Файл қосу
Халықаралық тасымалдауда жүктердің бөлінуі
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМК құжаты |ОӘК |ОӘК 042-18-12.1.41/03-2013 | |«Қалааралық жүк тасымалдары»|Баспа №1 | | |пәнінен студенттерге | | | |арналған жұмыс | | | |бағдарламасы | | | «Қалааралық жүк тасымалдары» ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН 5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2013 Алғы сөз 1. Құрастырған Құрастырған: ____________________ «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Сарсембеков Е.А., Бакиева А.Б., оқытушы Сагатбекова А.Б. 2. Талқыланды 2.1. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы отырысында қарастырылды. Хаттама № 1 « 09 » 09 2013 ж. Кафедра меңгерушісі __________ С.Смағұлов 2.2. Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылды. Хаттама № 1 « 11 » 09 2013 ж. Төрағасы __________ Бекбаева .С. 3. бекітілді Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі отырысында баспаға жіберуге ұсынылды және мақұлданды. Хаттама № 1 « 18 » 09 2013 ж. ОӘК төрағасы, бірінші проректор _______________ Искакова Г.К. 4. ЕКІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР МАЗМҰНЫ 1. Дәрістер 2. Практикалық сабақтар 3. Курстық жоба 4. Студенттердің өздік жұмыстарының жоспары 1. Дәрістер Дәріс сабақтарының құрылымы: 1-дәріс. Халықаралық автомобильді тасымалы ұғымы(1). Дәріс жоспары: 1. Халықаралық тасымалдауда қолданатын негізгі терминдер. 2. Қалааралық және халықаралық жүк тасымалдауды ұйымдастыру. Халықаралық тасымалы бұл көліктер арқылы жүктердің және жолаушыларды Қ.Р –сы территориясы шекарасынан немесе Қ.Р-сы территориясына тасымалдау, сонымен қатар көліктер арқылы жүктерді немесе жолаушыларды Қ.Р территориясында транзитті тасымалдау. Мұндай тасымалға жататындар: • Қазақстандық тасымалдаушыға тиесілі жүк тиелген немесе жүк тиелмеген көлікпен Қ.Р-ң территориясына шетел мемлекеттің территориясы арқылы жүру; • Қазақстандық тасымалдаушыға тиесілі жүк тиелген немесе тиелмеген көлікпен бір шетел мемлекеттің территориясынан басқа мемлекет территориясына Қ.Р территориясы арқылы транзитті жүру; • Шетел тасымалдаушысына тиесілі жүк тиелген немесе тиелмеген көлік құралымен Қ.Р территориясынан немесе керісінше Қ.Р территориясы арқылы жүру. Қазақстандық тасымалдаушы – бұл жүк немесе жолаушыларды тасымалдау үшін өзіне тиесілі жүк көлігін немесе автобусты пайдаланатын Қазақстандық заңды немесе жеке тұлға. Шетел тасымалдаушысы – бұл жүкті немесе жолаушыларды тасымалдау үшін қолданатын көліктерді пайдаланатын шетелдік заңды немесе жеке тұлға. Халықаралық тасымалдауда қолданатын негізгі терминдер Жүк көлік құралдары – жүктерді тасымалдауға арналған жүретін көліктер немесе прицепі мен жартылай прицепі бар жүретін көлік құралы. Рұқсат етілім (мүмкіндік) – шетел мемлекеттердің территориясы бойынша көлік құралының жүруін растайтын құжат. Рұқсат ету қағазы бір рет пайдаланатын, көп рет пайдаланатын, арнайы және көп жақты болуы мүмкін. Шетелдік рұқсат етілім – Қазақстандық тасымалдаушыға тиесілі нақты көлік құралын шетел территориясында анықталған белгілі бір уақытта, бір рет немесе көп рет пайдалануға рұқсат етілген құжат. Арнайы рұқсат етілм - мемлекет территориясы бойынша үлкен көлемді, ауыр немесе қауіпті жүкпен болатын көлік құралына арналған бір рет пайдалануға қосымша рұқсат етілім. Сонымен қатар, алдын-ала келісілген мемлекет тасымалдаушысына тиесілі нақты көлік құралының сол мемлекеттен үшінші мемлекетке немесе үшінші мемлекеттен жүкті тасымалдаушыға бір рет жүруге рұқсат етілген қағаз. Көп жақты рұқсат етілім – белгілі бір анықталған уақытта кез-келген мемлекет территориясында бірнеше рет жүруге рұқсат етілген құжат. Халықаралық тасымалдауда жүктердің бөлінуі Үлкен көлемді жүк – автомобиль жолдары бойынша Қ.Р-сы территориясында көліктердің қозғалыс көлемінің нормасынан асып кететін көліктің көлемі мен қоса алғандағы жүк. Ауыр салмақты жүк – Қ.Р территориясында арнап көрсетілген көлік салмағынан немесе көліктегі салмақ нормасынан асып кететін көліктің салмағымен қоса алғандағы жүк. Қауіпті жүк – тасымал кезіндегі адамдардың өміріне және денсаулықтарына қауіп келтіретін, қоршаған ортаға зиян келтіретін, бағалы материалдарды жоятын, қандай-да бір өндіріс немесе шаруашылық қызметтегі заттар, қалдықтар, бұйымдар. Жылдам бұзылатын жүктер – тасымал кезінде сапасын сақтап қалу үшін температуралық режимді, арнайы ылғалдылықты және қатаң санитарлық гигиенаны талап ететін жүк. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Тасымалдаушы деген кім? 2. Халықаралық тасымалдарда жүктерде қалайша бөлінеді? Ұсынылатын әдебиеттер : 1. В. А. Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Грузовые автомобильные перевозки: Учебник для вузов 2. Гудков В. А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление грузовыми автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997. 3. А.Э.Горев. Грузовые автомобильные перевозки. –М: Академия. 2006. 2- дәріс. Қалааралық және халықаралық жүк тасымалдауды ұйымдастыру(1). Дәріс жоспары: 1. Біріңғай жүйедегі заңды құжаттар. 2. Көліктік бақылау Халықаралық тасымалдауды мемлекет арқылы реттеу екі жақты және көп жақты келісім шарттар көмегімен іске асады. Халықаралық сауданың кеңеюіне байланысты көп жақты келісім шарттарға ерекше көңіл бөлінеді. Оларды іске асыру үшін арнайы халықаралық ұйымдар құрылды. Халықаралық автомобильді тасмалдауды реттеу облысындағы негізгі нормативті құжаттар БҰҰ шеңберінде дайындалады. Ол Женевада орналасқан. Біріңғай жүйедегі заңды құжаттар келесі топтарға бөлінеді: • Конвенциялар (келісім шарттар) – екі жақты қол қойғандардың талаптарын орындауға арналған міндеттемелерді анықтайтын құжат; • Ереже – біріңғай ережеге енетін барлық елдерде орындалу үшін міндетті құжаттар. Бұлар ішкі заңдылықтар нормаларына тәуелсіз. Алайда ереже бұзған үшін қойылатын айыппұл әр бір мемлекетте әр түрлі заңдылықпен анықталады; • Директивалар – талаптардың қажетті деңгейлерін анықтайды және олардың орындалуы үшін әдіс-тәсілдерді шектемейді; • Анықтама – бұл жергілікті сипаттама шеңберінде нақты проблемалар бойынша енгізіледі. Мысал үшін кеден жұмыстарында. Анықтама адрестелген барлық мемлекеттерге міндетті болып табылады; • Ұсынымдар мен пікірлер – БҰҰ біріңғай жүйе кеңесімен дайындалады және міндетті күші болмайды. Көліктік бақылау Көліктік бақылаудың негізгісіне келесілер жатады: • Халықаралық тасымалдауды іске асыратын автокөлік құралын есептеуді және бақылауды қамтамасыз ету; • Экспортты-импотты жүктерді тасымалдаудағы автокөлік көлемі жайлы нақты деректерді алу; • Шетел тасымалдаушылардың мемлекетке ену квотасын пайдалануын еске алу; • Қ.Р территориясындағы автокөлік құралдары көлемін және салмақ параметрлерін бақылау, қауіпті жүкті тасымалдау ережелерін бақылау; • Жүргізушінің еңбек және демалыс режимдерін сақтау, тасымалдау ережелері мен шарттарын орындалуын бақылау. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Біріңғай жүйедегі заңды құжаттар қалайша бөлінеді? 2. Көліктік бақылаудың негізгісіне нелер жатады? Ұсынылатын әдебиеттер : 1. В. А. Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Грузовые автомобильные перевозки: Учебник для вузов 2. Гудков В. А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление грузовыми автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997. 3. А.Э.Горев. Грузовые автомобильные перевозки. –М: Академия. 2006. 3-дәріс. Автомобиль жұмысының режимдерін тіркеу (1). Дәріс жоспары: 1. Тахограф. Тахограммалар. 2. Көлік жүргізушісінің және көлік иесінің міндеттері. Массасы 3,5 т. Артық болатын жүкті халықаралық тасымалдау барысында қозғалмалы состав режимі туралы объективті ақпарат алу үшін автомобильдерді бақылау құрылғыларымен жабдықталуы қажет. Тахограф – бұл жүрілген жолды және қозғалыс жылдамдығын, жүргізушінің жұмысы мен демалысын үздіксіз тіркеп отыруға арналған құрылғы. Тахограмммалар – (тіркеп парақтар) автокөлік құралының қозғалыс режимін құжат түрінде тіркеу үшін арналған картон дискілер. Олар тахографтарда орналасқан. Қазіргі уақытта бұл дискілер электронды түрге ауысып жатыр. Тахограмма дискілерін жүргізушінің фотосуреті бар идентификациялық пластикалық карточкасы алмасады. Онда ұзақ уақыт аралығындағы қозғалмалы составтың қозғалыс режимі жайлы ақпарат жазылады. Электронды тахографтар автомобиль магнитоласына ұқсас болады. Ондағы жады көлемі 1 жылға жететіндей жабдықталады. Тахографқа бір мезгілде екі карточканы салуға болады. Электронды тахограф автомобильдің басқа жүйелерімен де қосылып тұруы мүмкін, сондықтан да бақылаушы және техникалық қызмет жұмысшылары да қажетті қосымша ақпарат жазып алуы мүмкін. Жаңа тахограф аялдамасыз немесе тәулік бойы жүретін жүргізуші жыламдығы асып кеткен кезде, оған ескертеді. Жаңа тахографтарда қосымша қызмет ету жүйелері бар. Мысалы, ақпаратты принтерге шығару, спутниктік байланысқа қосу, автокөлік ұйымына автоматты түрде ақпарат жіберу. Көлікті жүргізішінің міндеті: 1. Тахографтың дұрыс қолданысын қамтамасыз етеді, яғни сәйкес жұмыс режиміне тахоргафтың қосқышын қосып және ажыратып отырады. 