Файл қосу

Айлалық локомотивтердің техникалық сипаттамалары



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                         |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                   |
|СМК 3 дәрежелі құжаты          |ПОӘҚ          |ПОӘҚ 042-18-12.1.39/02-2014   |
|ПОӘҚ                           |Баспа №__     |                              |
|Оқытуша арналған  пән          |күні _______  |                              |
|«Пайдалану жұмысты бақылау»    |              |                              |
|бойынша бағдарламасы           |              |                              |









                        ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


                         «Пайдалану жұмысты бақылау»

    мамандық үшін  5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және
                             көлікті пайдалану»



                      студенттер үшін пән бағдарламасы





















                                    Семей
                                    2014
     Дәрістердің қысқаша жазбасы

    №1 тақырып.   Пән  және  пәннің тапсырмалары, курсты оқытудың  мақсаты.
Тасымалдау   үрдісін   белгілейтін   жағдайлар   мен ұстанымдар  (2  сағат).



    Дәріс жоспары:
   1. Пән курсын оқыту аясындағы пайдалану жұмыстарын басқару.
   2. Қозғалысты ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары.
   3. Теміржол көлігінің қызметін белгілейтін негізгі құжаттар.


    Пайдалану жұмыстарының негізгі ұстанымдарының бірі – теміржол көлігінің
техникалық жабдықтарын, оның ішінде жылжымалы  құрамаларды  неғұрлым  тиімді
пайдалану болып саналады.
    Көлік  халық  шаруашылығының  маңызды  құрамдас  бөлігі.   Өнеркәсіптік
кәсіпорындардың, халық шаруашылығының, жабдықтау және сауда  қызметтері  мен
олардың дамуы көбіне негізінен көлік қызметі  мен  олардың  дамуына  тәуелді
болады. Көлік сыртқы  экономикалық байланыстарда,  сонымен  қатар  Қазақстан
Республикасыныңның қорғаныс ісінде маңызды рөл атқарады.
    Теміржол     көлігіне   қойылатын     маңызды     талап     пойыздардың
толық   қозғалыс      қауіпсіздігін       және    де     жолаушылар      мен
қызметкерлердің   қауіпсіздігін,    тасымалданатын    жүктердің    сақталуын
қамтамасыз ету .
    Қақзақстан Республикасының  темірдолдарында  қозғалысты  ұйымдастырудың
келесідей маңызды деген ұстанымдары қабылданған:
    Пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу,  құрамаларды  құрастыру  және
тарату, жүктерді түсіру және тиеу, құрастыру және  тарату,  жүктерді  түсіру
және тиеу, жолаушыларды отырғызу  және  түсіру  бойынша  ғылыми  негізделген
технологиялық шама-шарттардың негізінде  әрбір  станса  үшін  ұзақ  мерзімге
жобаланатын  станса жұмысын ұйымдастыру.
    Жыл сайын құрастырылатын, теміржол стансаларында  пойыздарды  құрастыру
жоспарын және тиеу орындарындағы тасымалдың жол бағдарлау жоспарын  қамтитын
 вагон ағымын ұйымдатсыру.
    Теміржол көлігінің атқаратын істері мен  аймақтық  бөлімшелердің  өзара
келісімін  және  тасымалдаудың  жылдық  тапсырысының  орындалуын  қамтамасыз
ететін кереген негізінде пойыздардың қозғалысын ұйымдастыру.
    Тасымалдау бойынша айлық шұғыл тапсырмалардан құралатын бөлімше жұмысын
техникалық шама-шарттау
    Негізгі мақсаты өтіп жатқан тәулік пен  ауысым  барысындағы  тасымалдау
жоспарының, қозғалыс керегенінің  және  техникалық  шама-шарттың  орындалуын
қамтамасыз  ету  болып  табылатын  пойыздық  және  жүктік  жұмыстарды  шұғыл
жоспарлау.
    Тасымалдау  және  техникалық  шама  -  шарттар  бойынша  тапсырмалардың
орындалуына жауапты ағымдағы (тәуліктік) диспетчерлік жетекшілік.
    Теміржолдардағы  пойыздардың  қозғалыс   қауіпсіздігі   маңызды   деген
ғимараттардың, құрылғылардың  және  жылжымалы  құрамалардың  шама-шарттарын,
пойыздардың қозғалысын ұйымдастыру жүйесін  және  белгі  беру  ұстанымдарын,
Қазақстан Республикасының теміржолдарын техникалық пайдалану ережесін  қатаң
сақтау  арқылы  қамтамасыз  етіледі.   Қозғалыс   қауіпсіздігіне   қойылатын
неғұрлым нақтылы жекелеген талаптар белгі беру және пойыздар  қозғалысы  мен
айлалық жұмыстарға  арналған  нұсқаулықтарда  және  «ҚТЖ»  ҰК  АҚ   ағымдағы
бұйрықтарында жазылған.
    Тасымалдауды  ұйымдастыру  бойынша  өнеркәсіптік   теміржол   көлігінің
қызметін айқындайтын негізгі құжаттар: тасымал  жоспары;  теміржол  жарғысы;
өнеркәсіптік   теміржол     жолын    пайдалану    келісімшарты;    Қазақстан
Республикасының   теміржолдарын    және   онымен   байланыстағы    салаларды
техникалық пайдалану ережесі; пойыздардың  қозғалыс  керегені;  құрастырудың
желілік жоспары және өнеркәсіптік аймақты құру жоспары; жылжымалы  құраманың
жұмысының және оны пайдаланудың техникалық шама-шарты;  түйіспе  стансалалар
мен өнеркәсіптік теміржол көлігі жұмысының  біртұтас  технологиялық  үрдісі;
министрліктермен  бекітілген бұйрықтар мен нұсқаулықтар.
    Өнеркәсіптік теміржол жолын пайдалану келісімшарты үш жылға  бекітіледі
және  техникалық  жабдықталу  немесе  жұмыс  технологиясы   өзгерген   кезде
қайтадан  қарастырылуы  мүмкін.  Онда  вагондарды  беру  және  алу  тәртібі,
вагондар  мен  контейнерлердің  кәсіпорындарында  болу  уақытының  шамалары,
сонымен  қатар   кәсіпорындардың  қызмет  көрсету   тәртібі   қарастырылған.
«Түйіспе станса - кәсіпорын» жүйесінде  вагондардың  тұру  уақытын  қысқарту
үшін ішкі тармақтары бойынша бөлімшелердегі бос вагондардың  бірыңғай  шама-
шарты бекітілуі мүмкін. Бос вагондардың бірыңғай шама-шарты  жергілікті  бос
вагондардың  шама-шартына   теңестіріледі.   Сонымен   бірге   келісімшартта
қабылдап-тапсыру операцияларын  орындау  ұзақтығы  және  орыны  көрсетіледі.
Вагондарды беруге  жұмсалатын  уақыт  бір  вагонға  1  минуттан  және  толық
құрамаға -30 минуттан көп болмауы керек.
    Өнеркәсіптік көлік жұмысының  пайдалану  қызметін  жоспарлау,  және  де
есептеу, талдау, сапасын бағалау тәрізді сапалық  және  сандық  көрсеткіштер
болады. Олар техникалық жабдықтарды пайдалану сапасын жоғарылату,  жылжымалы
 құрама  мен  тиеп – түсіру  механизмдерінің  тиеу  бекетінде  тұру  уақытын
қысқарту, еңбек өнімділігінің өсу  қарқынын  жоғарылату,  тасымалдың   өздік
құнын   төмендету   тәрізді   неғұрлым    төмен   шығындағы тиеп   -  түсіру
жұмыстарымен және басқа  да  қызмет    түрлерінің  барлығымен   тасымалдауға
қатысатын кәсіпорындарды   толық   қамтамассыз  етуі  керек.
Ұсынылатын әдебиеттер:
    1.Кочнев  Ф.П.,  Сотников  И.Б.  Управление  эксплуатационной   работой
железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.
    2.Заглядимов  Д.П.,  Петров  А.П.  и  др.   Организация   движения   на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.
    3.Кочнев Ф.П., Акулиничев В.М. и др. Организация  движения  поездов  на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1979. – 567с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (1- тақырып) [1, 2]
   Пән  және  пәннің  тапсырмалары,  курсты  оқытудың  мақсаты.  Тасымалдау
үрдісін белгілейтін жағдайлар мен ұстанымдар – 6 сағат.

    1. Қозғалысты ұйымдастырудың ең маңызды ұстанымдары;

    2. Теміржол көлігінің қызметін белгілейтін негізгі құжаттардың  тізімі.





    №2 тақырып.  Пойыз  және  оның  тасымалдау  құжаттары  туралы  түсінік.
Пойыздардың түрлері (2 сағат) .

    Дәріс жоспары:
    1. Жалпы түсінік
    2. Негізгі тасымалдау құжаттары
    3. Пойыздардың түрлері


    Пойыз - деп салмағы мен ұзындығ теміржол желісінің  талаптарына  сәйкес
келетін, бір немесе  бірнеше  іске  қосылған  локомотивтері  немесе  моторлы
вагондары  бар,  түріне  сәйкес  жеке  нөмері  және  арнайы  белгілері   бар
жылжымалы құраманы айтамыз.
    Пойыздар негізгі құрамы жолаушы  паркінің  вагондарынан  тұратын  (оның
ішінде почта жүгін  тасушы  вагондар  да  бар)  жолаушылар  пойызы  мен  жүк
вагондарынан құралған жүк пойыздары деп бөлінеді. Сонымен қатар,  іс-әрекеті
аз жол телімдерінде жүк және  жолаушы  паркінің  вагондарынан  құрастырылған
жүк-жолаушы пойыздары да болады.
    Пойыз құрастырылатын стансада оның құрамындағы вагондар туралы  негізгі
мәліметтер жинақталған  анқықтауыш парақшасы  (натурный  лист)  толтырылады.
Онда  пойыздың  нөмері,  құрастырған  және  баратын   стансалар,   құраманың
ұзындығы және салмағы, жөнелту уақыты,  сонымен  бірге  әрбір  вагон  туралы
мәліметтер (нөмері, түрі және осі,  жүктікң  атауы  және  салмағы,  вагонның
таза самағы т.б.) жазылады.
    Әрбір жөнелтілетін жүк үшін жүк жөнелтуші жапсырма қағазын (накладной),
ал  станса  жолдық  тізбектерді   (дорожный  ведомость,   корошек   дорожный
ведомости)  толтырады.  Жүкті  тиеу  орындарында  тиелген   жүктерге   вагон
парақшасы толтырылып, онда вагонның сипаттамалары және  осы вагонға  тиелген
жүктердің тізімі, жүктерге арналған  жапсырма  қағазының  нөмері,  жөнелтуші
және қабылдаушы стансалар көрсетіледі.
    Анықтауыш  қағазы,  вагон  парақшасы,    жапсырма  қағазы  және  жолдық
тізбектер құрастыру  стансасынан  бастап  жүкті  қабылдаушы  стансаға  дейін
пойызбен  бірге  жүретін  негізгі  тасымалдау  құжаттары.    Пойыз   баратын
стансасына жеткен соң барлық құжаттар мәліметтерді тіркеу  және  өңдеу  үшін
қажетті жерлерге жіберіледі.
    Құрамының үлкендігіне байланысты пойыздар кезексіз және  кезекті  болып
екі топқа бөлінеді.  Кезексіз пойыздарға қалпына келтіруші,  өрт  сөндіргіш,
қар тазалағыш және жеке локомотивтер жатады.
    Кезекті пойыздар өз ішінде құрамы бойынша бірнеше түрге жіктеледі: алыс
және жергілікті  қатынастағы  жолаушы  (жүрдек  және  жай  жолаушылық)  және
қаламаңындағы пойыздар; жүк-почталық, әскери, жүк-жолаушылық,  жүрдек,   өте
жалдам жүретін (тез бүлінетін жүктері бар вагондар, контейнерлер т.б.)  және
   адамдарға   арналған  пойыздар;  жүктік   пойыздар   (өтпелі,   телімдік,
шығарымдық және берілістік)  және шаруашылық пойыздары деп бөлінеді.
    Жүктік пойыздар белгілеріне байланысты келесі топтарға жіктеледі:
 •   құрастыру  шарты  бойынша  жөнелтілуші   (оның  ішінде   сатылы)   және
   техникалық маршруттар;
 • құрамадағы вагондар тобының санына байланысты бір топты және топтасқан;
 •  вагондардың күйіне байланысты: жүктелген, бос және аралас.
    Құрамының  жалпы  салмағы  қалыпта  салмақтан  аспайтын  және   жолаушы
пойызының  жылдамдығымен  жүретін   жүк  пойызы  жүрдек  жүк  пойыздары  деп
аталады. Бұл пойыздармен негізінен  аса  бағалы  және  тез  жеткізуді  қажет
ететін жүктер мен үлкен салмақтағы контейнерлер тасымалданады.
    Кем дегенде бір телімдік  немесе сұрыптау стансасынан  өңдеусіз  өтетін
жүк пойызы тоқтаусыз өтетін жүк пойызы деп аталады.  Ал телімдік  пойыз  тек
қана бір жол телімінен өтетін пойыз. Жинақталған пойыз дегеніміз  ортааралық
стансаларға  жіберілетін  вагондар  мен   осы   стансаларда   тиелген   және
түсірілген вагондардан тұратын құрама пойыз.   Өткерме  пойыздар   дегеніміз
аралық ортааралық стансалар мен кірме жолдардан вагондарды шығаратын  немесе
оларға жақын арадағы телімдік және сұрыптау стансаларынан ірі көлемді  вагон
топтарын беретін  пойыздар.   Бір  теміржол  торабына  кіретін  стансалардың
аралығында вагондарды жеткізетін пойыздар берілістік пойыздар  деп  аталады.
Жолды  жөндеу   және   құрылыс   жұмыстарына,   стансаны   қажеттіліктерімен
жабдықтауға т.б. арналған пойыздар шаруашылық пойыздары  деп аталады.


   Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Кочнев  Ф.П.,  Сотников  И.Б.  Управление   эксплуатационной   работой
железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.
   2.Заглядимов  Д.П.,  Петров  А.П.  и   др.   Организация   движения   на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.
   3.Кочнев Ф.П., Акулиничев В.М. и др.  Организация  движения  поездов  на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1979. – 567с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (2- тақырып) [1, 2]
    Пойыз  және  оның  тасымалдау  құжаттары  туралы  түсінік.  Пойыздардың
түрлері  - 6 сағат.
    1. Негізгі тасымалдау құжаттарының тізімі ;
    2. Пойыздардың түрлері және олардың ерекшеліктері;
    3. Жүк пойыздарының түрлері, оларды құрастыру аймақтары.




    №3 тақырып.  Басқару  жүйесінің  сипаттамасы.  Әртүрлі  көлік  түрлерін
кешенді түрде қолдану  (2 сағат).


