ойша  мүмкіндігінше  қарапайым  элементтерге
бөліп қарастырсақ, қиыңдықтарды шешу, белгілі бір шешімге келу жеңілдейді.
      3) Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным  процесі
қарапайымнан күрделіге қарай жүреді.
      4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай шолу жасап отыру  қажет
– энумерация.
      Декарттың рационализмінің  негізі  –  күмән.  Күмәнданған  адам  күмән
туғызған объект туралы терең ойланады, яғни  өмір  сүреді,  тіршілік  етеді.
«Мен ойлаймын, яғни өмір  сүремін»  (Я  мыслю.  следовательно  я  существую.
Соgіtо егgо sит). Декарттың пікірінше,  біз  анық  қабылдайтыні  нәрселердің
бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылыи қабылданады.
      Барух Спиноза (1632-1677) Амстердамда еврей отбасында  дүниеге  келіп,
өуелі сауда-саттықпен  айналысқанымен,  кейінірек  философияға  біржола  бет
бұрды.  Оның  ілімінде  алғашқы  кезде  жаратылыстану   мәселелері   көбірек
болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктрина  қалыптастыру,  адам  мәселесін
терендеп зерттеу ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі – «Этика».
      Спиноза адам табиғаттың ажырамас  бөлігі  екеніне  сенімді.  Табиғатта
механикалық заңдар үстемдік құрса,  адам  қызметінде  оған  ойлау  қосылады.
Спиноза адамгершілік принциптерініңтабиғи  сипатын  ерекше  атап  кәрсетеді.
Бірақ оның философиясында құдай –  табиғаттың  өзі.  Ол  субстанция,  құдайы
табиғатта кездейсоқ ештеңе  жоқ,  адамдардың  құдай  деп  жүргендері  өздері
түсінбеген   табиғат.   Спиноза   адамгершіліктік    ережелердің    құдайдан
туындайтындығын  теріске  шығарғанымен,  оның  философиясынан  жеке   эгоизм
идеясын кездестірмейміз.
      Ең бастысы – Спиноза адамның еркіндігін, оның  ақыл-ойының  еркіндігін
жария  етеді.  Оның   ойынша,   адам   адамгершілікті   өз   бойында   еркін
қалыптастыруға  қабілетті,  қорқыту,  үрей  (мемлекет  және  басқа   адамдар
тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін  емес,  себебіоның  табиғаты
ізгілікті.Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы  бақытқа
жету жолында оның  ақыл-ойы  адамгершілік  ережелерін  ту-ындатады.  Спиноза
сезімді  парасаттан  төмен  қойып,  адамгершілікті   ақыл-оймен   байланысты
қарастырады. Ақыл-ой белсенді,  оның  күші  танымның  дамуы  процесінде  өсе
түседі. Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа адамдармен  тамаша  қарым-
қатынас орната алады, яғни ақыл-ойдың  көмегімен  рахатқа  бөленеді.  Осыдан
Спинозаның мемлекет  туралы  пікірі  туындайды,  ол  мемлекеттің  мақсаты  –
адамның еркіндігін қамтамасыз ету деп тұжырымдайды.
      Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында  да  еркін  болуға  шақырады.
Тіпті өлімнен де қорықпау керек, себебі мәңгілік ештеңе  жоқ.  Сондықтан  да
еркін адам өлім туралы мейлінше аз ойлайды, өлім туралы күні-түні  қайғырып,
мұңға бату – құлдықтың бір  түрі.  Спиноза  адамдарды  өз  бақытсыздықтарына
салыстырмалы түрде қарауға шақырады  (біз  «философиялық»  деп  атап  жүрген
көзқарас). Өмірде бәрі де өтпелі,  қазіргі  сәтсіздік  –  себептіліктің  бір
звеносы, әлем деңгейінде ол болмашы ғана нәрсе.  Бір  қарағанда  үстіртіндеу
болғанымен, Спинозаның бүл философиясы  өмір  туралы  ойланған  адамның  жан
жарасын жеңілдетуге біршама пайдалы. Ол адамды тәуелсіз, еркін, ешкімге  де,
ештеңеге де жалтақтамай өмір сүруге үйретеді және  дүниедегі  құбылыстардың,
адам  өміріндегі  проблемалардың   бәрі   де   уақытша,   өтпелі   екендігін
дәлелдейді. Өмірден жиі түнілетін қазіргі заман адамына Спиноза  философиясы
аса пайдалы.
      3. Томас  Гоббс  (1588-1679)  –  кәрнекті  ағылшын  философы,  Оксфорд
университетінде Аристотельдің логикасы мен физикасын оқыды.  Негізінен  адам
мәселесін, оның әлеуметтік-құқықтық статусын зерттеді. Еңбектері:  -Левиафан
немесе Материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттің формасы мен билігі»,  »
Азамат туралы», » Дене туралы», «Адам туралы».
      Гоббс философия мен теологияны беліп қарастырады, Бэконның «екі ақиқат
» теориясын тереңдете түсіп философияны жогары қояды, «фи-лософия  –  танушы
ақыл-ойдың рациональдік іс-әрекеттерінің жүйесі. Ол,  бір  жағынан,  белгілі
себептерден әрекеттер мен құбылыстарға қарай, екінші жағынан,  құбылыстардан
оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді.  Яғни,  ақиқат  дегеніміз  ғылымға
тең философия». – дейді
      Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі  деп
қарастырмайды. Гоббс үшін  теология  рациональдік  анализді  қажет  етпейтін
құдайы білім, оны сол күйінде тұтас жұтқан дұрыс. Гоббстың бұл  пікірлерінің
негізгі  себебі  –  оның  философиясының  басты   мәселесі   адам   мәселесі
болғандығында. Оның  пікірінше,  адам  әуелі  табиғи  денелердің  бірі  және
табиғат адамдарды қай жағынан болсын тең етіп жаратады.  Бірақ  Гоббс  әрбір
адамға тән табиғи қасиет эгоизмді шек-тен тыс  әсірелейді.  Ол  адамды  өзін
ғана ойлайтын, езінің сезімдеріне әлі келмейтін мақұлық ретінде  сипаттайды.
Гоббстың пікірінше, «адам адамга қасқыр «, адамдар күш пен ақыл жағынан  тең
болғанымен, әркім өзін басқалардан күштірекпін деп ойлайды, теңдіктен  өзара
сенімсіздік туындайды. Табиғи тендік үміт теңдігін  туғызады  да,  екі  адам
бір мақсатқа бірдей ұмтылып, мақсатқа  жету  жолында  бірі  басқасын  құрбан
етуге немесе бағындыруға тырысады, сол  себепті  адамдар  бір-бірімен  үнемі
соғыс жағдайында болады.
      Гоббстың ойынша, адам физикалық қана  емес,  моральдық,  рухани  дене,
жасанды көптеген денелерді  жасаушы,  мәдениет  өркениетін  қалыптастыру-шы.
Осы жасанды денелердің арасындағы маңыздысы және күрделісі  –  мемлекет.  Ол
туралы ілімді Гоббс өзінің маңызды доктринасы  деп  түсінді  және  моральдық
немесе азаматтық философия деп атады. Оның  түсінігінше,  мемлекет  эгоистік
табиғатқа ие адамдарды  уысында  ұстайтын,  қогамдық  келісімге  негізделген
билік.   Мұндай   билік   болмаса,   адамдар   қоғамдағы    өмірлеріне    еш
қанағаттанбайды, керісінше, күйзеліс сезіміне толы болады дей отырып,  Гоббс
тап осындай күйді адамдар  өзі  күші  мен  қулығынан  өзге  басқа  кепілдігі
болмаған  кезде  бастарынан  кешетіндігін  айтады.  Оның  ойынша,  адамдарды
қоғамға біріктіретін  күш  тек  қана  өзара  күрес,  үздіксіз  соғыс  қаупі,
қоғамның бейбіт келісімге келу қажеттілігі. Гоббс адамгершілік ұғымдары  мен
ережелерінің жалпылық сипатын жоққа  шығарады,  олардың  мазмұны  адам  өмір
сүріп отырған  ортаға,  уақытқа  байланысты.  Басқа  адам  саған  ізгі  ниет
көрсетіп, жақсылығыңа жақсылықпен жауап берсе  ғана  адамгершілік  ержелерін
ұстан. Сенің жақсы істеріңе керісінше іс істеген адамға  ізгіліктік  көрсету
–  Гоббстың  пікірінше,  ақылға  сыймайды.  Ол  адамды  өз  ақылына   сенуге
үйретеді, себебі  қоғамдық  парасатқа  сенім  жоқ,  қоғамдық  адамгершілікті
биліктің көмегімен қорқыту арқылы ғана қалыптастыруға болады. Мемлекетте  де
табиғаттағы сияқты күш үстемдік етеді, одан заң туындайды. Мемлекет  адамның
өмірі  мен  мүлкін  қорғайды,  бірақ  адамдар  оған  бағынышты  болып,  оның
үстемдігін мойындауы қажет, сонда ғана бейбіт өмір орнайды, яғни  билік  пен
ақиқат күштінің қолында және мемлекеттік билік шексіз болуы тиіс.
      Жаңа Дәуір философиясының тағы бір өкілі Джон Локк (1632-1704) Оксфорд
университетінің түлегі, осы университетте грек тілі мен  рито-рикадан  сабақ
берген. Адам ауруларын тереңірек зерттеу мақсатымен  медицинамен,  кейінірек
саясатпен   айналысты,   үкіметтің   басқарушы    қыз-меттеріндеде    болды,
эмиграциядада  өмір  сүрді.  Негізгі  еңбектері:  «Адамның  ақыл-ойы  туралы
тәжірибе», «Ақыл-ойды басқару туралы», «Басқару туралы екі трактат»
      Локк эмпиризмді – білім тәжірибеден ғана  туындайды  деген  көзқарасты
ұстанды. Оның білім концепциясы сенсуализмге  негізделген,  ақыл-ойда  әуелі
сезімде болған нәрседен басқа ештеңе болуы  мүмкін  емес  деп  тұжырымдайды.
Локктың пікірінше, адамгершіліктік ұғымдар да адамға  туа  біткен  қасиеттер
емес, оны Локк моральдық  түсініктердің  әр  халықта  әр  түрлі,  тіпті  бір
халықтың өзінде тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде  моральдық  ережелердің
бір-біріне ұқсамайтындығы арқылы жақсы дәлел-дейді, яғни  моральдық  априори
болуы мүмкін емес.
      Локк құдай идеясының  әуелден  қалыптасқан  идея  екендігін  де  жоққа
шығарады, бірақ оны тәжірибе  арқылы  танып-білуге,  мойындауға  болады  деп
пайымдайды.
      Адам жаны, Локктың ойынша, дүниеге келгенде таза қағаз,  оны  өмір  әр
түрлі жазулармен толтырады, осы өмірлік тәжірибені Локк сыртқы тәжірибе  деп
атайды (адамнан тыс заттар мен жағдайлардың әсері). Бірақ Локк адамның  ішкі
дүниесін де жоғары бағалайды, оны ішкі сезім  немесе  пайымдау  деп  атайды.
Тәжірибенің  осы  екі  түрі  біздің   идеяларымыз-қайдан   пайда   болатынын
түсіндіреді. Сыртқы тәжірибе идеяларын  біз  көз,  есту,  сезіну  және  тағы
басқа сезім органдары арқылы, ал  ішкі  тәжірибе  идеяларын  қуаныш,  қайғы,
мақтан, тағы басқа психикалық жадайларымыз арқылы аламыз.
      Локк сыртқы, практикалық тәжірибенің рөлін жоғары бағалайды, прак-тика
ғана ақылымызды да,  денемізді  де  жетілдіреді,  тәрбиелеудің  табысты-лығы
ішкі және сыртқы тәжірибенің үйлесімділігін  көрсетеді  дейді.  Локктың  бұл
ойлары оның қоғамдық-саяси көзқарастарынан да жақсы байқалады.
      Локк Оксфорд университетінде грек тілі  мен  риторикадан  сабақ  берді
деген болатынбыз. Менің ойымша, грек философиясының адамның, тұтас  халықтың
еркіндігі мен құқы туралы идеялары оның мемлекет туралы ойларына  да  ерекше
әсер етті. Адамдардың бәрін ол еркін,  тең,  тәуелсіз,  өмірге,  еркіндікке,
меншікке құқы бардеп қарастырды. Жеке меншік пен еңбекті ол адамның  табиғи.
ажырамас атрибуттары деп түсінеді, оларды  қанағаттандырмаса,  өмір  де  жоқ
деп ұғынады. Құдай адамға  бүкіл  табиғатты  берді,  бірақ  ол  жеке  меншік
болғанда ғана  пайда  әкелмек,  ол  еңбек  арқылы  келеді.  Адам  еркіндігі,
Локктың ойынша, оның азаматтық жағдайында,  мемлекетте  де  сақталуы  керек,
яғни жогаргы билік шексіз болмауы тиіс. Бұл тұрғыдан  алғанда  Локк  Гоббсқа
қарсы. Локк конституциялық үкімет халықтың  суверенитеті  негізінде  құрылуы
керек және мұндай үкімет қоғам мүшелерінің бәріне тең қүқық  пен  еркіндікті
қамтамасыз етуі қажет деп тұжырымдады. Оның  ойынша,  мемлекеттің  функциясы
ең қажетті нәрселермен шектелуі  тиіс,  келісімнің  негізінде  пайда  болған
мемлекет табиғи құқықты қатаң сақтауы  керек.  Локк  үкімет  билігін  бөлуді
ұсынды: жоғарғы билік тәуелсіз, бірақ бір-бірімен байланысты үш  институттан
тұрады,  заң  билігі  –  парламентте,  атқарушы  билік  –  сот  пен   армия,
федеративтік – корөл мен  министрліктерде.  Конституциялық  монархияның  бұл
концепциясы буржуазия  мен  дворяңдар  арасында  компромисс  орнатуға  ықпал
етті,  сондықтан  Локкты  Англияда  либерализмді  орнатушылардың  бірі  десе
болады. Локктың пікірінше, қоғамға діни  шыдамдылық  қажет,  бірақ  атеизмге
жол жоқ, себебі дінсіз қоғам болмақ емес
      5. Джордж Беркли (1685-1753) – ағылшындық субъективист философ, ерекше
тәсілмен  жазған  ойшыл.  Негізгі  еңбектерін  ол  28  жасына  дейін   жазып
бітіргенін де атап өткен жөн. Беркли Локктың  сезімдік  білім  алғашқы  және
екінші сапаға ие, бірінші немесе алғашқы сапалар  заттардың  бойында  реалды
түрде бар, ал екінші сапалар – түс,  иіс,  дөм  субьектіге  ғана  тән  деген
көзқарасын сынады. Оның ойынша,  біз  дүниені  сезім  мүшелері  арқылы  ғана
қабылдаймыз сондықтан  сапалардың  объективтілігін,  біздің  санамыздан  тыс
тұратынын біле алмаймыз.  Беркли  заттар  біздің  сезім  мүшелерімізге  әсер
етеді, бірақ біз заттардың нағыз мәнін көре алмаймыз,  ал  сапа-қасиеттердің
өзі салыстырмалы ғана дейді. Мысалы, адамның бір  қолы  салқын,  екіншісі  –
жылы болса, қолдарын жылы суға салған адамның  суды  сезінуі  де  екі  түрлі
болады.  Яғни,  Берклидің  пікірінше,  қабылдау  субъектінің   жагдай-күйіне
тікелей  байланысты.  Бірақ  ол  бұл  түсінікті  абсолюттік  дәрежеге  дейін
жеткізеді, материяның болмысы қабылдануға тәуелді деген  пікірді  дәлелдемек
болады. Мысалы, бір затты адам қабылдамаса, ол зат  өмір  сүруін  тоқтатқаны
ма? Оған Беркли басқа адамдар немесе  басқа  тірі  нәрселер  қабылдайды,  ең
ақырын-да, мәңгілік қабылдаушы субъект Құдай қабылдайды  деп  жауап  береді.
Беркли осылайша заттың өзіне тән  объективті  сапасын  жоққа  шығарып,  өмір
сүретін субъективтік «Мен’*, одан басқа нәрсе жоқ деп пайымдайды.
      Давид  Юм  (1711-1776)  –  ағылшын  философы,   Локк   пен   Берклидің
философиясын  дамытушы.  Адам  өзін  қоршаған  дүниені   сезім   мүшелерінің
көмегімен,  түйсіктерінің  жиынтығы  арқылы   таниды   деп   мойындағанымен,
материалдық  дүниенің  реалды  өмір  сүретіндігіне  күмән  келтіреді.   Оның
пікірінше, адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен  басқа  білім  бере
алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен  басқаны  қорыта  алмайды.  Юм  ойынша,
тәжірибе  дегеніміз  «әсерлер»  ағыны,  оның   себептері   түсініксіз   және
тәжірибені логикалық жолмен  дәлелдеу  мүмкін  емес,  сондықтан  тәжірибелік
білім дұрыс бола  алмайды.  Юм  осылайша  себеп-салдарлық  байланысқа  қарсы
шығады, себептіліктің объективтік сипатын тану  мүмкін  емес  деген  тұжырым
жасайды. Бірақ,  оның  ойынша,  субъективтік  себептілік  бар,  ол  сезімдік
әсерлердің йдеяларды туғызуы. Мысалы, адамдар Күннің  күн  сайын  шығатынына
сенімді. Бүл  сенімнің  негізі  -осы  құбылыстың  күнделікті  қайталанатыны.
Яғни,  адамдардың  практикалық  сенімінің  бастауы  теориялық  білім   емес,
қалыптасқан дағды-сенім. Осылайша Юм біржакты эмпиризмі, оны  рационализмнен
бөліп  қарауы  дүниені  танып-білуге  болмайды  деген  агностицизмге  әкеліп
соқты.
 Жаңа Дәуір философиясы туралы ойымызды қорытсақ,  бұл  кезеңдегі  философия
эксперименталдық ғылымдармен тығыз  баііланысты  дамып,  таным  мәселелеріне
басты назар аударган, әлеуметтік дамудың жаңа  жолдарын  іздеуге  талпынган,
қогамдық келісім үлгілерін ұсынган, рухани маңызы күшті философия болды.
Қайталау сұрақтары.
- Жаңа Дәуір ғылымы мен философиясының өзара байланысын көрсетіңіз.
 -Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спинозаның адамзат ғылымындағы орнын атаңыз.
- Дж.Локк пен Т.Гоббстың алеуметтік-философиячық  концепцияларының  мемлекет
басқару жүйесіне әкелген жаңашылдыңы қандай?
-  Дж.  Беркли  мен  Д.Юмның  субъективтік  философиясының  ғылымның   басқа
салаларын дамытудағы орны.