2. Тіркеу қағаздарын орнына орнатып және ауыстырып отырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді. 3. Өзі көлікті басқарған уақыттан бастап жүргізуші тіркеу қағазын күн сайын қолданады. 4. Тахограф істен шыққан жағдайда жүргізуші тіркеу парағының сыртқы жағына қолымен жазбалар жүргізеді және олар туралы көлік иесіне хабарлайды. 5. Ағымдағы осы аптаның және өткен аптаның соңғы күніндегі толтырылған тіркеу қағазын өзімен бірге алып жүреді және сәйкес бақылаушы органдардың қызметкерлеріне көрсетеді. Көлік иесінің міндеттері: 1. Көліктегі орнатылған тахографқа қалдануға келетін тіркеу қағаздарының жеткілікті санын жүргізушіге береді. 2. Әр бір жүргізушінің толтырылған тіркеу қағазын соңғы жазбадан бастап 12 ай сақтайды. Ал тахографтың тексерістен өткені туралы куәлік 3 жыл сақтайды. 3. Тіркеу қағаздарындағы мәліметке талдау жасайды және қателіктер болса, оны түзету үшін амалдар қолданады. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Тахографтың негізгі қызметі не? 2. Тахограммалар не үшін қолданылады? 3. Көлік иесінің негізгі міндеттері қандай? 4. Көлік жүргізушісінің негізгі міндеттері қандай? Ұсынылатын әдебиеттер : 1. В. А. Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Грузовые автомобильные перевозки: Учебник для вузов 2. Гудков В. А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление грузовыми автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997. 3. А.Э.Горев. Грузовые автомобильные перевозки. –М: Академия. 2006. 4-дәріс. Қозғалмалы составтың жүрісін ұйымдастыру(1). Дәріс жоспары: 1. Қалааралық және халықаралық тасымалдардың ерекшеліктері. 2. Қозғалысты ұйымдастыру әдістері. Қалааралық және халықаралық тасымалдаулар келесі ерекшеліктерімен болады: тасымалдаудың үлкен қашықтығы, өндірістік базадан алыста ұзақ уақыт жұмыс істеу, тасымалданатын жүктің жоғары құндылығы, жол құжаттарды дайындаудың әлдеқайда күрделілігі. Мысалы, кеденмен байланыс. Осы себептерге сәйкес және қозғалмалы составқа қойылатын талаптарды ескере отырып тасымалдаудың іске асуы үшін олар ереже бойынша арнайы автокөліктік ұйымда орындалады. Жүктерді автомобильмен халықаралық және қалааралық тасымалдаудағы қозғалыстың маршрутын автокөлік жолдары деп атайды. Жолдың ұзақтығына байланысты қозғалмалы состав айналымы бірнеше тәулік болуы мүмкін. Осындай ерекшелік жүргізушінің жұмысын күрделендіреді. Себебі, олар кәсіпорыннан және өзі тұратын мекен-жайдан алыс қашықтықта, қозғалмалы составтың техникалық қараудан өтуі де қиынға түседі және диспетчерлік басқарудың жұмысы күрделенеді. Қозғалысты және жүргізушілер жұмысын ұйымдастыру әдісін таңдау кезінде айналым уақытын анықтау қажет: [pic] [pic] – қозғалыстың уақыты; [pic] – түсіру-тиеу жұмыстарының уақыты; [pic] – жүргізушілердің демалыс уақыты; [pic] – техникалық қараудан өту уақыты; [pic] – кедендерде және карантиндік пунктерде тұрып қалу уақыты; [pic]– басқа жағдайларға сәйкес қозғалмалы составтың тұрып қалу уақыттары. [pic] 1-сурет. Қалааралық және халықаралық тасымалдар кезіндегі жүргізушілердің жұмысы мен қозғалысын ұйымдастыру. Тұтас әдістер әр бір автомат бастапқы пункттен соңғы пунктке дейін және керісінше, жолды толық жүреді сәйкесінше жүргізуші де рейсте толық автомобильмен бірге болады. Бұл жағдай жүргізушінің жұмысын ұйымдастыру ерекше талаптар қойылады. Ол талаптар қозғалысың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жұптық жүру жүйесінде автомобильді бүкіл айналым да екі жүргізуші жүргізеді. Жұптың жүру бір кісілікке қарағанда уақытты үнемді. Жүргізушінің ауысуымен қозғалысын ұйымдастыру экипаждардың тұрып қалуларды жояды, бірақ та маршрут трассаларына жүргізеді жолдау және орналастыруға қосымша шығын кетеді. Қозғалыстың учаскелік әдістерінде автоматтардың жолын жекелеме учаскелерге бөледі. Учаскелердің қосылған жерлерде жүктер келесіне өткізіледі. Ал қозғалмалы состав өз учаскесінің бастапқы пунктіне қайтып оралады. Участоктың ұзындығы келесі шартпен таңдалады: автомобильдің айналым уақыты жүргізуші ауысымы ұзақтығының 1-1,5 құрауы керек. Себебі жүргізушіге сол күні тұрақты жұмыс орынына келуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайдың участок ұзындығы келесі формуламен анықталады: [pic] [pic] – маршруттағы жүргізушінің жұмыс уақыты; [pic] – эксплуатациялық жылдамдық; Әр бір участектегі автомобильдер саны келесі формуламен анықталады: [pic] [pic] - тасымалдаудың тәуліктік көлемі; [pic] - автопоездың номеналды жүк көтерісі; [pic] - жүк көтеруді қолданудағы коэффициент; [pic] - автопоездың ауысымда орындаған ацналым саны. Жартылай прицептерді тіркеп алу жолымен артық салмақты болдырмауын қамтамасыз ететін, тасымалдауды участкелік әдіспен ұйымдастыру тартылыс иығы жүйесі бойынша тасымалдау деп аталады. Бұл әдіс тасымалдаудың тиімділігін арттырады. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Айналым уақыты қалайша есептеледі? 2. Участок ұзындығы қалайша есептеледі? Ұсынылатын әдебиеттер : 1. В. А. Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Грузовые автомобильные перевозки: Учебник для вузов 2. Гудков В. А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление грузовыми автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997. 3. А.Э.Горев. Грузовые автомобильные перевозки. –М: Академия. 2006. 5-дәріс. Халықаралық тасымал кезіндегі жүргізушінің жұмысын ұйымдастыру. (1) 1. Халықаралық жүк тасымалына қойылатын талаптар. 2. Жүктерді жеткізу мерзімі. Халықаралық автомобиль тасымалын жасайтын толық массасы 3,5 т артық автокөлік құралы үшін жүргізу аралығы 9 сағаттан артпау керек, 10 сағатқа өсіру аптасынан 2 реттен аспау керек, аптасына 56 сағаттан аспауы керек. Әрбір 4,5 сағаттан кейін демалыс үшін 45 минут үзіліс болады. Бұл аралық бірнеше қысқа мерзімдерге бөлінуі мүмкін, әр қайсысы 15 минут кем емес болуы керек. Әр бір 24 сағатта жүргізуші кем дегенде 11 сағат үздіксіз демалу керек, аптаның ішінде бұл ұзақтықты 9 сағатқа кемітуге болады. Біріңғай жүйе ережелеріне сәйкес егер автомобильді 2 жүргізуші басқарса, онда әр бір 30 сағат әр қайсысы 8 сағаттан демалу керек. Жүргізушінің апта сайынғы демалысы 45 сағаттан астам болуы керек, бірақ оны 36 сағатқа дейін қысқартуға болады. Жүргізушінің еңбек және демалыс режимдерді халықаралық және қалааралық тасымалдауда маңызды орын алады. Бұл жағдайда тасымалдаудың технологиялық аспектілерін жүргізушінің еңбек режимдерімен ұштастыру қажет. Жүктерді жеткізу мерзімі. Қалааралық тасымалдауды орындау барысында жүктерді жеткізу келесі кестеден тұрады. Жүктерді жеткізу мерзімі (тәулікпен) |Тасымал арақашықтығы |Машиналармен |Контейнерлермен | | |жөнелту |жөнелту | |200 дейін |1 |2 | |200-ден 400-ге дейін |1,5 |3 | |400-ден жоғары әр бір толық немесе |+1 |+1 | |толық емес 250 км | | | Автомобиль көлігі уставына сәйкес әр бір кешіккен тәулікке (егер тасымалдаушы кінәлі болса) онда оның әкелінген еңбегінен 12% айып салынады. Бірақ айыптың көлемі жалпы тасымал бағасының 60 % аспау керек. Жүктерді жеткізу мерзімі кепілді болу үшін қозғалмалы составтың жүрісін кесте бойынша ұйымдастыру қажет. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Халықаралық тасымал кезінде қандай талаптар қойылады? 2. Жүктерді жеткізуді кешіктіргенде қандай айыптар тағылады? Ұсынылатын әдебиеттер : 1. В. А. Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Грузовые автомобильные перевозки: Учебник для вузов 2. Гудков В. А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление грузовыми автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997. 3. А.Э.Горев. Грузовые автомобильные перевозки. –М: Академия. 2006. 6-7 дәріс. Жүк тасымалын басқарудың жүйелері(2). Дәріс жоспары: 1. Жүк тасымалын басқару және оның мақсаты. 2. Тасымалдауды басқаруды іске асыратын ұйымдардың міндеттері. Басқару - бұл ұйымдасқан жүйелер қызметтері, ол анықталған құрылымды, қызмет режимдерін және алдын-ала болжанған нәтижелерге жету үшін, өндіріс үрдістеріне қатысушыларға, мақсаттарға бағытталған әрекеттерді қамтамасыз етеді. Басқару мақсаты бұл аз көлемді шығынды жұмсау арқылы өндірістің ең жоғарғы нәтижелеріне жету үшін, барлық ресурстарды тиімді және жоспарлы пайдалану. [pic] 2-сурет. Басқару үрдісінің құрылымдық сызбасы. Басқарудың негізін салушы принцип болып, кері байланыстың бар болуы саналады, яғни ол сыртқы әрекеттер және талап етілетін нәтижеге байланысты басқару объектіге қалыптастыру. Бірінші суретте штрихталған сызықтармен басқарудың ақпараттық жүйелердің қолданылуы арқылы қатысатын блоктар көрсетілген. Ақпараттық жүйені қолданған басқару жүйесі – ақпаратты өңдеу мен жылдамдығының сапасын арттырады. Себебі басқару объектілерінде болатын проблемаларының шешімдерінің нұсқаулары практика жүзінде апробациядан өткен және мәліметтерді өндеудің автоматты алгоритмді шешімдерді қабылдау үшін қолданылған. Басқару үрдістерін ұйымдастыру басқару әрекеттерінің анықталған тізбегімен сипатталады. Мақсатты таңдау, болжау, жоспарлау, оперативті басқару, бағыт-бағдар беру, ынталандыру, есеп және бақылау. Нәтижені басқару үшін осы қызметтер бір мақсатқа бағытталған біркелкі үрдіске біріктірілуі керек. [pic] 3-сурет. Жүктік тасымалдауды басқарудың жалпылама сызбасы. Жүктерді тасымалдауға жетекшілерді басқару өзіне келесілерді қамтамасыз етеді: 1. Тасымалдаудағы тапсырысты қабылдауды ұйымдастыру; 2. Тапсымалдаудағы және басқа да қызмет көрсетулердегі АКҰ; 3. Клиентурасының талаптарын оқып – білу; 4. Ауысымды – тәуліктік жоспарларды жасау; 5. Қозғалмалы составты жолға шығаруды ұйымдастыру және оның жолдан келудегі құжаттарды өңдейді; 6. Қозғалмалы составтың жолдағы жұмысының оперативті басқаруын және бақылауын іске асыру; 7. Көліктер жұмысы тиімділігінің оперативті есебінің талдауымен іске асыру; Автомобильді жүк тасымалдарын татымды дәрежеде басқару маңызы АКҰ типіне тәуелді. Тек комплексті АКҰ-да АЖТ эксплуатациясына байланысты болатын барлық қызмет орындалады. [pic] 4-сурет. Автокөліктік ұйымдардың классификациялары. Мұндай ұйымдар технологиялық және ұйымдастырушылық аспектілік салаларда көшбасшы болып саналады.Алайда автокөліктің даму тенденциясы комплексті ұйымдар АКҰ-дар жалпы санның ең аз көлемін құрайды. Арнайы ұйымдар өндірістік қызметте шығындарды азайтуға және қаржылық, технологиялық ресурстарды әлде – қайда тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Автомобильді жүк тасымалдау басқару жүйесінің бірден – бір маңызды құрамасы. Ол тасымалдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. АЖТ қауіпсіздігі келесі компоненттерді қамтиды: • Жол қозғалысының қауіпсіздігі; • Экологиялық қауіпсіздігі; • Тасымалданатын жүктердің, қозғалмалы составтың бүтіндігі және жүргізушінің қауіпсіздігі. Жол қозғалысының қауіпсіздігі бірнеше фактор жиынтығынан тұрады. Оның негізгілері: жұмысшы жүргізушілері анықталады, жол шарттары жайлы ақпараттарды өз уақытында алу, онымен оқып – танысу, жолға тек жөнделген қозғалмалы составты шығару, қозғалмалы составтың жұмысын мұқият жоспарлау. Экологиялық қауіпсіздікті сақтау эксплуатацияланатын көліктің техникалық маңызына байланысты. Автомобиль двигателінен зиянды заттарды шығару нормасымен қатар қозғалмалы состав түйіндері мен агрегаттарынан сұйықтар мен майлардың ағып кетпеуін қамтамасыз ету. Шандататын және сұйық заттарды тасымалдау кезінде тасымалдаушы олардың сенімді жабылуына жауап береді. Зиянды заттарды тасымалдау кезінде қоршаған ортаны сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Тасымалданатын жүктерді тасымалдау АКҰ тыс іске асатындықтан жүктердің және қозғалмалы составтың бүтіндігін және жүргізушінің қауіпсіздік мәселелерінің арнайы ерекшеліктері бар. Бұл жағдайда қауіпсіздік төрт деңгейде іске асады. 1. Ұйымдастырушылық. Бұл деңгей тәртіптің сақталуын, құжаттардың толыққанды өңделуін және т.б. қамтиды; 2. Техникалық. Қозғалмалы составты рұқсатсыз теуіп кетуге қарсы жүйені орнату, жолда жүргізуші мен жолдың байланысы болуы, көліктің қозғалысын қадағалау және т.б. жатады; 3. Экономикалық. АКҰ-ның материалдық жоғалтуларын алдын-алу. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Басқару деген не және оның негізгі қызметі қандай? 2. Басқару үрдісі қалайша іске асады? 3. Жүкті тасымалдауды басқаруда қандай операциялар орындалады? Ұсынылатын әдебиеттер : 1. В. А. Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Грузовые автомобильные перевозки: Учебник для вузов 2. Гудков В. А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление грузовыми автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997. 3. А.Э.Горев. Грузовые автомобильные перевозки. –М: Академия. 2006. 8-9 дәріс. Көліктік ұйымның эксплуатациялық қызметі (2). Дәріс жоспары: 1. Эксплуатациялық қызметтің негізгі міндеттері. 2. Эксплуатациялық қызметтің типтік құрылымы. Эксплуатациялық қызмет автокөлік тік ұйымның маңызды құрылымдық ішкі бөлімі болып табылады. Эксплуатациялық қызметтің негізгі міндеттеріне келесілер жатады: • жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру • автокөлік ұйымында қабылданған жұмыс жоспарының орындалуын қамтамасыз ету • тасымалдау сапасының қажетті деңгейінде қозғалмалы составты тиімді пайдалану жолдардағы көлік қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету Эксплуатациялық қызметтің типтік құрылымын келесі суретте көрсетуге болады. [pic] 2-сурет. Эксплуатациялық қызметтің типтік құрылымы Жүктік топ эксплуатациялық қызметте жетекші болып табылады және келесі міндеттерді орындайды: • жүк лектерін, тасымалдаудағы қажеттіліктерді, АКҰ ауданында қызмет көрсететін потенциалды клиентураны зерттеу және көліктік көмек сферасындағы нарықтың конъюктурасын талдау; • тиеу-түсіру пунктерін және подъездік жолдардың жағдайын тиеу-түсіру машиналары мен механизмдерін жабдықтауын бақылау; • қозғалмалы составты қолданудағы тиімділікті арттыру бойынша шаралар дайындау; • тасымалдау үшін тапсырыстарды қабылдау және клиентурамен келісім шарттарды дайындау; • ауысымды-тәуліктік жоспарды құру және жүргізушілерге тапсырмалар дайындау. Эксплаутациялық қызметтер жұмыстарының технологиялық циклі 3 тәулікті құрайды және келесі суретте көрсетілген график түрінде болуы мүмкін: |Тәулікт|Бірінші |Екінші |Үшінші | |ер | | | | |сағаттар| 14 | |1 |Бастапқы қалааралық маршрут (нұсқаға сәйкес) | |2 |Автожолдар сызбасы және бастапқы, аралық және соңғы жүк пунктерінің | | |арақашықтығы. | |3 |Жүру түрі | |4 | Тасымалдар көлемі (тура және кері) | |5 |Қозғалыс жүйесі (нұсқаға сәйкес) | 3.3.2. Жұмыстың есептілік бөлігін орындаудағы реті Курстық жоба, заты бойынша болашақ маманның бірінші өзіндік жұмысы болып табылады (Көлік бакалавр), жобаны шешудегі қабылданған дұрыстықтарға байланысты, оның квалификациясы анықталады. Курстық жоба курстағы пәнді оқудың соңғы кезеңі болып табылады, және сондықтан орындаудың сапасы көбінекей студенттің алған білімін практикада қолдануды үйрету. Курстық жобаны жобалау кезінде студент жобаланатын жұмысты зерттеуге ерекше көңіл бөлуі тиіс. Анықтамалық, технологиялық нормативтік материалдар жинау ғана емес, және де оларды критикалық талдаудан өткізу керек. КЖ – ны жобалау кезінде студент белгілі көлемдегі графикалық жұмысты орындайды. Графика - техника тілі. Сондықтан курстық жобаны жобалауда графикалық өңдеуде көп назар аударады. Курстық жобаның есептілік бөлімінің негізгі тапсырмасы болып барлық көрсеткіштердің есептемесі болып табылады, жұмысты орындаумен байланысты, жобаның техникалық бөлімде анықталған. Осыған орай курстық жобаның есептілік бөлігін келесі пункттерге бөлуге болады: 1. Жүкті тасымалдауға арналған көліктің экономикалық негізделген түрін таңдау екі нұсқаның теңестіру жолымен орындалады; 2. Нұсқалардың әрбір түрінен шығынның сомалық түрі анықталады, жөнелту қоймасынан алушы қоймасына дейін жүкті жеткізумен байланысты; 3. Тасымалданған жүктің 1т. көрсетілген шығының бағасы; 4. Портқа келген жүктік теплоходтың(Т), баржи(Б), вагондарды беру(П) өңдеудің оптималдық ретін орнату; 5. Порттағы кемелермен вагондардың өңдеу реті өзгермегенін екенін анықтау, егер 1 сағат тұрғандар шығындар вагондарды беру және жүктік теплоходтың – 35%; + 50% схемасы бойынша ауысса; 6. Көліктік бірлікті өңдеудегі техникалық графиканы ерекшелеу; 7. Реттеу жүйесін есептеу , жүктік фронттардағы автомобильдерді орналасуы туралы информацияны сақтау және жинауды қамтамасыздандыру, жүктік фронттардағы тиеу-түсіру механизімінің жағдайы; 8. Жүктік фронттарды автомобильдер арқылы қызмет көрсету кезеңдерін құру; 3.3.3. Алынған қорытындылардың әдістемелік анализі. Барлық жобаның элементтері өндірістік талаптарға сай орындалуы тиіс. Жобаны орындаудағы жұмысты барлығы студенттер мойынына жатады, жобаның жетекшісінің нұсқаулары мен кеңестерін қолдана алады. Студент өз жұмысына ұқыпты қарауы тиіс, жоба жетекшісі оның қатесі түзейді деген үміті болмауы керек. Садықтан жобаны жобалау кезіндегі қабылданған шешімді ойланып және оның дәл рационалды екеніне көз жеткізу керек. Студент барлық графикалық жұмысты және анықтамалық хатты уақытында бітіруі тиіс. Сызба беті және анықтамалық хат мұқият тексеріліп және орындаушы және жобаның жетекшісінің қолы қойылып, тапсырылуы тиіс, содан кейін курстық жобаны қорғауға дайындалуына болады. 3.3.4. Түсіндірмелік хаттың толтырылу реті Студент курстық жұмыс жазғанда назарын оның мағынасына ғана емес, жобалық құжаттаудың толтырылу ретіне аударуы қажет. Курстық жұмыстың техникалық құжаттауы екі бөлімнен тұрады: түсіндірмелік хат және сызба. Курстық жұмыстың техникалық құжаттауы 1-2 А1 форматтағы сызба мен 20-30 беттік түсіндірмелі хаттан тұрады. Курстық жобаға кіретін сызба қарындашпен орындалады немесе жақсы сызба қағазында (ватманда), плоттерде сызылады. Ереже бойынша А1 форматтағы қағаз алынады. Бұл форматты қолдануда және оны бірнеше ұсақ форматтарға (А2, А3, А4 және т.б.), сондай-ақ қосымша форматтарды қолдануда бөлу сызығы ЕСКД-ға сәйкес өлшемде орындалады. Сызбаның әрбір форматында рамка болуы қажет: сол жағынан 20, оң, төменгі, жоғарғы жағынан 5 мм болу керек. Әрбір беттің оң жақ төменгі бөлігінде бұрыштық мөр (негізгі жазба) басылады. Сызбадағы барлық жазбалар мен сандар сызылуға қатысты стандартта жазылуы керек, сонымен қатар сандар мен әріптердің қалыңдығы, қисаюы, әріптер, сөздер және жолдар арасындағы арақашықтығы стандартқа сәйкес болуы керек. Студент сызбада жазу жазғанда оқулықтарда, анықтамаларда және «Сызбалар және машинажасау» жинағындағы ГОСТ-да берілген қаріптердің үлгісін қарастыруы керек. Сызбаларды сәйкес инженерлік программаларда орындау ұсынылады: "AutoCad", "Компас"," CorelDraw " және т.б. Қорғауға ұсынылған барлық сызбаларда студенттің және жоба жетекшісінің қолы қойылуы қажет. Студенттің түсіндірмелік хаты 210 X 294 мм (А 4 форматта) өлшемдегі қатты қағазда орындалуы керек. Мәтін беттің тек бір жағында жазылады.Беттің сол жағынан 20мм, оң жағынан 5мм қалдырылады. Тақырыптар үлкен қаріппен теріледі. Хат сауатты жазылуы керек. Сонымен қатар хаттың әдебиеттік стиліне көңіл аудару қажет. Хатта қысқарған сөздер болмауы керек. Түсіндірмелік хат жобаның негізгі техникалық құжаты болып табылады. Онда жобаның барлық бөлігінің есептемелері мен түсіндірмелері болуы керек. Түсіндірмелік хаттағы материалдың құрамы мен орналасу ретін мынадай түрде ұсынуға болады: • Титулдық бет; • Курстық жоба тапсырмалары ; • Алғы сөз (мазмұны); • Кіріспе; • Теориялық (аналитикалық) бөлімі; • Техникалық бөлімі; • Экологиялық бөлімі (еңбекті қорғау және кәсіпорындардың техникалық қауіпсіздігі); • Қолданылған әдебиеттер тізімі; • Қосымша; • Жобаның ведомості. Түсіндірмелік хат компьютерде 14 қаріппен теріледі, интервал – біржарым. Курстық жобалау тапсырмалары қосымшада келтірілген бланк түрінде беріледі. Алғы сөз жобаның бет нөмірі бойынша көрсетілген бөлімдердің тақырыптарын қамтиды. Кіріспе көлемі бойынша көп болмауы керек (1-2 бет). Онда жобаның негізгі мақсаттарымен есептері көрсетіледі. Кіріспе мазмұны міндетті түрде курстық жобаның жұмысына қатысты болуы керек. Егер кіріспеде тарихи мәліметтер,қандайда бір сандар берілсе ол жобаға қатысты болуы керек. Қолданылған әдебиет тізімдері жобалау кезіндегі студенттің пайдаланылған негізгі кітаптары мен журналдардағы мақалаларының, сондай-ақ Интернет сайттарынан тұрады. Тізімде қолданылған кітап аты, автордың аты- жөні, баспа мен шыққан жылы көрсетілуі керек. Журнал мақалаларында мақала авторы, шыққан жылы, журнал нөмірі жазылады. Түсіндірмелік хаттар кестелерінде, графиктерінде және сызбаларында есептеулер мен әртүрлі сандық мәліметтер қолданғанда студент бірлік өлшемді көрсетуді ұмытпауы керек. Хат аяқталғаннан кейін және студент пен жетекшінің ұқыпты тексеруінен кейін барлық беттер арнайы папкаға тіркеледі. Папкаға жобаның орындалған жылы, группасы, фамилиясы, студент аты-жөні және курстық жобаның тақырыбы көрсетілген жазба жабыстырылады. Осыдан кейін түсіндірмелік хатқа студент пен жетекшінің қолдары қойылады. 3.4. Кеңестерді жүргізу әдістемесі Студент міндетті түрде жоба жетекшісінің кеңесіне келуі керек. Әрбір кеңеске қатыспау сабаққа қатыспау ретінде қаралуы қажет. Курстық жоба бойынша кеңес оқу жоспарының көлемінде және сабақ кестесіндегі жоба жетекшісінің сағаттарына сәйкес өткізіледі. График-жоспар бойынша курстық жоба жетекшісі әрбір студенттің жобаны орындауын қадағалау керек. Кредиттік оқудағы студенттер үшін семестр бойы 2 рет аттестация өтеді. 3.5. Курстық жобаны қорғау реті Курстық жобалаудың барлық ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстары кафедра меңгерушісіменде қадағаланады. Кафедра меңгерушісі мен жоба жетекшісі дипломдық жоба бойынша тәжірибесі және білімі бар маман болуы керек. Кафедра меңгерушісі курстық жобалауға жалпы жетекшілік етеді, сондай- ақ: ▪ Курстық жобалаудың жетекшісін тағайындайды; ▪ Курстық жобалаудың тапсырмаларын бекітеді. Кафедра меңгерушісі міндетті: ▪ Курстық жобалауды, кеңестің жүргізілуін және студнттердің қатысуын қадағалауға; ▪ Курстық жобаны дайындауды ұйымдастыру мен өткізуді бақылау және орындалған жұмыс көлемінің көрсетілген тапсырма графигімен сәйкес келуін қадағалауға. Курстық жобаның жетекшісі міндетті: ▪ Курстық жоба тематикасының қалыптасуына қатысуға; ▪ Курстық жобалаудағы студенттерге тапсырмалар құрастыруға және беруге; ▪ Курстық жобамен жұмыс жасауға студенттерге негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімін беруге; ▪ Диплом алдындағы практикада студенттердің үйренетін және зерттейтін негізгі сұрақтарын құрастыруы керек; ▪ Курстық жобалау сұрақтары бойынша кеңес өткізу бекітілген графикке сәйкес келуі қажет; ▪ Түсіндірмелік хатты бөлімдерінің дайындығы мен мазмұнын және жабаның графикалық бөлігін және бекітілген график бойынша жүргізілген жұмыстарды тексеруге; ▪ Курстық жобаның сапасын тексеруге және дайындығын бақылауға қатысу; ▪ Жобаның жалпы бағытын анықтауға, тапсырма көлемінің сәйкестігін және әдістемелік көрсеткіштер мен нормативтердің орындалуын қадағалауға. Курстық жұмыспен уақытта студенттерде үлкен жауапкершілік, тәртіптілік және жұмыс істегіштік қасиеттермен ерекшелену керек. Күн тәртібі режимін қатаң қадағалау, жобамен жұмыста мақсатты жүйелік бағыттылық, үнемі кеңестерге қатынасу – курстық жобаны қазіргі заманғы сай және дұрыс дайындалуының, студенттің жобаны жақсы қорғауының маңызды шарттары. Курстық жоба үшін әр оқу орнында арнайы жабдықталған кабинет болуы қажет, онда қатаң орнатылған график бойынша жетекші кеңестер жүргізу қажет. Кабинет жұмысына бақылау және кеңесберушілердің кезекшілік графигі бойынша келуін кафедра меңгерушісі қадағалайды Студент тапсырмалармен орнатылған мерзімде (қорғауға 5-7 күнен кеш емес) толық көлемде курстық жобаға қол қояды (түсіндірме хатқа және графикалық бөлімнің әрбір бетіне) және жоба жетекшісіне өткізеді. Жоба жетекшісі курстық жоба бойынша қорытынды береді, онда студенттің дайындық деңгейі және оның практикалық тұрғыдан есептерді шеше алуы бағаланады, сонымен қатар курстық жобаға жалпы баға қойылады. Жоба жетекшісінің қорытындысында студенке мінездеме болады және оның жобасына келесі сұрақтар бойынша: ▪ Жобаның барлық бөлімдері бойынша жобаның орындалуының сәйкестігі (жобаның әлдеқайда нашар және әлдеқайда толық жақтарын көрсету арқылы); ▪ Студенттердің жобада есепті шешулерінің технологиялық бағасының дұрыстығы; ▪ Студент білімінің теориялық дайындығы және оны практикалық есептерді шешуде қолдануы; ▪ Жобада алдыңғы қатарлы өндірістік және ғылыми тәжірибелерді қолдануы және есепті шешуге өзінше жзасаған қатынасы.; ▪ Жобада қабылданған ұйымдастырушылық-техникалық шешімдердің экономикалық негізделуі; ▪ Түсіндірме хатты және графикалық материалдарды өңдеудің сапасы және есептерді шешудің дұрыстығы; ▪ Жобаның практикалық бағалығы жәе оның өндірісте қолданылуы; ▪ Курстық жобаның бес балдық жүйедегі жалпы бағасы. Курстық жобаны студенттер оқу орнында курстық және дипломдық жобалар бөлмесінде қорғайды. 10-15 минут аралығында студент жобаның мақсаты мен міндеттерін нақты және қысқаша айтып беру қажет, жобалау объектісіне сипаттама беру қажет, онымен қабылданған жобалық шешімдердің тиімділігі мен негізділігін баяндау және проектінің практикалық мақсаттылығын және экономикалық тиімділігі туралы қорытындылау қажет Баяндамадан кейін жоба жетекшісі өз қорытындысын айтады және студенке қойылған сұрақтар мен ескертулерге жауап беру үшін сөз беріледі. Комиссия мүшелері жобаға қатысты және басқа да көлік бакалавры мамандығына қатысты сұрақтарды қоюына болады. Жалпы бағаны жоба жетекшісі қояды және студенке жарияланды. 4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ 4.1 Студенттердің өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар. Оқушылардың өздік жұмыстары СОӨЖ және СӨЖ ден тұрады. СОӨЖ ретінде оқытушының студентпен аудиторияда жүргізетін тапсырмалары қарастырады. Жалпы түрде СОӨЖ сабақтарында жоғарыда мазмұндалған курстық жобалар қарастырылады. Өзіндік үй жұмыстары (СӨЖ) дәріске, семинар сабақтарына дайындықты қарастырады, сонымен қатар рефераттар, баяндамалар жазу және ғылыми- практикалық конференцияларға қатынасуды қамтиды. . Студенттер білімін тексеруге арналған рефераттар мен бақылау тапсырмаларының тақырыптары |№ темы|Сабақ тақырыбы, негізгі сұрақтар | | |Мемлекеттің бірыңғай көліктік жүйесінің құрылымы | | |Нарықтық экономика шарттарындағы көлік | | |Әртүрлі көлік түрлерінің негізгі көрсеткіштері | | |Жердегі көлік түрлерінің ерекшеліктері | | |Су және әуе көлік түрлерінің ерекшеліктері | | |Өндірістік көліктің ерекшеліктері | | |Арнайы және дәстүрлі емес көліктердің қызмет ету аясы | | |Қазіргі заманғы қала жағдайындағы көлік | | |Қала территориясында жолаушылар легіне қызмет көрсету үшін транспорт | | |түрлерін таңдау қағидалары | | |Біріңғай көліктік жүйеде көліктік үрдістерді ұйымдастырудың | | |ерекшеліктері. | | |Көлік және көліктік шығындарды жұмсауды анықтау | | |ҚР көлікте мемлекеттік бақылаудың ерекшеліктері. | | |ҚР көлікте құқықтық қатынастардың ерекшеліктері | | |Көліктің ғылыми және экономикалық проблемалары | | |Көлікте қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ерекшеліктері | | |Аудиториялық сабақтарға есептеулерді, графиктерді және сызбаларды | | |орындау | 4.3 Оқу-әдістемелік материалдар тізімі 1 «Қалааралық жүк тасымалдары» пәнінен дәріс курсы. 2 «Қалааралық жүк тасымалдары» пәнінен курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік құрал. 3 «Қалааралық жүк тасымалдары» пәні бойынша курстық жоба тапсырмалары
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz