Файл қосу

Монд газеті
















               5В050400 «Журналистика»   мамандығына  арналған
                     «Әлем баспасөзінің тарихы» пәнінің
                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




















                                    СЕМЕЙ
                                    2014

                                               Мазмұны

1  Глоссарий
2  Дәрістер
3  Тәжірибелік сабақтар
4  Студенттің өздік жұмыстарының тақырыптары
5  Өзгерістерді тіркеу парағы
6  Әріптестердің  танысуы




































1 ГЛОССАРИЙ
Журналистика – қоғамдық институт, қоғам айнасы.  Қазіргі  заман  тақырыптары
мен  проблемаларын  қамти  отырып,  оқырман  қауымның  әртүрлі   өкілдерінің
қажеттілігін   күнделікті   қоғамдық   ақпаратпен   негізінен   публицистика
формаларын  пайдалана  отырып,  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар  қоғамдық
өзекті  проблемаларды  қозғаған  ғылыми,   көркемдік   әртүрлі   туындыларды
жариялайды. Журналистика қоғамдық пікірді  қалыптастырушы,  жасаушы  бірден-
бір қоғамдық институт.
Журналистиканың  қызмет түрлері – коммуникациялық қызметі,  ұйымдастырушылық
қызметі,  идеологиялық  қызметі,  мәдени­ағартушылық  қызметі,   жарнамалық­
анықтамалық қызметі, рекреативті қызметі.
Редактор­эдиториалист  –  редакцияда  отырып,  тілшілер  әкелген  материалды
әдеби өңдеумен айналысады. Тілшілерді бақылайды. Оларға тапсырма береді.
Конгломераттар - коммерциялық қызметтің әр түрін қамтитын кәсіпорындар.
«Сарыжағал баспасөз»  –   көпшілікке  арналған  бульварлық  басылымдар.  Бұл
басылымдар негізінен   қалтасы  жұқалтаң,  талғамы  төмендеу,  орта  білімді
оқырманға арналған және айқай ­шулы сенсацияны,  өсек­аяңды   жазуға  құмар,
инсинуациясы иен иллюстрациясы мол газеттер.
БАҚ­қа гибридтік иелік – масс­медианың әр түрінің, яғни  газет­журналдардың,
радио  және  телестансалардың  бір  адамның   иелігінде   болуы.    Мәселен,
Р.Мэрдоктың  қол астында  газет те, журнал да,  телестанция  да,  киностудия
да, баспа үйі де бар.
Ақпарат  (Информация. Information)  –   ХХ  ғасырдың  50  жылдарынан  бастап
ақпарат мәселесіне өзгеше көзқарас пайда болды. 1948 жылы  АҚШ  ғалымы  Клод
Шэннон ақпарат теориясының негізін  жасағаннан  кейін  оның  мазмұны  байып,
ғылыми категорияның деңгейне көтерілді.
Ақпараттық бостандық  (Свобода информации. Freedom  of  Information)   –  Әр
адам заңмен рұқсат етілген тәсілмен ақпарат алуға, қабылдауға және  таратуға
құқылы. Ақпараттық бостандық сөз еркіндігімен тығыз байланысады.
Ақпарат көздері  (Источники информации. Sources of Information)   –  Ақпарат
көзі дегеніміз айналамызда, бүкіл әлемде күнделікті болып  жатқан  оқиғалар,
көріністер,  нақты  деректер.  Сондай-ақ,  журналистің  жазған  материалына,
дайындаған бағдарламасына арқау еткен дәйегінің түп негізі.
Ақпараттың лиді (Лид информации. Lead of  news)  –  Журналистикада  хабардың
бірінші сөйлемі немесе  алғашқы  абзацы,  мәселенің  тоқ  етері  мағынасында
қолданылатын термин.
Бұқаралық ақпарат құралдары  (Средства массовой информации.  Mass  Media)  –
Бұқара халықты  журналистік  туындылардың  көмегімен  объективті  ақпаратпен
жедел әрі тұрақты қамтамасыз етуді мақсат еткен  мерзімді  баспасөз,  радио,
телевизия, ақпараттық агенттік, деректі фильм, онлайн басылымдар.
БАҚ-тың коммерциялық  сипаты.  (Коммерциализация  СМИ.  Commersalization  of
Mass Media) – Газет-журнал басу, бағдарлама дайындау  үрдісінің   ақпараттық
өндіріске айналуы, аудиторияның  қажеттіне  сай  іскерлік  сипаттың,  тиімді
қызмет  атқарудың  менеджменті  мен  маркетинг  стандарттарының  қалыптасуы.
Коммерциялық журналистиканы «profit seeking» деп атайды.
БАҚ ақпаратын қабылдаушылар  (Аудитория  СМИ.  Audience  of  Mass  Media)  –
Негізінен объективтік  және  субъективтік  әртүрлі  жағдаймен  біріккен  БАҚ
материалдарын қабылдаушы қауымның  жекелеген  топтары.   Олардың  сипаттарын
сана  механизмдері  анықтайды.  Оларды  салыстырмалы  түрде   тұрақты   және
ауыспалы деп бөлуге болады.
Газет (Газета.  Newspaper)  –  Күнделікті  немесе  апталық  түрінде  тұрақты
шығарылатын,   ақпаратты,   тың   жаңалықтарды,    танымдық    материалдарды
жариялайтын мерзімді  баспасөздің  бір  түрі,  ақпарат  құралдарының  атасы.
Сөздің түп төркіні ХҮ ғасырда Венецияда таратылған парақшаларды  La  gazetta
деп манеттің атымен атаған атаудан туған.
Газет дизайны   (Дизайн  газеты.  Newspaper  design)  –   Нақты  мақсат  пен
қажеттілікке  арналған,  өзіндік  сипаты  бар,  айырықша  кескін-келбет  пен
форманы біріктірген  және  баспасөздің  әртүрлі  элементтерін  газет  бетіне
шеберлікпен орналастыру үрдіс әрі өнер.
Журналистика тарихы   (История  журналистики.  «History  of  Journalism»)  –
Журналистика тарихы жалпы тарихпен бірдей әлемдік және  белгілі  бір  ұлттың
тарихындағы журналистиканың ағымдарын,  типологиясын,  бағытын,  тәсілдерін,
әр кезеңдегі үлгілерін, өрлеуі мен құлдырауындағы заңдылықтарын  уақыт  реті
бойынша зерттейтін ғылым.
Телевизия  (Телевидение.  Television)  –  Гректің  «tele»  –  алыс,  шалғай,
латынның «viseo» – қарау, көру деген сөздерінен пайда болған.  Көрермендерге
бағдарламаны  бейне,  дыбыс,  дауыс  арқылы   жеткізетін   техникалық   және
бұқаралық ақпараттың  құралы.
Радио  (Radio) –  Латынның  «radiare»  –  жарық  шашу,  сәуле  тарату  деген
сөзінен шыққан. Бағдарламаны дауыс,  дыбыспен  шексіз  кеңістікке  тарататын
техникалық құрал. БАҚ-тың бір түрі, журналистиканың ажырамас бөлігі.









2 ДӘРІСТЕР

1-Дәріс. Бұқаралық ақпарат құралдарының эволюциясы.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

1.  Мерзімді баспасөздің қалыптаса бастауының алғышарттары.
2.  Қоғамдағы саяси ахуалдардың журналистикаға әсері.
1.3 Қоғамдағы саяси жағдайлардың журналистикаға әсері.

      Кітап басу ісінің пайда болуы. Мерзімді баспасөздің қалыптаса  бастауы
-  адамзат  мәдениеті  тарихындағы  заңды  құбылыс.  Журналистиканың  дамуы.
Журналистиканың  қоғамдағы  жағдайы,  қудалау  мен  цензураға  қарсы  күрес.
Баспасөз бетіндегі сөз - адам  қолындағы  әділеттілік  құралы.  Журналистика
ақпаратты таратушы,  әрі  саяси  және  идеологиялық  күрестің  қаруы.  Саяси
журналистиканың қалыптасуы.
      Еуропа  елдеріндегі  төңкеріс.  Ұлы  Француз   революциясы   тұсындағы
баспасөздің рөлі. Газет пен  журнал  -  қоғамның  рухани  өмірінің  ажырамас
бөлігі. Сөз бостандығы және цензура.

Бақылау сұрақтары:
1. Журналистиканың дамуына түрткі болған жағдайларды  атаңыз
2. Қоғамдағы саяси жағдайлардың журналистикаға әсері қандай болды?
3. Ұлы Француз революциясы тұсындағы баспасөздің рөлін көрсетіңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Попов Ю.В. Теофраст Ренодо ­ основатель французской журналистики //
Вестник МГУ. Серия журналистика. 1978.  №4.
2. Мкртинян А. История англиийской журналистики  XYII ­  начала XIX  вв.
М., 1992.
3. История мировой журналистики. М., 2003.

2-Дәріс.  Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі журналистика.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1.  БАҚ-тың ірі капиталға тәуелділік нормалары.
2.  Монополияландыру мен шоғырландыру процесі.
3.  Саяси бақылаудың түрлері.


      БАҚ-тың ірі капиталға тәуелділік нормалары:  жарнама,  несиелер,  банк
капиталымен  және  ақпаратты-насихатты  монополиялармен   байланысы;   қағаз
шығаратын, типографиялық,  полиграфиялық  өнімдерді  дайындайтын,  радиотеле
құрал-жабдықтарын жасайтын, ЭЕМ өндіретін монополиялармен байланысы.  БАҚ-қа
ірі капиталдың бақылау жасау жүйесі. БАҚ-ты біріктіру мен  монополияландыру.
Қазіргі шетел ақпарат өндірісінің экономикасы. Жарнама және  БАҚ.  Бұқаралық
ақпарат құралдары капиталына саяси бақылау жасау. Саяси бақылаудың  типтері.



Бақылау сұрақтары:
1.БАҚ­қа иелік етудің түрлері қандай?
2.Трансұлттық монополиялардың айырмашылығы неде?
3.Шетелде  жарнама қанша пайыз беріледі?
4.БАҚ ­бизнес көзі дегенді қалай түсінесіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Беглов С.  Монополии слова.М., 1972.
2. Михайлов С.А. Современная зарубежная журналистика: правила и
парадоксы.Спб., 2002.
3. Назайкин А.Н.Рекламная служба газеты. М., 1996.
4.  Андрунас Е.И. Информационная  элита: корпорация и  рынок  новостей.  М.,
1991.
5.  Журналистика в мире  политики / Под редакцией док.  Полит.  наук,  проф.
С.Г. Корконесенко. СПб., 2004.

3- Дәріс. Мемлекет және журналистика.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1.  Заң шығарушы,сот және орындаушы биліктің БАҚ-на әсер етуі.
2.  Мемлекеттің БАҚ-қа ықпал ету механизмі.
3.  Партиялық басылымдар мен діни басылымдардың мақсаты.


      Капиталдың БАҚ-қа ықпалы. Заң  шығарушы,сот  және  орындаушы  биліктің
БАҚ-на әсер етуі.
      БАҚ экономикасының реттелуі.Материалды  жариялау  мен  ақпаратқа  жету
құқының шектелуі.Баспасөз бен эфирді әкімшілік тарапынан  бақылау,ақпараттар
легіне манипуляция жасау.Мемлекеттің ақпараттық қызметі.
      Мемлекеттің БАҚ-қа ықпал ету механизмі. Мемлекеттің  мемлекеттік  емес
ақпарат құралдарына ықпал ету тетіктері.
       Саяси  партиялардың  бұқара  санасы   мен   іс-әрекетіне   әсер   ету
механизмінде БАҚ-тың алатын орны.
       Дін  және   бұқаралық   ақпарат   құралдары.Діни   басылымдарға   тән
ерекшеліктер.

Бақылау сұрақтары:
1. Мемлекет тарапынан бақылау қалай жүргізіледі?
2.  Мемлекет тарапынан бақылау жасау сөз бостандығын шектемей ме?
3. Мунит сектасының  иелігіндегі  АҚШ ­тың    «ЮПИ»  агенттігінің   болашағы
   қалай деп ойлайсыз?
4. Ватикан басылымдары  туралы не білесіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Михайлов С.А. Современная  зарубежная журналистика: правила и  парадоксы.
   - СПб.2002.
2. Михайлов С.А.  Журналистика Соединенных Штатов Америки. -  СПБ. 2004.
3. Сапунов  В.И. Зарубежные информационные агентсва. СПб., 2006.
4.  Рамазан А.Ә. Шетел журналистикасының тарихы.  - Алматы, 2006.

4-Дәріс.  Шетелдердегі бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1.  Монополияландыру: күнгейі мен көлеңкесі.
2.  Жарнама ­ басылымның өмір сүру өзегі.
3.  Шетелдік  газеттердің сапалық бөлінісі.
4.  Журналдар типологиясы.


      Ақпараттық  жарылыс:   ақпараттар   ағынының   толассыз   өсуі,   оның
ғаламдануы, байланыстың “ескі“ құралдарын жаңарту,  жаңа  құралдардың  пайда
болуы, олардың одақтасуы.
      Бұқаралық  ақпарат  құралдары   мемлекеттік-  монополистік  капитализм
жүйесіндегі ерекше еңбек бөлінісі  бар  өндірістің  жеке  тармағы.Телевизия,
радиохабар  тарату  және  баспасөз:  ақпарат   және   жарнама   агенттіктері
-ақпараттық шикізатты өндіретін және өңдейтін ерекше мекемелер.
      БАҚ   мемлекеттік-монополистік  капитализм  жүйесіндегі  ерекше  еңбек
бөлінісі бар өндірістің жеке  тармағы.  Телевизия,  радиохабар  тарату  және
баспасөз:  ақпарат  және  жарнама  агенттіктері   -   ақпараттық   шикізатты
өндіретін  және  өңдейтін  ерекше  мекемелер;  “паблик  рилейшнз“-  қоғаммен
байланыс жөніндегі компаниялар  және үкіметтік насихат ұйымдары.
      Шетелдік БАҚ жүйесіне жалпы сипаттама.  Сапалы,  танымал  және  аралас
газеттер бөлінісі, олардың  спецификасы.  Шетел  журналдарының  типологиясы.
Ақпарат агенттіктері. Пресс-синдикаттар жүйесі.

Бақылау сұрақтары:
1. «Сапалы» газеттер дегеніміз не?
2. «Аралас»  газеттер дегеніміз не?
3. Бәсекелестен қайтіп озып шығуға болады?
4. Шетелдік басылымдардың оқырман тартудағы әдіс­тәсілдері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Беглов С. Монополии слова.М., 1972.
2. Андрунас Е, Информационная элита: корпорации и рынок новостей, М., 1991.
3. Михайлов С.А. Современная  зарубежная журналистика : правила и
   парадоксы. - СПб.2002.
4. Михайлов С.А.  Журналистика Соединенных Штатов Америки.-  СПБ. 2004.


5- Дәріс. Дамыған елдердегі баспасөзі.  Ұлыбритания  баспасөзі:  өткені  мен
бүгіні.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1.  Ағылшынның алғашқы газеттері.
2.  Ағылшын баспасөзінің дифференциялануы.
5.3 Ірі баспасөз монополиялары.

      Ұлыбритания  баспасөзінің  пайда  болуы.  Ағылшын  баспасөзі  дамуының
негізгі кезеңдері. Ағылшын  баспасөзінің  алғашқы  қарлығашы  -“Уикли  ньюс“
газетінің рөлі. Күнделікті газет “Дейли куранттың“ /1702/ пайда болуы.
ХУ11 ғасырда Англияда сатиралық  басылымдардың  қалыптасуы.  ХУ11  ғасырдағы
мерзімді басылымдардың түрлері:  ақпараттық,  аналитикалық,  сатиралық  және
жарнамалық.
      Ағылшын    баспасөзінің    дифференциялануы.Ағылшын     баспасөзіндегі
монополиялану  процесінің  басталуы.  Ірі  баспасөз  монополиялары.  Ағылшын
бұқаралық ақпарат құралдарына трансұлттық корпорациялардың  ықпалы.  Ақпарат
агенттіктері.
    1990 жылдардан кейін Ұлыбританияның ұлттық  газеттерiнiң  құрамында  10
күнделiктi  және  10  жексенбiлiк  басылым  болған.   Қазiргi   уақытта   үш
күнделiктi “Дейли герольд”,  “Ньюс Хроникл’’, “Морнинг  стар’’  газеттерiнiң
орнын   “Сан’’,  “Индепендент’’,  “Тудей’’  газеттерiн  басты.   Жексенбiлiк
газеттер тобында  “Рейнолдс  ньюс”,  «Санди  диспетч»  басылымдарымен  қатар
«Санди телеграф», «Индепендент он санди» газеттерi пайда  болды.  2000  жылы
дүңгіршіктерде  «Юропиан  пресс»   қожайыны   болып   табылатын   таблоидтық
жексенбiлiк «Санди бизнес» басылымы пайда болды.
    Сонымен ұлттық газеттер саны өзгерiссiз қалды. Өйткенi бұдан бiраз  жыл
бұрын газеттер саны осындай мөлшерде болатын. Ал егер  статистикаға  келетiн
болсақ, онда тек өзгерiс таралымда. Бұл жағдай газетшiлердiң үнемi  қобалжып
жүруiне әкеп  соқтырады. Көптеген басылымдарда  оқырмандар  саны  қысқаруда.
Бұл құбылыс газеттердiң бас тақырыптардан-ақ  көрiнiс  табуда.  1999  жылдың
қорытындысы бойынша  тек  күнделiктi  екi  “Таймс’’  және  «Файнэншл  таймс»
газеттерiнiң таралымы 1990 жылмен салыстырғанда өстi.  Ал  жексенбiлiктердiң
арасынан  «Санди таймс», «Мейли он санди» басылымдарының таралымы ұлғайды.
     «Үлкен баспасөздiң» таралымының түсуi - ұзаққа созылған  құбылыс.  Бұл
50-шi жылдарда бастаған. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығының басында  күнделiктi
басылымдардың таралымы 15,1 млн қысқарды, ал  жексенбiлiктердiкi  16,6  млн.
қысқарды. Ал  1999  жылы  мынадай  көрсеткiш  болды:  күнделiктi  басылымның
таралымы 13,3 млн, ал жексенбiлiк  басылымдардiкi  13,7 млн қысқарды.
    Әйгiлi газеттерге деген сұраныстың түсуiн телевидениенiң  әсерiнен деп,
сол сияқты базарда пайда бола бастаған әйелдер аудиториясының  қызығушылығын
қанағаттандыруға   арналған,   адамдардың   әртүрлi   хоббиiне   бағытталған
иллюстрациялық  күнделiктi   және   айлық   журналдардың   санының   өсуiмен
түсiндiруге болады. Бұл  жолда  апталық  басылымдарды  тегiн  тарату  сияқты
газет бизнесiн айтпағанда, 89 күнделiктi, 500 апталық аймақтық  газеттер  де
үлкен рөл  атқарды.
    Ұлыбританияда  ұлттық  газеттер  арасындағы  бәсекелестiк  өте   қатты.
«Индепендент» және «Индепендент он санди» басылымдары басты алдына  қойылған
«Таймс» газетiнен неғұрлым көп  оқырмандарды  тартып  алу  мақсаттарын  iске
асыра алмады. «Таймс» газетi ұзақ уақыт бойы өзiнiң таралымын 250  мың  дана
деңгейiнде ұстап тұрды. Бұл жағдайда халықаралық  медиагмант  Руперт  Мэрдок
«бағаның күресiн» шештi. «Таймс» басылымының  сатылу  бағасы  тең  жартысына
дейiн түсiрiлдi. «Таймстың» таралымы жоғары  көтерiлуі  баяулаған  жоқ.  700
мың данаға дейiн, тiптi одан да жоғары көтерiлдi.  Ал  «Индепендент»  газетi
өзiнiң алғашқыда жинаған 400 мың оқырманының жартысын жоғалтып  алды.  Басқа
амал  қалмағандықтан  бұл  газет  бай  адамдардан  өз  жақтаушыларын   iздей
бастады. Ақыр соңында олар өздерiне қожайынды Ирландиядан тапты.
    Руперт Мэрдок күнделiктi  таблоидтық   «Сан»  газетiн  жақсы  айналымға
түсiру үшiн ақшасын аяған жоқ. Ол оның редакторына  көзге  бiрден  көрiнетiн
сенсациялық жаңалықтар мен жартылай жалаңаш қыздардың  суретттерiн  шығаруға
толық ерiк берген.
     Бәсекелестiк әсiресе таблоидтық  басылымдар  арасында   «Миррор»   мен
«Сан»,  «Дейли  мейл»  басылымдарының  арасындағы  бәсекелестiк  өте  жоғары
қарқында болды. Ұлыбританияда, сонымен  қатар,  лорд  холликтiң  басқаруымен
«Экспресс» және «Санди экспресс» басылымдары жарық көрiп тұрды. Бiрақ,  ұзақ
жылдар бойы  консерваторларға  қызмет  етiп  келген  бұл  газеттер  өздерiне
ешқандай жаңа оқырмандар жинай алмады. Сондықтан таралымы төмен.
    Күнделiктi «Таймс»  газетiне келетiн болсақ, оның редакторы П. Стотхард
газеттiң «таблоидизациясына» мүлдем қарсы болды. Ол өзiнiң  бар  назарын  60
бетiне аударады. Олар әртүрлi айдарларға бөлiнген. Көп бөлiгiнде  ақпараттық
текстер жарияланады. Ал саясат, құқық, сот қызметi және парламент,  мәдениет
және өнер туралы материалдар  үш  есе  көп.  Газеттiң  үнемi  сақталып  келе
жатқан және мақтанышы болып отырған  - ортаңғы екi  бетiнде  шығып  отыратын
редакциялық мақалалар. Сол сияқты әр нөмiрде 15-17 оқырмандар хаттары  шығып
тұрады.  Басқа  да  сапалы  газеттердегi  сияқты   ерекше   көңiл   сенбiлiк
басылымдарға бөлiнедi. Бұл күнi «Таймс» жетi секция басады, мәтіннің  көлемi
– 282-бет. Почташыларға мұндай басылымдарды үйлерге  тасу  өте  ауыр  тиедi.
Сондықтан олар «бұрыштарда» және арнайы дүкендерде  сатылады.  Бұл  жағдайда
баспагерлер оқырмандардың назарын  аударуға  өте  қарқынды  түрде  ұмтылады.
Олар  газеттерге  ашық  түстi  иллюстрацияларды  көбiрек  беруге   тырысады.
Ұлыбританияның баспасөзi бұл жағынан өте жақсы десе артық  айтылмаған  болар
едi.
    Телерадиосы.   1999   жылы    Ұлыбританияның    коммерциялық    эфирлiк
телевидениясында концентрация мен монополизация жаңа  кезеңге  қадам  басты.
Ұлыбританияның мәдениет министрi Крис Смит қыркүйек  айында  өткен  Кэмбридж
телефестивалiнде  сөз  сөйлеген.  Оның  айтуы   бойынша,   әлемдiк   сахнада
британияның  коммерциялық  эфирлi   телевидениясының   төмен   бәсекелестiгi
болғаннан  кейiн  үкiмет  және  меншiк   концентрацияны   қолдайды,   барлық
коммерциялық телевидениеге ие болатын адамдарға, тiптi  бiр  адамның  қолына
көшiруге дейiн барады.
    Коммерциялық эфирлiк телевидениедегi  жекеменшiк  концентрацияға  деген
жол 1993 жылы тазартылған болатын. Сол жылдардағы  мәдениет  министрi  Питер
Брук эфирлiк телевидениенiң лицензияға ие адамдарға тағы да бiр  лицензиядан
сатып алуға рұқсат етiлдi деп  жариялаған  болатын.  Осыдан  кейiн  Лондонда
жұмыс   күндерi   шығып    тұратын    «Карлтон    коммьюникэйшнз»    эфирлiк
телевидениесiнiң iрi британдық коммерциялық компаниясы  екiншi  бiр  Орталық
Англияға таралатын  «Сентрел телевижн» компаниясынан лицензия  сатып  аламын
деп жариялады. Содан кейiн солтүстiк «Гранада» компаниясы  Лондонда  демалыс
күндерi шығып тұратын «Лондон уикэнд телевижн»   компаниясының  лицензиясына
ие  болды.  Ал  электронды  «МАИ»  концернiнiң  басшысы  лорд   Холлик   екi
лицензиясының иесi болды: оңтүстiк англиядағы   «Меридиан»  компаниясы  және
оңтүстiк - шығыс  Англиядағы  «Англия»  компаниясы.  Британдық  коммерциялық
эфирлiк телевидениедегi жекеменшiктiң концентрациясы мен  монополизациясының
келесi  сатысы  1999  жылы  парламенттiк  акт   болды.   Бұл   акт   бойынша
лицензиялардың шексiз сатылуына рұқсат бар, бiрақ  мынадай  талап  қойылады:
бiр адамның иелiгiнде елдiң барлық телеаудиториясының  15%-iнен  көп  болмау
керек  және  тележарнамадан  25%  кiрiс  түсу  керек.  Осылай   концентрация
процессi әрi қарай дами бастады. Үш iрi топтар құрылды:  үш  лицензиясы  бар
(Лондонға, Орталық және оңтүстiк - Батыс Англияға)  Майкл  гриннiң  «Карлтон
коммьюникэйшнз»  компаниясы;  төрт  лицензиясы  бар  (Лондонға,   солтүстiк,
солтүстiк - шығыс Англияға және Йоркшир)  Гранада  және  үш  лицензиясы  бар
(оңтүстiк, оңтүстiк - шығыс Англияға және Уэльске) Лорд Холликтiң  «Юнайтед-
ньюс-энд-мидиа» компаниясы. Британия коммерциялық  эфирлiк  телевидениесiнiң
ұлттық сахнасында төртiншi   «ойыншы»  болып  шотландиялық  «Скоттиш  мидиа»
компаниясы тұрды, бұл компания 1998 жылы солтүстiк  шотландиялық  «Гремпиен»
телекомпаниясының  лицензиясына  ие  болған.  1999  жылы  26   қараша   күнi
Ұлыбританияның телевидения әлемiнде сенсация болды:  үш  iрi  топтардан  екi
топ құруы жарияланды. Майкл Гриннiң  «Карлтон  Ю-Кэй  продакшнз»  және  лорд
холликтiң «Юнайтед-ньюс-энд-мидиа» екеуi бiрiгiп  Ұлыбританияда  бұрын-соңды
болмаған  алып  компания  құру  керек  болды.  Бiрақ  бұл  iстi  тез   арада
Ұлыбритания әдiлеттi саудасының бюросын  (ОФТ)  бақылауға  кiрiстi.  Өйткенi
жаңа алып компания тележарнамадан рұқсат етiлген 25%  қарама -  қарсы  30  -
40 %  кiрiстi иемдендi.
    Британдық   коммерциялық    эфирлiк    телевидениедегi    жекеменшiктiң
концентрациясы мен монополизациясының жаңаша дамуының инициаторы Майкл  Грин
болғаны қызық. Ол бiрiншi болып  «Сентрел телевижн» лицензиясын  сатып  алып
шектен тыс шығып кеткен. Бiрақ, бақылаушылар  оның  лорд  Холликпен  болатын
болашақ қарым-қатынасының мiнезi  туралы  бiрнеше  ойға  келдi.  Майкл  Грин
болашақ бiрiккен компанияның стратегиясын  анықтаумен  айналысады,  ол  лорд
Холлик  -  күнделiктi  менеджмент  болатынын  ресми  түрде  жариялаған.   Ол
компанияның аты ‘’Карлтон юнайтед’’ деп  аталатын  болды.  Дегенмен,  көбiсi
Холлик сияқты адамның ендi барлық стратегияны  Майкл  Гриннiң  қолына  берiп
қояды дегенге  күмәнмен  қарады.  Өйткенi  ол  лорд   Стивенстiң  басылымдық
компаниясымен  қосылғаннан  кейiн  жарты  жылдың  iшiнде   оны   басшылықтан
алыстатқан. Осылай екi телекомпанияның бiрiгуi  таң  қалдырды.  26  қарашаға
дейiн журналистерге Грин мен Холлик  бiрiгiп  қызмет  ету  сұрақтары  туралы
сөйлесiп жатыр деп айтты. Бiрақ кейбiр бақылаушылардың байқағаны,  «Карлтон»
мен «Юнайтедтiң»  қосылуы  авантюра  емес,  заңдылық.  Бiрiншiден,  бұл  екi
компанияға да бағдарламаларын  нығайтуға  мүмкiндiк  бередi.  Осы  көрсеткiш
бойынша  «Карлтон»  мен  «Юнайтед»  бағдарлама  беру  көлемдерiне   қарамай,
британдық телевизиялардың ең әлсiздерiнiң  бiрi.  Екiншiден,  40  млн.  Фунт
стерлингке  дейiн қаражатты үнемдей алады, керексiз шығынды жояды.  Ал  егер
iс жүзеге  аспаған  жағдайда  сахнаға  Ұлыбританияның  коммерциялық  эфирлiк
телевидениесiнiң үшiншi орынға  «Гранада  груп»  шығады.  «Гранада  груп»  -
«Гранада телевижн» телевизиялық топтамасы  Джерри  Робинсонның  басшылығымен
коммерциялық   эфирлiк   телевидения   ассоциасының   «Ай   -   ти   –   ви»
бағдарламасының үлкен бөлiгiн дайындайды. Осы уақытта  мынадай  сыбыс  тарай
бастады:  британдық  телевиденияның  төртiншi  iрi  «ойыншысы»  шотландиялық
«Скоттиш мидиа» компаниясы «Джинджер мидиа  груп»  компаниясын  сатып  алады
деп сөз тарады. Бұл компанияның акциясының көбiн әйгiлi британдық  телевизия
мен радио жүргiзушiсi  Крис  Эванс  иемдендi.  Бұл  компания  поп  және  рок
музыкасын  беретiн  ұлттық  «Вирджин»  радиостанциясына  ие.  Егер  «Скоттиш
мидиа»,  «Вирджин»   радиосынан   басқа   телестудияларға   ие.   «Джинджер»
компаниясын сатып алса,   онда  бұл  шотландтық  телекомпаниясы  Ұлыбритания
телевидениесiнде салмақты үшiншi «ойыншының» орнына тұрып  алуға  мүмкiндiгi
болады.   Осылайша   Ұлыбританияның   жекеменшiк   эфирлiк   телеиндустиряда
басшылыққа үлкен күрес басталды. Крис Смиттiң айтуы бойынша, бұл  күрес  екi
жылдан кейiн барлық индустрия екi немесе бiр адамның қолында болуы мүмкiн.
    Сараптамалық   консолидациялық   процестер   Ұлыбританияның   кабельдiк
телевидениесiнде орнын тапты. Мұнда эфирлiк телевидениедегi сияқты  екi  iрi
компанияның  бiрiгуi   жайлы   сөз   болды.   Бұл   «Кэйбл   энд   уайерлесс
коммьюникэйшнз»      және      «Телеуэст»      телекомпаниялары.      «Нэшнл
транскоммьюникэйшнз  лимитед»  компаниясы  -  үшiншi  «Ойыншы»  болды.  Бұны
«Франс телеком» акционерi көтермеледi. Соның көтермелеуiмен ол   «Кэйбл  энд
уайерлисспен»  бiрiгуге   келiсiм   алды.   «Телеуэст»   каналы   спутниктiк
телевидениеге жататын  «Флекстек»  компаниясымен  бiрiгетiндiгiн  жариялады.
Ұлыбританиядағы Интернет қызметiнiң  өкiлдерi  -  шетел  фирмалары,  олардың
озығы «Фрисерв» британдық кабельдi телекомпанияларына  интернеттi  өздерiнiң
кабельдерiмен жiберiңдер деп қысым  жасап  отыр.  Олар  аудиторияны  кеңейту
мүмкiндiгiмен назар аудартады. «Телеуэст»  2000  жылы  ақпан  айынан  бастап
Интернетте жұмыс iстеуге рұқсат  беретiн,  айына  10.ф.ст.  төленетiн  «Серф
анлимитед» қызметiн  шығарды.  Ай  сайынғы  төлем  Интернетпен  шұғылданатын
адамдар  санын  күрт  өстiредi,  ол  жаңа  интернеттiк   технология   көркем
фильмдердi көрсетуге дейiн  барады.  Қазiргi  кезде  Ұлыбританияда  интернет
жүйесiнiң  қызметiн  көрсететiн  300   фирма   бар.   Коммерциялық   эфирлiк
телевидениеде «Ай - ти – ви»  басшылығы алдарына қойған мақсатына жеттi.  Ол
- үшiншi каналдың  (канал «Ай – ти - ви»)  аудиториясының  орташа  рейтингiн
39%-ке дейiн көтеру. Бұл  талап  түгелiмен  жылдың  аяғында  орындалды.  Осы
кезде  жаңа  жыл  аптасына  арналған  көп  бағдарламалар  жүйесi  шығарылған
болатын. Бұның негiзгiсi  болып,  жаңа  әйгiлi  телеойын  –  “Кім  миллионер
болғысы келеді?» лоториялық шоу болатын. Әрине миллионер ешкiм  болған  жоқ.
Бiрақ бұл ойын аудиторияның  рейтингiн  көтеруге  көмектестi.   Коммерциялық
эфирлiк   телевидениенiң   өмiрiндегi   екiншi   маңызды   оқиға   «Карлтон»
компаниясының  1998  жылы  түсiрiлген   «10   сағат   ішіндегі   жаңалықтар»
жаңалықтарын қайтару туралы келiсiмi болды.  Бұл  хабардың  алынып  тасталуы
Ұлыбритания бұқарасы арасында үлкен дау туғызды.
    «10 сағат ішіндегі жаңалықтар» шығарылымын түсiргеннен кейiн бiр млн-ға
жуық көрермен «Ай -  ти  –  ви»   арнасының  сегiзден  отыз  минут  кеткенде
шығатын жаңалықтар бағдарламасы күнделiктi  барлық  жаңалықтарды  қамтымады,
ол кешкi жаңалықтар кеш қалып отырды. Көрермендердiң көбiсi оның  бәсекелесi
“Би - Би –  Си»  жаңалықтарын  көруге  көштi.  «Ай  -  ти  –  ви»   салмақты
актуальды -  қоғамдық   «Қозғалыстағы  әлем»  бағдарламасын  жаңа   «Бүгінгі
кешкілікте» бағдарламасына ауыстырған. Бұл бағдарламада  мемлекеттiк  саясат
сұрақтары мүлдем көтерiлмейдi, әрине  бұл  үкiметке  ұнамайды.  ХХ  ғасырдың
аяғы  мен  ХХI  ғасырдың  басындағы  Ұлыбританияның  ақпарат  нарығында  iрi
монополиялардың  бәсекелестiгi  өрши  түсуде.  Бұл  жарыста  әрқайсысы   сол
нарықты құруға ұмтылады. Жалпы Еуропалық журналистикаға тән нәрсе ақпарат  -
тауар деп қарау болғандықтан осындай мәселелерге келiп тiреледi.



Бақылау сұрақтары:
1.Ағылшынның алғашқы газеттерінің  негізгі тақырыптары қандай?
2.АВС­1 тобына қандай газеттер жатады?
3.«Сан» газеті  қандай газет?
4.«Нью­Йорк таймс» газетінің  әлем журналистикасыныңдағы  орны қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Соколов В.С.,  Виноградова  С.М.  Периодическая   печать  Великобритании.
СПб., 2000.
2.Мкртинян А. История англиийской журналистики  XYII ­  начала XIX  вв.  М.,
1992.
3. История мировой журналистики. М., 2003.
4. Интернет ресурстары.


6-Дәріс. Франция баспасөзі: өткені мен бүгіні.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1.  Француздардың алғашқы газеттері.
2.  Франциядағы ірі газет-баспа топтары.
3.  Франуз ақпарат әлеміндегі  журналдардың орны.
4.  «Монд» газеті


      Франция  баспасөзінің  қалыптасу  тарихы.  Алғашқы  басылымдары.   Жер
шарындағы  журналдардың  негізі  -  “Журналь  де  саван“/1665ж/  -   Франция
журналы.
      Ұлы Француз революциясының баспасөзді дамытуға  қосқан  үлесі.  Елдегі
саяси  жағдайдың  баспасөзге  әсері.   Франция   баспасөзіндегі   католиктік
басылымдардың ролі.
      Франциядағы ірі  газет-баспа  топтары.Франциядағы  газет  тарату  және
тасымалдау мекемелерінің қызмет ерекшелігі.
Француз   апталықтарының   түрлері:    информациялық    саяси    апталықтар,
иллюстрациялы  журналдар,  әйелдерге   арналған   апталықтар,   телевизиялық
апталықтар.  Әйелдер  апталықтарының  әлемдік  ақпарат   рыногындағы   рөлі.
Француз тележурналдарының ерекшеліктері.
      “Франс-Пресс“ ақпарат агенттігі. Франция БАҚ-ның халықаралық рыноктағы
рөлі.
    1998  жылы  Кобе  қаласында  өткен   дүниежүзiлiк   газет   шығарушылар
ассоцияциясының  51-шi  конгресiнде  “Әлемдiк  баспасөз  тенденциясы”   атты
баяндама көптеген мәселелердi көтердi. Ең көп өзгерiстер  Батыстық  одақтағы
елдерде байқалады. Тек Жапонияда ғана қалыпты жағдай сақталған.  Бiрте-бiрте
баспасөз жарнамалық нарықтың бөлiгiн телевизияға берiп келе  жатыр.  Бiрiншi
орында  ұлттық  күнделiктi  баспасөз,  (жарнамалық  түсiм   25-%   құрайды).
Журналдарға түскен түсiмдер тек 11% көрсетiп тұр.
    1999 жылы Франция баспасөзiндегi  ақпараттық  нарықтан  “Авас”  тобының
кетуi елеулi бiр оқиға болып тарихта қалады. 1997  жылы   “Компани  женераль
деез о” келедi де, дәстүрлi  салаларының  барлығына  дерлiк  өзгерту  енгiзе
бастайды. Франция елiндегi соңғы жалдардағы  күнделiктi  баспасөзде  тоқырау
мезеттерi  байқалып  жүрдi.  Тек  1998  жылы  ғана  аздап  болса  да,   оңды
өзгерiстер бой көрсетедi. Десек те, зертеушiлердiң  мәлiметтерiне  қарағанда
француздықтар жыл өткен сайын оқырман аудиториясын кемiтуде.  15-жастан,  24
жасқа  дейiнгi  оқырман   саны   3,8%   төмендедi.   Бiрiншi   кезекте   бұл
“Либерасьонға”, “Фигароға” және “Мондтқа” қатысты.  Мұндай  жағдайдың  тууын
аздап  та  болса  газет  бағасының  өскендiгi  деп   түсiндiрдi   француздық
зерттеушiлер. Жастар аудиториясы ұлғайып келедi. “Паризьен-Ожурдюй”, “Франс-
суар” және “Экип”. Оқырман аудиториясы анағұрлым үлкен деген  10  күнделiктi
газеттердi мысалға келтiруге болады.
    Батыстағы ең iрi бес ел iшiнде астаналық күнделiктi баспасөздi  оқырман
аудиториясының қамту деңгейi өте төменгi  көрсеткiш  бередi.  1000  тұрғынға
тек 37,4 данадан келедi.
|Газеттер  |Англия   |Гол ландия   |Германия  |Франция   |Испания  |Италия   |
|Ұлттық    |224      |131,8        |69,3      |37,4      |59,4     |46,1     |
|Аймақ-тық |87,2     |169,9        |230,4     |98,4      |46,9     |42,9     |


    Ал егер бiз сапалы басылымдарды санайтын болсақ, онда Францияда
Еуропадағы iрi газет-журналдармен бәсекеге түсе алатындар аз  емес.   “Монд”
газетi.   Жалпы   ақпараттық   газеттер   iшiнде   оқырман    аудиториясының
көпшiлiгiмен бiрiншi орында тұр. 1999 жылы  газетке  жазушылардың  саны  120
мыңға жеттi. Бұл рекордтық  көрсеткiш.  Оның  себебi,  жазушыларға  төлеудiң
жаңа түрi, (ай сайын)  студенттер  үшiн  жеңiлдетiлген  тарифтер  енгiзiлдi.
1999 жылы “Мондтың” қаржы  нәтежелерiнде  жақсы  көрсеткiштер  пайда  болды.
1997 жылмен салыстырғанда сауда айналымы 95% өстi. Жалпы  “Монд”  басылымның
тобы 42,5 лир фр. түсiм алған.
    “Монд дипломатик” атты айлық басылымның таралуы 180 мың  данаға  жеттi.
Жарнамадан айтарлықтай 30% түсiм түсіп отырады.
    “Стратежи” журналының сараптамашысы Оливе  Монсо:  “Бұл  газеттiң  жаңа
формуласының  жемiстерi  –  берушiге  тiкелей  қатысты”,  –   дедi.   “Монд”
жарнаманың  жаңа  бiр  түрiне  шыға  алды.  Тек  “Люкс”  секторы  өте  жақсы
көрсеткiш  бердi.  Жоғары  сәнге  және  қымбат  тауарларға  арналған  арнайы
қосымшалар өздерiнiң жемiстерiн әкелдi.
    “Франс-суар”  газетi  басудың  жаңа  және  түрлi-түстi  түрiне   көшiп,
жарнамадан түсiмдi күшейттi. Бiрақ оқырмандардың саны барған  сайын  азайып,
таралуы 150 мың данаға  түстi.  Көптеген  сарапшылардың  ойынша,  ол  өзiнiң
мүмкiндiгi  мол  мезетiн  жоғалтып  алды  дейдi.  Қазiргi  уақытта   Парижде
бұқаралық газет болып “Паризьен” газетi саналады.  Редакция  ұжымы  газеттiң
формасын жаңартуды ойластыруда.
    Баспасөз интернеттен өз орнын табу үшiн  ұмтылуда,  iзденiсте.  Әлемдiк
жүйенi  пайдаланып,  түсiмдi  көбейткiсi   келетiндер   аз   емес.   Себебi,
интернеттiң аудиториясы күннен-күнге өсуде. 1999 жылы  абонентердiң  240%–ге
өскенiне  қарамастан  Франция-Германия  және   Англиядан   қалық.   Англияда
пайдаланушылардың саны 18%, Германияда 19,4%, Францияда 9,8 %-ке өстi.
    Телерадиосы.   2000   жылы   Франция   телевидиниесiнiң   жалпы   дамуы
тенденциясында аса күрделi өзгерiстер болған жоқ. Соңғы үлгiдегi  технология
телекоммунациялық жүйелердiң, мультимедиалық жүйелер  мен  көре  алмаушылық,
бәсекелестiк, жеке телекомпаниялардың өсуiне әкеп  соқты.  Олар  халықаралық
деңгейде шығуды көздеп  отыр.  Мемлекеттiк  телевидение  көп  уақыттан  берi
тоқырауда келе  жатыр.  Ол  қаржы  жағдайын  жақсартып,  аудиториясын  ұстап
қалуға  тырысқанмен   еш   нәтиже   шықпады.   Спутниктiк   және   кабельдiк
телевидиниенiң ауқымды даму барысында “ТФ-1” деген жеке меншiк канал  елдегi
ең танымал канал болып қала бердi.
    Бүгiнгi таңда көрермендердiң 40%-ы ең сенiмдi ақпарат көзi  деп  “ТФ-1”
есептейдi. Ал оның  басты  бәсекелесi  “Франс-2”-ге  тек  20%-i  ғана.  Арна
аудиториясының негiзiн жас әйелдер құрайды.  Ендiгi  уақытта  “ТФ-1”  өзiнiң
“нысанасы”  етiп  жанұяларды  қоюды  мақсат  еттi.  Көп  көңiл   52-минуттық
сериалдарға бөлiнедi. “ТФ-1” көбiне  спорттық  бағдарламаларды  сатып  алуға
тырысады. “ТФ-1”  Сиднейде  өтетiн  Олимпиядалық  ойындарды  трансляциялауға
асығады. Футболдан 2002  жылғы  әлем  чемпионатынан  көрсету  үшiн  белсендi
түрде  күрес  жүргiзедi.   Себебi,   жарнамадан   түсетiн   түсiмнiң   үлкен
болатындығына кепiлдерi мол. Мемлекеттiң ең iрi  телекомпаниялардың  бiрi  –
“Франс Телевизьон” барлық каналдарын есептегенде  “Франс-2”  және  “Франс-3”
үлкен бiр тоқырау мезетiнде тұрып  қалды.  Үкiметтiң  компаниядан  холдингке
ауысу   мүмкіндігі   тұр.   Мемлекет   тарапынан   компанияны   қаржыландыру
тоқтатылды.  Сондықтан  қосымша  ақша  табу  мақсатында  бос  эфир   уақытын
(жарнамалар  мен  хабарландыру  үшiн)  сату   жұмысы   болған.   50-минуттық
фильмдердiң  12  минуты  жарнамалық  “тукели”.  Қаржының  тапшылығы   кейбiр
хабарлардың сапасыз шығуына себеп болып отыр. “Франс-2”  каналы  мен  финанс
жағдайының нашарлығынан емес оның өзiндiк нәтижесi  болуы  қажет.  “ТФ-1”-дi
қайталамай,  ақшаны  қалай  табу   жолдарын   iздестiргенiмiз   үшiн   бiздi
айыптайды. “Франс-телевизьионның” “Франс-2”-нi қайталауы үшiн айыптайды.
    1. Beur FM
    2. Evasion FM
    3. OUI FM
    4. Radio compus Paris
    5. Radio France
    6. Radio France Internationale
    7. Radio latina
     1. “Beur FM»- Франциядағы магребтiк қоғамдастықтың радиосы. Күнделiктi
жаңалықтарды,  Франция  елiнiң  тыныс-тiршiлiгiн,  эфирге  өзiнiң  музыкалық
көркемдеумен шығып отырады.
    2. «Radio France» - саяси жаңалықтарды, аймақтық, экономикалық,  мәдени
және халықаралық жаңалықтарды енгiзiп отырады.

    3.  «Француз  радиосының  халықаралық  қызметi».  Бұл  дүние  жүзiндегi
әлемдiк  ақпараттық  радио  деп  есептеледi.   Франция   радиосының   барлық
ақпараттық газет-журналдары бар. Франция радиосын  Интернет  картасында  бес
тiлде ести аламыз. Француз радиосы  Париждегi  мәдени  өмiрдiң  көрiнiстерiн
ұсынады.
    4. «Radio Latina» -  қоғамдық  радио.  Мұнда  көбiнесе  қоғамдық-саяси,
экономикалық жаңалықтарды күнiнде бiр сағат сайын берiп отырады. Кешке ойын-
сауық  бағдарламалары,  сергiтетiн  шоулары  берiледi.  Сондай-ақ,  спорттық
жаңалықтардан хабардар етеді. Көбiнесе қоғамдық жаңалықтарды беруге  уақытты
көп бөледi.


Бақылау сұрақтары:
1. «Гавас» агенттігі қай жылы  дүниеге келді?
2. «Ашетт» тобы қандай өнімдер шығарады?
3. «Монд» газетінің ұстанымы қандай?
4. Эрсан тобының  басылымдары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Шарончикова В. СМИ Франции. М.,1985.
2. Сухорукова Л. Еженедельники в системе  средств массовой информации
   Франции. М., 1990.
3. Сапунов  В.И. Зарубежные информационные агентсва. СПб.,2006.
4.  Рамазан А.Ә. Шетел журналистикасының тарихы.  - Алматы, 2006.


7 - Дәріс. АҚШ БАҚ-ның дәстүрлері.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1.  АҚШ ­тағы баспасөз монополиялары.
2.  АҚШ   ақпарат әлеміндегі  трансұлттық корпорациялардың орны.
3.  АҚШ журналистикасының жарық жұлдыздары ­ Л.Кинг, О.Уинфри.
4.  АҚШ­тың беделді басылымдары.


      Америка  баспасөзінің  пайда  болуы.  Ағылшын  газеттері   үлгісіндегі
алғашқы басылымдардың бағыт-бағдары.
      Электронды   ақпарат   құралдарының   дүниеге   келуі.    Баспасөздегі
монополиялану ісінің қалыптаса бастауы. Әлемді дүр сілкіндірген  Херст  ісі.
Америка БАҚ -ның ұстанымдары.
      Баспасөз - бизнес көзі. Америка БАҚ-ның заңмен қорғалынуы. Америка БАҚ
- төртінші билік иесі. Америка баспасөзі - демократия сақшысы.
      Америка   журналдарының   ақпарат   рыногындағы   орны.   Журналдардың
қалыптасуына Г.Люс пен Б.Хадденнің қосқан үлесі.
      Американың беделді газеттерінің баспасөз әлеміндегі орны. Ірі баспасөз
монополиялары.  Р.Мэрдоктың  баспасөз  империясы.   “Ганнет“   компаниясының
ұстанымдары.
      “Ассошиэйтед пресс“,“Юнайтед пресс“, “  ЮСИА“ агенттіктерінің қызметі.
      Журналистика саласындағы марапаттаулар.
      Америка Құрама Штаты - батыс жарты шардағы iрi мемлекет. Оның  барлық
жерi түгелдей дерлiк солтүстiк Америкада. АҚШ-тың шығысында  Атлант  мұхиты,
ал батыс жағалауында Тынық мұхиты жатыр. АҚШ - федеративтi  ел.  Астанасы  -
Вашингтон қаласы. Халқы - 263 млн.  Жер  көлемi  -  9  млн.  363  200  шаршы
шақырым. Мемлекет басшысы - Президент.  Тiлi  -  ағылшын  тiлi.  Валютасы  -
доллар.
    АҚШ басылымдарының көбi газет трестерiнiң, синдикат пен компанияларының
еншiсiнде. Олардың алдыңғы қатарлары - «Ганнет компани» -  90  -  нан  астам
газетi бар. «Найт Р идер Ньюзпейперз» - 32  газет; «Херст Корпорейшн»  -  26
күнделiктi газет, 17 жексенбiлiк газет, 13 журнал; «Трибюн компани», «Нью  -
Йорк  Таймс  компани»,  «Нью  Америка   паблишинг»,   «Тайм   инкорпорейтид»
компаниялары.
    Газет-журналдары
-«The Washington Post»; ұлттық және халықаралық жаңалықтарды жазады. Тiлi  -
күрделi. Оқырмандары, тiптi американдықтардың өздерi де  кәсiби  сөздiктердi
қолдануына тура келедi. Таралымы - 763 305 дана.
 - «The  New  York  Times»;  Негiзiнен  Нью  -  Йорк  қаласының  жаңалықтары
басылады.  Саясат,   экономика,   қаржы,   спорт,   мәдениет   тақырыбындағы
материалдарды оқуға болады. Газеттiң  ұраны  –  «Басуға  болатын  кез-келген
жаңалықты басамыз». Таралымы - 1086 293 дана.
-«Los Angles Times»; Лос - Анджелес қаласы  мен  қала  сыртқы  жаңалықтармен
таныстырады. Таралымы - 1078 186 дана.
- U.S. News; ұлттық және халықаралық жаңалықтарды таратумен айналысады.
- «Milwoky journal»; кешкiлiк газет. 1882 жылдан бастап шығады.  АҚШ  -  тың
ең танымал газеттерi ондығына кiредi.
- “News day»; таралымы  -  214  мың  дана.  1905  жылы  Манхеттен  қаласында
құрылып,  кейiн  орталығы  Нью-Йорк  қаласына  көшiрiлдi.  Америка  саясаты,
бизнес, экономика, мәдениетiне қатысты  мақалалар  басылады,  сонымен  қатар
спортқа да ерекше көңiл бөлiнген. Таралымы - 634 627 дана.
-«The  Shadow»  –  бұл  -  белгiлi  бiр  топқа  арналған  газет.  Оқырмандар
контингентi  шектеулi.  Атының  өзi  «Көлеңке»   -  газет  бағытын  көрсетiп
тұрғандай.
- «Fortune» - АҚШ-қа қатысты әр түрлi материалдар басумен шұғылданады.
-«Time» – АҚШ-та беделi бар газет. Түрлi тақырыптағы  материалдарды  басады.
Шетелде 40 басылымы бар.
- «Soldier of fortune» -  әскери адамдарға арналған  газет.  Айына  бiр  рет
шығады. Қару-жарақ туралы қызықты материалдарды,   АҚШ   әскерилерiнiң  жайы
туралы хабар алуға болады.
- «People» - көпшiлiкке арналған газет.  Халықаралық  қатынасқа  жiтi  көңiл
бөледi.
- «Forbes» -  ірi  бизнес  және  банк  пен  корпорациялар  жөнiнде  хабаршы.
Негізінен экономистерге арналған журнал.
-  «Billboard»  -  Музыка,  музыкалық  аспаптар  туралы  жазатын  бірден-бір
басылым.
- «SF Gate» - Сан-Франциско  қаласының  газетi.  Саясат,  экономика,  спорт,
мәдениет жаңалықтарын қамтиды.
- «Chicago  tribune» - Чикаго қаласының жергiлiктi газетi . Таралымы  -  657
690 дана.
- «Boston Herald» - Бостон қаласының ескi газеттерiнiң бiрi. Негiзгi  бағыты
мәдениет пен өнер жаңалықтары.
- «The economist»  -  Американдық  және  ағылшын  авторларының  саясат  және
экономика туралы мақалалары, сараптау мақалалары жарияланады.
- «Better Homes and gardens»  -  арнаулы  газет.  Интерьерлер  дизайны  және
өсiмдiктермен шұғылданатын адамдарға арналған iрi басылым.
- «TV- Guide» - теледидар бағдарламаларымен  таныстыруды мақсат тұтады.
- «Select» - көпшiлiкке арналған газет. «Таңда» деп  аударылады.  Кез-келген
тақырыпта мақала, заметка, хабар-ошар оқуға болады.
-  «Wall  Street  Journal»  -  Нью-Йоркта   шығатын   күнделiктi   саяси   -
экономикалық газет. Таралымы - 1 752 693 дана.
- «U.S. Today» -  1982 жылдан бастап  «Ганнет компани»  тарапынан  құрылған:
көңiл көтеретiн материалдар, қызықты ойындар  басым,  тереңдетiлген  ақпарат
пен сараптауларды таба алмайсыз. Таралымы - 1 671 539 дана.
1. «Cosmopolitan» - қыз-келіншектерге арналған журнал. Сан  түрлi  кеңестер,
көңiл-көтеру мақалалары берiледi.  Бiрiншi  бетiне  мiндеттi  түрде  танымал
өнер жұлдыздарының суретi басылады. Ішi-сырты түрлi - түстi.
    Америкадағы    әйелдерге    арналған     басылымдар.     “Космополитен”
(“Cosmopolitan”). Бұл американың ең көне журналы,  өткен ғасырдың 1886  жылы
негiзi  қаланған.  Ол  жанұялық,  әйелдер  журналы  және  әлемдiк   БАҚ-тағы
лидерлiк жүйеден орын алған.  “Космополитен”   Херстiң  ең  iрi  американдық
корпорациясында 1895 жылы тағы жарық көрген. Журналдың негiзiн У.Р.  Херстом
қалаған. Америка мен Европада  1905  жылы  14  күнделiктi  және  30  апталық
газет, 20  журнал  шығады,  сондай-ақ  кiтап  баспа  жұмысымен,  радио  және
теледидармен айналысады.
    “Космополитен” -  әлемдегi 80-ге жуық елде 33  баспа  табақ  болып   21
тiлде шығады, оның  әлемдегi оқырман аудиториясы - 27 млн. қыз-келіншектер.
    2004 жылы “Космополитен”  журналының орыс тiлiнде  жарық  көргенiне  он
жыл толды,  “Cosmo» - бұл табыс деген сөзден шыққан  болатын.  Таралымы  450
мың  дана,  оның  оқырман  аудиториясы  2  миллионға  жуық,  әрбiр   нөмiрiн
қалдырмай, күнiне  шамамен 4-5 млн. адам оқиды. Бiздiң елде ол  “Ең  бiрiншi
басылым” компаниясы “Ендепендет медиа”  (endependent  media),  осы  журналды
және басқа да журналдарды Херст корпорациясы шығарады. “Ендепендет медиа”  –
голландық компания  1992  жылы  Ресейде  құрылған.    “Ендепендет  медиа”  –
Ресейлiк  нарықтағы  газеттер  мен  журналдар  басылымы.  Ағылшын  тiлiндегi
журналдар “Москоу таймс”  (“The  Moscow  Times”),   “Санкт-Петербург  таймс”
(“The St.Peterburg times”), орыс тiлiнде  “Капитал”  және  тағы  да  ағылшын
тiлiнде  “Раша  ревью”  (“Russia  revieue”)  журналы  басылып  шықты.  Херст
компаниясы  1998  жылдың  соңында  17  басылым   шығарды.     “Космополитен”
компаниядағы ең  бiрiншi  әйелдер  журналы  болып  қала  бередi.  “Пилотный”
журналы 1994 жылдың сәуiр айында  -  “Харперс  базар”  (70  мың  дана)  және
төртiншi 1997 жылы наурыз айында “Мари Киер” ( 50  мың  дана)   болып  жарық
көрдi.
    “Космополитен”  журналының бiрiншi ресейлiк нөмiрi  1994  жылы  60  мың
дана, 130 бетпен жарыққа шықты.
     Бұл журнал қазiргi жас әйелдерге арналған,  сән,  әдемiлiк,  денсаулық
және  тағы басқалары жайында жазады. Бiрақ   “Cosmo-ның”  басты  тақырыбы  –
әлем әйелдерiнiң сезiмi, оның жұбайына деген  сүйiспеншiлiгi,  достары  және
ұжымы, балалары ата-аналары жайында көбiрек жазады.
     Бiрiншi нөмiрi үш бөлiмнен тұрған: “Сен және әдемiлiк”(тоғыз  мақала).
Келесi нөмiрiне  тағыда  екеуi  қосылды:  “Өмiр”  және  “Жұлдыз”.  Сондай-ақ
журналдың  айдарлары:  “Бiзбен   бiрге”,   “Жүрек   соғысы”   (оқырмандардың
хаттарына психолог жауап бередi), “Денсаулық”, “Үйдегi спорт  зал”,  “Ақша”,
“Оның  көзқарасы”,  “Тамара  Глобаның  жұлдызнамасы”,  “Саяхат”,  “Сiз  бұны
қайдан сатып алдыңыз?” (дүкеннiң мекен-жайы, қайда аяқ киiм  сатылады,  киiм
және  аксессуар)   осының  барлығы  журнал  беттерiнде  жарияланады.  Барлық
айдарлар  ағылшын   әйелдер   журналы          “Космополитеннен”    алынған.
Журналдың   көпшiлiгi  аударылған  метериалдар.  Бiрiншi  нөмiрiнде   45-бет
болды, сондай-ақ  “Cosmo” тегiн таратылады, бұл жарнама  негiзiнде  батыстық
фирмада басылып, “Эскада” (Киiм жарнамасы), “Христиан  Диор”  (Иiс  су  және
косметика), “Синержи” (Косметика) “Карты” (Сағат).   Осы  жарнамалар  көптеп
берiледi, сондықтан   “Cosmo”   қолдан-қолға  таралып  отырады.  Оны  барлық
әйелдер  оқиды.   Ресейде        “Космолитен”   бiрiншi  “Глянцевый  журнал”
(“glossy magarine”) – сәндi,  иллюстративтiк  бай  журнал  болып  шықты.  Ол
американдық  марканы  қолданып,  әлемде  өзiнiң  экономикалық  көрсеткiшiмен
танылды.  “Космолитен”   әйел-аналарға  арналған  басылым,  өте   қарапайым,
түсiнiктi және сапалы. Кейбiр үлкен жастағы әйелдер “Космоны”  оқып,  өзiнiң
түсiнiктерiн толықтырады  деген  түсiнiк  те  жоқ  емес.  Белгiлi  журналдың
таралымы -  1997  жылы  350  мың  данаға  дейiн  көтерiлдi  деп  жазды  И.И.
Засурский өзiнiң диссертациясында “Cosmopolitan” ағылшын журналы  1994  жылы
мамыр айында 320 бет және қосымша     арнайы бетпен  шығарылды,  бағасы  2,5
доллар құрады.
     “Космополитен”  журналында  жарнама  көптеп  берiледi.  Мұнда  жарнама
мамандары,  астрологтар,  психологтар   және  сексологтар,  танысу  хаттары,
әйелдер үшiн әртүрлi сенiм телефондары қызмет атқарады.
    “Космополитен” ағылшын әйелдер журналы барлық басылымдар iшiнде бiрiншi
орын  алады.  Пайда   болғаннан   бастап   “Cosmopolitan”   (“Космополитен”)
журналының таралымы көп болған. Бұл журнал супермаркет және  басқа  дүкендер
арқылы  сатылады.  Негiзгi  сату  орындары:  дөңгіршіктер  мен  басқа  сауда
нүктелерi.
    ХХI ғасырдың алғашқы жылдарында АҚШ-та күнделiктi газеттердi сату-сатып
алу тұрғысында аса iрi мәмiлелер бекiтумен айшықталады.  Осының  нәтижесiнде
елдiң жетекшi газет компаниялары тiзiмiне  көп  өзгерiс  енiп,  ол  қайтадан
жасалынды. Мәселен,  Томсон  өзiнiң  иелiгiндегi  барлық  49  газеттi  сатып
жiбердi. Ол сондай-ақ Канададағы өзiне тиесiлi  газеттерден  де  (“Глоб  энд
мейлдан”  өзгесiнен)  құтылды.  Ендi  бұл  баспа   тобы   бар   күш-қаржысын
электрондық бизнеске бағыттамақ. Оның  22  газетiн  “Ганнет  компани”  сатып
алды. Өзге қожайындардан тағы да бiрнеше  газет  сатып  алған  бұл  компания
бұрындары да өзiнiң күнделiктi басылымдарының ортақ таралымы  жөнiнен  лидер
саналатын. Ендi ол күнделiктi газеттер саны бойынша да бiрiншi орынға  шығып
отыр – барлығы 99 күнделiктi газеттердiң  ортақ  таралымы  6,7  млн.  данаға
жеттi. Томсонның 17  күнделiктi  газетiн  АҚШ-тың  баспасөз  нарығында  1995
жылдан бастап жұмыс iстеп  келе  жатқан  “Коммьюнити  ньюспейперс  холлдингс
ИНК” сатып алды. Бұл компания  Алабама  штатындағы  Бирменгемде  орналасқан.
Иелiгiнде 96 күнделiктi газет, осының сыртында тағы 200 ұсақ  газеттер  бар.
Ол ендi  АҚШ-тағы  жетекшi  газет  компаниялары  тiзiмiнде  Томсонның  орнын
басты.
    “Нью-Йорк Таймс Компани” жетi ұсақ газеттi,  төрт  күнделiктi  және  үш
күнделiктi  емес  басылымдарды  сатып  жiбердi.  Бұл   басылымдар   Флорида,
Калифорния, Луизиана штаттарында таралады. Ендi бұл компания  иелiгiнде  тек
iрi газеттерден (“Нью-Йорк таймс” пен “Бостон Глоб”-тан) өзге 14  жергiлiктi
iрi басылымдар  ғана қалды. Наурыз айында “Трибюн компаниге”  “Таймс  Миррор
Компанидiң” қосылатындығы хабарланды. Бұл бағасы  жөнiнен  (18  млрд.  долл)
АҚШ-тағы, тiптi  газет  индустриясында  “жыл  мәмiлесi”  деген  атқа  лайық.
Осының нәтижесiнде, он бiр күнделiктi  аса  iрi  газеттерден  (“Лос-Анджелес
Таймс”, “Чикаго Трибюн”, “Балтимор Сан”, “Ньюсдей”)  тұратын  мегакорпорация
құрылды. Күнделiктi газеттерiнiң ортақ таралымы жөнiнен (3,5 млн.)  Ол  ендi
“Танкет компани” мен “Наит-Гиддерден” кейiнгi үшiншi орынға шығып отыр.
    Бiздi Америка газет индустриясының жарнамадан  түскен  түсiмінiң  өсiмi
қызықтырары сөзсiз. Барлық  БАҚ  түрлерi  iшiнде  жарнамалық  табыс  жөнiнен
газет саласы бiрiншi орынды иеленедi. 1999  жылы  АҚШ  газеттерi  жарнамадан
рекордтық табыс тапты – 46.3 млрд. доллар (1998  жылмен  салыстырғанда  өсiм
5.4 %). Ал 2002 жылғы табыс алдын ала мамандар  болжамы  бойынша,  59  млрд.
долларға жеткен.
    Газет  iсiнiң  сарапшылары  күтпеген  жаңа   тенденция   –   күнделiктi
газеттерiнiң  таралымының  құлдырауы  тоқтап,  жыл   басында   шамалы   өсiм
байқалған. Америка газет ассоциациясының мәлiметтерiне сәйкес бұл  өсiм  0,2
%-ы құраған (ал 1999 жылдан берi олардың ортақ таралымы 0,5 %-ке  құлдыраған
болатын), яғни бұл 113  мың  данаға  көбейдi  деген  сөз.  Сөйтiп,  АҚШ-тағы
күнделiктi баспасөздiң жалпы таралымы қайтадан 59 млн. данадан асқан.

    Нью-Йорк таймс. АҚШ-тағы алпауыт газеттердiң бiрi  -  “Нью-Йорк  таймс”
басылымының  құрылымы,  қызметкерлерiнiң  жұмысы,  тұрмыс-тiршiлiгi   туралы
мәлiмет бере кеткен артық болмас. Газет  штатында  төрт  мыңдай  адам  жұмыс
iстейдi, солардың 1200-дейi  журналистер.  Жаңалықтар  бөлiмi  өте  ауқымды.
Газеттегi қаржы саласын қамтып жазатын тiлшiлер саны 120-дан  асады.  100-ге
тарта журналист мәдениет мәселелерiмен  шұғылданса,  80-i  спорт  хабарларын
жазады. 65-тен аса журналист күнделiктi өмiр, тiршiлiк мәселелерiн  қамтиды.
Бұдан басқа толып жатқан бөлiмдер бар. Осы айтылып отырғандар  тiкелей  штат
қызметкерлерi. Оларға жылына 200 миллион доллар көлемiнде жалақы төленедi.

    “Нью-Йорк таймс” - бiрнеше басылымдардың басын қосқан iрi  конгламерат.
Оған сондай-ақ, iрi газет “Бостон глоб”, т.б. секiлдi он алты  газет,  сегiз
телестанса, екi радиостанса қарайды. Газеттiң өзiнiң бiрнеше веб-сайты  бар.
Сондай-ақ, газеттiң ақпараттық қызметi жұмыс iстейдi,  оны  800-дей  басылым
пайдаланады. Былтыр газеттiң жылдық табысы үш млрд. доллардан асқан.
    Газеттiң 43 шетелдiк тiлшiсi және 60 федералдық  тiлшiлерi  бар.  Бұған
қоса Нью-Йорк қаласының өмiрiн қадағалап жазатын  бiрнеше  жүз  тiлшiсi  осы
ғимарат iшiнде отырады. Жаңалықтарды жазатын  100  репортер  жұмыс  iстейдi.
Газет  осыншама  көп  ғимаратты  алып  отырғанымен,  журналистер   ғимаратқа
сыймағандықтан,  олар   бұдан   өзге   жерден   де   кеңсе   жалдап,   бiраз
қызметкерлерiн сонда отырғызған. Сондықтан қазiр қала iшiнен  жер  алып,  69
қабатты жаңа зәулiм үй салдырып, ол 2005 жылы пайдалануға  берiлді.  Газетте
негiзгi қызмет iстейтiн төрт мың адамнан басқа, келiсiм-шарт  бойынша  жұмыс
iстейтiн одан үш  есе  көп  адам  бар  екен.  Олар  әр  қиырынан  күнделiктi
материалдар жiберiп отырады. Сондай-ақ, газеттегi  негiзгi  33  фототiлшiден
басқа, сырттан 70-тен аса фотожурналист жеке-жеке салаға бөлiнiп,  өздерiнiң
бейiмделген  жүйесi  бойынша  терең  зерттеулер  жүргiзедi.  Мәселен,  спорт
журналистерiнiң бiреуi боксты қамтыса, екiншiсi тек бейсболды  жазып,  соның
ұңғыл-шұңғылын зерттеп жатады. Сол сияқты,  музыка  мамандарының  iшiнде  он
бес тiлшi бар екен, әрқайсысы  бiр ғана салаға бейiмделген.
    Газет күн сайын төрт рет әлсiн-әлсiн жаңарып шығып отырады. Әрi оның әр
аймаққа  бейiмделген  нұсқалары  бар.   Мысалы,   Вашингтонға,   Нью-Йоркке,
штаттарға - барлығы он бiр аймаққа арналып  шығарылады.  Газет  1993  жылдан
берi түрлi-түстi болып  шығады.  Бұл  басылымның  қалыңдығы  мен  беттерiнiң
көптiгiне таң қаласың. Осының бәрiн қашан оқып болады дерсiң.  Алайда  әркiм
қашан оқып керегiн алатыны белгiлi. Мәселен,  осы  газеттiң  жексенбi  күнгi
саны 5,5 кг болып шығады. Соның тең жартысынан астамы  –  жарнама.  Сол  бiр
нөмiрдiң өзiнен ғана 25 млн. доллар табыс түседi.
    “Ю-Эс-Эй тудей” - Америка Құрама  Штатындағы  жалпы  ұлттық  күнделiктi
газет. “Ю-Эс-Эй тудей” - Ганнет корпорациясының беделдi  басылымы.  Газеттiң
штаб  квартирасы  -  Вирджиния  штатында  орналасқан.  Бұл   газет   қазiргi
технологияның газет бизнесiне  әкелген  ғажайып  өзгерiстiң  айқын  көрiнiсi
болып табылады. “Ю-Эс-Эй тудейдiң” басты  мақсаты  -  мерзiмдi  басылымдарды
телевидениенiң бәсекелесi дәрежесiне жеткiзу.
    “Ю-Эс-Эй тудей” түрлi-түстi графиканы кеңiнен  қолдана  отырып,  көбiне
қысқа  хабарлар  бередi.  Американың  барлық   жерiндегi   баспаханаларында,
сонымен  бiрге  Еуропа  мен  Азияда  бiр  мезгiлде  басылу  үшiн  спутниктiк
технологияны пайдаланады.
    Газеттiң алғашқы номерi 1982 жылы жарық көрдi.  Қазiр  “Ю-Эс-Эй  тудей”
оқырмандарының саны алты млн-ға жеткен. Редакция мен басшылары он  жыл  бойы
күш-жiгерлерiн, қаржысын  оқырмандарды  өздерiне  тарту  мен  жоғары  сапалы
технологияны сатып алуға жұмсаған.
    Газет тiлшiлерiне материал жазуға жағдай өте жоғары дәрежеде  жасалған.
Мәселен, олар “Лап-топ” (жылжымалы компьютер) арқылы өз  материалдарын  кез-
келген жағдайда жазуға  мүмкiндiктерi  бар,  тiптен  мұндағы  журналистердiң
ақпарат агенттiктерiнiң соңғы жаңалықтарын бiлгiсi келсе,  компьютер  арқылы
тыңдауға мүмкiндiгi  бар.  Сонымен  қатар  бұл  компьютердiң  арқасында  оны
спутниктiк антеннаның кез-келген нүктесiне қоса отырып, өз  хабарын  спутник
арқылы редакцияға бере алады.
    Газет редакциясының кез-келген бөлiмiнде телеқабылдағыштар «Си-эн-энға»
немесе жаңалықтар бағдарламасына арналып қойылған.
    “Ю-Эс-Эй тудейдiң” әрбiр секциясының бiрiншi  бетiндегi  “Кавер  стори”
бiрден  көзге  түседi.  Яғни,  журналдардағы  сияқты,  әр  секцияның  мәндi,
негiзгi мақалалары, соған сәйкес  иллюстрациялар  берiледi.  Сондай-ақ,  бұл
газеттi  күнделiктi  ерекше  оқиғамен   бiрге,   АҚШ-тың   айтулы,   ауқымды
проблемаларына көп көңiл бөлiнедi.  Бұл  газеттiң  басқа  басылымдардан  бiр
ерекшелiгi американың барлық штаттарының жаңалықтарын қамтиды.
    ”Ганнет” компаниясының басшысы Ньюхарттың айтуына  қарағанда,  “Ю-Эс-Эй
тудей” АҚШ-тағы халықтарды бiртұтас ұлт ретiнде  бiрiктiруге,  осы  мәселенi
түсiндiруге қызмет етедi. Бұл  сөздер  газет  ұраны  ретiнде  алғашқы  бетте
басылып отырады. “Ю-Эс-Эй тудей”  негiзiнен  телевидение  дәуiрiнде  дүниеге
келген, жастарға арналған басылым. Газет тиражының 15-17%-ын немесе 200  мың
данасын авиакомпаниялар мен  қонақүйлер  сатып  алып,  тұтынушыларына  тегiн
таратады.  Осыған  байланысты  оны  туристер  мен  қонақ  үйлерге  тоқтайтын
адамдарға  арналған  деп  атайды.  Статистикалық   мәлiметтерге   қарағанда,
басылым мекенiн жиi ауыстыратын адамдар арасында өтiмдi екен.
    Газет редакторы Диюн Куини “Әр газеттiң өз қозғаушы күшi бар”, - дейдi.
Мәселен, “Вашингтон пост” – репортер болса, “Нью-Йорк таймс” – редактор,  ал
“Ю-Эс-Эй  тудейлiктер”  үшiн  -  оқырман.  Газет  қызметкерлерi  қандай   да
болмасын трагедиялық жағдайдың өзiнде  қара  түнектi  қаптатпай,  оптимистiк
формулировка жасауға тырысады.
    Газеттiң әртүрлi атаумен шығатын бiрнеше қосымшалары бар.
    “Ю-Эс-Эй тудей радио” – газетте жарияланған қызықты,  көңiл  аударарлық
мақалаларға шолу жасайтын бөлiм. Материалдар текст, әрi  магнитофондық  жазу
түрiнде берiледi. Бұлардың таралуына «Эй-Би-Си» радио жүйесi мен  оның  2200
бөлiмшелерi көп ықпалын тигiзуде.
    “Ю-Эс-Эй тудей аптейт” – әлемдегi iскер адамдарға  электрондық  ақпарат
арқылы   қызмет   көрсету   орталығы.   Материалдар   газет   оқырмандарының
компьютерлерiне  таңғы  сағат  төрттен  бастап  түседi.   Ондағы   берiлетiн
ақпараттар он  сегiз  категорияға  бөлiнiп  жiктеледi:  он  үшi  мамандыққа,
өнеркәсiптiң  кейбiр  салаларына  байланысты,  он   төртi   жалпы   қоғамдық
жаңалықтарға, бiреуi күнделiктi болып  жатқан  оқиғаларды  кеңiнен  талдауға
арналған.
    “Ю-Эс-Эй тудей спорт хотлайнның” мыңнан аса жазылушысы бар. Ол  телефон
арқылы өз оқырмандарын екi минут iшiнде соңғы спорт жаңалықтарымен  құлағдар
етiп отырады.  Тәулiк  бойы  жұмыс  iстейдi.  Сенбi,  жексенбi  күндерi  бұл
телефонға 25 мың адам қоңырау шалады.
    “Ю-Эс-Эй  тудей  бкус”  –  газетте  жарияланған  материалдар  негiзiнде
кiтапшалар шығарумен  айналысады.  АҚШ  портреттерiн,  комикс  кiтапшаларын,
кроссвордтар, саяхаттанушыларға  кеңестердi  және  осы  сияқты  тақырыптарда
қосымшалар шығарып отырады.
    “Ю-Эс-Эй  тудей  онлайн  лабрэри”  –   “Ганнет”   компаниясының   бүкiл
ақпараттары мен газет материалдары  жинақталған,  компьютерлiк,  анықтамалық
кiтапханасы.
    “Ю-Эс-Эй тудей класслайн тудей” – мектептегi бiлiм  жетiлдiру  жүйесiне
арналған, төрт беттен тұратын қосымша. Бұл қосымша аптасына  екi  рет  шығып
отырады.
    Газет, сонымен қатар, теледидарда “Ю-Эс-Эй тудей” деп аталатын  телешоу
ұйымдастырады. Бұл күн  сайын  30  минуттан  (сенбi,  жексенбi  күндерi  бiр
сағат)  жүргiзiлетiн  хабар.  Ол  газеттiң  “жаңалықтар”,  “Ақша”,  “Спорт”,
“Өмiр” деп аталатын секцияларының негiзiнде  жүргiзiледi.  Қр  секцияның  өз
жүргiзушiсi   бар.   Телебағдарлама   сонымен   бiрге   компанияның    басқа
штаттарындағы телестанциялардың  бейнематериалдарымен  толықтырлып  отырады.
Ал, газеттiң  жексенбiлiк  қосымшасы  “Ю-Эс-Эй  уик-энд”  14.5  млн  данамен
таратылады.
    “Ю-Эс-Эй тудей” агенттiгi электронды почта жанрының  алғашқы  ашушылары
болып  табылады.  Ол  өзiнiң  мәлiметтерiн  көп  жылдардан  бері   хабарлама
тақталары мен байланыс жүйелерiне сатып отырады.
    “Ю-Эс-Эй  тудей”  газетiне  электронды  хабарламаларды  және  басқа  да
мәлiметтердi ақысыз пайдалануға мүмкiндiк берілген.  Қазiргi  уақытта  газет
бұл жүйеден аптасына бiр рет қана алатындықтан, апталық  жаңалықтарды  басқа
жерлерден  алып   отырады.   Газет   тiлшiлерiнiң   кәсiптiк   деңгейлерiнiң
нәтижесiнде  “Ю-Эс-Эй   тудей”   газетiнiң   өзiне   тән   терiмi,   айшықты
тақырыптары,  материалдардың  қысқа  әрi  нұсқалығы  оқырмандардың   назарын
бiрден өзiне аударып отырады.
    “Ю-Эс-Эй тудей” жарнама арқылы өзiнiң шығындарын түгелдей жойып отырып,
кiрiс те кiргiзiп отырады. Газеттiң кiрiсiнiң бiр  түрi  әртүрлi  қосымшалар
арқылы да түсiп отырады.
    Газеттiң негiзгi ақпараттық стратегиясы  Америка  Құрама  штаттарындағы
және әлемдегi маңызды саяси  оқиғаларды  еш  боямасыз,  шындықпен  түсiндiру
болып табылады.


Бақылау сұрақтары:
1. «Уотергейт» оқиғасының маңызы неде?
2. «Нью­Йорк таймс» газетінің ұстанымы қандай?
3. «Ю­эс­эй тудей» газетінің жетістікке жету себебі неде деп  ойлайсыз?
4. О.Уинфри бағдарламалары  несімен ерекшеленеді?
5. К.Грэммнің  АҚЩ журналистикасындағы орны қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Михайлов С.А. Журналистика США.СПб., 2004.
2. Андрунас Е, Информационная элита: корпорации и рынок новостей, М., 1991.
3.Михайлов С.А. Современная  зарубежная журналистика : правила и  парадоксы.
- СПб.2002.
4. Интернет ресурстары.


8 - Дәріс.  Германия баспасөзінің даму ерекшеліктері.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1.  Германиядағы баспасөз монополиялары.
2.  Г.Вальраф публицистикасының ерекшелігі.
3.  Шпрингер басылымдары.

      Баспасөздің дамуындағы Германияның айрықша  рөлі.  Кітап  басу  ісінің
дүниеге келуі. ХУ1 ғасырдағы кітап басу ісінің пайда болуы.
      Баспасөздегі шоғырлану процесінің басталуы. Бұл істі өркендетудегі  Р.
Моссе, А. Шерл, Л. Ульштайн,Ф. Котталардың рөлі.
Екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезіндегі  басылымдар.  Идеологиялық   заказдың
орындалуы.
      Неміс   баспасөзі   концентрациялануының    қарқынды    дамуы.    Жаңа
монополиялардың құрылуы.  Шпрингер  империясы.  «Грунер  унд  яр»,  «Бурда»,
«Генрих  бауер ферлаг» концерндері.
      «Берлин қабырғасы»  тұсындағы бұқаралық ақпарат құралдары. Неміс
журналистикасының қазіргі бейнесі. Ақпарат агенттіктері.
    Немiс баспасөз тарихы өте қызықты әрi күрделi. Оның  барлығын  сығымдап
ұсыну немесе көрсету мүмкiн емес. Басын сонау Иохан Гутенбергтен бастап  осы
күнгi  баспасөз  магнаттарына  айналған  Ахсель  Шпрингер   Ферлагтың   алып
концерндеріне  дейiн  Германияның  баспасөз  тарихынан  талай  шарықтау  мен
өтпелi кезеңдер кездеседi.
    Германиядағы  газет-журнал  концернiнiң  негiзiн  қалаушы  –   Леопольд
Ульштайн  (1826-1899).  Ол  атақты  қағаз  саудагерiнiң  отбасында   дүниеге
келген. 1848 ж.  Берлин  қаласында  өзiнiң  қағаз  iсiмен  маманданған  жеке
фирмасын ашқан. Мұнда “солшыл” демократтармен:  Франц  Дункер,  Людвиг  Лёве
және Рудольф Вирхомен тағыз қарым-қатынаста болады.  Ульштайн  тек  баспалық
бизнеспен айналысып қана қоймай, сонымен бiрге  саясатқа  қатты  қызығушылық
танытады.  1871  ж.  Ульштайнды  Берлин  халықтық  жиналысқа  депутат   етiп
сайлайды. Алты  жыл  бойы  саясаткер  болып,  кейiннен  өмiрлiк  кәсiбi  мен
мақсатына айналған баспалық iсіне  қайтып  оралады.  Оның  ойынша,  газет  –
халықтық, қоғамдық ойдың  қалыптасуына,  қоғамға,  мемлекетке  ықпал  етудiң
бiрден-бiр құралы. Сонымен, 1877  ж.  Моссеге  үлкен  бәсекелестiк  туғызып,
“Шталь және Асеманн”  фирмасынан  “Нойс  Берлинер  таиблатт”  газетiн  сатып
алады  (Берлиндiк   күнделiктi   жаңа   парақша).   Сол   газеттiң   бұрынғы
журналистерiнiң  барлығын  дерлiк  жұмысқа  шақыртып  алды.  Дәл  сол   жылы
Ульштайн  әрiптесi  –  Иозеф   Найсермен   бiрге   жауапкершiлiгi   шектеулi
серктестiк құрады “Ульштайн и Ко” құрады. Аталған уақыттан  бастап  Ульштайн
қызыққан баспа iсiнде армандаған нәтижелерге жете  бастайды.  1877  ж.  1-шi
қазанында   “Дойче   унион”   (“Германдық   кеңес”)   атты   кешкiлiк   және
таңертеңгiлiк газеттiң тұсауын кеседi. Оның бас редакторы  Бойтнер  болатын.
Бiраз жылдардан  кейiн  қаржылық  қиындықтарға  байланысты  “Дойче  унионды”
Лангманн  және  коллинға  берiледi.  Қарбалас  сәтте,  1878  ж.   1-қаңтарда
(Ульштайн күйреуге жақын қалған  таңертеңгiлiк  “Берлинер  цайтунг”  газетiн
сатып  алады)  Ульштаинның  жеке  бастамасы  бойынша  аталмыш  газеттiң  өте
қызықты қосымшалары  шыға  бастайды:  1880  ж.  заңгерлік  –  “Дойчес  хайм”
(‘Герман үйi”) атты тағы да  осы  секiлдi  жексенбiлiк  қызықты  “  Берлинер
гартенлаубе” (“Берлиндiк беседка”) атты  түрлi-түстi  қосымша  шықты.  Мiне,
осылайша 1879 ж. жазушылар саны 25  мыңға  толып,  жалпы  таралым  40  мыңға
жеттi. Мұндай көрсеткiш аталмыш уақыт үшiн өте үлкен жетiстiк едi.
    1880 және 1882 жылдар арасында  “Берлинер  майтуне”  газетiнiң  мөлшерi
өзiнiң либеральды-демократиялық бағыты және өткiр шыншыл  қөзқарастары  үшiн
прус парламентi мен канцлер тарапынан бiрнеше рет  кәмпескелеу  мен  айыппұл
төлеулерге  ұшырап  жатты.  Ульштайн  әрдайым   белгiлi,   майталман   шебер
журналистердi  өзiнiң  айналасына  жия  бiлдi.  Олардың   қатарында   әйгiлi
фемотонист әрi меценат – Филипп Штейн, саясаткер Густав  Адальф  Фишер  және
Исидор Леви бар едi. Ульштайн  және  оның  қарамағындағы  қызметкерлерi  мен
әрiптестерi  арасында  ешбiр  –  “бастық  пен   қызметшi”   қарым   -қатынас
болғанмаған. Керiсiнше, олар әрдайым бiрге,  тұтас  бiр  шығармашылық  бүтiн
топты, ұжым құрайтын. Бұл ұжымда кеңес, жиналыс, пiкiр  алмасу,  бiр-бiрiмен
санасу секiлдi  қатынастарды  көруге  болатын  едi.  Осы  үлкен  iстiң  иесi
Ульштайнның екi үлкен ұлдары – Ханс пен  Луи  әкесiне  көмектесiп,  қолқабыс
етiп, мұрагерлер ретiнде  жұмыстың  қыр-сырымен  танысады.  1881ж.  Ульштайн
Берлинде үлкен жер сатып алып, жаңа типография салды.  Ол  кейiннен  ондаған
жылдар бойы немiс астанасындағы  ең  iрi  баспалық  кешенге  айналады.  Жаңа
технологиялар мен техникалық жетiстiктер жұмыс қарқынын үлкендетуге  себебiн
тигiздi. Ульштайнның кiшi ұлы – Луидiң бастамасымен  кешкiлiк,  жексенбiлiк,
таңертеңгiлiк қосымшалар  шығаруды  қолға  алды.  Мұндағы  мақсат   халықтың
әртүрлі әлеуметтiк тобына арнайы газеттер  шығару.  Мысалы,  зиялы  қауымға,
шаруаларға,  бизнесмендерге,  үй  шаруасындағы  әйелдерге,  жастарға  сияқты
бөлек-бөлек топқа бөлiп қарап, сол сарынмен әрi қарай жұмыс атқарады.
    Ульштайнға қарасты газеттер:
      - “Берлинер цайтунг”
      - “Дойчес хайм”
      - “Берлинер гартенлаубе”
      - “Дойче уннон”
      - “Берлинер абендпост”
      - “Берлинер иллюстриерте цайтунг”
      - “Моргенпост – Нонес берлинер локальблатт”
      - “БЦ ам миттаг”
      - “Фоссише цайтунг”
      - “Моде вельт”
      - “Иллюстриерте фрауэнцайтунг”
      - “Дизес блат гекерт дер хауэзфрау”
      - “Практише берлиннерин”
      - “Ульштайн – шниттмустер”
    Ульштайнның ең басты бәсекелесi – Авгут Гуго Фридрих Шерл болды  (1849-
1921ж.ж) 1880 ж. бастап әкесiнен мұра ретiнде қалған. “Иллюстрирте  цайтунг”
газетiн басқару Шерлге тиедi. Кейiннен  Лейпцигтiк  баспагер  Генчпен  бiрге
бiрлесiп “Тэглихе Берлинер найихкайтен” (“Күнделiктi Берлиндiк  жаңалықтар”)
атты газет шығарды. Бiрақ, бұл газеттен  ешқандай  да  түсiм  болмағандықтан
олар тағы да жаңадан Берлинге қоныстаған қала тұрғындары үшiн  арнайы  “Нью-
берлинер” (“Жаңа берлиндiк  “)  атты  “Чикаго  денли  трибюн”  типтес  газет
шығарды.  1883ж.  бастап  Шерлдiң  өмiрiнде  алуан  түрлi  өзгерiстер   бола
бастады.  Сол  жылы  Шерл  Клара  деген  әпкесiмен  бiрлесiп  жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiк құрады, көптеген жылдар бойы арман еткен идеясы  жүзеге
асып, “Берлинер локальанцайгер”  атты  жаңа  газет  шығады.  Газеттiң  басқа
газеттерден  айырмашылығы  –  барлық,  жан-жақтан  келiп   жатқан,   әлемдiк
жаңалықтарды телеграфтан алып  жариялап  отырды.  Газеттердiң  өтуiн  ойлап,
Шерл газет тарататын екi мың адам жалдап, айлық бағасын  еш  өзгертпестей  –
10 пфеннинг етiп қалдырды. 1885ж. “Берлинер локаль –  Анцайгердiң”  тираждық
көрсеткiшi  150  мың  данаға  жетедi.  Бастапқы   уақытта   Шерлдi   ешкiмде
мойынсынбай,  мән  берiп,  санаспайтын  едi.  Бiрақ,  ол  өзiнiң  әсерiн  әр
әлеуметтiк топқа, атап айтқанда,  әйелдерге  арнайы  соңы  жазылу  науқасына
дейiн бiтпейтiн романдар жариялауды  машыққа  айналдырып  алады.  1888ж.  15
маусымда  “Берлинер  Ллокал  анцайгер”  Фридрих   Хайзердiң   өлiмi   туралы
хабарлаған  газеттердiң  бiрi  болып,  барлық  бәсекелестерiне  асық   болып
шығады. Әрине, бұл газеттiң қаржылық жағына оңды әсерiн  тигiзгенi  белгiлi.
Шерлге нағыз атақ пен байланысты 1895 жылғы 3 сәуiрде ең  бiрiншi  Берлиндiк
мекен -жайы кiтабын 30 мың данамен  (шығарды)  шығарылған  “Берлинер  адресс
бух глебх” (“Берлиндiк мекен-жай кiтабы”) атты фирма дүниеге  келдi.  Шерлге
қарасты сол кезде шығып тұрған газеттер:
      - “Иллюстриерте цайтунг”
      - “Теглихе Берлинер Нойхкайтен”
      - “Нью Берлинер”
      - “Берлинер локал-анцайгер”
      - “Берлинер Абденц цайтунг”
    “Найсте Берлинер Хангельс” – “унд  Берзеннахрихтен”   (Берлиндiк  сауда
және биржалық  жаңалықтар таратады).
    - “Ди Вохе”  (Апта)
    -   “ Дер Таг”  (күн)
    Қарапайым, ұсақ  баспагерден  үлкен  концерн  иесiне  дейiн  көтерiлген
Шерлдiң еңбегi мұнда аз  болған  жоқ.  Германияда  ең  алуан  баспагерлердiң
(қатарына)  кейiннен  үлкен,  алып  ақпараттың  концерн  иелерiне   айналған
К.Ф.Фосс, В.Г.Корн, Ф.И.Бертуха, Й.К.Ф.Шпенглердi  айтпай  кетпеске  болмас.
Бұлардың  әрқайсысы өз iсiнде iз қалдырған  қарапайымнан  күрделiге  ауысқан
жандар.  Өз заманында теңдесi жоқ iскер азаматтар болып, баспасөз  тарихында
жаңа жол салған.
    “Неміс толқыны”. 1953  жылы  Кельн  қаласында  “Deutshe  Welle”  (Н.В.)
“Немес  толқыны”  радиостанциясы  iс  бастап,  кейiннен   телебағдарламалары
шетелдiк  көрермендерге  арналған  арна  ашты.  20  жылдан  кейiн  1965-1970
жылдары эфирге ең алғаш “Неміс толқынының” телевизиялық бағдарламалары  шыға
бастады.  Бастапқы  кезде   бұл   бағдарламаларды   транскрипциялық   арнайы
“Халықаралық  аудиторияға”  арналған  қызмет  тобы   дайындайтын   едi.   Ол
бағдарламалар немiс, ағылшын, француз, испан, португал және араб  тiлдерiнде
шығып отырды. Бұндай бағдарламалар  көбiнесе  жоғары  оқу  орындарына  бейне
кассета түрiнде таратылатын. Жоғарыда аталған  тарнскрипциялық  қызмет  тобы
әлi күнге дейiн дәл  осындай  функция  атқарды.  Жыл  сайын  25  мыңға  жуық
кассета   таратылады.   1983   жылдан   бастап   “Неміс   толқыны”    өзiнiң
журналистерiмен дайындалған “Место  действия  –  Германия”  атты  бағдарлама
шығарды. Әрбiр 30  минуттың  бағдарламада  Германияның  бiр  облысы,  қаласы
туралы  шағын  тарихын,  қазiргi  жағдайын,   болашағына   болжауын   жасап,
немiстердiң  салтын,  психологясын,  өмiр  сүру  дәстүрiмен  етене  танысуға
мүмкiндiк беретiн едi. Осыдан кейiн  “В  фокусе  Европа”  атты  бағдарламасы
жарық  көрдi.  Бұл  өзiнiң  ерекшелiгiмен,  атап  айтқанда,  жеделдiлiк  пен
шеберлiгi   арқасында   жаңалықтары   таратымды   шығатын   болған.   “Неміс
толқынының” телебағдарламалары халықаралық деңгейде мойындалып,  халықаралық
телебағдарламалар байқауында жүлде алып  жатты.  Олар:  “В  фокусе  Европы”,
“Европеский журнал”, “Место действия  Германия”.  Ал  “Спортивный  репортаж”
бағдарламасына Нью-Йорктегi телевизиялық фестивальде “Final  Award”  жүлдесi
табыс етiлген едi. “Неміс толқынына” жаңа бiр леп, жаңа  импульс  әкелген  –
1989 ж.  бас  директор  болып  келген  Дитер  Вайрихпен  байланысты.  Берлин
қабырғасы құлатылғаннан кейiн “Неміс толқынының”  жұмысы  одан  әрi  жандана
түстi.  Вайрихтiң  айтуы  бойынша:  “Әлемдегi  барша  қауым  елде  не  болып
жатқанын, қандай жаңалықтар мен оқиғаға толы  өмiрiмiзден  хабардар  болғысы
келедi.     Оның     үстiне     соңғы     уақытта     немiс     мәдениетiне,
телерадиобағдарламаларына, немiс тiлiне деген  қызығушылық  көбейдi.  “Жалпы
батыс үйiнде” 120 млн-ға  жуық  адам  немiс  тiлiнде  сөйлейдi.  Германияның
бiрiгуiнен  кейiн  жаңа  техникалық  мүмкiндiктер  пайда  болды.  Сондықтан,
“Неміс толқыны” жаңа  телебағдарламалар легi өмiрге келе бастады. 1988  жылы
РИАСС радио базасында құрылған Американдық телестанциямен бiрiгiп  болашаққа
перспективалық жобалар құрылды. “Неміс толқыны” үшiн оның ұтымды жағы  әрине
– техникалық жабдықтауы едi. Соның  нәтижесiнде  Берлинде  телевизиялық  екi
дирекция құрылды. Оның функциясы – актуальдi телебағдарламалар дайындау,  ал
Кельндегi  дирекция  –  бағдарламаларды  бес  тiлге  аударып,   адаптациялау
маркетинг және жалпы өнiмдi әлемге таратумен айналысады.
    Қазiргi уақытта “Н.В.” тәулiк бойы  жұмыс  iстеуге  толығымен  ауысқан.
Бағдарламалары тұрақты түрде – немiс, ағылшын, испан тiлiнде  шығады.  Әрбiр
бағдарламалық сағат екiге бөлiнедi. Не  барлығы  бағдарламалық  сағат  үшеу.
Олар шартты түрде А, В және С деп аталады. Сонымен олар тәулiк  бойы  кезек-
кезек қайталанады (ағылшын және немiс тiлiнде). Қалған екi сағат бойы  испан
тiлiнде жүргiзiледi. “Неміс толқынының” тұрақты телебағдарламалары:
      - “Журнал” – ақпараттық жаңалықтар.
      - “Бүгінгі саясат”
      - “Мәдениет галереясы”
      - “Германия саяхатқа шақырады”
      - “Қабырғада ойнау”
      - “Бүгінгі Германия”
      - “Оқиға болған жер – Германия”
    Қазiргi уақытта бүкiл “Неміс толқынының” бiздiң Қазақстанда  тамашалау,
яғни көрермен болу мүмкiндiгi болып  отыр.  Кабельдi  қабылдағыш  антенналар
көмегiмен “Deutshe Welle”, “DW” бағдарламалардың немiс және ағылшын  тiлiнде
тәулiк бойы көре аламыз. “Deutshe Welle” – нiң басты ұстаған кредосы –  “...
Aus der Mittel Europa” яғни “...Еуропаның  жүрегiнен  немiс  орталығынан...”
деген мағынаны бiлдiредi.

Бақылау сұрақтары:
1. Бурда тобы туралы не білесіз?
2. Г.Вальраф журналистік зерттеуді қалай жүргізді?
3. Шпрингер оқырман тартуда қандай әдіс­тәсілдер қолданды?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Вальраф Г.Г. Репортер обвиняет.  - М., - 1988.
2.  Вороненкова Г.Ф. СМИ Германии в 90-е годы. - М.,1998.
3. Воснобойников Я.С. Журналист и информация. Профессиональный опыт
   западной прессы.  - М.,1993.
4. Ворошилов В.В. Журналистика. - Спб. 2000.

9 - Дәріс. Италия бұқаралық ақпарат құралдары.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1.  Италия баспасөзіне тән ерекшеліктер.
2.  БАҚ­тағы ірі топтар.
3.  С.Берлускони ­баспасөз магнаты.
4.  Спорттық газеттердің ақпарат рыногындағы орны.


      Ежелгі Рим  шежірелері  -  журналистиканың  бастау  көздері.  Цезардың
қолжазба басылымдары.
      Италиядағы кітап  басу  ісі.  ХУ11  ғасырдағы  «Каффе»,  «Оссерваторе»
басылымдарының баспасөз тарихындағы орны.
      Муссолини  билігі   тұсындағы   баспасөзге   салынған   тұсау.   Елдің
буржуазиялық демократия жолына өтуі.
      Солтүстік және Оңтүстік газеттері  арасындағы бөлініс. Газет шықпайтын
аймақтар.
    Астанасы - Рим. Жерi - 301,3 мың шаршы шақырым. Халқы – 5.73809 адам  (
2000  жылғы  санақ  бойынша  ).  Iрi  қалалары  -  Милан,  Неаполь,   Турин.
Мемлекеттiк тiлi - итальян тiлi. Ақшасы - итальяндық лира.
    Газет-журналдары.   Италия мемлекетiнiң бұқаралық ақпарат  құралдарының
дамыған  батыс  елдерден  айырмашылығы:   онда   ақпараттық   қоғамда,   БАҚ
байланыстары ғаламдық  контекске қосылған. 1997 жылы өкiметтiк  бағдарламада
әлемдiк тенденцияда қарастырылды.  Қазiргi  Италия  басылымдары  халықаралық
деңгейде қалыптасса да, өзiнiң таралу масштабы жағынан артта  қалып  келген.
Мысалы:  өткен  ғасырдың  соңында  Италиядағы  таралымы  ең  көп   газет   -
миллиондық «Секоло» («Ғасыр») едi. Ол  100-200  мың  данамен  шығып  тұрған.
1946 жылы Италия Республикасы болып жарияланып, БАҚ-на  көптеген  өзгерiстер
енгiздi. Италияның ең iрi қалаларында күнделiктi  газеттерiне  сұраныс  даму
деңгейi жағынан жоғары болды.
    Италияда күнделiктi  газеттердiң  3/2  бөлiгi  халық  тығыз  орналасқан
солтүстiк  аймақта  шықты.   Италияның   2005   жылғы   көрсеткiшi   бойынша
газеттердiң түрлерi де таралу масштабы да  және  безендірілуі  жағынан  ХҮII
ғасырмен салыстырып өтсек, айырмашылығы жер мен көктей.  Бүгiнгi  таңда  БАҚ
байланыстары   көптеген   жетiстiктерге   жетiп    отыр.    Оны    төмендегi
көрсеткiштерден көремiз. Италия баспасөзi жүйесiнде  ақпараттық  газеттермен
қатар, арнаулы газеттердiң үш категориясы тiршiлiк етуде.
    Италия  журналистикасында  саяси  басылымдардың  орны  ерекше.  Мысалы,
республикалық партияның екi күнделiктi газетi болса «Джорнале дель  пополо»,
«Италиа дель пополо», ИСП-ның  елу шақты мерзiмдi  басылымы  болды.  Олардың
iшiнде «Авантидiң», «Темпоның», «Маттионың», «Республиканың» беделi  жоғары.
Клерикалдардың  әр  қалада  шығатын  күнделiктi  газеттерi  болды.   Олардың
арасында «Ватикан үнi» - күнделiктi  Оссерваторе романының‘’  орны  айрықша.
Себебi, ол басылым ағылшын, испан, португал тiлдерiнде шығады. Оған  қосымша
ол газеттi барлық елдердiң эпископтары дiндар адамдары оқыды.
    Арнаулы   басылымдардың   екiншi   тобын   iскер   адамдарға   арналған
экономикалық  газеттер   құрайды.   Экономикалық   басылымдарға   оқырмандар
сұранысының өсуi, таралымның көтерiлуiне  әсер  еттi.  Негiзгi  экономикалық
басылымдар:  «Италия  оджи»,  «Оре  12»,  «Соле   24   оре»,   «Мессаднеро»,
«Джорнале» т.б.  әрқайсысының әр дүйсенбi сайын шығатын арнаулы  қосымшалары
бар.  Сонымен,  Италияның  күнделiктi  басылымдар  жүйесiн  ақпараттық  және
арнаулы топтарға бөлiп  қарастырамыз.  Италия  газеттерiнiң  түрлерi  туралы
мәселе әлi де даулы, басы ашылмаған  жайт.  Көпшiлiктiң  пiкiрiне  сүйенсек,
бұл елдiң ақпараттық  басылымдарын  «аралас»  -  газеттер  типiне  жатқызуға
болады.
    «Аралас» газеттердiң деңгейi әртүрлi:  солтүстiктiң  газеттерi  сапалық
газеттер болуға ұмтылса,  оңтүстiктiң  газеттерi  танымал  болуға  ұмтылатын
сияқты. Көпшiлiк газеттердiң  құрылымы  ұқсас.  Италия  басылымдардың  саяси
ақпараттар беруде қара түнектi қаптатып жазатынын,  жаңалықтарды  беруде  де
тосын оқиғаларға: жер сiлкiну,  су қаптау, қылмыс, бақытсыз жағдайларға  көп
жүгiнетiнiн зерттеушiлер  сынайды.  Сондықтан,  кейбiр  мамандар,  теледидар
ғасырында газеттi жеңiл оқылатындай  етiп  жағдай  жасау  керек  деп  ұсыныс
айтады. Қазiргi газеттер  осы  тәсiлге  көшкен  сыңайлы.  Кейбiр  басылымдар
бiрiншi бетке атақты әншiлердiң жаңа дискiлерi  туралы  жазуды  жөн  көрген.
Журналистикадағы  дәстүр  бойынша  бiрiншi  беттiң   «подвалына»   берiлетiн
романдардан үзiндiлердiң орнын ақсүйектердiң,  өнер  жұлдыздарының  өмiрiнен
берiлетiн хроника  иемденген.  «Республика»  газетiнде  тележүргiзушi  Пиппо
Бауда мен әншi Кати Ричареллидiң үйлену тойлары туралы хабарлаған.  Саясатқа
көбiрек   жүгiнетiн   күнделiктi   газеттердiң   оқырманы    шектеулi,    ал
иллюстрациялық апталықтардың таралу ауқымы кең.
    Соңғы жылдары баспа шығындарының күрт өсуi, жарнамадан түсетiн кiрiстiң
азаюы күнделiктi газеттердiң бағасын көтерiп жiбердi.
    Күнделiктi  басылымдары.   Соңғы  он  жыл  iшiнде  Италияда  күнделiктi
басылымдардың бiр күнгi таралымы 9 713 данаға жеттi. Алайда 1990   жылдардың
басында газет iсi кезектi дағдарыс сатысына көше бастады. Алайда, Италия  әр
1  000  адамға  102  дана  газет  шығарып,  Еуропадағы  артта  қалған  елдер
қатарында қалып қойды. Солтүстiк  аудандарда  1  000  адамға  132  дана,  ал
орталықта 122, оңтүстiкте - барлығы 55.  Сонымен,  оңтүстiк  және  солтүстiк
аймақтарында газет саны әртүрлi. 90  -  ыншы  жылдардың  басында  ақпараттық
газеттердiң арасынан аймақтық жетi газет ұлттық газеттерге  айнала  бастады.
Баспасөз жүйесiнде ұлттық газеттер бар уақытта бiр-бiрiмен  бәсекеде.  Олар:
«Коррьера  делла  сера»,  «Джорнале»,  «Стампа»  т.б.  Осы  аталған   ұлттық
газеттердiң  тобын  «Индепендент»,   «Авеннире»   толықтыра   алды.   Ұлттық
газеттерден кейiнгi орында ауданаралық  күнделiктi  газеттер:  «Мессаджеро»,
«Гадзеттино», «Национе».
    Жалпы Италия басылымдарының  тең  жартысы  аудандық  және  провинциялық
басылымдар. Италияда кешкiлiк басылымдар таңертеңгiлiк басылымдарға  қосымша
болып шығып тұрды. Олар: «Коррьера меркантиле»,  «Нотте»,  «Экспрессо  сера»
т.б.
     Италияда мерзiмдi басылымдарға қарағанда журнал секторы жақсы дамыған.
Сан жағынан да, таралымы жағынан да журналдар жоғары орында. Көлемi  әртүрлi
журналдардың  iшiнде  көпшiлiкке  арналғанын  да,  салалық  журналдарды   да
кездестiруге болады. Соңғы жылдары саяси сипаттағы (- 24 %), кәсiподақтың  (
- 20% ),  әдеби (- 12 % ), тарихи ( - 32 %  ),  журналдардың  саны  кемiген.
Керiсiнше,  тамақтану  мәселесiне  арналған  журналдардың  қатары  (+   32%)
көбейген. Философиялық журналдар алдыңғы орында.
    Тар шеңберде таралатын арнаулы басылымдардың таралымы  аз.  Ақпараттық,
безендiрiлген  апталықтар,  әйелдер  мен  балалар   журналдары,   католиктiк
басылымдар танымал журналдар итальяндықтар арасында  өтiмдi.  Бiрiншi  таңда
ақпараттық   апталық  басылымдар  оқырмандардың  ықыласына   бөленiп   отыр.
Мысалы, «Эуропео», «Эпока» - безендiрiлген болса,  «Мондо»  -  экономикалық,
«Экспрессо» – саяси, “Панорама’’ - шетелдiк басылымдарға  арналған  дайджест
болады. «Панорама» мен «Экспрессо» бiр-бiрiмен бәсекелес. Бұл  басылымдардың
қай-қайсысы болмасын жаңару, өзгеру жолында. Апталықтардағы,  журналдардағы,
күнделiктi газеттердегi өзгерiстердiң бәрi  -  теледидардың  әсерiнен  болып
отыр. Күнделiктi жарнама үшiн күресе отырып, көлемiн ұлғайтқан, оны  толтыру
үшiн апталықтардың дәстүрлi тақырыптарына ауыз салады. Ал, апталықтар  айлық
журналдарға ұқсап барады, сапасы өзгерiп көпшiлiкке  арналған  безендiрiлген
журналдардың да қасиеттерiн бойына сiңiрген. Тек «Панорама» мен  «Экспрессо»
 ғана ақпараттық апталықтардың типологиясын сақтап қалған.
    Италия мерзiмдi басылымдарында әйелдер журналдары  маңызды  орын  алды.
Олардың   iшiнде   дәстүрлi   итальян    әйелдер    журналдарының    үлгiсiн
жалғастырушылар да, еуропалық  журналдардың  көшiрмелерi  де,  жаңа  типтегi
әйелдер журналдары да кездеседi. Әйелдер  журналдарының  iшiндегi  танымалы,
таралымы жоғарғысы – «Донна Модерна». Бұл журнал жұмыс  басты,  уақыты  жоқ,
бәрiнен хабардар  болғысы  келетiн  оқырмандарға  арналған  «Донна  Модерна»
Италиядағы  әйелдерге  арналған  алғашқы  журнал  «Ньюс  Мэгэзин».  Италияда
балаларға арналған  журналдар  саны  да  баршылық.  Бұлардың  iшiнде  «Уольт
Дисней компани – Италия»  баспасына қарасты – «Тополино» танымал.
    Италияда шығатын журналдардың  тобын  тележурналдар  толықтыра  түседi.
Берлусконидiң «Сорризм э канциони ТВ» апталығы тележурналдардың iшiнде  ғана
емес,  жалпы  журнал   типтес   басылымдардың   iшiндегi   таралымы   жоғары
басылымдардың бiрi.
    Бұлардың басқа  салалық  журналдардың  түрлерi  жеткiлiктi:  католиктiк
басылымдар, автожүргiзушiлерге арналған басылымдар, жұлдызнамаларды  басатын
басылымдар, сатиралық басылымдар болып бөлiне бередi.
    Телерадиосы.  1997  жылы   «Lete   Pin»   акционерлiк   қоғамда   бiраз
өзгешелiктер болды: «Canal Plus» компаниясы «Кirch» корпорациясы және  «Tele
Pin» компаниясының 45 % акциясын сатып алады.
    “Cecchi Gori Group» концернi  «Videmosic»   ұлттық  арнаның  операторын
өзiне қаратып алады. «TVC» мен «TVC2»  арналары  байланыстың  жаңа  беттерi.
1997   жылы   парламент   қабылдаған   заңда   кабельдiк   және   спутниктiк
бағдарламалар талқыланған және аудандық радиолар  мен  телебағдарламалардағы
ақпарат, бүгiнгi таңда нарық көзiне  айналғанын  қарастырды.  Соңғы  уақытта
үкiметте 1981 жылы қабылданған заңға арнайы  баяндама  жасауды  ұсынды.  Бұл
баяндама 1999 жылға  дейiн  талқыланды.  Автордың  баяндамасында  көтерiлген
мәселе:  компанияның  негiзгi  жүргiзушiсi  оператор.  Ол  өте  кең  көлемдi
иеленді. Ондағы басты  ұсыныс  баспасөздер  мен  теледидарларда,  радиоларда
ақпарат «редактордың өнiмi» атты ғаламдық мәселеге айналу  болды.  Ол  соңғы
жылдары өз өнiмiн ақтады. Спутниктiк байланыстар арқылы  Италия  ақпараттары
әлемге тарала алады.  1999  жылы  Италия  Германиямен,  Испаниямен  біріккен
жобаға  қол  қойды.   Ол   жоба   -   ақпарат   алмасу.   Теледидарлар   мен
радиохабарларда бағдарламалар мына тiлдерде жүргiзiледi:  итальян,  француз,
ағылшын, поляк тiлдерiнде. Бүгінгi таңда  Италия  спутниктiк  байланыстардан
бiршама  жетiстiктерге  жетiп  отыр.  Италияның  ең  iрi  қалалары:   Римде,
Неапольда, Туринде, Миланда бағдарламалар екi  тiлде  итальян  және  француз
тiлiнде жүргiзiлiп отырады. Мерзiмдi баспаға қарағанда  теледидарға  сұраныс
басым.
    Ақпарат агенттiктерi. Кез-келген мемлекеттiң ақпараттық жүйесiн ақпарат
агенттiктерiнсiз  елестету  қиын.  Ақпараттарды  тарату  және  жинау  жүйесi
жоғары дамыған, «ANSA» ақпарат агенттiгi  бар.  1981  жылы  қабылданған  заң
бойынша  мынадай  критерийлерге  жауап  беретiн  агенттiктер   ғана   ұлттық
агенттiк бола алады:
    1.Почта және телекоммуникация министрлiгi бекiтiп берген арналар арқылы
кем дегенде бес облыстағы 15 күнделiктi газет  пен  телетайптық  байланыстар
орната алған жағдайда;
    2. Агенттiкте  тұрақты  түрде  10  кәсiпқой  журналист,  15  техникалық
қызметкер қызмет iстеу керек.
    3. Агенттiк тәулiгiне кем дегенде 12  сағат  ақпараттар  таратып  тұруы
керек.
    Ұлттық  агенттiктер – «АНСА», «АДЖИП», «КРОНОС», «АСКА» және «РАДИОКОР»
бұл талаптарға толығымен  жауап   бере  алады.  Бұлардың  iшiнде  «АНСА-ның»
ақпарат тарату ауқымы кең, әлемнiң көптеген елдерiнде тiлшiлер  пунктi  бар.
Бұлардан басқа Италияда 200-ге  тарта  кiшiгiрiм  агенттiктер  бар.  Әлемдiк
ақпарат агенттiктерi «АФП»,  «РЕЙТЕР»,  «ЮПИ»   мен  алпыстан  аса  үлкендi-
кiшiлi ақпарат агенттiктерiмен хабар  алмасады.  Агенттiктiң  фото  қызметi,
электронды документация бөлiмi бар. «АНСА» күнделiктi бес  континенттегi  үш
мың жазылушыға 2000 хабар таратуға мүмкiндiгi бар. Әр ұлттық агенттiктiң  өз
даму жолы бар. «ЭНИ-ге», әрi  мемлекетке  қарасты  «АДЖИП-тiң»  19  аудандық
бюросы күнiне 20 мың сөз  таратады.  АДН  -  Кроностың  Римде,  Миланда  екi
редакциясы  қызмет  iстейдi.  Сонымен  бiрге,  шетелдiк  хабарлардан  басқа,
мамандардың  саясатқа,  ғылымға,  экономикаға  қатысты  мақалаларын  таратып
отырады.
      1948  жылғы  баспасөз  туралы  заңның  маңызы.   Италия   газеттерінің
типологиясы.  Ұлттық  басылымдардың  ақпарат  рыногындағы  орны.   Италияның
беделді  басылымдары.  Басылымдар  арасындағы  өзара  бақталастық.  Спорттық
газеттердің ақпарат рыногындағы орны.
Италия газетттеріне  тән  ерекшеліктер.Талантты  журналист  П.Миели  дүниеге
әкелген «Миели моделінің» жаңашылдығы.
      Италия   журналдарының   типологиясы,    аудиториясы.    Информациялық
апталықтардың басымдылығы.
      Италиядағы   діни   басылымдардың   рөлі.    Монополиялану    ісіндегі
ерекшеліктер.  Ірі  өндірістік  топтардың  БАҚ-қа  ықпалы.  С.Берлускони   –
Италиядағы беделді баспасөз магнаты. АНСА ақпарат агенттігінің қызметі.

Бақылау сұрақтары:
1. Италиялық «аралас» газеттердің  тақырыптары қандай?
2. С.Берлускони монополиясы жайында не білесіз?
3. Италиядағы діни басылымдардың рөлі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Урина В. СМИ Италии.М.,1990.
2. Законы и практика СМИ в 11 демократиях мира. М., 1996.
3. Журналистика западноевропейских стран. М:, 1990.

10-Дәріс. Азия елдерінің журналистикасы.  Жапония баспасөзі.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
 1. Жапон  беделді басылымдары
 2.  Жапон журналистикасының ерекшелігі
 3.  Ақпарат агенттіктері

      Х1Х  ғ.  Жапонияда  еуропалық  басылымдардың  дүниеге  келуі.  Аударма
газеттердің ұлттық басылымдарды қалыптастырудағы рөлі.
      Басылым  түрлері:  жалпыұлттық,  жергілікті,   коммерциялық.   Негізгі
айырмашылықтары, басылымдардың құрлымы, аудиториясы, рентабельділігі.
      Жапонияның беделді басылымдары: «Асахи», «Майнити», «Иомиури», «Санкей
симбун». Жергілікті  газеттермен  бәсекелестік.  Бұл  беделді  басылымдардың
бірте-бірте концерндерге айналуы.
      Жапониядағы газет тарату  жүйесі.  Жапон  басылымдарының  таралымдары.
Түрлі партиялық басылымдардың маңызы.
      Журналистер  ассоциациясының   баспасөзді   дамытудағы   рөлі.   Жапон
журналдарының ақпарат рыногындағы рөлі.
       Жапониядағы ірі газет-журнал топтары. Ақпарат агенттіктері.
    Жапон баспагерлерi  мен  редакторлары  ассоциациясының  (“Нихон  Симбун
Кёкай”) мәлiметi бойынша әрбiр жапон отбасына  1,2  газет  басылымы  тиесiлi
көрiнедi. Ал, журналдар басылымы бүгiнгi күндерi ең  қызықты,  таралымы  көп
ақпарат құралдары болып   табылады.  Компьютерлiк  журналдар  мен  әйелдерге
арналған апталық журналдарға халықтың сұранысы күннен күнге артуда.
    Қазiргi уақыт дүние жүзi бойынша баспасөз құралдарындағы жалпыға  ортақ
белгi Жапон баспасөзiнде  кеңiнен  орын  алып  отыр.  Ол  –  жарнама.  Жапон
мемлекетiнiң  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қызметiне  қысқаша  тоқталып
өтсек, Жапонияда жалпы  есеппен  255  күнделiктi  газет  басылымы,  37  млн.
таралыммен және  жылдық  таралымы  788  млн.  болатын  4132  журнал  басылып
шығады.
    Жапониядағы газет басылымдары жалпыхалықтық  және  префектуралық  болып
екiге   бөлiнедi.   Бұл   елдегi   газет-журналдар    көбiне    коммерциялық
болғандықтан, басылымдардың  тәуелсiздiгi  тек  қағаз  жүзiнде  ғана.  Яғни,
басылымдарда халықтың сөзiнен  гөрi  құрылтайшылар  мен  партиялардың  сөзiн
сөйлеу басым.
    Жапонияда шығатын газет-журналдар  жапон  және  ағылшын  тiлiнде  10-12
беттiк  болып  басылады.  Мұның  сыртында  жергiлiктi  баспасөз  ұйымдарының
кейбiр басылымдары 18-20  беттiк  болып  келедi.  Мұнда  әртүрлi  сипаттағы:
салалық, саяси, көркем тағы басқа  түрлi  тақырыптағы  мақалалар  жарияланып
отырады.
    1950-шi жылдардың аяғында мәдениет  пен  бiлiм  беру  саласына  қатысты
журналдар кеңiнен тарала бастаған болатын. Сол кезеңде  шыққан  басылымдарға
қысқаша тоқталып өтейiк: “Бiлiм  беру”  (1951  ж.),  “Мәдениет  және  бiлiм”
(1951 ж.), “Тәрбие туралы қазiргi ғылым” (1960 ж.), одан бергi кезеңде  шыға
бастаған “Жапонияның психология туралы журналы”  (1960  ж.),  “Эксперименттi
психология журналы” (1957 ж.), “Педагогикалық психология журналы” (1958  ж.)
секiлдi халықтың көңiлiнен шыққан басылымдар бүгiндерi де қоғамда  өз  орнын
алып отырған жайы бар.
    Ал, газет  басылымдарына  келер  болсақ,  бұл  салада  “Асахи  симбуня”
компаниясының атқарып отырған қызметi орасан. Аталған бiр  ғана  компанияның
“Асахи ивнинг нью”, “Сюкан  асахи”,  “Асахи  греф”,  “Асахи  спорт”  секiлдi
көпшiлiк кешкiлiк, күнделiктi және апталық басылымдары бар.
    Сондай-ақ,  елдегi  экономикалық  жаңалықтарды  таратушы  басылымдардың
көбiсi “Майнити симбуня” компаниясының қарамағына тиесiлi.
    Телерадиосы. Жапония дамыған телевизилық торабы бар мемлекет. Бұл елдiң
ұлттық телевизиясы өз бағдарламаларын жапон,  ағылшын  тiлдерiнде  таратады.
Ал,   радиобағдарламалар   жапон,    ағылшын    т.б    тiлдерде    таралады.
Радиостанциялар қызметi  мен  телевизия  орталықтары  сияқты  арнаулы  радио
департаментi арқылы ақпарат министрлiгi айналысады.
    Баспасөз ұйымдары секiлдi, теле-радио органдарында  да  жарнама  тарату
кеңiнен орын алған. “Денцу” жарнама агенттiгiнiң мәлiметi  бойынша,  жарнама
таратудың “ең алтын уақыты” кешкi 19-00 мен 22-00 сағат  аралығы,  яғни  бұл
аталған уақыттардың 15 секундтық  жарнама  уақыты  7  мың  американ  доллары
немесе 700 мың жапон иенi.
    Ал радиотарату мәселесiне келер болсақ,  аталмыш  “Денцу”  агенттiгiнiң
айтуынша, дәл қазiргi уақытта, Жапонияда АМ-диапазонында жұмыс  iстейтiн  47
радиостанция мен FМ-диапазонында жұмыс iстейтiн  27  станция  бар  көрiнедi.
Сонымен бiрге қысқа диапазонда жұмыс iстейтiн бiр ғана  станция  бар.  Токио
мен  Осака  секiлдi  телерадио  индустрия  және  баспасөз  ұйымдары   көптеп
орналасқан қалаларда бағдарламалар шет тiлдерiнде  жүргiзiледi.  Атап  айтар
болсақ, ағылшын, немiс, француз және орыс тiлдерiнде. Тағы бiр айта  кететiн
жайт, телерадио компаниялардағы  жарнама  таратуда  жетекшi  рөлдi  жоғарыда
аталған “Денцу” агенттiгi атқаруда. Жапониядағы жалпы жарнама  шығарудың  78
пайызы аталмыш агенттiктiң үлесiнде.
    Ақпарат агенттiктерi. Жапонияның алғашқы ақпарат агенттiгi ХIХ  ғасырда
пайда болды. Бiрiмен-бiрi бәсекелесе отырып, олар  эфемерлiк  жағдайда  өмiр
сүрдi, яғни бiресе қосылып, бiресе бөлiнiп отырды.  Алғашқы  үлкен  агенттiк
1914  жылы  құрылды,  “Кёкусай  Цусинся”  деп  аталады.  Бұл  агенттiк  Ирак
мемлекетiнiң астанасы  –  Бағдад  қаласында  жұмыс  iстей  бастады.  Негiзгi
мiндетi шетел жаңалықтарын таратумен ғана шектелдi. Ал, дәл қазiргi  уақытта
Жапониядағы алдыңғы қатарлы ақпарат  агенттiктерiне  тоқталсақ,  олар  екеу:
“Киодо Цусин” және “Дзидзи пресс”.  Сондай-ақ,  әрбiр  салаға  қатысты  жеке
құрылған, “Радио-пресс”, “Азия жаңалықтары” және  “Кеңес  жаңалықтары”  атты
агенттiктер жұмыс  iстейдi.  Олар  4000-нан  астам  газет  пен  журналдарға,
радио, телевидение, университеттерге, елшiлiктерге  ақпаратты  ағылшын  және
жапон тiлдерiнде таратады.
    Агенттiктiң шетелдерде 20 тілшілік пунктері бар.  Париж,  Лондон,  Нью-
Йорк қалаларында орналасқан аймақтық бюролары жұмыс iстейдi.
    Әлемдiк агенттiктер: Рейтер, ЮПИ, АФП және Азиялық  басқа  да  елдердiң
халықаралық ақпараттарды тарату  агенттiктерiмен  тығыз  байланыс  орнатқан.
Агенттiк қазiргi заманға сай  арнайы  құралдармен  жабдықталған  және  жұмыс
барысы компьютер арқылы атқарылады.

Бақылау сұрақтары:
1.  «Асахи симбун» газеті  туралы не білесіз?
2. Ірі концерндері қандай?
3. Ақпарат агенттіктерін атаңыз

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Лазарев А.М., Полякова Н.А., Смирнов Б.В. Печать, радио и телевидение
Японии. М., 1974.
2. Актуальные проблемы журналистики Азии, Африки, Латинской Америки. М.,
1989.
3.   Сапунов  В.И. Зарубежные информационные агентсва. СПб., 2006.
4. Рамазан А.Ә. Шетел журналистикасының тарихы.  - Алматы, 2006.



11-Дәріс. Түркия баспасөзінің өткені мен бүгіні.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
 1.  «Жас түріктер» басылымдарының мақсаты. Ататүрік және баспасөз.
 2.  Медиахолдингьар.
11.3 Беделді басылымдары.

      Түрік баспасөзінің қалыптасуында француздардың атқарған рөлі.  Француз
елшісі  А.  Блак  шығарған  «Спектатер  ориенталь»/1821/  газетінің  маңызы.
«Таквим уакай-е»  газеті/1831/- түріктің алғашқы басылымы.
      Түрік мерзімді басылымдары дамуының негізгі кезеңдері. “Жас  түріктер“
қоғамының  баспасөзді дамытудағы рөлі. Олардың  ұстанған  бағыты.  И.Шинаси,
Зия бей  – түрік журналистикасының негізін салушылар.
Эмигранттық басылымдар және олардың елдегі саяси ахуалға ықпалы.
 Түрік журналдарының типологиясы. Азамат соғысы тұсындағы баспасөз.
М. К. Ататүріктің баспасөзге жасаған көмегі.
      Бір партиялық жүйе тұсындағы  БАҚ-тың  жағдайы.  Демократиялық  партия
кезеңі және баспасөз бостандығы.
      Түркиядағы  массондық  басылымдар.  Стамбул  күнделікті   газеттерінің
ақпарат рыногындағы рөлі. «Тамашалатын»  газеттердің басымдылығы.
Беделді  басылымдары.  «Ақшам»,  «Хюрриет»,   «Заман».   Түркиядағы   БАҚ-ты
бақылайтын холдингтер:  «Доган  холдинг»,  «Ихлас  холдинг»,  «Меди»  групп.
Агенттіктер - баспасөз хабарларының қайнар көзі.
      1980  жылдан  кейінгі   түрік   баспасөзі.   Тұрғыт   Өзал   тұсындағы
баспасөздегі өзгеріс.
    Газет-журналдары.  Түркия  газеттерiнiң  ерекшелiгi   олардың   барлығы
(мемлекеттiк  “Resmi  gazete“-тен  басқа)  күнделiктi  40-50  беттiк   болып
шығады. Сонымен қатар, түгел дерлiгi – жеке меншiк газеттер болып  табылады.
Түркияның ең алғашқы  газетi  1831  жылдың  11  қарашасынан  бастап  "Тақвим
уақаие" деген атпен жарық көредi. Ол 40х27 көлемде, аптасына бiр  рет  шығып
тұрған. Кейiннен  бұл  газет  "Le   Moniter  Outoman"  деген  атпен  француз
тiлiнде де шыға бастайды. Бұл басылымдар Франциядағы  "Le  Moniter  Officiel
de  la  France"   басылымына   елiктеп   шығарылған.    "Тақвим   уақаиенiң"
("Күнделiктi жаңалықтар") алғашқы  саны  8-бет  болған.  Редакторы  –  Сейiт
Мехмет әфендi. Газет 1860 жылдан бастап тұтастай ресми басылымға айналады.
    Түркияда алғашқы телевидение - "TRT"  - 1964  жылы  мемлекет  тарапынан
ашылды. Елде 34 телеарна күнi-түнi дамылсыз жұмыс iстейдi.
    1. “Zaman” – халықаралық газетi  1980  жылдан  шыға  бастаған.  Саясат,
мәдениет, спорт, экономика, отбасы  мәселелерiн  көтередi.  Түркиядан  басқа
жетi елде жарық көредi. Еуропа, Америка, Орта Азия елдерiнде тiлшiлерi  бар.
Таралымы – 350 мың дана.
    2. “Sabah” – "Таң" 1965 жылдан бастап шығады. Түркияның  “ATV”,  “Kanal
D” сияқты телеарналарымен бiрiгiп жұмыс iстеуде. Шығарушысы - “Dogan”  тобы.
Көбiне социалистiк  бағыттағы  мақалалар  жариялайды.  Күнделiктi  50-60-бет
болып шығады. Таралымы -  648574 дана.
    3. “Turkiye” газетi - “TGRT” телерадио, газет корпорациясының басылымы.
1982 ж. берi  дiни  мақалаларды  басумен  айналысады,  бiрақ  соңғы  уақытта
бағытын өзгертiп,  саяси-экономикалық  жаңалықтарды  және  қысқа  хабарларды
жариялай бастады. Таралымы – 523400 дана.
    4. “Hurriyet”  - "Бостандық" газетiнiң алғашқы саны 1960 ж. бастап  А-2
форматында 50-бет болып күнделiктi шығады.  “Star  TV”  телеарнасымен  жұмыс
жасайды. Экономикалық мақалаларды көптеп басады. Таралымы – 590 мың дана.
    5. “Yeni Binyil”  - "Жаңа мыңжылдық" газетi. Бұл газеттiң атауы жақында
өзгертiлдi. Бұған дейiн “Yeni yuzyil” - "Жаңа ғасыр"  деп  аталған  болатын.
1995 ж. бастап 550284 данамен шығады.
    6. “Son Gargi” - "Соңғы шақыру" газетi 1995 ж. бастап шығады.  Таралымы
– 84976 дана.
    7.  “Sport”  -  "Спорт"  газетi  аты   айтып   тұрғандай,   тек   спорт
жаңалықтарын, спорт әлемiнде болып  жатқан  оқиғалар  жайлы  жазады.  Негiзi
1995 жылы қаланған. Жоғарыдағы газеттер сияқты Стамбул,  Анкара  қалаларында
басылып шығады. Таралымы – 73145 дана.
    8. “Ekonomik Takvim” -  "Экономикалық  күнтiзбе"  күнделiктi  экономика
саласындағы жаңалықтарды басумен айналысады. Таралымы – 50046 дана.
    9. “Milliyet” - "Халық" газетi Түркияның   “Sabah”,  “Hurriyet”  сияқты
газеттерiнiң қатарындағы беделдi басылым.
    10. “Resmi gazete" – Түркиядағы бiрден-бiр мемлекеттiк газет. Аптасына,
кейде айына  бiр  рет  шығады.  Мұнда  тек  мемлекеттiң  заңдары,  қаулылары
басылып тұрады.
    11.“Turkish Daily News”  -  "Түркияның  күнделiктi  жаңалықтары".  Елде
болып жатқан оқиғаларды ағылшын тiлiнде баяндап беретiн газет.  1958  жылдан
бастап шығады, құрылтайшысы – Илнур Чевик Бей.
    12. “Sizinti” - "Ағыс" журналы 1979 жылдан бастап, айына бiр рет  Измир
қаласында шығатын ғылыми-мәдени журнал.
    13. “Aksiyon” - "Қозғалыс" апталық  журналы,  1992  ж.  бастап  шығады,
әртүрлi тақырыптағы мақалаларды жариялайды.
    14. “Aktuel” - "Көкейкестi" журналы жаңашыл журналдар қатарына  жатады.
Бұл да 1990-шы жылы алғаш рет жарық көрген журнал.
    14. “Tempo”  журналы - негiзi 1991 жылы қаланған апталық журнал.
    15. "Nokta"  - "Нүктелi"  журналы  негiзiнде  әйелдерге  арналған.  Сән
тақырыбындағы материалдарды көптеп жариялайды.
    16.“Para" - "Ақша" деп аталатын  экономикалық  журнал  1993  ж.  бастап
жарық көредi.

    Телерадиосы

1. "Kanal-6" –  көңiл  сергiтетiн  ақпараттық  телеарна.  Кинофильмдердi  де
   көптеп көрсетеді. Бүкiл Түркияға таралады.
2. "Kanal-7" – дiни-ақпараттық телеарна.
3.  "Kanal-1"  –  тек  Эгей  теңiзi  жағалауындағы  қалалар  (Измир,  Айдын,
   Мармарис) көре алатын ақпараттық, көңiл сергiтушi арна.
4.  "Cine-5"  –  арнасы  бүкiл   Түркияға   тарайтын   кабельдiк   телеарна.
   Телеойындарды, фильмдердi көп көрсетедi.
5. "BRT" - "Bayrak TV"  арнасын Кипр аралындағы тұрғындар  көруге  мүмкiндiк
   алған.
6. "NTV" –  американдық  "CNN"  –  мен  теңеуге  келетiн  Түркияның  ақпарат
   арнасы.  Сағат үзбей түрiкше, арасында ағылшынша хабарлар таратады.
7. "Geng TV" -  "Жастар  телеарнасы"  –  бүкiл  Түркияға  тарайтын  жастарға
   арналған музыкалық телеарна.
8.  "Maxi  TV"  –  кабельдiк  телеарнасы  балаларға   арналған   мультфильм,
   кинофильмдердi көптеп көрсетедi.
9. "Super Sport" – спорттық хабарлар жайында ақпарат таратады.
10. "Kral TV" –  музыкалық телеарна.
11. "TGRT"  -  "Түркия  газетi,  радиосы  және  теледидары"  корпорациясының
   телеарнасы. Жаңалықтар мен кино, музыка хабарларын бередi.
12. "TRT" – 1964 жылы негiзi қаланған Түркияның  алғашқы  теледидары.  Басқа
   телеарналардан айырмашылығы – бұл мемлекеттiк телеарна.
1. "TRT" – 1927 ж. бастап жұмыс iстейтiн ең ескi түрiк радиосы.
2. "Radio-1" – жаңалықтар, музыкалық хабарлар берумен айналысады.
3. "Shou Radio" – музыкалық хабарлар радиосы.
4. "Radio-5" – Еуропалық музыка тарататын  әуетолқын.
5. "Burg FM" – түрiк әндерiн, сондай-ақ, дiни әндердi көптеп таратады.
6. "Radio-25" – дiни радиотолқын.
7. "D Radio" – музыкалық толқын.
8. "Meltem" – бұл дiни хабарларды көп беретiн ТМ толқынындағы радио. Бұл  FМ
   толқынында дiни хабарларды көп беретiн радио.

Ақпарат агенттiктерi

1. "Anadolu Ajansi"  (AA)  –  1918-1920  ж.  негiзi  қаланған  ескi  ақпарат
   агенттiктердiң бiрi. Бас офистерi – Анкара мен Стамбулда орналасқан.  Тек
   жазба материалдарды таратумен айналысады.
2. "Cihan Haber Ajansi" (CИA) – 1994  ж.  бастап   жұмыс  iстейдi.  1996  ж.
   бастап  бейне  материалдарды  тарата  бастады.  Шет  елдерде   тiлшiлерi,
   Қазақстанда өз өкiлеттiгi бар.
3. "Uluslararasi Basin Ajansi" (ИВА)  –   1994  ж.  бастап   жұмыс  iстейдi.
   Халықаралық жаңалықтарды таратушы бiрден-бiр агенттiк.
4. " Yurt Haber  Ajansi"  (УНА)  –  iшкi  хабарларды  таратумен  айналысатын
   ақпараттық агенттiк.
5. "Ihlas Haber Ajansi" (IHA) – "Turkiye" газетi және  "TGRT"  телеарнасымен
   байланыс жасайды. Еуропа елдерiнде тiлшiлерi бар.
6. "Milliyet Haber Ajansi (MILHA) – 1990 ж. бастап жұмыс  iстейдi  және  тек
   iшкi хабарларды таратумен айналысады.

Бақылау сұрақтары:
1. Түрік жеріне тараған француз басылымдарының мақсаты не?
2. М. К. Ататүріктің  түрік баспасөзін дамытуға қосқан үлесі қандай?
3. Беделді түрік басылымдарын атаңыз.
4. «Заманның» бағыты қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Желтяков А.Д. Печать в общественно ­ политеской и культурной жизни
Турции.М., 1972.
2.«Заман­Қазақстан» газетінің тігіндісі.
3.Интернет ресурстары.

12-Дәріс. Қытай баспасөзінің даму жағдайы.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
12.1 Алғашқы қытай басылымдары,
12.2 «Музыкалық палатаның» қоғамдағы ахуалдағы зерттеудегі рөлі.
 2.  Қытай БАҚ-ның ақпараттар берудегі өзіндік ерекшеліктері.
12.4 Газет-баспа корпорацияларының пайда болуы.
    Азия елдерiнiң құрамына кiретiн Қытай мемлекетi бүгiнгi  таңда  алдыңғы
қатарлы  дамыған  елдердiң  бiрi  болып  саналады.   Ендiгi   жағдайда   осы
мемлекеттiң айнасына айналып отырған бұқаралық ақпарат құралы туралы  әңгiме
қозғау заңды.
    Қытай Халық Республикасында 202 миллионнан астам шамамен   шығатын 1777
газет   басылады. Ең көп    тарайтын,  күнделiктi  шығатын  бұқаралық  газет
Қытай Коммунистiк партиясы Орталық комитетiнiң  ұйымы  -  "Жэнь-мин  жибао".
Оның таралымы 3,68 млн. дана. Таралымы жағынан екiншi орында тұрған газет  -
"Гуан - мин жибао".  Сондай-ақ,  айтарлықтай  таралыммен  спорттық,  жастар,
шаруаларға арналған және экономикалық, спорттық газеттер шығады.
    Бүгiнде әлем бойынша  Қытайдағы  журналистиканың  деңгейi жоғары бағаға
ие.  Редакцияларға  1960-1970-шi  жылдары  репрессияға    ұшыраған   бұрынғы
мамандар қайтып келiп  жатса,  жоғарғы  оқу   орындарынан  келген  жас,  әрi
бiлiктi  мамандармен  журналистер  қатары  толығуда.  Барлық   арнайы   емес
газеттерге тән сипат экономикалық тақырыпты жиi көтеру болып  табылады.  Осы
тақырыптағы материалдар газет бетiнiң жартысын алып  жатады.  Мұның  себебi,
бiрiншiден,  Қытай  экономикасын  дамыту   көзделсе,   екiншiден,   газеттiң
өтiмдiлiгiн   арттыру. Ал, қалған материалдар түрлi  тақырыпта және  белгiлi
 бiр  идеологиялық бағытты ұстана отырып жазылады, жарияланады.

   «Дибао» (У111ғ) -  қытай  баспасөзінің  алғашқы  қарлығашы.  Миссионерлік
басылымдардың  қалыптасуы.  Публицист  Ван  Таоның   қытай   журналистикасын
өркендетуге қосқан үлесі.  Демократиялық  басылымдардың  қалыптасуы.Төңкеріс
тұсындағы баспасөз.
      ҚХР-дың жаңа жүйедегі БАҚ- ның қалыптасуы. Шектен тыс  идеологияланған
Қытай баспасөзі. Мәдени төңкеріс тұсындағы  баспасөздің жағдайы.
      Қытай БАҚ-ның ақпараттар берудегі  өзіндік  ерекшеліктері.  Басылымдар
арасындағы тақырыптық бөлініс. Экономикалық реформа тұсындағы  журналистика.
Компартияның бас басылымы -“Жэнминь жибао“ газетінің рөлі.
      Газет-баспа корпорацияларының пайда болуы.
“Синьхуа“ ақпарат агенттігі. Қытайдағы қазақ басылымдарының даму деңгейі.
     “Синь тиюй" - "Спорт жаңалықтары" - спорт iсi бойынша
республикалық комитеттiң органы болып табылады. 1950 жылдан
1 млн. данамен ай сайын  шығады.  Спорт жетiстiктерi  мен
проблемалары, спорт жанкүйерлерiнiң пiкiрлерi үзбей жарияланып
тұратын бiрден-бiр басылым.
    "Сычуань дасюэ" - "Сычуань университетi" - 1974 жылдан
Сычуаньнан   тоқсан сайын жарық көретiн   журнал. Журнал
философия, тарих, саясат және әлеуметтiк мәселелердi кеңiнен
қозғайтын жарияланым.
    "Тиюй бао" - "Спорт өмiрi" - 1958 жылдан бастап 720 мың
данамен шыға бастаған басылым. Пекинде аптасына үш рет шығып
тұрады.
    "Туаньцзе бао"- "Бiрлiк"- Қытай кеңесi халықтық саяси
елшiлiгi комитетiнiң ұйымы болып табылады. 120 мың данамен
Пекинде шығатын апталық газет.
    "Цзефанзюль бао" - "Халықтың қауiпсiздiк әскерi" - Қытай
армиясының ресми ұйымы. 1956 жылдан бастап Пекинде 1.58 млн.
данамен күнделiктi шығып тұрады.
    "Чжунго фунюй" - "Қытай әйелдерi" қытай және ағылшын
тiлдерiнде басылып, көркем безендiрiлiп шығатын айлық журнал.
Бұл журналдың ұйымы - Жалпы қытай әйелдер федерациясы.  1949  жылдан  бастап
шығуда. Таралымы – 1.3 млн. дана.
    "Чжунго циннянь бао" - "Қытай жастары" - Қытай Жастар
одағының ресми ұйымы болып табылады. 1951 жылдан 3.1 млн.
данамен аптасына төрт рет шығып тұрады.


    Телерадиосы. Соңғы жылдары Қытай теледидары өзiнiң қарқынды даму
нәтижесiнде АҚШ-тан кейiнгi дүние жүзiндегi екiншi орынды
иеленуде.  Қытай Халық Республикасының теледидары  өзiнiң
бастауын 1958 жылдан алады. 1970-шi жылдардың ортасынан ақ-
қара түстi теледидардан түрлi-түстiге көштi. 2007 жылғы санақ
бойынша бұл мемлекетте 140 миллионнан астам телевизор болды.
Статистика бойынша күнделiктi телебағдарламаларды 300  млн.
адам көредi. Қытай Халық Демократиялық Республикасының
ерекшелiгi - радио және телевидение бiр уақытта дерлiк дамыды.
1958 жылдың  қыркүйегiнде   эфирге телебағдарламалар   шыға
бастады.

    Казiргi  уақытта  422-ден  астам  бағдарламалық  телеорталықтар   жұмыс
iстейдi.  Барлық  телестанциялар    ақпаратты   мыңдаған   құрылғылары   бар
спутниктiк  байланыс  орталықтарынан   алады.   Сонымен   бiрге,   Пекиндегi
бағдарламалар  сипатына  қарай  түр-түрге  бөлiнедi  Ең   атышулы   арна   -
"Ақпараттық көкжиек"  арнасы.  Шетел  жаңалықтары  5-7  минут  бағдарламаның
соңында   хабарланып   кетедi.   Шетелден   ақпараттарды   “СNN»,    ағылшын
агентiгiнен, Вильнюстан, Азия және Тынық мұхиты  елдерi  одағы  агенттiгiнен
т.б.  алады.
    Қытай теледидарларының ортақ тақырыптары төмендегiдей:
    1. Мемлекет жағдайы, елбасының жұмыс уақыттары, ресми
сапарлар, кездесулер, делегацияларды қабылдау;
    2. Таяу көршiлердiң жағдайы;
    З. Әлем жаңалықтары;
    4. Спорт.
    Бұл  аталғандардан  басқа,  бұл  арналарда   көркем   фильмдер,   көңiл
сергiтетiн және музыкалық бағдарламалар бередi. Сонымен
қатар жаңалықтар жиі берiлiп отырады.
    Қытай радиосының негiзi шетелдiк мамандардан тұрады.
Қытайдың өзiндiк радиостанциясы 1926  жылы  Харбинде  жұмыс  істей  бастады.
1928 жылы Нанкинде әкiмшiлiк радиостанция ашылды. Жалпы айта  кететiн  жәйт,
ҚХДР радиостанциялары өз мазмұны бойынша төмендегiдей болып жiктеледi:
|Рр/|Хабар түрлер          |Хабар тарату уақытының                 |
|с  |                      |пайызы                                 |
|1  |Жаңалықтар            |21%                                    |
|2  |Танымдық              |23%                                    |
|   |Хабарлар              |                                       |
|3  |Көңiл сергiтетін      |49%                                    |
|   |хабарлар              |                                       |


    Қытайда коммерциялық радиостансалар жоқ деуге  болады.  Тек  1979  жылы
ақылы жарнама таратуға рұқсат берiлген.  Орталық  халықтық  радиостансасында
34 тiлшiлiк пунктерi бар. Жергiлiктi хабар тарату 461  радиостансада  жүзеге
асады. Олар күнiне бес мың сағат хабар таратады.

    Қытай радиохабар  таратуда  40-тан  астам  әлемнiң  елдерiмен  байланыс
ұстайды. Бiрiншi шетелге хабар  тарату  1947  жылы  қолға  алынған.  Қазiргi
радиохабарлар  Қытайда  38  тiлде таратылады.

    Ақпарат агенттiктерi. Қытайда iрi екi ақпарат агенттiгi қызмет iстейдi:
1. "Қытай жаңалықтары" агенттiгi  -  1952  жылы   кұрылып,  әдетте  Тайвань,
Сатань, Вомыньдағы қытайлықтар мен шетелдiк
азаматтарға арнап ақпарат жариялайды. 2. "Синьхуа"  агенттiгi  -  1931  жылы
құрылып, iшкi қызметтермен бiрге  сыртқы  байланыстарды  жүргiзедi.  Бүгiнде
бұл агенттiкте 7000 астам    қызметкер   жұмыс  iстейдi.  Оның  iшiнде  2600
журналистер мен редакторлар, 160-тан астам  фототiлшiлерi  бар.  Агенттiктiң
бас редакциясы  Пекинде  орналасқан.  Олар:  iшкi,  халықаралық  жаңалықтар,
шетелге апарат тарату, спорттың   соңғы жаңалықтары   мен хроникалары,  фото
хабар бөлiмдерi, шетелдiк агенттiктер ақпараты, экономикалық ақпарат
редакциялары едi. 4000-нан астам газет пен журналдарға, радио,
телевидение, университеттерге, елшiлiктерге акпаратты ағылшын
және жапон тiлдерiнде таратады.

    Әлемдiк агенттiктер: Рейтер, ЮПИ, АПФ және азиялық  басқа  да  елдердiң
бiрқатар агенттiктердiң  ақпараттарын  пайдаланып,  хабар  алмасып  отырады.
Азия мен Тынық мұхит елдерiнiң ақпарат агенттiгiне және
Координациялық Пула комитетiне мүше.

Бақылау сұрақтары:
 1. Мәдени төңкеріс тұсындағы  баспасөздің жағдайы қандай болды?
 2.  «Жэнминь жибао» қандай газет?
 3. «Синьхуа» ақпарат агенттігі туралы не білесіз?
 4. Қытайдағы қазақ басылымдары  туралы не білесіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Китай. - Пекин,1999.
2. Информационные службы для зарубежной аудитории Китая. - Пекин,1998.
3. Сапунов  В.И. Зарубежные информационные агентсва. СПб.,2006.


13-Дәріс. Оңтүстік Корей баспасөзі.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1. 1 Корей басылымдарының ерекшеліктері
 2.  Корей басылымдарының дәстүрлері.

      Корейлік көне басылымдар. Газетшілердің  алғашқы  съезі  және  олардың
шешімдері. Жапон генерал-губернаторы бақылауындағы баспасөздің жағдайы.
       Республика  болып  жарияланғаннан  кейінгі  газеттердің  коррупциямен
күресі.
        Корей   басылымдарының   дәстүрлері.   Демократиялық   басылымдардың
қалыптасуы. Ақпарат агенттіктері. Қазіргі корей баспасөзі.
    Газет-журналдары. Кореяның ең  алғашқы  газеттердiң  негiзi  1896  жылы
қаланған. ("Тоннип синмун" газетi). Аталмыш газет   аптасына   үш рет,  төрт
кiшi   форматты бетпен, таралымы - 300 данамен шығып тұрды.  Алғашқы  нөмiрi
1896 жылы 7-сәуiрде жарық көрдi. Газет негiзiн қалаған Со Чжэ Пхиль  (Филипп
Джейсон). Кореяның алғашқы күнделiктi газетi - 1898 жылы жарық
көрген "Мейль синмун" басылымы.  1904  жылы  жаңа  күнделiктi  "Тэкан  мейль
синбо" газетi пайда болды.   Газет   корейлiктерге   ықпалын    тигiзгенмен,
Жапон қыспағына орай 1905 жылы жабылып қалған.

    1910-1920 жылдар  аралығы  Корея    журналистикасы  тарихындағы  қаралы
кезең болды. Жапон үкiметiнiң органы  болып  есептелетiн  газеттерден  басқа
басылымдардың шығуына қатаң тыйым салынды.  Соған   қарамастан  шет  елдерде
газет iсi жалғаса бердi. "Коннип  синмун"  мен  "Синкам  минбо"  басылымдары
Сан-Францискода шықса, "Тэдон синмун" басылымы Ресейде шығып тұрады.  екінші
дүниежүзiлiк соғыстан кейiн,  Корей  мемлекетi  өзiнiң  тәуелсiздiгiн  алды.
Бiрнеше    аптаның    iшiнде кейбiреуi
коммунистер күшiмен шығарылатын 68 газет пайда болды.
    1988 жылы   таралымы   400 мың дана "Хангерз Синмун"
күнделiктi   газетi   пайда болды. Ол бiрiншi   күннен    бастап-ақ
компьютер  жүйесiн  қолдануда.  Бәсекелестiкке  төзе  алмай  көптеген  әлсiз
газеттер жабылып  қалды.  Соның  әсерiнен  1991  жылы  12  күнделiктi  газет
басылымның жұмысы тоқтап қалды.
    1993 жылғы есеп бойынша, Кореяда 103 күнделiктi газет  бар.  Оның  54-i
Сеулде, қалғандары аудандарда басылып тұрады. Әр  дүйсенбі  сайын  басылымға
шықпайтын Корей газеттерi  дәстүрді  ұстанған  болатын.  Бірақ  1989  жылдың
шiлдесiнен  бастап  ықпалды  «Хангун  ильбо»  газетi  бұл  дәстүрдi   бұзды.
Газеттердiң сенбiлiк қосымшалары 1990 жылы ғана  пайда  болып  басылымдардың
көлемi де көбейдi. Ро Дэу президент  болып  сайланып,  алтыншы  республиканы
көркейтуге кiрiсiп кеттi. Осы тұста көптеген газет-журналдар  шыға  бастады.
1987 жылы елде 30 күнделiктi газет шықса. 1991 жылы  98-ге  жеттi,  ал  1995
жылы газеттердің саны 116-ға дейін көбейді. Қазiргi  таңда  Корея  баспасөзi
даму үстiнде. Сағатына 15 000 дана түрлi-түстi  өнiмдердi  шығарып  отырады.
Бұл басылымдар  жаңа  ғимараттарға  орналасып,  озық  үлгiдегi  машиналармен
жабдықталған.
    Телерадиосы. Кореяда радиохабар 1927 жылы пайда болды. Екi жылдан кейiн
жапондықтар Сеулде радиостанция орнатады. Бұл станса 1954 жылға дейiн  жұмыс
iстейдi.  Кореядағы  ең  алғашқы  коммерциялық   радио   -   "Пусан   мунква
бродкастинг стейшн" деп аталады.1959 жылы пайда болған.
    1966 жылы "Сеул УКВ бродкастинг компани" өзiнiң жеке
стансасын енгiзедi. 1970 жылы ұзын және қысқа толқынды үш
радиостанса пайда болды: "Корея Мунква УКВ", "Пусан Мунква"
УКВ және "Корея УКВ". Сеулдiң  қалалық  радиостанциясы  1990  жылы  маусымда
жұмысын бастады. Радио аты - "Трэффик бродкастинг стейшн". 1996  жылы  Корея
мемлекетiнде 97 радиостанция тiркелген.
    Корея телевидениесi коммерциялық станцияның ашылуымен 1956 жылы  бастау
алды. Алайда, бұл алғашқы телестанса сол жылы-ақ қайта жабылды. 1961  жылдың
1 желтоқсанында үкiмет Сеулде "Кей-би-эс ТВ" ресми телеорталығы ашылды.  Ал,
"Ти-Би-Си ТВ" 1964 жылдан бастап қызмет көрсетедi.  1969 жылдың    тамызында
"Эм-Би-Си ТВ" телеорталығы
ашылады.   1990   жылдан   кейiнгi   реформалар   нәтижелерiне   орай   жеке
телестансалар   көбейе   бастады.   Статистикаға    сүйенсек,    "Кей-Би-Эс"
аудиториясы 98 пайыз, "Эм-Би-Си" - Оңтүстiк Корея аудиториясының 92  пайызын
құрайды. Бұл екi компания өзiнiң бағдарламаларын күнделiктi таңғы
5:30 бен 10:00 аралығында жүргiзедi.
    Оңтүстiк  Кореяда  радио  тарату  iсi  жапондықтардың   Сеулде   құрған
радиостансаларынан бастау алады.  1927  жылдан  берi  қарай  корейлiктер  өз
қолына алды. 1945 жылдың қыркүйек айынан бастап  радиостанса  жүйесiн  (КВС)
американдық әскери әкiмшiлiк басқарды. Бұл жүйеде  дiни,  бiлiм,  ақпараттық
және  көңiл  сергiтетiн  бағдарламалар  жүйелі  құрылған.  Ал,  1956  жылдың
желтоқсанында  християндық  ұйым,  яғни  Евангелистiк  одақ  қиыр   шығыстық
Инчхоне радио тарату iсiн  бастады.  Мұндағы  хабарлар  аптасына  100  сағат
корей, ағылшын, қытай және орыс тiлдерiнде жүргiзiлдi.  1959  жылы  Пусанеде
коммерциялық Пусан Мунхва Бродкастинг Стейшн  радиостанциясы  ашылды,  мұның
iзiн Мунхва  Бродкастинг   Компани  (МВС),  Тона  Бродкастинг  Стейшн  (ТВС)
жекеменшiк радиолары жалғастырды. Бұл радиостанциялардың тұсау  кесу  рәсімі
Сеул қаласында өткен.
    1966 жылы Сеулде  Бродкастинг  Компани  бiрiншi  рет  УКВ  диапозонында
радиодан хабарлар  тарата  бастады.  1970  жылы  оған  үш  УКВ  станциялары:
Сеулдегi “Корея УКВ” қосылды.
    Фар Ист Компани (FEBC)  коммерциялық арнаның АҚШ-та демеушiсi  бар.  Ол
1972 жылы Кореядағы Чечжудо аралының  оңтүстiк  жағалауындағы  елдерге  Азия
халықтарының бостандығы мен  бейбiтшiлiгi  жайлы  ақпараттар,  хабарламалар,
бағдарламалар жiберiп отырады.
    Ақпарат агенттiктерi. 1945 жылдан кейiн  корейлiктерде  алғашқы  "Хебин
Тхонсин" (Дербес пресса) ақпарат агенттiгi пайда болды.
    1945 жылдың 4-қыркүйегiнде "Чосон Тхонсии" агенттiгi
ашылды. Осы жылдың аяғына қарай "Енхап Тхонсиннiң" негiзi
қаланды.  Кейiннен  екеуi  бiрiгiп,  "Хаптон  Тхонсин"  ақпарат   агенттiгiн
құрайды. 1980 жылдың 19 желтоқсанында "Хиптон" мен "Ориент  пресс"  бiрiгiп,
"Енхан Тхонсин" ақпарат агенттiгiн ашады. Бұл ақпарат агенттiгiнiң 40  шетел
агенттiктерiмен жаңалық алмасу мүмкiндiгi бар.
                   Корей Халық Демократиялық Республикасы
                         бұқаралық ақпарат құралдары
    КХДР - астанасы –  Пхеньян  қаласы.  Халқының  саны,  1992  жылғы  есеп
бойынша, 22 672 000 адамға жеткен.
    Газет-журналдары.  “Нодон  Синмун”  (“Жұмысшы  газетi”)  –   күнделiктi
шығатын газет. Кореяның еңбек партиясы Орталық комитетiнiң ұйымы.  Пхеньянда
басылып шығады. 1945 жылы негiзi қаланған.  Таралымы  2  млн.  дана.  “Нодон
осхонен” (“Еңбекшi жастар”) – күнделiктi газет.  Корея  социалистiк  еңбекшi
жастар одағының Орталық комитетiнiң ұйымы. 1946 жылдан берi басылып  шығады.
Таралымы 800 мың дана.
    “Нодон коллочжа” (“Ауыл шаруашылығының еңбекшiсi”)  –  аптасына  2  рет
шығады. Корея ауыл шаруашылығы еңбекшiлер одағы Орталық  комитетiнiң  ұйымы.
1965 жылы негiзi қаланған.
    “Пхеньян синмун” (“Пхеньян газетi”). Күнделiктi газет. Пхеньян  қалалық
халық  комитетiнiң  ұйымы.  1957  жылдан  берi  Пхеньянда  басылып   шығады.
Таралымы – 500 мың дана.
    “Пхеньян таймс” (“Пхеньян уақыты”) – газет ағылшын тiлiнде аптасына екi
рет жарық көредi. Шет тiлiнде әдебиет  баспасында  басылып  шығады,  шетелге
таратуға арналған.
    “Сонен Синмун” (“Пионер газетi”)  –  аптасына  екi  рет  шығады.  Корея
социалистiк еңбекшi жастар одағы орталық комитетiнiң ұйымы 1947 жылдан  берi
Пхеньянда басылады.
    “Чосон  инлингум”  (“Корей  халық  әскерi)  –  күнделiктi  газет.  КХДР
халықтар қарулы күштер министрлiгiнiң ұйымы.  1948  жылдан  берi   Пхеньянда
басылып шығады.
    “Минчису Чосон” (“Демократиялық Корея”) -  үкiмет  ұйымы.  1946  жылдан
берi таралымы 200 мың дана.
    “Адон  мунха”  (“Балалар  әдебиетi”)  –  тоқсанаралық   журнал.   Корея
Жазушылар одағының ұйымы. 1947 жылдан берi Пхеньянда басылып шығуда.
    “Корея” – ай сайын орыс,  қытай,  ағылшын,  француз,  испан  тiлдерiнде
шығатын саяси-қоғамдық журнал. Шетел  тiлдерi  әдебиетi  баспасында  басылып
шығады.
    “Қазiргi  Корея”  –  айлық  журнал.  Орыс,  ағылшын,   француз,   қытай
тiлдерiнде шығады.
    “Жебе” – сатиралық журнал, ай сайын шығады.
    “Корей әдебиетi” (”Чосон Мунхак”) – Корей Жазушылары  одағының  органы.
Пхеньянда басылып шығады.
    “Чосон несон” (“Корей әйелi”) – ай сайын шығатын безендiрiлген  журнал.
Корей Демократиялық  әйелдер  одағы  Орталық  комитетiнiң  органы.  1946  ж.
бастап шығуда.
    “Чконмема” (“Қанатты тұлпар”) – жастар одағының айлық журналы.
    “Эйдж  оф  индепенденс”  (“Тәуелсiздiк  дәуiрi”)  –  шетелге   таратуға
арналған ағылшын, испан, француз тiлдерiнде басылып шығатын журнал.

Бақылау сұрақтары:
1. Корей баспасөзінің қилы тарихы туралы не білесіз?
2. Корей басылымдарының ұстанымдары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Нуртазина Р. Проблематика  корейской журналистики. А., 1996.
2. Сапунов  В.И. Зарубежные информационные агентсва. СПб., 2006.
3.  Рамазан А.Ә. Шетел журналистикасының тарихы.  - Алматы, 2006.

14-Дәріс. Үнді елінің баспасөзі.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
 2. Көп  тілді  үнді баспасөзінің ерекшеліктері.
14.2 Үндістанның беделді басылымдары.

      Азиядағы баспасөзі дамыған елдің бірі -  Үндістан.  Көп   тілді   үнді
баспасөзінің ерекшеліктері. Ағылшын тілінде шығатын газеттер мен  жергілікті
ұлт тілінде шығатын газеттердің айырмашылығы, ұқсастығы.
      Иллюстрациялы басылымдардың дүниеге  келуі.  Жарнама  агентттіктерінің
қызметі.  Үндістанның  беделді  басылымдары:  «Таймс  оф   Индиа»,   «Индиан
экспресс».
      Ром Рай – үндінің  азат журналистикасының негізін қалаушы.
    Үндiстанның территориясы – 3,287 млн. шаршы шақырым.  Халқының  саны  –
935,7 млн. Астанасы – Нью-Дели қаласы. Бұл елдiң тұрғындары негiзiнде  15-ке
тарта жергiлiктi диалектiде сөйлейдi. Үндiстанда 1971  жылы  11036  мерзiмдi
басылым, қазiр – 9076 басылым басылады. Оның iшiндегi 472  күнделiктi  газет
бар. Хинди тiлiнде – 2637 басылым, ағылшын тiлiнде – 2351, ал  урду  тiлiнде
– 715 басылым шығады.


    Газет-журналдары.

1. "Үндiстан уақыты"  1965 жылдан бастап Делиде  шығады.  Кейiннен  Бомбейде
   және Ахмадабадта шыға бастады. Таралымы – 20137 дана.
2. "Үндiстан" – хинди тiлiнде шығатын, таралымы  –  32367  дана,  күнделiктi
   газет.
3.  "Жаңалықтар"  –  мемлекет  және  басқа  елдерде   болып   жатқан   ресми
   жаңалықтарды халыққа жеткiзiп отыратын  күнделiктi  басылым.  Таралымы  –
   52100 дана.
4. "Үндi экспрессі" ағылшын тiлiнде шығатын, таралымы 11520 даналық  апталық
   газет.
5. "Мемлекеттегi қозғалыс" ағылшын тiлiндегi апталық газет. Таралымы 10  мың
   дана.
6. "Үндi" газетi. Таралымы – 10109 дана.
1. "Әлемдiк жағдай" - апталық журнал. Таралымы 21123 дана.
2. "Демалыс" ағылшын тiлiнде жексенбi сайын шығады, 32075 дана.
3. "Негiзгi толқын" ағылшын тiлiнде шығады, 30000 дана.
4. "Достық" ағылшын тiлiнде ай сайын шығады, таралымы 19500 дана.
5. "Дели" журналы – бенгал тiлiнде шығатын апталық журнал. Таралымы –  70200
   дана.

    Ақпарат агенттiктерi. "Индия Пресс Эйдженси" ақпарат агенттiгiнiң (Үндi
баспасөз агенттiгi) Үндiстанның әрбiр штаттарында өз тiлшiлiк пунктерi  бар.
Сондай-ақ, 100-ге жуық газеттер мен журналдарды  тарататын  баспасөз  торабы
қызмет етедi.

    "Юнайтед Ньюс оф Индия" - Үндiстандағы меншiктi ақпарат  агенттiктердiң
бiрi. "Сетейтсмен", "Хиндустан  Таймс"  газеттерi  осы  агенттiктен  шығады.
"Амрита базар патрика" – 200-ге  жуық  басылым  шығаратын  агенттiк.  Тұнғыш
радиостансасы 1927 жылы Бомбейде салына  бастады.  Ал,  телеорталық  Бомбей,
Калькутта, Мадрас және Канпур қалаларында iске қосылған.

Бақылау сұрақтары:
1. Үнді баспасөзінің ерекшелігі неде?
2. Ағылшын тілінде шығатын  газеттер  мен  жергілікті  ұлт  тілінде  шығатын
   газеттердің айырмашылығы, ұқсастығы қандай?
3. «Таймс оф Индиа», «Индиан экспресс» газеттері туралы не білесіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Актуальные проблемы журналистики Азии, Африки, Латинской Америки. М.,
1989.
2.Ермошкин Н.И., Сучков И.В. Печать, радио, телевидение Индии.М., 1972.


15-Дәріс. Египет баспасөзі :өткені мен бүгіні.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
15.1 Француз басылымдарының мақсаты.
15.2 Елдегі саяси жағдайлардың баспасөзге әсері
15.3 Беделді басылымдары


      Француз экспедициялық корпусы әкелген  типографиялық  құрал-жабдықтар.
Еуропалық типтегі басылымдардың қалыптасуы.
Наполеон және баспасөз. Француз басылымдарының мақсаты.
Мұхаммед Әлидің ұлттық баспасөздің дамуына қосқан үлесі. «Гурналь  әл-хедив»
- араб елінің төл басылымы.
      Елдегі саяси жағдайлардың баспасөзге әсері. Оппозициялық басылымдардың
дүниеге  келуі.  «Раудат  әл-Мадарис»   журналының  қоғамдық  ойдың  дамуына
қосқан үлесі. Рифаа ат-Тахтави – журналистиканың негізін салушылардың бірі.
      Мұғажырлық басылымдардың маңызы. Таяу шығыс ақпарат агенттігі–МЕНА.
    Мысыр мемлекетiнiң географиялық орналасуы  өте  қолайлы.  Ол  Африканың
шығысында орналасып, өзiне Азия бөлiгi – Сипай түбегiн қосып алады. 15  млн.
халқы бар. Астанасы - Каир  қаласы  араб  әлемiнiң  жүрегi  болып  табылады.
Мысыр солтүстiк-шығысында Палестинамен және шекарасы 265 шақырымға  созылған
Израильмен, батысында 1115 шақырымға созылған  Ливиямен,  оңтүстiгiнде  1280
шақырымға созылған Суданмен шекараласады.

    Мысырдың жалпы  ауданы  шамамен  1002000  шаршы  шақырымға  тең.  Мысыр
территориясымен  Суэц  каналы  өтедi.  Негiзгi  су  көзi  Нiл  өзенi   болып
табылады, жаңбыр және жер асты сулары аз мөлшерде пайдаланылады.
    Мысыр халқы 1997 ж. 1 қаңтарында 61404000 адамға жеттi. Оның iшiнде  ер
адамдар - 31295000, әйелдер – 30108700.
    Мемлекеттiк тiл – араб тiлi. Дiнi – ислам, мемлекеттiң негiзгi дiнi.
    Мемлекеттiк туы үш түстен тұрады: қызыл, ақ және ортасында алтын бүркiт
орналасқан қара жолақ. Ұлттық валютасы - Мысыр  фунты  (100  пластрам).  Iрi
қалалары – Александрия, Порт-Сайд.  Әкiмшiлiк  бөлiнуi  –  26  губернаторлық
(мухафазат). Оның әрбiреуi марказға,  марказ  нахинға  бөлiнедi.  Тұрғылықты
халықтың 98 пайызы – арабтар. Ұлттық мерекесi – Революция күнi (1952 ж.)  23
шiлдеде атап өтiледi.

    Газет-журналдары. Мысырда ұлттық баспа  ұйымдары  мен  ұлттық  хабарлар
тарату компаниясы, сондай-ақ, Таяу шығыс  жаңалықтар  агенттiгiнiң  ұйымдары
болып табылатын ұлттық газет-журналдар баршылық. "Әл-Ахрам"  ("Пирамидалар")
– күнделiктi газетi 30-45-бет болып жарық  көредi.  Жұма  күнi  қосымшасымен
бiрге шығады, көлемi – 52-60 бет. Бас редакторы – Ибрагим Нави.  Газет  1975
ж. 2 желтоқсанынан бастап шығып келедi.

    “Әл-Ахбар” ("Хабарлар") газетi  күнделiктi  жарық  көредi,  16-20  бет,
сенбi күнi "Бүгiнгi жаңалықтар" қосымшасымен шығады. Бас  редакторы  –  Жала
Диуар. Газеттiң негiзiн 1952 ж. ағайынды Мұстафа және Әли Әминдер салған.
    “Әл-Гумхурийя” ("Республика") күнделiктi газет. Бұл газет  революцияның
алғашқы күндерiнен бастап шыға бастаған газеттердiң бiрi.
    “Ахир-саа” ("Соңғы сағат") – 55-60 беттiк апталық журнал. Бас редакторы
– Мұхаммад Әл-Гайан.
    “Әл-Мұзаузар” ("Суреттеу") – апталық журнал, көлемi –  60-70  бет.  Бас
редакторы – Муккарам Мухаммад Ахмад.
    “Әл-Кауамиз” ("Өнер жұлдыздары") – апталық журналы, көлемi – 75-80 бет.
1892 ж. бастап шығады. Бас редакторы – И. Барака.
    “Насиф ад-дүния” (Жарты әлем) – әлеуметтiк мәселелерге  арналған,  100-
беттiк болып шығатын әйелдер журналы. Бас редакторы – Сана.
    “Сабак-әл-каир” ("Қайырлы таң") негiзiн 1956 ж. Фатима Әл-Иусур  салған
апталық журнал. Көлемi – 70-75 бет. Бас редакторы – Рауф Гауфык.
    “Сихр” ("Сиқыршылық") - балаларға арналған журнал.

    Телерадиосы. Мысырда 1995 жылғы мәлiмет бойынша жалпы қуаттылығы  12617
кВт құрайтын 252 станция жұмыс iстейдi. Аймақтық радиобағдарламаларын  қосып
есептегенде Мысыр радиосы күнiне 395 сағат хабар  таратады.  Жердiң  жасанды
серiктерiн қолданудың  арқасында  "Мысыр  дауысы"  бүкiл  құрлыққа  тарайды.
Сегiз дербес радио жұмыс iстейдi.


    Ақпарат агенттiктерi. Ұлттық  ақпарат  агенттiктерi  ұлттық  газеттердi
басып  шығарады  және  де  мемлекеттiң  меншiгi  болып  есептеледi.  Олардың
жұмыстары Шура кеңесiмен  бақылауға  алынады.  Орталық  шығыстың  жаңалықтар
агенттiгi – прессаның тәуелсiз институты.  Бүгiнгi  таңда  аталмыш  агенттiк
аумақтық агенттiктер арасында елеулi орын  алады.  1998  ж.  алғаш  рет  6-9
наурыз  аралығында  Қазақстанға  Мысыр  Араб   Республикасының   журналистер
делегациясы келiп кеттi. Олардың  мақсаты  –  Қазақстан  жайында  ақпараттық
материалдар дайындау болатын.


Бақылау сұрақтары:
1. Наполеон  баспасөзі қандай мақсатты көздеді?
2. «Әл­ахрам» газеті туралы не білесіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Халиль А. Ежедневная печать Египта. М., 1976.
2. Рамазан А.Ә. Шетел журналистикасының тарихы.  - Алматы, 2006.

3  ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
№  1 семинар. Тақырыбы:  «БАҚ эволюциясы».
Сабақтың жоспары:
1. Журналистиканың бастау көздері.
2.Еуропадағы кітап басу ісінің дамуы.
3.Ұлы Француз революциясы тұсындағы публицистика.
4.Ағылшын буржуазиялық революциясы тұсындағы баспасөз.
Сабақтың  мақсаты:  Бұқаралық   ақпарат   құралдарының   эволюциясы   туралы
түсіндіру.

Бақылау сұрақтары:
1. Журналистиканың дамуына түрткі болған жағдайларды  атаңыз.
2. Қоғамдағы саяси жағдайлардың журналистикаға әсері қандай болды?
3.  Ұлы Француз революциясы тұсындағы баспасөздің рөлін көрсетіңіз.

Әдістемелік нұсқау:
1.Журналистиканың дамуы, қоғамдағы жағдайы туралы түсінік.
2. Қоғамдағы саяси жағдайлардың журналистикаға әсерін анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. История печати :  Антология  :  Т.  11.  /  Сост.  Я.Н.  Засурский,  Е.Л.
Вартанова. – М., 2001.
2. Беспалова  А.Г., Корнилов Е.А., Корченский А.П., Лучинский Ю.В.,  Станько
А.И. История мировой журналистики. М., 2003.
3.Попов Ю. В. Публицисты Великой французской революции.М.,1989.

№2 семинар. Тақырыбы: «Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі журналистика».
Сабақтың жоспары:
1.Баспасөзді біріктіру мен монополиялаудың жалпы тенденциялары.
2. Қазіргі БАҚ-тың экономикалық негізі.
3 БАҚ-тағы жарнаманың маңызы.
4. БАҚ-ты саяси бақылаудың негізгі типтері.

Сабақтың  мақсаты:  Баспасөз  жұмысын  жүргізудің  түрлі   формалары   жайлы
түсіндіру.

Бақылау сұрақтары:
1. БАҚ­қа иелік етудің түрлері қандай?
2. Трансұлттық монополиялардың айырмашылығы неде?
3. Шетелде  жарнама қанша пайыз беріледі?
4. БАҚ ­бизнес көзі дегенді қалай түсінесіз?

Әдістемелік нұсқау:
БАҚ жұмысын жүргізудің түрлі формаларына шолу жасау.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.  Михайлов   С.А.   Современная   зарубежная   журналистика:   правила   и
парадоксы.Спб., 2002.
2. Назайкин А.Н.Рекламная служба газеты. М., 1996.
3. Андрунас Е.И. Информационная  элита: корпорация  и  рынок  новостей.  М.,
1991.
4. Журналистика в мире  политики / Под редакцией  док.  Полит.  наук,  проф.
С.Г. Корконесенко. СПб., 2004.


№ 3  семинар. Тақырыбы:  Мемлекет және журналистика.
Сабақтың жоспары:
1. БАҚ туралы заңдар:әр елдегі ерекшеліктері және жалпы тенденциялары.
2.Сот және орындаушы биліктің БАҚ-на ықпалы.
3.Саяси партиялар және баспасөз.
4.Клерикальды-католиктік журналистика.

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттің БАҚ­қа, БАҚ­тың  мемлекетке ықпалы.

Бақылау сұрақтары:
1. Мемлекет тарапынан бақылау қалай жүргізіледі?
2. Мемлекет тарапынан бақылау жасау сөз бостандығын шектемей ме?
3. Мунит сектасының  иелігіндегі  АҚШ ­тың    «ЮПИ»  агенттігінің   болашағы
   қалай деп ойлайсыз?
4. Ватикан басылымдары  туралы не білесіз?

Әдістемелік нұсқау:
Тақырыпты ашу үшін, жұмысты жүйелі орындау үшін, жұмысты  орындау  барысында
көрсетілген мәселелер жайлы мәліметтер мен әдебиеттерді,  басылымдарды  оқып
қарулану керек.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Шетелдің БАҚ туралы заңдары.
2. Михайлов С.А. Журналистика Соединенных Штатов Америки. СПб., 2004.
3. Журналистика  в мире политики. СПб., 2004.
4. Интернет парақтары.


№4  семинар. Тақырыбы: Шетелдердегі бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі.
Сабақтың жоспары:
1. Ғаламдану және БАҚ. Пікірталас.
2. Сапалы және сары басылымдар ерекшеліктері.
3. Ақпарат агенттіктерінің қызметі.
4. Қазақстандық сапалы және сары басылымдарға анализ жасау.

Сабақтың  мақсаты:  Шетелдік   БАҚ­тың   құрлымдық   өзгешеліктері    туралы
түсіндіру.

Бақылау сұрақтары:
1. «Сапалы» газеттер дегеніміз не?
2. «Аралас»  газеттер дегеніміз не?
3. Бәсекелестен қайтіп озып шығуға болады?
4. Шетелдік басылымдардың оқырман тартудағы әдіс­тәсілдері қандай?

Әдістемелік нұсқау:
Шетелдік БАҚ жүйесіне жалпы сипаттама. Сапалы, танымал және аралас  газеттер
бөлінісі,  олардың   спецификасына   назар   аудару.   Шетел   журналдарының
типологиясы,  ақпарат  агенттіктері  мен  БАҚ-тың  құрылымдық  өзгешеліктері
туралы мағлұматтары қарастыру.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Воснобойников Я.С. Журналист и информация. Профессинальной опыт западной
   прессы. М., 1993.
2. Михайлов С.А. Современная зарубежная журналистика: правила и  парадоксы.
   СПб., 2002.
3. Сапунов  В.И. Зарубежные  информационные агентства. Спб., 2006.
4. Қазақстандық басылымдар: «Егемен Қазақстан»,  «Жас  Алаш»,  «Айғақ»,т.б.
   сараптама жасау.


№ 5 семинар. Тақырыбы: Дамыған елдердегі баспасөзі.

Сабақтың жоспары:
1.Сапалық газет – «Таймс».
2. Ірі баспасөз монополиялары.
3.Ағылшын баспасөзінің бүгінгі күні.
4.«Таймс», «Гардиан», «Файненшл таймс»  газеттерінің  электронды  беттерінің
материалдарын талдау.

Сабақтың мақсаты: Дамыған елдердегі баспасөзі  туралы мағлұмат беру.

Бақылау сұрақтары:
1. Ағылшынның алғашқы газеттерінің  негізгі тақырыптары қандай?
2. АВС­1 тобына қандай газеттер жатады?
3.«Сан» газеті  қандай газет?
4.«Нью­Йорк таймс» газетінің  әлем журналистикасыныңдағы  орны қандай?

Әдістемелік нұсқау:
Ұлыбритания баспасөзінің тарихы мен басылымдарына ерекше назар аудару.


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Михайлов С. Современная зарубежная  журналистика:  правила  и  парадоксы.
СПБ., 2002.
2 . Соколов В.С., Виноградова   С.М.  Периодическая  печать  Великобритании.
СПБ., 2000.
3. Интернет парақтары.

№ 6   семинар. Тақырыбы: Франция баспасөзі: өткені мен бүгіні.
Сабақтың жоспары:
1.Француз апталықтарының ақпарат рыногындағы орны.
2. Францияның ірі медиа – империялары.
3. Француз БАҚ-ның бүгінгі жағдайы.

Сабақтың мақсаты: Франция баспасөзінің тарихы және  бүгінгі  жағдайы  туралы
мәлімет беру.

Бақылау сұрақтары:
1. «Гавас» агенттігі қай жылы  дүниеге келді?
2. «Ашетт» тобы қандай өнімдер шығарады?
3. «Монд» газетінің ұстанымы қандай?
4. Эрсан тобының  басылымдары қандай?

Әдістемелік нұсқау:
Франция  баспасөзінің  қалыптасу   тарихы   мен   бүгінгі   жағдайы   туралы
мәліметтерге тоқталу.

Ұсынылатын әдебиеттер:
  1. Сухорукова Л.Н. Еженедельники  в системе  средств  массовой  информации
     Франции . М., 1990.
  2. Шарончикова В.СМИ Франции. М., 1985.
  3. Рамазан А. Шетел журналистикасы. А., 2006.

№ 7  семинар. Тақырыбы: АҚШ БАҚ-ның дәстүрлері.
Сабақтың жоспары:
1. Америка БАҚ-демократия сақшысы.
2. Беделді басылымдарының ұстанымдары
3. Журналистік зерттеулер – АҚШ журналистикасының ерекше тәсілі.
4.  «Нью-Йорк  таймс»,  «Вашингтон  пост»,   «Ю-эс-эй-тудей»   басылымдарына
сараптама жасау.

Сабақтың мақсаты: АҚШ БАҚ туралы мәлімет беру.

Бақылау сұрақтары:
1. «Уотергейт» оқиғасының маңызы неде?
2. «Нью­Йорк таймс» газетінің ұстанымы қандай?
3. «Ю­эс­эй тудей» газетінің жетістікке жету себебі неде деп  ойлайсыз?
4. О.Уинфри бағдарламалары  несімен ерекшеленеді?
5. К.Грэммнің  АҚШ журналистикасындағы орны қандай?

Әдістемелік нұсқау:
1.Америка баспасөзінің пайда болуына шолу жасау.
2.Американың  беделді  газеттерінің  баспасөз  әлеміндегі   орнын   анықтау.
3.Р.Мэрдоктың баспасөз империясын қарастыру.
4.«Ассошиэйтед пресс», «Юнайтед пресс»,  «ЮСИА»  агенттіктерінің  қызметтері
туралы конспект жасау.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Михайлов С.А. Журналистика Соединенных Штатов Америки. СПб.,2004.
2. Селиверстов А.А. Тенденция развития американской журналистики. М.,  1996.


3. Журналистика в США: время перемен.ЮСИА,
4. 1996.

№ 8  семинар.  Тақырыбы: Германия баспасөзінің   даму ерекшеліктері.
Сабақтың жоспары:
1.Баспасөз концерндерінің әлемдік ақпарат рыногындағы рөлі.
2.Баспасөздің қазіргі жағдайы.
3.Г.Вальрафтың публицистикасы.
4.А.Шпрингер монополиясы.

Сабақтың  мақсаты:  Германия  баспасөзінің  өткені    мен    бүгіні   туралы
мәлімет беру.

Бақылау сұрақтары:
1. Бурда тобы туралы не білесіз?
2. Г.Вальраф журналистік зерттеуді қалай жүргізді?
3. Шпрингер оқырман тартуда қандай әдіс­тәсілдер қолданды?

Әдістемелік нұсқау:
Тақырыпты ашу үшін, жұмысты жүйелі орындау үшін, жұмысты  орындау  барысында
көрсетілген мәселелер жайлы мәліметтер мен әдебиеттерді,  басылымдарды  оқып
қарулану керек.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Вальраф Г.Г. Репортер обвиняет.М., 1988.
2.Ворненкова Г.Ф. СМИ Германии в 90-е годы. М., 1998.
3.Орлов Ю.Я. Печать ФРГ. М., 1976.
4. История мировой  журналистики. М., 2003.


№ 9  семинар. Тақырыбы: Италия бұқаралық ақпарат құралдары.
Сабақтың жоспары:
1. Италия БАҚ-ның ерекшеліктері.
2.С.Берлускони-баспасөз магнаты.
3. Италия баспасөзінің бүгінгі бет- бейнесі.

Сабақтың мақсаты: Италия бұқаралық ақпарат құралдары туралы мағлұмат беру.

Бақылау сұрақтары:
1. Италиялық «аралас» газеттердің  тақырыптары қандай?
2. С.Берлускони монополиясы жайында не білесіз?
3. Италиядағы діни басылымдардың рөлі қандай?

Әдістемелік нұсқау:
1.Ежелгі Рим шежірелері қарастыру.
2.ХVII ғасырдағы басылымдарының баспасөз тарихына шолу жасау.
3. Италия журналдарының типологиясы, аудиториясына назар аудару.
4. Италиядағы діни басылымдарындағы басты мәселелер туралы конспект жасау.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Михайлов С.А. Современная зарубежная журналистика: правила  и  парадоксы.
   СПб., 2002.
2. Урина В.Н. СМИ Италии. М.,1990.
3. Рэндалл Д. Универсальный журналист. А., 1996.
4. Интернет парақтары.


№ 10  семинар. Тақырыбы: Азия елдерінің журналистикасы.  Жапония баспасөзі.
Сабақтың жоспары:
1.Беделді басылымдарының ұстанымдары, әдіс-тәсілдері
2.Баспасөз монополиялары
3. Жапон баспасөзінің бүгінгі бет-бейнесі

Сабақтың мақсаты: Жапон журналистикасының ерекшелігін көрсету.

Бақылау сұрақтары:
1. «Асахи симбун» газеті  туралы не білесіз?
2. Ірі концерндері қандай?
3. Ақпарат агенттіктерін атаңыз.

Әдістемелік нұсқау:
Жапония басылымдарының ұстанымдарына, әдіс-тәсілдеріне, баспасөздің  бүгінгі
бет-бейнесіне, ерекшелігіне шолу жасау.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Лазарев А.М.,  Полякова  Н.А.,Смирнов  Б.В.  Печать,радио  и  телевидение
   японии.М., 1974.
2. Актуальные проблемы  журналистики Азии, Африки и Латинской  Америки.  М.,
   1989.
3. Интернет парақтары.


№ 11  семинар. Тақырыбы: «Түркия баспасөзінің өткені мен бүгіні».
Сабақтың жоспары:
1.Ататүрік және баспасөз.
2. «Тамашаланатын газеттердің» ақпарат рыногындағы рөлі.
3. Түріктің ірі медиа –империялары.
4.Беделді басылымдары.

Сабақтың мақсаты: Түрік БАҚ  туралы таныстыру.

Бақылау сұрақтары:
1. Түрік жеріне тараған француз басылымдарының мақсаты не?
2. М. К. Ататүріктің  түрік баспасөзін дамытуға қосқан үлесі қандай?
3. Беделді түрік басылымдарын атаңыз.
4. «Заманның» бағыты қандай?

Әдістемелік нұсқау:
      Түрік баспасөзінің қалыптасуында француздардың  атқарған  рөлі.  Түрік
мерзімді  басылымдары  дамуының  негізгі  кезеңдері.   Түрік   журналдарының
типологиясы. М. К. Ататүріктің баспасөзге жасаған көмегі.
Беделді  басылымдары:  «Ақшам»,  «Хюрриет»,   «Заман».   Түркиядағы   БАҚ-ты
бақылайтын холдингтер:  «Доган  холдинг»,  «Ихлас  холдинг»,  «Меди»  групп.
Агенттіктер - баспасөз хабарларының қайнар көзі.
      1980 жылдан кейінгі түрік баспасөздегі өзгеріспен танысу.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ибрагимов А. Х. Печать Турции. М.,1965.
2. Рамазан А. Шетел журналистикасы. А., 2006.
3. Интернет парақтары.


№ 12  семинар. Тақырыбы: «Қытай баспасөзінің даму жағдайы».
Сабақтың жоспары:
1. Мәдени төңкеріс және баспасөз.
2.Экономикалық реформалардан кейінгі журналистикадағы өзгерістер.
3. Қытайдағы қазақ басылымдары.

Сабақтың мақсаты: Қытай баспасөзі туралы мағлұмат беру.

Бақылау сұрақтары:
 1. Мәдени төңкеріс тұсындағы  баспасөздің жағдайы қандай болды?
 2.  «Жэнминь жибао» қандай газет?
 3. “Синьхуа“ ақпарат агенттігі туралы не білесіз?
 4. Қытайдағы қазақ басылымдары туралы не білесіз?

Әдістемелік нұсқау:
      ҚХР-дың жаңа жүйедегі БАҚ-ның  қалыптасуы.  Қытай  БАҚ-ның  ақпараттар
берудегі өзіндік ерекшеліктері. Басылымдар  арасындағы  тақырыптық  бөлініс.
Экономикалық реформа тұсындағы журналистика.  Компартияның  бас  басылымы  –
«Жэнминь жибао» газетінің рөлі. Газет-баспа корпорацияларының  пайда  болуы.
«Синьхуа» ақпарат агенттігі. Қытайдағы қазақ басылымдарының  даму  деңгейіне
ерекше назар аудару.


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сергеев  Г.И. От дибао до «Жэньминь жибао»: путь в 1200 лет. М., 1989.
2. Информационные службы для зарубежной аудитории Китая. Пекин, 1998.
3.  Чжан Лигуан. Основные этапы эволюции китайской журналистики. /  Вопросы
   гуманитарных наук.  2007, № 1.


№ 13   семинар. Тақырыбы: «Оңтүстік Корей  баспасөзі».
Сабақтың жоспары:
1.Корей басылымдарына тән ерекшеліктер
2. Корей баспасөзінің бүгінгі бет - бейнесі

Сабақтың мақсаты: Оңтүстік Корей  баспасөзі туралы таныстыру.

Бақылау сұрақтары:
1. Корей баспасөзінің қилы тарихы туралы не білесіз?
2. Корей басылымдарының ұстанымдары қандай?

Әдістемелік нұсқау:
Оңтүстік Корей баспасөзінің тарихы мен басылымдарына ерекше назар аудару.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Назаров М.М. Массовая коммуникация в современном мире.М., 2000.
2. Нуртазина Р.А. Проблематика  корейской журналистики. А.,1996.
3. Интернет парақтары.


№ 14  семинар. Тақырыбы: «Үнді елінің баспасөзі».
Сабақтың жоспары:
1. Үнді  басылымдарына тән ерекшеліктер
2. Р.Рай – азат журналистиканың негізін салушы.
3. Беделді басылымдары

Сабақтың мақсаты: Үнді елінің баспасөзі туралы мәлімет беру.

Бақылау сұрақтары:
1. Үнді баспасөзінің ерекшелігі неде?
2. Ағылшын тілінде шығатын  газеттер  мен  жергілікті  ұлт  тілінде  шығатын
   газеттердің айырмашылығы, ұқсастығы қандай?
3. “Таймс оф Индиа“,“Индиан экспресс“ газеттері туралы не білесіз?

Әдістемелік нұсқау:
Тақырыпты ашу үшін, жұмысты жүйелі орындау үшін, жұмысты  орындау  барысында
көрсетілген  мәселелер  жайлы  мәліметтер  мен  әдебиеттерді  оқып  қарулану
керек.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ермошкин Н.И.,Сучков И. В. Печать,радио и телевидение  Индии.М., 1971.
2.Актуальные   проблемы   журналистики   Азии,африки,Латинской   америки.М.,
1989.
3.Рамазан А.Шетел журналистикасы. А., 2006


№ 15  семинар. Тақырыбы: «Египет баспасөзі :өткені мен бүгіні».
Сабақтың жоспары:
1. Наполеон және баспасөз.
2. Мұғажырлық басылымдардың маңызы.
3. Беделді басылымдары.

Сабақтың мақсаты: Араб елдері баспасөзімен таныстыру.

Бақылау сұрақтары:
1. Наполеон  баспасөзі қандай мақсатты көздеді?
2. «Әл­ахрам» газеті туралы не білесіз?

Әдістемелік нұсқау:
Жұмысты орындау үшін Араб елдері баспасөзі мен газеттері туралы мәлімет  алу
керек,  яғни тақырыпқа  қатысты еңбектермен танысу керек.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Халиль А.А. Ежедневная печать Египта. М., 1976.
2. Рамазан А. Шетел журнгалистикасы. А., 2006.
3. Интернет парақтары.

4  СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


4.1 ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ:
 - Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа  қажетті  нақты  дағдыларға
   (іштей  жылдам  оқи  білу,  библиографиялық  дағдылар,   түрлі   анықтама
   әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
 - Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, тиісті  әдебиеттер
   мен  құралдардың  болуы)  керек  етеді,  ең  дұрысы  кітапханаларда,  оқу
   залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
 - Алғашқы кезден оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл
   кеңес алудың пайдасы зор.
 -  Оқыған  материалды  мұқият  ұғатындай  етіп  оқып,  түсінбеген  жерлерді
   қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу керек.
 -  Анықтама  әдебиеттерді,  энциклопедияларды,   түрлі   сөздіктерді   қоса
   пайдаланып отыру керек.
      Студенттердің өздік жұмыстары (СОӨЖ, СӨЖ)  үй тапсырмаларын  орындауды
қамтиды. Ол: реферат, конспект, кроссворд, әдістемелермен жұмыс,   аннотация
жазу, жаттығу орындау және т.б. түрінде жүргізіледі.
Қойылатын талаптар:
1. СОӨЖ, СӨЖ оқытушы белгіленген мерзімінен  кешіктірмей,  уақытында  барлық
   талаптарға сәйкес орындалуға тиіс;
2. СОӨЖ, СӨЖ өзі орындауы қажет, оны басқадан көшіруге, яки болмасы  басқаға
   көшіруге  беруге болмайды (ондай жұмыс бағаланбайды,  сол  себепті   ұпай
   төмендетіледі).

      4.2 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
      4.2.1 Журналистиканың қоғамдағы маңызы.
      4.2.2  Шетелдік БАҚ-тың монополиялану процесі.
      4.2.3  Саяси партиялардың бұқара  санасы  мен  іс-әрекетіне  әсер  ету
механизмінде  БАҚ-тың алатын орны (шетел  мен  Қазақстан  мысалын  салыстыра
жазу).
      4.2.4  Сапалы,  танымал  және  аралас   газеттер   бөлінісі,   олардың
спецификасы.
      4.2.5    Ағылшын    бұқаралық    ақпарат    құралдарына    трансұлттық
корпорациялардың ықпалы.
      4.2.6  Франциядағы ірі газет-баспа топтары.
      4.2.7  Американың беделді газеттерінің баспасөз әлеміндегі орны.
      4.2.8  Неміс журналистикасының қазіргі бет-бейнесі.
      4.2.9  Италия газеттеріне тән ерекшеліктер.
      4.2.10 Жапонияның беделді басылымдары.
      4.2.11 Түркияның беделді басылымдары.
      4.2.12 Шектен тыс идеологияланған Қытай баспасөзі.
      4.2.13  Корей басылымдарының дәстүрлері.
      4.2.14 Көп  тілді  үнді баспасөзінің ерекшеліктері.
      4.2.15  Египет баспасөзінің ерекшеліктері





5  ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ

|Өзгерістің |Құжаттың   |Өзгеріс    |Хабарламаның   |Өзгеріс енгізілді      |
|рет нөмірі |тарауы     |түрі       |нөмірі және    |                       |
|           |пункті     |(ауыстыру, |күні           |                       |
|           |           |жою, қосу) |               |                       |
|           |           |           |               |Күні      |Аты-жөні,   |
|           |           |           |               |          |қолы,       |
|           |           |           |               |          |қызметі     |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |







6  ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ
№
о/қҚызметіАты-жөніУақытыҚолыӨзгерту №УақытыҚолыӨзгерту №УақытыҚолы
Пәндер