Файл қосу
Табиғат объектілеріне меншік құқығы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ОӘК |ПОӘК | | | |042-14-5-02.01.20.83.03 | | | |- 2011 | |«Қазақстан Республикасының | | | |экологиялық құқығы» пәнінің |№1 басылы | | |оқу-әдістемелік кешені |2011 ж | | «Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша «050301 – «Құқықтану» мамандығына арналған ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ СЕМЕЙ 2011 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық сабақтар 4. Студенттердің өздік жұмысы 1. Глоссарий Билогиялық ресурстар-генетикалық ресурстар, оргнаизмдер немесе олардың бөліктері, популяциялық немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқада биотикалық компоненттер. Гентикалық түрлендірілген организмдер-өсімін молайтуға немесе тұқым қуалайтын генетикалық материалды беруге қабілетті, табиғи организмдерден ерекше, гендік инженерия әдістерін қолдана отырып алынған және құрыамында гендік-инженерлік материал бар организмдер Инертті қалдықтар- елеулі физикалық , химиялық немесе биолгиялық өзгерістерге ұшырамайтын әрі қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер етпейтін қалдықтар Коммуналдық қалдықтар- елді мекендерде,оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары Қауіпті қалдықтар- құрамында қауіпті қасиеттері бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қошаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе ықтимал қауіп төндіретін қалдықтар Қоршаған орта-атмосфералық ауаны, ЖЕрдің озон қабатын жер бетіндегі және жер астындағы суларды жерді , жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниеісн, сондай-ақ осылардың өзара әрекетінен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды обьектілердің жиынтығы Қоршаған ортаны қорғау-қоршаған ортаны сақтау менн қалпына келтіруге, шаруашылық және өзге де қызметттің қоршаған ортаға теріс әсерін болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның сапасы-қоршаған ортаның құрамы мен қасиетерінің сипатамасы Радиоактивтік қалдықтар-мөлшері мен шоғырлануы ҚР ның атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген радиоктивтік заттар үшін регламенттелген мәндерден асатын радиоктивтік заттары бар қалдықтар Су обьектілер-құрылқ бетінің рельефінде және жер қойнауында шоғырланған, шекараары, көлемі мен су режимі бар сулар Сұйық қалдықтар-сарықынды суларды қоспағанада, сұйық түрдегі кез келген қалдықтар Табиғат пайдаланушылар-табиғи ресурстарды пайдалануды және қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар. Табиғи обьектілер-шекарасы, көлемі және тіршілік режимі бар табиғи обьектілер Экологиялық ағарту ісі- қоғамда экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру мақсатында экологиялық білім, қоршаған ортаның, табиғи ресурстарының жай-күйі, экологиялық қауіпсіздіктік туралы ақпарат тарату. Экологиялық аудит-аудиттеленетін субьектілердің шаруашлылық және өзге де қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтуа мен бағалау және олардың қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі ұсынымдар әзірлеу бағытында тәуелсіз тексеру Экологиялық менеджмент- қоршаған ортаны қорғауды әкімшілік басқару, ол кәсіпорынның экологиялық саясатын әзірлеуге, енгізуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылыиын, жоспарлауды, жауапкершілікті ,әдістерді, рәсімдерді, процестер мен ресурстарды қамтиды. Экологиялық мониторинг- қоршаған ортаның жай күйін және оған әсер етуді жүйелі түрде байқау мен бағалау. Экологиялық рұқсат- жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландырутын құжат. Экологиялық сараптама- көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізу мүмкін қолайсыз әсерлерінің және слармен байланысты әлеуметттік зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама обьектісін іске қосуға жол берлуін айқындау. Экологиялық таза өнім белгісі- таңбаланған өнімнің экологиялық таза өнім стандарттарына сәйкестігін растайтын тіркелген белгі Экологиялық талаптар- осы Кодексте,Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-техникалық құжаттарында қамтылған, қоршаған отаға және халықтың денсаулығына теріс ықпал жасайтын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу және оларға тыйым салу 2. Дәрістер Дәріс сабағының құрылымы Тақырып 1.Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні Жоспар: 1. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының мәні 2. Экологиялық құқықтың әдісі 3. Экологиялық құқытың принциптері 4. Экологиялық құқық ұғымы 1.Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқығының мәнін анықтаудан басталады.Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да қасиеттерімен сипаттталатын және адам қызметінің белгілі бір саласын реттуге бағытталған.Осы мойындау; экологиялық құқықтың мәні адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субьектілетінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады. Ресей оқулықтарында экологиялық құқық ұғымына мынандай сипатама берген: «Экологиялық құқықтың мәні қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.. олар тұтастай алғанда табиғи обьектілер мен қоршаған табиғи ортаны қорғау тұрғысында туындап, дамиды», «экологиялық құқықтың мәні–бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылуы саласында қалыптасатын тарихи тұрғыдан қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи обьектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы». Экологиялық қатынастар-бұл обьектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастар. Яғни, барлық табиғи кешенге қатынастар жатады; жер, су, тау, орман, фауналық, атмосфералық ауа қатынастары, сонымен қатар табиғи орта болып табылатын қатынастар, қорықтар, экологиялық апат аймақтарының құқықтық режимін реттеу мысалынан ерекше айқын көрінеді. Алайда бұл орайда мынаны ескеру керек; «жер, жер қойнауы, су, ормандар, жануарлар әлемі, ауа» ұғымы мен «табиғи ресурс» ұғымдарында айырмашылықтар бар. Әрбір су экологиялық қатынастардың обьектісі бола бермейді, «орман» экологиялық құқықпен де реттеле бермейді, жануарлар әлемінің өкілі ретінде «қасқыр немесе аю» экологиялық заңмен қорғала бермейді. Мұның бәрі, егер аталған обьектілер табиғат ресурстары болып, мына белгілерге сай келген жағдайда ғана мүмкін болады; А) шығу тегінің табиғи сипаты, табиғат ресурсы жаснды жолмен алынбауға тиіс, ол табиғат туындысынң нәтижесі болып табылады. Б) ол қоршаған табиғатпен табиғи байланыста болып, онда белгілі бір экологиялық қызмет атқаруға тиіс.Егер белгілі бір қоғамдық қатынаста табиғат обьектісі табиғи ортадан алынатын болса, онда ол экологиялық құқықтың обьектісі болудан қалады. Ол мүліктік қатынастың обьектісі, яғни азаматттық құқықтың обьектісі болуға, тауар болуға тиіс.Табиғаттан алынған оған адам еңбегі жұмсалады және ол «бағалану» қасиетіне ие мекеннің ауыз су жүйесіндегі «су» (крандағы су) өзінің физикалық қасиеттері жағынан біртекті өнім болып табылады, бірақ әр алуан заңдармен реттелетін болады. «Өзендегі су –бұл табиғи ресурс, оны пайдалану мен қорғау экологиялық қатынастардың обьектісі». «Крандағы су» - бұл обьект табиғи ортадан алынған және бұл қоғамдық қатынастар санитариялық–гигиеналық және коммуналдық заңнамен реттелетін болады.Сөйтіп, мынандай қортынды жасаймыз, экологиялық қатынастарға обьектісі табиғат пен табиғат ресурстары болатын, белгілі бір өлшемдерге сай келетін қоғамдық қатынастарды жатқызуға болады. Экологиялық құқық қатынастарынң азаматтық, салық және т.т арақатынасы туралы мәселені мына тұрғыда қарастырған жөн. Экологиялық құқықтың мәні белгілі бір экологиялық құқық қатынастарының тобы,оларға табиғат пен табиғат ресурстары болып табылатын обьектілер жатады. 2.Экологиялық құқықтың әдісі Экологиялық құқықтың келесідей әдістері болуы мүмкін. Құқық теориясынан мына жайт та белгілі: құқық саласының әдісі ретінде қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдері,осы қатынастарды реттеу тәсілдері танылады.Экологиялық құқық жуықта ғана ғана дербес сала ретінде танылуымен байланысты оның әдістерін анықтау тұрғысынан әліде болса бірегей пікір болмай отыр. Қазір әдіс ретінде қөзқарастар арасында әдіс ретінде ұсынымдар мен міндетті нұсқамалар әдісі деп аталатыны да белгілі, басқа бір қөзқараста –экологиялық құқықта дербес әдістің болуын жалпы теріске шығарады, үшінші көзқараста-экологиялық қатынастарды реттеу үшін осы заманғы құқықтың белгілі әдістерінің бәрі тартылады делінген. Экологиялық құқық әдісі туралы мәселе елеулі ғылыми проблема болып табылады және ол жеке зерттелуге тиіс.Әдістің ерекшелілігі құқық саласы мен реттеу мәні сипаттамасынан бастау алуымен анықталады.Экологиялық құқықтың анықтауыш белгісі саланың кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын пайдалану-саланың кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын пайдаланудың ішкі салалық процестерін ортақ мақсатқа-адамның тіршілігі үшін жарамды табиғат сапасын сақтаудан бастауі алады.Ғалымдар мынаны дәлелдеп отыр: экологиялық құқық құрамына жататын жекелеген салалардың (жер,су,тау және т.б) өз жүйесі, өз мәні мен өз әдісі болады.Алайда экологиялық құқық әдісі- бұл неғұрлым күрделі құбылыс.Біздің көзқарасымызда, экологиялық қатынастарды реттеу осы заманғы заң ғылымында белгілі көптеген әдістер, құқықтық тәсілдер қатысады.Солардың экологияландыру әдісі «орталық» орын алады. Оның мазмұнынан экологиялық құқық қатныстарын құқықтық реттеу тәсілін ұғынған жөн, бұл ретте қоршаған табиғи ортаға немесе оның жекелеген ресурстарын пайдалану немесе кез келген шаруашылық және өзге де ықпал ету бүкіл табиғат сапасын сақтау мақсатына бағындырылуға тиіс. Пайдалану қазындыларды өндіру, өнеркәсіп обьектілерін салу кезінде, республика аумағына шетелдік өнеркәсіп технологияларын әкелу кезінде, ғарыш обьектілерін пайдалаған кезде және т.б кезінде барлық жеерде экологияландыру әдісі қолднылады. «Басты» мәртебесі бар осы әдістен басқа экологиялық қатынастарды реттеуде азаматтық құқық әдісі-тараптардың теңдігі әдісі қатысады. Бұл,әдіс егерэкологиялық құқық қатынастарның мұны азаматтық құқықтық мәмілелер,залалдың орнын толтыру болып табылатын жағдайларда қолданылады.Бұл қатынастардыңсубьектіліері,әдетте, бірдей жағдайда болады,бірі-біріне тәуелсіз құқықтар мен міндеттердің бірдей көлеміне ие болады.Олардытек шарт қана байланыстырады (мысалы,жер учаскесін жалғаалу, шарттың талаптарын сақтамаған жағдайда дау тек сот тәртібінде ғана шешілуі мүмкін). Келесі әдіс ҚР–ның аумағында табиғат ресуртарын пайдалану жөніндегі барлық құқық қатынастары іс жүзінде мемлекеттік орган беретін рұқсаттың (лицензияның) негізінде жүзеге асырыалады, бұл орган осы қатынастың туындауына, өзгеруіне және тоқталуына ықпал етеді.Биліктің ықпал етунің әдісі табиғат ресурстарын пайдалану жағдайында кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде министрліктермен ведомстволар басқаруды жүзеге асыру кезінде, бекітілетінтабиғат қорғау шараларын жүзеге асыру кезіндіе қолданылады. Мәжбүрлеу әдісін кінәлі адамды жауапкершіліке тарту жөнінідегі қатынастарды реттеу кезінде қолданылады. Бұл әдіс биліктің ықпалын ету әдісінің құрамдас бөлігі ретінде толық заңды түрде қарастырылады, өйткні кінәлі адам мемлекет белглеген тәртіп ережесін бұзған кезде құқық қатынасын реттеу болып табылады. Экологиялық құқықта келесі әдістің пайда болуы республикада нарықтық қатынастардың қалыптасуымен, басқарудың әкімшілік әдістерінен экономикалық әдіске көшуімен байланысты болады.Осы әдістің көмегімен табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған табиғатты ластағаны үшін төлемдерді алу жөніндегі құқық қатынастары реттеледі.Осы әдістің негізінде табиғат қорғау шараларын материалдық ынталандыру жөніндегі құқық қатиынастары қалыптастырылады, ал бұл кең ауықмды кешенді іс- экологиялық жағынан таза өндірістерді ұйымдастыруға кредит беру, жеңілдікті жәрдем ақшалар, экологиялық банктерді құру.Экономикалық әдіс қаржы құқығына жатады және экологиялық құқық үшін алып пайдалану әдісі болып табылады. Экологиялық қатынастарды ретеудің халықаралық құқықтық әдіс қажет әдіс, өйткені экологиялық құқықпен табиғат ресурстары қорғалады және пайдаланылады, олар бірнеше мемлекеттің аумағы бойынша көшіп отырады. 3.Экологиялық құқықтың принциптері Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қоғамдық қатынастар реттеледі.Қазақстанның қазіргі осы заманғы құқықығында құқықтың әрбір саласы үшін құқықтық принциптердің өз жүйеснің болуы сипатты болады. Бұл Қазақстанның жалпы құқықтық принциптерінің қолданылуын теріске шығармайды,бұл принциптер республика Конституциясында баянды етілген-бұл ізгілікшілдік құқықтық мемлекеттің, халық билігінің, заңдылықтың жариялылықтың, азаматтардың тең құқылығы және т.б принциптері.Ал бізідің зерделеуіміздің мәні экологиялық құқықтың айырықша принциптері болып табылады.. ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңның 3-бабында былай делінген: қоршаған ортаны қоргау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асыралады: - адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демаласы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру; - ҚР ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрапақтарынң салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтіе экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіруге отырып шешу - Экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялыққауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру; - Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдалағаны үшін кезең кезеңмен ақы төлеуді енгізу жәнеқоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынанын ыталандыру енгізу; - Биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық,ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызыз бар қоршаған орта обьектілерін сақтауды қамтамасыз ету: - Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекетті реттеу мен мемлекеттік бақылау,оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы; - Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау; - Халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін өзі басқару органдарынң қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы: - Халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады. 4.Экологиялық құқық ұғымы. Экологиялық құқықта құқық саласы дербес деп танылуы үшін қажетті белгілері болады-экологиялық принциптердің өз мәні, өзінің әдістері, жүйесі болады.Бұдан басқа, бүгінгі кезде экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада: дербес сала ретінде ол біршама жуықта ғана ресімделді, бірақ оны дамыту үшін алғы шарттар бұдан көп бұрын қалыптасқан болатын. Экологниялық құқық жалпы және ерекше бөлім болып бөлінеді.Жалпы бөлімнің зерттейтін және реттейтін нысанасы қоғамдық қатынастар болып табылады, олардың обьектісі ретінде бүкіл табиғаттың сапалық жай-күйі, мемлекеттің бүкіл табиғатқа меншік құқығы қатысады.Тиісінше жалпы бөлімнің құқықтық институттары арасында мыналарды бөліп көрсеткеен жөн: Жалпы бөлім: 1. экологиялық құқық ұғымы 2. экологиялық құқық көздері 3. меншік құқығы және табиғат пен ресурстарына өзге де мүліктік құқықтар 4. экология саласында басқарудың мемлекеттік-құқықтық тетігі 5. экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік Экологиялық құқықтың ерекше бөлімі табиғаттың жекелеген обьектілері бойынша дербес салалардың жиынтығы болып табылады. Сондай-ақ ерекше бөлімге біз «ерекше қорғалатын табиғи аумақтары», «экологиялық апат аймақтарын» және «өндірістік және өзге де шаруашылық қызметіне экологиялық талаптарды» жатқызамыз. Ерекше бөлім: 1. жер құқығы 2. су құқығы 3. тау құқығы 4. орман құқығы 5. фауналық құқық 6. атмосфералық ауа құқығы 7. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 8. экологиялық шаруашылық қызметі Сондай -ақ арнаулы бөлімді көрсеткен жөн, табиғатты халықаралық қорғау мәселелері Арнайы бөлім 1. Халықаралық экологиялық құқық 2. Қазақстан Республикасының халықаралық экологиялық ынтымақтастығы Өзін -өз і бақылау сұрақтары. 1.Экологиялық құқық ұғымы, түсінгі және мәні 2.Экологиялық құқық терминдер 3.Экологиялық құқық саласы ретінде ерекшелігі 4.Басқа құқықтың саларымен ара-қатынасы Ұсынылған әдебиеттер: Тақырып 2. Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері Жоспар: 1.Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері ұғымы, шығу 2.Экологиялық кодекстер мен заңдар 3.Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативік актілер 1.Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері ұғымы, шығуы Қазақстан Республикасынң экологиялық заңнамасының даму тарихы бірнеше кезеңнен өтеді.Біздің білетініміздей, жер қатынастары Қазақстанда бұдан көп бұрын,оның Ресей империясының құрамына енуі кезеңінде-ақ дамыған болатын.1917 жылдан кейін Қазақстан аумағында Ресей Федерацйиясының, Түркістан Автономиялық социалистік республикасының жер –құқық нормалары қолданылады. Қазақстанның экологиялық заңнамасы дамуының бірнеше кезеңі 1922-1957 жылдарының аралығында (1922-1957 ж.ж) басталды. Осы кезеңде Қазақ КСР аумағында табиғат ресурстары қатынастарын реттейтін жекелеген нормативтік актілер қабылданды. Бұл актілердің күші жер құқығы шегінде жүзеге асырылды, бірақ бұл кезеңнің айырықша ерекшелігі жер заңнамасының жүйелігінің және оны қисындауының болмауы дер едік.Осы уақытта іс жүзінде тіпті қоршаған ортаны қорғау мәселелері реттелмейді, күн тәртібіне қойылмайды. Су, орман, тау кен заңнамалары заңның дербес салары ретінде бөліп көрсетілмеді. Екінші кезең 1958-1981 жылдары аралығындап (1958-1981 ж.ж) басталды. Бұл кезең экологиялық заңнаманың мейлінше серпінді қиысындау процестерімен сипатталады. Қазақ КСР-да осы кезеңде: 1971 жылы–Жер қойнауы туралы Кодекс, 1978 жылы–Орман Кодексі, 1981 жылы «Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы», «атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңдары қабылданды. Экологиялық саласында заңнаманың алты дербес саласының болғаны танылады: олар – жер, су, тау-кен, орман, фауналық, атмосфералық-ауа заң салалары. Алайда осы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар бір-бірінен бөлек қарастырылады, құқықтық реттеудің кешенді әдісі болмады. Бұл 1962 жылы қабылданған «Табиғаты қорғау туралы» Заңның ерекше айқын көрінеді.Ол 20 баптан тұрады, олардың мазмұны мейлінше ресми сипатқа ие болды, мемлекеттік басқару тетігі, жауапкершілік тетігі, табиғи ресурстарды пайдалануға ақы төленетіндігі көзделмеген.Табиғат ресурстары кодекстерінің құқықтық миазмұны шаруашылық жүргізудің социалистік әдістеріне негізделген, мұнын өзі әкімшілік әдістерінің экономикалық әдістерден артықшылығын білдіретінеді. Үшінші кезеңде (1982-1995ж.ж) бұрынғы Кеңестер Одағының күйреуі мен Қазақстан Республикасының егемендік және тәуелсіздік алу процесі болды.Жана мемлекет нарықтық қатынастарға көше бастады, жаңа экономикаылық институттар қалыптасты «ақылы қызмет», «табиғат ресурстарын пайдаланудың шарттық талаптары» ұғымы енгізілді.Қазақстанда банк қызметін жекешелендіру процесін, бағалы қағаздар нарығын, кредит-қаржы жекешелендіру процесін, бағалы қағаздар нарығын, кредит-қаржы қызметін реттейтін заңнаманың бүтіндей жаңа салалары жедел әзірленіп қабылданыды.Табиғат ресурстарына мүліктік құқықтарды реттеу саласында өзгерістер болды, бұл жер құқығы қатынастары саласынан ерекше айқын аңғарылуда. Экологиялық құқықтың дамытудың төртінші кезеңі 1995 жылғы 30 тамыздан басталады және қазіргі уақытқа дейін жалғасып келеді.Бұл Қазақстанда нарықтық экономиканы реттейтін заң толық қалыптасқан кезең болды, тәжірбиеге «жерге жеке меншік» институты ензілді, өнеркәсіптің негізгі салаларында жекешелендіру процесі аяқталды. Мемлекеттің экологиялық тәжірибиесіне жаңа экономикаылқ әдістер барған сайын жедел енгізілді, бұл заңда баянды етілді. Осы кезде мынандай маңызды нормативтік актілер- Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Жер туралы», «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» «Жарлықтары», қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «экологиялық сараптама туралы», «Заңдар қабылданды». Жер, Орман, Су кодекстері, «Атмосфералық ауаны қорғау туралы»,Заң жаңа редакциясында қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы-экологиялық құқықтық негізгі қайнар көзі 1995 жылығ 30 тамызда республикаылқ референдумда қабылданған ҚР конституциясы экологиялық құқықтың негізгі көзі болып табылады, өйткені ол табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастарды мемлекеттің реттеуді жалпы құқықтық негіздерін баянды етеді. Бұдан кейінгі барлық заңдар мен заңға тәуелді актілер Конституциясының баптарын орындау үшін, Конституцияда айтылған принциптер негізінде қабылданады.Экологиялық құқыққа қатысты Конституция нормаларының арасында мына нормаларды бөліп көрсетуге болады: 1) ұйымдық –басқару 2) экономикалық 3) әлеуметтік нормалар Ұйымдық –басқару нормаларына қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану саласындап оның органдары, лауазымды адамдар арқылы мемлекеттің қызметі мен құзіретін баянды етеін конституцияның нормаларын жатқызған жөн.т.б Конституциясының жекелеген нормалары қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу қажеттігін тікелей көрсетеді. Мысалы, 31-бапта былай делінген: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды». 44-бап Президенттің республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітуі құқығын баянды етеді Экономикалық нормаларға табиғат ресурстарына меншік нысанын белгілейтін Конституцияның 6-бабын жатқызған жөн. «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғат ресурстар мемлекет меншігінде болады». Жер, су сондай-ак заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін». Конституцияның әлеуметтік нормаларына 38-бапты жатқызу керек, онда былай деп белгіленген:«Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті». 2.Экологиялық кодекстер мен заңдар Қазақстан Республикасынң экологиялық заңнама жүйесі Конституцияда айтылған негізгі идеялардың мазмұынын дамиды.Оның негізінде республикада аса маңызды табиғат қорғау заңдары мен табиғат ресурстарының кодекстері қабылданды.Өкінішке қарай, бұртұтас кешен ретінде табиғаттың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігі идеясы экологиялық заңнаманың бүкіл жүйесін қамти алмайды. Негізгі табиғат қорғау заңы 1997 жылғы 15 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы болып табылады.Оның құрылымына 19 тарау, 89-бап жатады.1-тарау-«жалпы ережелерде» (1-4-баптарда) осы заңда пайдаланылған негізгі терминдер мен анықтамалвар етілген, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР-ның заңнамасының міндеттерін белгілейді, мемлекеттің табиғат қорғау қызметінің негізгі принциптерін атайды және қорғалуға жатаытн қоршаған ортаның обьектілері көрсетіледі. 2-тарау «Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері» қоғамдық экологиялық ұйымдардың және азаматтардың табиғатты қорғауға бағытталған шаралардың кең кешенін жүргізу жөніндегі заңдылығын баянды етеді.Олардың арасында аса маңыздылары қоғамдық-экологиялық бағдармаларды жасау, қоғамдық –экологиялық бақылауды, мониторингті, сараптаманы жүзеге асыру, экологиялық заң жобаларын талықлау, өздерінің экологиялық мүдделерін сотта және әкімшілік жолымен қорғау болып табылады. «Мемлекеттік өкімет пен жерглікті өзін -өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыреті» деп аталатын 3 тараудың ерекше маңызы бар. Онда ҚР Үкіметінің, орталық атқарушы органның-бұл табиғат қорғау мен табиғатты пайдаланудың жекелеген міндеттерін жүзеге асыратын Қоршаған орта мен табиғат ресурстарын қорғау министрлігі, өзі де министрліктер мен ведомстволар болып табылады, -сондай ақ биліктің және жергілкті өзін өзі басқарудың жергілікті өкілдік және атқарушы органдарынң табиғат қорғау саласындағы қызметінің негізгі заңдық өкілеттіері мен бағыттарының тізбесі егжей-тегжейлі ашылады. 3.Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативік актілер Негізгі экологиялық заңдардың мазмұнына сәйкес және оларды орындау үшін атқарушы биліктің органдары экологиялық қатынастарды реттеуге бағытталған заңға тәуелді актілер қабылдады. Бұл актілер де табиғаттың жеклеген обьектілері бойынша топтастырылады немесе барлық қоршаған ортаға қатысы болады.Заңға тәуелді актілер жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары ерекше орын алады. Осы орган қабылдайтын нормативтік акітлер атқарушы билік органдарының барлық жүйесі үшін, министрліктер, комиттетер, ведомстволар, барлық деңгейдегі әкімдіктер үшін міндетті болып табылады.Бұл актілермен табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша субьектілер тәртібінің жалпы шарттары, ережелері белгіленеді.Министрліктер мен ведомстволар да заңға тәуелді актілерді бұйрықтар, нұсқамалықтар шығарады олар белгілі бір министрліктің шектерінде қолданылады және көрсетілетін министрлікпен қатынаста болады. Мысал, ретінде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қоршаған ортаны ластаумен келтірілген залалды есептеу тәртібі жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарды атауға болады. Биліктің жергілікті атқарушы органдары, облыстар, қалалар, селолық елді мекендер әкімдері атынан шешімдер қабылдайды,олар да заңға тәуелді экологиялық актілер болып табылады..Мысалы, әкімдерідң шешімдерімен табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкалары белгіленеді, табиғатты қорғау қорының қаражаттарын жұмсау тәртібі ,қалалар мен аудандарды жасыл желекен бөлу мен экологиялық қабаттау мәселелері анықталады. Сөйтіп, экологиялық заңның құрамына экологиялық заңдар мен кодекстер, экологиялық заңға тәуелді актілері, сондай ақ экологиялық қатынастарды реттейтін жекелеген құқықтық нормалар мазмұндалатын заңнаманың өзге де салаларынң заңдары мен заңға тәуелді актілері жатады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Экологиялық құқытың даму тарихының негізіг кезеңдері 2.Экологиялық құқықтың қайнар көзі түсінігі 3.Басқа құқық салаларымен қарым қатынасы Тақырып 3. Табиғат объектілеріне меншік құқығы Жоспар: 1. Табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы. 2. Мемлекет - табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектісі. Қазақстан Республикасының Парламенті, жергілікті өкілді және атқарушы органдары мен олардың табиғат объектілеріне меншік құқығын іске асыру жөніндегі өкілеттігі. 3. Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны және қорғалуы. 4. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының объектілері мен субъектілері. 1.Табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы. Табиғат объектілері туралы айта отырып, біз еліміздің табиғи ресурстарының бәрін пайымдай аламыз. Қазақстан Республикасы бүкіл дүние жүзіндегі табиғат ресурстары босалқы қоры жағынан ең бай елдердің бірінен саналады. Бұл орайда, табиғат ресурстарын өндіру тұтастай алғанда бүкіл экологиялық жүйеге теріс әсер ету мүмкін екенін әсте де ұмытуға болмайды, өйткені жиынтығында табиғат объектілерінің өзі (жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфера) экологиялық жүйенің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Табиғат объектілерінің азаматтық айналымдағы әдеттегі заттар мен мүліктен өзгешелігі өзінің айрықша белгісі болады. Атап айтканда олардың пайда болуы өндіріспен немесе адамның өнер табысымен байланысты болмайды, табиғат ресурстарын табиғаттың өзі табиғи әдіспен жасайды. Тек біздің елімізде ғана емес, сонымен бірге бүкіл ғаламшарда қолайсыз экологиялық ахуалды ескере отырып, адамзат экологиялық жүйенің табиғи теңгерімін жасауға және сақтауға қалайда ұмтылып бағады. Осымен байланысты, қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау саласындағы біздің мемлекетіміздің құқық доктринасы ұлттық игілік ретінде табиғат объектілерінің тұжырымдамасы деп аталатын ауқымдарға негізделіп, дамуда. Экологиялық кодекс қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялык, жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды үйымдастыруға бағытталған. Ұлттық игілік ретінде табиғат объектілері ұғымы кеңестік кезеңдегі табиғат ресурстарына жалпы халықтық меншік дейтіңдей идеологиялық ұғыммен бірдей емес. Егер табиғат объектілерін жалпы халықтық меншік деп есептейтін болсақ, онда мұндай көзқарас заңдық мағынасынан айрылған болар еді және ол қате көзқарас болар еді, өйткені кез келген жағдайда заңдық тұрғыдан табиғат ресурстарының меншік иесі мемлекет болып табылады. Мемлекет, заң шығарушы, атқарушы және сот органдары атынан билікке ие бола отырып, табиғат ресурстарын мейлінше ойдағыдай басқарып, халықтың қажеттерін қанағаттандыра және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңды бұзғаны үшін жазалау шараларын қолдануды қоса алғанда, экологиялық құқық тәртібін қамтамасыз ете отырып, бүкіл халықтың мүдделері үшін табиғат ресурстарының құқықтық режимін анықтау міндетін шеше алады. Заңда ұлттық игілік ретінде табиғат ресурстарының құқықтық режимі табиғат объектілерін тек қана мемлекеттің меншігіне жатқызу арқылы реттеледі. Алайда, қандай да бір табиғат ресурстары немесе олардың бір бөлігі жеке меншікте болуы мүмкін. Атап айтқанда жер өзінің айрықша қасиеттеріне ие болады, бұл оны табиғаттың басқа объектілерінен өзгешелейді. Өндірістік қасиеттерінен басқа, жер инфрақұрылымның объектілерін салу мен дамыту үшін қажет. Осымен байланысты, Қазақстан Республикасында жердің жеке меншікте болуына жол беріледі. Табиғаттың басқа объектілеріне, атап айтқанда жер қойнауына, суға, орман мен жануарлар дүниесіне қатысты айтар болсақ, онда оларға жеке меншік орнату тиімсіз болады. Жеке меншікте болатын жер учаскелерінде орналасқан жабық су тоғандары, сондай-ақ жасанды ормандар өскен, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаражаттары есебінен жасалған және оларға жеке меншікке берілген жеке орман қоры бұған жатпайды. Мемлекеттің меншігі жеке меншік алдында ешқандай да басымдыққа ие болмайды, мұның қай-қайсысы да тек қожайынына ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамға қызмет етуге тиіс, бұл ҚР-сы Конституциясының 6-бабында өзінің көрінісін тапты, онда былай делінген: Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Табиғат объектілеріне меншік құқығы немесе тағы да оларды табиғат ресурстары деп атайтыныңдай, тек экологиялық құқықтың мәнін құрап қана қоймайды, сонымен бірге конституциялық, азаматтық, аграрлық, тау-кен, су, орман және жер құқығы сияқты кұқықтың бірқатар басқа да салаларын құрайды. Табиғат объектілеріне меншік құқығын немесе табиғат ресурстарын 2 мәнісінде қарастыру керек. Біріншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы ұғымынан нормативтік кұқықтық актілерде баянды етілген, экологиялық құқық қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын түсінеміз. Басқаша айтқанда, бұл объективтік мағынадағы меншік кұқығы. Екіншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы деп табиғат ресурстарын иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі субъектілердің заңдылық жиынтығы түсініледі. Басқаша айтқанда бұл субъективтік мағынадағы меншік құқығы ретінде түсініледі. Табиғат ресурстарының негізгі объектілері және табиғаттың осындай объектілеріне меншік құқығы негіздерінің өзі ҚР Конституциясында баянды етілген. Айталық, ҚР Конституциясының 6-бабына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздрі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңмен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. Сонымен бірге, ҚР Азаматтық Кодексінің 193-бабында былай делінген: жер, оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады. Жер заң актілерінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы да мүмкін. ҚР Азаматтық Кодексінің 188-бабында былай делінген: меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң кұжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Алайда бұл заңдылық абсолютті болып табылмайды, мемлекет нормативтік құқықтық актілерін шығару арқылы меншік құқығының өзін, сондай-ақ табиғи ресурстардың меншік иесі жасауы мүмкін іс-қимылдарды да шектей алады. Мысалы, жеке меншікте қорғаныс мұқтаждары және мемлекет қауіпсіздігі үшін орналасқан жер учаскелері бола алмайды. 2. Мемлекет - табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектісі. Қазақстан Республикасының Парламенті, жергілікті өкілді және атқарушы органдары мен олардың табиғат объектілеріне меншік құқығын іске асыру жөніндегі өкілеттігі. Бұл мәселе экологиялық саланы басқару атты тақырыпта толық қаралады. Қазір тек қоршаған ортаны мемлекеттік реттеу мәселесін қарастырған жөн. ЭК 6-бабына сәйкес: қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу: 1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялауды; 2) экологиялық нормалауды; 3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеуді; 4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы; 5) экологиялық рұқсаттар берудi; 6) мемлекеттiк экологиялық бақылауды; 7) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу жүйесiн, неғұрлым экологиялық таза технологияларды енгiзудi ынталандыруды, табиғат қорғау iс- шараларын қаржыландыру жүйесiн; 8) мемлекеттiк экологиялық мониторингтi; 9) табиғат пайдаланушыларды, қоршаған ортаны ластау көздерi мен учаскелерiн мемлекеттiк есепке алуды; 10) экологиялық бiлiм беру мен ағарту iсiн қамтиды. 3. Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны және қорғалуы. Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны жоғарыда аталған үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы, пайдалану құқығы, билік ету құқығы. Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзеге асырудың заң жүзінде қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғат объектілеріне ие бола отырып, мемлекет мұндай табиғат объектілеріне қол жеткізуді шектеуі не жалпы тыйым салуы мүмкін. Мысалы, ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда азаматтардың болуы оларды қорғау режимдерінің ерекшеліктеріне сәйкес шектеледі және осындай аумақ туралы жеке-дара ережелермен реттеледі. Қолайсыз сыртқы әсерлерден қорғау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың төңірегіне осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне және калпына келтіруге теріс ықпал ететін осы аймақтар шегінде кез келген қызметке тыйым салына отырып қорғау аймақтары белгіленуі мүмкін. Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін канағаттаңдыру үшін пайдалы касиеттерін алудың заңдылық тұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы нормативтік құқықтық актілерде баянды етілген белгілі бір ережелердің ауқымында жүзеге асырылады, ол ережелерді сақтауды арнайы құрылған уәкілетті мемлекетгік органдар қадағалайды. Табиғат объектілерін экологиялық пайдаланғаны үшін салық және өзге де төлемдер мемлекеттік бюджетке алынады. Билік ету құқығы табиғат объектілерінің зандық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғат объектілерінің заңдық мәртебесін нысаналы мақсатына қарай мемлекет анықтайды және өзінің санаттары болады. Табиғат объектілерін санаттандыру іс жүзінде барлық табиғат ресурстарына қатысты орын алады және табиғат объектілеріне билік етудің бірінші кезеңі болып табылады. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елді мекендердің (қалалардың, поселкелердің және селолық елді мекендердің жері); 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жері; 6) су қорының жері; 7) босалқы жер. Пайдалы қазындылар екі санатқа бөлінеді: 1) жалпы таралған пайдалы қазындылар, олардың тізбесін ҚР Үкіметі белгілейді (жұмыр тас және қиыршық тас, қиыршық тас құм қоспасы, құм, саз балшық, саз балшықты жыныстар, құмдақ, қабыршақ және т.б.); 2 ) жалпы таралған пайдалы қазындылар санаттарына жатпайтын пайдалы қазындылар (мұнай, газ және т.б.). 4.Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының объектілері мен субъектілері. Меншіктің басты элементі нақты субъектіге жататындығы болып табылады, сондықтан да меншік нысандары атап айтқанда олардың субъектісі бойынша болады. Мысалы, азаматтық-құқық нормаларына сәйкес меншіктің екі нысаны болады: 1) мемлекеттік меншік, оның өзі республикалық және коммуналдық меншіктен тұрады; 2) жеке меншік, яғни азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі. Сонымен, табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар. Мемлекет жекеше занды және жеке тұлғалардан өзгеше барлық табиғат ресурстарының меншік иесі бола алады. Осымен байланысты табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік табиғат ресурстарына меншік нысандарының құрылымында басымдыққа ие болады. Қазақстанда жуық уақыттан бері жерге жеке меншік енгізілді, сөйтіп меншіктің сан алуан нысандары заң актілерімен баянды етілді. Жерге жеке меншікті енгізу аса күшті күрес жағдайында өтті жөне Қазақстан қоғамында үлкен серпіліс туғызды. Жерге меншік құқығын жақтаушы өзінің айқындамасын атап айтқанда жерге жеке меншік ауыл шаруашылығын жақсартуға жәрдемдеседі деген дәлелді алға тартты. Жалпы ережелер бойынша, жер учаскесіне жеке меншік құқығы осы учаскенің шекарасында болатын үстіңгі топырақ қабатына, тұйық су тоғандарына, өсімдіктерге қолданылады. Жердің астындағының бәрі (мұнай, газ және басқа да пайдалы қазындылар) жердің меншік иесі болып табылатын жеке адамға тиесілі бола алмайды. ҚР-ның Жер Кодексінің 20-бабына сәйкес жерге меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады: 1) республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан Республикасы; 2) жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі жер Кодексімен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде - азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Казақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады. Алайда бұдан бұрын аталып көрсетілгендей, табиғат объектілерінің бәрі жеке меншікте бола алмайды. Мысалы, КР-ның Жер Кодексі мыналар орналасқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды деп белгілейді: - қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, мемлекеттік меншіктегі қорғаныс өнеркәсібі қажеттеріне; - Қазақстан Республикасының - Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету үшін тұрғызылған инженерлік-техникалық құрылыстар, комімуникациялар орналасқан; - кеден қажеттеріне арналған жер учаскелері; - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; - жасанды ормандар орналасқан, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаражаттары есебінен жасалған және оларға жеке меншікке берілген жасанды ормандар орналасқан жеке орман қорының жер учаскелерін қоспағанда, орман қорының жері; - ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық маңызы бар) жеке меншікке жекешелендірілген су шаруашылығының қүрылыстары (суландыру және кәріз жүйелері), сондай-ақ бір шаруашылық жүргізуші субъектінің жер учаскесіне қызмет көрсететін жекешелендірген суландыру кұрылыстары орналасқан су қорының жері құрамындағы жер учаскелерін қоспағанда, су қорының жері; - магистралдық темір жол желілері мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары; - жеке меншік құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажетті жер учаскелерін қоспағанда, елді мекендердегі ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрған ұй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимаратгарды) және олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу орман өсіру үшін, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың жеке меншігінде үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды), олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде түрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және олардың кешендерін салуға немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Сонымен бірге, мемлекет меншігінде болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін және Казақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды түлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу және орман өсіру үшін беріледі. Меншік құқығының объектілері жер, орман, су, жер қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі болады. Бұған сондай-ақ кешенді объект ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (мемлекеттік табиғат қорықтары, ұлттық табиғат парктері, табиғи резерваттар және т.б.) жатады. Жоғарыда қандай табиғи объектілердің жеке меншікте, ал қан-дай объектілер тек мемлекетке тиесілі болатыны аталып көрсетілді. Табиғи ресурстар ретінде табиғат объектілерін мынадай топтарға бөлуге болады: 1) Сарқылмайтын объектілер - бұл кемшілігі жуық болашақта күтілмейтін табиғи ресурстар (күн энергиясы, атмосфералық ауа, жел энергиясы және т.б.); Сарқылмайтын ресурстар мыналарға бөлінеді: а) жаңартылатын, яғни қалпына келтірілетін табиғат ресурстары (өсімдіктер, жануарлар); б) жаңартылмайтын, яғни жуық болашақта қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстары (пайдалы қазындылардың көпшілігі); в) ауыстырылатын (мысалы, көмір күн энергиясымен ауыстырылуы мүмкін) және ауыстырылмайтын (су, ауа және т.б.); 2) Сарқылатын объектілер - бұл босалқылары толық жойылу қатерінде тұрған табиғат ресурстары. Табиғат объектілері қоршаған ортадан бөлінбейтін белгісімен сипатталады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Меншік ресурстарға түсінігі 2. Сарқылатын ресурстар түсінігі 3. Сарқылмайтын ресурстар 4.Қоршаған ортаның субьектілері 5. Меншік обьектісі және оның түрлері Тақырып 4. Табиғат пайдалану құқығы 1. Табиғат пайдалану құқығының түсінігі, қағидалары және негізгі белгілері. 2. Табиғат пайдалану кұқығының түрлері, объектілері және субъектілері. 3. Табиғат пайдалану құқығының мазмұны. Табиғат пайдаланушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері. 1. Табиғат пайдалану құқығының түсінігі, қағидалары және негізгі белгілері деп адамның өзінің әр алуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық-эстетикалық қажеттерін) қанағаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы, ЭК-тің 10-бабының 1-бөліміне сәйкес адамның күнделiктi өмiрiнде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуi табиғат пайдалану болып табылады. Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік кажеттерін канағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барышпа сақтау мүддесі үстем болады. Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында - табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану - бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің кажеттерін қанағаттаңдыру үшін пайдалану құқығы деген анықтама беруге болады. Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі - бұл табиғи ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің жекелеген тұрлерін жүзеге асыру. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында мына төменде аталған шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлері міндетті түрде лицензиялауға жатады: - улы, радиоактивтік және басқа да қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлерді техникалық қалпына келтіру; - су объектілерін ластануға және бітеліп қалуға жеткізетін аса қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтік материалдарды өндірістік мақсаттарға пайдаланатын кәсіпорындар мен құрылыстарды су жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру; - 1-3 -топтағы кэуіптілігі бар өндірістің кауіпті қалдықтарын жағу, химиялық өңдеуден өткізу, сақтау мен көму, Қазақстан Республикасының қауіпті калдықтарды трансшекаралықтасымалы мен оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясы бойынша міндететтелерін орындаумен байланысты трансшекаралық тасымал; - Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін техногендік минералдық түзілістерді сақтау; Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында экологиялық аудиторлық қызмет, сонымен бірге табиғат қорғау жобалауы, нормалау және экологиялық сараптама саласындағы жұмыс міндетті түрде лицензиялануға тиіс. Лицензиядан басқа табиғи ресурстар табиғат пайдалануға облыстың жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қалалардың - Алматы, Астана қалаларының әкімдіктерінің) табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шешімдерінің негізінде, сондай-ақ табиғат пайдалануға жасалған шарттар (келісім шарттар) негізінде берілуі мүмкін. Табиғат пайдалану құқығының қағидалары деп табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулары мен негізгі қағидаттары ұғынылады. Табиғат пайдалану құқығының негізгі қағидаларына мыналар жатады: - адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру; - табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту; - табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу; - табиғи ресурстарды пайдаланудың мақсатты сипаты. - қолайсыз экологиялық ахуалы бар аумақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру; - ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар биологиялық алуан түрлілікті және қоршаған ортаның объектілерін сақтауды қамтамасыз ету; - мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы; - қоршаған ортаға нұқсан келтіруді болдырмау, қоршаған ортаға ықгимал ыкпалды бағалау. 2. Табиғат пайдалану кұқығының түрлері, объектілері және субъектілері. Табиғат пайдалану құқығының субъектілері ретінде мемлекет, жеке және заңды тұлғалар қатысады. Табиғат пайдаланушылар жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік табиғат пайдаланушылар болып бөлінеді. Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдің қатысуымен, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға - шетел азаматтары, шетелдік заңды түлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады. Табиғат пайдаланушылар: Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкiн. Табиғат пайдаланушылар: 1) тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзiмi шектелмейтiн сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген); 2) бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен алынған) және кейiнгi (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебенi өзiнде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негiзiнде алынған) болуы мүмкiн. Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлiнедi. Табиғат пайдалануды жалпы және арнайы пайдалануға топтастырудың маңызы зор. Мұндай топтастыру үшін өлшемдер табиғат қорғау құқығын негіздеу болып табылады. Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмiрлiк қажеттi сұраныстарын қанағаттандыру үшiн және табиғи ресурстар пайдалануға берiлмей, тегiн жүзеге асырылады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол берiледi. Жалпы табиғат пайдалану әрбір адамның жайлы қоршаған ортаға табиғи құқығын жүзеге асырумен байланысты болады. Жалпы табиғат пайдалану жалпы ережелер бойынша мемлекеттік органдар тарапынан арнайы рұқсатты талап етпейді, яғни жұрттың бәрі қол жеткізе алады. Алайда, заң жүзінде жалпы пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін. Жер Кодексіне сәйкес жалпы пайдаланылатын жерлерге алаңдар, көшелер, тротуарлар. өтпе жолдар, жолдар , жағалаулар, парктер, гүлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерін канғаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа да инженерлік жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер жатады. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңы өз мұқтаждары үшін жер қойнауының кейбір ресурстарын жалпы пайдалануға жол береді. Мысалы, жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өндірілген жалпы таралған қазындыларды не жер асты суларын олармен кейіннен мәміле жасау ниетінсіз өндіруге құқығы бар. Азаматтардың жалпы орман пайдалану кұқықтары ҚР-ның Орман Кодексінде баянды етілген. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында болуының тәртібі мен шарттары мемлекеттік орман қорының санатымен және аймақты абаттандырудың деңгейімен, орман пайдалану түрімен, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы жеке-дара ережелермен анықталады. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында демалысын өткізу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт шараларына қатысу, жеке мұқтаждары үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинау мақсатында рұқсат құжаттарынсыз тегін болуына құқығы бар. Арнайы табиғат пайдалану – ЭК-те және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды ақылы негiзде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметi. Табиғатты арнайы пайдалану мемлекеттік органдар беретін арнайы рүқсаттың негізінде жүзеге асырылады және табиғи ресурстардың белгілі бір бөлігін заңды және жеке тұлғалардың оқшау пайдалануына бөлуді талап етеді. Арнайы табиғат пайдалану құқығы: 1) табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар; 2) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi; 3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар (келiсiмшарттар) негiзiнде туындайды. Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар болған кезде жол берiледi. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес берiледi. Арнайы табиғат пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларға билiк ете алмайды. Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкін. Табиғат пайдалану түрлерiне: 1) жердi пайдалану; 2) суды пайдалану; 3) орманды пайдалану; 4) жер қойнауын пайдалану; 5) жануарлар дүниесiн пайдалану; 6) өсiмдiктер дүниесiн пайдалану; 7) қоршаған ортаға эмиссиялар; 8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн өзге де табиғат пайдалану түрлерi жатады. 3. Табиғат пайдалану құқығының мазмұны. Табиғат пайдаланушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері. Табиғат пайдалану құқығының мазмұны табиғат пайдаланушының құқықтары мен міндеттері болады. Табиғат пайдаланушылардың: - заңмен белгіленген шектерде қоғамдық кажеттерін қанағат- тандыру үшін табиғи ресурстарды пайдалануға; - өзінің шаруашьшық және өзге де қызмет әдісін дербес таңдап алуға; - жүзеге асырылуы экологиялық зиянды ықпалмен байланысты шешімдерді әзірлеу мен қабылдауға қатысуға; - шартты мерзімінен бұрын бұзуымен байланысты, сондай-ақ мемлекет кажетіне алып қоюмен байланысты ысырап пен залалды өтеуге құқығы бар. Табиғат пайдаланушылардың құқықтарынан басқа жалпы міндеттері де болады. - табиғи ресурстарды нысаналы қызметіне және олардың берілу шарттарына сәйкес пайдалануға; - шаруашылық және өзге қызметке белгіленген экологиялық нормативтерді және экологиялық талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалық шарттарды сақтауға; - берілген табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға, қоршаған ортаға нүқсан келтірмеуге және басқа да табиғат пайдаланушылар құқықтарының бүзылуына жол бермеуге; - қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды молайтуды ұтымды пайдалануға бағытталған шараларлы жүзеге асыруға. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Табиғатты пайдалану құқығының түрлері 2.Арнайы табиғатты пайдалану түсінігі 3.Жалпы пайдалану құқығы 4.Шетел адамдарына және азаматтығы жоқ адамдардың табиғатты пайдалану ерекшелігі Тақырып 5. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау мен басқару саласындағы мемлекеттік-құқықтық басқару тетігі 1. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен қызметі. 2. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және арнайы органдар. 3. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоспарлау, бағдарламалау және стандарттау мәселелері. Экологиялық нормалары және қоршаған ортаға әсердің жол беруге болатын шекті нормативтері. 1. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен қызметі. Экология саласындағы мемлекеттік басқару проблемасына табиғат қорғау мен табиғат пайдалану теориясының жалпы мәселелерін зерттейтін ғалым -заңгерлер, сондай-ақ экологиялық кұқықтың ресурстық салаларының өкілдері үнемі ден қойып келеді. Әрбір зерттеу елеулі тұрде ғылыми құндылық болып табылды, өйткені басқарудың жалпы теориясын толықтыра және дамыта отырып, салалық зандарда ғалымдар басқару тетігінің айрықша белгілерін — басқарудың өзіндік нысандары мен әдістерін бөліп көрсетті, бұлар осы әлеуметтік құбылыстың аса серпінді сипаттамалары болып табылады. Басқаруды ұйымдастыру мәселелері қазіргі уақытта да мемлекеттегі экономикалық қайта құрулармен, меншіктің сан-алуан нысандарымен байланысты ерекше көкейтесті сипат алып отыр. Біздің республикамызда болып жатқан өзгерістердің осы жағдайларында ол өзгерістер қоғамдық өмірдің барлық салала-рын, соның ішінде басқару саласын да қамтуда. Бұдан ертеректе болған басқарудың әкімшілік-әміршілдік жүйе орнын барынша икемді аппарат басты, онда ықпалды басқарудың билік әдістері мен нысандары қоғамдық қатынастар субъектілерінің экономикалық тетіктерімен ауыстырылды. Меншіктің мемлекеттік емес нысандарының пайда болуы, жеке кәсіпкерліктің дамуы, біздің республикамыздың өмірін демократияландыру қазіргі басқару оргавдарының жүйесін, өз қызметінің сипатын өзгертуге мәжбұр етуде. Қазіргі кезенде, басқару процесін ұйымдастыра отырып, мемлекет мемлекеттік басқарудың саласында бола отырып, жаңа экономикалық құрылымға ыкдал етудің нысандарын пайдалану керек, солай бола тұрса да, мемлекеттік нұсқауларға бағынуға міндетті болуға тиіс. Сондықтан бүл экология саласында ерекше реттелуге тиіс, онда азаматтар мен мемлекеттің экологиялық мүдделерінің басымдығы сол мемлекеттің, кәсіпорынның және жеке кәсіпкерлердің экономикалық мүдделерінен жоғары тұруға тиіс. Осының бәрі экология саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық тетігінің республикадағы қазіргі ахуал айқындамасы тұрғысынан қаралуға тиіс екенін білдіреді. Сонымен, табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару дегеннен нені түсінеміз. Осы мәселе бойьшша ғалымдардың көзкарастарындағы айырмашылыққа назар аудармай болмайды. О.С. Колбасов мемлекеттіктен нақты мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық қызметін түсінеді. Басқа ғалымдар былай деп есептейді: мемлекеттік басқарудың мәнін сипаттау үшін алғы шарт «басқарушы жүйенің (басқару субъектісінің) басқару жүйесіне ықпалы ретінде басқдру туралы ілім (басқару объектісі)». Г.В. Атаманчук мемлекеттік басқаруға анықтама бере келіп, билік ықпалы принципін атап көрсетеді. Ол былай деп жазады: «мемлекеттік басқару — бүл ғылыми негіздеме, мемлекеттің қоғамдық жүйеге ықпалы жоспарлы, үздіксіз билік жүргізу ықпалы...». Бұл анықтама бәрінен бұрын басқарудың әміршілдік-әкімшілік жүйесінің мәніне сәйкес келетінін аңғару қиын емес, ол бұрын біздің мемлекетімізде болған. Бұл арада, біздің пікіріміз бойынша, осы заманғы айқындама Н.Б. Мұхитдиновтың айқындамасы болып табылады, ол бүл проблеманы тау-кен құқығына балап талдайды. Ол былай деп есептейді: мемлекеттің басқару пәрменділігін белгілеу үшін «ықпалдан» гөрі неғұрлым кең «аткарушылық-әкімшілік қызмет» терминін қолдану тиімдірек болар . Оның дәлелдері мынаған негізделген: «басқару тек қоғамдыққатынастарға катысушыларға ықпалды ғана көздеп қоймай, сонымен бірге олардың арасыңдағы өзара іс-қимылды да реттейді». Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органдарының бұл «аткарушылық- әкімшілік» қызметі қоғам мен табиғаттың экологиялық тұрғыдан негізді өзара іс-қимылын ұйымдастыру негізінде қор-шаған ортаның қолайлы сапасын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет қызметін іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған. Сөйтіп, жоғарыда аталған анықтамалардың негізінде мемлекеттік басқару ұғымын тұжырымдаймыз - бұл қоғамның өзара іс-қимылы жағдайында қоршаған ортамен, экологиялық-құқтарды жүзеге асырумен және мемлекет субъектілерінің экологаялық міндетгерін сақтаумен экологиялық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекетгік органдардың аткарушылық-әкімшілік қызметі. Басқару қызметін жүзеге асырудың әдістері заң әдебиетінде көпшілік қабылдаған әдістер, олар басқарудың нысандары мен әдістерін белгілейді. Мемлекеттік басқарудың нысандары үш негізгі тұрде көрініс береді: 1) заң шығарушылық нысаны — мемлекеттік органдардың басқару қатынастарын реттеуге бағытталған нормативтік актілерін әзірлеу мен қабылдау; 2 ) құқық қолданушылық — бүл нақты іс-қимылдарды кдбыл-дау мен жүзеге асыру арқылы басқару нормативтік актілерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттің қызметі; 3) құқыққорғаушылық — бүл мемлекетгік нормативтік актілерде көзделген талаптарды бүзатын немесе орындамайтын адамдарға жазалау шараларын қолдану жөніндегі ммлекеттің қызметі. Мемлекеттік басқару әдістері қазіргі уақытта меншіктің көпте-ген нысандарының болуы ерекшелігін ескереді, және осының салдары ретінде, субъектіердің көп екенін де ескереді. Сондықтан қазіргі кезенде мемлекеттік басқару органдары аманатты әдісті де (міндетті нұсқамалар әдісі, мемлекеттік органдардың бұйрықтарын дәлме-дәл орындауды), ұсынымдар әдісін де ( қандай да бір шарттарды ескере отырып, мемлекеттік шешімдерді бірненше нұсқада орындау кезіндегі әдісін де) пайдаланады. Экологиялық тәжірибеде мемлекттік санкциялау әдісі кеңінен таралған, бұл әдіс жағдайында мемлекеттік емес органның шешімі оны мемлекет бекіткеннен кейін заңдық күшіне ие болады. Рұқсат ету әдісі мемлекеттік емес орган дербес болған жағдайда қолданылады. Барлығы үшін міндетті шешім өздерінің «ішкі» субъектілері үшін қабылданады. Қызметтік көзқарас басқару қызметінің ерекшелігі мен мазмұнына тереңірек үңілуге көмектеседі. Мемлекеттік басқару қызметі дегеннен бір- бірінен нысаны, мазмұны және басқарылатын объектілердің немесе өзінің басқару компоненттерінің сақталуы мен қайта кұрылу әдісі жағынан өзгеше мемлекеттің билік етуінің жоспарлау-ұйымдастыру және реттеу ықпалдарының объективті тұрдегі шартты тұрлері ұғынылады. Әрбір қызметті жүзеге асыру экологиялық занды қолдану негізінде мүмкін болады. Экологияны мемлекеттік басқарудың қызметтері элемент болып табылады, ол басқару қызметінің мазмұнын басқарудың мемлекетгік органдары жүйесімен байланыстырады. Бүгінгі таңда экология саласындағы мемлекеттік басқару қызметінің мына қызметтерін бөліп көрсетуге болады: 1. Қоршаған табиғат ортасының нормаланған сапасы; 2 Экологиялық мониторинггі жүзеге асыру; 3. Экологиялық және табиғат пайдалану кадастрларын жүргізу; 4.Экологиялық сараптаманы жүргізу; 5.Экологиялық бақылауды ұйымдастыру; 6.Экологиялық төлемдер мен салықтарды алу; 7. Экология саласында мемлекеттік органдардың бұзушылықтары үшін жазалау шараларын қолдану . 2. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және арнайы органдар. Республикада экология мәселелерін кең көлемді мемлекеттік органдар басқарады. Жалпы мақұлданған үлгіге сейкес олар негізінен үш топқа жіктеледі: өкілді биліктің органдары, атқарушы билік, сот билігі. Осы топтардың әрқайсысының нысаналы мақсатымен, сипатымен және жұмыс көлемімен, нысандары мен әдістерімен өзара өзгешелігі бар. Бірақ бұл органдар мемлекеттік экологиялық қызметті жүзеге асыруда қалыпты жүйеге түскен. Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабына сәйкес Парламент — Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Ол 5 жыл мерзімге (Мәжіліс) және 6 жыл мерзімге (Сенат) сайланады. Парламент сондай-ақ бірден-бір заң шығарушы орган болып табылады, Республиканың Конституциясьш, заңдарын, кодекстерін және өзге де шешімдерін қабылдайды, оларға ресми түсіндірме береді. Парламент қабылдайтын нормативтік актілер мемлекеттің экологиялық саясатын анықтайды, барлық қоғамдық экологиялық қатынастарды реттейді, табиғи ресурстарға меншік нысанын белгілейді. Парламент атқарушы биліктің жүйесіндегі лауазымды адамдарды тағайындауға келісім беру арқылы аткарушы органдарды бақылайды. Олар сондай-ақ экономикалық өмірдің аса маңызды мәселелерін шешеді, республикалық бюджетті бекітеді және оның орындалуын бақылайды, Республиканың ақша жүйесі анықталады, мемлекеттік заемдар ұсынылады. Сонымен бірге Парламент қызметінің маңызды бағыттарының бірі Республиканың сот жүйесін қүру болып табылады. Ол Жоғарғы Сотты сайлайды, төменгі тұрған соттарды құру тәртібін белгілейді. Жергілікті өкілді органдардың құзыретіне облыстың, ауданның, қаланың экологиялық ахуалына ықпал ететін маңызды мәселелер жатады. Мәслихат аумақты басқарудың схемасын, әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспары мен бағдарламасын, бюджеттің жобасын бекітеді. Жергілікті әкімшіліктің қабылдаған шешімдерінің орындалуын бақылайды, ол үшін тұрақлы комиссиялар құрады. «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы оргаңдары туралы» жаңа Заң мәслихаттардың жергілікті өкілді органдарының құзыретіне міндетті ережелерді бүзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін осы ережелерді бекіту кұқығын енгізді. Құқық қолдану органдардың іс-қимылындағы негізгі орынды атқарушы биліктің лауазымды адамдары алады. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы және республиканың атқарушы билігінің бірыңғай жүйесін басқарады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы). Президенттің экология саласьшдағы басқаруды ұйымдастыру жөніндегі өкілеттігі мейлінше кең ауқымды. Президент республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, жарлықтар, қаулылар мен өкімдер шығарады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі тұтастай алғанда қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыратын жалпы құзырет органының қызметті болып табылды. Бүл органның зерттеліп отырған мәселе бойынша қүзыретінің шектері Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 16-бабында белгіленген. Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында: 1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану, қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оларды жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық шараларды әзiрлейдi; 2) мемлекеттiк экологиялық бағдарламаларды және табиғат пайдаланудың түрлi бағыттары бойынша, сондай-ақ климатты және Жердiң озон қабатын қорғау саласындағы бағдарламаларды әзiрлейдi; 3) табиғат пайдаланудың әралуан түрлерi бойынша тұжырымдамаларды мақұлдайды; 4) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға беру туралы шешiмдер қабылдайды; 5) республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi; 6) табиғи ресурстардың әрбiр түрiнiң мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк кадастрлары мен мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды; 7) мыналарды: қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi; ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн; эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн және қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн; қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын; қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелердi сату тәртiбiн; ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн; қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақының базалық және шектi ставкаларын; қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау ережелерiн бекiтедi; 8) мыналарды: шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн; айрықша экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн; қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткiзу тәртiбiн; сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесiз қауiптi қалдықтарды басқару тәртiбiн; қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртiбiн айқындайды; 9) мыналарды: қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн; кешендi экологиялық рұқсаттар беру тәртiбiн және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi үлгiлерiнiң тiзбесiн; парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды шектеудiң, тоқтата тұрудың немесе азайтудың тәртiбiн; озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртiбiн; парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерiн мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн; аумақтардың экологиялық жағдайын бағалау критерийлерiн; жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн; Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағының шекарасын; қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртiбiн белгiлейдi; 10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 11) аумақты төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялайды және төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық режимiнiң қолданысын тоқтату туралы шешiм қабылдайды. Арнайы органға Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен оның құрылымдық бөлімшелері жатады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган: 1) бiртұтас мемлекеттiк экологиялық саясатты жүргiзедi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады; 2) өз құзыретi шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бөлiгiндегi қызметiн үйлестiредi; 3) климатты және Жердiң озон қабатын қорғау саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады; 4) жеке және заңды тұлғалардың климатты және Жердiң озон қабатын қорғау, биоәртүрлiлiктi сақтау, жердiң шөлейттенуi мен жұтаңдауы саласындағы қызметiн үйлестiрудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады; 5) өз құзыретi шегiнде шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекiтедi немесе келiседi; 6) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi бағдарламаларын әзiрлейдi; 7) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi өңiрлiк бағдарламалар мен iс- шаралар жоспарларын келiседi; 8) экологиялық рұқсаттар бередi, оларда қоршаған ортаға арналған эмиссияларға лимиттер белгiлейдi; 9) мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асырады; 10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялар берудi жүзеге асырады; 11) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензияларды, рұқсаттарды, шарттарды (келiсiмшарттарды) өз құзыретi шегiнде келiседi; 12) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзедi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiредi және оған әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады; 13) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы бұзылған жағдайда мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын керi қайтарып алу және оны жою құқығымен, жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу қызметiне бақылауды жүзеге асырады; 14) мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы шешiм қабылдайды және міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекiтедi; 15) қоршаған орта жай-күйiнiң мемлекеттiк мониторингiн және мониторингтiң жекелеген арнайы түрлерiн жүргiзудi ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзудi үйлестiредi; 16) Табиғи ресурстар кадастрларының бiрыңғай жүйесiн жүргiзедi; 17) Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады; 18) Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және сарқынды суларды жер қойнауына жiберудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады және оны жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды бекiтедi; 19) қоршаған ортаның ластану учаскелерiн мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастырады; 20) Парниктiк газдардың мемлекеттiк кадастрын және Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады; 21) озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат бередi; 22)Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және оларды есепке алу тәртiбiн белгiлейдi; 23) Экологиялық ақпараттың мемлекеттiк қорын жүргiзудi ұйымдастырады, қоршаған ортаға әсердi бағалау рәсiмiне және белгiленiп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi; 24) ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн әзiрлейдi және олардың тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады; 25) әр түрлi дәрежедегi полигондарда орналастыру үшiн қалдықтар тiзбесiн айқындайды; 26) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi; 27) мемлекеттiк экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргiзуге қатысты құжаттардың нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi; 28) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу тәртiбiн қоса алғанда, қоршаған ортаға әсердi бағалау және мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi; 29) мыналарды:қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн айқындау әдiстемесiн; қалдықтар сыныптамасын;қауiптi қалдықтар бойынша есеп беру нысанын;табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берiлетiн рұқсаттарға енгiзу тәртiбiн, қоршаған ортаны эмиссияларға рұқсат беру мәселелерi бойынша құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн;қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн;қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн;жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының экологиялық сараптама саласындағы қызметiне бақылауды жүзеге асыру ережесiн;мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының нысанын; техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңесiнiң құрамын және оның ережесiн; Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзу жөнiнде ақпарат алмасудың тiзбелерiн, нысандарын және мерзiмiн; топырақтағы химиялық заттардың жол берiлетiн шектi шоғырлануын; өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламаларын келiсу тәртiбiн бекiтедi және өндiрiстiк экологиялық бақылау нәтижелерi жөнiндегi есептiлiкке қойылатын талаптарды белгiлейдi; 30) мыналарды: қоғамдық тыңдау өткiзу тәртiбiн; парниктiк газдар шығарудың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың шектi нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн; парниктiк газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды түгендеу тәртiбiн; 31) мемлекеттiк экологиялық бақылау органдары жүйесiндегi зертханалық- талдамалық бақылау қызметтерiнiң жұмысын жетiлдiредi; 32) су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк схемаларын келiсуге, бассейндiк келiсiмдердi дайындауға, су объектiлерiн пайдалану, молықтыру және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк (өңiрлiк және бассейндiк) бағдарламалар әзiрлеуге, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысады; 33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 34) қоршаған ортаны қорғау саласында келiсiмдер, меморандумдар жасасады; 35) Ұлттық экологиялық атласты әзiрлеудi және жариялауды ұйымдастырады; 36) мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының тiзiлiмiн жүргiзедi. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мыналар болып табылады: 1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; 3) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 4) жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 6) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 7) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 9) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 10) өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 11) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган. ЭК-тің 20-бабына сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында келесі өкілеттіктері бар: 1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөнiндегi iс-шаралар және олардың тиiстi аумақтарда iске асырылуы көзделетiн бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзiрлеудi ұйымдастырады; 2) мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негiзiнде өз құзыретi шегiнде кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға немесе реконструкциялауға тыйым салады немесе рұқсат бередi; 3) өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi; 4) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады; 5) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына бередi; 6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргiзуге тартады; 7) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi; 8) қалдықтарды басқару жөнiнде бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi; 9) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөнiндегi объектiлердi салуға жер учаскелерiн бөледi; 10) қалдықтарды жою және орналастыру жөнiндегi объектiлердi салуды қамтамасыз етедi; 11) коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi; 12) қалдықтардың пайда болу көлемдерiн бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемдерiн азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдаланылу деңгейiн арттыруға және көмiлуге тиiс қалдықтар көлемiн қысқартуға бағытталған iс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзiрлейдi; 13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешiм қабылдайды; 14) тиiстi аумақта тұрған табиғат объектiлерiнiң жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады; 15) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң тiркелуiн жүзеге асырады; 16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлейдi және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi. 3. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоспарлау, бағдарламалау және стандарттау мәселелері. Экологиялық нормалары және қоршаған ортаға әсердің жол беруге болатын шекті нормативтері. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлiлiктi сақтауды қамтамасыз ететiн қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсердi белгiлеу болып табылады. Экологиялық нормалау процесiнде қоршаған орта сапасының нормативтерi, эмиссиялар нормативтерi және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгiленедi. Қоршаған орта сапасының нормативтерiне: 1) қоршаған орта жай-күйiнiң химиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген нормативтер, оның iшiнде радиоактивтi заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шектi шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауiпсiз деңгейлерiнiң нормативтерi; 2) қоршаған орта жай-күйiнiң физикалық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерiнiң, радиоактивтiлiктiң, жылудың және өзге де физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейлерiнiң нормативтерi; 3) қоршаған орта жай-күйiнiң биологиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретiнде пайдаланылатын өсiмдiктердiң, жануарлардың және басқа да организмдердiң түрлерi мен топтарының нормативтерi, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн, микроорганизмдердiң жол беруге болатын шектi шоғырлану нормативтерi: топырақ бонитетi, қарашiрiндiнiң құрамы, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырау, олардың батпақтану, сортаңдану, тұздану көрсеткiштерi және жер топырағының басқа да сипаттамалары; аумақтың ормандылығы және онда орман өсiру, орманның қоқыстануы, ормандардың санитарлық жай-күйi, орман қорының жекелеген учаскелерiнiң басқа да сандық және сапалық көрсеткiштерi; ауыз суға және өзге де мақсаттарға пайдаланылатын су сапасының нормативтерi; табиғи ресурстар жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi; 4) қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi жатады. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жол беруге шектi шоғырлану нормативтерiн белгiлеу мақсатында зиянды заттарды қауiптiлiк дәрежесiне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауiптi химиялық заттарды мемлекеттiк тiркеудi жүргiзедi. Мемлекеттiк тiркеуден өткен химиялық заттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi. Жол беруге болатын шектi шоғырлану және заттардың шамамен алынған қауiптiлiк деңгейлерiнiң нормативтерiн белгiлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнамаларында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалады. Жекелеген аумақтар үшiн қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi белгiленуi мүмкiн. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қоршаған орта сапасын бiрте-бiрте жақсарту қажеттiгi ескерiле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерiнiң белгiлi бiр уақыт кезеңiне арналған шектi деңгейiн реттейдi. Қоршаған орта сапасының әртүрлi нысаналы көрсеткiштерi: 1) қоныстану аумағы; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; 3) рекреациялық аймақтар; 4) шөл және шөлейт аудандар; 5) су объектiлерi үшiн белгiленуi мүмкiн. Эмиссиялар нормативтерiне: 1) эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi; 2) ластаушы заттардың жол беруге болатын шектi шығарындылары мен төгiндiлерiнiң нормативтерi; 3) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерi; 4) жол берiлетiн физикалық әсер (жылу мөлшерiнiң, шу, тербелiс, иондаушы сәуле және өзге де физикалық әсерлер деңгейiнiң) нормативтерi жатады. Эмиссиялар нормативтерi аумақтардың және акваторияның табиғи ерекшелiктерi ескерiле отырып, қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге тиiс және жол берiлетiн шектi шоғырлану немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi негiзiнде есептеледi. Эмиссиялар нормативтерiнiң шамалары шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс әсерiн азайту мақсатында экологиялық рұқсаттар беру мен қажеттi техникалық iс-шаралар өткiзу қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдауға негiз болып табылады. Эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн бағалау құрамында не жекелеген құжаттар түрiнде негiзделедi. Эмиссиялар нормативтерiн әзiрлеудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. Жекелеген көздер бойынша эмиссиялар нормативтерi эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiне теңестiрiлiп белгiленедi не қоршаған орта сапасының нормативтерi негiзiнде есептеу арқылы айқындалады. Эмиссиялар нормативтерiн есептеу арқылы айқындау әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. Табиғи ресурстарды қорғау мен молықтыру мақсатында табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi белгiленедi. рәсiм. Қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тiкелей немесе жанама әсер етуi мүмкiн болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлерi үшiн мiндеттi болып табылады. Қоршаған ортаға әсер ететiн шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерiн бағаламай әзiрлеуге және iске асыруға тыйым салынады. Әсердi бағалау нәтижелерiн жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылады. Жобаланып жатқан және жұмыс iстеп тұрған объектiлердiң перспективалық қызметi осы Кодекстiң талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерiн бағалауға жатады. Жобалардың тапсырыс берушiсi (бастамашысы) мен әзiрлеушiсi қоршаған ортаға әсер етуге жүргiзiлген бағалау нәтижелерiн ескеруге және қоршаған орта мен адам денсаулығына неғұрлым аз зиян келтiретiн нұсқаның қабылдануын қамтамасыз етуге мiндеттi. Қоршаған ортаға әсердi бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қала құрылысының және құрылысты жобалаудың кезеңдерi ескерiле отырып, дәйектi түрде жүзеге асырылады. Қоршаған ортаға әсердi бағалау мынадай кезеңдердi қамтиды: 1-кезең. Аумақты бағалау (қоршаған ортаның жай-күйiн шолу), объектiнi орналастыруға арналған учаскенi оңтайлы таңдауды негiздеу үшiн орындалады; 2-кезең. Инвестициялардың негiздемесiне (жобалардың техникалық- экономикалық негiздемесiне) iлесе жасалатын қоршаған ортаға әсердi алдын ала бағалау; 3-кезең. Әсердi бағалау, ол жобаны iске асырудың немесе шаруашылық және өзге де қызметтi одан әрi жүзеге асырудың ықтимал әсерлерiн толық және кешендi талдау, баламалы нұсқаларды негiздеу және қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) әзiрлеу мақсатында орындалады; 4-кезең. Жұмыс жобасы құрамындағы "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмi, ол қоршаған ортаға қолайсыз әсерлердi болдырмау жөнiндегi техникалық шешiмдердi қамтиды; 5-кезең. Жобалаудан кейiнгi талдау, ол шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру басталғаннан кейiн бiр жыл өткен соң объектiнiң қоршаған ортаға қауiпсiздiгiн растау және табиғат қорғау iс-шараларына түзету енгiзу үшiн жүзеге асырылады. Қоршаған ортаға әсердi бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. Қоршаған ортаға әсердi бағалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушiсi (бастамашысы) қамтамасыз етедi. Қоршаған ортаға әсердi бағалау әзiрленiмiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар шартқа сәйкес қоршаған ортаға әсердi бағалау жүргiзуден алынған нәтижелердiң дұрыстығы, толықтығы мен сапасы үшiн тапсырыс берушi алдында жауапты болады. Қоршаған ортаға әсердi бағалау рәсiмiн орындау кезiнде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Қоршаған ортаға әсердi бағалау процесiнде: 1) тiкелей әсер - объектiнi орналастыру ауданында жоспарланып отырған негiзгi және iлеспе қызмет түрлерiнiң тiкелей тигiзетiн әсерi; 2) жанама әсер - жобаны iске асыру салдарынан пайда болатын жанама (кейiнгi) факторлардан туындайтын қоршаған ортаға әсер; 3) кумулятивтiк әсер - жобаны iске асыруға iлесе жасалатын, өткен, қазiргi немесе негiзделiп алдын ала болжанатын iс-әрекеттерден туындайтын, үнемi ұлғаю үстiндегi өзгерiстер салдарынан пайда болатын әсер есепке алынуға тиiс. Қоршаған ортаға әсерiн бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет маңыздылығы мен толымдылығы бойынша I, II, III, IV болып 4 санатқа бөлiнедi. I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру жатады. II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, орман пайдалану мен суды арнайы пайдаланудың барлық түрлерi жатады. III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады. IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулау мен аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдаланудың барлық түрлерi жатады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Мемлекеттің қоршаған ортаны басқару саласының ерекшелігі 2. Мемлекеттік қоршаған ортаны бақылау органдары 3.Қоршаған ортаны бағалау процессі 4.Қоршаған ортаға әсерді бағалау сатылары Тақырып 6. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері 1. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің түсінігі мен құрамдас элементтері. 2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру. 3. Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептесу тәртібі. Экологиялық сақтандыруды құқықтық реттеу. 1. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің түсінігі мен құрамдас элементтері. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеудің мақсаттары төлемдер жүйесін қалыптастыру мен табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдаланудың тұрақты экономикалық негізін құру, сондай-ақ мемлекеттің мүдделері мен табиғат пайдаланушылардың мүдделерін экономикалық жағынан қорғау болып табылады. Экономикалық әдістер мыналарға бағытталған: шаруашылық қызметінің субъектілері материалдық шығынды анықтау арқылы өзінің шаруашылық қызметінде қоршаған ортаның ластануын азайтуға мүдделі болуы керек. Сөйтіп, экологиялық қатынастар субъектілеріне ықпал етудің экономикалық әдістерінің жүйесі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыруға жәрдемдеседі. Осы көзқарасты сондай-ақ Б.В. Ерофеев те ұстанып отыр, ол былай деп есептейді: «Қоршаған ортаны экономикалық жағынан реттеу заңның экологиялық талаптарын сақтауда экономикалық мүддені қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады». Табиғат қорғау қызметінің тиімділігі қаржы ынталылығын жасаумен аныкталады, ал табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау шаралары мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды жүргізуге ынталандырудың өзі қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың көмегімен жүргізілуге тиіс. Экономикалық тетік ұғымына келсек М.М. Бринчук былай деп есептейді: «Табиғат қорғаудың экономикалық тетігі дегенннен қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың занда көзделген экономикалық шараларды камтамасыз етудің жиынтығы ұғынылады». Сондай-ақ инновацияларды және табиғи ресурстарды ұтымды паидалануды енгізу, неғұрлым тиімді аз калдықты технологияны дамытумен енгізу. В. В. Петровтың пікірі бойынша, экономикалық тетіктің құрамына тұрақты жұмыс істейтін институттар, оларсыз калыпты қызмет атқара алмайды, сондай-ақ нарықтық қатынастарға көшетін қатынастар негізінде пайда болған жаңа институттар жатады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жывдарға арналған экологаялық қауіпсіздік Тұжырымдамасына сәйкес табиғат пайдаланудың жаңа экономикалық тетіктері баға белгілеудің жүйесіне экологиялық сипаттамаларды, табиғат пайдалануға ақы төлеу жүйесін жетілдіруді және міндетті экологиялық сақтандыруды көздейді. ҚР-ның ЭК-нің 95 бабында Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi көзделген: 1) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру; 2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы төлеу; 3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу; 4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру; 5) нарықтық тетiктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн квоталарды сату; 6) экологиялық сақтандыру; 7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi болып табылады. Экономикалық тетіктің рөлі ең алдымен мынамен анықталады: ол табиғатты және қоршаған ортаны ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл міндет осы тетікке жататын барлық экономикалық шараларды дәйекті түрде жүзеге асыру арқылы іске асырылады. Экономикалық шаралар мен оның әдістері салалық табиғи ресурстар актілерінде де көзделген. Мысалы, ҚР-ның 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 104-бабына сәйкес орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық принциптері мен әдістері: 1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру іс-шараларын жоспарлау; 2) мемлекеттік орман қорында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар мен нормативтерге сәйкес орман шаруашылығын жүргізуді қаржыландыру; 3) орман ресурстарын және ормандардың пайдалы қасиеттерін ақылы түрде пайдалану; 4) ерекше қорғалатын орман аумақгарын ақылы түрде пайдалану; 5) Қазақстан Республикасының аумағында орманды өңірлерді үлғайтуды ынталандыру; 6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік орман иеленушілердің және орман пайдаланушылардың жауапкершілігін сақтандыру болып табылады. ҚР-ның Су кодексінің 132-бабына сәйкес экономикалық реттеудің негізгі түрлері: 1) су пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу; 2) су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғаудың бекітілген бағдарламаларын әзірлеу және қаржыландыру; 3) Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жеке және занды тұлғалардың ресурстар сақтауға қалдығы аз технологияларды және энергияның дәстүрден тыс түрлерін енгізу және игеруі, су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану жөніндегі басқа да тиімді шараларды жүзеге асыруы кезінде оларға кредиттік және өзге де жеңілдіктер беру; 4) қоғамдық қорлар құру және оларды су объектілерін қалпына келтіру мен қорғау үшін пайдалану болып табылады. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуде экономикалық шаралар рөлін сипаттаған кезде мынаны атап көрсету керек: табиғат қорғау қызметін басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістері бір- біріне баламалы болып табылмайды. Керісінше, олар бір-бірін толықтырады және табиғат қорғау қызметімен басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерін қолдануды оларды оңтайлы ұштастыру бағытында реттеудің маңызы зор. Петров В.В. сондай-ақ былай деп пайымдайды: «қазіргі кезеңде экологиялық қатынастарды реттеудің негізгі белгісі экономикалық ынталандыру арқылы қоршаған табиғи ортаны қорғауда әкімшілік-құқықтық құралдарды ұштастыра жүргізуде болады». Экономикалық тетіктің ынталандырушылық қызметі олардың атына қойылған экономикалық заңның талаптарын табиғат пайдаланушылардың ынталылығы жағдайын жасауда болып табылады. ҚР-ның ЭК-нің 103-бабына сәйкес Табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды тиiмдi жүзеге асыруын экономикалық ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақының шектi ставкаларын бекiтуi мүмкiн. Сонымен бірге экономикалық ынталандыру шаралары салалық нормативтік-құқықтық актілерде де көзделуі мүмкін. Мысалы, ҚР-ның Орман кодексінің 106-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының орманды аумағын арттыруды экономикалық жағынан ынталандыру мыналар арқылы: 1) Казақстан Республикасының зандарына сәйкес босалқы жерлерден ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз өзге де жер санаттарынан орман қорына жер бөлу; 2) Қазақстан Республикасының салық зандарына сәйкес, орман өсіруді ынталандыру және арнайы мақсаттағы плантациялар, агроорман мелиорациялық және өзге де қораншылық екпелер жасау; 3) Республикасының сүрек ресурстарына мүқгажын қамтама-сыз ету мақсатында өнімі жоғары плантациялық екпелер отырғы-зуға ынталандыру; 4) селекциялық-гендік негіздегі түқым қуалау сапасы жақсартылған орман тұқымдарын және отырғызылатын материалдарды өндіру мен қолдануды ынталандыру; 5) шаруашылығына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен жүзеге асырылады. 2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру Республика әлеуметтік және экономикалық процестердің дамуы мен күшеюі жүріп жатқан қазіргі кезенде қоршаған ортаға антропогендік ықпалдың келеңсіз зардаптарын мейлінше азайтуға мүмкіндік беретін табиғат ресурстарын пайдалануда салақтыққа жол бермейтін жоспарлау, сондай-ақ қатынастардың қарастырылып отырған саласында құқықтық талаптардың негізгі кепілдіктерінің бірі болып табылатын қоршаған ортаны қорғаудың тиімділігіне қол жететін болады. ҚР ЭК-нің 96-бабына сәйкес Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға: 1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған; 2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартатын; 3) экологиялық жүйелердiң жай-күйiн тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететiн; 4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтiрудiң алдын алатын және оларды болғызбайтын; 5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгiзуге бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiретiн; 6) өндiрiстiк экологиялық бақылауды дамытатын; 7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелердi қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететiн; 8) экологиялық бiлiмдi насихаттауға, тұрақты даму үшiн экологиялық бiлiм мен ағарту iсiне ықпал ететiн iс-шаралар жатқызылады. Жоспарлау процесі экономикалық қажеттіктері мен қоршаған ортаның жай-күйі және оның компоненттері арасындағы оңтайлы ара қатыстылығының үйлесімін қамтамасыз ететін экологиялық болжамдардың алдағы әзірленуі үшін сапалық сипаттамалары мен көрсеткіштерінің болуын көздейді. Қазіргі кезде табиғи ресурстарды пайдаланатын салалық ведомстволар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, сондай-ақ ғылыми- зерттеу мекемелері мен қоғамдық табиғат қорғау ұйымдары арасындағы өзара нашар байланысы сияқты факторлар, ғылыми-негізделген экологиялық көрсеткіштер жұйесінің шектеліп әзірленуі қоршаған ортаны жоспарлау процесіне келеңсіз ықпал етуі мүмкін. Осының салдарынан бұл саладағы қазіргі танда неғүрлым болашағы бар бағыттар мыналар болып табылады: жоспарлаудың ғылыми негізділігін жақсарту, әр тұрлі ведомстволардың жоспарланған шараларын іске асыру процесіне ғылыми-зерттеу және мамандандырылған қоғамдық ұйымдардың белсенді түрде қатысуы, оларды іске асырудың кешенді-мақсатты бағдарламалары мен қүқықгық кепілдіктерін бекіту, Қазақстан Республикасы дамуы-ның стратегиялары мен тұжырымдамалары бар осы бағдарламалардың өзара іс-қимылын анықтайтын айқын құқықтық ережелерін әзірлеу, мұның өзің өз кезегінде қарастырылып отырған саладағы салааралық мүдделерді келісуді және үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Табиғат пайдаланудың әр түрлі бағыттары бойынша экологиялық бағдарламалар мен тұжырымдамапарды әзірлеу мен іске асыру саласындағы мемлекеттік органдардың тұжырымдамасы ҚР-ның ЭК көзделген. Мысалы, ҚР-ның үкіметі мемлекеттік экологиялық бағдарламаларды әзірлейді және оларды ҚР Президентіне бекітуге ұсынады, шараларды табиғат қорғау шараларына жатқызу тәртібін белгілейді, шараларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларға жатқызу ережелерін бекітеді. Шараларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларға жатқызу Ережелері негізінде облыстың қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларның тізбесін әзірлеп, бекітеді. ҚР-ның Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 269- п «Шараларды табиғат қорғау шараларына жатқызу тәртібін және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бұл тізбекке мынадай шаралар жатады: 1. Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану, тазарту құрылыстарын (жобалау, салу және қайта құру, барлық түрдегі айналым және сарқынсыз сумен жабдықтау жүйелерін енгізу мен қайта құру; сарқынды су жинағыштарын қайта құру мен жою және олардың қоршаған ортаға ықпалының зардаптарын жоюға бағытталған шараларды жүргізу; сапаны бақылаудың, ағынды сулар тастандыларының құрамы мен көлемдерінің автоматтандырылған жүйесін құру және енгізу; жер үсті және жер суларынң арының ластануын болдырмайтын және жоятын осы суларды қорғау жөніндегі шараларды орындау; судың сапасын жақсарту жөнін-дегі шараларды жүзеге асыру; су тұтынуды, ағызып жіберілетн ластанған сулардың сапасын және т.б. нормалау). 2. Ауа бассейнін қорғау (атмосфераға зиянды шығарындылардан кететін газдарды тазарту өдістерін әзірлеу жөніндегі тәжірибелік- өнеркәсіптік қондырғыларын салу, атмосфералық ауаның ластануын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін құру; отын-ның баламалы түрлеріне көшу және қоғамдық электр көлігін пайдалануды ұлғайту, тозаң-газ бөлетін ұйымдасқан және ұйымдаспаған көздерді бітеу және жою; жер қойнауын пайдалану объектілерінде шаңды басу жөніндегі шараларды жүргізу; атмосфералық ауаның жай-күйін байқау бекеттерін салу мен қалпына келтіру; санитарлық-қорғаныш аймақтарын жобалау, салу және абаттау; ілеспе газдарды кәдеге жарату немесе кдйталап пайдала-ну; атмосфералық ауаның ластау көздерінің шығарындыларын нор-малаужәне т.т.). 3. Жер ресурстарын қорғау (жерді тозудан, шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, өндіріс және тұтыну қалдықтарының басып қалуынан және химиялық, биологиялық , радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластануынан қорғау; бұзылған жерлерді қалпына келтіру, жердің құнарлылығы мен басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен жақсарту және оны қазіргі талапқа сай шаруашылық айналымына енгізу; жер ресурстарын кешенді әрі ұтымды пайдалану жөніндегі шаралар, сондай-ақ олардың жай-күйін бағалау жұмыстарын жүргізу; топырақтың ластануын бақылау жүйесін құру, топырақгың ластануын бақылау жөніндегі зертханаларды сатып алу мен жарақтандыру және т.б.). 4. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау (шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде биологиялық әралуандыққа катерді болғызбау; қоршаған ортаның ортадағы жай-күйін анықтау үшін экологиялық зерттеулер жүргізу, өнеркәсіп қызметінің экологи-ялық жүйеге ықтимал келеңсіз ықпалын анықгау және осындай жағдайлар жөніндегі шараларды жоспарлау; жабайы жануарлардың, құстар мен балықтардың санын молайту, қалпына келтіру жөніндегі биотехникалық шараларды жүргізу; ерекше қорғалатын аумақгарды құру мен жайғастыру үшін табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу; шөлейттенуге және баска да қолайсыз экологиялық факторларға бейімделген жерді көгалдандыру; аумақгарды орман өрттерінен кейін, орманды қалпына келтіруден кейін оңалту және т.б.). 5. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын пайдалану (қалдықтардың кез келген түрлерін өңдеу, сұрыптау және жағу жөніндегі зауыттарды жобалау, салу және жаңғырту; иесіз қалдықгардың кез келген түрлерін жинау, тасымалдау мен зиянсыздандыру жөніндегі технологияларды сатып алу мен енгізу: өндіріс пен тұтыну қалдықтарынан шикізат немесе дайын өнім алу үшін қондырғылар-ды орнату; рүқсат қоқыс төгінділерін жою жөніндегі шаралар; үймектелетін қалдықтар құрамын бақылау жүйелерін қүру, қалдықтар құрамын бақылау жөніндегі зертханаларды сатып алу мен жарақгандыру; иесіз объектілерді орналастыру мен қалдықгарды көмуді экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келтіру мен оларды жайғастыру жөніндегі шаралар және т.б.) Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды жоспарлау ұзақ болашаққа есептеліп жүргізіледі және мұндай жоспарлау неғұрлым егжей-тегжейлі әрі айқын тәртіптеуді қажет етеді, оның болмауы табиғатты құқықтық қорғау проблемаларын әдістемелік жағынан негізделген, бәрін қамтитын шешімді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Осымен байланысты қоршаған ортаның жай-күйі туралы бастапқы материалды жинауды, талдау мен ғылыми жинақтауды одан әрі жетілдіру қажет, сондай-ақ болашақтағы және ағымдғы тиісті жобаларды жасау үшін негіз болып табылатын көрсеткіштер жүйесін әзірлеудің және одан әрі дамытудың зор маңызы бар. ҚР ЭК-тің 97-бабына сәйкес Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс- шараларды қаржыландыру: 1) бюджет қаражаты; 2) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады. Әртүрлi деңгейдегi бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларда белгiленетiн бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiне сәйкес айқындалады. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын экологиялық бағдарламаларды, жоспарларды әзiрлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгiленедi. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасының, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларына, жоспарларына, белгiлi бiр аумақтың экологиялық бағдарламаларына, жоспарларына енгiзiледi. Өңiрлiк экологиялық бағдарламалар, жоспарлар және тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламалары, жоспарлары олар бекiтiлгенге дейiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары инвестициялық экологиялық жобаларды (бағдарламаларды) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi. Экологиялық бағдарламаларды әзiрлеу үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстары жүргiзiлуi мүмкiн, оларды өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспарлайды. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсаттар алу үшiн әзiрлейтiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарына енгiзiледi. Өзге де көздер есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 3. Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептесу тәртібі. Экологиялық сақтандыруды құқықтық реттеу. ҚР ЭК-нің 102-бабына сәйкес табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi. Жер, Су, Орман кодекстерінде және өзге де саладық нормативтік актілерде тиісті табиғи ресурстар үшін төлемдер туралы баптар бар, олар да Салық кодексіне сілтеме жасайды. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 210-П қолданысқа енгізілген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кдзақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу тәртібі мен төлеу жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындаумен байланысты мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастарды реттейді. Атап айтқанда, экологиялық төлемдерге келетін болсақ, онда ҚР Салық кодексінің 60 және 62-баптарына сәйкес құқықтық қатынастардың осы саласында мынадай салықтар мен төлемдер көзделген: 1. Экспортталатын мұнай шикізатына, газ конденсатына салынатын рента салығы; 2. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері. 3. Жер салығы. 4. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы. 5. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы 6. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы 7. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы. 8. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы. 9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы. ҚР Салық кодексінің «Экспортталатын шикі мұнайға салынатын рента салығының» 9-1 бөліміне сәйкес шикі мұнайды экспортқа өткізетін жеке және занды тұлғалар, өнімді бөлу туралы келісімшарттар жасасқан жер пайдаланушыларды қоспағанда, экспортталатын шикі мұнайға салынатын рента салығының төлеушілері болып табылды. Бұл жағдайда рента салығын салу объектісі экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі болып табьшады. ҚР Салық кодексінің 10-бөлімі - «Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу», өндірумен байланысты емес мұнай операциялары мен жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөніндегі салық қызметінің ерекшеліктерін реттейді және: 1) үстеме пайда салығын; 2) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін: бонустарды: (қол қойылатынын, коммерциялық табуды); роялтиді; өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу мен төлеу тәртібін белгілейді. Үстеме пайдаға салынатын салықты төлеушілер, өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметін жүзеге асыратындарды қоспағанда, барлау мен өндірумен байланысты емес жалпы таралған пайдалы қазындыларды және жер асты суларын өндіруге, сондай-ақ жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануға, осы келісімшарттар пайдалы қазындылардың басқа түрлерін өндіруді көздемейтін жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады. Үстеме пайдаға салынатын салық объектісі салық кезеңі ішіндегі әрбір жеке келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлігі болып табылады. Өнімді бөлу жөніндегі Казақстан Республикасының үлесі, пайдалы өнімдегі жер қойнауын пайдаланушының үлесін шегере отырып, Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөлінуге тиісті пайдалы өнімнің жиынтық құны ретінде анықталады. Өнімді бөлу туралы келісім шарт шарт болып табылады, оған сәйкес келісім-шарт аумағында ақылы негізде пайдалы қазбаларды өндіруге және өзінің есебінен осыған байланысты жұмыстар жүргізуге құқық беретін шарт болып табылады. ҚР Салық кодексінің 12-бөліміне – «Жер салығына» сәйкес жер салығы: 1)меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану қүқығын куәландыратын құжаттар; 2) жер ресурстарын баскару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 каңтарыңдағы жағдай бойынша берген жерлердің меімлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есейтеледі. ҚР Салық кодексінің 81-тарауына сәйкес мемлекеттің жер учаскелерін өтемін төлеп (жалға) уақытша жер пайдалануға бергені үшін жер учаскелерін пайдалану төлемақысы алынады. Жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады. ҚР Салық кодексінің 82-тарауына сәйкес жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғамы үшін төлемақы жер үсті көздерінен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлері үшін алынады. Қүрылыстарды, техникалық құралдарды немесе құрылғыларды қолдана отырып, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануды жүзеге асырушы жеке және заңды түлғалар төлемақыны төлеушілер болып табылады. ҚР Салық кодексінің 84-тарауына сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарларды табиғи ортадан айырғаны үшін алынады. Жануарларды ен салу және сақина салу мақсаттары үшін үстап алып, кейіннен табиғи ортаға жіберген кезде төлемақы алынбайды. Жануарлар дүниесінің мынадай санаттары: аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері; балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері; сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлері; өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлері (аңшылықтан және балық аулаудан басқа) үшін төлемақы белгіленеді. Бюджетке төлемақы сомаларын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдар арқылы аудару не жануарлар дүниесін басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргізіледі. ҚР Салық кодексінің 85-тарауына сәйкес орманды пайдаланғаны үшін төлемақы орманды пайдаланудың мынадай түрлері үшін алынады: 1) ағаш дайындау; 2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау; 3) қосымша ағаш ресурстарын (қабықты, ағаш көгін және басқаларын) дайындау т.б. ҚР салық кодексінің 86-тарауына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін өтемақы Қазақстан Рес-публикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ғылыми, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады. ҚР ЭК-нің 101-бабына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi. Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегiнде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ластаушы заттардың және қалдықтар түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес алынады. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы ставкаларын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен базалық ставкалардан төмен болмайтындай және шектi ставкалардан жоғары болмайтындай етiп белгiлейдi. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы бойынша салықтық мiндеттемелердi атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтiрген залалды өтеуден босатпайды. Төлемақы ставкаларын уәкілетті органның келісімімен облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдары жыл сайын белгілеп отырады, бірақ ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілді орган жасаған есеп-қисаптан аз болмауы керек. Экологиялық сақтандыруды құқықтық реттеу: Нарықтық экономика, өндіріс, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін оның маңыздылығын ескере отырып, сақтандыру нарығының қызмет аткаруын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру қызметі мемлекетгік реттеуді көздейді және кеңінен пайдаланады. Шаруашылық қызметінің кез келген саласындағы табиғи зілзалалардың, әр түрлі күтпеген оқиғалар мен қатерлердің жайсыз зардаптарын жою сақтандыру ұйымдарының есебінен болған кезде, нақ сол кезде мемлекет те сақтандыруды дамытуға мүдделі болады, өйткені материалдық нұқсанның орнын толтыру үшін мемлекеттік бюджеттің қаражаттары салынады. ҚР ЭК-нің 107-бабында экологиялық сақтандыру мақсаты мен түрлері көзделген. Үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне және (немесе) авариялық ластануы нәтижесiнде қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады. Мiндеттi экологиялық сақтандыру Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағының қауiптi түрлерiн Экологиялық Кодекс және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Ерiктi экологиялық сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң еркiн бiлдiруiне қарай жүзеге асырады. Ерiктi экологиялық сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртiбi сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттарда айқындалады. Міндетті экологиялық сақтандырудың объектісі шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке немесе занды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі болып табылады. Экологиялық жағынан қауіпті түрлерімен айналыстын жеке немесе заңды тұлғалардың қызметіне шарт жасалмаған міндетті экологиялық сақгандыруға жол берілмейді. Мұндай шарт сақтанушы мен сақтандырушы арасында үшінші түлғаның пайдасына жасалады, олардың мүліктік өзге де мүдделеріне жеке және заңды тұлғалар шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде зиян келтіруі мүмкін. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады және сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келісім болып табылады, ол бойынша сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандырушы сақтандыру сомасы шектерінде үшінші тұлғаға сақтандыру төлемдерін жүргізуге міндеттенеді, ал сақтанушы сақтандыру сыйлығын төлеуге міндеттенеді, оның мөлшері шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың жауапкершілігінің міндетгі экологиялық сақтандыру шартындағы тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Сақтандыру жағдайын, сондай-ақ оған келтірілген залалды дәлелдеуді сақтандырушы мойнына алады. Сақтанушы сақтандыру төлемін төлеуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру реті сақтандырушы келтірген зиянды өтеу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындаған деп есептеледі. Жәбірлеушінің жазбаша, немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты арқылы ресімделген шағымы бойынша төлем қоршаған ортаны, денсаулығын және (немесе) мүлкін қалпына келтіру жөнінде қызметтер көрсеткен (көрсететін) адамға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін. Экологиялық сақтандыруды жүргізу кезінде өндірістік объектілерде сақтандыру жағдайының нәтижесінде қоршаған ортаға ықтимал зиянды бағалау үшін, сондай-ақ экологиялық ортаның нормалары мен ережелерін, экологиялық талаптарды сақтандырушының сақтауын бағалау үшін экологиялық аудиттің қызметтері тартылуы мүмкін. Сөйтіп, міндетті экологиялық сақтандыру - бұл қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші адамның өміріне, денсаулығына (немесе) мүлкіне зиянкелтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік туындаған кезде жеке немесе занды тұлғалардың (сақтандырылған) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі кешенді катынастар. Ерікті сақтандыруды олардың ерік білдіруіне карай жеке және занды түлғалар жүзеге асырады. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі сақтандырушы мен сақганушы арасындағы келісімдермен анықталады. Өзін- өзі бақылау сұрақтары: 1.Қоршаған экономикаылқ басқару ерекшелігі 2.Міндетті салықтар 3.Экологиялық сақтандыру 4.Табиғатты ұтымды пайдалану және қаржыландыру Тақырып 7. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік 1. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы. 2. Экологиялық құқық бұзушылықтың түсінігі мен құрылымы. 3. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түрлері. 1.Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы Заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтардың тарапынан экологиялық заңнаманы сақтаудың маңызды шарты табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны ұтымды пайдалану туралы нормалар мен ережелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктің мемлекеттік шараларын белгілеу болып табылады. Бұл салада заңсыз аң аулау мен су кәсіпшіліктерімен заңсыз айналысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің елеулі саны байқалады. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің деректері бойынша экологиялық занды бұзғаны үшін жыл сайын кінәлі адамдардан экологиялық айыппұлдар мен төлемдер ретінде 600 млн. астам теңге алынады. Жауапкершіліктің экологиялық-құқықтық институтын ғылым мейлінше жеткілікті зерттелген, бірақ Қазақстан Республикасы дамуының қазіргі кезеңінде қоршаған ортаны қорғау туралы жаңа кодекстер мен заңдардың қабылдануымен ол қосымша зерттеуді қажет етеді. Экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада болып табылады: ол құқықтық реттеудің дербес объектісімен кіші салаларды біріктіретін құқықтың кешенді, ықпалдасқан саласы ретінде сипатталады. Бұл экологиялық заңнаманы реттеудің жалпы объектісінің ерекшелігімен байланысты болады, ол табиғат болып табылады. Адамды қоршаған табиғат ортасы өзінің құрамдас бөліктерін - жерді, суды, орманды, жер қойнауын, жануарлар дүниесі мен атмосфералық ауаны біріктіретін кешен болып табылады. Осыдан да экологиялық жауапкершілік шараларын реттейтін нормалар да ерекше сипатқа ие болады. Табиғат объектісі туралы әрбір кодексте жер, су, орман, тау-кен заңнамаларын және т.б. бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Жауапкершіліктің осы шараларын қолданатын мемлекеттік органдар да бар. Бұл арада да табиғат объектілері бойынша саралау болады. Экологиялық кодексте бұл жауапкершілік түрі топтастырылған. Сөйтіп, табиғаттың жеке объектісін пайдалануды қорғаудың нормалары мен ережелерін бұзу барлық табиғат кешенін бұзу деп танылады. Бұдан мынаны аңғарған жөн. Экологиялық — құқықтық жауапкершілік— бұл нормалардың екі тобын және оларға тиісті құқық қатынастарын көздейтін құқық институтының кешенді салықаралық институты. А) табиғат қорғау заңнамасы нормаларының бұзылуы жөнінде туындайтын; Б) құқықты бүзғаны үшін санкцияларды (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық т.с.с.) қолданумен байланысты одан әрі жалғасатын құқық қатынастары. Бұл анықтама құқықтың басқа салалары жаупкершілігінің шараларын қолдана отырып, экологиялық құқық нормаларының бұзылуы ретінде экологиялық жауапкершіліктің табиғатын ашады. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік белгілі бір мақсаттарды орындауға бағытталған, ол мақсаттардың негізгісі мемлекет белгілеген экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету. Бұл құқық институты мына негізгі: 1) құқық нормаларын сақтауға, экологиялық-құқықтық нұсқамалықтарды орындауға ынталандыратын; 2) қоршаған ортадағы ысырапты өтеуге өтемдік және адам денсаулығын қалпына келтіру; 3) жаңадан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ететін ескерту; 4) экологиялық құқық бұзушылықты жасаған адамға жаза қолдануда орын алатын жазалау міндеттерін орындайды. Сонымен, жоғарыда айтылған сипаттаманы ескере отырып, мынадай анықтаманы тұжырымдауға болады: экологиялық заңнаманы бүзғаны үшін заңдық жауапкершілік институты — кінәлі емес адамдардың заңда баянды етілген экологиялық құқық тәртібін сақтау мақсатында оларға мәжбүрлеу ықпалының мемлекеттік шаралары жүйесін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. 2. Экологиялық құқық бұзушылықтың түсінігі мен құрылымы. Экологиялық заңнаманы бүзғаны үшін зандық жауапкершілік тандауының негізі экологиялық құқық бұзушылықты жасау болып табылады, одан экологиялық құқықың нормаларын реттеуді бұзатын құқықка қарсы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік, мемлекетке, табиғат пайдаланушыға және қоршаған ортаға зиян келтіретін, ал осы арқылы адамның денсаулығына да, не осындай зиян кел- ірудің нақты мазмұны болатын қоғамдық катынастар түсініледі. Бұл анықгамадан мынаны аңғаруға болады: экологиялық құқық бұзушылық бұл табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды бұзатын құқыққа қарсы әрекет. Қазақстан Республикасының жекелеген табиғат объектілері бойынша қолданыстағы заңнамасында жер, су, орман және т.с. с. бұзушылық заңдарының тізбесі келтірілген. Осы заманғы құқықтың теориясымен мыналар көзделген: кұқық бұзушылықтың құрамына субъект, субъективтік тарап, объект, объективтік тарап жатады. Бұл құрамдас бөліктер экологиялық құқық бұзушылыққа да сипатты болады. Экологиялық құқық бұзушылық субъектілері азаматтар, лауазымды адамдар, кәсіпорын, мекеме, ұйым болып табылады. Бұл орайда жеке тұлғаларға шетелдік азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жатады, өйткені олар да табиғат пайдалану жөніндегі құқықтық қатынастарына қатысуы және экологиялық заңнаманы бүзғаны үшін жауапты болуы мүмкін. Табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды үтымды пайдалану саласындағы жеке тұлғалардың жауапкершілігі 16 жасқа толған кезде басталады. Қылмыстық заңда көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың жауапкершілігі 14 жастан басталуы мүмкін (Мысалы, ҚР-ның ҚК-нің 3-бөлімі 187-бабы — «Мемлекет қорғауына алынған табиғи кешендерді немесе объектілерді қасақана жою немесе бүлдіру». Занды тұлғаларға, экологиялық құқық катынастарының субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорыңдар мен мекемелерді, кооперативтік, коммерциялық, шағын, шетелдік нысандары бар бірлескен көсіпорындарды жатқызуға болады, олар да табиғат пайдаланушылар рөлін атқарып, экологиялық жауапты болуы мүмкін. Экологиялық құқық бұзушылық объектісі қылмыстық ниеттің неге бағытталғанын сипаттайды. Экологиялық құқық бұзушылықгың жалпы объектісі табиғат және оның құрамындағы элементтер болады, олар экологиялық құқық қатынастарының кіші объектілеріңде топырақка, суға, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне т.б. бөлінеді. Мынаны атап көрсету керек: экологиялық заңнамамен өз болмысында табиғат объектісі емес объектісі болатын құқық бұзулары, мысалға айтсақ, табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мемлекеттің зандылық күші көзделген. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 164-бабында былай делінген: меншік құқығы мен жар пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Казақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген тәртіппен қорғал-ды. Су, Орман кодексінің нормаларын келтіруге болады, бұларда экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі табиғат пайдаланушы мен табиғат иеленушінің заңдылығы болып табылады. Бұл құқық бұзудың объективті жағы кінәлі адамның құқыққа қарсы әрекеттер жасауынан немесе әрекетсіздігінен көрінеді. Мысалға, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіңде объективтік жағына пәрменді әрекеттер жататын баптар бар — бұл 288-бап – «Заңсыз аңшылық», 287-бап — «Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау», «Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кату қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс- әректтер» — 290-бап және т.б. Екінші жағынан, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында экологиялық құқық бұзушылықтар көзделген, олардың объективтік жағы әрекетсіздік болып табылады: қоршаған табиғи ортаны қалпына келтіру және табиғи ресурстарды молайту жөнінде шаралар қабылдамау; қоршаған ортаға ластаушы заттардың өндірістік нормативтен тыс шығарулары мен тастандылары және басқа да зиянды авариялық ықпалдары туралы хабарламау; мемлекеттік экологиялық сараптама талаптарын орындамау. Мысалы, ҚР ҚК «Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау»— 294-бап. Экологиялық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы кінәлі адам жасалған қылмысқа, оның себептеріне, мүдделеріне қатысымен сипатталады. Экологиялық жауапкершіліктің міндетті факторы бұзушының кінәсі болып табылады. Мүнда да қолданыстағы заңнама кінәнің екі нысанын— жанама ниет және абайсыздықты көздейді. Егер кінәлі адам табиғатқа немесе табиғат пайдаланушыларға зиян келтіретін әрекет жасаған және ол мұны ұғынып, осыған ниет етсе, онда біз тікелей ниетті карастырамыз. Абайсыздық дегеніміз кінәлі адам өзінің мінез-құлқының салдарларын алдын ала білуге тиіс болған, бірақ бұған байыпсыз қараған кезде ұқыпсыз мінез-құлықты білдіреді. Экологиялық жауапкершілік шараларын қолдану үшін экологиялық кұқық бұзушылықгың барлық белгілерінің және барлық элементтерінің болуы қажет. Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері табиғат объектісіне қарай бөлінеді. Олар мыналарға: 1) Жер құқық бұзушылығы; 2) Су құқық бұзушылығы; 3) Орман құқық бұзушылығы; 4) Тау-кен құқық бұзушылығы; 5) Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану жөніндегі құқық бұзушылығы (фауналық құқықбұзушылықтары); 6)Ауаны қорғау құқық бұзушылығы болып бөлінеді. Қоғамға қауіптілік деңгейіне қарай экологиялық құқық бұзушылық ЭК-тің 315-бабы экологиялық қылмыстарға бөлінеді, олар үшін қылмыстық жауапкершілік және теріс қылық үшін әкімшілік және мүліктік жауапкершілік көзделген. 3. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түрлері. ҚР ЭК-тің 320-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейі бар аса ауыр экологиялық құқық бұзу деп экологиялық қылмыс танылады. Экологиялық қылмыс деп Казақстан Республикасының заңымен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне, қоғамның экологиялық қауіпсіздігіне, қоршаған табиғат ортасына немесе адамның денсаулығына елеулі нүқсан келтіріп жасалған қол сұғушылықтан көрінетін зиянкестікті ұғыну керек. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген қьшмыстық жауапкершілікке жауапты болады. ҚР ҚК-нің 11 тарауына – «Экологиялық қылмыстарға» мына баптар: 277-бап — «Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы»; 278-бап — «Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бүзылуы»; 279-бап — «Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттар жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бүзылуы»; 282- бап – «Атмосфераны ластау» т.б. Экологиялық қылмыстар субъектілері азаматтар, сондай-ақ, бірақ барлығы да 16 жасқа толған лауазымды адамдар болуы мүмкін. Бірқатар қылмыстар бойынша қылмыстық жауапкершілік кінәлі адамға бұрын әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданьшған кінәлі адамға қолдануды көздейді. Экологиялық қьшмыстар объектісі табиғат объектілері мен ресурстарының сапасы, мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігі, адам денсаулығы болып табылады. Экологиялық қьшмыстардың мәні тұтастай алғанда немесе нақты табиғи ресурстардың сапасы, немесе қоршаған орта болады. Сондықтан экологиялық қылмыстарды топтастыруға болады. 1. Объектісі қоршаған орта болатын қылмыстар. Мұнда экоцид үшін жауапкершілікті реттейтін бапты ерекше атауға болады. 2. Объектісі жекелеген табиғи ресурстар — жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералықауа болатын қылмыс. 3. Табиғат ресурстары меншік иесінің немесе табиғат пайдаланушыларының меншік иесінің меншік құқығы мен өзге де мүліктік құқығына қарсы қылмыстар. Бүл жерде 284-бапты — «Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бүзылуын» атауға болады. 4. Белгіленген экологиялық, шаруашылық ветеринарлық өзге де талаптарды бұзатын қылмыстар, оларды орындамау қоршаған ортаға ықпал жасауы мүмкін. Объективтік жағынан экологиялық қылмыстар әрекет нысанында, сондай-ақ әрекетсіздік нысанында көрінуі мүмкін. Субъективтік жағынан жанама ниет және абайсыздық нысанында білдіріледі. Экологиялық қылмыстарды жасағаны үшін ҚР-ның Қылмыстық Кодексі жазалаулардың мына түрлерін көздейді: айыппұл салу; белгілі бір лауазымды атқару немесе бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; түзеу жүмыстары; бас бостандығын шектеу, қамау; белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік табиғатты қорғау саласындағы аса кең таралған түрлері болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану үшін негіз әкімшілік қылық жасау болып табылады. Қолданыстағы заңнама бойынша ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес мынадай әкімшілік жазалары көзделген: 1) ескерту жасау; 2) әкімшілік айыппұл салу; 3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою; 4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты тәркілеу; 5) белгілі бір азаматқа берілген арнаулы құқықтан айыру; 6) түзеу жұмыстары; 7) әкімшілік қамау. ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 16 жасқа толған азаматтар мен лауазымды адамдар, сондай- ақзаңды тұлғалар тартылады. ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 19-тарауына 240- 306- баптар аралығыңдағы қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтары кіргізілген. Баптар табиғат объектілері бойынша бөлінген: — атмосфералықауаны қорғау (243-249-баптар); — жерді қорғау мен пайдалану (250-258-баптар); — жер қойнауын қорғау мен пайдалану (259-275-баптар); — суды қорғау мен пайдалану (276-281-баптар); — орманды қорғау мен пайдалану (282-294-баптар); — жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану (295-299-баптар); — құрлықтағы шельфті қорғау мен пайдалану (301-306-баптар); — қоршаған табиғат ортасымен байланысты қызметке қойылтын жалпы экологиялықталаптар (240, 241, 245-баптар). Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді сот органдары, ішкі істер органдары, мемлекетік автомобиль инспекциясы, мемлекеттік өртке қарсы қызметі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің органдары мен осыған арнайы өкілеттігі бар өзге де органдар (аңшылық инспекциясы, балық аулауды қадағалау, жерге орналастыру қызметі және т.б.) қарайды. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік экологиялық құқық бұзушылықпен келтірілген материалдық нұқсан өтелген жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда табиғатқа келтірілген нұқсанның материалдық сыйақысы болуға тиіс, мұның өзі табиғаттың, ауаның, судың, орманның және т.б. ластануымен келтірілген нұқсанды есептеген кезде барлық ретте мүмкін бола бермейді. Осымен байланысты заңнамамен азамат немесе заңды тұлға келтірген нұқсанды есептеудің екі ұдай тетігі қолданылады. Бірінші жағдайда, экологиялық заңды бүзғаны үшін мүліктік жауапкершілік тіркелген ақша төлемдері, арнаулы нақты түр немесе табиғат кешенінің объектісі үшін арнаулы кесімді баға нысанында белгіленеді. Бұл кесімді бағалар Қазақстан Республикасында жер бетіндегі жануарларға, ормандарға, балықтарға қатысты белгіленген. Екінші жағдайда, нұқсан Азаматтық заңның жалпы негіздері бойынша есептеледі, ҚР-ның Азаматтық Кодексіне және ЭК-тің 321-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу ерікті түрде немесе жүргізілу тәртібі Экологиялық Кодекске сәйкес айқындалатын залалды экономикалық бағалау негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі Экологиялық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар өздері келтірген залалды ЭК-ке Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес өтеуге міндетті. Мыналардың: 1) табиғи ресурстарды жою мен бүлдірудің; 2) табиғи ресурстарды өз бетімен және ұтымсыз пайдаланудың; 3) қоршаған ортаны өз бетімен ластаудың, оның ішінде авариялық, келісілмеген жаппай шығарындылар мен төгінділердің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың; 4) қоршаған ортаны нормативтен тыс ластаудың салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залал өтелуге тиіс. Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залалды өтеуі ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі. Зиян жәбірленушінің еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі, оның емделуіне және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындар, аурудың күтіміне байланысты шығындар, өзге де шығыстар мен жоғалтулар ескеріле отырып, толық көлемде өтелуге тиіс. Қызметі қоршаған ортаға жоғары қауіптілікпен байланысты жеке және заңды тұлғалар, егер зиянның еңсерілмейтін күш немесе жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, жоғары қауіп көзі келтірген зиянды өтеуге міндетті. ЭК-тің 322-бабына сәйкес қоршаған ортаға зиян келтірген тұлға келтірілген залалды ерікті түрде жоюға не өзгеше тәсілмен оның орнын толтыруға құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын толтыру туралы міндеттемесі кепілхатта жазылуға тиіс. Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаның өз қаражаты немесе сақтандыру төлемдері есебінен құндық нысанда жүзеге асырылуы мүмкін. Зиянды өтеудің құндық нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіруге, табиғи ресурстарды молықтыру жөніндегі іс-шараларды орындауға, талапкерге, алынбай қалған пайданы қоса алғанда, өзге шығындарды өтеуге арналған ақшалай қаражат жатады. Тараптардың келісімімен сот шешімі бойынша зиян жауапкерге қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді жүктеу жолымен заттай нысанда өтелуі мүмкін. Зиянды өтеудің заттай нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіру, жойылған не бүлінген табиғи ресурстың орнына оған құны тең ресурс беру жөніндегі шаралар жатады. Зиянды заттай нысанда өтеу келтірілген зиянды өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен көлемін регламенттейтін шарт және (немесе) келісім жасасу жолымен жүргізіледі. Зиянды өтеудің өндіріліп алынатын сомасы мемлекеттік бюджетке, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жәбірленуші тұлғаға аударылады. Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаны әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Жауаптылық түрлері қоршаған ортаға зиян әкелген үшін 2.Қоршаған ортаны бұзу субьектісі 3.Қоршаған ортаны бұзу обьектісі Тақырып 8. Жерді құқықтық қорғау 1. Жер ресурстарының жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Жер кодексі және жер туралы басқа да зандылықтар. 2. Жер заңдарының міндеттері мен қағидалары. Жер қорының түсінігі және оның жекелеген санаттарының құқықтық режимі. 3. Мемлекеттік органдардың жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыреттері. Жерге мемлекеттік меншік құқығының мазмұны. Жерге жеке меншік құқығының түсінігі мен объектілері. 1. Жер ресурстарының жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Жер кодексі және жер туралы басқа да зандылықтар. Жер - Қазақстан Республикасының егемендiгi белгiленетiн шектегi аумақтық кеңiстiк, табиғи pecуpc, жалпыға ортақ өндiрiс құралы және кез келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi. Жер ресурстары - қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерiн қанағаттандыру үшiн шаруашылық және өзге де қызмет процесiнде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер. ҚР Жер кодексі 2003 жылдың 20 маусымында қабылданған. ЖК 5 бөлімнен, 21 тараудан, 170 баптан тұрады. Жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, орман-тоғайды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөнiндегi қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi. Ондай заңдарға: 1995 жылдың 27 қаңтарында қабылданған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Пр. Заң күші бар жарлығы; Орман кодексі 2003 жылдың 8 шілдесі; 1996 жылдың 23 желтоқсанында қабылданған «Жылжымайтын мүлік ипотекасы» ҚР Пр. Заң күші бар жарлығы; ҚР АКт.б. Жер қатынастары субъектiлерiнiң өздерiне тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруы табиғи pecуpc ретiндегi жерге және қоршаған ортаның өзге де объектiлерiне, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрмеуге тиiс. Егер Қазақстан Республикасының жер, орман, су заңдарында жер қойнауы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарында өзгеше көзделмесе, жер учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету, сондай-ақ олармен мәмiле жасасу бойынша мүлiктiк қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi. Жеке және заңды тұлғалардың заңдарда белгiленген құқықтарын мемлекеттiк органдардың актiлерiмен шектеуге болмайды. Егер ЖК немесе Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар жер құқығы қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттер атқарады. Басқа мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының аумағында жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес туындайды. 2. Жер заңдарының міндеттері мен қағидалары. Жер қорының түсінігі және оның жекелеген санаттарының құқықтық режимі Қағидалар деп негізгі бастулар мен басты идеяларды айтамыз. ҚР ЖК-нің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жер заңдары: 1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi; 2) жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау; 3) жердi қорғау және ұтымды пайдалану; 4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 5) жердi нысаналы пайдалану; 6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң басымдығы; 7) жердiң жай-күйi және оған қолжетiмдiлiк туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; 8) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау; 9) жерге залал келуiн болдырмау немесе оның зардаптарын жою; 10) жердi ақылы пайдалану принциптерiне негiзделедi. Қазақстан Республикасы жер заңдарының мiндеттерi: жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн; жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу; жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлiк рыногын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi; 3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жерi; 6) су қорының жерi; 7) босалқы жер. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленедi: 1) орманды дала; 2) дала; 3) қуаң дала; 4) шөлейттi; 5) шөлдi; 6) тау етегi-шөлдi-далалық; 7) субтропикалық шөлдi; 8) субтропикалық-тау етегi-шөлдi; 9) орта азиялық таулы; 10) оңтүстiк-сiбiр таулы аймақтар. Ауыл шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптарына егiстiктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады. Егiстiк - жүйелi түрде өңделетiн және көп жылдық шөптердiң егiстiгiн қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын жер учаскелерi, сондай-ақ сүрi жер. Тыңайған жер - бұрын егiстiк құрамында болған және күзден бастап бiр жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға әзiрленбеген жер учаскесi. Көп жылдық екпелер - жемiс-жидек, техникалық және дәрi-дәрмек өнiмдерiнiң түсiмiн алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендiруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелерiне пайдаланылатын жер учаскелерi. Табиғи шабындықтар мен жайылымдар - шөп шабуға және жануарларды жаюға жүйелi түрде пайдаланылатын жер учаскелерi. Түбегейлi жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар - шөп егу арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелерi. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер: 1) жеке меншiкке - Қазақстан Республикасының азаматтарына өзiндiк қосалқы шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрылысын дамыту үшiн; 2) жеке меншiкке немесе жер пайдалануға - Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа (фермер) қожалығын жүргiзуге, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсi, орман өсiру, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн; 3) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейiнгi мерзiмге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға берiледi. Қалаларды, кенттердi, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды дамыту үшiн берiлген жер учаскелерi елдi мекендер жерiнiң санатына жатады. Елдi мекендердiң жерi өзге әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың жерiнен қаланың шегi, кенттiң шегi, ауылдық (селолық) елдi мекеннiң шегi арқылы шектеледi. Елдi мекендер жерiнiң құрамына: 1) құрылыстар алып жатқан әрi көп пәтерлi және көп қабатты тұрғын үйлер, үй iргесiндегi жер учаскелерi бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер; 2) денсаулық сақтау, мәдениет, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектiлерi, сондай-ақ жалпы бiлiм беру, арнаулы орта және жоғары бiлiм беру мекемелерi, әкiмшiлiк, ғылыми- зерттеу мекемелерi, ғибадат үйлерi мен өзге де iскерлiк үйлерi, құрылыстар мен ғимараттар салынған және соларды орналастыруға арналған қоғамдық iскерлiк құрылыс салатын жер; 3) өнеркәсiп, коммуналдық және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қойма объектiлерi, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерi салынған және соларды орналастыруға арналған, сондай-ақ осы объектiлердiң санитарлық- қорғау аймақтарын белгiлеуге арналған өндiрiстiк құрылыс салатын жер; 4) темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе және құбыр тасымалы жолдары, инженерлiк инфрақұрылым мен байланыс магистральдары өтетiн және соларды салуға арналған көлiк, байланыс, инженерлiк коммуникациялар жерi; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 6) өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су қорғау аймақтары, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан су айдындары мен акваториялар жерi; 7) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер; 8) алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа да инженерлiк жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер; 9) қала құрылысы қызметiне тартылмаған, елдi мекендi аумақтық тұрғыдан дамытуға және өзiндiк үй (қосалқы) шаруашылығын дамытуға арналған резервтегi және өзге де жер; 10) крематорийлердi, мал қорымы, тұрмыстық қалдықтар тастау орындарын және арнаулы нормативтер мен ережелер белгiленбейiнше пайдалануға болмайтын өзге де объектiлердi орналастыру үшiн бөлiнетiн арнайы мақсаттағы жер; 11) қорғаныс қажеттерi үшiн берiлген және өзге де пайдалану режимiндегi жер кiруi мүмкiн. ҚР ЖК және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен тиiстi нысаналы мақсат үшiн азаматтар мен заңды тұлғаларға берiлген жер өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерi және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер деп танылады. Өнеркәсiп жерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру мен пайдалану үшiн берiлген жер, оның iшiнде олардың санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар жатады. Аталған мақсаттарға берiлетiн жер учаскелерiнiң мөлшерi белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормаларға немесе жобалау-техникалық құжаттамаларға сәйкес айқындалады, ал жер учаскелерiн бөлiп беру оларды игеру кезектiлiгi ескерiле отырып жүргiзiледi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiне мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң, мемлекеттiк зоологиялық парктердiң, мемлекеттiк ботаникалық бақтардың, мемлекеттiк дендрологиялық парктер мен мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң жерi жатады. Сауықтыру мақсатындағы жерге табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы жер учаскелерi жатады. Халықтың ұйымдасқан түрдегi жаппай демалысы мен туризмiне арналған және сол үшiн пайдаланылатын жер рекреациялық мақсаттағы жер деп танылады. Тарихи-мәдени қорықтар, мемориалдық парктер, қорымдар, археологиялық парктер (қорғандар, қала орындары, тұрақтар), сәулет-ландшафт кешендерi, жартастағы бейнелер, ғибадат құрылыстары, шайқас және ұрыс алаңдары болған жер учаскелерi тарихи-мәдени мақсаттағы жер деп танылды. Орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне берiлген жер учаскелерi орман қорының жерi деп танылады. Су айдындары (өзендер және олармен теңдестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздерiнде орналасқан, ағысты реттейтiн су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулерiне және ауыз сумен қамтамасыз етудiң бас саға жүйелерiн санитарлық күзет аймақтарына бөлiнген жер су қорының жерi деп танылады. Меншiкке немесе жер пайдалануға берiлмеген, аудандық атқарушы органдардың қарамағындағы барлық жер босалқы жер болып табылады. 3. Мемлекеттік органдардың жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыреттері. Жерге мемлекеттік меншік құқығының мазмұны. Жерге жеке меншік құқығының түсінігі мен объектілері. ҚР ЖК-нің 2-тарауында мемлекеттік органдардың жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыреттері белгіленген. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады: 1) Республиканың жер қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 2) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқа да iс-шаралардың кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу; 3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындау мен жердi қорғаныс және қауiпсiздiк қажеттерi үшiн пайдалануға байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерден жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою; 4) жер учаскесiне меншiк құқығына және жердi пайдалану құқығына берiлетiн құжаттардың нысандарын бекiту; 5) облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың шекарасын өзгерту мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарын келiсу, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалар төңiрегiнде қала маңы аймақтарын белгiлеу мен өзгерту т.б. Орталық уәкілетті органның құзыретіне: 1) жер заңнамасын қолдану іс-тәжірибесін жинақтау және оны жетілдіру; 2) жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу; 3) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру; 4) жерге орналастыру және мемлекеттік жер кадастры жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту; 5) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты республикалық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу; 6) орталық және жергілікті атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау; 7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекіту; 8) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілеу; 9) жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру т.б. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органының құзыретіне: 1) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 2) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау; 3) анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру; 4) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; 5) өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерін алып қою туралы сот органдарына талап-арыз дайындау т.б. Облыстың уәкілетті органының құзыретіне: 1) жер қойнауын пайдалану және магистральды құбырлар тарту, мұнай және газ өңдеу объектілерін салу, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру әрі кеңейту мақсатында жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау; 2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау; 3) барлық түрдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшін жерді резервтеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау; 4) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту; 5) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау т.б. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкілетті органының, оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы құзыретіне: 1) жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялау; 2) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау; 3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер балансын жасау; 4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау; 5) жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамалар беру т.б. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының аудан шекарасы, қала шекарасы (шегі) шебіндегі және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтағы құзыретіне: 1) иесіз жер учаскелерін есепке алу; 2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау; 3) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау; 4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау; 5) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту т.б. Жергiлiктi өкiлдi органдардың тиiстi аумақтарда жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады: 1) басқа да табиғат қорғау iс-шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды бекiту; 2) ауылдық (селолық) атқарушы органдардың қарамағына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер шаруашылық орналастыру жоспарларын бекiту; 3) жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуының жай-күйi туралы есептерiн тыңдау; 4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасындағы шекараны белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне мыналар жатады: 1) басқа да табиғат қорғау iс-шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi облыстық (қалалық) бағдарламаларды әзiрлеп, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органның бекiтуiне енгiзу және олардың орындалуын қамтамасыз ету; 2) жер қойнауын пайдалану, магистральды құбырлар тарту, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн салу мақсатында жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою; 3) ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру т.б. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер ресурстарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар да жатады: 1) тиiстi өкiлдi органның бекiтуi үшiн оларға әкiмшiлiк бағыныстағы елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету; 2) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілді органдарына бекітуге табыс ету; 2) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту. Елдi мекендер жерiн қоспағанда, аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу саласында аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретiне мыналар жатады 1) басқа да табиғат қорғау шараларының кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi аудандық бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi өкiлдi органның бекiтуiне енгiзу және олардың орындалуын қамтамасыз ету 2) ауылдық (селолық) атқарушы органдардың құзырына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын тиiстi өкiлдi органның бекiтуiне әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету 3) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге табыс ету; 4) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту ҚР ЖК-нің 3-тарауында жерге меншік құқығы белгіленген. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Меншiк құқығының субъектiлерi: республика аумағындағы жерге мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы; ЖК белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер ЖК өзгеше белгiленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар. Жер учаскесiне меншiк құқығы: 1) меншiк құқығын табыстау; 2) меншiк құқығын беру; 3) меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды. Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс. Жер учаскесiне меншiк құқығы: 1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң; 2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде; 3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерiне меншiгi. Жеке меншiкте болмайтын жер учаскелерiн қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке берiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде шаруа (фермер) қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн, сондай-ақ үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн. Жеке меншiк құқығын iске асыру Егер ЖК және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң меншiк иесi мемлекеттiк органдардың қандай да бiр рұқсатын алмай, жер учаскесiн өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады. Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасасуға құқылы. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi аталған құқықтарды осы Кодекстiң ережелерiн ескере отырып iске асырады. Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мәмiле жасалған кездегi барлық ауыртпалықтарымен берiледi. Жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт (өтеусiз пайдаланушымен) нысанында жасалады. Жерге мемлекеттiк меншiк Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс қажеттерiне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады. Мемлекеттiк меншiк құқығын iске асыру Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскелерi: 1) жеке меншiкке сатылуы немесе өтеусiз берiлуi; 2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлуi; 3) ЖК, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де құқықтық нысандарда iске асырылуы мүмкiн. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Жер ұғымы, және оны табиғат обьектісі ресурсы ретінде 2. Жер қағидалары, оны қорғау жолдары 3.Жерді қорғаудың заңдық негіздері Тақырып 9. Жер қойнауының құқықтық режимі және оны қорғау 1. Жер қойнауының, пайдалы қазбалардың құқықтық жағдайының түсінігі және оларды қорғаудың жалпы сипаттамасы. 2. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңы және жер қойнауын ұтымды пайдалануы мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да заңдар. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер қойнауы қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі. 1.Жер қойнауының, пайдалы қазбалардың құқықтық жағдайының түсінігі және оларды қорғаудың жалпы сипаттамасы. Жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болса - жер бетiнен және теңiздердiң, көлдердiң, өзендердiң және басқа да су айдындарының түбiнен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогрестi ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге болатын тереңдiкке созылған жер қыртысының бөлiгi. Пайдалы қазба - жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ күйiнде кездесетiн (соның iшiнде шипалы балшық) материалдық өндiрiсте қолдануға жарамды табиғи минералдық түзiлiм. Жер қойнауын пайдалану қатынастары ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылдың 27 қаңтарындағы Заңымен реттеледі. ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының 2-бабына сәйкес жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жайындағы заңдардың мiндеттерi - Қазақстан Республикасының мүдделерiн және оның табиғи ресурстарын қорғау, Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиiмдi пайдалану және қорғау, жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерiн қорғау, шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарының бiрдей дамуына жағдай жасау, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қатынастар саласында заңдылықты күшейту мақсатында жүргiзудi реттеу болып табылады. ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының 3-бабына сәйкес Жер қойнауымен және жер қойнауын пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi: 1) жер қойнауын ұтымды, кешендi және қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету; 2) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету; 3) республикалық және аймақтық мүдделердiң үйлесуiн қамтамасыз ету; 4) минералдық шикiзат базасын толықтыруды қамтамасыз ету; 5) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жариялы түрде жүргiзу; 6) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы; 7) жер қойнауын пайдалану жөнiнде операцияларды жүргiзуге инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу. ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының 6-тарауы «Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану» деп аталады және қоршаған ортаны қорғауға арналған. Жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайтуға бағытталған iс-шаралар жүйесi Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану: 1) халықтың денсаулығын және өмiрiн қорғау; 2) жер қойнауының ресурстарын тиiмдi және кешендi пайдалану; 3) табиғи ландшафттарды сақтау және бүлiнген жерлердi, өзге де геоморфорологиялық құрылымдарды қалпына келтiру; 4) жер сiлкiнудi, көшкiндi, су басуды, топырақтың отыруын болдырмау мақсатында жер қойнауының үстiңгi бөлiктерiнiң энергетикалық жай-күйiн сақтау; 5) су объектiлерiнiң табиғи жағдайын сақтауды қамтамасыз ету бағыттарына негiзделген құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық, технологиялық жүйелердi және басқа шараларды қамтиды. Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында болжауды, жоспарлауды, жобалауды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау заңдарында көзделген экологиялық талаптар басымдық ретте сақталуға тиiс. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын негiзгi талаптар: 1) кен орнын игерудiң арнаулы тәсiлдерiн қолдану есебiнен жердiң үстiңгi қабатын сақтау; 2) жердiң техногендiк шөлейттенуiн болдырмау; 3) жер қойнауын пайдалану операциялары басталмай тұрып, табиғатты қорғау органдарымен келiсiлген автомобиль жолдарын салудың тиiмдi сызбасын жасау, сондай-ақ скважиналарды бұрғылауда тармақты әдiстi қолдану, iшкi үйiндiлер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудiң қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлiнетiн жерлердiң аумағын азайту; 4) топырақтың, аршу жыныстары үйiндiлерiнiң және өндiрiс қалдықтарының жел эрозиясын, олардың тотықтануын және өздiгiнен жануын болдырмау; 5) сiңiрме және тұщы су қабаттарын ластанудан сақтау үшiн оқшаулау; 6) жер үстi және жер асты суларын сарқылудан және ластанудан сақтау. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды cақтық аймағының шегiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi осы операцияларды судың деңгейiнiң көтерiлуi жағдайында теңiздiң ластануын болдырмайтындай немесе барынша төмендететiндей етiп жүргiзуге мiндеттi. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды cақтық аймағының шегiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi жүргiзiлген операциялардың және мұндай жерқойнауын пайдаланушының кiнәсi болу-болмауына қарамастан су деңгейiнiң көтерiлуiнiң нәтижесiнде теңiздiң ластануы жағдайында қоршаған ортаға не жеке немесе заңды тұлғаларға келтiрiлген зиян мен залал үшiн жауапкершiлiкте болады. Жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар: 1) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн, соның iшiнде өндiруге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн берiлетiн пайдалы қазбалар, кен орындары жерқойнауы учаскелерi қорының ауқымы мен құрылымын нақтылы бағалау үшiн жер қойнауын iлгерiлей геологиялық зерттеудiң толымдылығын қамтамасыз ету; 2) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзудiң барлық сатыларында жер қойнауы ресурстарын ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету; 3) бай учаскелердi таңдап игеруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөлiп алудың толымдылығын қамтамасыз ету; 4) кен орнын игеру кезiнде айырып алынған және жер қойнауында қалдырылатын негiзгi және онымен бiрге орналасқан пайдалы қазбаларды және қосалқы компоненттердi, соның iшiнде минералдық шикiзатты, өңдеу өнiмдерi мен өндiрiс қалдықтарын нақты есепке алу; 4-1) бастапқы өңдеу деректерi бойынша мемлекеттiк баланста есепте тұрған пайдалы қазбалар қорларын түзетудi жою. Жер қойнауын қорғаудың негiзiн жер қойнауын пайдалану объектiлерiн геологиялық, гидрогеологиялық, экологиялық, инженерлiк-геологиялық және технологиялық зерделеудiң толымдылығы мен дәлдiгi құрайды. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан зиян келтiрген тұлғалар, егер зиян еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан болғандығын дәлелдей алмаса, онда келтiрiлген зиянды нақты залал көлемiнде өтеуге мiндеттi. Жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн жер қойнауын пайдаланушылармен бiрлесе отырып, жер қойнауын зерттеу және пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар айқындайды. Зиянды есептеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Зиянның көлемiн анықтауға байланысты туындайтын дауларды Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарында айқындалатын тәртiппен сот шешедi. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылаудың мiндетi жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргізген кезде жер қойнауының ластануын болғызбау және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайту бөлiгiнде сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. 2. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңы және жер қойнауын ұтымды пайдалануы мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да заңдар. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзгенде пайда болатын қатынастар ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңы және соған сәйкес қабылданған басқа нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi. Заң 10-тарау мен 76-баптан тұрады. Пайдалы қазбалар мен техногендiк минералды түзiлiмдердiң кейбiр түрлерiне қатысты жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге байланысты ерекшелiктер, пайдалы қазбалардың осы түрлерi туралы және техногендiк минералды түзiлiмдер туралы заң актiлерiмен айқындалады. Жер, су (жерасты және шипалы балшықтан басқа), орман, өсiмдiк және жануарлар әлемiн, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар арнайы заңдармен реттеледi. Жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты азаматтық құқықтық қатынастар осы Заң нормаларымен реттелмеген болса, азаматтық заңдар нормаларымен реттеледi. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, шетелдiк азаматтар және заңды тұлғалар; сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар жер қойнауын пайдалану жөнiнде Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей құқықтармен пайдаланады және мiндеттер атқарады. Заң белгiленген азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары Үкiметтiң, орталық әрi жергiлiктi атқарушы органдардың және мәслихаттардың актiлерiмен шектелмейдi. Мұндай актiлердiң заң күшi болмайды және орындалуға жатпайды. Жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет меншiгi болып табылады. Егер контрактiде өзгеше көзделмеген болса, минералды шикiзат меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының меншiгiне жатады (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кәсiпорнына - шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығымен). Техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар жер қойнауын пайдаланушының меншiгi болып табылады. Техногендiк минералдық түзілімдерді игеру кезiнде жер қойнауын пайдаланушы не жер қойнауын пайдаланушыдан техногендiк минералдық түзiлiмдерге меншiк құқығын алған үшiншi тұлға кен орнын игеру кезiнде салық төленбеген пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттiк сараптама жүргiзуге және құзыреттi органмен оны өндiруге келiсiм-шарт жасасуға мiндеттi. Мемлекет меншiгiндегi техногендiк минералды түзiлiмдерден алынған пайдалы қазбаларға иелiк ету құқығы контрактыда айқындалады. Минералды шикiзат, техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар немесе пайдалы қазбалар меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының иелiгiнде болса, ол минералды шикiзатқа, техногендiк минералдық түзiлiмдерге, техногендiк суларға немесе пайдалы қазбаларға иелiк етуге, олар жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға хақылы. Барлық мүдделi тұлғалардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заң функцияларын жүзеге асыратын жоғары өкiлдi органының және жергiлiктi өкiлдi органдардың құзыреттi органда: 1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзудiң шарттарымен және оның нәтижелерi туралы шешiмнiң мазмұнымен; 2) жасалған келiсiм-шарттар бойынша конкурс шарттарының орындалуымен танысуға құқығы бар. Тараптар құпия деп таныған ақпаратты Қазақстан Республикасының заң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарына, жоғары өкiлдi органы мен жергiлiктi өкiлдi органдарына беру құпиялылық режимдi бұзу болып табылмайды. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкiметi: 1) мемлекеттiк меншiк объектiсi ретiнде жер қойнауының мемлекеттiк қорын басқаруды ұйымдастырады; 2) кен орындарын игерудiң оң iс-тәжiрибесiн негiзге ала отырып, жер қойнауын пайдалану және қорғау ережелерiн белгiлейдi; 3) минералды шикiзаттың стратегиялық және тапшы түрлерiне деген мемлекеттiң қажеттiлiгiн қанағаттандыруға арналған жер қойнауы учаскелерiн анықтайды, ұлттық қауiпсiздiктi, қоршаған ортаның сақталуын, халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануға шек қояды, болашақ ұрпақ мүддесiне орай минералды шикiзат қорларын сақтау үшiн жер қойнауы учаскелерiн консервациялайды; 4) кең тараған пайдалы қазбалардың тiзбесiн анықтайды; 5) өндiрушi өнеркәсiптiң әртүрлi салаларында қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшiн арнайы төлемдер мен салықтардың төлеу тәртiбiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi; 6) контрактылар жасасу тәртiбiн белгiлейдi; 7) конкурсқа шығарылуға тиiс, кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн, оның iшiнде ұлттық компанияның қатысу үлесi бар жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi; 8) модельдiк контрактылар әзiрлейдi және бекiтедi; Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк органның) атқаратын қызметтерi Құзыреттi органның атқаратын қызметтерiне мыналар кiредi: 1) барлау, өндiру және бiрлескен барлау мен өндiру жүргiзуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн конкурс дайындау және ұйымдастыру; 2) контрактiнiң шарттары туралы жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер жүргiзу, жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесiп контрактiнiң жобасын дайындау; 3) жер қойнауын мемлекеттiк зерттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, келiсiм- шарттық құжаттардың жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру; 4) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шартты қоспағанда, келiсiм-шарт жасасу және оны тiркеу; 5) жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiм-шарттардың талаптарын орындауының мониторингi және оны бақылау. Келiсiм-шарттардың талаптарын орындауды сақтау мониторингiнiң және оны бақылаудың құрылымын, мазмұнын және оны жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi; 6) контрактiнi заңдарда көзделген тәртiппен және негiздер бойынша атқаруды және бұзуды қамтамасыз ету; Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргiзу үшiн берiледi: 1) жер қойнауын Мемлекеттiк геологиялық зерделеу; 2) барлау; 3) өндiру; 3-1) бiрлескен барлау және өндiру; 4) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен алынатын немесе алынбайтын, өтемдi және өтемсiз болуы мүмкiн. Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншiк немесе уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскелерiндегi кең тараған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн өндiру жер қойнауын пайдаланудың тұрақты және өтемсiз құқығы бойынша жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдалану операцияларының басқа түрлерiнiң бәрi уақытша және өтемдi жер қойнауын пайдалану негiзiнде жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн. Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар - олардың жер қойнауын пайдалану құқығының мерзiмсiз сипаты бар тұлғалар. Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген тұлғалар. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер қойнауы қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі. Жер қойнауының мемлекеттiк қоры Қазақстан Республикасының жер қойнауларынан құралады. Жер қойнауының мемлекеттiк қорын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мыналар жүргiзiледi: 1) жер қойнауының мемлекеттiк мониторингi; 2) жер қойнауына мемлекеттiк сараптама; 3) геологиялық ақпаратты мемлекеттiк сақтау; 4) пайдалы қазбалар қорының мемлекеттiк балансын жасау; 5) мыналарға: а) пайдалы қазбалар кен орындары мен көрiнiс - белгiлерiне; ә) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көметiн және қалдық суларды ағызатын орындарға; б) техногендiк минералдық түзiлiмдерге мемлекеттiк кадастрлар жасау. 3. Жер қойнауын пайдаланушылар алғашқы есепке алу материалдарына негiзделген жер қойнауының жай-күйi туралы геологиялық есептi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен арнаулы нысандарға сәйкес бередi. 56-бап. Жер қойнауының мемлекеттiк мониторингi Жер қойнауының мемлекеттiк Мониторингi жер қойнауының мемлекеттiк қорын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету, олардың өзгеруiн уақытылы анықтау және бағалау, келеңсiз процестердiң зардаптарының алдын алу және жою үшiн жер қойнауының жай-күйiн бақылау жүйесi болып табылады. Жер қойнауының мемлекеттiк мониторингiнiң құрылымын, мазмұнын және жүргiзiлу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 57-бап. Жер қойнауын мемлекеттiк сараптама Жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалануға жағдайлар жасау, жер қойнауын пайдалануға төлемдердi, жер қойнауын пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерiнiң шекараларын анықтау мақсатында пайдалы қазбалардың, барланған кен орындарының қоры мемлекеттiк сараптауға жатады. Өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие мердiгер Өндiрудi пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттiк сараптама жүргiзiлгеннен кейiн ғана бастауға құқылы. Мемлекеттiк сараптаманың барланған пайдалы қазбалардың қорын игерудiң тиiмдiлiгi жайындағы қорытындылары оларды мемлекеттiк есепке қоюға негiз болып табылады. Мемлекеттiк сараптамаға ұсынылған геологиялық материалдар пайдалы қазбалар қорының мөлшерi мен сапасын, олардың республика экономикасындағы маңызын, Өндiрудiң тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа жай-күйiн объективтi бағалауға мүмкiндiк берген жағдайда мемлекеттiк сараптама кен орнын геологиялық зерделеудiң кез келген сатысында жүргiзiлуi мүмкiн. Өндiруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және пайдалануға жарамды жер қойнауы учаскелерi туралы геологиялық ақпарат та мемлекеттiк сараптауға жатады. Жер қойнауының мұндай учаскелерiн жер қойнауын пайдалануға беру геологиялық ақпаратты мемлекеттiк сараптаудан өткiзгеннен кейiн ғана жүргiзiледi. Жер қойнауын мемлекеттiк сараптауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы жүргiзедi. 58-бап. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзат базасының жай-күйiн есепке алу мақсатында жүргiзедi. Пайдалы қазбалар қорының мемлекеттiк балансында коммерциялық жолымен табылған, пайдалы қазбалардың әр түрiнiң қорының мөлшерi, сапасы мен зерделену дәрежесi, олардың орналасуы, өндiрiстiк игерiлу дәрежесi, өндiру, ысырабы мен өнеркәсiптiң пайдалы қазбалардың барланған қорларымен қамтамасыз етiлуi туралы мәлiметтер болуы қажет. Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттiк балансқа енгiзу және оларды мемлекеттiк баланстан шығару тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті орган мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы жөнiндегi ақпаратты табыс етедi. 59-бап. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс - белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрыПайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жер қойнауын геологиялық зерттеудiң салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларын әзiрлеудi, кен орнын кешендi пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да мiндеттердi шешу мақсатында жүргiзедi. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс - белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастры әрбiр кен орны бойынша негiзгi және онымен бiрге жатқан басқа пайдалы қазбалардың саны мен сапасы және олардағы компоненттердiң мөлшерi мен сапасы, кен орнын игерудiң тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық, тағы басқа жай-күйi мен оны геологиялық- экономикалық бағалау, сондай-ақ пайдалы қазбалардың анықталған көрiнiс- белгiлерi туралы мәлiметтерден құралады. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 60-бап. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттiк кадастры Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттiк кадастрын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзедi. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттiк кадастры мөлшерi мен сандық көрсеткiштерi көрсетiлген көмiлген заттар мен ағын сулардың типтерi мен түрлерiн сипаттайтын мәлiметтер, көму мен ағызудың тау-кен техникалық, арнаулы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жай-күйi туралы мәлiметтердi қамтиды. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен қалдық суларды ағызудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 61-бап. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастры Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті орган жүргiзедi. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастры сақтаудың сандық және сапалық көрсеткiштерiн, тау-кен техникалық және экологиялық жай- күйi көрсетiлген техногендiк минералдық түзiлiмдердiң типi мен түрлерiн сипаттайтын үйме объектi туралы мәлiметтердi қамтиды. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Жер қойнауына жататын ұғымдар 2.Жер қойнауын минералыдқ көздері 3.Жер қойнауын реттейтін заңнамаларды негізі Тақырып 10. Судың құқықтық режимі 1. Судың құқықтық режимінің түсінігі мен жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Су кодексі және суларды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да заңдар. 2. Қазақстан Республикасы су қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі. Суды ұтымды пайдалануды және қорғауды камтамасыз ететін мемлекеттік-құқықтық механизмі. 3. Су қорына меншік құқығы және оны жүзеге асыру нысандары. 1. Судың құқықтық режимінің түсінігі мен жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Су кодексі және суларды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да заңдар. ҚР СУ кодексі 2003 ж. 9 шілдесінде қабылданған. Онда келесі негізгі ұғымдар белгіленген. сулар - су объектiлерiнде жинақталған барлық сулардың жиынтығы. су режимi - су объектiлерi мен топырақ қабатындағы су деңгейiнiң, шығыстары мен көлемiнiң уақытқа қарай өзгеруi. су пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су ресурстарын пайдалану. су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су ресурстарын пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға. су тұтынушы - су объектiлерiнен су тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерiн пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерiнен су алушы жеке немесе заңды тұлға. су пайдалану көзi - су пайдаланушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн су объектiсi. cу объектiлерiн қорғау - су объектiлерiн сақтауға, қалпына келтiруге және ұдайы молайтуға, сондай-ақ судың зиянды әсерiне жол бермеуге бағытталған қызмет. су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы басқару мен бақылау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. Қазақстан Республикасының су заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және СУ Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасының су заңдары су қорын пайдалану мен қорғау, су қорын және су шаруашылығы құрылыстарын басқару саласындағы қатынастарды және өзге де су қатынастарын реттейдi. Су объектiлерiн пайдалану мен қорғау кезiнде туындайтын жерге, орманға, өсiмдiк пен жануарлар дүниесiне қатысты қатынастар арнайы заңдармен және Су Кодекспен реттеледi. Су объектiлерiнiң экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен табиғи су экологиялық жүйелерiне шаруашылық және өзге де қызметтiң зиянды әсерiн болғызбау кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарымен, сондай-ақ Су Кодекспен реттеледi. Жep қойнауын геологиялық зерттеу, барлау және кешендi игеру, жер асты сулары мен жер асты құрылыстарын судың зиянды әсерiнен қорғау саласында туындайтын қатынастар жер қойнауы режимiне бағындырылады және, Су Кодекстiң 66-бабының 5 және 6-тармақтарын қоспағанда, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi. Су объектiлерiндегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы заңдарымен реттеледi. Кеме қатынасы мен теңiзде жүзу саласында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының су көлiгi саласындағы заңдарымен реттеледi. Теңiз суларын пайдалану саласындағы қатынастар Су Кодекспен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi. Трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауға байланысты қатынастар Су Кодекспен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi. ҚР Су кодексі 10-бөлімнен, 29-тараудан және 146-баптан тұрады. ҚР СУ кодексінің 2-бабында оның мақсат міндеттері көзделген. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тiршiлiк жағдайларын сақтау мен жақсарту үшiн су пайдалану мен су қорын қорғаудың экологиялық қауiпсiз және экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткiзу және қолдау болып табылады. Қазақстан Республикасы су заңдарының мiндеттерi: 1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізу; 2) су қатынастарын реттеу; 3) тұрақты су пайдалануды және су қорын қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету; 4) су қорын пайдаланудың және қорғаудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау; 5) су ресурстарын зерттеу, барлау және осы ресурстар мен су шаруашылығы құрылыстарын ұтымды және кешендi пайдалану саласындағы қатынастарды басқару. Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негiзделедi: 1) халықтың өмiрi мен қызметiнiң негiзi болып табылатын сулардың мемлекеттiк маңызын мойындау; 2) халықты ауыз судың қажеттi мөлшерiмен және кепiлдi сапасымен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету; 3) халықтың суға әдiл және теңдей қол жеткiзуi; 4) су алуды азайтуға және судың зиянды әсерiн кемiтуге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы технологияларды игерiп, кешендi және ұтымды су пайдалану; 5) су объектiлерiн оларды қорғаумен қоса кешендi пайдалану; 6) арнайы су пайдаланудың ақылылығы; 7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтiрiлген залалды өтеу; 8) Қазақстан Республикасының cу заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiктiң бұлтартпастығы; 9) су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудегi жариялылық және оларға жұртшылықты тарту; 10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi; 11) халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану. 2. Қазақстан Республикасы су қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі. Суды ұтымды пайдалануды және қорғауды камтамасыз ететін мемлекеттік-құқықтық механизмі. Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегiндегi мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлген немесе енгiзiлуге тиiс барлық су объектiлерiнiң жиынтығын қамтиды. Шекарасы, көлемi мен су режимi бар құрлық бетi бедерлерiндегi және жер қойнауындағы су шоғырланымдары Қазақстан Республикасының су объектiлерiне жатады. Олар: теңiздер, өзендер, соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстi су объектiлерi, жер асты сулары бар жер қойнауының бөлiктерi. Қазақстан Республикасының су ресурстары су объектiлерiнде жиналған, пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер үстi және жер асты суларының қорлары болып табылады. Су қорының жерлерi Су айдындары (өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, iшкi сулар, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, мемлекетаралық және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су қорының жерлерi, сондай-ақ осы құрылыстардың су қорғау белдеулерiне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерiнiң санитарлық қорғау аймақтарына бөлiнген жерлер мемлекет меншiгiнде болады. Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (cyapу және сорғыту жүйелерi) орналасқан су қорының құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ бiр шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жер учаскесiне қызмет көрсететiн ирригациялық құрылғылар, аталған құрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, азаматтардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттiк меншiкте болады. Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады. Су объектiлерiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады. Су қатынастары объектiлерi Су объектiлерi, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлерi су қатынастарының объектiлерi болып табылады. Су объектiлерi: 1) жер үстi су объектiлерi; 2) жер асты су объектiлерi; 3) Қазақстан Республикасының теңiз сулары; 4) трансшекаралық сулар болып бөлiнедi. Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi: 1) ортақ пайдаланудағы су объектiлерi; 2) бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi; 3) оқшау пайдаланудағы су объектiлерi; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi; 5) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi болып бөлiнедi. Жер үстi су объектiлерi Жер үстi су объектiлерi: 1) су айдындары - өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар; 2) мұздықтар, батпақтар болып бөлiнедi. Жер үстi су объектiлерi жер үстi суларынан, олардың түбiнен және жағалауынан тұрады. Жер асты су объектiлерi Жер асты су объектiлерiне мыналар жатады: 1) су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының жиектерi мен кешендерi; 2) жер асты суларының бассейнi; 3) жер асты сулары орындары мен учаскелерi; 4) жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы; 5) жер қойнауының суландырылған учаскелерi. Теңiз сулары Қазақстан Республикасының теңiз суларына, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы шегiндегi Каспий және Арал теңiздерiнiң сулары жатады. Трансшекаралық сулар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын белгiлейтiн және (немесе) қиып өтетiн жер үстi және жер асты сулары трансшекаралық сулар болып табылады. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерi Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, барлық су объектiлерi ортақ пайдаланудағы объектiлер болып табылады. Су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектілерi Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара бiрлесiп пайдалануға берiлген су объектiлерi бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланған кезде ағын судың төменгi жағында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi бiрiншi кезекте қанағаттандырылады. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланатын су пайдаланушылар өзара мүдделерді ескеруге, су пайдалану құқығын жүзеге асыруды қиындатпауға және бiр-бiрiне зиян келтiрмеуге мiндеттi. Бiрлесiп пайдалану үшiн су объектiлерiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бередi. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара оқшау пайдалануға берiлген су объектiлерi оқшау пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi Ерекше қорғалатын су объектiлерiн құру тәртiбi, қорғау және пайдалану режимi, сондай-ақ оларда қызмет ету жағдайлары Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарымен белгiленедi. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi Қоршаған орта мен аймақ экономикасына басым ықпал ететiн және шаруашылық қызметтi реттеудiң ерекше құқықтық режимiн талап ететiн жаратылысы табиғи су объектiлерi ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi деп танылады. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнiң тiзбесiн және олардағы шаруашылық қызметтi реттеудiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Су объектiлерiнiң және су қоры жерлерiнiң айналымдық қабiлетi Су объектiлерiнiң, су қоры жерлерiнiң айналымына, сондай-ақ олар орналасқан су объектiлерi мен жерлердiң иелiктен шығарылуына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болатын сатып алуға, сатуға, кепiлге беруге және басқа да мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi. Жеке және заңды тұлғаларға cу объектiлерiн пайдалану құқығын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша табыстайды. Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi: қысқа мерзiмдi пайдалану; ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады. Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге, ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге табысталады. Су объектiлерi пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiн пайдалану құқығына билiк ете алмайды. Су сервитуты Су объектiлерiне су сервитуты қауымдық және жеке су сервитуттары нысандарында болады. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн әркiм пайдалана алады, бұл жағдайда қауымдық су сервитуты су объектiсiн пайдалану құқығының ажырамас бөлiгi болып табылады. Ортақ пайдаланудағы су объектiсi болып табылмайтын су объектiсiне қауымдық су сервитуты Қазақстан Республикасы заңдарының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы актiсiнiң немесе оны пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлғалардың су объектісiн пайдалану тәртiбiн жариялауы негiзiнде туындауы мүмкiн. Су объектiсiн ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы өзге де мүдделi тұлғалардың пайдасына (жеке су сервитуты) шектелуi мүмкiн. Жеке су сервитуты қауымдық су сервитуты сияқты негіздерде белгiленедi, сондай-ақ сот шешiмiнiң негiзiнде де белгiленуi мүмкiн. Қауымдық және жеке су сервитуттары: 1) құрылыстарды, техникалық құралдар мен құрылғыларды қолданбай су алу; 2) суат және мал айдау; 3) су объектiлерiн сал, қайық және басқа да шағын көлемдi кемелер үшiн су жолдары ретiнде пайдалану мақсаттарында белгiленуi мүмкiн. Су сервитуттарын жүзеге асыру үшiн арнайы су пайдалануға лицензия және рұқсат алу талап етiлмейдi. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметі, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару құрылымы кешендiлiгi мен қоса бағыныстылығы ескерiле отырып, мынадай деңгейлерге бөлiнедi: 1) мемлекетаралық; 2) мемлекеттiк; 3) бассейндiк; 4) аумақтық. Мемлекеттiк органдар су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi шаралар бағдарламасын әзiрлеуге және жүзеге асыруға азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердi тартуы мүмкiн. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi принциптерi Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару: 1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау; 2) тұрақты су пайдалану - суды ұқыпты, ұтымды және кешендi пайдалану мен қорғауды ұштастыру; 3) су пайдаланудың оңтайлы жағдайларын жасау, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн сақтау; 4) бассейндiк басқару; 5) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен басқару функцияларын және су ресурстарын шаруашылық пайдалану функцияларын бөлу принциптерiне негiзделедi. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi мiндеттерi Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi мiндеттерi: 1) экономика салаларын сумен қамтамасыз етудi талдау және бағалау, кемшiлiктердi анықтау және оларды жою жөнiндегi шараларды айқындау; 2) су ресурстарының қолда бар көлемiн, олардың сапасын және оларды пайдалану құқықтарының болуын айқындау; 3) су тұтыну, су беру және су қорғау технологияларын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 4) қолда бар су ресурстарының көлемiн ұлғайту және су тапшылығын жабу үшiн оларды ұтымды қайта бөлу жөнiндегi iс-шаралардың болжамы және оларды ұйымдастыру; 5) жылдың сулылығына қарай суға қажеттiлiктi қанағаттандыру басымдығы бойынша су ресурстарын бөлiп су пайдалану құрылымын белгiлеу т.б Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Yкiметi: 1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi; 2) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқаруды ұйымдастырады; 3) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi; 4) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйесiнiң тiзбесiн бекiтедi; 5) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтер құнын субсидиялау тәртiбiн бекiтедi т.б. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган: 1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысады; 2) экономиканың су секторының даму бағдарламаларын әзiрлейдi; 3) негiзгi өзендердiң бассейндерi мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектiлерi бойынша су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлейдi; 4) экономика салаларында су тұтынудың үлестiк нормаларын келiседi; 5) ортақ су пайдаланудың үлгi ережелерiн бекiтедi; 6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалану жөнiндегi қызметтiң түрлерiне лицензия немесе рұқсат берудi, олардың күшiн тоқтата тұруды жүзеге асырады; 7) бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде су пайдалану лимиттерiн бекiтедi т.б. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құзыретi Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары: 1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен үлгi ережелердiң негiзiнде аймақтық жағдайлардың ерекшелiктерiн ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерiн белгiлейдi; 2) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 3) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға беру және алып қою тәртiбiн белгiлейдi; 4) жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын бекiтеді. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құзыретi Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары: 1) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады; 2) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi; 3) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға бередi; 4) бассейндiк кеңестердiң жұмысына және бассейндiк келiсiмге қатысады 5) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды әзiрлейдi, оларды iске асыруды қамтамасыз етедi т.б. 3. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы Су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк не жеке меншiкте болуы мүмкiн. Жеке меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға, иемденуге және оларға билiк етуге байланысты қатынастар, егер Су Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк меншiкте болады және жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлмейдi және жекешелендiруге жатпайды. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстар Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк су шаруашылығы ұйымдарына бекiтiлiп берiледi. Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлуi және жекешелендiрiлуi мүмкiн. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстар Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарға бекiтiлiп берiледi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарынан басқалары, жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi мүмкiн. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерiне меншiк құқығы Ауыз сумен жабдықтау жүйелерi республикалық, коммуналдық меншiкте, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн. Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттiк ұйымдар жүзеге асырады. Коммуналдық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттiк және өзге де ұйымдар жүзеге асырады. Ауыз сумен жабдықтаудың жекелеген жүйелерi тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кiруi мүмкiн. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк немесе жеке меншiкте болуы мүмкiн. Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша осы құрылыстарға қызмет көрсететiн су пайдаланушыларға немесе олардың бiрлестiктерiне жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi, сондай-ақ сатылуы немесе өтеусiз берiлуi мүмкiн. Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқару Ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда және республиканың немесе аймақтың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар жекелеген су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша осы құрылыстарға қатысты уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзуi мүмкiн. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды және олармен мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу Су шаруашылығы құрылыстарына және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтар Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарына сәйкес мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркелуге тиiс. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды мемлекеттiк тiркеу құрылысқа су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы паспорты болған жағдайда жүргiзiледi. Су шаруашылығы құрылыстарын меншiктенушiлердiң жауапкершiлiгi Су шаруашылығы құрылыстарын меншiктенушiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың техникалық жай-күйiнiң қауiпсiздiгi үшiн жауапты болады. Су шаруашылығы құрылыстарының қауiпсiздiгiн меншiктенушiлердiң қамтамасыз етуiн қадағалауды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, төтенше жағдайлар және өнеркәсiп қауiпсiздiгi жөнiндегі уәкiлеттi органдар жүзеге асырады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Су шаруашылығы ұғымым, ерекшелігі 2. Су шаруашылығы және түрлері 3.Су қорлары Тақырып 11 Ормандардың құқықтық режимі 1.Ормандардың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Орман кодексі және ормандарды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа заңдар. 2. Қазақстан Республикасы орман қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау. 3. Орман иелену және орман пайдалану құқығы. 1.Ормандардың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Орман кодексі және ормандарды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа заңдар. ҚР Орман кодексі 2003 жылдың 8 шілдесінде қабылданған. Орман Кодексі орман қорын иелену, пайдалану, оған билiк ету жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ орман қорын күзетудiң, қорғаудың, молықтырудың, оның экологиялық және ресурстық әлеуетiн көтерудiң, оны ұтымды пайдаланудың құқықтық негiздерiн белгiлейдi. Орман құқығы қатынастарын реттеу орман биосфераның ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды компоненттерiнiң бiрi болып табылатыны негiзге алына отырып жүзеге асырылады. Орман - ағаш пен бұта өсiмдiктерiнiң және жанды табиғаттың басқа да компоненттерiнiң жиынтығы негiзiнде белгiлi бiр аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәнi бар табиғи кешен. Орманды молықтыру - орман ағаштарын отырғызуға немесе орманды күтiп-баптау және оны сауықтыру жөнiндегi шараларды қоса алғанда, бұрынғы орманды алқаптарды табиғи түрде қайта жаңғыртуға ықпал ететiн шаралар жүргiзу. Мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы - қызметi орман ресурстарын есепке алуды, орман қорын аумақтық орналастыруды, мемлекеттiк орман мониторингiн, орман шаруашылығын жүргiзу iсiн жоспарлауды және орман пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталатын орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның қарауында болатын ұйым. Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi - мемлекеттiк орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылған мекеме. Орманды қорғау - орманды зиянкестерден, аурулардан, антропогендiк және табиғи сипаттағы қолайсыз факторлар әсерiнен қорғау жөнiндегi, жер үстiнде және авиациялық әдiстермен жүзеге асырылатын iс-шаралар жиынтығы. Қазақстан Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Орман Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады. Орман кодексі 9-бөлімнен, 20-тараудан, 118 баптан тұрады. 1-бөлім. Жалпы ережелер 2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау 3-бөлім. Орман иелену және орман пайдалану құқығы 4-бөлім. Орман шаруашылығын ұйымдастыру 5-бөлім. Орман орналастыру, орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі 6-бөлім. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру, орман тұқым шаруашылығы 7-бөлім. Орман қорын пайдалану 8-бөлім. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық тетігі 9-бөлім. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласындағы заң бұзушылықтар Өсiмдiктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су объектiлерiн, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледi. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Орман Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасының орман заңдарының қағидалары: 1) ормандардың климатты реттейтiн, орта түзетiн, егiс-топырақ қорғау, су сақтау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттiк мәнiн мойындау; 2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту); 3) ормандардың, табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау; 4) ормандарды көп мақсатқа пайдалану; 5) орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдалану; 6) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау; 7) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мен алынған сүректi қайта өңдеудi жүзеге асыру функцияларынан орман пайдалануды реттеу функцияларының ара жiгiн ажырату; 8) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтiрiлген залалдың орнын толтыру; 9) орман ресурстарын ақылы пайдалану; 10) орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қол жетiмдiлiгi; 11) халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң орман қорын күзетуге және қорғауға қатысу. 2. Қазақстан Республикасы орман қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау. Орман қоры жерлерiн, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн қамтитын Қазақстан Республикасының орман қоры орман құқығы қатынастарының объектiсi болып табылады. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi Орман Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен ақылы жағдайда ормандардың көп функциялы маңызы ескерiле отырып пайдаланылады. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын (бұдан әрi - орман қоры) құрайды. Орман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрады. Мемлекеттiк орман қорына: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар; 2) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген, орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi; 3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желiлiк құрылыстардың белдеулерiндегi енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелерi жатады. Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен жасалған, енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қолдан өсiрiлген ормандар, агроорман- мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер жатады. Орман қорына: 1) мемлекеттiк орман қорының жерiнен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемi 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi бұта өсiмдiктер;э 2) қала ормандары мен орманды саябақтарды қоспағанда, елдi мекендер шекарасы шегiндегi жасыл желектер; 3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелерiндегi ағаштар мен бұталар кiрмейдi. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк орман қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне жатады және республикалық меншiкте болады. Жекеше орман қоры учаскелерiн иеленудi, пайдалану мен оған билiк етудi, Орман Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес, жекеше орман иеленушiлер жүзеге асырады. Орман қорының жерлерi мемлекеттiк және жекеше орман қоры жерлерiне бөлiнедi. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiне табиғи түрде ағаш өскен, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген жерлер жатады. Жекеше орман қорының жерiне Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсiрiлген жерлер жатады. Мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң шекарасы жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде орман орналастыру материалдарының негiзiнде белгiленедi және нақтыланады. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiн сатып алу-сату, кепiлге беру және басқа мәмiлелер жасасу арқылы иелiктен шығаруға жол берiлмейдi. Орман қорының жерлерiн беру, алып қою және пайдалану тәртiбi Орман Кодекспен, Қазақстан Республикасының жер және азаматтық заңдарымен айқындалады. Орман ресурстары және орманның пайдалы қасиеттерi Орман ресурстары сүрек қорынан, шайыр мен ағаш шырындарынан, қосалқы сүрек ресурстарынан, жабайы өсетiн жемiстерден, жаңғақтардан, саңырауқұлақтардан, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттан, орман қорында болатын, жинақталатын және өндiрiлетiн өзге де өсiмдiк пен мал өнiмдерi қорынан тұрады. Орманның өсiп тұрған кезiнде өзiне тән экологиялық және әлеуметтiк мәнi бар функциялары (оттегiн бөлiп шығару, көмiр қышқыл газын бойына сiңiру, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау, топырақтың жоғары қабатындағы ылғалды iшкi қабатына тарту, бальнеологиялық және климат реттеушiлiк қасиеттерi) оның пайдалы қасиеттерiне жатады. Орман құқығы қатынастарының субъектiлерi Ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыруды, орман өсiру мен (немесе) орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар орман құқығы қатынастарының субъектiлерi болып табылады. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жүйесi: 1. Қазақстан Республикасының Үкiметi 2. Уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары 3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары органдар кiредi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi 1) мемлекеттiк орман саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi; 2) мемлекеттiк орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады; 3) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi; 4) мемлекеттiк орман қорын санаттар бойынша бөлудi бекiтедi; 5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүрiктi түбiрiмен босату және ағаш кесу ережелерiн бекiтедi т.б. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi 1) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген құзыретi шегiнде мемлекеттiк орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады; 2) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi жөнiнде бағдарламалар әзiрлеп, олардың орындалуын қамтамасыз етедi; 3) ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, ғылыми, тәжiрибелiк-өндiрiстiк және оқу мақсатында пайдаланылатын, өзiнiң функционалдық қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды реттейдi; 4) Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi; 5) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асырады т.б. Уәкiлеттi органның аумақтық органдары: 1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi бойынша бағдарламалар әзiрлеуге және оны орындауға қатысады; 2) ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, уәкiлеттi органның қарауындағы ғылыми, тәжiрибелiк-өндiрiстiк және оқу мақсатында пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды реттейдi; 3) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асырады; 4) орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын, мемлекеттiк орман мониторингiн жүргiзедi, орман орналастыру мен орман шаруашылығының жоспарлануын қамтамасыз етедi; 5) ұйымдар басшыларының орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, ормандарды молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану мәселелерi жөнiндегi есептерiн қарайды т.б. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi 1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi; 2) аумақтық органдармен келiсе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жасаған есептеулер негiзiнде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда) бекiтедi; 3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдардың өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, ормандардың молықтырылуы, орман өсiру және орман пайдалану мәселелерi жөнiндегi есептерiн қарайды. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi 1) уәкiлеттi органмен келiсе отырып орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеп, оларды iске асырады; 2) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi; 3) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеп, iске асырады; 4) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникаларын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбiн айқындайды, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi; 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерiнiң жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi т.б. Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесiнiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы функциялары 1) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру бағдарламаларын әзiрлеуге және оларды орындауға қатысады; 2) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру, тұрақты орман тұқымдары учаскелері мен орман тұқымдары плантацияларын күтiп-ұстау, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу мен сақтау жөнiндегi iс-шараларды орындайды; 3) орман орналастыру жобаларына сәйкес орман пайдалану орындары мен олардың көлемiн айқындайды; 4) орман ресурстарын тендерге қою үшiн материалдар әзiрлейдi; 5) орман ресурстарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етедi; 6) орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн бередi; 7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолын кесу жөнiнде iс-шаралар қабылдайды т.б. Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақыла Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылау барлық жеке және заңды тұлғалардың орман қорын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн, орман шаруашылығын жүргiзу, оның iшiнде ормандарды күзету, қорғау мен молықтыру, олардың есебiн жүргiзу ережелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарында, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында көзделген өзге де ережелер мен нормаларды сақтауы мақсатында жүзеге асырылады Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары, өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады. Уәкiлеттi органның басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас орман инспекторы болып табылады. Уәкiлеттi орган басшысының ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас орман инспекторының орынбасарлары болып табылады Уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аға орман инспекторлары болып табылады. Уәкiлеттi органның ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады Аумақтық органдардың басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк бас орман инспекторлары болып табылады. Аумақтық органдар басшыларының ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк бас орман инспекторларының орынбасарлары болып табылады. Аумақтық органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк аға орман инспекторлары болып табылады Аумақтық органдардың ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi 1) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөнiндегi жұмыстар мен iс-шаралардың барлық түрлерiн тексерудi, сондай-ақ орман қоры аумағында орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес жұмыстарды жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптiң сақталуын қадағалауды жүзеге асыру мен жеке және заңды тұлғаларға анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде жазбаша нұсқау беру; 2) мемлекеттiк орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге тексерулер жүргiзу үшiн белгiленген үлгiдегi қызметтiк куәлiктерiн көрсете отырып, ұйымдарға кедергiсiз кiру; 3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтата тұру, шектеу, тоқтату; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұза отырып мемлекеттiк орман қорына келтiрiлген залалды өтеу туралы талаптар қою; 6) тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларына Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу, ал қажет болған жағдайларда құқық қорғау органдарына оларды қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн материалдар беру құқығы берiледi. Міндеттері: 1) орман шаруашылығы iс-шараларының орындалу сапасын және олардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман орналастыру жобаларына сәйкестiгiн; 2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шарттардың сақталуын және орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртiбiн; 3) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының, ормандағы өрттердiң алдын алу жөнiндегi, оларды дер кезiнде байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ өртеңдер алаңының есебiн жүргiзудiң дәлдiгiн және мемлекеттiк орман қорына өрттен келген нұқсанды анықтау, орман өрттерiнiң зардаптарын жою жөнiндегi шаралардың уақтылы қабылдануын; 4) ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының, екпелердiң су басудан, қоқыстанудан, ақаба сулар мен шаруашылық әсерiнiң басқа да түрлерiнен қурап-солып қалуының алдын алу жөнiндегi шаралардың дер кезiнде қабылдануын, олардың есебiн жүргiзу мен болжаудың дәлдiгiн т.б. 3. Орман иелену және орман пайдалану құқығы. Орман иеленушiлер - мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк ұйымдар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жекеше орман қоры учаскесi меншiгiнде болатын жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. Орман иелену - орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуi үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлерге Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн иелену мен пайдалану құқығы, сондай-ақ жекеше орман иеленушiлерге осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлетiн жекеше орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiне орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен туындайды. Мемлекеттiк орман қорының учаскелерi орман иелену құқығымен: 1) мемлекеттiк орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, мемлекеттiк орман қорының кешендi пайдаланылуын ұйымдастыру үшiн орман мекемелерiне және уәкiлеттi органның өзге де мемлекеттiк ұйымдарына; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiне байланысты мақсаттар үшiн биосфералық түрлерiн қоса алғанда мемлекеттiк табиғи қорықтарға, мемлекеттiк табиғи қорық-сепортерлерге, мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтарға, мемлекеттiк табиғи резерваттарға, мемлекеттiк табиғи саябақтарға, мемлекеттiк ботаникалық бақтарға, мемлекеттiк дендрологиялық саябақтарға (бұдан әрi - заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар) берiледi. Жекеше орман иелену құқығының туындауы Жекеше орман иелену құқығы жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың оларға Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес жеке меншiгiне немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерiнде туындайды. Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң құқықтары 1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану; 2) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудi қоспағанда, Орман Koдекстe белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру; 3) аумақтық органдармен келiсе отырып жобалау және техникалық құжаттамаға сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу; 4) өздерi дайындаған өнiмдi өткiзу және алынған табыстарды пайдалану; 5) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн беру құқығы бар. Жекеше орман иеленушiлердiң құқықтары 1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету; 2) өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру; 3) жобалық және техникалық құжаттамаға сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жеке орман қоры учаскелерiнде құрылыстар мен ғимараттар, оның iшiнде орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу; 4) өздерi дайындаған өнiмдi және оны өткiзуден түскен табысты меншiктену құқығы бар. Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң мiндеттерi 1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман шаруашылығын жүргiзуге; 2) ормандардың молықтырылуын, күзетiлуiн, қорғалуын, санитарлық жай- күйiн жақсартуды және күтiп-бапталуын, олардың өнiмдiлiгiнiң, қорғаныштық және өзге де пайдалы қасиеттерiнiң артуын, орманның көп мақсатқа ұтымды пайдаланылуын ұйымдастыруды, орман орналастыруды, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң есебiн жүргiзудi, сондай-ақ табиғи-қорық қорлары объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның сақталуын қамтамасыз етуге; 3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорының ресурстық әлеуетiн пайдалануға; 4) орманның орта құрайтын және ортаны қорғайтын функцияларының сақталуын, сондай-ақ екпелердi, дәрi-дәрмектiк, тағамдық және техникалық шикiзатты дер кезiнде қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн экологиялық жағынан оңтайлы тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзуге, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген мемлекеттiк орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өзге де талаптарды орындауға; 5) мемлекеттiк орман қоры аумағының өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, өрт қауiпсiздiгi мен орман пайдалану ережелерi бұзылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқа да бұзушылықтың алдын алуға, оны дер кезiнде байқап, жолын кесуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға; 6) орман пайдаланушылар өртке қарсы күрес iс-шаралары жоспарларын әзiрлеген кезде оларға жәрдем көрсетуге; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ормандағы өрттердi және олардың зардаптарын тiркеудi жүргiзуге міндетті. Жекеше орман иеленушiлердiң мiндеттерi 1) өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығы мен орман пайдалануды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде көзделген экологиялық жағынан оңтайлы тәсiлдермен және әдiстермен жүргiзуге; 2) өздерiнiң меншiгiндегi ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандардың санитарлық жай-күйiн жақсартуды және оларды күтiп-баптауды қамтамасыз етуге; 3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi материалдарды табыс етуге; 4) өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнiң өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен орман ауруларына қарсы күрес жөнiндегi қажетті шараларды қолдануға; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өздерiнiң меншiгiндегi жекеше орман қоры учаскелерiнде ормандағы өрттердi және олардың зардаптарын тiркеудi жүргiзуге мiндеттi. Орман иелену құқығының тоқтатылуы 1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерi орман иеленуiнде болған заңды тұлға таратылған және олар басқа мемлекеттiк орман иеленушiге берiлген жағдайда; 2) мемлекеттiк орман қорының жерi Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде белгiленген тәртiппен мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қойылған жағдайда; 3) Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады. Жекеше орман иелену құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатылады. Орман пайдалану - орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалану жөнiндегi заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет. Орман пайдаланушы - Орман Кодексте белгiленген тәртiппен уақытша орман пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығы тендер нәтижелерi туралы хаттама және сол негiзге алынып жасалған шарт негiзiнде туындайды. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану құқығы орман билетiнiң негiзiнде туындайды. Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен басқа адамға ауысады. Орман пайдаланушы заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры - заңды тұлғаға ауысады. Орман пайдалану құқығы - орман пайдалану түрi сақталғанда ғана, құқық мирасқорында орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражат пен өндiрiстiк қуаттар және облыстық атқарушы органдар айқындайтын тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандар болған жағдайда, ал орман пайдалану жөнiндегi қызметтiң лицензияланатын түрi жүзеге асырылатын жағдайда лицензиясы бар болған кезде ғана ауысуы мүмкiн. Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартына, ағаш кесу билетiне, орман билетiне өзгерiстер енгiзу арқылы ресiмделедi. Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекеше орман иеленушi айқындайтын тәртiппен туындайды. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға тендер хаттамасы негiзiнде және кейiн қарауында мемлекеттiк орман қоры учаскелерi бар уәкiлеттi орган немесе облыстық атқарушы орган мен орман пайдаланушы арасындағы шартпен ресiмделе отырып берiледi. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты мен өндiрiстiк қуаттары және тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiледi Орман ресурстарын сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берген жағдайда, орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қоры учаскесiнде сүрек ресурстары орман орналастыру материалдарына сәйкес сүрек ресурстарын ұдайы және сарқылмайтындай етiп пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, бiрақ орманшылық алаңынан аспайтындай етiп берiледi. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру сол аумақта тұратын халықтың мүдделерi ескерiле отырып, жария жүзеге асырылуға тиiс. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген, пайдаланылмаған орман ресурстары шарт мерзiмi өткен соң орман пайдаланушының меншiгiне ауыспауға тиіс Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi құқықтар 1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көрсетілген көлемде жүзеге асыруға 2) өздерiне орман пайдалануда берiлген орман ресурстары туралы ақпарат алуға; 3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман пайдалану мерзiмiне құрылыстар мен ғимараттар, сүрек сақтау қоймаларын салуға, ағаш таситын жолдар тартуға, сүректi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалануға байланысты басқа да орман өнiмдерiн өңдеу үшiн жабдықтар орнатуға; 4) мемлекеттiк орман қорының санаттарының өзгеруi, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерiн мемлекет қажеттіктері үшiн алып қою салдарынан келтiрiлген шығындарға өтем алуға құқығы бар. Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi мiндеттерi Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтата тұру мен шектеу негiздерi Мемлекеттiк 1) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарын, сондай-ақ ағаш кесу билетiмен, орман билетiмен белгiленген талаптарды сақтауға; 2) тұрғын халықтың денсаулығына зиян келтiруiне жол бермеуге; 3) жұмысты топырақ эрозиясының пайда болуына жол бермейтiн, ормандардың жай-күйi мен молайтылуына, сондай-ақ су және басқа да табиғи объектiлердiң жай-күйiне терiс әсердi болдырмайтын немесе оны шектейтiн және жануарлар дүниесi мен олар тiршiлiк ететiн ортаның сақталуын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен жүргiзуге; 4) сүрек дайындаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлген техника мен технологияларды пайдалана отырып ормандарды табиғи түрде молықтыру үшiн оңтайлы жағдайларды сақтау жөнiндегi талаптарды ұстануға; 5) мемлекеттiк орман қорының өздерiне орман пайдалану үшiн бөлiнiп берiлген учаскелерiнде өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға, өртке қарсы iс- шараларды жүргiзуге, ал орман өртi пайда болған жағдайда оны сөндiрудi қамтамасыз етуге; 6) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiлермен келiсе отырып өртке қарсы iс-шаралар жоспарын әзiрлеуге және бекiтуге, сондай-ақ оларды белгiленген мерзiмдерде жүзеге асыруға т.б. орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы: 1) орман пайдаланушы Қазақстан Республикасы орман заңдарының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының талаптарын бұзған; 2) орман пайдаланушы ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының, ағаш кесу билетiнiң, орман билетiнiң талаптарын орындамаған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы: 1) мемлекеттiк орман қорының орман пайдалану жүзеге асырылатын учаскелерiнде орман ресурстарының жай-күйiнiң нашарлауына әкеп соқтырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесiнде олардың қоры азайған; 2) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар өткiзiлетiн жағдайларда, сондай- ақ орманда өрт қаупi жоғары болатын кезеңде шектелуi мүмкiн. Егер орман пайдалану құқығының шектелуiн не тоқтатыла тұруын тудырған мән-жайлар немесе жағдайлар жойылса, орман пайдалану құқығы толық көлемiнде қалпына келтiрiледi. Орман пайдаланушы өзiнiң орман пайдалану құқығын шектеу туралы немесе тоқтата тұру туралы шешiммен келiспеген жағдайда, оның бұл шешiмге сот тәртiбiмен шағымдануға құқығы бар. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату негiздерi Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы: 1) орман пайдаланушы орман пайдалану құқығынан ерiктi түрде бас тартқан; 2) орман пайдалану мерзiмi өткен; 3) орман пайдаланушы заңды тұлға таратылған; 4) орман пайдаланушы орман пайдаланудың белгiленген ережелерiн немесе ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында, ағаш кесу билетiнде, орман билетiнде көзделген талаптарды үнемi (екi және одан да көп рет) бұзған; 5) мемлекеттiк орман қорында орман пайдалануды жүзеге асыруға кедергi келтiретiн өзгерiстерге әкеп соқтырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар басталғанда т.б. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Орман учаскелері 2.Орман учаскелерінің ерекшеліктері және заңнама 3.Мемлекеттік орман обьектілерін қорғау негіздері Тақырып 13. Тақырып Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау 1. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы. 2. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі қызметті ұйымдастыру. 3. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бақылау. 1. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы Атмосфералық ауа - қоршаған ортаның атмосфера газдарының табиғи қоспасы болып табылатын компонентi. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Экологиялық кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Атмосфералық ауаны құқықтық реттеу Экологиялық кодекспен тікелей жүзеге асырылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Мемлекеттiк экологиялық мониторинг (қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi) - табиғи және антропогендiк факторлардың әсерiнен қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйiнiң өзгеруiн бағалау, болжау және бақылау мақсатында олардың жай-күйiн қадағалаудың кешендi жүйесi. Атмосфералық ауа, жер, жер үстi мен жер асты сулары, жер қойнауы, жануарлар және өсiмдiктер дүниесi, сондай-ақ климат пен Жердiң озон қабаты, экологиялық жүйелер, қоршаған ортаның халықтың денсаулығына әсер ететiн факторлары мемлекеттiк экологиялық мониторинг объектiлерi болып табылады. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi - экологиялық қауiпсiздiктi, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешiмдердiң қабылдануы үшiн қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiн байқауды, сондай-ақ олардың нақты жай-күйi туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық жүйе. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган арнайы мемлекеттiк уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып ұйымдастырады. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң принциптерi: 1) бiрыңғай ұйымдық, әдiстемелiк, метрологиялық және ақпараттық ұстаным негiзiнде жұмыс iстеу; 2) қолданыстағы мемлекеттiк және өзге де мониторинг жүйелерiнiң мүмкiндiктерiн барынша пайдалану болып табылады. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң мiндеттерi: 1) қоршаған ортаның, биологиялық әралуандық және экожүйелердiң жай- күйi туралы, антропогендiк әсер ету көздерi, тiршiлiк ету ортасының халық денсаулығына әсер ететiн факторлары туралы дұрыс және салыстырмалы ақпарат алу; 2) қоршаған ортаның жай-күйiн, антропогендiк әсер ету деңгейлерiн, биосфера жай-күйiнiң көрсеткiштерiн, экожүйелердiң функционалдық тұтастығын бағалау және болжау; 3) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қабылданатын басқарушылық шешiмдерi мен өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдi болуына талдау жүргiзу үшiн деректермен қамтамасыз ету болып табылады. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi тіршілік ету ортасы мен халықтың денсаулығын қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн тiкелей немесе жанама түрде қамтитын, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы мониторинг жүйелерi мен мониторингтiң кiшi жүйелерiнiң базасында қалыптасады. Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретiне сәйкес табиғи объектiлерге зерттеу жүргiзуге және мониторинг түрлерiн (кiшi жүйелердi) ұйымдастыруға мiндеттi. Қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган ұйымдастырады. Атмосфералық ауа жай-күйiнiң мониторингi - Қазақстан Республикасының елдi мекендерiнде атмосфералық ауаның ластануының жай-күйiне бақылау жасау жүйесi. Мемлекеттiк бақылау бекеттерiнiң санын және оларды әрбiр нақты елдi мекенде орналастыруды халық саны, жер рельефi, ластанудың нақты деңгейiн ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде айқындайды. Атмосфералық жауын-шашын жай-күйiнiң мониторингi - атмосфераның ластануының көрсеткiшi болатын атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамына бақылау жасау, сондай-ақ қыс кезiнде атмосфераның өңiрлiк ластануын бағалау және елдi мекендер мен өнеркәсiп объектiлерiнен ластаушы заттардың таралу ауқымын анықтау үшiн қар қабатындағы заттардың болуына бақылау жасау жүйесi. Метеорологиялық мониторинг - мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ауа райы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi метеорологиялық, агрометеорологиялық болжамдар жасау және дүлей метеорологиялық құбылыстардың туындау ықтималдығы туралы ескерту мақсатында атмосфера мен жер үстiнiң физикалық параметрлерiне, метеорологиялық, оның iшiнде актинометрикалық, жылу балансы, озонометрикалық, аэрологиялық бақылау жасаудың кешендi жүйесi. Метеорологиялық мониторинг деректерiнiң негiзiнде климаттың және Жердiң озон қабатының мониторингiн жүргiзу жүзеге асырылады. 2. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі қызметті ұйымдастыру. Климатты және Жердің озон қабатын қорғау мынадай принциптерге негізделеді: 1) климаттың өзгеруінің (жаһандық өзгеруді қоса алғанда) және Жердің озон қабатының тозуының орны толмас салдарларын болдырмау, бәсеңсіту; 2) атмосфераға парниктік газдарды және озонды бұзатын заттарды шығаруды мемлекеттік реттеудің міндеттілігі; 3) климаттың өзгеруі және Жердің озон қабатының тозуы туралы ақпараттың жариялылығы, толықтығы және дұрыстығы; 4) климатты және Жердің озон қабатын қорғау әдісінің ғылыми негізділігі, жүйелілігі және кешенділігі. Климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар парниктік газдардың атмосфераға шығарылуын және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын азайту жөніндегі іс-шараларды, парниктік газдар шығарындыларының мониторингі деректерін, парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын бақылау нәтижелерін ескере отырып, климатты және Жердің озон қабатын қорғау жөніндегі тиісті мемлекеттік, салалық және жергілікті атқарушы органдармен келісілген өңірлік нысаналы бағдарламалар мен іс-шаралар әзірлейді. Климатты және Жердің озон қабатын қорғау бағдарламаларының жобалары климаттың өзгеруінің (жаһандық өзгеруді қоса алғанда) және Жердің озон қабатының тозуының салдарларын болдырмау және бәсеңсіту жөніндегі іс- шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескеру мақсатында олардың талқылауына ұсынылуы мүмкін. ҚР ЭК-нің 313-бабы «Парниктік газдардың шекті жол берілетін шығарындылары және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын регламенттеу» деп аталады. Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын мемлекеттік реттеу мақсатында парниктік газдардың шекті жол берілетін шығарындыларының және озонды бұзатын заттарды тұтынудың лимиттері (квоталары) белгіленеді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары көздерінің жекелеген түрлері үшін парниктік газдардың шекті жол берілетін шығарындыларын белгілейді. Озон бұзатын заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады. Озонды бұзатын және құрамында олардың өнімдері бар заттардың импорты, экспорты, озонды бұзатын заттар пайдалана отырып жүргізілетін жұмыстар, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады. Қалалық және өзге де қоныстарды салу кезінде шаруашылық және өзге де қызмет объектілерін жобалау, орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалану парниктік газдар шығарындыларының азайтылуы және оларды сіңіргіштердің абсорбциялау деңгейінің сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс. Атмосфераға парниктік газдар шығарындыларының көздері бар және озонды бұзатын заттарды тұтынуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға тиіс. Тиісті аумақтарда климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы статистикалық байқауды белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік статистика органдарымен келісім бойынша айқындайды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес реттелетін озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын әзірлеуді ұйымдастырады. Озонды бұзатын заттарды әкелуді және тұтынуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын әзірлеу үшін жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың екінші тоқсанынан кешіктірмей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға озонды бұзатын заттардың жылдық тұтынылуы туралы деректерді табыс етеді. Озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрының деректері ашық болып табылады және жариялануға жатады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдардың мемлекеттік кадастрын әзірлеу үшін парниктік газдардың эмиссиясы мен сіңірілуіне жыл сайынғы мемлекеттік түгендеу жүргізуді ұйымдастырады. Парниктік газдардың көздері мен сіңірушілері бар заңды тұлғалар парниктік газдардың эмиссиясы мен сіңірілуіне түгендеу жүргізу үшін жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың екінші тоқсанынан кешіктірмей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға парниктік газдарға түгендеу жүргізу және мемлекеттік кадастрын жасау үшін бастапқы ақпаратты табыс етеді. Парниктік газдардың мемлекеттік кадастрының деректері ашық болып табылады және жариялануға жатады. 3. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау: 1) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және оған зиянды физикалық әсер етуге рұқсаттармен белгiленген талаптарды; 2) атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде атмосфералық ауаны қорғауға өндiрiстiк бақылау жүргiзудiң стандарттарын, нормативтерiн, ережелерiн және өзге де талаптарын; 3) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын тұрақты көздерi бар объектiлердiң санитариялық-қорғаныш аймақтарының режимiн; 4) атмосфералық ауаны қорғау бағдарламаларының орындалуын; 5) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарының өзге де талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге тиiс. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылауды атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын және зиянды физикалық әсер ететiн көздерi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады. Атмосфералық ауаны қорғаудың жай-күйiне өндiрiстiк бақылауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның куәлiгi бар аттестатталған зертханалар жүргiзедi. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын көздерi бар заңды тұлғалар атмосфералық ауаны қорғауды, оның сапасын бақылауды Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға тиiс. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылауды жүргiзуге жауапты тұлғалар туралы мәлiметтер, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылаудың нәтижелерi Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерiне және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына табыс етiлiп отырады. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мемлекеттiк инспекторларының құқықтары: 1) меншiк нысандары мен бағыныстылығына қарамастан, ұйымдар мен басқа да объектiлерге (оның iшiнде белгiленген тәртiппен әскери және қорғаныс объектiлерiне) кедергiсiз (қызметтiк куәлiктерiн көрсете отырып) кiруге, атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттаманы, талдаулардың нәтижелері мен өзге де материалдарды танысу үшін сұратып және тегін алуға; 2) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығарудың белгiленген нормативтерiнiң сақталуын және тазалау құрылыстарының жұмысын, осындай шығарындыларды бақылау құралдарын тексеруге; 3) атмосфералық ауаны қорғау мен сауықтыру жөнiндегi жоспарлар мен iс-шаралардың орындалуын, атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар талаптарының сақталуын тексеруге; 4) табиғи ресурстарды пайдалануға лицензияларда белгiленген талаптардың сақталуын және атмосфералық ауаны қорғау саласындағы жекелеген қызмет түрлерiнiң жүзеге асырылуын, табиғат пайдалануға жасалған шарттар (келiсiм-шарттар) мен берiлген рұқсаттардың орындалуын тексеруге, белгiленген тәртiппен олардың күшiн жоюға, олардың күшiн жою туралы нұсқамалар беруге немесе ұсыныстар енгiзуге; 5) атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң белгiленген нормативтерiнiң сақталуын тексеруге; 6) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзуге және оның қорытындыларының орындалуын тексеруге; 7) экологиялық қауiптi жүктердi (бұйымдарды), қалдықтар мен шикiзат ресурстарын Қазақстан Республикасының аумағына атмосфералық ауа сапасының нормативтерiн бұза отырып әкелудiң (әкетудiң) жүзеге асырылуына, сондай-ақ олардың транзитiне (одан әрi тасымалдануына) тыйым салу туралы нұсқама шығаруға; 8) сот органдарына Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтi тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап арыз беруге; 9) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қарауға, тиiстi органдарға атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдардың бұзылуына кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды жiберуге; 10) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуына және оған зиянды физикалық әсер етуге рұқсаттардың қолданылуын үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға, егер мұндай рұқсаттардың талаптары сақталмаса, тиiстi құқықтық рәсiмдi қолдана отырып, олардың күшiн жоюға, бұл жағдайда рұқсат иесiне алдағы уақытта оның күшi жойылатыны туралы алдын ала хабарланады; 11) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзу салдарынан келтiрiлген зиян мөлшерiн анықтауға (анықтауға қатысуға) және соның негiзiнде кiнәлi тұлғалардан осы зиянды өз еркiмен өтеудi талап етуге не сотқа талап қоюға; 12) тұрақты және жылжымалы көздер, оның iшiнде көлiк құралдары жүзеге асыратын атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын өлшеу iсiн жүргiзуге; 13) тиiстi қаржы-кредит ұйымдарына экологиялық талаптарды бұзып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет объектiлерiн салу мен пайдалануды қаржыландыруды тоқтату туралы нұсқамалар енгiзуге; 14) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау нормалары мен ережелерiнiң сақталуын тексеруге; 15) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарының бұзылуын жою туралы жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi нұсқамалар шығаруға құқығы бар. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының мемлекеттiк инспекторларының міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарында белгiленген әзiрлiк деңгейiнде болуға; 2) қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға; 3) тиiстi аумақта атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығарудың белгiленген нормативтерiнiң, сондай-ақ атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және оған зиянды физикалық әсер етуге рұқсаттарда көзделген басқа да талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; 4) мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындыларының орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге; 5) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде азаматтармен және қоғамдық табиғат қорғау ұйымдарымен өзара iс- қимыл жасауға; 6) қоршаған табиғи ортаға атмосфералық ауаны ластау арқылы келтiрiлген зиянды өтеудiң мөлшерiн негiздеуге; 7) мемлекеттiк органдарға атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарды бұзу фактiлерi туралы өз құзыретi шегiнде хабарлап отыруға; 8) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдардың бұзылғандығы туралы материалдарды дайындауға және құқық қорғау органдарына жiберуге; 9) атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу кезiнде ұйымдарға жәрдем көрсетуге; 10) ұйымдарға Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган тiзбесiн белгiлейтiн нормативтердi әзiрлеу жөнiнде құжаттама беруге мiндеттi. Атмосфераға парниктік газдарды және озонды бұзатын заттар шығарындыларының көздері бар заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларына жыл сайынғы түгендеу жүргізу жолымен өндірістік бақылауды жүзеге асырады. Экологиялық қызметтерді ұйымдастыру туралы және парниктік газдар мен озонды бұзатын заттарға өндірістік бақылау жүргізуге жауапты тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ парниктік газдарды және озон бұзатын заттарды түгендеу нәтижелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етіледі. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Атмосфералық ауаны құқықтық реттеу негіздері 2.Атмосфералық ауаны бақылау 3.Атмосфералық ауаны реттеу және қорғау Тақырып 14. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі 1.Мемлекеттік табиғи-қорық қорының түсінігі. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының заңы және осы саладағы басқа да заңдар. 2. Мемлекеттік органдарының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құзыреті. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру. 3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері мен санаттары. 1.Мемлекеттік табиғи-қорық қорының түсінігі. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының заңы және осы саладағы басқа да заңдар. 1. Биологиялық ресурстар - экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдерi немесе олардың бөлiктерi, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөлiктерi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi - өздерiндегi барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендердiң репрезентативтiк өкiлдiгiн қамтамасыз ететiн санаттары мен түрлерi саналуан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жиынтығы. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, оқу-ағарту, бiлiм беру, туризм және рекреация нысанасы ретiнде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи- мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң жиынтығы. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафтық объектiлер мен олардың кешендерi, жануарлар мен өсiмдiктердiң жекелеген түрлерi (таралымдары) (соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерi). Мемлекеттiк табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың негiзгi қызметiне: 1) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының биологиялық саналуандығын қорғау және қалпына келтiру режимiн қамтамасыз ету; 2) Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерiн, объектiлерiн зерделеу және олардың мониторингi жөнiнде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу; 3) экологиялық-ағартушылық қызметтi жүргiзу; 4) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер етуi мүмкiн шаруашылық және өзге объектiлердi орналастыру жобалары мен схемалар мемлекеттiк экологиялық сараптамасына қатысу; 5) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық- ағартушылық, ғылыми және шектеулi туристiк мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады. Мемлекеттiк табиғи қорықтың бүкiл аумағында қорықтық күзет режимi белгiленедi, ол бойынша: 1) аумақтың гидрологиялық режимiн өзгертетiн iс-әрекеттерге; 2) мемлекеттiк табиғи қорықтың жұмыс iстеуiмен байланысты емес үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), жолдар, құбырлар, электр желiлерiн және басқа да коммуникациялар мен объектiлер салуға; 3) геологиялық-барлау жұмыстарына және пайдалы қазбалар өндiруге; 4) топырақ қабатын бүлдiруге, минералдар шығымын бұзуға және тау жыныстарын жалаңаштауға; 5) санитарлық мақсатта ағаш кесудi және күтiм жасау мақсатында ағаш кесудi қоса алғанда, орман пайдаланудың барлық түрлерiне, тағамдық, дәрi- дәрмектiк және техникалық өсiмдiктер, гүлдер, тұқымдар дайындауға, шөп шабуға, мал жаюға және өсiмдiктер қабатының бұзылуына әкеп соғатын өсiмдiктер дүниесiн пайдаланудың басқа да түрлерiне; 6) мемлекеттiк табиғи қорықтың күзет аймағында тұратын жергiлiктi халықтың мұқтажы үшiн арнайы бөлiнген учаскелерде уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен рұқсат етiлетiн, әуесқойлық балық аулауды қоспағанда, аң аулау мен балық аулауға; 7) жануарларды аулауға және жойып жiберуге, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға; 8) жануарлар мен өсiмдiктердiң жаңа түрлерiн жерсiндiруге, жануарлардың жекелеген түрлерi санын жерлердiң табиғи сыйымдылығы бойынша жол берiлетiн мөлшерден артық көбейтуге; 9) мемлекеттiк табиғи қорықтың коллекцияларын қалыптастыруды қоспағанда, коллекциялық материалдар жинауға; 10) зиянкестерге, өсiмдiктер мен жануарлардың ауруларына қарсы, сондай- ақ жануарлар санын реттеу үшiн химиялық және биологиялық күрес әдiстерiн қолдануға; 1) үй жануарларын айдап өтуге; 12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген нормадан асып түсетiн жасанды жолмен жасалатын у-шуға және өзге де дыбыстық әсерлерге; 13) егер қызмет қорғалатын ландшафтардың табиғи көрiнiсiн өзгертуге немесе экологиялық жүйелердiң орнықтылығын бұзуға әкеп соғуы мүмкiн болса, не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтауға және молықтыруға қатер төндiрсе, оған тыйым салынады. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың аумағында орман және дала өрттерiнiң алдын алу және сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзуге жол берiледi. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми қызмет мемлекеттiк табиғи- қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн зерттеу жөнiнде тұрақты жүйелi түрдегi байқаулар, Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, табиғи процестердiң мониторингiн ұйымдастыру, сондай-ақ биологиялық саналуандықты сақтаудың және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiн қалпына келтiрудiң ғылыми негiздерi мен әдiстерiн әзiрлеу жолымен жүзеге асырылады. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметi: 1) қорықтардың биологиялық саналуандықты сақтау функцияларын орындауының қажеттi шарты ретiнде қорық iсi идеяларын халықтың қалың топтарының қолдауын қамтамасыз ету; 2) экологиялық мәдениеттi қалыптастыру мен дамыту мақсаттарында жүзеге асырылады. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда экологиялық-ағартушылық шараларын жүргiзу үшiн мұражайлар, экспозициялар, көрсетiлiм жасау учаскелерi және басқа да объектiлер құрылуы мүмкiн. М емлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймақтарында: 1) жаңа елдi мекендер құруға және бар елдi мекендердi кеңейтуге; 2) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлердi орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгiзуге; 3) жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн зәрлi улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге; 4) атмосфераға және ашық су көздерi мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға; 5) пайдалы қазбалар өндiруге; 6) әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшілік аң аулауға; 7) радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiп қалдықтарын көмуге; 8) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiнiң гидрологиялық режимiн өзгертетiн қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектiлер салуға); 9) жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң бөтен түрлерiн жерсiндiруге; 10) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн басқа да қызметке тыйым салынады. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймақтарының аумағында қорықтың экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне терiс әсер етпейтiн шаруашылық қызметтiң мынадай әртүрлi нысандары жүзеге асырылуы мүмкін: 1) орман шаруашылығы қызметi; 2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлi жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгiн қамтамасыз ету шеңберiндегi өзге де қызмет; 3) туристiк және рекреациялық қызмет; 4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану; 5) кәсiпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау; 6) орман және дала өрттерiн сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзу; 7 ) бүлiнген жерлердi рекультивациялау; 8) орман және өзге де өсiмдiк қауымдастықтарын қалпына келтiру; 9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру; 10) жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiн жасанды жолмен көбейту, өсiру, өндiру үшiн питомниктер салу, мемлекеттiк табиғи қорық қызметкерлерiнiң тұруы үшiн қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерiн беру үшiн пайдалану. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңымен ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастар реттеледі. Заң құрамы жағынан 18-тараудан және 85-баптан тұрады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүлiктiк қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негiзгi принциптер: 1) биологиялық саналуандықты, бiрегей және типтiк ландшафтарды сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн экологиялық желiнiң базалық құрамдас бөлiгi ретiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiн дамыту; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау; 3) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелердi сақтау; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениеттi, оқу- ағартуды, бiлiм берудi, туризмдi дамыту мақсаттарында пайдалану; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы; 6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық; 7) жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы; 8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қолжетiмдiлiгi; 9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Табиғи кешендер, оның iшiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектiлерi болып табылады. Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өздерiнiң құзыретiне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектiлерi болып табылады. 2. Мемлекеттік органдарының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құзыреті. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган, қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар және Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiмен айқындалған өздерiнiң құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 2) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн иелену, пайдалану және иелiк ету құқығы; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органды айқындау; 4) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерлерден жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы беру және алып қою; 5) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту; 6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық жатады. Уәкiлеттi органның құзыретi: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру; 3) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзу; 4) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiнде ұсыныстар енгiзу; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекiту т.б. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдардың құзыретi: 1) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламалары бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және оларды уәкiлеттi органға табыс етедi; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және өздерiнiң қарауындағы осындай аумақтарды кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық- экономикалық негiздемелердi, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етiп және осы негiздемелердi кейiннен уәкiлеттi органның бекiтуiне енгiзе отырып Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әзiрлеудi ұйымдастырады; 3) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын бекiтедi, паспорттардың уәкiлеттi органда тiркелуiн жүзеге асырады; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастырады және оларды уәкiлеттi органмен келiсе отырып бекiтедi; 5) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты жүзеге асырады, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi; 6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады; 7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органдары өз құзыретi шегiнде: 1) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құруға және олардың жұмыс iстеуiне жұмсалатын шығыстарды жергiлiктi бюджеттер құрамында бекiтедi; 2) өздерiнiң қарауындағы жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйi мен олардың қызметi туралы, соның iшiнде мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн сақтау мәселелерi бойынша атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдайды. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде: 1) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiлер жүйесiн дамыту бағдарламасы, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi ұсыныстарды уәкiлеттi органға енгiзедi; 2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi ұйымдастырады және оларға мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi; 3) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi бекiтедi; 4) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiнде шешiмдер қабылдайды; 5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда уәкiлеттi органмен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекiтедi; 6) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi; 7) заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiтедi т.б. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту туралы шешiм экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жаратылыстану- ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердiң негiзiнде қабылданады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың немесе кеңейтудiң жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiнiң жобаларын әзiрлеудi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-iздестiру) ұйымдары екi кезеңде жүргiзедi. Бiрiншi кезеңде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми негiздемесi (бұдан әрi - жаратылыстану- ғылыми негiздеме) әзiрленедi, онда: 1) зерттелiп отырған аумақтың табиғи кешендерiнiң және онда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң бiрегейлiгi, маңыздылығы және репрезентативтiлiгi; 2) зерттелiп отырған аумақтағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың жай-күйiн бағалау; 3) зерттелiп отырған аумақтың мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйi, оларды сақтау жөнiндегi тәуекелдер, қауiптер және оларды күзету, қорғау, қалпына келтiру және пайдалану жөнiндегi шаралар; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ұсынылатын санаты мен түрі; 5) ұсынылатын шекарасы, ауданы, сондай-ақ функционалдық аймақтары және олардың қорғалу режимiнiң түрлерi және пайдалану айқындалады. Екiншi кезеңде уәкiлеттi орган бекiткен немесе онымен келiсiлген жаратылыстану-ғылыми негiздеменiң негiзiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөнiндегi техникалық-экономикалық негiздеме (бұдан әрi - техникалық-экономикалық негiздеме) әзiрленедi, ол: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың шекарасы, координаттары сипатталған жерлердi бөлудiң жерге орналастыру жобасын, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына алып қойылатын (сатып алынатын) жер учаскелерiнiң санаттары мен аудандарын, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн алып қоймай олардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына қосылатын санаттары мен аудандарын, сондай-ақ күзет аймағының шекарасы мен аудандарын; 2) меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн сатып алуға және (немесе) оларды алу жөнiндегi залалдарды жабуға, қорғалу аймақтарында шаруашылық қызметтi шектеуге байланысты, сондай-ақ жердi алып қоймай, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрған жағдайларда жұмсалатын шығындарды; 3) инфрақұрылым құруға және ерекше қорғалатын табиғи аумақты күтiп ұстауға, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн күзету, қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды орындауға жұмсалатын шығындарды; 4) аумақты белгiленген функционалдық аймақтарға бөлудi, қорғалу режимiнiң түрлерi мен рекреациялық жүктемелер нормаларын айқындай отырып, осы аймақтар шегiнде табиғи кешендердi реттелмелi туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалану шарттарын; 5) экологиялық туризмдi дамытуды ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақты жоспарлау жобасын және оның инфрақұрылымын (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын), туристiк соқпақтарды, қарап көру алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлiкке арналған тұрақтарды, кемпингтердi, шатырлы лагерьлердi, қонақ үйлердi, мотельдердi, туристiк базаларды, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлердi, құбырларды, электр және байланыс желiлерiн, жолдарды қамтиды. Техникалық-экономикалық негiздеме жер учаскелерiнiң меншiк иелерiмен және жер пайдаланушылармен, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарымен, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық органдарымен келiсiледi және Заңда белгiленген тәртiппен бекiтiледi. 3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері мен санаттары. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар санаттарға жатқызылады. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимiнiң түрлерiне байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi: 1) мемлекеттiк табиғи қорықтар; 2) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер; 3) мемлекеттiк табиғи резерваттар; 4) мемлекеттiк зоологиялық парктер; 5) мемлекеттiк ботаникалық бақтар; 6) мемлекеттiк дендрологиялық парктер; 7) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi; 8) мемлекеттiк табиғи қаумалдар; 9) мемлекеттiк қорық аймақтары. Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимiнiң түрлерiне байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi: 1) мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер; 2) мемлекеттiк зоологиялық парктер; 3) мемлекеттiк ботаникалық бақтар; 4) мемлекеттiк дендрологиялық парктер; 5) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi; 6) мемлекеттiк табиғи қаумалдар. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи- мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парк мемлекеттiк ұлттық табиғи парк үшiн белгiленген режимi бар, сондай мақсаттарды алға қоятын және сондай мiндеттердi орындайтын, бiрақ табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесiне ие жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң нұсқасы болып табылады. Мемлекеттiк табиғи резерват - табиғи кешендердiң биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектiлердi күзетуге, қорғауға, қалпына келтiруге және сақтауға арналған жердегi және судағы экологиялық жүйелердi қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттiк зоологиялық парктер - мәдени-ағартушылық, ғылыми, оқу және табиғат қорғау қызметiне, тектiк қорды сақтауға және әдеттегi, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар жануарлар түрлерiн жасанды орта жағдайында өсiруге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттiк ботаникалық бақ - өсiмдiктер дүниесiн, соның iшiнде өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн қорғау, молықтыру және пайдалану жөнiнде зерттеулер мен ғылыми талдамалар өткiзуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттiк дендрологиялық парк - ағаш және бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыру мен пайдалануға арналған аймақтар бойынша белгiленген күзет режимдерi бар табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi - экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттiк табиғи қаумал - мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiр немесе бiрнеше объектiлерiн сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтiң тапсырыстық режимi немесе реттелмелi режимi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттiк қорық аймағы - мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар үшiн резервке қойылған жер учаскелерi мен су айдындарында мемлекеттiк табиғи қорық қорының объектiлерiн және биологиялық саналуандықты сақтауға және қалпына келтiруге арналған теңдестiрiлген күзет режимiнiң түрлерi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкiлеттi органмен келiсе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары жүргiзедi. Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесiн төмендетуге әкеп соғатын бiр түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және (немесе) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бiрегейлiгi сипатының iшiнара немесе толық жоғалуына байланысты жүргiзiледi. Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесiн төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бiр түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешiмдi жаратылыстану-ғылыми негiздеме жасалған мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде: 1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi; 2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкiлеттi органмен келiсе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы қабылдайды. Табиғат қорғау мекемелерiнiң құқықтық жағдайы Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттiк мекеме нысанында құрылады. Табиғат қорғау мекемелерiне жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiледi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi табиғат қорғау мекемелерiне жедел басқару құқығымен берiледi. Табиғат қорғау мекемесiн қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының құқықтық жағдайы Мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар және мемлекеттiк дендрологиялық парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылады. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiледi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар мен ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығымен берiледi. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдары өздерiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң иелiгiндегi ақшамен жауаптылықта болады. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының қалған мүлкiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. Заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық жағдайы Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және мемлекеттiк қорық аймақтарының заңды тұлға ретiнде мәртебесi болмайды және олар мемлекет қорғауында болады. Заңды тұлға болып табылмайтын ерекше қорғалатын табиғи аумақта мемлекет меншiгiнде болатын жылжымайтын мүлiк объектiлерiн жедел басқару құқығы өзiнiң қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ болатын табиғат қорғау мекемесiне немесе мемлекеттiк орман шаруашылығы мекемесiне берiледi. Мемлекеттiк қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдар олардың негiзiнде мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер құру кезiнде республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тiзбелерiнен алынып тасталуға тиiс. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң қорғау аймақтары Қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң айналасында, бұл аймақтар шегiнде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерi мен оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи- қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне және оларды қалпына келтiруге терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынады және (немесе) шектеу жасала отырып, қорғау аймақтары белгiленедi. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң қорғалу аймақтарының аумағында табиғат пайдаланудың мөлшерi, шекарасы, режим түрлерi және тәртiбi оларды құрудың жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiмен айқындалып, осы Заңға және Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының шешiмдерiмен айқындалады. Бұл орайда меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiнiң шекарасы бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша белгiленетiн және жер бетiнде арнайы белгiлер қойылатын қорғау аймағының енi екi километрден кем болмауға тиiс. Табиғат қорғау ұйымдарының рәмiздерi Табиғат қорғау ұйымдарының рәмiздерi (эмблемасы мен туы) болады.Табиғат қорғау ұйымдары өздерiнiң рәмiздерiн пайдаланудың ерекше құқығына ие болады және оларды жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде пайдалануға рұқсат етуi мүмкiн Өзін өзі бақылау сұрақтары : 1.Ерекше қорғалатын табиғат обьектілерін қорғау принциптері 2. Ерекше қорғалу заңнамасы 3.Табиғат обьектілерін ерекше қорғалатын бөлімдерін ұйымдастыру Тақырып 15. Тақырып 15 Халықаралық қоршаған орта (экологиялық) құқығы 1. Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Табиғатты халықаралық-құқықтық қорғаудың объектілері мен субъектілері. 2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық келісімдер, конвенциялар, шарттар. 1. Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Табиғатты халықаралық-құқықтық қорғаудың объектілері мен субъектілері Халықаралық экологиялық құқық жеке мемлекеттердің қоршаған ортасының ұлттық жүйелеріне және ұлттық юрисдикция әрекетінен тыс жердегі қоршаған орта жүйелеріне турлі сипаттағы және түрлі қайнар көздерден келтірілетін залалдардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттердің әрекеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығын көрсетеді. Түрлі сипаттағы ластанулар экологияға зиянды әсерін тигізеді. Халықаралық экологиялық құқықтың нормалары зиянды салдардың болмауын, оны шектеуді немесе алдын алуды қамтамасыз етеді. Бір табиғат объектісінің өзі бір мезгілде түрлі әсерге ұшырауы мүмкін. Ол жеке-жеке зиянсыз болғанымен, жиынтығында зиянды нәтижелерге әкеп соқтыруы ықтимал. Түрлі кезеңдерде, түрлі авторлар құқықтың осы саласының мазмұнын белгілеу үшін әр түрлі терминология қолданып келді. Олардың ішінде кең таралғаны "табиғатты халықаралық-құқықтық қорғау", "қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау", "халықаралық табиғат қорғау қүқығы", "қоршаған ортаның халықаралық құқығы", "халықаралық экологиялық құқық" сияқты атаулар. Соңғы ұғым құқықтың осы саласының мазмұнын толық көлемде белгілеп береді. Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың негізгі объектілеріне: - құрлық, жер қойнауы, Дүниежүзілік мұхит, аспан денелері, әуе кеңістігі, ғарыш кеңістігі, жердің өсімдіктер және жануарлар дүниесі; - негізгі ластау көздері: а) өнеркәсштік химиялық қалдықтар, ядролық қару, мұнай және газ, көлік құралдары; б) адамның құқыққа сай және құқыққа қайшы әрекеттері жатады. Халықаралық қауымдастық қоғамдық қатынастардың осы саласын арнайы құқықтық реттеуге мүдделі болып отыр. Оған экологиялық мәселелері бойынша екіжақты және көпжақты шарттардың өсуі дәлел бола алады. Халықаралық өкілдік ұйымдар күн тәртібіне табиғатты пайдалану мәселелерін қойып отыр. Халықаралық экологиялық қуқық — осы заманғы халықаралық құқықтың салыстырмалы түрде алғанда жас салаларының бірі. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымактастық халықаралық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті алғышарттардың барлығын жасайды. Халықаралық қауымдастық табиғатқа әскери немесе басқа да қастандық жасау құралдарын қолданып, ықпал етуге ұмтылмауға шақырады. Жердің динамикасын, жағдайын, құрылымын қасақана өзгертуге тыйым салынады. Халықаралық экологиялык құқық халықаралық құқық субъектілеріне қоршаған ортаға әскери құралдарды пайдалану арқылы әсер етуге кімде-кімге көмектесуге, қолдануға, түрткі болуға тыйым салады. Оған бейбіт мақсаттар үшін ғана рұқсат береді. Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі халықаралық ынтымақтастык мақсаттары мынадай: - адамды және оны қоршаған ортаның ауасын ластанудан қорғау; - мемлекеттік аумақтағы қайнар көздердің ауаны ластауын шектеу, қысқарту және оның алдын алу; - ақпараттар, консультациялар, ғылыми зерттеулер және мониторинг алмасу арқылы ауаны ластаумен күресу стратегиясын жасау; - ауа сапасын реттеудің және оны ластаумен күрес шараларының ең жақсы жүйесін жасау; - кез келген қайшы әрекеттерге тыйым салу және алдын алубойынша кез келген заңды шараларды қабылдау. 2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық келісімдер, конвенциялар, шарттар. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі арнайы көпжакты алғашқы конференция 1972 ж. Стокгольмде шақырылған болатын. Ол БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасының (ЮНЕП) жүзеге асуына жол ашып берді. БҰҰ Бас Ассамблеясының XXVII сессиясында "Қоршаған орта саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі ұйымдық және қаржылық шаралар" деген қарар қабылданды. Кейінірек, 1975 ж. Хельсинки Қорытынды актісінде "Экономика, ғылым, тсхника және қоршаған орта саласындағы ынтымақтастық" деген арнайы бөлім пайда болды. Бұл құжатта осындай сипаттағы ынтымақтастықтың келешегі белгіленді. Оның ішінде, халықаралық ынтымақтастық қоршаған ортаны қорғау мен жақсартудан, сондай-ақ қоршаған ортаға және оның ресурстарын қазіргі және келекшектегі адамзат игілігі үшін ұтымды пайдаланудан келіп шығатындықтан, ол экономикалық даму үшін үлкен маңызы бар міндеттердің бірі болып табылады. Мемлекеттер өздерінің аумақтарында жүргізіліп жатқан әрекеттердің басқа мемлекеттің қоршаған ортасының нашарлауына себеп болмауы керектігін түсінуі тиіс. Хельсинкидегі Қорытынды Акті қарастырылып отырған саладағы ынтымақтастық мақсаттарын айқындап берді. Оларға: - қоршаған орта проблемаларын зерттеу, қоршаған орта проблемаларының кешенді ғылыми амалдарын дамытуды қолдау; - фактілерді жинауда және саралауда пайдаланылатын тәсілдерді салыстыру және үйлестіру арқылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық және халықаралық шаралардың тиімділігін арттыру; қоршаған ортаның ластану проблемалары мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі білімдерді дамыту; - қоршаған орта саласындағы мақсатқа сай болатын және оларды үйлестіру мүмкіндігіндегі саясатты жақындастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау; - қоршаған ортаны қорғау және жақсарту, оның жай-күйін бақылауға арналған құрал-жабдықтарды жасау, өндіру, жетілдіру саласында мүдделі ұйымдардың, мекемелердің және фирмалардың ұлттық және халықаралық деңгейдегі қабылдайтын әрекеттерін қолдау жатады. Осы бағдарламалық құжаттар халықаралық қауымдастықтың ынтымақтастық саласын айқындап берді: Ауаның ластануымен күресу. Суларды және ауыз суларды пайдалануды ластанудан қорғау. Теңіздің қоршаған ортасын қорғау. Топырақ қабаты мен жерді пайдалануды қорғау. Табиғат пен қорықтарды қорғау. Қоршаған орта мен елді мекендердің жағдайын жақсарту. Қоршаған ортадағы өзгерістерді іргелі зерттеу, бақылау, болжау және бағалау. Құқықтық және әкімшілік шаралар. Осындай сипаттағы ынтымақтастық, нысандары ретінде: ғылыми-техникалық ақпараттар мен зерттеу нәтижелерін алмасу; конференциялар, симпозиумдар және сарапшылар кеңесін ұйымдастыру; ғылыми қызметкерлер алмасу; қоршаған ортаны қорғаудағы түрлі проблемаларды зерттеу мен шешуде бағдарламалар мен жобаларды бірігіп дайындау мен жүзеге асыру таңдап алынды. 1979 ж. Женевада кеңес өткізілді, онда мынадай құжаттар жасалды: атмосфералық ауаны едәуір қашықтықта шекарааралық ластау туралы Конвенция; бұл конвенция күшіне енгенге дейін атқарылатын шаралар туралы қарар; аз қалдықты және қалдықсыз технология мен қалдықтарды пайдалану туралы декларация. Осы құжаттардың құқықтық нормаларына сәйкес, қатысушы мемлекеттер адамдардың денсаулығына, өсімдік және жануарлар әлеміне теріс әсер ететін қалдықтарды атмосфераға шығаруды көбейтпеуге, кейінірек - азайтуға міндеттенеді. Бұл құжаттардың күшіне енуі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да халықаралық-құқықтық акциялар үшін Еуропада ғана емес, сонымен бірге басқа да континенттерде алғышарттар жасады. 1992 ж. маусым айында Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі Конференциясы шақырылды. Қоршаған орта және экономикалық дамудың өзара әрекеттестік мәселелері, Жердін экожүйесін сақтау және қорғау мақсатындағы ғаламдық әріптестік үшін жағдайлар жасау сияқты негізгі мәселелер күн тәртібіне қойылды. 1992 ж. халықаралық экологиялық құқықтың маңызды қайнар көздері қабылданды, атап айтқанда: Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио Декларациясы; Биологиялық алуан түрлілік туралы Конвенция; Климаттың өзгеруі туралы негіздемелі Конвенция. XXI ғасырдың Күн тәртібі қабылданды. Бұл құжат жаңа жүзжылдықта мемлекеттерге, үкімеггерге, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар үшін ұсыныстык сипаттағы бәрін қамтитын жинақ ретінде көрініс тапты, оны орындау қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін болады. Халықаралық экологиялық құкық қағидаларының жүйесі. Халықаралық экологиялық құқық қағидаларының жүйесі мынадай сипатта белгіленген: - мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілерінің халықаралық табиғатты қорғаудағы ынтымақтастықтарының қағидасы; - қоршаған ортаға зиян келтірмеу қағидасы; - жоспарлы қызметтің шекарааралық салдарын бақылау кағидасы; - қоршаған ортаны ұтымды пайдалану қағидасы; - мемлекеттік шекаралардан тыс жердегі қоршаған табиғи орта барлық адамзаттың ортақ игілігі болып табылады; - экологиялық залал үшін халықаралық жауапкершілік қағидасы; - қоршаған ортаны және оның құрамындағы бөліктерді зерттеу және еркін пайдалану қағидасы. 1992 ж. Рио-де-Жанейродағы конференция халықаралық экологиялық құқықтың әрекеттегі қағидалар жүйесін жаңа мазмұнмен толықтырды. Қағидаларды жіктеудің жаңа үлгісі ұсынылды, атап айтқанда: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы адам құқықтарының сақталу қағидасы. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттердің ынтымақтастық қағидасы. Адамзат қоғамының тұрақты даму қағидасы, 4. Бейбітшілік және экологиялық дауларды бейбіт жолдармен шешу қағидалары. Халықаралық экологиялық құқықтың негізін қалаушы идеялар, бастау ретінде мынадай тезистер орын алды: - қоршаған ортаны қорғау - даму процесінің құрамдас бөлігі; - мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиімді зандарды қабылдауы; - қоршаған ортаға және адамдарға залал тигізетін ластағыштардың басқа мемлекеттерге өтіп кету фактісінің алдын алу; - қоршаған орта үшін шекарааралық теріс салдар әкелуі мүмкін шаралар туралы өзара мәліметтер беру; - Жердің экожүйесін сақтап қалу мақсатындағы мемлекеттердің ғаламдық әріптестіктері; - қоршаған орта жағдайының нашарлау проблемаларын дер кезінде шешу; - жоспарланған әрекеттердің ықтимал экологиялық салдарын бағалау; - қоршаған орта жағдайы нашарлауының алдын алу және сақтандыру үшін шаралар қабылдау; - халықаралық құқық нормалары мен қағидаларын құрметтеу және қоршаған ортаны қарулы қақтығыстар кезінде қорғауды қамтамасыз ету. Қоршаған ортаны қорғау проблемаларының шешімін табу қызмет саласына халықаралық ұйымдардың кең көлемін тартып отыр. Жалпы құзыретті халықаралық ұйымдар қоршаған орта мәселелерімен айналысады. Оларға Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелері жатады. 1972 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасы (ЮНЕП) жасалды. БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің Жарғылық ережелері олардың халықаралық экологиялық құқық саласындағы міндеттемелерін тура бекітіп бермейді. Сонымен бірге, қоршаған ортаны қорғаудың жеке аспектілері осы мекемелердің табиғатты қорғаудағы ынтымақтастыққа іс жүзінде қатысумен расталып та отыр. Қоршаған орта проблемалары мен БҰҰ-ның қандай да бір мамандандырылған мекемелерінің негізгі мақсаттарының арасындағы өзара байланыс түрлі сипатқа ие. Мысалы, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) жарғылық ережелерінің орындалуы табиғат элементтерін ауылшаруашылығы өндірісі мақсаттарына пайдаланумен, табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланумен байланысты болып келеді. Басқа мамандандырылған мекемелер, мысалы ИМО, ИКАО, МАГАТЭ, теңіздің, әуенің қоршаған орталарын, энергияны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге икемделген. Адамдар өмірінің нақты жағдайларын, денсаулықты, жұмыс күшін, қоршаған ортаны жақсарту мәселелері тұтастай алғанда БДҰ, ЮНЕСКО, ХЕҰ кызметтерінде қарастырылады Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Халықаралық табиғатты қорғау қағидалары 2.Халықаралық дәрежедегі табиғатты қорғау ұйымдары, олардың жұмыстары Қоршаған ортаны халықараылқ дәрежеде сақтандыру көздері 2.Практикалық сабақтар тақырыптар: Тақырып 1. Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні Мақсаты: Экологиялық құқық ұығымын ашу. 1.Мемлекеттің экологиялық қызметі 2.Қоршаған табиғи орта құқық обьектісі ретінде 3.Экологиялық құқық қатынастар түрлері 4.Экологиялық құқық субьектілері мен обьектілері Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Экологиялық құққытық институттар 2.Экологиялық құқық жүйесі 3.Экологиялық құқық сипатамасы Негізгі әдебиеттер 1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993 2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995 3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005 4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім 5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім 6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995 Тақырып 2. Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері . Мақсаты: ҚР ның экологиялық құқығының бастауын ашу 1. Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркендеуі және болашағы. 2. Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы заңдар және олардың даму кезеңдері. 3. Экологиялық құқық қайнар көздерінің түсінігі. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Басқа құқық салаларымен қатынасы 2.Экологиялық құқықтың Қазақстандағы кезеңдері Негізгі әдебиеттер 1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993 2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995 3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005 4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім 5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім 6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995 Тақырып 3. Табиғат обьектілеріне меншік құқығы. Мақсаты: Құқық обьектісі ретінде табиғат ресурстарынын маңызы 1. Табиғат обьекітілеріне мемлекеттік меншік құқығы түсінгі және жалпы сипаттамасы. 2. Құқықтық қорғау обьектілері мен мемлекетттік меншік құқығының арақатынасы. 3.Мемлекет табиғат обьектілеріне меншік құқығы субьектісі.ҚР-ның Парламенті және жергілікті өкілді және атқарушы органдары мен олардыңтабиғат обьектілеріне меншік құқығын іске асыру жөніндегі өкілеттігі. 4. Табиғат обьектілеріне жеке меншік құқығының түсінгі жалпы сипамамасы. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1.Табиғат обьектілерінің жалпы сипатамасы 2.Табиғат ресурстарның түрлері 3.Табиғат ресурстарның маңызы қоғам үшін Негізгі әдебиеттер 1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993 2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995 3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005 4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім 5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім 6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995 Тақырып 4.Табиғатты пайдалану құқығы. Мақсаты :Табиғатты пайдалану ерекшеліктерін ашу 1.Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі. 2.Айналадағы табиғи ортаның сауықты болуына азаматтардың құқығы. 3.Табиғатты пайдалану құқығының қағидалары және негізгі белгілері. Табиғатты пайдалану құқығының түрлері, обьектілері және субьектілері. 4.Табиғатты пайдалану кепілдіктері. Табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері. 5. Табиғат пайдалану құқығын қорғау, өзертулі және тоқтатылуы. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Табиғат пайдалану құқығы принципі 2.Табиғат пайдалану құқығын қорғау 3.Табиғат пайдалану субьектісі және обьектісі Негізгі әдебиеттер 1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993 2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995 3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005 4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім 5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім 6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995 Тақырып 5. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары. Мақсаты: Табиғатты мемлекеттік пайдалану органдары олардың құрлымдары мен құзіреті 1.Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқарудың түсінігі мен қызметі. 2.Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және арнайы органдар. 3.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоспарлау, бағдарламалау және стандарттау мәселелері. Өзін -өзі бақылау сұрақтары: 1.Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласы 2.Экологиялық қауіпсіздік қызметі Негізгі әдебиеттер 1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993 2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995 3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005 4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім 5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім 6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995 Тақырып 6. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері. Мақсаты:Экономикалық тетік ретіндегі қорғау негізі және көздері 1.Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің түсінгі мен құрылымы. 2.Экологиялық төлемдер. Экологиялық сақтандыру.табиғатты пайдалану үшін салықтар. Арнайы табиғатты пайдалану үшін төлемдер.Экологиялық аудит. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Экологиялық сақтандыру ұығымы 2. Экологиялық қорғау шаралары Негізгі әдебиеттер 1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993 2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995 3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005 4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім 5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім 6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995 Тақырып 7. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық. Мақсаты: Жауаптылыққа тарту негізі 1.Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзудың түсінгі және жалпы сипамамасы. 2.Экологиялық жауаптылықтың түсінгі және түрлері. 3.Тәртіптік жауапкершілік. 4. Еңбек қатынастарымен байлаынсты экологиялық және материалдық жауаптылық.. 5.Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік, азаматтық, қылмыстық жауаптылықтары түрлері. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1.Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің түрлері 2.Табиғи ресурстарға келтірілген зиянды өтеудің тәртібі Негізгі әдебиеттер 1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993 2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995 3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005 4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім 5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім 6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995 Тақырып 8. Жерді құқықтық қорғау. Мақсаты: Жерді құқықтық қорғау мәні мен негізі 1.Жердің жалпы сипатамасы, жер туралы заң, жерді қорғаудың мақсаты мен міндеттері. Жерге мемлекеттік меншік құқығы, жерге жеке меншік құқық, мазмұның және обьектілері. 2.Жер пайдалану құқығы, оның түрлері субьектілері, мазмұын, жер учаскесін беру тәртібі. 3.Жер учаскесін нормалау. 4.Сервитуттар, пайдалану тәртібі және түрлер. Жерге меншік құқығының, жер пайдалаун құқығының және өзгеде құқықтардың тоқталуы Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1.Сервитут ұғымы 2.Жерді қорғау міндеттері мен мақсаттары Негізгі әдебиеттер 1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993 2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995 3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005 4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім 5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім 6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995 Тақырып 9. Жер қойнауының құқықтық режимі және оны қорғау. Мақсаты.Жер қойнауының құқықтық режимдерін ашу 1. Жер қойнауының, пайдалы қазбалардың құқықтық жағдайының түсінігі мен жалпы сипаммамсы. 2. Жер қойнауы мен басқа да пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамсыз ететін мемлекетттік-құқықтық механизмі. Өзін- өзі бақылау сұрақтары. 1.«Жер қойнауы және жер қойнауы пайдалану туралы» ҚР Президентінің Жарлығы мен жер қойнауы және пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамсыз ететін басқа да заңдар. Негізгі әдебиеттер 1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993 2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995 3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005 4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім 5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім 6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995 Тақырып 10. Суың құқықтық режимі және оны қорғау. Мақсаты:Судың құқықтық режимі ұғымын ашу 1.Судың көлемі мен сапасы, судың құқықтық режимінің және оны қорғаудың түсінгі мен жалпы сипаттамасы. 2.Суды ұтымды құқықтық механизм жолдары 3.Су кодексі және сулардыұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамсыз етеін басқа да заңдар. 3. ҚР-ның су қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық ережелері. 4.Суға мемлекеттік меншік және оны жүзеге асыру нысандары. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Суды пайдалану құқығы, түрлері,судың мемлекеттік басқару мен оны пайдалануды және қорғауды бақылау. 2.Су кадастры және су шаруашылық баланстары. 3. Су дауларын шешу тәртібі, суларға және су пайдаланушыларға келтірелетін зиянды өтеу, су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық. Негізгі әдебиеттер 1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993 2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995 3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005 4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім 5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім 6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995 Тақырып 11. Ормандардың құқықтық режимі және оларды қорғау. Мақсаты:Ормандарды құқықтық реттеу режимін ашу 1.Ормандарды құқықтық режимдерінің түсінгі және жалпы сипамасы. 2.Ормандарды ұтымды пайдалану және қорғауды қамтамсыз ететін мемлекеттік құқықтық механизмі. Қазақстан Республикасының Орман кодексі және ормандарды ұтымды пайцдалану және қорғауды қамтамсыз ететін басқа заңдар 3. ҚР орман қорының түсінгі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі. 4.Ормандарды басқару және орман шаруашылығын жүргізудің негізгі талаптары. Өзін- өзі бақылау сұрақтары: 1.Орман қорын топқа және қорғаныс санаттарына бөлу. 2.Ормандарға меншік құқығы және оны жүзеге асыру нысандары. 3.Ормандарды пайдалану құқығы және оның түрлері, бақылау, дауларды шешу тәртібі, жауаптылық түрлері Негізгі әдебиеттер 1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993 2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995 3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005 4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім 5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім 6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995 Тақырып 12. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі. Мақсаты:Жануарлар дүниесін пайдалану мен қоргау құқықтық режимін ашу 1.Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінгі мен жалпы сипатамасы. 2.Жаунарлар дүниесін ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік құқықтық механизмі. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР ның заңы және осы саладағы басқа заңдар.Жануарлар дүниесіне меншік құқығы және оны жүзеге асыру нысандары. 2.Аң аулау және аулау шаруашылығын жүргізуді құқықтық реттеу. 3.Балық аулау мен балық шаруашылығын ұйымдастырудың және жүргізуді құқықтық реттеу, бақылау және басқару. Негізгі әдебиеттер 1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993 2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995 3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005 4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім 5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім 6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995 Тақырып 13. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау. Мақсаты:Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау мәнін ашу 1.Атмосфералық ауаның қазіргі жағдайы. 2.Атмосфералық ауаны құқықтқы қорғаудың түсінгі және жалпы сипаттамасы. Атмосфералық ауаны қорғауды қамтамсыз етеін мемлекеттік құқықтқ механизмі. Өзін -өзі бақылау сұрақтары: 1«Атмосфералық ауаны қорғау туралы» ҚР-ның заңы және басқада атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар. 2.Мемлекеттік бақылау. 3.Дауларды шешу тәртібі, жауаптылық. Негізгі әдебиеттер 1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993 2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995 3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005 4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім 5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім 6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995 Тақырып 14. Ерекше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтық режимі. Мақсаты: Ереккше қорғалатын табиғат обьектілерінің мемлекет және қоғам үшін маңызы мен ролін айқындау 1.Ерекше қорғалатын табиғи обьектілернің түсінгі және құрамы. 2.Қызылы Кітап және айналадағы табиғи ортаны қорғаудағы маңызы. 3.Курортардың және басқа емдеу–сауықтыру аймақтардың құқықтық режмиі. 4.Қорықтардың құқықтық режимі. 5.Заказниктердің құқықтық режимі.Табиғат ескерткіштерінің құқықтық режимі. Табиғи ұлттық практердің құқықтық режимі. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Ботаникалық бақтардың, дендрологиялық және зоологиялық парктердің, тарихи-табиғи және мемориалдық парктердің құқықтық режимі. 2.Төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық апаттардың аймақтары. Негізгі әдебиеттер 1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993 2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995 3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005 4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім 5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім 6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995 Тақырып 15. Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау. Мақсаты:Халықаралық дәрежедегі қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық нормативтік актілер және оны жүзеге асыру механизмі, мемлекет үшін оның алатын орны мен ролі 1.Қоршаған ортаны халықаралық–құқықтық қорғаудың түсінгі және жалпы сипатамасы. 2.Халықаралық табиғатты қорғау обьектілері мен субьектілері. 3.Табиғи ортаны қорғау саласындағы халықаралық келісімдер, конвенциялар, шарттар, қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық мемлекеттік- құқықтық механимзмі. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Қоршаған ортаны халықаралық қорғауға ҚР ның қатысу нысандары. Негізгі әдебиеттер 1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993 2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995 3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005 4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім 5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім 6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995 3. Студенттердің өздік жұмысы 3.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады. Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет. Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет. Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет. Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет. Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет. Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет. Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн. Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет. Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі. Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек. Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады. Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі. Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн. 3.2 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары 1. Экология құқығының түсінгі және тақырыбы 2. Мемлекеттік экологиялық бағдарлама.Түсінгі және жалпы сипаттамасы 3. ҚР Экология құқығының пайда болуы мен дамуы 4.ҚР-ның Конституциясы Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы. 5. Табиғи ресурстарға меншік құқығы және оны жүзеге асыру түрлері 6.Табиғатты пайдалану құқығы.Түсінгі мен жалпы сипаттамасы 7. Айналадағы ортаны қорғауды басқару 8. Табиғи ресустрады пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылау. 9. Қоршаған орта сапасын стандарттауды құқықтық реттеу. 10. Экологиялық сраптаманы құқықтық реттеу. 11.Экологиялық жоспарлау және бағдарламалауды құқықтық реттеу. 12.Айналадағы ортаны қорғауға азаматтардың қатысуын қамтамасыз ету. 13.Айналадағы ортаны қорғауды ұйымдастыру 14.Табиғатты пайдалану мен қорғау саласындағы ұйымдардың қатысуын қамтамасыз ету 15.Табиғатты пайдалану саласындағы дауларды шешу 16.Экологиялық заң бұзушылық 17.Экологиялық заң бұзушылық үшін заң жүзіндегі жауаптылық 18.Айналадағы ортаға келген залалды өтеуді құқықтық реттеу. 19.Экологиялық заң бұзушылық үшін таксалық жауаптылық 20.Экологиялық заң бұзушылық үшін тәртіптік жауаптылық 21.Экологиялық заң бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық 22.Экологиялық заң бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылық 23.ҚР ның жер туралы заңы 24.Жер қойнауына құқықтық тәртіп және оны қорғау 25. Жер қойнауына меншік құқығы және жүзеге асыру түрлері. 26. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Жарлығы 27. Жер қойнауын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау 28. Жер қойнауын пайдалану құқығы 29. Жер қойнауы туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық 30. Судың құқықтық тәртібі және оны қорғау 31. Суға меншік құқығы және оны пайдалану 32. ҚР су Кодексі 33. Суға меншік құқығы және оны жүзеге асыру 34. Жер үсті суларды құқықтық қорғау 35.Суларды қорғау мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін мемлекеттік механизмдер 36.Жер асты суларды құқықтық қорғау 37.Суды пайдалану құқығы 38.Суларды пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау 39.Су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық 40.Атмосфералық ауаны қорғау. 41.Атмосфералық ауаны қорғаудың қамтамасыз ететін мемлекеттік құқықтық механизм 42.Атмосфералық ауаны қорғауды мемлекеттік бақылау 43.Атмосфералық ауаны бұзғаны жауаптылық түрлері 44.ҚР ның атмосфералық ауа туралы Заңы 45.ҚР орман Кодексі 46.Ормандардың құқықтық тәртібі және оны қорғау 47.Ормандарды ұтымды пайдалану 48.Ормандар пайдалану мен қорғауды бұзғаны үшін жауаптылық 49.Орман пайдалану және қорғаудың мемлекеттік органдары 50.ҚР ның бірегей орман қоры және оның құрамдас бөліктері 51. Жануарлар дүниесінң құқықтық жағдайы 52. Жануарлар дүниесін пайдалану және қорғаудың мемлекеттік бақылау 53.ҚР ның жануарлар дүниесін пайдалану 54.Аң аулауды және аң аулау шаруашылығын құқықтық реттеу 55.Балық аулауды және балық шаруашылығын құқықтық реттеу. 56. Ерекше қорғалатын табиғи обьектілерідің құқықытқ тәртібі 57.Қызыл Кітап және оның маңызы
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz