Файл қосу

ПӘНДІ ЗЕРДЕЛЕУГЕ ҚАЖЕТ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты          |ПОӘК                  |ПОӘК                  |
|                               |                      |042-14-4-04-01.20.58/0|
|                               |                      |2-2010                |
|ПОӘК                           |30.09.2009 ж. № 1     |                      |
|«Жануарлар морфологиясы латын  |басылым орнына        |                      |
|ветеринариялық                 |30.09.2010 ж. № 2     |                      |
|терминологиясымен» II пәнінің  |басылым               |                      |
|студентке арналған жұмыс оқу   |                      |                      |
|бағдарламасы                   |                      |                      |













      5В120100 – “Ветеринариялық медицина” және 5В120200  –  “Ветеринариялық
      санитария”  мамандықтарына  арналған  “Жануарлар  морфологиясы   латын
      ветеринариялық терминологиясымен” II
                   ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (ПОӘК)



                       ПӘННІҢ СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС
                               ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ













                                 Семей, 2010

                                  Алғы сөз


    1. ӘЗІРЛЕГЕН
    Құрастырушы
           Тоқаев Зейнолла Қалымбекұлы ........................ «25»  тамыз
           2010 жыл, в.ғ.д., профессор, “Биология” кафедрасының профессоры,
           Қазақстан   Ұлттық   жаратылыстану    ғылымдары    академиясының
           академигі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері.




     2. ТАЛҚЫЛАҒАН


    2.1. “Биология” кафедрасының мәжілісінде.
    «27» тамыз 2010 жыл. Хаттама № 1.


    Кафедра меңгерушісі ................................. Р.А. Арынова.




    2.2.Аграрлық факультеттің оқу - әдістемелік кеңесі мәжілісінде.
    «14» қыркүйек 2010 жыл. Хаттама № 1.


    Төрайымы ......................................... Г.И. Джаманова.




     3. БЕКІТІЛДІ
    Университеттің  Оқу  -  әдістемелік  кеңесінің   мәжілісінде   шығаруға
мақұлданған және басылымға ұсынылған.
    «30» қыркүйек 2010 жыл. Хаттама № 1.


    ОӘК төрайымы,
    бірінші    проректор     .....................................     А.А.
Молдажанова.









    БІРІНШІ РЕТ ЕҢГІЗІЛГЕН










|   |Мазмұны                                                     |Беттері  |
|1. |Жалпы ереже                                                 |4        |
|2. |Пәнді зерделеуге қажет әдістемелік нұсқаулар                |6        |
|3. |Курстың форматы және саясаты                                |8        |
|4. |Студенттерді бағалау талаптары (саясаты)                    |8        |
|5. |Пәннің мазмұны және сабақ түрлеріне орай сағаттарды бөлу    |11       |
|6. |Оқытушының басшылығымен (ОБСӨЖ) және студенттердің тек өз   |         |
|   |бетімен (СӨЖ) жүргізетін жұмыстарының мазмұны               |11       |
|7. |Пәннің оқу барысын көрсететін күнтізбелік кестесі           |13       |



     1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
    1.1. Оқытушы мен пәннің жалпы мәліметтері.
    Тоқаев  Зейнолла  Қалымбекұлы,  в.ғ.д.,  профессор,  Қазақстан   Ұлттық
жаратылыстану  ғылымдары  академиясының  академигі,  ҚР  білім  беру  ісінің
құрметті қызметкері.
    Кафедрасы – Биология.
    Байланыс ақпараты – тел. 531970, № 5 оқу ғимараты, бөлме № 212.
    Сабақ өтетін бөлмелер - № 212 дәрісхана.
    Пәннің   атауы   -   “Жануарлар   морфологиясы   латын   ветеринариялық
терминологиясымен”. II.
    Кредит саны – 3, ал жалпы сағат саны – 135.
    1.2. Жұмыс оқу жоспарының көшірмесі (1 кесте).
                  1 кесте – Жұмыс оқу жоспарының көшірмесі:
|Пән     |Сем  |Кре  |Дәріс  |ЗС     |ОБСӨЖ   |СӨЖ       |Барлығы (сағат)   |
|        |естр |дит  |(сағат)|(сағат)|(сағат) |(сағат)   |                  |
|ЖМ      |2    |3    |6      |12     |117     |135       |                  |


    1.3. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы.
    ЖМЛВТ II. – адам  және  жануарлар  организмiндегi  жасушалар,  ұлпалар,
ағзалар,  оның  жүйелерінiң   микро-,   субмикроскопиялық   құрылысын   және
қызметiн,  дамуын  зерттейтiн,  әрі  организмнің  пайда  болғанынан  өлгенге
дейiнгi тiршiлiк әрекетiн және  iс-тәжiрибе  мүддесiне  сай,  даму  бағытына
ықпал жасау мүмкiндiктері туралы ғылым.
    Пән ветеринария білім жүйесінде басқа  пәндермен  (зоология,  анатомия,
биохимия,  физиология,  вирусология,  патофизиология,  фармакология)   бірге
маңызды орын алады  да,  ветеринария  ілімі  мен  іс  –тәжірибесі  түзілетін
негізі болып келеді. Ол арнайы  пәндермен  де  (патанатомия,  сойып-зерттеу,
соттық ветеринария, ветеринариялық хирургия, радиология, ішкі  жұқпалы  емес
аурулар, клиникалық балау, акушерство, гинекология,  көбею  биологиясы  және
басқалармен) тығыз байланысты.
    Ветеринариялық  дәрігерлер  күнделікті  жұмысында  (клиникалық  зерттеу
әдістерімен  бірге)  қан  жасушаларын,  сүйектің  қызыл  кемігін,   ми-жұлын
сұйығын,  бауыр  мен  бүйрек  тін  кесінділерін   (биопсия)   зерттеулерінде
гистологиялық, цитохимиялық талдау әдістерін кең қолдануда.
    Ол организмдегi жасуша, ұлпалар биологиясы туралы  бiлiмдi  тереңдетiп,
олардың  қызметiне  нәтижелi,  көздеулi  ықпал  жасау  мүмкiндiгiн  туғызып,
ауруды емдеуге, нақтамаға  (диагностика),  сақтандыруға,  қажет  биологиялық
белсендi заттарды алуға мүмкiндiк бередi.
    1.4. Пәннің мақсаты ветеринария ғылымы мен практикасына өте қажет  және
маңызды   жануарлар   жасушаларының,   ұлпаларының,   ағзаларының    қазіргі
деңгейдегі морфологиясын студенттерге баяндау, оны меңгерту.
    1.5. Пәнді зерделеудің негізгі міндеттері: тіршілік құбылысындағы түрлі
деңгейдегі  жүйелер  құрылымының  (жасушалар,  ұлпалар,   ағзалар,   ағзалар
жүйелері, организм) мәнін  айқындау;  организмнің  жеке  даму  заңдылықтарын
философияның диалектикалық материализм тұрғысынан зерттеу; тікелей адам  мен
жануарлардың   денсаулығын   қорғауға   қажет,   қазіргі   ветеринария   мен
биотехнологияның  биологиялық  негізін   қалыптастыру;   қазіргі   биология,
медицина және  ветеринарияның  ілімдік,  қолданбалы  аспектілерін  әзірлеуге
айтарлықтай  үлес  қосу.  Мысалы,  қан  құюдағы   жасушалардың,   ұлпалардың
сәйкестігі, ұлпаларды ауыстырып салу, жүйкенің қажу себепшарттарының  әсері,
әртүрлі  жағдайдағы  ұлпалардың  қалпына  келу   мүмкіншіліктерін   зерттеу,
цитоанықтау көкейтесті қолданбалы түйінді мәселе болып  келеді.  Ал,  цито-,
гистологиялық  әдістерді  (цито-,  гистохимия,  авторадиография,  биометрия,
математикалық   жоба,   ЭЕМ,   арнайы   автоматикалық   құралдар)    қолдану
биотехнологияның, тек инженериясының, ұрықтарды  ауыстырып  отырғызудың  іс-
тәжірибе есептерін шешуге мүмкіндік береді.
    1.6. Пәнді зерделеу нәтижесінде студент мыналарды білуге міндетті:
    - жануарлар организміндегі ұлпалар, ағзалар, ағзалар жүйесінің құрамында
      болатын жасушалардың, жасушасыз құрылымдардың микро-,  субмикроскоптық
      құрылысын, тіршілік әрекетін;  жыныс  жасушаларының  құрылыс,  қызмет,
      даму   ерекшеліктерін   және   омыртқалыларды   салыстырмалы   тұрғыда
      құрсақалды онтогенезінің  жалпы  заңдылықтарын;  организмдегі  ұлпалар
      дамуын, олардың құрылысын, қызметін,  орналасқан  жерін  және  қалпына
      келуін; ағзалардың микроскопиялық құрылысын білуі;
    -  тұрақты  және  уақытша  гистологиялық   препараттарды,   микроскоптың
      окулярлық  көрсеткішін  әзірлеу  техникасының  негізімен  және  онымен
      зерделеу әдістерін; ветеринариялық  дәрігердің  практикалық  еңбегінде
      организм, ағзалар, ұлпалар, жасушалар  және  субжасушалық  элементерді
      күрделі, кешенді зерттеу әдістерін қолдануды және пайдалануды білуді;
    -  онтогенез  процесінде,  ұрықтық  даму  кезеңінде  жаңа   организмдегі
      жасушалар, ұлпалар, ағзалар негізі қалай салынып, дамитынын және жалпы
      жануарлар ұрығы қалай өсіп, дамитынын меңгеруі;
    - түрлі микроскоптар мен микротомдарды пайдалануды,  бір  нәрсені  жарық
      оптикалық  техника  арқылы  көрсетуді,  лейкоциттерді   санауды   және
      лейкоцитарлық   формуланы   құруды,   гистологиялық,    эмбриологиялық
      препараттардың  бейнесін  салуды  және  пәннен  алған  білімді   басқа
      пәндерді оқығанда қолдануды істей білуі;
    - түр, тұқым,  жас  тұрғысынан  жануарлар  организмінің  микроскопиялық,
      субмикроскопиялық құрылысы, шығу тегі,  дамуы  заңдылықтарын,  олардың
      қоршаған ортадағы ерекшеліктері мен өзара байланысын  және  мамандарға
      өте қажет, ауытқу жағдайындағы  қалыпты  жасушалар,  ұлпалар,  ағзалар
      құрылысының өзгеру механизмін түсінуі;
    - ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу,  қысқаша  жазбаны  (конспект)  жазу,
      зерттеу  журналын,  библиографиялық   істі   жүргізу   және   организм
      ұлпаларының  шығу  тегін,  орналасқан  жерін,   құрылысын,   қызметін,
      жіктелуін, әрі қазіргі зерттеу әдістерінің (электронды, люминесцентті,
      кезеңді-қарсыластық  микроскопия,  сандық  гистохимия,  т.б.)  қысқаша
      жазбасын жазу дағдысы бар болуы;
    - микроскоппен жұмыс істеу, гистологиялық  препараттарды  дайындап,  оны
      “оқуды” және микро-, электрондыфотобейнелерді  айқындай  білу,  ғылыми
      тәжірибе сызбасын құрып, оны өткізу және талдау дағдысына ие болуы.
    1.7.  Курстың  басты  деректемелері  (пререквизиті,   арнаулы   қажетті
пәндердің атауы; білім сатысы алдындағы  пәндер):  Пәнді  зерделеудің  басты
негізі орта мектептің оқу  бағдарламасына  сай  өткен:  зоология,  анатомия,
адам физиологиясы мен  гигиенасы,  жалпы  биология,  физика,  химия;  жоғары
кәсіптік білім бағдарламасындағы базалық  пәндер  –  жануарлар  морфологиясы
латын ветеринариялық  терминологиясымен  (жануарлар  анатомиясы),  биофизика
негіздері, биология (ботаника, зоология  –  омыртқалы  жануарлар  жүйелеуі),
генетика).
      8.  Курс  деректемелері  (постреквизиті,  оқып  білуде  міндетті  курс
         болатын пәндердің  атауы,  жұмыс  оқу  жоспарынан):  Пән  жануарлар
         физиологиясы  және  патофизиологиясы,  патанатомия,  ветеринариялық
         радиология, генетика, т.б.  пәндердің  негізі  болып  келеді.  Оның
         деңгейі  клиникалық  пәндерді  терең  меңгеруге  және   практикалық
         қызметте өте  қажет  ілімдік,  практикалық  дағдыларды  іске  асыру
         сапаларымен айқындалады.
               2. ПӘНДІ ЗЕРДЕЛЕУГЕ ҚАЖЕТ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
    Биологияда  цитология,  эмбриология,  гистология  дербес  пәндер  болып
келедi, ал ауыл шаруашылық оқу орындарында олардың iшкi байланыстары,  жалпы
мiндеттерi ортақ  болғандықтан,  «гистология,  эмбриология,  цитология»  деп
аталып, бiр пән есебiнде  бiрiктiрiлiп,  зерделенуде.  Қазір  ол  «Жануарлар
морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен” курсына қосылған.
    1953 ж. оны  Семейдің  зоотехникалық-ветеринариялық  институтында  Г.А.
Панкова бастап жүргізген. Бұл ғалым  Алматыдан  келген,  әйгілі  ғалым  Б.А.
Домбровскийдің шәкірті. Одан соң,  1962  жылдан  1991  жылға  дейін  в.ғ.д.,
профессор Н.Л. Гороховский, ал 1969 ж. профессор З.Қ. Тоқаев жүргізуде.
    Бұл курс күндізгі оқитын 50 – 200 студенттерге  қатар,  міндетті  түрде
оқылады.
    Цитология (грек. «суtоs», «kуtоs»-жасуша, торша), жасуша туралы  ғылым-
жануарлар, өсiмдiктер жасушаларын, тұрақты, тұрақсыз  қосындыларды,  олардың
субмикроскоптық  құрылысын,  дамуын,  тiршiлiк  әрекетiн  зерттейтiн  ғылым.
Цитология атауы тек ТМД мемлекеттерiнде қолданылады, шет елдерде оны  жасуша
биологиясы деп атайды. Цитология жалпы  және  арнайы  деп,  екiге  бөлiнедi.
Жалпы  цитология-организмге   тән   жасушалардың   жалпы   құрылым,   қызмет
қасиеттерiн   зерттейдi.   Арнайы   цитология-нақты   ұлпалар,   ағзалардағы
жасушалардың даму, тiршiлiк әрекеттерi мен атқаратын  қызметiне  тән  арнайы
сипаттамаларын қарастырады. Жалпы цитология пән алдында  баяндалады,  арнайы
цитология жалпы және арнайы гистологиямен бiрге оқылады.
    Эмбриология  (грек.  «еmbrуоn»-ұрық)  -  адам,  жануарлар,   өсiмдiктер
ұрығының   онто,-филогенездегi   даму   заңдылықтарын,   организмнiң   пайда
болғанынан  өлгенiне  дейiнгi  құрылысын,   тiршiлiк   әрекетiн   зерттейтiн
биологиялық ғылым. Бұл ғылымды тек кiтаптардан ғана  оқып  бiлуге  болмайды.
Ол үшiн зертханада  гистологиялық  препараттарды,  электронды  микроскоптағы
фотобейнелердi, күрделi гистологиялық  техника  әдiстерiн,  ғылыми  тәжiрибе
өткiзудi зерделеп, iс - тәжiрибе жұмыстар атқаруы шарт.
    Гистология (грек. «histоs»-ұлпа, «lоgоs»-iлiм) -  организм  онтогенезi,
филогенезiнде  әртүрлi  ұлпалар  дамуын,  оның   микроскопиялық   құрылысын,
тiршiлiк әрекеттерiн, орналасу орнын, жiктелуiн, ұлпалар  құрылым  -  қызмет
бiрлiгiн қалыптастыратын, әрі жасуша диффероны өзара  байланысын  зерттейтiн
биологиялық ғылым.
    Пәннің әдістемелік ұсыныстарын толық  меңгеру  үшін,  2001  ж.  Семейде
жарық  көрген  З.Қ.  Тоқаевтың  “Гистология,  эмбриология   және   цитология
практикумын” кітапханадан алып, күнделікті  сабақта  қажетті  құрал  ретінде
пайдаланған жөн.
    Пән барысы. Оқылатын дәрісте кейінгі  ғылымның  көкейтесті  мәселелері,
қазіргі  жетістіктері  мен  жаңалықтары  айтылады.  Өткізілетін  зертханалық
сабақтарда  организмнен  алынып,  жасалған   жасушалар,   ұлпалар,   ағзалар
препараттарын   тікелей   зерттеп,    электронды    микроскопта    көрінетін
микробейнелерді талдап, зерделейсіздер.  Бұл  студентті  өз  бетімен  оқуға,
іздену  әдетін  қалыптастыруға,  қисынды  пікір  дамытуға,  ғылыми   зерттеу
жұмысына дағдыландыруға,  пәннен  алған  білімді  басқа  пәндерді  оқығанда,
әсіресе өндіріс  тәжірибесінде,  айталық  ауру  себебін  анықтау  мақсатында
зақымданған  ұлпадан  үлгі  алуда  (биопсия),   өлексені   жарып   тексеруде
(аутопсия)  гистологиялық  зерделеу  әдістері  кең  қолданылатындықтан,  оны
пайдалана   білуге   үйрету;    студенттер    гистологиялық,    цитохимиялық
препараттар,  электронды  микрофото  граммалар,  басқа  көрнекi   құралдарды
анықтауда, осы саладағы  терминдер  мен  ұғымдарды  алған  бiлiмi,  дағдысы,
шеберлiгi  деңгейiнде  көрсетуi  керек.   Ол   үшiн   арнайы   гистологиялық
терминологиялық сөздiк дәптер ашып, әр дәрiс пен зертханалық сабақтан  кейiн
жаңа сөздердi жазып алып, жаттау қажет.  Сабақ  үстiнде  микропрепараттардың
көрiнiсiн   түрлi-түстi   қарындашпен   альбомға   салып   алып,    әдiстеме
нұсқауларына сай белгiлерiн қойып,  оларды  электронды  микроскоп  көмегiмен
алынған   микрофотосуреттермен   салыстырып,   айырмашылық,   ерекшелiктерiн
байқаған  жөн.  Себебi,  емтихан  кезiнде  белгiсiз  препараттарды  анықтау,
студенттердiң бiлiмiн бағалаудың бiр критерийi  болып  саналады.  Пәннiң  әр
дәрiсiнен  кейiн  ұсынылған  сұрақтар  мен  тестерге   жауап   берiп,   оған
қайтаратын жауапты жинақтап  қорытып,  күмәндiк  туса,  алдын  ала  дәрiстен
оқып, оны толық түсiнiп, дәрiске, сабаққа  дайын  болып  келген  жөн.  Сонда
ғана әр тақырыпты жақсы меңгерiп,  ГЭЦ  келешек  мамандыққа  қажет  биология
iлiмiнiң негiзi екенiн түсiнесiз.
                 3. ПӘННІҢ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТАЛАПТАРЫ (САЯСАТЫ).
    Қатынасу: дәрiс, зертханалық сабақтарға мiндеттi түрде қатынасу  керек.
Егерде қандайда болмасын себептермен сiз  оларға  қатынаса  алмасаңыз,  онда
барлық меңгере алмаған материалға жауапкер боласыз.
    Мiнез – құлық: Студент ар кодексiн: мiнез-құлық этикасын сақтауы керек.
Сабаққа  кешiгу  кешiрiлмейтiн  қылық.  Сабақ  үстiнде  оқу   тәртiбiн   жиi
бұзушылар дәрiсханадан  шығарылып  жiберiледi,  немесе  бүкiл  курс  бойынша
«қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады.
    Бақылау  тапсырмалары.  Олар  сөзсiз  орындалып,  белгiленген  мерзiмде
тапсырылуы қажет. Кешiгiп орындалған жұмыстардың бағасы өзiнен -  өзi  төмен
болады.
    Межелiк  бағалау:  Межелiк  бағалаудың  қортындысы  сабақ  қатысуы  мен
үлгерiмiне, студенттердiң белгiленген мерзiмге өз бетiмен жұмыс  орындауына,
сабақта  ауызша  немесе  жазбаша  түрде  берген  жауабына,  межелiк  бақылау
қортындысына байланысты қойылады.
    Көшiрiп алу және бiреудiң шығармасын  толық  немесе  жарым-жартылай  өз
атымен ұрлап пайдалану: Қандай  да  болмасын  көшiрiп  алу  немесе  бiреудiң
шығармасын  толық,  не  жарым-жартылай  өз  атымен  ұрлап  пайдалану  (басқа
студенттерден   дайын   тапсырма   және   шешiмдер   көшiрмесiн   пайдалану)
дәрiсханадан  шығарумен  тоқтатылады  немесе  «қанағаттанарлықсыз»   бағамен
жазаланады. Ұрлап пайдалану мен алдауды болғызбау керек.
    Ұялы телофон: Сабақ үстiнде оны үзiп  тастау,  немесе  ұялы  телефонмен
байланысты болғызбау керек.
                             4. БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
    Емтихан: Қортынды  емтихан  барлық  студенттер  емтихан  беруге  рұқсат
етiлгеннен  кейiн  емтихан  сұрақтары  жазылған  ауызша,  не   тест   арқылы
өткiзiледi. Бұл 1 курс студенттерiне өте маңызды: себебi олар әр  деңгейдегi
жүйелер  құрылымы  тiршiлiк  құбылысы  мәнiн   қалыптастыруы;   философияның
диалектикалық  материализм  көзқарасынан  организмнің  даму   заңдылықтарын;
тiршiлiк  процестерiн  басқаруды  меңгерiп  алуы   қажет.   Бұлармен   бiрге
емтиханға  дейiн   пән   бағасын   шығару   үшiн   қысқаша   жазба   дәптер,
микропрепараттағы  көрiнiстер  бейнесiн  салған  альбом   тексерiледi,   мал
дәрiгерiнiң күнделiктi жұмысына қажет организм, ағза, ұлпа, жасуша,  олардың
электронды  микроскоптағы  құрылымын  күрделi,  кешендi  зерттеу  тәсiлдерiн
қолдануына  қажет  гистологиялық  препаратты,  электронды   микрофотограммды
оқып, микроскоппен  жұмыс  iстеу  дағдысы  байқалады.  Әр  тесте  пәннiң  әр
бөлiмiнен алынған бес сұрақ болады. Оның iшiнде тек бiр жауабы  ғана  дұрыс.
Сондықтан дұрыс жауап алдына белгi қою қажет.
    Студент білімін бағалау критерийі және жүйесі (3 кесте).
    Пән емтиханын бағалау  үшін  модуль,  межелік  бақылау  (60%),қорытынды
бағалау,  емтихан  -  (40%),  барлығы  100%  құратын  үлгерімнің  ең   үлкен
қосындысы алынады.
|№   |Студенттің оқу және жұмыс түрлері                   |Балдар          |
|1   |Дәріске қатысуы                                     |5               |
|2   |Зертханалық сабаққа қатысып, жауап беруі            |5               |
|3   |Гистологиялық препараттарды, электронды микро фото  |5               |
|    |граммаларды анықтау                                 |                |
|4   |Микро препараттар бейнесін дәптерге салу            |3               |
|5   |Реферат (белгілі 1 мәселенің қысқаша мазмұны) жазу  |3               |
|6   |Жазбаша бақылау жұмысты орындау                     |3               |
|7   |Сызба, кестелер дайындау                            |5               |
|8   |Гистологиялық препараттарды әзірлеу                 |5               |
|9   |Слайдтарды (негатив түріндегі фотосурет) дайындау   |3               |
|10  |Ғылыми мақалалар дайындау                           |3               |
|11  |№ 1 шектік бақылау – 7 апта                         |10              |
|12  |№ 2 шектік бақылау – 15 апта                        |10              |
|    |Ағымдық бақылау                                     |60              |
|    |Қортынды бақылау                                    |40              |


