Файл қосу
Орманды отырғызу
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК |ПОӘК | | | |042-18.21.1.53/03. 2014 | |ПОӘК |басылым | | |«Екпе ормандары» пәніне | | | |арналған оқу-әдістемелік | | | |материалдар. | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В080700 «Орманшылық және орман ресурстары» мамандығына арналған «Екпе ормандары» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ –2014 |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.53./03-2013 | | | 1 Дәріс. Тақырыбы: Екпе орман жұмысының теориялық негізі Дәрістің мақсаты мен міндеті: орман өсетін аумақты аудандастыру принциптерін меңгеру, Қазақстанның орман өсетін аймақтарын оқып-үйрену Дәрістің жоспары: Кіріспе 1. Екпе орман ісінің тарихы 2. Екпе орман ісінің жағдайы, міндеті және болашағы 3. Орман өсетін аумақтарды аудандастыру «Екпе ормандар» пәні орман өсіру мен екпелерді құрудың теориялық негізі мен технологиясын қарастырады. 1. Екпе орман ісінің тарихы. Қазақстанда ең алғашқы екпе орман құру жұмысы М.К.Савичтің жетекшілігімен 1881 жылы Батыс Қазақстанда Орал дала орманшылығы ұйымдастырылды. Орал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым қашықтықта аумағы 800га болатын Краснов орман саяжайы құрылып, ол жерде кәдімгі және жатаған шегіршін, жасыл және кәдімгі шаған, қотыр қайың, кәдімгі емен және үшкір жапырақты үйеңкі өсірілді. 2. Екпе орман ісінің жағдайы, міндеті және болашағы. Екпе орман ісінің негізгі міндеті ағаш кесу мен екпе орман құру жұмысының арасын теңестіру болып табылады. Қазақстанда жыл сайын 80 мың га орман қайта қалпына келтірілді, соның ішінде 70 мың га екпе орман отырғызу жұмысы жүргізілген. Біздің елімізде бүгінгі күнде орман қоры азайды, сондықтан орманды қайта қалпына келтіру мен қайта жаңарту жұмысын ұлғайту керек. Екпе орман жұмысының негізгі міндеті орман заңнамаларының негізінде құру: • ағашы кесілген және өртенген ормандарды қайта қалпына келтіру мерзімін қысқарту, ағаш кесу және екпе орман отырғызу аралығын қысқарту; • орманды қалпына келтіруде шаруашылық-бағалы түрлерге ауыстыру; • аз орманды аудандардың ормандылығын көбейту, қолайсыз жерлерде орман өсіру және т.б.; • санитарлы-гигиеналық, қорғаныш және әсемдік-эстетикалық сапаны пайдалану мүмкіндігін кеңейту. 3. Орман өсетін аумақтарды аудандастыру. Аудандастыру – бұл біртекті емес топырақтық-климаттық жағдайдағы аумақты біртекті аймақтарға, аймақшаларға, топырақтық-климаттық |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.53./03-2013 | | | жағдайлары бірдей аудандарға бөліп және анықталған екпе ормандар типіне қолдану талаптарын белгілеу (МЕСТ 17559-82). Аудандастыру екпе орман түрлеріне ағаш ассортименттерін дұрыс таңдауға, агротехникасын анықтауға және т.б. мүмкіндік береді. Аудандастырудың маңызы – аудандар түрлердің құрамын нақтылап және шаруашылық шараларының жиынтығын белгілейді. Табиғи-геоботаникалық аудандастыру барлық арнайы аудандастырудың – орман өсетін, топырақтық, геоморфологиялық, гидрологиялық және т.б. негізі болып табылады. Қазіргі уақытта бұрынғы одақтық елдер аумағында С.Ф.Курнаевтың (1973) орман өсуді аудандастыру сүлбесі қолданылады. Қазақстан территориясының климаттық және топырақтық жағдайын есептеп, 6 орман өсетін аймаққа бөлген: 1 Орманды дала аймағының ормандары 2 Дала аймағының ормандары: ✓ дала қайыңдары және көктеректің шоқ ормандары; ✓ Ертіс маңының құмдауыттағы қарағайдың жолақ ормандары; ✓ Қостанай облысындағы құмдағы қарағайдың арал ормандары; ✓ Ұсақ шоқылы аймақтағы қарағай ормандары; ✓ өзен бойындағы ормандар. 3 Шөлді аймақтың ормандары. 4 Алтай және Сауырдың таулы ормандары 5 Солтүстік Тянь-Шаньнің таулы ормандары 6 Батыс Тянь-Шаньнің таулы ормандары Қазақстанды орман өсетін аймақтарға бөлу жұмысының негізін М.В.Гудочкиннің және П.С.Чабаннің (1958), А.Н.Протасовтың (1965) еңбектерінде берілген. Негізгі және қосымша әдебиеттер 1. Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В. Лесные культуры. «Лесная промышленность», Москва, 1980ж. 2. Новосельцева А.И., Родин А.Р. Справочник по лесным культурам. Москва: «Лесная промышленность», 1984ж. 3. Протасов А.Н. Типы лесных культур Казахстана. Алматы, 1965ж. 4. Гудочкин М.Г., Чабан П.С. Леса Казахстана. Алматы, Казгосиздат, 1958ж. 5. Байзаков С.Б. және т.б. Лесные культуры Казахстана. Алматы, «Агроуниверситет», 2 кітап., 2007ж. |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.53./03-2013 | | | 2 Дәріс. Тақырыбы: Орман типологиясы және өсу жағдайларының типі Дәрістің мақсаты мен міндеті: ағаш түрлерінің өсу жағдайының типін меңгеру, өсірілетін екпе ағаштың құрамын анықтау, ағаш түрлерінің өзара ықпалы Дәрістің жоспары: 1. Орман типологиясы және өсу жағдайларының типі 2. Ағаш түрлерінің өзара ықпалының заңдылықтары 1 Орман типологиясы және өсу жағдайларының типі. Екпе орман жұмысын жобалау мен аудандастыруда орман өсетін аймақ, аймақша, ауданның экологиялық негізі орман типологиясы болып табылады. Г.Ф.Морозов бойынша, орман екпе ағашының типі түсінігіне ағаш түрлерінің құрамы, өсу жағдайлары мен екпе ағаштың формасы біртекті, орман учаскесі жатады. Орман типологиясында 3 негізгі бағыт бар: 1. Сукачевтің геоботаникалық мектебі; 2. Алексеев-Погребняктің орманшылық-экологиялық мектебі; 3. Колесниковтың типтерді генетикалық жіктеуі Учаскені жалпы экологиялық бағалау, жасанды орманды қайта жаңарту, өсу жағдайларының типін анықтау үшін ең ыңғайлысы Е.В.Алексеев - П.С.Погребняктың жіктеуі (кесте 1). Жіктеуде топырақтың негізгі екі қасиеті – топырақ құнарлылығы мен ылғалдылығы ескеріледі. Бұл екі координаттар орман учаскесінің топырағының эдафикалық негізін құрып, топырақты жіктеуді жүйелейді. Кесте 1 - Е.В.Алексеев – П.С.Погребняк бойынша өсу жағдайларының типін жіктеу сүлбесі |Гигротоптар |Трофотоптар | | |А-борлар |В-суборлар |С-сугрудкалар |Д-грудылар | |0 – өте құрғақ |А0 |В0 |С0 |Д0 | |1 – құрғақ |А1 |В1 |С1 |Д1 | |2–жаңа құрылымды |А2 |В2 |С2 |Д2 | |3 – ылғалды |А3 |В3 |С3 |Д3 | |4 – дымқыл |А4 |В4 |С4 |Д4 | |5 – сулы |А5 |В5 |С5 |Д5 | |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.05./03-2013 | | | Өсу жағдайларының типі жіктеуін (эдатоптар) Қазақстанның орманды дала және дала аймақтарында, ұсақ шоқылы аймақтағы орманды және ормансыз тегіс жерлерде қолдануға болады. Гигротоптар мен трофотоптар қатарының қиылысуы эдатопты құрайды (эдафикалық немесе топырақ орны), бұл учаскенің типі. Эдатоптың атауы трофотоптар мен гигротоптардың атауына сәйкес құрылады. Мысалы: А0 – өте құрғақ бор, В2 – жаңа құрылымды субор және т.б. 2 Орман екпе ағашындағы ағаш және бұта түрлерінің өзара ықпалы. Екпе орман жұмысындағы ең басты сұрақтардың бірі түр аралық және түр ішіндегі өзара ықпалын ескере отырып ағаш түрлерін таңдау мен араластыру. Жасанды орман екпе ағашын өсіру кезінде ағаш түрлерінің бір-біріне биохимиялық әсерін (аллелопатиялық) ескермеуге болмайды. Өсімдіктер даму үрдісі кезінде қоршаған ортаға өміршең өнімдерді, органикалық заттар мен фитонцидтерді бөледі. Бұл заттар түрлері мен концентрациясына байланысты бірге өскен өсімдіктердің өмір үрдісін белсендіруі немесе тежеуі мүмкін. Мысалы, қарағай және қайың ағаштарын қатарлап араластыру бір-біріне кері ықпалын тигізеді. Өйткені қайың күн сүйгіш қарағайды көлеңкелейді, сонымен бірге қайың фитонцидтері қарағайға кері ықпалын тигізіп, осының әсерінен қарағайдың өсуі мен дамуы баяулайды. Екпе орман құру кезінде араластырып өсірілетін түрлердің тамыр жүйелерінің өзара әсері сипатын міндетті түрде ескеру қажет. Өйткені араластырып отырғызған ағаштардың тамыр жүйелері бір-бірінің таралу аймағында орналасып, басты ағаш түрінің тамыр жүйесі жоғары ығысып, топырақтың құнарлы қабатында бағыттас ағаштың тамыры таралуы мүмкін. Ағаш түрлерінің өзара әсерін реттеудің негізгі екпе орман және орманшылық тәсілдері болуы мүмкін: екпелердің жиілігі; жекелеген түрлерді араластыру тәсілі; қатарлардың бағыты; күтіп-баптау үшін кесу. Негізгі және қосымша әдебиеттер 1. Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В. Лесные культуры. «Лесная промышленность», Москва, 1980ж. 2. Новосельцева А.И., Родин А.Р. Справочник по лесным культурам. Москва: «Лесная промышленность», 1984ж. 3. Протасов А.Н. Типы лесных культур Казахстана. Алматы, 1965ж. 4. Байзақов С.Б. және т.б. Лесные культуры Казахстана. Алматы, «Агроуниверситет», 2 кітап., 2007ж. |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.05./03-2013 | | | 3 Дәріс. Тақырыбы: Екпе орман қоры Дәрістің мақсаты мен міндеті: екпе орман алқаптарының негізгі категорияларын білу, екпе орман алқаптарын кезекті игеру Дәрістің жоспары: 1. Екпе орман алқаптарының категориялары 2. Екпе орман қоры категорияларының бірлестігі 3. Екпе орман қорын бірінші кезекте игеру 1. Екпе орман алқаптарының категориялары. Екпе орманға арналған алқап деп – екпе орман құруға арналған учаскені айтамыз. Шығу тегі мен жағдайы біртекті екпе орман алқаптары бір категорияны құрайды, ал категория – екпе орман қорына жатады. Екпе орман қорының аумағы Қазақстанның мемлекеттік қорының 5,8 млн.га құрайды. Екпе орман алқаптары келесі категорияларға бөлінеді: Орманмен қамтылған аумақ: орман шымылдығы аумағы; сүрекдің аумағы, бірінші кесу тәсілі жүргізілген жер; аз бағалы жапырақты жас ағаштар аумағы. Орманмен қамтылмаған аумақ: ағашы кесілген жер; құмдар, жыралар және басқа да қолайсыз жерлер; алаңқайлар, ашық жерлер, тақырлар, ашық беткейлер; ауыл шаруашылық жерлер; өртенген жерлер; сирек ормандар; ескі өңделген жерлер; гидромелиоративті қор аумағы (кептірілген батпақтар); пайдалы қазбалары қазылып алынған аумақтар; екпелері қураған аумақтар. 2. Екпе орман қоры категорияларының бірлестігі. Учаскенің нақты жағдайы мен топырақ дайындау тәсіліне байланысты барлық екпе орман алқаптары түрлері 4 топқа топтастырылған: 1. «а» - бос жерлер, ашық жерлер мен алаңдар, ауыл шаруашылығы пайдалануынан шыққан жерлер, ескі ағашы кесілген және табиғи жаңаруы жоқ жанған және қазып алынған түбірлері бар өртенген жерлер, еңістігі 60 болатын беткейлерде, топырақты жаппай өңдейміз; 2. «б» - ағашы кесілген жерлер, сирек ормандар мен жаңаруы жоқ өртенген жерлерде 1га 600 данаға дейін түбірлері бар, сонымен қатар еңістігі 6-120 аралығында болатын беткейлерде, топырақты жолақтап немесе қарықтап жарым- жартылай өңдейміз; 3. «в» - ағашы кесілген жерлер, сирек ормандар мен жаңаруы жоқ өртенген жерлерде 1га 600 данадан астам түбірлері бар, сонымен қатар еңістігі 12-200 аралығында болатын беткейлерде, топырақты алаңшалап немесе қарықтап жарым- жартылай өңдейміз; |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.05./03-2013 | | | 4. «г» - ескі ағашы кесілген немесе өртенген жерлер, басты ағаш түрлерінің жаңаруы төмен немесе төмен бағалы жұмсақ жапырақты түрлері бар немесе бұталармен зақымданған, орман астарындағы жиілігі жоғары сиретілген екпе ағаштар, басты ағаш түрінен екпе құру үшін алдын-ала дәліз жасап, содан кейін топырақты қарықтап немесе алаңшалап жарым-жартылай өңдейміз. Келтірілген екпе орман алқаптары категорияларын жіктеу, көріп отырғанымыздай екі факторға негізделген: орманның қайта жаңару үрдісінің жағдайы мен топырақ өңдеуде технологиялық мүмкіндіктің бар немесе жоқ болуында (жеке тұрған ағаштар, түбірлердің саны, беткейлер). Әрбір екпе орман қорының алқаптарында өсу жағдайының типін, сонымен бірге экономикалық мақсатын ескере отырып екпе орман жұмысының сипаты анықталады, нақтырақ: ағаш түрлерін таңдау, араластырудың типтері мен сүлбесі, өндіріс тәсілі, отырғызу немесе себу орындарын орналастыру, күтіп- баптау шаралары, және т.б. екпе орман өсіру жобасының негізінде өңделеді. 3. Екпе орман қорын бірінші кезекте игеру. Бірінші кезекте игерілетін екпе орман қорына жататындар: • жаңа кесілген қылқан жапырақты ағаш түрлері мен өртенген аумақтар, тез өсетін арамшөптермен зақымданған жерлер; • жоғары өндірісті топырақты орманмен қамтылмаған аумақтар, жоғары класты бонитетті екпе ағаш өсіруге жарамды жерлер; • елді мекендердегі жасыл аймақ учаскелері мен өзен, көл, су қоймасы, каналдар жағасы мен басқа да су жүйелері зерзаттары маңындағы тиым салынған орман жолақтары; • топырағы жел және су эрозиясынан бүлінген учаскелер; • ағашы кесілген, төмен бағалы жұмсақ жапырақты ағаштар және бұта түрлермен жаңарған учаскелер, бұл учаскелерді бағалы ағаш түрлерімен ауыстыру керек; • пайдалы қазбалары қазылып алынған және қалпын келтірілген орман өсіруге жарамды жерлер. Екпе орман қорын нақты кезекті игеру орман орналастыру және жобалы- іздестіру жұмыстары кезінде анықталады. Негізгі және қосымша әдебиеттер 1.Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В.Лесные культуры.Москва, 1980ж. 2. Новосельцева А.И., Родин А.Р.Справочник по лесным культурам.М 1984ж. 3. Байзақов С.Б. және т.б. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2 к., 2007ж. |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.05./03-2013 | | | 4-5 Дәрістер. Тақырыбы: Екпе орман құрудың әдістері мен тәсілдері Дәрістің мақсаты мен міндеті: екпе орман өндірісінің әдістерін білу, негізгі терминдер мен түсініктерді игеру Дәрістің жоспары: 1. Екпе орман өндірісіндегі әдістер мен тәсілдер 2. Алдын-ала отырғызылатын екпе ормандар 3. Шымылдық астындағы екпе ормандар 4. Ағашы кесілген және өртенген жерлердегі келесі екпелер 5. Бұрын орман өспеген аумақта орман өсіру 6. Таза және аралас екпе ормандар 7. Жаппай және жарым-жартылай отырғызылған екпе ормандар А.Н.Протасов бойынша: «Екпе ормандар типі – жекелеген басты ағаш түрлерінен жасанды екпе ағаш құру тәсілдерін, топырақ дайындау тәсілдерінің бірлестігін, түрлер құрамының біртектігін, оларды араластыру сүлбелерін, екпелердің аумағы мен жиілігіне қарай орналастыруды анықтайды». 1 Екпе орман өндірісінің әдісі мен тәсілдері. Орманның жаңаруы адамның қатысу дәрежесіне байланысты табиғи, жасанды және құрама болуы мүмкін. Орманның табиғи жаңаруы адамның қатысуынсыз жүреді. Табиғи жаңарған ормандар төзімді, тиімді, ұзақ өмір сүретін, бірақ әрқашан әр түрлі жағдайлар типінде бола бермейді. Жиі ұзақ мерзімге созылып және сирек болса да шаруашылық-бағалы түрлер салыстырмалы аз бағалы түрлерге ауысып отырады. Орманның жасанды жаңаруы тұқым себу немесе екпе орман отырғызу материалының бір түрін, яғни орман ағаш және бұта түрлерінің көшеттерін отырғызу арқылы жүргізіледі. Артықшылығы: ағаштарды отырғызу орындарын орналастырудың бірдей болуы, тез өсетін және біртекті екпелер, өндірістік бағытта болуы мен кесу жасы ерте болуында. Орманды жасанды қалпына келтірудің негізгі бағыттарына орманды ұдайы өсіру және орман өсіру жатады. |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.05./03-2013 | | | Орманды ұдайы өсіру – бұл бұрын орманмен қамтылған аумақтарда екпе орман құру. Бұндай аумақтарға ереже бойынша әр түрлі жастағы ағашы кесілген жерлер, өртенген және екпе ағашы қураған аумақтар жатады. Орман өсіру – бұрын орман өспеген аумақтарда екпе орман құру. Орманды көбейту тек қана жасанды тәсілдермен – тұқым себу немесе орманды отырғызу арқылы жүргізіледі. Орманды ұдайы өсіру тұқым себу немесе орманды отырғызумен қатар, жеке ағаш түрлерінің табиғи жаңаруын пайдалануы мүмкін. Ол құрама болуы мүмкін. Орманды ұдайы өсіру құраманың ерекше түрлеріне жас ағаштарды қайта жаңарту жатады. Мақсаты - аз бағалы ағаш және бұта түрлерін, екпе орман әдістері арқылы шаруашылық-бағалы түрлерге алмастыру. Орманды ұдайы өсіру мен орман өсіруде 4 екпе орман құру жүйесі пайдаланылуы мүмкін: • алдын-ала отырғызылатын екпе ормандар; • шымылдық астындағы екпе ормандар; • ағашы кесілген және өртенген аумақтағы келесі екпелер; • бұрын орман өспеген аумақта орман өсіру. 2. Алдын-ала отырғызылатын екпе ормандар – бұл екпелер, жақын жылдарда кесілетін, пісіп-жетілген екпе ағаштарды ауыстыру үшін құрылады. Бұндай екпелерді қалыптастыру піскен ағаштардың шымылдық астында, ал кейде пісіп келе жатқан екпе ағаштарда жүргізіледі. Қазіргі кезде алдын-ала екпелер әдісі қайың және көктеректің шымылдық астында шырша екпелерін құруда кең қолданылады. Бұл үшін шырша екпелері ағаш кесуден 3-10 жыл бұрын сеппелерді қарықтап немесе алаңшалап отырғызу арқылы құрылады. Ағаш кесу кезінде шырша екпелері 1м биіктікке жетеді. 3. Шымылдық астындағы екпе ормандар екінші, кейде үшінші жас класындағы жас және орта жастағы екпе ағаштардан құрылады. Шымылдық астындағы екпелердің өнімділігін жоғарылату, жақсарту міндетін атқарып екпе ағаштың топырақ қорғау, су сақтау, санитарлық-гигиеналық және эстетикалық қасиеттерін арттырып, өсімдіктердің аңшылық-өндірістік жемшөп базасын жақсартады. Шымылдық астындағы екпелерге көлеңкеге төзімді ағаш түрлерін таңдап алады – шырша, самырсын, жөке, емен, үйеңкі. Екпе ағаштың тығыздығы шымылдық астындағы екпелерді отырғызғанға дейін 0,6 аспауы керек. 4. Ағашы кесілген және өртенген аумақтағы келесі екпелер басты ағаш түрінің табиғи жаңаруы жоқ немесе жаңаруы өте нашар, ағашы кесілген кеспе ағашта құрылады және өсіріледі. Келесі екпелер екі типпен құрылады: жарым- жартылай – жолақтап, қарықтап, алаңшалап болса, жаппай – ағаш түбірлерінен алдын-ала тазартылған учаскелер мен ағаш және бұталы |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.05./03-2013 | | | өсімдіктерден таза аумақтар жатады. 5. Бұрын орман өспеген аумақта орман өсіру. Бұл кезде екпелер ормансыз аумақтарда – ауыл шаруашылығына жарамды жерлерде, жайылымдықтарда, ашық далада және т.б. жерлерде құрылады. Екпе орман алқабының бұл категориясы екпе орман жұмыстарындағы механизация кешенін толық қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ, бұндай алқаптарды игеру кезінде ағаш түрлерін таңдау мен өсу орны жағдайларын міндетті түрде жақсы білу керек. 6 Таза және аралас екпе ормандар. Таза екпе ормандар – бұл бір ғана ағаш немесе бұта түрінен тұратын екпелер. Оларды көбіне бір ғана ағаш түрінің өсу жағдайына сәйкес келетін аумақтарда құрады. Қазақстан жағдайында таза екпелерді мақсатты түрде келесі жағдайларда құрады: • Қостанай облысындағы құмдауытта өсетін қарағай ормандары мен Ертіс маңындағы жолақты қарағай ормандарында; • шоқ қайың ормандары аймағындағы кермекті сұр топырақ пен тұщы топырақтарда; • өзен жағалауы мен тоғай ормандарындағы аллювиальды шөгінді жыныстарда (шілік талдар); • жартылай шөп басқан құмды төмпешіктер мен шөл орманының сұр топырағы (сексеуіл); • батыс Тянь-Шань таулы ормандарындағы оңтүстік беткей экспозицияларында (пісте, бадам); • солтүстік Тянь-Шань тауларындағы шырша өсіруге жарамды орман өсу жағдайларында. Бұл жерде бағыттас түрлерді өсіру нәтиже бермейді (Шренк шыршасы); • құрғақ дала мен жартылай шөлейт аймақтардың ормандарындағы сортаң топырақтарда (жиде, жыңғыл). Бұл жағдайларда екпелер өнімді және төзімді болып келеді. Сонымен қатар таза екпелер шаруашылықты мақсатты түрде жүргізуде өсіріледі. Мысалы, қысқа уақытта сүрек алу үшін өсірілетін терек плантациялары немесе дәрі-дәрмек шикізатын алу үшін өсірілетін шырғанақ плантациялары. Аралас екпе ормандар – бұл екі немесе одан да көп ағаш немесе бұта түрінен құрылған екпелер. Олар басты және бағыттас ағаш түрлерінен тұрады, жиі бұталармен бірге өсіріледі. Аралас екпелерді өсіргенде көбінесе бір түрді басты деп алып, оның екпе ағаш құрамындағы үлесі 50% кем болмау керек. Басты ағаш түрін таңдағанда өсу орыны жағдайының оған қолайлылығы ескерілуі қажет, өйткені келешекте ол екпе ағаштың жоғарғы биіктік қабатының негізін құрап, бағалы сүрек массасын беру керек. Бағыттас ағаш басты ағаш түрінің өсуіне жақсы жағдай туғызып, екпе ағашта екінші биіктік қабатты қалыптастырады. Бағыттас ағаш түрін таңдау кезінде олардың тығыз бөрікбасты, көлеңкеге төзімді және баяу өсетін түр |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.05./03-2013 | | | болуы қажет. Екпе ормандарда бұталы өсімдіктер шөптесін өсімдіктерді азайту үшін өсіріледі. Қазақстанның солтүстігіндегі жазық жағдайында аралас екпе орман құру кезінде бұталы өсімдіктер қайыңды - қарағай екпе ағаштарының өсуін жақсартып, қарағайдың қайың орманын басуын ескертеді. 7 Жаппай және жарым - жартылай отырғызылған екпе ормандар. Жаппай отырғызылған екпе ормандар. Жаппай отырғызылған екпелерді құру кезінде себілген немесе отырғызылған ағаш түрлері аумаққа бірдей орналастырылады. Өсірілген ағаш түрінен болашақта екпе ағаш қалыптастыру қамтамасыз етіледі. Ереже бойынша, бұл екпелерді отырғызу табиғи жаңармаған ескі ағашы кесілген және ағашы тұтас өртенген және түбірлерден тазартылған, сонымен бірге орман өсіру үшін арналған учаскелерде жүргізіледі. Жаппай отырғызылған екпе ормандар құрамы, жиілігі, топырақ дайындау тәсілі, ағаш түрлерін араластыру мен орналастыру бойынша әр түрлі болады. Сонымен бірге, бұндай екпелерді құру мен күтіп-баптау жұмыстарының механикаландыру ыңғайлы болады. Жарым - жартылай отырғызылған екпе ормандар шаруашылық бағалы түрлермен табиғи жаңаруы қанағаттанарлықсыз, ағашы кесілген немесе өртенген учаскелерде құрылады. Бұл үшін, ереже бойынша, жасанды орман өсірумен бірге оның табиғи жаңаруы қатар жүргізіліп, негізінен тек қана басты ағаш түрі отырғызылса, ал бағыттас ағаш пен бұталар табиғи жаңарудан қалыптасады. Жарым-жартылай отырғызылатын екпе ормандарға арналған топырақты қарықтап, жолақтап және алаңшалап өңдейді. Жарым-жартылай отырғызылатын екпе ормандарды құру кезінде механика қолдану шектеледі. Жарым - жартылай отырғызылатын екпе ормандардың кең тараған түріне еменнің табиғи жаңаруына арналған А.П.Молчанов бойынша екпе ормандардың қатарлас дәліздігі және В.Д.Огиевский бойынша кей жерлердегі жиі екпе орман түрлерін жатқызуға болады. Екпе ормандарды қатарлас дәлізді түрде ағашы кесілген жерге 2-3- жастағы емен сеппелері әрбір 1м сайын 1га 2500 дана есебімен отырғызылады. Отырғызылған екпелерді күтіп-баптау 2-3 жылдан басталып, отырғызылған жас өсімдіктерді жарықтандырумен аяқталады. 3-ші жылы тоғысқан және қалыптасқан ені 1м жуық жаппай дәліздер пайда болады. В.Д.Огиевский бойынша кей жерлердегі жиі екпелерді кесуде екінші деңгейдегі ағаштар мен бұталардың шоғырлы жаңаруы үшін, араларында бос алаңқайлар мен алқаптар қалдырылады. Кей жерлердегі жиі екпелердің 1га кесу кезінде бос орындарға мөлшері 2х1м немесе 1,5х1,5м болатын 300-400 алаңша дайындалады. Әрбір алаңшаға 25-50 емен жаңғағы себіледі немесе 15-20 сеппе отырғызылады. 10-15 жылдан кейін биотопта сирету жүргізіліп 5 ең жақсы өскені қалдырылса, болашақта 1-2 толық дамығаны өсімдік қалады. |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.05./03-2013 | | | Негізгі және қосымша әдебиеттер 1.Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В.Лесные культуры.Москва, 1985ж. 2. Новосельцева А.И., Родин А.Р.Справочник по лесным культурам.М 1984ж. 3. Байзақов С.Б. және т.б. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2 к., 2007ж. 6 Дәріс. Тақырыбы: Орманды отырғызу және себу Дәрістің мақсаты мен міндеті: негізгі терминдер мен түсініктерді игеру, екпелерді құру принциптері Дәрістің жоспары: 1. Тұқым себу арқылы екпе ормандарды құру 2. Орманды отырғызу 3. Орманды отырғызу тәсілдері 1 Тұқым себу арқылы екпе ормандарды құру. Екпелерді тұқым себу арқылы құру тиімді әрі жұмысы аз, питомник құруды қажет етпейді, жас өсімдіктердің ауыстырылып отырғызылатын тамыр жүйесі болмағандықтан механикалық зақымданбайды. Бірақ екпелерді себу әдісі арқылы табысты өсіру бірнеше факторларға байланысты болады: • тұқымның шығу тегі мен сапасына; • топырақ дайындау сапасына; • экологиялық факторлардың бар болуы мен маңызына; • агротехникалық күтімнің жиілігі мен мұқият жүргізілуіне. Өскіндер пайда болғаннан кейін, ылғал, жылу мен ауадан басқа, жас өсімдіктің өсуіне шартты түрде жарық пен топырақтағы қоректік заттар қажет. Қарағай,шырша және балқарағайдың жас өскіндеріне күн көзінің толық түсуі қауіпті болғандықтан, олар көлеңкелеуді қажет етеді. Қазақстанда екпелерді себу арқылы құру ірі тұқымды ағаш түрлеріне (емен, жаңғақ) жүргізіледі, сонымен бірге пістелер, тамыр жүйесі ауыстырып отырғызуды көтермейтін ағаштар жатады. Емен мен грек жаңғағында кіндік тамыр жүйесі жақсы дамыған. Сондықтан, олардың |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.05./03-2013 | | | екпелерін себу арқылы құру олардың биологиясына сәйкес келеді. Отырғызу кезінде тамыр жүйесін кесу кіндік тамыр жүйесінің қалыптасу тенденциясын бұзады. Шөлді жерлерде сексеуіл екпелері себу арқылы құрылады, үсіктерден қорғау үшін тұқымдар 5см дейінгі әр түрлі тереңдікте көміледі, бірақ отырғызу жұмысы да жақсы нәтиже береді. Бұл үлкен көлемді екпе орман жұмысын қажет етіп, қатаң қуаңшылық жағдайында ауыл шаруашылық техникаларымен нашар қамтамасыз етілген орман шаруашылығы мекемелеріне сексеуіл сеппелерін отырғызу қиынға тиеді. Әуеден сексеуіл тұқымдарын себу кезінде 5-7кг тұқымды аумағы 300 га кем емес учаскеге сеуіп, ұшу жолағының арақашықтығы 20-24 м болып алынады. Тұқымдарды көму жүргізілмейді. 2 Орманды отырғызу. Екпе ормандарды құруды отырғызу әдісі арқылы жүргізу себумен салыстырғанда, көп жағдайда сенімді әрі экономикалық жағынан өзін ақтайды. Отырғызудың артықшылығы сол, екпе орман отырғызылатын аумаққа жас өсімдіктер егіліп, тамыр жүйесі аз зақымдалып, топырақ қабатына терең отырғызылады. Екпеледі өсірудің отырғызу әдісі барлық орман өсетін аймақтарда жақсы нәтиже береді. Қазақстан жағдайында отырғызу әдісімен екпелерді құру барлық ағаш және бұта түрлеріне жүргізіліп, пісте, грек жаңғағы мен кәдімгі емен ағаштарын да қамтиды. Екпелерді құру кезінде әр түрлі көшет материалдары қолданылады, бірақ негізгі түр ретінде екпе орман өндірісінде сеппелер көп қолданылады: самырсын, май қарағай, шыршаның – 3-4-жылдықтары; қарағай, балқарағайдың - 2-жылдықтары; жапырақты ағаштардың – 1-2-жылдықтары. Отырғызудың жақсы мерзімі –ерте көктем. Бұл кезеңде топырақта ылғал жеткілікті болып, жаңа тамырлардың өсуі басталады. Жылы кезең ақырындап басталып, өсімдіктің физиологиялық жағдайы жақсарады. Күзде қылқанды ағаш түрлерін отырғызу жоғарғы бүршіктері жинақталғанда, ал жапырақты ағаш түрлерін жапырағы сарғайған соң отырғызады. Сеппелер мен тікпелерді топыраққа отырғызу тереңдігін белгілеу үшін егілетін ағаш түрінің ерекшелігін білу керек. Мысалы, қарағай, емен, өрік ағаштары терең отырғызуды жеңіл көтереді, ал самырсын, шырша, майқарағай, қайың, алма, алмұрт ағаштарына қиын тиеді. Емен, жаңғақ, сексеуілді себу арқылы ормансыз алаңдарда екпе құрған кезде, олардың жақсы өсуін қамтамасыз ету үшін тиімді шара ретінде табиғи екпе ағаштардан алынған топырақ микорезін енгізу болып табылады. 3 Отырғызу тәсілдері. Отырғызудың негізгі екі тәсілі қолданылады – қолмен және механикаландырылған. Қолмен отырғызу тәсілі топырақты |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.05./03-2013 | | | жарым-жартылай алаңшалап өңдегенде Колесов семсері арқылы тамыр жүйесін қысу, күрекпен, сирек Розанов бұрғысы арқылы жүргізіледі. Қазіргі кезде екпе орман өндірісінде көбіне механикаландырылған отырғызу қолданылады. Бұл үшін орман отырғызу машиналары қолданылады. Олар қолмен немесе автоматты түрде беріліспен сеппелер мен тікпелерді отырғызады (МЛУ-1А, СЛ-2М, МС-1/2, ЛМД-81, ССН-1 және ба). Негізгі және қосымша әдебиеттер 1. Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В. Лесные культуры. М., 1985ж. 2. Новосельцева А.И., Родин А.Р. Справочник по лесным культурам. М.,1984. 3. Байзаков және басқалар. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2к., 2007ж. 7-8 Дәрістер. Тақырыбы: Екпе ормандардың жиілігі Дәрістің мақсаты мен міндеті: негізгі терминдер мен түсініктерді игеру, екпелердің жиілігі мен орналастыру принциптері Дәрістің жоспары: 1. Ағаш түрлерін орналастыру мен араластыру 2. Екпе ормандардың тығыздығы 3. Қолайлы тығыздық және талаптары, екпелерге ұсынылатын тығыздықтар 4. Екпе ормандардың тығыздығына ұсыныстар 1 Ағаш түрлерін орналастыру және араластыру. Отырғызылаты және себілетін орындарды орналастыру – бұл анықталған аумаққа өсімдіктерді бөлу тәсілі, қатарлап және биотоптан болуы мүмкін. Қатарлап орналастыру ереже бойынша, екпелерді жаппай құру кезінде қолданылады. Қатарлардың арақашықтығы қатаң түрде қабылданған жобаға сәйкес орнатылады, мысалы, 1, 2, 3 м. Екпелерді биотоптап орналастырғанда отырғызу орындары топтап жасалады, әрбірінде бірнеше өсімдік өсіріледі, желекбастары тез қосылады, орман жағдайы тез қалыптасады, табиғи іріктелу интенсивті жүріп осының есебінен қолмен істелінетін күтім жұмыстары азаяды. Ағаш түрлерін араластыру сұлбасы – бұл ағаш түрлерін екпе орман алқабында орналастыру тәртібі. |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.05./03-2013 | | | Звенолап араластыру. Звенолап орналастыру кезінде биотоптар 3-5 өсімдіктен құрылады, 1 қатарда өсірілген өсімдіктердің бір-бірінен арақашықтығы жақын болады (0,3-0,5 м). Звенолар арасының қашықтығы – 3-5 м. Ағаштар мен бұталардың отырғызу немесе себу орны қатарда кезекті топтап орналастырылады. Кулисалап араластыру. Араластырылатын түрлер екпелерде жеке қатарлап емес, топты қатарлап жасалады, құрылған кулисаларда бір ағаш түрінің бірнеше қатары болады. Шахматты араластыру өте сирек қолданылады. Әдістің құрылымы сол, аумақ көлемі 10х10 м болатын шаршы торларға бөлінеді, олар шахмат тәртібімен жасалады, екі түр өсіріледі (бірі ақ торда, екіншісі – қара торда). Араластыру типтері – бұл екпелер аумағында мейілінше мақсатты түрде есеппен түрлерді орналастыру тәртібі, түр аралық бәсекелестік немесе өзара көмектің күші мен формасы. Басты түрлер араластырылады, бағыттас ағаш түрлері мен бұталар араластырылады. Араластырылатын түрлерге, қабылданатын сыртқы орта жағдайына байланысты, келесідей ажыратылады: Ағашты тип. Екпелер бір ағаш түрінен тұрады. ағашты-бұталы тип (Г.Н.Высоцкий, 1893 ж.) оңтүстіктің құрғақ дала жағдайында басты ағаш түрінің қоректік аумағын ұлғайту мақсаты сирек жүргізіледі. Қалған жерлерге бұталар отырғызылады, себебі транспирацияның аз жүруінен топырақта ылғал сақталады. Бұталардың көмегімен желекбасы қосылған орман пайда болады. Берілген араластыру типінде бұталардың міндеті шөптесін өсімдіктердің өсуін тежеу. • ағашты-көлеңкелі тип. Бұл типте бұталардың орнына көлеңкеге төзімді бағыттас ағаш түрі отырғызылады, ол топырақты көлеңкелейді, шөптесін өсімдіктердің өсуін баяулатып және сонымен бірге басты түрді «қуалап өсіп», оның жан-жағын көлеңкелейді. • ағашты-көлеңкелі-бұталы (комбинирленген) бұл тип алдыңғы екі типтен өндіріліп жасалған. Екпелердің бұл типі Қазақстанның солтүстік облыстарында қарағайлы-қайыңды екпелерді құру кезінде кеңінен тараған, бұл жерде бұта қарағайды қайың көлеңкелемеу үшін отырғызылады. 2 Екпе ормандардың тығыздығы. Екпе ормандардың тығыздығы – бұл ағаш және бұта түрінің екпе орман алқабындағы санын көрсететін бірлік. Тығыздық әр түрлі ағаштардан жасалған екпелерге, әртүрлі жастарына, арнайы мақсаттағы құрылуына, таза және аралас екпе түріне байланысты болады. Екпе ормандарға тығыздық таңдауда өсімдіктерді өсу орны жағдайының жарық және топырақ құнарлығын жоғары деңгейде пайдалануына жағдай жасау керек. Соның арқасында өсімдіктің өсуі жақсарып, аумақтағы массасы артып, сол шаруашылықтың жұмысы алға басады. |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.05./03-2013 | | | Кесте 2 – Орман отырғызатын машиналар арқылы механикаландырылған ағаш отырғызу кезіндегі 1га екпелердің тығыздығы |Қатар |Қатар арасының қашықтығына байланысты (м) 1га отырғызу орнының| |ішінің |саны | |қашықтығы,| | |м | | | |1,5 |2 |2,5 |3 | |0,5 |13400 |10000 |8000 |6600 | |0,75 |8800 |6700 |5300 |4500 | |1 |6700 |5000 |4000 |3300 | |1,5 |4500 |3300 |2700 |2200 | |2 |3300 |2500 |2000 |1700 | Тығыз және сирек алқа ағаш өсірудің артықшылығы мен кемшілігі: • тығыз отырғызу кезінде бөрікбастар ерте тоғысады, ағаштар табиғи сиретіліп өсім баяулап, теңеседі; • тығыздықтың артуынан алқа ағаштың орташа диаметрі төмендейді, ал орташа биіктік алдымен жоғарылап, артынан төмендейді; • тығыздықтың артуынан сүрек қоры алдымен жоғарылап, артынан төмендейді. Сирек алқа ағашта сүрек қоры барлық уақытта артып отырады, 30-40 жастан кейін тығыз алқа ағаштың қоры айтарлықтай артады; • аралық пайдалану тығыз алқа ағашта, сирекпен салыстырғанда анағұрлым артығырақ болады; • басты мақсатта кесу және аралық пайдалану кезінде сүрек қоры мен жалпы өндірістігі тығыз алқа ағашта сирекпен салыстырғанда артық болады, орташа 25-30 %; • сүрекдіңді сақтаудан тығыз екпелер артығырақ болғанмен, жел мен қардан зақымдалуы мен ауыруға шалдығуы жоғары деңгейде болады; • екпелерді құру және бөрікбастарының тоғысуынан кейінгі күтім (күту үшін кесу) шығындарының көлемі тығыз екпелерде әрқашан жоғары болады, ал толықтыру мен бөрікбастары қосылғанға дейінгі күтім шығындары сирек екпелерде жоғары болады. 3 Екпе ормандардың қолайлы тығыздығы келесі факторларға байланысты: • ағаш түрлерінің биологиялық және орманшылық қасиетіне (мейілінше жарық сүйетін түрлерді сирек сүрекдіңде өсіру керек, көлеңкеге төзімділерде керісінше болады; • екпелердің құрамы: таза екпелер – тығыз, аралас екпелерді сирек орналастыру керек, ағаш және бұта түрлерінің өзара ықпалын есепке алу керек; |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.05./03-2013 | | | • өсу орынының жағдайы: құрғақ және құнарсыз жерлерде тығыз, ылғалды және құнарлы жерлерде сирек орналастыру керек; • экономикалық жағдайы, өсірудің мақсаты мен режимі: күту үшін кесу кезінде сүрекдің тұтыну мен оны өткізуде – тығыз екпелер, ал керісінше жағдайда – сирек екпелер; • екпе орман алаңдарының жағдайы мен шығу тегі, сонымен бірге екпе ормандардың өндіріс әдістеріне байланысты. Тұқымнан себілген екпелер мейілінше тығыз болады, жаппай отырғызу жарым-жартылайдан тығыз болады. Екпелердің тығыздығына қойылатын жалпы талаптар: • екпелердің тығыздығы бөрікбастардың жылдам тоғысуын қамтамасыз етуі керек, мақсаты – шөптесін өсімдіктердің өсуін баяулатып, орман жағдайын қалыптастыру; • екпелердің алғашқы тығыздығын қурауын есепке ала отырып таңдау керек, мысалы 5 жаста 20-30 дан 40% дейін; • екпелердің тығыздығы ағаштың қалыпты өсуін қамтамасыз ету керек, ағаштың нәр алу аумағы, жарықтануы, бұтақтан тазалау қолайлы болуы керек. 4 Екпе ормандардың тығыздығына ұсыныстар: • орман аймағын кесу кезінде екпе ормандардың тығыздығы отырғызу кезінде 4мың.дана/га кем емес, ал құрғақ жерлерде 7-8 мың.дана/га артық болмауы керек; • екпе ормандардың жалпы тығыздығын төмендету ірі тікпелерді пайдалану кезінде 2,5-3 мың.дана/га болуы керек; • құрғақ және ылғалды борларда, биологиялық тұрғыда төзімді бөрікбастары ерте тоғысатын қарағай екпелері жоғары тығыздықта: топырақты жартылай өңдегенде 8, ал жаппай өңдегенде 10-20 мың.дана/га, ал орташа 5-13 мың.дана/га болу керек; • зауза қоңыз басқан учаскеде және тамыр сабақты арамшөп басқан учаскелерде тығыз екпелер отырғызылады, шамамен 15-20 мың.дана/га; • таулы жағдайда екпелердің тығыздығы жоғары болу керек, бөрікбастардың тоғысу мерзімін қысқартып, алқа ағаштың топырақ қорғау ролін арттырады; • нақты тапсырмалар мен жағдайға байланысты әдетте қатар арасының ені 1,5 - 3 м, ал қатар ішіндегі сеппелер арасының қашықтығы: 0,5 м; 0,75 м; 1,0 м болу керек. Ағаш түріне байланысты тығыздық: • қарағай екпелерінің тығыздығы 2,2-3,3 мың.данадан 4-8 мың.дана/га, ал оңтүстікте 10-15 мың.дана/га болу керек; (7-10); |ПОӘК |Бас.№1 |88 беттің 1 шісі | |042.18.21.1.05./03-2013 | | | • шырша екпелерінде – 2,5-3 мың.данадан 5-8 мың.дана/га (ең төменгі тығыздық сапалы көшет материалын қолданғанда және қолайлы орта жағдайында болады; (5-7); • балқарағай екпелері мейілінше өнімділік салыстырмалы сирек екпелерде болады, алғашқы қатысуы 500 - 2000 дана/га. Аралас екпелердің жалпы тығыздығы балқарағайдың қатысуымен 4-8 мың.дана/га болса, ал таза екпелерде – 2-4 мың.дана/га шамасында болу керек; (2-4); • майқарағай екпелері екпенің арнайы мақсатына байланысты өсіру ұсынылады, сирек екпелерде 500-800 дана/га, орташа тығыздықта 2-3 мың. дана/га немесе жай тығыздықта 6-8 мың.дана/га; • емен екпелері көбіне аралас құрамда өсіріледі. Еменнің қатысуы жоғары емес: еменді орманда 1-2 мың.шт/га, ал судеменде 2-3 мың.дана/га. Екпелердің жалпы тығыздығы 7-9 мың.дана/га шамасында; • терек екпелерін сирек тығыздықта өсіру ұсынылады – 400 ден 1100- 1500 дана/га аралығында ірі көшет материалын пайдалану арқылы. Негізгі және қосымша әдебиеттер 1. Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В. Лесные культуры. М., 1985. 2. Новосельцева А.И., Родин А.Р. Справочник по лесным культурам. М.,1984. 3. Байзаков и др. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2т., 2007. 9-10 Дәрістер. Тақырыбы: Екпе ормандарға топырақ өңдеу Дәрістің мақсаты мен міндеті: аймақтарға байланысты топырақ өңдеудің негіздерін игеру, топырақ өңдеудің жүйелері мен тәсілдері Дәрістің жоспары: 1. Топырақ өңдеудің теориялық негізі мен аймақтық ерекшеліктері 2. Топырақты жаппай өңдеу 3. Ауыл шаруашылығы пайдалануынан шыққан алқапты жаппай өңдеу 4. Топырақты терең өңдеу (плантажды) 5. Топырақты жарым-жартылай өңдеу 1 Топырақ өңдеудің теориялық негізі мен аймақтық ерекшеліктері. Топырақты дұрыс өңдеу оның физикалық-механикалық қасиетін жақсартып, су, ауа, оттегі мен көмірқышқыл газымен қамтамасыз етуді жоғарылатады. Сонымен қатар топырақ өңдеу арамшөптерді жоюға бағытталған. Арамшөптер екпе ормандардың ылғал мен топырақтың қоректік заттары үшін күресте басты бәсекелесі болып табылады. Екпе ормандарды құру кезінде жас өсімдіктер (сеппелер, тікпелер) қолданылады. Олардың тамыр жүйесі қалыптасқан, басты мәселе топырақ өңдеу тереңдігіне байланысты. Әрбір орман өсетін аймақта топырақ өңдеу кезінде мынаны ескеру керек: • өсу орыны жағдайларының типі, • екпе ормандар алаңшасының жағдайы мен шығу тегі, • екпе орманға қолданылатын ағаш түрінің биоэкологиялық қасиеті. Сонымен ылғалы шамадан артық аймақта топырақ өңдеу жұмысы жағдай құруға бағытталуы керек, жақсы дренаж (кәріз) жасауға, топырақтың аэрациясын жоғарылатып, оны жылумен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта екпе ормандарға топырақ дайындау барысында микрожоғарылату алаңша түрінде құрылады, жүйек немесе төмпешіктің биіктігі 30-45см етіп ылғал ағып кететіндей жасалады. Қалыпты ылғалдылықты аймақта (орманды дала) топырақ өңдеу жұмысы топырақ бетін тегістеуге бағытталады, сонымен бірге мүмкін қарықтап жыртуды микротөмендетуге құрылады. Ылғалы жеткіліксіз аймақта (дала, жартылай шөлейт және шөлді аймақ) екпе ормандарға топырақ өңдеу жұмысы ылғалды жинақтау мен сақтауға бағытталады. Бұл ауылшаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын түрлі топырақ өңдеу жүйелерін қолдану арқылы іске асырылады. Топырақ өңдеу түрін таңдау тәсілі келесі факторларға байланысты: • климаттық жағдайға; • екпе орман алаңшасының бедері жағдайына (тың және тыңайған жер, кеспе ағаш, өртең, ашық жер және т.б.); • арамшөптердің түрлік құрамына; • екпелерді отырғызу мезгіліне және т.б. Сондықтан екпе орман алаңшасының әрбір учаскесіне, олардың спецификалық ерекшелігіне байланысты, мейілінше эффективті топырақ өңдеу жүйесін қолдану керек. Топырақ өңдеудің екпе орман алаңшасының категориясына байланыстылығы: • «а» категориясы – бос жер, ашық жер, тегіс учаскелі жердің топырағын жаппай өңдеуге болады. Құмдауытты топырақтарды жаппай өңдеу жел эрозиясына әкен соқтырады; • «б» категориясы – кеспе ағаш, өртең, түбірлер саны 600 дана/га дейінгі жерлерде, топырақты жолақтап немесе қарықтап өңдейді, таулы жерлерде – жолақтап немесе террасалап жүргізіледі; • «в» категориясы – түбірлер саны 600 дана/га көп жерлерде топырақ өңдеу алаңшалап немесе қарықтап жүргізіледі; • «г» категориясы – табиғи жаңаруы әлсіз кеспе ағаштар, өскіндерді сақтау үшін топырақ алаңшалап өңделеді. Топырақты дайындауға пайдалану техникасы болуы мүмкін: • механикалық – топырақты қопсыту, өңдеуге қолданылатын механикалық құралдар және т.б.; • химиялық – топырақты қопсытпай, гербицидтермен өңдеу; • өртеу – механика қолданбай, арамшөптерді жағу арқылы; • құрама (комбинирлі) – механикалық және химиялықты қосып. 2 Топырақты жаппай өңдеу. Өсу орны жағдайына, топырақтың механикалық құрамына және шымдану дәрежесіне байланысты топырақ өңдеудің сүдігер, көктемгі жырту, қара және ерте пар жүйелері қолданылады. • Сүдігер өңдеу жүйесі жеңіл құмды және құмдауытты аз шымдалған топырақтарға қолданылады. Сонымен қатар ауылшаруашылығы пайдалануынан уақытша шыққан жерлерде, егер ол жерлер тамыр сабақты және тамыр атпалы арамшөптерден тазартылған болса. Ол келесі топырақ өңдеу жұмыстарынан тұрады: • күзде топырақты дискілі құралдармен тереңдігі 10-12см сыдыра жырту; • сыдыра жыртудан 12-15 күннен кейін топырақты тереңдігі 30 см кем емес тереңдікте сүдігер жырту; • ерте көктемде ылғал жабу мақсатында 2 ізбен тырмалау; • ағаш отырғызу алдында қопсытумен бірге тырмалау. • Көктемгі жырту жүйесі сүдігер өңдеу жүйесі секілді жеңіл құмды және құмдауытты аз шымдалған және ауылшаруашылығы пайдалануынан уақытша шыққан жерлерде қолданылады. Ол ерте көктемде топырақ жыртумен бірге ағаш отырғызу алдында қопсытумен бірге тырмалау арқылы жүргізіледі. • Қара пар жүйесі дала және жартылай шөлейт аймақтағы күшті шымданған орташа және ауыр сазды топырақтарда ылғал жинау және арамшөптермен күресу үшін қолданылады. Бұл жүйеде топырақ өңдеу келесі жұмыстардан тұрады: ✓ дискілі құралдармен топырақты 10-12см тереңдікте күзгі сыдыра жырту; ✓ 12-15 күннен соң топырақты 30 см жоғары тереңдікте сүдігер жырту; ✓ ерте көктемде ылғал жабу мақсатында 2 ізбен тырмалау; ✓ жаз бойы 3-4-мәрте қопсытумен (10-12см тереңдікте) бірге тырмалау; ✓ күзде парды 30-35 см тереңдікте сыдыра жырту; ✓ ерте көктемде ылғал жабу мақсатында 2 ізбен тырмалау; ✓ ағаш отырғызу алдында қопсытумен бірге тырмалау. • Ерте пар жүйесі алдыңғы жүйелерден айырмашылығы көктемде топырақ жырту, 3-4-мәрте қопсытумен бірге тырмалау, күзде парды қайта жырту, ерте көктемде ылғал жабу үшін тырмалау және ағаш отырғызу алдында қопсытумен бірге тырмалау. Бұл айтылған әрбір топырақ өңдеу жұмысының мақсаты, топырақ өңдеудің қара пар жүйесімен бірдей. Бұл жүйе әлсіз шымдалған механикалық құрамы жеңіл және орташа сазды топырақтарда қолданылады. 3 Ауылшаруашылығына пайдаланылған жерлерді жаппай өңдеу. Екпе орман қорында бұрын ауылшаруашылық дақылдары себілген жерлер кездесуі мүмкін. Егер екпе орман алаңшаларында топырақты жаппай өңдегенде, ол жерді арамшөптер басқан болса, барлық шаралар солармен күресуге бағытталады. Қазақстанда кең тараған тамырсабақты арамшөптерге – жатаған бидайық, жауқияқ, ақбаттауық; атпа тамырлы арамшөптерге – күлгін және сары қалуен (тікенқурай), егістік шырмауығы, сүттіген. 4 Топырақты терең өңдеу (плантажды). Екпе орман құру кезінде, әсіресе қуаңшылық жағдайда, топырақ өңдеуде арнайы терең жыртқыш (плантажды) соқаны пайдалану эффективті болады. Қазіргі заманғы плантажды соқалардың маркалары ППН-50, ППУ-50А. Олар топырақты терең жыртуға (тереңдігі 60см, алым ені 50см)мүмкіндік береді. Топырақты терең жырту кәдімгі және оңтүстіктің қара топырақтарында пайдалануға ұсынылады. Сонымен қатар Қазақстанның солтүстік облыстарындағы қоңыр топырақ типіндегі тығыз корбонатты горизонттан төмен жыртуға ұсынылады. 5 Топырақты жарым-жартылай өңдеу. Топырақты жарым-жартылай өңдеу алаңшаларда, ол жерлерде топырақты жаппай өңдеу мүмкін емес: кеспе ағаш, өртең, сирек орман, алаңшалар, жалпақ жапырақты жас жабайы шыбық және бұта өскен жерлер; тік беткейлер, құмды жерлерде, яғни, топырақты жаппай өңдеу жел эрозиясын тудыратын жерлерде қолданылады. Екпе орман тәжірибесінде топырақты жарым-жартылай өңдеудің келесі түрлері ажыратылады: қарықтап жырту, әртүрлі ендегі жолақтап, террасалап, алаңшалап және шұқырлап. Қарықтап жыртудың құрылымы екі қайырмалы соқамен іске асырылады: ПЛ-70, ПКЛ-70, ПЛП-135. Қарық ені 1,3-1,4м олардың арасының қашықтығы 4-6 м. Сеппелерді қарықтың үстіне отырғызады. Сондықтан, Қазақстан жағдайында екпе ормандарға топырақты жарым- жартылай өңдеу кезінде жолақтап немесе алаңшалап әртүрлі мөлшерде жүргізіледі. Бұл үшін келесі талаптарды сақтау керек: екпе орман учаскесінің орман өсу жағдайы нашар, құрғақ топырақты және күшті шымды болған сайын, жолақтар ені кең және алаңшалар мөлшері үлкен болуы керек. 1. Еңістігі 200 жуық тік беткейлер екпе ормандарға топырақ өңдеу терраса жасайтын машина мен әмбебап бульдозер арқылы (баспалдақ құру) жүргізіледі. Терраса ені 3,5–4м, террасалар осінің арақашықтығы тік беткейдің еңістігіне байланысты болады. Мысалы, (20-300) беткейлерде 7 ден 9м арасында ауытқиды. Терраса керісінше бағытта 4-50 еңіс болу керек. Өйткені жауын және ағынды сулар ағып кетпей, жақсы сіңу үшін. 2. Солтүстік Тянь-Шаньнің таулы ормандары еңістігі 5-60 тан 20-250 болатын тік беткейлі учаскелерде топырақ өңдеу жарым-жартылай жолақтап немесе қарықтап жырту қолданылады. Еңістігі 100 беткейлерде жолақ енін 5-6м етіп, олардың арасына ені 2-5м болатын өңделмеген жер қалдыру ұсынылады. Еңістігі 10-150 беткейлерде А.Н.Протасов және П.А.Ган жолақ енін 2,5-5,5м қысқартуды ұсынады. Олардың арасына да осы мөлшер ұсынылады. Топырақты алаңшалап дайындау, тек қана жолақтап және қарықтап өңдеу мүмкін болмаған жағдайда: кеспе ағаш, өртең, басты ағаш түрлердің табиғи жаңаруы сирек және қажетсіз ағаш түрлері мен бұталар өскен сирек ормандарда, сонымен бірге еңістігі 200 жоғары тік беткейлерде, күшті тастанған топырақтарда қолданылады. Егер басты ағаш түрінің табиғи жаңаруы жоқ механикалық құрамы нашар және жеңіл топырақтарда алаңшалар мөлшерін 0,2х0,2м, ал олардың санын 1га 5-8мың дана арасында етіп жасау ұсынылады. Ал құнарлығы жеткілікті топырақтарда алаңшалар мөлшерін 2х2м үлкейтіп, ал олардың санын 600-800 дана/га қысқарту ұсынылады. Негізгі және қосымша әдебиеттер 1. Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В. Лесные культуры. М., 1985. 2. Новосельцева А.И., Родин А.Р. Справочник по лесным культурам. М.,1984. 3. Байзаков и др. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2т., 2007. 11 Дәріс. Тақырыбы: Екпе ормандарды күтіп-баптау Дәрістің мақсаты мен міндеті: негізгі терминдер мен түсініктерді игеру, екпелерді агротехникалық және орманшылық күтіп-баптаудың қағидалары, негізгі тыңайтқыштарды енгізу мөлшерін оқытып-үйрету Дәрістің жоспары: 1. Агротехникалық күтіп-баптаулар 2. Тыңайтқыштарды енгізу және оларды енгізу ұсыныстары 3. Күтіп-баптаудың орманшылық шаралары 1 Агротехникалық күтіп-баптаулар. Екпелерді күтіп-баптаудың 2 негізгі түрі бар: агротехникалық және орманшылық. Агротехникалық күтіп-баптау – бұл арамшөптермен күресу және топырақты қопсыту; орманшылық – екпелердің құрамы мен жиілігін күтіп- баптау.Агротехникалық күтіп-баптау екпені отырғызғаннан бастап бөрікбастары қосылып және оларды орманмен қамтылған аумаққа аударғанға дейін жүргізіледі. Агротехникалық күтіп-баптауға келесі негізгі шаралар жатады: • механикалық отырғызудан кейін сеппелер мен тікпелерді қолмен түзеу, жел эрозиясынан кейін топырақ шашу және нығыздау; • топырақты қопсыту және арамшөптерді жою; • отырғызылған екпелерді көлеңкелемеу үшін арамшөптерді шабу және таптау; • арамшөптерді жою үшін топырақты гербицидтермен өңдеу. Мейілінше ұтымды әрі мұқият күтіп-баптауды негізінен алғашқы екі жылда жүргізсе, оларды отырғызған жылы ерекше жүргізу керек. Кесте 3 - Қазақстанның орман өсетін аймақтарында екпе ормандарды күтім |Екпелердің |Орман өсетін аймақтардағы күтіп-баптаудың саны | |жасы, жыл | | | |құрғақ-дала|далалы |орманды- | аралас |ну орман | | |лы | |дала |орман | | |1 |6 |5 |4 |3 |1- 2 | |2 |5 |4 |3 |2 |1- 2 | |3 |4 |3 |2 |1 |1 | |4 |3 |2 |1 |- |- | |5 |2 |1 |- |- |- | Барлығы | 20 |15 |10 |6 |3 - 4 | |Арборицидтер – бұл қажетсіз ағаш және бұта түрлерін жою немесе өсуін ығыстыру үшін қолданылатын химиялық заттар. Екпе ормандарды күтіп-баптаудың ерекше түріне оларды толықтыру жатады. Екпелерді толықтыру жұмысы Колесов семсері немесе күрекпен қолмен жүргізіледі. 2 Тыңайтқыштарды енгізу және оларды енгізу ұсыныстары. Орман екпе ағашын қоректік элементтермен қамтамасыз етуді анықтау әдістері: • Айқындылық – өсімдіктің сыртқы белгілеріне қарап анықтау: • Өсуінен айқындау, қылқандағы, жапырақтағы, қоректік элементтердің құрамына, қоректік элементтердің құрамы қолайлы жағдайда қоректену ең қолайлы шекке жетеді. • Тепе-теңдік әдісі, топырақтан өнім арқылы қоректік элементтерді шығарып алу теориясына құрылған, мысалы басты мақсатта кесуде. • Топырақты талдау бұл қоректік заттар қорының жалпы көрінісін береді. 3 Орманшылық күтіп-баптау шаралары. Орманшылық күтіп-баптауды жүргізген кезде екпе ормандардың өсу фазасын есепке алу керек. Жерсіну фазасы (алғашқы 2-3 жыл) өсімдіктің дара өсуімен сипатталады. Бұл фазада жаңа орынға отырғызылған сеппелердің жерсіну процессі жүреді, көп ағаштардың қурауы байқалады. Дара өсу фазасы (3-тен бастап 5-6жылдар), екпелердің қатар ішінде бөрікбастарының тоғыса бастауы байқалады және қатар арасында да сирек кездеседі. Тоғысу фазасы (5-6 жылдан бөрікбасы толық тоғысқанға дейін). Агротехникалық күтіп-баптау тоқтатылады, екпе ормандар орманмен қамтылған аумаққа ауыстырылады және орманшылық күтіп-баптау шараларын жүргізуге болады. Сүрекдіңнің қалыптасу фазасы Бұл фазадағы бәсекелестікті төмендету үшін күтіп-баптау үшін кесудің жарықтандыру және тазартпалы түрлерін жүргізу керек. Жарықтандыру келесі жағдайларда жүргізіледі: • жаппай егілген аралас құрамды екпелерде бағыттас түр мен бұталарды қатар бойында жекелеп кесу арқылы жүргізіледі; • жарым-жартылай отырғызылған екпелерде аз бағалы жас ағаштарды қайта жаңарту кезінде қажетсіз түрлердің бұтақтарын кесу. Тазартпалы кесу таза және аралас екпелерде отырғызу жиілігі жоғары болса, өсімдіктің нәр алу аумағын ұлғайту мақсатында жүргізіледі. Сырық ағаш фазасы. Бұл фаза қылқанды ағаштар үшін 40 жасқа дейін, ал жапырақты ағаштар үшін 20 жасқа дейін созылады. Негізгі және қосымша әдебиеттер 1.Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В.Лесные культуры.Москва, 1985ж. 2. Новосельцева А.И., Родин А.Р.Справочник по лесным культурам.М 1984ж. 3. Байзақов С.Б. және т.б. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2 к., 2007ж. 12 Дәріс. Тақырыбы: Екпе ормандарды техникалық қабылдау және түгендеу Дәрістің мақсаты мен міндеті: екпе ормандарға техникалық қабылдау жүргізуге машықтану сабақта үйренгенді тәжірибеде қолдана білу Дәрістің жоспары: 1. Екпе ормандарды жобалау 2. Техникалық қабылдау 3. Екпе ормандарды түгендеу 4. Екпе ормандарды орманмен қамтылған аумаққа ауыстыру 1 Екпе ормандарды жобалау. Келесі жылғы екпе орман отырғызуға арналған екпе орман қоры учаскесін таңдау ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін аяқталуы керек. Әрбір учаскеге орманшы екпе орман жобасын жасайды. Бұл екпе орман өндірісі жұмысындағы негізгі және маңызды құжат. Әрбір жобада мейілінше технологиялық картаны есептеу керек. Жобаны құрудағы, тексеру мен бекітудегі барлық жұмыстар ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін аяқталуы керек. 2 Екпе ормандарды техникалық қабылдау. Екпе ормандарды техникалық қабылдау жұмысын жүргізудің мақсаты – орманды отырғызу мен себу жұмыстарының нақты көлемі мен сапасын анықтау және жобаға сәйкестігі тексеру. Бұл орман отырғызу жұмысын аяқтағаннан соң 10 күннен кейін жүргізіледі. Техникалық қабылдаудың негізгі мақсаты – жобаны іске асырудың дұрыстығын тексеру және атқарылған жұмыстың көлемін анықтау. Екпелерге техникалық қабылдау жүргізу үшін орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі директорының бұйрығымен арнайы комиссия құрылады. Олардың құрамы: бас орманшы, екпе ормандар инженері, бас бухгалтер және кәсіподақ ұйымының өкілі. Орманшылықта комиссиямен жұмыс істейтіндер: берілген мемлекеттік мекеме өкілі, орманшы, орман шебері, айналымның орман күзетшісі және кәсіподақ ұйымының өкілі. Отырғызу орындарының нақты санын бақылау алаңшасын салу әдісімен анықтаймыз. Екпе ормандар аумағының мөлшері келесідей болуы керек: 3га дейін – 5 %; 4-5 га болса – 4 %; 6-10 га болса – 3 %; егер 10га жоғары болса – учаске аумағының 2 % құрауы керек. Отырғызу (себу) орындарының саны жобадан ± 5-10 % аралығында ауытқуына рұқсат етілген. Техникалық қабылдаудың нәтижесінде берілген учаскедегі екпелер жобасы келтірілген арнайы акті толтырылады. 3 Екпе ормандарды түгендеу. Екпе ормандарды түгендеу жұмысын жүргізудің мақсаты атқарылған орманды қайта қалпына келтіру жұмысының сапасы мен тиімділігін анықтау, олардың жағдайын жақсарту шараларын белгілеу. Бұл күзде 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында жүргізіледі. Екпелерді түгендеуді жүргізу үшін мекеме директордың бұйрығымен комиссия құрамы белгіленеді: бас орманшы (комиссия төрағасы), екпе ормандар инженері, бас бухгалтер, кәсіподақ ұйымының өкілі және орманшылықтағы комиссиямен бірге мемлекеттік мекеме өкілі (комиссия төрағасы), орманшы, орман шебері, екпе ормандарды қай жерде екенін айту үшін айналымның орман күзетшісі және кәсіподақ ұйымының өкілі. Бақылау алаңшасының мөлшері келесідей болу керек: аумағы 3га дейінгі екпе ормандарда – 5%; аумағы 4-5га болатын екпе ормандарда – 4%; аумағы 6- 10га болатын екпе ормандарда – 3%; аумағы 10га жоғары екпе ормандар көлемінің – 2% алуы керек. Өміршеңдігі 25 % және одан төмен екпелерді қанағаттанарлықсыз деп есептейді. Бұндай екпелерді қураған деп санап, есептен шығарады. 4 Екпе ормандарды орманмен қамтылған аумаққа ауыстыру. Екпе орманды орманмен қамтылған аумаққа ауыстыру, екпелердің дара өсу фазасы аяқталған соң іске асырылады. Екпе ормандарды орманмен қамтылған аумаққа ауыстыруда сапа бағалаудың негізгі көрсеткіштері болып табылатындар: • 1га өсімдіктер санының жеткілікті болуы мен учаскедегі басты ағаш түрінің біркелкі таралуы; • екпелердің бөрікбастарының тоғыса бастауы; • екпелердің жалпы орташа биіктігі; • соңғы жылдағы биіктікке өсуі; • екпелердің қосымша сапа белгілері жағдайы есепке алынады, өйткені топырақты күту жұмысы тоқтайды. Бақылау алаңшаларының мөлшері онда өскен 100-150 данадан кем емес басты ағаш түрі есебімен анықталады: Бақылау алаңшасында жаппай есептеу жүргізіледі, басты түрдің әрбір оныншы сеппесінің биіктігі мен ағымдағы жылдағы биіктікке өсімі өлшенеді. Бөрікбасының тоғысу дәрежесі көзбен анықталып, % белгіленеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер 1.Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В.Лесные культуры.Москва, 1985ж. 2. Новосельцева А.И., Родин А.Р.Справочник по лесным культурам.М 1984ж. 3. Байзақов С.Б. және т.б. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2 к., 2007ж. 13 Дәріс. Тақырыбы: Төмен бағалы екпе ағашты қайта жаңарту Дәрістің мақсаты мен міндеті: негізгі терминдер мен түсініктерді игеру, екпе ағаштарды қайта жаңартудың қағидалары мен олардың әдістері Дәрістің жоспары: 1. Екпе ағаштарды қайта жаңарту 2. Қайта жаңартудың тәсілдері 1. Қайта жаңартуға көбіне төмен бағалы орман екпе ағаштарын шаруашылық- бағалы түрлерге ауыстыру екпе орман құру немесе күту үшін кесу арқылы жүргізіледі (МЕСТ 17559-82). Орман екпе ағаштарын қайта жаңарту ағаш түрлері құрамын жақсарту және олардың өнімділігін жоғарылату үшін жүргізіледі. Қайта жаңартуға көбіне 5 жастағы немесе одан жоғары төмен бағалы екпе ағаштар жатады. Құрамы, толымдылығы, күтілетін пісіп-жетілу жасы, өнімділігі мен атқаратын пайдалы қызметтері бойынша орман өсу жағдайы мен орманды арнайы мақсатта өсіруге сай келмейтін учаскелер жатады. Қайта жаңарту қорына жататындар: • қажетсіз бұталар өскен, өнімді сүрекдің өсіруге жарамды учаскелер; • табиғи жаңарған жас екінші дәрежелі төмен бағалы жұмсақ жапырақты түрлер, бұлар басты ағаш түрін алмастырған; • төмен толымдылықтағы (толымдылығы 0,5 және одан төмен) немесе аз өнімді сүрекдіңді екпе ағаштар және қажетсіз түрлер өскен жасы 2 класс және одан жоғары екпе ағаштар; • көп жылдық шірік діңнен өскен балақ шыбықтар мен атпа тамырлы екпе ағаштар. 2. Қайта жаңартудың тәсілдері. Қайта жаңартылатын екпе ағаштың жағдайына, олардың түр құрамына, басты түрдің ағаш санына және олардың учаске аумағында біркелкі таралуына байланысты екпе ағаштарды жаңартудың келесі тәсілдері қолданылады: жаппай; дәлізді; шоғырлы-топты. • Жаппай тәсіл төмен бағалы екпе ағаштарды толық ауыстыру жағдайында қайта жаңарту қолданылады, мысалы, жабайы өскен бұталар. • Дәлізді тәсіл алдын-ала кесу немесе екпе ағашты дәлізді тазарту арқылы ені 3-6 метр жүргізіледі. Қалдырылған дәліздер ортасындағы жердің ені де осы шамалас болады. Дәліздер ені қайта жаңартылатын екпе ағаштың биіктігінен кем болмау керек. • Шоғырлы-топты тәсіл толымдылығы бірдей емес, құрамында басты ағаш түрі бар екпе ағаштарда қолдануға ұсынылады. Өсіп тұрған екпе ағашты қопару жүргізілмейді, ал бағалы ағаш түрлерін топырағы жарым-жартылай дайындалған ашық алаңқайларға, терезелерге шоғырлап немесе топтап отырғызады. Қайта жаңартылатын екпе ағаштарды құру үшін отырғызу материалы ретінде сеппелер мен тікпелерді қолдануға болады. Бірақ көбіне тікпелер қолдану тиімді. Қазақстан Республикасының барлық орман өсетін аймақтарындағы орман құрамында төмен бағалы екпе ағаштар кездеседі. Оларға қайта жаңарту шарасын жүргізу қажет. • Солтүстік Қазақстанның шоқ ормандары мен Қазақтың ұсақ шоқылы аймағының ормандарында (қайта жаңартудың дәлізді тәсілі) қайта жаңарту жүргізілетін алқаптар категориясына жататындар: ➢ жаңа кесілген шығу тегі қайың өскен ормандар, табиғи жаңаруы атпа тамырлы көктерек пен қайың балақ шыбықтары; ➢ түрлі толымдықтағы көктерек және қайыңның 1-класс жасындағы жас ағаштар, орман өсу жағдайы жаңа құрылымды қарағай типті орман. Қарағай ағашы мен өскіндерінің саны аз немесе кездеспейтін жерлер; ➢ төмен толымдылықтағы (0,3-0,4) пісіп жетілген және пісіп келе жатқан қайыңның тамырдан тараған балақ шыбықтары, өскіндерінің саны жеткіліксіз. • Солтүстік Тянь-Шаньнің таулы ормандарында төмен бағалы көктерекке ерекше көңіл аудару керек. Бұл таудың солтүстік беткейіндегі теңіз деңгейінен 1200-1800м биіктікте құнарлы топырақта өсіп тұр. Көктеректі жекелеген шоғырлар немесе ені әр түрлі дәліздер жасау арқылы жоюға болады. Ағаш діңдерін кесіп және атпа тамырларын жойғаннан кейін келесі ағаш түрлерін себу және отырғызу ұсынылады: Шренк шыршасы, балқарағай, емен, алма, алмұрт, өрік және тағы басқалары. • Батыс Қазақстанның өзен бойы мен тоғай ормандарын жабайы өскен бұталардан тазартқаннан кейін, тал мен теректен басқа өсу жағдайы сәйкес келетін кәдімгі еменді өсіруге болады. Тоғай ормандарын қайта жаңарту үшін шоғырлы-топты тәсіл қолданған дұрыс. Негізгі және қосымша әдебиеттер 1.Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В.Лесные культуры.Москва, 1985ж. 2. Новосельцева А.И., Родин А.Р.Справочник по лесным культурам.М 1984ж. 3. Байзақов С.Б. және т.б. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2 к., 2007ж. 14-15 Дәрістер. Тақырыбы: Арнайы мақсаттағы екпе ормандарды құру Дәрістің мақсаты мен міндеті: негізгі терминдер мен түсініктерді игеру, арнайы мақсатта екпе ағаштарды өсіру Дәрістің тақырыптары: 1. Сүрекдің алу үшін теректің плантациялық екпелері 2. Себет тоқу және қазақ үй жабдықтарын жасау үшін талдың плантациялық екпелері 3. Жаңа жылдық шырша алу үшін Солтүстік Тянь-Шаньнің таулы ормандарындағы шырша плантациялары. 1 Сүрекдің алу үшін теректің плантациялық екпелері. Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жоғары өнімді терек плантациясы екпесін құру үшін профессор П.П.Бессчётновтың ұсынған жергілікті селекция бойынша алынған теректің будан формаларына – «Қазақстан», «Қайрат», «62027-1»; терек түрлеріне – Болле, алжир терегі жатады. Жоғары өнімді екпе плантациясын құру үшін республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жергілікті селекция бойынша теректің буданды формаларын алған профессор П.П.Бессчётновтың «Қазақстан», «Қайрат», «62027-1»; терек түрлеріне – Болле, делтатәрізді және алжир терегін өсіру ұсынылады. Топырақ дайындау. Плантациялық екпелерді жақсы өңделген топырақтарда құрады. Бұл жұмыс аумақты тегістеуден басталады. Өйткені болашақта қарықтар тегіс суарылу керек. Тегістеуден кейін топырақтың механикалық құрамына байланысты, шымдану дәрежесі мен арамшөптердің болуына қарай топырақты қара пар немесе ерте пар жүйесімен дайындайды. Бұл кезде міндетті түрде күзде қайтадан терең жырту немесе терең қопсыту керек. Тікпелерді отырғызу. Плантациялық екпелер құру кезінде әлсіз немесе орташа тұзды топырақтарда тек қана ақ теректің секцияларын - Болле, «62027- 1» буданын пайдаланған жөн. Отырғызуды күзде тікпелердің жапырағы түскен соң немесе ерте көктемде бүршік жарғанға дейін жүргізеді. Бір жылдық қалемше тікпелерді дайындалған шұқырларға қолмен отырғызады. Терек тікпелерін отырғызу кезінде, олардың тамыр мойынын топырақ бетінен 20- 25см терең отырғызылады. Тәжірибелер көрсеткендей, терек тікпелерінен плантация құру кезінде отырғызу орны 3х1,5 немесе 3х2м, 1га саны 2220 және 1660дана болуы керек. Тікпелерді отырғызғаннан кейін, қатардан 20-25см қашықтықтан суарылатын қарықтар қазылады. Қарықтар қазылған соң бірден суару жүргізіледі. Бұл тамыр мен топырақтың тығыз байланысын туғызады. Плантациялық екпелерді күтім жұмыстары. Ағаш отырғызғаннан кейінгі алғашқы екі жылда топырақты қопсыту мен арамшөптерді отау 3-4 мәртеден кем жүргізілмейді. Бірінші жылы күзде плантацияны түгендеу жүргізіледі, ал келесі жылғы көктемде қажет болса – толықтыруға екі жылдық тікпелер пайдаланылады. Үшінші және төртінші жылы қатар арасы мен қатар ішінде жүргізілетін күтім жұмысының санын жыл сайын екіге төмендетуге болады. Плантацияны алғашқы екі жыл міндетті түрде вегетациялық кезеңде 4-5 мәртеден жоғары суару керек. Келесі жылдары суару санын 2-3 мәртеге қысқартуға болады. Суару мөлшері – 500-600 м3/1га. 2 Себет тоқу және қазақ үй жабдықтарын жасау үшін талдың плантациялық екпелері. Талдың ассортименттері. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында екпе плантация құруға жарамды талдың түрлері: жатаған тал (себетке) – қазақ үй жабдықтары, пурпурлы тал – себет тоқуға, жиһаздар мен жабдықтар жасауға, ақ тал – себет тоқуға, қазақ үй қаңқасын жасауға, өткір жапырақты тал (қызыл тал) – себет тоқу және қазақ үй жабдығына. Тікпелерді отырғызу. Себет тоқу материалдары үшін плантация құру кезінде біржылдық тал тікпелер пайдаланған дұрыс. Тікпелерді көктемде немесе күзде отырғызады. Плантация құру кезінде қолмен және механикалық отырғызу орындарының саны бірдей (0,8 × 0,5м) болады. Ауыр топырақтарда сеппелерді отырғызғанда тамыр мойынын жер бетінен 10-15см тереңдеу, ал жеңіл топырақтарда 15-20см терең көму керек. Бұл тікпе діңінде қосымша тамырлардың қалыптасуына жағдай жасайды. Күзде және көктемде тікпелерді жер бетінен 20-25см кесіп алады. Плантацияны күтім жұмыстары. Плантацияны отырғызған соң бірден суғарады. Бірінші жылы вегетациялық кезеңде суару саны 8-10 мәрте. Суару мөлшері – 700-800 м3/1га. Екінші және содан кейінгі жылдары суару саны 5-6 қысқартылады. 3 Солтүстік Тянь-Шань таулы ормандарындағы жаңа жылдық шырша плантациялары. Учаске таңдау. Жаңа жылдық Шренк шыршасынан плантацияны таудың солтүстік, солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс беткейіндегі теңіз деңгейінен 1700-2300 м биіктіктегі таулы-шалғынды немесе қара түсті таулы- орманды топырақты жердегі тереңдігі 30 см жуық ұсақ құрылымды қабаты бар жерлерде салынады. Жаңа жылдық шыршаларды өсіру мерзімі: биіктігі 1,5-2 метрліктер – 15 жыл, ал биіктігі 0,5-1 метрліктер – 10 жыл. Плантацияға арналған барлық аумақ көлемі теңдей 16 учаскеге (танапқа) бөлінеді (шыршаны өсіру жыл саны мен бір танап таза парға арналған). Әрбір танап көршілес танаптан биіктігі 1 метрлік бағаналар арқылы арасы бөлініп тұрады, ол бағаналарда танап номерлері көрсетіліп тұрады. Шырша сеппелерін отырғызу жыл сайын бір танапта жүргізіледі; жыл сайын бір танап келесі жылы шырша отырғызу үшін топырағы дайындалады, ал 15 жылдан кейін, барлық 15 танапта шырша сеппелері өсіп тұрғанда, жыл сайын бір танап жаңа жылдық шырша үшін кесіледі. Сондықтан, плантациядағы кесу айналымы 15 жылды құрайды. Негізгі және қосымша әдебиеттер 1. Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В. Лесные культуры. М., 1985. 2. Новосельцева А.И., Родин А.Р. Справочник по лесным культурам. М.,1984. 3. Байзаков и др. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2т., 2007.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz