Файл қосу

Ақпараттық аударма практикасы



|Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі                         |
|Семей қаласының  Шәкәрім атындағы  Мемлекеттік Университеті                    |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты        |ПОӘК              |ПОӘК 042–18-17.1.27/02-2014   |
|ПОӘК                         |11 қыркүйек 2014  |                              |
|Студентке арналған           |ж.                |                              |
|«Лингвоелтану» пәнінің жұмыс |Басылым №1        |                              |
|бағдарламасы                 |                  |                              |















                         «Лингвоелтану» пәні бойынша

                 5В020700 «Аударма ісі» мамандығына арналған

                            ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

                Пәннің студентке арналған жұмыс бағдарламасы


















                                    Семей
                                    2014
                                   Кіріспе

1 ЖАСАЛЫНДЫ
Құрастырған ______ «02»___09_____2014г. А.А.Ибраева
“Аударма  теориясы мен практикасы” кафедрасының аға оқытушысы


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Аударма теориясы және практикасы кафедрасында

Хаттама «02»  ___09___ 2014ж. №1

Кафедра меңгерушісі __________  Ж.У.Калимова

2.2 Экономика, заң және гуманитарлық ғылымдар факультетінің  оқу-әдістемелік
бюросында
Хаттама «09» ____09___ 2014ж. №1

Төрайымы ________ С.Х.Тойкин

3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің  оқу-әдістемелік   кеңесінің   отырысында   мақұлданды   және
басылымға ұсынылды.
Хаттама  «11» ___09___ 2014ж. №1

Оқу-әдістемелік кеңестің бастығы ___________   Г.К.Искакова

4. Алғашқы рет енгізілді
(«   » ____________ 20 __ж.   №__  басылымның орнына)































                                   Мазмұны


1. Жалпы мәліметтер.
2. Пән мазмұны және сабақ түрлеріне қарай сағаттарды бөлу.
3. Пәнді үйренуге қажет әдістемелік нұсқаулар
4.Курс  форматы
5. Курс саясаты
6. Бағалау саясаты (Пән бойынша  оқу процесінің күнтізбелік графигі)
7. Әдебиет



















































      1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

      1.1 Оқытушы мен пән туралы жалпы мәліметтер
      Лектордың аты-жөні  Ибраева Айгуль Амангельдиевна аға оқытушы
      Кафедра – Аударма теориясы және практикасы
      Байланыс мәліметтері: 33-60-72
      Мекен-жайы: Глинки көшесі, 20 ауд.903
      Сабақ өткізетін орны- кестеге сай
      Пән бойынша кредит саны – 3

      1.2  Курстың қысқаша мінездемесі
       Пәннің  курсы  лингвоелтанудың  теориялық  негіздеріне   бағытталған.
Лингвоелтану курсы шет тілінің әдебиетіндегі,  мәдениетіндегі,  тарихындағы,
саясатындағы ерекшеліктерді ана  тілімен  салыстыра  отырып  оқытылады  және
студенттердің дүниетанымын дамытуға өз үлесін  қосады,  тілдік  бірліктердің
ұлттық-мәдени  семантикасы  туралы  мағлұмат  беріп,  осы   семантикада   өз
көрінісін табатын адамдардың  тарихи  жағдайы,  салт-дәстүрі,  олардың  бір-
біріне, дүниеге көзқарасы туралы хабардар етеді.
        Оқу   барысында   студенттер   тілін    оқитын    елдің    тұрмыстық
ерекшеліктерімен танысып, тілдік қарым-қатынас  кезінде  лингвоелтану  курсы
бойынша алған білімдерін қолдануды үйренулері тиіс.
      1.3 Курстың мақсаты.
      Тілін оқитын елдің мәдениетінің ұлттық ерекшеліктерін қамтитын  тілдік
құбылыстарды  үйрету.  Реалиялардың  шығу  тарихы,  фондық   білім   жайында
мағлұмат беру.  Аударма  процесі  кезінде  кәсіби  деңгейде  қатынас  құралы
ретінде  қолданылатын  шет  тілін  меңгеру  үшін  қажет  мәдениаралық   және
танымдық біліктерін қалыптастыру.
      1.4  Курс міндеттері:
      Лингвоелтанудың тілдік  материалдарын  меңгеріп,  оларды  шет  тілінде
сөйлеушінің сөзінде түсіне алу. Студенттің өз тілінде, өз  мәдениетінде  жоқ
құбылыстар мен  заттар  туралы  мағлұмат  беру.  Танымдық  біліктілік  тілін
оқитын  елдің  әдебиеті,  тарихы,  экономикасы,  мәдениеті,   қоғамдық-саяси
құрылымы туралы  білімді  жетілдіріп  қана  қоймай,  алған  білімді  кәсіби-
практикалық қызметте де қолдануды қарастырады.
      1.5 Курс соңында студент білуі тиіс:
    - тілін оқитын елге тән ұлттық мінезін, психологиясын;
    - елдің мәдениетінің ұлттық ерекшеліктерін;
    - тілін оқитын елдің фондық білімдерінің бастауы мен мазмұнын;
    - фондық лексиканың неологизмдері мен эквивалентсіз түрлерін;
    - фразеологиялық фонның ұлттық-мәдени спецификасын;
      меңгеруі тиіс:
    - - сөйлеушіні тыңдай отырып, бір мезгілде аударма жасау;
    - - сөйлеушіден қалып қойған жағдайда немесе сөйлеуші мәтінінен  ауытқып
      кеткен жағдайда дұрыс шешім қабылдау;
    - - сөзді  немесе  сөйлемді  түсінбей  қалған  жағдайда  ойын  жинақтап,
      қиындықтан шығудың жолын білу;
    - игеруі тиіс:
    - - бір тілден екінші тілге көшудің дағдыларын білу;
    - - жиналған қауым алдында сөйлеу алу дағдыларын білу.
    - істей білуі тиіс:
    -  - ағылшынша сөйлей  алу  және түсіну, жаза   алу  аудару   этикасының
      талаптарына сәйкес өзін ұстау;
    -  - басқа мәдениет өкілдерінің жағдайларға байланысты қалыптасқан мінез-
      құлқын пайымдау;
    -  - екі мәдениеттің ұқсастықтары мен  айырмашылықтарын   ажырата  білу,
      барабар аударманы жүзеге асыру және өзінің тілдік мінезінің жағдаятты-
      барабар стратегиясын және тактикасын  іске  асыру,  мақсат  білімдерді
      пайдалану;
    -  тілін  оқитын  елдің  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік,  мәдени
      процестерін ана тілімен салыстыра отырып талдай жасай алу;
    - құбылыстарды салыстыра отырып, жалпы және  ерекше  оқиғаларды  көрсете
      алуы;
    -  нақты  мәдениаралық  жағдайларға  байланысты  туындайтын  мәселелерде
      елтану курсы бойынша алған білімін пайдалана алуы;
    - қарама-қайшы келетін пікір қалыптасқан  уақытта  өз  пікірін  дәлелдей
      алатын болу;
    -  лингвоелтанулық  анықтама  әдебиеттерін   қолданып,   лингвоелтанулық
      компоненттерді қлыптастыруды жалғастыра алуы керек.
      1.6 Курстың перереквизиттері:
      1.6.1  Жазбаша аударма практикасы
      1.6.2 Көркем аударма практикасы
      1.6.3Ғылыми - техникалық аударма

      1.7 Курстың постреквизиттері:
      1.7.1 Мәдениаралық қарым-қатынас негізіндегі  арнайы кәсіби шет тілі
      1.7.2 Ақпараттық аударма практикасы
      1.7.3 Рефераттау және аннотациялау

      2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ МЕН САБАҚ ТҮРІНЕ ҚАРАЙ САҒАТ БӨЛУ
                                                                     Кесте 1

|Тақырып атауы                            |Дәріс  |ПС |ООӨЖ   |ОӨЖ    |Әдебиет  |
|Модуль 1. Лингвоелтану пәні, анықтамасы. |2      |2  |2      |6      |7.1.1;   |
|                                         |       |   |       |       |7.1.2    |
|Лингвоелтанудың методологиялық негіздері.|2      |2  |2      |6      |7.1.1;   |
|Тілдің әлеуметтік құрылымы. Тіл мен      |       |   |       |       |7.1.2    |
|мәдениет. Лексикалық ұғым туралы ұғым.   |       |   |       |       |         |
|Модуль 2. Тілдің номинативті бірліктері  |3      |3  |3      |8      |7.1.1;   |
|мен ұлттық-мәдениет туралы мәліметтердің |       |   |       |       |7.1.2    |
|бастау алуы. Тілдік афоризмдердің        |       |   |       |       |         |
|ұлттық-мәдени семантикасы. Лексика,      |       |   |       |       |         |
|фразеология, афористика - лингвоелтанудың|       |   |       |       |         |
|бастамасы ретінде. Фразеология мен       |       |   |       |       |         |
|афористиканың лингвоелтанулық сөздіктері.|       |   |       |       |         |
|Фондарды семантизациялау тәсілдері.      |       |   |       |       |         |
|Модуль 3. Тілдің реляционды бірліктері   |2      |2  |2      |7      |7.1.1;   |
|ұлттық-мәдени мағлұматтардың бастамасы   |       |   |       |       |7.1.2    |
|ретінде. Фонетика мен интонация ұлттық   |       |   |       |       |         |
|мәдениет феномені ретінде. Сөзжасамның,  |       |   |       |       |         |
|морфологияның және синтаксистің          |       |   |       |       |         |
|лингвоелтануда қарастырылуы.             |       |   |       |       |         |
|Модуль 4. Тіл мен мәдениеттегі реалиялар.|2      |2  |2      |6      |7.1.1;   |
|Реалия туралы ұғым. Реалия-зат және      |       |   |       |       |7.1.2    |
|реалия-сөз. Лингвоелтанудағы реалиялар.  |       |   |       |       |         |
|Реалиялардың мағыналық құрылымы. Реалия  |       |   |       |       |         |
|және термин.                             |       |   |       |       |         |
|Модуль 5. Вербалды емес тілдердің        |2      |2  |2      |6      |7.1.1;   |
|лингвоелтанулық мағынасы. Күнделікті     |       |   |       |       |7.1.2    |
|жүріп-тұрудағы соматикалық тіл. Ағылшын  |       |   |       |       |         |
|тіліндегі соматикалық тіл және оның      |       |   |       |       |         |
|лингвоелтанудағы мәні.                   |       |   |       |       |         |
|Модуль 6. Лингвоелтанулық оқулар.        |2      |2  |2      |6      |7.1.1;   |
|Лингвоелтанулық қарастырудағы көркем     |       |   |       |       |7.1.2    |
|әдебиет пен өнердің басқа түрлері.       |       |   |       |       |         |

      3 ПӘНДІ ОҚУҒА БЕРІЛЕТІН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР


      Студент болған күннен бастап кәсіби маман ретінде ойлап, соған  сәйкес
жұмыс істеуге дағдылан. Сабаққа уақытында  кел.  Үнемі  сабаққа  дайын  бол.
Кәсіби маманға тән іс - әрекет ет.  Сабақ  барысында  өтілетін  тақырыптарға
сәйкес өз ойыңды білдіруге әбден құқығың бар.  Өз  ойыңды  білдіруге  тырыс.
Зерттеулер, фактілер негізінде өз ойыңды дәлелдеуге дайын бол.

      4 КУРС ФОРМАТЫ

       Барлық  студенттер  сабақтан  қалмауы  тиіс.  5  реттен  артық  сабақ
босатқан студент оқудан шығарылады. Оқу  жоспарында  көрсетілген  талаптарды
физикалық немесе басқа жағынан орындай алмаған жағдайда  курстың  алғашқы  2
аптасында бұл   туралы оқытушы құлағдар болуы  тиіс.1  семестр  барысында  7
және  15  апталарда  жазбаша  ағымдық  бақылау  жұмыстары  жүргізіледі.  Бұл
бақылау жұмыстарына едәуір мөлшерде балл бөлінетіндіктен студенттердің  бәрі
бақылау жұмыстарына қатысуы тиіс. «Лингвоелтану» пәніне  оқу  бағдарламасына
сәйкес 15 сағат дәріс, 30 сағат машықтану, 22.5 сағат ӨСӨЖ, 67.5  сағат  СӨЖ
бөлінген.  СӨЖ  тапсырмасы  ретінде  әр-түрлі  жанрдағы  мәтіндерді   аудару
беріледі.

      5 КУРС САЯСАТЫ

      Сабаққа қатысу.  Машықтану сабағына қатысу міндетті. Егер  де  белгілі
бір себеппен сабаққа қатыса алмаған жағдайда оқушы сабақта алынған  тапсырма
үшін жауапты болады.
       Тәртібі.  сабақ  кезінде  тәртіпті  бұзғаны   үшін   оқушы   сабақтан
босатылады немесе F бағасы қайылады.
      Үй жұмысы. Үй жұмысы міндетті түрде  орындалуы  керек  және  машықтану
сабағы немесе ОСӨЖ- ден кейін өткізілу керек.
       Межелік  аттестация.  Семестр  бойы  екі   межелік   бақылау   жұмысы
өткізіледі. Бақылау жұмысының бағасы төмен болған жағдайда қосымша  тапсырма
берілмейді.Сонымен қатар ешқандай қайта  тапсыру  болмайды.  Бақылау  жұмысы
кезінде кітап және конспект қолдануға болмайды.
      Емтихан. Қорытынды емтиханда екі семестр  байы  өтілген  тақырыптардың
барлығы қамтылады.
      Көшіру. Кез-келген көшіру қатаң жазаланады: оқушы сабақтан  босатылады
немесе F бағасы қойылады. Сабақ барысында ұялы телефондарды  міндетті  түрде
өшіру керек.
      6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
                                                                     Кесте 2
|Апта   |Бақылау түрі                                      |Балл     |Ескерту  |
|       |                                                  |жиынтығы |         |
|1      |2                                                 |3        |4        |
|       |1-7 жұма аралығында сабаққа қатысу                |30       |         |
|2      |Мәтінгі сараптау жұмысын жүргізу, жаттығулар      |20       |ПС       |
|       |орындау                                           |         |         |
|3      |Мәтінгі сараптау жұмысын жүргізу, жаттығулар      |20       |ПС       |
|       |орындау                                           |         |         |
|4      |Мәтінгі сараптау жұмысын жүргізу, жаттығулар      |20       |ПС       |
|       |орындау                                           |         |         |
|       |Лингвоелтану пәні, анықтамасы. Лингвоелтанудың    |50       |СРО      |
|       |методологиялық негіздері. Тілдің әлеуметтік       |         |         |
|       |құрылымы.                                         |         |         |
|5      |Мәтінгі сараптау жұмысын жүргізу, жаттығулар      |20       |ПЗ       |
|       |орындау                                           |         |         |
|6      |Мәтінгі сараптау жұмысын жүргізу, жаттығулар      |20       |ПЗ       |
|       |орындау                                           |         |         |
|       |Тіл мен мәдениет. Лексикалық ұғым туралы ұғым.    |50       |СРО      |
|       |Тілдік афоризмдердің ұлттық-мәдени семантикасы.   |         |         |
|7      |Межелік бақылау  1                                |70       |         |
|       |8-15 жұма аралығында сабаққа қатысу               |30       |         |
|8      |Мәтінгі сараптау жұмысын жүргізу, жаттығулар      |         |         |
|       |орындау                                           |         |         |
|9      |Мәтінгі сараптау жұмысын жүргізу, жаттығулар      |20       |ПЗ       |
|       |орындау                                           |         |         |
|10     |Мәтінгі сараптау жұмысын жүргізу, жаттығулар      |20       |ПЗ       |
|       |орындау                                           |         |         |
|11     |Мәтінгі сараптау жұмысын жүргізу, жаттығулар      |20       |ПЗ       |
|       |орындау                                           |         |         |
|       |Тілдік афоризмдерді сөйлеуде қолдану. Лексика,    |50       |СРО      |
|       |фразеология, афористика - лингвоелтанудың         |         |         |
|       |бастамасы ретінде. Фразеология мен афористиканың  |         |         |
|       |лингвоелтанулық сөздіктері.                       |         |         |
|12     |Мәтінгі сараптау жұмысын жүргізу, жаттығулар      |20       |ПЗ       |
|       |орындау                                           |         |         |
|13     |Мәтінгі сараптау жұмысын жүргізу, жаттығулар      |20       |ПЗ       |
|       |орындау                                           |         |         |
|14     |Фондарды семантизациялау тәсілдері. Фонетика мен  |50       |СРО      |
|       |интонация ұлттық мәдениет феномені ретінде.       |         |         |
|       |Сөзжасамның, морфологияның және синтаксистің      |         |         |
|       |лингвоелтануда қарастырылуы                       |         |         |
|15     |Межелік бақылау  2                                |70       |         |
|8-15 жұма аралығында сабақ нәтижесінің жиынтық ұпайы     |300      |         |
|Емтихан үшін  қорытынды ұпай                             |400      |         |
|Барлығы                                                  |1000     |         |

      7 ӘДЕБИЕТ
      7.1 Негізгі әдебиет
      7.1.1Перевозникова А.К. Русский язык как  иностранный  для  студентов-
международников (на материале текстов об ООН) :  учеб.  пособие  :  -  М.  :
МГИМО-Университет, 2012
      7.1.2 Фомина Т.Г. Язык и национальная
культура:лингвострановедение:учебное пособие - Казань, 2011.
      7.1.3   Маркушевская   Л.П.   Учебное   пособие   по    страноведению:
Великобритания. - СПбГУ ИТМО, 2008
      7.1.4  Н.  Михайлов  Лингвострановедение  Англии  =  English  Сultural
Studies. Учебное пособие -2007
      7.2 Қосымша әдебиет
      7.2.1 Oxford guide to British and American culture, OUP, 2000.
      7.2.2 Ощепкова В.В. Язык и культура.  -  М.:  Изд-во  «Глосса  Пресс»,
2004.
      7.2.3 Австралия и Новая  Зеландия.  Лингвострановедческий  словарь.  -
М.: «Русский язык», 1998.
      7.2.4 Making America, edited by Luther S. Luedtke, 1992.

Пәндер