    Дәріс жоспары:
   1. Жалпы ұғым
   2. Сандық көрсеткіштер
   3. Сапалық  көрсеткіштер

    Теміржолдың ағымдағы пайдалану қызметін жоспарлау, есептеу  және  шұғыл
бақылап тұру үшін тасымалдың, жылжымалы құраманың және басқа  да  техникалық
жабдықтардың жұмысы мен оларды қолданудың көсеткіштері сандық  және  сапалық
көрсеткіштер деп екіге бөлінеді.
    Сандық көрсеткіштер: жүктер мен  жолаушыларды  тасымалдау  көлемі  және
сәйкесінше жүк-км мен жолаушы-км орындалған  жұмыс.  Вагон  паркінің  жұмысы
жүктелген,  түсірілген,  қабылданған  және  тапсырылған  вагондар   санымен,
жүрістің  вагон-км   және   вагон-сағатымен   сипатталады.   Осыған   сәйкес
көрсткіштер локомотив (локомотив-км, локомотив-сағат) пен  пойыз  (пойыз-км,
пойыз-сағат)  жұмысын сипаттайды.  Станса  жұмыс  вагон  айналымымен,  қайта
өнделген  вагондар  санымен,  қабылданған,   жөнелтілген   таратылған   және
құрастырылған пойыздар мен вагондар санымен сипатталады.
    Сапалық  көрсеткіштер:  вагондар  мен   локомотивтер   айналымы,   орта
тәуліктік жүріс және олрдың өнімділігі, пойыздардың жүріс жылдамдығы,  вагон
жүктемесі, теміржолдарды қарқынды пайдалану, жол  тармағының  пайдаланылатын
ұзындығының  1км-не  келетін  тонна  –км  сонымен   өлшенетін   жүккернеулік
көрсеткішімен сипатталады.
    Жылжымалы құраманы қолданудың негізгі көрсеткіштері төмендегідей:
    Техникалық  жылдамдық  –  аралық  стансалардағы   аялдамаларды   есепке
алмайтын, ал телімдік жылдамдық – дегеніміз осы стансаларда  аялдау  уақытын
есепке алатын, жол теліміндегі  пойыздардың орташа жүріс жылдамдығы.
    Теміржол желісіндегі вагон айналымы – бұл вагонды тиеп біткеннен келесі
тиеу біткенге дейінгі орташа уақыт. Бұл уақытта стансаларда вагондарды тиеп-
түсіру  операциялары  орындалады,  және  жол  теліміндегі  пойыз   құрамында
жүетелген  және бос вагондар  болады.
    Вагонның статистикалық жүктемесі - жөнелту бойынша жұмыс  паркінің  бір
физикалық вагонына сәйкес келетін жүктің нетто орташа салмағы;
    Динамикалық  жүктеме  -  вагон  жүрісінің  бір  вагон   км-не   келетін
тасымалдау жұмысының тонна километрлерінің орташа саны. Динамикалық  жүктеме
жүктелген вагонға және жұмыс паркінің   вагонына  (бос  вагондардың  жүрісін
есепке алғанда) деп  бөлінеді.
    Орта тәуліктік жүріс -  айналым уақыты  ішінде  вагонның  бір  тәулікте
жүрген орташа қашықтығы, км.
    Жүк вагонының өнімділігі -бір  тәулікте  жұмыс  паркінің  бір  вагонына
келетін тонна-км. нетто санымен анықталады.
    Локомотивтің өнімділігі - бір тәулік ішінде  пайдаланылатын парктің бір
локомотивіне келетін тонна-км. брутто санымен өлшенеді және толық  локомотив
паркі бойынша анықталғандағыдай, жетек түрлері бойынша да анықталады.
    Локомотивтің (электровоз, тепловоз) орта тәуліктік жүрісі-  бір  тәулік
ішіндегі локомотив-км. жүрісін, пайдаланатын парктің  шамасына  бөлу  арқылы
анықталады.
    Жылжымалы  құраманы  пайдалану  көрсеткіштері  теміржол  бөлімшелерінің
жұмысын  талдау  үшін,  жылжымалы  құрамаға   қажеттілікті,  сонымен   қатар
теміржол көлігінің   экономикалық  тұрғыдан  алып  қарағандағы  нәтижелерін:
еңбек өнімділігін және тасымалдаудың өздік құнын анықтау  үшін  қолданылады.
Жылжымалы құрамаларды пайдаланудың  сапалық  көрсеткіштерін  жақсарту  еңбек
өнімділігін арттыруға және тасымалдаудың өздік құнын төмендетуге жол ашады.
    Әртүрлі көлік түрлерінің тұтас жүйесін  құрайтын   көліктік  жүйе,  екі
немесе одан да  көп  көлік  түрлерінен  құралатын  және  ол  жүйені  құраушы
элементтердің  өзар  байланыстағы  жұмысына   тікелей   тәуелді.   Сондықтан
өнеркәсіптік  көлік  жүйелерінің  пайдалану   тиімділігін   жоғарлату   үшін
өнеркәсіптік көлік жүйесіне қатынасатын барлық  ішкі  жүйелерді  біріктіріп,
өзара байланыста ұстау керек. Сонымен бірге, ірі өнеркәсіптік  кешенді  құру
үшін   белгілі   бір   аумақтағы    өнеркәсіптер    әртүрлі    ұйымдықтарға,
кәсіпорындарға  және   бірлестіктерге   қарайтындықтан,   осы   өнеркәсіптік
кәсіпорындардың біртұтас үзіліссіз байланысып  қамтамасыз  ететін  өнеркәсіп
кешенін құру керек.
    Өнеркәсіптің әртүрлі түрлерінің жүк  айналымын,  тасымалдау  қашықтығын
және басқа да  мүмкіншіліктерін    ескеретін  шарттардың  жиынтығына  сәйкес
әрбір көлік түрінің  өзінің тиімді қолданылу аумағы бар.
     Зерттеулер көлік түрлерінің  неғұрлым  тиімді  қолданылу  аумағын  жүк
түріне, тасымал қашықтығына тәуелді келесідей тәртіппен анықталған:
    - автокөлік - 5-10 км қашықтықта 0,5млн.т тасымалға дейін;
    - конвейер көлігі -15  км  қашықтыққа  дейін  1:5  млн.т.  аралығындағы
тасымалда;
    -  аспалы-қанатты  жол  -10-12  км  қашықтыққа  дейін  0,5-0,25  млн.т.
аралығындағы тасымалда;
    - теміржол көлігі -  20км-ден  алыс  қашықтыққа,  5:50  млн.т.  тасымал
кезінде.
    Тасымал көлемі және жол қашықтығының  шамасы  үлкен  болғанда  теміржол
көлігін пайдалану тиімді. Алайда жұмыс шарты,  тасымалданатын  жүктің  түрі,
оның  физикалық  құрамы  әртүрлі  өнеркәсіп  түрлерінің  қолданылу   аусағын
өзгертеді. Көліктің белгілі бір түрін таңдау  туралы  мәселе  талдау  жасау,
жобалау арқылы шешілуі керек. Республикамыздың өнеркәсіптік  аудандары  үшін
басқа көлік түрлерімен өзара әрекеттістікті қамтамассыз ететін  өнеркәсіптік
теміржол көлігін кешенді дамытатын шаралардың маңыздылығы аса зор.


   Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Заглядимов  Д.П.,  Петров  А.П.  и   др.   Организация   движения   на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.
   2.Кочнев Ф.П., Акулиничев В.М. и др.  Организация  движения  поездов  на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1979. – 567с.
   3.Управление  эксплутационной   работой   и   качеством   перевозок   на
железнодорожном транспорте / Под  ред.  П.С.  Грунтова.   –  М.:  Транспорт,
1994. – 544с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (3- тақырып) [1, 3, 5]
    Басқару жүйесінің сипаттамасы. Әртүрлі  көлік  түрлерін  кешенді  түрде
қолдану – 6  сағат.
    1. Теміржол көлігінің сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау;
    2. Тасымалдау үрдісінің негізгі техникалық мәліметтері;
    3. Жылжымалы құраманы пайдалану көрсеткіштері,  еңбек  өнімділігі  және
тасымалдың өздік құны .




    №4 тақырып. Стансалардың  тағайындалуы.   Станса  жұмыстарын  реттейтін
негізгі құжаттар  (2 сағат).


    Дәріс жоспары:
 1. Стансалардың анықтамасы
 2. Стансалардың қызметі және жұмыс сипатты
 3. Стансалардың сыныбы
 4. Станса жұмысын реттейтін құжаттар


    Теміржол желісі құрамына станциялар, жолайрылымдары, оздырма қосындары,
жол  бекеттері  сонымен   қатар   автоматтандырылған   блокировкалы   өтпелі
бағдаршамдар кіретін жекелеген бекеттер мен жоларалықтардан тұрады.  Қалыпты
жағдайда жоларалықта тек бір ғана пойыз болады.
    Жол айырылымы -  дегеніміз дара жолды жол тармағында қарама-қарсы  келе
жатқан пойыздардың біреуін айырма   жолында  қалыптастыру  арқылы  екіншісін
өткізуге және бір бағытта әр  түрлі  жылдамдықпен  келе  жатқан  пойыздардың
бірін-бірі басып озыуына арналған жол қосыны.
    Оздырма қосындары -қос жолды жол тармағында негізінен пойыздардың бірін-
бірі басып озуына, қажет болған жағдайда  шағын  көлемді  жүк  операцияларын
атқаруға арналған жол қосыны.
    Станса  –  деп   жол   таралымдары   пойыздарды   қабылдап   жөнелтуді,
қиылыстыруды  және  басып  оздыруды,   сонымен  қатар  жүктерді  қабылдап  –
тапсыру,  жолаушыларға қызмет көрсету операцияларын қамтамассыз  ететін,  ал
дамыған жол құрылғылары құрамаларды құрастыруға және  пойыздарға  техникалық
операциялар жасауға мүмкүншілік  беретін жекелеген жол бекеті.
    Негізгі қызметіне, жұмыс сипатына байланысты  стансалар  бірнеше  түрге
бөлінеді: аралық, телімдік, сұрыптау, жүк және жолаушы стансалары.
    Аралық стансалар пойыздарды қабылдап жөнелтуді өткізу және айырылыстыру
басып озу сонымен бірге жолаушыларды отырғызып түсіру, жүктерді тиеп  түсіру
жинақталған  пойыдарды  өндеу  тәрізді  опрерациялар  атқарылып  тж   барлық
желісінде орналыстыралатын ең көп станса түрі.
    Телімдік стансалар – пойыз (жүк  және  жолаушы  пойыздары)  құрамындағы
вагондарға  техникалық   және   коммерциялық   тексеру,   жөндеу   жұмыстары
орындалатын және  телімдік  пойыздарды  сұрыпталатын,  негізінен  транзиттік
пойыздарды өндеумен айналысатын станса.
    Сұрыпттау стансалары -   негізінен  бірнеше  теміржол  желісі  түйіскен
бекетте,  ірі  өнеркәсіптік  кәсіпорындар,  әкімшілік  орталықтар,   порттар
орналысқан жерлерде немесе көп көлемді жүк тиелетін  аудандарда  орналасады.
Сұрыпттау стансаларында  негізінен  алыс  қашықтыққа  арналған  өтпелі  яғни
тоқтаусыз өтетін  және де телімдік, жинақталған, өткермелік және  берілістік
  пойыздар  құрастырылады,  сонымен  қатар   транзиттік,   жүктік   пойыздар
өнделеді. Локомотивтерді, бригадаларды  ауыстыру,  техникалық  тексеру  т.б.
жүктік және де  жолаушыларға қатысты операциялар орындалады.
    Жүктік стансалар -  ірі өнеркәсіптік және әкімшілік орталықтарда, теңіз
және  өзен  орналасқан  бекеттерде,  жүктерді  көп  көлемде   тиеп-түсіретін
жерлерде және де ауқымды өнеркәсіптік кәсіпорын құрылысы жүретін  аймақтарда
салынады.  Бұл  стансаларда   тиеп-түсіру   операцияларынан   басқа   келген
құрамаларды өндеу, жөнетілген маршруттарды құрастыру жұмыстары атқарылады.
    Жолаушы стансалары - негізінен транзиттік, жергілікті және қала  аралық
жолаушы  қозғалысы  қарқынды,  тұрғыны  көп   мекендерде   салынып   жолаушы
тасымалына қызмет көрсетуге арналған.
    Телімдік және сұрыпттау стансалары атқаратын  қызметтеріне  және  жұмыс
сипаттарына байланысты  техникалық станса деп  те аталады.
    Теміржол түйіспесі - деп кем дегенде үш теміржол  бағытын  біріктіретін
біріктіруші жол тармақтары мен стансалар жиынтығын айтамыз
    Жұмыс көлеміне байланысты стансалар сыныпсыз және I,  II,  III,  IV,  V
сыныпты болып бөлінеді. Стансаның сыныбын анықтау  үшін  жұмыстың  әр  түрлі
өлшемдерін ұпаймен бағалау жүйесі енгізілген. Егер станса жолында  тәулігіне
бес вагон артылса немесе түсірілсе екі ұпайға бағаланады; 50  вагонды  қайта
өндеу   (сұрыптап    құрастыру)   2-   ұпай;   ұсақ   жөнелтілімді    немесе
контейнерлермен 5 вагонды сұрыптау  -2  ұпай;  10  пойызды  жөнелтсе  немесе
локомотивтермен  бригаданы ауыстыру арқылы 10 пойызды өткізсе  1  ұпай  т.б.
Бұл ұпайлық жүйемен белгілеудің шарты мен тәртібін «ҚТЖ» ҰК АҚ бекітеді.
    Жұмыс көлемі 85 ұпайдан жоғары болса, сыныпсыз стансаға жатады ал  егер
жұмыс көлемі:
    - 32-85 ұпай болса, I сыныпты ;
    - 14-32 ұпай болса II  сыныпты ;
    - 4-14 ұпай болса  III сыныпты;
    - 0,7-4 ұпай болса  IV сыныпты;
    - 0,7 - ге дейін болса  V сыныпты станса қатарына жатады.
    Сұрыптау  стансалары,  неғұрлым  үлкен  жолаушы  және  жүк   стансалары
негізінен сыныпсыз болып келеді
    Стансаларда пойыздарды қабылдауға  және  өндеуге  арналған  жолдар  мен
парктер (парк деп қазметі бір атқаратын  жолдар  жиынтығын  айтамыз  мысалы,
қабылдап-жөнелту паркі, сұрыптау  паркі),  құрамаларда  сұрыптауға  арналған
арнайы құрылғылар (тартым жолдары, дөнестер т.б.) болады.  Стансалардың  жол
таралымы олардың қызметіне және  жұмыс  сипатына  байланысты  болып  келеді.
Мысалы,  аралық  стансаларында  4-6  қабылдап-  жөнелту  жолдары,   телімдік
стансаларда   10-20,    ал    сұрыпттау    стансаларында    3-6    парктерге
топтастырылған 80-100 жолға дейін болады.
    Әр түрлі стансаларда келу,  сұрыптау  және  жөнелту  парктерінің  өзара
орналасу түрлері:
    - тізбектемелі – пойыздың жүріс бағыты бойынша парктердің бірінен кейін
бірі тізбектеліп орналасуы;
    - параллелді  - парктердің өзара қапталдасып параллель орналасуы;
    - біріктерілген - тізбекті және жартылай параллелді орналасуы.
    Әртүрлі операцияларды орындау үшін стансаларда айлалық жабдықтар  тиеп-
түсіру механизмдері және  қажетті  жабдықтар  қоданылады.  Бағыттамалар  мен
берілетін белгілерді басқару, олардың жұмысын бақылау, сонымен бірге  станса
жұмысын  оңтайландыру  үшін  стансалар   бағыттамаларды   орнталықтандыратын
электрлік  жабдықтармен,  блокировка   құрылғыларымен   (белгі   беру   және
байланыс) және  қазіргі заманғы техникалық жабдықтармен жабдықталуы керек.
    Станса жұмысын «ҚТЖ» ҰК АҚ - мен бекітілген «Теміржол стансалары туралы
ережелер»  арқылы  реттейді.  Бұл  ереже   стансаның   өндірістік   қызметін
ұйымдастыру тәртібі мен  міндеттерін,  стансалық  құрылғыларды  материялдық-
техникалық қамтамассыз ету   тәртібін   және    қаржылық  қызметін,  сонымен
қатар станса бағытының  міндеттерін  жаупкершілігін  және  құқын  анықтайды.
Станса   Қазақстан Республикасының теміржол жарғысына,  жүктерді  тасымалдау
ережелеріне  және  қолданыстағы  теміржол  тарифіне   сәйкес   жүктік   және
коммерциялық операциялардың орындалуын қамтамассыз етуге міндетті.
    Станса жұмысы және  стансадағы  жекелеген  технологиялық  операцияларды
орындау реті Теміржол  жарғысына,  Қазақстан  Республикасының  теміржолдарын
техникалық пайдалану ережелеріне (ТПЕ),  Кәсіпорындарының  теміржол  көлігін
техникалық пайдалану ережесіне және «ҚТЖ» ҰК  АҚ  мен   оның  бөлімшелерінің
нұсқаулықтарына  өнеркәсіптік жолды  пайдалану  ережесіне  сәйкес  қойылатын
талаптар негізінде жүзеге асады. Операцияларды  орындау  мерзімі  және  реті
стансаның  техникалық-тарқату   актісі,   өнеркәсіптік   жол   мен   түйіспе
стансаларының жұмысының біртұтас технологиялық үрдісінің құрастыру  жоспары,
қозғалыс  керегені  және  пойыздардың  нақтылы  жүріс   кестенің   негізінде
анықталады.
    Техникалық-тарқату актісі жекелеген бекеттердің техникалық  жабдықтары,
техникалық және  технологиялық  операцияларды  орындау  тәртібі,   стансадан
пойыздарды өткізу, қабылдап-жөнелту  қауыпсіздігін,  сонымен  қатар  айлалық
жұмыстар  мен  басқа  да  операцияларды  қауіпсіз  жасау  тәртіптері  туралы
мәліметтерден  тұрады.  Оны  қолданыстағы  нұсқаулықтардың   талаптары   мен
өндіріске қызмет көрсету сипатын ескере отырып, станса  бастығы  құрастырады
да көліктік цехтің бастығы бекітеді. Стансаның  өндірістік  және  шаруашылық
қызметін станса бастығы басқарады.
    Тәуліктік  және  ауысымдық  жоспарлардың  орындалу   сапасын   бақылау,
қозғалыс қауыпсіздігі мен техника қауыпсіздігін қамтамассыз ету,  техникалық
жабдықтарды  тиімді   пайдалануды   бақылау   міндетін   станса   бастығының
орынбасары,  ал ол жоқ жерде станса   бастығының  өзі  атқарады.   Стансаның
бос инженерінің міндеттеріне технологиялық үрдістерді оңтайландыру және  оны
қолданысқа енгізу,  техникалық  жабдықтардың  қуатын   арттыру  және  оларды
тиімді қолдану шараларын орындау, сонымен  қатар  еңбектің  алдынғы  қатарлы
әдістемелерін енгізу тәрізді манызды міндеттер кіреді.
    Айлалық  жұмыстардың   ауқымы    үлкен   стансаларда   барлық   айлалық
қозғалыстарға  жетекшілік  ету  айлалық  диспетчерге  (ДСЦ)  жүктеледі.   Ол
диспетчерлердің саны айлалық  жұмыстардың  көлеміне  байланысты  анықталады.
Әдетте ірі стансалар мен ірі кәсіпорындардың қосылма жолдарында  атқарылатын
жұмыстар жекелеген аудандарға бөлініп басқарылады.  Станса  (жеке  бекеттің)
кезекшісі   пойыздарды   қабылдап-   жөнелтуге,   өткізуге   және    айлалық
қозғалыстарға,   сонымен  қатар  деподағы,  пойыз  құрамындағы  локомивтерді
қадағалауға жетекшілік жасайды
    Станса жұмысының технологиялық үрдісі  көбіне парктердің, вагондар  мен
тасымалдау құжаттарын өндеу бекеттерінің жұмыс технологиясын, олардың  өзара
байланысын  тиімді  жобалаудың  сапасымен  анықталады.  Жұмыс  технологиясын
жақсартуға   технологиялық   үрдістерді   басқару    қызметкерлері    арқылы
орындалатын  техникалық  қызметтердің  сапасын  жатқызуға  болады.   Қазіргі
уақытта стансалар үшін техникалық  және  технологиялық  операцияларға  шұғыл
және тиімді  жетекшілік  жасауға  арналған  біріктіріліп  орталықтандырылған
бекеттерді салудың маңызы зор.  Мұндай бекеттер жұмысқа  тікелей  араласпай-
ақ оны шұғыл орындайтын жетекшілерді алып келеді  және  стансадағы  ақппарат
тасқынын азайтады.


   Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.  Заглядимов  Д.П.,  Петров  А.П.  и  др.  Организация   движения   на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.
   2. Бекжанов З.С. Теміржолтану негіздері: Оқулық. – Алматы: Тамыр,  1995.
– 320б.
   3. Балғабеков Т.К.  Управление  эксплуатационной  работой  и  организация
перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.


   СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (4- тақырып) [1, 2,3, 9]
    Стансалардың  тағайындалуы.   Станса   жұмыстарын   реттейтін   негізгі
құжаттар – 6 сағат.
    1. Стансаның барлық түрлерін анықтау және оларға сипаттама беру;
    2. Стансаның сыныбын анықтау;
    3.  Стансаның техникалық – тарқату актісі.




    № 5 тақырып. Станса жұмысын басқару құрылымы  (2 сағат).


    Дәріс жоспары:
      1.  Станса бастығының маңызды міндеттері
      2.  Басқару құрылымы (сұлбасы)
      3.  Басқарманың міндеттері


    Станса  бастығы  стансаға  жүктелген  барлық  міндеттердің  орындалуына
жауапты адам.  Ол  станса  жұмысың   технологиялық  үрдіс  негізінде  тиімді
ұйымдастыруды, енбектің озық  әдістемелерін  енгізу  және  оны  кең  көлемде
дамытуды, жүк қабылдаушылар мен  жүк  жөнелтушілерге,   жолаушыларға  жоғары
дәрежеде қызмет көрсетуді  техникалық  жабдықтарды  дұрыс  қолдануды,  шұғыл
басқаруды   қамтамасыз  етуі  керек.  Станса   бастығы    стансаның   барлық
өндірістік  және  шаруашылық  іс-әрекеттерін  басқарады,  еңбек  өнімділігін
арттыру, пойыздар мен вагондарды өңдеудің өздік құнын төмендету,  техникалық
құрылғыларды барынша ұтымды  қолдану  жүйесі  мен  оны  жұмыс       үрдісіне
енгізу  шараларын  ұйымдастыруды  және  жобалауды  іске  асырып,   осылардың
барлығына тікелей жетекшілік жасау керек.
    Станса бастығығының маңызды міндеттері :
    - мамандарды дұрыс тандау және  олардын  техникалық  кәсіби  біліктігін
жоғарылату;
    - жұмыс күшін тиімді пайдалану :
    - еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету  және  қызметкерлердің  техникалық
қауіпсіздігі мен мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту шараларын жүргізу;
      - қызметткерлердің мемлекеттік және еңбек тәртіптерін тұрақты бақылап
        бекітіп отыру .
    Станса бастығына  «ҚТЖ»  ҰК  АҚ  бекітілген  заңдық  ережелерге  сәйкес
жұмыскерлерді қабылдауға және қызметтен босатуға, жақсы жұмыс істегені  үшін
мадақтау немесе нашар жұмыс істегені үшін  сөгіс  беру  құқықтары  берілген.
Ол  өзінің  қарамағындағы   барлық  жұмыскерлерге  (жол  мастеріне,   электр
механигіне,  локомотив  машинісіне,  вагон  тексерушілерге  т.б.)  стансаның
қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті бұйрықтар бере алады.
    Стансаның штаттық  кестесі  бойынша  станса  бастығының  орынбасарының,
станса кезекшісінің,  бас  инженердің  сонымен  қатар  өндірістік-техникалық
және басқа да бөлімшелер қызметкерлерінің міндеттері бекітіледі.
     Сұрыптау, жолаушы  станцаларында   және  жұмыс  көлемі  үлкен  жүктік,
телімдік стансаларда станса жұмысын  диспетчерлік  басқару  жүзеге  асырады.
Стансаның барлық шұғыл  жұмыстарына  ауысымдық  айлалық  диспетчер  басшылық
жасайды, ал егер ол міндетті атқарушы болмаса, оның міндетін станса  кезекші
атқарады.
    Айлалық  диспетчер  стансаның  барлық  цехтарының  жұмысын   үйлестіріп
отырады. Жол бөлімшесінің кезекшісімен,  локомотив  депосының  кезекшісімен,
вагондарды техникалық тексеру бекетінің ауысымдық  мастерімен   бірге  шұғыл
жұмыс жоспарын жасайды және ол  жоспарлардың  орындалуын  қамтамасыз  етеді.
Екі  бағытты  сұрыптау  стансасында  сұрыптау   жүйесінің   жұмысын   станса
диспетчері,  ал  сұрыптау  жүйесіндегі  айлалық  жұмысты  айлалық  диспетчер
үйлестіреді. Жүктік операциялары ірі  көлемдегі  кейбір  стансаларда  станса
диспетчерінен  басқа   жүк   операциялары   жүргізілетін   бекеттерде,   осы
бекеттерден вагондарды алуға, беруге шұғыл жетекшілік жасайтын,  тиеп-түсіру
жоспарының орындалуын, жергілікті вагондардың бос  тұру  уақытын  қысқартуды
қамтамасыз ететін жергілікті жұмысты  атқаруға  арналған  айлалық  диспетчер
болады.   Жергілікті   жұмыстың   айлалық   диспетчері   станса    (айлалық)
диспетчеріне тікелей бағынышты болады.
    Станса кезекшісі пойыздарды қабылдап-жөнелтуге, өткізуге, стансаның бір
ауданынан басқасына ауысатын айлалық  жүріске,  маршрут  бойынша  қозғалатын
пойыздардың қиылысу  арқылы  және  қиылыспай  бас  жолға  шығуына  толығымен
жетекшілік етеді. Пойыздарды қабылдап жөнелтуге  және  айлалық  локомотивтер
қозғалысына қатысты станса кезекшісінің бұйрықтары станса  жұмыскерлері  мен
бірге  айлалық  және   пойыздық   локомотив   бригадалары   мен   вагондарды
тексерушілер үшін де міндетті болып саналады.


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1.Кочнев  Ф.П.,  Сотников  И.Б.  Управление  эксплуатационной   работой
железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.
    2.Заглядимов  Д.П.,  Петров  А.П.  и  др.   Организация   движения   на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.
    3.Гоманков Ф.С. Технология и организация перевозок  на  железнодорожном
транспорте: Учебник. – М.: Транспорт, 1994. – 209с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (5- тақырып) [3,4]
    Станса жұмысын басқару құрылымы  – 6 сағат.
    1. Станса бастығының маңызды міндеттері;
    2. Станса бастығының және қызметкерлердің құқықиары мен міндеттері;
    3.  Станса жұмысын басқару құрылымы.




    №6 тақырып.  Жүк  шептерінде  вагондарды  өндеу  технологиясы.   Жүктік
кешендердің техникалық жабдықталуы  (2 сағат).


    Дәріс жоспары:
      1. Техникалық қызметті ұйымдастырудың негізгі міндеттері.
      2. Пойыздарды өңдеудің типтік шама-шарты
      3. Жүк шептері
      4. Бос вагондар


    Тиеп-түсіру  бекеттеріне  техникалық  қызмет  көрсетуді  ұйымдастырудың
негізгі міндеттері - көліктік жабдықтардың ең төменгі бос  тұру  уақыты  мен
тиеп-түсіру жұмыстарын ең  төменгі  шығынмен  қамтасыз  ете  отырып,  жүктік
операцияларды орындау және  өнеркәсіптік  теміржол  көлігі  кәсіпорындарының
өндірісі үшін жүктік кешен құру. Бұл жүктік кешенде тиеп-түсіру,  вагондарды
қою, жүрістік және басқа да жолдар; тиеп-түсіру жабдықтарын  механикаландыру
және   автоматтандыру   жабдықтары   (құрылғылар   мен   механизмдер),   жол
аумағындағы қоймалар, вагондардың қозғалысына  арналған  айлалық  жабдықтар,
жүктерді жылытуға және босатуға  (вагондарды  жүк  қалдықтарынан  тазалауға)
арналған құрылғылар мен механизмдер болуы керек.
    Әрбір  стансада  оның  жұмысының  технологиялық   үрдістері   негізінде
құрамалар мен вагондарға жекелеген операцияларды жасау және  әрбір  парктегі
құрамаларды  өңдеу  уақытының  технологиялық  шама-шарты   бекітіледі.   Бұл
межеленген  уақыт  мөлшерлері  еңбек  ұжымдары  мен  жұмыскерлердің   жеткен
жетістіктерін,  жұмыс  нәтижелерін  ескере  отырып  белгіленеді  және  еңбек
өнімділігінің  артуын,  стансада  вагондарды  өңдеу  үрдісін   жылдамдатуды,
пойыздарды қабылдап жөнелту және вагондарды тиеп-түсірудің бекітілген  уақыт
межесін орындауды қамтамасыз етеді.


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1.Кочнев  Ф.П.,  Сотников  И.Б.  Управление  эксплуатационной   работой
железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.
    2.Заглядимов  Д.П.,  Петров  А.П.  и  др.   Организация   движения   на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.
    3. Ф.С. Гоманков, А.Д. Омаров, З.С. Бекжанов. Технология и  организация
перевозок на железнодорожном транспорте: Учебник. Второе издание. –  Алматы:
Бастау, 2002. – 308с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (6- тақырып) [2,3,5]
    Жүк  шептерінде  вагондарды  өндеу  технологиясы.   Жүктік  кешендердің
техникалық жабдықталуы  – 6 сағат.
    1. Пойыздарды өңдеудің технологиялық керегені ;
    2. Жүк шептерінің негізгі атқаратын қызметтері;
    3. Пойыздарды өңдеудің технологиялық шама-шарты және жүк
        шептерінің жарақтандырылуы;
    4. Жылжымалы құрамалар мен вагондардың бос тұру шама-шарты.




    №7 тақырып.  Айлалық жұмыстардың негізгі ұғымдары. Айлалық локомотив (2
сағат).


    Дәріс жоспары:
   1. Айланың анықтамалары және түрлері
   2. Локомотивтің түрлері
   3. Айлалық локомотивтердің техникалық сипаттамалары.


    Теміржол көлігіндегі жылжымалы құрамалардың   қозғалысы  пойыздық  және
айлалық  деп  екі  топқа  бөлінеді.  Пойыздық  -  деп  құрамында   қызметтік
локомативі,  бекітілген  номері  және   арнаулы  белгілері   бар   жылжымалы
құрамалардың   жекелеген   бекеттердің   жоларалығындағы   жүрісін   айтады.
Жылжымалы құрамалардың,  жекелеген немесе топтасқан    вагондардың,  сонымен
қатар дара локомотивтердің станса жолдары  арқылы  пойыздар  мен  вагондарды
өндеудің  әртүрлі  түрлерін  орындауға,    тиеп   түсіру   және   басқа   да
операцияларды жасауға арналған барлық қозғалысы айлалық деп аталады.
    Айлалық жұмыстың негізгі бөлігі вагондарды жүк шептеріне беру, алу және
қайта  қоюды,  құрамаларды  сұрыптауды  және  жаңа  пойыздарды  құрастыруды,
жөндеу операцияларын орындау  барысында  вагондарды  беруді,  алуды  сонымен
қатар вагондарды жабдықтауды  қаитамассыз  ететін  мамандандырылған  айлалық
локомотивтермен  атқарылады.  Айлалық  жұмыстар  кейбір  жағдайларда   пойыз
локомотивтерімен  де   атқарылады.   Мысалы,   жол   телімінде   жинақталған
пойыздардың жұмысы кезінде жекелеген вагондарды құрамаға тіркеу және  ағытып
алу жағдайларында.
    Айлалық жұмыстарды тікелей құрастырушы бригадалар мен айлалық локомотив
бригадасы атқарады.  Құрастырушы  бригада  екі  адамнан  тұрады:  пойыздарды
құрастырушы және парк кезекшісі.  Айлалық  локомотив  бригадасының  құрамына
локомотив жүргізуші және оның көмекшісі  кіреді.  Жол  бөлімшесі  бастағының
рұқсаты  бойынша кейбір стансаларды құрастырушы өзі  жалғыз  жұмыс  істейді.
Сол сияқты    «ҚТЖ»  ҰК АҚ  бұйрығы    және    жол   бөлімшесі    бастығының
бекітуіне  сәйкес  айлалық  локомотив  жүргізушісіне  станса  аумағында  өзі
жалғыз жұмыс істеуге рұқсат етіледі
    Айлалық жұмыстардың дұрыс орындалуына пойыз құрастырушы  жауап  береді.
Айлалық локомотив бригадасы тікелей  айлалық  қозғалыстарды  тек  қана  оның
нұсқауы бойынша орындайды. Станса жолдарындағы айлалық жұмастар  тек  станса
кезекшісінің,   айлалық   диспетчердің,    станса    диспетчерінің,    пойыз
диспетчерінің  бұйрығы  бойынша   немесне   техникалық   тарқату   актісінде
көрсетілген тәртіптерге сәйкес жүзеге асады.




    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1.Т.К. Балғабеков. Управление эксплуатационной  работой  и  организация
перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.
    2.Заглядимов  Д.П.,  Петров  А.П.  и  др.   Организация   движения   на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.
    3.Кочнев Ф.П., Акулиничев В.М. и др. Организация  движения  поездов  на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1979. – 567с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (7- тақырып) [3,4,5]
    Айлалық жұмыстардың негізгі ұғымдары. Айлалық локомотив - 6 сағат.
    1. Айлалық  тепловоздардың негізгі техникалық сипаттамалары;
    2. Айлалық  электровоздардың негізгі техникалық сипаттамалары.




    №8 тақырып. Айланың  түрлері  және  олрды  орындау  тәсілдері.  Айлалар
теориясының негізгі сипаты (2 сағат).


    Дәріс жоспары:
        1. Айлалардың түрлері және орындау тәсілдері
        2. Операцияларды орындаудың технологиялық керегені
        3. Айлалық рейстер, жартылай рейстер
    Станса аумағында атқарылатын жұмыс айлалары бірнеше түрге бөлінеді.
    Сұрыптау айласы. Стансаға келген пойызға тиеуге немесе түсіруге жататын
жергілікті вагондар қосылады және  стансада  құрастырылған  басқа  да  вагон
құрамалары қосылады.
    Вагондарды баратын бағытына, тағайындалуына сәйкес жинақтау жолымен қою
- сұрыптау айласы деп аталады.
    Құрастыру   айласы.     Қазақстан      Республикасының    теміржолдарын
техникалық  пайдалану  ережесінде  және     Пойыздардың    қозғалысы     мен
айлалық жұмыстарға    арналған  нұсқаулықтарда   пойызға  вагондарды  қоюдың
белгіленген  тәртібі бекітілген.
    Бүлдіргіш (жарылғыш және уландырғыш   заттары),     қауіпті   (сығылған
газ,   тез   бүлінетін   заттар, кислота)   және   тез   жанатын     жүктері
  бар вагондарды  пойызға  қою  кезінде  оларды  адамдары  бар  вагондардан,
жолсеріктері бар вагондардан, локомотивтерден, ал қажет  болған  жағдайларда
бір-бірінен  тасалау  (алыс  орналастыру),  яғни  олардың  алдына   қауіпсіз
вагондарды қою керек.
    Жоғарыда аталған вагон түрлерін қауіпсіз  вагондармен  тасалау  тәртібі
Пойыздардың  қозғалысына   арналған   нұсқаулықта   бекітілген.   Вагондарды
тасалауға  негізінен  қауіпсіз  жүктері  бар  вагондар  мен   бос   вагондар
қолданылады.   Құрастырылған   құрамадағы   тіркелген    автотіркелгіштердің
горизонталь ось деңгейіндегі ауытқуы 100 мм аспауы керек.
    Жол бойында тіркеу, ағыту жасалатын жинақталған және басқа да  пойыздар
құрамындағы вагондар жол  теліміндегі  жұмыстарды  ескере  отырып  ыңғайымен
қойылады.  Келтірілген  ережелер  мен  тәртіптер  және  басқа   да   шарттар
құрастыру айласын тиімді жасауды қажет етеді.




    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1.Т.К. Балғабеков. Управление эксплуатационной  работой  и  организация
перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.
    2.Заглядимов  Д.П.,  Петров  А.П.  и  др.   Организация   движения   на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.
    3.Кочнев Ф.П., Акулиничев В.М. и др. Организация  движения  поездов  на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1979. – 567с.




    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (8 - тақырып) [3,4,5]
    Айланың түрлері  және  олрды  орындау  тәсілдері.  Айлалар  теориясының
негізгі сипаты -  6 сағат.
    1. Айланың барлық түрлерімен танысу және анықиама беру;
    2. Айланы орындау тәсілдерін схема түрінде көрсету;
    3. Айлылық құраманы өңдеудің технологиялық керегенін өңдеу;
    4. Рейс және жарты рейске анықтама беру.
№9  тақырып.    Айлалық  операцияларды  шама-шарттау.   Айлалық   жұмыстарды
ұйымдастыру (2 сағат).


    Дәріс жоспары:
    1. Жұмысын технологиясының уақытын анықтау
    2. Айлалық операцияларды басқару
    3. Стансаның техникалық-тарқату актісі (ТТА)
    4. Айлаларды орындауға арналған жылжымалы құрамалар.


    Кеңес  Одағының  кезінде  жол  қатынастары  министрлігінің   қозғалысты
басқарудың бас басқармасының нормативтік зерттеу стансасы  айлалық  жұмыстың
әртүрлі түріне  кететін  уақытты  есептеуге  арналған  формулалар  жиынтығын
құрастырды.  Ондағы коэффициенттер айланың орындалу  ұзақтығына  ықпалы  бар
өлшемдік   ерекшеліктер   негізінде   келтіріліп   алынған   және    айлалық
операцияларды орындауға қажетті қажетті уақытты жылдам  анықтауға  мүмкіндік
береді.
    Тартым жолында құраманы сұрыптаудың технологиялық уақыты:
                [pic],                                                 (2.9)
мұндағы [pic]сұрыптаудың технологиялық уақыты:
                                   [pic],
      [pic]вагондарды шегіндірудің технологиялық уақыты:
                                   [pic],
     [pic]құрамадағы вагон ағытпаларының саны;
     [pic]пойыз құрамындағы вагондар саны.
    Шегіндіру немесе жекелеп итеру  айлаларын  жасау  кезінде   Тос  шамасы
(2.9) формуласына кірмейді.
    А және Б кэффициенттері  2.6  кестеде  келтірілген.  Олар  локомотивтің
тартым жолына енуі және құраманы тартып шығару уақытын есепке алады.
    Вагондардың  бір   жолға   жинақталуы   кезіндегі   біртопты   құраманы
құрастыруды аяқтаудың технологиялық уақыты келесі формуламен анықталады:
               [pic],                                                 (2.10)
мұндағы [pic]ТПЕ талаптарына сәйкес вагондарды құрамаға қоюдың
                          технологиялық уақыты;
             [pic] сұрыптау стансаларында  дөңестік сұрыптау жолында тұрған
вагон ағытбаларының арасындағы бос  уақыт  аралығын  болдырмау  үшін  тартым
жолы жағынан вагондарды тарту уақыты.
    Қазақстан   Республикасының    теміржолдарын    техникалық    пайдалану
ережелеріне сәйкес вагондарды  пойыз  құрамына  ретімен  қою  операцияларына
іргелес вагондардың автотіркегіш биіктігінің  айырмашылығы   бекітілген  100
мм ауытқудан асып кетпеуін қадағалау және қауіпті немесе  қатаң  бақылаудағы
жүктері   бар   вагондарды   қауіпсіз   вагондармен   тасалап    орналастыру
операциялары жатады.


      (2.10)  -  формуланың    құрамына  кіретін  элементтер  келесі  түрде
анықталады:
               [pic];                                                 (2.11)
              [pic].                                                  (2.12)
мұндағы [pic]құрастырылған құрамадағы вагондар саны.
    В және Е коэффициенттерін техникалық пайдалану ережелерінің талаптарына
сәйкесвагондарды  ретімен  орналастыру  үшін,  жинақталған  құрамадағы  (Ро)
вагон ағытпалары бойынша  жасалған  операциялардың  санына  байланысты  2.7-
кестеден табады. Нақтылы бір стансадағы мұндай операциялардың  орташа  шама-
шартын  кем  дегенде  30  құраманың  құрастырылуына  бақылау  жасау   арқылы
анықталады.
    Іс жүзінде есептелініп бекітілген бұл формулалар уақыттың орташа  шама-
шартын анықтауға  мүмкіншілік  береді  деп  есептеуге  болады.  ТПЕ  бойынша
вагондарды  жинақталатын  құрамаға  рет-ретімен  орналастыру  кезінде  вагон
ағытпаларының саны  әртүрлі  болғандықтан,  белгілі-бір  құраманы  құрастыру
уақыты орташа шама –шарттан ауытқып тұруы мүмкін.
    Қос жолға жинақталатын бір топты немесе екі топты құраманы  құрастыруды
аяқтаудың технологиялық уақыты:
                              [pic].                                  (2.13)
    Құрастырылып  біткен  соң  сол   жинақталған   жолға   орналастырылатын
құраманың  бөлігіне  вагондарды  ретімен  қою  уақыты  ТПЕ  бойынша   (2.11)
формуламен анықталады.


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1.Т.К. Балғабеков. Управление эксплуатационной  работой  и  организация
перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.
     2.Методические указания по расчету норм времени на  маневровые  работы,
выполняемые на железнодорожном транспорте. Утв. МПС  РФ.  –  М.:  Транспорт,
1998. – 84с.
    3.Кочнев Ф.П., Акулиничев В.М. и др. Организация  движения  поездов  на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1979. – 567с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (9 - тақырып) [3,5,7]
    Айлалық операцияларды шама-шарттау. Айлалық жұмыстарды ұйымдастыру –  6
сағат.
    1. Құраманы өңдеудің технологиялық уақытын есептеу;
    2.  Айлалық жұмыс кезіндегі жартылай рейстің шамасын анықтау;
    3. Айлалық операцияларға жұмсалатын уақыттың типтік шама-шарты;
    4. Айлалық жұмыс кезіндегі барлық қозғалыс жылдамдықтарының
        түрлері.
    №10 тақырып.    Пойыздардың  қозғалыс  керегені.  Қозғалыс  керегенінің
түрлері.  Қозғалыс керегенінің элементтері  (2 сағат).


    Дәріс жоспары:
    1. Пойыздардың қозғалыс керегені және оның анықтамасы
    2. Қозғалыс керегенінде пойыздардың нөмерленуі
    3. Қозғалыс керегенінің түрлері
    4. Параллелді және параллелді емес кереген
    5. Біржолды және қосжолды кереген
    6. Пойыздардың қозғалыс керегенінің сипаты


    Қоғалыс керегені -  теміржол желісінің толық жұмысын уақыт  өлшеміндегі
сызба түрінде көрсету үшін құрастырылады және  ол  жолаушылар  мен  жүктерті
тасымалдау жоспарының өз мерзімінде дұрыс орындалуын,  пойыздардың  қозғалыс
қауіпсіздігін,  жылжымалы  құрамалар  мен  техникалық  жабдықтардың   тиімді
пайдаланылуын, стансалар мен жол телімдерінің өзара тұрақты  әрекеттестігін,
локомотивтер  мен  пойыз  бригадаларының  үзіліссіз   жұмысының   бекітілген
мерзімінде орындалуын қамтамассыз етуі керек.
    Пойыздардың  қозғалыс   керегенін   құрастыру   қозғалыс   жылдамдығын,
локомотивтер  мен  басқа  да  техникалық   жабдықтарды   тиімді    пайдалану
көрсеткіштерін, сонымен қатар теміржолдың  техникалық  құрылғыларының  бүтін
күйінде сақталуын қамтамассыз ете отырып, әртүрлі категориядағы  пойыздардың
берілген санының жол телімінен  қауіпсіз  жүріп  өтуін  қарастырады.  Ендеше
пойыздардың қозғалыс керегені теміржолдың пайдалану жұмысының жоспары  болып
табылады және жүк пойыздарының қозғалысын ұйымдастыруды  ғана  белгілемейді,
сонымен  бірге  станса,  депо  жұмысын,  вагон,  жол,  СОБ   және   байланыс
құрылғыларының  жұмысын  көрсетіп  тұрады.  Жүктерді   жеткізу   жылдамдығы,
жолаушы тасымалының сапалық деңгейі  және тездігі - осының  барлығы  тікелей
қозғалыс керегенін дұрыс ұйымдастыруға байланысты.
    Қозғалыс керегені үнемі жетілдіріліп отырады және оны жетілдіру  келесі
жолдармен  жүзеге  асуы  керек:   көліктік   бөлімшелердің   өзара   тұрақты
байланыста  болуын  қамти  отырып,  олардың  ең   оңтайлы   жұмыс   жағдайын
қамтамассыз ету; пойыздардың салмағын және жүріс жылдамдығын  жоғарғы  шекке
дейін  жеткізу;  есептегіш   техникаларды   пайдалану   негізінде   қозғалыс
керегенін құрастыру.
    Қозғалыс керегені арқылы пойыздардың жол телімінде жүріп өту уақыттары,
 келу және жоларалықтан өту уақыты, локомотивтердің  телімде  және  стансада
болу мезеті анықталады.
    Теміржол  көлігінде  және  өнеркәсіптік   кәсіпорындарда   озық   жұмыс
технологиясын   қолдану   арқылы   құрылатын,    зауытішілік    тасымалдарға
қатынасатын пойыздардың қозғалыс керегені көп таралған.
    Өнеркәсіптік  көліктегі  пойыздардың  қозғалыс   керегені   магистралды
түйіспе станса жұмысымен өзара әрекеттестіктегі теміржол  цехтарының  барлық
бөлімшелері мен  зауыттардың  пайдалану  жұмыстарын  біріктіретін  тасымалды
ұйымдастырудың негізгі көрінісі болап саналады.  Қозғалыс керегенін  жасауға
қойылатын  негізгі  шама-шарттар  ТПЕ  мен  оның  тарауларында   көрсетілген
талаптарды  ескере  отырып,  зауыттар  мен  түйіспе  стансалардың,  теміржол
көлігі жұмысының біртұтас технологиялық үрдісі негізінде жобаланады.
    Қозғалыс  керегені  координат  осінде  пойыздар  жүрісінің  уақыты  мен
аралығын және жүріп өткен жолының уақытқа тәуелділігін бейнелейтін  сызбалық
көріністе жасалады.  Қозғалыс керегенінің тор көздері жекелеген  бекеттердің
 осьтерін көрсететін көлденең және уақыт шамасын көрсететін тік  сызықтардан
тұрады. Мұндағы қалың тік сызық тәуліктің 24 сағатын көрсетеді,  ал  олардың
аралағындағы жіңішке үзік сызықтар жарты сағаттық  аралықты,  жіңішке  тұтас
сызықтар он минуттық аралықты  көрсетеді.  Тор  көздегі  пойыздардың  жүрісі
түзу көлбеу сызық арқылы көрсетіледі.  Ол көлбеу   сызықтың  көлденең  оське
түсетін  проекциясы екпіндеу және тежелу уақытын қосып  есептегендегі  жүріс
уақытына   тең   болады.   Пойыз   жоларалықтардан   әртүрлі    жылдамдықпен
өтетіндіктен пойыздардың жүрісін көрсететін  түзу  көлбеу  сызықтар  шамалап
алынады. Сондықтан түзу көлбеу сызықты алмастыратын нақтылы  қисық  пойыздың
жүріс сызығы деп  аталады.  Пойыздардың  келу,  жөнелу  және  жүріс  жолының
уақыты  оның  жүріс  сызығының  жекелеген  бекеттердің  осьтерімен   қиылысу
нүктесімен сәйкес келеді.
    Жүріс уақыты сағат тілі бойынша солдан оңға қарай он минуттық аралықпен
есептелінеді, минутты көрсететін сандар пойыздың жүріс сызығы мен  жекелеген
бекеттердің көлденең осьтерінің  қиылысу  бұрышының  үстіне  қойылады.   Жол
телімінің соңғы жоларалығының үстіне оның нөмері қойылады.
    Қозғалыстың жүктелген және  кері  бағыттағы  шамаларының  арақатынасына
байланысты қозғалыс керегендері жұптасқан және  жұптаспаған  деп  екі  топқа
бөлінеді.
    Жұптасқан кереген деп қозғалыстың екі  бағытына  бөлінетін  пойыздардың
саны бірдей болатын, ал жұптаспаған деп жүріс  бағыттары  бойынша  бөлінетін
пойыздардың саны әртүрлі болатын  керегенді  айтады.  (3.7-сурет).  Біржолды
жұптасқан кереген симметриялы түрде құрылады, яғни жоларалықтың  бір  бағыты
бойынша  пойыздардың  жүріс  уақытын  белгілеген   соң,    қарсы   бағыттағы
пойыздардың жүріс кестесін белгілейді. Жолдан  қосылатын  пойыздардың  жүріс
тәртібіне  байланысты  керегендер  пакетті  және  топтасқан  деп   бөлінеді.
Пойыздардың топтасып орналасуы кезінде олар  станса  аралық  жоларалықтармен
шектеле отырып бірінің артынан бірі жөнелтіледі. Жолдағы  пойыздар,  олардың
арасына  қарсы   бағыттан  бірде-бір  пойызды  жіберуге  болмайтындай   етіп
орналастыралады.  Пойыздарды   топтастырып   орналастыру   жол   теліміндегі
жұптаспаған   жүріс   кезінде    және    автоматтандырылған    блокировкамен
жабдықталмаған  және  де  блок  қосындары  жоқ  жоларалықтарда  қолданылады.
Пакетті    кереген    деп    (3.8-сурет)    жолдағы    пойыздар     жартылай
автоматтандырылған қосынаралық   жоларалықтармен  немесе  автоматтандырылған
блокировкалы   блок-телімдермен  шектелген   жоларалықтарда   бір   мезгілде
бірнеше пойыз болатын керегенді  айтады.    Егер  пойыздардың  жартысы  ғана
пакетті кереген бойынша жүретін болса, онда ол жартылай пекетті кереген  деп
аталады. Пакетті және топтасқан кереген түрлері  біржолды  тәрізді  қосжолды
жолдарда да қолданылады.


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1. З.С. Бекжанов. Теміржолтану  негіздері:  Оқулық.  –  Алматы:  Тамыр,
1995. – 320б;
     2. Т.К. Балгабеков. Разработка суточного плана – графика.  Методические
указания к выполнению курсового проекта. Караганда: КарГТУ, 2003. 39с.
     3.  Управление  эксплутационной  работой  и  качеством   перевозок   на
железнодорожном транспорте / Под  ред.  П.С.  Грунтова.   –  М.:  Транспорт,
1994. – 544с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (10- тақырып) [3,5,7]
    Пойыздардың қозғалыс керегені. Қозғалыс керегенінің  түрлері.  Қозғалыс
керегенінің элементтері  - 6 сағат.
    1. Қозғалыс керегені туралы ұғымды кеңейту;
    2. Пойыздардың қозғалыс керегенінің түрлерін схема түрінде көрсету;
    3. Біртекті және әртекті, параллельді және параллельді емес т.б.
        қозғалыс  керегендерінің айырмашылықтарын білу.




    №11 тақырып.    Пойыздардың  қозғалыс  керегенін  құрастыруға  арналған
есептік мәліметтер  (2 сағат).


    Дәріс жоспары:
    1. Қозғалыс керегеніне қажетті есептік мәліметтер
    2. Станса аралық арақашықтықтар
    3. Станса аралық арақашықтықтардың есептемесі


    Қозғалыс керегенін құрастыруға арналған есептік мәліметтер: пойыздардың
жоларалықтағы  жүріс  уақыты  және  түрлері  бойынша  пойыздардың  екпіндеу,
тежелу уақыттары; станса аралық арақашықтықтар,  яғни  пойыздардың  қозғалыс
қауіпсіздігін сақтап, қажетті  операцияларды  орындай  отырып  бір  пойыздың
белгілі бір бекетке келуі немесе  жөнелтілуі  кезеңдеріндегі  ең  аз  уақыт;
пойыз  аралық  арақашықтықтар,   яғни  пойыздардың  қозғалысына  қатысы  бар
байланыс   жабдықтарына   байланысты   пойыздардың    жоларалықтардан    өту
аралықтарын  белгілейтін  ең  аз  уақыт  шамасы;  белгіленген  операцияларды
орындау   үшін   пойыздың   стансада   аялдау   уақытының   шама   –   шарты
(автоматтандырылған  тежегіштерді  тексеру,  жолаушыларды   түсіріп-отырғызу
және т.б.);  негізгі  және  айналымды  депосыбар  стансаларда,  жұмыс  тобын
ауыстыру бекеттерінде локомотивтердің тұру уақытының  шама-шарты;  телімдік,
жүктік, жолаушылық және сұрыптау стансаларында  пойыздаоды  өңдеу  уақытының
шама-шарты.
    Жүрістің   жоларалықтағы   уақыты    пойыз    қозғалысының    жекелеген
бекеттеріндегі  аялдау  және  тоқтаусыз  өтуін   есепке   алатын   тартымдық
есептемелермен,  сонымен  бірге  жекелеген  бекеттердің  осьтерінің  аралығы
бойынша, ал өтпелі бағдаршамдары бар  аралықтарда  жол  бекеттерінің  немесе
өтпелі бағдаршамдар аралығымен анықталады. Осы жүріс  уақытының  шамаларының
арасындағы ауытқу екпіндеу және тежелу уақыттарының шама-шартын  айқындайды.

       Пойыздың стансада аялдау  уақытының  шамасы:  жылжымалы  құрамаларды
техникалық  өңдеу  үшін  (тежегіштерді  және  вагондардың  техеикалық  күйін
тексеру, вагондарды ағыту және тіркеу т.б.); жүк және  жолаушыларға  қатысты
операцияларды жасау үшін; жекелеген бекеттерге пойыздарды қабылдау,  жөнелту
және өткізу  барысында  ерекше  қырағылықты  қажет  ететін  жерлердің  болуы
(пойыздардың қиылысуы және басып озуы) кезіндегі жүріс уақытын анықтау  үшін
керек. Жекелеген  бекетердегі  пойыздардың  аялдау  уақыты  стансаның  жұмыс
технологиясының үрдісі  бойынша  операцияларды  жасау  уақытының  шама-шарты
болып бекітіледі.
    Стансалық   аралықтар   пойыздарды   қабылдап-жөнелту    және    өткізу
операцияларын орындау үшін  қажетті уақытпен, пойыздардың кіру  бағдаршамына
келген кезде белгіленген жылдамдықпен  кедергісіз  өту,  ал   тоқтаусыз  өту
кезінде жекелеген бекеттердің  шығу  бағдаршамына  дейін  пойыздардың  жүріс
қауіпсіздігін қамтамассыз ету шатттарын сақтай отырып  жүріп  өту  уақытымен
анықталады.
    Стансалық аралықтар келесі түрлерге бөлінеді:
    - пойыздардың әртүрлі уақытта келу аралығы  ([pic] - біржолды телімдегі
стансағабір бағыттағы пойыздың келу уақытынан, қарсы бағыттағы пойыздың  осы
стансаға келу немесе өту сәтіне дейінгі ең төменгі шекті уақыт);
    - пойыздың айырылысу аралығы  ([pic]- пойыздың стансаға келу немесе өту
уақытынан  сол  жоларалықтан    оған   қарсы   бағыттағы   келесі   пойыздың
жөнелтілуіне дейінгі ең аз уақыт);
    - пойыздың жол бойындығы жүріс аралықтары  ([pic]-  іргелес  орналасқан
жекелеген  бекетке  пойыздың   келу   уақытынан,   осы   стансадан   босаған
жоларалыққа сол бағыт бойынша келесі пойызды жөнелту уақытына дейінгі ең  аз
уақыт);
    - пойыздардың әртүрлі уақытта келу және жол-жөнекей жөнелту  аралықтары
   -       ([pic]-  пойыздың  стансаға   келу   және   осы  стансадан  жолай
қосылатын оған бағыттас пойызды жөнелту уақыттарының ең аз шамасы);
    -  пойыздардың  әртүрлі  уақытта  жөнелтілуі  және   жол-жөнекей   келу
аралықтары ([pic]- пойыздың  стансадан  жөнелтілу  уақытынан,  осы  стансаға
іргелес стансадан жолай қосылған бағыттас пойыздың келу уақытына дейінгі  ең
аз уақыт).
    Әрбір стансалық аралықтың шамасы осы аралық уақытында жасалынатын әрбір
операцияның  ұзақтығы  бойынша  аналитикалық   есептеулер   мен   графикалық
сызбалар жасау арқылы анықталады.
    Стансалық аралықтардың шамасы пойыздық  байланыс  түріне,  бағыттамалар
мен  белгілерді  басқару  тәсіліне,   жекелеген   бекеттердің   орналасуына,
бекеттерге келуіне, локомотивтің түріне және  сериясына  пойыздың  салмағына
және ұзындығына тәуелді болады.




    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1. З.С. Бекжанов. Теміржолтану  негіздері:  Оқулық.  –  Алматы:  Тамыр,
1995. – 320б;
     2. Т.К. Балгабеков. Разработка суточного плана – графика.  Методические
указания к выполнению курсового проекта. Караганда: КарГТУ, 2003. 39с.
     3.  Управление  эксплутационной  работой  и  качеством   перевозок   на
железнодорожном транспорте / Под  ред.  П.С.  Грунтова.   –  М.:  Транспорт,
1994. – 544с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (11- тақырып) [5,6,7]
    Пойыздардың қозғалыс керегенін құрастыруға арналған есептік  мәліметтер
– 6  сағат.
    1.  Қозғалыс керегенін құрастыруға қажет негізгі мәліметтердің тізімі;
    2.  Стансалық аралықтарды есептеу;
    3. Стансалық аралықтардың схемасын көрсету.




    №12  тақырып.    Теміржол   желісінің   өткізгіштік   және   тасымалдау
қабілеттілігі. Өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктері туралы  ұғым  (2
сағат).


    Дәріс жоспары:
    1. Өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктерін анықтау
    2. Өткізгіштік қабілеттілікті анықтайтын негізігі элементтер
    3. Біржолды және қосжолды желінің өткізгіштік қабілеттілігін анықтау
    4. Тепе-теңдік коэффициенті
    Өткізгіштік  қабілеттілік  көліктің   техникалық  жабдықтарының  қуатын
сипаттайтын  маңызды  элемент  болып  табылады.   Өткізгіштік   қабілеттілік
неғұрлым   жоғары   болса,   жылжымалы   құраманы   пайдалану   және   жұмыс
көрсеткіштері жоғары болады.
    Өткізгіштік қабілеттілік  деп белгілі  бір  уақыт  аралығында  (тәулік,
сағат) теміржол желісінде орындалған жүрістің  ең  жоғарғы  шамасын  айтады.
Ол  тұрақты  қолданыстағы  құрылғыларға,  вагондардың  түріне  және   тартым
жабдықтарының қуатына,  пойыздардың  жүрісін  ұйымдастыру  тәсіліне  тәуелді
болады.
    Біржолды желідегі жұптасқан кереген кезіндегі өткізгіштік  қабілеттілік
екі  бағыт  бойынша  да  белгіленген   салмақтағы  пойыздардың  жұп  санымен
анықталады, ал қосжолды желі мен бір жолдағы жұптаспаған кереген үшін  әрбір
бағыт   бойынша   белгіленген   салмақтағы   пойыздардың   әртүрлі   санымен
анықталады. Өткізгіштік қабілеттілік вагон санымен өлшенеді.
    Тасымалдау қабілеттілігі  деп теміржол желісінің белгіленген  аймағында
белгілі бір уақыт аралығында орындалған  жүктік  тасымалдарды  (млн.  т  жүк
немесе брутто салмағымен өлшенеді) айтамыз.
    Өткізгіштік қабілеттілік  теміржол  желісінің  қолданыстағы  техникалық
жарақтандырылуы кезінде,  сонымен  бірге  озық  техникамен  жабдықталу  және
қозғалысты  тиімді  ұйымдастыру  тәсілдерін  қолданған   кезде   де   барлық
техникалық жабдықтардың мүмкіншілігін толық пайдалану арқылы анықталады.
    Өткізгіштік   қабілеттілікті    есептеу    барысында    локомотивтерді,
вагондарды, станса құрылғыларын, депо, энергия  жабдықтарын  және  басқа  да
теміржол  желісінде  қолданылатын   барлық   тұрақты   құрылғыларды    толық
қолдануды еңжоғарғы көрсеткіштері негізнде анықталады.
    Алайда  қозғалыстың  қажетті  жоспардан  тыс   көлемін   орындау   үшін
өткізгіштік  қабілеттіліктің  көлік  жабдықтарының  жұмыс  икемділігін  және
көліктің  техникалық  жабдықтары   мен   жылжымалы   құрамаларды   пайдалану
көрсеткіштерін жоғарылатуға мүмкіндік беретін   техника-экономикалық  негізі
бар қосымша мүмкіншіліктері болуы керек.
    Өткізгіштік қабілеттілік  белгілі  бір  аралықтағы  теміржол  желісінен
өткізілуі тиіс жоспарланған, белгілі  салмақтағы  пойыздар  санын  (пойыздар
жұбын) шектелген уақыт аралығында өткізуге қабілетті болуы керек.
    Қажетті өткізгіштік қабілеттілік  пен  теміржол  желісінің  өткізгіштік
мүмкіншілігі арасындағы айырмашылық желінің қосымша мүмкіншіліктерін  немесе
оның  өткізгіштік   қабілеттілігінің   тасымалды   игеруге   қабілетсіздігін
көрсетеді.
    Өткізгіштік қабілеттілік толықтай теміржол желісі немесе  оның  белгілі
бір жол телімі бойынша, сонымен бірге жекелеген бөлімшелер  мен  пойыздардың
қозғалысына  қызмет  көрсетуге  арналған  өндірістік  бірліктер  (жоларалық,
станса,  депо,  энергиямен   жабдықтау   құрылғылары   т.б.)    бойынша   да
анықталады.
    Өткізгіштік қабілеттілікті анықтайтын техникалық құрылғылардың  негізгі
элементтері:
    - жоларалықта: басты жолдардың саны, жоларалықтың ұзындығы, жол төсемі,
локомотив, вагон түрлері, пойыздың салмағы, СОБ және байланыс құрылғылары;
    - стансада:  стансаның  сұлбасы,  қабылдап-жөнелту  жолдары,  бағыттама
алқымының құрылымы, және СОБ құрылғылары;
    - депо шаруашылығында: локомотивтерді кезекті бақылауға арналған  тұрақ
орындары, локомотивтерді жанармаймен, жүріс жолдарымен жабдықтауға  арналған
құрылғылар;
    -  жабдықтау  бөлімінде:  тартым  агрегаттары,  жетек  күшінің  қосалқы
стансасының тартымдық трансформаторлары және байланыс желісі.
   Осы  элементтердің  өткізгіштік  қабілеттілігінің  ең  аз   шамасы   сол
өндірістік кәсіпорынның  нақтылы мүмкіншіліктегі  өткізгіштік  қабілеттілігі
деп  аталады.   Жалпы  алғанда  техникалық  құрылғаның   әрбір   элементінің
өткізгіштік қабілеттілігі (N) келесі  формуламен анықталады.
                    [pic],                                            (3.28)
мұндағы [pic]- құрылғының бір тәуліктегі жұмыс уақыты;
                [pic] - берілген операция түріне (пойыздардың қозғалысы,
                      локомотивтерді жабдықтау) тікелей қатысы жоқ, қызмет
                     көрсетуге шығындалатын уақыт;
                [pic]-  бір   немесе  жұп  пойызға,  локомотивке  құрылғының
қызмет
                     көрсету уақыты.
    Өткізгіштік қабілеттілікті пайдалану коэффициенті арқылы    өткізгіштік
қабілеттілікті   есептеу тәсілі де қолданылады. Бұл тәсіл бойынша  керегенде
көрсетілген  қозғалыс  шамасы   кезінде   аталған   құрылғының   өткізгіштік
қабілеттілікті  пайдалану    коэффициенті   анықталады:
                                                                     [pic],
      (3.29)
мұндағы [pic] – қозғалыс керегенінде көрсетілген өткізгіштік қабілеттілік.

    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1.Заглядимов  Д.П.,  Петров  А.П.  и  др.   Организация   движения   на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.
     2. А.М. Макарочкин, Ю.В. Дьяков. Использование  и  развитие  пропускной
способности железных дорог. – М.: Транспорт, 1981. – 287с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (12- тақырып) [7, 8]
    Теміржол   желісінің   өткізгіштік   және   тасымалдау   қабілеттілігі.
Өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктері туралы ұғым – 6 сағат.
    1. Теміржол желісінің өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктерін
        анықтау;
    2.  Жүктік тасымалдардың көлемін есептеу;
    3. Әртүрлі стансалар мен жол телімдерінің тасымалдау көлемін есептеу.
     №13 тақырып.   Жұптаспаған параллельді және параллельді емес  қозғалыс
керегені кезіндегі өткізгіштік қабілеттілік (2 сағат).


    Дәріс жоспары:
    5. Жұптаспаған кереген кезіндегі өткізгіштік қабілеттілік
    6. Өткізгіштік қабілеттілікті анықтауға арналған  есептік формулалар
    7. Пойыздардың қозғалыс керегендерінің кезеңдері
    8. Жинап алу кэффициенті. Жинап алу уақыты.
    9. Пойыздарды пакетті  орналастыру


    Жұптаспаған  кереген  кезіндегі  өткізгіштік   қабілеттілікжоларалықтан
белгілі бір кезеңде өткізілетін тақ және  жұп  бағыттағы  пойыздардың  санын
ескере отырып, қозғалыстың екі бағыты бойынша да анықталады.
    Өткізгіштік қабілеттілікті анықтауға арналған  есептік  формула  келесі
түрде болады:
                    [pic];                                            (3.33)

                    [pic],                                            (3.34)
мұндағы  К', К" – жоларалықтан керегендегі  [pic] уақыт кезеңіндегі тақ
және
                              жұп бағыттағы пойыздардың саны.
    Жұптаспаған пакетті кереген кезеңдері келесі формуламен анықталады:

                                                   [pic],             (3.35)
мұндағы t', t" - сәйкесінше жоларалықтан тақ және жұп бағыт бойынша
                          жүретін пойыздың жүріс уақыты;
                [pic]-  стансалармен  жоларалықты  шектейтін  станса  аралық
жолдар.
           [pic]- пойыздарды өткізу тәртібіне тәуелді екпіндеу және тежелу
                    уақыттарының қосындысы;
           [pic]- тақ және жұп бағыттардағы пакетті жөнелтілімдегі пойыздар

                      саны;
           I/, I// - тақ және жұп бағыттардағы пойыздардың арақашықтығы.
    Пакетті керегенді пайдалану пакеттегі пойыздардың қиылысуы және  оларды
жолаушы  пойыздарының  басып  озуы  кезінде   пойыздардың   аялдау   уақытын
көбейтеді,  сонымен  қатар  стансада  қосымша  жолдарды  қажет  ететіндіктен
тәжірбие  көрсетіп  отырғандай  бір  пакеттегі  (яғни,   бірмезгілдегі   бір
жоларалықтағы пойыздар саны)  пойыздардың саны екеу болған дұрыс.
    Біржолды  жоларалықта  пакет   коэффициентімен   ([pic])   сипатталатын
жартылай пакетті кереген қолданылады:
              [pic],                                                  (3.36)
мұндағы [pic] -жол теліміндегі пакеттегі пойыздар саны;
                [pic]-жол телімінен  бір  тәулікте  өткізелетін  пойыздардың
жалпы
                    саны.
    [pic] коэффициенті 0 мен  1  аралығында  болады.  Егер   [pic]=0  болса
кереген пакетті емес, ал егер  [pic]= 1 ьолса пакетті кереген деп аталады.
    Жоларалықтан  жүріп  өту   жылдамдығы   әртүрлі   пойыздарды   қозғалыс
керегеніне қосу қажеттілігі жол телімінің өткізгіштік  қабілеттілігіне  әсер
етеді. Мұндай пойыздарға қатаң белгіленген  қозғалыс  кестесі  бар  жолаушы,
жылдамдатылған жүктік жиынтық пойыздар жатады.
    Жүк пойыздарын өткізуге пайдаланылмаған тәуліктің  уақыт  бөлігі  жинап
алу уақыты деп аталады.
    Жолаушы,  жүктік  және   жылдамдатылған   пойыздарды   керегенге   қосу
барысындағы қозғалыстың параллельді емес  керегеніндегі  жүктік  қозғалыстар
үшін өткізгіштік қабілеттілікті анықтау формуласы:
                                [pic],                                (3.37)
мұндағы [pic]- параллельді кереген кезіндегі ең үлкен өткізгіштік
                         қабілеттілік;
                [pic]- сәйкесінше жолаушы, жиынтық және жылдамдатылған
                         пойыздардың саны;
                [pic]-сәйкесінше жолаушы, жиынтық және жылдамдатылған
                         пойыздарды жинап алу коэффициенті.
    Ұсынылатын әдебиеттер:
     1.  И.Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и задачах.  –
М.: Транспорт, 1990. – 232с.
    2. А.М. Макарочкин, Ю.В. Дьяков. Использование  и  развитие  пропускной
способности железных дорог. – М.: Транспорт, 1981. – 287с.
    3.  А.К.  Угрюмов,  Г.М.  Грошев,  В.А.   Кудрявцев,   Г.А.   Платонов.
Оперативное  управление  движением  на  железнодорожном  транспорте.  –  М.:
Транспорт, 1983. – 240с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (13- тақырып) [7,8,9]
    Жұптаспаған  параллельді  және  параллельді  емес   қозғалыс   керегені
кезіндегі өткізгіштік қабілеттілік  6 -  сағат.
    1.  Әртүрлі  қозғалыс  керегендері  үшін   өткізгіштік   қабілеттілікті
анықтау;
    2.  Қозғалыс керегенінің әртүрлі түрдегі кезеңдерін көрсету.




    №14 тақырып.   Қажетті өткізгіштік  және  тасымалдау  қабілеттіліктері.
Өткізгіштік  қабілеттілікті арттыруға қойылатын талаптар (2 сағат).


    Дәріс жоспары:
    1. Көлік-шүк кешендерінің өткізгіштік қабілеттілігі
    2. Жүктік механизмдердің пайдалану өнімділігі
    3. Жүк аулаларының қайта өңдеу қабілеттіліктері
    4. Өткізгіштік қабілеттілікті арттыру шаралары
    Өнеркәсіптік кәсіпорындарды көлікпен  үзіліссіз  қамтамассыз  ету  үшін
көліктік  цех  элементтерінің   өткізгіштік   қабілеттілігі   оның   негізгі
құрылғыларының қуатына сәйкес келуі керек. Сондықтан өнеркәсіптік  жолдардың
өткізгіштік қабілеттілігінің қалыпты деңгейі ғана  емес,  барлық  техникалық
жабдықтарды толық пайдаланғандағы өткізгіштік мүмкіншілігінің  шегі  белгілі
болуы керек.
    Көлік-жүк кешендерінің өткізгіштік  қабілеттілігінің  деңгейі  жүктерді
тасымалдауды басқарудың қазіргі заманғы жүйесіне сай болуы  және  шикізатты,
жанармайды,   материалдарды   тиеудің   күнтізбелік   жоспарын   қамтамассыз
ететіндей болуы керек.
    Өткізгіштік  қабілеттіліктен  басқа  көлік-жүк  ешендері   үшін   өңдеу
қабілеттілігі,  яғни бір тәулікте құрылғыдан  өңдеуден   өтетін  вагондардың
және құрамалардың сандық көрсеткіші қолданылады.
    Өткізгіштік қабілеттіліктен басқа көлік-жүк  кешендеріндегі  құрылғының
өңдеу, яғни жұмыс істеу қабілеттілігі деген ұғым бар.  Ол  құрылғының    бір
тәулікте   қызмет   көрсете   алатын   вагондардың,   құрамалардың   санымен
анықталады.
    Кәсіпорынның көлік-жүк кешенінің белгілі бір  уақыт  кезеңіндегі  жұмыс
жасау қабілеттілігінің мүмкін болатын  ең  үлкен  мәні  зауытқа,  шикізатты,
жанармайды және материалдарды жеткізудің есептік шамасын анықтайды.
    Көлік-жүк  кешенінде  жұмыс  істейтін   зауыттар   үшін   оның   барлық
элементтері    қажетті    шамадағы    өткізгіштік    және    жұмыс     жасау
қабілеттіліктеріне ие болуы керек.  Жетекші  элементтің  басқа  элементтерге
қуат күші бойынша жуық болуының маңызы зор.
    Жұмыс істеп тұрған зауыттың көлік-жүк кешенінің өткізгіштік және  жұмыс
жасау қабілеттіліктерінің  нақтылы  жағдайға  байланысты  қолданылу  шамасын
бағалау  үшін  оның  әрбір  элементінің  жұмысының  статикалық  мәліметтерін
пайдалануға болады.  Мысалы,  вагон  аударғыштың  мүмкін  болатын  пайдалану
өнімділігі оның тәуліктік жұмысының негізінде анықталады.
                   [pic],                                             (3.42)
мұндағы [pic]- вагон аударғышпен түсірілетін вагонның матеметикалық-
                        есепткік тосу уақыты, тәулік;
                 [pic]-  берілген   вагондар   санын   түсіруге   (бекітуге,
жылжытуға, вагондарды беруге және алуға, вагон аударғыштың түсіру  аймағынан
жылжуға)  жұмсалатын нақтылы  математикалық-есептік тосу уақыт.  Бұл  мәндер
шамасы жыл мезгілдеріне тәуелсіз болады.
    Вагон аударғышты пайдалану жұмысының математикалық есептік уақыты
                    [pic],                                            (3.43)
мұндағы   tпл , tэксп. – сәйкесінше жоспарлы  жөндеу  мен  вагон  аударғышты
пайдалану сенімділігін арттыратын  жоспардан  тыс  жөндеудің  математикалық-
есептік  тосу уақыты.

    Ұсынылатын әдебиеттер:
     1.  И.Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и задачах.  –
М.: Транспорт, 1990. – 232с.
    2. А.М. Макарочкин, Ю.В. Дьяков. Использование  и  развитие  пропускной
способности железных дорог. – М.: Транспорт, 1981. – 287с.
    3.  А.К.  Угрюмов,  Г.М.  Грошев,  В.А.   Кудрявцев,   Г.А.   Платонов.
Оперативное  управление  движением  на  железнодорожном  транспорте.  –  М.:
Транспорт, 1983. – 240с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (14- тақырып)  [7,8,9]
    Қажетті  өткізгіштік  және  тасымалдау  қабілеттіліктері.   Өткізгіштік
қабілеттілікті арттыруға қойылатын талаптар – 6 сағат.
    1. Теміржол желісінің  өткізгіштік  және  тасымалдау  қабілеттіліктерін
есептеу;
    2.  Жүк шебінің қайта өңдеу қабілеттілігін есептеу.




    №15 тақырып. Өткізгіштік қабілеттілікті арттыруға арналған  қайта  құру
шаралары.  Өткізгіштік   қабілеттілікті   арттыруға   арналған   техникалық-
ұйымдастыру шаралары  (2 сағат).


    Дәріс жоспары:
    1. Жаңадан бекет ашудың маңыздылығы.
    2. Жаңа іс-шараларды енгізу.
    3. СОБ құрылғысын қайта құру
    4. Жол төсемін тегістеу
    5.   Жартылай   автоматтандырылған   блокировкадан   автоматтандырылған
       блокировкаға ауысу
    6.  Нақтылы  жұмыс  жағдайына  байланысты  өткізгіштік   қабілеттілікті
       жоғарылату
    7. Екі еселенген салмақтағы пойыздар


    Біржолды жол телімінде жекеленген бекет ашудың маңыздылығы жоларалықтан
пойыздың жүріп өтуіне қажетті уақыттарын салыстыру арқылы келесі  формуламен
анықталады.
                                               [pic],                 (3.52)
мұндағы N – пойыздар паркіндегі қажетті өткізгіштік қабілеттілік;
                [pic]–жұптасқан жүк пойыздарының жаңа бекет ашылғанға
                               дейінгі жоларалықтан жүріп өту уақыты;
                [pic]– пойыздың қажетті жүріс уақыты;
                [pic]– пойыздардың әртүрлі уақытта келу және қиылысуының
                               стансалық аралықтары;
            [pic]– екпіндеу және тежелу уақыты.
    Кейбір жағдайларда,  яғни, жоларалықтардың  айырмашылығы  үлкен  болған
жағдайда жоларалықта бірнеше бекет ашудың маңызы зор. Алайда,  олар  шамадан
тыс көп болса қозғалыс керегенінің көрсеткішін төмендетеді. Жаңа  бекет  ашу
жол телімін бірдей жоларалықтарға бөлетіндей болуы керек.  Қалыпты  жағдайда
жекелеген бекеттің құрылғылары өткізгіштік қабілеттілікті 60-70%  арттырады.
Сонымен қатар, жаңадан жеке бекет  ашудың  кері  әсерлері  де  бар.   Бұлар:
техникалық жылдамдықты төмендету,  қосымша  жанармай  шығыны,  жаңа  бекетті
ашуға жұмсалатын қосымша шығындар және т.б. Осы кемшіліктердің барлығы  жаңа
бекетті ашудың маңыздылығын анықтау барысында ескерілуі қажет.
    Станса жолдарын ұзарту өткізгіштік  қабілеттілікті  арттырудың  барынша
тиімді шарасы болып табылады.  Біржолды  телімдегі  станса  жолдарын  ұзарту
кезіндегі өткізгіштік қабілеттіліктің өсуі пойыздың салмағы мен  ұзындығының
жоғарылауы;  жоларалықтың  ұзындығын  азайту;  бірдей  жоларалықтарды  құру;
әртүрлі уақыттарда  келу  және  қиылысу  аралықтарын  қысқарту;  пойыздардың
тоқтаусыз қиылысуы мен басып озуын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
    Қосжолды жол телімін  салу  және  енгізу  жүк  айналымы  көп,  қозғалыс
кестесі  күрделенген  аймақтарда  салынады.  Қосжолды   жол   телімін   салу
қозғалысқа еш кедергі келтірместен  толық  салынып  біткен  соң  өткізгіштік
қабілеттілікті біртіндеп жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Екінші  бас  жолды
салу өткізгіштік қабілеттілікті 2-2,5 есе арттырады, сонымен қатар  телімдік
жүріс  жылдамдығын  жоғарылатуға,  вагон  айналымын   үдетуге,   пойыздардың
қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға  мүмкіншілік  береді.  Алайда  жаңадан  жол
салу көп қаржылық салымды талап етеді.
    Қосжолды  телімді  салу  кезінде  олардың  теміржол  желісінде   тиімді
орналасуын дұрыс жобалап алу керек.  Қосжолды  жолдың  ұзындығы  пойыздардың
жылдамдығын төмендетпестен өзара тоқтаусыз қиылысуын  қамтамассыз  ететіндей
шартпен анықталады. Осы шарт тұрғысынан алғанда жол ұзындығының анықталуы:
                                        [pic],                        (3.53)
мұндағы [pic]–жүріс жылдамдығына қатысыжоқ, бұрмалы бағыттамалар
                     орналасатын жол қоспасының бөлігі;
               [pic]– пойыздың жүрістік жылдамдығы;
              [pic]–пойыздардың әртүрлі уақытта келуі және маршрутты
             дайындау уақыты бойынша анықталатын жол қоспасының ұзындығы;
                [pic]–аялдамаға  дейін  тежелуге  арналған  2  минуттан  көп
жүретін
                            қажетті жол қоспасы;
               [pic]–жоспарға   және   басқа   бекеттермен   түйісуге   т.б.
қажеттіліктерге
                   байланысты жол қоспасының ұзындығы;
              [pic]–жол жабынының әртүрлі элементтері бойынша пойыздардың
                   жүріс уақытының әртүрлі болуына байланысты қосымша
                    ұзартылатын жол қоспасы.
    Телімдегі жол қоспаларының  аралығы  қажетті  өткізгіштік  қабілеттілік
бойынша анықталады
               [pic],                                                 (3.54)
мұндағы  N – телімнің қажетті өткізгіштік қабілеттілігі.
    Өспелі жүк айналымы бар жерлердегі жол қоспаларының арақашықтығы
                     [pic],                                           (3.55)
мұндағы [pic]– қосжолды жол қоспасы бар телімнің әуелгі талап етілген
                        өткізгіштік қабілеттілігі;
               [pic]– қажетті өткізгіштік қабілеттіліктің жылдық өсімі;
               [pic]–қосжолды жол қоспасын пайдалану мерзімі.
    Пойыздарды тоқтаусыз қиылыстыруға арналған  қосжолды  жол  қоспаларының
бірқаьар кемшіліктері де бар: жоларалықтардағы бұрмалы  бағыттама  жұмысының
күрделілігі; әрбір  жоларалықтағы  қозғалыс  керегенін  орындауға  қойылатын
талаптардың қатаңдығы т.б.  Алайда көптеген кеишіліктер осы  жол  қоспаларын
тікелей ұзарту арқылы қалпына келтіріледі.
    Жол телімінің өткізгіштік қабілеттілігін арттыруға арналған  шаралардың
бірі – жол төсемін жақсарту. Бұл шара  көлемді  қаржыны  қажет  ететіндіктен
сирек қолданылады. Жол төсемін,  яғни  оның  еңіс-дөңестігін  ретке  келтіру
пойыздаң салмағын  арттыру  және  итергіш  локомотивті  пайдалануды  тоқтату
арқылы өткізгіштік  қабілеттілікті  арттыруға  мүмкіншілік  береді.   Жолдың
көлбеу   бетінің   дөңестігін   1   0/00    дейін   төмендету    өткізгіштік
қабілеттілікті 6-10 ( арттыруға мүмкіншілік береді.


    Ұсынылатын әдебиеттер:
     1.  И.Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и задачах.  –
М.: Транспорт, 1990. – 232с.
    2. А.М. Макарочкин, Ю.В. Дьяков. Использование  и  развитие  пропускной
способности железных дорог. – М.: Транспорт, 1981. – 287с.
     3. Т.К. Балгабеков. Выбор системы мер увеличения пропускной и провозной
способности  железнодорожных  линий.  Методические  указание  к   выполнению
курсового проекта. Караганда: КарГТУ, 2000. 28с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (15- тақырып)  [7,8,9]
    Өткізгіштік қабілеттілікті  арттыруға  арналған  қайта  құру  шаралары.
Өткізгіштік   қабілеттілікті   арттыруға   арналған   техникалық-ұйымдастыру
шаралары  – 6  сағат.
    1. Жеке бекет ашудың маңыздылығын есептеу;
    2. Теміржол желісінің  өткізгіштік  және  тасымалдау  қабілеттіліктерін
арттыратын тиімді шаралардың тізімі;


    Ескерту  –  квадрат  жақшалардың  ішінде    СДЖ  бойынша  тапсырмаларды
орындау  үшін   ұсынылатын   әдебиеттер   тізімі   көрсетілген.   Ұсынылатын
әдебиеттер тізімі  1.9 және 1.10 бөлімдерінде көрсетілген.
4  Практикалық  (семинарлық)  сабақтарды  орындауға   арналған   әдістемелік
нұсқаулар




    1-тақырып.  Тартым жолдарындағы айлалық жұмыстардың негізгі  теориялары
(5 сағат).


    Практикалық  сабақтың жоспары:
    1. Тартым жолдарында орындалатын жұмыс айласы;
    2.  Тартым жолдарында жасалатын  жұмыс айласының теориясы;
    3. Тартым жолдарындағы жұмыс айласына қажетті есептер шығару.


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1. Методические указания по расчету норм времени на маневровые  работы,
выполняемые на железнодорожном транспорте. Утв. МПС  РФ.  –  М.:  Транспорт,
1998. – 84с.
    2. Кочнев  Ф.П.,  Сотников  И.Б.  Управление  эксплуатационной  работой
железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [1, 2, 7]
    1. Сұрыптау және жүктік  стансалардағы тартым жолының маңызы
    2. Тартым жолдарын тиімді пайдалану жолдары




    2-тақырып.  Станса жолдарында жасалынатын айлылық  жұмыстардың  уақытын
шама-шарттау (5 сағат).


    Практикалық  сабақтың жоспары:
    1. Айлалық жұмыстарға жұмсалатын уақыт шамаларын есептеу;
    2.  Айлалық жұмыстарға жұмсалатын уақытты қысқартудың жолдары;
    3. Айлалық жұмыстар кезіндегі жүріс жылдамдықтары.


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1. Методические указания по расчету норм времени на маневровые  работы,
выполняемые на железнодорожном транспорте. Утв. МПС  РФ.  –  М.:  Транспорт,
1998. – 84с.
    2. Кочнев  Ф.П.,  Сотников  И.Б.  Управление  эксплуатационной  работой
железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.
    3. И.Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и  задачах.  –
М.: Транспорт, 1990. – 232с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (2-тақырып) [1, 2, 7]
    1. Айлалық жұмыстардың схемалық сызбаларын сызу
    2.  Айлалық жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдары
    3-тақырып.  Тартым жолдарында құраманы құрастыру (5 сағат).


    Практикалық  сабақтың жоспары:
    1. Жылжымалы құраманы құрастыру кезіндегі ережелер;
    2.  Құрамыны құрастыру жұмыстарының уақыт шамалары;
    3.  Әртүрлі жағдайдағы стансаларда құраманы құрастыруға қатысты
          есептер  шығару


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1. Методические указания по расчету норм времени на маневровые  работы,
выполняемые на железнодорожном транспорте. Утв. МПС  РФ.  –  М.:  Транспорт,
1998. – 84с.
    2. Кочнев  Ф.П.,  Сотников  И.Б.  Управление  эксплуатационной  работой
железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.
    3. И.Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и  задачах.  –
М.: Транспорт, 1990. – 232с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (3-тақырып) [2, 3,8]
    1.  Пойыз түрлерін құрастырудағы сақталынатын шарттар.
    2.  Жанама долдардың атқаратын қызметі.




    4-тақырып.  Жылжымалы құрамаларды немесе вагон топтамаларын бір парктен
екінші паркке ауыстыру (5 сағат).


    Практикалық  сабақтың жоспары:
    1. Стансадығы жол парктерінің түрлері және олардың қызметі;
    2. Сұрыптау паркі және оның  атқаратын рөлі;
    3.  Жол паркінде атқарылатын жұмыстарға қатысты есептер шығару


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1. Кочнев  Ф.П.,  Сотников  И.Б.  Управление  эксплуатационной  работой
железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.
    2. И.Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и  задачах.  –
М.: Транспорт, 1990. – 232с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (4-тақырып) [2, 6, 8]
    1.  Қабылдап-жөнелту паркінде атқарылатын жұмыстар.
    2.  Транзитті пойыздарды қабылдап - жөнелту және өткізу тәртібі..


    5-тақырып.  Вагондарды тиеп-түсіру бекеттеріне беру және жинап алу және
олардың есептеулері  (5 сағат).


    Практикалық  сабақтың жоспары:
    1. Жүк шептерін жобалау есептемелерін жасау;
    2. Вагондарды тиеп-түсіру бекеттеріне беру және жинап алу уақыттарын
       есептеу;
    3.  Жүк шептерінде вагондардың бос тұрып қалуын азайту жолдары.


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1.Т.К. Балгабеков. Управление эксплуатационной  работой  и  организация
перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.
    2. Кочнев  Ф.П.,  Сотников  И.Б.  Управление  эксплуатационной  работой
железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.
    3. И.Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и  задачах.  –
М.: Транспорт, 1990. – 232с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (5-тақырып) [2, 6, 8]
    1.  Жүк шептерінің жұмысын механикаландыру мен автоматтандырудың
бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері.
    2.  Тиеп-түсіру құырлғаларының түрлері және жаңа үлгілері.




    6-тақырып.  Сұрыптау дөңесі арқылы пойыздарды  құрастыру  және  тарқату
уақытның шамаларын есептеу және сұрыптау дөңесі  жоқ  стансалардағы  жұмысты
ұйымдастыру тәсілі  (5 сағат).


    Практикалық  сабақтың жоспары:
    1. Сұрыптау дөңесі арқылы вагон ағытпаларын жіберу реті;
    2. Сұрыптау дөңесінің түрлері және атқарылатын жұмыс көлеміне
        байланысты қажетті дөңес түрін есептеу;
    3.  Сұрыптау дөңесі бар және жоқ стансаларда пойыздарды құрастыру
         және тарқату уақытның     шамаларын есептеу.


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1.Типовой технологический процесс работы сортировочной станции.  –  М.:
Транспорт, 1983. – 206с.
    2.Автоматизированные диспетчерские центры  управления  эксплуатационной
работой железных дорог / Под ред. П.С. Грунтова. –   М.:Транспорт,  1990.  –
288с.
    3. И.Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и  задачах.  –
М.: Транспорт, 1990. – 232с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (6-тақырып) [2, 6, 8]
    1.  Жұмыс көлеміне байланысты сұрыптау дөңесінің түрін анықтау.
    2.  Сұрыптау паркін автоматтандыру мен механикаландырудың маңызы.
    3. Сұрыптау дөңесі жоқ стансалардағы жұмысты жетілдіру жолдары.
5 Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



    №1  зертханалық   жұмыс.    Автоматтандырылған   блокировка   кезіндегі
пойыздардың қозғалысы   (3 сағат).



    Жұмысты орындау тәртібі:
    1. Автоматтандырылған блокировкамен жабдықталған жоларылықтар жұмысымен
танысу;
    2.  Автоматтандырылған  блокировкалы  жоларылықтағы  пойыздардың  жүріс
тәртібі мен пойыз және станса қызметкерлерінің міндеттерін үйрену;
    3. Автоматтандырылған блокировка кезінде пойыздарды қабылдап-жөнелту
ережелерімен танысу.


    Бақылау сұрақтары:
    1. Автоматтандырылған блокировка кезінде жоларалыққа кіру тәртібі?
    2.  Автоматтандырылған  блокировка   жұмыс   істемей   қалған   кездегі
пойыздардың қозғалысы қалай жүзеге асады?
    3. Автоматтандырылған блокировканың  жұмыс  істемей  қалуын  көрсететін
жағдайлар қандай?


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1. Эксплуатация железных дорог /  Под  ред.  В.М.  Акулиничева  и  В.В.
Повороженко. – М.: Транспорт, 1982. – 382с.
    2. Ф.С. Гоманков. Технология и организация перевозок на железнодорожном
транспорте: Учебник. – М.: Транспорт, 1994. – 209с


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2, 7]
    1.   «ҚТЖ»   ҰК   АҚ   пойыздарды   қабылдап-жөнелтуге   қатысты   жаңа
нұсқаулықтарын оқу.
    2.  Жоларалықтарды автоматтандырылған блокировкамен жабдықтау
барысындағы өткізгіштік қабілеттіліктің артуы.









    №2  зертханалық   жұмыс.    Жартылай    автоматтандырылған   блокировка
кезіндегі пойыздардың қозғалысы, пойыздарды қабылдап-жөнелту  (3 сағат).



    Жұмысты орындау тәртібі:
    1.    Жартылай    автоматтандырылған     блокировкамен     жабдықталған
жоларылықтардағы пойыздардың  жүріс тәртібімен танысу;
    2. Блок-қосыны бар жоларалықтардың жұмысы;
    3. Автоматтандырылған блокировка кезінде пойыздарды қабылдап-жөнелту
ережелерімен танысу.
    Бақылау сұрақтары:
    1. Жартылай автоматтандырылған блокировкалы бір жолды телімде  пойыздар
қандай тәртіппен қозғалады?
    2.  Бөгеліп  қалған  пойызды  жөнелту  кезіндегі  станса   кезекшісінің
міндеті?
    3. Блок-қосындар қандай жоларалықтарда болады?


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1. Эксплуатация железных дорог / Под ред. В.М. Акулиничева и В.В.
Повороженко. – М.: Транспорт, 1982. – 382с.
    2. З.С. Бекжанов. Теміржолтану  негіздері:  Оқулық.  –  Алматы:  Тамыр,
1995. – 320б.
    3. Ф.С. Гоманков. Технология и организация перевозок на железнодорожном
транспорте: Учебник. – М.: Транспорт, 1994. – 209с


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2, 7]
    1.   «ҚТЖ»   ҰК   АҚ   пойыздарды   қабылдап-жөнелтуге   қатысты   жаңа
нұсқаулықтарын оқып меңгеру.
    2.  Жартылай  автоматтандырылған блокировкалы жоларалықтағы қауіпсіздік
ережелерін оқып білу.



    №3 зертханалық жұмыс.  Телефонды байланыс құралы кезіндегі  пойыздардың
қозғалысы  (3 сағат).



    Жұмысты орындау тәртібі:
    1. Телефонды байланыс кезіндегі жұмыс жүйесімен танысыу;
    2. Пойыздық телефонограмма журналын толтыруды үйрену;
    3. Біржолды және қосжолды жол телімдерінде пойыздық телефонограммаларды
толтыру формаларын меңгеру .


    Бақылау сұрақтары:
    1. Пойыздық телефонограмма журналы қандай тәртіппен толтырылады?
    2. Пойыздық телефонограмма журналын толтыру, оның формалары?


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1.  Заглядимов  Д.П.,  Петров  А.П.  и  др.  Организация  движения   на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.
    2.Т.К. Балгабеков. Управление эксплуатационной  работой  и  организация
перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2, 3, 7]
    1. «ҚТЖ» ҰК АҚ бекіткен байланыс жүйесіне қатысты  жаңа нұсқаулықтармен
танысу.
    2.  Ақпараттық желілік жүйенің қолданылуы мен тиімділігі.

    №4 зертханалық жұмыс.  Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған  жол
теліміндегі пойыздардың қозғалысы (4 сағат).



    Жұмысты орындау тәртібі:
    1. Диспетчерлік орталықтандыру кезіндегі пойыздардың жүрісін реттеу;
    2. Пойыздарды қабылдап-жөнелту және айлалық жұмыстар жасау;
    3. Диспетчерлік орталықтандыру жүйесі істен шыққан кездегі  пойыздардың
жүрісін және стансадағы жұмысты басқару.


    Бақылау сұрақтары:
    1. Диспетчерлік орталықтандыру жүйесі кезінде бұрмалы бағыттамалар  мен
белгілерді беру қалай жүзеге асады?
    2. Диспетчерлік орталықтандыруда жергілікті басқару дегеніміз не?
    3. Диспетчерлік  орталықтандыру  жүйесі  істен  шыққан  кездегі  қандай
шаралар атқарылады?


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1.Кочнев  Ф.П.,  Сотников  И.Б.  Управление  эксплуатационной   работой
железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.
    2.Заглядимов  Д.П.,  Петров  А.П.  и  др.   Организация   движения   на
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.
    3.  А.К.  Угрюмов,  Г.М.  Грошев,  В.А.   Кудрявцев,   Г.А.   Платонов.
Оперативное  управление  движением  на  железнодорожном  транспорте.  –  М.:
Транспорт, 1983. – 240с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2, 3, 8]
    1.Диспетчерлік орталықтандыру жүйесінің қазіргі заманғы озық үлгілері.
    2.Диспетчерлік  орталықтандыру  жүйесінің  жол  телімінің   өткізгіштік
қабілеттілігіне тигізетін әсері.









    №5 зертханалық жұмыс.  Барлық байланыс құрылғылары істен шыққан кездегі
 пойыздардың қозғалыс тәртібі  (3 сағат).



    Жұмысты орындау тәртібі:
    1.  Барлық  байланыс  құрылғылары  істен   шыққан   кезде   пойыздардың
жоларлықтарға және стансаларға өту ретімен танысу;
    2. Біржолды жол теліміндегі қозғалыс тәртібін үйрену;
    3. Қосжолды жол теліміндегі қозғалыс тәртібін үйрену.


   Бақылау сұрақтары:
   1. Барлық байланыс құрылғылары істен шыққан кездегі атқарылатын  алғашқы
қауіпсіздік шаралары?
   2. Қандай пойыздарды жөнелтуге болмайды?
   3. Біржолды  және  қосжолды  жол  телімінде  пойыздар  қандай  тәртіппен
қозғалады?


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1.  Управление  эксплутационной  работой  и  качеством   перевозок   на
железнодорожном транспорте / Под  ред.  П.С.  Грунтова.   –  М.:  Транспорт,
1994. – 544с.
    2.  А.К.  Угрюмов,  Г.М.  Грошев,  В.А.   Кудрявцев,   Г.А.   Платонов.
Оперативное  управление  движением  на  железнодорожном  транспорте.  –  М.:
Транспорт, 1983. – 240с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [3, 5, 8]
    1. Қазіргі заманғы байланыс  құрылғылары.
    2.  Байланыс құрылғылары істен шыққан  кездегі  қауіпсіздікті  сақтауға
арналған нұсқаулықтармен танысу.





    №6 зертханалық жұмыс.  Пойыздарды қабылдап–жөнелту (4 сағат).



    Жұмысты орындау тәртібі:
    1. Стансаның техникалық тарқару актісі;
    2. Пойыздарды қабылдап-жөнелту тәртібін меңгеру;
    3. Пойыздарды қабылдап-жөнелту кезіндегі станса кезекшісінің және басқа
қызметкерлердің міндеттерін үйрену.


    Бақылау сұрақтары:
    1. Стансаның техникалық тарқару актісі дегеніміз не?
    2. Станса кезекшісінің негізгі міндеттері?
    3. Электрлік орталықтандыру жүйесі дегенміз  не?


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1. З.С. Бекжанов. Теміржолтану  негіздері:  Оқулық.  –  Алматы:  Тамыр,
1995. – 320б.
    2.  А.К.  Угрюмов,  Г.М.  Грошев,  В.А.   Кудрявцев,   Г.А.   Платонов.
Оперативное  управление  движением  на  железнодорожном  транспорте.  –  М.:
Транспорт, 1983. – 240с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [2, 3, 5]
    1. «ҚТЖ» ҰК АҚ бекіткен нұсқаулықтарды оқып меңгеру.
    2.  Стансаның  негізгі қызметкерлерінің міндеттері..



    №7 зертханалық жұмыс.  Теміржол жолдарында  және  ғимараттарында  жұмыс
жасау кезінде шаруашылық пойыздарының және  өздігінен  жүретін  құрамалардың
қозғалысы (3 сағат).



    Жұмысты орындау тәртібі:
    1. Пойыздардың қозғалыс тәртібі және қызметкерлердің міндеттері;
    2. Қос жолды автоматтандырылған блокировкалы жолдағы олардың қозғалыс
тәртіптерін  үйрену.


    Бақылау сұрақтары:
    1. Жоларалықты жабу қандай тәртіппен жүзеге асады?
    2. Жоларалықтағы жұмыс уақытының ұзақтығы қалай белгіленеді?


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1. Т.К. Балгабеков. Управление эксплуатационной работой  и  организация
перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.
    2.  Управление  эксплутационной  работой  и  качеством   перевозок   на
железнодорожном транспорте / Под  ред.  П.С.  Грунтова.   –  М.:  Транспорт,
1994. – 544с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2, 7]
    1. «ҚТЖ» ҰК АҚ бекіткен Техникалық пайдалану ережелерінің осы тақырыпқа
қатысты тармақтарын жазып алу.
    2.  Жоларалықты уақытша жабудың қозғалыс керегеніне ықпалы.




    №8 зертханалық жұмыс.  Қалпына келтіргіш,  өрт  сөндіргіш  пойыздардың,
өздігінен   жүретін   арнайы    жылжымалы    құрамалардың    және    көмекші
локомотивтердің қозғалысы (3 сағат).


    Жұмысты орындау тәртібі:
    1. Қалпына келтіргіш,  өрт  сөндіргіш  пойыздардың,  өздігінен  жүретін
арнайы жылжымалы құрамалардың және көмекші локомотивтердің  жұмыс  кезіндегі
жоларалықтардағы қозғалыс тәртібін меңгеру;
    2. Аталған құрамалардың атқаратын негізгі қызметтерімен танысу.


    Бақылау сұрақтары:
    1. Қалпына келтіргіш, өрт сөндіргіш пойыздарды шақыру хабарында  қандай
мәліметтер көрсетілуі керек?
    2. Жоларалықтап тоқтап қалған пойызға қандай шаралар қолданылады?


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1. Эксплуатация железных дорог / Под ред. В.М. Акулиничева и В.В.
Повороженко. – М.: Транспорт, 1982. – 382с.
    2. Т.К. Балгабеков. Управление эксплуатационной работой  и  организация
перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.
    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [4, 5, 7]
    1. «ҚТЖ» ҰК АҚ бекіткен Техникалық пайдалану ережелерінің осы тақырыпқа
қатысты тармақтарын жазып алу
    2.  Қалпына келтіргіш, өрт  сөндіргіш  пойыздардың,  өздігінен  жүретін
арнайы жылжымалы құрамалардың  және  көмекші  локомотивтердің  түрлері  және
олардың техникалық сипаттамалары.









    №9 зертханалық жұмыс.  Стансадағы айлалық жұмыстар (4 сағат).



    Жұмысты орындау тәртібі:
    1. Айлалық жұмысты жасау ережелерімен танысу;
    2.   Айлалық  жұмыстарға    жетекшілік   жасау,   жұмысқа   қатынасатын
жұмысшылардың міндеттері және байланыс құрылғыларын білу;
    3.  Жылжымалы құраманы станса жолында қоюдың және оны  бекітудің  шама-
шарттарын есептеуді меңгеру.


    Бақылау сұрақтары:
    1. Айлалық жұмыстарға кім жетекшілік жасайды және жұмыс айлалары кімнің
бұйрығымен жүзеге асады?
    2. Құрамаларды жолға қойып табантіректермен бекіту қалай есептеледі?
    3. Қандай жағдайларда құрамаларды бекітуге арналған табантіректер  саны
арттырылады?


    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1. Т.К. Балгабеков. Управление эксплуатационной работой  и  организация
перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.
    2. Методические указания по расчету норм времени на маневровые  работы,
выполняемые на железнодорожном транспорте. Утв. МПС  РФ.  –  М.:  Транспорт,
1998. – 84с.


    СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [3,5, 8]
    1. «ҚТЖ» ҰК АҚ бекіткен Техникалық пайдалану ережелерінің осы тақырыпқа
қатысты тармақтарын жазып алу
    2.  Айлалық жұмыстарды жасау барысындағы қауіпсіздік ережелері.
Пәндер