Файл қосу
Ветеринариялық санитария
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ | |СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |СМЖ 3 дәрежелі құжаты |ПОӘҚ |ПОӘҚ 042-18-23.1.36/01-2014 | | ПОӘҚ | | | |Оқытушыға арналған |Баспа №__күні_____ | | |пән | | | |«Ветеринариялық | | | |санитариялық сараптаудағы | | | |топографиялық анатомия | | | |және лимфа жүйесі» бойынша| | | |бағдарламасы | | | ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУДАҒЫ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ ЖӘНЕ ЛИМФА ЖҮЙЕСІ» мамандық үшін 6М120200 – «Ветеринариялық санитария» ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз 1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН Құрастырушы ________ «___»____ 2014 ж. Дүйсембаев С.Т. в.ғ.д., профессор кафедра «Ветеринариялық санитария» 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 Кафедра мәжілісінде «Ветеринариялық санитария» Хаттама № __«_____» _____________2014 ж. Кафедра меңгерушісі ________ Дүйсембаев С.Т. 2.2 Аграрлық факультетінің оқу – әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды Хаттама № __«_____» ___________ 2014 ж. Төрайым ________ Г.Джаманова 3 БЕКІТІЛГЕН Университеттің оқу – әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды Хаттама № __«_____» _____________2014 ж. Төрайым _______ Г.Искакова 4 ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН № 1 «__» 09.2012 ж Мазмұны 1 Қолдану саласы 2 Нормативтік сілтемелер 3 Жалпы ережелер 4 Оқу пәнінің (модулдің) мазмұны 5 Магистранттардың өздік жұмыстарының тақырыптарының тізімі 6 Оқу - әдістемелік әдебиетімен қамтамасыз ету картасы 7 Әдебиеттер 1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ Пәннің оқу – әдістемелік кешеннің құрамындағы оқытушыға арналған пән бойынша «Ветеринариялық санитариялық сараптаудағы топографиялық анатомия және лимфа жүйес» бағдарламасы 6М120200-«Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша оқитын магистранттарға арналған. 2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР Аталған оқытушыға арналған бағдарлама «Ветеринариялық санитариялық сараптаудағы топографиялық анатомия және лимфа жүйесі» пән бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сай бекітеді: - 5В120200-«Ветеринариялық санитария» мамандығының арналған элективті каталогі; - 5В120200 - «Ветеринариялық санитария» мамандығын дайындауға арналған оқу жұмыс бағдарламасы; - 5В120200 - «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған оқу жұмыс жоспары; - СТУ 042-ГУ-4-2014 Университет стандарты «Пәндердің оқу -әдістемелік кешендерін әзірлеу және рәсімдеу жалпы талаптары»; - ДП 042-1.01-2014 Құжатталған рәсімдеме «Пәндердің оқу - әдістемелік кешендерінің құрылымы және мазмұны». 3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3.1 Пәннің қысқаша сипаттамасы: «Ветеринариялық санитариялық сараптаудағы топографиялық анатомия және лимфа жүйесі» - ветеринариялық санитариялық эксперттер үшін малдардың лимфа жүйесін мұқият білу маңызды болып саналады, себебі ол сойғаннан кейінгі диагностикада және ұшалар мен мүшелерді санитариялық бағалауда негізгі орын алады. Лимфа жүйесі тамыр және ретикулоэндотелийальді жүйенің бір бөлігі болып, организмді лимфада болатын бөгде заттар мен микробтардан тазартады. Сонымен қатар, ол метастаздар, инфекцияның қоздырғыштары, алғашқы сепсис және паразиттердің балаңқұрттары үшін транзитті жол болып келеді. Сол себепті, ол организмдегі патологиялық үрдістермен тығыз байланыста болып, лимфа түйіндерінде спецификалық реакцияларды туғызады. Сондықтан ұша мен мүшелерді сойғаннан кейінгі зерттеуде лимфа түйіндерін тексеруге үлкен диагностикалық мән беріледі, себебі ол ұлпа мен мүшелердің жағдайының нәтижесін ғана емес, сондай-ақ жалпы организмнің жағдайының көрсеткіші болып табылады. 3.2 Пәннің оқу мақсаты: магистрді экспертті ұйымдастыру-басқару және зерттеу қызметі үшін және малдардың барлық сойыс өнімдеріне ветеринариялық санитариялық баға беруге дайындау. 3.3 Пәнді оқудың негізгі міндеттері: ет және ет өнімдерін сойғаннан кейінгі әдістерін меңгеру, малдардың лимфа жүйесін, ұшадағы лимфа түйіндерінің топографиясын білу. 3.4 Білім алу нәтижесі: Пәнді оқу нәтижесінде магистрант міндетті: білу: - организмдегі лимфа түйіндері қызмет ететін лимфа айналымының схемасы. - белгілі бір ауру кезінде байқалатын лимфа түйіндеріндегі, ішкі мүшелеріндегі және малдардың ұшадағы, ұлпалардағы лимфа жүйесінің топографиясын және патологиялық өзгерістерін. -сойыс өнімдерін сойғаннан кейінгі ветеринариялық санитариялық сараптау нұсқауын. игеру: - ғылыми зерттеулердің органолептикалық, биохимиялық, гистологиялық, бактериологиялық, паталогоанатомиялық әдістерін, лимфа түйіндерін тексеру және жұқпалы, жұқпалы емес және инвазиялы ауруларды анықтау үшін. меңгеру: -лимфа түйіндерін органолептикалық және арнайы кесу әдістерін және олардың топографиясын. - нақты ғылыми, өндірістік, ақпаратты іздену және методикалық міндеттерді шешу үшін білімді алу. істей алу: -лимфа түйіндерінде, мүшелер мен ұлпаларда алғашқы кезеңдердегі патологиялық үрдістерді ажырату. -ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін қолдана білу. түсіну: -әр түрлі сойыс және кәсіби жабайы аңдардың сойғаннан кейінгі тексеруді және лимфа түйіндерінің орналасу топографиясын маман ретінде жүргізуге бағыттайтын теоретикалық сілтемелерді. болу: -әр түрлі ауыл шаруашылық және кәсіби жабайы аңдардың лимфа түйіндерінің орналасу топографиясы жайында. қабылдау: -ұшаны, ішкі мүшелерді сойғаннан кейінгі тексеру әдістерін, лимфа жүйе топографиясын және лимфа түйіндеріндегі байқалатын патологиялық өзгерістерді білу. 3.5 Пән пререквизиттері: Ветеринариялық санитарияның қазіргі замандағы проблемалары 3.6 Пән постреквизиттері: Экспорттау және импорттаудағы ветеринариялық санитариялық бақылау; Ветеринариялық қадағалау объектілеріндегі ветеринариялық санитария; Ветеринариялық санитариядағы дезинфекция мен дезинфекциялаушы заттар; Өнімдерді ветеринариялық – санитарлық сараптау және радиобиологиялық қадағалау; Өнімдерді ветеринариялық – санитариялық және өндірістік қадағалау; Мал және құс шаруашылық өнімдерін микробиологиялық бақылау; Ветеринариядағы биологиялық препараттар 3.7 Жұмыс оқу жоспарынан үзінді: 1 кесте |Курс |Семестр |Кредит |Дәріс |Практ.са|Зерт.са|МОӨЖ |МӨЖ |Жалпы|Қорыты| | | |саны |сағ. |ғ |ғ. |сағ. |сағ. |сағат|нды | | | | | | | | | | |бақыла| | | | | | | | | | |у түрі| | 1 |2 |4 |30 |30 |- |30 |90 |180 |емтиха| | | | | | | | | | |н | 4 ОҚУ ПӘННІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ 2 кесте |Тақырыптардың аталуы және мазмұны |Сағат саны| |1 |2 | |Дәріс сабақтары | |1. Лимфа түйіндерінің топографиясы |2 | |Ветеринариялық-санитариялық қызметтегі ауыл шаруашылық және | | |жабайы кәсіптік аңдардың топографиялық анатомиясы. | | |2. Ветеринариялық-санитариялық қызметтегі ауыл шаруашылық және |2 | |жабайы кәсіптік аңдардың лимфа жүйесі. | | |Лимфа жүйесі (лимфа, лимфаны өткізетін жолдар, мүшелердегі лимфа | | |түйіндер және эпителий асты түзілістер). Лимфа тамырларының | | |құрылысы (лимфа капиллярлары және лимфа тамырлары). | | |Ветеринариялық-санитариялық сараптау үшін лимфа жүйесінің маңызы.| | |3. Ірі қара және шошқа басындағы лимфа түйіндерінің топографиясы.|2 | |Бастың лимфа түйіндері. | | |Құлақ маңайындағы, жақ асты лимфа түйіндері, медиальді және | | |латериальді жұтқыншақ лимфа түйіндері. | | |Мойынның лимфа түйіндері. | | |Мойынның беткі, мойынның терең лимфа түйіндері, қабырға-мойын | | |лимфа түйіндері, бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері. | | |4. Жылқы, қой, енеке (буйвол), түйе малдарының басындағы лимфа |2 | |түйіндерінің топографиясы. | | |Жылқының лимфа түйіндері. | | |Құлақ маңайындағы, жақ асты лимфа түйіндері, медиальді және | | |латериальді жұтқыншақ лимфа түйіндері. | | |Енеке (буйвол) малының лимфа түйіндері. | | |Тіл асты оральді лимфа түйіндері. | | |Мойынның лимфа түйіндері. Мойынның орта, терең және қабырға-мойын| | |лимфа түйіндері. | | |5. Ірі қара және шошқа ұшаларындағы лимфа түйіндерінің |2 | |топографиясы. | | |Кеуде қуысындағы лимфа түйіндері. Қанат асты лимфа түйіндері, | | |бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері. | | |6. Жылқы ұшаларындағы лимфа түйіндерінің топографиясы. |2 | |Қанат асты лимфа түйіндері, шынтақ, тізе үсті, қабырға аралық, | | |кеуде, каудальді, краниальді аралық перде, орта лимфа түйіндері, | | |бронхиальді, сыртқы бел мықын лимфа түйіндері. | | |7. Қой, енеке (буйвол), түйе ұшаларындағы лимфа түйіндерінің |2 | |топографиясы. | | |8. Ірі қара және шошқаның кеуде қабырғасының және кеуде |2 | |мүшелеріндегі лимфа түйіндерінің топографиясы. | | |Қабырға аралық, кеуде үсті, дорзальды, вентральды, краниальды | | |аралық перде, орта, каудальды аралық перде, бронхиальды, сол жақ | | |бронхиальды, орта немесе дорзальды бронхиальды, оң жақ, артерия | | |үсті лимфа түйіндері. | | |9. Ірі қара және шошқаның құрсақ, жамбас қабырғасы және жамбас |2 | |қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы. | | |Бел лимфа түйіндері, сыртқы мықын, латериальды, жамбас, сегізкөз | | |лимфа түйіндері, терең шап, беткі шап лимфа түйіндері, тізе үсті,| | |тізе асты, шонданай лимфа түйіндері. | | |10. Ірі қара және шошқаның құрсақ және жамбас қуысындағы лимфа |2 | |түйіндерінің топографиясы. | | |Бүйрек, бауыр, қарын лимфа түйіндері. | | |11. Жылқының құрсақ, жамбас қабырғасы және жамбас қуысындағы |2 | |лимфа түйіндерінің топографиясы. | | |Терең шап, тізе үсті, беткі шап лимфа түйіндері, тізе асты лимфа | | |түйіндері. | | |12. Жылқы, қой, енеке (буйвол), түйе малдарының құрсақ, жамбас |2 | |қабырғасы және жамбас қуысындағы лимфа түйіндерінің | | |топографиясы. | | |Бүйрек, бауыр лимфа түйіндері. | | |13. Енеке (буйвол), түйе малдарының кеуде қабырғасының және кеуде|2 | |мүшелеріндегі лимфа түйіндерінің топографиясы. | | |Бронхиальді оң және бронхиальды орташа, сол жақ лимфа түйіндері, | | |орта аралық перде, бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері.| | |14. Ұша, қаңқа және ішкі мүшелердің құрылысындағы ерекшеліктер |2 | |15. Ұша, қаңқа және ішкі мүшелердің құрылысындағы ерекшеліктер |2 | |Қорытынды |30 | | Тәжірибелік сабақтары | | |1. Кафедра талаптарына сай техника қауіпсіздігі. |2 | |2. Ірі қара басын дайындау және тексеру. Базардағы ірі қара |3 | |малының бас аймағындағы лимфа түйіндерін анықтау және оларды кесу| | |нұсқауларын меңгеру. | | |Шошқа басын дайындау және тексеру. | | |Базардағы шошқаның бас аймағындағы лимфа түйіндерін анықтау және | | |оларды кесу нұсқауларын меңгеру. | | |3. Жылқы, қой және басқа да ауыл шаруашылық малдардың бастарын |3 | |дайындау және тексеру | | |4. Ірі қара және шошқаның кеуде, қабырға және кеуде мүшелері және|3 | |құрсақ қуысындағы лимфа түйіндерін тексеру және олардың | | |топографиясы. | | |Базар жағдайында кеуде, құрсақ және жамбас қуысындағы лимфа | | |түйіндерді анықтау және кесу нұсқауларын меңгеру. | | |5. Жылқы, қой және басқа да ауыл шаруашылық малдардың кеуде, |3 | |қабырға және кеуде мүшелері және құрсақ қуысындағы лимфа | | |түйіндерін тексеру және олардың топографиясы. | | |Базар жағдайында кеуде, құрсақ және жамбас қуысындағы лимфа | | |түйіндерді анықтау және кесу нұсқауларын меңгеру | | |6. Ұша, қаңқа және ішкі мүшелердің конфигурациясы және құрылысы |3 | |бойынша әр түрлі ауыл шаруашылық малдарының етінің түрін анықтау | | |нұсқауларын меңгеру. | | |7. Межелік бақылау |2 | |8. Ұша,қаңқа және ішкі мүшелердің конфигурациясы және құрылысы |3 | |бойынша әр түрлі ауыл шаруашылық малдарының етінің түрін анықтау | | |нұсқауларын меңгеру | | |9. Үстелде өкпе мен жүректі тексеру методикасы |3 | |10. Бауырды тексеру методикасы |3 | |11. Межелік бақылау |2 | | Барлығы |30 | 5 МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАР ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ 5.1 Ірі қара малдардың бастарын тексеруге дайындау (Бакинский бойынша). 5.2 Армавирский әдісі бойынша ірі қара малдардың бастарын тексеруге дайындау. 5.3 Ленинградский тәсілі бойынша ірі қара малдардың бастарын тексеру методикасы. 5.4 Бакинский әдісі бойынша ірі қара малдардың бастарын тексеру методикасы. 5.5 Көмекейдің шеміршегінен ілінген ірі қара бастарының мүшелерінің топографиясының ерекшеліктері. 5.6 Киев әдісі бойынша шошқа бастарын тексеруге дайындау. 5.7 Киев әдісі бойынша дайындалған шошқа бастарының мүшелерін тексеру методикасы. 5.8 Шошқа бастарын тексеру методикасы. 5.9 Ленинградский тәсілі бойынша шошқа бастарын тексеруге дайындау. 5.10 Ленинградский тәсілі бойынша шошқа бастарын тексеруге дайындау. 5.11 Қой мен ешкі бастарын дайындау және тексеру. 5.12 Аорта доғасынан ілінген ливерді тексеру. 5.13 Өкпе мен жүректі тексеру методикасы. 5.14 Жылқы бастарын дайындау және тексеру. 5.15 Ливерді тексеруге дайындау және тексеру. 5.16 Үстелде өкпе мен жүректі тексеру методикасы. 5.17 Үстелде ірі қара малының бауырын тексеру методикасы. 5.18 Ірі қара малдардың қарын–ішек жолының лимфа түйіндері мен көкбауырды тексеру методикасы. 5.19 Бүйректі дайындау және тексеру. 5.20 Бауырды тексеру методикасы. 5.21 Көкбауырды тексеруге дайындау және тексеру 6 ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ Кесте 3 |Әдебиеттер және оқу |Экземпляр |Студенттерді|Қамтамасызды| |методикалық кұжаттар |лар саны |ң саны |қ пайыз | |1 |2 |3 |4 | |1.Дүйсембаев С.Т. Ветеринариялық |50 |2 |100 | |-санитариялық сараптау: Оқулық - | | | | |Алматы, 2013ж.- 512б. | | | | |2. Дүйсембаев С.Т., Серікова А.Т. |50 |2 |100 | |Ветеринариялық -санитариялық | | | | |сараптау практикумы: Оқу құралы - | | | | |Семей қаласы, 2014 ж.- 261б. | | | | |3. Сенченко Б.С. | | | | |«Ветеринарно-санитарная экспертиза|10 |2 |100 | |продуктов животного и | | | | |растительного происхождения». – | | | | |Ростов-на-Дону, 2001. – Б. 702. | | | | 7 ӘДЕБИЕТ 7.1 Негізгі әдебиет 7.1.1 Дүйсембаев С.Т. Ветеринариялық -санитариялық сараптау: Оқулық - Алматы, 2013ж.- 512б 7.1.2 Дүйсембаев С.Т., Серікова А.Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау практикумы: Оқу құралы - Семей қаласы, 2014 ж.- 261б. 7.1.3 Сенченко Б.С. «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения». – Ростов-на-Дону, 2001. – Б. 702. 7.1.4Загаевский И.С., Жмурко Т.В. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства». – Москва, 1983. – Б. 224. 7.1.5 Житенко П.В. «Технология продуктов убоя животных». – Москва, 1984. – Б. 230. 7.1.6 Макаров В.А. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства». – Москва, 1991. – Б. 463. 7.1.7 Сенченко Б.С. «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения». – Ростов-на-Дону, 2001. – Б. 702. 7.1.8 Чернявский И.В., Мягков А.С. Методические указания. Подготовка и методы осмотра органов при ветсанэкспертизе и товароведческой оценке. – Москва, 1985. – Б. 27. 7.1.9 Шуклин Н.Ф., Қырықбайұлы С., Махышев Т.А. «Ветеринарно-санитарная экспертиза, стандартизация и сертификация продуктов» 1 том. – Алматы, 2002. 7.2 Қосымша әдебиет 7.2.1Кузнецов В.А., Шлипаков Я.П. «Технология переработки мяса и других продуктов убоя животных». – Москва, 1971. – Б. 159. 7.2.2 Житенко П.В., Боровков М.Ф. «Ветеринарная санитарная экспертиза продуктов животноводства». – Москва, Колос, 2000. – Б. 335. 7.2.3 Алехина Л.Т. «Технология мяса и мясопродуктов». – Москва, Агропромиздат, 1998. – Б. 576.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz