Файл қосу
Орта түркі дәуірі
5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған «Түркі филологиясына кіріспе және қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінің ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2015 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық сабақтар 4. Студенттердің өздік жұмыс тақырыптары Глоссарий: Түркітану пәні – түркі халықтарының барлық рухани – мәдени өмірін, әдебиет, тіл, тарих, археология, этнография, география, әлеуметтану, философиялық көзқарасын түгел қамтитын ғылым саласы. Кунсткамера – сирек кездесетін бұйымдар мен табиғаты ғажайып, ерекше заттардың жинақталған жері, музейі деген мағынадағы неміс сөзі. Түркі (тюркский) этнонимі түркі халықтарының бәріне ортақ атау. Түрік – этнонимі Осман түріктерінің халықтарының аты. Түркі тілдерінің классификациясы – түркі тілдерін топтастыру, жіктеу. Көне түркі тілдері – Орхон-Енисей жазба ескерткіштері, көне жазба ескерткіштері. 1-дәріс Тақырыбы: Түркология пәні. Түркі тілдері туралы мәлімет 1 Түркология пәнінің зерттеу обьектісі 2 Түркі ру-тайпалары алғашқы мәлімет (Қытай жылнамаларында) 3 Түркі ру-тайпалары туралы алғашқы мәлімет (Орыс жылнамаларында) Түркі халықтары – бір-бірімен бөлініп, жеке-дара өмір сүрген халықтар емес, қайта өзара тайпа-тайпа болып, жіті араласып, тығыз қарым- қатынаста бірге жасап келе жатқан, кейде өзара жауласып, кейде одақтасып отырған этникалық топтар. Сондықтан болар, көп .жағдайда олардың тарихы, әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, салт-дәстүрі, діні, тілі ортақ болып келген. Түркітану бір жағынан, сол көне түркі тайпалары мен халықтарының көптеген ғасырға созылған тарихын зерттеу барысында қалыптасқан пән болып саналса, екінші жағынан, әлі жас, көптеген проблемалары шешіле қоймаған, әлі де дами түсуге тиісті ғылым саласы. Көне тарихта қолданылған «түрк» сөзі қазіргі кезде жаңа мазмұнға ие болған. Егер түрк атауы тек ертедегі «түрк будуны» тіркесінде ғана қолданылса, бүгінде «түркі» этнонимі түркі тілдес халықтарының, ру- тайпалардың бәріне бірдей өкілеттік жасайтын жалпы терминге айналды. Қазан төңкерісіне дейін «түркі» терминіне түрлі мағына беріліп, оны бірде татар, енді бірде түркі-татар терминімен теңестіріліп келді. Қазір түрк//түрік термині Түркияның негізгі халқының атауына айналды. Түрк сөзі тарихи уақиғаны білдіру үшін «Түрк қағанаты» деген тіркесте қолданылып жүр. Қалай болса да, түрк//түрік//түркі атауларының түп төркіні бір сөз. Республикамызда «Түркологияға кіріспе» деген пән 1985 жылдан бастап жоғары оқу орындарында бағдарлама негізінде оқытыла бастады. «Түркі филологиясына кіріспе» оқу құралының негізгі мақсаты – студенттерге түркі тілдерінің зерттелу тарихынан, олардың топтастырылып, жіктеліну принциптері жайынан мәлімет беру, әрбір түркі тілінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру, олардың бір-бірімен алыс- жақындығын ажырата білуге үйрету, т.б. Авторлар түркі халықтарының этникалық құрамы мен құрылымы туралы мәлімет бере отырып, олардың тарихи дамуын тіл тарихымен байланыстыра анықтауды, тілдік сыбайластықтың тарихи сырын анықтай білуді, салыстыра анықтауды үйретуді мақсат етті. Бақылау сұрақтары: 1 Түркология пәнінің зерттейтін обьектісі 2 «Түркі» этнонимі туралы не білесіңдер? 3 Түркі тілдері туралы мәліметтер қашан шықты? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе. 2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану. 2- дәріс Түркі тілдерінің зерттелу жайы. ХҮІІІ ғ. І-ІІ жартысындағы басты зерттеулер 1. ХҮШ ғ. І-ІІ жартысындағы тіл тарихын зерттеу 2. ХҮІІІ ғ. І-ІІ жартысындағы басты зерттеулер, салыстырмалы сөздіктер 3. Алғашқы практикалық грамматикалардың жасалуы Қазан төңкерісінен кейін түркі тілін зерттеу Мәскеу мен Ленинградта (Санкт-Петербург) кеңінен етек алды. Республикаларда институттар, академиялар ашылып, үлкен қалаларға шоғарланды. Мәскеу мен Ленинградта шоғырланған тілшілер жалпы және теориялық түркітанымға қатысты мәселелерді зерттеді. В.А.Богородицкий(1879-1941)- көрнекті орыс тіл білімінің, Қазан мектебінің өкілі, түркі тілдерінің фонетикасын салыстыра зерттеген және олардың генеологиялық жақтан классификациясын жасаған ғалым. Е.Д.Поливанов(1891-1938)-жалпы тіл біліміне байланысты көптеген қүнды пікір айтқан ғалым. Ол алтай тіл бірлігін талдап, түркі, монғол, корей және жапон тілдерін зерттеген, озбек тілі диалектологиясының негізін жасаған.Н.К.Дмитриев( 1898-1954)- түркі тілдерінің тарихына байланысты түрік және башқүрт тілдерін жан-жақты зерттеген және жалпы түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи зерттеулерге басшылық жасаған, қүнды пікірлер айтқан корнекті орыс түркітанушысы. Н.К.Баскаков( 1905-1993) бүкіл түркі тілдері бойынша қүнды еңбектер жазған, қарақалпақ, ноғай, үйғыр, алтай, тува, т.б. тілдерді жан-жақты зерттеп, теориялық еңбек жазған, бірнеше тілдердің диалектілік ерекшелігін тексеріп, сөздігін жасаған көрнекті ғалым. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе. 2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану. 3 -дәріс Тақырыбы: ХІХғ. І-ІІ жартысы. Басқа шығыс тілдерінің қатарында түркі тілдерінің университеттер мен академия тарапынан зерттелуі 1. Түркі тілдерінің 19 ғ. зерттелу жайы 2. Түркі тілдерінің Петербург оқу орындарында оқытылуы, зерттелуі 3. Шығыстану орталықтары XIX ғасырдың алғашқы жартысында Ресейде едәуір етек алған түркологиялық жүмыстың тағы бір түрі түрколог кадрлар дайындау ісі болды. Алдыңғы ғасырда жекелеген мектептерде, гимназияларда ғана түркі тілдері оқытылатын болса, XIX ғасырдың басынан бастап бүл жүмыс академиялық, университеттік дәрежеге көтеріліп, кең көлемде жүргізідді. Жалпы Шығыс тілдерін, соның ішінде түркі тілдерін де оқыту, сойтіп, түркология кадрларын дайындау жүмыстарын ғылыми негізде дамыту үшін шет елдерден дарынды Шығыстану ғылымының мамандары шақырылды. Сондай мамандардың бірі – атақты Шығыс зерттеушісі Хрестиан Данилович Френ дейтін неміс ғалымы. Ибрагим Халфин, Мырза Қазамбек, Илья Николаевич Березин, Лазарь Захарович Будагов, Қызылүлы Пора Катанов, Николай Иванович Ильминский, Сергей Ефимович Малов, Феодар Евгеньевич Корш сияқты даңқты түркологтар-осы университеттің түлектері және соның оқытушылары болған, XIX ғасырдағы түркологияның дамуына зор үлес қосқан адамдар. Шығыс тілдерін, түркі тілдерін оқытатын жоғарғы оқу орындары Мәскеу мен Петербургта болды. XIX ғасырдың бас кезінде, яғни 1811 жылы Мәскеу университетінде Шығыс және түркі тілдерінің түңғыш кафедрасы үйымдастырылып, онда араб, парсы, түркі тілдері окытылатын болған. Мүнда белгілі түркологтар Ф.Корш, А.Крымский, В.АТорделевскийлер сабақ берген, ғылыми жүмыстар жүргізген. Шығыстанудың тағы бір орталығы- Петербургтағы Ресей Ғылым академиясы мен университеті болған. 1822 жылдан бастап университетте шығыс тілдері кафедрасы ашылды да, онда шығыс және түрік тілдері оқытылатын болды. 1855 жылы аталған кафедра негізінде шығыс тілдері факультеті ашылды. Бұл оқу орнымен қатар 1818 жылы академия жанынан «Азия музейі» дегек құрылды. Музей жазба нұсқаларын жинау, оларды зерттеу, жариялау сияқты ғылыми жүмыстармен айналысты. Бүл музей і 938 жылы қүрылған Мәскеу шығыстану институтына негіз болады. Петербургте қалыптасқан түркологиялык орталық баска жердегіден барлық жағынан да күшті еді. Сол замандағы корнекті түркологтар-Қазамбек, Березин, Вельяминов-Зернов, Будагов сияқты ғалымдар осында істейді. XIX ғасырдьщ екінші жартысынан былай түркологияға басшылық ететін орталықтың өзгергені мәлім. Бүрын оның мекен-жайы Қазан каласы болса, енді ол Петербургке ауысты. Петербург университетіндегі Шығыстану факультеті осындағы Азия музейі түркологиялық орталыққа айналады, шығыс халықтарының бай жазба ескерткіштері енді осындағы кепшілік кітапханасына шоғырландырылады. XIX ғасырдың екінші жартысынан бері қарай түркология теориялық тереңдігі жағынан да, қамтыған тілдері мен проблемаларының колемі жағынан да, ғылыми кадрларының саны мен сапасы жағынан да үздіксіз ілгері басуда, дамуда болды. Бүл мезгілдер ішінде түркологияны дамытуға, оның даңқын арттыруға үлес қосқан ғалымдар В.Радлов, О.Бетлинк, В.В. Вельяминов-Зернов, Н.Ильминский, П.Мелиоранский , В.Бартольд, XX ғасырдың бас кезінен бастап бүларға С.Малов, А.Самойлович, Н.Ашмарин, В.Богородицкий сияқты белгілі түркологтар қосылды. Бүл мерзімнің бастапқы кезінде түркі тілдері ішінде әзірбайжан, түрік, қазақ тілдерін зерттеуге кобірек коңіл бөлінді. Әзірбайжан, түрік тілдерін оқытуға арналған шағын көлемді бірнеше оқу қүралдары, соларға қоса екі тілді создіктер бірінен кейін бірі шығарылды. Бақылау сұрақтары: 1. ХІХ ғасырдың І жартысындағы түркітанушы орыс ғалымдары кімдер? 2. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы түркітанушылар зерттеулері? 3. Петербор, Москва, Қазан, Харьков университеттерінде шығыс тілдерінің оқытылуы туралы не білесің? 4. В.Н.Татишев, В.В.Бартольд, В.В.Радлов, А.Казем-Бек, И.Н.Березин, Н.И.Ильминский т.б. еңбектері туралы не білесіңдер? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе. 2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану. 4-дәріс Тақырыбы: Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің зерттелуі 1. Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің зерттелуі. 2. Түркі тілдеріне тән мәселелерді зерттеудегі кеңес түркологтары еңбектерінің мәні. 3. Ұлттық тіл білімінің қалыптасуы XX ғасыр XIX ғасырдағы зерттеудің жалғасы ретінде бұрынғы еңбектерді тереңдетті, жаңа зерттеушілерді дүниеге әкелді. Олар А.Байтұрсынұлы, И.Гаспренский, Фитрат, А.Ахундов сияқты халық өкілдері, А.К.Дмитриев, В.А. Гордлевский, А.К.Боровков, Е.Д. Поливанов, В.А.Богородицкий, И.А.Батманов сияқты орыс тілшілері, шетелдік түркітанушылар Дж.Дени, А.Зайничковский, Н.Полис, т.б. XX ғасырда түркі халықтарының көпшілігіп Ресей өкіметі жаулап алып, қол астына бодан ретінде қалдырып отырған. 1917 жылгы Қазақ төңкерісінен соң да түркі халықтарына еркіндік бермей, Кеңестік езгінің астында үстады. Сондықтан қол астындағы халықтардың тілін, әдебиетін, мәдениетін аз болса да зерттеп, тізгінін қол астында үстап түрғандығы да анық. Бірнеше рет қуғын-сүргін жасады, көрнекті адамдарын сталиндік түрмелерге жаппаса да, өте әлсіз болса да, егемендік жорығы жақындай берген сайын үлттық мәдеңиет, ғылым дами бастады. Соның бірі ұлттық тіл білімі еді. Әрине, озық, мәдениетті орыс ғалымдары ұлттық ғылымға жәрдем берді, түркітанымның қалыптасуына ықпал жасады. Бірақ ғылымның бар саласын дамытуға жағдай жасамады. Кеңестік билік аппарат, коммунистік саясат өз мақсатына байланысты жоспармен жұмыс істеді, сол үшін еңбекші халықтарды да, интелигент-оқымысты азаматтарды да аямады. Оған дәлелді тарихөтан мол көрсетуге болады. Соңғы кезде аты белгілі болған атакты орыс ғалымдары Вавилов, Сахаров, Поливановтарды, қазақтың А.Байтүрсынүлы, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты басқа халық азаматтарын да атауға болады. Кеңес өкіметі кезінде түркітану пәнінде қызмет еткен көрнекті ғалымдарды қүрметтеп қазір де атап жүр. Мысалы, қазак тілшілері Н.К.Дмитриев пен Е.С.Малов, қырғыз тілшілері К.Юдахин мен И.А.Батмановты, өзбек тілшілері Е.Д.Поливанов пен А.К.Боровковты, түркімен тілшілері А.Н.Самойловичті қүрметтеп атайды. Қазан төңкерісінен кейін түркі тілін зерттеу Мәскеу мен Ленинградта (Санкт-Петербург) кеңінен етек алды. Республикаларда институттар, академиялар ашылып, үлкен қалаларға шоғарланды. Мәскеу мен Ленинградта шоғырланған тілшілер жалпы және теориялық түркітанымға қатысты мәселелерді зерттеді. В.А.Богородицкий(1879-1941)- көрнекті орыс тіл білімінің, Қазан мектебінің өкілі, түркі тілдерінің фонетикасын салыстыра зерттеген және олардың генеологиялық жақтан классификациясын жасаған ғалым. Е.Д.Поливанов(1891-1938)-жалпы тіл біліміне байланысты көптеген қүнды пікір айтқан ғалым. Ол алтай тіл бірлігін талдап, түркі, монғол, корей және жапон тілдерін зерттеген, озбек тілі диалектологиясының негізін жасаған.Н.К.Дмитриев( 1898-1954)- түркі тілдерінің тарихына байланысты түрік және башқүрт тілдерін жан-жақты зерттеген және жалпы түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи зерттеулерге басшылық жасаған, қүнды пікірлер айтқан корнекті орыс түркітанушысы. Н.К.Баскаков( 1905-1993) бүкіл түркі тілдері бойынша қүнды еңбектер жазған, қарақалпақ, ноғай, үйғыр, алтай, тува, т.б. тілдерді жан-жақты зерттеп, теориялық еңбек жазған, бірнеше тілдердің диалектілік ерекшелігін тексеріп, сөздігін жасаған көрнекті ғалым. А.НКононов(1906-1974)- көне түркі жазба ескерткіштерінің грамматикалық жүйесі мен мәтінін жариялаушы, түркітаным тарихын зерттеуші, қазіргі түрік, езбек тілдерін зерттеген және тілді зерттеу әдістері туралы теориялық еңбек жасаған ғалым. Орыс ғалымдарымен қатар жеке-жеке үлт тілдерін зерттеуде өндіре еңбек еткен және еңбек етіп жатқан жергілікті үлт ғалымдары да за емес. Олардың біразын біз тек өздері зерттеп жүрген түркі тілдері бойынша ғана атап өтеміз. Қазақ тілі бойынша: А.Байтұрсынұлы, С.Аманжолов, К.Аханов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, ,Т.Қордабаев, Ө.Айтбаев т.б., қырғыз тілі бойынша: Б.Юнусалиев, Б.Орузбаева, Т.Ахатов, Ә.Жапаров т.б., ноғай тілі бойынша: Н.Баскаков, М.Милых, түрік тілі бойынша: ДА.Магазаник, А.Н.Кононов, Р.А.Аганин т.б. Бақылау сұрақтары: 1 Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің зерттелуі, жетістіктері қандай? 2 Кеңес түркологтары еңбектерінің мәні неде? 3 Түркітану ғылымына қазақ ғалымдарының қосқан үлесі туралы не білесің? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе. 2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану. 5-дәріс Такырыбы: Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу 1 Түркі тілдерін (орта ғасыр) салыстыра зерттеудегі ғалымдарының еңбектері. 2 М.Қашқари сөздігінің мәні. 3 Араб ғалымдары зерттеулері. 4 Салыстырмалы-тарихи зерттеулерге қойылатын негізгі талаптар. XIX ғасыр тіл білімі тарихында ерекше орын алады. Өйткені бүл кезде тіл фактілерінің ерекшеліктері мен өзіндік қасиеттерін ғылыми негізінде дүрыс түсінуге, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп қарауға мүмкіндік туғызылатын салыстырмалы-тарихи тәсіл пайда болды. Бүл тәсілдің қалыптасуына байланысты туыстас тілдердің озара қарым-қатынас, төркіндестігін, сондай-ақ, әрбір нақты тілдің дамуын кезеңдерге болу тәрізді мәселелер қарала бастады. Бүл тәсілді қолдану арқылы әрқашан өмір сүруден көне, олі тілдердің қүпия сырларына үңілуге мүмкіндік туды. Салыстырмалы -тарихи тәсіл жеке бір елде ғана пайда болған жоқ. Тілдерді өзара салыстыра отырып зерттеу идеясы бірсыпыра елдерде, ірі лингвистер енбектерінде де бір кездерде, дәлірек айтсақ, ХІХғ. I жартысында пайда болды. Алғашқыда, көбінесе тілдердегі кейбір сөздердің фонетикалық және семантикалық үқсастығы өзара салыстырылды. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің алғашқы өкілдері Ф.Бопп, Р.Раск, А.Қастеков өз еңбектерінде тілдің дыбыстық жағын тарихи негізде қүнтты түрде талдау қажеттігін көбірек көңіл бөлді. Оның себебі-тілдердің дыбыстық үқсастығы кездейсоқ болуы да мүмкін. Сондықтан да дыбыстық кешендердің бір тілде немесе бір топ туыс тілдерде өмір сүрген үзақ мерзімін түтас алып зерттегенде ғана олардың даму процесін аңғартуға болады. 1) Тіл материалдарын салыстырғанда оның қазіргі жайын өткендегі тарихымен байланыстыра қараған жен. Осыған байланысты салыстырмалы-тарихи зерттеудін негізгі мақсатты-ең көне формасын анықтау. 2) Салыстырмалы-тарихи зерттеуде әр тілдің ішкі заңдылығы есепке алынуы керек. Жеке- жеке тіл болып саналатын түркі тілдері езара ортақ заңдылықтарымен байланысты жатады. 3) Салыстырмалы-тарихи зерттеу хронологиялык зандылықты қатаң сақтау қажет. 4) Салыстырмалы-тарихи зерттеулерде тілдердің генеологиялық жақындығы есепке алынуы керек. Тіл материалдарын салыстырғанда алдымен туыстық тілдердің материалы қамтылуы тиіс. Әр текті тілдер салыстырмалы-тарихи зерттеудің обьектісі болмайды(Түркі тілдерін генеологиялық жақтан классификация жасаған(Н.А.Баскаков бойынша)). Оларды: батыс және шығыс хун тілдеріне бөлеміз де, қазақ тілін қыпшақ тобына енгіземіз. Оларды тағы 3 топқа беліп(қыпшақ-қүмақ, қыпшақ.бүлғар, қыпшақ-ноғай) қазақ тілін қыпшақ-ноғай тіліне жатқызамыз.( 4-нші өз ішіндегі говорлармен ) Сонда 2-ші генеологиялық жағынан қыпшақ-ноғай тобына енетін ноғай, қарақалпақ тілдер материалдармен салыстырған жөн) 5) Салыстырмалы-тарихи әдістің фактілері-дыбыстар мен оның заңдылықтары, морфологиялық түлғалар, сөйлем жүйесі, және сөздердің лексикалық, грамматикалқ мағыналары. 6) Салыстырмалы-тарихи зерттеуде тек туыстас тілдердің материалы ғана зерттеледі. Кеңес түркологтарынан салыстырмалы-тарихи зерттеуге өз үлесін қосқан: А.Н.Кононов, В.А.Богородицкий, Н.Н.Дмитриев, Э.Қ.Севортян, Н.А.Баскаков, А.М.Щербак т.б. Түркологияда салыстырмалы-тарихи зерттеушілер тілдің барлық саласы бойынша жүргізілді. Соның ішінде біршама толық зерттегені-Фонетика. Грамматикалық категориялардың қалыптасу, даму жолдары салыстырмалы-тарихи зерттеудің обьектісіне жатады. Лексиканы салыстырмалы зерттеу М.Қашқари «Сөздігінен» басталған. В.В.Радлов «Древнотюркский словарь»(1968) жарық көрді. Бүл еңбекте Орхон- Енисей ескерткішітерінін бәрі қамтылған, ғылыми ескерткіштерінің тілі бойынша Ә.Нәджіп, Ғ.И.Фазылов, Ә.Құрышжанов, А.М.Щербактар тарапынан басылған сөздіктер, сондай-ак, Э.М.Севортянның этимологиялық сөздіктерін ерекше атап өтуге болады. Араб тілінде, араб графикасымен жазылған түркологиялық еңбектер ХІ-ХУ ғасырлар арасын қамтиды. Осы мезгіл ішінде түркі тілдерінің салыстырмалы сөздіктерін жасау, шағын көлемді практикалық грамматикалық очерктерін жазу саласында едәуір жүмыстар істеліпті. Араб тілді ғалымдар жазған түркологиялық зерттеулердің ең алғашқысы және ең келемді де күндысы түркі әулиетінен шыққан , Бағдат ғалымы Махмүд Қашқари жасаған «Диуани лүғат ит түрік» деп аталатын сөздік. Махмүд сөздігі әдеттегі сөздіктер сияқты тек лексикалық материалдармен ғана айналыспай, ол- өте кең мазмүнды зерттеу. Мүнда түркі тілінің сез колданысы, оның семантикалық, дыбыстық, грамматикалық сипаттары, бірі-біріне үқсастық, өзгешеліктері кең қойылып, терең баяндалған. Махмүд Орта Азияны мекендеген түркі халықтарын солтүстік, оңтүстік деп екі түстікке бөледі де, әр түстік қүрамына енетін халықтар тізімін береді. Сондай-ақ, түркі тілдерін оғуз, қыпшақ, түрки деп аталатын үш топқа бөліп, әр топқа жататын тілдердің бір- бірінен дыбыстық, гармматикалық, лексикалық өзгешеліктерін көрсетеді. Түркі тілдері материалдарын бір-біріне салыстыра баяндайды. Түркі тілдерінен 10 мыңға жуық сөз қамтылған. Тілдерді әр түрлі группаға жіктеуде олардың фонетикалық ерекшеліктеріне сүйенеді. Махмүд сөздігі Х-ХІ ғасырдағы түркі халықтарының сөйлеу тілі фактілерінен тарихи мәлімет беретін, қазіргі түркі халықтарынық бәріне ортақ еңбек. Сонымен қатар бүл еңбек-тек түркология ғана емес, бүкіл әлем лингвистикасында салыстырмалы, салғастырмалы әдіс бойынша жазылған түңғыш туынды. Көрнекті ғалымдардың бәрі де Махмүд сөздігін түркі тілдері тарихының энциклопедиясы тәрізді дейді. Араб ғалымдары Махмүдтың Диуанынан кейін бірнеше салыстырмалы сөздіктер жасаған. Сондай сөздіктің бірі- Абулқасым Махмүд ибн Омар(туған жері атымен Әл- Замахшари деп те атайды) жасаған «Муккаддимат әл-адаб» (әдебиетке кіріспе) деп аталатын арабша-парсыша-түрікше моңғолша сөздік. Араб тілінің маманы Абу Хаййан 1312жылы Каирде «Китаб ал-идрак-ли-лисан ал-атрак»(түркі тілдерінің түсіндірме кітабі) атты еңбек жазған. Мүнда түркі тілдерінің лексикасы мен морфологиясы, синтаксисі мен ықшамды түрде қаралған фонетикасы сөз болған. Бүл салаларды сөз еткенде автор оларды түрікмен тілі мен қыпшақ тілі материалдарын салыстыра қарау аркылы айқындайды. Бүл еңбекте түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тіліне тікелей қатысы бар қыпшак тілінің фонетикасы , грамматикасы, лексикасы женінде бай материалдар бар. Бақылау сұрақтары: 1. Салыстырмалы-тарихи зерттеуге қойылатын негізгі талаптар 2. М.Қашқари "Диуани лүғат ат түрік" еңбегі Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе. 2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану. 6 -дәріс Тақырыбы: Түркі тілдерінін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу 1. XVIII-ХІХғ.ғ. Европа, Ресей ғалымдарының зерттеулері 2. Салыстырмалы-тарихи фонетика 3. Салыстырмалы-тарихи грамматика 4. Салыстырмалы-тарихи лексика Қазақ тілі гармматикалық қүрылысы мен дыбыстық жүйесінің азды- көпті болса да жүйелі түрде зерттеле бастауы XIX ғасырдан, әсіресе, оның екінші жартысынан басталады. Бүл саладағы түңғыш туынды леп Н.И.Ильминскийдің 1860-186 Іж.ж.Қазанда жарық көрген «Материалы к изучению киргизкого наречия» атты еңбегін атаған жөн. 1) Николай Иванович Ильминский(1822-1892) орыс Шығыс зерттеушісі, түрколог, арабист, миссионер, бүкіл өмірі халық ағарту майданында откен. Қазан қаласындағы діни академиясын (1842-1846)бітіріп, сондағы университеттің профессоры болып істеген. Біраз жыл Орынбор шекара комиссиясында кіші аудармашы болып істей жүріп, татар, башқүрт, чуваш, мордва, қазақ халықтары арасында хрестиан дінін тарату, мектептерде сол дінді оқыту істерімен шүғылданған. Н.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизкого наречия» 1860- 61 ж.ж.Қазан унгиверситетінің ғылыми жазбаларында Жарияланды. Еңбек кіріспеден, дыбыс саласы, грамматика саласы, сөздік деп аталатын 3 бөлімге бөлінген. Кіріспеде қазақ тілі татар тіліне жақын, оның жазбаларының барлығында да татарға еліктеу күшті, ал сөйлеу тілі, фольклор туындыларының тілі көркем, түркі тілдері ішінде ең таза, образды тіл деп көрсетеді. Т.Қордабаев: «Ильминскийдің бүл сөздігін қазақша-орысша сөздіктердің алғашқы қарлығашы деген жөн» деген болатын. 1875жылы Петербургте орыс армиясының майоры Михаил Терентьев жазған «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская» деген еңбек жарияланды. Осындағы «қырғыз» деген атпен жазылған грамматика -қазақ тілінікі. Автор грамматиканың сипаттауын Ильминскийдің «Материалына» сүйеніп жазғанын айтады. Сипаттау тек морфологияға ғана арналған. «Оқу ережесі» деген кіріспесінде түрік-татар тілдерінен қазақ тілінің дыбыстық өзгешеліктері айтылды. Қазақ тіл білімінің жақа беті Петербург университетінің профессоры, орыс Шығыс зерттеушісі, кернекті түрколог Платон Михайлович Мелиорнаскийдің(1868-1906) «Краткая грамматика казахско-киргизского языка» деген еңбегімен ашылады. Екі кітап болып басылған бүл еңбектің фонетика мен морфологияға арналған.1 бөлімі 1894ж, синтаксиске арналған бөлімі 1897 ж Петербургте басылып шығарылады. Фонетика және грамматика деп аталатын 1-нші кітабы кіріспеден, 6 тараудан күралған. Кіріспесінде қазак тілі түркі тілдері ішіндегі ең таза, ең бай тіл, диалектілерге белінбейтін біртүтас тіл дейді. 1897 жылы В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка, фонетика, этимология и синтаксис» деп аталатын еңбегі жарияланды. Осы еңбек 1906 жылы қайта басылды. Фонетика деп аталатын 1-нші бөлімде қазақ тіліндегі дыбыстарды таңбалауға араб графикасынан гөрі орыс графикасының анағүрлым қолайлы екендігі, қазақ тілі дыбыстарының бір-бірімен байланысуындағы заңдылықтары, сөйлеу процесінлегі қүбылыстары дегендерге тоқталады. Сонымен қатар, этимология, синтаксис салалары туралы айтылады. Қазан төңкерісіне дейін орыс тілінде' жарық көрген еңбек авторларына байланысты есте үстауды қажет ететін бір жағдай - олардың ешқайсысының да қазақ тілін сөйлеу тілі ретінде қолданбайтыны, практикалық түрғыда білмегендіктері. Сондықтан олар қазақ тілі мәселелерін сез еткенде, өздеріне белгілі, өздерінің ана тілі болып есептелетін орыс тілі үлгісіне сүйенді, соған негіздеп, қазақ тілі туралы топшылаулар жасады. Бақылау сұрақтары: 1 Фонетиканы салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеуші ғалымдар еңбектері. 2 Салыстырмалы – тарихи грамматиканың зерттелуі. 3 Салыстырмалы – тарихи лексика, зерттелу жайы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе. 2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану. 7 -дәріс Тақырыбы: Түркі тілдерінің даму мен қалыптасу кезеңдері. Алтай дәуірі. Хун дәуірі. 1. Түркі тілдерінің қалыптасуындағы Алтай дәуірі. 2. Түркі тілдерінің дамуындағы Хун дәуірі. Түркі халықтарының, олардың тілдерінің тарихын зерттеген ғалымдар /М.Н.Кастрен, В.Бартольд, В.Радлов, П.Мелиоранский т.б./ түркілердің ру-тайпа болып даму тарихын алты кезеңге бөліп қарайды. Олар: І.Алтай дәуірі. 2.Ғүн дәуірі.З. Көне түркі дәуірі.4. Орта түркі дәуірі.5. Жаңа түркі дәуірі. б.Кеңес дәуірі. 1. Алтай дәуірі. Бұл-ғылымда айқындалып жетпеген, өмір сүрген дәуірі де нақты емес, ете көне дәуір. Бүл атауды қолданушылар біздің заманымыздан көп бүрыңғы көне заманда түркі түқымдары монғол, түңғыс-манжур, жапон, корей халықтарымен бірлікте болған, бүлардың тілдері де езара туыстас, теркіндес тілдер. Түркологияда Алтай дәуірі «алтай тілдері» теориясы еткен ғасырдың орта кезінен бастап қалыптасты. Оны қалыптастырушылар неміс ғалымдары В.Шотт және М.Кастрен. Бірақ бүл екеуінің теориясына түрткі болған түжырым әріректен, XVIII ғасырдан басталады. І-Петр заманында болған швед соғысында түтқындалып, үзақ жылдар бойы Сібір елкесінде Швед армиясының офицері Таберт Страленберг 1730 жылы Стокгольмде «Европа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлігі» атты еңбек жариялайды. Осы еңбегінде Страленберг түркі, монғол, түнғүс-манжур тілдері ' ол бабта бір негізден тараған туыстас, төркіндес тілдер дейді де, оларды «Алтай тілдері» деген атаумен атайды. Жоғарыда талған неміс ғалымдары Страленбергтің осы пікірін теориялық жақтан терендете түсіп және аталған тілдер қүрамына угро-фин, самоди тілдерін де қосып, оларға «Орал-Алтай тілдері» деген атау береді. Кейініректегі зерттеушілер бүл топқа, /семьяға/ жататын тілдер үстіне корей, жапон тілдерін де қосып жүр./Е.Поливанов, Г.Рамстед/ Түркі тілдері тарихының маманы Н.А.Баскаков пікірінше, түркі тілі монғол, түнғыс-манжур тілдерімен туыстас, бүлар арасында тек типологиялық қана емес, туыстастық, теркіндестікті білдіретін белгілер олардың фонетика жүйесінен де, негізгі сездік қорынан да мол кездеседі. Алтай тілі деп аталатындар да осылар дейді. Ал угро-фин тілімен ,яғни Орал тілі дегенмен, Алтай тілі арасындағы жақындық туыстық емес, типологиялық, сондықтан угрофин, самоди тілдерін Алтай тілімен туыстас дерлік дәлел жоқ деп жазады. Ал, түрколог А.Н. Кононов түркі, монғол, түнғүс-манжур тілдері арасында лексикалық та, фонетика-грамматикалық та үқсастықтың барлығы даусыз, бірақ ол жақындықтың себеі нақтылы емес, алдағы уакытта белгілі болар деген үміттене қою да қиын, соған қарамастан «алтай тілі» дегендер арасындағы жалпылық сипаттарға түркі тілі тарихын зерттегенде пайдалану керек дегенді айтады. Алтаистиканың халықаралық комитеті бар. Бүл комитет жыл сайын «Түрақты интернационалдық алтаистика конференциясы» атты кеңес өткізіп түрады. 1. Ғүн дәуірі. Бүл - түркі тілдері дамуынын Алтай дәуірінен кейінгі екінші кезеңі. Бүл кезең, яғни, ғүн дәуірі, жыл санауымыздан бүрынғы III ғасырдан бастап, біздің заманның V ғасыры арасын қамтиды. Бүл дәуірде түркілер мен моңғолдар, түңғыстар мен манжурлар ғүн деп аталатын үлы да күшті империя қалыптастырған. Осы империяның омір сүрген дәуірі ғүн дәуірі деп аталады. Европалық тілдерде ғүн, көне грек тілінде скиф, парсылар тілінде сақ деп түрліше аталатын бүл империяны ғалымдар Қазақстан мен Орта Азияда пайда болған алғашқы тапты қоғам деп есептейді. Қазіргі түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да, түпкі төркіні осы ғүндар болса керек. Тарихи деректерге қарағанда ғүн империясы Орта Азиядан бастап Шығыс Европаға дейінгі кең алқапты жайлайды. Жыл санауымыздың бірінші ғасырының орта кезінде/581ж/ хандыққа, билікке таласып, өзара жауласудың және сыртқы дүшпандардан, әсіресе, қытайлардың тынымсыз шабуылдары нәтижесінде ғүн империясы Батыс ғүн, Шығыс ғүн болып екі мемлекетке белінеді. Кейбір түрік қағандығы, Шығыс түрік қағандығы деп те атайды. Батыс түрік қағандығы Жетісу, Шығыс Түркістан, Тянь-Шань, Орта Азия аймақтарын жайлаған. Ғалымдар оны біздің заманымыздың 503 жылынан бастап емір сүрген ерте феодалдық мемлекет деп есептейді. Батыс ғүн қүрамына бүлғар, оғыз, қыпшақ, қарлүқ деп аталатын тайпалар және осы тайпалардың атымен аталатын бүлғар тілі, оғыз тілі, қыпшақ тілі, қарлүқ тілдері енген. Бүған қүрамында болғаны байқалады. Шығыс ғүн бірлестігі қүрамына үйғыр-оғыз, қырғыз-қыпшақ деп аталатын екі тайпа одақтары және олардың тілдері енген. Н.А.Баскаков «Тюркские языки» дейтін еңбегінде жоғарыда аталған тайпалар тілдерінің бір-бірінен фонетикалық және грамматикалық біраз езгешеліктерін керсетеді. Түркологияда көне түркі дәуірі үш кезеңге белінеді: І.түрки, бүл-У-ҮШ ғасырлар арасын қамтиды; 2.үйғыр, немесе қарлүқтар дәуірі деп аталады. Бүл УІІІ-ІХ ғасырларды қамтиды; З.Көне қырғыз немесе яғмалар дәурі. Бүл ІХ-Х ғасырларды қамтиды. Бақылау сұрақтары: 1 Алтай тілдері тобына жататын тілдер 2 Алтай тілдерін зерттеуші ғалымдар еңбектері. 3 Хун дәуірі, ерекшеліктері. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе. 2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану. 8 –дәріс Тақырыбы: Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Көне түркі дәуірі. 1 Батыс және шығыс түрік қағанаты. Географиялық жағдайы, халқы. 1. Көне түркі ескерткіштері. Зерттелуі, тілі, өзіндік ерекшеліктері. 2. Көне түркі алфавиті. Көне түркі жазуының шығу төркініне де айтылғандар тұрғысынан қараған жөн. Белгілі ағылшын түркологы Герард Клосон «Түркі руникалық жазуының шығуы» атты мақаласында бүл жазу VI ғасырда өмір сүрген Истеми қағанның бұйрығы бойынша Согд-Иран жазулары үлгісінде қалыптасқан болу керек деген жорамал айтады. Түркі халықтарының тарихы тым әріден басталғанымен, олардан біздің заманға жеткен жазба нұсқа дәуіріміздің VII ғасырынан басталады, соның өзінде де қағазға жазылған мол материал түрінде емес, мола басына қойылған ескерткіш қүлпы тастарға қашалып жазылған жазба түрінде жетті. Мүндай нүсқа ғылымда эпитафия деп аталады. Эпитафиялық жазбаның алғашқы түрі XVII ғасырда казіргі Тува автономиялык республикасы, Хакас автономиялық облысы жеріндегі Енисей өзені бойынан табылған. Оны алғаш байқап, ғылым әлеміне паш еткен Швед армиясының капитаны Филипп-Иоганн Страленберг. Бұл жазба табылған жерінін атымен Енисей ескерткіші деп те аталады. Енисей ескерткішінің қай ғасырда жазылғаны белгісіз. Петербург университетінің профессоры П.Мелиоранский Енисей ескерткішін түркі тілі жазба ескерткішін түркі тілі жазба уақыты VІ-VІІ ғасырлар болу керек десе, Л.Р.Кызласов, И.В.Комушев, И.А.Батманов, А.Н.Кононов сиякты біраз ғалымдар ІХ-Х ғасырларда жазылған болар дейді. Бүдан кейін 1889 жылы Сібір елкесін зерттеуші Николай Михайлович Ядринцев/1842-1894/ Моңғолиядағы Орхон өзені бойынан белгісіз жазуы бар екі құлпытас табады. Кейінде айқындалғандай, Орхон жазуы деп аталып кеткен бүл нүсқаның бірі-түркі ханы Мағиланға /Білге қаған/ екіншісі оның туысы Күлтегінге арналған тарихтық биографиялық ескерткіштер болған. Түркі тілінің руникалық жазуын 1893 жылы алғаш танып окыған Дания ғалымы, Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының профессоры Вильгельм Томсен /1842-1927/. Алдымен Томсен жазудың оңнан солға қарай жазылғанын айқындайды. Содан соң жазбада барлығы 38 әріп, яғни таңба, барлығын аныктайды. Үшінші кезекте дыбыстардың дауыстысы мен дауыссыз түрлерін, олардың қалай орналасатынын ашуды кездейді. Зерттеулер нәтижесінде қүлпы тастарды жырдың авторы және оны жаздырушы Иоллығ-тегін деген ақын екендігі айқындалды. Иоллығ-тегін Білге ханның /Магилан/ баласы, Білге хан мен Күлтегін-Елтеріс ханның балалары. Білге хан болған да, Күлтегін оның әскер басы батыры болған. Білге 734 жылы, Иоллығ хан 739 жылы дүние салған. Орхон-Енисей жазбалары деген жалпы атаумен топталған эпитафиялық нүсқалар қүрамына Отанымыздың әр түрлі аймақтарынан табылған бірсыпыра ескерткіштер енеді. Мысалы, Енесей езені бойындағы , Тува АССР-і мен Хакас автономиялық облысы және Краснояр аймақтарынан табылған Талас, Турфан, Лена, Байкал т.б. деп аталатын ескерткіштер де осы топқа жатады. Орхон ескерткіші деп аталатын нүсқалар да Онгин, Күлтегін, Могилян, немесе Білге қаған, Тоникук, Қүтлуг қаған, Күлі-шор, Мойын-шор, Суджи, Иха-Асхед, Хойто-Тамир ескерткіштері дейтін бірнеше жазулардан құралады. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі туралы айтылған біраз пікірлер бар. Мысалы, әйгілі түрколог, академик В.Радлов кене түркі жазба ескерткіштерінің тілін үш түрлі диалектіге бөледі: оның бірі- кене солтүстік диалектісі, екіншісі-оңтүстік диалектісі/мүны автор үйғыр тілі деп те атайды/, үшінші-аралас диалект. Бүлардың біріншісіне Күлтегін, Могилан, Тоныкек, Онган т.б. ескерікіштердің тілдерін жатқызған. Екіншісіне- үйғыр тілінде жазылғаи ескерткіштер тілі, үшіншіге солтүстік пен оңтүстік диалектісінің араласуынан туған Манихей ескерткіші, Алтын жарық т.б. ескерткіштер тілдері жатады. Автор әр диалектіге тән фонетикалық, грамматикалық ескерткіштерді талдайды. Радлов жіктеуі жазудың сипатына , дыбыстық, морфологиялық белгілерге негізделген. Көне түркі ескерткіштерінің грамматикалық қүрылысын зерттеумен белгілі кеңес түркологы а.Н.Кононов та айналысты. Ол езінің !980жылы жарык көрген «Грамматика языка тюрксқих рунических памятников ҰІ-ІХ в.в.» атты еңбегіңде кене түркі жазба ескерткіштерінің табылу, оқылу тарихына шолу жасай келіп, оны түрге жіктейді, шығу теркінін, оның тілінің фонетика- грамматикалык қүрылысының зерттелу тарихына тоқталады және өз тарапынан ескерткіштің дыбыстық, грамматикалық сипаттарына жан-жақты талдау жасайды. Жазба ескерткіште барлығы 38 таңба бар, оның 8-і дауысты. Дауысты дыбыстар қазірдегі тілдердегі сияқты жуан-жіңішке, еріндік-езулік, келте- созынды, ашық-қысаң дауыстылар болып белінеді. Дауысты дыбыс жүйесінің қазірдегідей ерекшелігі- сезде кебінесе таңбаланбайды, оның барлығы дауыссыз дыбыстар тіркесінен сезіледі. Бүл -орхон-енисей жазуының консонанты жазу болғандығын байқатады. Көне түркі дәуіріне қатысты жазба нұсқалардың екінші түрі көне үйғыр жазуы деп аталады. Бүл жазуды ғалымдар екі түрге беліп қарайды.Оның алғашқысы Селенг және Суджи ескерткіштері деп аталатын кене үйлер қабырғасына, тасқа жазылған эпитафиялық жазбалар, екіншісі-алдыңғыдан қомақтырақ, қағазға жазылған Манихей ескерткіші мен Будда, христиан діндерін уағыздайтын діни және юристік мазмүнды жазба нүсқалар. Бүлар кейбір еңбектерде табылған жердің атымен Турфан, немесе Шығыс Түркістан жазбалары деп те аталады. Кене үйғыр жазуы да негізінен соғды әліппесіне негізделеді. Соғдылардың жаңа әліппесіне негізделіп жасалған үйғыр жазуында 28 таңба болғанда, олар 28 дыбысты таңбалайтын болған. Үйғыр жазуы жоғарыдан темен қарай жазылады, бүлай жазуды соңғолдар 1940-жылдар ішінде де қолданылады. Үйғыр жазуында әріптер сездегі орнына қарай әр түрлі таңбаланатын болған. Мүндағы дыбыстар жа қазіргі тілдердегі сиякты дауысты, дауыссыз болып белінген. Дауысты дыбыстар саны 8 болған. Бақылау сұрақтары: 1 Батыс түрк қағанатына тән ескерткіштер қандай ескерткіштерді жатқызуға болады? 2 Енисей жазу ескерткіштері қай кезде жазылған? 3 Көне жазба ескерткіштерді зерттеушілер еңбегі туралы не айтасыңдар? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе. 2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану. 9- дәріс Тақырыбы: Түркі тілдерінің дамуындағы орта ғасыр дәуірі 1 Орта ғасыр түркі тайпалары. 2 Қараханидтер дәуіріндегі түркі тілдері және сол тұстағы жазба ескерткіштері. 3 Алтын Орда заманының ескерткіштері. 4 Орта Азия жазба ескерткіштері. 5 Мамлюк түріктерінің тілінде жазылған ескерткіштер. Орта Түркі дәуірі /Х-ХVғ.ғ./. Түркі халықтары мен олардың тілдер дамуының 4-дәуірі орта түркі дәуірі деп аталады. Бүл дәуір Х-ХУ ғасыр арасын, яғни бүкіл орта ғасырды қамтиды.Ғылыми еңбектерде Орта түркі дәуірін Қарахан дәуірі, моңғол дәуірі, деп екі кезеңге бөлушілік бар. Араб тілінде араб графикасымен жазылған түркологиялық еңбектер ІХ- ХУ ғасырлар арасын қамтиды. Араб ғалымдары негізінде, түркі туыстас халықтар тілдерінің салыстырмалы сөздіктерін жасау, сол сөздіктері көлемінде әр топтағы тілдердің бір-бірінен дыбыстық өзгешеліктері мен үқсастықтары, морфологияға жататын жеке мәселелерін салыстыра қарау істерімен түркі сөздерін араб, парсы тілдеріне аудару, практикалық мәнді шағын көлемді оқу қүралдарын жазу сияқтылармен айналысқан. Араб тілінде, араб графикасымен жазылған түркологиялық еңбектерде түркі тілдерінің салыстырмалы, салғастырмалы сездіктерін жасау, шағын көлемді грамматикалық очерктерін жазу саласында едәуір жүмыстар істелініпті. Араб тілдес ғалымдар жазған түркологиялық зерттеулердін ең алғашқысы және ең қүндысы түркі оулетінен шыққан. Бағдат ғалымы Махмүд Қашқари жасаған «Дивани луғат ит түрік» деп аталатын сөздік. Араб ғалымдары Махмүдтын «Диванынан» кейін де бірнеше салыстырмалы сөздіктер жасаған. Сондай создіктің бірі-Абулқасым Махмүд ибн Омар/туған жері атымен Әл-Змахшари деп те атайды/ жасаған «Муккаддимат әл-адаб»/ әдебиетке кіріспе/ деп атайтын арабша-парсыша-түрікше-моңғолша сөздік. Араб тілінің маманы Абу Хаййан 1312жылы Каирде «Китаб ал-идрак-ли- лисан ал-атрак»(түркі тілдерінің түсіндірме кітабі) атты еқбек жазған. Біздің заманға жеткен орта ғасыр жазбаларының ең көнесі- Жүсіп Баласағуни жазған «Қүтадғу білік» деп аталатын көлемді эпикалық дастан. Ғалымдар дастанның атын «Қүтты білік», «Қүт әкелетін білім» , т.б. деп аударған. Дастан авторы Жүсіп бүл туындыны ескі жыл есебі бойынша /қыджра/ 462 жылы, Баласағүн қаласында бастап, Қашқарда аяқтадым дегенді айтады. «Қүты білік» дастанының мазмүн-дидактикалық насихат. Аудармасына жазған алғы сөзінде Асқар Егеубаев «Дастаннан айқын бай қалып түрғандай, Жүсіп Баласағүни өз заманының озық ойлы энциклопедист ғалымы, философ, адам жанын нәзік сезінген ақын» дегенді айтады. «Қүтты білікпен» мезгілдес жарық керген екінші туынды Қожа Ахмет Яссауидің XI ғасырда жазған «Диуани Хикмет» /парасатты толғаулар жинағы/ деп аталатын, опылықты уағыздайтын діни шығармасы. Түркологтар мүны үйғыр, хорезм тілдерінің ескерткіші деп санайды. З.Яссауи поэзиясымен мазмүндас келетін Ахмет Югнекидің «һибат ул хакаик» /ақиқат сыйлығы/ дейтін туынды. Түркологтар бүл туынды ХІ-ХІІ ғасырдан сақталған болар деп жорамалдайды. «һибат ул»- Яссауидің «Хикметі» сияқты дидактикалық яғни үлгі -өнеге, ақыл-кеңес, өсиет үйрететін поэма. Онда жақсылық пен жамандық, білімділік пен білімсіздік, байлық пен кедейлік, жомарттылық пен сарандық салыстыра жырланады. Орта ғасырда пайда болған жазба ескерткіштерінің ең мол түрі Батыс түрік бірлестіктерінде, Орта Азияда, әсіресе Қыпшақ бірлестігі тілінде жазылғандар, Олардың қатарына төмендегілер жатады: «Жүсіп -Зылиха», «Хосрау және Шырын», «Гүлстан бит түрки», «Мүхаббат Наме», «Оғыз Наме». Бақылау сұрақтары: 1 Юсуп Баласағунидің «Құдатғу білік» кітабы жайында не білесіңдер? 2 Шағатай жазба әдеби тілінде жазылған ескерткіштерге қандай ескерткіштер жатады? 3 М. Қашқаридың өмірі, «Диуани лұғат-ит түрк» сөздігі тілінің ерекшеліктері? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе. 2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану. 10-дәріс Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Жаңа түркі дәуірі. Ең жаңа дәуір. 1. Жаңа түркі дәуірінің өзіндік ерекшелігі.(ХҮ-ХХғғ.) 2. Ең жаңа дәуір.(Қазан төңкерісінен кейінгі кезең) 3. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі тілдегі өзгерістер.(фонетикалық, грамматикалық, лексикалық) Жаңа түркі дәуірі. Түркі халықтары дамуының бесінші сатысы жаңа түркі дәуірі деп аталады. Бүл дэуір мелшермен XV ғасырдан бастап, XX ғаснрдын 17-жылына дейінгі аралықты камтиды. Жаңа түркі дәуірінде түркілердің ортақ одақтары ыдырап, казіргі түркі халықтары, олардың тілдері бір-бірінен жекеленіп, бөлек-бөлек халықтар, тілдер болып қалыптасты. Мысалы: бүрынғы қыпшақ-бүлғар тайпасы татар, башқүрт деп аталатын екі халыққа бөлінсе, қыпшақ- ноғай тайпасы XV ғасырдың өзінде-ақ қазақ, ноғай, қарақалпақ деген халықтар болып бөлінді,т.б. Бүлардың жеке халық болып қалыптасуымен бірге олардың тілдері де жекеленді. ХУ-ХХ ғасырлар аралығының тілдік жазба ескерткіштері мол, Олардың алдыңғы дәуір ескерткіштерінен айтарлықтай бір-езгешелігі - бүлар ертедегі жазба нүскалар сикты жалпы түркілік ортақ тілде жазылмай, негізінде. казіргі түркі халықтарының әр кайсысының өзіндік сөйлеу тілінде айтылып, жазьыып сақталуында. Аталғандай тілдік нүсқалар қатарына XV ғасырдан бері қарайғы уақыттарда айтылып, ел аузында сақталып келген әр халықтың ақын-жыраулардың ауыз әдебиетіне жататын туындылары, қолжазба түрінде сақталған алуан түрлі жазба нүсқалар, кейінгі ғасырларда баспадан шыққан әр түрлі жанрдағы басылымдар, мерзімді баспасездер жатады. Мүндай материалдар қазіргі түркі халықтары тілдерінің кепшілігінде, солардың ішінде қазақ тілінде де коптеп кездеседі. Қазақ әдебиеті тарихына арналған зерттеулерде XV ғасырда Асанқайғы, Қазтуған XVI ғасырда Шалкез, Доспамбет, XVII ғасырда Жиенбет, Марғасқа, ХУШ-ХІХ ғасырларда Бүқар жырау Қалқаманүлы, Шал Күлекүлы, Дулат Бабатайүлы, Махамбет Өтемісүлы, Шортанбай Қанайүлы, Шернияз Жарылғасүлы сияқты кептеген ақын жыраулар болған. Осылар сияқты ауыз әдебиетіне жататын алуан түрлі көркем әдебиеттік туындылармен қатар Ыбырай, Абай сияқты жазба әдебиет екілдері де, қолжазба түрінде сақталған шежірелер, би-сүлтандардың , хандардың Россия әкімдеріне жазған қатынас қағаздары, XIX ғасырдың соңғы жартысында басылған алуан түрлі тақырыптағы кітапшалар, қиссалар, «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты», «Қазақ» сияқты газеттер болған. Аталғандар сияқты тілдік нүсқалармен бірге бүл дәуірде түркі халықтарын, олардың тілдерін лингвистикалық түрғыда зерттеген кептеген ғылыми еңбектер де жарық корді. Оңдай еңбектер қатарына Европа мен Ресей шығыс зерттеушілерінің сез болып отырған дәуірде: Х^-ХХ ғасырлар арасында, түркі тілдеріне қатысты зерттеулерін жатқызуға болады. Бақылау сұрақтары: 1. Жаңа түркі дәуірінің өзіндік ерекшелігі.(ХҮ-ХХғғ.) 2. Ең жаңа дәуір.(Қазан төңкерісінен кейінгі кезең) 3. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі тілдегі өзгерістер.(фонетикалық, грамматикалық, лексикалық) Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе. 2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану. 11-дәріс Тақырыбы: Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Орыс, Европа ғалымдарының классификациялары. Жетістік- кемістіктері. 1. Түркі тілдерін топтасыруды алғаш ұсынушылар 2. Орыс ғалымдарының классификациясы 3. Европа ғалымдарының классификациялары Түркі тілдерін зерттеудің алғашқы қадамы түркі ғалымы М.Қашқари «Диуаннан» басталады. М.Қашқари фонетиклық, морфологиялық, лексикалық та белгісіне сүйеніп түркі тілдерін оғыз, қыпшақ, түркі деп үш түрге бөледі. Классификацияның бүдан кейінгі түрлері XVIII ғасырдан бастап Ресей, Европа ғалымдарының еңбектерінде кездеседі. Батыс Европа ғалымдары ішінде түркі тілдерін классификациялаумен алғаш айналысқан француз ғалымы А.Ремуза. Ол 1820 жылы түркі тілдерін якут группасы(якут тілі), үйғыр группасы (үйғыр, шағатай, түрікмен), ноғай группасы (татарлар) кырғыз группасы деп 5-ке боледі. Бүл әрине, ғылыми дәлелге негізделген беліс бола алмады. Отандық түркологияда бүл мәселемен Березин И.Н, Радлов В.В., Самойлович А.Н., Корш Ф.Е., Богородицкий т.б. айналысты. Березин И.Н. европа ғалымдарының пікірлеріне талдау жасай келіп, түркі тілдерін қоныс ыңғайына қарай Шығыс группасы немесе шағатай тілдері, оңтүстік группасы немесе татар тілдері, Батыс группасы немесе түрік тілдері деп 3 топқа боледі, түркі тілдерін осы үшеуінің айналасына топтайды. Березин топтауы өз уакытында да, кейінгі кезде де біраз сыналады. Түркологияда жіктеудің едәуір жетілген түрі деп Радлов пен Корштың жіктеулерін атайды. Бүл екеуі- бірін-бірі толықтыратын өзара жақын жіктеулер. Орналасу ыңғайына қарай Радлов түркі тілдерін Шығыс, Батыс, Орта Азия, Оңтүстік деп 4-ке болсе, Корш озінің «Классификация турецких племен по языкам» (1910ж) деп аталатын еңбегінде түркі тілдерін солтүстік, батыс, шығыс, аралас группа деп 4 топқа бөледі. Өз жіктеуінде Корш географиялық, морфологиялық ерекшеліктерді де белгі етёді. Радлов жіктеуінде қазақ тілі батыс группа тілдері тобына қосылса, Корш жіктеуінде ол солтүстік группасына қосылған. Түркологияда кең тарап тәуір аға алған жіктеу Александр Николаевич Самойлович жіктеуі. Ол езінің 1922 жылы «Некоторые дополнения к классификации турецких языков» дейтін еңбегінде озіне дейінгі айтылған пікірлерді жинақтай келіп, түркі тілдерін оларда кездесетін фонетикалық, морфологиялық белгілеріне сүйеніп алты топқа боледі. Және ол белгілерді іріктеп алынған тоғыз, аяқ бау, тау, сары, қалған деген сөздердің әр группаға жататын тілдерде қандай дыбыстың қүрамында айтылатындарына қарай Р группасы, Д группасы, ТАУ группасы, ТАҒЛЫ группасы, ОЛ группасы, ТАҒЛЫҚ деп 6 топқа бөледі. Бүл белісте қазақ тілі ТАУ группасы дегенге жатады. С.Е.Малов тілде кене дыбыстың элементтердің кеп сақталғанына, жаңа элементтің кебірек болуына қарай түркі тілдерін: кене, кенерген, жаңа, жаңарған тілдер деп 4 топқа беледі. С.Е.Маловтың бүл жіктеуі СССР(КСРО) Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Б.А.Серебренниковтың «К проблеме классификации тюркских языков» деп аталатын мақаласында біраз сынаған. Бүл ғалым тілді коне, жаңа қүбылыстар қатар емір сүре береді, бірыңғай жуан немесе бірыңғай кене фактілерге қарап оны кене тіл, жаңа фактіге сүйеніп жаңа тіл деп белу дүрыс емес дейді. Б.Серебренников тілдерді жіктеуде лексикалық белгілердің де мәні ерекше. Бір группаға жататын тілдерде олардың барлығына ортақ сездер мол кездеседі. Сондықтан ондай ортақ сездердің сандық мелшерін, проценттік шамасын айқындау да тілдерді группаға дүрыс жіктеуге зор септігін тигізеді дейді. Ортақ сездердің сандық мелшеріне қарай түркі тілдерін 4 топқа болуге болады. Олар: 1) түрік, әзербайжан, гагауыз, түрікмен; 2)татар, башқүрт, қүмық, ноғай, балқар, езбек, үйғыр; 3)қазақ, қырғыз, 4) Тува, хакас.якут, чуваш Туыстық жақындығы жағынан талас туғызбайтын, әбден шешілген тілдік группалар қатарына Б.Серебреннитав мыналарды жатқызады: 1)татар. башқүрт, 2) үйғыр, өзбек, 3)түрікмен, азербайжан, түрік, гагауыз 4) хакас, шор, 5) якут, чуваш Ал қалғандарының 1) қазақ, ноғай, қарақалпак 2) Алтай, қырғыз 3) қараим, қүмық, қарачай-балқар, қырым татары 4) тува, тофа тілдерінің туыстық шамас өлі де зерттей, айқындай түскен жөн дейді. Талдағанда классификацияларда жеке түркі тілдерінің қай группаға жаткызылатыны женінде бірізділік жоқ. Мыс, Қазақ тілі И.Березин еңбегінде оңтүстік немесе Қыпшақ группасына жатқызылса, В.Радлов, Г.Рамстедт, Бельцинг, Г.Менгес еңбектерінде солтүстік батыс тілдері тобына, С.Малов жаңа түркі тобына, Н.Баскаков Батыс Хун тілдері ішінде қыпшақ-ноғай тілдері тобына қосқан. Түркі тілдерін классификациялауға байланысты соңғы пікір иесі —Туркия ғалымы Т.Текин. 1976 жылы Алматыда откен Бүкілодақтық II түркологиялык конференцияда сойлеген созінде Текин түркі тілдерін топтауға байланысты езіне дейінгі айтылған пікірлердің қай -қайсысында болса да сәтсіздіктің барлығын айта келіп, оның негізгі себебі, зерттеушілердің түркі тілдерінің олі, тірілерін тегіс қамтып жіктегісі келгендіктерінде екендігін сынай келіп, орхон, коне үйғыр, қыпшақ тілдері жазба ескерткіштерін жіктеуге қоспау керек дейді. Екінші кемшілік-фонетикалық критерий берік, жүйе сақталмайды. Осыларды айта келіп түркі тілдерін фонетикалық белгілеріне сүйеніп бөлуді үсынады. Керсетілген жіктеулер ішінде кепшіліктен қолдау тауып, жиі қолданылып жүргені -түркі тілдерін сол тілдің иесі болып табылатын халықтардың, этникалық татардың даму тарихына, қандай тайпалық бірліктен тығыз да үзақ байланыста болғанына қарай, яғни қалыптасу, даму тарихына қарай жіктеу принципі. Бақылау сұрақтары: 1 М.Қашқари жіктеуі 2 Түркі тілдерінің жүйесін жасаудағы В.В.Радлов, Ф.Е.Корш, А.Н.Самойловичтардың еңбектері туралы 3 Г.Менгес, И.Беньцинг, Т.Текин жіктеуі Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе. 2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану. 12, 13-дәріс Тақырыбы: Н.А.Баскаков классификациясы. Түркі тілдерінің батыс және шығыс хун саласы, оған кіретін негізгі тілдерге шолу жасау 1. Н.А. Баскаков классификациясының өзіндік ерекшеліктері 2. Батыс хұн тілдері (Бұлғар тобы, оғыз тобы, қыпшақ тобы, қарлұқ тобы) 3.Шығыс хұн тілдері (Ұйғыр-оғыз тілдері, саха якут тіл тобы, хакас тілдерінің тобы) 4.Қырғыз-қыпшақ тілдері (Шығыс хун тілдерінің екінші тармағы) Кейінгі жылдарда түркі тілдерін сол тілдердің иесі болып табылатын халықтардың қалыптасу, даму тарихындағы кезеңдерге қарай, яғни халык тарихына байланысыра жіктеу бағыты байқала бастады. Жіктеудің осы принципін қолданған Н.А.Баскаков түркі тілдерін алдымен Батыс хун тілдері, Шығыс хун тілдері деп кесек екі топқа беледі де, батыс хун тілін ішінен бүлғар, оғыз, қыпшак, қарлүк деп 4 топқа бөледі. Бүлардың әрқайсысы өз ішінен әрі қарай қазіргі түркі тілдеріне белшектенеді. Бүл жіктеуде қазақ тілі қыпшақ тілінен бөлінетін ноғай группасына жатады. Б.Серебренников жоғарыда аталған мақаласында Н.Баскаковтың классификациялау принципіне жан-жақты тоқталып, оны қатал да, біраз мәселеде әділ сынайды. Ол түркі тілдерін Н.Баскаков айтқандай сол тілдерде сөйлейтін халықтардың тарихымен тығыз байланысты жіктеу үшін 2 шарт керек дейді: біріншіден, тарихи документтерде, жазба ескерткіштерде аталатын түркі халықтары мен қазіргі түркі халықтары арасында тарихи абсолюттік жалғастылық, төркіндестік барлығы даусыз болсын; екіншіден, тайпалык - бірліктер тілдің қандай екендігі белгілі болсын. Бұларсыз дұрыс шешімге келу мүмкін емес, ал Н.Баскаков аталған екі түрлі алғы шарттың бір- біріне кесі.мді жауап бере алған жоқ. 2-ден, Н.Баскаков өзіне дейінгі зерттеушілер сан рет айтып айқындаған тілдік группаларды тек басқаша, жаңа атаумен ғана атаған. 3-ден, әр группаға жататын тілдік ерекшеліктер деп көрсететіндері де онша сезімді емес, көпшілігі әр түрлі группадағы тілдерде бірдей кездесетін ортақ түлғалар, оның үстіне бүдан басқа әр түрлі группада әр баска болып өзгеріп айтылу себептерін де ашпайды деп сынайды. Н.А.Баскаков түркі тілдеріне жіктеме жасағанда осындай мәліметтерді, тілмен сол тілде сөйлеуші халыктын тарихи есу жолын, тілдердің карым- қатынасы мен езіндік ерекшеліктерін негізге алады. Осыған орай ол түркі тілдерін ең алдымен батыс және шығыс хун тілдері деп екі топқа беледі. Батыс хун тілдеріне: 1) бүлғар тобын 2)оғыз тобын 3) қыпшақ тобын 4) қарлүк тобын жатқызады да, олардың негізгі фонетикалық ерекшеліктері ретінде : а) з-д-т-й дыбыс сәйкестіктерін (айақ-адақ-азақ-атах); ә) қатаң дыбыстар мен үяң дыбыстардың ажыратылуын( б-п,к-г,с-з,д-т); б) х,в,қ дербес дыбыстарының бар-жоғын тексереді. Лексикалық ерекшеліктерін араб-парсы және монғол элементтерінің аз-көптігін, грамматикалық ерекшеліктерінен қүрмалас сейлемдердің даму жүйесі, жалғау-жүрнақтардың жалғану тәртібін, т.б. көрсеткен. Бақылау сұрақтары: 1. Шығыс хұн тілдері (ұйғыр-оғыз тілдері, саха-якут тіл тобы, хакас тілдерінің тобы) 2. Қырғыз-қыпшақ тілдері (Шығыс хун тілдерінің екінші тармағы) 1. Н.А. Баскаков классификациясының өзіндік ерекшеліктері 2. Батыс хұн тілдері (Бұлғар тобы, оғыз тобы, қыпшақ тобы, қарлұқ тобы) Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе. 2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану. 14, 15- дәріс Тақырыбы: Қазіргі түркі тілдері бойынша қысқаша мәлімет 1. Түркі тілдерінің бұлғар тобы (чуваш тілі) 2. Түркі тілдерінің оғыз тобы (түрік, әзірбайжан, түрікмен, гагауыз, салар тілдері) 3. Түркі тілдерінің қырғыз-қыпшақ тобы (қырғыз, алтай тілдері) 1. Түркі тілдерінің қыпшақ тобы (қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқүрт, қарайым, қарашай-малқар, құмық, қырым-татар тілдері) 2. Түркі тілдерінің қарлұқ тобы (ұйғыр, өзбек тілдері) 3. Түркі тілдерінің ұйғыр-оғыз тобы (якут, хакас, тува, тофа, шор, сары ұйғыр тілдері Жоғарыда айтылғандай бүрын түрік қағандығы қүрамында болған бірнеше тайпалық бірліктер Орта түркі дәуірінде айқындала түседі де, бір -бірінен белініп, жеке тайпалар одағы болып қалыптасады. Олардың қатарына Бүлғар, Оғыз, Қыпшақ, Қарлүқ деп аталатын тайпалық одақтар жатады. Бүл тайпалық одақтар қазіргі кептеген түркі тілдерінің тараған төркіні болды. Енді соларға токталайық: 1. Бүлғар бірлестігі және оның тілі Бүлғар мемлекеті VII-VIII ғасырларда Волга, Кама бойында қалыптаса бастаса керек. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, бүл бірлестіктің тілі, яғни бүлғар группасына жататын тілдер туралы алғашқы мәлімет араб географы Истрахридың еңбегінде берілген. Онда бүлғарлар тілі хазар тіліне үқсас екендігі айтылады. Ол X ғасырда емір сүрген Ибн-Русте де булгар тілінің хазар тіліне үқсастығын және бүл екі тілдің орыс тілінен мейлінше белек тілдер екендігін айтқан. Бүлғар хандығы 1236-1237 жылдардан бастап жойылған. Ғалымдар кене бүлғар тілінен беретін жазба нүсқалар-эпитафиялық жазулар. Бүлардың ең кенесі 1173 жылға жатады. Бүл жазбаларды /барлығы 250- дей/ зерттеу XVIII ғасырдың бас кезінен басталған керінеді. Ғалымдар ол жазбаларда, негізінде, топонимикалық, ономастикалық атаулар берілген дейді. Бүлғар бірлестігі қүрамына бүрынғы Хазар, қазіргі Чуваш тілдері жатады. Тарихшылар бүл тілдер бір-біріне жақын тілдер деп есептейді. 2. ОеЫЪ бірлестігі және оның тіліОғыздар-орта ғасырда сүр>ен түркі тілдес тайпалар одағы. Оғыздар «тоғыз оғыз» деген атпен VII ғасырдағы Шығыс түрік кағандығы қүрамында болған. Оғыздар Орталық, Орта Азия, Жетісу өңірлерін, Ыстық кел аймағын мекендеген. IX ғасырда осы аймақтарды ез билігіне алған оғыз тайпаларының Үлы Салжүқ деп аталатын ерте феодалдық мемлекеті қалыптасады. Оның орталығы Жаңакент қаласы болған. XI ғасырда оғыздар қыпшақтардан жеңіліп, біразы Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысалы да, енді бір белігі Мәуеренахрдағы Қарахан әулиеті мен Хорасандағы Салжүк әкімдеріне тәуелді болды. Оғыздар гүркмендердің, езбектердің, қарақалпақтардың арғы аталар болып есептеледі. Оғыздар түрік, қазак халықтарының калыптасуына да белгілі үлес косқан. I. Қарлүқтар және оның тілдері. Түркештер үстемдігін қүлатқан Қарлүқтар 766-940 жылдар ішінде ез қағандықтарын қүрып, Жетісу мен Қашқардан, Ферғана мен Сырдарияға дейінгі кең алқапты мекендеген. Қарлүқ бірлестігі де бірнеше тайпалық одақтардан қүрылған. Қарлүқтар туралы алғашқы мәлімет біздің заманның екінші ғасырынан басталатын керінеді. VIII ғасырдың орта түсынан бастап Қарлүқтар әскери-саяси күшке айналды. Жетісудағы Суяб, Талас қалаларын ездерінің орталығына айналдырады. Бүлардың билігі X ғасырға дейін созылады. Алғашқы қағаны-Үшлік-Үшжеле деп аталған. Қарлүқ қағандығының тілдері-қарлүқ тілдері деп аталады. Қарлүқ тілі Х-ХІ ғасырда қалыптасқан. Ол этникалық және тілдік ерекшеліктеріне қарай ез ішінен қарлүқ-үйғыр, қарлүқ-хорезм деп аталатын екі топқа бөлінеді. II. Қыпшақтар және оның тілдері. «Қыпшақ» деген атау қытай жазбаларында б.з.алдындағы 2-ғасырдан бастап кездесетін керінеді. Ал оның әйгілі, жауынгер тайпа ретінде сахнасында керінуі Орта ғасырдан/9-11/ ғасыр басталады. Тарихи деректерге қарағанда, қыпшақтар бір кезде Түркі қағанаты қүрамында болғн Қимақ мемлекетінің ыдырауына байланысты содан бөлініп шыккан. Қыпшақтар Европа жазбаларында Кумандар, Россияда половшылар деп аталады.Қыпшақ Евразияның кептеген аймақтарын "мекендеген мал есіруші, кешпелі халықтар болған. Олар Қытай шекарасынан бастап Дон езеніне, Оралдан бастап Қара теңізге дейінгі үланғайыр аймақгарды жайлаған. Тарихи әдебиеттерде қыпшақтар «дешті Қыпшак» /дала Қыпшағы/ деп те аталады. Қыпшақтар көптеген ру, тайпаларды жаулап алып, езінің қүрамын мейлінше молайтқан. Қыпшақ бірлестігі кейінде қаракалпақ, қырғыз, өзбек, түрік, азербайжан, татар, башқүрт, түрікпен, ноғай, қарашай, карайым, балқар, ғағауыз сияқты халықтардың қалыптасуында елеулі роль атқарған. Бақылау жұмыстары: 1. Түркі тілдерінің бұлғар тобы (чуваш тілі) 2. Түркі тілдерінің оғыз тобы (түрік, әзірбайжан, түрікмен, гагауыз, салар тілдері) 3. Түркі тілдерінің қырғыз-қыпшақ тобы (қырғыз, алтай тілдері) 4. Түркі тілдерінің қыпшақ тобы (қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқүрт, қарайым, қарашай-малқар, құмық, қырым-татар тілдері) 5. Түркі тілдерінің қарлұқ тобы (ұйғыр, өзбек тілдері) 6. Түркі тілдерінің ұйғыр-оғыз тобы (якут, хакас, тува, тофа, шор, сары ұйғыр тілдері Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе. 2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану. |Тәжірбиелік сабақтар | |1. Түркология пәні. |1 |Ә.Қайдар, М.Оразов. | |Түркі тілдері туралы мәлімет. | |Түркітануға кіріспе. | | | |Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.| | 2. Түркі тілдерінің зерттелу жайы. |1 |Ә.Қайдар, М.Оразов. | |ХVІІІ ғ: І-ІІ жарт. басты | |Түркітануға кіріспе. | |зерттеулер. | |Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.| |3. ХIХ ғ. І-ІІ жарт. баска шығыс |1 |Ә.Қайдар, М.Оразов. | |тілдерінін қатарында түркі | |Түркітануға кіріспе. | |тілдерінің университеттер мен | |Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.| |академия тарапынан зерттелуі. | | | |4. Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің |1 |Ә.Қайдар, М.Оразов. | |зерттелуіндегі жетістіктер. Түркі | |Түркітануға кіріспе. | |тілдеріне тән мәселелерді | |Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.| |зерттеудегі кеңес түркологтары | | | |енбектерінің мәні. | | | |5. Түркі тілдерінің тарихын сол |1 |Ә.Қайдар, М.Оразов. | |тілдерде сөйлейтін халықтар | |Түркітануға кіріспе. | |тарихымен салыстыра зерттеу. Түркі | |Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.| |тілдерін салыстыра зерттеудегі орта | | | |ғасыр ғалымдарынын енбектері. | | | |6. Түркі тілдерін |1 |Ә.Қайдар, М.Оразов. | |салыстырмалы-тарихи әдіспен зерттеу.| |Түркітануға кіріспе. | |ХҮШ- XIX ғғ.. Европа, Ресей | |Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.| |ғалымдарының зерттеулері. Түркі | | | |тілдерінің құрылысын салыстыра | | | |зерттеуде орыс ғалымдары | | | |еңбектерінің мәні. | | | |7.Түркі тілдерінің |1 |Ә.Қайдар, М.Оразов. | |дамуы мен қалыптасуы. Түркі | |Түркітануға кіріспе. | |тілдерінің дамуы мен қалыптасу | |Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.| |кезеңдері. Алтай, Хұн дәуірлері. | | | |8. Түркі тілдерінің дамуы мен |2 |Ә.Қоңыратбаев. | |қалыптасу кезендері. Көне түркі | |Т.Қоңыратбаев. Көне | |дәуірі, Орта ғасырлык дәуір. | |мәдениет жазбалары. | | | |Ғ.Айдаров. Орхон | | | |ескерткіштерінің тілі. | |9. Түркі тілдерінін |2 |Ә.Қайдар, М.Оразов. | |пайда болу проблемасын | |Түркітануға кіріспе. | |зерттеудің, оларды | |Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.| |топтастырудың, жіктеудің | | | |негізгі дәуірлері. Жаңа түркі | | | |дәуірі. Түркі тілдері дамуындағы | | | |ең жаңа дәуір. | | | |10. Түркі тілдерінің | |Ә.Қайдар, М.Оразов. | |классификациясы. Орыс, Европа |1 |Түркітануға кіріспе. | |ғалымдарының классификациясы. | |Отар Әлі Бүркіт. Түркітану | |Н.А.Баскаков классификациясы. Түркі |2 | | |тілдерінің батыс және шығыс | | | |хун саласы, оған кіретін | | | |негізгі тілдерге шолу жасау. | | | |11. Қазіргі түркі тілдері бойынша |1 |Т.Р.Қордабаев. Түркология | |қысқаша мәлімет. | |және қазақ тіл білімі. | | |15 сағат | | 5 Студенттердің өздік жұмыс тақырыптары 1. Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер 2. Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері 3. XX ғасырдағы түркітану тарихы 4. Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу 5. Салыстырмалы-тарихи зерттеулерге қойылатын талаптар 6. Салыстырмалы-тарихи фонетика, грамматика, лексика 7. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері 8. Түркі тілдерінің жіктелуі Реферат тақырыптары 1. В.В.Радлов және түркология 2. М.Қашқари «Диуани лүғат ат түрік» сөздігі 3. Қазақ тілінің қалыптасу тарихы 4. Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері 5. Түркітанушы қазақ ға-лымдарының еңбектері
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz