Файл қосу

Жабық қоян қораларында



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                        |
|ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                            |
|3-деңгейлі СМЖ құжаты     |ПОӘК           |ПОӘК                            |
|                          |               |042-14.4.01.01.20.47/03-2013ж   |
|«Ауылшаруашылық малдарының|Басылым № 3    |                                |
|төлдерін өсіру гигиенасы» |               |                                |
|ПОӘК                      |               |                                |












     «Ауылшаруашылық малдарының төлдерін өсіру гигиенасы» пәнінің 051202
              -«Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған





                           ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ























                                 Семей 2013

       Дәріс №1. Кіріспе. Ауылшаруашылық малдарының төлдерін өсірудің
                           ерекшеліктері. (1сағат)

      Жоғары дәрежелі ауыл шаруашылық мамандарын, оның ішінде мал дәргерлері
мен зооинженерлерін дайындаудың  негізіне малдардың  денсаулығын  жақсартып,
олардан мол және сапалы өнім алудың тиімді шараларын белгілеп көрсету  болып
саналады. Бірақ малдардан жоғарғы сапалы өнімдерді алып, әртүрлі  аурулардан
сақтандыру шараларын жүргізу тек қана  өндірісте  технологиялық  процесстері
ғылыми тұрғыға негізделіп мынандай   зоотехникалық  ветеринариялық  жұмыстар
жасалған шаруашылықтарда ғана болады. Оған негізгі мыналар жатады:
    - Шаруашылықтардағы  малдардың  жоғарғы  генетикалық  потенциалы  болуын
      қамтамасыз ету;
    - Малдарды құнарлы азықтармен  және  санитарлық  сапасы  жоғары  су  мен
      қамтамасыз ету;
    -   Малдарға   қалыпты   микроклимат   жасап,   олардың    физиологиялық
      ерекшеліктеріне сәйкестіріп күтіп-бағу жағдайын туғызу;
    - Шаруашылық өндірістерінде сенімді ветеринариялық-санитарлық сақтандыру
      және қорғану шараларын ұйымдастыру;
    - Сыртқы қоршаған ортаны (ауа, су, топырақ т.б.) өндіріс қалдықтары  мен
      (көң, өлексе т.б.) ластанудан сақтандыру;
    - Малдарды күтіп-бағу және  пайдалануды  дайындығы  жоғары   санитарлық-
      гигиеналық талаптарға сай жүргізе алатын мамандар  және  жұмысшылармен
      қамтамасыз ету.
      Ауыл шаруашылығында  малдардың  денсаулығын  сақтап,  олардан  жоғарғы
сапалы, мол өнім алуды қамтамасыз ету  тек  малға  қалыпты  жағдай  туғызып,
санитарлық-гигиеналық  талаптарды сақтағанда ғана болады.
Малдарға қалыпты (оптималды) жағдай туғызу,  яғни  тірі  организм  мен  оның
өмір сүру  ортасының  байланысын  бақылап,  қайшылығына  жол  бермей,  тепе-
теңдігін сақтауға бағытталған  шаралар-зоогигиенаның  негізгі  саласы  болып
есептеледі.
Әр малдардың физиологиялық  ерекшеліктерін  ескеріп  (жасы,  тұқымы,  өнімі,
жынысы,  бағыты  т.б.)  тиісті  жағдай  туғызбаса,  олардан  тіпті  тұқымдық
көрсеткіштерінен де төмен өнім алып, малдардың табиғи төзімділігін,  әсіресе
жоғарғы өнімді  малдар  мен  жас  төлдердің,  нашарлатып  әртүрлі  ауруларға
ұшырап, өлім-жітімнің артуына апарып соғатындығын көрсетеді.
      Сондықтан  малдарды  әртүрлі  жұқпалы  аурулардан  сақтап,  алдын  алу
шараларын ғылыми тұрғыда өндірісте пайдалана отырып, олардан жоғарғы  сапалы
және мол өнім алуда зоогигиена пәнін оқып білудің маңызы  өте   зор.  Сыртқы
ортаның қасиеттерін  зерттеп,  оның  құрамын  жақсарту  бағытында  және  мал
шаруашылығының  қалдықтары  мен  ластануынан  сақтандыру  шараларын  жүргізу
кәзіргі кездегі проблемалық мәселенің  бірі болып саналады.
      Ауыл  шаруашылық  малдарының,  құстардың,  бағалы   терілі   аңдардың,
қояндардың, балықтар мен аралардың  өнімдері  кәзіргі  кезде  халықтың  жан-
жақты сұранысын толықтай қамтамасыз ету үшін, әрбір малдардың  физиологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып, оларға  санитарлық-гигиеналық  талаптарға  сай
және әр ауа райы мен жер орайы әртүрлі аймақтарға  қолайлы  келетін,  күтіп-
бағу жүйелері мен азықтандыру тәсілдерін  талдап  оқып  білетін  мемлекеттік
тілде  жазылған  оқу  құралдары  жоқ  деуге   болады.   Сол   сияқты   нарық
экономикасына негізделген, шағын мал басын  өсіріп,  мемлекеттік  стандартқа
сәйкес  келетін  өнімдер  алатын  кәсіпорындардың  дамуы   кезінде,   құрлыс
гигиенасының, малдар организмдеріне сыртқы  ортаның  факторларының  күйзеліс
тудыратын  әсерлерін,  малдар   арасындағы   инфекциялық   және   инвазиялық
аурулардың,  әсіресе  адамдар  мен  хайуанаттарға  ортақ   қауіпті   жұқпалы
аурулардың алдын алу және сақтандыру шараларының негізін  қалыптастыратын  -
гигиена пәні, мемлекеттік тілде оқып білетін құрал болып саналады.
      Өткен ғасырдың 80-90 жылдарында баспаханадан басылып шыққан зоогигиена
пәніне арналған оқымыстылардың оқулықтары (А.Ф. Кузнецов, М.В. Демчук,  В.И.
Гершун, Б.М. Муслимов, В.Ф. Костюнина, Б.М. Туманова, Г. Демчук  т.б.)  орыс
тілі,  ал  професорлар  Мырзабеков  Ж.Б.,   Асылбеков,   М.Садуакасов   т.б.
мемлекеттік тілде  шығарылған  (1992)  жалпы  гигиена  оқулығы  болашақ  мал
мамадарын дайындауда елеулі жетіспеушілік көрсетіп келеді.



   Дәріс №2. Ірі қара малының төлдерін өсірудің гигиенасы.(3 сағат)

      Ірі қара малдарының қораларын жобалап-салу және  пайдалану  кездерінде
оларға  ветеринариялық-санитарлық  бақылау  жүргізу  технологиялық   жобалау
нормаларына (НТП) және ветеринариялық-санитарлық ережелерге  (СНИП)  сүйеніп
жасалады.
      Әр малдардың түрі, жасы,  тұқымы,  бағыты  ескеріліп  оларға  арналған
жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне,  ауа
райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі.
      Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді  жобалап-салу
және  пайдалану  кездерінде  ең  басты  ветеринариялық-санитарлық   проблема
малдарды  әртүрлі  аурулардан  сақтау  және  олардан   алынатын   өнімдердің
сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады.
      Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің  бағытына  байланысты,  оларға
арналған шаруашылықтар (фермалар):
1) тұқымдық – мал  тұқымын  жақсартып,  олардан  тұқымды  жас  төлдер  алуға
арналған;
2) Өнімдік – ет және сүт өнімдерін алуға бағытталған шарушылықтар;
3) Мал  басын  толықтандырып  отыруға  арналған  жас  төлдерді  өсіріп  және
бордақылау бағытындағы шаруашылықтар;
4) Ірі малдарды бордақылап ет өндіру және жас  бұзауларды  бағып,  күту  мен
айналысатын шаруашылықтар.
               Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдері
      Малдардың сыртқы әсерге дене төзімділігін арттырып,  олардан  алынатын
өнімдердің мөлшері мен сапасын жоғарлатуға бағыталған  әртүрлі  азықтандыру,
суару, орналастыру, байлау, жаю  т.б.  технологиялық  тәсілдердің  жинағы  –
малдарды ұстау жүйелері деп аталады.
      Малдарды  өсіру  қарқынына  жер  орайы,  ауа  райының  ерекшеліктеріне
байланыстыра отырып ірі қара малдарын ұстаудың мынандай жүйелері болады.
      1. Қолда тұрғызып-жайып ұстау. Бұл жүйе көбінесе сүт  өнімін  өндіруге
арналған шаруашылықтарда  кең  таралған,  себебі  ветеринариялық  гигиеналық
тұрғыдан  қарағанда  бұл  жүйеде  ұстау  кезінде   малдардың   физиологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес келеді  де,  мал  организмінің  табиғый  төзімділігін
арттыруға  мүмкіншіліктер  туып,  малдың  өнімділік  қасиеттері  жоғарлайды.
Мұндай жүйемен ұстау кезінде сиырлардың қозғалысы  шектелмей,  денедегі  зат
алмасу  процесстерінің  жоғарлауына,  күн  сәулелерінің  оң  әсерлері  тиіп,
белокқа, витаминдерге және  миниралды  заттарға  бай  азықтарды  қабылдауына
қолайлы жағдай жасалады. Әсіресе, малдарды еркін жаю кездерінде олардың  ауа
райы  қолайсыз  мезгілдерде  қолда  тұрғызып   ұстаған   уақыттарда   кейбір
физиологиялық процесстерінің  төмендеуі  қалпына  келіп,  малдардың  күйлері
жақсарып,  өнімдерінің  молаюына  әсерін  тигізеді.  Онымен  қоса   малдарды
жайылымға  шығару   мезгілдерінде   қора   маңайының   санитарлық   жағдайын
жақсартуға, әртүрлі жеңіл құрылыс жұмыстарын жүргізуге,  ішкі  технологиялық
жабдықтарды реттеп тазалауға, қора, ауыл маңдарына  дезинфекциялар  жасауға,
сөйтіп мал қораларының мезгілінен бұрын тозып, істен шығып  қалмауына  әсері
болады.
      2. Қолда тұрғызып  ұстау.  Мұндай  жүйе  ірі  қара  малдарын  көбінесе
жайылым  жерлері   жоқ,  немесе  малдарды   көптеп-топтап   шағын   жерлерде
(комплекстерде) ұстағанда және аз  уақыт  ішінде  малдарды  қарқынды  жолмен
күтіп  семірту  мақсатында  пайдаланады.  Жаз  айларында   сиырларды   жаюға
шығармай тұрғызып қолда ұстап, дайындалған көк шөптерді шауып  әкеп  орнында
азықтандырады.
      Шағын жерлерге малдарды топтандырып тұрғызып ұстау  кезінде  малдардың
қозғалысы  шектеліп,  олардың  физиологиялық   қасиеттеріне   теріс   әсерін
тигізбеу үшін,  мұндай  жүйемен  күтіп-бағуға  өте  жоғарғы  ветеринариялық-
санитарлық талаптар қойылады. Ірі көмплекстерге ірі қара  малдарының  кейбір
бөліктері қарқынды технологиялық жағдайда ұстауға толықтай  бейімделе  алмай
өнімділік  көрсеткіштерін  төмендетіндігі  тәжірибеде   дәлелденген.   Ондай
жағдайда кездесетін малдарды жиі орын ауыстырып отыруы, өндірістік  шулардың
пайда  болуы,  қозғалыстарының  аз  болу,  біркелкі   типті   азықтандырудың
нәтижесі малдың мінез-құлқына жағымсыз әсер  етіп,  сүтінің  азаюына  апарып
соғады.
      Сондықтан малдарды қолда тұрғызып ұстау кезінде оның жағымды  (қораның
біріктірілуі,  құрлыс   материалдарының   шығынының   кемуі,   технологиялық
процесстерінің-вентиляция,   канализация,   жарықтандыру    –    жүйелерінің
қысқаруы, қора бөлшектерінен тарайтын жылудың  азаюуы  т.б.)  әсерімен  қоса
кемшіліктері де,  яғни  малдардың  қозғалысы  азайып,  денсаулығы  төмендеп,
жалпы организмі әлсіреп, әртүрлі ауруларға ұшырағыш болуы және  күтіп-бағуда
санитарлық-гигиеналық  талаптарға  сәйкес   келмейтін   кемшіліктердің   жиі
жіберілуі кездеседі.
      3. Жайып ұстау жүйесі – кезінде малдар жылдың  барлық  мезгіліндерінде
де жайылымды пайдаланады. Шаруашылықты экстенсивті жолмен дамыту  кезінде  –
көбінесе табиғи және жайлау шабындықты жерлерді пайдаланса, интенсивті  даму
тәсілінде-мәдени жасанды жайылымдарды қолданады.
      Жайып ұстау жүйесін жайылым аймақтары мол жер орайы қолайлы, ауа  райы
жылы шаруашылықтарда пайдаланады.  Ондай  кездерде  малдарға  арнап  күрделі
құрлыстар қаралмай, тек жауын шашындардан,  өткір  күн  сәулелерінен  сақтау
мақсатында жергілікті арзан материалдардан  жеңіл-күрке  (қабырғасыз  төбелі
қора), ықтырма (бір қабырғасыз қора), жылыландырылмаған (малдар  өз  еркімен
кіріп-шығып жүруіне арналған қора) типті қоралар қаралады.
      Сүт өнімін өндіретін шаруашылықтарда табиғый  жайылымдардың  ортасына,
немесе  жасанды  шыбындықтар  маңайына,  арнайы  жылжымалы  немесе   тұрақты
лагерлер тұрғызылып, олардың ішіне мал тұратын орындар,  байлауыштар,  азық,
су науалары қаралып, сүт алып өңдейтін құрылымдар орнатылады.
      Ірі  қара  малдарын  ұстау  жүйелерінің  негізіне  байланысты  әртүрлі
тәсілдер қолданады.
      Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері.
      Ірі  қара  малдарына  арналған  шаруашылықтарда  көбінесе  екі   тәсіл
қолданылады. 1. Тұрғызып байлауда ұстау; 2. Байлаусыз еркін ұстау.
      1)  Тұрғызып  байлауда  ұстау  –  сүт  өнімдерін   өндіруге   арналған
шаруашылықтарда, кей кездерде малдарды интенсивті түрде, жедел  семіртіп  ет
алу үшін  қолданылады.  Мұндай  тәсілмен  ұстау  үшін  арнайы  сиыр  қоралар
қаралады да олардың ішінен байлау орындары (тұрақ орын),  байлауыштар,  азық
науалар  мен  су  құбырлары  және  олардың  арасынан   азық   таратып,   көң
тазалайтын, малдар мен  адамдар  жүретін  жолдар  қалдырылады.  Мал  басының
мөлшеріне байланысты мал тұратын орындарды екі  немесе  төрт  қатарлы  қылып
жасайды. Көбінесе қорадағы малдың саны жүзге дейін жоспарланса екі  қатарлы,
ал 150 одан артық болса төрт қатарлы тұрақтар қаралған жөн. Қора ішінде  мал
тұратын орындар екі қатар орналасатын болса ондай қоралардың ендерінің  ішкі
өлшемі 12-15 м, ал төрт қатарлы болса 18-21 м жасалады. Малдардың  ірілігіне
байланыстырып, қора ішіне үш түрлі размерде тұрақтар қаралады:
      1) ұзын тұрақ – ұзындығы 190-220 см, ені – 120-150см. Мұндай  тұрақтар
салмағы 500 кг-нан жоғары ірі  сиырлар мен бұқаларға және  сиыр  бұзаулайтын
бөлмелерде жасалады.
      2) Орташа тұрақтар – ұзындығы 170-190 см, ені – 100-120 см.
      3) Кіші тұрақтар: ұзындығы 145-170 см, ені – 80-100 см,  көбінесе  жас
малдарды (тайынша, құнажын) және бордақылауға  арналған  өгізшелерді  байлап
тұрғызып семірту кезінде жасалады.
      Малдар байланатын  тұрақтарға  мынандай  негізгі  гигиеналық  талаптар
қойылады:
      1) Тұрақ орны тегіс, тайғақ емес, ойық шұнқыры жоқ,  сәл  артқы  жаққа
қарай су ағар еңістігі бар (1 градустан аспау керек) болу қажет.
      2) Тұрақ орнының астына  сұйық  өтпейтін,  яғни  мал  нәжістері  өтіп,
сіңіп,  одан  зиянды  газдардың  (аммиак,  күкіртті  сутегі)  бөлінуіне  жол
берілмеуі керек.
       3) Тұрақ орындары мал организміне жайлы, жылу өткізгіштігі төмен,  су
сіңіргіш емес, құрғақ материалдардан жасалуы керек.
       4) Тұрақ орындары сыртқы факторлардың  және  химиялық  ерітінділердің
(дезинфекциялық) әсерлеріне төзімді болу керек.
      Қорада   малдардың   тұрақтарының   алдыңғы   жағына   азық   науалыры
орналастырылады. Оларды әртүрлі материалдардан (ағаш, кірпіш,  бетон)  жасап
ені-үстінен есептегенде  60  см,  түбінен  –  40  см,  алдыңғы  қабырғасының
биіктігі – 30 см, ал сырт  қабырғасы  –  70  см  жасалады  да,  ішкі  бетіне
байлауыш бекітетін орын, және әрбір екі  тұраққа  арналған  бір  су  құбырын
(автопоилка) орналастырады.
      Байлауыштар  әртүрлі  материалдардан  жасалып,   мынандай   гигиеналық
талаптарға сәйкес келу керек:
      1) Байлауыштар малдардың алға және артқа қозғалыстарына қолайлы болып,
жанға қарай қозғалысын шектеп, бірақ жатып  тұруына  бөгет  жасамауы  қажет.

      2) Байлауыш малдың мойнына  жайлы,  қажап  жарақат  түсірмейтін  болуы
керек.
      3)  Байлауыш  үзіліп,   шешіліп   кетіп,   байлаулы   малдарды   сүзіп
жарақаттауға жол бермеуі керек.
      Мұндай талаптарға көбінесе ремендерден, есілген жіптерден және  шынжыр
металдардан  жасалған  байлауыштар  сай  келеді.  Байлау  тәсілдеріне  қарап
байлауыштар  жекелеме  түрде  немесе  автоматты  жолмен  жасалатын   болады.
Автоматты байлауыштар хамутты немесе шынжырлы  болады  да,  малдарды  орнына
тұрғызып, жем салынған науаларға басын созған кезде, арналған тетікті  басып
байлауыштың жекелеме  басы  қос  тармақты  бөлігінің  ортасынан  өту  арқылы
сиырдың мойнын бекіттеді.
      Малдарды екі қатарлы тұрақтарда орналастырғанда, олардың бастарын қора
орталығына келтіріп, яғни екі азық наулырының аралығынан бір азық  тарататын
жол қалдырады да, олардың артқы жақтарынан көң тазалайтын  жолдар  қаралады.
Азық  тарататын  құрылымдардың  түріне  және   көң   тазалайтын   тәсілдерге
байланысты ондай жолдардың ені 1,2 метрден  2,4  м  дейін  қалдырылады.  Бұл
жолдардан басқа қораның екі  басынан  және  әрбір  25-30  сиыр  тұрақтарынан
кейін бір ені 2,5-3,0 метрден көлденең жолдар жасалады.
      Ірі қара  малдарын  тұрғызып  байлап  ұстауға  арналған  қоралар  жылу
өткізгіштігі төмен құрылыс материалдарынан жасалып, ауа райы  суық  жақтарда
қабырғаларының қалыңдығы 50 см, төбесі  0,24  метрден  жұқа  болмауы  қажет.
Малдардың ауа алмасуын қамтамасыз ету үшін  қораның  биіктігі  еден  үстінен
төбенің ең төменгі жеріне дейін 2,4-2,7 м кем болмауын қадағалау  қажет.  Әр
бір 100 басқа арналған қораға 2-ден, ал 150-200 басқа арналған қораларға  4-
тен кем  емес  екі  жаппалы  қақпалар  қаралады.  Малдарды  байлап  тұрғызып
ұстауға арналған қоралардың жалпы  ішкі  өлшем  ауданы  әр  басқа  шаққанда,
малдардың ірілігіне, өнімділігіне (салмағы) қарап 5-7 м² аралығында  болғаны
дұрыс.
      Мұндай малдарды тұрғызып байлап ұстау тәсілінің өзіне тән  артықшылығы
болады:
      1) малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне  (жасы,  өнімі,  денсаулығы
т.б.) байланысты жекелеме күтім, азықтандыру жасауға мүмкіншілік тудырады;
      2) Малдардың денесі таза, яғни әсересе сауын сиырлардын өнімі  жоғарғы
сапалы болуына жағдай жасалады;
      3) Малдардың бірін бірі сүзіп, жарақаттанудан, кейде буаз малдардың іш
тастауынан сақтандырады;
      4)  Қора  ішінің  микроклиматын  бақылап,  қалыпқа   келтіріп   тұруға
мүмкіншілік туғызады.
      Малды тұрғызып байлап ұстаудың мұнымен қоса кемшіліктері де болады:
      1) Малдарды бос еркін ұстаумен  салыстырғанда  тұрғызып  байлап  ұстау
тәсілінде әр малға шаққандағы қора сиымдылығы төмендейді.
      2) Малдарды тұрғызып байлап ұстау кезінде олардың  қозғалуы  шектеліп,
малдардың төзімділігі азайып, денсаулығы нашарлайды.
      3) Әр малға шаққандағы еңбек  шығыны  көбейіп,  қол  жұмысының  бөлігі
артады.
      Мұндай тәсілімен ұстау кезінде, әсіресе сүт өндіретін  шаруашылықтарды
ең  жоғарғы  сүт  алу  көрсеткіштеріне  (15-16  мың  кг)  сол  сияқты  басқа
малдардан орта есеппен 5-6 мың кг жылдық сүт өнімін өндіруге ие  болатындығы
дәлелденген. Сондықтан ірі қара малдарын тұрғызып байлап  ұстау  тәсілі  сүт
өндіру  және  жас  тұқымдық  малдарды  өсіп-өндіру   шаруашылықтарында   кең
қолданылады. Малдарды бұл тәсілмен ұстау кезінде  мал  мамандарының,  күтіп-
бағатын қызметкерлердің әрбір малдарға жекелеме күтім көрсетіп,  емдеу,  егу
жұмыстарын  жүргізуге  қолайлы  жағдайлар  туып  малдардың  ауруға  шалдығуы
төмендеп, әр  малға  ветеринариялық  бақылау  жасап,  тиісті  шараларды  дер
кезінде көрсете алады.
      Ірі  қара  малдарын  тұрғызып  байлап  ұстауға   арналған   қоралардың
микроклиматы   тұрақты   және   қалыпты,   яғни   малдардың    физиологиялық
ерекшеліктеріне  сәйкес   ауа   температурасы   +8   градустан   төмендемей,
салыстырмалы ылғалдығы 85 пайыздан жоғары емес, ауа қозғалысының  жылдамдығы
қыс айларында 0,3 м/сек  артпай,  көмірқышқыл  газының  концентрациясы  0,25
пайыздан жоғарламай, әр куб.м ауада аммиактың мөлшері  20  мг-нан,  күкіртті
сутегі газы – 10 мг-нан аспауы керек. Қораның табиғи жарықтану  коэффициенті
1:15 қатынасынан төмен болмауға тиіс.
      2. Бос еркін байлаусыз ұстау – бұл тәсілді  кәзіргі  кезде  екі  түрде
қолданады: қалың төсенішті едендерде бос  байлаусыз  және  арнайы  бокстарда
ұстау. (сурет 2)
      Ірі қара малдарын қалың жиналмайтын төсеніштерде  ұстау  үшін  қораның
табиғи еденінің өсімдік қабатын (10 см) қырып  үстіне,  дезинфекциялық  және
ылғалдықты төмендету мақсатында, әр  шаршы  метр   ауданға  0,5  кг  есептеп
қортылған хлорлы әкі (известь) салады да, оның үстіне  10-15  см  қалыңдықта
төсеніш (солома, торф  салып,  оны  жинап  шығармай  мезгіл-мезгіл  жаңартып
үстіне төсеніш  қосып,  малды  қолда  ұстау  мерізімінің  аяғында  төсенішті
қыйымен қоса  механикалық  тәсілмен  (бульдезер,  қырғыш  транспортер  т.б.)
тазалайды.   Бұл   тәсілдің   істі   механикаландыруға    оңайлығы,    еңбек
өнімділігінің  жеңілдігі,  малдардың  қозғалыстан   шектелмей   денсаулығына
тиімді әсер тигізуі, қора-сиымдылығының артуы т.б. пайдалы  көрсеткіштерімен
қатар айтарлықтай жиі шектеу келтіретін кемшіліктері де байқалады. Олар:
                1. Малды жыл бойына қорада ұстайтын болса  өте  көп  төсеніш
қажет болады да, шаруашылықтың мүмкіншілігі болмай  малдардың  астынан  сыз-
суық өтіп, арытып күйінің төмендеуіне апарып соғады.
      2. Қора ауасының ылғалдылығы  жоғарлап,  зиянды  газдардың  мөлшерінің
көбеюі,  мал  денесінің  ластанып,  өнімінің  сапасын   төмендеуіне   әсерін
тигізеді.
      3. Малдардың арасында, әсіресе әртүрлі жастағы, жынысты малдардың бір-
бірін сүзіп жарақаттауы жиі байқалады.
      Сондықтан  мұндай  ұстау   тәсілі   сүт   өнімін   алуға   бағытталған
шаруашылықтарда  қолдану  шектеліп,   еттік   бағыттығы   өндірістерде   кең
таралған.
      Сиырларды бос қалың төсеніште ұстаған кезде малдарды  жігіне,  жасына,
физиологиялық ерекшеліктеріне байланыстырып шағын (25-30 бас) топтарға  бөлу
қаралады және  қораның  ық  жағынан  азық  науалары  қойылып,  су  құбырлары
тартылған серуен алаңдары жасалып, ауа райының қолайлы кездерінде малдар  өз
еркімен кіріп-шығып азықтануына мүмкіншілік жасалады.
      Малдарды бос еркін байлаусыз  ұстаудың  екінші  түрі  арнайы  жасалған
боксттарда бос немесе байлауда ұстау қаралады. Ол үшін қораның ұзын  бойынан
арнайы  тұрақ орын-бокстар жасалады, яғни ұзындығы мал тұрқына сай,  ені  1-
1,2 метрден артпайтындай етіп, әртүрлі материалдармен ағаш,  немесе  металды
екі жаны шектеліп бөлінген орын. Ондай орынның алдыңғы  жағына  азық  науасы
орнатылып, ал арт жағында арық жасалып, беті торкөзді еденмен  жабылған  көң
жолы қаралады да, малдар боксқа еркімен кіріп, азықтанып,  жатып  дем  алып,
бірақ бұрылып (айналып) шыға алмай, тек шегініп  қана  бокс  орнынан  шығады
да, мал нәжісі бокс еденін  ластамай,  көң  жолына  түсуі  қаралған.  Мұндай
бокстардың санитарлық тазалығы сақталып, мал  организміне  жайлы  болу  үшін
бокс орнының құрылымына мынандай   негізгі гигиеналық талаптар қойылады:
      1. Бокстің едені тегіс, су өткізбейтін, жылу сақтайтын, көң жолынан 15-
20 см биікте орналасуы керек.
      2. Бокстің жанындағы бөлгіш сырықтардың  төменгі  шегі  45  см  биікте
(төмен болса мал жатқан жерде ұршығын соғып жарақаттаса, жоғары  болса  ұсақ
мал астынан өтіп кетуі мүмкін),  ал  жоғарғы  екінші  шектеу  бөлігі  55  см
биіктікте орналастырылады.
      3.  Көң  жолының  ені  2,7  метрден  кем  3  метрден   артық   болмауы
қадағаланады. Себебі 2,7 метрден тар болса  малдардың  (ірі)  бокстан  шығуы
қыйындайды, ал 3 м артық болса малдар көң жолының үстінде жатып  дем  алуына
жағдай туады.
      Ірі қара малдарын бокста ұстауға жабдықталған қоралардың  микроклиматы
сиырларды байлап ұстауға арналған қоралардағыдай  болуға   тиіс.  Бокстардың
арт жақ араларынан беті төркөзді еденмен  жабылған  көң  арықтары  жасалады.
Малдың қыйы төркөзден өтіп арық түбіне  түседі  де,  одан  өздігімен  немесе
арнайы сырғыш транспортерлердің көмегімен тазалап отырады.
      Азық бетіндегі төркөзді еден  дұрыс  жасалып,  оған  түскен  мал  қыйы
бөгетсіз  болуын  қадағалау  керек  және  мал  тұяғына   жайлы,   қыстырылып
қалмайтын болып  жасалады.  Бокстар  қатары  бірнеше  бөліктерге  (секцияға)
бөлінеді. Ондай бөліктер малдардың жасына, сүтіне, бұзаулау мерзіміне  қарап
жасалады да, оларды азықтандыру, сауу және күту  процесстеріне  негізделеді.
Ондай топтағы сыйырлардың саны өте көп болмауы қажет. Егер әр бөлікте  30-40
бастан  артық  болса,  оларға  бақылау  жасау  қиынға  түсіп,  олардың   туу
мерзімін, өнім мөлшерін, азық түрлерін  қалыптау,  соған  байланысты  топтау
жүргізу ауырлайды. Әрбір секцияның сауу орнына және серуен  аланыңа  шығатын
есігі болуға тиіс.
      Ірі  қара  малдарын  арнайы  бокстарда  ұстау  тұрғызып  байлап  ұстау
тәсілімен салыстырғанда артықшылығы  бар  екендігі  дәлелденген.  Бірақ  бұл
тәсілмен ұстау кезінде ірі комплекстерде  малдарды  азықтандыруды  қалыптау,
оларға  тиісті  серуендеуіне   жағдай   туғызу   тағы   басқадай   малдардың
физиологиялық  ерекшеліктеріне   сәйкестендіріп   күтім   көрсету   толықтай
шешілмейді. Осындай жаңа технологияның бірі болып  конвейерлі  боксты  ұстау
болып саналады. Бокстар арнайы рельстердің бойына екі қатар  орналастырылып,
азық науаларының үстіне жүретін жылжымалы құрылым арқылы нормалы  азық  түрі
түсіріліп отырады. Бокста  ұстау  кезінде  малдарды  тұрғызып  байлап  ұстау
тәсілінің ұтымды жақтарын (жекелеме құрғақ, жайлы, жылы  орынмен  қамтамасыз
ету, қалыпты микроклиматпен жекелеме азықтандыру т.б.) және малды бос  еркін
ұстаудың тиімді бөлігі (активті моцион, механизациялау т.б.)  біріктіріледі.

      Бірақ ірі қара малдарын күтіп-бағу кезінде  бос  еркін  және  тұрғызып
байлап ұстау тәсілдерінің тиімді тиімсіз кемшіліктерін  ескерумен  қатар  әр
шаруашылықтың азықтандыру жолын, жер орайын, ауа  райын,  жайлым  және  азық
көздерін, шаруашылықтың  ветеринариялық-санитарлық  жағдайын,  зоотехникалық
есеп жұмыстарының жүру дәрежесі т.б. ескерілуі қажет.
        Ірі қара малдарына арналған қоралардың  негізгі технологиялық
                        бөлшектерінің  көрсеткіштері.
      Ірі қара малдарына арналған қоралар  мен  олардың  ішкі  технологиялық
процесстердің  жабдықталуы  тек   мал   басы   мен   олардың   физиологиялық
ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, оларды ұстау  тәсілдеріне  де  қатысты
болады.  Сондықтан  мал  басына  тиісті  қораларды  жобалап   салу   кезінде
пайдаланатын технологиялық  процесстердің  негізіне  және  ұстау  жүйелеріне
сүйеніп малдардың денсаулығын сақтап, өнімін  төмендетпейтін  жағдай  туғызу
қажет (кесте 1).
      1. Ірі қара малын тұрғызып  байлап  ұстау  кезінде  салынатын  қоралар
үнемді  (экономды)  және   барлық   қаралатын   технологиялық   процесстерді
жүргізуге қойылатын талаптарға сай  болуын  қадағалайды.  Мұндай  қоралардың
құрлыстық шешімдері және инженерлік жабдықтары ондағы микроклиматты  қалыпты
жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік туғызатын  болуға  тиіс.  Малдарды  тұрғызып
байлап  ұстайтын  қоралардың  ішіне  тұрақтарды  орналастыру  қатар   санына
байланысты екі тұрақты біріктіріп бір азық, немесе көң  жолдарын  қалдырады.
Қораларды жылыланған және желдетілген шатырлы немесе  шатырсыз  бір  қабатты
қылып, жергілікті арзан құрылыс материалдарынан  тұрғызады.  Сиыр  қораларын
ішкі технологиялық жабдықтарды орналастыруға бөгет жасамайтындай,  яғни  ауа
алмастыру, көң шығару, азық  тарату  құрылымдарына  қолайлы,  керек  кезінде
жаңа технологиялық процесстерді кіргізуге жеңіл болу үшін ауыр  бағаналарсыз
салу керек.
      Сиырды байлап тұрғызып ұстауға  арналған  қоралардың  едендерін  тұтас
немесе   жартылай   төркөзді   қылып   жасайды.   Тұрақтардағы    едендердің
материалдарының жылу сіңіргіштік  коэффициенті  12  ккал/м²/сағ/град  жоғары
болмауы керек. Егер бұл көрсеткіштен артық болса, мал денесінен  артық  жылу
тарап, еденді жылтуға  шығындалады  да,  сиыр  организмінің  суыққа  ұрынып,
төзімділігі  азайып,  өнімінің  төмендеп,  азық  шығымының  артуына   апарып
соғады. Мысалы, ағаш едені мен бетон  еденінің  жылу  өткізгіштігің  әртүрлі
болуының салдарынан 100 ккал/сағ жылу артық жұмсалады, яғни ол  2  л  сүттің
коллориясына пара-пар болады. Сондықтан айтылған  болар,  ірі  қара  малдары
астынан жүдейді деген сөз. Оларды байлап  тұрғызып  ұстаған  кезде  көбінесе
тақтай едендерді  пайдаланады.  Өйткені  тақтайдан  жасалған  едендер  жылы,
құрылымы қыйын  емес,  таза,  бетон  сыяқты  тұяқты  жемейді.  Бірақ  сыртқы
әсерлерге шыдамсыз, әсіресе дезинфекциялық химиялық заттарға  төзімсіз,  тез
тозып,  шірігіш  келеді.  Өте  ылғалды  болса  тайғанақ   болып,   малдардың
мертігуіне де себепші болады. Ағаш материалдардан еден жасау үшін алдын  ала
10 % креозот майының ертіндісімен өңдеп және  екі  қайтара  ыстық  қара  май
(смола) ертіндісімен жабады. Тақтайдың үстінгі  бетін  үстіріктеп,  тегістеп
және пайдаланудан 10 күн ерте үстіне сөндірілген  хлорлы  әкі  сеуіп  қояды.
Мұндай еден төзімді болып ұзаққа шыдайды, хлорлы әкі мен  кеуекті  тесіктері
бітеледі де, бойына сұйық аз сіңіріп, шірімей тазалауға қолайлы болады.
      Бетонды едендер – берік, төзімді болғанымен қатты, жатуға жайсыз, суық
болады да, оларды  азық-көң  жолдарына,  кейбір  азық  дайындау,  сүт  өңдеу
бөлмелеріне, зертханаларда  т.б.  жерлерге  төселеді.  Егер  малдар  жататын
орындарында бетонды едендер  болса,  оның  үстіне  торкөзді  ағаш  еденшелер
немесе қалың төсеніштер салып  қояды.  Кейінгі  кездерде  бетонды  едендерді
жылылау үшін асфальтты немесе резиналы жапқыш төсеніштер қолданады.
      Асфальтты едендер -  серіппелі-жұмсақ, тайғанақ емес,  су  өткізбейді,
жылу өткізгіштігі шамалы, тазалау, дезинфекциялауға жеңіл және оңай  өңдеуге
жатымды.   Мұндай   едендер   сиыр   қораларда,   ұрықтандыру    пунктерінде
ветеринариялық объектілерде қолданылып, тасты, қайыршақты едендердің  үстіне
төсеп өңдеуге пайдаланады. Асфальтты едендердің  кемшлігі  сыртқы  әсерлерге
әсіресе мал нәжістеріне өте төзімсіз келеді де,  мал  тұрақтарында,  жүретін
жолдарында, әсіресе дұрыс қоспасы жасалмаған кездерде ішке түсіп,  шұңқырлар
шығып, оларға су тұрып еден тез істен шығуы кездеседі.
      Кейінгі кездерде сиыр қоралардың тұрақты орындарын жылылау  мақсатында
көмір  қалдықтары  (шлак)  мен  битумдардың  (қарамай)   қоспаларынан   және
асфальтты плиткалар мен ішкі қуыс  кірпіштерді  пайдалану  ұсынылады.  Бірақ
олардың да көптеген кемшіліктері, әсіресе  жылулық  қасиеттерінен,  кездесіп
кең таралмаған.
      Көптеген еден  түрлеріне  қарағанда  керамзит  (қыш)  бетонды  едендер
зоогигиеналық талаптарға сай келеді. Ол сыртқы ауа әсеріне шыдамды,  жоғарғы
температураға төзімді, механикалық  әсерлерге  берік,  салмағы  жеңіл,  жылу
тарату коэффициенті  төмен  және  өндеуге  қолайлы  болады.  Сиыр  қораларда
керамзит  –  бетонды  едендер  болғанда  сүт   өнімінің   сапасы   жоғарлап,
санитарлық тазалығы артады. Олар  малдардың  денсаулығы  мен  өніміне  теріс
әсерін тигізбейді, яғни керамзит бетонды  едендер  өзінің  физикалық-жылулық
қасиеттері бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға  сай  келеді  деп  санап
көптеген шаруашылықтарда, үстінгі беті цементті-құмды ертінді мен  қапталған
түрінде кең пайдалануға ұсынылады.
      Керамзит-бетонды  едендермен  қоса  кейінгі  кезде  жасанды,   кеуекті
материалдар-аглопорит материалдарынан жасалған едендер қолданылады.
      Аглопорит – сазды және көмірді өңдіру  кездерінде  қалған  қалдықтарды
күйдіру арқылы алынатын жасанды,  іші  қуыс  жеңіл  материалдар.  Ол  өзінің
жылулық, беріктік және санитарлық-гигиеналық  қасиеттері  бойынша  керамзит-
бетонды едендерден кем түспейді.
      Сол сияқты формальдегид смоласын  КС-11,  латекс  СКС-65-ГП,  полиамид
смоласын пайдаланып полимерлі цементті қоспамен үстін жауып,  жеңіл  бетонды
едендер жасалып жүр.
      Белорусияның ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу  институты  кордорезиналы-
битумды үстінің жаппасы бар  жеңіл бетонды едендер жасауды  ұсынған.  Мұндай
едендер  жылы,  құрғақ,  қатты  жайсыз  емес,  берік,  көпке  шыдамды,   мал
нәжістерінің әсерлеріне төзімді, жууға және дезинфекциялауға  қолайлы  болып
келеді де, оларды төсенішсіз пайдалануға болады.
      Қазіргі кезде, әсіресе ірі қара малдарын  бокстарда  ұстағанда,  көңді
оңай тазалап-шығару мақсатында, тұрақ орындарда төркөзді  едендер  орнатады.
Бірақ  тәжірибеде  дәлелденгендей  өте  ұзын   тұрақтардағы   (110-140   см)
қолданылған сырықтар (рейкалар) ұзындығы 60-70 см-ден асса, мал  жатып,  дем
алған кездерде  иіліп,  арасынан  суық  соғып,  сиырлардың  желіндері  түсіп
қыстырылып, тұяқтарын  айырып,  жарақаттар  салып,  желін  сау,  ауруларының
шығуына апарып  соғатындығы  дәлелденген.  Мұндай  кемшіліктерді  болдырмай,
алдын алу жолында төркөз еденнің  аз  бөлігін  (18-20  см)  тұтас  тақтайдан
жасау  қажет  және  төркөздің  (решетка)  ұзындығы  40  см,   сырық   аралық
саңылаудың ені 3,5-4,5 см, ал сырықтың жалпақтығы 8-12 см  жасалады.  Мұндай
едендерге қолайлы материалдар ағаш және көбікті бетондар болып саналады.
      Едендердің құрылымы сиыр  қораларынан  көңді  тазалап-шығару  тәсіліне
байланысты болады. Ірі қара малдарын тұрғызып ұстау кезінде  қорадағы  көңді
транспортерлердің (қырғыш, сырғыш) көмегімен тазалап шығарады.
      Азық тарататын, көң тазалайтын жолдардың ені қолданатын  құрылымдардың
размерлеріне байланысты болатындығы көрсетілген.
      Сиыр қораларының оң түстігінен малдар  серуендейтін  алаңдар  қаралады
да, оның едені қатты  материалдармен  (бетон)  жабылады.  Егер  ондай  қатаң
едендер қаралмаса  қораға малдардың  кірер  жерлері,  азық,  су  науалырының
бойымен 2-3 м ендікте жасалып, сұйықтардың ағуына қолайлы қылып  6  градусқа
дейін еністікте жасалады. Серуен аланының  едені  қатаң  жапқышпен  жасалған
болса, әр бас сиырға 8 шаршы метрден, ал ондай  жоқ  болса  15  м²  қаралып,
үштен бір бөлігіне көлеңке жаппа жасалады.
      2. Ірі қара малдарын байлаусыз бос қолда тұрғызып ұстағанда қолданатын
тәсіліне байланысты (қалың жиналмайтын төсеніште  немесе бокста) жер  орайы,
ауа райы,  температуралық  жағдайы  және  өндіріс  бағыты  (еттік,  өнімдік,
сүттік т.б.) ескеріліп төрт типті қора жобаланып салынады:
      1) Жан-жағы ашық, тек төбесі жабық-күрке тәріздес қора;
      2) Төбе және үш жағынан қабырғалар қаралған-жартылай ашық қоралар;
       3)  Малдардың  еркін  серуен  алаңына  кіріп-шығуына  арналған  қақпа
кәсектері ғана қаралған-жылыланбаған қоралар;
       4) Малдардың мезгілді шығуына арналған – жылыланған қоралар.
      Бірінші  типпен  салынған  күрке  қоралар   Өзбекстан,   Түркіменстан,
Қырғызстан және біздің еліміздің оңтүстік  аймақтарында  салынады,  жартылай
ашық және жылыланбаған типті қоралар Ресейдің  оңтүстік  аймақтары,  Молдава
және Украина жерлерінде қаралады,  ал  сыртқы  ауа  температурасы  минус  15
градус,  оданда  төмен  аймақтарда  жылыланған   қораларды   жобалап   салып
пайдаланады.
      Ондай  қораларда  сиырларды  қалың  төсеніштерде   ұстайды   да   жылу
сиымдылығы малдарды байлап тұрғызып  ұстауға  арналған  қорадағыдай  болады.
Қораның сиымдылығы үлкен болса, әр 25-50 басқа шақтап, дем алатын орнын  4-5
м² есептеп, бірнеше бөліктерге бөледі. Малдарды азықтандыру,  суару,  арнайы
жасалған   серуен   алаңдарында   жүргізіледі.   Мұндай   сиыр   қораларында
микроклимат қалыптанбайды, бірақ ауа температурасы плюс бес градустан  төмен
болмағаны  қаралады.   Қалың   төсеніштердің   арасындағы   микробиологиялық
процесстердің нәтижесінде,  оның  қалың  қабатындағы  температура  15-20  ºС
дейін көтеріледі. Төсенішті тәулігіне бір рет 3-5 кг әр басқа есептеп  салып
отырады да, жыл бойында 1-2 рет механикалық әдіспен шығарып отырады.
      Ірі қара малдарын  бос  байлаусыз  арнайы  бокстарда  ұстағанда  ондай
қоралардың көрсеткіштері малдарды байлап тұрғызып ұстауға арналғандай  болып
және ондағы технологиялық процесстердің түрлеріне байланысты болады.
      Мұнымен қоса ірі қара  малдарын  бос  байлаусыз  ұстаған  кезде  әрбір
топтағы мал  басының  санына  байланысты  олардың  өнімі  өзгерісте  болады.
Себебі малдың әр топтағы басы (60  одан  артық)  көп  болса  оларды  бақылау
қыйындап, ауру, күйтке келген сиырларды дер кезінде анықтау  қыйынға  түсіп,
әлсіз малдар шектеліп азық жеп, су ішуден қағылып, жүдеп-арып  кетуіне  әсер
етеді.
      Ірі қара малдарын әртүрлі тәсілдермен қораларда  тұрғызып-байлап  және
бос еркін ұстаған кезде әр басқа келетін еден аудандары мен қораның  негізгі
технологилық бөлшектерінің қалыпты размерлері 1-ші кестеде өрсетілген.
      Малдарды  байлаусыз,   ірі    топтармен   ұстаған   кездерде,   оларды
азықтандыру,  суару  серуендеу  мезгілдерінде  жиі  таластар  туып,   әлдісі
әлсізін шектеп, азық-судан қағып, сүзіп  жарақаттар  түсіріп,  малда  стресс
(күйзеліс) туғызып, жүдеуіне өнімінің төмендеуіне апарып  соғады.  Сондықтан
оларға арналған азықтандыру науалары мен суару құбырларының  ені  әр  малдың
жасына,  өніміне  негізделіп  белгіленуі  қажет.   Сол   сыйяқты   малдардың
серуендейтін алаңдарының мөлшері де нормативке сәйкес болуы керек.
      Ірі қара малдарын ұстау тәсілдерімен жас  айырмашылықтарын  негізделіп
азық науаларының ені мен  суғарғыштардың  размері  (2-кестеде)  және  серуен
алаңдарының нормативтері (3-кестеде) берілген.
      Малдарды цехті-потокті (түйдекті) жүйемен ұстау кезінде  сиырлар  тобы
әр   цехта   (бөлмеде)    технологиялық    есептеу    уақытына    байланысты
орналастырылады. (кесте 4).
      Ірі қара малдарын, олардың жасына, туу мерзіміне қарай  жіктеп,  топқа
бөліп  бір  цехтан  екінші   цехқа   ауыстыру   мал   мамандары-зоотехникпен
малдәрігерлердің    жасаған    технологиялық     циклограммына     (есебіне)
байланыстырып жүргізіледі.
            Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы.
      Мал  қораларының  микроклиматы  ондағы   қоршаған   ортаның   ауасының
физикалық,  химиялық  және  биологиялық  көрсеткіштері   мен   (температура,
ылғалдық, ауа қозғалысы, жарық сәулесі, газдық құрамы, микроорганизмдер  мен
шаң-тозаңдар мөлшері т.б.) сипатталады.
      Ірі қара малдарына арналған қалыпты микроклимат  олардың  жасы,  өнімі
және ұстау тәсілдеріне тікелей байланысты болады. Сондықтан әрбір  малдардың
түрі, жынысы, жасы және физиологиялық ерекшеліктеріне (буаз, қысыр,  тұқымды
т.б.) сай келтіріп микроклимат мөлшері белгіленеді   (кесте  5).  Ондай  мал
организміне сай микроклиматты қорада  әртүрлі  жолдармен  қалыпқа  келтіреді
(желдету, жарықттандыру, жылыту, тазалау т.б.)
      Микроклимат көрсеткіштерінің ішіндегі ең басты анықтағыш фактор  болып
ауаның төменгі және жоғарғы температурасы саналады. Ауа  температурасы  (1-6
градусқа дейін) төмендесе жас  малдардың,  әсіресе  бұзаулардың  өсуі  15-20
пайызға, сиырдың сүт өнімі – 15-30  %  кеміп,  ал  азықтың  шығыны  –  15-50
пайыға артады.
      Мал  қораларының  микроклиматының  қалыпты  шамада  болуы  пайдаланған
құрылыс материалдарының қасиеттеріне байланысты.  Қора  бөлшектері  шыдамды,
берік болуымен қатар, жылу ұстағыш, бойына  су  сіңірмейтін,  ауа  өткізгіш,
жеңіл, жоғарғы температураға төзімді материалдардан жасалуы  қажет.  Себебі,
әсіресе  қыс  айларының  суық  мезгілдерінде  қораның  ішкі  жылуының  30-45
пайызына таяуы  оның  бөлшек  беттері  арқылы  тарап  кетеді  де,  ішкі  ауа
температурасының төмендеуіне  апарып  соғады.  Неғұрлым  қора  бөлшектерінің
беті суық болса, солғұрлым мал денесінен булану және өткізгіштік  жолдарымен
жылу  тарауы  жоғарғы  болады.  Көбінесе  қыс  мезгілдерінде  булану  арқылы
жылудың денеден тарауы қораның ұзын қабырғаларына,  есік-қақпа,  терезелерге
таяу  орналастырылған   малдарда   болады.   Мысалы,   қораның   ортасындағы
клеткаларға орналастырылған бұзаулардың денелерінен жылудың тарауы,  қораның
басы, ұзын қабырға, қақпа-терезелерге таяу қойылған клеткалардағы  төлдермен
салыстырғанда 10-25 пайызға кем болатындығы дәлелденген.
      Гипотермия    малдардың,   әсіресе    жас    төлдердің    төзімділігін
(резистенттілігі) төмендетеді. Ол  кезде  организм  де  қарсыдене  (антител)
түзілуі төмендеп,  лейкоциттер  мөлшері  азайып  және  олардың  фагоцитарлық
қарқыны  (активность)  кеміп,  жұқпалы  және  жұқпайтын  әртүрлі  аурулардың
шығуына  апарып  соғады.  Ортаның  жоғарғы  температурасы   да   организмнің
резистентілігін төмендетіп, әлсіретіп,  өнімі  азайып  гипертермия  ауруының
(дене  температурасының  жоғарлауы)   тууына   әсер   етеді.   Мысалы,   ауа
температурасы  27-32  градусқа  көтерілсе,  сиырдың  сүті  10-30  %,  ал  38
градуста – 50-60 пайызға төмендеген. Бұл кезде малдың  тәбеті  төмендеп,  су
ішуі артып, дем алуы мен қан тамырының соғуы жиілейді.
      Қора ауасының жоғарғы ылғалдылығы да, температураның көрсету  шамасына
байланысты  организмдегі  жылу  алмасу  процесстеріне   айтарлықтай   әсерін
тигізеді, яғни орта температурасы  төмен  болса,  жоғарғы  ылғалдық  денеден
жылудың тарауын арттырып, организмді  суыққа  ұрындырса,  ауа  температурасы
жоғары   болғанда,  денедегі  жылудың  тарауын  тежеп,  ыстық  соғу  ауруына
ұшырайды. Сиыр қораның ауасының ылғалдылығы  жоғары  болғанда  (салыстырмалы
ылғалдық 85 % тен 95 %-ға жоғарлағанда) мал сүтін 9-12  %  төмендетеді.  Ірі
қара малдарын бордақылау орындарының  ауасының ылғалдылығы  жоғары  болғанда
азықтың шығыны 20-35 % артып, тәуліктік салмағының  өсуі  12-28  %  төмендеп
және жас төлдердің өлім-жітімге шалдығуы  2-3  есе  артатындығы  анықталған.
Қораның ылғалды ауасында зиянды газдардың  (аммиак,  күкіртті  сутегі  т.б.)
мөлшері  көбейеді.  Ондай  жағдайда  малдардың  өкпе  ауруына   (туберкулез)
шалдығуы  жиілейді.  Бордақыда  тұрған  малдардың  қора  ауасындағы   аммиак
газының қалыптан жоғары болуы салмағының 25-28 % төмендеуіне апарып  соғады.

      Жоғарғы ылғалдық пен ауадағы зиянды газдардың және микроорганизмдердің
мөлшерінің артуы  жас  төлдердің  төзімділігін  айтулы  төмендетіп,  олардың
арасында жаппай аурулардың шығуына әсер етеді де, онымен  күресуге  қыйындық
туғызады.  Мұндай  жағдайда  ол  аурудың  алдын  алу   тек   қора   ауасының
тазалығында  ғана  болады.  Мысалы,  бұзауларды  ауасы   ластанған   қорадан
жекелеме клеткаға тұрғызып күту бұл аурулардың тоқталуына  әсер  етеді.  Ірі
қара малдарына арналған қоралардың  жарықтану  шамасыныңда  мал  организміне
айтулы әсері болады. Мысалы, қораның жарықтану мөлшерін 5-10 люкстен  70-100
люксе жоғарлауы бұзаулардың  ауруын  9-12  %  төмендетіп,  дене  салмағының,
тәуліктік өсуін 6-10 %, сиырдың сүт өнімінің 5-15 % көбеюіне апарып  соғады.

      Сыйыр қораларының жарықтану  мерзімін  тәулігіне  6-7  сағаттан  14-18
сағатқа  дейін  ұзартса  (жасанды  түрде)  малдың  сүті  6-15  %   жоғарлап,
ұрықтануы 15 % артып, сервис мезгілі 10 тәулікке қысқарады (кесте 6).
      Мал қораларының жарықтануын қалыпқа  келтіру  арқылы  буаз  сиырлардың
қанының биохимиялық және  иммунологиялық  көрсеткіштерінің  жоғарлап,  туған
төлдердің денсаулығының артуына әсерін тигізетіндігі дәлелденген.  Сондықтан
ірі қара малдарын ұстау жүйелері, өнімділігі, физиологиялық  ерекшеліктеріне
негізделіп қалыпты  (нормативті)  микроклимат  көрсеткіштері  (параметрлері)
белгіленген  (кесте).  Ірі  қара  малдарын  қалыптанған   микроклиматы   бар
қораларда ұстаған кездерде сиыр сүті 10-20 %, жоғарлап, азық шығыны 12-35  %
кеміп, және малдардың ауруға шалдығуы  2-3  есе  азаяды.  Мұнымен  қоса  сүт
өнімінің жағымсыз иістері жоғалып,  қышқылдығы  азайып,  микроорганизмдермен
ластануы төмендеп, сапасы артады.
      Мал қораларындағы микроклиматты қалыптау үшін бірнеше, ветеринариялық-
зоогигиеналық шаралардың жинағын  жасау  қажет.  Олар  қоралардың  жоспарлап
салу шешімдері мен оған керек құрылыс  бөлшектерін  таңдау,  тиісті  құрылыс
материалдарының, әр аймақтардың жер орайы  мен  ауа  райларына  сәйкестіріп,
қасиеттерін ескеріп, малдарды ұстаудың жаңа  технологиясын  еңгізу,  қораның
ауасын алмастыру, көңнен тазалау т.б. шаралар жатқызылады.


        Дәріс №3. Шошқа малының төлдерін өсірудің гигиенасы (3сағат)


      Шошқа   малдарына   арналған   фермаларда,   әсіресе    ірілендірілген
комплекстерде,  олардан  аз  шығынмен  мол  өнім  алу  үшін   ерекше   көңіл
ветеринариялық-профилактикалық шараларға аударады. Малдардың  ветеринариялық
профилактикасы жалпы  және  арнайы  шаралардан  тұрады.  Бұл  прфилактиканың
негізі  –  жалпы  санитарлық-гигиеналық   шаралар   болып   саналады,   яғни
ветеринариялық-санитарлық  және  зоотехникалық-гигиеналық  нормативтер   мен
ережелерге сүйеніп, шаруашылықтың мәдениетті түрмен дамуын қамтамасыз ету.
      Санитарлық-гигиеналық тұрғыдан  жоғарғы  мәдениетті  шаруашылық  берік
азық қоры болып, зоогигиеналық талаптарға сәйкес  тұрғызылған  мал  қоралары
мен,  малдардың  физиологиялық  ерекшеліктеріне  ылайықталған  технологиямен
және  ветеринариялық-санитарлық  объектілермен  қамтамасыз   етілген   болуы
керек. Шошқа шаруашылығындағы жұмыстардың ритімді (жүйелі)  жүріп,  жиі  мал
тобының алмасуы, механикаландырылған және автоматизацияланған  процесстердің
қолданылуы т.б. ұйымдастыру және ветеринариялық профилактикаға  белгілі  бір
шамалы   әсерлер   тигізеді.   Сондықтан   ветеринариялық-санитарлық    және
гигиеналық шаралар шошқа  өнімдерін  өндірудегі  технологиялық  процесстерге
кіріп, алынатын өнімдердің тиімділігі және  сапасы  ветеринариялық  құжаттың
талаптарына сай болуы керек.
                   Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері
      Шошқа шаруашылықтары негізінен үш  бағытта  жұмыс  істейді:  аяқталған
өндірістік цикл мен, репродукторлы және ет өндіру.
      Өндірістік  процесстері  жоғарғы   дәрежеде   механикаландырған   және
автоматизацияланған, өнім алынуы толық аяқталған циклмен жүргізілетін  шошқа
шаруашылықтарын ірілендірілген шошқа комплекстері деп атайды.
      Мұндай комплекстердің негізіне шошқа еттерін үздіксіз  (поток)  өндіру
технологиясы жатады.  Ол кездерде малдарды технологиялық  циклге  байланысты
бір орыннан екінші  орынға,  немесе  бір  қорадан  екінші  қораға  ауыстырып
отырады, яғни ұрықтандыруға жататын  аналықтарды,  буаз,  қысыр  шошқаларды,
енесінен айырған  және  жас  торайларды  кезекті  мезгілдерінде  бір  жерден
екінші орынға орналастырып отырады.
      Малдарды жұқпалы  аурулардан  сақтандыру  үшін,  оларды  комплекстерде
бөлектенген секцияларда  ұстайды  да,  орын  алмастыру  кездерінде  жасалған
жоспар бойынша  әр  секцияны  тазалап,  дезинфекциялаудан  өткізіп  отырады.
Шошқа фермаларының  типі  және  размерлері,  ұстау  жүйелері,  және  қосымша
салынатын объектілері әр шаруашылықтың бағытына,  жер  ораймен  ауа  райының
ерекшеліктеріне  байланыстырып алынады. Бағыты бойынша шошқа  шаруашылықтары
тұқымдық және өнімдік болып бөлінеді.
      Тұқымдық  бағыттағы  фермалардың  міндеті  шошқаларды  тұқымдық   және
өнімдік қасиеттерін жақсартып, басқа өнім өндіретін шаруашылықтарды  жоғарғы
өнімді малдармен қамтамасыз ету болып саналады.
      Шошқа  шаруашылығында  технологиялық  процесстерді  белгілеу  кезінде,
малдарды ұстау жүйелердін, азықтандыру және өсіру жолдарын  ескереді.  Шошқа
малдарын  комплекстерде ұстау жүйелері үш түрлі: бір,  екі  және  үш  фазалы
(сатылы) болады. Бір фазалы ұстау  кезінде  торайларды  21,  26,  36  тәулік
жастарында енесінен айырып, сол станокта (орында) өсіріп, семіртіп,  соңынан
союға жібереді де, ал аналық шошқаларды ұрықтандыру  қораларына  ауыстырады.
Мұндай ұстау тәсілі кезінде жас малдарды  бір  жерден  бір  жерге  ауыстырып
топтаудың нәтижесінен туатын стресс фактордан сақтандырады.
      Екі  фазалы  жүйемен  ұстау   кезінде   торайларды   туғаннан   бастап
бордақылаудың  соңына  дейін  бір  рет  ауыстырады,  яғни  торайлары   26-36
тәуліктік  жастарында  енесінен  айырады  да,  сол  станокты  өзгертпей,  үш
айлығына дейін сонда өсіріп, кейіннен бордақылау цехіне  ауыстырады.  Аналық
шошқаларды қысыр-буаз шошқалар цехіне ауыстырады. Мұндай технология мен  12-
24 мың бас шошқаларға арналған фермалар салынған.
      Үш  фазалы  жүйемен  ұстау  кезінде  торайларды  26-36,  45  тәуліктік
жастарында (салмағы 6-18 кг) бөліп алып,  ол  тұрған  цехінен  өсіру  цехіне
ауыстырып 90-120 күндігіне дейін  ұстап,  кейін  бордақылау  цехіне  жіберіп
союға дейін семіртеді.

  Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар

      Шаруашылықта барлық  шошқа  малдары  жасына,  жынысына,  физиологиялық
ерекшеліктеріне және бағытына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
            -  Қабан  шошқалар:  тұқымдық  және  күйті   келген   шошқаларды
              тексеруге арналған аталықтар;
            - Аналық шошқалар: -  Қысыр  ұрықтанбаған  (шағылыстан  өтпеген)
              аналықтар;
            - Буаз шошқалар үш түрлі боп топталады:  ұрықтанғаннан  буаздығы
              анықталғанға дейінгі, буаздығы анықталған,  жеңіл  буаз,  және
              туарға 7-10 күн қалғандағы-ауыр буаз шошқалар;
            - Торайлы аналықтар – торайлары бөлініп алынғанша;
            -  Бордақылауға  арналған  шошқалар  (ересек  және  жас)   шошқа
              шаруашылықтарында, кәзіргі кезде негізгі  шошқаларды  ұстаудың
              екі тәсілі бар: серуенді және серуенсіз. Жер орайы,  ауа  райы
              және шаруашылықтың жағдайына байланысты  шошқаларды  жыл  бойы
              қолда фермада немесе лагерлерде ұстап күтіп-бағады.
      Серуенді  ұстау  тәсілінің  станоктан  серуендету  және  еркін   (бос)
серуендету түрі болады.
      Станоктан  серуендету  кезінде  шошқаларды   жекелеме   немесе   топты
станоктарда  ұстап,  мезгілді  уақыттарда  серуендету   алаңдарына   шығарып
серуендетеді   (моцион).   Шошқаларды   станоктарда    немесе    асханаларда
азықтандырады.  Жекелеме  станоктарда  торайлы   аналықтарды   (торайларымен
бірге),  ауыр  буаздықтағы  (туарына  10  күн  қалған)  және  негізгі  қабан
шошқаларды ұстайды. Топтап ұсталатын  станоктарда  қысыр,  үш  айға  дейінгі
буаз, өнімдік жас шошқалар,  енесінен  айырған  торайлар  және  бордақылауға
арналған шошқаларды орналастырады.
      Ірі шошқа шаруашылықтарында  (комплекстерде)  станоктардан  серуендету
тәсілі топтап ұсталған тұқымдық және өнімдік кабандарды, қысыр және үш  айға
дейінгі буаз аналықтарды арнайы  бөлінген  алаңдарға  мезгіл-мезгіл  шығарып
серуендетеді.
      Серуен алаңдарын қораның ық жағынан  ұзын  қабырғаның  бойымен  жасап,
шошқаларды жекелеме станоктарда ұстаса,  әр  күтуші  адамға  бекітілген  мал
басына, ал топтап станокта ұстаған болса,  әр  топтағы  мал  басына  есептеп
секцияларға бөледі.
      Серуен алаңдарының ауданы әр басқа шаққанда: негізгі қабандарға  –  15
м², аналық шошқаларға – 10, енесінен айырған торайларға – 0,8, өнімдік  және
бордақылауға арналған жас шошқаларға – 1,2 м². Серуен  алаңы  қоршалған,  ал
едені бетондалған болады.
      Еркін серуендету түрде ұстаған кезде шошқалар станокта  ірі  топтармен
тұрады да, олардың еркін кіріп-шығуы үшін  арнайы  айналмалы  станокта  есік
қаралып,  немесе  тесіктер  (лаз)  қалдырылады.  Шошқаларды  ұстау  тәсіліне
байланысты станоктарда,  жолдарда,  серуен  алаңдарында  немесе  асханаларда
азықтандырады. Еркін серуенді ұстау тәсілін, қысыр,  алғашқы  буаздықтың  үш
айлығында аналықтар, өнімдік жас шошқалар және енесінен  айырған  торайларға
қолданады. Жылы оң түстік  аймақтарда  серуенді  ұстау  тәсілін  жыл  бойына
пайдаланса,  ал  басқа  зоналарда  тек  жаздың   жылы   мезгілдерінде   ғана
қолданады. Қысты күндері шошқаларды ауа райының жылы күндері  ғана  мезгілді
серуендетеді.
      Серуенсіз ұстау тәсілін бордақылауға қойылған 15-30 бастан станоктарда
топтап  ұсталатын  шошқаларға  қолданалды.  Шошқалар  қорадағы   станоктарда
бордақылаудың басынан аяғына дейін  серуенсіз  тұрады  да,  жолдарда  немесе
станоктарда азықтанады.
      Ірілендірілген шошқа комплекстерінде жыл  бойына  негізгі  қабандарда,
аналық  және  жас  шошқаларда  серуендетілмейді  де,   олардың   өсіп-жетілу
функцияларына теріс әсерін тигізеді. Жазғы  айларда  шошқаларды  (аналықтар,
жас шошқалар, енесінен айырған торайлар) жеңіл салынған  лагерлерде,  шалаш-
сарайларда,  жаппа-күркелерде  немесе  қоршалған  алаңдарда  ұстаған  тиімді
болады.
              Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
      Шошқа малдарының қораларындағы микроклиматтың қалыпты жағдайы, олардың
физиологиялық  ерекшеліктеріне  сәйкес  келуі,  шошқаларды  әртүрлі  жұқпалы
инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтандыруда маңызды  роль  атқарады.

      Шошқа қораларындағы  ауа  температурасының  тым  жоғары  немесе  төмен
болуы,  олардың  организмдерінің  резисттентілігін  төмендетіп  және   өсіп-
жетілуін  тежеп,  азық  шығынын  арттырып,  малдар  жиі  әртүрлі   ауруларға
шалдығып, өлім-жітімге ұшырайды. Аналық шошқалардың қорасында  көбінесе  екі
температуралы режим жасалады: ірі  мегежіндерге  бір  бөлек  және  емшектегі
торайлар  үшін  жеке  жағдай  туғызу  қажет.  Мысалы,  жас  торайларға   ауа
температурасы 28ºС дан 22ºС  дейін  керек  болса,  олардың  енесіне  16-18ºС
температура қажет болады. Көрсетілген  температурадан  төмен  болса,  аналық
шошқалардың сүттілігі кемиді. Жас төлдердің орнындағы  ауа  температурасының
төмендеуі, олардың денесінен энергетикалық заттардың шығынын  арттырады  да,
организмнің температурасының  төмендеуіне  апарып  соғып,  көректенуден  бас
тартып, өлімге ұшырайды.
      Шошқа   шаруашылықтарының   тәжірибесінде    қора    ауасын    қалыпты
температурада ұстау үшін аралас  жылыту  жүйелерін  пайдалануды  тиімді  деп
санайды. Ондай жағдайда малдардың тұрған орнын едендердің асты  арқылы  және
жоғарғы жақтан жасанды инфрақызыл сәулелерімен арнайы шамдардың  іліп  қойып
жылытады. Торайлар жататын орнының әр станокты жылытылатын ауданы –  1,0-1,5
м², ал ол жердің үстінің температурасы  30ºС  болып,  біртіндеп  төмендетіп,
енесінен айырған кезде 22ºС жеткізеді.
      Жоғарғы температура, әсіресе жазғы күндері  малдарда  жылу  күйзелісін
(стресс) тудырады, әсіресе  семіз  шошқаларда  ондай  жоғарғы  температурада
шағылыстан  өткен  мегежіндердің  жатырындағы  ұрықтардың  алғашқы   күндері
сақталуын  төмендетеді.  Ауаның  жоғарғы  температурасы  (27-35ºС)  шағылысу
кездерінде және буаздықтың алғашқы апталарында мегежіндердің  эмбриондарының
дамуын тежеп, туғанда  торай  санын  азайтады.  Шошқа  қораларының  ауасының
температурасы жазғы  ыстық  күндерінің  орташа  температурасынан  5ºС  артық
болмауға  керек.  Шошқаларды  жылытылмайтын  қораларда  ұстау,  ауа   райына
байланысты, елеулі азық шығынына апарып соғатындығы дәлелденген (Канадада  –
44 %, АҚШ – 25 %, Данияда – 10 %). Шошқа  қорасының  аусының  16ºС  дан  5ºС
төмендегенде әр градусқа, бордақылаудағы  малдың  салмағы  2  %  кемитіндігі
дәлелденген.
      Қора ауасының салыстырмалы ылғалдылығының  70  %  дан  95  %  өзгеруі,
шошқалардың шығынын 0,05 %дан 17,5 % дейін жоғарлатады.
      Қора ауасының жоғарғы салыстырмалы ылғалдығы, төменгі температура  мен
біріккенде, мал организмін суыққа  ұрындырып  резисттенттілігін  төмендетеді
де,   әртүрлі   инфекциялық   аурулармен   ауыртады.   Ауаның   салыстырмалы
ылғалдылығы, әсіресе  шошқаларды  қорада  сулы  азықтармен  көректендіргенде
және көңді сумен жуып тазалаған кездерде жоғарлайды.
      Шошқа малдарында күйзеліс жағдайлар, көбінесе қора  ауасындағы  зиянды
газдардың,    шаң-тозаңдар    мен    микроорганизмдердің    концентрациялары
жоғарлағанда туады. Қора ауасында аммиактың мөлшері  қалыптан  жоғары  33-36
мг/м³ көтерілсе, бордақыдағы шошқалардың тәуліктік қосу салмағы  7,7-10,2  %
төмендейді (кесте 16).
      Шошқа қораларындағы қалыпты жарықтану режимі,  олардың  организміндегі
зат алмасу процесстерін арттырып, эндокринді бездердің қызметін  жоғарлатып,
соның нәтижесінде  малдың  өнімділігі  жақсарып,  туған  төлдің  ширақ  және
сыртқы әсерлерге төзімділік қабілеті жоғарлайды (кесте 17).
      Малдардың қорасындағы жарықтанудың қанағаттанғысыз  шамада  болуы  жас
торайлардың өсіп-жетілуін 7-10 % тежеп, ауруға  ұшырау  межесін  –  24-28  %
көтеріп, ал өлімін –  9-10  %  жоғарлататындығы  дәлелденген.  Бордақылайтын
шошқаларды  төменгі  жарықтандыру  мөлшеріне  ауыстыруды,  оларды  семіртуге
қоярдың алдында 70-80 күн  бұрын  бастаған  жөн.  Ол  кезде  жарықтандырудың
шамасы, жас шошқаларды өсіру кезіндегі жарық  мөлшерімен  салыстырғанда  екі
есе азайтылып, жарықтандырудың тәуліктік ұзақтығы ет бағытындағылар үшін 10-
сағат, майландырғанда – 6 сағаттан аспауы керек. Шошқалардың денсаулығы  мен
өнімі қораның микроклиматының  барлық  көрсеткіштерінің  әсеріне  байланысты
болады. Микроклимат  көрсеткіштері  малдардың  физиологиясына  сай  келмесе,
оның төзімділік қабілеті төмендеп, жас шошқалардың  өсіп-жетілуін  (9-28  %)
кеміп, азықтардың шығыны (12-30 %) артып және малдың ауруға  шалдығуы  1,5-2
есеге жоғарлайды да, шаруашылық экономиялық  көрсеткіштері  бойынша  тиімсіз
болып шығады.

         Дәріс №4. Қой малының төлдерін өсірудің гигиенасы (2 сағат)

      Қойларды төрт түрлі жүйелерде ұстайды: тұрғызып-жайып, жайып-тұрғызып,
жайып және жыл бойына тұрғызып қолда ұстайды.
      Тұрғызып-жайып ұстау. Мұндай жүйеде қойларды жылдың ұзақ уақытын қолда
тұрғызып, ал шамалы мезгілін жайып  күтіп-бағады.  Қолда  тұрғызып  көбінесе
қойларды қыс айларында азықтандырып, серуендететін алаңы қаралған  қораларда
ұстайды. Ашық алаңдардың (база) ішінде азық  науаларын  орнатып,  су  ішетін
астаулармен тұз салатын орындар белгіленеді. Ауа райының қолайлы  кездерінде
базаға шығарып азықтандырып, түнгі жатар кезде  қораға  қамайды.  Ал  күннің
жылынған мезгілдерінде  жайып-бағады.
      Жайып-тұрғызып ұстау  тәсілін  –  табиғи  жайылымдары  бар  аймақтарда
қолданады. Біздің еліміздің көптеген жерлерінде  мал  жаятын,  әсіресе  ұсақ
малдар жайылатын жайылымдар жеткілікті кездеседі де  оларды  қыс  кездерінде
қар  көп  баспайды.  Мұндай  аймақтарда  ауа  райының  қолайсыз   кездерінде
пайдалану үшін жеңіл, үш қабырғалы, төбесі жабылған қоралар  немесе  буылған
қамыс, талдардан жасалған, төбесі қазақ үйше тоқылған-катондар  тұрғызылады.
Үш  қабырғалы  қораларда  да,  сол  сияқты  катондарда  да   қалың,   құрғақ
төсеніштермен қамтамасыз етілуі керек.  Қысқы  айларда  нашар,  әлсіз,  ауру
малдарды  көректендіру  үшін  азық  қорын  дайындайды.  Қысқы  немесе   ерте
көктемгі мал төлдету кезінде саулықтарды қозылары  мен  алғашқы  айда  ұстау
үшін, табындағы малдың 30-35 % шамалап жылыланған қора соғылады.
      Жайып ұстау тәсілі – жайылым жерлерге бай аймақтарда  қолданып,  малды
жыл бойына жайып тек қыстың суығында, ерте көктемде қоздаған малдарға  қатаң
және құрама азықтар дайындайды. Мұндай жыл  бойы  қойларды  жаю  мен  күтіп-
бағуға оңтүстік жылы аймақтар қолайлы болады.
      Тұрғызып қолда ұстау тәсілі  –  егін  шаруашылығымен  шұғылданып,  мал
жаятын  жерлері  жоқ  аймақтарда  қолданылады.  Мұндай   жағдайда   қойларды
қораларда ұстап, ал оларға  азықты  жасанды,  екпелі  шөптерден  дайындайды.
Жайылымға малдары тек серуендеу үшін ғана бостады.  Жазда  оларды  қоршалған
алаңдарда азықтандырып, ал қыста қораларда көректендіреді. Қораларды  қыстың
жайсыз, суық мезгілдерінде және төл алатын  кездерде  пайдаланады.  Қойларды
жылы, ылғалды және тығыз қораларда ұстауға болмайды, өйткені ондай  жағдайда
малдар  әлсізденіп,  жүнінің  өсуі  бөгеліп,  тұяқ  аурулары  пайда   болып,
резистентілігі  төмендеп ауруға жиі шалдыққыш келеді.
      Бағыты бойынша қой шаруашылықтары екіге бөлінеді: бірінші –  тұқымдық,
яғни малдардың бұрынғы  тұқымын  жақсартумен  қоса  жас  тұқымды  тоқтыларды
өсіріп, жаңа тұқымды малдарды еңгізу, екінші - өнім алуға (жүн,  ет,  елтірі
т.б.) негізделген. Алынатын негізгі өнімдеріне  байланысты  қойларды  биязы,
жартылай биязы, қылшық жүнді ет-жүн-сүт бағытындағы, каракул  (елтірі)  және
тондық (сең-сең) терілер алуға арналғандар болып бөлінеді.


         Қой қораларының және технологиялық бөлшектерінің размерлері
                                (өлшемдері).
      Ірілендірілген  қой  шаруашылықтарында  бірнеше  қоралардың   түрлерін
жобалап – тұрғызады. Оларға қысқы және ерте көктемде  қоздайтын  аналықтарға
арналған жылыланған төл үйшігі бар  қоралар:  негізгі  қошарларды  (тұқымды)
ұстайтын, әртүрлі жастағы және жынысты қойларға  арналған  қоралар,  қаракул
шаруашылықтарында төл үйшік және мал сою пункті  қаралады.  Қой  қораларымен
біріктіріліп немесе жеке ұрықтандыру пункті, қой  қырқу  орындары  қаралады.
Қой фермаларының территориясында ветеринариялық және мал өлшенетін  орындар,
су,  жылу  көздерінің  ғимараттары,  азық  дайындайтын,  сақтайтын,   малдар
тұратын ашық алаңдар т.б. болады.
      Қой қоралар  табиғи  жасанды  жайылымдардың  маңайында  орналастырылуы
керек. Қой қоралардың сиымдылығы 1500 басқа  дейін  орналастыруға  арналады.
Кең тараған қой қоралардың сиымдылығы 600-800 басқа  болады.  Қой  қораларды
сол түстік және орталық аймақтарда көбінесе «Г»  типті,  ал  оңтүстікте  «П»
тәрізді тұрғызылады (сызба  12).  Бұл  қоралардың  сыртқы  бұрышы  жел  өтін
азайтып және қора ішінің суып кетпеуін қамтамасыз  ету  үшін,  желдің  басым
соғатын жағына қаратып орналастырады. Ал ық жағынан  биіктігі  1,5  м  дейін
қоршау жасап, малдардың  серуендеп  азықтанатын  алаңын  қалдырады.  Олардың
ішіне қатаң азықтарға және  жемге  арналған  науалар  қойылады  (кесте  11).
Қорадағы  әр  басқа  арналған  орындардың  размері  әртүрлі  болып,  олардың
жасына,   жынысына,   ұстау    тәсіліне,    өніміне    және    физиологиялық
ерекшеліктеріне байланысты болады (кесте 12).
      Әр түрлі типті қораларында  қойларды  орналастыру  кезінде  бір  басқа
шаққандағы еденнің ауданы саулықтарға  көктемде  қоздағанда  –  1,0-1,2  м²,
қошқарларға жекелеме ұстағанда – 3-4 м², топта – 1,5-1,7 м².
      Жартылай ашық күрке базаларда жас тоқты-түсақтарға – 0,3 - 0,4 м², ірі
қойларға 0,5 м², тұрақты төл үйшіктер үшін – 2,0-2,5 м²,  ал  роман  тұқымды
саулықтарға – 3,0 м² кем қаралмайды. Төл үйшік үшін қой  қораның  ортасынан,
жылы жерден орын бөлінеді. Қой төлдеген кезде  қосымша  жылжымалы  бөлгіштер
мен (тор көзді щиттер) барлық  қоздайтын  саулықтың  30  %  есептеп  бірнеше
бөліктерге бөлінген төл үйшіктер  жасайды.  Саулық  саны  500  бастан  артық
болса, жеке төл үйшік қаралады. Сыртқы орта ауа температурасы -  30ºС  төмен
болса, төл үйшіктерді қосымша  жылылайды.  Еліміздің  кей  ауа  райы  жұмсақ
аймақтарында жеңіл типті, жергілікті арзан  материалдардан  катондар-шатырлы
немесе қазақ үй  тәріздес  қоралар  тұрғызады.  Катонның  екі  типі  болады:
читинді (шатырлы) және (қазақ үй тәріздес) орынборлы. Катондарды биіктігі  4
м ағаш тіреуіштерден (сырықтар) жасап, сыртын қалың қабатпен  солома  немесе
қамыспен жауып жылылайды. 650 бас ірі қойларға арналған катондардың  еденнің
диаметірі 16 м, үстіңгі тесігі – 2 м, болып әрбір ірі қойға –  0,4  м²,  жас
тоқтыларға – 0,25 м² қаралып, ені – 2,0-2,5 м қақпа қалдырады.
      Мұндай катондарға төбедегі  тесіктен  таза  ауа  алмасып,  ішінде  улы
газдар болмайды. Ауаның ең суық күндерінде де катон ішінің температурасы  2-
7ºС  болып,  мал  организміне  пайдалы  әсерін  тигізеді.  Қой  фермаларында
өндірістік  және  шаруашылық  объектілерге  мал  тұратын  қоралардан   басқа
изолятор  (ауру  малдарға)   және   жасанды   ұрықтандыру   пункті   жатады.
Ұрықтандыру пунктінің ауданы – 16 м²,  лабораториясы  –  7,6  м²,  қошқарлар
тұратын орын – 8 м² және екі бөлме – 16,6 м²-тан әрқайсысы  ұрықтанған  және
ұрықтануға дайындалған саулықтарға арналады.
      Қышыма, қотыр ауруларының алдын алып, сақтандыру үшін жайылымда немесе
жайлауда малдарды ұстаған кездерде, жеңілдетілген, жинамалы, брезент  немесе
басқа су өтпейтін материалдардан қой тоғыту ваннасы купка жасалады.
      Ірілендірген  қой  фермаларында  тоғыту  ванналарының  орнына   арнайы
жасалған жанбырлататын құрылымдар пайдаланады.


              Қойларды азықтандыру және күтіп-бағудың гигиенасы
      Қойларды биологиялық құнарлы азықтар мен қамтамасыз ету, олардың  аман
сақталуы мен өнімінің молаюының бірде-бір кепілі болып  саналады.   Рационда
неғұрлым күкірті бар аминқышқылдары (цистеин, цистин, метионин)  көп  болса,
солғұрлым қой жүні өседі.  Азықтағы  протейннің  мөлшері  емес,  сапасы  мал
өніміне  айтарлықтай  әсерін  тигізеді.   Басқа   малдармен   салыстырғанда,
қойлардың қатаң  азықтың  түрі,  құрамы  мен  сапасына  сезімталдығы  жоғары
болады. Мысалы,  қойларды  тарының  соломымен  көректендіру  олардың  жүннің
түсуіне соғады. Сол сияқты, қойлардың жүнінің сапасы оларды  қыша  (горчица)
шөптері   мен   және   ірі   сабақты,   қышқылдары   дәнді   шалғындар   мен
азықтандырғанда төмендейді.
      Биязы  және  жартылай  биязы  жүнді  қойларды   селеулі   шөптер   мен
көректендіруге  болмайды,  әсіресе  дәні  піскеннен  кейін,  селеудің   басы
қатайып, жүн арасына кіреді де, біртіндеп теріні,  тесіп  етке  өтіп,  кейде
тіпті  ішкі  өкпе,  жүрекке  дейін  жетеді  де,   малды    жүдетіп,   ауруға
ұрындырады.  Сол  сияқты   түйе   ошаған   (репей)   араласқан   шөппен   де
азықтандыруға болмайды.
      Қойлардың рациондарында минералдық заттардың жетіспеушілігіде  олардың
денсаулығына  үлкен  әсерін  тигізеді.  Әсіресе,  қыс  айларында,  қозыларда
минералды заттар мен витаминдердің жетіспеушілігінен бірін-бірі еміп,  жүнін
сорып, соның  салдарынан  ұлтабарының  аузына  жеке  ішек  жолына  жүн-жұрқа
жиылып,  ауруға  ұшырап,  кейде   жаппай   өлім-жітімге   шалдығады.   Бұдан
сақтандыру  үшін саулықтар мен қозыларға  арналған  азықтарға  сәбіз,  сүйек
ұны, тұз қосып береді. Қойлардың арасындағы  арық,  әлсіз  малдарды  іріктеп
бөліп алып, жеке күтім жасау қажет. Қыс аяғында, көктемнің  басында  азықтың
тапшылығынан, немесе құнарсыздығынан қойлардың  жүнінің  жіңішкеруі,  сынауы
көбейіп, экономикалық шығынды  арттырады.  Қойларды  арнайы  азық  науаларын
пайдаланып, ашық жерлерде – аландарда  көректендірген  дұрыс  болады.  Ондай
жағдайда қатаң, құрама және сулы азықтар үшін екі  жақты  немесе  бір  жақты
науалармен қамтамасыз етіледі.
      Екі жақты азық  науаларын  қораның,  алаңның  ортасына  қояды  да  екі
жағында малдардың еркін келіп тұруына мүмкіндік жасалады. Мұндай  науалардың
жалпы ұзындығы 2-3 м болып, әр ірі малға – 0,25 м,  қозыларға  –  0,15  орын
қаралады. Рештак-науаны тақтайдан төрт бұрышты  жасап,  30-40  см  биіктікте
аяққа орнатып, енін  –  25-30  см,  тереңдігін  –  10-12  см  жасап,  екінші
қабатына  қатаң  азық  салынатын  сирек  сырықшалардан,  төбесі  ашық,  науа
қалдырады.
      Ұрықтандырудың алдында 1,5-2  ай  бұрын  арпа  жармасы,  жүгері,  сұлы
ұнтақтары т.б. құнарлы азықтармен көректендіру  (протейндері  мол)  қоздауын
10-30 % арттырады. Күйлі саулықтар ірі қозылар туып, сүті  мол  болады.  Сол
сияқты қойларды  сүрлеммен  азықтандырған  сүтін  15-22  %,  жүнін  –  20  %
жоғарлатады.
      Буаз саулықтар  минералды  заттарға  сұранысы  жоғары  болып,  туардың
алдында, әсіресе кальции және фосфорға тәуліктік  сұранысы  10  есе  артады.
Рационда кальций, фосфор, кобальт,  мыс,  йод,  жез,  темір,  марганец  және
витаминдер  А,  Д,  Е  жетіспеушілігі  өте  әлсіз  қозылардың  тууына   және
саулықтың сүтінің кемуіне апарып соғады.
      Қойларға  арналған  азықтар  сапалы  болып,   ас   қорту   жүйелерінің
ауруларына ұшыратпайтын, әсіресе  ұнтақты  азықтар  тыныс  жолдарына  тұрып,
өкпесіне кетіп, әртүрлі ауру тудырмас үшін дымқылдап берген дұрыс.  Ас  тұзы
мен  зат  алмасу  процесстерінің  жұмысын  бұзып  уланбас  үшін,   тәуліктік
мөлшерін ірі қойлар үшін – 10-15 г, қозыларға – 5-8 г аспауы керек.
      Қойларды  таза  сумен  қамтамасыз  ету  керек,  әсіресе  олардың   жаз
айларында суға сұранысы жоғары болады да  тәулігіне  кем  дегенде  екі  рет,
таңертең және кешке суарылуы қажет.
      Қойлардың күтімі жақсы болып, таза жерлерде  ұстаған  жағдайда  жүннің
өсуі жақсарып, сапасы артады, іші таза  емес,  ылғалдығы  жоғары,  асты  сыз
жерлерде ұстағанда, олардың жүндерінде,  әсіресе  бауыр  жүндеріне  нәжістер
қатып, оның түсін сарғайтып, серпінділігі  төмендеп,  сыңғыш  болып,  сапасы
нашарлайды. Қойлардың жүндерінің сапасын  төмендетпеу  жолында,  сол  сияқты
оларды тікенек шөптердің ішіне жібермей маяларды қоршап қояды.
      Қойлардың басқа малдардан артық биологиялық ерекшеліктері, олардың ірі
топтармен  жайылып,  көптеген  жерлерде  жыл  бойына,  қар   астынан   керек
көректерді тауып жейді (тебіндеп).  Олар  тауылы,  шөлейт,  жартылай  шөлейт
жерлерде жайылып көректенеді,  әсіресе  жаз  айларында  шөбі  қысқа  қыратты
жерлерде  жайылса,  қысқы  кездерде  шөбі  қалың,  шалғынды  аймақтарда  қар
астынан тебіндеп азықтанады.
      Егер ауа құрғақ болса, ірі  қойлар  суықтан  қорықпайды,  бірақ  қатты
желді, ылғалды-жауынды  күндері  суыққа  төзімсіз  болады.  Буаз  сулықтарды
мұздақ қарлы  жерлерге  жаюға  болмайды.  Ондай  жағдайда  олардың  тұяқтары
қыйылып, мұз қабыршақтарын жұтып, іш тастауға апарып соғады.
      Буаз саулықтарды қоздар алдында 20-30 күн бұрын, және туғаннан соң 5-7
күндер  бойы  жайылымға  шығармай   қолда   тұрғызып   күтеді.   Саулықтарды
қозыларымен бірге 20-30 күннен кейін құрғақ, шөбі мол жерлерге жаяды.
      Қойларды  көбінесе  0º  дейінгі  температурада,   бірақ   ауа   құрғақ
кездерінде 5-6ºС  жоғары  болмаған  жөн.  Жылы  сызды  қораларда   ұстағанда
олардың тұяқтары ауруға ұшырап (айырма болып), жүні нашар өсіп, түсіп  өнімі
төмендетеді.  Сондықтан  қой  қоралар  құрғақ,  ауа   температурасы   5-6ºС,
ылғалдығы 80 % және газдардың, әсіресе аммиактың  концентрациясының  көбейіп
кетпес  үшін  қалыпты   желдетілуі   керек,   қой   қоралардың   микроклимат
көрсеткіштерінің нормасы 13 кестеде берілген.
      Қойларға арналған қораларға құрылыс материалдарын әрбір  аймақтың  жер
орайы, ауа райына байланыстырып алады.
      Қойлар  өте  қорқақ  болып,  әрбір  тосын  жағдайлардан  үркіп,   қаты
күйзеліске ұшырағыш  келеді.  Әсіресе  қорада,  шарбақ  қорғандарда  қамауда
тұрғанда үріксе бір-бірінің үстіне шығып  кетіп,  бастығырылып  өлім-жітімге
ұшырайды. Үріккен қойлар күйзелісті жағдайдан өте жай (1-2  ай)  шығады  да,
күйін төмендетіп, өнімін азайтады.

          Дәріс №5. Жылқының төлдерін өсірудің гигиенасы (2 сағат)

      Жылқы малдарын өсіру көптеген  шаруашылықтар  үшін,  әсіресе  табынды-
жайып ұстауға қолайлы Қазақстан, Қырғызстан, Башкирстан, Бурят, Якут,  Алтай
т.б. елдерде кең тараған. Олардан тек құнарлы, сіңімді  ет,  сүт  алып  қана
қоймай, міну және жегіп  жүк  тасу  жұмыстарына  пайдаланады  және  көптеген
жарыс ойындарына қосып, жүлделі орындарға ие болады.
      Сол  сияқты  жылқылардан  биологиялық  препараттар  (гипериммунді  қан
сөлдері, гамма-глобулиндер, қарын сөлдерін т.б.) алуға пайдаланады.
      Жылқылардың  осындай  т.б.  ерекшеліктеріне  негіздеп   төрт   бағытта
өсіретін шаруашылықтар болады.
          - Жұмыс бағытына арналған  жылқылар  –  шаруашылық  ішіндегі  жүк
            тасымалдау, бір жерден  бір  жерге  қатынасу,  малдарды  айдау,
            жайып-бағу, шағын жерлерді жыртып өңдеу т.б. үшін пайдаланады;
          - Өнімдік бағыттағы жылқылар – ет,  қымыз,  өндірістерді  табында
            ұстау кезінде, жыл бойына,  арзан  құнарлы  өнімдермен  әсіресе
            жоғарғы сортты жылқы колбаса – шұжықтармен ұлттық дәмді – қазы,
            қарта, жал, жая тағамдарымен, дем алу орындарына  (курорттарға)
            құнды   емдік   қасиеті   мол   сусын-қымыз   дайындау,   емдеу
            мекемелеріне арналған  емдік  биологиялық  активті  препараттар
            жасап шығару т.б. алуға;
          -  Спорттық  бағытындағы  жылқылар   -   әртүрлі   мәдени-спортты
            ойындарға, туристік саяхаттарға, арнайы жарыстарға арналған;
          - Жаңа тұқымды жылқыларды өсіріп және ескіні жаңарту  бағытындағы
            селекциялық жұмыстарды жүргізу.
      Жылқы малдарын айтулы мәнде өсіріп дамыту үшін  және  бұл  саладан  ең
жоғарғы өнімдер алуға зоогигиеналық талаптарға сәйкес күтіп  бағу  шараларын
қолдану қажет.
                        Жылқы малдарын ұстау жүйелері
      Жылқы малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдерін таңдау  әр  шаруашылықтың
жағдайына, алған бағытына, жер орайы, ауа райына байланысты жасалады.
      Жылқы шаруашылығында  екі  ұстау  жүйесі:  қорада  және  жайылымда   -
табында қолданылады.
      Табында жайып ұстау жүйесі – ертеден келе  жатқан  тиімді,  жылқыларды
табиғый жайылымдарда жайып, арзан  өнімдер  алуға  негізделген.  Бұл  жұйені
малдардың бағыты, шаруашылықтың мүмкіншілігіне және жер  орайына  байланысты
екі тәсілде пайдаланады. Мәдениетті табында және жақсартылған табында  ұстау
болып бөлінеді.
      Мәдени-табындау тәсілі бойынша асыл тұқымды  және  жергілікті  тұқымды
жылқыларды жылдың көп мезгілінде жайылымдарда ұстап күтіп бағады. Ал  қыстың
суық кездерінде  -  іші  байлау  және  бөлмелі  (денникті)  орындарға  бөліп
жабдықталған қораларда ұстайды.  Ол  үшін  табындағы  жылқыларды  жасы  және
жынысына қарап біркелкі топтарға  бөледі  (биелер,  құлынды  биелер,  аттар,
айғырлар т.б.)
      Мәдени табында ұстау кезінде жылқыларды,  әсіресе  жайылымдардың  шөбі
азайып, құнары кетіп тозған кездерде және қары қалың,  суық  боранды,  мұзды
мезгілдерде  шөп  және  құрама  азықтар  мен  көректендіру  қаралады.  Ондай
суықтарда аналық биелерді жылыланбаған қораларда немесе ашық  базаларда  шөп
беріп (14-20 кг 1 басқа) күтеді де, ашық күндерде  оларды  да  басқа  малдар
мен бірге жайылымға шығарады.
      Жақсартылған табындарда  ұстау  тәсілі  кезінде  жылқыларды  жыл  бойы
жайылымда жаяды. Ауа  райының  өте  қолайсыз  кездерінде  айғырлардың  арық-
жүдегендері,  құлынды-буаз  биелермен  әлсіз,  ауру  тай-жабағыларға  арнап,
жеңіл, жергілікті арзан материалдардан ықтырма қоралар (15-20 % )  қаралады.
Қалған жылқыларды қатты суық борандарда табиғи ық жерлер:  тау  ықтары,  жар
жиектері, орман, қараған  араларын  пайдаланады.  Жергілікті  материалдардан
(талдар, қамыс т.б.) ықтырма, жаппа  базалар  салып,  онда  шөп  қорымен  су
қоймасы қаралады. Жайылымда табындап ұстау  кезінде  жылқылар  жасына  қарай
бөлінбей, үйірімен жүреді. Әрбір үйірде әр жастағы ұрғышы жылқылар және  бір
айғыр болады. Тәжіриблі қартаң айғырлардың үйірінде  30  басқа,  жас  құнан-
дөнен айғырларда – 15  басқа  дейін  ұрғышы  жылқылар  және  құлын-жабағылар
болады. Басқа- еркек жылқылар (аттар,  тай,  құнандар)  жеке  табын  ішінде,
үйірден бөлек бағылады.
      Табындағы жылқылар тығыз жүнді және қалың қабатты терілі болып  келеді
де,  жаздың  аса  ыстықтары  мен  қыстың  аяздарына  төзімді  болып  келеді.
Жергілікті аймақтық ауа  райына  шыныққан  жылқылар  қалың  қар  (40-50  см)
астынан, мұз болып қатып қалмаған болса, өзіне қажет көрек  азықтарды  тауып
жейді (тебіндеп).
      Шаруашылықтың бағыты және табиғи жайылымдардың орайы мен су көздерінің
молдығына байланысты табындардың размері әртүрлі болады.
      Құлынды биелердің табында 80-150, айғырлар 20-25, жас  жылқылар  (тай,
күнандар)- 150 басқа дейін болады. Жайылымы жазық аймақтарда ет  бағытындағы
жылқылар үшін ір  табынның мөлшерін, тай-жабағыларымен қосқанда – 400  басқа
дейін, ал таулы жерлерде 100 басқа дейін топталады.
      Жылқыларды бір жайылымнан екінші жайылымға  ауыстырып,  айдаған  кезде
сағатына 6-7 км жылдамдықтан асырмай және 10-15 км  кейін  жайып,  дем  алыс
беріп,  жалпы  тәуліктік  жүруі   –   30   км   аспауы   керек.   Жайылымдар
эпизоотологиялық жағынан  жұқпалы  аурулар  бұрын,  шықпаған  таяу  маңдарда
өлген  малдардың  өлекселері  сақталған  орындар  жоқ,  көліктер   мен   мал
айдалатын жолдардың түйісінде орналаспаған болуы керек.
      Жылқыларды қорада ұстау жүйесі – кезінде, олардың  өндірістік  бағыты,
физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты жекелеп  және  топпен  ұстайды.  Ол
үшін жылқы қораларының ішінде жекелеп тұрғызып ұстау үшін жан-жағы  сырықтар
мен шектелген бөлмелер – денниктер, топтап ұстауға ірі  секциялар  жасалады.
Денниктерде  көбінесе,  негізгі  айғырларды,  құлынды   биелерді,   енесінен
айырған жабағыларды  және  өнімдік  бағалы  тай-құнандарды  ұстайды.  Қалған
тұқымдық көрсеткіштері бойынша төмен бағалы жылқылар,  жұмыс  аттары  топтап
20-100 басқа дейін ірі секцияларда (залда) ұсталады. Топта (залды)  ұстайтын
қоралардың ішінде де билердің құлындайтын орындар-денниктер қаралады.
      Жылқылар зауыттарына, қораның ық жағынан серуен  алаңдары  (поддоктар)
қаралады. Жекелеме серуен алаңдарының ауданы негізі айғырлар үшін – 600  м²,
үйрететін  жас  жылқыларға   -  400,  басқа  жылқылар  топтарына  –  200  м²
қаралады. Жұмыс  аттары  үшін  серуен  алаңдары  қаралмайды,  бірақ  аттарды
тексеріп, тазалау жүргізу үшін сыртқы ат байлау орындары қаралады.
      Жылдың жылы мезгілдерінде қорада  ұстаған  жылқыларды  да,  қоршалған,
жасанды шөптер егілген жайылымдарда  жастары  бойынша  топтап  50-80  бастан
жаяды. Ондай арнайы қоршалып жасалған жайылым орындарында  (зауыдтарда)  жаю
ливадалық тәсіл деп аталады.
      Жылқыларды  суаруға  таза  құдық   сулары   пайдаланады.   Санитарлық-
гигиеналық талаптарға суларының  сапасы   сәйкес  келетін  өзендер,  көлдер,
бұлақ және тұма суларында пайдалануға болады.


    Дәріс №6. Ауылшаруашылық құстарының балапандарын өсірудің гигиенасы.
                                  (2 сағат)


      Еліміздің  халықты  тағамдық  өнімдер  мен  қамтамасыз  ету  жөніндегі
бағдарламаның орындалуына ауыл шаруашылық құстарын өсірудің  де  зор  маңызы
бар.  Өйткені құстардың етінің  құндылығы  ғана  емес,  оған  жұмыртқа  және
мамық өнімдерінің бағалылығын қоссақ, оны мен  бірге  олардың  тез  жетіліп,
көп өнім беретіндігін ескерсек  құстарды  өсірудің  маңызы  белгілі  болады.
Бірақ құстарды өсіру кезінде олардың сыртқы қоршаған  ортаға  (күтіп-бағуға,
азықтандыруға т.б.)  сезімталдығының  өте  жоғары  екендігін  ескеру  қажет.
Құстардың  азғана  жерде  көптен  орналасқан   жағдайында   оларды   әртүрлі
аурулардан  сақтандыру  тек  қана   ветеринариялық   санитарлық   ережелерді
орындап, гигиеналық талаптарға сай жұмыс істегенде ғана болады.


                   Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері.
      Құс шаруашылығында үш түрлі ұстау  жүйелері:  экстенсивті,  интенсивті
және аралас немесе жартылай интенсивті қолданылады.  Әр  жүйенің  өзіне  тән
тәсілдері  яғни  клеткаларда  және  едендерде  ұстайтын   түрлері   тараған.
Едендерде ұстау тәсілдері үш түрде кездеседі: жиналмайтын  қалың  төсенішті,
сыртқы  және  сеткалы   (торкөзді)   едендерде   арнайы   серуен   алаңдарын
пайдаланып, немесе серуенсіз тұрғызып күтіп-бағу болады.
      Экстенсивті  жүйе  –  көбінесе  кіші  құс  фермаларында  белгілі   бір
мезгілдерде ет және жұмыртқа өнімдерін алуға бағытталған. Мұндай  фермаларда
құстарды  едендерде  ұстап,  табиғи  жарықтандыруды,  ауаны  желдетуді  және
мезгілді  серуендетуді  пайдаланады  да,  ондай  кездерде   фермадағы   ауыр
жұмыстарды (азық тарату, көң  тазалау  т.б.)  механикаландырудан   гөрі  қол
жұмыстарының бөлігі жоғары болады.
      Интенсивті жүйе – жыл бойына жоспарлы түрде біркелкі сапалы, мол  өнім
алу  үшін  жоғарғы  өнімді  құстарды  клеткаларда  және   едендерде   ұстап,
технологиялық   процесстерді   (вентиляция,    канализация,    жарықтандыру,
азықтандыру т.б.) механикаландырып, автоматтандырып және  арнайы  зауаттарда
дайындалған құнарлы құрама жемдерді пайдаланып, серуенсіз ұстайды.
      Аралас  немесе  жартылай  интенсивті  жүйе  –  құстарды  технологиялық
процесстері автоматтандырылған  және  механикаландырылған  қораларда  ұстап,
бірақ шектеулі серуендетуді пайдаланып (қаздар, үйрету фермаларында)  немесе
құстар жылдың бір мезгілінде экстенсивті, ал басқа  уақытында  –  интенсивті
жүйеде ұсталады.
      Құстарды қалың жиналмайтын  төсеніштерде  ұстау  тәсілі  көбінесе,  ет
бағытындағы фермаларда қолданылады. Қалың төсеніштерде құстарды  ұстау  үшін
әуелі құрғақ, дезинфекцияланған және алдын ала қортылған хлорлы  әкі  ұнтағы
себілген (әр кв.м. 0,5-1  кг)  еденге  қалыңдығы  –  15  см  төсеніш  салып,
соңынан әр бір екі айда үстіне төсеніш  материалын  қосып,  жалпы  қалыңдығы
жыл аяғына дейін 25-30 см жеткізеді.
      Мұндай  төсеніштерде,  биотермиялық  процесстердің  нәтижесінде,   қыс
айында температура 12-18ºС  жетеді де, ал  төсеніш  аралығындағы  сапрофитті
микробтардың өсуінің салдарынан, әсіресе витаминдер тобы В  түзіліп,  құстар
төсеніш түйірлерін шоқып жеп, өздеріне  қажет  кейбір  витаминдерді  табады.
Сол  сияқты,  құстарды  қалың  төсеніш  едендерде  ұстағанда,   олар   еркін
қозғалыста болып, денсаулығына бір шама пайдалы әсері тиеді.
      Мұнымен қоса құстарды  қалың  жиналмайтын  төсенішті  едендерде  ұстау
кезінде айтарлықтай  кемшіліктер кездеседі. Біріншіден бұл тәсілмен  ұстаған
кезде,  құстар  белгіленген  ұяларға  жұмыртқаламай  еденге  түсіріп,   олар
ластанып тек  тағамдық  қана  емес  инкубациялық  сапасын  төмендетеді  және
жұмыртқаларды жинау қыйынға түседі. Екіншіден, құстардың  саңырық  араласқан
төсеніштермен  ылғый  денесі  түйісіп,   шоқып   жеп   альминтарлы   (іштен)
инфекцияға және инвазиялық  (құрт)  ауруларға  шалдығуына  қауіп  төндіреді.
Үшіншіден, құстарды бұл тәсілмен ұстағанда төсенішті  ұзақ  алмастырмағанның
нәтижесінде, онда улы газдардың мөлшері көбейіп кетпеу  үшін  өте  көп  жаңа
төсеніш қоры  қажет болады (жылына әр құсқа 5-6 кг).
      Құстарды сырықты (планчатты) едендерде  ұстау  тәсілі  кезінде  арнайы
ағаш  сырықтардан  құрылған  (размері,  көбінесе  2  м  ×  3  м)   рамаларды
қоралардың еденінен 80-85 см биіктікте, көлдеңнең  орналастырады.  Рамаларды
жасауға қалыңдығы 1,5-2 см, жалпақтығы 4-5 см ағаш  сырықтар  (рейка)  алып,
құс саңырығына бөгет болмау үшін  үстіңгі  бетін  тегіс,  қырларын  жұмырлап
үстіріктеп,  бір-бірінен  2,5-3,0  см   қашықтықта   орналастырады.   Мұндай
едендердің арасынан құс саңырағы астындағы бетондалған  арыққа  түсіп,  одан
механикалық түрде арнайы  сырғыш-қырғыш  құрылымдардың  көмегімен  тазаланып
отырады.
      Сырықты едендерде  ұстағанда  құстарға  төсеніш  қажет  болмайды  және
олардың дем алып отыруына арнайы қондырғылар қаралмайды, құстардың  саңырығы
еден тесігінен төмен түсіп  кетеді  де,  олардың  денесі  таза  болып,  ауру
жұқтыру  қаупі  төнбейді  және  құстардың  орналасу  сиымдылығы  жоғарлайды.
Бірақ,  мұндай  артықшылығымен  қатар  айтарлықтай  кемшілігі   болып,   бұл
сырықтан жасалған едендердің сыртқы әсерлерге құс саңырықтарына төзбей,  тез
істен шығып, жарамсыздануы саналады.
      Құстарды тор көзді едендерде ұстау - басқа түрлеріне қарағанда  тиімді
болып есептеледі.
      Ол үшін аса берік, ауыр салмаққа  иіліп  кетпейтін,  сыртқы  әсерлерге
төзімді, әсіресе химиялық  заттар  мен  газдарға,  тот  баспайтын  (цинкпен,
полиэтиленмен, резинамен қапталған) сымдардан ара қашықтықтары (тесігі)  3,5
× 3,5 см  төркөздер  (сетка)  жасалып,  жерден  60-70  см  биіктікте,  керіп
орнатылады. Олардың астында көң жиналатын бетондалған арықтар жасалады.  Бұл
тәсілдің  сырықты  едендерден  артықшылығы   сыртқы   факторлардың   әсеріне
төзімділігі болса, кемшілігі ұзақ уақыт құс салмағына шыдамай,  еден  иіліп,
салбырап кетеді де, оны жиі  керіп  отыруға  қосымша  еңбек  жұмсалады  және
құстардың дем алып отыруына арнайы қондырғылар қаралуға тура келеді.
      Арнайы клеткаларда құстарды ұстау тәсілі құс  шаруашылығында,  әсіресе
ірі өндірістерде (фабрикалар)  кең  таралған.  Бұл  тәсілмен  ұстау  кезінде
арнайы клеткалы  батареялар  (тізбегі)  жасалып  қораның  ішіне  бірден  бес
қабатқа дейін аралықтарынан жол қалдырып орналастырылады. Ол  үшін  құстарды
жекелеме, шағын топпен (2-10 басқа дейін) және ірі  топпен  (бірнеше  ондық)
ұстауға арналған цинкпен көмкерілген сымдардан клеткалар  жасалып  тізбектеп
орналастырылады.
      Кәзіргі  кезде  клеткалы  батареяларда  барлық  негізгі  технологиялық
процесстер: азық жеткізу,  суару,  жұмыртқа  жинау,  саңырық  тазалау,  жуу,
дезинфекциялау т.б. механикаландырып  және  автоматтандырылған.  Клеткаларды
қорада  орналастырылуы  тігінен  және  сатылы  немесе   каскадты   жасалады.
Құстарды  клеткалы  батареяларда  ұстағанда,   олардың   орналасу   қабатына
байланысты, еденде ұстағанмен  салыстырғанда  2-4  есе,  қораның  сиымдылығы
артады.  Онымен  қоса   клеткалы   батареяларда   құстарды   ұстау   кезінде
жұмыртқалаудың жыл  мезгілдеріне  бөлінуі  жойылады,  өндірістің  санитарлық
жағдайы жоғарлайды, құстардың денсаулығын мезгілді бақылап  отыруға  қолайлы
болып,  азық  шығыны  кеміп,   оларды   ұстап   ветеринариялық-зоотехникалық
жұмыстарды жүргізуге  мүмкіншілік  туады.  Клеткалы  батареяларда  ұстағанда
технологиялық процессті механикаландыру және  автоматтандырудың  нәтижесінде
еңбек өнімділігі жоғарлайды.
      Құстарды клеткалы батареяларда ұстаған  кезде  тек  қана  оларды  мол,
құнарлы азықтармен қамтамасыз етудің ролі  артпай,  қорадағы  микроклиматты,
оның ішінде, жарықтану режимін қалыптаудың маңызы жоғарлайды.
      Құнарлы  азықтармен   азықтандырып   клеткалы   батареяларда   ұстаған
құстардың, басқа серуенді тәсілмен салыстырғанда,  жұмыртқаларының  химиялық
құрамы, биологиялық бағасы және тағамдық қасиеттері кем болмайды.
      Құстарды клеткалы батареяларда  ұстап,  өсіріп-бағу  оларды  едендерде
ұстау тәсілдерімен салыстырғанда айтарлықтай өзгешеліктері болады.
      Құстарды клеткалы батереяларда ұстағанда, олардың қозғалысы  шектеледі
және ондай тәсілмен ұстауға дағдыланбаған  тұқымды  құстар  семіріп,  кейбір
органдарының қызметі бұзылып, жұмыртқалау  қабілеті  төмендейді.  Сондықтан,
клеткалы батереяларда  ұстау  тәсілдерін  дамытумен  қатар,  ондай  жағдайда
ұстауға бейімдеуге арналған селекциялық жұмыстар жүргізілуі керек.
      Құстарды бір жерден  ауыстырмай  ұстап  өсіруді  көп  сатылы  (фазалы)
түрімен, яғни жас құстарды  жиі орнын алмастырып отырып өсіргенді  өндіріске
енгізеді. Бірақ құстарды мезгіл-мезгіл орын ауыстырып өсіру  кезінде  оларға
әртүрлі стресс факторлар әсер етіп,  олардың  тәбеті  төмендеп,  төзімділігі
нашарлап, өнімі азайып және еңбек шығынын арттырады.
      Құс қораларының микроклиматы  нашар  болса  жас  құстардың  өсіп-дамуы
тежеліп, өнімділігі төмендеп, құстың басқа  ауруларға  қарсы  тұру  қабілеті
азаяды. Құстарды қанағаттандырғысыз микроклиматы  бар  қораларда  ұстағанда,
олардың өнімі 40-50 % төмендейді, бір өнімге шаққанда азық  шығыны  30-40  %
артып, құстың,  әсіресе  жас  балапандардың  ауруы  3-4  есе  көбейеді.  Ірі
құстардың,  онымен  қоса   ересек   жас   құстардың   қораларындағы   ауаның
температурасының,  қыс  айларында,  төмендеуі   немесе   жоғарлауы   қалыпты
нормадан 2 градустан артық ауытқымауы керек.
      Жылдың жылы мезгілдерінде қора ауасының  температурасының  ең  жоғарғы
шегі сыртқы ауаның температурасының көрсетуінен 5 градустан  жоғары  болмай,
бірақ  1-10  тәуліктік  балапандар  үшін  33ºС  артық  емес,  басқа  жастағы
жұмыртқалайтын құстарға - 28ºС, ет бағытындағыларға -  26ºС  жоғары  болмауы
керек.
      Қысқа  мезгілде  (тәулік  ішінде  4  сағатқа)   ауа   температурасының
жоғарлауына  рұқсат  етіледі,  бірақ  жалпы   орта   есеппен   33ºС   жоғары
көтерілмеуі керек (кесте 21).
      Құс қораларының ауасының температурасының төмендеуі  құстың  энергияға
сұранысын арттырып азық шығының жоғарлатады да, ал температураның  жоғарлауы
белгілі бір мөлшерге дейін азыққа құстың сұранысын төмендетеді.
      Сондықтан ауа райы ыстық аймақтарда  құстың  азыққа  сұранысы  азайып,
оларға қажет көректі заттармен организмді қамтамасыз ету  қыйынға түседі.
      Қора ауасының температурасы 33ºС жоғары болса, тауықтардың  жұмыртқасы
18-20 % төмендеп, азық шығыны 15-20 % азайып, су ішуі – 50-60 %  жоғарлайды.
Құстар  организміне  жоғарғы  температураның  зиянды  әсерін  азайтудың  жаз
айларында, бірден-бір тиімді  жолы  қорадағы  ауа  қозғалысының  жылдамдығын
жоғарлатып  (2,0-2,5  м/сек)  организмнен   жылу   тарауын   арттыру   болып
есептеледі.
      Құс қораларының ауасының  ылғалдылығының  жоғарлауы  азықтағы  көректі
заттардың төмендеп, қандағы гемоглобиннің мөлшерінің кемуіне апарып  соғады.
Құстардың ауа ылғалдылығы жоғары және температурасы  төмен  қораларда  болуы
оларды суыққа ұрындырып, ауруға шалықтыруы мүмкін.
      Құрғақ ауа – салыстырмалы ылғалдылық 50  %  төмен  болғанда  құстардың
тыныс   жолдарының   клегей   қабаттарын   тітіркендіріп,    қауырсындарының
сынғыштығына апарып соғады.  Ауа  ылғалдығы  35  %  дейін  төмендесе  құстар
арасындағы өлім-жітімге ұшырау 14 % оданда  жоғары  болады.  Ондай  жағдайда
ауаның  ылғалдылығын  қалыпты  мөлшерге  дейін  көтеру,  ауаның  шаң-тозаңын
басып, бактериялармен ластануын азайтып, құстардың сақталу пайызын  арттырып
және өсу салмағын жоғарлатады.
Жылдың ауыспалы мезгілдерінде салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшерін  тауықтар,
күрек тауықтар, цесаркалар және құрлардың қораларының  ауасында  75  пайызға
дейін, ал үйректермен  қаздар  үшін  85  пайызға  дейін  жоғарлатуға  рұқсат
етіледі.  Ауа  райының  суық  кездерінде  ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығын
ересек тауықтар мен күрек тауықтардың қораларында 40-50 % дейін, ересек  қаз
және үйректерге –  60  %,  ал  олардың  жас  шібилері  үшін  –  50  %  дейін
төмендетуге болады.
      Жылдың суық мезгілдерінде қора ауасының қозғалысының жылдамдығы –  0,5
м/сек жоғары болмауға тиіс.
      Құстардың қораларының ауасында аммиактың мөлшері қалыптан  көп  болса,
олардың тыныс жолдарының клегей қабаттарын  тітіркендіріп,   мазасыздандырып
және көз  кілегей  қабатына  сіңіп  көз  ауруы-кератоконьюнктивит  (аммиакты
токсикоз) туына әсер етеді. Әсіресе бұл  ауру  жас  құстарда  басқа  вирусты
және  бактериялық  инфекциялармен   қосылып   (инфекциялық   ларинготрахеит,
бронхит т.б.) жиі өлім-жітімге  ұшыратып,  шаруашылыққа  үлкен  экономикалық
зиян келтіреді.
      Егер,  құстардың  қораларының  ауысындағы  аммиактың  мөлшері  қалыпты
болғандағы (15 мг/м³) өнімділігін 100 % тең деп  бағалаған  болсақ,  ауадағы
газдың мөлшері 30 мг/м³ дейін көтерілсе жұмыртқалауы 21,8 % төмендеп,  өлім-
жітімге ұшырауы – 2,2 есе жоғарлап, ал  аммиактың  концентрациясы  әр  куб.м
ауада 40 мг дейін ұлғайса, жұмыртқа – 37,3 % келіп, өлім пайызы  –  3  есеге
артады. Құстардың  денсаулығы  мен  өнімділігіне  ауаның  шаң-тозаңдар  және
микроорганизмдермен ластануы да айтулы әсерін тигізеді. Қора ауасындағы шаң-
тозандардың мөлшері жоғарлаған кезде ауа желдеткштерінің  қуаты  –  18-20  %
төмендеп, жылу құбырларының (калориферлердің) өткізгіштік қасиеттері  –  40-
60 % азаяды.
      Құс қораларындағы қалыпты  микроклиматты  (оптималды)  қамтамасыз  ету
үшін таза ауаны жоғарғы аймакқа кіргізіп, ал ескі ластанған  ауаны  төменнен
шығарып  отыратын  тиімді  ауа  алмастыру  жүйелерін,  көбінесе  механикалық
түрлерін пайдаланады.  Құстардың  таза  ауаға  сұранысы  басқа  сүт  көректі
малдармен салыстырғанда,  әр  кг  тірі  салмаққа  шаққанда,  екі  есе  артық
болады.  Сондықтан  ауа  алмастыру  жүйелерінің  жеткіліксіз  жұмыс   жасауы
құстардың өсіп-дамуына және өніміне зиянды әсер етеді (кесте 22).
      Құс қораларындағы технологиялық процесстерді жаппай механикаландырудың
салдарынан өндірістік шудың молайып, олардың өніміне және жұмыртқа  сапасына
теріс әсерін тигізеді. Шудың мөлшері 90 дБ  болып,  бір  сағат  бойына  әсер
етсе жұмыртқалайтын тауықтар стресс жағдайға ұшырап, алынған  жұмыртқалардың
беріктілігі  төмендеп,  сынуы  4,6-12  %  дейін  көбейеді.   Сондықтан   құс
қораларындағы  өндірістік  шулардың  мөлшері  60  дБ  жоғары  болмай,  қысқа
мерзімдерде 90 дБ аспауы керек.
      Қорадағы жарық шамасы құстардың жыныс бездерінің қызметін (функциясын)
арттырып,  жұмыртқалауын  жоғарлатады.  Сондықтан   құс   қоралары   қалыпты
жарықпен қамтамасыз етілуі керек. Ол үшін  табиғи  тәсілмен  жарықтандырумен
қатар жасанды жолдармен – электр шамдарын орнату арқылы жарықтандырады.


  Дәріс №7. Қоянның және терісі бағалы аңдардың төлдерін өсірудің гигиенасы
                                  (2 сағат)

      Үй қояндарын  ұстау  үшін  әртүрлі  конструкциялы  торкөзді  клеткалар
пайдаланады.  Клеткаларды  орналастыратын  жерлеріне  байланысты   қояндарды
мынандай ұстау жүйелеріне бөледі.
     1) Сыртқы клеткаларда (ашық аспан астында);
     2) Арнайы сарайлар – шедтарда;
     3) Жабық қоян қораларында.
      Сыртқы клеткаларда ұстау кездерінде қояндарды  ашық  аспанның  астында
немесе жабық қалқандарда жыл бойы әртүрлі  типті  клеткаларды  қойып,  сонда
азықтандырып  өсіреді.  Бұл  тәсілмен  ұстағанда  қоян  организмі   шынығып,
денсаулығы артып, жүнінің сапасы жақсарады. Бірақ  мұндай  жүйеде  ұстағанда
ауа  райының  қолайсыз  мерзімдерінде,  әсіресе  қыста,  тудырып  өнім   ала
алмайды.
      Арнайы сарайларда (шед) ұстағанда  екі  қатарлы,  бір-біріне  беттерін
қаратып,   бір   немесе   екі   қабатты   клеткаларды,   жергілікті    арзан
материалдардан, ұзындығы 50-70  м  дейін,  ені  –  2,5-3  м  қылып  салынған
шедтердің  ішіне  қойып  соған  жекелеме  немесе  шағын   топпен   қояндарды
орналастырады. Екі қатарлы орналасқан клеткалардың ортасынан 1,2-1,5  м  жол
қалдырып, төбесі шатырлы болып жабылады. Бірінші қабаттың клеткалары  жерден
40-60 см биіктікте аяқтарға тұрғызады да, астынан түскен көңді жинап  алатын
арықтар (канал) қалдырады. Әр клетка екі бөліктен: кіші ұялы, үлкен  –  азық
бөлімнен тұрады. Кіші бөлігінің қабырғалары  тұтас  материалдардан  жасалып,
ортасындағы бөлігінде қоян кіріп-шыға алатын тесік қалдырып, ішіне  40*50*20
см фанерден жәшік қояды да  құрғақ  төсеніш  (солома,  жапырақ)  материалмен
толтырады. Азық бөлігінің алдыңғы қабырғасы және асты тор көзді  болады  да,
алдыңғы бетінің іш жағынан азық  науасы  мен  су  құбырын  орнатады.  Екінші
қабаттағы  клеткалардың   еденінің   асты   болып,   біріншілерінің   төбесі
есептеледі де, шедтің сыртынан келіп, ашып көңді жинап  алатын  сырмалы  бір
тақтай бойындай, саңылау қалдырылады.
      Ортаңғы жолдың жоғарғы жағына  аспалы,  жылжып  тұратын  азық  салатын
жәшік ілінеді. Қояндарды сарайда ұстау күннің  аязы  мен  жауын-шашындарынан
қояндарды  сақтайды  да,   мұндай   тәсілмен   ұстағанда   жылдың   ауыспалы
мезгілдерінде де (күз, көктем)  оларды төлдетіп, өнім алуға болады.
      Қоян қораларында ұстау  жүйесі  кезінде әртүрлі  арзан материалдардан,
көбінесе кірпіштерден, шлак, саз құймалардан, сирек  самандардан  жылыланған
қоралар тұрғызып, ішіне  бір  типті  (размерлі)  тоттанбайтын  сым  темірден
жасалған клеткаларды бірнеше қатарлы  қылып,  көбінесе  бір  қабат,  ал  жас
қояндар үшін 2-5 қабатқа дейін орналастырады.
      Ірілендірілген  қоян  шаруашылықтарында,  жыл  бойында   ұздіксіз   ет
алынатын, қояндарды асфальттанған немесе  бетондаған  едендері  бар,  ішінде
тіреулері жоқ жақсы  жылыланған  жабық  қораларда  ұстайды  да,  оның  ішіне
орналастыратын клеткалардың едендерінің ауданы: көжектері  мен  аналық,  бір
аталық, 5-6 бас өндірістік 3 айдан асқан жас  қояндар  үшін  –  0,5  м2,  ал
бройлерлік көжектері мен бір аналыққа – 0,7 м2 жасалады.  Аналық  қояндардың
клеткаларының ішіне ұялық размері 40*60*25 см  жәшік,  оған  жұмсақ,  құрғақ
төсеніштік  материал салып қояды. Қабырғалары мен есіктері клеткалардың  тор
көзді,  көздерінің  размерлері  2,5*2,5  см.  Қояндарға   арналған   негізгі
технологиялық элементтердің размерлері (25) кестеде көрсетілген.
      Шағын қояндар фермаларында ірі қояндарды жекелеме түрде, ашық аспанның
астында  қос  бөлмелі,  тұрақты  аналыққа  арналған  орны  бар   клеткаларда
ұстайды. Әрбір клетканың ішіне  бөлік  жасап  одан  20*20  см  кіріп-шығатын
тесік қалдырып, азық бөлімінің ұзындығы 60 см, ұялы бөлмесінікі – 40 см,  ал
азық бөлімінің есігіне өздігінен аударылып кететін  су  науасы  және  құрама
қоспалар салатын астаушалар отырғызады. Азық бөлімінің  едендері  тор  көзді
болып, олардың нәжістері астындағы  арықшаға  түсетіндей  қылып  клеткаларды
қатар-қатар тізбектеп,  жерден  60-70  см  биіктікке,  аяққа  тұрғызады.  Әр
қатарда 15-17 клеткадан соң, бір көлденең жол тастап отырады.
      Көптеген қоян шаруашылықтарында қояндарды бір ғана жүйемен ұстап  қана
қоймай, әртүрлі  жүйені кезекпен пайдаланады. Мысалы,  еттік  жас  қояндарды
күннің қатты суығына  дейін  далада  клеткаларда,  ал  ауыспалы  мезгілдерде
шедтерде ұстаса, аналық қояндарды қыста қорада  клеткаларда  ұстап,  қосымша
көжектетіп өнім алады.
      Жабық қораларда ұстағанның жоғарғы нәтижелі болуы оның микроклиматының
негізгі   көрсеткіштері   температурасы,   ылғалдылығы,   ауа   қозғалысының
жылдамдығы, тағы басқа зиянды  газдардың  мөлшері  қояндардың  физиологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес, нормативке негізделуіне байланысты болады.
      Қоян қораларынан көңді  (әр  тәулікте  бір  реттен  кем  емес)  қырғыш
транспортерлермен жинап, автокөлікке тиеп  шығарып  отырады.  Ауа  алмастыру
қоян қораларында механикалық жүйемен жасалады. Қыс айларында қоян  қораларын
жылыту  электірлі  каллориферлер  мен  ауа  алмастыру  жүйесімен  біріктіріп
жүргізіледі.
      Қояндарға таза ауаның  жетіспеушілігі  өкпе  ауруларының  тууына  және
жалпы  резистентілігінің  төмендеуіне   апарып   соғады.   Қояндар   төменгі
температураны да (минус 30 С дейін), жоғарғы температураны  да  (+30)  жақсы
көтереді, бірақ ылғалдық  жоғары,  қора  іші  сыз,  өтпелі  жел  болса,  тез
әртүрлі ауруларға шалдығады. Жоғарғы  салыстырмалы  ылғалдылық  80  %  асса,
төменгі температурада өкпе ауруына ұшыратса, төменгі  ылғалдылық  (40-50  %)
жоғарғы температурада терісін кептіріп, төзімділігін нашарлатады.
      Ауаның суық кездерінде, қорадағы оның қозғалысының жылдамдығы –  0,05-
0,25 м/сек  аспаса,  жаз  айларында  0,5-0,7  м/сек  дейін  болып,  ауыспалы
мезгілдерде – 0,3-0,5 м/сек болуы керек.
      Қоян қораларындағы жарықтандырудың тәулігіне ұзақтығы 16-18 сағат,  ал
жарықтың шамасы – 50-70 люкс, бордақылауға арналған қояндарға  –  10  люкске
дейін.
      Қояндар қорасының ауасындағы зиянды газдардың жоғарғы мөлшері  олардың
әртүрлі    ауруларға    төзімділігін    төмендетеді.    Ауадағы    аммиактың
концентрациясы әр куб.м. 10  мг  артық  болса,  қояндардың  сүзелең  улануға
ұшырап, өкпе және кеңсірік  (ренит)  ауруларын  туғызады.  Қоян  қораларының
ауасындағы  қалыпты  көмірқышқыл  газының  мөлшері  0,15  %  жоғары  болмай,
күкіртті сутегі және аммиакцтың әр  куб.м  аудағы  концентрациясы  –  10  мг
аспауы керек.
      Қояндардың тамақ жеуі және су ішуі түнгі мезгілдерде қарқынды  болады.
Күндіз   тыныштықты   жаратып,   дем   алғанды   ұнатады.   Ол    кездердегі
механизмдердің (азық тарату,  көң  шығару,  ауа  желдету  т.б.)  өндірістегі
шулары  оларда  стресс  (күйзеліс)  туғызып,  мазасызданып,  клетка   ішінде
жүгіріп, кей кездерде секіріп, артқы аяқтары  жансызданып  (паралич)  қалуға
дейін барады. Тосыннан болған өзгерістер  (айғай,  бөтен  адамдардың  кіруі,
өлшеу, егу жұмыстары т.б.) қояндардың күйзелісін тудырып, содан  өз  көжегін
жеуге (канниболизм), үстіне жатып өлтіруге, іші өтіп ауруға ұрындырады.
                 Қояндарды азықтандыру және суару гигиенасы
      Қояндардың негізгі көрегі өсімдік азықтары болып саналады. Олар  жалпы
рационның көректі заттары мен энергиясын ішек газдары және  зәр  арқылы  өте
аз (4-6) бөліп шығарады да, оның  физикалық  энергиясы  –  95-96  %  болады.
Сондықтан қояндардың  рационына  коллориясы  жоғары  және  жақсы  қортылатын
азықтар болуын қадағалайды.
      Қояндарды  азықтандыруға  көбінесе   көк   шөп,   тамыр-түйнектілерді,
сүрлемді,   ағаш   жапырақтарын,   дәнді   азықтардан   жасалған    жемдерді
пайдаланады. Сол сияқты, қоян рационына бидай кебегін,  ет-сүйек  ұнын  және
балық ұнын, бұзаулар  мен  торайларға  дайындалған  құрама  азықтарды  қосып
пайдалануға болады.
      Азық құрамындағы құрама жемдерді азайтып, ал  қатаң,  сулы  азықтардың
бөлігін арттырып, кейбір тұқымды қояндарды  семіріп  кетуден  сақтаныдырады.
Ірі  қояндар  мен  буаз  аналықтарды  және  өнімдік  жас  қояндарды  қалыпты
мөлшермен  көректендіреді.  Көжектері   еміп   жүрген   аналықтар   мен   ет
бағытындағы қояндарды шектеусіз азықтандырады.
      Қояндарды тобымен шектеусіз азықтандырған кезде  азық  науаларының  әр
қоянға  тұратын  орны  белгіленбейді,  ал   нормалы   көректендірген   кезде
әрқайсысына науаның ұзындығынан есептеп бір уақытта тұрып жейтін  орын  (бір
басқа) қалдырады.
      Қояндарды қысқы құрғақ азықтан жазғы сулы көк шөпке ауыстыру біртіндеп
жүргізілуі  керек.  Көктем  кезіндегі  көк  шөпке  ауыстыру   қояндарды   іш
ауруларынан  сақтандыру  үшін  біртіндеп,  бастапқыда   ірі   қояндар   үшін
тәулігіне 50-100 гр, жастырына – 30-50 г беріп аптадан  соң  толық  рационға
көшіреді.
      Қояндардың арасында іші бұзылу басталса, көк  шөпті  беруді  тоқтатып,
тал,  шырша  т.б.  ағаштардың  жапырақтары  мен  бұталарын  береді.   Қылқан
жапырақты ағаштардың құрамында микробтарды және  құрттарды   (гельминттерді)
өлтіретін заттар болады да, іш өткен кездерде берсе  ас  алмасу  процесстері
түзеліп, іш аурулары тоқталады.  Оны  мен  қоса  қылқан  жапырақтарды  жеген
қояндардың   ағаш   клеткаларды   кеміруі   тоқталады,   қыс   айында   олар
витаминдердің  көзі болып саналады.
      Жалпы қояндарды қылқан жапырақтармен ұзақ 20-30 күннен  артық  бермей,
арасында  7-10  күн  үзіліс  жасап  отыру  қажет.  Алғашқы  күндері   қылқан
жапырақтармен қояндар азықтандырғанда,  олардың  зәрі  қызыл  түске  боялып,
кейіннен тарап  кетеді.  Жүгеріні  қояндар  сүтті-балауса  кездерінде  жақсы
жейді. Бірақ жүгері углеводтарға бай болады да, қарында ыдырап,  ащып  кетіп
іш кептіреді. Сондықтан ондай азықты көп бермей және одан кейін су  ішкізбеу
керек. Қояндардың бір биологиялық ерекшеліктері,  олардың  түңгі  нәжістерін
жеп  көректенуі  (копрафагия).  Түңгі  қыйы  қою  жұмсақ  болып  келеді  де,
күндізгі нәжістері қатты шар тәріздес болып химиялық  құрамы  бөлек  болады.
Түңгі нәжісін жеп, қояндар қосымша азотты заттармен витаминдер тобы  В  және
К  алып,  организмнің  сұранысын  қамтамасыз  етеді.  Өз   нәжісін   жемеген
қояндардың салмағының  өсуі  тежеледі,  жүдейді,  кей  кездері  өлім-жітімге
ұшырайды, аналық қояндардың көжектеуі төмендеп, іш тастап және өлі  туғандар
саны көбейеді. Қоянның жатырдағы көжегінің дұрыс өсіп-дамуы үшін  рациондағы
белоктардың, минералды заттар мен  витаминдердің  жеткілікті  мөлшері  болуы
қажет. Бұл заттардың жетіспеушілігі қоян көжектерінің шала тууына  аналықтың
іш тастауына немесе ұрықтың ыдырап ағып кетуіне апарып соғады. Онымен  бірге
артық мөлшерде азықтандыру қояндардың қалыптан тыс семіріп  кетуіне  себепші
болады да, семіріп кеткен қоян аналықтары туар  кездерінде  өліп-қалады,  ал
туғандарының сүті аз болады.
      Көжекті  қояндардың  рационын  біртіндеп  ауыстыру  керек.  Буаздықтың
ақырғы 10 күндігінде рациондағы қатаң азықтардың  бөлігін  құрама  жемдердің
есебінен азайтады. Қояндарды таза сумен қамтамасыз  ету  үшін  автоматты  су
құбырларын қояды. (сурет 24) Буаз қояндар, басқаларына  қарағанда  суды  көп
пайдаланады. Мысалы, бауырында 8 көжегі бар  аналыққа  тәулігіне  800  г  су
қажет болады.  Егер,  көжектерді  45  күндігінде  енесінен  айыратын  болса,
олардың әр біреуінің орта салмағы 1 кг болады да, тәулігіне 2 л су ішеді.
      Қояндарға  судың   тапшылығы  тәбетін  төмендетіп,   массасының   өсуі
тежеліп, өсімі және аналықтың сүті кемиді.  Судың  жетіспеушілігінде  аналық
қояндар көжектерін асыраудан қашып, туған кезінде  жас  көжегін  жеп  қойып,
әртүрлі ауруларға (бүйрек, ішек т.б.) шалдығады.
      Қысқы  айларында  қояндар  қар  мен  шөлдерін  басады.  Бірақ   қорада
минералдық заттардың жоқ болуынан, қояндарға ас тұздары  мен  мелдің  күндік
мөлшерін 1-2 г арттырады.
      Су құбырларын  жиі  тазартып  отыру  қажет.  Өйткені  оған  қояндардың
түбіттері ұшып түсіп,  азық  қалдықтары  және  нәжістерімен  ластанып,  суға
микробтар түсіп өсіп-өніп, іш ауруларына ұшырайды
      Андарға арналған фермаларды  бағытына  байланысты  екі  түрге  бөледі:
тұқымды фермалар – жас тұқымды андарды  өсіріп  дамытуға  және  бұрынғыларын
жаңарту мен айналасатындар және  өнімдік  фермалар  –  бағалы  аң  терілерін
алуға және нутрий фермалары-ет өндіру мен шұғылданады.
      Аң терілерін өндіруде алдыңғы  қатарда  орын  алатын  норкалар,  поляр
түлкілерін, жай қызыл түлкілерінің фермалары,  нутри  және  бұлғын  өсіретін
шаруашылықтар болып саналады.
                    Бағалы терілі аңдарды ұстау гигиенасы
      Аңдар өсіру мен айналасатын шаруашылықтар қатынастар шектелген,  жабық
типті болуы керек.  Ондай  шаруашылықтың  территориялары  тұтас  немесе  тор
көзді әртүрлі материалдармен қоршалып, қоршаудың төменгі  басы  кем  дегенде
30 см жерге  сіңірілген  болады.  Қорғанның  биіктігі  түлкілер  және  поляр
түлкілері (песец) үшін 2 м   кем  болмай,  жоғарғы  басының  қалқыны  болса,
норка мен бұлғындар үшін қоршау биіктігі 1,5 м  болып,  оның  орта  тұсында,
аңдардың өрмелеп шығып кетпеуі үшін, жылтыр, тайғақ  материалдан  жолақ  жол
жасалады.  Таулы  және  қары  қалың  түсетін  аймақтарда   барлық   андардың
түрлеріне арналған фермалардың қорғандарының биіктігі – 2,5 м жасалады.
      Бағалы  терілі  аңдарды  ұстау  тәсілдері  де  үй  қояндарын  ұстайтын
жүйелеріндей (сыртқы ауада клеткаларда,  шедтерде  және  қораларда)  болады.
Оларға арналған  қоралар  мен  технологиялық  элементтердің  размерлері  мен
орындарының нормативті көрсеткіштері ұстау жүйелері және андардың түрлі  мен
физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады (кесте 27).
      Бұлғындар, норкалар, түлкілер, сол сияқты поляр  түлкілеріне  арналған
сарайлар  (шедтер)  сыртқы  ұзын  бойымен  төбенің  карнизінен   (қабырғаның
жоғарғы ернеуі) серуен алаңының үстіне дейін  және  азық  жолының  бойы  мен
серуен алаңының астыңғы ернеуінен жерге 20 см сіңірілген  сеткамен  (торкөз)
тартып, қоршалады. Аңдарды сарайларда  ұстау,  оларды  ауа  райының  әртүрлі
қолайсыз   жағдайларынан   (жауын-шашын,   аяз   борандар)    сақтап    және
азықтандыруды,   көң   тазалап,    шығаруды,    сумен    қамтамасыз    етуді
механикаландыруға мүмкіншілік тудырады.
      Аңдарды жабық қораларда  ұстау  ірі  фермаларда  жыл  бойына  үздіксіз
бағалы   аң   терілерін   алуға   қолданылады.   Ол    үшін    размерлерімен
конструкциялары аңдардың түрлері мен жасы және жынысына  байланысты  болатын
клеткаларды пайдаланады.
      Түлкілер мен песецтерге жеке тұруына арналған клеткалары екі  бөлімнен
тұрады: үйшік  және  алаңша.  Аңдарды  желмен  жауын-шашындардан  сақтандыру
үшін, үйшіктің жан-жағынан  саңылаусыз  жабық  қоршау  болса,  ал  алаңшаның
қоршауы-торкөзді  сетка  болады.  Сетканы  бағанаға  немесе  рамаға   жерден
биіктігін 0,7-0,8 м қылып, керіп тастайды. үйшіктің  алаңша  мен  жалғасатын
қабырғасынан, аңның кіріп-шығуына арналған тесік (20*20см) қалдырады да,  ал
алаңның азық-көң жолы жағынан, аңдарды қамап отыруға арналған  есік  жасайды
да, оған су құбыры мен азық науасын орнатады.
      Түлкілер мен песецтердің ұрғашысына арналған  клеткалар  төрт  бұрышты
параллелипипед тәрізді сеткалы (торкөзді) рамалардан  жасалады.  Күшіктейтін
және күшіктерді азықтандыру  мезгілдерінде  клеткалардың  ішіне  ұялы  үйшік
қояды, үйшіктің қабырғасы тұтас болады да, бір қабырғасында  аңның  клеткаға
қатысатын  тесігі  (лаз)  болады.  Үйшіктің  төбесі  немесе  бір   қабырғасы
күшіктерге бақылау  жасап,  үйшіктегі  ұяның  төсенішін  құрғатып  ауыстырып
отыруға ашылатын болуы керек. Түбі (едені)  екі  қабатты  –  бірі  торкөзді,
екіншісі  тұстас  болады  да,  тұстас  тақтай   едені   жылжымалы   суырылып
алынатындай қылып жасайды.
      Норкалар мен бұлғандардың жекелеме  клеткалары  сеткалы  төрт  бұрышты
параллелепипед тәрізді алаң мен жабық  үйшіктен  тұрады.  Үйшіктен  аңдардан
алаңға шығуына тесік қалдырылады. Үйшіктің төбесі  екі  қабатты:  бірінші  –
үстіңгісі тұстас тақтайдан болады да, жылжымалы қылып  жасайды,  екіншісі  –
сеткалы көтеріп ашатындай болады.  Үйшіктің  еденіде  екі  қабатты:  үстіңгі
тұтас  ағаштан,  ал  астыңғысы-торкөзді-жиналмалы  болады.   Клетканы   азық
науасымен және су  құбыры  мен  жабдықтайды.  Нутриларға  арналған  жекелеме
клеткалар үйшіктен, алаңнан  және су қоймасынан бассейн (немесе  бассейнсіз)
тұрады.  Үйшік  нутрилердің  ауа  райы   қолайсыз   болғанда   және   ұрғашы
нутрилардың күшіктеуі үшін жасалады. Үйшіктін сыртқы  қабырғасынан,  алаңнан
бөліп тұратын, жапқышты тесік қалдырады, ал алдыңғы, ортаңғы  жол  жағындағы
қабырғадан есік шығарады.
               Бағалы терілі аңдарды азықтандырудың гигиенасы
      Барлық бағалы терілі аңдар-ет көректілері болады  да,  тек   нутрилар-
өсімдіктер мен  көректенеді.  Нутрилердің  көректенуі  үй  қояндарыныкі  мен
сәйкес келеді. Олар дәнді, бұршақты  азықтарды,  жемді  тамыр-түйнектілерді,
қант  қызылшасының қоспасы (жом) т.б. көректенеді.
      Ет көректі  аңдардың  рационына  мал  өнімдері  және  өсімдік  азықтар
кіреді.  Клеткалы  аңдардың  фермаларында  азықтарды  нормалау,  өңдеу  және
дайындау өте маңызды орын алады. Бағалы  терілі  аңдарды  көректендіру  үшін
ет, балық, сүт өнімдері пысқан  немесе  шикі  күйінде,  көк  өністер,  дәнді
өнімдер, витаминді құрама  қоспалар  пайдаланады.  Бұл  азықтарды  ұнтақтап,
кесіп, арнайы машинкалардың көмегімен араластырып су қосып немесе  құрғақтай
түрінде  аңдардың сұранысына қарай көректендіреді.
      Күні  бұрын  ет  және  балық  өнімдерін  дайындауға  болмайды.   Ондай
жағдайда,  көбінесе  аңдардың  уланып  ауыр  ішек-қарын  ауруларына  ұшырауы
мүмкін. Ұсақталған азықтарды тез арада араластырып, қолма-қол  аңдарға  беру
керек.
      Аңдардың  арасындағы  аурулар  мен   өлім-жітім,   көбінесе   ет-балық
азықтарының  сапасыздығы  мен  (ескі,  микробтар  мен  зақымдалған)   немесе
көректі заттардың (белок, витаминдер) жетіспеушілігімен  байланысты  болады.
Көптеген инфекциялық  және  инвазиялық  аурулар  (ауеска  ауруы,  туберкулез
т.б.) негізінен ластанып, зақымдалған азықтармен (ет, балық)  көректендірген
кездерде болады.
      Егер  аңдарды  көректендіруге  бір   кезде   әртүрлі   мал   өнімдерін
пайдаланса, мысалы жібек құрттары, ірімшік, ет, сүйек, балық  ұндарын,  тағы
басқа шикі еттердің орнын алмастыратын азықтарды, онда  толық  құнарлы  шикі
ет  өнімдерінің  мөлшерін  (ет,  ішек-қарын,  қан  т.б.)  ірі  түлкілер  мен
песецтерге тыныштық кезінде – 30 %, шағылысқа дайындықта  –  40  %,  шағылыс
және буаз кезінде – 50 %, күшіктері еміп жүргенде – 60 % кем болмайды.
      Норкалардың ірілеріне шикі етті жай тыныштық мезгілдерде –  50  %  кем
емес, ал басқа уақыттарда - 70 %  береді.  Бірақ  бір  мезгілде  тез  ыдырап
ашитын азықтарды (картоп, жемістер, ашытқы және  көк  өністерді)  біріктіріп
беруге болмайды.
      Аңдарды азықтандыру кезінде, олардың жыл ішінде тірі салмақтарының жиі-
жиі  өзгеріске  түсіп  отыратындығын  естен  шығармау  керек.   Ол   олардың
эвалюциялық даму процесстеріндегі туатын биоритмге байланысты.
      Органолептикалық көрсеткштері (исі, түсі, концентрациясы т.б.) қалыпты
болса, ірі қара, жылқы және елік еттерін аңдарға  шикі  түрінде  пайдалануға
болады. Шошқа етін, аңдарға Ауеска ауруының жұқпауы  үшін,  температура  мен
өңдеп барып береді. Норкалар  мен  бұлғындарға  қой  еттері  мен  мүшелерін,
энцефалопатия мен ауырмас үшін,  пысырылған  түрінде  береді,  түлкілер  мен
песецтерге және күзендерге, олар бұл ауру мен ауырмайтын болғандықтан,  шикі
қалпында  бере  береді.  Бұзау   және   қоян   еттерін,   пастереллез   және
сальмонеллез аурулары  мен  ауырмау  үшін,  пысқан  түрінде  береді.  Лажсыз
сойылған малдардың еттерін, сол  сияқты  сойылған  түлкілер,  песецтер  және
бұлғандардың ұшаларын тек ыстық температуралық  өңдеуден  өткізгеннен  кейін
ғана аңдарға беруге  болады.  Есейген  аңдар  мен  тұқымсыз  жас  күшіктерге
тәулігіне бір рет, ал тұқымдық күшіктер мен буаз аналықтарға – 2 рет  күніне
азық беріп және су мен қамтамасыз етіп отырады.
      Аңдарды еркінше азықтандыру қаралған. Арыған  аңдарда  жиі  ішек-қарын
аурулары, туберкулез және  бауырдың  аурулары  кездеседі.  Аңдарды  көбінесе
ұзақ  уақыт  көміртекті  (углевод)   азықтары   жетіспеген   рациондар   мен
көректендірсе, күшіктердің өсуі тежеліп және жүндерінің  сапасы  төмендейді.
Түлкілер мен песецтердің азығында витамин С жетіспегенде  қызыл-табан  деген
ауру пайда болады. Аңдар көбінесе майда ергіш  витаминдерге  А,  Д,  Е  және
суда еритін В1, В2, РР, биотин, аскорбин қышқылына  өте  жоғары  сұраныстары
болады.
      Аңдардың арасында жиі кездесетін  анемия  (қан  аз)  ауруының  себебі,
олардың рационында  көп  мөлшерде  треска  тұқымдас  балықтардың  (солтүстік
поляр  теңізінің  балығы)  болуына  байланысты.   Мұндай   жағдайда   треска
балығында  болатын  үшметиламиноксид  қоспасының  темірмен  қосылып,   аңдар
организмі мен сіңірілмей  қалады.  Анемияның  алдын  алып,  сақтандыру  үшін
аңдар рационына құрамында  темірі  бар  препараттар  кіргізеді.  Норкаларды,
түлкілерді, песецтерді, бұлғындарды және нутрилерді суғару үшін  (бассейнсіз
ұстағанда) автоматты немесе қолдан жасалған  науа-табақшаларды  пайдаланады.
Қыста сарайларда және сыртқы клеткаларда ұстағанда аңдарға  қар  немесе  мұз
береді.



   Тәжірибелік сабақ №1-2. Буаз малдарды күтіп-бағу, азықтандыру және жас
    төлдердің туғанға дейінгі, туғаннан соңғы мезгілдеріндегі күтіп-бағу
                               ерекшеліктері.

      Мал  қораларының  микроклиматы  ондағы   қоршаған   ортаның   ауасының
физикалық,  химиялық  және  биологиялық  көрсеткіштері   мен   (температура,
ылғалдық, ауа қозғалысы, жарық сәулесі, газдық құрамы, микроорганизмдер  мен
шаң-тозаңдар мөлшері т.б.) сипатталады.
      Ірі қара малдарына арналған қалыпты микроклимат  олардың  жасы,  өнімі
және ұстау тәсілдеріне тікелей байланысты болады. Сондықтан әрбір  малдардың
түрі, жынысы, жасы және физиологиялық ерекшеліктеріне (буаз, қысыр,  тұқымды
т.б.) сай келтіріп микроклимат мөлшері белгіленеді   (кесте  5).  Ондай  мал
организміне сай микроклиматты қорада  әртүрлі  жолдармен  қалыпқа  келтіреді
(желдету, жарықттандыру, жылыту, тазалау т.б.)
      Микроклимат көрсеткіштерінің ішіндегі ең басты анықтағыш фактор  болып
ауаның төменгі және жоғарғы температурасы саналады. Ауа  температурасы  (1-6
градусқа дейін) төмендесе жас  малдардың,  әсіресе  бұзаулардың  өсуі  15-20
пайызға, сиырдың сүт өнімі – 15-30  %  кеміп,  ал  азықтың  шығыны  –  15-50
пайыға артады.
      Мал  қораларының  микроклиматының  қалыпты  шамада  болуы  пайдаланған
құрылыс материалдарының қасиеттеріне байланысты.  Қора  бөлшектері  шыдамды,
берік болуымен қатар, жылу ұстағыш, бойына  су  сіңірмейтін,  ауа  өткізгіш,
жеңіл, жоғарғы температураға төзімді материалдардан жасалуы  қажет.  Себебі,
әсіресе  қыс  айларының  суық  мезгілдерінде  қораның  ішкі  жылуының  30-45
пайызына таяуы  оның  бөлшек  беттері  арқылы  тарап  кетеді  де,  ішкі  ауа
температурасының төмендеуіне  апарып  соғады.  Неғұрлым  қора  бөлшектерінің
беті суық болса, солғұрлым мал денесінен булану және өткізгіштік  жолдарымен
жылу  тарауы  жоғарғы  болады.  Көбінесе  қыс  мезгілдерінде  булану  арқылы
жылудың денеден тарауы қораның ұзын қабырғаларына,  есік-қақпа,  терезелерге
таяу  орналастырылған   малдарда   болады.   Мысалы,   қораның   ортасындағы
клеткаларға орналастырылған бұзаулардың денелерінен жылудың тарауы,  қораның
басы, ұзын қабырға, қақпа-терезелерге таяу қойылған клеткалардағы  төлдермен
салыстырғанда 10-25 пайызға кем болатындығы дәлелденген.
      Гипотермия    малдардың,   әсіресе    жас    төлдердің    төзімділігін
(резистенттілігі) төмендетеді. Ол кезде организм  де  қарсы  дене  (антител)
түзілуі төмендеп,  лейкоциттер  мөлшері  азайып  және  олардың  фагоцитарлық
қарқыны  (активность)  кеміп,  жұқпалы  және  жұқпайтын  әртүрлі  аурулардың
шығуына  апарып  соғады.  Ортаның  жоғарғы  температурасы   да   организмнің
резистентілігін төмендетіп, әлсіретіп,  өнімі  азайып  гипертермия  ауруының
(дене  температурасының  жоғарлауы)   тууына   әсер   етеді.   Мысалы,   ауа
температурасы  27-32  градусқа  көтерілсе,  сиырдың  сүті  10-30  %,  ал  38
градуста – 50-60 пайызға төмендеген. Бұл кезде малдың  тәбеті  төмендеп,  су
ішуі артып, дем алуы мен қан тамырының соғуы жиілейді.
      Қора ауасының жоғарғы ылғалдылығы да, температураның көрсету  шамасына
байланысты  организмдегі  жылу  алмасу  процесстеріне   айтарлықтай   әсерін
тигізеді, яғни орта температурасы  төмен  болса,  жоғарғы  ылғалдық  денеден
жылудың тарауын арттырып, организмді  суыққа  ұрындырса,  ауа  температурасы
жоғары   болғанда,  денедегі  жылудың  тарауын  тежеп,  ыстық  соғу  ауруына
ұшырайды. Сиыр қораның ауасының ылғалдылығы  жоғары  болғанда  (салыстырмалы
ылғалдық 85 % тен 95 %-ға жоғарлағанда) мал сүтін 9-12  %  төмендетеді.  Ірі
қара малдарын бордақылау орындарының  ауасының ылғалдылығы  жоғары  болғанда
азықтың шығыны 20-35 % артып, тәуліктік салмағының  өсуі  12-28  %  төмендеп
және жас төлдердің өлім-жітімге шалдығуы  2-3  есе  артатындығы  анықталған.
Қораның ылғалды ауасында зиянды газдардың  (аммиак,  күкіртті  сутегі  т.б.)
мөлшері  көбейеді.  Ондай  жағдайда  малдардың  өкпе  ауруына   (туберкулез)
шалдығуы  жиілейді.  Бордақыда  тұрған  малдардың  қора  ауасындағы   аммиак
газының қалыптан жоғары болуы салмағының 25-28 % төмендеуіне апарып  соғады.

      Жоғарғы ылғалдық пен ауадағы зиянды газдардың және микроорганизмдердің
мөлшерінің артуы  жас  төлдердің  төзімділігін  айтулы  төмендетіп,  олардың
арасында жаппай аурулардың шығуына әсер етеді де, онымен  күресуге  қыйындық
туғызады.  Мұндай  жағдайда  ол  аурудың  алдын  алу   тек   қора   ауасының
тазалығында  ғана  болады.  Мысалы,  бұзауларды  ауасы   ластанған   қорадан
жекелеме клеткаға тұрғызып күту бұл аурулардың тоқталуына  әсер  етеді.  Ірі
қара малдарына арналған қоралардың  жарықтану  шамасыныңда  мал  организміне
айтулы әсері болады. Мысалы, қораның жарықтану мөлшерін 5-10 люкстен  70-100
люксе жоғарлауы бұзаулардың  ауруын  9-12  %  төмендетіп,  дене  салмағының,
тәуліктік өсуін 6-10 %, сиырдың сүт өнімінің 5-15 % көбеюіне апарып  соғады.

      Сыйыр қораларының жарықтану  мерзімін  тәулігіне  6-7  сағаттан  14-18
сағатқа  дейін  ұзартса  (жасанды  түрде)  малдың  сүті  6-15  %   жоғарлап,
ұрықтануы 15 % артып, сервис мезгілі 10 тәулікке қысқарады (кесте 6).
      Мал қораларының жарықтануын қалыпқа  келтіру  арқылы  буаз  сиырлардың
қанының биохимиялық және  иммунологиялық  көрсеткіштерінің  жоғарлап,  туған
төлдердің денсаулығының артуына әсерін тигізетіндігі дәлелденген.  Сондықтан
ірі қара малдарын ұстау жүйелері, өнімділігі, физиологиялық  ерекшеліктеріне
негізделіп қалыпты  (нормативті)  микроклимат  көрсеткіштері  (параметрлері)
белгіленген  (кесте).  Ірі  қара  малдарын  қалыптанған   микроклиматы   бар
қораларда ұстаған кездерде сиыр сүті 10-20 %, жоғарлап, азық шығыны 12-35  %
кеміп, және малдардың ауруға шалдығуы  2-3  есе  азаяды.  Мұнымен  қоса  сүт
өнімінің жағымсыз иістері жоғалып,  қышқылдығы  азайып,  микроорганизмдермен
ластануы төмендеп, сапасы артады.
      Мал қораларындағы микроклиматты қалыптау үшін бірнеше, ветеринариялық-
зоогигиеналық шаралардың жинағын  жасау  қажет.  Олар  қоралардың  жоспарлап
салу шешімдері мен оған керек құрылыс  бөлшектерін  таңдау,  тиісті  құрылыс
материалдарының, әр аймақтардың жер орайы  мен  ауа  райларына  сәйкестіріп,
қасиеттерін ескеріп, малдарды ұстаудың жаңа  технологиясын  еңгізу,  қораның
ауасын алмастыру, көңнен тазалау т.б. шаралар жатқызылады.

   Тәжірибелік сабақ №3-4.Суалтылған сиыр мен құнажындарды күтіп-бағу мен
                           азықтандыру гигиенасы.

      Суалтылған сиырлар мен құнажындардың гигиенасы. Сауын сиырларды суалту
мерзімі шамалы қысқа (45-60 тәулік)  болғанымен  мал  организмінің  шындалып
аналықтың өнімінің артуына және болашақ төлдің ширақ  аман  тууына  өте  зор
маңызы болады. Анасының жатырындағы төлдің өсуі 6-7 айлығына дейін  өте  жай
жүреді де, ол туған кездегі тірі салмағының 15-20  пайызындай  ғана  болады.
Буаздықтың соңғы екі айында  жатырдағы төлдің тәуліктік өсу жылдамдығы  600-
900 гр болады.  Сондықтан  осы  мерзімде  буаз  сиырдың  жатырындағы  төлдің
ағзалары мен мүшелерінің қалыпты өсіп дамуына қажет белоктар  мен  минералды
заттарға сұранысы жоғарлайды. Соған байланысты сиырдың тууына  45-60  тәулік
қалғанда малды саууды тоқтатады. Неғұрлым бұл  мерзім  аз  болса,  солғұрлым
болашақ төлдің өсіп дамуына теріс әсерін тигізіп, әлсіз, салмағы  кем  бұзау
алынады.
      Сиырды суалту процессі, алдын ала рационнан концентратты (құрама) және
сулы  азықтарды  шығарып  тастап,  4-6  тәуліктің  ішінде  жүргізіледі.  Бұл
мезгілдерде тәулігіне  1-2  рет  желінің  әр  бөлігінен  сүтін  сауып,  оның
саулығын  тексереді.  Өйткені  суалтылған   сиырлардың   желінсау   (мастит)
ауруларына шалдығуы осы мерзімнің алғашқы екі  аптасында,  желін  бездерінің
микроорганизмдерге  қарсы  тұру  қабілетінің  төмендеуіне  байланысты,   жиі
кездеседі. Желін сау ауруының шығуына бұл кезде малды  дұрыс  суалтпай,  көп
мөлшерде сулы азықтар беріп (сүрлем, қант қызылшасы т.б.),  мал  қораларының
санитарлық  тазалықтары  сақталмау  т.б.  әсер  етеді.  Егер  сиыр  арасында
желінсау аурулары кездессе,  ондай  малдарды  жекелеп  күтімге  алып,  емдеу
қажет.
      Желінің  ауру  бөлігінің  секретін   арнайы   бақылау   табақшаларының
шұнқырына   сауып   алып,   оның   көлемі,   түсі,   мөлдірлігі,    тұнбасы,
консистенциясы, біркелкілігі т.б. анықталады. Желінің сау  бөлігінен  сынама
сауыннан 3-5 мл көлемінде секрет алынады. Оның консистенциясы, мөлдір  сұйық
түстен қою, түсі сұр сарғышқа дейін  жұққыш  болып  келеді.  Егер  бөлінетін
секреті сұйық, көп мөлшерлі жұққыш  емес, клегейлі  және  ірің  түйіршіктері
болса, ол желінсау ауруының белгісі болып саналады.
      Суалтылған буаз сиырларды тууына 2 ай, құнажындарды 3 ай қалғанда  мал
қораларының жеке бөлігіне  тұрғызады.  Ол  малдарға  жекелеме  күтім  жасап,
физиологиялық   ерекшеліктеріне   байланысты    азықтандырып,    санитарлық-
гигиеналық талаптарға сай жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады.
      Көбінесе алғашқы бұзаулаған құнажындардан алынған төлдер жиі және ауыр
ауруға шалдыққыш келеді. Мұндай алғашқы бұзаулаған құнажындардың  уыздарында
ортаның микроорганизмдеріне қарсы тұратын иммундық глобулиндер жоқ болады.
      Алғашқы  бұзаулайтын  құнажындарды  дер  кезінде,  тууына  90   тәулік
қалғанда  негізгі  табынға  қосса,  олардың   уызында   иммуноглобулиндердің
мөлшері жоғарлап, төлдің организміне түсіп, олардың төзімділігін  арттырады.
Буаздықтың барысында сиыр организміндегі зат  алмасу  процесстері  жоғарлап,
аналықтың ең басты органдарына ауыр  салмақ  түсіреді.  Сондықтан  буазықтың
жүруіне байланысты аналықтың жатырындағы төлдің өсіп-дамуына ғана әсер  етіп
қоймай төлдің тууына, қайта аналық органдарының қалыптасуына, жалпы  болашақ
өнімділігіне де көп әсер тигізеді.
      Малды суалту кезеңінде  желін  бездерінің  қайта  өзгерістері  болады.
Онымен қоса, буаз малдарының организміне  оның  тууына,  жыныс  органдарының
қалыптасуына және алдағы өнімінің жоғарлауына, яғни уыз құрамының  түзілуіне
қажетті көректі заттардың қорлары болуға тиіс.
      Сондықтан буаз  сиырлардың  суалтқан  кезеңдерінде  организмде  белок,
қант, витамин және минералды заттардың жеткілікті болуы  ең  маңызды  мәселе
болып саналады.  Буаздықтың  соңы  кезеңінде,  аналық  организмінде  қанттың
бауырда, шуда (плацент) және  төл  денесінде  жиналуының  нәтижесінде,  оған
сұранысы артады. Қанттың азық пен жеткіліксіз  организмге  түсуі  аралық  ас
алмасу процесстерінің бұзылуына апарып соғып,  қанда  толық  ыдырамаған  улы
заттардың қалдығы ацетон, ацетонды сірке және  бета-окси  май  қышқылдарының
пайда болуына әсер  етіп-кетоз  ауруының  шығуына  себепші  болады.  Кетонды
денелер  шу  қабатынан  еркін  өтіп,  қанға  түседі  де,  төлдің  бауырында,
бүйректерінде тағы басқа ішкі мүшелерінде морфологиялық  және  функционалдық
өзгерістер  туғызып  уландырады.  Мұндай  сыйырдан  туған  бұзаудың   сыртқы
әртүрлі  факторлардан  табиғи  қорғанысы   төмендеп,   көбінесе   іш   ауруы
(диспепсияға) –  тышқаққа  шалдығады.  Буаздықтың  соңғы  кезеңдерінде  сиыр
малының организмінде  белоктар  мен  аминқышқылдарына  сұранысы  жоғарлайды.
Өйткені, белок  туатын  төлдің  дене  мүшелерінің  түзілуіне  қажет  құрылыс
материалы болып саналады. Белоктың  бұл  мезгілде,  көптеген  мөлшері  шуға,
жатырға және желін  безінің  құрамына  түседі.  Буаздықтың  соңғы  айларында
аналық организмінің  минералдық  заттарға  сұранысы  жоғарлайды.  Буаздықтың
соңғы кездерінде дененің бұлшық еттерінде кальцидің  қоры  түзіледі.  Малдың
төлдеуі кезіңде жатыр органдарының  қозғалыс  механизмінде  кальции  иондары
маңызды  роль  атқарады.  Сондықтан  кальцидің  денеде  жетіспеушілігі   туу
функциясының нашарлап, шудың мезгілінде бөлінуіне  теріс  әсер  етіп,  туған
малдың жыныс органдарының уақытында қалпына келуіне кедергі жасайды.
      Организмдегі микроэлементтердің (марганец, иод, мыс,  цинк,  молибден,
фтор т.б.)  жетіспеушілігі  де  көптеген  аурулардың  пайда  болуына  апарып
соғады. Мысалы, марганецтің жетіспеушілігі іш  тастауды  жиілетіп,  бұзаудың
аяқтарының  дәнекер,  қыйсық  болуына  әсер  етеді.  Кобольт  пен  селенаның
тапшылығы  іш тастатып, сиырдың қысыр қалуына апарып соқса,  иод  жетіспеген
кезде сиырдың жыныс органдарының бұзаулағаннан кейін қалыпқа  келуін  ұзаққа
созады.
      А, В, С, Д, Е витаминдері буаздықтың қалыпты жүріп,  жатырдағы  төлдің
өсіп-дамуын қамтамасыз  етеді.  Суалтылған  кезеңдерде  буаз  сиырлардың  А-
витаминдарына сұраныстары артады,  өйткені,  көбінесе  малдың  туына  қысқы,
жазғытұрғы – бауырдағы олардың қоры таусылған мезгілге келеді.  Онымен  қоса
организмді витамин – А мен қамтамасыз ете алмаудың себебі – қыс  айларындағы
жүгері сүрлемінің құрамындағы фермент каратиназаның аз  болып,  нитраттардың
көп болуынан  каратиннің  витамин  А-ға  ауыса  алмайтындығынан  болады  да,
сиырдың уызы мен сүтінің құрамында да А-витамині жеткіліксіз болады.
      Суалтылған сиырлардың рационының негізгі құрамы шөптен тұрады.  Шөптің
ең аз нормасы әр 100 кг дене салмағына шаққанда 1 кг-нан кем болмауы  керек.
Сүрлемнің  ең  сапалы  түрін  тәулігіне  әр  центнер  салмағына  2,5-3,0  кг
беріледі. Құрамы жақсы қалыптанған рациондағы аналықпен  төлдің  организміне
зиянды әсер тигізбейді.  Егер  сүрлемнің  сапасы  төмен  болса,  оны  рацион
құрамынан алып тастайды. Сиырдың тууына  екі,  бұзаулағаннан  соң  екі  апта
бойына рационнан сүрлемді шығарып тастап, оның орнына сапалы шөп  кіргізеді.
Буаз сиырлар үшін өте бағалы  азық  қатарына  тамыр-түйнектер  жатады.  Олар
организмнің сілтілік қорының сақталуын қамтамасыз  етіп,  каратинді  қортуды
арттырып,  ацетонды  қалдықтардың  түзілуін  тежейді.  Ондай  тамыр   түйнек
азықтарды  малдың  рационында   сүрлемнің   бөлігі   көп   болған   жағдайда
пайдаланған  жөн.  Буаз  сиырларды   құнарсыз   азықтармен   азықтандырғанда
жатырдағы төлдің  мезгілінен  ерте  дамып,  уақытына  жетпей  тууына  апарып
соғады. Бұл процесс плаценттің  өсуімен  жалғаспай,  бұзаулағаннан  соң  шуы
бөгеліп түспей, жыныс ауруын (эндометрит) тудырады. Аналық  сиырларды  толық
азықтандырмау туған төлдің иммунитінің төмендеуіне әсер етеді.
      Туатын  төлдің  жатырда   жатқан  кездегі  барлық  кемшіліктері   оның
туғаннан кейінгі ауруларының себебі болып есептеледі. Мұндай кездерде әлсіз-
жетілмеген төлдер (гипотрофик) туып, олардың дене  мүшелері  толықтай  өсіп-
дамымай, физиологиялық процесстері қалыпты жүрмейді.
      Суалту  кезіңде  желінсаумен  ауырған  сиырлардың   уызы   биологиялық
көрсеткіштері бойынша құнарсыз болады. Ондай уыз  көбінесе  улы  заттар  мен
жұқпалы  аурулардың  қоздырғыштарының  көзі  болып,  жас  төлдердің   ауруға
жалдығуына апарып соғады.
      Көптеген улы заттар  азық  пен  су  мен  буаз  сиырлардың  организміне
түскенде, олардың желніне одан соң сүт пен уызға қосылады.  Мұндай  жағдайда
жаңа туған бұзаулар жақсы өсіп-дамыған болуы мүмкін, бірақ бірінші  енесінің
сүтін қабылдағаннан соң  оларда  уызбен  улану  (молозивый  токсикоз)  пайда
болады. Ондай улануға бұзаулардың  желінсау  мен  ауырған  сиырлардың  сүтін
қабылдағанда ұшрайтындығы дәлелденген  (ондай  сиырдың  сүтінде  бактериалды
токсиндер көп болады). Мұндай сиырлардың арасында улану, аул  шаруашылығында
химиялық тыңайтқыштардың, арам  шөптерге  қарсы  қолданатын  гербициттердің,
жәндіктерді үркітетін инсектицидтер және  сыртқы  ортаны  ластайтын  өндіріс
қалдықтарының қоспаларынан болады.
       Туғандағы  салмағы  30  кг  оданда  жоғары  дені  сау  бұзаулар  және
сиырлардың сүтінің  жоғарғы болуы бұзаулаудың алдындағы екі айдың ішінде 50-
60 кг, яғни тәулігіне 0,8-1,0 кг салмақ қосқанда кездеседі.  Буаз  сиырларды
құнарсыз  азықтармен  көректендіргенде  олардан  физиологиялық   жетілмеген,
әлсіз, төменгі салмақты әртүрлі ауруларға шалдыққыш және  көбінесе  туғаннан
кейін алғашқы күндердің ішінде-ақ өлім жітімге ұшырайтын  бұзаулар  алынады.
Буаз  сиырларды  құнарлы  азықтармен  қамтамасыз  етумен  қатар,  олар  үшін
серуендетудің тұрғызып қолда ұстаған кезде (3-4  сағат  тәулігіне)  өте  зор
маңызы болады. Қозғалыс шектелген  кезде,  немесе  жоқ  болса  (гиподинамия)
малдардың газалмасу процесстері нашарлап, ферменттік қарқыны төмендеп  жыныс
органдарының өсуі әлсіреп, гипотонияға ұшырайды. Буаз  сиырларда  серуендету
жоқ болса, қалыпты тірі салмағы  бар,  тіпті  үлкен  бұзаулар  тууы  мүмкін.
Бірақ шала дамып,  жетілмеген  болады.  Мезгілді  серуендету  сиырдың  жеңіл
бұзаулауына әсер етіп, желінінің  іспеуіне  және  туғанан  соңғы  аурулардың
болмауына көмектеседі. Тек дені сау аналықтан ғана  сау  төл  алуға  болады.
Аналық сиырлардың қандай ауруы болмасын, тіпті ерте уақытта болса  да,  оның
туған төлінің қалыпты өсіп-дамуына жағымсыз әсерін тигізеді.

  Тәжірибелік сабақ №5. Бұзаулату  гигиенасы, қойылатын гигиеналық талаптар
                       мен микроклимат көрсетекіштері

1) Сиырларды бұзаулату гигиенасы.
      Алынатын болашақ  төлдің денсаулығына суалтылған сиырларды  бұзаулауға
дайындаудың маңызы өте зор. Буаз сиырларды туардан 7-10 тәулік  бұрын  бөліп
алып, сиыр бұзаулайтын  бөлімге  орналастырады.  Сиыр  бұзаулайтын  бөлменің
сиымдылығы  шаруашылықтың  жағдайлы  және  ондағы  аналық  малдардың  санына
байланысты болады.
      Ірі сүт өндіретін шаруашылықтарында сауын сиырлардың санына байланысты
бөлінген орындардың 30-35 пайызын бұзаулайтын бөлмеге қаратады да,  оны  2-3
секцияға бөліп, әрқайсысын кезекпен пайдаланады. Егер сиыр бұзаулайтын  орын
екі секциялы болса,  технологиялық  циклдің  ұзақтығы  28-29  күнге,  ал  үш
секциялы  да  –  21  тәулікке  созылады.  Ондай  секцияларды   15-10   күнде
толтырады.
      Типтік  тәсілде  салынған  бұзаулау  бөлімдері  негізгі   3   бөліктен
тұрғызып, біріншісінде  буаз  сиырларды  туардың  алдында  7-10  күн  бұрын,
екіншісінде тұғызу үшін, ал  үшіншісінде  туғаннан  соң  10-12  күн  ұстауға
негізделеді.  Сиырларды  туардың  алдындағы  және  туғаннан   соң   ұстайтын
бөлімдерде ұзын байлауыш пен ұзын тұрақтарда (ұзындығы 2 м, ені  –  1,5  м),
ал мал  туатын  жерге  жекелеме  бөлме  бокстарда  бұзаулатады.  Әр  бокстың
размері 3 м  ×  3,5  м   жандарында  тұтас,  жеңіл  материалдардан  жасалған
қабырғаларының еденнен биіктігі 1,7  м  болып,  20×30  см  қарап,  бақылауға
арналған терезе қалдырылады.
      Бұзаулаудың алдында (7-10 күн) ұстауға арналған  секцияға  ауыстырарда
арнайы  станоктарға  тұрғызып,  сиырдың  терісін  тазалап,  қатты  ластанған
жерлерін жылы сумен  жуып,  аяқтарын  1  %  креалин  немес  0,5  %  формалин
ертінділері мен түяқтарын тазалап, дезинфекциялайды.
      Сиырдың бұзаулауына 12-24 сағат қалғанда  үрпінен  уыз  шығып,  сыртқы
жыныс органдарынан клегей сұйық шығып белгі береді және тууы  таяғанда  сиыр
жан-жағына жиі қарап, біресе жатып, біресе тұрып мазасыздана  бастайды.  Осы
уақыттарда сиырдың  сыртқы  жыныс  органдарын  тазалап  1:1000  қатынасындай
марганцовка, 1:5000 –  фурацилин,  0,5  %  хлорамин  ертінділерінің  бірімен
дезинфекциялайды  да  малды   таза   жарық   дезинфекциядан   өткен   боксты
бұзаулайтын  орынға  ауыстырады.  Бұзаулайтын  бокста  сиырды  байламай  бос
ұстайды.  Сиыр  бұзаулайтын  кезде  тәжірибелі  кезекші  қойылады.   Сиырдың
бұзаулау кезінде тыныштық  сақталып,  малды  мазамалауға  тырысу  қажет.  Ол
кезде  онда  бөтен  адамдар  кірмеуі  керек,  жұмысшылар  таза  халат  киіп,
дезинфекциялауға  қолайлы   аяқ   киімдері   болуы   қажет.   Егер   сиырдың
азықтандыруы мен күтіп бағуы қалыпты болса туу  жеңіл  және  тез  болады  (1
сағаттан ұзақ емес). Аналық арық, кәрі  ауру  болса  тууы  қыйындап,  ұзаққа
созылса малдәрігерлік көмек көрсетіледі. Бұзаудың арқасы жоғары  қарап,  екі
алдыңғы аяғы созылған, арасында  басы  орналасқан  болса  дұрыс  бұзаулаудың
белгісі болып саналады. Сиыр бір-екі ышқынып күшенгеннен  соң  шарана  шығып
жатыр суы бөлінеді, бұзау  көріне  бастайды.  Сол  кезде  сақтықпен  сиырдың
бауырына бағыттап, төлдің аяғынан тартып көмек көрсеткен жөн. Егер  шаранасы
жарылмаса, бұзау тұншығып қалмас үшін саусақтың үшімен жарып суын  шығарады.
Жаңа туған бұзаудың ауыз маңайындағы клегей сұйықтарды сүртіп, егер  кіндігі
өздігінен үзілмесе, оны бұзау қарнынан 10-15 см қашықтықта қолмен үзіп,  иод
ертіндісімен  өңдейді.  Бұзауды  құрғақ  таза  төсенішке  жатқызып,  енесіне
жалатады. Ол кезде сиырдың бүдірлі тілінің әсерінен  бұзаудың  қан  айналысы
жақсарып, дем алысы, жүрек соғысы қалыптасып, үсті  тез  құрғайды.  Бұзаудың
үстін  жалағаннан  соң  аналықтың  шуының  бөлінуі   жақсарып   және   жыныс
органдарының тез қалыпқа келуіне әсерін тигізеді.
      Егер аналық сиыр бруцеллез, туберкулез немесе басқа жұқпалы аурулардан
сау  болмаса,  бұзауын  жалатпай,  таза  дәкемен  немесе  соломамен   сүртіп
құрғатады.  Көбінесе  жаңа  туған  бұзауды  бұзаулайтын  орында  1-2  тәулік
енесімен  бірге  ұстайды.  Бірақ,  жас  төл  жеткілікті  еркін   уыз   еміп,
төзімділігін күшейтіп, салмағын  арттыру  және  аналықтың  сүтінің  түзілуін
жақсарту үшін жас туған төлді бар сүттік кезең бойына  (5  тәулік)  енесімен
бірге ұстайды.
      Сиыр бұзаулайтын бөлмеге кіретін есіктің алдына ұзындығы 1,5 м-ден кем
емес,  ені  есіктің   еніндей   кіріп-шыққан   адамдардың   аяғының   астына
дезинфекциялық төсеніш жасалады. Оны  4  %  күйдіргі  натрий  немесе  2-3  %
креолин ертіндісімен шылап қояды. Туғаннан соң  жас  төлді  аналықпен  бірге
ұстап (1-5 тәулік) бұзауды профилакторияға (сақтандыру)  ауыстырады.  Аналық
тұрған жерді (тұрақты) ластардан тазалап, төсенішті ауыстырады. Малдың  шуын
жеке жәшікке  жинап қойған жерінен өтелге жібереді.
      Туған сиырды бұзаулау бөлмесінен 1-5 күн аралығында  сиырдың  туғаннан
соң тұратын секциясына ауыстырады да, онда  8-10  тәуліктей  ұстайды.  Туған
сиырға жарты сағаттан соң 1-1,5 шелек  тұздалған  (10  л  суға  100  гр)  су
береді. Сол арқылы организмнің жоғалтқан  электролиттері  мен  суының  орнын
толтырады және біртіндеп берілетін азық  мөлшерін  ұлғайтып,  8-10  тәулікте
толық  рационға  көшіреді.  Егер  сиырдың  желні  іскен  және  ауруы   болса
(серпінділігі жойылған, қатайған, тығыз)  азық  мөлшерін  көбейтпей,  массаж
жасап, жиі сауып, ем көрсетеді. Сиырдың биологиялық жалпы  тонусын  көтеріп,
туғаннан соң резистенттілігін жоғарлату, зат  алмасу  процесстерін  арттыру,
жатыр  орнының  тез  микробтардан  өздігінен  тазаланып,  жыныс  мүшелерінің
асқыну аурулары болмау үшін активті серуен жасап отыру керек.
      Сүт шаруашылықтарында, әсіресе сиырды тұрақта  байлауда  ұстау  арқылы
тудырған   кездерде,   бұзаулау   және   бұзаулаудан   соңғы   физиологиялық
актыларының бұзылуы кездесіп, жаңа туған жас төлдердің ауруға  шалдығуы  жиі
болады.

      Тәжірибелік сабақ №6. Жас бұзауларды профилактикалық (сақтандыру)
     мезгіліндегі ұстау және азықтандыру гигиенасы, қойылатын гигиеналық
                  талаптар мен микроклимат көрсетекіштері.

      Жас туған бұзаулардың өсіп-дамуы және жалпы  жағдайына  қарап,  оларды
екі  түрге  бөледі:  физиологиялық  жетілген  (нормотрофиктер),  және  толық
жетілмеген  (гипотрофиктер).  Олай  бөлуге  мынандай  көрсеткіштері  негізге
алынады:  бұзаудың  туғандағы  тірі  салмағы,  денесінің  ұзындығы,  тісінің
барлығы, жүнінің шығуы, жылдам  аяқтануы,  қыймыл-қозғалысының  активтілігі,
енесінің емшегін тауып,  соруы  т.б.  қалыпты  жағдайда  өсіп,  дамуы  дұрыс
жүрген жас төлдің туудағы тірі салмағы – 28-35 кг (енесінің тірі  салмағының
8 %), туғаннаң соң  30  минут  ішінде  аяқтанып,  бір  сағаттан  кеш  қалмай
аналығының желнін тауып, емуі, 3-4   тәулікте  кіндігі  құрғап  және  сыртқы
ортаға реакциясы дұрыс пайда болуы ескеріледі.
      Жаңа туған бұзаудың қаны мен  ткань  сұйықтарында,  аурудан  қорғайтын
негізгі ірі малекулярлы гамма-глобулиндер болмайды. Бұл белоктарды  жас  төл
тек  енесінің  уызымен  алады.  Аналық  жатырында  өсіп-дамуы  кезінде  оның
плацентінен өтпейді де, ол белоктар желін бездеріне жиналады.  Мұнымен  қоса
алғашқы тәуліктерде желін бездерінің  өзінде  де  мұндай  иммуно-глобулиндер
түзіледі. Бұл сақтандырғыш уыз  белоктары  өзгеріссіз  түрде  бұзаудың  ішек
қабырғасынан өтіп, қанына түседі.
      Егер ірі малдарының ішінде ол белоктар ыдырап сіңірілетін  болса,  жас
туған төлдердің ішіндегі арнайы  клеткалар  уыздың  белоктарын  ұстап  алып,
ыдыратпай, алғашқыда бездерге, одан кейін қанға түсіреді де сол  арқылы  жас
төлдің  өздігінен  қорғаныс  белоктарын  түзілгенге  дейін  қорын   жасайды.
Қорғаныс белоктарын өзгеріссіз түрде жас туған төлдердің ішек  клеткаларымен
ұстап  тасымалдауы  ұзақ  уақытқа  созылмайды  –  36  сағаттан  артық  емес,
көптеген бұзауларда – 6-12 сағат. Сондықтан жаңа  туған  бұзауларға  бірінші
рет ему рефлексі шығуынан соң қолма-қол,  денеде  қорғаныс  белогінің  қорын
жасау үшін, уызбен қамтамасыз ету қажет. Егер бұзауға уыз  беру  уақыты  5-9
сағатқа    кешеуілдеткен    болса,    қорғаныс    белоктарының    организмде
тасымалдануының  қарқыны -18-50 % төмендейді.
      Бұзаулаған сиырдың желнінде уыздың түзілуі 4-7 тәулік аралығында  ғана
жүреді  де,  ондағы  белоктың  қорғаныс  активтілігі   бұзаулау   мезгілінің
ұзақтығына байланысты  өзгеріп  отырады.  Мысалы,  алғашқы  сауылып  алынған
уыздың   құрамындағы  қоғаныс   белігінің   мөлшері,   4-5   сауын   уызымен
салыстырғанда  60-80  %  артық  болады.  Уыздың  қорғаныс   қасиеті   ондағы
қышқылдықтың жоғары болып, бұзаудың қарнындағы шіріткіш  микроорганизмдердің
өсіп-өнуіне бөгет болуына да тікелей байланысты болады. Мұнымен қоса  уыздың
қышқыл  ортасының  жоғарлылығы  және  ондағы  тұздардың   көп   болуы   ішек
қабырғаларының босаңсып, ішін өткізіп оның алғашқы  тоңғақтан  тазарып  және
қалыпты жұмыс жасауына әсерін тигізеді.
      Бұзаудың жатыр орнынан шығып, басы көрінгенде оның тілінің үші аузының
бір  езуінде  тұрады  және  бірінші  жұтыну  қозғалысының  кезінде   белгілі
мөлшерде микробтар түседі де, 2-3 сағаттан кейін  төлдің  ішек-қарнында  өсе
бастайды.  Егер  бұзау  туғаннаң  соң   алғашқы   сағаттарда   уыз   ембесе,
микробтармен бөлінген улы заттар (токсиндар) 6-8 сағаттан кейін қанға  түсіп
уандырады (токсикоз).
      Жас  төлдер  үшін  уыздың  рөлі   оның   организміндегі   иммунитеттің
түзілуімен  ғана  шектелмейді.  Уызбен  бірге   жас   организмеге   көптеген
витаминдер мен миниралдық заттар  түседі.  Мысалы,  витамин  –  А  5-6  есе,
витамин Е 6-7 есе, сүт құрамындағымен  салыстырғанда,  уызда  артық  болады.
Бұзауды алғашқы ауыздандырып, уыз ішкізу, тәулік мезгіліне қарамай  туғаннан
соң 1,0-1,5 сағаттан кешіктірмеу керек. Туғаннан  кейін  енесінің  бауырында
болып  уыз  емген  бұзаудың  қанындағы  қорғаныс  белоктары,  қолдан   сауып
ішкізген төлдердікімен салыстырғанда 2-3 есе көп болған.
      Бұзауларды жасанды түрде азықтандырған кезде, таза,  дезинфекцияланған
шелекке сиырдың туғаннан соң 45-60  мин  кейін  уызын  сауып  береді.  Сауып
алынған уыздың температурасы 37-39 ºС болады да үлкен  ыдысқа  құйып,  соған
жалғанған еміздіктер арқылы беріледі. (сурет 5)
       Егер уыз суып кеткен болса, оны жылы суы бар ыдысқа  салып  жылытады,
бірақ ыстық суға салып қайнатуға болмайды, онда уыз  ұйып  қалады.  Желінсау
сиырдың сүтін бұзауға бермей жояды да сау сиырдың  уызын  береді.  Ал  артық
қалған сүтті, үнем үшін 1,0-1,5 л шыны ыдыстарға бөліп,  құйып  тоңазытқышқа
қояды да, керегінде  ерітіп,  37-39  ºС  температураға  дейін  жылытып  ауру
малдардан туған бұзауларға  береді. Жас туған бұзауға алғашқы  күнде  азықты
3-4 реттен тәулігіне денесінің салмағынан 4-5 пайыз (немесе әр  кг  салмаққа
40 мл-ден) есептеп береді.  Жасанды  түрде  көректендіргенде  жас  төлдерге,
әсіресе гипотрофиктерге сүтті артық бермеу қажет. Оларға уызды  аз  мөлшерде
бөліп-бөліп, тәулігіне 5-6 рет беру керек. Кей кездерде ему  уықытын  азайту
үшін  еміздіктің  тесігін  кеңейтіп  қояды  да,  бұзау  көптен   жұтып,   ол
сілекейленбей қарынға  тығыз  түйір  болып  түседі  де,  ферменттік   әсерге
көнбей, толықтай сіңірілмейді. Сондықтан еміздіктің  тесігінің  диаметірі  2
мм-ден артық болмауы керек.
      Бұзаудың ішкен сүті ауыздағы сілекеймен аралас ішке түседі және  бұзау
неғұрлым жай ішсе, солғұрлым сілекей  көп  бөлінді.  Соның  нәтижесінде  сүт
сілекеймен қосылып, қарында тез қортылатын бос ірімшік түзіледі. Егер  бұзау
сүтті жылдам ішсе, ол тығыз түйір түзіп қарынға түседі де қыйын  қорытылады.
Бұзау сүтті тез ішкенде ұлтабарға жетпей, алдыңғы  қарынға  сүт  түседі  де,
ірі тығыз кесек болып біртіндеп шіріп, бұзаудың ауруына  апарып  соғады.  Ал
уыз өңіштен өткен соң қарынмен тақия қарыннан өтіп, ұлтабарға  түседі.  Егер
бұзау енесін емгенде басын көтереді де, өңеш  жолы  жабылады  да,  ал  басын
еңкейтіп,  шелектен  ішкен  кезде  ашылады.  Бірінші  жағдайда  сұйық   тура
ұлтабарға барады да, екіншіде-азықтың бір бөлігі жалбыршақ  қарынға  түседі.
Сондықтан  бұзауды  азықтандыру  кезіңде  оның  асқазанына  шелектен   ішіп,
төменнен  жоғары  түскенді,  еміздіктен  беріп,  жоғарыдан   төмен   түсумен
алмастыру қажет.
      Жас туған төлдерді әртүрлі аурулардан сақтандыруда өте  маңызды  роль-
ыдыстардың және профилакторияның  (сақтандыру  орнының)  санитарлық  жағдайы
атқарады. Бұзауды көректендіргеннен соң  пайдаланған  еміздіктер,  шелектер,
тағы  басқа  өлшегіш  ыдыстар  жылы  сумен  (40ºС)  шайылып,  соңынан   мына
ертінділердің бірі мен жуады: 0,5 % сульфанол, 0,5 %  А,  Б,  В  т.б.  жуғыш
заттардың ертінділері.
      Сүт ыдыстарын дезинфекциялау үшін 0,25-0,5 %  тұндырылған  хлорлы  әкі
ертіндісін, 0,1  %  хлормин,  каустикалық  сода  немесе  гипохлорид  кальций
ертінділерін қолданады. Ыдыстарды ертінділі ыдысқа 3-4 сағат бойына  батырып
қойып, соңынан таза сумен шайып, жоғары аузын төмен қаратып іліп  кептіреді.
Сүт ыдыстарын  күнделікті  дезинфекциялаудан  өткізеді.  Резиналы  ыдыстарды
таза сумен шайғаннан соң 1 % хлораминнің ертіндісі мен  жуып,  қайтара  таза
сумен шайып кептіреді. Жұмыс аяғында еміздіктерді ыстық  су  мен  стерлейді.
Сүт ыдыстары мен еміздіктерді, киімдерден жеке, арнайы шкафтарда сақтайды.
      Профилактория (сақтандыру орны) – 4-9 жекелеме  желдету  және  тазалау
жүйелері бар бөлімдерден тұрады. Әр бөлменің  ішіне  бұзаулар  тұратын  7-14
жекелеме клеткалар қояды. Әр клеткаға қай нөмірлі  сиырдың  бұзауы  жазылған
белгілі  тақтайша  бекітіледі.  Профилакторияға  басқа  адамдардың   кіруіне
рұқсат  етілмейді  де,   кіру   есігінің   алдында   дезинфекциялы   төсеніш
(дезковрик) болуы керек.
      Профилакторияның санитарлық  жағдайын  жақсарту  мақсатында  әр  бұзау
тұратын  клетканың  енін  45-50  см,  ұзынын  0,8-1,0  м  еденнен  15-20  см
биіктікте қылып ағаш, пластикалы материалдарынан жасайды.
      Арнайы жасалған жекелеме клеткаларда (120×45×100 см) ұстау  бұзауларға
жеке күтім жасау  және  өндіріс  орындарын  үнемдеу  үшін  жасалады.  Бірақ,
жекелеме, тар клеткаларда бұзауларды ұзақ уақыт 3 ай бойына  ұстау,  олардың
қозғалысын шектеп,  резистенттілігін  төмендетіп,  буындарының  ісіп  ауруға
шалдығып, өсіп-дамуына теріс  әсерін  тигізетіндігі  дәлелденген.  Сондықтан
ондай тар  жекелеме  жасалған  клеткаларда  жас  төлдерді  бір  айдан  артық
ұстауға болмайды. Олардың қозғалыста болып, қалыпты өсіп-дамуы үшін  бірнеше
басты біріктіріп, топпен ұстауды ұсынады.
      Жекелеме  орындарды  жылыту  үшін  арнайы  жарықты   және   инфрақызыл
сәулелерін пайдаланады. Ол үшін профилакторияда  екі  біріккен  клеткалардың
үстіне белгілі биіктікке инфра-қызыл сәулелі шамдар ИКУФ-1, «ЛУЧ» т.б.  іліп
пайдаланады.  Жаңа  туған  бұзауларды  кептіріп,   жылыту   үшін   тасымалды
сәулелендіргіштер ИКЗК-220, 250 қолданылады.
      Профилакторияның секцияларын әр шаруашылықтың циклограммасына сәйкес 3-
4 тәуліктің ішінде толтырып отырған жөн. Секцияда жас туған бұзау  8-10  күн
тұрған соң оны тазалап, дезинфекциялаудан өткізіп, профилакторлық үзіліс  (5
күнге  дейін)  жасағаннан  кейін  жаңадан   төлдер   қабылданады.   Секциялы
профилакторияларды   пайдалану  кезінде  мезгіл-мезгіл  оның  ауасын,  еден,
қабырғаларын  және  клеткаларды  дезинфекциялауды  жүргізіп,   ондағы   ауру
тудырғыш микроорганизмдерді жою шараларын жасап отырады.
      Бұзауларды 10-15  тәуліктік  жасынан  бастап,  профилакториядан  жалпы
бұзау  қораға  көшіреді  де,  олардың  алдағы  күтіп-бағу  және  азықтандыру
тәсілдері,  шаруашылықтың  пайдалану  технологиясымен  бағытына   байланысты
болады. Кәзіргі кезде бұзауларды  өсірудің  екі  тәсілі:  бірінші  –  қолдан
көректендіріп өсіру – сүттік және сүт пен еттік табындарда, екінші  көбінесе
еттік табындарда қолданылатын енесінің бауырында бөлінбей өсіру.  Бұл  тәсіл
– арнайы емізуге,  арналған  (бірнеше  бұзауларды)  сиырларды  пайдаланғанда
сүттік бағыттағы шаруашылықтарда да қолданылады.

   Тәжірибелік сабақ №7. Бұзауларды сүт ему мезгіліндегі азықтандыру және
                               ұстау гигиеансы
    Тәжірибелік сабақ №8. Бұзауларды сүт ему мезгіліндегі ұстау кезіндегі
        қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсетекіштері.

      1. Қолдан сүт беріп өсіру тәсілі – көбінесе  сүт   өндіру  бағытындағы
шаруашылықтарда қолданылады да, жас туған төлдерді алғашқы  күндері  еміздік
арқылы, кейіннен шелектен сүт ішкізіп көректендіреді. Жалпы бұзауды  апталық
жасына  дейін  тек  сүтпен  азықтандырады  да,  одан  соң   рационға   обрат
(тартылған)  сүт  қосады.  Бірақ  сүт  пен  обратты  араластырып   бермейді,
керісінше әртүрлі мезгілде, мысалы таза сүтті  таңертең,  ал  обратты  кешке
берген  жөн.  Екеуін  бір  мезгілде  араластырып  ішкісе,  іріп,  іш  ауруға
ұшыратуы мүмкін. Сүт пен обрат бұзауға беру үшін таза және жаңа  болып,  бір
айға дейін температурасы 35-37ºС, ал  екінші  айдағы  бұзауларға  -30-35º  С
болғаны  керек. Жаңа сүт  пен  көректендіру  50-60  күндігіне  дейін  болса,
обратты 3-5 айлығына дейін береді.
      Жас төлдердің алғашқы айларда  азыққа  деген  сұранысы  тез  және  жиі
(өсуіне байланысты) өзгерісте  болатындықтан,  оларды  азықтандаруды  жасына
және шаруашылықтың жағдайына қарап белгілі 5-6 айға жасалған  күн  тізбегіне
сүйенеді (кесте 7).
      Ас алмасу процесстерінің жүруін жақсарту  мақсатында  бұзаулардың  5-6
күндігінен  бастап  температурасы  35-37  ºС  қайнаған  су  беріледі  де,  2
–айлығынан бастап таза қайнамаған су ішкізеді. Суару азықтандырудан соң  бір
сағаттан  кейін  жүргізіледі.  Құрама  азықтарды  15-20  күндігінен   бастап
береді, ал қатаң азыққа туғаннан бастап үйретеді. Жаз айында көк  шөпті  екі
айлығынан бастап берсе, сүрлемді айдан асқаннан соң береді.
      Жаңа  сауылған  сүтті  үнемдеу  үшін  бұзауларға  жасанды  алмастырғыш
сүттерді  береді  (ЗЦМ).  Оның  құрамына  жоғары  сапалы   өнімдер:   құрғақ
майсыздандырылған  сүт,  мал  және  өсімдік  майлары,   витаминдер,   макро-
микроэлементтер, антиоксиданттар және дәмдендіргіш қоспалар  қосылады.  Жаңа
сүтті  алмастырғыш  қоспаларды  дайындайтын   сүт   өндірістерінде   бірнеше
рецептерді  пайдаланады.   Бұзауға   берудің   алдында   ЗЦМ-ді   37-40   ºС
температурадағы жылы су мен 1,2 кг-ын 8,8  л  суға  есептеп  ерітеді.  Бұлай
дайындаған ЗЦМ-нің әр кг бір кг жаңа  сүтті  алмастырады.  ЗЦМ  бұзауға  11-
күндік жасынан бастап беруге болады.
      2. Бұзауларды арнайы бекітілген сиырлардың сүтін беріп өсіру үшін  бір
сиырдың (өніміне байланысты) бауырына  2-4  бұзауды   бекітеді.  Бұзаулардың
өсіп-дамуына  қарап,  белгілі  бір  мезгілде,  оларды  басқа  жас  төлдермен
алмастырады,  сөйтіп  бұл  әдісті  –  топтап  алмастыру  тәсілі  деп  атайды
(семенно-групповой). Бұл тәсіл  кезінде  аналықтың  баурына  бекітілген  2-4
бұзау сапалы, микробы жоқ, жылы,  құнарлы  сүтті  сиыр  емшегінен  қабылдап,
аурудан аман, жылдам өсіп-дамиды. Бірақ, бұзауларды өсірудің  бұл  тәсілінің
де бірнеше кемшілігі бар. Мысалы, емізгіш-сиырлар, көбінесе  күйтке  келмей,
қысыр  қалды.  Сол  сияқты  бұл  әдіспен  пайдаланған   сиырлардың   кейбірі
машинамен сауғанда сүт бермейді. Сондықтан   бұл  тәсіл  сиырды  жыл  бойына
біркелкі мезгілдерде бұзаулатқанда пайдаланған  қолайлы  болады.  Бұзауларға
бекітілетін сиырды жылдың бар  мезгілінде  де,  тек  тууына  екі  ай  қалған
аралықтан басқа, таңдап, дені сау, жуас, оның ішінде тез  үйренетін  алғашқы
туатын құнажындарды  пайдаланады. Ондай малдың жылдық сүті 2000-3000  л  кем
болмай, емшектері  дұрыс  дамыған,  үрпі  жарасыз  болуы  керек.  Бұзауларды
мұндай бекітілген сиырларға 5-6 күндік жасынан  бастап  емізеді.  Әр  сиырға
бекітілген бұзаулар біркелкі, жасы шамалас, салмақ айырмашылығы 8-10  кг-нан
аспауы керек. Төлдері бекітетін  сиырды  таңдап,  оған  топтағы  әр  бұзауға
шаққанда тәулігіне 3,5-4,5 кг сүттен беретіндей болса, бұзаулардың тез өсіп-
дамуын  қамтамасыз  етеді.  Сиырды  емуге  барлық  бекітілген  бұзауды   бір
мезгілде жіберіп,  желіннің  артқы  бөлігінде  сүт  мол  болатындықтан  оған
әлсіз, кіші төлдерді, ал алдыңғы бөлігінің сүтін емуге ірі, әлді  бұзауларды
жіберіп үйретеді. Сиырдың бауырынан бұзауларды туғандағы салмағынан  үш  есе
артқанда, яғни әр бұзау 80-100 кг жеткенде,  70-100  күннен  кейін  айырады.
Енесінен  айырылған  бұзауларды  өсу  жоспарына  құрылған  тізбегі   бойынша
азықтандырада.

    Тәжірибелік сабақ №9. Өнімідік және бордақылауға арналған (еттік) жас
                 малдарды күтіп-бағу, азықтандыру гигиенасы
   Тәжірибелік сабақ №10. Өнімідік және бордақылауға арналған (еттік) жас
   малдарды ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат
                                көрсеткіштері


      Негізгі тұқымдық  бағытқа арналған  бұқалардың  көпшілігі  ұрықтандыру
станциялары мен тұқымдық өндірістердің орталығында  тоғысқан  болады.  Бірақ
станцияларға немесе ұрықтандыру пунктіне келген бұқалар, оларды  пайдаланбас
бұрын 30 тәулік бойына карантинде тұрады.  Ол  уақытта  оларды  бруцеллезге,
туберкулезге, трихомонозға тағы басқа  олардың  алынған  аймақтарында  кәзір
немесе бұрын кездескен жұқпалы ауруларға тексеріледі.
      Әрбір  бұқаны  мұқият   тексеріп,   денінің   саулығын,   сырт   тұлға
көрсеткіштері,   конституциясы,   ұрығының   (сперма)   мөлшерімен   сапасын
зерттейді. Бұқалардың жоғарғы сапалы ұрығы болудың негізгі  кепілі,  олардың
жеткілікті және құнарлы әсіресе белок, витамин және минералды  заттарға  бай
азықтармен қамтамасыз ету болып  саналады.  Рационда  витамин  А  жетіспеген
жағдайда ұрықтың  түзілуі (сперматогенез) бұзылып, ал  витамин  Е  жетіспесе
ұрық  жолдарының  эпителиялары  өзгеріске  ұшырап   (дегенерацияға),   соның
нәтижесінде бұқаның ұрығы жоғалады (аспермия).
      Бұқаларды таза, құрғақ жарық және жақсы желдетілген қораларда ұстайды.
Төсеніш  есебінде  ағаш  үгіндісін,  немесе  соломаны   пайдаланып,   немесе
төсенішсіз кордорезиналы едендер,  немесе  жинағыш  ағаштан  жасалған  торлы
едендерде ұстайды. Бұқаларды  арнайы  тұрақтарда  байлап,  немесе  бокстарда
(денниктерде) орналастырады. Тұрақтың ұзындығы  2,2  м,  ені  1,5  м  болып,
алдында  туған  жылы,  аты  (кличка),  тұқымы,  шығу   тегі   және   салмағы
көрсетілген тақтайша ілініп қойылады. Сақтық үшін  барлық  бұқаның  танауына
шығыр өткізіп, таяқ байлап қояды. Бұқаны бір  жерден  бір  жерге  ауыстырған
кезде  болмаса,  олардың  азықтануына  бөгет  жасамау  үшін  шығырды  жоғары
қаратып мүйізіне байлап қояды.
      Бұқаларды күнделікті щетқамен тазалап,  денесінің  ластанған  жерлерін
тек қана сумен жуады. Әсіресе олардың  жыныс  мүшелерінің  тазалығын  мұқият
тексереді. Жаз айларында бұқаларды, арнайы жасалған  орындарда  (ванналарда)
бір жақты, айналмалы бағытты суға түсіреді. Ерекше көңілді олардың  тұйяғына
аударып, мезгіл-мезгіл тазалап, түзеп отырады.
      Бұқалардың қан айналу, жүрек соғу, тыныс алу және ас қорту жұйелерінің
жұмыстары   жақсарып,   артық   семіріп   кетпей,    шағылысу    қабілетінің
активтілігін арттыру үшін, күнделікті серуендеуін  (моцион)  қамтамасыз  ету
қажет. Моцион үшін жаюды, жегуді жеке серуен алаңдарын, айналмалы  электірлі
жүргізгіштерді пайдаланады. (сурет 6)
      Бұқалардың өте жиі аяқтарының аурулары: буыны ісу, сіңірі созылу  т.б.
кезедседі. Ондай малдар көп уақыт жатып, орнынан  тұрмай,  тұрса  ауырсынып,
шағылысқа ынтасы төмендеп, сиырға  секіре  алмайды.  Ұрық  сапасы  нашарлап,
кейде бракқа  (жарамсыз)  шығарылады.  Бұқалардың  аяқ  ауруларының  негізгі
себептері  олардың  организміндегі  зат   алмасу   процесстерінің,   әсіресе
минералдық, бұзылуы, қозғалыстың аздығы (гиподинамия), дұрыс  пайдаланбаудың
салдары  және  күтіп-бағуда  санитарлық-гигиеналық   талаптарды   орындамай,
кемшіліктердің жіберілуі болып саналады.
      Қозғалыстың  ұзақ  уақыт  шектеліп,  жетіспеушілігі   бұқа    буынының
ішіндегі  сұйықтың  азаюына  апарып  соғады  да  (8-10  есе),  оның   көрегі
төмендеп,  буын  ткандарының  физикалық  қасиеттерімен  қызметтері  өзгеріп,
нашарлайды.
      Көптеген жағдайда бұқаларды тұрғызатын станоктардың дұрыс болмай,  аяқ
сіңірлерінің созылып, буын  шеміршектерінің  жарақаттанып  қалуы  кездеседі.
Оған сол сияқты тегіс емес, қатты (бетон) едендердің зиянды әсері тиеді.
      Бұқалардың аяқ ауруларының алдын алу - малдарды қалыпты жағдайда күтіп-
бағуы,  құнарлы  азықтармен  көректендіру,  жас   бұқаларды   дұрыс   өсіріп
пайдалану тағы басқа шараладың жиынтығынан тұрады.
      Бұқаны шағылысқа қоспас бұрын, физикалық салмақ түсетін  аяқ-буындарын
қалыпқа келтіріп шынықтыру үшін 15-20 минуттай серуендету қажет.  Күнделікті
мационның ұзақтығы (азықтандыру алдында) бір сағатқа  созылып,  4-5  км  жол
жүруі керек. Әр шаруашылық жағдайына қарап,  малдың  жасы,  салмағы,  мінез-
құлқына байланысты әртүрлі серуендету түрлерін қолданады.  Ең  тиімді,  оңай
моцион түрі малды, арнайы алаңдарда  жүргізіп,  тапталған  жолдармен  айдап,
электірлі айналу  шеңберімен,  жаз  мезгілдерінде  жер  орайына  байланысты,
жайып серуендету болып саналады.
      Бұқаны шағылысқа қосқан кезде, оның  аяқтарының  асты  берік,  әсіресе
артқы аяғына тірек болатындай болуы керек.  Шағылысу  кезінде  бұқаның  аяғы
тайып кетіп, жарақаттанып қалмау үшін, станоктың (манеждің)  еденіне  кедір-
бұдырлы резина төсеніш төселеді (қалыңдығы 18-20 мм).
      Бұқалардың тұяғының түзу өсуін қадағалап, тазалап, артық өскені  болса
түзетіп кесіп отырады. Оларды тұрғызып, қолда ұстаған кезде әрбір  3-4  айда
бір рет тексеріп, өскен тұяқты  тегістейді.  Тұяқтың  шіріп,  босап  кетпеуі
(мацерация) үшін есік алдына дезинфекциялауға  арналған,  төсеніш  жасалады.
Ол үшін ваннаны (шұңқыр) 10 % тотияин  ерітіндісін  немесе  2  %  формалинге
шыланған төсенішке толтырып қояды.
      Күздің,  қыс  айларының  кезіндегі   күн   сәулелерінің   организмдегі
жетіспеушілігін жасанды ультракүлгін  шамдарының  көмегімен  толықтандырады.
Ол үшін эритемді шамдарды еденнен 2,5-3 м биіктікте немесе мал белінен  1,0-
1,5 м жоғары, екі басқа бір сәулелендіргіштен есептеп, іліп бекітеді.
      Азықтандырудың  жетіспеушілігі  бұқалардың   әлсіреп,   әтек   болуына
(импотент) апарып соғады (азықтан болған әтектік). Азық рационында  белоктың
әсіресе мал белогі және витаминдер тобы А, Д, Е жетіспеуі  бұқаның  шағылысу
қабілетін төмендетіп,  әртүрлі  (аспермия-ұрықтың  жоғалуы,  олигоспермия  –
концентрациясының  азаюы,  таратоспермия-  ауру  ұрықтардың   пайда   болуы)
аурулардың  тууына  апарып  соғады.  Рациондағы  кальцидің,  фосфордың,  сол
сияқты микроэлементтердің, әсіресе иодтың  жетіспеушілігі  бұқаның  ұрығының
сұйылуына (олигосперия) апарып соғады.
      Климаттан болған  имотенция  (әтектік)  бұқаларда  ауа  райының  шұғыл
өзгерісінен – суық, ыстық артық күн соғу т.б. болады. Әтектің  мұндай  түрін
болдырмау  үшін  бұқаларды  қалыпты  тұрғызылған  қораларда  ұстап,   тиісті
микроклиматты сақтап, күнделікті серуендетіп отыру керек.
      Бұқаларды дұрыс пайдаланбай, артық күш түсірсе де, әлсіреп, әтек  боп,
шағылысқа бармайды. Әр бұқаға  бекітілетін  сиырдың  саны  әр  қыйлы  болып,
жасына, физиологиялық ерекшеліктеріне, шағылыс мерзімінің ұзақтығына, күтіп-
бағу және азықтандыру шамасына байланысты өзгереді.  Үш  бес  жастық  бұқаға
жыл ішіндегі табиғи қолдан шағылысу кезінде 60-90, ал жасанды түрмен – 1500-
2000 сиырдан бекітіледі. Әр тәулікте  1-2  реттен,   6-8   сағат  үзіліспен,
шағылысқа қосылуы керек.
      Шағылысқа шығатын сиырдың күйтін  анықтауға  арналған  бұқаға  150-200
басқа дейін белгіленеді.
      Бұқаларда жүйке әтектігі (нейрогенді импотенция) ұрық алатын  вагинаны
дұрыс  дайындамай  (ыстық,  суық,  су  құйып),  ұрық  алу  кезінде   үркітіп
күйзеліске ұшырату, бөтен адамдардың қатысы, шу шығару т.б. әсерінен  туады.

      Бұқалардың денсаулығын тұрақты тексеруден өткізіп тұру  қажет.  Себебі
көптеген  аурулар  жыныс  жолдары  арқылы  тарайды.  Ауырған  бұқа  ұрығымен
көптеген  аурулардың  (бруцеллез,   туберкулез,   лептоспироз,   трихомоноз,
вибриоз,  микоплазмоз,  пустулезді  вагинит  т.б.)    қоздырғыштарын   бөліп
таратуы мүмкін. Ұрықты қатырып – тоңазытқанда бұл  аурулардың  қоздырғыштары
өлмей,  малды  ұрықтандырған  кезде  басқа  аналықтарды  ауыртып   зақымдауы
мүмкін.
      Мал организмінің  төзімділігін  төмендететін  жайсыз  жағдай  болғанда
бұқалардың ұрығында белгілі бір бактериалардың  (көк-ірің  таяқшалары,  ішек
таяқшалары, корине бактериялар т.б.) ұзақ уақытқа  сақталып,  ауру  таратушы
болады.  Ұрықтағы  микроорганизмдер  зиянды   қалдықтарын   бөліп   шығарып,
сперманың сапасын төмендетеді, ондай ұрық аналықтың  жыныс  мүшесіне  түсіп,
ұрықтану  процессіне  теріс  әсер  етіп,  буаздықтың  дұрыс  өтуіне   зиянын
тигізіп, әртүрлі жыныс ауруларының шығуына апарып соғады.


Кесте   1.    Ірі   қара   малдарына   арналған   қоралардың   технологиялық
бөлшектерінің размерлері мен аудандарының нормасы.


      |Қора      |Берілуі            |Әр       |1 басқа орын,  |Бөлшек размері, М     |
|элементтер|                   |бөлшекте |м²             |                      |
|інің атауы|                   |шаққандағ|               |                      |
|          |                   |ы мал    |               |                      |
|          |                   |басының  |               |                      |
|          |                   |шекті    |               |                      |
|          |                   |саны     |               |                      |
|          |                   |         |өндіріс|Тұқымд|өндіріс   |Тұқымдық   |
|          |                   |         |ферма-с|ық    |фермалары |фермалар   |
|          |                   |         |ы      |фермал|          |           |
|          |                   |         |       |ар    |          |           |
|          |                                                                   |
|                 |Тууға жақын сиырлар                 |1                 |
|                 |Ені          |Биіктігі              |                  |
|                 |Үсті-н|Түбі-н|қарсы     |сыртқы    |                  |
|                 |ен    |ен    |қабырға-сы|қабырға-сы|                  |
|                 |2     |3     |4         |5         |6                 |
|Тұрғызып-байлап  |0,6   |0,3   |0,4       |0,75      |Тұрақтардың ені   |
|ұстағандағы азық |      |      |          |          |бойынша ірі       |
|науалары         |      |      |          |          |сиырларға 0,7-0,8 |
|Бос байлаусыз    |0,6-0,|0,4-0,|0,5       |0,5       |12 айға дейінгі   |
|ұстағанда және   |8     |6     |          |          |малдарға 0,4-0,5; |
|серуен алаңдарына|      |      |          |          |бір жастан        |
|орнататын азық   |      |      |          |          |асқанға-0,5-0,6   |
|науалары         |      |      |          |          |                  |
|                 |    2 |   3  |        4 |        5 |                 6|
|1                |      |      |          |          |                  |
|2 тәуліктен 6    |0,4   |0,3   |0,25      |0,35      |0,35-0,4 әр басқа |
|айға дейінгі     |      |      |          |          |                  |
|төлдер үшін азық |      |      |          |          |                  |
|наулары          |      |      |          |          |                  |
|Топты суарғыштар |0,5   |0,4   |0,4       |0,4       |0,05-0,06 дан әр  |
|                 |      |      |          |          |басқа             |
|Жекелеме суарғыштар:                                                     |
|А) азық науасының|-     |-     |-         |-         |Екі тұраққа бір   |
|алдында          |      |      |          |          |құбыр             |
|Б)Байлаусыз      |-     |-     |-         |-         |1 құбыр 10-12     |
|ұстағанда        |      |      |          |          |басқа алаңда.     |


      Азықтарды  тарату  үшін  арнайы  азық  жеткізетін  құрылымдар  қолдану
қаралады.

Кесте 3. Ірі қара малдарына арналған серуен алаңдарының нормасы.


      |Мал топтары                  |Әр басқа шаққандағы серуен ауданы, м²     |
|                             |Қатаң үстілі (бетті) |Қатаң жаппасы жоқ   |
|                             |                     |алаң                |
|Ірі сиырлар мен құнажындарға |8                    |15                  |
|өнімдік фермаларда           |                     |                    |
|Жас малдар мен 7 айға        |5                    |10-15               |
|буаздығы жетпеген            |                     |                    |
|құнажындарға                 |                     |                    |
|Бордақылау алаңындағы ірі    |5                    |20-25               |
|сиырлар мен жас малдар       |                     |                    |
|3 айға дейінгі бұзаулар      |2                    |5                   |
|Бұзауы мен етке арналған     |8                    |20-25               |
|сиырлар                      |                     |                    |

Кесте 4. Сүт өнімін алатын фермадағы малдарды  цехті  потокті  технологиялық
тәсілмен ұстау жолдарының көрсеткіштері.


      |Цехтар       |Сиырды ұстау|Керек   |Малдарды ұстау   |Әр жұмысшыға     |
|             |уақытының   |тұрақ   |тәсілдері        |шаққанда, бас    |
|             |ұзақтығы,   |орны, % |                 |                 |
|             |күн         |        |                 |                 |
|             |            |        |                 |Тұрғы-зып|Бос     |
|             |            |        |                 |байла-ған|ұста-ған|
|             |            |        |                 |да       |да      |
|1            |2           |3       |4                |5        |6       |
|Буаз сыйырлар|50          |14      |Байлаусыз серуен |80       |100     |
|             |            |        |алаңымен бокста  |         |        |
|             |            |        |ұстау            |         |        |
|Бұзаулайтын орын:                                                     |
|Тууға дейінгі|8           |2       |Байлап тұрғызып  |-        |-       |
|             |            |        |ұстау            |         |        |
|Туған соң    |2           |1       |Бокста бос еркін |-        |-       |
|             |            |        |ұстау            |         |        |
|Туғаннаң     |15          |4       |Байлап ұстау     |-        |-       |
|кейін        |            |        |                 |         |        |
|Сауылатын    |60-90       |16-25   |Байлаусыз        |20-25    |90      |
|және         |            |        |төсеніште және   |         |        |
|ұрықтандыраты|            |        |бокста ұстау     |         |        |
|н            |            |        |                 |         |        |
|Сүт өндіру   |200-230     |54-63   |Байлауда,        |25-50    |200     |
|             |            |        |байлаусыз бокста |         |        |
|             |            |        |ұстау            |         |        |
|Жиыны:            365                  100                            |




      Малдарды цехті-потокті (түйдекті) жүйемен ұстау кезінде  сиырлар  тобы
әр   цехта   (бөлмеде)    технологиялық    есептеу    уақытына    байланысты
орналастырылады. (кесте 4).


Кесте  5.   Ірі   қара   малдарына   арналған   қоралардың   микроклиматының
көрсеткіштері


      |Микроклимат     |1 жастан асқан |Сиыр    |Сақтанд|Бұзаулар,    |Қора түрлері        |
|көрсеткіштері   |малдарды ұстау |бұзаулау|ыру    |жасы         |                    |
|                |тәсілдері      |бөлмесі |бөлімі |             |                    |
|                |Байлап тұрғы-зып, бокста                                           |
|Қыста             |0,3-0,4                       |0,3-0,4                   |
|                  |Табиғи         |Жарық         |Газтаратқыш  |Қыздырғыш   |
|                  |жарықтандыру   |коэффициенті  |шамдар       |шамдар      |
|                  |коэффициенті, %|              |             |            |
|Ірі сиырлар, жас  |               |              |             |            |
|тайынша,          |               |              |             |            |
|құнажындарды      |               |              |             |            |
|байлап тұрғызып   |               |              |             |            |
|және бос ұстау    |               |              |             |            |
|кезінде           |0,4-1,0        |1:10-1:15     |75           |30          |
|Бордақылауға      |               |              |             |            |
|бағытталған малдар|               |              |             |            |
|үшін              |0,4-0,5        |1:20-1:30     |50           |20          |
|Сиыр бұзаулайтын  |               |              |             |            |
|бөлмелер          |0,5-1,0        |1:10-1:15     |150          |100         |
|Сақтандыру бөлмесі|               |              |             |            |
|(профилактория)   |               |              |             |            |
|                  |0,8-1,0        |1:10-1:15     |100          |50          |


Кесте 7. Тұрғызып ұстау кезіндегі  6  айға  дейінгі  бұзауларды  азықтандыру
тізбегі


      |Бұзауларды   |6 айдағы      |Тәуліктік   |Бір басқа шаққандағы азық шығыны,|
|өсіру бағыты |жоспарланған  |салмағының  |кг                               |
|             |тірі салмағы, |өсуі, г     |                                 |
|             |кг            |            |                                 |
|             |              |            |Сүт |обрат |Құрама  |Сулы  |Шөп  |
|             |              |            |    |      |жем     |азық  |     |
|Өнімдік      |125           |550-600     |180 |200   |170     |500   |240  |
|құнажындар:  |              |            |    |      |        |      |     |
|Өнімдік      |150           |650-700     |200 |400   |180     |560   |250  |
|құнажындар:  |              |            |    |      |        |      |     |
|Өнімдік      |160           |700-750     |300 |500   |190     |700   |200  |
|құнажындар:  |              |            |    |      |        |      |     |
|Өнімдік      |170           |750-800     |250 |600   |180     |750   |240  |
|құнажындар:  |              |            |    |      |        |      |     |
|Тұқымдық     |160           |700-750     |320 |600   |210     |300   |220  |
|бұқалар:     |              |            |    |      |        |      |     |
|Тұқымдық     |190           |850-900     |400 |800   |220     |300   |200  |
|бұқалар:     |              |            |    |      |        |      |     |



 Тәжірибелік сабақ №11. Мегежіндерді, жас торайларды күтіп-бағу, азықтандыру
                       гигиенасы. Торайлатуды өткізу.
     Тәжірибелік сабақ №12. Мегежіндерді, жас торайларды ұстау кезіндегі
         қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсеткіштері

1)Аналық шошқа қоралары
Шошқа фермалары мен комплекстерінде торайлы және ауыр буаз аналықтарға
арнап қора салып, оларға екі, үш, төрт қатарлы станоктар орналастырып, әр
станокта бір аналықты торайы мен бірге және тууына 7-10 күн қалған
аналықтарды торайлағанға дейін және торайлағаннан соң 30-45 күнге дейін
ұстайды.
      Станоктардың конструкциялары  (үйлесім  құрылысы)  шошқалардың  тууына
қолайлы және жас туған торайларды енелерінің үстіне жатып, жаншып  өлтіруден
сақтайтын болуы керек. Ол үшін аналықты жас  торайцлардан  бөлек  ұстап,  ал
торайлардың жеке шығып кететін  саңылаулы  тесігі  болып,  жеке  дем  алатын
зонасы болуы керек.  Қатар  орналасқан  станоктардағы  малдардың  бір-біріне
қатысы болу үшін станоктың үш қабырғалары тұтас, ал  тек  көң  жолы  жағының
қабырғасы торкөзді бөлігі  торайлардың  енесіне  қатысуына  бөгетсіз  болып,
астыңғы жағынан саңылау  қалдырады.  Жас  торайларды  жылыту  үшін,  олардың
жатқан бөлігінің жағына белгілі  бір  биіктікте  инфра  қызыл,  ультракүлгін
және эритемді шамдарды іліп орнатады.            (сурет 11,12)
      Станоктардың  ішіндегі  көңді  едендердің  тор  көздерінен   астындағы
каналға  (арық)  түсіп,  одан  арнайы   қырғыш,   сырғыш   транспортерлердің
көмегімен тазаланып шығарылады.
      Шошқаларды бір фазалы технологиямен ұстаған кездерде  «Лузинский»,  ал
екі фазалы да ОСМ-120 типті станоктарды пайдаланады. Сол  сияқты  үш  фазалы
технологиямен ұстағанда станоктардың типтері ССИ-2, ОСМ-60  (СОИ-1),  СОИЛ-2
типтері  болады.  Олардың  ССИ-2  және  СОИЛ-3  аналықтарды   туғызып   және
торайларымен 26 күндігіне дейін, ал СОИЛ-2-45 күндік  жасына  дейін  ұстауға
жасалған. Станок ОСМ-60 (СОИЛ-1) тұқымдық фермалармен  комплекстерде  аналық
шошқаларды торайымен 60 күндік жасына дейін ұстаға қолайлы болады.
      Станоктардың   еденінің   ауданы   енелерінен   торайларын    айыратын
мезгілдеріне байланысты болып, егер торайларды 60-күндігінде  айырса  станок
ауданы – 6-7 м², ал 30-35 тәулігінде болса – 5-5,5 м² алынады.
      Бұл станоктардың ішінде зоогигиеналық талаптарға көбінесе сай  келетін
СОИЛ-1,  СОИЛ-2  (Ленинградтық)  типтілері  болады.  Станоктар  үш   бөлікке
(боксқа) бөлініп, ортаңғысында аналық  шошқа  тұрып,  екі  шетінде  торайлар
жатып дем алып  және  азықтануына  арналған.  Станоктың  үшінші  қабырғасына
аналық  шошқаға  арналған  өздігінен  аударылатын  азық  науасы  бекітілген.
Станокта табақша немесе емшекті  су құбыры  ПАС-2А  орнатылады.  Торайлардың
жататын жерлерінің  үстіне  инфрақызыл  шам  ілінеді  де,  ал  торайлар  мен
аналықтарды сәулелендіру үшін ультракүлгін шамдары ЛЭ-16, немесе  ЭО-1-30  М
типтілер ілініп қойылады.
      Станок  ССИ-2  типті  (ВНИИМЖ)  мегежіндердің  тууына  арналған   бір,
торайлардың дем алып,  азықтануына  –  2  бөлмесі  және  серуендейтін  алаңы
болады. Комплекстерде енесінен айырған торайларды  өсіріп,  одан  бордақылап
семірту үшін станоктар ОСМ-120 типті болады. Жалпы ұзындығы – 317 см, ені  –
200 см. Туған кезінде аналықты ұстайтын боксының ұзындығы – 180  см,  ені  –
60 см.
      Енесінен айырған торайларға арналған қоралар – тұқымдық  және  өнімдік
фермаларда, оларды 25-30 бастан  топтап  ұстауға  арналып  салынады.  Кейбір
фермаларда енесінен  айырған  торайларды  ұялы  түрде  ұстайды  (бір  ұядағы
торайларды жеке станокта). Енесінен айырған торайларды  ірі  топпен  ұстаған
кездерде елеулі мөлшерде өсу салмағы төмендейді. Сондықтан енесінен  айырған
торайларды үш ұядан артық қоспай,  яғни  15-25  бастан  артық  бір  станокқа
топтамау қажет. Шағын фермаларда 0,35 м², тұқымдықтарда – 0,4  м²  әр  басқа
есептеп орналастырады. Азық науаларының әр басқа  ұзындығын  20  см  есептеп
алады.
      Енесінен айырған торайларға арналған қоралар жылы, құрғақ  жарық  және
жақсы желдетілген  болуы  керек.  Неғұрлым  өсіруге  қойылған  шошқалар  жас
болса, жаңа орынға олардың  организмдері  бейімделу  үшін,  солғұрлым  ұстау
жағдайы жақсы болуы керек. Жас  торайлардың  өсу  жылдамдығы  көбінесе  қора
ауасындағы оттегінің мөлшеріне байланысты болады. Сондықтан жас  торайлардың
секцияларына таза ауаны механикалық тәсілмен жеткізіп, қамтамасыз етіп,  жыл
мезгіліне байланысты суық кездерде жылытып, таза, жаңа  ауа  жоғарғы  жаққа,
ал ескі, ластанған ауа төменнен алмастырылады.
      Жас шошқаларды клеткалы батареяларда жетілтіп өсіру - мал  қораларының
сиымдылығын арттырып, қорадан таратылатын жылудың  мөлшерін  азайтып,  соның
нәтижесінде қораны жылытуға кететін шығынды  кемітіп,  құрлыс  материалдарын
үнемдеп,  вентиляция,  канализация,  электр  жүйелерінің  жүргізу   жолдарын
қысқартып және ауыр технологиялық процесстерді  (азық  тарату,  көң  шығару,
ауа алмастыру, жарықтандыру т.б.) механикаландырып  және  автоматизациялауға
қолайлы жағдай жасалады.
      Клеткалы  –  батареяларда  торайларды  өсіріп-жетілдіру   екі   сатыда
жүргізіледі: біріншісі торайларды  4-10  күндіктен  30-35  тәуліктік  жасына
дейін, екіншісі – 30-35 тен 90-105 күнге дейін жүргізіледі.
      Торайларды өсірудің бірінші сатысында, көбінесе  үш  қабатты  клеткалы
батареяларды пайдаланады. Клетканың  қаңқасын тат баспай-
тын металдан жасап, клеткалардың өзін цинктелген  сымдардан  торкөзді  қылып
дайындайды. Клеткалардың размерлері орналасатын торайлардың жасы мен  санына
байланысты болады. Өте ерте  енесінен  айырып  алынған  торайларды  жекелеме
клеткаларда ұстайды да, оның размері 0,25м×0,60м болады. Топтап ұстау  үшін,
размерлері үлкендеу клеткалар 1,2 м-1,5 м×0,6 м×0,8 м және биіктігі  0,4-0,6
м  пайдаланылып, оның әр торайға жасына байланыстырып  еденнің  ауданын  0,1
м² дан 1,2 м² дейін есептеледі. Клетканың  алдыңғы  қабырғасын  еңіс  жасап,
оған металды азық науасын бекітеді.  Бұл  қабырғаны  көбінесе  қосымша  есік
есебінде пайдаланады. Көректену кезінде торайлар қатты  мазасызданбау  үшін,
алдыңғы  қабырғасының  ішкі  жағына  торайдың  санына  байланыстырып,   азық
науасын бөліп тұратын темір таяқшалар бекітіліп қойылады.
      Клеткалары батареялардың едені екі қабатты метал сеткаларынан жасалып,
оларды жылжыту арқылы, оның тор көздерінің размерлері 10×10  мм  немесе12×12
мм болатындай орналастырады.
      Әр қабатты клеткалардың астына металды немесе полимерлі материалдардан
еңісті төсеніш төселеді де, оның үстіне  түскен  шошқа  нәжісі  сырғып,  көң
каналына түсіп, одан сумен жуып немесе қырғыш құрылымымен шығарылады.
      Торайларды екінші сатылы өсіріп-жетілдіру мерзімінде берік бір  немесе
екі қабатты металдан жасалған  клеткалы  батареяларын  пайдаланады.  Олардың
еденедерінің  ауданы,  торайлардың  өсуіне   байланыстырып,   0,27-0,28-0,30
немесе 0,37-0,38 м² есептеледі. Клетканың размері 1,2×1,6 м  немесе  1,3×1,3
м, биіктігі – 0,6 м. Клетканың еденін метал сырықтардан  (планка)  саңылауын
5×15 немесе 30 мм және  аралығындағы  саңылау  10-15  мм  жасалады.  Бірінші
қабаттың едені жерден 0,38 немесе 0,6-0,7 м жоғары  орналасады.  Шошқалардың
қыйы тор  едендерінің  арасынан  арықтарға  түсіп,  ол  жерден  көң  жинағыш
құрылымының көмегімен тазаланады.
      Торайларды суару үшін клеткадағы азық науаларына  қарама-қарсы  жақтан
емшекті суарғыштар орнатады, оларды еденнен 5-10 см жоғары бекітеді.
      Азық науаларын алдыңғы қабырғалардың ұзын бойына орнатып, салмағы  25-
30 кг торайлардың әр қайсысына 18-22 см орыннан есептейді.
      Торайларды  клеткалы   батареяларда   ұстап   өсіру   кезінде   ондағы
микроклиматтың нормативке сәйкестігіне аса көңіл бөлінеді. Бірінші  сатыдағы
торайларды өсіру  кезінде  ауаның  температурасы  26-28  ºС  болуы  керекте,
олардың өсуіне байланыстырып,  төмендетіп  отырады.  Мысалы,  торайдың  тірі
салмағы 18-20кг болса, ауа температурасы 22-24ºС,  салыстырмалы  ылғалдылығы
60 % жоғары болмауы керек. Қорадағы  микроклиматтың  көрсеткіштерін  қалыпты
мөлшерде ұстап тұру үшін ауаны сорып  кіргізіп-шығарып  тұратын  механикалық
желдеткіш орнатылады. Таза ауа жоғарғы зонадан кіріп, ал ішкі ластанған  ауа
төменнен (60 %-дай) көңнің арық жолдарынан шығарылуы  керек.  Қора  ауасының
қозғалысының жылдамдығы 0,2 м/сек жоғары болмауы керек.
      Ғылими зерттеулердің нәтижесінде ерте  5-10  күндік  жасында  енесінен
айырып, клеткалы  батаряларда  ұстап,  дұрыс  жағдай  жасалса,  олардың  екі
айлығында тірі  салмағы  –  21  кг  жетіп,  ал  торайларды  3-5  апталығында
енесінен  айырғанда  осы  салмаққа  тек  66-68  тәуліктік  жастарында   ғана
толатындығы дәлелденген. Мұнымен қоса олардың сақталу пайызы жоғары  болады.

      Сондықтан, торайларды ерте енелерінен айырып,  өсіріп  жетілдіру,  тек
өте   жоғарғы   санитарлық-гигиеналық   талаптарға   ұйымдастыру   жұмыстары
жүргізілген жағдайда ғана мол өнім алынып, тиімді болады.
      Өнімдік жас шошқаларға арналған  қораларды,  фермалардың  қуаттылығына
байланысты  сиымдылығын,  белгілеп  ішіне  екі,   төрт   қатарлы   станоктар
орналастырады да, малдарды топтап ұстайды. Бір станокта  10-30  басқа  дейін
топтап орналастырады. Өнімдік фермаларда станоктың әр басқа шаққанда  ауданы
0,7-0,8 м², ал тұқымдық малдарға  –  1  м²  дейін  есептеледі.  Станоктардың
тереңдігі (ені) және ұзындығы 3,5 м болады. Азық науалары әр  басқа  шақанда
0,3 м келеді. Ір станоктың ішіне су құбырын орнатады.
      Шошқа  қорасының  ауа   температурасы   16-18ºС   болуы   керек.   Ауа
температурасы жоғары болса  (30-35º)  ұрғашы  жас  шошқалардың  жыныс  күйті
шағылысуға уақытында келмей тежеледі.
      Өнімдік жас шошқаларды өсіргенде  табиғи  жағдайға  ұқсастырып  күтіп-
бағып қана келешекте мол өнім  алуға  болады.  Сондықтан  оларды  күнделікті
серуендетіп отыру қажет.

Тәжірибелік сабақ№13. Сүт еметін торайлар мен буаз мегежіндерді  күтіп-бағу,
азықтандыру гигиенасы.
Тәжірибелік сабақ №14. Сүт  еметін  торайлар  мен  буаз  мегежіндерді  ұстау
кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсетекіштері



Тәжірибелік сабақ №15
Өткен тақырыптар бойынша қорытынды



                            Тәжірибелік сабақ №16
     Өндірістік және еттік бағыттағы шошқаларды күтіп-бағу, азықтандыру
                                 гигиенасы.

      Бордақылайтын  шошқаларға  арналған  қораларда  да   топтап   ұстайтын
станоктармен  2-4  қатарлы  қылып  жабдықталады  (сурет  6).  Әр   станоктың
сиымдылығы 25-30 басқа дейін болады.  Азық  науаларының  ұзындығы  әр  басқа
шаққанда 30-32 см кем келмеуі керек. Бірақ, бордақы малдарын станокта  12-15
бастан артық топтамаған жағдайда, олар бір-бірін жиі  мазаламай,  жақсы  дем
алып, қоң жинап, сақталу пайызы  жоғарлайды  және  малдардың  ауруы  азайып,
лажсыз сою кемиді.
      Станоктардың қабырғаларының биіктігі 1,1 м кем  болмай,  екі  тіркелес
станоктардың бөлігі тұтас, ал азықтанатын  бөлігінде,  көң  түсетін  арықтың
үстіндегі қабырға  тор  көзді  болып  10-12  см  саңылау  размері  жасалады.
Бордақылаудағы  жас  шошқалар  үшін  станоктың   ауданы   бір   басқа   0,5,
ересектерге 0,7-0,8 шаршы метр есептеледі. Станоктың ені мен ұзындығы 3,5  м
артық болмайды.
      Бордақыда  тұрған  шошқалардың  қораларының  ауасының   температурасын
малдардың өсуіне байланыстырып қалыптап отырады.
      Бордақыдағы малдардың ауа температурасының тәуліктік  тосын  ауытқуына
жол бермеу керек. Ондай температураның ауытқуы кезінде бордақыдағы  шошқалар
оған  тек  қосымша  азық  пайдалану   арқылы   ғана   бейімделеді.   Төменгі
температура кезінде шошқалар бейімделіп үлгере алмай, салмағын  төмендетеді.
Ауа температурасы 10ºС төмендегенде шошқаның әр киллограмм қосқан  салмағына
азық шығыны 20-30 % артады. Шошқаларды бордақылайтын қораларда  әр   центнер
салмағына шаққанда алмастыратын ауаның сағат сайынғы мөлшері  қыс  айларында
– 35-45 куб.м., ал жазда – 60 куб.м. болуы керек.  Сондықтан  жазғы  айларда
қорада бордақылайтын шошқалар тығыз орналасқан  кездерде  ауа  температурасы
28-30ºС  көтеріліп,  дұрыс  ауа  алмастырылмаған  жағдайда,  малдардың  жылу
алмасу жүйесінің жұмысы бұзылып, тыныс алу, ас қорыту органдарының  аурулары
пайда болып, соның нәтижесінде малдардың өсуі тежеліп,  салмағы  төмендейді.
Бордақыдағы шошқалардың  организмдерінде  зат  алмасу  процесстерінің  жүруі
жоғары  болады  да,  қораның  ауасына  жылу  көп   бөлініп,   температурасын
жоғарлатып жібермеу үшін қораның ауа  алмастыруын  арттыру  қажет.  Ол  үшін
көбінесе  есік  терезелерді  ашып,  өтпе  жел  (свозняк)  туғызбай   желдету
жүйесінің жұмысын механикалық  түрде  арттырып,  қорадағы  ауа  қозғалысының
жылдамдығын жаз айларында 1 м/сек, одан да жоғарлатады.
      Бордақылау аяқталғаннан соң, қораны шошқаларды шығарып,  тазалап  және
дезинфекциялаудан өткізеді де, 5-7 тәулікке,  қора  бөлшектерінің  беттеріне
дезинфекциялау    ертінділерін    толықтай     сіңіп,     микроорганизмдерді
залалсыздандыру үшін,  қораға  мал  қамамайды.  Содан  кейін  келесі  партия
бордақылау  шошқаларын  кіргізбес  бұрын   қораның   микроклиматын   қалыпқа
келтіріп алады.  Бордақылау малдарын қабылдауға қораны  дайындағаннан  кейін
бір тәулік ішінде станоктарды толтырып, өте ұсақ  шошқаларды  бөлек  күтімге
алу  үшін  жеке  станокқа  қамайды  да,  алғашқы  2-3  күн  қосымша   құрама
азықтармен құрғақ сүт, балық майын және антибиотиктер береді.
      Азықтандыру кезінде малдардың  азық  жеуін  қадағалайды.  Азықтан  бас
тартып,  жемеген  шошқаларды  мал  дәргерлік  қараудан   өткізіп   шараларын
жүргізеді.
      Еркін серуендетіп ұстауға арналған қоралар, көбінесе ауа райы қолайлы,
жылы  аймақтарда  салынады.  Бұл  тәсілмен  әртүрлі  жастағы   мен   жынысты
шошқалар, әсіресе аналық мегежіндер ұсталады.  Шошқаларды  еркін  серуендету
тәсілімен ұстау үшін арнайы қоралар  салынады  да,  серуен  алаңына  қараған
ұзын қабырғаларынан, шошқалардың еркін  кіріп  –  шығып  жүруі  үшін  арнайы
тесіктер (лаз) қалдырады. Әрбір  тесікке  шаққандағы  келетін  малдар  саны:
енесінен  айырған  торайлар  мен  жас  шошқалар  –  30  ,   үлкен   шошқалар
(мегежіндер) – 20, ересек бордақы  бағытындағы  шошқалар  –  30  -50  бастан
есептеп қаралады. Қалдырылатын тесіктердің размерлері (ені ×  биіктігі,  м):
енесінен  айырған  торайларға  –  0,3  ×  0,4  м,  өнімдік  және  еттік  жас
шошқаларға – 0,5 × 0,8 м, ірі  үлкен  шошқаларға  –  0,6  ×  0,9  м  қаралып
жасалады. Тесіктердің табалдырығы болмай, еден  мен  бірдей  жасап  шошқалар
жүретін  жол-пандус  салады.  Тесіктерді  топсада   айналып   тұратын   (мал
сүйкенгенде ашылатын) есіктермен  қамтамасыз  етеді.  Сыртқы  ауаның  орташа
температурасы  минус  25ºС  төмен  аймақтарда  тесіктер   алдына   қалқандар
(тамбурлар) жасалады.
      Шошқа қораларының ық жағынан серуен алаңдары  қаралып,  оның  едендері
қатты материалдардан бетонданған болуы керек. Серуен алаңының едені  3-4  см
әр 1 метрге су ағар бір жағына құлама болуы керек. Серуен алаңын қоршап,  әр
шошқалар тобы бірігіп, қосылып кетпес үшін бірнеше бөліктерге  (секцияларға)
бөледі. Оңтүстік аймақтарда  серуен  алаңында  күннен  қорғайтын  көлеңке  –
күрке  жасалады.  Серуен  алаңдарының  ауданы  әр  басқа  шаққанда  енесінен
айырған торайлар үшін 0,8 м², өнімдік және еттік жас шошқаларға  –  1,2  м²,
буаз мегежіндерге – 2,0-2,5 м² қаралады.
      Шошқа қораларының  ішінен  әлсіз  және  жұқпайтын  аурулармен  ауырған
малдарды ұстау үшін ауданы 2-3 % (барлық ауданынан  есептегенде)  санитарлық
станоктар қаралады. Онда тұрған малдарға жеке күтім жасап, дәрігерлік  көмек
көрсетіп отырады.
      Қораның көлемі (кубатурасы) ондағы орналасқан малдардың жасы,  салмағы
және бағытына байланысты болып, қабандар мен мегежіндерге 10-25 м³,  өнімдік
және еттік жас шошқаларға – 2-6 м³ болады. Малдарды жеткілікті  таза  ауамен
қамтамасыз  ету  үшін  шошқа  қораларына  табиғи  немесе   механикалық   ауа
алмастыру  жүйелері  қаралып,   қыста   ауаны   жылтып   кіргізетін   электр
колориферлерін орнатады.
      Тұқымды және  өнімдік  шошқаларға  арналған  жазғы  лагерлер,  олардың
қозғалыстары шектелмей және күн сәулелерінің пайдалы  әсерлерін  алып,  таза
ауада  жүріп,  құнарлы  протеиінді,  витаминдермен  минералды  заттарға  бай
азықтармен  көректеніп,  малдар  шынығып,  резистентілігі  жоғарлап,   өнімі
артып, әртүрлі ауруларға төзімді болып, сақталу пайызы жоғары болады.
      Жазғы лагерді орналастыру  үшін  құрғақ,  сәл  дөңес  су  өткізгіштігі
жоғары  және  су  көздерінен,  тоғай,  шалғынды  жайлымдардан   қашық   емес
жерлерден таңдайды. Лагерлер  мал  өлекселерінің  қоймаларына,  ірі  қатынас
жолдарға таяу орналастырылмай, төменгі  ойпаң  сулы  жерлер  болмауы  керек.
Лагерлердің  территориясын   қоршап,   секцияларға   (загондар),   бөлінеді.
Малдардың  күн  сәулелерінен  және  жауын  шашындардан  қорғану  үшін  жаппа
күркелер жасалып, оның  жанынан  құрама,  сулы  азықтарға  науалар  және  су
құбырларын орнатады. Торайлы  мегежіндер мен  ауыр  буаз  шошқаларға  арнап,
жаппа-күркенің астына жекелеме станоктар  қаралады.  Басқа  қалған  малдарды
лагерде  30-40  бастан  топтап  ұстайды.  Лагерге  қажет   болған   жағдайда
азықтарды  суды  жеткізу  үшін  және  территорияны   тазалау   үшін   арнайы
автокөліктерді пайдаланады.
      Шошқаларды карантинде ұстауға арналған  қоралар  шаруашылыққа  сырттан
келген малдардың аурулардан сауылығын дәлелдеу кезінде ұстаға салынады.  Ірі
комплекстерде 300-400 бас жас шошқаларды ұстауға қоралар салып,  ішінен  екі
қатар станоктар орналастырып, оларда 15-20 бастан топтайды да, әр басқа 0,6-
0,7 м² аудан есептеп, ішіне азық науасының ұзындығын бір  басқа  0,3-0,55  м
алады. Малдарды карантиндеу 30 тәулікке  созылады.  Карантиндеу  қораларында
малдарға күтіп-бағу және азықтандыру  санитарлық-гигиеналық  талаптарға  сай
жүргізілуі керек. Карантиндеу кезінде малдарды жаңадан  топтап,  бір  жерден
бір  жерге  ауыстыруға  болмайды.  Жасалған  аурулардан  сақтандыру  жоспары
бойынша диогностикалық және профилактикалық зерттеулер жасалады.
      Жаңа малдар  мен   толтырудың  алдында  карантиндеу  қораларын  мұқият
тазалап, жуып, дезинфекциялаудан өткізіп және кептіріп алады.
      Шошқа малдарының едендермен қатысы ұзақ уақыттай болғандықтан, олардың
денелерінің жылуының көбі (30-40  %)  сол  еден  бойы  мен  тарап,  көбінесе
суыққа ұрынып, ауырға шалдығады және азық шығынын жоғарлатады.
      Шаруашылықтардың     мүмкіншілігімен      аймақтардың      ауа-райының
ерекшеліктеріне   байланысты    шошқа    қораларының    едендерін    әртүрлі
материалдардан жасайды да, көбінесе, керамзитті  бетонды,  кірпішті,  ағашты
т.б. едендерді пайдаланады. Бордақы шошқалардың  қорасында  жатар  орындарын
ағашты,  азық  және  көң  жолдарын  бетонды  едендермен  жабдықтайды.   Ағаш
едендері  сыртқы  әсерлерге  төзімсіз  болып  келеді  де,  көбінесе  бетонға
жалпағынан орналастырған силикат кірпіштерінен жасалады.
      Кәзіргі кезде шошқа қораларында жатар орындарда тұтас, көң  жолдарында
тор көзді аралас едендерді пайдаланады.

   Тәжірибелік сабақ №17. Өндірістік және еттік бағыттағы шошқаларды ұстау
   кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсетекіштері

1)  Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
      Шошқа малдарының қораларындағы микроклиматтың қалыпты жағдайы, олардың
физиологиялық  ерекшеліктеріне  сәйкес  келуі,  шошқаларды  әртүрлі  жұқпалы
инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтандыруда маңызды  роль  атқарады.

      Шошқа қораларындағы  ауа  температурасының  тым  жоғары  немесе  төмен
болуы,  олардың  организмдерінің  резисттентілігін  төмендетіп  және   өсіп-
жетілуін  тежеп,  азық  шығынын  арттырып,  малдар  жиі  әртүрлі   ауруларға
шалдығып, өлім-жітімге ұшырайды. Аналық шошқалардың қорасында  көбінесе  екі
температуралы режим жасалады: ірі  мегежіндерге  бір  бөлек  және  емшектегі
торайлар  үшін  жеке  жағдай  туғызу  қажет.  Мысалы,  жас  торайларға   ауа
температурасы 28ºС дан 22ºС  дейін  керек  болса,  олардың  енесіне  16-18ºС
температура қажет болады. Көрсетілген  температурадан  төмен  болса,  аналық
шошқалардың сүттілігі кемиді. Жас төлдердің орнындағы  ауа  температурасының
төмендеуі, олардың денесінен энергетикалық заттардың шығынын  арттырады  да,
организмнің температурасының  төмендеуіне  апарып  соғып,  көректенуден  бас
тартып, өлімге ұшырайды.
      Шошқа   шаруашылықтарының   тәжірибесінде    қора    ауасын    қалыпты
температурада ұстау үшін аралас  жылыту  жүйелерін  пайдалануды  тиімді  деп
санайды. Ондай жағдайда малдардың тұрған орнын едендердің асты  арқылы  және
жоғарғы жақтан жасанды инфрақызыл сәулелерімен арнайы шамдардың  іліп  қойып
жылытады. Торайлар жататын орнының әр станокты жылытылатын ауданы –  1,0-1,5
м², ал ол жердің үстінің температурасы  30ºС  болып,  біртіндеп  төмендетіп,
енесінен айырған кезде 22ºС жеткізеді.
      Жоғарғы температура, әсіресе жазғы күндері  малдарда  жылу  күйзелісін
(стресс) тудырады, әсіресе  семіз  шошқаларда  ондай  жоғарғы  температурада
шағылыстан  өткен  мегежіндердің  жатырындағы  ұрықтардың  алғашқы   күндері
сақталуын  төмендетеді.  Ауаның  жоғарғы  температурасы  (27-35ºС)  шағылысу
кездерінде және буаздықтың алғашқы апталарында мегежіндердің  эмбриондарының
дамуын тежеп, туғанда  торай  санын  азайтады.  Шошқа  қораларының  ауасының
температурасы жазғы  ыстық  күндерінің  орташа  температурасынан  5ºС  артық
болмауға  керек.  Шошқаларды  жылытылмайтын  қораларда  ұстау,  ауа   райына
байланысты, елеулі азық шығынына апарып соғатындығы дәлелденген (Канадада  –
44 %, АҚШ – 25 %, Данияда – 10 %). Шошқа  қорасының  аусының  16ºС  дан  5ºС
төмендегенде әр градусқа, бордақылаудағы  малдың  салмағы  2  %  кемитіндігі
дәлелденген.
      Қора ауасының салыстырмалы ылғалдылығының  70  %  дан  95  %  өзгеруі,
шошқалардың шығынын 0,05 %дан 17,5 % дейін жоғарлатады.
      Қора ауасының жоғарғы салыстырмалы ылғалдығы, төменгі температура  мен
біріккенде, мал организмін суыққа  ұрындырып  резисттенттілігін  төмендетеді
де,   әртүрлі   инфекциялық   аурулармен   ауыртады.   Ауаның   салыстырмалы
ылғалдылығы, әсіресе  шошқаларды  қорада  сулы  азықтармен  көректендіргенде
және көңді сумен жуып тазалаған кездерде жоғарлайды.
      Шошқа малдарында күйзеліс жағдайлар, көбінесе қора  ауасындағы  зиянды
газдардың,    шаң-тозаңдар    мен    микроорганизмдердің    концентрациялары
жоғарлағанда туады. Қора ауасында аммиактың мөлшері  қалыптан  жоғары  33-36
мг/м³ көтерілсе, бордақыдағы шошқалардың тәуліктік қосу салмағы  7,7-10,2  %
төмендейді (кесте 16).
      Шошқа қораларындағы қалыпты жарықтану режимі,  олардың  организміндегі
зат алмасу процесстерін арттырып, эндокринді бездердің қызметін  жоғарлатып,
соның нәтижесінде  малдың  өнімділігі  жақсарып,  туған  төлдің  ширақ  және
сыртқы әсерлерге төзімділік қабілеті жоғарлайды (кесте 17).
      Малдардың қорасындағы жарықтанудың қанағаттанғысыз  шамада  болуы  жас
торайлардың өсіп-жетілуін 7-10 % тежеп, ауруға  ұшырау  межесін  –  24-28  %
көтеріп, ал өлімін –  9-10  %  жоғарлататындығы  дәлелденген.  Бордақылайтын
шошқаларды  төменгі  жарықтандыру  мөлшеріне  ауыстыруды,  оларды  семіртуге
қоярдың алдында 70-80 күн  бұрын  бастаған  жөн.  Ол  кезде  жарықтандырудың
шамасы, жас шошқаларды өсіру кезіндегі жарық  мөлшерімен  салыстырғанда  екі
есе азайтылып, жарықтандырудың тәуліктік ұзақтығы ет бағытындағылар үшін 10-
сағат, майландырғанда – 6 сағаттан аспауы керек. Шошқалардың денсаулығы  мен
өнімі қораның микроклиматының  барлық  көрсеткіштерінің  әсеріне  байланысты
болады. Микроклимат  көрсеткіштері  малдардың  физиологиясына  сай  келмесе,
оның төзімділік қабілеті төмендеп, жас шошқалардың  өсіп-жетілуін  (9-28  %)
кеміп, азықтардың шығыны (12-30 %) артып және малдың ауруға  шалдығуы  1,5-2
есеге жоғарлайды да, шаруашылық экономиялық  көрсеткіштері  бойынша  тиімсіз
болып шығады.

Кесте 16. Шошқа қораларының микроклиматының негізгі көрсеткіштері


      |Микрок      |Буаз,  |Қабан  |Торай- |Торай-л|Өнім-ді|Енесі-н|Бордақыдағы жас |
|лимат       |қысыр  |шошқа- |лы     |ардың  |к жас  |ен     |шошқалар        |
|көрсет-     |меге-жі|лар    |мегежін|жатар  |шош-   |айырған|                |
|кіштері     |н-     |       |-      |орны   |қалар  |торай-л|                |
|            |дер    |       |дер    |       |       |ар     |                |
|             |                              |                          |
|             |Табиғи         |Жарық         |Газ шашқыш  |Қызатын     |
|             |жарықтандыру   |коэффициенті  |шамдар      |шамдар      |
|             |коэффициенті, %|              |            |            |
|Буаз, қысыр  |               |              |            |            |
|мегежіндер   |               |              |            |            |
|және қабан   |0,5-1,2        |1:10          |75          |20          |
|шошқалар     |               |              |            |            |
|Өнімдік жас  |0,5-1,2        |1:10          |75          |30          |
|шошқалар     |               |              |            |            |
|Енесінен     |               |              |            |            |
|айырған      |               |              |            |            |
|торайлар     |               |              |            |            |
|4-айлық жасқа|0,5-1,2        |1:10          |75          |30          |
|дейін        |               |              |            |            |
|Бордақыда-ғы |               |              |            |            |
|шоқалар:     |               |              |            |            |
|Бірінші      |               |              |            |            |
|жартысында   |0,5            |1:20          |50          |30          |
|Екінші       |0,5            |1:20          |50          |20          |
|жартысында   |               |              |            |            |





    Тәжірибелік сабақ №18. Саулықтарды ұстау және азықтандыру гигиенасы.
    Саулықтарды және қошқарларды шағылысуға дайындау. Қозылату гигиенасы.

      Саулықтардың  жатырындағы төлдің эмбрионалдық өсуі және  туғаннан  соң
мол, сапалы жас төлді жарытатын  уызы  болуы  үшін  оларды  күтіп-бағу  және
азықтандыруына аса көңіл бөлу қажет.
      Аналық  қойларды  азықтандырудағы  жіберілген   кемшіліктер,   әсіресе
буаздықтың екінші жартысында, төлдің дені сау туына үлкен әсерін тигізеді.
      Саулықтың буаздық мерзімі 150 тәулікке созылады. Бұл мезгіл аралығында
ұрықтың  өсіп-дамуына  және  аналықтың  денесінде  көректі  заттардың   қоры
жиналуға ерекше күтім қажет  болады.  Сондықтан  саулықтардың  осы  мерзімде
рационындағы   құнарлы   заттардың   жетіспеушілігі,   оларда   зат   алмасу
процесстерінің   бұзылуына   байланысты   көптеген   аурулардың   (кетоздар,
гиповитаминдер;  макро-микро  элементтерден  туатын  аурулар  т.б.)  шығуына
себепші болады да, көбінесе аналықтардың қысыр қалуына, әлсіз,  шала  төлдер
тууына (тірі салмағы 3,5 ег  кем),  кейде  саулықтардың  буаздығының  екінші
жартысында  көтерем  болып,  өлім-жітімге  ұшырауына  апарып  соғады.   Буаз
саулықтардың  зат  алмасу  процесстерін  бақылау  үшін,   олардың   қандарын
биохимиялық зерттеуден өткізеді.
      Әр    аймақтардың    ерекшеліктеріне    (биогеохимиялық)    байланысты
сауылқтардың  рационына  макро-микроэлементтердің  (йод,   кабольт,   темір,
цинк, мыс  т.б.)  және  витаминдердің  жинағын  қосады.  Буаз  саулықтардың,
әсіресе азыққа қосып, ұнтақтап берген ас тұзына сұранысы жоғары болады  (15-
20 г тәулігіне), ал кесек  жалауға  қойылған  тұздан  тәулігіне  5  г,  яғни
сұранысының 30 % ғана қамтамасыз ете алады.
      Саулықтардың  буаздығының  екінші  жартысында,  олардың   рационындағы
сүрлемнің  мөлшерін  азайтады  (0,1-0,5  кг  дейін),  ал  тууына  30-40  күн
қалғанда толықтай  рацонның  құрамынан  сүрлемді  шығарып  тастайды.  Қозылы
саулықтардың  рационына  туғаннан  соң  20  тәулік   өткеннен   кейін   ғана
кіргізеді.   Саулықтарды   серуен    алаңдарында    азықтандырып,    олардың
қозғалыстарын шектемеу қажет.
      Туған  төлдің  алғашқы  айда  өсіп-дамуы,  оның  енесінің  сүттілігіне
тікелей бойланысты болады. Сондықтан  қозылы  аналықтар  орта  және  ортадан
жоғары күйі болу  үшін  толық  құнарлы  азықтармен  көректендіру  керек.  Әр
саулықты  азықтандыру,  бауырындағы  қозысының   санына   байланысты,   жеке
жүргізіледі.
      Ұзақ уақыт қозылардың саулықтың бауырында болып (4-5  ай)  еміп  жүруі
аналықтың  салмағының  төмендеп,  арып,  жүнінің  өсуі  нашарлауына   апарып
соғады.


   Тәжірибелік сабақ №19. Қой бағландарын және қозы күтіп-бағу  гигиенасы.
    Тәжірибелік сабақ №20. Қой бағландарын және қозыларды ұстау кезіндегі
        қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсеткіштері.

      Саулықтардың туу мерзімі болашақ төлдің өсіп өнуіне зор әсері  болады.
Сондықтан әр шаруашылықтың жағдайы, жер орайы  және  ауа  райына  байланысты
қыста және ерте көктемде қоздату тәсілдерін қолданады.
      Көктемде төлдету (наурыз-сәуір) ауа райының, көбінесе жылына  бастаған
мезгілімен келеді де, төл  алған  кезде  қораларды  қосымша  жылытуды  қажет
етпейді.
      Бірақ қойларды көктемде қоздатудың кемшіліктері де жоқ  емес.  Олар  –
көктемдегі ауа райының ауыспалы, құбылмалы болуына байланысты  төлдерде  жиі
суық тиіп ауруы кездесіп, шығынға ұшырайды. Сол сияқты, төл аяқтанып,  көкке
аузы тиіп, жайыла бастағанда,  шөп  сарғайып,  қатайып,  кеуіп  кетеді  және
қозылар, саулықтың күйі төмендеуіне байланысты, көктемде әлсіз болып  туады.

      Қыста қоздату (қаңтар-ақпан) кезінде аналық қойлар қоңды, семіз болады
да,  төл  әлді  туады.  Бірақ  қыста  қойды  қоздату   айтулы   экономикалық
шығындарға, әсіресе жылы орындардың  қажеттілігі,  азық  қорының  молдығының
керектігі т.б. апарып  соғады.  Шаруашылықта  пайдаланған  қоздату  тәсіліне
байланысты  саулықтарды  арнайы  қораларға  ауыстырып  орналастырып   немесе
қоралардың ішін бөліп, қайта жабдықтайды. Ол үшін қора  ішін  шарбақтар  мен
саулықтарды топтап (15-20 бастан) ұстау үшін бірнеше  бөліктерге  (секцияға)
бөледі. Еденге құрғақ төсеніш (солома) салып, ішіне астық және су  науаларын
қояды.
       Қозыларды  сәулелендіру  үшін  инфрақызыл  шамдарын  пайдаланады.  Әр
бөлменің ішіне, қозысынан жеріп, емізбейтін саулықтарды жекелеп  ұстау  үшін
тар (1 бас қозылы қойға) клеткалар (2-4) орнатылады.
      Қоздау әр секцияларда жүреді. Жас туған қозылар енесін  айыра  алмайды
және кейбір кәрі саулықтар, жас тұсақтар  туғаннан  кейін  қозысына  қарамай
кетеді.  Сондықтан  қоздаған  саулыққа  бақылау  жасап,  секцияның   ауданын
тарылпай, әр секцияда 15-16 бастан артық топтауға жол  бермеу  керек.  Туған
төлдің кіндігі үзілмесе қарнынан 6-8 см  қашықтықта  кесіп,  йод  ертіндісін
жағады.  Аналық  организміне  және  жас  төлге  пайдалы  болу  үшін   қозыны
жалатады. Қозының қалыпты тірі салмағы, енесінің салмағының  5-5,5  %  құруы
керек. Қоздағаннан 10-15  минуттан  соң  саулықтың  көзінің  айналасын  және
желінінің маңайының жүндерін қырқып  тазалайды.  Желінін  жылы  сумен  жуып,
құрғақ шүберекпен  сүртіп,  үрпіндегі  микробтармен  ластанған  сүтті  сауып
шығарады (бөлек ыдысқа).
      Туғаннаң соң 20-30 минуттан кейін қозы енесін еміп,  уыз  ішуі  керек.
Өте әлсіз, өздігінен тұра  алмайтын  қозыларға  көмек  көрсетіп,  сүйемелдеп
тұрып емшегін сорғызу қажет. Егер қозы өзі  емуге  талпынбаса,  аузына  ашып
емшекті салып, сәл қысып, сүтті ағызып жеткізу  керек.  Қозыға  дер  кезінде
уызды  ішкізу  қажет.  Онымен  бірге  қозы  қанына   гамма-глобулиндер   мен
иммунноглобулиндер түсіп, оларды  аурудан сақтандырады. Уызды  кешігіп  ішсе
қозының тоңғағы қатып қалып, іші кеуіп  өлімге  ұшырайды.   Қозы  уызды  2-3
тәулік бойы алуы керек. Егер енесінде сүт жоқ қозыны уызбен  жарытпаса,  оны
басқа сүті мол саулыққа телу қажет. Телу туған кезде жүрсе, басқа  аналықтың
шаранасын қозының үстіне исін сіңіріп жағады. Сүті аз, әлсіз  немесе  қозысы
ауру  саулықтарды  1-3  тәулікке   жеке   клеткаға   тұрғызады.   Қозылардың
ауруларының алдын алудың  бірден-бір  жолы  оларға  беретін  уыздың  құнарлы
сапалылығы. Ол азықтың құрамына, түріне байланысты болып, әсіресе  құрамында
сірке, сүт қышқылдары бар сүрлем қауіпті болып  саналады.  Уыздың  құрамына,
қоздаған саулыққа туғаннан соң, сәл тұздаған  жылы  су  берудің  де  пайдалы
әсері болатындығы дәлелденген. Жылы суды саулыққа туғаннан соң бір  сағаттан
кейін, ал ары қарай әрбір 1,5-2  сағаттан  1,2-1,5  л  су  ішкізіп  отырады.
Саулықтың шуы 1-1,5  сағаттың  ішінде  түседі,  егер  5-6  сағатта   түспесе
дәрігерлік  көмек   керек   болады.   Қозысына   қарамай,   емізбей   кеткен
саулықтарды,  көбінесе  тұсақ,  бірінші  қоздағандарда  немесе  әлсіз,  ауру
аналықтарда кездеседі, жеке  клеткаға  2-3  күнге  қозысы  мен  бірге  салып
қояды.
      Қозылар енесін әрбір 2-3 сағаттан соң еміп отырады. Саулықтың  қозысын
айырғанға  дейінгі  сүттілігі  80-200  кг  оданда  жоғары  болады.  Ең   көп
сүттілігі алғашқы туғаннан кейінгі 2-3 аптада болады да, одан соң  біртіндеп
кеми береді. Сондықтан қозыларды  ертерек  қосымша  азықтарды  жеуге  үйрете
бастайды, яғни 10 күндігінен бастап оларға сапалы көк  шөп,  құрама  азықтар
және минералды заттар қосылған жемдер беріп, үйретеді.
      Қозыларды тұрғаннан кейін нөмірлеп және бояу мен енесінің  белгісіндей
қылып белгілейді. Егіз қозыларды енесімен жалқыларға қарағанда  бөлек  белгі
салады.  Қозыларды  күтіп-бағу  технологиялық  тәсілдері  әр  түрлі  болады.
Шаруашылықтардың  жағдайы,  жер   орайы,  қоздату  мерзімі  т.б.  байланысты
мынандай негізгі  тәсілдері  болады:  1)  кошарлы-базалы;  2)  сақманды;  3)
бөлектеп өсіру; 4) жасанды тәсілде өсіру.
      Бірінші қошарлы-базалы тәсіл кезінде  қозыларды  15  тәуліктік  жасына
дейін  қорада  ұстап,  таңертең  енесін  емізгеннен   соң   бөлектеп   алып,
саулықтарды жайылымға шығарып  немесе  серуен  алаңдарында   көректендіреді.
Алғашқы кезде үш, кейін екі рет 50-60  минуттан  енесін  емізуге  жамыратады
да, түнгі уақытта анасы мен бірге жатқызады.
      Екінші сақманды тәсіл бойынша қозыларды   алғашқы  2-3  тәулік  бойына
енесімен бірге, әр сақман (күтуші) жеке шарбақтарда  ұстайды  да,  базаларда
азықтандырады. Ал кейіннен қозыларды (10 күннен соң) ауа  райына  байланысты
әр сақман енесімен бірге шығарып жаяды.
      Үшінші бөлектеп күту тәсілі кезінде қозыларды 15-20  тәуліктік  жасына
дейін енесінен бөліп алады да, енесін жеке  жайылымдарда  жайып  тек  күніне
бір рет жамыратады, ал түңгі уақытта енесімен бірге салады.
      Төртінші жасанды өсіру тәсілі бойынша қозыларды  2-3  тәуліктен  кейін
бөліп алады да, тон шаруашылығында – 40 %,  ал  биазы  және  жартылай  биязы
жүнді қойлардың туған қозыларының – 20 % жасанды тәсілмен асырап өсіреді.
      Ірілендірген қой шаруашылықтарында 2-3 тәуліктік  жасынан кейін  жетім
қалған қозыларды  (енесі  өлген,  желінсау  боп  ауырған,  жарытпаған  т.б.)
жасанды сүт беріп өсіру жиі кездеседі.  Жасанды  тәсілмен  қозыларды  асырау
кезінде, оларға қой сүтін алмастыратын сүтпен алғашқы  күндері (1-2  тәулік)
5-6 рет (125-135 гр әр қозыға) жекелеме еміздіктермен  береді  де,  кейіннен
тәулігіне 1-2 рет топты еміздіктерден  азықтандырады.  Топты  еміздіктің  әр
біреуіне 2-3 қозыдан артық бекітілмейді.  Алмастырылған  қой  сүтінің  (АҚС)
мөлшерін біртіндеп көбейтеді де, айлық жасында қозыға тәулігіне  400-500  гр
3-4 рет ішкізеді. Сұйық АҚС микроорганизмдер үшін  өте  қолайлы  орта  болып
саналады да, онда микробтардың тез өсіп-дамуы мүмкін. Сондықтан  қозыға  сүт
беретін ыдыстар санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы  үшін  мезгілінде
жуып, аптасына 2-3 реттен кемітпей дезинфекциялаудан өткізіп отыру қажет.
      Биязы және жартылай биязы  жүнді  тұқымды  қойлардың  қозыларының  екі
апталық жасынан бастап,  денесінің  артқы  жағы  нәжістер  қатып,  ластанбау
үшін, құйрықтарын кеседі. Еркек қозыларды осы  кездерінде пішеді.
      10 тәуліктік жасынан бастап, кейіннен әр  5  күннен  соң  қозылар  мен
енесі тұрған  клеткалардың  қосымша   бөліктерін  алып,  екінші  секция  мен
біріктіріп, ауданын кеңейтеді.
      Жалқы қозылы саулықтары алғашқы 5 тәулік бойы  7-10  бастан,  ал  егіз
қойларды 4-5 бастан топтап ұстайды. Соңынан әр  бес  күннен  кейін  екі  есе
көбейтіп отырады да, 10 тәуліктік жалқы қозылардың бір сақмандағы саны – 10-
20, егіздер  –  8-10,  10-15  күндігінде   -  30-40  және  15-20,  ал  15-20
тәуліктен  кейін  жалқылардың  санын  –  60-80,  егіздерді    30-40   бастан
біріктіріп ұстайды.
      Көктемгі  –  жазғы  мезгілдерде  қозыларды  екі   апталығынан   бастап
жайылымдарға шығара бастайды да, әрбір 2-3 сағаттан соң  сақманды  тоқтатып,
қозылардың енелерін еміп, дем алуына мүмкіндік туғызады.  Бірақ,  дем  алған
кездерде  жас  төлдер  ойпаң,  сызды  жерлерге  жатып,  суық  тиіп,   ауруға
шалдықпауын қадағалау қажет.
      Көктемде туған  қозыларды  қошарлы-базалы  тәсілмен  ұстаған  кездерде
жақсы  нәтижелі  көрсеткіштерге  жеткен  шаруашылықтар  жетерлік,  яғни  жас
төлдерді 20 тәуліктік жасына дейін жылы, құрғақ қораларда  ұстап  күтіп,  ал
енелерін бөліп жайылымда жаю, саулықтардың  сүттілігі  жоғарлап,  қозылардың
тез  өсіп-жетілуіне   тиімді  әсерін  тигізеді.  Онымен  қоса  бұл  тәсілдің
кезінде  жас  төлдер  жылы  құрғақ   көлеңкелі   жерлерде   жатып,   құнарлы
азықтармен көректеніп, таза су ішіп, әрбір  2-3  сағатта  енесін  еміп,  тез
өсіп-жетіледі және қоралардың микроклиматын қалыптап, қозылардың  суық  тиіп
ауруларына жол берілмейді.  Қозыларды  енесінен  4  айлығында  айырады,  кей
шаруашылықтарда 1,5-2 айлығында да айырады. Жас төлдер  арасында  минералдық
заттар және витаминдер жетіспегенде, олар бірін-бірі, сорып  жүнін  жеп,  ас
жүретін  жолдарына  жиылып,  ауру  тудырады  да,  (пилобезоарлар)   көбінесе
қозылардың шығын болуына апарып соғады.
      Қозыларды мұндай аурулардан сақтандырып, алдын алу  үшін  рациондарына
сапалы қатаң азықтар, минералды заттар  (сүйек  ұны,  микроэлементтер  т.б.)
жас төлдердің 1-1,5 айлығынан бастап 50 мл суға 7-8 тамшы 5 % йод және  1  %
ихтиол ерітінділерін қосып, әр апта  сайын екі рет ішкізеді.


     Тәжірибелік сабақ №21 Сауылатын биелер және құлындарды күтіп-бағу,
                           азықтандыру гигиенасы.
   Тәжірибелік сабақ №22 Сауылатын биелер және құлындарды ұстау кезіндегі
         қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсеткіштері

1) Сауылатын биелердің гигиенасы
      Ет  бағытына  өсірілген  биелерді  де,  бағып  семірте  отырып,  қымыз
өндіруге пайдалануға болады.  Қымыздың  бағасы  мен  емдік  қасиеттері  оның
құрамының  химиялық  көрсеткіштерінің  ерекшеліктерімен  және  сүт  қышқылы,
спирттік заттар түзіп ашуымен байланысты болады.
      Бие   сүтінде,  сиырдікімен   салыстырғанда,  тез  организмге   сіңгіш
альбуминдер мен глобулиндердің, сол сияқты пептондар  мен  аминқышқылдарының
көп болып, бірақ май мен белоктың аз кездесуімен ерекшеленеді.  Бие  сүтінде
онымен қоса, сиыр сүтіне қарағанда қанттың мөлшері 20 %, витаминдер  –  5-10
рет, әсіресе витамин С көп болады.
      Сүттілігі жағынан кей биелер ет бағытындағы сиырлардан да асып түседі.
Биенің сүттілігі тәулігіне 10-24 л болып, оның 50-70 % құлын  емеді.  Башкир
тұқымдас биелер тәулігіне орта есеппен 11,3 л сүт  беріп,  бес  ай  сауғанда
1730  л  сүт  алынады.  Әрине  биенің   сүтінің   мөлшері   сөзсіз,   оларды
азықтандырып және дұрыс күтіп-бағуына тікеле байланысты болады.
      Қымыз    шығаратын    фермаларда    ветеринариялық-санитарлық     және
зоогигиеналық талаптар мұқият  қадағаланып,  нормативпен  ережелерге  сәйкес
сақталып  отырылуы  керек.  Себебі  қымыз  өндіру  оны  ыстық  арқылы  өңдеу
жұмыстарымен (пастерлеу, стерлеу) жасамайды.
      Қымыз өндіретін фермада инфекциялық  жұқпалы  аурулар  болмауы  қажет.
Желіндерінде жара, ісік, қатайған бөліктері,  мастит  ауруларының  белгілері
т.б.  қалыпты  жағдайдан  ауытқулары  болса,  ондай  биелерді  сауып   қымыз
өндіруге рұқсат етілмейді.
      Биелерді  сауу  алдындағы  желінді  дайындау,  сүт   ыдыстарын   басқа
жабдықтарды, сауу аппараттарын т.б. тазалау,  дезинфекциялау,  сүт  өндіруге
арналған ірі  қара  малдарының  шаруашылықтарындағы  сияқты  ветеринариялық-
санитарлық мемлекеттік нормативтік талаптармен ережелерге сәйкес жасалады.
      Құлындардың дұрыс өсіп-дамуы үшін биені туғаннағ  кейін  20-30  тәулік
бойы  саумайды.  Ондай  жағдайда,  құлындарды  күндізгі-мезгілдерде  әртүрлі
құнарлы, жұғымды азықтар, көбінесе сұлы, құрама жемдер, беріп күтеді.
      Қазіргі кезде, кейбір ірі жылқы фермаларында, алынатын қымыздың өнімін
арттыру  үшін   құлындарды   жасанды   алмастырылған   бие   сүтімен   (АБС)
көректендіреді.
      Биелердің желіндерінің анатомиялық ерекшеліктері, сиымдылығы  (1,5-2,5
л) болғандықтан оларды жиі сауу  (1,5-2,5  сағ)  қажет.  Сауу  ұзақтығы  1,5
минутқа ғана созылады да, үрпіндегі 80-100 мл  сүтті  бергеннен  кейін,  сәл
тоқтап барып, тегіс бұлшық еттерін  жиырылуға  қосады  да  желіндегі  барлық
сүтті береді. Бірақ кейбір биелер  сүтін  толық  бермей-иімейді  (10-15  %),
ондай кездерде құлынды босатып, бір екі сорғызып,  немесе  алдында  көрсетіп
ұстап тұрып сауады. Биелерді қолмен  және  машинамен  саууға  болады.  Бірақ
машинамен сауу еңбек өнімін арттырып, сүттің сапасын жақсартады.


   Тәжірибелік сабақ №23.Құлындарды күтіп-бағу, азықтандыру гигиенасы және
 ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсеткіштері
1) Құлындардың гигиенасы
      Құлын туғаннан соң 1,0-1,5 сағаттың ішінде тұрып, енесінің емшегін еме
бастайды. Жас төлдің организмін  иммунды  белоктармен  қамтамасыз  ету  үшін
жаңа туған құлын уызға тойып ішу керек. Құлын алғашқы  үш  апта  бойына  тек
қана  енесінің  сүтімен  көректенеді  де,  әр  0,5-1  сағатта  еміп  отырады
(тәулігіне 50-60 рет).
      Енесі өліп жетім қалған құлынды, басқа құлынсыз биелерге телиді. Бірақ
ондай жағдай сирек кездеседі. Сондықтан сиыр сүтінің үштен  біріне  қайнаған
су қосып және әр литіріне бір үлкен  қасық  (столовай)  қант  салып  құлынға
ішкізеді.
      Туғаннан соң 3-4 күннен кейін биелерді  құлынымен  бірге  10-15  минут
манежде жүргізіп серуендетеді де, құлынның енесінің соңынан  еріп,  жетілуін
және биенің  жыныс  мүшелерінің  тез  орнына  келіп,  қайта  күйтінің  тууын
қамтамасыз етеді. Бір аптадан  соң  биені  құлынымен  бірге  ашық  базаларға
шығарып 20-30 минуттан бастап серуен мезгілін ұзарта береді. Алғашқы  аптада
биені  құлынымен  бірге  жеке  серуенге   шығарса,   кейіннен   2-3   бастан
біріктіріп, біртіндеп ұлғайта береді.
      Бір апта өткен соң құлынға ноқта  кигізіп,  жетекке  үйретіп,  денесін
щеткамен немесе солома бумасымен тазалайды.
      Құлындарды екінші айлығынан бастап жаншылған сұлы  мен  бидай  кебегін
беріп үйретеді.
      Ерте туған (қаңтар-наурыз) құлындар жайылымды  жақсы  пайдаланса,  кеш
туғандар ыстыққа  ұрынып,  қан  сорғыш  шыбындардың  көбейіп,  тез  жетіліп,
өсуіне бөгет жасап дұрыс жайыла алмайды.
      Құлынды  енесінен  6  айлығында  бөліп,  айырады,  саулмайтын  жүдеген
биелерден ертерек 5-айлығында айырады. Айырылған енесінен  құлындарды  бөлек
бірден екіден, залдарда топтап бірге ұстайды. Енесінен айырылған  құлындарға
сапалы көк шөптер, жаншылған сұлы, шөп  ұны  т.б.  организмге  қажет  белок,
фосфор және  витаминдермен  қанағаттандырарлық  болуы  керек.  Жас  енесінен
бөлінген  құлындарға  денесінің  ширап,  тез  өсіп-дамуы   үшін   күнделікті
мационмен қамтамасыз ету қажет. Құлындардың  таза  ауада  болуын  қамтамысыз
ету үшін таңертеңгі және кешкі уақыттарда серуен  (база)  алаңдарында  ұстау
керек. Енесінен айырған  құлындарды  6-7  күннен  кейін  жайылымға  шығарып,
үйрете бастайды. Алғашқы күндері 3-2, кейіннен,  1-2  аптадан  соң  4-5  км,
біртіндеп өсіріп тәуліктік жүретін жолын 10-11 км жеткізеді.


  Тәжірибелік сабақ №24. Жылқы төлдерін (құнандарды) өсіру гигиенасы. Жылқы
  төлдерінің ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат
                                көрсеткіштері

1) Жылқы  қорларына  және  оның  ішкі  орналасуына  қойылатын  зоогигиеналық
талаптар
      Жылқы қораларын жобалап және салу ол аймақтың ауа райының жылдар бойғы
көрсеткіштеріне, шаруашылықтың бағытына,  ұстау  жүйелеріне  және  малдардың
жасы, жыныстық құрамдарына негізделіп жүргізіледі. Жылқы  қоралары  малдарды
орналастыруға  және  технологиялық  процесстерді  жүргізуге  қолайлы   болуы
керек.  Жылқы  қораларында  қосымша  жылыту  көздері   қаралмай,   малдардың
өздерінің бөліп шығаратын жылуымен ғана қалыпты температуралық  режим  ұстап
тұратындығын  ескеру  қажет.  Сондықтан  қораның  сиымдылығын  зоогигиеналық
нормативтерге негіздеп,  оған  орналасатын  мал  басын  қалыптап  және  қора
бөлшектеріне  пайдаланатын   құрылыс   материалдарының   ең   төменгі   жылу
өткізгіштік коэффициентері болуын қадағалау керек.
      Гигиеналық  сапасы  жағынан,   жылқы   қораларына   саманды   кірпішті
қабырғалар,   силикат  кірпіштерінен  салынғанмен   салыстырғанда,   жылулық
қасиеттері және құрғақтығы жағынан  кем  түспейді,  тіпті  ауа  өткізгіштігі
бойынша артық болады.
      Жылқы қораларының төбесінен су өтпейтін және жылу ұстағыш болуы керек.

      Қоралардағы жылудың тез тарап,  температурасы  төмендеп  кетпеу  үшін,
оларды желдің басыңқы өтіне бір басын (немесе  бұрышын)  қаратып,  өте  суық
аймақтарда солтүстіктен оңтүстікке, ал жылы  жақта  шығыстан  батысқа  қарай
орналастырады.
      Жылқы қораларының ең басты бөлшектерінің бірі еден болып саналады.  Ол
құрғақ, берік және төменгі жылу таратқыш қасиеті бар,  су  өткізбейтін  және
тегіс,  тайғақ  болмауы  керек.  Жылқылардың  физиологиялық  ерекшеліктеріне
көбінесе  сәйкес  келетін   еден-нығарланған   саздан   жасалатындар   болып
саналады. Бірақ ондай едендер тез  суланып  кететіндіктен  жиі  төсеніштерді
(саломаны) ауыстырып, нәжістерді дер кезінде қырып, тазалап отыру  үшін  көп
уақытпен  еңбекті  керек  етеді.   Гигиеналық   тұрғыдан   қарағанда   жылқы
қораларының едендерінің ағаштан жасалғаны дұрыс болады. Бірақ ағаш  едендері
де сыртқы факторлардың әсеріне шыдамай, тез істен шығады  және  дымқылданған
кезде тайғақ болып,  жылқының  мертігу  қаупін  туғызады.  Кәзіргі  кездерде
жылқы  қораларына  берік,  тиімді  және  жылы  керамзитті  бетоннан  жаслған
едендер кең орын алады. Жылқы  қораларындағы  жылудың  тарап  кетпеуі  үшін,
оларға тамбурлы (екі есікті) қақпалар қаралады.
      Қораның ортасынан ұзын бойы мен көлік жүретін ені 3 м жол қалдырылған.
Қораның көлдененінең орта тұсында  аттарды  шығарып  жегетін  бөлме  (манеж)
қалдырып, оның екінші басына жалғастырып  қосымша  бөлмелер  (хамыт  сайман,
жем қоймасы, ұрық алып тексеретін, су қоятын т.б.)  салынған.  Зоогигиеналық
норматив бойынша денниктердің размері –  айғырлар  үшін  –  16  м²,  құлынды
биелерге –  14,  үйретілетін  құнандарға   -  12  м²  бөлінген.  Денниктерді
бөлетін  қабырғаларды  үстіріктелген  тақтайлардан  немесе  керамзит-бетонды
плиткалардан 1,4 м биіктікке дейін  тұтас,  ал  2-2,4  м  метал  сырықтардан
аралығын 5-6 см жасайды. Денниктің бұрышына ірі жылқылар үшін 1 м, жас  тай-
құнандарға – 0,6 м биіктікте, ұзындығы – 1-  1,2  м,  ені  үстінен  -0,6  м,
түбінен – 0,4 м, тереңдегі – 30 см, азық науаларын қояды (кесте 9).
      Азық науаларының жанына су құбырын таратады. Зоналдық (топты) тәсілмен
ұстағанда әр секцияда 20 бас тай, құнандарды –  6,0-6,5  м²  еден  ауданынан
бір басқа есептеп орналастырады. Үлкен  жылқылар  үшін  еденнің  ауданын  әр
басқа 8 м² дейін өсіреді.
      Жылқылардың  бір-бірін  жарақаттанудан  сақтандыру  үшін,  тұрақтарды,
жуандығы 10-12 см сырықтар мен (ағаш  немесе  метал)  алдыңғы  жағынан  1  м
жандарынан – 0,65-0,7 м биіктікте бөледі. Оларды цимбал  деп  атайды  (сурет
5). Жылқыларды топтап ұстағанда азық науаларын ұзын қабырғалардың бойы  мен,
еденнен оның үстіне 1 м үлкен жылқыларға, 0,6 м  жас  тай-жабағаларға  арнап
орнатады. Мұндай тәсілмен ұстағанда  суға  арнап  секцияның  ішіне  жылқылар
үшін – 0,5-0,7 м биіктікте, үстінен есептегенде  ені  –  0,6  м,  түбінен  –
0,4м, тереңдігі – 0,4 м, ір басқа – 0,6 м есептеп астаулар қойылады.
      Әрбір  секциядан  серуен  алаңына  (паддокқа)  жылқылар  шығатын  есік
қалдырады. Ондағы орындар әр жас жылқылар үшін өнімдік фермаларда –  12  м²,
тұқымдық  –  20  м²   ірі  жылқыларға  –  20  м²  есептеледі.  Ондай  серуен
алаңдарының жалпы ауданын барлық жылқылардың топтап ұстаған  кездерде  15-20
%, жекелеме ұстағанда – 10-15 % есептеп бөлінеді.
      Жылқылардың қораларының биіктігі  (ішкі  өлшемі)  өнімдік  және  жұмыс
жылқылары үшін – 2,4-2,7 м, тұқымды  бағыттағы  фермаларда  –  3  м,  топтап
ұстағанада 3,5 м, аттарды ерттеп-жегетін манеждерде – 4,5 м  жас  жылқыларды
үйрететін манеждерде – 6 м болады.
      Жылқы қораларында микроклимат қалыпты нормада болу үшін  ондағы  ауаны
мезгілінде алмастырып отырудың  рөлі  зор.  Жылқы  қораларда,  көбінесе  ауа
алмастыру табиғи тәсілмен жүреді. Ол үшін ішкі ескі ауаны шығаруға  арналған
құбырлардың беттерінің ауданы әр басқа шаққанда ірі жылқылар үшін –  250-300
см², жас тай, жабығыларға – 100-150 см²  қаралып,  есептеп  шығарады.  Жылқы
қораларының  микроклиматының  көрсеткіштері,   оларды   ұстау   тәсілдеріне,
жастарына байланысты әртүрлі  болады  (кесте  10).  Қорадағы  микроклиматтың
көрсеткіштері, әсіресе ауаның құрамындағы зиянды газдардың  мөлшері  тікелей
ондағы  канализацияның  жұмысына  байланысты  болады.   Жылқы   қораларында,
кәзіргі кезде көңнен тазарту үшін қырғыш транспортерлерді пайдаланады.

Кесте 10. Жылқы қораларының микроклиматы


      |Микроклимат көрсеткіштері |Жылқылар (тұқымы)                           |Жұмыс    |
|                          |                                            |аттары   |
|                          |Ірі     |Үйретудегі |Енесінен |Құлындаған  |         |
|                          |бастар  |жылқы      |айырған  |бие (денник)|         |
|Температура, град.        |5 (4-6) |6 (4-8)    |8 (6-10) |12 (8-15)   |5 (4-6)  |
|Салыстырмалы ылғалдылық, %|        |           |         |            |         |
|                          |70      |70 (60-80) |65(60-70)|60(50-70)   |70       |
|                          |(60-80) |           |         |            |(60-80)  |
|Ауа            |Қыста      |0,3     |0,2        |0,2      |0,1         |0,3-0,4  |
|қозғалысының   |           |        |           |         |            |         |
|жылдамжығы,    |           |        |           |         |            |         |
|м/сек          |           |        |           |         |            |         |
|               |Ауыспалы   |0,5     |0,4        |0,3      |0,2         |0,4-0,6  |
|               |мезгілде   |        |           |         |            |         |
|               |Жазда      |1,0     |0,8        |0,7      |0,5         |1,0-1,2  |
|Ауа алмастыру  |Қыста      |50      |30         |20       |-           |50       |
|мөлшері, м³/сағ|           |        |           |         |            |         |
|               |Ауыспалы   |70      |50         |30       |-           |70       |
|               |мезгілде   |        |           |         |            |         |
|               |Жазда      |100     |70         |50       |-           |100      |
|Көмірқышқыл газы, %       |0,25    |0,20       |0,2      |0,15        |0,25     |
|Аммиак, мг/м³             |20      |20         |15       |10          |20       |
|1 м³ ауадағы микробтар    |150     |150        |100      |100         |200      |
|саны, мың м³              |        |           |         |            |         |
|Табиғи жарықтандыру коэф. |0,5     |1,0        |1,0      |1,0         |0,35     |
|%                         |        |           |         |            |         |
|Жарық  коэффициенті (ЖК)  |1:10    |1:10       |1:10     |1:10        |1:20     |
|Жасанды жарық, ЛК         |15-200  |50-100     |50-100   |50-100      |30-50    |


                  Жылқыларды жұмысқа пайдаланудың гигиенасы
      Жылқыларды негізгі үш түрлі шаруашылық жұмыстарына пайдаланады:  міну,
жеңіл-орташа және ауыр жұмыстарға жегу және теңдеу.
      Жылқыларды мініп, көбінесе малдарды жайғанда,  бір  жерден  бір  жерге
айдағанда  (көшкенде, етке айдағанда), ауыл аралық қатынастарда  және  спорт
ойындарында (бәйге, жорға, кедергілерден секіру т.б.) пайдаланады.
      Жеңіл жұмыстарға жегіп пайдалану кезінде жылқыға өз  салмағының  10  %
ауыр жүк тартпауы керек және жұмыс уақыты 4 сағаттан аспай,  барлық  жүретін
жолының қашықтығы 15 км артық болмауы керек. Мұндай жеңіл  жегу  жұмыстарына
жас тай, құнандарды, кәрі (14 жастан асқан)  жылқыларды,  құлынды  биелерді,
тууына екі ай қалғанға дейін буаз биелерді пайдаланады.
      Құлындағаннан кейін екі айдан соңғы  биелерді, орташа жеңіл жұмыстарға
(тасымалдау, жырту, тырмалау, шөп шабу т.б.) жегіп, ауырлығы  өз  салмағынан
13-15 % аспайтын жүктерді  25  шақырым  жол  жүргізіп,  жалпы  жұмыс  күннің
ұзақтығын 6 сағаттан асырамай пайдаланады.
      Ауыр  жұмыстарға  аттарды,  айғырларды,  қысыр  биелерді   пайдаланып,
тәулігіне 9 сағат, 35 шақырым жол қашықтығы, жүгінің ауырлығы өз  салмағының
20 % асырмауын қадағалап отырады.
      Жылқыларды тең артып пайдалану  таулы,  жол  қатынасы  нашар  жерлерде
кездеседі. Жылқы үстіне теңделген жүктің ең жоғарғы  салмағы  өз  массасының
үштен бір бөлігінен артпауға тиіс. Тиелген теңнің салмағының 75  %  жылқының
қабырға жағына, ал 25 %  арқасына  түсуі  керек.  Тиелген  жүк  ілгері-кейін
жылжып және бір жағына қарай ауып кетпейтіндей етіп, мықты бекітілген  болуы
қажет. Әсіресе тау ішінде біресе өрге, біресе  еңіске  қарай  жүргенде,  жүк
қозғалса,  жылқының  арқасын  жарақаттап,  жауыр   жасап,  мазасын  кетіріп,
төзімділігін төмендетеді. Жылқыға жүк дұрыс тиелген болса, сағатына 2-5  км,
күніне 16-36 км дейін жол жүреді.
      Жылқының  жұмыс  күші  және  төзімділігіне,  оның  денсаулығы,   жасы,
салмағы,  жұмыс  режимі,  күндік  реті,   азықтандыру  жағдайы,  қолданылған
жабдықтар, хамыт-саймандардың дәлдігі т.б. елеулі әсер етеді.
      Жылқылардың тиісті функционалды дайындығы жеткіліксіз болса, олар ауыр
жұмыстардың кезінде тез шаршап,  қозғалыс  жүйелерінің  қызметтері  бұзылып,
денесінен артық мүшелерде терімен бірге тұз шығып,  демігіп,  жүрек  соғысы,
қан айналысы бұзылады.
      Жас  жылқыларды  мініске,  жегінге  жұмыстың  мөлшері  мен   ауырлығын
біртіндеп асыра отырып үйреткен  жөн.  Жылқыны  мініспен  жегінге  үйретудің
негізі организмнің физиологиялық мүмкіншіліктерін  біртіндеп  кеңейте  келе,
олардың  қан  айналысы,  тыныс  алу,  қозғалыс  рефлекстерін  ретке  келтіре
отырып, жұмысқа деген күшін жоғарғы шамада пайдалану болып саналады.
      Жылқыларды  үйрету  жыл  бойына   тұрақты   түрде   жасалып,   олардың
конституциялық  ерекшеліктерін,  тұқымын,  жасын,   жынысын,   физиологиялық
жағдайын салыстыра отырып, белгілі бір мезгілдерде жүргізу керек.
      Жұмыс жылқыларын пайдалану  кездерінде  оның  физиологиялық  шамасынан
артық жүк салып, ұзақ жол жүріп,  әсіресе  ауа  райының  қолайсыз  өте  суық
немесе ыстық мезгілдерінде, қинауға болмайды.
      Жылқылардың   денсаулығының  қалыпты  жағдайда  екендігін   көрсететін
белгісі – дене температурасы болып  саналады.  Жылқының  қалыпты  жағдайдағы
дене  температурасы  37,5-38,5ºС  болса,   жұмыс   кездерінде   39ºС   дейін
жоғарлайды, ал  ауыр  салмақ  түскенде  одан  жоғары  көтеріледі.  Сондықтан
олардың дене температурасы 40 ºС дейін көтерілсе, жылқылардың  денсаулығының
бұзылып, нормадан  ауытқығандығын  көрсетеді  де,  ондай  жағдайда  жұмыстан
босатып, тиісті шара жасау  қажет.  Жұмыстан  шаршаған  жылқылардың  белгісі
болып,  олардың  айдауға,  бұрылуға,  айғай-шуға  жауабының   (реакциясының)
төмендеп,  селқос  жағдайда  болып,   терлеп,   тыныс   алуы   жиілеп,   қан
тамырларының  соғысы  шапшаңдап,   дене   температурасы   жоғарлап,   жүрісі
шатқаяқтап, аяқ,  иық  бұлшық  еттері  дірілдеп,  азықтан  бас  тартып  т.б.
саналады.
      Жылқылардың жоғарғы жұмыс қабілеттері оларға арналған хамыт-саймандар,
ертоқымдардың  дұрыс  таңдалып,  белгілуіне  байланысты  болады.  Бекітілген
хамыт-саймандар жұмыс  атына  размерлері  бойынша  сәйкес  келмесе,  олардың
денесіне жарақат түсіріп, тынысын тарылтып,  жұмысқа  қабілетін  төмендетіп,
кейде ауруға шалдығуының себебі болады.
      Сондықтан  жұмысқа  пайдаланатын  жылқыларға  хамыт-саймандармен   ер-
тоқымдарды  олардың  физиологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  таңдап,
дұрыс жегіп, дұрыс міну  ең  басты  мәселе  болып  есептеледі.  Ол  кездерде
негізгі көңіл аударатын бөлшектерге  мыналар  жатады:  жүген,  хамыт,  шлея,
доға т.б. Осылардың ішінде  жылқының   денсаулығына  және  жұмыс  қабілетіне
елеулі әсерін тигізетін  бөлшек  –  хамыт  боп  саналады.  Жылқының  мойнына
киіліп тұрған кезде, асты кеуде  алдында  алақан  жалпағынан  өтетіндей,  ал
үстіңгі жағы шоқтығынан  1-2  см  жоғары  тұруы  керек  (астына  екі  саусақ
кіретіндей).
      Шлея – жегін жылқылардың биіктен ойға қарай түскен кездерінде  хамутты
мойнына ұстап тұратын бөлшек. Оның жылқы қабырғасымен жанаса өтіп,  хамуттың
екі  құлақ  бауына  бекітіледі.  Жегілген  кезде  оның  қайысымен   жылқының
жаясының аралығына алақан қырынан тұра алатындай бостық қалуы керек.
      Постромка – жегілген аттың хамытын пәлекке тұтастыратын  бөлігі.  Оның
ұзындығы жегін кезіндегі еңістік бұрышы – 18-20 градус болуы керек.
      Ершік – доғалы жегін кезіндегі қажетті бөлшек.  Оның  үстінен  жүретін
бел қайыс арқылы хамытпен доғаны бекітіп ұстап тұрады да, жылқының  дертелер
арасында дұрыс орын алуын сақтап және  түскен  жүк  кұшінің  елеулі  бөлігін
жегін малының беліне түсіру үшін қажет.  Мінгі  жылқылары  үшін  ер-тоқымның
пайдалану  ережелеріне  сай  болуы  маңызды  рөл  атқарады.  Ерттеу  кезінде
алдымен терлікті тексереді. Ол жұмсақ, құрғақ,  ат  беліне  бататын  түйірлі
немесе жұқа, ойық жерлері болмауы керек.  Ер-тоқымды  жылқының  сол  жағында
тұрып беліне салады да, сәл алға  жүргізіп,  қайта  жүнін  жығу  үшін  артқа
жылжытып,  орналастырып,   айылдарын   тартып   бекітеді.   Алдыңғы   айылын
тартқаннан соң арасына бір саусақ, ал артқы  айылдың  астына  жалпағынан  үш
саусақ өтетіндей  болуы  керек.  Ер-тоқымды  ерттегеннен  кейін  үзіңгілерін
тексереді. Олардың үзеңгісімен таралығысының ұзындығы атқа  мінетін  кісінің
қолының ұзындығындай болуға керек.
      Дертелердің ұзындығы, жылқының артқы тірсегін көлік соғып жарақаттамау
үшін, оның денесінің ұзындығынан артық болуы (30-40 см) керек.
      Хамыт-сайман  мен  ер-тоқымның  қайыс   бөлшектері   қатып,   жылқының
денелеріне батып, жарақаттамау үшін,  оларды  тексеріп,  жұмсартып  (уқалап,
соғып) жұмыстан соң майлап қояды.
      Алыс жолдарға жүк тасымалдау кезінде  жегілген  жылқыға,  әрбір  18-20
шақырымнан  соң,  дем  алдырып,  азықтандырады.   Ондай   мүмкіндіктер   жоқ
жұмыстарда (жер жырту) әр сағаттан соң 5-10 минут дем алдырады.
      Жұмыс  және  спорт-ойын  атарына   мал-дәрігерлік   мезгілді   бақылау
жүргізілуі керек.  Әсіресе  жылқының  физиологиялық  нормадан  ауытқуын  дер
кезінде  анықтау  керек  (дене  температурасының  өзгерісі,  қантамырларының
соғысы, тыныс алу жиілігі т.б. тыныштықта және күш түскенде).


    Тәжірибелік сабақ №25. Бройлер-балапандарды өсіру гигиенасы. Бройлер-
     балапандарды еден және клетка орындарына ұстау кезіндегі қойылатын
             гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсетекіштері


      1)Балапандардың гигиенасы
      Басылып шыққаннан соң жаңа партиясын қабылдаудың алдында  қораны  оның
ішіндегі жабдықтарды түгелдей  мұқият  тазалап,  дезинфекциялаудан  өткізеді
және   ол   кезде   профилактикалық   үзілістердің   мезгілдерін    сақтауды
қадағалайды.  Балапандарды  клеткаларға   орналастырмастан   бұрын   керекті
биіктікте  азық  және  су  науаларын  орнатады  (су  үшін  таяз   табақшалар
қойылады) да клеткалардың астына, балапандар аяғын жарақаттамау үшін,  қатты
қағаз (картон) төсейді.
      Балапандарға жасалған, алғашқы  күндердегі  күтім  мен  көректендіруі,
олардың өсіп дамуына және алдағы  өнімділігіне  үлкен  әсерін  тигізетіндігі
белгілі. Әсіресе осы алғашқы екі апта бойына оларға  қалыпты  температуралық
режим жасау  қажет.  Балапандарды  қабылдаудан  3-4  тәулік  бұрын  қорадағы
жылыту жүйелерінің  жұмысын  тексереді  де,  балапандарды  орналастырудан  2
тәулік   бұрын   олар   тұратын   бөлмелердің   ауасының    температурасымен
ылғалдылығын  қалыпқа  келтіріп  қояды.  Балапандардың  алғашқы  2   апталық
кезінде организмдерінде жылу қалыптау (терморегуляция)  процесстері  жұмысты
жеткілікті түрде жасай алмайды да, сәл температураның ауытқып, өзгеруі  оның
денесіне зиянды әсерін тигізеді де ауру тудырады, өлім-жітімге ұшыратады.
      Балапандар  бір-біріне  тығылып,  тар  жерге  жиылып,   бүрісіп   және
шиқылдаған дыбыстар шығарса, ауа температурасының төмен екендігін  көрсетеді
де, оларды жылыту керек екенін білдіреді. Егер балапандар клетканың  алдыңғы
жағына жиналып,  жиі-жиі  дем  алып,  аузын  ашып,  суды  көп  ішсе,  оларға
температураны төмендету қажет екендігін көрсетеді. Бірақ ауа  температурасын
олар   үшін   өте   шұғыл   өзгертуге   болмайды.   Жоғары   және    төменгі
температуралардың бір-біріне ауысуы, олардың өсіп-дамуын екі есе тежейді.
      Құс қораларын  арнайы  автоматты  түрде  басқарылатын  желдеткіштермен
қамтамасыз  етіп,  ондағы  микроклиматтың  негізгі  көрсеткіштерін   қалыпты
межеде ұстап тұруы қажет.
      Балапандарды өсіру кезінде олардың жарықпен қамтамасыз етуі өте  үлкен
роль  атқарады.  Жарықтандыру  режиміне   байланысты   балапандардың   дамуы
сатысында, жарықтандырудың ұзақтығы белгіленген бағдарлама жасалады.
      Жас құстарға арналған қоралардың жарықтануын қалыптау арқылы,  олардың
жыныстық  жетілуін  тездетіп  немесе  тежеу  арқылы  жұмыртқалауын   керекті
бағытта жүргізуге болады.
      Жас өнімдік құстарды өсіру кезінде оларға берілетін тәуліктік жарықтың
мөлшері 8-9 сағатқа  дейін  белгіленсе,  жұмыртқалайтын  құстар  үшін  17-18
сағаттан кем болмауы көзделеді. Мұндай жарықтандыру  режимі  жас  шібилердің
өсіп-дамуына бөгет болмай, ал мезгілсіз  жыныстық  жетілуін  тежеп,  олардың
алдағы өнімділігінің жоғарлауына жағдай  жасалады.  Жарықтандыру  мерзімінің
ұзақтығы автоматты құрылымдардың көмегімен  бекітілген  бағдарламаға  сәйкес
басқарлып отырады. Балапандардың алғашқы  екі  аптасында  олар  тұрған  орын
жарық (50 люкстен төмен емес) жан-жағын жобалап, азық  жеп  және  су  ішуіне
жағдай  жасалады.  Екі  апталық  жасынан  кейін  балапандарға  жарық  беруді
біртіндеп азайта бастайды (10 лк). Балапандардың басылып шығысымен  неғұрлым
ерте  азықтандырса,  солғұрлым  жұмыртқа   сарысы   (желток)   тез   ыдырап,
балапандардың өсіп-дамуы артып, сақталу пайызы жоғарлайды.
      Балапандарда алғашқы төрт тәулікке  дейін  арнайы  жасалған  рационмен
(нольдік) азықтандырады. Оның құрамына тез сіңірілетін көректі  заттары  бар
ұнтақталған, түйірі 1-2 мм бидай, жүгері, бұршақ, құрғақ обрат т.б.  кіреді.
Бұл нолдік  рационның  құрамына  минералды  заттар  (мел,  сүйек  ұны  т.б.)
енгізілмейді.
      Ұлғайған  балапандар  мен  ересек  құстарға   толық   құнарлы   құрама
азықтармен көректендіріп, оның құрамына жүгері, бидай,  арпа,  тары,  жарма,
күнбағыс  шроты,  балық  және  ет-сүйек  ұндары,  құрғақ  обрат,  шөп   ұны,
витаминдер,    лизин,     метеонин,     антиоксидант,     кокцидиостатиктер,
микроэлементтер т.б. қосылады.
      Балапандардың қалыпты өсіп-дамуын  бақылау  үшін  оларды  белгілі  бір
жастарында: тәуліктік, 4, 9, 13, 17 және 21 апталық кездерінде  өлшеп,  оның
нәтижесін стандартты көрсеткіштермен салыстырады.
      Жұмыртқалау басталған  кезде  жас  табынның  10-15  %-ын  ірі  тұқымды
құстарға арналған құрама азыққа біртіндеп ауыстырады. Ол  үшін  1-ші  аптада
жас шибиларға құрама азықтың ірі құстарға арналған  жем  мен  25  %,  екінші
аптада – 50 %, үшіншіде – 75 %,  ал  төртінші  аптадан  бастап,  егер  табын
бойынша жұмыртқалау 35-50 %  болса,  толықтай  үлкен  тауықтардың  рационына
ауыстырады.
      Жас құстарды көп сатылы (фазалы) тәсілмен өсіру кезінде  оларды  қайта
ауыстырып  орналастыру  технологиясы  қолданылады.  Жас  құстарды  ұстағанда
оларды жарақаттап алмай және жаңа орындарға үркітпей  сақтықпен  ауыстырады.
Ондай күндері олардың  арасында  күйзеліс  жағдай  туғызбау  үшін,  басқадай
шаралы жұмыстар жүргізілмейді.
      Жас құстарды ауыстырып орналастыру технологиясының  60,  90  және  140
күндіктеріндегімен салыстырғанда  120  тәуліктік  жасындағы  шыбилар  сыртқы
ортаның әртүрлі факторларына төзімді болатындықтан, бұл  мезгілде  алмастыру
тиімді болып саналады.
      Құстарды бір орыннан ауыстырып орналастыру кезінде олардың организміне
негізгі үш стрессор факторлар  әсерін  тигізеді.  Олар  біріншіден  құстарды
ұстау кезінде пайда болатын фактор, екінші  –  басқа  қораға  –  клеткаларға
апару, үшінші –  жаңа  орындағы  жағдайдың  сәйкеспеуі.  Еттік  балапандарды
(бройлер) өсіру технологиясының ерекшелігі болмайды. Оларды қалың  төсеніште
және клеткалы батареяларда өсіреді: Бройлерлерді ірі партиялармен  (10  және
20 мыңнан) қалың жиналмайтын төсеніштерде  өсіру  үшін  арнайы  құрылымдарды
«Бройлер-10»  және  «Бройлер-20»  пайдаланады.  Әрбір  белгіленген   бройлер
құрылымға  бір  жастағы  құстарды  500   бастан   бөліп,   арнайы   жылытқыш
«Брудерлерге» орналастырады.
      Жылытқыш электр-брудерлерден балапандардың шығып кетпеуі  және  суыққа
ұрынып қалмауы үшін оның шетінен  60-70  см  алшақтықта  арнайы  материалмен
(комплектідегі)  қоршайды.   Балапандарды   бұл   кездерде   арнайы   арықша
науалардан немесе арнайы  вакумды автосуарғыштардан суарады.
      Балапандарды  басып  шығарғаннан  кейін  8-12   сағаттан   кешіктірмей
азықтандырып, суғарады. 4-10 тәуліктен соң қоршауды алып  тастап,  автоматты
азықтандырғыштар мен ағын суарғыштарға еркін баратын  жол  ашады.  Ол  кезде
брудерлерді көтеру уақытын, мұқият балапандардың  жасына  қарай,  қадағалап,
қалыпты температураны ұстап отырады.
      Балапандарды алғашқы өсіру кездерінде  күніне  бірнеше  рет  брудердің
қалқаншасын көтеріп немесе түсіріп отырып оның  астына  көмірқышқыл  газының
жиналып қалмауы үшін, желдетіп отырады.
      Бұл  кезде  әлсіз,  өсуі  тежелген  балапандарды  іріктеп  бөліп  алып
отырады.
      Еттік  балапандарды  тәуліктік  жасынан  бастап   сеткалы   (торкөзді)
едендерде брудерсіз ұстап өсіру де қолданылады.  Бұл  кездерде  құс  қораның
ауасының температурасы алғашқы 5 тәулік бойына 32-34ºС ұстап  тұрады.  Еттік
бағыттағы  балапандарды  сеткалы  едендерде   ұстап   өсіргенде   оның   бір
артықшылығы     союға     жіберілетін     шібиларды     тасымалдау      оңай
механикаландырылады.  Етке  бағытталған  балапандарды  клеткаларда   өсірген
кезде, олардың орындарының сиымдылығы құстың тұқымы  мен  жасына  байланысты
өзгерісте болады.  Бройлерлік  балапандарды  клеткада  өсіргенде  өндірістік
қора бөлмелерін пайдаланудың тиімділігі  3-4  есе  жоғарлайды,  1,4-1,5  есе
еңбек өнімділігі артады.
      Бройлерлі балапандарға рационды  екі  мезгілге  жасайды:  бірінші  1-4
аптадағылар үшін – бастама (стартты) рацион, екінші  5  апталық  жастан  соң
сөре (финишті) рационы.
      Бройлері балапандарды орындарын ауыстырмай  өсіру  үшін  арнайы  типті
клетка батареяларын пайдаланады. Бройлер-балапандарды ұстау және  тасымалдау
ережелерін мұқият сақтау қажет құстарды  ұстау  және  тасымалдау  кездерінде
денелерінде көптеген жарақаттар түсіп,  оларды  сойғанда  тері  астында  қан
құйылған, ісіктер кездесіп,  кейде  сынықтарда  байқалып,  өнімінің  сапасын
төмендетеді. Құстарды қуып  ұстау,  тасымалдау  кездерінде  олар  күйзеліске
(стресс) ұрынып, бұлшықеттер арасында глюкогендердің ыдырауы күшейіп,  еттің
РН (қышқылдығы) жоғарлайды да ет тығыз,  құрғақ,  қатайып  және  қызыл-күрен
түске боялады. Ондай етте шірік микроорганизмдер  өсіп-өнеді  де  етті  ұзақ
сақтауға жарамсыз жасайды.

Тәжірибелік сабақ №26.Өнімідік  тауық  төлдерін  өсіру  гигиенасы.  Өнімідік
тауық  төлдерін  ұстау   кезіндегі   қойылатын   гигиеналық   талаптар   мен
микроклимат көрсетекіштері

1) Құс қораларының микроклиматы
      Құс қораларының микроклиматы  нашар  болса  жас  құстардың  өсіп-дамуы
тежеліп, өнімділігі төмендеп, құстың басқа  ауруларға  қарсы  тұру  қабілеті
азаяды. Құстарды қанағаттандырғысыз микроклиматы  бар  қораларда  ұстағанда,
олардың өнімі 40-50 % төмендейді, бір өнімге шаққанда азық  шығыны  30-40  %
артып, құстың,  әсіресе  жас  балапандардың  ауруы  3-4  есе  көбейеді.  Ірі
құстардың,  онымен  қоса   ересек   жас   құстардың   қораларындағы   ауаның
температурасының,  қыс  айларында,  төмендеуі   немесе   жоғарлауы   қалыпты
нормадан 2 градустан артық ауытқымауы керек.
      Жылдың жылы мезгілдерінде қора ауасының  температурасының  ең  жоғарғы
шегі сыртқы ауаның температурасының көрсетуінен 5 градустан  жоғары  болмай,
бірақ  1-10  тәуліктік  балапандар  үшін  33ºС  артық  емес,  басқа  жастағы
жұмыртқалайтын құстарға - 28ºС, ет бағытындағыларға -  26ºС  жоғары  болмауы
керек.

Кесте 18. Құстардың қорасындағы  бөлмелердің  еденде  ұстаған  кезде  рұқсат
етілген сиымдылығы


      |Құстардың түрі мен жас тобы       |Сиымдылығы, бас                  |
|                                  |Өнімдік         |Тұқымдық        |
|Ірі құстар                                                         |
|Тауықтар                          |2000            |500             |
|Күрке тауықтар:                   |                |                |
|Аталық                            |-               |100             |
|Аналық                            |-               |150             |
|Үйректер                          |-               |100             |
|Қаздар:                           |                |                |
|Аталық                            |-               |120             |
|Аналық                            |-               |100             |
|Табиғи шағылысуда                 |-               |250             |
|Ересек құстар                                                      |
|Өнімдік жас құстар                |2500            |1000            |
|Бройлерлер (еттік)                |5000            |-               |
|Ересек күрке тауықтар             |250             |250             |
|Ересек күрке қаздар               |250             |250             |
|Ересек күрке үйректер             |300             |100             |

Кесте 19. Құстарды едендерде ұстаған кездегі орналасу орындарының нормасы

|Түрі мен жас тобы бойынша                 |Әр м² еденге шаққандағы  |
|                                          |саны                     |
|1                                         |2                        |
|Ірі құстар                                                         |
|Ет тұқымды тауықтар                       |4,0-5,0                  |
|Күрке тауықтар                            |1,5-2,0                  |
|Үйректер                                  |2,5-3,0                  |
|Қаздар                                    |1,0-1,5                  |
|Өнімдік бағыттағы жас (ересек) құстар                              |
|Тауықтар:                                 |                         |
|1-18 тәуліктік (жынысқа бөлінбегенде)     |9,0                      |
|19-26 тәуліктік (жынысқа бөлінбегенде)    |5,0-5,5                  |
|1-7 тәуліктік (жынысқа бөлінбегенде)      |14                       |
|Күрке тауықтар:                           |                         |
|1 апта                                    |4,0                      |
|1-17 апта                                 |2,0                      |
|18-36 апта                                |3,0                      |
|Үйректер:                                 |                         |
|1 апта                                    |8,0                      |
|1,0-18 апта                               |3,1                      |
|Қаздар:                                   |                         |
|1 апта                                    |4,0                      |
|1-10 апта                                 |3,0                      |
|10-27 апта                                |3,0                      |
|Ет бағытындағы ересек құстар                                       |
|Балапандар:                               |                         |
|1 аптада                                  |25,0                     |
|1-10 аптада                               |18,0                     |
|Күрке тауықтар:                           |                         |
|1 аптада                                  |5,0                      |
|1-10 аптада                               |3,0                      |
|Қаздар:                                   |                         |
|1 аптада                                  |8,0                      |
|1-10 аптада                               |4,0                      |




      Қысқа  мезгілде  (тәулік  ішінде  4  сағатқа)   ауа   температурасының
жоғарлауына  рұқсат  етіледі,  бірақ  жалпы   орта   есеппен   33ºС   жоғары
көтерілмеуі керек (кесте 21).
      Құс қораларының ауасының температурасының төмендеуі  құстың  энергияға
сұранысын арттырып азық шығының жоғарлатады да, ал температураның  жоғарлауы
белгілі бір мөлшерге дейін азыққа құстың сұранысын төмендетеді.
      Сондықтан ауа райы ыстық аймақтарда  құстың  азыққа  сұранысы  азайып,
оларға қажет көректі заттармен организмді қамтамасыз ету  қыйынға түседі.


Кесте 20. Құстарды клеткалы  орындарда  ұстау  кезіндегі  сиымдылық  орнының
нормасы


      |Құстар тобының түрі және    |Клеткалы батереяның 1 басқа            |
|жасы                        |есептегендегі ауданы, см²              |
|                            |Жынысы       |Ұрғашысы    |Еркегі      |
|                            |бойынша      |            |            |
|                            |бөлінбегенде |            |            |
|1                           |2            |3           |4           |
|Ірі құстар:                                                        |
|Жұмыртқалайтын тауықтар:    |             |            |            |
|Жекелеп ұстағанда           |-            |1050        |1575        |
|Топтап ұстағанда            |1000         |-           |-           |
|Еттік тұқымды тауықтар      |870          |-           |-           |
|Күрке тауықтар              |-            |1200        |8000        |
|Өнімдік ересек құстар:                                             |
|Жасы:     1-9 апта          |-            |270         |300-325     |
|                10-17 апта  |-            |400         |450         |
|өндірісте:     1-4 апта     |145          |-           |-           |
|                      5-8   |270          |-           |-           |
|апта                        |             |            |            |
|                     10-17  |300          |-           |-           |
|апта                        |             |            |            |
|Ірі тауықтар (еттік)        |-            |545         |620         |
|Күрке тауықтар жасы:        |             |            |            |
|18-33 апта                  |-            |1100        |1200        |
|Етке арналған құстар:                                              |
|Бройлерлер. Жасы 1-9 апта   |290          |-           |-           |
|Күрке тауық бройлері 1-8    |500          |-           |-           |
|апта                        |             |            |            |
|Үйрек бройлері 1-7(6) апта  |750-800      |-           |-           |


      Қора ауасының температурасы 33ºС жоғары болса, тауықтардың  жұмыртқасы
18-20 % төмендеп, азық шығыны 15-20 % азайып, су ішуі – 50-60 %  жоғарлайды.
Құстар  организміне  жоғарғы  температураның  зиянды  әсерін  азайтудың  жаз
айларында, бірден-бір тиімді  жолы  қорадағы  ауа  қозғалысының  жылдамдығын
жоғарлатып  (2,0-2,5  м/сек)  организмнен   жылу   тарауын   арттыру   болып
есептеледі.
      Құс қораларының ауасының  ылғалдылығының  жоғарлауы  азықтағы  көректі
заттардың төмендеп, қандағы гемоглобиннің мөлшерінің кемуіне апарып  соғады.
Құстардың ауа ылғалдылығы жоғары және температурасы  төмен  қораларда  болуы
оларды суыққа ұрындырып, ауруға шалықтыруы мүмкін.
      Құрғақ ауа – салыстырмалы ылғалдылық 50 % төмен болғанда


Кесте 21. Құстардың және негізгі балапан  шығаратын  қоралардың  (инкубатор)
микроклиматы
|Құстар түрі және жас тобы                                                     |
|Тауықтар                                                                      |
| 1-4 апта                                                                     |
|1 апта                                                                        |
|1 апта                                                                        |
|1 апта                                                                        |
|1-3 апта                           |26-22                                 |
|                                   |Суық                 |Жылы             |
|Ересек құстар:                                                            |
|Жұмыртқалайтын тауықтар (клеткада) |0,70                 |4,0              |
|Ет тұқымды тауықтар (еденде)       |0,75                 |5,0              |
|Күрке тауықтар                     |0,60                 |4,0              |
|Үйректер                           |0,70                 |5,0              |
|Қаздар                             |0,60                 |6,0              |
|Жас құстар:                                                               |
|Жұмыртқа алуға арналған:           |                     |                 |
|Жасы 1-9 апталық                   |0,8-1,0              |5,0              |
|10-22 апталық                      |0,75                 |5,0              |
|Еттік тұқымды:                     |                     |                 |
|1-9 апталық                        |0,75-1,0             |5,5              |
|10-26 апталық                      |0,70                 |5,5              |
|Бройлерлі балапандар:                                                     |
|1-8 апталық (клеткада)             |0,7-1,0              |5,0              |
|1-9 апталық (еденде)               |0,7-1,0              |5,5              |
|Жас күркетауықтар, қаздар, үйректер:                                      |
|1-9 апталық                        |0,65-1,0             |5,0              |
|9-аптадан жоғары                   |0,60                 |5,0              |


      Құс қоралырында зоогигиеналық норматив бойынша жарық коэфициенті, яғни
жарықтанатын  еденнің  ауданын,  жарық  түсетін  терезелердің   әйнектерінің
ауданына қатысы  1:8  ден  1:12  дейін  болып,  ал  еттік  бағытта  ұстайтын
құстарда 1:20 болуы қажет. Құстар  қораларын  жарықтандырудың  бағалауы  тек
жарық мөлшерімен ғана емес, жарықтанудың ұзақтығымен де жүргізіледі.  (кесте
23)
      Құс қораларында жарықтанудың  ұзақтығы  тәулігіне  12-13  сағат  болуы
қажет. Ондай шаманы, әсіресе қыс  айларында  жасанды  жарық  көздері  арқылы
қамтамасыз етеді. Қосымша жарықтандыруды қазан  айынан  тәулігіне  2  сағат,
қантарда 5-7 сағат пайдаланып, наурызда тоқтатады.
      Құстарды клеткада ұстағанда, әсіресе жұмыртқалайтын  тауықтарға  жарық
шамасы жеткіліксіз болып, денсаулығы нашарлап, өнемі төмендемеу  үшін  балық
майын беріп, ультра-күлгін сәулелерін арнайы шамалардың  көмегімен  эритемді
(ЛЭ-15, ЛЭ-30) және тікелей сынапты – кварцты құрылымдарды пайдаланады.

Кесте 23. Құстарға арналған қораларды жарықтандыру нормасы


      |Қоралар түрі     |Табиғи жарықтандыру           |Құстар орналасқан зонаға |
|                 |                              |жасанды жарықтандыру, лк |
|                 |Табиғи         |Жарық         |Күндізгі       |Қалыпты  |
|                 |жарықтандыру   |коэффициенті  |жарықтық       |электр   |
|                 |коэффициенті   |(ЖК)          |электрошамдар  |шамы     |
|                 |(ТЖК), %       |              |               |         |
|Ересек құстар    |               |              |               |         |
|үшін:            |               |              |               |         |
|Еденде ұстау     |0,7            |1:10-1:12     |75             |30       |
|(еден үсті)      |               |              |               |         |
|Клеткада ұстау   |0,7            |1:10          |70             |30       |
|(азық жолы)      |               |              |               |         |
|Бройлерді        |0,35           |1:20          |20             |75       |
|клеткада және    |               |              |               |         |
|еденде           |               |              |               |         |
|Жас құстар       |1,0            |1:8-1:10      |20             |75       |
|Инкубациялау залы|0,8-1          |1:15-1:20     |75             |30       |


      Сынапты – кварцты ДРТ-400, ДРТ-1000 типті шамдар қорада немесе  клетка
батареяларының аралығында 0,5 немесе 1  м  минутына  жылдамдықпен  өздігінен
жүріп  тұратын  құрылымға  орнатылады.   Механикаландырылған    батареяларда
шамдар азық таратқыштарға бекітіледі. Көбінесе азық таратқыш рамаға  еденнен
0,9 және 2 м биіктікте екі шам бекітіледі.
      Өте қолайлы болып  ЛЭ-15,  ЛЭ-30  типті  эритемді  шамдар  есептеледі.
Оларды еденнен 2,0-2,5 м биіктікте бір  шамға  15-20  м²  ауданнан  есептеп,
тұрақты бекітіледі. Мұндай құрылыммен  жұмыртқалайтын  тауықтарды  тәулігіне
сәулелендіру  ұзақтығы  6-8  сағат,  қора   ауасының   ылғалдылығы   жоғары,
температурасы 10 ºС төмен болса, эритемді шамдар нашар жұмыс істейді.
2) Инкубациялаудың (балапан басудың) гигиенасы
Инкубациялау процессі мынандай операциялардың жинағынан тұрады:  инкубацияға
жұмыртқаларды дайындау (сапасы бойынша сортау  және  салмағы  бойынша  бөлу,
дезинфекциялау  және   сақтау);   инкубациялау   (инкубациялаудың   режимін,
эмбриональдық дамуын  биологиялық  бақылау);  шыққан  балапандарды  іріктеп,
сорттау;  инкубаторды,  жабдықтарды   және   бөлмені   тазалау,   жуу   және
дезинфекциялау.
      Инкубациялаудың    нәтижесі    шыққан     балапандардың     денсаулығы
инкубациялауға алынған жұмыртқаларының сапасына тікелей байланысты болады.
      Инкубациялауға  арналған  жұмыртқаларды  таза  ыдысқа  жинайды.  Жалпы
жұмыртқалар алғашқы да таза болғанымен құс қораның ауасы  суыған  кезде  шаң
тозаңды үстіне сіңіріп  (ваккумның  әсерінен)  кірлейді.  Жұмыртқа  қабығына
қонған микробтар, алғашқы 3-4 сағат  аралығында  қарқынды  түрде  өтеді  де,
дезинфекциялауға  қыйындап, жұмыртқаны зақымдап, бұзылуына апарып соғады.
      Мұндай   жұмыртқаларды   инкубациялаудан   өткізгенде    балапандардың
эмбрионалдық  шығыны  артады.  Сондықтан  бастыратын  жұмыртқалардың  сапасы
жоғары болу үшін құс ұяларды таза  болып,  жұмыртқаны  уақытында  (тәулігіне
үштен  кем  емес)  жинап  отыру  қажет  және  олардың  қабығын  дер  кезінде
дезинфекциялаудан (жинаудан соң  2-3  сағаттан  кешіктірмей)  өткізу  керек.
Жиналған жұмыртқаларды сол  күні  құс  қорадан  инкубаторға  немесе  қалыпты
жағдайдағы жұмыртқа сақтайтын қоймаға жіберіледі.
      Жұмыртқалардың ұяларда немесе  құс  қорада  ұзақ  уақыт  (1  тәуліктен
артық) қалуы,  әсіресе  жоғарғы  ауа  температурасында  (23ºС  жоғары)  және
төменгі ылғалдықта (70 % төмен)  олардың  тез  бұзылуына  әсер  етіп,  соның
нәтижесінде инкубациялардың алғашқы күнінде-ақ ұрық кезінде өліп қалады.
      Жұмыртқаларды тасымалдағанда оларға жоғарғы (28ºС жоғары) және төменгі
(7ºС төмен) температураның әсері тимеуі керек, өйткені  ол  ұрықтың  дамуына
теріс әсер  етеді.  Тасымалдау  кезінде  жәшікшенің  шұңқырына  тұйық  басын
жоғары  қаратып,   тігінен   орналастырады.   Сонда   жұмыртқаның   қыйсайып
бұзылуынан  сақтап  оның  бракқа  шығуы  кемиді.  Мұнымен  қоса   жұмыртқаны
тасымалдау кезінде селкілдейтін,  қатты  соғылыстан  қорғау  қажет.  Өйткені
ондай кезде жұмыртқаның сынуы көбейіп, бракқа шығуы артып қана қоймай,  оның
ішкі  ауа  камерасы  шайқалып,  бұзылып,  пішіні  деформацияланады  (өзгеріп
қыйсайды).
      Жұмыртқаларды  дезинфекциялаудан  өткізу  инкубациялау  процесінің  ең
қажетті  бір  бөлігі  болып  саналады.  Бұл  мақсатта   формальдегид,   йод,
хлорамин, сүт қышқылы, сутегінің қос тотығы, озон,  ультракүлгін  сәулелерін
т.б. пайдаланады.
      Жұмыртқаларды тапқан уақытынан  бастап  инкубаторға  салғанға  дейінгі
сақталу мерзімі 6 тәуліктен аспауы  қажет.  Жұмыртқа  сақталатын  орындардың
(қойма) ауасының температурасы 8-15 ºС, ылғалдығы 75-80  %,  ал  ауаның  бір
сағатта алмасуы 5 реттен кем болмауы керек.  Жұмыртқаларды  сақтау  мерзімін
ұзарту балапандардың шығуын,  әр  келесі  сақталған  күнге  шаққанда  2-3  %
төмендетеді.
      Инкубациялауға  алынған  жұмыртқалардың  сарысында  белгілі   мөлшерде
витамин болып, пішіні дұрыс, салмағы  стандартқа сай (тауықтар жұмыртқасы  –
50-65 г, қаздікі 120-180 г, үйректікі – 70 - 100г, күрке тауықтыкі  –  70-90
г, цесарканікі – 35-45 г) болуы керек.
      Аналық   табынның   құстарын    құнарсыз    азықтармен    көректендіру
(витаминдердің,   микроэлеменнтердің   т.б.   жетіспеушілігі)    эмбрионалды
кездегі, әсіресе  инкубациялардың  орта  мезгілінде,  өлімді  арттырады.  Ол
кезде эмбрионалдық дистрофия  (сирақтары  қысқарып,  буындары  жуандап,  аяқ
бұлшық еттері өспей, дамуы тежеліп т.б.) туады.
      Басылып шыққан  балапандардың  денсаулығына  тек  қана  инкубациялауға
алған  жұмыртқалардың  сапасы  ғана  әсер  етіп  қоймай  (сақтау  мерзімінің
ұзақтығы,   витаминдер   мен   микроэлементтердің   мөлшері    т.б.)    оның
инкубациядағы режимде (артық немесе  жетіспейтін  температурамен  ылғалдылық
режимі) маңызды роль атқарады.
      Жұмыртқалардың басылып шығу кезіндегі ішкі ұрығының қалыпты өсіп-дамуы
белгілі  бір  температурада,  ылғалдылықта,  газ  алмасуда   және   мезгілді
инкубациядағы жұмыртқаны айналдыруға тікелей байланысты болады.
      Жұмыртқаларда  ұрықтың  (эмбрион)  өсіп-дамуының  қалыпты  (оптималды)
температурасы  37-38ºС,  төменгі  температурада  эмбрионның  өсуі   тежеліп,
ұрықта әртүрлі бұзылыстар кездеседі,  ал  жоғарғы  температура  жиі  ұрықтың
өлуіне апарып соғады (кесте 24).
      Инкубациялаудың  бірінші  жартысында  жұмыртқалардың  басылуы   едәуір
қызулы  жүреді.  Ал  екінші  жартысында  физиологиялық  жылу   бөлінеді   де
инкубаторлардағы температура мен ылғалдылықты төмендетеді де,  ауа  алмасуды
ұлғайтады. Балапанның басылып шығу  кезінде  жұмыртқа  ішінің  температурасы
38, 7-41ºС көтеріледі де, оның қызуынан  сақтандыру  үшін  ауа  қозғалысының
жылдамдығын  жоғарлатады.  Эмбрионның   алғашқы   өсуіне   қажетті   төменгі
(миниальды) температура – 26-27ºС.

Кесте 24.Инкубациялаудың (басудың) режимі


      |Көрсеткіштері       |Жұмыртқалары                                    |
|                    |Тауық     |Үйрек    |Күрке    |Қаз      |Бөдене  |
|                    |          |         |тауық    |         |        |
|1                   |2         |3        |4        |5        |6       |
|Инкубациялау кезінде:                                                |
|Температура, º      |37,7      |37,8     |37,7     |38,1     |37,5    |
|Салыстырмалы        |53        |53       |53       |53       |60      |
|ылғалдылық, %       |          |         |         |         |        |
|Психрометрдің       |28,5      |28,5     |28,5     |28,5     |30,2    |
|суланған            |          |         |         |         |        |
|термометірінің      |          |         |         |         |        |
|көрсетуі, ºС        |          |         |         |         |        |
|Тәуліктік жұмыртқа  |12        |12       |12       |12       |12      |
|салған ыдысты       |          |         |         |         |        |
|айналдыру саны      |          |         |         |         |        |
|Шығару кезінде:                                                      |
|Температура, ºС     |37        |37       |37       |37       |37      |
|Салыстырмалы        |78        |80       |80       |80       |70      |
|ылғалдылық, %       |          |         |         |         |        |
|Суланған            |33,2      |33,4     |33,4     |33,4     |32,2    |
|термометрдің        |          |         |         |         |        |
|көрсетуі, ºС        |          |         |         |         |        |
|Шығарудың соңында:                                                   |
|Температура, ºС     |36        |36       |36       |36       |36      |
|Салыстырмалы        |60        |70       |60       |60       |60      |
|ылғалдылық, %       |          |         |         |         |        |
|Суланған            |30,2      |32,2     |30,2     |30,2     |30,2    |
|термометрдің        |          |         |         |         |        |
|көрсетуі, ºС        |          |         |         |         |        |


      Эмбрионның өсуіне жағымсыз температураның шегі 41ºС. Эмбрионның кейбір
өсу  сатыларында   оның   температураға   сезгіштігі   жоғарлайды,   әсіресе
жұмыртқаның  басылуының  15  тәулігінен  кейін.   Суда   жүзетін   құстардың
жұмыртқалары  жоғарғы  температураға  ерекше  сезімтал  келеді.   Ылғалдылық
жоғары болғанда, әсіресе инкубациялаудың екінші жартысында  балапанның  шығу
мерзімі созылып, олар  кішкене  болып,  жарылған  (тесілген)  қабықтан  шыға
алмайды, ал төменгі ылғалдық кезінде жұмыртқа іші құрғап, ұрық  өсіп-дамудан
тежеліп, балаппанның жұмыртқаны жарып шығуы қыйынға түседі.
      Инкубациялау  мерзімінің  ұзақтығы  тауықтарда  21  тәулікке,   үйрек,
күркетауық және цесаркада – 27, қаздарда – 30 тәулікке созылады.
      Өсіруге  балапандарды  іріктеген  кезде  оларды  сыртқы  белгілері   –
қозғалысы, дыбысқа реакциясы (тықылдатқан), аяғына берік тұруы,  жұмсақ  іші
тартылған, кіндік орны тығыз жабық, клоакасы қызғылт түсті, басы үлкен  және
кең (шекелі), көзі ашық  және жайнаған,  тұмсығы  қысқа,  жуан  және  тегіс,
жұмсақ түбітті, жылтырауық, біркелкі  түсті,  қанаттары  денесіне  жабысқан,
төс сүйегінің үші серпінді болуы ескеріледі.
      Нашар балапандардың іші өте тартылған немесе үлкен, жерге  салбыраған,
түбіті, қысқа, сирек, немесе ұйысқан, нашар  немесе  әртүрлі  түсті,  қанаты
түсіңкі, көзі сөніңкі, қабақтары жабылған, аяқтарына  әлсіз  тұрады,  сыртқы
дыбысқа реакциясы жоқ болады.
      Қалыпты басылып шыққан балапандар сол күні мынандай салмақта  болулары
керек: тауық балапандары – 35-36 г. (жұмыртқаның 70-72 %), күрке  тауықта  –
47-52 г., үйректі – 55-70 г., қазда – 90-100 г.
      Ірі өндірістерде тәуліктік балапандардың бір-бірін шоқудан  сақтандыру
үшін, арнайы машинамен үстіңгі тұмсығын қысқартып кесіп  тастайды.  Тұқымдық
балапандардың (әтештердің) айдарын кесіп (электр тогімен  күйдіріп,  аяғының
тұяғын қысқартады).
      Балапандарды 12-24 сағаттық жасында арнайы жәшікке салып (60×60×18 см)
жұқа материалмен (фанера)  төрт  бөлікке  бөледі  де,  әрбіруіне  –  25  бас
тауықтың, 15 үйректің немесе 10 қаздың балапандарын орналастырып, ары  қарай
өсіруге жібереді.

       Тәжірибелік сабақ №27. Қояндарды және жас көжектерді күтіп-бағу
                                ерекшеліктері
      Қояндардың негізгі көрегі өсімдік азықтары болып саналады. Олар  жалпы
рационның көректі заттары мен энергиясын ішек газдары және  зәр  арқылы  өте
аз (4-6) бөліп шығарады да, оның  физикалық  энергиясы  –  95-96  %  болады.
Сондықтан қояндардың  рационына  коллориясы  жоғары  және  жақсы  қортылатын
азықтар болуын қадағалайды.
      Қояндарды  азықтандыруға  көбінесе   көк   шөп,   тамыр-түйнектілерді,
сүрлемді,   ағаш   жапырақтарын,   дәнді   азықтардан   жасалған    жемдерді
пайдаланады. Сол сияқты, қоян рационына бидай кебегін,  ет-сүйек  ұнын  және
балық ұнын, бұзаулар  мен  торайларға  дайындалған  құрама  азықтарды  қосып
пайдалануға болады.
      Азық құрамындағы құрама жемдерді азайтып, ал  қатаң,  сулы  азықтардың
бөлігін арттырып, кейбір тұқымды қояндарды  семіріп  кетуден  сақтаныдырады.
Ірі  қояндар  мен  буаз  аналықтарды  және  өнімдік  жас  қояндарды  қалыпты
мөлшермен  көректендіреді.  Көжектері   еміп   жүрген   аналықтар   мен   ет
бағытындағы қояндарды шектеусіз азықтандырады.
      Қояндарды тобымен шектеусіз азықтандырған кезде  азық  науаларының  әр
қоянға  тұратын  орны  белгіленбейді,  ал   нормалы   көректендірген   кезде
әрқайсысына науаның ұзындығынан есептеп бір уақытта тұрып жейтін  орын  (бір
басқа) қалдырады.
      Қояндарды қысқы құрғақ азықтан жазғы сулы көк шөпке ауыстыру біртіндеп
жүргізілуі  керек.  Көктем  кезіндегі  көк  шөпке  ауыстыру   қояндарды   іш
ауруларынан  сақтандыру  үшін  біртіндеп,  бастапқыда   ірі   қояндар   үшін
тәулігіне 50-100 гр, жастырына – 30-50 г беріп аптадан  соң  толық  рационға
көшіреді.
      Қояндардың арасында іші бұзылу басталса, көк  шөпті  беруді  тоқтатып,
тал,  шырша  т.б.  ағаштардың  жапырақтары  мен  бұталарын  береді.   Қылқан
жапырақты ағаштардың құрамында микробтарды және  құрттарды   (гельминттерді)
өлтіретін заттар болады да, іш өткен кездерде берсе  ас  алмасу  процесстері
түзеліп, іш аурулары тоқталады.  Оны  мен  қоса  қылқан  жапырақтарды  жеген
қояндардың   ағаш   клеткаларды   кеміруі   тоқталады,   қыс   айында   олар
витаминдердің  көзі болып саналады.
      Жалпы қояндарды қылқан жапырақтармен ұзақ 20-30 күннен  артық  бермей,
арасында  7-10  күн  үзіліс  жасап  отыру  қажет.  Алғашқы  күндері   қылқан
жапырақтармен қояндар азықтандырғанда,  олардың  зәрі  қызыл  түске  боялып,
кейіннен тарап  кетеді.  Жүгеріні  қояндар  сүтті-балауса  кездерінде  жақсы
жейді. Бірақ жүгері углеводтарға бай болады да, қарында ыдырап,  ащып  кетіп
іш кептіреді. Сондықтан ондай азықты көп бермей және одан кейін су  ішкізбеу
керек. Қояндардың бір биологиялық ерекшеліктері,  олардың  түңгі  нәжістерін
жеп  көректенуі  (копрафагия).  Түңгі  қыйы  қою  жұмсақ  болып  келеді  де,
күндізгі нәжістері қатты шар тәріздес болып химиялық  құрамы  бөлек  болады.
Түңгі нәжісін жеп, қояндар қосымша азотты заттармен витаминдер тобы  В  және
К  алып,  организмнің  сұранысын  қамтамасыз  етеді.  Өз   нәжісін   жемеген
қояндардың салмағының  өсуі  тежеледі,  жүдейді,  кей  кездері  өлім-жітімге
ұшырайды, аналық қояндардың көжектеуі төмендеп, іш тастап және өлі  туғандар
саны көбейеді. Қоянның жатырдағы көжегінің дұрыс өсіп-дамуы үшін  рациондағы
белоктардың, минералды заттар мен  витаминдердің  жеткілікті  мөлшері  болуы
қажет. Бұл заттардың жетіспеушілігі қоян көжектерінің шала тууына  аналықтың
іш тастауына немесе ұрықтың ыдырап ағып кетуіне апарып соғады. Онымен  бірге
артық мөлшерде азықтандыру қояндардың қалыптан тыс семіріп  кетуіне  себепші
болады да, семіріп кеткен қоян аналықтары туар  кездерінде  өліп-қалады,  ал
туғандарының сүті аз болады.
      Көжекті  қояндардың  рационын  біртіндеп  ауыстыру  керек.  Буаздықтың
ақырғы 10 күндігінде рациондағы қатаң азықтардың  бөлігін  құрама  жемдердің
есебінен азайтады. Қояндарды таза сумен қамтамасыз  ету  үшін  автоматты  су
құбырларын қояды. Буаз қояндар, басқаларына қарағанда суды көп  пайдаланады.
Мысалы, бауырында 8 көжегі бар аналыққа тәулігіне 800  г  су  қажет  болады.
Егер,  көжектерді  45  күндігінде  енесінен  айыратын  болса,   олардың   әр
біреуінің орта салмағы 1 кг болады да, тәулігіне 2 л су ішеді.
      Қояндарға  судың   тапшылығы  тәбетін  төмендетіп,   массасының   өсуі
тежеліп, өсімі және аналықтың сүті кемиді.  Судың  жетіспеушілігінде  аналық
қояндар көжектерін асыраудан қашып, туған кезінде  жас  көжегін  жеп  қойып,
әртүрлі ауруларға (бүйрек, ішек т.б.) шалдығады.
      Қысқы  айларында  қояндар  қар  мен  шөлдерін  басады.  Бірақ   қорада
минералдық заттардың жоқ болуынан, қояндарға ас тұздары  мен  мелдің  күндік
мөлшерін 1-2 г арттырады.
      Су құбырларын  жиі  тазартып  отыру  қажет.  Өйткені  оған  қояндардың
түбіттері ұшып түсіп,  азық  қалдықтары  және  нәжістерімен  ластанып,  суға
микробтар түсіп өсіп-өніп, іш ауруларына ұшырайды
      Қоян  фермаларында  жиі  инфекциялы  аурулардан  инфекциялық  стоматит
(жұқпалы  ауыз  уылу),  тұмсығының  сулануы   инфекциялық   ренит   (жұқпалы
түшкіргіштік),  пастерелез  (геморрагиалық   септицемия),   кокцидиоз   т.б.
кездеседі.
                        Қояндарды өсірудің гигиенасы
      Аталық және аналық қояндардың денсаулығы  мен  келешектегі  өнімділігі
алғашқы шағылысқа қосылатын жағдайларына байланысты болады.
      Қояндардың жыныстық жетілуі 3-3,5 айлығынан басталады, бірақ шағылысқа
аталықтарын бірінші  рет  6-7,  ал  ұрғашыларын  -4-6  айлықтарында  қосады.
Тұқымдық фермаларында бұдан бір ай кешірек  жүргізіледі.  Аталық  қояндарға,
алғашқы жас  кездерінде  5-6  бастан,  кейіннен  біртіндеп  қосып  8-12  бас
аналыққа дейін ұлғайтады. Аталық қоянды шағылысқа  қосқаннан  2-3  тәуліктен
соң  бір  күн  үзіліс  береді.  Шаруашылықта  жақындық  шағылыс  тумас  үшін
аталықтарды 2,0-2,5 жылда ауыстырып отырады.
      Аналық қоянның буаздық мерзімінің узақтығы  28-32  тәулікке  созылады.
Орта есеппен әрбір туғанда 7-8 көжек, ал кейбір аналықтар 15-20 бас  көжекке
дейін туады.
      Аналық қоянның тууына 5-6 күн қалғанда, оның клеткасына, құрғақ жұмсақ
төсенішті 2/3 бөлігіне дейін толтырған жәшік (ұя)  қояды.  Туардан  3-4  күн
бұрын аналық  кеуде,  бауыр  жүндерін  жұлып,  жәшіктегі  төсенішті  тісімен
ұсатып алып, түбітін төсеп ұя жасайды. Ұядағы төсеніштің құрғақ аналық  жүні
мен жылыланған болмаса,  жана  туған  көжектер,  ауа  температурасы  18-20єС
болғанда да  ұядан  жорғалап  түсіп,  суыққа  ұрынып,  температура  шоганнан
(күйреуінен) өледі.  жақсы  құрылған  ұяда  көжектерге  алғашқы  20тәулігіне
қажетті бір қалыпты  температура  ұсталып  тұрады,  яғни  35-22С  шамасында.
Төсеніш  жетіспеген  немесе  дымқыл  болса  аналықтың   түбіті   мен   дұрыс
жылытылмайды   да,   ұядағы   температура   18-20С   жоғарламай,    көжектер
мазасызданып, суыққа ұрындырады.  Жас  туған  көжектердің  шығыны  аналықтар
алғашқы  рет  көжектейтіндер  болып,  ұяларын  дұрыстап  жүндерімен  жылылай
алмағанда көбейеді.
      Аналық  қояндардың  көбі  балаларына  дұрыс  қарап,  туардың   алдында
төсеніштерін жұмсатып, туғаннан соң, көжектерін  түбітімен  жауып  жылылайды
да, кейбіреуі тіпті ұлғая бастағанда ұяда ыстық болып  кетпес  үшін,   тесік
жасап  ауа  алмастырады.  Онымен  қоса   аналықтардың   ішінде   көжектеріне
қарамайтын, ұяны жүнімен жылыламайтын, тіпті туғанда клетканың әр  бұрышына,
еден үстіне  туатындары  да,  кездеседі.  Ондай  кездерде  жасанды  көмектер
көрсету керек. Ол үшін құрғақ, жұмсақ төсеніштер  мен  толтырылған  жәшіктер
және жылы жүн қоры болуы керек.  Жәшіктерді  фанералардан  жасап,  төбесінен
электр шамдары мен жылытылатын  қылып  жасайды.  Шамдарды,  түсіріп  отырып,
көжектердің ұясының манындағы температураны 38-40С шамасында ұстайды.
      Қалыпты жағдайда қояндардың тууы 10-30 минут  ішінде,  көбінесе  түңгі
уақыттарда, сирек күндіз  және  таңертең  жүреді.  Көжектеген  кезде  аналық
қояндар шөлдеп көп су ішеді, сондықтан клеткада таза  су  немесе  қар  болуы
керек.
      Көжектер туағанда жүнсіз, жалаңаш,  қызылшақа  күйінде  туып,  бауырын
көтере алмай, көзі ашылмай, салмағы, тұқымына, енесінің күйіне,  бауырындағы
туған көжек санына байланысты, орта есеппен 60-90 г  болады.  Туғаннан  соң,
аналық   өзі   көжектің   кіндігін   тістеп   үзіп,   жалап,   ұяға   салып,
көректендіреді. Көбінесе қояндар ешбір сырттан  көмексіз  туады.  Алғаш  екі
тәулік бойы, қоянды мазаламау керек, тек аналық ұя салмай, баласына  қарамай
қойса ғана араласу қажет. Ол үшін  аналық  қояндарды  клеткадан  ала  тұрып,
жәшіктегі иісті шөп пен  түбітке  қолды  уқалап,  үстіне  көжектерді  салып,
түбіт пен жабады да жарты сағаттан соң енесін жібереді.
      Қандай жағдайда болса да 2 тәуліктен  кейін  тексеру  жүргізіп,  туған
көжектердің  санын  анықтап,  өлгенін  және  аналықтың  шуын  шығарып,  ұяны
реттеп, қалдыратын көжек санын анықтайды. Ұяның төсенішін 5-6 тәуліктен  соң
ауыстырады. Тексеру кезінде ұялы бөлмеге аналықтың кіруіне жол бермей,  ұяға
басқа көжектер салынып, телитін болса, аналық қоян оның иісін  бір  сағаттан
соң ғана қабылдауға тиіс. Ұяға салған  көжек  пен  бірге  басқа  ескі  ұядан
түбіт түспеуге тиіс. Басқа иісі бар көжектерді  аналық  қабылдамай  лақтырып
тастайды.
      Кейбір  аналықтар  туғаннан  соң  өзінің  көжектерін  жейтін  әдеттері
болады.  Оның   себебі,   көбінесе   қатты   аналықтың   шөлдеуі,   құнарсыз
азықтандыру, туғанда  қатты  қиналуы,  желінсау  ауруы  немесе  емшектерінің
жарасы болуы, күйтінің келіп,  шағылыстан  өтпеуі,  ұяда  өлген  көжектердің
болуы т.б.  ондай себептерді болдырмай, алдын  алғаннан  кейінде  көжектерін
жеу қайталанса, ондай аналықтарды бракқа шығарады.
      Үлкен аналықтардың бауырында 7-8, ал жастарында 5-6 бас жақсы  дамыған
көжектерді қалдырады да, ал артығын  басқа  баласы  аз  аналықтарға  телиді.
Көжектердің туғандағы тірі салмағы, енесінің салмағының 1 % құрағанда,  яғни
анасының  тірі  салмағы  3,5-4,5  кг  болса,  көжегінікі  35-45  г   болады.
Көжектердің түгі 5 тәуліктен кейін  шығып,  көзі  9-10  тәуліктен  соң  көре
бастайды, олар 16-20 күндік  жастарынан  бастап,  ұясынан  шығып,  көректене
бастайды. Аналықтардың сүттілігі көжектердің  еміп  жүрген  кездерінде  ғана
өсіп-жетілуіне қажетті фактор емес, олардың ары қарай дамуына да зор  маңызы
болады.
      Қояндардың аналығының сүттілігін ұстау жағдайы, азықтандыру типі, оның
жасы,  тұқымы,  көжектендірудің  саны,  емізу   мезгілінің   ұзақтығы,   жыл
мезгілдері, ұядағы көжектер саны т.б. әсері болады.
      Егер енесінің сүті жеткілікті болса,  көжектері  ширақ,  жақсы  өседі,
дене бітімі жұмырланған, жүні тығыз,  жылтырауық  болып,  терісінің  қыртысы
болмайды. Анасының  сүті  жетіспесе,  көжектің  жүні  ұйпалақталған,  терісі
жиырылған, денесі бүріскен, жүрісі әлсіз болып  келеді  де,  ондай  көжектер
мазасызданып, ұядан шығып,  салмағы  төмендеп,  азып  көбінесе  өлім-жітімге
ұшырайды.
      Көжектерді енесінен айырудың ең тиімді мезгілі болып  45  күндік  жасы
саналады. Өте нашар көжектерді кей кездерде,  екі  айлығына  дейін  енесінің
бауырында  қалдырады.  Көптеген  жағдайда  бір  ұяның  ішіндегі  көжектердің
кейбіреуі  әлсіз,  өсіп  жетілмеген  болады  да,  ондайларды  бөлгенде  жеке
клеткаға  қойып,  тек  етке  өткізуге  арнап  күтіп-бағу   керек.   Енесінен
айырғаннан кейінгі жас  көжектерді  күтіп-бағу  технологиясы,  оларды  күйі,
салмағы жынысы және жасы бойынша әртүрлі топтарға бөлу мен байланысады.  Жас
қояндарды үш айлық жасында тағы да тексеріп,  олардың  еркегі  мен  ұрғашысы
араласып кетіп, бір клеткаға орналастырылып, ерте шағылыстан  өтіп  кетпеуін
қадағалайды.
      Жас қояндарды топтап ұстағанда олар  жиі  бір-бірімен  төбелеседі  де,
терілерін жарақаттап, сапасын төмендетеді. Ондай қояндарды бөліп алып  басқа
клеткаға отырғызады. Клеткада бұрыннан  отырған  жас  қояндарға  1-2  бастан
біртіндеп  қосып  отырып,  санын  6-7  басқа  жеткізіп  топтаған  дұрыс  деп
саналады. Егер олай жасауға болмаса барлық бір  біріне  қосылатын  қояндарды
бөтен орынға (клеткаға) апарып орналастырғанда, олардың бәріне таныс  жағдай
болмағандықтан араларында тартыс аз туады.
      Бір мезгілде бірнеше жұмыстарды қабаттастырып (енесінен айыру,  өлшеу,
егу  т.б.)  жүргізуге  болмайды.  Оларға  тосынан  енесінен  айырып,   сүтін
бермеудің өзі өте күшті күйзеліске ұшыратады.
Қояннның ең қарқынды өсу мезгілі 60-90 тәуліктік жастарында  болып  саналады
да, қояннның тәуліктік салмақ қосуы орта есеппен 25-35 гр.  Төрт  айылығынан
бастап салмақ қосуы төмендейді де,  тәуліктік  өсуі  10-12  г  ғана  болады.
Сондықтан қояндарды етке союға 100-120 күндік жастарынан қалдырмай  өткізген
дұрыс деп есептеледі

Тәжірибелік сабақ №28. Терісі бағалы аңдардың төлдерін өсіру гигиенасы

      Ауыл шаруашылық малдарына қарағанда, аңдардың өсіп-жетілуі белгілі бір
биологиялық мезгілді циклдермен өтеді де, олардың шектелген уақыттың  ішінде
түлеуі туып, мезгілдік  жыныстық  жетілуі  келіп,  организмдегі  зат  алмасу
процесстері өзгеріске ұшырайды (жазғы  мезгілдерде  зат  алмасу  процесстері
қарқынды жүріп, күзде төмендейді, ал қысқа  қарай  елеулі  азайып,  көктемде
қайта көтеріледі).
      Нутриларда мұндай мезгілді биологиялық цикл болмайды. Олар жыл  бойына
шағылысып өсіп жетіледі де, белгілі бір түлеу уақыты болмайды (кесте 28).


Кесте 28. Бағалы терілі аңдардың биологиялық цикілдері


      |Уақытты (мезгілдері)               |Буаздықтың       |Енесінен         |
|                                   |ұзақтығы, тәулік |айырғандағы жасы,|
|                                   |                 |тәулік           |
|Шағылыс          |Күшіктеу         |                 |                 |
|Норкалар:                          |                 |                 |
|Ақапанның екінші жартысы – сәуірдің|                 |                 |
|аяғы – мамыр - наурыз              |37-80            |35-45            |
|Түлкілер:        |                 |                 |                 |
|Қантардың 2-ші   |Наурыз, сәуір,   |                 |                 |
|жартысы, ақпан - |мамырдың 2-ші    |50-55            |40-45            |
|наурыз           |жартысы          |                 |                 |
|Песецтер:        |                 |                 |                 |
|Ақпанның 2-ші    |Сәуірдің аяғы,   |                 |                 |
|жартысы, наурыз, |мамыр, маусым    |50-55            |40-45            |
|сәуір            |                 |                 |                 |
|Бұлғындар:       |                 |                 |                 |
|Маусымның 2-ші   |Наурыздың аяғы,  |                 |                 |
|жартысы, тамыздың|сәуір            |270-300          |45-50            |
|басы             |                 |                 |                 |
|Нутрилер:        |                 |                 |                 |
|I-рет:           |Қаңтар-наурыз    |127-137          |40-60            |
|тамыз-қараша     |                 |                 |                 |
|II-рет:          |Шілде-қыркүйек   |127-137          |40-60            |
|наурыз-мамыр     |                 |                 |                 |


      Түлкілер мен песецтер және норкаларда  шағылыс  мерзімі  қыстың  аяғы-
көктемнің басына келеді. Ересек  аңдарда,  басқа  жыл  мезгілдерінде,  жыныс
органдарының размерлері кішірейіп, жыныстық жетілуі жетпеген  малдардікіндей
болады.
      Алғашқы жыныстық өсіп-жетілу  мерзіі  норкаларда  –  9,  песецтер  мен
түлкілерде – 9-11, нутриларда -3-4 айлық жастарында пайда  болады.  Песецтер
мен  түлкілерде  жыныстық  күйті  жылына  бірақ  рет  келеді  де,   көбінесе
қаңтардың  20-да,  2-5  күнге  ғана  созылады.  Ал  норкалармен  бұлғындарда
жыныстық күйті бірнеше рет  қайталап,  әр  7-10  күнде  қайта  күйлейді  де,
норкаларда наурыз сәуірге дейін, бұлғындарда  маусымның  ортасынан  тамыздың
екінші жартысына дейін күйті қайталап келіп отырады.
      Биологиялық  цикіліне  байланысты  аңдардың  шағылысуы  мен  күшіктеуі
белгілі бір жыл мезгілінде жүргізіледі.
      Аңдардың    күшіктер    алдындағы    дайындық    кезінде    үйшіктерін
дезинфекциялаудан өткізіп, жылылап, құрғатып жаңа төсеніш  материал  салады.
Норкалардың клеткаларында, күшіктері сетканың тесігінен жерге  түсіп  қалмау
үшін, шит төсеніш қойылады. Күшіктеу  кездерінде  аналықтарды  бақылау  үшін
тәжірибелі адамдардан кезекшілер белгіленеді.
      Аңдарды шағылысқа дайындаудың негізгі міндеті,  оларды  толық  құнарлы
азықтармен  көректендіру  болып  саналады.  Көптеген  аналықтар   күшіктерін
емізіп, айырған кездерде өте жүдеп  арықтайды  да,  оларға  жоғарғы  құнарлы
рацион керек болады. Олардың күйі қалыпқа жеткен кезде,  шағылысқа  дайындау
алдындағы рационға көшіреді.
      Аңдардың шағылысқа дайындығын, олардың  түлеуінің  барысы   көрсетеді.
Егер жазғы жүнінің түлеуі тежеліп немесе қысқы жүні уақытында шықпаса,  онда
организмдегі процесстердің бұзылып, өсіп-даму үшін  қабілетінің  төмендеуіне
апарып соғады. Аңдардың дұрыс  шағылыстан  өтіп,  ұрықтың  аналық  жатырында
өсіп-дамуы үшін құнарлы, сапалы азық және олардың  денесінде  жарақаттанудың
болмауы үшін оптималды  жағдайда  ұстау  қажет  болады.  Мұндай  талаптардың
орындалмауы олардың  іш тастап және  қалыпты  күшіктеуіне  әсерін  тигізеді.
Аңдардың буаз және туғаннан кейінгі мезгілдерінде, олардың  арасында  анемия
болмау үшін балықтарды  (треска,  минтай  т.б.),  сол  сыяқты  авитаминоз  В
(шабақ балықтардың  түрлері  –  салака,  корюшка,  майшабақ  т.б.)  ауруынан
сақтандыру үшін рационға еңгізбейді.
      Норкалардың орта күшіктері – 6 (1-17), түлкілердікі – 5-6, кейде – 15,
песецтердікі – 10-20, нутрилердікі5-6, кейде – 15 бас  болады.  Күшіктерінің
туғандағы салмақтары: норкаларды  - 5-15 г, түлкілерде 50-100, песецтерде  –
80-  110,  нутрилерде  –  150-250  болады.  Нутрилардікінен  басқа  аңдардың
күшіктері әлсіз, көзі жұмулы, естімейтін, тіссіз, сирек жүнді  болып  туады.
Ал нутрилердің  күшігі  ширақ,  1-2  тәуліктен  соң  суға  жүзіп,  азық  жей
бастайды.  Аңдардың  бауырында  қалдыратын  күшіктердің   қалыпты   мөлшері:
норкаларда – 7-8, түлкілерді – 6-7, песецтерде – 12-14,  нутриларда  –  5-14
бас болуы керек. Қалған күшіктерді басқа бауырында 5 бастан кем  күшігі  бар
аналықтарға салып телиді.
      Күшіктерді туғаннан кейін алғашқы рет бірден тексереді де,  әлсіздерін
және ауруларын іріктейді. Ол үшін мынандай көрсеткіштеріне  сүйенеді:  жалпы
көңіл күйі, ішінің тартылуы, жүзу қорғанысы (аяғының жанына  тартылуы),  жиі
есінеуі, температурасының төмендеуі т.б. Әлсіз күшіктерді жеке жәшіке  салып
жылылайды, электр шамдарының көмегімен және мақта төсеп, температурасын  30-
35С жеткізеді.
      Күшіктердің   әлсіз   болуы   көбінесе   аналықтардың   буаз   кезінде
рациондарында витамин  А  және  С  жетіспеушілігі  болып  есептеледі.  Ондай
жағдайларда түлкілер мен песецтердің күшіктері тек әлсіз болып  қана  қоймай
табандары ісіп, қызарып кетеді.
      Кей кездерде жақсы  өсіп-дамыған  күшіктерде  де,  енесінің  желінінің
маңайындағы жүндердің қалың өскендігінен емшегін тауып  еме  алмай  (әсіресе
түлкілер  мен  песецтерде)  жүдеп,  әлсірегендері  кездеседі.  Сол   сияқты,
аналықтардың сүті аз немесе керісінше өте көп  болып  емшегін  қатты  керіп,
күшіктердің аузына симай, ашығып әлсірейді. Күшіктердің  жүдеп  ауырып  өліп
қалмауы   үшін   аналығының   желімінің   айналасындағы   жүнін   қысқартып,
емшегіндегі артық сүтті сауып, жұмсартып, немесе  басқа  ыдысқа  сауып  алып
күшікті еміздік пен көректендіреді.
      Кей  кезде  аналықтардың  күшіктерін  тістеп  тасымалдауы   кездеседі,
әсіресе бөтен адамдардың  қатысуы  мен  мазасыздануы,  судың  немесе  қардың
жетіспеуі, артық емшектегі сүттің жиналуы т.б. себептерден болады.
      Күшіктердің алғашқы үш-төрт  аптадағы  өсіп-дамуы,  әсіресе  аналықтың
сүттілігіне байланысты болады. Ал 20-25 тәуліктік жасынан бастап  күшіктерді
тартылған ет, сұйылтқан сүт т.б. беріп, азықтандыра бастайды.
      Түлкілер мен песецтердің күшіктерін 20-25 күндік жасынан бастап  ішек-
қарындарын (гельминттерден)  тазарту  үшін  дегельминтизациялайды.  Ол  үшін
оларға 0,1 мл құрамында  тетрахлорэтилені бар капсула береді.
      Туғаннан кейін 20 күннен 40 күн аралығында  аналық  аңдардың  да  және
олардың күшіктерінің  де ең ауыр  мезгілдері  болып  саналады.  Өйткені  осы
уақыттарда  күшіктер  тез  өсіп,  көрегі  жетпегенде  салмағын  төмендетеді.
Сондықтан  аналықтардың  жүдеп,  азып   кетпеуі   үшін   белгілі   уақытында
күшіктерді бөліп алады. Түлкілер мен песецтердің күшіктерін бірден  енесінен
айырады. Норкалардың әлсіз, жүдеген аналықтарының бауырында  2-3  күшіктерді
қалдырып қояды. Өйпей барлық  күшіктерін  бірден  бөліп  алса,  аналық  азық
жеуден бас тартып, өлім жітімге ұшырайды.
      Барлық аңдардың  бөлінген  күшіктеріне  қалыпты  санитарлық-гигиеналық
жағдайлар жасалуы керек. Ол үшін үйшіктердің іші кебу және  қыста  жылы,  ал
жазда қалыпты желдетілулері керек.  Мысалы,  норкалардың  күшіктері  төменгі
температураға өте төзімсіз келеді де 22С температураның  өзі  қауіпті  болып
саналады.
      Кейбір  аңдардың  түрлері  клеткада   ұстап   өсіргенде,   биологиялық
ерекшеліктеріне  байланысты,  жарыққа  қатыстары  әртүрлі   болады.   Мысалы
норкалардың  жартылайы  жарық  сүйгіштер  қатарына  жатып,  ең  қарқындылығы
таңертең ерте және кеш соңында туатын  болса,  песецтер  арктикалық  аймақта
өсіп,  ал  түлкілер  –  оңтүстікте  өмір  сүргенге  бейімделген.   Бұлғындар
тоғаймен қорғалмаған ашық жерлерде жүргенді  жаратпайды да, аса  жарықтанған
аймақтарда  жүрмейді.  Бірақ  барлық  клеткаларда  тұрған  аңдардың   елеулі
өмірінің  бөлігін  жарықта  өткізгенді  ұнатады.  Сондықтан,   көптеген   аң
фермаларында  күшіктеуін  жоғарлатып,  өнімін  арттыру  үшін  жасанды  түрде
жарықтану мезгілін ұзартады. Әрбір 4-5 клеткаға 100-200 вт  электр  шамдарын
қою арқылы.
      Аңдардың бағалауын арттыратын ең басты көрсеткіші  олардың  жүндерінің
түсі,  түктерінің  жағдайы  және  терілерінің  өлшемдері   болып   саналады.
Аңдардың ішінде  ең  көп  тараған  түлкілердің  жүндерінің  қырқылып  қалуы,
песецтердің жүндерінің ұйпалақтануы, норкалардың жүндерінің сиректенуі  т.б.
кемістіктері болып саналады. Норкалардың бауыр  жүндерінің  сулануынан  (зәр
мен) жүні  түсіп,  сиреп  қалады.  Ондай  кемістікке  көбінесе  қуық  жолына
микробтардың түсуі, зәр шығару  жолдарында  тас  түйірлерінің  түзілуі,  қан
азаюы, қышқылдар мен улануы т.б. әсер  етеді.  Сол  сияқты  анемиядан  басқа
норкалардың арасында, қысыр қалуын арттырып,  жас  күшіктердің  өсуін  тежеп
және шығынын жоғарлататын алеут ауруы болады.
      Жаз айларында аңдарды, көбінесе бүргелер зақымдайды. Олар әсіресе  жас
күшіктерді жүдетіп, ал  үлкен  аңдар  мазасызданып,  жиі  қасынып,  жүндерін
түсіріп, сапасын төмендетеді.
      Күннің ыстық мезгілдерінде, бұлғынның күшіктерінде  баздану  кездесіп,
олардың бауыры және артқы  аяқтарының  ішкі  жақтарының  терілері  күлдіреп,
талаурайды. Бұлғындардың  үйшіктерінің  желдетуін  қалыпты  келтіру  арқылы,
олардың  күшіктерінің  баздану  ауруына  ұшырауын   төмендетеді.   Ол   үшін
үйшіктердің ағаш қақпақтарын (төбесін)  тәулік  бойы,  мамыр  айының  екінші
жартысынан бастап ылғый ашық ұстау қажет. Ауа райы  тұрақты  жылығаннан  соң
үйшіктің, сеткасын қалдырып түбін де (еденін) алып тастау керек.
      Әр аң фермаларында жұқпалы және  жұқпайтын  аурулардың  шықпауы  үшін,
егер  шыққан  күнде  тез  арада  шектеп,  жою   мақсатында   ветеринариялық-
санитарлық  объектілері  болуы  керек.  Олар  карантин   пунктері   (негізгі
табынның 10 %), изолятор (ауру малдар үшін), өтелдейтін пукт  немесе  өлексе
жағатын пештер, сою орны, дезо өткелдер, ветсаноткел т.б.
Тәжірибелік сабақ №29
Тәжірибелік сабақ №30
Өткен тақырыптар бойынша қорытынды








Пәндер