Файл қосу
Зертханалық сабактардың жоспары
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжат |ПОӘК |УМКД 042-18-22-1.101/02 | | | |-2013 | |ПОӘК |Басылым № __ | | |Студентке арналған «Адам |«___»______ | | |анатомиясы» пәннің | | | |бағдарламасы | | | 5В060700 - «Биология» мамандығына арналған «Адам анатомиясы» ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ПӘННІҢ СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ СЕМЕЙ, 2013 Алғы сөз 1. құрастырылды Құрастырушы: _______________ «____»___________20____ К.Сатиева профессор м.а., П.Рахимгалиева «Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен» кафедрасының аға оқытушысы, биология магистрі 2. талқыланды «Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен» кафедрасының отырысында Хаттама №__ «__»_____20___ж Кафедра меңгерушісі ___________ С.Тугамбаева 2.2. Аграрлық факультеттің оқу - әдістемелік кеңесінің отырысында Хаттама №__ «__»_____20___ж Төрағасы __________ А.Тлеубаева 3. бекітілді Университеттің оқу - әдістемелік кеңесінің отырысында қаралып, баспаға ұсынылды Хаттама №__ «__»_____20___ж ОӘК төрағасы _____________Г.Искакова АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ Мазмұны 1. Колдану саласы. 2. Пәндердің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу 3. Пәндерді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар 4. Курс форматы 5. Курс саясаты 6. Баға қоюдың саясаты 7. Әдебиеттер 1. ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 1.1 Оқытушы және пән туралы мәліметтер Оқытушының аты-жөні: Сатиева Калия Рамазановна, Рахимгалиева Пакизат Сармановна «Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен» кафедрасы Хабарласу мәліметі: 53-19-70 Өткізілу орны: Оқу ғимараты № 5, № 204 Пәннің аты: «Адам анатомиясы» Кредит саны: 3 (үш) 1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы: Адам анатомиясы– адам организімнің құрылысын, оның даму сатылары мен қызметің байланыстыра зерттейді. Бұл ілім зоология, физиология, генетика және тағы басқа да биологиялық пәндерді өтеуге керек ғылыми негізін жасауға қатысады. 1.3 Пәнді оқытудың мақсаты: Студенттерге адам дене мүшелерінің, жүйелерінің құрылысын, дамуын онто-филогенездік дамуына байланысты зерттеу алу болып табылады. 1.4 Пәнді зерделеудің негізгі міндеттері: - организмнің негізгі мүшелерінің атқаратын қызметтеріне сәйкес макроскопиялық, анатомиялық құрылысын, филогенез үрдісінде күрделену белгілері мен ерекшеліктерін, сонымен қатар аталмыш пәнге тән негізгі терминдер мен ұғымдарды білуі қажет. 1.5 Зерделеу нәтижесі Пәнді зерделеу нәтижесінде студент міндеті: - білу дене мүшелерінің құрылысын материалдық көзқарасымен олардың дамуын, жетілуін зерттеу; - игеру организмдердің құрылыс негіздерін жақсы игере отырып, мүшелер мен дене аумақтарының орналасу орындарын жете білуді үйрену; - меңгеру зертханалық сабақтарда студенттер препараттармен жұмыс жасау әдістерін меңгеру; - иемдену дене мүшелерінің, жүйелерінің құрылысын, дамуын онто- филогенездік дамуына байланысты зерттеу; 1.6 Курстың пререквизиті: 1.6.1 «Биология» 1.6.2 «Зоология» 3. «Анатомия» курстарынан негізгі білімдері болу қажет. 1.7 Курс постреквизиті: 1.7.1 «Гистология» 1.7.2 «Цитология» 1.7.3 «Эмбриология» 1.7.4 «Генетика» 1.7.5 «Физиология» пәндерін оқыған кезде қолданылады. 2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ 1 кесте |№ |Тақырыптардың атауы |Сағат саны | |р/қ | | | | | |1 блок Сүйектің құрылысы және байланысу түрлері | |1 | |7 | |Блок 1 Тері. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы, тыныс алу. | |12 | |16 | |Блок 1 жүрек. Қан тамырлары. Лимфа. Қан жасаушы мүшелер. | |19 | |Блок 1 Орталық жүйке жүйесі. Шеткі жүйке жүйесі. Сезім мүшелері | |22 |Жүйке |1 |1 |1 |3 | | |жүйесі| | | | | | |нің | | | | | | |дамуы | | | | | | |және | | | | | | |оның | | | | | | |маңызы| | | | | | |.Жұлын| | | | | 3. Пәнді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Оку үрдісіне белсенді қатысу, уй тапсырмасын ынтамен орындау, сабакта карама-карсы байланысты колдау, ұжымдық жұмыска жәрдемдесу, ұқыпты және міндеті болу қажет. Курстармен және оқытушылармен ашық, шыдамды да, мейірімді болған жөн. Пән барысы. Оқылатын дәрісте кейінгі ғылымның көкейтесті мәселелері, қазіргі жетістіктері мен жаңалықтары айтылады. Өткізілетін зертханалық сабақтарда организмнен алынып, жасалған жасушалар, препараттарын тікелей зерттеп, электронды микроскопта көрінетін микробейнелерді талдап, зерделейсіздер. Пәннiң әр дәрiсiнен кейiн ұсынылған сұрақтар мен тестерге жауап берiп, оған қайтаратын жауапты жинақтап қорытып, күмәндiк туса, алдын ала дәрiстен оқып, оны толық түсiнiп, дәрiске, сабаққа дайын болып келген жөн. Зертханалық сабақтарды өткізуге толық нұсқаулар, ұсынылған әдебиеттерде толық берілген. Жұмысты бастамас бұрын сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтап алып, ұсынылған әдебиеттерден теориялық материалдармен танысу қажет. Жұмысты жасаған соң міндетті түрде қорытынды жазып, суретін салу керек. Оқулықтағы тақырып соңында берілген сұрақтарға жауап беру керек. Зертханалық сабактардың жоспары Зертханалық сабақ 1 Сүйектер туралы ілім - остеология Анатомиялық терминдер, жазықтықтар және бағыттар(1 сағ.). Адам қаңқасының жалпы құрылысымен танысу. адам денесіндегі жазықтарды, одан шығатын бағыттарды түсініп, зерттеу.Қаңқаның және сүйектің құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы және атқаратын қызметін, пішін зерттеп оқу. Кесте арқылы адам денесінің аумақтарын, бөліктерін зерттеп оқу. Зертханалық сабақ 2. Сүйектердің байланысу түрлері 1.Адам денесіндегі сүйекаралық байланыс түрлерін зерттеу. Буын қүрылысымен танысып болғаннан кейін препараттар арқылы олардың түрлері мен пішіндерін анықтау. Буындардың біліктерден айнала өтетін жұмысын зерттеу. Зертханалық сабақ 3. Адам қаңқасының құрылысы. Омыртқа жотасы және көкірек клеткасы (1сағ.). 1. Омыртқа жотасының құрылысымен танысып болғаннан кейін, оның әрбір бөлігінде жатқан омыртқалардың ерекшеліктерін зерттеп, ажырата білу. 2. Көкірек клеткасының құрылысын сипаттап, көкірек омыртқасы мен сегізкөз сүйегінің суретін салу. 3. Омыртқа жотасы мен көкірек клеткасының сүйек аралық байланысымен танысу. Зертханалық сабақ 4. Қол сүйектері (1сағ.) 1. Қол сүйектерінің құрылысмен танысып болғаннан кейін сүйекаралық байланыстарды зерттеу. 2. Жеке сүйектердің (жауырынның, тоқпан жіліктің, қол басының) суреттерін салу. Зертханалық сабақ 5. Аяқ сүйектерінің құрылысы (1 сағ.) 1. Аяқ сүйектерінің құрылысымен танысып болғаннан кейін олардың өзара байланысын зерттеу. 2. Жеке сүйектердің (жамбастың, ортан жіліктің) суреттерін салу. Зертханалық сабақ 6. Бас сүйегінің құрылысы (1сағ.) Ми сауыты мен бет бөлімінің сүйектерінің құрылыс ерекшеліктерімен танысқаннан кейін олардың өзара байланыс түрлерін білу. Күрделі құрылысты (самай, сына, жоғарғы жақ, тор, т.б) сүйектердің суретін салу. Зертханалық сабақ7.Көкірек клеткасы және құрсақ бұлшықеттері (1сағ.) Әрбір еттің құрылысын, қай сүйектен басталып қай сүйекке тіркелу жағдайын білгеннен кейін қандай жұмыс атқаратынын анықтау. Жалпы көкірек клеткасының еттері мен құрсақ еттерінің тыныс алу т.б. физиологиялық процестердің өтуіне тигізетін әсерін зерттеу. Зертханалық сабақ 8. Арқаның бұлшық еттері (1сағ.) Арқа еттерінің құрылысы мен атқаратын жұмысын зерттеу. Зертханалық сабақ 9. Мойын және бастың бұлшық еттері (1сағ.) мойынның бұлшық еттерінің құрылысы мен жұмысын зерттеу, бастың, ымдау еттерінің құрылысын тексеру. Зертханалық сабақ 10. Қолдың бұлшық еттері (1сағ.) Қолдың бұлшық еттерінің құрылысын зерттеу, олардың жиырылғанда атқаратын қызметін білу Зертханалық сабақ 11. Аяқтың бұлшықеттері (1сағ.) Аяқ еттерінің құрылысын зерттеу және атқаратын қызметтерімен танысу. Зертханалық сабақ 12. Ішкі мүшелер туралы түсінік (1сағ.) Тері және оның туындылары.(1сағ.) Ішкі мүшелерге жататын ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару, жыныс мүшелері мен ішкі секрециялық бездерді зерттеп оқу. Тері және қимыл анализаторларының құрылысын түрлі түсті атластар мен таблицалардан қарап оқып муляждерімен салыстыру. Көрген-білгенін қысқаша түрде сипаттап жазып, суреттерін салу. Тері және қимыл анализаторларының өткізгіш және орталық бөлімдерін оқып түсініп, схемасын сызу. Зертханалық сабақ 13. Ас қорыту жүйесі (1сағ.). Ауыз қуысы, тіл, тіс, жұтқыншық және өңештің құрылысы. Ас қорыту мүшелерінің құрылысына жалпы анықтама беру. Ауыз қуысының құрылысын зерттеп, тілдің дәм емізікшелерінің түрлерін, орналасуын анықтап, тістің дентин, эмаль, цемент заттарын, тіс қуысындағы пульпаны көру. Жұтқыншақтың, өңештің, аш және тоқ ішектің құрылысын зерттеп, олардың қабырға қабаттарының ерекшелігін түсіну. Тілдің, тістің суретін салу. Зертханалық сабақ 14. Асқазан, аш ішек және тоқ ішек, қарынасты безі және бауырдың құрылысы.(1сағ. жалғасы) Асқазанның орналасуын атластар мен кестелерден, барельефтен көргеннен кейін сыртқы пішіні мен құрылысын зерттеп, суретін салу. Аш ішектің жалпы бөлімдерімен, құрылысымен танысқаннан кейін оның атқаратын (қорыту және сіңіру) қызметтерінің қалай өтетінін түсіну. Онекі елі ішектің бауырмен және қарынасты безімен байланысу маңызын зерттеу. Тоқ ішек құрылысы мен жұмысының ерекшелігін анықтау. Бауыр мен қарынасты бездерінің құрылысына байланысты өтетін ас қорыту және зат алмасу процестеріне тигізетін әсерін түсіну. Зертханалық сабақ 15. Тыныс алу жүйесі (1сағ.) Тыныс алу жүйесіне жататын мүшелердің (көмей, кеңірдек, бронхылар және өкпелердің) құрылысымен түрлі-түсті кестелер және муляждар арқылы оқып танысу. Дайын өкпе препараты мен сүтқоректілердің (қойдың) өкпелерін пайдаланып, бірнеше кескінге салып, бронхылардың қабырға құрылысы мен жұмысын анықтау. Кескілеуден бұрын тұтас тұрған өкпені үрлеп, оның альвеолдар аппаратының желдеткіштік қызметін түсіну. Сабақта «Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен жұмысы» атты тақырыпта мультимедиялық құралды пайдалану. Зертханалық сабақ 16. Бүйректің, несепағардың, қуықтың және несеп каналының құрылысы (1сағ.) Зәр шығару жүйесіне кіретін бүйректің, несепағардың, қуықтың құрылысы мен маңызын кестелер мен муляждер арқылы оқып түсіну. Бүйрек препараты мен сүтқоректілердің (қойдың) бүйрегін пайдаланып, сыртқы және ішкі қабатының құрылысымен танысу. Бүйректің микроскопиялық құрылысын зерттеп, нефронның суретін салу. Зертханалық сабақ 17. Аталық және аналық жыныс мүшелерінің құрылысы (1сағ.) Таблицалар мен муляждар арқылы аталық және аналық жыныс мүшелерінің құрылысын білу. Бұл мүшелердің ерекшелігі мен ұқсастығын айыру. Аталық және аналық жыныс мүшелерінің сыртқы ішкі секрециялық қызметімен танысу. Зертханалық сабақ 18. Ішкі секрециялық бездер (1сағ.) Сыртқы және ішкі секрециялық бездердің өзара айырмашылықтары туралы муляждер мен таблицаларды қолдана отырып, толық түсінік беру. Ішкі секрециялық бездердің қанға бөлетін белсенді (активті) заттарының (гормондарының) ағза қажетіне және орта жағдайларының өзгеруіне қарай тиетін әсерлерінің маңызын толық түсіну. Әрбір секрециялық бездердің жатқан жағдайын, құрылысын, бөлетін гормондарының атын және олардың организмге тигізетін әсерін жеке-жеке зерттеп білу. Олардың гипо-және гиперфункциялық жағдайына байланысты туатын арулар мен өзара және орталық нерв жүйесімен байланысын түсіну. Зертханалық сабақ 19. Жүректің құрылысы және топографиясы (1сағ.) Муляждар мен кесте-суреттерді қолдана отырып жүректің жатқан топографиялық жағдайын, сыртқы және ішкі құрылысын түсіну. Сүтқоректілердің (сиырдың) жүрегін қолдана отырып, жақтаулы және айшық тәрізді клапандарының жатқан орнын, құрылысын тексеріп, олардың атқаратын қызметін білу. Жүректің қабырға құрылысымен танысқанда оның өткізгіш жүйесіне және миокардтың ет талшықтарының құрылыс ерекшеліктеріне көңіл бөліп, олардың қасиетіне, автоматикалық қызметіне, жиырылу мен босаңсуына жалпы түсінік беру. Зертханалық сабақ 20. Қан айналу шеңберлерінің қан тамырлары (1сағ.) Сызба-сурет бойынша кіші және үлкен қан айналу шеңберлерінің құрылысымен танысу. Суретке қарай отырып үлкен шеңбердің артериялық тамырларын талдау. Қолқаның өрлеу, доға және төмендеу бөліктерінен тарайтын артерияларды атластарды қолдана отырып түсіну. Зертханалық сабақ 21. Лимфа жүйесі.Қан жасаушы мүшелердің құрылысы мен функциясы (1сағ.) Лимфа жүйесінің құрылысын атластар мен түсті таблицалар арқылы сипаттап қысқаша жазу. Лимфа бездерінің және көкбауырдың суретін салу. Зертханалық сабақ 22. Жүйке жүйесінің дамуы және оның маңызы.Жұлын (1сағ.) Жүйке жүйесі жан-жануарлар мен адамда ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқандығын оқу. Атласқа қарап жұлынның сыртқы құрылысын тексеріп білу. Одан кейін көлденең кесіндісінен ақ заты мен сұр затының суретін салып, ішкі құрылысымен танысу. Жұлынның әрбір сегментінен шығатын алдыңғы және артқы түбіршектерінің құрылысын сипаттап жазу және суретін салу. Жұлын суретін салып, жұлын жүйкелері деген сөзге анықтама беру. Зертханалық сабақ 23. Ми бөлімдері (1сағ.). Мидың бөлімдерін түсті атластан қарап, ми муляжінен анықтау. Сопақша ми құрылысын зерттеу. Артқы мидың (көпір мен мишықтың) кұрылысын зерттеп, суретін салу. Ортаңғы мидың құрылысын анықтап түсіну. Жалпы мидың сагитальды кесіндісін алып, суретін салу. Зертханалық сабақ 24. Аралық ми мен алдыңғы ми (1сағ.) Аралық ми мен ми сыңарларының құрылыстарын атластан қарап, муляждең көріп біліп, ми препараттарымен салыстыру. Ми сыңарларының қатпарлары мен сайларын зерттеп, суретін салу. Оқып білген құрылысты қысқаша сипаттап жазу. Зертханалық сабақ 25. Жұлын жүйкелері (1сағ.) Жұлын жүйкелерінің құрылысын, жүйкелендіретін мүшелерін айыру. Жүйке тораптарының жатқан жағдайымен таралатын жүйкелерінің атын жаттау. Қол мен аяқ еттеріне баратын жүйкелер қай тораптардан басталады және қандай жүйкелер. Зертханалық сабақ 26. Жүйке жүйесінің өткізгіш жолдары (1сағ.) Жүйке жүйесінің орталыққа тепкіш, орталықтан тепкіш жолдарын анықтап білу. Орталыққа тепкіш жолдарына қандай бағандар жатады. Жүйке жүйесінің орталықтан тепкіш жолдарына қандай бағандар жатады, соны айыру. Жұлынның көлденең кесіндісінен өткізгіш жолдарды анықтап алғаннан кейін олардың суретін салу. Зертханалық сабақ 27. Ми нервтері (1сағ.) Атлас пен түсті таблицалардан 12 жұп ми нервтердің түбіршіктерінің жатқан (шыққан) жерін тауып, әрқайсысының атын жаттау. Әрбір ми нервісінің жатқан ми орталығын (ядросын) тауың, қысқаша жазып алу. Одан кейін сол нервтердің қай органдарды жүйкелендіретінін зерттеп білу және сипаттап жазу. Зертханалық сабақ 28. Нерв жүйесінің вегетативті бөлігі (1сағ.) Вегетативтік нерв жүйесінен жалпы түсінік алу. Оның қандай органдар жүйесін нервтендіретінін зерттеп, соматикалық нерв жүйесінен қандай айырмашылығының бар екенін білу. Симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйесінің орталық бөлімдері мен нерв жолдарын (түйінге дейінгі, түйіннен кейінгі) зерттеп, қай органдарды нервтендіретінін білу. Организмімізде қандай өрімдер (нерв тораптары) бар соны анықтау. Парасимпатикалық нерв талшықтары қай ми нервтерінің құрамында бар және қандай органдарды нервтендіретінін сипаттау. Зертханалық сабақ 29. Көрі мүшесі (1сағ) Көру мүшесінің (көздің) құрылысын түрлі-түсті таблицалар мен көздің бөлектенетін моделінен қарап оқып түсіну.Одан кейін көздің дайын препаратын алып атластағы суреттермен салыстырып көру. Көз құрылысының және оның әрбір қабықшасына малдың көзінен анықтама беріп, жалпы суретін салу. Көру анализаторының шеткі (перифериялық) бөлігін, өткізгіш жолдарын және ми орталығын анықтап қысқаша жазып, схемасын сызу. Зертханалық сабақ 30. Есту, тепе-теңдік сақтау, иіс және дәм сезу (1сағ.) Атластар мен түрлі-түсті таблицалардан есту, тепе-теңдік сақтау, иіс және дәм органдарының құрылысын оқып оларды алмалы-салмалы модельдерімен салыстыру. Ұлудың көлденең кесіндісін алып (таблицадан) есту механизмінің түйісуін түсіну. Тепе-теңдік сақтау аппаратының (жартылай иірімді каналдар) құрылысын түсіну үшін ішкі құлақтың (лабиринт) моделін анықтап карап суретін салу. Есту, тепе-теңдік жәңе дәм, иіс анализаторларының құрылысын түсініп, схемасын салу. 4. Курс форматы Қатынасу: дәрiс, зертханалық сабақтарға мiндеттi түрде қатынасу керек. Егерде қандайда болмасын себептермен сiз оларға қатынаса алмасаңыз, онда барлық меңгере алмаған материалға жауапкер боласыз. Мiнез – құлық: Студент ар кодексiн: мiнез-құлық этикасын сақтауы керек. Сабаққа кешiгу кешiрiлмейтiн қылық. Сабақ үстiнде оқу тәртiбiн жиi бұзушылар дәрiсханадан шығарылып жiберiледi, немесе бүкiл курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады. Бақылау тапсырмалары. Олар сөзсiз орындалып, белгiленген мерзiмде тапсырылуы қажет. Кешiгiп орындалған жұмыстардың бағасы өзiнен - өзi төмен болады. Межелiк бағалау: Межелiк бағалаудың қортындысы сабақ қатысуы мен үлгерiмiне, студенттердiң белгiленген мерзiмге өз бетiмен жұмыс орындауына, сабақта ауызша немесе жазбаша түрде берген жауабына, межелiк бақылау қортындысына байланысты қойылады. Көшiрiп алу және бiреудiң шығармасын толық немесе жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану: Қандай да болмасын көшiрiп алу немесе бiреудiң шығармасын толық, не жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану (басқа студенттерден дайын тапсырма және шешiмдер көшiрмесiн пайдалану) дәрiсханадан шығарумен тоқтатылады немесе «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады. Ұрлап пайдалану мен алдауды болғызбау керек. Ұялы телофон: Сабақ үстiнде оны үзiп тастау, немесе ұялы телефонмен байланысты болғызбау керек. Емтихан: Қортынды емтихан барлық студенттер емтихан беруге рұқсат етiлгеннен кейiн емтихан сұрақтары жазылған ауызша, не тест арқылы өткiзiледi 5. курс саясаты Бірігіп жұмыс істеу барысында біз келесідей тәртітердә ұстанамыз: • Оқытушымен студент бір-біріне сыйластықпен қарау керек. • Кез келген тәртіп бұзушылықтар жазаланады, ал белсенді жұмыс керісінше мадақталады. • Сабаққа кешікпеу және сабақты босатпау. • Білімді бағалау баллды-рейтингті жүйе бойынша жүргізіледі. 6. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ «Адам анатомиясы» пәні бойынша баға қою 2 кесте |Апта |Бақылау түрі |Балл саны|Ескерту | |1 |2 |3 |4 | | |1-мен 7 апта аралығындағы барлық сабақ |30 | | | |түрлеріне қатысуы | | | |1 |Ағымдағы бақылау 16 балл. СОӨЖ 7 балл. |35 | | | |СӨЖ 12 балл | | | |2 |Ағымдағы бақылау 16 балл. СОӨЖ 7 балл. |35 | | | |СӨЖ 12 балл | | | |3 |Ағымдағы бақылау 16 балл. СОӨЖ 7 балл. |35 | | | |СӨЖ 12 балл | | | |4 |Ағымдағы бақылау 16 балл. СОӨЖ 7 балл. |35 | | | |СӨЖ 12 балл | | | |5 |Ағымдағы бақылау 16 балл. СОӨЖ 7 балл. |35 | | | |СӨЖ 12 балл | | | |6 |Ағымдағы бақылау 16 балл. СОӨЖ 7 балл. |35 | | | |СӨЖ 12 балл | | | |7 |1 аралық бақылау |60 | | |1-мен 7 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша |300 | | |қорытынды баллдар | | | | |8-бен 15 апта аралығындағы барлық сабақ|30 | | | |түрлеріне қатысуы | | | |8 |Ағымдағы бақылау 15 балл. СОӨЖ 5 балл. |30 | | | |СӨЖ 10 балл | | | |9 |Ағымдағы бақылау 15 балл. СОӨЖ 5 балл. |30 | | | |СӨЖ 10 балл | | | |10 |Ағымдағы бақылау 15 балл. СОӨЖ 5 балл. |30 | | | |СӨЖ 10 балл | | | |11 |Ағымдағы бақылау 15 балл. СОӨЖ 5 балл. |30 | | | |СӨЖ 10 балл | | | |12 |Ағымдағы бақылау 15 балл. СОӨЖ 5 балл. |30 | | | |СӨЖ 10 балл | | | |13 |Ағымдағы бақылау 15 балл. СОӨЖ 5 балл. |30 | | | |СӨЖ 10 балл | | | |14 |Ағымдағы бақылау 15 балл. СОӨЖ 5 балл. |30 | | | |СӨЖ 10 балл | | | |15 |2 аралық бақылау |60 | | |8-бен 15 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша |300 | | |қорытынды баллдар | | | |Емтихан бойынша қорытынды баллдар |400 | | |Академиялық мерзгіл бойынша қорытынды баллдар |1000 | | 7. Әдебиеттер 7.1.Негізгі әдебиеттер 7.1.1. Рақышев А.А. «Адам анатомиясы» Білім, Алматы 1994 ж,1-2 том 7.1.2. Керімбеков Е. «Адам анатомиясы» Алматы, Мектеп, 1998ж 7.1.3. Кузенбаева А. «Адам анатомиясы» Алматы. 2001ж. 7.2.Қосымша әдебиеттер 7.2.1. Дайырбекова М.М. Адам анатомиясының практикумы, Алматы, 1992ж.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz