Файл қосу

Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруталаптары



1.Кеден режим түсінігі және мәні

1Дәріс.1-тақырып Кеден режим ұғымы және оның түрлері
2.Кеден режим түрлері олапрдың қолданылуы
Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу -  тарифтік  емес  реттеу  шараларын
қолданбай  және  кедендік  баждарды  және  салықтарды  алмай,  қайта   өңдеу
өнімдерін  кейіннен  Қазақстан  Республикасының   кедендік   аумағынан   тыс
жерлерге  әкете  отырып,  Қазақстан   Республикасының   кедендік   аумағында
шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануға арналған кедендік режим.
Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында  не  одан  тыс
жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік  құралдарын
Қазақстан Республикасының кедендік аумағы аркылы  өткізу  кезіндегі  олардың
кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден  кодексінде  белгіленген
нормалардың жиынтығы.
Кедендік режимде – Қазақстан Республикасының  кеден  шекарасы  арқылы  тауар
және  транспорттық  құралдардың  өтуінің  нақты   тәртібі   мен   жағдайлары
көрсетілген. Оларға жататындар: кедендік құжаттау кезінде қажетті  шарттарды
қадағалап дәйекті түрде орындау; нақты  кедендік  төлемдер  жинау;  лицензия
беру және тауарларды сақтау үшін, тауарларды кедендік  алып  бару,  кедендік
құжаттау бойынша жоғары білімді, білікті маман аттестатын  беру  үшін  түрлі
кедендік алымдар жинау.
Сонымен, кедендiк режимдер екi жақты мiндет орындайды.  Бiр  жағынан,  тауар
мен транспорттық құралдардың өтуiн регламенттесе, екiншi  жағынан,  кедендiк
режимдердiң  ынталандырушы  рөлi,  әcipece,   тауар   иесiнiң   коммерциялық
операциялардан табыс және пайда алуында. Оған мысал, кедендiк  қойма  режимi
бола алады, ол әкелiнген тауарларды бажсыз сақтауды максат етедi.
Көптеген елдер үшiн сыртқы экономикалық  қызметті  жүзеге  асыруда  тауарлар
экспорты мен импорты басым болу рөлiн атқарады. Экспорт валюта  түсiмдерiнiң
негiзгі көзi ретiнде, ал импорт дамымаған салалардың өтемiн жасайтын  қызмет
ретiнде. Алайда, тауар елден шикiзат немесе өнiм  түрiнде  өндеу  мақсатымен
шығарылып, қайтадан дайын өнiм түрiнде қайтып келуi мүмкiн.
Қазақстан  Республикасының  кеден  заңдарын  колдану   мақсатында   кедендік
режимдердін мынадай түрлері белгіленеді:
1) тауарларды еркін айналыс үшін шығару;
2) тауарлардыңкері импорты;
3) кеден қоймасы;
4) бажсыз сауда дүкені;
5) тауарларды кедендік аумақта қайта өндеу;
6) тауарларды еркін айналыс үшін қайта өндеу;
7) тауарларды кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өндеу;
8) тауарлар мен көлік кұралдарын уақытша әкелу,әкету;
9)тауарлардың экспорты және кері экспорты;
10) тауарлар транзиті;
11) тауарларды жою;
12) мемлекет пайдасына тауардан бас тарту;
13) еркін кеден аймағы;
14) еркін қойма;
15) арнайы кедендік режим
Тауарларды  кедендік  аумақта  кедендік  қайта  өңдеу  режиміне   тауарларды
орналастыруталаптары:
1. Тауарларды кедендік аумақта  кедендік  қайта  өңдеу  режиміне  тауарларды
орналастыруға:
1)  осы Кодекстің белгіленген тәртіппен кедендік  аумақта  тауарларды  қайта
өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның  қорытындысы
берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеудің  мақсаты  жөндеу  болса,
аталған қорытындыны беру талап етілмейді;
2) кедендік  режим  осы  Кодекстің  сәйкес  қайта  өңдеу  өнімдерін,  балама
тауарларды әкетумен аяқталатын жағдайды қоспағанда,  кеден  органдары  шетел
тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендірген жағдайда жол беріледі.
2.  Егер  тауарларды  Қазакстан  Республикасының  Үкіметі  белгілеген  тізбе
бойынша кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынса,  кедендік
аумақта тауарларды кедендік қайта еңдеу режимін пайдалануға жол  берілмейді.

3. Кедендік аумақга тауарларды кедендік қайта  еңдеу  режимін  осы  Кодекске
сәйкес декларант ретінде болуы мүмкін тулға мәлімдеуі мүмкін.
4.  Шетел  тауарларын  қайта  өңдеу  жөніндегі  операцияларды  жүзеге  асыру
кезінде қазақстандық тауарлар пайдаланыла алады.
Қайта өңдеу өнімдеріндегі шетел тауарларын бірдейлендіру:
1. Әкелінген тауарларды қайта өңдеу  фактісін  белгілеу  мақсатында  мынадай
тәсілдердің бірін  пайдалана  отырып  қайта  өңдеу  өнімдеріндегі  әкелінген
тауарларды бірдейлендіру жүргізіледі:
1)  тиісті  уәкілетгі  мемлекеттік  орган   берген   қорытындыда   аталмаған
тауарларды өндірістік процесте пайдалануға жол  бермеу  мақсатында,  белгілі
бір   технологиялық    операцияларды    орындайтын    қойма    үй-жайларына,
технологиялық желілер учаскелеріне пломба түрінде кедендік қамтамасыз  етуді
орнату;
2)  декларанттың,  қайта  өңдеушінің  немесе   кеден   органдары   лауазымды
адамдарының  қайта  өңдеуге  арналған  шетел  және   (немесе)   қазақстандық
бастапқы тауарларға мөрлер, мөртабандар, цифрлық және  басқа  да  таңбаларды
қоюы;
3) өндірісте пайдаланылатын  шикізат,  материалдар  және  жинақтаушы  заттар
туралы  мәліметтерді  қоса  алғанда,  қайта  өңдеуге   арналған   тауарларды
сипаттау;
4) қайта өңдеуге арналған тауарларды ауқымында суретке түсіру, кескіндеу;
5) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін қайта  өңдеу
өнімдерімен салыстыру;
6) тауарлардағы (двигательдердің,  шанақ  бөлшектерінің  және  басқаларының)
зауыт нөмірлері түріндегі бар таңбаларды пайдалану.
 Ұсынылатын Әдебиеттер тізімі
1.    Қазақстан республикасының Кеден кодексі. Алматы – 2003
2.    Әлібеков С. Т. Қазақстанның кеден құқығы.  Жалпы  және  ерекше  бөлім.
Алматы – 2002
3.    Құқық қорғау органдары 2002 жылдың 1 қазанына берілген. Алматы – 2002
4.    Козырин А. Н. Таможенные режимы. Москва: Статут – 2000
5.    Томоженные режимы. Алматы – 2002
6.    Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000
7.    Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000
8.    Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998
9.    Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998
10.    Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002
11.    Некрасов В. А., Джандарбеков И. А.  Основы  таможенного  дела  в  РК.
Астана – 2002
12.    ҚР Кеден кодексі //заң газеті 2002  ж  -  31  шілде,  5  бет;  Егемен
Қаазқстан 2002 - 1 тамыз
13.    Сапарбаенв Б. Экономикалық  қауіпсіздік  кепілі//Егемен  Қазақстан  –
2004 , 16 қаңтар
14.    Нұрахметов Б. Кеденнен кедергісіз өту//Егемен Қазақстан  –  2004,  31
наурыз

2.Дәріс.2-тақырып. Тауарларды еркін айналыс үшін шығару

1.Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың  кедендік режимi қолдану
2. Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiнде
орналастыру шарттары
3.Тауарларды шартты түрде шығару
Тауарларды  еркiн  айналысқа  шығарудың  кеден  режимiн  қолдану   жөнiндегi
Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  кеден  iсi
туралы" (бұдан әрi - кеден iсi туралы Заң)  Заңына  сәйкес  әзiрленген  және
тауарларды  еркiн  айналысқа  шығарудың   кеден   режимiнде   жайғастырылған
тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кеден бақылауының тәртiбiн анықтайды.
    Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимi әкелiнген  тауарлардың
кеден iсi туралы Заңының  Қазақстан Республикасының кеден аумағында  тұрақты
қалуы немесе тұтынылуы үшiн белгiленедi.
    Тауарларды еркiн  айналысқа  шығарудың  кеден  режимiнде  иелiк  құқығын
отандық тұлғаға берудi көздейтiн сыртқы сауда мәмiлелерi бойынша  әкелiнген,
Қазақстан  Республикасының  кеден  аумағында   тұрақты   пайдалануы   немесе
тұтынылуы үшiн белгiленген,  сондай-ақ  отандық  және  шетелдiк  тұлғалардың
Қазақстан Республикасының кеден  аумағында  тұрақты  қалуы  немесе  тұтынылу
мақсатында әкелген тауарлары жайғастырылады.
Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiнде
орналастыру шарттары:
1) кеден баждары мен салықтарын төлеген кезде;
2) тарифтiк емес реттеу шаралары мен валюталық бақылау саласындағы  талаптар
сақталғанда;
      3) Қазақстан Республикасының заңдық актiлерiнде қарастырылған өзге  де
талаптарды орындағанда;
      4) кедендiк ресiмдеудi аяқтағанда iске асырылады.
     Қазақстан  Республикасының  Қаржы  министрлiгiмен  бiрлесiп   Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк кiрiс  министрлiгi  анықтайтын  тәртiппен  кеден
төлемдерiн төлеу жүргiзiледi.
    Тауарлардан кеден салықтарын алу жүктелген  кеден  органдары,  Қазақстан
Республикасының кеден аумағына әкелiнген  тауарларға  қатысты  қосылған  құн
мен  акциздер  салығын  қолдану  талаптарына   қойылатын   тәртiпке   сәйкес
жүргiзедi.
    Кеден төлемдерi мен салықтарын төленгенiн растайтын құжаттар:
      төлемнiң орындалғаны туралы  банкiнiң  белгiсi  бар  төлем  тапсырмасы
және жүргiзiлген операцияны дәлелдейтiн  төлеушiнiң  дербес  шотының  үзiндi
көшiрмесi - қолма-қол ақшасыз төлем тәртiбiмен төлеген кезде;
      бас бухгалтердiң немесе оның уәкiлiнiң қолы  қойылған  және  кассирдiң
мөрiмен  (кассирдiң  мөртабаны)  расталған  кеден  органының  кiрiс  кассасы
ордерiнiң түбiртегi - қолма-қол ақша берiп төлеген кезде.
      Ұқсатуға арналған импортталатын шикiзаттар мен материалдарға  салынған
кеден баждары мен салықтарын кейiнге қалдыру  немесе  бөлiп  төлеуге  рұқсат
берген кезде, жүк кеден декларациясымен бiрге кеден және салық  органдарының
тиiстi кейiнге қалдыру немесе бөлiп төлеуге  рұқсат  бергенi  туралы  тиiстi
шешiм қоса берiледi.
    Кеден iсi туралы Заңның 18-бабындағы  6)  тармақшасына  сәйкес  тарифтiк
емес  реттеу  шараларына  Қазақстан   Республикасының   Үкiметi   белгiлеген
шаралары жатады және оның iшiнде жекеленген тауарларды әкелудiң  мемлекеттiк
монополиясы бар; әкелiнетiн тауарлардың сан  жағынан  шектеулiгi  (квоталау)
бар.
    Кедендiк ресiмдеу кезiнде тарифтiк  емес  реттеу  шараларының  сақталуын
декларант Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк  органдары  берген
тиiстi лицензияны ұсыну жолымен дәлелдейдi.
    Валюталық бақылау саласындағы талаптардың  сақталуы  жасалған  мәмiленiң
төлқұжатын ресiмдегенде және кеден органына берген кезде белгiлi болады.
    Тауарларды  еркiн  айналысқа  шығару  үшiн  Қазақстан  Республикасы  заң
актiлерiнiң талаптарын орындалғанын кеден органына берiлген:
      өнiмнiң  қауiпсiздiгiне  сәйкестендiрiлген  сертификат  (сертификаттың
кедендiк   ресiмдеу   сәтiнде   болмаса   өтiнiш    декларация    берiледi),
фитосанитарлық  (карантиндiк)  сертификат,  санитарлық-тазалық   сертификаты
ветеринарлық сертификат көрсетедi.  Көрсетiлген  сертификаттар,  мемлекеттiк
бақылау  түрлерiнiң  қандай   болмасын   бiр   түрiн   көздейтiн   Қазақстан
Республикасының  тиiстi   нормативтiк   құқықтық   актiлерiнде   көрсетiлген
тауарлар үшiн ғана ресiмделедi және ұсынылады.
    Тауарларды еркiн айналысқа  шығарудың  кеден  режимiнде  орналастырылған
тауарларды  кедендiк  ресiмдеу  үшiн  қажеттi  құжаттардың   тiзбесi   кеден
мақсаттары  үшiн  қажеттi  жүк  кеден  декларациясы,  құжаттар  мен  қосымша
мәлiметтердi қабылдау тәртiбiне белгiленген талаптарға сәйкес айқындалады.
    Тауарларды шартты түрде шығару
    Белгiленген шектеулiктердi, талаптарды немесе шарттарды сақтау  шартымен
кеден төлемдерi мен  (немесе)  салықтарын  салу  бөлiмiнде  соларға  қатысты
кеден жеңiлдiктерi берiлген тауарлар, шартты түрде шығарылады және олар  тек
осындай жеңілдiктердi беруге байланысты мақсаттарда пайдаланылуы тиiс.
    Шартты түрде шығарылған тауарларды өзге  мақсаттарда  пайдалану,  оларға
осындай мақсатпен  иелiк  етуге  рұқсатты  кеден  төлемдерi  мен  салықтарын
төлеген  кезде,  соларды  бақылауды  iске  асырып  жүрген  кеден   органының
хабарлауымен және тауарларды  шығарған  кезде  орындамаған  осы  Нұсқаулықта
көзделген басқа талаптарды орындағанда берiледi.
    Шартты түрде шығарылған тауарларды өзге мақсаттарда пайдаланғаны  туралы
хабарлама, бақылауды iске асырып жүрген кеден органы бастығының атына  еркiн
түрде жүк кеден декларациясының тiркелу номерiн көрсетiп,  жазбаша  өтiнiштi
жазу жолымен бiлдiредi.
    Өтiнiшпен бiрге жүк кеден  декларациясының  көшiрмесi,  сондай-ақ  бұрын
шартты  түрде  есептелiнген  кеден  төлемдерi   мен   салықтарын   төлегенiн
растайтын құжаттар қоса берiледi.
    Өтiнiш, барлық  берiлген  құжаттармен  бiрге  жүк  кеден  декларациясына
қосымша  берiлген  құжаттардың  жиынтығымен   қоса   тiгiледi.   Жүк   кеден
декларациясының бiрiншi  және  үшiншi  даналарында  кеден  органы  лауазымды
тұлғасының жеке нөмiрлi мөрi басылған, күнi көрсетiлген  "Төлемдер  төлендi.
Бақылаудан алынды" деген жазуға мөртабан қойылады.
    Бұрын шартты түрде шығарылған тауарларды еркiн айналысқа шығару  жаңадан
жүк кеден декларациясын толтырмай жүргiзiледi.
Ұсынылатын Әдебиеттер тізімі
1.Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998
2.Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998
3.Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002
4.Некрасов В. А., Джандарбеков И. А. Основы таможенного дела в РК. Астана  –
2002
5. ҚР Кеден кодексі //заң газеті 2002 ж - 31 шілде, 5 бет; Егемен  Қаазқстан
2002 - 1 тамыз
6.Сапарбаенв Б. Экономикалық қауіпсіздік кепілі//Егемен Қазақстан –  2004  ,
16 қаңтар
7.Нұрахметов Б. Кеденнен кедергісіз өту//Егемен Қазақстан – 2004, 31 наурыз


3.Дәріс.3-тақырып Тауарлардың кері импорты

1.Тауарлардың кері импорты түсінігі,мәні
Тауарлардың   кері   импорты   бұл   Қазақстан   Республикасының    кедендiк
территориясынан ертерек импортгалған тауарларды, сонымен  бiрге,  аукционда,
саудада, халықаралық тауар биржасында сатуға тағайындалған тауарларды  шетке
шыгарудың кедендiк тәртiбi. Тауарлар  реэкспорты  тауарлардың  шеткешығаруды
олардың төлеусiз, немесе кедендiк  баж  салығы  қайтарумен,  сонымен  бipre,
экономикалық    саясат    қолданып    отырған    шараларынан    босатылуымен
түсiндiрiледi. Реэкспортқа шетел ендiрiсiнiң тауарлары жатады.
Кедендiк  құжаттарды  толтыру  мен  кеден  баж  салығын   төлеу   процесiнде
иемденушi немесе  импорттық  тауарларды  тасымалдаушы  көрсетiлген  тауарлар
реэкспортының мүмкiндiктерiн алдын ала көрсетуге құқығы бар.  Егер  импортер
кеден органдарына реэкспорт үшiн тауарлар кiргiзгенiн хабарласа, онда  бұдан
келетiн кедендiк декларацияны қабылдаған күннен бастап 6 ай iшiнде  тауардың
реэкспортын жүзеге асырады немесе одан кеден баж  салығынан  босатылады.  Ал
экономикалық саясаттың шаралары оның қызметiне тартылмайды. Бiрақ  әр  түрлi
күтпеген жағдайларға байланысты  тауарлар  реэкспорты  6  ай  iшiнде  жузеге
асырылмауы мумкiн.Бұндай жағдайда, тауар  иемденушi  немесе  қандай  да  бiр
тұлға кедендiк баж салығын, салықтарды төлеуге мiндеттi.
    Тауарлардың кері импортының  кедендік  режиміне  тауарларды  орналастыру
үшін тауарлардың:
-Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі кезінде  қазақстандық
тауарлар мәртебесі болуы;
-әкету сәтінен бастап үш жылдың ішінде тауарлардың кері импортының  кедендік
режиміне мәлімделуі;
-тасымалдаудың,   сактаудың   немесе   пайдаланудың   (колданудың)   қалыпты
жағдайлары кезінде табиғи тозудың немесе табиғи кемудің салдарынан  өзгеруді
қоспағанда, олар өзгеріссіз жағдайда болуы тиіс;
-кеден органдары тарапынан бірдейлендірілген болуы тиіс.
     Тауарларды  Қазақстан  Республикасынан  тысқары  жерлерде   кәсіпкерлік
мақсаттарға  пайдалану,  сондай-ақ  олармен   ұсақ   жөндеу   операцияларын,
техникалық қызмет көрсету және тауарларды қалыпты ұстау үшін  қажетті  басқа
да  операцияларды  қоса  алғанда,  олардың  сақталуын  қамтамасыз  ету  үшін
қажетті  операциялар  жасау,   жөндеуге   байланысты   операциялар   олардың
әкетілген сәттегі құнымен салыстырғанда  тауарлар  құнының  өсуіне  әкелетін
жағдайларды қоспағанда,  тауарларды  тауарлардың  кері  импортының  кедендік
режиміне орналастыруға кедергі келтірмейді.
Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу —  тарифтік  емес  реттеу  шараларын
қолданбай  және  кедендік  баждарды  және  салықтарды  алмай,  қайта   өңдеу
өнімдерін  кейіннен  Қазақстан  Республикасының   кедендік   аумағынан   тыс
жерлерге  әкете  отырып,  Қазақстан   Республикасының   кедендік   аумағында
шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануға арналған кедендік режим.
    Тауарларды кедендік аумақта кедендік  қайта  өңдеу  режиміне  тауарларды
орналастыруға:
1)  осы Кодекстің белгіленген тәртіппен кедендік  аумақта  тауарларды  қайта
өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның  қорытындысы
берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеудің  мақсаты  жөндеу  болса,
аталған қорытындыны беру талап етілмейді;
2) кедендік  режим  осы  Кодекстің  сәйкес  қайта  өңдеу  өнімдерін,  балама
тауарларды әкетумен аяқталатын жағдайды қоспағанда,  кеден  органдары  шетел
тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендірген жағдайда жол беріледі.
    Егер  тауарларды  Қазакстан  Республикасының  Үкіметі  белгілеген  тізбе
бойынша кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынса,
кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта  еңдеу  режимін  пайдалануға  жол
берілмейді.
    Кедендік аумақга тауарларды кедендік қайта еңдеу  режимін  осы  Кодекске
сәйкес декларант ретінде болуы мүмкін тулға мәлімдеуі мүмкін.
    Шетел  тауарларын  қайта  өңдеу  жөніндегі  операцияларды  жүзеге  асыру
кезінде қазақстандық тауарлар пайдаланыла алады.
     Қайта  өңдеу  өнімдеріндегі  шетел  тауарларын  бірдейлендіру:Әкелінген
тауарларды қайта өңдеу  фактісін  белгілеу  мақсатында  мынадай  тәсілдердің
бірін  пайдалана  отырып  қайта  өңдеу  өнімдеріндегі  әкелінген  тауарларды
бірдейлендіру жүргізіледі:
1)  тиісті  уәкілетгі  мемлекеттік  орган   берген   қорытындыда   аталмаған
тауарларды өндірістік процесте пайдалануға жол  бермеу  мақсатында,  белгілі
бір   технологиялық    операцияларды    орындайтын    қойма    үй-жайларына,
технологиялық желілер учаскелеріне пломба түрінде кедендік қамтамасыз  етуді
орнату;
2)  декларанттың,  қайта  өңдеушінің  немесе   кеден   органдары   лауазымды
адамдарының  қайта  өңдеуге  арналған  шетел  және   (немесе)   қазақстандық
бастапқы тауарларға мөрлер, мөртабандар, цифрлық және  басқа  да  таңбаларды
қоюы;
3) өндірісте пайдаланылатын  шикізат,  материалдар  және  жинақтаушы  заттар
туралы  мәліметтерді  қоса  алғанда,  қайта  өңдеуге   арналған   тауарларды
сипаттау;
4) қайта өңдеуге арналған тауарларды ауқымында суретке түсіру, кескіндеу;
5) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін қайта  өңдеу
өнімдерімен салыстыру;
6) тауарлардағы (двигательдердің,  шанақ  бөлшектерінің  және  басқаларының)
зауыт нөмірлері түріндегі бар таңбаларды пайдалану.

4Дәріс.4-тақырып Кеден қоймасы режимі
1.Кеден қоймасы түсінігі
2.Уақытша сақтау кеден қоймасы
    Кеден қоймасы - кеден ақысы салығы  алынбайтын  және  тауарларға  сақтау
кезеңiнде экономикалық саясат шаралары (рұқсат беру,  квота)  қолданылмайтын
акциздiк (жанама салықсыз), әкелiнген  тауарлар  кеден  бақылауында  болатын
кеден тәртiбi.
    Кеден қоймасы  тәртiбiне  сәйкес  тауарларды  сақтауға  арналған,  соған
арнайы бөлiнiп, жарақтандырылған кез келген жай немесе басқа да  орын  кеден
қоймасы деп танылады.
     Кеден  қоймасын  мекемелер,  ұйымдар  және  басқа  да  заңды  тұлғалар,
адамдардың  жекеменшiк  атауы  бар,  бiрақ   заңды   тұлға   мәртебесi   жоқ
бiрлестiктер, жеке меншiк кәсiпорны, бар, Қазақстан  Республикасының  заңына
сәйкес құрылған дара (отбасылық),  жеке  кәсiпорындар,  сондай-ақ  Қазақстан
Республикасы  аумағында  тiркелген,  заңды   тұлға   құрмайтын   кәсiпкерлiк
қызметпен айналысатын адамдар (бұдан былай "қойма иесi") құра  алады.  Кеден
қоймасының кез келген адамның пайдалануына болатын ашық  түрi,  белгiлi  бiр
адамдардың  ғана  тауар  сақтауына  арналған  жабық   түрi   болады.   Кеден
қоймасының аумағы кеден бақылауының аймағы болып табылады.
    Кеден қоймасы тәртiбiне  сәйкес  тауарларды  сақтауға  арналған,  арнайы
бөлiнген және жарақтандырылған бiр немесе бiрнеше жайдан,  немесе  басқа  да
жерлерден (бұдан  былай  -  жай),  бұл  жайларға  иелiгi  бар  адамға  кеден
қоймасын құруға Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi  жанындағы  Кеден
комитетi органының аймағында болуға  тиiс.  Егер  кеден  қоймасын  Қазақстан
Республикасының кеден органдары құрған  болса,  оған  рұқсат  алудың  қажетi
жоқ.
    Рұқсат алу үшiн жайдың иесi Қазақстан Республикасы  Министрлер  Кабинетi
жанындағы Кеден комитетiне (бұдан былай кеден комитетi) өтiнiш бередi,  онда
кеден қоймасының түрi, оның заңды мекен жайы, рұқсат  беру  туралы  мәселенi
шешу үшiн елеулi мәнi бар басқа да мәлiметтер көрсетiлуге тиiс,  рұқсат  алу
үшiн түсiм төленiп, сондай-ақ АҚШ долларының 50  000  эквивалентi  сомасында
кеден төлемiнен төлеу туралы банкiнiң кепiлдемесiн бередi.
    Өтiнiшке мына құжаттар тiркеледi:
      - жай иесiнiң құру және тiркеу  құжаттарының  көшiрмесi  (жарғы,  құру
шарты, тiркеу туралы куәлiк т.б.);
      - қоймаға арналған жайдың жоспары мен жазбалары;
      - жайды иелену құқы бар құжат;
      - қоймаға кiре алатын құқы бар қызметкерлердiң тiзiмi.
    Кеден  төлемiн  төлеу  үшiн  кеден  қоймасын  үздiксiз  жұмыс  iстеуiнiң
өнбойына банкiнiң кепiлдеме беруi  керек.  Құнсыздану  ескерiлген  кепiлдеме
күшiнiң мерзiмi шектеусiз болады. Құнсыздану ескерiлмеген кепiлдеме 3  айдан
соң жаңартылып тұруға тиiс.
    Өтiнiштi түскеннен соң Кеден комитетi 30 күннен  кешiктiрiлмей  қарайды.
Көрсетiлген мерзiм iшiнде қойманың  жарақтандырылған  және  жабдықталғандығы
осы ережеге сәйкес тексерiледi.
    Кеденге  берiлген  мәлiметтердi  анықтай  түсу  үшiн  Кеден  комитетiнiң
облыстардағы кеден  басқармаларынан,  мемлекеттiк  органдардан,  банктерден,
басқа  да  ұйымдардан  қосымша  құжаттар  алдыртуға  қақысы  бар.   Мұндайда
өтiнiштi қарау мерзiмi ондай құжаттар түскен күннен бастап саналады.
    Рұқсат үш данада етiп толтырылады. Бiрiншi дана қойма  иесiне  берiледi,
екiншi  дана  кеден  қоймасы  орналасқан  жердегi   жұмыс   iстейтiн   кеден
басқармасына жiберiледi. Үшiншi дана кеден  қоймаларын  реестрден  өткiзетiн
Кеден комитетiнде қалады. Рұқсат беру формасы N 2 Ережеде көрсетiлген.
    Егер кеден қоймасына арналған жай  осы  ережеге  сай  жарақтандырылмаған
және Кеден комитетiнiң талаптарына сәйкес келмесе, кеден басқармасы  белгiлi
бiр дәлелдi себептермен қоймада сақтау  үшiн  көрсетiлген  тауарларға  кеден
бақылауын жүргiзе алмайтын болса, рұқсат беруден бас  тартуға  негiз  болса,
онда рұқсат беруден бас тарылады.
    Қазақстан Республикасы кеден заңында көрсетiлген тәртiп  бойынша  рұқсат
беру туралы бас тартуға шағым беруге де болады.
     Лицензияның  әрекет  ету  мерзiмi  3  жыл  құрайды.  Кеден   қоймасының
мекемесiне лицензия беру үшiн, қойманың жалпы алаңына байланысты:
      - қойманың жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн болса -  9000  мың  ЭКЮ
көлемiнде;
      - қойманың жалпы алаңы 1000 шаршы метрден  жоғары  2000  шаршы  метрге
дейiн болса - 14000 мың ЭКЮ көлемiнде;
      - қойманың жалпы алаңы 2000 шаршы метрден жоғары  болса  -  19000  мың
ЭКЮ көлемiнде жiктеу жиналымы алынады.
Уақытша сақтау қоймалары — бұл тауарлардың және  көлік  құралдарының  оларды
Қазақстан Республикасының кеден органына ұсынған  сәттен  бастап,  таңдалған
кедендік  режимге  сәйкес  тұлғаға  иелікке  беру  немесе   шығаруға   дейін
сақталатын орны. Уақытша сақтау қоймасы Қазақстан Республикасының  кеденінің
лицензиясы бар болған жағдайда ғана құрылуы мүмкін.
    УСҚ көрсететін қызметтер жиынтығы:
     Теміржол,  автомобиль  көлігімен  келетін  жүктердің  барлық   түрлерін
қабылдау, жіберу және қызмет көрсету;
    Бейнебақылау және нақты күзету арқылы  жүктердің  сақталушылығын  тәулік
бойы қамтамасыз ету;
    Бақылау мақсатымен өлшеу;
     Барлық  тиеу-түсіру   техникасының,   қолмен   түсіру   /   тиеу   үшін
қызметкерлердің бар болуы;
    Барлық арнайы құжаттаманы компьютерде дайындау;
    Кеден қоймасының бақылауына алу / бақылауынан алып  тастау,  электрондық
есеп;
    Жүкті тиеу / түсіруді және бекітіп қоюды үйлестіру және бақылау;
    Клиенттерге жүктердің келіп түсуі  туралы,  жүктердің  мәртебесі  туралы
есептемені ұсыну.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1.Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000
2.Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000
3.Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998
4.Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998
5.Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002
6. Некрасов В. А., Джандарбеков И. А. Основы таможенного дела в  РК.  Астана
– 2002

5.Дәріс.5-тақырып Бажсыз сауда дүкені
1.Бажсыз сауда дүкені түсінігі,
2.Бажсыз сауда дүкенін құруға лицензия беру тәртібі
3.Бажсыз сауда дүкеніне  тауарлардың  түсуі  және  тауарларды  бажсыз  сауда
дүкенінің  кеден режимінде орналастыру
Бажсыз  сауда  дүкенінің  кедендік  режимі  -  тауарлардың  кейін  Қазақстан
Республикасының  кедендік   аумағынан   әкетілуі   жағдайында,   тауарлардың
қауіпсіздігі  жөніндегі  талаптарды  қоспағанда,  тауарлар  жеке  тұлғаларға
кедендік  баждар,  салықтар  алынбай  және  тарифтік  емес  реттеу  шаралары
қолданылмай сатылатын кедендік  режим.  Қазақстан  Республикасының  кедендік
аумағынан тысқары жерлерге кететін жеке тұлғаларға тауарларды  бажсыз  сауда
дүкенінде сату фискалдық, жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті  түрде
қолдану  арқылы  жүзеге  асырылады.   Бажсыз   сауда   дүкенінде   сатылатын
тауарлардың кеден органымен келісілген арнайы танбасы болуы және  сату  үшін
алдын ала оралуы тиіс. Бажсыз  сауда  дүкенінде  тауарларды  сату  Қазақстан
Республикасының  кедендік  аумағында  Қазақстан   Республикасының   кедендік
шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаумен жүргізіледі.
Бажсыз сауда дүкенін құруға лицензия беру тәртібі
Бажсыз сауда дүкенін құру лицензиясы иелігінде осы ереженің талаптарына  сай
келетін және бір өткізу орынында немесе бір өткізу  орны  мен  соған  шектес
бір кеденнің жұмыс істейтін  аумағында  немесе  бір  кеден  бекетінің,  егер
бекеттің өзінің жұмыс істейтін аймағы бар болса,  жұмыс  істейтін  аймағында
орналасқан жайлары бар адамға беріледі.
Лицензия  алу  үшін  жайлардың  иесі  Қазақстан  Республикасының  Министрлер
Кабинеті жанындағы Кеден комитеті өтініш береді және лицензия  бергені  үшін
жиын төлейді.
Лицензия беру туралы өтініште:
      - өтініш берушінің толық және қысқартылған атауы, ОКПО коды;
      - өтініш берушінің заңды және  іс  жүзіндегі  мекен-жайы,  мемлекеттік
тіркеу туралы куәліктің тіркелетін нөмірі;
      - банкілердегі валюталық шоттардың және  ұлттық  валютадағы  шоттарын,
осы банкілердің атаулары, мекен-жайлары және ОКПО кодтары;
      -  сауда  залдары,  қосалқы  жайлар  және  қойма  ретінде  пайдалануға
арналған жайлардың тұрған орны; әрбір жайдың көлемі;
      - жайларды материалдық-техникалық жабдықтау көрсеткіштері;
        -   жайларды   күзетпен   қамтамасыз   ету,   арнаулы   сигнализация
жабдықтарының және өрттен қорғау жабдықтары бар екендігі туралы  мәліметтер;

      - бажсыз сауда  дүкенінде  сатылады  деп  ұйғарылып  отырған  тауарлар
түрінің тізбегі;
      - лицензия беру туралы шешім қабылдау  үшін  пайдаланыла  алатын  өзге
хабар көрсетіледі.
Кеден  комитеті   өзінің   қатынас   қағазында   өтініш   берушінің   берген
мәліметтерін растап, бажсыз дүкен құруға лицензия  берудің  мүмкіндігі  және
ақылға қонымдылығы туралы қорытынды пікір жазып береді.
Кеден комитеті осындай қатынас қағазды  жайлардың  иесінің  жазбаша  өтініші
бойынша береді. Жазбаша өтініш алынған күннен бастап 30 күн ішінде  қаралуға
тиіс. Кеден органының онда жазылған қорытынды  пікірге  қарамастан,  қатынас
қағаз беруден бас тартуға қақысы бар.
Лицензия беру туралы өтінішті  Қазақстан  Республикасы  Министрлер  Кабинеті
жанындағы Кеден комитеті барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды  көрсеткен
жағдайда оны алған күннен бастап 30 күн ішінде қарайды.
Кеден комитеті көрсетілген мерзімде жайлардың иесі мәлімдеген  мәліметтердің
осы Ереже талаптарына сәйкестігін тексереді.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитеті  әкелген
мәліметтерді   растайтын   қосымша   құжаттарды   мемлекеттік   органдардан,
банкілерден,  өзге  ұйымдардан  сұрататын  болса,  өтінішті  қарау   мерзімі
осындай құжаттардың түскен күнінен бастап есептеледі.
Өтінішті қараудың жалпы мерзімі екі айдан аспау керек.
Бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырылған  тауарларын  кедендік
рәсімдеу орны осындай тауарларды сатуға көзделген  тек  қана  дүкен  қоймасы
бола алады.
Тауарлардың келетін немесе әкелінетін орны  уақытша  сақтау  қоймасы  болған
жағдайда,  ондай  тауарлар   тауарларды   кедендік   бақылаумен   әкелінетін
ережелерге сәйкес бажсыз сауда дүкенінің қоймасына ауыстырылуға тиіс.
Тауарлар  бажсыз  сауда  дүкенінің  қоймасына   кеден   органының   өкілетті
лауазымды тұлғаларының қатысуымен немесе рұқсатымен орналастырылады.
Бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде - төмендегі тауарларды  орналастыруға
жол берілмейді:
      а) Қазақстан Республикасына әкелінуге және  Қазақстан  Республикасынан
әкетілуге тыйым салынған тауарларды;
      ә) Қазақстан Республикасы аумағында сатуға тыйым салынған  тауарларды;

      б) басқа мемлекеттік органдар, егер осы органдардың  рұқсаты  болмаған
жағдайда, бақылауға тиісті тауарларды;
      в) жеке тұлғалардың жеке  пайдалануына  немесе  тұтынуына  арналмағаны
беп-белгілі өндірістік-техникалық салаға арналған және өзге тауарларды;
      г) салмағы  ауыр  (салмағы  20  кг.  астам)  және  көлемді  тауарларды
(ұзындығы, ені және биіктігінің жиынтық көлемі 200 см. аса);
      д) мыналардан басқа, әкетілетін  кеден  бажы  салынатын,  стратегиялық
маңызды шикізат болып табылатын немесе лицензиялауға жататын тауарларды:
      - қалайыдан, мырыштан,  мыстан,  қорғасыннан,  алюминийден,  никелден,
олардың негізіндегі  қорытпадан,  жоғары  дәрежеде  өңделіп  жасалған  дайын
бұйымдардан басқа;
      - бөлшек сауда үшін буып-түйілген жайлар және жағар майлардан басқа;
      - таблеткадағы немесе осындай басқа формадағы немесе нетто  салмағы  1
кг. аспайтын ораудағы тыңайтқыштардан басқа;
      -  бөлшек  сауда  үшін  буып-түйілген  және  тікелей  қолдануға  дайын
балықтан және шаян тәрізділерден, моллюскалардан  және  басқа  суда  жүретін
омыртқасыздардан (уылдырықтарды қосқанда) жасалған бұйымдардан басқа;
      - нетто салмағы 1 кг. аспайтын бөлшек саудаға  арналған  буып-түйілген
қанттан басқа;
      - бөлшек саудаға  арналған  құтылардағы  фармацевтік  азық-түліктерден
басқа  (бұған  провитаминдер,  витаминдер,  гормондар   және   антибиотиктер
кіреді),  егер  осы  азық-түліктер   дәрігердің   рецепінсіз   (рұқсатынсыз)
сатылатын болса;
       -  қымбатты  металдардан  және  табиғи  қымбат  тастардан,   інжуден,
янтарьдан жасалған зергерлік және басқа тұрмыстық бұйымдардан басқа.
       Әкелінетін  баждар  салынатын,  стратегиялық   маңызы   бар   шикізат
тауарлары болып табылатын немесе лицензиялауға  тиісті  тауарлардың  тізбесі
өзгертілген   немесе   толықтырылған   жағдайда,    тізімге    енгізілмейтін
тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасы  Министрлер  Кабинеті  жанындағы
Кеден комитетінің арнаулы нормативті актілері өзгерте және толықтыра  алады.

Бажсыз   сауда   дүкендері   бажсыз   сауда   дүкенінің   кеден    режимінде
орналастырылған тауарларды Қазақстан  Республикасының  кеден  аумағынан  тыс
жерлерге кетіп бара жатқан жеке тұлғаларға ғана бөлшек саудаға сатады.
Тауарларды бажсыз сауда дүкенінде тауарларды көтерме  саудаға,  оның  ішінде
ұсақ көтерме саудаға (шамалап алғанда - бөлшек сауда,  комплекттер  үшін  10
бірліктен аса буып-түймелер) жол берілмейді.
Бажсыз сауда дүкенінде тауарларды үлгілер  бойынша,  алдын  ала  тапсырыстар
бойынша үйге жеткізіп беріп,  бөліп-бөліп  төлеп  сатуға,  сондай-ақ  (сатар
алдындағы дайындықтан, буып-түюден, демонстрациядан, қайта буып-түюден  және
сол секілді операциялардан басқа) қосымша қызмет көрсетуге жол берілмейді.
Тауарларды бажсыз сауда дүкенінің қосалқы жайларынан және қоймасынан  сатуға
жол берілмейді.
Қазақстан  Республикасы  аумағында  сатылуы  шектелген  тауарлар   Қазақстан
Республикасы заңдары  белгілеген  талаптарды  бұлжытпай  орындаған  жағдайда
бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде сатыла алады.
Дүкен иесі санитарлық ережелерді,  қоймалау  нормаларын,  тауарлық  көршілік
және сақтау режимі ережелерін, мемлекеттік стандарттың  міндетті  талаптарын
бұлжытпай   орындауға,   Қазақстан   Республикасының    сауда    саласындағы
қатынастарды реттейтін нормативті актілері белгілеген өзге де  талаптар  мен
шарттарды орындауға міндетті.
Бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырылған тауарларымен  олардың
сақталуын  қамтамасыз  етуге  қажетті  операцияларды  сондай-ақ   тауарларды
сатуға  (орауын  ашу,  тарадан  босату   және   т.б.)   дайындау   жөніндегі
операциялар жүргізіле алады.
Тауарлардың сақталуын қамтамасыз  ету  жөніндегі  операциялар  бажсыз  сауда
дүкенінің қоймасында жүргізіледі, ал тауарларды  сатуға  дайындау  жөніндегі
операциялар  бажсыз  сауда  дүкенінің  қосалқы  үй-жайларында   жүргізіледі.
Көрсетілген операциялар кеден бақылауымен жүргізіледі.
Бажсыз сауда дүкенінде  сатылатын  тауарлардың  кеден  органымен  келісілген
арнаулы танымалдық белгісі болуға тиіс  және  алдын-ала  бөлшек  сауда  үшін
ораулы болу керек. Бажсыз сауда дүкенінде  тауарлар  сатып  алынғаны  туралы
ондай дүкеннің қызметкерлері Қазақстан  Республикасының  кедендік  аумағынан
тыс жерлерге кетіп  бара  жатқан  жеке  тұлғалардың  жол  құжаттарына  белгі
соғады.  Белгінің  үлгісін  кеден  органымен  келісе  отырып  бажсыз   сауда
дүкенінің иесі белгілейді.
Кеден органы бажсыз сауда дүкенінен сатып  алынған  тауарлардың  әкетілуінің
растығына бақылау жасайды. Қазақстан  Республикасының  кеден  аумағынан  тыс
жерлерге кетіп бара жатқан жеке тұлғаның бажсыз сауда дүкенінен сатып  алған
тауарларын ауыстыру және айырбастау Қазақстан Республикасы заңдары  бекіткен
тәртіпте  жүзеге  асырылады.  Осы  орайда,   егер   жаңа   тауар   Қазақстан
Республикасынан тыс  жерлерге  әкетілмесе,  ондай  тауарға  әкелінгені  үшін
кеден бажы және салықтары салынады, оларды өндіртіп  алу  кеден  органдарына
(Қазақстан тауарларын алып тастағанда) жүктелген.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1.Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000
2.Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000
3.Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998
4.Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998
5.Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002
6. Некрасов В. А., Джандарбеков И. А. Основы таможенного дела в  РК.  Астана
– 2002

6-Дәріс.6-тақырып Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу
1.Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің мәні
2.Тауарларды кедендік  аумақта  кедендік  қайта  өңдеу  режиміне  тауарларды
орналастыру
3.Тауарларды қайта өңдеу операциялары
Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу -  тарифтік  емес  реттеу  шараларын
қолданбай  және  кедендік  баждарды  және  салықтарды  алмай,  қайта   өңдеу
өнімдерін  кейіннен  Қазақстан  Республикасының   кедендік   аумағынан   тыс
жерлерге  әкете  отырып,  Қазақстан   Республикасының   кедендік   аумағында
шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануға арналған кедендік режим.
Тауарларды  кедендік  аумақта  кедендік  қайта  өңдеу  режиміне   тауарларды
орналастыруталаптары:
Тауарларды  кедендік  аумақта  кедендік  қайта  өңдеу  режиміне   тауарларды
орналастыруға:
1)  Кедендік Кодексте  белгіленген  тәртіппен  кедендік  аумақта  тауарларды
қайта  өңдеудің  талаптары  туралы  тиісті  уәкілетті  мемлекеттік  органның
қорытындысы берілген жағдайда жол  беріледі.  Егер  қайта  өңдеудің  мақсаты
жөндеу болса, аталған қорытындыны беру талап етілмейді;
2) кедендік  режим  осы  Кодекстің  сәйкес  қайта  өңдеу  өнімдерін,  балама
тауарларды әкетумен аяқталатын жағдайды қоспағанда,  кеден  органдары  шетел
тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендірген жағдайда жол беріледі.
Егер тауарларды Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілеген  тізбе  бойынша
кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынса, кедендік  аумақта
тауарларды кедендік қайта еңдеу режимін пайдалануға жол берілмейді.
Кедендік аумақта  тауарларды  кедендік  қайта  еңдеу  режимін  осы  Кодекске
сәйкес декларант ретінде болуы мүмкін тулға мәлімдеуі мүмкін.
Шетел тауарларын қайта өңдеу жөніндегі операцияларды  жүзеге  асыру  кезінде
қазақстандық тауарлар пайдаланыла алады.
Қайта   өңдеу   өнімдеріндегі   шетел   тауарларын   бірдейлендіру:Әкелінген
тауарларды қайта өңдеу  фактісін  белгілеу  мақсатында  мынадай  тәсілдердің
бірін  пайдалана  отырып  қайта  өңдеу  өнімдеріндегі  әкелінген  тауарларды
бірдейлендіру жүргізіледі:
  -  тиісті  уәкілетгі  мемлекеттік  орган  берген   қорытындыда   аталмаған
тауарларды өндірістік процесте пайдалануға жол  бермеу  мақсатында,  белгілі
бір   технологиялық    операцияларды    орындайтын    қойма    үй-жайларына,
технологиялық желілер учаскелеріне пломба түрінде кедендік қамтамасыз  етуді
орнату;
  -  декларанттың,  қайта  өңдеушінің  немесе  кеден   органдары   лауазымды
адамдарының  қайта  өңдеуге  арналған  шетел  және   (немесе)   қазақстандық
бастапқы тауарларға мөрлер, мөртабандар, цифрлық және  басқа  да  таңбаларды
қоюы;
 -  өндірісте пайдаланылатын шикізат,  материалдар  және  жинақтаушы  заттар
туралы  мәліметтерді  қоса  алғанда,  қайта  өңдеуге   арналған   тауарларды
сипаттау;
 - қайта өңдеуге арналған тауарларды ауқымында суретке түсіру, кескіндеу;
 - тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін қайта  өңдеу
өнімдерімен салыстыру;
 - тауарлардағы (двигательдердің,  шанақ  бөлшектерінің  және  басқаларының)
зауыт нөмірлері түріндегі бар таңбаларды пайдалану.
Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар:
1) бірдейлендіру қайта өңдеудің міндетті шарты болып табылатын кезде,  шетел
тауарлары қайта өңдеу  өнімдеріндегі  әкелінген  тауарларды  бірдейлендіруге
мүмкіндік беретін қайта өңдеу өнімдеріндегі  сипаттамаларды  сақтай  отырып,
жеке сипатын жоғалтатын, тауарларды қайта өңдеуді немесе өңдеуді;
2) әкелінген тауарлардың негізгі  сипаттамасы  сақталатын  монтаждау,  жинау
мен шақтауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды;
3) тауарды, оны қалпына  келтіруді,  құрамдас  бөлшектерін  ауыстыруды  қоса
алғанда, жөндеуді;
4) егер бұл тауарлар қайта өңдеу процесінде толық немесе  ішінара  тұтынылса
да,  қайта   өңдеу   өнімдерінің   өндірісіне   жәрдемдесетін   немесе   оны
жеңілдететін тауарларды шикізат ретінде пайдалануды қамтиды.
Тауарларды қайта өңдеу операцияларына:
1) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі, сатуға және  тасымалдауға
даярлау жөніндегі операциялар;
2)  төл алу, малдарды, құстарды, балықтарды өсіру және  бордақылау,  сондай-
ақ шаян тәріздестер мен моллюскілерді өсіру;
3) ағаштар мен өсімдіктер өсіру;
4)  пайдалы қазбаларды өндіру;
5) балықты, шаян тәріздестер мен моллюскілерді аулау;
6) аңшылық;
7)  саңырауқұлақгар мен өсімдіктер жинау;
8) ақпаратты, дыбыс - және бейне жазбаларды ақпарат жеткізуші көздердің  кез
келген түрлеріне көшіру және көбейту;
9)   шетел  тауарларын  технологиялық  процесте  көмекші  құралдар   ретінде
(жабдық, станоктар, тетіктер және басқаларын) пайдалану жатпайды.
Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің мерзімдері:
1.Тауарларды  кедендік  аумақта  қайта  өңдеу  тауарлар   кедендік   режимге
орналастырылған күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
2. Қайта өңдеу мерзімін  декларант  немесе  қайта  өңдеуді  жүзеге  асыратын
тұлға белгілейді және ол:
1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;
2) қайта өңдеу өнімдерін нақты әкету үшін қажетті уақытты қамтиды.
3.Тауарларды қайта өңдеу мерзімін үш жыл  шегінде  ұлғайту  туралы  мәселені
шешу үшін декларант бақылауды жүзеге  асырушы  кеден  органына  қайта  өңдеу
мерзімінің  аяқталуына  дейін  бір  айдан  кешіктірмей,   тиісті   уәкілетті
мемлекеттік органның  қайта  өңдеу  мерзімін  ұлғайтудың  орындылығы  туралы
қорытындысын  қоса  тіркеп,  осындай  ұзартудың  қажеттілігі  туралы  өтініш
береді.
4.Қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы өтінішті қарау мерзімі өтінішті  алған
күннен бастап күнтізбелік он күннен аспауға тиіс.
5. Егер мерзімді мұндай ұзартуды тиісті уәкілетті мемлекеттік оргау  орынсыз
деп  таныған  жағдайда,  сондай-ақ  декларант  кедендік  ережелерді   бұзған
жағдайда, қайта өңдеудің мерзімін ұлғайтудан бас тартылуы мүмкін.
6. Тауарларды  Қазақстан  Республикасының  кедендік  аумағында  қайта  өңдеу
мерзімін ұлғайту туралы кеден органының  шешімі  өтініш  берушінің  назарына
жазбаша нысанда жеткізіледі.
Әкету кезінде тарифтік  емес  реттеу  шаралары  қолданылатын  және  (немесе)
кеден баждары өндіріп алынатын қазақстандық тауарлар пайдаланылған  жағдайда
тауарларды  кедендік  аумақта  қайта  өңдеудің   талаптары   туралы   тиісті
уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысында  олардың  Сыртқы  экономикалық
қызметтің тауар номенклатурасына  сәйкес  атаулары,  тауарлардың  жіктемесі,
саны және құны көрсетілуі тиіс.
Кедендік  аумақта  тауарларды  қайта  өңдеу  талаптары  туралы  қорытындының
нысанын тиісті уәкілетті мемлекеттік  органмен  келісім  бойынша  кеден  ісі
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
1.  Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу  нормасы  деп  қайта  өңдеу  процесінде
абсолюттік  мәнде  немесе  проценттік  қатынаста   пайдаланылатын   тауарлар
санының бір бірлігінен  өндірістік  процеске  сәйкес  алынатын  қайта  өңдеу
өнімдерінің саны түсініледі.
Кедендік аумақта тауарларды  қайта  өңдеудің  кедендік  режиміне  тауарларды
орналастырған тұлға қайта өңдеу мерзімі аяқталған күннен бастап  күнтізбелік
жиырма күн ішінде кеден органына кедендік аумақта тауарларды қайта  өңдеудің
кедендік режимін пайдаланғандығы туралы толық  есеп  беруге  міндетті.  Есеп
беру нысанын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Қайта өңдеу өнімдерін  дайындау  кезіндегі  өндірістік  процесс  нәтижесінде
құралатын   өндірістік   шығындар   кедендік    ресімдеуге    жатпайды.Шетел
тауарларының қайта өңдеу өнімдері әкетілімдік кеден  баждарынан  босатылады.
Аталған өнімдерге тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.
Қайта  өңдеу  өнімдерін  еркін  айналыс  үшін  шығарудың  кедендік  режиміне
орналастырған жағдайда, кедендік баждар және  салықтар,  сондай-ақ  тарифтік
емес реттеу шаралары қайта өңдеу өнімдеріне қолданылады.
Кедендік аумақта  қайта  өңдеу  мерзімінің  аяқталу  күнінен  кешіктірілмей,
қайта өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасының  кедендік  аумағынан  тысқары
жерлерге әкетілуі немесе өзге кедендік режимге мәлімделуі тиіс.
Қазақстан Республикасының кедендік  аумағынан  тысқары  жерлерге  әкетілетін
қайта өңдеу өнімдерін  кедендік  ресімдеу  кеден  ісі  мәселелері  жөніндегі
уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің  кедендік  режимінде  мәлімделген
шетелдік тауарлар, оның ішінде оларды  қайта  өңдеу  өнімдері  осы  режимнің
талаптарын сақтау шартымен  өзге  кедендік  режимге  орналастырылуы  мүмкін.
Кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу  режимінің  қолданылуы  осы
Кодекске сәйкес аталған кедендік режимнің қолданылу мерзіміне аяқталады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1.С.Т.Әлібеков «Кеден құқығы».Алматы-1998г.
2.Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі,А-2005жыл.
3.Д.Б.Назарбеков,З.М.Мирзабеков, «Кеден ісі Экономикасы»
1. Баққұлов С.Д  «Құқық негіздері» Алматы,2004ж
2. Оспанов Қ.И «Құқық негіздері» ,2007 ж ,Жеті жарғы.

7.Дәріс.7-Тақырып Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу

1.Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне  тауарларды
орналастыру талаптары
2.Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары
3.Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу мерзімі
Тауарларды  еркін  айналыс  үшін  қайта  өңдеу  -  қайта   өңдеу   өнімдерін
тауарларды  еркін  айналыс  үшін  шығарудың   кедендік   режиміне   кейіннен
орналастыра отырып, кедендік баждар, салықтар алынбастан және тарифтік  емес
реттеу шаралары қолданылмай,  кедендік  бақылаумен  кедендік  аумақта  шетел
тауарлары қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырайтын кедендік режим.
Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің  кедендік  режиміне  тауарларды
орналастыру талаптары
1.  Тауарларды  еркін  айналыс  үшін  қайта   өңдеудің   кедендік   режиміне
тауарларды орналастыруға:
1) тауарларды  еркін  айналыс  үшін  қайта  өңдеудің  талаптары  белгіленген
тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік орган қорытындысы ұсынылған;
2)   кеден   органдары   шетел   тауарларының   қайта   өңдеу    өнімдерінде
бірдейлендірген;
3) кедендік бақылаудан тыс, тауарлар мен  қайта  өңдеу  өнімдерін  алып  қою
мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етуді, кедендік  бақылауды  жүзеге  асыру
үшін  жағдайлар  жасауды,  тауарларға  кеден  органдарының  қол-жетімділігін
қамтамасыз  етуді,  тауарларды  есепке  алу   және   олармен   операцияларды
жүргізуді, сондай-ақ есептілік беруді қоса алғанда,  Қазақстан  Республикасы
кеден заңдарының талаптарын орындау қамтамасыз етілген;
4) қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді  тәсілмен  бастапқы  жағдайдағы
қалпына келтіру мүмкін болмаған;
5)  қайта  өңдеу  жөніндегі  операцияны  тікелей   жүзеге   асыратын   тұлға
тауарларды қайта өңдеу үшін әкелген жағдайда жол беріледі.
Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік  режиміне  бұрын  өзге
кедендік  режимдерге   орналастырылған   шетелдік   тауарлар   орналастырыла
алады.Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  тауарларды  еркін  айналыс   үшін
кедендік  қайта  өңдеу  режиміне  орналастыруға  тыйым   салынған   тауарлар
тізбесін белгілейді.
Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары
1. Шығарылу нормасы деп абсолюттік мәнде немесе проценттік  қатынаста  қайта
өңдеу процесінде пайдаланылатын тауарлар санының бір  бірлігінен  өндірістік
процеске сәйкес алынатын қайта өңдеу өнімдерінің саны түсініледі.
2. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған  қайта
өңдеу өнімдерінің  шығарылу  нормасын  тиісті  уәкілетті  мемлекеттік  орган
айқындайды.
Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу мерзімі
1.Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу осы  баптың  2-тармағына  сәйкес
белгіленетін, бірақ кедендік режимге тауарларды орналастырған күннен  бастап
бір жылдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Қайта өңдеу мерзімін декларант немесе қайта өңдеуді  жүзеге  асыратын  тұлға
белгілейді және ол:
1)  тауарларды  қайта  өңдеудің  өндірістік  процесінің   тиісті   уәкілетті
мемлекеттік орган белгілеген ұзақтығын;
2) еркін айналыс үшін тауарларды шығарудың  кедендік  режиміне  қайта  өңдеу
өнімдерін орналастыруға қажетті уақытты қамтиды.
Тауарларды қайта өңдеу мерзімін бір  жыл  шегінде  ұлғайту  туралы  мәселені
шешу үшін декларант қайта өңдеу мерзімінің аяқталуына  дейін  он  бес  жұмыс
күнінен кешіктірмей кеден органына растаушы құжаттарды қоса  тіркеп,  мұндай
ұзартудың қажеттілігі туралы  өтініш  береді.Қайта  өңдеу  мерзімін  ұлғайту
туралы өтінішті қарау мерзімі өтінішті алған  күннен  бастап  он  бес  жұмыс
күнiнен аспауға тиіс.Еркін айналыс  үшін  тауарларды  қайта  өңдеу  мерзімін
ұлғайту туралы кеден органының  шешімі  өтініш  берушінің  назарына  жазбаша
нысанда жеткізіледі.
Қайта өңдеу мерзімін ұлғайтудан бас тартылған жағдайда  еркін  айналыс  үшін
тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне  орналастырылған  тауарлар  өзге
кедендік режимге мәлімделуге жатады, ал алынған қайта өңдеу  өнімдері  еркін
айналыс  үшін   тауарларды   шығарудың   кедендік   режиміне   орналастыруға
жатады.Қайта  өңдеу  нәтижесінде  алынған  қалдықтар  мен  артық   қалдықтар
өңделмеген  шетелдік   тауарлардың   қалдықтары,   сондай-ақ   қайта   өңдеу
нәтижесінде пайда  болған  артық  қалдықтар,  аталған  қалдықтар  мен  артық
қалдықтар оларды  одан  әрі  пайдалануға  жарамсыз  күйінде  қайта  өңделген
жағдайды қоспағанда, осындай  қалпында  Қазақстан  Республикасының  кедендік
аумағына әкелінген шетел тауарлары ретінде кедендік бақылауға және  кедендік
ресімдеуге жатады.
Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимін аяқтау
еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі  еркін  айналыс
үшін  тауарларды  шығарудың  кедендік   режиміне   қайта   өңдеу   өнімдерін
орналастырумен аяқталады. Қайта өңдеу өнімдерін еркін  айналыс  үшін  шығару
кезінде кедендік баждар және салықтар қайта  өңдеу  өнімдеріне  қолданылатын
ставкаларды негізге ала отырып есептеледі. Қайта өңдеу өнімдерінің құны  мен
мөлшері оларды еркін айналыс үшіншығарудың кедендік режиміне  өтініш  берген
күнге орай белгіленеді.
Бұл ретте тауарды қайта өңдеу өнімдерінің кедендік  құны  қайта  өңдеу  үшін
әкелінген тауардың құны ретінде айқындалады.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1.Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998
2. Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002
3.Некрасов В. А., Джандарбеков И. А. Основы таможенного дела в РК. Астана  –
2002
4.ҚР Кеден кодексі //заң газеті 2002 ж - 31 шілде, 5 бет;  Егемен  Қаазқстан
2002 - 1 тамыз
4.Сапарбаенв Б. Экономикалық қауіпсіздік кепілі//Егемен Қазақстан –  2004  ,
16 қаңтар
5.Нұрахметов Б. Кеденнен кедергісіз өту//Егемен Қазақстан – 2004, 31 наурыз

8-Дәріс.8-тақырып Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу,уақытша әкету
1.Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу
2.Тауарларды уақытша әкелу мерзімдері
3.Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету
4.Уақытша әкетілген тауарларды пайдалану және  оларға  билік  ету  жөніндегі
шектеулер
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу - шетелдік  тауарлар  мен  көлік
құралдары   Қазақстан   Республикасының   кедендік    аумағында,    тауарлар
қауіпсіздігі  жөніндегі  талаптарды   қоспағанда,   тарифтік   емес   реттеу
шараларын қолданбастан, кедендік әкелу  баждарын  және  салықтарды  төлеуден
толық немесе ішінара босатыла  отырып  пайдаланылатын,  тауарлар  мен  көлік
құралдары  кейіннен  Қазақстан  Республикасының   кедендік   аумағынан   тыс
жерлерге әкетілетін кездегі кедендік режим.
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің  кедендік  режиміне  тауарлар
мен көлік құралдары:
1) тауарлар мен көлік құралдарын бірдейлендіру қамтамасыз етілген;
2) уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша тауарлар мен  көлік  құралдарын
белгіленген мерзімдерде Қазақстан  Республикасынан  тысқары  жерлерге  әкету
туралы міндеттеме берілген;
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режиміне:
1) жекелеген даналарын жарнама  және  (немесе)  көрсету  мақсатында  уақытша
әкелуді қоспағанда, қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы заттарды (олар  уақытша
әкелінген көлік құралдарына арналмаған жағдайда), шығыс  материалдарын  және
үлгілерді, шикізатты, жартылай фабрикаттарды;
2) жекелеген даналарын жарнама  және  (немесе)  көрсету  мақсатында  уақытша
әкелуді  қоспағанда,  алкоголь,  темекі  өнімдерін   қоса   алғанда,   тамақ
өнімдерін, сусындарды;
3) өндіріс қалдықтарын;
4)  Қазақстан  Республикасының  кедендік  аумағына  әкелуге  тыйым  салынған
тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
Уақытша әкелінген тауарларды  пайдалану  және  оларға  билік  ету  жөніндегі
шектеулертауарлар мен көлік  құралдарын  уақытша  әкелудің  кедендік  режимі
аяқталғанға  дейін  Қазақстан  Республикасының  кедендік  аумағында  уақытша
әкелінген тауарды басқа тұлғаға  пайдалану  және  (немесе)  оған  билік  ету
құқығын беруге не иеліктен шығаруға бұл тұлға  кедендік  режимді  мәлімдеген
тұлғаның міндеттемелерін өзіне  қабылдаған  жағдайда  жол  беріледі.Тауарлар
мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі аяқталғанға дейін  жер
қойнауын пайдаланушы уақытша әкелінген тауарды басқа тұлғаға пайдалану  және
(немесе) оған билік ету құқығын  беруге  не  иеліктен  шыға  руға  Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын  пайдалану  құқығы  берілген
және (немесе) әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен жер  қойнауын  пайдалану
құқығы ауысқан жағдайда жол  беріледі.Уақытша  әкелінген  тауарлар,  тасудың
(тасымалдаудың),  сақтаудың   немесе   пайдаланудың   (қолданудың)   қалыпты
жағдайларында  табиғи  тозу   немесе   табиғи   кему   салдарынан   өзгеруін
қоспағанда, өзгеріссіз қалпында қалуға тиіс. Тауарларды кері  әкету  кезінде
кеден органы оларды бірдейлендіруді қамтамасыз еткен жағдайда,  ұсақ  жөндеу
операцияларын, техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты  жағдайда
ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қоса  алғанда,  олардың  сақталуын
қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.
Тауарларды уақытша әкелу кезінде кедендік баждарды және салықтарды қолдану
Кедендік  баждар  және  салықтар  төлеуден  толық  босатыла  отырып  уақытша
әкелінетін   тауарлардың   тізбесін   Қазақстан   Республикасының    Үкіметі
белгілейді.
Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекіткен  тізбеге   енгізілген   лизинг
нысаналары  Қазақстан  Республикасының  қаржы  лизингі   туралы   заңдарының
талаптары сақталған жағдайда  кедендік  баждарды  және  салықтарды  төлеуден
толық босатылады.
Тауарлардың Қазақстан  Республикасының  кедендік  аумағында  болуының  әрбір
толық  және  толық  емес  күнтізбелік  айы  үшін  кедендік   баждарды   және
салықтарды төлеуден ішінара  босату  кезінде  тауарлар  еркін  айналыс  үшін
шығарылғандағы төленуге тиіс соманың үш проценті төленеді.
Ішінара босату кезінде төлеуге жататын кедендік баждардың  және  салықтардың
сомасын есептеу  кеден  декларациясын  тіркеу  күніне  орайлас  келісім-шарт
валютасымен жүргізіледі. Кедендік баждардың және салықтардың  сомасын  төлеу
кезеңділігін декларант белгілейді. Бұл ретте кедендік баждар  және  салықтар
сомасын  төлеудің  нақты  мерзімдері  бұл  соманы  төлеудің  тиісті   кезеңі
басталғанға дейін жүргізілуге тиіс екендігіне орай белгіленеді.
Уақытша әкелінген тауарлар еркін айналыс үшін  тауарлар  шығарудың  кедендік
режиміне  орналастырылған  жағдайда  кедендік   баждарды   және   салықтарды
төлеуден  ішінара  босату   кезінде   төленген   кедендік   баждардың   және
салықтардың сомасы еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың  кедендік  режиміне
сәйкес төленуге жататын кедендік баждардың және салықтардың сомасына  есепке
жатқызылады.
Тауарды уақытша әкелу мерзімдерін декларант мұндай әкелудің  мақсаттары  мен
мән-жайларына сәйкес белгілейді, бірақ оны осы бапта  көзделген  жағдайларды
қоспағанда,  тауарларды  уақытша  әкелудiң  кедендiк  режимiне   орналастыру
күнінен бастап үш жылдан асыруға болмайды.
Декларанттың жазбаша өтініші бойынша тауарларды  уақытша  әкелу  мерзімдерін
кеден органы ұзартуы мүмкін. Декларант тауарларды уақытша әкелу  мерзімдерін
ұзарту туралы мәселені шешу үшін аталған мерзімдердің  аяқталуына  дейін  он
бес жұмыс  күнінен  кешіктірмей  кеден  органына  растаушы  құжаттарын  қоса
тіркеп, мұндай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш табыс  етеді.  Тауарларды
уақытша әкелу мерзiмiн ұзарту туралы өтінiшті қарау мерзiмi  өтініш  алынған
күннен бастап он жұмыс  күнінен  аспауға  тиiс.Тауарларды  уақытша  әкелудің
мерзімдерін  ұзарту  кезінде  кедендік  ресімдеу   үшін   кедендік   алымдар
алынбайды, кедендік  декларация  берілмейді.Кеден  органының  уақытша  әкелу
мерзімін  ұзарту  туралы  шешімі  декларантқа  жазбаша   нысанда   беріледі,
шешімнің екінші данасы кедендік жүк декларациясымен  бірге  кеден  органында
сақталады.Тауарларды уақытша әкелу  мерзімін  ұзарту  туралы  өтініш  берген
кезде декларант кедендік тексеріп қарау үшін кеден органына осы  тауарларды,
ал тауарлар  кедендік  ресімдеуді  жүзеге  асырған  кеден  органының  қызмет
аймағынан  тыс  жерде  болған  жағдайда,  өздері  тұрған  қызмет   аймағында
тауарлардың  бар-жоғы  және  өзгеріссіз  қалыпта  тұрғандығы  туралы   кеден
органының қорытындысын ұсынуға міндетті.
Шетелдік дипломатиялық және оларға  теңестірілген  өкілдіктердің,  сондай-ақ
бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, олардың қызметкерлерінің  ресми
және  жеке  пайдалануы  үшін   әкелінетін   тауарларды   олардың   Қазақстан
Республикасында аккредиттелуінің бүкіл  мерзіміне  Қазақстан  Республикасына
уақытша әкелуге жол беріледі.
Уақытша әкелінген тауарларды кедендік бақылаудың ерекшеліктері
Уақытша  әкелінген   тауарларды   кедендік   бақылауды   уақытша   әкелінген
тауарлардың кедендік ресімделуін жүргізген кеден органы жүзеге асырады.
Уақытша  әкелінген  тауарларды  уақытша   әкелінген   тауарлардың   кедендік
ресімделуін жүзеге асырған кеден органы  қызметінің  аймағынан  басқа  кеден
органы  қызметінің  аймағына  үш  айға  және  одан  астам  мерзімге   өткізу
жағдайында тауарды  уақытша  әкелген  тұлға  уақытша  әкелінген  тауарлардың
кедендік  ресімделуін  жүзеге  асырған  кеден  органын  басқа  кеден  органы
қызметінің аймағына оны әкету ниеті туралы хабардар етуге тиіс.
Хабарлама  тауарлардың  межелі  орнын  және  уақытша  әкелінген  тауарлардың
кедендік ресімделуін жүзеге асырған кеден  органының  қызмет  аймағынан  тыс
жерде орналасу мерзімін көрсете отырып еркін  нысанда  жазбаша  жүргізіледі.
Ұқсас хабарлама өз қызметі аймағына уақытша әкелінген тауарлардың  өткізілуі
жүргізілетін кеден органына беріледі.
Тауарлар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге кері әкетілген  жағдайда
уақытша әкелінген тауарлардың  кедендік  ресімделуін  жүзеге  асырған  кеден
органының  қызмет  аймағынан  тыс  кедендік   ресімдеу   уақытша   әкелінген
тауарларды  кедендік  бақылауды  жүзеге  асырған  кеден  органының   уақытша
әкелінген тауарларға қатысты кедендік баждар және салықтар бойынша  берешегі
жоқтығы туралы растауы болған жағдайда жүргізіледі.
Тауарларды  кедендік  ресімдеу  аяқталғаннан  кейін  және  оларды  Қазақстан
Республикасынан тысқары жерлерге нақты әкеткеннен кейін кедендік  ресімдеуді
жүзеге  асырушы  кеден  органы  уақытша   әкелінген   тауарлардың   кедендік
ресімделуін жүзеге асырған кеден органын бұл туралы хабардар етеді.
Жаңа кедендік декларация уақытша әкелінген тауарды пайдалану  және  (немесе)
оған  билiк  ету  не  иеліктен  шығару  құқықтары  берiлген  күннен   бастап
күнтiзбелік он бес күннен кешіктірiлмей берiледi.Жаңа кедендік  декларацияны
ресімдеу жүргізілген кеден  органы  уақытша  әкелінген  тауарларды  кедендік
ресімдеуді жүзеге асырған кеден органына  оның  көшірмесін  бақылаудан  алып
тастау үшін жібереді және одан кейін  мұндай  бақылауды  өз  бетімен  жүзеге
асырады.
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің  кедендік  режимін  қолдануды
аяқтау  және  тоқтата  тұру.  Декларант  белгілеген   тауарлар   мен   көлік
құралдарын уақытша әкелу мерзімінің өтуінен кешіктірмей тауарлар  мен  көлік
құралдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс әкетілуге не  осы
Кодекске сәйкес өзге кедендік режимге мәлімделуге  тиіс.  Уақытша  әкелінген
тауарлар мен көлік құралдарының кері әкетілуі не бір немесе  бірнеше  лекпен
өзге  кедендік  режимге  мәлімделуі  мүмкін.Тауарлар  мен  көлік  құралдарын
уақытша әкелудің кедендік режимі уақытша әкелінген тауарларды әкету  жолымен
аяқталған жағдайда, уақытша әкелінген тауарлардың Қазақстан  Республикасының
кедендік аумағынан тысқары жерлерге нақты әкетілгенін  растайтын  тауарларды
жеткізуді бақылау құжаты мұндай аяқтауды растау болып табылады.Тауарлар  мен
көлік  құралдарын  уақытша  әкелудің  кедендік  режимі  еркін  айналыc  үшін
тауарларды шығарудың кедендік режиміне  тауарларды  орналастырумен  аяқталуы
мүмкін. Бұл  ретте  кедендік  баждардың  және  салықтардың  сомасын  есептеу
келісім-шарт валютасында жүргізіледі. Еркін айналыс үшін  тауарларды  шығару
кезінде тауарларды уақытша әкелудің кедендік режиміне  тауарлар  мәлімделген
күнгі тауарлардың  кедендік  құны  мен  саны,  ал  кедендік  баждардың  және
салықтардың ставкалары - еркін айналыс үшін  тауарларды  шығарудың  кедендік
режимінің   талаптарына   сәйкес   кедендік   декларацияны   тіркеу   күніне
қолданылады.
Тауарлар  мен  көлік  құралдарын   уақытша   әкелудің   кедендік   режимінің
қолданылуы:
1)  Қазақстан  Республикасының  заң  актілеріне  сәйкес  уақытша   әкелінген
тауарлар мен көлік құралдарына тыйым салу немесе оларды алып қою кезінде;
2)  декларанттың  өтініші  бойынша  уақытша   әкелінген   тауарларды   кеден
қоймасының кедендік режимінің шарттарына сәйкес кеден қоймасына  орналастыру
кезінде тоқтатыла тұрады.
Бұрын  тауарларды  уақытша  әкелудің   кедендік   режиміне   орналастырылған
тауарларды оларды осы  режимге  сәйкес  Қазақстан  Республикасының  кедендік
аумағында одан әрі пайдалану  мақсатымен  кеден  қоймасынан  шығару  кезінде
уақытша  әкелу  мерзімінің  өту  ағымыжаңартылады.Бұл  ретте  кеден  қоймасы
режимін  аяқтау  және  тауарларды  уақытша  әкелу  мерзімін   жаңарту   үшін
пайдаланылмаған мерзімге жаңа кедендік жүк декларациясы ресімделеді.
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша  әкету  -  қазақстандық  тауарлар  мен
көлік құралдары  кедендік  әкету  баждарын  төлеуден  толық  немесе  ішінара
босатыла отырып, тарифтік  емес  реттеу  шараларын  қолданбастан,  Қазақстан
Республикасының кедендік аумағына тауарлар  мен  көлік  құралдарын  кейіннен
әкеле отырып Қазақстан Республикасының  кедендік  шекарасынан  тыс  жерлерде
пайдаланылатын кедендік режим.
Тауарлар мен көлік құралдары тауарлар мен көлік құралдарын уақытша  әкетудің
кедендік режиміне:
1) тауарлар мен көлік құралдарын бірдейлендіру қамтамасыз етілген;
2) тауарлар мен көлік құралдарын  уәкілетті  орган  бекіткен  нысан  бойынша
қайта әкелу туралы міндеттеме берілген;
2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режиміне:
1) жекелеген даналарын жарнама  және  (немесе)  көрсету  мақсатында  уақытша
әкетуді  қоспағанда,  қосалқы  бөлшектер  мен  жинақтаушы  бұйымдарды  (олар
уақытша   әкетілген   көлік   құралдарына   арналмаған   жағдайда),    шығыс
материалдары мен үлгілерін, шикізатты, жартылай фабрикаттарды;
2) жекелеген даналарын жарнама  және  (немесе)  көрсету  мақсатында  уақытша
әкетуді  қоспағанда,  алкоголь,  темекі  өнімдерін   қоса   алғанда,   тамақ
өнімдерін, сусындарды;
3) Қазақстан Республикасының кедендік  аумағынан  тысқары  жерлерге  әкетуге
тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
Уақытша әкетілген тауарларды  пайдалану  және  оларға  билік  ету  жөніндегі
шектеулер:Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің режимі  аяқталғанға
дейін басқа тұлғаға уақытша әкетілген  тауарларды  пайдалану  және  (немесе)
оларға билік ету құқығын беруге не иеліктен шығаруға бұл тұлға тауарлар  мен
көлік құралдарын  уақытша  әкетудің  кедендік  режимін  мәлімдеген  тұлғаның
міндеттемелерін өзіне қабылдаған жағдайда жол  беріледі.  Уақытша  әкетілген
тауарлар   тасудың   (тасымалдаудың),    сақтаудың    немесе    пайдаланудың
(қолданудың) қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи  тозу  немесе  табиғи  кему
салдарынан  болатын  өзгерістерді  қоспағанда,  өзгеріссіз  қалпында  қалуға
тиіс.
Кедендік  баждарды  төлеуден  толық  босатыла  отырып   уақытша   әкетілетін
тауарлар   санаттарының   тізбесін   Қазақстан    Республикасының    Үкіметі
белгілейді.Ішінара  босату  кезінде  төлеуге  жататын   кедендік   баждардың
сомасын есептеу келісім-шарт  валютасында  жүргізіледі.  Кедендік  баждардың
сомалары тауарларды тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің  кедендік
режиміне орналастырған кезде  немесе  декларанттың  таңдауы  бойынша  кезең-
кезеңмен төленеді. Бұл ретте кедендік  баждардың  сомаларын  төлеудің  нақты
мерзімдері бұл сомаларды төлеу тиісті кезеңнің басталуына дейін  жүргізілуге
тиіс екендігіне орай  белгіленеді.  Уақытша  әкетілген  тауарларды  тауарлар
экспортының  кедендік  режиміне  орналастырған  жағдайда,  кедендік   баждар
төлеуден  ішінара  босатылған  кезде  төленген  кедендік  баждардың   сомасы
тауарлар экспортының кедендік  режиміне  сәйкес  төленуге  жататын  кедендік
баждардың сомасына есепке жатқызылады.
Тауарларды  уақытша  әкету  кезінде  кедендік  баждарды   төлеуден   ішінара
босатыла отырып алынатын кедендік  баждардың  жалпы  сомасы,  егер  тауарлар
экспортталар болса, тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің  кедендік
режиміне орналастыру кезінде  төленуге  тиіс  кедендік  баждардың  сомасынан
аспауға  тиіс.Тауарларды   уақытша   әкету   мерзімдерін   мұндай   әкетудің
мақсаттары мен  мән-жағдайларына  сәйкес  декларант  белгілейді,  бірақ  оны
тауарларды  Қазақстан  Республикасының  кедендік  аумағынан   тыс   жерлерге
әкетілу күнінен  бастап  үш  жылдан  асыруға  болмайды.Декларанттың  дәлелді
өтініші бойынша уақытша  әкету  мерзімдерін  кеден  органы  ұзартуы  мүмкін.
Декларант тауарларды уақытша әкетудің  мерзімдерін  ұзарту  туралы  мәселені
шешу үшін, аталған  мерзімдердің  аяқталуына  дейін  он  бес  жұмыс  күнінен
кешіктірмей кеден органына растау құжаттарын қоса тіркеп, осындай  ұзартудың
қажеттілігі туралы өтініш табыс етеді.  Тауарларды  уақытша  әкету  мерзiмiн
ұзарту туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш алынған күннен бастап  он  жұмыс
күнінен аспауға тиіс.Тауарларды уақытша әкетудің мерзімдерін ұзарту  кезінде
кедендік ресімдеу  үшін  кедендік  алымдар  алынбайды,  кедендік  декларация
берілмейді.Уақытша  әкетілген  тауарлар  мен  көлік  құралдарын  белгіленген
мерзімдерде қайтармау:
1) тауарлар мен көлік құралдары аварияның немесе ырық  бермес  күш  әсерінің
салдарынан жойылған немесе қайтарымсыз жоғалған;
2) тауарлар мен көлік құралдары болған мемлекеттің мемлекеттік  органдарының
немесе  лауазымды  адамдарының  іс-әрекеттері  салдарынан  иеліктен   шыққан
жағдайларда ғана мүмкін болады.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1.Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002
2.Некрасов В. А., Джандарбеков И. А. Основы таможенного дела в РК. Астана  –
2002
3.Козырин А. Н. Таможенные режимы. Москва: Статут – 2000
4. Томоженные режимы. Алматы – 2002
5. Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000
6. Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000
9-Дәріс.9-Тақырып Тауарлардың экспорты,кері экспорты
1.Тауарлардың экспорты мәні
2.Тауарлардың кері экспортының кедендік режиде орналастыру
3.Тауарлардың экспорты,кері экспортын еркін айналыс үшін
шығарылған тауарларға қолдану
Тауарлар экспорты - Қазақстан  Республикасының  кедендік  аумағынан  тысқары
жерлерге осы аумақтан тыс жерде  тұрақты  болу  немесе  тұтынылу  мақсатында
тауарлар әкетілетін кедендік режим.
Тауарларды тауарлар экспортының  кедендік  режиміне  орналастыру  жағдайлары
тауарлар экспорты:
1) кедендік әкету баждары төленген;
2) тарифтік емес реттеу шаралары сақталған;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптар  мен  жағдайлар
орындалған жағдайда жүзеге асырылады.
Экспорт  үшін  шығарылған  тауарлар   Қазақстан   Республикасының   кедендік
аумағынан тысқары жерлерге нақты әкетілуге тиіс. Бұл орайда олар  тасымалдау
мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи тозу  немесе  табиғи  кему
салдарынан болатын өзгерістерді қоспағанда, кедендік декларация  қабылданған
күнгі қалпында болуға тиіс.Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан  тыс
жерлерге экспорттау үшін шығарылған тауарлар  әкетілмеген  кезде  тауарларды
өткізуші тұлға жауапты болады.
Тауарлардың  кері  экспорты  -  бұрын  Қазақстан  Республикасының   аумағына
әкелінген  тауарлар  кедендік  әкелу  баждарын  және  салықтарды  төлеместен
немесе төленген сомаларды қайтара  отырып,  экспорттық  бақылау  саласындағы
шараларды  қоспағанда,  тарифтік  емес  реттеу  шараларын  қолданбастан  осы
аумақтан әкетілетін кедендік режим.
Тауарларды  тауарлардың  кері  экспортының  кедендік  режиміне   орналастыру
жағдайлары тауарлардың кері экспорты:
-егер сыртқы сауда мәмілесінің шарттары керi экспортты көздеген;
тауарлар сыртқы экономикалық мәміленiң  шарттарына  сәйкес  келмеуi  себепті
берушіге не ол көрсеткен өзге тұлғаға әкетілген жағдайларда, уақытша  сақтау
орындарындағы тауарлар белгілі бiр кедендік  режимге  орналастырғанға  дейін
әкетiлген;
-бұрын еркін айналыс үшін тауар  шығарудың  кедендік  режимінде  ресімделген
тауарлар осы  Кодекстің  211-бабында  көзделген  жағдайларды  сақтай  отырып
әкетілген;
- бұрын кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің және еркін  айналыс  үшін
тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимдеріне орналастырылған, қайта  өңдеу
жөніндегі операцияларда болмаған шетелдік тауарлар әкетілген;
 - сыртқы сауда мәмiлесiнiң шарттары керi экспортты көздеген;
тауарлар сыртқы экономикалық мәмiленiң  шарттарына  сәйкес  келмеуi  себепті
берушiге не ол көрсеткен өзге тұлғаға қайтарылған жағдайларда,  бұрын  кеден
қоймасының, еркін  қойманың,  еркiн  кеден  аймағының  кедендiк  режимдерiне
орналастырылған шетелдiк тауарлар әкетiлген жағдайда жүзеге асырылады.
Акцизделетін  тауарлардың  кері  экспорты  кедендік  әкелу   баждарын   және
салықтарды төлеу не кедендік алып жүру қамтамасыз  етілген  жағдайда  жүзеге
асырылады. Кедендік  әкелу  баждарын  және  салықтарды  төлеудің  қамтамасыз
етілуін қайтару тауарлардың  Қазақстан  Республикасының  кедендік  аумағынан
тысқары жерлерге нақты әкетілуі расталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Тауарлардың кері экспортының кедендік режимін еркін айналыс үшін  шығарылған
тауарларға  қолдану:еркін  айналыс  үшін   шығарылған   тауарларға   қатысты
тауарлардың кері  экспортына,  егер  алушы  тауарларды  алған  кезде  оларда
ақаулардың болғаны не  олардың  өзгедей  түрде  сыртқы  экономикалық  мәміле
жағдайларына  сәйкес  келмегені   және   осы   себептер   бойынша   тауарлар
жеткізушіге не ол көрсеткен өзге тұлғаға мынадай жағдайларды:
- егер  келісімшарттың  талаптарында  басқа  мерзім  көзделмесе,  тауарларды
әкету олар еркін айналыс  үшін  шығарылған  күннен  бастап  алты  ай  ішінде
жүзеге асырылатын;
- тауарларды кеден органдары бірдейлендіре алатын;
- тауарларды пайдалану ақауларды немесе  тауарларды  қайтаруға  әкеп  соққан
өзге де мән-жайларды анықтау үшін қажетті жағдайларды  қоспағанда,  тауарлар
Қазақстан  Республикасында   пайдаланылмаған   жағдайларды   сақтай   отырып
қайтарылғаны анықталса жол беріледі.
Әкелінген  тауарлар  легінің  бір  бөлігін  тауарлардың   кері   экспортының
кедендік режиміне орналастыру кезінде  төленген  сомалардың  қайтарылуы  осы
бөліктің әкелінген тауарлар легіне сандық арақатынасы бойынша жүргізіледі.
1.Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000
2. Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000
3.Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998
4. Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998
5. Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002
6.Некрасов В. А., Джандарбеков И. А. Основы таможенного дела в РК. Астана  –
2002
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
10-Дәріс.10-тақырып Тауарлар транзиті
1.Тауарлар транзитінің кедендік режимі:
2.Халықаралық почта жөнелтімдерінің транзиті
3.Құбыр  тасымалы  мен  электр  беру  желілері  бойынша  өтетін  тауарлардың
транзиті
Тауарлардың транзиті дегеніміз:
1) шетелдік  тауарлар  Қазақстан  Республикасының  кедендік  аумағы  бойынша
кедендік бақылаумен  олардың  Қазақстан  Республикасының  кедендік  аумағына
келген жері мен олардың осы аумақтан әкетілген жерінің арасында  тауарлардың
қауіпсіздігі  жөніндегі  талаптарды  және  экспорттық  бақылау   саласындағы
шараларды қоспағанда, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан,  кедендік
баждарды және салықтарды төлеместен өткізілетін;
2) қазақстандық тауарлар шет мемлекеттің аумағы  бойынша  олардың  Қазақстан
Республикасының кедендік аумағынан  әкетілген  жері  мен  олардың  Қазақстан
Республикасының  кедендік  аумағына  келген   жерінің   арасында,   кедендік
баждарды  төлеместен  және  тарифтік  емес  реттеу  шараларын   қолданбастан
өткізілетін кедендік режим.
Тауарлар транзитінің кедендік режиміне кез-келген тауарлар:
1) осы тауарлар Қазақстан Республикасының аумағы арқылы  транзиттеуге  тыйым
салынған тауарлар тізбесіне енгізілмеген;
2) егер Қазақстан Республикасының Үкіметі транзиттің жолдары мен  бағыттарын
белгілеген болса, тауарлар олар бойынша тасымалданатын;
3) тауарлар көлік  құралының,  белгіленген  маршруттың  мүмкіндіктерін  және
тасымалдаудың басқа жағдайларын негізге ала отырып, бірақ бір айға  екі  мың
шақырым деп есептелген  шекті  мерзімнен  аспайтын,  кеден  органы  әдеттегі
жеткізу мерзімдеріне сәйкес белгілеген мерзімде тасымалданған;
4) тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи тозу  немесе
табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда,  тауарлар  өзгеріссіз
қалпында жеткізілген жағдайда орналастырылуы мүмкін.
Шетелдік тауарлардың Қазақстан Республикасының  Үкіметі  анықтайтын  тізбесі
бойынша  Қазақстан  Республикасының  кедендік   аумағы   арқылы   транзитіне
кедендік баждарды және салықтарды  төлеу  қамтамасыз  етілген  жағдайда  жол
беріледі.Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша транзит.
Қайта тиеу және тауарлар  транзитінің  кедендік  режиміне  сәйкес  Қазақстан
Республикасының кедендік аумағы  бойынша  өткізілетін  тауарлармен  өзге  де
операциялар:
1) бір көлік құралынан екінші көлік құралына қайта тиеу;
2) түсіру және кедендік бақылаумен қоймаға уақытша қою.
Транзиттік тауарларды тасымалдауды жүзеге  асыратын  көлік  құралы  бұзылған
кезде ондай тауарларды  түсіруге  және  Қазақстан  Республикасының  кедендік
аумағындағы қоймада  уақытша  сақтауға  жол  беріледі.Транзиттік  тауарларды
қоймада уақытша сақтау кеден органы құрған уақытша сақтау қоймасында, ал  ол
болмаған жағдайда, осы  Кодексте  белгіленген  тауарларды  уақытша  сақтауға
қойылатын жағдайлар мен талаптарды сақтай отырып,  өзге  де  уақытша  сақтау
орындарында жүзеге асырылады.Транзиттік тауарларды  уақытша  қоймада  сақтау
мерзімін  тасымалдаушы  жөндеу-қалпына  келтіру  жұмыстарын   жүргізу   үшін
қажетті,  бірақ  тауарларды  уақытша  сақтаудың  шекті  мерзімінен  аспайтын
уақытты  негізге  ала   отырып   белгілейді.Қызметі   аймағында   транзиттік
тауарларды уақытша сақтау жүзеге  асырылатын  кеден  органы  жөнелтуші  және
межелі кеден органдарын тауарларды жеткізу мерзімін ұзарту мақсатында  көлік
құралының  бұзылу  жайлары  туралы  хабардар  етеді.Транзиттік   тауарлардың
жойылуына, жоғалуына немесе елеулі түрде  бүлінуіне  нақты  қауіп  туындаған
және  транзиттік   тауарлармен   операциялар   жасау   кезінде   белгіленген
талаптарды  сақтау  мүмкіндігі  болмаған  жағдайда  тасымалдаушы  өз  қалауы
бойынша қажетті іс-әрекеттерді:
1) тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге қажетті шаралар  қолданылған  және
оларды заңсыз пайдалануға жол берілмеген;
2) жақын  орналасқан  кеден  органына  транзиттік  тауарларды  тасымалдаудың
тоқтатылуының  мән-жайлары  туралы  дереу  хабарланған  жағдайда   жүргізуге
құқылы.
Қазақстандық тауарларды шет мемлекеттің аумағы арқылы  тауарлар  транзитінің
кедендік режиміне  сәйкес  тасымалдау  аумағы  арқылы  транзит  жүргізілетін
мемлекеттің заңдарына сәйкес, транзит мерзімдері мен транзиттік  тауарлардың
жай-күйін өзгертпеу жағдайлары сақтала отырып жүзеге асырылады.
Тауарлар транзитінің кедендік режимі:
1)  шетелдік  тауарлардың   Қазақстан   Республикасынан   тысқары   жерлерге
әкетілуімен не қазақстандық тауарлардың Қазақстан  Республикасының  кедендік
аумағына әкелінуімен;
2) тауарларды:
егер  тасымалдаушы  транзиттік  тауарларды  одан  әрі   өткізуге   мүмкіндік
бермейтін не тиімсіз  ететін  аварияның  немесе  ырық  бермес  күш  әсерінің
салдарынан  тауарларды  транзиттеудің  кедендік   режимінің   шарттары   мен
талаптарының  орындалуын  қамтамасыз  ете   алмаған;транзиттік   тауарлардың
меншік иелері болып табылатын тұлғалар өз ниеттерін өзгерткен жағдайда  өзге
кедендік режимдерге орналастыруымен аяқталады.
Қазақстан Республикасының кедендік  аумағы  бойынша  транзитпен  өткізілетін
халықаралық почта жөнелтімдерін кедендік ресімдеу жүргізілмейді.
Құбыр тасымалы мен электр  беру  желілері  бойынша  өткізілетін  тауарлардың
транзитін  кедендік  ресімдеу  уәкілетті  орган   белгілейтін   оңайлатылған
тәртіппен жүзеге асырылады.Қазақстан  Республикасында  белгіленген  нормалар
мен    стандарттарға    сәйкес    тауарлар    тасымалдаудың    технологиялық
ерекшеліктеріне және өзіндік сипаттамаларына орай Қазақстан  Республикасының
кедендік аумағы бойынша құбыр тасымалымен өтетін транзиттік тауарлардың жай-
күйінің өзгеруіне жол беріледі.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1.С.Т.Әлібеков «Кеден құқығы».Алматы-1998г.
2.Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі,А-2005жыл.
3.Д.Б.Назарбеков,З.М.Мирзабеков, «Кеден ісі Экономикасы»
1. Баққұлов С.Д  «Құқық негіздері» Алматы,2004ж
2. Оспанов Қ.И «Құқық негіздері» ,2007 ж ,Жеті жарғы.
11-Дәріс.11-Тақырып Тауарларды жою
1.Тауарларды жою тәртібі
2. Тауарларды жою мерзімдері
Тауарларды жою - кедендік баждарды  және  салықтарды  төлеместен,  сондай-ақ
тарифтік емес  реттеу  шараларын  қолданбастан  шетелдік  тауарлар  кедендік
бақылаумен  жойылатын,  оның  ішінде   пайдалану   үшін   жарамсыз   қалыпқа
келтірілетін кедендік режим.
Тауарларды  тауарлар  жоюдың  кедендік  режиміне   орналастыруға   уәкілетті
мемлекеттік органның жою тәсілі мен орны көрсетілетін жою мүмкіндігі  туралы
қорытындысының негізінде жол беріледі.
Тауарларды жоюдың кедендік режиміне:
1) пайдалануға жарамсыз деп танылған дәрілік  заттар  мен  тамақ  өнімдерін,
сондай-ақ  адамның  денсаулығына,  қоршаған  ортаға  зиян  келтіруі   мүмкін
бұйымдарды  қоспағанда,   бұйымдар   және   (немесе)   материалдар   ретінде
пайдаланылуы мүмкін тауарларды;
2) мәдени, археологиялық, тарихи құндылықтарды;
3) індеттер мен эпизоотиялардың және карантиндік объектілердің таралу  жолын
кесу мақсатымен оларды жою талап етілетін  жағдайларды  қоспағанда,  жойылып
кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктер түрлерін,  олардың  бөлшектері  мен
дериваттарын;
4) кепілдік қатынастар тоқтатылғанға  дейін  кеден  органдары  кепілдік  зат
ретінде қабылдаған тауарлар мен көлік құралдарын;
5) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес алып қойылған  тауарларды
немесе тыйым салынған тауарларды,  оның  ішінде  заттай  дәлелдемелер  болып
табылатын тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
Тауарларды жою аталған кедендік режимді мәлімдеген тұлғаның есебінен  жүзеге
асырылады әрі Қазақстан  Республикасының  кеден  және  өзге  де  мемлекеттік
органдары үшін  қандай  да  бір  шығыстар  келтірмеуі  тиіс.Егер  тауарларды
жоюдың кедендік режиміне мәлімделген тауарлар экономикалық  тиімді  тәсілмен
бастапқы жай-күйіне келтірілуі  мүмкін  болмаса,  жоюға  жол  беріледі.Кеден
қоймасында сақталатын тауарларға қатысты тауарларды жоюдың кедендік  режимін
кеден  қоймасына  тауарлар  өткізген   тұлғаның   келісімі   бойынша   кеден
қоймасының иесі мәлімдеуі мүмкін.
    Тауарларды жою мерзімдері.Тауарларды жою тәсілін және оны жүргізу  орнын
негізге ала отырып, тауарларды іс жүзінде жою үшін кеден органы  белгілейтін
мерзімдерде тауарлар кедендік бақылаумен жойылады.
Тауарларды жою тәртібі:
1)   нәтижесінде   тауарлар   толығымен   жойылатын   термиялық,   химиялық,
механикалық не өзге де  ықпал  ету  (өртеу,  бұзу,  көму  және  тағы  басқа)
жолымен жою. Тауарды  жою  тәсілі  оларды  мақсаты  бойынша  пайдалану  үшін
қалпына келтіру,  бастапқы  жай-күйіне  келтіру  мүмкіндіктерін  болдырмауды
қамтамасыз етуге тиіс;
2) мұндай бүлдірулер  тауарларды  кейіннен  қалпына  келтіруді  және  оларды
пайдалану мүмкіндігін болдырмау шартымен, тесіп тастауды,  жарықтар  салуды,
өзге де тәсілдермен бүлдіруді қоса  алғанда,  бөлшектеу,  бұзу,  механикалық
бүлдіру жолымен жүргізіледі.
Сақтаудың  ерекше  жағдайларын  талап   ететін,   технологиялық   себептерге
байланысты сақталу орындарынан алынуы  және  пайдаланылуы  мүмкін  болмайтын
тауарларды жою тиісті  уәкілетті  мемлекеттік  органның  тауарларды  сақталу
орындарынан алудың және оларды одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігі  туралы
қорытындысы негізінде жүргізілген болып саналады.
Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтар оларды одан әрі  пайдалану
мүмкін болатын жағдайда кедендік бақылаудағы шетел тауарлары ретінде  тиісті
кедендік режимге орналастырылуы тиіс.Бұл  ретте  тауарлардың  кедендік  құны
тиісті  кедендік  режиммен  орналастыру  кезінде  кедендік  құнды   айқындау
ерекшеліктеріне  сәйкес  белгіленеді.Тауарларды   жою   тәртібін   Қазақстан
Республикасының  Үкіметі  айқындайды.Тауарларды   жоюдың   кедендік   режимі
тауарларды іс жүзінде жоюмен аяқталады.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан республикасының Кеден кодексі. Алматы – 2003
2. Әлібеков С. Т.  Қазақстанның  кеден  құқығы.  Жалпы  және  ерекше  бөлім.
Алматы – 2002
3. Құқық қорғау органдары 2002 жылдың 1 қазанына берілген. Алматы – 2002
4. Козырин А. Н. Таможенные режимы. Москва: Статут – 2000
5.Томоженные режимы. Алматы – 2002
6.Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000
7. Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000
8.Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998
9.Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998

12-Дәріс.12-Тақырып Мемлекет пайдасына тауардан бас тарту
1.Мемлекет пайдасына тауардан бас тарту маңызы
Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту - тауарлардың  қауіпсіздігі  жөніндегі
талаптарды қоспағанда, шетелдік  тауарлар  кедендік  төлемдердi,  салықтарды
төлеместен  және  тарифтік  емес  реттеу  шараларын  қолданбастан   мемлекет
меншігіне өтеусіз берілетін кедендік режим.
Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту кеден органдары  үшін  қандай  да  бір
шығыс келтірмеуге тиіс.
Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режиміне:
1)қару-жарақты,   олардың   оқ-дәрілерін,    әскери    техниканы,    қосалқы
бөлшектерді, жинақтаушы бұйымдар мен олардың құралдарын;
2) әскерилендірілген ұйымдар жеке құрамының арнайы жабдықтарын  және  оларды
өндіру мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық өнімдерін;
3)жарылғыш заттарды, жару құралдарын;
4)зымырандық-ғарыштық кешендерді, әскери  мақсаттағы  байланыс  пен  басқару
жүйелерін  және  оларды  өндіру  мен   пайдалануға   арналған   нормативтік-
техникалық құжаттамасын;
5) зымырандық отынның  барлық  түрлерін,  сондай-ақ  олардың  өндірісі  үшін
арнайы материалдар мен арнайы жабдықтарды;
6) әскери  уландырғыш  заттарды,  олардан  қорғану  құралдарын  және  оларды
өндіру мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттамасын;
7)уранды, басқа да ыдырайтын материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды;
8)қару-жарақ пен әскери техника жасау жөніндегі ғылыми-зерттеу және  жобалау
жұмыстарының, сондай-ақ іргелі іздестірушілік зерттеулер нәтижелерін;
9)шифрлау  техникасын  және   оларды   өндіру   мен   пайдалануға   арналған
нормативтік-техникалық құжаттамасын;
10)есірткі  құралдарын,  психотроптық,  күшті  әсер  ететін,  улы  заттарды,
сондай-ақ прекурсорларды;
11)радиоактивті материалдардың қалдықтарын;
12)жарылғыш заттардың қалдықтарын;
13)өнеркәсіп қалдықтарын;
14)энергияның электрлік, жылулық және өзге де түрлерін;
15)тұтыну мерзімі  өткен  тауарларды,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының
заңдарына  сәйкес  белгіленген  мемлекеттік  стандартқа   сәйкес   келмейтін
тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінің аяқталуы.
Тауардан мемлекет пайдасына  бас  тартудың  кедендік  режимі  осы  Кодекспен
айқындалған тәртіппен және жағдайларда кедендік ресімдеумен  аяқталады,  бұл
ретте кедендік ресімдеу  аяқталғаннан  кейін  көрсетілген  кедендік  режимді
өзгертуге жол берілмейді.Тауардан  мемлекет  пайдасына  бас  тарту  кедендік
режимге орналастырылған  тауарларды  кедендік  ресімдеу  аяқталғаннан  кейін
мұндай тауарлар мемлекеттік меншікке айналады.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1.С.Т.Әлібеков «Кеден құқығы».Алматы-1998г.
2.Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі,А-2005жыл.
3.Д.Б.Назарбеков,З.М.Мирзабеков, «Кеден ісі Экономикасы»
1. Баққұлов С.Д  «Құқық негіздері» Алматы,2004ж
2. Оспанов Қ.И «Құқық негіздері» ,2007 ж ,Жеті жарғы.
13-Дәріс.13-Тақырып Еркін кеден аймағы
1.Еркін кеден аймағы түсінігі
2. Еркін кеден аймағының кедендік режиміне тауарларды  кедендік  ресімдеудің
ерекшеліктері
Еркін кеден аймағы -  бұл  тауарлардың  қауіпсіздігі  жөніндегі  талаптардан
басқа,  кедендiк  баждар  алынбастан,   тарифтік   емес   реттеу   шараларын
қолданбастан  шетелдік  және  қазақстандық  тауарлар   арнайы   экономикалық
аймақтың  тиісті  аумақтық  шекараларында  орналасатын  және  пайдаланылатын
кедендік режим.
Еркін  кеден  аймағының  кедендік  режиміне  орналастыруға  рұқсат  етілетін
тауарлар арнайы  экономикалық  аймақ  құру  мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін
қажетті   тауарларды,   Қазақстан   Республикасының   заңдарында   көзделген
жағдайларды қоспағанда,  арнайы  экономикалық  аймақ  аумағына  еркін  кеден
аймағының   кедендік   режиміне    орналастыруға    рұқсат    етіледі.Арнайы
экономикалық аймақ құру  мақсатына  қол  жеткізу  үшін  қажетті  тауарлардың
тізбесі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес  бекітілетін  арнайы
экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленеді.
Еркін  кеден  аймағының  кедендік   режиміне   орналастырылған   тауарлармен
операциялар арнайы экономикалық  аймақ  туралы  ережемен  белгіленген  тізбе
бойынша жасалады.
Тауарлардың еркін кеден аймағының кедендік  режимінде  болу  мерзімі  арнайы
экономикалық аймақ жұмыс істеген жағдайда тауарлар  мерзімдері  шектелместен
еркін кеден аймағының  кедендік  режимінде  бола  алады.Арнайы  экономикалық
аймақ таратылған жағдайда, қайта  өңдеу  жөніндегі  операциялар  жүргізілген
және арнайы  экономикалық  аймақ  құру  мақсатына  жету  үшін  пайдаланылған
тауарларды  қоспағанда,  бұрын  еркін  кеден  аймағының  кедендік   режиміне
орналастырылған тауарлар Қазақстан  Республикасының  заңдарымен  айқындалған
арнайы экономикалық аймақты тарату рәсімдерін жүзеге  асыру  мерзімі  ішінде
өзге кедендік режимге мәлімделуге тиіс.
Арнайы экономикалық аймақтарда Қазақстан  Республикасының  кеден  заңдарының
сақталуын  қамтамасыз  ету  жөніндегі   шаралар   Кеден   органдары   арнайы
экономикалық аймақ  аумағындағы  еркін  кеден  аймағының  кедендік  режиміне
орналастырылған тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асырады.
Арнайы  экономикалық  аймақтардағы   тауарлардың   есебін   жүргізу   арнайы
экономикалық  аймақтарда  қызметін  жүзеге  асыратын  тұлғалар  еркін  кеден
аймағының  кедендік  режиміне  орналастырылған  тауарлардың   және   олармен
жүргізілген операциялардың есебін жүргізеді және уәкілетті орган  белгілеген
тәртіппен кеден органдарына олар туралы есептеме ұсынады.
Кедендік баждар, салықтар алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану
1.Шетелдік тауарларды еркін кеден аймағының  кедендік  режиміне  орналастыру
кезінде кедендiк  баждар  алынбайды  және  тауарлар  қауіпсіздігі  жөніндегі
талаптардан басқа, тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.  Көрсетілген
тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан  Республикасының
кеден аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде мәлімделген кедендік  режимнің
шарттарына  сәйкес  кедендік  баждар  алынады  және  тарифтік  емес   реттеу
шаралары қолданылады.
2.Еркін кеден аймағының кедендік режимінің шарттары  мен  талаптарын  сақтай
отырып,   қазақстандық   тауарларды   Қазақстан   Республикасының   кедендік
аумағының қалған бөлігінен  арнайы  экономикалық  аймақтың  аумағына  әкелу,
сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағынан  Қазақстан  Республикасының
қалған  кедендік  аумағының  бір  бөлігіне  әкету  кезінде  кедендік  баждар
алынбайды және тарифтік  емес  реттеу  шаралары  қолданылмайды.  Көрсетілген
тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс  жерлерге  әкету
таңдалған кедендік режимнің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
3.Арнайы экономикалық  аймақтың  аумағына  еркін  кеден  аймағының  кедендік
режиміне  орналастырылатын  тауарлар  кедендік   төлемдер   алу   мақсатында
Қазақстан   Республикасының   кедендік   аумағынан   тыс   орналасқан    деп
қарастырылады.
4. Тауарлардың арнайы экономикалық аймақтың аумағынан шығуы тауардың  шыққан
жері  туралы  сертификатпен  расталады.  Көрсетілген   сертификат   болмаған
жағдайда, тауар:
1)Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету  кезінде  кедендік  әкету
баждарын алу және  тарифтік  емес  реттеу  шараларын  қолдану  мақсатында  -
қазақстандық тауар ретінде;
2)  Қазақстан  Республикасының  кедендік  аумағының  қалған  бөлігіне  әкелу
кезінде  кедендік  әкелу  баждарын  алу,  сондай-ақ  тарифтік  емес   реттеу
шараларын қолдану мақсатында - шетелдік тауар ретінде қаралады.
Еркін кеден аймағының  кедендік  режиміне  тауарларды  кедендік  ресімдеудің
ерекшеліктері
1.  Арнайы  экономикалық  аймақтың  аумағына  әкелінетін  және  еркін  кеден
аймағының кедендік режиміне орналастырылатын  тауарлар,  сондай-ақ  өздеріне
қатысты  еркін  кеден  аймағының  кедендік  режимі   өзгертілетін   тауарлар
уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кедендік ресімдеуге жатады.
2. Еркін кеден аймағының кедендік режимі өзге кедендік  режимге  өзгертілген
жағдайда  шетелдік  тауарларды  кедендік  ресімдеу,  тарифтік  емес   реттеу
шараларын  қолдану,  кедендік  баждарды  және  салықтарды  төлеу   таңдалған
кедендік режимнің шарттары мен талаптарына  сәйкес  жүргізіледі.  Бұл  ретте
қолданылатын (пайдаланылатын) тауарларға қатысты тауарлардың  кедендік  құны
Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгіленген  қолдану  (пайдалану)
уақыты ішіндегі амортизация нормаларын ескере отырып, еркін кеден  аймағының
кедендік режиміне сәйкес айқындалады.
Еркін кеден аймағының кедендік режимінің аяқталуы
Еркін кеден аймағының кедендік режимі:
1) тауарларды өзге кедендік режимде кедендік ресімдеумен;
2) тауарлармен қайта  өңдеу  жөніндегі  операциялар  жасалған  және  алынған
тауарлар  арнайы  экономикалық  аймақ  құру  мақсатына  қол   жеткізу   үшін
пайдаланылған жағдайда аяқталады.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан республикасының Кеден кодексі. Алматы – 2003
2. Әлібеков С. Т.  Қазақстанның  кеден  құқығы.  Жалпы  және  ерекше  бөлім.
Алматы – 2002
3. Құқық қорғау органдары 2002 жылдың 1 қазанына берілген. Алматы – 2002
4. Козырин А. Н. Таможенные режимы. Москва: Статут – 2000
5.Томоженные режимы. Алматы – 2002
6.Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000
7. Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000
8.Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998
9.Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998
14-Дәріс.14-Тақырып Еркін Қойма
1.Еркін қойма түсінігі
2.Еркін қойма иесінің міндеттері
3.Еркін қойма құруға берілген шешімнің қолданылуын
тоқтата тұру
Еркін қойма - бұл тауарлар  қауіпсіздігі  жөніндегі  талаптарды  қоспағанда,
шетелдік және қазақстандық тауарлар еркін қойма ретінде танылған тиісті  үй-
жайларда (орындарда) кедендік  баждар,  салықтар  алынбастан  және  тарифтік
емес реттеу шаралары қолданбастан орналасатын және  пайдаланылатын  кедендік
режим.
Еркін қоймаға орналастыруға жол берілетін тауарларҚазақстан  Республикасының
заң актілерінде көзделген  тауарларды  қоспағанда,  қайта  өңдеуге  арналған
тауарларды, сондай-ақ олардың көмегімен  тауарларды  қайта  өңдеу  жөніндегі
операциялар жүзеге асырылатын тауарларды еркін  қойманың  кедендік  режиміне
орналастыруға жол беріледі.
Еркін  қоймаларда  қайта  өңдеуге  арналған  тауарлар   үшін   қайта   өңдеу
жөніндегі:   әкелінген   тауарлардың   негізгі   сипаттамалары    сақталатын
монтаждауды, жинауды және шақтауды  қоса  алғанда,  басқа  тауарды  дайындау
(өңдеу),  бірдейлендіру  қайта  өңдеудің  міндетті  шарты  болып   табылатын
жағдайда,  әкелінген  тауарларды  қайта  өңдеу  өнімдерінде  бірдейлендіруге
мүмкіндік беретін сипаттамалар сақтала отырып, бұл ретте  шетелдік  тауарлар
жеке сипатын жоғалтатын тауардың өзін қайта өңдеу; оларды қалпына  келтіруді
қоса алғанда, оларды жөндеу, қайта өңдеу процесінде тауарларды толық  немесе
ішінара тұтына отырып, қайта өңдеу өнімдері өндірісін  жеңілдетуге  арналған
кейбір тауарларды пайдалану операцияларын жасауға жол беріледі.
Олардың  көмегімен  тауарларды  қайта  өңдеу  жөніндегі  операциялар  жүзеге
асырылатын тауарлар үшін технологиялық жабдық және  оған  қосалқы  бөлшектер
ретінде тиеу-түсіру  техника  сын,  еркін  қоймада  пайдаланылатын  өзге  де
техникалық құралдарды пайдалануға жол  беріледі.Қайта  өңдеу  өнімдері  үшін
тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі:
тауарлар партияларын бөлшектеу, жөнелтім дерді түзу, сұрыптау,  орау,  қайта
орау, таңбалау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, жеткізе жинақтаумен неме¬се  жұмыс
жағдайына келтірумен байланысты қара пайым операциялар,  тиімді  орналастыру
мақ са тында қойма шегінде тауарлардың орнын ауыс¬тыру,  тауарларды  көрсету
стендтеріне орналастыру, тестілеу операцияларын жасауға жол беріледі.  Қайта
өңдеуге арналған тауарлар және қайта өңдеу  өнімдері  үшін  бұл  тауарлардың
сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі:
тазалау, желдету, кептіру (оның ішінде жылу  ағынын  келтірумен),  сақтаудың
қолайлы темпера туралық режимін жасау (суыту,  мұздату,  жылыту),  қорғайтын
орамаға орналастыру, қорғаныш майын  және  консерванттар  жағу,  коррозиядан
қорғайтын жабынды жасау, сақтандырғыш заттарды енгізу операцияларын  жасауға
жол беріледі.
Еркін қойма жұмыс істеп тұрған  жағдайда  тауарлар  мерзімдері  шектелместен
еркін   қоймаларда   бола    алады.Еркін    қойманың    кедендік    режиміне
орналастырылатын тауарларды кедендік бақылау және  кедендік  ресімдеу  еркін
қоймаларға  орналастырылатын,   сондай-ақ   еркін   қоймалардан   әкетілетін
тауарларды  кедендік  бақылау  мен   кедендік   ресімдеу   уәкілетті   орган
айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Еркін қоймалардың  иелері  еркін  қоймаларға  орналастырылатын  тауарлардың,
сондай-ақ мұндай тауарлармен жүргізілетін  операциялардың  есебін  жүргізеді
және уәкілетті орган белгілеген  тәртіппен  кеден  органдарына  олар  туралы
есептеме  ұсынады.Еркін  қоймадағы   тауарлардың   және   олармен   жасалған
операциялардың есебін жүргізу үшін, мұндай құжаттарда тауарлардың атауы  мен
бірдейлендіру белгілері, олардың саны,  тауарлардың  еркін  қойма  шегіндегі
қозғалысы  туралы  мәліметтер,  еркін  қоймада  болған  олардың  кез  келген
өзгерістері көрініс тапқан жағдайда, Қазақстан  Республикасының  заңнамасына
сәйкес  бухгалтерлік  есеп  жүргізу  және  қаржылық  есептілік  жасау   үшін
қолданылатын құжаттар пайдаланылуы мүмкін.
    Еркін қойма иесінің міндеттері:
1) еркін қойма жұмыс істеп тұрған  барлық  мерзім  ішінде  оның  белгіленген
талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз етуге;
2) тауарлардың сақталуын және олармен жүргізілетін операциялардың  Қазақстан
Республикасының кеден заңдарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
3) кеден бақылауын жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
4) қоймада тұрған тауарлардың кеден бақылауынсыз алып қойылмауын  қамтамасыз
етуге;
5) еркін қойма құру  үшін  шешім  шарттарын  сақтауға  және  тауарларға  қол
жеткізуді қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға;
6) кеден бақылауы мен кеден ресімдеуін жүзеге асыру үшін  кеден  органдарына
Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  тәртіппен  үй-жайларды,
еркін қоймадағы жабдықтар мен байланыс құралдарын беруге;
Тауарлар  қауіпсіздігі  жөніндегі  талаптарды  қоспағанда,   шетелдік   және
қазақстандық  тауарларды  еркін  қоймаларға  орналастыру  кезінде   кедендік
баждар  және  салықтар  алынбайды  және  тарифтік   емес   реттеу   шаралары
қолданылмайды.Тауарларды   еркін   қоймалардан   Қазақстан   Республикасының
кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу  кезінде,  қазақстандық  тауарларды
әкелуді  қоспағанда,  мәлімделген  кедендік   режимнің   шарттарына   сәйкес
кедендік баждар және салықтар алынады және  тарифтік  емес  реттеу  шаралары
қолданылады.Тауарларды еркін қоймалардан Қазақстан Республикасының  кедендік
аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік баждар мен  тарифтік  емес
реттеу шаралары:
1) шетелдік;
2) еркін қоймаларда өндірілген;
3) еркін қоймаларда қайта өңделген тауарларға қолданылмайды.
Тауарлардың еркін қоймалардан шығуы тауарлардың шығуы  туралы  сертификатпен
расталады. Көрсетілген сертификат болмаған жағдайда, тауар:
1) Қазақстан  Республикасының  кедендік  аумағынан  тысқары  жерлерге  әкету
кезінде кедендік әкету баждарын алу  және  тарифтік  емес  реттеу  шараларын
қолдану мақсатында - қазақстандық тауар ретінде;
2)  Қазақстан  Республикасының  кедендік  аумағының  қалған  бөлігіне  әкелу
кезінде кедендік әкелу баждарын және салықтарды алу, сондай-ақтарифтік  емес
реттеу шараларын қолдану мақсатында - шетелдік тауар ретінде қаралады.
Бұл  ретте  қайта  өңделген  тауарлардың  кедендік  құны  қайта  өңдеу  үшін
әкелінген тауардың құны ретінде айқындалады.
Еркін қойма қызметіне қойылатын біліктілік талаптары
1. Еркін қойма құруға арналған үй-жай мынадай талаптарға сай келуге:
1) қойма иесінің меншігінде болуға не шешім  алуға  өтініш  берілген  кезден
бастап кемінде үш жыл мерзімге жалға алынуына;
2) периметрі бойынша белгіленуге және қоршалуға;
3)  еркін  қойманың  аумағында   оның   бөлігі   болып   табылмайтын   үйлер
(құрылыстар) мен ғимараттар орналаспауға;
4) тауарларды тексеруге арналған орындар болуға;
5) тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар  жасау  үшін  жайластырылуға
және жабдықталуға
6) келіп  түсетін,  сақталатын,  әкетілетін  тауарлардың  автоматтандырылған
есепке алынуын жүргізу үшін осы Кодекстің  424-бабының  6-тар¬мағына  сәйкес
кеден органдары пайдаланатын бағ дар ламалық өнімдермен  үйлесімді  бағдарла
малық өнімдерді орнату  және  міндетті  түрде  пайдалану  үшін  компьютерлік
құрал-жабдық болуға;»;
7)   өрт   қауіпсіздігі   талаптарына,   санитарлық-эпидемиологиялық    және
техникалық нормаларға сәйкес келуге тиіс.
2. Еркін қоймалар олар жұмыс істеп тұрған барлық мерзім  ішінде  белгіленген
талаптарға сәйкес болуға тиіс.
Еркін қойма құруға берілген шешімнің қолданылуын
тоқтата тұру
1. Еркін қойманың иесі осы Кодексте  белгіленген  талаптар  мен  міндеттерді
сақтамаған жағдайда, шешімнің қолданылуы уәкілетті органның  шешімі  бойынша
тоқтата  тұру  себептері  көрсетіле  отырып,  алты  айға  дейінгі   мерзімге
тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Шешімнің  қолданылуын  тоқтата  тұру  кезінде  тауарларды  еркін  қоймаға
орналастыруға жол берілмейді. Шешімнің қолданылуы тоқтатыла  тұрғанға  дейін
еркін қоймаға  орналастырылған  тауарлар  кедендік  бақылаумен  басқа  еркін
қоймаға ауыстырылуға немесе өзге кедендік режимдерге орналастырылуға тиіс.
3. Шешімнің қолданылуы оның қолданылуын тоқтата тұру  себептері  жойылғаннан
кейін мұндай шешім қабылданған  күннен  бастап  уәкілетті  орган  басшысының
бұйрығымен қайта жаңғыртылады.
Еркін қойманы құруға арналған шешімді қайтарып алу
1. Уәкілетті орган:
1) көрінеу жалған мәліметтер берілген;
2) еркін қойманың иесі шешімдегі талаптарды орындамаған;
3) шешімді қолданудың бұрын тоқтатыла тұрған себептері жойылмаған;
4)  сот  еркін  қойманың  иесіне  еркін  қойма  қызметін  көрсету  жөніндегі
қызметпен  айналысуына  тыйым  салған  жағдайларда  шешімді  қайтарып   алуы
мүмкін.
2. Шешімді қайтарып алу  мұндай  шешімді  дәйектей  отырып  уәкілетті  орган
басшысының  бұйрығымен  ресімделеді   және   қайтарып   алу   туралы   шешім
қабылданған күннен бастап қолданылады.
3. Шешім қайтарылған жағдайда,  еркін  қойманың  иесі  қайтарып  алу  туралы
шешімді алған күннен бастап күнтізбелік  он  бес  күннен  кешіктірмейшешімді
уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
4. Еркін қойманы құруға  шешім  беру  туралы  қайта  өтініш  қайтарып  алуға
негіздеме болған себептер  жойылған  жағдайда  белгіленген  тәртіппенқаралуы
мүмкін.
Еркін  қойманы  құруға  арналған   шешімнің   қолданылуын   тоқтату   мұндай
тоқтатудың  себептері   көрсетіле   отырып,   уәкілетті   орган   басшысының
бұйрығымен  ресімделеді.Еркін  қойманың  қызметі  тоқтатылған,  заңды  тұлға
қайта  ұйымдастырылған  немесе  таратылған  жағдайда  еркін  қойманың   иесі
шешімніңқолданылуы тоқтатылған кезден бастап күнтізбелік он бес  күн  ішінде
шешімді  уәкілетті  органға  қайтаруға   міндетті.Еркін   қойманың   қызметі
тоқтатылған   жағдайда,   шешімнің   қолданылуын   тоқтату   туралы    шешім
қабылданғанға  дейін  еркін  қойманың  кедендік   режиміне   орналастырылған
тауарлар айқындалған тәртіппен басқа еркін  қоймаға  ауыстырылуы  мүмкін  не
осы  тауарларға  қатысты  еркін  қойманың  кедендік   режимінің   қолданылуы
шешімнің  қолданылуын  тоқтату  туралы  шешім  қабылданған   күннен   бастап
күнтізбелік  отыз  күн  ішінде  аяқталуы  тиіс.Егер  қайта  өңдеу  жөніндегі
операцияларға жататын тауарлар еркін қоймада болған  жағдайда  кеден  органы
оның таратылатындығы  туралы  осы  тауарларды  еркін  қоймаға  орналастырған
тұлғаны хабардар етеді. Бұл ретте  осы  тауарларға  қатысты  еркін  қойманың
кедендік  режимі  қайта  өңдеудің   соңғы   операциясы   аяқталғанға   дейін
сақталады.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1. Құқық қорғау органдары 2002 жылдың 1 қазанына берілген. Алматы – 2002
2. Козырин А. Н. Таможенные режимы. Москва: Статут – 2000
3. Томоженные режимы. Алматы – 2002
4.Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000
5. Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000
8.    Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998
9.    Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998
10.    Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002
11.    Некрасов В. А., Джандарбеков И. А.  Основы  таможенного  дела  в  РК.
Астана – 2002
15-Дәріс.15-Тақырып Арнайы кедендік режим
1.Арнайы кедендік режим мәні
2.Арнайы кедендік режимге орналастырылатын тауарлар
Арнайы  кедендік  режим  -   экспорттық   бақылау   саласындағы   талаптарды
қоспағанда, тауарлардың жекелеген санаттары кедендік  баждар  және  салықтар
алынбастан және  тарифтік  емес  реттеу  шаралары  қолданылмастан  Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін кедендік режим.
Арнайы  кедендік   режимге   орналастырылатын   тауарлар   Уәкілетті   орган
белгілеген тәртіппен  Қазақстан  Республикасының  кедендік  шекарасы  арқылы
өткізілетін мынадай тауарлар арнайы кедендік режимге орналастыруға жатады:
1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге  әкетілетін
және Қазақстан  Республикасының  шетелдердегі  мекемелерінің  және  өзге  де
ресми өкілдіктерінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған тауарлар;
2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағында және одан  тысқары  жерлерде
орналасқан  Қазақстан  Республикасының   әскери   мекемелерінің   арасындағы
кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар;
3) теңіз, әуе және темір жол көлігі  түрлерімен  өткізілетін  аталған  көлік
құралдарының қалыпты жұмыс істеуі мен оларға техникалық  қызмет  көрсетілуін
қамтамасыз етуге,  олардың  экипажы  мен  жолаушыларының  тіршілік  қызметін
қамтамасыз етуге арналған борттық запастар мен кеме қорлары;
4) кедендік шекара арқылы өткізілетін,  табиғи  және  техногендік  сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған тауарлар,  оның  ішінде
төтенше оқиғалардың нәтижесінде зардап шеккен адамдарға тегін  тарату  үшін,
не  осы  мақсаттарда  коммерциялық  емес  қайырымдылық   ұйымдарына   беруге
арналған тауарлар; құтқару, авариялық-қалпына келтіру және  басқа  да  шұғыл
жұмыстарды  жүргізуге  қажетті  тауарлар  және   табиғи   және   техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу  жөніндегі  іс-шараларға  қатысатын
азаматтық қорғаныс күштерінің тауарлары;
5) шикізаттың не өнеркәсіп өнімінің ықтимал  сұранысын  айқындау  мақсатында
зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін Қазақстан  Республикасының  кедендік
шекарасы  арқылы  өткізілетін  сол  шикізаттың  не   өнеркәсіп   өнімдерінің
үлгілері.  Бұл  ретте   мұндай   зерттеулерді   жүргізу   үшін   жеткілікті,
коммерциялық құндылығы жоқ, шикізаттың не  өнеркәсіп  өнімінің  ең  аз  саны
үлгі деп ұғынылады.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1. Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998
2. Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998
3.Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002
4.Некрасов В. А., Джандарбеков И. А.

Пәндер