Файл қосу

Құстар физиологиясы



ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
                                                    МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты            |       ПОӘК |ПОӘК 042. 18-24. 1. 35/02-2014|
|«Терісі бағалы аңдардың,         |№1 басылым  |                              |
|құстардың, балықтардың және      |11.09.2014ж.|                              |
|аралардың азықтармен улануы»     |            |                              |
|пәнінің оқытушыларға арналған оқу|            |                              |
|әдістемелік бағдарлама кешені    |            |                              |







           5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
  «Терісі бағалы аңдардың, құстардың, балықтардың және аралардың азықтармен
                              улануы»  пәнінен
                            ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН



                     СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ















                                    Семей
                                    2014
                                                            Алғы сөз




         1 ӘЗІРЛЕНДІ
      Құрастырғандар:         Билялов   Е.Е.,    ветеринария    ғылымдарының
кандидаты,  Семей қаласының Шәкәрім  атындағы мемлекеттік   университетінің
«Ветеринариялық медицина» кафедрасының аға оқытушысы
    Тойкина  Г.Н.,  ветеринария  ғылымдарының  кандидаты,  Семей  қаласының
Шәкәрім  атындағы мемлекеттік   университетінің  «Ветеринариялық  медицина»
кафедрасының профессоры м. а.

                                                              28.08. 2014 ж.


            2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

      2.1 Семей  қаласының Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінің
«Ветеринариялық медицина» кафедрасының отырысында
28.08. 2014жыл, № 1 хаттама.

Кафедра меңгерушісі, доцент м.а.
С.Тусупов


      2.2Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
« 09 » 09  2014 жыл, № 1 хаттама



Төрайымы
              Г.Джаманова



            3 БЕКІТІЛДІ


Университеттің  оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында  шығаруға
мақұлданған  және  ұсынылған.
« 11 » 09  2014 жыл, № 1хаттама






ОӘК төрайымы, ОӘЖ проректоры              Г. Искакова





      4 АЛҒАШҚЫ ЕНГІЗІЛУІ





                                   Мазмұны
1  Жалпы ереже
2  Пәннің мазмұны және сабақ тақырыптарына сәйкес бөлінген сағат
3  Пәнді оқуға арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
4  Курс форматы
5  Курс саясаты
6  Бағалау саясаты
7  Әдебиеттер
      1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

       1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
      Билялов  Е.Е.,  ветеринария  ғылымдарының  кандидаты  Семей  қаласының
Шәкәрім    атындағы    мемлекеттік       университетінің     «Ветеринариялық
медицина»    кафедрасының  аға оқытушысы;
      Тойкина Г.Н.,  ветеринария  ғылымдарының  кандидаты,  Семей  қаласының
Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік   университетінің  «Ветеринариялық  медицина»
кафедрасының профессоры м. а.;
      Байланыс ақпараты- тел. 53-19-20, № 6 оқу ғимараты, кабинет 3;
      Сабақ өткізу орны- аудиториялар  109;
      Пәннің атауы «Терісі  бағалы  аңдардың,  құстардың,  балықтардың  және
аралардың азықтармен улануы»;
       Кредиттің саны – 3;

       2. Пәннің қысқаша мазмұны:
      «Терісі  бағалы  аңдардың,  құстардың,  балықтардың   және   аралардың
азықтармен  улануы»  пәні  осы  көрсетілген  тіршілік  атаулылардың  өзіндік
биологиялық ерекшелігіне сәйкес  өмір  сүру  ортасындағы  әртүрлі  факторлар
саладарынан туындайтын уланулардың токсикодинами касын оқытып  және  сапасыз
азықтық өнімдерді пайдаланудан, олармен қатынастық жағдайда  және  кездейсоқ
жағдайда  жануарларды   азықтандыру   технологиясының   бұзылуы   салдарынан
туындайтын уланулар кезінде көрсетілетін ветеринарлық  көмек  және  уланудың
алдын алу іс шараларын ғылыми негізде түсінуді оқытады.
      Пәннің  оқытылуы  негізінен  –  пән  мазмұнында  көрсетілген  тіршілік
атаулылардың азықпен улануы, удың  азықпен  жануар  организміне  түсуі  және
азықтық удың дербес  жүйелер  қызметіне  әсері  бар  бөлімдері  бойынша  улы
заттар әсерінің жалпы заңдылықтарына сәйкес  улардың  токсикодинамикасы  мен
токсикокинетикасы, әсер ету механизмдері,  удың  организмде  шоғырлануы  мен
бөлініп шығу заңдылықтарын  білу  мақсатында  беріледі.  Осы  себепті  пәнді
оқыту  барысында  әр   тіршілік   атаулының   биологиялық-анатомиялық   және
физологиялық  дербес  ерекшеліктерін  қарастыра  отырып,  азықтардан   улану
ықтималдығын  егжей-тегжейлі   зерттеуді   оқытады.   Улы   заттардың   ауыл
шаруашылығында  қолданылуы  жағдайларында   уланудың   ықтималдығын,   улану
кезінде оларды балау және емдеу қағидалары үйретіліп,  соттық-ветеринариялық
сараптау,  азықтық-токсикологиялық  талдаудың  негізгі  әдістері   жан-жақты
түсіндіріледі.
      Пән ветеринар дәрігері мамандығын  қалыптастырудағы  мамандық  этикасы
мен деонтологиялық қағиданы сақтауға тәрбиелейді.

      1.3 Пәнді оқудың мақсаты:
       Тіршілік иелерінің ағзасы  мен  улы  заттар  арасындағы  арақатынасты
биохимиялық процесстер қағидасы негізінде түсіну.  Организмге  әсер  ететін
улы  заттың  биологиялық,  химиялық  физикалық  қасиеттерін  тани   отырып,
биотрансформациялық заңдылығымен организмнен  бөліну  жолдарын,  улануларды
балау,  патолого-анатомиялық  сараптама  жүргізе  алуды  үйрену.   Уланудан
болатын патогенездік ерекшеліктерге байланысты қолданылатын  дәрі-дәрмектер
әсерінен  жануарлар  организміндегі  физиологиялық-биохимиялық  үрдістердің
қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне және организмнің уланбауының  алдын  алуды,
дерттің ары қарай ұласпауына қатысты мәселелерді түсіну болып табылады.
      Жалпы токсикология ғылымының тиісті  салаларына  қатысты  қағидаларына
сәйкес ағзадағы улы затты  табу,  морфо-физиологиялық  өзгерістерді  жіктеп
айқындау, ағзадағы удың қандай түрленулерге  ұшырайтынын  ғылыми  теориялық
тұрғыда түсініп, токсикологиялық-зертханалық  зерттеулер  жүргізудің  жалпы
әдістерін меңгеріп, қағидаларын түсіну болып табылады.


      1.4 Пәнді оқытудың негізгі мақсаты:
      Ауыл шаруашылығы және басқа да сала өндірісінде қолданылатын  химиялық
заттар мен табиғи күйінде және физикалық  әсерден  түзілетін  улы  заттардан
тіршілік иелерінің улануының теориялық қағидаларын түсіндіріп, ағзадағы  улы
затты  жіктеп  айқындай  отырып,  ағзадағы  түрленуді   зертеп   биохимиялық
процесстерге сипаттама беруді үйрету. Сонымен қатар  сапалы  аң  терісі  мен
басқада алынатын шикі заттардың  азық-түлік  өнімі  ретіндегі  қауіпсіздігін
және  уланудан  кейінгі   организмдегі   функциональдық   және   биохимиялық
құбылыстардың негізгі әсерден кейінгі өзгеруін бағалай білуді оқыту.


       1.5 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы білу керек:
       Студент білуге тиісті – тіршілік иелерінің улану  ықтималдығын  алдын
ала білу,  химиялық  заттардың  ауыл  шаруашылығы  саласында  қолданылуынан
болатын улануларды, улы өсімдіктерді тану және азықтандыратын улылық зардап
тудыру себеп салдарын;
       - химиялық-токсикологиялық зертханалық  тексеру  әдістерін;
       Студент істей алуға тиісті - у заттардың қасиетін және  қолдану,
     сақтау ережелерін;
         -уланған   жағдайда   уға   қарсы    дәрілік    заттар     әсерінің
ерекшеліктерін,  олардың  сипаттамасын,  әсер  ету  механизмін;
      Студент дағдыларды меңгеруге тиісті - жаңа аспаптармен, құралдармен
     жұмыс істеуді;
      - пәнді жан-жақты   теория  жүзінде   білуді;
      - антидоттық заттардың  қасиеттеріне  қарай  әсер  ету  заңдылықтарын,
арнайы антидоттарды  қолдану тәртібін,   малдәрігерлік   тәжірибеде  қолдану
әдістерін игеруді;
     - емдеу  үшін қолданғандағы  нәтижелерін, тұжырымдамаларын   шығару.




      1.6  Курстың пререквизиттері:

      1.6.1 Фармакология токсикологиямен;
       1.6.2 Мал шаруашылығының негіздері;
       1.6.3 Мал азықтандыру.



     1.7 Курстың постреквизиттері:


     1.7.1 Ішкі жұқпалы емес аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен;


     1.7.2 Терісі бағалы аңдардың, құстардың және балықтың арнайы
     патологиясы мен емі.


2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНА СӘЙКЕС БӨЛІНГЕН САҒАТ

                                                                     Кесте 1

|№   |Тақырыптың аталуы                             |Сағаты           |Әдеби|
|р/с |                                              |                 |ет-те|
|    |                                              |                 |р    |
|    |                                              |Дәр|Зер|БОӨЖ |БӨЖ|     |
|    |                                              |іс |тха|     |   |     |
|    |                                              |   |на |     |   |     |
|1   |2                                             |3  |4  |5    |6  |7    |
|Модуль 1 Құстардың азықпен улануы                                         |
|1   |Кіріспе:  Аң, құс, балық және ара шаруашылғы |2  |   |     |   |Осы  |
|    |мен кәсіпшілігінің маңыздылығы мен азықтардан|   |   |     |   |оқу-ә|
|    |улану ықтималдығы және улы заттардың         |   |   |     |   |дісте|
|    |организмге әсерлері туралы жалпы түсінік.    |   |   |     |   |ме-лі|
|    |Уланудың белгілерін анықтау жолдары.         |   |   |     |   |к    |
|    |                                             |   |   |     |   |кешен|
|    |                                             |   |   |     |   |інің |
|    |                                             |   |   |     |   |7-ші |
|    |                                             |   |   |     |   |тарау|
|    |                                             |   |   |     |   |ында |
|    |                                             |   |   |     |   |көрсе|
|    |                                             |   |   |     |   |тілге|
|    |                                             |   |   |     |   |н    |
|    |                                             |   |   |     |   |әдеби|
|    |                                             |   |   |     |   |еттер|
|    |Құстар түрлеріне ветеринариялық таным        |   |1  |     |   |     |
|    |негіздемесі                                  |   |   |     |   |     |
|    |Құстар және олардың биологиялық ерекшелігі   |   |   |2    |   |     |
|    |мен улану себептері                          |   |   |     |   |     |
|2   |Өсімдік текті азықтарымен қоректенетін       |2  |   |     |   |Осы  |
|    |құстардың уланулары және дербес жүйелерге    |   |   |     |   |оқу-ә|
|    |әсері.                                       |   |   |     |   |дісте|
|    |                                             |   |   |     |   |ме-лі|
|    |                                             |   |   |     |   |к    |
|    |                                             |   |   |     |   |кешен|
|    |                                             |   |   |     |   |інің |
|    |                                             |   |   |     |   |7-ші |
|    |                                             |   |   |     |   |тарау|
|    |                                             |   |   |     |   |ында |
|    |                                             |   |   |     |   |көрсе|
|    |                                             |   |   |     |   |тілге|
|    |                                             |   |   |     |   |н    |
|    |                                             |   |   |     |   |әдеби|
|    |                                             |   |   |     |   |еттер|
|    |Өсімдік текті азықтарымен қоректенетін       |   |1  |     |   |     |
|    |құстардың уланулары және дербес жүйелерге    |   |   |     |   |     |
|    |әсерін анықтау жолдары.                      |   |   |     |   |     |
|    |Құстар физиологиясы                          |   |   |2    |   |     |
|3   |Суда жүзгіш үй және дала құстардың (қаз,     |2  |   |     |   |     |
|    |үйрек т.б) уланулары және дербес жүйелерге   |   |   |     |   |     |
|    |әсері.                                       |   |   |     |   |     |
|    |Суда жүзгіш үй және дала құстардың (қаз,     |   |1  |     |   |Осы  |
|    |үйрек т.б) уланулары және дербес жүйелерге   |   |   |     |   |оқу-ә|
|    |әсерін анықтау.                              |   |   |     |   |дісте|
|    |                                             |   |   |     |   |ме-лі|
|    |                                             |   |   |     |   |к    |
|    |                                             |   |   |     |   |кешен|
|    |                                             |   |   |     |   |інің |
|    |                                             |   |   |     |   |7-ші |
|    |                                             |   |   |     |   |тарау|
|    |                                             |   |   |     |   |ында |
|    |                                             |   |   |     |   |көрсе|
|    |                                             |   |   |     |   |тілге|
|    |                                             |   |   |     |   |н    |
|    |                                             |   |   |     |   |әдеби|
|    |                                             |   |   |     |   |еттер|
|    |Құстарға  анатомиялық таным                  |   |   |2    |   |     |
|4   |Ет қоректілер және жыртқыш құстар уланулары  |2  |   |     |   |     |
|    |және дербес жүйелерге әсері.                 |   |   |     |   |     |
|    |Ет қоректілер және жыртқыш құстар уланулары  |   |1  |     |   |     |
|    |және дербес жүйелерге әсерінен туындайтын    |   |   |     |   |     |
|    |патологиялық үрдістер.                       |   |   |     |   |     |
|    |Құстарда жиі кездесетін уланулар             |   |   |2    |   |     |
|Модуль 2 Терісі бағалы аңдардың азықпен уланулары                         |
|5   |Үлбір терілі аңдардың биологиялық            |2  |   |     |   |Осы  |
|    |ерекшелігіне ветеринариялық таным            |   |   |     |   |оқу-ә|
|    |                                             |   |   |     |   |дісте|
|    |                                             |   |   |     |   |ме-лі|
|    |                                             |   |   |     |   |к    |
|    |                                             |   |   |     |   |кешен|
|    |                                             |   |   |     |   |інің |
|    |                                             |   |   |     |   |7-ші |
|    |                                             |   |   |     |   |тарау|
|    |                                             |   |   |     |   |ында |
|    |                                             |   |   |     |   |көрсе|
|    |                                             |   |   |     |   |тілге|
|    |                                             |   |   |     |   |н    |
|    |                                             |   |   |     |   |әдеби|
|    |                                             |   |   |     |   |еттер|
|    |Терісі бағалы аң, құс, балық және бал        |   |1  |     |   |     |
|    |арасымен жұмыс істеу  барысындағы техника    |   |   |     |   |     |
|    |қауіпсіздігі. Тәжірибелік жұмыс барысындағы  |   |   |     |   |     |
|    |бекемдеу тәсілдері.                          |   |   |     |   |     |
|    |Құстар ауруларын емдеу және алдын алу        |   |   |     |16,|     |
|    |                                             |   |   |     |8  |     |
|6   |Аңдардың азықтармен улануларына хайуандардың |2  |   |     |   |     |
|    |ықтималдығы                                  |   |   |     |   |     |
|    |Табиғи  ортадағы және асыранды аңдарда       |   |1  |     |   |     |
|    |кездесетін уланулар негіздемесі              |   |   |     |   |     |
|    |Аңдар түрлері олардың ауыл шаруашылығындағы  |   |   |     |16,|     |
|    |маңызы  және олардың биологиялық ерекшелігі  |   |   |     |8  |     |
|    |мен улану себептері                          |   |   |     |   |     |
|7   |Қоректік азықтардың дұрыс сақталмауынан      |2  |   |     |   |     |
|    |туындайтын уланулар                          |   |   |     |   |     |
|    |Аңдардың патогенді микроорганизмдермен       |   |1  |     |   |     |
|    |зақымданудан туындайтын улануларды анықтау   |   |   |     |   |     |
|    |әдістері                                     |   |   |     |   |     |
|    |Аңдар физиологиясы                           |   |   |2    |   |     |
|8   |Аңдардың патогенді микроорганизмдермен       |2  |   |     |   |     |
|    |зақымданудан туындайтын уланулар             |   |   |     |   |     |
|    |Улану жағдайын анықтауға                     |   |1  |     |   |     |
|    |химиялық-токсикологиялық талдау              |   |   |     |   |     |
|    |Аңдар түрлеріне  анатомиялық таным           |   |   |     |2  |     |
|9   |Азықтардың саңырауқұлақ және олардың         |2  |   |     |   |     |
|    |токсиндерімен зақымдануы салдарынан және ас  |   |   |     |   |     |
|    |тұзымен уланулар                             |   |   |     |   |     |
|    |Азықтардың саңырауқұлақ және олардың         |   |1  |     |   |     |
|    |токсиндерімен зақымдануы салдарынан және ас  |   |   |     |   |     |
|    |тұзымен уланулар жағдайындағы ветеринариялық |   |   |     |   |     |
|    |іс шаралар                                   |   |   |     |   |     |
|    |Аңдарда  жиі кездесетін уланулар             |   |   |     |   |     |
|Модуль 3 Балықтар уланулары                                               |
|10  |Балықтардың анатомиялық физиологиялық        |2  |   |     |   |Осы  |
|    |ерекшеліктеріне ветеринариялық таным         |   |   |     |   |оқу-ә|
|    |                                             |   |   |     |   |дісте|
|    |                                             |   |   |     |   |ме-лі|
|    |                                             |   |   |     |   |к    |
|    |                                             |   |   |     |   |кешен|
|    |                                             |   |   |     |   |інің |
|    |                                             |   |   |     |   |7-ші |
|    |                                             |   |   |     |   |тарау|
|    |                                             |   |   |     |   |ында |
|    |                                             |   |   |     |   |көрсе|
|    |                                             |   |   |     |   |тілге|
|    |                                             |   |   |     |   |н    |
|    |                                             |   |   |     |   |әдеби|
|    |                                             |   |   |     |   |еттер|
|    |Балықтардың анатомиялық физиологиялық        |   |1  |     |   |     |
|    |ерекшеліктеріне ветеринариялық таным және    |   |   |     |   |     |
|    |улануларыды тексеру әдістерін меңгеру.       |   |   |     |   |     |
|    |Аңдардың  ауруларын емдеу және алдын алу     |   |   |2    |   |     |
|11  |Балықтың табиғи ортасында кездесетін уланулар|2  |   |     |   |     |
|    |Балықтың табиғи ортасында кездесетін уланулар|   |1  |     |   |     |
|    |клиникалық белгілеріне қарай ажырату         |   |   |     |   |     |
|    |тәсілдерін үйрену.                           |   |   |     |   |     |
|    |Балықтар түрлері олардың табиғи  және қолда  |   |   |2    |   |     |
|    |өсірудегі маңыздылығы, биологиялық ерекшелігі|   |   |     |   |     |
|    |мен улану себептері                          |   |   |     |   |     |
|12  |Қолда өсіру – тоған, бөгет, қоршаулы (садок) |2  |   |     |   |     |
|    |жағдайындағы кездесетін уланулар себептері   |   |   |     |   |     |
|    |Қолда өсіру – тоған, бөгет, қоршаулы (садок) |   |1  |     |   |     |
|    |жағдайындағы кездесетін уланулар себептеріне |   |   |     |   |     |
|    |байланысты уланудың дамуын анықтау, емдеу    |   |   |     |   |     |
|    |алдын алу шараларын меңгеру.                 |   |   |     |   |     |
|    |Балықтар физиологиясы және анатомиясы,       |   |   |     |16,|     |
|    |аурулары                                     |   |   |     |8  |     |
|13  |Аквариумдық өсіруде туындайтын уланулар      |2  |   |     |   |Осы  |
|    |                                             |   |   |     |   |оқу-ә|
|    |                                             |   |   |     |   |дісте|
|    |                                             |   |   |     |   |ме-лі|
|    |                                             |   |   |     |   |к    |
|    |                                             |   |   |     |   |кешен|
|    |                                             |   |   |     |   |інің |
|    |                                             |   |   |     |   |7-ші |
|    |                                             |   |   |     |   |тарау|
|    |                                             |   |   |     |   |ында |
|    |                                             |   |   |     |   |көрсе|
|    |                                             |   |   |     |   |тілге|
|    |                                             |   |   |     |   |н    |
|    |                                             |   |   |     |   |әдеби|
|    |                                             |   |   |     |   |еттер|
|    |Аквариумдық өсіруде туындайтын уланулар ды   |   |1  |     |   |     |
|    |анықтау әдістері                             |   |   |     |   |     |
|    |Араларға  анатомиялық, физологиялық таным    |   |   |\    |   |     |
|Модуль 4 Аралар уланулары                                                 |
|14  |Ара өсіру және омарташылықтың халық          |2  |   |     |   |Осы  |
|    |шаруашылығының маңызы және араға             |   |   |     |   |оқу-ә|
|    |ветеринариялық таным                         |   |   |     |   |дісте|
|    |                                             |   |   |     |   |ме-лі|
|    |                                             |   |   |     |   |к    |
|    |                                             |   |   |     |   |кешен|
|    |                                             |   |   |     |   |інің |
|    |                                             |   |   |     |   |7-ші |
|    |                                             |   |   |     |   |тарау|
|    |                                             |   |   |     |   |ында |
|    |                                             |   |   |     |   |көрсе|
|    |                                             |   |   |     |   |тілге|
|    |                                             |   |   |     |   |н    |
|    |                                             |   |   |     |   |әдеби|
|    |                                             |   |   |     |   |еттер|
|    |Аралар тіршілігінде кездесетін улануларды    |   |1  |     |   |     |
|    |ажырату.                                     |   |   |     |   |     |
|    |Араларда жиі кездесетін уланулар             |   |   |     |16,|     |
|    |                                             |   |   |     |8  |     |
|15  |Аралар уланулары                             |2  |   |     |   |     |
|    |Аралар улануларын анықтаудың зертханалық     |   |1  |     |   |     |
|    |әдістер негіздемесі                          |   |   |     |   |     |
|    |Аралар  ауруларын емдеу және алдын алу       |   |   |2    |   |     |
|    |БАРЛЫҒЫ:                                     |30 |15 |22,5 |67,|     |
|    |                                             |   |   |     |5  |     |


            3 ПӘНДІ ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

        «Терісі  бағалы  аңдардың,  құстардың,  балықтардың  және  аралардың
азықтармен улануы» пәнінің оқытылуы  негізінен  –  бұл  тіршілік  иелерінің
азықпен улануы, удың организміне түсуі және  азықтық  удың  дербес  жүйелер
қызметіне  әсері  бар  бөлімдері  бойынша   улы   заттар   әсерінің   жалпы
заңдылықтарына сәйкес улардың токсикодинамикасы мен токсикокинетикасы, әсер
ету механизмдері, удың организмде шоғырлануы мен бөлініп шығу заңдылықтарын
игеру  мақсатындағы  оқу  үрдістерінің  іске  асуын   оқытуға   лайықталған
нұсқауларға негізделеді.
           Сонымен қатар заман талабына сай жаңа әдістемелік нұсқаулар және
әдебиеттермен толықтырылып өзгерістер енгізіліп отырылады.  Оқу-әдістемелік
кешенінің бағдарламасында ұсынылған негізгі және қосымша  әдебиеттер  білім
алушының өз бетімен пәнді  игеруіне  жұмыс  істеуіне  бағыт-бағдар  беретін
негізгі және басты оқу-әдістемелік нұсқау болып табылады.

     4. КУРС ФОРМАТЫ

      Аудиториялық  сабаққа  кіретіндер:  дәріс  және  зертханалық   сабақта
оқылатын материалдармен пікір алмасу, әртүрлі материалдарды  және  кейстерді
талдау.  Әрбір  сабаққа  студенттер   жоспардағы   негізгі   және    қосымша
әдебиеттерге сүйеніп дайындалады.
      Дәріс  сабақтарында  пәнді   игеру   бағдарламасына   сәйкес,   өзекті
мәселелелер қарастырылып жалпы түсінік беріледі.
      Зертханалық сабақтарда дәріс барысында берілген  теориялық  түсініктер
тереңдетіліп жан-жақты түсіндіріліп оқытылады.  Сонымен  қатар,  оқытушының
көмегімен атқарылатын жұмыстарда зертханалық, дәріс  және  үй  жатығуларына
қатысты туындаған өзекті мәселе талқыланып, білім алушыға тақырыптың  толық
игерілуіне мүмкіндік береді.
      Зертханада жұмыс  қауіпсіздігін  қатаң  сақтауды  меңгеру  және  жұмыс
барысында өте мұқият болу керек.

     5. КУРС САЯСАТЫ

        Сабақтарға   қатысу   және   негізгі   ұғымдарды,   анықтамаларымен,
түсініктерімен жазу білім алушылардың міндеті.  Егер  студент  белгілі  бір
себептермен сабаққа қатыспаса, дәрісті ол  сабаққа  қатысқан  студенттерден
алуы керек. Пәннің бағдарламасын меңгеруі  жеке  жауап  беру  және  жазбаша
түрде тексеріледі. Білімалушылар кейбір мәселелерді  түсінбесе,  оқытушыдан
сұрауға болады. Студенттің  білімін  бағалау  емтихан  бойынша  өткізіледі.
Емтиханға  пәннің  бағдарламасына  сәйкес   толық   курстық   тақырыптардың
сұрақтары енгізіледі.
      Негізгі талап – «Терісі бағалы аңдардың, құстардың,  балықтардың  және
аралардың азықтармен улануы» пәнінің оқу әдістемелік кешені бағдарламасының
қағидасына сәйкес пәнді толық игеру үшін, ұсынылған  талаптарды  студенттер
түсініп және жауапкершілікпен қарау болып табылады.  Сондай-ақ,  күнделікті
сабақтағы оқу бағдарламасын сапалы деңгейде меңгеруді студент  өз  міндетім
деп түсіну керек.
      БОӨЖ –  оқу  сабағын  өткізу  сұхбаттасу  түрінде,  бірлесіп  орындау,
пікірталас, іскерлік және топтық жобаларды жасау меңгеру барысында айтылған
пікірді кеңейтуге, іскерлікті көрсете білу, талдау дағдысын меңгеру,  кеңес
алу, оқу материалдарын тереңірек  түсіну  мақсатында  жүргізіледі.  Сонымен
қатар студенттердің оқуға  деген  уәждемесін  арттыру,  ағымдық  қорытынды,
аралық бақылау барысында пысықталып отырылады.
      БӨЖ тапсырмаларын әр студент жазбаша және тиісті  уақытында  тапсыруға
міндетті.  БӨЖ  жұмысын  бағалау  оқу  әдістемелік  кешен   бағдарламасының
қағидасында  көрсетілген  бағалау  парағының   жобалық   ұсынымына   сәйкес
бағаланады.
      Міндетті түрде орындау және тапсыру – аудиторлық сабақ  тапсырмалардың
барлық түрлерін және аралық пен қортынды  бақылауды  тапсыруға  міндеттісіз.
Сонымен қатар, босатылған сабақпен есептескеннің  өзінде  Сіз  толық  межелі
көрсеткішті  (жоғарғы  балл)  ала  алмайсыз.   Сабақты   себепті   жағдаймен
босатқанның өзінде де Сіз пәннің толық  курсын  меңгеруге  міндеттісіз  және
деканаттың ресми рұқсаты арқылы ғана сабаққа қатыса аласыз.  Әрбір  сабақтың
бас  кезінде  шағын  бақылау   жұмысы  жүргізіледі,  ол  өткен  аудиториялық
сабақта қарастырылған негізгі ұғымдарға қатысты сұрақтардан тұрады.

      6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

      «Терісі  бағалы  аңдардың,  құстардың,  балықтардың   және   аралардың
азықтармен улануы» пәнінен әр аптаға және аралық  бақылау  түрлеріне  сәйкес
бағалық меженің бөлінуі (кестеде көрсетілгендей).

                                                                     Кесте 2

|Апта |Бақылау түрі                                    |Бағалаудың    |Ескеру |
|     |                                                |толық межесі  |       |
|1    |2                                               |3             |4      |
|     |1-7 аптада барлық аудиториялық сабаққа қатысу   |30            |       |
|1    |Тәжірибелік сабақ                               |0             |       |
|2    |Тәжірибелік сабақ 20                            |20            |       |
|3    |Тәжірибелік сабақ 20                            |20            |       |
|4    |Тәжірибелік сабақ 20                            |20            |       |
|5    |Тәжірибелік сабақ 20+ БӨЖ57                     |77            |       |
|6    |Тәжірибелік сабақ 16+БОӨЖ57                     |44            |       |
|7    |Аралық бақылау № 1. 60                          |60            |       |
|     |1-7 апта бойынша барлығы:                       |300           |       |
|     |8-15 аптада барлық аудиториялық сабаққа қатысу  |30            |       |
|8    |Тәжірибелік сабақ                               |14            |       |
|9    |Тәжірибелік сабақ 14                            |14            |       |
|10   |Тәжірибелік сабақ 14                            |14            |       |
|11   |Тәжірибелік сабақ 14                            |14            |       |
|12   |Тәжірибелік сабақ 14+БӨЖ 55                     |69            |       |
|13   |Тәжірибелік сабақ 14                            |14            |       |
|14   |Тәжірибелік сабақ 14+БӨЖ 57                     |71            |       |
|15   |Аралық бақылау №2. 60                           |60            |       |
|     |8-15 апта бойынша барлығы:                      |300           |       |
|Емтихандық баға межесі                                |400           |       |
|Академиялық мерзімдегі баға межесі                    |1000          |       |


      7 ӘДЕБИЕТТЕР
      7.1 Негізгі әдебиеттер.
           7.1.1 Қожанов К.Н., Тойкина Г.Н. Малдың азықтан уланулары.,
Оқу құралы. Семей .- 2010. 139 бет.
          7.2 Қосымша әдебиеттер
          7.2.1 Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д.,
Көбдікова Н.К., Байнязов А.А.  Токсикология.  Дәуір-2011, Алматы. 319 бет.
      7.2.2 Бурсинин И.А. Токсикология ядовитых растений. Москва 4-е
     издание. 1962г. 624с.
      7.2.3 Вильнер А.М. Кормовые отравления 5-е изд., испр. и доп. «Колос»
     Ленинград, 1971. 408 с.
       7.2.4 Хмелинский Г.А., Локсионов В.Н., Повоз. Д.Д. Ветеринарная
     токсикология. Москва. 1987г. 319с.









Пәндер