Файл қосу
Термин жөнінде сөз қозғалғанда Барлық термин - сөз
Мазмұны Кіріспе. Негізгі бөлім І Қазіргі қазақ терминологиясының тарихи қалыптасу жолдары. 2 Қазіргі қазақ терминологиясындағы халықаралық терминдердің теориялық негіздері. 3 Қазақ тіліндегі терминология саласы мен халықаралық терминдерді қолдану барысындағы сабақтастық негіздері. 11 Қазіргі қазақ терминологиясындағы халықаралық терминдер 2.1 Қазіргі қазақ терминологиясындағы халықаралық терминдерді қолданудағы қалыптасқан қағидалар 2.2 Жалпы терминология саласының қазақ тілінде алатын орыны 2.3 Қазіргі қазақ тілінде термин қалыптастыру мен термин жасам тәсілдерінің маңыздылығы Қорытынды. [pic] КІРІСПЕ Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі заман талаптарына орай, Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі ғылыми орталықтарда, мектептерде және орта әрі жоғары білім беретін оқу орындарында қазақ тілінде терминдерді оқыту әдістемесі қазіргі уақыт кезеңінде ерекше жолға қойылған. Оның басты себебі, мектеп қабырғасында білім алып жатқан балалардың сыртқы әлемге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, дүниетанымын кеңейту болып табылады. Осыған орай, қазақ мектептеріндегі сыныптарда қазақ тілі көбінесе, халықаралық терминдермен байланыстыра оқыту арқылы жүргізіледі. Шығыс Қазақстан аймағы бойынша бала оқытудың үздік иегері болған Қанипа Бітібаева, Меруерт Мұқашевалар да бастауыш сыныптан қазақ тілін оқытуда халықаралық негіздегі терминология мәселесіне ерекше зейін қойып, өз пікірлерін баспа сөз беттеріне жариялап келеді. Мәселен, Қ. Бітібаеваның 1996 жылы Қазақстан мектебінің 9 санында жарық көрген “Бастауыш сыныпта қазақ тіліндегі терминдерді оқыту” атты мақаласына сүйенсек, онда балалардың ой-өрісін дамытуда көркем шығарманың өзіндік салмағының үлесі аса зор екендігіне көз жеткізе түсеміз. Демек, бастауыш сыныптан бастап, қазақ тіліндегі терминдерді өту және оқыту оқушыға үш түрлі жақсылық әкеледі. 1. Оқушы термин атауларын сауатты жазып үйренеді; 2. Оқушы тез бөгде сөздерді оқуға жаттығады; 3. Оқушының терминдердің мағынасын түсіну арқылы ой-өрісі ұлғаяды (Дүниетанымы кеңейеді). Ал, қазіргі қазақ тілінің мәртебесін асыру үшін ғылыми негіздегі халықаралық терминдерді жоғары оқу орындарында өтудің де маңыздылығы бар. Нақты айтсақ, бүкіл дүниежүзіне ортақ халықаралық терминдердің мән- мағынасын дұрыс түсініп, оған өз пікірін еркін түрде қосып бере алу өз алдына, жоғары оқу орнының студенті өз пікірін ғылыми негізде жүйелей алады. Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақ тіліндегі терминология ілімінің ғылыми негізін жаңа технологияларын, жаңа әдістерін, инновациялық технологиядағы орнын және оны қолданудың тиімділігін көрсету. Қазіргі қазақ тіліндегі халықаралық терминдердің ғылыми даму ісіне үлкен үлес қосатындығын дәлелдеу. Халықаралық деңгейдегі терминдердің қазақ лексикологиясына да қосар үлесі бар екендігін көрсету. Зерттеу жұмысының міндеттері: -Қазақ терминологиясының даму сатыларын айқындау; -Қазақ тіліндегі халықаралық терминдердің ғылым саласындағы өзіндік маңыздылығын айқындау; - Терминтанушы ғалымдардың қазіргі қазақ тілінде терминдерді орынды пайдалану тұрғысында жазылған еңбектерін талдау. Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тіліндегі халықаралық терминдердің тигізер пайдасы және оның ғылыми негіздемесінің адам баласының ой-өрісіне тигізер ерекшелігі бар екендігінің тиімділігін көрсету. Зерттеу нысаны. Қазіргі қазақ тіліндегі терминдер және халықаралық терминологияның даму жолдары. Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысында қарастырылған тұжырымдар мен мәселелерқазақ тіліндегі терминология саласының қалыптасуы – кез келген ғылым саласының дамуына, қарыштауына, соымен бірге ғылым саласына бет бұрған қазақ жастарының ой-өрісінің дамуына жол ашып, ғылыми жаңалықтардың жетілуіне мүмкіндік береді. Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры молаяды. Зерттеудің тәжірибедегі маңыздылығы. Диплом жұмысында көрсетілген деректердің алатын орыны аса маңызды. Себебі, халықаралық терминдерді тиімді пайдалану әрі дұрыс түсіне білу негізінде қазақ тілімен сабақтастыру - келешек Қазақстанның өсіп-өнуіне өркендеуіне себебін тигізіп қоймайды, отаншыл, елін-жерін, тілін-ділін сүйетін азаматтардың қалыптасуына да көмек тигізері даусыз мәселе. І Қазіргі қазақ терминологиясының тарихи қалыптасу жолдары «Халықтың мәдениеті көтеріліп, санасы өскен сайын тіл қадірі де арта бермек. Ана тілін ардақтайтын дәрежеге қазір біз де жеттік. Ана тілінің әрбір сөзін де, әрбір жұрнағын да халықтың аяулы асылына балап, сол бір қазынаны қамқорлықпен мәпелеп сақтауға, әр сөздің ішкі сырын ашып, мағынасын жетілдіре беруге атсалысу ана тілінде сөйлейтін әрбір кісінің азаматтык борышы»,-дейді ғалым Айғабылұлы (1,56). Тіл ұстартуға себі тиетін болмашы нәрсенің өзіне мәдениетті қауым дереу назар аудара қояды. Сондай-ақ, орнын таппай оған кірген бір ауыз сөз болса, оған да жұртшылық өкіне реніш білдіріп қалады. Өйткені тарихи дамудың нақ қазіргідей қауырт кезеңінде әрбір сөз халықтың қайрап салар қаруына тең. «Халықтың тіл қазынасын қорытып, бар сөзін орын-орнына қоятын сөздік жасау - мәңгілік мәдени монумент орнату деген сөз. Екінші жағынан, бұл - ұлт мәдениетінің өскендігін, оның қәзіргі дәрежесін сипаттайтын белгілі бір көрсеткіш»,-дейді ғалым Айтбаев өз еңбегінде(2,86). «Соңғы бірнеше жылдың ішінде Қазақстан ғалымдары сөздік жасау саласынан көп жұмыстар істеді. Бұрынырақ шыққан орысша-қазақша үлкен сөздікті былай қойғанда, академик Ісмет Кеңесбаевтың басқаруымен қазіргі қазақ тілінің екі томдық түсіндірме сөздігі келді дүниеге. Ғылым мен техниканың әрбір саласын жеке-жеке қамтитын терминологиялық сөздіктер шығып жатыр. Бұлардан басқа академия баспасынан бөлек шыққан Мұсақұловтың, Арзымбетовтың сөздіктері тағы бар. Қазіргі уақытта Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты үлкен орфографиялық сөздік, қазақша- орысша үлкен сөздік, этимологиялық сөздік, синонимдік сөздік деген сияқты тағы бірнеше ғылыми еңбектер үстінде шұғылдануда. Қазақ тілінің академиялық үлкен түсіндірме сөздігі көп том болып ол шықпақшы. Сөйтіп, бұл саладан бізде біткен жұмыс та, алдағы уақытта істелетін жұмыстар да көп-ақ»,- деп қуанады ғалым Б. Әбілқасымов (3,67). Тек қана бір айта кететін нәрсе, сол шығып жатқан күрделі еңбектерді халыққа кезінде таныстырып, кеңінен насихаттап отыру, олардың әрқайсысына талдау жасап, тиісінше қорытынды шығару жағы жеткіліксіз. Жоғарыда аталған сөздіктердің әрқайсысы жайында арнайы мақала жазылса да артық болмас еді. Өйткені олардың қай-қайсысы болса да көп жылдар бойы сарылып ізденуден, тірнектеп жинаудан, күш қосып жұмыс істеуден туған коллективтік еңбек. Олардың бәрінде де ғылыми тұрғыдан қорытуды, шешуді керек ететін әр алуан тәжірибелер, проблемалық мәселелер, даулы жағдайлар бар. Біздің қазір сөз еткелі отырғанымыз тек терминологиялық сөздіктер гамл. Бұл саланың өзінен де істелген жұмыстардың көптігі соншалық, оның бәрін тәптіштей талдап, сөздіктің әрбіріне жеке-жеке баға беріп жатуға бұл жерде мүмкіншілігіміз тағы жоқ. Өйткені, бұл сөздіктер қамтитын ғылым мен техниканың әрбір саласында терминдік сөздердің қалай туып, қалай қалыптасып, қалай дамып бара жатқанын зерттеудің өзі қазір арнаулы ғылыми тақырып, немесе пән болуға жетіп қалған сияқты. Мұны дәлелдеу үшін бір ғана биология терминдерінің жасалуы мен қалыптасуы жайында Т. Мұсақұлов жолдастың диссертация қорғап, ғылыми атақ алғанын, медицина саласынан жасалған Орысша-латынша-қазақша терминология сөздігінің авторы М. Исамбаев жолдастың диссертациялық еңбек жазғанын айтудың өзі де жеткілікті. Біздің мақсатымыз - осы шығып жатқан еңбектердің негізінде кейбір ойда жүрген пікірлерді ортаға салу ғана. 1959 жылдан бастап бүгінге дейін бірінен соң бірі қосарлана шығып үлгерген (Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасынан ғана) тоғыз сөздік те, сол сияқты басқа баспа орындарынан шыққан сөздіктер де, шындығына келгенде, сонау жиырмасыншы жылдардан бері жүргізіліп келе жатқан бір сала күрделі де жүйелі жұмыстардың жемісі. Сол жылдардың өзінде-ақ, яғни Қазақстанда Совет өкіметі орнағаннан кейін көп ұзамай-ақ ғылым мен техниканың, әсіресе оқу- педагогика саласының терминдерін жасау қолға алына бастады. Сол уақыттан бері жаңа өмірге байланысты туып жатқан жаңа ұғымдардың атауларын қалыптастыру жолында тынымсыз жұмыс істеліп келеді. М.О. Әуезовтің келтіре кеткен бір сөзіне зер салсақ, онда ол: «Әуелгі кезде бұл жұмысты Қазақстан Оқу халық комиссариатының жанындағы Методикалық бюро басқарған болатын, сонан соң Қазақ ССР Министрлер Советінің жанынан арнаулы Терминологиялық комиссия құрылды. Сөйтіп, мәдени өміріміздің барлық саласынан жаңа келіп жатқан ұғымдарға байланысты атау-терминдер жасау және оны қалыптастыру ісі еш уақытта күн тәртібінен түскен емес»,-дейді(4,52). Әрине, солай бола тұрса да соңғы жылдары бұл жұмыстың ерекше жанданғанын да айта кету керек. Оған себеп: 1956 жылғы декабрьде Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл мен әдебиет институты жанынан терминология жөнінде арнаулы бөлім құрылды. Сонан соң Ғылым академиясының жанындағы барлық институттар мен секторлар шұғылданып, әр саланың мамандары кірісті. Орысша, қазақша жақсы білетін және сол саланың маманы болып табылатың оның үстіне сөз өнерінен өздерінің де көптеген хабары бар кісілерді іріктеп илып, сөздік жасауға жұмылдыруды және оларға күн сайын басшылық етіп отыруды дұрыстап ұйымдастыра білген Тіл білімі институты қазір жұртшылық алдына жоғары да аталған күрделі еңбектерді ұсынып отыр. Бұл, әрине, тек көлемі жағынан ғана емес, жалпы алғанда, мазмұны жағынан да құнды еңбек. Бұл еңбектер арқылы біздің мұғалімдеріміз бен оқытушыларымыз, аудармашыларымыз бен мамандарымыз, үгітшілеріміз бен насихатшыларымыз, күллі мәдениетті қауым күнделікті жұмыстарында өздеріне көмекші болатын үлкен құрал тапты. Терминологиялық сөздіктер біздің халқымыздың көп заманнан бергі СӨЗ жаратушылық өнерінің тәжірибесін қорытады, жалпы тіл ұстарту жолындағы қол жеткен табыстарымызды жинақтайды. Бұл сөздіктер ұғым мен атаудың арасындағы кейбір үйлеспеушілікке, аудармадағы балама сөздердің алалығына және түсінбеушілікке жол бермеуге себепші болады; өмірімізге енді-енді еніп келе жатқан соны атаулардың тез қалыптасып, олардың ғылыми ұғымдарының халық санасынан тиянақты орын тебуіне көмектеседі. Сондықтан да мұндай игілікті еңбектерді жүзеге асыруға аянбай ат салысқан кісілердің халық алдындағы қызметі өте бағалы. «Терминологияның теориялық мәселелерін зерттеу және бұл саладағы тәжірибелерді қорытып оған бағыт сілтеп отыру ісі бір ғана Қазақстанда емес, бүкіл одақ көлемінде әлі жеткіліксіз екендігі әр жерде-ақ айтылып жүр. Сондықтан ортаға салатын пікірлер де көп-ақ. Ең алдымен, осы "термин" деген сөздің ұғымы жайында және қазақтың қазіргі ұлттық әдеби тілінің дамуына байланысты бұл сөзді біздің қалай түсінуіміз керек екендігі жайында бірер сөз айту керек сияқты. "Терминология дегеніміз ғылымның, техниканың, саясаттың ұғымдық қасиеті... осы заманғы ғылым мен техниканың тілі", - дейді ғалым. (4,47). Біздің бүгінгі өмірімізде ғылымның, техниканың, саясаттың қамтымайтын саласы жоқ. Сондықтан термин дегеніміз халықтың жалпы әдеби тілінен оқшау тұрған бірдеңе емес, сол тілдің өзі, өзімен біте қайнасып жатқан қаны мен тәніндей бөлінбес бөлшегі. Олай болса, бізде осы уақытқа дейін "термин" десе, оған халықтың жалпы тілінен оқшау тұрған бірдеңе деп қарау, сол себепті оны қолдануда, немесе жаңа атаулар жасауда әдеби тілдің ежелгі дәстүрінен, ішкі зандылығынан шығып кетсе де болады деген сияқты бір теріс ұғымдардың болып келгенін де айта кетуіміз керек. «Егер біздің осы уақытқа дейінгі терминологиялық жұмыстарымызда орын тепкен азды-көпті оғаштық болса, оған ең алдымен осы тенденцияның салқыны тигенін мойындауға тиіспіз. Ана тілінің өрбу, туындау, жаңарып-жасару жолдарына көп зер салмайтын кейбір жолдастар, өздерінің әлдеқалай бір қолдап салған терминдерін өзгертуге қимайды да: "е, бұл термин ғой, термин болған соң бола береді", - дегенді сылтау етеді. Сөйтеді де қажетсіз жерде шет сөздерді енгізеді, не болмаса жаңадан сөз жасағансып ешқандай ұғымы жоқ, ұлттық тілімізбен тамырласып жатпайтын қайдағы бір жасанды бірдеңелерді қыстырады. Тегі бұл мәселеге біздің өз тұрғымыздан келетін жақтарымыз толып жатқан сияқты. "Терминология дегеніміз - осы заманғы ғылым мен техниканың тілі" десе, орыс ғалымдары бұған ғылым мен техниканың ең соңғы шыққан ұғымдарын жатқызады да, "термин жасау" дегеннен сол ұғымдарға әдейілеп ат қоюды түсінеді. Ал біздің шығарып жатқан сөздіктерімізде қазақ болғалы бар сөздер жүр. Мысалы, "жер", "су", "ауа", "астық", "дән", "көмір", "темір" деген сияқты сөздер кімге соны? Мен бұл сөздердің терминологиялық сөздіктерге еніп кеткендігі әбес болыпты демекші емеспін. Егер орыс тілінде шығарылған терминологиялық сөздіктер болса, осы сияқты кәдімгі қарапайым сөздер енер ме еді?»,- дейді А. Байтұрсынов(5,89). Шынында біз үшін бұл сөздердің енуі заңды да шығар. Ғылыми ұғымдарымыздың көп атаулары әлі тұрақтап, қалыптасып болмағандықтан, оінейінде қарапайым көрінетін сөздердің біразын, орыс сөздерінің ғылыми ұғымдарына сүйене отырып, тағы бір айқындап берудің қажеттігі де бар шығар. Олар олай болса, біз термин деген сөзге өз тұрғымыздан сәл еркіндеу келуге тиіспіз. Термин деп аталған сөздерімізге балама іздегенде, ең алдымен, өз тіліміздің қазынасын сарқа пайдалануымыз керек. Өйткені, сол айтылған ғылыми ұғымдардың көбі біздің тілімізде ескі заманнан бар. Ғылыми ой, ғылыми ұғым дсгендер қазақта тек бүгін ғана туды деп ешкім де айта алмайды. Олар тілдік негізінде әуел бастан бірге жаралып, бірге дамып отырған. Сол себепті біз ғылыми ұғымдарын, атауларын саралағанда, өзімізде ежелден бар және күн сайын туындап, толысып жатқан ғылыми атауларды өз орындарына қоя білуді сондай-ақ орыс сөздерімен салыстыра отырып, кейбір сөздердің ұғымдық шектерін ажыратуды, сонан соң өз тіліміздің заңды даму жүйелерін пайдалану арқылы оның қазіргі бар мүмкіншіліктерін де болашақ потенциалдық мүмкіншіліктерін де аша білуді бірінші мақсат етіп қоюға міндеттіміз. Ғылыми терминдердің негізін халықтың бұрынғы ауыз әдебиетінен бастап іздеу керек. Халықтың ежелгі салт-санасы, әдет-ғұрып, қарым-қатынастарында да солардың негіздері жатыр. «Ауруға ішірткі бергенде "Лұқпан Хәкімнің емі болғай" деп күбірлеп отыратын қазақ оның айналасында аз сөйлемеген болар. Сондықтан қазақ тілінде оған байланысты атаулар да аз болмауға тиіс. Әрине, олардың кейбіреулерінің алатыны бар да, кейбіреулерінің қалатыны бар. Ол өз алдына басқа мәселе. Тек қана ем мен шипаны, ауру мен сырқатты, кесел мен дертті бір- бірінен ажыратпай, аудармада синонимдік сөздердің бәрін жинап-теріп бір-ақ сөздің балауына беруден, сөйтіп, сол мәндес басқа сөздерге балама таппай отырып қалудан аулақ болайық» (5,89). Біз ғылым мен техника жаңалықтарының ұғымынан бұрын көбінесе орысша атауларын естиміз. Сол атауларға карап барып, ұғымын жорамалдаймыз да, өзімізше шамалап ат қоямыз. Бұл жерде мамандардан гөрі аудармашылар бұрын кіріседі. Біздің қазіргі жағдайымызбен санаса келгенде, сірә, мұның өзі заңды да құбылыс болса керек. Мәселен, осы кезде соншалық орнын тауып, әдеби тілімізгс әбден қалыптасып кеткен "өнеркәсіп" деген сөзді алайықшы. Ол қазіргі қалпына келіп жайласуы үшін қаншама эволюциялық жолдардан өтті. Ең әуелі ол "өнерлі кәсіп" болды, содан кейін "өндіріс кәсібі" болды, сонан соң "өнер кәсібі" деп жазып жүрдік. Ақыры міне енді "өнеркәсіп" боп адамзат тіршілігінің аса бір күрделі саласын тұлғалайтын мәні терең ғылыми ұғымның атауы болып, халыққа үздіксіз қызмет етуде. Тіл мәдениетінің дамығанын бейнелейтін мұндай мысалдар қазір көп-ақ. Терминологияны сөз етушілердің кейбірі еліміздің бұл саладағы еткен жолдарына зер сала келіп, "бір кездерде "отарба", "шайтан арба" деуші едік, паровозды қара айғырға теңеуші едік" дегенді көбірек айтады. Мұның өзі, кейде тыңдаушылар тарапынан арзан күлкі ұтудың оңай жолы тәрізді болып та шығады. Шынында бұл оншалық күле қоятындай нәрсе емес. Мұнда халық мәдениетінің өсу жолындағы заңды көрінісі жатыр. Жиырмасыншы жылдардың бас кездерінде термин екен деп шет сөздерді нақ қазіргідей көптен енгізе берсе, одан ешнәрсе шықпаған да болар еді. Ол кездегі халықтың жалпы мәдени дәрежесі ондай сөздердің ғылыми ұғымын түсінуге әлі жетпегені, сол себепті мүмкіндігі болғанынша ғылыми атауларды ұғымын елестетіп тұратындай етіп айту керек болғаны былай тұрсын, тіпті, сол "шайтан арба" деп аталған "велосипедты" осылай деп айтуға тілі келетіндердің өзі мүлдем аз емес пе еді? "Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!" деген атақты ұранмен келген "пролетарлар" деген сөздің өзі талай сатылардан өтіп, "бейнеткештер", "бейнетқорлар", "жалшылар" "еңбекшілер" "еңбекшілдер" деген сияқты болып өзгере-өзгере келген жоқ па? Егер сол кездерде "пролетарлары" деп жазса, қазақ кедейлері оны түсінер ме еді, ал түсінбейтін болса, ондай ұранның әсері болар ма еді? Екіншіден, паровозды "отарба" деуде пәлендей оғаштық та жоқ. Кезінде кімнің қалай өзгерткенін кім білсін, бірақ "паровоз" болғанда "отарба" болмайтын да ештеңе жоқ сияқты. Егер осылай алына бергенде, бұл сөздің жап- жақсы атау-термин болып қалыптасып кетуі де ғажап емес еді. Ал, "қара айғыр" деп паровозды ешкім де атаған емес. Ол атау емес, жай ғана теңеу ретінде айтылатын. Ондайлар бола береді. Самолетті құсқа, паровозды айғырға, дүлдүлге, тракторды егізге, тіпті, тасбақаға теңеу қай халықта болса да бар. "Термин" деген сөз айтылса болғаны, оның қасында "жасау" деген сөз қабаттаса жүреді. Басқа жағдайда сөз жасалмайды, жиналады, құрастырылады. Ал, "терминді қолдан жасау керек" деген сияқты ұғым бар. Мұның бәрі термин сөздердің әуелбаста жаңа туған ұғымға қарай қолдан жасалынып, белгілі бір жағдайда келісу арқылы алынатындығынан туған. Ал бізде, жоғарыда айтылғандай, термин сөз көбінесе аудару арқылы шығады. Сол себепті де оның ұғымын беретін атауды біз ең алдымен халықтың бар сөздерінен іздсстіреміз. Мұның тағы бір себебі: сол терминдерді әдепкі жасаушылардың өздері де ат қойғалы отырған ғылым жаңалықтарының қасиетіне, атқаратын қызметіне қарап, халықтың сол ұғымды қалай атайтынын ескере отырып шығарады. Сондықтан да тілді жаңа терминдермен байытудың ең тиімді де өнімді жолы - сол тілдің өзінің сөздік қоры мен диалектілерін пайдалану екенін атақты тіл ғалымдарының бәрі мақұлдайды. Тіліміздің ежелгі сөздік қорын пайдалану арқылы терминологияны байытуда істелген жұмыстарымыз өте көп. Сөздіктерді құрастырушылар да бұл жағына едәуір назар аударған. Олар аударма мәдениетінің, бүкіл баспасөздің табыстарын жинақтауға тырысқан және өз тараптарынан да талай сөздерді орнын тауып қоя білген. Сонымен қатар, бұған қатынасқан жолдастардың кейбіреулері терминологиялық ұғымның мағынасын тек өз мамандықтарының тар шеңберінен қана қарап, осы уақытқа дейін сол ұғымның атауы болып келген сөздерді оп- оңай ғана ауыстыра салғандығы, ондай сөздердің ұзақ қолданылу арқасында бірте-бірте толысып, жаңа мағына алып кеткенін ескермегендігі байқалады. Мәселен, "известь" деген сез бүкіл баспасөзде және ауызша да барлық жерде "әк" деп айтылып жүр. Бұл атау Қазақстанның біраз жерлерінде бар сөз болғандықтан да бір кезде баспасөз айналасындағы жұртшылық осылай деп алуға бәтуаласқан болатын. Сол секілді "блок" дегенді "шығыршық" деп алуға да келісіліп, солай алынып жүретін. Мұның бәрі қала беріп, сөздіктің бірінші томында "ізбес", "блок" деп алыныпты. Бірақ іс жүзінде ол сіңе қоймағандықтан болуы керек, басқажерлерде "ізбес", "әк", "блок", "шығыр", "шығыршық" болып шатаса берген. "Форма" деген сөз де сол бірінші томда "форма" болып алыныпты да, басқа жерлерде "қалып", "қалыптау" болып, біресе қайтадан "форма" дегенге көшіп өзгере берген. Сөздіктерде бүйтіп шатысып жүрген сөздер тым көп»,-дейді тілші Р.Барлыбаев (6,78). Тегінде көптен қалыптасып кеткен және келе жатқан сөздерді ауыстыра беруге әуес абзал Белгілі бір сөзді белгілі бір ұғымның алғаннан кейін, ол баспасөз бетінде де, одан көпшіліктің аузында да сан рет қайталанып айтылады, сөйтеді де, ұғымдық жағынан бірте-бірте толыса барып, өзінің кемеліне келеді; халықтың санасынан солай орын тебеді. Мәселен, "жарна", "мүше", "құн", "тап", "өкімет", "үкімет", "дағдарыс" деген сияқты сөздердің қазіргі мағыналарын бұрынғы мағыналарымен салыстыруға болар ма еді? Салыстыру былай тұрсын, ол сөздердің бір кездердегі ұғымдық шеңбері қаншалық болғанын көбіміз қазір білмейміз де. Олай болса, өзінің жаңа ұғымымен барша жұрттың санасына сіңісіп кеткен сөздерді жаңа бір контексте онша жетіңкіремей тұр екен деп, қайтадан өзгерте салудың жөні жоқ. Ол тек шатастыруға ғана себепші болады. Айталық, "өзара сын" деген сөз "самокритика" дегеннің баламасы болып барлық жерде өзгермей алынатын. "Сын мен өзара сын" деген сөздер, тіпті, идиомалық тіркеске айналып кетті деуге де болатындай еді. Соның түп тамырын қуа келгенде, бірдеңесі жетпей тұр екен деп, соңғы бір кезде өзгерткен болатынбыз. Содан соң-ақ оның сан алуан түрлері туып, шұбарланып сала берген. Қазір "өзара сын", "өзіндік сын", "өзін өзі сынау", "өзін сынау" деп жазылады. Сөздіктерде осылардың бәрі де жүр. Бұдан не ұттық? Әрине, бұдан түк ұтқанымыз жоқ, қайта тілімізге үлкен нұқсан келді. Қазіргі қазақтың орта буыннан жоғарғыларының бәрі сауатын ашқаннан бастап "квадрат" дегенді "шаршы" деп, "куб" дегенді "текше" деп оқып, бұл екі сөздің бар ұғымын тек сол атаулар арқылы ғана қабылдап өсті. "Текше метр", "шаршы метр" деген сөздердің мағыналарын түсінбейтін қазақ кем болатын. Сондықтан бұл сөздерді қайта өзгертіп, орысша қалыбына түсірудің не мұқтаждығы болды екен? Мүмкін, математика ғылымына мүлде салынып жүрген мамандарға бұл атаулардың оғаштау көрініп тұратын жайы да бар шығар. Бірақ ондай кісілердің өздері ана тілінен қол үзіп, мұндай мағыналарды қазақша атаулар арқылы ұғынудан аулақтап қалуы да ғажап емес қой. Күн сайын тек орысшасын айтып, орысша естіп жүргендіктен де олардың құлақтары үйреніп кетіп, солай қарай бейімделе бергісі келіп тұруы да мүмкін. Көп адам - әдеттің, дағдының құлы ғой. Кейбіреулердің тіл мәселесіне келгенде әділ ғылым тұрғысынан, жалпы халық тұрғысынан келмей, отбасы, ауыл арасына сіңіскен дағдының ығымен кететін, сөйтіп беталды бұрғыштай беретін әдеті де болады. Бірақ тіл субъективизмнің қолжаулығы емес. Бұл сөздіктерде құрастырушы мамандардың кәсіптік шеңберден шыға алмағандығының өзі едәуір-ақ сезіледі. "Единица" дегеннің бірде "единица, бірде "бірлік", бірде "өлшем" болу себебі де содан "Договор генеральный" дегенніц "бас шарт" деп алынып, нақ сол жерде "договор двухсторонний" дегенге келгенде "екі жақты договор" болып өзгеріп кетуі де содан. Немесе, тағы да дәл сол жерде "договор типовой" дегеннің "типті шарт", "қалыпты договор" деп, әдейілегендей-ақ, орысшасына казақшасын, қазақшасына орысшасын тіркестіріп шұбарлатып қоюда қандай ғылыми негіз бар? "Қарыз" деген сөздің "заемодавец" дегенде балама болуға жарап, "қарыз беруші" деп алынғанда, "заемовладелец" дегенді балама бола алмай, "заем иесі" болуының себебі қалай? Мұндай мысалдар бірен-саран болса, оған тоқталып та жатпас едік. Ондайлар осы айтылып отырған сөздіктердің бәрінде де түйдек- түйдегімен жүр. «Ана тілінің байырғы сөздерін тиісті орыс сөздерінің (оның ішінде термин сөздердің де) баламасы ретінде дұрыс қолдану және соған сүйене отырып, оларды мағыналық жағынан жіктеу, балама ретінде тұрақтандыру қазіргі тіл мәдениетін көтерудің аса күрделі мәселесі. Бұл бағытта әлі көп жұмыстар істелуі керек. Осы тұрғыдан қарағанда, шығып жатқан терминологиялық сөздіктерде біраз олқылықтар бар. Сөз баламаларын қолдануда алалық күшті, тиянақтылық жоқ, жүйе жоқ. Мәселен, "Фонд премирования" дегенді "сыйлық қоры" деп алып тұрып, сол жерде қатар келген "Фонд потребления" дегенді "тұтыну фонды" деп жүре берген. Қазақтың "қор" деген сөзі қандай контексте келсе де сол "фонды" дегеннің мағынасын толық бере алады. Бүйтіп құбылта беру, қайта қалыптасып қалған ұғымды тиянақсыз етіп, босаңсытып жіберуге себепші болады. Сөз мағынасының жаңаратыны, жасаратыны болады. Мұны біз ана тіліміздің тәжірибесінен көп кездестіреміз. Мысалы, талқылау", "өркендеу" деген сөздердің қазір қандай мағыналарда және қаншалық жиі қолданылатыны баршаға мәлім. Алайда сол сөздердің біріншісінің алғашқы мағынасы қатқан кенді илеу, жұмсарту, ал екіншісі - қауынның сабақтап желі тартуы екенін көп адам біле бермеуі мүмкін. Осылай жасарып, жаңа ұғым алып жүрген атаулар бұдан былай да молая бермек. Осы тұрғыдан қарағанда, "сауыт", "қарыз", "несие", "шебер", "ұста" деген сияқты сөздердің көп орнықпай, бірде алынып, бірде шығып қалып жүруі жақсы әдет емес. "Кредит", "заем", "ссуда" "мастер" деген атауларға "қарыз", "несие", "шебер", немесе "ұста" деген сөздерді балама етіп тұрақтандыра алмай жүрміз. Сол сияқты, "дәулет" деген сөздің де бір терминге дырдай теңеу болып сөздікке енгенін кездестіре алмадық»,-дейді Ә. Болғанбаев(7). Тегінде біздің аударма сөздіктерімізде ойға өң беретін, қанат бітіретін, желпіне, асқақтай сөйлегенде қолданылатын әдемі поэзиялық сөздер ығысып қалып қоя береді. Оларға сырттан қараған адам: "қазақ тілінің лексикасы неткен жұпыны еді" дейтіндей-ақ бар. Демек, тіліміздің бар байлығы аудармада толық іске асырылып жүрген жоқ. 1.1 Қазіргі қазақ терминологиясындағы халықаралық терминдердің теориялық негіздері Қазіргі қазақ тіліндегі халықаралық терминдерді саралай келе ғалым «Бізде тілдегі "архаизм" деп аталатын көне сөздерден қашу әдеті бар. Бұл дұрыс емес. "Архаизм" деп үркіп жүрген көне сөздеріміздің көбі жазушылар мен журналистердің шабыт шақырып, желпіне, асқақтата, әсерлендіре еселеп, нығарлап айтқысы келген кездерде колданылатын құралы. Жауынгер публицистика жанры да оған айрықша сүйенеді. Қазіргі өмірімізді ұжмаққа, Москваны қағбаға, Кремльді мехрабқа теңейтін ақындар да аз емес. "Құдірет", "ғажайып" деген сияқты сөздер қазір мүлде жаңа мағынамен айтылатын болды. Сондықтан аудармада және аударма пидіктерде де біз, жөні келіп тұрған жерде, ондай сөздерді батыл қолданып, қайта, олардың көнеріп, ескіруіне жол бермеуге тырысуымыз керек. Соңғы кездерде шыққан қазақша түсіндірме сөздікте де, қазақша-орысша биологиялық терминдер сөздігінде де қазақ тілінің бай екендігі бірден аңғарылады. Сол сөздер аударма игілігіне де түгел қызмет етуі шарт. Демек, жаңа мағына аларлықтай көне сөздерді балама ретінде батыл қолдану терминдік атауларды байыту жолдарының бірі деп білуіміз керек», - дейді ғалым Біләлов (8,79). Халық тілін термин сөздермен байытудың тағы бір арнасы - сол халықтың өз диалектілері екені мәлім. Бұл жағдай, әсіресе, біз сияқты баспасөзі әлі жас, тілдік қоры хатқа түсіп болмаған ұлттар үшін ерекше маңыз алады. Ұлан- байтақ қазақ жерінің түрлі облыстарында тіршілік жағдайы әрқилы. Әрқайсысында іргелес отырған басқа халықтардан сіңген сөздер де бар екенін былай қойғанда, тұрмыс жағдайларына байланысты көптеген соны атаулар табылады. Мәселен, оңтүстік облыстарда егін, су, бау-бақша шаруашылықтарынан, қоныстану тіршілігінен, қолөнер кәсібінен туған атаулар көп. Балық шаруашылығына, теңіз өміріне байланысты атаулардың көбін Гурьев облысынан, Сырдария мен Ертіс бойларын, Арал мен Балқаш жағалауларын мекендеген қазақтардан табуға болады. Сол сөздерді жалпыхалықтық тілдің қатарына тезірек қосудың, ол үшін терминдердің аудармасына батыл қолданудың маңызы айрықша. Қазақ елінің жартысына жуығы білетін сөз болса, оны "диалект" деп ысырып қойып, баршаға соны шет сөзді қолданудың қаншалық жөні бар? Қазіргі қазақ тілінде қолданылатын халықаралық терминдерге, соның ішінде техникалық ерекшеліктері бар терминдердің дамуына назар аударсақ, онда бұрынғы социалистік қазіргі «жаңа кезең» делінген өміріміз жаңалыққа толы. Саяси-шаруашылық мәні зор көптеген материалдар күн сайын дамылсыз аударылып жатады. Солармен бірге толып жатқан соны сөздер, жаңа ұғымдар, яғни терминдер келеді. Шебер аудармашыларымыз оларды халыққа әрі тез, әрі түсінікті етіп аударып беруге тиісті. Ғалым Досмұхамедұлы: «Айталық, суландыру жүйесін өзгерту туралы үкімет қаулысы шыққанда "главный канал", "оросительный канал", "распределительный канал" деген сияқты терминдер келді. Міне, соларды аудару кезінде "бас арық", "оман арық", "оқ арық", "құлақ арық", "арық", "қарық" деген сияқты егіншілік кәсібі дамыған облыстарда болатын атаулар шықты. Мақта шаруашылығына байланысты "қозапая", "шиіт", "көсек", "шанақ" деген сияқты сөздер келіп жатыр. "Дақыл" деп, "егіс" деп - "культура" мен "посевті" айыратын болдық. "Пәлек" деп, "жапырақ" деп - "ботва" мен "листіні" сараладық. Еліміз жүгері дақылын жаппай өрістетуге кіріскенде, оның "сотасы", "собығы", "шашағы", "шашы" деген ұғымдар мен атаулар да өрістей берді. Қазір бұршаққа байланысты толып жатқан соны сөздер қазақтың тіл қазынасының қалтарыстарынан қайта шығып, жаңара, жасара бастады. "Асбұршақ", "жембұршақ", "жасымақ" "ноқат", "қара- құмық" деген сияқты сөздерді осыдан аз-ақ уақыт бұрын Қазақстанның біраз жерлері біле бермейтін (9,84). Бұлардың бәрі халықтың хатқа түспеген ауызекі сөздігінде бар атаулар еді. Оларды қазір өмір мұқтажы қайта шығарды. «Халықаралық негіздегі терминдердің тілімізге сіңісу нәтижесінде ана тіліміз әлі де осылай толыса береді, есе береді. Оның қазынасында ашылмай жатқан кен көп. Тіл қазынасының кеншілері - аудармашылар мен жазушылар, журналистер мен ғалымдар әлі талай сөз асылдарын аршып, тіршілік мүддесіне жегеді. Тек қана біреуін "архаизм" деп, біреуін "диалект" деп, біреуін "жергілікті сөз" деп, барымыздан безбейтін болайық, таба білейік те, таңдай білейік, орнын тауып қолдана білейік», - дейді Шерубай Құрманбай (10,45). Санасы ашылып, мәдениеті көтерілген қалың бұқараның ондай соны жаңалықты іле көтеріп өз игілігіне жарата бастайтынына күмән келтірмейік. Термин жасаудағы осы жүйемен келген табыстарымыз сөздіктерде едәуір мол қамтылған. "Су құбыры" деген сөз қазір әдебиет тілінің катарынан лайықты орнын алды. Бұл өзі "водопровод" дегеннің баламасы. "Сооружение" дегеннің "ғимарат" болғаны да теріс емес. Өйткені, "құрылыс" дегенді тым көп жерге пайдаланып жүрміз. Бұлардан басқа да толып жатқан атаулар сөздіктердің тізіміне өте дұрыс енген. Бірақ, жоқ жерде оғаш бірдеңелердің шыға келетіні де бар. Түтін шығатын мұржаны ауызекі сөйлегенде "труба" деп айта салушылар болуы да мүмкін. Ал, жазуға келгенде және сөз бағып сөйлейтін кісілердің бәрі оны тек "мұржа" деп атайды, өйткені бұл қазақтың байырғы сөзі. Оның тек үй пешіне келгенде ғана емес, завод пештерінде де "мұржа" болуға хақы бар. Ал, сөздіктерде "от шығатын труба", "түтін шығатын труба" деп алынған. «Бір айта кететін нәрсе, бізде осы тәрізді ұсақ нәрсені қамтитын атауларды мақ соның өзіндей өндірістік ірі ұғымдарға көшіруге келгенде батылдық жасай алмай, тайқып шыға келетін әдет бар. "Ман" деген сөз үй тірлігінде де, ұсақ қолөнер кәсібінде де көп заманнан "күбі" деп алынатын. Әуелгі сөздіктерге солай боп енген де. Ал кейін, осы сөз өндіріске, құрылысқа байланысты боп келгенде, олай деп алуға жүрегіміз дауаламай, "ман" деп қойыппыз да, жақшаның ішіне "күбі" деп түсінік беріппіз. Күбі болған соң ол барлық жерде неге күбі бола бермейді екен?» (9,85). Осы тақылетті қазақ тұрмысында бар, немесе бұрын болған нәрселердің атауларын сол нәрселердің қазіргі өзгерген жаңа түрлеріне қолдануда біраз батыл (болуымыз керек. Түрі мен мазмұны біраз өзгергеніне қарамастан, сол заттың бұрынғы бар атауын жаңа түріне де еркін қолданса, айтыла-айтыла ол сөз сол заттың жаңарған түрін ұқтыратын болады, сөйтіп, өзі де жаңа мазмұн алады. Бұл жөнінде орыс халқының тәжірибесі біз үшін үлгі болуға тиіс. Оларда да илгі айтылған "труба", "ман" деген сөздердің бұрынғы мазмұндарын қазіргі мазмұндарымен, тіпті, салыстыруға да болмас еді. Термин жасауда және жалпы орыс сөздеріне лайыкты қазақша баламалар қарастыруда тіліміздің қос сөзден құралып жаңа мағына алатын және жалғау, жұрнақтар арқылы туындап өзгеретін жүйелері аударма жұмысында кеңінен қолданылып келеді. Біз талқылап отырған сөздіктерді құрастырушылар да бүгінгі әдеби тіліміздегі осы жолдармен туып жатқан жаңалықтарды біраз жинақтауға және өздері де сол әдістерге сүйене отырып жаңа атаулар жасауға, немесе солай аударуға әрекеттенген. Қос сөзден құрылған терминдердің кейбіреулері соншалық сәтті болып шығады да, айтуға да, ойдың желісіне қарай жалғау, жұрнақтармен сан құбылта өзгертуге де икемді келеді. Ондай сөздер өздерінің тиісті ұғымдарын да екіұшты етпей, нақтылы да тиянақты етіп айқын жеткізеді. "Өнеркәсіп", "кәсіпорын", "кәсіподақ", "жемшөп", "қолөнер", "еңбеккүн", "айналсоқ" деген тәрізді сөздер әдеби тілімізге аударма мәдениетінің қосқан үлесі. Бұл қалыпқа жетіп, осылай бекуі үшін ол сөздердің әрқайсысы талай- талай эволюциялық өзгерістерден өтті. Қазіргі баспасөз бетінде әбден орнығып, баршаға түсінікті болып кеткен "сүрлем" деген сөз де бұрынғы "шөп "сүрлеудің" орнына, "корғаныс" деген сөз "Отан қорғаудың" орнына дәл осындай ұзақ эксперименттерден өтіп келген сөздер болатын. Әлі бөлініп-жарылып, алмақ-салмақ болып жүрген талай атауларымыз осылай өзгере береді, ыңғайлана, шыңдала түседі. Тіліміздің бүгінгі даму беталысы осындай жинақтылықты тілейді. Сірә, бұл дәуір стилі, тіл дамуының тарихи тенденциясы болар. Кең қолтық, салпы етек тон-шекпенді тастағанымыз сияқты, дәуір қарқынына бейімделуден шыққан прогрестік бір мән бар шығар мұнда. Сөз тіркестерінің арасында, әсіресе күрделі сөйлемде қос сөзбен атау ретінде келген етістіктің қисындық дәнекері алмағайып болады екен. Мұны тіл өнерін қуғандар, әсіресе, аудармашылар түсінуге тиіс. Сөйлем олақ құрылған жағдайда ол жазушының қиыстырған жағына жүрмей, жапсарлас тұрған басқа бір сөзбен үндесіп те кетеді. Өйткені ол нақ осы тіркеске алдыңғы қосар сөзінің сүйреуімен әрең ғана не етістік емес, не зат есім емес, әрі-сәрі күйінде, серігімен қосып айтып, атау деп қарағанда ғана ұғымдық жағынан зат есім болып саналатын солқылдақ күйде келеді. Сондықтан, әсіресе аудармада жиі ұшырайтын көп сатылы ұзақ сөйлемдерде оның өз қосарынан ажырап шыға келуі де оп-оңай. Міне, осы жағдайдың себебінен де журналистер, әсіресе аудармашы журналистер бұл тектес сөздерді манағыдай етіп өзгерту арқылы біріктіріп жазуға бейімделе береді ("өнеркәсіп", "кәсіпорын" деген сияқты). Мұнымен олар қос сөз арқылы құрылған терминдердің атаулық қалпын тұрақтандыруды көздейді. Орыс сөздерінің атаулық баламасы ретінде алынған кейбір осы тектес сөздердің қосылып, немесе бөлек жазылуы жайында тіл ғалымдары мен журналистердің арасында жиі кездесетін келіспеушіліктер, меніңше, осы жағдайдан туып жүр. Орфографиялық алалықтардың Вейбір себептері де осында жатыр. Әрине, қосып жазудың бұдан басқа да себесігері бар. Қалайда мұның бәрін ғылыми әділдіктің биік мұнарасынан жіті қарап, терең зерттей отырып, тезірек бір ізге түсірген абзал. Қос сөзбен термин жасаудағы ең басты шарт: оған жалғау жалғап, ой қисындарына қарай құбылтқан кездерде ұғымдық мағынасының осалдап кетпеуі. Бұл үшін бір ұғымның атауы ретінде термин етіп алынған қос сөздің берік кіріктірілуі іс жүзінде елеулі маңыз алады. Терминологиялық сөздіктерді құрастырушылар өз тараптарынан термин жасамақшы болған кездерінің көбінде осы жағын кете ескермеген сияқты. Сондықтан олардың термин деп айтқандарының көбі әшейін бір баяндау немесе олақ аударылған түсінік болып шыға берген. Ал кей жерлерде кісі күлерлік дөрекі сөз тіркестеріне де айналып кеткен. Мәселен, "кубовая - су қайнатар", "осенняя стрижка - күзгі күзем (жазда күзем болмайды, "күзем" дегеннің өзі күзде күзеу деген сөз. - Ә. С), "сетка нитей - қылсым торы", "Выпускная лейка - металл ағызатын тесік", "выпрямитель ртутный – сынапты туралағыш", "вентилятор центробежный - ортадан тепкіш желдеткіш", "вентилятор частичного проветривания - жартылай желдету желдеткіші" деген сияқтылар. Бұлар термин де емес, жәй ғана түсіндіру де емес, тек орашолақ аударма ғана. Сондықтан мұндайларды сөз санатына қосып, термин ретінде ұсынудың керегі де жоқ еді. Өйткені ең орташа аудармашынын, өзі ондай сөздер кездескен жағдайда, қисынына қарап отырып-ақ, бұл айтылғайдардан әлдеқайда жатық та түсінікті етіп аударып бере алады. Біз шолу жасап отырған сөздіктердің бәрінде де жалғау, жұрнақтар арқылы сөз тудыру әдісі кеңінен қолданылған. Бұл өзі қазақ тілінің ежелгі дәстүрлік заңы, оның туындап, өсіп өрбуінің ең тиімді де өнімді жолы. Орысшасына қарап отырып, нақ осы әдіспен түбірлес сөздерді шебер құбылту терминологиялық атауларымызды әбден молықтырып, байытып жатыр. Мұндай әдіспен жасалған терминдер халыққа ұғымды, тілге жатық келеді. Ссндықтан да тез сіңеді, тез орнығады. Өйткені, олардың тамыры ана тілінің өз топырағынан нәр алып, тығыз байланысып жатады. Бір ғана "құру" деген түбірден туып жатқан сөздерді алайықшы: "құр", "құра", "құрау", "құрам", "құрама", "құрақ", "құрылыс", "құрамыс", "құрылым", "құралым", "құралыс", "құрылғы", "құралғы", "құранды". Қандай өсімтал, кандай төлшіл неткен икемді десеңізші біздің ана тіліміз! Әттең, не керек, тіліміздің осы мүмкіншіліктері аудармада, әсіресе, термин жасауда толық іске жегілмей келеді. Кейде осындай өзінен өзі тілге оралып келіп тұрған сөздерді тастай беріп, шет сөздерге, немесе жасанды бірдеңелерге жармаса кететініміз бар. "Структура" деген ғылыми термин қандай мағынада келсе де және не туралы айтылса да "құрылым" деген қазақ сөзімен айнытпай жеткізіліп жүр. Бұл сөздің енгеніне де көп болды. Бірақ осындай тілдік табыстарымыздың ғылыми қорытындысы ретінде ұсынылып отырған мынау сөздіктерде бұл термин барынша шатысыпты да, бір жерде "структура", бір жерде "құрылым" делініпті, ал тағы бір жерде "устройство" дегеннің баламасына айналған. Мұндайда "е, тәйірі, тілге араласа берудің керегі не, әйтеуір барын тіркей берсек болғаны да, қайсысын алуды халықтың өзі біле жатар" дейтіндер де табылады. Бірақ бұл дұрыс пікір емес. Өйткені, термин қолдан жасалады да, келісіліп алынады. Ал жасалған нәрсені халыққа ұсыну, насихаттау, орнықтыру деген бар. Сол себепті де біз әрбір жақа сөздің әр қашан өз орнына тұтылуын көздеуге тиістіміз. Еңбек құралдарына, машина саймандар мен олардың тетіктеріне, үй жабдықтарына ат қойғанда, әсіресе "қыш", "ғыш", "кіш", "гіш" жұрнақтары көбірек қолданылып жүр. Бұл жұрнақтар арқылы жасалған терминдерді шығып жатқан сөздіктердің бәрінен де және жаппай кездестіруге болады. Мысалы: "Радиоприемник - радиоқабылдағыш", "вентилятор - желдеткіш", "вибратор -дірілдеткіш", "заполнитель - толтырғыш", "звукоизлучатель - дыбыс шығарғыш", "зеркало рассеивающее - шашыратқыш айна", "центростремительная сила - центрге тартқыш күш", "центробежный регулятор - центрден тепкіш регулятор", "водомерная труба - су өлшегіш түтік", "испытатель взрывной - жарылғыш сынағыш", "қанат предохранитель - сақтандырғыш арқан", "молоток, электрический отбойный - электр қопарғыш балға", "дождомер - жауын өлшегіш", "ковочный молоток - шындағыш балға" тағысын тағылар. "Центр" дегеннің "орта", "орталық" деген дайын баламасын тастай беріп, оны "центр" деп алудың әбес болғандығын қазбаламағанда, әлгі мысалдарда келтірілген әдіспен жасалған терминдердің көпшілігі дұрыс шықпаған. Олардың көбі, жоғарыда айтылғандай термин болудан гөрі, олар аударма болып қалған. Ал, оның үстіне, сөз туғызатын жұрнақтардың өздері көп жерлерде орнын таба бермеген. Атап айтсақ, "өлшегіш", "сынағыш", "шындағыш" деген сияқты сөздер аспапты, құралды, немесе олардың тетіктерін мезгеуден гөрі адамды, яғни өлшеуге, сынауға, шындауға икемділігі күшті кісіні мезгейді. Асылында, бұл жұрнақтар біздің тілімізде көбінесе шеберлік иесін белгілі бір іске салынушы адамды тұлғалайтын жұрнақтар болса керек. "Тұтқыш", "таңғыш" деген сияқты бірен-саран сөздер болмаса, бұл жұрнақтар арқылы еңбек құралын бейнелейтін атаулар онша көп бола бермеген. Оның есесіне, қазақта "уыш", "уіш" жұрнақтары арқылы жасалған еңбек құралдарының аттары өте көп. "Бұлғауыш", "түйреуіш", "желпуіш", "елеуіш", "таяуыш", "тіреуіш" деген тәрізді болып келетін атаулар тек қана еңбек құралдары мен олардың тетіктерін, үй бұйымдарын тұлғалайды. Ал егер бұл сөздерге қазіргідей етіп "кыш", "ғыш" жұрнақтарын жалғасақ не болар еді? Онда "бұлғауыш", "түйрегіш", "желпігіш", "елегіш", "таяғыш", не "таянғыш" болып шығар еді де, бұлғауға, желпуге бейімділігі, шеберлігі бар адамдар тұлғаналар еді. Міне, сондықтан да бұл жұрнақтар ("қыш", "ғыш") арқылы еңбек құралдары мен олардың тетіктеріне қойылған аттар көп жерде онша сәтті болып шықпай жүр. Еңбек құралдары мен техника тетіктеріне, үй бұйымдарына, машина саймандарға етістіктен шығарып ат қоюға келгенде "уыш" "уіш" жұрнақтарының неғұрлым қолайлы екені байқалады. Нақ осы негізде ғылыми терминдер жасау әдісі бізде көп уақыттан бері қолданылып келе жатқан яғни әбден сыналған өнімді де тиімді дәстүр. Бұл дәстүрдің, әсіресе тіл ғылымында кең өріс алғандығы да мәлім. "Бастауыш", "баяндауыш", "анықтауыш", "толықтауыш" деген сияқты ғылыми атаулар соншалық жатық та үйлесімді болғандықтан да халықтың санасына әбден орнығып алған. Бұл әдіс қазірде де қолданылады. "Қозғауыш", "тежеуіш" деген сөздер "двигатель", "тормоз" деген сөздердің тамаша баламасы. Сондай-ақ соңғы кезде шыққан "стогометатель", "скирдометатель", "соломокопнитель" дейтін машиналарды колхозшылардың "күделеуіш", "маялауыш", "шөмелеуіш" деп жүргенін де естігеніміз бар. Бірақ, амал қанша, осындай қисыны табылып қойылған атауларды тұрақтандыруға себепші болып, барлық жерде бірыңғай келтірудің орнына кейде жалт беріп айнып жүре береміз. Біз талқылап отырған сөздіктерде әлгі "двигатель" деген термин сөз бір жерде "двигатель" деп сол қалпында алынса, екінші бір жерде "қозғауыш" дейді, тағы бір жерде "қозғағыш", үшінші бір жерде "қозғалтқыш" деп алынған. Ал "скирдометатель" дегенді біздің газет, журналдарымыздың дәл аударып, "мая лақтырғыш", "пішен жинағыш" дейтін кездері де болады. Кейде осындайға келгенде базбір аудармашылармен термин жасаушылардың түпнұсқадан айрылғысы келмей қалайда содан дәл шығуға тырысқанын көресің. Яғни творчестволық еркіндік, жасампаздық, өнерпаз зергерлік жағы жетпей жатады. Айталық, "погрузчик" дегенді аударатын болса, оны қалай да "жүк тиегіш" деп қояды. Осының "жүгін" қоспай-ақ, "тиеуіш" дей салса да болмас па еді? Қазақ "таяныш", "түйреуіш" дегенде нені таянып, нені түйрейтінін айтпай-ақ ұғатын еді ғой. "Тиеуіш" болған соң ол жүктен басқа нені тиейтін еді? Сондай-ақ орысша "картофелеуборочный комбайн", "хлебоуборочный комбайн" дейді екен деп, біз де "картоп жинау комбайны", "астық жинау комбайны" деп жүрміз. Сөздіктерде де осылай алынған. "Жинайтынын" тастап, "картоп комбайны", "астық комбайны" десе де болмас па еді, немесе, сөздіктердегідей "Радиоқабылдағыш" емес, "радиоқабылдауыш", яки тек қана "қабылдауыш", "регулятор", яки, "реттегіш" емес, "реттеуіш", "желпігіш" емес, "желпуіш", тағы сол сияқты. Сөздіктерде әлгі айтылған "уыш", "уіш" жұрнақтарымен жасалған біраз терминдер де бар. Олардың бәрі әдемі де көкейге қонымды шыққан, әрі кісіге сондай бір құралдың атқаратын қызметін аңғартқандай болып тұрады. Мысалы, "сцепка - тіркеуіш", "врубовая машина - үңгуіш машина", "грохот - іріктеуіш" деген сияқтылар. Бірақ кей жерлерде әп-әдемі шығып тұрған атауды місе тұтпай, тағы бірдеңелерді қоса қабат келтіріп қойған. "Увлажнитель" деген сөз "дымдауыш", "ылғалдауыш" деп алыныпты. Мұның соңғысының өзі де жеткілікті еді. Алғашқысының тұрпайылау екенін айтпағанда, бір сөзге бір неше баламаны қатарластырып қою терминнің тұрақтауына себепші бола бермейді, қайта орынсыз алалық туғызады. Мұндайға тек екі түрлі әдіспен келгенде және екеуінің қайсысы қонымды болатынын аша алмаған жағдайда ғана бару керек. Жалғыз "уыш" пен "уіш" жұрнақтары ғана емес, еңбек құралдарына, олардың тетіктеріне, үй жабдықтарына етістіктен шығарып ат қоятын басқа жұрнақтар да аз емес. "Ық", "ік", "қы", "кі", "гі", "ты", "ыр", "ір" деген сияқты жұрнақтар термин жасау, сөз жарату саласында әлі кең өріс алып, өздерінің табиғи қызметтеріне толық жегіліп болмай келеді. Бұларды біз тым аз қолданып жүрміз. Мәселең қазақта ежелден келе жатқан "сүзу - сүзгі" (кей жерлерде "сүзекі"), "ілдіргі", "бүлдіргі", "шанышқы" деген сөздер бар. Осының негізінде қазір "қондырғы" деген термин туды. Ол "установка" деген техникалық құралдың есімі болып, ғылым мен техника жайында сөз болған сайын қалмай аталып жүр. Жаңа шығып жатқан сөздіктерде бұл жұрнақтар арқылы жасалған термин сөздер тым сирек ұшырайды. Сөз жаратқыш жұрнақтардан көп қолданылып жүргендерінің бірі "ма", "ме", "ба", "бе" жұрнақтары. Бұлар арқылы көптеген термин сөздер әдеби тіліміздің қорынан лайықты орын алып келеді және олардың бәрі сөздіктерде дұрыс тіркелген де. Мәселен "қондырма", "көшірме", "баяндама" деген сөздерді қазір лайықсыз деп ешкім де айта алмайды. Бірақ қазіргі уақытта орынды-орынсыз жерлердік, бәрін де осы жұрнақтарды жалғау арқылы сөз жасау әдетке айналып барады. "Набивка - бітеме", "Крепь -бекітпе", "спуск - түсірме", "выработка - қазба", "проба - сынама", тағы сол сияқтылар. Бұл жұрнақтың бір қиын жері - ол жалғанған сөз етістіктің бұйрық райына ұқсап тұрады да, сөз тіркестеріне қосылғанда, ұғымға бірден соға қоймай, сөйлемнің қисынын әлсіретеді. Мұны сөздіктерде келтірілген мысалдардың өздері-ақ дәлелдеп тұр. Қазіргі қазақ тіліңде терминдік сөздердің туу және жасалу жолдары сан алуан. Сол жолдармен келген соны ұғымдар мен жаңа атаулар ана тілінің сөздік қорын дамылсыз молайтып, оның жазу, сөйлеу мәдениетін көтере түсуде. Қазіргі уакытта "айналым" деген сез бен "айналыс" деген сөздің орысша "оборот" және "обращение" деген сөздердің баламалары ретінде шектеліп, әрқайсысының дара мағына алуының өзі не тұрады. "Білім", "ғылым", "ілім" деген сөздер бір кездерде қазақ жерінің әр өлкесінде әртүрлі айтылғаны болмаса, тек бір мағынаның ғана төңірегінде жүрген сөздер емес пе еді? Енді олардың әрқайсысы орыстың "знание", "наука", "умение" деген сөздеріне балама болу арқылы адамзат санасының табыстарын жинақтай бейнелейтін тұтқалы да түйінді атауларға айналып отыр. Осылардың бәрі ана тіліміздің даму мүмкіншілігі өлшеусіз зор екеніне шүбә қалдырмайды және кейбіреулердің "бізде бұрын анау жоқ еді, мынау жоқ еді, сол себепті ондай заттарға қазақша ат қойып әуре болудың да керегі жоқ" деген пікірлері негізсіз екенін сыпаттайды. Халықтың өмірінде бұрын болмаған нәрселерге сол тілде жаңадан атаулар тумайтын болса, онда тілдің дамуы да мүмкін болмас еді. Ал, терминдік атаулар тек қана шет тілдерден алу арқылы толысады деу - сыңаржақтық. Әрине, қазіргідей бүкіл дүние жүзі көлемінде болып жатқан бар оқиғаға көңіл аударып, ой жарыстырып отыратын жағдайда біздің ана тіліміздің тыныс алатын саңылауы, молығатын қайнар көзі - өзіміздің екінші ана тіліміз саналып отырған ұлы орыс тілі екені даусыз. Қала берді, халықаралық терминдерді де біздің қазіргі әдеби тіліміз бойына мол сіңіре алады. Соның бәрін көре отырып, кез келген терминдерді қазақшалай берейік деу де үлкен ағаттық болар еді және одан ештеңе шықпас та еді. Өйткені, олай ету тіліміздің тынысын тарылтады, даму қорқыныш бөгейді. Бұл жағынан да біздің табысымыз орасан зор. Қазір мүлде өз сөздеріміз сияқты болып қалыптасып, жымдасып кеткен орыс сөздері мен шетел сөздерінің көптігі соншалық, тіпті олардың санына жету де оңай жұмыс емес. 1.2 Қазіргі қазақ тілі терминологиясындағы халықаралық терминдерді қолдану барысындағы сабақтастық негіздері «Тілімізде халықаралық терминдер әлі де көбейе береді және оған ешкім де бөгет бола алмайды. Орыс және шетел сөздерінен терминдік атаулар алу - біздің тілімізді байытатын үлкен арнаның бірі», - дейді Шерубай Құрманбай (10,45). Тек бір айта кететін нәрсе мынау: орысша терминдердің де, сол сияқты халықаралық терминдердің де қазақ тіліне сіңетіні бар да сіңбейтіні бар. Қазақ тілінің өзіне тән туындау мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, жаңа терминдер жасағандағы сияқты, шет тіл сездерін әкелудің де жолы мен жүйесін таба білу керек, оларды қазақ тілінің фонетикалық жағынан да, грамматикалык жағынан да және сөйлеу тұрғысынан да бойына сіңіріп, тез игеріп әкететіндей болуын көздеу керек. Мәселе тек лексикалық атауларды толтыра беруде емес. Сөз құр атау түрінде ғана келіп, басқа сөздермен тіркескенде тіліміздің грамматикалық жүйелеріне қиыспай, кірікпей тұратын болса, ол сөз өз қызметін атқара да алмайды. Қайта біз ондай сөздерді алудан көбірек ұтыламыз. Владимир Ильич Лениннің өзі де көпшілікке түсініксіз шет сөздерді алуға әуестене берудің дұрыс болмайтынын әдейілеп ескерткен болатын. Орыс тілінің қазақ тіліне тигізетін ықпалын айтқанда, көп адам одан тек жеке сөздердің тікелей ауысуын ұғады. Шынында бұл оның бір-ақ жағы. Орыс тілінің қазіргі қазақ тіліне тигізіп жатқан басқа да сан алуан игілікті ықпалдары бар. Сөз етіп отырған тақырыбымыздың тұрғысынан алғанда, біз ең алдымен орыс тілінің негізінде әрбір терминдеріміз бен атауларымыздың ұғымдық жіктерін саралап жатырмыз. Бүкіл совет елінің ортақ ойы, ортақ мұраты, сөйлесуі мен кеңесуі - жалпы тіршілік қатынасы күн сайын бірауыздан бір ауызға көшкендей-ақ орыс тілінен қазақ тіліне ауысып айтылып жатады. Міне, нақ осы процесте орыс тілінің ұстаздық ролін біз сағат сайын, минут сайын сезіп отырамыз және ол өзінің жаңартушылық қызметін дамылсыз атқарып та жатады. Қазіргі қазақ тілінің синтаксистік құрылымына да, лексикалық құрамына да, фонетикалық қасиеттеріне де түбірлі өзгерістер енуде және бұл өзгерістер, негізінен алғанда, тіліміздің заңды жүйесімен үйлесімді де. Тілімізге енген әрбір жаңалықтан, негізінен, орыс тілі мен орыс мәдениетінің үлгісін табу қиын емес. Тек қана оны көре білу керек. Әрине, бұлардың бәрі зерттеушілерін зәру күтіп отырған маңызды ғылыми тақырыптар. Орыс тілінің игілікті ықпалы дегенді дұрыс түсініп, дұрыс пайдалана білуіміз керек, оны өз тіліміздің мәдениетін көтерудің ең тиімді және күшті құралы ретінде орнын тауып жұмсай білуіміз керек. Сөйтіп, әсіре белсенді болғансып тілді шұбарлаушылыққа да және орынсыз қазақшыл болғансып тілдің тынысын тарылтушылыққа да жол бермей, халқымыздың ең асыл мұрасын кейбір тіл түйсігінен құр алақан дөкірлердің сыңаржақ тұрпайылығынан қорғаштап отыруымыз керек. Орыс тілінің жеке терминдері мен атауларына теңеу іздейміз деп біз көптеген көне сөздерімізді жаңарттық; орыс тілінің кейде қатар келетін синонимдік сөздерінің ұғымдық айырмашылықтарын қазақ халқына айнытпай жеткізу жолындағы іздену жұмыстарының арқасында өзіміздің де мәндес сөздеріміздің жіктерін ашып, саралай түстік; баспасөзіміз жас болғандықтан әлі хатталып үлгірмеген және кей жағдайда "диалект" деген ат тағылып, қаға беріс болып келген көп сөздер орысша атауларға лайықты балама болып алынып, әдеби сөздігіміздің сапына тұрды; ана тіліміздің жалғау, жұрнақтар арқылы туындау жүйелері ашыла түсіп, заманға сай терең ойларды сыпаттайтын тамаша жаңа атаулар туды. Осылардың бәрінде халқымыздың сонау «Қазан революциясы» орнағаннан бергі және одан да бұрынғы тарихи жолының іздері жатыр. Осының бәрі бүгінгі социалистік өміріміздің тарихи объективтік қажеттігінен тіліміздің өркендеу, даму қажетгігінен туып жатқан нәрселер. Сол қажеттілік әлі де талай нәрселерді тілейді. Өмірдің әр саласының бүкіл бүгінгі ұғымдарына лайықты атаулар болуын тілейді. Екі ұдай болып қырқысқан адамзат санасының егесуінде жаңағы, озықтықты, жақсылықты уағыздаушы коммунизм лебізінің бүкіл пәрменді де жаңартушы ықпалын халық санасына мүлтіксіз жеткізу үшін тілімізде соған лайық күш болуын тілейді бұл қажеттілік. Тілейді де туғызады, жаңартып, жасарта береді. Сөз өнерімен шұғылданушылар осы жағдайды әрқашан есте сактауға тиіс. Бір сөзді өзгертуге әрекет жасау - бүкіл халық алдында бой көрсету деген сөз. Ертең сенің сол сөзіңді барша халық айтып жүреді, ұнаса ұрпағына қалдырады. Ал ұнамаса ше? Беделінді, қызмет орнынды пайдаланып, күшпен айт деген сөзің айтуға келмей, халықтың ойын шатастырса ше? Онда не болмақ? Мұның жауапкершілігін түсіну керек. "Сөз өнері дертпен тең" деп Абай тегін айтпаған. Әрбір сөзге жанымыз ашитын болсын. Сондықтан "термин жасау" деген кім болса соның қолынан келе беретін оңай ермек емес. Ол үшін сол терминнің ұғымына жетік болу да, сол саланың маманы болу да аз. Сөз жарату деген нағыз творчестволық жұмыс. Тіл сырын, сөз мәнін терең ұғынатын адам керек бұған. "Термин" деген бейнебір қаққан шегедей, сөздіктегі қойған жеріңнен тапжылмайтын жансыз зат емес. Ол козғалатын, құбылатын, түрленетін, туындайтын жанды тұлға. Әрбір сөз сыр шертіп тұруы керек. Сөзге тіл бітіре алмайды екенсің, оны қозғамай аулақ жүр. Сөйлемейтін мылқау термин халықтың кәдесіне аспайды. Қорытып айтқанда, бұл шығып жатқан сөздіктердің пайдасы да көп, кемшілік жағы да толып жатыр. Көп сөздер орнын тапқан, қол жеткен табыстарымыз едәуір жинақталған. Басқаның бәрін былай қойғанда, орысша терминдердің осынша көп тізімдерін жасап шығудың өзі де үлкен еңбек. Әрине, ол сөздердің ішінде әзірше аудармай қоя тұрса да болатындары да көп-ақ. Өйткені, бүгінгі жалпы тіл қатынасына араласып жүрген терминдік зәру атаулар бар да, әрбір саланың ішкі түкпірлерінен шыға қоймайтын номенклатуралық атаулар бар. Сөздіктерде осы жағы онша сараланбаған. "Термин" деп алынған атаулардың бірсыпырасы сөздіктердің әрқайсысында қайталап келе береді. Үлкен кемшілік - сөздерді колдануда бірыңғай жүйенің жоқтығы, алалықтың көптігі. Барлық кемшіліктеріне қарамастан, бұл сөздіктердің күрделі ғылыми еңбек екенің оларды құрастырған авторлардың халық алдындағы еңбектері өте игілікті екенін айрықша атап айту керек. Бұл терминологиялық сөздіктер осы салада істелетін қыруар ғылыми жұмыстардың бірінші сатысы ғана. Ендігі керегі - осылардың бәрін қорытып, әсіресе, жаппай зәрулігі бола қоймайтын сөздердің көбін шығарып тастап, бірыңғай жүйеге келтірілген үлкен бір жинақ шығару. Сонда қазіргідей керексіз қайталаулар да, жиі кездесетін алалықтар да болмауы мүмкін. ІІ Қазіргі қазақ тілінің терминологиясындағы халықаралық терминдер қолданымы Тілдің арнаулы салалардың барлығындағы қолданысын лингвистикалық тұрғыдан қамтамасыз ету - терминдер қорын жасау мен оны жүйеге келтірумен тығыз байланысты. Білім беру мен білім алуды, ғылымды игеру мен оның меңгертуді, ақпарат алмасуды ұлт тілінде жүзеге асыру үшін арнаулы лексиканың негізін құрайтын терминдер қоры да сол тілдің мүддесін көздеп, ішкі зандылықтарын ақтай отырып жасалуы керек. Ал термин жасау, сөз шығармашылығы кәсіби біліктілікті, ерекше ізденімпаздық пен талғампаздықты әрі үлкен жауапкершілікті қажет ететін күрделі жұмыс. Ұлт тілінде термин жасаудың тамаша үлгісін көрсеткен ардақты Ахаң сөз жасаудың сырын терең ұққан тіл білімпазы ретінде бұл істің әркімнің қолынан келе бермейтіндігін баяғыда-ақ бағамдап, жасалған сөздердің бәрі бірдей жауһар бола алмайтынын айтып кеткен. Бұл сөз қазақтың бас ақыны ұлы Абайдың "өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, сонда да солардың бар таңдамасы" деп, айналасы теп-тегіс жұмыр келген өлеңді қазақтың әр баласының келістіре алмайтынын айтқаны сияқты, қазақтың бас тілшісі Ахаңның да сөз, термин жасау да екінің бірінің қолынан келе беретін іс емес екендігін айта отырып, оның термин-сөз жасауға қойған талабы ретінде ұққан жөн. Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірінің поэзияға, екіншісінің сөз шығармашылығына қатысты астаса айтылған, үндесіп жатқан ойларынан қай іске де үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін ескертумен қатар, қандай шаруаны да соған маманданған хас шеберлердің қолына алу қажет екендігін атап көрсеткені айқын аңғарылып тұр. Әттен, өлеңге келгенде де, сөз шығармашылығында да даналарымыздың даңғыл жолды көрсетіп отырған қағидат болар сөздерін ескере бермейтініміз өкінішті-ақ. Әйтпесе, сөз патшасы саналған өлеңге әркім-ақ таласып, сөз жасау да сөз болып па деп қарауға көбірек жол беріп алмас едік. Терминдер сөздігін түзіп, термин жасап, термин туралы әңгіме қозғап жүрген әрқайсысымыздың Ахаңның жоғарыда эпиграф ретінде алынған сөзін Сұлтанмахмұтша айтқанда "көңілге жат тоқып алсақ" артықтық етпес еді. Оны айтып отырған себебіміз қазір термин туралы айтылып-жазылып жүрген әңгіме де көп, жарық көріп жатқан терминологиялық сөздіктер мен жаңа жасалып жаткан жекелеген атаулар аз емес. Жалпы алғанда бұл бір жағынан құптарлықта іс. Бірақ сан емес сапа тұрғысынан келгенде "сонда да солардың бар таңдамасы" демекші, сол жасалған термин-сөздер мен жарықкөріп жатқан сөздіктердің бәрін мінсіз, ал термин туралы жазылып жатқан үлкенді-кішілі жарияланымдардың барлығының ғылыми-теориялық негізі берік зерттеулер, практикалық құндылығы зор еңбектер десек, онымыз артықтау айтылған сөз болары анық. Терминология саласындағы қазіргі жағдайдан хабары бар көзі қарақты зиялылыр, ғылыми қауым оны жауырды жаба тоқу, мәселенің мәнісіне бармай үстірт пайымдау, теңгермешілік тезінен шықпау деп түсінген болар еді. Сондықтан да осы саланы арнайы зерттеп жүрген мамандар жетістіктер мен орын алып жүрген кемшіліктерді дер кезінде көрсетіп, бұл іске әркім қолынан келетін, мәселені жетік білетін қырынан келіп кәсіби тұрғыдан араласып жатса, ортақ міндетті атқаруға бағьпталған істеріміз оңға басары анық. Өз тілімізден алынса да, өзге тілдерден қабылданса да термин деп жүргеніміздің бәрі – сөз. Сөзді өзге ғылымдар да зерттеп жататынына қарамастан, ол ең алдымен тілдік бірлік, соңдықтан да тіл білімінің нысаны ретінде оны зерттеу -лингвистиканың тәл міндеті. Термин сөздің тілдік табиғатын басқа салалардың мамандарына түсіндіріп, термин жасау, терминологиялық сөздіктер түзу барысында орын алып жататын кемшіліктерді айқындап беру, терминге қойылатын лингвистикалық талаптарды атап көрсету -тілші ғалымдардың, терминтанушылардың тікелей атқаруға тиісті ісі. Бұл орайда қазақ тіл білімінде ғылыми-теориялық, тарихи шолу, танымдық тұрғыдағы бірқатар зерттеу еңбектері жарық көргенімен, әдістемелік тұрғыдан басшылыққа алуға болатын, терминологияның практикалық жұмыстарын жүргізуге арналған еңбектер жағы жоқтың қасы. Тілші-терминолог ғалымдардыц бұл мәселеге назар аударып, аталған олқылықтың орнын толтыру қажеттігі жөнінде түрлі сала мамандары тарапынан сан мәрте меселе көтерілді, сын пікірлер де айтылды. Мемтерминком жұмысын үйлестіруде, өзге де терминологиялық жұмыстарға араласу барысында басшылыққа алатын ғылыми- әдістемелік құралдардың аса қажет екендігіне өзіміз де сан мәрте көз жеткіздік. Сондықтан да аталған олқылықтыц орнын толтыруға септігімізді тигізу міндетіміз деп санай отырып, терминологиялық жұмыстарды жүргізуге қатысы бар барлық сала мамандарына, терминдер сөздігін түзушілерге, жалпы термин мәселесі қызықтыратын көпшілік қауымға арналған осы еңбегімізді ұсынып отырмыз. Бұл еңбек арналып жазылып отырған қауымға лингвистикалық тұрғыдан азды- көпті септігін тигізіп жатса, мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз. 2.1 Қазіргі қазақ терминологиясындағы халықаралық терминдерді қолдануда қалыптасқан қағидалар Қазіргі қазақ тіліндегі қалыптаса бастаған терминді әдетте біз ең алдымен, адам қызметінің белгілі бір арнаулы саланың шеңберінде, негізінен кәсіби мамандар тілінде, арнаулы әдебиеттерде қолданылатын сөз деп ұғамыз. Ал терминтанушы мамандар арасында терминнің тілдік табиғатын танытатын әр түрлі белгілері атап көрсетіледі. Термин жөнінде сөз қозғалғанда "Барлық термин-сөз. Бірақ сөздің бәрі термин емес" деген тұжырым жиі қайталанып жатады. Бұл тұжырымды тілдегі сөз деп танылатын тілдік бірліктерге қатысты дұрыс айтылған деуте болады. Алайда терминнің тілдік бірлік болып табылмайтын құрамына сандар, графикалық таңбалар кіретін символ-сөз түрлері де болатындықтан, мұндай тұжырымды терминнің барлық типтеріне қатысты жалпы сипат ретінде қабылдауға келе бермейді. «Сонымен қатар, терминнің тек қана сөз емес, терминологияда сөз тіркесі түріндегі терминдердің мол екенін және кейбір тілші-терминолог ғалымдар атап көрсетіп жүргеніндей, сөйлем терминдердің де болатынын ескерсек, "Барлық термин - сөз. Бірақ сөздің бәрі термин емес" деген пайымдаудың термин табиғатын жан-жақты ашып тұр дей алмасақ керек»,-дейді терминтанушы ғалым Айтбекова (11,96). Сондай терминнің тілдік табиғатын түсіндіру кезінде өте жиі қайталанатын тұжырымдардың бірі Н.Беспальконың "Терминдер - сөздер, тілдік ешнәрсе оларға жат емес" ("Термины - это слова, и ничто языковое им не чуждо") деген сөзі(12,56). Ғалымның сөзін түпнұсқа тілдегі қалпына байланып жоғарыдағыдай сөзбе-сөз, дәлме-дәл көшірмей, автордың айтпақ ойы мен сөйлем мағынасын сақтай отырып, өз түсінігімізге лайықтап, тілімізге жатықтау етіп сәл басқашалау аударсақ, "Термин деген - сөз, тілдегі сөзге тән қасиеттердің ешқайсысы да оған жат емес" деген болар едік.Термин-сөздің лингвистикалык табиғатын тану тұрғысынан келгенде ғалымның пікірі орынды айтылған. Оны соңғы жылдары терминтану саласында жүргізілген көптеген лингвистикалық зерттеулер нәтижелері растап отыр. Бірақ терминнің жасалуы, қолданылуы, қызметі тұрғысынан жалпы әдеби тілдегі атаулардан өзіндік айырмашылықтары бар екендігін атап көрсетіп жүрген ғалымдар пікірлерін де ескерусіз қалдыруға болмайды. Жалпы термин жөнінде накты мыналарды айтуға болады. 1. Терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркестері болады. (кейде сөйлем түрінде де кездеседі.) 2. Терминдер негізінен тілдік бірліктер (символ-сөз, сан, географиялық таңба түріндегі терминдер де бар. Бірақ терминологиядағы олардың үлес салмағы термин-сөздерге қарағанда әлдеқайда төмен.) 3. Термин - белгілі бір терминологияның мүшесі (Выготский) (13,54). 4. Термин деген - ұғым аты. 5. Терминнің міндетті түрде дефинициясы болады. 6. Терминдердің негізгі басым белігі жалпы есімдер, сөз табына қатысы жағынан зат есімдер болады. 7. Терминдер атауыштық қызмет атқарып, негізінен ғылым тілінде, арнаулы сала шеңберінде қолданылады. Бұл аталғандарды терминтану саласындағы ғылыми еңбектердің көпшілігінде аталып көрсетілетін, мамандар мойындаған терминнің басты белгілері деуге болады. Терминтану саласындағы зерттеу еңбектерінде, лингвистикалық ғылыми әдебиеттерде терминнің өзге де қасиеттері, өзіндік қырлары мен ерекшеліктері аталып жатады. Сала мамандарына олардың бәрін білу шарт емес болғандыктан, біз негізгілерін ғана атап көрсеттік. Термин құрамы жағынан түбір сөз де, туынды сөз де, күрделі сөз де, терминологиялық тіркес те болуы мүмкін. Мысалы: Түбір терминдер: сөз (лингв.), тау (геогр.), ән (муз.), тан (тарих), сан (мате.м.) т.б. Туынды терминдер: а) айдауыл (әскери), шағылдырғыш (физ.) қосынды (мат.) есімдік (лигв.), балқынды (хим.), буландырғыш (машин.) т.б. ә) біріккен атаулар - асқазан (мед.), ішперде (биол), шымтезек (хим.) сөзжасам (лигв.), қолжазба (әдеб.) т.б. Тіркесті терминдер: сөз тіркесі (лигв.), атыс аймағы (әскери), айналмалы жиілік (тех.), айнымалы қозғалыс (физ.). бүтін сан (мат.), егіз ұйқас (әдеб.) т.б. Терминдер ұлт тіліндегі сөзжасам үлгілерімен қатар шет тілдерінін термин жасаушы термин бөлшектері (терминдік элемент) қатысуы арқылы да жасалады. Терминбөлшек (терминоэлемент) дегеніміз - терминологиялық мағынасы бар ең кіші бірлік. Терминдер негізінен жалпы есімдер болатыны белгілі. Сонымен қатар жалқы есімдер қатысуымен жасалған терминдер де болады. Олардың қатарына эпонимдер немесе фамилия терминдер (фамильные термины) де кіреді. Жалқы есімдер күрделі терминнің сыңары ретінде қолданылады. Мәселен, В.Даниленко өз зерттеуінде мына мысалдарды келтіреді: Ньютон заңы, Пифагор теоремасы, Ом заңы, Матросов тежеуіші ( тормоз Матросова), Бэр заңы, Вильда буландырғышы (испаритель Вильда), Есаки эффекті (эффект Есаки), Ферми энергиясы (энергия Ферми), Бриллюэн аймағы (зона Бриллюэна) т.б. тіркесті терминдер құрамында - Вольт доғасы (Вольтва дуга), Торичелли бостығы (Торичеллиева пустота), аристофанов өлеңі (аристофанов стих), горациев шумағы (горациева строфа), нифагор жүйесі (пифагорова система) т.б. Ғалым атап көрсеткен мұндай терминдер қатарына Френель аумағы (зона Френеля), Вавилов-Черенков сәуле шығаруы (излучение Вавилова-Черенкова), де Бройль гипотезасы, де Бройль толқындары, Мюллер-Редже талдауы, Тельмгольцтің сығылу гипотезасы, Ферми шекарасы, Бойль-Мариотт изотермі, Больцман тұрақтысы, Гейзенберг көрінісі, Кюри принципі, Бойль нүктесі, Керр эффекті, Майкельсон эшалоны, Архимед спиралі немесе жалқы есімдердің метонимиялануы арқылы жасалған вольт, ватт, амнер, герц, кюрий, генри, ом, джоул сияқты терминдерді қосуымызға болады. Соңғылары жалпы есімдер қатарына өткенімен олардың көбінің жалқы есімдер негізінде туындағанын аңғару қиынға соқпайды. Сондай-ақ аты аталған зерттеуші көптеген зат есімдер мен сын есімдердің сөзжасам үлгісі сөз тудырушы негіз ретінде жалқы есімдердің пайдаланылатынын атап көрсетеді. Мысалы, мынадай геология терминдері: байкалит (Байкал), астраханит (Астрахань), бианкит (Бианки - фамилия), глинкит (Глинка - фамилия), валуевит (Валуев), воробьевит (Воробьен - фамилия), гетит (Гете - фамилия), т.б. химия терминологиясында менделевий, кюрий, курчатовский сияқты элементтер атаулары; философия терминологиясында ғылыми ағымдар атаулары: (марксизм, ленинизм, тоизм) т.б. Терминтанушылар тарапынан терминге берілген анықтамалар өте көп. Олардың бірін-бірі толықтыратындары да, қайшы келетіндері де, бірін-бірі белгілі дәрежеде қайталайтындары да бар. Жалпы термин мәселесін зерттеп, термин жайлы сөз қозғаған ғалымдардың оған анықтама бермегені кемде-кем. Ондай анықтамалардың бәрін бірдей тізе берсек, сала мамандарының қай анықтаманың терминнің лингвистикалық табиғатын толық сипаттап беретінін ажыратуы қиынға соққан болар еді. Әзірге терминтанушылардың бәрі бірдей мойындап немесе ортақ мәмілеге келіп, ғылыми, анықтамалық әдебиеттерде бірізді қолданылып жүрген анықтама мынау деп көрсету қиын. Сол себепті мамандарға терминнің негізгі белгілерінің көбін қамтыған мына анықтаманы ұсынуға болады: Термин - ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғым атауы болып табылатын арнайы қолданыстағы дефинициясы (анықтамасы) бар сөз немесе сөз тіркесі. (Левин, т.42 стр.302.), (14,65). Термин ұғым атауы болса, терминнің дефинициясы деген - сол ұғым атауына берілген дәл ғылыми анықтама. Термин сөздің мағынасы оның дефинициясы арқылы анықталады. 2.2 Жалпы терминология саласының қазіргі қазақ тілінде алатын орыны Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген "Термин қандай болуы керек?" деген сұрақ қойылғанда оның мағынасы ұғым мазмұнын дәл қамтуы тиіс, қысқа да нұсқа болуы керек, бір мағыналы болуы керек, жарыспалылықтан, синонимдерден ада болуы керек деген көп керектерден тұратын талаптар қойылып жатады. Жалпы терминнің қандай болуы керектігі жөнінде айтылып, жазылып жататын талаптар аз емес. Олардың бәрін тізе берудің де реті де, кажеті де бола қоймас. Дегенмен солардың ішінен басты-басты саналатындары аталып көрсетілгені, оларды сала мамандардың терминологиялық жұмыстарға араласу барысында ескергені жөн деп білеміз. Тіл мамандары мен терминтанушылардың көпшілігінің еңбектерінде атап көрсетіліп жүрген терминге қойылатын негізгі талаптар мыналар: 1) Терминнің бірмағыналылығы. Терминнің негізінен бір арнаулы сала ішінде ғана бір мағынаны білдіруі, синонимдерінің болмауы. "Бір таңбаланушыға - бір таңба, бір таңбаға - бір таңбаланушы" сәйкес келуі керек деген қағидаттан туындаған бұл талапты орындауға салалық мамандардың қай-қайсысы да мүдделі. Кейде бұл талаптың да орындалмай қалып жататындығын кездестіруге болады. 2) Термин мағынасының дәлдігі. Термин атаудың өзі белгілейтін ұғымның мазмұнын камтып, ұғымның негізгі басты белгілерінің термин мағынасы арқылы берілуі. Терминологиядағы шарттылық тұрғысынан келгенде бұл талап та үнемі орындала бермеуі мүмкін. Біз термин мағынасының дәлдігі туралы сөз қозғағанда бұл талапты оның дефинициясының дәл берілуіне қатысты қойған дұрыс деп пайымдаймыз. 3) Терминнің қысқалығы немесе ықшамдылығы. Бірнеше сөздің тіркесуінен тұратын көп сыңарлы терминді ұғым атауы ретінде, атаусөз ретінде қолдану қолайлылық туғыза бермейді. Атау сөздердің қысқа да нұсқа болғаны жақсы-ақ. Тіл үнемділікті ұнатады. Тіліміздегі көптеген көп құрамды тіркестердің лексикалануы, біріккен, кіріккен сөздердің пайда болуы, күрделі атаулардың ықшамдалуы осы үнем заңының талаптары. Алайда терминологияда бұл талап үнемі орындала бермейді. Терминологиялық тіркестер, терминдер жүйесінде көптеп кездеседі. Терминнің көп құрамдылығы оның кемшілігі емес, қайта ондай атаулардың ұғым мазмұнын дәл беру тұрғысынан артықшылықтары бар деп санайтын ғалымдар да бар. Бұл тұрғыдан келгенде "Термин мағынасының дәлдігі оныц қысқалығынан маңызды. Сондықтан да терминнің көп сыңарлы болуын оның кемшілігі деп есептеуге болмайды. Егер қандай да бір ұғым бір-бірімен өзара жақсы үндескен сөздерден тұратын тіркеспен аталса, онда ол терминнің жүйеліліп және сол ұғымның өзге ұғымдармен байланысын көрсетеді",- деген көзқарас та бар. 4) Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келуі. Терминдер де негізінен жалпы әдеби тілдегі атау сөздер сияқты ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін пайдалану арқылы жасалады. Салалық терминдердің көпшілігі әр саланың ғалымдарының, практик мамандарының қаламынан туындайды. Салалық мамандардың барлығы бірдей ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін, тілдік заңдылықтарды, дыбыстардың тіркесімі мен қосымшалардың жұмсалу ерекшелігін, сөздердің тіркесу қабілетін жетік біледі деп айту қиын. Оның үстіне ұтымды атау жасау үлкен талғампаздық пен шығармашылық қабілетті қажет ететін күрделі жұмыс. Сондықтан да терминологияда сөзжасам зандылықтарын қанағаттандыра бермейтін термин-сөздер ұшырасып қалып жатады. 5) Терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы. Бұл талап терминнің ықшам болуы қажет деген талаппен үндеседі. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына кіретіндіктен неғұрлым қысқа, ықшам атауларға сөз тудырушы жұрнақтарды үсті- үстіне жалғау арқылы бір түбірден немесе негізден бірнеше туынды сөз, жаңа атау жасауға болады. Ал көп құрамды атаулар бұл талапқа жауап бере бермейді. 6) Терминде эмоционалдылық пен экспрессиялықтың болмауы. Жалпы ғылым тілі бейнелілікті, образдылықгы емес, әр ұғымды өз атымен атауды қажет ететін дәлдікті, нақтылықгы қалайды. Сол себептен де ғылым тілінің негізін құрайтын терминдердің эмоционалдық тұрғыдан бейтараптықтанытып, оларға экспрессияның тән болмауы талап етіледі. Терминге эмоционалдылық пен экспрессиялық жат емес деп санайтын тілші-терминолог ғалымдар да бар. Солардың бірі В.Левин "Терминнің эмоционалдылығы туралы" деген мақаласында лексика-семантикалық жолмен жасалған терминдердің метаформалылығы мен метонимиялылығы оның эмоциялылығын білдіреді. Сондай-ақ егер термин белсенді қолданыстағы эмоционалды сөздерден жасалса, онда термин де сол эмоционалдык бояуды сақтайды – дейді(14,68). 7) Эстетикалық талаптарға сай келуі. Терминнің дыбысталуы айтуға қолайсыздық туғызбай, естуге жағымды болуы. Құлаққа қораштау естілетін, айтуға ауыр, қарапайым лексика, жаргон, арго сөздердің термин ретінде таңдалмағаны жөн. Байқап отырғанымыздай, терминге қойылатын талаптардың қай-қайсысына қатысты да қарсы айтылған уәждер. Олар туралы ғалымдар арасында түрлі көзқарастар бар. Ендеше, бұл талаптар барлық жағдайда бірдей орындалуға тиіс деп үзілді-кесілді айту қиын. Жалпы талап деген нәрсенің өзі мүлтіксіз орындалуға тиісті заң немесе айнымайтын аксиома. бұлжымас қағидат емес. Дей тұрғанмен де, адамзат қоғамының қай саласын алсақ та, белгілі бір талаптарды айқындап, сол талаптарға ұмтылу арқылы бей-берекеттілікке, тәртіпсіздікке, ретсіздікке, жүйесіздікке жол бермеу үшін мақсатты жұмыстар жүргізіледі. Сондықтан да терминге қойылатын жоғарыда аталып көрсетілген талаптар әрқашан мүлтіксіз орындала бермегенімен, термин шығармашылығында осы талаптардың үдесінен шығу көзделіп отырады. Мәселенің осындай қырларын ескере отырып, мұндай талаптарды мінсіз, идеалды терминдерге арналған деп санайтын тілші-лингвист ғалымдардың кейбір тұжырымдарын негізсіз деуге болмайды. Бірақ барлық терминологиялық жұмыстардың негізгі мақсаты - жетілдірілген, барынша ретке келтірілген, бір ізге түсірілген, стандартталған терминологиялық қор калыптастыру болғандықтан, мүмкіндігінше аталған талаптардың орындалуына ұмтылу міндет саналады. Терминмен жұмыс істеуді, термин шығармашылығымен айналысуды міндетіне алған әр маманның осыны назарында ұстағаны абзал. Осы тұрғыда ғалым Ш. Құрманбай: «Терминология кең мағынасында "адамның кәсіптік қызмет саласындағы қолданылатын арнаулы лексиканы қамтитын, тілдің сөздік құрамының бөлігі". Терминология - арнаулы сала ұғымдарының жүйелік ерекшелігін көрсете отырып, оның коммуникативтік қажеттілігін өтеуге қызмет ететін атаулар жиынтығы», - дейді (). Қазіргі қазақ тіліндегі халықаралық терминдер әр сала негізінде әр түрге бөлініп кетеді. Ал, қазіргі қазақ тілінде оларды біріктіріп отыратын ерекшелік – дұрыс, сауатты, ұғынықты жазу әрі түсіну мәселесі. Нақты айтсақ, терминология терминінің өзі көп мағыналы термин. Ғалымдар оның 5 түрлі мағынаны білдіретінін көрсетеді. 1. термин-сөздердің жиынтығы немесе жалпы көптеген саны белгісіз терминдер; 2. қандай да бір сала терминдерінің (ұғымдары мен атауларының) жиынтығы (медицина терминологиясы, география терминологиясы); 3. терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі туралы ілім; 4. белгілі бір тілде қолданылатын белгілі бір білім саласы терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі және олардың басқа тілдердегі баламалары (эквиваленттері) туралы ілім; 5. жалпы терминологиялық ілім. (Суперанская А.В. и др. С.14.) (14,56). Осы көпмағыналылықтан арылу мақсатымен болса керек, соңғы он шақты жыл көлемінде Ресей ғалымдары термин, терминология мәселелерін зерттейтін ілімді терминоведение деп атап жүр. Біз де ұғымдар ара-жігінің бұлайша ажыратылуын қолдаймыз. Сондықтан да терминоведение атауын терминтану деп қолданып жүрміз. Тілдегі барлық термиңцер жиынтығын- терминология, ал белгілі бір арнаулы сала терминдерініц жиынтығын – салалық терминология, ал общая терминология атауын - жалпы терминтану деп бір ізді атаған дұрыс болар деп ойлаймыз. Терминологиялық лексиканың әдеби тілге қатысы туралы мәселеге деген ғалымдардың көзқарасы да бірдей болмай келгендігі белгілі. А. Суперанская және басқа ғалымдар ондай пікірлерді үш топқа жіктейді: 1. Терминология - әдеби тіл лексикасының құрамына кіретін бір белігі. 2. Терминология - әдеби тілмен аз ғана ортақтығы бар ұлттық тілдің дербес лексикалық бөлігін құрайды. 3. Терминология - ешқандай да тіл емес, ол жасанды таңбалардың жүйесі болып табылады Бұл үш түрлі пікірдің алғашқы екеуінің қайсысы дұрыс деген мәселе туралы ойлануға, пікір таластыруға болар, ал үшіншісінің ғылыми негізі берік деп айта алмасақ керек. Терминдердің негізгі басым белігі белгілі бір ұлт тілі негізінде жасалған сөздер (символ-сөз терминдерді қоспағанда) екендігін ескерсек бүкіл терминологияны жасанды таңбалар жиынтығы деп оны тілден мүлде бөліп қараудың реті бар деп айту қиын. Ал алдыңғы екі көзқарасты жақтаушылардың да алға тартатын өзіндік деректері мен дәлелдері бар. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдарға дейін тек "Терминология - әдеби тіл лексикасының құрамына кіретін бір бөлігі" деген пікір ғана орын алып келді. Екінші кезқарасқа назар аударушы зерттеушілер бізде соңғы кездері ғана пайда болды. Жалпы терминологияның әдеби тілге қатысы туралы мәселе әлі де тілші-терминтанушы ғалымдар тарапынан терең де жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Салалық терминология. Ғылым мен техниканың, өндіріс пен өнердің сан түрлі салалары болатындығы белгілі. Адам қызметінің алуан түрлі сондай арнаулы салаларындағы деректі және дерексіз үғымдардың атаулары мыңдап саналады. Сондай белгілі бір арпаулы сала атауларының жиынтығын - салалык терминология деп атайды. Мұндай терминдер жиынтығын география терминологиясы, физика терминологиясы, математика терминологиясы, музыка терминологиясы деп өз саласының атымен қосып нақтылап та атай береді. Бұл салалардың атауларын негізінен осы салаларды зерттейтін ғалымдар мен практик мамандар жасайды. 2.3 Қазіргі қазақ тіліндегі термин қалыптастыру мен терминжасам тәсілдерінің маңыздылығы Қазіргі қазақ тіліндегі халықаралық терминдердің қалыптасуы мен дамуына тоқталсақ, онда біз терминдердің арнаулы саласына тоқталмай өте алмаймыз. Мәселен, халықаралық терминология саласы бойынша, арнаулы сала атауларының жиынтығы болып табылатын терминологияны - терминологиялық жүйе немесе ықшамдап терминжүйе (терминосистема) деп атау дәстүрлі нәрсе. Аты айтып тұрғанындай терминологияға жүйелілік тән. Әр саланың ұғымдарының өзара байланысы, иерархиясы, сатылық, түрлік қарым-катынасы ұғымдық, логикалық тұрғыдан қалай жүйелі болса, тілдік тұрғыдан да сол ұғымдардың жүйесін көрсететіндей етіп таңбалау қажет болады. Сондықтан да тілдік бірліктер терминдердің ұғымдар жүйесінің ерекшелігін көрсетіп бере алатындай сөзжасамдық жүйелілікке негізделіп жасалып, соның негізінде терминологиядағы жүйелілікке қол жеткізу көзделеді. Терминологиядағы жүйелілік ұғымдар жүйесінің аралық байланысын тілдік бірліктер атау сөздер аркылы да жүйелеп беру болып табылады. Терминнің жүйелілікке сәйкес жасалып, терминологияның жүйелі болуы қажеттігін алғаш атап көрсеткен ғалымдардың бірі - А. Реформатский "Тілдегі сөздердің жалпы үрдісі -сөзжасамдағы жүйелілік - терминдерде бұл үрдіс айрықша айқын байкалады" деп, жүйеліліктің терминологияда ерекше анық көрініс табатындығын айта келіп, Терминнология белгілі бір ғылымның ұғымдар жүйесін білдіру үшін қажет" деген тұжырым жасайды. Бұл - ұғымдар жүйесін белгілейтін атаулар жиынтығының да өзі таңбалаушы болып отырған жүйенің ерекшелігін көрсете алатындай жүйелі болуы керек деген сөз. Ғалым терминологияның ең алдымен, ұғымдар жүйесін көрсету үшін қажеттігін оның басты белгісінің бірі ретінде атап айтады (15,45). Терминологиямыздың негізгі бөлігін өзге тілдерден дайын қалпында қабылдаған терминдер құрап тұрған біздің жағдайымызда ұлт тілінде термин жасауға айрықша мән берілуі керек. Бірақ ұлт тілінде жасалған екен деп сараламай-ақ барлық терминдерді оңды-солды қолдана беретін болсақ, жетілдірілген терминологиялық жүйе қалыптастырудың орнына жүйесіздік тудыруымыз әбден мүмкін. Терминологияға қойылатын ең басты талаптың бірі жүйелілік туралы айтқанда, басын ашып айта кететін мәселе бар. Осы соңғы он- он бес жыл көлемінде терминдену жолымен немесе термин жасамның өзге тәсілдерімен жаңа терминдердің жасала бастағаны белгілі. Соған орай кейбір тіл мамандары мен әр түрлі мамандық иелері ұлт тілінде термин жасау терминологияда жүйесіздік туғызады деген пікір айтып жүр. Бұл пікірмен мүлде келісуге болмайды. Мәселенің байыбына бармай жатып мұндай пікір айтудың орынсыз екенін айтқымыз келеді. Себебі, терминологиядағы жүйесіздіктің туындауы - термин жасаушы маманның ұғымдар жүйесінің ерекшелігін ескермеуінен, яғни дәлірек айтқанда, оның термин жасау тәжірибесінің аздығынан болатын жайт. Әйтпесе, ұлт тілінде де ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшелігін дәл көрсетіп бере алатын тілдік тұрғыдан да жүйеленген терминология қалыптастыруға әбден болады. Мысалы, оның жарқын үлгісін кезінде ғұлама ғалымымыз А. Байтұрсынұлы жасаған тіл білімі мен әдебиеттану терминдерінен анық көруге болады. Төмендегі термин жасам үлгілеріне (модельдерге) назар аударып көрелік: Біз бұл жерде А.Байтұрсынұлының қаламынан туындаған терминдердің бірнеше үлгісін ғана көрсеттік. Берілген үлгімен жасалған терминдердің бәрін қамтуды да мақсат етпедік. Мәселен, төртінші үлгі бойынша жасалған терминдер қатарын БАСТА+МА, ҚЫЗДЫР+МА, ЕРМЕКТЕ+МЕ, ҰСЫН + БА, ҚОРЫТ+ПА сияқты, ал бесінші үлгіні ЕКПІН+ДІК, ДӘЛДЕУ+ЛІК, ЕМЕС + ТІК тәрізді терминдермен толықтыра беруге болады. Жоғарыдағы үлгілермен жасалған терминдердің кейбіреулері тілде бұрыннан болған. Олар терминдену жолымен өздерімен бір үлгіде жасалған терминдер қатарына еніп, жүйелілікті сақтап тұр. Олардың қатарына БАЙЛАНЫС, ШИЕЛЕНІС, ТАРТЫС терминдерін жатқызуға болады (5,46). А. Байтұрсынұлы жасаған терминдердің ішінде мұндай бір үлгімен жасалған терминдер жетерлік. Ол арнайы әңгіме арқауы боларлық мәселе. Осында берілген бірнеше мысал арқылы ғана ұлт тілінде термин жасау жолымен де ұғымдар жүйесінің ерекшелігін көрсетіп, терминологиядағы жүйелілікті сақтауға болатындығын байқау қиынға соқпайды. Осы тұста терминтанудың дамуына айрықша үлес қосқан ғалым А. Реформатскийдің терминдердің жүйеге байланысты, оған бағынышты болуы керектігі туралы айта келіп, "Терминдер өздері белгілейтін заттар мен құбылыстардың жүйелілігін көрсететін жүйе құрауы тиіс" деген сөзінің орынды айтылғанына тағы да көз жеткіземіз. Кейінгі жылдары да бұл тәрізді бір тектес ұғымдардың өзіндік ерекшелігін көрсетіп бере алатын үлгілес терминдердің жасалып жүргендігін айту керек. Мысалы, солардың қатарына тілші ғалым Ә. Жүнісбек жасаған фонетика терминдерін жатқызуға болады. Олар -м, -ым, -ім форманттары арқылы жасалған төмендегі терминдер: Бұл терминдер қатарына үндесім (сингармонизм), жуысым (щелинность), тоғысым (смычка) сияқты терминдер де кіреді. Мұндай терминдерді терминологиядағы жүйелшікті бұзып тұр деуге ешқандай негізіміз жоқ. Сондықтан да термин жасауға жауапкершіліксіз қарау салдарынан сәтсіз жасалған кейбір терминдерді мысалға келтіре отырып, ұлт тілінде термин жасау жүйесіздік туғызады деген пікірді қолдай алмаймыз. Терминологиядағы жүйесіздік - жүйелілікке негізделген терминдер жасай алмаудан, ұлт тілінің мүмкіндігін дұрыс пайдаланбаудан, терминологиялық жұмыстарды кәсіби деңгейде жүргізе білмеуден туындайтын жайт. Сонымен, қорыта айтқанда қазіргі кезенде ұлт тілінде термин жасау, біршама жанданып отыр. Бұл ғылыми-техникалық терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыруға бағытталған дұрыс үрдіс, Оған теріс баға берудің орны жоқ. Тек қазіргі кезеңде термин шығармашылығында орын алып отырған кемшіліктерді уақытында түзетіп, терминологияны жетілдіру жолындағы терминологиялық жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде жүргізу - ең басты міндет. Терминологияны қалыптастыру туралы айтылғанда терминология стандартталған, біріздендірілген, реттелген, жетілдірілген болуы қажет деген талаптар да қойылып жатады. Терминологиядағы жүйелілікке қол жеткізіп, аталған талаптардың орындалуы үшін мақсатты түрде үнемі жүргізіліп отыратын жұмыстар бар. Оларды терминологиялық жұмыстар деп атайды. Төменде олардың негізгілеріне тоқталамыз. Терминологияға қойылатын өзге талаптар осы терминологиялық жұмыстармен тікелей байланысты, дәлірек айтқанда терминологиялық жұмыстардың барлығы сол талаптардың орындалуы үшін жүргізіледі. Ғалым Ш. Құрманбайдың пікірінше: «Термин шығармашылығы стихиялы түрде жүзеге асып жататын жұмыс емес. Әр маман өз бетінше термин жасап, оны қалауынша қолданатын болса немесе термин шығармашылығы жалпыхалықтық, бұқаралық сипат алып термиді жасау ісі үйлестірілмей, кәсіби тұрғыдан қолға алынбай ырқына жіберілсе, онда терминқор қалыптастыруда жүйесіздік, ретсіздік, жарыспалылық, тілдік нормадан ауытқушылық сияқты көптеген кемшіліктер орын алады. Сондықтан да кез келген тілдің ұлттық терминологиялық қорын қалыптастыру - кәсіби мамандардың белгілі бір жоспарлы жұмыстарды жүргізуі арқылы жүзеге асырылады» (10,74). Терминтануда ондай жұмыстардың басын қосып, жинақтай отырып, терминологиялық жұмыстар (терминологические работы) деп атайды. Терминологиялық жұмыстардың қатарына біріздендіру (унификация), стандарттау (стандартизация), реттеу (упорядочение), жетілдіру (усовершенствование), жүйелеу (систематизация), нормалау (нормализация) сияқты жұмыс түрлері жатқызылып келді. Терминтану саласындағы әдебиеттерде бұл жұмыстар түрлерін нақты жіктеп-жіліктеп, әрқайсысының ауқымын мейлінше дәл анықтап беру жағы әлі де болса жетісіңкірей бермейді. Оларға берілген анықтамалар да кейде ішінара бірін- бірі қайталап жатады немесе бұл ұғымдарды әр зерттеуші түрліше түсіндіретін жағдайлар да кездеседі. Мәселен, Г.В. Степанов бұлардың ішінен біріздендіру, стандарттау, реттеу үшеуін негізгі терминологиялық жұмыстар ретінде атап көрсете отырып, оларға төмендегідей анықтама береді: 1. Реттеу - терминдердің белгілейтін ұғымдарына мүмкіндігінше толық сәйкес келуін іздеуге бағытталған мамандардың бірлескен жұмысы. 2. Стандарттау - әр ұғым үшін бір ғана терминді таңдап, оны арнайы құжаттарда бекіту. Бұл терминмен қатар кейде кодификация атауы да синоним ретінде қолданылады. 3. Біріздендіру - әр түрлі ұлттық тілдердегі терминдермен аталатын ғылыми және техникалық ұғымдардың сәйкес келуі(14,56). Терминологиялық жұмыстардың атаулары алмастырылып, бұл жұмыстардың ара- жігі ажыратылмай, жалпы қолданыла беретін немесе әр ғалымның бір ғана терминологиялық жұмысты түрліше атауын да кездестіре беруге болады. Тілші-терминолог ғалымдардың терминологиялық жұмыстардың атауларына қатысты пікірлері әр түрлі болғанмен, әлем халықтарының тілдерінде олар түрліше аталып жүргенімен терминология дамуының барлық кезеңінде бұл жұмыстар жүргізіліп келген және жүргізіле де береді. Терминқор қалыптастыру барысында оны ғылым тілінің, термигологияның талаптарына, тілдік қатысым мен тілдік нормаға сәйкес жүйелеуге тура келеді. Алайда бір атаумен әр түрлі ұғымдарды немесе бір ұғымды түрліше атап жұртты жаңылыстырмас үшін терминологиялық жұмыс атауларының өзін бірізді қолданған жөн. 90-жылдардан кейін жарық көрген А.В. Суперанская, 11.В. Подольская, Н.В. Васильева сиякты авторлар өздерінің бірлесіп жазған еңбектерінде реттеу мен біріздендіру нормалаудың құрамына кіреді деп біледі. Нормалау термині мейлінше дәйекті әрі оның ауқымы кең дей келіп, олар халықаралық термин болғандықтан оны аударудың қажетсіздігін және бұл терминнен нормалау (нормализовать) немесе нормаландыру (нормализировать), нормаланған терминология (нормализированная терминология), нормалау қызметі (нормотизаторская деятельность) тәрізді туынды терминдер қатары өрбиді дейді. «Біздің терминологиялық жұмыстардың барлығы да кеңестік кезеңде орыс тіліне негізделген халықаралықтандыру бағытында жүргізілді. Тілішілік, тіларалық, халықаралық деңгейлердің қай-қайсысын да біз жалпы кеңестік терминқор қалыптастыру бағытын негізгі бағдарымыз ретінде берік ұстандық»,- дейді Р. Барлыбаев (). Терминологияны стандарттау - негізгі терминологиялық жұмыстардың бірі. Бұл жұмыс белгілі бір ұлт тілінің шеңберіндеде, халықаралық деңгейдеде жүргізіледі. Р.Г. Котов "Терминологияны біріздендіру мен стандарттау туралы айта отырып, дәлме-дәл мағынасында стандарттаудың қол жетуі қиын мақсат екенін, оның өзінше бір идеал екендігін атап көрсету қажет"-деген болатын. Ғалымның бұл пікірін терминологиядағы стандарттылықтың аса күрделі, оңайшылықпен қол жете коймайтын жоғары талап екендігін сезіне отырып айтылған сөз деп ұққанымыз орынды болар. Бір ғана терминнің төңірегінде сала мамандарының ішінде он түрлі пікір айтылып, ортақ шешімге келе алмай жататын жағдайлар жиі ұшырасады. Ал бір тіл деңгейінде, одан шығып тіларалық, бірнеше тілдер арасындағы халықаралық стандарттауға қол жеткізу одан да қиын жұмыс. Дегенмен терминологияны халықаралық деңгейде стандарттауға әлемдік деңгейде едәуір көңіл бөлініп келеді. Халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) негізгі бағытының бірі терминологияны стандарттау болып саналады. Бұл жұмыстардың күрделілігі мен маңызын ескере отырып, ЮНЕСКО-ның бастамасымен терминология бойынша халықаралық ақпараттық орталық ИНФОТЕРМ 1971 жылы құрылды. Бұл орталықтың негізгі міндеттерінің бірі терминология бойынша Халықаралық ақпараттық желі -ТЕРМНЕТ жүйесін құру болатын. Қазір бұл жұмыс жолға қойыла бастады. Стандарттау жұмысы КСРО кезінде 30-жылдардан басталып жүргізілді. Басқа терминологиялық жұмыстар сияқты стандарттау да біздің тілімізде халықаралық сипатқа ие болды. "Нормалау мен стандарттау бір тілдің көлемінде, туыстас тілдер шеңберінде, белгілі бір аймақта қатар өмір сүріп жатқан тілдер тобының арасында немесе әлемдік масштабта жүргізілуі мүмкін. Терминологиялық жұмыс көлемі, мақсаты мен міндеті, осы жағдайларға байланысты өзгеріп отырады"- деп ғалымдардың дұрыс атап көрсеткеніндей, 90- жылдардан бастап, отандық терминологтың жұмыс көлемі де, мақсаты мен міндеті де өзгерді. Себебі, бұрын ұлттық республикалардағы терминология дамуының негізгі бағыт-бағдарын да терминологиялық жұмыстарды жүргізудің негізгі қағидаттарын да орталық, яғни Мәскеу белгілеп отырса, енді сол жұмыстардың барлығын да өз қолымызға алуға тура келді. КСРО халықтарына ортақ терминологиялық қор құрып жатқан едік, сол КСРО-мыз тарап кетті. Терминқорымызды жетілдірудің, дамытудың бағыт-бағдарын анықтап алу қажеттілігі туындады. Тәуелсіздігін жариялаған тәуелсіз мемлекеттер өз тілдерінің терминологиясын қалыптастырудың жаңа бағыттарын таңдауға кеше бастады. Кезінде одақтың ортақ тілі орыс тілін үлгі ете отырып ұлттық терминқорын қалыптастыруда саяси сыңаржақтық, тілдік үстемдік, терминологиялық жұмыстарды жүргізуде бір-жақтылық орын алғандықтан жаңа құрылған ТМД елдерінің бірде-бірі ортақ терминқор құру мәселесін қайта көтермеді. Ұлттық терминжүйені қалыптастыруда орыс тілін үлгі етіп білу былай тұрсын, оны терминқор қалыптастырудың сыртқы көзі ретінде танып, өзге шет тілдері сияқты пайдалануға да пейілділік байқатпады. Мұны кезіндегі Одақтың тіл саясатында орын алған сыңар жақтықтың, ұлт тілдеріндегі ғылыми-техникалық терминологияны қалыптастырудың қағидаттарын белгілеудегі негізсіз үстемдіктің салдары деп ұққан дұрыс болар. Соңғы он-он бес жыл көлемінде кеңестік дәуірде орыс тілінен ұлт тілдеріне өзгеріссіз қабылданған терминдерді қайта қарау, олардың орнына жаңа атау жасап ұсыну, әр тілдің өз ішкі лексикалық қабаттарынан балама тауып алмастыру үрдісі көрініс бере бастады. Бұл құбылыс бізде де анык байқалды. 90-жылдардың басында академик Ә.Қайдар «Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген термин-атауларды мүмкін болғанынша қазақша аударып қолдану, аударуға келмейтіндерін бұрынғыдай сол қалпында емес, қазақ тілінің фоно- морфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау" ұлттық терминологияны дамытудың қағидатарының бірі (6-қағидат) болуы керек деген ұсыныс жасады, Академик ұсынған 11 қағидаттың алтыншысы ретінде көрсетілген бұл қағидат ұлттық терминологияны дамытуда басшылыққа алынуы қажеттігі мемлекет тарапынан ресми белгіленбегенімен соңғы жылдардағы термин шығармашылығына ықпал етпеді деп айту қиын. Қазақ терминологиясы дамуының соңғы он-он бес жылды құрайтын жаңа кезеңінде бұрын ұзақ жылдар бойы қолданылып, тілімізге сіңіп кеткен орыс сөздері мен терминдерінің көпшілігіне казақша баламалар ұсынылды. Мәселен, клетка, ткань, белок, председатель, совет сияқты атауларды бұрын еш жатырқамай қолданып келген болсақ, бір-екі ұрпақтың санасына сіңісті болып қалған осы терминдерді жасауына, ұлпа, ақуыз, төраға, кеңес тәрізді төл баламаларымызбен алмастырдық. Бұл соңғы баламалар электронды бұқаралық ақпарат құралдарында, мерзімді басылымдарда жаппай қолданылып, көптеген оқулықтар мен оқу құралдарына, терминологиялық сөздіктерге енді. Орыс тіліне сол тілдің дыбыстық-құрылымдық ерекшеліктеріне сәйкес қабылданып, ал өзге ұлт тілдеріне дәл орыс тіліндегі қалпын сақтап енгізілген өзге тілдер сөздердің де бірқатары ұлт тілдеріне аударылды. Жалпы халықаралық терминдерді ұлт тіліңдегі баламамен алмастыру әлем халықтарының көптеген тілдерінде оның ішінде, бірқатар еуропа халықтары мен орыс тілінде де көрініс беріп отырған құбылыс. Бұл жөнінде З.Стоберский (Stoberski 1989 9/10, 6) "XX ғасырдың соңғы ширегінде бүкіл әлемде ұлтшылдық үрдіс өрістеп, бұл терминологтардың да жұмысына әсер етті" десе, орыс ғалымдары мұндай үрдістің Ресейде де көрініс беріп отырғанын атап көрсетеді. "70-80 жылдары көптеген елдерде өз тілдерінде жасалған терминдерге басымдық беру үрдісі байқалды, бізде де терминологиялық жүйені орыстандыруға бетбұрыс жасалды"-деп жазады ғалымдар. Әрине, халықаралықтандыру бағытына басымдық беріп келгенмен 70- жылдарға дейін де өзге ұлт тілдерімен салыстырғанда орыс терминологиясының ұлттық сипаты әлсіз болды деп айту қиын. Айталық еуропа халықтарының тілдерінен алған терминдердің барлығы орыс тілінің фоно-морфологиялық заңдылықтарына бағындырылып жазылды. Жаппай сипат алмаса да орыс тілінде термин жасау жүріп жатты. Оларда ұлт тіліндегі термин шығармашылығы дәл біздегідей тоқырауға ұшырап қалған жоқ. Орыс тілі КСРО құрамына кірген ұлт тілдерінің барлығына терминқор Суперапская А., Подальская Н., Васильева Н. Общая терминология. Терминологическая деятельность. М, 1993. Стр. 181. қалыптастырудың негізгі сыртқы кезі ретінде, үлгі тіл ретінде ұсынылды. Ғалымдардың 70-жылдардан бастап терминологияны орыстандыруға бетбұрыс жасалды деп отырғанын бұл жерде орыс тіліне бұрын қабылданған халықаралық терминдердің төл баламалармен алмастырылудың қарқын ала бастағаны деп түсінген дұрыс(14,73). Ал бізде ұлт тілінде термин жасау, терминологиямыздың ұлттық сипатының басым болуы керектігі тек 90-жылдары ғана ашық айтыла бастады. Термин шығармашылығындағы бұл үрдіс соңғы он-он бес жыл көлемінде көптеген тілші ғалымдар, терминологтар, ұлт зиялылары тарапынан қолдауға ие болды. Ең алдымен ұлт тілінің ішкі мүмкіндігін пайдалана отырып жасалған жекелеген салалардың терминдері қолданысқа еніп, терминологиялық сөздіктер жарық көре бастады. Бізде терминологиялық жұмыстарды жүргізіп отырған ғылыми мекемелер мен мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың ешқайсысы терминологияны стандарттау жұмысымен арнайы айналысып отырған жоқ. Әр түрлі салалар бойынша дайындалған терминологиялық стандарттарды Мемтерминкомның келісімінен кейін Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұрынғы Стандарттау және метрология комитеті) бекітіп келеді. Министрлік комитеті мен Мемлекеттік терминология комиссиясының бұл саладағы жұмысы шығармашылық, сараптамалық тұрғыда емес, мемлекеттік құрылымдар арасындағы құжат айналымы деңгейінде жүзеге асып жатады. Жалпы бізде терминологияны стандарттау жұмысы кейбір басқа елдердегідей үлкен маңызға ие болып отыр деуге болмайды. Бізде терминологияны стандарттау жұмысы негізінен Мемтерминкомның ресми бекіткен терминдерін ұсынумен шектеліп келеді. Мемтерминком - консультациялық-кеңесші орган. Сол себепті оның шешімін орындау міндетті болмағандықтан, бекіткен терминдері де Мемстандарт бекіткен стандарттар сияқты жалпыға міндетті емес. Сондықтан да Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен терминдердің елеулі белігі бірізді қолданысқа тұсіп, тұрақты терминдер қатарына қосылып кетпей, бекітілген қалпында қағаз жүзінде қалып қояды. Мемтерминкомға терминдердің термин шығармашылығымен кәсіби тұрғыда айналысып жүрген білікті мамандардың қаламынан туындап немесе солардың сарабынан өтіп барып ұсынылуы қажет-ақ. Бізде бұл түрғыда атқарылуға тиісті жұмыстар әлі жетерлік. Жалпы терминологияны стандарттау жұмысы кеңестік дәуірде бізде терминдерді Мемлекеттік терминология комиссиясы тарапынан ресми бекіту түрінде жүзеге асып келсе, бүгін де сол тұрғыда жүргізіліп келеді. 2.3.1 Қазіргі қазақ тіліндегі халықаралық терминдердің бірізділі Арнаулы салалардың атаулары термин сөздер туралы сөз болған жерде бірізділік мәселесі міндетті түрде көтеріледі. Біріздендіру - терминология болған жерде үздіксіз жүргізіліп отыруға тиіс негізгі терминологиялық жұмыстардың бірі болғандықтан да термин туралы алғаш сөз бола бастаған жылдардың өзінде-ақ бірізділік мәселесіне айрықша мән берілген еді. Мәселен, сонау 1917 жылы Мұхтар Әуезов "Сарыарқа" газетінде жарық көрген "қайсысын қолданамыз?" атты шағын мақаласында-ақ терминдерді бірізді қолдану мен терминдерді алатын өзге тілдерді, терминологияны қалыптастырудың сыртқы козін пайдалану мәселесін көтерген еді. 20-жылдарда да бұл мәселеге Ахаң бастаған алаш зиялылары тарапынан да үнемі мән беріліп отырған. 1928 жылы "Еңбекші қазақ" газетінде "Тағы да жат сөздерді қолдану туралы" деген тақырыппен атын көрсетпей "оқытушы" деп жазған автордың мақаласы да сол кезеңде жарияланған. Осы мақаласында автор терминдерді біріздендіру жөнінде былай деп жазады: "ілім кемесиесі "минутаны " — "мүйнет "деб алды. Ал, оқығандардың біреуі менот, біреуі монет, біреуі мінот деп жазады. Айдың аты да осындай. "Январьды" біреулер "ғынауар", біреулер "жануар", біреулер "жанбар" дейді. Түбінде осының "ғануары" қолайлы-ау деймін. Тілгірам, тілігірап, тілпон. Кітәб кітаб, боген, багон, болшебек, балшабек, үстел, үстол - осы сөздердің бәрін де дұрыстаб бір ізге салыб алу керек", деп берілген екен,-дейді М. Әуезов(4,65). Терминологияны біріздендіру бірнеше сатыдан тұратын ауқымды да күрделі жұмыс. Тілші-терминолог ғалымдар терминологияны біріздендірудің бес сатысын атап көрсетіп жүр. Бірінші - белгілі бір тар мамандықтың шеңберінде біріздендіру; екінші - сала шеңберіндегі біріздендіру; үшінші - нақты бір ұлт тілінің шеңберіндегі біріздендіру; төртінші - туыстас тілдер шеңберіндегі біріздендіру; бесінші - тіларалық, ұлтаралық біріздендіру; алтыншы - халықаралық, бүкіл ортақ терминдері бар тілдер арасындағы біріздендіру. Аздаған тірліктер атқарыла бастағанымен, өкінішке қарай біз қазір терминологияны біріздендірудің қай сатысында да жұмыс өз дәрежесінде жоғары кәсіби деңгейде жүргізіліп жатыр деп айта алмаймыз. Олай болуының себебі - бізде бұл іспен кәсіби түрде тұрақты айналысып отырған білікті мамандары бар, терминологиялық жұмыстарды Мусаев К. Формирование терминологии на титульных языках республик Российской Федерации и СНГ. М., Институт языксянания РЛН, 2000. стр.32.) ғылыми-практикалық, әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ете отырып, бір орталықтан үйлестірілетін дербес органның болмауынан әркім өз білгенінше сөздік шығарып, ғылыми еңбектерінде қалаған терминдерін қолданып, термин жасаумен оның мән-жайын жақсы білмейтіндер де айналыса беретін болса, онда біздің терминологиядағы бірізділікке кол жеткіземіз деуіміз сөз жүзінде ғана қалып қоя береді. Дегенмен дейінгі жылдары Тіл комитеті мен Мемтерминком тарапынан салалық терминдерді біріздендіру бағытында біршама жұмыстар колға алынды. Соңғы үш жыл көлемінде, нақтырақ айтқанда 2002-2004 жылдары заң, іс жүргізу, тіл білімі, әдебиеттану, тарих, география салалары бойынша мамандандырылған жұмыс топтары құрылды. Олардың жинақтап ұсынған атаулары алдымен сала мамандарының, одан соң тілдік сараптамадан өтіп барып Мемлекеттік терминология комиссиясында қаралды. Биылғы 2005 жылы да экономика, медицина, химия, сәулет-құрылыс сияқты төрт арнаулы саланың терминологиясын біріздендіруге қаржы бөлініп, осы салалардың мамандарынан тұратын жұмыс топтары құрылды. Бұл жұмыстардың көлемі - тілге оның ішінде терминологияға бөлінген қаржы көлеміне байланысты болса, орындалған жұмыстың сапасы - осы салалардың терминдерін жасаған салалық мамандардың біліктілігі мен термин жасау ісіне жауапкершілігіне тікелей байланысты болғандығын ашық айту керек. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстардың сапасы барынша артып, ауқымы кеңейе түсер деп үміттенеміз. Ал, халықаралық терминологияны біріздендіру жұмысының осы уақытка дейін жүргізілу бағыты мен сипатына келер болсақ, ол жөнінде мынаны айтуға болады. Жалпы терминологияны біріздендіру мәселесі термин жасау мен оларды қалыптастыру жұмыстарын үйлестіре жүргізуге, жарыспалылықты болдырмауға байланысты туындайды. Термин шығармашылығы кезінде жарыса қолданылып жүрген баламалардың біріне тоқталып, оны арнаулы ұғымның атауы ретінде терминологиялық лексикада тұрақтандыру процесін біріздеидіру деп түсінетініміз белгілі. Бірі іздендіру термині 2000 жылы Мемтерминком ресми бекіткенге дейін кеңестік дәуірде қалыптасқан унификация нұсқасында қолданылып келді. Қазақ тілі білім беру мен ғылым сала-сындағы қызметін атқару мүмкіндігіне ие болып. терминдерді үлт тілінде жасап, қалыптастыруға бет бұрған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, аталған терминнің формасы ғана емес мағынасы да өзгеріске ұшырағаны байқалады. Термин шығармашылығының отызыншы жылдардан тоқсаныншы жылдарға дейінгі кезеңінде терминдерімізді орыс терминологиясына қарап қалыптастыру дәстүрі орныққан болса, терминологиядағы біріздендіру жұмыстары да сол бағытта жүргізілді. Белгілі бір терминнің шет тілі мен орыс тіліндегі және қазақ тіліндегі нұсқаларының бірін таңдау қажет болған жағдайда, көбінесе, ең алдымен орыс тілінде орныққан нұсқа басымдыққа ие болатын еді. Мұндай таңдау кеңестік тіл саясатына да ұлт тілдерінде терминологияны дамытудың сол кезеңдегі принциптеріне де сәйкес келетін. Тілімізге қабылдаған кірме терминдердің орыс тіліндегі жазылуына нұқсан келтіріп алмау үшін әліпбиімізге өзгертулер мен толықтырулар енгізгеніміз де ешкімге құпия емес. Отызыншы жылдарға дейін жасалып, қалыптаса бастаған көптеген терминдер, жаңа қолданыстар отызыншы жылдардың бас кейінен бастап, қолданыстан шеттетіліп, олардың орны орыс тіліндегі нұсқасымен алмастырылды. Мәселен, 1925 жылы Мәскеуде Қошке Кемеңгерұлының редакторлығымен басылып шыкқан "Қазақша-орысша тілмашта" берілген төмендегідей терминдер мен атауларға мән беріп көрелік: пленка - үлдірік, экономия - үнем, экономный - үнемшіл, экономность - үнемшілдік, экономист - үнемші, прогресс - үдеу, колонизатор - отаршыл, колонизаторство - отаршылдық, патриот - отаншыл, патриотизм - отаншылдық, федерация - құрама, экспертиза - сарап, эксперт - сараншы, интеллигент - зиялы, центробежный - делегей, урок, лекция - дәріс, поэма - дастан, творчество - шығаршылық, антитеза - шендестіру, чиновник - төре, чиновничсство - төрешілдік, музыка - әуез өнері, администратор, правитель - әкім, административность, власть - өкімдік, методика –әдістеме. Осы атаулардың барлығы дерлік қазақ терминологиясы дамуының А. Байтұрсынов кезеңінде баспасөз беттерінде кеңінен қолданылып, сол кезеңде жарық көрген оқулықтар МСН оқу құралдарына, сөздіктерге еніп, тілде орныға бастаған болатын. Ұлт тілдерінде терминологияны дамытудың 30-жылдардан бастау алатын келесі кезеңінде бұл терминдердің халықаралық сипатын арттырып, орыс тіліндегі нұсқасын қалдыру қажет деп танылды. Терминдерді біріздендіру жұмысының бағыты да басқа арнаға ойысып, ұлт тілінде жасалған терминдердің арнаулы салалардан орын алу мүмкіндігі барынша шектелді. Нәтижесінде пленка, колонизатор, патриот, экспертиза, интеллигент, творчество, антитеза, администратор тәрізді шет тілдерінен қабылданған мындаған терминдер мен кірме сөздерге басымдық беріліп, олар тілімізден берік орын тепті. Терминдерді біріздендіру мәселесі терминологияны халықаралықтандыру бағытына сәйкес жүргізілді. Бір ғана ұлт тілінің ауқымында жүргізілетін тіршілік біріздендіру (внутриязыковая унификация) жұмысынан гөрі кеңестік тіл саясатының мүддесіне сай келетін тіларалық біріздендіру (межьязыковая унификация) ісіне мемлекет тарапынан айрықша мән берілді. Кейбір ғалымдар терминологияны іштей біріздендіру (внутренняя унификация терминологии) терминін де қолданып жүр. Біздіңше, тілішілік біріздендіру термині ықшамдылығы жағынан да, терминологиялық жұмыстың мазмұнын ашуы тұрғысынан да алдыңғы терминнен гөрі ұтымдырақ. Тіларалық біріздендіру жұмыстарын жүргізуде КСРО халықтарының ортақ тілі орыс тілін үлгі етіп алу ұсынылды. Мәскеудегі КНТТ (Комитет научно- технической терминологии) Одақ көлеміндегі терминологиялық жұмыстарды үйлестіріп отырған басты мемлекеттік орган әрі ғылыми мекеме ретінде кеңес халқына ортақ терминологиялық қордың (общесоветский терминологический фонд) орыс тілі негізінде қалыптасуына үлкен ықпал етті. Халықаралық біріздендірудің түпкі мақсаты - екі немесе одан да көп тілдердің терминологиялық жүйесінің ортақтығы артып, жақындай түсуін көздейді. Сол себепті де кезінде бұл терминді А.В. Крыжановская "терминологиялық интеграция" деп атауды ұсынған болатын. Алайда ғалымның бұл ұсынысы жаппай қолдау тауып кете алған жоқ. Ғылыми-техникалық әдебиеттерде бұрынғысынша көбінесе екі тілге қатысты тіларалық біріздендіру, екі немесе бірнеше тілге қатысты әңгіме қозғалғанда халықаралық біріздендіру термині қолданып келді. 1981 жылы наурыз айында Мәскеуде терминология мәселелеріне арналып өткізілген бүкілодақтық семинарда жасаған бас баяндамасында академик Г.В. Степанов терминологияны біріздендіру жұмыстарының елеулі қиындықтарға тап болып отыруына республикаларда орыс, латын, грузин, армян графикаларытта негізделгсн төрт түрлі әліпбидің пайдаланылуының себеп болып келе жатқандығын және орфографияның фонетикалық, фонематикалық, морфологиялық, тарихи принциптерге негізделуі де өзара термин алмасу процесін қиындатып отырғанын айтады. Өз жазуларын сақтап қалған армян, грузин және латын графикасын пайдаланған балтық жағалауы республикалары болмаса, кириллицаға көшіп, 30-жылдары-ақ әліпбиімізді орыс сөздерін бұрмаламай жазу үшін бейімдеп, кеңейтіп, толықтырып алғандықтан, біз академик атап көрсеткендей, терминологияны біріздендіруге де, термин алмасуға да кедергі келтіргендер қатарына жатпаймыз. Керісінше, сол кедергіні алғаш бұзып терминологиямыздың советтік-халықаралық сипатын барынша арттырған халықтар санатына қосыламыз. Г.В. Степанов осы баяндамасында терминологиялық жұмыстардың ең негізгілерінің бірі ретінде біріздендіруге айрықша мән беру қажеттігін айта келіп, бұл жұмыстың маңызын былайша атап көрсетеді: "В многонациональном государстве важное значение приобретает работа по унификации, смысл которой состоит в достижении соотносимости научных и технических понятий, выражаемых терминами на различных национальных языках" . Көп ұлтты мемлекетте терминологияны халықаралық-тандырудың, тіларалық біріздендірудің маңызды мәселе ретінде көтеріліп, оған мемлекеттік тұрғыдан үлкен мән берілуі түсінікті. Онсыз ғылым мен техника саласындағы және басқа да тілдік қатынастарда бір тілдің үстемдігін орнату мүмкін болмаған болар еді. "Термин унификация употребляется в постановлении об унификации терминологии на языках народов СССР"- деп көрсетеді Ю.Д. Дешериев өз мақаласында Терминологияны тіларалық біріздендіруге мемлекеттік тұрғыдан айрықша мән берілгендігін бұл істі бүкіл одақ көлемінде үйлестіре отырып жүргізу мақсатымен арнайы қаулы қабылданғандығынан да көруге болады. Ондағы түпкі мақсат - бір тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласындағы қызметін атқаруына мемлекттік тұрғыдан барынша ықпал ете отырып, жүйелі де жоспарлы жұмыстар жүргізу арқылы көп ұлтты құрама елдің тіл мәселесін түбегейлі шешу еді. Кеңестік тіл саясатының көрегенділікпен жүргізіліп отырғандығын, терминологияны біріздендірудің бүкілодақтық деңгейде орыс тілін үлгі етіп ала отырып жүзеге асырылып жатқандығының дұрыстығын және бұл үрдістің солай жалғастырыла беруі қажеттігін әр қырынан дәлелдеуге ат салысқан ғалымдар Мәскеуде де ұлттық республикаларда да аз болмағаны белгілі. Мәселен, мәскеулік ғалым Р.Г. Котов терминологиялық тасқынның ғылым мен техникадағы, басқару саласындағы қарым-қатынасты едәуір қиындатқанын, көп тілді елдегі мұндай кедергінің туындауына тілдік бөгеттің (языковой барьер) үлкен тосқауыл болып отырғанын, оны жою керектігін айта келіп, былай дейді : "Таким образом, проблемы развития и упорядочения терминологии оказываются тесно связанными с актуальными информационными проблемами современного общества, среди которых важное место занимает проблема преодоления языковых барьеров" Әрине, көп ұлтты елде тілдік бөгеттің шешімін күтетін әлеуметтік лингвистикалық күрделі мәселе ретінде көрініс беруі табиғи нәрсе. Ғалымның бұл мәселені терминологияны дамыту және реттеумен тығыз байланыста шешуі қажет деуі де орынды. Алайда мәселенің үлкені сол терминологиялық жұмыстарды жүргізу барысында қай тілдің мүддесі көзделіп отырғандығында. Ғалымдардың алға тартқан дәлелдері мен ұсыныс-пікірлерінен біріздендіру жұмыстарын қандай мақсатпен, қай бағытта жүргізу көзделгенін көруге болады. Жалпы-кеңестік терминологиялық қор құру мақсатын көздеген терминологияны біріздендіру жұмыстары мемлекеттік тұрғыдан қолдау тауып, ғылыми-әдістемелік негізде бір орталықтан үйлестіріле жүргізіліп отырғандықтан едәуір жетістіктерге қол жеткізді. Оған 70-80 пайызын орыс терминологиясымен ортақ терминдер құрайтын біздің терминологиялық лексикамыз бен біз тәрізді одақ құрамында болған көптеген халықтардың терминологиялық қоры құрамына қарап-ақ көз жеткізуге болады. Ендігі жерде терминологияны біріздендіру жұмысы қалай, қай бағытта жүргізілуі қажет деген мәселеге келсек, бұл жұмыс мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің мүддесін көздей отырып жұзеге асырылуы керек екендігі дау тудырмайды. Қоғам өмірінде болған саяси, тарихи-мәдени өзгерістерге байланысты көптеген жаңа терминдер жасалды және кезінде орынсыз шеттетілген бірқатар терминдер терминологиялық лексикамызға қайта қосылды. Оған жоғарыдағы Қошке Кемеңгерұлының сөздігінен алынған мысалдағы отаршылдық, отаншыл, ошаншылдық, сарапшы, зиялы, дәріс, дастан, шендестіру, әкім, әкімдік, әдістеме атауларының тілімізде кеңінен қолданыс тауып жүргендігі, тіпті кейбіреулерінің ресми бекітілген термин ретінде терминологиямыздан орын алғандығы дәлел бола алады. Біріздендіру жұмысы ең алдымен, ұғым мазмұнын дәл бермейтін, терминге қойылатын талаптарға сай келмейтін атаулардан арылып, сәтсіз жасалған баламалар мен терминологияда ретсіздік туғызып, жарыса қолданылып жүрген нұсқаларды сараптан өткізіп, солардың бірін тілде орнықтырудан бастау алуға тиіс. Сондай-ақ тілімізде арнаулы ұғымды дәл беретін байырғы атауы бола тұрып орынсыз шет тілінің сөзімен алмастырылған немесе сөз-жасам, терминжасам тәсілдерін ұтымды пайдалана отырып сәтті жасалған терминдер де ұлттық терминологиялық қордан орын алу қажеттігін назардан тыс қалдыруға болмайды. Термин шығармашылығы терминологияны біріздендіру, жетілдіру жұмыстарымен қатар жүріп жататын үздіксіз процесс болғандықтан, жаңадан жасалып қолданыска ене бастаған терминдерді іріктеп алумен бірге қажеттілігіне қарай жаңа терминдер жасап, оларды тілде орнықтыруға да көңіл бөлінгені жөн. Бұл жұмыс барлық арнаулы саланың терминдер жүйесін қамти отырып жүзеге асыруды қажет етеді. Яғни тіршілік біріздендіру ісіне жете мән берілуі керек. Ал тіларалық біріздендіру жұмысы да бұрынғыдай орыс тілін ғана үлгі етіп алып, бір жақты сипат алмай, ғылыми негізделген байыпты бағытты ұстануы керек. Әсіресе, туысқан түркі тілдес халықтар тілдерінің арасындағы терминжасам тәжірибесін бөлісу мен термин алмасу ісін дұрыс жолға қоюдың маңызы өте зор. Ділі мен тілінің ұқсас қырлары, ортақ жақтары мол туысқан халықтардың өзара термин алмасу ісін жолға қоймай, өзгеге тәуелді кезде солардың белгілеп берген қағидаттарын әлі басшылыққа алып, ескі сүрлеуден шыға алмай отыруымызды құптау қиын. Бұл осы саладағы жұмыстардың тиісті деңгейде жүргізілмей отырғанын көрсетсе керек. Тілдік туыстығы жағынан бір топқа жататын өзге халықтар тілдері арасындағы термин алмасу тәжірибесі де ескеріліп, оның ұтымды жақтары бізге үлгі болуы қажет. Бірімізде жоғымызды бірімізден тауып, тілдік байланысымыз бен ғылым саласындағы ынтымақтастығымызды нығайтудың тарихи-мәдени әрі саяси маңызы да зор деп білеміз. Орыс тілімен және орыс тілі арқылы еуропа тілдерімен арадағы термин алмасу дәстүрі бізде кеңестік кезеңце әбден орныққан деуге болады. Тіпті, термин алмасудың бірден-бір дұрыс жолы ретінде ұсынылды десек, шындықтан ауытқымаймыз. Ол дәстүрден үзілді-кесілді бас тартып, туыстық жақындығы жоқ тілдерден сөз, термин алмасуды тоқтатайық деген жолды ешкім де ұсынып отырған жоқ. Ұлт тілінде термин жасау, тіліміздің ішкі мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үрдісі жандана бастады деген соңғы он шақты жылдың колемінде де еуропа тілдерінен көптеген терминдер тілімізге еніп үлгерді. Ол тілдерден ендігі жерде сөз алуға болмайды деуге де еш негіз жоқ. Еуропа тілдері де өзге тілдер сияқты терминологиялық лексиканы қалыптастырудың сыртқы көзі ретінде қала беруге тиіс. Тек терминдерді қай тілдерден қандай мөлшерде, нендей тілдік және тілден тыс заңдылықтарға сүйене отырып қабылдайтындығымыздың себептерін ғылыми тұрғыдан анықтап алуға тура келеді. Саяси және экономикалық тұрғыдан ықпалы зор, әскери қуаты күшті, ғылым- білімі өркендеген елдердің тілдерінен термин қабылдау қашан да, қай тілдің де басында болатын құбылыс. Мемлекет нығая түскен сайын мемлекет құраушы ұлттың ғылымды өз тілінде өркендетіп, ақпарат алмасу процесінде өзінің тиесілі орнын алуға ұмтылуы табиғи нәрсе. Біз қазір дәл осы кезеңді бастан кешіріп отырмыз. Қазіргі кезеңде де кешегі кеңестік дәуірдің кемшіліктерін қайталап, терминологияны дамытуда біржақтылыққа ұрынуға жол беруге оолмайды. Әлемдік ғылымның даму үрдісіне сәйкес өзге тілдердің терминдер қорын қалыптастырудағы ұстанып отырған бағытын, терминологиясын қалыптастыру тәжірибесін де ескеріп, алайда басқанікінің бәрін асыл көріп, козсіз көшіруге ұрынбай, ұлт тілі мен ғылыми-техникалық прогрестің мүддесін ұштастыра жұмыс жүргізгенде ғана мәселе дұрыс шешімін таппақ. Сонымен қорыта айтар болсақ, тілішілік біріздендіруді тіларалық біріздендіру жұмысын да ескі сарынмен жүргізе беруге болмайды. Тілішілік біріздендіру барысында ұлт тілінің ішкі мүмкіндіктері сөз жүзінде емес, іс жүзінде барынша кәдеге жаратылуы керек. Барлық лексикалық қабаттарды терминологияны қалыптастырудың ішкі көзі ретінде, ал сөзжасам, терминжасам тәсілдерін тіліміздегі термин жасаудың жолы ретінде кәсіби шеберлікпен пайдалану арқылы ғана ғылыми-техникалық терминдер бұрын ұлттық тіл негізінде қалыптастыра аламыз. Ал аралық біріздендіру ғылым мен техниканың өркендеуі немесе мемлекеттердің саяси және экономикалық ықпалдылығы сияқты тілден тыс (эксталингвистикалық) факторларға ғана негізделмей, тілдердің туыстыгы мен құрылымдық ұқсастығы тәрізді таза тілдік (лингвистикалық) факторларды да ескере отырып жүргізілуі қажет. Сонда бізде терминологияны қалыптастыруда кеңестік деңдегідей орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы қабылдаудан басқаны білмейтін біржақтылық орын алмайды. Терминологиялық қорды қалыптастырудың сыртқы көзін қажеттілігіне қарай сұрыптап пайдалануға, терминді қай тілден қабылдаудың тиімділігін анықтап, оларды елеп-екшеп алуға да мүмкіндік туындайды. Орыс ғалымдары Д.С. Лотте мен Кеңес өкіметінің ҒА-ның ғылыми- техникалық терминология комитеті еңбектерінің негізінде жазылған "Как работать над терминологией. (основы и методы)" атты еңбекте ғылым мен техниканың немесе пәннің терминологиясын реттеу үиіін сала мамандары мен іргелес сала мамандарынан тұратын ғылыми комиссия құрып, оған түрлі ғылыми мектептер мен әр түрлі көзқарастағы ғалымдарды тарту қажеттігі атап көрсетіледі. Сондай-ақ осы еңбекте реттелуге тиісті терминдерді мамандар талқысына ұсынудың үлгісі беріледі. Онда бірінші бағанға терминдердің рет саны, екінші бағанға ұғым атаулары терминдер әліпбилік емес, жүйелік тәртіппен беріледі де, үшінші бағанға сол терминдердіц анықтамалары орналастырылады. Бұл үлгіні ұсыну арқылы ғалым терминнің атауы мен мағынасының сәйкес келуін әрі атаулардың ұғымдар жүйесінің ерекшелігіне сай болуын максат еткені аңғарылып тұр. Г.В. Степановтың терминологияны реттеу жұмысын осылай түсінгенін оның берген анықтамасынан көруге болады. Реттеуді ғалымдар түрліше түсініп, әрқалай түсіндіреді: Бірі бұл жұмысты біріздендіру аясында қарастырса, екіншілері кең мағынада қолданып, терминологиялық жұмыстардың барлығының басын қосып реттеу деп ұғады. Біз терминологияны реттеуді Д.С. Лотте, Г.В. Степанов т.б. ғалымдардың берген анықтамасы негізінде ұсынып отырмыз. Терминдердің белгілейтін ұғымдарына мүмкіндігінше толық сәйкес келуін іздеуге бағытталған мамандардың бірлескен жұмысының реттеу (упорядочение) деп аталатынын жоғарыда атап көрсеттік (1.5). Ұғым мазмұнына оның атауының сәйкес келуі жөнінде бізде жиі сөз болады. Бұл мәселе жөнінде терминтанушы тілшілер де, лексикологтар да, сала мамандары да жалпы филологиялық білімі барлар да, қаламгерлер де кейде журналистер де пікір білдіріп жатады. Бірақ пікірдің де пікірі бар. Біреулер сөздің қыскалығын, біреулер сөздің ұзындығын, біреулер оның төркінін қуып моңғолдың, арабтың. гректің немесе ағылшынның сөзі екендігін сөз етеді. Сөз біздің меншігіміз оған араласпа деп ешкімге тыйым салуға болмайды. Әркім де пікір білдіруге қақылы. Бірақ мәселеге біліп араласқанға, мәселенің мәнін ұғып, оны зерттеп, зерделеп барып жүйелі ой айтып, тұжырым жасағанға не жетсін. Бұлай деуіміздің себебі, термин мағынасы жөнінде айтылып жататын пікірлердің арасында лексикалық, терминологиялық мағына табиғатын терең түсініп, оның нәзік қырларын аңғара отырып, кәсіби біліктілікпен айтылатын ой-тұжырымдардан ғөрі жоқ-барды теріп, жалпы, үстірт пікір білдіретін жағдайлар бізде көбірек ұшырасып жатады. "Тіпті мына сөз маған ұнайды, немесе "ұнамайды" бұрынғысы дұрыс еді" деген пайымдауларды еш лингвистикалық негіздеусіз-ақ алға тарта беретін мақалалар жарық көріп жатады. Таңбаланушы мен таңбалаушының, атау мен ұғымның байланысы, термин- сөз мағынасының ерекшеліктері, ұғым белгілерінің мағына құрауға қатысы деген нәрселер шолып өтіп, атүсті ой айта салатындай оп-оңай мәселелер емес. Сондықтан мұндай іске қай-қайсымыз да арнайы дайындықпен, ізденіспен келіп, жауапкершілікті сезе отырып араласып, терең зерделеуге сүйене отырып пікір білдірсек, ортақ шаруамыздың оңалуына үлес қосылар еді. «Бізде әлі де айтылған пікірлерді сараптан өткізіп, дұрыс-бұрысын ажыратып, ғылыми құндылығы барларын ескеріп, оларды реттеу жұмысында қажетімізге жаратып отыру жағы жолға қойылмай келе жатқаны алаңдатарлық мәселе. Жоғарыда тоқталғанымыздай, құнды пікір-ұсыныстармен бірге негізсіз айтылатын пайымдаулардың көп орын алып жататыны да осындай мамандар тарапынан жұмылып жасалып отырған мақсатты жұмыстың жүргізілмей отырғандығынан. Егер білікті мамандар бірлесе отырып, түрлі басылымдар мен баспасөзде жарияланған мақалалар мен ұсыныс-пікірлерді жіті қадағалап, оларды дер кезінде електен өткізіп сұрыптап отырса, бұл мәселеге ерінбегеннің бәрі араласып үстірт, жайдақ пікір айтушыларға жол берілмес еді. Істің жоғары кәсіби деңгейде, біліктілікпен жүргізілуіне қол жеткізе алар едік. Әзірге олай болмай отыр. Реттеудің мамандардың бірлескен жұмысы негізінде жүзеге асатынын ескеріп, терминологияны реттеу жұмысын осы бағытта жүргізу керектігін айрықша атап айтқымыз келеді»,-дей отырып, ғалым Құрманбай келесі пікірлерді ұсынады: «Терминология туралы сөз болған жерде ұлт тілінің ішкі мүмкіндігін сарқа пайдалану қажет деп жатамыз. "Қазақ тілінің төл және бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалануды" академик Ә.Қайдар терминологияны дамыту қағидаттарының бірі ретінде ұсынды (3-принцип). Ахандар кезеңінен бастап келе жатқан бұл бұл қағидатты біз де қолдаймыз. Тілдің лексикалық байлығын сарқа пайдалану мүмкін болмас, оны барынша ұғымды пайдаланудың қажет екендігі дау туғызуға тиіс емес. Жалпы лексикалық байлығымыз ғана емес "тіліміздің ішкі мүмкіндігін барынша немесе сарқа пайдалануымыз керек" деген сөз жиі айтылып жатады. Алайда бізде сол барынша пайдалану дегеннің не екенін нақтырақ, дәлірек түсіндіру жағы жетісіңкірей бермейді. Біздің ұғымымыз-тіліміздің ішкі мүмкіндігін барынша пайдалану дегенміз - тіліміздегі лексикалық қабаттардан арнаулы сала ұғымдарын атауға жарайтын сөздерді үлкен ыждағаттылықпен, кәсіби біліктілікпен сұрыптап ала білу мен терминжасамның барлық тәсілдерін жаңа атау жасау кезінде шығармашылықпен сауатты пайдалану. Ал ендігі мәселе – «тіліміздің ішкі лексикалық мүмкіндігін қалай пайдаланамыз?» деген сұраққа жауап беру. Тіліміздің лексикалық байлығын терминқор қалыптастыруда ұтымды пайдалану үшін алдымен сол байлықкөз алдымызда, қолымызда болуы керек. Лексикалық байлық халық тілінде бар болғанымен оны жинақтап, жүйелеп, мағыналарын анықтап отыр. Әдістемелік, анықтамалық құралдар дайындамасақ, арнаулы ұғымдарға ат беру кезінде оларды пайдалану мүмкіндігіміз төмен болады. Сөз байлығы мол, тілді ең жақсы біледі деген адамның өзінің сөздік коры шектеулі, екіншіден, атау іздеп отырған ұғымға қажет сөзді термин жасаушы білген күннің өзінде оның жадында сол сөз үнемі кезегін күтіп тұра бермейді. Қажет кезінде қажет сөздің табыла қоймауы, еске түсе бермеуі мүмкін. Ондай сөзді асықпай, көптеген әдебиеттерді ақтарып іздеуге, ұзақ бас қатыруға тура келеді. Сондықтан да қазақша термин жасау барысында ұғымды дәл беретін ең ұтымды сөз қалтарыста қалып қойып, оның орнына мамандардың мағынасы біршама жуықтайтын сөзді алып, сөздікке, оқулыққа енгізетін жағдайлары ұшырасып жатады. Осындай кемшіліктерге орын беріп алмау үшін терминқор қалыптастырудың ішкі көздері анықталып, термин ретінде пайдалануға болатын лексикалық қабаттар көрсетілуі керек. Жалпы кез келген тілдің терминологиялық лексикасының түзілуіне негіз болатын екі кезі бар. Оның бірі - ұлттың өз тілі де, екіншісі - өзге халықтардың тілдері. Алғашқысы - терминжасамның ішкі көзі, ал кейінгісі - сыртқы көзі деп аталады. Бұл көздердің термин шығармашылығында пайдаланылуы - ғылым-білімнің даму деңгейіне, ұлт тілінің қоғам өмірінде алатын орнына тікелей байланысты. Соған сәйкес бір тілдің терминологиялық лексикасының басым белігін ұлт тілінде жасалған терминдер құрайтын болса, кейбір тілдерде керісінше, өзге тілдерден қабылданған кірме терминдер өте көп ұшырасады да, төл терминдердің үлес-салмағы елеусіз болып жатады. Мәселен, қытай тілін зерттеген ғалым И.М.Ошанин қытай терминологиясы туралы былай деп жазады: "Многотысячелетнее развитие китайской культуры с ее материальным и духовным богатством, с ее развитой теоретической мыслью, отраженной в многочисленных сочинениях по философии, истории, экономике, медицине, математике и т.д., обусловило огромные словообразовательные возможности, позволяющие передавать сред-ствами своего языка любые понятия, заимствованные у других народов "Поэтому удельный вес прямых заимствованных и иностранных слов в китайском языке чрезвы-чайно мал..." Ал қазақ терминологиясының жайы мүлдем басқаша. Тілші ғалымдар терминологиямыздың 70-80 пайызын кірме терминдер құрайтынын айтып жүр. Өз билігі өзінде болмаған халықтың тілінің де еркін дамуына мүмкіндік тумайтыны белгілі. Терминологиямыздың ұлттық сипатынан айырылуы - тіліміздің ғылым саласында, термин шығармашылығында өз деңгейінде пайдаланылмағандығының көрінісі болып табылады. Ендігі жерде мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілі өзінің ғылым саласындағы қызметін толық атқаруға көшуге тиіс. Ол үшін терминжасам тәсілдері іске қосылып, үздіксіз жетілдіріліп отыруымен қатар, термин жасауда пайдаланылуға тиісті лексикалық қабаттар тиімді пайдаланылуы қажет. Қазақтілі арнаулы лексикасының оның ішінде терминжасамның ішкі көзін пайдалану арқылы қалыптасқан терминологиялық лексиканың жасалуына жалпыхалықтық тілдің негіз болғандығы дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Бірақ жалпыхалықтық тілдегі барлық сөздердің терминдену қабілеті бірдей бола бермейді. Белгілі бір лексикалық қабаттар немесе лексика-семантикалық топтар термин шығармашылығында өнімділік танытса, кейбіреулерінің терминологиядағы үлесі өте төмен. Мәселен, сөз таптарының терминденуі тұрғысынан қарар болсақ, барлық сөз таптарының (сын есім, етістік, үстеу, есімдік) негізінде жасалған терминдерді қосқанда бір ғана зат есім негізінде туындалған терминдермен теңдесе алмайды. Сөздердің қолданылуы тұрғысынан келгенде де тіліміздегі лексикалық қабаттардың терминге айналу мүмкіндігі әркелкі»(10,52). Қорытынды Сонымен қорыта келгенде, қазіргі қазақ тілінің "терминологиялық лексикасын құрайтын терминдену тәсілімен жасалған терминдердің елеулі бөлігі - ұлттық әдеби тілдің құрамындағы жалпы қолданыстағы сөздер негізінде жасалған. Жалпы қолданыстағы сөздер терминденудің барлық жолдары арқылы терминдене алады. Оларға бірден көшпестен бұрын осы терминдену процесінің қалай жүзеге асатындығына назар аударып көрелік. Термин пайда болу үшін ең алдымен белгілі бір терминдер жүйесіндегі орны нақтыланған ұғым болуға тиіс. Ол ұғымның орнының нақтылануы деп біз сол ұғымды өзге ұғымдардан ажырататын оның өзіне ғана тән айрықша белгілері мен қасиеттерінің анықталуын айтып отырмыз. Яғни, бұл ұғымның қамтитын шекарасын, көлемін анықтау деген сөз. Одан әрі айқындалған ұғымның басты белгілерін көрсете отырып, оның мазмұнын толық ашатын анықтама беріледі. Ондай анықтаманың немесе терминнің дефинициясының (мәні) дәл болуы аса қажет. Егер терминнің дефинициясы дәл берілмесе, онда ұғымның мазмұны да солғын ашылады. Соған сәйкес ондай ұғымды сөзбен белгілеу кезінде де ауытқушылық кетеді. Терминнің дефинициясы ұғымның басты белгілерін, көлемін көрсету арқылы сол ұғымның өзі қатысты болатын арнаулы салада қаншалықты деңгейде игерілгендігінен, зерттелгендігінен хабардар етеді. Ұғымдар жүйесіндегі орны айқындалып, басы ашылған ұғымның қамтитын ауқымын негізгі белгілерін дәл көрсететін ғылыми анықтама бергеннен кейін, анықтамаға сүйене отырып, сол ұғымға өзінің мазмұнына сәйкес келетін атау беру (ат қою) қажеттілігі туындайды. Ұғымға ат коюдың, яғни терминжасам тәсілдерінің бірі - терминдену болып табылады. Ұғым мазмұны белгілі болғаннан соң, терминолог немесе салалық маман мазмұннан формаға қарай ойысады. Аталған тәсілді пайдалану арқылы термин жасауды ұйғарған зерттеуші өз тілінде бар сөздердің ішінен ұғымды беретіндей (ұғымның мазмұнын қамтитын) сөзді таңдауға көшеді. Дәл осы тұста өзі ат қойғалы отырған ұғымның терминдер жүйесіндегі алатын орны мен оның мазмұнын жақсы түсінумен бірге (бұл лингвистерге қатысты) сол үғымға тиісті атау іздеп отырған тілді де жетік білуі қажет екендігін айтқан жөн. Біздің терминологиямыздың басым бөлігін орыс және еуропа тілдерінен енген терминдер құрауы себептерінің бірі - сол салаларда қызмет істейтін салалық мамандардың, ғалымдардың қазақ тілін білмеуінен немесе нашар білуінен, еңбектерій өз тілінде жазбауынан деп білеміз. Ана тілін білмейтін маманның өз тілінен (немесе өзге ұлт өкілінің өзі білмейтін тілден) ұғымға атау іздеп, бас қатырмайтынын дәлелдеп жатудың реті жоқ. Осыдан алпыс жылдан астам уақыт бұрын (1948 жылы) академик Нығмет Сауранбаев: "Кезек күтпейтін үлкен бір мәселе - қазақ әдеби тілінің терминологиясын жасау мәселесі... Барлық ғылымның терминдерін жасау өте қажет. Ал оны қазақ тілін білетін әрбір ғылымның мамандары жасай алады, яғни казақ әдеби тілінің терминін жасау казақ, интеллигенциясының міндеті"- деген болатын (). Қазақ интеллигенциясы қазақша ойлап, қазақша сөйлеп, өз еңбектерін қазақ тілінде жазғанда ғана ондай міндетті атқара алады. Ұғымды және сол ұғымға атау беретін Тілді жақсы білгенде ғана форма мен мазмұн бірлігіне қол жеткізуге болады. Мәселен, аса көрнекті тілші ғалым А.Байтұрсынұлы жасаған зат есім, сын есім, сан есім, ісімдік, үстеу, етістік, шылау сияқты терминдердің санамызға сіңіп, қалыптасып кетуінің, өміршеңдігінің сыры - олардың білікті тіл маманы ретінде терминделуші ұғымдардың мазмұнын, олардың тіл жүйесіндегі орны мен қызметін терең білуімен бірге, өзі ғылыми ұғымдар атауларын жасап отырған қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерген игінде жатқаны дау туғызбаса керек. Терминнің іші мен сырты үндесіп, затына аты сай келуі - термин жасаушының ұғым атауының біз сөз етіп отырған екі жағына бірдей мән беріп, оларды ұштастыра білу шеберлігіне тікелей байланысты. Жалпы қолданыстағы сөз термин қатарына өткенде өзінің бастапқы лексикалық мағынасынан айрылып, мүлде жаңа ұғымды белгілеуі мүмкін. Мысалы, жалпы қолданыстағы күмбез сөзі "мешіт, сарай, т. б. құрылыстардың сәнді өрнектермен әшекейленген шаңырақ тәрізді төбесі" және "әдемілігімен көзге түсетін әшекейлі құрылыс - деген мағыналарды білдірсе, геологиялық терминологиядағы күмбез термині "биіктігі жүздеген метрден мыңдаған метрге дейін жететін, көміліп қалған не қазіргі вулкан конусы " деген ұғымды білдіреді. Сондай-ақ жалпы қолданыста қалта деп "киімнің омырауына т.б. тігіліп, ұсақ-түйек зат салуға арналған бөлігін " - айтса, биологиядағы қалта (бурса) термині "қимылдау кезінде сіңірдің сүйекке үйкелісін бәсеңдететін сіңір, бұлшық ет, тарамыс астында болатын кілегейлі қалтарыс, дорба " - деген ұғымды білдіреді. Жалпы қолданыстағы күмбез, қалта сөздерінің терминденуі негізінде геология, биология терминдері жасалған. Терминденудің мұндай жағдайында жалпы қолданыстағы сөздер мен арнаулы саладағы терминдердің таңбаланушылары (означаемое) белек-белек, ал таңбалаушылары (означающее), яғни лексема екі ұғымға да ортақ болады. Жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуіне көп ретте тілде бұрыннан бар ұғым мен терминологиядағы терминделуші ұғымның қандай да бір ұқсастықтары себепкер болып табылады. Келтірілген мысалдардағы күмбез, қалта сөздері ұғымдардың сыртқы формаларының ұқсастықтары негізінде терминденген. Геологиядағы вулкан конусының пішіні құрылыстың төбесіне, биологиядағы кілегейлі қалтарыстың киімге т.б. қоса тігілетін қосымша бөлікке ұқсайтындығынан сөздің бастапқы мағынасы метафоралану жолымен терминге айналып, басқа-басқа ұғымдар ортақ атауға ие болған. Нәтижесінде жаңа сөз пайда болып, жүйеаралық (жалпы лексикалық жүйе мен терминологиялық жүйе арасында) омонимдер туындаған. Терминденудің бұл жолымен жасалған терминдерді ғылым мен техниканың кез келген саласынан кездестіруге болады. Мәселен, жалпы қолданыста тозаң деп "Зат үстіне қонған не ауаға көтерілген жұқалаң селдір шаңды " немесе "қалың шаң - топырақты " айтса, өсімдіктануда "Жалаңаш тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктердің микроспорасын тозаң" дейді. Сондай-ақ әдеби тілде "Адамның көркі, оңі, ажары шырайы" делінсе, тіл білімінде шырай деп сапалық сын есімдерге тән, шаттардың сындарын салыстырып, шендестіріп, күшейтіп көрсететін грамматикалық категорияны айтады. Келтірілген мысалдардан тозаң сөзі мен тозаң терминінің және шырай сөзі мен шырай терминінің дыбысталулары сәйкес келгенімен, олар бір-біріне қатыссыз басқа-басқа ұғымдарды білдіретінін көріп отырмыз. Жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі өзге тілдердің әсерінсіз, жоғарыдағыдай бір ғана ұлттық тілдің шеңберінде де, сондай-ақ өзге бір тілдің әсерімен де жүзеге асуы мүмкін. Өзге тілдің әсерімен терминдену дегенде біз қазақ тілінің өзінің лексикалық материалын пайдалану арқылы семантикалық тәсілімен термин жасауды айтып отырмыз. Ондай терминдердің өзіндік ерекшеліктері - олар бір жағынан қазақ тілінің өз сөздерінің негізінде жасалған терминдер болса, екінші жағынан өзге тілден алмасқандығы олардың семантикасы арқылы аңғарылып тұрады. Мәселен, өсімдіктанудағы гүл бөліктерін білдіретін ескек, желкен, қайықша терминдері орыс тіліндегі весло, нарус, лодочка терминдерінің негізінде семантикалық калька жолымен жасалған. Калькалаудың аудармадан басты ерекшелігі - қабылданушы тілде жаңа сөз пайда болып, ол сөздің мағынасы сол жаңа сөздің жасалуына негіз болған тілдегі сөздің мағынасымен сәйкес келеді. Қазақ тіліндегі терминдердің елеулі бөлігі калькалаудың түрлі тәсілдері арқылы жасалған. Терминологиядағы жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі арқылы жасалған терминдердің енді бір бөлімніцң таңбаланушылары да, таңбалаушылары да өзінің жасалуына негіз болған сөзбен сәйкес келеді. Мұндай лексикалық қабаттың әдеби тіл жүйесі мен оның терминологиялық кіші жүйесіне бірдей қызмет ететіндігі айтылып жүр. В.П.Даниленко сөздің әдеби тілден терминологияға ауысу барысында өзге ұғымды белгіленуінің нәтижесінде омоним туындауын сөз алмасу құбылысы десе, әдеби тілдегі сөздің терминологияға өтуі кезінде омоним пайда болмай, сөздің бір мезгілде екі жүйеге бірдей (жалпы әдеби тіл жүйесі мен оның терминологиялық кіші жүйесіне) қызмет етуін сөздің "екі жақты қызметі" деп, ондай лексикалық қабатты алғашқыдан бөлек қарауды ұсынады. Әрине, аталған құбылыстардың арасында автор көрсеткендей айырмашылықтардың бар екендігі рас. Бірақ соған қарамастан, олардың ұқсас жақтары да жоқ емес. Сол ұқсастықтардың маңыздылығын негізге ала отырып, біз бұл аталған екі құбылысты терминдену процесінің аясында қарастырған дұрыс деп білеміз. Басқаша айтқанда, аталған құбылыстарды бір ғана терминдену процесінің жүзеге асуының екі түрлі жолы деп түсінеміз. Біріншіден, терминденуші сөз екі түрлі жағдайда да жалпы әдеби тіл мен оның терминологиялық жүйесіне бірдей қызмет етеді. Омоним туындаған жағдайда сеө екі басқа ұғымды белгілегенімен оның дыбыстық жағы, яғни лексема екі жүйеге де ортақ. Мұндағы ортақтық деңгейінің әркелкілігін олардың арасын бөлудің негізгі шарты ретінде тануға болмайды. Сонымен бірге, бұл ортақтықты екі құбылыстың басын біріктіретін басты белгі деуден де аулақпыз. Осы тұста тілдік таңбаның екі жүйеге де ортақ болуына көп жағдайда терминденуші сөз атау болған әдеби тілде бұрыннан бар ұғымдардың арасында қандай да бір ұқсастықтың (форма, қызмет т. б.) болатынын да ескерген жөн. Ондай ұқсастық болмаған жағдайда, сол терминделуші ұғымға ұлттық тілде бұрыннан бар сөздің атау ретінде таңдалуына ешбір мотивациялық негіз болмаған болар еді. Мәселен, перде деп әдеби тілде "есікке, терезеге, театр сахнасына құрыліан шымылдықты " айтсақ, есімдіктануда "көптеген өсімдіктердегі ауалы қуысты бөліп тұратын, жасушалардан құралған бөгет қабатты" айтады. Мұндағы термин мен жалпы қолданыстағы сөздің омоним болуына негіз болған екі ұғымнында бір нәрсенің арасын бөліп тұратын қызметтерінің ұқсастығы. Екіншіден, әдеби тілдегі сөз бір мезгілде екі жүйеге бірдей қызмет еткен жағдайда да сөз бен терминнің арасында елеулі айырмашылықтар болады. Сөз жалпы лексикалық өрістен терминологиялық өріске өткенде жаңа сапаға көшіп, терминге тән қасиеттерді иеленеді. Жалпы лексикалық өрістегі сөзге тән қасиеттерінен айырылады. Мәселен көп мағыналылық, эмоционалды-экспрессивтік, модальдік т. б. термин үшін қажетсіз деп саналады. Бір ғана лексема арқылы көрініс беретін сөз бен терминнің мағыналық айырмашылықтарын аңғару үшін екі жүйеге де ортақ деп саналатын су, жел сөздерінің анықтамаларын салыстырып көрелік. Су деп әдеби тілде "өзен, көл т.б. түзетін түссіз, мөлдір сұйық затты айтсақ, терминологияда су ден "сутегі оксиді, Н2О қалыпты жағдайда сутегінің оттегімен қарапайым орнықты химиялық байланысын (массасы бойынша 11,19 процент сутегі жоне 88,81 процент оттегі)... " айтады. Сондай-ақ әдеби тілде жел деп "кейде қатты, кейде баяу соғатын ауаның ағымын "айтса, ал физикалық географияда "ауаның жоғарғы қысымды аймақтан төмен қысымды аймаққа қарай горизонталь бағытта қозғалуын жел"- дейді. Су және жел сөздерінің жалпы әдеби тілге де, терминологияға да ортақ бір ғана ұғымның атауы екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Алайда осы екі жүйеге де бірдей қызмет ететін сөздің келтірілген анықтамаларынан-ақ термин мен термин емес сөздің арасында едәуір айырмашылықтардың болатынын байқау қиын емес. Әдеби тілдегі сөз негізінен неғұрлым жалпылама атаулық қызмет атқарып, ұғымның сыртқы белгілерін ғана қамтыса, терминнің дефинициясы арқылы ұғымның тиісті ғылымның даму деңгейіне сәйкес анықталған әрі оның терминологиялық өріс ішіндегі алатын орны мен көлемін нақтылай түсетін, сырт кезге аңғарыла бермейтін ішкі белгілер көрсетіледі. Сөздің бастапқы лексикалық мағынасы арқылы көрінетін белгілерімен терминденгеннен кейін оған дефиниция арқылы бекітіліп берілген белгілері сәйкес келмейді. М.Н.Володина жуырда жарық көрген зерттеу жұмысында көп жағдайда белгілі бір тілдегі жалпы қолданыстағы сөздердің термин ретінде жиі қолданылатын айта келіп. былай дейді: "Раскрывая через дефиницию наиболее существенные признаки специальных в своей области понятий, какие слова- термины кодируют информацию дважды: в первый раз с их помощыо кодирувтся общеязыковая информация, а во второй - терминологическая "'. Яғни, жалпы тілдік және арнаулы ақпараттарды жинақтай отырып, термин бір мезгілде әрі тілдік, әрі кәсіптік-ғылыми саланында бірлігі болып табылады. Термин екі жүйеге бірдей ортақ болатынын, оның "екі қожайынның қызметшісі" екенін кезінде А.А. Реформатский де айтқан болатын. Бұл шындықты кейінгі жылдары термин мәселесімен арнайы айналысып жүрген танымал мамандардың барлығы дерлік мойындап келеді. Мойындап қана қоймай оны жаңа деректермен толықтырып, жан-жақты дәлелдеп те жүр. Қалай болғанда да жалпы қолданыстағы сөз бен оның негізінде жасалған терминнің айырмашылығын анықтау қажеттілігі туындайды. Ол үшін сөздің лексикалық мағынасы мен терминологиялық мағынасын құрайтын семантикалық белгілерді салыстырып көру қажет болады. Төмендегі мысалдан да оны анық көруге болады. Мәселен, жалпы қолданыста тау деп "айналасын да жерден едәуір көтеріңкі, биік жері айтса, физикалық географияда тау термині "айналасынан оқшау, айқын байқалатын беткейі, етегі және шыңы бар, теңіз деңгейінен биіктігі кемінде 200м болатын көтеріңкі жер ",- деген ұғымды білдіреді. Терминнің мазмұны логикалық жолмен арнаулы сала үшін ең қажетті және жеткілікті белгілері айқындалған тұрақты дефинициясы арқылы ашылған. Айталық таудың биіктігі кемінде теңіз деңгейінен 200м көтеріңкі болатындығы - сондай қажетті белгілердің бірі. Терминде ондай белгілер бірнешеу. Л.А.Капанадзе "терминдену дегеніміз - сөздің лексикалық мағынасын "кесіп ", оған дефиницияны "таңып беру"2 - деген болатын. Омоним туындамаған жағдайда да терминология қарамағына өткен сөзге терминге тән дефиниция беріледі. Сол дефиниция арқылы бұрыннан бар ұғым өзге белгілері арқылы жаңа сапалық деңгейден керініс береді. Сондай-ақ ондай термин белгілі бір терминологиялық өріспен шектеліп, ұғымдар жүйесінен орын алады. Бұл сөздің термин қатарына өткендігінің, яғни терминденгендігінің белгісі. "Жалпы қолданыстағы сөз терминологиялық өріс ішінде бұрынғы мағынасынан бөлек, арнайы мағынаға ие болады". Сонымен, қорыта айтқанда тіліміздегі жалпы қолданыстағы, сөздердің терминденуінің екі түрлі жолын көрсетуге болады: Біріншісі - халықтың ұғымында бұрын болмаған ғылым мен техниканың, өнердің даму барысында ашылған жаңа ұғымды ұлттық тілде бұрыннан бар сөзбен белгілеу. Терминденудің мұндай жағдайында сөздің тек дыбыстық жағы алынады да бір ғана лексема екі жүйеде (жалпы лексика мен арнаулы лексика) екі басқа ұғымды білдіреді. Нәтижесінде бастапқы сөзбен жаңа термин омонимдік қатар түзеді. Екіншісі - халықтың ұғымында бұрыннан бар ұғымның атауымен қоса, жалпы лексикалық өрістен белгілі бір терминологиялық өріске етуі. Бұл жағдайда ғылым мен техниканың даму деңгейі мен терминологиялық жүйенің талабына сәйкес ұғым жаңа сапалық белгілерді иеленеді. Сөздің лексикалық мағынасын құрайтын, белгілерінің орнын (кейбір белгілері сақталуы мүмкін) ғылыми немесе арнаулы ұғым белгілері алмастырады. Терминденудің екі түрінің арасында елеулі өзгешеліктер бар екендігіне қарамастан екі түрлі жолмен терминденген сөз де бірдей терминдік қасиеттерді иеленіп, белгілі бір терминологиялық өріске бағынышты болады. Әдеби тілдегі сөздер қай тәсілмен терминденсе де өріс ішінде бірдей қызмет атқарып, бір деңгейде тұрады. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы, оның өзіндік ерекшеліктері мен әдеби тілге қатысы тілші ғалымдар тарапынан едәуір зерттелген мәселелер деуге болады. Оған тіл білімінің диалектология саласын арнайы зерттеген С.А. Аманжолов, Ж.Д. Досқараев, Ш.Ш. Сарыбаев, Ә. Нұрмағамбетов, С. Омарбеков, О. Нақысбеков, Н. Жүнісов, Ғ. Қалиев, Т. Айдаров, Ж. Болатов сияқты ғалымдардың еңбектері куә бола алады. Әдеби тілдің лексикасы мен аймақтық лексика арасындағы байланыс сияқты, ғылым мен техниканың түрлі саласына қатысты терминологиялық лексика мен аймактық лексика арасында да байланыс бар. Алайда бұлардың соңғыларының арасындағы байланыс қазақ тіл білімінде әлі арнайы қарастырыла алмай келе жатқан мәселелердің қатарында болып табылады. Сондықтан оған арнайы көңіл бөлудің мәні айрықша. Бұл әсіресе терминология үшін өте қажет. Біз төменде мәселенің нақты бір қырына, яғни аймақтық лексиканың терминологияны байыту мүмкіндігі мен оның терминдену жолдарына баса назар аударамыз. Қазақ терминологиясында диалектілік лексиканың терминденуі арқылы жасалған терминдер тым жиі болмаса да кездеседі. Мәселен, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында қолданылатын топ сөзі биология терминдерінің қатарынан орын алған. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінде бұл сөзге - "сөктен жасалған ботқа, каша. Көженің қоюы " деген түсініктеме берілсе, 1988 жылы жарық көрген биология арнаулы сөздігінде топ (барда) терминіне - "малға жем ретінде пайдаланылатын спирт өндіргенде қалатын қоймалжың қалдық" деген анықтама берілген. Байқап отырғанымыздай, диалекті сөздің білдіретін ұғымы мен терминдік ұғымның ұқсастығына (қою, қоймалжың және азықтық қасиеттеріне қарай) орай термин жасалынған. Осы сынды Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандарында қолданылатын құжат сөзі қазір өз мағынасында жұмсалатын терминком ресми бекіткен терминдердің қатарында екені белгілі. Семей облысының Абай ауданында ұйым мағынасында қолданылып келген ұжым, Түрікменстан, Қарақалпақстан және Ақтөбе, Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында әдет, дәстүр мағынасында қолданылын келген үрдіс сөздері де аздаған мағыналық өзгерістерге ұшырау арқылы терминденіп, ресми бекітілген терминдер қатарына қосылды. Осы тізімге алқа (коллегия), егемендік (суверенитет), түнек (лежка), собық (ночаток), қандауыр (скальпель) сияқты терминдерді де қосуға болады. Сондай-ақ диалекті сөздердің арасында жалпы қолданыстағы қазақша баламалары болмай келген сөздердің баламасы ретінде қолданылып жүргендері де барқатар; ақжайма (простыня), орам (квартал), түшпара (пельмени) т. б. Жоғарыдағы терминденген диалекті сөздердің көпшілігі қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігіне енгізілген екен. Түсіндірме сөздіктен орын алуы – олардың термиңденуіне белгілі дәрежеде ықпал еткен деп білеміз. Жалпы диалектизмдер есебінен арнаулы лексиканың жалпы лексиканың да қатары жолыға түсетіндігін тілдік деректер көрсетіп отыр. Алайда аймақтық лексиканың терминдену деңгейі өзге лексикалық қабаттармен, оның ішінде жалпы қолданыстағы сөздермен салыстырғанда онша жоғары емес. Оның ең басты себебі - көбінесе диалектизмдердің әдеби тілде баламасы болуынан деп түсінеміз. Терминдену кезінде таңдауға алдымен әдеби нұсқа ілігеді. Ал жоғарыдағы терминденген диалекті сөздерге келсек, олардың көпшілігінің әдеби тілде қазақша баламалары болмай шықты. Олардың терминдену мүмкіндігі болуының бір себебі сонымен де байланысты болса керек. Екіншіден, мұны аймақтық лексиканың терминологияны байытудың кезі ретінде танылып, оның термин шығармашылығында қажетке жаратылмай келгендігінен де ге түсіндіруге болады. Түптеп келгенде, бұл ұлт тілінің ғылым саласындағы қызметінің шектеліп келгендігін, сондай-ақ тіл білімінің салаларымен салыстырғанда қазақ терминологиясының аз зерттелгендігін де көрсететін факторлардың бірі. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 1. Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикологиясы . - А..,1997 ж.—146 бет. 2. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыртасуы. А..,1986 ж. –213 бет. 3. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. А..,1991 ж. 4. Әуезов М. Қазақ тіліндегі терминология мәселелері. Жиырма томдық шығармалар жинағы. -А.., 1999 ж. 5. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. А.., 1999 ж. 6. Барлыбаев Р. Қазіргі қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика. А.., 2000 ж. 7. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А.., 1994 ж. 8. Біләлов Ш. Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудағы өзекті мәселелер. А.., 2001 ж. 9. Досмұхамедұлы Х. Қазақ тіліндегі терминдердің аталу ерекшеліктері. А.., 1985 ж. 10. Костенко Ф.Д. , А. Н. Матвеева.Теория терминологической номинации. М.., 1991 ж. 11. Айтбекова М.. Бағытты білім беруде жаңа терминдерді енгізудің жеке тұлға дамуына әсері. //Қазақ тілі мен Әдебиеті. №3, 2005 ж. 12. Беспалько В. Л. Как должен быть термин?. М.., 1989 –412-бет. 13. Выготский Л.С Термин и его мотивированность. М.: Просвещение.1991 14. Левин Т. Введение в терминоведение. М., 2001, 207с. 15. Махмутов М. Организация проблемного обучения в школе. Москва,1977,240с. 16. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис.- Астана,2002 17. Шерубай Құрманбай. Қазақ тіліндегі терминдерді оқыту методикасы.- Алматы, Мектеп, 1988 18. Қозыбаев С. Қазақ тіліндегі терминдерді оқыту методикасы. Алматы,1988 19. А.Б.Салқынбай, М.Б.Көккөзова. Әдіскер тағылымы. Алматы,2002 20. Нұрғалиева Г. Терминдерді оқыту әдістері. Алматы, 1991 21. Рахметова С. Қазақ тіліндегі терминологияны оқыту методикасы. Алматы,1991 22. Құлмағамбетова А. Қазақ тіліндегі бөтен сөздерді оқыту методикасы. Алматы,1988 23. Әбілқаев А. Қазақ тілі методикасы.Алматы,1995 24. Асқарбаева А., Ботабаева Ұ. Терминологиялық сөздік мәселелері. А.,1986 ж.—89 бет. 25. І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі(лексика, фонетика).А.,1962 ж.—179 бет. 26. Нұрмаханова Ә. Қазіргі қазақ тіліне енген сөздер және олардың маңыздылығы. А.,1982 ж.—354 бет. 27. Қалиев Б. Қазақ тіліндегі терминдердің қолданыс ерекшелігі дауыссыз.А.,1986 ж.—79 бет. 28. Байтұрсынұлы А.Әдебиет танытқыш. А.,1992 ж.—452 бет. 29. Тұрғыынбаева Б. Терминдерді дамыта оқыту технологиялары.А.,2000 ж.—65 бет. 30. Мұратбекова А. Қазақ тілінің кәсіби бағытталған лексикасын жазылым әрекеті арқылы оқыту әдістемесі.Автореферат.А.,2003 ж.—47 бет. 31. М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы.А.,1966 ж.—413 бет. 32. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика.А.,1998 ж.—93 бет. 33. Жұбанов Қ. Қазақ әдеби тіліндегі терминология мәселелері. А.,1983 ж.—63 бет. 34. Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. А.,1997 ж.—213 бет. 35. Жақыпов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі терминдену сипаттары.Қарағанды,1998 ж.—39 бет. 36. Мамынов Е. Қазіргі қазақ тіліндегі терминология мәселелері.А.,1973 ж.—68 бет. 37. Төлегенов О.Шет елден енген сөздер қолданысын меңгеру.1968 ж.—38 бет. 38. Наурызбаева Ә, Ізғұттынова Р. Терминжасам ұғымы туралы түсінік. Алматы:Атамұра,2001-32бет 39. Қалыбеков Б. «Халықаралық терминология саласында лингвостатистикалық зерттеулерлі қолдану»//Жоғары білім беру орындары. 2005,№5—45 бет. ----------------------- АЗАПТАН+ БАЙЛАН+ МАРҚАЙ+ НАЛ+ НАМЫСТАН+ СҰҚТАН+ ТАРТ+ ӘЛЕКТЕН+ ӘУРЕЛЕН+ ШИЕЛЕН+ ШЕШІЛ+ ЫС БІРІНШІ ҮЛГІ ІС ЕКІНШІ ҮЛГІ БАСТА+ АНЫҚТА+ ТОЛЫҚТА+ ПЫСЫҚТА+ БАЯНДА+ УЫШ ҮШІНШІ ҮЛГІ ҒҰРЫПТА+ ЗАУЫҚТА+ ҚАЛЫПТА+ САЛТТА+ САРЫНДА+ САУЫҚТА МА ЖАҚ+ СЫЗЫҚ+ ҚАБАТ+ ЕСІМ+ КӨСЕМ ША ТӨРТІНШІ ҮЛГІ ШЕ ЖАЛҒАУ+ СҰРАУ+ ЖОСПАР + ҚОСАР+ ТАСТАР+ ТЫНЫС+ ЕСІМ+ ЕТІС+ ЛЫҚ БЕСІНШІ ҮЛГІ ТЫҚ ДІК ТІК АЙТЫЛ+ -АКУСТИКА ЖАСАЛ+ - АРТИКУЛЯЦИЯ ҚАБЫЛДАН+ -ВОСПРИЯТИЕ РЕЧИ ЕСТІЛ+ -ПЕРЦЕПЦИЯ ым ІМ
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz