Файл қосу

Оқыту құралдары



           Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

         Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті

                     Жаратылыстық  ғылымдар  факультеті

                       Химия және география кафедрасы
















                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                        «Техникалық оқыту құралдары»

                    5В011300 – «Биология» мамандығы үшін

                        ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ





































                                    Семей

                                   2014г.

Құрастырған:         аға         оқытушы          Нуркасымова          Б.Н..
______________________________________________________

Химия кафедрасының мәжілісінде бекітілген: № _1__  хаттама  02.09.2014 ж.



Химия кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к____________Онтагарова Д.Р.________

Жаратылыстық ғылымдар факультетінің  оқу-әдістемелік  кеңесінің  мәжілісінде
талқыланды: № _1__  хаттама 03.09 ____2014 ж.



Жаратылыстық  ғылымдар факультетінің

ОӘК-нің төрағасы_____________З.В.Абдишева



Жаратылыстану   ғылымдар   факультетінің   ғылыми   кеңесінің    мәжілісінде
талқыланды: № _1__  хаттама  11.09.2014 ж.



Жаратылыстық  ғылымдар

факультетінің деканы _______Ибраева Л.С.




























         |МАЗМҰНЫ                                                             |       |
|1.  ПӘН БОЙЫНША  ГЛОССАРИЙ  .                                       |       |
|2. ДӘРІСТЕРДІҢ  ҚЫСҚАША  МАЗМҰНЫ                                    |       |
|2.1. Дәріс  №1-2  Химия мұғалімінің   кәсіби   даярлығында          |       |
|техникалық   оқыту құралдары                                        |       |
|2.2. Дәріс №3-4.  Техникалық оқыту құралдарын пайдаланудың теориялық|       |
|негізі                                                              |       |
|2.3. Дәріс №5-6.  Техникалық      оқыту      құралдарын      оқытуда|       |
|қолданудың дидактикалық негізі                                      |       |
|2.4.Дәріс № 7-8. Химияны оқытуда аудио-, видиео құралдарын          |       |
|қолданудың әдістемелік  негізі                                      |       |
|2.5.Дәріс№9-10 Химияны оқытуда  оқу киноларының ролі жэне әдістемесі|       |
|2.6. Дәріс №11-12.Химияны оқытуда  экрандық  проекциялардың ролі    |       |
|жэне әдістемесі                                                     |       |
|2.7. Дәріс №13.  Техникалық оқыту құралдарын оқытуда кешенді қолдану|       |
|2.8. Дәріс №14-15. Химияны оқытуда  мультимедиалық ресурстар        |       |
|4.  СРО  бойынша әдістемелік  нұсқаулар                             |       |
|5 Бақылау-тексеру құралдары                                         |       |
















































«Техникалық оқыту  құралдары»   ПӘНІНЕН  ГЛОССАРИЙ
      Диапозитивтер – бейнелер мен суреттер  түрінде  көрсетілген,  дыбыстық
эффектілер қолданылмайтын экрандық құралдардың бір түрі.  Олар  сабақтың  әр
этапында дидактикалық құрал ретінде, оқу кинофильмдерінің бөлек  эпизодтарын
нақтылау мақсатында, сұрақты толық қарастыру,  пәнаралық  байланысты  орнату
үшін қолданылады.
    Диафильмдер – белгілі демонстрация жоспары бойынша қойылатын,  дыбыстық
эффектілері бар кадрлар түрінде көрсетілетін экрандық құралдар.
    Ақпараттандыру – азаматтардың ақпараттық тұтынушылығын қанағаттандыру
үшiн тиiмдi шарттарды құру процесi.
    Компьютерлендiру - бiлiм беру жүйесiн компьютермен жабдықтау.
    Бiлiм беру ортасы – бiлiм беру мекемелерiндегi оқыту технологиялары мен
  ақпараттық ресурстардың жиынтығы.
    Оқытудың компьютерлiк технологиясы – ақпаратты жинақтау, ұсыну және
  бақылауды ұйымдастыру, танымдық iс-әрекеттi басқару секiлдi педагогтың
  атқаратын функцияларының компьютерлiк техника негiзiнде педагогикалық
  шарттарын құрудың әдiстерi мен тәсiлдері жиынтығы.
    Оқытудың ақпараттық технологиялары – білім беруге бағытталған
  компьютерлiк техниканың, телекоммуникациялық байланыс құралдарының,
  инструменталды бағдарламалық жабдықтардың жиынтығы.
    Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар  -  локалдық,  аймақтық,  бүкiл
әлемдiк желiлерде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазiргi заманғы  байланыс
құралдарының   барлық   түрлері,   бағдарламалық   жүйелер   мен    кешендер
(бағдарламалау тiлдерi, трансляторлар, компиляторлар,  операциялық  жүйелер,
қолданбалы  бағдарламалық  жабдықтарды  дайындауға  арналған  инструменталды
пакеттер), мультимедиа,  телекоммуникация  секілді  техникалық-бағдарламалық
құралдар жиынтығы.
    Мультимедиа - компьютерлiк графикамен, суреттермен, бейнеақпараттармен,
анимациямен,  мәтiндермен,  жоғары   сапалы   дыбыстармен   жұмыс   iстеудi
қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе.
    Мультимедиалық технологиялар -  әртүрлi  типтi  мәлiметтердi  дайындау,
өңдеу,  бiрiктiру,   ұсыну   әрекеттерiн   аппараттық   және   бағдарламалық
жабдықтарды пайдалану арқылы  жүзеге  асыратын  технологиялар  (әдiстер  мен
тәсiлдер)жиынтығы.
    Гиперсілтеме – компьютердегі  пайдаланушының  бір  орындағы  ақпараттан
екінші орындағы ақпаратқа ауысуы үшін жасалатын сілтеме.
    Гипермәтiн -  әртүрлi  мәтiндiк  ақпараттардың  бiрiнен  кез  келгенiне
сызықтық емес  формада  ауысу  технологиясы.  Гипермәтiн  ұғымын  1965  жылы
американдық ғалым Т.Нельсон енгiзген. Оның айтуынша “гипермәтiн  –  сызықтық
емес түрде байланысқан жазбалар”.
    Гипермедиа (гиперорта) – компьютер экранына текстографиялық  тораптарды
ғана емес, анимация, графика, дыбыс, бейнеөнiмдердi  де  гипермәтiндiк  жүйе
ретiнде ұсынатын технология.
    Модель – қандай да бір нақты объектінің қасиеттерін білу үшін, оны
  екінші бір объекті арқылы сипаттау. Басқаша айтқанда, модель – бір
  құрылымды екінші құрылым негізінде бейнелеудің нәтижесі. Кез келген
  модель белгілі бір гипотеза негізінде құрылады және зерттеледі.
    Модельдеу – нақты объектіні жан-жақты сипаттайтын ақпараттарды модельге
  ауыстыру процесі мен әдісі.
    Компьютерлiк модель - бағдарламалық жабдықтардың көмегiмен ұсынылған
  модель.







2. ДӘРІСТЕРДІҢ  ҚЫСҚАША  МАЗМҰНЫ

Дәріс №   1,2    Химия  мұғалімінің    кәсіби    даярлығында      техникалық
оқыту                                                              құралдары


   Мақсаты : Химия мұғалімінің   кәсіби   даярлығында     техникалық   оқыту
   құралдарының      орны,      маңызы       туралы      хабардар        ету
                                                                     Негізгі
    сұрақтары:

   1. Мектепте ТОҚ орны және маңызы.
   2.   Химия  мұғалімі  қызметінің  техникалық  оқыту  құралдарын   қолдану
      үрдісінде жүзеге асуы.
   3. Химия пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығында ТОҚ кешенді пайдалану.
   4.  Химияны оқыту үрдісінде құралдарды қолданудың  педагогикалық  жүйесін
      модельдеу.


           1. Оқыту құралдары - жаңа  білімді  меңгерту  үшін  оқушылар  мен
              мұғалімдердің қолданатын материалдық  немесе  идеалды  нысаны.
              Ол оқу үрдісінен дербес  нысан,  сондай  –  ақ  оқу  үрдісінде
              белгілі бір қызмет  атқара  отырып,  оны  игеру  пәні  ретінде
              қатысады.   Оқыту   құралы   дидактикалық    жүйенің    барлық
              компоненттерімен тығыз байланысты. Бұл кестеде көрсетілген:








      Педагог                                   Оқыту                мазмұны
   Оқу


МАҚСАТЫ                                            Оқыту           құралдары
              НӘТИЖЕСІ



       Оқыту әдістері          Оқытуды ұйымдастыру          Тәрбие әдістері
                                              формалары










      Кесте – 1. Дидактикалық  жүйенің компоненттері
      Педагогикалық тұрғыдан оқыту құралдарының басқа компоненттерімен өзара
байланысты келесі жағдайларымен көрінеді:
      а) педагог  үшін ОҚ –  оның  қызметін  жүзеге  асыратын  педагогикалық
еңбек құралы.
      б)  оқушылар үшін ОҚ – таным және оқу  қызметін  жүзеге  асырудың  бір
құралы.
      в) білім беру мазмұнына қатысты ОҚ –  мазмұнды  білім  беру  және  оны
меңгертуді ұйымдастыру тәсілі.
      г) оқу – тәрбие үрдісі  және  ұйымдастыру  формаларына  қатысты  ОҚ  –
оларды түрлендіру және  жетілдіру  педагогикалық  құзырлылық  компоненттерін
үйлестіре қолданудың жаңа тәсілі.
      д) оқыту құралына қатысты жалпы оларды  қолдануда  бағыттаушылық  роль
атқарады, мұнымен қатар оқыту құралдары ОҚ нәтижеге жетуге ықпал етуі тиіс.
      Барлық ОҚ келесі топтарға бөлінеді:
    - оқулықтар және оқыту құралы;
    - көрнекі құралдар;
    - сарамандық әрекеттерді жүзеге асыру құралы;
    - ТОҚ
    - оқу үрдісінің көмекші құралдары.


      |                                       Оқыту құралдары                 |
|                                                                       |
|                                                                       |
|                                                                       |
|                                                                       |
|Оқулық және оқыту құралдары   Көрнекі құралдар       Сарамандық        |
|әрекетті                                                               |
|жүзеге асыру құралы                                                    |
|                                                                       |
|ТОҚ                                 Көмекші  оқыту  құралдары    Оқу   |
|үрдісінің көмекші құраладры                                            |
|Кесте 2. Оқыту құралдарының топтары.                                   |
|                                                                       |


      Оқулық және оқыту құралдары: әр пән бойынша оқулықтар мамандық бойынша
әдебиеттер,  есеп  жинақтар,  бақылау  топсырмалары,  бағдарламалар,   жұмыс
дәптері, анықтамалар, т.с.с
      Көрнекі  құралдар:  пәндік  –  нақтылы  деген  атпен  іс   –   жүзінде
қолданылатындары. Ол пәндік  –  бейнелі  және  белгіленген  көрнекіліктердін
құралады.
      Пәндік бейнелі:
    - Табиғи (гербарий, скелеттер, коллекциялар).
    - Көлемді – бейнелі (модельдер, макеттер, мулеждар)
      Бейнелі құралдар:
    - Бейнелі белгілер (суреттер, картиналар, аппликация, фото).
    - Шартты белгілер (карта, сызбанұсқа, диаграмма, кесте, формула,т.с.с)
      Сарамандық  әрекеттерге  арналған  құралдарды:   оқу   –   зертханалық
құралдар, бөлме жабдықтары, олардың негізгі міндеті –  сарамандық  сипаттағы
дағдылар мен біліктерді қалыптастыру.
      Көмекші оқыту құралдары дидактикалық  функция  атқармайды,  бірақ  оқу
үрдісін қамтамасыздандыру негізгі құралы болып табылады: тақта, мел,  қағаз,
жапқыштар, т.с.с.
      2.Ғылыми –  техникалық  және  әлеуметтік  процесс  білім  беру  жүйесі
алдында тек өмірдің талаптарына байланысты  оқыту  мазмұнын  жетілдіру  ғана
емес сонымен қатар күн сайын артып отырған ақпарат  ағыны  мен  оны  оқып  –
үйренуге байланысты уақыттың  шектеулігі  арасындағы  қайшылықтардың  шешуде
жаңа әдістер мен құралдарды іздестіруді қажет етеді. Осы міндеттерді  шешуде
техникалық оқыту құралдарының  маңызы зор. Техникалық құралдар (ТҚ)  белгілі
бір  қызмет  атқаратын  жіне  дамытылатын  біртұтас  материалдар   жүйесінен
тұрады.
      «Техникалық  оқыту  құралдары»  (     ТОҚ)  ұғымы   механикалық   және
электрондық  құралдарды  қамтиды,  мұғалім  ақпараттарды  беру   үшін   және
оқушыладың білімін бақылауға пайдаланады. Оған: динамикалық және  статикалық
проекциялық  қондырғылар:  (кино  қондырғылары,  эпи  және  диапроекторлар);
телевидео жүйелері,  видео  және  дыбыс  жазушы  қондырғылар;  бақылау  және
бағдарлы оқыту қондырғылары;электрлендірген кестелер,  макеттер,  модельдер,
қабырғалық көрнекіліктер (стенд), лингофондық құралдар,  элекрлік  есептегіш
жүйелермен қоса есепті шешуге арналған есептегіш техника  мен  компьютерлер,
электронды және радиотехникалық көмекші жабдықтар және  детальдар  (диодтар,
транзисторлар,  резисторлар,  т.б.)  бұлардың  барлығы  көрнекі   және   оқу
эксперименттерін   жетілдіруге   арналған.   Осы   айтылғандардың    барлығы
«педагогикалық техника» ұғымымен де анықталады.  Оқылатын  материалдар  және
оқу – құралдарымен жұмыс жасауға арналған «аудиовизаульды құралдар»  термині
қолданылады.
      Педагогикалық  техника  және  аудивизуальды  құралдардың   қызметі   –
фиксация, сақтау және оқу ақпараттарын беру.
      Техникалық оқыту құралдары  бірнеше  аспектіні  қамтитын  дидактикалық
категория  болып  табылады.  Оның  қызметі  оқу   үрдісінің   мазмұны   және
ұйымдастыру   формасының   ауқымдылығымен    шектелмейді.    Бұл    оқушының
диалектикалық ойлауын, ғылыми көзқарасын, сенімін жан – жақты дамуына  ықпал
ете отырып, тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
      ТОҚ әдістемелік қалыптастырушы (білім беру, дамытушылық,  тәрбиелілік)
және конструктивтік (жүйе түзуші) қызмет атқарады.
      ТҚ оқытуда тек көрнекілікпен шектелмейді, оқушылардың білімді тиянақты
меңгеруін,   оқыту   ұстанымдарын   жүзеге   асыруды,   оқушының    танымдық
белсенділігімен  олардың  қызығушылықтарын  дамытуда,  қалыптастыруға  ықпал
етеді. ТҚ көмегімен түсініктемелік  білімдер  бейнелі  көрсетілімді  (заттың
құрылымдық формулалары, атомдардың  электрондық  конфигурациялары,  молекула
құрылысынң схемасы, т.б.)
      ТҚ оқытылатын құбылыстардың табиғаттағы, тұрмыстағы, техникадағы  орны
жайында    нақтылы    бейнелейді,    әлемнің    біртұтастығының     бейнесін
қалыптастырады,  сол   арқылы   білімді   сенімге   айналдырады,   теориялық
сұрақтардың мәнін терең түсінуге ықпал етеді.
      ТҚ химиялық экспериментпен ұштастырыла отырып  химиялық  реакцияларды.
Заттың  құрылысы   катализ,   коррозия,   кристалдардың   өсуі,   өндірістік
процестерді, т.б. оқып үйренуде тиімді қолдана алады.
      Мұғалімның педагогикалық қызметі жалпы еңбегінде және педагогикалық әс
– әрекетіндегі оқушыларды оқыту және тәрбиелеу үрдісімен тығыз байланысты.
      Педагогикалық қызметі  нақтылы  оқу  –  тәрбиелік  міндеттерді  шешуге
бағытталған мұғалімнің іс  –  әрекетінің  өзара  тығыз  байланысы  жүйесімен
анықталады.
      Педагогикалық функциясын атқара отырып,  мұғалім  оқушыларды  біліммен
сусыздандырады,  оларды  таным  нысанына  көңілін  аудартады,   адамгершілік
түсініктерін қалыптастырады.
      Жалпы   еңбектік   қызметі   мұғалімнің   алдына    тұрған    міндетті
шығармашылықпен шешу  үшін  материалдық  және  деректік  шарттардың  барынша
тиімді жағдайларын туғызуға  бағытталған  операциялар  мен  амалдар  жүйесін
қамтиды. Оқу үрдісінде ТОҚ тиімді қолданудағы  мұғалімнің  кәсіптік  әрекеті
оның педагогикалық - әдістемелік және техникалық даярлығына байланысты.
      Психологиялық   -   педагогикалық   даярлығы    келесі    жағдайлардың
                                 1) аудиовизуальды ақпараттарды  қабылдаудың
психологиялық  ерекшеліктері; 2)   ТҚ  әртүрлі  қызметі  және  педагогикалық
мүмкіншіліктерімен;  3)  аудиовизуальды   құралдарды   даярлауда   қолдануда
психологиялық  -  педагогикалық  талаптардың  ескерілуі;  4)  аудиовизуальды
құрадардың және химиялық эксперименттің оқушылардың  жеке  басына  эмоциялық
әсерімен байланысты.
      Әдістемелік даярлығы: 1) қажетті оқыту  құралдарын  және  тақырыптарды
анықтау; 2) ТҚ тиімді қолдануды  қамтамасыз  ететін  әдістемелік  тәсілдерді
анықтау; 3) әртүрлі дидактикалық  құралдардан  (диафильмдер,  диапозитивтер,
графоқұралдар, бақылау  бағдарламалар)  құрастыра  алуы,  қолдана  білу;  4)
техникалық   жабдықтар   мен   құрастырмалы   қондырғылардың   жұмыс   істеу
принциптерін білу.
      Техникалық даярлығы:  1)   әртүрлі ТҚ  құрылымын  және  оны  пайдалана
білудің ережелерін  білуі  және  ақпараттарды  өңдей  алуы;  2)  әртүрлі  ОҚ
техникалық  мүмкіндіктерін  үйрену;  3)  дидактикалық  құралдарын  өздігінен
даярлай білу (диа және кинофильмдер, графоқұралдар);4) зертханалық,  бөлмелі
техникалық жабдықтардың әдістері мен принциптерімен  танысу.  ТОҚ  пайдалана
отырып, мұғалімнің жүзеге асыруға  тиісті  функциялары  жеткілікті.  Оған  :
ақпараттық әрекеті, танымдық үрдістерді басқару, қабылдау  сапасына  бақылау
жасау т.с.с жатады.
      Ақпараттық әрекеттің жүзеге асуы әртүрлі ақпарат көздері арқылы жүзеге
асырылады. Бұл функцияның ішкі жағы танымдық  үрдіске  әсерімен  байланысты:
а) материалмен   сезімдік  (  сезу  және  қабылдау)  танысу;  б)  материалды
неғұрлым терең түсінуді қамтамасыз ететіндей ой елегінен өткізу;  в)  түскен
ақпаратты жадына сақтау негізінде еске ұстау.
      Аудиовизуальды ұғымдарды меңгеруге және қалыптастыруға әсер көрсетеді,
ой – тұжырымдарды дәлелдеуге және дәйектеуге,  олардағы  себеп  –  салдарлық
байланыстарды тағайындауға ықпал етеді.
      Оқушылардың   танымдық  әрекетін   ұйымдастыру   функциясының   жүзеге
асырылуы келесі  бағытта  асырылады:  а)  оқушылардың  танымдық  әрекеттерін
басқару; б) бақылау ұйымдастыру; в) оқу үрдісіне түзетулер енгізу.
      Аудиовизуальды құралдардың көмегімен көбінесе  осы  а)  жағдайды  іске
асыруға мүмкіндігі бар. Ал компьютерлік және микропроцессорлық  техника  осы
бағыттағы екінші (б) және үшінші (в) бағыттарда басымдылық көрсетеді.
      Мұғалімнің іс –  әрекетінде   оқытудың  мақсатына  жетуге  бағытталған
әдістер мен құралдар үлкен роль атқарады, ол төмендегі кестеде берілген:
  Кесте -1. Химия мұғалімінің әдістемелік даярлығы үрдісіндегі қолданылатын
               оқыту құралдары мен әдістердің өзара байланысы.
|Оқыту мақсаты және құралдарды |Оқыту құралдары және әдістері              |
|қолданудың шарттары.          |                                           |
|1.Теориялық білімді           |1.Ақпараттардың хабарлама әдісі.           |
|қалыптастыру. Оқу материалы   |1.1.  оқыту жормалары: әдіс, әңгімелесу,   |
|теориялық – ақпараттық сипатқа|көрнекі – иллюстрациялар мен көрнекі       |
|ие болғанда қолданылады.      |тәжірибелер арқылы семинар өткізу.         |
|                              |1.2.оқыту құралдары: оқу – әдістемелік     |
|                              |әдебиеттер, аудиовизуальды құралдар,       |
|                              |химиялық эксперимент.                      |
|2.Әдістемелік біліктерді      |2. Репродуктивті әдіс.                     |
|қалыптастыруды зияткерлік және|2.1. оқыту формалары: химиялық эксперимент |
|жалпы еңбектік, теориялық     |бойынша эксперименттік практикум, семинар  |
|білімді қабылдау негізінде    |сабағы, жаттығулар, типтік есептер.        |
|жүзеге асыру. Егер оқушылар   |2.2. оқыту құралдары: нақты нұсқау бойынша |
|мәселелік оқытуға даяр емес,  |тапсырмалар жүйесі, нұсқау материалдары,   |
|тек берілген үлгі бойынша ғана|тәжірибелердің видеожазбалары, студент,    |
|әрекет жасай алған кезде      |мұғалімнің сабақтары.                      |
|қолданылады.                  |                                           |
|3.Оқу жағдайларын және        |3. Мәселелік оқыту.                        |
|мәселелік міндеттерді шешу    |3.1. оқыту формалары: лекция, семинар,     |
|негізінде шығармашылық        |практикалық сабақ, педагогикалық практика. |
|әрекеттің тәжірибесін меңгеру.|3.2.Оқу құралдары: көрнекі құралдар, диа,  |
|Егер оқылатын материал қарама |графопроекциялар, оқу фильмдері.           |
|– қайшы мәселені туғызып      |                                           |
|отырғанда, білімнің қисынды   |                                           |
|жүйесі, теориялық дәлелдеменің|                                           |
|реті қажет болған жағдайда    |                                           |
|қолданылады.                  |                                           |
|4. Мәселелік оқу және         |4. Жартылай ізденіс (эвристикалық) әдіс    |
|міндеттерін кезеңдерге сәйкес |4.1. әңгімелесу формасы: өзара байланыстағы|
|шешуде өз бетімен жұмыс істеу |ізденіс сұрақтары төңірегінде әңгімлесу.   |
|қабілеттерін, білімді,        |4.2. оқыту құралдары: әдістемелік          |
|біліктілікті қалыптастыруда   |әдебиеттер, тақырыптық және сабақ жоспары, |
|шығармашылық қырын дәйектеу.  |оқу теле бейнелерді даярлау.               |


      3.  ТҚ қолдану   мұғалімнің кәсіптік – педагогикалық даярлығының  алғы
шарты болып есептеледі.
      Оқу материалдарын баяндау кезінде қажетті кесетлер, суреттер,  реакция
теңдеулері,   слайдтар,   фрагменттер,    диафиьмдер    және    кинофильмдер
тыңдаушылардың алдына дер кезінде көрінгені дұрыс.
      ТОҚ бір  немесе  бірнеше   дидактикалық  функцияны  арнайы  техникалық
құралдар көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
      ТОҚ түрліше болуы оларды әртүрлі  жіктеуге  әкеледі.  Барлық  ТОҚ  бес
топқа бөлінеді:
   1. Ақпараттық техникалық құралдары (АТҚ)
   2. Бақылау техникалық құралдары (БТҚ)
   3. Ақпараттық – бақылау ТОҚ (АБТОҚ)
   4. ЭЕМ (электронды есептеу машиналары) базасы негізінде оқытылатын кешен.
      Электронды есептегіш және компьютерлік техника  тек  барлық  өндірісті
автоматтандыру құралы   ғана  емес,  сондай  –  ақ  тұлғаның  интеллектуалды
әрекетін шұғыл көтеруге әрекет ететін құрал.
      Компьютерлік техника оқу мәнісін  сақтаушы,  жинақтаушы  ретінде  орын
алады.
      Химияда электронды техникалық қолдану бағыттары:
   1. Ғылыми есептеулер және мәліметтерді өңдеу;
   2. Химиялық құралдарды автоматтандыру;
   3. Автоматтандырылған басқару жүйесі және ақпараттық банкі;
   4.  Автоматтандырылған оқыту және бақылау жүйесі.
      Осыған  байланысты  химиялық   оқытуда   электронды   есептегіш   және
компьютерлік техника қолданылады:
      а) оқушылардың білімін тексеру және өздігінен оқып  үйренуге  арналған
бағдарлама құрастыру.
      в) химиялық экспериментті автоматтандыру.
      с) қажетті анықтамалық мәліметтерді алу,  бақылау  жұмысын  ұүрастыру,
оқушылардың типтік қателерін анализдеу.
       Ақпарататтық  қызметті  жүзеге  асыру  барсында  компьютер   дисплейі
проблемалық ситуация шығару  үшін  қолданылады.  Мысалы,  дисплей  экранында
лабораторияда хлорды алу үшін екі құралдың суреттері кескінделген.  Төменде:
«Қандай құрал және неліктен хлорды алу үшін қолданылады,  егерде  оны  алуға
бастапқы заттар а) калий перманганты және  тұз  қышқылы;  б)  марганец  (IV)
оксиді және тұз қышқылы». Суреттерді  талдай  отырып  және  бастапқы  заттар
қандай күйде алынатынын еске ала  отырып,  сондай  –  ақ  хлордың  қасиетіне
байланысты құралдың құрастырылуын есепке  ала  отырып  анықтаймыз.  Бастапқы
мәліметтер сұрақтың жауабын негіздеуге база болып табылады.
      Сондай – ақ  тотығу  –  тотықсыздану  теңдеулеріне  коэффицент  қоюдың
алгоритімін дисплейде көрсете отырып, бұл жағдайда оны  қажетті  анықтамалық
мәліметтерді алу қолданамыз.
      4.   Компьютерлерді   оқу   –   үрдісінде   қолданудың   педагогикалық
мақсаттылығы оның қойылған міндеттеріне  байланысты.
       Химиялық құбылыстар  мен  үрдістерді  модельдеу  –  ең  әуелі  мектеп
зертханасында жүргізу  мүмкін  емес  эксперименттерді  көрсету  үшін  қажет.
Компьютерлік модельдерді қолдану  арқылы  оқылатын  нәрсені  терең  игеруге,
заңдылығын  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Әрекеттесетін  заттардың   әртүрлі
концентрациясының мәнін бере  отырып,  оның  химиялық  реакция  жылдамдығына
тәуелділігін түсінуге болады,
       Модель – қандай да бір нақты объектінің қасиеттерін білу үшін, оны
  екінші бір объекті арқылы сипаттау. Басқаша айтқанда, модель – бір
  құрылымды екінші құрылым негізінде бейнелеудің нәтижесі. Кез келген
  модель белгілі бір гипотеза негізінде құрылады және зерттеледі.
       Модельдеу – нақты объектіні жан-жақты сипаттайтын ақпараттарды
  модельге ауыстыру процесі мен әдісі.
       Модельдерді пайдалану саласына байланысты былайша жіктеуге болады:
     - оқытуға арналған (мысалы, көрнекілік құралдар);
     -  тәжірибелік  мақсаттағы  модель  (мысалы,  кеменің  әртүрлі  табиғи
       жағдайларға төзімділігін анықтау үшін оның модельі  су  қоймаларында
       сыналады);
     - ғылыми зерттеу бағытында пайдаланылатын модельдер т.б.
    Жалпы, қандай да  бiр  нысанды  сипаттау  материалдық  және  ақпараттық
модельдеу негiзiнде жүзеге асырылады.  Егер  материалдық  модель  объектiнiң
геометриялық  формасын   нақты   жағдайда   сипаттаса,   ақпараттық   модель
объектiнiң қасиетi  мен  күйiн  сипаттайтын  ақпараттар  жиынтығын  құрайды.
Ақпараттық модель белгiлiк және  вербальды  модельдерден  тұрады.  Вербальды
модель деп объектiнiң ауызша сипатталуын айтуға болады. Ал, белгiлiк  модель
сурет, графика, сұлба сияқты арнайы белгiлермен берiлген  ақпараттық  модель
болып табылады.  Белгiлiк  модельдер  компьютерлiк  және  компьютерлiк  емес
болып бөлiнедi.
       Компьютерлiк модель - бағдарламалық жабдықтардың көмегiмен ұсынылған
  модель.
       Компьютерлiк модельдеу ұғымдардың мағынасын тереңiрек ашуға,
  процестер мен құбылыстарды зерттеу әдiстерiн толық түсiндiруге мүмкiндiк
  бередi. Мысалы, компьютерде модельденген демонстрациялық тәжiрибелер,
  зертханалық жұмыстар студенттер мен оқушыларға заңдылықтар мен
  құбылыстардың табиғатын ғылыми тұрғыдан түсiне бiлуге бейiмдейдi. Бiр
  жағдайда олар көзбен көруге мүмкiн болмайтын құбылыстарды экранда
  бақылауға мүмкiндiк берсе, екiншi жағдайда, ғылымда күрмеуi қиын
  мәселелердi графика, анимация, бейнекөрiнiс түрiнде бақылап, шешiмiн
  табуға көмектеседi. Сонымен қатар, компьютерлік модельдер оқытудың сабақ
  барысындағы немесе сабақтан тыс формалары мен әдiстерiн жетiлдiруге және
  оқу-тәрбие процесiн қызықты әрi мазмұнды етiп жүргiзуге көмектеседі.
  Оқытушының жұмысын жеңiлдетедi. Бұл, оқытушы сабақтан тыс қалады деген
  сөз емес, оқытушы қай кезде де оқыту процесiндегi басты тұлға болып
  табылады.
    Қуатты процессормен,  жедел  жадымен,  кескiн  бейнелеудi  жылдамдатқыш
құрылғылармен  жабдықталған   компьютерлiк   технологиялардың   үш   өлшемдi
кескiндермен  жұмыс iстеу  мүмкiндiгi  оларды  оқыту  процесiнде  қолданудың
тиімді бiр бағытын  айқындап  бердi.  Ол  -  ақпараттың  виртуалды  модельi.
Арнайы модельдеуші  бағдарламалар  көмегiмен  дайындалған  виртуалды  модель
пайдаланушының интерактивтi қарым-қатынасына динамикалық түрде  әсер  етедi.
Мысалы, виртуалды модельдердiң оқытуда жиi қолданыла  бастаған  дидактикалық
мүмкiндiгi  жоғары  түрi  -   виртуалды  эксперимент   те   студенттер   мен
оқушылардың эксперименттiк  дайындығын  арттыратын  бiрден-бiр  құрал  болып
табылады.   Әсiресе,    эксперименттiк    ғылымдарды    оқытуда    виртуалды
эксперименттердi тиiмдi пайдалануды дұрыс  жолға  қою  қажет.  Себебi,  орта
мектептер мен жоғары оқу орындарындағы зертханалық  кабинеттердегi  жарамсыз
болуға айналған құрал-жабдықтарды,  аспаптарды  жаңарту  көп  қаржыны  қажет
етедi.  Мұндай  қиындықтан  шығудың  бiр  жолы  -   компьютерлiк   виртуалды
эксперименттердi  пайдалану.  Бiрақ  виртуалды  эксперименттер  iс   жүзiнде
жасалынған қандай да бiр  тәжiрибелiк  жұмыстардың  орнын  толтыра  алмайды.
Себебi, мұндай ортада нақты материалдық зерттеу объектiсi жоқ.
    Виртуалды эксперименттiң бағдарламалық жабдығы эксперименттiк  мәндердi
графикалық  интерпретациялау,  виртуалды  „өлшеулердiң”  нәтижесiн   өңдеудi
жүргiзетiн  математикалық  есептеулер  әдiстерiмен  жабдықталады.  Виртуалды
эксперименттердiң  рөлi  мен  орнын  айқындау  оқу  практикасында   жалпылай
(дидактикалық  аспектiлерi  бойынша)  және  зертханалық  жұмыстарда  жекелей
(әдiснамалық аспектiлерi бойынша) түрде жүргiзiледi.
    Виртуалды эксперимент имитациялық және сандық  есептеу  эксперименттерi
болып бөлiнедi. Имитациялық эксперимент дисплей экранындағы  эффектiлер  мен
нақты  материалдық   объектiдегi   байқалатын   эффектiлердiң   тек   сыртқы
ұқсастығын қамтамасыз етедi.  Мысалы,  математикалық  маятниктiң  қозғалысы.
Бұл жағдайдағы компьютерлiк эксперименттi  қамтамасыз  ететiн  бағдарламалық
жабдық сүйенген заңдылық,  табиғаттағы  заңдылықпен  мүлде  үйлеспейдi.  Ал,
сандық  есептеу  экспериментi  табиғаттағы   процестер   мен   құбылыстардың
заңдылығы негiзiнде жүргiзiледi. Мұндағы  бағдарламалық  жабдық  табиғаттағы
заңдылыққа  сүйенедi.   Мұндай   эксперимент   құбылыстардың   математикалық
модельi  көмегiмен  ұйымдастырылады.
      Бақылау  сұрақтары:
   1. ТОҚ анықтамасы және оның оқыту құралы ретіндегі орны.
   2. Оқыту құралдарының жіктелуі.
   3. «Педагогикалық техника» ұғымына түсінік.
   4. Мұғалімнің педагогикалық және еңбектік қызметінде ТОҚ орны.
   5. Мұғалімнің психологиялық – педагогикалық даярлығы, оның мәнісі.
   6. Мұғалімнің әдістемелік даярлығы, оның мәнісі.
   7. Мұғалімнің техникалық даярлығы, оның мәнісі.
   8. Мұғалімнің ТОҚ қолдана отырып жүзеге асыруға тиісті қызметі.
     9. Оқытуда компьютерлік модельді пайдаланудың қандай тиімділігі бар?



Дәріс №  3,4  Техникалық  оқыту  құралдарын  пайдаланудың  теориялық  негізі



   Мақсаты :  Техникалық  оқыту  құралдарын  пайдаланудың  теориялық  негізі
   туралы мағлұмат беру

   Негізгі  сұрақтары:

   1. Аудиовизуальды құралдарды қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.
   2. Техникалық оқыту  құралдарының жіктелуі.
   3. Көрнекілік ұстанымын жүзеге асыруда аудиовизуальды құралдардың рөлі.
      1.Аудиовизуальды құралдарды тиіміді пайдалану үшін оның  педагогикалық
– психологиялық ерекшеліктерін қатаң бақылауда ұстау керек.
      - оқу материалын тұлғаның қабылдау ерекшеліктеріне сай ескеру;
      - оқу  материалын пайдалану кезінде тұлғаның ойлау  қабілетін  арттыра
қозғау салу.
      - электрондық оқу материалын пайдаланудың қалыпты деігейін оқушылардың
ойлау жүйесіне күш түсірмейтіндей деңгейде сақтау.
      2. ТОҚ жіктеудің негізі әртүрлі:
      Оқу үрдісіндегі рөлі және функциясына байланысты, дидактикалық  негізі
және қолдану принциптері, көріну  уақыты,  техникалық  күрделілігі,  адамның
есту, көру мүшесніе, т.с.с. әсері.
      Н.Аткинсон проективті және проективті емес ТҚ ажыратады.  Проективтіге
жарық және оптикалық проекцияларды, проективті емеске оқу кестесін, сызба  –
нұсқа,  чертеждер,  фотографиялар,  телевидение,   ЭВМ,   магнитофон,   т.б.
дидактикалық мүмкіндіктері әр түрлі құралдар жатқызылады.
      Н.М. Шахмаев және Л.П.Прессман ұсынуы бойынша оқу – тәрбие үрдісіндегі
ТОҚ рөлі  негізне  алынып  жіктеледі:  1.   Ақпаратты  беруші;  2.  Оқушылар
білімін бақылау; 3. Әртүрлі функцияларды біріктіруші.
      С.Г.Шаповаленко білмеуден білуге өтетін жолы негізінде жіктеді:
      а) табиғи нәрселер, материалды құбылыстардың нақ көрінісін беретіндер;
б) табиғи құбылысты  нақты  бейнелеуін  көрсететіндер;  в)  нәрселерді  және
әлемнің  құбылыстарын сөзбен, фразалармен, белгілермен суреттетейтіндер.
      Аудиовизуальды құралдардың оқу ақпараттарын материалдануына байланысты
үш топқа ажыратады:
   1. Дыбыс ажыратын жазу, сақтау, дыбыс беру ТҚ
   2. Көру ақпараттарын сақтау және көрсету ТҚ
   3. Көру және дыбыс ақпараттары бір мезгілде берілетін, сақталатын ТҚ.
      Қарым  –  қатынас  құралдарының  үш  түрін  ажыратады:  лингвистикалық
(жазбаша және ауызша тіл),  семиотикалық  (белгілеулер,  график  теңдеулері,
т.б.) және паралингвистикалық (жест, мимика). Оқу үрісінде қарым  –  қатынас
оқу үрдісіне қатысушылардың өзара ақпарат  алмасуы,  бұл  әңгіме,  талқылау,
хабарлама, баяндама, дәріс түрінде жүзеге асырылады.
      Көрнекі - құралдар үш түрге жіктеледі:
   1. Көлемді құралдар(модельдер, коллекциялар, құралдар, аппараттар);
   2. Баспа құралдары (картина, плакаттар, портреттер, графика, кестелер);
   3. Проекциялық материалдар (кинофильмдер, видеофильмдер, слайдтар).
      Аудиовизуальды құралдар және техникалық құралдар жіктелуін келесі
кестеде көрсетеді:
                  Техникалық және аудиовизуальды құралдар.
|Аудиовизуальды құралдар             |Техникалық құралдар                 |
|Көру (визуальды) құралдар                                                 |
|Экрандағы бейнеленуі                |Проектор және экран                 |
|Қозғалатын: дыбыссыз фильмдер       |Дыбыссыз фильмдерге проектор        |
|Қозғалмайтын: дмапозитивтер,        |Диаскоп, графопроекторлар, эпидоскоп|
|диафильмер.                         |Магниттік және түкті тақта          |
|Көрінбейтін бейнелер(непрозрочные   |                                    |
|изображения)                        |                                    |
|Тыңдау (аудиотивті) құралдар                                              |
|Радиодан берілетіндер               |Радиоқабылдағыштар                  |
|Граможазба                          |Пластинкалы граммофондар            |
|Магиттік таспаға жазба              |Магинттік таспалы магнитофон        |
|Аудиовизуальды құралдар                                                   |
|Теле көрсетілімдер                  |Телевизор                           |
|Дыбысты фильмдер                    |Кинопроектор                        |
|Бейнелер және дыбысты жазба         |Видеомагнитафон, диаскоп,           |
|                                    |магнитофон.                         |






      3.Аудиовизуальды құралдардың  көрнекілік  ұстанымын  жүзеге  асырудағы
рөлі мен орнын нақтылаудың мәні зор.   Жалпы  көрнекіліктің  оқыту  ұстанымы
ретіндегі әдіснамалық негізіне таным теориясын қарастырылады.
      Оқыту үрдісінде көрнекілік қабылдау, есту, көру, сезіну,  есебінен  өз
қызметін атқарады және таным әрекетін  белсендірудің  маңызды  құралы  болып
табылады. Көрнекілік тікелей бейнелеу мен оған тірек етумен байланысты.
   Жалпы «көрнекілік» ұғымы « бейнесі» мағынасымен де  алмастырылып  жатады.
   Аудиовизуальды құралдар материалды бейнелік қабылдауды  қамтамасыз  етеді
   және оның көрнекілігін нақтылайды. Аудиовизуальды құралдар  бір  мезгілде
   оқушы
   Бақылау сұрақтары :

   1.  Аудиовизуальды  құралдарды  қабылдаудың  психологиялық  ерекшеліктері
      неде?.
   2. Техникалық  оқыту  құралдарын жіктеунегізіне  сай  ата.
   3. Көрнекілік ұстанымын жүзеге асыруда  аудиовизуальды  құралдардың  рөлі
      қандай?.






Дәріс   №    5,6    Техникалық        оқыту        құралдарын        оқытуда
қолданудың дидактикалық негізі

   Мақсаты :

   Негізгі  сұрақтары:

   1. Химияны оқытудың политехникалық бағытындағы ТҚ.
   2. Оқушыларға кәсіптік бағдар берудегі ТҚ қолдану.
   3. Оқушылардың өзіндік дайындықтарында ТҚ рөлі.
   4.   Аудиовизуальды  құралдардың  дидактикалық,  гигиеналық,  техникалық,
      ұйымдастырушылық талаптары.


     1. Орта мектептің 50% аудиовизуальды құралдар политехникалық мазмұнда.
        Оларды екі топқа жіктеуге болады:


      1.Химия  өндірісінің  алғашқы  түсініктерін  қалыптастыратын  құралдар
(маңызды химиялық  элементтер  мен  олардың  қосылыстарын  оқып  –  үйренуде
қолданылады).
      2.Политехникалық ұғымдарды қалыптастыратын құралдар (негізгі  химиялық
өндірістерді оқып – үйрену кезінде қолданылады).
      Бірінші тобы оқушыларды теориялық білімді игертуге және жалпы химиялық
түсініктерді  қалыптастыруға   бағытталған.  Сонымен  қатар  олар   химиялық
өндірістер туралы алғашқы түсініктерді береді. Бірнеше  мысалдар  келтірсек,
«Катализ   және   катализаторлар»   диафильмі    үш    фрагменттен    тұрады
(каталитикалық     реакциялармен     танысу,     катализаторлар     әсерінің
ерекшеліктерімен танысу,  органикалық  химиядағы  каталитикалық  реакциялар)
олар катализ және катализатор түсінігін қалыптастыруға бағытталған.  Сонымен
қатар  олар   политехникалық   бағытты   беруге   де   бағытталған.   Мысалы
«катализатордың әсерінің  ерекшеліктері»  кадрдың  көмегімен  катализатордың
ерекше әдістері, химиялық процесті  басқаруға  болатындығы  жөнінде  алғашқы
түсініктер  қалыптасады.«Әр  катализатор  реакциялардың  белгілі  бір  типін
катализдейді», «Әртүрлі катализатор арқылы әртүрлі өнімдерді алуға  болады»,
«Оттегі», «Қоспаны бөлу және заттарды тазарту» кадрлары  оқушыларға  қоспаны
бөлу  принциптерін  (заттардың  әртүрлі  қасиеттеріне   негізделуі   арқылы)
өндіріс  жағдайларында  қолдануға   болатындығы   жөнінде   түсінік   алады.
«Ерітінділер» кадры  ерітінділердің  адамзат  әрекетіндегі  және  тұрмыстағы
рөлі туралы түсінік қалыптастырады.
      Оқушылар заттың  еруін  тездеті  үшін  оларды  ұсату  керектігін  және
араластыру қажеттілігін біледі. Зертханада бұл мақсатта әртүрлі  үгіткіштер,
ал  химиялық  өнеркәсіпте  –  әртүрлі  аппараттар,  агрегаттар  (ұсатқыштар,
диірмендер, араластырғыштар) қолданылады.
      «Сутегі. Қышқылдар. Тұздар» тақырыбын оқып үйреуде, «Сутекті алу  және
оны   қолдану»   ,   «Судың   ыдырауы   арқылы   сутекті   алу»,   «Сутектің
тотықсыздандырғыш қасиеті», «сутекті алу әдістері» кадрлары судың  қолдануын
(табиғи шикізат ретінде), сутекті алу, электролиз (өндірістік тәсілі),  оның
тотықсыздандырғыш   қасиетін   металдарды   алу   өндірісінде    пайдалануға
болатындығы жөнінде түсінік береді. Екінші тобы химиялық  өндірістерді  оқып
ж  үйренуге  арналған  аудиовизуальді  құралдардың   политехникалық   маңызы
жоғары. Оқушылар шикізат түрлері (құрамы,  қасиеті,  алу,  байыту),  өндіріс
өнімдері туралы (құрамы, қасиеті, қолданылуы),  шикізатты химиялық  өңдеу  (
химизмі және өңдеу технологиясы), өндіріс  аппараттары  (қондырғылар,  жұмыс
принциптері), өндірістің дамуы және перспективтері  туралы  кең  және  терең
түсініктер береді.
      Өндірістерді оқып – үйрену кезінде аудиовизуальды құралдарды қолдану:
    ←  бастапқы   шикізат   дайын   өнімге   айналуына   әкелетін   химиялық
      реакцияларлдың белгілері мен шарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл
      жағдайда ТҚ оқушылардың  танымдық  әрекеттерін  ұйымдастыруға  негізгі
      химиялық және политехникалық ұғымдардың дамуына қызмет етеді.
    ←  химиялық  процестердің  мәнін   ашады;   Бұл   жерде   ТҚ   үйренетін
      құбылыстарды түсіндіруге жаңа білімнің көзі ретінде қызмет етеді.
    ←  оқушылардың  сезімдік   тәжірибесін   дамытады.   Бұл   жағдайда   ТҚ
      оқушыларға  қазіргі   заманғы   химиялық   өндірістер   туралы   жалпы
      түсініктерін қалыптастыруға ықпал етеді.
     2. Оқу және  ғылыми  –  көпшілік  видиофильдердің  мазмұны,  бейнелігі
        оқушыларға мамандықтың маңызын, олардың жұмысын көрсетуге мүмкіндік
        туғызады.  Бұл   жерде  әр  түрлі  мамандықтардың  қызыметі  туралы
        оқушыларға мағлұматтар көрсетуге мүмкіндік туғызады.
      Сондай – ақ көрнекі ғылыми химиктердің  өмірі  олардың  химия  ғылымын
және өндірісті дамытудағы рөлі айтарлықтай орын алады.
      Өндірістік  тақырыптағы   телебағдарламалар   мазмұнында   оқушылардың
еңбекке деген морльдік даярлығы келесі бағыттарда жүзеге асады.
     1.  Белгілі  бір  өндірістің  адам  өміріндегі  және  химияның   халық
        шаруашылығындағы ролін ашу.
     2. Оқушыларды халық шаруашылығын химияландырудың негізгі  бағыттарымен
        таныстыру.
     3. Химиялық элементтер және оның қосылыстарының  ғылым,  техника  және
        онеркәсіптің дамуы үшін ролін сипаттау.
     4. Оқушыларды халық шарушылығына қажетті мамандықтармен таныстыру.


      Әрине мүндай бағыттардың жүзеге асуы  үшін  белгілі  бір  ұстанымдарды
басшылыққа алу керек:
         - Іріктелген материялдар оқу бағдарламасына, кәсіптік  бағыт  беру
           мақсатына сәйкес болу.
         - Қазіргі заманғы халық шарушылығының даму  тенденцияларын  есепке
           алуы.
         - Іріктелген материялдардың  көп  салалы  экономикамен,  шикізатты
           өндеу, өндіріс қалдықтарын іске  асыру  қоршаған  ортаны  қорғау
           мәселелерімен байланыстылығы
         - Өлкелік ұстанымдарды ескеру.
         - Кәсіптік бағдар беру жұмыстарында пәнаралық кординацияның жүзеге
           асырылуы.


     3. Оқу үрдісіне ТҚ  енгізу  мұғалімге  тек  онымен  жұмыс  істей  білу
        біліктілігін ғана емес, сондай  –  ақ  оқушыларды  өздігімен  жұмыс
        істей білу дағдыларды қалыптастыруды қәжет етеді. Ондай дағдылар:
         - Аудиовизуальді құралдар арқылы оқу  мәліметтерімен  жұмыс  жасау
           біліктілігін
         -  Тақырыптың  жоспарын   жазып,   тыңдай   білу,   байқағыштықты,
           қортындыларды жаза білуін;
         - Дәптерге негізгі идеялар мен қортындыларын жаза білуді;
         - Берілген материялдан негізгісін бөліп алуды;
         - Білімді салыстыра, қортындылай білу;
         - Оқу материялдарын өз іс-әрекетінде қолдана білуге ;
         -  Алынған  мағлұматтарды  жаңа  білімді  жаңа   нысандарға   және
           үрдістерге пайдалана білу;
         - Алынған мағлұматтарға сын көзбен қарап, оны белгілі бір көзқарас
           тұрғысынан баяндай білуге;


      Аудиовизуальді құралдарды жүйклі қолдану арқылы  екі  міндетті  шешуге
болады.
           1. Таным қызығушылықтарына қозғау сала  отырып,  білімді  игеруге
              мативтерін қалыптастырамыз.
           2.  Білімді  игеру  үрдісінде  оны  менгерту  қажеттілігі  арқылы
              оқушының мативтік  іс-әрекетін  жетілдіре  отырып,  оқушыларға
              өздік жұмыс дағдыларын қалыптастырамыз.


       4. Дидактикалық шарттар:
        •  Сабақтың  мазмұны  мен   формасына   байланысты   мультимедиалық
          технологияларды  мүмкiндiктерiне  қарай  алдын  ала  дайындаудың,
          кешендеудiң перспективалы жоспарын жасау.
        •   Оқу материалдарына әдiстемелiк талдау  жасау.  Айталық,  кейбiр
          пәндерге қатысты оқу материалдары бiрнеше  ондаған  жылдар  бұрын
          дайындалған.   Мiне   сол   материалдарды   жаңа    мәлiметтермен
          үйлестiрудiң жолдарын қарастыру, пәнге қатысты негiзгi  мәлiметтi
          қосымша  мәлiметпен  толықтыру.  Мультимедиалық   технологияларда
          ұсынылатын оқу материалдары  көрнекiлiк  ұстанымына  негiзделген.
          Сондықтан да, оны  оқытудың  ажырамас  бөлiгi  деп  қарастыруымыз
          қажет.
       2. Мультимедиалық технологияларды тиiмдi пайдалану үшiн оның
  психологиялық-педагогикалық шарттарын қатаң бақылауда ұстау керек:
| Оқу материалдарын тұлғаның қабылдау ерекшелiктерiн ескеру.               |
| Экрандық оқу материалдарының студенттер мен оқушылардың эмоциясына әсерiн|
|бақылау.                                                                  |
| Оқу материалдарын пайдалану кезiнде тұлғаның ойлау қабiлетiн аттыруға    |
|қозғау салу.                                                              |
| Экрандық оқу материалдарын пайдаланудың қалыпты деңгейiн студенттер мен  |
|оқушылардың  ойлау жүйесiне  күш түсiрмейтiндей деңгейде сақтау.          |


       3. Эргономикалық шарттар мынадай мәселелердi қарастырады:
|Бөлмедегi ауаның физико-химиялық құрамының төмендеуi студенттердiң,      |
|оқушылардың сабаққа қабiлеттiлiгiн төмендетедi. Сондықтан бөлме ауасын   |
|ауыстырып отыру.                                                         |
|Аудиовизуалдық оқу материалдарын қалыпты жағдайдан артық  көрсетуге      |
|болмайды.                                                                |


       4. Техникалық шарттар:
|Ерекшелiктерiне қарай мультимедиалық технологияларды                     |
|дәрiсханада  дұрыс орналастыра бiлу.                                     |
|Құрылғылардың техникалық ақаулығын үнемi тексерiп отыру.                 |
|DVD, CD дискiлерiндегi,  бейнетаспалардағы оқу материалдарын дұрыс сақтай|
|бiлу.                                                                    |
|Дәрiсхананы оқыту процесiне бейiмдеу жұмыстарын авто-маттандыру.         |
|Дәрiсхананы үнемi салқындатып отыру, яғни құралдарды қатты қызып кетуден |
|сақтау.                                                                  |


    Ендi,   үздiксiз   бiлiм   беру   жүйесiн   ақпараттандыру    барысында
мультимедиалық  технологияларды   оқыту   процесiнде   тиiмдi   пайдаланудың
тұжырымдамалық,  психологиялық,  педагогикалық,  ақпараттық,  эргономикалық,
технологиялық және техникалық, ұйымдастырушылық  аспектiлерiн қарастырайық.
    Тұжырымдамалық аспектi:
    •  ақпаратты  жинақтау,  өңдеу,  сақтау,  тарату  жүйесi  ретiнде   жаңа
      ақпараттық орта құру;
    •  әртүрлi  деңгейде  (республика,   аймақ,   бiлiм   беру   мекемелерi)
      бiрiктiрiлген бiрыңғай оқу-ақпараттық орта құру т.б.
    Мұндай оқу-ақпараттық ортаны құрайтын элементтерге мыналар жатады:
    • елiмiздiң және шет елдердiң ақпараттық ресурстарына қол жеткiзе алатын
      телекоммуникациялық аппаратты-бағдарламалық жабдықтар;
    • компьютерлiк гипермедиа, мультимедиа жабдықтары;
    • виртуалды бiлiм берудi дамыту үшiн ақпараттандырудың  инфрақұрылымдары
      т.б.
    Психо-педагогикалық аспектiлер:
    • оқыту  процесiнде  мультимедиалық  технологияларды  пайдалану  кезiнде
      бiлiмдi    меңгеру    мен     интеллектуалдық    деңгейдi   қалыптас-
тырудың  психологиялық механизмдерiн айқындау;
    • мультимедиалық технологияларды оқыту процесiнде пайдалануда оқытушының
      рөлi мен орнын анықтау;
    • мультимедиалық  технологияларды  өзiнiң  кәсiби  iс-әрекетiнде  тиiмдi
      пайдалана бiлуi үшiн мұғалiм кадрларды қайта дайындау;
    • елiмiзде қашықтан  оқытуды  дамытудағы  мультимедианың  мүмкіндіктерін
      дамыту;
    •   мультимедиалық оқулықтар жасаудың дидактикалық талаптарын анықтау.
    Ақпараттық аспектi оқытудың дидактикалық және әдiстемелiк ұстанымдарына
жауап  бере  алатын  мультимедиалық  құралдардың   ақпараттық   жабдықталуын
айқындайды.
    Эргономикалық аспектi:
 • мультимедиалық оқулықтарды құруда эргономикалық талаптарды ескеру;
 •    әртүрлi    жас    дейгейiндегi    пайдаланушылардың     мультимедиалық
   технологиялармен жұмыс кезiндегi  сақтауға  тиiстi  санитарлық-гигиеналық
   нормаларын анықтау.
    Технологиялық және техникалық аспектiлер:
    • технологиялық қатаң  талаптарды  сақтау  –  оқыту  процесiне  арналған
      лицензиялы мультимедиалық оқулықтарды пайдалану;
    • оқыту мақсатына бағытталған аппараттық және бағдарламалық жабдықтармен
      білім беру жүйесін қамтамасыз ету;
    • бiлiм беру салаларында локалдық, аймақтық және  республикалық  желiлер
      құру.
    Ұйымдастырушылық аспектi:
    •  бiлiм  беру  мекемелерiнде   электрондық   кiтапханалар   мен   медиа
      орталықтар, медиатекалар құру;
    •  мультимедиалық  технологияларды  пайдаланудың   ұйымдастыру-   шылық-
      құқықтық нормаларын анықтау т.б.



      Техникалық  талаптар:
      - экранға дейінгі қашықтық – 6,8m
      - көріну бұрышы соңғы орындар үшін – 600 кіші болмауы керек
      - экранның жерден биіктігі -1,2 – 1,5m орналасуы
      - диагоналы  470-590mm   мм  телеэкран  үшін  экраннан  көзге  дейінгі
қашықтық   3m - 6м
      - бейненің анықтығы.
      ТОҚ оқу аптасына кіші сыныптарда 3 – 4 рет, ал жоғары сыныптарды 6 – 4
рет қолданамыз. Кестені қоярда ТҚ қолданатын пәндердің  бірінен  кейін  бірі
орын алмауын ескеру керек.
      Аудиовизуальды құралдар арқылы  ақпарат  беруде  әуелі  10  мин  бұрын
оларды қабылдауға даярлау, 15 – 20 телебағдарламаларды  көрсетуі,  20  –  10
минут тақырыптың бекітілуі жүзеге асырылғаны дұрыс.
      Аудиовизуальды құралдарды  тиімді  қолдану  үшін  келесі  дидактикалық
талаптарды ескеру керек:
     1.   Оқушыларға   танымдық   міндеттерін   түсіндіру,   аудиовизуальды
        құралдарға қызығушылық;
     2.  Бірге талқылау, байқауды қалай жүргізу керек, қандай материалдарға
        көңіл бөлу қажет;
     3.  ТҚ қолдану кезінде сұрақтар қою, сол жерде жауап бере алатындай;
     4. Оқушылар жадына  өткен  материалдарды  есіне  түсіру,  оларды  жаңа
        материалды меңгертуге қолдануға ықпал ету.
         Бақылау  сұрақтары :

   1. Химияны оқытудың политехникалық бағытындағы ТҚ орны қандай?
   2. Оқушыларға кәсіптік бағдар берудегі ТҚ қолданудыңролі  неде?.
   3. Оқушылардың өзіндік дайындықтарында ТҚ рөлін сипатта.
         4. Аудиовизуальды құралдардың дидактикалық, гигиеналық,
            техникалық, ұйымдастырушылық талаптарын көрсет













































Дәріс  №   7,8   Химияны  оқытуда  аудио-,   видео   құралдарын   қолданудың
әдістемелік  негізі

   Мақсаты :

      Негізгі  сұрақтары:
        1. Телекөрсетілімдердің оқыту жүйесіндегі орны, мәні және
           мүмкіндіктері.
   2. Оқу телекөрілімнің жанры және формалары.
   3. Телекөрілімдер арқылы оқу материалдарын баяндауда оқушылардың танымдық
      әрекеттерін басқару.
   4.  Дыбыс  және  виедожазбаларды  химияны  оқытуда  қолдану,   қолданудың
      бағыттары, тәсілдері және формалары.
     1. Оқу үрдісінің басты мақсаты оқушыларға қоршаған  әлемнің  нәрселері
        және құбылыстары туралы  білім  беру,  олардың  дүниеге  көзқарасын
        қалыптастыру, еңбек әрекеттеріне даярлау. Әс жүзінде білім  тікелей
        нәрселер мен  құбылыстарға  қатынасы  немесе  ауызша,  жазбаша  сөз
        арқылы қалыптасады. Телекөрілім осы жағдайлардың барлығын ұштастыра
        алады. Оқу телекөрілімдері орта  мектептің  дидактикалық  жүйесінің
        бір бөлігі ретінде қарастырылады  және  оқыту  мен  тәрбие  берудің
        өзіндік құралы болып табылады.
      Оқу  телекөрілімдері бойынша  жинақталған  іс  –  тәжірибелер  олардың
көрнекілік ретінде және  оқу  –  тәрбие  үрдісін  жандандыруда  оң  нәтижеге
жеткізетіндігін көрсетіп отыр.
      Телекөрілімдерді  кеңінен  қолдану,  дидактикалық  міндеттерді  шешуге
көмектеседі. Атап айтқанда, телекөрілімдер арқылы химияның неғұрлым  күрделі
тақырыптарының  мазмұнын  алуға  болады,  оқушыларды  ғылым  мен  техниканың
жаңалықтарымен, ғылыми жаңалықтардың  ашылу  тарихымен,  әдісімен  танысуға,
оларды зерттеу әдістерін жақындастыруға,  оқушыларға  кәсіптік  бағдар  және
еңбек тәжірибесін беруге мүмкіндік жасай аламыз.
     2. Оқу телекөрсетілімдер практикасында түрлі  формалары  мен  жанрлары
        қолданылады. Дидактикалық функциясына  байланысты  телекөрілімдерді
        сабақта қолданылатын және сабақтан  тыс  уақытта  деп  ажыратылады.
        Сабақтағы көрсетілімдер телеәдістер және телекөрсетілімге бөлінеді.
      Телекөрсетілім – сабақтың жеке міндеттерін шешуге  арналған,  құрылымы
өзара байланысты қисында элементтердің жүйесінен тұрады.
      Мысалы, «Сұйық оттектің қасиеттері», «Сутек қасиеттері күкірт  қышқылы
өндірісінен  кейін»  -  «Күкірт  қышқылын  контакт  әдісімен  өңдеу»,   т.б.
көрсетілімдері қолданылады.
      Телеәдістер – ОА сабақтың негізгі мазмұнын ашады. Оның ұзақтығы 25- 30
мин. Теледәріс қорытындылау, жинақтау  немесе  баяндама,  кіріспе  дәрістері
түрінде болады.
      Телекөрілімдер өз кезегінде телеэкскурсия және  көрнекі  тәжірибелерді
көрсетуге арналған  болып  бөлінеді.  Телеэкскурсия  –  телекөрсетілімдердің
ерекше жанры болып  есептеледі.  Ол  экскурсины  оқыту  әдісі  ретінде  және
телекұлақтандыру жанры ретінде ұштастырған.  Телеэкскурсияда  оқу  –  тәрбие
үрдісі үшін маңыздылары көрсетіледі.
      Телекөрілімдер   және   дәрістер   өзінің   психологтың   дидактикалық
міндеттеріне байланысты:
     1. Қызығушылықты және шығармашылық  белсенділікті  тудыратын  мотивтік
        (түрткілік);
     2. Деректерді жалпылайтын және оны түсіндіретін ақпараттық;
     3.  Әрекет  тәсілдері  мен  дағдылардың  қалыптастыратын  инструктивті
        немесе нұсқаушылық түрлеріне ажыратады.
       Мотивтік көрсетілісдердің мақсаты оқушының қандай  да  бір  тақырыпөа
енгізу, оның  мәнін,  күрделілігін,  мәселелігін  көрсету,  сол  арқылы  осы
жағдайға қызығушылық ету, өзіндік бағыт сілтеу.
      Телекөрілімнің  ақпаратыық  негізі  сөз  және  бейнелеу.   Ол   өзінің
ерекшелігімен   яғни   шартты   және   сызбанұсқалық   бейнелеу    арқасында
кинобейнелерге қарағанда экспозицияны көтеріңкі көлемді –  ірі  бейнесіндегі
сезімді   туғызады.   Бұл   –   тәжірибе   тапсырмаларды,   мультсхемаларды,
слайдтарды,   кинофрагменттерді,   схемалық   суреттерді   бір   –   бірімен
ұштастыруға мүмкіндік туғызады. Телекөрілім арқылы қандай да бір құралды  не
оның деталін ірілендірілген көлемде көрсетуге  мүмкіндік  бар.  Бұл  әсіресе
химиялық экспетиментті көрнекі көрсетуге ыңғайлы. Телекөрілімдердің  маңызды
табиғи қасиеттерінің бірі – көрсетілетін құбылыстың бір  сәттілігі,  бұл  да
телекөрілімдердегі  ақпараттарды   қабылдауда   айтарлықтай   маңызды,   оны
қатыстылық әсері (эффект  присутствия)  деп  атайды.  Мұнда  мысалы  тікелей
трансляциядағыдай кеңістік -   уақытша  құрылымы  бұзылмаған.  Бір  сәттілік
оның тағы бір қасиеті – тікелелігімен (непосредсвенностью) байланысты,  яғни
ол ақпараттың сенімділігі және телебейнелердің документальдылығы.
      Оқу телекөрілім хабарлы ақпарат ағынының бір жақтылығымен  сипатталады
және  оқу – тәрбиелік міндеттерді шешудің тездігімен  көрінеді.  Телекөрілім
арқылы бұрынғы да, қазіргі де мәліметтерді көрсете аламыз.
      Оқу теле  көрілімдеріне  байланысты  іс  –  тәжірибелер  оның  оқытуды
жекелендіру мүмкіндігін көрсетіп отыр:
     1. Ақпаратты видеотаспаларға алдын ала  жазып  алу,  оны  бірнеше  рет
        қайталауға мүмкіндік беруі мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.
     2.  Оқушы  материалды  өзі   қайтадан  қарап  шығу  арқылы   меңгеруге
        мүмкіндік алады.
     3. Әр  түрлң  деректердегі  видеожазбаларды  оқушылардың  деңгейлеріне
        байланысты беруге болады.
      Ақпараттық телеқойылымдар жаңа мағлұматтардың молдығымен  сипатталады,
оны  еске  сақтау  және   меңгеру   қажеттілігінен   туындайды.   Оның   өзі
хабарламалық және қорытындылаушы болып бөлінеді.
      Хабарламалық  бағдарламаның  сұрақтарының  бір  бөлігін  қамтиды,   не
мұғалімнің одан әрі жасайтын жұмысынан түсінік береді.  Қорытындылаушыларға:
«Еліміздегі химиялық өнеркәсіптердің және химияның  дамуы»,  «Көмірсутектер»
карбонилді  қосылыстарының   және  карбон  қышқылдардың  қасиеті,  құрылысы,
т.с.с.  Теле  көрсетілімдерді  психологиялық  міндетіне  сай   білімді  және
біліктілік қалыптастырушы деп ажыратамыз.
     3. ТҚ қолдану тұлғаны дамытуға мақсатты бағытталған үрдісіті басқаруға
        негізделеді. Басқару мәселесі екі теориялық  концепцияға  тіреледі.
        Әрекетті  басқару  негізі  кері  байланыс  болып  табылады.  Екінші
        концепция оқудың негізгі құралы ойлау  дегенге тіреледі.
      Телекөрсетілімдер  арқылы  басқаруды   оқушының  оқу  –  материалдарын
меңгертуіне  бағытталған  ,  оның  таным  әрекеттеріне  мұғалімнің  мақсатты
бағытталған педагогикалық әсерінің жүйесі ретінде қарастырылуы керек. Оқу  –
теле көрсетілімдерін қолдану үрдісіне  басқару  мазмұнды  түзету  (мазмұндық
басқару), жалпы еңбектік  және   интеллектуальдық   біліктерді  (операциялық
басқару), мұғалім  жұмысына  әдістемелік  жетекшілік  (әдістемелік  басқару)
бағыттарында жүзеге асырылады. Мазмұндық  басқару  жетекшінің  оқу  үрдісіне
бағытталған әсері сөз бен сұрақтар қою,  тапсырмалар  беру(реакция  теңдеуін
аяқта,  қосылыстағы  элементтің  тотығу   дәрежесін   анықта,   анықтамадағы
мәліметтерді  ізде)  және  бейнелеу  құралдарымен   (химиялық   эксперимент,
тәжірибе тапсырмалар, мульти сызба - нұсқалар), т.с.с.
      Операционды басқару жалпы  еңбектік  және  интеллектуальды  біліктерді
қалыптастыру үшін алгоритмдік жазбалар жүйесін қамтиды.
      Әдістемелік  басқару  жекелеген  телекөрілімдерді   құрудың   негізіне
жататын дидактикалық ұстанымдар жүйесін қамтиды.
      Көптеген іс – тәжірибелерден оқушыларға жиі кездесетін  эксперименттік
дағдыларындағы кемшіліктер:
     1. «Аммиакты алып,  оны  жинау  керек»  тапсырмаларында  оқушылар  оны
        алатын бастапқы  заттардың  формуласын  біледі,  оларды  пробиркада
        араластырады. Пробирканы қыздырады бірақ одан ештеңе алмайды.
     2. «Оттекті алу және жинау» тапсырмасында оқушылар калий  перманганаты
        мөлшерін пробиркадан тек ауаны ығыстырып шығаруға  болатындай  етіп
        салады.
     3. «Сутекті алу және жинау»  тапсырмасында оқушылар бастапқы заттардың
        мөлшерін ойланбастан алады, реактивтерді беталды шығындайды.
     4. Заттарды алғанымен оны қалай танып білуге болатынын білмейді.
     5.  Газды су астында жинай отырып, оқушылар онымен ыдысты толтыру және
        алынған затты тексеру дағдыларын игермеген.


     4. Дыбыстық жазбаларды қолданудың маңызды бағыттары:
        1.  Кіріспе  сабақтарында  мұнда   ғылымдар   мен   ауылшаруашылығы
           мамандарымен  интервью,  тәрбиелік  мәні   бар   кейбір   тарихи
           материалдардыдың жазбасы қолданылады.
        2.  Оқу  ақпаратының  көзі  ретінде   дыбыстық   жазбалар   көрнекі
           ғалымдардың өмірі мен жазбалары туралы, мәтіндерге талдау жасау,
           заттардың  физикалық,  химиялық   қасиеттерін   сипаттау,   т.б.
           әңгімелейді.
        3.   Мұғалім   сөзін   иллюстрациялау   үшін,    яғни    мұғалімнің
           түсіндірмесінен кейін  шығатын  қорытынды  не  ережені  дыбыстап
           айту.
        4. Диафильдер мен диапозитив кадрларын иллюстрациялау үшін.
        5.  Химиялық диктанттарды жазуда.
        6.  Оқушылардың оқу материалдары бойынша білімін бағалау үшін.
      Дыбыстық жазбалар проблемалық мәселерді шешу үшін  қолданылуы  мүмкін.
Көрсетілген құралдардың қайсысымен  хлорды  жинауға  болады,  егер  бастапқы
заттар ретінде концентрлі тұз қышқылы және калий  перманганатын  немесе  тұз
қышқылы және марганец (IV) оксидін оқушылар бастапқы  және  соңғы  заттардың
қасиетін біле отырып, мүғалімге өз ойларын жеткізеді,,  оған  мұғалім  қажет
болса түзету енгізіп, немесе оны мақұлдайды.
      Сондай – ақ  дыбыстық  жазбалар  химиялық  тәжірибелерге,  өндірістегі
кинотүсірілімдерге  түсініктеме  бергенде  қолданылады.  Мұғалім  жазбаларды
алдын ала қарап шығып  қажеттілерін  іріктеуге,  соған  байланысты  сабақтың
формаларын анықтауға мүмкіндік алады.
      Дыбыстық жазбаларды тиімді қолданудың шарттары:
    - Видеожазбаларды оқу құралдары жүйесіне құрамды енгізу.
    - Нақты тақырыптарды оқып – үйрену кезінде видеоматериалдар  орнын  және
      рөлін анықтау.
    -    Оқушылардың    білім,    біліктілік    дағдыларын    қалыптастыруда
      видеожазбаларды қолдану тәсілдерін анықтау.



Бақылау  сұрақтары :

        1. Телекөрсетілімдердің оқыту жүйесіндегі орны, мәні және
           мүмкіндіктері қандай?.
   2. Оқу телекөрілімнің жанры және формаларын сипатта.
   3. Телекөрілімдер арқылы оқу материалдарын баяндауда оқушылардың танымдық
      әрекеттерін басқаруқалай  жүзеге  асырылады?.
   4.  Дыбыс  және  виедожазбаларды  химияны  оқытуда  қолдану,   қолданудың
      бағыттары, тәсілдері және формаларын сипатта.


                                            21

Дәріс №  9,10  Химияны оқытуда  оқу киноларының ролі және әдістемесі

   Мақсаты :

   Негізгі  сұрақтары:

       Экрандық  дидактикалық  құралдардың  жалпы  талаптарын  жеке  –  жеке
қарастырсақ.  Дәстүрлі  құралдар   -  приборлар,  лабораториялық   құралдар,
кестелер  –  барлық  оқу  құралдарының  2/3  бөлігін  құрайды.  Оның  ішінде
экрандық құралдар шамамен  1/3  бөлігі,  бұлардың  ішінде  кинофильмдер  1/5
бөлігін құрайды.
       Экрандық құралдар химиядан дидактикалық құралдар жүйесінің бір бөлігі
ретінде қарастырылады.  Бұл  бөлікке  келесі  компоненттер  –  кинофильмдер,
диапазотивтер және  т.б.  жатады.  Компоненттердің  әрқайсысы  ұсақ  құраушы
бөліктерге бөлінеді. Мысалы: кинофильмдер  дауысталған  және  мылқау,  түсті
және ақ – қара. Экранды құралдар сонымен қатар  статикалық  әрі  динамикалық
та болуы мүмкін.
       Экрандық құралдардың жүйешесін дидактикалық құралдардың толық  жүйесі
ретінде қарастырса, ол тұрақсыз, әрдайым өзгеріп отыратын, жаңа  құралдармен
толықтырылып отыратын жүйе.
       Экрандық құралдардың қорын әртүрлі сипаттауға болады:
   1. 8,9,10,11 сыныптардағы химия бағдарламасының тақырыптары бойынша;
Курстың тізбекті сұрақтары бойынша:
         а) негізгі химиялық түсініктер, заңдар, теориялар;
         ә) химиялық элементтер, олардың қосылыстары;
         б) химиялық өндіріс;
         в) ғалым – химиктер мен химия өндірісінің жұмысшыларының өмірі мен
         еңбектері.
Материалдарды беру сипатына қарай:
         а) тақырыпқа кіріспе;
         ә) иллюстративті;
         б) инструктивті;
         в) оқушылардың өздік жұмыстарына арналған.
       Экрандық  құралдардың  қорының  сипаттамасының  әртүрлі   әдістерінен
мектеп практикасында химия бағдарламасын толық  қамтитын  әдіс  қолданылады.
Ол бағдарлама бойынша нақты  сұрақтарға  жауап  беретін  экранды  құралдарды
қолдану дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.  берілген  мәліметтер  бойынша
мұғалім сабақ   құралдарын  рационалды  таңдауға,  оларды  оқу  процесіндегі
ретін анықтауға, бір құралды екінші құралмен алмастыруға мүмкіндігі  болады.

       Кейбір жағдайларда экрандық құралдардың әртүрлі формаларының атаулары
бойынша жақын немесе  бір  болуы  мүмкін.  Солай  болса  да  оларды  әртүрлі
дидактикалық құралдар ретінде қарап,  оларды  құрамы  мен  құрылысы  жағынан
ерекшеленетіндігін, сабақта  қолдану  кезінде  әртүрлі  әдістемелік  қолдану
керектігін  есте  сақтаған   жөн.   Мысалы:   диафильмдер   мақсатты   түрде
оқушылардың өздік жұмысы кезінде  тақырыпқа  кіріспе,  проблемалық  ситуация
туғызу үшін, тақырыпты қорытындылау кезінде қолданылады. Осы  кездің  өзінде
диапозитивтердің сериясы сұрақтың  бір  бөлігін  қарастыру  кезінде  қажетті
иллюстративті материал таңдауға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  қажетті
диапозотивтерді әртүрлі сериялардан, соның өзінде тек  химиядан  ғана  емес,
басқа  да  оқу  пәндерінен  таңдауға  болады.  Осының  арқасында   пәнаралық
байланысты орнатуға болады.
       Экрандық құралдар – аудиовизуалды құралдардың негізгі бөлігі.
       Экрандық құралдар қоры жалпы құрамы бойынша 4 топқа бөлінеді:
       1-топ. Химияның негізгі түсініктері, заңдары мен теориялары.
       2-топ. Жай заттар мен химиялық қосылыстардың қасиеттері.
       3-топ. Химия өндірісі. Химия өндірісі  әртүрлі  экрандық  құралдармен
көрсетілген.  Сұрақтар  бойынша  кинофильмдер,  диафильмдер,  диапозитивтер,
кинофрагменттер мен транспаранттар бар.
       4-топ.  Химия  бойынша  білімді   қорытындылау.   Бұл   топқа   қатаң
локализацияланбаған  құралдарды  жатқызамыз.  Олар   әртүрлі   тақырыптарда,
әртүрлі  сыныптарда,  сонымен  қатар  10  сынып  курсын  толық   қайталауда:
«Адсорбция»,  «Аллотропия»,  «Бутлеровтың  құрылыс   теориясы»,   «Дисперсті
жүйелер», «Зауыттық химиялық аппараттар», «Изотоптар», «Изомерия»,  «Катализ
және  катализаторлар»,   «Тотығу   –   тотықсызданы   реакциялары»,   «Халық
шаруашылығында маңызды өнімдерді қолдану» және т.б.
       Қарастырылған экрандық құралдар қоры мазмұны  бой  ынша  толықтырылуы
мүмкін. Бұл жағдайда  фильм  мазмұны  белгілі  мөлшерде  оның  құрылысын  да
анықтайтынын есте сақтаған жөн.  Фильмдердің  бірінші  бөлігінде  фактілерді
хабарласа, келесісінде теориялық сұрақтар қойылады. Бірақ  фильмнің  мазмұны
мен формасына тәуелсіз, сонымен қатар  басқа  да  экрандық  құралдар  келесі
талаптарға сай болуы керек:
    - Ғылымилылығы;
    - Жаңалылығы;
    - Қолжетімділігі;
    - бағдарламаға сәйкестігі;
    - көрнекілігі;
    - қысқалығы;
       Дидактикалық құралдардың талапқа сай болуы оның  эффективтілігіне  де
жауап береді.  Ол  көбінесе  қолдану  әдістемесіне  байланысты.  Ең  алдымен
дидактикалық құралдар белгілі  мақсатқа  жету  үшін  дұрыс  таңдалуы  қажет,
қолданылатын әдістерге  сәйкес  болып,  мектепте  көрсету  жағдайы  (белгілі
орынның  болуы,  проектор,  экран  және  т.б.)  ескерілуі   керек.   Сабақта
кинофильмдерді қолдану эффективтілігі берілген фильм бойынлша  құрастырылған
әдістемелік ұсынысқа тәуелді.
       Фильмдер қорын сәйкестік көзқарасы бойынша талдауда талаптарға сәйкес
сабаққа толық емес, фрагменттер мен кадрлар ғана енгізіледі.
       Соңғы жылдары мектептер үшін оқу және ғылыми  –  белгілі  фильмдерден
құрастырылған кинофрагменттер шығарылған. Фрагменттердің  көп  бөлігі  химия
сабағына жақсы енгізілген.
       «Оқулық» деп аталатын көптеген фильмдерді «ғылыми – әйгілі»  фильмдер
категориясына жатқызған жөн. Себебі олардың  ішінде  тақырыпқа  қатысы  жоқ,
артық заттар көп. Оларда көпсөзділік, кадрлардың өте  тез  ауысуы,  көргенді
есте сақтау қиындығы басым. Берілген материалдар логикалық ойлауды  дамытуға
әсер етпейді. Сондықтан мұндай фильмдерді  оқу  процесінде  қолдану  алдында
дұрыс   таңдалуы   керек.   Мұғалім   фильмді   толық   көрсетпей,   белгілі
фрагменттерді  ғана  көрсетіп,  ауызша  түсіндіруді,  суреттерді  көрсетумен
шектеледі.
       Экрандық  құралдарды  қолдану  үшін  алдымен  келесісұрақтарға  жауап
берген жөн:
   1. Фильмнің дидактикалық маңызы неде?
   2. Берілетін ақпарат қаншалықты анық және түсінікті?
   3. Артық ақпарат жоқ па?
   4. Материалды беру темпі дұрыс па?
   5. Бөгет жасайтын музыка және басқа да дыбыстық эффектілер жоқ па?


Кинофильм. Байқағанымыздай оқытушы киноларда заттардың  қүрылысын  көрсетуге
болады . яғни олардың қалыптасуы даму және өзгеруі  ол  обьектінің  белгілі-
бір  бөлігін  ерекшелеу  арқылы  немесе  жеке   жақтарын   ғана   ,   шынайы
объектілердің  жылдамдатылған  немесе  баяулатылған  түсірімдерін  келтіруге
болады(Мысалы:кристалдардың   өсуі   мен   еруін   бақылау).Немесе   эртүрлі
мультипликация колдану арқылы (мысалы:  реакцияның  механизімін  суреттеу  ,
катализатордың эсері)    Кино арқылы жалпы  жоспарды  (цехтағы  өнеркэсіптік
апарат )  орташа  жоспары  (химиялық  реакция  орналатын  прибордың  негізгі
бөлігін көрсету).Және прибор детальі кинокамераның  жақындауы  мен  алыстауы
қабылдауды күшейтеді.Осы тәсілдердің көмегімен шынайылықтың бейнесі  фильмда
байытылған өзгеше боп көрінуі мүмкін ,-қарапайым бақылауға қарағанда.
      Сонымен қатар қарапайым бақылауға   қарағанда  кино  атомдардың  микро
әлемі аспан денесіні әлеміне енуіне  мүмкіндік  береді  және  таныс  нәрсені
басқа көз қараспен қарағанда көптен күтпеген жаңалықтарды күтуге болады.
      Оқытушы фильмдерді сабақтың кіріспе бөлімінде мотивация қүралы ретінде
қолданылады.  Қарастырылған  эпизод  фильмі  немесе  фрогменті  оның   тірек
нүктесі болып табылады. Сабақтың бүкіл құрамы соның  маңайында  шоғырланған.
Бүндай тэсіл оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырады,  оны  белсенді
оқуда алдын ала  нүсқаулар  жасайды.  Ситтуация  мэселесін  жасау  негізінде
бөлек эпизодтар қызмет ете алады. Бірақ негізгі  белгіленген  фильм  сабақты
оқыту  информациясының  негізі  болады.(  Бұл  мақсатта  ойлануын  жақсарту)
сүрақты  ауызша  қою   арқылы   оқушылардың   ойлауын   жақсартуға   болады.
Қарастырылғанның  негізін  ашу   фильмде   тек   астарлап   көрсетілгендерге
толықтыру  жасау.  Мысалы:  сәйкес  көрнекі  тәжірибе  көрсету,  зертханалық
жүмысты жасату, прибордың қүрылымын  немесе  өнеркэсіп  аппаратын  бөлшектеп
қарауға,  қарастырылғанға  сайсұрақтары  бар  бетке  жауап   жазу,жаттығулар
жасау, фильмнің мазүнын жаңа мэлеметпен толықтыру.
      Кинофильм сондай - ақ  тақырыпты  жалпылау  немесе  программа  бөлімін
тиімді бөлімін тиімді құралын атқарады.
Бүрын көрсетілген фильм тақырыптың  аяақталуында  оқушыларға  жаңа  жақтарын
ашады, бұрын байқалмаған детальдердің ерекшелігін  ,  объектіні  жаңа  қырлы
көзбен қарастыруға рүқсат береді.
Мәлім болғандай мектеп фильмотекадан кинофильм алады.  Әр  фильмге  монтажды
беттер қоса беріледі. Қатаң салдарда  ,біріншіден  соңғы  кадрдан  бастап  ,
бейнелеу қатары жазылған , дикторлық  мэтін  ,  съемканың  тэсілі  жэне  т.б
көрсетілген .
Монтажды бетпен танысқаннан кейін мүғалім  2-Зрет  фильм  сабағы  басталарда
шолу жасалады жэне фильмнің дидактикалық жүйесінің  амалын  анықтайды.Көбіне
маңызды эпизодтар мен фильмдер белгіленеді. Сабақ  қүрылымымен  байланысқан.
Сосын кіріспе мәтінні мен сұрақтар құрастырылады. Әдетте көрсетілген  фильмі
10 мин.ға дейін созылады. Ұзақ фильмдер де қолданылады - жалпылаушы -  өткен
бөлімді қайталау үшін. Көбінесе көп бөлімді фильмдер фрогменті немесе  дайын
кинофрогменті  көрсетілімдерді  басқа  дидактикалық   амалдарымен   үйлесуі:
табиғи объектілер, модельдер, таблицамен,  химиялық  эксперимент  және  т.б.
Соңғы уақытта пайда болған химияны оқытушы фильмдерді  толығымен  қайталауға
немсе жаңа материалдарды игертуде жеке фрагмент  ретінде  қолдануға  болады.
Ондай  фильмдерге  мысал  ретінде  төмендегілерді  атай  аламыз:   «Химиялық
реакциялар»(Бейорганикалық  заттар  үшін)  -  3  6.7  фрагмент  «Органикалық
заттардың реакциялары» -2 6. және т.б
Жоғарыда айтқанымыздай, сабақта кинофильмді қолдану оның барысын  ерекшелеп,
өзгертеді. «Химиялық реакциялар »  фильмі  көмегімен  химиялық  өзгерістерді
түсіндіруде қолданылып, мүғалімнің жүмысын жеңілдетеді.  Соңғысының  атқарар
қызметі де оңай емесдажетті сауалдар тізбегін  қолдану  арқылы,  оқушылардың
тақырыпты игеруінің сапасын тексереуге болады.







   Бақылау  сұрақтары:

Дәріс  №   11,12Химияны  оқытуда    экрандық    проекциялардың   ролі   жэне
әдістемесі

















































   Негізгі  сұрақтары:

         Дәріс №  13-15Химияны оқытуда  мультимедиалық ресурстар
   Мақсаты :

   Негізгі  сұрақтары:

         1. Мультимедиалық ресурстарды дайындаудың бағдарламалық
              жабдықтары
         2. Медиатека, медиаорталық
         3. Мультимедианың техникалық құралдары


    1. Мультимедиалық ресурстарға арнайы бағдарламалық жабдықтар  көмегімен
       дайындалған мультимедиалық қарапайым өнімдер (мәтін, сурет, анимация
       т.б.)   мен   мультимедиалық    оқыту   бағдарламаларын    жатқызуға
       болады.
    Оқыту   процесінде   дидактикалық   құралдар    ретінде    қолданылатын
мультимедиалық ресурстарды жасау  және  пайдалану  үшін  оқытушыдан  алдымен
сапалы мультимедиалық  өнім  дайындаудың  технологиясын   білуі,  сондай-ақ,
аппараттық және бағдарламалық құралдарымен (оларды инструменталдық  құралдар
деп те атайды) жұмыс жасай алуы талап етіледі.
    Мультимедиалық  ресурстарды  жасау  үшiн  қолданылатын  инструменталдық
құралдар арнайы (авторлық орта) және әмбебап (бағдарламалау жүйелерi)  болып
бөлiнедi. Бiрiншi түрде электрондық  материалдар  автоматты  түрде  авторлық
орта негiзiнде, ал, екiншi түрде бағдарламалау тiлдерiн пайдалану  негiзiнде
жасалынады. Visual Basic  немесе Delphi т.б.  визуалды  жобалау  жүйелерiнiң
пайда болуына байланысты бұл екi түрдiң арасындағы айырмашылық азаюда.
    Қарапайым мультимедиалық өнім дайындау бағдарламаларын қарастырайық.
    Сурет, графика өнімдерін дайындау бағдарламалары.
    Adobe  Photoshop  –  сандық  кескіндермен,  растрлық  графикамен  жұмыс
жасауға арналған.  Бұл  бағдарлама  кескіндерді  әртүрлі  жағдайда  әсерлеу,
безендіру жұмыстарын орындайды. Растрлық  графика  файлдары  GIF  және  JPEG
форматында  сақталады.  Бұл  форматтағы  кескіндер  боялған   нүктелер   мен
пиксельдердің дискретті тізбегінен құралады. Кескін көлемін үлкейту  кезінде
пиксельдер анық байқалады.
     Анимация жасау бағдарламасы.
    Macromedia Flash анимациялық өнімдер жасауға арналған.  Бұл  бағдарлама
пайдаланушыға растрлық графикамен қатар векторлық графиканы  да  пайдалануға
мүмкіндік береді. Векторлық графикада кескінді  ұсыну  кезінде  геометриялық
формулалар  пайдаланылады.  Сондықтан  да  векторлық   графиканың   растрлық
графикаға қарағанда көлемі аз болады, тез өңделеді.
    Қазіргі  кезде  бұл   бағдарламаның   жетілдірілген   түрі   Flash   MX
бағдарламасы интерактивті векторлық анимация жасауды іске асырады.
       Дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеу бағдарламалары.
    Sound  Recorder  –  дыбыстық   файлдарды   өңдеуге   арналған   Windows
операциялық жүйесінің қосымша бағдарламасы. Бұл бағдарлама  дыбыстық  файлды
құру, ашу, өңдеу (дыбыстық файлды үзінділерге  бөлу,  қиып  алу,  оны  басқа
дыбыстық файлмен  біріктіру,  дыбысты  беру  жылдамдығын  өзгерту,  дыбыстық
файлды  қандай  да  бір  эффектімен  толықтыру   т.б.)   сақтау   жұмыстарын
орындайды.
    Dragon Naturally Speaking Sound  Record  -  Dragon  Naturally  Speaking
лингвистикалық тіл үйрету бағдарламасының қосымшасы. Мұнда  дыбыстық  файлды
іске қосу, тоқтату, дыбыстық жазба жұмысын жүргізу функциялары орындалады.
    Бейнеақпаратпен жұмыс жасау бағдарламалары.
    IuVCR бағдарламасы -  Microsoft  DirectShow  технологиясының  базасында
құрылған. Ол бейнемәліметтерді AVI  және  WMV  типті  форматта  жазып  алуды
жүзеге асырады.  TV-тюнермен  немесе  бейнеграббер  тақшасымен  жабдықталған
компьютерді  іuVCR  бағдарламасының  көмегімен   сандық   бейнемагнитофонның
атқаратын жұмысын қоса орындау үшін пайдалануға болады.  Бағдарлама  сонымен
қатар, компьютерді теледидарлық каналдарға бейімдеуді жеңілдетеді.
    Canon  Home  Edition  Video  –   бейнемәліметтерді   өңдеу,   клиптерді
импорттау,  дыбыстық  ақпаратты  бейнеақпаратқа  кірістіру,  нәтижені  түрлі
бейнеформатта сақтау жұмысын атқарады.
    Adobe Premiere - бейнемәлімет өңдеу, бірнеше бейнеүзінділерден  жаңадан
бейнефильм  құрастыру  және  мультимедиа,   презентацияларға   бейнероликтер
дайындау    үшін    қолданылады.    Adobe    Premiere     6.0     нұсқасында
RealNetworksRealMedia,  Microsoft   WindowsMedia,   Apple   QuickTime   web-
форматтары көмегімен сандық бейнемәліметтерді Интернетке  шығару  мүмкіндігі
қарастырылған. Сонымен  қатар,  бұл  бағдарлама  Adobe  компаниясының  After
Effects,  Photoshop,  GoLive  секілді  бағдарламаларымен  байланыста   жұмыс
атқара алады.
       Мультимедиалық  оқыту  бағдарламаларын  дайындау  үшін  көп  жағдайда
әртүрлі HTML- редакторлар қолданылады.
    HTML  (Hyper  Text  Markup  Languge)   тілі   мәтін,   сурет,   музыка,
бейнемәлімет,  анимация  секілді  ақпарат  түрлерін  гиперсілтеме  негізінде
байланыстыру  үшін  қолданылады.  HTML-редактордың  жетілдірілген  MS  Front
Page, Macromedia Dreamweaver секілді нұсқалары бар.
    Front  Page  редакторы  MS  Office  бағдарламалық  жабдығының  құрамына
кіреді. Бұл редактордың негізгі кемшілігі – шектен тыс,  өте  көп  кодтармен
жұмыс істейді.
    Ал,  Macromedia  Dreamweaver   бағдарламасы   негізгі   кодтарды   ғана
генерациялайды. Мұнда бағдарламаның визуалды  мүмкіндігінің  көмегімен  HTML
кодтарды  жазбай-ақ,  жобаның  дизайнын  тез   құруға,   өзгертуге   болады.
Dreamweaver визуалды редакторларға жататындықтан, жұмыс  нәтижесін  экраннан
бірден  көріп  отыруға  болады.  Бұл  бағдарламаның  тағы   бір   ерекшелігі
дайындалған мультимедиалық оқыту  бағдарламасын  тікелей  Интернет  желісіне
шығаруға мүмкіндік береді.
    2.Қазіргі таңда ақпараттық технологияларды оқыту процесiнде  қолданудың
перспективалық бағыттарының бірі  -  оқу  орындарында  медиаорталықтар  құру
және оны дамыту деп нақты айтуымызға болады.
    Медиатеканы ұйымдастыру мынадай мақсатты  жүзеге  асыру  қажеттілігінен
туындайды: оқыту сапасын  жоғарылату  мақсатында  білім  саласындағы  барлық
тұтынушылардың ақпараттық сұранысын қанағаттандыру.
    Медиатека латынның media – орта, жиынтық деген сөзінен,  гректің  theke
–қойма  деген  сөзінен   шыққан.   Яғни,   визуалды,   дыбыстық,   бейнелік,
телекоммуникациялық құралдардың бір ортаға жинақталуын білдіреді.
    Медиатека - кітап, мерзімді басылым, дыбыстық және  бейнелік  таспалар,
CD,  DVD  секілді  құралдарда  ақпараттық   ресурстарды   жинақтау   ортасы.
Медиатека – кітапханалар мен ақпараттық технологияларды  өзара  байланыстыра
пайдалану. Медиатека – оқу орындарының ақпараттық инфрақұрылым орталығы.
    Медиатеканы ұйымдастырудың негізгі  шарттарының  бірі  –  оқушылар  мен
студенттерге тек қажеттi ақпаратты жеткiзiп берудi ғана емес, олардың  түрлi
шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкiндiк туғызуы тиіс. Осыған  байланысты
медиатеканың қазіргі заманға  сай  ақпараттық  технологиялармен  жабдықталуы
және интернетке  қосылу  мүмкiндiгi  қарастырылған  болуы  керек.  Медиатека
құрамына  тек  кiтапханалық  қор  ғана  емес,   әртүрлi   ақпарат   көздерiн
пайдаланушы  орта:  бейне-,  дыбыстық  қорлар,  электрондық  оқулықтар   мен
оқытушы бағдарламалық қамсыздандыру бөлiмi, оқу залы,  телестудия  орталығы,
мультимедиалық лекциялар  өткiзуге  арналған  бейнепроектормен  жабдықталған
оқу  дәрiсханасы,  бейнежазбаларды  пайдалануға   арналған   оқу   кинозалы,
лингофондық  дәрiсханалар,  интернет-зал  т.б.  кiредi.  Мұндай  медиатеканы
ұйымдастыру бiр жылдың ғана  жұмысы  емес,  өйткенi,   ол,    белгiлi    бiр
мөлшерде     материалдық     шығын     мен     педагог   мамандар   ұжымының
шығармашылық еңбегiн қажет етедi.
    Медиатеканы әсіресе, жоғары оқу орындарында  ұйымдастыру,  шын  мәнінде
іс жүзіне асыруға мүмкін болатын  процесс. Өйткені, жоғары  оқу  орындарының
материалдық-техникалық базасы кітапханалар  негізінде  қазіргі  талапқа  сай
медиатекалар  ұйымдастыруға   толық   мүмкіндік   береді.    Сондықтан   да,
кiтапханалар жоғары деңгейдегi сұранысты толық  қамтамасыз  ету  үшiн  түрлi
ақпаратты пайдалануға  жағдай  туғызатын  орталық  болып  қайта  жабдықталуы
қажет. Өйткені, көпшілікке арналған  кітапханалардың  басым  бөлігі  қазіргі
күні баспа өнімдерінде (кітап,  газет-журналдар)  берілген  ақпаратты  ұсыну
қызметімен  ғана  айналысып  келеді.  Визуалды,   аудитивтi,   аудиовизуалды
ақпарат түрлерiн сол  кiтапхананың  немесе  басқа  кiтапханалардың  қорынан,
ғылыми  орталықтардан,  бейнеқорлар  мен  дыбыстық  қорлардан   компьютерлiк
желiлiк байланыс арқылы алып  пайдалануды  жүзеге  асыру  үшiн  медиатекалар
ұйымдастырудың қажеттілігі айқындала түседі.
    Медиатеканың  тағы  бір  артықшылығы:  сирек  кезедесетін   кітаптардың
электрондық нұсқасын  әлемнің кез келген түкпіріндегі кітапханалардан  іздеп
табуға мүмкіндік береді. Дүниежүзіне  танымал  әлем  классиктерінің  кездесе
бермейтін шығармаларын әлемдік кітапханалардан электрондық нұсқасын  көшіріп
алып, пайдалануға болады. Ал,  қандай  кітапты  қай  кітапханалардан  табуға
болатыны  жөнінде  Интернетте  орналасқан  арнайы  анықтамалық   Web-сайттар
арқылы табуға болады.  Мысалы:  http://www.online.ru/sp/eel/russian/   Ресей
онлайн серверінен орыстың  ұлы  классиктері  А.Блок,  М.Булгаков,  Н.Гоголь,
Ф.Достоевский, А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой шығармаларына қол  жеткізуге  болады.

    Медиатекаларды ұйымдастыруды  және  пайдалануды  кезең-кезеңмен  жүзеге
асыруға болады:
    1-кезең:
    1)  Нормативтік  құжаттарды  дайындау  (мысалы,  медиатеканы  пайдалану
ережесі т.б.).
    2) Медиатеканың материалдық-техникалық базасын құру.
    2-кезең:
    1)   Педагогикалық   процестің   барлық    қатысушыларына    ақпараттық
қажеттіліктеріне сәйкес ақпараттық қор ұйымдастыру.
    2) Білім беру  процесіне  қатысушылардың  кәсіптік,  өзіндік  т.б.  іс-
әрекеті үшін әртүрлі ақпарат көздерін пайдалануды қамтамасыз ету.
    3)  Медиатека  базасындағы   пайдаланушылардың   барлық   іс-әрекетінің
сұранысын қанағаттандыру.
    4)  Медиатеканың материалдық-техникалық базасын кеңейту.
    Медиатеканы  ұйымдастыруда  орындалуға   тиісті    міндеттер   қатарына
мыналарды жатқызуға болады:
     - білім мазмұнына қатысты ақпаратты жинау,  өңдеу,  жүйелеу  және  оны
       пайдаланушыға жеткізу;
     - компьютерлік каталог жасау;
     - мәліметтер банкін құру;
     - қажетті ақпаратты іздеп табу және  оны  пайдалана  білу  әдістемесін
       оқытушылар мен студенттерге меңгерту;
     - дыбыстық және бейнелік материалдар, слайдтар дайындау,  программалық
       жабдықтар құру, олармен тұтынушыларды қамтамасыз ету.
    Жоғарыдағы аталған деңгейде құрылған  медиатека  оқу-әдiстемелiк,  оқу-
танымдық iс-әрекеттердiң сапасын жоғарылатады. Оқытушылар тек  педагогикалық
немесе әдiстемелiк әдебиеттер жөнiнде ақпарат алып қана қоймай,  жаңа  оқыту
құралдарын тиiмдi пайдалануды меңгередi. Ал,  студенттер  мен  оқушылар  тек
кiтап, мерзiмдi басылым,  энциклопедия  сияқты  баспа  өнiмдерiн  пайдаланып
қоймай, микрофишалық: кино, бейне, сурет,  графика,  анимация  өнiмдерiн  де
пайдалана алады.
         4.  Мультимедиа  құралдарына  оқыту   процесінде   әртүрлі   типті
            ақпараттарды ұсынушы  кез  келген  оқыту  құралдарын  жатқызуға
            болады. Атап айтқанда:
        • дыбыстық құралдар (CD-ойнатқыш, магнитофон т.б.);
        •  телерадио  жүйелері   (телеқабылдағыш,   радиоқабылдағыш,   оқыту
          теледидары, DVD-ойнатқыш т.б.);
        • проекциялық құрылғылар (графопроектор,  мультимиедиалық  проектор,
          оверхед проектор, бейнепроектор, интерактивті проектор);
        • интерактивті тақта;
        • ақпарат  көбейткіш  құралдар  (микрофильмдеу  құралдары,  ксерокс,
          ризограф);
        • компьютерлік құралдар;
        • телекоммуникациялық жүйелер мен  желілер  (кабельдік,  спутниктік,
          оптоволокондық желілер т.б.).
    Бұл келтірілген құрылғылардың арасынан оқытудың  жаңаша  технологиялары
мен талаптарына толық жауап бере алатын кейбір  мультимедиалық  құрылғыларға
ғана тоқталамыз.
    Интерактивті тақта
    Интерактивті тақта – дәстүрлі тақтаның барлық  оң  сипаттамаларына  ие;
кең ауқымды графикалық мүмкіндіктермен қамтылған;  аз  уақытта  көп  мәлімет
ұсына алатын; оқу мотивациясын арттырудың  тиімді  құралы  болып  табылатын;
оқытуды диалогты түрде ұйымдастыратын аппаратты-бағдарламалық құрал.
    Интерактивті тақтаның жұмыс принципі компьютердің  монитор  экранындағы
кескінді проектор арқылы электрондық тақтаға кескіндеу.
    Интерактивті тақтада қолданылатын  бағдарламалық  жабдық  (SMART  Board
Software) келесі құралдардан тұрады:
        • жазба кітапшасы (SMART Notebook);
        • бейнежазба құралы (SMART Recorder);
        • бейнеплеер (SMART Video Player);
        • маркерлік құралдар (Floating Tools);
        • виртуалды пернетақта (SMART Keyboard ).
    Бұл  құралдардың  барлығы   да   жеке   немесе   бірлесіп   пайдалануға
негізделген.

                                    [pic]




    Жазба кітапшасы мәтіндер мен графикалық объектілер дайындауға  арналған
графикалық редактордан тұрады.
    Бейнежазба  құралы  тақтада  орындалған   барлық   іс-әрекеттерді   AVI
форматындағы бейнефайлға жазады.
    Бейнеплеер бейнефайлға сақталған ақпаратты тақтаға шығарады.
    Маркерлік құралдар қолданылып жатқан бағдарламалық  қосымшаға  тәуелсіз
жұмыс істейді, тақтада кескінделген  қандай  да  бір  объектіні  ерекшелеуге
(тақта бетінің кез келген  нүктесіне  түрлі  белгілеулер  салуға)  арналған.
Мұнан соң орындалған іс-әрекеттерді сақтап қоюға болады.
    Виртуалды   пернетақта    оқытушының    интерактивті    тақта    арқылы
компьютердегі мәліметтермен  жұмыс  істеуіне  арналған.  Яғни,  компьютердің
стандартты пернетақтасының аналогы болып саналады.
    Интерактивті тақтаның қарапайым тақтадан айырмашылығы:
     • статикалық, динамикалық тұрғыда дидактикалық материалдар  дайындауға
       болады;
     • әртүрлі сызбалар мен сұлбаларды, диаграммалар мен графиктерді жылдам
       салуға мүмкіндік беру арқылы уақыт үнемдейді;
     •  оқушылардың  зейінін  нақты,  қажетті  ақпаратқа  аудару  үшін  сол
       ақпараттарды ерекшелеуді,  оқшаулауды  жүзеге  асыратын  аппараттық-
       бағдарламалық құрал-саймандармен жабдықталған;
     • ұсынылған  ақпаратты   оқытушы  немесе  оқушы  бүкіл  сабақ  бойында
       бірнеше мәрте қайталап көре алады;
     • жұмыс алаңы ауқымды аймақты қамтиды;
     • экранға шығарылатын слайдтардың саны шектеусіз;
     • оқу материалына дыбыстық қосымша енгізуге болады;
     • сабақ барысында  пайдаланылып,  файл  түрінде  сақталған  ақпараттың
       электрондық  немесе  баспалық  нұсқасын  оқушыларға  көшіріп  беруге
       болады;
     • интерактивті тақтаның бейнедатчиктермен жабдықталуы экран  бетіндегі
       кез келген нүктеге берілетін әсерлерді бірмезетте жылдам  анықтайды,
       соның нәтижесінде тақтада  бірнеше пайдаланушылар бірмезгілде  жұмыс
       жасай алады;
     •  экрандағы  басқару  батырмалары  интерактивті  тақтадан  проекторді
       ажырату арқылы, оны  қарапайым тақта ретінде  пайдалануға  мүмкіндік
       береді.
    Кең  тараған  интерактивті  тақталарға  StarBoard  және   Walk-and-Talk
сериялы тақталарды жатқызуға болады.
    Электрондық  қаламсапты  пайдалану  кезінде  тақтаның   металл   қабаты
бүлінбеуі  үшін  StarBoard  сериялы  интерактивті  тақта   инфрақызыл   және
ультрадыбыстық технологияға негізделіп жасалады. Ал,  Walk-and-Talk  сериялы
интерактивті тақта сенсорлық технологияға  негізделіп  жасалғандықтан,  онда
маркер ретінде саусақты да пайдалануға болады.
    Интерактивтi тақта бiлiм беру  салаларымен  қатар,  көрмелерде,  пресс-
орталықтарда көлемдi экрандардың қызметiн кеңейтуге мүмкiндiк бередi.
    Интерактивті проектор
    Интерактивті проектор  –  білім  беру  процесінде  қолдануға  арналған,
проекциялық құрылғы  мен  интерактивті  тақта  қызметін  бір  өзі  атқаратын
технология.
    Бүгінгі таңда оқыту процесінде пайдаланылатын ең тиімді,  баламасы  жоқ
ақпараттық технология болып саналады.
    Интерактивті проектордың мынадай тиімді жақтары бар:
     • интерактивті тақта ретінде кез келген қарапайым проекциялық  экранды
       немесе дәрісхана қабырғасын пайдалануға болады;
     •  интерактивті  басқарылатын  кескіннің  өлшемін  пайдаланушының  өзі
       анықтай алады;
     •  2  метр  қашықтықтан  диагоналы  2,54  метр  болатын  кескін  алуға
       мүмкіндік береді;
     •  телескопиялық  нұсқағыш  немесе   интерактивті   қашықтан   басқару
       қаламсабы арқылы кескінге  әртүрлі  өзгерістер  енгізуге,  кескіннің
       қандай да бір бөліктерін оқшаулауға, ерекшелеуге болады;
     • интерактивті  проектордағы  бағдарламалық  жабдық  пен  интерактивті
       тақта  қызметіне  қолданылатын  бағдарламалық  жабдық  орыс   тіліне
       аударылған;
     • пайдаланылған мәліметтерді, оған жасалған өзгертулерді файлға сақтау
       мүмкіндігі қарастырылған;
     • экрандық (виртуалды) пернетақта қызметі қамтылған;
    Интерактивті проектор құрамына мынадай құрылғылар мен жабдықтар кіреді:
қысқафокусты сұйықкристалды  проекциялық  құрылғы,  телескопиялық  нұсқағыш,
интерактивті  қашықтан   басқару   қаламсабы,   қашықтан   басқару   пульті,
бағдарламалық жабдық.







Медиавизор
    Медиавизор – мультимедиалық  құрылғылардың  бір  орталыққа  жинақталған
кешені.
    Медиавизордің  ерекшелігі  –  мұнда  компьютердің  монитор  экраны  мен
интерактивті тақта экранының қызметін  бір  ғана  құрылғы  (кері  проекциялы
сенсорлық экран) атқара алады.
    Кері проекциялы сенсорлық экран дәрісханадағы жарық сәулесіне  тәуелсіз
жұмыс істейді, яғни, кескінді анық, дәл бере алады.
    Сонымен қатар, сенсорлық экран:
        • интерактивті тақта  экранында  атқарылатын  барлық  іс-әрекеттерді
          орындайды  (мысалы,  интерактивті  нұсқағыш,  басқару   қаламсабы,
          маркер,  тіпті,  саусақ  көмегімен  кескінге  әртүрлі   өзгерістер
          енгізуге,  кескіннің  қандай   да   бір   бөліктерін   оқшаулауға,
          ерекшелеуге болады);
        • компьютердегі қолданбалы  бағдарламалық  жабдықтарды  пайдалануды,
          сондай-ақ, ақпаратты файлға сақтауды, баспаға шығарып алуды жүзеге
          асырады.
    Медиавизордың   тікелей  проекциялауды  жүзеге  асыратын   интерактивті
тақтадан артықшылығы – медиавизор  алдында  тұрған  баяндамашының  көлеңкесі
экранға түспейді, тыңдаушылар экрандағы кескінді анық  көре  алады.  Сонымен
бірге,  баяндамашының  көзіне  проекциялық  сәуле  әсер  етпейді.  Бұл  оның
дәрісханадағы  тыңдаушылармен  визуалды   қарым-қатынаста   болуына   жағдай
жасайды.


    Медиавизор мынадай құрылғылардан жинақталған:
     - кері проекциялау экраны;
     - сенсорлық панель;
     - мультимедиалық проектор;
     - салқын ауа алмасу жүйесімен жабдықталған корпус;
     - бағдарламалық жабдық.
    Қосымша құрылғылар:
     - компьютер;
     - DVD-ойнатқыш;
     - радиомикрофон;
     - дыбыс күшейткіш (динамик).
          Интер-Бим
    Интер-Бим (eBeam) – кез келген тегіс  бетті  немесе  қарапайым  тақтаны
интерактивті тақтаға айналдыратын, оқыту процесіне арналған құрылғы.
    Компьютерге  және   мультимедиалық   проекторға   жалғанған   Интер-Бим
құрылғысы қарапайым тақтаға бекітіледі де, оны  2.4  х  1.2  өлшемді  интер-
активті тақтаға айналдырады. Бұл  құрылғыда  экрандық  маркер  (стилус)  мен
электрондық пернетақта пайдаланылады.


    Дәрісханадағы  оқушылардың  назарын  аудару   үшін  мәтіндік  ақпаратқа
немесе графикалық  объектіге  белгілеулер  мен  өзгерістер  жасауға,  оларды
экрандық кадрлар тізбегі  ретінде бөлек-бөлек сақтап қоюға болады.
    Интер-Бим құрылғысының сипаттамасы:
        •  жұмыс  принципі   инфрақызыл   және   ультракүлгін   технологияға
          негізделген;
        • меню жүйесі пайдалануға өте қолайлы жасалған;
        • стилус құрылғысы комьпютердің  тышқан  құрылғысы  қызметін  атқара
          алады;
        • Windows 2000, Windows XP  операциялық  жүйелерімен  жұмыс  істеуге
          арналған;
        • pdf, vector pdf, html, monochrome bmp, 24 bit color bmp, 256-color
          bmp, eps, jpg, tif, emf, ppt,  pps  типінде  сақталған  файлдармен
          жұмыс істей алады;
        • сабақ барысын  avi  форматындағы  бейнефайлға  сақтауды,  оны  кез
          келген компьютерде демонстрациялауды жүзеге асырады;
        • Интернет желісі  арқылы  бағдарламалық  жабдық  драйверін  жаңарту
          мүмкіндігі қарастырылған;
        • Интер-Бим құрылғысының көлемі 14 см, салмағы 300 г.
Интерактивті панель


    Интерактивті панель – сымсыз электрондық қаламсап арқылы  пайдаланушыға
қолжазбалық мәтін  немесе  графикалық  фигуралар  салуға  мүмкіндік  беретін
құрылғы.  Панель  бетіне  мәлімет   енгізу   электромагниттік   технологияға
негізделген.
    Интерактивті панель көмегімен  дайындалған  мәліметтер  мен  слайдтарды
әртүрлі форматта сақтауға, қағазға басып шығаруға, электрондық пошта  арқылы
басқа пайдаланушыға жіберуге болады. Панель  Windows  жүйесінің  кез  келген
қосымшасымен,  Интернет   желісімен,   электрондық   кестелермен,   мәтіндік
редакторлармен жұмыс жасай алады,
    Панельді  басқару  және  оны  проекторға  жалғау  үшін    енгізу-шығару
порттары мен басқару батырмалары қолданылады.
    Интерактивті панельдердің диагоналы  15 және 17 дюйм болып келеді.






      Verdict дауыс беру жүйесі
    Бұл  құрылғы  сабақ  барысында   оқу   материалын   бекіту   мақсатында
оқушылардың білімін тексеру мен тестілеуді тез арада өткізуге арналған.
    Verdict дауыс беру жүйесін, әсіресе, семинарлар мен тренинг  сабақтарды
өткізуде пайдалану тиімді нәтижеге қол жеткізеді.
    Жүйе инфрақызыл сәулені қабылдағыш құрылғыдан, орталық басқару  басқару
пультінен, пайдаланушыларға  арналған  пульттер  жиынтығынан,  бағдарламалық
жабдықтан тұрады. Орталық  басқару  пульті  көмегімен  білімді  бақылау  мен
тестілеудің типтері таңдалады  және  тестілеу  бағдарламасы  іске  қосылады,
тестілеуге берілетін уақыт анықталады. Сонымен  бірге,  бұл  жүйе  көмегімен
дыбыстық және  бейне  мәліметтен  тұратын   тест  сұрақтарын  да  дайындауға
болады.
    Әрбір оқушыға дұрыс деген жауаптарды таңдауды жүзеге  асыру  үшін  жеке
пульт беріледі. Оқушының берген жауап нәтижесін анықтау  сол  пульттегі  код
бойынша  жүргізіледі.  Тест  нәтижелері  мен  сауалнамалар  қорытындысы  сол
мезетте өңделіп, экранға шығарылады. Экранға бір ғана оқушының немесе  бүкіл
сынып оқушыларының нәтижесін шығаруға болады.


        [pic]


    инфрақызыл   сәулені   қабылдағыш   құрылғы            пайдаланушыларға
арналған пульттер
                                және             орталық             пульті
  басқару басқару жиынтығы


    Verdict дауыс беру жүйесінде  сауалнама  жүргізудің  мынадай  режимдері
бар:
        • толық сауалнама (сыныптағы барлық оқушылар жауап  бергеннен  кейін
          келесі сұрақ экранға шығады);
        • жылдам жауап беру (жылдам әрі дұрыс жауап берген алғашқы  оқушының
          жауабынан кейін экранға келесі сауалнама шығады);
    Бұл жүйе кез келген компьютермен,  кез  келген  проекциялық  құрылғымен
жұмыс істей береді. Компьютерлік класстың атқаратын қызметін  Verdict  дауыс
беру жүйесін интерактивті тақтамен  немесе  интерактивті  панельмен  бірлесе
пайдалану арқылы ауыстыруға болады.
    Компакт-дискiлер
    Мультимедианың басты  мәселесi  мультимедиалық  ақпаратты  тарату  және
жеткiзу. Бұл  мәселе  оптикалық  дискiлердiң  түрлi  типтерiнiң  пайда  болу
нәтижесiнде шешiлдi.
    Компакт-дискiлердiң пайда болуы компьютерде пайдаланылатын  кез  келген
көлемдi ақпараттарды сақтауға, тасымалдауға зор мүмкiндiк  туғызды.  Қажеттi
мәлiметтi   қосымша   суреттермен,    аудиожазбалармен,    бейнеүзiндiлермен
толықтырып, бiр ғана компакт-дискiге  жазып,  пайдалануға  болады.  Компакт-
дискiлердiң    мұндай    мүмкiндiгi    мультимедиалық    энциклопедиялардың,
электрондық  оқулықтардың,  үйретушi  бағдарламалардың  шығуына,  қолданысқа
енуiне себепшi болып отыр.
    Компакт-дискiлердiң бiр ғана кемшiлiгi -  қатты  магниттiк  дискiлермен
салыстырғанда жылдамдығының аз болуы.
    Компакт-дискi  бiр  бетi  жұқа  жарық  шағылдырғыш   қабаттан   тұратын
пластмассадан  жасалады.  Жарық  шағылдырғыш  қабат  сақина  немесе  спираль
тәрiздi микроскопиялық ойық жолдардан  тұрады.  Ойық  жолдың  енi  0.4  мкм,
тереңдiгi 0.12 мкм, ал қатар орналасқан ойық жолдардардың ара қашықтығы  1.6
мкм болады. Дискi бетiнiң 1 дюймдiк  (2.5  см)  өлшемiнде  16  мың  жол  (ал
жұмсақ магниттiк дискi бетiнiң 1  дюймдiк  өлшемiнде  бар  болғаны  96  жол)
орналасады. Лазерлiк дискiлердегi ойық жолдар 650-700 Мб көлемге дейiн  ғана
ақпарат жазуға мүмкiндiк бередi.
    Компакт-дискiнiң сыртқы пiшiнiн сипаттайтын болсақ: қалыңдығы  1.2  мм,
сыртқы диаметрi 120 мм, iшкi диаметрi 15 мм болады. Ішкi диаметрiнiң  енi  6
мм болатын сыртқы айналасы бекiту бөлiмi деп (clamping area),  онан  кейiнгi
бөлiк дискi мазмұнынан тұратын (table of content) тақырыптық бөлiм (lead  in
area) деп  аталады.  Мұнан  әрi  енi  33  мм  болатын  мәлiмет  жазу  бөлiмi
орналасады. Ал соңғы бөлiм енi 1 мм болатын терминалды бөлiм (lead out)  деп
аталады (суретте).
    Мәлiмет жазуға арналған бөлiм 1-ден 99-ға дейiнгi логикалық  тректерден
тұруы мүмкiн. Әртүрлi типтi ақпараттар бiр тректе орналаса алмайды.


    |[pic]                                                        |
|                                                             |
|Компакт-дискiнiң сыртқы пiшiнi                               |


      Компакт-дискiде мәлiметтiң орналасуы
    Компакт-дискiнiң бiр секторында шамамен 2352 байт  ақпарат  орналасады.
Әрбiр сектор мынадай бөлiктерден тұрады:
    - синхронизация үшiн 12 байт;
    - ақпаратты  тиiстi  блокқа   жазу   режiмiнiң   типiн   және   адресiн
идентификациялауға қажеттi тақырып үшiн 4 байт;
    - пайдаланушының мәлiметiн жазу үшiн 2048 байт;
    - қосымша мәлiмет үшiн 288 байт.
    Компакт-дискiден секундына 175000 байт мәлiмет оқылады (175 Кб/с), яғни
секундына 75 сектордағы мәлiмет оқылады деген сөз (175000/2352).
    Дискiдегi әрбiр жолдың оқылу ұзақтылығы 4 секунд. Олай болса  әр  жолда
300 сектор (4х75) болады.
    Бiр компакт-дискiде барлығы 72 минуттық мәлiметтер жиынтығы орналасады.
Сол мәлiметтердiң көлемi шамамен 663,5 Мб (72х60х75х2048)  немесе  756,8  Мб
(72х60х75х2336) болады.
    Компакт-дискiде шамамен 277000 беттiк мәлiмет сақталады (756,8  Мб/2728
б). А4 типтi параққа 44 қатардан,  әр  қатарда  62  таңбадан  тұратын  мәтiн
орналасады десек, онда оның өлшемi 2728 байт болады.
    Мәлiметтi компакт-дискiге жазудың мынадай режимдерi бар:
    - 0-дiк режим, CD-DA (CD-Digital Audio –сандық аудио ақпаратты компакт-
диск) дискiсiне аудио ақпарат жазу үшiн қолданылады;
    - 1-лiк режим, дискiнi мәлiмет  жазу  кезiнде  қателiктен  қорғау  үшiн
қосымша мәлiмет жазуға керектi 288 байт пайдаланады. Көп жағдайда осы  режим
қолданылады;
    - 2-лiк режим, қосымша мәлiмет жазуға пайдаланылатын 288  байт  көлемдi
де негiзгi мәлiметтi жазуға пайдаланады. Бұл жағдайда  компакт-дискiнiң  бiр
секторында мәлiмет жазуға қолданылатын көлем 2336 байт болады.
    CD-DA  және  CD-ROM  технологияларының  физикалық  сипаттамалары,  атап
айтқанда,  дискi  өлшемi,  дискi  құрылымы,  дискiнi  айналдыру  жылдамдығы,
мәлiмет оқу механизмi бiрдей.


    2.9.2  Ақпарат жазу әдiстерi

    Лазерлiк дискiлерге  ақпарат  жазудың  екi  әдiсi  бар:  CAV  (Constant
Angular Velocity –тұрақты бұрыштық жылдамдықпен) және CLV  (Constant  Linear
Velocity-тұрақты сызықтық жылдамдықпен).
    CAV  әдiсi  бойынша  дискi  минутына  1500  айн/мин  тұрақты   бұрыштық
жылдамдықпен  айналады.  Мұнда  дискi  бетiндегi   жолдар   сақина   тәрiздi
орналасады (а-сурет) және дискiнiң әр бетi 54000 жолдан тұрады. Әрбiр  жолда
жекелеген  бiр  ғана  графиктiк  ақпарат  орналасады.  Демек,  CAV  әдiсiмен
жазылған дискi 54000-ға дейiн кескiн сақтай алады.
    Әрбiр кескiннiң  нөмiрi  немесе  адресi  болады.  Сол  бойынша  қажеттi
кескiнге пайдаланушының тез арада қол жеткiзу мүмкiндiгi бар.
    Мұндай әдiспен жазылған дискiлердiң кемшiлiгi - сыртқы жолдардың өлшемi
ұзын болғандықтан олардың көп  бөлiгi  бос  қалады.  Дискiнiң  мәлiмет  беру
ұзақтығы 36 минут.


    |[pic]                              |
|а)               |ә)               |


                     Лазерлiк дискiлерге ақпарат жазудың
                        CAV (а) және CLV (ә) әдiстерi


    Ал, тұрақты сызықтық жылдамдықпен (CLV) жазылған дискiде тек  бiр  ғана
спираль тәрiздi  жол  орналасады  (ә-сурет).  Мұндай  дискiнiң  мәлiмет  оқу
кезiнде бұрыштық  айналу  жылдамдығы  өзгерiп  отырады:  iшкi  жолдарды  оқу
кезiнде ол минутына 1500 айн/мин жасаса, сыртқы жолдарға  қарай  бiрте-бiрте
азайып,  ең  шеткi  сыртқы  жолдарды  оқу  кезiнде  минутына   500   айн/мин
жылдамдықпен айналады. Мәлiмет беру  ұзақтығы  60  минутты  құрайды.  Мұндай
дискiлердiң кемшiлiгi - қажеттi ақпаратқа бiрден  жету  мүмкiн  емес.  Яғни,
бұл CLV дискiлердiң интерактивтi мүмкiндiгi шектеулi деген сөз.

    Компакт-дискiнiң түрлерi
    CD – диаметрi 8 немесе 12 см, қалыңдығы 1.2 мм болатын мәлiмет сақтаушы
лазерлiк дискiлердiң жалпы атауы.
    CD-WO (CD-Write-Once) - бiр рет қана мәлiмет жазылатын компакт-диск. CD-
ROM стандартына сәйкес келедi.
    CD-WORM (CD-Write-Once-Read-Many) - бiр рет қана мәлiмет жазылатын және
бiрнеше рет оқылатын компакт-диск. CD-ROM стандартына сәйкес келмейдi.
    CD-DVІ (CD-Digital-Video-Іnteractive) - сандық бейнесигналды  ақпаратты
жазатын интерактивтiк компакт-диск. Қозғалыстағы  бейнекескiндердi  сақтауға
арналған компьютердiң сыртқы есте сақтау құрылғысы ретiнде қолданылады.
    CD-EROM (CD-Eraseble-Read-Only-Memory) – бiрнеше мәрте  мәлiмет  жазуға
арналған  компакт-диск.  Сондықтан  да  ондағы  ақпаратты  өшiрiп   тастауға
болады.
    CD-DA (CD-Digital-Audio)  –  сандық  аудиоақпаратты  сақтауға  арналған
компакт-диск.
    CD-І (CD-Іnteractive) – интерактивтi компакт-диск. Арнайы бағдарламалық
жабдықпен  жұмыс  iстейтiн  және  компьютердiң  басқаруын   қажет   етпейтiн
дискiжүргiзушi  көмегiмен  оқылатын,  ақпараттың  кез-келген  түрiн   сақтай
алатын   компакт-дискi.   Көп   жағдайда   оқыту   процесiнде    тренажерлiк
бағдарламаларда қолданылады.  Жалпы  көлемi  90  минуттық  ақпаратты  сақтай
алады.
    CD-V (CD-Video) - ұзақтылығы 20  минуттық  сандық  музыкалық  ақпаратты
және ұзақтылығы  5  минуттық  аналогты  бейнелiк  ақпаратты  сақтай  алатын,
арнаулы дискiжүргiзушiмен жұмыс iстейтiн сандық-аналогтi компакт-дискi.
    DVD  (Digital-Versatile-Disk)  –  сандық  ақпаратты   қайталап   жазуға
мүмкiндiк беретiн дискi. DVD дискiлердi пайдаланатын құрылғы  DVD-плеер  деп
аталады.  DVD-плеер  теледидарға  немесе   компьютерге   қосуға,    4.7   Гб
сиымдылықты дискiдегi  дыбыстық  және  бейнеақпаратты  пайдалануға  арналған
құрылғы.
    DVD-V (DVD-Video) - өшiрiлмейтiн бейнелiк ақпаратты сақтаушы дискi.
    DVD-ROM (DVD-Read-Only-Memory) -  өшiрiлмейтiн  компьютерлiк  ақпаратты
сақтаушы дискi.
    DVD-A (DVD-Audio) - өшiрiлмейтiн аудио ақпаратты сақтаушы дискi.
    DVD-R (DVD-Rewritalle) – дискiнi шығарушы  компания  емес,  пайдаланушы
адамның бiр рет  қана  мәлiмет  жазуына  арналған  дискi.  Жазылған  мәлiмет
қайтадан өшiрiлмейдi.
    DVD-RAM (DVD-Random-Access-Memory) – ақпаратты  бiрнеше  мәрте  өшiрiп,
қайта жазуға мүмкiндiк беретiн дискi.





    Бақылау сұрақтары:


    1.  Интерактивті  тақтаның  бағдарламалық  жабдығы  қандай  құралдардан
       тұрады?
    2. Виртуалды пернетақтаның қызметі қандай?
    3. Жазба кітабы не үшін қолданылады?
    4.  Интерактивті  тақтаның  қарапайым  дәстүрлі  тақтадан  айырмашылығы
       қандай?
    5.   Интерактивті   тақтаның   жұмыс   ұстанымы   қандай   технологияға
       негізделген?
    6. Интерактивті проектордың жұмысы қандай технологияға негізделген?
    7. Интерактивті проектор құрамына қандай құрылғылар кіреді?
    8. Интерактивті проектордың әдістемелік тиімділігін атап көрсетіңіз.
    1. Медиавизор құрылғысы не үшін қолданылады?
    2. Кері проекциялы сенсорлық экран қандай жұмыс атқарады?
    9. Медиавизорды құраушы құралдарды атаңыз
   10. Verdict дауыс беру жүйесі қандай режимдерде жұмыс істейді?
   11. Жүйені құраушы құрылғыларды атап беріңіз.
   12. Жүйені қандай оқыту формасында пайдалану тиімді?
   13. Интерактивті панельдің сұйықкристалды панельден айырмашылығы қандай?
   14. Интерактивті панельді интерактивті проектор ретінде  қолдануға  бола
       ма?
   15. Интерактивті панельді оқытуда пайдалану мүмкіндіктері қандай?
   16. Компакт-дискілердің физикалық пішініне сипаттама беріңіз.
   17. Компакт-дискілерде неше сектор болады?
   18. Мәлімет жазудың қандай режимдері бар?
   19. Ақпарат жазудың қандай әдістері бар?
   20. CAV әдісімен жазылған компакт-дискі қандай жылдамдықпен айналады?
   21.  Тұрақты  сызықтық  жылдамдықпен   жазылған   дискіде   қандай   жол
       орналасады:?


                   CРО  бойынша  әдістемелік  ұсыныстар .
    Оқытушылармен   орындалатын   студенттердің    өздік    жұмыстары(ОСӨЖ)
зертханалық  аудиторияларда  орындалады , мұнда теориялық   білім  деңгейін
анықтайтын    бақылау   тапсырмаларын   орындау,  зертханалық   жұмыстардың
жүргізу  әдістемесіне бағыт беру,   есеп-жаттығулар   орындау  ,зертханалық
жұмыс   дәптерлерін   өңдеу  ,зертханалық   жұмыстардың  есебін    тапсыру,
курстың  тақырыптары  бойынша коллоквиум  тапсыру  жұмыстары    орындалады.
Оқу  жұмысының  бұл  түрі  студенттердің  білімін  кеңейтуге   бағытталған.
ОСӨЖ кеңес беру және бақылау   функциясын  атқарады.

Әдебиеттер :

   1. Дрижун И.Л.   Технические средства     обучения  в  химии.-М:  «Высшая
      школа».-1989

   1.    Есжанов    А.    Электрондық    мультимедиа:     ресурстары     мен
      құралдары.//Қазақстан мұғалімі, 16 сәуір, 2008.
   2.   Шлыкова   О.В.   Немного   о    мультимедиа    в    профессиональном
      образовании//Библиотека, 1998. -№4. -С.55-57.
   3. Татарников О. Мультимедиа:  со  средством  и  посредством  //Компьютер
      Пресс, 1999. -№1. -С.29-37.
   4.  Морозов  М.Н.  и  др.  Школьное   мультимедиа:   мир   знаний   //Мир
      библиографии, 2000. -№2. -С.42-45.
   5.  Усова  А.В.  Психолого-дидактические  основы  формирования   учащихся
      научных понятий. Уч. пособие. -Челябинск: ЧГПИ,  1986. -84 с.
   6. Досжанов Б.А. Мультимедиа және оның  техникалық  құрамы.  Оқу  құралы.
      –Қызылорда:ҚМУ, 2004, -81 б.
   7. Вымятнин В.М., Демкин В.П.  и  др.  Мультимедиа-курсы:  методология  и
      технология разработки. -Томск, 2003. -265с.

      Карпов П. Проекторы в учебном процессе//Техника, кино  и  телевидение,
      1998. -№3. -С.52-54



                        6. БАҚЫЛАУ-ТЕКСЕРУ  ҚҰРАЛДАРЫ
ЕМТИХАН  СҰРАҚТАРЫ.
   1. Мектепте ТОҚ орны және маңызы.
   2.   Химия  мұғалімі  қызметінің  техникалық  оқыту  құралдарын   қолдану
      үрдісінде жүзеге асуы.
   3. Химия пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығында ТОҚ кешенді пайдалану.
   4.  Химияны оқыту үрдісінде құралдарды қолданудың  педагогикалық  жүйесін
      модельдеу.
   5. Аудиовизуальды құралдарды қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.
   6. Техникалық оқыту  құралдарының жіктелуі.
   7. Көрнекілік ұстанымын жүзеге асыруда аудиовизуальды құралдардың рөлі.
   8. Химияны оқытудың политехникалық бағытындағы ТҚ.
   9. Оқушыларға кәсіптік бағдар берудегі ТҚ қолдану.
  10. Оқушылардың өзіндік дайындықтарында ТҚ рөлі.
  11.   Аудиовизуальды  құралдардың  дидактикалық,  гигиеналық,  техникалық,
      ұйымдастырушылық талаптары.
  12. Телекөрсетілімдердің оқыту жүйесіндегі орны, мәні және мүмкіндіктері.
  13. Оқу телекөрілімнің жанры және формалары.
  14. Телекөрілімдер арқылы оқу материалдарын баяндауда оқушылардың танымдық
      әрекеттерін басқару.
  15.  Дыбыс  және  виедожазбаларды  химияны  оқытуда  қолдану,   қолданудың
      бағыттары, тәсілдері және формалары.
  16. Химияны оқытуда  оқу киноларының ролі және әдістемесі

  17. Мультимедиалық ресурстарды дайындаудың бағдарламалық жабдықтары
  18. Медиатека, медиаорталық
  19. Мультимедианың техникалық құралдары
  20.






Пәндер