Файл қосу

Жәбірленушіден жауап алу



           ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
              Шәкәрім атындағы Семей  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




    Заңтану кафедрасы
                    «АУЫР КЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІН ТЕРГЕУ »
                              Пәнінен лекциялар




                          Аға оқутышы Усербаев М.У.









                                 Семей  2012




    1 тақырып КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІҢ ТҮСІНІГІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ
ЖҮЙЕСІ


    1. Криминалистиканың түсінігі
    2. Криминалистік әдістеменің бастаулары, әдістеме жүйесі


    1. Крминалистиканың түсінігі
    Криминалистикалық әдістеме – дегеніміз ғылыми ережелердің  жүйесі  және
солардың негізінде жасалатын  қылмыстық  жекеленген  түрлерінің  алдын  алу,
тергеу, ашу және  ұйымдастыруы  бойынша  ұсыныстар.  Крминалистиканың  жалпы
теориясы негізінде криминалистік техника және  тактиканың  нақтыланған  және
анықталған  категориялары  қылмыс  түрлерін  тергеуде   қолданылады,   яығни
криминалистік  техника   және   тактиканың   ережелері   тергеу   және   сот
органдарының  тәжірибесінде  дәл  осы  криминалистік  әдістеме  арқылы  іске
асырылады.Криминалистік  әдістеме   қылмыстың   әрбір   жекеленген   түрінің
ерекшелігіне  сүйеніп,  криминалистік  техника   мен   тактика   ұсыныстарды
қолданудың нәтижелі тәсілдерін тағайындайды.
    Криминалистік  әдістеменің  негізінде  әрбір  қылмыс  өзіне  тән   жеке
ерекшеліктерімен  белгіленетіні  туралы  ереже  жатыр,  бірақ  бұл   жекелік
қылмыстың  ортақ  белгілерін  жоққа  шығармайды,   керісінше   бір   түрдегі
қылмыстардың жалпы  белгілерін  белгілейді.  Криминалистік  әдістеме  тергеу
үшін қылмыстың бір түрлілігін анықтайды.
    Криминалдситік әдістеменің мақсаттары:
    А) Жалпы мақсаты – құқық қорғау органдарымен  қылмыстарды  ашу,  тергеу
және болдырмау үшін әрекеттесу;
    ә) Арнайы мақсаттары:
    - қылмыстың ерекшелігін оныфң бөлік түрін  криминалситикалық  аспектіде
үйрену;
    - әр қылмыстарды жедел тергеу, және алдын алуды жалпылау және үйрену;
    Қылмыстың бөлек түрлерін ашу, тергеу және алдын алуды дәлелдеген ғылыми
ұсыныстарды дайындау.


    2. Криминалистік әдістеменің бастаулары,  әдістеме жүйесі
    Криминалистік әдістеменің бастаулары:
    - Құқық (заң) — Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық және
Қылмыстық  іс  жүргізу  кодекстері  (олардың  қылмыс  кұрамына   белгілерін,
қылмыстык істер бойынша дәлелдеу пәнін және шегін бекітетін  нормалары  және
т.б.);
    - Ғылым – криминалистиканың өзі, қылмыстық құкык, қылмыстық іс жургізу,
криминология,  сот  психологиясы,  сот  медицинасы   ғылымдары   және   т.б.
ғылымдар;
    — Жедел тергеу, ашу және алдын алу тәжірибесі.  Криминалистік  әдістеме
кағидалары немесе криминалистиканың осы бөліміне жүктелетін,  негізгі  жалпы
талаптар мынадай:
    -  қылмыстарды  тергеудің  зандылығын   қамтамасыз   ету;   әдістемелік
ұсыныстардың нақтылығы, жалпылығы және жекелік сипаты;
    — жеке  криминалистік  әдістеме  ұрылымында  сатылардың  болуы  (тергеу
сатыларына сәйкес);
    тергеуді  жүргізудің  түрлі  мән-жайлары   туралы   арнайы   ескертулер
әдістемелік нұсқаулар;
    —  жеке криминалистік  әдістемелердің  құрылымдык  бірлігі  (анықталған
түрлерге, категорияларға қатысты);
    -  кылмысты  тергеуге  қатысты  тұлғалардың  және   басқа   түлғалардың
қауіпсіздігін камтамасыз ету;
    ұқсас кылмыстардың криминалистік сипаттамасы негізінде жеке бір  қылмыс
түріне криминалистік әдістемелер кұру.
    Криминалистік әдістеме жүйесі.  Криминалистік  әдістеме  жүйесінде  екі
негізгі бөлікті белгілеуге болады:
    а) криминалистік әдістеменің жалпы ережелері;
    ә)  қылмыстардың   жекелеген   түрлерін   тергеу   әдістемелері   (жеке
криминалистік әдістеме).
    Криминалистік әдістеменің жалпы ережелері — ол осы  белімнің  теориялық
негізі, оның негізін қалаушы бастаулары, яғни  криминалистік  әдістемелердің
теориялық негізі болып табылады.
    Олар мынадай элементтерден тұрады:
    -  криминалистік ғылымының бөлімі ретінде криминалистика  әдістемесінің
үғымы, мазмұны және жүйесі;
    —   криминалистік  әдістеменің  пайда  болу  тарихы  және  дамуы,  оның
бастаулары, мақсаттары мен қағидалары;
    —  жеке  криминалистік  әдістеменің  түсінігі,   классификациясы   және
құрылымы.




    2 тақырып  КІСІ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІ


    1. Қылмыстық іс қозғау және кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы
    2. Кісі өлтірудін криминалистік сипаттамасы


    1. Қылмыстық іс қозғау және кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы
    Адамға қарсы жасалатын қылмыстардың ішінде  ең  қауіптісі  кісі  өлтіру
кылмысы болып табылады. Бұл қылмыстарды ашу ерекше қиын  және  жұмыс  көлемі
үлкен болғандықтан, кісі өлтіру бойынша істерді күрделілігіне қарап,  жоғары
категорияға жатқызуға болады.
    Кісі өлтіру Қазакстан Республикасының Қылмыстық  кодексінің  96-бабында
қарастырылып,  айтылғандай  бұл  басқа  адамға,   құқыққа   қарсы   қасақана
келтірілген өлім болып табылады.
    Кісі өлтіру туралы қылмыстык. іс қозғау негіздері мыналар:
    а) Кісі  өлтіру  белгілері  бар  мәйіттің  (немесе  оның  беліктерінің)
табылуы;
    ә) Өлтірілуі мүмкін екендігі нұсқалған жағдайда адамның жоғалуы;
    Мәйіттің (немесе  оның  бөліктерінің)  табылған  жағдайында  іс  козғау
туралы мәселені шешу-ерекше қиыншылықтар тудырмайды.
    Егер оқиға болған жерде мәйітті қарағанда қасақана  кісі  өлтірілгенін,
өзін-өзі өлтіргенін немесе жазатайым жағдайда өлгенін  аныктау  қиын  болса,
осы мәселені тергеу барысында шешу  үшін  қылмыстык  іс  козғау  қажеттілігі
өзінен-өзі туатындығы белгілі.
    Дене зақымын келтіру арқылы жәбірленушіні емірінен айыру немесе  мұндай
мақсатсыз  кісі  өлтірушілікке  қастандык  жағдайларында  да   мәселе   оңай
шешіледі.
    Адам жоғалған жағдайда  іс  күрделі  бола  түседі.  Өйткені,  із-түссіз
жоғалушының кай жерде екендігі  жайлы  мәліметтердің  жоқтығы,  оның  өзінің
жақындарына  қайда  және  неліктен  жоғалғандығын   хабарлау   мүмкіндігінің
болмауы. Сондықтан адам  жоғалуына  байланысты  іс  козғар  алдынан  тексеру
жүрізіледі, -оның мақсаты: жоғалған  адам  тірі  ме,  болмаса  оның  жоғалуы
зорлап өлтіруге байланысты ма екенін анықтау.
    Егер тексеруде жоғалған адамды белгілі бір мерзімге дейін ешкім көрмесе
немесе одан хабар  болмаса,  ол  туыс-туғандарына  бармаса  және  туыстарына
өзінің бір жақка кеткендігін хабарламаса, ол  өзі  тұратын  үй  басқармасын,
жұмыс орнын немесе оқитын жерін және басқа да ұйымдарды хабарландырмаса,  ал
оның жеке құжаттары және  нәрселері  үйінде  қалса,  оның  бір  жаққа  кетуі
туралы ойлары белгілі болмаса, онда  жоғалған  адамның  зорлықпен  өлтірілуі
мүмкіндігі  негізді  деп  есептеліп,  оның  өлтірілуі  туралы  қылмыстык  іс
қозғалады.


    2. Кісі өлтірудін криминалистік сипаттамасы
    Кісі өлтірудің  криминалистік  сипаттамасын  мына  элементтер  құрайды:
қылмысты  жасыру;  қылмыскердің  жеке   тұлғасы   мен   жәбірленуші   туралы
мәліметтер.
    Қылмысты жасалу тәсіліне карай кісі өлтіруді екі  негізгі  түрге  бөліп
қарауға болады:
    — ашық түрде кісі өлтіру, яғни кісі  өлтірушінің  жанында  оны  білетін
адамдардың  болуы.Егер  көрген  адам  болмаған  жағдайдың  өзінде  де,  кісі
өлтіруші өзінің істеген ісін және кінәсін жасырмаған жағдайда.
    — жасырын түрде кісі өлтіру, яғни  қылмыстың  ешкім  көрмеген  жағдайда
жасалуы, кылмыскердің өз кінәсін белсенді түрде жасыруға тырысуы,  куәгерлер
катынасқан жағдайдың өзінде бейтаныс адамның қылмыс жасап,  жауапкершіліктен
құтылып максатын іске асыруы.
    Қылмыстың бұл түрі  тергеу  үшін  күрделі  болады.  Тергеу  әдістемесін
жасағанда кісі өлтірудің әдістерін  зертгеумен  қатар,  олардың  қылмыстарын
жасыру тәсілдерін де зерттеу керек. Кісі өлтірушілер  көбінесе  бір  нәрсені
теріс көрсетуге тырысып, түрлі айла жасайды.  Әр  түрлі  жағдайларға  сәйкес
олар: табиғи болған өлім, өзін-өзі  өлтіру,  жазатайым  жағдайда,  абайсызда
бол-ған өлім және т. б. көріністер.
    Кылмыстының айлаларын анықтау барысында мына негізгі факторларға  көңіл
бөлінуі  кажет:  жәбіренушілерге  өлтіру  уақытында   жасалған   закымдардың
сипаттамасы және өзін ақтайтын дәлелдердің шынайылығы.
    Кісі елтірушілер мәйітті  немесе  оның  бөліктерін  жәбірленушінің  кім
екендігін танытпау үшін жасыруға тырысады.  Мәйіт  басының  кесіліп  алынуы,
бүлдірілуі  (құлақ,  мұрын,  ерін,  көз  шығарулары  мүмкін),  бас   терісін
сыпыруы, өртеуі суға батырылуы, дененің бөлшектелініп тасталуы мүмкін.
    Қылмыскер өлім болған жердегі өз ізін және  киіміне  түскен  таңбаларды
жоюға тырысады. Іздер мен  басқа  да  заттай  айғақтар  сәйкес  материалдары
болуға, кылмыскердін іс-әрекетгері туралы айтуға мүмкіндік береді.
    Өлтіру  құралдарындағы  қол  іздер  кейде  кісі   өлтірушінін   солакай
екендігін анықтауға мүмкіндік туғызады.
    Қылмыс  жасау  тәсілдері  туралы   мәліметтерді   пайдаланып,   негізгі
түлағалардың арасынан қылмысты кім жасағанын аныктап, болжауға болады.
    Қылмыстар деректі жағдайда жасалынады. Жағдайды зерттеп, қылмыскер  мен
жәбірленушінің  әрекеттеріне  әсер  еткен  объективтік  факторларды,   окиға
тетігін, өлтіру тәсілдерін анықтауға болады.
    Мысалы: қаладан алыс емес (ағаш отырғызылған)  жерден  жас  ер  адамның
мәйіті табылған.  Мәйіттің,  жанында  жатқан  қанды  еске  түсіретін,  қызыл
қышқыл түсті шаш жабысқан  үлкен  тас,  тергеушінің  пікірінше  кісі  өлтіру
құралы  деп  танылды.  Окиға  болған  жерде  алыс-жұлыс   іздері   болмаған.
Өлтірілген адамның  жаңа  костюмі  мен  аяқкиімі,  қалтасында  ақша  болған.
Осылар-дың бәрі өлтіру қасақана емес, таластан, кек  алудан,  жәбірленушінің
таныстары тарапынан болған деген ойға әкелді.
    Қылмыскер мен жәбірленуші туралы мәліметтер криминалистік сипаттаманын,
маңызды  бөлігін  құрайды.  Оларды  зерттеу,  әсіресе   тергеудің   бастапқы
кезеңінде жасалған қылмыстың себебі мен оларға әсер еткен жағдайларды  ашуға
көмектеседі.  Көптеген  адамдар  қылмыс  жасағандарына  дейін  жүйелі  түрде
қоғамдық тәртіпті бұзып, күш көрсетумен айналысатындығын байқатқан.
    Қылмыскерлер жүйелі түрде спирт ішімдіктерін шамадан  тыс  ішіп,  құқық
бүзу әрекеттерін мас күйлерінде жасайды. Өлтіру  алдында  жағдайлар  болады,
болашақ жәбірленушілер кей жағ-дайларда өздерін дұрыс  ұстамайды.  Көбінесе,
әйелдер ерлерінің өмірі мен денсаулығына қастандык, жасайды: мастықтан,  кол
жұмсаудан, қорлық көрсетуден.
    Егер өлтіру себептеріне  көңіл  бөлінбесе,  олар:  бұзақылық  пиғылдар,
қызғанушылық, пайдақорлық, баска қылмысты жасыруға тырысуы  және  т.б.  онда
қылмыскердің жеке тұлғасы толық зерттелмейді.
    Кісі өлтірушілік қылмыстық-құқық классификациясы нормалар негізінің  әр
түрлі классификациясына жатады, олардың негізі болып  субъективтік  тараптың
(кінә  түрі,  ниет  пен  мақ-саттары)  моменттері  болып  табылады,   өлтіру
алдындағы жағдай, жәбірленушінің тәртібі (жан күйзелісі жағдайында,  қажетгі
қорғаныстан  аскан  жағдайда  өлтіру),  мұнда  криминалистік   классификация
тәсілдері кең колданылады.
    Кісі өлтірушілік жасалу тәсілі бойынша  олар  дайындалып  жасалған  ба,
әлде  жок   па,   дифференциялануы   мүмкін.   Статистикалык   мәліметтердің
куәландыруы бойынша көптеген  қылмыскерлер  кісі  өлтірушілікті  дайындалмай
жасайды, жәбірленуші өміріне қасаканалық кенеттен  пайда  болып,  сол  арада
жүзеге асырылады.
    Болжамдар жасау негіздері:
    зорлықшыл өлім сипаты және оның тікелей себептері; жәбірленушінің  жеке
түлғасы;  қылмыс   жасалған   орын;   сезіктінің   ену   және   кету   жолы;
кылмыскерлердің болжамды саны; жәрбірленушінің жеке байланыстары;  қылмыскер
өзімен бірге  алып  кеткен  заттар;  қылмыскерге  жататын  заттар;  мәйіттің
жатқан қалпы;  мәйіттегі  жараның  сипаттамалары;  өлтіру  құрал-саймандары;
жедел мәліметтер мазмұны.
    Қылмыс жасауда қылмыскер тандап алған тәсіл, әз  кұрбандығымен  қатынас
жасау  кезіндегі  оның  тәртібі,  оның   денесіндегі   іздер   осы   адамның
психикасындағы    ауытқушылық,    тетіктер    туралы    куәландырады    және
психиатриялык, наркологиялык  мекемелерде  есепте  тұратын,  тәртібі  ерекше
сипатталатын адамдарды іздеп табуға көмектеседі.
    Қылмыстың бұл түріне қылмыс іздерін жасыру бойынша шараларды кең тарату
тиімді. Бұл екі жағдаймен ескертіледі:
    а) ауыр қылмысты жасағандығы үшін жауапкершіліктен бас тарту (зорлаған,
құрбандықпен өлтіру);
    б)   құрбандықпен   байланысы   бар   (туысқандық,   таныстық,   қарым-
қатынастық);
    Арасында сезіктілер болатын типтік тұлғалар тобына мыналар жатады:
    а) сондай кылмыстармен бұзақылықтар үшін бұрын сотталғандар — 37 пайыз.
    ә) жақындары мен таныстары.
    б) жүйке ауруымен ауыратындар.
    в)  қоғамға қарсы тәртіппен көрінген кәмелетке толмағандар топтары.
    Мәйітті бөлшектеу  арқылы  өлтірудің  біразын  жәбірленушінің  туыстары
немесе  жақын  таныстары  жасайды,   бұлар   «тұрмыстық   өлтірушілср»   деп
аталатындар: Әйелдер адам өлтірерде колдарына  балға,  балта,  үтік,  асхана
пышағы т.б. алады.
    Қылмысты  жасау  тәсілдерінің  қылмыстық-құқыктық   дифференциясы   аса
зұлымдықпен жасалған кісі өлтіру немесе көп адамның  өміріне  қауіп  келтіру
тәсілімен.  Сол  әрекетіне  сипаттама  жасау  үшін  маңызы  бар  ғана  емес,
қылмысты  тергеу  бойынша  жұмыстарды  ұйымдастыру   үшін   керек,   бұларда
материалдың және идеялық іздерде көрінетін қылмыскер әрекетінің  дайындалуы,
оны жасыруға байланысты істер түрлерін көрсетеді.
    Нақты әрекеттер спецификасы криминалистік аспектіде қылмыстық  нәтижеге
жетуге бағытталған және осымен өз суреті көрінетін  шарттылық  қылмыс  жасау
қолданудағы  құралдарға  сипаттамалар  мен  оларды  пайдаланудың   тәсілдері
көрінеді.
    Кісі  өлтірушілік  жасағанда  бұл  құралдардың,  ату  құралдарының   әр
түрлілігімен, зорлауда жәбірленушінің қарсылығын тойтару өдістері мен құрал-
жабдықтарына (қылқындыру, ұру) байланысты анықталады.
    Пайдаланатын кұралдардың нақты түрі оған байланысты типтік із  қалдырып
кана қоймай, қолдану шарттарын да анықтайды:  арнайы  адаммен  (дағды,  күш,
табу мен дайындау мүмкіндігі) құралдардың сипатына  сәйкес  қолданудын  орны
мен уақытын таңдау, жасырыну тәсілдері.
    Қылмыс жасауда құралдар  пайдаланудың  түрлерін  есептеп  криминалистік
әдістемеде өлтірудің мынадай тәсілдерін бөліп қарайды:
    Мылтықты пайдалану.
    Қара күшті пайдалану (тұншыктыру, суға батыру).
    Тұрмыс заттарын пайдалану.
    Улы және уландыратын заттарды пайдалану.
    Қылмыс  жасаудың  типтік  іздік  суреті   материалдық   және   идеалдық
көріністердің барлық жиынтығын, қылмыскер мен  жәбірленушінің  іс-әрекетімен
жасалған, әрбір нақты жағдайда қылмыс жасаудың  тәсілінің  тікелей  көрінісі
болып табылады да, қылмысты ашудың жолдары мен мүмкіндіктерін анықтайды.
    Мылтықтан болған жараларды қараудың ерекшеліктері бар:  жараның  кірген
және шыкқан тесіктерінің белгілері: бытыраның  шашылуы  анықталады,  мәйітте
және киімде дәрімен күйе іздері барлығы тексеріледі,  мәйіт  жанынан  мылтық
қолданылғандығын куәландыратын заттардың іздерін табу шаралары қолданылады.
    Тұрмыстық құралдар арқылы салынған  жаракаттардың  нысандары  әр  түрлі
болады:  жарты  ай,  бұрышты,  дөңгелек  т.б.  Жарақат   нысанына   өтпейтін
құралдардын, қозғалу бағыты мен формалық түрі әсер етеді. Егер өлім  жарақат
салынғаннан кейінгі алғашқы тәулікте жеткен болса,  онда  таңба  жиектерінде
шіру процесінің іздері көріне бастайды.
    Өтпейтін құралдармен салынған жаралар біркелкі емес, көбінесе жыртылған
болады, жара шеңберінде зақым зонасы (көгерген, езілген) көрінеді.
    Тұншықтыру, суга батыруды көрсететін  белгілер.  Түншык,тыру:  ілмекпен
немесе қолмен, өзінің белгілері бойынша асы-ып өлуді  еске  түсіреді,  бірақ
оның өзіне тән белгілері бар:
    ілмек-тұзақ салған жердегі жоғарғы терінің көгергені;
    бет терісінде,  әсіресе  қасында  көптеген  қан  тамырлары  қиылғандығы
көрінеді;
    тілі салбырап тістерінің арасынан шығып тұрады;
    странгуляциялық  тілім  көлденең  бағытга  болады  және  ілмек  жанынан
үзілісі болмайды.
    Суға батыру — егер сұйықта адамның басы ғана  көрініп  тұрса,  онда  ол
суға батырылған деп есептелінеді.
    Өзендер мен шағын көлдерде суға кеткен адам  денесі  су  түбіне  түседі
және қатты ағыс болмаса бір орында калады. Шіри бастағанда мәйіт  су  бетіне
қалқып шығады (жазда 2—3 күн, қыста 10-20 күн ішінде).
    Мәйіттің суда қанша жатқандығын тері түсінің өзгеруіне карап  шамалауға
болады: 2-6 сағаттан кейін саусақ ұштарының терісі  аздап  ісініп,  ағарады;
2—5 тәуліктен кейін алақан терісінің барлық беті ісінген, әжімденген  сияқты
болады, ақ түске енеді; 7—15 күннен соң қолдың сыртқы терісі түсе  бастайды,
30—40  күн  өткен  соң  тырнақтарымен  бірге  мәйіт  дақтары  білінеді.  Бүл
процестер су температурасына байланысты  етеді.  Судан  мәйітті  шығарғаннан
кейін өлім туралы соңғы пікір сот-медициналық зерттеу нәтижесінде айтылады.
    Улану  әр  түрлі  химиялық  заттар  арқылы   болады   және   әр   түрлі
сипаттамалармен қоса өтеді.
    Кісі  өлтіруді  тергеудің  алгашқы  кезеңі.  Қаралып  отырған  кылмысты
тергеудің бастапқы сатысы екі негізгі жағдаймен айқындалады:
    а)  Қылмыс  белгілерін  көрсететін  материалдық  іздердің   бар   болуы
(мәйіттің табылуы, оның бөліктері, қан іздері, өлтіру
    құралдары);
    ә) Адамнын жоғалып кетуі немесе қылмыстың ізі болмаса да, қылмыс  болды
деген хабар түскен.
    ҚР ҚІЖК-нің 177-бабына сай қылмыстық іс козғауға себептер мен негіздер.
    мәйіттің табылуы туралы азаматтардьщ, лауазымды түлға-
    лардың арыздары;
    мәйіттің мәйітханаға түсуі, немесе кісі өлімінің жараланудан,  уланудан
болғандығы туралы медицина мекемелерінің хабарлауы;
    жәбірленушілердің  оларды  өлтіруге  немесе  оларға  қастандық  жасауға
дайындық бар екендігі туралы арыздары;
    кісі өлтіруші мен оның сыбайластарының өз кінәсін мойындап келуі;
    қылмыстык іс қозғауға құқылы  органдар  мен  лауазым  иелерінің  кылмыс
туралы мәліметтерді өздерінің анықтауы.
    Тексерудін алғашқы сатысында шешілетін анықталуға  бағытталған  негізгі
мәселелер: а) кылмыс жасалған орын; б) зорлап өлтіру  немесе  өлімнің  басқа
да себептерден болуы; в) егер зорлықпен өлтіру болса, оны  жасаудың  тәсілі;
г) құрбандықты,  өлтірушіні,  сыбайластарды  анықтау;  д)  өлтірудің  ниетін
анықтау.
    Алғашқы тергеу кызметтері:
    Оқиға болған жерді және мәйітті қарау. Мәйіт  табылғанда  оқиға  болған
жерде бірінші рет сырттай карайды. Өлімнің себебі  мен  түрін  анықтау  және
жәбірленуші жайында мәліметтер жинау,  жасалған  кылмыс  іздерін  табу  үшін
жүргізіледі. Табылған мәйітте жарақаттары барлығын  тексеруге  ерекше  көңіл
аударылады. Қару-жарак, жәбірленушінін денесінде  терең  із  қалдырып,  адам
денесінің өмірлік маңызды орындарына жарақат
    келтіреді.
    Қарау-тергеу  қызметінің  маңыздыларының  бірі  болып  табылады.   Оның
нәтижелері барлық алдын ала тергеу істерінің табысты болуын анықтайды.
    Оқиға болған жерді қарағанда,  ең  бірінші  қылмыскердін,  ізіне  дереу
түсуді, оны іздеуді ұйымдастыруы қажет.
    Кісі өлімінде сот-медициналық, сарапшы-дактилоскопшылар, биологтер, сот-
жедел  суретке  түсіру  мамандары  немесе   бейнежазу,   ал   қажет   болған
жағдайларда баллистер мен өрт техниктері де қатынасады.
    Бұл, оқиға болған жерді ұқыпты,  дәл  қарауға,  болған  жағдайды  қайта
қалпына келтіруге (қылмыс  болғанға  дейінгі),  айғақ  заттарды,  т.б.  іске
маңызы бар объектілерді алуға мүмкіндіктер жасайды.
    Қарау объектілеріне мыналар жатады: үй-жай немесе  қылмыс  болған  ашық
жерлер, жәбірленушіге дене закымдарын салған заттар, мәйіттің өзі.
    Оқиға болған жер мен мәйітті ұқыпты қарау мыналарды анықтайды:
    Өлімнің  болған  уақыты,  тергеуші  хаттамада  өлімнің  болған  уақытын
анықтайтын  мәліметтерді  жазады:  мәйіттегі  дактардың  болуы  мен  сипаты,
мәйіттің қатаюы, шіри бастау, ауаның температурасы.
    Жәбірленуші мен қылмыскер арасында алыс-жұлыс болғандығы, сынған жиһаз,
аударылып қалған орындықтар, сынған ыдыс-аяқтар т.б. куә болады.
    Қылмыскер мен жәбірленушінің тұрған жерлері:  соңғысына  жарақат  салу,
ұрып-соғу т.б. мертігулер. Бұл мәселе мәйіттің жату қалпымен орнын тексеріп-
зерттеуден, жаралар, қан таңбаларын анықтаумен шешіледі.
    Өлтірушілердің саны, олардың өлтіру орнына баруы мен  қайту  жолы,  бұл
қылмыскерлердің іздеріне дереу түсуге мүмкіншілік береді.
    Қылмыскерлердің саны туралы  мәселе  оқиға  болған  жерде  қалған  аяк,
аяқкиім, қол іздерін, шылымның қалдықтарын т.б.  зерттеу  жолымен  шешіледі.
Тергеуші оқиға болған жерді қарау үстінде  криминалистік  құрал-жабдықтармен
табу тәсілдерін, іздерді алу мен анықтауды және баска да  заттық  айғақтарды
дұрыс пайдалана қолданып, шеберлік көрсетуі қажет.
    Атыс, атылған оқ, гильзалар мен тығындар бойынша  ату  құралдар  түрін,
моделін, маркасын,  жүйесін,  ара  қашықтықты  және  ату  бағытын  анықтауға
болады.
    Табылған жерінде мәйітті сырттай  қарау  сот  дәрігері,  ол  болмағанда
басқа дәрігердің қатысуымен жасалады. Маман өлімнің  болу  дерегін  көрсетіп
кана қоймай, өлімнің қай  уакытта  болғандығының  уақыт  шамасын  анықтайды,
тергеушіге басқа заттай шығындардың іздерін анықтауға, ашуға көмектеседі.
    Оқиға болған жерді қарау — бұл тергеуші немесе сол орында анықтама ізін
жүргізуші қылмыстық іс жүргізуші заң тәртібімен  тағайындалған  рет  бойынша
жағдайды және басқа да болған оқиға жайларын анықтау мақсатымен  атқарылатын
іс-әрекет, іс үшін маңызы бар қылмыс іздерін анықтау, оларды алу  мен  басқа
да заттық айғақтарды анықтау мен табу  үшін  жүргізіледі.  Қараудың  негізгі
міндеттері:
    а) қылмыс іздерін табу;
    ә) басқа да заттай дәлелдерін табу;
    б) болған оқиға жағдайын анықтау;
    в) іс үшін маңызы бар баска да жағдайларды аныктау;
    г)   тергеушінің  барлық  іс-әрекетін  және  барлық  табылғандарды  сол
күйінде, сол қалпында, сол ретпен қарау мезгілінде  қалай  болғанын  қағазға
түсіру;
    д) карау кезіндегі барлық алынған заттарды тізімдеу;
    е) қарау процесіндегі алынған заттар мен  құжаттарды  сақтауға  шаралар
қабылдау.
    Заң қылмысты іс қозғағанға дейін  оқиға  болған  жерді  қарауға  рұқсат
етеді.
    Істі қозғауға бола ма, болмай  ма,  окиға  болған  жерді  біліктілікпен
зерттелгеннен кейін ғана қорытынды шығаруға болады.
    Сондықтан да, қылмыстық іс жүргізу заңы,  окиға  болған  жерді  қарауды
ешкандай  кезек  күттірмейтін  іс-әрекет  деп  есептеп,  тергеушіні  анықтау
органын дереу окиға  болған  жерді  қарауға  міндеттейді,  бүл  іс-әрекетсіз
қылмыстык іс козғау мүмкін емес.
    Оқиға болған жерді қарағанда жіберілетін типтік қателер мыналар:
    Криминалистік мәселелерді әлсіз шешкенде: іздеу жұмыстары жапа  шегеді,
үстіңгі жағында жатқан нәрсе ғана жазылып-түсіндіріледі.
    Қараудың жүйесіздігі.
    Алғашқы сатының жиі қайталанатын типтік кемшіліктері:
    Оқиға болған жерді қарауда ат үсті жүргізілуі;
    Хаттамаға криминалистік акпаратты дәл түсіндіріп жазбау;
    Анықтаудың фотографиялык әдістерін сапасыз пайдалану;
    Микрообъектілер   анықталмайды,   зерттелмейді,    жазылып-хатталмайды:
ластар, киім мен аяқкиімдегі, қолдағы және дененің басқа бөліктеріндегі;
    Теріс жағдайлар анықталып талданбайды.
    Жәбірленушіден жауап алу. Жәбірленушіден өз уақытында жауап алу,  істің
жағдайлары  туралы  толық  та  шын  көрсетпелер  алуға,  кінә  мен   олардың
жақындарына жәбірленушіге әсер етпеуге жағдай жасайды.
    Уақыт өте оның көрсетпелері өзгеріске түсуі мүмкін, ол  бір  нәрселерді
ұмытады, басқа біреудің ырқына көнуі де мүмкін болатын жағдайда, т.б.
    Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қастандық  жасау  нәтижесінде  ол
қатты қозу үстінде болса, одан жауап алуға болмайды.
    Аса ауыр  жүйке-психикалық  жағдайды  түсіру  үшін  тергеуші  тыныштық,
сенімділік  жағдайын,  қылмысты  тез  ашу  мен   кінәліні   жазалаудың   тез
болатындығына сендіру керек.
    Жәбірленушіден қылмыс жасау окиғасын катынасты жағдайлар  туралы  жауап
алу кажет (уақыт, орын, тәсіл, жағдай қылмысқа дейін, қылмыс уақытында  және
онан кейін): кылмыскердің осы кезеңдегі ара қатынасы, дене жаракаттары  және
құралдар,  жәбірленуішнің  тәртібі  мен  жағдайы,   мүлікті   зиян   мөлшері
жауапкершілікті  жұмсартатын  немесе  қатайтатын  жағдайлар,   қылмыс   болу
оқиғасын  куәландыратын   дәлелдемелер   және   оның   нақты   бір   адаммен
жасалғандығы.
    Егер жәбірленуші оқиға болған жерде толық  және  дәл  керсетпелер  бере
алатын мүмкіндігі болса, онда жауап алуды сол арада өткізген жөн.
    Тек мүдделі болғандықтан,  жөбірленушінің  көрсетпелеріне  сын  көзімен
карауды қажет етеді. Оған шабуыл  жасаудын  сылтау,  әдепсіздік,  дөрекілік,
біреуді соғу істерін оның жасыру мүмкіншілігі де жокка шығарылмауы керек.
    Куәлер және көзімен көргендерден жауап алу. Окиға болған жерді қараумен
бір  мезгілде  тергеуші  немесе  оның  тапсырмасы  бойынша  қылмысты   іздеу
қызметкері куәларды анықтап, олардан жауап алады.
    Ең бірінші кезекте жауап алатындар:
    Қылмысты көзімен көргендер,  мәйітті  тапкан  адамдар,  қылмыс  жасалып
жатқанда онымен болғандар,  туысқандары,  таныстары,  жәбірленушінің  өмірін
жақсы білетіндер.
    Куәларды анықтау мақсатында окиға болған жерде сұрау жүргізіледі, жақын
маңайдағы үйлердің тұрғындарымен,  ұйымдар  мен  кәсіпорын  қызметкерлерімен
әңгіме жүргізіледі, басқа ішкі істер органдарына  сұрау  салынады,  автобус,
трамвай, троллейбус, электропоезд,  автовокзал  жүргіншілеріне  хабарланады,
жергілікті баспасөз, радио, теледидарға хабарлама беріледі,
    егер қылмыс көлікпен жасалса, онда автошаруашылық,  техстанция,  жөндеу
орындарына, жедел-іздестіру шаралары қабылданады.
    Куәлар есебінде жәбірленушіге медициналық  көмек  көрсеткен  дәрігерлер
мен медицина қызметкерлерін  қарағанда,  жәбірленушілер  жиі  жағдайда  ашық
болады.
    Куәгерден жауап алу барысында мыналар анықталады:
    Қылмыс кайда? Қашан  жасалды?  Бастаушы  кім?  Қандай  құралмен  денеге
жаракат салынды немесе өлтірілді? Қылмыс құралы қайда болуы мүмкін?
    Мәйітті кім, қашан және қандай жағдайда  тауып  алды?  Мәйіт  жанындағы
нәрселер не? Қаза тапқан кім?
    Қашан, оны кіммен бірге соңғы рет көрді? Ол не істегісі келген еді? Қай
жақка бара жатты? Өзін қалай ұстады? Не айтып еді? Жәбірленушіні үйінен  кім
шақырды? Қайда? Неге кетті? Өзімен бірге нәрсе, акша алды ма?
    Тергеуші куәгерден жеке жауап  алады,  егер  аз  уақыт  ішінде  бірнеше
тергеу әрекеттерін  жасау  керек  бола,  онда  жеке  куәгерден  жауап  алуды
анықтау органына жүктейді.
    Қылмысты көзімен кәрген адамнан жауап алганда, мыналар анықталуга тиіс:
    — қашан және қандай жағдайда куәгер окиға болған жерге тап болды;
    —  болып жаткан оқиғаны қандай қашықтықтан көрді  (қашықтық,  ол  жерге
жарық түсуі);
    — өлтірілген кім? Куәгер ол кісімен карым-қатынаста?
    —  өлтірілген кім?
    — өлтірушілер нешеу болды?
    — бұл адамдар куәгерге таныс па? Олармен қарым-катынас қандай?
    — олардың әрқайсысының белгісі, киімі, аяқкиімі кандай?
    — олар қашан қай жақтан қандай көлікпен келді?
    — бір мезгілде ме, әлде әр кезде ме? олардың келу реті қалай еді?
    — олар өзара не туралы сөйлесті? Жәбірленушімен  ше?  Бірін-бірі  өзара
қалай атады?
    — өлтіру алдында не болды?
    —  өлтірілушілердің әрқайсысында кандай кұралдар, қару бар?
    —  олардың әркайсысьның іс-кимылы қалай,  дененің  кай  жеріне  қайсысы
немен тұрды?
    —  өлтірілер алдында жәбірленуші өзін қалай ұстады оның тәртібі  жанжал
тудыруға сылтау болған жоқ па?
    — жәбірленуші қарсылық жасады ма? Жасаса қандай?
    — жәбірленуші өлер алдында өтініш айтты ма? Өсиет ше?
    —  Өлтірушілер жәбірленушіден не алды?
    —  Қылмыс жасалған жерде кісі өлтірушілер пайдаланған  немесе  түсіріп,
жоғалтқан нәрселер қалды ма?
    — қай жаққа, қандай көлікпен кетті?
    — қылмыс жасалған жерде өлтірілер алдында  кімдер  тікелей  болды,  бұл
адамдар не айта алар еді?
    — өлтірілгеннен кейін оқиға  болған  жерде  не  болды  жағдайға  кандай
өзгерістер енгізілді?
    Өлейін деп жатқан  жәбірленушіні  немесе  мәйітті  ең  алғаш  анықтаған
куәгерлерге мынадай сұрақтар қою жөн:
    Қашан? Қандай жағдайлар күшімен куәгер окиға болған жерге тап болды?
    Онымен бірге тағы кім болды?
    Куәгерге жөбірленуші белгілі ме?
    Ол келгенде жәбірленуші тірі ме еді? Не айтты?
    Жәбірленушінің өмірін құтқаруға кім, не жасады?
    Егер  куәгер  жәбірленушіні  тірі  күйінде  көрмесе,  мәйітгің   қалпы,
үстіндегі киім жайы қандай еді?
    Тергеуші  келгенге  дейін  окиға   болған   жерде   қандай   өзгерістер
енгізілген? Мәйіттің қалпы мен жатқан орны өзгерді ме?  Қанды  біреу  сүртті
ме?
    Жоғарыда  көрсетілген  тұлғалардан  жауап  алуда  олар  мәйітті  қандай
жағдайларда тапты? Сол мезетте жанында немесе окиға болған жерде  жақын  кім
болды? Ол адам қай жаққа жасырынды, оның белгі түрі қандай?
    Жәбірленуші табылғанда, ол өз есінде ме? Не айтты? Мәйіт  айналасындағы
жағдай  қандай  болды?  Куәгер  мәйітке  жақындады  ма?  Оның  жату   қалпын
езгертпеді ме? Полиция қызметкерлері  келгенге  дейін  оқиға  болған  жерден
кетпеді ме? Олай болса, ол кезде мәйіттің жанында кім қалды?
    Сот медициналық  сараптамасын  тагайындау.  Кісі  өлтіру  туралы  істер
бойынша жүргізілетін тергеу істерінің ішінде ең маңызды орынды  сот-медицина
сараптамасы алады, оны тағайындау дене жарақаттары сипаты мен  өлімнің  болу
себептерін анықтау үшін міндетті болып табылады.
    Сот-медициналық сараптама мынадай мәселелерді шешу үшін тағайындалады:
    а) Жасалынған қылмыстың жағдайлары: өлімнің себебі мен уақыты.  Мәйітте
дене жарақаттары бар ма? Олардың  саны,  локализациясы,  сипаты  және  пайда
болу тетігі? Закымдардың  қайсысы  тірісінде,  қайсысы  өлгенінде  жасалған?
Дене жарақаттарының табылу реті? Жарақат жасаған кездегі жәбірленуші  қандай
күйде болған?
    ә) Өлтіру алдындағы жағдайлар: жәбірленуші қанынын  құрамында  алкоголь
бар ма? Оның концентрациясы мастықтың қандай дәрежесіне сәйкес?  Жәбірленуші
өлтірілгенге дейін тамақ ішті ме? Өлім алдында жыныс катынасы болған ба?
    б) Өлтірудің құралдары: жәбірленушіге  салынған  дене  жарақаттары  бір
немесе  бірнеше  құралмен  жасалған  ба?  Кұралдың  түрі,  нысаны,  мөлшері,
жарақат сараптамаға ұсынылған құралмен жасалмады ма екен?
    в)  Жәбірленуші тұлғасы: бөлшектенген  мәйіт  денесінің  бөліктері  бір
адамға  жата  ма?  Жынысы,  жәбірленушінін  бойы  қандай?  Жәбірленуші  тірі
кезінде  қандай  аурулармен  ауырған?  Қандай   операциялар   болған?   Оның
ағзасында  патологиялық  өзгерістер  бар  ма?  Ішкі  органдарынын.   Ауытқуы
(аномалиясы)  ше?  Тіс  аппараты  құрылысының   ерекшеліктері?   Жәбірленуші
қанының тобы қандай?
    г) Сезіктінің тұлғасы: қаны қандай топқа  жатады?  Мәйітті  бөлшектеген
адам  анатомия  саласынан  білімі  және  секционды  техникадан   практикалық
дағдылары бар ма? Бөлшектеуді жасаған тұлға солақай емес пе?
    д)  Қылмыстың сылтауы мен мақсаты: мәйіт денесінде  зорлықпен  жасалған
жыныс катынасына жататын іздер және  екі  қабаттылықтың  белгілері  бар  ма?
Жәбірленушілерге қорлық керсету  сипаты,  олар  кұрбандылықтың  ерекше  азап
шегуіне соққан жоқ па?
    е)   Мүмкін  қылмыс  болмай,  инценировка  жасалған   шығар?   Мәйіттің
денесіндегі  жарақаттар  жәбірленушінің  өз  қолымен  жасалынған  емес   пе?
Мәйіттің дене жарақаты оның киімінің бүлінуіне сөйкес  келе  ме?  Егер  олай
болған жағдайда, оны  қалай  түсіндіруге  болады?  Жәбірленушінің  мойныдағы
ілмек-түзақ  елгеннен  кейін  салынған  емес  пе?  Мәйіттің  табылған   жері
өлтірілген жермен сәйкес келе ме?
    Сот-медициналык  зерттеу  үстінде  (мәйітті)  сарапшы  алдында   кейбір
күмәнді мәселелерді шешетін фактілер  де  анықталуы  мүмкін.  Сонымен  қатар
шұғыл           түрде           тексеруді            қажет            ететін





       жағдайлар да анықталуы мүмкін, мұндайда  сот-медициналық  сараптамасы
жүргізілсе, оған тергеушінің қатынасуы аса кажет.
    Сараптамаға материалдарды дайындауда, тергеуші ең алдымен, ауру тарихын
(амбулаториялық карта) алады. Егер онда қажетті мәліметтер жоқ  болса,  онда
дәрігерден, хирургтен, емдеуші дәрігерден жауап  алынады.  Сарапшыға  ауруды
қарау  мүмкіншілігін  берген  дұрыс,  дәрігерлерді,  баска  да  куәлер   мен
айыптаушылардын хаттамаларымен танысу өте маңызды болып саналады.
    Сезіктіден жауап алу. Мұндай жауап алуы  жоспарлау  мен  оны  өткізудің
тәсілін тандап  алуды  тергеушінің  қылмыстардын  жағдайларынан  шыға  отыра
жүзеге асырылады: дәлелдемелер жинау, жауап  алынушынын.  жеке  басы  туралы
мәліметтер.
    Ашық өлтірілгеннен кейін, қылмыскер  көбінесе  өз  кінәсін  жасырмайды.
Мұндайда жауап алудың негізгі мақсаты жасалған жағдайлардын  барлық  мәнісін
ашу мен өлтірудің сылтауын анықтау болып табылады.
    Анық емес жағдайларда жасалған өлім  туралы  істер  бойынша  сезіктілер
жауап  беру  кезінде  күту   ұстанымын   жиі   ұстанады,   тергеуші   кандай
дәлелдемелермен оның өлтіру ісіне катысты екендігін дәлелдейтіндігін  білуге
тырысады, сонан  кейін  ез  кінәсін  мойындау  жолына  түседі.  Өз  кінәсіын
мойындамаған сезікті жауап беруде жалған алиби  ұсынады,  қылмысты  баскалар
жасады деп  немесе  жәбірленуші  езін-өзі  өлтірген,  не  болмаса  жазатайым
жағдай болған деп мәлімдейді.
    Мәйіті табылмаған кісі  өлтірушілікті  тергегенде  сезіктілер  жоғалған
кісі тірі, әр түрлі себептермен тығылып жүр деген жорамал да ұсынады.  Жауап
алу  барысында  сезіктілерден  дүрыс  мәліметтер  алу  тергеушінің   алынған
акпаратты   шеберлікпен   қолдана   білуіне   байланысты:    өз    қолындағы
дәлелдемелерді дұрыс қолдана білуіне, сондай-ақ жауап  алуда  айла  тәсілдер
қолданудың  үлкен   маңызы   бар:   жауап   берушінің   логикалық   ой-пікір
қорытындысын айтуға қозғау салу, оның  дәлелдемелерін  зерттеуге  қатынасуға
шақыру, тергеуде анықталған фактілердің мәнін түсіндіру.
    Сезікті өзінің тұрған жерінде жиі ұсталынады.  Тұрғын  жайға  ену  үшін
сезікті дауысын танитын  адамдардың  көмегіне  сүйену  керек.  Бірақ  қарулы
қарсылықтың болатынын ескеріп, бұл адамдардың қауіпсіздігін  камтамасыз  ету
шараларын ұйымдастыру кажет.  Ұсталған  сәттен  бастап-ақ  жеке  тінту  ісін
жүргізіп, қылмыс құралын  немесе  баска  затгар  мен  құжаттарды  тауып  алу
керек.
    Куәландыру. Егер  жәбірленушінің,  сезіктінің,  айыптаушының  денесінде
қылмыстық  іздері  бар  деген   мәліметтер   болса,   онда   сот-медициналық
сараптамасы немесе куәландыру өткізіледі.
    Сезіктінің денесінде оған  жәбірленуші  қарсылық  көрсеткенде  салынған
қарсыласу іздері болуы мүмкін ( тырнау, дененің көгеруі,т.б.)
    Куәландырылушының денесінде окиға болған жердегі  заттардың  бөлшектері
қалуы мүмкін: (бояу, техникалық майларт.б) қан ізі де болады.
    Ұсталған адамның тырнағының астында  қан,  мата  талшықтары,  басқа  да
дүниелер болуы мүмкін, сондықтан да зерттеу үшін алынады.
    Куәландыруда ерекше белгі-таңбаларды анықтау мақсатында  да  жүргізеді:
татуировкалар, біткен жаралар мен таңбалар, көп өскен  түк-шаштар,  денедегі
ақаулар тағы басқалар.
    Хаттамада мыналар көрсетіледі: кім куәландырылды, сезіктінің. денесінде
кандай жарақаттары (тырналған, қанталаған) олардың саны,  түрі  (ашық  жара)
тыртық, тырнақ ізі, дененің қай бөлігінде, мөлшері, жағдайы,  нысаны,  түсі,
зақымдалған түстағы тері қабатының жайы.
    Қан ізі болған жағдайда оның формасы мен орналасуы көрсетіледі.
    Тінту. Окиға болған  жерді  қарағаннан  кейін  бірден  тінту  жүргізуге
болады егер іс үшін маңызы бар заттары, іске  мүдделі  адамдар  тығып  қойды
деген негіз туса  және  қылмыскер  пәтерде,  үйде,  қора-қопсыларда  тығылып
жатыр деген жағдай туса.
    Іс үшін маңызы бар заттар туралы мәліметтер оқиға болған жерді, мәйітті
қарағанда,  куәлардан  жауап  алғанда,  басқа   да   тергеу   іс-әрекеттерін
жүргізгенде алынады.
    Тінту қылмыс жасау құралдарын іздегенде киім мен аяқкиімді (оны сезікті
қылмыс жасағанда киген) заттардың,  оның  бөліктерін,  сол  арадан  тапқанда
жүргізеді.
    Тінту жүргізе отырып, тергеуші қылмыс кұралы болып  табылатын  заттарды
да көңіл  қоя  карауы  керек.  Заттарды  алғанда  хаттамада  олардың  қайдан
табылғандығын, сыртқы пішінін, түрін, мөлшерін ерекше белгілерін,  жағдайын,
іздін бар-жоғын көрсетуі кажет.
    Мәйітті не оның беліктерін іздегенде. Оларды жасыру мен көмудің  барлық
мүмкін болатын орындарын ұқыпты тексеру керек:  мұражайды,  құдық  ішін,  үй
шатырын, қазылған шұңқырларды.
    Мамандар мәйіт  іздейтін  және  басқа  да  іздеуші  құрал-жабдықтарымен
көмектеседі.
    Кісі өлтірудің жеке турлерін тергеу ерекшіліктері.
    Жоғалып  кету  туралы  мәліметтер  бойынша  қозғалған  істерді   тергеу
ерекшіліктері.
    Мұндай жағдайларда көбінесе мына жорамалдар тексеріледі:
    Жоғалған адам тірі, бірақ бір себептерге байланысты өзі туралы  білдіре
алмайды, ауруға байланысты  жоғалған  адам  кенеттен  қайтыс  болған  немесе
жазатайым  оқиғаға  ілініп  қаза  тапты  не  баска  да  қылмыс  текті   емес
жағдайларда опат болды.
    Алғашқы екі жорамалды тексеру мақсатында не анықтау керек:
    Жоғалған  адам  не  оның  мәйіті  ауруханаға,  мәйітханаға   басқа   да
медициналық мекемелерге түскен жоқ па?
    Сотталғандар мен тұтқындалғандар арасында жоқ па?
    Ізденуші адамның мәйіті, танылмаған мәйіттер ішінде емес пе?
    Жоғалған адам туралы төлқұжат пен әскери есеп мәліметтерінде жоқ па?
    Іздеуші адам  өзінің  бұрынғы  мекенінде,  туған  жерінде,  туыстарының
тұрған жерінде тұрмай ма?
    Жоғалған адам тергеу және сот орындарынан қашып жүрген жоқ па?
    Немесе тұратын орнын тұрмыс жағдайына байланысты  өзкерткен  (отбасынан
кетіп қалу, қарыздарын өтеуден қашу, тағы басқалар) жоқ па?
    Егер кісі өлтірушілікке  негіз  бар  деп  ұйғарылса,  онда  ең  бірінші
кезекте мәлімдеушіден жауап алынады: содан жоғалушыньң туысқандарынан,  дос-
жарандарынан, қызметтес адамдардан жауап алынады.
    Жоғалғанға  дейінгі  жағдайларды  анықтау  процесінде  мына   мәселелер
анықталады: бұл кісіні соңғы рет қашан керді? Алдағы жоспарлары қандай  еді?
Оның тәртібімен көңіл-күйінде ерекшеліктері байқалмады ма?  Ол  соңғы  кезде
біреулермен жанжалдасқан жоқ  па?  Егер  олай  болса  оған  себеп  не?  Оның
туыстарының, көршілерінің, қызметтестерінің және  таныстарының  ішінде  оның
өлімін тілеушілер бар ма? Жоғалушы қалай киінген  еді,  оның  өзінде  қандай
заттар, киімдер, құнды заттар бар еді.
    Жоғалған адамның тұратын орны қаралады: тұрғын  үй-жай,  қора-қопсылары
мен оған тиісті жер орындары;
    Жақында болған жөндеу іздеріне ерекше  көңіл  аударылады:  бөлмелердін.
орналасуының өзгеруі, жердің жаңа қазылған учаскелері.
    Егер кісі өлтіру мен мәйітті бөлшектеу түрғын жай  ішінде  болса,  онда
қылмыскерлердің  ізі,  олар  қанша  әрекеттенсе  де  қалып   қояды.   Паркет
плиткалары, не тақтайлар арасындағы саңылаулардағы нәрселерді  зерттеу  үшін
алу кджет; кейде жеке  тақтайларды  көтеру  керек,  паркет  плиткасын,  онын
астында қан ізі бар-жоғын анықтау үшін алу керек.
    Үй іші тұтыну заттарында саусақ іздері  қалмаған  ба?  Соны  білу  үшін
тексеру кажет. Жоғалған жәбірленушінің жұмыс, тұрғын орнын  тінту  барысында
мәйіт, қылмысты жасау кұралы, киімдері басқа да нәрселері,  оның  құжаттары,
хаттары ізделінеді.
    Мысалы: жоғалған азамат Амановтың әйелінің айтуына  қарағанда,  ол  оны
баска  қаладағы  қарындасын  іздеп  кеткеннен  бері  көрген  жоқ.  Қарындасы
Амановтың келгендігін, үйіне сыйлықтар әкеткендігін және оны қайтадан  жолға
шығарып салғандығын айтты.
    Амановтың  үйге  қайту  жолында  жоғалуы   жайында   тексеру   ешқандай
мәліметтер анықтай алмайды. Кейін Амановтың үйіне тінту жүргізілгенде,  оньң
соңғы сапарында ұлына  деп  сатып  алған  пальтосы  табылды.  Бұдан  шығатын
болжам: Аманов үйіне келгеннен кейін  ғана  өлтірілуі  мүмкін,  өлтірілушіні
осыдан іздеу керек. Көрсетілген бағыттағы тексеру қанағаттанарлық  нәтижелер
берді. Әйелі күйеуінің  кайтып  келген  бетінде  өлтірілгендігін  және  оның
мәйітін жасырын түрде жерлегенін мойнына алды.
    Мәйіттің   бөлшектенуіне    байланысты    кісі    өлтіруді    тергеудің
ерекшіліктері. Кісі өтірушілікті тергеуде  өлтірілген  кім  екендігі  туралы
мәселе көп қиыншылықтар туғызбайды. Өлтірілген  адамның  ата-тегі,  қызметі,
түрған орны туралы тергеушіге қылмысты көзбен көргендер,  не  мәйітті  алғаш
көрген таныстары айтып береді.
    Кейде мәйітте жеке құжаттар, тегі мен мекенжайы бар хаттар, поштаға хат-
хабарлар салғаны туралы квитанциялар болады.
    Бірақ қандай талассыз жағдайда болса да қате  танудын,  мүмкіндігі  бар
екендігін ешқашан естен шығармау керек.
    Бұл туралы Вершинскийдің өлімі туралы істі айтуға болады. Өлген адамнан
табылған құжаттарға да сене беруге болмайды.
    Жәбірленушіде баска адамның қағаздары болуы да мүмкін, не  қылмыскердің
тергеушіні адастыру үшін әдейі қалдырған кұжаттары да болады.
    Жәбірленушінің жеке басын анықтаудағы қате тергеуді жалған жолға  салуы
мүмкін. Өлтірілген адамның жеке тұлғасы бұл  мәселе  бойынша  бірнеше  іздеу
көздерінен түскен мәліметтерді  тексерістен  өткізгеннен  кейін  ғана  толық
анықталады деп есептеледі (бірнеше адамның оны жеке тануы,  құжаттар  арқылы
тану).
    Мәйіттің бөлшектері табылған жағдайда тергеу алдындағы  бірінші  міндет
келтірілген адамның жеке тұлғасын анықтау, кісі өлтіру болған орынды  іздеп,
мәйіттің бөлшектелген жерін табу.
    Мәйіттің жетпейтін бөлігін іздеу ісі  кең  аумақта  мәйіттің  бөліктері
немесе бөлігі табылған  жерлерден  ізделінеді.  Мүнымен  қатар  қолында  қол
сөмкесі, корзинкасы бар, яғни мәйіт  бөлігін  ораған  орамаға  ұқсас  заттар
ұсталған кісіні жергілікті тұрғындардан кездестіргендері бар ма,  сол  сұрак
анықталады.
    Сот-медициналық  сараптамасы  алдына  мына  мәселелерді  қоюға  болады:
зерттеуге мәйітгің қандай бөлігі әкелінген, ол адамдікі ме,  жануардікі  ме;
адам денесінің бөлігі бір мәйітікке ме, болмаса бірнешеуінікі  ме;  мәйіттің
денесін  бүзуға  қандай  құралдар  пайдаланылған;  өлген  адам   хирургиялық
операциядан әткен бе; ол қашан  болған;  мәйіттің  ерекше  таңбасы  жок  па;
бөлшектеген кісінің анатомия саласына білімі жоқ па; мәйіт бөлігінде  қандай
жарақаттар бар; олардын  қайсысы  тірі  уақытында,  кайсысы  елгеннен  кейін
салынған; қандай құралмен өлтірілген; бөлшектеу осы кұралмен  жасалған  емес
пе (егер кұрал болса).
    Қылмыскер қалдырылған іздерді, көлік құралдарының іздерін анықтау үшін,
мәйіт бөлігі табылған жерді ұкыпты қарау керек.
    Өлтірілген адамның жеке басына  немесе  өлім  болған  жерге  мәліметтер
алғаннан кейін тергеуші қылмысқа,  мәйітке  катысты  заттай  дәлелдемелердің
немесе қылмыс іздері сақталып қалуы мүмкін  болған  жерлердің  бәріне  тінту
жүргізеді. Кісі  өлтірушілік  және  мәйітті  бөлшектеу  болуы  мүмкін  деген
тұрғын жайларды тінткенде басты көңілді қаннын ізіне аудару қажет.
    Киімдерді, шүберектерді, арқандарды және  мәйіт  бөлшектерін  құнтақтау
үшін пайдаланылады деп таныткан басқа да зат-тарды  қолға  түсірудің  маңызы
да аз болмайды.
    Өзін-өзі өлтіру,  жазатайым  жагдай  немесе  табиги  әлім  сияқтандырып
жасырылган кісі әлімін тергеудің ерекшіліктері.  Кейде  қылмыскерлер  өздері
жасаған кісі өліміне жазатайым жағдай, өзін-өзі өлтірген  деген  түр  беруге
тырысады. Кісі  өліміне  жазатайым  жағдай  кейпін  беру  үшін  қылмыскерлер
өлтірілген  кісінің  мәйітін  темір  жол  рельсіне,  поезд   алдына   апарып
тастайды, мәйіт жатқан үйді өртейді.
    Өзін-өзі  асу,  өзін-өзі  өлтірудің  кең  тараған  түрі.  Сондықтан  да
қылмыскерлер осы тәсілді жалған түрде қолданады. Мұндай  жалғаншылықты  сот-
медициналык сарапшының көмегімен странгуляциялык тілімді  зерттеу  тәсілмен,
оқиға  болған  жердің,  мәйітті,  іздерді   қарау,   заттық   дәлелдемелерді
зерттеумен анықтауға болады.
    Мәйіт ілулі түрған жерді қарап, жағдайды  зерттеп  мына  сұраққа  жауап
іздеу керек: жәбірленуші ілмекті езі байлаған ба, оған басын өзі сұққан  ба,
әлде баска адамдардың әрекет іздері қалған ба?
    Мәйіт жанында бөтен заттардың болуы, болмауын да анықтаған жөн,  оларды
өзін-езі өлтіруші аяғының астына қоюы мүмкін.
    Өлгеннен  кейін  странгуляциялық  тілімнің   бар   екендігін   анықтау,
қылмыскердің кісі өлтіруді жасағаннан  кейін  оны  өзін-өзі  өлтірген  етіп,
іліп қойғанын дәлелдейді.
    Қолмен тұншықтырғанда мәйіт  мойнында  саусақ,  тырнақ  іздері  қалады.
Арқан  бекіткен  жерде  де  қол  саусақтарының  ізі  болуы  мүмкін.   Ондагы
саусақтардың іздерін мәйіт саусақтарының іздерімен салыстыру керек.
    Өзін-өзі  өлтіру  мүмкіндігін  аныктау   үшін   тергеуші   сот-медицина
сарапшысының  алдына  мына   сұрақтарды   қояды:   жәбірленуші   денесіндегі
жарақаттарды тірі кезінде  өзі  салмады  ма  екен;  бұдан  кейін  ол  арнайы
әрекеттер жасады ма; осы жарақатпен ол қанша уақыт өмір кешуге тиіс еді.
    Жәбірленушінің өзін-өзі физикалық  жағынан  соққы  бере  алмайтын  дене
жарақатының болуы, жасырылған  кісі  өлімі  болған  деген  жорамалға  келуге
болады.
    Мәйітті   сот-медициналық   зерттеу   тірі   және   өлгеннен    кейінгі
жарақаттардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.
    Егер өлер алдында қалдырған жазу болса, оның жәбірленушінің  жазғандығы
және  қашан  жазылғандығын  анықтау  қажет.  Тергеуші  жазуды  криминалистік
сараптамаға жіберіп, оның не  жалған  еместігін  анықтатады.  Жақындары  мен
таныстарынан жауап алу, хаттарды зерттеу,  күнделіктерді  оқу  арқылы  өлген
адамның өзін-өзі өлтіруге себебі болып па еді, соны анықтайды.
    Күшпен емес өлтіруді жалған  көрсету  кісі  өлтіруді  жасырудың  тәсілі
ретінде кәрі кісілер мен сырқат адамдарды өлтіруде жиі қолданылады.
    Улап өлтіру мүмкіншілігі бар болғандықтан қараған  кездегі  ұнтақтарды,
таблеткаларды, ампулаларды алу қажет. Жәбірленуші пайдаланған  және  мәйттің
тікелей жанында тұрған барлық ыдыс-аяқтарды  және  асхана  құралдарын  карау
және  алу  керек.   Дәрігер   анықтамалары   мен   ішірткілер,   медициналық
әдістемелерден алынады.
    Жуынатын бөлмеде, дәретханада құсык, зәр қалдықтары, қан, түкірік  тағы
басқалар табылуы мүмкін.
    Мәйітттің  ішкі  ағзаларын   химиялық   зерттеулермен   сот-медициналық
сараптама еткізу, емдеуші дәрігерден жауап алуда алынған, ауру  тарихындағы,
баска  да  мәліметтер  жасырылған  өлімді  анықтауға,  өлімнің  шын  себебін
айқындауға көмектеседі.
    Балаларды өлтіруді тергеудің  ерекшіліктері.  Балаларды  өлтіру  туралы
қылмысты істердің жиі козғалуы:
    зорлап өлтіру белгісі бар сәбидің мәйітін табуға байланысты;
    жеке азаматтар, патронаждық бикелер, АХАЖ органдарының босанған әйелдің
не босанатын әйелдің баласы жоқ, не ол болып,  жоғалып  кетті  деп  берілген
анықтама-арыздары негізінде;
    медицина мекемелерінен үй жағдайындағы туып-өлген баланың мәйітін  сот-
медицина зерттегенде  зорлап  өлтіру  белгілері  байқалғандығын,  оның  кісі
өлтіруге   негіз   екендігі   жөніндегі   мәліметтердің   түсуі,    медицина
мекемелерінен көмек сұраған әйелде  жақында  бала  туу  белгісі  болғандығы,
бірақ оны ол мойындамауы.
    Бала өлтіру туралы әрбір іс бойынша, зорлықпен өлтіру белгісі бар мәйіт
табылуына байланысты, тергеуші мынаны анықтауы тиіс: баланың жасы және  оның
өлімі туғаннан кейін болмады ма екен; Сәбидің әмір сүру кабілеті  болды  ма?
Қанша  тұрды?  Өлімнің  себептері  кандай?  Егер  бала   өлтірілсе,   қандай
тәсілмен?
    Сот-медициналык сарапшының қатысуымен қарау  болғанда:  мәйіт  жағдайы,
жарақаттары мен  қанжындар,  баланың  белгілері,  бойы,  салмағы,  терісінің
сыртқы  түрі  және  онын,  қасиеттері,  белгілері,  қылмыстық   тәсілі   мен
құралдарын куәландырушылар зерттеледі.
    Заттар қаралады  және  ресми  хатталады  (кәрпелер,  каптар,  сөмкелер,
мәйітті ораған ак жаймалар, т.б.)
    Киімдерде сәбилер үйінің биркасы (таңбасы) болуы мүмкін.
    Өлім қашан болды, туғаннан кейін  бала  қанша  уақыт  өмір  сүрді?  Осы
сұраққа жауап алғанан кейін тергеуші баланың туу мерзімін, екіқабат  әйелдің
шама-жасын анықтап, солардың арасынан өлген сәбидің анасын табуға  мүмкіндік
алады.
    Аудандық   денсаулық   бөлімі,   патронаждық   бикелер   және   әйелдер
консультациясынан олардың бөлімшелерінде,  мекемелерінде  екіқабат  әйелдер,
бала туғандары бар ма, жоқ па, соны анықтау керек.
    Көше комитеттері, қоғамдық  орындар  арқылы  осы  араға  қысқа  уақытқа
екіқабат әйелдер келген-келмегендігі анықталады.
    Дәрімен атылатын қүралдарды қолданып жасалган кісі  өлтіруді  тергеудің
ерекшіліктері. Окиға болған жерді  қарағанда  сол  жердегі  каралуға  тиісті
объектілер мен  із  іздеу  және  басқа  да  заттай  дәлелдемелерді,  дәрімен
атылатын құралдарды қолданумен байланысты, негізгі көңіл соған бөлінеді.
    Жәбірленушінің өзін-өзі өлтіру, жазатайым  жағдайға  байланысты  болжам
мүмкіншіліктерін   тексеру   мақсатында,   дәрімен    атылатын    құралдарды
пайдалануға байланысты, басқа да мәселелерді шешу үшін  тергеу  эксперименті
мен сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалады.
    Кінәліні іздеу жөніндегі шараларды жоспарлауда тіркеу органдарынын, (оқ-
гильза, техника, ойықты дәрімен атылатын құралдарды пайдалануға  байланысты,
басқа да  мәселелерді  шешу  үшін  тергеу  эксперименті  мен  сот-баллистика
мәліметтері есепке алынған.
    Сезіктіні ұстаған жағдайда оның  денесі  мен  киімінде  атыс  өнімдерін
анықтау үшін куәландыру жүргізіледі.
    Қарау  мен  куәландыру  нәтижелері  бойынша  сот-химиялык   сараптамасы
тағайындалады. Тұрғын үй мен жүмыста  мылтық  құралын  табу  үшін  сезіктіні
тінтеді.
    Жарылатын  заттарды  қолданып   жасалатын   кісі   өлтіруді   тергеудің
ерекшеліктері. Бұл категориядағы істер бойынша болған  жерді  қарау  үстінде
тергеуші  ынта-жігері   жарылыс   эпицентрін,   оның   өнімдерін,   жарылғыш
құралдардың бөліктерін анықтауға бағытталады.
    Қылмыскер пайдаланған жарылғыш заттардың түрін  анықтау  үшін  жарылғыш
құқығы  моделін   қайта   жасауа   сот-химиялық   пиротехникалык   сараптама
тағайындалады.
    Жарылғыш  заттарды  немесе   олардың   компоненттерін,   жазбалар   мен
созбаларын табу мақсатында сезіктіге тінту жасалады.
    Жарылғыш заттардың пайда болуы және оны сезіктінің иелегендігін анықтау
үшін, тергеу элементтері мен жедел-іздестіру шаралары  пайдаланып  отырылуға
тиісті.


    3 тақырып  ТОНАУ МЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ТЕРГЕУДЩ ӘДІСТЕМЕСІ
    1. Тонау мен қаракшылықтың криминалистік сипаттамасы. Анықтауға жататын
мән-жайлар
    2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің алғашқы кезендеріне тән
жағдайлар
    3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері
    4. Келесі тергеу әрекеттері
    5. Тонау мен қаракшылық шабуылдарды табысты ашу және тергеудің  негізгі
       шарттары


        1. Тонау мен  қаракшылықтың  криминалистік  сипаттамасы.  Анықтауға
           жататын мән-жайлар
    Тонау пен карақшылык қоғамға  өте  қауіпті  қылмыстар  болып  саналады,
өйткені  олар  жәбірленушілерге  материалдық  зиян  келтіріп  қана   коймай,
олардың өмірі мен денсаулығына қастандық әрекет жасаумен байланысты  болады.
Сондай-ақ, қарақшылық, шабуыл мен  тонауды,  олардың  негізінде  баскесерлік
шабуылдар, қорқытып алушылык және т.б. қылмыс жасайтын қылмыстық  құрылымдар
қалыптасатын топтар жиі жасайды.
    Тонау мен  қарақшылық  шабуылдың  көпшілігі  азаматтардың  жеке  мүлкін
(бөрікті, аз мөлшердегі ақша, киім,  тағам  жәнет.б.  заттарды)  тартып  алу
мақсатында және  әдетте  арнайы  дайындықсыз  жасалады.  Қылмыскерлер  шағын
топтар кұрамында немесе жекелеп, негізінен ашық жерлерде (көшелерде, саябақ-
тарда,  үйлердің  аулаларында)  кешкі   уақытта   әрекет   жасайды,   алайда
қарақшылық пен тонау күндіз де жиі жасалады.
    Мемлекеттің немесе коммерциялық құрылымдар (ақша қаражатын сақтау орны,
ақша  айырбастау  пункті,  кассир,  инкассаторлар),  мүлкін  тартып   алуға,
сонымен қатар такси, жеке көлік  жүргізушілеріне  және  азаматтардың  тұрғын
үйіне қарсы бағытталған тонау  мен  қарақшылық  шабуылдар  сирек  кездеседі,
бірақ
    дәл  солар  қауіпті  болып  табылады.  Мұндай   қылмыстарды   негізінен
ұйымдасқан топтар  жасайды.  Әдетте  бұған  алдын  ала  мұқият  дайындалады:
қылмыскерлер  объектіні  күзету  жүйесімен  толық  танысып  шығады,   қылмыс
құралдарын, жасырыну тәсілдерін  мұқият  даярлайды,  қылмысқа  қатысушыларды
іздестіреді.
    Тонау  мен  қарақшылық  шабуыл  тәсілдерінің  ішінен  мыналарды  атауға
болады:
    1. Ашық жерлерде не ғимараттарда кенеттен, күш  көрсетусіз  жасалынатын
шабуылдар (сумканы, берікті, азаматтардың  ақшасын,  дүкендерден  және  т.б.
орындардан бұйымдарды қағып алып кету).
    2.Ашық жерлерде, сонымен бірге үйлердің аулалары мен подъездерінде  күш
қолданып немесе күш қолданам деп қорқытып шабуыл жасау.
    З.Тұрғын үйлерге  бір  себептермен  немесе  күш  қолданып  кіру  арқылы
азаматтарға шабуыл жасау.
    4.Мемлекеттік және коммерциялык банктердің  қызметкерлеріне,  кассирге,
сатушыларға   қарап    сауда    кәсіпорындарының    ғимараттарында,    қаржы
мекемелерінде, байланыс бөлімшелері мен басқа  да  мемлекеттік  немесе  жеке
мекемелер мен кәсіпорындарда жасалынатын шабуылдар.
    5.Темір  жол,  су  көліктері   немесе   басқа   көліктердің   жылжымалы
құрылымында азаматтарға қарсы шабуыл жасау.
    б.Такси жүргізушілеріне тапқан акшасын не болмаса  көлігін  және  басқа
заттарын тартып алу мақсатында шабуыл жасау.
    Тонау  мен  қарақшылық  шабуыл  барысында  із  қалыптастыру   тетігінің
бірқатар ерекшеліктері болады. Әдетте оқиға болған жерде қылмыс  іздері  мен
басқа да заттай дәлелдемелер өте аз қалады.  Көзімен  көрген  адамдар  тонау
немесе қарақшылық шабуылды толық бақылай  алмайды;  яғни  олар  жауап  алған
кезде болған оқиғанын кейбір жерлерін ғана айтып береді  және  көп  жағдайда
көз көрген  куәгерлер  тіптен  болмайды.  Жәбірленушілерді  айтатын  болсақ,
олардың  кейбіреулері  қылмысқа  байланысты  жүйкесінің  күйзелуіне  себепті
болған оқиғаны  бұрмалап  қабылдайды.  Жәбірленушілерге  кейде  қылмыскерлер
саны көп болып, олар «биік  бойлы»,  «түрлері  хайуан  тәріздес»  және  т.б.
болып көрінеді. Сондықтан,  тергеуші  көз  кергендер  мен  жәбірленушілерден
алған мәліметтерге сын көзбен қарап оларды басқа  дәлелдемелермен  салыстыра
отырып, мұкият кайта тексеруі тиіс.
    Тонау  мен  қарақшылык  жасайтын  адамдар  көбінесе  жұмыс   істемейді,
адамгершілікке  жат  өмір  сүреді,  үнемі  маскүнемдікке  салынады,  есірткі
пайдаланады. Олардың денін бұрын сотталғандар құрайды.
    Қарақшылық жасарда қылмыскерлер жәбірленушіні оның лауазымын, кәсібінің
түрін және материалдық жағдайын ескере отырып, тандайды. Тонау  кезінде  көп
жағдайда жасына немесе басқа  да  себептерге  байланысты  белсенді  қарсылық
көрсете  алмайтын  кісілердің  құрбанына  айналады.  Қарақшылық  шабуыл  мен
тонауға жиі спирттік ішімдік ішетін адамдар мен жеңілтек әйелдермен  қатынас
жасауға бейім тұлғалар ұшырайды.
    Тонау мен қаракшылык, шабуыл жайлы іс бойынша  анык-тауға  келесі  мән-
жайлар жатады:
    — тонау немесе қарақшылықтың орын алған-алмағаны;
    — тонау  немесе  қарақшылық  жасау  тәсілі;  егер  қарақшылық  жасалса,
жәбірленушіге қатысты қолданылған күш көрсету неден байқалады;
    — қылмыс қашан, қайда және қандай жағдайда жасалынды;
    — тонау немесе қарақшылық нәтижесінде не ұрланған, ұрланған  зат  кімге
(мемлекетке, кооперативтік немесе қоғамдық ұйымдарға,  жеке  тұлғаға,  нақты
кімге) тиесілі, ұрланған заттың бағасы қанша;
    — қылмысты кім жасады; егер оны топ жасаса, топқа кімдер кіреді,  әрбір
қатысушының рөлі қандай;
    —   жәбірленуші   кім,   қарақшылык   шабуыл   жағдайында   жәбірленуші
денсаулығына зиян  келді  ме,  оның  сипаты  мен  ауырлық  дәрежесі  қандай,
ұрланған затгы жасыруға көмектесетіндер немесе жасырушылар болды  ма,  нақты
кімдер;
    — қылмыс нәтижесінде келген жалпы материалдық зиян қандай, тонау немесе
қарақшылық шабуыл жасауға қандай жағдайлар мүмкіндік туғызды.


    2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің алғашқы кезендеріне тән
жағдайлар


    Тонау мен қарақшылық жайлы қылмыстық іс қозғау  үшін  жиі  себеп  болып
табылатындар:  жәбірленушілердін  немесе   олардың   туыстарының   арыздары;
мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке  ұйымдардың  лауазымды  тұлғаларының,  осы
ұйымдарға жататын мүлікті ашық түрде  ұрлап  кету  фактілері  туралы  немесе
мүлікті тартып алу мақсатында олардын  қызметкерлеріне  шабуыл  жасалғандығы
туралы  хабарлауы;   медицина   мекемелерінің   шабуыл   жасау   нәтижесінде
жәбірленген  адамдарға  көмек  көрсеткені  туралы,  хабарлауы;  көзі  керген
түлғалардың тонау немесе қарақшылык шабуыл белгілері деп табылатын  фактілер
туралы арыздары;  тергеушінің  өзінің  немесе  аныктау  органдарының  қылмыс
белгілерін табуы.
    Әдетте  тонау  немесе  қарақшылық  белгілері  бар  оқиға  туралы  хабар
алғаннан  соң  арызданушыдан  жауап  алынады.  Егер  арызданушы  жәбірленуші
болмай,  көзі  көрген  немесе  тиісті  мекеме,  кәсіпорын  не  болмаса  ұйым
әкімшілігінің өкілі болса, онда жедел түрде оқиға болған жерді  күзетке  алу
шараларын қолдану,  жәбірленушіні  анықтау  және  одан  оқиғанын,  мән-жайын
анықтау қажет. Сұрау салушы тұлға  көп  жағдайда  жәбірленушінің  денесінен,
киімінен  және  заттарынан  табылған  іздер  (дене  жарақаты,  жыртылған  не
бүлінген киім) расында да оған қатысты  күш  қолданылғанын  куәландыратынына
көз жеткізуі мүмкін. Жедел түрде  сезіктіні  іздестіруді  ұйымдастыру  үшін,
арызданушыға сұрақ салуды қысқа мерзімде өткізу керек.
    Әдетте тонау мен қарақшылықты тергеудің алғашқы кезеңінде  мына  тергеу
жағдайлары жиі кездеседі:
    1.   Тонау немесе қарақшылық жасаған сезікті тұлға  қылмыс  орнында  не
болмаса дәл жасалғаннан соң ұсталған.
    2.   Қылмысты жасаған сезікті тұлға әлі ұсталмаған,  бірақ  тергеушінің
қолында  оны  іздестіру  мен  ұстауды  ұйымдастыруға   мүмкіншілік   беретін
мәліметтер бар.
    3.   Қылмыс жасаған тұлға туралы құқық қорғау органдарында ақпарат  жоқ
немесе жоқтың қасы.
    Аталған  жағдайлардың  біріншісінде  тергеуші  іс-әрекеттерінің  келесі
бағдарламасы мақсатқа сай болмақ: сезіктіні ұстау,  оны  жеке  тінту,  жауап
алу, қажетті жағдайда -  оны  куәландыру;  жәбірленушіден  сұрақ-жауап  алу;
қажетті жағдайда оның киімдерін тексеру және куәландыру; оқиға болған  жерді
қарау; сезіктіден жауап алу; сезіктінің тұрғылықты жерін тінту;  көз  көрген
—  куәлерден  жауап   алу;   сот-медициналық,   криминалистік   және   басқа
сараптамалар тағайындау.
    Екінші тергеу жағдайында алғашқы  тергеу  әрекеттерінің  келесі  жүйесі
орынды: жәбірленушіден жауап алу, оны куәландыру және  киімін  карау;  оқиға
болған жерді қарау; куәгерлерден жауап  алу;  сот  сараптамасын  тағайындау;
жедел іздестіру шаралары.
    Үшінші жағдай үшін де  жоғарыда  аталған  тергеу  әрекеттерінен  басқа,
сезікті тұлғаларды анықтау мен  ұрланған  заттарды  іздестіруге  бағытталған
жедел іздестіру шаралары тән.
    Қылмыс  жасалғанан  кейін  өткен  уақытқа  байланысты  «ізін   суытпай»
іздестіру ұйымдастырылады. Ол үшін  тиісті  ішкі  істер  органдары  хабардар
етілуі  тиіс.  Күрделі  жағдайларда  патрульдік-бекеттік  қызмет,  сондай-ақ
кылмыскерлер  автокөлікке  жасырынуы  мүмкін  деген  негіз  болса,   көлікті
бакылау күшейтіледі. Жедел шаралар жиынтығы ұрланған  мүліктердің  өткізілуі
мүмкін және қылмыскерлердің пайда болуы мүмкін жерлерде жүргізіледі.


    3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері


    Тонау мен қаракшылыкты  тергеу  барысында  оқиға  болған  жерді  қарау,
кылмыскерлер мүлікті тартып алу үшін, алдымен жәбірленушінің  қарсылығын  не
баска да тосқауылдарды (әйнекті қирату,  есікті  сындыру  және  т.б.)  жеңіп
алуға мәжбүр болғанда, ең жақсы нәтижелер береді.  Бірақ  мұндай  мән-жайлар
орын  алмағанда  да   қарау   жүргізуден   бас   тартпау   керек.   Тәжірибе
көрсеткендей,  оқиға  болған  жерді  мұқият  және  әдісін  тауып  қарағанда,
кылмыстың материалдық іздерін әркашан табуға болады.
    Егер жәбірленушінің оқиға болған жерді қарауға қатысуға  шамасы  болса,
оны сонда шақыру қажет. Қарауға сарапшы-криминалист пен кинолог  инспекторды
қатыстыру да үлкен пайда әкеледі.
    Қарау барысында  тергеуші  қол,  аяккиім,  қан  іздерін,  қылмыскер  не
жәбірленуші тастаған  немесе  түсіріп  алған  заттарды  және  күрес  іздерін
табуға  тырысуы  тиіс.  Кейде   оқиға   болған   жерді   қарау   нәтижесінде
қылмыскердің  үстінде  немесе  оның  киімінде  қандай  іздер  қалуы   мүмкін
екендігін аныктауға болады  (мысалы,  оқиға  болған  жерден  киімнен  үзіліп
түсіп қалған түйме табылса, ал ол жәбірленушінікі болмай  шықса,  онда  ойша
ол түйменің қылмыскердің киімінен түсуі мүмкіндігін болжауға болады).
    Тонау немесе қарақшылықты тергеу барысында  қылмыс  іздері  мен  заттай
дәлелдемелер  жиі  кылмыс  орнынан  қашықтау   жерлерден   табылып   жатады.
Сондықтан қарау шекарасын қылмыскердін, кұрбанға жакындауы  мүмкін  жолдарын
және мүмкін бағыттарын ескерту арқылы кеңейткен орынды.
    Егер тонау немесе қарақшылық кезінде қылмыскер мен  құрбанның  арасында
күрес  болса,   жәбірленушінің   киімінде   не   болмаса   жеке   заттарында
микробөлшектер қалуы мүмкін. Олар әдетте  жұққан  заттармен  бірге  алынады.
Окиға орнынан қылмыскер ұстауы мүмкін нәрсе табылса, иіс үлгісін алу керек.
    Қарақшылық және тонау жайлы іс бойынша жәбірленушіден жауап  алу  оқиға
болған жерді қараудан соң дереу жүргізіледі, ал  жеке  жағдайларда  қараудың
алдында жүргізілуі мүмкін.
    Шабуылға ұшыраған жәбірленушіден жауап алу алдында  оны  жүбатып,  онын
қауіпсіздігіне құқық қорғау  органдары  кепілдік  бере  алатынын  түсіндіруі
кажет. Одан кейін тергеуші келесі сұрақтарды анықтауы кажет:
    —  тонау немесе қарақшылық шабуыл қайда және қашан болды;
    —  жәбірленуші қандай себеппен қылмыс жасалған жерде болды;
    —  тонау немесе қарақшылық шабуыл кезінде оқиға калай дамыды (қылмыскер
немесе қылмыскерлер нақтылы  не  істеді,  не  айтты,  жәбірленушіге  катысты
қолданған күш көрсету немесе күш көрсетем деп қорқыту неден  байкалады  және
т.б.);
    —  егер қылмыскерлер каруланған болса, қандай қарумен  қаруланған  және
оның белгілері;
    —  тонау немесе қарақшылық шабуыл барысында жәбірленуші  қандай  әрекет
жасады (қылмыстық  әрекетті  тоқтатуға  немесе  кылмыскерді  ұстауға  әрекет
жасаған-жасамағаны,  қарсылық  көрсеткен-көрсетпегені,   көмекке   шақырған-
шақырмағаны жәнет.б.);
    —  тонау немесе қарақшылық шабуылдың  жәбірленушіге  келтірген  зардабы
қандай (қылмыскер одан не алып кетті, материалдық  зиянның  мөлшері  қандай,
жәбірленушіге қандай дене жарақаты келтірілді);
    — қылмыскерлердің белгілері қандай, жәбірленуші  қылмыскерді  тани  ала
ма, олар қай бағытта жасырынды;
    — ұрланған бұйымдардың белгілері кандай;
    — тонау немесе қарақшылық шабуылдан кейін жәбірленуші не істеді;
    — болған окиғаны кім керді немесе кім көруі мүмкін және т.б.
    Сұрак-жауап барысында жәбірленушіден мейлінше толық  және  нақты  жауап
алуға  тырысу  кажет.   Әсіресе   қылмыскердін   белгілері   және   ұрланған
мүліктердің белгілері  мен  ерекшеліктері  егжей-тегжейлі  суреттелуі  тиіс.
Қылмыскерді суреттеу барысында «ауызша суреттеу» ережелері  мен  терминдерін
мүмкіндігінше кең қолданған жөн. Қылмыскердің ерекше  белгілерін  (меңдерін,
қалдарын,  тыртықтарын,  сүйелдерін,  та-туировкаларын)   және   киімдерінің
ерекшеліктерін  айқындап  жазып  алу  маңызды.  Ұрланған  заттарға   келетін
болсақ, оларды хаттамаға егжей-тегжейлі  суреттеумен  қатар,  жәбірленушіден
ұрланған заттардың құжаттарын (төлқұжат,  кепілдеме  талоны)  немесе  оларға
тиісті бұйымдарының (қосалқы  түйме,  мата  қиын-дысы,  фотоаппарат  қорабы)
сакталып қалған-калмағанын анықтау кажет. Егер қылмыскерлер киімдерді  алған
болса, онда киімнің қалтасында не болғаны анықталады.
    Қарақшылык жайлы іс бойынша, егер жәбірленушіге күш қолданылған  болса,
тез арада жәбірленушіні куәландыру және онын, киімін қарау жүргізілуі  тиіс.
Сот-медициналык  сараптамасын  жүргізу   кезінде   жоғалып   кетуі   мүмкін,
жәбірленушінің денесіндегі күш көрсету іздерін (көгерген жер,  қанды  сүйел-
дер) сондай-ақ оның киіміндегі закымдалған ластанған  іздерін  де  айқындап,
бекітудің дәлелдемелік маңызы зор.
    Егер жәбірленушіні куәландыру нәтижесінде күш керсету  іздері  табылса,
лезде сот-медициналық сараптама тағайындалады. Оның  барысында  денсаулығына
келген зиянның сипаты мен деңгейі туралы мәселелер жиі шешіледі.
    Қылмыскерді ұстау кезінде батыл,  сонымен  қатар  сақтанып  әрекет  ету
қажет, себебі сезіктілер  көбінесе  қарулы  болады.  Ұстағаннан  соң,  лезде
сезіктіні тінту  жүргізіледі.  Тінтудің  максаты  —  қаруды,  жәбірленушіден
ұрлап алынған заттарды, сонымен қатар ұсталынған тұлғаға тиесілі  емес  және
басқа тонау және қарақшылык кезінде  ұрлануы  мүмкін  бұйымдарды  тауып  алу
болып табылады. Айта кететін  жайт,  тонау  мен  карақшылық  шабуыл  жасаушы
қылмыскерлер жәбірленушіден  тартып  алған  құнды  емес  және  бірден  кезге
түспейтін жеке белгілері  жоқ  (тарақ,  автоқалам  т.с.с.)  ұсақ  бұйымдарды
өзінің жеке басына пайдалану үшін  қалдырады.  Бірақ  жәбірленушілер  оларды
онша байқала қоймайтын белгілері бойынша таниды. Сондықтан тергеу  барысында
ұсталған тұлғадан табылған әрбір  заттың  кімге  тиесілігін  мұқият  тексеру
қажет.
    Осы категориядағы іс бойынша түрғын үйде  тінту  жүргізудін  мақсаты  —
ұрланған және қару, киім ретінде пайдаланылуы мүмкін және сезікті  мен  оның
отбасына  тиесілі  емес  заттарды  табу.  Сондай-ақ,  тінту  барысында  қару
(мылтық, пышак, кастет) дайындау үшін қолданылатын материалдар мен  жартылай
дайын өнімдер,  сонымен  катар  қылмыскерлердің  жасырыну  кұралдары  (маска
ретінде пайдаланылатын кезге лайықталған  тесігі  бар  шұлықтар,  париктер),
қылмыс жасау кезінде сезіктінің  үстінде  болған  киім  мен  аяқкиімдер  жиі
табылады.
    Қаракшылық шабуыл туралы іс бойынша  ұсталған  тұлғаны  куәландыру  мен
киімін ұсталғанның киімін қараудың дәлел-демелік маңызы зор, атап  айтқанда,
куәландыру мен  киімді  қарау  арқылы  күресу  іздерін  және  куәлер  немесе
жәбірленушілер хабарлаған сезіктінің денесіндегі татуировкалар мен басқа  да
ерекше белгілерді табуға болады.
    Окиғаны көзімен көрген тұлғалардан, куәлардан  (егер  олар  бар  болса)
жауап алу ізін суытпай жүргізілуі  қажет,  өйткені  оларға  қылмыскер,  оның
достары немесе туыстары жағынан жағымсыз әсер  етілуі  мүмкін.  Егер  мұндай
әсер жауап алғаннан кейін жасалса, олар мақсатына жете қоймайды.  Жауап  алу
кезінде,  әдетте,  жәбірленушіден  де   жауап   алу   кезіндегі   мән-жайлар
аныкталады.
    Қылмыс  жасады  деген  сезікті  тұлға   ұсталмаған   жағдайда,   тергеу
әрекеттерімен қатар, белсенді түрде сезіктіні айқындап, окиғаның барлық мән-
жайын анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізілуі тиіс.


    4. Келесі тергеу әрекеттері


    Тонау және қарақшылық жайлы іс бойынша тергеудің келесі  кезеңінде  куә
ретінде жауап алуға болатындар: мекеме,  кәсіпорын  және  ұйым  жетекшілері,
ведомстволык, емес  қорғау  күзетшілері  және  жеке  күзетшілер;  сезіктінің
туыстары мен таныстары; жасалған қылмыска байланысты  қандай  болса  да  бір
жайды  білетін  басқа  да  адамдар.  Анықталатын  сұрақтар   шеңбері   жалпы
сезіктіге қойылатын сұрақтармен сәйкес келеді.  Сезікті  мен  жәбірленушінің
туыстарынан, таныстарынан қосымша түрде олардың өмірбаянының деректері  және
тұрғылықты жері мен жұмыс орнынан қалай сипатгалатыны анықталады.
    Қарастырылып жаткан категориядағы іс бойынша тергеудің келесі кезенінде
әр түрлі сараптамалар  тағайындалады:  сот-медициналык  (тірі  тұлғалар  мен
заттай  дәлелдемелер),  криминалистік  (трасологиялық  және  қарутанушылык),
сонымен қатар топырақтану, материалтану және басқа да сараптамалар.
    Затгай дәлелдемелердің сот-медициналық сараптамасы оқиға болған  жерде,
сезікті немесе жәбірленушінің киімінде, не болмаса  басқа  заттарда:  темекі
тұқымы,   қан   іздері,   шаш   және    т.б.    табылғанда    тағайындалады.
Сараптамашыларға тергеу әрекеттері барысында табылып алынған  қаннын,  басқа
да денеден бөлінген заттардың, сонымен  бірге  шаштардың  сезіктіден  немесе
жәбірленушіден алынған тиісті үлгілермен  сәйкестігін  немесе  айырмашылыған
анықтау міндеті қойылады. Кейде  мұндай  жағдайларда  оқиғаның  анық-қанығын
(мысалы, жәбірленуші өзін жәбірлеген кезде кандай қалыпта болғанын)  анықтау
үшін диагностикалық сараптама тағайындалады.
    Трасологиялық сараптама барысында қолдың, аяккиімнің және т.б.  іздерін
нақты тұлға, сонымен бірге доңғалақ іздерін нақты көлік қалдыруы  мүмкіндігі
анықталады; қарутану сараптамасы заттың  атыс  каруына  немесе  суық  қаруға
тиістілігін, қарудың жасалу тәсілін (зауытта  немесе  колдан  жасалуын),  оқ
немесе гильза накты қарудан атылған-атылмағанын аныктайды.
    Сот-топырақтану сараптамасы сезікті аяккиімінен немесе көлік  табанынан
табылған топырақ бөлшектері окиға болған жердегі  топырақпен  бірдей  немесе
бірдей еместігін айкындайды.
    Жауап алу барысында айыпкерге  қойылатын  сұрактар  тергеудің  бастапқы
кезеңінде жүргізілетін сезіктіден жауап алу барысында анықталған  сұрақтарға
үқсас болады. Әдетте тонау  және  қарақшылық  жайлы  іс  бойынша  айыпкерлер
жалған жауап беретінін естен шығармаған жөн.  Сондықтан  жауап  алу  кезінде
дәлелдемені ұсыну  тәжірибесі  кең  қолданылады,  сонымен  қатар  айыпкердін
еркіне қарамастан оның кінәлігін  дәлелдейтін  мағлұматтарға,  не  екендігін
анықтауға бағытталған  тәсілдер,  тергеушінің  мағлұматтылығы  туралы  жауап
алынушыда ұлғайтылған түсініктің тууы қолданылады.
    Тонау және қарақшылық шабуылдарды  тергеудің  келесі  кезеңінде  тануға
ұсыну, айғақты  оқиға  орнында  тексеру  және  басқа  да  тергеу  әрекеттері
жүргізіледі.


    5.Тонау мен қаракшылық шабуылдарды табысты ашу және  тергеудің  негізгі
    шарттары


    Қылмыстық оймен  азаматтардың  тұрғын  үйлеріне  кіру  арқылы  жасалған
қарақшылықтың  аса  әдепсіздігі,  қатыгездігі  және  айқын  пайдакүнемдік  —
тойымсыздық бағыты, көп жағдайда, оларды тергеудін белгілі бір  күрделілігін
туғызып, тергеушіден біркатар шарттарды есепке алуды талап етеді.
    Қайта  құру  барысында   құқық   қорғау   органдары   алдына   қойылған
қылмыстылықпен,  әсіресе  онын,  ұйымдаскан   түрлерімен   күресті   күшейту
міндеттері талдау, сонымен қатар ішкі істер  органдарында  жинақталған  озык
тәжірибені зерделеу қарақшылық шабуылдарды ойдағыдай ашып,  тергеудің  накты
мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін келесі негізгі шарттарды  атауға  мүмкіндік
береді:
    -  азаматтардың тұрғын үйлеріне кіру арқылы жасалған қарақшылық  туралы
әрбір хабарды аса жауаптылықпен және жедел ілтипат алу;
    —  алғашқы тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шараларын  кешіктірмей
және біліктілікпен жүргізу;
    —  тергеу барысында тергеушінің   ІІМ-нің қызметтерімен, ҮҚК-мен  өзара
тығыз  әрекеттесуі,  жұртшылық  көмегі  мен  бұқаралық  ақпарат   кұралдарын
белсене пайдалану;
    -  қазіргі таңдағы жедел, криминалистік техника  мен  тергеудің  ғылыми
әдістерін жан-жақты қолдану.
    Жұртшылықтың қылмысқа қарсы күреске қатысуы құкық  қорғау  органдарының
күшін анағұрлым артгырады, осы міндетті  тікелей  атқаратын,  сонымен  қатар
еңбекші бұқаранын, мемлекеттік аппарат қызметімен байланысының маңызды  түрі
болып  табылады,  оларға  құқықтық  заңның  қолданысын  бақылау  мүмкіндігін
туғызады, занды құрметтеуді және құқық  бұзушылыққа  жол  бермеу  сезімдерін
тәрбиелейді. Бүл саладағы жүмыста бұқаралық  ақпарат  құралдары  (теледидар,
радио, бас-па) маңызды рәл атқарады, өйткені олардан көмек  сұрау  тергеуден
жасырынып жүрген қылмыскерлер мен ұрланған  мүліктерді  іздестіруді  табысты
жүзеге асыруға, азаматтарға қарақшылык шабуыл  жасауға  мүмкіндік  туғызатын
мән-жайлар  мен  жағымсыз  істердің  себебін  жою   мақсатында   алдын   алу
жұмыстарын белсенді жүргізуге мүмкіндік береді.


    4  ҰРЛЫҚТЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
    1. Ұрлықтың криминологиялық сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар
        2.  Қылмыстық   іс   қозғау   ерекшеліктері.   Тергеудің   бастапқы
           кезеңіндегі әдеттегі жағдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері
    3. Бастапқы тергеу әрекеттері тактикасынын ерекшеліктері
    4. Кейінгі тергеу әрекеттері


    1. Ұрлықтың криминологиялық сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар


    Ұрлықтар, немесе біреудің мүлкін жасырын ұрлау (алу),  ең  кең  тараған
қылмыстарға   жатады.   Ұрлықтың   жиі   жасалатын   түрлері    азаматтардың
пәтерлерден, саяжайлардан гараждарынан ұрлық жасау, жеке заттарды  вокзалдар
мен поездардан ұрлау, базарларда,  дүкендерде,  кала  көліктерінде,  сонымен
ақша,  аудио-  бейнетехника,  алтын  заттар,  киім,   автокөлік,   мотоцикл,
велосипед, сирегірек —  ыдыс-аяқ,  тағам  заттары  (сая-жайларды  тонағанда)
қылмыстық әрекеттің тікелей заты болып табылады.
    Соңғы  уақытта  астық  ұрлау  кең  етек  жайып  келеді,  сонымен  қатар
дүкендерден, қоймалардан және материалдық  құндылықтарды  сақтап,  өткізетін
басқа да орындардан да ұрлық жасалады.
    Ұрлық жасау тәсілдері әр түрлі. Оларды мынадай тәртіпте жүйеленеді:
    1. Түрғын жайлардан ұрлық жасау. Олар  бұзу,  аркылы  есікті,  терезені
т.б.) және бұзусыз (сәйкес құлыпқа сөйкес кілт табу арқылы) жасалады.
    2. Тұрғын-жайға кірмей азаматтардың мүлігін ұрлау. Оларға  қалта  тонау
сөмкелерінен зат ұрлау, олардын, ішінде сөмкені, қалтаны  кесіп  ұрлау;  мас
адамдарды тонау; чемодандарды, сөмкелерді, басқа да заттарды ұрлау жатады.
    3.  Сенімге кіру арқылы ұрлық жасау. Олардың ішінде тұрғын-жайға кіріп,
яғни жәбірленуші мүлік тұрғын жайға немесе  пәтеріне  ұрлықшыны  кіргізгенде
және жайға кірмей (мәселен, жолаушы  өзінің  мүлігін  күзетуді  өзіне  таныс
емес тұлғаға тапсырғанда) жасалған ұрлықты атауға болады.
    4. Көлік ұрлығы.
    6. Авткөліктен ұрлау.
    Бүл жерде жиі  кездесетін  ұрлык  тәсілдері  келтірілген.  Қылмыскерлер
әдеттен тыс тәсілдерді де жиі қолданады.
    Пәтерді иелері үйде болмағанда, яғни күндіз тонайды,  ал  тұрғын  жайға
кірмей ұрлык жасау таңертеңгі, кешкі уақытта және күндіз де жасалады.  Қалта
тонаушылар өз  істерін  адамдар  көп  жиналатын  жерлерде  (қала  көлігінде,
дүкендер) жасайды.
    Ұрлық жасау барысында қалдырған қылмыскерлердің іздері әр түрлі  болады
және олар ұрлықтың түрі мен  оларды  жасау  тәсілдеріне  байланысты  болады.
Мәселен,  жайлар  мен  автокөліктерден  ұрлык  жасағанда  көбінесе  ұрлықтың
материалда іздері қалады (бұзу, құралдарының,  қолдың,  аяқкиімнің  іздері).
Сенімге кіру арқылы жасалған  ұрлықтарда,  керісінше,  иделды  іздер  қалады
(жәбірленушілер,  кейде  куәгерлер  де  қылмыскердің   түр-әлпетінің   толық
сипаттамасын беріп,  әдетте  оны  таниды).  Ал  жайға  кірмей  жеке  мүлікті
ұрлаған кезде (қалта тонау) із калмайды.
    Оларды кейде жедел-іздестіру  тәсілдері  арқылы  ғана  ашады.  Ұрлықтың
кебін кәмелетке толмағандар және арақ ішетін, есірткі  пайдаланатын  адамдар
қаражат табу үшін жасайды.
    Сенімге кіріп ұрлық жасайтьш кылмыскерлер,  әсіресе  қалта  тонаушылар,
әдетте  мұқият  әзірленген  тәсілдерді  колданады,  сондықтан  осы  тәсілдер
жазасыз қалып ондаған қылмыстарды жасауға мүмкіндік береді.  Сонымен  бірге,
бас бостандығынан айыру орындарынан босағаннан  кейін  қылмыскерлер  ұрлықты
сол тәсілдермен қайтадан жасайды.
    Ұрлықшылардың жартысынан көбінің білімі  ортадан  төмен  болып  келеді.
Көбі ұрлық үшін ғана емес, басқа да қылмыстар үшін сотталған болады.
    Ұрлық, қылмысын тергеу барысында анықтауға жататын мән-жайлар  ұрлықтың
болған-болмағаны; ұрлық жасау  уақыты,  орны  және  жағдайлары;  ұрлық  заты
(қылмыскер не ұрлады), оның құны, белгілері;  ұрланған  зат  кімдікі;  ұрлық
жасау тәсілі; ұрлық субъектісі (кім жасады); ұрлықты  қылмыстық  топ  жасады
ма, егер солай болса — топтың әр мүшесінің кінәлік деңгейі,  ұрланған  затты
өткізу орны уақыты және тәсілі,  кінәлілердің  жазасын  жеңілдететін  немесе
ауырлататын мөн-жайлар; ұрлықтың жасалуына мүмкіншілік берген  себептер  мен
жағдайлар.


    2.Қылмыстық іс қозғау  ерекшеліктері.  Тергеудің  бастапқы  кезеңіндегі
    әдеттегі жағдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері


    Ұрлық  туралы  қылмыстық  істі  қозғау  сылтаулары:   жәбірленушілердің
арыздары; мемлекеттік немесе  қоғамдық  ұйымдардың  лауазымды  түлғаларынын,
сондай-ақ жеке мекемелер мен кәсіпорындары қызметкерлерініңосы  құрылымдарға
тиесілі мүліктің ұрланғаны туралытың белгісі бар фактілер  туралы  арыздары;
тергеушінің өзінің немесе анықтау органының қылмыс белгілерін табуы.  Әдетте
ұрлық белгілері бар оқиға туралы хабар алғаннан кейін алдымен  мәлімдеушіден
қысқаша жауап алу керек. Лезде  сезіктілерді  іздестіруді  ұйымдастыру  үшін
жауап алуды неғүрлым аз уақыт алу керек. Егер жәбірленушінің  мәлімдемесінде
қайшылықтар болса немесе басқа себептермен  күмән  тудырса,  қылмыстық  істі
қозғау туралы мәселені шешу үшін оқиға орны қарайды.
    Ұрлық қылмысын тергеудің бастапқы кезеңіне үш әдетті тергеу  жағдайлары
тән:
    1) қылмыс жасағанда сезікті тұлға ұсталды;
    2)  қылмыс жасағанға  сезікті  тұлға  ұсталған  жоқ,  бірақ  ол  туралы
белгілі мәліметтер бар;
    3)  қылмыс жасаған тұлға туралы  мәліметте  құкық  қорғау  органдарында
жоқ.
    Аталған жағдайлардың тергеушінің немесе анықтау жүргізетін адамның  іс-
әрекетінің арнайы бағдарламаса бар.
    Бірінші тергеу жағдаятының мақсаты ұсталған адамның  жасалған  қылмысқа
қатыстылығы туралы жалпы дәлелдемелерді жинау (окиғаның  нақты  мән-жайларын
аныктау, ұрланған заттың жатқан орнын табу,  т.б.).  Бұл  жағдайда  тергеуші
әрекеттерінің келесі бағдарламасы тиімді болады: ұстау, жеке тінту,  қажетті
жағдайда  —  сезіктіні  куәландыру;  оқиға  орнын  қарау;  жәбірленушілерден
(немесе  материалды  жауапты  тұлғалардан)  және  куәгерлерден  жауап   алу;
сезіктіден жауап алу; сезіктінің тұрғын орнын тінту.
    Екінші  тергеу  жағдаятында  тергеудің  негізгі  бағыты   —   қылмыстың
материалдық шығынын зерттеу, сезікті түлғалар  туралы,  ұрланған  мүлік  пен
құндылықтар  туралы,  қылмыстың  басқа  мән-жайлары  туралы   дәлелдемелерді
жинап, бекіту. Бұл жағдайды  бастапқы  тергеу  әрекеттерінің  келесі  жүйесі
тиімдірек  болады:  жәбірленушілерден  немесе  материалды  жауаптылығы   бар
тұлғалардан жауап алу;  оқиға  орнын  қарау;  куәгерлерден  жауап  алу;  сот
сараптамасын  тағайындау.  Сонымен  бірге  тиісті  жедел-іздестіру  шаралары
жүргізіледі.
    Үшінші тергеу жағдаятына  тергеушінің  іс-әрекеттері  зерттеу-іздестіру
бағытында  жүргізіледі  және  ең  басты  міндет   жасалған   қылмыс   туралы
деректерді   іс   жүргізуден   тыс   тәсілдер   арқылы   алу   болады.   Бұл
жағдаятқа"жоғарыда  айтылған  тергеу  әрекеттерінен  басқа,  қылмыс  жасаған
тұлға мен ұрланған затты іздестіруге  бағытталған  жедел-іздестіру  шаралары
тән болады. Ол үшін қылмыс жасау  тәсілі  бойынша,  окиға  орнында  табылған
іздер және ұрланған мүліктің белгілері бойынша криминалистік есеп пен  басқа
шараларды қолданып тексеру жүргізіледі.
    Тергеу барысында қалыптасатын жағдаяттарға байланысты жоғарыда  аталған
бастапқы  тергеу  әрекеттерінің  бағдарламалары  өзгеріп  отырады  және   ол
өзгерістер тергеушінің міндеттеріне, сонымен қатар  нақты  жағдайда  алынған
акпаратқа байланысты болады.


    3. Бастапқы тергеу әрекеттері тактикасынын ерекшеліктері


    Ұрлық туралы істер бойынша оқиға  орнын  қарау  барысында  келесі  мән-
жайларды анықтау қажет: зат ұрланған объект не болып табылады, оған  баратын
жолдар мен оны қоршайтын орта қандай;  қылмыскер  ұрлық  орнына  қай  жақтан
келді және қай бағытта жоғалып кетті (қылмыскердің келу  және  кету  жолдары
зерттеледі); қылмыскер  материалды  құндылықтар  жаткан  жерге  қалай  барды
(қандай тәсілдерді,  қандай  техникалық  құралдарды  пайдаланды);  қылмыскер
қандай әрекеттерді және қай жүйеде жасады: ұрлык жасауға неше адам  қатысты;
ұрлық  орнында  қандай  қылмыстық  істер  калды  және  қылмыскердің  үстінде
(денесінде, киімінде, құралдарында, ұрланған заттарда) окиға орнының  қандай
іздері қалуы мүмкін; іздерде және басқа  да  материалды  объектілерде,  олар
бойынша қылмыскердің  жасын,  кәсіби  дағдыларын,  оның  түр-әлпетін,  ұрлық
жасау  тәсілдерінің  деңгейін  анықтауға  болатын  белгілердің  бар-жоқтығы;
ұрлықты жасағансығанын көрсететін белгілердің бар-жоқтығы,т.б.
    Осы мән-жайларды анықтау үшін ұрлық жасалған жайды  ғана  емес,  онымен
шектес бөлмелерді  де  карау  керек  болады.  Оқиға  орнына  қосылып  жатқан
аймақтарды мәселен, дүкен, қойма, мекемеде қарау тиімді болады,  өйткені  ол
жерде қылмыскерлер заттарды жоғалтып алуы, тастап кетуі немесе  тығып  кетуі
мүмкін.
    Қылмыскерлер ұрлық,  жасауды  кездеген  орынды  бақылаған  жерлерді  де
зерделеген маңызды, өйткені ол  жерде  бақылауға  кедергі  болған  сондықтан
алынған немесе сындырылған терезе әйнектерін олардағы қол  іздерін,  аяқкиім
іздерін, темекі тұкымдарын табуға болады.
    Оқиға орнының жағдайына қарап, тергеуші  қараудын.  ең  тиімді  тәсілін
тандайды. Егер қылмыскер жайға кедергісіз бұзу арқылы  кірсе,  қарауды  бұзу
орнын және оған жақын жатқан орындарды, бірте-бірте оқиға  орнының  ортасына
жылжи отырып, зерттеуден бастау керек, яғни қараудың концентрикалық  тәсілін
қолдану керек.
    Егер оқиға орнының қылмыстық ортасы жайдын, түпкірінде болса, (мәселен,
сейф немесе ішінен киім ұрланған  шкаф)  қарауды  центрлес  тәсілмен  немесе
қиыстырылған тәсілмен жүргізген тиімді. Әуелі сейфті  немесе  шкафты,  сосын
сыртқы есікті қарап (егер есікте бұзу  іздері  болмаса  да,  бөлмеге  есікті
тандап алын-ған немесе қолдан жасалған кілтпен не  жезбезекті  кілтпен  ашып
кіруі  мүмкін)  қарауды  қабырға  бойымен  жалғастырып,  бірте-бірте   белме
ортасына жақындау керек.
    Қылмыс іздерін объектіге кіретін жерлерде  (мәселен,  домкратпен  сығып
ашылған есікте, сындырылған терезеде) және ұрланған заттар сақталған  жердін
бетінде іздеген жөн. Есік-терезелерде, оларға тиіп түрған  жерлерде  қолдың,
аяккиімнің іздері, киім талшыктары, бүзу құралының іздері, еденде  —  темекі
тұқылдары, қан тамшылары (егер қылмыскер  жарақат  алса),  топырақ,  түкірік
жөне адам денесін шығатын баска да сұйықтықтары  табылуы  мүмкін.  Қылмыскер
ұстады деп ойлаған заттардан иіс іздерін алуға болады.
    Оқиға орнында бұзу кұралы табылған  жағдайда  оны  мұқият  қарап,  онда
қылмыскер  қолдарының  іздерін,  иесінің  аты-жөнін,  табуға  болады,   оның
мамандығын, кұжаттарын аныктауға болады (мәселен сигнализацияны  ағыту  үшін
қолданған  тістеуіктің  саптары  пластмассамен  немесе  резеңкемен   оралған
болса, оның иесі электрик немесе телевизор жөндеуші болуы мүмкін).
    Дүкендерде, қоймаларда, қоғамдық  тамақтандыру  кәсіпорындарында  оқиға
орнын қарағанда, ұрлықты жасаған  белгілеріне  назар  аудару  керек.  Оларға
келесілер жатады: құлыптың басқа жерде  бұзылғанын;  кедергі  жайдың  ішінде
бұзылғанын және ұрылар  жайдың  ерекшеліктерімен  таныс  екенін  құндылықтар
сақталатын  орындарды  білетінін  дәлелдейтін   іздердін,   болуы;   жайдағы
кедергілер мен заттардың қажетсіз закымдануы; мән-жайларға сәйкес  келмейтін
бөлменің  шашылуы,  жасырын  жерде  жатқан  аса  құнды  заттардын   жоғалуы,
ұрланған заттардың опырылған жердің келеміне сәйкес келмеуі, т.с.с.
    ¥рлық туралы істер бойынша жәбірленушілер мен материалды жауапкершілігі
бар тұлғалардан жауап алғанда  келесі  мән-жайлар  анықталады:  ұн  ұрланды,
ұрланған заггың саны, жеке заттардың белгілері; ұрланған зат қайда  болғаны;
ақша ұрланса, қандай  купюралар;  қашан  және  кімнен  ұрлық  туралы  білді;
аталған объект күзетілді ме, күзету тәртібі қандай;  объект  (дүкен,  пәтер)
сигнализациямен  жабдықталған-жабдықталмағаны,  оның  дұрыс   істеу-істемеуі
объектінің есік терезелері қандай құлыптармен жабылғаны; кімді ұрлық  жасады
деп ойлауға  болады;  жедел  тергеу  тобы  келгенше  окиға  орнының  жағдайы
өзгерген-өзермегені, өзгерілсе қандай мақсатпен, не өзгерілуі, т.б.
    Жауап алғанда  жауаптарда  барынша  нақтылауға  тырысу  керек.  Әсіресе
ұрланған  мүліктің  белгілері  мен  ерекшеліктері  толық  сипатталуы  керек.
Ұрланған  затты  егжей-тегжейлі  сипаттаумен  қатар,  жауап  беруші   заттың
құжатын  (паспортын,  кепілдік  талонын)   немесе   бөлшектерін   (түймесін,
матасын) көрсете алатынын анықтау кажет.
    Егер ұрлық сенімге кіру арқылы жасала, ұрланған зат, қылмыскер оның түр-
әлпеті, сөзінің, киімінің тәртібінің ерекшеліктері туралы мәліметтерді,  өзі
туралы не айтқанын айқындау керек.
    Қылмысты өз көзімен көрген куәгерлерден жауап алғанда келесі мәліметтер
анықталады: сезікті түр-әлпетінің белгілері, ұрлық жасау уақыты мен  тәсілі;
оқиға орнында қалдырған қылмыскерлердің іздері мен затгары; ұрланған  заттар
мен олардын, жеке  ерекшеліктері;  қылмыскерлер  қашып  кеткен  бағыт,  олар
мінген көлік, т.б.
    Қылмыскерді ұстау барысында  оның  әрекеттерін  мұқият  бақылау  қажет,
өйткені  ұрылар  өздерін  әшкерелейтін  заттар  мен  құндылықтарды  лақтырып
тастауға немесе сыбайластарына беруге тырысады. Қалта тонаушыларды  ұстаудың
бір  ерекшелігі  бар:   полиция   қызметкерлері   оларды   кезекші   бөлімге
жүдырықтарын аштырмай алып келеді; оны  ұстау  хаттамасында  міндетті  түрде
көрсету керек.
    Жеке тінту барысында жасалған  қылмыс  сипатымен  немесе  ұқсас  қылмыс
сипатымен байланысты заттарға назар аудару кажет. Атап айтқанда, ұрлық  үшін
ұсталған адамда  бірнеше  аммияк,  бір  топ  кілт  немесе  жезбезекті  кілт,
ұстаралар, ұсталғанға тиесілі емес құжаттар табылуы мүмкін. Ұрлық туралы  іс
бойынша жайларды тінту мақсаты:  ұрланған  заттарды  бұзу  үшін  қолданылған
құралдарды; сезікті мен оньң  отбасы  мүшелеріне  сәйкес  келмейтін  киімді,
т.б. табу.
    Тұрғын жайлардан басқа, көмекші жайлар да — қора, үйдің  төбесі,  гараж
тінтілуі тиіс. Онда кейбір кезде құнды емес бірак  тергеу  үшін  маңызы  бар
заттарды табуға болады. Атап айтқанда,  дүкен,  қойма,  базалардан  жасалған
ұрлык туралы істер бойынша көмекші жайларда этикетка, тауаар  кғазын,  тауар
орайтын қағазды табуға болады.
    Табылған құпия  орындарды  суретке  түсіріп,  хаттамада  оны  керсетіп,
тінтілген белменің сызба жоспарында көрсету керек.
    Сезіктіні куәландыру және оның киімін қараудың дәлелдемелік маңызы зор.
Егер ұрлық  қабырғаны  немесе  бөліменің  төбесін  бұзып  жасалса,  ұсталған
адамның киімінде, аяккиімінде, бас киімінде немесе шашында бұзылғаң  кедергі
заттардың ак балшықтың, кірпіштің, т.б, бөлшектерін табуға болады.
    Ол сезіктінің кінәсіздігін теріске шығаруға мүмкіндік береді.
    Егер үсталғаң тұлға химиялық кақпан  (тор)  орнатылған  және  ол  ұрлық
кезінде қосылып кеткен объектіден ұрлық  жасаса,  оны  куәландыру  барысында
ультракөгілдір жарықты қолданған жөн; сезікті қолдары  мен  киімінің  ерекше
жарық беруін хаттамада көрсетеді. Химиялық заттын іздері бар  киімдері  іске
тіркеледі.  Кейін  сот-химиялық  сараптаманың  көмегімен   тиісті   химиялық
заттардың біркелкілігі анықталады.


    4.Кейінгі тергеу әрекеттері
    Сезіктіден  (айыпкерден)  жауап  алу  барысында,  егер  ол  өз  кінәсін
мойындаса,  келесі  мән-жайларды  анықтау  қажет:  қылмыстын.   мән-жайлары;
ұрланған заттар қайда жасырылды; сезікті (айыпкер) қылмысты  өзі  жасады  ма
әлде сыбайластарымен бірге жасады ма;  ұрланған  заттарды  ол  қашан,  кімге
және қандай жағдайда өткізді; сатып алушы қандай ақша төледі (теңге ме  әлде
басқа валюта  ма);  сезікті  ұрланған  затгарды  еткізу  нәтижесінде  қандай
сомаға ие болды; кім оның айтқанын дәлелдей алады, т.б. Сонымен қатар  жауап
беруші адам бұрын ұрлық жасаған-жасамағанын анықтау қажет.
    Егер жауап беруші ұрлық жасағанын  мойындамаса,  оған  қылмыс  жасалған
кезде ол қайда болғанын, не істегенін айту  және  оның  әздерін  дөлелдейтін
адамдарды атауды ұсыну керек.
    Келесі кезеңде ұрлык туралы істер  бойынша  куәгерлер  ретінде  мекеме,
кәсіпорын және ұйым бастықтарынан; ведомстводан  тыс  күзету  күзетшілерден,
жеке күзетшілерден; аула сыпырушылардан; комиссиялық дүкендер мен сатып  алу
пункті қызметкерлерінен  және  жасалған  қылмыспен  байланысты  мән-жайларды
білетін басқа да тұлғалардан жауап алған жөн болады. Анықталатын  мән-жайлар
жәбірленушіге қойылатын сұрақтармен сәйкес болады.
    Құлыптарды зерттегенде анықталатын сұрақтар: құлып ұрлык  кезінде  ашык
әлде жабық болды ма; ол дүрыс істеп түрды ма;  егер  құлып  бұзылған  болса,
оның қандай кемістіктері болды және олар құлыптың жабылуына  кедергі  болған
жоқ па; бақылау құрылғысын бұзбай  құлыпты  жабуға  немесе  ашуға  бола  ма,
құлып ілулі тұрғанда  бұзылды  ма;  ол  кілтпен,  жезбезекпен  немесе  басқа
затпен  ашылды  ма;  құлып  кандай  тәсілмен  бұзылды;  құлып  нақты  құрал-
сайманмен бұзылған жоқ па.
    Сот-тауартану сараптамасы арқылы тауардың аты, бағасы, артикулы, сорты,
басқа  да  белгілері;   сезіктіден   алынған   заттар   ұрланған   заттармен
сәйкестілігі аныкталады.
    Сот-химиялык сараптаманы сезіктінің  киімінде,  денесінде  табылған  әр
түрлі  заттардың  құрамының  бұзылған  кедергі  бөлшектері,  мататалшықтары,
бояу)  қылмыс  орнынан  алынған   заттармен   сәйкестілігін   анықтау   үшін
тағайындайды.  Ұрлық  туралы  істер   бойынша   материалтану   сараптамалары
(микрообъектілерді зертгеу)  жүргізіледі.  Бұл  сараптамалар  қалта  тонаушы
жәбірленушіге  тиген  жоқпын  деп  айтканда,  яғни  қалта   тонау   қылмысын
тергегенде аса тиімді болады. Бұл жағдайда сезіктінің  киімінде  жәбірленуші
киімінің микробөлшектерін табудың дәлелдемелік маңызы зор болады.
    Ұрлықты  одан   кейінгі   тергеу   кезендерінде   жүргізілетін   тергеу
әрекеттерінің (көзбе-кез беттестіру, таныту үшін көрсету,  жауаптарды  оқиға
орнында тексеру) аса ерекшеліктері жоқ.


    5 тақырып  ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ
    1. Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың  кримииалистік
сипаттамасы
    2. Қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері
    3. Бастапқы және кейінгі тергеу әрекеттері тактикасының ерекшеліктері




    1. Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың  кримииалистік
сипаттамасы
    Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес есіртке заттарының
зансыз айналымына байланысты қылмыстарға:
    - есірткі заттарың немесе психотроптық заттарды дайындау, алу,  сақтау,
тасымалдау, жолдау (пересылка?) немесе еткізу (259-бап);
    -  есірткі  заттарын  немесе   психотроптық   заттарды   ұрлау   немесе
болжаушылық (260-бап);
    — есірткі затгарын немесе психотроптық заттарды қолдануға бейімдеу (261-
 бап);
    —  өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі  заттары  бар  өсімдіктерді
заңсыз өсіру (262-бап);
    —  есірткі  заттарын  немесе  психотроптық   заттарды   дайындау   үшін
қолданылатын  кұралдардың,  құрал-жабдықтардың,  заттардың  заңсыз  айналымы
(230-бап);
    -   есірткі  заттарын  немесе  психотроптық   заттарды   қолдану   үшін
притондарды ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап);
    -  есірткі заттарын, психотроптық, күшті әсер етуші немесе улы заттарды
ұстау ережелерін бұзу (265-бап) жатады.
    Есірткілер  —  бұл  оларды  қолданғанда  ерекше   психикалык   жағдайды
(есірткілік мас болу) туғызатын заттар. Адам ол жағдайда өте тез  әдеттенеді
және оны үнемі  қолдануға  душар  болады,  нәтижесінде  ол  әдет  нашақорлық
ауруына және орталық жүйке жүйесінің езгеруіне әкеліп соғуы мүмкін.
    Осыған  байланысты  есірткі  заттарын  медициналық  емес  және   ғылыми
мақсаттарда пайдалануға заңмен тыйым  салынған.  Ол  заттардың  тізімі  1961
жылғы  Есірткі  заттары  туралы  бірегей  Конвенцияға  сәйкес   Есірткілерді
бақылау бойынша  тұрақты  комитетімен  белгіленген.  Ол  заттар  үш  тізімге
бәлінген:
    1) күшті әсер етуші есірткі заттары;
    2) улы заттар;
    3)  есірткі заттары мен психотроптык затгардың зансыз айналымына  қарсы
күресу.
    Жаратылысы  бойынша  есірткілерді  екі  топқа  бөлуге  болады:  өсімдік
(табиғи) және синтетикалық (жартылай синтетикалык) есірткі заттары.
    Біздің елде апиынды мак  пен  құрамында  есірткі  бар  сора  түрлерінен
колдан жасалған  есірткілер  мен  апиын  тобына  жататын  медициналық  дәрі-
дәрмектер кең тараған.
    Сорадан қолдан жасалатын есірткі заттарының негізгі түрлері:
    Марихуана (катабис) — түрлі сортты сораның кептірілген  гүлденген  ұшар
басы мен жоғары жағындағы жапырақтары.
    Гашиш (анаша) — түрлі сортты сораның гүлденген  үшар  басының  аталығын
(пыльца) ұнтақтау,  себу,  суға  қайнату,  сығу  арқылы  дайындалған  қоспа.
Дайындау тәсіліне байланысты ол  ұнтақ,  таблетка,  әр  түрлі  түйір,  қысып
нығыздалған (спрессо-ванный) тақта түрінде  болады,  түсі  —  сұрғылт-жасыл,
қоңыр болады.
    Гашишмайы — есірткі әсері бар заттарды алу мақсатымен  сора  бөліктерін
әр түрлі еріткіштермен өңдеп, кейін сол еріткіштерді қайнатып, бумен  шығару
арқылы дайындалады. Ол қара-қоңыр  түсті,  сораның  иісі  бар  қою  ерітінді
түрінде болады.
    Мактан қолдан жасалатын есірткілердің негізгі түрлерінің  бірі  —  шикі
апиын, ол мактың қауашағынан ағатын қоюланған сүт шырыны, әдетте  қара-қоныр
түсті болады. Оны қайнату немесе баска тәсілдермен де өндеуге  болады  (түсі
кара-қоңырдан қара-сұрға дейінгі түйірлер, ерітінділер  және  т.б.).  Оларға
мак  шөбі  -  мактың  қауашақтары  мен   сабақтары   (тұтас,   бөлшектенген,
престелген); экстрациялык апиын (а) есірткі алкалоидтарын су немесе  еріткіш
арқылы алып, кейін қайнатып шайырландыру арқылы  дайындалады);  мак  шөбінің
суы немес тұнбасы (көкнар) жатады.
    Кокаин  (көкнар)   —   «кока»   атгы   оңтүстік   америкалық   өсімдігі
жапырақтарынан алынатын табиғи алкалоид. Әдетте ол ақ  немесе  сарғыш  түсті
таза ұнтақ түрінде, кейде қосынды түрінде, ал  кейде  ақ,  сары  және  қоңыр
түсті жартылай мөлдір қатты  гранулалар  болып  табылатын  «крэктың»  негізі
ретінде кездеседі.
    Құрамында есірткі бар медициналық түрінде болады.
    Қазақстан Республикасында сонғы уақытта бүрын кездеспеген жаңа  есірткі
заттары заңсыз айналымда пайда болды.бұл синтетикалык есірткі  заттары  және
препараттарға түрінде кездеседі.  Героин  заңсыз  айналымда  глюкоза,  қант,
крахмал, ұн, тальк, кальций карбонаты сияқты апиын тұнбасы, морфин,  кофеин,
ноксирок, т.б. жатады. Олар флакон, ампула, ұнтақ, таблетка өсірілетін  жаңа
есірткілер.
    Героин — ацетилендіру арқылы алынатын морфинның  туындысы,  түсі  ақтан
қара-қоңыр түске дейін, ұнтақ инертті толықтырғыштар  қосындысында,  сонымен
қатар фармацевтикалық препараттар қосындысында кездеседі. Әсері морфиинен 5-
6 есе белсенді, ол аса қауіпті есірткілердін. бірі болып  табылады,  өйткені
адам оған өте  тез  әдеттенеді.  Героинды  медициналық  мақсатпен  колдануға
тыйым салынған.
    Лизергин кышқылы және оның туындылары  —  қара  бидай  күйесінің  түтік
кеспесінде болады.
    Таза күйінде қолданбайды, себебі ол өте күшті галюциногендік әсері  бар
лизергин қышқылының тобына жататын  есірткі  заттарының  негізгі  компоненті
ретінде қолданылады. Бұл  есірткі  түрін  өндіруге  және  адамдарға  қатысты
қолдануға тыйым салынған әдетте оны қайталанатын суреті  бар  (жүрек,  әріп,
ою, аңдар суреті түрінде) перфо қағазға салынады.
    Соңғы жылдары заңсыз айналымда  амфетаминдер  кең  етек  жайып  келеді.
Амфетамин тобына химиялық  құрылысы  бойын-ша  амфетаминнің  туындысы  болып
табылатын  және  орталык  нерв   жүйесінің   стимуляторы   болып   табылатын
синтетикалық  заттар  жатады.  Олардың  кейбіреулерінің  психотроптық   және
галюциногендік әсер бар.
    Аталган қылмысты жасаудың негізгі турлері:
    1.   Есірткі  заттарын  дәрі  қоймаларынан,  өндіріс  кәсіпорындарынан,
сондай-ақ аптекалардан, медициналық, ғылыми-зерттеу және  т.б.  мекемелерден
ұрлау.
    2. Есірткі заттарын аптекалардан және емдеу мекемелерінен  жалған  және
заңсыз берілген рецепттермен алу.
    3.  Есірткі заттарды артынан жасап, өндеу мақсатымен макты, сораны егу.
    4. Есірткіні жасау мақсатымен  мак  пен  сора  өсірілетін  немесе  олар
жабайы өсетін аймақтарға бару.
    5.  Құрамында есірткі бар дәріден есірткі заттарын жасау.
    6. Есірткі контрабандасы.
    7.  Есірткіні сатып алу, айырбастау, қарызға алу және баска тәсілдермен
алу.
    Есірткіні алу және еткізудіи ең кең тараған түрі — оны әдетте  бір  рет
қолдану үшін кішкене доза ретінде бөлшектеп сату.
    Әдеттегі есірткіні өткізу орындары  -  адамдар  көп  жиналатын  жерлер:
базар, саяжайлар, метро станциялары,  қонақ  үйлері,  түнгі  клубтар,  сауық
орындары, притондар.
    Есірткі өткізушіяер топ қурамында жщыс істейді: біреуі есірткі ұсынады,
екіншісі сырттан бақылап  тұрады,  үшіншісінде  есріткі  заттары  сақталады.
Кейбір есірткі  өткізушілер  ездерін  қауіпсіздендіру  үшін  есірткі  сатуға
балаларды және кәмелетке толмағандарды  жүмсайды.  Сонымен  катар  есірткіні
тікелей бай-ланыссыз өткізу тәсілі де  бар.  Ол  жағдайда  есірткі  өткізуші
дайын  есірткі  заттарын  әр  түрлі   жерлерге   (тастың   астына,   дуалдың
тесіктеріне, пошта жәшігіне, ағаштың үңгірлеріне, т.б.) тығып кояды.  Ақшаны
алғаннан кейін, ол сатып алушыға есірткінің  жатқан  жерін  айтады.  Есірткі
заттарын қолданудың негізгі  тәсілдері:  оларды  тарту,  иіскеу  (вдыхание),
жүту, тамырға, етке, терінің астына инъекция салу, сонымен  қатар  әр  түрлі
төсілдерді үйлестіріп қолдану кездеседі.
    Есірткі қолданушы адамды бет-келбетінен және есірткі қолданғаннан кейін
көрінетін тәртібінің кейбір белгілерінен анықтауға болады. Есірткі  заттарын
көптен қолданатын адамның сырткы бейнесіне келесі белгілер тән:  жалпы  арық
болуы  және  қартаюы  (шашының  түсуі,  бетінің  әжімденуі,  тісінің  түсуі,
терісінің сұрлануы).  Ал  есірткі  жоқ  кездегі  нашақордың  тәртібі  ерекше
болады және жасыру мүмкін емес, атап айтқанда, ол қызу  қимылдайды,  қолдары
дірілдеп, терлейді.
    Есірткіні ине арқылы қолданатын нашақордың денесіне  уколдың  орындары,
тыртықтар қалады, тамырлары  закымданады  сонымен  қатар  оның  түкірігінде,
зәрінде, шашының кұрамында, қанында есірткі заттарының іздері қалады.
    Ол  іздер  есірткіні  даярлау  үшін  қолданатын   заттарда   (таразыда,
еттартқышта,  пышақта  т.б.),сонымен  катар   оларды   тасымалдау,   өткізу,
пайдалану,  сатып  алу  үшін  қолданатын  затгарда  (полиэтилен  және  қағаз
пакеттеріне,  қаптарға,  сөмкелерде,  ине  мен  шприцтерде,  мақтадан   және
дәкеден жасалған түйіршіктерде және т.б.) қалады.
    Есірткі  заттарын  автокөлікпен  тасымалдағанда,  оларды  жасыру   үшін
бензобакты, радиаторды, бамперді, көліктің артқы дөңгелектерін, жүк  салатын
бөлімін  және  автокөліктің  басқа  дажерлерін  пайдаланады.  Соңғы  кездері
есірткіні түбі екі кабат сөмкелерде жәшіктерде, чемодандарда тасымалдау  жиі
кездеседі.
    Есірткі заттарына  байланысты  істер  бойынша  анықтауга  жататын  мән-
жайлар:
    — есірткіні заңсыз дайындау, сатып  алу,  сақтау,  тасымалдау,  өткізу,
ұрлау, себу және өсіру, сонымен қатар оларды  пайдалану  үшін  притон  ұстау
фактісі  орын  алған-алмағанын  анықтау;  сезікті   тұлғалардың   әрекеттері
Казакстан Республикасының Кылмыстық кодексінің кай бабына  сәйкес  келетінін
аныктау;
    —  есірткімен  байланысты  қылмыстың  қайда,  қашан,  қандай   жағдайда
болғанын;
    — қылмыстың кім жасағанын; ол бұрын осындай әрекеттері  үшін  қылмыстық
немесе    әкімшілік    жауапкершілікке    тартылған-тартылмағанын;    жазаны
ауырлататын немесе жеңілдететін  мән-жайлардың  бар-жоктығын;  қылмысты  бір
адам немесе топ жасағанын, топтың әр мүшесінің  рөлін  және  қылмысты  ұйым-
дастырушы кім екенін;
    — қанша есірткі заттары тәркіленді  және  олар  есірткінің  қай  түріне
жататындығын;
    — есірткі қайдан алынғанын;
    —   есірткі  заттары  қандай  тәсілмен  дайындалғанын,  қандай   құрал-
жабдықтар қолданғанын;
    — есірткі затгарын дайындау үшін кандай  шикізат  қолданғанын  және  ол
қайдан алынғанын;
    — қылмыстың мақсаты мен себептерін;
    — есірткіні заңсыз айналымға салу барысында түскен пайданың көлемін;
    —  есірткі заттарын заңсыз айналымға салуға кімнің қандай
    көмек көрсеткенін;
    —   аталған  кылмыстың  жасалуына   мүмкіндік   берген   себептер   мен
жағдайларды анықтау.


    2. Қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері
    Тергеудің алгашқы саіпысындагы әдегптегі жагдайлар және тергеушінің іс-
әрекеттері.
    Есірткімен  байланысты  қылмыстар  бойынша   қылмыстық   іс   қозғаудың
себептері  —   полиция   қызметкерлерінің   аталған   қылмыстың   жасалғанын
дәлелдейтін  фактілерді  табуы;  азаматгардың   ұйымдар   мен   мекемелердің
хаттарымен  арыздары;  емдеу  мекемелерінің  мәлімдемелері;   басылымдардағы
ақпараттар; өз кінәсін мойындап келу. Келіп түскен  барлық,  ақпарат  мұқият
тексерілуі тиіс. Тексеру барысында қылмысқа қатысы бар заттар  алынады.  Осы
заттарды  тауып,  алуға  бағытталған  әрекеттерді  міндетті  түрде  құжаттау
қажет. Нашақорды (есірткі  өткізушіні,  тасымалдаушыны,  жасаушыны)  ұстаған
полиция қызметкері баянхат  жазады  және  заттарды  тексеру  туралы  хаттама
толтырады.
    Сонымен  қатар,  үсталған  түлға   мен   куәгерлердін   түсіндірмелері;
медициналық куәландыру актісі; аталған тұлғаның есірткі заттарын  қолданғаны
үшін есепте  тұрғаны  туралы  медициналык  мекеменің  анықтамасы;  экспресс-
анализ нәтижелері туралы немесе зерттеу нәтижелері  туралы  сарапшы-химиктің
анықтамасы;  ұсталған  адамның  мінездемесі;  онын,  бұрын  сотталғаны  және
осьндай қылмыс үшін қылмыстық жауап-кершілікке  тартылғаны  туралы  анықтама
болуы қажет. Сондай-ак, жағдайға байланысты  баска  да  қүжаттар  толтырылуы
немесе талап етілуі мүмкін. Тексеру жүргізуші адам, қауіп  бар  мәліметгерді
талдап,  есірткінің  заңсыз  айналымына   байланысты   қылмыстық   белгілері
ұсталған тұлғанын, әрекеттерінде бар-жоктығы туралы тұжырым жасауы керек.
    Қылмыстық істі қозғау  туралы  мәселені  шешу  үшін,  анықтаушы  немесе
тергеуші алынған заттардың саның (көлемін), сонымен қатар олардың  Казақстан
Республикасыньң  Денсаулық  министрлігі   қасындағы   Есірткілерді   бакылау
женіндегі тұрақты комитет бекіткен Есірткі затары мен құрамында есірткі  бар
дәрілердің тізімінде бар-жоқтығын айқындауы кажет.
    Ескере кететін жай, аз мөлшерде есірткі  заттарын  заңсыз  сатып  алған
немесе  сақтаған  үшін  тұлға  Қазақстан  Республикасынын,  Әкімшілік  құқық
бұзушылық кодексінің 320-бабына сәйкес  әкімшілік  жауапкершіліккетартылады.
Сонымен қатар, Қазакстан Республикасының Қылмыстык  кодексінін,  26-бабы-ның
түсініктемесі бойынша, есірткі  заттарын  немесе  психотроптық  заттарды  өз
еркімен тапсырған  және  аталған  заттардың  заңсыз  айналымымен  байланысты
қылмыстардьщ ашылуына немесе оларды болдырмауға белсенді қатысқан тұлға  осы
қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
    Есірткінін, заңсыз айналымымен байланысты  істерді  тергеудін  бастапқы
сатысында әдетте келесі жагдайлар қалыптасады:
    1)  сезікті тұлға қылмыс үстінде немесе тәркіленген есірткі  заттарымен
байланысты қылмысты жасағаннан кейін ұсталады;
    2)  тұлға есірткіні заңсыз айналымға  салды  деген  сезікпен  ұсталады,
бірақ ол заттар онда табылмайды.
    Бірінші жағдайда  келесі  тергеу  әрекеттері,  ұйымдастыру  және  жедел
іздестіру шаралары жүргізіледі:
    — сезіктіні ұстау және жеке тінту;
    —  тұлға  ұсталған  мекенді  (жерді);  құрамында  есірткі  бар  өсімдік
есірілген жерді; есірткі  немесе  оларды  дайындау  үшін  шикізат  сақталған
жайларды қарау;
    — құрамында есірткі бар заттарды, құжаттарды қарау; киімді
    қарау;
    —ұсталған тұлғаны медициналық құжаттандыру;
    — сот-медициналық, сот-химиялық және т.б. сараптамаларды тағайындау;
    — тұрғын орнын, жұмыс орнын тінту немесе сол жерлерден есірткіні алу;
    — сезіктіні тергеу;
    — куәгерлерді тергеу;
    — қылмыстық байланыстарды, есірткіні  сақтау  орнын,  еткізу  жолдарын,
т.б. анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізу.
    Екінші жағдайда келесі шаралар тән:
    —   есірткіге  мастығын  немесе  ашықканын  айқындау   үшін   сезіктіні
медициналық куәландыру;
    — тқрғын жөне жүмыс орнын тінту;
    — сезіктіні тергеу;
    — куәгерлерді тергеу;
    — сезіктінің құжаттарын, заттарын, киімін кару;
    — сот-медициналық, сот-химиялық сараптама тағайындау;
    — есірткі заттарын заңсыз айналымы  фактісін,  олардың  сақталу  орнын,
қылмысқа   катысушыларды,   т.б.   анықтауға   бағытталған   жедел-іздестіру
шараларын жүргізу.
    Тергеудің  бастапқы  сатысындағы  нақты  жағдайға   байланысты   келесі
болжамдар ұсынылуы мүмкін:
    — табылған затты сезікті өзі танымайтын есірткі сатушыдан сатып алған;
    — сезікті — есірткі сатушы түлғаның тұрақты түтынушысы;
    — есірткі тұтынушы есірткі заттарын өзі сатып алған, өсірген шикізаттан
жасап алады;
    —  есірткінің заңсыз  айналымымен  байланысты  қылмысқа  қатысты  деген
сезікпен ұсталған тұлға қылмыстық топ мүшесі;
    — сезіктіден табылған немесе ол қолданған  есірткі  (әсіресе  құрамында
есірткі дәрі-дәрмектерді емдеу мекемесінен, дәріханадан, т.б. жерлерден  өзі
немесе басқа біреу ұрлаған.
    Сонымен қатар есірткі дайындау тәсілі, қылмысқа  катысушы  тұлғалардың,
тұрғын орындары, есірткі сактау орны,  есірткі  өсімдіктерін  өсіру  жерлері
туралы болжамдар ұсынылуы мүмкін жоспарлау барысында әр түрлі  қызметтерінің
өз ара әрекеттесу мәселелеріне ашу және тергеу  кешенді  тергеу  әрекетгерін
жүргізуді, оларды әр түрлі ЖІШ араларымен үйлестіруді  талап  етеді,  себебі
бұл қылмыстар республиканың әр түрлі аймақтарында жасырын жасалады.


    3. Бастапқы және кейінгі тергеу әрекеттері тактикасының ерекшеліктері
    Окиға  орнын  қарау  есірткінің  дәріханалардан,  емдеу  мекемелерінен,
химиялык-фармацевтикалық кәсіпорындардан үрланып тергеуде аса маңызды  қарау
барысында табылған заттарды (бумалар, шприцтер, ампулалар) ұрланған  есірткі
түрін анықтау үшін қылмыскердің  қолымен  қалдырған  іздерін  айқындау  үшін
қарайды. Сонымен қатар  дабыл  жүйесі,  оның  түрі  қалпы  және  келтірілген
зақымдары тексеріледі. Қарау барысында темір есіктердің,  терезелерде  темір
торлардың, есірткі затгарды сақтау үшін қажет  сейфтердің,  басқа  да  құрал
жабдыктардың  бар-жоқтығы  тексеріледі.  Сондай-ак,  өлшеуіш  кұралдар   мен
таразыларды қарайды, Есірткі заттарын сақтау ережелерін  тексеру  үшін  оның
сақтау  орындарын  қарайды.  Құрамында   есірткі   заттары   бар   дәрілерді
қарағанда,  олардың  зауыттың  буып-түйілу  жағдайын   хаттамада   көрсетіп,
қажетті жағдайда оларды алу қажет. Оқиға  орнын  қарау  хаттамасында  келесі
жағдайлар  көрсетіледі:  дәрілердін,  жалпы  түрі;  олардың  олар  не   үшін
қолданады, салмағы,  саны;  дәрі  туралы  негізгі  деректерді  шифр  түрінде
қамтитын дәрінің сан  түріндегі  белгілері  (пайдалану  мерзімі,  дайындаушы
кәсіпорын, дәріні дайындаған топтын, немірі, дәрінің стандартқа  сәйкестігін
талдау деректері, т.б. сипаттамалар).
    Оқиға орнын  қарау  барысында  сақтау  орындарынан  есірткі  заттарының
үлгілері, өлшеп оралған дәрілер, ауруларға сату үшін дайындалған  ампулалар,
ұнтақтар,  таблеткалар  алынады.  Дайын  дәрі-дәрмек   үлгілерін   зерделеп,
есірткі заттарын артылту тәсілдері туралы,  дайындау  технологиясын  өзгерту
аркылы олардың жетіспеушілігін жасыру туралы болжауларды тексе-руге болады.
    Притондарды қарау барысында хаттамада  оқиға  орнындағы  карау  кезінде
табылған жағдай, есірткі заттарын  пайдалану  іздері,  аталған  жайда  накты
тұлғалардың  болғаны  туралы  іздер  көрсетіледі.  Күрамында   есірткі   бар
өсімдіктер егісін қарау ба-рысында хаттамада  келесі  мөн-жайларды  анықтап,
сипаттау қажет:
    - егіс көлемі және өсірілген шөптердің саны;
    - олардың бүркеленуі;
    - себілген және өсірілген мәдени дақылдардың түрі;
    —  сезіктінің плантацияда болғандығын дөлелдейтін  іздері  (қолдарының,
аяқтарының іздері, автокеліктің, оттың іздері, үйшіктердің болуы, т.б.);
    — жерге егін еккенде,  өндегенде,  егін  жинағанда,  жерді  егін  егуге
дайындағанда қолданған құралдардың  іздері  (ормандағы  ағаштарды,  талдарды
кесу; жер қопару, тыңайтқыш себу т.б.);
    — учаскенің сезіктінің үйіне қатысты орналасуы, оған бару жолдары.
    Маманның кемегімен егістіктің үлгілері алынады.  Оларды  кейін  зерттеу
үшін буып-түйеді, ал егістікті жояды, оны  оқиға  орнын  қарау  хаттамасында
көрсетеді.
    Қылмыскерді қылмыс ұстау көп жағдайда қылмыскерді әшкерелейтін  есірткі
заттарын, кұжаттарды, тағы да басқа объектілерді табуға мүмкіндік береді.
    Ұстау әдетте мынадай жағдайда жүзеге асырылады:
    1. Тұрғын  жайында  ұстау  есірткі  заттарын  сақтау,  сатып  алу-сату,
дайындау немесе қолдану кезінде.
    2. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер егілген  учаскеде  ұстау  —
онда нақты жұмыстар жүргізу барысында (егу, тыңайту,  өндеу  немесе  жинау).
Ол тыйым салынған дақылды нақты тұлғалардың  кылмысты  жасағанына  мүмкіндік
береді.
    3.    Көлікте   ұстау   —   есірткіні   тасу   барысында.    Ол    үшін
тасымалдаушылардың маршрутын алдын ала анықтау кажет және олардың  айлаларын
білу кажет. Олар есірткіні тасымалдау үшін екі қабат түбі бар  чемодандарды,
іші қуыс заттарды (іші бос  кітаптар,  консервілердің  ыдысын,  термостарды,
музыка аспап-тарын, ойыншықтарды,  т.б.)  пайдалануы  мүмкін.  Есірткіні  әр
түрлі  азық-түлікте  жиі  жасырады.  Есірткіні  авиакөлікпен  тасымалдағанда
қылмыскерді нақ ұшаққа отыру алдында  немесе  ұшақтан  түсу  кезінде  немесе
қолжүгін алу не тапсыру кезінде ұстайды.
    4. Көшеде ұстау —  есірткіні  сату-сатып  алу  кезінде,  сондай-ақ  оны
тасымалдау, сақтау немесе өткізу үшін беру кезінде.
    5.  Кәсіпорында үстау — ұрланған немесе заңсыз алынған  есірткіні  алып
шығу кезінде.
    6. Дәріханада немесе емдеу мекемесінде үстау —  жалған  рецепт  бойынша
есірткі затын алып жатқан кезде.
    Сезіктіні заттармен  ұстау  алдында  оны  суретке  немесе  бейнетаспаға
түсіріп алу қажет. Сезіктіні  ұстаған  орынды  егжей-тегжейлі  қараған  жөн.
Хаттамада ұсталған тұлғадан табылып,  алынған  заттар  —  есірткі,  бумалар,
акша,  кұжаттар  көрсетіледі.  Бумамен  ұсталғанның,  басқа  да  тұлғалардың
қолдарының іздерін және киімдерінің талшықтарын іздеу қажет.
    Сезіктіні жеке тінту және киімін қарау. Алдымен сезіктіден, ол лақтырып
тастауы  мүмкін  заттарды,  бумаларды,  ақшаны  немесе   ол   қорғану   үшін
пайдалануы  мүмкін  заттарды  алу  қажет.  Одан  кейін  оның  киімі   мұқият
тексеріледі.
    Жеке тінту барысында дәлелдеме ретінде  қолдануға  болатын  заттар  мен
құжаттарды,  есірткі  заттарын   олардың   бумаларын,   қойын   дәптерлерін,
хаттарды, қонақүй шоттарын, билеттерді,  ақшаны,  поштамен  аударылған  акша
туралы мәлімдемелерді, жалған  рецептерді,  шприцтерді,  т.б.  іздеу  қажет.
Есірткілер киімде, аяқкиімде,  протездің  астында,  косметика  бұйымдарында,
фотоапараттарда,  шашта,  дененің  табиғи   қуыстарында   сақталуы   мүмкін.
Хаттамада жалпы деректермен  қатар  есірткі  түрі,  нақты  салмағы,  бумасы,
нысаны және бумада табылған барлық белгілер керсетіледі.
    Сезіктіні куәландыру оның денесінде есірткі заттарының микробелшектерін
табуға мүмкіндік береді. Сезіктінің бетіне (мұрнының  үстін,  ерінінің  жан-
жағынан), алақанын, саусақтарын, сумен шайып  үлгілер  алынады  және  тырнақ
астынан үлгілер алынады. Куәландыру барысында денесіндегі  уколдың  орындары
анықталып, белгіленеді.
    Тінту.  Тінтуді   жүзеге   асыру   үшін   маманды   (мәселен   химикті,
криминалисті)  тартқан  жөн,  өйткені  ол  әр   түрлі   есірткі   заттарының
ерекшеліктері  мен  оларды  қолдан  жасау  тәсілдерін  жақсы  біледі,  маман
тергеушіге табылған заттарды  реттеуге  көмектеседі,  оларды  дайындау  үшін
қандай кұралдар заттар қолданғанын айтады. Арнайы даярлықтан өткен  иті  бар
кинологтің қатысуы да жаксы нәтиже береді. Тінту барысында:
    — есірткі заттары, олардың бумаларын;
    — кұрамында есірткі бар есімдіктердің бөлшектерін;
    — есірткінің ізі бар заттарды;
    — есірткінің өткізілгенін көрсететін заттарды;
    — кылмыс жолымен табылған ақша мен құнды заттарды;
    —   кінәлі   түлғалар,   кылмыстык   операциялар    туралы,    кылмысқа
қатысушылардың бір-бірімен есеп айырысуы туралы,  олардың  байланысы  туралы
ақпарат алуға болатын құжаттарды;
    —  есірткі заттарын дайындау, сақтау, қолдану үшін қажет кұралдары;
    Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің өсу  аймақтары  көрсетілген
географиялық карталарды, автокөлік  және  темір  жолдарының  сызбаларды,  әр
түрлі құжаттарды табуды көздеу қажет.
    Нашақорлар  есірткіні  сол  үшін  арнайы  жабдыкдлған  құпия   жерлерде
жасыратынын  ескерген  жен.  Есірткілердің  көбінің  ерекше   иісі   болады,
сондықтан оларды  полиэтилен,  целофан  пакеттерінде,  тығындалып  жабылатын
ыдыста немесе катты иісі заттардың касында  сакталады,  кейде  оларды  азық-
түліктің астында көмеді, үстіне қаймак, май құяды.
    Куәгерлерден жауап  алу.  Оларды  шартты  түрде  бірнеше  топқа  бөлуге
болады.
    Бірінші топқа сезіктіні қылмыс  үстінде  ұстағанын  өз  көзімен  көрген
куәгерлер жатады. Әдетте олардан сезіктіні  ұстау  мән-жайлары  туралы  және
оның ұстаудың алдындағы,  ұстау  кезіндегі  және  ұстаудан  кейінгі  тәртібі
туралы жауап алады.
    Екінші топқа аталған тұлғанын,  есірткі  заттарын  дайындауы,  өткізуі,
алуы немесе ұрлады деген фактісін, сондай-ақ есірткімен байланысты басқа  да
қылмыстарды жасады деген фактісін растайтын куәгерлер жатады.
    Куәгерлердің  үшінші  тобына  —  есірткіні  тасымалдау  фактісі  немесе
сезіктілер (жолсерік, такси жүргізушілері) пайдаланған  басқа  да  қызметтер
туралы жауап беретін тұлғалар жатады.
    Куәгерлердің төртінші тобы  —  сезіктілермен  жұмыс  істеген  тұлғалар,
олардың туыстары, көршілері. Әдетте олардан сезіктінің жеке тұлғасы  туралы,
оның тәртібі, өмір салты  туралы,  таныстары  туралы,  кездесулері  мен  іс-
сапарлары туралы жауап алады.
    Бесінші топ — нашақор-куәгерлер. Бірінші тергеуде  олар  әдетте  жалған
жауап  береді.  Белгілі  бір  емдеу  курсын  еткеннен  кейін  нашақорлар  ез
жағдайын  сезініп,  өкініп,  келесі  тергеуде  шын  жауап   беріп,   есірткі
өткізушілерді әшкерелеуі мүмкін.  Сондықтан  олардан  кайтадан  жауап  алған
жөн.
    Сезіктілерден (айыпкерлерден) жауап алу. Сезіктілердің  (айыпкерлердің)
жауаптары іс  бойынша  айқындауға  жататын  мән-жайларды  анықтау  үшін  аса
маңызы, себебі бұл адамдар қылмыстың мән-жайларын жақсы біледі.
    Әдетте ұсталған тұлғалар оларда табылған есірткі  жайлы  ғана  көрсетпе
береді,  ал  баска  қылмысқа  қатысушыларды,  байланыстары   мен   қылмыстық
әрекеттерін жасырады. Қылмыс  үстіне  ұсталған  сезіктілер  олардан  алынған
есірткі деп бас тартуға тырысады (мәселен, белгісіз  адамдар,  кейін  ішінде
есірткі табылған заттарын қарап қоюға тастап кетті дейді).
    Жауапкершіліктен қүтылып, қылмыстыктоптағы өзінің шын ролін жасыру үшін
ұсталған  тұлға  езін  белгісіз  біреулер  есірткі  өткізген   нашакор   деп
көрсетеді. Бүл жағдайда оның денесінен тыртық немесе  уколдын  іздерін  табу
үшін оны куөландыру керек немесе нашакорлыкпен  ауыратынын  не  ауырмайтынын
анықтау үшін  наркологиялық  сараптама  еткізу  кджет.  Бір  салым  мөлшерге
бөлшектенген есірткі, оны қабылдайтын құралдардын. болмауы ұсталған  адамның
нашақор еместігін дәләлдейді.
    Құрамында есірткі  бар  өсімдіктерді  сепкен  жерде  ұсталған  тұлғалар
әдетте жауапкершіліктен құтылу үшін жалған жауап береді. Олардың  жауаптарын
теріске шығару үшін үймен учаскенің жоспарын  жасап,  үйден  учаскеге  дейін
жолдың бар-жоклығын көрсету кызметінде есірткі заттарын сақтау, есепке  алу,
беру ережелерін бұзу немесе  есірткі  затгарының  жетіспеушілігі  анықталған
тұлғалардан  жауап  алғанда,  келесі  жағдайларды  айқындау   қажет:   жұмыс
жағдайы;  есепке  алу  және  бақылауды  ұйымдастыру;  анықталған  фактілерді
бағалауы, т.б. Сонымен қатар тергеуші жауап  алынып  отырған  адамның  жүмыс
істеу уакытын, оның міндеттерін, басшыларымен  жақын  көмекшілерін,  қоймада
және басқа жерлерде құндылыктардың орналасуын,  кілттер  сакталатын  орынды,
қоймаларды  ашу  және  жапқанда  мерлеу  тәртібін,  белгіленген  ережелердің
бүзылған-бұзылмағанын  және  оның  себептерін   аныктайды.   Сонымен   бірге
материалдык  жауапкершілік,  кұжаттардың   айналымымен   оларды   кұрастыру,
қүжаттарға қол қою тәртібі туралы, оған жауапты тұлғалар туралы  есеп  беру,
кезендік тексеру, құжаттарды  сактау  орнымен  мерзімі  туралы,  есепке  алу
(инвентаризация) мен олардын нәтижелері туралы деректерді жинаған жөн.
    Ұсталған тұлға есірткіден мас болған жағдайда оның қалыпқа келуін  күту
керек. Оны хаттамада және  наркологтің  қайта  куәландыру  туралы  кұжатында
көрсетеді.
    Егер жауап беруші  есірткінің  тапшылығынан  денсаулығының  нашарлауына
байланысты жауап бере  алмаған  жағдайда  абстиненттік  синдромды  жою  үшін
наркологті шақырған жөн. Содан кейін ғана жауап алуды  бастау  керек  немесе
жалғастыру керек. Егер үсталған  тұлғадан  есірткіден  мас  болған  жағдайда
жауап алса, жауап алуды кайталаған жен.
    Сараптама   тагайындау.   Әдетте   аталған   қылмыстар   бойынша    сот
сараптамаларын   тағайындауы:    химиялық,    ботаникалық,    наркологиялық,
криминалистік сараптама.
    Сот-химшлық   сараптаманың   объектілері:   Қолдан   және   кәсіпорында
өндірілген  есірткі  заттары,   олардың   шикізаты,   өлшеу   құралдарындағы
(таразыда,  қасықтарда,  ыдыста)  және  қабылдау  құралдарындағы  (шприцтер,
түтіктер), сақтау және буып-түю заттарындағы, киімдегі  іздері.  Сараптамаға
алынған есірткі заттары; есірткі өсімдіктерінің бөлшектері; есірткі  затының
ізі бар заттар;  есірткіні  қабылдау  кұралдары;  сезіктіден  алынған  киім,
шылымдар;  оның  қолынан  алынған  шайынды,  т.б.  жіберіледі.   Сараптамаға
өсімдікті жібергенде оның  барлық  бөлшектерінің  сакталуын  қамтамасыз  ету
қажет.
    Сот-химиялық сараптама келесі мәселелерді шешеді:
    —   зерттеуге  ұсынылған  зат  есірткі  заты  немесе  күшті  әсері  бар
фармацевтік препарат екендігін жөне кандай зат екендігін айқындау;
    —   зерттеуге   ұсынылған   затгың   кұрамындағы    белсенді    есірткі
компоненттерінің құрамы қандай;
    —  сезіктіден алынған  зат  қандай  тәсілмен  (қолдан  немесе  кәсіптік
жолмен) дайындалғанын;
    — ұсынылған заттарда есірткі немесе әсері күшті заттардың іздерінін бар-
жоқтығы, егер бар болса, қандай заттың ізі екендігін айқындау;
    — зерттеуге ұсынылған темекі заттарының (сигарет,  шылым,  оның  ішінде
тартылған шылым, темекі  қоқымы,  т.б.)  құрамында  есірткі  заттарының  бар
болуын анықтау.
    Сот-ботаникалық сараптаманың міндеттері:
    —  сараптамаға ұсынылған  тұқымдар  апиын,  майлы  көкнәр  немесе  сора
тұкымы екендігін, егер сондай болса, қандай түрі екендігін айқындау;
    — тінту кезінде алынған апиын немесе майлы көкнәр  (сора)  тұқымдарының
егістен алынған үлгілерімен ұксастығын айқындау;
    — егістен алынған өсімдіктер үлгілері апиын, майлы кекнәр  немесе  сора
екендігін, егер олай болса, қай түріне жататынын айқындау;
    —  аталған сораны (апиын немесе майлы көкнәрдің  басын)  есірткі  затын
дайындау үшін қолдануға болатын-болмайтындығын айқындау;
    — аталған өсімдік қайда өсетіндігін айқындау;
    —  сараптамаға ұсынылған есімдіктер үлгілерінің көбею  дәрежесі  қандай
екендігін айқындау.
    Сот-биологиялық  сараптаманы  нақты  түлғаның  есірткіні  қабылдайтының
анықтау  үшін  жүргізеді.  Ол  үшін  адамның  қанын,  шашын  жөне  әр  түрлі
ағзаларын зерттейді.
    Сарапшы зерттеуге ұсынылған қанда, шашта,  зәр  мен  түкірікте  есірткі
затының бар-жоқтығын, егер бар болса, қандай зат екендігін аныктайды.
    Сот-психиатршлык, сараптаманың міндеттері:
    — тексерудегі тұлғанын қылмыстық әрекет жасау дұрыс болғанын анықтау;
    —  психикасының  қылмыс   жасағаннан   кейін   бұзылған-бұзылмағандығын
айқындау;
    —   оған  медициналық  мәжбүрлеу  шараларын   және   қандай   шараларды
қолданудың қажеттілігін айқындау;
    —   есі  дұрыстығын  және  іс  жүргізу  өрекетке  қабілетгілігін  жоққа
шығармайтын психикалық ауытқушылықтың  бар-жоқтығын,  ол  неден  көрінетінін
және оған өзін-өзі қорғауын қиындататынын немесе қиындатпайтынын айқындау;
    — егер айыпкердің психикасы бұзылған болса, ол оған нақты  мән-жайларды
дұрыс қабылдауға кедергі  жасамайтынын  немесе  жасайтынын  және  ол  туралы
дқрыс жауап бере алатынын немесе бере алмайтынын анықтау.
    Бұл   сараптаманың   алдында   оның   қажеттілігі   айқындалатын   сот-
наркологиялық сараптама жүргізіледі.

Пәндер