Файл қосу

Тілін оқитын елдің мәдениетінің ұлттық ерекшеліктерін қамтитын тілдік құбылыстарды үйрету



|Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі                            |
|Семей қаласының  Шәкәрім атындағы  Мемлекеттік Университеті                       |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты        |ПОӘК                |ПОӘК   042 –18-17.1.27/01-2014 |
|ПОӘК                         |11 қыркүйек 2014 ж. |                               |
|Оқытушыға арналған           |Басылым №1          |                               |
|«Лингвоелтану» пәнінің жұмыс |                    |                               |
|бағдарламасы                 |                    |                               |


















                         «Лингвоелтану» пәні бойынша

                 5В020700 «Аударма ісі» мамандығына арналған

                            ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

                Пәннің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы
















                                    Семей
                                    2014
                                   Кіріспе

1 ЖАСАЛЫНДЫ
Құрастырған ______ «02»___09_____2014г. А.А.Ибраева
“Аударма  теориясы мен практикасы” кафедрасының аға оқытушысы


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Аударма теориясы және практикасы кафедрасында

Хаттама «02»  ___09___ 2014ж. №1

Кафедра меңгерушісі __________  Ж.У.Калимова

2.2 Экономика, заң және гуманитарлық ғылымдар факультетінің  оқу-әдістемелік
бюросында
Хаттама «09» ____09___ 2014ж. №1

Төрайымы ________ С.Х.Тойкин

3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің  оқу-әдістемелік   кеңесінің   отырысында   мақұлданды   және
басылымға ұсынылды.
Хаттама  «11» ___09___ 2014ж. №1

Оқу-әдістемелік кеңестің бастығы ___________   Г.К.Искакова

4. Алғашқы рет енгізілді
(«   » ____________ 20 __ж.   №__  басылымның орнына)




























                                   МАЗМҰНЫ


1 Қолдану саласы.


2 Нормативті сілтемелер.


3 Жалпы ережелер.


4 Пәннің оқытушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасының мазмұны

5 Студенттердің өздік жұмыстары тақырыптарының тізімі.
6 Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтылу картасы
7 Әдебиет












































      1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

       «Лингвоелтану»  пәнінің  оқу  -   әдістемелік   кешені    «5B020700»-
«Аударма ісі» мамандығы  студенттеріне  арналған.  Ол  студенттерді  курстың
мазмұнымен,  курстың  барысымен,  студенттердің  оқу  барысында   меңгеретін
дағдылармен таныстырады. Бұл құжат «Лингвоелтану» пәні бойынша оқу  процесін
ұйымдастырудың негізгі заңдылықтарын  бір  жүйеге  келтіреді  және  “Аударма
теориясы мен практикасы” кафедрасында қолдануға арналған.


      2 НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР


      «Лингвоелтану» пәнінің оқу-әдістемелік кешені аталған пән бойынша  оқу
процесін келесі құжаттардың нұсқаулары мен  талаптарына  сәйкес  ұйымдастыру
тәртібін бекітеді:
    - Білім деңгейіне сай Мемлекеттік білім стандарты
    - «5B020700»-  «Аударма ісі» мамандығы бойынша типтік оқу жоспары
-      СТУ 042-ГУ-4-2013  Университет  стандарты  «  Пәннің  оқу-әдістемелік
кешенін құрастыруға және безендіруге қойылатын жалпы талаптар»;
      - ДП 042-1.01-2013  Құжатталған  процедура  «  Пәннің  оқу-әдістемелік
кешенінің құрылысы мен мазмұны».


      3  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      3.1 . Курстың қысқаша мінездемесі
       Пәннің  курсы  лингвоелтанудың  теориялық  негіздеріне   бағытталған.
Лингвоелтану курсы шет тілінің әдебиетіндегі,  мәдениетіндегі,  тарихындағы,
саясатындағы ерекшеліктерді ана  тілімен  салыстыра  отырып  оқытылады  және
студенттердің дүниетанымын дамытуға өз үлесін  қосады,  тілдік  бірліктердің
ұлттық-мәдени  семантикасы  туралы  мағлұмат  беріп,  осы   семантикада   өз
көрінісін табатын адамдардың  тарихи  жағдайы,  салт-дәстүрі,  олардың  бір-
біріне, дүниеге көзқарасы туралы хабардар етеді.
        Оқу   барысында   студенттер   тілін    оқитын    елдің    тұрмыстық
ерекшеліктерімен танысып, тілдік қарым-қатынас  кезінде  лингвоелтану  курсы
бойынша алған білімдерін қолдануды үйренулері тиіс.
      3.2 Курстың мақсаты.
      Тілін оқитын елдің мәдениетінің ұлттық ерекшеліктерін қамтитын  тілдік
құбылыстарды  үйрету.  Реалиялардың  шығу  тарихы,  фондық   білім   жайында
мағлұмат беру.  Аударма  процесі  кезінде  кәсіби  деңгейде  қатынас  құралы
ретінде  қолданылатын  шет  тілін  меңгеру  үшін  қажет  мәдениаралық   және
танымдық біліктерін қалыптастыру.
      3.3 Курс міндеттері:
      Лингвоелтанудың тілдік  материалдарын  меңгеріп,  оларды  шет  тілінде
сөйлеушінің сөзінде түсіне алу. Студенттің өз тілінде, өз  мәдениетінде  жоқ
құбылыстар мен  заттар  туралы  мағлұмат  беру.  Танымдық  біліктілік  тілін
оқитын  елдің  әдебиеті,  тарихы,  экономикасы,  мәдениеті,   қоғамдық-саяси
құрылымы туралы  білімді  жетілдіріп  қана  қоймай,  алған  білімді  кәсіби-
практикалық қызметте де қолдануды қарастырады.
      3.4 Курс соњында студент білуі тиіс:
    - тілін оқитын елге тән ұлттық мінезін, психологиясын;
    - елдің мәдениетінің ұлттық ерекшеліктерін;
    - тілін оқитын елдің фондық білімдерінің бастауы мен мазмұнын;
    - фондық лексиканың неологизмдері мен эквивалентсіз түрлерін;
    - фразеологиялық фонның ұлттық-мәдени спецификасын;
      меңгеруі тиіс:
    - - сөйлеушіні тыңдай отырып, бір мезгілде аударма жасау;
    - - сөйлеушіден қалып қойған жағдайда немесе сөйлеуші мәтінінен  ауытқып
      кеткен жағдайда дұрыс шешім қабылдау;
    - - сөзді  немесе  сөйлемді  түсінбей  қалған  жағдайда  ойын  жинақтап,
      қиындықтан шығудың жолын білу;
    - игеруі тиіс:
    - - бір тілден екінші тілге көшудің дағдыларын білу;
    - - жиналған қауым алдында сөйлеу алу дағдыларын білу.
    - істей білуі тиіс:
    -  - ағылшынша сөйлей  алу  және түсіну, жаза   алу  аудару   этикасының
      талаптарына сәйкес өзін ұстау;
    -  - басқа мәдениет өкілдерінің жағдайларға байланысты қалыптасқан мінез-
      құлқын пайымдау;
    -  - екі мәдениеттің ұқсастықтары мен  айырмашылықтарын   ажырата  білу,
      барабар аударманы жүзеге асыру және өзінің тілдік мінезінің жағдаятты-
      барабар стратегиясын және тактикасын  іске  асыру,  мақсат  білімдерді
      пайдалану;
     - тілін оқитын  елдің  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік,  мәдени
       процестерін ана тілімен салыстыра отырып талдай жасай алу;
     - құбылыстарды салыстыра отырып, жалпы және ерекше оқиғаларды  көрсете
       алуы;
     - нақты мәдениаралық  жағдайларға  байланысты  туындайтын  мәселелерде
       елтану курсы бойынша алған білімін пайдалана алуы;
     - қарама-қайшы келетін пікір қалыптасқан уақытта өз  пікірін  дәлелдей
       алатын болу;
     -  лингвоелтанулық  анықтама  әдебиеттерін  қолданып,  лингвоелтанулық
       компоненттерді қлыптастыруды жалғастыра алуы керек.


3.5 Курстың перереквизиттері: Жазбаша  аударма  практикасы,  Көркем  аударма
практикасы, Ғылыми - техникалық аударма

3.6  Курстың  постреквизиттері:   Мәдениаралық   қарым-қатынас   негізіндегі
арнайы кәсіби шет  тілі,  Ақпараттық  аударма  практикасы,  Рефераттау  және
аннотациялау

3.7 Оқу жоспарының көшірмесі
                                                                     Кесте 1
|Курс                                                              |Семестр  |
|1                                                                 |2        |
|Дәріс                                                                       |
|Модуль 1. Лингвоелтану пәні, анықтамасы.                          |2        |
|Лингвоелтанудың методологиялық негіздері. Тілдің әлеуметтік       |2        |
|құрылымы. Тіл мен мәдениет. Лексикалық ұғым туралы ұғым.          |         |
|Модуль 2. Тілдің номинативті бірліктері мен ұлттық-мәдениет туралы|3        |
|мәліметтердің бастау алуы. Тілдік афоризмдердің ұлттық-мәдени     |         |
|семантикасы. Лексика, фразеология, афористика - лингвоелтанудың   |         |
|бастамасы ретінде. Фразеология мен афористиканың лингвоелтанулық  |         |
|сөздіктері. Фондарды семантизациялау тәсілдері.                   |         |
|Модуль 3. Тілдің реляционды бірліктері ұлттық-мәдени              |2        |
|мағлұматтардың бастамасы ретінде. Фонетика мен интонация ұлттық   |         |
|мәдениет феномені ретінде. Сөзжасамның, морфологияның және        |         |
|синтаксистің  лингвоелтануда қарастырылуы.                        |         |
|Модуль 4. Тіл мен мәдениеттегі реалиялар. Реалия туралы ұғым.     |2        |
|Реалия-зат және реалия-сөз. Лингвоелтанудағы реалиялар.           |         |
|Реалиялардың мағыналық құрылымы. Реалия және термин.              |         |
|Модуль 5. Вербалды емес тілдердің лингвоелтанулық мағынасы.       |2        |
|Күнделікті жүріп-тұрудағы соматикалық тіл. Ағылшын тіліндегі      |         |
|соматикалық тіл және оның лингвоелтанудағы мәні.                  |         |
|Модуль 6. Лингвоелтанулық оқулар. Лингвоелтанулық қарастырудағы   |2        |
|көркем әдебиет пен өнердің басқа түрлері.                         |         |
|                                                                  |Барлығы  |
|                                                                  |15 с     |
|Практикалық сабақтар                                                        |
|Модуль 1. Лингвоелтану пәні, анықтамасы.                          |2        |
|Лингвоелтанудың методологиялық негіздері. Тілдің әлеуметтік       |2        |
|құрылымы. Тіл мен мәдениет. Лексикалық ұғым туралы ұғым.          |         |
|Модуль 2. Тілдің номинативті бірліктері мен ұлттық-мәдениет туралы|3        |
|мәліметтердің бастау алуы. Тілдік афоризмдердің ұлттық-мәдени     |         |
|семантикасы. Лексика, фразеология, афористика - лингвоелтанудың   |         |
|бастамасы ретінде. Фразеология мен афористиканың лингвоелтанулық  |         |
|сөздіктері. Фондарды семантизациялау тәсілдері.                   |         |
|Модуль 3. Тілдің реляционды бірліктері ұлттық-мәдени              |2        |
|мағлұматтардың бастамасы ретінде. Фонетика мен интонация ұлттық   |         |
|мәдениет феномені ретінде. Сөзжасамның, морфологияның және        |         |
|синтаксистің  лингвоелтануда қарастырылуы.                        |         |
|Модуль 4. Тіл мен мәдениеттегі реалиялар. Реалия туралы ұғым.     |2        |
|Реалия-зат және реалия-сөз. Лингвоелтанудағы реалиялар.           |         |
|Реалиялардың мағыналық құрылымы. Реалия және термин.              |         |
|Модуль 5. Вербалды емес тілдердің лингвоелтанулық мағынасы.       |2        |
|Күнделікті жүріп-тұрудағы соматикалық тіл. Ағылшын тіліндегі      |         |
|соматикалық тіл және оның лингвоелтанудағы мәні.                  |         |
|Модуль 6. Лингвоелтанулық оқулар. Лингвоелтанулық қарастырудағы   |2        |
|көркем әдебиет пен өнердің басқа түрлері.                         |         |
|                                        Барлығы:                  |15 с.    |




      5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
      5.1. Лингвоелтану пәні, анықтамасы.
      5.2. Лингвоелтанудың методологиялық негіздері.
      5.3. Тілдің әлеуметтік құрылымы.
      5.4. Тіл мен мәдениет.
      5.5. Лексикалық ұғым туралы ұғым.
      5.6. Тілдік афоризмдердің ұлттық-мәдени семантикасы.
      5.7. Тілдік афоризмдерді сөйлеуде қолдану.
      5.8. Лексика,  фразеология,  афористика  -  лингвоелтанудың  бастамасы
ретінде.
      5.9. Фразеология мен афористиканың лингвоелтанулық сөздіктері.
      5.10. Фондарды семантизациялау тәсілдері.
      5.11. Фонетика мен интонация ұлттық мәдениет феномені ретінде.
      5.12. Сөзжасамның,  морфологияның  және  синтаксистің   лингвоелтануда
қарастырылуы.
      5.13. Реалия туралы ұғым.
      5.14. Реалия-зат және реалия-сөз.
      5.15. Лингвоелтанудағы реалиялар.
      5.16. Реалиялардың мағыналық құрылымы.
      5.17. Реалия және термин.
      5.18. Күнделікті жүріп-тұрудағы соматикалық тіл.
      5.19. Ағылшын тіліндегі соматикалық  тіл  және  оның  лингвоелтанудағы
мәні.
      5.20. Лингвоелтанулық қарастырудағы көркем әдебиет пен  өнердің  басқа
түрлері.
      6  ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КАРТАСЫ
Кесте 3
|Оқулықтың атауы                    |Әдебиет    |Студент |Қамтамасыздандыр|
|                                   |саны       |саны    |у пайызы        |
|Перевозникова А.К. Русский язык как|1          |7       |20%             |
|иностранный для                    |           |        |                |
|студентов-международников  : учеб. |           |        |                |
|пособие : - М. : МГИМО-Университет,|           |        |                |
|2012                               |           |        |                |
|Фомина Т.Г. Язык и национальная    |Электронды |7       |100%            |
|культура:лингвострановедение:учебно|вариант    |        |                |
|е пособие - Казань, 2011.          |           |        |                |
|Н. Михайлов Лингвострановедение    |Электронды |7       |100%            |
|Англии = English Сultural Studies. |варинт     |        |                |
|Учебное пособие -2007              |           |        |                |

      7 ӘДЕБИЕТ
      7.1 Негізгі әдебиет
      7.1.1Перевозникова А.К. Русский язык как  иностранный  для  студентов-
международников (на материале текстов об ООН) :  учеб.  пособие  :  -  М.  :
МГИМО-Университет, 2012
      7.1.2 Фомина Т.Г. Язык и национальная
культура:лингвострановедение:учебное пособие - Казань, 2011.
      7.1.3   Маркушевская   Л.П.   Учебное   пособие   по    страноведению:
Великобритания. - СПбГУ ИТМО, 2008
      7.1.4  Н.  Михайлов  Лингвострановедение  Англии  =  English  Сultural
Studies. Учебное пособие -2007
      7.2 Қосымша әдебиет
      7.2.1 Oxford guide to British and American culture, OUP, 2000.
      7.2.2 Ощепкова В.В. Язык и культура.  -  М.:  Изд-во  «Глосса  Пресс»,
2004.
      7.2.3 Австралия и Новая  Зеландия.  Лингвострановедческий  словарь.  -
М.: «Русский язык», 1998.
      7.2.4 Making America, edited by Luther S. Luedtke, 1992.
Пәндер