Файл қосу

Суды дайындаудың физикалық - химиялық тәсілдері




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                 |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                              |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы                                          |
|МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                                  |
|3 денгейлі СМЖ құжаты   |                ПОӘК    |                        |
|                        |                        |ПОӘК  042-              |
|ПОӘК                    |                        |                        |
|Студенттерге арналған   |№  1 басылым            |                        |
|пәннің бағдарламасы     |«__» _______ 2013ж.     |                        |
|«Суды дайындаудың       |                        |                        |
|физикалық-химиялық      |                        |                        |
|тәсілдері»              |                        |                        |










                       ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
               «СУДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ»
                 5В071700 – «ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКА» мамандығы үшін

                  СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ














                                                            Семей  2013
                                   Кіріспе


      1 ҚҰРАСТЫРҒАН
      Құрастырушы   ________ «__»_______ 2013 ж.
      Сейсенбаева М.К., «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының
аға оқытушысы.


      2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
      2.1 «Техникалық физика» кафедрасының отырысында.
      «__» ______ 2013 жылы, № 1  хаттама.
      Кафедра меңгерушісі ___________ О. Степанова.


      2.2  Инженерлік  -  технологиялық  факультеттің  оқу-әдістемелік  бюро
отырысында
      «__» _______ 2013 жылы, № 1  хаттама.


      Төрайымы ______________ С. Толеубекова


      3 БЕКІТІЛГЕН
      Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында  қабылданған  және
баспадан шығаруға кеңес берді.
       « __» _______ 2013 жылы, № 1  мәжілісхат.


      ОӘК төрайымы, проректор __________  Г. Искакова


      4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН.

                                   МАЗМҰНЫ


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 4
1.1   Оқытушының және пәннің жалпы мағлуматтар.   4
1.2 Пәннің қыскаша сипаттамасы мен мазмұны   4
1.3 Пәннін оқудың максаты   4
1.4 Пәндерді окьш-білудің негізгі міндеті    4
1.5 Оқып-білудің нәтижесі   4
1.6 Курстың пререквизиттері 5
1.7 Курстың постреквизиттері      5
2 САБАҚТАР ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПӘН САҒАТТАРЫНЫҢ БӨЛІНУІ ЖӘНЕ ПӘН МАЗМҰНЫ   5
3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР    7
4 КУРС ФОРМАТЫ   9
5 КУРС САЯСАТЫ   9
6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ  9
7 ӘДЕБИЕТТЕР     10
7.1 Негізгі әдебиеттер 10
7.2 Қосымша әдебиеттер 10
7.3 Internet-ресурстар 11


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


2 Оқытушының және пәннің жалпы мағлуматтар.

      Оқытушы – Сейсенбаева Маржан Касымхановна, аға оқытушы.
      Кафедра – Техникалық физика және жылуэнергетика.
      Байланыс ақпараты  – тел: 53-82-50, №9 ғимарат, №201 кабинет.
      Сабақты өткізу орны – дәрісхана № 202
      Пәннің аталуы - «Суды дайындаудың физикалық-химиялық тәсілдері»
      Берілген пән бойынша кредиттер саны – 3;

      1.2 Пәннің қыскаша сипаттамасы мен мазмұны

      Бұл  пән  «Жылуэнергетика»  бакалавр   мамандығы   бойынша   Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесі туралы мағұлмат береді.
      Суды дайындаудың физикалық-химиялық тәсілдері жылу электрстанцияларына
 табиғи су қоспаларын тазалап  дайындап  беруде  атқаратын  қызметін  ерекше
атап айтуға болады. Суды алдын-ала тазарту  және  өңдеу  беру  энергетикалық
қондырғылардың қызмет көрсету мерзімін арттырады.

      1.3 Пәннің оқудың максаты

      Курстың мақсаты - сулы-химиялық режимді үйымдастыру мен суды  дайындау
әдістерін окыту. Су дайындау қондырғыларының сенімді және  тиімді      жұмыс
істеуіне, қауыпсыз пайдалануына мүмкіндік береді.

      1.4 Пәндерді окьш-білудің негізгі міндеті

      Курстың  міндеті  -  электр  станциясы  циклындағы   негізгі   физика-
химиялык процестермен (коррозия, тұнба түсуі, қайнақ  және  калдык  түзілуі,
будың ластануы жэне т.б.), станциялык судын  касиеттерімен  таныстыру.  Суды
дайындау  әдістерінің  физика-химиялық  негіздерін  жэне  жабдықтарын   білу
негізгі жылу энергетикалық қондырғылардың  тиімді  жұмысы  мен  сенімдідігін
ұйымдастыру, сулы-химиялық режимнің қолайлы жағдайларын жүзеге  асыру,  суды
өңдеу   кезінде     химиялык    реагенттерді     үнемдеу,     қондырғылардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ағынды  сулардың  көлемі  мен  агрессивтілігін
азайту үшін қажет.

      1.5 Оқып-білудің нәтижесі

      Оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:
білу қажет:
-  қоспалар    сипаітамалары    мен    су    сапасының    негізгі
керсеткіштерін;
    -  иондық алмасу технологиясын;
    -  аса минералданған сулар мен ерітінділерді өндеу технологияеын;
    - газдарды кетіру технологиясын;
    - салқындататын суды өндеу технологиясын;


    -  ағынды суды зиянсыздандыру технологиясын;
    -  термиялык суды дайындауды;
меңгеру қажет:
  -  тәжірибелілік  жұмыстарды  жобалауды  мен  жүргізуді,   және   зерттеу
    әдістерін.
 игеруі қажет:
    - судың технологиялық параметрларын эксперименттік зерттеу әдістерін;
    - су-бу ауспалы процестерін талдау әдістерін;
    -  суды дайындау қондырғыларын іріктеу мен есептеу әдістерін;
    -  есептеу  техникасын  қолданып  суды  дайындау  жүйелерін   модельдеу
    әдістерін.
істей білуі керек:
    -  суды өңдеудің жеке кезеңдерінің негізгі параметрлерін есептеуді;
    - қалдықтар түзілуінің қарқындылыгын жэне коррозиялық процестер
    жылдамдығын есептеуді;
    - алғашқы мәліметтер мен қойылған талаптарға байланысты  суды  дайындау
    жүйелерін жобалауды.
түсіну қажет:
  - суды дайындаудың энергетикалық тиімділігін бағалауды;
  - өндірістік кәсіпорынның суды дайындады.
    хабардар болу:
  -      суды      алдын-ала      тазартудың       негізгі       әдістерін;





      алу тиіс:
    - бақылау аспаптарын;
    - судың химиялық мінездемелерін анықтаудың тәжірибелік әдістерін.
іс тәжірибелік дағдыларға ие болу:
  - суды дайындаудың түрлі әдістерін өндірістікте қолдай алу

      1.6 Курстың пререквизиттері

      1.6.1   физика;
      1.6.2   химия;
      1.6.3   техникалық термодинамика;
      1.6.4   жылумассаалмасу;
      1.6.5   сұйық пен газдар механикасы;
         1.6.6   қазандық қодырғылары және бу генераторлдары.

      1.7 Курстың постреквизиттері

      1.7.1   жылулық және атомдық электростанцтһиялар;
      1.7.2 элетростанцияның жылумеханикалық және қосымша құрал-жабдығы.

      2 САБАҚТАР ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПӘН САҒАТТАРЫНЫҢ БӨЛІНУІ ЖӘНЕ ПӘН МАЗМҰНЫ

      Сабақтар түріне байланысты пән сағаттарының бөлінуі және пән мазмұны 1-
 кестеде көрсетілген.

                                                                     1 кесте

|№  |Тақырып аты                            |Сағаттар               |Әдебиет |
|   |                                       |ДС |ПС |ЗС |ОСӨЖ |СӨЖ  |        |
|1  |2                                      |3  |4  |5  |6    |7    |8       |
|Модуль 1. Суды дайындау жалпы мәліметтер                                    |
|1  |Кіріспе. Жылуэнергетикада суды қолдану.|1  |   |   |     |     |7.1.1   |
|1  |Су сапасы көрсеткіштерін есептеу       |   |1  |   |     |2    |7.1.2   |
|1  |Судың жалпы сілтілігін және сілтілік   |   |   |3  |     |     |7.1.1,  |
|   |жеке формасын анықтау                  |   |   |   |     |     |7.2.1   |
|   |ТЭС-ке су көзін таңдау                 |   |   |   |6    |2    |7.2.1   |
|   |Суды содамен ізбестеу механизмі.       |   |   |   |4    |3    |7.2.1., |
|   |Мөлшерін анықтау                       |   |   |   |     |     |7.2.3   |
|2  |Суды алдын-ала тазарту.                |2  |   |   |6    |     |7.2.1   |
|   |Реагенттермен жеке кезеңдерде          |   |2  |   |4    |     |7.1.2., |
|   |өңдегеннен кейінгі су сапасының        |   |   |   |     |     |7.2.2   |
|   |технологиялық көрсеткіштері            |   |   |   |     |     |        |
|3  |Ион алмасу әдісімен суды өңдеу.        |2  |   |   |2    |1,5  |7.1.3.  |
|   |Ерітінді реагенттерінің дозирленуі.    |   |2  |   |     |     |7.2.1   |
|   |Судың қаттылығын анықтау.              |   |   |3  |6    |     |7.2.2   |
|   |Суды ионды алмасу әдісімен өңдеу.      |   |2  |   |     |     |7.2.2   |
|   |Суды тазартуда мембраналық және        |   |   |   |4    |3    |7.2.3   |
|   |ионалмастырғыш әдістерді қиыстыру      |   |   |   |     |     |        |
|   |Суды тазартудың мембраналық әдісі (кері|   |   |   |4    |     |7.2.3   |
|   |осмос, диализ, электродиализ).         |   |   |   |     |     |        |
|4  |Суды тазартудың мембраналық әдістері.  |2  |   |   |2    |2    |7.2.1   |
|   |Суды фильтрлеумен түссіздендіру.       |   |2  |   |     |     |7.1.2   |
|   |Коагуляция әдісімен судан коллоидты    |   |   |3  |     |     |7.1.2   |
|   |қоспаларды тазарту.                    |   |   |   |     |     |7.2.3   |
|   |Суды химиялық және термиялық әдістермен|   |   |   |6    |3    |7.1.2,  |
|   |өңдегеннен кейінгі тұздандырылған суды |   |   |   |     |     |7.2.1., |
|   |түсіру                                 |   |   |   |     |     |7.2.2., |
|5  |Суды газдардан тазарту.                |2  |2  |   |     |     |7.1.2   |
|Модуль 2. Жылуэнергетикада қолданылатың суды дайындау тәсілдері             |
|   |Буландырғыштардың сулы режимдерін      |   |   |   |4    |2    |7.2.1   |
|   |есептеу негіздері                      |   |   |   |     |     |        |
|   |Реагенттік әдістермен минералды        |   |   |   |4    |     |7.2.1., |
|   |тұздарды қалдыққа айналдармау жолдары. |   |   |   |     |     |7.2.2., |
|   |Оптималді реагент пен оның мөлшерін    |   |   |   |     |     |7.1.2.  |
|   |тандау.                                |   |   |   |     |     |        |
|   |Судың сутегі иондарының активтілігін   |   |   |3  |4    |     |7.2.1   |
|   |анықтау (рН мәні).                     |   |   |   |     |     |        |
|   |Фильтрлеу материалдары. Оларға         |   |   |   |2    |2    |7.2.3   |
|   |қойылатын талаптар                     |   |   |   |     |     |        |
|6  |Салқындататын және айналымдағы суды    |2  |2  |   |2    |     |7.1.2,  |
|   |өңдеу.                                 |   |   |   |     |     |7.2.2   |
|   |                                       |   |   |   |     |     |        |
|   |1-ші кестенің жалғасы                  |   |   |   |     |     |        |
|   |Коррозия мен жабдықты коррозиядан      |   |   |   |2    |2    |7.1.2   |
|   |қорғау әдістері (реферат).             |   |   |   |     |     |        |
|   |Декарбонизаторлар мен деаэраторларды   |   |   |   |4    |     |7.2.1., |
|   |есептеу негіздері.                     |   |   |   |     |     |7.2.3   |
|7  |Суды термиялық тұзсыздандыру.          |2  |2  |   |     |     |7.1.3   |
|   |Катионды алмасу әдісімен суды жұмсарту |   |   |3  |     |     |7.1.3., |
|   |(умягчение).                           |   |   |   |     |     |7.2.2.  |
|8  |Электр станциялардың ағынды сулары және|2  |   |   |1,5  |     |7.1.3., |
|   |оларды зиянсыздандыру технологиялары.  |   |   |   |     |     |7.2.3.  |
|   |БАРЛЫҒЫ                                |15 |15 |15 |67,5 |22,5 |        |


      3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

      Студенттің  берілген пәнді оқып үйренуін  қамтамасыз  ететін  кеңестер
мен түсіндірмелер жиынтығы.  Кеңесті  жасаған  кезде,  курстың  бір  бөлігін
студенттің  өздік  оқып  үйренуімен  жүретінін  ескеру  керек.   Әдістемелік
кеңестің мазмұны:
      а)  Пәнді  оқып  үйренуге  қажетті  уақытты   жоспарлауға   және   оны
ұйымдастыруға керекті ақыл-кеңестер.
      Бұрын пәннің теориялық бөлігіне бөлінген жалпы сағат санының  60-70%-і
бөлігі қарастырылса қазір оған небәрі 15-30 %  қана,  ал  қалған  70-85  %-і
студенттің оқытушының қадағалауымен жүретін өздік жұмысына (ОСӨЖ)  және  тек
студент өзі  ғана  жасайтын  СӨЖ   (студенттің  өздік  жұмысы)  жұмсалатының
ескерту керек.
      Дәріс – оқудың ең маңызды түрі. Ғылыми- техникалық  ақпаратдың  көлемі
күннен күнге өскендіктен, дәрістің мазмұнын  кеңейтіп  және  оған  қойылатын
талапты да жаңартып, жақсартып отыру керек. Дәрістің студенттің  пәнді  оқып
үйренуін ұйымдастыруға тигізетін пайдасы көп.  Бірақ  діәріс  алушы  дәріске
иек артып алмауы шарт. Дәріс  өздік  жұмысты  алмастыра  алмайды.  Сондықтан
студент дәріске өз бетімен  дайындалуы  керек.  Ол  оқулықтан  немесе  басып
шығарылған дәрістер жинағынан дәрістің  мазмұнымен  танысып,  оны  ар  қарай
дамытып конспект жазуы керек. Барлық дәріске дайындалу уақыты кемінде  20-40
минуттан  кем  болмауы  қажет.  Бұл  уақытты  үнемдеуге  мүмкіндік   береді.
Практикалық сабаққа және зертханалық  жұмысқа дайындық пәнді  оқып  үйренуде
студенттің білімінің жетіле беруіне қол жеткізеді.
      Екі сағаттық практикалық сабақтың кемінде  бір сағат дайындалу  керек.
Практикалық  сабаққа  дайындықты  тексеру  әр  сабақтың  басында   болатынын
студент  білуі  керек.  Практикалық  сабақта  көрсетілген   өздік   жұмыстың
творчествалық  элементі   ескерусіз   қалмайтының   студент   білуі   керек.
Практикалық сабақта есепті әр  студент  оқытушының  қадағалауымен  өзі  жеке
шығарады.  Студенттің  жұмысы  аралық  үлгерімді  тексеру   арқылы   жүреді,
сондықтан  студент  әрбір  жіберілген  (босатылған)  сабақтың  оған  тигізер
залалы үлкен екенін естен шығармауы керек.
      в) Оқу әдістемелік кешеннің (ОӘК) материалдарын  пайдалануға  арналған
кеңес.
      Студент оқу материалдарымен бірінші рет  таныса  отырып,  оның  берген
жаңалықтарын, ерекшелік  нысандарын  қабылдап,  сол  арқылы  пәннің  негізгі
жағдайын түсінуі керек.
      Оқу процесіндегі негізгі рольге  оқытушының  материалдарды  түсіндіруі
және пайдаланылатын  көрнекті  құралы  жатады.  Ары  қарай  жаңадан  алынған
ақпарат бұрынғы  алынған  білімдермен  араласып,  олардың  арасында  пайдалы
байланыс құралына айналады. Сонда барып  студентте  оқытылатын  пән  бойынша
белгілі бір түсінік (ұғым) пайда болады.
      Студент оқу пәнінің негізгі ережелерін және заңдылықтарын иеленіп, оқу
материалдарын  жалпы  түрде  меңгеріп   оны   күнделікті   жұмыста,   өмірде
пайдалануға дайын тұрады.
      г) Оқулықтар мен  қосымша  оқу  құралдарымен  жұмыс  істеуге  арналған
кеңес.
      Егер студент берілген материал көрсетілген оқулықта жеткіліксіз  түрде
берілген деп есептесе немесе онда  берілген  материалды  оқып  зерттеу  қиын
екенін  білсе,  онда  ол  берілген  басқа   оқулықтардағы   немесе   қосымша
құралдардағы материалдарды пайдалану керек. Жақсы оқулықты  дұрыс  таңдаудың
алатын орны зор. Сондықтанда оқулықтар негізгі және қосымша болып  бөлінеді.
Егер негізгі оқулықтарда берілген материал жеткіліксіз болса,  онда  қосымша
оқулықтарды пайдаланғаны жөн.
      Оқулықтар тізімі стандарт бойынша жасалады.
      Берілген тақырып бойынша  оқулықтарды  және  басқа  ғылыми  көпшілікке
арналған материалдарды оқыған соң, конспект құру керек.  Онда  пайдаланылған
оқулықтардың  реттік  нөмірі,  беті,  кестелері   және   т.б.   берілгендері
көрсетілуі шарт.
      Емтиханға (сынаққа) дайындыққа керекті кеңестер.
      Әртүрлі факторларді еске сақтауды, процестердің  принципін  көрсететін
заңдылықтарды жатқа айту, немесе берілген материалдарды өз  сөзімен  жеткізу
сұрақтарына жауап бере алуды үйрену және жалпы  принциптерді  жаңа  жағдайда
қолдана алуды үйрену. Студент объектіні  оның  құрамдас  бөліктеріне  жіктей
және  керісінше  құрамдас  бөліктерін  бүтіндей  объектіге  айналдыра  білуі
керек.  Бұл  процестер  ерекше  ойлау  процестерін  (жоспарлау,  байланысты,
заңдарды құру) талап етеді.  Жұмыстардың  құндылығын  дайын  немесе  жаңадан
жасалған  критерилер  мен  стандарттар   көмегімен   қарастыра   білу   және
басқалардың алдында өзінің көз  қарасын  қорғай  білу  студентка  емтиханды,
сынақты жақсы тапсыруға көп көмегін тигізеді.

      4 КУРС ФОРМАТЫ

      Аудиториялық  сабақтарға  келесі  түрлер   жатады:   лекциялар   (ЛК),
практикалық (СПЗ) және ОСӨЖ.
      Кейбір тақырыптар сабақта,ал кейбір тақырыптар өз  бетінше  оқылады.Әр
тақырыпты  оқу  кезінде  (5÷7)  негізні  анықтамаларды  түсініп  алу  қажет.
Орындалатын рефераттар көлемі 5-10 бетке дейін болуы керек.

      5 КУРС САЯСАТЫ

      Сабаққа қатнасу  студенттің  міндеті.  Егер  қандай  да  бір  себеппен
студент сабаққа қатнаса алмаса, ол  қарастарылмаған  материал  үшін  жауапты
болады.
      Сабақ жүріп жатқан уақытта тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылады
немесе курс бойындағы бағасы «қанағаттанарлықсыз» деп жазаланады.
      Бақылау  жұмыстары  міндетті  түрде  орындалып,  уақытында  тапсырылуы
керек. Уақытында орындалмаған жұмыстар, автоматты түрде төмен бағаланады.
      Аралық сынақтың қортындысында сабаққа қатнасуы,  студенттің  уақытында
өздік жұмыстарды  орындауы,  ауызша  немесе  жазба  түрде  сабақтарда  жауап
беруі, аралық бақылаудың өзінің нәтижесі ескеріледі.
      Көшіріп алу немесе плагиатқа  (басқа  студенттердің  есептерін  немесе
дайын тапсырмаларды көшіру, пайдалану) жол берілмейді және сол үшін  студент
аудиториядан  шығарылады  немесе  «қанағаттанарлықсыз»  бағамен  жазаланады.
Ұялы телефондар сабақ уақытында өшіру қажет.

      6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ

      Кредит санына қармастан әрбір пәнге бір академиялық периодқа 600  балл
бөлінеді(1-7 апта - 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны  үшін;8-15  апта
– 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін).
      Бақылаулар түріне қарай және апталар  бойынша  баллдар  үлестірілуі  2
кестеде көрсетілген.
                                                                     2-кесте

|Бақылау турі          |Апталар/баллдар                                 |
|                      |3                       |4                      |
|Сабаққа қатысу 1-15   |30                      | 30                    |
|апталар аралығында    |                        |                       |


      7 ӘДЕБИЕТТЕР


      7.1 Негізгі әдебиеттер

      7.1.1  Копылов  А.С.,  Лавыгин  В.М.,  Очков  В.Ф.  Водоподготовка   в
энергетике. – М.: Издательство МЭИ, 2006. – 309 с.
      7.1.2 Лифшиц О.В. Справочник по водоподготовке котельных установок.  –
М.: Энергия, 1976. – 456 с.
      7.1.3 Электронная энциклопедия энергетики.

      7.2 Қосымша әдебиеттер

      7.2.1 Стерман Л.С. Тепловые и атомные электростанции – М.: МЭИ,  2000.
– 395 с.
      7.2.2 Маргулова Т.X.  Атомные  электрические  станции.  –  М.:  Высшая
школа, 1984.
      7.2.3 Громогласов А.А., Копылов А.С., Пильщиков  А.П.  Водоподготовка:
Процессы и аппараты. Учебное  пособие  для  вузов.  –  М.:  Энергоатомиздат,
1990. – 272 с.
Пәндер