Файл қосу

Экономикалық талдаудың міндеттері



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

                        БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ   | |
|СМЖ 3-деңгейдегі құжаты |ОӘК            |ОӘКТ 042-14-3-01.1.20.41/03-2012 |
|«Экономикалық талдау»   |Басылым  №1    |                                 |
|пәнінен оқу- әдістемелік|               |                                 |
|материалдар             |               |                                 |














                           «ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ТАЛДАУ»

                      ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                  5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН


                        ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР















                                 Семей 2012




    |    |Мазмұны                                                           |    |
|    |                                                                  |    |
|    |1                                                                 |3   |
|    |Глоссарий                                                         |6   |
|    |4                                                                 |57  |
|    |                                                                  |62  |
|    |2                                                                 |    |
|    |Дәрістер                                                          |    |
|    |4                                                                 |    |
|    |                                                                  |    |
|    |3                                                                 |    |
|    |Тәжірибелік сабақтар                                              |    |
|    |4                                                                 |    |
|    |                                                                  |    |
|    |4                                                                 |    |
|    |Студенттердің өздік жұмыстары                                     |    |
|    |5                                                                 |    |
|    |                                                                  |    |





































   1. ГЛОССАРИЙ


Анализ  (Греч.analisys  –  бөліну)  жекелейдің  бөлек   бөлшектерге   бөліну
процесін білдіреді.
Ассортимент – снын көрсете отырып өнімдердің аттарының тізімі.
Бухгалтерский баланс –  есеп  беру  кезеңінің  ішінде  кәсіпорын  құралдарын
нақтылай көрсетпейтін және есеп беру периодының соңына  лезде  мәліметтердің
жиынтығы.
Бюджет – жоспардың санды көрінісі, оны орындау құралы мен тәртіп әдісі.
Бухгалтерлік модель - өндіріс  көлемін  өзгертуден  қалдықтар  және  жиынтық
кіріске тәуелді сызықты кесте.
Бюджеттеу  –  кәсіпорын  мен  оның  құрама  бөліктерінің  қызметін   басқару
тәсілдері.
Тігінен талдау– есептіліктің  позициясының  жалпы  нәтижеге  әсерін  анықтап
аяққы қаржылық көрсеткіштер құрамын анықтау.
Топтастыру – барлық экономикалық зерттеулердің ажырамас бөлігі.
Көлденеңінен талдау– есептіліктің әрбір позициясын алдыңғысымен салыстыру.
Дедукция – жалпы факторлардан жекелерге,  нәтижелерден  себептеріне  зерттеу
әдісі.
Директ-костинг  –  дайын  өнім  түрлеріне  тура  шығындарды  жалпылау;  есеп
кезеңінің қаржылық нәтижесі арқылы  өтелетін  жанама  шығындар  басқарушылық
есептің жүйесі.
Запастарға шығындар – сатыл алумен, сақтаумен, орнын  толтырумен  байланысты
шығындар, алымдар, зияндар.
Индукция    –     логикалық     индукция     арқылы     себепті     байланыс

     әдістерін зерттеу маңызы  жекешеден  жалпыға,  себептерден  нәтижелерге
әкелетін, жеке факторлардан жалпылауға өтуді зерттеу.
Инвестициялық қызмет –  кәсіпорынның  экономикалық  потенциалын  дамыту  мен
сақтауға бағытталған қызмет түрі. ҚР заңдарымен реттеледі.
Ақпараттық есептілік  –  сұрау  бойынша  кәсіпорынның  басқармасын  құрамдас
бөліктеріндегі оқиғалар туралы ақпарат.
Ақпарат – зат туралы білімді дамытатын фактілер, мәліметтер, көз қарастар.
Несие төлеу мүмкіндігі – несиені алу құқығы мен мүмкіншілігі.
Бақыланатын  шығындар  –  кәсіпорында  жұмыс  істейтін   тұлғалар,   басқару
субъектілері жағынан бақылауға беріледі.
Жанама шығындар - өзіндік құнына жанама түрде  жатқызылатын  және  өндіріске
өнімінің бірнеше түрін жалпы сипаттайды.
Критикалық (өлі) нүкте – барлық өнімнің өткізілуі  кезіндегі  пайдасына  тең
сатылу кезіндегі кәсіпорынның шығындары.
Материал берушілік - өндірістік өнім  құнын  материалдық  шығынға  бөлгенмен
анықталады.
Материал көлемі - өндірістік өнім құнын материалдық шығын  сомасына  қатысты
өнім саналады.
Маржиналды талдау – тұрақты және ауыспалыға шығындарды бөліп,  өзіндік  құны
мен   пайдасы,   сату   көлемінің   себеп-нәтижесі   негізінде    бизнестегі
басқарушылық шешімдердің тиімділік негізділігі мен бақылау әдісі.
Маржиналды шығындар мен пайдалар – әрбір өнім бірлігіне есепте кірістер  мен
қосымша шығындар.
Маржиналды пайда әдісі – ауыспалы шығындар көлемі мен өнімді өткізу  пайдасы
арасындағы салыстыру арқылы негізделген теңечтіру әдіс түрі.
Номенклатура   –   өндірістік   өнім   жалпыкеңестік   классификаторы    ТМД
территорисында қолданылатын сәйкес  өнім  түрлеріне  қабылданған,  код  түрі
көрсетілген өнім аттарының тізімі.
Қосымша  шығындар  –  кәсіпорынды  басқару,  өндірісті  басқару  мен  қызмет
көрсетумен байланысты кешенді шығындар.
Негізгі капитал – ұзақ уақытты  мақсатқа  бағытталған  жылжымайтын  мүлікке,
акцияға,  пайдалы  қор  запасына,  біріккен  кәсіпорындарға   және   т.б.-ға
салынған қаражаттар; мобильденбеген, ұзақ уақытқа  айналымнан  шығып  қалған
құралдар,  олардың  алғашқы  құны  капиталдың  жалпы  сомасына  қалдық  құны
бойынша қосылады.
Айналым  капиталы  –  бірталай  мобильденген   айналымда   тұрақты   болатын
құралдар;  олардың  айналымы  неғұрлым  тез  болса,  кәсіпорын  сонша  пайда
табады.
Айналым запастары – болжанған қажеттіліктерді  қанағаттандыру  үшін  қоймаға
жеткізілетін запастар. Сақтандыру запастары мен қолда бар запастардың  жалпы
санының арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
Кәсіпорынның  өндірістік  қуаттылығы   –   көзделген   немесе   қол   жеткен
техникадан,   технологиядан   және   өндірісті   ұйымдастырудан   максималды
шығарылған өнімді көрсетеді.
Төлемқабілеттілік – кәсіпорынның уақытында алынған кредит  (займ)  уақытында
қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайды суреттейді.
Ауыспалы шығындар – өндіріс көлеміне тікелей тәуелді шығындар.
Өндірістік цикл – өнімді дайындауға кететін уақыт.
Ырғақтылық – жоспармен алдын ала қаралған көлем  мен  ассортимент  графигіне
сәйкес өнімді уақытылы шығару.
Материалға  кететін  релевантты  шығындар  –   тапсырыстарды   орындау   мен
запастарды сақтауға байланысты болашақ шығындар.
Өндірістің релевантты  шығындары  –  таңдалған  шешім  нұсқасынан  өзгеретін
болашақ шығындар.
Синтез – анализге қарама-қарсы процедура, синтез – қосылу.
Өнім  құрылымы  –  бөлек  өнімдердің  массасы  мен  оның   жалпы   шығарылуы
арасындағы қатынас.
Салыстырмалы талдау –  фирманың,  еншілес  фирмалардың,  цех  құрылымдарының
бөлек  көрсеткіштерінің  есептілік  жиынтық  көрсеткіштің  ішкі   шаруашылық
анализі, және осы фирманың бәсекелестерімен көрсеткіштерін  шаруашылықаралық
анализі.
Өзіндік құн – ақша түріндегі қолданылған ресурстарының көлемі.
Стандарт-кост – стандарттанрдан ауытқуды бөліп  көрсетіп  нақты  шығындардың
есебі мен өндірістің басына стандартты калькуляцияны құру жолымен  өндірісті
бақылауға тура шығындар бағыты, басқарушылық есеп жүйесі.
Сақтандыру  қоры  –  келесі  тапсырманы  алу  уақытында   қоймадағы   қалған
материалдар.
Трендтік талдау – трендті анықтау мен  алдыңғы  период  есептілігінің  әрбір
позициясын салыстыру.
Еңбек көлемі – дайындалған өнімнің барлық  көлемі  немесе  бірлігіне  кеткен
жұмысшы уақыт шығыны.
































   2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛДАР

1 тақырып: Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны
Дәріс сұрақтары
    1. Экономикалық талдаудың мазмұны.
    2.  Экономикалық талдаудың пәні мен объектісі.


    1.Экономикалық  талдаудың  пәні  шаруашылық  қызметінің  нәтижесі  бөлу
себептерден  және   өзгерістен  құралады.  Кәсіпорын  шаруашылық  қызметінің
себеп салдарына байланысты эконимкалық мән  –мағынасын  анықтау  рұқсатымен,
оның жеткен  нәтижеге дұрыс  баға  беру,  өндірістің  резервтік  тиімділігін
жоғарлату жоспарлау және басқару шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
    Сондықтан,  экономиканың  анықталуы   және   процесстері   экономикалық
талдаудың  пәннің себеп –салдарынан байланысты болады.
    Экономикалық   талдаудың   мазмұны    бұл    кәсіпорынның    өндірістік
бағдарламаның мақсатын қабылдауы,  оптималды  басқару  шешімдерін  толығымен
қабылдауын,  ішкі  резервтерін  және   экономикалық   ақпаратты   шаруашылық
субъектінің талдамалық функциясын жан –жақты және тереңдетіп анықтау.
    Талдаудың  негізгі   мақсаты   –шаруашылық   субъектінің   функциясының
тиімділігін жоғарлату және сондай –ақ жоғарғы резервтерді іздестіру.
    Талдаудың негізгі мақсатына жету үрдісі келесі міндеттері шешіледі:
    - экономикалық заңдардың орындалу сипатын анықтау,  заңдылықты  белгілеу
      және нақты шартты үрдісі мен экономикалық тенденциясының анықталуы.
    - Бизнес жоспар мен нормативтердің ғылыми  –  экономикалық  негізділігін
      жоғарлату.
    - Берілген жоспардың  нысаны  және  жан  –жақты  орындалуын  нормативтік
      мөлшерін бақылау, өнімнің сапасын және құрылымын анықтау.
    -  Ғылым  жетістіктері  мен  практиканың  және  озық  тәжірібие  анықтау
      негізінде өңдірістің жоғарғы тиімділік резервін іздестіру.
    - Қаржылық және еңбек ресурстарын қолданған материалдардың  экономикалық
      тиімділігін анықтау.
    - Шаруашылық нәтижелерді болжау.
    - Коммерциялық тәуекелдікті зерттеу.
    - Маркетингтік талдауды салыстыру
    - Аналитикалық материалдарды оптималдық басқару  шешімдері  таңдау  үшін
      дайындау  және  ағымдағы   қызметтің   корриктировкасымен   байланысты
      стратегиялық жоспарды әзірлеу.


    2.Экономикалық   әдебиетте   талдаудың   әр    түрлі    тән    сипатына
классификацияланады:
    Салаға байланысты талдау сала бойынша және салааралық болып бөлінеді.
    Мерзіміне   қарай   талдау   алдын   ала    және    кейінгі    (тарихи,
ретроспективтік).
    Кеңістікке қарай талдау ішкі шаруашылық және шаруашылық аралық.
    Басқару   субъектінің   классификациялық   талдауы   негізгі   мағынаны
білдіреді.Шаруашылық  қызметі  (басқару  жүйесі  жеке   жүйелерден   тұрады:
экономикадан, техникадан, технологиядан және т.б.).
    Оқу әдістеріне қарай талдау : салыстырмалы, факторлық,  диагностикалық,
маржиналдық, функцианалдық бағадан.  Экономикалық  талдау  әдісінен  жүйелік
теоретико категориясын ғылыми инструментария және  экономикалық  субъектінің
функционалдық үдесінің зерттеу принципі түсінуге болады.


        Экономикалық талдауда әр түрлі әдістерді қолданады.


























Экономикалық талдаудың схемасы.
Негізгі  экономикалық  талдаудың  әдістік  элементі   негізінде   техникалық
қабылдау және талдау әдістері әр түрлі зерттеу деңгейде қолданылады. Олар:
    - Алғашқы өнделген жиналған ақпарат (жүйелендіру, тексеру, топтау);
    - Зерттелген объектінің заңдылық дамуы және  зерделеу жағдайы.
    - Кәсіпорын қызметінің анықталған фактордың нәтижеге әсері.
    - Өндірістің келешек резервтердің тиімділігі жоғарлау және қолданылмаған
      есептеу жағдайы.
    -  Кәсіпорын   қызметінің   кешенді   бағалау   және   талдау   нәтижені
      қорытындылау;
    -  Басқару  шешімдері,  элементтік  даму  және   экономикалық   жоспарды
      негіздеу.


    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
        1. Экономикалық талдау пәні нені білдіреді ?
        2. Экономикалық талдаудың міндеттері.
        3. Экономикалық талдауы қай себептен топталады ?


2 тақырып. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері
Дәріс сұрақтары
1.Экономикалық талдау әдістерінің түсінігі.
2.Экономикалық талдаудың сипаттамалық ерекшеліктері.

1.   Экономикалық  талдаудың  тәжірибесі  қаржылық  есепті  оқудың   негізгі
ережелерін  қалыптастырды.  Олардың  ішінен  алты   негізгі   әдісті   бөліп
қарастыруға болады:
1)                             көлденең                              талдау;

2)                              тікелей                              талдау;

3)                             трендтік                              талдау;

4)                           салыстырмалы                            талдау;

5)                             факторлық                             талдау;

6)               қаржылық               коэффициенттер                әдісі.

     Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңі-
мен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен  салыстырғандағы  бухгалтерлік  есептің
түрлі  баптарының  абсолюттік  және   салыстырмалы   ауытқуларын   анықтауға
мүмкіндік                                                            береді.

     Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп  позициясының  жалпы  нәтижеге
тигізетін  әсерін  айқындай  отырып,  қорытынды   қаржылық   көрсеткіштердің
құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша  қоры-тынды
көрсеткіштегі жеке  баптардың  үлес  салмағын  анықтауға  мүмкіндік  береді.
Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы  құнын-дағы,
яғни   баланс   валютасындағы   үлес    салмағы    және    тағы    басқалар.


    Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып  отырады.  Сондық-
тан   да   есептік    бухгалтер   үлгі   құрылымы   секілді    оның     жеке
көрсеткіштерінің  динамикасын  да  сипаттайтын   кестелерді   жиі   жасайды.

    Трендтік талдау барлық  көрсеткіштер  100%  деп  алынатын  базистік  жыл
деңгейінен, бірқатар жылдар  көрсеткіштерінің  салыстырмалы  ауытқуын  есеп-
теуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір  есеп  позициясын
бір қатар өткен кезендермен салыстыруды және трендті, яғни жеке  кезеңдердің
дербес  ерекшеліктері  мен  кездейсоқ  әсерлерінен   тазартылған   көрсеткіш
негізгі тенденциясын анықтауды  көрсетеді.  Трендтің  көмегімен  болашақтағы
көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, одан кейін  перспективті,
бол-жамдық                        талдау                        жүргізіледі.

    Қаржылық талдаудың   нарықтық экономика  жағдайындағы  көбірек  таралған
әдісі  әр  түрлі  қаржылық  коэффициенттерді   пайдалану   болып   табылады.


    Коэффициенттер  салыстырмалы  шамалар  болып  табылады,  оларды  есептеу
кезінде шамалардың біреу бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке  қатынас
ретінде  көрсетеді.  Қаржылық   коэффициентерді   есептеу   баланстың   жеке
баптарының  арасында   болатын   өзара   байланыстарға   негізделген.   Олар
кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау  үшін  алғашқы  база
болып табы-лады және де олар талдау нәтижесінде талдау  жүргізушіге  жасырын
құбылыс-тарды  ашуға  мүмкіндік  беретін  екі   шаманың   арасындағы   өзара
математикалық                    қатынастарды                     көрсетеді.

     Шешімдер қабылдау үшін сәйкес  коэффициенттерді  талдаудың  пайдалылығы
оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың  ең
қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі  және  сыртқы
факторларын  білуді  талап  етеді,  мысалы,  саладағы  жалпы   экономика-лық
жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар.
     Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау кажет,  өйткені  тек  бір  ғана
фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен  қатынас  деңгейі
өткен кезеңдегі, теориялық  дәлелденген  салалық  қатынаспен  салыстырылады.
Қатынасты         талдау         болашаққа         бейімделуі          тиіс.

     Қатынасты талдаудың ролін асыра бағалаудың да кажеті жоқ, себебі  олар-
дың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып  табылмайды.
Әлдеқайда  тереңдетілген  талдау,  қатынас  негізінде  жасалған   шешімдерді
әрқашан қолдай бермейді, себебі  олардың  деңгейіне  келесілер  әсер  етеді,
жекелеген кәсіпорындардың ерекшіліктері орташа салалық мәліметтер.
     Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол  жеткізілген  деңгейдің  қолайсыз
болуы немесе оның  сол  өткен  жылдар  жағдайы  үшін  қолайлы  болып,  бірақ
қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес  келмеуі  әсер  етеді.


     2.Қаржылық  талдауды  салыстырмалы  көрсеткіштер  негізінде  жүргізудің
шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу,  көп  жағдайда  тиімсіз,
себебі  бұл  жағдайда  біздің  кәсіпорындардың  өз   ерекшеліктеріне   назар
аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын  маңызы  туралы
берілген кеңестер кейбір  кезде  расталмайды.  Дегенмен,  қаржылық  жағдайды
талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу  қажет  болады,  себебі
ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де  оларды  тек  ағымдағы  мезетте
ғана емес, сонымен қатар болашақта  да  дұрыс  бағалауға  мүмкіндік  береді.
Әлдеқайда  кең  таралған  және  зерттелген  көрсеткіштерге  мыналар  жатады:
өтімділік,  қаржылық  тұрақтылық,  табыстылық  және  іскерлік   белсенділік.


     Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау -  бұл  фирмалардың,  еншілес  фирма-
лардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген  көрсеткіштері  бойынша  есе-
бінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау,  сондай-ақ  берілген
фирманың  керсеткіштерін  орташа  салалық  және  орташа  жалпы  экономикалық
мәліметтері  бар  бәсекелес  фирмалардың  көрсеткіштерімен   салыстырғандағы
шаруашылық          аралық          талдау          болып          тыбалады.

     Жоғарыда керсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда  эко-
номикалық  (элиминирлеу,  баланстық  үйлесу  және  тағы  басқа),   сондай-ақ
экономикалық  және  математикалық   статистиканың   (топтау,   орташа   және
салыстырмалы шама, графиктік және иңдекстік әдістер,  корреляция,  регрессия
және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады.  Белгілі  бір  экономикалық
ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен  тәсілдерді  іскерлікпен  пайдалану
кәсіпорынның  қаржылық  жағдайына  терең  талдау  жасауға  және   шаруашылық
субъектісінің   қаржылық   тұрақтылығын   нығайтуға,   жағдайын   жақсартуға
байланысты       ұсыныстарды       дайындауға       мүмкіндік        береді.


      Айта кеткен жөн, кәсіпорынның  қаржылық  жағдайына  талдау  жүргізудің
дәйектілігі  жөніндегі   басылып   шығарылған   әдістемелік   зерттеулердегі
авторлардың      ұсыныстары      оқырмандардың       назарын       аударады.

     Қаржылық жағдайды қалай талдау керек деген сұраққа талдау  әдістемесін,
әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды міндетінің бірі болып  табылатын  және
де  кәсіпорынның  төлеу  қабілеті  мен  өтімділігіне  қосымша  баға   беруге
мүмкіндік  беретін  мүліктік  массаның  кұрылымын  бағалаудан   басталатынын
білген дұрыс.
       Қаржылық жағдайды және оның  есепті  кезеңде  өзгерісін  салыстырмалы
аналитикалық баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық  тұрақты-лықты
абсолюттік көрсеткіштерін  талдау,  олардың  ойынша  кәсіпорынның  қар-жылық
жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті  оның  негізгі  бастапқы
пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан  туындап,
ағымдағы  төлеу  қабілеттілігін  бағалап,  болашақтағы  төлем  қабілеті  мен
қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы  қорытынды  жасауға  тиіс.


     Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты - бұл шаруашылық субъектісінің  даму
динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады.  Оның  шеңберінде
қойылған  мақсатқа  көр-некті  және  жай  қол  жеткізуге  мүмкіндік  беретін
негізгі көрсеткіштердің аздаған  санының  динамикасына  есеп,  бақылау  және
талдау                                                          жүргізіледі.

       Тереңдетіліп нақтыланған  талдау  экспресс-талдаудың  бөлек  тәртібін
кеңейтеді,  толықтырады  және  дәлелдейді.   Оның   мақсаты   -   шаруашылық
субъектісінің  қар-жылық  жағдайы  туралы,   оның   өткен   есепті   кезеңде
қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорының болашақтағы даму  мүмкіндіктеріне
соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған  байланысты  нақтылау  дәрежесі
аудитордың өзі-нің ықыласына байланысты.

    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1. Экономикалық талдаудың қандай әдістері бар?
2. Әдістердің өзара байланыстары қандай?
3. Жедел талдау қалай жүргізіледі?

3 тақырып: Факторлық талдау
Дәріс сұрақтары
    1. Факторларды жүйелендірудің қажеттілігі мен мазмұны.
    2. Детерминдік және стохастикалық әдістердегі  факторларды  жүйелендіру
       әдістері.
     1.Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды
көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттел-
меген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау  қорытын-ды
көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде -  тура,  ал  оның  жеке
элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол  -  кері  (синтез)
болуы                                                                мүмкін.

       Факторлық  талдау  –  Детерминделген  және  стохастикалық  зерттеудің
қабылдау  көмегімен  жеке  фкторлық  көрсеткіштер  нәтижесіне  әсер   ететін
талдау.
       2.Факторлық талдаудың мақсаттарының  бірі  –  қорытынды  көрсеткіштер
арасындағы қатынастарды модельдеу болып  табылады.  Зерттеу  объектісі  үшін
модель құрастыру талдау  нәтижелерін  нақтылай  түседі.  Факторлық  талдауда
детерминирленген      және      стохастикалық     модельдер     қолданылады.
Детерминирленген факторлық  модельдер  көмегімен  көрсеткіш  нәтижелері  мен
(функциялар)  факторлар (аргументтер)  арасындағы  функционалды  байланыстар
зерттеледі.
      Детерминирленген  факторлық   жүйелерді  модельдеу  кезінде   мынандау
талаптар орындалуы керек.
Факторлар мен модельдер абстрактілі шамалармен берілмей, нақты сипатта  болу
керек.
Зерттеліп құбылыстың  құрамдас  бөлігі  бола  отырып  қана  факторлар  нақты
нәтижелер бере алады.
Өзгерістерді  зерттеуге   арналған   факторлар   жүйесі   нақты   ақпаратпен
қамтамасыз ететін  сандық өлшемдерде болуы керек.
Факторлық модель құбылыстың бір ізділігі мен үздіксіздігіне қатысты  ырғақты
түрде қолданып отырады.
      Детерминирленген  талдауда  әртүрлі  факторлық  модельдер   кездеседі:
аддитивті модель; мультипликативті модель;  аралас модель; мәртелік модель.
      Бұлардың  қай-қайсысы  болмасын  зерттеу  объектісін  қысқартып   және
кеңейтіп, көлденең және тік түрде, толықтай және жартылау  негізде  талдауға
мүмкіндік береді.
      Еңбек ақы қорын  факторлық  талдау  оның  өзгеру  себептеріне  зерттеу
жүргізіп,  нәтижелерін нақтылай түседі.
















     Сызба    Мерзімді жұмысшылардың еңбек ақы қорының детерминирленген
                              факторлы жүйесі.


      Сызбаға сәйкес еңбек  ақы  қорынан  ауытқуларды  де  –  терминирленген
факторлық жолдарда мына модельдер қолданады.
                                 ЕАҚ =ОС*ОЖЕ
                               ЕАҚ = ОС*К*ОКЕ
                              ЕАҚ = ОС*К*Ұ*ОСЕ


      Осыған сәйкес зерттеліп  отырған  кәсіпорынның  мәліметтері  негізінде
мерзімді еңбек ақы қорын факторлық талдау үшін деректерді қарастыру керек.
      Факторлық жүйелерді модельдеу процесі  –  құбылыс  пен  оның  құрамдас
бөліктерін талдап, оның қорытындыларын шығару  және  резервтерін  айқындауға
нақты зерттеу мәліметтерін береді. Зерттелетін  көрсеткіштер  мен  талдаудың
соңғы нәтижелерін дәйекті түрде көрсетуде детерминирленген факторлық  жүйені
қолдану,  талдау  қорытындыларын  қызмет  барысын  жоғарлату  мен   жақсарту
мақсатында ғана қолдануға мүмкіндік береді.

    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1. Факторлық талдаудың ерекшелігі неде?
2. Детерминирленген талдау қандай кезде жүргізіледі?

4 тақырып : Қаржылық коэффициенттер әдісі
Дәріс сұрақтары
       1. Қаржылық коэффициенттер.
       2. Төлемқабілеттілік және өтімділік көрсеткіштері.
       3. Табыстылық пен пайдалылық қоэффициенттері.
       4. Қорларды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері.
    1.Қаржылық   тұрақтылықтың   жалпы   көрсеткішінің   артықшылығы    мен
жетіспеушілік шығын мен қорларды қалыптастыруға,  және  ол   шығын  қаражаты
мен қордың көлемінің қаражаттың бірлік көлеміндегі талдау.
    Қаржылық тұрақтылық – кәсіпорынның шотының   анықталған  жағдайы,  оның
үнемі төлем қабілетіне кепіл беру.
    Қаржылық тұрақтылықтың бағалануы қаржылық үлкен көлемде коэффициентінің
көмегімен өткізіледі.


    Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын коэффициенттері.
|Көрсеткіштердің атауы  |Сипаттауы      |Есеп  айырысудың|Көрсеткіштердің      |
|                       |               |тәсілі          |интерполяциясы       |
|1. Қаржылық тәуелсіз   |Валютадағы     |Қ.т.к. = МК/БВ  |Жоғары -0,5 мәнінде  |
|коэффициенті (Қ.т.к)   |баланстың      |МК- меншік      |көрсеткіші ұсынылған.|
|                       |меншік         |капитал, БВ-    |Олардың жоғарлануы   |
|                       |капиталының    |баланстық валюта|кәсіпорынның қаржылық|
|                       |үлесі.         |                |тәуелсіздігін нығайту|
|                       |               |                |үшін көрсетілген.    |
|2.Қарыздық коэффициенті|Қарыздық және  |Қк = Қкф/МК     |Көрсеткіштердің мәні |
|(Қкф)                  |меншік құралдар|Қк –қарыздық    |-0,67 ұсынылған.     |
|                       |арасындағы     |капитал         |                     |
|                       |қатынасы.      |МК меншік       |                     |
|                       |               |капитал.        |                     |
|3. Өзін -өзі           |Меншік капитал |Өөқкф= МК/ Қк   |Ұсынылған мәні ≥ 1,0.|
|қаржыландыру           |мен қарыздық   |                |Меншік капиталдың    |
|коэффициенті           |құндардың      |                |көмегімен қарыздық   |
|                       |арасындағы     |                |құралдарды жабу      |
|                       |қатынасы.      |                |мүмкіндігін          |
|                       |               |                |көрсетеді.           |
|4.  Меншік ағымдағы    |Ағымдағы       |Ма.қ.қ.е.кф.=   |Көрсеткіштің мәні    |
|құралдармен қамтамассыз|активтердің    |АМҚ/АА;         |ұсынылған ≥ 0,1      |
|етілген коэффициент    |меншік ағымдағы|АМҚ – ағымдағы  |(немесе 10%).        |
|                       |құралдардың    |меншік құралы   |Көрсеткіштер неғұрлым|
|                       |үлесі          |АА- ағымдағы    |жоғары болса,        |
|                       |               |активтер;       |кәсіпорын тәуелсіз   |
|                       |               |                |қаржылық саясатын    |
|                       |               |                |жүргізуге мүмкіндігі |
|                       |               |                |болады.              |
|5. Коэффициенті оңтайлы|Меншік         |Кфо.қ.= АМҚ/МК  |Ұсынылған мәні       |
|қолдану (Кф.о. қ.)     |капиталдан     |                |0,2-0,5.             |
|                       |ағымдағы меншік|                |Көрсеткіштердің мәні |
|                       |құралдардың    |                |неғұрлым жоғары      |
|                       |үлесі.         |                |орналасса  сол       |
|                       |               |                |жағдайда кәсіпорынның|
|                       |               |                |қаржылық оңтайлығы   |
|                       |               |                |жоғары болуы мүмкін. |
|6. Қаржылық коэффициент|Қарыз алушының |Кф.қарб.=Қк/БВ  |0,5 кем емес жоғарғы |
|қарбаластығы (Кф.қарб.)|баланс         |БВ- қарыз       |шекараның жоғарлануы |
|                       |валютасынан    |алушының        |кәсіпорынның сыртқы  |
|                       |қарыздық құрал |баланстағы      |қаржылық деректелген |
|                       |үлесі.         |валютасы.       |тәуелділігін         |
|                       |               |                |көрсетеді.           |
|7. Мобильдік және      |Әрбір ағымдағы |Қатынас         |Әрбір кәсіпорынға    |
|иммобильдік активтердің|активтердің    |кф.=АА/ААтыс    |жеке дара            |
|қатынас                |теңгесі        |АА-ағымдағы     |көрсеткіштердің      |
|коэффициенті.(Қатынас  |ағымдағы       |активтер        |жоғары мәні болған   |
|кф.)                   |активтерден тыс|ААтыс- ағымдағы |сайын, соғұрлым      |
|                       |қаншасы келеді.|активтен тыс    |ағымдағы активтері   |
|                       |               |                |(мобильдік) құралы   |
|                       |               |                |көп болады.          |
|8.Өндірістің мүліктік  |Кәсіпорынның   |Ө.м.кф. = ААтыс |Ө.м.кф.              |
|коэффициенті (Өм.кф.)  |активтердің    |+Қ/А            |≥0,5.0,5көрсеткіштен |
|                       |өндірілген     |Қ-қорлар        |төмен түсетін болса, |
|                       |мүліктің       |А- Активтің     |онда мүлікті         |
|                       |үлестік мәні   |жалпы  көлемі.  |толықтыру үшін       |
|                       |               |                |қарыздық құралдарды  |
|                       |               |                |қолдануға керек.     |


    коэффициенттері кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін ұсынады.
    Коэффициенттерді үлестіру  –  осы  әдіс  қаржылық  жағдайдын  абсолютті
көрсеткішін немесебелгілі бір бөлікті табу үшін қолданылады.
    Координациялық коэффициент –  қаржылық  жағдайдың  әр  түрлі  абсолютті
көрсеткіштердің  қатынастарын  анықтайды  немесе   экономикалық   мәні   бар
айырмашылығы мен олардың сызықтық комбинацияларды.
       Қаржылық  коэффициенттің  талдауы  базистік  көлемдері  мен   олардың
кезеңдік есеп берудің динамикасын зерттейді.
    2.Қаржылық  жағдай  –  белгілі  бір   уақытта   кәсіпорынның   қаржылық
тұрақтылығын көрсететін және қазіргі кезде  өз  борыштық  міндеттемені  өтеу
мен шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржылық  ресурстарды  қамтамассыз
ету болып табылады.






























Сурет 1 Кәсіпорынның қаржылық талдауды  өткізудің мазмұны мен дәйектілігі.

    3.Құрылымдық талдаудың мақсаты – кәсіпорын құралдардың  динамикасы  мен
құрылымын зерделеу және қаржылық жағдайымен ортақ танысу  үшін  деректеменің
қалыптасуы.
    Динамикалық  талдаудың  құрамы  мен   құрылымы   баланстық   активтерге
абсолютті мөлшерде қалыптасуды қамтамассыз ететін  және  салыстырмалы  өсуді
немесе кәсіпорынның барлық мүлікті және оның жеке түрлерін азайту.
    Валюталық баланста ағымдағы активтерді анықтайтын көрсеткіштер:
    Кәсіпорын активтердің мобильдік коэффициенті.
    К.м.а.к. = ағымдағы активтердің құны : кәсіпорынның барлық мүлігіне.
       Кәсіпорынның   активтердің   орналастыру   тиімділігін   сипаттайтын
көрсеткіш:
    Иммобилизация құралы  мен мобильдік қатынастың коэффициенті.
    К.и.қ.м.қ. = Ағымдағы активтердің  құны  :  ұзақ  мерзімді  активтердің
құны.
    Деректемелер құралын меншік және  қарыздық  бөлуге  болады.  Құрылымдық
міндеттеме сипаттайды:
    Автономия коэффициенті.
    Ка = меншік капитал : кәсіпорын үлкен ортақ құралына
    және   меншік  және  қарыздық   құралдардың   қатынас   коэффициентінің
формуласы:
    К м және қ. қатынас  = түзету енгізілген  ұзақ  мерзімді  пассивтері  :
түзету енгізілген қысқа мерзімді пассивтер;
    Ка ≥ 0,5, Км және  қ. ≤ 1 білдіреді,  кәсіпорын  міндеттемелері  өзінің
меншік құралдарымен орнын  толтыра  алады.  Автономия  коэффициенті  жағымды
бағаланады, қаржылық тәуелсіздігі көбеюін көрсетеді және меншік  құралы  мен
қарыздық  қатынастың  коэффициенті  азаяды,  қаржылық  тәуелсіздігін  азаюын
көрсетеді.
      4.Материалдық  қорлардың  тиімді  пайдалануын  талдаудың   мақсаты   –
ұйымдағы  материалдық  қорлардың  өндіріс  үрдісіне   сәйкестігін   анықтап,
тиімділік   көрсеткіштерін    анықтау    және    өндірісті    пайдаланбайтын
материалдардан тазарту.
      Талдаудың  қайнар  көздері  –  жабдықтаушылармен   жасалатын   келісім
шарттар, бизнес – жоспар, материалдық есеп, бухгалтерлік баланс.
        Материалдық  қорларды  пайдалануды  талдаудың   негізгі   мақсаттары
өндіріс көлемін қажетті материалдық қорлармен  жабдықтау  деңгейін  анықтау,
материалдық қорларды пайдаланудың тиімділік  деңгейін  бағалау,  материалдық
қорларды үнемдеудің ішкіөндірістік резервтерін айқындау болып табылады.
      Материалдық қорларды талдаудың қайнар  көздері  болып  шикізаттар  мен
материалдарды жеткізудің  келісім  шарттары,  материалдық  қорлардың  түсуі,
шығындалуы  және  қалдықтары   бойынша   талдамалық   бухгалтерлік   есептің
деректері, бухгалтерлік баланс табылады.
       Ұйымның  материалдық  қорлармен  қамтамасыз  етілуін  талдаған  кезде
материалдық жабдықтау  бөлімі  жоспарларының  сапасы  тексеріледі.  Үздіксіз
өндірістік үрдіс үшін материалдық қорларға  қажеттілікті  қамтамасыз  етудің
қайнар көздерін анықтап алған дұрыс. Олар ішкі және  сыртқы  болады.  Сыртқы
қайнар көздерге  келісім  шарттар  бойынша  жабдықтаушылардан  келіп  түскен
материалдық қорлар, ал ішкі  қайнар  көздерге  шикізат  қалдықтарын  азайту,
шикізатты екінші рет пайдалану және үнемдеу жатады.
      Материалдық     қорларды     тиімді     пайдалану      көрсеткіштеріне
материалсыйымдылығы  мен  материалқайтымдылығы  жатады.  Материалсыйымдылығы
материалдық  шығындардың  өндірілген  өнім  көлеміне  қатынасына  тең.   Ал,
материалқайтымдылығы оған кері шама.
        Материалқайтымдылығы неғұрлым жоғары  болса,  материалдық  қорлардың
тиімді пайдаланылғандығын  көрсетеді.  Материалсыйымдылығы  көрсеткіші  өнім
бірлігін     өндіруге     кеткен     материал     шығындарын      көрсетеді.
Материалсыйымдылығының    жекелеген    көрсеткіштері    де    бар.    Оларға
шикізатсыйымдылығы, отынсыйымдылығы, энергиясыйымдылығы жатады.


    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
       1. Қаржылық коэффициенттер түрлері қандай?
       2. Кәсіпорындардың мүліктің өсу коэффициенті қалай анықталады?
       3.Ағымдағы  және  тыс   активтердің   қатынас   коэффициенті   қалай
       анықталады?
       4. Қандай көрсеткіш кәсіпорын құрылымының міндеттемесін сипаттайды?




Тақырып 5 : Басқарушылық талдаудың негізі
Дәріс сұрақтары
 1.Басқарушылық талдаудың мақсаты мен міндеттері.
2.Басқарушылық талдаудың ролі мен мәні.
    1.Басқарушылық  талдау  –  қазіргі  заманғы  басқарудың  теориясы   мен
тәжірибесіндегі  экономикалық  талдау,   жоспарлау,   басқару   есебі   және
менеджмент  түйісіндегі  маңызды  жүйе.  Басқарушылық   талдау   кәсіпорынды
басқаруды  оның  қызметін  координациялау  және  интеграциялау  арқылы  жаңа
деңгейге көтереді, стратегиялық мақсаттарға жетуге ынталандырады.
    Басқару жүйесіндегі талдау –  оперативтік  және  стратегиялық  шешімдер
қабылдау  арқылы  кәсіпорынның  экономикалық  қызметін,  менеджментті  дұрыс
жолға қою болып табылады.
    Кез – келген коммерциялық ұйымның соңғы мақсаты  –  пайда  табу,  бірақ
кәсіпорындардың мақсаты кейде  нарықта  орын  алу,  бәсекелестерді  ығыстыру
болғандықтан  бухгалтерлік  есеп  жұмысы  соған  бағытталады.   Басқарушылық
талдау кәсіпорынды басқаруда ерекше орын алады, оның мақсаты –  кәсіпорынның
алдында тұрған барлық асуларға жету.
    Басқару жүйесінде талдау келесідей функцияларды орындайды:
        •  кәсіпорын   мақсатына   қол   жеткізуде   басқарушылық   қызметті
          координациялау;
        • басқарушылық шешімдер қабылдауда ақпараттық  және  кеңестік  көмек
          көрсету;
        • кәсіпорынды басқаруда ақпараттық жүйе құру;
        • тиімді басқарушылық үрдісін қамтамасыз ету.
       Ақпараттық  ағындардың  жүйесі  –  кәсіпорындағы  бухгалтерлік   есеп
жүйесінің маңызды элементі. Бухгалтерлік  есеп  кәсіпорынды  басқару  туралы
ақпаратты жеткізуші.
   Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің  ролін  келесі  сызбадан  көруге
болады.






































        Сызба 1. Басқару жүйесіндегі талдау ролі

       Бухгалтерлік есеп  жүйесі беретін ақпарат толық,  нақты,  релевантты(
мәнді) және пайдалы болуы керек.


2. Басқарушылық талдаудың  негізгі тұжырымдамалары
|Тұжырымдама бағыты    |Тұжырымдама шегінде контроллингтің негізгі мәні   |
|                      |мен мақсаты                                       |
|Есеп жүйесіне         |Есеп деректерінің базасында басқарушылық шешімдер |
|                      |қабылдау үшін кәсіпорын жұмысын бақылуға қажетті  |
|                      |ақпараттық жүйе құру.                             |
|Басқарушылық          |Басқарудың жалпы ақпараттық базасын құру.Ақпарат  |
|ақпараттық жүйеге     |ағындарын оңтайландыру.                           |
|Басқару жүйесіне.     |Кәсіпорынның құрылымдық бөлімдерінің қызметін     |
|жоспарлау мен         |жоспарлау мен бақылау.                            |
|бақылауға             |                                                  |
|координацияға         |Кәсіпорынды басқару жүйесін координациялау.       |



     Басқарушылық талдау – мақсаттарға жетуді  басқару  жүйесі,  кәсіпорынды
басқарудың құрамдас бөлігі. Оның мәліметтерінсіз кәсіпорынды басқару  мүмкін
емес.
    Өндірістік бухгалтерия шығындар туралы ақпараттар  жинақтайды,  өнімнің
өзіндік  құнын  калькуляциялайды,   өндіріс   шығындарының   нормалары   мен
нормативтерін  анықтайды  және  өнім  өндіріске  қатысты   барлық   есептік,
сараптамалық,  жұмыстарды  атқарады,  ішкі   өндірістік   есеп   берушілікті
құрайды. Өндірістік бухгалтерия жабық сипатты болады. Бұл меншік иесінің  өз
иелігіндегі «ноу-хау»,  өндірістік  жаңа  жетістіктері  сияқты  жаңалықтарын
оның  бәсекелестері  ерте  пайдаланбауы  үшін  деген  мақсатта.   Өндірістік
бухгалтерия тек басқа жақтың  адамдары  ғана  емес,  сол  кәсіпорында  жұмыс
істейтін, бірақ өндірістік бухгалтерияға кірмейтін адамдар үшін де жабық.
         Басқарушы талдаудың басты мақсаты — басқарушылық  шешімді  қабылдау
болып табылады.  Өзінің  табиғаты  бойынша  барлық  басқарушылық  шешімдерді
шартты түрде екі топқа бөлуге болады: бағдарланған және бағдарланбаған.  Осы
топтың әрқайсы басқарушылық шешімді қабылдаудың жүйесі ретінде  бухгалтерлік
есепке жаңаша талаптар қояды.
        Бағдарланған шешімдер  -  алдын-ала  белгіленіп,  дайын  процедурасы
бойынша  жүретін,  дәстүрлі  және  стандартталған   шешімдер.   Бағдарланған
шешімдер "бірден" қабылданатын жай шешімдер де болуы мүмкін, бірақ  ол  жан-
жақты  зерттеледі,  сондықтан  олар   күрделі   болып   та   келуі   мүмкін.
Бағдарланған шешімдерге   материалдарды  сатып  алу,  жаңа  қызметтері  үшін
еңбек ақы деңгейін көтеру  және  т.б.  жатады.  Сәйкесінше,  басқарушы  есеп
жүйесі негізгі ақпараттарды стандарттауға,  үйлесімдеуге  және  бағдарланған
шешімдерді қабылдау тұжырымдамасын, біртұтас  процедурада  дайындауға,  яғни
жоғарыда айтылған әрекеттерге толығымен бағыттауға талпыныс жасайды.
      Бағдарланбаған  шешімдер  —  стандартталған  емес,  әлсіз   құрылымдық
жағдайындағы жаңа шешімдер  үшін,  әдеттегі  мәселелерді  шешуде  қолданады.
Бағдарланбаған  шешімдердің  қатарына  ұйымның  маркетингтік  стратегияларын
дайындау, уақытша бос қаржы ресурстарын инвестициялау  жөніндегі  шешімдерін
қабылдау жатады. Бағдарланбаған шешімдер үшін дайын алгоритм  болмайды  және
болуы да мүмкін емес.  Осындай  шешімдерді  қабылдау  үшін,  басқарушы  есеп
жүйесінің қызметкерлері тұрақты түрде ізденіс үстінде  болады  және  шешімді
кабылдаудың критериясы  нақты  мәселелердің  өзгешелігіне  байланысты  болып
келеді.  Бірақта,  шешімді  қалыптастыру  процесінде  тек  стандарттау   мен
унификациялау  деңгейлерін  ғана  емес,   сондай-ақ   экономикалық   ортаның
микроклиматтын  жасайтын,  тәуекелдік  және  белгісіздік  жағдайын   зерттеу
керек.
      Белгісіздік жағдайында басқарушы  есептің  міндеті  айрықша  күрделене
түседі. Тап осындай жағдайлардың белгілері бар  екені  туралы  жөнінде  олар
дабыл қағады:
       1. нақты нәтижелердің жоспардан ауытқуы;
       2. нақты нәтижелердің өткен тәжірибеден ауытқуы;
       3. қызметкерлердін мардымсыз хабардар болуы;
       4. бәсекелестер туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі .
      Осындай мәліметтерді қалыптастыруға басқарушы  есеп  көмектеседі  және
мәселені шешуге осылайша келуді рационалды тәсіл деп атайды.
     Дұрыс шешімді қабылдамас бұрын қабылданатын  шешімдерге  талдау  жасап,
ұсынылатын варианттың  артықшылығы  (миссиясы)  туралы  басшылықты  хабардар
етеді. Максималды табыс табу тұжырымдамасы ұйым иелері,  тек  меншік  иелері
ретінде мүдделі екендігін танытады. Бірақта тап  осындай  жағдай  өте  сирек
кездеседі. Иеленушілер: тапсырыс  берушілер,  жабдықтаушылар,  қызметкерлер,
ұйым директорлары жатады. Егер ұйым иелік етушілері максималды  табыс  алуды
мақсат тұтса, онда олар өз мүддесін  қорғаған  болып  шығады.  Менеджер  мен
иелік  етушінің  негізгі  мақсаты  үнемі  табысқа  салынатын  салықты  қалай
азайтуға болатындығын іздестіреді. Кейде менеджерлер минималды  тәуекелділік
кезінде максималды табыс табуды ұстанады.

    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
    1.Басқарушылық талдаудың мақсаттаты?
    2.Басқарушылық талдаудың құрамдас бөліктері?
    3.Басқарушылық талдау қалай жүзеге асады?


6 тақырып : Компанияның маркетингтік қызметін талдау
Дәріс сұрақтары
   1. Маркетингтік қызметті талдаудың мәні мен міндеті.
   2. Өнімді жабдықтау нарығын талдау.
   3. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау.


    1.Маркетингтің негізгі міндеті мен функциялары. Олар:
        • Өндірістік бағытымен нарықты талдау және  зерттеу жарнамалық
          саудалық және басқа кәсіпорын қызметтері;
        • Кәсіпорынның барлық топтардың ориентациясымен маркетингтік
          стратегияны әзірлеу;
        • Өндірілген өнімнің тұтынушының құрамын зерттеу, сатып алушының
          сұранысын зерттеу.
        • Кәсіпорын өнмінің тұтынушылық параметрлері мен техникалық
          арасындағы байланысты зерттеу.
        • Кәсіпорынның өнімінің сатып алушының сұранысымен сәйкесін талдау;
        • Бәсекелес өнімінің сатып алушының сұранысымен сәйкесін талдау;
        • Нарықтық конъюктураны зерттеу және кәсіпорын өніміне сұранысын,
          факторларын анықтайтын структураны, тұтынушының кәсіпорын өніміне
          сұранысын зерттеу.
        • Бәсекелес кәсіпорынның қамтамассыз етілген нарықты тұтыну
          сегментациясы.
        • Маркетингтік функциясы келесі түрімен классификацияланады:
        • Аналитикалық функция: сұранысты зерттеу, тұтынушыны зерттеу,
          фирманың нарық структурасын зерттеу.
        • Өндірістік функция: Өндірісті жаңа тауарлар ұйымдастыру,
          материалдық техникалық жағдайымен ұйымдастыру басқару сапсымен
          және дайын өнімнің бәсекелесімен ұйымдастыру.
        • Өткізім функция (сату): тауар қозғалысының жүйесін ұйымдастыру,
          мақсатталған тауарлық саясатымен өткізу, сервистік ұйым;
        • Басқару және бақылау функциясы: Маркетингпен басқару ақпаратымен
          қамтамассыз ету және кәсіпорынға жедел жоспарды және стратегиялық
          ұйымдастыру;
    Маркетингтік қызметке негізінде ағымдағы бақылауға кірісу, сұрақ
шенберін белгілеу және мақсатты зерттеуді анықтау;
    2.Нарықтық сұраныстың жан –жақты позициясын зерттей отырып тұтынушының
сұранысын қамтамассыз ету мақсатталған максималды табысты алу келесі
маркетингтік ортаны білу тиіс:
        • Тауар нарығын;
        • Тауарды өндіру;
        • Сыртқы макроорта нарықты өткізу және өндірумен байланысты;
    Әр бір кәсіпорынның  маркетингтік концепциясын талдауды келесі
атқаратын жүйес жатады:
        • Клиенттердің көлемі мен құрамы және олардың сатып алу қабілеттері;
        • Бәсекенің коммерциялық күш және олардың ұйымдастыру деңгейі;
        • Тауар алмастыру нарығының мүмкіндіктері сонымен қатар жаңа
          сұранысын қамтамассыз ету әдіс принципі;
        • Институционалдық құрылымның регламенттелген күші.
        • Нарықтың жабық деңгейі.
    Алынған пайдалы ақпараттың нарықтық тауар өндірушіге берілген
деректемеге шешім қабылдау, сұраныс құрылымын сипаттау және ұсыну.
    Біріктіру әдістер көмегімен нарықтық құрылымдылық өткізіледі:
        • Типологиялық;
        • Құрымдылық;
    Біріктірудің келесі негіздеме бойынша практикада қолданылады.
      - тауарлық ұсыныс пен сұраныстың географиясы;
      - көтерме, бөлшек- сауда немесе тауар ұсынуды аралас сипаты;
      - тауардың әр түрлілігіне байланысты нарықтық конфигурациясы,
        тұтынушының табыс деңгейі топтардың сала тиімділігінің жабық
        деңгейі.
      -   сату кезінде есеп берудің ұсынысы.
    3.Маркетингтік талдау көп аспектілі және көп анықталған ағымдағы
нарықтық коньюктура оың көмегімен жаңа міндеттерді атқаруға болады.
    Жаңа нарықты іздестіру:
|Нарықты зерттеу                     |Терендетілген нарықтық талдау       |
|Мейрамды/зерттеу                                                          |
|Перспективалық нарықты талдау       |Тұтынушыны талдау                   |
|Потенциалдық өсудің және нарықта    |Бәекелестерді талдау стратегиясы.   |
|сұранысты бағалау                   |                                    |
|Бәсекелестің деңгейін бағалау       |Таратушы каналдарды бағалау         |
|Тәуекел талдауы белгілі бір нарыққа |Мүмкіншіліктер мен қауіпті талдау   |
|шығумен байланысты                  |                                    |
|Нарықтың тартымдылық деңгей бойынша |                                    |
|саралау                             |                                    |
|Қорытынды                                                                 |
|Трендтік талдауға нарықтық тізімі   |Тартымды нарық үшін нақты талдау    |
|Бәсекелестердің жалпыланған         |Әр бір нарыққа қауіп пен негізгі    |
|сипаттамасы                         |мүмкіншіліктердің тізімі.           |


    Өткізу желісі – бұл құрылым өнер – кәсіптік тұтынушы және индивидуалдық
қызметімен тауарларды жеткізу мақсатымен серіктестікті жұмылдыру.
    Маркетингтік арна – ақпаратты тұтынушыға жеткізу қымбат әдісі.  Қазіргі
кезде кәсіпорын туралы баспасөзде ақпарат үшін төлеу керек, әр  бір  арнаның
маркетингтік бөлімі үшін тиімді бақылау керек. Үнемі өткізу керек:
        • өткізілген өнімнің көрсетілетін  салыстыру  талдауы  алдымен  және
          кейін қолданған маркетингтік арналарды.
        •  Анықталған  маркетингтік  арналарды  бәсекелестіктің  аналогиялық
          мейрамдармен салыстырып талдау;
    Өнімнің портфельдік әдістің  талдауы.   Кәсіпорыннның  қызмет  түрлерін
анықтап, бұйымның бар ассортиментін тандау, олардың  тұрақты  табыспен  ақша
қаражатын әкелетін және тұтынушы сұранысымен пайдаланатын.
    Әр бір тауарды келесі жайғасымды қарастыру керек:
    Нарықты сегменттеу- толық топтардың идентификациясы.
    Матрица «нарықтық үлестің өсуі»- тауардың нарық классификациясының  екі
тәуелсіз  өлшемдері:  базалық   нарықтық   тартымдылық   және   кәсіпорынның
бәсекелес күші.
    Өткізілген өнімнің ассортименттің  жағымды  әсері:  өндірілген  өнімнің
ассортиментінің өзгеруін тұтынушыға нақты әсерін талдау.


























                              Сату мақсаттары.


    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
   1.Маркетингтік талдау не үшін қажет?
   2.Нарықты зерттеу қалай жүргізіледі?
   3. Маркетингтік талдаудың қайнар көздері қандай?

7 тақырып: Өнімді өткізу және өндірісті талдау
Дәріс сұрақтары
1.Өндірістік нәтижелерді талдаудың ақпарат көздері мен міндеттері.
2.Өнімді өткізу мен өндіріс динамикасын бағалау.

     1.Кәсіпорын жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіш  өнімнің  (қызметтің,
жұмыстың) өзіндік  құны.  Оның  деңгейінен   кәсіпорын  қызметінің  қаржылық
қорытындылары,  өндірісті  кеңейту  темпі  тәуелді.  Өнімнің  өзіндік  құнын
талдаудың  объектілеріне:  тауарлық  өнімнің  толық  өзіндік  құны,  тауарлы
өнімнің бір теңгесіне шығындар, жеке бұйымдардың өзіндік  құны,  шығындардың
жеке баптары сияқты көрсеткіштер жатады.
     Өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнын талдаудың мақсаты  –  жалпы
өндіріс, шығарылатын өнім көлеміне әсер ететін факторларды анықтап,  өзіндік
құнды барынша төмендету резервін айқындау.
     Талдаудың қайнар көздеріне - есептік калькуляциялар, өнімді өндіру және
өткізумен байланысты шығындар туралы есеп, 8110  «Негізгі     өндіріс»  шоты
бойынша субконто жатады.
     Өнімнің өзіндік құны  белгіленген  шығын  баптары  бойынша  анықталады.
Өнімнің элементтері  бойынша  анықталады.  Өнімнің  өзіндік  құнына  кіретін
шығындар экономикалық элементтері бойынша  да  ажыратылады.  Өзіндік  құнның
мөлшері оны құрайтын шығындардың  ауытқуына,  өзгеруіне  байланысты  өзгеріп
отырады. Шығындардың жалпы  сомасынын  өзгеруін  мына  формуламен  анықтауға
бодады:
                         [pic]                  (1)
     Мұндағы, VЖОж – шығарылған өнім көлемі; YCi – оның құрамы;  Ві  -  өнім
бірлігіне  ауыспалы  шығындар;  А  -  бүкіл   шығарылған   өнімнің   тұрақты
шығындарының сомасы.
     Мұндағы  көрсетілген  әрбір  көрсеткіштің  өзгеруі  шығындардың   жалпы
сомасының өзгеруіне әсер етеді. Үлестік ауыспалы  және  тұрақты  шығындардың
өзгеруі  ресурстар  бағасының  және  өнімнің  ресурс   сыйымдылығының   өсуі
әсерінен болады.
     Өнімнің өзіндік құнының маңызды жалпылаушы көрсеткіші – тауарлы өнімнің
бір теңгесіне  шығындар. Ол шығындардың жалпы сомасының  өндірілген  өнімнің
іс жүзіндегі бағалары бойынша құнына қатынасы  ретінде  анықталады.  Тауарлы
өнімнің  бір  теңгесіне  шаққандағы  шығындар  өндіріс  шығындарының   жалпы
сомасынын және өндірілген өнім құнынын өзгеруіне  тәуелді.  Тауарлы  өнімнің
бір теңгесіне шаққандағы шығындарға көптеген факторлар әсер  етеді.  Өзіндік
құнның  өзгеру  себептерін  анықтау  үшін  өнім  түрлері   бойынша   есептік
калькуляциялар талданып, өнім бірлігіне  шығындардың  іс  жүзіндегі  деңгейі
жоспардағы деректермен, өткен жылдар мәліметтерімен салыстырылады.  Көптеген
кәсіпорындарда материалдардың нормадан тыс  қалдықтары  көп  болады,  оларды
мақсаттарға  жұмсауға  болады.   Егер   олардың   мүмкін   болатын    құнын,
пайдаланатын шикізат құнымен  салыстыратын  болса,  өнімнің  өзіндік  құнына
кіретін материалдық шығындар  қаншалықты өскенін байқауға болады.
     Бір  материал  түрін  басқамен  алмастырған  жағдайда  тек   тұтынылған
материалдар мөлшері емес, олардың  құндары  да  өзгеріске  ұшырайды.  Осыған
байланысты, өнім бірлігіне материалдық  шығындардың  қалай  өзгергенін  білу
үшін, ауыстырылған материал шығынның нормасын  (УР1),  ауыстыратын  материал
шығыннын нормасы   (Б0),  ауыстыратын  материал  бағасын  (Б1)  білу  керек.
Өнімнің  өзіндік  құнында  жанама  шығындар  үстеме  және  жалпы  шаруашылық
шығындар  түрінде  көрінеді.  Бұл  шығындарды  талдау  тауарлы  өнімнің  бір
теңгесіне  шаққандағы   шаманың  іс  жүзіндегі  мөлшерін  есептік  кезеңдегі
жоспарлық деңгеймен салыстырып, өсу немесе төмендеу тенденциясын  анықтаумен
байланысты жүреді. Іс жүзіндегі өнім шығымына  жоспарлы  шығындарды  есептеу
келесі формуланы қолданады:
                Шк=Шжх(100+∆ТӨ%хКт)/100                   (2)
     Мұндағы, Шк – іс жүзіндегі өнім шығымына бейімделген шығындар; Шж – шот
бойынша  шығынның  жоспарлы  сомасы;  ∆ТӨ%  -  тауарлы   өнім   шығарылуының
жоспардан асуы немесе кем шығуы; Кт – шығындардың  өнім  өндірісі  көлемінен
тәуелділік коэффициенті.
     Өнім өндірісі процесінде  оның  өзіндік  құнын  төмендетуге  көп  көңіл
бөлнеді (Р↓Ө), қайнар көздері мыналар:
          1) кәсіпорынның өндірістік  қуаттылығын  толық  пайдалана  отырып,
             өндіріс көлемін өсіру, ұлғайту: (Р↑VЖӨ)
          2) еңбек өнімділігінің деңгейін өсіру, шикізат  пен  материалдарды
             үнемді пайдалану есебін өндірістің шығындарын азайту (Р↓Ш);
      Резерв шамалары мына формуламен есептеледі:
      Р↓Ө=Өм-Өіс=Шіс- Р↓Ш+Шқ/ VЖӨ+ Р↑VЖӨ-Шіс/ VЖӨіс                (3)
      Мұндағы, Өм және Өіс  -  өнімнің  мүмкін  болатын  және  іс  жүзіндегі
өзіндік құны; Шқ - өнім өндірісінің резервтерін өсіру үшін  кететін  қосымша
шығындар.
     Өнімнің өзіндік  құнында көпшілік үлесі тура еңбек шығындары да  алады.
Сондықтан тауарлы өнімнің бір теңгесіне  еңбек  ақы  серпіні,  оның  өзіндік
құндағы үлесі маңызды орын алады. Өнім  бірлігінің  еңбек  ақысын  келесідей
табуға бодады.
                                                   [pic]
                                     (4)
     мұндағы, ӨЕСі - өнімнің еңбек сыйымдылығы, ЕТі – бір жұмысшының еңбекті
төлем теңгесі, VЖӨі - өнім өндірісінің көлемі .
     Өнім түрлері  бойынша  тура  еңбек  ақы  сомасынын  өзгеру  факторларын
тізбектеп алмастыру арқылы есептеуге болады. Өзіндік құн  әр  өнімнің  еңбек
сыйымдылығы мен еңбек ақының орта сағаттық деңгейінің есебінен де  өзгеріске
ұшырайды.
2. Тауарлы өнімнің бір теңгесіне шаққандағы  шығындарға  көптеген  факторлар
әсер етеді. Өзіндік құнның  өзгеру  себептерін  анықтау  үшін  өнім  түрлері
бойынша есептік  калькуляциялар  талданып,  өнім  бірлігіне  шығындардың  іс
жүзіндегі  деңгейі  жоспардағы  деректермен,  өткен  жылдар   мәліметтерімен
салыстырылады.

    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
    1.Өнімді өткізуді қалай талдауға болады?
    2.Өнімдерді өткізуді талдаудың қайнар көздері қандай?
    3.Өнім ассортиментін қалай талдайды?



8 тақырып: Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау
Дәріс сұрақтары
1.Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау.
2.Жұмыс уақыты қорын пайдалануды талдау.
3.Негізгі құралдар пайдалануды талдау.
4.Материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуді талдау.

      1. Еңбек ақы қорын талдаудың негізгі  мақсаты  –  кәсіпорындағы  еңбек
ресурстарымен  қамтамасыз  етуді  бағалау,  еңбек  өнімділігінің  жекеленген
көрсеткішін  анықтау,  еңбек  ресурстарын  тиімді  пайдаланудың  резервтерін
айқындау және өнімнің еңбек сыйымдылығын анықтау болып табылады.
    Еңбекақы шығындарының  құрамына  кәсіпорынның  өндірістік  персоналының
еңбекақысына кеткен, соның ішінде өндірістік нәтижелері  үшін  жұмысшыларға,
басшыларға, мамандарға және  басқа  да  қызметкерлерге  төленетін  сыйақылар
шығындары,  сондай-ақ  егізгі  қызметке  қатысты  тізімдік  емес   құрамдағы
жұмысшылардың еңбекақысына кеткен шығындар кіреді.
    Еңбекақы  шығындарын  талдаудағы  мақсат  еңбекақы  қорын  пайдаланудың
неізділігі мен дұрыстығының дәрежесін анықтау, еңбекақы  бойынша  өндірістік
емес  шығындарды  анықтау,  еңбекақы  шығындарының  өнімнің  өзіндік  құнына
тигізетін әсерін анықтаудан тұрады.
    Еңбекақы  шығындарын  талдау  үшін  ақпарат  көзі  болып  бизнес-жоспар
мәліметтері, №5-з « Кәсіпорын өнімін ( жұмыс,қызмет  )  өндіру  және  өткізу
шығындары туралы мәліметтер» формасының мәліметтері,  №1-т  «Қызмет  түрлері
бойынша жұмысшылардың саны мен  еңбекақысы  бойынша  мәліметтер»  формасының
мәліметері қызмет етеді. Сонымен қатар, талдау үшін бухгалтерлік және  жедел
 есеп мәліметтері тартылады.
    Ал кәсіпорынның барлық өндірістік персоналы мен жұмысшылардың жекелеген
категорияларының еңбекақы қорын талдауды    нақты  (  абсолютті  )  ауытқуды
анықтаудан бастау керек. Осы мақсатта есептік кезеңде іс жүзінде  есептелген
еңбекақы сомасын еңбекақының жоспарлы қорымен және өткенн  кезеңдегі  сәйкес
мәліметтермен салыстыру керек.
      Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз  етілуі  жұмысшылардың  іс
жүзіндегі  саны  мен  жоспарлық  қажеттілік  бойынша  салыстырып  анықтайды.
Жұмысшылардың  біліктілік  деңгейі  олардың  жұмыс  стажынан,  білімдерінен,
кәсіптік шеберліктерінен тәуелді .
      Жұмыс  күшінің   қозғалысын   сипаттау   үшін   бірнеше   көрсеткіштер
қолданылады. Жұмысшыларды жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару,  кадрлар  ағыны
және  ұйымдағы  персонал  құрамының  тұрақтылық  коэффиценттері  есептеледі.
Ұйымды толықтай  еңбек  ресурстарымен  қамтамасыз  ету  еңбек  өнімділігінің
артуына, өндірісті ұйымдастырудың жаңа  жолдарын  табуға  мүмкіндік  береді.
Егер ұйым өз қызметін кеңейтіп, өндірістік қуатын арттыратын болса,  қосымша
еңбек ресурстарына қажеттілік туады.
      Қосымша жұмыс орындарын құру есебінен өнім шығаруды  көбейту  резервін
оны бір жұмысшының іс жүзіндегі  орта  жылдық  өнімділігіне  көбейту  арқылы
табады.
      2.Еңбек ресурстарын пайдаланудың толықтығы бір адамның  жұмыс  істеген
күндері мен сағаттарының  саны және жұмыс уақытының қорын пайдалану  деңгейі
арқылы  анықтайды.  Жұмыс  уақытының   қоры   жұмысшылардың   санынан,   бір
жұмысшының бір жылдағы жұмыс істеген күнінің  санынан,  және  жұмыс  күнінің
орташа ұзақтығынан тәуелді .
      Жұмыс уақытының жоғалтулары әртүрлі себептерден болуы  мүмкін.  Мұндай
жоғалтуларты азайту өнім өндірісін көбейту резерві ретінде саналады.
      Еңбек өнімділігінің деңгейін бағалау үшін жалпылаушы,  жекелеген  және
қосымша  көрсеткіштер  жүйесі  қолданылады.  Жалпылама  көрсеткіштерге   бір
жұмысшының ортажылдық, ортакүндік және ортасағаттық өнім  өндірімі,  сонымен
қоса,  құндық  өлшемдегі  жұмысшының  ортажылдық   өнім   өндірімі   жатады.
Жекелеген көрсеткіштер-белгілі  бір  өнім  бірлігін  шығаруға  кеткен  уақыт
шығындары және бір адам –  күндегі  немесе  адам  –  сағаттағы  өнім  шығару
шығындары.  Көмекші  көрсеткіштер  уақыт   бірлігіне   орындалған   жұмыстар
көлемінің шығындарын сипаттайды.
      Еңбек өнімділігінің жалпылама көрсеткіші – бір жұмысшының орта  жылдық
өнім өндірімі. Оның шамасы жұмысшы  өндірімінен  ғана  емес,  еңбек  күнінің
ұзақтығы  мен  істелген  жұмыс  күндерінің  мөлшерінен   де   тәуелді.   Бұл
көрсеткішке бірнеше факторлар әсер етеді:  ортасағаттық  өнім  өндірімі  мен
жалпы жұмысшылар тізіміндегі  сол  өнімді  шығаруға  қатысқан  жұмысшылардың
үлес саны.
      Факторлардың әсері жалпы өнім көлеміне  және  ортажылдық  өнім  шығымы
мөлшеріне де қатысты. Еңбек өнімділігін өсіру резервтеріне  жұмыс  уақытының
жоғалтуларын болдырмау, өндіріс қарқының арттыру,  еңбек  шығындарын  азайту
жатады .
      Ортасағаттық өндірімнің өсу резервін жұмыс күнінің жоспарлы ұзақтығына
көбейте отырып, ортакүндік өндірімнің өсіру резервін табуға болады.
      Өнім шығымын өсіру резервін анықтау үшін ортасағаттық өнім өндірімінің
мүмкін болатын өсімін  барлық  жұмысшылардың  жұмыс  уақытының  жоспарланған
қорына көбейтеді.
      Нарықтық экономика шарттарында еңбек  ресурстарын  тиімді  пайдалануды
бағалауға персоналдық рентабельділік көрсеткіші қолданылады.
      Еңбек сыйымдылығы - өндірілген  өнімнің  барлық  көлеміне  немесе  бір
бірлігіне кеткен жұмыс уақытының  шығындары.
      Өнім бірлігінің еңбек сыйымдылығы өнім түрін дайындауға  кеткен  жұмыс
уақытының қорының өндіріс көлемінің қатынасына тең.
      Өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету –  еңбек  өнімділігін  арттырудың
маңызды  факторы.  Еңбек  өнімділігінің  өсімі  өнімнің  еңбек  сыйымдылығын
азайту есебінен болады.
      Еңбек  сыйымдылығының  өзгеруі  мен  ортасағаттық   өндірім   арасында
тәуелділік бар. Сондықтан, өнімнің еңбек сыйымдылығы  өзгерсе,  ортасағаттық
өндірімнің өсу темптері анықталады.
3.   Негізгі   құралдарды   талдаудың   мақсаты    -     негізгі    құралдар
көрсеткіштерінің   динамикасын,    олардың    деңгейі   бойынша    жоспардың
орындалуын  зерттеу, шаруашылық аралық салыстырулар жүргізу.
          Талдау үшін мәліметтердің  қайнар  көздері:  кәсіпорынның  бизнес-
жоспары,  техникалық  даму  жоспары,   кәсіпорынның   есептік   бухгалтерлік
балансы,   балансқа  қосымша,   өндірістік   қуаттылық   балансы,    негізгі
құралдарды қайта бағалау  туралы   мәліметтер,   негізгі  құралдар  есебінің
инвентарлық   карточкалары,   жобалық-сметалық,   техникалық  құжаттар  және
басқа да құжаттар.
           Негізгі қорлар кәсіпорынның негізгі капиталының  жалпы  сомасында
негізгі үлес  салмақты  алады.   Олардың   санынан,   құнынан,    техникалық
деңгейінен,  пайдалану тиімділігінен  кәсәпорын  қызметінің  соңғы  нәтижесі
тәуелді   болады:   өнімдерді   өндіру,    оның    өзіндік   құны,    табыс,
рентабельділік,  қаржылық қағдайының тұрақтылығы.
            Негізгі  құралдарды    пайдаланудың     тиімділігін    жалпылама
сипаттау үшін  рентабельділік (пайданың негізгі  өндірістік  қорлардың  орта
жылдық  құнына  қатынасы),   қор  қайтарымы  (өндірілген   немесе   сатылған
өнімдердің қосылған құн  салығы,  акциздер  шегерілгеннен  кейінгі   құнының
негізгі   өндірістік   қорлардың  орта   жылдық   құнына   қатынасы),    қор
сыйымдылығы (қор  қайтарымына   кері  көрсеткіш),  өнімдердің  өсімінің  бір
теңгесіне үлестік капиталдық салулар  көрсеткіштері жатады.   Сонымен  қатар
негізгі  қорлардың  қатысты  үнемі есептеледі:
[pic],         (1)
мұндағы,  ОПФ[pic] , ОПФ[pic]-  базистік  және  есеп  жылдарындағы   негізгі
өндірістік қорлардың  орта жылдық құны;  IВП  - өнімдерді өндіру   көлемінің
индексі.
            Қорлардың  орта жылдық  құнын  есептеуде   тек  меншікті  қорлар
ғана  емес,   жалға   алынған   негізгі   құралдар   да   есептеледі    және
консервациядағы,  резервтегі және  жалға  берілген қорлар жатпайды.
             Жеке  көрсеткіштер   машиналардың,  жабдықтардың,    өндірістік
алаңдардың жеке түрлерін  сипаттауда  қолданылады,   мысалы,  бір  сменадағы
жабдықтардың бірлігіне табиғи бейнеде   өнімдердің  орташа  шығыарылымы,   1
м[pic]  өндірістік алаңға өнімдерді шығару және т.б.
           Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың  ең  жалпылауыш   көрсеткіші
қор  рентабельділігі болып табылады.  Оның  деңгейі  қор  қайтарымынан  ғана
емес,  өнімнің рентабельділігінен де тәуелді  болады.   Бұл  көрсеткіштердің
өзара байланысын келесідей түрде  көрсетуге болады:

Rопф =[pic][pic][pic]немесе
          Rопф =[pic][pic],                   (2)
мұндағы, Rопф- негізгі өндірістік қорлардың рентабельділігі;   П-  өнімдерді
сатудан табыс;  ОПФ - негізгі өндірістік қорлардың   орта  жылдық  құны;  ВП
және РП -  өндірілген немесе сатылған өнімдердің   сәйкес  құны;  ФО  –  қор
қайтарымы;   R[pic],  R[pic]  -  өндірілген   немесе   сатылған   өнімдердің
рентабельділігі. [10]
            Негізгі өндірістік  қорлардың    қор  қайтарымына   әсер  ететін
бірінші    деңгейдегі   факторлар   негізгі   өндірістік   қорлардың   жалпы
сомасындағы қорлардың белсенді  бөлігінің үлесінің өзгеруі, және   қорлардың
белсенді бөлігінің  қор  қайтарымының  өзгерісі  болып  табылады:
ФО = УД[pic].              (3)
            Қорлардың  белсенді  бөлігінің   қор   қайтарымы   тікелей  оның
құрылымынан,  жұмыс  уақытынан  және орта сағаттық өндіруден тәуелді.
            Талдау үшін  келесі факторлық  модель  қолданылады:
[pic].          (4)
             Қорлардың    рентабельділігінің  деңгейіне  қор    қайтарымының
өзгеруіне  факторлардың  әсері    i- ші  фактор есебінен   қор  қайтарымының
нақты өсімін   өнімдердің  рентабельділігінің  жоспарлы   деңгейіне  көбейту
арқылы анықталады.
             Негізгі  өндірістік  қорлардың   тиімді  пайдаланылуының   жеке
көрсеткіштерін  талдаудан кейін машиналар  мен  жабдықтардың  жеке  түрлерін
пайдаланудың  дережесі талданады.
            Жабдықтардың жұмысын  талдау  оның санын,   жұмыс  уақытын  және
қуаттылығын  пайдалануды  сипаттайтын көрсеткіштер жүйесіне  негізделеді.
             Жабдықтардың  қолда  бары   және   орнатылған    (экспуатацияға
берілген),   өндірісте  нақты   қолданылып   жүргендері,   жөндеудегі   және
модернизациядағы және резервтегі болып бөлінеді.
           Өндіріске жабдықтарды тарту дәрежесін  сипаттау   үшін  келесідей
көрсеткіштерді есептейді:
           нақты бар жабдықтардың паркін қолдану коэффициенті:
Кн = Пайдаланылған  жабдықтар саны / Нақты бар жабдықтар саны;
           орнатылған жабдықтардың паркін пайдалану коэффициенті:
   Ку = Пайдаланылған  жабдықтар саны / Орнатылған жабдықтар саны;
            Жабдықтарды  орнатудың  деңгейін  сипаттау  үшін    оның   жұмыс
уақытының  балансы зерттеледі. Оларға келесілер жатады:
            уақыттың календарлық  қоры  –  жабдықтар  жұмысының  максимальді
мүмкін уақыты (есепті кезеңдегі календарлық  күндер  саны  24  сағатқа  және
орнатылған жабдықтардың бірлік санына көбейтіледі);
           уақыттың режимдік қоры –  (орнатылған  жабдықтардың  бірлік  саны
есепті  кезеңдегі  календарлық  күндеріне  және  күнделікті  жұмыс  сағатына
көбейтіледі);
            жоспарлық  қор  –  жоспар  бойынша  жабдықтардың  жұмыс  уақыты.
Режимдік  уақыттан  жабдықтардың   жоспарлы   жөндеуі   мен   модернизацияда
болуымен ерекшеленеді;
           іс жүзіндегі қор – жұмыс уақытының іс жүзіндегі қоры.
           Жабдықтардың жұмыс уақытын пайдалануды   талдауды  сипаттау  үшін
келесі көрсеткіштер қолданылады:
           уақыттың календарлық қорын пайдалану коэффициенті:
Кк.ф. = Тф / Тк;          (5)
             уақыттың  режимдік қорын пайдалану коэффициенті:
Кр.ф. = Тф / Тр;       (6)
            уақыттың  жоспарлы қорын пайдалану коэффициені:
 Кп.ф. = Тф / Тп;       (7)
           календарлық қорда тұрып қалулардың үлес салмағы:
УДпр = ПР / Тк,      (8)
мұндағы, Тф,  Тк ,  Тр  ,   Тп-  жабдықтардың  жұмыс  уақытының   сәйкес  іс
жүзіндегі, жоспарлық, режимдік және  календарлық қорлары;  ПР-  жабдықтардың
тұрып қалуы.
            Талдаудың  соңында  өнімдер   өндіруді   және   қор   қайтарымын
жақсартудың резервтерін  есептейді.  Оларға  орнатылмаған  жабдықтарды  іске
қосу,  ауыстыру және модернизациялау толық күндік және ішкі сменалық  тоқтап
қалуларды қысқарту,  сменалық  коэффициентті  жоғарылату,  ғылыми-техникалық
прогрестің  шараларын енгізу.
  4.      Материалдық қорларды талдаудың  қайнар  көздері  болып  шикізаттар
мен материалдарды жеткізудің келісім шарттары, материалдық қорлардың  түсуі,
шығындалуы  және  қалдықтары   бойынша   талдамалық   бухгалтерлік   есептің
деректері, бухгалтерлік баланс табылады.
        Материалдық  қорларды  пайдалануды  талдаудың   негізгі   мақсаттары
өндіріс көлемін қажетті материалдық қорлармен  жабдықтау  деңгейін  анықтау,
материалдық қорларды пайдаланудың тиімділік  деңгейін  бағалау,  материалдық
қорларды үнемдеудің  ішкіөндірістік  резервтерін  айқындау  болып  табылады.
Үздіксіз өндірістік үрдіс үшін материалдық қорларға қажеттілікті  қамтамасыз
етудің қайнар көздерін анықтап алған дұрыс. Олар ішкі  және  сыртқы  болады.
Сыртқы қайнар  көздерге  келісім  шарттар  бойынша  жабдықтаушылардан  келіп
түскен материалдық қорлар,  ал  ішкі  қайнар  көздерге  шикізат  қалдықтарын
азайту, шикізатты екінші рет пайдалану  және  үнемдеу  жатады.       Ұйымның
материалдық  қорлармен  қамтамасыз  етілуін   талдаған   кезде   материалдық
жабдықтау бөлімі жоспарларының сапасы тексеріледі.
         Материалдардың   мөлшерінен   (З),   материалдар   мен   шикізаттың
қалдықтарынан  (Ост),  материал  қалдықтарынан  (Отх),   өнім   бірлігіндегі
шикізат шығынының үлесінен (УР) өндіріс көлемінің  өзгеруі  анықталады.  Бұл
көрсеткіштердің әсерін келесі формуламен есептейді.

[pic]         (9)
    Материалдық қорлардың пайдалану  тиімділігін  сипаттау  үшін  жалпылама
және  жеке  көрсеткіштердің  жүйесі  қолданылады.  Жалпылама  көрсеткіштерге
материалдық   шығындардың   1   теңгесіне    пайда,    материалқайтымдылығы,
материалсыйымдылығы,  өнімнің  өзіндік  құнындағы  материалдық   шығындардың
үлестік салмағы, материалдарды пайдалану коэффициенті жатады.
    Материалқайтымдылығы  өндірілген  өнім   құнын   материалдық   шығындар
сомасына бөлу арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш   өнідірілген  өнімнің  әрбір
теңгесінен тұтынылған материалдардың қайтысын сипаттайды.
    Өнімнің материалсыйымдылығы – материалдық шығындардың  өндірілген  өнім
құнының қатынасына тең.  Өнімнің  бір  бірлігіне  кеткен  материал  мөлшерін
білдіреді.
    Өнімнің  өзіндік  құнындағы  материалдық  шығындардың  үлестік  салмағы
материалдық шығындардың өндірілген өнімнің толық өзіндік  құнына  қатынасына
тең. Бұл көрсеткіштің  динамикасы  өнімнің  материалсыйымдылығының  өзгеруін
сипаттайды.
    Материалдық   шығындардың   коэффициенті   іс   жүзіндегі   материалдық
шығындардың жоспарлы өнім қатынасы арқылы анықталады. Ол  өндіріс  кезіндегі
материалдардың үнемді пайдалануын  көрсетеді.  Егер  коэффициент  1-ден  көп
болса,  материалдардың  артық  шығындалғанын,  ал  егер  1-ден   аз   болса,
материалдық қорлардың үнемді пайдаланылғанын көрсетеді.
    Материалсыйымдылығының  жеке  көрсеткіштері  материалдардың   жекелеген
түрлерінің   тиімді   пайдалануын   сипаттау   үшін   қолданылады.   Үлестік
материалсыйымдылығы құндық мөлшерде және табиғи бейнеде есептелуі мүмкін.
      Материалсыйымдылығы   материалқайтымдылығы  сияқты   шығарылған   өнім
көлемінен және материалдық шығын сомасынан тәуелді. Жалпы өнім  көлемі  (ТП)
шығарылған өнім санынан (VBП), оның құрылымынан (Уdi) және  босату  бағалары
деңгейінен (ЦП) тәуелді түрде өзгереді. Материалдық шығындардың (МЗ)  сомасы
өндірілген өнім  көлемінен,  оның  құрылымынан,  өнім  бірлігіне  материадар
шығынынан (УР), материал құнынан (ЦМ) тәуелді.
      Материалдық  қорлар  шығындарының  өзгеруіне,   материалсыйымдылығының
деңгейіне әсерін төмендегідей анықтайды:
                        ∆[pic]                   (10)
      Мұндағы, ∆МЕxi, ∆МЗxi, - і фактор есебінен материалсыйымдылығының және
материалдық шығындардың абсолютті өсімі.
      Егер қандай да бір фактор материалдық шығындар мен өнім көлеміне қатар
әсер ететін болса, ол төмендегі формуламен анықталады:
                              ∆[pic]       (11)
      Материалды қорларды пайдаланудың тиімділігі өнім көлеміне әсер  етеді.
Оны әртүрлі  деңгейде  анықтауға  болады.  Бірінші  деңгейдегі  факторлардың
әсерін төмендегідей анықтайды:
                                [pic] немесе
                                                          [pic]
           (12)
      Мұндағы,  МЗ  –  материалдық   қорлар   шығындары;   МО   –   материал
қайтымдылығы. Егер материалқайтымдылығы  қандай  себептен  өзгергені  болса,
өнім  көлемінің  өзгеруінде  тез  анықтауға  болады,  ол  үшін   материалдық
шығындардың іс жүзіндегі сомасына і фактор  есебіне  материалқайтымдылығының
өзгеруін көбейту керек


    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
          1.Еңбек ресурстарын қалай талдайды?
          2.Негізгі құралдарды тиімді пайдалану көрсеткіштері қандай?
          3.Материалдық қорларды пайдалануды қалай талдайды?





 9 тақырып: Өнімнің өзіндік құнын талдау
Дәріс сұрақтары
1.Өнімнің өзіндік құнын талдаудың ақпарат көздері, маңызы мен міндеттері.
2.Өнімнің өзіндік құнының құрамы.
3.Шығындарды калькуляция баптары бойынша  өзіндік құнды талдау.

    1.Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі міндеті бұл халықты жоғарғы  сапалы
өніммен қамтамассыз  ету.  Өнімді  өндіру  көлемінің  өсу  темпі  және  оның
сапаның жоғарлануы, кәсіпорынның тиімділігі және пайдасы  -  шығын  көлеміне
әсер етеді.
    Кәсіпорынның талдау жұмыстары өнімді өткізу  көрсеткіштерін  зерттеумен
басталады. Оның негізгі міндеттері:
                -  өндірістің өнімін өткізу динамикасы мен жоспарды орындау
                  деңгейін бағалау.
                - Осы көрстекіштердің өзгеру көлемін анықталған факторларға
                  әсері;
                - өнімді өткізу және  ішкі  шаруашылық  резервтерді  өткізу
                  көлемін анықтау.
                - Өткізілген резервтердің мейрамға үйреншікті әзірлеу.
    Өндірістік көлемінің негізгі көрсеткіші тауарлық және валдық өнім болып
табылады.
    Валдық өнім – бұл барлық өндірілген өнімнің  орындалған  жұмыстың  құны
және соның ішіне өндірістің дайын өнім кіреді.
    Тауарлық өнім - өндірістің аяқталмаған қалдықтар  мен  ішкі  шаруашылық
айналымды қоспағанда.
    Өндіріс көлемінің талдауы базистік және тізбектік өсу темпі мен өсімнен
зерттеуі басталады.
    Номенклатура – бұйымның атауы мен олардың кодтардың тізімі;
     Ассортимент - өнімнің әр түрлеріне байланысты өткізу көлемінің  тізімі
және атауы;
    Талдау процессі кезінде өндірістің тауарлық өніммен көлемінің  өзгеруін
зерттеп қана қоймай, сонымен қатар  оның  өткізу  көлемін  де.  Кәсіпорынның
қаржылық нәтижесі сату көлемінен әсер етеді, және оның  қаржылық  жағдайымен
төлем қабілеттілігінен.
    Өнімді өткізу екі нұсқалы әдіспен талдануы мүмкіндік. Кәсіпорынға табыс
тауарлық өнімді жөнелту кезінде  анықталған  болса,  онда  тауарлық  өнімнің
келесідей баланс түрлері болады:
        2.Ырғақтылық  көлем  кестесі  мен  ассортиментіне   сәйкес   өнімнің
біркелкі өткізу жоспарымен қарастырылған.
    Ырғақтылыққа байланысты жоспарды орындалуды бағалау  тура  және  жанама
көрсеткіштер  қолданылды.  Тура  көрсеткіштер  –  ырғақтылық   коэффициенті,
варияция коэффициенті,, әр бір айға және квартал бойынша өндірілген  өнімнің
үлес салмағы.
    Жанама  көрсеткіштер  ырғақтылығы  қосымша  жұмыс  үшін   төлеу,   ішкі
шаруашылық субъектінің кесірінен төлеу  ,  ақау  кесірінен  жоғалтулар  және
т.б.
      Өндірістің зиянсыздығын  талдау  «шығындардың-көлемдердің-табыстардың»
арақатынасын талдаудың қисынды жалғасы болып табылады.
      Ұйым өзінің күнделікті нақты жағдайын талдау барысында, сол өндірістің
зиянсыздығын талдауға басты  орын  береді.  Демек,  өндірістің  зиянсыздығын
талдау моделі біршама шектеулер мен  болжамдар  тұрғысында  құрылуы  мүмкін.
Бірақ  ол  осындай  жағдайларына  қарамастан,   шешім   қабылдау   барысында
қолданатын ең күшті құрал болып табылады. Зиянсыздықты талдаудың  мақсаты  –
белгілі бір  деңгейде  өндіріс  көлемі  (немесе  оның  өнімділігі)  өзгерген
жағдайда, қаржылық  нәтижесі  нендей  өзгеріске  ұшырайтынын  анықтау  болып
табылады. Зиянсыздық  нүктесіндегі  деңгейін  талдау  ол  барлық  деңгейдегі
басшыларға, болашақта  дұрыс  шешімді  қабылдау  үшін,  шоғырланған  түрдегі
ақпараттарды береді.   Талдаудың  бұл   түрі   тәжірибеде  үнемі  қолданады,
өйткені  оның  көмегімен  әртүрлі  балама  бағдарламаға  күрделі  есептеулер
жүргізбей-ақ тексеруге болады.
      Сындарлы   өндіру   көлемінде   графиктерді    пайдаланудың    негізгі
бағыттарының  бірі  –  ол  күтілетін  табыстың  деңгейін  есептеп   шығаруды
межейді. Бүгінде бизнестің табыстылығын арттырудың бес әдістері бар:
     1. Сату бағасын көтеру;
     2. Айнымалы шығындарды төмендету;
     3. Тұрақты шығындарды төмендету;
     4. Сату көлемін арттыру;
     5. Сатылатын өнімнің құрылымын жақсарту .
      Графиктің экономикалық моделі  айнымалы шығындардың  жалпы  шығындарға
тигізетін  әсерін  тигізеді.  Айнымалы  шығындардың  бұндай   функциясы   не
үдемелі, не жағымсыз болып келуі мүмкін. Ал,  бухгалтерлік  моделі  айнымалы
шығындардың тұрақтылығын көрсетеді.  Шығындар мен таза  табыстың  арасындағы
тәуелдігін зерттеу  мақсатында  өндірістің  зиянсыздық  деңгейін  білу  үшін
талдау жасайды. Осындай талдаудың арқасында, менеджерлер табыстылыққа  қарай
жетудің жолдарын іздестіреді және сол ізденістер  ыңғайлы  әдістерді  табуға
тырысады, сондай-ақ осылардың  нәтижесінде  тиімді  басқарушылық  шешімдерді
қабылдауға құштар болады.
    Маржиналдық  талдау  маржиналдық  табысты  енгізуге   және   шығындарды
тұрақтыға, өзгермеліге топтастыруға негізделген.
    Мынаны есте  ұстау  керек  «тұрақты»  және  «өзгермелі»  ұғымдары  өнім
бірлігінің  шығындарына  емес,  жиынтық  шығынға  қатысты.  Өнім   бірлігіне
қолдануда кері сурет байқалады;  өндіріс  көлемі  өзгергенде  тұрақты  шығын
өзгеріп, өзгермелі шығын өзгеріссіз қалады.
    Мұндай топтастыруда кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің  құрылымы
мыналарды ұсынады:
        1.Сату көлемі.
        2.Өзгермелі шығын.
        3.Маржиналдық табыс
        4.Тұрақты шығын
        5.Операциялық пайда (сатудан түскен пайда).
    Есеп беруде екі  қаржылық  көрсеткіш  болады:  маржиналдық  табыс  және
пайда.
    3. Өндірістің технологиялык және ұйымдастыру ерекшеліктеріне  байланысты
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және өндіріс  шығындарын  есептеудің
бірнеше әдістері пайдаланылады. Өнімнің өзіндік  құнын  калькуляциялау  және
өндіріске кеткен  шығындарын  есептеудің  әдісі  деп,  кәсіпорынның  шығынын
бақылау үшін өнімнің нақты өзіндік  кұнын  есептеу  және  өндіріс  шығындары
туралы ақпараттарды есепте топтастыру, жинау бойынша  әдістерінің  жиынтығын
атайды.
    Өнімнің өзіндік құнының әдісіне әсер ететін  негізгі  факторлар  ретінде
мыналарды атауға болады:
    - өндіріс типі;
    - өндірістің күрделілігі;
    - шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты;
    - өндіріс циклының ұзақтылығы;
    - аяқталмаған өндірістің қолда бары, құрамы және көлемі.
    Өнеркәсіп салаларында өнімнің өзіндік құнына бұл факторлардың  тигізетін
әсері  бірдей  емес,  сондықтан  өнімнің  өзіндік  құньш   калькуляциялаудың
әртүрлі әдісін қолдануға тура келеді. Өнімнің өзіндік  құнын  калькуляциялау
әдістемесінде шығарылатын  өнімнің  номенклатурасы  мен  сипаты  басты  роль
атқарады. Әдетте, өнімдер жай жөне күрделі болып бөлінеді. Жай  өнім  —  бұл
жеке бөлшектерден,  түйіндерден,  детальдардан  тұрмайды.  Жай  өнім  болып:
көмір, рудалар, мұнай, газ, цемент, тері, ет және т.б. саналады.
    Бұл аталған өнімдердің өзіндік құнын есептеу аса  күрделі  әдістемелерді
пайдалануды талап етпейді.  Бұндай  жай  өндірістерде  бір  ғана  өнім  түрі
калькуляцияланады.
    Күрделі  өнім  деп  жекелеген  бөлшектерден,  түйіндерден,  детальдардан
тұратын  өнімдерді айтады.
    Мысалы, машиналар,  станоктар,  құрал-жабдықтар,  автобустар  және  т.б.
Күрделі  өндірісте  негізгі  өнімнен  басқа,   дайын   өнім   ретінде   оның
бөлшектері,  түйіндері,  детальдары  да  калькуляцияланады.  Бұл   соңғылары
калькуляциялау әдістемесіне қосымша қиындықтар туғызады.
    Калькуляциялау әдістемесін анықтауда  өндіріс  циклының  ұзақтығы  басты
роль  атқарады.  Кейбір  салаларда  оның  ұзақтылығы  бірнеше  сағат  кұраса
(көмір, кара металлургия, электростанция,  т.б.),  ал  басқаларында  бірнеше
күнге созылуы мүмкін

    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Өнімнің өзіндік құнын қалай анықтайды?
2.Өнімнің өзіндік құныныа  әсер ететін факторлар?
3Өнімнің өзіндік құнын қалай төмендетуге болады?

10 тақырып: Қаржылық талдаудың негізі
Дәріс сұрақтары
1.Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндеті.
2.Басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы қаржылық талдаудың ролі. 3.Қаржылық
және басқарушылық талдаудың өзара байланысы.

1.Қаржылық талдаудың мақсаты:
     - Кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау.
     - Қаржылық жағдайдың өзгеруі мен уақыт кеңестіктің арасын анықтау.
     - Қаржылық жағдайдағы өзгеріс кезінде туындайтын негізгі факторларды
       анықтау.
     - Қаржылық жағдайдың негізгі тенденциясын болжау.
    Зерттеудің мақсат жетістіктері, талдамалық міндеттің нәтижелі қатарлы
шығарылған шешімдерден тұрады:
         • Бухгалтерлік есеп беруді алдын –ала шолу;
         • Кәсіпорынның мүлік сипаттамасы: ағымдағыдан тыс және ағымдағы
           активтер.
         • Қаржылық тұрақтылықтың бағалануы.
         • Құралдардың деректемелік сипаттамасы: меншік және қарыздық;
         • Табыстың және тиімділіктің талдауы;
         • Кәсіпорынның қаржылық –шаруашылық қызметінің жақсарту үшін іс
           –шараны әзірлеу.
    Қаржылық талдау  қаржылық менеджменттің негізгі элементі болып
табылады.
    2.Қаржылық талдау көмегімен мынандай шешімдер қабылданады.
       1. Кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржыландыру ағымдағы активтерді
          толықтыру.
       2. Ұзақ мерзімді қаржыландыру (инвестициялық жобаларға тиімді капитал
          салымдар және эмиссиялық бағалы қағаздар).
       3. Акция иелеріне дивидентті төлеу.
       4. Экономикалық өсудің резервтерді жұмылдыру (пайда және сатудан өсу
          көлемі).
    Талдаудың негізгі міндеттері:
                - Кәсіпорынның қамсыздандырудың бағалауы және  зерттеуі
                  және оның толық еңбек ресурстардың құрылымына бөлу,
                  сонымен қатар мамандық категорияға бөлу.
                - Ағымдағы кадрлардың көрсеткіштерін анықтау және зерттеу.
                - Еңбек ресурстардың резервтерін және  оның толық тиімді
                  қолдануды анықтау.
    Жұмыс күшінің қозғалысын сипаттап есептеу үшін және динамикаға  талдау
жасау келесі көрсеткіштер берілген:
    Жұмыскерлерді қабылдау бойынша  айналым коэффициенті (Кф.ж.қ.)
    Кф.ж.қ. = жұмысқа қабылданған қызметкерлердің саны / ортатізімді
қызметкерлердің санына;
    Кету коэффициенті бойынша (К.Кф.)
    К.кф. = жұмыскерлердің жұмыстан шығып кеткен саны / ортатізімді
есептелген қызметкерлерге
    Ағымдағы кадрлар коэффициенті (А.к.кф.)
    А.к.кф. = өз еркімен шығып кеткен және жұмыс тәртібін бұзған
жұмысшылардың саны / ортатізімді есептелген қызметкерлерге.
    Кәсіпорынның тұрақты қызметкерлердің коэффициенті (К.т.қ.кф.)
    К.т.қ.кф. = 1 жыл жұмыс істеген жұмысшылар саны / ортатізімді
қызметкерлерге
    Еңбек ресурстардың тлық қолдануды бағалау үшін уақыт кезеңін талдап бір
жұмысшының орындалған күндер мен сағатын есептеп, сонымен қатар оны  жұмыс
уақыт қорын қолданылған дәрежеге бөлу;
    Мұндай талдау әр жұмыскерлердің категория бойынша жүргізіледі, әр бір
өндірістік  бөлімшеге және толық кәсіпорынға.
    Жалпыланған көрсеткіштер оларға ортажылдық, орта күндік және орта
сағаттық бір жұмысшымен шығарылған өнім жатады.
    Жеке көрсеткіштер белгілі бір жұмыс түріне және өндірістік өнімге
кеткен уақыт шығыны немесе табиғи түрдегі белгіленген өнімнің түрі бір адам
күн немесе адам сағат шығарылған.
    Көмекші көрсеткіштер – бір уақытта орындалған жұмыстың көлемі немесе
белгілі жұмыс түрінің және орындалған уақыт шығыны.
    Еңбек ақы қорды қолдануды талдау кезінде ең алдымен жоспардың  көлеміне
қатысты фактілік және абсолютті ауытқуды есептеу.
    Абсолютті ауытқу толық кәсіпорынмен еңбек ақы қордың жоспарымен
қолданылған құралдарымен салыстыру және өндірістік бөлімшелерімен
жұмыскерлердің категорияларымен.
                  Δ ЕА Қоры абс. = Δ ЕАҚ факт – ЕАҚ жоспар
    Қатысты ауытқу есептелген еңбек ақы сомасы мен жоспарлық қордың
айырмашылығын және коэффициент өндірістік өнімге жоспардың орындалу
коэффициентіне:
   ΔЕАҚ қатысты = ЕАҚ факт * ЕАҚ корр-ген = ЕАҚ ф –(ЕАҚ жоспардың ауыспалы
                * Кф. Жоспардың орынд. + ЕАК тұрақты жоспар);
    Еңбек ресурстарын физикалық қабілеттілігі бар, еңбекті жақсы  меңгерген
халықтың бөлігін жатқызады.
    Талдаудың негізгі міндеттері:
-  кәсіпорын  және   оның  структуралық  бөлімшелердің  еңбек  ресурстарымен
 сонымен қатар профессиялық категориялармен толық қамтамасыз  етуді бағалау
 және оқыту;
- ағымдағы мамандардың көрсеткіштерін оқыту және анықтау;
- еңбек ресурстарының резервтерін айқындау және оларды толық және  эффектілі
 қолдану;
- еңбек күштерінің қозғалысын  сипаттау  динамиканы  есептеу  мен  талдаудың
 көрсеткіштері қолданылады.
    Жұмысшыларды қабылдау айналымының коэффиценті (Кж.қ.)
    Кж.қ.  –  персоналдардың  жұмысқа  қабылдау  жиыны/персоналдардың  орта
тізімдік саны
    Шығару айналымының коэффиценті (Кш)
    Кш – жұмысшылардың жұмыстан шыққан жиыны/персоналдардың  орта  тізімдік
саны
    Ағымдағы кодриардың коэффиценті (Ка)
    Ка – еңбек  тәртібін  бұзған  және  өз  бетінше  жұмыстан  шыққандардың
жиыны/персоналдардың ортатізімдік саны
    Еңбек  ресурстарын  толық  қолдануын  уақыт  периодтарын  талдауда  бір
жұмысшының сағат және күнмен жасаған жұмыстың  жиынын  сонымен  қатар  жұмыс
уақытының  қорын  қалай  қолданғанын   бағалауға   болады.   Бұндай   талдау
жұмысшылардың  әрбір  категорияларына  әрбір  өндірістік  бөлімшелерде  және
толық кәсіпорындарда жүргізіледі.
    Жалпылау  көрсеткіштеріне  –  бір   жұмысшының   өндірген   ортажылдық,
ортакүндік және ортасағаттық өнімі жатады.
    Меншік көрсеткіштері – бұл  жұмысшылардың кәсіпорындағы  өнім  шығарған
бірліктердің уақыт шығыны.
    Көмекші көрсеткіштер – бұл жұмыстың жасалған көлемінің бірлікте  кеткен
уақыты немесе белгілі бір жұмысты атқаруға кеткен уақыт бірлігінің шығыны.
    Еңбекақы қорларын пайдалануды талдау кезінде ең  бірінші нақты  көлемді
жоспарлауда да абсалютті және қатысты ауқымдарын қарастыру қажет.
    Абсалютті ауытқу нақты  қолданған  қорлардың  еңбек   ақының  жоспарлық
қорлармен салыстырғанда анықталады.  өндірістік  бөлімшелер  мен  жұмысшының
категориялары:
                                    [pic]
    Қатыстылық  ауытқу  жоспарлық  қор  мен  нақты  есептелінген   еңбекақы
сомасының   арасындағы   есептесу,   өндірген   өнімді   жоспарлы    орындау
коэффицентімен корректірленген.
                                    [pic]
    3.  Қаржылық   және   басқарушылықтың   талдаудың   ерекшеліктері   мен
айырмашылықтары.
|Қаржылық талдау                     |Басқарушылық талдау                 |
|Көптеген субъектінің талдаулары мен |Кәсіпорын басқарудың мүддесі        |
|кәсіпорынның қызмет ақпаратының     |нәтиженің бағдарлы талдау мақсаты.  |
|қолданушылары.                      |                                    |
|Субъектінің таладамалық мүдделері   |Талдау үшін барлық ақпараттық       |
|мен жан –жақты мақсаттары           |құралдарды қолдану                  |
|Есеп беру мен стандарттық есебі,    |Мемлекеттік ұйым жағынан            |
|типтік әдістеменің бар болуы.       |регламенттілік талдаудың жоқтылығы. |
|Кәсіпорынның ішкі және сыртқы есеп  |Кәсіпорынның қызметін жан –жақты    |
|берудің талдауы.                    |зерттеу жиынтылықты талдау.         |
|Алдыңғы фактордың салдарынан        |Интеграция есебі, талдауы,          |
|талдауын міндеттерін шектеу.        |жоспарлануы және шешім қабылдауы.   |
|Кәсіпорынның қызметі туралы         |Коммерциялық құпияны сақтау         |
|қолданушыларға максималдық ашық     |мақсатында максималды жабық нәтиже  |
|нәтижені көрсету.                   |талдауы.                            |



    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
   1.Қаржылық талдаудың зерттеу аясы қандай?
   2.Қаржылық талдаудың басқарушылық талдаудан айырмашылықтары?
   3.Қаржылық талдаудың қайнар көздері?


11 тақырып . Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау
Дәріс сұрақтары
   1. Аналитикалық процедураларға сипаттама.
   2. Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау.

    1.Талдау міндеттері болып табылады:
     - кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі
       құралдарымен қамтамасыз етілуін және олардың жинақтаушы және жеке
       көрсеткіштер бойынша пайдалану деңгейін, сонымен қатар, олардың
       өзгеру себептерін анықтау;
     - негізгі құралдарды пайдаланудың өнім өндірудің  көлеміне және басқа
       көрсеткіштерге әсерін есептеу;
     - кәсіпорынның өндірістік қуатын және жабдықтарды пайдалану дәрежесін
       ба
     - йқау;
     - негізгі құралдарды пайдаланудың әсерлілігін жоғалту  резервтерін
       айқындау.
    Талдау үшін берілген қайнар көздер: кәсіпорын жоспары, техникалық өсу
жоспары, кәсіпорын балансы, негізгі құралдар есебінің түгендеу карточкасы,
техникалық құжаттама.
   Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл  тәуекелділіктің  мүмкін  болатын
деңгейінде төлем  қабілеттілігі  мен  несие  қабілеттілігін  сақтай  отырып,
табысты өсіру негізінде қаржыны тарату  мен  пайдалану  арқылы  кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы  реурсының  жағдайы.  Ол  өндірістің  тиімділігімен,
сондай-ақ кәсіпорын қызметінің  қорытынды  нәтижелерімен  тығыз  байланысты.
Өндіріс көлемінің  азаюы,  өнімнің  өте  жоғарғы  өзіндік  құн  кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді.  Оған  көптеген  ішкі  және
сыртқы факторлар әсер етеді.
     Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің  жұмысын  ұйымдастыруына  байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.   Негізгі  ішкі
факторларды  қарастырайық.  Кәсіпорынның  тұрақтылығы  ең  бірінші   өндіріс
шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген  қызметтің
құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты жә  не  айнымалы  шығындар
арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
   Кәсіпорынның  өндірілетін  өнім  және   өндіріс   технологиясымен   тығыз
байланысқан   қаржылық   тұрақтылығының   маңызды   факторларының   бірі   -
активтердің тиімді  құрамы  мен  құрылымы,  сондай-ақ  кәсіпорынның  басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы  активтерді  басқару
өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел  қызметі  үшін  қажет  болатын
қаржының       ең       төменгі       сомасын        ұстаудан        тұрады.

     Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының  бірі  -  бұл  қаржы
ресурстарының  құрамы  мен   құрлымы,   оларды   басқару   стратегиясы   мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның  өз  қаржы  ресурсы,  соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты  ол  өзін  жайлы  сезіне
алады.

     Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана  емес,  сонымен  қатар  оны
тарату құрылымы,  әсіресе  өндірісті  дамытуға  бағытталған  бөлігі  де  өте
маңызды                           болып                            табылады.

   Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығына  қарыздық  капиталдар   нарығындағы
тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп  тартатын  болса,  оның
қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады,  алайда,  сонымен  бірге
қаржылық  тәуекелділік  те  өседі  -  яғни  кәсіпорын   өз   кредиторларымен
уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.
      Бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір
түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.

    2. Актив құрылымның дәл талдауы оның активтердің әр түрдің  қатынасының
өзгеруін жүргізіледі.


    Актив құрылымын талдау
|Көрсеткіштер             |Абсолюттік   |(%)  жалпы   |Ауытқу                |
|                         |мөлшер       |көлемдегі    |                      |
|                         |             |пассивтердің |                      |
|                         |             |үлес салмағы.|                      |
|                         |Жыл басына   |Жыл аяғына   |Жыл басына (кезең)    |
|                         |(кезең)      |(кезең)      |                      |
Жыл басына (кезең)Жыл аяғына (кезең)Жыл басына (кезең)Жыл аяғына (кезең)Абсолюттік мөлшердеҮлестік салмақта% -қ жалпы ауытқу123456781Шынайлық меншік капитал. 1684188087,183,7+196-3,4+62,82 Қарыздық құралдар (корректелген ұзақ мерзімді пассивтер + корректелген қысқа мерзімді пассивтер)24936512,916,3+116+3,4+37,2Қаражат көзінің қорытындысы19332245100100+3120100Автономиялық коэффициент0,870,84хХ-0,03ХхНегізгі құралдар мен қарыздық құралдардың коэффициент қатынасы.0,150,19ХХ+0,04хХ
Талдау бойынша меншік капитал салымдардың қатынасы кәсіпорынның стратегиясы құралады. Берілген кестеде меншік капиталдың салым коэффициенті анықталады К салым :
К салым = резервтік капитал + жинақтаушы қор + бөлінбеген табыс – шығын / шынайлық меншік капитал
Жағымды динамика коэффициенті меншік капиталға салымдары түсетінің көрсетеді, ал кері динамика қызмет нәтижесінен меншік капиталдың жоғалтулары болып табылады.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Қаржылық жағдайды талдау үшін ақпарат көзе\дері қандай?
2.Баланстың активтерін қалай талдайды?
3.Баланс пассивін көлденең талдау қалай жүргізіледі?

12 тақырып . Баланс өтімділігін талдау
Дәріс сұрақтары
1.Өтімділік және төлемқабілеттілік түсінігінің экономикалық мазмұны. 2.Өтімділіктің абсолютті және қатысты көрсеткіштері. 
3.Перспективті төлем қабілеттілік

        1.Жалпы ұйымдағы ағымдағы активтерді ең өтімді актив, тез өткізілетін активтер, баяу өткізілетін активтер деп бөледі. 
Өтімділіктің    тұжырымдамасымен   келісе   отырып   біз өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін,   қолда   бар   қаражаттарды   (активтерді)   тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен   міндеттемелердің    арасындағы    жалпы    сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнін де баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігін  бағалау  үшін  бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні - активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділік жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары құнды қағаздары жатады.
Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) - айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға айналады.
А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық эконимикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды .
Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.
Сатуға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұдан да төмен болады, олар негізінен келесі топты құрайды.
А3. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің I бөлімінің "Тауарлы-материалдық қорлар" бабы және баланс активтінің IІ бөліміндегі "Ұзақ мерзімді инвестициялар" (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы.
Бірақ бұл кезде "Алдағы кезең шығындары" бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті: егер, мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, одан жасалған штампталған жартылай өнімді сатып алушыны табу анағұрлым қиын. Бұл белгілі бір бұйымды дайындауға арналған жартыллай өнім барлық адамға бірдей керек емес болуы мүмкін. Сондықтан немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Алайда американ кәсіпорындарда аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосуға жол беріледі.
А4. Қиыи өткізілетін активтер - баланс активінің I бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. I бөлім жиынынан "Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.
Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады - кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның "өтімділігін" (өтімді капиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.
П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер - бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, қызметкерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты   бойынша   пайдаланбағандығын   білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс. 
П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер - қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3. Ұзак мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
П4. Тұрақты міндеттемелер - пассивтің I бөлімінің "Меншікті капитал" баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активтің "Алдағы кезең шығындары" бабы бойынша сома азайтылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:
[pic]
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік "баланстың сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.
2.Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттағыға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсолютті өтімділіктен азды-көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды. 
Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорының барлық өтімді айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын көрсетеді, бірақ мына шарт орындалса: егер өтімді қаражаттар мен төлем міндеттемелерінің әр түрлі топтары көрсетілген сомаларға қаражаттың түсуі мен міндеттемелердің өтелуін есепке алатын, салмақтық коэффициенттермен бірге кіруі шарты орындалған кезде ғана.
Бұл теориялық мәні 0,9-дан төмен болмауға тиіс көрсеткіш кәсіпорынның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша қашықтағы және таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабілетін көрсетеді. Ол тіркелген кәсіпорынның әр түрлі есепті кезеңдерге жататын баланстарын және әр түрлі кәсіпорындардың баланстарын салыстыруға және егер салмақтық коэффициенттерін келесі шектеулерге бағынған жағдайда қай баланс өтімді екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
 3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі ең алдымен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты.
  Активтердің өтімділігі туралы мәліметтерге сүйене отырып біз айналым активтерінің меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін көре аламыз. Бұл өз алдына кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу кезінде кәсіпорын проблемаға тап болады.
 Осылайша кәсіпорынның өз жабдықтаушылары мен кредиторлар алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі төмендейді.
 Өтімділікті арттырудың келесі әдістері бар:
а) жарғылық капиталды арттыру; 
ә) ұзақ мерзімді заемдар алу;
б) міндеттемелерді қайта құрылымдау;
в) қысқа мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;
г) ұзақ мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;
д) активтерді қайта құрылымдау, сонымен қатар активтердің кейбір бөлігін сату;
е) шығындар мөлшерін азайту, соның ішінде басқару шығындарын (жұмысшылардың жалақысын қоса алғанда).
1)  Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау. Бұл әрине өз алдына банктің өзінің несиелік саясатын қайта қарауына, яғни не-сие бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне алып келеді. Бірақ кәсіпорын осы іс-шаралардың нәтижесінде өзінің өтімділігінің артуына қол жеткізеді.
2)Тауарлы материалдық қорлардың мөлшерін азайта отырып, ақша қаражаттарының көлемін арттыру. Сол арқылы активтердің абсолютті өтімділігін арттыруға қол жеткізу болады.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Баланс өтімділігін қалай анықтайды?
Ең өтімді активтер қандай?
3.Баяу өтімді активтерге не жатады?

13 тақырып . Қаржылық тұрақтылықты талдау
Дәріс сұрақтары
1.Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері. 
2.Қаржылық тұрақтылықтың қатысты көрсеткіштері және оларды талдау. 3.Компанияның абсолютті төлем қабілетсіздігі мен тұрақсыздығының түсінігі

1.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты.  Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. 
  Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.   Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты жә не айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.      
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.                                     
  Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.                                                                                                                   
  Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.                                                                                   
   2.Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау  оның өз ресурстарын тиімді пайдаланатындығын көрсетті.
   Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
   И.А.Бланк өз еңбегінде іскерлік белсенділікті арттырудың мынадай жолдарын атап көрсетеді:
1.Айналымдағы табыстың үлесін арттыру, яғни бұл негізінен шығындарды азайтуға бағытталады. Осы мақсатта шығындардың қалыптасуына үнемі бақылау жасалынып отырады.
2. Активтердің айналымдылық жылдамдылығын арттыру, яғни кәсіпорын қызметінің рентабельділігін арттыру болып табылады.
 Жүргізген талдау қорытындылары кәсіпорын қызметінің рентабельсіз екенін анықтады . Өйткені кәсіпорын талдау жүргізілген уақытта таза табыс таппай отыр. Бірақ та уақыт өте келе кәсіпорынның шығындылығы аз да болса азаюда екенін айтпай кетуге болмайды.
 Кәсіпорын активтері рентабельді болуы үшін ең бірінші табыс табуы және оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді арттыру үшін және қосымша пайда алуы үшін бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген жөн. Сонымен қатар кәсіпорын: 
-өнімнің өзіндік құнының құрылымын қайта қарап, шығындардың артуының себептерін анықтап, оларды азайту жолдарын іздеу қажет.
-баға саясатын өзгертуі қажет, яғни өнім бағасына қосылатын рентабельділіктің пайыздық мөлшерін арттыру.
  Өнімнің өзіндік құны-кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
  Соңғы жылдары өнімді өндіру мен сату шығындарының өсуі байқалады. Өзіндік құнның өсуіне шикізаттардың, материалдардың, көлік қызметтеріне тарифтердің қымбаттауы алып келеді. Қайта бағалаумен байланысты негізгі құралдардың амортизациялық аударымдар сомасының артуы, жалақы бойынша шығындардың артуы жалпы шығындардың артуының негізгі себептері болып табылады.
   Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың ең бір маңызды жолы - өзін-дік құнды азайту болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің көлемін арттыру болып табылады, өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне келетін тұрақты шығындардың мөлшері азаяды.
   Өнім өндірудің қандай көлемінде, өткізуден түскен табыс өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын және табыс та, шығын да болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден алынған нақты табыс, оның толық өзіндік құнынан жоғары болса, онда кәсіпо-рын ұшрайды. Сондықтан кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатын-да көптеген кәсіпорындарда “рентабельділік шегі” деген атпен белгілі әдіс қол-данылады.
   Оның негізгі мақсаттары:
- Өндірістің қаупі көлемін анықтау;
- Өнім өткізуден түскен табыстың қаупті көлемін анықтау;
- Тұрақты шығындардың қаупті деңгейін есептеу;
- Өткізудің қаупті бағасын  есептеу болып табылады.
“Рентабельділік шегі” – кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңтайландыру-дың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар оны өнімнің рентабельді ассортиментін қалыптастыруда, баға белгілеуде және тиімді баға саясатын әзірлеуге пайдалануға болады.
  Осылайша, бұл іс-шараны жүргізу біздің кәсіпорын үшін өндірістің қаупті көлемін анықтауға және өткізудің қаупті бағасын есептеуге өте қажетті болып табылады.
3.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.  
  Бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.                                                                                      
  Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:                                                                                                                                     
• кәсіпорынның салалық топқа жатуы;                                                                              
• шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;                                                                           
• төленген жарғылық капиталдың мөлшері;                                                                            
•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;                                                                                                            
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;                                                                     
• кәсіпорындарды басқару тиімділігі.                                                                                                
  Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы эконо-микалық байланыс және тағы басқалар жатады.    
  Кәсіпорын басшылығына қаржылық тұрақтылықты жетілдіру бойынша мынайдай ұсыныстар жасауға болады: ол негізінен жалпы активтердің құрастыру көздерінің сомасындағы меншікті капиталдың үлесін арттыруға негізделеді.
  Айта кеткен жөн, қажылық тұрақтылықты қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін стратегия қажет. Стратегияда кәсіпорынның мынадай негізгі мақсаттарды, яғни алдағы уақыттағы кәсіпорын қызметінің бағытын, өндірілетін өнім (көрсетілетін қызмет, атқарылатын жұмыс) сапасын арттыру, аз шығын жұмсай отырып өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету, өзіндік құнды төмендету және рентабельділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажет.
  Меншікті капиталдың рентабельділігін арттыру мақсатында қарыз қаражат-тарын тарту қажет. Ал қарыз қаражаттарының негізгі көзі  коммерциялық және банктік несиелер болып табылады.
  Стртегиямен байланысты шешімдер қабылдағанда мыналарды ескерген жөн: стратегияның кәсіпорынның мүмкіншіліктерімен сәйкестігі, стратегияны іске асыруға қажетті қаржы қаражаттарының бар болуын және олардың мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ тәуекел деңгейін.
  Кәсіпорынның стратегиясы қаржы ресурстарын оның қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларға бағытталуын қамтамасыз етуі тиіс .

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын көрсеткіштер?
2.Қаржылық тұрақтылықты қалай анықтайды?
3.Рентабельділікті қалай анықтайды?

14 тақырып: Ақша ағынын талдау
Дәріс сұрақтары
1.Ақша қаражаттары және олардың баламаларының түсінігі. 
2.Компанияның ақша қаражаттарын талдаудың мақсаты.
3.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік.
      1. Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарлардың жіберілгендігін немесе қызметтердің көрсетілгенін дәлелдейтін құжататр бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы. Аккредитив бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Оның мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы келісім-шартқа сәйкес бекітіледі.  
      Чек-шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты ақшамен жалақыға, іссапар, шаруашылық операциялары және басқа да шығындарға беру жөніндегі бұйрығы. Кәсіпорын алатын ақшаның мақсаты чектің сыртқы жағында көрсетіледі, оны бір дана етіп сиямен жазады. Бұл ретте онда түзетулерге жол берілмейді. Чекпен бір мезгілде чек кітапшасында сақталатын түбірі толтырылады. Атаулы /алушының тегі көрсетілген/ және ұсыным /ұсынушыға берілетін/ чектері болуы мүмкін. 
      Нақты акша жарнасына берілетін хабарлама - шот иесінің банктегі оның шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және нақты ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы
      2. Ақшалай қаржыларды талдау үшін ақпараттардың қайнар көзі ақшалардың қозғалысы туралы есеп болып табылады. 
 Ағымдағы активтерді басқарудың мәні оперативті қызметке қажетті ақшалай қаржылардың минимальды сомасын шотқа сақтау болып табылады. Жақсы басқарудағы қажетті ақшалай қаржылар сомасы - бұл қысқа мерзімді балансталмаған ақшалай қаржылар сомасын жабуға арналған қамсыздандыру қоры. Шоттағы сома кәсіпорынның барлық бірінші төлемдеріне жететіндей болу керек. Кассадағы, есеп айырысу шотындағы ақшалар кіріс әкелмейді, оларды қауіпсіз минимум деңгейінде қолда бар ақшамен ұстау керек. Ұзақ уақыттар бойы ақшалар қалдығының көп мөлшерде бұл айналым капиталын дұрыс пайдаланбауы нәтижесінде болуы мүмкін. 
 Ақшалардың кәсіпорынға жұмыс істеу үшін оларды табыс табу мақсатында айналымға жіберу қажет: 
 - оларды айналым капиталы циклында айналдыруда өз өндірісін кеңейту;
 - басқа ұйымдарға пайыздар алу мақсатымен табыс жобаларын инвестициялау;
 - қызмет көрсету қарызы бойынша шығындарды қысқарту мақсатымен кредиторлық қарыздардың мөлшерін азайту;
 - негізгі құралдарын жаңарту, жаңа технологиялар сатып алу және т.б.;
   Ақшалардың ағымы айларға бөлініп табыстар мен шығындар жоспарын құру үшін, ал жедел басқару үшін - декадалар, бес күндіктер бойынша жоспарланады. егер ақшалай қаржылардың он қалдығы ұзақ мерзімге жоспарланатын болса, онда олардың пайдаланатын  неғұрлым тиімді жолдарын қарастыру керек. Жекелеген кезеңдерде ақшаның жетіспеушілігі болуы мүмкін, ондай жағдайда қарызды қаржыларды тарту жоспарланады. Банк шотындағы  ақшалай қаржылардың қалдығының өсуі немесе азаюы ақшалар ағымының балансталмауы деңгейімен, яғни келумен және кетумен шартталады. Келіп түскен ақшалардың шыққан ақшалардан артуын бос ақшалай қаржылардың қалдығын көбейтеді, және керісінше,  шығындалған ақшалардың келіп түскен ақшалардан артуы ақшалай қаржылардың  жетіспеушілігіне және несиеге қажеттілікке әкеледі.
  Талдау процесінде банктегі шоттағы ақшалай қаржылардың қалдығының динамикасын және осы активтер түрінде капиталды табу кезінен зерттеу керек. Қолда бар ақшамен капиталды табу кезінде келесідей түрде анықталады: 
 Пд.н.=Бос ақшалай қаржылардың орташа қалдығы *Кезең күндері / 
Ақшалай қаржылар шоттары бойынша несие айналымдарының сомасы. 
   Ұйымның өндірістік, қаржылық қызметінің нәтижелері және оның қаржылық жағдайы тек қана капиталдың бар болуынан ғана емес, оны пайдаланудың тиімділігінен де тәуелді.
3.      Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға компанияның таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын (өтімділігі мен төлем қабілетін қоса алғанда) және түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат компанияның ақша қаражаттары мен баламаларын молайту қабілетін бағалау кезінде пайдалы болады және пайдаланушыларға әр түрлі компаниялардағы ақша қаражаттарының болашақтағы түсімдері мен төлемдерінің дисконтталған құнын бағалауға және салыстыруға арналған үлгілерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ әр түрлі компаниялардың операциялық көрсеткіштері туралы есептіліктің салыстырмалығын ұлғайтады, бұл бірдей операциялар мен оқиғалар үшін есептің әр алуан әдістерін қолданудан келтірілетін әсерін жояды.  Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы тарихи ақпарат ақша қаражаттарының болашақ ағындарының сомасының, уақытының және айқындығының индикаторы ретінде жиі пайдаланылады. Ол сондай-ақ ақша қаражаттарының болашақ ағындарының бұрынғы бағалауларының дәлме-дәлдігін тексеру кезінде және пайдалылық пен ақша қаражаттарының таза қозғалысы және бағалар өзгеруінің әсері арасындағы байланысты зерттеу кезінде пайдалы болады.
       Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
       Ақша қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдері. 
       Операциялық қызмет – компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметі және инвестициялық және  қаржы қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет. 
        Инвестициялық қызмет – ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату. 
         Қаржы қызметі – компанияның меншік капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет.  Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялар және басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. Ақша қаражаттарының баламалары ретінде жіктелетін инвестиция ақша қаражаттарының белгілі бір сомасы оңай айналысқа түсуі және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауы тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламасы ретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі. Меншік капиталына салынған инвестициялар, егер олар, негізінен, ақша қаражаттарының баламалары болып табылмағанда ғана, мысалы, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады. 
        Ақша қаражаттарының қозғалысына баптар, ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттары баламаларының құрамында бөліктері арасындағы қозғалыс жатпайды, өйткені бұл құрамдас бөліктер операциялық, инвестициялық қызмет пен қаржы қызметінің бөлігі емес, компанияның ақша операцияларын бақылаудың және реттеудің бөлігі болып табылады. Ақша операцияларын бақылауға және реттеуге ақша қаражаттарының баламаларына артық ақша қаражаттарын инвестициялау жатады.  Компания операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді өзінің қызметінің сипатына неғұрлым сәйкес келетіндей береді. Қызмет түрлері бойынша жіктеу пайдаланушыларға осы қызметтің компанияның қаржы жағдайына әсер етуін, оның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламаларының сомасын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат сонымен бірге қызмет түрлері арасындағы өзара байланысты бағалау үшін де пайдаланылады.  Бір операцияға әр түрлі жіктелген ақша қаражаттарының түсімі және төлемдері кіреді. Мысалы, кредитті ақшалай өтеуге пайыздар, сондай-ақ борыштың негізгі сомасы да кірсе, онда пайыздарды құрайтын бөлігі операциялық қызмет ретінде жіктелуі, ал негізгі соманы құрайтын бөлігі қаржы қызметі ретінде жіктелуі мүмкін. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының түсімдерінің және төлемдерінің мөлшері компания операциялары кредиттерді өтеу, операциялық мүмкіндіктерді сақтау, дивидендтер төлеу және қаржыландырудың сыртқы көздеріне жүгінбестен жаңа инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті болатын ақша қаражаттарының түсімін қамтамасыз ететін дәрежедегі басты индикатор болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бастапқы операциялық түсімдер мен төлемдерінің негізгі құрамдас бөлігі туралы ақпарат басқа ақпаратпен үйлесе отырып операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының болашақ қозғалысын болжау үшін пайдалы болады. 
        Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметіне тікелей байланысты. Сөйтіп, әдеттегідей, олар таза пайданы және залалды айқындауға кіретін операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады.
        Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені ол болашақ кіріс пен ақша қаражаттарын молайтуға арналған ресурстарды қалыптастыру мақсатында жүргізілген тиісті шығындар туралы айғақтайды. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары мысалдары мыналар болып табылады: 
         Қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені бұл ақпарат компанияға капитал беретін инвесторлардың ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне қатысты талаптарын болжау үшін қажетті.
Компания операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді: 
тікелей әдісті, бұл әдіс кезінде жалпы ақша түсімдерінің негізгі түрлері мен төлемдері туралы ақпарат ашылады; 
жанама әдісті пайдалана отырып беруі тиіс, 
бұл әдіс кезінде таза пайда мен залал ақшалай емес сипаттағы операциялардың, негізгі қызметтен кез келген кейінге қалдырылған немесе есептелген өткендегі немесе болашақтағы ақша түсімдерінің немесе төлемдерінің және инвестициялық немесе қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты кірістердің немесе шығыстардың нәтижелері ескеріле отырып  түзетіледі. 
       Ақша қаражаттарын немесе олардың баламаларын пайдалануды талап етпейтін инвестициялық және қаржы операциялары ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептерден алынып тасталуы тиіс. Операциялар қаржылық есептілікте олар осындай инвестициялық және қаржы қызметі туралы барлық маңызды ақпаратты беруді қамтамасыз ететіндей түрде ашылады.
      Инвестициялық және қаржы қызметінің едәуір бөлігі, олар компания капиталының құрылымына және активтеріне ықпал жасағанымен де, ақша қаражаттарының ағымдағы қозғалысына тікелей әсерін тигізбейді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептен ақшалай емес операцияларды алып тастау осы есептің мақсатына сай келеді, өйткені бұл баптар ағымдағы кезеңдегі ақша қаражаттарының қозғалысын туғызбайды. Ақшалай емес операциялар мысалдары мыналар болып табылады: 
тікелей тиісінше міндеттемелер қабылдау, не қаржыны жалға алу арқылы активтерді сатып алу;
борыштық міндеттемелерді акцияларға конвертациялау.
                 Операциялық мүмкіндіктердің ұлғаюын білдіретін ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері және операциялық мүмкіндіктерді қолдау үшін қажетті түсімдері мен төлемдер туралы деректерді бөлек ашу пайдаланушыларға компанияның өздерінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауына жеткілікті қаражат жұмсағанын анықтауға мүмкіндік береді. Өзінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауға жеткілікті қаражат бөлмейтін компания ағымдағы өтімділік және иеленушілердің арасында қаражаттар бөлу үшін өзінің болашақ пайдаларын қиюы мүмкін.
        Сегменттер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді ашу пайдаланушыларға тұтастай алғанда компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы және оның құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланысты, сондай-ақ сегменттердің ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің болуы және өзгермелілігін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. 
 
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Ақша қаржыларын талдаудың мақсату қандай?
2.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті қалай талдайды?
3.Ақшаларды тиімді жұмсау қандай көрсеткіштерге әсер етеді?

15 тақырып: Компанияның табыстылығын талдау
Дәріс сұрақтары
1.Компанияның табыстары мен шығыстарын талдау. 
2.Таза табыс (шығын) факторларын бағалау мен қалыптастырудың жалпы сызбасы. 

1.Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
 Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
  Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шеге-рімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
   Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойын-ша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі. 
  Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапа-сымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
   Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екішіде - азаюына әсер етеді. 
   Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі. 
  Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өт-кізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасын-дағы айырма ретінде анықталады. 
  Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.
  Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналы-сатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады .
  Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қай та өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
  2.Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – таза табыс. Ол сальдолан-ған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары ара-сындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :
Тж = Дн- Кш                   (1)
Мұндағы: Дн - негізгі қызметтен алынған табыс;
                  Тж- жалпы табыс;
                  Кш- кезең шығындары.
 Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың са-лыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын-ның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың фактор-лық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. Оларды толығырақ қарасты-райық:
  Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептелінеді:
Д[pic] = Таза табыс / Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал)
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,005 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,003 болды.
Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) кә-сіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсе-теді.
Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Та= Тт/ Аа                       (2)
Мұнда: Аа- ағымдағы активтер.
              Тт- таза табыс. 
              Та- ағымдағы активтердің табыстылығы. 
Ағымдағы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,012 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,009 болды.
Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:
Мкт= Тт/ Мк                     (3)
Мұнда: Мкт- меншікті капиталдың табыстылығы;
             Тт- таза табыс;
             Мк- меншікті капитал.
Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табылады.
Дәл осы көрсеткіш биржада акционерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады.      
Меншікті капиталдың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,007 пунктке өскен болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,004 болды.
Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы деп аталатын көрсет-кіш кеңінен қолданылады. Ол ұзақ мерзімді активтерге салған бір теңгеден кә-сіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Тұа = Тт/ Ұма                 (4)
Мұнда:  Ұма- ұзақ мерзімді активтер;
              Тт- таза табыс; 
              Тұа- ұзақ мерзімді активтер табыстылығы. 
Ұзақ мерзімді активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,009 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,004 болды.
Негізгі өндірістік қорлардың  табыстылық деңгейі мына формула бойынша есептелінеді:
Төқ =  Тт / ӨҚ                    (5)
Мұнда:  Тө- Өндірістік қорлардың табыстылығы;
              Тт- Таза табыс; 
              ӨҚ- Өндірістік қорлар.
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,04 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,02 пунктке азайып отыр.
Сату көлемінің табыстылығы мына формула бойынша есептелінеді:
Тск = Тж / Т өө                (6)
Мұнда:  Тск - Сату көлемінің табыстылығы;
               Тж - Жалпы табыс;
               Төө- Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.
Сату көлемінің табыстылық деңгейі жыл басында – 0,023 болса, ал жыл со -ңында оның мәні – 0,001болды.
Жоғарыда жүргізілген есептеулерден көріп отырғанымыздай кәсіпорын қыз-меті шығынды болып табылады, алайда оның қызметі жыл соңына қарай кішкене болса да жақсаруда.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Компания табыстылығы қалай анықталады?
2.Табыстылық көрсеткіштері қандай?
3.Ұйым табыстылығын арттыру жолдары?

3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР 


1 – тақырып. Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны
1. Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті
2. Объектісі және мазмұны

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
      
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш.  Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл


2 – тақырып. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері
1. Дәстүрлі әдістері мен тәсілдері
2.Математикалық әдістер

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш.  Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл

3 – тақырып. Факторлық талдау
1.Детерминдік әдістердегі факторлар
2.Стохастикалық әдістердегі факторлар
3.Модельдеу ережесі

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш.  Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл

4 – тақырып. Қаржылық коэффициенттер әдісі
1.Қаржылық коэффициенттер.
 2.Төлемқабілеттілік және өтімділік көрсеткіштері.
 3.Табыстылық пен пайдалылық қоэффициенттері.

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
   
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш.  Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл

5- тақырып.  Басқарушылық талдаудың негізі
1.Басқарушылық талдаудың мақсаты мен міндеттері. 
2. Басқарушылық және қаржылық талдау арасындағы байланыс. 

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш.  Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл

6 – тақырып. Компанияның маркетингтік қызметін талдау
1.Маркетингтік қызметті талдаудың мәні мен міндеті. 
2.Өнімге сұранысты және тапсырыстар портфелінің қалыптасуын талдау. 
3.Өнімді жабдықтау нарығын талдау.

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Пайдаланылатын әдібиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш.  Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл

7 – тақырып. Өнімді өткізу және өндірісті талдау
1.Өндірістік нәтижелерді талдаудың ақпарат көздері мен міндеттері. 
2.Өнімді өткізу мен өндіріс динамикасын бағалау. 
3.Жұмыс ырғақтылығын талдау.

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш.  Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл

8 – тақырып. Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау
1.Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау. 
2.Негізгі құралдар пайдалануды талдау.
3.Материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуді талдау.

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш.  Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл

9 – тақырып. Өнімнің өзіндік құнын талдау
1.Өнімнің өзіндік құнын талдаудың маңызы мен міндеттері. 
2.Өнімнің өзіндік құнының құрамы. 
3.Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын талдау
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш.  Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл

10 – тақырып. Қаржылық талдаудың негізі
1.Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндеті.
2.Басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы қаржылық талдаудың ролі.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш.  Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл

11 – тақырып. Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау
1.Аналитикалық процедураларға сипаттама. 
2.Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрылымын талдау.
 3.Балансты тікелей және көлденең талдау.

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш.  Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл

12– тақырып. Баланс өтімділігін талдау
1.Өтімділік және төлемқабілеттілік түсінігі
2.Өтімділіктің абсолютті және қатысты көрсеткіштері.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш.  Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл

13– тақырып. Қаржылық тұрақтылықты талдау
1.Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері. 
2.Қаржылық тұрақтылықтың үш факторлы моделі.

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш.  Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл

14 – тақырып. Ақша ағынын талдау
1.Ақша қаражаттары және олардың баламаларының түсінігі. 
2.Компанияның ақша қаражаттарын талдаудың мақсаты.
3.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш.  Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл

15 – тақырып. Компанияның табыстылығын талдау
1.Компанияның табыстары мен шығыстарын талдау. 
2.Таза табыс (шығын) факторларын бағалау мен қалыптастырудың жалпы сызбасы. 

Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Алданиязов, К.Н. Управленческий учет и анализ.- Алматы, 2008.
2.Дюсембаев, К.Ш.  Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009 жыл


4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
4.1 Өздік жұмыстарды орындауға жалпы нұсқаулар
«Экономикалық талдау» пәнінен өздік жұмыстарды өткізудің әдістемелік нұсқауы студенттердің қаржылық талдау пәнінен оқу барысындағы алған білімдерін дамытуға, тереңдетуге және нақтылай түсуге көмектеседі.   
Экономикалық талдау - кәсіпорынның қалыпты шаруашылық қызметін жүргізу үшін жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге экономикалық талдауды дамытуға арналған бірқатар құрылымнан тұрады. Курстың басты мақсаты – қаржылық және басқарқарушылық талдаудың негіздерін, әдістерін, тәсілдерін студенттерге меңгерту. Оларға экономикалық талдау ақпараттарын қалай қолдану қажеттілігін және осы ақпараттардың қайдан алынғандығы жайлы түсінікпен таныстыруды көздейді. Сонымен қатар мұнда талдаудағы өзгерістер де қарастырылады.
Студенттерге қаржылық талдауды оқытуда бағдарлама, яғни осы пәнді оқытуда жұмыс бағдарламасы жасалған. «Экономикалық талдау» пәнінен өздік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар осы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалды. Ол студенттерге  қаржылық талдау курсының өздік жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға көмектеседі.               «Экономикалық талдау» пәнінен жүргізілетін өздік жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес, есептер шығару, студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі.
      «Экономикалық талдау» пәнінен жүргізілетін өздік жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес, есептер шығару, студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі.
    «Экономикалық талдау» пәнінен өздік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіреді.
4.2   СӨЖ  тақырыптары
  1.Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері. 
  2.Факторлық талдау. 
         3. Қаржылық коэффициенттер әдісі.
   4. Басқарушылық талдаудың әдістері.
 5. Қаржылық талдау әдістері.
  6. Баланс өтімділігін талдау.
 7. Бухгалтерлік баланстың құрылымы және түрлері.
 8. Бухгалтерлік балансты талдау.
        9. Ақша қаражаттарын талдау.
        10.Ұйым табыстылығын талдау .
11.Төлем қабілеттілігін талдау. 
12. Баға саясатын және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау.
13. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау.
       14. Материалдық ресурстарды тиімді пайдалануды талдау .
15. Өнімді өндіру мен өткізуді талдау .
16. «Директ - костинг» әдісі.
17. «Стандарт - кост» әдісі .
18. Негізгі құралдарды тиімді пайдалануды талдау .
19. Ұйым активтерін талдау  
        20. «SWOT - талдау» әдісі.
        21. Қаржылық жағдайды талдау.
        22. Ұйымның іскерлік белсенділігін талдау.
        23. Ұйымның төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін талдау. 
24. Ақша қаражаттаы туралы есептілікті талдау.
25. Пайда және зиян туралы есептілікті талдау.
26. Ұйымның ұйымдастырушылық – техникалық деңгейін талдау.
27. Қаржылық есеп берушіліктің негізгі нысандарын талдау
28. Өндірістік шығындарды талдау
29. Негізгі қаржылық коэффициенттер
30. Ұйымның активтері мен олардың қайнар көздерінің құрылымын жалпы бағалау
-----------------------






Теориялық экономикалық талдау

Экономикалық талдау

Нақты экономикалық талдау

Макроэкономикалық талдау

Микроэкономикалық талдау

Халықаралық талдау

Негізгі халық шаруашылық буынның шаруашылық қызметінің талдауы


Басқару үрдісіндегі талдау ролі

Шығындар және түсімдер, мың аб





Еңбек ақының мерзімдік қоры

Бір жұмысшының орта жылдық еңбек ақысы (ОЖЕ)

Бір жұмысшының орта күндік еңбек ақысы (ОКЕ)

Орта тізімдік сан (ОС)

Ауысымның орта ұзақтығы (Ұ)













Берілген баланстың қаржылық жағдайын орташа бағалануы

Баланстың қорытынды динамикалық талдау

Баланстың құрылымдық талдауы

Активтің құрылымдық талдауы

Міндеттеменің құрылымдық талдауы

Ағымдағы активтен тыс талдау

Ағымдағы активтердің талдауы.

Меншік капиталдың құрылымдық талдау.

Қарыздық капиталдың құрылымдық талдау.













Басқарушылық ақпараттық жүйені жасауға қатысу;
Басқарушылық шешімдер қабылдауға мәліметтер жинақтау;
Басқарушылық шешімдерді, шараларды қалыптастыруға кеңестер беру;
Басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін инструментарий жасау.


Бір жылдағы бір жұмысшының жұмыс істеген күні (К)

Бір жұмысшының орта-сағаттық еңбек ақысы (ОСЕ)



Ақпараттар ағыны, бақылау шешімдері


Мақсатқа жету деңгейін бағалау;
Жоспардан ауытқулардың шектерін бекіту;
Ауытқуларды талдау, ауытқу себептерін интерпретациялау;
Ауытқуларды азайту үшін ұсыныстар жасау;
















Бақылау 
және 
реттеу

Жоспарларды орындауға ынталандыру

Ынталандыру

Жеделдік маркетинг
Толық сегментацияны таңдау
Кешенді маркетингтік қысым
(тауар, өткізу, баға)
Маркетингтік бюджет

Стратегиялық маркетинг.
Тұтынудың талдауы:
Базалық нарықты анықтау
Сегменттеу
Тартымдылық талдау
Бәсекелестіктің талдауы
Даму стратегиясын таңдау

Бөлімшелердің нәтижелерін есептеу және бақылау

Ұйымдастыру
жұмысы

Кәсіпорын бойынша консолидацияланған жоспар құру, жоспарларды координациялау;
Жоспарлау әдістемесін жасау;
Жоспарларды құрастыру кестесін жасау;
Жоспарлар жасауға ақпараттар ұсыну;
Жоспарларды тексеру









Жоспарлау 

Басқару үрдісі
Пәндер