    4 кестедегі жұмыстарды бағалаудың шкаласы мен критерийі.
|2 кесте  |Бал  |Апталар                                              |Қор. |
|бақылау  |дар  |                                                     |бал  |
|түрлері  |     |                                                     |     |
|             |           |1                |2                            |
|А            |4,0        |95 – 100         |Өте жақсы                    |
|А-           |3,67       |90 – 94          |                             |
|В+           |3,33       |85 – 89          |Жақсы                        |
|В            |3,0        |80 – 84          |                             |
|В-           |2,67       |75 - 79          |                             |
|С+           |2,33       |70 – 74          |Қанағаттарлық                |
|С            |2,0        |65 – 69          |                             |
|С-           |1,67       |60 – 64          |                             |
|Д+           |1,33       |55 – 59          |                             |
|Д            |1,0        |50 - 54          |                             |
|Ғ            |0          |0 - 49           |Қанағаттарлықсыз             |
|I            |NA         |                 |Аяқталмаған                  |
|P            |           |өтті             |Пәнді өтті                   |


5. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ, САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІНЕ ОРАЙ БӨЛІНУІ
        7 кесте. Пәннің мазмұны. Сабақтар түріне орай сағаттарды бөлу
|№№   |Тақырыптар атауы                   |Сағаттар саны                   |
|     |                                   |Д   |СПС  |ЗС   |ОБСӨЖ   |СӨЖ  |
|1    |Кіріспе                            |1   |     |2    |4       |3    |
|2    |Жасуша туралы ілім                 |1   |     |4    |2       |3    |
|3    |Жалпы эмбриология                  |1   |     |4    |3       |3    |
|4    |Жалпы міндеттер жүктелген ұлпалар  |1   |     |5    |3       |3    |
|5    |Арнайы маманданған ұлпалар         |1   |     |2    |6       |3    |
|6    |Тері - жабын                       |1   |     |1    |2       |3    |
|7    |Ас қорыту жүйесі                   |1   |     |2    |6       |3    |
|8    |Тыныс алу жүйесі                   |1   |     |1    |2       |3    |
|9    |Жүрек пен тамырлар жүйесі          |1   |     |1    |2       |3    |
|10   |Қан түзу ағзалары және иммуногенез |1   |     |1    |4       |3    |
|11   |Зәр шығару жүйесі                  |1   |     |1    |2       |3    |
|12   |Өсіп - өну жүйесі                  |1   |     |3    |2       |3    |
|13   |Эндокринді ағзалар                 |1   |     |1    |3       |3    |
|14   |Жүйке жүйесі                       |1   |     |1    |2       |3    |
|15   |Сезім мүшелері                     |1   |     |1    |2       |3    |


8 кесте. Пәннің мазмұны. Сырттай оқитын студенттерге арналған сабақтар
түріне орай сағаттарды бөлу
|№         |Тақырыптыр атауы                   |
|          |                                   |Д  |СПЗ  |ЗС    |СӨЖ     |
|1         |Жалпы цитология                    |1  |     |2     |20      |
|2         |Жалп эмбриология                   |1  |     |2     |20      |
|3         |Ұлпалар                            |1  |     |2     |20      |
|4         |Ас қорыту жүйесі                   |1  |     |2     |20      |
|5         |Тыныс алу жүйесі                   |1  |     |2     |20      |
|6         |Жүрек пен тамырлар жүйесі          |1  |     |2     |17      |
|7         |Жалпы                              |6  |     |12    |117     |


    6. ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН (ОБСӨЖ) ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН  (СӨЖ)
ЖҮРГІЗЕТІН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
                      ОБСӨЖ және СӨЖ жоспары - 7 кесте
|№   |ОБСӨЖ                                               |СӨЖ            |
|реті|                                                    |               |
|    |аудиториялық          |аудиториядан тыс              |               |
|1   |Гистологиялық зерттеу |Клеткалық теория, оның негізгі|Микроскоппен   |
|    |әдістері              |ережелері                     |жұмыс істеу    |
|2   |Препарат әзірлеу      |ГЭЦ қазіргі зерттеу әдістері  |Құрылғыларды   |
|    |техникасы             |                              |әзірлеу        |
|3   |Тірі заттар жасуша дан|Дамудың қатерлі кезеңдері.    |Микротом пышақ |
|    |тыс түрлері           |Лимфа тамырлары.              |қайрау         |
|4   |Жасуша құрылысы       |Ұрық пен жетілген организмде  |Кесінділер     |
|    |                      |қанның түзілуі                |дайындау       |
|5   |Жасушаның тұрақты     |Жүйке ұлпасының қалпына келуі.|Препаратты бояу|
|    |қосындылары           |Ми, жұлын қабықтары.          |               |
|6   |Амитоз, оның түрлері  |Безді эпителийдің жіктелуі,   |Окуляр көрсетін|
|    |                      |құрылысы, даму көзі.          |әзірлеу.       |
|7   |Шәуеттер              |Арнайы жиырылу ұлпасы, да муы,|Амнионды ашып  |
|    |                      |түрі, орналасуы, қызметі.     |көру           |
|8   |Диапауза              |Сүйек ұлпасының гистогенезі   |Іштөл қабық    |
|9   |Құстардың дамуы       |Нейроглияның пайда болуы,     |Мұражай препа  |
|    |                      |түрлері, құрылысы, қызметі.   |ратын әзірлеу  |
|10  |Қағанақ туралы түсінік|Қан – лимфа түйіншегі         |Слайдтарды     |
|    |                      |құрылысы.                     |әзірлеу        |
|11  |Бір қабатты эпителий  |Жыныс жасушасын консервлеудің |Суреттер жасау |
|    |                      |қазіргі әдістері              |               |
|12  |Көпқабатты эпителий   |Май ұлпасы                    |Ағзаны өз беті |
|    |                      |                              |мен оқу        |
|13  |Мезенхима             |Эпифиз                        |Ағзаларды өз   |
|    |                      |                              |беті мен оқу   |
|14  |Ретикулярлы ұлпа      |Ірі сілекей бездері.          |Ағзаларды өз   |
|    |                      |                              |беті мен оқу   |
|15  |Шеміршек              |Өт қабы және өт бөлу жолдары  |Ағзаларды өз   |
|    |                      |                              |беті мен оқу   |
|16  |Бұлшық ет ұлпасы      |                              |               |
|17  |Жалғама, глиоциттер   |                              |               |
|18  |Дербес ЖЖ түйіндері   |                              |               |
|19  |Кортиев ағзасы        |                              |               |
|20  |Жүрек құрылысы        |                              |               |
|21  |Көкбауыр              |                              |               |
|22  |Параганглий           |                              |               |
|23  |Тері микроскопиясы    |                              |               |
|24  |Тіл құрылысы          |                              |               |
|25  |Алдыңғы қарын         |                              |               |
|26  |Газ алмасуы           |                              |               |
|27  |Қуық                  |                              |               |
|28  |Қосымша бездер        |                              |               |
|29  |Сары тін              |                              |               |
|30  |Қағанақ түрлері       |                              |               |


10 кесте -  сырттай оқитын СӨЖ жоспары
|№   |СӨЖ                                                                 |
|реті|                                                                    |
|    |аудиториялық                                |                       |
|1   |Клеткалық ілім.                             |Тақырыпты өз бетімен   |
|    |Эукариотты, прокариотты жасушалар           |зерттеу                |
|2   |Жалпы эмбриология                           |өз бетімен зерттеу     |
|3   |Ұлпалық жүйенің пайда болуы                 |өз бетімен зерттеу     |
|4   |Ас қорыту жүйесі                            |                       |
|5   |Тыныс алу жүйесі                            |өз бетімен зерттеу     |
|6   |Жүрек қан тамыр жүйесі                      |өз бетімен зерттеу     |


 7. «Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен» пәнінің
                      оқу процесіндегі күнтізбе кестесі
                                                                    8 кесте.
№ ретіАпта1234567891011121314151Бақылау түріреф1ШБрефреф2ШБ2Балдары31033105В120100 - “Ветеринариялық медицина”, 5В120200 - “Ветеринариялық санитария” мамандықтарына арналған «Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен» пәнінің сырттай оқитын студенттеріне арналған бақылау жұмыстарының сұрақтары:
Бірінші нұсқа (вариант)
1. Жасушаның морфологиялық құрылысының жалпы кестесін сипаттаңыз.
2. Сүтқоректілер аналық жасушасының дамуы.
3. Бірыңғай салалы бұлшық еттің құрылысы және жүйкеленуі.
4. Жасушаның тұрақсыз қосындылары.
5. Жануарлар терісінің құрылысы.
Екінші нұсқа (вариант)
1. Сперматогенез, оның кезеңдері.
2. Сүйек ұлпасының құрылысы. Оның даму ерекшеліктері.
3. Митоз. Кариокинездегі ядро мен цитоплазмадағы өзгерістер.
4. Месқарын мен ұлтабар қабырғасының микроскоптық құрылысындағы ерекшеліктері.
5. Көз алмасы қабырғасындағы сыртқы қабық бөлiмдерiн ата.
Үшінші нұсқа (вариант)
1. Iштөлi қабықтары, олардың түзiлуi, маңызы.
2. Тiрi организм жасушасы қандай үш негiзгi бөлiктерден тұрады?
3. Жүйке талшықтары, ұштары. 
4. Ас қорыту жолы қабырғасындағы қабықтардың латынша атын ата.
5. Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы, дамуы, маңызы, құрылысындағы ерекшелiктер. 
Төртінші нұсқа (вариант)
Қандай жасушааралық байланыстары. Оның қажетi неде?
Жасушаның электронды микроскоптағы құрылысы.
3. Жыныс жасушалары, дамуы мен қызметi және құрылу ерекшелiктерi. 
4. Жүрек, қызыл, көк және қылтамырлар, олардың микроскопиялық, электронды микроскоптағы құрылысы.
5. Лимфа түйiндерi.
Бесінші нұсқа (вариант)
Эпителийлер қандай ұрық жапырақшалардан дамиды?
2. Жасуша түрлерi, олардың айырмашылық белгiлерi және тiршiлiк әрекеттерi.
3. Жануарлар ұрықтық дамуының негiзгi кезеңдерi.
4. Еркек малдардың барлық қосымша бездерiн атап, олардың маңызын сипатта.
5. Гипофиз, қалқанша без және бүйрекүстi без.
Алтыншы нұсқа (вариант)
1. Құстар сүйектері мен бұлшық ет құрылысының ерекшеліктері.
2. Сүтқоректілер - жоғары омыртқалы жануарлар, олардың морфологиялық ерекшеліктері: денесінің пішіні, тері жабыны, қаңқасы, бұлшық еттері.
3. Қағанақ туралы түсiнiк.
4. Сезiм ағзаларының жалпы сипаттамасы, құрылысы. 
5. Жасушаның өлуiндегі басты екi түрлi құрылым өзгерiстерiн - өлi еттену мен физиологиялық (жоспарлы) өлу - апоптозды сипаттаңыз. 
Жетінші нұсқа (вариант)
1. Эмбриогенездің бес негiзгi кезеңдерін атап, сипаттаңыз.
2. Кезеңаралық фаза неге митозға қарағанда ұзақ, қандай үш кезеңдерден тұрады?
3. Терi туындыларын атаңыз. Түбiт жүндердiң қылшық жүндерден айырмашылығы неде?
4. Сүйек кемiгi, айырша без, көк бауыр.
5. Тұңғыш микроскоп құрушыларды атаңыз. Олардың рөлi қандай?
Сегізінші нұсқа (вариант)
1. Жасушаның тiршiлiк әрекеттерi белгiлерiн атаңыз.
2. Жасушаның тұрақты қосындыларын, олардың түрлерiн, атқаратын қызметiн сипаттаңыз.
3. Жұмыртқа жасушаларының қосымша қабықтарын атап, олардың атқаратын қызметiн түсiндiр.
4. Ішкі секреция бездерінің жалпы сипаттамасы.
5. Еннiң құрылысы қандай?
Тоғызыншы нұсқа (вариант)
1. Бiрiншi және екiншi қосалқы жыныстық белгiлерді атаңыз.
2. Алғашқы микроскопты кiм және қай ғасырда құрастырды?
3. Цитоплазманың тұрақсыз қосындыларын атап, сипаттаңыз.
4. Нефрон бөлiмдерiн және бөлшектерiн атаңыз.
5. Жүйке, оның құрылысы және қызметi.
Оныншы нұсқа (вариант)
1. Жұмыртқаның құрылысы.
2. Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы.
3. Пайдалану нормасын есептеу.
4. Аң аулау қару-жарақтары мен оқ-дәрілері.
5. Халықаралық табиғатты қорғау одағы (ХТҚО).
6. Жайралар тұқымдасын сипаттау.
7. Қаз тәрізділер қатарын (отряд) сипаттау.
Пәндер