Тақырып №3.2. 8: Жаңа заманның билік басындағы тұлғалары

      1. Т.Джефферсон- демократия атасы. АҚШ-тарының 3-ші президенті.
      2. Б.Наполеон-әйгілі қолбасшы.
      3. О.Бисмарк- темір канцлер.
      Томас Джефферсон (1743-1826) - американдық ағартушы  және  мемлекеттік
қайраткер, АҚШ Тәуелсіздігі Декларациясы жобасының авторы[1]  ,  АҚШ-тың  3-
президенті. Мамандығы - адвокат.[2]
1769-1774 жылдары Вирджиния заң шығару жиналысының депутаты болған.
1775 жылы Солтүстік Америка отарларының Ұлыбританиядан бөлініп шығуы  туралы
шешім қабылдаған Құрлықаралық конгресс мүшелігіне сайланған.
1779-1781 жылдары Вирджиния губернаторы,
1785-1789 жылдары АҚШ-тың Франциядағы елшісі,
1790-1793 жылдары Джордж Вашингтонның Ӏ-үкіметінде мемлекеттік хатшы,
1796  жылы  вице-президент,  1800-1808  жылдары  АҚШ  президенті  болды.  Ол
"Тәуелсіздік  декларациясының"  жобасын  жасау  барысында   "жоғарғы   билік
құдайдың билігімен дариды" деген көзқарасқа  қарсы  шығып,  табиғи  құқықтар
ілімін ұсынды.
      Отар аймақтар мен метрополия тұрғындарының теңдігін, халықтық төңкеріс
жасау құқын жақтады. Монархиялық билікті табиғи құқық және  қоғамды  келісім
тұрғысынан  сынап,  халық  билігін  негіздеді.  Адамның  табиғи   құқықтарын
мемлекет белгілеген заңдардан  жоғары  қойды.  Үкімет  тарапынан  жеке  адам
құқықтарын бұзуға жол бермеу  мақсатында  мемлекеттік  биліктің  міндеттерін
шектеуді талап  етті.  Ұсақ  әндірушілердің  мүддесін  қорғап,  фермерлердің
демократиялық  республикасын   құруды   аңсады.   Джефферсон   басқа   саяси
қайраткерлермен бірге АҚШ Конституциясын жазуға қатысып, адам құқықтары  мен
бостандықтарына қатысты 10 толықтыру ("Билль о правах")  енгізді.  Президент
міндетін атқару барысында  Джефферсон  әртүрлі  әлеуметтік  топтар  арасында
келісім саясатын орнықтырып, реакциялық  сипаттағы  заңдардың  күшін  жойды;
армияны, флотты, мемлекеттік аппаратты  едәуір  қысқартып,  Луизиана  штатын
АҚШ-қа қосты.
1809  жылы  президенттік  мерзімі  аяқталған  соң  саясатқа  араласудан  бас
тартты.
1819  жылдан  өмірінің  соңына  дейін  өзі  құрған  Вирджиния  университетін
басқарды.
      2.  Наполеон  Бонапарт  (итал.  Napoleone  Buonaparte,  фр.   Napoléon
Bonaparte, 15 тамыз 1769, Аяччо, Корсика —  5  мамыр  1821,  Лонгвуд,  Әулие
Елена  аралы)  —  Францияның  мемлекет   қайраткері,   қолбасшы,   император
(1804—1815).
      Ақсүйектер отбасынан шыққан. 1785 жылға дейін Бриен және Париж  әскери
мектептерінде оқыған. Франциядағы 1789 – 9   4 ж.  революция  кезінде  Тулон
қаласын азат еткені  үшін  24  жасар  Наполеон  I  капитандықтан  бригадалық
генерал дәрежесіне дейін көтерілді. 1796 ж. Италияға жорық жасаған  армияның
бас  қолбасшылығына  тағайындалды.  Осы  және   кейінгі   Египетке   жасаған
жорықтары кезінде өзін аса көрнекті қолбасшы ретінде  көрсетті.  1799  ж.  9
қарашада (18  брюмерде)  биліктегі  дағдарысты  пайдаланып,  мемл.  төңкеріс
жасады. Ол елде алғашында консулдық, одан кейін империя (1804 ж.  18  мамыр)
түріндегі әскери  диктатура  орнатты.  Якобишілдер  мен  роялшылдарға  соққы
берді.  Өнеркәсіп  пен  сауданы  дамытты.  1800  ж.  француз  банкін  құрды.
Мемлкеттің қуатты арттырудың басты  тірегі  өнеркәсіпті  дамыту  деп  білді.
Әскери өнер саласында рев. Франция армиясында қалыптасқан жаңалықтарды  одан
әрі  жетілдірді.  Тарихи  жағдайға  байланысты  орасан  зор   әскери   күшті
тактикалық және стратегиялық жағынан тиімді  пайдалана  білді.  Оның  әскери
қағидасы: “сан жағынан әлсіздікті  қимылдың  жылдамдығымен  толтыру”  болды.
1804  жылға  дейін  республика  атын  жамылып  келген  диктаторлық  өкіметті
буржуазиялық мемлекетті нығайтуға пайдаланды. Директория  кезінде  сақталған
ұлттық уәкілдікті сайланып қойылатын басқару жүйесін жойды.[2]
      Сыртқы саясатта Англия басшылық еткен  коалициямен  экон.  және  саяси
үстемдікке  таласты.  Наполеон  I-нің   жүргізген   соғыстары   басқыншылық,
тонаушылық сипатта  болғанымен,  Еуропадағы  феод.-абс.  құрылымдарға  соққы
берді. Үздіксіз соғыстар Францияның жағдайын нашарлатты.  1812  ж.  маусымда
Ресейге қарсы  соғыс  ашты.  Бұл  соғыста  Наполеон  I  әскерінің  жеңіліске
ұшырауы империяның құлауының басы болды. 1814 ж.  наурызда  Францияға  қарсы
коалиция әскерлерінің Парижге кіруі Наполеон I-ні тақтан бас тартуға  мәжбүр
етті. Наполеон I  Эльба  аралына  айдалды.  Дегенмен  ол  1815  ж.  наурызда
француз тағын қайтадан басып алды (“Жүз күн”). Ватерлоо  түбінде  одақтастар
әскерінен жеңіліске ұшыраған соң тақтан екінші рет бас тартты  (1815  ж.  22
маусым). Өмірінің соңғы жылдарын Әулие Елена аралында ағылшындардың  тұтқыны
ретінде өткізді. Сонда  асқазан  жарасынан  қайтыс  болды.  Сүйегі  1840  ж.
Парижге әкелініп, Мүгедектер[3] үйіне қойылды.
      3. Отто  Эдуард  Леопольд  фон  Бисмарк-Шёнхаузен  (нем.  Otto  Eduard
Leopold von Bismarck-Schönhausen;  1815—1898)  —  князь,  германс  мемлекеті
қайраткері, герман мемлекетінің бірінші кацлері(екінші рейх), темір  канцлер
деп аталған.
      Отто фон  Бисмарк  (Эдуард  Леопольд  фон  Шенхаузен)  1815  жылдың  1
ақпанында   Берлиннің   солтүстік-батысында    орналасқан    Бранденбургтегі
Шенхаузен поместьесінде дүниеге келген, прусс жер иеленушісі Фердинанда  фон
Бисмарк-Шенхаузен мен Вильгельмина  Менкеннің  үшінші  ұлы,  туылғанда  Отто
Эдуард Леопольд  атына  ие  болды.  Шенхаузен  елдімекені  көне  Германияның
тарихында  ерекше  орын  алатын  Бранденбург  провинциясының  қақ  ортасында
орналасты. Поместьенің шығысынан 5  миль  қашықтықта  Солтүстік  Германияның
басты сулы-көлікті артериясы Эльба өзені ағып  жатты.  Шенхаузен  поместьесі
1562 жылдан бастап Бисмарктар жанұясының қолында болды.
      Бұл жанұяның  барлық  ұрпақтары  Бранденбург  басшыларына  бейбітшілік
кезінде және жас Отто фон Бисмарк соғын жағдайында адал қызмет етті.
      Бисмарктар  жаулап  алушы  рыцарьлардың   ұрпақтары   юнкерлер   болып
есептелді, олардың аталары шағын славян тұрғындарымен  Эльбаның  шығысындағы
кең байтақ жерлерде алғашқы неміс елдімекендерінің негізін қалады.  Юнкерлер
беделділер  қатарына  жатты,  бірақ  байлық,  әлеуметтік  әл-ауқат  пен  сөз
өтімділігіне   келгенде    олар    Шығыс    Еуропалық    және    габсбургтік
аристократтармен  салыстыруға   келмейтін   еді.   Әрине,   Бисмарктар   жер
магнаттарының қатарына жатқан жоқ,  дегенмен  олар  өздерінің  асыл  тұқымды
болғандарына да қанағат етті,  олардың  шежіресі  Ұлы  Карл  билігіне  дейін
жалғасып жатты.
      Оттоның  анасы  Вильгельмина  мемлекеттік  қызметкерлердің  жанұясынан
болды, олар орта санаттағыларға жатты. ХІХ  ғасырда  осындай  жұптар  көбейе
берді, мұнда орта  санаттағылар  мен  асыл  тұқымдылар  қосылып  жаңа  элита
құрады.
      Вильгельминаның  бағытымен  Отто  мен  оның   үлкен   ағасы   Бернгард
Берлиндегі Пламана мектебіне оқуға жіберілді, онда Отто  1822  –  1827  ж.ж.
аралығында білім алды. 12 жасында Отто бұл мектептен шығып, кейіннен  3  жыл
оқыған Фридрих Вильгельм атындағы  гимназияға  ауысты.  1830  жылы  Отто  «У
серого монастыря» гимназиясына өтті, алдыңғы оқу  орындарымен  салыстырғанда
бұл жерде ол өзін  әлдеқайда  еркін  сезінді.  Жас  юнкерді  математика  да,
әлемнің  көне  тарихы  да,   жаңа   неміс   мәдениетінің   жетістіктері   де
қызықтырмады.  Отто  көбіне  өткен  жылдардағы  саясатқа  және   соғыс   пен
бейбітшілік  жылдарындағы  елдер  арасындағы  бәсекелестікке   аса   назарын
аударды.

Тақырып № 3.3.9: Қазақстанның жаңа замандағы өнер адамдары
1.Қазақ ағартушысы-Шоқан Уалиханов
2.Алғашқы ағартушы-ұстаз Ы.Алтынсарин
3.Қазақтың ойшыл ғалымы-Абай Құнанбаев

Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Уәлиханов  Шыңғысұлы   (1835  –  1865)  –  қазақтың
ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф,  географ,  ағартушы,
демократ.
      Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп  айтуымен,  «Шоқан»  аталып
кеткен.
       Шоқан  1835   жылдың  қараша   айында  қазіргі   Қостанай   облысының
Құсмұрын бекетінде туған. Әкесі  Шыңғыс  Уәлиханұлы  сол  жерде  аға  сұлтан
болған. Өз атасы Уәли де хан болған. Арғы атасы қазақтың  ұлы  ханы  Абылай,
Шоқан оның шөбересі.  Шоқанның  балалық  шағы  Сырымбет  тауының  баурайында
өткен.
      «Жеті  жұрттың тілін білуге  тиісті»  хан  тұқымы  болғандықтан,  ауыл
мектебінде  оқып,  арабша   хат  таныған   Шоқан  араб,   шағатай   тілдерін
меңгереді. Бұдан кейін 1847-1853  жылдары оны әкесі сол кезде  Сібірдегі  ең
таңдаулы  оқу орны  деп есептелінетін Омбы   кадет  корпусына  береді.  Онда
әскери сабақтарға қоса жалпы  және  Ресей   жағрафиясы  мен  тарихы,  батыс,
орыс әдебиеттері, философия, физика,  математика  негіздері,  шетел  тілдері
жүрген.
      Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін  білмесе  де
өзінің зеректігімен  тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған  Г.Н.
Потанин: « Өзінің  орыс жолдастарын басып озып, Шоқан  тез  жетілді...  Оған
талайлар-ақ  назар аударды.  Ол  сондай   қабілетті   еді  және  оқу  орнына
түспей  тұрып-ақ  сурет сала білетін», дейді.
      Оған әсіресе  орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы Костылецкий мен   тарих
пәнінің оқытушысы  Гонсевский  күшті ықпал етті. Пушкин, Гоголь,  Лермонтов,
Герцен, Белинский  т.б. орыс классиктерін  және батыс  әдебиетінен  Диккенс,
Теккерей,  Руссо   шығармаларын,   «Современник»    журналын   үзбей   оқып,
әлеуметтік өмірдің  және әдебиет ағымының  қай  бағытта,  қалай  дамып  бара
жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің  саналы  азаматының  бірі болған.
       1852    жылы    Костылецкийдің   көмегімен   Шоқан   көрнекті   шығыс
зерттеушісі,   Петербург    университетінің   профессоры   И.Н.   Березинмен
танысады.  Березин   Шоқан   жинаған   қазақтың  ауыз  әдебиеті  нұсқаларын,
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын алған, ал өз тарапынан   Шоқанды  ескі  жазу
ескерткіштерін  зерттеу  ісіне  тартқан.   Березиннің   тапсырмасы   бойынша
Тоқтамыс ханның «Жарлығына» талдау жасайды. Бұл оның алғашқы  ғылыми  еңбегі
еді. Жастығына қарамай, оның  білімдарлығын, әсіресе,  шығыс  әдебиеті   мен
тарихын жақсы білетіндігін  сол кездегі  орыс ғалымдары  да жоғары  бағалап,
мойындай бастаған  болатын.
      Кадет корпусын он сегіз жасында бітірген  Шоқан  Батыс  Сібір  генерал
губернаторының кеңсесінде  қызметке  қалдырылады.  Бір  жылдан  кейін  Батыс
Сібір  мен Қазақстанның солтүстік-шығыс    аудандарын   басқаратын   генерал
губернатор Гасфорттың  адьютанты болып тағайындалады.  Осы қызметті   атқара
 жүріп,  ол Орта  Азия  халықтарының тарихын, этнографиясы мен   жағрафиясын
 зерттеуге  белсене араласады.
      1855 жылы Ұлы  жүзді  Қоқан  хандығының   ықпалынан  шығарып,  Ресейге
қосу бағытында жұмыс істеу   үшін   ұйымдастырылған  экспедицияға   қатысып,
Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле  Алатауына  дейін  келеді. Жоңғар  қақпасына,
Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы  сапарында   қазақ,  қырғыз,   ауыз
әдебиетінің  үлгілерін,  тарихы  мен  этнографиясының  материалдарын   жинап
алады.  Қазақ  халқының  тарихы  мен  әдет-ғұрып,  діни   ұғымдары   жайында
материал  жинап  қайтады.  Бұл  материалдар  негізінде   кейін  ол   «Тәңірі
(құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың  қалдығы»  деген  еңбектер  жазады.  Бұл
еңбегін жоғары бағалаған генерал Г.Х.Гасфорт оны наградаға  ұсынады,  әскери
лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик атағын алады.
      1856 жылы М.М.  Хоментовский   басқарған   әскери-ғылыми  экспедицияға
қатысып,  қырғыз   елін   жете   зерттеп,  Ыстық  көл  аймағының    картасын
жасасады.  Қырғыздар   мен  Ұлы  жүз   қазақтарының    тарихы,  этнографиясы
жайлы  мәліметтер   жинайды,  ауыз  әдебиетінің   нұсқаларын   жазып  алады.
Жазуы жоқ елдердің  өткен тарихы  мен  салтын   тануымыз  үшін  мұндай  ұзақ
желіге құрылған,  күрделі   эпостардың   үлкен  мәні  барын  түсінген  Шоқан
«Манас»   үлгісінде  көрсетті.  «Манас»,  дейді  Шоқан,  қырғыздардың   ескі
мифтерінен,   аңыздарынан   ертегілерінен   жиналып,   бір   адам   Манастың
төңірегіне топталған  энциклопедия.  Бұл  жағынан,  ол  даланың   «Илиадасы»
тәрізді.  Бұл  аса  зор   эпопеяда  қырғыз   халқының   өмірі,   әдет-ғұрпы,
жағрафиясы, діни   дәрігерлік  ұғымдары,  шетелдермен  қарым-қатынасы  түгел
қамтылған...  Екінші  эпос  «Семетей»   «Манастың»  жалғасы.  Бұл  қырғыздың
«Одиссеясы». Іле өзенінің  басындағы  Манас  жорық  жасады  деген   жерлерді
барып  көреді.  Сібір  мен  Тянь-Шань  аралығында  көшіп   жүрген  қырғыздар
Алатаудың автохонды ежелгі тұрғындары   екені  тарихта  тұңғыш  рет  анықтап
береді. Қырғыздардың көне  тарихы жөнінде жазған  географы  К.Риттердің,  А.
Гумбольттің,  шығыстанушы  ғалымдар  Шотт  пен  Клапроттың  еңбектеріне  сын
айтады,  Бұдан  кейін    Құлжа    қаласында   болып,   Жоңғария    тарихымен
шұғылданады.  1857 жылы  тағы  да  қырғыз   елінде  болады.  Осы  сапарларда
жинаған  материалдарды   ол  «Жоңғария   очерктері»,    «Қырғыздар    туралы
жазбалар»,  «Қазақтың   халық   поэзиясының  түрлері   туралы»,  «Ыстық  көл
сапарының  күнделіктері», «Қытай империясының  батыс провинциясы және  Құлжа
қаласы» атты  еңбектерін жазуға   пайдаланады. Табиғатты  және  ел  тұрмысын
Шоқан жазушылық  шеберлікпен  суреттеген.  Осыдан  барып  оны  орыс  достары
«Қазақ  тақырыбына  жазатын  орыс жазушысы»  деп  атаған.  Тарих,  география
саласындаы даңқы Петербург  ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа  асқан  жас
Шоқанды Орыс  География қоғамының  толық мүшесі етіп сайлайды.
      1858 – 1859  жылдары Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық,  ағартушылық
 саласындағы еңбегінің  жаңа белеске  көтерілуіне   жол  ашты.  Қашқария  ол
кезде  Ресей  тарапынан   зерттелмеген   өлке  болатын.   Қоқан   хандығының
Қашқардағы    консулы,   әрі   саяси   резидентінің    көмегімен   Қашқардың
экономикалық   саяси   құрылымын   зерттеп,   бұл   халықтың    тарихы   мен
этнографиясынан көптеген   матераилдар  жинайды.   Қашқар   сапарынан  «Алты
шахардың, яғни Қытайдың Нан лу провинциясының   шығыстағы   алты   қаласының
жайы»  атты  еңбегі  дүниеге  келді.  Бұл   Шығыс   Түркістан   халықтарының
тарихына, әлеуметтік   құрылысына   арналып,   сол   заман   ғылымының  биік
деңгейінде  жазылған  әлемдегі   тұңғыш   зерттеу   жұмысы  еді.  Ұзамай  ол
Германияда, Англияда жарияланады.
      Шоқаннан қалған мұраның  бірі бейнелеу  өнеріндегі   зерттеулері.  Бұл
еңбектер  оның  өнердің  осы   саласындағы   қазақтың  тұңғыш   профессионал
суретшісі  болғанын   дәлелдейді.   Ол   негізінен   портрет,  пейжаз   және
халықтың тұрмыс салтын   бейнелеумен   айналысқан.  Одан  150  –  дей  сурет
қалған.
       Науқасы  меңдегендіктен  Петербургтен   елге  оралған   Шоқан   туған
халқының   екі  жақты   қанауда  езілгенін  көріп,  1862    жылғы   сайлауда
Атбасар округының  аға сұлтаны  болуға   талпынады.  «Елдестеріме   пайдамды
тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды чиновниктен,  қазақ   байларынан
қорғамақ  болдым.  Сондағы   ең  алдымен   көздегенім  өз  басымның   мысалы
арқылы жерлестеріме  оқыған  аға сұлтанның  пайдалы  екенін   көрсету   еді»
деп жазады ол бұл  туралы   досы  Достаевскийге.   Бірақ  ол   бұл  мақсатын
орындай алмай, аға  сұлтандыққа   өте  алмай   қалады.   1864   жылы  наурыз
айында  Шоқан   генерал Черняевтің  шақыруымен  Әулиеатаға  (қазіргі   Тараз
қаласы)  келеді. Оңтүстік  Қазақстан   мен  Орта   Азияны   Ресейге   қосуды
жақтаған ол  Черняев отрядында біраз  уақыт  қызмет  істейді.  Бірақ   патша
генералының  жергілікті   халыққа  жасаған  зорлық-зомбылығын   көріп,   тез
бөлініп  кетеді. Содан Верный (қазіріг Алматы) қаласына  келіп,    одан  әрі
Тезек  төренің  аулына  барып (бұрынғы Талдықорған облысы,  Шоқан   атындағы
шаруашылық)  тоқтайды.  Сонда үйленіп, тұрып қалады.
      Сөйтіп жүргенде  ескі өкпе  ауруы   қайта  қозып,  Шоқан  1865  жылдың
сәуірінде   қайтыс  болады.  Оның  сүйегі   Алтынемел  тауының  баурайындағы
Көшен  тоған деген жерге  қойылады.
      Шоқанның шығармаларын  жинап бастыруда орыс  ғалымдарының  еңбегі  аса
зор.   Орыстың   жағрафиялық   қоғамы  басып  шығарған  Шоқан  шығармаларына
жазған   алғы    сөзінде   академик   Н.И.Веселовский:   «Шоқан    Уәлиханов
Шығыстану   әлемінде   құйрықты   жұлдыздай   жарық  етіп  шыға    келгенде,
орыстың  Шығысты  зерттеуші   ғалымдары   оны  ерекше   құбылыс  деп   түгел
мойындап,  түркі халқының  тағдыры  туралы онан маңызы зор,  ұлы  жаңалықтар
ашуды  күткен  еді.  Бірақ    Шоқанның   мезгілсіз    өлімі    біздің    бұл
үмітімізді үзіп  кетті!»  деп  жазды.  Бірақ   ол  сол  аз  ғұмырында   адам
қабілетінің   ғажайып    мүмкіндіктерін,     гуманизмнің     биік    өресін,
ұлтжандылықтың   жалтақсыз   үлгісін,   ғылыми   қабілет  пен    алғырлықтың
қайран   қаларлық   өнегесін   барша   болмысымен,  нақтылы  іс   әрекетімен
дәлелдеп үлгерді.
         Алтынсарин Ыбырай (Ибраһим,  1841-1889)  –  қазақтың  аса  көрнекті
ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері –  Қостанай
облысының Қостанай ауданы, Аққарағай. Осы өңірде, Тобыл  өзенінің  жағасынан
топырақ бұйырған. Орынбор шекара комиссиясының  қазақ  балалары  үшін  ашқан
мектебіне  оқуға  түседі  (1850).  Мектепті  бітірген  соң,  Орынбор  шекара
комиссиясында әскери старшина болып қызмет  атқаратын  үлкен  әкесі  Балғожа
Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857-1859).  Орынбор  облыстық  басқармасында
тілмаштық қызмет атқарады. 1860  жылы  Орынбор  бекінісінде  (Торғай)  қазақ
балалары  үшін  мектеп  ашу  тапсырылады,  әрі  сол  мектепке  орыс  тілінің
мұғалімі болып  белгіленеді. Ыбырайдың  бүкіл  өмірін  арнаған  ағартушылық-
педагогтық қызметі осылай басталады.  Тікелей  өзінің  араласуымен  халықтан
жинаған қаржыға мектеп үйін  және  интернат  салып,  1864  жылы  8  қаңтарда
мектептің  жаңа  ғимаратын  салтанатты   түрде   ашады. Ұстаздық-ағартушылық
қызметке  қоса  Ыбырайға  басқа  да  жұмыстарды  атқару  жүктеледі.  Орынбор
генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша  Торғайда  төрт  рет  уездік
судья болып (1868-1874), торғай  уездік  бастығының  аға  жәрдемшісі  (1876-
1879) қызметін атқарады. Ыбырай  инспекторлық  қызметке  кіріскен  соң  оқу-
ағарту жұмыстарын  одан  әрі  жандандырып,  Елек,  Қостанай,  Торғай,  Ырғыз
уездерінде бір-бірден  екі  кластық  орыс-қазақ  мектептерін  ашады,  оларды
қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір  салтын  ескеріп,
Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс  етеді.
Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде  Орскіде  бастауыш  мектептер  үшін  қазақ
жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер  мектебі  ашылады.  Ыбырай  мұнан
әрі  қазақ  жастары  арасынан  экономика,   ауыл   шаруашылығы,   қол   өнер
кәсіпшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп  күш
жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын  ауыл-шаруашылық  училищесіне  өзінің
иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың  қазақ  қыздары
үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат  аштыруының
тарихи мән-маңызы зор болды. Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз  заманының  ең
озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде  берілуіне
айрықша мән береді. «Қазақ  хрестоматиясы»  атты  оқулық,  «қазақтарға  орыс
тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу  құралын  жазды.  Бұл
кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке  -  тәрбиелейтін
ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ  емес. Тек  қана
оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай  сонымен  бірге  сол  кездегі  қоғамдық  -
саяси өмірге  сергек  араласып,  ғылым-білімге,  еңбек  пен  өнерге,  дінге,
этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері  қазақ
әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Ыбырай  есімі  берілген  аудан,
ауылдар, оқу орындары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның  түкпір-түкпірінде
кездеседі.
       Құнанбайұлы Абай  (1845-1904)  –  қазақтың  ұлы   ақыны,  композитор,
философ, қазақ жазба  әдебиетінің   негізін   қалаушы  және   оның   алғашқы
классигі. Шын  аты   Ибраһим.   Туған  жері   бұрынғы   Қарқаралы   ауданына
қарасты  Шыңғыс  тауының  баурайы. Орта  жүздің  Арғын  тайпасының   Тобықты
  руынан   шыққан   билер   әулетінен.  Әкесі    Өскенбайұлы   Құнанбай   өз
заманындағы  атақ-даңқы   алысқа   кеткен   адамдардың  бірі  болған.  Патша
өкіметі XIX  ғасырдың   ортасындағы бір сайлауда  оны  Қарқаралы   ауданының
аға сұлтандығына  бекіткен. Шешесі  Ұлжан  орта  жүздің    Арғын  тайпасынан
  Қаракесек   руының   шешендікпен,  тапқырлық,  әзіл  әжуамен  аты   шыққан
шаншарлардың  қызы.
      Осындай  текті  ортадан  шыққан  Құнанбай  мен  Ұлжаннан  туған   төрт
ұлдың  бірі Абай  жастайынан  ақ ерекше  қабілетімен,   ақылдылығымен  көзге
түседі. Балаға  сыншы  әкесі  осы  баласынан   қатты  үіт  етеді.  Сондықтан
да ол  абайды  медреседе  төрт жыл  оқығаннан кейін, оқудан   шығарып  алып,
қасында ұстап, ел басқару ісіне баули  бастайды.  Әкесінің   төңірегінде  ел
жақсыларымен  араласып,  өз халқының  рухани   мәдениет   жүйелерімен   жете
танысады. Өзі  билер  үлгісінде  шешен  сөйлеуге  төселеді. Ұтымды  сөзімен,
әділ  билігімен  елге   танылып,   аты  шығады.   Көп   ұзамай,   жетпісінші
жылдардың  бас кезінде  Қоңыр Көкше дейтін    елге  болыс   болады.  Билікке
араласып,  біраз   тәжірибе жинақтағаннан  кейін    ол  халық   тұрмысындағы
көлеңкелі  жақтарға   сәуле   түсіруге    күш салып  бағады. Бірақ  онысынан
 пәлендей   көңіл   тоятындай  нәтиже  шығара  алмайды.  Сондықтан   халқына
  пайдалы    деп  тапқан   істерін   көркем   сөзбен,    әсіресе,    өлеңмен
насихаттамақ  болады. Орыс әдебиетімен  танысуы  көп ықпал   етеді.
       Абай өлең  шығаруды  бала кезінде-ақ бастаған. Алайда   жасы  қырыққа
келгеннен кейін  ғана  көркем  әдебиетке  шындап   ықылас  қойып,  көзқарасы
 қалыптасып,   сөз өнерінің  халық санасына    тигізер   ықпалын   түсінеді.
Шығармалары үш  жүйемен өрбиді: бірі -  өз жанынан шығарған   төл  өлеңдері;
екіншісі – ғақлия (немесе қара сөз) деп   аталатын   прозасы;   үшіншісі   -
өзге тілдерден,  әсіресе  орысшадан  аударған өлеңдері.
      Абай өлеңдері  түгел дерлік  лирикадан  құралады, поэма  жанрына   көп
бой  ұрмағаны  байқалады.  Қысқа  өлеңдерінде   табиғат  бейнесін,   адамдар
портретін жасауға,  ішкі-сыртқы  қылық-қасиеттерін,  мінез-бітімдерін  айқын
суреттермен  көрсетуге  өте  шебер.   Қай   өлеңінен   де  қазақ    жерінің,
қазақтың  ұлттық  сипатының  ерекшеліктері   көрініп   тұрады.  Ислам   діні
тараған   Шығыс   елдерінің   әдебиетімен   жақсы   танысу   арқылы   өзінің
шеберлік – шалымын  одан әрі  шыңдайды.  Шығыстың   екі   хикаясын  «Масғұт»
және  «Ескендір» деген  атпен  өлеңге   айналдырады.  Ислам  дініне   өзінше
сенген  діни  таным   жайындағы   философиялық   көзқарастарын  да   өлеңмен
жеткізеді.  Абайдың   дүниетанудағы   көзқарасы    XIX    ғасырдың    екінші
жартысында   Қазақстанның    экономикасы   мен    ой-пікірінің    прогресшіл
бағытта    даму    ықпалымен   қалыптасты.   Дүниетану   жолында     орыстың
төңкерісшіл   демократтарының   шығармаларын  оқып,  өз  дәуірінің   алдыңғы
қатарлы ой-пікірін қорытып,  қазақ  өміріндегі   аса   маңызды   мәселелерді
түсіндіруге  қолданады. Дүниетану  процесінде  екі  элементтің – сезім   мен
логиканың ,  түйсік  пен   ақылдың   қатынасын  мойындайды.   Сондықтан  да:
«Ақыл сенбей сенбеңіз,  Бір іске  кез келсеңіз» деп жазады.
      Кез келген  халықтың  тарих  сахнасына шығуы – экожүйеге   бейімделген
біртектес  өмір  салттың ғана  нәтижесі   емес,   сонымен  бірге   этникалық
арман-аңсардың (идеал) да  біртұтастығына   айғақ. Олай болса Абай   сынының
   тезіне   түскен    еріншектік,    дарақылық,    жалқаулық,     күншілдік,
өтірікшілік,  өсекшілдік,   мақтаншақтық,   жағымпаздық,  жікшілдік   сияқты
сорақылықтар  қазақ халқының  бойындағы  туа біткен  биогенетикалық  қасиеті
  емес,  сол Абай  өмір сүрген қоғамдағы   саяси  әлеуметтік   қатынастардың
нәтижесі  екеніне  ден   қою  қажет.  Сонда,   қазақ   бойынан  Абай  көрген
«кемшіліктерді»  себеп  ретінде   емес,   сол  замандағы    саяси-әлеуметтік
қатынастардың  салдары  ретінде  қарастыруға  жол ашылады.
       1891  жылдан  бастап  Абай   басына   ауыртпалық  түсіп,   бір-біріне
ұласқан қайғы бұлты ашылмай   қояды.   Осы  жылы   ақынның   сүйікті   інісі
Оспан өледі. Одан кейін орысша  әскери   білімі   бар,   үлкен  үміт  күткен
баласы Әбдірахман қайтыс болады.  Бұлардың  қазасының  ақын  жанына   қандай
  батқаны   оның   осы   тақырыпқа  арнаған    топтама   өлеңдерінен   айқын
көрінеді.  Сөйтіп  жүргенде   соңғы   тіренішіндей   болған   дарынды   ақын
баласы  Мағауия да қайтыс  болды.  Осындай   қабаттасқан    қайғы-қасіреттен
күрт сынған   Абай  Мағауияның  қазасынан  кейін   қырық   күннен  соң,  өзі
де  дүние   салады.   Ақынның   сүйегі   Шыңғыстаудың   ығындағы     Жидебай
мекенінде,   інісі   Оспанның   жанына   жерленеді.   Бұл  күнде   ол  арада
қазақтың  ұлы екі  перзенті  -  Абай мен Шәкәрімге  деген   ұрпақтың   өшпес
махаббатының, ізгі құрметінің  белгісіндей  болып,  сәулет  өнерінің   соңғы
 үлгісімен  салынған  қос  мұнаралы  кешенді  алып  мазар тұр.

            МОДУЛЬ 4. Қазіргі заманның тарихи тұлғалары- 12 сағат

Тақырып № 4.1.10. Қазіргі заманның ғалымдары

   1. Сэр Тимоти Джон Бернерс-Ли -әлемдік желінің негізін салушы.
   2. Зигмунд Фрейд-психоаналитик.
   3. Альберт Эйнштейн- Нобель сыйлығының иегері.


      1.Сэр Тимоти Джон Бернерс-Ли  8 маусым 1955 жылы дүниге келген.Танымал
британ ғалымы және  ҺТТП, ҺТМЛ  авторы,  ғаламторды  Роберт  Кайо-мен  бірге
ойлап тапқан. Тим Бернерс-Ли Лондон  қаласында  дүниеге  келген.  Оның  ата-
аналары Конвэй Бернерс-Ли мен Мэри Ли Вудс, екеуі де математик  болған  және
алғаш компьютерлердің бірі  "Манчестер  Марк  "  жобасына  тер  төккен.  Тим
Вэндсворд қаласындағы Эмануэль мектебінде  оқыды,  одан  кейін  Оксфорд-тағы
Король  колледжінде білім алды. Сол  жерде  ол  өзінің  бірінші  компьютерін
құрастырды, процессордың базасында М6800 және  монитордың  орнына  теледидар
қолданды. Бір рет Тим мен оның досы хакерлікпен айналысқаны  үшін  ұсталған,
бұл үшін оларға университеттің компьютерін  пайдалануға  тыйым  салған  еді.
1976  жылы  университетті  бітірген  соң  "Плессеy  Телекоммуникейшнс   Лтд"
компаниясына жұмысқа кіреді. Ол жерде екі-ақ жыл істейді.  1978  жылы  "Д.Г.
Насһ  Лтд"  компаниясында  жұмыс  істей  бастайды.  Ол  жерде  принтерлердің
бағдарламасымен айналысады және көпфункцияналды жүйені  ойлап  табады.  Одан
кейін  бір  жарым  жыл  ЦЕРН  ядролық  зертханасында   (Женева,   Швейцария)
бағдарламалық жабдықтау жағынан консультант болып  жұмыс  істейді.  Дәл  сол
жерде ол ғаламторға септігін тигізген "Энквайр"бағдарламасын  жазады.  1981-
1984 жылдары "имейдж компютер Системс Лтд" компаниясында жүйелік  архитектор
болып жұмыс істейді. 1984 жылы ЦЕРН-нен стипендия алады. 1989  жылы  ЦЕРН-де
жұмыс істей отырып, ауқымды гипертексті жобаны ұсынады  (қазіргі  ғаламтор).
Жоба қабылданып  іске  асырылған  еді.  1991-1993  жылдарда  Тим  Бернерс-Ли
ғаламтормен жұмыс жасауды жалғастырады. Сол кезде ол  алғаш  рет  УРЛ,  ҺТТП
және ҺТМЛ жобасын ашық талқылауға ұсынады.
      2.Зигмунд Фрейд өмір жолы жайлы мәлімет алу  әжептеуір  қиын.  Зигмунд
Фрейдті  тұлғалық  деңгейде  көтерген  көптеген  биографиялық  очерктер  мен
кітаптар  бар.  Алайда  осы  шығармалардың  көбінде  авторлардың  бір  жақты
пікірге  бой  алдыратындықтарын  байқаймыз.   Мысалы,   бұл   мәселе   жайлы
А.М.Рудкевич былай жазады: Австриялық  дәрігер  психолог  Зигмунд  Фрейд  ең
атақты психологтардың біріне саналады.  Ол  1856  жылы  6  мамырда  Фрейбурк
қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келген.  Психологиялық
талдаудың негізін қалаушы. 1860 жылы Фрейдтер отбасы Венаға көшеді.  83  жыл
өмірінің 80 жылын Зигмунд  осы  қалада  өткізеді.  Үлкен  отбасында  8  бала
болды, бірақ Зигмунд өзінің алғырлығымен,таңқаларлық ақылымен,кітапқа  деген
құмарлығымен ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы  жақсы  жағдай  жасауға
тырысты. Сабақ орындау барысында  оған  ешкім  кедергі  жасамау  мақсатында,
Зигмунд әрқашан керосинді  шаммен  оқитын,  ал  басқа  балалары  шам  арқылы
оқитын. 17 жасында гимназияны өте жақсы аяқтап, әйгілі  Вена  университетіне
оқуға тапсырады. Университетте атақты профессорлар дәріс береді.  Сол  жерде
оқып жүріп Зигмунд Фрейд  студенттік  одаққа  қосымша  тарих  ,  саясаттану,
философия жайлы үйрену мақсатында кіреді. Бірақ  көбірек  оны  жаратылыстану
ғылымдары қызықтырады. Биология және физика, жаратылыстану принципі  бойынша
нақты тәжірибелі маман ретінде қалыптасты. Бұл  үшін  ол  алдымен  клиникаға
жұмыс  істеуге  бару  керек  болды.  Өйткені  оның  ол   кезде   медициналық
тәжірибесі жоқ болатын. Клиникада Фрейд диагностика  әдістерін  миына  зақым
келген балаларды сондай-ақ әр-түрлі  тілдік  ақаулары  бар  балаларды  емдеу
әдістерін меңгерді. Оның ғылыми еңбектері медициналық  зерттеулер  ортасында
белгілі бола бастайды. Зигмунд Фрейд  жоғары  білікті  невропатолог  дәрігер
ретінде танылады. Өзіне келген науқастарды ол жылу, су, электр  тогы  арқылы
яғни  физиотерапия  әдістерімен  емдейді.  Алайда  Фрейд  көп   ұзамай   бұл
физиотерапиялық  әдістерге  қанағаттанбайды,  өйткені  емдеудің   тиімділігі
жақсартуды қажет етті. Ол басқа әдістерді іздестіре  бастады.  Соның  ішінде
сол кездің дәрігерлері жақсы нәтижеге  қол  жеткізіп  жүрген  гипноз  арқылы
емдеуді қолданады. Сол дәрігерлердің ішінде Ю.Брейрде бар. Ол жас  З.Фрейдке
зор ықпал етті. Олар өздеріне келген ауру адамдардың ауруларының  себептерін
және  оларды  емдеу  жолдарын  бірге  талқылады.  Көбінесе  оларға   қояншық
ауруымен ауратын әйелдер емделуге келетін. Бұл аурудың  көріну  себептері  –
қорқыныш (фобия), сезімталдықтарды жоғалту, тамаққа тәбеті болмау, екі  адам
сияқты әрекет ету, елестер т.б. Жеңіл гипноз түрін қолдану арқылы (түс  көру
тәрізді ұйқылы-ояу күй) Брейр мен Фрейд ауру адамдарға  сол  аурумен  ауырар
алдындағы оқиғаларды айтқызды. Аурулар  сол  оқиғаларды  есіне  түсіре  алса
және  сөзбен  жеткізе  алса  бұл  ауру  шамалы  уақытқа  бәсеңдейді.  Мұндай
жағдайды Брейр көне  грекше  «катарсис»  (тазару)  деп  атаған.  Көне  заман
философтары бұл сөзді адам өнер туындыларын қабылдағанда пайда болатын  және
оның жанын жағымсыз күйлерден  тазартатын  сезім  күйлерінің  атауы  ретінде
қолданған.  Ғылыми  білім  –  бұл  білім  өте  мұқияттылықты  қажет   ететін
құбылыстар себебін білу. Ол құбылыстарға сипаттама беріп  қана  қойған  жоқ,
олардың себептері  мен  заңдылықтарын  іздеді.  Психология  саласына  көшкен
кезде де ол осы принциптерді ұстанды. Ол медицина факультетінде оқыды.  Оның
ұстазы еуропаның әйгілі физиологы Эрнст  Брюкке  болды.  Оның  зертханасында
көптеген елдердің ғалымдары жұмыс істеді оның ішінде орыс  физиологиясы  мен
ғылыми   психологияның   негізін   салған   И.М.Сеченов   болды.   Брюккенің
жетекшілігімен студент Фрейд Вена физиология институтында жұмыс  істеді.  Ол
жерде ол күніне бірнеше сағат микроскоппен жұмыс істеді.  Қартайған  шағында
бүкіл әлем  мойындаған  психолог  болған  ол  достарының  біріне  зертханада
жануарлардың арқа жұлынының жүйке жасушаларының құрылымын  зерттеген  жылдар
оның ең бақытты  сәттері  екендігін  айтты.  Осы  кезеңде  қалыптасқан  оның
бойындағы ғылымға деген қызығушылық пен табандылықты З.Фрейд өмірінің  соңғы
10 жылдығында да жоғалтпаған.
      3.Эйнштейн Альберт (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы –  18  сәуір
1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты,  Принстонда  дүниеге  келген)  –физик-теоретик,
қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.
      Альберт Эйнштейн — теориялық физиканың негіз қалаушылардың бірі,  1921
жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері,  әлемнің
алдыңғы қатарлы 20-ға  жуық  университеттерінің  құрметті  профессоры,  КСРО
Ғылым Академиясының шетелдік  құрметті  мүшесі.Эйнштейннің  басты  еңбегі  —
”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден  астам  ғылыми  еңбектердің,
тарих, ғылымдар философиясы және  публицистика  саласындағы  150-дей  кітап,
мақалалардың авторы ретінде  де  танымал.  Ол  бірнеше  түбегейлі  физикалық
теорияларды   жасады:   Арнайы   салыстырмалылық   теориясы   (1905);   Жылу
сыйымдылығының және фотоэффект кванттық теориясы;   Бозе  Эйнштейн  кванттық
статистика;  Броун  қозғалысының  статистикалық  теориясы,  флуктуациялардың
теориясына негізін салған.
      Ол 14 жасынан  бастап  Швейцарияда  тұрған.  Цюрихтегі  политехникумды
бітіргеннен кейін (1900) орта мектепте сабақ берді, кейін  патент  бюросында
эксперт (1902  –  1909)  болып  қызмет  атқарды.  1909  –  1911  жылы  Цюрих
университетінде, 1911 – 1912 жылы Прагадағы Неміс  университетінде,  1912  –
1913 жылы Цюрихтегі политехникумда профессор болды.   1913жылы ол   Берлинге
көшіп келді (1914). Мұнда ол 1933 жылға дейін тұрды.  1933  жылдан  өмірінің
ақырына дейін Принстондағы (АҚШ) Іргелі зерттеулер  институтының  профессоры
болып жұмыс істеді.
      Эйнштейннің ғылымдағы  басты  еңбегі  –  салыстырмалық  теориясы.  Бұл
теорияның жасалуы нәтижесінде кеңістіктің, уақыттың  және  тартылыстың  жаңа
қасиеттері ашылды, олардың бір-бірімен  байланыста  болатындығы  дәлелденді.
Салыстырмалық  теориясы  жарық  жылдамдығына  жуық  жылдамдықпен  қозғалатын
нысандар (негізінен элементар  бөлшектер,  ғарыштық  сәулелер,  т.б.  )  мен
күшті  тартылыс  өрісінде  өтетін  процестерді  зерттеу  үшін   қолданылатын
теориялық  негіз  болды.  Эйнштейн  жарықтың  кванттық  теориясы,  кездейсоқ
процестер теориясы, магнетизм, т.б. салалар бойынша  да  маңызды  жаңалықтар
ашып,   зерттеулер   жүргізді.   Эйнштейннің    салыстырмалық    теориясының
тұжырымдарын сол кезде кейбір ғалымдар мойындамағанымен, қазіргі кезде ол  –
жалпы  жұртшылық  мойындаған  ілімге  айналды.  Эйнштейн  –  көптеген  ғылым
академиялары мен ғыл. қоғамдардың мүшесі. Нобель сыйлығының  иегері  (1921).
1927 жылы  КСРО  ҒА-ның  құрметті  мүшесі  болып  сайланды.Денсаулығы  қатты
нашарлаған  Эйнштейн  1955  жылы  18-сәуірде  76  жасында  АҚШ-тың  Принстон
қаласында  көз  жұмады.  Көзжұмар  алдын  жазған   хатында:   ”Мен   Жердегі
тапсырмаларымды  орындадым.”  деген  сөзді  жазған.  Принстон  ауруханасында
жатып, көз жұмар кезінде немісше  бірдемелерді  айтқан  екен.  Алайда,  оның
сөздерін американдық медбике ұқпаған.
      Альберт Эйнштейн — американдық Тайм журналының “Ғасыр  адамы”  атағына
ие болған тұлға.
      Альберт Эйнштейн айтқан нақыл сөздері:
      “Дүниеде  екі  нәрсе  шексіз:  бірі  —  ғалам,  екіншісі   —   адамның
      ақымақтағы. Бірақ біріншісіне күмәнім бар”
      “Фантазия білімнен маңыздырақ. Өйткені білімнің шегі бар”
      “Адамзат одан әрі өмір сүргісі келсе,  онда,  жаңа  ойлар  (түйсіктер)
қажет”
      “Ақшаға сатып алуға болатын дүниелер өмірдің кереметтері емес”
      “Көру мен түсіну қуанышы — табиғаттың ең тамаша сыйы”


Тақырып № 4.2.11. Қазіргі заманның ел билеушілері


1. Хо Ши Мин -  Вьетнам Демократиялық Республикасының тұңғыш президенті.
2. Адолф Гитлер және неміс диктатурасы.
3. Маргарет Хильда Тэтчер-Ұлыбритания қоғам қайраткері.


      1.Хо Ши Мин (шын аты — Нгуен Тат Тхань; бірнеше партиялық лақап аттары
болған, соның бірі Нгуен Ай Куок (Нгуен — патриот), 1942 жылдан бастап —  Хо
Ши Мин) (19.5.1890, Нгуен  провинциясы,  Кимлиен  елді  мекені  —  3.9.1969,
Ханой  қаласы)  —  Вьетнам  ұлт-азаттық  қозғалысының  қайраткері,   Вьетнам
Демократиялық Республикасының тұңғыш президенті.  Хюэдегі  ұлттық  колледжде
оқыған. 1911 ж. Сайгондағы француздарға қарасты  “Башон”  зауытына  мамандар
даярлайтын училищеге оқуға түсіп, шет елге кетті. 1912 — 16 ж. француз  және
ағылшын компанияларының кемелерінде  матрос  болып  істеді.  1916  —  19  ж.
Ұлыбритания мен АҚШ-та тұрды. 1919 ж. Францияға қоныс аударып,  Париж  бітім
конференциясы (1919 — 20) кезінде оған қатысушыларға вьетнам  патриоттарының
атынан Үндіқытай  халықтарына  тәуелсіздік  беруді  талап  еткен  меморандум
жолдады.  1920  ж.  желтоқсанда   жаңадан   құрылған   Француз   коммунистік
партиясына кірді.  1924  ж.  Коминтерннің  5-конгресінің  жұмысына  қатысып,
отарлар мәселесі бойынша баяндама жасады. 1925  ж.  Вьетнамның  революцияшыл
жастарының серіктестігін, 1930 ж.  Үндіқытай  коммунистік  партиясын  құрды.
Революциялық қызметі  үшін  бірнеше  рет  сотталып,  1929  ж.  сырттай  өлім
жазасына  кесілді.  1934  —   38   ж.   Шығыс   еңбекшілерінің   коммунистік
университетінде оқып, Мәскеуде жұмыс істеді. 1941 ж. отанына қайтып  оралып,
елдің барлық патриоттық күштерін біріктірген  Вьетнамның  тәуелсіздігі  үшін
күрес  Лигасын  (Вьет-Минь)  құрды.  Вьетнамда  1945  ж.   Тамыз   төңкерісі
жеңгеннен кейін ВДР Уақытша үкіметінің төрағасы, 1946 ж.  наурыздан  ВДР-дың
тұңғыш президенті болды. ВДР партия — үкімет делегациясын басқарып,  бірнеше
рет Кеңес Одағына келіп қайтты. 1959 ж. 29  —  31  шілдеде  Алматыда  болып,
Қазақ КСР-і ҒА-ның ғалымдарымен, “Есік” кеңшарының жұмысшыларымен  кездесті.
Ленин орденімен марапатталған. 1967 ж. елді қайта біріктірудегі еңбегі  үшін
Сайгон қаласына Хо Ши Мин есімі берілді.
      2.Адолф Гитлер  (1889  ж.  сәуірдің  20  —  1945  ж.  сәуірдің  30)  —
Аустрияда туған  Алмания  саясаткері.  Ұлттық  Социалист  Неміс  Жұмысшылары
Партиясын  басқарған,  Алмания  канцлері  (1933—1934)  және  Алмания  Фюрері
(1934—1945).
      Адольф Гитлер 1889 жылдың 20-сәуірінде Қазіргі Австрия елінің  Браунау
ам Инн жерінде дүниеге  келген.  Әкесі  --  кеден  қызметкері  Алойс  Гитлер
(Алоіс Һітлер) анасы -- Клара Полцель (Цлара Ползел). 1903 жылы әкесі,  1907
жылы анасы дүниеден өтеді. 1905 жылы мектепті аяқтамай тастап кетеді.  Кейін
Гитлер  Австрияның  астанасы,  Вена  қаласына  қоныс  аударады.  1913   жылы
Германияның Мюньхен қаласына көшеді.
      Адольф Австриядан шыққан неміс саясаткері әрі диктаторы болды. Ол 1933
– 1945 жылдар аралығында канцлер болып билік етеді. Сондай-ақ,  1921  жылдан
бастап НСДАП партиясының басшысы және нацистік Германияның көсемі  болып  та
саналады. Канцлер болып  тұрған  шағында  өзін  неміс  Райхының  ең  жоғарғы
қолбасшысы, лидері деп санады.
      Гитлердің     билігі     тұсында     елдегі     ұлттық     социалистер
(Натіоналсозіалістен)  ЫЫЫ  Неміс  Райхының  диктатурасын  орнатты.   Ұлттық
социалистер билікке  келгеннен  бастап  басқа  партияларға  шектеу  қойылып,
қысым жасалды. Кейбірін өздігінен жойылып кетуге дейінгі халге жеткізді.
      Гитлердің саясатына  қарсы  келгендерді  қудалап,  Концлагерлерге  жер
аударып жіберді. Тіпті, жазалаудың шектен шыққаны сонша, адамдарды  өлтіруге
дейін  барды.  Еуропалық  Иудейлерді  қырғынға   ұшыратқан   осы   Гитлердің
нацистік, фашистік саясаты мен  оның  жақтаушылары  еді.  Холакауст  кезінде
жазықсыз иудейлер өлтірілді. Олар үшін  басқа  этникалық  топтар  мен  басқа
діннің өкілдерінің көк тиындық құны болмады.  Ақырында  Екінші  Дүниежүзілік
Соғыстың  отын  тұтатты.  Соның  салдарынан  Германияның  көп   білігі   мен
Еуропаның біраз бөлігі қирады, бүлінді. Екінші  Дүниежүзілік  Соғыста  өлген
55 миллион адамның  6  миллионы  еуропалық  Иудейлер,  30  миллионы  Славиян
халқының өкілдері болды.
      Гитлердің жиырма бес жасына дейін атқарған немесе атап айтарлықтай іс-
әрекеті болмаған. 25 жылдық өмірінде  мамандыққа  қатысты  білімі  болмаған,
әлеуметтік және  қоғамдық  өмірде  де  белсенді  болмаған.  Алайда,  аздаған
жылдар арасында немістердің еліне  барып  елбілігін  қолына  алып,  диктатор
болады. Сасатқа келген кезіндегі  ол  жайлы  мәліметтер  құпия  болатын.  Ол
өзінің қарсыластарына айтқан сөзінде: Сіздер менің  қайдан  келгенімді  және
қандай отбасынан шыққанымды білуге тиісті емессіздер - деп айтқан екен.
      Майн Кампф (Меін Кампф) еңбегінде бұрынғы өмірінің нацистік  түсінікте
қалыптасқан мықты тұлға болуға өзін-өзі тәрбиелегенін айтады.
      Адольф  Гитлер  өмірінің  соңына  дейін  христиан  дінінің  католиктік
бағытын ұстанған. Оныңең сенімді адамдарының бірі  Альберт  Шпеер  Гитлердің
шіркеулерге деген көзқарасының оң болмағанын  айтады.  Әр  түрлі  ортада  әр
түрлі ой білдірген. Шіркеулерді халықты ұстап отыратын күшті элемент деп  те
қарастырған.
      Гитлер 1930 жылдан бастап вегетариан  болған.  Ол  жайлы  оның  өмірін
зерттеген адамдар да бірауыздан келіседі.
      1933 жылдан бастап Гитлер өзінің қалауы бойынша  көшелер  мен  орталық
алаңдарды  өзінің  атымен  атай  бастайды.   Кез-келген   елдімекендер   мен
қалаларда Гитлердің атымен аталатын көше және  алаңдар  болды.  Ол  әсіресе,
өзіне  ұнамайтын  адамдардың  атына  ие  көшелер  мен  алаңдарды   өзгертті.
Біраздан соң  НСДАП  партиясы  елдегі  жаңа  көше  мен  алаңдарға  Гитлердің
саясатын қолдаған тұлғалардың есімін  беру  туралы  заң  шығарды.  Партияның
жастар  қанатын  Гитлер  жастары  деп   өзгертті.   Сондай-ақ,   стадиондар,
мектептер,  қалашықтар  Гилердің   атымен   немесе   Гитлердің   қарамағында
екендігін білдіретін атаулармен аталды.
      Адольф Гитлердің Уолф(қасқыр) деген лақап  аты  болған.  Өзі  басшылық
еткен  майдандар  мен  әскери  орталықтарды  осы  Қасқыр   атауына   қатысты
атаулармен атаған. Гитлердің жақын бір қызметтесінің  кішкене  баласы  Онкел
Уолф (Қасқыр көке (аға)) деп атаған. Атының өзі көне  неміс  тіліндегі  адал
және уолф деген екі сөздің туындысы екен.
      1945 жылы 30  сәуірде  Берлин  қаласындағы  бункерінде  өзіне-өзі  қол
жұмсап мерт болады. Гитлер паркионсон  ауруымен  ауыратын.  Гитлер  талантты
суретші болған.
      3.Маргарет Хильда Тэтчер  — 1979—1990 жж. Құрама Патшалықтын  премьер-
министрі. Баронесса (1992)
      Маргарет Тэтчер, қыз кезіндегі аты-жөні Маргарет Робертс,  1925  жылғы
10 Қазанда бақалшы  отбасында  дүниеге  келді.  Ақылды  және  сабырлы  қызға
әкесінің табысы  мектепте  оқуға  және  19  жасында  Оксфорд  университетіне
түсуге  жетті.  Оны  «Органикалық  химия»  мамандығы  бойынша  5  жыл   оқып
бітіргеннен кейін Маргарет біраз уақыт химия кәсіпорындарында жұмыс істеді.
      Алайда заң іліміне деген зор құштарлық өз дегенін істетіп,  ол  көңілі
хош көрген заң курстарында дәріс алды.
      Маргарет адвокат атағына емтиханды үздік тапсырып, адвокаттық кәсіппен
шұғылдана бастады. Ол белсенді өмірлік ұстанымы,  ойын  кернеген  күш-жігері
мен іскерлік құлшынысы арқасында 1959  жылы  Парламентке  сайланды.  Ол  сол
уақытта күйеуге шыққандығына және егіз  балалы  (ұл  мен  қыз)  болғандығына
қарамастан отбасы — ошақ қасымен шектелмей мемлекеттік  істерден  қол  үзген
жоқ.
      1970 жылы  Маргарет  Тэтчер  Эдвард  Хит  үкіметінде  оқу  және  ғылым
министрі болды. Ол  консерваторлар  партиясының  белсенді  мүшесіне  айналып
1975  жылы  Эдвард  Хиттің  консерваторлар  партиясында  жетекшілік   орынды
иеленді.  1979  жылы  партия  жалпы  сайлауда  жеңіске  жетті  және   Тэтчер
британдық тарихта тұңғыш рет әйел премьер-министрі болды.
      Маргарет Тэтчер үкіметті басқарумен қатар өз идеяларын табысты  жүзеге
асырды. Өткен жүз жылдықтың 70-ші жылдары консерваторлар үшін  цәтті  болды.
Билікке консервативтік  саясатшылар  келіп,  консервативті  идеялар  кеңінен
тарала  бастады.  Ол  бірден  салықты  төмендетіп,  үкіметтің  кәсіпкерлерге
бақылауын әлсіретті. Ол үшін әрбір британдықта жеке  үйінің,  меншіктің  кез
келген түрінің: қозғалмайтын мүліктің, автокөліктің болуы немесе  акцияларды
иеленуі аса маңызды еді.
      «Меншіккерлер демократиясы» немесе «Халықтық капитализм» тұжырымдамасы
Тэтчер қолындағы аса құнды бағдар болды.
      Оның философиясы мен практикасы  саясат  үшін  өте  сирек  «тэтчеризм»
деген сөзбен аталды. Тэтчеризмнің ерекшелігі — оның шағын  бизнесті  қолдап-
қуаттауы.   Тэтчердің   ұсақ    буржуазиялық    құндылықтар:    ұқыптылықты,
еңбексүйгіштікті,  шаруашылықты  үнеммен  жүргізуді,  өз  іцін  ашyға  деген
ұмтылысты  насихаттауы  кездейсоқ  емес.  Өзінің  ұцақ  саудагер   отбасынан
шыққандығын  Тэтчер  нағыз  жарнамалық  науқанға  айналдырып,  өзінің  қоғам
алдында «халықтан шыққан адам», «әйел-ана», халықтың  мұң-мұқтажын  бөлісуші
және көңіл-күйін түсінетін тұлға ретінде көрсете білді.
      Тэтчердің ұтқан жері  —  оның  шағын  бизнесте  экономикалық  өрлеуді:
техникалық жаңалықтарды игеруді, икемділікті,  яқыт  талабына  ілесе  білуді
көре білгендігі. Ол өзінің  практикалық  дағдылар  мен  іскерлігін  әкесінің
дүңгіршегінде жүрген  уақытында  шыңдаған  болатын,  ал  студенттік  шағынан
бастап ол экономика негіздерін  де  меңгерді,  өзіндік  ойлау  қабілеті  мен
батыл қадамдары тэтчеризмнің оң ісін ақыр аяғына дейін жеткізді.
      Тэтчеризм ретінде неоконсерватизмнің британдық нұсқасы  түсіндіріледі,
оған Маргарет Тэтчер қайталанбас әйелдік нақыш пен тың серпіліц  берді.  80-
ші жылдардағы Ұлыбритания «айбынды  арудың»  жігерлік  қызметінің  ықпалымен
дамыды. Бұл  үпдіц  қойылған  мақцаттан  бір  адым  аyытқыған  жоқ.  Ағылшын
тарихында билікте болған, ұзақтығы  бойынша  18-ші  ғасырда  премьер-министр
лауазымы енрізілген сәттен бастап, жетінші орын  алады.  Ол  11,5  жыл  бойы
билік тізгінін ұстады.
      Тэтчер жақтаушылары мүмкіндіктер теңдігін қолдады:  барлық  адамдардың
өмірдегі мәрелік жағдайы бірдей, алайда бұл  ешуақытта  нәтижелер  теңдігіне
жеткізбейді. Адамдар пайданы бөлісуде де,  ақыл-ой  қабілетін  көрсетуде  де
біпдей емес. Олар тіпті заң алдында да тең емес. (Бай адамдардың  кедейлерге
қарағанда жақсы адвокатқа ақша төлеу мүмкіндігі жоғары) Тэтчер  саясатындағы
негізгі сәт — оның «әрбір адамның маңызы бірдей» деп санауы.
      Сыртқы және ішкі саясаттағы  Тэтчердің  қатаңдығы  оны  «айбынды  ару»
атандырды.
      1990 жылдың аяғында оның танымалдығы  төмендей  бастады.  Оны  маңызды
мәселелерді  шешуде  шектен  тыс  «өзім  білемдікке»  салынды  деп   айыптай
бастады. Ол қайтадан консервативтік партия  басшысы  болып  сайланбады  және
қызметінен кетіп, орнын Джон Мейджорға босатып берді.
      Осы  бір  даңқты   әйелдің   жазған   естелігінің   алғашқы   басылымы
миллиондаған  данамен  таралды.  Маргарет   Тэтчер   тасы   өрге   домалаған
бизнесменнің әйелі,  екі  баланың  анасы,  Ұлыбритания  Корольдік  Қоғамының
мүшесі,  Соммервилл  колледжінің  Құрметті   профессоры,   Корольдік   химия
институтының Құрметті профессоры.


Тақырып № 4.3.12. Қазіргі замандағы өнер саңлақтары


1. Сэр Чарльз Спенсер (Чарли) Чаплин- әлемдік киножұлдыз.
2. Пабло Пикассо және сурет өнері.
3. Луи Армстронг -музыкадағы джаз өнерін әлемде танытушы тұлға.


      1. Сэр Чарльз Спенсер (Чарли) Чаплин; 16 сәуір 1889, Лондон  қ.  —  25
желтоқсан  1977,  Швейцария,  Корсье-сюр-Веве)  —   америка   және   ағылшын
киноактері киноактер, кинорежиссер,  сценарийші,  композитор  әрі  продюсер.
Оксфорд университетінің құрметті докторы (1962).  Шығу  тегі  —  ағылшындық.
Актердің отбасында дүниеге келген.
      Кистоун киностудиясы түсірген 1910  жылдардағы  қысқаметражды  фильмде
шыққан, кино әлеміндегі ең әйгілі кейіпкер Чарлидің бейнесін енгізген.  1914
жылдан  бастап  өзін  режиссерлік  қырынан  көрсете  бастап,  түсіп   жүрген
фильмдерінің сценарийін өзі жазған. 1919 жылы Чаплин  Мэри  Пикфорд,  Дуглас
Фэрбенкс  және  Дэвид  Гриффитпен  бірге  Юнайтед  артистис   киностудия-сын
құрған. Ол көптеген сыйлықтардың иегері .
      1897  жылдан  мюзик-холл  сахнасында,  ал  1907–1942  жылы  Ф.   Карго
жетекшілік  еткен  пантомима  театрында  ойнап,  актерлік  өнер   шеберлігін
жетілдірді. Әсіресе, ол  мұнда  мюзик-холлдың  талабына  орай  пластика  мен
пантомима өнерін үздік меңгерді.  Кинодағы  актерлік  және  режисерлік  өнер
жолын 1914 жылы АҚШ-та бастады. Қойған  фильмдерінің  сценарийлерін  де  өзі
жазды.
      Бірқатар  фильмдерінде  (“Қаңғыбас”,  “Банк”,  1915;   “Тыныш   көше”,
“Иммигрант”, “Ит  өмір”,  “Иыққа!”,  1917–1918)  лирикалық  және  комедиялық
бояуды  шебер  шендестіре  отырып,  “кішкене  адамның”  есте  қалар  жиынтық
бейнесін жасады. Пантомима мен комедия өнерін жан-жақты  дамыта  отырып,  өз
орнымен пайдалану  арқылы  “Нәресте”  (1920)  мен  “Алтынның  әлегі”  (1925)
фильмінде ақша  билеген  ортадағы  қорғансыз  жандардың  азапты  ауыр  өмір-
тұрмысын бейнеледі. Ол көп  қиындықтардан  кейін  1922  жылы  “Чарлз  Чаплин
фильм корпорейшен” деген атпен кинофирма ұйымдастырды. “Париж қызы”  фильмін
(1921) қоюмен өзінің  кинода  психологиялық  драма  жасаудың  шебері  екенін
байқатты.  Әсіресе,  “Пилигрим”  (1922)   және   “Цирк”   (1928)   фильмінде
әділетсіздік жайлаған астамшыл,  қатыгез  қоғамға  тән  өтірік  пен  өсекті,
кертартпалық пен мешеулікті, екіжүзділік пен сатқындықты өткір сынға алды.
      1931  жылы  қойған   “Үлкен   қаланың   оттары”   фильмімен   режиссер
шығармашылығының жаңа кезеңі басталды. Осы жылдары Чарли  “кішкене  адамның”
психологиялық мінез-күйін тереңдетіп,  барынша  әлеуметтік  мәселелерге  ден
қойды.
      “Жаңа  кезең”  (1935)  фильмінде  жұмысшылар   еңбегін   қанаушылықтың
антигуманистік табиғатын ашып  көрсетті.  “Ұлы  диктатор”  (1941)  фильмінде
фашияттік  диктатура  сатиралық  тұрғыда  бейнеленді.  Бұл  фильм  Чаплиннің
идеялық жағынан өсу  эволюциясын  айқындай  түсті.  2-дүниежүзілік  соғыстан
кейін пессимистік сарында “Месье Верду” (1947)  фильмін  жасады.  1952  жылы
АҚШ-та қойылған соңғы фильмі “Рампа оттары” кинокартинасында  адамның  асқақ
сезімдерін  паш  етті.  Реакциялық  топтардың  қудалауына  ұшыраған   Чаплин
отбасымен Веве қаласынана (Швейцария) қоныс аударды.
      Англияда “Король  Нью-Йоркте”  (1957)  және  “Гонконгтен  келген  граф
әйелі”   (1967)   атты   сатиралық-романтикалық   кинокартиналарын    қойып,
суреткерлік дарын табиғатының жаңа бір қырын танытты. Оның  шығарм.  АҚШ-тың
реалистік кино өнерінің қалыптасуына игі ықпал жасаумен қатар,  дүниежүзілік
кинокомедияның  дамуына  да  мол   үлес   қосты.   1954   жылы   Халықаралық
Бейбітшілік сыйлығын алды.
      2.Пабло Диего Хосе Франсиско де Паула Хуан  Непомусено  Мария  де  лос
Ремедиос Сиприано де ла Санти́сима Тринидад Мартир Патрисио  Руис  и  Пикассо
25 қазан 1881ж Малага, Испания — 8  сәуір  1973,  Мужен,  Франция)  —  испан
суретшісі, скульпторы, графигі, керамисті және дизайнері.
      Шыққан  тегі  испандық.  Пикассо  10  жасынан  суретшілік   талантымен
танылған. Ол Барселонадағы әсемдік өнер мектебінде, Мадридтегі  Сан-Фернандо
Академиясында (1897 — 98) оқыды.  1897  жылы  алғашқы  шығармашылық  көрмесі
ұйымдастырылады.  Руис  фамилиясынан  бас  тартқан  Пикассо  Парижге  (1900)
көшіп, коллекционер А.Воллардың  галереясында  көрме  ашты.  Пикассоның  осы
жылдардағы еңбектері — “көгілдір” (1901 — 04) және “қызғылтым” (1905  —  06)
кезең  туындыларына  жатады.   Бұл   екі   түсті   гамманың   басымдылығымен
ерекшеленетін  шығармаларының  басты  тақырыбы  —   жалғыздық,   қайыршылық,
кезбелік. Алғашқы үздік танылған картиналары: “Әйелдің басы”  (1903),  “Бала
ерткен қайыршы шал” (1903), “Шар үстіндегі қыз” (1905), т.б.
      1907 жылдан бастап Пикассо реалистік  кескіндеме  дәстүрінен  алшақтап
кубизм,  неоклассицизм,  сюрреализм  ағымдарына  бой  ұрды.  Оның   “Авиньон
бикештері”  (1907),  “Желпуіш  ұстаған  әйел”  (1909),  “А.Воллар  портреті”
(1910), “Үш  музыкант”  (1920)  атты  еңбектері  кубизм  тәсілінде  салынса,
неоклассицизм мәнерінде “Бастау басындағы үш әйел” (1921),  “Ана  мен  бала”
(1922)  шығармаларын  жазды.  Ал  “Би”  (1925),  “Жағажайдағы  әйел”  (1930)
картиналарында сюрреализм дәстүрінің негізі  сақталды.  1936  —  39  жылдары
суретші Испанияда өмір  сүріп,  фашизмге  қарсы  күреске  белсене  араласты,
өзінің  соғысқа,  фашизмге  деген  көзқарасын  саяси  өткір   картиналарымен
көрсетті. Осы тақырыпта  топтама  суреттер  “Генерал  Франконың  арманы  мен
өтірігі” (1937), үлкен трагед. композиция  “Герника”  атты  еңбектері  жарық
көреді. 1946  жылдан  Францияның  оңтүстігінде  өмір  сүрген  Пикассо  сурет
өнерімен қатар керамика,  мүсін  өнері,  балет  декорацияларын  жасаумен  де
шұғылданды.  1947  жылы  соғысқа  қарсы   қозғалыстың   символына   айналған
“Бейбітшілік  көгершінін”  дүниеге  әкеледі.  Соғысқа  қарсы   қозғалыстарға
белсене араласып, Дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесіне мүше болды.  Бейбітшілік
тақырыбындағы  өнер  туындылары  үшін  1950  жылы  Халықаралық   Бейбітшілік
сыйлығын алды.
      Сарапшылар Пикассоны ең «қымбат» суретші деп атады —  2008  жылы  оның
жұмыстарының тек ресми сатылымдарының көлемі 262 млн  долл[2]  құрады.  2010
жылдың 4 мамырында Пикассоның Кристис аукционында 106,482  миллион  долларға
сатылған «Жалаңаш, жасыл жапырақтар  және  мүсін»  картинасы  дүние  жүзінде
қашан да болсын сатылған ең қымда өнер туындысына айналды.
      1,4 млн оқырмандарға Тһе Таймс газеті 2009 жылы өткізген  сауалнаманың
нәтижелері бойынша, Пикассо соңғы 100 жыл бойы өмір сүргендердің  арасындағы
ең  жақсы  суретші  болып  мойындалды.  Оның  суреттері  ұрылардың  арасында
«белгілілігі» бойынша бірінші орында тұр.
      3.Луи Армстронг   1901  жылдың  4  тамызында   туылған,  Жаңа  Орлеан,
Луизиана — 1971 жылдың 6 шілдесінде қайтыс болған, Нью-Йорк)  —  американдық
джаз  кернейші,  вокалист  және   ансамбль   басшысы   (бэнд-лидер).   Дюком
Эллингтон, Чарли Паркер, Майлз Дэвис, Джон  Колтрейн  сияқты  музыканттармен
джаздың дамуына және бүкіл әлемде танымал болуына қомақты үлесін қосты.
      Луи (креолдық әдет бойынша осылай аталған), Жаңа  Орлеанның  ең  кедей
негрлік  ауданда  туылған.7  жасқа  толғанда  Армстронг  Карнофски  еврейлер
жанұясымен өмір  сүре  бастайды,   Олар  Сторивил  деген  бар,  клубтар,  би
залдары бар ауданда тұрған.  Армстронг  кішкентайынан  бастап  көмір  тасып,
газет сатып жұмыс істеген.
      Армстронг ерте  жасынан  бастап  далалық  вокалды  ансабльде  ән  айта
бастады, барабанда ойнап бірнеше жыл ішінде  есті  қабілетін  жақсы  дамытып
алды. Алғаш музыкалық білімін 1913 жылы  түсті  балаларға  арналған  «Уэйф’с
Хоум» түзету лагерь-интернатта алды,  ол  лагерьге  жаңа  жылда  пистолеттен
атқаны үшін түседі (ол пистолетті анасының  клиенті  бір  полисменнен  ұрлап
алады). Ол жерде тез арада үрмелі оркестрге қосылып,  тамбурин,  альтгорнде,
корнетте ойнауды үйренеді. Оркестр сол уақытқа дәстүрлі репертуар ойнаған  -
марш, полька  және  танымал  өлендер.  Лагерьден  шыққанда  музыкант  болуға
бекінеді.  Босанын,  ол  клубтарға  барып   жалға   алған   инструменттермен
жергілікті оркестрлерде ойнай бастайды. Сол кездегі қаланың  үздік  корнетте
ойнайтын музыкант болып саналған Кинг  Оливер  Луиді  өз  қарамағына  алады,
Армстронг оны өзінің нағыз ұстазы деп санаған.  1918  жылы  Оливер  Чикагоға
кетіп, Армстронг беделді тромбоншы Кид Ори ансамбліне кіреді. Пол  Домингес,
Затти Синглтон, Альберт  Николз,  Барни  Бигард  және  Луис  Рассел  секілді
музыканттар ойнаған Оскар «Әке» Селестинның «Тұхедо Брасс Банд»  ансамблінде
ауық-ауық өнер көрсете бастайды.
      Туған қаласының көшелерінде джаз парадтарға қатысады, Фэтс  Мэрейблдың
«Жазз-Е-Сазз  Банд»  тобында  ойнайды.  Ол  топ  Миссисипи  бойымен   жүзген
параходтардағы  дансингтерде  ойнаған.  Мэрейбл,  кәсіпқой  бэнд-лидер  бола
тұрып, жасөспірімге ноталық сауаттың негізін үйретіп,  Армстронг  мамандаған
музыкант болады. Музыканттар арасында Сачмо лақап атқа ие бола бастайды .
      1922 жылы  Оливерге  екінші  корнетист  қажет  болып,  ол  Армстронгты
Чикагоға  шақырады.  Олар  «Линкольн   Гарденсте»   (700   орынға   арналған
мейрамхана) «Цреоле Жазз Банд» оркестрімен  өнер  көрсетеді.  Бұл  бэнд  сол
кездегі Чикагода ен джазда бэнд болған, сондықтан бұл бэндтегі  жұмыс  Луиге
көп  тәжірибе  берді.  Чикагода  Оливердің  «Креолдық  джаз-бэнд»  құрамында
Армстронг  өзінің  алғашқы  жазбаларын  жасайды.  1924   жылы   екінші   рез
ансамбльдегі  пианист  әйел  Лил  Хардинге  үйленеді  (бірінші  әйелі   Жаңа
Орлеаннан сүйкімді жезөкше креолдық Дэйзи Паркер  еді).  Әйелінің  кеңесінен
кейін өзінің жеке мансабын  бастайды.  Армстронгтар  Нью-Йоркке  көшіп,  Луи
Флетчер Хендерсонның  оркестріне  жұмысқа  тұрады.  Осылай  оған  танымалдық
келеді, джаз сүйушілері оның "ыстық"  солосын  тындау  үшін  жиі-жиі  бэндке
келіп тұрады. Сол кезге қарай Луи Арсмтронгтің өзіндік стилі  қалыптасады.Ол
жарқын, суырып салма және ойлап тапқыш.


Тақырып № 4.4.13. ХХІ ғасырдың атақты ғалымдары мен жазушылары

1. Жеймс Хедли Биллингтон-американдық тарихшы ғалым.
2. Андре Гундер Франк-  халықаралық зерттеу ассоциациясының үздік ғалымы.
3. Дональд Редфорд -мысыртанушы,археолог ғалым.


     1. Жеймс Хедли Биллингтон 1929 жылдың 1 маусымында  Пенсильванияда
дүниге  келген.Американдық  тарихшы,  АҚШ   конгресс   кітапханасының   13-ы
директоры(01.01.1999) Халықаралық Ғылым Академиясының  мүшесі.
        «Lower  Merion»  жоғарғы  мектебін   тамамдаған.1950   жылы   ерекше
білімділігінің   арқасында   Принстон    университетіне    қабылданған.Родса
степендианты атанып,  оксфордтық  университетте  білімін  жалғастырған.  АҚШ
әскері қатарында  1957 дейін  қызмет етті,  кейін   Орталық  Ұлттық  бағалау
басқармасының талдау бөлімшесінде жұмыс істеді. 1962 жылдан бастап   Гарвард
университетінде   тарих  пәнінен  дәріс   оқыды.   1964   -   1974   жылдары
аралығында  Принстон университетінің  тарих  профессоры атанса, 1973 -  1987
жылдары  -  Вилсон   Вудросы  ғалымының  халықаралық  орталығының  директоры
атанды.  Ол  Джордж   Кеннан   атындағы   перспективалы   ресейлік   зерттеу
институтының негізін қалады.
      Орыс тарихы мен  мәдениеті  жайлы  бірнеше  кітаптардың  авторы.   АҚШ
конгресі  делегациясы құрамында КСРО және Ресейге бірнеше  рет  келді.  1988
жылы президент  Рональдты  Рейганды   КСРО-ға  сапарында   қарсы  алған.Орыс
тіліне жетік сөйлейді.  1999 жылы Биллингтон   Дмитрий  Сергеевич  Лихачепен
бірлесе отырып  ресей-американ  арасындағы   «ашық  әлем»  деген  бағдарлама
құрады,  сол арқылы   бұрынғы КСРО елінен 14 000 жас көшбасшы  АҚШ-қа  барып
қайтады.
      Джейс Биллингтон ресей ғылым академиясының  шетелдік  мүшесі,  сонымен
қатар  Мәскеу  мемлекеттік  университетінің    және   Тибилиси   мемлекеттік
университеттің  мәртебелі  докторы  атағымен,  бірнеше  орден   медальдардың
иегері болып табылады,
      2.Андре Гундер Франк  1929 жылы 24 ақпанда Берлинде  дүниге  келіп,  -
23 сәуір 2005 жылы , Люксембургта  дүниден  өткен)  -   саясаттанушы,  неміс
экономисті, әлеуметтанушы.
       Берлиннің әдеби көсемсөзшісі  Леонардо  Франктың   ұлы   Андре  Франк
Германияда дүниеге келді. 1933  жылыҰлтшылдар  билікке  келісімен  отбасымен
Швецарияға қоныс  аударды.  1941  жылға  дейін  эммиграцияда  жүріп  алғашқы
білімді  Швейцарияда алды.
       Филадельфияда  Свортморск колледжінде  Экономика   мамандығы  бойынша
білім алды. Докторлық дәрежені чикаго университінде   1957  жылы,  жетекшісі
атақты  монетарист  Фридман  Милтон  басшылығымен  "   Украинадағы    колхоз
ұйымы"атты экономикаға  тақырыбына  байланысты  диссертациясын  қорғады.  50
соңына дейін бірнеше амарикан университетерінде дәріс оқып жүрді. 1960  жылы
  Киевқа  атанған   шетелдік   маман   КСРО-дағы    ұжымдық    шаруашылықтың
тиімсіздігін  батыл дәлелдемек болып басы бәлеге қала жаздайды.
        1962  жылы  ол   Латын  Америкаға  қоныс   аударады.Онда  ол   Чилин
университетінде ара-тұра әлеуметтанушы  және  экономика  профессоры  ретінде
жұмыс  істеді,  1973  жылы  елде   әскери  төңкеріс  пайда  болғанға   дейін
Сальвадор  Альенге ақылшы  экономист  ретінде жұмыс  істеді.Әлемнің  жетекші
университеттерінде    антропология,  экономика,   тарих,   саясаттану   және
әлеуметтану пәндерін   оқытты. Бірнеше  Сыйлықтың  иегері  атанған  ол  1989
жылы ғаламдық  экономиканы   саяси  үнемдеу  ауқымы  бағытында   халықаралық
зерттеу ассоциациясының үздік ғалымы атағына ие болады.
      880 дей ғылыми мақаласы және кітаптары әлемнің 27 тіліне аударылған.
      3.Дональд    Редфорд    1934    жылдың    2    қыркүйегінде    дүниеге
келген.Пенсильвания  университетінің   Шығыс тарихы бойынша маманы,    тарих
профессоры, канадалық мысыртанушы және археолог.
      1998 жылға дейін  Торонто қаласында 29  жыл   университетте  профессор
лауазымын атқарған.
      1964 жылы Палестинада археологиялық  қазба жасады. Ол 20  жыл  бойы  ,
1968 жылдан бастап  Мысырдағы   ең  белгілі  археологиялық  экспедициялар  ,
Буто, Қарнақ(Осиристың храмы) және Мендесте  зерттеулер  жүргізді.  Әйелімен
бірге  1972-1976  жылдары   пенсильвания   университетінің  Эхнатон   храмын
зерттеуге арналған   арнаулы жобасына  басшылық етті.
      Дональд  Редфордқа   Библия   тарихының  бірнеше   төл   қағидаларының
идеясының иесі болып табылады.Ханаан мифологиясын зерттей келе ,   Моисейді,
гиксостарды талқылай келе деректің көне бастау алатын  жерін   ежелгі  Мысыр
екенін дәлелдеді . Ол VII ғасырлардағы тарихтың суреттемесін Библияда егжей-
тегжейлі жазылғаны туралы растап дәлелдеп көрсеткен.

Тақырып № 4.5.14. ХХІ ғасырдың ел билеуші тұлғалары мен саяси қайраткерлері

     1. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
     2.  Барак  Обама  -  Америка  Құрама  Штаттарының  44-інші   сайланған
        президенті
     3. Владимир Путин - четвёртый президент Российской Федерации

      1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  -   Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш
Президенті.  1940 ж.  шілденің  6 Алматы  облысы  Қаскелең  ауданы  Шамалған
ауылында дүниеге келген. 1967 ж. Қарағанды металлургия  комбинаты  жанындағы
жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.
      Қазақстан  Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының,   Халықаралық
инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар  академиясының
академигі.  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  ұлттық  университетінің
құрметті профессоры. Беларус ғылым  академиясының  құрметті  мүшесі.  М.  В.
Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
      Қызметі:
      1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
      1969—73 жж. — Қарағанды облысы  Теміртау  қаласындағы  партия-комсомол
жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
      1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
      1977—79 жж. — Қарағанды  облыстық  партия  комитетiнiң  хатшысы,  2-ші
хатшысы.
      1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
      1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
      1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
      1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ  КСР  Жоғары  Кеңесiнiң  төрағасы
болды.
      1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
      1991 ж.  желтоқсанның  1-інде  тұңғыш   рет   Қазақстан   Республикасы
Президентінің  жалпыхалықтық  сайлауы  өтті.  Сайлау  нәтижесінде  Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
      1995 ж.  сәуірдің   29-ында   жалпыхалықтық   референдум   нәтижесінде
Қазақстан Республикасы Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың  өкілеттігі  2000 ж.
дейін ұзартылды.
      1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н.
Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып  қайта
сайланды.
      2005 ж.  желтоқсанның  4-інде  сайлаушылардың  91,5 %  дауысын   алып,
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
      Реформалар:
      Жаңа тәуелсіз мемлекет  –  Қазақстан  Республикасының  (16.12.1991)  –
дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық  қауіпсіздік,  мемлекеттік  басқару  және
биліктің  бүкіл  тармақтарының  өзара  әрекет  ету  жүйесі  –   бар   ұлттық
мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз  байланысты.  Назарбаев
басшылығымен конституциялық құрылыс  процесі  жүзеге  асты,  ол  1995 жылдың
тамызында еліміздің Негізгі  Заңын  қабылдаған  бүкілхалықтық  референдуммен
аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса  зор
еңбегі болып табылады. Сөз бен  баспасөз  бостандығы,  сайлау  және  сайлану
құқығы, партиялар мен қоғамдық  бірлестіктер  құру  құқығы,  дін  бостандығы
сияқты азаматтық қоғамның  мызғымас  құндылықтары  нақ  соның  тұсында  ғана
конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік  өкімшіл-
жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және  бірегей  халық  шаруашылық  кешені
күйрегеннен кейін алапат  дағдарысқа  тап  болған  қазақстандық  экономиканы
өзгертуге  бағытталған  аса  ауқымды  шаралар  әзірленіп,   іске   асырылды.
Экономикалық  саясатты  және  демократиялық  өзгерістерді  ойдағыдай  жүзеге
асыруға  мемлекеттік  құрылымның  президенттік  республика  ретіндегі  халық
таңдаған үлгісі көп септігін  тигізді.  Түбегейлі  экономикалық  ырықтандыру
мен саяси реформалар белгіленген  өзгертулерді  пәрменді  жүргізуге  асыруға
көмектесті.
      1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет  ретінде
қалыптасуы  мен  даму  стратегиясын»  әзірлеп,  елдің   ішкі   және   сыртқы
саясатының бағыт-бағдарын айқындады.
      Соның нәтижесінде  1997 жылдың  басына  қарай  елде  макроэкономикалық
тұрақтылық  орын  алды,  инфляция  тоқтатылды,  өнеркәсіп  жанданып,  қаржы-
бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді,  зейнетақы  жинақтау
жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын  реформалау  жүзеге
асты.
      Назарбаевтың  «Қазақстан-2030»  стратегиясы  мемлекет  дамуының  басым
бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа  Жолдауында  Қазақстанның  бәсекеге
қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.
      Назарбаевтың экономист  және  саясаткер  ретіндегі  жеке  беделі  елде
қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына,  көптеген  мемлекеттермен  және
халықаралық қаржы институттарымен қарқынды  экономикалық  ынтымақтасуға  игі
ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен  күресуге,  тұрғын  үй
құрылысын  дамытуға  және  т.   с.   с.   бағытталған   ірі-ірі   әлеуметтік
бағдарламаларды іске  асыру  басталды.  Назарбаев  индустриалды-инновациялық
даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар  құрылды.
Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық  үлгі»  термині  пайда  болды.
Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын  қалыптастырды.
Оның көптеген бастамалары кең халықаралық  жаңғырық  тапты  әрі  мойындалды.
Мәселен, Семей ядролық полигонын  жабу,  ядролық  держава  мәртебесінен  бас
тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі  дәйекті
қызмет, т. б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы,  Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы
(ШЫҰ),  Еуразия  одағы  сияқты  халықаралық  құрылымдарды  дүниеге  әкелудің
бастамашысы.  Ол  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  47-сессиясында  құруды   ұсынған
Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары  жөніндегі  кеңес  (АӨСШК)  іс
жүзінде  жұмыс   істей   бастады.   Назарбаев   мәдениеттердің,   діндердің,
өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын  жолға  қоюға  көп  көңіл  бөледі.  2003,
2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты  өтті.

      Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар:
       ➢ Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
       ➢ Қазақстан менеджмент институты;
       ➢ Экономика және болжау институты;
       ➢ Қожа Ахмет Иасауи атындағы Қазақ-түрік университеті;
       ➢ Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті;
       ➢ Ұлттық Мемлекеттік заң университеті;
       ➢ Назарбаев Университетi бірқатар лицейлер мен колледждер;
       ➢ Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол  бойынша  жастар
         дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр;
       ➢  Аса   талантты   балалар   үшін   президенттік   «Дарын»   сыйлығы
         тағайындалған.
      Кітаптардың авторы:
         •  Н.  Назарбаев  бірқатар  ғыл.  еңбектердің   және   әлеуметтік-
           экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып  бойынша
           кітаптардың авторы:
         • «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983);
         • «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984);
         • «Экономика Казахстана:  реальность  и  перспектива  становления»
           (А., 1988);
         • «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития  Казахстана
           как суверенного государства» (А., 1992);
         • «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992);
         • «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана»
           (А., 1993);
         • «Нарық және әлеуметтік-экон. даму» (А., 1994);
         • «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996);
         • «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997);
         • «Тарих толқынында» (А., 1997);
         • «О времени, о судьбах, о себе…» (Лондон, 1997);
         • «Стратегия  трансформации  общества  и  возрождение  евразийской
           цивилизации» (М., 2002);
         • «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002);
         • «Сындарлы он жыл» (А., 2002);
         • «В сердце Евразии» (А., 2005).
      Басқа лауазымдары мен мансаптары
         ✓ Экономика ғылымдарының докторы (1993);
         ✓ ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен  шетел  оқу
           орындарының академигі;
         ✓ Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы;
         ✓ Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы;
         ✓ Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы;
         ✓ Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы;
         ✓ Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы;
         ✓ Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы;
         ✓ ОБСЕ-нің бас төрағасы;
         ✓ Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды.
      Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі
«Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген  елдерінің,  халықаралық
және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.
      Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев  пен  оның
пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер  ХХ  ғ.  соңында  пайда  болған
жаңа  тәуелсіз  мемлекеттер  тарихындағы   ең   табыстылардың   бірі   болып
есептеледі.
      Отбасылық жағдайы:
      Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықа
      Жұбайы — Сара Алпысқызы —  Халықаралық  «Бөбек»  балалар  қайырымдылық
қорын басқарады.
      Президенттің үш қызы бар:
      Дариға  —  саясат  ғылымдарының  докторы,   ЖАҚ   «Хабар»   Ақпараттық
агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы;
      Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады;
      Әлия  —  бизнеспен   айналысады,   «Элитстрой»   құрылыс   компаниясын
басқарады.
      Н. А. Назарбаевтің жеті немересі және екі шөбересі бар.
      2.Барак Обама (ағылшынша Barack Hussein Obama II ) ( 1961 ж.  тамыздың
4-і) - Америка Құрама Штаттарының  44-інші  сайланған  президенті,  Иллинойс
штатынан сенатор. Обама Американың  президенті  болған  тұңғыш  афро-америка
нәсілді адам. Барак Хуссейн Обама 1961 жылы тамыздың 4-інде Гавайи  аралында
Гонолулу қаласында дүниеге келген.
      Обама Колумбия университетін және Гарвардтағы Заң  мектебін  бітірген.
Колумбия университетінде халықаралық  істер  факультетін  тамамдап,  алдымен
шіркеу жанындағы топпен бірге кедей аудандардың тұрғындарына  көмек  көрсету
бойынша қайырымдылық жұмыстарымен  айналысады.  ВВС  деректеріне  қарағанда,
Обама әкесі мен өгей әкесі мұсылман  болғанына  қарамастан,  христиан  дінін
ұстанады... Гарвард университетінің заң мектебін бітіріп,  заң  ғылымдарының
докторы атағын алғаннан кейін де ол  кемсітушілікке  ұшырағандардың  құқығын
қорғауға құлшына кіріседі. Азаматтық құқық саласында жұмыс істеді. 1997  мен
2004 жылдары арасында Илиинойс штатының сенатында  үш  мерзім  қызмет  етті.
1992 мен 2004 жылдары арасында Чикаго Заң  мектебінде  конституциялық  құқық
бойынша дәріс оқыған. 2004 жылы  қарашаның  айында  70  пайыз  дауысымен  ол
Сенатқа сайланды.
      Обаманың жұлдызды сәті
      Дегенмен  жас  саясаткер  ел  назарын  алғаш  төрт  жыл   бұрын   ғана
Демократиялық партияның жиынында Ирактағы соғысты қатты  сынға  алған  кезде
аударған.  Обаманың  шешендігі  көпшілікті  тамсандырып,  саясаткердің  тасы
бірден өрге домалайды. Ол бір-ақ сәтте ұлттық  деңгейдегі  тұлғаға  айналып,
рейтингісі  күрт  көтеріледі.  Ал  бар-жоғы  төрт  айдан  кейін  ол   өзінің
республикашыл қарсыласы Алан Кейсті бұрын-соңды болмаған  жетістікпен,  яғни
70 пайыз  басымдылықпен  жеңіп,  Америка  тарихында  Конгрестегі  5-ші  қара
нәсілді сенатор атанады. Дегенмен алға жылдам  жүйткіген  Обама  мұнымен  де
тынбайды. Тағы 39 ай  өткенде  ол  өз  партиясы  атынан  президент  додасына
қатысу үшін  тіс-  қаққан  саясаткер  Хиллари  Клинтонмен  бәсекеге  түседі.
Кінәмшілдер  сол  кезде  жас,  тәжірибесіз  Обаманың  мүмкіндігіне  күмәнмен
қараған. Алайда азғана уақытта Голливуд жұлдыздарынан бастап  журналистердің
де сүйіктісіне айналып  үлгер  ген  Обама  бұрынғы  бірінші  ханымды  маусым
айында шаң қаптырады.
      2008  жылы  қарашаның  4-інде  өткен  президенттік  сайлауында  жеңіп,
президент болып сайланды. 2009 жылы Нобель бейбітшілік сыйлығын алды
      Обаманың саясаты
      Обаманың сайлау алды тұғырнамасы «америкалық арманды»  жүзеге  асыруға
негізделген. Оның түсінігінде, америкалықтардың  арманы  –  баспаналы  болу,
медициналық көмек алу  және  балаларына  білім  беру.  Ол  тіпті  1995  жылы
«Әкемнен қалған армандар» деген кітабын да жариялаған. Айта кету  керек,  ол
билікке келген жағдайда Ирактан америкалық АҚШ әскерін  2009  жылдың  наурыз
айына дейін шығарып, АҚШ-қа әлемнің көшбасшысы мәртебесін  қайтаруды  мақсат
тұтқан.  Алайда  оның   бұл   мәселедегі   кейбір   пікірлері   саясаткердің
қызуқандылығынан хабар берген. Мысалы, ол Дж.Бушты  сынай  отырып,  Ирактағы
америкалық жауынгерлердің өмірі зая кетті деп ашық мәлімдеген. Осыдан  кейін
оның бұл мәселе бойынша бірнеше мәрте кешірім сұрауына тура келген...  Обама
кейбір посткеңестік елдермен АҚШ-тың болашақ саясатына  қатысты  да  пікірін
білдірген. Айталық, ол «Ресей АҚШ-тың жауы да, жақын одақтасы да  емес»  дей
отырып, «Америка Ресейден көбірек демократия пен ашықтықты талап  етуден  де
бас тартпауы тиіс» дегенді алға тартқан. Қалай болғанда,  Батыс  басылымдары
Обаманың айрықша харизмасының арқасында ақша мен адам  жинаудан  алдына  жан
салмайтынын баяндайды. Мысалы,  сайлау  науқаны  кезінде  Обама  интернеттен
шағын көлемдегі ақшалар мен корпоративті донорлардан қомақты қаржы  тартудан
рекордтық көрсеткішке жеткен.  Оған  қоса  ВВС  Обаманың  100  мыңнан  астам
адамды оңай  жинап,  оларды  шеруге  шығаруға  қабілетті  екендігін  тамсана
жазады.
      3.Владимир Владимирович Путин  —  Ресей  Федерациясының  2-президенті.
Владимир Владимирович Путин 1952 жылы 7 қазанда Ленинградта дүниеге  келген.
1975 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің заң факультетін  бітіргеннен
кейін  мемлекет  қауіпсіздігі  органдарына  жұмысқа  жіберілген.   1985-1990
жылдар  аралығында  сол  кездегі  ГДР-де  болғаны  да  бар.  ЛГУ  ректорының
көмекшісі, қалалық кеңес төрағасының  кеңесшісі,  Ленинград  мэрінің  сыртқы
байланыстар  комитетінің  төрағасы  сияқты  қызметтер   атқарған.   Владимир
Владимировичтің мықшегедей мықтылығы, шиыршық атқан  шымырлығы  1999  жылдың
тамызында Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы болып  тағайындалған  тұстан
бастап шындап танылды.  Сол  жылдың  31  желтоқсанынан  Ресей  Президентінің
міндетін атқаруға кіріскен.
      Елді Путин басқарғалы бергі сегіз жылдың басты олжасы –  отаншылдықтың
орасан артқаны. Путин Ресейдің біртұтастығын сақтауды  салған  беттен  қатты
қолға алды. Ол 2000  жылғы  26  наурыздағы  президент  сайлауынан  кейін  өз
қызметіне ресми түрде 7 мамырда кірісті.  Іле-шала  13  мамырда  Путин  жеті
федералдық округ құру туралы ұсыныс жасап,  ол  округтарға  өзінің  өкілетті
өкілдерін тағайындады, сөйтіп  өңір  басшыларына  өзінің  ықпалын  күшейтті.
Араға  10-ақ  күн  түскенде,  17  мамырда  Парламенттің  жоғарғы   палатасын
жасақтаудың   жаңа   тәртібін   енгізді.   Оған   дейін   Федерация   Кеңесі
губернаторлардан  құралатын,  губернаторлар  әрі   орындаушылық,   әрі   заң
шығарушылық  құқықтарға  ие  болатын,  енді  олар  Федерация   Кеңесіне   өз
өкілдерін жіберетін болып белгіленеді. Сол күні Путин Орталық пен  федерация
субъектілерінің  қарым-қатынасына  байланысты  тағы  бір   маңызды   бастама
көтереді, оның мәні  негізінен  өңірлік  лидерлердің  орынсыз  дабырайтылған
ықпалын кемітуге тірелетін. Бұл жолда Путин ештеңеден  тайынған  жоқ.  Тіпті
2004 жылдың  күзінде  Бесланда  болған  лаңкестік  шараны  да  өз  мақсатына
пайдалана білді:  бірнеше  күннен  кейін-ақ  Мемлекеттік  Думаға  губернатор
сайлауларынан бас тарту туралы заң жобасын  енгіздірді,  губернаторлар  есін
жиып  үлгергенше  депутаттар  заңды  қабылдап  та  жібереді.  Путин  билікке
келісімен-ақ басталған екінші чешен соғысы оның  алған  беттен  қайтпайтынын
анық  көрсетті.  Дубровкадағы  Театр  орталығында  лаңкестер   көрермендерді
кепілдікке алып, қойылған шартқа  келіспей  тұрған  тұста,  тіпті,  әлеуетті
күштер театр  залына  улы  газ  жіберіп,  лаңкестермен  бірге  залда  қалған
санаулы көрермендерді де амалсыз құрбандыққа шалуға дейін барды. 2005  жылғы
13 қарашада Нальчиктегі бүлікті қанға бөктіріп басу, 2005 жылғы  8  наурызда
Аслан Масхадовтың, 2006 жылғы 10 шілдеде  Шәміл  Басаевтың  көзін  жою  енді
Ресей жерінде Буденновск қырғыны сияқты масқара  жағдай,  Хасавюрт  келісімі
сияқты шегініс болмайтындығын бүкіл әлемге ашық айттырды.  Мемлекеттік  Дума
тиісті заңға қаза тапқан  лаңкестердің  денесін  жер  қойнына  тапсыру  үшін
туған-туысқандарына беруге тыйым салатын түзетулер енгізді.  Батыстағылардың
адам  құқы  деп,  жариялылық  деп,  сөз  бостандығы  деп  шу  көтергендеріне
қарамай, Путин  әкімшілігі  Кавказдағы  соғыс  тақырыбын  бұқаралық  ақпарат
құралдарында көрсетуге, жазуға іс жүзінде  тыйым  салды.  Бұл  орайда  соғыс
жағдайында   БАҚ-тардың   мүмкіндігі   мемлекет   тарапынан   шектелетіндігі
жөніндегі халықаралық құқық нормалары ептілікпен пайдаланылды. Осыдан  сегіз
жыл бұрын лаңкестер Дағыстанға басып кіріп, Ресейдің әр жеріндегі  қалаларда
үйлерді жарып жатқан еді. Бүгінде елдің ыдырауы толық тоқтатылды,  Солтүстік
Кавказдағы  соғыс   өрті   өшірілді,   Чешенстан   федерацияның   толыққанды
субъектісіне айналды.
      Елді әкімшілік-территориялық  және  саяси  орталықтандыру  мәселесінің
шешілуі Президентке бүкіл билікті біржолата бергізді әрі оның  жауапкершілік
жүгін  де  күрт  арттырды.  Федерациялық  Ресейдің  бұл  жолдан  бас  тартуы
унитарлық Қазақстанның жағдайында ел тағдырына эксперимент жасауға тіпті  де
болмайтынын анық ұғындырып берді.
      Путин елді басқарған  алғашқы  жылдардың  өзінде  билікті  меншіктеуге
тыйым салынды, билік олигархтар қолынан алынды, сөйтіп, халықтың  мемлекетке
сенімі  қалпына  келтірілді.  Путин  ақпараттық  империялардың  олигархтарға
тәуелділігі жағдайында ешқандай  да  мемлекеттік  идея  көңілдегідей  жүзеге
асырылмайтынын әуел бастан-ақ  айқын  ұғынады.  Ол  істі  Ельциннің  тұсында
қолға алмауының өзінен Путиннің ақылы мен айласы,  арыны  мен  абайлағыштығы
қатар жүретін сұңғыла саясаткерлігін  көреміз.  Ельцинді  екінші  рет  таққа
отырғызуға  барын  аямаған  Борис  Березовскиймен   бетпе-бет   келу   Борис
Николаевичке қарсы шығудай  қабылданар  еді.  Чешенстандағы  террорға  қарсы
операцияларды көрсетуге байланысты  қойылған  шектеулерді  бұзған,  Путиннің
өзінің қадірін кетіруге арналған хабарлар  дайындаған  арналардың  иелері  –
В.Гусинский мен Б.Березовский  бірінен  кейін  бірі  шетелге  қашуға  мәжбүр
болады. Қалың қалталылардың саясатқа сұғынуы  қандайлық  қатер  екенін  анық
білетін Путин келесі  соққысын  ЮКОС-тың  иесі  М.Ходорковскийге  бағыттады.
Ресей сарапшыларының жазуына қарағанда,  Ходорковский  2003-2004  жылдардағы
сайлау науқаны кезінде  Думаға  өтетін  партияларды  қаржыландыра  бастаған.
Қалай дегенде де, Путин өз оппоненттерін материалдық  ресурстардан  айырудың
құқықтық  тетіктерін  дәл  таба  біледі.  Ондаған  миллиард  долларлық  жеке
байлығы бар Гусинскийдің де, Березовскийдің де,  Ходорковскийдің  де  табиғи
монополияларындағы   қисапсыз   қаржының   қайнар   көзі   жекешелендірудегі
жөнсіздік екенін дәлелдеп,  Ходорковскийді  қамауға  алып,  артынша  ЮКОС-ты
қайта  жекешелендіру  Кремльдің  ақшалы  алпауыттармен  айқасындағы   айтулы
жеңісіне айналды. Путин оларды еврей  ұлтының  өкілдері  ретінде  қудаламай,
заңды белден басып байыған тойымсыздар ретінде қудалайды.
      Экономикадағы табыстар
      Оның тұсында  елдегі  экономикалық  және  саяси  құлдырау  тоқтатылды,
көпсубъектілі  экономикаға  негіз   қаланды,   90-жылдардағы   жекешелендіру
кезінде жол берілген  қателіктерді  түзету  қолға  алынды,  Ресейдің  сыртқы
қарызын күрт кемітудің сәті түсті, экономиканың  инновациялық  сипатына  бет
бұру басталды, халықтың әл-ауқаты анағұрлым  жақсарды.  Өткен  сегіз  жылдың
ішінде Ресейде адамдардың  нақты  табысы  2,5  есе  артты.  Жұмыссыздық  пен
кедейшілік мөлшері 2 еседен артық  кеміді.  Экономикаға  тартылған  шетелдік
инвестицияның көлемі 7 есе өсті. Ресейдің шетелдермен сауда айналымы  5  есе
артты.
      Путиннің осы сегіз жылда тындырған тағы бір ірі ісі – Ресейдің әлемдік
аренаға  қуатты  мемлекет  ретінде  қайта  оралғандығы.  Ресей   халықаралық
аренадағы абыройын бірте-бірте қалпына келтіре бастады.

Тақырып № 4.6.15. Қазақстан және  ХХІ  ғасырдың  спорт  саласындағы  танымал
адамдар

        1. Илья Ильин – әлем спорт саңлағы
        2. Жансая Әбдімәлік – төрт дүркін әлем чемпионы, гроссмейстер
        3. Ольга Рыпакова – елі сүйер спорт жұлдызы


      1.Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда)  -  Қазақстандық
зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстан  чемпионы,  Әлемнің  үш  дүркін  чемпионы
(2005, 2006, 2011) және Олимпиада ойындарының  екі  дүркін  чемпионы  (2008,
2012)  [1].  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  спорт  шебері.  "Динамо"   спорт
клубының   құрамында   өнер   көрсетеді.   Қазақстан   Республикасы   Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.
      Илья Ильин  1988  жылдың  24  мамырында  Қызылорда  қаласында  дүниеге
келген. Отбасында үш ұл  баланың  кенжесі.  Әкесі  -  Анасы  -  Спорт  залға
алғашқы рет алты жасында үлкен  ағасы  Андрейге  еріп  келді.  Ағасы  Андрей
бокстан  Қазақстан  біріншілігінде  бірнеше  рет  жеңімпаз  атанған  спортшы
болатын.
Балалық  қызығушылықпен  ауыр  темірлерді  көтеруді  үйренді.  Бірақ  арнайы
секцияда жаттығуды сегіз  жасынан  бастады.  Алғашқы  бапекері  Вилорий  Пак
болатын.

      Ауыр атлетикамен айналысып жүрген ағасы  Алексейдiң  жанынан  бiр  елi
қалмайтын кiшкентай Ильяның  дарынын  байқаған  Вилори  Викторович  Пак  оны
бiрден өзiне тартқан көрiнедi.  Сөйтiп,  тоғыз  жасында  Қазақстан  чемпионы
атанған Ильин осы уақытқа дейiн  тоғыз  рет  шет  елге  шығып,  ешқайсысында
жеңiлiстiң кермек  дәмiн  татып  көрмептi.  Жарақатына  байланысты  бiр  жыл
спорттан тыс жүрген Ильяның өзiнiң  айтуынша,  99  пайызға  бұрынғы  қалпына
келген тәрiздi.Ол жастар  мен  ересектер  арасында  екі  рет  әлем  чемпионы
атанды. Дәл осындай балғын шағында дүние-жүзінің  теңдессіз  атлеті  атанған
азаматтар жер бетінде  жоқ.  Оның  асқан  шеберлігіне,  мінсіз  техникасына,
жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес. Ауыр атлетика  саласындағы
ең жас  әлем  чемпионы  ретінде  Гиннестің  рекордтар  кітабына  енген.  лем
Чемпионаты (2005)

2005 жылы Ауыр  атлетикадан  Әлем  чемпионаты  Қатар  елінің  астанасы  Доха
қаласында өтті. Илья Ильин 17 жасында алғашқы рет ересектер арасындағы  әлем
жарысына қатысты және бұл көрсеткіш бойынша  Гиннестар  рекорд  кітабына  ең
жас әлем чемпионы  ретінде  жазылды.  Илья  ерлер  арасында  85  кг  дейінгі
салмақта өнер көрсетті.
      Пекин олимпиадасы қазақстандық  жас  дарын  Илья  Ильин  үшін  алғашқы
болатын. Бірақ Илья бұл жарсықа екі дүркін  әлем  чемпионы  ретінде  қатысты
және жарыстың негізгі жеңімпазы  ретінде  қарастырылған  болатын.  Қазақстан
жұртшылығы да Ильядан алтын медаль күткен еді.
      Ауыр атлетикадан 94кг дейінге ерлер арасындағы  жарыс  17  тамыз  күні
Аэронавтика және астронавтика университетінің спортзалында өтті. Илья  Ильин
серпе көтеруде 226  кг  бағындырып  аталған  сайыс  түрінде  әлемдік  рекорд
орнатты.
Жарысқа 21 атлет қатысты. Илья Ильиннің негізгі қарсыласы  ретінде  ресейлік
Александр Иванов болатын. Баспасөз беттерінде  берген  сұхбаттарында  Иванов
Ильяны анық жеңетіндігін айтып жүрді. Иванов 2010 жылғы Әлем  чемпионы.  Сол
жылы Илья әлемдік жарысқа қатыспаған болатын. 2011 жылғы Парижде өткен  Әлем
чемпионатында Ильин  мен  украиналық  Артем  Ивановтың  көтерген  салмақтары
бірдей болды. Дегенмен Ильяның өз салмағы Артем Ивановқа қарағанда  жеңілдеу
болғандықтан  жеңімпаз  ретінде  аталды.  Ресейлік  Александр   Иванов   тек
төртігші орында қалды. Ильяның салмағында жарысқа түсетін  тағы  бір  әйгілі
атлет украиналық Артем Иванов Лондон ойындарына келмеді.  Сондықтан  негізгі
екі атлетпен бірге  ирандық  жас  дарын  да  чемпиондықтан  үмітті  болатын.
Алайда  маңызды  салмақты  көтере   алмады.   Әлемнің   мықты   атлеттерінің
арасындағы келесі маңызды кездесу Лондон Олимпиадсында жалғасты.
      Жұлқа көтеру сайысында қазақстандық,  ресейлік  және  корей  спортшысы
бірдей 185 кг салмақты көтерді. Өз салмағының аздығына байланысты  Иванов  -
бірінші, Ильин-екінші, Ким Мин Жае - үшінші болды.
Серпе көтеру сайысында Илья 233 кг көтеріп жаңа әлем рекордын  орнатты.  Екі
сайыс қорытындысы бойынша 418 кг  көтеріп  Илья  әлем  рекордын  екінші  рет
жаңартты. Бұған  дейінгі  әлем  рекордын  Олимпиада  ойындарының  үш  дүркін
чемпионы Каха Кахиашвили 1999 жылы орнатқан еді.
      Ресейлік "Советский спорт"  газеті  өз  спортшысының  Илья  Ильин  деп
аталатын "терминаторға" жеңілгендігін айтыпты.
      Қос сайыс бойынша соңғы  көрсеткіштер  келесідей  болды:  .  Илья  бұл
жетістіктерінің   мүмкін   болуына   ресейлік   екі    атлеттің    көрсеткен
бәсекелестігінің арқасында жеткенін айтады.  Егер  олар  болмағанда  әлемдік
рекордқа бару қиын болар еді деп мәлімдеді.
      2.  Өзінің  он  жасында  Қазақстан  қоржынына  он  шақты  алтын  салып
үлгерген балауса қызды қалай құрметтемеске? Жансая  бұл  жолы  да  құралақан
емес, «Айқынға» алтынымен бірге келген  екен.  Түркияның  Кайсери  қаласында
өткен шахматтан әлем  чемпионатының  алтын  медалін  жеңіп  алды  Жансая!  6
жасынан   шаршы   тақтаның   шаңын   қағып   жүрген   Жансаяның   бұл   әлем
чемпионатындағы алғашқы жеңісі емес, осыдан екі жыл  бұрын  Въетнамда  өткен
әлем біріншілігінде де ол алтын иеленген болатын.  Кейін  қыздар  арасындағы
додада  дес  бермейтінін  білген  оның  бапкері,  халықаралық   гроссмейстер
Николай Перегудов ер балалар арасындағы бәсекеде  бақ  сынатып  көрген  еді.
Әрине,  шеберлікті  шыңдау  мақсатында.  Сөйтіп,  Жансая  2009  жылы   өткен
біріншілікте ер балалар арасында жалғыз қыз болып, 19-орынды межелеген  еді.
Мұның өзі – үлкен жеңіс. Биыл шахматшы қыз қыздар арасына қайта қосылып,  өз
шеберлігінің әлдеқайда толысқанын тағы бір  дәлелдеді.  Жансаяның  жеңісі  7
ойыннан кейін-ақ  белгілі  болған,  алайда  ол  чемпионаттағы  барлық  тоғыз
ойынды да ұтыспен аяқтап,  бірде-бір  қарсыласына  дес  бермеді.  Редакцияға
Жансаямен бірге келген анасы Алма Әшірова қызының  шахматқа  деген  әуестігі
қалай пайда болғанынан бастап, бүгінгі жетістігіне дейін әңгімелеп берді.  –
Жансая алты жасынан бастап шахмат ойнай бастады. Әкесі  –  Данияр  Әшіровтің
өзі шахматтан спорт  шебері  ғой,  шахмат  үйірмесіне  барып  жүрген  ұлымыз
Санжардың қасына Жансаяны да жаздырған. Ол  кезде  қызымыз  балабақшаға  да,
мектепке де бармайтын,  6  жастағы  бала  ғой,  бапкер  Тамара  Гудова  «оны
аптасына бір-ақ мәрте әкеліңдер» деді. «Әлі  түсінбейді,  өзгелерге  кедергі
келтіреді» деп ойлаған болуы керек. Алайда екі апта  өтісімен-ақ,  Жансаяның
ойнау қабілетін байқады ма, оны күнде әкелуді  тапсырып,  Жансаядан  чемпион
шығаруға уәде етті,- дейді А. Әшірова.  Гудованың  уәдесі  ұзаққа  бармай-ақ
орындалған. Жансая алты жасында-ақ  Алматы  чемпионы,  7  жасында  Қазақстан
чемпионы  атанды.  Осы  жасында  Біріккен  Араб   әмірлігінде   өткен   Азия
біріншілігінде  7-орынды  иеленген.  –  Әрине,  бұл  қызымыздың  халықаралық
жарысқа алғашқы қатысуы болатын. Десек те, 7-орынды қанағат  тұтып,  кейінгі
жарыстарға дайындала түстік. Жансая үмітті ақтады. 2007 жылы Түркияда  өткен
әлем біріншілігінде 4-ші, келесі жылы  Иранда  өткен  Азия  біріншілігі  мен
Въетнамда  өткен  әлем  чемпионатында  бірінші  орынды  жеңіп  алды.  Бұл  –
Жансаяның әлемдік аренадағы алғашқы жеңісі болса, кеше ғана  Түркиядан  тағы
бір алтынды қанжығаға байлап келіп отырмыз, – дейді бақытты  ана.  Жансая  –
Қазақстан бойынша 8 жасында спорт шебері кандидаты  атағын  қорғаған  жалғыз
ғана шахматшы. Әлемге танымал Карпов, Каспаров секілді спортшылардың  өздері
бұл дәрежені 11, 12 жастарында иеленген. Ендігі меже – спорт  шебері  атағын
қорғау.  Бұл  үшін  қыркүйекте  Жансая   Ресейде   өтетін   рейтинг   көтеру
жарыстарына қатысады. Жеңіп жатса, спорт шебері  атанады.  Жансая  күніне  5
сағат шахмат ойнайды екен.  Үйірмеде,  болмаса,  ағасы  –  Санжар,  әкесі  –
Данияр бар. Екеуі  де  мықты  қарсылас.  Санжар  –  Қазақстанның  екі  мәрте
чемпионы. Әкесі – халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Данияр қызын  «шахмат
патшайымы» деп атайды. Онысы тегін де емес. Жансаяның сүйікті, оң  жамбасына
келетін фигурасы да – ферзь (патшайым) бен жылқы. Қазір ол 4-сыныпта  оқиды.
Оқу үлгерімі жақсы, әсіресе  математикадан  мығым.  Әрине,  жарыстарға  бару
үшін сабақтан жиі қалуға тура келеді. Бірақ болашақта спорт министрі  болып,
шахмат үйірмелерін ашқысы келетін Жансая үшін оқу да керек. Сол үшін де  бос
уақытын  өзге  пәндерді  пысықтауға  жұмсайды.  –  Шахмат  –  менің  өмірлік
серігім.  Халықаралық  жарыстарға  қатысу  арқылы  көптеген  достар  таптым.
Әрине, шаршы тақтаға отырғанда, олар  қарсылас  бола  берсін,  бірақ  өмірде
жақсы  достарым.  Қазір  әзірбайжандық  жақын  досым   бар,   хат   жазысып,
хабарласып тұрамыз. Түркияда өткен біріншілікте де түрлі қызықтар  болды.  7
ойыннан кейін жеңісімді білсем де, барлық ойынды ұтыспен  аяқтауға  тырыстым
және соған қол жеткіздім. Бұл жеңісімді  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  70
жас  мерейтойына  арнаймын,  –  дейді  екі  дүркін  әлем   чемпионы   Жансая
Әбдімәлік.
      Біздің елде шахматшылар отбасынан шығып, әлем чемпионы атанған адамдар
көп емес. Солардың  қатарына  Дәрмен  Сәдуақасовты,  соңғы  кездері  көрініп
жүрген Әсел Серікбай, Бибісара  Асаубаева,  Динара  Сәдуақасованы  жатқызуға
болады. Олардың бәрі бір-екі рет  чемпион  атанған  отандастарымыз.  Алайда,
бізде Жансая есімді қаршадай қыздың нәтижесін қайталаған әзірге  ешкім  жоқ.
Иә, балауса жас қазірдің өзінде спорт  шежіресіне  алтын  әріппен  жазылатын
атақтарға  ие  болып  отыр.  Атап  айтқанда,   оның   көптеген   халықаралық
турнирлердің   жеңімпазы,   Азия   чемпионы   атағымен    қоса,    шахматтан
жасөспірімдер арасында төрт дүркін әлем чемпионы  атанғанын  жанкүйерлерінің
бәрі жақсы біледі.
      Жалпы, Жансаяның өзі шахматшылар отбасынан шыққан, ала тақтаға кішкене
кезінен үйір болып өскен бала екен. Оның әкесі Данияр Әшіровтің өзі де  бала
кезінен шахматты алабөтен жақсы  көріпті.  Сондықтан  болар,  ол  тұла  бойы
тұңғышы Санжар мен Жансаяны  кішкене  кезінен  шахматқа  баулыған  көрінеді.
«Біздің отбасымыз – шахматшылар  отбасы.  Өзім  бұл  ойынмен  бала  кезімнен
айналысып келемін.  Шахматқа  балаларым  Санжар  мен  Жансаяны  баулығаныма,
қазір солардың еліміздің намысын қорғап  жүргеніне  Жаратқанға  мың  да  бір
алғыс  айтамын.  Тұңғышым  Санжардың  шахматтан   атақтары   бар.   Көптеген
жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанған. Ал Жансая қызымның жөні  тіптен  бөлек
десем, артық айтқандық емес», – дейді ол.
      Иә, Жансаяның әкесі айтқандай, оның шахматқа  қалай  келгені,  алғашқы
жеңісі  өз  алдына  бір  әңгіме  деуге  болады  десек,  Жансаяның   шахматқа
қызығушылығы ерте ояныпты. Ағасы  Санжармен  бірге  кішкентай  кезінен  КСРО
спорт  шебері  Тамара  Гудоваяның  қарамағында  жүріп,  шахматпен   айналыса
бастаған  Жансая  6  жасында  8  жасқа  дейінгі  қыздар  арасында  Алматының
чемпионы атанса,  келесі  жылы  Қазақстан  чемпионы  болады.  Жансаяның  осы
жетістігі туралы әңгімелеген әкесі: «Шынын айту керек,  біз  шешесі  екеуміз
қызымыздан алғашында мұндай нәтижені күтпеп  едік.  Ол  бірнеше  турнирлерде
тек бірінші орынды  жеңіп  алғанда  барып,  оның  қабілетіне  әбден  көзіміз
жетті», дейді.
      Содан Жансая 7 жасында  бір  іріктеу  турнирінде  әлемде  алғаш  болып
бірінші разрядтың нормасын  орындайды.  Осы  арада  әлемге  әйгілі  Анатолий
Карпов, Гарри Каспаров, Майя Чебурданидзелердің бірінші  разрядтың  нормасын
тек 9 жасында ғана орындағанын айта кетсек дейміз.
      Жансая әлем чемпионатындағы алғашқы жетістігін 2007 жылы көрсетті. Осы
жылы ол Түркияның Анталия қаласында өткен әлем  чемпионатына  қатысады.  Сол
жарыста қарсыластарынан бір жас кіші болса да, әлем және Азия  чемпиондарына
лайықты қарсылас бола білген қазақтың қаршадай қызына күміс медальға  жетуге
жарты ұпай ғана жетпей қалады. Осы күміс жүлдені қанағат тұтқан Жансая  одан
кейін Павлодар мен Алматыда ел чемпионы атанып,  2008  жылы  Иранның  Теһран
қаласында Азия чемпионатының бас жүлдесін  жеңіп  алады  және  ең  жас  Азия
чемпионы атанды.  Сол  кезде  оның  шеберлігіне  халықаралық  шебер  Николай
Перегудовтың бас бапкері тәнті  болып,  Жансаяның  өте  тамаша  комбинациялы
ойын өрнегіне ризашылығын білдіреді.
      Содан кейін оның жеңіске деген ынтасы артып, сол жылы Вьетнамда  өткен
әлем чемпионатында Түркияда жіберген есені қайтаруға тырысады. Бұл  бәсекеге
72 мемлекет қатысса, Қазақстан командасынан 14 шахматшы барған болатын.  Осы
жарыс туралы Жансаяның әкесі және жеке бапкері  Данияр  Әшіров  қызының  жас
мөлшеріндегі тобында 55 шахматшы бақ сынасқанын,  жарыстың  алғашқы  күндері
оларға оңай болмағанын айтады.  «Жансая  бірінші  турда  Иран  шахматшысынан
жеңілуге мәжбүр болды, – дейді ол. –  Дегенмен,  қалған  он  турдың  бәрінде
жеңіске жетті. Сөйтіп, мүмкін болған 11 ұпайдың 10-ын  иеленіп,  тұңғыш  рет
әлем чемпионы атағын иеленді. Жансаяның соңғы  партиясы  ғаламторда  тікелей
трансляция арқылы көрсетілді».
      Осы жарыстан кейін Әшіровтер отбасы Жансая енді  тек  ұлдармен  шахмат
ойнауы  керек  деп  шешеді.  Бұған,  әрине,  шахматшы  қыз  қарсы  болмайды.
Керісінше,  ол  әкесіне  өзінің  кумирі  Юдит  Полгар  сияқты  бұрыннан   ер
балалармен ойнауды жоспарлап жүргенін айтады. Сөйтіп, 2009 жылы  ол  кезінде
А.Карпов пен Г.Каспаровтың жаттықтырушысы болған,  Ресейдің  еңбек  сіңірген
жаттықтырушысы,  халықаралық  гроссмейстер  Юрий   Разуваевтың   оқу-жаттығу
жиынына қатыса  бастайды.  «Бұл  кісі  әлемнің  қазіргі  әйелдер  арасындағы
чемпионы  Александра  Костенюктің  бапкері.  Сол  кезде  Разуваев  Жансаяның
қабілет-қарымы туралы айта келіп:  «Жансаяның  әлеуеті  зор,  талантты  қыз.
Егер мемлекет 2-3 жыл қолдаса, ол әйелдер арасындағы  әлем  чемпионы  атануы
әбден мүмкін. Ол үшін Жансая ұлдармен ойнап, шахматтағы  шеберлігін  шыңдауы
керек», деген екен. Содан білікті бапкердің  сөзінен  кейін  қызым  ұлдармен
ойнай бастады. Бір жарыс Арменияда өтті. Сонда ол қыздар  арасында  бірінші,
ұлдар арасында үшінші орын иеленді. 2009-2010  жылдары  Жансая  Азияның  екі
дүркін чемпионы атанды. Ал былтыр Түркияда тағы бір әлем  чемпионатында  бас
жүлдені жеңіп алды. Биыл Польшаның Краков қаласында Әсел Серікбай,  Бибісара
Асаубаева сияқты әлем чемпионы  атанды.  Сөйтіп,  үш  дүркін  әлем  чемпионы
болған қаршадай қызымыз бір партияда ғана тең  ойнап,  басқаларының  бәрінде
жеңді», дейді Д.Әшіров.
      3. Ольга Рыпакова Сергейқызы (қарашаның  30,  1984  жылы,  Өскемен)  —
Қазақстан жеңіл атлеті, бастапқыда жеті сайыспен айналысса, кейін  ұзындыққа
секіруге мән беріп жүріп 2007 жылдан бері үш қарғып секірумен айналысады.
О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш  қарғып  секіруден  финалдық
кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия  рекордын  жаңартты.
Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын.
Ольга Рыпакова 2010 жылы мамырда Шанхайда өткен «Гауһар лига»  деп  аталатын
жеңіл атлетика сериясының  бірінші  кезеңінде  алтын  медальді  14  метр  89
сантиметрді бағындырып жеңіп алды.
Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010  жылы  қысқы  әлем  чемпионатында  15  метр  14
сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды.
2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем  чемпионатында  Ольга
Рыпакова күміс медаль жеңіп алды.
2012 жылғы  жеңіл  атлетикадан  Лондон  қаласында  өткен  олимпиадада  Ольга
Рыпакова алтын медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші 14.98 м болды.
Ол 14,98 м көрсеткішке қол жеткізді. Ольга Рыпакова - Олимпиадада  Қазақстан
құрамасынан жеңіл атлетика бойынша финалға өткен жалғыз спортшы.
Екінші орынға 14, 80 м нәтижемен  колумбиялық  Кэтрин  Ибаргуен,  ал  үшінші
орынға украиналық Ольга Саладуха ие болды. Оның көрсеткіші - 14,79 м.
Осылайша  Қазақстан  ресми  емес   жалпыкомандалық   есепте   7-нші   орынға
көтерілді.
Еске сала кетсек, Рыпакова Бейжіңде өткен ХХІХ  Жазғы  Олимпиадасында  4-нші
орын алған болатын. Сондай-ақ, жеңіл атлетикадан мұндай  жоғары  көрсеткішке
Қазақстан осыдан 12 жыл бұрын,  Сидней  Олимпиадасында  қол  жеткізген  еді.
ХХVІІ Жазғы Олимпиадасында Ольга Шишигина  100  м  қашықтыққа  кедергілермен
жүгіруден бірінші келіп, алтыннан алқа асты.



                      3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ


                 МОДУЛЬ-1. Ежелгі дәуірдегі тарихи тұлғалар


      Тақырып № 1. Ежелгі дәуір ғалымдарының тарихта алатын орны

      Мақсаты - ежелгі дәуір  ғалымдарының  тарихта  алатын  орнын  анықтау,
әлемдік ғылымға қосқан үлесін көрсету, тарихи портерін ашу.
      Міндеті – Аристотель, Платон, Конфуций  сияқты  ғұламаларды  әр  түрлі
мысалдар келтіріп, оқиғалардан алып, дерек көздерімен  таныcтырып,  баяндау.

      Жоспар:
1. Аристотель – әлем ұстазы.
2. Платон – ежелгі грек философы.
3. Қытай философы Конфуцийдің тарихи тұлғалық бейнесі.

      Ұсынылған сілтемелер:

   1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. —  Алматы,
      2007. — 344 бет.
   2. "Қазақ Энциклопедиясы", 11 - том
   3. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-
      қазақша түсіндірме сөздігі
   4. Әбішев Қ.Ә, Әбжанов  Т.Ы.  Аристотель  философиясы,  Алматы:  Жазушы, 
      2005ж.
   5. Аристотель философиясы. 3 т. /«Әлемдік философиялық мұра»  сериясы.  2
      томдық/ .- Алматы: Жазушы, 2005.- 564 б.
   6. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: 2009.
   7. Neill, Alex; Aaron Ridley (1995).
   8. The Philosophy of Art: Readings Ancient and Modern. McGraw Hill, 488. 
   9. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
  10. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011.

      Тақырып № 2. Қазақстанның ерте заман кезеңінің  ел  билеген  патшалары
және олардың тарихи портреттері

      Мақсаты - ерте заман кезеңінің ел билеген  патшаларының  тарихи  тұлға
ретінегі трих сахнасындағы орнын ашып көрсету, олардың жүргізген  саясаттары
туралы, тлық мәлімет беру.
      Міндеті – осы тарихи  тұлғалардың  әлем  тарихын  жасаған  бейнелерін,
тарих сахнасына шығып, одан  жойылып  кеткен  себеп-салдарын  ашып  көрсету,
тарихи  деректі  кинотуындыларды  көрсету  арқылы  методологиялық   жағдайды
жасау.
      Жоспар:
   1. Сақ патшасы Томирис
   2. Үйсін және қаңлы мемлекеттерінің ел билеушілері туралы
   3. Ғұн билеушісі шанью Мөде- – тарихи қолбасшы.
      Ұсынылған әдебиеттер:
     1. Бенгтсон Г. Правители эпохи эллинизма. М., 1982.
     2. Гафуров Б. Г., Цибукидис Д. И. АлекЬандр Македонский и Восток.  М.,
        1980.
     3. Зельин К. К. К вопросу о социальной  основе  борьбы  в  македонской
        армии в 330—328  гг.  до  н.  э.  проблемы  социально-экономической
        истории древнего мира. М.—Л., 1963.
     4. Маринович Л. П. Александр Македонский и полисы  Малой  Азии.—  ВДИ.
        1980, № 2.
     5. Законодательство Моисея. Суд над Иисусом Христом. Вавилонский  царь
        правды Аммураби: А. П. Лопухин — Москва, Зерцало, 2005 г.- 328 с.

      Тақырып № 3. Біздің заманымызға дейінгі кезеңде  ғылым,  білім,  өнер,
мәдениет салаларындағы тарихи тұлғалар

      Мақсаты - біздің  заманымызға  дейінгі  кезеңде  ғылым,  білім,  өнер,
мәдениет  салаларындағы  тарихи   тұлғалардың   әлемдік   рухани-материалдық
мәдениетке  сіңірген  еңбектері,  олардың   қазіргі   кездегі   тарих   үшін
құныдылығын баяндау.
      Міндеті -  осы тарихи тұлғалардың әлем  мәдениетінің  тарихын  жасаған
бейнелерін, тарихи деректі  кинотуындыларды  көрсету  арқылы  методологиялық
жағдайды жасау.
     Жоспар:
          1. Цицерон – Рим қайраткері ғана емес, әлем тұлғасы.
   2. Гомер – ежелгі ақын.

      Эсхил, Апулей Луций – жазба мәдениетінде алатын орындары.

      Ұсынылған сілтемелер:
   1. Шығ.: Речи, пер. В. Горенштейна, т.1 — 2, М., 1962;  Избр.  соч.,  М.,
      1975.
   2. Әдеб.: Утченко С.Л., Цицерон и его время, М., 1972.
   3.  Дерекөзі:  Аманжолова  М.К.,  Беркінбекова   А.М.,   Әбілқасов   Ғ.М.
      Мәдениеттану  (барлық  мамандықтардың  студенттеріне  арналған).   Оқу
      құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 117 б.
   4.  Өнер:  Жалпы   білім   беретін   мектептің   жаратылыстану-математика
      бағытындағы 11-сыныбына  арналған  оқулык/Қ.Болатбаев,  Е.Қосбармақов,
      А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.

          МОДУЛЬ 2.  Ортағасырлар дәуіріндегі тарихи тұлғалар рөлі

      Тақырып №4. Орта ғасырдағы ғалымдар, ойшылдар мен діни қызметкерлердің
тарихта алатын орны

      Мақсаты: V-XVI ғасырдағы әлемдік ғылымға үлес қосқан  ғалымдар  туралы
тарихи  деректер  арқылы  толық  мәлімет  беру.  Олардың  ғылым  саласындағы
жетістіктерін,  толағай табыстарын айта келе, өскелең  ұрпақтың  ізденушілік
қабілетін арттыру.
      Міндеті: орта  ғасырдағы  ғылымның,  қоғамның  дамуына   өз  үлестерін
қосқан ғалымдар мен  ойшылдар,  діни  қызметкерлер  жайлы  баяндап,  түсінік
қалдыру.
      Жоспар:
   1. Әбу Насыр әл – Фараби – Әлемнің екінші ұстазы, данышпан, энциклопедист
      ғалым.
      2. Әбу Райхан әл-Бируни - ортаазиялық энциклопедист-ғалым
   3. Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллах - ортағасырлық ғалым, философ, дәрігер.
      Әдебиеттер:
   1. Бассам Тиби. Является ли ислам политической религией? Возможность
      межрелигиозного плюрализма в условиях цивилизационного конфликта
      //журнал «Неприкосновенный запас», 2002, №6.
   2. Аль-Фараби. О трактате великого Зенона по высшей науке // Аль-Фараби.
      Историко-философские трактаты. Алма-Ата: Наука, 1985.
   3. Мартин Бубер. Два образа веры. – М., Издательство "Республика"
      1995//http://lib.udm.ru/lib/FILOSOF/BUBER/



      Тақырып №5. Қазақстандағы орта ғасырдағы ел билеген тұлғалар  мен  ұлы
қолбасшылардың тарихта алатын орны

      Мақсаты:  Ел   билеуші,   саясаткер,   ұлы   қолбасшылар   мен   қоғам
қайраткерлерінің өмір жолын, қоғамдық  қызметін  саралай  келе,  саясаттағы,
тарихтағы орнына баға беру арқылы ой-өрісін, білімін арттыру.
      Міндеті: ел билеуші, қоғам қайраткерлері Шыңғыс хан,  Сұлтан  Бейбарыс
пен Әмір Темірдің өмір жолы мен саяси қызметімен таныстыру.
      Жоспар:
     4. Шыңғыс хан - Азияда біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі
        әскери және мемлекет қайраткері.
     5. Сұлтан Бейбарыс - түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің
        Египетті билеген төртінші сұлтаны.
     6. Әмір Темір - Орталық Азия жаһангері.
      Пайдаланған әдебиет
   1. «Родоводта» бұл тұлғаға қатысты шежіре бар: Шыңғыс хан
   2.  Абай.  Энциклопедия.  –   Алматы:   «Қазақ   энциклопедиясының»   Бас
      редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
   3. Бурлацкий. Вожди и советники М.1990 г.
   4. Касымбаев Ж. Государственные деятели казахских ханств-А, 1999

      Тақырып № 6.  Орта  ғасырдағы  өнер  жұлдыздарының  мәдениетке  қосқан
үлесі

      Мақсаты: Өнер адамдарының өмір жолы, қызметімен  таныса  келе  әлемдік
мәдениетке үлес қосқан тұлғалардың өнерін сыйлауға, бағалай білуге шақыру.
      Міндеті: Фирдауси, Омар Хайям,  Донателлоның  өнердегі  өмір  жолымен,
өнердегі жетістіктерімен таныстыру.
      Жоспар:
      3. Әбілқасым Фирдауси — шығыс ақыны.
     4. Омар Хайям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы
     5. Донато ди Николло ди Бетто Барди - атақты мүсінші
      Әдебиет:
   1. Крамар Ф. Д. Об исследованиях  Омара  Хайяма  и  Насирэддина  Туси  по
      теории параллельных линий. — Алма-Ата, 1964.
   2. Розенфельд Б. А., Юшкевич А. П. Омар Хайям. — М., 1965.
   3.  Розенфельд  Б.  А.,  Юшкевич  А.  П.  Теория  параллельных  линий  на
      средневековом Востоке. — М.: Наука, 1983.
   4. Султанов Ш. З., Султанов К. З. Омар Хайям. — М.: Мол. гвардия, 1987. —
      320 с. Тираж 150 000 экз. (Жизнь замечательных людей. Вып. 679)
   5.  Шамсиддинов  Д.  Проблема  общих  понятий  и  научной  абстракции   в
      творчестве Омара Хайяма //  Философские  науки. —  1987. —  № 7. —  С.
      101—105.
   6. Ильясов Я. Заклинатель змей; Башня  молчания:  Повести. —  Т.:  Изд-во
      лит. и искусства, 1986. — 496 с.
   7.  Гулиа  Г.  Д.  «Сказание  об  Омаре  Хайяме». —  М.:   Художественная
      литература, 1980.






      МОДУЛЬ 3.   Жаңа дәуірдің  тұлғалары және олардың рөлі


Тақырып № 7: Жаңа замандағы ғалымдар, философтар.


      Мақсаты. Жаңа замандағы ғалымдардың биографиясымен таныстыру.
      Міндеті. Жаңа заман философтары мен ғалымдары туралы білімді арттыру.
Жоспары: Жаңа заман ғылымының негізгі акценттері.
Философияның өзге ғылымдарға ықпалы мен жеке тұлғалардың рөлі.
Саяси философтардың мемлекет басқару тарихына енгізген жаңашылдығы.
      Әдебиеттер:
      1.Тұрғынбаев Ә.Х «Философия» оқулық.- Алматы: «Білім», 2001ж.
      2.Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетали Қ.  «Философия  тарихы»,  -Алматы:
      «Жеті жарғы». 1999ж.
      3.Сыдықов Ұ., Кішібеков Д. “Философия”. Оқулық.. Алматы “Ғылым”, 2007.


Тақырып № 8: Жаңа заманның билік басындағы тұлғалары
      Мақсаты.  Жаңа  заман  тарихи  кезеңіндегі   мемлекет   билеушілерімен
таныстыру.
      Міндеті. Аталмыш кезеңдегі саяси  сахнадағы  белгілі  тұлғалар  туралы
ақпаратты кеңейту.
      Жоспары: Дж.Вашингтон.
      О.Бисмарк.
      Б.Наполеон.
      Т.Джефферсонның тарихы орны.
   Әдебиеттер:
   1. Наполеон Бонапарт, М., 1971

   2. Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том

   3. История человечества, М., 2002

   4. “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

Тақырып № 9: Қазақстанның жаңа замандағы өнер адамдары
      Мақсаты. Жаңа заман өнер адамдарын тарихи тұрғыда қарастыру.
      Міндеті. Жаңа  заман  кезеңіндегі  өнер  адамдары  туралы  ақпаратарды
тарихтағы орнымен жіктеу.
      Жоспары: Ағартушы ғалымдар: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев
шығармашылығы.
      Әдебиеттер:
   1. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне  арнлған
      оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8

   2. Драч Г.В. Культурология. — Ростов-н/Д., 1995. — С. 308)



                МОДУЛЬ 4. Қазіргі заманның тарихи тұлғаларыат


      Тақырып № 10. Қазіргі заманның ғалымдары

      Мақсаты: ХХ ғасырдағы әлемдік  білімге  үлес  қосқан  ғалымдар  туралы
тарихи  деректер  арқылы  толық  мәлімет  беру.  Олардың  білім  саласындағы
жетістіктерін,  толағай табыстарын айта келе  өскелең  ұрпақтың  ізденушілік
қабілетін арттыру.
      Міндеті: қазіргі заманғы  білімге үлес қосқан ғалымдар Сэр Тимоти Джон
Бернерс-Ли, Зигмунд Фрейд,Альберт Эйнштейннің өмір  жолы,  қызметі,  білімге
қосқан үлесі туралы  баяндау.
      Жоспар:
    1. Сэр Тимоти Джон Бернерс-Ли -әлемдік желінің негізін салушы.
      2. Зигмунд Фрейд-психоаналитик.
      3. Альберт Эйнштейн- Нобель сыйлығының иегері.
      Әдебиеттер:
   1. Эйнштейн о религии. — М.: Альпина нон-фикшн, 2010. — 144 с. — ISBN 978-
      5-91671-056-4
   2. Могильницкий Г. Введение в методологию истории. М., высшая школа 1989
      г.
   3. Культура эпохи Возрождения-М, 1988
   4. Исторические портреты. М., 1991


Тақырып № 11. Қазіргі заманның ел билеушілері


      Мақсаты: Ел билеуші, саясаткер,  қоғам  қайраткерлерінің  өмір  жолын,
қоғамдық қызметін саралай  келе,  саясаттағы,  тарихтағы  орнына  баға  беру
арқылы ой-өрісін, білімін арттыру.
      Міндеті:  ел  билеуші,  қоғам   қайраткерлері   Хо   Ши   Мин,   Адолф
Гитлер,Ма́ргарет Хи́льда Тэ́тчердің өмір жолы,қоғамдық қызметімен таныстыру.
      Жоспар:
      1)Хо  Ши  Мин  -    Вьетнам   Демократиялық   Республикасының   тұңғыш
президенті.
      2)Адолф Гитлер және неміс диктатурасы.
      3)Маргарет Хильда Тэтчер-Ұлыбритания қоғам қайраткері.
      Әдебиеттер:
   1. Аллан Буллок. Гитлер. Исследование тирании. — 1952.
   2. Последние дни Гитлера.. —  свидетельства  немецкого  офицера  Герхарда
      Больдта, Вырезка из пяти номеров газеты  «Правда»,  декабрь  1947  г.,
      январь 1948 г..
   3. М. Штайнерт. Гитлер. Пер. с фр. Е.Головиной. М.: Этерна, 2010. 672 с.,
      ил. — (Новая версия). — 3 000 экз., ISBN 978-5-480-00242-3
   4. Кобелев Е. Хо Ши Мин. Серия «Жизнь замечательных людей».  М.,  Молодая
      гвардия, 1983.
   5. Афонин С., Кобелев Е. Товарищ Хо Ши Мин. М.: Политиздат, 1980.
   6. Афонин С., Кобелев Е. Беседы о Хо Ши  Мине.  М.:  Детская  литература,
      1987.


Тақырып № 12. Қазіргі замандағы өнер саңлақтары


      Мақсаты: Өнер адамдарының өмір жолы, қызметімен  таныса  келе  әлемдік
мәдениетке үлес қосқан тұлғалардың өнерін сыйлауға, бағалай білуга шақыру.
      Міндеті:  Чарльз  Спенсер  Чаплин,  Пабло  Пикассо,  Луи  Армстронгтың
өнердегі өмір жолымен, өнердегі жетістіктерімен таныстыру.
      Жоспар:
      1)Сэр Чарльз Спенсер (Чарли) Чаплин- әлемдік киножұлдыз.
      2) Пабло Пикассо және сурет өнері.
      3)Луи Армстронг -музыкадағы джаз өнерін әлемде танытушы тұлға.
      Әдебиеттер:
   1. Кто есть кто в мировой политике: Справочник. М., 1990 г.
   2. Культура эпохи Возрождения-М, 1988
   3. Лауреаты Новельской премии: Энциклопедия. Книга 1,2., М.,  1992
   4. Макиавелли Н. Избранные сочинения-М, 1982

   Тақырып № 13. ХХІ ғасырдың атақты ғалымдары мен жазушылары

      Мақсаты: ХХ ғасырдағы әлемдік  білімге  үлес  қосқан  ғалымдар  туралы
тарихи  деректер  арқылы  толық  мәлімет  беру.  Олардың  білім  саласындағы
жетістіктерін,  толағай табыстарын айта келе  өскелең  ұрпақтың  ізденушілік
қабілетін арттыру.
      Міндеті: қазіргі заманғы  білімге үлес  қосқан  ғалымдар  Жеймс  Хедли
Биллингтон, Андре Гундер Франк,  Дональд Редфордтың    өмір  жолы,  қызметі,
білімге  қосқан үлесі туралы  баяндау.
      Жоспар:
      1)  Жеймс Хедли Биллингтон-американдық тарихшы ғалым.
      2) Андре Гундер  Франк-   халықаралық  зерттеу  ассоциациясының  үздік
ғалымы.
      3)Дональд Редфорд -мысыртанушы,археолог ғалым.
      Әдебиеттер:
Исторические портреты. М., 1991
Жизнь знаменательных людей А, 2006

Тақырып № 14. ХХІ ғасырдың ел билеуші тұлғалары мен саяси қайраткерлері

      Мақсаты:   Ел   билеуші,    саясаткер,    президенттер    мен    қоғам
қайраткерлерінің өмір жолын, қоғамдық  қызметін  саралай  келе,  саясаттағы,
тарихтағы орнына баға беру арқылы ой-өрісін, білімін арттыру.
      Міндеті: әлемге танымал президенттердің өмір жолымен, саяси қызметімен
таныстыру.
      Жоспар:
   1. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
   2. Барак Обама - Америка Құрама Штаттарының 44-інші сайланған президенті
   3. Владимир Путин - четвёртый президент Российской Федерации
      Әдебиеттер:
   1. Соловьев С. М. История России с древнейших времен,- Люб. изд.
   1. Д.Ремник. Мост: Жизнь и карьера Барака Обамы /  Пер.  с  англ.  —  М.:
      Астрель, Corpus, 2012. — 688 с., 3000 экз., ISBN 978-5-271-38534-6
   2. Ш.Линн. Барак Обама: Уроки лидерства / Пер. с англ. — М.: Эксмо, 2012.
      — 336 с. - «Высший класс. Лидерство» — 3000 экз., ISBN 978-5-699-51805-
      0
   3. Конышев В.Н., Сергунин А.А. Новая  военная  доктрина  Барака  Обамы  и
      национальные интересы России // Национальные  интересы:  приоритеты  и
      безопасность. 2012, №14 (155). – С.2-9.


Тақырып № 15. Қазақстан және ХХІ ғасырдың спорт саласындағы танымал адамдар

      Мақсаты: Әлем таныған, өздерін  танытқан,  дәлелдеген,  қазақ  жерінен
шыққан  спорт  саңлақтарын  өмір  жолын,  қоғамға,  жас  буындарға  тигізген
пайдаларын саралай келе, ендігі спорт тарихында орнына баға беру арқылы  ой-
өрісін, білімін арттыру.
      Міндеті:  Спорт  жұлдыздарының  жетістіктері  арқылы  өскелең  ұрпаққа
рухани, патриоттық тәрбие беру.
      Жоспар:
   1. Илья Ильин – әлем спорт саңлағы
   2. Жансая Әбдімәлік – төрт дүркін әлем чемпионы, гроссмейстер
   3. Ольга Рыпакова – елі сүйер спорт жұлдызы
      Әдебиеттер:
   1. Лондон-2012: Илья Ильин стал двукратным чемпионом Олимпиады
   2. Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық
      анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
   3. Невероятное достижение Ильи Ильина
   4. Руки штангиста. Александр Иванов стал серебряным призером игр в
      Лондоне, уступив только терминатору по имени Илья Ильин, 6 тамыз 2012
      жыл
   5. Лондон Олимпиадасының ресми сайты
   6. Казахстанец Илья Ильин: Если б не русские ребята, не видать мне
      мирового рекорда!
   7. [http://baq.kz/kaz/news/cat/24/15428/ Олимпиада жеңімпаздарына "Отан"
      "Құрмет" "Барыс" ордендері табыс етілді 17 Тамыз 2012, 17:47
   8. Нұрболат АМАНЖОЛ  «Айқын» Жансая ӘБДІМӘЛІК, екі дүркін әлем чемпионы:
      Бұл жеңісімді Нұрсұлтан атаның 70 жылдық мерейтойына арнаймын

      5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

5.1 Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар.
      Өздік  жұмысының  кең  таралған  және  маңзыд  түрлерінің  бірі  –  ол
тәжірибелік   сабақтарға   және   ғылыми   конференцияларға    студенттермен
әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі  өте  қызықты
және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми  зерттеулерге  баулиды.  Рефератты
дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі  ретінде  оларды
аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының  бәрі,  студенттердің
рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастырудағы үлкен жауапкершілік артады.
      Рефераттың тақырыбын  таңдап  алу  өте  маңызды  орын  алады,  өйткені
магистранттың  өздік   жұмысқа   деген   қызығушылығы,   алынған   тақырыпқа
байланысты  болады.  Сондықтан,  оқытушыға  магистранттың  тақырыпты   дұрыс
таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы  басқаруды
қамтамасыз ету қажет.
      Рефератты әзірлеуінің бірніш кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол  үшін
кітапханадағы  каталогтарды  және  басқа  да   библиографиялық   нұсқауларды
қолданған   жөн.   Магистрантты   анықтамалық   әдебиеттермен,   термин    –
аудармалармен,  әдістемелік  нұсқаулармен,  ғылыми  журналдармен   қолдануға
үйрету қажет.
      Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау.


   |№    |Тақырыптардың атауы                  |       Оқу формасы      |Сағат |
|рет. |                                     |                        |саны  |
|1.   |Ежелгі дәуір ғалымдарының тарихта    |Баяндау, талдау         |1     |
|     |алатын орны                          |                        |      |
|2.   |Қазақстанның ерте заман кезеңінің ел |Конспектілеу,           |1     |
|     |билеген патшалары және олардың тарихи|Сұрақтарға жауап жазу   |      |
|     |портреттері                          |                        |      |
|3.   |Біздің заманымызға дейінгі кезеңде   |Баяндамалар жазу        |1     |
|     |ғылым, білім, өнер, мәдениет         |                        |      |
|     |салаларындағы тарихи тұлғалар        |                        |      |
|4.   |Орта ғасырдағы ғалымдар, ойшылдар мен|Коллоквиум              |1     |
|     |діни қызметкерлердің тарихта алатын  |                        |      |
|     |орны                                 |                        |      |
|5.   |Орта ғасырдағы ел билеген тұлғалар   |Рефераттар              |1     |
|     |мен ұлы қолбасшылардың тарихта алатын|                        |      |
|     |орны                                 |                        |      |
|6.   |Орта ғасырдағы өнер жұлдыздарының    |Баяндамалар жазу        |1     |
|     |мәдениетке қосқан үлесі              |                        |      |
|7.   |Жаңа замандағы ғалымдар, философ,    |Коллоквиум              |1     |
|     |жазушылар                            |                        |      |
|8.   |Жаңа заманның билік басындағы        |Баяндамалар             |1     |
|     |тұлғалары                            |                        |      |
|9.   |Қазақстанның жаңа замандағы өнер     |Конспектілеу            |1     |
|     |адамдары                             |                        |      |
|10.  |Қазіргі заманның ғалымдары           |Ғылыми еңбектерді талдау|1     |
|11   |Қазіргі заманның ел билеушілері      |Ғылыми әдебиеттермен    |1     |
|     |                                     |жұмыс                   |      |
|12   |Қазіргі замандағы өнер саңлақтары    |Конспектілеу            |1     |
|13   |ХХІ ғасырдың атақты ғалымдары мен    |Баяндамалар жасау.      |1     |
|     |жазушылары                           |Қорғау                  |      |
|14   |ХХІ ғасырдың ел билеуші тұлғалары мен|Талдаулар жасау         |1     |
|     |саяси қайраткерлері                  |                        |      |
|15   |Қазақстан және ХХІ ғасырдың спорт    |Баспа материалдарымен   |1     |
|     |саласындағы танымал адамдар          |жұмыс                   |      |
|     |Барлығы:                             |                        |15    |
|     |                                     |                        |сағат |

2. . СТУКДЕНТТЕРГЕ  арналған реферат және бақылау  жұмыстары  тақырыптарының
   тізімі


 ➢ Курстың мәні мен мазмұны міндеттері.
 ➢ Тарихтағы адам факторы.
 ➢ Антика заманының  ұлылары.
 ➢ А.Нобель –оқымысты,жазушы, бизнесмен.
 ➢ ХІХ ғасырдағы Батыстың саяси лидерлері.
 ➢ Тарихтағы жеке тұлғалардың  зерттелуінің өзектілігі.
 ➢ Француз энциоклопидистері мен ағартушылары.
 ➢ Адам және саясатшы И.В.Сталин,Ф. Рузвельт,У.Черчиль.
 ➢ ХХ ғасыр саяси элитасы.
 ➢ Үнді халқының лидерлері.М.Ганди, И.Ганди
 ➢ Ресей ағартушылары. М.Л. Ломоносов.
 ➢ Москва князьдары И.Калита,Д.Донской,Б.Годунов
 ➢ Алғашқы қазақ зиялылары А.Байтұрсұнұлы,М.Дулатов,М.Шоқай.
 ➢ Фашистік басшылар Франко,Муссолини,Гитлер
 ➢ М.Тэтчер –Темір  ханым.
 ➢ Мысыр перғауындары.
 ➢ Леонардо да винчи-суретші,ғалым.
 ➢ Ресейдегі патша реформалары И.Грозный,Ұлы Петр.
 ➢ Революционерлер О.Кромвель,Якобин.
 ➢ Қазақстандағы ел басшылары Д.Қонаев,Н.Назарбаев.
 ➢ Жаңа заман тарихындағы ғалымдар.
 ➢ Ұлы Отан соғысының батырлары Б.Момышұлы,Т.Бигелдинов.
 ➢ Шарлль де Голль-Францияның мемлекеттік және саяси қайраткерлері.
 ➢ Рюриковичтер әулеті Олег,Игорь,Свястослав,Ярослав Мудрый.
 ➢ Ахмет Иассауидің тарихтағы орны.
 ➢ Л.Н.Гумилев-оқымысты.
 ➢ Жеке тұлғаларды зерттеудің өзектілігі.
 ➢ Тарихты оқытудағы әлемдік мәдени көзқарас.
 ➢ Ф.Рузвельт Жаңа бағыт саясаты.
 ➢ Орта ғасырлық ұлы ғалым -Әль-Фараби.
 ➢ 2.Н.Бонопарттың тарихтағы алатын орны.
 ➢ Отто фон Бисмарк –Германияның темір канцлері.
 ➢ Гректің ұлы ғұламалары Аристотель,Солон,Флатон.
 ➢ Тарихтың атасы Геродот еңбектері.
 ➢ Қазақ хандары Абылай,Әбілқайыр.

5.  Әдебиеттер:
   4. Айрантов А.Г., Юдин А.И. Западноевропейский и русский утопический
      социализм нового времени. М., 1991 г.
   5. Американские президенты: 41 исторический портрет  от Д.Вашингтона до
      Б.Клинтона.Р-на Дону 1991 г.
   6. Бердяев Н.А. Смысл истории. Мысль 1990 г.
   7. Бурлацкий. Вожди и советники М.1990 г.
   8. Бэкон Ф. История правления короля Генриха VІІ-М., 1990
   9. Всяткин М. Батыр Срым А.1998 г.
  10. Выдающиеся политики ХХ века. Минск., 1999 г.
  11. Галкин И.В. На пути в Белый Дом, М, 1991
  12. Герои Греции в войне и мире (история Греции в биографиях Г.В. Штолля)-
      М, 1992
  13. Гопал С.Н. Неру (биография), М., 1990
  14. Деникин А.И. Очерки русской смуты-М, 1991
  15. Жак ле Гофф. Цивилизация средневекого Запада. М., Прогресс 1992 г.
  16. Жуков Г.К. Воспоминания и размышления. М., 1990
  17. Иванян Э.А. От Дж. Вашингтона до Дж. Буша. М., 1991 г.
  18. История Древнего мира-М, 1989
  19. Касымбаев Ж. Государственные деятели казахских ханств-А, 1999
  20. Касымжанов А.Х. Портреты, штрихи к истории степи А.1995 г.
  21. Кто есть кто в мировой политике: Справочник. М., 1990 г.
  22. Лауреаты Новельской премии: Энциклопедия. Книга 1,2., М.,  1992
  23. Н.С. Хрущев .Материалы к биографии М.1989 г.
  24. Осмыслить культ Сталина. Сб. м., 1989 г.
  25. Первое советское правительство, М, 1991
  26. Политическая история РоссиРФ в 2-х т. М, 1996 г.
  27. Полонская Л.С. Махатма Ганди: Смысо жизни, новая и новейшая история
      1991. №1.
  28. Россия на рубеже веков. Исторические портреты. М., 1991
  29. Сталин, Рузвельт, Черчилль, Де Голль: политические портреты. Минск
      1991 г.
  30. Фест  А. Адольф Гитлер. М., 1993 г.
  31. Чубинский В.В., Бисмарк. Политическая биография. М., Мысль 1988 г.
  32. Яковлев К.И. Рузвель – человек и политик. М., 1989 г.
  33. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. —  Алматы,
      2007. — 344 бет.
  34. "Қазақ Энциклопедиясы", 11 - том
  35. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-
      қазақша түсіндірме сөздігі
  36. Әбішев Қ.Ә, Әбжанов  Т.Ы.  Аристотель  философиясы,  Алматы:  Жазушы, 
      2005ж.
  37. Аристотель философиясы. 3 т. /«Әлемдік философиялық мұра»  сериясы.  2
      томдық/ .- Алматы: Жазушы, 2005.- 564 б.
  38. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: 2009.
  39. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
  40. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011.
  41. Әдеб.: Утченко С.Л., Цицерон и его время, М., 1972.
  42.  Дерекөзі:  Аманжолова  М.К.,  Беркінбекова   А.М.,   Әбілқасов   Ғ.М.
      Мәдениеттану  (барлық  мамандықтардың  студенттеріне  арналған).   Оқу
      құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 117 б.
  43.  Өнер:  Жалпы   білім   беретін   мектептің   жаратылыстану-математика
      бағытындағы 11-сыныбына  арналған  оқулык/Қ.Болатбаев,  Е.Қосбармақов,
      А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
  44. Лондон-2012: Илья Ильин стал двукратным чемпионом Олимпиады
  45. Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық
      анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
  46. Невероятное достижение Ильи Ильина
  47. Руки штангиста. Александр Иванов стал серебряным призером игр в
      Лондоне, уступив только терминатору по имени Илья Ильин, 6 тамыз 2012
      жыл
  48. Лондон Олимпиадасының ресми сайты
  49. Олимпиада жеңімпаздарына "Отан" "Құрмет" "Барыс" ордендері табыс
      етілді 17 Тамыз 2012, 17:47
  50. Нұрболат АМАНЖОЛ  «Айқын» Жансая ӘБДІМӘЛІК, екі дүркін әлем чемпионы:
      Бұл жеңісімді Нұрсұлтан атаның 70 жылдық мерейтойына арнаймын
Пәндер