Файл қосу

Басқа пәндерді меңгеру барысында Азық - түлік өнімдерінің реологиясы пәнінен алған білімдерін қолдана білу



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                     |
|ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ                                                 |
|ШӘКӘРІМ атындағы                                                              |
|СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                                |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты   |ОӘК                   |                              |
|                        |                      |                              |
|                        |                      |                              |
|                        |                      |ОӘК 042-16.1.19/02-2013       |
|ПOӘК                    |                      |                              |
|«Азық-түлік өнімдерінің |№ 1 басылым           |                              |
|реологиясы»             |«__»_______2013 ж.    |                              |
|пәннінің студенттерге   |                      |                              |
|арналған оқу жұмыс      |                      |                              |
|бағдарламасы            |                      |                              |





                       ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ





              5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»


                            мамандығына арналған


                      АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ РЕОЛОГИЯСЫ



                        СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ
                           ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ













                                 Семей 2013
                                  Алғы сөз

    1. ӘЗІРЛЕНДІ
    Құрастырушылар: Кабулов Б.Б.  ____________  Семей  қаласындағы  Шәкәрім
атындағы  мемлекеттік  университетінің  «Тамақ  өндірісінің  машиналары  мен
аппаратттары» кафедрасының доценті, т.ғ.к.
    Мустафаева  А.К.  ____________    Семей  қаласындағы  Шәкәрім  атындағы
мемлекеттік университетінің «Тамақ өндірісінің машиналары мен  аппаратттары»
кафедрасының доцент м.а., т.ғ.к.
                                                       «____» _______2013 ж.


    2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
    2.1. Семей қаласындағы  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінің
«Тамақ  өндірісінің  машиналары  мен  аппаратттары»  кафедрасы   мәжілісінде
қаралды
    «___» __________ 2013 ж., № ___ хаттама


    Кафедра меңгерушісі ___________  М. Акимов.


    2.2.  Инженерлі-технологиялық   факультеттің   оқу-әдістемелік   кеңесі
мәжілісінде қаралды
     «___» __________ 2013 ж., № ___ хаттама


      Төрайым  ___________  С. Толеубекова.


      3. БЕКІТІЛДІ
      Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің  отырысында  талқыланды  және
басылымға рұқсат етілді
      «___» __________ 2013 ж., № ___ хаттама


      ОӘК төрағасы _______________  Г. Искакова

      4. АЛҒАШ  РЕТ  ЕНГІЗІЛГЕН  (немесе «___» _______20__ ж  №  __  басылым
орнына енгізілді )


























                                   Мазмұны



    |1   |Қолдану аймағы                                                       |    |
|2   |Нормативтік сілтемелер                                               |    |
|3   |Жалпы ережелер                                                       |    |
|4   |Оқытушыларға арналған пәндердің оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны    |    |
|5   |Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптардың тізімі           |    |
|6   |Пән бойынша оқу-әдістемелік карта                                    |    |
|7   |Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасы                 |    |
|8   |Әдебиеттер                                                           |    |

      1.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1.1 Оқытушы және пән бойынша жалпы мәліметтер
Оқытушылардың аты-жөні –Мустафаева Аяулым Какеновна.
«Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасы
Байланыс ақпараты - № 9 оқу ғимараты, № 109 кабинет, тел: 35-05-90
Сабақ өткізетін аудиториялар № 106
Пәнің аталуы – «Азық-түлік өнімдерінің реологиясы»
Кредит саны – 2


      1.2. – Оқу жұмыс жоспарынан көшірме (1 кесте)

 1 кесте – Оқу жұмыс оқу жоспарынан көшірме

|Курс |Семестр  |Кредитер  |Дәріс | ЗС    |СОӨЖ    | СӨЖ      |Барлығы   |
|     |         |          |(сағ.)|(сағ.) |(сағ.)  |(сағ.)    |(сағ.)    |
|3    |5        |2         |15    |15     |30      |30        |90        |


      1.3. Пәндердің  мазмұнын қысқаша сипаттау.
       «Азық-түлік өнімдерінің реологиясы» – техникалық  ғылым.  «Азық-түлік
өнімдерінің  реологиясы»  пәнінің  зерттеу  нысаны   -   тамақ   өндірісінің
машиналары мен аппараттарындағы  технологиялық  процестердің  өту  барысында
туындайтын өнімдердің физико-механикалық қасиеттері  және  осы  қасиеттердің
көмегімен процестерді есептеудің оңтайлы әдістерін меңгеру  болып  табылады.
«Азық-түлік   өнімдерінің   реологиясы»    курсы   азық-түлік   технологиясы
саласының мамандарына арналған теориялық инженерлік негізі болып табылады.
    Қазіргі замандағы тамақ өндірісі мамандардың технологиялық  процестердің
кинетикасы мен динамикасы аймағындағы терең білімін қажет етеді.
    Инженер – өндірістік процестерді технология  талаптарына  сәйкестендіріп
басқарып қана  қоймай,  сонымен  қатар  ғылымның  соңғы  жетістіктеріне  сай
жоғарғы  техникалық  деңгейде  оңтайлы  өтуін  қамтамасыз  етуі  керек.  Бұл
мақсаттарды  орындау  үшін  маманның  әртүрлі  инженерлік  есептерді  шешуге
қабілеті болуы міндет.
      1.4.  Бұл  пәннің  мақсаты  -  студентердің  «Азық-түлік  өнімдерінің
реологиясы»   жөніндегі  білімдерін  қалыптастыру,  осы   алған   білімдерін
болашақ маман алдағы еңбек тәжірибесінде қолдана алады.
      1.5.  Пәнді  меңгерудің  негізгі  мақсаты   студенттерді   азық-түлік
өнімдерінің реологиясын оқыту арқылы келесі қажеттіліктерді орындау:
         •  қоспалар қосу,  технологиялық  өңдеу  режимдері  мен  тәсілдерін
           өзгерту арқылы өнімнің құрамы мен сапасын басқаруды меңгеру
         •  процестер реодинамикасының негізгі заңдарын меңгеру
         •  азық-түлік өнімдерінің реологиялық қасиеттерін анықтау әдістерін
           меңгеру
            • азық-түлік  өнімдерінің  реологиялық  қасиеттерін  анықтайтын
              аспаптардың конструкциясын меңгеру.
    Сонымен   қоса,   пәннің   негізгі   мақсаты   студенттерді    жоғарыда
айтылғандарды (анықтамалар, заңдылықтар, есептерді  шешу  жолдары)  меңгерту
ғана емес, оларды қолдана білуге үйрету.
    1.6. Студент пәнді оқу кезінде білуі керек:

            • Азық-түлік өнімдерінің реологиясы курсының негізгі  (базалық)
              заңдарын білуі керек;
            • Тамақ өнімдерінің реологиясының негіздерін білуі керек;
            • Теориялық және практикалық мақсаттарға осы  алған  білімдерін
              қолдануға дағдылану;
            •  Тамақ   өнімдерінің   құрылымдық   механикалық   қасиеттерін
              зерттеуге үйрену;
            •  Тамақ   өнімдерінің   құрылымдық   механикалық   қасиеттерін
              анықтауда алған білімдерін қолдануға үйрену;
            • Азық-түлік  өнімдерінің  реологиясын  зерттеуде  қолданылатын
              тәсілдердің мағынасын түсіну;
            • Басқа  пәндерді  меңгеру  барысында  «Азық-түлік  өнімдерінің
              реологиясы» пәнінен алған білімдерін қолдана білу;
            • Курстың типтік жобалық талаптарын орындауға дағдылану.
    1.7. Курстың пререквизиттері:
            •  гидравлика негіздері;
            •  механика негіздері;
            • жылутехникасының негіздері.
    1.8. Курстың постреквизиттері:
            • тамақ өндірісінің технологиясы;
            • тамақ өндірісінің аппараттары және процесстері.


    2. ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР


    Пәнді меңгеру барысында тақырыптардың негізгі  мазмұнына  көңіл  аудару
керек. Ол үшін студенттің  оқулықпен  жұмысын  жеңілдету  мақсатында  оқыту-
әдістемелік кешені  ұсынылады.  Әрбір  тақырыптың  дәрісі  соңында  өзін-өзі
тексеру сұрақтары бар.
    Оқулықты дұрыс таңдаудың үлкен мағынасы бар. Бірнеше оқулықты қатарынан
пайдалану дұрыс  емес.  Ұсынылған  әдебиеттердің  ішіндегі  біреуін  негізгі
әдебиет етіп таңдап алу керек.  Басқа  оқулықтарды  егер  де  қажет  тақырып
жайында мағлұмат болмағанда немесе аз болған жағдайда пайдаланған жөн.
    Курсты пәннің бағдарламасына сәйкес тақырыптар легімен меңгерген мақұл.
Оқулықпен  жұмыс  жасау   барысында   ұсынылған   кешендегі   мысалдар   мен
сараптамалар міндетті түрде болуы қажет.  Тек  осыдан  кейін  ғана  өзін-өзі
тексеру сұрақтарына жауап берілуі керек.
    Теориялық алған білімдерін студенттер  практикалық  есептерді  шығарған
кезде ғана меңгерілді деп есептеуге болады.



        КУРС ФОРМАТЫ ЖӘНЕ САЯСАТЫ


    Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан 3 рет жүргізіледі, ОСӨЖ уақытын  қоса
есептегенде. Курс форматы - аралас.  Дәріс  сабақтарында  күрделі,  мәселелі
сұрақтарды қарастырады.  Мысалы дәрістер  құрылымы  мынадай  –  сабақ  мәнін
талқылау   немесе   блиц-сұрақ   (10(15   минут),   дәріс   (35(40   минут),
материалдарды  бекіту.   Сабақты   мұндай   құрылымда   жүргізу   студенттен
жүйелілікті, ұсынылған  әдебиеттермен  өздігінен  жұмыс  жасай  білуді  және
дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді талап етеді.
      Лабораториялық сабақтар теориялық материалдарды тереңірек  қарастыруды
қажет ететін мәселелерді шешуге арналған.
      Аудиториялық ОСӨЖ уақытында сіздердің  дәріске  немесе  лабораториялық
сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген  өздік  жұмысын  орындау
кезінде  туындаған сұрақтарыңызды қарастырамыз.
      Сонымен қатар аптасына  бір рет, кафедрада бекітілген график  бойынша,
мен жекелей немесе топпен консультация түрінде ОСӨЖ сабағын өткіземін.
    Пәнді оқуға арналған сабақ уақытының үштен бір бөлігінде, сіздер  менің
көмегімсіз өздеріңіз жұмыс жасайсыздар. Өздік жұмысына арналған  тапсырмалар
түрлері, ОСӨЖ және СӨЖ жоспары – кестесінде көрсетілген.
    Пәнді  оқуға  берілген   барлық   кезеңде,   менің   сіздерге   қойатын
талаптарымның  барлығын  орныдайсыз   және   бір-бірімізді   түсінеміз   деп
ойлаймын.
      1. Дәріс, лабораториялық сабақтарға қатысу әрбір студент үшін міндетті
жағдай.  Сабақтарға  кешікпей  келу  және  сабақ  үстінде  бір–бірлеріңізбен
сөйлеспей отыруларыңызды сұраймын. Әр дәріске немесе лабораториялық  сабаққа
қатысқаны үшін +1  баллмен  бағаланады,  ал  дәрісті  немесе  лабораториялық
сабақты босатып келмей қалған жағдайда -1 баллмен бағаланады.
      Өткен материалдарды өтеу үшін студентке оқытушы тапсырма  береді  және
ол жұмыс тексеріледі, бірақ ол жұмысқа сіз максимал баға алалмайсыз.
      Әр өтелмеген сабақ тағыда қосымша -2 баллмен бағаланады.
      2. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол  сізді  курсты  толық
меңгеруден  босатпайды.  Егер  студент   сабақтарды   себепті   жағдайлармен
босатса, онда  ол  факультет  деканатынан  анықтама-рұқсат  алуға  міндетті.
Рұқсат алғанан кейін студент  сабаққа  қатыса  алады.  Босатқан  сабақтардың
тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және  көрсетілген  уақытта
оны  орындап  тапсыру  қажет.  Тапсырма  тиісті   бағамен   бағаланады,   ал
босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды.
      3. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық  жұмыстарға  және  емтихандарға
белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ  өз  уақытында  және  шамаңыз
келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында  өткізуіңіз
керек. Тапсырмаларынызды пунктуальды және  уақытында  тапсыруларыңыз  керек.
Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге  жетуге  мүмкіндік
береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе  оқытушының  ескертуіне
құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жібере алады және  ол  студентті
тәртіпке салу үшін оған қосымша тапсырмалар беріледі.
      4. Аудиториялық сабақ уақытында  Сіздердің  ұялы  телефондарыңыз  өшіп
тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы  студентті  жауапқа  тартуға
құқығы бар.
      5. Сіздер студенттермен  және  оқытушыларыңызбен  ашық,  шыдамды  және
мейірімді болулары керек.
      6. Біреуден көшіріп алу  және  плагиат  (дайын  тапсырмаларды  қолдану
немесе  көшіріп  алу  және  басқа  студенттердің  көмегін  пайдалану)   үшін
Оқытушының    студентті    аудиториядан     шығарып     жіберуіне     немесе
қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар.
      7. Межелік  аттестация  қорытындысы,  студенттің  сабаққа  қатысуымен,
өзіндік  жұмысты  орындауымен,  сабақта  ауызша  және   жазбаша   жауаптарға
байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады.
      6.  Қорытынды  аттестация  (емтихан)  компьютерлік   тестілеу   арқылы
өткізіледі. Әрбір тесттік тапсырманың бес жауабы болады, оның біреуі  дұрыс.
Тесттік тапсырмалар пәннің жұмысшы бағдарламасына қатал сәйкес  келеді  және
барлық  тақырыптарды  қамтиды.  Емтиханға  дайындалу  үшін  ПОӘК-де  тесттік
тапсырмалардың мысалдары келтірілген.

      4 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ


      Пән бойынша үлгерімді бақылау келесі түрде жүзуге асырылады:
      - ағымдағы бақылау («Азық-түлік өнімдерінің  реологиясы»  пәнінің  оқу
процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес жүргізіледі)
      - межелік бақылау (7 және 15 апталар)
      - қорытынды бақылау (бір рет академиялық мерзімнің соңында  өткізіледі
– компьютерлік тестілеу түрінде емтихан)
      Ағымдағы  бақылау  кезінде  студенттің   дәріс   және   лабораториялық
сабақтардағы жұмысы бағаланады,  сонымен  қатар  үй  тапсырмаларын  орындау,
рефераттарды жазу және т.с.с.
      Межелік бақылау – оқытушының  қатысуымен  тесттерге  жауап  беру  және
аудиториялық бақылау жұмыс орындау.
      Пән  бойынша  баға  100  %-тік   шкала  бойынша  пайыздық   мөлшерімен
қойылады.  Қорытынды  рейтінгті  есептеуде   баллдарды   жинақтау   принципі
қолданады, яғни бірінші межелік  бақылау  алдында  жиналған  баллдар  екінші
межелік бақылаудың баллдарына  қосылады.  Сонымен,  екінші  межелік  бақылау
(МБ2) қорытынды болып есептеледі.
      Студенттердің рейтингтерін есептеу кезінде жұмыстардың барлық  түрлері
есепке алынады:
    • сабаққа қатысу (СҚ);
    • ОСӨЖ орындау графигі бойынша (3-кесте);
    • аудиториялық бақылау жұмысын (АБЖ) орындау;
    • ауызша жауап беру (АЖ)
    • СӨЖ орындау жоспары бойынша (3-кесте) үй тапсырмасын (ҮТ) орындау
    • әр студентке өзіндік жұмысы (ӨЖ)  графигі  (3-кесте)  бойынша  реферат
      орындау;
    • курстық жоба графигін орындау;
    • басқа жұмыстары бойынша, мысалы жұмыспен өтеу (ЖӨ - отработка)
      Әр   студенттің   рейтингі   «идеалды   студенттің»    жетістіктерімен
салыстырылып қойылады.  Ол  үшін  топ  тізіміне  қосымша  «идеалды  студент»
еңгізіледі. Берілген тапсырмалардың бәрін тиянақты орындаған студент  жоғары
рейтингке ие болады.
      Емтиханға екінші межелік бақылаудың рейтингісі 50 % жоғары  студенттер
жіберіледі.
      Пән бойынша қорытынды баға (ҚБ) келесі ереже бойнша анықталады: екінші
межелік бақылау нәтижесі МБ2, %  0,6-ға  (60  %)  көбеітіндісіне  емтиханның
нәтижесінің (Е, %) 0,4-ке  (40  %)  көбейтіндісі  қосылыу  арқылы  табылады,
яғни[pic][pic].


    Студенттер білімі келесі шкала байынша әріптік эквивалентте, балл және
пайыздық түрде бағаланады.

|Әріп      |Баллдың сандық    |Проценттік құрамы |Дәстүрлі жүйе бойынша     |
|жүйесінде |эквивленті        |                  |бағалау                   |
|бағалау   |                  |                  |                          |
|А         |4,0               |95 – 100          |Өте жақсы                 |
|А–        |3,67              |90 – 94           |                          |
|В+        |3,33              |85 – 89           |Жақсы                     |
|В         |3,0               |80 – 84           |                          |
|В–        |2,67              |75 – 79           |                          |
|С+        |2,33              |70 – 74           |Қанағаттанарлық           |
|С         |2,0               |65 – 69           |                          |
|С–        |1,67              |60 – 64           |                          |
|D+        |1,33              |55 – 59           |                          |
|D         |1,0               |50 – 54           |                          |
|F         |0                 |0 – 49            |Қанағаттантанарлықсыз     |
|I         |NA                |-                 |Аяқталмаған               |


    5  ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ


      2 кесте – Пәннің мазмұны. Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
|№   |Тақырыптың аталуы                     |Сағаттары                      |
|р/н |                                      |                               |
|    |                                      |ДС     |СПС    |СӨЖО   |СӨЖ    |
|1   |Тамақ өнімдерінің реология негіздері. |1      |1      |2      |2      |
|2   |Жалпы мағлұматтар және анықтамалар.   |1      |1      |2      |2      |
|3   |Реологиялық денелердің классификациясы|1      |1      |2      |2      |
|    |және олардың құрылымдық-механикалық   |       |       |       |       |
|    |қасиеттері                            |       |       |       |       |
|4   |Құрылымдық-механикалық қасиеттерді    |1      |1      |2      |2      |
|    |өлшеу әдістері мен аспаптары          |       |       |       |       |
|5   |Ығысулық қасиеттерді анықтауға        |1      |1      |2      |2      |
|    |арналған әдістер мен аспаптар         |       |       |       |       |
|6   |Тамақ өнімдерінің компрессионды       |1      |1      |2      |2      |
|    |сипаттамаларын өлшеуге арналған       |       |       |       |       |
|    |әдістер мен аспаптар                  |       |       |       |       |
|7   |Өнімдердің қатты денелермен шектескен |1      |1      |2      |2      |
|    |жеріндегі қасиеттерін анықтау әдістері|       |       |       |       |
|    |мен аспаптары                         |       |       |       |       |
|8   |Қатты тәріздес тамақ өнімдерінің      |1      |1      |2      |2      |
|    |ығысулық қасиеттері                   |       |       |       |       |
|9   |Сұйық тәріздес тамақ өнімдерінің      |1      |1      |2      |2      |
|    |ығысулық қасиеттері                   |       |       |       |       |
|10  |Өнімдердің компрессиондық қасиеттері  |1      |1      |2      |2      |
|11  |Өнімдердің беттік сипаттамалары       |1      |1      |2      |2      |
|12  |Бейньютондық сұйықтардың ағуы         |1      |1      |2      |2      |
|13  |Реологиялық зерттеулерді жүргізуге    |1      |1      |2      |2      |
|    |арналған әмбебап аспаптары            |       |       |       |       |
|14  |Тұтқыр-пластикалы өнімдердің қозғалыс |1      |1      |2      |2      |
|    |теңдеулері                            |       |       |       |       |
|15  |Тұтқыр-пластикалы өнімдерді           |1      |1      |2      |2      |
|    |тасымалдауға арналған құрылғылары     |       |       |       |       |
|    |Барлығы                               |15     |15     |30     |30     |




