Файл қосу

Популяция құрылымы












                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                   «Биологиялық экология»  пәнінен 5В060800
                      «Экология » мамандығына арналған




                         ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

















                                    Семей
                                    2013




                                  ГЛОССАРИЙ
АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР  –  тірі  ағзаның  дамуы  мен  таралуына  әсер  ететін
бейорганикалық орта факторларының жиыны (температура,  жарық,  қысым,  ылғал
т.б.);

АВТОТРОФТАР   –   Күн   энергиясын   пайдаланып   бейорганикалық   заттардан
органикалық заттарды синтездейтін ағзалар,  қоректік  тізбекте  продуценттер
болып табылады, оларға фотосинтез процесі  өтетін  барлық  жасыл  өсімдіктер
және хемосинтездік бактериялар жатады;

АМЕНСАЛИЗМ – антибиоз формасы, мұнда  бір  территорияда  өмір  сүретіндердің
біреуі екіншісінің өмір сүруіне зиян келтіреді, ал  өзіне  зардап  шегушіден
еш қандай пайда  да  зиян  да  болмайды,  мысалы,  жарық  сүйгіш  өсімдіктер
шыршаның түбінде өсіп, жарықтың  жетпеуінен  зардап  шегеді,  алайда  өздері
шыршаға ешқандай әсер етпейді;

АНТИБИОЗ – биотикалық өзара байланыстың бір түрі,  мұнда  өзара  әсер  етуші
екі популяция бір біріне кері әсерін тигізеді;

АНТРОПОГЕНДІК  ФАКТОРЛАР  –  адам  әрекетінен  туындаған   факторлар,   олар
қоршаған ортаға оң немесе теріс әсерін тигізулері мүмкін;

АЭРОЗОЛЬ – құрамында қатты немесе сұйық жүзгін бөлшектері  бар  газ  тәрізді
орта, аэрозольдерге түтін, тұман жатады;

БИОТА – білгілі бір ірі және  оқшауланған  территорияда  өмір  сүретін  тірі
ағзалардың тарихи қалыптасқан кешені;

БИОЦЕНОЗ (биоталық бірлестік) – бір бірімен байланысқан және бірге  тіршілік
етуші түрлердің кешені;

БИОГЕОЦЕНОЗ – жер бетінің белгілі бір аймағын (биотопты) алып  жатқан  өзара
байланысқан ағзалар (биоценоздар) және абиотикалық ортадан  құралған  табиғи
жүйе;

БИОТОП –  біртекті  абиотикалық  жағдайлары  бар  және  биоценоз  орналасқан
кеңістік;

ГЕТЕРОТРОФТАР – қорек ретінде тек дайын  органикалық  заттарды  пайдаланатын
ағзаларды айтады;

ГОМЕОСТАЗ – күрделі бейімделу реакцияларының арқасында  іске  асатын  табиғи
жүйенің тепе-теңдік күйі;

ЛАСТАНУ – табиғи ортаға  химиялық,  физикалық  ақпараттық  және  биологиялық
агенттердің түсуі және олардың мөлшерінің өсуін айтады;

ҚОРЫҚ –  табиғат  эталондарын  сақтау  мақсатында  адамның  өндірістік  және
туристік әрекетінен шығарылған,  жануарлар  мен  өсімдіктер  әлемі  қорғауға
алынған,  табиғи  күйі  өзгермеген  немесе  аздап  қана   өзгерген   табиғат
кешендері;

БИОСФЕРАЛЫҚ  ҚОРЫҚ  –   адам   әсерімен   өзгермеген   табиғи   территориялы
кешендерді, халықаралық маңызы бар қорықтарды айтады;

ТОПЫРАҚТЫҢ  СОРТАҢДАНУЫ  –  топырақ  құрамында  еритін  тұзадрың  мөлшерінің
артуын айтады, көбінесе беттік  және  грунттық  сулар  әсерінен  (біріншілік
сортаңдану) болады немесе суаруды  рационалды  емес  (екіншілік  сортаңдану)
жүргізуден пайда болады ;

ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫН-ШАШЫНДАР – қышқылдық деңгейі әдеттегі мөлшерден жоғары  болатын
барлық метеорологиялық жауын-шашын түрлерін, яғни тұман, қарды айтады;

КОНСУМЕНТ – органикалық заттармен қоректенетін ағзалар.  Оларды  біріншілік-
шөппен қоректенушілер, екіншілік- жыртқыштар және  үшіншілік-  жыртқыштармен
қоректенетін жыртқыштар деп жіктейді. Консументтер гетеротрофтарға жатады;

КОНЦЕПЦИЯ – түсінудің белгілі бір түрі, кей бір құбылыстар түсініктемесі;

МЕТАБОЛИЗМ – ағзадағы зат алмасу процесі;

МОНИТОРИНГ – өткенді,  қазіргі  уақытты  және  болашақты  болжауға  арналған
қоршаған орта туралы ақпарат беретін белгілі  бір  кеңістікте  және  уақытта
ұзақ уақытты бақылаулардың ретті жүйесі;

МУТУАЛИЗМ – симбиоз  түрі,  мұнда  екі  түрдің  біреуінің  қатысуы  міндетті
болатын, және екі түр бір  бірінсіз  өмір  сүре  алмайтын  мүраралық  қарым-
қатынас түрі;

ҰЛТТЫҚ  САЯБАҚ  –  табиғатты  қорғау  адамдардың   демалуымен   бірге   іске
асырылатын  үлкен  территорияларды  айтады,   Ұлттық   саябақтардың   өзінің
әкімшілік басқармасы бар және жерді пайдалану ерекшеліктері болады;

НЕЙТРАЛИЗМ – бірге бір территорияда өмір сүретін түрлердің бір біріне  әсері
болмайтын биотикалық түраралық қатынас түрі;

НООСФЕРА – сана сферасы,  сферада  өркениеттің  пайда  болуымен  байланысты,
мұнда адамның саналы іс-әрекеті биосфера дамуының  анықтаушы  факторы  болып
табылады;
ОЗОН  ТЕСІКТЕРІ  –  озоносферадағы  озон  мөлшерінің  азайған  (50%)  елеулі
кеңістіктері, табиғи және  антропогендік  әсерден  болады  деген  жорамалдар
бар;

ОЗОН ЭКРАНЫ (ОЗОНОСФЕРА) – озонның жоғары  концентрациясы  бар  және  күннің
ультракүлгін сәулесін өткізбейтін қасиеті бар атмосфера қабаты, шамамен  20-
25 км биіктікте орналасқан;

ШӨЛЕЙТТЕНУ  –  өздігінен  қайта  жаңараалмайтын,  құнарлы  беткі   қабатынан
айрылған жерді айтады.  Табиғи  және  антропогендік  себептерден  іске  асуы
мүмкін.

ПАРАЗИТИЗМ – антибиоз формасы, бір түрдің өкілдері  келесі  бүр  өкілдерінің
ұлпаларын қорек ретінде, ал денелерін мекен ету ортасы ретінде  пайдаланатын
ағзаларды айтады;

ЖЫЛУЛЫҚ ЭФФЕКТ  –  атмосферада  көмірқышқыл  және  басқада  жылулық  құбылыс
тудыратын  газдардың  жиналу  нәтижесінде  планетадағы  климаттың  біртіндеп
жылынуын айтады, бұл  газдар  жиыны  көшетханадағы  жабын  сияқты  космостан
жылуды жер  бетіне  өткізіп  ал  жер  бетінен  космосқа  инфрақызыл  жылулық
сәулеленуге кедергі келтіретін қасиеттері бар;

ПЕСТИЦИД – өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық қосылыс;

ШЕКТЕУЛІ  РҰҚСАТ  ЕТІЛГЕН  МӨЛШЕР  (ПДК)  –  экологиялық  норматив  –   адам
денсаулығына  және  оның  ұрпағына  белгілі  бір  уақыт  аралығында   нұқсан
келтірмейтін зиянды заттың максималды концентрациясы;

ТАБИҒИ РЕСУРСТАР – адамның сапалы  өмір  сүруін  жоғарылататын,  материалдық
байлық жасауға болатын және тұтынуға пайдаланылатын табиғи объектілер;

ПОПУЛЯЦИЯ – белгілі бір территорияны мекендейтін және ұзақ уақыт бойы  көбею
арқылы тіршілігін сақтап қала алатын бір түр дараларының жиынын айтады;

ТАБИҒИ ОРТА – қоршаған ортаның бір бөлігі табиғаттың құраушысы;

ПРОДУЦЕНТТЕР – автотрофтар, бейорганикалық  заттардан  органикалық  заттарды
жасаушылар, өнім өндірушілер;

ПРОТОКООПЕРАЦИЯ – симбиоз формасы, екі түрдің бірге селбесіп өмір сүруі  екі
жаққа да пайдалы, бірақ міндетті емес;

РЕДУЦЕНТТЕР (ДЕСТРУКТОРЛАР) – органикалық заттарды  бейорганикалық  заттарға
айналдыратын ағзаларды айтады, оларға грибоктар мен микроағзалар жатады;

СМОГ  –  ауаның  аэрозольді  қабатын,  түтінді,  тұманды  ластануы   кезінде
пайдаланылатын термин, бұл кезде атмосфераға  шаң,  өнеркәсіптік  түтін  мен
газдар қоспасы және басқа да ластаушы заттар түседі;

АҒЫНДЫ СУЛАР  –  өнеркәсіпте,  тұрмыста,  ауылшаруашылығында  пайдаланылатын
және әр түрлі зиянды заттар қоспасына тұратын суларды айтады;

СИМБИОЗ – биотикалық қарым-қатынас түріне жатады,  бір  бірімен  байланысқан
түрдің екеуінеде немесе біреуіне осы қарым-қатынас пайда әкеледі;

СУКЦЕССИЯ – белгілі бір территорияда табиғи және  антропогенді  факторлардың
әсерінен  немесе  өзара  байланысынан  биоценоздардың   біртіндеп   алмасуын
айтады;

ТОЛЕРАНТТЫҚ –  ағза  әсер  ететін  қоршаған  орта  факторларының  оптимумнан
ауытқуына төзімділігін айтады;

ШЕКТЕУШІ ФАКТОР – кез  келген  экологиялық  фактордың  сандық  және  сапалық
көрсеткіштері кез келген бір ағзалардың дамуын шектейді;

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР – ағзаға әсерін  тигізетін  ортаның  кез  келген  қасиеті
несесе компонентін айтады;

ФОТОСИНТЕЗ – жасыл өсімдіктерде Күн жарығының  әсерінен  және  пигменттердің
көмегімен жүретін химиялық процес, мұнда көмір  қышқыл  газынан  және  судан
глюкоза пайда болады және ауаға оттегі бөлінеді;

ФРЕОНДАР – (хладондар)жоғарыұшқыш, жердің беткі бөлігінде  химиялық  инертті
болатын,    өнеркәсіпте    суытқышагенттер     ретінде     (тоңазытқыштарда,
рефрижераторларда, кондиционерлерде) кеңінен пайдаланылатын заттар;

ЖЫРТҚЫШТЫҚ –  антибиоз  түрі,  мұнда  бір  түрдің  өкілдері  басқа  бір  түр
өкілдерімен қоректенеді;

ЭКОЛОГИЯ – тірі ағзалардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым;

ЭКОЖҮЙЕ – тірі ағзалармен  және  олардың  мекен  ететін  ортасымен  түзілген
табиғи кешен, мұнда биотикалық және абиотикалық компонеттер өзара  зат  және
энергия алмасумен байланысқан.

 БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

Дәріс №1

Тақырып -1
  КІРІСПЕ. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН
                                  ӘДІСТЕРІ.

Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен
салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.
Жоспар:
1.Биологиялық экологияның қалыптасу тарихы және қазіргі кездегі күйі.
2. Экологиялық зерттеулердің мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері.

"Экология" гректің оіkos - үй (тұрақ,  түрғылыкты  жер,  баспана)  ,1оgоs  -
ғылым  деген  сөздерінің  қосындысынан  құралған.  Бұл  сөздердің  дәлме-дәл
мағынасы  экология  -  "өз  үйіңдегі"  организмдер  туралы   ғылым   дегенді
білдіреді, яғни "организмдер мен қоршаган орта арасындағы жиынтықты"  немесе
олардың бір-бірімен байланысыньң синаттамасына ерекше баса  назар  аударатын
ғылым екендігін көрсетеді.  Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер  экология  -
ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін  немесе
тірі организмдердің ортадағы өмір  сүру  шарттарының  жағдайын,  бір-бірімен
өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп  санайды.    Қоршаған
ортаны танып-білуге деген кұштарлық сонау адамзат  дамуының  ақ  таңы  атқан
кезден басталды деуге болады.   Алғашқы  қауымдастық   қоғамының   өзінде-ақ
адамдар  өздерімен бірге қатар  өмір   сүріп  келе  жатқан  кейбір  аңдардың
қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды  адамдар жеке-жеке емессні  белгілі.
Оларды  адамдар   жсс,    бірлесіп,    қауымдасып   күрескеңце   ғана   жеңе
алатындығына, сөйтіп өздсріне  азык  етуіне  болатындығына  көздсрі   жетті.
Осылай  қай  аңды  қай  кезде,   қандай  жерде,   қандай  қару   қолданғанда
қолдарына түсіре алатындығын сезіне бастады.  Олардың  бұл  әрекеттерін  біз
бүгінде таныс, тас  бетіне түсірген суреттерінен  және  археологиялық  қазба
жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан т. б.  жасаған  қаруларын  табу
арқылы  көзімізді  жеткізіп  отырмыз.   Сондай-ақ  мұндай  деректер   ежелгі
египет, үнді, тибет, тағы  басқа  да  мәдениет  ескерткіштерінде  сақталғаны
мәлім.   Экологияның  элементтері  сонымен  қатар  келе  жатқан  халықтардың
этикалық шығармаларында да кездеседі. Қазір  елімізде  халық  шаруашылығының
әр салаларының тез  дамуы  нәтижесінде  табиғатқа  орны  толмас  зиян  келіп
отырғанда,  жас-тарды  экологиялық  жағынан  тәрбиелеудің  зор  маңызы  бар.
Себебі, табиғатты ластаудың шегі бар деп айтуға болмайды. Ауа да, су да  мол
мөлшерде ластануда. Ал олар   бұдан былай да осы  дәрежеде  ластана  беретін
болса, болашақ ұрпақтардың    өмір сүруіне    үлкен нұқсан келетіні  сөзсіэ.
Сондықтан да, табиғатты корғау жастардың тек  міндеті  ғана  емес,  абыройлы
борышы. Табиғат қорғау  жөніндеп  білімдерін  жетілдіру  кәсіптік-техннкалық
оқу орындарында   үшін  басты  міндеттің  бірі.  Себебі    бұл  оқу  орнының
түлектері ауыл шаруашылығын құрылыстарда, жаңа кен  байлықтарын  игеруде  т.
б.  экологиялык  ортаны  өзгертуге  байланысты   жұмыстармен    шұғылданатын
болады.   Осындай   халық    шаруашылығын  дамытуға    керекті    жұмыстарды
жүргізе отырып, экологиялық   жағдайды сақтауды ұмытпаулары керек.  Тек  осы
жағдайда  ғана  еліміз-дің     табиғатын      және      табиғат     байлығын
сақтап    қала    аламыз. Бұл жерде  тағы  бір  айта  кететін  жәй:  табиғат
корғау мәселесін тар көлемде бір республика, немесе  ел  тұрғысынан  қарауға
болмайды. Егерде бір елдің  (судың,  ауаның  т.  б.)    экологиялык  жагдайы
өзгерсе,    оның зиянды   әсері баска елдерге де жететін  болады,     оларға
көптеген шығын келтіреді. Дәлірек айтканда   табиғат   байлығының бір  елде,
 немесе бір континентте зардап шегуі, барлық  жер  жүзіне  әсер  етеді.  Сол
себепті  табиғат  қорғау  мәселесі  комплексті  каралып,   әрбір   мекемеде,
мектепте, орта және жоғары оқу орнында калыптасуы тиіс. Тәрбие    мен  білім
беру жүйесінің, мәдениет пен    өнердің барлық мекемелерінің,  кәсіподак  т.
б. коғамдык ұйымдардың қызметі табиғат қоргау жұмысына   бейімделгені   жөн.

Экология – ағзалардың тіршілік ету жағдайларын және ағзалардың тіршілік  ету
ортасы арасындағы өзара байланыстарын зерттейтін  биологиялық  ғылымның  бір
бөлімі (биоэкология).
Ең алғаш бұл терминді 1866 жылы неміс зоологы Эрнст Геккель  ұсынған  (ойкос
– үй, тұрақ, мекен; логос – білім, ғылым; яғни  өзімнің  тұратын  мекенімді,
жерімді зерттеп танимын деген мағынаны білдіреді).
Кез  келген  ғылым  сияқты  экология  да   зерттелетін   процестердің   жүру
заңдылықтарын  айқындап,  оларды  шағын  логикалық  және  тәжірибе   жүзінде
тексеріп ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады.
Экологияның басты зерттейтіні –  экологиялық  жүйелер.  Экологиялық  жүйе  –
қоректік  байланыстар  мен  энергияны   алу   тәсілдерінің   негізінде   бір
тұтастықты құрайтын тіршілік ету орталары мен тірі ағзалардың  қауымдастығы.
Бұл терминді ең алғаш 1935 жылы ағылшын ғалымы Э.Тэнсли енгізген.
Экологияда зерттелетін тірі  заттардың  дене  құрылысының  деңгейіне  сәйкес
аутэкология, дэмэкология және  синэкология  сияқты  тараулар  бөлінеді.  Бұл
тараулар жалпы экологияны құрайды.
Аутэкология – жеке ағзаның  тіршілік  ету  ортасымен  өзара  қарым-қатынасын
зерттейтін экология бөлімі.
Аутэкологияның (грек. autos- өзім) мақсатты –  даралардың  тіршілік  етуінің
шегін және физико-химиялық  факторлардың  ағза  олардың  мағынасының  барлық
көлемінен  таңдап  алатын  шектеулерін   нақтылау   болып   табылады.   Орта
факторларының әсеріне ағзалардың реакциясын  зерттеу  осы  шектеулерді  ғана
емес,  берілген  түрлерге   тән   физиологиялық,   сондай-ақ   морфологиялық
өзгерістерді шығаруға мүмкіндік береді.
Демэкология  (популяциялар  экологиясы)  –  бір  тектес  даралардың   табиғи
топтамаларын,    яғни    популяциялардың    зерттейтін    экология    бөлімі
(популяциялар,  ішкі  популяциялық  топтар  мен   олардың   өзара   қатынасы
қалыптасатын жағдайларды, популяция санының динамикасын, дене құрылысын).
Синэкология (бірлестіктер экологиясы) - өсімдіктердің, жануарлардың,  микро-
ағзалардың қауымдастықтарын  және  олардың  мекен  ету  ортасымен  қатынасын
зерттейтін экология бөлімі.
Биосфера немесе түраралық деңгейін бағалау әдісімен теориясын жасау;
популяциялық  экология,  биоталық   бірлестіктер   экологиясы,   табиғаттағы
биотүрлілікті сақтау сияқты проблемаларды зерттеу,  биотаның  сыртқы  ортаға
әсер етуін реттейді;
табиғат   және   антропогендік   факторлар   әсерінен   биосферада   болатын
өзгерістерді болжау және зерттеу, осы өзгерістердің салдарын бағалау;
табиғат ресурстарының күйі мен динамикасын бағалау және оларды  пайдаланудың
экологиялық салдары;
қоршаған орта сапасын басқару әдістерін жасау және жетілдіру;
адамдарда  биосфералық   ойлау   және   экологиялық   сананы   қалыптастыру,
экологиялық этика мен мораль нормаларын жасау;
экономикалық, әлеуметтік және т.б. қоғам  мен  мемлекет  қауіпсіздігін  және
тұрақты дамуын қамтитын шешімдерді оптимизациялау.


Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.


























БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

Дәріс №2

Тақырып -1
  КІРІСПЕ. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН
                                  ӘДІСТЕРІ.

Мақсаты:  Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен
салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.
Жоспар:
1. Экологияның ғылым ретінде даму тарихы
2. Экология – кең ауқымды, өзіне көптеген шешілмеген мәселелерді қамтитын
мағыналы түсінік

Экологияның ғылым ретінде даму тарихы
«Тірі ағзаны  қоршаған  органикалық  және  бейорганикалық  ортаға  қатынасы»
жөніндегі білімнің қажеттілігі. Аристотельдің  еңбектерінде  көрініс  алған.
Содан бері экологиялық білімнің дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға  болады.
Олар:
Бірінші кезең: ХІХ  ғасырдың  60-шы  жылдарына  дейінгі  кезең.  Экологияның
пайда болуы және ғылым ретінде қалыптасуы. Тірі ағзалардың қоршаған  ортамен
қарым-қатынасы жөніндегі мәліметтердің жиналуы мен сипатталады.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда  экологиялық  мәліметтер  биологиялық  сипаттамалардың
недәуір бөлімін қамтиды. Осы кезде Ламарк  және  Мальтус  адамзатты  адамның
қоршаған ортаға тигізетін кері әсері туралы ескерткен.
Екініші кезең: ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан  ХХ  ғасырдың  50-ші  жылдарына
дейінгі аралықты қамтиды. Экологияның жеке ғылым ретінде бөлініп дамуы.  Бұл
кезеңнің  басында   орыстың   Н.А.Северцев,   В.В.Докучаев   сияқты   атақты
ғалымдарының еңбектері жарық көрумен сипатталады. ХХ  ғасырдың  бас  кезінде
В.И.Вернадскийдің биосфера туралы фундаментальды ілімінің негізі қаланады.
Үшінші кезең: ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан қазіргі кезге дейін.  Экологияның
кешенді  ғылымға  айналу  кезеңі.  Бұл  кешенге  география,  химия,  физика,
геология, мәдениеттану теориясы және қоршаған ортаны қорғау сияқты  ғылымдар
кіреді. Адам басқа тіршілік  иелерімен  салыстырғанда,  сыртқы  ортамен  өзі
жасаған мәдениет арқылы қарым-қатынасқа түседі, яғни адамзат тұтасымен  даму
барысында  мәдени  орта  қалыптастырады,  және  ұрпағына  еңбек  пен  рухани
тәжірибесін мұра ретінде қалтырып отырады.
Адам баласы үшін экологиялық білім  бұрынғы  ойшылдар  және  ата-бабаларымыз
аңсаған адамға лайық орта жасау, адамның табиғатпен  үйлесімді  одағын  құру
үшін қажет.

Экология – кең  ауқымды,  өзіне  көптеген  шешілмеген  мәселелерді  қамтитын
мағыналы түсінік. Құқықтық мемлекетте БҰҰ-да жарияланған адамдардың  негізгі
табиғи,  конституциялық   құқықтары   бұзылмауы   керек,   яғни   табиғатпен
үйлесімділікте және таза қоршаған ортада өмір сүру құқы.
Қазіргі заманда негізгі ғаламдық экологиялық мәселелерге мыналар жатады:
климаттың өзгеруі;
тұщы судың тапшылығы және оның ластануы;
озон қабатының тозуы;
жылулық эффект;
қышқыл жауын-шашындар;
биологиялық алуантүрліліктің азаюы.
Осы  мәселелердің  кешені  еліміздің  және  планетамыздың  экологиясына   өз
нұқсанын келтіреді. Қазақстанның экологиялық мәселелері келесі:
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану және ластау;
Арал мен Каспий теңіздерінің, Балхаш көлінің мәселелері;
Ауаның ластануы;
Қазба байлықтарды рационалды емес пайдалану;
Жер ресурстарының мәселері;
Семей  ядролық  сынақ  полигоны  мен  Байқоңыр  космодромының  әрекеттерінің
салдары;
Флора мен фаунаның тозуы.
Халық аралық тәжірибеге сүйене отырып  еліміздің  экологиялық  қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін Қазақстан  Республикасының  экологиялық  заңнамасы  және
қоршаған ортаны қорғауға арналған әрекет етудің Ұлттық жоспары  бағытталған.
Экологиялық  приориттерді  сақтамай  Қазақстанның  алға  басуы,  және  дамуы
мүмкін емес.
        Экология –  ағзалардың  тіршілік  ету  жағдайларын  және  ағзалардың
тіршілік ету ортасы арасындағы өзара  байланыстарын  зерттейтін  биологиялық
ғылымның бір бөлімі.
Ең алғаш бұл терминді 1866 жылы неміс зоологы Эрнст Геккель  ұсынған  (ойкос
– үй, тұрақ, мекен; логос – білім, ғылым; яғни  өзімнің  тұратын  мекенімді,
жерімді зерттеп танимын деген мағынаны білдіреді).
Кез  келген  ғылым  сияқты  экология  да   зерттелетін   процестердің   жүру
заңдылықтарын  айқындап,  оларды  шағын  логикалық  және  тәжірибе   жүзінде
тексеріп ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады.
Экологияның басты зерттейтіні –  экологиялық  жүйелер.  Экологиялық  жүйе  –
қоректік  байланыстар  мен  энергияны   алу   тәсілдерінің   негізінде   бір
тұтастықты құрайтын тіршілік ету орталары мен тірі ағзалардың  қауымдастығы.
Бұл терминді ең алғаш 1935 жылы ағылшын ғалымы Э.Тэнсли енгізген.
Экологияда зерттелетін тірі  заттардың  дене  құрылысының  деңгейіне  сәйкес
аутэкология, дэмэкология және  синэкология  сияқты  тараулар  бөлінеді.  Бұл
тараулар жалпы экологияны құрайды.
Қоршаған табиғи ортаны  қорғау  және  табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану
Қоғамның экономикалық  даму  барысын  жетілдірудін  міндетті  шарты.  Біздің
елімізде табиғатты корғау жэне оның байлықтарын  тиімді  пайдалану  қоғамның
дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген,  ол  әрбір  адамның  парызы
ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпы-халықтық міндет болып табылады.
2. Экологиялық құкық — бұл осы кезең  мен  болашақтың  адамдардың  мүдделері
үшін  коғам  мен  табиғат  аясындағы  қарым-қатынасқа  байланысты   коғамдық
катынастарды  реттейтін  жаңа  құқық  салаларының   бірі   болып   табылады.
«Экология» — бүл біздің жалпы жэне жалғыз үйіміз — «Жер» туралы ғылым.
Алғашқы рет бүл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель  үсынып  және
ұзақ уақыт бойы тек  биология  ғылымы  негізінде  тар  аяда  қолданылды.  Ол
өзінің әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында  ие  болды,  өйткені  тура
осы  кезден  бастап  адам  мен  орта  және  қоғам  мен  табиғат   арасындағы
қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі  организмдер  мен  олардың  өмір
сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын  ілім
ретінде колданылады. Табиғат — санада және санадан  тыс  жүретін  объективті
анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру  ортасы.  Ол  адамға  байланысты
негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:
1.Жердегі өмірге кажетті биологиялық жағдайды камтамасыз ететін  экологиялық
қызмет;
2.Адамдардың        материалдық         қажеттіліктерін    қанағаттандырудың
қайнар       көзі       болып      табылатын экономикалық қызмет;
З.Адамның    жан    дүниесінің    қалыптасуына    әсер     ететін     қызмет
түрлері.



Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
Қосымша әдебиеттер:
Степановских А.С., Общая экология. М., 2001
Акимова Т.А., Кузьмин А.П., Хаскин В.В., Экология., М., 2001
Карташев А.Г., Введение в экологию., Томск., 1998.
Розанов С.И. Общая экология. С-Петербург., 2001

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
Экология дегеніміз не? Экология нені оқытады?
Қазіргі  заман  экологиясының  ХІХғасыр  және  ХХ  ғасырдың  бас   кезіндегі
экологиясынан айырмашылығы неде?
Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар?
Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз.
ХІХ ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдарды атаңыздар.
Қазіргі заман экологиясының негізгі мәселелерін түйіндеп айтыңыздар.

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ
Дәріс сабақ  №3
Тақырып-2
          ОРГАНИЗМ ЖӘНЕ ОРТА ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ДЕҢГЕЙІ
Жоспар:
Табиғи орта туралы ұғым. Экологиялық факторлар.( абиотикалық және
биотикалық, антропогендік)
Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлігі
Гомеостаз және экожүйенің тұрақтылығы.
Табиғи орта туралы ұғым. Экологиялық факторлар.( абиотикалық және
биотикалық, антропогендік)
ТАБИҒИ ОРТА – қоршаған ортаның бір бөлігі табиғаттың құраушысы;
Ортаның ағзаға әсер ететін жеке қасиеттері  немесе  элементтері  экологиялық
факторлар деп аталады. Орта факторлары сан алуан түрлі  болып  келеді.  Олар
тірі заттар үшін қажетті немесе керісінше зиянды болуы мүмкін.
                     Экологиялық факторлардың жіктелуі:








Экологиялық табиғи  және  антропогенді  экологиялық  факторлар  болып  екіге
бөлінеді.  Табиғи  факторлардың  өзі   биотикалық   және   абиотикалық   деп
жіктеледі.Тіршіліктің төртінші ерекше  ортасы  тірі  ағзалардың  өзі  болды,
олардың әрқайсысы оған қоныстанған  паразиттер  мен  симбиондар  үшін  тұтас
дүниені  білдіреді.  Адаптация  –  ағзалардың  қоршаған  орта  өзгерістеріне
бейімделуі. Бейімделуге қабілеттілік  –  тіршіліктің  негізгі  қасиеттерінің
бірі  болып  табылады,  өйткені  ол  оның   тіршілік   етуінің   мүмкіндітін
қамтамасыз етеді. Абиотикалық факторлар бұл өлі  табиғаттың  тірі  ағзаларға
тікелей  немесе  жанама  түрде  әсер  ететін  барлық   қаситеттері:   оларға
химиялық, физикалық және эдафикалық факторлар жатады.
Химиялық  факторларға  қоршаған  ортаның  химиялық  құрамы  жатады,  мысалы,
ауаның, судың  құрамындағы  оттегі  мөлшері,  жауын-шашындардың  қышқылдығы,
автокөлік және зауыт-фабрикалардың түтіндерінің құрамы т.б.
Физикалық факторларға қоршаған ортаның физикалық  күйі  немесе  құбылыстарды
жатқызуға болады, мысалы, температура, қысым, радиациялық фон т.б.
Эдафикалық факторларға  топырақтың  физикалық  және  химиялық  қасиеттерінің
жиынын айтады.
Биотикалық фактор – бір ағзалардың басқа бір ағзаларға тигізетін  әсері.  Ол
түраралық және түрішілік болып екіге жіктеледі.
Түрішілік әрекеттер – бір түрдің ағзаларының арасында жер үшін, қорек  үшін,
теорритория үшін туындайтын күрестен пайда болады,  мұнда  тек  бәсекелестік
орын алады.
Түраралық әрекеттер – түрішілікке қарағанда анағұрлым  алуан  түрлі.  Оларға
нейтрализм,     бәсекелестік,     мутуализм,     паразитизм,     жыртқыштық,
протокооперация жатады.
Антропогендік фактор –  адам  әсерінен  туындайтын  қоршаған  ортаға  тиетін
әсер. Ортаның экологиялық факторлары  тірі  ағзаларға  түрліше  әсер  етеді,
яғни физиологиялық  және  биохимиялық  қызметтердің  бейімделу  өзгерістерін
тудыратын тітіркенушілер сияқты; берілген жағдайларда  тіршілік  ету  мүмкін
еместігімен себептелген  шектеушілер  сияқты;  ағзалардың  анатомиялық  және
морфологиялық өзгерістерін тудыратын модификаторлар  сияқты;  ортаның  басқа
факторларының өзгерісі туралы  мәлімет  беретін  белгілер  сияқты  әсер  ете
алады.
Өзінің тарихи-эволюциялық  даму  жолында  ағзалар  периодты  және  периодсыз
факторларға бейімделген.
   Ағзалардың қоршаған орта факторларының әсеріне бейімдеушілік дәрежесіне
               байланысты экологиялық факторлардың жіктелінуі







Ең алдымен тірі ағзаларда  периодты  факторларға  бейімделуі  пайда  болады.
Мысалы,  Жер  шарының  тікелей  өз  осінен  және  Күнді  айналуы  немесе  Ай
фазаларының ауысуы.

       1840  жылы  Ю.  Либих  (1803  -  1873)  ағзалардың  төзімділігі  оның
экологиялық   қажеттіліктерінің    тізбегіндегі    ең    әлсіз    звеносымен
анықталатынын  дәлелдеді.  Ол  ауыл  шаруашылық   дақылдарының   өнімділігін
анықтауда  қоректік   заттарға   деген   сұранысын   зерттеуге   бағытталған
тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп  мөлшерде  қажет
жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет  және
топырақта  жеткіліксіз  болатын  (мысалы,  бор)  заттарға   тәуелді   екенін
анықтайды.Қазір  Либих  ережесі  шектеуші  факторлар  заңы  немесе  Либихтың
минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға  болады:  экологиялық
факторлар  жиынтығында  төзімділік  шегіне  ең  жақын  фактор   күшті   әсер
етеді.Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана  емес,  оның  артық
мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады.
      Минимуммен  қатар  максимумның  да  шектеуші  әсері  туралы  түсінікті
дамытқан 1913 жылы В. Шелфорд болды. Шелфордтың толеранттық заңы:
      Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы  да  шектеуші
фактор бола алады, ал  олардың  арасындағы  ауытқу  диапазоны  толеранттылық
шамасын (латын тілінен аударғанда толерантиа – шыдау,  төзім)  яғни  ағзаның
белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ
Дәріс сабақ  №4
Тақырып-2
          ОРГАНИЗМ ЖӘНЕ ОРТА ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ДЕҢГЕЙІ
                                   Жоспар:

Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлігі
Гомеостаз және экожүйенің тұрақтылығы.

Жануарлар  мен  өсімдіктердің  өмірінде  температура,  қысым   электромагнит
өрісі,  теңіздердің  толуы  мен  қайтуы  маңызды  роль   атқарады.   Аталған
факторлардың Жердің өз  осінен  және  Күнді  айналуы,  Айдың  Жерге  қатысты
айналуы нәтижесінде туындайтын маусымдық және  тәуліктік  өзгергіштігі  тән.
Сонымен қатар бұл факторлар географиялық белдеулерге байланысты заңды  түрде
өзгереді.
      Жануарлар мен өсімдіктерде  ұзақ  уақытқа  созылған  табиғи  сұрыпталу
барысында  белгілі  бір  ортаға  бейімделуге  мүмкіндік   беретін   анатомо-
морфологиялық, физиологиялық және басқа да  арнайы  белгілер  мен  қасиеттер
пайда  болған.  Әр  түрдің  өзіне   тән   жылдық   циклы:   өсу   мен   даму
интенсивтілігі, көбею қысқа және қыстауға дайындығы қалыптасқан.
      Уақыт бойынша бірізділікпен кезектесіп келетін ағзаның қандай  да  бір
жағдайын биологиялық ырғақ  деп  атайды.  Бұл  ырғақтарды  ішкі  механизмдер
ұстап  тұр.  Биологиялық   сағаттың   көмегімен   әр   түрлі   физиологиялық
процестердің тәуліктік, маусымдық, жылдық басқа да ырғақтары белгіленеді.
       Ағзаның  ырғақтары  ішкі  немесе  физиологиялық  және  сыртқы,   яғни
геофизикалық табиғаты бар сыртқы ортадағы циклды өзгерістерден  соң  жүретін
болып бөлінеді.
      Ішкі ырғақтар тарихи қалыптасқан. Қалыпты өмір сүру үшін  келген  ағза
жоғары физиологиялық белсенділік  жағдайынан  физиологиялық  тыныштық  күйге
өтеді.  Анаболизм  (түзілу)  процестері  катаболизм  (ыдырау)  процестерімен
алмасады. Егер катаболизм бұл процесс болмаса,  онда  ағзаның  физиологиялық
функциялары бұзылады.
      Тірі ағзалар сыртқы ортаның ауытқуларын қабылдауға  бейімделе  отырып,
оларға сәйкес өздерінің физиологиялық процестерін  реттейді.  Бұл  негізінен
үш фактордың әсерінен жүзеге асырылады: Жердің Күнге қатысты айналуы  күндік
тәулік, Айға  ай  тәулігі,  жұлдыздарға  жұлдызды  тәулік.  Бір-біріне  әсер
ететінін ескере отырыа, бұл факторларды ағзалар 24 сағаттық  периодқа  жақын
ырғақ түрінде  қабылдайды.  Бұл  –  эндогенді  биологиялық  ырғақтардың  дәл
тәуліктік периодтан  ауытқуының  себебі  болып  табылады.  Сондықтан  оларды
циркадтық (латын тілінен аударғанда цирка – шамамен, жуық,  диес  –  тәулік)
ырғақтар, яғни тәулікті ырғаққа жақын деп аталады.
      Егер тиіндерді толық қараңғылық  жағдайында  ұстаса,  бастапқыда  олар
бір мезгілде оянып, белсенді тіршілік етеді, біраз  уақыттан  соң  әр  түрлі
уақытта оянып, өзінің әр түрлі ырғағын сақтайды. Содан соң  күн  мен  түннің
дұрыс  кезектесуін  қалпына  келтіргенде,  жануарлардың  ұйқы  мен  белсенді
тіршілігінің периодтары болады. Олай болса,  сыртқы  тітіркендіру  (күн  мен
түннің ауысуы) туа пайда болған циркадтық ырғақтарын реттейді.
        Көптеген    жануарларда    тәуліктік    периодтылық    физиологиялық
функциялардың  айтарлықтай  ауытқуын  әкелмейді.   Ол   негізінен   қозғалыс
белсенділігінің өзгеруінен  көрінеді.  Бұл  –  сыртқы,  экзогенді  тәуліктік
ырғақ.  Тәуліктік  периодтылық  күндіз,   кеште,   түнде   тіршілік   ететін
жануарларға тән. Су қоймаларында планктонның күндізгі және  түнгі  арадласуы
байқалады.  Жарық  күннің  ұзақтығының   көктемнен   күзге   қарай   өзгеруі
жануарлардың  тәулік  бойынша  белсенділігіне  әсер   етеді.   Олай   болса,
тәуліктік периодтылық экзогенді ырғаққа жатады.

Гомеостаз және экожүйенің тұрақтылығы.

ГОМЕОСТАЗ – (грек. homoios-бірдей, ұқсас  және  stаsis-жағдай,  қозғалыссыз)
табиғи жүйенің (организмнің) ішкі  динамикалық  тепе-теңдік  жағдайы  немесе
күрделі бейімделу реакцияларының арқасында іске асатын табиғи жүйенің  тепе-
теңдік күйі ;
ЭКОЖҮЙЕ – тірі ағзалармен  және  олардың  мекен  ететін  ортасымен  түзілген
табиғи кешен, мұнда биотикалық және абиотикалық компонеттер өзара  зат  және
энергия алмасумен байланысқан.
АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР  –  тірі  ағзаның  дамуы  мен  таралуына  әсер  ететін
бейорганикалық орта факторларының жиыны (температура,  жарық,  қысым,  ылғал
т.б.);
АНТРОПОГЕНДІК  ФАКТОРЛАР  –  адам  әрекетінен  туындаған   факторлар,   олар
қоршаған ортаға оң немесе теріс әсерін тигізулері мүмкін;


 Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.


Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
Аутэкология нені зерттейді?
«Экологиялық фактор» деп нені түсінесіз ?
Экологиялық факторлар қандай топтарға бөлінеді?
Абиотикалық факторларға қандай факторлар жатады?
Биотикалық фактор дегеніміз не?
Антропогендік   факторларға   қандай   факторлар   жатады?   Табиғи   ортаға
антропогендік факторлардың тиімді және зиянды әсерлеріне мысал  келтіріңдер.

салыстырмалы  түрде  тұрақты  және  үнемі   өзгеріп   отыратын   экологиялық
факторларға мысал келтіріңдер.
Экологиялық факторлардың адам шаруашылығына қандай әсері бар?


БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

   Дәріс сабақ  №5

  Тақырып-3
                                          АУТЭКОЛОГИЯ

Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен
салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.
Жоспар
1.Организм және оның тіршілік жағдайы
2. Шектеуші фокторлар минимум және толентарлық заңдар
3. Негізгі абиотикалық факторлар: жарық, температура және ылғалдылық

Аутэкология – жеке ағзаның  тіршілік  ету  ортасымен  өзара  қарым-қатынасын
зерттейтін экология бөлімі.
Аутэкологияның (грек. autos- өзім) мақсатты –  даралардың  тіршілік  етуінің
шегін және физико-химиялық  факторлардың  ағза  олардың  мағынасының  барлық
көлемінен  таңдап  алатын  шектеулерін   нақтылау   болып   табылады.   Орта
факторларының әсеріне ағзалардың реакциясын  зерттеу  осы  шектеулерді  ғана
емес,  берілген  түрлерге   тән   физиологиялық,   сондай-ақ   морфологиялық
өзгерістерді шығаруға мүмкіндік береді.
Ағзаның ырғақтары ішкі немесе физиологиялық және сыртқы,  яғни  геофизикалық
табиғаты  бар  сыртқы  ортадағы  циклды  өзгерістерден  соң  жүретін   болып
бөлінеді.
            Түрдің   особьтарды  көбейту,  басқа  түрлермен  бәсекеге   түсу
қабілеті түр  үшін  оптимальды  шамадан  ауытқитын  факторлармен  шектелетін
болады.  Мұндай  максимум  мен  минимум  шегінен  шығып  кететін   факторлар
шектеулі факторлар деп аталады.  Мыс:  көптеген  өсімдіктермен  жануарлардың
солт. таралуына жетіспеуі шектеуші фактор болса, керісінше сол  түрлер  үшін
оңт. Ылғал мен қаректің жетіспеуі шектеуші фактор болады.
     Экожүйедегі (табиғи бірлестіктер) өзара қарым  –  қатынаста  болу  үшін
әртүрлі әдістер қолданылады. Эксперимент, табиғатта ұзақ  мерзімді  бақылау,
популяциядағы  особьтар   санын   анықтау,   жануарлардың   қоныс   аударуын
(миграция) бақылау т.б. Тірі табиғатты толық  және  терең  танып  білу  үшін
модельдеу әдісі (жасайды экологиялық  жүйе)  кеңінен  пайдаланылады.  Мұндай
жағдайда деректерді математикалық әдіспен шешеді.
      Экожүйедегі  модельдеу  әдістері   қазіргікезде   экологияда   кеңінен
қолданылады.  Олар  экожүйелерде  болып  жатқан  процестерді  болжауға  және
антропогендік факторлардың биосфераны ластау әдістерін  айқындап,  болашаққа
кең жол ашады.
Ішкі ырғақтар тарихи қалыптасқан. Қалыпты өмір сүру үшін келген ағза  жоғары
физиологиялық белсенділік жағдайынан  физиологиялық  тыныштық  күйге  өтеді.
Анаболизм (түзілу) процестері катаболизм  (ыдырау)  процестерімен  алмасады.
Егер катаболизм бұл процесс болмаса, онда ағзаның физиологиялық  функциялары
бұзылады.

Тірі ағзалар сыртқы ортаның ауытқуларын қабылдауға бейімделе отырып,  оларға
сәйкес  өздерінің  физиологиялық  процестерін  реттейді.  Бұл  негізінен  үш
фактордың әсерінен жүзеге асырылады: Жердің  Күнге  қатысты  айналуы  күндік
тәулік, Айға  ай  тәулігі,  жұлдыздарға  жұлдызды  тәулік.  Бір-біріне  әсер
ететінін ескере отырыа, бұл факторларды ағзалар 24 сағаттық  периодқа  жақын
ырғақ түрінде  қабылдайды.  Бұл  –  эндогенді  биологиялық  ырғақтардың  дәл
тәуліктік периодтан  ауытқуының  себебі  болып  табылады.  Сондықтан  оларды
циркадтық (латын тілінен аударғанда цирка – шамамен, жуық,  диес  –  тәулік)
ырғақтар, яғни тәулікті ырғаққа жақын деп аталады.
      Егер тиіндерді толық қараңғылық  жағдайында  ұстаса,  бастапқыда  олар
бір мезгілде оянып, белсенді тіршілік етеді, біраз  уақыттан  соң  әр  түрлі
уақытта оянып, өзінің әр түрлі ырғағын сақтайды. Содан соң  күн  мен  түннің
дұрыс  кезектесуін  қалпына  келтіргенде,  жануарлардың  ұйқы  мен  белсенді
тіршілігінің периодтары болады. Олай болса,  сыртқы  тітіркендіру  (күн  мен
түннің ауысуы) туа пайда болған циркадтық ырғақтарын реттейді.
        Көптеген    жануарларда    тәуліктік    периодтылық    физиологиялық
функциялардың  айтарлықтай  ауытқуын  әкелмейді.   Ол   негізінен   қозғалыс
белсенділігінің өзгеруінен  көрінеді.  Бұл  –  сыртқы,  экзогенді  тәуліктік
ырғақ.  Тәуліктік  периодтылық  күндіз,   кеште,   түнде   тіршілік   ететін
жануарларға тән. Су қоймаларында планктонның күндізгі және  түнгі  арадласуы
байқалады.  Жарық  күннің  ұзақтығының   көктемнен   күзге   қарай   өзгеруі
жануарлардың  тәулік  бойынша  белсенділігіне  әсер   етеді.   Олай   болса,
тәуліктік периодтылық экзогенді ырғаққа жатады.
Жарық. Белгілі француз  астрономы  К.  Фламмарион  (1842  -  1925):  «Біздің
планетамызда жүрген, қозғалған, өмірс  сүретін  нәрселердің  барлығы  күннен
жаралған» - деді.
      Биосферадағы ең маңызды процесс – фотосинтез тек жарықта  ғана  жүзеге
асырылады. Жасыл өсімдіктерде (жоғары  сатыдағы  өсімдіктер  мен  балдырлар)
электрондардың доноры  су  (оттегі)  болып  табылады.  Сондықтан  фотосинтез
нәтижесінде оттегі түзіледі:
Альбедо – дегеніміз әр түрлі  денелердің  бетінің  шағылысуға  қабілеті.  Ол
радиацияның жалпы мөлшерінен  пайызбен  шаққандағы  мөлшері.  Альбедо  жарық
сәулесінің  түсу  бұрышына  және  беттің  шағылыстыру  қасиетіне  байланысты
болады.
Температура. Тірі ағзалардың жер бетінде  таралуын  анықтайтын  факторлардың
бірі – температура. Жылудың тек  абсолюттік  мөлшері  ғана  емес,  сондай-ақ
оның уақыт бойынша таралуы,  яғни  жылулық  режим  маңызды  болып  табылады.
Өсімдіктердің  денесінің  өзіндік  температурасы  болмайды.   Олардың   жылу
реттеуінің  анатомо-морфологиялық  және  физиологиялық  механизмдері  ағзаны
қолайсыз температуралардан қорғауға бағытталған.
Аллен ережесі (1877 ж.)  бойынша  дене  температурасы  тұрақты  жануарлардың
салқын климаттық белдеулерде денесінің шығыңқы бөліктері кішірейеді.
      Жануарлардың  жылу  режиміне  бейімделуі  денесінің  жеке  мүшелерінің
қатынасының   өзгеруінен   де   көрінеді.   Мысалы,   солтүстік   аудандарда
мекендейтін   ақкістің   жылы   жерде   мекендейтін   осындай   жануарлармен
салыстырғанда жүрегі, бүйрегі, бауыры үлкен болады.
Ылғалдылық. Сулы тірі  ағзалардың  өміріндегі  маңызды  экологиялық  факторы
және олардың тұрақты құрам бөлігі болып табылады.
      Өсімдіктердің әр түрлі түрлерінің, әр  түрлі  даму  кезеңдерінде  суға
деген  қажеттілігі  әр  түрлі  болады.  Ол  ауа   райына,   топырақ   типіне
байланысты. Қоршаған ортаның ылғалдылығы ағзалардың жер шарында таралуы  мен
санын шектейтін маңызды фактордың бірі.
       Жануарлар  үшін  олардың  су  алмасуын  реттейтін   механизмдер   мен
жабындардың өткізгіштігі маңызды роль атқарады.

      Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
Аутэкология нені зерттейді?
«Экологиялық фактор» деп нені түсінесіз ?
Экологиялық факторлар қандай топтарға бөлінеді?
Абиотикалық факторларға қандай факторлар жатады?
Биотикалық фактор дегеніміз не?
Антропогендік   факторларға   қандай   факторлар   жатады?   Табиғи   ортаға
антропогендік факторлардың тиімді және зиянды әсерлеріне мысал  келтіріңдер.

салыстырмалы  түрде  тұрақты  және  үнемі   өзгеріп   отыратын   экологиялық
факторларға мысал келтіріңдер.
Экологиялық факторлардың адам шаруашылығына қандай әсері бар?


Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

















БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

Дәріс сабақ  №6

Тақырып-3
                                                               АУТЭКОЛОГИЯ

Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен
салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.
Жоспар
1. Негізгі абиотикалық факторлар: жарық, температура және ылғалдылық
2. Тіршілік ету ортасы. Тірі организмдердің қалыптасу деңгейі

Жарық-  Белгілі  француз  астрономы  К.   Фламмарион   (1842-1925)   «Біздің
планетамызда  жүрген,   қозгалған,   өмір   сүретін    нәрселсрдің   барлыгы
күннен жаралган»- деді.
Биосферадагы ен маңызды  процесс-фотосинтез тек жарықта гана жүзеге
асырылады. Альбедо-әр     түрлі     денелердін     бетінің     шағылыстыруга
қабілеті.    Ол  радиацияның жалпы мөлшерінен пайызбен шаққандағы мөлшері.
Экологиялық фактор  ретінде жарыкка  қатысты  өсімдіктердіц  төмендегі
топтарын   бөліп    көрсетуге   болады.:    гелиофиттср    сциофиттер   және
көлеңкеге
төзімді өсімдіктер.
Температура. Тірі ағзалардың жер бетінде  таралуын  аныктайтын  факторлардың
бірі- температура. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ак  оның
уакыт бойынша таралуы, ягни жылулық режим маңызды болып
табылады.
Бергаман ережесі (1847 ж.) бойынша түрдің немесе  біртекті  жакын  түрлердің
тобында дене мөлшері ірі жылы канды жануарлар анағүрлым салкын
аудандарда таралган.
Термодинамика тургысынан ағзанын жылуды жоғалтуы оның салмағына
емес, бетінің ауданына тура пропорционал болады.
Неғұрлым  жануарлар  ірі  және  денесі  шағын  болған  сайын  оған   тұракты
температураны  ұстап  туру  жеңіл.  Ал  неғурлым  жануар  ұсак  болса,  онын
салыстырмалы ауданы жоғары және  жылу жоғалтуы да, зат  алмасу  децгейі  де,
энергия жоғалтуы да жоғары.
Аллень ережесі (1877ж.)  бойынша  дене  температурасы  тұракты  жануарлардың
салқын   климаттық  белдеулерде  денесінің  шыгыңқы   бөліктері кішірейеді.
Мысалы,  экологиялық  жагынан  бір-біріне   жақын   түрлердің   құлактарынын
мөлшерін     салыстырсак,  тундарда  мекендейтін   поляр  түлкісінін  кұлағы
кіші,  коңыржай    белдеуде    мекендейтін    кәдімгі    түлкінін     құлағы
орташа.   Африка шөлдерінде мекендейтін фенектің құлагы өге улкен.
Ылғалдылык Су тірі агзалардын  өмірінде  маңызды  экологиялык  факторы  және
олардың тұрақгы құрам бөлігі болып табылады.
Ылгалды қажетсінулеріне қарай  өсімдіктер  төмендегідей  топтарга  бөлінеді:
гидагофитгер. гидрофиттер, гигрофиттер. мезофитгер. ксерофиттер.
Жануарлар үшін олардың су алмасуын  реттейтін  механизмдер  мен  жабындардың
өткізгіштігі маңызды роль атқарады. Су режиміне  байланысты  өсімдіктер  мен
жануарлардың мынандай экологиялық топтарын: ылғалды  сүйетін,  құрғақшылықты
сүйгіш және орташа ылғалдықты сүйгіш деп бөліп көрсетуге болады.
       Ылғалды  қажетсінулеріне  қарай  өсімдіктер   төмендегідей   топтарға
бөлінеді:
Гидатофиттер  (грек  тілінен  аударғанда  гидора,  гидатос  -   су)   –   су
өсімдіктері,  денесінің  бір  бөлігі  немесе  толығымен  суға  батып  тұрады
(элодея, тұңғиықгүл, лотос, балдырлар және т.б.).
Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда гидора - су) –  құрлық-су  өсімдіктері,
суға тек төменгі бөліктері батып тұрады (жебежапырақ).
Гигрофиттер (грек тілінен аударғанда гидора - ылғалды) – ылғалдылығы  жоғары
жағдайларда  өсуге  бейімделген   құрлық   өсімдіктері.   Көбінесе   ылғалды
ормандарда   (папоротниктер),   батпақтарда   –   батпақ   өсімдіктері,   су
қоймаларының жағалауларында өседі.
Мезофиттер (грек тілінен аударғанда мезос  –  орташа,  аралық)  –  қоңыржай,
орташа  ылғалды  жерлерде  өсетін  өсімдіктер.   Мезофиттерге   шалғындықтың
шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ  жапырақты  ағаштар,
көптеген ауыл шаруашылық дақылдары, арамшөптер жатады.
Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда ксерос  -  құрғақ)  –  құрғақ  жерлерде
өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.
А)  суккуленттер  (латын  тілінен  аударғанда  суккулентус  -   шырынды)   –
ұлаларында суды көп мөлшерде қорға жинауға қабілетті өсімдіктер  (кактустар,
алоэ, агава);
Ә)  склерофиттер  (грек  тілінен  аударғанда  склерос  –  құрғақ,  қатты)  –
құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін  қатты,  тері  тәрізді
қабықшасы  бар  өсімдіктер  (сексеуіл,  жантақ,  жусан,  боз   селеу).   Бұл
өсімдіктер  биік  емес,  бірақ  тамыр   жүйесі   күшті   дамыған.   Көптеген
склерофиттердің  жапырақтары  ұсақ,  құрғақ,  көбінесе  тікенге,  қабыршаққа
айналған.
Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
Гидрофильдер – ылғал сүйгіш жануарлар (маса,  құрлықтың  былқылдақденелілері
мен амфибиялар).
Мезофильдер  –  орташа  ылғалдылық  жағдайында  тіршілік  ететін   жануарлар
(көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер).
Ксерофилдер  –  жоғары   ылалдылық   жағдайында   тіршілік   ете   алмайтын,
құрғақшылықты сүйетін жануарлар  (түйе,  шөлдің  кемірушілері  мен  бауырмен
жорғалаушылары). Бұл жануарлардың өзіндік бейімделушіліктері  пайда  болған.
Мысалы, шөл тасбақалары суды қуығында қорға  жинайды.  Кейбір  сүтқоректілер
май  қабатының  тотығуы  нәтижесінде   пайда   болған   метаболлиттік   суды
пайдалануға    бейімделген.    Метаболиттік    судың    есебінен    көптеген
бунақденелілер, түйе, құйрықты қой, тышқандар тіршілік етеді.
Климаттық  факторлар  және  ағзалардың  оларға  бейімделуі.  Күн  сәулесінің
қуаты,  жарық,  ауаның  температурасы  мен  ылғалдылығы,  жауын-шашын,   қар
қабаты, атмосфералық  қысым,  ауаның  газдық  құрамының  арақатынасы  жердің
климатын немесе макроклиматты анықтайды.
Сонымен.  мекен  ету  ортасында  тірі   ағзага   әсер   ететін   экологиялык
факторлардың көптүрлігіне карамай, олардын ағзаға әсер ету сипаты  мен  тірі
ағзалардын  жауап  ретінде  беретін  реакциялары  бойынша   біркатар   жалпы
заңдылықтарды  көрсетуге  болады.    Либихтің   минимум   заңы,   Шелфордтың
толеранттылык  заңы және т.б.
Тіршілік ету ортасы- бұл тірі ағзаның айналасындағы және ол  онымен  тікелей
өзара әрекеттестікке түсетін табиғаттың бір бөлігі. Қоршаған ортаның  құрамы
мен қасиеттері әр түрлі және үнемі өзгерісте тұрады.  Кез  келген  тірі  зат
осы күрделі,әрі, өзгермелі дүниеде тіршілік етеді:  үнемі  оған  бейімделіп,
өзінің тіршілік әрекеттілігін  оның  өзгерістеріне  сәйкес  келтіреді.Біздің
ғаламшарымызда тірі ағзалар жағдайларының  өзгешелігімен  тым  ерекшеленетін
төрт негізгі мекен ету орталарын игерді. Су тіршілік  алғаш  пайда  болып  ,
таралған ең бастапқы орта болды. Бұдан әрі тірі ағзалар  жер  беті  мен  ауа
ортасына билік құрды, топырақ жасап, оған қоныс тепті.
Ортаның ағзаға әсер ететін жеке қасиеттері  немесе  элементтері  экологиялық
факторлар деп аталады. Орта факторлары сан алуан түрлі  болып  келеді.  Олар
тірі заттар үшін қажетті немесе керісінше зиянды болуы мүмкін.
Экологиялық факторлардың жіктелуі:






Экологиялық табиғи  және  антропогенді  экологиялық  факторлар  болып  екіге
бөлінеді.  Табиғи  факторлардың  өзі   биотикалық   және   абиотикалық   деп
жіктеледі.Тіршіліктің төртінші ерекше  ортасы  тірі  ағзалардың  өзі  болды,
олардың әрқайсысы оған қоныстанған  паразиттер  мен  симбиондар  үшін  тұтас
дүниені  білдіреді.  Адаптация  –  ағзалардың  қоршаған  орта  өзгерістеріне
бейімделуі. Бейімделуге қабілеттілік  –  тіршіліктің  негізгі  қасиеттерінің
бірі  болып  табылады,  өйткені  ол  оның   тіршілік   етуінің   мүмкіндітін
қамтамасыз етеді.




























БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

Дәріс сабақ  №7

Тақырып-3
                                                               АУТЭКОЛОГИЯ

Жоспар:
1.   Табиғи   ортаның   абиотикалық   және   биологиялық     факторлары,орта
факторларының сигналдық  маңызы.
2. Антропогендік факторлар.
Абиотикалық факторлар бұл  өлі  табиғаттың  тірі  ағзаларға  тікелей  немесе
жанама түрде әсер ететін  барлық  қаситеттері:  оларға  химиялық,  физикалық
және эдафикалық факторлар жатады.
Химиялық  факторларға  қоршаған  ортаның  химиялық  құрамы  жатады,  мысалы,
ауаның, судың  құрамындағы  оттегі  мөлшері,  жауын-шашындардың  қышқылдығы,
автокөлік және зауыт-фабрикалардың түтіндерінің құрамы т.б.
Физикалық факторларға қоршаған ортаның физикалық  күйі  немесе  құбылыстарды
жатқызуға болады, мысалы, температура, қысым, радиациялық фон т.б.
Эдафикалық факторларға  топырақтың  физикалық  және  химиялық  қасиеттерінің
жиынын айтады.
Биотикалық фактор – бір ағзалардың басқа бір ағзаларға тигізетін  әсері.  Ол
түраралық және түрішілік болып екіге жіктеледі.
Түрішілік әрекеттер – бір түрдің ағзаларының арасында жер үшін, қорек  үшін,
теорритория үшін туындайтын күрестен пайда болады,  мұнда  тек  бәсекелестік
орын алады.
Түраралық әрекеттер – түрішілікке қарағанда анағұрлым  алуан  түрлі.  Оларға
нейтрализм,     бәсекелестік,     мутуализм,     паразитизм,     жыртқыштық,
протокооперация жатады.
Антропогендік фактор –  адам  әсерінен  туындайтын  қоршаған  ортаға  тиетін
әсер. Ортаның экологиялық факторлары  тірі  ағзаларға  түрліше  әсер  етеді,
яғни физиологиялық  және  биохимиялық  қызметтердің  бейімделу  өзгерістерін
тудыратын тітіркенушілер сияқты; берілген жағдайларда  тіршілік  ету  мүмкін
еместігімен себептелген  шектеушілер  сияқты;  ағзалардың  анатомиялық  және
морфологиялық өзгерістерін тудыратын модификаторлар  сияқты;  ортаның  басқа
факторларының өзгерісі туралы  мәлімет  беретін  белгілер  сияқты  әсер  ете
алады.
Өзінің тарихи-эволюциялық  даму  жолында  ағзалар  периодты  және  периодсыз
факторларға бейімделген.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.































БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

Дәріс сабақ  №8

Тақырып-3
                                                               АУТЭКОЛОГИЯ
Климаттық  факторлар.
Стенобионты және эврибионтты организмдер
Климаттық  факторлар  және  ағзалардың  оларға  бейімделуі.  Күн  сәулесінің
қуаты,  жарық,  ауаның  температурасы  мен  ылғалдылығы,  жауын-шашын,   қар
қабаты, атмосфералық  қысым,  ауаның  газдық  құрамының  арақатынасы  жердің
климатын немесе макроклиматты анықтайды.
Макроклимат  (аймақтық  климат)  географиялық  орналасудың  нәтижесі   болып
табылады. Ендік бағытында бұл полярлық,  тундралық,  тайгалық,  далалы  және
шөлді  климат.  Қазақстан  территориясында  төмендегі  климаттық   жағдайлар
қалыптасқан:
       Солтүстік  Қазақстанда   салыстырмалы   түрде   қысы   салқын,   жазы
жылылығымен сипатталатын континенталды климат.  Бұл  орманды-дала  аймағының
тармағы, Батыс-Сібір жазығының  ландшафтына  ұқсас.  Орталық  Қазақстанда  –
құрғақ даланың  күрт  континенталды  климаты.  Оңтүстік  Қазақстанда  -  өте
құрғақ және ыстық күрт континенталды шөл мен шөлейттердің климаты.
       Қазақстанның  оңтүстігі   мен   оңтүстік-шығысының   климаты   жердің
орфографиясына да байланысты. Тянь-Шань,  Жоңғар  Алатауы  мен  Кенді  Алтай
тауларында  атмосфералық  жауын-шашын  мөлшері  жоғарылайды  және  біртіндеп
ауаның температурасы  төмендейді.  Климаты  ыстық  және  құрғақтан  қоңыржай
жылы, қоңыржай салқын және ылғалды, ең соңында өте салқын жоғары  таулы  ауа
райына дейін өзгереді.
       Мезоклимат  –  бұл  орманның,  егіс  даласының,  шалғындық  және  тау
беткейлерінің жергілікті климаты. Ол макроклдиматқа  барлық  уақытта  сәйкес
бола бермейді. Орманда күндіз даламен салыстырғанда әрдайым  салқындау  және
ылғалдырақ.
      Микроклимат – бұл ағзаның деңгейіндегі  климат  +  24ºС  температурады
күндегі жапырақтардың температурасы қоршаған  ортамен  салыстырғанда  9ºС-ға
жоғары, ал көлеңкеде - 4ºС-ға төмен.
      Құстардың ұясында және жануарлардың інінде температура қыста  жылырақ,
ал жазда салқынырақ болады. Егер шөлді жерде топырақ беті  +  70ºС-ға  дейін
қызса, ал 5 см тереңдіктің өзінде ол +40ºС-ға дейін төмендейді.
        Биологиялық   ырғақтар.   Жануарлар   мен   өсімдіктердің   өмірінде
температура,  қысым  электромагнит  өрісі,  теңіздердің  толуы  мен   қайтуы
маңызды роль атқарады. Аталған факторлардың  Жердің  өз  осінен  және  Күнді
айналуы, Айдың Жерге қатысты айналуы нәтижесінде туындайтын  маусымдық  және
тәуліктік  өзгергіштігі  тән.  Сонымен  қатар  бұл  факторлар   географиялық
белдеулерге байланысты заңды түрде өзгереді.
      Жануарлар мен өсімдіктерде  ұзақ  уақытқа  созылған  табиғи  сұрыпталу
барысында  белгілі  бір  ортаға  бейімделуге  мүмкіндік   беретін   анатомо-
морфологиялық, физиологиялық және басқа да  арнайы  белгілер  мен  қасиеттер
пайда  болған.  Әр  түрдің  өзіне   тән   жылдық   циклы:   өсу   мен   даму
интенсивтілігі, көбею қысқа және қыстауға дайындығы қалыптасқан.
      Уақыт бойынша бірізділікпен кезектесіп келетін ағзаның қандай  да  бір
жағдайын биологиялық ырғақ  деп  атайды.  Бұл  ырғақтарды  ішкі  механизмдер
ұстап  тұр.  Биологиялық   сағаттың   көмегімен   әр   түрлі   физиологиялық
процестердің тәуліктік, маусымдық, жылдық басқа да ырғақтары белгіленеді.
       Ағзаның  ырғақтары  ішкі  немесе  физиологиялық  және  сыртқы,   яғни
геофизикалық табиғаты бар сыртқы ортадағы циклды өзгерістерден  соң  жүретін
болып бөлінеді.Ішкі ырғақтар тарихи  қалыптасқан.  Қалыпты  өмір  сүру  үшін
келген  ағза  жоғары  физиологиялық  белсенділік  жағдайынан   физиологиялық
тыныштық күйге өтеді.  Анаболизм  (түзілу)  процестері  катаболизм  (ыдырау)
процестерімен алмасады. Егер катаболизм бұл процесс  болмаса,  онда  ағзаның
физиологиялық функциялары бұзылады.Тірі ағзалар сыртқы  ортаның  ауытқуларын
қабылдауға  бейімделе  отырып,   оларға   сәйкес   өздерінің   физиологиялық
процестерін реттейді. Бұл негізінен үш фактордың әсерінен жүзеге  асырылады:
Жердің Күнге қатысты айналуы күндік тәулік,  Айға  ай  тәулігі,  жұлдыздарға
жұлдызды тәулік. Бір-біріне әсер ететінін  ескере  отырыа,  бұл  факторларды
ағзалар  24  сағаттық  периодқа  жақын  ырғақ  түрінде  қабылдайды.  Бұл   –
эндогенді биологиялық ырғақтардың дәл тәуліктік периодтан ауытқуының  себебі
болып табылады. Сондықтан оларды циркадтық (латын тілінен  аударғанда  цирка
– шамамен, жуық, диес – тәулік) ырғақтар, яғни тәулікті  ырғаққа  жақын  деп
аталады.
      Егер тиіндерді толық қараңғылық  жағдайында  ұстаса,  бастапқыда  олар
бір мезгілде оянып, белсенді тіршілік етеді, біраз  уақыттан  соң  әр  түрлі
уақытта оянып, өзінің әр түрлі ырғағын сақтайды. Содан соң  күн  мен  түннің
дұрыс  кезектесуін  қалпына  келтіргенде,  жануарлардың  ұйқы  мен  белсенді
тіршілігінің периодтары болады. Олай болса,  сыртқы  тітіркендіру  (күн  мен
түннің ауысуы) туа пайда болған циркадтық ырғақтарын реттейді.
        Көптеген    жануарларда    тәуліктік    периодтылық    физиологиялық
функциялардың  айтарлықтай  ауытқуын  әкелмейді.   Ол   негізінен   қозғалыс
белсенділігінің өзгеруінен  көрінеді.  Бұл  –  сыртқы,  экзогенді  тәуліктік
ырғақ.  Тәуліктік  периодтылық  күндіз,   кеште,   түнде   тіршілік   ететін
жануарларға тән. Су қоймаларында планктонның күндізгі және  түнгі  арадласуы
байқалады.  Жарық  күннің  ұзақтығының   көктемнен   күзге   қарай   өзгеруі
жануарлардың  тәулік  бойынша  белсенділігіне  әсер   етеді.   Олай   болса,
тәуліктік периодтылық экзогенді ырғаққа жатады.
Түрлердің  мекен  ету  ортасының  факторларының   қандай   да   бір   ауытқу
диапазонына бейімделуге қабілетін экологиялық валенттілік деп атайды.

|                                                                          |
|Ағзаның                                                                   |
|реакциясы                                                                 |
|                                                                          |
|                                                                          |
|Қолайсыз Оптималды     Қолайсыз             Фактордың                     |
|жағдай   жағдай     жағдай әсер ету күші                                  |
|min       max                                                             |

Әр түрдің өкілдері оптимум шамасына және  экологиялық  валенттілігіне  қарай
ерекшеленеді. Мысалы, тундрадағы қарсақ ауа  температурасының  шамамен  80°С
(+ 30°С-дан - 55°С-ға дейін) ауытқуына  шыдай  алса,  ал  жылы  су  шаяндары
судың температурасының 6°С-дан (+ 23°С-дан + 29°С)  жоғары  ауытқуын  көтере
алмайды. Фактордың бір әсер ету шамасы  бір  түр  үшін  оптималды,  екіншісі
үшін зиянды, ал үшіншісі үшін төзімділік шегінен тыс болуы мүмкін.
      Экологиялық валенттілігі төмен  түрлерді  стенобионтты  (грек  тілінен
аударғанда стенос - тар), ал төзімділігі жоғары түрлер –  эврибионтты  (грек
тілінен  аударғанда  еврос  -   кең)   деп   атайды.   Стенобионттылық   пен
эврибионттылық ағзада өзінің тіршілігін  сақтауда  пайда  болатын  әр  түрлі
бейімделу типтерін  сипаттайды.  Мысалы,  температураға  қатысты  эври  және
стенотермді  ағзалар;  тұздардың  концентрациясына  байланысты   эври   және
стеногалинді; жарыққа – эври және стенофотты, тамақ түріне  байланысты  эври
және стенофагты ағзаларды бөліп көрсетуге болады.
       Эврибионттылық  түрдің  кең  таралуына   жағдай   жасайды.   Көптеген
қарапайымдылар, саңырауқұлақтар эврибионттарға жатады да олар  барлық  мекен
ету орталарында таралған. Стенобионттылық таралу ареалын шектейді,1840  жылы
Ю.  Либих  (1803   -   1873)   ағзалардың   төзімділігі   оның   экологиялық
қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын  дәлелдеді.
Ол ауыл шаруашылық  дақылдарының  өнімділігін  анықтауда  қоректік  заттарға
деген  сұранысын  зерттеуге  бағытталған  тәжірибелер  жүргізді.  Ю.   Либих
бидайдың  өнімділігі  оған  көп  мөлшерде  қажет  жеткілікті  мөлшерде   бар
қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет  және  топырақта  жеткіліксіз
болатын (мысалы, бор) заттарға тәуелді екенін анықтайды.
      Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы  немесе  Либихтың  минимум
заңы  деп  аталады.  Бұл  заңды  былай  тұжырымдауға   болады:   экологиялық
факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.
      Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана  емес,  оның  артық
мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады.
      Минимуммен  қатар  максимумның  да  шектеуші  әсері  туралы  түсінікті
дамытқан 1913 жылы В. Шелфорд болды. Шелфордтың толеранттық заңы:
      Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы  да  шектеуші
фактор бола алады, ал  олардың  арасындағы  ауытқу  диапазоны  толеранттылық
шамасын (латын тілінен аударғанда толерантиа – шыдау,  төзім)  яғни  ағзаның
белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
5.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқашы курсы  А, 2010



БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ
Дәріс сабақ № 9
          Тақырып-4
                    ПОПУЛЯЦИЯЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ –ДЕМЭКОЛОГИЯ.

Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен
салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.
Жоспар
1.Популяция туралы түсінік,Статикалық және динамикалық түрлері
2. Статикалық түрлері:саны, тығыздығы, жыныстық және жастық құрылымы
3. Динамикалық түрлері: туылуы, өлімі , өсу жылдамдығы.
Популяция ұғымы латын тілінен аударғанда  populus-  халық,  тұрғындар  деген
мағынан  білдіреді.Популяция  дегеніміз  бір-бірімен  өзара  қарым-қатынаста
болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін  бір  түрге  жататын
даралар тобы.Популяциялардың күйі мен тіршілігі  популяцияның  жалпы  санына
және олардың кеңістікте орналасуына байланысты  болады.Популяцияны  құрайтын
даралардың кеңістікте таралуы  әртүрлі  болады.Ол  даралардың  қолайлы  және
қолайсыз физикалық  жағдайларға  немесе  бәсекелестік  қатынастарға  жауабын
көрсетеді.Даралар мен олардың топтарының таралуы кездейсоқ, бірқалыпты  және
топтық болып бөлінеді.Кездейсоқ таралу тек біртекті ортада  немесе  жиналуға
қабілеті  жоқ  түрлерде  байқалады.Бірқалыпты  таралу  табиғатта  өте  сирек
кездеседі.Ол көбінесе әртүрлі  даралар  арасында  бәсекелестікке  байланысты
болады. Топтық таралу –  табиғатта  жиі  кездеседі.Топтардың  өзі  кездейсоқ
немесе жиналып таралуы  мүмкін.  Популяцияларға  өсу,  даму,  үнемі  өзгеріп
отыратын   жағдайда   тіршілігін    сақтауға    қабілеттілік    тән.    Яғни
популяциялардың  белгілі  бір  генетикалық  және   экологиялық   сипаттамасы
болады.Популяцияның сандық көрсеткіштері статикалық және  динамикалық  болып
жіктеледі.
Статикалық көрсеткіш популяцияның қазіргі уақыттағы күйін сипаттайды,  оған:
популяцияның саны, тығыздығы және құрылымдық көрсеткіштер.
Популяция  саны  –  дегеніміз  белгілі  бір  территориядағы  жануарлар   мен
өсімдіктердің саны.
Популяция тығыздығы – білгілі бір  аудан  бірлігіне  келетін  даралар  санын
айтады. Мысалы, бір шаршы киллометрге келетін  адам  саны,  Қазақстанда  бір
шаршы киллометрге 5,5 адамнан келеді.
Популяция  құрылымы.  Әрбір  популяцияның  өзіндік  құрылымы   бар:   жастық
(әржастағы  түрлердің  қатысы),  жыныстық   және   кеңістіктік   (аймақтық).
Популяцияларды зерттеудің  маңызы  зор,  себебі  бұл  нәтижелер  практикалық
қолданыс табуы мүмкін, мысалы, зиянкестерді  зерттегенде,  табиғатты  қорғау
мәселесін шешкенде және т.б. жағдайларда.  Популяцияны  зерттегенде  олардың
сол уақытттағы санына  ғана  емес,  ең  алдымен  олардың  орта  факторларына
байланысты өсуіне, сүйемелденуі мен кемуіне мән беріледі.  Популяцияның  бұл
тарауы популяция динамикасы  деп  аталады.  Популяцияның  жыныстық,  жастық,
территориялық және т.б.  түрлері  бар.  Егер  популяция  ішінде  әр  жастағы
түрлердің   сандары   бірдей   деңгейде   болса,   онда   бұл   популяцияның
өмірсүрушілік қасиеті жоғары болады. Бұндай  популяцияны  қалыпты  популяция
деп атайды. Егер популяция ішінде түрдің кәрі жастары көп  болса,  онда  бұл
популяцияны регрессивті немесе өліп бара жатқан популяция  деп  атайды.  Бұл
жағдайдың себебін табу үшін және олардың  әсерін  азайту  үшін  шұғыл  түрде
шара қолдану  керек.  Жас  дарақтардың  саны  көп  популяциялар  инвазиондық
немесе өніп жатқан популяция деп аталады. Әр түрлі  түрлердің  саны  белгілі
бір  уақытта  қалайша   өзгеретіндігі   туралы   мәліметтер,   энергия   мен
биомассалардың  ағынын  зерттегенде   қолданылып,   экожүйелер   теориясының
жасалуына жәрдемдеседі. Егер  фитопланктон  динамикасы  бойынша  жүргізілген
бірқатар ұзақ зерттеулерді  есепке  алмасақ,  популяция  динамикасы  бойынша
жұмыстардың  басым  бөлігі  жануарларда  және  микроағзаларда   жүргізіледі.
Өсімдіктермен, әсіресе , дақылдармен  жұмыс  жүргізгенде  дарақтардың  санын
емес, биомассасын есепке алған орынды. Өсімдіктер популяциясының  динамикасы
жануарлар популяциясының динамикасына қатты әсер  етеді.  Сондықтан  мысалы,
адам популяциясын (демографияны  )  зерттегенде  әдетте  негізін  өсімдіктер
құрайтын азық- түлік ресурстарын да санатқа алады.
Динамикалық көрсеткіштер белгілі бір уақыт  аралығында  популяцияда  болатын
өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштерді айтады.  Оларға:  өлім  саны,  туылу
саны және популяцияның өсу жылдамдығы жатады. Популяция  санының  ауытқуының
шартты себептерін атап көрсетуге болады:
1.азық мөлшерінің жеткілікті болуы популяция санының артуына әкеледі,  бірақ
өсудің максималды  шамасында  азық  шектеуші  фактор  болады.  Азық  қорының
жетіспеуі популяция санының кемуіне әкеледі.
2.  популяция  санының  артуы  мен  кемуі  мекен  ету  ортасы  үшін  бірнеше
популяциялардың бәсекелесу процесінде байқалады.
3. жыртқыш пен жемтік, паразитпен иесі арасындағы күрделі  өзара  қатынастар
популяция санының ауытқуына себеп болады.
4. абиотикалық факторлар (температура, ылғалдылық, ортаның химиялық  құрамы)
популяциялар санына көп әсер етеді және олардың ауытқуларын туғызады.
Популяция ішілік реттеуші механизмге эмиграция жатады. Эмиграция –  берілген
ареалдың  қолайсыздау   бөліктерінен   популяцияның   бір   бөлігінің   орын
ауыстыруы.Тығыздық  артып  кеткен  жағдайда   бірқатар   сүтқоректілер   мен
құстарда эмиграция байқалады.  И.И.Шмальгаузен  барлық  биологиялық  жүйелер
белгілі бір дәрежеде өздігінен реттелуге яғни, гомеостазға  қабілетті  (грек
тілінен  аударғанда  homoios  –  ұқсас,  сол,  stasis-қозғалыссыз,  тұрақты)
болады деді. Гомеостаз  –  тірі  жүйелердің,  соның  ішінде  популяциялардың
қоршаған ортаның  өзгермелі  жағдайында  тұрақты  динамикалық  тепе-теңдікті
ұстап тұруға қабілеті.
Туылу саны (туылу жылдамдығы) – белгілі бір уақыт аралығында дүниеге  келген
даралар саны.
Өлім саны (өлім жылдамдығы) - белгілі бір  уақыт  аралығында  өлген  даралар
саны.
Туылу мен өлім сандарының қатынасы популяцияның өсу жылдамдығын береді.
Өмір сүру ұзақтығы – физиологиялық және максималды болып екіге бөлінеді.
Популяция санының флуктациясы және реттелуі.
Сыртқы жағдайлардың периодттылығы және ағзаның ішкі  эндогенді  ырғақтарының
пайда    болуы,    популяциялардың    флуктациясы    экожүйенің     биоталық
бірлестіктерінің  циклдылығына  синхронды  әсер  етеді.  Тәуліктік   циклдар
жоғары  континетті  клиаматта  өте  анық  білінеді,  себебі  түн   мен   күн
ұзақтықтарының айрмашылығы елеулі болады.




Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
Демэкология нені зерттейді?
Популяция дегеніміз не? Популяциялық экологияның негізін салушы кім?
Популяцияның ағзалар тобы ретінде негізгі қасиеттерін атаңыз.
Ағзалар популяциялық тобын зерттеудің маңызы неде?
Популяцияның осу қисықтары туралы  айтыңыз.  Аталған  қисықтардың  формалары
немен түсіндіріледі?
Популяция санының өзгеруі тірі ағзалардың  қандай  бейімделу  реакцияларымен
байланысты?
Популяцияның  санына   әсер   ететін   факторлардың   қайсысы   популяцияның
тығыздығына байланысты және қайсысы байланысты емес?
Экологиялық қуыс дегеніміз не?

Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
5.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқашы курсы  А, 2010












БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ
Дәріс сабақ № 10
          Тақырып-4
                    ПОПУЛЯЦИЯЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ –ДЕМЭКОЛОГИЯ.

Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен
салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.
Жоспар
1.Демография
2. Экологияда популяция  дегеніміз
3. Популяцияның  негізгі   қасиеттері:

             Демография  (грек.  Демос-халық)  –халықтың  құрылымын,құрамын,
динамикасы  мен  көбеюін  (туу,өлім,  өмірінің   ұзақтығы)   қоғамдық-тарихи
тұрғыдан зерттейтін  ғылым.  Соңғы  жылдары  демографияның  жаңа  бағыттары-
экологиялық демография немесе  демографиялық процестердің адамның мекен  ету
ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалаптасып келеді. Қазіргі  адамзаттың
саны  6  млрд.  Адамға  жақын.   Табиғаттағы  жануарлардың  түрлерінің  саны
ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте ұсақ жануарлардың  түрлерінің  саны
ірі жануарлармен салычтырғанда көп  болады.  Сүтқоректілердің  түрлері  үшін
даралардың саны мен дене  массасының  арасында  теріс  коррекция  байқалады.
Адамның ең жақын туыстарының , түрлерінің қазіргі кездегі саны- соңғы  санға
жақын. Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1 млн. Жыл бұрын  өмір  сүрген
адам популяцияларының жалпы  саны  100  мың  болған,  30-20  мың  жыл  бұрын
–шамамен 5 млн. Көптеген мың жылдықтар барысында  дүние  жүзінің  халқы  өте
баяу  өсіп отырды. Б.э.д. ІV  мың жылдықтың  басында  ол  шамамен  100  млн.
болды. Б.э.д. 1000 жылы 300млн-ға жақындаған, 1500 жылға  қарай  425  млн-ға
дейін өсті.  Мұндай қарқынмен  өсу  жылдың  максималды  өсімі  0,7%   сәйкес
келеді,  яғни  жылына  10000-ға  шаққанда  жеті  адам  .  Ұлы   географиялық
жаңалықтар  кезеңінде  халық   санының   қарқынының   артуы   экспоненциалды
заңдылыққа жақындады. Кейін жердегі адамдардың санының  артуы   гипербалалық
сипатқа ие болды.  Шындығында соңғы жылдары 80-жылдардың  аяғынан  бастап  ,
салаыстырмалы  өсім  артпай  отыр.  Халық  санының  өсуі   сызықтық   өсімге
жақындады(жылына абсолюттік өсім,  шамамен  86  млн.адам).  БҰҰ  халық  саны
бойынша қорының эксперттерінің болжамдары бойынша (1995 ж.) бұл қарқын  2015
жылға дейін сақталады да , адам саны 7,5 млрд.-қа жетеді.
     ХХ ғасырдағы  адамзаттың санының жылдам артуын   демографиялық  жарылыс
деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазір өмір  сүретін  адамдардың
¾-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл  сайын  жылдық  өсім
шамамен 10 млн.-ға артып отырды. 50-жылдары  53,3  млн.  болса,  60-жылдарда
-66,7 млн.,70-жылдарда – 70,3 млн., 80-жылдарда- 86,4  млн.,  адам.  Адамзат
тарихы мен   эволюциясының  ерекше    факторынан басқа халық санының  шектен
тыс  артуын  эпидемиялар  мен  аштықтан  болатын   өлім  санының    кемуімен
түсіндіруге болады.   ХХ   ғасырда   аталған  факторларға   гигиеналық  және
медициналық  жағдайлардың жақсаруына  байланысты   дамушы   елдердегі   бала
өлімінің  кемуі де қосылды  1990-1995  жылдары     дүние   жүзіндегі   жалпы
туу  коэффициенті -    24,6 % дейін  кеміді, жалпы өлім коэффициенті  9,8  %
болса , табиғи өсім коэффициенті – 14,8 %  құрады.  Қазір  көбеюдің  шамамен
осындай көрсеткіштері   сақталуда.   Әр   минут   сайын   жерде   270   бала
өмірге  келсе, әр  жастағы  110   адам өледі  де   дүние    жүзі  халқы  160
адамға  өсіп отырады.Әр  түрлі  елдер  мен  континенттердің   халық  санының
өсуіне  қосқан үлесі  әр   түрлі.   Абсолюттік   саны   бойынша   ең   үлкен
өсімі  ірі  азиялық елдер  - Қытай, Үндістан,   Индонезия   берсе,   ал   ең
жоғарғы өсу жылдамдығы  Африка  мен  Латын   Америкасында   байқалған.   (8-
кесте).
  Дүние жүзінің  кейбір ірі елдері үшін халық санының жағдайы
                      мен  өсуінің     болжамы  (млн.  адам)
|                    |              1993  |               2025 |
|Елдер               |                    |                    |
|  Қытай             |              1200  |             1500   |
|                    |                    |                    |
|Үндістан            |900                 |1400                |
|                    |                    |                    |
|Индонезия           |190                 |280                 |
|                    |                    |                    |
|Бразилия            |150                 |220                 |
|                    |                    |                    |
|Нигерия             |120                 |290                 |


   Кейбір  Африка мемлекеттерінде салыстырмалы өсім  жылына 4 %  -ға   дейін
жетіп   отырды.   Көптеген    жоғары   дамыған    елдер   мен     аймақтарда
(Батыс   Еуропа,  Солтүстік   Америка)   демографиялық    жаралас    жағдайы
ертерек  –  ХІХ   ғасырда   байқалған.  Бұл  елдерге  қазір  халық   санының
тұрақтануына   әкелетін  демографиялық  өтпелі  даму  кезеңі  тән.
                                        Популяция ұғымы.
   Экологияда  популяция   дегеніміз  –  бір-бірімен  өзара  қарым-қатынаста
болатын және  үлкен  территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге  жататын
даралар тобы.
        Шварцтың  берген анықтамасы бойынша :
     Популяция  -  дегеніміз, бұл қоршаған ортаның  үнемі  өзгеріп  отыратын
жағдайында санын  тұрақты  ұстап   тұруға  қажетті  жағдайлармен  қамтамасыз
етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы.
      Популяция  ұғымын латын  тілінен  аударғанда  «  Populus»  -  халық  ,
тұрғындар деген мағына  дереді.Популяцияларға   өсу,  даму,  үнемі   өзгеріп
отыратын   жағдайда     тіршілігін     сақтауға     қабілеттілік    тән,яғни
популяциялардың   белгілі бір  генетикалық   және  экологиялық   сипаттамасы
болады.
                         Популяцияның  негізгі   қасиеттері:
 Даралардың  кеңістікте  таралуы.
Популяциялардың  күйі   мен  тіршілігі   популяцияның   жалпы  санына   және
олардың   кеңістікте    орналасуына    байланысты.   Популяцияны    құрайтын
даралардың   кеңістікте   таралуы  әр  түрлі  болуы  мүмкін .  Даралар   мен
 олардың  топтарының таралуы  кездейсоқ,  бірқалыпты   және   топтық   болып
бөлінеді.   Ағзалардың   таралу  типін   білудің    популяцияның  тығыздығын
іріктеп  алу әдісімен  бағалаудың   маңызы  зор.
           Іріктеп    алу  -   популяция  тығыздығын   бағалауға    арналған
эксперименттер қатарын атаймыз.
  Іріктеу санын    п-деп  белгілейміз.Әр   іріктеудегі   даралардың   орташа
санын    т  –деп   белгілесек  ,   онда   даралардың    кеңістікте    таралу
сипатын  s2- дейміз.
                                   < ( m- x)2
                        S2=   - -------------
                                          n-1

мұндағы:  s2  - таралу шамасы
                  х- шамасының  орташа  т  ауытқуы  ( дисперсия)
 Бірқалыпты таралу   жағдайында s2  =0.   Себебі:  әр  іріктеудегі   даралар
саны  тұрақты  және  орташаға  тең.
   Кездейсоқ  таралу  кезінде    орташа  т  мен   дисперсия   s2    тең  (п-
іріктеу  саны  жеткілікті  болғанда)
     Топтық   таралу  кезінде  дисперсия  орташадан  жоғары  және   неғұрлым
  жиналуға   қабілеті   күшті   болса   олардың   айырмашылығы   да    күшті
болады.
      Даралардың  бірқалыпты  таралуы  табиғатта  өте   сирек   кездеседі  .
Кездейсоқ  таралу  тек  біртекті  ортада    және   жиналуға   қабілеті   жоқ
түрлерде  байқалады.  Топтық таралу  табиғатта жиі  кездеседі.
Популяция  саны ---  берілген    территория    немесе   көлем   бірлігіндегі
даралардың   жалпы   саны.   Ол  еш   уақытта    тұрақты    болмайды    және
көбею    мен  өлімнің  интенсивтілігінің    қатынасына    байланысты.  Көбею
процесінде    популяцияның    өсуі    жүреді   де  ,    өлім   оның  санының
кемуіне
әкеледі.



Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
5.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқашы курсы  А, 2010












БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ
Дәріс сабақ № 11,12
          Тақырып-4
                    ПОПУЛЯЦИЯЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ –ДЕМЭКОЛОГИЯ.

Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен
салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.
Жоспар
1. Популяциялардың  жыныстық  және   жастық  құрылымы.
2. Популяция    тіршілік   ұзақтығы , тірі    қалу   қисықтары.
3. Популяция    санының   динамикасы.

  Жыныстық   құрылым    популяциядағы   жыныстардың   қатынасын   көрсетеді.
Бұл  көрсеткіштің   негізінен    жыныстық   көбеюі   басым    түрлер    үшін
маңызы  зор.  Аталықтар  мен  аналықтардың    жасы  және   жыныстық   жетілу
жағдайлары  популяция  санын ұстап  тұруға  әсер  етеді.
       Популяцияның    жастық    құрылымы    тек   жасы    мен   әр    түрлі
топтардың  қатынасын  ғана   емес , бұл  қатынастың   жыл    маусымдарындағы
 биогеоценоздардың ауысуы   кезіндегі    өзгерісін,   популяцияның    жаңару
жылдамдығын  ,   жастық    топтардың   қоршаған   ортамен    өзара    әсерін
көрсетеді:
    1.  жаңадан  туылған;
    2.  жас- өсіп  келе жатқан  даралар,  жыныстық  жетілмеген;
    3. жартылай   ересек-  жыныстық  жетілуге  жақын;
     4.  ересек  –  жыныстық    жетілген     жануарлар,   көбейетін   немесе
физмологиялық  жағынан  көбеюге  қабілетті жануарлар;
    5.   қартайған  - көбеюге  қабілеті жоқ даралар .
  Әдетте  популяцияда  -  барлық   жастық  топтар   болады.Олар   бірітіндеп
бір-біріне   өтіп    отырады   және   үнмі   жаңарып   отыруы   популяцияның
оптимальды  санын    ұстап  тұруды   қамтамасыз  етеді.  Кей  жағдайда   бұл
 қатынас  бұзылуы  мүмкін:  қандай  да  бір  жастық топтың   санының   кемуі
 популяцияның   деграциясына    немесе    керісінше   шектен   тыс   артуына
әкеліп  соқтыруы   мүмкін.  Жастық  топтардың  сандық   қатынасы   популяция
  күйінің   және   оның   биогеоценоздың   болашағының   көрсеткіші    болып
табылады.
        Популяция    тіршілік   ұзақтығы , тірі    қалу   қисықтары.
Популяциялардың    күйі   ,  тіршілігі     оның    жалпы     санына     және
олардың    кеңістікте    орналасуына    байланысты     болады.   Популяцияны
құрайтын   даралардың    кеңістікте   таралуы   әр  түрлі   болуы    мүмкін.
  Ол    даралардың   қолайлы    және    қолайсыз    физикалық    жағдайларға
немесе    бәсекелестік   қатынастарға    реакциясын    көрсетеді.    Даралар
  мен   олардың     топтарының    таралуы    кездейсоқ,   бірқалыпты    және
топтық     болып    бөлінеді.     Ағзалардың    таралу     типін     білудің
популяцияның   тығыздығын   іріктеп   алу    әдісімен    бағалаудың   маңызы
зор.   Популяциялар     саны     берілген    территория     немесе     көлем
бірлігіндегі    даралардың    жалпы    саны.    Ол   еш    уақытта   тұрақты
болмайды,    және     ол    көбею     мен     өлімнің      интенсивтілігінің
қатынасына   байланысты.   Көбею  процесінде   популяцияның   өсуі    жүреді
 де,  өлім   оның   санының  кемуіне   әкеледі.
            Популяция      санының     динамикасы.     Популяцияның     саны
неізінен    бір-біріне    қарама-қарсы    екі    құбылыспен    анықталады  -
туу   және   өлім . Популяциядағы   даралар    санының      көбею    процесі
теориялық   жағынан    алғанда    шексіз    өсуге   қабілеті  -   биотикалық
потенциал    (экспоненциалдық     қисық)    ,    бірақ     қоршаған     орта
жағдайлары   бұл  өсуді   шектейді,    іс   жүзіндегі    өсу    логистикалық
қисықпен    сипатталады.      Теориялық    және    іс   жүзіндегі     өсудің
арасындағы    айырмашылық  ортаның  қарсылығын   сипаттайды.
         Популяцияның    жалпы   саны    маусымдық,    көпжылдық    периодты
емес   (  мысалы,  зиянкестердің  санының    шектен    тыс    күрт    артуы)
өзгерістерге   ұшырап   отырады.
        Популяция    санының    осындай     өзгерістері     оның     санының
динамикасы  болып   табылады.
         Популяция    санының   санының    ауытқуының     төменгі     шартты
себептерін  атап   көрсетуге   болады:
азық   мөлшерінің    жеткілікті    болуы    популяция    санының     артуына
әкеледі,  бірақ  өсудің   максималды  шамасында    азық    шектеуші   фактор
болады.    Азық    қорының     жетіспеуі    популяция     санының    кемуіне
әкеледі;
популяция   санының   артуы   мен  кемуінің    мекен   ету    ортасы    үшін
бірнеше   популяциялардың    бәсеклесу   процесінде   байқалуы   мүмкін;
жыртқышпен  , жемтік    паразитпен    иесі    арасындағы    күрделі    өзара
қатынастар     популяция   санының  ауытқуының   бір   себебі  бола  алады;
Абиотикалық   факторлар     (температура,ылғалдылық,    ортаның     химиялық
құрамы    және   т.б.  )   популяциялар   санына   көп  әсер   етеді    және
  олардың   едәуір   ауытқуларын   туғызады.
        Популяция    санын    реттеудің    кейбір    механизмдері   түршілік
бәсекелестікті    болдырмауы   мүмкін.    Мысалы,  егер    құстар     өзінің
ұясын   әнімен   белгілейтін   болса   , басқа  жұп    жерге    ұя   салады.
Көптеген    сүтқоректілердің    салған    белгілері   әр   жануарлардың   аң
аулайтын   территориясын  белгілейді.   Бұл  құбылыстардың  бәрі    түршілік
  бәсекені    жойып,   популяцияның    тығыздығының    шектен   тыс    артып
кетуіне   кедергі  жасайды.
        И.И.   Шмальгаузен    (1884-1963)    барлық    биологиялық   жүйелер
белгілі    бір    дәрежеде     өздігінен     реттелуге,яғни     гомеостазаға
қабілеттіболады  деді.
     Гомеостаз     -  тірі   жүйелердің     соның   ішінде   популяциялардың
қоршаған   ортаның   өзгермелі   жағдайында   тұрақты   динамикалық    тепе-
теңдікті   ұстап  тұруға   қабілетті.
           Динамикалық    тепе-теңдік     дегеніміз    популяция     санының
белгілі   бір   орташа   шама   шекарасында   ауытқуы.  Гемостаз    терминін
  1929   жылы   ғылымға   енгізген  У.Кеннон.
        Ең   алдымен   әрбір   жеке   дара,   содан  соң   ғана    популяция
  гомеостатиялық   жүйе   болып    табылады.Популяция     санын    реттеудің
маңызды   механизіміне   стресс-реакциялар   жатады.
       Қандай   да    бір    факторлардың     қолайсыз     әсеріне     жауап
ретінде   ағзада  екі   типті    реакция   пайда   болуы    мүмкін:   арнайы
зақымданушы   агенттің   табиғатына   байланысты     және   жалпы    реакция
  ағзаның   өзгерген   жағдайларға   бейімделуі.
Түрдің  особьтарды көбейту, басқа түрлермен бәсекеге түсу қабілеті түр  үшін
оптимальды  шамадан  ауытқитын  факторлармен   шектелетін   болады.   Мұндай
максимум мен минимум шегінен шығып кететін факторлар шектеулі факторлар  деп
аталады. Мыс: көптеген өсімдіктермен жануарлардың солт. таралуына  жетіспеуі
шектеуші фактор болса, керісінше сол түрлер үшін  оңт.  Ылғал  мен  қаректің
жетіспеуі шектеуші фактор болады.
     Экожүйедегі (табиғи бірлестіктер) өзара қарым  –  қатынаста  болу  үшін
әртүрлі әдістер қолданылады. Эксперимент, табиғатта ұзақ  мерзімді  бақылау,
популяциядағы  особьтар   санын   анықтау,   жануарлардың   қоныс   аударуын
(миграция) бақылау т.б. Тірі табиғатты толық  және  терең  танып  білу  үшін
модельдеу әдісі (жасайды экологиялық  жүйе)  кеңінен  пайдаланылады.  Мұндай
жағдайда деректерді математикалық әдіспен шешеді.
      Экожүйедегі  модельдеу  әдістері   қазіргікезде   экологияда   кеңінен
қолданылады.  Олар  экожүйелерде  болып  жатқан  процестерді  болжауға  және
антропогендік факторлардың биосфераны ластау әдістерін  айқындап,  болашаққа
кең жол ашады.

[pic]

[pic]

  7.1-сурет. Популяция саны –суіні4 экспоненциалдық (а) ж2не логи- стикалық
              (б) қисық сызықтары. Жолақталған аудан — ортаны4
                                 қарсыласуы.



Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
5.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқашы курсы  А, 2010

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
Демэкология нені зерттейді?
Популяция дегеніміз не? Популяциялық экологияның негізін салушы кім?
Популяцияның ағзалар тобы ретінде негізгі қасиеттерін атаңыз.
Ағзалар популяциялық тобын зерттеудің маңызы неде?
Популяцияның осу қисықтары туралы  айтыңыз.  Аталған  қисықтардың  формалары
немен түсіндіріледі?
Популяция санының өзгеруі тірі ағзалардың  қандай  бейімделу  реакцияларымен
байланысты?
Популяцияның  санына   әсер   ететін   факторлардың   қайсысы   популяцияның
тығыздығына байланысты және қайсысы байланысты емес?
Экологиялық қуыс дегеніміз не?


БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ
Дәріс сабақ № 13
          Тақырып-5
                   БІРЛЕСТІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ  - СИНЭКОЛОГИЯ.
Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен
салыстыра білу.
Жоспар
1.Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе ұғымдары
2. Боиоценоздың трофикалық структурасы  ( продуцент, консумент және
редуцент)
3. Экологиялық пирамидалар. Экологиялық сукцессия

Синэкология  (грек  тілінен  аударғанда  syn-  бірге)  -  әр  түрге  жататын
өсімдіктер,    жануарлар    мен     микроорганизмдердің     популяцияларының
ассоциациаларын  (биоценоздар),  олардың  қалыптасу  жолдары  мен   қоршаған
ортамен   өзара   әсерін    зерттейтін    экологияның    бөлімі.Әр    түрдің
популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен –  бірлестіктер  мен  биоценоздар
түзіледі.
Биоценоз (грек тілінен bios -  өмір,  koinos  –  жалпы,  ортақ)  –  қоршаған
ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін  өсімдіктер,  жануарлар  мен
микроорганизмдер популяцияларының  жиынтығы.  «Биоценоз»  ұғымын  1877  жылы
неміс зоологы К.Мебиус ұсынды.
Кез  келген  биоценоз  биотоппен  бірігіп,   одан   да   жоғары   деңгейдегі
биологиялық жүйе  –  биогеоценозды  түзеді.  Биогеоценоз  ұғымын  1940  жылы
В.Н.Сукачев ұсынған. В.Н.Сукачев (1880-1967) биогеоценозға мынадай  анықтама
берген – «жер бетінің  белгілі  бір  бөлігінде  табиғи  жағдайлары  біртекті
(атмосфера, тау жыныстары,  өсімдіктер,  жануарлар  әлемі,  микроорганизмдер
дүниесі, топырақ және гидрологиялық жағдайлар) бірлестік, ол  өзін  құрайтын
компоненттердің  өзара  әсерлесу  ерекшеліктерімен,  белгілі  бір  зат  және
энергия  алмасуымен,  басқа   да   табиғат   құбылыстарымен,   ішкі   қарама
–қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі  қозғалыста,  дамуда  болатын
жиынтық»
«Биогеоценоз»  ұғымы  шет  елдерде  кеңінен  таралған,  1935  жылы  А.Тенсли
ұсынған «Экожүйе» ұғымына жақын.  Экожүйе  дегеніміз  –  зат,  энергия  және
ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік  ететін  кез  келген
өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған  орта  жағдайларының  жиынтығы.
Экожүйеге құмырсқа илеуі, орманның  бір  бөлігі,  тұтас  орман,  және  бүкіл
биосфераның өзі мысал бола алады.
                     Экожүйне және биогеоценоз ұғымдары.
     Тіршілік ету жағдайлары едәуір дәрежеде ұқсас  болып  келетін,  белгілі
бір  территорияда  мекендейтін  өзара  байланысты  түрлердің   комплекстерін
биогеоценоз құрайды.  Биогеоценоз  өлі  табиғат  факторлары  мен  (  топрақ,
ылғалдылық, температура және т.б.) Тығыз  байланыса  отырып,  олармен  бірге
тұрақты жүйе түзеді. Өздігінен реттелу әрбір түр особьтарының  саны  белгілі
бір, мұндай өзін - өзі  реттейтін  тұрақты  жүйені  экожүйелер  деп  атайды.
Қоректену әдістеріне қарай барлық организмдер екі топқа бөлініді:
1. Автотрофтар
2. Гетеротрофтар
     Автотрофтар –  негізінен  өсімдіктрер  органикалық  заттарды  синтездеу
үшін айналадағы ортаның бейорганикалық қосылыстарын пайдаланады.
      Гетеротрофты  (   жануарлар,   адам,   саңырауқұлақтар,   бактериялар)
автотрофтар синтездеген дайын органикалық заттармен қоректенеді.
     Биогеоценоздағы зат айналымы – тіршілік үшін қажет шарт.
 Кез – келген биогеоценоздың негізі - жасыл  өсімдіктер  –  органикалық  зат
түзушілер.  Биогеоценозды  міндетті  түрде  өсімдікпен,  жануарлармен   және
органикалық  заттарды  қарапайым  минералдық  қосылыстарға  дейін  ыдрататын
микро организмдер болады.
     Зат түзушілер – продуценттер.
     Микроорганизмдер – редуценттер.
     Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттау  үшін  мынадай
негізгі көрсеткіштері бар:
А.  Түрдің  алуан  түрлілігі  –  осы  биогеоценозды  құрайтын  өсімдіктермен
жануарлар түрінің саны.
Б. Популяция тығыздығы – осы түрдің аудан  немесе  көлем  бірлігіне  келетін
особьтар мөлшері.
В. Биомасса органикалық  заттармен  барлық  особьтар  жиынтығы  энергиясының
жалпы мөлшері.
     Биогеоценоздар  өте  күрделі.  Оларда  параллель  және  айқыш  –  ұйқыш
орналасқан көптеген  қоректену  тізбегі  болады,  ол  түрлердің  жалпы  саны
жүздеп, тіпті мыңдап  саналады.  Әртүрлі  объектілердің  сан  алуан  түрімен
қоректенеді,  сөйтіп  өздері  бірнеше  экожүйеге  қорек  болады.   Қоректену
тізбегінің негізі болып саналатын өсімдік  текті  зат  мөлшері,  әрқашан  да
өсімдік қоректі жануарлардың жалпы массасының бірнеше есе арттық болады,  ал
қоректену тізбегіндегі әрбір келесі буынның  массасы  жедел  кемиді.  Мұндай
өте маңызды заңдылық экологиялық пирамида ережесі д.а.
 Биогеоценоздар:
1. Тұщы су қойма биогеоценозы
2. Тоған биогеоценоздың тұрақтылығы
3. Жалпақ жапрақты орман биогеоценозы
4. Еменді орман биогеоценозы
5. Орман биогеоценозындағы өздігінен реттелу
6. Органикалық қалдықтардың минералдануы
деп бөлінеді.
           Биогеоценоздағы өзгерістер екі топқа бөлінеді:
1. Түрлер санының ауытқуы
2. Биогеоценоздың ауысуы
1. Биогеоценоз ішіндегі әртүрлі  организмдер  санының  динамикасы  және  оны
анықтаушы себептерді зерттеу зиякез бунақденелердің  жаппай  көбейіп  кетуін
алдын – ала болжап, оған жол бермеу үшін  қажет  болды.  Бұл  –  экологияның
маңызды міндеттерінің бірі.
2.   Қандай   биогеоценоз   болсада   дамып,   экологиядан   өтеді.   Құрлық
биогеоценоздарының ауысуы процесінде өсімдіктердің алатын орны үлкен,  бірақ
олардың атқаратын қызыметін, биогеоценоз біртұтас организм ретінде  тіршілік
етіп, өзгеріп отырады.  Адамның  алатын  орны  да  өте  зор.  Биогеоценоздың
табиғи ауысуының заңдылығы мен бағытын білу,  оның  ауысуы  белгілі  бағытта
жүріп, солардың тіршілік ету  ұзақтығы  әр  қилы  болады.  Биогеоценоздардың
әртүрлі типтері географиялық аймақтылық  пен  тығыз  байланысты.  Мыс:  солт
–тен оңт – ке бірқатар табиғи аймақтар тундра, тайга, жапрақты орман,  дала,
шөл. Аймақтық  биогеоценоздың  жетекші  компоненті  -  өсімдіктерден  едәуір
айқын байқалады.  Экожүйенің  маңызды  құрамдас  бөлігі  және  оның  әрекеті
нәтижесінде топрақ та географиялық аймақтарға  байланысты  өзгеріп  отырады.
Адам қолмен жасалатын биогеоценоздар  –  адамның  ауылшаруашылық  әрекетінің
нәтижесінде пайда болатын қолдан жаалған биогеоценоздар –  агроценоздар  деп
аталады

































                                                            Дәріс сабақ № 14

                     БОИОЦЕНОЗДЫҢ ТРОФИКАЛЫҚ СТРУКТУРАСЫ
                    ( ПРОДУЦЕНТ, КОНСУМЕНТ ЖӘНЕ РЕДУЦЕНТ)
Экожүйенің маңызды  қасиеттерінің  бірі  оларда  қоректік  тізбектің  болуы.
Қоректік   тізбек   –    экожүйеде    организмнің    қоректенуі    кезіндегі
органикалықзаттардың  қозғалысы  мен   олардан   алынатын   энергия   ағымын
көрсететін организмдер тізбегі. Бұл сөз грек тілінің trophos – қорек,  тамақ
ұғымдарын береді. Қоректік байланыстар – табиғатта негізгі  болып  табылады,
тіршілікті  демейді,  өзара  әрекеттесуші   түрлердің   саны   мен   олардың
эволюциясының барысына ықпал етеді; әрбір түр басқа түрлер үшін энергия  мен
қоректік заттардың көзі болып табылады (қоректену немесе  қоректік  тізбек).
Енді  продуценттер,  консументтер  және  редуценттер   ұғымдарын   толығырақ
қарастырайық.
Продуценттер  (ағылш.  to  produce  -  өндіру)  –  бейорганикалық  заттардан
органикалық  заттарды  өндіретін  организмдер.  Экожүйелерде  продуценттерге
фотосинтез  арқылы  сыртқы  күн  энергиясын  органикалық   заттар   ішіндегі
биохимиялық  энергияға  айналдыратын  автотрофты  организмдер  жатады.   Жер
бетіндегі экожүйелердегі продуценттерге өсімдіктерді жатқызамы.
Консументтер   (латын.    консуме    –    тұтыну)    басқа    организмдермен
(продуценттермен)    өндірілген    органикалық    заттармен     қоректенетін
организмдер. Экожүйедегі бұл организмдер гетеротрофты деп аталады.
Редуценттер  –  органикалық  заттар  қалдықтарын   бейорганикалық   заттарға
айналдыратын  организмдер  (негізінен  бактериялар,   саңырауқұлақтар   және
т.б.).
Сонымен энергиясы бар  экожүйенің  ішіндегі  органикалық  заттар  автотрофты
организмдермен  түзіліп,  олар  гетеротрофтар   үшін   қорек   (заттар   мен
энергиялардың  қайнар  көзі)  болып  табылады.  Қарапайым  мысал:  жануарлар
өсімдікті жейді. Бұл жануарларды өз кезегінде басқа жануарлар  жеуі  мүмкін,
осындай жолмен бірқатар ағзалар арқылы энергия тасымалдау жүреді  –  олардың
әрбір келесісі шикізат пен энергия беретін алдыңғысымен қоректенеді.  Мұндай
бірізділік қоректік тізбек деп , ал оның әрбір түйіні  –  қоректену  деңгейі
деп аталады.
Бірінші қоректену деңгейін афтотрофтар немесе  бірінші  реттік  продуценттер
деп аталатындар алады. Екінші қоректену деңгейіндегі организмдер  –  бірінші
реттік  консументтер,  үшіншідегілер  –  екінші  реттік   консументтер   деп
аталады.  Әдетте  төрт  немесе  бес  қоректену  деңгейлері  болады,  алтыдан
асатындары сирек.
Бірінші  реттік  продуценттер.  Бірінші  реттік  продуценттерге   автотрофты
организмдер,  негізінен  жасыл   өсімдіктер,   кейбір   прокариоттар,   атап
айтқанда, көк-жасыл балдырлар  және  фотосинтезделетін  бактерияның  аздаған
түрлері  жатады,  бірақ  олардың  үлесі  шамалы  ғана.  Фотосинтетиктер  күн
энергиясын   ұлпаларды   құрайтын    органикалық    молекулалар    негізінде
қолданылатын химиялық энергияға айналдырады. Органикалық  заттардың  өніміне
энергияны бейорганикалық қосылыстардан  алатын  хемосинтездеуші  бактериялар
да аздаған үлесін қосады.
Су экожүйелерінде басты продуценттер мұхиттар мен көлдер  үстіңгі  қабатының
фитопланктонын құрайтындар көбіне ұсақ болып келетін бір жасушалы ағзалар  –
балдырлар болып табылады.
Бірінші реттік  консументтер  бірінші  реттік  продуценттермен  қоректенеді,
яғни олар шөп қоректі жануарлар.
Екінші және үшінші  реттік  консументтер.  Екінші  реттік  консументтер  шөп
қоректілермен  қоректенеді,  осылайша  бұлар  екінші  реттің  консументтерін
жейтін үшінші реттің  консументтері  сияқты  етпен  қоректенетін  жануарлар.
Екінші және үшінші реттің консументтері  жыртқыш  болып  аң  аулауы,  өзінің
құрбандығын ұстап алып , өлтіруі мүмкін. Соңғы жағдайда олар көлемі  жағынан
өздерінің иелерінен кіші болады.
Редуценттер мен детритофагтар. Өлген өсімдіктер  мен  жануарлардың  денелері
әлі де болса энергия мен «құрылыс материалын » тірі  кезіндегі  бөлінділерді
, мысалы, зәр мен нәжіс сияқтыларды сақтайды. Бұл органикалық  материалдарды
микроағзалар , дәлірек айтсақ, органикалық қалдықтарда  сапрофиттер  тәрізді
тіршілік ететін саңырауқұлақтар және бактериялар ыдыратады.  Мұндай  ағзалар
редуценттер деп аталады. Олар өлі денелерге ас  қорыту  ферменттерін  немесе
тіршілік  әрекеттілігінің  қалдықтарын  бөліп,  олардың  қорытқан  өнімдерін
сіңіреді. Жартылай ыдыраған материалдарды детрит деп атайды,  көптеген  ұсақ
жануарлар   (детритофагтар)   сонымен   қоректеніп   ,    ыдырау    процесін
жылдамдатады. Бұл процеске шынайы редуценттермен қатар (саңырауқұлақтар  мен
бактериялар) детритофагтар  (жануарлар)  да  қатысатындықтан  ол  екеуін  де
кейде редуценттер деп атайды, әйтсе  де  шындығында  бұл  термин  сапрофитті
ағзаларға қатысты. Кейбір жануарлар басқа жануарлармен  де  ,  өсімдіктермен
де қоректенеді, оларды талғаусыз қоректенушілер ( жекелей  алғанда  адам  да
соған жатады) деп атайды.
Топтардағы  популяция  аралық  өзара  әрекеттестіктер   (биологиялық   өзара
әрекеттестіктер  типі)  –  бұл  әртүрлі  популяциялардың  топтың   шегіндегі
байланысы;   мынадай   қатынастарды   бөледі:   нейтрализм,    бәсекелестік,
паразиттік, жыртқыштық, симбиоз, мутуализм, комменсализм , антогонизм.
Бәсекелестік –  табиғи  топтардың  құрамын  анықтайтын  қатынастардың  басты
типтерінің бірі, бәсекелес түрлер бірге тіршілік  ете  алмайды.  Азық,  өмір
сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар  үшін  болатын  даралар  арасындағы
кері әсерлер. Бәсекелестік тікелей немесе жанама болуы мүмкін.
Симбиоз (селбесу )  –  дегеніміз  әр  түрге  жататын  даралардың  екі  жақты
пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Мысалы : өсімдіктердің  арасындағы  симбиозға
қынаны алуға  болады.  Қыналар  балдырлар  мен  саңырауқұлақтардың  селбесіп
тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі.
Комменсализм (француз тілінен аударғанда commensal-  бірге  тамақтану)  .Бір
ағза  екіншісінің  есебінен  тіршілік  етеді,  бірақ  оған   ешқандай   зиян
келтірмейді.Мысалы , жабысқақ –балық ірі балыққа бекініп  алады  да,  онымен
бірге қозғалады және оның тамағынан қалған заттармен қоректенеді.
Амменсализм (латын тілінен аударғанда mensa - азық,  тамақ).  Бір  популяция
үшін   қолайсыз   болып   табылатын   өзара    қатынастар.    Мысалы,    зең
саңырауқұлақтарының  бактериялармен  қатынасы.  Зең  саңырауқұлақтары  бөліп
шығаратын антибиотиктер бактерияларды жояды.
Жыртқыштық. Популяциялардың біреуі  екіншісіне  қолайсыз  әсер  ете  отырып,
пайда алады. Әдетте жемтігін  жыртқыш  өлтіре  отырып,  онымен  қоректенеді.
«Жыртқыш  –  жемтік»  қатынасының   негізінде   қоректену   тізбегі   жатыр.
Жыртқыштарды зиянды жануарлар деп бір жақты  қарастыруға  болмайды.  Себебі,
жыртқыштың аузына ауру және әлсіреген даралар түседі де, аурудың  таралуының
алдын алып, популяцияны сауықтырады.
Паразитизм  (грек  тілінен  аударғанда  parasitus-   арамтамақ).   Бір   түр
екіншісінің денесінің ішіне не бетіне  бекініп,  иесінің  есебінен  тіршілік
ететін түр аралық қарым-қатынастарды айтады.
Гомотиптік реакциялар немесе  түрішілік  әрекет  –  бір  түрдің  дараларының
арасында байқалады, бұған түрішілік бәсекелестік жатады.
Гетеротиптік реакциялар немесе түраралық әрекет – әр түрге  жататын  даралар
арасында байқалады.




































                                                            Дәріс сабақ № 15

                           ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПИРАМИДАЛАР
Экологиялық  пирамидалар  –  трофикалық  тізбектің   көрші   деңгейлеріндегі
органикалық заттар немесе энергия көлемдері  қатынастарын  графикалық  түрде
бейнелеу.  Ол  үшін  ең  алдымен  берілген  аймақтағы  түрлі   организмдерді
қоректену деңгейлері бойынша топтастырып,  санын  есептейді.Мұндай  санақтан
соң жануарлардың санының екінші қоректену деңгейінен келесіге өткенде бірте-
бірте   азайатындығы   айқын   көрінеді.Бірінші    қоректену    деңгейіндегі
өсімдіктердің саны да екінші  деңгейді  құрайтын  жануарлардың  санынан  жиі
асып түседі. Мұны сандық пирамидалар (Элтонның  сандық  пирамидасы)  түрінде
бейнелеуге  болады.Сандар  пирамидасы  -  әр  түрлі  трофикалық   деңгейдегі
ағзаладың санын  көрсетеді.  Сандық  пирамидаларды  пайдаланумен  байланысты
туындайтын қолайсыздықтардан  әрбір  қоректену  деңгейіндегі  организмдердің
жиынтық массасы (биомасса)  есепке  алынатын  биомассалар  пирамидасын  құру
жолымен құтылуға болады. Биомассаны анықтауға  жекелеген  дарақтардың  санын
есепке алу ғана емес, оларды өлшеу де кіреді, сондықтан бұл  көп  уақыт  пен
арнайы жабдықтарды, көп еңбек сіңіруді қажет ететін процес.
Массалар  пирамидасы.  Биомассалар  пирамидасы   -   әр   түрлі   трофикалық
деңгейдегі тірі заттың жалпы құрғақ  массасын  сипаттайды.  Өндірушілер  өте
ұсақ  және  консументтер  ірі  болғандықтан  экожүйелерде  соңғысының  жалпы
массасы барлық кезде продуценттердің жалпы массасынан  жоғары  болады,  яғни
биомасса пирамидасы керісінше болады.
Энергия пирамидасы – кезекті трофикалық деңгейдегі энергия ағынының  шамасын
немесе «өнімділігін» көрсетеді. Энергетикалық пирамида барлық  кезде  жоғары
қарай сүйірленеді.
Энергиялар пирамидасының артықшылықтары:
Ол уақыттың белгілі бір сәтінде ағзалардың ағымдағы күйін  ғана  сипаттайтын
сан және биомасса пирамидаларынан айырмасы, ол биомассаның  өсу  жылдамдығын
көрсетеді.  Энергия  пирамидасының  әр  бір  сатысы  белгілі   бір   нәрлену
деңгейінен белгілі бір кезеңде өткен  энергия  көлемін  (алаң  немесе  көлем
бірлігіне) бейнелейді;
Екі түрдің бірдей биомассасы болса да оларда энергия көлемінің бірдей  болуы
міндетті емес. Сондықтан биомассаға  негізделген  салыстырудың  жаңылыстыруы
мүмкін;
Энергия пирамидалары тек түрлі экожүйелерді ғана  емес,  сонымен  бірге  бір
экожүйенің  ішіндегі  популяциялардың   біршама   маңыздылығын   салыстыруға
мүмкіндік береді;
Энергия пирамидасының фундаментіне күн энергиясының түсуін  көрсететін  тағы
бір тікбұрышты қосып қоюға болады.
Энергия пирамидалары  экологиялық  пирмидалардың  үш  түрінің  ең  пайдалысы
болса да, оларды құрастыру  үшін  мәліметтер  алу  өте  қиын,  өйткені  онда
биомассалар пирамидасын  құрастырудағыдан  гөрі  тіпті  көп  өлшемдер  талап
етіледі. Іс жүзінде  энергия  пирамидалары  кейде  биомасса  пирамидаларынан
бұрын  жүргізілген   тәжірибелерге   негізделген   қайта   есептеу   жолымен
жеткілікті түрде нақтылықпен алынуы мүмкін.
Экожүйе арқылы өтетін  энергия  ағынын  зерттеуге  итермелейтін  себептердің
бірі  –  бұл   алынған   білімдерді   адамның   қоректік   және   энергиялық
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолдана алу мүмкіндігі.
Нақты   қоректік   тізбектерге   өсімдік    текті    тамақтағы    энергияның
берілетін  мөлшерін  есептеуге  және  тасымалдануын  бақылауға  болады.
    Энергия   тасымалдау   кезінде   қоректік    тізбектердегі    қатынастар
нәтижесінде   әрбір   бірлестік   белгілі   бір   трофтық    құрылымға    ие
болады.
           Жалпы    жағдайда    трофтық    құрылымды     кезекті     трофтық
деңгейлердегі   уақыт   бірлігіндегі   аудан   бірлігіне   шаққан    энергия
шамасымен  наықтауға   болады.   Оларды   экологиялық    пирамида    түрінде
кескіндеуге  болады.   Бұл   құбылысты   зерттеген   Ч.  Элтон   (1927   ж.)
экологиялық  пирамиданың  үш  негізгі  типін бөліп  көрсетті.
  1. Сандар  пирамидасы. (м2 /даралар  саны)  әртүрлі   трофтық   деңгейдегі
ағзалардың  санын  көрсетеді. Орманның   жайылымдық   қоректік   тізбегінде,
продуцент – ағаш, ал  бірінші  реттік  консумент – бунақденелілер  болғанда,
 бірінші   реттік   консументтердің   деңгейі   саны   жағынан   өндірушілер
деңгейімен  салыстырғанға  байланысты. Бұл  кезде  сандар  пирамидасы   кері
 болады.
    2.Биомассалар   пирамидасы     әр   түрлі   трофтық   деңгейдегі    тірі
заттың   жалпы   құрғақ   массасын   сипаттайды    (органикалық    заттардың
құрғақ  массасы  г/м2).  Өндірушілері   өте  ұсақ  және  консументтері   ірі
  болған   экожүйелерде    соңғысының    жалпы    массасы    барлық    кезде
продуценттердің   жалпы   массасынан   жоғары    болады,    яғни    биомасса
пирамидасы  да  кері  болады.
      3.    Энергия    пирамидасы      (Дж/м2    жыл)    кезекті     трофтық
деңгейлердегі  энергия  ағынының  шамсын  немесе  «өнімділігін»   көрсетеді.
 Энергетикалық   пирамида  барлық  кезде  жоғары  қарай  сүйірленеді.  Бірақ
 тамақпен  бірге  жүйеге  түсетін  барлық  энергия  көздері  есепке   алынуы
 керек.

















                                                            Дәріс сабақ № 16

                          ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯЛАР
Сукцессия  деп  –  табиғи  және  антропогенді  факторлардың   әсерінен   бір
территорияда биоценоздардың белгілі бір ретпен алмасуын айтады.  Экологиялық
сукцессия белгілі бір  уақыт  бөлігінде  бірнеше  кезеңдерден  өткеріп  іске
асады, алғашқы кезеңдері бірінші  қоныстанушылар  кезеңі  деп  аталады,  бұл
процесс тұрақтанған жүйеге дейін іске асады тұрақтанған жүйені  климакс  деп
атайды. Сондықтанда сукцессия белгілі бір территориядағы бірін-бірі  ретімен
алмастыратын бірлестіктер. Сукцессия пайда болу  үшін  бос  кеңістік  қажет.
Біріншілік және  екіншілік  сукцессиялар  деп  екіге  жіктеледі.  Біріншілік
сукцессия – ең алғашында бос субстратта пайда болған бірлестіктерді  айтады,
екіншілік  сукцессия  осы  субстраттағы   бірлестіктерді   осы   абиотикалық
жағдайларға недәуір адаптацияланған келесі бір  бірлестіктердің  алмастыруын
айтады.
Біріншілік сукцессия бірлестікті ең  басынан  бастап  қалыптасуын  бақылауға
мүмкіндік береді. Мұндай  сукцессиялар  селден  кейін  немесе  өрттен  кейін
қалған орындарда  пайда  болады.  Шыршалы  орман  деп  солтүстік  аймақтарда
экожүйенің соңғы климаксты кезеңін айтады. Ең  басында  мұндай  жерлерде  ақ
қайың  орманы  болады,  қайыңдардың  өсу  жылдамдығы  қылқан  жапырақтыларға
қарағанда 10-12 есе жылдам болғандықтан олардың  көлеңкесінде  шыршалар  мен
қарағайлар өседі. Қайыңдардың түбінде өздерінің микроклиматы  пайда  болады,
ал  шыршалар  өз  беттерімен  өздеріне  қолайлы  жағдайларда   өсе   береді.
Біртіндеп қайыңдар шыршаларға бәсекеге төтеп бере алмай қылқан  жапырақтылар
оларды ығыстырып шығарады.
Екіншілік  сукцессия  көбінесе  адам  әрекетінің  салдары  болып   табылады.
Біріншілік сукцессия 1000 жылды қамтыса, екіншілік сукцессия  150-250  жылды
қамтиды.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯ — бір  биоценоздың  (бірлестіктің)  басқа  биоценозбен
ауысып  отыруы.  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  СУКЦЕССИЯ   кауымдастықтың,  яғни   экожүйенің
биоталық құрауыштарының ықпалымен жүреді. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  СУКЦЕССИЯ    биоталық
қауымдастық пен физикалық орта  арасында  тепе-теңдік  орнайтын,  экожүйенің
реттелген  дамуы,  оны  болжауға  болады.  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  СУКЦЕССИЯ    бірнеше
кезеңнен өтеді, солардың  барысында  биоталық  қауым-дастықтар  бірінен  соң
бірі  алмасып  жатады.  Сукцессия  кезіндегі  түрлердің  алмасуының  себебі,
популяциялар коршаған ортаны өзгер-туге ұмтыла отырып, өзге  популяция  үшін
қолайлы жағдайлар жасайды. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯ   барысында  организмдердің
түрлік  популяциялары  және  олардың  арасындағы  функциялық  байланыстардың
түрлері бірін-бірі белгілі заңдылыққа сәйкес кезеңді түрде  және  қайталанып
алмастырып отырады. Сукцессия өсу, тұрақтану,  климакс  сатыларынан  тұрады.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ   СУКЦЕССИЯ     -ның   автотрофты,   гетеротрофты,    аутогенді,
аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты,  алапатты,  антропогенді  түрлері
бар. Оңтайлы жағдайда кез келген сукцессия  түрі  бәсең  дамитын  климакстық
қауымдастықтың пайда болуымен аяқталады.


 №1 Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
Синэкология нені зерттейді?
Биоценоз туралы не білесіз?
Биотоп дегеніміз не?
Экожүйе түсінігінің анықтамасын айтыңыз.
Бірлестік құрылымы дегеніміз не?
Бірлестіктің түр және морфологиялық құрылымын сипаттаңдар?
Трофикалық байланыстар дегеніміз не? Бірлестіктердің трофикалық  құрылымдары
және өнімділіктері туралы айтыңыздар.
Автотрофты және гетеротрофты ағзаларға қандай ағзалар жатады?
Тірі ағзалар арасындағы биотикалық байланыстардың барлығын  қандай  топтарға
бөлуге болады?
Нейтрализм және аменсализм дегенімз не?
Комменсалдар деп қандай ағзаларды айтады? Комменсализмге мысал келтіріңдер.
Симбиоз  дегеніміз  не?  Симбиотикалық  өзара  әрекетке  мысал  келтіріңдер.
Бәсекелестік түраралық қатынас ретінде, мысал келтіріңдер.
Түраралық  және  түрішілік  қатынас   бәсекелестігіне   мысал   келтіріңдер,
айырмашылығы  неде?  Жыртқыштық   пен   паразиттікке   антибиотизм   ретінде
сипаттама беріңіздер.

№2 Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
Пирамидалардың бір бірінен қандай айрмашылықтары бар?
Ең тиімді пирамиданы атаңыз, түсіндіріңіз?


Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
5.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқашы курсы  А, 2010













                                                            Дәріс сабақ № 17

   БИОСФЕРА ҚАЗІРГІ КҮЙІ. БИОСФЕРА ТУРАЛЫ ІЛІМ. В.И.ВЕРНАДСКИЙДІҢ БИОСФЕРА
                          ЖӘНЕ НООСФЕРА ТУРАЛЫ ІЛІМ
Жоспар
Биоссфера ұғымы мен түсініктері
Биосфера шекаралары
Ноосфера ұғымы мен түсініктері
Биосфера концентрикалық қабықашалардан (геосфералардан) құралады, олар  ішкі
және сыртқы болып жіктеледі.  Ішкі  концентрикалық  қабықшаға  ядро,  мантия
жатады. Сыртқы қабықшаларды литосфера (жердің қатты қабығы), гидросфера  (су
қабаты), атмосфера (ауа қабаты) және жердің күрделі қабығы биосфера.
Литосфера (грек. литос-  тас)-  Жердің  тас  қабаты.  Оның  қалыңдығы  теңіз
астында 6 км тау жүйелерін қосқанда 80 км  қалыңдықты  құрайды.  Жердің  бұл
қабаты адам үшін маңызды ресурстардың бірі болып саналады: жанар-жағар  және
энергетикалық шикізат көзі, рудалы және рудалы емес пайдалы  қазбалар  кені,
табиғи құрылыс материалдар қоры болып табылады.
Гидросфера (грек. гидора- су) - Жердің сулы қабаты. Оны жер  асты  және  жер
үсті деп жіктейді. Әлемдік  мұхит  гидросфераның  жалпы  көлемінің  96,53  %
құрайды, жер асты суларының қоры – 1,69%,  қалған  су  мөлшері  өзендер  мен
көлдер  үлесіне  тиеді.  Жер  бетіндегі  барлық  сулардың  98%  тұзды  сулар
құрайды, ал қалған 2 % тұшы сулар, олар негізінен  мұздықтар  мен  солтүстік
және  оңтүстік  полюстерде  шоғырланған.  Гидросфера  біздің   планетамыздың
климатының қалыптасуында маңызы зор.
Атмосфера (грек. атмос - бу) – Жердің  газды  қабаты,  әр  түрлі  булар  мен
газдар қоспасынан тұрады. 20-25 км биіктікте озон  қабаты  орналасқан,  озон
қабаты  жер  бетіндегі  барлық  тіршілікті  күннің  ультракүлгін  сәулесінен
қорғайды. Атмосфераның төменгі қабаты тропосфера деп аталады оның  қалыңдығы
8-10 км полюстарда, 10-12 орташа зоналарда, 16-18 км тропикалық  аймақтарда.

Атмосфера, гидросфера және литосфера өзара тығыз байланысқан. Жер  бетіндегі
экзогенді геологиялық  процестердің  барлығы  осы  байланысқа  тәуелді  және
биосферада өтеді.
Биосфера  қызметі.  Биосфера  –  Жер  шарының  тірі  ағзалармен  қоныстанған
күрделі сыртқы қабығы, тірі ағзалар жиыны планетамыздың тірі затын  құрайды.
Жер және оны қоршаған орта осыдан 4,7 млрд. жыл бұрын күн жүйесінің  белгілі
бір  заңдылықпен  дамуының  нәтижесінде  қалыптасқан.  Күн   жылуы   –   Жер
климатының  ең  маңызыдысы,  көптеген  геологиялық   процестердің   дамуының
негізі. Үлкен жылу ағыны Жердің тереңінен келеді.
Биосфера туралы  ілім ХХ ғасырдың басында  қалыптасқан  оның  авторы  атақты
орыс ғалымы В.И.Вернадский.
Жердегі бірде-бір тірі ағза еркін  күйде  болмайды.  Барлық  ағзалар  оларды
қоршаған материалдық-энергетикалық ортамен, ең алдымен қоректену  мен  тыныс
алу арқылы, үздіксіз және тығыз байланыста болады. Одан тыс табиғи  жағдайда
тіршілік ете алмайды.
XIX  ғасырдың  басында  ғылымға  «биосфера»   түсінігін   енгізген   француз
жаратылыстанушысы  Ж.Б.Ламарк  (1744-1829)   болған.   «Биосфера»   терминін
тіршілік  бар  жердің  қабықшасын  анықтау  үшін  «гидросфера»,  «литосфера»
ұғымдарымен бірге XIX ғасырдың аяғында атақты австрия геологы Э.Зюсс  (1831-
1914) ұсынады.
В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік  бар  немесе  болған,  үнемі
тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін  айтады  (литосфераның
жоғарғы бөлігі, гидро және  тропосфера).  Ағзалардың  маңызы  олардың  алуан
түрлілігімен,  барлық  жерлерде  таралуымен,  Жер  тарихындағы  тіршілігінің
ұзақтығымен, биохимиялық  қызметінің  таңдамалы  сипатымен  және  табиғаттың
басқа  компоненттерімен  салыстырғанда   химиялық   белсенділігінің   жоғары
болуымен анықталады. Жер биосферасын құрайтын заттардың негізгі  типтері  1-
суретте көрсетілген.
Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский тірі зат  деп  атады.
Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның, химиялық құрамы мен  энергиясының
жиынтығын  қарастырады.  В.И.Вернадский   тұжырымдаған   константалық   заңы
бойынша: биосфераның тірі затының мөлшері (берілген геологиялық кезең  үшін)
тұрақты (константа) шама болып табылады.

|                    |                       |Тірі зат              |
|                    |                       |Биогенді зат          |
|Әр түрлі зат        |                       |Костык зат            |
|табиғат             |                       |                      |
|бөліктері           |                       |Биокостық зат         |
|                    |                       |Радиоактивті          |
|                    |                       |ыдыраудағы зат        |
|                    |                       |Космостық             |
|                    |                       |табиғаты бар зат      |


             Жер биосферасын құрайтын заттардың негізгі типтері
Тірі заттың жалпы массасы  1,8-2,5.1012т.  (құрғақ  салмағы)  бағаланып,  ол
биосфера массасының (3.1012т.) тек болмашы бөлігін ғана құрайды.  Егер  тірі
затты планета  бетімен  біртегіс  етіп  орналастырсақ  оның  қалындығы,  бар
болғаны 2см болады. Қазіргі кездегі  ағзалар  топтарының  биомассасы  туралы
мәліметтер кестеде келтірілген.
                     Жердің тірі ағзаларының биомассасы
                          (Н.И.Бразилевич бойынша)
|Орта          |Ағзалар тобы          |Масса (10 )       |Қатынасы (%)      |
|Континенттер  |Жасыл өсімдіктер      |2,40              |99,2              |
|              |Жануарлар мен         |0,020,8           |                  |
|              |микроағзалар          |                  |                  |
|              |Барлығы               |2,42              |100               |
|Мұхиттар      |Жасыл өсімдіктер      |0,0002            |6,3               |
|              |Жануарлар мен         |0,0030            |93,7              |
|              |микроағзалар          |                  |                  |
|              |Барлығы               |0,0032            |100               |
|Жердегі ағзалардың биомассасы        |2,4232            |-                 |


Жердің  бетін  өзгертуші  маңызды  фактор  тіршілік  болып  табылады.   Оның
ерекшелігі тек химиялық реакциялардың  жылдамдығына  ғана  байланысты  емес,
кейбір реакциялар қалыпты температура мен қысымда ағзадан тыс  жүрмейді.  Л.
С. Берг былай деген: «Ағзалар  физикалық  тұрғыдан  мүмкін  емес  нәрселерді
жүзеге асырады». Майлар мен көмірсулар ағзада 37ºС  шамасында  тотығады,  ал
ағзадан тыс тек 400-500ºС  жүреді.  Молекулалық  азоттан  аммиактың  синтезі
өнеркәсіптік жағдайда 500ºС температура  мен  300-500  атм.  қысымда  жүзеге
асырылады. Ал микроорганизмдер  бұл  реакцияны  қалыпты  температурада  және
атмосфералық қысымда жүзеге асырады.
В.И.Вернадский  биосфераның  Жердің  ғаламдық  біртұтас   жүйесі   ретіндегі
көзқарасты жасады. Бұл  жүйеде  химиялық  және  энергетикалық  өзгерістердің
жүруі тіршілікпен анықталады.  В.И.Вернадский  тірі  ағзалардың  геологиялық
ролі туралы ілімнің негізін қалады.
Жердің биосферасы ғаламдық ашық жүйе болып  табылады.  Оның  «кіруі»  -  бұл
космостан келетін күн энергиясының  ағыны,  ағзалардың  тіршілік  қызметінде
түзілген заттар. Биосфера өздігінен  реттелетін  кибернетикалық  жүйе.  Оған
гомеостаз қасиеті тән.
Жер планета ретінде  табиғат  жағдайларының  алуантүрлілігімен  сипатталады.
Бұл оның  шар  тәрізді  пішінімен,,  Күнді  және  өзінің  осінен  айналуымен
анықталады.  Өз  кезегінде  бұлар  күн  белсенділігінің  ендік  және  маусым
бойынша интенсивтілігінің өзгеруін қамтамасыз етеді.  Табиғат  жағдайларының
көп түрлілігі Жердің күрделі рельефінің  әсерінен  де  түзіледі.  Бірақ  Жер
биосферасының негізгі  көп  түрлілігін  тірі  ағзалар  жасайды.  Ғалымдардың
болжамы бойынша қазіргі биосферада тірі ағзалардың шамамен 2 млн.  түрі  бар
(биосфераның өмір сүруі барысында 1 млрд.- тан кем емес).
Биосфераның динамикалық жүйе ретіндегі ерекшелігі  оның  бір  тегіс  болмауы
(тепе-теңсіздігі) және оның тірі затпен  жұмысы  Күн  энергиясының  ағынының
нәтижесі болып табылады.
Биосфераның маңызды ерекшеліктерінің бірі ондағы  судың  болуы.  Биосфераның
тағы бір белгісі – оның космоспен тығыз байланыстылығы (көбіне Күнмен).
1852  жылы  Швейцария  астрономы  Р.  Вольт  Жердің  магнитизмінің   Күндегі
дақтардың пайда болу циклдігіне тәуелді екенін есептеп шығарды.
Биосфераның шекаралары.  1926  жылы  В.И.Вернадский  биосфераның  шекаралары
туралы мәселені қойды.


                                                            Дәріс сабақ № 18

                 БИОСФЕРА ТУРАЛЫ ІЛІМНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
Биосферадағы биохимиялық циклдер және  зат  айналымы.  Миллиардтаған  жылдар
барысында тірі  ағзалардың  көбеюі,  өсуі,  зат  алмасуы  мен  белсенділігі,
планетаның беткі бөлігін толық  өзгеріске  ұшыратты.  Ағзалардың  түрлерінің
барлық массасын В. И. Вернадский Жердің тірі заты  деп  атаған.Тірі  заттаың
химиялық құрамына өлі табиғатты құрайтын атомдар кіреді, бірақ олар  басқаша
қатынаста болады.  Зат  алмасу  барысында  тірі  ағзалар  үнемі  табиғаттағы
химиялық  элементтердің  таралуын  өзгертіп  отырады.  Осылайша  биосфераның
химизмі өзгереді. Миллиардтаған  жылдар  барысынла  фотосинтездеуші  ағзалар
күн энергиясының орасан мол шамасын химиялық жұмысқа айналдырады және  басқа
да органикалық заттар – мұнай, торф т. б. түрінде жиналады.
Фотосинтез есебінен атмосферада оттегі жиналады.  Жердің  дамуының  ертедегі
кезендерінде атмосферада басқа газдар басым болады: сутегі,  метан,  аммиак,
көмірқышқыл газы оттегіден озон қабаты пайда болды. Бұл газдың  молекулалары
оттегінің үш атомынан тұрады (О3), ол ультракүлгін  сәулелердің  молекулалық
оттегіне  әсер  етуі  нәтижесінде  түзіледі.  Тіршіліктің  өзі  ультракүлгін
сәулелердің басым бөлігін ұстап  қалатын  атмосфераның  қорғаныштық  қабатын
жасады.
Қазіргі атмосферадағы көмірқышқыл газының көп бөлігі тірі  ағзалардың  тыныс
алуы немесе органикалық отынның жануы нәтижесінде түзілген.
Атмосфералық   азот   та   тіршіліктің   нәтижесі,   ол   бірқатар   топырақ
бактерияларының белсенді әрекетінен түзілген.
Атмосфералық   азот   та   тіршіліктің   нәтижесі,   ол   бірқатар   топырақ
бактерияларының белсенді әрекетінен түзілген.
Тірі  ағзалардың  әсерінен  көптеген  Жердегі  тау  жыныстары  пайда  болды.
Ағзалар  жекеленген  элементтерді   қоршаған   ортада   олардың   мөлшерінен
анағұрлым көп шамасын тандамалы түрде сіңіріп,  өз  денесінде  жинай  алады.
Мысалы, көптеген теңіз  жануарлары  өздерінің  қаңқасында  кальций,  кремний
немесе фосфорды жинап, өлгеннен соң су  түбінде  шөгінді  жыныстарды:  ізбес
тас, бор, фосфориттер т. б. түзеді. Олар органогенді элементтер деп атайды.
Тіршіліктің  әсерінен  құрлықтың   бетінде   топырақ   қабаты   қалыптасқан.
Топырақтағы минералдық компоненттер, ыдырап жатқан  органикалық  заттар  мен
көптеген микро және  макроорганизмдердің  бір-бірімен  тығыз  байланыстылығы
сонша, В.И. Вернадский оны  ерекше,  табиғаттың  биокосты  заты  деп  атады.
Әлемдік мұхиттың суларында да осындай биокосты заты болады.
Тірі ағзалар құрлықтың тау жыныстарының желденуі мен бұзылуында ерекше  роль
атқарады. Олар өлі органикалық затты негізгі ыдыратушылар.
Тіршілік  Жердің  атмосферасын,  мұхиттың  суының  құрамын  өзгертіп,   өзен
қабатын, топырақ, көптеген жыныстарын жасады.
Тау   жыныстарының   желдену   жағдайлары   өзгеріп,   өсімдіктер   жасайтын
микроклимат үлкен рол атқара бастайды, Жердің климаты да өзгерді.
Тіршілік биосферадағы биологиялық зат айналымын жүзеге асыра отырып,  өзінің
және адамның тіршілік етуіне қажетті тұрақты жағдайларды қамтамасыз етеді.
Тірі ағзалар биосферада маңызды биогенді элементтердің зат айналымын  жүзеге
асырады. Олар кезектесіп тірі заттан бейорганикалық материяға өтіп  отырады.
Бұл циклдер екі негізгі топқа  бөлінеді:  газдардың  айналымы  және  шөгінді
заттар  айналымы.  Біріншісінде  элементтердің  негізгі  көзі  -   атмосфера
(көміртегі, оттегі, азот), екіншісінде -  таулы  шөгінді  жыныстар  (фосфор,
күкірт және т.б.) болып табылады.
Көміртегінің  айналымы.  Фотосинтез  үшін  көміртегінің  көзі  атмосферадағы
немесе суда  еріген  көмірқышқыл  газы  болып  табылады.  Өсімдіктер  түзген
органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену  тізбегі  бойынша  тірі  не
өлі өсімдік ұлпалары арқылы  өтіп,  тыныс  алу,  ашу  немесе  отынның  жануы
нәтижесінде  көмірқышқыл  газы  түрінде   атмосфераға   қайтады.   Көміртегі
циклының ұзақтығы үш-төрт жүз жылдыққа тең.
Осы кезеңде биосферадағы көміртектің жалпы массасы  шамамен  4000  Гт.  Оның
1000 Гт  биомасса  үлесіне  жатады.  Биосферадағы  жылдық  нетто-биоөнімінің
мөлшері көміртекпен есептегенде 90-100 Гт. Осы  мөлшерде  көміртек  дем  алу
және  ыдырау  (деструкция)  процестерінде  де  бөлініп   отырады.   Сонымен,
көміртекпен есептегенде  биосфера  биомассасының  жаңару  мерзімі  10  жылды
құрайды.
Көміртек  айналымы  жасыл   өсімдіктер   мен   кейбір   микроорганизмдердегі
фотосинтез процесіне атмосфералық  көмірқышқыл  газын  бекітуден  басталады.
Өсімдіктер  бекіткен  көміртек  бөлігін  жануарлар  пайдаланып,  көмірқышқыл
газын  бөледі.  Тіршілігін  жойған  өсімдіктер  мен   жануарлардың   соңынан
топырақта микроорганизмдер ыдырайды,  осы  ыдырау  процестердің  нәтижесінде
ұлпалар құрамындағы қосылыстарға оралып отырады.
Көміртектің белгілі бөлігі  ұзақ  мерзімде  қазанды  отын  түрлерін  (көмір,
табиғи газ, мұнай,  шымтезек,  жаңғыш  тақта  тас),  теңіз  су  қоймаларында
карбонатты жыныстарды (әктас, доломит,  т.б.)  түзуге  қатысады.  Құрлықтағы
және мұхит аквоториясындағы көміртек қосылыстарының  пайда  болатын  негізгі
көзінің бірі болып жанартаудың атқылауы саналады.
Фотосинтез бен органикалық заттардың ыдырауы  бірнеше  сатыдан  өтетін  және
өте көп экожүйелер мен организмдердің қатысуымен жүзеге асатын  болса  жалпы
биосферада  ерекше  өте  жоғары   дәлдікпен   олардың   теңдіктері   ұсталып
тұрады.Көмірқышқыл газының атмосферадағы қоры 700  Гт,  ал  фотосинтез  және
ыдырау процестері арқылы атмосфераға жылына қайтарылып отыратын массасы  90-
100 Гт. Егерде көміртектің атмосферадағы  биоталық  қайтарылуы  тоқтады  деп
елестететін болсақ, ал фотосинтез  бұрынғы  қалпында  жүріп  жататын  болса,
онда атмосфера толығымен 7-8  жылда  көмірқышқыл  газынан  тазаланып  отырар
еді. Бірақ-та,  әр  түрлі  белгілі  ғылыми  мәліметтерге  сүйенсек,  қазіргі
шамалардың ауытқуының шектік деңгейі тұрақты сақталып  отырса,  атмосфераның
газдық құрамы (оның ішінде көмірқышқыл газының мөлшері) аз дегенде  104  жыл
бойы  тұрақты  болып  қала  берер  еді.  Бұдан  атмосфера  үшін  көміртектің
биотикалық айналымының минималды тұрақтылығы δА = (10000-8)/10000=0,999  деп
қорытындыға келуге болады.
Экожүйедегі көміртек айналымына толық жете сандық талдауды 1990 жылы эколог-
ғалым В.Г.Горшков жасаған. Оның геологиялық мәліметтерге  сүйенген  тұжырымы
бойынша, биогенді мүмкін екен.  Тіршілікпен  сәйкес  осы  мөлшер  шамалардан
реттейтін механизм жоқ болғанда,  ондаған  және  жүздеген  миллион  жылдарда
олар шектен шығып кететін еді. Шынында, палеохимиялық және  палеоботаникалық
мәліметтер бойынша атмосферадағы көміртек  мөлшері  105  жыл  бойы  сақталып
келе жатыр. Солай болғандықтан, биосферадағы органикалық  заттардың  түзілуі
мен  ыдырау  ағысы  10-4,  тұйықтылығы  10-3  дәрежедегі  дәлдікпен  үйлесіп
келеді. Демек, корреляция дәлдігі 10-7 –ге тең.
В.Г.Горшковтың айтуынша: «Синтез бен  ыдыраудың  арасындағы  осы  деңгейдегі
дәлдікпен корреляцияның болуы қоршаған ортада биологиялық реттеу бар  екенін
дәлелдейді, себебі миллиондаған жыл бойы шамалардың осындай  дәлдікте  болуы
кездейсоқ екеніне сенбейтін жағдай».
Соңғы  жылдары  адамның  шаруашылық  әрекеті,  әсіресе,  құрамында  көміртек
болатын отын мен ағашты өте көп мөлшерде жағу арқылы көміртектің  айналымына
елеулі әсер етті. Ауа райының ғаламдық жылынуына  себеп  болатын  «көшетхана
газы» ішінде (метан, озон, фреон, азот оксидтері) көміртек диоксиді  бірінші
орында тұр (50-55%).
 Азот айналымы. Өсімдіктер азотты ыдыраған  өлі  органикалық  заттан  алады.
Бактериялар ақуыздардың азотын  өсімдіктер  сіңіре  алатын  түрге  өткізеді.
Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды. Бактериялар  мен
көк жасыл балдырлар атмосфералық азотты байланыстырып,  топыраққа  өткізеді.
Көптеген   өсімдіктер   олардың   тамырларында   түйнектер   түзетін   азот-
фиксациялаушы бактериялармен  симбиоз  түзеді.  Өлген  өсімдіктерден  немесе
жануарлардың  өлекселерінен  бактериялардың  басқа   топтарының   іс-әрекеті
нәтижесінде бос түрге өтеді де қайтадан атмосфераға қайтады.















Азот барлық  биогенді  белоктардың  құрылымына  кіреді  және  сонымен  қатар
биогенді элементтердің ішінде ең негізгі организмдердің  тіршілік  әрекетіне
қажет элемент болып саналады. Атмосферадағы бос молекулалық түрдегі  азоттың
өте аз мөлшері ғана биоталық айналымға қатысады.
Фосфор мен күкірттің  зат  айналымы.  Фосфор  мен  күкірт  тау  жыныстарында
болады. Тау жыныстарының бұзылуы мен эрозиясының  әсерінен  топыраққа  өтеді
де, оларды өсімдіктер пайдаланады. Редуцент -  ағзалардың  тіршілік  қызметі
нәтижесінде олар қайтадан топыраққа қайтады. Азот пен фосфор  қосылыстарының
бір бөлігін жауын сулары өзендерге одан теңіз бен мұхитқа қарай  шайып,  оны
балдырлар қолданады. Ең соңында өлі органикалық  заттың  құрамында  олар  су
түбіне шөгіп, қайтадан тау жыныстарына кіреді.
Фосфор айналымы. Фосфор азот сияқты шектеуші биогендер қатарына  жатады.  Ол
нуклеин   қышқылдарының   құрамына,    клетка    мембраналарының,    энергия
тасымалдаушы жүйеге (аденозиндифосфат,  аденозинтрифосфат),  сүйек  тканіне,
дентинге кіреді. Оның айналымын басқа  айналымдардай  қозғалысқа  келтіретін
энергия   және   де   бұл   процеске   қатысушы   фосфорорганикалық   түрден
бейорганикалыққа, одан қайта органикалық түрге алма – кезек ауысып отырады.
Фосфордың  биогеохимиялық  циклінің   ерекшелігі   редуценттердің   фосфорды
органикалық түрден бейорганикалық түрге тотықтырмай көшіретіндігінде.
Көміртектің, оттектің және азоттың  айналымынан  тағы  да  бір  айырмашылығы
фосфордың циклін тұйықталған деп  есептеуге  болмайды,  себебі  фосфаттардың
басым көпшілігі мұхит шөгінділерінде қалып отырады.
Фосфор жылжымалы элемент, сондықтан оның  айналымымен  байланысты  процестер
қоршаған   ортаның   көптеген   факторларына   тәуелді,   бірінші    кезекте
антропогендік факторларға. Мысалы, табиғи сулардың фосфор  тыңайтқыштарымен,
жуғыш заттармен ластануы салдарынан су қоймалары эвтрофтанады. Осы  себептен
бір қатар елдерде фосфоттарды жуғыш заттар құрамына  қосуға  тиым  салынған,
оның балама алмастырғыштары қолданылады.
Өсімдіктердің   фосфорды   сіңіруі   топырақ   ерітіндісінің    қышқылдығына
байланысты. Суда натрий мен кальций фосфаттары нашар ерісе,  сілтілі  ортада
мүлде ерімейді, қышқылдық көтерілген сайын  фосфаттар  жақсы  еритін  фосфор
қышқылына айналады. Фосфор тыңайтқыштарын біліксіз артық мөлшерде  қолданса,
топырақта фосфорлану деген зардап орын алуы  мүмкін.  Фосфор  уытты  элемент
болмаса да, фосфорлану кезінде тұздардың концентрациясы жоғары  болғандықтан
өсімдіктердің өсуі мен дамуы, әсіресе вегетация  басталған  кезеңде  тежелуі
байқалады,  себебі  фосфордың  мөлшері  топырақта  көп  болғандықтан   басқа
элементтердің  біршама  тапшылығы   күшейіп,   өсімдіктердің   қоректенуінің
бұзылуы орын алуымен қатар, экологиялық  тұрғыдан  зиянды  ауыр  металлдарды
және де басқа токсиканттарды көбірек сіңіруге ықтималдығы жоғарлайды.
Су  айналымы.  Бұл  табиғат  жағдайында  былай   жүреді,   су   мұхиттардың,
құрлықтардың, өзендердің және т. б. су  қоймаларының  бетінен  буланып,  ауа
арқылы су буы тасымалданып, шықтанып,  жауын-шашынмен  қайтадан  жер  бетіне
оралып отырады. Осылардан басқа, су айналымы процесіне өсімдіктердің  ауамен
жанасатын барлық сыртқы және ішкі беттеріндегі  судың  булануы  және  жердің
өте терең қабаттарындағы магмадан бөлінетін оттек пен сутектен түзілген  жер
асты сулары (ювинилді сулар) жатады.
Жер бетінде судың шамамен есептеу жолымен анықталған  теңдестігі  (мың  км3)
мынадай болады: кіріс (жауын-шашын) – 8,4, шығын – 108,4 (булану 71,1,  оған
жер бетіндегі ағынды сулар қосылады – 37,3).
Су  айналымының  тұрақтылығы  соңғы  100  жылда  адамның  таласуынан  бұзыла
бастады.  Орман  алқабының  азаюынан  орманнан  судың  булануы   төмендеуде,
керісінше,  ауыл  шаруашылығында  пайдаланатын  жерлерді  суармалау  кезінде
топырақ бетінен судың булануы артуда. Сонымен  қатар,  соңғы  жылдары  мұхит
пен  теңіздің  едәуір  бөлігіндегі  бетінде  мұнай  қабатының   пайда   болу
салдарынан судың булануы күрт төмендеп, биосфера  құрауыштарының  арасындағы
алмасу  процестері  бұзылуда.  Бұрыннан  табиғатта  қалыптасып   келген   су
айналымының  ауытқуына  байланысты  соңғы  жылдары  әлемдік  мұхит   деңгейі
көтерілуде,  осындай  қолайсыз  жағдайға  себеп  болып   жатқан   құрлықтағы
көлдердің келуі, жер асты су қорының тиімсіз жүйемен  жұмсалуына  байланысты
азаюы және көшетхана эффектісінің әсерінен мұздық жамылғысының  қалыңдығының
жұқаруы. Бұл тенденциялардың әрі қарай үдеуі организмдердің  әр  алуандылығы
мен орналасу заңдылығын, экожүйелердің сандық және сапалық құрамын,  қасиеті
мен құрылымын өзгертуі мүмкін.
Сонымен  табиғатта  барлық  биогенді  элементтердің   айналымы   биогеоценоз
деңгейінде өтеді.  Биогеоценоздың  өнімділігі  әр  элементтің  жүйелі  түрде
айналымда болуына байланысты.  Мұның  әсіресе  ауылшаруышылық  өндірісі  мен
орман өсіруде маңызы өте ерекше келеді.
Адамның  қалай  болсада  әйтеуір  араласуы  айналым  процестерінің   жүруіне
кедергі жасайды. Мысалы, орманды кесу  немесе  өсімдіктердің  ассимиляциалау
аппаратын  өнеркәсіптік   шығындылармен   зақымдандыру   көміртекті   сіңіру
қарқынын  төмендетеді.  Өнеркәсіптік   ағындылармен   суқоймаларына   түскен
органикалық заттектердің молшылығынан орын алатын эвтрофикация процесі  суда
еріген түрде болатын оттектің біраз мөлшерін азайтып, сулы ортадағы  аэробты
организмдердің тіршілік мүмкіндігін жояды. Қазып  алынған  отындарды  жағып,
өндіріс өнімдерінде атмосфералық  азотты  бекітіп,  фосфорды  детергенттерге
байланыстырып, адам элементтер айналымын өзімен қалай болса  да  тұйықтайтын
сияқты,  осы  жағдай  оны  қоршаған  ортаның  химиясын  толығымен  басқаруға
амалсыз мәжбүр етеді.
Биоталық айналымның  жоғары  дәрежедегі  тұйықтылығы  мен  қоршаған  ортаның
биологиялық реттелуі – биосфера эвалюциясының заңды нәтижесі.
Оттегінің циклі. Жердегі оттегінің циклі шамамен 2000 жылда,  судың  шамамен
2 млн. жылда жүріп өтеді. Бұл заттардың атомдары Жер шарында әр  түрлі  тірі
зат арқылы өткен.
Атмосферадағы оттегінің мөлшері біртіндеп артты. Соңғы 600  млн.  жылда  зат
айналымдардың жылдамдығы мен сипаты  қазіргі  кездегі  деңгейіне  жақындады.
Биосфера үлкен, үйлесімді экожүйе ретінде жұмыс істейді. Ондағы ағзалар  тек
қоршаған  ортаға  бейімделіп  қана  қоймай,  өздері  де  тіршілікке  қолайлы
жағдайларды жасайды.Оттегі айналымы фотосинтез  процесінен  басталады.  Оның
биоталық айналымы 250 Гт/жылына, ал биосферадағы оның жалпы массасы 1014  т.
Жер бетінде ең  көп  таралған  элемент:  оның  мөлшері  атмосферада  –  23,1
(288мг/л); литосферада – 47,2; гидросферада – 86,9. Гидросферадағы  оттектің
мөлшері орта  шамамен  4,5  мг/л,  осы  оттекті  су  организмдері  өздерінің
тіршілігіне жұмсайды. Ауадағы оттектің мөлшері ұзақтық геологиялық  дәуірлер
бойына  биоталық  реттеудің  арқасында  тұрақты  деңгейде  келе  жатыр.  Осы
деңгейден ауытқу орын алса, биосфера  биотасының  жағдайына  әсерін  тигізер
еді: мөлшері төмендесе мұхиттар фаунасы  елеулі  азайып,  көтерілсе  ортаның
тотығу  қасиеттерінің  қауіпті  жағдайға  дейін  өсіп  кетуі   мүмкін.   Бұл
жағдайлардың жер бетіндегі жануарлар мен адамға да  белгілі  қолайсыз  әсері
бар. Мысалы, жануарлар мен адамдар биік  тауларға  шыққанда  немесе  оттекті
көп  мөлшерде  пайдаланатын  жерлер   мен   жасанды   құрылғыларда   оттетік
жетіспеуін сезеді.
Озонның түзілуіне Жер бетіне түсетін күн энергиясының шамамен  5%  жұмсалады
(8,6.1015  вт).  Озон  түзілетін  реакция  қайтымды   болғанына   байланысты
атмосфераның  жоғарғы  қабаттарының  температурасы  жоғары  болады,   себебі
озонның атмосферадағы көлемдік мөлшері 10-6%  құрайды;  озонның  ең  жоғарғы
максималды мөлшері 20-25 км биіктікте 4.10-6 көл. %  –ке  дейін  жетеді.Озон
барлық тірі организмдерге әсер ететін  ғарыштағы  ультракүлгін  сәулеленудің
едәуір  мөлшерін  тұтып  отырады,  былайша  айтқанда,  биосфераның  қорғағыш
қалқаны, себебі тірі организмдердің  көптеген  молекулалық  құрылымдары  осы
ультракүлгін  сәулелерінің  әсерінен  бұзылады.   Осыған   байланысты   озон
қабатының бұзылуы (озон  «тесігінің»  пайда  болуы  адамның  денсаулығы  мен
қоршаған ортаға елеулі өзгерістер туғызуы мүмкін.
Үлкен  және  кіші  зат  айналым  шеңберлері.  Биосфера  –  Жердің   ғаламдық
экожүйесі  –  экосферасы,  оның   құрамы   мен   энергиясы   жер   шарындағы
жануарлардың жиынымен анықталады және бақыланады.  Биосфераның  биотасы  мен
абиоткалық компонеттерінің  өзара  байланысы  табиғаттағы  екі  негізгі  зат
алмасу   шеңберлерімен   сипатталады:   үлкен   (геологиялық)   және    кіші
(биогеохимиялық) зат алмасу шеңберлері.
Табиғаттағы үлкен  зат  алмасуы  (геологиялық)  –  күн  энергиясының  жердің
тереңдік энергиясымен алмасуға  негізделген.  Бұған  сондай-ақ  судың  үлкен
алмасу шеңберінде жатқызуға болады. Әлемдік мұхит бетінен  буланған  су  буы
құрылыққа жел арқылы жылжып жауын-шашын түрінде құрлыққа түседі, осы  түскен
жауын-шашын жер беті  мен  жер  асты  суларының  ағынымен  қайтадан  мұхитқа
барады. Судың  осындай  айналымын  үлкен  айналым  шеңбері  деп  атайды,  ал
буланған судың жарты бөлігі қайтадан мұхит бетіне түскен жағдайда оны  судың
кіші  айналым  шеңбері  деп  атайды.  Мұхит  бетінен  судың  булануына   күн
сәулесінің  50%   пайызы   жұмсалады.   Жер   планетасындағы   ауа   райының
қалыптасуына   және   табиғат   жағдайларына   елеулі    әсерін    тигізеді.
Өсімдіктердің суды транспирациялау және  сол  арқылы  биогеохимиялық  циклға
судың өтуін ескере  отырып  бүкіл  дүние  жүзіндегі  су  қорының  толық  бір
айналым жасауына 2 миллион жыл қажет.
Биосферадағы заттардың кіші айналым шеңбері биосфера  шегінде  ғана  жүреді.
Бұл құбылыстың негізі фотосинтез процессі кезінде  бейорганикалық  заттардан
органикалық заттардың  түзілуі  және  ыдыраған  кезде  органиканың  қайтадан
бейорганикаға айналуы жатады. Бұл айналымның  жер  бетіндегі  тіршілік  үшін
маңызы зор, себебі  осы  шеңбердің  өзі  тіршіліктің  көзі  болып  саналады.
Өзгеру арқылы, туылу және өлу  арқылы  тірі  зат  Жер  бетіндегі  тіршілікті
қамтамасыз  етеді,  биогеохимиялық  зат  алмасу   шеңберін   құрайды.   Жеке
заттардың  айналымын  В.И.Вернадский  биогеохимиялық  циклдар   деп   атады.
Циклдың мәні  мынада,  ағзаға  сыртқы  ортадан  түскен  химиялық  элементтер
белгілі бір уақтыттан кейін одан абиотикалық ортаға шығып  қайтадан  белгілі
бір уақыттан  соң  қайтадан  ағзаға  оралады.  Мұндай  элементтер  биофильді
элементтер деп аталады.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
























                                                            Дәріс сабақ № 19

   БИОСФЕРА ҚАЗІРГІ КҮЙІ. БИОСФЕРА ТУРАЛЫ ІЛІМ. В.И.ВЕРНАДСКИЙДІҢ БИОСФЕРА
                          ЖӘНЕ НООСФЕРА ТУРАЛЫ ІЛІМ
       В.И.Вернадский  биосфераның  пайда  болу,  даму  және  қазіргі  кезде
жағдайында тірі заттардың рөлін  өте  жоғары  бағалады.  Ол  "Жердің  сыртқы
кабатында  үнемі  өзгеріс  енгізетін  тірі  организмдерден  басты  құдіретті
химиялық күш жоқ" деп жазды өзінің  "биосфера  атты  еңбегінде.Әсіресе  тірі
организмдер оған қоса адамзат  баласының  әрекеттерінің  биосфера  шетіндегі
биогеохимиялық фактор ретінде (рөлін бағалай келіп биосфера өзін-өзі  реттеп
отыратын биологиялық экологиялық және химиялық жүйе  екенін  дәлелдеді.  Бір
сөзбен айтқанда біздің жер деп аталатын  планетамыздағы  ең  жоғарғы  сатыда
өсіп-дамыған жер бетіндегі барлық тіршілікті жүргізуші ұлы  құдіретпен  іске
асырылады. Сондықтан  да  жер  бетіндегі  неше  түрлі  құбылыстар  осы  тірі
ағзаларға байланысты екенін толық  түсіндіре  білді.  Шынына  келетін  болса
тірі  ағзалар  ғарыштық  энергияны  биосферадағы   химиялық   элементі   мен
қосылыстардың миграциясы болып табылады. Бұл үрдісі  биосферадағы  зат  және
энергия айналымдарымен шектеліп, биосфера шегіндегі бүкіл дүние жүзілік  зат
пен энергияның  алмасып  отыратынына  ең  себепші  құдіретті  қозғаушы  күш.

Алғашқы  кезде  проблема  биосфералардағы  зат   пен   энергия   айналымының
қалдықсыз жүруі нтижесінде биосфера деп аталады, айналаны  қоршаған  ортада,
тіршілікке қажетсіз еш қандай басы артық зат синтез делінбейді.  Олар  үнемі
өзгеріп, бір түрден екінші түрге айналып отырады. Өмірге  қауіптісі  жойылып
кетіп, пайдалысы қалады, сөйтіп биосфера өзін-өзі тазартып  отырады.    Олар
бірнеше дәуірден тұрады.
Биосфераның ең бірінші заманы археи деп аталады. Бұл кезде  -  сфера  кандай
жағдайда дамығаны және  қандай  тірі  организмдер  болғаны  туралы  ешқандай
деректер жоқ. Тек қана қарапайым тіршіліктің түрі болған  ғой  деп  ғалымдар
топшылайды.
Протерозой эрасы - биосфераның екінші дәуірі болып есептеледі Бұл заман  700
миллион жыл бойына  созылған.  Протерозойда  тірі  ооганизмдердің  қарапайым
түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде  тасқа  жабысқан  қалдықтары  әр
түрлі тау жыныстарынан қазіргі  кезде  де  байқалады.  Протерозой  дәуірінде
биосфера қандай жағдайда болғанын ғалымдар толық білмейді. Ол  туралы  нақты
деректер жоқ. Биосфераның Палеозой эрасы немесе  ертедегі  тіршілік  кезеңі.
Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан 570 миллион жыл бұрын басталып, 300  миллион
жылға созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, елур,  девон,  карбон  және  пермь
дәуірлері болып бірнешеге  бөлінеді.  Кембрий  дәуірінде  барлық  өсімдіктер
теңіз суларында өскен. Олар тек жасыл балдырлар  болатын.  Олардан  құрлыққа
бейімделген өсімдіктер өсе бастады.  Тек  қана  силур  кезеңінде  есімдіктер
құрлыққа біртіндеп шыға бастап, дами түсті. Бұл уақыттағы  өсімдіктердің  ең
бастысы - псилофиттер болған. Балдырларға  қарағанда  олар  жоғары  дәрежеде
дамыған өсіаджтердің түрі ең  Псилофиттердің жер астыңдағы  бөлігінде  тамыр
сабаққа ұқсас  резиодтары  болды.  Псилофиттердің  сыртын  эпидермис  қаптап
тұрған.  Мұның   клеткаларының   аралығында   устрицалар   (саңырауқүлақтар)
орналасқан. Бірсыпыра псилофиттердің ұзындығы 1,5-2 метрге дейін жеткен.  ал
кейбір түрлерінің, мысалы, риния мен хорнеяның биіктігі  20-40  сантиметрдей
ғана  болған.  Олар   батпақты   жерлерде   өскен.   Псилофиттердің   ішінен
астероксилон  ерекше   назар  аударады.  Оның   жер   бетіңдегі   органдарын
(сабақтарын,  жа-пырақтарьш)  алсақ  өте  үлкен  көлемде  дамыған.  Дегенмен
оларда тамыр жүйелері, еткізгіш системасы болмады. Тамыр қызметін  атқаратын
резоидтары болған. Астероксилондар бұтақтанып  өскен.  Псилофиттердің  күшті
дамуына  әсер  еткен   алғашқы   топырақ   және   ылғал   болды.   Сондай-ақ
бактериялардың,  балдырлардың  және  қарапайымдардың  (бір   клеткалылардың)
әрекеттері    ерекше    еді.    нүңдағы    бір    ғажайыпжай,    псилофиттер
саңырауқүлақтармен симбиоз касап өскені  белгілі.Псилофиттер  20-30  миллион
жылдай өмір сүрді деп. топшылайды  ғалымдар.Девонның  аяқ  кезінде  бұлардан
басқа қырық  буыңдылар   және  папоротниктер қаулап өсе бастады.  Өсімдіктер
құрлыққа  шыққаннан  кейін  фотосинтездің  ықпалымен   атмосфералық   ауаның
құрамы  өзгеріп, құрлық жануарларының дамуына жағдай  жасалып  ,  фотосинтез
процесі арқылы ауада оттегі көбейе түсті.
Тас көмір  дәуірі  (карбон)  жылы  және  ылғалды  болды.  Мұның  өзі  құрлық
өсімдіктерінің  қаулап  өсуіне  мүмкіншілік  жасады.  Әсіресе  сәнді   орман
ағаштарының  көлемі  үлкен  аймақтарды  қамтыды.  Бұл  дәуірдегі  өсімдіктер
негізінен   плаундар,   қырықбуындар   және   папоротниктер   болды.   Бұлар
псилофиттен таралып, тас көмір дәуірінің басында  солардың  орнын  түгелімен
басты.  Плаундар  ете  биік  ағаштар  (лепидодендрондар  мен  сигилляриялар)
түрінде дамыды. Олардың биіктігі 40-50 метрге  дейін  жеткен.  Диаметрі  2-3
метрдей болған. Бұлардың діндері тік, зеулім өсті. Жапырақтары қалың  болды.
Мұндай  ағаштардан  түскен  жапырақтар   жерде   жатып   шіріп,   топырақтың
қарашірігін  молайта  түсті.  Ол  өсімдіктердің  есуіне  қолайлы   жағдайлар
туғызды.
































                                                            Дәріс сабақ № 20
    БИОСФКРА РЕСУРСТАРЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ. ӨНДІРІСТІҢ ӨСУІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН
                                ОРТАҒА ӘСЕРІ
                                   Жоспар
Биосфераның эволюциясы. Адамның биосферадан айырмашылығы
Ноосфера-сана, ақыл-ой қабаты, экологияның төрт заңы
Биосфера ыдырауындағы техногендік факторлар

Биосфераның  эволюциясы.  1926  жылы  Ленинград  қаласында,  үш  жылдан  соң
Парижде және кейінірек Берлинде  В.И.Вернадскийдің  «Биосфера»  деген  жалпы
атпен «Космостағы биосфера», «Өмір аймағы» атты очерктері жарық көрді.
В.И.Вернадский: «Жердің келбеті кездейсоқ құбылыстардың  нәтижесі  емес,  ол
нақты шектелген геологиялық жер қабықшасы-биосфераға сәйкес келеді.  Ол  Жер
планетасына тән белгілі бір  құрылымымен  сипатталады.  Бұл  құрылымды  онда
жүретін геологиялық процестердің сипатына қарай ұйымдасқан деп атау  дұрыс»-
деп  жазды.  Өзінің  өмірінің  соңғы  жылдарын  В.И.Вернадский   биосфераның
ұйымдасуын сараптауға жұмсады. Бұл зерттеулердің нәтижелері бойынша ол  «Жер
биосферасының химиялық құрылысы мен оның қоршаған айналасы»  еңбегін  жазды.
Бірақ ұлы ғалым аталған кітабын шығарып үлгермеді. Кітап ол өлгеннен соң  20
жылдан соң 1965 жылы жарық көрді.
«Ноосфера» терминін алғаш рет қолданғандар философ,  математик,  палеонтолог
және антрополог Эдуард Леруа және палеонтолог Пьер Тейяр  Шарден  (1927  ж.)
болды. Ноосфера ұғымымен  француз  ғалымдары  адамның  санасы  пайда  болған
кездегі табиғаттың эволюциялық сатысын атады.  П.Тейяр  Шарден  өзінің  1959
жылы жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны  «жаңа  қабат»,
«ойлайтын қабат» деп анықтады.
Вернадский бойынша ноосфера «адам санасының ролі және  ол  бағыттайтын  адам
еңбегі күшті, өсіп келе  жатқан  геологиялық  күшке»  айналатын  биосфераның
даму сатысы болып табылады.
Адам санасы мен ғылыми ойдың ролін  бағалай  келе  В.И.  Вернадский  мынадай
қорытындылар жасады:
ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны  өзгертетін  күш
болып табылады;
биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуімен қатар жүретін құбылыстар;
биосфераның  бұл  өзгерістері  адам  еркінен  тыс,  стихиялы  түрде,  табиғи
процесс ретінде жүреді;
тіршілік ортасы- биосфера планетасының  ұйымдасқан  қабықшасы  болғандықтан,
оның геологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы- адамзаттың  ғылыми
жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге- ноосфераға  өтуі  табиғи
процесс.
В.И.Вернадскийдің «Ноосфера туралы  бірер  сөз»  деген  мақаласы  1944  жылы
жарық көрген ең соңғы еңбегі болды.
Ноосфера-сана,  ақыл-ой  қабаты,  экологияның  төрт  заңы.  Ағылшын   ғалымы
В.Коммонер  (1974  жыл)  тірі  және   өлі   табиғаттың   арасындағы   барлық
экологиялық өзара қарым- қатынастырды төрт заңға біріктірген.
Бірінші  заң-барлығы  барлығымен  байланысты.  Бұл  заңның  негізінде   тірі
табиғаттағы  жалпы  байланыстар  принципі  жатыр.  Аталған  принцип  бойынша
табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа  да  байланыстарда  қандай  да  бір
бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп  соқтыруы  мүмкін.  Әрбір  түр
көптеген басқа түрлермен байланысты болады.
Адамның табиғатқа араласуы күтпеген  қолайсыз  жағдайларға  әкеліп  соқтыруы
мүмкін. Мысалы,  оңтүстік  аралдардың  бірінде  ДДТ  припаратының  көмегімен
масаларға қарсы күрес  жүргізілген.  Масалар  толық  жойылды.  Бірақ,  біраз
уақыттан  соң  осы   бунақденелілермен   қоректенетін   кесірткелер   қырыла
бастаған. Содан соң осы  жорғалаушылармен  қоректенетін  жабайы  мысықтардың
саны  кеми  бастаған.  Нәтижеде  тышқандардың  саны   күрт   артып   кеткен.
Кесірткелердің  жойылу  нәтижесінде   термиттер   көбейіп,   үйлердің   ағаш
тіреулерін зақымдаған. Олай болса масалар да қалыптасқан экожүйенің  маңызды
құрам бөлігі болып табылады.
Экологияның екінші заңы-материя жойылмайды, жоқтан пайда  болмайды,  ол  бір
түрден  екінші  түрге  өтеді.  Кез  келген  табиғи  жүйеде  бір   ағзалардың
экскременттері  мен  қалдықтары  екіншілері  үшін   азық   болып   табылады.
Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмір қышқыл  газ
жасыл  өсімдіктер  үшін  қорек.  Өсімдіктер  жануарлар  тыныс  алуы  кезінде
сіңіретін  оттегіні  бөліп   шығарады.   Жануарлардың   қалдықтары-   оларды
ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық. Ал, олардың қалдықтары-
бейорганикалық заттар (азот, фосфор, калий,  көмірқышқыл  газы  және  т.б.)-
өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.
Үшінші  заң:  табиғат  өзі  жақсы  біледі.  Табиғи  жүйеге  кез  келген  ірі
антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса,  ешқандай
да жаңа органикалық зат жасалмайды.
Тірі ағзада  жасалатын  кез  келген  органикалық  затты  ыдырататын  фермент
болады. Адамның қолымен жасалған, бұрын табиғатта болмаған жаңа  органикалық
затты ыдырататын фермент жоқ. Сондықтан бұл зат  жинала  береді.  Бұған  улы
химикаттар-пестициттер мен  гербициттер  мысал  бола  алады.  Табиғатқа  ірі
өзгеріс  енгізу  алдында  барлық  мүмкін   болатын   экологиялық   нәтижелер
қарастырылуы тиіс. Орта Азияның ірі өзендері- Сырдария мен Амударияның  суын
егістікке  пайдалану  Арал  теңізінің  деңгейінің  айтарлықтай   төмендеуіне
әкеліп соқтырды. Арал күннен-  күнге  тартылып  барады,  ал  оның  маңындағы
Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан батпақтанып барады.
Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-нің салынуы Балқаш көлінің деңгейінің  төмендеуіне
әкелді.
Төртінші заң-тегін ешнәрсе жоқ.Ғаламдық экожүйе  біртұтас  бүтінді  құрайды.
Адамның  еңбек  қызметі  нәтижесінде  экожүйеден  алынған  нәрсенің  барлығы
қайтарылуы  тиіс.  Біздің   көптеген   қателіктеріміз   табиғаттағы   барлық
құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге  байланысты
туындап отыр.
Адамның биосферадан айырмашылығы. Адамның  Ғарышқа  ұшуына,  көптеген  айлар
бойы су астында тіршілік етуге үйренгеніне қарамастан  ол  қоршаған  ортаның
қатаң айқындалған (эвалюциямен)  жағдайлары  немесе  экологиялық  факторлар:
ауаның  газды  құрамы,  тағам  мен  ассимиляцияланатын  заттардың   жиынтығы
(жарықтану, ылғалдылық режимі, температура т. б.  )  қажет  биологиялық  түр
болып қалды.
Кез  келген  тірі  организмнің  қоршаған  орта  сапасына  қоятын   талаптары
консервативті. Фактор режимдері өзгергенде, табиғи  ортаның  қандай  да  бір
құрамдас  бөліктері  организмге  қажетті  қалыптардан  ауытқығанда  тіршілік
әрекетінің бұл ауытқулардың тіршілікпен сәйкессіздігіне дейінгі  бұзылыстары
болуы мүмкін.
Адам биосфераның биотикалық  құрауыштарына  кіреді,  онда  ол  проценттермен
қоректік  тізбек  арқылы  байланысады.  Өзі  бірінші  және   екінші   реттің
консументтеріне жатады, гетеротрофқа жатады, дайын  органикалық  заттар  мен
биогенд  элементтерді  пайдаланады,  зат  айналымына  қатысады.  Адам   тірі
заттардың    физикалық    -    химиялық    біртұтастық    заңына    бағынады
(В.И.Вернадскийдің). Тірі организмдердің барлық сан  алуандығына  қарамастан
олардың физикалық - химиялық  жағынан  ұқсастығы  соншалық,  біреулері  үшін
зиянды нәрсе  басқалары  үшін  де  тіпті  әсерсіз  бола  алмайды  (олар  тек
төзімділігімен ғана ерекшеленуі мүмкін).
Адам үшін орта жағдайларының организмнің генетикалық  алдын-ала  анықталуына
сәйкес келу заңы орындалады: организм түрлері  оны  қоршаған  табиғи  ортада
осы түрдің  бейімделуінің  генетикалық  мүмкіндіктеріне  ортаның  ауытқулары
сәйкес келгенде ғана тіршілік ете алады. Әр түр  белгілі  бір  ортада  пайда
болады және ол әрі қарай енді сол ортада ғана тіршілік ете  алады.  Тіршілік
ортасын күрт өзгерту түрдің генетикалық  мүмкіндіктерінің  тіршіліктің  жаңа
жағдайларына бейімделуі үшін жеткіліксіз болып шығуына әкеп соғуы мүмкін.
Осыған байланысты адамның табиғатты өзгертуі  қазір  тіршілік  етіп  отырған
түрлер үшін, оның ішінде ерекше биолигиялық түр болып табылатын адамның  өзі
үшін де аса қауіпті.
Биосфера адам мен басқа да тірі ағзалардың бірден -  бір  мекен  ету  ортасы
болып табылады.
В.И.Вернадский мен басқа да  бірқатар  ғалымдардың  теориасынан  биосфераның
алмастырылмайтындығы заңы шығады.
Биосфера  –  бұл  туындаған  кез  келген  ауытқуларда   тіршілік   ортасының
тұрақтылығын табиғи бірлестіктер құруға үміттенуге ешбір негіз жоқ.
«Адам  барлық  тірі  ағзалар  тәрізді  ғаламшар  аспектісінде  тек  тіршілік
аймағында –  биосферада,  өзі  сонымен  берік  байланысқан  және  одан  кете
алмайтын белгілі бір жер қабатында ғана  ойлап,  әрекет  жасай  алады.  Оның
тіршілік етуі оның атқаратын қызметі болып табылады» (В.И.Вернадский).
Адамның  биосферадан  ажырамастығы   ноосфераны   құрудың   басты   мақсатын
көрсетеді. Ол биосфераның  адам  биотикалық  түр  ретінде  пайда  болып,  өз
денсаулығы мен өмірін сақтай отырып  тіршілік  ететін  типін  сақтап  қалуда
жатыр.  Тек  адмзаттың  саналы  әрекеттілігі  ғана  ғаламдық  дамудың  басты
айқындаушы  факторына  айналады.  «Ноосфера-біздің   ғаламшарымыздағы   жаңа
геологиялық құбылыс, ал адам-ірі геологиялық күш» (В. И. Вернадский).
Ноосфераны жасауда негізгі екі тәсіл бар:  а)  бүкіл  биосфераның  өзгеруіне
әкелетін процестерді шектеу; б)  техносфераны  биосферадан  толықтай  дерлік
оқшаулау арқылы оны барынша сақтау. Демек, даму екі бағытта жүре алады.
Тірі  организмдердің  метоболизміне  сыртқы   химиялық   ортаның   сапасының
өзгеруінің теріс ықпалы соңғы кездері «экологиялық қақпан» деген атау  алды.
Мұндай қақпанның  физиологиялық  үрдістерге  әсер  етуін  («Минимат»  ауруы)
келтіреді. Мәселен, дидзопропилфторфосфат (ДФФ) атты белгілі зат  тек  жүйке
ұлпаларындағы  нейрохимиялық  үрдістер  кезінде  жинақталатын  ацетилхолинде
бәсеңдетуде  маңызды  роль   атқаратын   ацетилхолинестерезаның   ферментіне
инактивациялық  ықпалын  тигізеді.   Улы   химикаттар   тек   өздері   қарсы
қолданылатын түрлер үшін  ғана  қауіпті  емес.  Оларды  шаруашылық  мақсатта
пайдалану ортаның қатты ластануына және қалаусыз салдарға әкелуі мүмкін.
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында  В.И.Вернадскийдің  еңбектерінде  биосфера  Жер
шарының тірі оргонизмдер жайлайтын бөлігі, ең үлкен  экожүйе  екенін  ғылыми
түрде негіздеді және ол бірінші рет  тірі  организмдердің  геологиялық  ролі
туралы биосфера ілімін ұсынды. Ол еңбектерінде  топырақ  түзу  процесі  ауа-
райынан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жиынтық әсеріне байланысты  екенін
көрсетті; тірі организмдердің іс - әрекеті жер қыртысының кейпін  өзгертетін
ең негізгі фактор  екенін  де  дәлелдеді.  В.И.Вернадский  биосфера  заттегі
геологиялық жағынан кездейсоқ емес  әр  түрлі  7  бөлшектен  тұратынын  атап
айтты:  тірі  заттек,  тіршілік  (биогенді)  заттегі,  өлі  (енжар)  заттек,
биологиялық енжар заттек және т. б. Ол  ғаламшардағы  барлық  организмдердің
жиынтығын тірі заттек деп атай отырып, оның негізгі  қасиеті  ретінде  жалпы
массасын,  химиялық  құрамын  және  энергиясын  қарастырды.   В.И.Вернадский
анықтамасы  бойынша  өлі  (енжар)  заттек  деп  түзілуіне  тірі  организмдер
қатыспайтын биосферадағы заттектер жиынтығы айтылады.
Биогенді заттектер организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда  болған
химиялық қосылыстар, тіршілікпен құрылған және өңделген заттектер. Олар  өте
күшті  потенциалды  энергия  көзіне  жатады,  тірі  организмдердің  тіршілік
әрекеті  өнімдерінен  тұрады  немесе  олардың  шіріген  қалдықтары   (әктас,
ақбалшықты жыныс, , қазба  көмірлер,  мұнай  және  т.  б.)  болып  табылатын
оргоногенді шөгінді жыныстар.
Биологиялық  енжар  заттектер  ерекше   топтың   бірі.   Олардың   түзілуіне
биосферада  бір  мезгілде  тірі  организмдер  мен  өлі  заттектерде  жүретін
процестер қатысады. Енжар  заттектерде  жүретін  процестерге  организмдердің
қосатын  үлесі  өте  зор.  Ғаламшардың  енжар  заттектеріне  топырақ,  желге
мүжілетін топырақ жамылғысы, барлық табиғи сулар жатады, олардың  қасиеттері
жер бетіндегі тірі заттектердің әрекетіне байланысты келеді.
Биосфера, сонымен, заттектер айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын  ғаламшардың
ең үлкен экожүйесі,  яғни  тіршіліктің  өніп-өсіп,  көбеюіне  мүмкіндік  бар
қабат. Оның шекарасы Жер бетіндегі 20-25  км  деңгейден  (атмосфераның  озон
қабатына дейінгі бөлігі кіреді) 11 км мұхит тереңдігіне және жер астына  6км
тереңдікке дейін созылып таралған.
                 БИОСФЕРА ЫДЫРАУЫНДАҒЫ ТЕХНОГЕНДІК ФАКТОРЛАР
Негізгі түсініктер. "Қоршаған ортаның ластануы"  ұғымының  ауқымы  кең.  Тар
мағынада ластану деп қандай да бір ортаға жаңа,  оған  тән  емес  физикалық,
химиялық  және  биологиялық  агенттерді  (ластаушыларды)  әкелу  немесе  осы
агенттерді табиғи ортадағы  орташа  көп  жылдық  деңгейін  көтеруді  айтады.
Экологиялық көзқарас бойынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:
1) қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды  әсерлердің
нәтижесінде пайда болып жатқан заттар;
2) қоршаған ортаны ластайтын заттар (мысалы, химиялық заттар).
Экологиялық тұрғыдан ластану объектісі әрдайым экожүйе  (биогеоценоз)  болып
табылатындығын түсіну қажет. Бұдан  өзге,  табиғи  орта  бір  заттардың  тым
көптігі немесе онда басқа заттардың  болуы  (жаңа  қоспалардың)  экологиялық
факторлардын режимдерінің  өзгергендігін  білдіреді,  себебі  зиянды  заттар
өзінің шынайы мәнінде  экологиялық  факторлар  болып  табылады.  Демек,  бұл
факторлардың режимі  (немесе  олардын  құрамы)  қандай  да  ағзаның  (немесе
қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық  қуысының  талаптарынан  ауытқиды.
Бұл  кезде  зат  алмасу  үрдістері  бұзылады,  продуценттердің   ассимиляция
қарқындылығы, ендеше бүкіл биогеоценозын өнімділігі де кемиді.
Осылайша, ауаның, су мен топырақтың құрамында бар кез  келген  зат  ластаушы
агент бола  алады.  Қоршаған  ортаның  құрамына  кіретін  заттарды  құрамдас
бөліктер  (ингридиенттер)  деп  атайды,  Құрамдас  бөліктер   табиғи   текті
(мысалы, жанартаудың  атқылауы,  өсімдік  тозаңы,  жел  көтерген  шаң  т.б.)
антропогенді текті  (қоғамның  іс-әрекеттілігінің  нәтижесінде)  текті  бола
алады.
Ортаның  ластануы  -  күрделі  үрдіс.   Өңдіріс   қалдықтарындағы   химиялық
қосылыстар әдетте өздері бастапқыда болмағаи жерлерге  тап  болады.  Олардың
көпшілігі химиялық белсенді, әрі тірі  ағзаның  ұлпасының  құрамына  кіретін
молекулалар мен өзара әрекеттесуге  немесе  ауада  белсенді  түрде  тотығуға
қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшін у  болып  табылатыны
түсінікті.
Ластану  түрлерінің  жіктелуі   (классификациясы).   Шыққан   тегі   бойынша
ластанудын екі түрін қарастыруға болады:
-   адамдардың   қатысынсыз   табиғи   құбылыстардың   нәтижесінде   болатын
ластанулар;
- адамдардың  іс-әрекетінің  нөтижесінде  болатын  антропогенді  ластанулар;
бұған өнеркәсіптік өндірістің техногендік әсерлері үлкен үлес қосады.
Ластаушылардың табиғаты бойынша ластаудың мына түрлерін айырады:
1) биологиялық ластану  -  экожүйеге  оған  жат  ағза  түрлерін  әкелу  және
олардың көбеюі.  Микроорганизмдермен  ластануды  сондай-ақ  бактерологиялық,
немесе микробиологиялық ластану деп те атайды;
2)физикалық (радиациялық, жылулық, жарықтық,  электромагниттік,  шулық  және
т.б.);
3) химиялық (биосфсраның химиялық заттармен ластануы).
Түзілу әдісіне байланысты біріншілік және екіншілік ластануды айырады.
Біріншілік ластануға -  биосферадағы  табиғи  және  антропогенді  процесстер
арқылы қоршаған ортаға түсетін ластаушыларды жатқызады.
Екіншілік  ластануға  -қоршаған  ортадағы  физикалык-химиялық   процестердің
нәтижесінде орта мен адамдарға  зиянды  заттардын  түзілуі  жатады,  мысалы,
екіншілік ластануға ауадағы әр түрлі газдардың  қосылысынан  түзілетін  қала
үстіндегі  тұманды  келтіруге  болады.  Кеңістіктік  тұрғыдан  бүкіләлемдік,
аймақтық және жергілікті ластануларды бөледі.
Қоршаған  ортанын  компоненттеріне   байланысты   біріншіден   атмосфераның,
гидросферанын, (литосфераның) және атмосфералық ауанын, жербеті мен  жерасты
суларының және  топырақтың  ластануын  қарастырады,  Адам  организміне  ылғи
түсіп тұратын ластаушы заттардын 70% тамақпен, 20% -ауамен, ал 10%  -  сумен
бірге түседі.


































                                                                Дәріс №21-22

ТАҚЫРЫБЫ: ЭКОЖҮЙЕДЕГІ АДАМ
                                   Жоспар
1.Тірі ағзалардың бірлестіктері. Биоценоз, биотоп,биогеоценоз, экожүйе.
Қоректену тізбегі – сукцессия
2. Экожүйелер
Бір  территорияда  немесе  акваторияда  өмір  сүретін  әр  түрлі   түрлердің
популяциялары табиғатта өз алдына жеке изоляцияда, еш қатынассыз  өмір  сүре
алмайды, олар бір – бірімен  үнемі  байланыста  болады.Бұл  қатынас  түрлері
әртүрлі және күрделі. Бір ағзалар басқа  ағзалармен  қоректенеді.  Біреулері
бірінің тіршілік ету ортасында өмір сүреді.Ал өте  ұсақ  микроағзалар  өлген
өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын шірітеді. Соның негізінде  табиғатта
ағзалардың бірлестігі қалыптасады, олар сол территорияда немесе  акваторияда
тіршілік етуші барлық түрлердің популяцияларын біріктіреді.
Бірлесіп тіршілік  етуші  және  ағзалардың  өзара  байланысы  биоцеоноз  деп
аталады (лат. Биос-тіршілік,цено – жалпы).
Биоценоз алып жатқан абиотикалық орта аймағы биотоп яғни, биоценоз  тіршілік
ететін орта деген ұғымды береді (лат.биос - өмір,топос – орын).
Биоценоздағы  бір  түрдің  өкілдері   биотикалық   қатынастарының   көптеген
формалары олардың бірлестіктегі өмірлерінің негізгі жағдайларын,  қоректерін
табу   жолдарын    және    жаңа    кеңістікті    иемдену    мүмкіншіліктерін
(конкуренттілік, комменсализм, жыртқыш – жәбірленуші және т.б.) анықтайды
Әрбір бірлестіктегі жеке түрлерге  жататын  даралардың  өзара  және  олардың
басқа  түрлер  популяцияларымен   қарым-қатынасын,   дамуы   мен   алмасуына
айналадағы орта жағдайларының тигізетін  әсерін  зерттеу  де  –  экологиялық
міндеттердің бірі
В.Н.Беклемишевтің  түрлер  арасындағы  биоценоздағы  биотикалық   қатынастар
мынандай төрт типке бөлінеді:
а) трофикалық, б) топикалық в)фористік г)фабрикалық.
Трофикалық байланыс бір түрдің екінші түрмен, тірі немесе өлі  күйінде,содай
–ақ  тіршілік  ету  үшін  қажетті  тағамдар   түрінде   қоректенуі   кезінде
туындайды.
Топикалық байланыс бір түрдің  тіршілік  ету  барысында  екінші  түрдің  кез
келген жағынан,  физикалық  немесе  химиялық  тіршілік  ортасының  өзгеріске
ұшырауынана туындайды.
Форикалық байланыс бір  түрдің  екінші  түрдің  таралуына  қатысунан  туады.
Транстортировкалық    тасымалдаушы    ролін    жануарлар    атқарады.Әртүрлі
өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын,  тозаңдарын  жануарлардың  тасымалдауы
зоохор деп, ал басқа ұсақ жәндіктермен тасымалдануы –  форезия  деп  аталады
(форас – латынша сыртқа шығару дегенді білдіред).
Фабрикалық  байланыс   бір   түрдің   өз   қажеттілік   құрал   жабдықтарына
(фабрикациясына) басқа бір  түрдің  шығару  өнімдерін,  тірі  немесе  қалдық
түріндегі, кейде тіпті тірі особтарында пайдалануды айтады.
                            Биоценоздың құрылымы
Кез  келген   жүйенің   құрылымы   –   оның   бөлімдерінің   байланысы   мен
қатынастарының заңдылықтарында. Биоценоздаң құрылымы көпжақта,олар  мынандай
аспектыларды бөледі.
Биоценоздың түрлік құрылымы – бұл ондағы әртүрлі  түрлердің  олардың  сандық
немесе массалық қатынасы. Биоценоздың бай және кедей түрлерін бөледі.
Жеке түрлердің ролін анықтау үшін  олардың  сандық  сапасын  анықтап,  санақ
жүргізіп алады:
Түрдің өте көп болуы –бір түрдің  белгілі  бір  аудан  көлемінде  қаншалықты
жинақталуында, мысалы,  шаянтектестердің  1  дм³  суда  немесе  тоғандардағы
саны.
Кездесетін  жиілігі  биоценоздағы  сол  түрдің  қаншалықты  біртекті  немесе
әртүрлі таралуында.
Доминантталу көрсеткіші – қарастырылып отырған  бір  түрдің  топтағы  барлық
түрлердің жалпы санына ара қатынасымен өлшенеді.
Биоценоздың кеңістіктік құрылымы  оның  өсімдіктік  бөлімінің  –  фитоценоз,
жерүсті және жерасты өсімдік массаларының қосындысымен анықталады.
Фитоценоз үшін ярусты және мозаикалық қосылыс тән.
Ярусты  дегеніміз  –жерүсті   өсімдіктерінің   бірнеше   қабаттағы   таралуы
(ағаштекті, бұталы, шөптесін және мүктектілер ярусы) және басқалар.
Мозаикалыққа    -    өсімдіктердің    горизонтальды    бағыттағы     таралуы
(микротоптардағы,микроценоздар,микрофиценоздар,парцелдар және т.б.).
Биоценоздың   экологиялық   құрылымы.Биценоздың   бірлестіктің   экологиялық
құрылымын сипаттайтын түрлі типтері ағзаның экологиялық топтарының  қатынасы
мен анықталады.
                                 Экожүйелер
Әрбір  биогеоценоз,  негізінен,  екі  құрылымды  бөліктен,   сол   аймақтағы
тіршілік етуші  тірі  ағзалардан  және  сол  ағзалар  тіршілік  ететін  орта
жағдайларының әсерінінң жиынтығынан тұрады Олардың арасында  тығыз  байланыс
туындап, белгілі бір жүйені құрайды.Ол жүйе экологиялық жүйе деп аталады.
Биоценоздағы тіршілік жағдайлары онда болатын зат айналым әрекетіне  тікелей
байланысты  болады.биогеоценоздағы  зат  айналым  тіршіліктің   күрделенуіне
байланыстыэволюция барысында үнемі күрделеніп отырады.
Кез  келген  биогеоценоздың  негізін  жасыл  өсімдіктер  (органикалық  затты
түзушілер) құрайды,олады продуценттер деп атайды.
Сонымен  қатар,  әрбір  биогеоценоз,  құрамында  өсімдіктер  немесе  басқада
жануарлармен қоректенетін, яғни, дайын органикалық заттарды  пайдаланатындар
консументтер деп аталады.
Биогеоценоз құрамында (өсімдік пен жануарлар қалдықтарын)  ыдыратушыларды  –
редуценттер деп атайды.
Міне,  осылай  биогеоценозды   құрайтын   ағзалардың   тіршілік   әрекетінің
арқасында  айналадағы  орта  мен  ағза  арасында  үздіксіз   тұйық   айналым
түзіледі.Табиғаттағы айналым үшін сырттан үнемі энергия келіп  тұруы  керек.
Ондай энергия көзі -Күн болып табылады.
Биогеоценоздағы күн  сәулесінің  энергиясы  ағзалардың  тіршілік  әрекетінің
нәтижесі  арқылы  химиялық  байланыстар  энергиясына,  механикалық  және  ең
соңында ішкі энергияға айналады.
Әрбір түр органикалық заттар ыдырағанда  бөлінетін  энергияның  бір  бөлігін
ғана пайдаланады.Ал сол түрге қажетсіз, бірақ әлі энергиясы мол  органикалық
заттардың қалған  бөлігін  басқа  ағзалар  пайдаланады.  Эволюция  барысында
әрбір биогеоценоздарда бастапқы қоректік заттан  өзіне  қажетті  материалдар
мен энергияны алатын  өзара  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болатын  түрлер
тізбегі  қалыптасқан.Көптеген  түр  дараларының  арасындағы  мұндай  күрделі
байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды.
Қоркетік тізбектің қай  сатысында  болмасын  соңында  органикалық  қалдықтар
түзіледі.  Оларды  бактериялар  мен  ұсақ  жәндіктер   ыдыратады,   осылайша
коректік тізбек тұйық жүйе бойынша жүреді.Бұл  заңдылық  бірін  –  бірі  жеу
нәтижесінде жүреді де, коректену тізбегі арқылы жүзеге асады. Тізбек  ішінде
трофикалық   сатысын   бөледі.Коректену   тізбегінің    осылайша    жалғасуы
экологиялық пирамида ережесі арқылы жүреді.
Экологиялық пирамиданың мына категорияларын бөлуге болады:
1.Сандар пирамидасы – әрбір трофикалық сатыдағы даралар саны.
2.Биомасса пирамидасы -әрбір сатыдағы органикалық заттардың биомассасы.
3.Энергия пирамидасы - әрбір сатыдағы жұмсалған энергия мөлшері.
«Экожүйелер» және «биогеоценоз» ұғымдары бір  –  бірімен  ұқсас,жүйе  ішінде
айналымда болады, «билгоеценоз» - белгілі бір  аймақты  қамтиды.Олай  болса,
билглоценоз  жер  бетінің  белгілі  бір  бөлшегін  алып  жатқан,  өсімдіктер
жиынтығымен немесе – фитоценозбен сипатталады.
Уақыт бірлігіндегі өсімдіктердің  органикалық  массасын  құру  бірлестіктегі
бірінші өнім деп аталады.
Уақыт бірлігіндегі консументтер массасының өсуі  бірлестіктегі  екінші  өнім
деп саналады.
Кез келген биоценоз динамикалы, оларда популяцияға байланысты  тіршілік  ету
жағдайлары мен олардың даралар қатынастары жағынан  үнемі  өзгерістер  болып
отырады. Мұндай түрлі өзгерістер әр  бірлестіктерде  болады,оларды  2  түрлі
типке бөлуге болады: тізбекті және түсуші.
Тізбекті  өзгерістер  бірлестіктегі  тәуліктік,  мерзімдік  және   көпжылдық
периодты  ішкі  жағдайлар  мен  ағзалардың  (ішкі)  эндогендік  ырғақтарының
байқалуымен болатын өзгерістерді сипаттайды.
Бірлестіктегі түспелі өзгерістер бірлестікті ақыр  аяғында  сол  бірлестікте
басқарушы түрлердің пайда болуына әкеледі.
Осылайша, бірлестіктің өзреруі сукцессия  деп  аталады.  Олар  бірінші  және
екінші деп бөлінеді.
Бірінші суцессия – тіршілігі жоқ жерде тіршілік түғызады.
Екінші сукцессия – бұрын  тіршілік  болып,  түрлі  экстремалдық  жағдайларға
байланысты (өрт,мұздану  т.б.)жойылып  кеткен  жерде  тіршілік  пайда  болуы
немесе басқадай ағзалық құрамда қайта қалпына келтіреді.
Экожүйенің  тұрақтылығы,  биологиялық  айналымның  сенімді  өтуі,  түрлердің
әртүрлілігіне негізделген және  сукцессияның  толықтылығы  сол  бірлестіктің
эволюциялық ұзақ өзгерісінен туындаған.


                                                                Дәріс №23-24

ТАҚЫРЫБЫ: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҒАЛАМДЫҚ ЛАСТАНУЫ.

                                   Жоспар:

Қазіргі ғаламдық экологиялық климаттық өзгерістер, озон қабатының жұқаруы,
қышқылдық жауын шашындар.
Атмосфераның, топырақтың және өсімдік , мұхиттардың ғаламдық ластануы.
Қоршаған ортаның ластаушыларының  тірі организмге әсері


Жылулық эффект. Ең алғаш жылулық құбылысты Фурье ашқан. ХІХ ғасырдың  екінші
жартысынан  бастап  планетадағы  орташа  жылдық   температураның   біртіндеп
жоғарылауы  байқалуда,  мұны  атмосферада   жылулық   газдардың   жиналуымен
түсіндіреді.
Оларға: көміртек диоксиді, метан, фреон, озон, азот оксиді т.б. жатады.
Жылулық газдар жер  бетінен  ұзын  толқынды  жылу  толқындарының  сәулеленіп
шығуына  кедергі  келтіретіндіктен,   осы   газдармен   қаныққан   атмосфера
температурасы жоғарылайды.
Бұл газдар жер бетіне күн энергиясын өткізіп, сыртқа  қарай,  яғни  космосқа
жылуды мүлдем шығармайды. Жылулық эффект жер бетіндегі орташа  ғаламдық  ауа
температурасының өсуінің басты себепшісі болып табылады.
2100 жылға қарай жер бетінің орташа температурасы шамамен  2-  40С  градусқа
өседі деген болжамдар бар. Бұл мұз дәуірінен  кейінгі  температураға  сәйкес
келеді, яғни экологиялық  салдар  катастрофаға  әкелуі  мүмкін.  Ең  алдымен
мұхит  деңгейі  көтеріледі,  судың  астында  30  мемлекеттің  территориялары
қалады,   климаттық   тепе-теңдік   бұзылып   көп    жылдық    тау-жыныстары
деградацияланады.
Озон тесіктері. Жер бетінен 20-25 км қашықтықта орналасқан  қалыңдығы  3  мм
болатын озон қабатының мүжілуі озон қабатында  саңылаулардың  пайда  болуына
әкеледі.  Озон  қабаты  жер  бетіндегі  барлық   тіршілік   иелерін   күннің
ультркүлгін сәулелерінен, яғни радиациядан қорғайды. Мұндай  озон  қабатының
тозуы табиғи және  антропогендік  жолмен  іске  асады.  Мысалы  антропогенді
жолмен озон қабатының тесілуі атмосфераға құрамында  хлор  молекулалары  бар
қоспалар мен химиялық заттардың түсуі нәтижесінде  жүреді.  Құрамында  хлоры
бар заттар қатарына суытқыш заттарда, яғни тоңазытқыш  пен  кондиционерлерде
пайдаланылатын суытқыш агенттердің (фреондардың)  ауаға  түсуі,  еріткіштер,
аэрозольдер озон қабатын жояды.
Қышқыл жаңбырлар.  Ауадағы  күкірт  диоксидімен  азот  оксидтерінің  ауадағы
ылғалда еріп, нәтижесінде түзілген қышқыл жауын-шашындарды қышқыл  жаңбырлар
деп атайды. Орташа рН мөлшері 5,6  дан  төмен  болады.  Қышқыл  жаңбырлардың
зиянды  әсері  өте  көп,  атап  айтсақ,  өсімдіктердің  жапырақтарына   зиян
келтіру, мәрмәрдан жасалған мәдени ескерткіштерді  және  ғимараттарды  бұзу,
металдар коррозиясының жылдамдауы т.б.
Өнеркәсіп және  тұрмыс  қалдықтарынан  қорғау.  Әр  түрлі  өнімдерді  өндіру
немесе пайдалану кезінде пайда  болатын  және  өзінің  бастапқы  қасиеттерін
жоғалтқан, енді қоланылуға келмейтін  заттардың,  материалдардың  және  т.б.
қалып қойған бөлімдерін жатқызамыз.  Қалдықтар  қоршаған  ортаға  және  адам
ағзасына зиянды материалды заттарға жатады.
Барлық қалдықтарды мына топтарға бөлуге болады:
- тұрмыстық (коммуналдық);
- өнеркәсіптік (өндіріс қалдықтары);
- өнідірісөнімдерінің қалдықтары;
- қауіпті (улы);
- радиоактивті қалдықтар.
Өндірістік  қалдықтарды  қатты  және   сұйық   қалдықтарға   бөледі.   Қатты
қалдықтарға металдардың, ағаштардың, пластмассалардың,  өндіріс  өнімдерінің
қалдықтары жатады.  Сұйық  қалдықтарға  ағынды  суларды  тазартқаннан  кейін
қалатын  тұнбалар,  газдарды  ылғалдық  әдіспен  тазартқан   кезде   қалатын
минералды және орагникалық шаңдар қалдықтары жатады.
Шу  әсерінен  қорғау.  Ластану  салдары  әрдаайым  дереу  байқала  бермейді.
Ластанудың көбінесе жасырын, тез табыла қоймайтын түрлері де болады,  мысалы
қоршаған  ортаның  физикалық  тұрақтыларының  өзгеруі  нәтижесінде   болатын
ластанулар, немесе физикалық ластанулар деп те айтады. Ағзаның  тіршілігінің
ауытқуларына әкелетін фактор шу болып табылады. Шулылық  шудың  қарқындылығы
мен қайталануының табиғи деңгейден жоғарылау нәтижесінде пайда болады.
Биологиялық әсерден қорғау. Биологиялық  ластану  да  аз  қауіп  тудырмайды.
Қоздырғыш микроағзалар (микробиологиялық ластану)  –  бактериялар,  вирустар
болып табылатын тырысқақ, тұмау немесе оба сияқты  аурулардың  індетін  еске
алудың өзі жеткілікті. Қажетті мөлшерде  тазаланбаған  және  заласызданбаған
тұрмыстық  ағынды  сулар  тері,  ішек  және   басқада   ауырулар   тудыратын
микроағзалардың үлкен кешеніне айналады. .
Ғаламдық   экологиялық   проблемалар   -ғаламдық.   аймақтық   және   ұлттык
деңгейлерде  айқындалған  экологиялык  мәселелер    кешені.   Зор   геосаяси
проблеманың экологиялық  кауіптілігінің   мынадай  көріністері  бар:  табиғи
экожүйенін   бүлінуі,   озон    кабатының       жүқаруы,       атмосфераның,
дүниежүзілік     мұхиттың ластануы,  т.б.  Олар  тек  қана  барлық  елдердің
қатысында   БҰҰ-ның    Басқаруымен    иеленушілігі    мүмкін.    Экологиялық
проблемалардың  ғаламдық  оны  шешу  үшін  барлық  елдердің  жігерін   айқын
жұмылдыру  қажеттігін    тудырып    отыр;    қарудың     барлық     түрлерін
азайтпай экологиялық  дағдарыстан  арылудың  мүмкін  еместігі;   биосфераның
жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс емес,  жай соғысты  –жүргізудің
мәнсіздігі;  қазіргі өркениеттің технологиялык  күрылымын  радикалдық  қайта
кұру,  өмір  негізі  болатын  табиғатпен  өзара  іс-әрекеттің  жаңа   сапалы
әдістері мен кұралдарын жасау;  қоршаған ортаны  қорғау  проблемасы  бойынша
БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және  оларға  төтенше  өкілетгік
беру.  ЖАҢБЫР  ЭРОЗИЯСЫ  —  жаңбыр  суының  тамшыларына   езіліп,   бүзылған
топырактың беткі қабатының жаңбыр  суының  ағынымен  бірге  жоғарыдан  төмен
қарай жылжуы. Бұл  топырақтың су  зрозиясының  бір  түрі.  Нөсерлеп,   қатты
жауған жаңбыр суларының  ағындары әсіресе жер бедерінің еңісі молырақ,   тау
алқаптарының беткейлі   алаптарында   жиі   кездеседі -ның  ЖАҢБЫР  ЭРОЗИЯСЫ
зиянды  әрекеттері жаңбыр  ұзақтығына,  қарқындығына  жер  бедері  мен  оның
құрамына  тікелей  байланысты.  Кейбір  жағдайларда  ЖАҢБЫР  ЭРОЗИЯСЫ   елді
мекендерді, жол құрлыстарын бұзып шаюы мүмкін.
Қышқылдық жаңбырлар -  (қышқылдық,    қышқыл    жауын-шашын)  -  рН  5,6-дай
төмен   болады.     Мұндай    жауын-шашынның   түсуі   атмосфераның   күкірт
диоксидімеп,  азот  оксидтерімен   антропогендік   ластануымен   байланысты.
Олардың шамасы жылы-на   255   млн   т.   дан   астам.  Қышқылдық  жаңбырлар
бір-қатар   экологиялық   зардаптарға әкеледі:
      атмосфераның       көріну мүмкіндігін төмендетеді;
         топырақтың қышқылдануы мен олардың құнарлылығының    кемуі;
       тұщы су қоймаларының қышқылдануы, ал осының нәтижесінде бағалы  балық
қорының кемуі;
        орман       формацияларының     зақымдануы     мен жойылуы;
 кейбір, жануарлардың түрлерінің жойылуы;
көпірлер,  плотина,  ғимараттар,  металл  конструкцияларының   коррозиясының
жылдамдауы;
әлемдік   сәулет   ескерткіштеріне нұқсан келуі;
адамдардың  денсаулығына зиян келтіреді;
Әсіреее қышқылдық жауын-шашындардан Канаданың, Норвения, Швеция,  Фипляидия,
АҚШ, Ресей жөне т.б. елдердің тұщы су қоймалары зиян шегіп отыр.
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
Адамның қоршаған ортаға тигізетін негізгі әсерлеріне мысал келтіріңіздер?
Экологиялық мәселе дегеніміз не және ол қалай пайда болады?
Қандай экологиялық мәселелер ғаламдық деп аталады?
Климаттың өзгеруінің белгілерін мысалға келтіріңіздер.
Ғаламдық жылулық құбылыстың себебі неде?
«Жылулық эффект» дегеніміз не және оның себептері?
Климаттың жылуынан қандай салдар болады, қалай ойласыз?
Озон қабатының негізгі мәселесі неде?  «Озон  қабатының»  негізгі  функциясы
неде?
Әлемдік мұхиттың ластануының себептері неде?
Сулардың мұнаймен  және  мұнай  өнімдерімен  ластануының  себептері?  Мұндай
ластанудың суда тіршілік ететіндер үшін қауіпі неде?
Жер шарының тропикалық аймақтарында ормандардың жойылуының себебі неде?
Ормандардың жойылуының салдарын айтыңыз.
Территорияның шөлейттенуі дегеніміз не, себептерін атаңыз.
Қазақстан жерлерінің негізгі деградациялануының себептерін атаңыздар.
Қазақстан Республикасының негізгі экологиялық мәселелерін атаңыз.
Қазақстан Республикасының әуе бассейнінің ластануына сипаттама беріңіз.

Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.


































                                                                Дәріс №25-26

            ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
Мемлекетіміз  тәуелсіздік  алғаннан  бері   жаңа   экологиялық   қауіпсіздік
жүйесінің құрылуына, қоршаған ортаны қарғауды  басқару,  табиғи  ресурстарды
пайдалануды  басқару  сияқты   шаралар   ұйымдастырылды.   Бұл   өз   алдына
мемлекетіміздің қоршаған ортаны қорғау және табиғат  ресурстарын  рационалды
пайдалану саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қалыптастырды  және
біртіндеп  белгілі  бір  ретпен  іске  асырылуын  қамтамасыз  етті.   Алайда
көптеген  он  жылдықтар  бойын   Қазақстан   шикізат   көз   ретінде   пікір
қалыптасқан, және  соның  салдарынан  шикізатты  өндіру  барысында  қоршаған
ортаға орасан  зор  нұқсан  келтірілген.  Сондықтан  еліміздегі  экологиялық
ахуалдың  әліде  түбегейлі  өзгере  қоймағаны,   әліде   болса   экологиялық
жүйелердің деградациясы жүріп жатқандығы сондықтан.
Экологиялық     қарым-қатынастарды     құқықтық     реттеу     тұжырымдалып,
дәлелденген  заңдарды   қабылдаудан   бастады.   Қазақстан   Республикасының
Конститутциясы   -   негізгі   заң.   Халықаралық    нормаларға    сай    ол
мемлекеттің    экологиялық    қатынастарды    реттеудегі    жалпы    бағытын
анықтайды.  Дүние   жүзінің   көптеген   мемлекеттерінің    конститутциялары
1948   жылы    БҰҰ    қабылдаған    «Адам    құқығының     жалпыға    бірдей
Декларациясында»,   сонымен   қатар   адам   құқығы    бойынша    басқа   да
Халықаралық    Пактілерде    көрсетілген    идеаларға     сүйенеді.       ҚР
Конститутциясында:   «Әрбір  азамат   оның   өмірі   мен   денсаулығы   үшін
қолайлы  қоршаған  ортаға  құқығы  бар»  -  делінген
        Экологиялық   заңдардың    орындалуын      мемлекеттік    құрылымдар
жүйесі,   экологиялық     сараптама     қамтамасыз     етеді.    Халықаралық
дәрежеде  адамның  қолайлы  қоршаған  ортаға  деген  құқығын  БҰҰ-  ның   әр
түрлі  бөлімдері   қамтамасыз   етеді.  Олар   қоршаған   ортаның   жағдайын
сауықтыруға   арналған   көптеген   бағдарламалар    жасады.    Дүниежүзілік
денсаулық  сақтау  ұйымы  ( ВОЗ )   -    «Қоршаған    ортаның    гигиенасы»,
Азық-түлік  және    шаруашылық    ұйымы    (  ФАО  )  –  «  Ауыл  шаруашылық
химикаттары    мен    қалдықтары  »,    БҰҰ-ның    білім,     ғылым     және
мәдениет   мәселелері   бойынша   ұйымы   ( ЮНЕСКО ) -
« Адам  және   биосфера ». Белгіленген   бағдарламалардың   жүзеге   асуының
    1972     жылы    құрылған      БҰҰ-ның     қоршаған     орта     бойынша
бағдарламасы  ( ЮНЕП )  және     БҰҰ-ның    қоршаған     орта    мен    даму
жөніндегі    Халықаралық    Комиссиясы    жалпы   басшылық    жасайды.
          Құқықтық    мемлекеттегі      адамдардың    арасындағы    қарым  –
қатынастар    жалпыға   бірдей    міндетті     құқық     нормалары     болып
табылатын        заңдардың       көмегімен       реттеледі.          Адамның
табиғатты    өзгертушілік     қызметі      тек   соңғы      жылдары     ғана
құқықтық     тұрғыдан    шектеле   бастады.   Қолайлы  ,   таза     қоршаған
ортаға    деген   құқық   жаңа   құқықтарға   жатады.
Экологиялық мониторинг
Қазіргі даму жағдайында  табиғат  барлық  ресурстардың  кені  -  өнідірістік
(өнеркәсіптік  шикізат  пен  энергия),  ауылшаруашылық,  денсаулықтық   және
рекреациондық, эстетикалық және ғылыми, аймақтық  және  экологиялық  ретінде
қарастырылады.
Қоршаған ортаның қалыпты жұмыс істеуі үшін  оған  түсетін  күш  белгілі  бір
экологиялық шектелген күштен аспау керек. Экожүйе құрамындағы  өзгерістерді,
құбылыстарды  байқап,  бағалап  және   болжап   сипаттап   отыратын   жүйені
экологиялық мониторинг атқарады.
Территорияларды қамту бойынша экологиялық мониторинг үш сатыға бөлінеді:
1.локальді (биоэкологиялық, санитарлық гигиеналық);
2.регионалды (геожүйелік, табиғи-шаруашылық);
3.ғаламдық (биосфералық, фондық).
Локальді мониторинг бағдарламасына шағын ғана территориядағы  биоэкологиялық
өзгерістерді бақылау, канцерогенді ластаушы заттардың  әр  түрлі  сфераларға
түсуін бақылау жатады.
Регионалды  мониторинг   міндетіне   ірі   табиғи-территориялы   кешендердің
(өзендер  бассейіні,  орман  жүйелері,  агроэкожүйелер  т.б.)   экожүйесінің
күйіне бақылау жасайды.
Ғаламдық мониторинг бағдарламасының  міндетіне  –  жалпы  биосферада  мүмкін
болатын  және  болжамды  өзгерістерді  бақылау  болып   табылады.   Ғаламдық
мониторинг объектісіне гидросфера, атмосфера және литосфера жатады.
                  Қоршаған ортаның мониторингісі.
Экологиялық  мониторинг  -  табиғи  құбылыстардың  және  антропогендік   іс-
әрскеттердің әсерінен қоршаған орта  жағдайын    бақылау,  бағалау,  тексеру
және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген термин  "монитор"  -  сақтандырушы,
қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның  (қоршаған  орта
жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл, маусымда)  "бақылау"
 ұғымын толықтыру ретіндс пайда болды.
Табиғи       және       антропогендік        әсерлердің        ерекшеліктері
жеткілікті.   Антропогендік   әссрдің деңгсйін   шектеуші   көрсеткіш  болып
экологиялық  шектеулі   рауалы   жүктсме   саналады   (   ЭШРЖ).     Былайша
айтқанда,   бұл    экожүйенің  тұрақтылығы    шегінен    аспайтын    адамның
шаруашылық   қарекеті.    Бұл   шектен    асулык  экожүйенің  тұрақтылығының
бұзылуына  және  ыдырауына   апарып   соғады.       Барлық       экологиялық
жүктемелердің     жердсгі       бүкіл   жиынтығы   биосфсраның    шаруашылық
сиымдылығы   шсгнсн асып кстксндс ғана қауіпті ахуал,  экологиялық  дағдарыс
басталып, ол бүкіл   биосфсраның   азуына,    қоршаған    ортаның    адамның
дснсаулығы    мсн     оның    шаруашылығының   тұрақтылығы     үшін     ауыр
зардаптары   болатындай    болып    өзгеруінс    апарып   соғады.    Қазіргі
уақытта бұл шсктен асушылык орын алып отыр деп пайымдауға  барлық      негіз
   бар,     ягни     жергідікті     экологиялық     шектеулі  жүктемелердін,
жиынтығы ғаламдық  экологиялық шектеулі жүктемс шамасынан асып кетті.
Табиғи  факторлардың   әссрінсн   биосфера   жағдайының   үзліксіз   өзгеруі
кайтадап   әдетте   бастапқы   жағдайға   оралып    отырады.  Мысалы,    ауа
мен    топырақтың  тсмпературасының,     қысымының,   ылғалдығының   өзгеруі
кейбір тұрақты  орташа  шамалар шегіндс өтеді.   Не  болса да  дағдыдағыдай,
табиғи  процестердің  әсерінен  аумақты    экожүйелер    өте    баяу   түрде
өзгерсді.   Себебі    қоршаған  ортаны   өзгертетін   сырткы   әсерді  жоюға
бағытталганг   экожүйенін  өзіне  тән  тұрақтылык  қабілеті  бар.   Ғаламдық
экожүйе қоршаған ортанын тұрақтылығын  антропогендік  әссрлерге  төтеп  бере
алатын жағдайна   дейін,    ягни   тұрактылық    шегіне        дейін  сактап
алады.   Биота  мен  қоршаған   орта   өздерінің   тұрақтылығын   ксз-келген
геологиялық    кезеңдерде    мыңдаған    жылдар     бойы  өзгеріссіз  сактап
отырды.  Табиги   факторлармен   салыстырғанда    антропогендік    факторлар
биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады. Осы
процесстердің  өзгеруін  бақылауды  дүние   жүзіндегі   барлык   экологиялық
тұрғыдан  қызмет  атқаратып  (гидрометрологиялық,  сейсмикалық,  ионосферлык
және басқалар) жүйелер жүргізеді.
Биосферанын   абиоталык   құрамының   антропогендік   өзгеруін   және    осы
өзгерістерге  биоталардың  жауабын,  сонымсн  қатар,  антропогендік  әссрдің
арқасында ксзектегі экожүйелерде болатын  өзгерістерді  өлшеуге,  бағалауға,
болжауға   экологиялық   мониторинттің   информациялық    жүйссі    жасалды.
Антропогенді әссрлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері:
антропогсндік әсер тигізетін көздерді бақылау;
 антропогендік әсер факторларын бақылау;
антропогендік факторлардың әссрінсн табиғи ортада жүрстін  процестерді  және
оның жағдайынын өзгеруін бақылау;
табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау;
антропогендік факторлар әссрінсн табиғи ортада болатын  өзгерістерді  болжау
және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау.
                Мониторинг жүйесін топтастыру
Экологиялық  мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды  бақылау,  бағалау  және
болатын   өзгерістерді   болжау.   Мониторинг    объектілеріне    атмосфера,
атмосфералық жауын-шашын, жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жср  асты
сулары, криосфсра (клпматтық жүйені құрушылар) жатады.
Бақылау объектідері келесі түрлерге  бөлінеді:  атмосфералық,  гидросфералық
(жиынтықты түрде гидрометеорологиялық),  топырақтық,  климаттық  мониторинг,
ионосферлық,   Күн,   биологиялық,    өсімдіктер,    жануарлар,    тұрғындар
денсаулығының мониторингі жәнс т. с.
Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге жәнек әсер  ауқымына  байланысты  да
топтастырылады.
Әсср  факторларының    мониторингі   -   әртүрлі   химиялық   ластағыштардың
(ингредиенттік мониторинг),  түрлі-түрлі  табиғи  және  физикалық  факторлар
әссрлерінің  (электр  магнитті  сәулелену,  күн   радиациясы,   шу,   діріл)
мониторингі.
Ластағыш көздсрдің мониторингі  —  нүктслі  стационарлы  көздер  ауыттардың,
жылжымалы (көлік), кеңістік (химиялық заттектер өндірідетін егістік  жерлер)
көздер.
Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік  және  уақытша  мониторингтерге
бөлінеді.
Мәліметтерді   ортақтастыру   сипаттамасына   қарай      мынадай  мониторинг
жүйелерін құрайды:
ғаламдық    (биосфералық)    -     халықаралық     ынтымақтастық
негізінде   Жср   биосфсрасындағы   әлемдік   құбылыстар    мен  процестерді
    зерттеу      арқылы      назарға      ұстап,      экстремалды   қолайсыз
жағдайлардың болуы туралы уакытылы ескерту жасап отыру;
базалық (фондық) – жалпы биосфералық, табиғи құбылыстарды бақылау ;
ұлттық  -   бір  мемлекеттің  шегінде  арнайы   құрылған   органдар   арқылы
жүргізілетін мониторинг;
аймактық   -   халық   шаруашылығын   қарқынды   игеру   барысында   ірі-ірі
аудандардың   көлемінде    құбылыстар    мен    процестсрді  зерттеу  арқылы
бақылау;
 жергілікті    (локалды)      -      елді       мекендерде,        өнеркәсіп
орталықтарында,  кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық  өзгеруіне  бақылау
жүргізу;
Қоршаган  ортаның  жай-күйінің  халықаралық   мониторингі   мен   бағалануын
өткізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу;
мониторингтің жаңа станцияларын  құруда көмек көрссту;
атмосфера    мен    климаттың    жай-күйі,
  қоршаған   ортаныңластануы туралы молімсттерді жинау жәнс тарату.
Ғаламдық  жүйенің  нсгізгі  аткаратын  міндетіне  геоакпараттық   жүйелердің
технологиялар негізінде  жерді  пайдалану,  климат,  әлсуметтік-экономикалық
даму жөніндегі көптеген мәліметтерді  біріктіру  мен  ақпаратты  ресурстарды
басқару жөнінде кеңестік қызмет көрсету жатады.
Ғаламдық  мониторинг  Жердің  барлық  табиги  жүйесінің   казіргі   жағдайын
бағалауға мүмкіндік беріп отыр. Әлемнің әр аймағында  бақылауды  40-қа  жуық
құрлыктағы және 10-ның  үстіндегі  мұхиттың  базалық  станциялар  жүргізеді.
Олардың кейбірі биосфсралық қорықтарда орналасқан.
Локалді мониторингті жүзеге  асыратындар  тұрақты,  жылжымалы  немесе  шырақ
астындағы  тексеру  орындары.  Осындай  жүйелер  көбіне   Қазақстанның   ірі
қалаларында. Мысалы, Алматы каласында атмосфералык  ауаның  мониторингі  6-7
орында жүргізіледі.
Мониторинг жүйесін қолданылатын (физикалық-химиялық     және     биологиялық
   көрсеткіштердің     мониторингі,  аралық   мониторингі)   сүйене   отырып
топтастыруға да болады.
Химиялық мониторинг — атмосфераның, жауын-шашының, жер  беті  мен  жер  асты
суларының,  мұхит  пен  теңіз  суларының,  топырақтың,  түпті   тұнбалардың,
өсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамдарын (табиғи  және  антропогендік
жолмен пайда болған) бақылайтын және химиялык  ластағыш  заттардың  таралуын
тексерстін жүйе. Химиялық мониторингтің негізгі ең  басты  міндеті  қоршаған
ортаның өте улы заттектермен  нақтылы  ластану  деңгейін  анықтау.  Қоршаган
ортаны ластайтын кейбір зиянды компоненттер мен одардың мөлшерін  бақылайтын
деңгейі келтірілген.
Физикалық   мониторинг  -   қоршаған   ортаға   физикалық    процестер   мен
құбылыстардың   (су   тасқыны,   жанартау   атылыстары,   жердің   сілкінуі,
құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т. с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.
Биологиялық мониторииг - биоиндикаторлар көмегімен  жүргізілетін  мониторинг
(яғни ортаның өзгеруін,  ағзалардың  күйі  мен  жүріс-тұрысына  қарап  пішіп
кеседі).
Экобиохимиялық  мониторинг - қоршаған ортаның екі  құрам  бөлігін  (химиялық
және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг.
Дистанциялық (аралық) моииторинг -  зерттейтін  объектідерді  барлауға  және
тәжірибелік мәліметтерді тіркей жазып алуға радиометриялық  қондырғылар  мен
қамтылған  космостық мониторинг.
Топтастыру принцпіне қарай әртүрлі мониторинг жүйелері бар.
Олардың ішінде түрлі қажетке ең жарамды  болып  саналатып  қоршаған  ортаның
құрама (комплекеті) зкологиялық мониторингі.
Қоршаған ортаның құрама экологиялык мониторингі - бұл қоршаған  табиғи  орта
объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам  мен  басқа  да  тірі
ағзалардың денсаулығына  зиян  тигізетін  өте  киын  жағдайдың  тууы  туралы
ескертуге арналған бақылау жүйесін  ұйымдастыру.  Ол  жергілікті  (локалды),
аймақты және фондық болып бөлінеді.


Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
Қазақстан Республикасының тұрақты  даму  концепциясының  негізгі  ережелерін
атаңыз.
Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз не?
Экологиялық мониторинг дегеніміз не, оған қойылатын негізгі талаптар  қандай
және ол не үшін керек?
Экология саласында халықаралық қарым-қатынастың мәні неде?
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері халықаралық қарым-қатынассыз  неге  мүмкін
емес?
Экологиялық білім беру, тәрбиелеу және мәдениет  –  жаңа  формациядағы  яғни
бәсекелестікке қабілетті маман-қазақстандықтарды тәрбиелеу  негізіне  кіреді
ме?

Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.










                                                                Дәріс №27-28

          ТАҚЫРЫБЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КРИЗИС ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ

Қорықтар - толық қоргаудың жетілдірілген түрі, себебі оған  табиғи  комплекс
кіреді  де,   табигат   ресурстарын    шаруашылықта    пайдалануга    рұқсат
берілмейді. Белгілі бір шаруашылық  жұмыстарын  жүргізе  отырып,  табиғаттың
ерекше объектілерін қорғауға үйымдастыру   түрі   -қорғалымдар
Болып  табылады.Табиги тірішілік ортасын қоргайтын категориялар-біріне
табиғи (ұлттық) саябақтар жатады. Олар негізгі   міндеті   —   халықты
рекреациялық   қамтамасыз  ету.
Табиги    тіршілік    орталарын     қоргаудың    әр     түрлі   формаларының
ішінен       қорықтардың       орны       ерекше.     Себебі        қорықтар
алуантүрлілікті    қамтамасыз    ететін манызды   звено   болып    табылады.
   Бірақ,    XX    гасыр  екінші    жартысында    «қорық    —     өзгермеген
табиғаттың   эталоны»   деген    принцип    бұзылып    отыр.    Атмосфераның
өндірістік    улы     қосылыстармен,     радиациялык     ластану,    олардың
тасымалдануы   -  біздің  планетамыздың кез келген бөлігіне  міндетті  түрде
әсер етеді.
 Қазақстан   қорықтары.    Қазір    Қазақстан    территориясында   төмендегі
қорықтар  жұмыс  істейді.
Ақсу-Жабағылы.   1926   жылы   қүрылган,   ертеден келе    жатқан     қорық.
 Талас     Алатауының    солтүстік-батыс  бөлігін   алып   жатыр   (оңтүстік
Қазақстан   облысы).  Ауданы    73    мың    га.    Территория     құрамында
тұрғын жерлер    жоқ.    Физико-географиялық     ерекшеліктеріне  байланысты
екі   бөлікке   бөлінеді.   Бес   өсімдік    белдеулеріне     бір     мыңнан
астам     өсімдіктер,    құстардың    —   130-дан       астам       түрлері,
сүтқоректілерден     арқарлар, маралдар, суырлар  жоне  т.б. кіреді.
Барса-келмес.  Арал  теңізінің  солтүстік  бөлігінде  Барса-келмес  аралында
орналасқан. 1939 жылы құрылган.  Аралдың  ауданы  198  іпаріпы  км.  Аралдың
флорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері  көп
емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың  110
түрі тіршілік етеді. Олардың барлыгы 1927 жылы сырттан әкелінген  сайтақтар,
қарақұйрықтар,  құландар,  құм  сарышұнагынан  басқалары  аборигенді  түрлер
болып   табылады.
Наурызым.  1931  жылы  құрылган.   Қостанай   облысының   Жетісу   ауданында
орналасқан, Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 құстардың,  25  сүтқоректілердің,
5 түрі, амфибиялардың 2 және балықтардың  8  түрі  кездеседі.
Алматы. 1934 жылы қүрылган. Алматы  облысының  Шелек  ауданында  орналасқан.
Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны  өсімдіктер  жабыны  бар  таулы-
шалгындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300  түрінен  астамы  кездеседі.
Жануарлар алеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62,  амфибиялардың  3
түрі, рептилиялардың 16 және  балықтардың  8  түрі  кіреді.
Қорғалжын.  1958  жылы  кұрылган.  Ауданы  237  мың  га.  Ақмола   облысының
Қоргалжын  ауданында  орналасқан.  Қорық  Қоргалжын   мемлекеттік   қорықтық
аңшылық  шаруашылыгымен   байланысты.   Қорықта   ғылыми-зерттеу   жұмыстары
жүргізіледі.   Әсем   Қоргалжын   көлдерінің   тізбегі   қызгылт    фламннго
популяцияларының  ұя  салуының  ең  солтүстік  орны   болып   табылады.   Су
құстарының  табиғи   резерваты   ретінде   маңызы   зор.














                                                                Дәріс №29-30

 ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы- мемлекеттік экологиялық
                             саясатының мақсаты.
Әлеуметтік (латынша: социалис — коғамдык) даму бағыты  дегеніміз  айналадағы
жағдай және адамдар  ыкпалынан  адамның  жеке  басының  калыптасуы.  Адамның
әдеуметтік мәні адамгерші-лік, ар-ождан, борыш, патриотизм, білім,  мәдениет
секілді касиеттерден кұралады.  Әлеуметтік  бағыт  адамзат  коғамының  бүкіл
коғамдык-тарихи дамуы барысында әзірленген және  ол  тұкым  куаламайды.Әрбір
адам біртіндеп өзі секілді адамдар арасында, яғни адам коғамында  өмір  сүре
отырып, әлеуметтік бағытты өмір  бойы  меңгереді.   Әрбір  аға  буын  өзінен
кейінгі кіші ұрпактың жеке  басын  калыптастыруға  катысады.  Бұл  процестің
барысында  адамныц  ішкі  және  оныц  сырткы  жағдай   әсеріне   катысы   да
калыптасады. Адамның жеке  басын  калыптастыруда  коғамдык  пайдалы  еңбекке
қатысу шешуші роль аткарады.
Кез келген прогресшіл коғамның міндеті — дені  сау,  творчест-волык,  рухани
жан дүниесі бай, жан-жакты  жетілген  жеке  адам  тәрбиелеу.  Мұндай  адамды
калыптастыру — ұзак әрі күрделі процесс.
Экологиялық  мәселенің   мәні  -    табиғаттағы  қалыптасқан   тепе-теңдікті
бұзбай,  миллиардтаған   адамдарды   жерде   қоныстандыру    және    олардың
барлық  қажеттіліктерін   қамтамасыз ету.  Қазіргі  Жердегі   тіршілік  адам
қызметінің    сипатына   тәуелді.    Қазіргі    кезең    адамының     ерекшк
биосфералық  қызметі – биосфераны   қорғау   мен   сақтап   қалу  қызметімен
анықтылып  отыр.  Экологиялық  мәселелердің  алдын алу  үшін   адам   ретсіз
дамудан   тиімді,реттелген,  табиғат    пен    қоғамның    даму    заңдарына
негізделген  дамуға  өтуі  тиіс.  Тек  осы  кезде  ғана   адамзат   қоғамның
дамуы   үздіксіз   ұзақ   уақыттық    бірқалыпты   жағдайда,  табиғи    және
әлеуметтік  дағдарыссыз  дамиды.  Мұндай   дамуды  -   тұрақты    даму   деп
атайды.  Бірақ  бұл  үшін  адамдардың  сана – сезімі, олаодың  мақсаты   мен
адамгершілік  бағыттылығы  өзгеруі тиіс.   Планетадағы   тіршілікті   қорғау
бүкіл  адамзаттың  бірігуін  талап  етеді  1987 жылы  БҰҰ-ның   Дүниежүзілік
 қоршаған  орта  мен  даму  комиссиясы  «Біздің  жалпы   болашағымыз»   атты
есебінде  «қоршаған  орта  үшін  қауіпсіз  жолда   экономикалық   дәуірге  »
аяқ  басуға  шақырды. Алғаш  рет  «тұрақты  даму»   концепциясы    ұсынылды.
 1992 жылдың  маусым  айында    Рио-де-Жанейро   қаласында   өткен   БҰҰ-ның
қоршаған  орта  мен  даму  бойынша  өткен   конференциясы   «Тұрақты   даму»
концепциясын   және   «ХХІ   ғасырдың   күн   тәртібінде»    атты    ауқымды
бағдарламасын  қабылдады.Сонымен  қатар  конференцияда  Мәлімдеме  мен   екі
 концепция  - климаттың  өзгеруінің  алдын  алу,   ормандарды   қорғау   мен
биологиялық  алуантүрлілікті  сақтау мәселелері  бойынша  қабылданды.   БҰҰ-
ның  конференциясы  барлық  елдердің  үкіметтерін  тұрақты  дамудың   ұлттық
  концепцияларын   қабылдауға  шақырды.  ҚР-ның  Үкіметі   ұсынған   «ҚР-ның
тұрақты   дамуға   көшу   концепциясы»  бекітілді.   Республика   Президенті
Н.Ә.  Назарбаевтың   БҰҰ   Бас    Ассамблеясында    жасаған    баяндамасында
тұрақты   дамуға   жетудің    түйінді    мәселелерін    шешудегі    қызметін
дәлелдейтін  нақты   мысалдар   келтірілді.  1992-1998   жылдар   аралығында
Қазақстан  тарихта  бірінші  болып  ядролық  полигонын жауып,  сол   қарудан
 бас  тартты. Аралды  сақтап  қалуға  арналған  интеграциялық   процестердің
  ұйтқысы   болды.  Биологиялық   алуантүрлілікті    сақтау    концепциясына
сәйкес   биологиялық  алуан   түрлілікті   қорғаудың    Ұлттық    баяндамасы
қабылданды.   Тұрақты   дамуды   қамтамасыз   ету   құралдарымен  байланысты
мәселелерге   мыналар   жатады:        Қаржы    ресурстары    және    оларды
пайдалану  механизмі;
       Экологиялық   қауіпсіз   технологияларды    қолдану;тұрақты    дамуды
ғылыми   және   ақпараттық   қамтамасыз   ету.  Бұл   мәселелердің    біздің
Республикамыздың  тұрақты  дамуын  қамтамасыз  етуде   маңызы   ерекше.  Бұл
мәселелерді   шешудің   міндеттері    «ҚР-ның    экологиялық    қауіпсіздік»
концепциясында    қарастырылған    (   ҚР-ның    Президентінің     шешімімен
бекітілген,    30    сәуір,   1996   жыл).    Республиканың      экологиялық
қауіпсіздігі    дегенде   ең    алдымен   қоршаған   ортаға     антропогенді
немесе  табиғи  әсердің  нәтижесінде  жеке  адамға , қоғамға,  табиғат   пен
мемлекеттің  өмірлік  маңызды   қателіктерін  нақты  және   мүмкін   болатын
қауіптен   қорғауды   қамтамасыз   ету   процесін   түсінеміз.   Экологиялық
қауіпсіздік  жүйесіне  биосфера  мен   сыртқы   антропогенді   және   табиғи
факторлар  арасындағы  тепе-теңдікті  ұстап  тұруға  бағытталған   мединалық
  биологиялық,  экологиялық,   құқықтық   іс-шаралардың   жиынтығы   жатады.
Алда  тұрған  маңызды  мәселенің  бірі   адамды   қоршаған   ортаға   мүмкін
болатын   шекті    экологиялық    қысымды,    яғни    экожүйелердің    өзара
байланыстары,   қарым-қатынастары,   олардың   бір   тұтастығы    сақталатын
антропогенді   фактордың   әсер   етуінің   максималды   деңгейін    анықтау
болып   табылады.  Қазіргі   кезде   Қазақстан   территориясының    көптеген
бөліктері    күшті  антропогенді   әсіресе   ұшыраған   Арал   маңы   аймағы
экологиялық  қатер  аймағы  болып  табылады. Мұнда   шаруашылық   қызметінің
нәтижесінде  қоршаған  орта   қайтымсыз   өзгерістерге   ұшыраған,   Аралдың
экожүйесі   бұзылып,   халықтың   денсаулығының   төмендеуі   мен   өлімінің
артуы  байқалып  тоыр.  Қазақстан  Республикасын   «экологиялық
 қауіпсіздігінің  стратегиялық   мақсаты   мен   міндеттеріне»   экологиялық
білім  және  тәрбие  беру  жүйесін  жасау  мен  дамыту  жатады.
Қолданылған әдебиеттер.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
5. Алишева К. Экология. Учебник. А., 2006
6. ҚаженбаевС., С. Махмұтов. Алматы, Табиғатты қорғау. А. 1984



























-----------------------
                            Экологиялық факторлар

                                антропогенді

                                 биотикалық

                                 абиотикалық

                            Экологиялық факторлар

                                  Периодсыз

                           Бірінші ретті периодты

                           Екінші ретті периодсыз

                            Экологиялық факторлар

                                антропогенді

                                 биотикалық

                                 абиотикалық

                         Өсімдіктер мен жануарлардың
                              органикалық азоты

                                   Аммиак

                                Аммоний ионы

                                  Мочевина

                                  Нитриттер

                                 Азот тотығы

                                Атмосферадағы
                                  бос азот

                                  Нитраттар

|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                    |
|ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                           |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК                   |ПОӘК                     |
|                         |                       |042-14.4.05.1.20.22/03-20|
|                         |                       |13                       |
|ПОӘК «Биологиялық        |                       |                         |
|экология»  пәнінің       |№3 басылым             |                         |
|оқу-әдістемелік          |                       |                         |
|материалдары             |                       |                         |





Пәндер