Файл қосу

Фармацевтикалық технология негіздері. Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                      |
|СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                 |
|3 деңгейілі СМК құжаты     |ПОӘК                 |                        |
|                           |                     |ПОӘК                    |
|                           |                     |042-18-10.1.64/02-2014  |
|ПОӘК                       |   11.09   2014 ж.   |                        |
|Студентке арналған         |№ 1 басылым          |                        |
|«Дәрілік полимерлер        |                     |                        |
|технологиясы» пәнінің      |                     |                        |
|бағдарламасы               |                     |                        |








                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                      «ДӘРІЛІК ПОЛИМЕРЛЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫ»

          5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
                               мамандығы үшін

                   СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ


















                                    Семей
                                    2014
                                   Кіріспе

1 ӘЗІРЛЕНГЕН

ҚҰРАСТЫРУШЫ                        «   29    »     08       2014  ж.  Л.  К.
Оразжанова,  х.ғ.к,  доцент  м.а,   Шәкәрім   атындағы   Семей   мемлекеттік
университетінің «Химия» кафедрасы

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1  Шәкәрім атындағы  Семей  мемлекеттік  университетінің  «Химия»  кафедра
отырысында
«   29    »     08      2014 ж.,  №   1   хаттама

Кафедра меңгерушісі                                       Б.Х.Мұсабаева

2.2   Инженерлік-технологиялық   факультетінің   оқу-әдістемелік   бюросының
отырысында
«   05   »     09     2014 ж , №   1     хаттама

Төрайымы                              С.С. Толеубекова

3  БЕКІТІЛДІ
Университеттің   Оқу-әдістемелік   кеңесінің   отырысында   басып   шығаруға
мақұлдаған және ұсынылған
«  11    »     09     2014 ж, №    1    хаттама

ОӘК төрайымы                               Г.К. Искакова

4  алғаш рет ЕНГІЗІЛГЕН
















                                   Мазмұны



|Жалпы ережелер                                                 |4   |
|Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу      |5   |
|Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар                |6   |
|Курс форматы                                                   |6   |
|Курс саясаты                                                   |7   |
|Баға қоюдың саясаты                                            |7   |
|Әдебиет                                                        |9   |




































      1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер:
Оразжанова Ләззат Каметай қызы, х.ғ.к, доцент м.а.
Кафедра Химия
Байланыс ақпараты – тел:35-05-90, оқу ғимараты №9, кабинет №418
Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 402
Берілген пән бойынша кредиттер саны - 3
1.2 Пәннің мазмұнын қысқаша сипаттау:
      «Дәрілік формалар технологиясы» пәні технологиялық мамандықтар  жоғары
оқу орындарында инженер-технологтарды  теориялық  дайындаудың  негізі  болып
табылады.   Дәрілік   формалар   технологиясы   бұл   –   дәрілік   заттарды
профилактикалық,  емдеу,  реабилитациялау,  диагностика  жасау  және   басқа
препараттарды  әртүрлі   дәрілік   формалар   түрінде   жасау   және   өңдеу
технологиялық процестері жайында теориялық негіздерді  оқытумен  айналысатын
ғылым бөлімі.
1.3 Пәнді оқып білудің мақсаты: дәрілік заттарды әртүрлі дәрілік  формаларда
жасау  және  сапасын  бақылау  жайында  студенттерде  жүйелік   білім   және
қабілеттер қалыптастыру.
1.4 Пәнді оқып білудің  негізгі  міндеті:  дәрілік  заттардың  және  қосалқы
заттардың  дәрілік  заттарға  айналудың  әртүрлі  процесстерінің   теориялық
заңдарын оқу; студенттерді заманауи биофармацевтикалық  концепция  негізінде
дәрілік формалар құрамын  және  рациональді  технологияны  таңдауды  үйрету;
студенттерде дәріхана жағдайында дәрілік  заттарды  дайындау  және  сапасына
баға берудің практикалық қабілеттерін қалыптастыру.
1.5 Оқып білудің нәтижесінде студент мыналарды:
-  фармацевтикалық  ғылым  және  практика   жетістіктерін   білу;   ағымдағы
уақыттағы этаптағы фармация және медицина даму концепциясын;
-  дәрілік  заттар  технологиясының  биофармациялық  концепциясын,   дәрілік
заттардың  биологиялық  қолжетімділігіне  фармацевтикалық  факторлар  әсерін
(дәрілік форма түрін, дәрілік заттар  бөлшектерінің  өлшемін,  дәрілік  және
қосалқы   заттар   физико-химиялық   қасиеттерін    және    концентрациясын,
технологиялық   процесс   және   технологиялық   процесс    механизациясында
қолданылатын құралдар және т.б.);
- анықтамалық, ғылыми, нормативті ақпарат көздерін;
-  дәрілік  заттарды  дайындау,  сапасын  бақылау,  сақтау  және  қолданудың
негізгі  нормативті  құжаттарын,  отандық  және  халықаралық  стандарттарды,
фармакопеяларды білу қажет.
-   санитарлы-гигиеналық   режим   нормаларын,   дәрілік   заттар   жасаудың
асептикалық жағдайын қамтамасыз  ету  ережелерін,  қолданылудағы  НҚ  сәйкес
фармацевтикалық ретті пайдалана;
- технологиялық жабдықтарды (фильтрлеу  қондырғысын,  стерилдеугге  арналған
аппараттар, тазартылған су алу және т.б.)  таңдау  принциптерін  және  жұмыс
істеу принциптерін қолдана;
-  дәрілік  заттарды   дайындаудың   экологиялық   қауіпсіздік   негіздерін,
қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау ережелерін пайдалана алуы қажет.
1.6. Курстың пререквизиттері:
   1.6.1 Бейорганикалық химия
   1.6.2 Жалпы химиялық технология
   1.6.3 Органикалық химия
   1.6.4 Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері
   1.6.5 Фармацевтикалық технология негіздері
1.7. Курстың постреквизиттері:
   1.7.1 Дипломдық жоба


   2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
                                                                     Кесте 1
|№, |Тақырып аты, мазмұны        |Сағаттар                    |Әдебиет    |
|п/п|                            |                            |           |
|   |                            |ЛК   |СПС  |ОСӨЖ     |СӨЖ    |           |
|1  |2                           |3    |4    |5        |6      |7          |
|   |Фармацевтикалық             |2    |1    |2        |5      |7.1.1-7.1.3|
|   |технологиядағы ЖМҚ          |     |     |         |       |,          |
|   |                            |     |     |         |       |7.2.1-7.2.4|
|   |Полимерлердің медицинадағы  |2    |1    |2        |5      |7.1.1-7.1.3|
|   |рөлі                        |     |     |         |       |,          |
|   |                            |     |     |         |       |7.2.1-7.2.4|
|   |Полимерлерлі гидрогельдер   |2    |1    |2        |5      |7.1.1-7.1.3|
|   |                            |     |     |         |       |,          |
|   |                            |     |     |         |       |7.2.1-7.2.4|
|   |Полимерлік нанобөлшектер    |2    |1    |2        |5      |7.1.1-7.1.3|
|   |                            |     |     |         |       |,          |
|   |                            |     |     |         |       |7.2.1-7.2.4|
|   |Ерігіш метилцеллюлоза       |3    |2    |2        |5      |7.1.1-7.1.3|
|   |технологиясы                |     |     |         |       |,          |
|   |                            |     |     |         |       |7.2.1-7.2.4|
|   |Поливинил спирті және оның  |3    |2    |2        |6      |7.1.1-7.1.3|
|   |препараттарының технологиясы|     |     |         |       |,          |
|   |                            |     |     |         |       |7.2.1-7.2.4|
|   |Акрил және метакрил         |3    |2    |2        |6      |7.1.1-7.1.3|
|   |қышқылдарының полимерлер мен|     |     |         |       |,          |
|   |сополимерлерінің            |     |     |         |       |7.2.1-7.2.4|
|   |технологиясы                |     |     |         |       |           |
|   |Этилен тотығының полимерлері|3    |1    |2        |6      |7.1.1-7.1.3|
|   |мен сополимерлері және      |     |     |         |       |,          |
|   |олардың туындыларының       |     |     |         |       |7.2.1-7.2.4|
|   |технологиясы                |     |     |         |       |           |
|   |Полиэтилен технологиясы     |3    |1    |2        |6      |7.1.1-7.1.3|
|   |                            |     |     |         |       |,          |
|   |                            |     |     |         |       |7.2.1-7.2.4|
|   |Полипропилен мен            |3    |1    |2        |6      |7.1.1-7.1.3|
|   |полиизобутиленнің           |     |     |         |       |,          |
|   |технологиясы                |     |     |         |       |7.2.1-7.2.4|
|   |Поливинилхлорид технологиясы|3    |1    |2        |6      |7.1.1-7.1.3|
|   |                            |     |     |         |       |,          |
|   |                            |     |     |         |       |7.2.1-7.2.4|
|   |Поликарбонаттар технологиясы|1    |1    |2,5      |6,5    |7.1.1-7.1.3|
|   |                            |     |     |         |       |,          |
|   |                            |     |     |         |       |7.2.1-7.2.4|

    3 ПӘНДІ ОҚЫП БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

    Дәрілік формалар технологиясы курсын оқыту өзара байланысқан үш форманы
қажет етеді: дәріс, практикалық сабақ  және СӨЖ- студенттің өздік жұмысы.
Дәрістер конспектілері материалды  игеруге  негіз  болып  табылады.  Дәрісте
констпект жазуға әрбір студент міндетті. Конспектті  оқулықтардан  және  оқу
құралдарынан  алынған  материалмен  толықтырып,  жазып  алған  өте  пайдалы.
Конспектті лектор беретін кеңестер кезінде де толықтыруға болады.  Практикум
дәрілік формалар түрлерімен, олардың  технологиясымен  және  олардың  ерекше
қасиеттерімен таныстырады. СӨЖ күнделікті  және  міндетті  дайындықты  талап
етеді,  нақты  тапсырма  бойынша  орындалады  және   күнделікті   оқытушымен
тексеріледі. Аудиториядан тыс  өздік  жұмыста  студенттер  әдебиетпен  жұмыс
істеп, үй тапсырмасын орындап, лабораториялық сабақтарға дайындалады.

      4 КУРС ФОРМАТЫ

      Курс бойынша 50 минуттық дәріс аптасына 1 рет, 50 минуттық практикалық
сабақ аптасына 1 рет болады.

      5 КУРС САЯСАТЫ


Сабаққа  қатысу:  Дәрістерге,  практикалық  сабақтар  қатысу   қатаң   түрде
міндетті  болып  табылады.  Егерде  әлдебір   себептермен   сабаққа   қатыса
алмасаңыз, сізге  барлық  босатқан  сабақтардағы  қабылданбаған  материалдар
үшін жауапкершілік жүктеледі.  Оқу  жоспары  бойынша  босатқан  (қатыспаған)
сабақтарды қайта  қабылдау  қарастырылмаған,  сондықтан  мұғалім  тапсырмасы
бойынша студент босатқан тақырыбы бойынша 5 есеп шығаруы керек.
Тәртіп:  Сабақ  барысында  ұдайы   тәртіпбұзушылық   аудиториядан   қуылумен
жазаланады  және  сәйкесінше  сабақ  босатқаны   үшін   рейтінгілік   бағасы
төмендетіледі.
Практикалық сабақтар: Практикалық сабаққа  дәріс  материалының  конспектісі,
практикалық    жұмыстың    теориялық    білімі    бар    студенттер     ғана
жіберіледі.Студенттер  есептеу  формулаларын,  негізгі   түсініктерді   және
есептеу кезінде шығатын заңдылықтарды түсіндіре білулері керек.
Межелік  аттестация:  Межелік  аттестация   қорытындысы   сабаққа   қатысуы,
белгіленген мерзімде СӨЖ орындауы, сабақ барысындағы ауызша  немесе  жазбаша
жауаптарымен,  тестілеу  нәтижелерімен   және   межелік   бақылауды   ескере
қойылады.
Емтихан:  Ауызша  емтихан  немесе  компьютерлік  тестілеу  жүйесі  негізінде
рұқсат алған барлық студенттерге қорытынды емтихан  жүргізіледі.  Емтиханның
әрбір тест сұрағы 5 жауаптан тұрады, соның ішінде бір дұрыс жауабымен.  Тест
сұрақтары барлық өткен курс бөлімдері бойынша құрастырылған.


      6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ


Апталар  және  бақылау  түрлері  бойынша   балдардың   бөлінуі   2   кестеде
келтірілген
 «Дәрілік полимерлер технологиясы» пәні бойынша балдардың бөлінуі
                                                                     Кесте 2
|Апта    |Бақылау түрі                               |Барлық  |Ескертпе     |
|        |                                           |балл    |             |
|1       |2                                          |3       |4            |
|        |1 – 7 апталар аралығында аудиториялық      |30      |             |
|        |сабақтардың барлық түрлеріне қатысу        |        |             |
|1       |ЖМҚ құрылысы мен қасиеттері                |0       |ПС           |
|2       |Медициналық полимерлер                     |20      |ПС           |
|3       |Полимерлерлі гидрогельдер                  |20      |ПС           |
|4       |Полимерлік нанобөлшектер                   |20      |ПС           |
|4       |Физиологиялық белсенді полимерлер          |50      |ОӨЖ          |
|        |тақырыбына реферат                         |        |             |
|5       |Ерігіш метилцеллюлоза технологиясы         |20      |ПС           |
|6       |Ерігіш метилцеллюлоза технологиясы         |20      |ПС           |
|6       |Табиғи полимерлерді медицинада қолдану     |50      |ОӨЖ          |
|        |тақырыбына реферат                         |        |             |
|7       |Межелік бақылау                            |70      |ПС           |
|1-7 апталар аралығында оқу нәтижесі бойынша барлық  |300     |             |
|        |8 – 15 апталар аралығында аудиториялық     |30      |             |
|        |сабақтардың барлық түрлеріне қатысу        |        |             |
|8       |Поливинил спирті технологиясы              |15      |ПС           |
|9       |Акрил және метакрил қышқылдарының          |15      |ПС           |
|        |полимерлер мен сополимерлерінің            |        |             |
|        |технологиясы                               |        |             |
|10      |Акрил және метакрил қышқылдарының          |14      |ПС           |
|        |полимерлер мен сополимерлерінің            |        |             |
|        |технологиясы                               |        |             |
|11      |Этилен тотығының полимерлері мен           |14      |ПС           |
|        |сополимерлері технологиясы                 |        |             |
|11      |Поливинил спирті және оның препараттарының |50      |ОӨЖ          |
|        |технологиясы тақырыбына реферат            |        |             |
|12      |Полиэтилен технологиясы                    |14      |ПС           |
|13      |Полипропилен мен полиизобутиленнің         |14      |ПС           |
|        |технологиясы                               |        |             |
|14      |Поливинилхлорид технологиясы.              |14      |ПС           |
|        |Поликарбонаттар технологиясы               |        |             |
|14      |Этилен тотығының полимерлері мен           |50      |ОӨЖ          |
|        |сополимерлері және олардың туындыларының   |        |             |
|        |технологиясы тақырыбына реферат            |        |             |
|15      |Межелік бақылау                            |70      |ПС           |
|8 по 15 аптадалардың оқу қорытындылары бойынша      |300     |             |
|барлық балл                                         |        |             |
|Емтихан бойынша барлық балл                         |400     |             |
|Академиялық кезені бойынша барлық балл              |1000    |             |

      7 ӘДЕБИЕТ

7.1 Негізгі әдебиеттер
7.1.1 Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник  для  вузов.  М.:
Академия, 2010. 367 с.
7.1.2 Е.Е.Ергожин. Полимердің физикасы мен химиясы. Алматы: Дәуір,  2012.  –
391 б.
7.1.3 Полимеры в фармации / Под редакцией А.И. Тенцовой. – М.: Медицина,
1985. 256с.


7.2 Қосымша әдебиеттер
7.2.1 Платэ Н.А.,  Васильев  А.Е.  Физиологически  активные  полимеры.  –М.:
Химия, 1986.





Пәндер