Файл қосу

Сабақтың құрылымы



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
                  Семей мемлекеттік педагогикалық институты

                     Жаратылыстану ғылымдары факультеті


                          Жалпы биология кафедрасы













                    «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің


                           оқу-әдістемелік кешені


                       050113 «Биология» мамандығының


                        3 курс студенттеріне арналған






















                                Семей қаласы,
                                   2010 ж.


Құрастырған:    жалпы биология кафедрасының доцент м.а., а/ш..ғ.к. Садықова
Р.А.


Жалпы биология кафедрасы отырысында бекітілген
№  __  «_______»  2010 ж.


Кафедра меңгерушісі _______________ Қалиева С. Қ.

Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу әдістемелік мәжілісінде талқыланды

№ ___  «_______»  хаттама

Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу әдістемелік кенесінің төрайымы
Б.ғ.к., доцент ________ Абдишева З.В.


Жаратылыс ғылымдар факультетінің ғылыми кеңесінде бекітілді.

«_______»  _________ 2010ж.

№___ хаттама

Жаратылыстық ғылымдар факультетінің деканы,
б.ғ.к., доцент __________ Сапарова Г. С.



























                                   Мазмұны



Тарау 1. Пән бойынша глоссарий………………………………………4

Тарау 2. Лекциялардың қысқаша конспектісі………………………..5
Тарау 3. Зертханалық сабақтарды жүргізуге
         арналған әдістемелік нұсқаулар…………………………….26
Тарау 4. СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар…………………...36

Тарау 5. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар……………………..45


Тарау 6. Бақылау – тексеру құралдары……………………………....54

































                      Тарау – 1. Пән бойынша глоссарий


Зоология  –  жануарлар  әлемінің  алуан  түрлілігін,   құрылысын,   тіршілік
әрекеттерін, экологиясын оқытатын ғылыми пән;
зоогеография – жануарлардың орта жағдайларына байланысты Жер бетінде  таралу
заңдылықтарын қарастырады;
морфология  –  жануарлар  организмдерінің  сыртқы  және   ішкі   құрылысының
заңдылықтарын оқытатын ғылым;
онтогенез – особьтің жеке  дамуы,  ұрықтанған  жұмыртқадан  бастап  особьтің
өлгенге дейінгі кезеңі;
омыртқасыз жануарлар – осьтік мүшелер комплексі жоқ жануарлар;
палеозоология  –  құрып  кеткен  жануарлардың  қазба  қалдықтарын,   олардың
құрылысын, шығу  тегін  және  қазіргі  кезде  тіршілік  ететін  формаларымен
туыстық байланыстарды зерттейді;
симметрия  -   бүтін   организмнің   құрылымдарының   реттілік   дәрежесінің
көрсеткіші;
таксономия – Жануарларды ғылыми жүйесінің және  классификациясының  теориясы
мен практикасы;
тіршілік циклі – көбеюдің және  ядролық  циклдардың  фазаларының  заңдылықты
ауысып отыратын түрдің даму циклі;
ұрық жапырақшалары –  гаструляция  процесінде  пайда  болатын  және  әртүрлі
ұлпалар мен мүшелерге бастама беретін, көпклеткалы ұлпалы жануарлардың  ұрық
денесінің гомологиялық қабаттары;
ұлпа   –   организмде   белгілі   бір   қызмет    атқаратын    клеткалардың,
клеткаралықзаттардың және т.б. құрылымдардың жиынтығы;
филогенез   –   тірі    материяның,    оның    систематикалық    топтарының,
организмдердің, жеке мүшелердің және олардың жүйелерінің тарихи дамуы;
физиология – тірі  организмнің  функцияларын,  зат  алмасуын,  тіршілік  ету
ортасына бейімделу механизмдерін оқытатын ғылым;
экология  –  организмдердің  бір-бірімен   және   олардың   бірлестіктерінің
қоршаған ортамен қарым-қатынасын оқытатын ғылым саласы;
протистология немесе протозоология  –  қарапайым  бірклеткалы  организмдерді
зерттейтін ғылым;
гельминтология – паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым;
энтомология – бунақденелілерді зерттейтін ғылым;
малакология – моллюскаларды зерттейтін ғылым;
ихтиология – балықтарды зерттейтін ғылым;
герпетология  –  қосмекенділер  мен  бауырымен  жорғалаушыларды   зерттейтін
ғылым;
орнитология – құстарды зерттейтін ғылым;

                       Курстың мақсаты мен міндеттері

    Курстың мақсаты –  студенттерге  биологияны  оқыту  теориясының   басты
негіздері туралы білімдердің  белгілі  көлемін  меңгерту.  Биологияны  оқыту
теориясының   методикалық   мәселелерін   шешу,   педагогикалық    процестің
технологияларымен танысу, оқу процестерін ұйымдастыру формаларын  құрастыру,
тәжірибеге инновациялық элементтерді еңгізу.
      Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:
    - мектеп оқулықтарының мазмұны мен  құрастырылу  принциптерімен  танысуы
      қажет
    - сабақтың әртүрлі типтерін жоспарлап өкізе білуі
    - Оқыцтудың әртүрлі әдістерін, тәсілдерін және әдістемелік  қаражаттарын
      тиімді қолдона білуі керек
    - өзінің болашақ мамандығында алынған білімдерді  қолданып,  біліп  және
      дағдылынуы қажет

                          Пәннің тақырыптық мазмұны
|№   |Тақырып                                     |Сабақ саны        |
|    |                                            |Дәріс  |практика |
|1   |Биология әдісатемесі ғылым ретінде          |2      |         |
|2   |Биология әдістемесіндегі негізгі            |4      |         |
|    |дидактикалық принциптер                     |       |         |
|3   |Мектепте оқыту процесіндегі биологиялық     |4      |         |
|    |түсініктердің дамуы                         |       |         |
|4   |Сабақтың дидактика – методикалық құрылымы   |2      |         |
|5   |Биологияны оқыту қаражаттары                |2      |         |
|6   |Биологияны оқытудағы әдістемелер және       |4      |         |
|    |әдістемелік тәсілдер                        |       |         |
|7   |Биологиядан оқу жұмыстарын ұйымдастырудың   |4      |         |
|    |құрылымы, типтері, формалары                |       |         |
|8   |Дәстүрлік сабақ құрылымы                    |2      |         |
|9   |Бүгінгі күн сабағының құрылымы.             |2      |         |
|10  |Әрекеттік негізіне байланысты сабақ құрылымы|2      |         |
|11  |Оқыту сапасын бағалау жүйесі және бақылау   |4      |         |
|12  |БОӘ пәні.  Мектептегі биологиялық білімнің  |2      |         |
|    |ролі                                        |       |         |
|13  |Биология курсындағы түсініктердің даму      |       |4        |
|    |теориясы                                    |       |         |
|14  |Биологияны оқыту процесінде оқушыларды      |       |4        |
|    |тәрбиелеу                                   |       |         |
|15  |Биология кабинеті. Экскурсиялар             |       |4        |
|16  |Өсімдіктер биоолгиясы курсына дидактикалық  |       |4        |
|    |талдау                                      |       |         |
|17  |Өсімдік организмінде өтетін физиологиялық   |       |4        |
|    |процестерді оқыту сабақтарының әдістемесі   |       |         |
|18  |Жануарлар биологиясының оқулығы мен         |       |4        |
|    |бағдарламасын дидактакалық талдау           |       |         |
|19  |Омыртқалылар зоологиясы бойынша  оқулықты   |       |4        |
|    |және бағдарламаны дидактикалық талдау       |       |         |
|20  |Адам биологиясы бойынша оқулықты және       |       |4        |
|    |бағдарламаны  талдау.                       |       |         |
|21  |Жалпы биология  бойынша оқулықты  және      |       |4        |
|    |бағдарламаны дидактикалық талдау            |       |         |
|22  |“Эволюциялық ілім”  тақырыбына сабақтың     |       |4        |
|    |құрылымы, жүйесі.                           |       |         |
|23  |“Генетика және селекция негіздері”          |       |4        |
|    |тақырыбына сабақтың құрылымы, жүйесі.       |       |         |
|24  |Зертхана-практикалық сабақтарды,            |       |4        |
|    |тәжірибелерді, эксперименттерді өткізуге    |       |         |
|    |дидактикалық талдау.                        |       |         |
|25  |Мектептің оқу-тәжірибелік участогі          |       |4        |
|26  |Сыныптан тыс жұмыстар. Ұйымдастыру          |       |4        |
|    |формалары.                                  |       |         |
|    |Биологияны оқытудың әдістемелік талдауы.    |       |         |
|    |Тақырыптық жоспарлау                        |       |         |
|    |                                            |36     |56       |
|    |Барлығы:                                    |       |         |


















                              Дәрістік материал
Дәріс 1
    Кіріспе. Биология әдістемесі ғылым ретінде. БОӘ - пәні және мақсаттары.
Оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланасы. Орта мектептегі  биологияны
оқудың білім беру және тәрбиелік маңызы.
Дәріс 2
    Биология әдістемесінің негізгі  дидактикалық  принциптері.  Биологиялық
білімдердің адм өміріндегі алатын орны. Биологияны оқыту әдістемесі  бойынша
ғылыми негіздер және  ғылыми  зерттеулер  негіздері.  Принциптер:  жүйелілк,
теория және практика байланысы, көрнекілік, тиімділік және т.б.
Дәріс 3
    Мектептегі білім беру процессіндегі  биологиялық  түсініктердің  дамуы.
Биологиялық түсініктердің жіктелуі. Биологиялық тұсініктердің даму  этаптары
және  әдістемеліктері.  Әдістемелік   ғылымныңнегізгі   мәселелерін   шешуге
түсініктердің дамуының тигізетін әсері.
Дәріс 4
    Сабақтың дидактикалық - әдістемелік құрылымы. Сабақ биологияны оқытудың
негізгі формасы. Сабақты дайындауға өткізуге деген бүгінгі  күнгі  талаптар.
Сабақтың құрылымы.
Дәріс 5
    Биологияны  оқыту  қаражаттары.  Көрнекілік   қаражаттардың   жіктелуі.
Биологиялық түсініктерді меңгеруге оқытудың табиғи  қаражаттарын  қолданудың
тигізетін  әсері.  Оқушылардыңдамуы  мен  тәрбиелеуіндегі   көрнекіліктердің
атқаратын ролі.
Дәріс 6
    Биологияны оқыту әдістері және әдістемелік  тәсілдері.  Әдістер  туралы
түсініктер және олардың  жіктелуі.  Оқыту  әдістерінің  білім  бастауы  және
мұғалім мен оқушы әрекетіне байланысты мінезделуі.  Аузша,  көрнекілік  және
тәжірибелек оқыту әдістемелеріне мінездеме. Әдістемелік  тәсілдер.  Оқытудың
әдістері мен әдістемелік тәсілдердің дамуы мен үйлесуі.
Дәріс 7
    Биологияда оқыту  жұмыстарының  құрылымы  және  ұйымдастыру  формалары.
Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі  формасы.  Биология  сабақтарының
типтері және түрлері, олардың құрылымы. Зертханалық жұмыстар,  экскурсиялар,
сыныптан тыс үй жұмысы, олардың байланысы.
Дәріс 8
    Дәстүрлік  сабақтың  құрылысы.  Дәстүрлік   сабақ   оқыту   процессінің
ұйымдастыру   формасы   ретінде.   Бүгінгі   күнгі   сабақтың    құрылымына,
дайындалуына, ұйымдастырылуына және өткізілуіне қойылатын  талаптар  жүйесі.
Бүгінгі күн сабағының өткізу техникасы.
Дәріс 9
    Бүгінгі күн сабағының құрылымы. Бүгінгі күн сабағы - оқыту  процессінің
ұйымдастыру   формасы   ретінде.   Бүгінгі   күнгі   сабақтың    құрылымына,
дайындалуына, ұйымдастырылуына және өткізілуіне қойылатын  талаптар  жүйесі.
Бүгінгі күн сабағының өткізу техникасы.
Дәріс 10
    Әрекеттік  негізіне  байланысты  сабақ  құрылымы.  Әрекеттік   негізіне
байланысты сабақ - оқыту процессінің ұйымдастыру  формасы  ретінде.  Бүгінгі
күнгі сабақтың құрылымына, дайындалуына, ұйымдастырылуына  және  өткізілуіне
қойылатын талаптар жүйесі. Бүгінгі күн сабағының өткізу техникасы.
Дәріс11
    Оқыту сапасын бағалау жүйесі және  бақылау.  Білімді  бақылау  түрлері.
Білімді жазбаша және аызша бақылау формалары.
Дәріс 12
Білім беру жүйелері және педагогикалық технологиялар.


               БОӘ бойынша тәжірибелік жұмыстардың тақырыптары

Тақырып 1   БОӘ пәні. Мектептегі биологиялық білімнің ролі.
    БОӘ  -педегогикалық  ғылым.  БОӘ  басқа  ғылымдармен   байланысы.   БОӘ
мәмелелері.  Еліміздің  жаратылыстану   әдістемесінің   дамуындағы   негізгі
этаптары мен бағыттары.
Тақырып 2 Биология курсындағы түсініктердің даму теориясы.
    Түсініктердің даму  теориясы.   Түсініктердің  пайда  болу  жағдайлары.
Түсініктерді  дамыту  әдістемесі.  Дағдылар  мен  икемдердің   түсініктердің
қалыптасуына  байланысты  дамуы.  Қайталаулар  жүйесі.  Әдістемелік  негізгі
мәселелерін шешуге байланысты түсініктердің дамуының тигізетін әсері.
Тақырып 3 Биологияны оқыту процесінде оқушыларды тәрбиелеу.
    Биологияны оқутуда идеялық бағыттылығы.  Табиғат  құбылыстарын  оқытуға
жол беруші пәндерді оқытуға  :  әлемнің  материалдығы,  тірі  организмдердің
жасушадан  тұратындылығы.   Еңбек   мәдениетін   және   ойлауды   тәрбиелеу,
Патриоттылық, эстетика, мәдениеттілік, Табиғатты қорғаушылық тәрбие.
Тақырып 4 Биология кабинеті. Экскурсиялар.
    Биология кабинетіне және  басқа оқу жабдықтануларға қойылатын талаптар.
Сынып, зерханалық бөлме, табиғат бұрышы. Оқу зертханалық құралдарды  сақтау.
Экскустық  құралдар.  Жасанды  және  табиғи  материалдардан  оқу  құралдарын
өзіндік  жасау.  Тірі  және  табиғи   құралдары.   Мектепті   және   сыныпты
көгалдандыру.
Тақырып 5 Өсімдіктер биоолгиясы курсына дидактикалық талдау
    Орта мектептерге арналған оқулық пен бағдарламаға  әдістемелік  талдау.
Жылдық, тақырыптық, сабақ  жоспарларын  талдау.  Морфологиялық  мазмұны  бар
сабақтардың  әдістемесі.  Таратылатын  материалдармен  оқушылырдың   өзіндік
жұмысын  ұйымдастыру.   Қосымша    көрнекілік   құралдар,   оларды   қолдану
әдістемесі.  Анатомиялық  мазмұны  бар  сабақтардың  әдістемесі.   Қарапайым
микропрепараттарды   дайындау.   Тақырыптың   физиологиялық   мазмұны    бар
сабақтардың әдістемесі.
Тақырып  6  Өсімдік  организмінде  өтетін  физиологиялық  процестерді  оқыту
сабақтарының әдістемесі
    Биологиялық эксперименттерді  сабақта  қолданудың  әртүрлі  әдістемесі.
Мектеп экспериментінің техникасымен қолдану  әдістемесімен  меңгеру  бойынша
практикалық жұмыстар (өркеннің қоректенуі, өсіп келе жатқан  тұқымның  тыныс
алуы, фотосинтезді анықтау).
Тақырып 7 Жануарлар биологиясының  оқулығы  мен  бағдарламасын  дидактакалық
талдау
      Орта  мектептерге  арналған  зоология  оқулығына  және   бағдарламаға
әдістемелік  талдау.   Жылдық,   тақырыптық,   сабақ   жоспарларын   талдау.
Морфологиялық    мазмұны    бар    сабақтардың    әдістемесі.    Таратылатын
материалдармен  оқушылырдың   өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру.   “Қарапайымдар
типі”  тақырыбының  оқыту  әдістемесі.  Тақырып  құрылымы.   Жасуша   туралы
түсініктің   дамуы.    Мектепте    тірі   жануарларды    және    таратылатын
материалдарды қолданудың әдістемесі.  Мысалы гидра, шұбалшан және т.б.
Тақырып 8 Омыртқалаылар  зоологиясы  бойынша   оқулықты   және  бағдарламаны
дидактикалық талдау.
    Орта  мектептерге  арналған  зоология   оқулығына   және   бағдарламаға
әдістемелік  талдау.   Жылдық,   тақырыптық,   сабақ   жоспарларын   талдау.
Морфологиялық    мазмұны    бар    сабақтардың    әдістемесі.    Таратылатын
материалдармен оқушылырдың  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру.  Сүтқоректілердің
қаңқасын және қаңқа бітімдерін оқу сабағы  –  зоология  курсының  зерханалық
сабағы.
Тақырып 9 Адам биологиясы бойынша оқулықты және бағдарламаны  талдау.
    Адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы курсына кіріспе.  Цито-  ,
гистологиялық  түсініктерді  оқыту  методикасы.  “Сүйек  бұлшық  ет  жүйесі”
тақырыбындағы   анатомиялық   түсініктерді    оқыту    әдістемесі.     “Адам
организмімен жалпы танысу” тақырыбында рефлекстер туралы түсініктерді  оқыту
әдістемесі.   “Қан”,   “Қанайналым”,   “Тыныс   алу”   тақырыптары   бойынша
лабораториялық  жұмыстар.  Гигиена,   санитариялық   білімдер,  икемдер  мен
дағдыларды қалыптастыру әдістемесі
Тақырып  10    Жалпы   биология    бойынша   оқулықты    және   бағдарламаны
дидактикалық талдау.
    “Клетка туралы ілім”  тақырыбына сабақтың  құрылымы,  құрал-жабдықтары,
жүйесі.   Клетканың   химиялық,   структуралық    компоненттерін    оқытудың
әдістемесі.  Әртүрлі  көрнекілік  материалдарды  демонстрациялау  техникасы,
тірі   өсімдік   клеткаларындағы   цитоплазмасының    қогзғалысын    бақылау
зертханалық сабағы.
Тақырып 11 “Эволюциялық ілім”  тақырыбына сабақтың құрылымы, жүйесі.
    “Дарвинизм”  тақырыбына сабақтың  құрылымы,  құрал-жабдықтары,  жүйесі.
Тақырыпқа  ұйымдастырудың  популяция  –  түрлік  деңгейі  туралы   түсінікті
кіргізу.   Микро-,   макроэволюциялар   туралы    сабақтардың    әдістемесі.
Өзгергіштікті, тұқым қуалаушылықты және жасанды, табиғи  сұрыптауды  оқытуға
демонстрациялар, практикалық сабақтар, табиғатқа экскурсиялар әдістемесі.
Тақырып  12  “Генетика  және  селекция   негіздері”    тақырыбына   сабақтың
құрылымы, жүйесі.
    “Генетика  және  селекция  негіздері”   тақырыбын   оқыту   әдістемесі.
Тұқымқуалау және, өзгергіштік заңдылықтарын оқыту   сабақтарын  талдау.  Осы
түсініктерді дамыту. Практикамен байланыстырып материал таңдау.
Тақырып 13 Зертхана-практикалық сабақтарды, тәжірибелерді,  эксперименттерді
өткізуге дидактикалық талдау.
    “Өсімдіктер”,  “Жануарлар”,   “Адам   анатомиясы”   бөлімдері   бойынша
зертханалық жұмыстарды  жоспарлау  және  өткізу.  Биологиялық  экспериментті
сабақтарда қолданудың әртүрлі әдістемесі.
Тақырып 14 Мектептің оқу-тәжірибелік участогі.
    Мектеп оқу-тәжірибелік  участогінде  оқушылармен  жұмыс  жасаудың  оқу-
тәрбиелік  мақсаттары.  Участок  территориясында  жұмыстарды   ұйымдастыруға
қойылатын   методикалық   және   педагогикалық   талаптар.   Оқу-тәжірибелік
участоктің территориясын   жоспарлау.   Ботаника-  өсімдік  бөлім.  Зоолого-
жануар  өсіру  бөлімі.Жалпы  биология   бөлімі:   дарвин   алаңы,биологиялық
сағаттар, селекция-генетикалық, эколрогиялық участоктар.
Тақырып 15 Сыныптан тыныс жұмыстар. Ұйымдастыру формалары.
    Биологияны  оқыту  жүйесіндкгі   сыныптан   тыс   жұмыстардың   маңызы.
Биологиядан  сыныптан  тыс  жұмысының  жүйесі.Жас  натуралисттер   үйірмесі.
Мазмұны.  Жұмыстың  әдістемесі  және  ұйымдастырылуы.  Жас  натуралисттердің
зерттеу  жұмыстары,  тірі   табиғат   бұрышында   өзіндік   бақылаулар   мен
тәжірибелердің қойылымы.
Тақырып 16 Биологияны оқытудың әдістемелік талдауы. Тақырыптық жоспарлау.
    Биологияны  оқыту   бағдарламасына   әдістемелік   талдау.   Тақырыптық
жоспарлау. Әдістемелік ғылымға  түсініктердің  дамуы  теориясының  тигізетін
әсері.














                  Тарау 2. Лекциялардың қысқаша конспектісі

                                     Сабақтың құрылымы
   Сабақтың құрылымы,оның жоспары сабақтың мазмұны мен әдістерімен
байланысты.Сабақтың жоспары оның мазмұнының құрылымын анық білдірі керек-
негізгі бөлімдерді әдістерді,қажет құралдарды.Оқушыларға арналған сұрақтар
құрастырылады,анықтама материал көрсетіледі.
     Жаңа тақырыпты сабақтың басында түсіндіру оқушылармен жақсы
қабылданады және шаршамай тұрғанда қызығушылықпен қабылданады. Өткен
тақырыпты жаңа тақырыппен салыстыра сұраған дұрыс.
   Сабақтың құрылымында материалдың логикалы орналасуының маңызы зор.
   1.Сабақтың индуктивті құрылуы нақты білім жинақтауға мүмкіндік
береді.Сол білімге сүйеніп оқушылар қорытынды шығаруға үйренеді.
   Сабақ дедуктивті құралғанда алдымен мұғалім заңдылықтын анықтамасын
береді немесе жалпы пікірді хабарлайды, содан кейін растайтын деректерді
қарастырады.


                                                   Дедукция


Растайтын деректер







                                         Индукция


Деректер















                 Индукция мен дедукцияның синтезі






              Бір реттегі және қарама-

               Қарсы деректерді

                   салыстыру











                   Жаңа деректерді

                     түсіну үшін




Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы дегеніміз оқу процесіне оқушылардың барлығын
жұмылдыра білу болып табылады.
  Оқу тәрбиелік мақсаты мен мазмұны барлық құрылым элементтерін жұмсауды
талап ететін сабақтар
   1. Құрамалы сабақтар типіне жатады

        Сабақтын бұл типінен басқа:

2.Жаңа оқу материалын хабарлау;
3.Бекіту және білімді пайдалана білу;
4.Пысықтап қорытындылау;
5.Экскурсия сабақтар
6.Лабораториялық сабақтар
7.Оқу-тәжірибе учаскесіндегі сабақтарда болады.

        Жаңа оқу материалын хабарлау сабағы мектеп оқушыларының алғашқы
меңгеруіне қажетті фактілермен, ұғымдармен, теориялық мәселелермен
оқушыларды байытып отыратындығымен сипатталады.














  Ботаника курсында көбінесе сабақтың индуктивті құрылымы қолданылады
 Объекттердің бір бөлігі болған жағдайда сабақты дедуктивті құрауға болады.
   Сабақта индуктивті және дедуктивті құрылымды біріктіруге де болады.
   Мұғалім  сабақ  мазмұнында  басты  сұрақты  анықтайды,содан  кейін  басты
сұрақты   логикалы   байланысқан   сұрақтарға   бөлшектенеді,   алдын    ала
қорытындыларды жобалайды.
  Сабақ басында оқушылардың алдына мәселе қою оқушыларды қызықтырады.
    Мәселе  дегеніміз  шешуді,  анықтауды  зерттеуді  қажет  ететін  күрделі
теориялық немесе тәжірибелік сұрақ.
    Мәселе қойып құрастырылған сабақта алдымен  қызметі  қарастырылады,содан
кейін түрі қарастырылады.
    Сабақтың негізгі элементтері:
1.Ұйымдастыру бөлімі;
2.Мұғалімнің жаңа сабақ материалын баяндауы;
3.Оқушылардың жаңа білімді ойша қорытындылауы;
4.Оқушылардың жаңа білмді пайдалануы;
5.Оқушылардың жаңа білімді меңгеруін мұғалімнің тексеруі;
6.Үйге тапсырма беру;
Осы құрылым элементтерінің  сабақтағы барлығының өзара  әрекеттесуі  түрліше
болады.
     Сабақтың құрылымының негізгі  үш  элементі  кез  келген  сабақта  қатаң
сақталуы керек, бұлар – сабақ ұйымдастыру,сабақты қорыту және үйге  тапсырма
беру.







                    Дүниетаным қабілеті жоғары
Дарынды
Ізденімпаз,талапты
Өнертапқыш
               Өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс
Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет.Оқу
үрдісінде осындай әдіспен оқыту үшін мұғалім алдымен өзі оқып біліп,зерттеп
тиімділігіне оқытып,өзінің шеберлігіне қарай таңдауы керек.Мұғалімнің
ерекшелігі соны таңдай білуінде.Өйткені бір технологияның өзі мұғалімнің
қолдану әдіс- тәсіліне,шеберлігіне қарай жүзеге асады.Мен өзімнің ұзақ
жылдардағы іс-тәжірбиеме сүйене отырып сабағымда мына педагогикалық
технологияларды басшылыққа аламын.

Д.В.Эльконин,

В.В.Давыдов
                 В.Занков


”Дамыта оқыту технологиясы”
  “Дамыта оқыту


                                 Жүйесі”


Ж.Қараев “Деңгейлеп оқыту “        Сын тұрғысынан ойлау       И.Б.Первин


                           “Топтық оқыту”
Осы технологиялардың тиімділігіне тоқталар болсақ:
1.Дамыта оқыту-жеке тұлғаны жетілдіреді,оның дамуына бағыт беріп, олардың
әуестік,белсенділік,адамгершілік,батылдық сияқты қасиеттерін
қалыптастырады.
А.С.Выготскийдің Білім беру тек дамудың алдында болғаны пайдалы болады
дегенін ескере отырып,оларды дамыта оқытудың бағдарламалық,
проблемалық,ақпараттық,т.б. түрлеріне негіздеп күнделікті сабақтың тиімді
бөлімдеріне қарай бағдарлап оқыту қажет.
2.Деңгейлеп саралау-мұғалімнің де,оқушының да белсенді шығармашылық
қызметін дамытады.

Сабаққа қызығушылығы                                                  Жеке
қабілеті
артады
         айқындалады


Өз бетімен жұмыс істеуге          Даму мониторингі       Нақты өз
деңгейінде
үйренеді                                   айқын көрінеді
бағаланады

Бұл жөнінде әр баланың өз деңгейі болатындай,әр балаға берілетін
тапсырманың көлемі лайықтап беріледі.Әр баланы өзінің даму зонасында
жетілдіру керек деген А.С.Выготский зерттеулері өте құнды.Деңгейлеп
оқытудың тиімділігі өте көп.
3.Топтық оқыту-бірлесіп жұмыс істеуге,өз ойын дәлелдеуге,өз пікірін қосуға
үйретеді.Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.
4.Сын тұрғысынан   ойлау-бұл кез-келген мазмұнды сынау емес,оны зерттеу,
бақылау,талдау әр-түрлі стратегиялар арқылы ойлау негіздерін сыни тұрғыдан
дамыту.
Еркін ойлауға мүмкіндік береді                             Ақыл – ойын
дамытады

Оқу мен жазу сауаттылығын                                  Шығармагылық
белсенділі-
арттырады
 гін арттырады


Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып,оның тиімді әдіс-
тәсілдерін жетілдіруге болады.Атап айтқанда:
-дарынды оқушыны дамытады,оқушылар шығармашылығын арттырады;
-оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп,білім сапасын көтереді;
-пәнге деген бейімділігі,қызығушылығы артады;
Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып,жан-жақты
талдауға,өз ойын ашық айтуға,оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға
үйренеді.
  Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты,білімді
оқушылар тәрбиелеуге болады.Ол үшін мұғалім көп ізденіп,көп оқып,ізденіс
үстінде болу керек.





















Сынып  жетекшісінің жұмысы:
Сынақтан өтуші жас маман жетекшісінің жұмысын атқаруға міндетті.
Бұл үшін сынақтан өтуші:
    • Сыныптың құрамын (құжаттарды,ата-аналар құрамын және т.б,)
      және оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп,сыныптың психологиялық-
      педагогикалық мінездемесін құрастырып,оны өз жетекшісіне ұсынады.
    • Сыныптың құрамын зерттеу негізінде мұғалімдер мен ата-аналардың
      тарапынан оқушыларға деген бірегей педагогикалық талапты қамтамасыз
      етеді.
    • Психологиялық және педагогикалық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып
      балалар  ұжымын ұйымдастырады,оқушылардың
      шығармашылығын,белсенділігін,ынтымақтығын арттырады.
    • Топтардың жиналысына қатысып,сынып жиналыстарын өткізеді
    • Оқушылардың денсаулығын нығайтып және мәдени ой-өрісін кеңейту
      үшін(театрға,мұражайға,көрмелерге орманға серуендеуге т.б.)іс-
      шараларын ұйымдастырады.
    • Оқушылардың қоғамға пайдалы еңбегінің(оқушылардың өндірістік
      бригадалары қызметіне,студенттік құрылыс жұмыстарына
      қатысуын,аудандық,қалалық көлемдегі іс- шараларға)түрлі нысандарын
      ұйымдастырады.
    • Оқушылар арасында кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастырып,өзі де тікелей
      қатысады.
    • Оқушылардың ата-аналармен жұмыс жасап олармен байланыста болады,ата
      аналар жиналысын өткізеді,ата-аналарға арнап педагогикалық
      тақырыптарда дәрістер оқиды.




        Жас маманға сабаққа дайындаларда берілетін кеңестер
      1. Сабақта өтетін бағдарламаның тарауын мұқият оқыңыз
      2. Осы бөлімді жадыңызға берік ұстаңыз
      3. Оқу материалын талдаңыз
      4. Сабақтың мақсатын белгілеп алыңыз.Сабақ нәтижесінде неге жетпек
      ойыңыз бар деген сауалға жауап беріңіз.
      5. Сынып ұжымын,жеке оқушыларды елестетіңіз,олармен сабақ мақсатына
      жету жолдарын қарастырыңыз.
      6. Берілген сынып оқушыларына ең нәтижелі әдіс тәсілдерді таңдап
      алыңыз.
      7. Таңдаған тәсілдеріңіз бен өз мүмкіндіктеріңізді келістіре
      отырып,сабақтағы өзіңіздің іс-әрекеттеріңізді анықтаңыз.
      8. Сабақтың құрылысы мен барысын ойластырыңыз.
      9. Барлық дайындықтарыңызды жоспарға немесе конспектіге жазып алыңыз.
      10.Іштей немесе дыбыстап жоспардың түйінді жерлерін қайталаңыз.
      11.Өзіңізді тексеріңіз.
      а/сабақта қандай деректер, жалпы түсініктер,себеп-салдарлық
      байланыстар болу керек;


      ә/берілген сабақта қандай білім қалыптасады;


      б/қандай әлемдік көзқарастағы түсініктер, саяси, адамгершілік және
      эстетикалық бағалауларды қалыптасады;


      в/берілген материалды оку барысында окушылардың бойында қандай сезім-
      күй тудыру керек.


            1. Кабинетке қоңыраудан сәл бұрын келіңіз. Кабинеттің сабаққа
      дайындығын жиһаздын дұрыс тұрғанын, тақтаның таза екенін,
      ТОҚ, көрнекіліктердің дайындығына көз жеткізіңіз.
            Сыныпқа соңғы болып кіріңіз. Барлық окушының ұйымдаса карсы
      алғанын талап етіңіз. Сыныпқа көз жугіртіп, әсіресе тәртібі нашар
      окушыларға міндетті түрде көз салыңыз. Оқушыларға ұйымдасқан сабақтың
      көркемдігін көрсетуге тырысыңыз, тек бұған уақытты бірте – бірте
      аздатыңыз.


      2.Сынып журналынан өз пәніңізді іздесуге уақыт жұмсамаңыз. Оны
      қоңырауда дайындап қоюға болады. Кезекшілерді мұғалімнің үстеліне
      сабаққа келмегендердің аты-жөні жазылған парақты калдыруға үйретіңіз.


      3.Сабақты батыл бастаңыз. Оқушыларға: кім үй тапсырмасын жасамай келді
      ? деген сұрақты қоймаңыз. Бұл сауал үй тапсырмасын орындамауды
      күнделікті іс сияқы қылып көрсету мүмкін. Сабақ балалрдың сабақ
      басынан аяғына дейін жұмыспен шұғылданып отыратындай құрылуы тиіс.
      Үзілістер, баяулық, әрекетсіздік – тәртіп бұзушылар екенін ескеріңіз.


      4.Оқушыларды мазмұны қызық материалдармен, ой салумен баулып, сабақты
      бақылып, үлгірімі төмен балалардың өз күшіне сенуіне көмек беріңіз.
      Сынып түгелдей көзден таса қалмасын. Әсіресе назары тұрақсыз,
      әлденемен айналысып кететіндерді назардан тыс қалдырмаңыз. Жұмыс
      тәртібін бұзушылардың алдын алыңыз.




      5.Сабақ үстінде өзге жұмыспен айналысатын оқушыларға көбірек сұрақтар
      қойып, зейінін өзіңізге аударыңыз.


      6. Оқушы білімін бағалауда өз сөзіңізді іскерлік және қызығушылық
      қабілетімен ұштастырыңыз. Оқушының немен жұмыс керектегіне нұсқау
      беріп,аталған тапсырманың орындалуын қадағалаңыз. Бұл еңбекке деген
      жауакершілікке үйретеді. Оқушы мұғалімнің тапсырмасын міндетті түрде
      орындау керектігіне үйретеді.


      7. Баға қою үшін оқушының ынтасы мен тәртібін ескеріп, оқушының
      білімін объективті түрде бағалаңыз.


      8. Сабақты сыныптың жалпы бағалаумен және жекелеген оқушылардың
      біліміне баға қоюмен аяқтаңыз. Оқушылар сабаққа деген өз еңбектерінің
      нәтижесін сезініп, шаттыққа бөленсін. Тәртібі нашар оқушылардың
      жұмыстағы оң нәтижесін ескеріңіз,дегенменде бұндай іс-әрекетпен
      болмашы жетістікті бағалауда жиі қайталамауға тырысыңыз.


      9. Сабақты қоңыраумен аяқтаңыз. Кезекшіге өз міндетін ескертіңіз.


      10. Орынсыз ескерту жасаудан аулақ болыңыз.


      11. Басқалардың көмегіне сүйеңбеніз. Педагогикалық практикада тәртіпке
      шақыру  –  мұғалімінің  пайдасына  шешілмейтін   ескертіңіз.   Көмекке
      оқушыларды  шақырыңыз.  Сынып  оқушылары  тәртібі   нашар   оқушыларды
      қолдамаған жағдайда мәселені шешу оңай.


      12. Сыныптын  бөлігімен  немесе  тұтас  сыныппен  келіспеушілікке  жол
      бермеңіз, егерде осындай жағдайға  тап  болсаңыз  мәселені  оңды  шешу
      жолын қарастырыңыз.


      13. Мұғалімнің қылығының дұрыстығына күмән  туып,  тіпті  оның  кінәсі
      сөзсіз дәлелді болса, келіспеушілік оқушылардың пайдасына шешілу керек
      екенін ескеріңіз.


      14. Н.А.Добролюбованың ”Оқушылардың көз алдында ақталған мұғалім-  бұл
      әділ мұғалім” деген сөзін есте сақтаңыз.


                    Биологияны оқыту формаларының жүйесі.

    Оқыту  формасы  дегеніміз  –  мұғалімнің  әртүрлі  жағдайда  өткізілетін
оқушылардың оқу – танымдық қызметтерін ұйымдастыру.

                      Биологияны ұйымдастыру формалары.

|Оқыту формалары         |Өткізілетін орны        |Дамытушылық             |
|Сабақ                   |Кабинет                 |Ғылыми ұғымдарды, ойлау |
|                        |                        |қабілетін, дүниетануды, |
|                        |                        |еңбекке баулуды,        |
|                        |                        |этикалық, эстетикалық   |
|                        |                        |қарым – қатынастарды    |
|                        |                        |дамыту                  |
|Экскурсия               |Ауыл шаруашылық өндіріс,|                        |
|                        |табиғат                 |                        |
|Үй жұмыстары            |Үйде                    |                        |
|Сабақтан тыс жұмыстар   |Кабинет, ауыл шаруашылық|                        |
|                        |өндіріс, табиғат, мектеп|                        |
|                        |мүйісі, оқу – тәжірибе  |                        |
|                        |участогы                |                        |
|Сыныптан тыс жұмыстар   |Кабинет, ауыл шаруашылық|                        |
|                        |өндіріс, табиғат, мектеп|                        |
|                        |мүйісі, оқу – тәжірибе  |                        |
|                        |участогы                |                        |
|Қоғамдық жұмыстар       |                        |                        |

    Биологияны  оқыту  формалары:  сабақ,  экскурсиялар  (топсеруендер),  үй
жұмыстары, сабақтан тыс  жұмыстар,  сыныптан  тыс  жұмыстар  (жеке,  топпен,
көпшілік).
    Экскурсиялар, үй жұмыстары және сабақтан тыс  жұмыстары  міндетті  түрде
өткізілуі керек.


                 Биологияны оқытудың ұйымдастыру формалары.

      Биологиядан оқу процесінің негізгі формасы сабақ  болып  табылады.  Ол
белгілі бір ұйымдастыру белгілерімен сипатталады: оны  мұғалім  тұрақты  оқу
кестесі  бойынша  құрамы  тұрақты  оқушылар  тобымен   арнайы   жабдықталған
биология кабинетінде немесе класс бөлмесінде өткізеді.
    Жылдық (перспективті) жоспарда  сабақ  сағаттары  тақырып  бойынша  және
күнтізбелік  мерзімі  бойынша  белгіленеді.  Жоспарда  мейрам  және  каникул
күндерін шығарып тастап,  нақты  сағат  саны  тақырыпқа  бөлінеді  және  өту
мерзімі  белгіленеді.  Сонымен   қатар   қайталау   сұрақтары   белгіленеді,
экскурсия мен сыныптан тыс жұмыстар жоспарланады.
      Перспективті жоспар негізінде оқытушы тақырыптық жоспар жасайды.  Онда
тақырып мазмұнын түсіндіру реті мен логикасы, қолданылатын әдістер,  көрнекі
құралдар, практикалық  жұмыстарға  қажетті  материалдар  және  сабақтан  тыс
өткізілетін жұмыстар көрсетіледі. Білімді жақсы  меңгеру  және  бекіту  үшін
қажет болған жағдайда кейбір тақырыптардың сағат  мөлшерін  1  –  2  сағатқа
көбейтуге болады. Мұндайда кейбір  тақырыптардың  сағаты  қысқартылады  және
бағдарлама толық орындалу керек.
      Тақырыптың өзара орынын ауыстырған дұрыс емес.
      Жылдық жоспарда қайталауға  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Жылдық  жоспарда
нақты тек экскурсиялар мен сыныптан тыс жұмыстар белгіленеді, үй жұмысы  мен
сабақтан тыс жұмыстар әр тақырыпқа анығырақ жазылады.
      Биология оқытушысына жұмысты жоспарлаудың өте бір қажеттілігі  мынадай
жағдайға  байланысты:  биология  оқытушысы  материалды  күн  ілгері  әзірлеу
керек, белгілі бір мерзімде  көрсетілетін  тәжірибелерді  алдын  ала  жасау,
экскурсия туралы күні бұрын келісу және т.б. қажет.




                          Жылдық жоспардың үлгісі.

|         |         |        |                    |              |           |
|Тақырып  |Сағат    |Өткізу  |Тақырыптарды        |Экскурсиялар  |Сыныптан   |
|         |мөлшері  |мерзімі |қайталау            |              |тыс        |
|         |         |        |                    |              |жұмыстар   |
|         |         |        |алдыңғы    |курстан |              |           |
|         |         |        |курстардан |        |              |           |
|         |         |        |           |        |              |           |



   Келесі жылға жоспарды осы жылдық аяғында жазған дұрыс.

                             Тақырыптық жоспар.

|Сабақ        |Әдістер  |Көрнекі құрал |Оқу кестесінен тыс|Сыныптан тыс    |
|тақырыбы     |         |              |өткізілетін сабақ |оқылатын әдебиет|
|             |         |              |                  |                |













                       Мұғалімнің сабаққа дайындалуы.
     Әр сабақтың өткізілуі мұғалімнен мұқият дайындықты қажет етеді.
Сабаққа дайындық келесі кезеңдерден тұрады:
   1. оқу материалын іріктеу;
   2. әдістерді таңдау;
   3. сабақ құрылымын анықтау;
   4. көрнекі құралдарды дайындау;
   5. жоспар немесе конспект жазу.
     Мұғалім сабақтың ғылыми мазмұнын кең білу керек  және  мектеп  оқулығын
сынмен ұғынуы керек.
     Мұғалімнің міндеттері:
I міндеті – мол ғылыми ақпараттың ішінен керек материалды қатаң іріктеу.
II міндеті –  оқыған  ақпаратты  шығармашылық  педагогикалық  сіңіру  (қайта
қарау): негізгі сұрақпен  қосымша  сұрақтарды  белгілеу,  баяндау  логикасын
ойластыру, негізгі бөлімдердің мазмұнын, олардың  көлемін  ойластыру;  сабақ
үстінде тәрбие жұмысын белгілеу.
     Мұғалім осы  сабақта  қандай  ұғымдарды  құрып,  бұрынғы  тақырыптардан
қандай білімді әрі қарай дамыту керегін анықтайды.
    Бұл дайындықта мектеп оқулығы мұғалімге салмақты көмек көрсетеді,  бірақ
білім көзі ретінде қызмет атқара алмайды.
    Сабақтың сәтті өтуі мұғалімнің жақсы дайындығына байланысты.
   Әр биологиялық курс логикалық кезекте орналасқан тақырыптардан  құралады.
Бағдарламаның әр тақырыбы  логикалы  байланысқан  сабақтардың  жүйесі  болып
саналады.
    Жылдың басында бүкіл курсқа арналған кіріспе сабағы өткізіледі.
     Көлемі үлкен тақырыптарда 3 түрлі сабақтарды айыруға болады:
1. кіріспе
2. тақырыптың мазмұнын ашатын
3. қорытынды сабақтар.
     Көлемі шағын тақырыптарда мұғалім бірінші  сабақта  кіріспені  өткізіп,
ақырғы сабақтың аяғында қорытынды жасайды.
   Сабақ мазмұнына толық тексерілмеген ғылыми  фактілермен  және  тақырыппен
аз байланысқан мәліметтерді енгізуден сақтану қажет.
    Сабақтың шамадан артық деректі материалмен жүктеу оқушылармен  түсіндіру
және жалпылау жұмыстарын өткізуге мүмкіндік бермейді.
    Курсты көңілдегідей оқыту үшін үлестіріп берілетін  материалдар  (құрғақ
және кептірілген күйде) қажет; бұл материалдың көбін қай  мектеп  болса  да,
өз күштерімен дайындай алады.
     Оқушылардың өздеріне көрнекі құрал жасатуға ерекше  көңіл  бөлу  керек.
Оқушылардың экскурсияда  жинаған  материалдарынан  таблицалар,  гербарийлер,
коллекциялар жасауға болады. Мектепте оқу –  тәжірибе  участогы  болса,  жыл
сайын  биология  кабинетіне  жаңа  материалдар  қосылады,  оларды  гербарий,
таблица және коллекция етіп жасауға болады.  Мысалы,  “Дарвин  участогындағы
өсімдіктер түрлерінің тұқымдары”,  “Өзгергіштік”,  “Өсімдіктер  дүниесіндегі
бейімделушілік”, “Қолдан сұрыптау” және т.б..
     Көрнекі құралдарды, үлестіру материалды және  тәжірибе  жұмысына  қажет
жабдықтарды сабақ қарсаңында дайындап қою керек.
     Жаңа мұғалімге сабақ қарсаңында өзі құралды жинап,  тәжірибені  өткізіп
жаттығып алған дұрыс.  Алдын  ала  тәжірибені  көрсеткенге,   микроскоптарға
ыңғайлы орындар белгілеп алу керек.


      Сабақты жүргізу.  Сабақтың  жоспары  жақсы  құрылған  болса  да,   оны
сыныпта  өткізген  жағдайда,  егер  де  уақыттың   тәртібі  бұзылатын  болса
сәтсіздікпен аяқталуы мүмкін. Сабақты  жүргізуге  45  минут  беріледі,  оған
жоғары педагогикалық нәтижесін пайдалану қажет.  Сондықтан  сабақтың  барлық
бөліктерін жүйелеу және оны белгілі ырғақпен өткізу керек.
       Сабақтың  басында  «ұйымдастыру  сәтіне»  көп  уақыт  бөлмеу   керек.
Мектептерде бірыңғай талап етуіне байланысты  балаларды  1  сыныптан  бастап
сабаққа  дайындауға  үйретеді.  Сабақты  жүргізу  кезінде  жаңа  материалмен
танысып, дереу кірісу керек. Ең алдымен тақырыпты  қысқа  айтып  кету  керек
және мазмұнындағы сұрақтар немесе мәселелерді қою қажет.  Көбінесе  сабақтың
басында оқушылардың үй  тапсырмасын  тексереді,  оған  сабақтың  жартысындай
кетеді.  Мұғалім  тақтаға  шығарылған  оқушымен   әңгімелеседі,   ал   сынып
оқушылары бұл уақытта бос отырады. Бұл мұғалімнің үлкен қатесі. «Мұғалім  еш
уақытта  ұмытпауы  қажет,  алдында  сынып  оқушылары  бар  екенін.   Мұғалім
әрқашанда, бүкіл сынып оқушыларының жұмыс істеп  отырғаның  қадағалау  керек
және бүкіл сыныпты мұғалім қызықтыру керек,  балалар жақсы білім  алу  үшін»
- В.В Половцов айтуы бойынша.
      Оқушылардың  білімін  тексеру  сабақтың  басында  қоймау  керек,  жаңа
материалмен байланыстыру  керек.  Оқушылардың  сабақтағы  рөлін  анықтау  ең
маңызды болып келеді. Олардың сабақтағы жауаптары  сыныптың  дамуына  әсерін
тигізеді,   алдұрыс   емес    жауаптарын    оқушылар    түзетуге,    сынауға
тырысады.Сабақтаоқушылар   жауаптар   мен   мәліметтерді    қолданады,    үй
тапсырмасына қажет қызықты материалы бойынша алдын-ала дайындалады.  Әсіресе
маңызды  мәліметтерге  байқаулар   мн   көрсету   тәжірибелері   оқушылардың
экскурсия немесе кластан тыс уақытта, үйде өткізілгені бойынша  болады.  Бұл
жағдайда оқушылар танымдық рөлін өткізеді бұл білімнің көзі болады.
      Оқушылар сабаққа қосқанда жан-жақты болады.
        Ұйымдастырылған ассистенттер мұғалімге көмектеседі.
            1) Көрсету құралы – кинофильмдерді, диапозитивтерді көрсету.
            2)   Практикалық   жұмысты   өткізу   –   құралдарды    көрсету,
               материалдарда, нәтижелер мен құралдарды жинау.
Сабақтың мазмұны бойынша
Ауызша:
1) Әңгімелескенде ( жеке оқушымен)
2) Қысқаша докладтармен
Көрнекілік:
   1) Модельдер мен кестелер, гербарий
   2) Тақтадағы схемалар
   3) Жануарлар мен өсімдіктерге жасалған тәжірибелер
Тәжірибелік – мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушыларға  тәжірибелік  жұмысты
жүргізу.(байқау, анықтау, қысқа мерзімді эксперимент)
Білімді тексеруде (жауаптарда):
   1) Ауызша
   2) Көрнекілік құралды қолдануға
   3) Практикалық жұмысты жасау
Мұғалім мұндай оқу әдістемесімен байланысты басқа факторларды  әрқашан  білу
қажет. Әрбір сабақтың бөліктері қорытындыны қажет етеді.
       Мұғалім сабақты жүргізу барысында құралдар мен аппаратураны  іздеумен
алаң болмау керек. Сонемен қатар  ол  сабақтың  алдында  дайындап  қойғанына
қарамастан биология мұғалімінде 2 ассистент болуы қажет.(өз  еркімен  немесе
1-2 айда ауыстырылған) сабақтың  барысында көмектесетіндер. Олар  құралдарды
тәжірибелік  жұмыстың  алдына  әкеліп  қояды.  Сабақтың  алдында   әкелінген
материалдар   оқушылардың   назарын   аударады.   Ассистенттер   терезелерді
қараңғылатып,  диапозитивтер  мен  фильмдерді   көрсетеді.   Ассистенттердің
көмегі  уақытты  үнемдейді,  және  мұғалімге  сабақты  жүргізуге   мүмкіндік
береді, ассистенттердің өздерін тәрбиелейді және бүкіл сыныпты.
Мұғалім  сабақты  жүргізу  барысында  бақылау  қажет,  мазмұны  мен  жүргізу
әдістің бөліктері орындалуы  керек.Мұғалім  әрқашан  да  қосымша  материалды
пайдалануға дайын тұру қажет. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру қажет.
Биология сабағында қайталау.
Қайталау жақсы нәтиже береді, егер де алғашқы  оқу  материалымен  байланысты
болса. Алғашқы  материалды  жақсы  меңгерсе,  кейінгі  материалды  да  жақсы
меңгереді, себебі олар бір-бірімен байланысты.  Ұғымдарды  қайталау  кезінде
жаңа  байланыстар  қаастырылады,  және  басқа  фактілерді  жүйелеу   білімін
дамытады. Өткен тақырыптарды қайталау оқушылардың ойлаусыз көп  қайталанатын
болса, білімге әкеледі деуге болмайды.Мұндай  жағдайда  оқушылар  материалды
тек механикалық түрде жаттап алады.
Тек өткен тақырыпты қайталамай алдыңғы сыныпта өткен ұғымдарды  байланыстыра
қайталаған жөн. Мысалы 8 сыныптағы «Асқорыту»тақырыбын  өту  барысында  «Қан
және қанайналым» тақырыптармен байланыстыру қажет.
Әрбір биология курсында ұғымдарды дамыту үшін қайталау жүйесі  керек.  Мысал
ретінде 5-6 сыныптағы қайталау жүйесі көрсетілген.
Анатомия,  физиология  және  адам  гигиенасы  курсын  оқу  кезінде  зоология
пәнінен  келесі сұрақтарды қайталаған маңызды:


|Тақырыптың аты      |Алғашқы курстан нені қайталау керек                  |
|Адам ағзасы туралы  |Клетканың құрылысы. Сүтқоректілердің ағзасындағы     |
|жалпы түсінік       |жүйелердің топографиясы. Рефлекс  туралы ұғым, оның  |
|                    |ішінде шартты және шартсыз рефлекстер                |
|Тірек-қимыл жүйесі  |Сүтқоректілердің қаңқасы                             |
|Қанайналу жүйесі    |Қанайналу жүйесінің жалпы схемасы. Сүтқоректілердің  |
|                    |кіші және үлкен қанайналым шеңберлері; басқа         |
|                    |омыртқалылардың қанайналу жүйесі                     |
|Тыныс алу           |Сүтқоректілердің тыныс алу жүйесінің құрылысы        |
|Асқорту             |Сүтқоректілердің асқорыту жүйесінің құрылысы. Әртүрлі|
|                    |сүтқоректілердің тістің орналасуы                    |



|Тақырыптың аты      |Алғашқы курстан нені қайталау керек                  |
|Зат алмасу          |Жануарлар мен өсімдіктерде зат алмасу                |
|                    |                                                     |
|Тері                |Әртүрлі омыртқалылардың терісінің құрылысы:          |
|                    |амфибилердің, рептилилердің,сүтқоректілердің.        |
|Нерв жүйесі         |Сүтқоректілердің миының құрылысы. Омыртқалылардың    |
|                    |нерв жүйесінің эволюциясы                            |



Жалпы  биологияны  оқу  кезіде  алдыңғы   курстардың   көптеген   сұрақтарын
қайталаған дұрыс.Қайталауға көп уақытты бөлген дұрыс емес.
Бір   бөлімді   жаңа   материалмен   байланыстымай   қайталау    оқушылардың
қызығушылығын төмендетіп, жаңа нәтиже  бермейді.Алдын-ала  тапсырмалар  беру
арқылы  сабақтарды  қайталау  жүргізіледі.  Мысалы  «Биология  даму  кезеңін
сипаттау»сабағында  9  сыныптағы  бірлік  жүйелерінде   өсімдіктердің   және
жануарлардың классификациясын  қайталайды,  ал  «жыныссыз  және  вегетативті
көбею» сабағында 10 сыныпта «Бактериялардың көбеюі,  біржасушалы  балдырлар,
гидралар,   мүктердің,   папоротниктердің   спора    түзуі,    өсімдіктердің
вегетативтік көбеюі» байқалады.
      Сыныпта өткен жылдық кітаптар және басқа әдебиеттер  болу  керек.  Бұл
оқушының өздігінен қайталауы үшін керек.
Жалпы  биологияны  алдыңғы  курстарды  қайталау   жоспарын   мысал   ретінде
келтіреміз. Мұғалімнің қаталдығы оқушыларды уақытты үнемдеуге үйретеді.
6 cыныптағы материалды өткен кезде 5 сыныптағы материалдар  қайталанады,  ол
үшін үйге қайталауға уақыт беріледі.
Жоғарғы сыныптарда қайталау кезінде тірі ағзалар жүйесін оқыған кезде  өткен
материалмен  салыстырмалы схемаларды қолдану керек:

                        Жануарлардың сыртқы құрылысы


|Типтік      |Тері жамылғысы|Дене         |Қозғалу мүшесі|Сезім мүш-і    |
|жануарлар   |              |бөлімдері    |              |               |
|Алабұға     |Алабұғаны сипаттау сабақтың үстінде жүреді.                 |
|            |                                                            |
|            |                                                            |
|            |Басқа жануарларды сипаттауға оқушылар үйден дайындалады     |
|Бақа        |                                                            |
|Кесіртке    |                                                            |
|Ұзақ        |                                                            |
|Қоян        |                                                            |


Сүтқоректілерді өткен кезде жеке ағзалар  жүйесінің  құрылысын  салыстырады.
Қорытынды нәтижесі ретінде күрделі қанайналым, және нерв, омыртқа  жүйесінің
эволюция құрылысының арасындағы байланыстарды қарастырады.  Сүтқоректілердің
ұрпақтарына қамқорлық жасау басқа жануарларда сияқты қайталанып отырады.
      Сүтқоректілердің классификациясы және төменгі  таксономиялық  бірлікті
байланыстырады, қайталаумен.
      Салыстырмалы нәтижелерді кестеге жазып алу керек.
      Жануарлардың жаңа топтарын өткен кезде,  оқушылар  кестеге  жауаптарын
жазады.
      Омыртқалылардың ішкі  мүшелердің  эволюция  жүйесін  қайталаған  кезде
суреттерді қолданады:
   1) Жүрек эволюциясы
   2) Тыныс алу мүшелерінің эволюциясы
   3) Мидың  эволюциясы
      Салыстырмалы кестеле ботаника пәнінде қолданады;  өсімдіктердің  тыныс
      алу процессінде және т.б.
      Анатомия  және  физиология   және   адам   гигиенасында   салыстырмалы
      кестелерді қолданады: «Мүшелер  жүйесінде»  ,«Қан  клеткаларында  және
      оның ағзадағы ролі» және т.б. өте маңызды кестені қолдануға болады.








      |Ұлпалардың аты    |Түрлері           |Функциялары       |Ағзаның ішінде    |
|                  |                  |                  |қайда кездеседі   |
|                  |                  |                  |                  |


     Кітап бойынша үй жұмысы .
     Үй жұмысы мұғалімнің оқушыларға үйде өз бетінше орындауға берген
практикалық және кітап бойынша ( сонымен қатар басқа кітаппен ) , сабақпен
байланысқан тапсырманың бір түрі .
       Оқушылар өздерінің оқитын оқулықтарымен жұмыс істеуді білмейді :
біреулері сыныпта жазған тапсырманы ғана оқыс , екіншісі  текістті жаттап
алады , басқа біреуі жай ғана қарап шығады .  Баяндама дайындағанда әртүрлі
әдебиеттердің беттерін көшіріп алады , ал мұғалім оны білмей оқушыны
мақтайды . Үй жұмысы оқушының ойын дамытып оны өз бетінше жұмыс істеуге
итермелегенде ғана мақсатына жетеді .
       Оқушылар тексттерді қатарынан оқып сыныпта мазмұндауы керек демей ,
керісінше тапсырма сұрақ түрінде дайындалып , оқушылар оған тиісті
материалды кітаптан тауып жауаптарын көрсетуі тиіс .
     Ең бастысы оқушының кітапты оқығанда оны түсініп оқуы керек .
     Оқушыны тақырыптың , тараудың соңындағы сұрақтары қызықтырады .Мұғалім
ол сұрақтарды оқушыларға өзі қояды . Кітаптағы сұрақтардың ішінде , мұғалім
қойған сұрақтардың ең маңыздылары ол салыстыруды қажет ететін сұрақтар . Ол
жылдан жылға күрделеніледі . 8-10 сыныптарда кең көлемде қажет етіледі .
 Үй тапсырмасы ретінде салыстыруды , тиісті – тиісті емес тігін көрсететін
тапсырмалар оқушының тақырыпты түсінуін жақсартады . Ол үшін оқушыға
кестені толтыру ұсынылады . Мысалы , 5-сынып оқушысына

|                       Гүлдің белгілері                            |
|Гүлдің бөлімдері  |Желмен тозаңданатын      |Бунақденелілермен     |
|                  |өсімдіктер               |тозаңданатын          |
|                  |                         |өсімдіктер            |
|                  |                         |                      |


       Үй жұмысы сабақты бекіту үшін ғана емес сонымен қатар фронтальды
және индивидуальды болады .
       Тақырыпты аяқтайтын сабақтарда фронтальды тапсырмалар беріледі .
Кейде мұғалім дайын тапсырмалар жазылған дәптерді толтыруға береді . Егер
ондай дәптер мұғалімде ғана болса онда тапсырмаларды тақтаға жазуына болады
.
        Мұғалім сабақта оқушыға кітапты үйде дұрыс пайдаланудың бірнеше
тәсілдерін үйретеді . Ол тәсілдер :
   1. Кітаптағы материалды көз жүгірту арқылы қарап шығу ;
   2. Тексттің қиын жерлерін ,терминдерді , ескертулерді ,ссылоктарды талдап
      оқу ;
   3. Суреттерді , сызбаларды , схемаларды , кестелерді қарап , түсіну ;
   4. Санмен көрсетілген мәліметтерді түсіну ;


         Жоғарғы сынып оқушыларына оқулықтан жаңа өз бетінше орындау үшін
   әртүрлі тапсырмалар берілуі мүмкін .Сөйтіп мұғалім тапсырманы қиындата
   береді .Алғашқыда мұғалім сабақта орындайтын тапсырманы жалғастыру үшін
   үйге әртүрлі сұрақтар береді . Одан кейін сабаққа байланысты өздік
   жұмыстар беріледі , сосын сыныпта басқа материалмен аналогиялық талданған
   сұрақтар , соңынан сабақтың біраз бөлігі үйдегі өздік жұмысына арналады .
   Бұл болашақта өздігінен орындауына қажет .
           Білімді бекіту үшін суреттің маңызы зор . Оқушылар ауызша ғана
   жауап бермей схема бойынша гүлдің құрлысын , жануарлардың сыртқы және
   ішкі құрлысын , ұлпаның түрлерін , сүйектердің әртүрлі түрлерін ажырата
   білуі тиіс .
            Сонымен қатар  олар схема құруды : қанайналым , тынысалу
   ,асқорту , зат алмасу , клетканың құрылысы , фотосинтез , моно және
   дигибридті будандастыруға .
    Практикалық үй жұмысы .
Мысалы , үй жұмысы ботаникадан морфологиялық және физиологиялық тұрғыдан
болады . Морфологиялық тапсырма ( гербарийлеу , сабақтын , гүлдің
бөлімдерін бөлімдеу ) осы материалды бекіту үшін сабақта жүргізіледі .
Физиологиялық тапсырманы біртіндеп , яғни оның қорытындысын , байқалуын сол
сабақта қолдана алатындай (тұқымның өнуі , жапырақтағы судың булануы және
т.б.)
       Тәжірибе жұмыстарын белгілі бір сабақта орындау үшін олардың уақытын
белгілеу қажет . Мұндай тәжірибе жұмыстары көбінесе ботаника курсында көп
болады . Оларды орындау үшін мынандай уақыт керек :
   Гербарийді кептіру -  7 күн .
   Тұқымның ісінуін анықтау – 2 күн .
   Әртүрлі жағдайда тұымның өсуі – 7 күн .
   Тамырдың өсуін қадағалау – 10 күн .
    Жапырақтың қаңқасын дайындау – 7 күн .
    Сабақтың топырақтан өсіп шығуы – 20 күн .
    Мұғалімнің тапсырмасымен оқушылар өздерінің тәжірибелерінің
қорытындыларын бір сабаққа алып келеді . Мұғалімнің көрсетуімен оқушылар
өздерінің тәжірибелерінің қорытындыларын баяндайды . Бұл сабақтағы  үй
жұмысын баяндау сияқты .
      Практикалық жұмыстар зоология сабағынанда беріледі . Ботаника
пәніндегі сияқты мұнда да тәжірибенің өтетін жері , байқалуы болады .
Зоологияда байқау: ауылшаруашылық зиянкестеріне , құстарды қорғау ,
ауылшаруашылық жануарларына қарау .
       Зоология курсында бөлшектеуге көп көңіл бөлінеді .Мысалы , уйге өзен
шаянының денесін картонға орналастыру , балықтың скелетін құрастыру сияқты
.       Адам анатомиясы  физиологиясы мен гигиенасынан да үй жұмыстары
ретінде практикалық және эксперименттік жұмыстар жүргізуге болады . «Тірек-
қимыл жүйесі» тақырыбын бекіткенде практикалық жұмыс ретінде сүйекті өртеу
, оны қышқылға салу , сүйектердің түрлері картонға жапсыру ( ұзын сүйек ,
формасы әртүрлі сүйек , жалпақ сүйек ) . Оған жануарлардың сүйектері
қолданылады .
        7-10 сыныптарда биологияны оқыту кезінде басты орынды жануарлардың
рефлексін анықта болып табылады . Мұғалім кімде балықтар , құстар сияқты
т.б. үй жауарлары бар екенін анықтайды . Оқушылардың қалауымен оларға
рефлекстерді анықтап күнделік жүргізуге тапсырма береді . Келесі сабақтарда
 оқушылар өздерінің жүргізген тәжірибелері мен күнделіктерін баяндайды .
          Табиғи объектілермен жұмыс істеу жалпы биология курсында да
жүргізіледі . Оқушыларға табиғаттан немесе мектеп ауласынан материал жинау
тапсырылады . Жұмыс қысқа мәліметпен ( қайда , қашан , не жиналды  және не
байқалды ) және гербарий , коллекция , кестемен  керсетіледі . Ол кезде
оқушылар әртүрлі әдебиеттерді , анықтауыштарды , жиналған өсімдік немесе
насеком туралы жазылған әдебиеттерді пайдаланады .
         Оқушылар тәжірибе жасап , байқау күнделігін жүргізіп , суреттер
салады . Оқушылардың үйде  жүргізген экспериментті жұмыстарының қорытындысы
, мұғалімнің тапсырмасы бойынша мектеп ауласынан жиналған гербарийлер мен
коллекциялары сабақта қолданылады . Бұл материалдар практикалық жұмыстарда
да қолданылады .

Оқушыларды үй жұмыстары әртүрлі болуы мүмкін :

   1 . Кітаппен жұмыс :
        Сұраққа жауап ;
        Кесте түрінде .
   2 . Әртүрлі журналдар мен кітаптарды оқу ;
        Конспект , баяндама дайындау .
    3 . Тақырыпқа байланысты суреттер дайындау .
   4 . Табиғи объекттермен жұмыс ;
         Бөлме өсімдіктерінің мүшелерінің формасын анықтау ;
         Тәжірибелер қою ;
         Жануарларды байқау ;










        Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта
өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда
оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып
отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы
оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл
жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй
жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті
артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады . Олар өзінің оқу
жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта
алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге
жаттығады, өзін өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін
меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше
баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте
берік меңгеріледі, оқушының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі
қалыптасады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынандай шарттары бар:
  1.  Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді
әдіс-тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет.
          2 .  Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызық-тыратындай болуы
және өмірмен, олардың іс-тәжірибе-лерімен байланысты болғаны жөн.
  3.Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін
болған жағдайда бірнеше нұсқада (вариант) болғаны пайдалы.
  4.Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
   5 .Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй
тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіне
байланысты.
  6.Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас
ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.
   7 .Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім , оның орындалу
сапасына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылар-  дың
назарын аударып отырғаны жөн.
             Үй тапсырмасына даярлық – 2-3 мин.
        Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушының ынтасын
артырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.
Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін-өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол
жемісті болмақ .Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орын-далуын ескеру
мұғалімдер үшін аса қажет болмақ .Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан
тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен
таным қабілеттерінің мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отыра, оқу
министрлігінің нұсқауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға
берілген уақыт мөлшері мынандай болып белгіленген:
I - II сыныптарда - 1 сағат;
III - IV сыныптарда - 1,5;
У - VIII сыныптарда - 2 сағат;
IX - Х сыныптарда - 2,5 - 3 сағат.
         Сонымен қатар, оқушылардың сенбі және жексенбі күндері бос болуы
үшін дүйсенбіге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмалары мұғалімнің қатысынсыз
орындалатын болғаннан кейін, олар ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста
болып, оларға оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарына көмектесіп отырулары
үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап отырғаны жөн.
          Ол үшін әрбір оқушының үйлерінде тұрақты жұмыс кестесі болуы
тиіс. Осы кесте бойынша оқушылар күнде-лікті үй тапсырмаларын орындап
отыруға дағдылануы қажет. Оны ата-аналар ұйымдастырып, бақылап, жағдай
жасап отыруы тиіс.
         Үй тапсырмасын орындар алдында оқушы бір мезгіл таза ауаға шығып
демалып, дер кезінде тамақтанып, тынығып және уақытылы ұйықтап тұрса
баланың оқу жұмысын жақсы ұйымдастыруға тигізер әсері мол.
             Оқушылардың өзіндік жұмыстары оқушылардың оқу жұмысын сәтті
ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.
         Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін
жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі
арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар
өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап
етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында
ғана емес, оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың
әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным
қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады.
       Оқушылардың таным белсенділігі - оқуға қажетті білім мен дағдыны
меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының
істейтін саналы әрекеті.
      Оқыту процесінде оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта
болады : сыртқы және ішкі белсенділік.
     Сыртқы белсенділік дегеніміз- оқушы әрекетінің сыртқы көріністері
(белсенді қимыл қозғалыстары, тәжіри-белік әрекеттері, мұғалімге зейін
қойып қарауы, мими-касы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы
да мүмкін.
      Оқушының ішкі белсенділігіне - оның белсенді түрде ойлау әрекеті
жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл
қасиетсіз адамның қандайда болмасын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
    Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту
процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды
мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін
дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым
(еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға
негізделген белсенділік) және күрделі (творчестволық т.б. белсенділік)
түрлері болады.
       Соңғысы оқушының жоғарғы саналылығы мен дербестігін керек етеді.
Оқушылардың   жас   ерекшеліктеріне   және   психикалық   даму  
дәрежесіне   қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып, дамиды : қимыл
және сөйлеу, ойын және оқу (таным), өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.
        Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
1. мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
2. жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
3. мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың
жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
4. оған әсер ететін мотивтер т.б.
       Оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын,
сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласымен
жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен
психологтар (Р. Г. Лемберг, М. Н. Скаткин, В. А. Занков т.б.) оқушылардың
өзіндік жұмыстарының ерекшелігі - олардың ықыласы және өз еркімен әрекет
жасауына байланысты деп санайды.
          Алдыңғы қатарлы мектептердің іс тәжірибелеріне көңіл бөлсек,
оқушылардың өздік жұмыстарының сан алуан түрі бар екенін байқаймыз.
Мәселен, оқушылардың сабақ үстінде меңгерген оқу материалдарын пысықтау
үшін оқулық не басқа құралдар бойынша жұмыс істеуі, көркем әдебиеттерін,
ғылыми және техникалық әдебиеттерді пайдалануы; жаттығу жұмыстарын жазба
түрде орын-дауы, графикалық жаттығу жұмыстарын жүргізуі, түрлі практикалық
немесе лабораториялық бақылау жұмыс-тарын өткізуі (репродукциялы жұмыстар),
шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында баяндама, реферат, шығармалар,
пікір жазуы және көрнекі құралдар, модельдер, конструкциялық т.б. жұмыс
түрлерін жатқызуға болады.
           Репродуктивтік типтегі өзіндік жұмыстарын оқушылар өздерінің
меңгерген білімдеріне сүйене отырып орындайды. Шығармашылық (творчестволық)
типтегі өзіндік жұмыстарын орындауда оқушылар өзінің болжау, топшылау,
түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне
сүйене отырып, ой қорытындысын жасап жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық
ашады. Сөйтіп бұл жағдайда белгілі дәрежеде оқушылардың бейімділігін
айқындап береді.
         Оқушылардың үй жұмыстары мен оқу материалын қайталау кезіндегі
өздігінен істейтін жұмыстарының да маңызы ерекше. Бұған қоса көрнекі
құралдарын (карточкалар, схемалар, чертеждар, оқу карталары т.б.) пайдалана
отырып өздік жұмыстарын ұйымдастырудың да пайдасы зор.
Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін, алдымен,
олардың өзіндік әрекеттерінің негізгі психологиялық ерекшелік-терін
білгені жөн. Оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері мыналар:
1. оқушының алдын ала өз әрекетінің жалпы және нақты мақсаты мен
міндеттерін анықтау;
2. жоспарға сәйкес амал-тәсілдерді қолдана білу;
3. өз әрекетінің барысын бақылап отыру.
          Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті
болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген
ынтасы төмендейді, соның салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады.
         Профессор Р. Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыста-
рын  ұйымдастыру мына шарттарға байланысты болмақ:
   1. оқушының істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;
   2. жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
   3. жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы. өзіндік Жұмысты
      ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:
         • жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға
           көңіл аудару;
         • оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс
           ұштастыра білу;
         • оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін
           жүйелі түрде дамыту;
         • өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған
           материалдарды, хабарларды енгізу;
         • оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын,
           сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап
           түсінуге үйрету;
         • оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге
           дағдыландыру;
         • оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр
           уақытты дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
         • оқушылардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын
           қалыптастыру.
       Н . К. Крупская 1934 ж. жазған ''өздігінен білім алумен шұғылданушы-
ның есіне'' деген тезистерінде мынадай жалпы кеңестер (нұсқаулар) береді:
өздігінен білім алу үшін, алдымен, сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға
(іштей жылдам оқи білу, библио-графиялық дағдылар, түрлі анықтама
әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті
әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді. Ең дұрысы -
кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі
жоспармен, жүйемен жасауы керек.
       Алғашқы кездерде тәжірибелі адамдардан, кітапхана-шылардан кеңес,
консультациялар алудың пайдасы зор. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай,
көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
     Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп оқып, түсінбеген жерлерді
қалдырмай, бір оқығанда қайта оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
Сонымен қатар анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді
қоса пайдаланып отыру керек.
      Н. К. Крупскаяның бұл кеңес-нұсқаулары қазіргі күнде де маңызын
жойған жоқ .
     Оқушылардың өздігінен білім алу әрекетін арттыру мақсатында қазіргі
озат мектептер арнайы жұмыстар жүргізуде . Жоғары сынып оқушыларына
арналған еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру (НОТ) сабақтары, кітапхана
сабақтары, библиографиялық конкурстар , саяси тақырыптарға арналған
факультативтер, саяси клубтар, оқушылардың қызығулары бойынша ұйымдас-
тырылған үйірмелер, арнайы семинарлар мен лекторий-лер, ой еңбегінің
мәдениетін жетілдіру университеті, кон-сультациялық бюролар, жас мұғалімдер
үшін ''өздігінен білім алу мектебі'' т.б. жұмыстар. Мұндағы көзделген
мақсат - оқушылардың өздігінен білім алуға қызықтыру және бұл жұмысқа
қажетті нақты қарапайым дағдыларды қалыптастырып, дербес білім алу
мәдениетін арттыру.
     Бұл жұмыста жоғары сынып оқушыларын өз жұмысын жоспарлауға, уақытты
дұрыс (үнемдеп) пайда-лануға, өзіне қолайлы күн режимін белгілеуге
үйретудің маңызы зор. Сол сияқты оқығанын конспектілеуге, тыңда-ғанын жазып
алуға, өзіне керек хабарларды іздеуге, библиографиялық және анықтама
материалдарды пайда-лануға кітаппен, каталогпен жұмыс істеуге арнайы дайын-
дау және үйрету мектептің өте маңызды міндеті болып табылады.
     Ол үшін мектеп оқушыларына арнап ''Кітап оқу мәдениетінің негіздері''
атты факультативтік сабақ ұйымдастырудың да маңызы ерекше.
     В. А. Сухомлинский оқушының өздігінен, өз ықыла-сымен жүйелі кітап
оқуын ақыл-ой тәрбиесінің екінші бағдарламасы деп санаған. ''Кітап, - дейді
ол, балалардың өмірінде бала жақсы оқи білуге үйренгенде ғана үлкен рөл
атқарады. ''Жақсы оқи білу'' деңгейінің мәні неде? Бұл, ең алдымен, кітап
оқудың қарапайым әдісін білу, игеру болып табылады'' дей келе, ол кітапты
жүйелі оқудың, ең алдымен көркем әдеби шығармалардан, одан әрі ғылыми-
көпшілік әдебиеттерге ауысуын жөн көреді. Егер адам өз өмірінде екі мыңдай
кітап оқитын болса, соның жарты-сын балалық және жасөспірім шақта оқуға
тиісті дейді . Өздігінен білім алудың қайнар бұлағы - біріншіден кітап
болса, екіншісі мерзімді баспасөз. Соған орай газетпен жұмыс істей білу -
газет бетінен керек материалды таба білу деген сөз. Газетпен жұмыс істеу
аса ауыр да, күрделі болумен қатар, тым қызықты да.
      Оқушыларды газет-журналдарды жүйелі оқуға итермелейтін мотив -
білімге деген құштарлық, қызығу (таным мотиві). Газет оқуға олардың ынта-
ықыласын арттыру үшін, мұғалім сабақта мерзімді баспасөз беттерінде
жарияланған материалдарды өзі пайдаланып және оқушыларға содан үйде оқуына
арнайы тапсырмалар беріп отыруы


Ботникадан оқушылардың білімін тексеру және баға қою
    Білім, іскерлік, және дағдыларды тексеру оқушылардың танымдық
процестерін күшейтуге үнемі байланысты болғандықтан, ол мектеп оқушыларының
зейін, ес, ойлау, сөз сияқты танымдық процестерінің дамуына ықпал жасайды.
Оқушылардың білімін тексерудің оқыту процесінде өз мәніндегі ролі болмайды,
бірақ ол педагогикалық процестің барлық бөлімдерімен ажырамастай
байланыстағы қажетті құрам бөлігі болып табылады. Ботаника курсының мол
мазмұны оқушылар білімін әр түрлі методтармен тексеруге мүмкіндік жасайды.
Білімді ауызша, жазбаша тексеру, практикалық жұмыстары өте кең қолданылады
    Білімді ауызша тексеру. Білімді ауызша тексеру оқушылар білімін жан-
жақты тексеруге мүмкіндік береді. Оқушылардың оралымды  баяндауы осы
методтың бір түрі болып табылады. Ботаникадан білім тексеру үшін оралымды
баяндауды қолдану мұғалімге оқушылардың білімін әділ де дәл анықтауға, ойы
мен ауызша сөйлеуін дамытуға мүмкіндік береді. Алйда ауызша тексерудің бұл
түрі көп уақытты қажет етіп, осы сабақта жауап беретін оқушыларды ғана
жұмылдыра алады.
    Сондықтан оны білімді ауызша тексерудің басқа түрлері және тәсілдерімен
үйлестіру қажет.Мысалы, тақтаға шақырылған оқушының біріне мүктің өсіп-
жетілу кезеңдерін жүйелі түрде қысқаша жазу ұсынылады. Екінші бір оқушы осы
тақтаға әрбір жазбаны схемалы суреттермен сипаттап береді. Қалған оқушылар
өз жолдастарының істеген жұмысын қадағалап, олардың кейбіреулеріне
орындалған тапсырманы түсіндіру және мүктің өсіп-жетілуі мен табиғатта бұл
процестің жүзеге асуына қажетті жағдайлар туралы толық баяндап беру
тапсырылады. Сондай-ақ білім тексеруге байланысты бір оқу таблицасының
мазмұнына ауызша талдау жасау; мазмұндары жағынан байланысты екі-үш
таблицаға ауызша салыстырмалы талдау жасау; әр түрлі тұқымдас өсімдіктер
өкілдерінің морфологиялық белгілерін қорытындылай отырып сипаттау; бұрын
зерттелген табиғи объектінің оқушылар үшін ұқсастығы жағынан
жаңалығынауызша сипаттау; бұрын зерттелген өсімдікті (немесе оның органын)
немесе бұрын өткізілген бақылауды, немесе қойылған тәжірибені т.б. схемалы
суреттермен қабаттастыра баяндаулы қолдануға болады.
    Ботаникадан оқушылар білімін тексерудің екінші түрі оқушылар білімін
жаппай тексеруге және мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс
қалыптастыруға көмекші болатын тексеру әңгімесі болып табылады. Тексеру
әңгімесі сыныптағы барлық оқуыларды оқуға жұмылдырумен бірге, олардың
зейінділігіне, есте сақтауына, ойлауына септігін тигізеді. Сонымен қатар
білімді ауызша тексерудің бұл түрі оқушылардың білімін бірқатар сұақтар
бойынша біршама қысқа мерзімде тексеріп, ботаника сабақтарында әдетте
тексеру әңгімесінің соңында меңгеретін жаңа оқу материалын түсінуге жалпы
сыныпты дайындауға мүмкіндік береді.
    Оқушылардың білімін жазбаша тексеру. Жазбаша тексеру бүкіл сыныптың
білімін барынша қысқа мерзімде анықтап, тақырыптың негізгі сұрақтарына
жауап алуғ мүмкіндік береді. Білімді жүйелі түрде жазбаша тексеру
оқушылардың оқу материалын тереңдете оқып үйренуіне, оның маңызды
сұрақтарын меңгеруге жағдай жасайды, өйткені олар жауап қайтара отырып,
білімді ауызша тексеруге қарағанда өздігінен жұмыс істеу дәрежесін көбірек
көрсете білуі, өз білімін қысқа, ғылыми және орфография жағынан дұрыс
баяндай білуі қажет. Сол себепті жазбаша тексеруді жинақтау ретінде, яғни
тақырыпты толық оқып үйрену соңынан өткізу орынды. Мұндай тексеру өткізу
үшін алдын ала психологиялық дайындық жасау, ал бұдан басқа бұрын
меңгерілген оқу материалын дер кезінде пысықтау туралы ескерту қажет.
   Биологиялық білімді бағалаудың көпшілік қабылдаған критериі мынлар болып
табылады.
   Егер оқушы оқып отырған және бұын оқылған бағдарламадағы материалды
біліп, дұрыс ұсынса, баяндаған қағидаларды дәлелді мысалдармен бекіте алса;
нақтылы фактілерді дұрыс түсіндіріп, ол бойынша дұрыс қорытындылап,
жинақтай алса; меңгерген ғылыми қағидалар мен қорытындылардың практикалық
маңызын түсінсе; оқулық текстінде баяндалғандарды сөзбе-сөз айтуға
тырыспай, жүйелі де толық жауап берсе; зертханалық жұмыстарды орындаған
кезде приборларды; аспаптарды пайдалана білсе, бақылағандарынан дұрыс
қорытынды жасай алса, «5» деген баға қойылады.
   Егер оқушы жауабын «5» деген баға үшін белгіленген талаптарға негізінен
сайболып бірақ,
А) материалды бақылауда немесе фактілерді түсіндіруде бірлі-жарым
ағаттықтар жіберілсе, немесе
Б) жауап қайтару кезінде оқушылық текстіден шыға алмай, бірақ мұғалімнің
бақылау сұрақтарына түсіндірген материалды ұғатындығын аңғартса, немесе
В) зертханалық жұмыстарды дұрыс орындай отырып, кейбір қорытындыларға
қиналатын болса, орындалған жұмыстың нәтижелерін жеткілікті мөлшерде толық
қорытындылай алмаса, «4» қойылады.
    Егер оқушының негізгі бағдарламадағы материалды білетіндігі және
түсінетіндігі байқалса, бірақ:
А) жекелеген маңыздыларды айтпай, анықтамаларда ағаттықтар жібере отырып,
материалды үстірт баяндаса, немесе
Б) фактілерді қорытындылау, жинақтау және түсіндіруде қиналып, бірақ
мұғалімнің көмегімен оларды орындап шықса,немесе
В) теориялық материалды дұрыс баяндай отырып, баяндалған қағидаларды
нақтылы фактілермен бекітуде қиналса, немесе
Г)  жауап қайтарғанда оқулық текстін қайталап айтып, мұғалімнің бақылау
сұрақтарына жауап берген кезде баяндалған жеке жағдайларды
қанағаттанарлықсыз түсінетіндігі байқалса немесе
Д) зертханалық жұмыстарды орындау кезінде приборлар және аспаптармен жұмыс
істеу дағдыларында  кемшіліктер байқалып, ұқыпсыздыққа жол берілсе,
өткізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша қорытынды жасауға мұғаліснің
көмегінсіз қиналатын болса, «3» қойылады.
   Егер оқушы:
А) оқытылатын материалдың көпшілігін  немесе өте маңызды бөлімін
білмейтіндігі байқалса немесе
Б) нақтылы фактілерді түсіндіре алмай, баяндалған материалдың практикалық
маңызын түсіне алайтындығы айта алмайтындығы байқалса, немесе
В) мұғалімнің негізгі және жетекші сұрақтарына өздігінен және жүйелі түрде
жауап қайтара алмайтын болса, немесе
Г) зертханалық жұмыстарды орындау кезінде құрал-жабдықтар мен аспаптарды
пайдалана алмайтындығы байқалса, «2» деген баға қойылады.
  Егер оқушы баяндалған материалды толық білмей, ал зертханалық жұмыстарды
орындау кезінде тапсырманы орындауға тіпті кіріспейтіндігі байалса, «1»
қойылады.




                              Тәжірибелік әдіс.

1. Тәжірибе биологияны оқыту әдісі ретінде.

      Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе  тәсілдермен  іске  асса  да,
оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім  берудің  мазмұны  сияқты,  оқытудың
жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
       Тәжірибелік әдіс.  Оқушылардың  қабілеттілігін  дамытуда  маңызы  зор
әдістердің  бірі.  Бұл  әдіспен  сабақ  өткізген  кезде  ол  күрделі,  өзара
байланысып жатқан сөйлеу, көрнекілік және практикалық әдістердің  қолданылуы
арқылы іске асырылады. Әдісті жүргізілуге берілген тапсырмалардың өзінің  де
оқу-тәрбиелік маңызы  зор.  Бұл  әдіспен  сабақ  өткізу  ұстаз  жағынан  өте
тиянақты дайындықты, оның ұйымдастырушылық қабілеттілігін талап етеді.

  Өткізілген  сабақтың  нәтижесі  де  басқа  әдіспен  өткізілген  сабақтарға
қарағанда ерекше болады.

      Тәжірибелік   сабақ   кезінде   оқушылардың   танымдылық   іс-әрекетін
қалыптастыру үшін бес кезеңнен өткізу арқылы көруге болады.

  1. Оқытушы түсінік береді. Бұл кезең жұмыстың мазмұнын теориялық тұрғыдан
     ойлануы.

  2. Көрсету. Бұл кезең нұсқау береді.

  3. Сынақ кезеңі. Бұл кезеңде екі-үш  оқушы  берілген  жұмысты  орындайды,
     алқалғандары іс  барысын  бақылап,  оқытушының  нұсқауымен  жіберілген
     қателіктеріне ескертулер жасайды.

  4. Жұмысты орындау. Бұл кезеңде әр   бір  оқушы  берілген  тапсырманы  өз
     бетінше орындайды. Оқытушының назары  жұмысты  нашар  орындаушыға  көп
     бағытталады.

  5. Тексеру. Бұл  кезеңде  орындалынған  тапсырманы  қабылдап,  оған  баға
     беріледі.  Сапасына,  уақытты  дұрыс  пайдалана  білуіне,  оның  дұрыс
     орындалып, нәтижесі бойынша жасалынған  қорытындысына  тиісті  бағасын
     береді.

      Мектептегі оқытуда оқу пәнінің көлемін бекітумен қатар  және  сабаққа
  қажетті материалдарды іріктеуде оқыту әдістерінің маңызы зор. Оқу мазмұны
  мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне  қарай  таңдап  алынған  оқыту  әдісі
  сапалы білім алуға мүмкіндік береді.  Мұндай  әдістер  ой  мен  түсінікті
  дамытуға және білімді жақсы меңгеруге ықпал етеді.Сонымен қатар тәрбиелік
  әсер береді. «Метод в самом общем  значении  —  способ  достижения  цели,
  определенным образом упорядоченная деятельность».

     Тәжірибелік  әдістерге:  лабораториялық,  практикалық,  графикалық,  әр
түрлі жаттығу жұмыстары жатады.
      Тәжірибелік әдістер-оқушылардың сабақта  алған  теориялық  білімдерін,
біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу  мақсатында  олардың
практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.
      Оқытудың  негізгі  дәстүрлі  әдістерімен  қатар  мұғалім   оқушылармен
бірігіп  сабақта,  оқу-тәжірибе  участогінде  оқу  приборлары  және  техника
құралдары көмегіне сүйеніп, оқу тәжірибелерін жүргізеді.
     Оқытудың  зертханалық  тәсілін  негізінен   биология,   химия,   физика
пәндерінде  жиі   қолданылады.   Аталған   пәндердің   мазмұны   зертханалық
жұмыстарды қажет етеді.
    Зертханалық  жұмыстар жаппай түрде немесе  оқушының  жеке-дара  орындауы
арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы оқушылардың бәрі  бірыңғай
тәжірибе  жасайды,  ал  жеке  оқушылар  орындағанда  әрқайсысының   жасайтын
тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады.
     Оқушылардың  зертханалық  жұмыстары   мектеп   жанындағы   оқу-тәжірибе
учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар  дайындау,
өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді.
     Дайындау кезеңінде оның  мақсаты  белгіленеді,  жоспары  жасалады  және
оқушыларды қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа  да  оқу  құралдарымен,
жұмыс істеу принциптерімен таныстырады.
     Өткізу  барысында  мұғалім  әр  оқушының  қойған   тәжірибесін   мұқият
бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.
      Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады. Біріншіден, әр  оқушы
өзінің орындаған жұмысын хабарлайды,  екіншіден,  ұжымдық  түрде  орындалған
жұмыстың   нәтижесі   туралы   әңгіме   өткізіледі,Үшіншіден,    зертханалық
жұмыстардың  нақтылы  қорытындыларын  мұғалімнің  өзі   жинақтап,   оқушылар
орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды
     Графикалық жұмыстар барлық пәннен  орындалады.  Бұған  кестелер  жасау,
диаграммалар құру, сызбалар  сызу  секілді  оқушылардың  әрекеттері  жатады.
Графикалық  жұмыстар  география  мен  тарих,  сурет   сабақтарында   кеңінен
пайдаланылады.

      Тәжірибелік   әдістерді   қолдану   оқушылардың    рецепторлары    мен
эффекторларының белсенді іскерлігімен, сонымен  қатар  олардың  жалпы  жұмыс
белсенділігінің дамуына байланысты.

     Тәжірибелік   әдістердің   тапсырмаларын   орындаудың   оқыту-тәрбиелеу
қатынасында маңызы зор. Бұл тапсырмаларды  орындауда  оқушылар  бұрын  алған
білімдерін  қолданады.  Сол  кезде  оқушылардың  ойлары  механикалық   емес,
білімге негізделе дамиды. Дәл  осы  жағдайда  тәжірибелік  әдістер  білімнің
қайнар көзі болады. Алайда бұл  әдістерді  қолдану  оқытушыдан  ойластырылып
ұйымдастырылған  сабақты   талап   етеді.   Себебі,   оқушылардың   жұмысына
жетекшілік ету өте ауыр.

Тәжірибелік әдістердің түрлеріне жататындар:

    - табиғи объектілерді тану және анықтау жұмыстары;

    - құбылыстарды байқау және тіркеу;

    - тәжірибені өткізу(сұрақты тәжірибе арқылы шешу).

Осылайша біз тәжірибенің оқыту әдісіндегі орнын анықтадық.


                        2.2. Биологиялық тәжірибелер.

    Тәжірибе  Эксперимент  проводится  в  искусственно  созданных  условиях,
причем из сложною комплекса многообразных естественных влияний  на  организм
отбирается и выясняется воздействие лишь отдельных изолированных факторов.

       Тәжірибе  көп  жағдайда  физиологиялық   процестерді   зерттеу   үшін
өткізіледі. Тәжірибе ұзақ және қысқа мерзімді болуы мүмкін.

      Қысқа  мерзімді  тәжірибелерге  мысал  ретінде  ботаника  сабақтарында
жүргізілетін  тұқымның  құрамын  анықтау,  топырақтың   физикалық   қасиеті,
жапырақта   крахмалдың   түзілуі   және   т.б.   жатады.   Қарапайым   жеңіл
тәжірибелерді оқушылар үйде  орындайды.  Оларға  тұқымның  өнуі,  жапырақтан
судың  булануы  жатады.  Адам   физиологиясы   курсындағы   қысқа   мерзімді
тәжірибелерге сілекейдің және асқазан сөлінің бөлінуін атап  кетуге  болады.
Биологиялық тәжірибелер ұзақ мерзімді талап  етеді,  сондықтан  сабақта  оны
толығымен орындамайды, тек оның қойылуы мен қорытындысын көрсетеді.

   Жалпы биология бойынша әртүрлі экологиялық факторлардың ағзаларға  әсерін
анықтау  үшін,  жануарларды  будандастыру  үшін  ұзақ  мерзімді  тәжірибелер
қойылады (лабораториялық тышқандар, алтынтүстес хомяктар, көгершіндер).

     Тәжірибелік жұмыстарды оқушылар сабақтан  тыс  (жеке  немесе  топтасып)
тірі  табиғат  бұрышында  немесе  мектептің   оқу-тәжірибелік   участкесінде
өткізеді.

     Тәжірибенің көпшілік алуан түрі оқу-тәжірибелік  учаскеде  өтеді.  Олар
негізінен ұзақ болады және барлық вегетациялық  кезеңді  алады,  яғни  бүкіл
жаз бойы.

    Оқушылар  алдына тәжірибенің және  бақылаудың  қорытындыларын  салыстыру
арқылы сұрақтар  және  тапсырмалар  қойылады  (тәжірибелік  және  бақылаулық
өсімдіктер немесе жануарлар бірдей жағдайға қойылады,  тек  сынаққа  алынған
біреуінен  басқасы).  Тәжірибе  кезінде  бақылауларды  нақты  өлшеу   арқылы
өткізеді. Әсіресе, бақылаулардың және тәжірибелердің  қорытындыларын  арнайы
кестелерге дұрыс тіркеудің маңызы  зор.  Себебі,  бұл  кестелер  тәжірибелік
және  бақылаулық  өсімдіктердің  дамуы  мен   өнімділігінің   көрсеткіштерін
салыстыруға  мүмкіндік   береді.   Тәжірибелерді   қою   оқушыларды   ойының
тәртіптілігіне, нақтылыққа, мәдениеттілікке, зерттеулердегі  сенімділік  пен
шынайылыққа үйрету керек.

    Оқушылар тәжірибе қоюға  үйде  және  тірі  табиғат  бұрышында  қарапайым
тәжірибелер қоюдан үйренеді. Сол арқылы мектеп  оқу-тәжірибесіндегі  күрделі
де, ұзақ тәжірибелерге дайындалады.

    Жануарларға қойылған ұзақ мерзімді тәжірибелер  мен  бақылаулар  олардың
қылықтарына байланысты.  Омыртқалылардың  шартты  рефлекстеріне  жүргізілген
бақылаулары  алуан  түрлі.  Бұл  жұмыстарды   да   сабақтан   тыс   өткізсе,
қорытындыларын сабақта қолданады.

   Әр тәжірибелік әдістер (анықтау және  тану  жұмыстары,  бақылау  жүргізу,
құбылыстарды   тіркеу,   тәжірибе    қою)    бірнеше    сатылардан    өтеді.


      Тәжірибелік жұмыстардың  сатылары:

1. Жұмыстың мақсатын айқындайтын сұрақ;

2. Техникалық және ұйымдастырушылық нұсқау;

3. Жұмыстың орындалуы (анықталуы, бақылау, тәжірибе қою);

4. Нәтижелерді тіркеу (жұмыстың орындалуымен қатар жүреді);

5. Қойылған сұраққа жауап беретін қорытындылар;

6. Сабақта өз жұмысының нәтижесі жөнінде хабарлау немесе есеп беру.

     Оқушылардың  іс-тәжірибелік  жұмыстары  белгілі  жағдайда   деректермен
расталса мазмұнына  қарай  дедуктивті  құрылуы  мүмкін  немесе  жалпы  пікір
ретінде қорытынды жасалса, яғни индуктивті құрылуы  мүмкін.  Өсімдіктер  мен
жануарларды және  олардың  мүшелерін  тану  дедуктивті  құрылады.  Тәжірибе-
әрқашанда  индуктивті;  Анықтау  және  бақылау   бойынша   жұмыстар   келесі
тіркеумен индуктивті және дедуктивті болуы мүмкін.

    Тәжірибеде кез-келген әдістер тәсілдермен  оқыту  арқылы  жүзеге  асады.
Әдістемелік  тәсілдер-оқыту  үрдісіндегі  мұғалім  мен   оқушылардың   бөлек
әрекеттерін   көрсететін    әдістердің    элементтері.    Олар    логикалық,
ұйымдастырылған және техникалық сипатта болуы мүмкін.

    Әрбір тәжірибелік жұмыстардың  түрлерінде  алдын-ала  зерттеу  жұмыстары
мен тәжірибелік және бекітуші түсініктерді ажырта білу керек.

    Біріншісі оқушыларға сұрақты меңгергенге дейін беріледі. Оқушылар  жұмыс
барысын  қойылған  тапсырмалар  арқылы  орындайды.  Жұмыстың   қорытындылары
сабақта көрсетіліп, талқыланады.

    Екіншілері сұрақты  меңгергеннен  жүргізіледі  және  оқушылар  теориялық
білімдерін тәжірибеде қолданады.

      Биологияны  оқыту   әдістемесінде   жұмыстардың   күрделенуінен   және
оқушылардың өздігінен жұмыс істеулерінің жоғарылауынан  тәжірибелік  әдістер
түрі  өзгеріп,  дами   түседі.   Дұрыс   өткізілген   тәжірибелік   жұмыстар
оқушылардан  логикалық  талдауларды  жасауды  талап  етеді:   ұқсастық   пен
айырмашылықты көрсету, классификация, қорытынды, ойшақорытындылау.





Мысалы,  IX сыныпта оқушыларға екі жұмыс берілді:

   1) әртүрлі объектілердегі өзгергіштік құбылыстарымен танысу

   2) өзгергіштік себебін ұсыну.

| IX сынып оқушысына не істеу керек                                        |
|  Бірінші жұмыс–өзгергіштік     |Екінші жұмыс – өзгергіштіктің себебі     |
|құбылысы                        |                                         |
|1. Объектке және оның мүшелеріне|1.Қоршаған ортасына байланысты объектілер|
|сипаттама беру                  |арасындағы айырмашылықты құру            |
|2. Объектіні және оның мүшелерін|2.Олардың кешенінен әсер ететін негізгі  |
|салыстыру(өлшеу, санау және     |факторларды бөлу.                        |
|т.б.)                           |                                         |
|3.Ұқсастығы мен айырмашылығын   |3. Өздігінен басқа мысалдарды таңдап алу.|
|құру                            |                                         |
|4. Қорытындысын гербарий немесе |4. Нәтижелерін кесте түрінде тіркеу:     |
|коллекция түрінде тіркеу.       |қысқа хабарлама жасау және үйден баяндама|
|                                |дайындау.                                |
|5. Өздігінен басқа әдісті таңдап|5. Тәжірибелерді тірі табиғат бұрышында  |
|алу                             |қою.                                     |


     Тәжірибелік жұмыстар оқушылардың  ойлары  мен  дағдыларын  тек  жұмысты
дұрыс жоспарлап, оны өткізгенде  ғана  дамыта  алады.  Сондықтан  оқушыларды
уақыт  өте   келе   қысқа   мерзімдіден   ұзағыраққа,   техникалық   бойынша
жеңілдеуінен және ұйымдастырушылық жағынан  күрделілігіне  және  ұзағырағына
үйрету керек.

-----------------------
      Жалпы пікір

     Жалпы қорытынды

Басшы принцеп ұстанымы

Жалпы пікір қорытынды ретінде

            Қазіргі оқушы

     Қазіргі оқушы

         Деңгейлеп саралау

      СТО


Пәндер