    6  ОСӨЖ және СӨЖ МАЗМҰНЫ



    3 кесте  - ОСӨЖ және СӨЖ жоспары
|№   |ОСӨЖ                                        |СӨЖ                          |
|р/н |                                            |                             |
|    |Аудиториялық       |Аудиториядан тыс        |                             |
|1   |2                  |3                       |4                            |
|1   |                   |Орналасу аптасы.        |1 тақырыбына дайындалу.      |
|    |                   |Тапсырмалар түрлері-мен |Өзбетінше дайындалу – негізгі|
|    |                   |танысу. Бірінші үй      |физикалық қасиеттерді        |
|    |                   |жұмысын беру.           |өлшейтін аспаптар.           |
|1   |2                  |3                       |4                            |
|2   |Бірінші үй         |Ауызша сұрауға дайындалу|2 тақырыбына дайындалу.      |
|    |тапсырмасын орындау|кезінде жеке            |Өзбетінше дайындалу –        |
|    |бойынша жалпы      |консультация беру.      |гидростатиканың негізгі      |
|    |консультация.      |                        |теңдеуін пайдалану мысалы,   |
|    |Ауызша сұрау.      |                        |қысымды өлшейтін құралдар.   |
|    |                   |                        |Бірінші үй тапсырмасымен     |
|    |                   |                        |жұмыс істеу.                 |
|3   |Бірінші үй         |Бірінші үй тапсырмасын  |3 тақырыбына дайындалу.      |
|    |тапсырмасын өткізу.|орындау  барысында жеке |                             |
|    |                   |консультация беру.      |                             |
|4   |Аудиториялық       |Ауызша сұрауға дайындалу|4 тақырыбына дайындалу.      |
|    |бақылау жұмысын    |кезінде жеке            |Өзбетінше дайындалу –        |
|    |орындау бойынша    |консультация беру.      |жылдамдық пен шығынды        |
|    |консультация беру. |                        |өлшейтін құралдар мен        |
|    |Ауысша сұрау.      |                        |әдістер.                     |
|5   |Аудиториялық       |Тестке дайындалу кезінде|5 тақырыбына дайындалу.      |
|    |бақылау жұмысы.    |жеке консультация беру. |Тестке дайындалу.            |
|    |                   |Екінші үй жұмысын беру. |                             |
|6   |Тестілеу.          |Екінші үй тапсырмасын   |6 тақырыбы бойынша дайындалу.|
|    |                   |орындау  барысында жеке |Екінші үй тапсырмасымен жұмыс|
|    |                   |консультация беру.      |жасау.                       |
|7   |Екінші үй          |Үшінші үй тапсырмасын   |7 тақырыбы бойынша дайындалу.|
|    |тапсырмасын өткізу.|беру.                   |Өзбетінше дайындалу –        |
|    |Бірінші аралық     |                        |жергілікті кедергілер.       |
|    |бақылау.           |                        |                             |
|8   |Ауысша сұрау       |Ауызша сұрауға дайындалу|8 тақырыбы бойынша дайындалу.|
|    |сұрақтары бойынша  |кезінде жеке            |                             |
|    |консультация беру. |консультация беру.      |                             |
|9   |Ауысша сұрау.      |Үшінші үй тапсырмасын   |9 тақырыбы бойынша дайындалу.|
|    |                   |орындау  барысында жеке |Үшінші үй тапсырмасы бойынша |
|    |                   |консультация беру.      |жұмыс жасау.                 |
|10  |Үшінші үй жұмысы   |Үшінші үй тапсырмасын   |10 тақырыбы бойынша          |
|    |бойынша            |орындау  барысында жеке |дайындалу.  Үшінші үй        |
|    |консультация беру. |консультация беру.      |тапсырмасы бойынша жұмыс     |
|    |                   |                        |жасау.                       |
|1   |2                  |3                       |4                            |
|11  |Үшінші үй          |Ауысша сұрауға дайындалу|11 тақырыбы бойынша          |
|    |тапсырмасын өткізу.|кезінде жеке            |дайындалу.                   |
|    |                   |консультация беру.      |                             |
|12  |Ауысша сұрау.      |Төртінші үй тапсырмасын |12 тақырыбы бойынша          |
|    |                   |беру.                   |дайындалу.                   |
|13  |Аудиториялық       |Тестке дайындалу кезінде|13 тақырыбы бойынша          |
|    |бақылау жұмысы.    |жеке консультация беру. |дайындалу.   Тестке          |
|    |                   |                        |дайындалу.  Төртінші үй      |
|    |                   |                        |тапсырмасы бойынша жұмыс     |
|    |                   |                        |жасау.                       |
|14  |Тестілеу.          |Төртінші үй тапсырмасын |14 тақырыбы бойынша          |
|    |                   |орындау  барысында жеке |дайындалу.   Төртінші үй     |
|    |                   |консультация беру.      |тапсырмасы бойынша жұмыс     |
|    |                   |                        |жасау.                       |
|15  |Төртінші үй        |Тестілік емтихан        |Емтиханға дайындық.          |
|    |тапсырмасын        |сұрақтары бойынша жеке  |                             |
|    |тапсыру. Екінші    |консультация беру.      |                             |
|    |аралық бақылау.    |                        |                             |


    7 «АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ РЕОЛОГИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ ҮРДІСІНІҢ
      КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ


    Кесте 4 - «Азық-түлік өнімдерінің реологиясы» пәні бойынша оқу
      үрдісінің күнтізбелік кестесі




    |№            |Апталар                                                            |




Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz