Файл қосу

Деонтология ұғымдары




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                           |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ  АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                    |
|ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ                                                         |
|ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ                                                          |
|СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты  |ПОӘК                  |                           |
|                           |                      |ПОӘК 042-18.19/039-2013    |
|«Педагогикалық деонтология»|                      |                           |
|пәнінің оқу-әдістемелік    |№3 – басылым          |                           |
|кешені                     |                      |                           |









                         «Педагогикалық деонтология»

                           ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

           5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

                            мамандықтарға арналған
                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


















                                Cемей – 2013



1. Құрастырған
Құрастырған:  ____________Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті. «Педагогика» кафедрасының оқытушысы, Карипбаева Ш.Т.
 «25» тамыз 2013  ж.

2. Талқыланды
2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің
 «Педагогика» кафедрасы отырысында қарастырылды.
Хаттама № 1 «03» қыркүйек 2013 ж.


Кафедра меңгерушісі __________  Джанбубекова М.З.


2.2. Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылды.
Хаттама № 1 «05» қыркүйек 2013 ж.


Төрағасы __________ Ахметова Ш.Т.

3. бекітілді
Университеттің Оқу-әдістемелік  кеңесі отырысында баспаға жіберуге ұсынылды
және  мақұлданды.
Хаттама № 1 «18» қыркүйек 2013 ж.


ОӘК төрағасы    _______________ Искакова Г.К.


























                                 МАЗМҰНЫ


     1.  Педагогикалық  деонтология   пәні   бойынша   негізгі   түсініктер
        (глоссарий).
     2. Педагогикалық деонтология пәні бойынша дәрістер кешені.
     3. Педагогикалық деонтология  пәні бойынша семинар тапсырмалары.
      4.  Студенттердің өздік жұмыстары.


        1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДЕОНТОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
                                 (ГЛОССАРИЙ)

      Абырой- жеке адамның құндылығы туралы  түсінікті  білдіреті  моральдық
ұғым,  адамның  өз-өзіне  және  қоғамның  жеке  адамға  моральдық  қатынасын
бейнелейтін этикалық категория.
      Адамгершілік- қоғамдық өмірдің объективтік заңдылығына сәйкес, адамдар
арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз  болып  табылатын  талапқа  сай
белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық ұғым.  Адамгершілік
адамдардың мінез-құлқымен, іс-әрекеттерімен көзге түседі.
       Адамға  өзіндік  тұрғыдан  қарау-оқыту   және   тәрбиелеу   барысында
оқушыларды өздеріне тән ерекшеліктерін  есепке  алу.  Мысалы  олардың  білім
деңгейін,саяси дайындығын,мұраттарын, өмір тәжірибесін т.с.с. есепке алу.
      Адам тұласының бағыттылығы- белгілі  қоғамға  оның  мұрат-мақсаттарына
орынды немесе теріс  қатынастары  тұрғысынан  қарағандағы  жеке  адамның  ең
елеулі,шешуші сипаттамаларының бірі.  Жинақталған  түрінде  адам  тұлғасының
бағыттылығы-өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы,  оған  жету
жолындағы күресі.
      Азаматтық- адам тұлғасының жетекші сапаларының бірі. Іс-әрекет,  қарым
қатынас және қарым-қатынас тәрбие жүйесімен қалыптасады.  Азаматтықтың  мәні
адамдық міндеттерін және борыштарын санаулы, белсенді  атқару  құқын  орынды
пайдалану, қоғам белгілеген ережелерді дәл орындау болып табылады.
      Ақыл- ойлаудың таным қабілеті дамуының жоғары басқышы, жаңа  білімінің
шығармалығы,  адамның  жүріс-тұрғысында  және  бүкіл   өмірлік   іс-әрекетде
орындылықтың болуы. «ақыл» атауы ойлау қабілетінің  синониміне  ретінде  жиі
қолданылады. Ақылдың болуы, ақылды болу қарқынды және нәтижесі  ақыл-ой  іс-
әрекетіне қабілеттің болуы деген сөз.
      Ақыл-ой тұжырымы- бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа, туынды  пікірді
алудың  логикалық  тәсілін  көрсететін  ойлаудың  түрі.Ақыл-ой  түйіні  алғы
шарттан (бастапқы пікірден), қорытындыдан (алғы шарттан  тұжырымға  көшуден)
тұруы. Білімдердің ғылымда және тәжірибеде дамуы, құбылыстардың  мәні  болып
танылуы, олардың заңдылықты ара байланыстарының айқындалуы ақыл-ой  тұжырымы
нақты   құбылыстарға   баға   беру,   теориялық   және   тәжірибелік   мәнді
ерекшеліктерді дәлелдеу барысындағы ой-пікірлердің негізін құрайды.
      Әдеп-  игі   әдетпен,   өміршең   әдет-ғұрыппен   қалыптасқан   ұлттық
мәдениеттің көрінісі,  мәдени үрдістердің, имандылықтың тірек-негізі.
      Әдептілік  -белгілі  моральдық  нормалар  мен  принциптерді  бұлжытпай
орындау. Егер моральдық нормалар мен принциптер кісінің бойына    сіңсе,  ол
адамдардың әдептілік қасиеті не әдептілік сезімі болып
саналады.
      Әлеуметтік құбылыс- қоғамдық өмірдің ішкі мәнін  ашатын  нақты  сыртқы
көрінісі  ретіндегі  деректер,  оқиғалар  ,барыстар   жиынтығы.   Әлеуметтік
шындықтың теориясын,оның  зерттейтін  заңдарымен  заңдылықтарын  ұғынып  алу
танысу субьектінің құбылыстар мәніне енуі болып табылады.  Бұл  өзара  тығыз
байланысты  құбылыстар  мәніне  енуі  болып  табылады,  нақты  оқиғаларды  ,
деректерді, барыстарды талдау арқылы жүзеге асып, нәтижесінде адам  қоғамдық
дамудың  жалпы  заңдылықтары  жөнінде  қорытындағы   келеді   және    оларды
тәжірбелік іс-әрекетіне басшылыққа алу мүмкіндігіне ие болады.
      Атрибуция - адамның жүріс - тұрыс себептерімен дәлеледенген жеке
қасиеттерін, мінезін, оның іс - әрекетін кәдімгі талдау негізінде баска
адамға
тапсыру.
      Балажандылық- қазақ халқы үшін болмыстағы  баға  жетпес  байлық  -  ол
бала,  баланы  қазақ  халқы  өмірімнің   жалғасы,   ұрпағын,   ата   кәсібін
жалғастырушы деп бағалап бала тәрбиесіне көп көңіл  де  бөле  білген.  Қазақ
халқы бала туралы өз пікірлерін: "Артыңда байлық қалғанша бала қалсын",  "Ер
адамның алдында ашылатын  есігі  болсын,  әйел  адамның  алдында  тербететін
бесігі болсын" - деп орынды бере білген.
      Гуманистік- адам сүйгіштік, адам мен  қоғамдық  қасиеттерге  құрметпен
қарау
      Гетереостереотип  - басқа халықтар өкілдері туралы бағалау пікірлер
жинағы.
      Идеал -«Идеал – ұмтылысты қажет ететін,  бірақ  ешқашан  жеткізбейтін,
адам ақыл-ойына қажетті басшылық» (И.Кант).  Мораль  идеалы  ол:  жан-жақты,
абсолютті, ізгілік туралы елестері дұрыс, адамдар арасында  кемеліне  келген
қарым-қатынас бейнесінде, адамгершілігі мол жеке бастың жоғарғы үлгісі.
      Инициация - сол немесе басқа ұлыстарда   бар әрекеттер таптамасы осы
аркылы және адамның әлеуметтік мәртебесі ресми түрде ауысып бекітіледі.
      Мораль-   (лат.moralis-әдет-ғұрып)-әлеуметтік    шындықтың    этикалық
сапаларын  (ізеттілік,  мейірбандық,  әділеттілік,  мінез-құлық,  әдет-ғұрып
т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі.
Адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері  мен  қарым-қатынастарын
анықтайтын  қауымдық  өмір  сүру  ережелерінің,  адамдардың  мінез-құлықтары
нормаларының жиынтығы(.
      Дербестік-  белгілі  бір  істі,  мақсатты  орындауда   бөтен   адамның
жетегінде кетпей  өз  білімімен,  жігерлілігімен,  сенім-қабілетімен  шешуге
тырысу.
      Жомарттық - Жомарттық дегеніміз-  қандай  да  бір  игілікті  істі  шын
көңілден әрі одан да пайда  ойламай,  қайтарымсыз  істеу.  (Жолықсан  біздің
жақтың тентегіне, өмірдің қарамайды келтесіне,  қонаққа  жалғыз  атын  сойып
беріп, жүген  ұстап  қалады  ертеңіне(  деп  бір  дана  адам  айтпақшы  ата-
бабаларымыз: (Жомарт дос көбейтеді.  Сараң  мал  көбейтеді(-деп  жомарттықты
дәріптеп, сараңдықты жамандаған.
      Жауапкершілік- адам әрекетінің  оның   нәтижесінің  моральдық  нормаға
сәйкестігін және қылық салдарын сезіну.
      Негізгі тұлға - осы этностық топтың жеке тұлғамен туыстарын әрбір жеке
 тұлғада бар қасиеттер ұғымы.
      Кішіпейілділік- Кішіпейіл  болу  дегеніміз  -  кісінің  өзін  ешкімнен
жоғары ұстамауы. Адамның өз  ерекшелігін,  артықшылығын  ешкімге  білдірмей,
өзін ешбір адамнан жоғары санамай, халық  ішіндегі  жай  ғана  адам  ретінде
өмір сүру, баршаға бірдей заңдылықтармен әрекет ету.
      Бауырмашылдық-(Адамның баласы-бауырың( деп Абай атамыз айтқандай қазақ
халқына бауырмалдық тән. Кез келген қазақ жөн сұраса келе  бір-біріне  туыс,
бауыр болып шығады. Жалпы (ағайын(  деген  сөздің  өзі  туыс,  рулас,  кейде
тұқымдас мағынасында айтылады.  Ағайын  деген  сөздің  арғы  тегі  (аға-іні(
деген сөздерден шыққан сияқты, туыстық қарым-қатынас қазақта бір-біріне  қол
ұшын  беру,  көмек  көрсету  тұрғысында  да   өзінің   кең   пейілділігімен,
бауырмалдылығымен ерекшеленеді.
      Қанағатшылдық-  Қанағат  деген  ұғым  өзін-өзі  тоқтатуға   байланысты
мағынаны, яғни тойымдық, тоқмейілдік, нысапты білдіреді.
      Қауымдасу- қазақ халқына тән ерекше  моральдық  сапа  түрі.  Қауымдасу
адамдардың бір-біріне түрлі жағдайда көмек көрсету кезінде  анық  байқалады.
Мәселен, бұған қыз ұзату, келін түсіру,  енші  беру  сияқты  қуаныш  кезінде
немесе  кісісі  өлген  үйге  аза  салу,  оның  жетісі,  қырқы,  жылын  беру,
кездейсоқ апатқа  (жұт,  өрт,  т.б)  ұшырап,  мал-мүліктен  айрылған  туысқа
туыстық жақындығымен шама-шарқына қарай (қосқаным( деп көмек  көрсету  әдеті
(дәстүрі) де дәлел бола алады.
      Моральдық норма- жеке бастың мінез-құлқын  бағыттап  қана  қоймай  оны
бақылауға және бағалауға   мүмкіндік  беретін  қоғамға  қажетті  мінез-құлық
үлгісі.
      Моральдық сана -басқа да саяси,  құқықтық,  діни,  эстетикалық  сияқты
адамдардың әлеуметтік тұрмысын бейнелейтін қоғамдық  сана  формасы.Моральдық
сана  адам  әрекетін,  оның  қоғамдық  құбылысын,  оларға  өзінің   жағымды,
жағымсыз  көзқарасын  білдіреді,  оларды  қажетіне  орай  мадақтайды  немесе
талқылайды, сынға салады, демек моральдық сана адам қылығын бағалаушы.
      Моральдық сезім- моральдық  нормамен  реттелетін  жеке  бастың  өзінің
қылығына және әрекетіне деген қобалжу.
      Моральдық этикалық дәстүр- тарихи даму  барысында  көпшілік  тарапынан
қалыптасқан мораль элементтерінің (норма, құндылық,  принцип,  категориялар)
дәстүрдегі көрінісі.
      Намыс -адам қасиеттерінің арқауы. Намыс - адам өмірінің  әр  сатысында
әр түрлі байқалады. Ол - "мен, мен"  -  деген  сәби  намысы,  өзін-өзі  біле
бастаған балғын жастың жігіттік намысы, бойжеткен ару қыз намысы,  азаматтық
намыс, ұлттық намыс. Демек, намыстың ауқымы кең.  Қазақ  -  намысшыл  халық.
Оның "Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді" деген мақалы  намыстың  не
екендігін ұқтырғандай.
      Парасаттылық-  Парасат…  Адамның   адамдығын,   халықтың   халықтығын,
мемлекеттің мемлекеттігін ұстап тұрған моральдық сапа.
      Табандылық- қабылдаған шешімді жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы
жігерлік таныту.
      Тыйымдар - Жамандыққа қарсы жасалынатын әрекет, тәлім-тәрбиелік заңды
нұсқау, тәртіптілікке үйрету
      Ұждан- адамның өз қылығына, ойына сыни баға беруі, мұратына (идеалына)
үйлесімсіздігін сезінуі мен моральдық борышты орындай алмауы.  Ұждан  адамды
тәрбиелеу және әлеуметтендіру кезінде қалыптасады.
Ұждан эмоционалдық феномен. Ол өзін-өзі кінәлаудан,  қынжылудан,  қобалжудан
көрініс табады.
      Этика- (гр. ethos-дағды, әдет-ғұрып)-зерттеу  объектісі  мораль  болып
табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Этика құл иеленушілік  құрылыстың
қалыптасу кезеңінде пайда болып, қоғамның стихиялы-дағдылы  моральдық  сана-
сезімінен философияның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі ретінде,  нақтылық
туралы  нағыз  теориялық  білімнен  өзгеше,  не  істеу   керекекені   туралы
(практикалық( ғылым ретінде бөлінді(. (философиялық сөздік)
      Этникалык бірігу - этникалық қауымдарды жақындату процесі.
      Этникалық контакт - түрлі ақпараттар жэне мәдени құндылыктармен
алмасу барысында нақты халақгар өкілдерінің бір - біріне ықпалын тигізетін
этносаралық әрекеттестіктердің формасы.

         2. Педагогикалық деонтология  пәні бойынша дәрістер кешені
1 Тақытып. Деонтология ұғымы. (2 сағат. 1-2 апта)
Мақсаты: Деонтология ұғымына анықтама беру, түсіндіру. Педагогикалық
деонтология мазмұнын және негізгі қызметтерін айқындау.
Жоспар:
   1. Деонтология ұғымдары
   2. Денотология салалары
   3. Деонтология салаларының өзіндік ерекше өзгешеліктері мен ортақ
      белгілері
Деонтология ұғымы сөздіктерде көптеген түсіндірмелерге ие:
- «Түпкі мағынасы бір, орыс тілінің қолданысына енген 25000 шетел сөзінің
түсіндірме сөздігінде» деонтология «(грек тілінен deon, ontos – қажетті,
logos - сөз) – мораль, адамгершілік туралы ғылым» ;
- «Орыс тілінің құрамына енген шетел сөздер сөздігінде» деонтология
«адамның міндеттері, құқықтары және адамгершілігі туралы ілім» ретінде
түсіндіріледі ; 
- Н.Г. Комлева редакциясын басқарған «Шетел сөздерінің сөздігінде»
деонтология «[грек тілінен deon (deontos) - парыз, + logos-ілім] – 1)
этикалық теорияның бір тарауын құрайтын парыз жөніндегі ілім; 2) кәсіби
міндетін атқару кезіндегі медицина қызметкерінің өзіндік мінез-құлық
ұстанымдары мен әдеп қағидаларының жиынтығы (емделушілер мен дәрігерлерге
қатысты)» ; 
- «Жаңа философиялық сөздікте» деонтология «(грек тілінен deon - парыз,
және logos - ілім) – тұжырымдама, парыз ұғымымен байланысты мәселелер
қарастырылатын әдеп теориясының бөлімі» ; 
- «Оксворд түсіндірме сөздігінде» деонтология (deontology) – адамдардың
мінез-құлқы мен әдептілігін зерттеумен айналысатын ғылым» ; 
- «Этика сөздігінде» деонтология «(грек тілінен deon – парыз және logos –
ілім; парыз туралы ілім) – адамгершілік талаптарын ұйғарым түрінде
көрсететін жалпы парыз мәселелерін қарастыратын әдеп бөлімі» .
Деонтология терминін алғаш рет Бентам (1834) адамгершілік теориясын тұтас
ілім ретінде көрсету үшін енгізген. Джереми (Иеремия) Бентам (Jeremy
Bentham) – (1748-1832 жж.) философ, заңгер, экономист және Лондон
университетінің негізін салушыларының бірі. Ғылымда утилитаризм (utilitas -
пайдалы) теориясының бағытын құрастыруымен танымал, оның тұжырымдауынша −
адамның әрбір іс-әрекеті басқа адамдарға пайда әкелуі тиіс. Негізгі ғылыми
еңбегі «Деонтология не мораль туралы ғылым» деп аталады. 
21 жасында И. Бентам өлгеннен кейін денесін анатомиялық тәжірибе жасатуға
беруін талап етіп, кейін тек қаңқасы қалғанда өз киімдерін кигізіп, басымен
қосып, көрнекті жерге шығарылып қойылсын деп аманат жазады, «барлық
адамдарға ескертпе ретінде әрбір адам тек тірі кезінде ғана емес, қайтыс
болғанда да пайдасы тию керек...» , деп ой түйеді .
И.Бентам өз тұжырымдамасын «деонтология» деп атады, бұл бағыт КСРО-да сонау
1917 жылғы революция кезінен бастап белгілі болды, «патша тәртібінің
мұрасын» жоққа шығарып, жазалау қаупін төндіріп, үкімет әр ғылымның, оның
ішінде медицинаның ең басты құрамдас бөлігі болып табылатын әдеп мәнін
жоюға тырысып, тыйым салды. Е.Барштейн «Дәрігер-стахановшы не білуі тиіс»
(1938 ж.)  атты мақалада: «Аты шулы дәрігерлік этиканы жойыңдар: «сын және
өзара сын» – міне осылар ғана кеңес дәрігері қызметінің негізі», - деп
айтқан болатын. . Ғылымның басқа салаларындағы осындай көзқарасты ұстанған
адамдар аз болмады. Медицинаны әдепсіз елестету мүмкін емес. 1946 жылы
совет онкологиясының негізін қалаушы Николай Николаевич Петров хирургиялық
әдеп жөнінде кітап жазады, КСРО-да әдеп жөнінде кітаптың басып шығарылуын
мүмкін еместігін түсініп, қолжазбадағы «әдеп» терминін белгісіз бір
«деонтология» терминімен алмастырады . Н.Н.Петровтың замандастары мен
ізбасарлары естеліктерінде: «Николай Николаевич сөздерді алмастыру мәлім
болған жағдайда, ол түрмеден қайтып оралмайтынын анық түсінсе де, тәуекелге
бел буды. Сол кездегі цензордың (баспа орындарын бақылау) Н.Н.Петровқа
қарағанда сауатсыз болуы кітапты жетістікке жеткізді» . Осылайша бұрынғы
Кеңес үкіметінде қазіргі уақытта тек медицинада ғана емес, «адам-адам»
жүйесінің түрлі аспектілерін қарастыратын көптеген ғылым салаларында
қолданылатын «деонтология» термині алғаш рет пайда болды . 
Алайда адамгершілік пен парыз туралы ілім ретінде деонтология пәні «аз
көлемдіге» айналып, «деонтология» термині әдеп ілімінде қажетсіз болып
шықты. Әдеп саласының мамандары сөздігінен осы терминнің жоғалуға шақ қалуы
кездейсоқ емес. Дегенмен «деонтология» атты ерекше ғылым жойылмай, «құпия
өмірін» жалғастырды. «Инкубациялық кезең» бірнеше онжылдыққа созылып, ақыр
соңында «деонтология» медицинадан бастап спортқа дейінгі әлеуметтік
тәжірибенің түрлі саласына бағытталған ғылымның маңызды бөлігіне айналды. 
Әрбір ғылымға өзінің пәндік аясын нақтылауға бағытталған дифференциация
үдерісі тән екендігі мәлім. Алғашында ол барлық ғылыми салада дамиды:
медицина, педагогика, психология, әлеуметтану және т.б. Бұл үдерістің түрлі
саладағы мамандық иелерінің кәсіби парыз мазмұнына байланысты деонтологияға
да тиісті, мына салаларын атап айтуға болады: 
- педагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіби парызына сәйкес мінез-құлқы
туралы ғылым [10] (К.М.Левитан, Г.М.Кертаева, Г.А.Қараханова, ,
А.Е.Күдерина, Д.Д.Есімова, Ү.А Ажигалиева және т.б.);
- медициналық деонтология – медицина қызметкерлерінің көмек сұрап келген
адамдарға қатысты құқылық, кәсібилік, моральдық міндеттері мен тәртіп
ережелері туралы ілім [11] (А.Ф.Билибин, Б.Е.Вотчал, Ф.П.Гааз, А.А.Грандо,
Н.Н.Пирогов, И.С.Сук, Н.В.Эльштейн және т.б.);
- психологиялық деонтология – «көмек ұсынушы - көмекті қабылдаушы» сияқты
өзара әрекеттесудің, жәрдемдесуші мамандардың моральдық сенімділігін
қамтамасыз ететін тұлғаның психологиялық тетіктерінің этикалық аспектілерін
зерттейді [12]. (М.А.Гулина, А.А.Крылов, И.В.Силуянова, А.И.Юрьев т.б.);
- әлеуметтік деонтология – әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті мен мінез-
құлқы принциптерін және кәсіби-этикалық нормаларын зерттейді [13]
(Л.М.Анисимова, Н.Ю.Гурьевич, Л.П.Козыревская, Д.П.Котов, Г.П.Медведева,
т.б.);
- құқықтық деонтология – заңгердің кәсіби мінез-құлқы кодексі жөнінде
жинақталған мағлұматтар жүйесін белгілейтін заң ғылымдарының бір саласы
ретінде анықталады [14] (Н.М.Блохин, В.М.Горшенев, Ю.А.Романов, т.б.);
- журналистік деонтология – журналистің кәсіби мінез-құлқы, парыздылық
талаптарының, нормаларының, принциптерінің жүйесі ретінде; БАҚ
қызметкерлерінің жауапты мінез-құлқының құқықтық және этикалық нормаларының
жиынтығы ретінде, журналисттік парыздылық пен міндеттемелер және осы
міндеттемелерді олардың қандай деңгейде ұғынуына қарамастан орындау
нормалары ретінде (Е.П.Прохоров, Ю.М.Батурин, Я.Н.Засурский, К.Крисченс,
М.Трейбер, К.Норденстренг және т.б.) анықталады [9]. 
Сонымен осының бәрін саралай келе, біз деонтологияны «адам-адам» жүйесіне
қызмет ететін мамандардың парызына адалдығы мен кәсібіне сәйкес саналы әдеп
және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешені жатады деп қорытамыз.
Әдебиеттері:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление
в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н.
Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. –
2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 

2.   Тақытып.  Педагогикалық  деонтологияның  пайда  болу  алғышарттары.  (2
сағат. 3-4 апта)
Мақсаты:  “Педагогикалық”  деген  сөзбен  қоса «педагогикалық   деонтология»
деген сөз тiркесі мұғалiмнiң қызметiне байланысты парыз ұғымын  құрастыратын
этикалық ережелер, нормалар, ұстанымдар жиынтығын іске асыру.
Жоспар:
   1. Этикалық-философиялық алғышарттар.

      Мораль, этика, деонтология ұғымдарының өзара қатынасы.

   2. Әлеуметтік-психологиялық алғышарттар.
Тәрбиенің іс-әрекет түрі ретінде қалыптасуының маңызды факторы мен
алғышарты болып ерте замандағы адамдар арасында материалдық қарым-қатынас
эволюциясы, осы қарым-қатынасты адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тапсыру
арқылы дамыту мен қолдау қажеттілігі болды [19]. 
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы білім беру жүйесінің кейбір этикалық,
деонтологиялық қағидаларының өзгерісіне әкелді.
Мемлекетімізге жеке кәсіби қызмет атқаратын бір жақты мамандар ғана емес,
ғылыми білімі терең, рухани дүниесі бай, өз кәсіби парызын саналы түрде
орындайтын, жан-жақты дамыған, белсенді, адамгершілігі мол адамдар қажет.
Қоғам сұранысы «адам-адам» жүйесінде қызмет ететін маман тұлғасына, оның
ішінде ұстаздарға ерекше маңызды талаптар қояды. 
Қазіргі таңда аталмыш салада қызмет ететін әрбір маман кәсіби біліктілік
пен іскерлікті меңгеріп қана қою табысты қызмет үшін жеткіліксіз екенін
жақсы түсінеді. Бұл үшін көптеген ептіліктер қажет, соның ішінде:
тәрбиеленушінің жай күйін ұғып қана қоймай, оны тыңдағанда ести білу, қарым-
қатынастағы серіктестігінің эмоционалды жай-күйін байқау, өзара дұрыс қарым-
қатынас орната білуі. Бұл келелі міндеттерді іске асырудың жолдарын ашу
педагогикалық деонтология еншісінде. 
Педагогикалық деонтологияның пайда болуының бірнеше алғышарттарына
тоқталып, сипаттама беруді жөн көрдік.
^ Этикалық-философиялық алғышарттар. Қоғамның даму үдерісінде белгілі бір
әлеуметтік топтар тұтастығын сақтап қалу үшін адамдардың қарым-қатынастарын
реттеуде, олардың іс-әрекеттерін келісімге келтіруде нақты қажеттілік пайда
болады. Адамдармен тіршілік әрекетінің түрлі саласында қарым-қатынасқа
түскен кезде, әр адам белгілі бір ұстанымдар мен ережелерді басшылыққа
алады. Адамның қоғаммен қарым-қатынасын және оның мінез-құлқын реттеу үшін
мораль қажет. И.Т.Фроловтың басшылығымен шыққан «Философиялық сөздікте»
берілген анықтама бойынша: «мораль – бұл парыз бен рухани құндылықтар
құрметіне ие болған жеке-дара, адами және риясыз уәжділік негізіндегі
адамның мінез-құлқы мен қоғаммен қарым-қатынасын реттеудің құндылықты-
бұйрықты түрі» [20]. 
Идеологтар моральдың мәнін білімділік деңгейінің мәнінен әлде қайда төмен
екендігін және қазіргі заманда бұл құбылыстың әрі қарай дамуы күшеюде деп
түсінеді. Сонымен қатар, олар білімділік пен адамгершілік арасын жіктеп,
сәйкессіз санаттарға жатқызған. Әрине, жеке білім моральды дамыта алмайды,
ал мораль білімнің орнына жүре алмайды. Қоғам дамуының теориясы бойынша
білім, ғылым мен мораль сананың және іс-әрекеттің әр түрлі аясына жатады
және әртүрлі әлеуметтік қажетсінуден пайда болған. Ғылым қоршаған ортаны
танып-білудің, оны адам қажетіне сәйкес өзгертудің амалы болса, мораль –
қарым-қатынасты реттеуші, жеке адамның қылықтарын басқалардың қылықтарымен,
белгілі бір қоғамның немесе таптың мүдделерімен сәйкестендіретін әлеуметтік
күш. Сонымен қатар, әрбір кәсіп адамның жан дүниесіне әсер етіп,
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, қабілеттерінің дамуына шарт түзеді.
Сондықтан әрбір мамандықтың кәсіптік моралі, деонтологиялық сипаты бар
деуге болады. Мораль – адамның өзін-өзі, өзінің табиғатын білуі, дейді
философтар. Мораль – күнбе-күндік көпшіліктің дүниетанымының формасы.
Қоғамдық сана формасына жататын мораль – адамдардың бір-біріне деген
қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалар, ұстанымдар және
ережелердің белгілі жиынтығы. Мораль адамдардың қатынасын белгілі мөлшерде
қалыптастырады, яғни олардың өз ортасына және басқа орталарға, мемлекетке,
Отанға, өз халқына және басқа халықтарға, адамның адамға қатынасын
бейнелейді.
Мораль – қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі, өйткені адам қоғамдық
жан ретінде қалыптасып, қоғамда ғана өмір сүре алатындықтан, өзара белгілі
бір моральдық қатынас формаларын сақтауы тиіс. Мораль ұстанымдары мен
ережелерін орындау қоғамдық парыздылыққа негізделген. Күнделік өмірде оның
ұстанымдарын бұзғаны үшін ешкім оны заң бойынша жауапқа тартпайды. Бірақ
оның әсері құқық талаптарынан кем емес. Адам санасы дамыған сайын моральдың
тигізер әсері күшейе бермек. Келешекте адамға көпшіліктің мадақтауынан,
қолдауынан, не олардың наразылығы мен лағынетінен артық әсер ететін еш
нәрсе болмақ емес. Қазір де кейбір қылмыс жасаған адамдар өзін көпшіліктің
талқысынан гөрі заңмен сотталғанын оңай көретінін айтуда. Біздің елімізде
заң жүзінде жазаланған адамдар, мораль жағынан да қолдау таппайды. Олай
болса, бұл құбылыс екеуінің арақатынасының жақындап бара жатқандығының
айғағы. Педагогикалық мораль ұстаздың барлық іс-әрекеттеріне енушi
адамгершiлiк қатынастың көрiнiсi болып табылады. Ол мұғалiмнiң қылықтарын
педагогикалық іс-әрекеттің сипатына сәйкестендірудің объективтi қажеттiлiгі
ретiнде пайда болған. Баланың өмiрлiк тәжiрибесiнiң жоқтығынан ол үлкендер
тарапынан әдiлетсiздiк құрбаны болып қалуы мүмкiн. Оның жаны мен тән әлемiн
сақтап қалуға деген қоғамның ұмтылысынан педагогикалық мораль туындап отыр.
Сонымен қатар, мектепте үлгiлi жұмыс атқарудың ең маңызды шарты ретiнде
мұғалiм беделiн қорғау, парыздылық санасын, яғни деонтологиялық нышанын
арттыру талабы да педагогикалық моральда орын алған. Сөйтiп педагогикалық
моральда ұстаз еңбегiнiң дәстүрлерi мен өзінділік ерекшелігін ашатын, онсыз
оқу-тәрбие үдерісі бола алмайтын ережелер мен нормалар бекiтiлген.
Педагогикалық моральдың басқа кәсiптік мораль түрлерiнен ерекшелiгi –
жоғары белсендiлiгi. Педагог өзiнiң адамгершiлiкті тәжiрибесiн балалар мен
ересектерге, яғни осы тәжiрибеден сусындағанын басқа бiреуге қалдырады,
олар – басқаларға т.с.с. Егер осы алып-беру тiзбегi қысқа болса, педагогтың
моральдық әсері шамалы дегендi бiлдiредi. Бiрақ моральдық реакция тiзбегi
күрделенген сайын педагог моралiнiң белсендiлiк деңгейi жоғарылайды. Бұл -
педагогикалық этиканың құбылыстарының өзара байланысқан диалектика
заңдарының әсерi көрiнетiн арнайы кәсiби ерекшелiгi.
Негізгі моральдық категориялар: шарапат, кесепат, ар-ождан, міндет, парыз,
абырой, әділеттілік, адамгершілік, әдептілік, өмір мақсаты және т.б.
Моральмен қатар адамның мінез-құлқы мен қоғамдық қатынастарын әлеуметтiк
тұрғыда бақылап, реттеудің амалы – құқық. Мораль құқықтан бұрын пайда болды
және онсыз да өмір сүре береді. Құқық та, мораль да заттардың әділетті
тәртібі туралы түсінік қалыптасқан қоғам қалауын білдіретін нақты талаптар
мен қағидалардың, ұйғарымдар мен ережелердің жиынтығы болса да [20],
қалыптасу жолдары мен жүзеге асыру тәсілдерінде айрықша айырмашылыққа ие.
Негізінен, «құқық мемлекетпен заңдастырылып, бекітіліп, қамтамасыз етіледі»
[20]. Құқықтық нормалар қатаң түрде нақты құжаттамалық пішінмен бекітіледі.
Құқыққа қарағанда мораль «қоғамдық өмір барысында бей-берекет пайда болады»
[20].
Мораль құндылықтары мен талаптары қоғамдық пікір күшінің, адамның жеке
сенімінің қолдауына иеленеді. Олар ешбір жерде тіркелмеген, тек қоғамдық
санада өмір сүреді, кейде насихаттау мен белсенді түрде ендіру мақсатында
түрлі «Кодекстерде» сызба түрінде жазылады. Оған қоса мораль талаптары
мәжбүрлеу арқылы іске аспайды, себебі оның міндеті негізінде жазалау
қорқынышы емес, ерікті қабылдау жатыр. Моральдың құқықтан басты
айырмашылығы уәжділік сипатында анық көрінеді. 
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, құқық адамның мінез-құлқын
сырттай реттеуші болса, мораль оның өзін-өзі реттеуші ішкі күші болып
табылады. Яғни құқықтан моральдың ерекшелігі – «бірнеше элементтерден
тұратын, күрделі жүйелі, сан алуан құрылымды құбылыс» [20]. Зерттеушілер
(Г.Н.Кузьменко, И.Т.Фролов және т.б.) моральдың екі өзара дербес құрылымдық
элементін бөліп қарастырады: сана және адамгершілікті мінез-құлық. Олардың
теорияларына сәйкес, сана - идеалдық, ал адамгершілікті мінез-құлық -
заттық іс-әрекетті білдіреді. 
Адам санасы дамыған сайын моральдың тигізер әсері күшейеді. Сонымен, егер
келешек өркениет дамуымен елестесе, онда моральдық ұстанымдар заңнан гөрі
күшті бола бермек. Осыдан адамгершiлiктi-этикалық сана сезiмсiз, моральсыз
ешқандай заң, тағы басқа қарым-қатынасты әлеуметтiк бақылаулар, құқық
қорғаушылар адамдар арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қоя алмайды.
Философияда сана тасымалдаушысына байланысты екіге бөлінеді: даралық және
қоғамдық. Даралық сана – белгілі бір адам санасы, үш негіздемелік құрамдас
бөлігі бар: рационалды, эмоционалды және еріктік [21]. 
Рационалды бөлігі құндылық, мұрат, мақсат, парыз, әділет туралы таным мен
түсініктерден құралған. Оның көмегімен адамның мінез-құлқы қалыптасады.
Алайда ниетті белгілі бір қызмет түрін іске асыру және ұйымдастыру,
қатысушылармен араласу, өзін-өзі тану, осы саладағы көптеген қызметті
меңгеру үдерісі күйзелістері мен талпыныстары арқылы іс-әрекетке
айналдырады. Тек рационалды және эмоционалды бөліктері ғана сенім тудыруға
қабілетті.
Сананың рационалды аймағы танып білуге негізделсе, эмоционалды аймағы ойлау
мен сезінуге негізделген. Таным құбылыстың объективті мәнін бейнелесе,
сезімділік сол құбылыстың субъект үшін мәнін, қажеттілігін көрсетеді.
Сонымен сана құрылымы таным мен түйсіну немесе парасат пен сезімнен тұрады.
Таным дегеніміз – құбылыстардың шын объективті мәндерінің бейнесі болса,
субъект үшін оның маңызы эмоция арқылы беріледі. Таным процесінде эмоцияның
(сезімталдық) орны ерекше. Эмоциясыз ешбір дүниені тануға талпыныс,
ізденіс, таңырқау болмақ емес. Онсыз ғылымда, өнерде жаңалықтар болмайды.
Айналадағы құбылыстарды тез байқап, ерекшеліктеріне таңдану, таңырқай білу,
үңіліп қарау - осылардың бәрі танымның бастамасы, көзі. Осы сияқты
педагогтың парыздылық, адамгершілікті санасының рационалдығы өзіндік
мәнімен қоса эмоционалды үдерістерге әсер ету мәні бар:
біріншіден, дүниетанымның біртұтас бейнесін құрастыру негізінде эмоцияны
бағыттайды, оған дұрыс бағдар береді; 
екіншіден, бар тәжірибені жинақтай келе өзіндік эмоция жолын дұрыс таңдауға
әсер етеді.
    • Сананың рационалды және эмоционалды аясының өзара тәуелділігін
      растайтын мектеп өмірінде толып жатқан көріністер баршылық, мысалы:
      оқушыны кемсіту, оны жан күйзелісіне ұшырату (сананың эмоционалдық
      бөлігі) оның танып білу процесін тежейді, оқуға деген ынта-ықыласын
      жояды (сананың рационалдық аясындағы салдары);
    • керісінше, оқу үдерісіндегі психологиялық жайлы жағдай (сананың
      эмоционалдық аясы) оқушының интеллектуалдық әлеуетін толығымен
      пайдалануға мүмкіндік береді (сананың рационалдық аясындағы салдары);
    • мұғалімнің эмпатиясы төмен, сезімділігі жұтаң, бойын таптаурын билеген
      болса (сананың эмоционалдық аясы), онда ол болып жатқан педагогикалық
      жағдаятқа сын тұрғысынан мән бере алмайды, оның маңыздылығын сезбейді,
      дұрыс әрекет жасай алмайды (сананың рационалдық аясындағы салдары);
    • керісінше, педагогтың жоғары эмпатиясы, ішкі сенім мен кәсіби парыз
      сезімінің бар болуы, әр оқушымен тіл табыса алуы (сананың эмоционалдық
      аясы) оқушының жан дүниесін түсінуге, табиғи қабілеттерін дамытуға
      жағдай жасауға мүмкіндік туғызады (сананың рационалдық аясындағы
      салдары) т.б.
Жоғарыда көрсетілген, сананың рационалды және эмоционалды арақатынастарының
жалпы қағидалары, педагогикалық психология мен деонтологияның бірқатар аса
маңызды мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуде үлкен мәні бар. Нақты
әрекеттерде көрінетін сананың эмоционалды және рационалды құрамдас
бөліктерінің жүзеге асырылуы адамның ішкі және сыртқы жағдайларға
қарамастан өзінің мақсатты қызметін саналы түрде өзін-өзі анықтау және
реттеуін білдіретін даралық сананың еріктік бөлігіне байланысты. Ең
алдымен, сананың бұл түрлері олардың күнделікті өмірінде саналуан қисын,
күш және маңызбен араласып іске асатынын әр педагог өзінің қызмет
тәжірибесінде естен шығармағаны абзал. 
Біздің байқауымызша, салмақты мінезді балалар (сангвиниктер мен
флегматиктер) сананың рационалды және эмоционалды үйлесімінің салыстырмалы
түрін, немесе парасаттың салмақтылығын қалайды. Холериктер мен
меланхоликтер логикалы есті іс-кимылдарын эмоцияларымен айқын түрде басып
тастауларымен сипатталады. Сондықтан оқушылардың жасқаншақ, өзіне-өзі
сенімсіз, өкпешіл болуы осыған байланысты. Мұндай балалар орынсыз
мұғалімнің айтқан әрбір сөзін өзінше түйіп, жан қысылуына тап болады. 
Сонымен педагогикалық деонтологияның психологиялық мәселелері санадағы
рационалдық (ұтымдылық) пен эмоционалдықтың (сезімділік) қатынастығы
жағынан қарастырылып, педагогтың адамгершілік санасының рационалды мазмұны
тек дербес мәнге ғана емес, сол сияқты педагогикалық қызметте айқындалатын
эмоционалдық үдерістерге де әсер ететіндігі ашылды. Даралық сана
құрамындағы барлық құрамдас бөліктің өзара әрекеті қызмет атқаруды, осы
салаға, орындайтын қызметіне, маман ретінде өзіне және басқа қатысушыларға
қатысты тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Адамның
мінез-құлқы өзіне жарасымды болып, бақылауды қажет етпеген жағдайда ғана
осындай нәтижеге жетуге болады. Сана-сезім – «адамның өз қызметі мен мінез-
құлық уәжі, талабы, сезімі және білімін бағалауы және сезінуі жүзеге асатын
сана деңгейі. Тұлғаның өзін-өзі бақылауы, ұйымдастыруы, бағалауы және өз
ойын білдіруі сана-сезімге негізделіп жасалады» [22]. 
Сана-сезім мен даралық сана – бір ұғым емес, даралық сана – «әлеуметтік
ортада қалыптасқан түсініктер, ережелер, мұраттардың құрылу нәтижесі.
Сондықтан түсінік, ереже және мұраттар қоғамдық санада қалыптасып дамиды»
[22]. Қоғамдық сана иесі болып нақты бір қоғамдастық саналады, оның даралық
санаға тән ерекшеліктері бар. Бірақ адамның жеке дара өмірінің барлық
көріністері қоғамдық сана еншісінде емес және даралық санада түсініктер мен
құндылықтардың күрделі әлемі бекітілуі екіталай. Екі сана түрінің
арасындағы айырмашылықты жоққа шығаруға талпыну керек, себебі олардың
жиынтығы «дәлелді және әлеуметтік маңызы бар саналы» әрекеттерден құралған
адамның адамгершілікті мінез-құлқын айқындайды.
Жеке тұлғаның басқа адамдармен арақатынасына және оның осымен байланысты
адамгершілік реакциясына беретін бағасы – эмоционалдықтың өткірлігімен
сипатталады. Жеке тұлғаның моральдық санасының деңгейінен алып қарағанда,
белгілі жағдаяттағы адамның көңіл-күйінің толқуы адамгершілік қатынастың ең
маңыздысы болып саналады. Адамның өзінің кез келген қылығына адамгершілік
тұрғыдан беретін бағасы ретінде оның ой елегінен өткізген көңіл толқулары
жатады, өткенге ой жүгіртіп, болған іске объективті түрде мән беріп, көңіл
толқуларын тудырған моральдық коллизиялардың маңызын анықтайды. Адамның
нақты адамгершілік қабілетінің реакциясынан, өзіндік моральдың
интуициясынан басқа адамға көмекке ұмтылып, оның жанына зиян келтірмей әсер
етуге жетелейтін жоғары деңгейдегі адамгершілік мәдениеті қалыптасады. 
Педагогтың кәсіби қызметінде нақты адамгершілік реакциясын тудыратын
қабілет – кәсіби парыздылық санасы, деонтологиялық даярлығы. Педагогикалық
парыздылықта ұсақтық жоқ, ол кез келген қателікке қатаң да, кешірімсіз, ол
бала жүрегін, жан дүниесін жаралайтын шөгірді байқамай өтпейді. Сондықтан
ар мен тәртіптілік, кеңпейілдік пен ізгілік, тектілік пен ықылас,
өнегелілік пен әдептілік тәрізді баланың өмірі мен денсаулығына, жан
саулығына тікелей әсер етуші қасиеттер мұғалімдердің мінезінде әрдайым
болуы қажет. Мораль тұлғаның қоғамдағы бағыт-бағдарлануының ең икемді
тәсілдерін қарастырады. Оның көмегімен адам өмірдің беймәлім тұстарында
әрекет ете алады. Тіпті рационалды білім мен жинақталған тәжірибе
тұрғысынан алып қарағанның өзінде, өмірлік жағдаяттардың қалай дамып
өзгеретінін алдын ала болжаудың мүмкіндігі болмаған жағдайда, мораль адамға
нақтылы нысандарды ұсынады. Оларды таңдау кезінде адамгершілік сезім мен
моральдық интуицияның алатын рөлі ерекше зор. Ал педагог қызметінің бір
ерекшелігі – беймәлім жағдаяттардың көбінде. Көп күрделі жағдайларды шешуде
педагогқа кәсіби тәжірибесінен басқа адамсүйгіштік ізгілікті сезімдері де
үлкен көмек көрсетеді. Бірақ педагог тұлғасының санасы рационалды сана
феноменінің қатысуынсыз өркендемейді. Жеке тұлғаның адамгершілігі қоғам
жасақтаған адамгершілік нормалары мен талаптарын білмей қалыптаспайды және
моральдық рефлексия мен өзіндік рефлексияны шеттетпейді. 
Моральдың синонимы ретiнде тәжiрибеде «этика» деген сөз қолданылады. Ал
этика шындап келгенде, мораль туралы, оның теориясы туралы ғылым. Бұл
ғылымның рөлi әлеуметтiк-практикалық қолдану аясында өте маңызды, өйткені,
ол адамға өнегелi тәрбие беру мәселелерiн қамтиды. Этикаға қоғамдағы
белгілі бір топ, не белгілі бір саладағы мамандар, кәсіпкерлер ұжымының
моралi, олардың мiнез-құлық, жүрiс-тұрысын және әдептiлiгiн анықтайтын
тәртiп ережелерiнiң жиынтығы жатады [21].
Қ. Жарықбаев пен Ә. Табылдиевтың «Әдеп және жантану» атты оқу құралында
«әдептану (этика) – адамгершiлiк пен имандылықтың сан алуан түрлерi мен
нормалары туралы iлiмдер жүйесi. Ол (әдеп) әр этностың қоғамдық санасының
бiр құрамдас бөлiгi ретiнде адамгершiлiктiң қоғамдық қатынастар жүйесiндегi
орнын анықтайды, оның табиғаты мен iшкi құрылымына талдау жасап, әлеуметтiк
құқық ережелерінің жиынтығы түрiндегi қызметiн айқындайды, өркениет
тарихындағы адамгершiлiк принциптерiнiң пайда болу, даму жолдарын
зерттейдi, оның әртүрлi жүйелерiн теориялық жағынан негiздейдi» деп,
кеңінен анықтама берген [15]. Ұ. Асылов пен Ж. Нұсқабайұлының «Әдеп:
инабаттылық дәрістері» атты еңбектерінде «Әдептанудың түпкі мақсаты: адам
баласына әдепсіздіктің зияндылығын түсіндіріп, оның шырмауынан құтылуды
үйрету, жас буынға тура жолды – әдептілік жолын көрсету; қоғамдағы ең жақсы
адам – әдепті адам, әдепті адамдар – қоғамның баға жетпес байлығы,
мәртебесі екенін ұғындыру. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы
жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ» деп, әдеп үдерістерінің
тарихына тереңінен тоқталып, алғашқы қауымдық құрылыстың мүшелерінің мінез-
құлық, мүдде, тілек және т.б. сияқты бір-бірімен санасу қажеттілігінен
бүгінгі күнгі тәрбиенің тарихы-ұлттық, жалпыадамзаттық негіздерін имандылық
тұрғыдан қарастырған [21]. 
Сонымен жоғарыда келтірілген ғалымдардың ой-пікірлеріне сүйеніп, мораль –
этиканың зерттеу объектісі деп қорытуға болады. Диалектикалық және тарихи
философиялық пайымдау заңдарын қолдансақ, онда этика моральдың пайда
болуын, оның адамзаттық сипатын, қоғам дамуындағы рөлін ғана ашып қоймай,
жеке тұлғаның адамгершілікті санасын қалыптастыру жолдарын да көрсетеді. 
Адамгершiлiкке қатысты тәрбие мәселелерiн шешу этиканың әлеуметтiк-
тәжiрибелiк қолдану саласы болып табылады. Адамгершiлiк өзiмен-өзi жеке
болмайды, ол қашанда бір көрiнiсiмен белгiлi болады және ешқандай
құбылыстар сферасымен шектелмейдi. Қысқаша айтқанда, адамгершiлiк қасиетi
бар кiсi кез келген қиын, күрделi, шектен шыққан жағдайларда, бойындағы
қасиетiн сақтай бiледi және қасиетiн көрсете біледі.
Адамгершiлiктi тәжiрибе жеке тұлғалар арасында елiктеу, жұқтыру, сезiндiру,
сендiру сияқты әсерлесу түрлерiмен біреуден біреуге алмасады – сайып
келгенде, мұның бәрі тәрбиемен ұштасып жатады. 
Бiрақ қайырымсыздық, қатыгездік, рақымсыздық тағы басқа адамгершiлiкке
қайшы әрекеттер де осы жолдармен тарайтынын естен шығармау қажет және
бұлардың тарауы оңай, тез болатыны мәлiм. Сондықтан халық арасында «оңбаған
өнеге оңай өрiс алады» деген пiкiр туған. Оңбаған өнерге жетелейтін
жағдайлар қазiргi заманда баршылық: таршылық, сауатсыздық, тұрмыс-
тiршiлiктегi түрлi қиындықтар, т.с.с. Мұндай жағдайлар адамның жүйке
жүйесiнiң «жұқаруына», яғни төзімділігінің төмендеуiне себепкер болады.
Соңғы кезде невроз, жүрек ауруы, қан қысымының тұрақсыздығы, асқазан
аурулары т.б. жан саулығына байланысты психосоматикалық аурулар саны күрт
көбеюi байқалады. Бұл - қарым-қатынас саласын санациялау (тазалау) қажет
деген белгі. 
Адамгершiлiктi-этикалық сана сезiм - адамдар арасындағы қарым-қатынасты
әлеуметтiк бақылаудың бір түрi. Адамның әрбiр iсi мен сөзi әртүрлi дәрежеде
не зиян, не игi келтiрiп, не жамандыққа, не жақсылыққа баулиды. Ештеңе
iстемеудiң де, қол қусырып отырудың да өз таңбасы болады. Мұның бәрiне баға
берушi, ең сезiмтал бақылаушы – моральдық, адамгершiлiктiк сана сезiм. Сана
сезiмде бүкiл адамзаттың мыңдаған жылдар бойы тарихи тәжiрибесiнiң белгiсi
болады және оған қазiргi қоғам мен заманның ерекшелiгi әсер етедi. Соған
сәйкес әр адам өзiне, әлеуметке, адамгершiлiкке сай баға берiп, талаптар,
мiндеттер жүктейдi. Мұнда мораль қоғамдық сана сезiмнiң ерекше түрi ретiнде
адамдардың қоғамдағы қарым-қатынастарының ең маңызды бағыттаушысы,
реттеушiсi болады. Адамгершiлiктi-этикалық сана-сезiмді дамыту, жетілдіру,
қалыптастыру деонтологияның еншісінде. 
Этика педагогикалық, психологиялық тұрғыдан жан-жақты зерттелген нысан
болғанмен, түбегейлі деонтологиялық зерттеулерге зәру. Деонтология –
этикалық теорияның тарауы, онда моральдық талаптар, ережелер, мәселелер мен
әлеуметтік қажеттіліктердің адамгершілік формасына тән ерекшелік ретіндегі
жалпы борыштылық мәселелері қарастырылады. Кейін деонтология этикалық
аксиологиядан, яғни ізгілік пен зұлымдықтан, тұтастай моральдық құндылықтар
теориясынан ерекшелене бастады. Адамгершілік әлеуметтік заңдар талабын,
соның ішінде қоғам мен адамның қажеттіліктерін бейнелейтін борыштылық жеке
мінез-құлықта, жалпы қағидада, мінез-құлықтың жинақталған ұстанымдарында,
моральдық және қоғамдық мұратта әртүрлі көрініске ие болады. Деонтологияның
зерттейтіні де – осы формалар мен олардың арақатынасы. Сондықтан
деонтологияны этиканың ерекше теориялық түрі емес. 
Қорыта келе, деонтология – парыздың, моральдық талаптар, көрсеткіштер мен
әлеуметтiк қажеттiлiктiң адамгершiлiкке тән түрi ретiнде жалпы мiндет
мәселелерiн қарастыратын этикалық теорияның бөлiгi. “Педагогикалық” деген
сөзбен қоса «педагогикалық деонтология» деген сөз тiркесі мұғалiмнiң
қызметiне байланысты парыз ұғымын құрастыратын этикалық ережелер, нормалар,
ұстанымдар жиынтығын іске асыруын қамтамасыз ететін ғылым. 
Педагогикалық этика - педагогикалық деонтологияның теориялық негізі.
Педагогикалық деонтология – педагогикалық этиканың жеке мамандыққа тән
моральдың ұстанымдары мен қағидаларын, ерекшеліктерін қарастыратын бөлігі.
Педагогикалық мамандықтың бірнеше түрі болуына, олардың міндеттері мен
еңбек жағдайларының айырмашылығына байланысты деонтологиялық талаптардың да
өзгешеліктері бар. Сол себепті педагогикалық этиканың жалпы ұстанымдары мен
ережелерінің мазмұндары өзгеріп, деонтологиялық талаптар адамгершіліктік
ережелер аталып, түрленіп, белгілі бір педагогикалық қызмет аясында
практикалық іс-әрекетті реттеуші рөл атқарады. Педагогикалық этика
педагогика, психология, философия ғылымдарының түйісуінен туған ғылым. Яғни
педагогикалық кәсіптің өзіндік моралі, этикасы, деонтологиясы бар.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби-адамгершілік сана-сезімдерін қалыптастыруды
педагогикалық этика негіздерінен бастаған жөн. Педагогикалық этиканы пән
ретінде оқыту студенттерді кәсіптік этиканың осы саласының негізгі
мәселелерін түсіне білуге жетелейді. Мұнда міндетті түрде педагогикалық
этика мен педагогикалық деонтологияның өзара айырмашылығы мен ұқсастығына
көңіл бөлу қажет. 
Педагогикалық деонтологияның педагогикалық этиканың негіздеріне сүйенетіні
белгілі. Бұл - мораль, этика, деонтология ұғымдарының өзара қатынасы.
Әдебиеттері:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление
в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н.
Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. –
2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 

3 Тақытып. Педагогикалық деонтологияның пәні (2 сағат. 5-6 апта)
Мақсаты: Педагогикалық деонтология -  қарым-қатынас  психогигиенасын  білім,
тәлiм-тәрбие беру мекемелерiнде  қолдануды  зерттейтін  педагог  мамандардың
әдебі туралы ғылым. 
Жоспар:
   1. Педагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіби парыздылығына  негізделген
      мінез-құлқы туралы ғылым.
   2. Педагогтың өз-өзімен қарым-қатынасы
   3. Ұстаздың оқушылар қауымымен қарым-қатынасы
   4. Ұстаздың әріптестерімен қарым-қатынасы
   5. Ұстаздың жалпы ұжыммен қарым-қатынас сипат
Педагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіби парыздылығына негізделген мінез-
құлқы туралы ғылым. Бұл – ұстаздың қызмет аясында тәжірибелік іс-
әрекеттерін реттеуші амалы. Педагогикалық деонтологияға мұғалiмнiң парызына
адалдығы мен кәсiбiне сәйкес сана-сезімді болуы және құқықтық ұстанымдар
мен ережелер кешенiн сақтай білу қабілет-қасиеттері жатады. Осыдан
педагогикалық деонтологияның пәніне педагог іс-әрекетінің, кәсіби мінез-
құлқы мен тәртібінің ресми және бейресми нормалар кешенін зерттеу жатады. 
Педагогтың мінез-құлқы кәсіби ойлау мәдениетімен, өз қызметін ғылыми
тұрғыда ұйымдастыра алу қабілеттілігімен, өз іс-әрекетін сыни тұрғыда
бағалауымен, өз мүмкіндіктеріне талдау жасауымен, дұрыс шешім қабылдауымен,
ұжымда жағымды психологиялық жағдай жасай білуімен және т.б. көрінеді. 
Педагогтың кәсіби мінез-құлқы оның өз-өзімен, оқушылармен, әріптестерімен,
жалпы ұжымменқарым-қатынас жасау сипатында көрініс табады.
Педагогтың өз-өзімен қарым-қатынасы туралы мағлұматты ұлы Абайдың 15 қара
сөзінен бастағанды жөн көрдік: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың
келсе, күніне бір мәрте болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір,
өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің
екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды күнінде өзің өкінбестей
қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей
қалыппысың?» [ 41].
Ұстаздың әлеуметтiк ортамен тәрбиеленуi және өзін-өзі тәрбиелеуiмен
қалыптасатын маңызды қасиеттерiнiң бiрi – оның жеке тұлғасының дүниетаным
сипаты. Жеке тұлғаның дүниетанымы белгiлi мөлшерде оның бағыттылығын,
әлеуметтiк бағалы шешiмдерi мен қылықтарының ерекшелiктерiн алдын ала
анықтайды. Мұғалiм тұлғасын деонтологиялық негiзде қалыптастыру үрдісінде
бағыттылық пен белсенділік маңызды рөл атқарады. Психология гуманистік
белсенділіктің маңызды факторы деп жеке тұлғаның болашаққа ұмтылуын, өзін-
өзі жігерлендіруін атайды.
Қазіргі кездегі педагогқа көп тапсырмалар жүктеледі, сондықтан бір мезгіл
тыныстап, өз ісіне есеп беру үшін оның уақыты да жеткіліксіз. Алайда ұстаз
өз бойында келесі әдет-дағдыларды қалыптастыруы тиіс: көрген-білгендерін,
оқып-тоқығандарын елеп-екшеп, өз іс-әрекеттерімен қылықтарына талдау жасап,
ой елегінен өткізу қажет. Бұл жүйедегі қарым-қатынасты дұрыс орнату үшін
ұстаз кәсіби мінез-құлқының жеке дара қалпын өзін-өзі сынау қажеттілігін
ескеру керек. Өзін-өзі сынауды жақсы қалыптастырған адам ғана өзіне, өзінің
қылықтарына басқа қырынан қарай алады, өзіне әділ баға бере алады. «Дос
жылатып айтады» деген халық даналығы бекерге айтылмаса керек. Өзіне өзі дос
болып, өзіне өзі қатал төреші болу – ұстаздың ең қажетті міндеттерінің
бірі. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейді халық. Оның жақсылығы сыртқы
көрінісінде ғана емес, ішкі дүниесінде, істеген ісінде көрініс табуы керек.
Л. Н. Толстой былай деген екен: «Адам математикалық бөлшек сияқты. Онда
бөлімінде – адамның өзі жөніндегі пікірі, алымында – адамның құндылығы.
Бөлімі өскен сайын бөлшектің мәні азая береді». Бұдан мұғалімнің өзі туралы
өзіндік пікірі, өзіндік бағасы әділ болу керектігі туындайды. Өзімшіл,
өркөкірек мұғалім қарым-қатынаста демократияшыл стиль ұстанымдарына өзін-
өзі бағындыра алмайды. «Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда
оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін
кінәлауға тиіс» дейді Ыбырай Алтынсарин. Міне, педагогтың өз-өзімен қарым-
қатынасы дегенге осының бәрі саяды.
Ұстаздың оқушылар қауымымен қарым-қатынасының мәнділігін ғалым, психолог А.
Г. Асмоловтың «Экономикалық дамуына көп көңiл бөлiп, мұғалiм мен бала
мүддесiн шеттететiн мәдениеттiң өрiсi оңбайды. Бiрақ бәрiнен де қауiптісі –
адам баласының жан дүниесiнiң рухани дағдарысы. Мүмкiн бiз бiр кезде ең
бай, экономика жағынан барлық игiлiкке ие болармыз, бiрақ оның қажетi не,
егер этикалық жағынан ұлтымыз әлем дамуының жабайы деңгейiнде қалса? Ал
тығырықтан шығатын жол қайда? Бұл тығырықтан шығатын жол тек қана жалпы
адамзаттық нормаларды сақтау және бала әлемiмен өз тiлiнде қарым-қатынас
қалыптастыру арқылы ашылады» деген пiкiрi ашады. 
Оқушылармен ынтымақтаса отырып, адамгершілік және рухани мәдениетті, оның
тамаша үлгілерін қарым-қатынас мәдениетіне айналдыру, соның негізінде жеке
басқа тән құндылықтарды жинақтап жасап шығару, сол арқылы тәрбиелік
үдерісте оқушының жеке басының белсендігін қамтамасыз етіп, әдептілік мінез-
құлық нормаларын оның бойына сіңіру, қалыпты дағдыға айналдыру – мұғалімге
қойылатын негізгі талап. Баланың білімге деген қызығушылығына, ой-қиялына,
азаматтық борыш сезіміне, өз бетінше әрекет етуге тырысушылығына,
шығармашылығына сүйенген жағдайда ғана оқушының еркіндігі көрініс табады.
Еркін істеген істің, алған білімнің өрісі кең, табысы мол болады. Бұл
заңдылыққа сәйкес педагог баланың басқа адамдармен алуан түрлі қарым-
қатынаста өзіндік «Менін» саналы түрде көрсетуіне мүмкіндік тудырады, өз-
өзіне баға беруіне, іс-әрекетіне сын көзбен қарауға үйретеді. Мұндай
қажеттілікке сай қандай қарым-қатынас үлгі бола алады? 
Бір 45 минуттың ішінде қаншама жағымды, жағымсыз жағдайлар туындайды. Қас-
қағым сәтте соның бәрін алдын-ала болжап, дұрыс шешім тауып, әрекет жасау
терең психолого-педагогикалық білім жүйесін, тапқырлықты, көрегендікті,
шығармашылықты талап етеді. 
Мұғалім қарым-қатынастың әр сәтінде өзінің әрекеттерін саналы бақылауды
естен шығармауы қажет. Саналы бақылаудың екі түрі бар: белгілеуші бақылау
және реттеуші бақылау.
Белгілеуші бақылау дегеніміз – адамның жан-жақта болып жатқан жағдайды
көріп, тыңдау кезінде өзінің іс-қимылдарына сырттай көз тастап, белгілеп,
санасында, есінде ұстауы. «Өз ісіне өзі есеп беру» қабілеті осындай
бақылауға негізделген.
Реттеуші бақылау адамның іс-әрекеттерін басқарып, қылықтарын өзінің
түсінігі бойынша заң және мораль талаптарына сәйкес бағындыра білу
қабілеттерінде байқалады. Мұнда мұғалімнің деонтологиялық әлеуетінің
мөлшері анықталады.
Қорыта келгенде, оңтайлы қарым-қатынасты болдыру үшін мұғалім тұлғасында:
- сырттан келген мәліметті сараптап, бағалай білу ептілігі;
    • дәл бағыттап, айқын, бейнелі сөйлей білу қабілеті,
    • оқушының (не оқушылардың) көзқарасына, қимыл әрекетіне, мәнеріне қарай
      оның ішкі сезімдерін түсіне білуі, баланың жүзін оқи білу қабілеті,
    • психологиялық күйін меңгере білу, әр алуан психологиялық кедергілерді
      жеңе білу, әрқашан шат көңілді әрі оптимист бола білу қасиеті,
    • өз мінез-құлқын басқара білуі,
    • бақылаушылық, зейінін басқаға аудара білу қабілеті,
    • гностикалық ептілігі,
    • оқушылармен вербальді, вербальсіз қарым-қатынас жасай білу ептілігі
      болуы қажет.
      Түйіндей келгенде, педагогикалық қарым-қатынас өнері мұғалім
      тұлғасының педагогикалық мәдениеті және қарым-қатынас техникасы деген
      екі құрастырушы бөліктен тұрады.
      Көптеген ғалымдардың (Н.В.Жутикова, Г.М.Кертаева, М.И.Лисина,
      Л.И.Охитина және т.б.) зерттеулеріне сүйенсек, ұстаздың қарым-
      қатынастық шеберлігіне байланысты сауалнамалар нәтижесі бойынша
      олардың көбі өз пәнін түсіндіруімен ғана шектеледі. Басқа мәселелерге
      қызығушылық танытпайды. Мысалы, ТМД елдерінің білім беру жүйесіндегі
      әкімшілік органдары өкілдерімен жүргізілген сауалнамаларға оқушылардың
      берген жауаптарынан мына үзінділер ең жаманы емес, бірақ ең жиі
      кездесетін көріністі ашады: «Химия пәні бізге қызықсыз, себебі мұғалім
      сабақ барысында тақырыптан басқа мәселеге көңіл аудармайды. Одан
      басқасы оны қызықтырмайды», «Біздің сынып жетекшіміз жаңа мұғалімге
      бір қыз жөнінде: «Бұл ақымақтан ештеңе сұрамаңдар, бәрібір түк
      білмейді» депті». Бұл нәтижелерден соң «оқушылар көп жағдайларда
      ұстаздардың өз пәнін жетік біліп, түсіндіруіне емес, балалармен
      жағымды қарым-қатынас орната алмайтындығына шағымданады» деген пікір
      туындайды [65]. 
      Халық даналығында: «Айтушы ақылды болса – тыңдаушы дана болады»,
      «Мұғалімге қатаң болған жақсы. Мейірімді болған одан да жақсы»
      делінсе, А. П. Чехов: «Баланы мейіріммен меңгере алмаған адам
      қаталдықпен де бағындыра алмайды» деген екен.
      Осының бәрі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың
      демократиялық стилін жақтайды. Бірақ күнделікті тәжірибеде ресми
      қабылданған еркін демократиялық білім берудің мақсаттары мен жиі
      кездесетін педагогтардың авторитарлы мінез-құлқының арасында талай
      алшақтық байқалады. Мұның себебі – педагогтардың оқушылармен
      демократиялық стильде қарым-қатынас орнатуға айтарлықтай
      дайындықтарының болмауы. Көбіне педагог оқушыларға айтқан ақылды
      сөзімен емес, күнделікті жүріс-тұрысымен, мінез-құлқымен әсер етеді.
      Сондықтан қазіргі ұстаз өсіп келе жатқан ұрпақты авторитарлы,
      антидемократиялық бағдарлар мен тәртіп әдістеріне еліктетеді. Әрине,
      ол мұны әдейі мақсатпен істемейді. Тек білгені – сол. Бұл –
      демократиялық, құқықтық қоғам құрылысына зиян келтіретін қауіпті
      құбылыс. Сол себепті педагогтардың оқушылармен еркін, әлеуметтік,
      демократиялық қарым-қатынас құруға бетбұрыс жасау қажеттілігі – кезек
      күттірмейтін мәселе.
      Ұстаздың әріптестерімен қарым-қатынасын қарастырған кезде мінез-
      құлықтың келесі ережелерін атап көрсеткен жөн:
      - мінез-құлықтың ішкі мәдениет ұстанымдарын бұзбау – еңбек ережелерін,
      тәртіпті бұзбау, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау, жылы шырайлылық пен
      сүйіспеншілік таныту;
      - мінез-құлықтың сыртқы мәдениет ұстанымдарын бұзбау – сыпайылық,
      әдептілік ережелері, жағымды сыртқы көрінісі (сыртқы тазалық,
      ұқыптылық, жеке гигиенасын сақтау, далап пен әшекейінде артықшылықтың
      болмауы). Сыртқы мәдениет ережелеріне сәлемдесу формалары мен
      әріптестері арасында өзін ұстай білуі, жағдай мен талаптарға
      байланысты қарым-қатынас орната алу қабілеттілігі жатады. Ең бастысы,
      ұстамды және әдепті, өнегелі болу маңызды, өзін-өзі ұстай біліп,
      басқалардың пікірімен санасу керек. Оқушымен, әріптесімен қарым-
      қатынас орнатқанда, оның ойындағысын айтуға бөгет жасамауы тиіс [65].
      Ұстаздың жалпы ұжыммен қарым-қатынас сипаты. 
      Педагогикалық ұжымның жұмыс барысын дұрыс ұйымдастыра білуі сол
      мектептің әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби шеберлігіне ғана емес,
      сонымен қатар сол ұжымның бір-бірімен тіл табысуы мен моральдық-
      психологиялық ахуалына да байланысты [57]. Егер мекеме қызметкерлері
      арасында жағымды қарым-қатынас орнатылса, ұстаз еңбегіне әділ баға
      берілсе, сол жағдайда ғана ұстаздардың жұмыс істеу қабілеттілігі арта
      түседі. Осындай моралдық-психологиялық ахуалға жөнді көңіл бөлінбейтін
      ұжымдарда оқытушылар өздерінің барлық күштері мен мүмкіндіктерін сарқа
      жұмсамайды, өйткені олардың бастамалары мен шеберліктері назардан тыс
      қалады, алайда осындай жағдайлар оқу-тәрбие жұмысының нәтижесіне
      жағымсыз әсер етеді.
      И.В.Дубровинаның «адамдар бір-бірімен рухани тұрғыда ғана тіл табыса
      алса, жақсы ұжым бола алады» [58] деген ойын басшылыққа аламыз.
      Толыққанды ұжымды тек мақсат қана біріктірмейді, тек адамдардың рухани
      жақындығын тудыратын жағдай өз септігін тигізеді. 
      Педагогикалық этика мен деонтология мәселелеріне қатысты көптеген
      басылымдарда педагогикалық ұжым – өздері қызмет атқаратын ісіне барлық
      күштерін жұмсауға даяр адамдардың тығыз достастығы. Олардың бірігуі
      «Барлығы да жоғары, сапалы білім беру мен саналы тәрбие беру үшін!»
      деген ұстанымға сүйенген және бұл ұран әрбір педагогикалық
      қызметкердің еңбек тиімділігі мен шығармашылық бағыттылығын қамтамасыз
      етеді [57]. 
      Педагогикалық ұжымның табысты жұмысы екі негізгі белгіден құралады: 
    • барлық қызметкерлердің еңбексүйгіштігі мен еңбек тәртібі;
    • педагогикалық шеберлік пен оқушыларға деген сүйіспеншілігі. 
Педагогикалық ұжымның мүшелері бұрыннан қалыптасқан әдет-дағдыларын
бағалап, дамыта отырып, жаңадан келген қызметкерлерді өз ортасына тартуы
тиіс [10].
Сонымен, мұғалімдер ұжымында еңбек тәртібі мәселесіне өз міндеттеріне
жауапты, шығармашылық көзқарасы бар әріптес мұғалімдерге жақсы тәрбиелік
ықпал жасау, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды және өз тәртібін
жақсарту мәселесі ретінде назар аударылуы тиіс. 
Педагогикалық ұжым өкілдерінің арасында сенім, ауызбірлік және өзара
сыйластық болмаған жағдайда оның ұжым болып қалыптасуы екіталай. Әр
ұстаздың жұмыс барысында қандай да болмасын олқылық, ақаулық, кемшілік пен
қателіктер жіберетін кездері болады. Бірақ басты ұстанымы – тәрбиелеушінің
жан саулығына, денсаулығына зиян келтірмей, оқытып тәрбиелеу қажеттілігі.
Ең алдымен, адамгершілік дәрежесі, оның үстіне мұғалімнің, тәрбиешінің
еңбек мәдениеті – бұл оның рухани дамуының деңгейі, басты көрсеткіші, оның
мінез-құлқының жоғары өлшемі, өмірге деген көзқарас, оның жеке әлеуметтік
белсенділігі мен өмірлік мұраттарының мәселесі. 
Тұлғаның мәдениет жүйесіндегі қажетсінуін әлеуметтік сапаларын, мінез-құлық
және іс-әрекет стилінде көрініс табатын оның даму деңгейімен
сәйкестендіреді. Сондай-ақ мұғалімнің сыртқы келбет мәдениетіне, өзін-өзі
басқару шеберлігіне, моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптардың да тәлім-
тәрбие жұмысының мазмұны мен сипатына қарай күн өткен сайын өзгеріп,
жаңғырып, жаңа сипат алып отыратыны белгілі. Ағартушы педагог ғалымдардың
(А.В.Мудрик, С. Қалиев, Ә.Нысанбаев, Ә.Табылдиев, К.М. Левитан, И.Д.
Демакова, А.С. Белкин, Л.И. Рувинский, Қ. Жарықбаев, Л.Т. Охитина т.б.)
еңбектерінде мұғалім мәдениеті мен шеберлігі, зиялылығы сипатына көңіл
бөлінген. Олардың пікірінше, педагогтың нәтижелі қарым-қатынасқа
дайындығында үйірсектік (общительность), эмпатия және тосындылық маңызды
рөл атқарады. 
Жанасқыштық – басқалармен өзара әңгімелесу кезінде қанағаттану сезіміне
бөлену қабілеті; әлеуметтік жақындық – басқа қоғам мүшелерімен тіл табыса
білу, альтруистік тенденцияның болуы. Педагог мінезінде өзіне және
айналадағыларға білінетіндей үйірсектіктің болуы оның байланысқа бейімділік
әлеуетінің молдығын көрсетеді. 
Эмпатия – қарым-қатынас кезінде адамның сезімталдық негізінде басқаны
өзіндей түсіне білуі, яғни жағдайды қарым-қатынас жасап тұрған кiсiнiң
көзiмен көріп, жан дүниесін түсiне бiлуі.
Тосындылық – дүниені көрінген қалпында қабылдау және оны дәл осы әрбір
сәттегі түрімен сезіне білу, бұл қасиет қиялдың даму деңгейіне тәуелді[47].
Қарым-қатынас техникасын игеру үшін оның құрылымын білген жөн: 
қарым-қатынасты талап ететін мәселенің шарттарын (қарым-қатынас мақсатын,
пікірлесушінің тұлғалық ерекшеліктерін, т.б.) жетік білу; 
    • қарым-қатынас әрекетінің мазмұнын сауатты жоспарлау; 
    • сұхбаттасу амалдарын таңдау; 
    • сөйлесу үдерісін сапалы өткізу;
    • қарым-қатынас мақсатына жеткен не жетпегенін көрсететін кері байланыс
      жасау.
Бұл тізбектің бір буыны босап қалса не болмай қалса, қарым-қатынас  көздеген
мақсатына  жетпейді.   Қарым-қатынастың   табысты   болуы   осы   тізбектегі
әрекеттерді шеберлікпен атқаруына байланысты.
Әдебиеттері:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление
в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н.
Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. –
2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 

4.Тақытып. Педагогикалық деонтология міндеттері, қызметі, және  ұстанымдары.
(2 сағат. 7-8 апта)
Мақсаты: Мұғалім мен оқушылардың арасындағы нақты рухани, соның ішінде
эмоционалды байланыс дұрыс қарым-қатынас
Жоспар:
   1. Педагогикалық деонтология мүмкіндіктерінің ұстаздың адамгершілігі  мен
      оның кәсіби парызы
   2. Педагогикалық деонтологияның негізгі міндеттері
   3. Педагогикалық деонтологияның қызметі.
   4. Педагогикалық деонтологияның ұстанымдары.
   5. Педагогикалық деонтологияның негізгі ұғымдары
Педагогикалық деонтологияда ең бір қиын, ең бір жауапты мәселе –
тұлғааралық эмоционалды қарым-қатынас (коммуникация) мәселесі. Оқушының
ерекшелігін ескерген қарым-қатынас оған еркін таңдау мен даму жолдарын
ұсынады. Педагогикалық деонтология мен қарапайым педагогикалық әдістерді
жетік меңгеру оқушыларға дамытушы әсер ететін психоэмоционалды және
психоэстетикалық амалдарды зерттеп, қолдануға жол ашады. Қазіргі кезеңде
бала жанына сауатты, «зиян келтірмей» әсер етуге білім беру жүйесінде
салғырттық байқалады. Мұғалім мен оқушылардың арасындағы нақты рухани,
соның ішінде эмоционалды байланыс дұрыс қарым-қатынастан басталады. Қарым-
қатынасты біліктілікпен жасау – этикалық әрі танымдық шығармашылық жұмыс.
Баланың жан дүниесін түсіне отырып, ұстаз оның жан-жақты даму жолын білуге
ынталанып, соған сәйкес әрекет жасауға бағытталады. Оқушының мінезін,
әуестігін, алға қойған мақсатын, көңіл-күйін білу ұстазға баланы жеке тұлға
ретінде терең танып, оның жанына жайлы педагогикалық әсер етуге
көмектеседі. 
Педагогикалық ғылымның дамуы, педагогикалық тәжірибенің толық жетілуі
педагогикалық деонтологияға маңызды түзетулер мен өзгертулер енгізеді,
себебі ол – формалды түрде шартты емес, қоғамдық қажеттіліктің көрінісі.
Педагогикалық деонтологияның негізгі міндеттерінің бірі болып педагогтың
түрлі ық ұстанымдар мен ережелерді саналы түрде түсінуі, кәсіби парызының
іске асырылуын саналы түрде ұғынуы болып табылады.
Педагогикалық деонтология мүмкіндіктерінің ұстаздың адамгершілігі мен оның
кәсіби парызы туралы ғылыми теориясы ретіндегі маңызы өте зор: 
- педагогикалық қызметтің ұстанымдары жекешеленбей, әлеуметтік факторлардан
алшақтанбайды; 
- педагогикалық деонтологияның талаптары басқа адам тағдырына педагогтың
қатыстылығына ұстаздың кәсіби санасын білім беру саласында ғана емес,
адамның тіршілік ету әрекетінің барлық салаларында әділеттілікті орнату мен
кәсіби қызметтегі дұрыс қарым-қатынас орнатуға бағыттайды.
Педагогикалық деонтологияның міндеттері тек педагогтың кәсіби парыздылығын
ашу, кәсіби қызметтің қорытындылары үшін жауапкершілігі, оқушылармен,
олардың ата-аналарымен, әріптестерімен қарым-қатынас үдерісі кезінде
ұстаздарға қойылатын талаптар мен қағидалар жүйесін анықтаумен ғана
шектелмей, өз қызметінде бұл шарттарды іске асыру барысында талаптарын
анықтауда. 
Педагогикалық деонтология шынайы гуманистік ғылым ретінде педагогикалық
қызметкерлерге тән тұлғалық қасиеттердің, уәждердің, қылықтар мен түрлі
әрекеттердің мән-мағынасын түсіндіреді, осы мамандыққа тиесілі адамгершілік
қасиеттерінің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді, кәсіби қызметін ұзақ атқару
кезінде олардың өзгеруін алдын алады. 
Сонымен бірге педагогикалық деонтология міндеттеріне педагогтың кәсіби
мінез-құлқының алғышарттарын қарастыру, кәсіби қызмет үдерісі кезінде пайда
болған жағымсыз факторларды, дау-жанжалдарды жою амалдары, педагогтардың
білімнің формалды қосымшаларын жоюды, моральдық және кәсіби-маңызды
қатынастарды жете түсінудің белсенділігін ояту мен ынталандыру бағыттарын
айқындауды, тұлғаның деонтологиялық қасиеттерін тәрбиелеу, ұстаздың алдын
ала қалыптасқан кәсіби қызмет ұстанымдарының мәнін айқындауды,
педагогикалық мамандықтың беделін жоғарылатуды зерттеу жатады.
Педагогикалық деонтологияның негізгі міндеттері:
- педагогтың кәсіби мінез-құлқы ұстанымдары мен ережелерін зерттеу;
- педагогтың мінез-құлқы мен іс-әрекетін қалыптастыру, реттеу, бағалау;
- педагогтың кәсіби мінез-құлқын анықтайтын сыртқы, ішкі факторлар
жүйелерін зерттеу;
- педагогтың маңызды қасиет-қабілеттерін, кәсіби қарым-қатынас аясында
педагогикалық үдеріске қатысушылардың бірін-бірі қабылдауын, бағалауын
зерттеу;
- педагогтың жеке тұлғалық ерекшеліктерінің қызметінің кәсіби талаптарына
сәйкестігін зерттеу;
- педагогикалық қызметте болатын қате іс-әрекеттердің зиянды салдары мен
қолайсыз факторларын жою. 
^ Педагогикалық деонтологияның қызметі. Басқа ғылымдар сияқты педагогикалық
деонтология белгілі бір қызметтер атқарады: 
    • ұстаз тұлғасын кәсіби талаптарға сай болуға ынталандырар күш;
    • педагогтың кәсіби қызметінде нақты адамгершілік әрекетін тудыратын
      қабілет;
    • ұстаздың қызмет аясында тәжірибелік іс-әрекетін реттеуші амалы;
    • педагогикалық деонтология оқушының денсаулығына, жан саулығына зиян
      келтірмей, табиғатына үйлесімді дамуына жәрдемдесудің жолы.
   ^ Педагогикалық деонтологияның ұстанымдары.
   Педагогикалық деонтологияның ұстанымдары – бұл педагогтың кәсіби
   әрекетінде басшылыққа алатын, парыздылық ұғымына негізделген жетекші
   идея, іс-әрекетті реттеуші талаптар. 
   Деонтологияның педагогикалық іс-әрекет жүйесіндегі ұстанымдарын айқындау
   үшін Токиода болған ІV Бүкіләлемдік конгресте қабылданған ғаламдық
   биоэтиканың постулаттарын келтіре кетейік:
   1. Жеке тұлғаның өзін-өзі билеуін (personal autonomy) мойындау, яғни
      әрбір адам өзіне, өзінің жан дүниесіне, эмоционалдық жағдайына қатысты
      мәселелерін өзі шешуге құқылы;
   2. Қоғамдық игілікке рұқсат білдіретін әділеттілік (justice);
   3. Адамға зиян келтірмей әсер ету этикалық тұрғыдан дұрыс екенін
      білдіретін Гиппократтың «Зиян келтірме!» ұстанымы;
Заманауи биоэтикада Гиппократтың «Зиян келтірме!» ұстанымының мағынасы
кеңейіп, «зиян келтірмек түгіл, игілік жаса» делінеді. Педагогикалық
деонтология ұстанымдарын ғаламдық биоэтика ұстанымдарын басшылыққа алып
құрастыруды жөн көрдік. Біздің пайымдауымызша, мұғалімге қойылатын барлық
деонтологиялық талаптар төмендегідей 4 негізгі ұстанымға саяды:
   1. Оқушының (тәрбиеленушінің) денсаулығына, жан саулығына зиян келтірмей
      әсер ету;
   2. Барлық жүрiс-тұрысымен, ой-өрiс, iс-әрекетімен осы ұстанымның кең
      тарауына және оқушы санасына өзiндiк бақылау дағдыларын
      қалыптастыруына жол ашу, қарайласу, соған себепкер болу;
   3. Оқушының үйлесімді дамуына жәрдемдесу;
   4. Осы ұстанымдарды бұзудан пайда болатын зиянды салдарды жоюға бүкiл жан
      дүниесі, сана-сезiмімен ынталану.
Яғни педагогикалық деонтология ғылымы бойынша, ұстаздық әсердiң ең негiзгi
мақсаттары: оқушының денсаулығын, жан саулығын сақтауды, нығайтуды көздей
отырып, оқушы тұлғасының табиғатына сай дамуына жағдай жасау.
Педагогикалық деонтологияның ұстанымдарын мектеп мұғалiмдерi не болашақ
мұғалiмдер қорқытусыз, паралаусыз кәсiби парыздану ықпалымен игерiп iске
қосып жатса, бұл надандықтан кетiп, өркениеттiкке жақындағанымыздың дәлелi
бола алады.
^ Педагогикалық деонтологияның негізгі ұғымдары
Педагогикалық деонтологияға қатысты ұғымдар жүйесіне педагогикалық
деонтология, деонтологиялық ұстанымдар, деонтологиялық даярлық,
деонтологиялық дайындық, деонтологиялық тәлім-тәрбие, деонтологиялық
талаптар, деонтикалық модальдық, деонтологиялық қарым-қатынас,
деонтологиялық келіс, деонтологиялық позиция, деонтологиялық кредо,
деонтологиялық әлеует жатады.
Жеке тұлғаның басқа адамдармен арақатынасына және осыған байланысты
адамгершілік реакциясына беретін бағасы эмоционалды өткірлігімен
сипатталады. Жеке тұлғаның моральдық санасының деңгейі тұрғысынан белгілі
жағдайдағы адамның көңіл-күйінің толқуы – адамгершіліктік қатынастың ең
маңыздысы. Өзінің кез келген қылығына адамның адамгершілік тұрғыдан беретін
бағасына ой елегінен өткізген көңіл толқулары жатады; өткенге ой жүгіртіп,
болған іске объективті түрде мән беріп, көңіл толқуларын тудырған моральдық
коллизиялардың маңызын анықтайды. Адамның нақты адамгершілік қабілетінің
реакциясынан, өзіндік моральдың интуициясынан басқа адамға көмекке ұмтылып,
оның жанына зиян келтірмей әсер етуге жетелейтін жоғары деңгейдегі
адамгершілік мәдениеті қалыптасады. Педагогтың кәсіби қызметінде нақты
адамгершілік реакциясын тудыратын қабілет – педагогикалық парыздылыққа
негізделген мінез-құлқы, оны зерттейтін ғылым - педагогикалық деонтология. 
Осыдан, педагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіптік парызына негізделген
мінез-құлқы туралы ғылым.
^ Педагогикалық деонтологияның ұстанымы – ұстаздық кәсіпте басшылыққа
алатын парыздылық ұғымына негізделген жетекші идея, іс-әрекетті реттеуші
қағида.
^ Педагогикалық деонтологияның талаптары – кәсіптік парыздылық ұғымына
негізделген ұстаз қызметіне қойылатын талаптар.
Деонтикалық модальдық – деонтологиялық талаптарды білдіретін
мiндеттендірулердің (бұйрық, нормалар, ұстанымдар, қоғамдық мұрат т.б.)
түрлерiн және олардың арақатысын, іс-әрекеттiң белгiлi бiр нормалар жүйесi
тұрғысынан сипаттамалары.
^ Деонтологиялық өзара қарым-қатынас – педагогикалық деонтология
ұстанымдарына негізделген ұстаз бен оқушы арасындағы өзара эмоционалдық
байланыс, мінез-құлықтық қатынас. 
Қарым-қатынас психогигиенасы қоғамның, топтың, жеке адамның жүйке
жүйесiнiң, жан дүниесiнiң саулығына зиян келтiрмейтiн қарым-қатынасты
насихаттаудың, сол саладағы әлеуметтiк бақылаудың бiр амалы болады. Қарым-
қатынас психогигиенасының басты ұстанымы: «Зиян келтірме!» 
^ Деонтологиялық даярлық - ұстаздың кәсіптік қызметін деонтологиялық
талаптарға сәйкес атқаруға санасының, білімділігі мен біліктілігінің дайын
болу күйі .
^ Деонтологиялық тәлім-тәрбие – болашақ ұстаздың парыздылық сана-сезімін,
мінез-құлқын жетілдіру амалдары.
Деонтологиялық дайындық – ұстаздың деонтологиялық ұстанымдарға сәйкес
қызмет етуге қажетті білім, біліктілік қорын қамыту үдерісі.
Ұстаздың деонтологиялық тұғыры – парыздылық сезіміне негізделген
дүниетанымды құраушы наным.
Ұстаздың деонтологиялық сана-сезімі – өз кәсіби парыздылығына байланысты
педагогтың субъективті, еркін және қалтқысыз уәжділігінің негізіндегі
ақиқаттың бейнеленуі. 
^ Деонтологиялық кредо – парыздылық сезіміне негізделген қандай да бір
іске, мәселеге көзқарас, қатынас.
Ұстаздың деонтологиялық әлеуеті – деонтология ұстанымдарын басшылыққа ала
отырып, әрекет жасауға мүмкіндік беретін, құқылық, кәсiптiк, моральдық
мiндеттерi мен тәртiп ережелерiн сақтауға, жасырын түрде бар болып, белгілі
бір жағдайларда байқалатын ұстаздардың бойындағы қабілет-қасиеттер
жиынтығы.
Әдебиеттері:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление
в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н.
Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. –
2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 

5.Тақытып. Педагогикалық деонтологияның басқа ғылымдармен  сабақтастығы.  (2
сағат. 9-10 апта)
Мақсаты:   Педагогикалық   деонтология   ұстаздың   кәсіптік   парыздылығына
негізделген мінез-құлықы туралы ғылым болғандықтан, «адам-адам»  жүйесіндегі
барлық ғылымдармен сабақтаста болады: философия, педагогикалық этика,  халық
педагогикасы, физиология, психология, т.б. 
Жоспар:
   1. Педагогикалық деонтологияның педагогикалық этикамен сабақтастығы
   2. Педагогикалық деонтологияның психологиямен сабақтастығы
   3. Педагогикалық деонтология физиологиямен сабақтастығы
   4. Педагогикалық деонтологияның халық педагогикасымен сабақтастығы
Педагогикалық деонтология ұстаздың кәсіптік парыздылығына негізделген мінез-
құлықы туралы ғылым болғандықтан, «адам-адам» жүйесіндегі барлық
ғылымдармен сабақтаста болады: философия, педагогикалық этика, халық
педагогикасы, физиология, психология, т.б. 
^ Педагогикалық деонтологияның философиямен сабақтастығы оның пайда болу
алғышарттарын баяндағанда деректі анықталды және ұстаздың деонтологиялық
даярлығын қалыптастыру үдерісінің әдіснамалық негіздерін айқындауда,
қоғамның әр кезеңіндегі экономикалық формацияларын ескеруде көрініс табады.
Философияның диалектика, таным теориясы, герменевтика, экзистенциализм,
синергетика т.б. материяның дамуы, ұйымдасуы туралы ілімдер ұстаздың
зерттеушілік қабілетін дамытуға мүмкіндік туғызады, ал оның деонтологиялық
сипатын анықтауда сананың ролін ашып, тәрбиелеу мәселесін шешуде
философияның «сананың жалпы қасиеттері», «сананың құрылымы», сананың
функциялары» т.с.с. тақырыптарды талдап, іске қосу қажеттігі күмән
тудырмайды. Мысалы, философияда «сана біріншіден, адамның ерекше психикалық
қабілетін, екіншіден, оның осы қабілетті білдіретін күйін, үшіншіден, оның
мазмұнын, төртіншіден - әлдебір басқарушы механизмді білдіреді»
делінгенінен деонтологиялық даярлықты қалыптастыруда парыздылық сананы,
сана-сезімді тәрбиелеудің ең маңызды әрекеті екені дәлелденіп, оның
ұстаздың іс-әрекетін іштей реттеуші күш екенін айқындайды.
^ Педагогикалық деонтологияның педагогикалық этикамен сабақтастығы
Философиялық тұрғыдан педагогикалық деонтология мен педагогикалық этика
өзара жалпылық пен жекелік қатынасында болады және олардың өзара
әрекеттестігі диалектикаға бағынады. Сондықтан оларды жалпылық пен жекелік
ретінде біркелкілікке, теңдестіруге мүмкін емес. 
Педагогикалық этика – педагогикалық деонтологияның теориялық негізі,
өйткені педагогикалық этика ұстаздың кәсіби адамгершілік нормаларын
зерттейді, ал педагогикалық деонтология олардың орындалуын қамтамасыз
етеді. Сонымен қатар педагогикалық деонтология және педагогикалық этика
педагогикалық үдерістің ортақ ізгілік мәселесін шешеді, мысалы,
педагогикалық деонтологияның зерттеу пәні педагогтың кәсіби мінез-құлқы,
оның бойында кәсіби-педагогикалық адамгершіліктің ұйымдастырушылығы болып
табылса, педагогикалық этиканың зерттеу пәні – педагогтың санасын, мінез-
құлқын, қарым-қатынасы мен қызметіндегі моральдік бейнесін реттейтін
заңдылықтар, нұсқаулар, ережелер. 
Педагогикалық деонтология мен педагогикалық этиканың сабақтастығын
қарастыру кезінде, басты назарды осы ғылымдардың алдында тұрған мақсат-
міндеттерге аудару керек, мысалы:
    • педагогикалық этика ұстаздың адамгершілік бейнесіне қоғамның қоятын
      түрлі талаптарын түзеді, ал педагогикалық деонтология осы нормалардың
      іс-әрекетке ену механизмдерін зерттейді; 
    • педагогикалық этика іс-әрекеттің моральдық құндылығын зерттейді, ал
      педагогикалық деонтология ұстаздың осы құндылықтарды жете түсінуі мен
      өзінің іс-әрекетін тиісті тәртіпке салуына мүмкіндік туғызады; 
    • педагогикалық этика педагогикалық қызметтің этикалық нормаларын
      қалыптастырса, онда педагогикалық деонтология білім беру сферасында
      жұмыс істейтін қызметкерлердің іс-әрекеттері мен амал-қимылдарындағы
      осы нормалар мен ережелерге сәйкестендіру амалдарын зерттейді. 
^ Педагогикалық   деонтологияның    психологиямен    сабақтастығы Психология
адамның жан дүниесінің даму  заңдылықтарын  зерттейтін  ғылым  болғандықтан,
педагогикалық деонтологияның басты «Зиян  келтірме!»  ұстанымының  теориялық
негіздерін, іске асыру амалдарын, әдіс-тәсілдерін жүйелеп, пайымдауға  негіз
болады.
Педагогикалық деонтологияның басты  мақсаттарының  бірі  –  бала  тұлғасының
оңтайлы,  прогресті  дамуын,  яғни  психикасының  мақсатты  түрде   өзгеруін
(ойлау, қабылдау, іс-әрекет т.б.).  психологиялық  комфортты  жағдай  туғызу
негізінде іске асыру болып табылады. Ондай жағдай туғызу  тек  психологиялық
білімі жоғары деңгейдегі және өзінің  іс-әрекетін  сәйкесті  басқара  алатын
ұстаздың  қолынан  келеді.  Мұндай  жанға   жайлы   жағдайдың   мән-мағынасы
психологиялық  тұрғыда   дәлелденіп,   ұстаздың   деонтологиялық   сипатының
сәйкесті көрсеткіштерінің қажеттілігін ашады. 
Ғылымның  бұл  екі  саласының  сабақтастығы   педагогикалық   деонтологияның
зерттеу  міндеттерін  іске  асыру  кезінде  психологияның   ғылыми   ізденіс
амалдарын (рейтинг,  психологиялық  тестлеу,  сауалнама  жүргізу  т.б.)  кең
қолдану кезінде байқалады. 
^ Педагогикалық  деонтология  физиологиямен өте  тығыз  байланыста,  өйткені
физиология – тұтас  ағзаның  тіршілік  әрекеті  және  оның  жеке  бөліктері,
функционалды жүйесі  жөніндегі  ғылым.  Баланың  психикалық  және  физикалық
дамуын басқарудың механизмдерін дұрыс ұғыну үшін, ең бастысы,  жоғары  жүйке
қызметінің әрекет заңдылықтарын игерген жөн, ал функционалды жүйке  теориясы
ұстазға және тәрбиеленушінің өзіне тән  танымдық  үдерістер  табиғатын  ашып
көрсетеді. 
^ Педагогикалық деонтологияның  халық  педагогикасымен  сабақтастығы бірнеше
аспекте  байқалады:  мұғалімнің  тұлғалық  ерекшеліктерінде,   қарым-қатынас
әрекеттерінде, білімділігі мен кәсіби шеберлігінде,  мінез-құлқында,  жүріс-
тұрысында, сыртқы бет-бейнесінде. Қазақ халық  фольклорында  ұстаздық  етуші
үлкендердің қызметіне зор орын беріледі. Өзі  үйренбеген  өзгені  де  үйрете
алмайды, үйренгеннің ғана үйретуге  хақысы  бар.  Міне  сондықтан  да  қазақ
«Шәкірт болмаған, ұстаз болмас» деген. Рим философы Боэций  Аниций  (480-524
ж.ж.) «Шәкірт болып көрмеген – ұстаз  болып  жарытпас»  дегенімен  сөзбе-сөз
дәл келеді. 
Ешбір кітаптан оқымай-ақ, ата-бабаларымыз,  өздерінің  күнделікті  тіршілік-
тұрмысынан  көрген,  басынан  өткерген  жайттарды  таразылап,  ой   елегінен
өткізіп, ұрпағын өмірге жарасымды, заман талабына сай салиқалы  азамат  етіп
тәрбиелеуге ұмтылған.  Оған  септігін  тигізетін  ұлттық  әдеп-ғұрып,  салт-
дәстүрлерді жасап,  оны  ұрпақтан-ұрпаққа  баға  жетпес  асыл  мұра  ретінде
қастерлеп  жеткізіп  келген.  Ата-салтымыз   –   халқымыздың   ойшылдығынан,
данышпандығынан дарыған, ұзақ өмірдің елегінен өткен сарқылмас қазына,  асыл
мұра. 
Қазақ  тағылымының   педагогикалық   деонтологияға   арқау   болар   негізгі
бағыттары,  көпшілік  ұйғарымдары,  тәжірибелік  қорытындылары:  шындық  пен
әділдіктен, ақиқаттан айнымау, берген антына берік  болу,  аманатқа  борышты
болмау; ар, ождан тазалығын сақтау, ақыл-ойлы, парасатты  болу,  барлық  іс-
әрекетінен,  сөйлеген  сөзінен,  қарым-қатынас   жасай   білу   қабілетінен,
көзқарасынан  ғибрат  белгісі  көрініп  тұру  қажеттілігі;  аз  сөйлеп,  көп
тыңдау, салмақты сөйлеу,  иманды,  инабатты,  қайырымды  болу,  жас  ұрпаққа
тәрбие беруден жалықпау; рухына кір салмау,  үлкендерді  тыңдау,  құрметтеу,
өз қатарынан кем  болмау,  асып-таспау,  достық  пен  татулықты  сақтау,  ел
берекесін сақтап, оның ырысына үлес қосу т.с.с. Осының  бәрі  деонтологиялық
даярлығын қалыптастыру барысында педагогтың  бойына  дарытуды  қажет  ететін
адамгершіліктік қасиеттер.
Бала тәрбиесi қай  заманның,  қай  қоғамның  болсын  ойшылдары  мен  зерделi
зиялыларының  назарына  кенже  болмаған.  Әбунәсiр  Әл-Фараби,  Қожа   Ахмет
Яссауи,  Асан  қайғы,  Бұқар  жырау  тiл  бiлiмi,   философия,   астрономия,
психология,  педагогика  саласындағы  ғылымның,  мәдениеттiң  дамуына  ықпал
етумен қатар сапалы ұстаздықтың мәнін, мағынасын ашып, қоғам  кеңістігіндегі
орнын көрсете білген.
Бүкіл әлемдiк мәдениетке танымалы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин,  Абай
Құнанбаев, Шәкәрiм  Құдайбердиев,  Ахмет  Байтұрсынов,  Халел  Досмұхамедов,
Мағжан  Жұмабаев,  Сұлтанмахмұт  Торайғыров,  Жүсiпбек  Аймауытов,  Мiржақып
Дулатовтардың еңбектерiнiң ұрпақ тәрбиесiне қосар үлесi өз алдына бiр  төбе.
Онда ұлттық дәстүрдi өз туындыларының негiзгi  арқауы  еткен  педагогикалық,
психологиялық тұжырымдары казiргi заман талабымен үндеседі. 
Заманымыздың көрнекті ақыны, ауыз әдебиетін адамгершіліктің  академиясы  деп
санайтын  Мұзафар  Әлімбаевтың  «Халық  –  ғажап  тәлімгер»  атты   туындысы
ұрпақтың ертеңін ойлаған барша оқырман қауымға, соның ішінде ұстазға  ерекше
арналғаны айдан ашық. Онда «Халық педагогикасы тұрмыс-тiрлiктiң ешбiр  қырын
көзден таса қалдырмайды. Ел-жұрт «үлкеннен - өнеге, iнiден –  iзет»  күтедi.
Үмiт ақталмаса, ел-халық  өкпесiн  де  жасырмайды…өйткенi  «Халық  сынай  да
бiледi, сыйлай да бiледi». Қара жердiң үстiнде тiрлiк еттiң екен –  халықтан
ешнәрсе жасыра алмайсың. Ашық-аян тiрлiк ет: адал бол, еңбек ет,  дос  атан,
дос-жаранды сатпа, дүниеқоңыз болма! Мiне,  қазақ  халқының  қадым  заманнан
бергi адамгершiлiк заңы! Иә, зымыран уақыт  зырлай  берсiн.  «Ақыл  азбайды,
бiлiм тозбайды». Даналықтың алғыр ерлерi де, тәлiмгерлерi де  бiздiң  бiлгiр
ата-бабаларымыз екен ғой!.. Өзiне өзгелердiң  көзiмен  де,  өзi  көзiмен  де
қарай бiлу  –  бiлгiрлiк,  көшелiлiк!  Халық  кереметтей  түйiн  жасап,  жас
өрiмдерге ойдан кетпестей өнеге-үлгi ұсынады[106].
Этнопедагогика мен халық  педагогикасын  оқыту  арқылы  жас  ұрпаққа  ұлттық
тәлiм-тәрбие беретiн мамандар даярлай отырып, егемен  елiмiздiң  мәдениеттi,
еңбекшiл  де  iскер,  бойында   халықтық   бiлiмге   негiзделген   iзгiлiктi
қасиеттерi қалыптасқан «сегiз қырлы бiр сырлы»  ұстаз  тәрбиелеу  –  бүгiнгi
таңдағы басты мiндет.
Халық педагогикасының әртүрлi жақтарын сөз еткенiмiзде,  алдымен  соны  іске
асырар педагог тұлғасына қойылатын  талаптар,  содан  кейін  сол  талаптарға
педагог тұлғасын сәйкестендіру тетігін айқындау мәселесі – қазіргі  заманның
білім беру саласының күн тәртібінен белді орынға ие.
Сонымен нағыз  айтуға  тұрар  ұстаз  болу  үшiн  тек  қана  ғылыми-теориялық
тұрғыдағы   бiлiмдарлықтан   басқа,   асқан    шеберлiкпен,    педагогикалық
технологияны жетiк игеру, жоғары моральды, санасы  кемелденген,  өз  бойында
нағыз белсендi гуманистке сай қасиеттер тәрбиелеуге ынталы мұғалiмнің  халық
педагогикасынан сусындай білуі – іргелі деонтологиялық қасиет. 
Педагог өз  ұжымында  жоғары  этика-деонтологияға  сәйкес  қарым-қатынастар,
зертханаларында, сыныптарда  үлгiлi  психологиялық  ахуал  тудыруға  әрдайым
ынталануы қажет. Мұндай ахуал  жалпы  педагогикалық  ұжымға,  жеке  оқушыға,
мұғалімге өзінің оңтайлы әсерін тигізбей қоймайды. Халықтың «Ұяда не  көрсе,
ұшқанда  соны  істейді»   дегенін   деонтологиялық   тұрғыдан   қарастырсақ,
педагогикалық ұжымның, жеке әрбір ұстаздың оқушыға өнеге  көрсете  алатындай
«ұя» болуы талабын қояды. 
Халық педагогикасының «Адамдықтың нұры бол,  адалдықтың  құлы  бол»  дегені,
педагогикалық деонтологияның ұстаздың адамдығы  мен  ары  ғана  оның  қызмет
барысындағы  іс-әрекеттерінің  бақылау-бағалаушысы  бола  алатынына   сәйкес
ақыл.
Халық педагогикасының бір ғана саласы -  мақал-мәтелдердің  өзінде  бірталай
жоғарыда  айтылған  сабақтастықтың  нышанын  байқаймыз.   Мақал-мәтелдер   –
халықтың моральдық кодексi, тәрбие  қағидасы,  атаның  артындағы  iзбасарына
қалдырған өнегелi  өсиетi.  «Адамға  өткен  дәуiр  бәрi  –  сабақ»  демекші,
заманалар  тәжiрибесiнен  сұрыпталған  тұжырымдар  кейiнгi   ұрпаққа   кiтап
көзiндей аса қымбат болғаны да, болатыны да осыдан.
Мақал-мәтелдер болып кең таралған халықтың  ақыл-өсиеті  педагог  тұлғасының
деонтологиялық дайындығының барлық компоненттеріне қатысты.  Олар  педагогты
өзіне-өзі сыншыл болуға, қызмет барысында ізгі ұстанымдарға жүгінуге,  өзін-
өзі басқара білуге,  өзін-өзі  жетілдіре  білуге  т.с.с.  кәсіби  шеберлікке
қажетті қасиеттерге жетелеуге бағытталған.
Әдебиеттері:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление
в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н.
Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. –
2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 

6.Тақытып. Ұстаздың деонтологиялық даярлығының мәні мен мағынасы. (2  сағат.
11-12 апта)
Мақсаты: Болашақ маманның білім, ептілік,  дағды,  құзырлығымен  қатар  оның
деонтологиялық даярлығын қалыптастыру 
Жоспар:
Ұстаздың деонтологиялық сана-сезімін сипаттайтын жалпы көрсеткіштер
Қазіргі қоғамда аталған өзгерістермен қоса, рухани құндылық орнына
біртіндеп материалдық құндылық басымдылық танытып келе жатқаны байқалады.
Мұның дәлелі ретінде соңғы кезде қаржылық мәселелер адам өмірі мен
денсаулығынан, тіпті бас бостандығынан да жоғары қойылып жүр, мәселен:
қалтасы қалың науқас адамнан айырылып қалмас үшін жалған диагноз қоятын
немесе тым қымбат дәрілерді жазып беретін дәрігерлерді кездестіруге болады;
көлемді қаражат алу үшін белгілі бір оқиғаны «қажетке сай» өңін айналдырып
жазып, қоғам арасына іріткі салатын тілшілерді (журналист) де кездестіре
аласыз; білім беру кезінде репетиторлық қызмет көрсетіп, арнайы қаражат
табу мақсатында кей материалдарды жартылай ғана оқытатын мұғалімдер де
табылады; көлемді пұл алу үшін дәулетті адамның өтініші бойынша дені сау
адамды «психикасы бұзылған науқастарды емдеу» орнына жіберетін психологтар
бар; мемлекет тарапынан қаржыландырылатын әлеуметтік жобалардан ақша
түсірудің жолдарын табатын әлеуметтік қызметкерлер де болады. Ең қауіптісі,
аталған мамандар еш арланбайды да, оларға тәртіп сақтау қызметкерлері де оң
қабақ танытады, өйткені өздері де бұл тұрғыдан осал емес. 
Сондықтан бүгінгі күні мамандарды даярлаудың мазмұны мен технологиясын
түбегейлі өзгерту өзекті мәселеге айналды, әсіресе «адам-адам» жүйесіндегі
мамандарды даярлаудың кәсіби білім беру жүйесін қайта құру қажет. Болашақ
маманның білім, ептілік, дағды, құзырлығымен қатар оның деонтологиялық
даярлығын қалыптастыру - кезек күттірмес мәселе. Яғни, кәсіби білімнің аса
маңызды құрамдас бөлігі ретінде деонтологиялық санасын тәрбиелеу болашақ
мамандардың кәсіби біліктілігінің маңызды көрсеткіші бола алады. Сонда ғана
студент грант пен ата–аналар қаражатын қандай «тауарға» жұмсау керек екенін
білетін болады, яғни сессияны «ақша беріп жабу» арқылы бір нәрсеге екі рет
ақы төлеп, еш пайда ала алмағанын түсінеді. Керісінше, әрбір оқытушыдан,
профессордан мүмкіндігінше көп білім алуға тырысады, олардың білімдендіру
еңбегіне сын тұрғысынан талап қояды. Яғни, студенттің деонтологиялық
даярлығын қалыптастыру кәсіби білім беру жүйесінің саналы тұтынушысын
тәрбиелеуді көздейді, іске асырады.
Сонымен, «адам-адам» жүйесіндегі маман даярлауда батыл бетбұрыс керек.
Бұл әрекет ұстаз тұлғасын қалыптастыруда әсіресе маңызды. Өйткені ұстаз –
болашақ ел иелерін тәрбиелеу ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Көптеген
азаматтық қасиеттердің адам бойына ұялауы мектеп ұстаздарының жұмысымен
ажырамас байланыста. 
Бүгінгі күні бүкіл адамзат қауымы алдында бұрын болмаған, бүкіләлемдік
ауқымды проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану,
қоғамдық және әлеуметтік даму, кейбір мемлекеттер мен аймақтардың артта
қалуын жою, ғылыми-техникалық алға басу, халық ағарту және мәдениет
проблемалары, халық санасын өсіру, денсаулық сақтау, адамның жаңа
биологиялық, әлеуметтік жағдайларға бейімделуі, қор мен энергетика, азық-
түлік пен табиғат және т.б. күрделі мәселелер бар. Адамзаттың қазіргі
жағдайы, оның болашағы осы мәселелердің ұтымды шешіміне тәуелді. Ал осының
бәріне мұғалім тұлғасы сипатының қатысы бар.
Ұстаз неғұрлым ел, отан, халық алдындағы борышын саналы өтеуге ынталы
болса, соғұрлым оның еңбегi елге жан-жақтан пайдалы болатыны күмән
тудырмайтын айғақ. 
Осыны түйiндей келе, өз iсiне шебер, парыздылық санасы жеткiлiктi дамыған
педагог қызметiнiң тiкелей педагогикалық нәтижесiмен бірге едәуiр саяси-
экономикалық, әлеуметтік нәтижесi де бар деп айтуға болады. Оның негізгі
міндеттері – шәкірттеріне әлем туралы ғылыми түсінікті сіңіру, оқушыларды
өз бетінше және шығармашылықты ойлауға баулу, ғылыми таным тәсілдерін
меңгерту, өміршеңдіктерін арттыру, т.б.
“Өмір сүру, – деп жазды С. Экзюпери, – демек, баяу өсіп-өну. Мұғалім біздің
үмітімізді және біздің, қоғамымыздың болашағын үйлесімді тәрбиелеуге тиіс.
Мұғалім балаларға әлем мәдениетін таныстыра отырып, шын мәнінде, бақыт
негізін қалайды” – деп, ал К. Г. Паустовский “Бақыт білімпазға келеді.
Білімді әрі тәрбиелі адам ғана көре алатын жер көркін надан адам еш уақытта
көрмейді” – деп, мұғалімнің шеберлігіне болашақтың бақыты тәуелді екенін
білдіреді.
Ұстаздың кәсiптiк санасының өзгеруiне, әдеп жүйелерiн сұранысқа сәйкес
құрауына мәжбүр ететін сана-сезімнің қозғауы олардың деонтологиялық
даярлығына, деонтологиялық әлеуетіне және сыртқы түрткі болған жағдайлар
мен әлеуметтік сұраныстың ықпалына байланысты
Алайда, болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығының ғылыми-педагогикалық
негізін айқындауда қарастырылған іргелі ғылыми жұмыстарда деонтология
педагогикалық мәселе ретінде арнайы зерттелмегені байқалды. Бірақ,
педагогиканың баяғыдан топталып айтылып келе жатқан этикалық мәселелерi
заман талаптарына сай «педагогикалық деонтология» деп, қайта жаңғырып жаңа
мазмұндалып келе жатқаны хақ. 
Олардың белгілері:
- біріншіден, баланың жан дүниесiне зиян келтiрмей әсер ету тақырыбына
арналған көптеген ғылыми, ғылыми-публицистикалық еңбектер (В. А.
Сухомлинский, Ю. П. Азаров, “А. А. Дубровский, В. С. Ротенберг пен С. М.
Бондаренко, В. И. Слуцкий В. Ф., Шаталов, Ш. А. Амонашвили, т.б.)
педагогикалық деонтологияның “Зиян келтірме!” ұстанымының көкейтестілігі
күннен күнге асуда екенін дәлелдейді; 
- екiншiден, педагогикалық деонтологияға қазiргi кезде асыра көңiл
бөлiнуiне себепкер болған, өзектілігін түсiндiретiн әлеуметтік жағдайлар,
атап айтсақ: 
1) заманымыздағы болып жатқан көп өзгерiстердiң iшiнде адамның денсаулығына
деген назардың өсуі. Әсіресе баланың жан саулығына, тән саулығына деген
көзге түсер қоғамдағы бетбұрыс, денсаулық технологияларын көздеген
мектептер, балабақша, жазғы сауықтыру орталықтарының санының өсуі, т..с.с.
Денсаулықтың арқауы салауатты өмiр салты дер болсақ, ол өзі адам бойындағы
күнделiктi тыныс тiршiлiгiнен байқалатын ақыл-ой парасаты, сезiм, қимыл-
қозғалысы, жүрiс-тұрысы, мiнез-құлқы сияқты тағы басқа жоғары деңгейдегi
саналы қасиеттi көрсететiн тұлғаның өмiр сүру үдерісінің көркем бейнесi.
Олай болса, мұғалiмнiң кәсiптік сауаттылығына, жалпы салауаттылығына, оның
қарым-қатынас құру мәнерiне өзiнiң және оқушының денсаулығы тәуелдi
екендiгi күмән тудырмайды; 
2) өмiр шарттарының өзгеруіне, құндылықтардың ауысуына байланысты
мемлекеттiң, әлеуметтiң, ата-ананың мектепке, мұғалiмге қоятын талабының
жоғарылауы;
3) халықтың ақпараттану мүмкiншiлiгiнiң өсуi. Заман талабы бойынша жарық
көрiп жатқан ғылыми еңбектер, жаңадан ашылып, iзгiлiктi жұмыс iстеп жатқан
әртүрлi оқу орындары, ондағы ұстаздардың мамандыққа сай парыздарын өнегелi
еңбек ету арқылы өтеуiнiң үлгiлерi туралы радиохабарлар, телекөрiнiстер,
газет, журнал бетiндегi мақалалар бiлiм беру сапасына деген белгiлi бiр
жоғары эталонды сұраныс қалыптасуына жетелейдi. Мұғалiмдердiң iс-
әрекетiндегi деонтологиялық факторлардың рөлiн “керi” ақпардың әсерi де
айқын көрсетедi. Мысалы, жалпы бiлiм беру саласындағы, соның iшiндегi жеке
мектептер тұрмыс-тiршiлiгiндегi жiберiлген түрлi олқылықтарға байланысты
шағым хаттар, сыни мақалалар, радио-теле-хабарлар өз әсерiн қалдырмай
қоймайды. Халық пiкiрi, қай кезде болсын, мекеменiң, ұжымның жұмысының
нақтылы көрсеткiшi. Педагогтар ұжымындағы мұғалiмдердiң балаға деген
сезiмталдығы, ақ ниеті, кiшiпейілдiлігi – олардың деонтологиялық
мүмкiншiлiктерiнiң ең маңызды белгiсi. Мұның бар-жоғы халық пiкiрiнде
көрініс табады;
- үшіншіден, педагогикалық деонтология қағидаларының мазмұны мен қолдану
әдiстемесiндегі ерекшелiктерді бiлiм беру саласының әртүрлi объектiлерiнде
ескеру қажеттілігі. Мысалы, балабақшада, бастауыш мектепте, орта мектепте,
жоғарғы оқу орындарында заман өзгерiстерiне сай жаңа талаптарды ескеру
мүмкіндігі әртүрлі. Сондықтан педагогикалық деонтологияның қолдану
объектісіне байланысты ерекшелiктерi ескерiлген ғылыми iзденiстердің
қажеттігі туындайды.
Қазіргі уақытта әлеуметтік және рухани өмір саласында, сонымен қатар білім
беру саласында да қайта құрулар жүріп жатыр. Білім берудің болмысына бүкіл
адамзаттың болашағы тәуелді. Осыған байланысты педагогикалық мамандар
даярлауға, соның ішінде ұстаздың кәсіби қызметті жүргізуге даярлығын
қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде.
Психологиялық-педагогикалық әдебиетте «педагогикалық қызметке даярлық»
(«ұстаздың кәсіби дайындығы») біржақты қарастырылмайды.
Н.Н.Никитина және Н.В.Кислинская ұстаздардың кәсіби даярлығының екі түрін
ерекше атап көрсетеді: 
- теориялық даярлығы, яғни жалпы мәдени, ғылыми, арнайы, психологиялық,
педагогикалық білім жүйелерін тиесілі меңгеру; 
- тәжірибелік даярлығы, яғни іскерлігі мен қабілеті мамандық
сипаттамасындағы талаптарға сай болуы.
Д.Н.Узнадзе бұл түсінікті субъектінің қандайда бір қажеттілікті
қанағаттандыру үшін пайда болған психологиялық күйі ретінде қарастырады.
Оның айтуы бойынша «...даярлық – бұл субъекттің барлық мінез-құлықтық
белсенділігінде анықталатын міндеттің белгісі болып табылады» [62].
М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович іс-әрекет кезінде адамның тұрақталған жеке
ерекшелігі ғана емес, (сендіру, көзқарастары, мінездің ерекшеліктері және
т.б.), сонымен бірге осы қызметтің түріне байланысты жағдаятқа сәйкес
психологиялық күйі де көрінеді деп нақтылайды. Ғалымдардың айтуынша, кәсіби
қызметке даярлық - жеке тұлғаның белгілі бір уақыт аралығында сапалы қызмет
атқару мүмкіншілігіне себепші икемділігі, соған сәйкесті санасының сипаты,
мінез-құлқы. [63]
Н.Д.Хмель зерттеулерінде ұстаздың қызметке даярлығын уәждік, жеке-даралық,
мазмұнды және үдерісті компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырады [64].
Л.В. Занина, Н.П.Меньшикова тұлғаның кәсіби даярлығына былай сипаттама
береді: «Өзінің еңбек және кәсіби жолын таңдауға даярлығы, өзінің
қызығушылықтарын, жеке тұлғалық, жеке дара психологиялық ерекшеліктерін
түсінуі» [65].
В.А.Сластенин педагогикалық қызметке кәсіби даярлықты «ұстазға бір жағынан
- психологиялық, психофизиологиялық және физиологиялық даярлығына, ал
екінші жағынан – ғылыми-теориялық және тәжірибелік даярлығына қойылатын
талаптар жиынтығы» ретінде анықтайды [66].
«Әлеуметтік педагогика сөздігінде» қандайда қызмет түріне кәсіби даярлықты
«өзін белгілі кәсіби қызметке қабілетті және дайындалған, оны мақсатты
орындай алатын жеке тұлғаның субъектілік күйі» ретінде қарастырады [61].
Қорыта келе, болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығының әртүрлі
аспектілерін ашатын, «ұстаздың кәсіби даярлығы» түсінігінің бірталай
сипаттамалары мен ұстаздың кәсіби дайындық мәселесін зерттеудің көптеген
тәсілдері бар. Оларды төмендегідей екі топқа бөлуге болады: 
   1. жеке–тұлғалық сапалармен сипатталатын дайындық ретінде қарастырылатын,
      қызметінің ерекшелігіне негізделген тұлғалық даярлық;
   2. мамандығына сәйкес іс-әрекетке қажетті психиканың мүмкіндігін
      жұмылдыра алу ептілігінде көрініс табатын қызметтік даярлық;
Әдебиеттері:
1. 1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в
употребление в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н.
Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. –
2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 

7.Тақытып. Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығының құрылымы.  (2  сағат.
13-14 апат)
Мақсаты: Ұстаздың кәсіби қызметінің деонтологиялық аспектілері күрделі  және
көпжақты, олардың өзара сабақтастығы  әлеуметтік-психологиялық  факторлармен
түсіндіріледі. 
Жоспар:
   1. Балаға деген сүйiспеншiлiк.
   2. Педагогтың кәсiби парыздылық сана сезімі мен жауапкершілігі
   3. Ұстаздың өзiн-өзi әрдайым жетiлдiруге дайындығы
   4. Әділдік.
   5. Сапалы сөйлеу икемділігі.
   6. Ұстаздың деонтологиялық даярлығының тұлғалық компоненті. 
«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсіне білетін, көреген,
естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадыда жақсы сақтайтын, … еш
нәрсені ұмытпайтын…, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.., мейілінше шешен, өнер-
білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын,
дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене
қарайтын, табиғатынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, жақындарына да,
жат адамдарына да әділ.., жұрттың бәріне өз білігінше жақсылық пен ізгілік
көрсетіп…, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы
керек…» деп, ғұлама ойшыл Әл-Фараби ұстаз тұлғасына деген талапты
көрсеткен.
Қазақтың хәкімі Абай Құнанбайұлы ұстаздық еткен адам тұлғасына көп көңіл
бөліп, олардың біліктік мінездемесі мыналардан құралады дейді: 
«1)батыл; 2) жарылқаушы (өзіңді және өзгені); 3) мейірімді; 4) сүйікті; 5)
кешіруші; 6) қорғаушы; 7) айыпты жабушы; 8) қызық беруші; 9) пайда беруші;
10) басқарушы; 11) кірсіз, жаны таза; 12) негізі бар; 13) күнәсін біліп,
оны тазарта алушы және т.б.. Мұнда Абай жалпы ғылымнан қуат алған
ізгілікті, парасатты адамның тұлғалық моделін жасаған» [106].
«Әр баланың жүрегіне жол тап, біреуін жылы сөзіңмен баура, екіншісіне сәл-
пәл қатаңдау бол, үшіншісіне әлденені өзің жасап көрсет, … әр балаға
нақтылықпен қара» деп халық педагогикасы да ұстазды міндеттейді.
Қоғам өз үмiтiн, өз болашағын тапсырған адамда қандай қабiлеттер болуы
тиiс? Педагогикалық қызметтiң табысты өтуiн қамтамасыз ететiн мұғалiмнiң
мiнезiнде қандай қасиеттер, тұлғасында қандай қабiлеттерi мен моральдық
көрсеткiштерi болуы керек? Ел арманын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн,
мектептің мұрат-мұқтаждығын iске асыратын мұғалiм ненi бiлу керек? Неге
парыздану керек? 
Ұстаз қандай болуы керек? – деген сұраққа жазушы, қоғам қайраткері,
Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеев төмендегідей пікір
білдірген екен. « Менің ойымша:
    • біріншіден, ол теорияны жақсы меңгерген, ұдайы оқып, өзінің идеялық-
      саяси білім, мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болуы керек;
    • екіншіден, өзінің педагогикалық мамандығын жақсы көретін, осы
      мамандықтың жетіле беру жолында арымай-талмай еңбек етіп, ұдайы
      ізденіп, педагогика ғылымын тереңдей зерттеп отыратын адам болуы
      қажет;
    • үшіншіден, өзі сабақ беретін пәнді толық меңгерген, сонымен бірге
      ғылымның әр саласынан көп хабары бар, жан-жақты білімі бар, мәдениетті
      болуы қажет;
    • төртіншіден, ол өзінің әрбір оқушысының ерекшелігі мен зейінін жақсы
      білетін, балаларды, өз оқушыларын жақсы көретін, оқыту әдісін жетік
      білетін болуы қажет;
    • бесіншіден, өз оқушыларымен тығыз байланыста, олармен дос, олардың
      қойған тілектеріне көңіл қойғыш, сұрауларына түсінікті жауап бере
      алатын, мұң-мұқтажына ұдайы көңіл бөліп отыратын қамқор болуға тиіс;
    • алтыншыдан, өз оқушыларына қатаң талап қоя отырып, сол талаптарын
      орындатқанда, оны жақсылап ұғындыру арқылы, барлық істегі саналылығы
      мен ұқыптылығы, мәдениеттілігі мен үлгілілігі арқылы орындатып
      отыратын болуы қажет; 
    • жетіншіден, оқытушы керек болған жағдайда, жаза тарттыра отырып, бұл
      шараны балалардың, оқушының тәртіпті болуын, жақсы тәлім-тәрбиелі және
      саналы болуын көздеп жүргізетін адам болуы қажет. 
Қорыта келгенде, оқытушы өзінің сырт бейнесі арқылы да, оқытушылық ісі,
адамгершілік қасиеті арқылы да, балалармен достық қарым-қатынас ұстауы
арқылы да, өз оқушыларына ақылшы, тәрбиеші болу арқылы да үлгі болу керек.
Сонда ғана ол оқушылардың алдында беделді болады”[107]. 
Педагогикалық деонтология тақырыбына өзінің бірталай еңбектерін арнаған
педагог-ғалым К.М. Левитан өз зерттеулерінің қорытындысы бойынша ұстаздың
тұлғалық сапасын деонтологиялық тұрғыдан анықтайтын қабілеттер иерархиясын
төмендегідей қылып құрастырған: 1) өз пәні бойынша жоғары деңгейлі білімі;
2) сол білімдерін, дағдыларын оқушыларға жеткізе білуі; 3) талап ету
ептілігі; 4) оқушыны өз пәніне қызықтыра білуі; 5) жалпы эрудициясы; 6)
тілектестігі; 7) әдептілігі; 8) қызықты сабақ ұйымдастыра білуі; 9)
мамандығына деген сүйіспеншілігі; 10) шыдамдылығы; 11) балаларды түсіне
білуі; 12) балаларға деген сүйіспеншілігі; 13) әділеттілігі; 14) өзін-өзі
жетілдіруге ұмтылысы; 15) әзіл-оспақты түсіне білуі; 16) техникалық оқу
құралдарын қолдана білуі; 17) ұстанымдылығы (принципшілдік); 18)
ашықтылығы; 19) жақсы мұқамы (дикция – сл. І том); 20) еңбексүйгіштігі; 21)
сабырлығы; 22) артистігі; 23) музыкалық қабілеттері; 24) сабақтан тыс
жұмысты ұйымдастыра білуі; 25) эмоционалдығы; 26) адал ниеттілігі[104]. 
Карл Роджерс ұжым басқаратын тұлғаның төмендегідей ерекшеліктерін іріктеп
алған: жеке тұлғалық конгруэнттігі (сәйкестігі); рефлексиялық қабілеті (өз
басының және басқа адамның тәжірибесін ескеру); эмоционалды сензитивтілігі
(сезімділік); эмпатиялығы (жанашырлық, түсінушілік); ой мен сезімдерін
білдірудегі айқындығы және өздігінен болдыра білуі[60]. 
Сонымен ғалымдардың бір бөлігі мұғалімнің оқушыға деген сүйіспеншілігін,
баланы жақсы көру сезімін асыра айтса, екіншілері, ұстаз сипатының ең
алдыңғы қатарында кәсіби парыздылық сезімі болу керек деп санайтындығы
байқалады.
Келтірілген ой-пікірлерді талдай келе педагогикалық деонтологияға сәйкес
ұстаздың мiнез-құлқының негiзгi iргелi қасиеттерi және iс-әрекет стилi,
педагогтық реңкi туралы үш пiкiрге тоқталдық:адамсүйгiштiк (соның ішінде
әсіресе балаға деген сүйiспеншiлiк), парыздылық сана-сезiмi (әділдік,
парыздылық пен жауапкершілік), бiлiмге, өзіндік ізденіске, өзін-өзі
жетілдіруге деген ұмтылыс. Осы үшеуін ең негiзгiсi деп бөлмей, бәрi бiр
деңгейде қарастырылғанын жөн деп санаймыз, яғни, адамсүйгiштiк те, бiлiмге
деген мәңгiлiк құштарлық та ұстаз парыздылығы деген қасиетке саяды. Соларға
қысқаша тоқтала кетейік.
^ 1) Балаға деген сүйiспеншiлiк. Балаға деген сүйiспеншiлiк мұғалiмнiң iс-
әрекеттiнде, оқушыға тәлiм-тәрбие беруге арналған түрлi шараларда,
қылықтарында көрiнiс табу керек. Ұстаздық сүйiспеншiлiктiң дәл осы тұсын
арнайы айтып кеткен жөн. Оған жалпы адамсүйгiш, инабатты, сезiмтал болуымен
қатар, өзiнiң алдына келген оқушыға сол сезiмдi дарыта алуы өте маңызды.
Мұғалiмнiң кейбiр оқушыларға асқан сүйiспеншiлiктi бiлдiруге, кейбiреуiн
жек көруге, басқаларына немкұрайдылықпен қарауға құқысы жоқ. Ұстаздық
сүйiспеншiлiктің бәрiне бiрдей болуы да мүмкiн емес, бiрақ бәрiне бiрдей
сүйiспеншiлiктi бiлдiру - оның ұстаздық парызы. 
^ 2) Педагогтың кәсiби парыздылық сана сезімі мен жауапкершілігі. Бұл екеуі
ұстазға ауадай қажетті қасиеттер. Парыздылық пен жауапкершілікті түсіне
білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің дәрежесі байқалады, оның
қылықтарын жаман, жақсы, иманды, имансыз деп бағалау туады. Парыздылыќты
сезіну, оны орындау ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл
мен сезім тұрғысынан жақсы, жаман деп бағалау ар мен ұятқа келіп тіреледі.
Өз қылығының дұрыс, бұрыстығын түсіне білу – адамға үлкен қуаныш шабыт-
жігер, қанағат әкеледі. Кісінің өзіне орынсыз тағылған жала, өсек-өтіріктің
бекерлігіне қарсы күресу сезімі артады. Адам өзінің парызы мен
жауапкершілігіне үйлеспейтін қолайсыз қылық көрсетсе, мұнысы тәрбиелі
кісінің жанына мықтап батады, оның арына тиеді, тіпті ой-санасынан кетпей
қояды. Мұндайда ақыл мен арды ерекше қастерлей білетін адам жіберген
қателігін тез түзетуді ойластырады, қашан ары тазарғанша дегбірсізденіп,
жаны тыным таппайды[15]. 
Басқа мамандықтағы адамдарға қарағанда ұстаздың кәсіптiк парыз сезiмi
кемелденген және ерекше кәсіптік деңгейге дейiн машықталған, тәрбиеленген
болу керек. Парыздылық мiндет ұстаздан асқан дәлдiктi, барлық iстерiнде
ұқыптылықты, iскерлiктi, жауапкершілікті талап етедi. 
^ 3) Ұстаздың өзiн-өзi әрдайым жетiлдiруге дайындығы. Ұстаздың өзiн-өзi
әрдайым жетiлдiруге дайындығына қажымай-талмай бiлiмдерiн толықтыру,
дағдылар мен машықтарын дәлдендіру, өзiнiң сыртқы көрiгiне көп көңiл бөлу,
т.с.с. саяды. Яғни бiлiмiн толықтыруға, әрi қарай оқуға, өзiн жетiлдiруге
жалыққан мұғалiм, ұстаздық етуден қалады, бұл қатты айтылған сөз болса да,
шындығына дәлел болатын кейбiр жағдайларға тоқтала кетейiк: 
    • заман ағымы жыл сайын демеймiз, күн сайын адамдарды өзгертедi, ал
      бала, қорғасын сияқты, заманның өзгеруiне өте бағынышты екенi
      белгiлi; 
    • психология, педагогика ғылымдарында технологиялық, теориялық
      жаңалықтар желiсi үдеу алып келедi;
    • қоғамда, мемлекетте, әлемде болып жатқан даму өзгерiстерден
      ақпараттану екпiнi асуда, т.с.с. 
   Ұстаз осының бәрінен хабардар болып, өзінің соларға қатысын
   қалыптастырып, оқушылардың болашағына ұтымды әсер ете білуі қажет.
   Сондықтан ұстаздың өзiн-өзi әрдайым жетiлдiруге дайын болуы – оның µте
   мањызды кәсіптік міндеті.
   Ұстаздың өзін-өзі танып білуінің кепілі оның деонтологиялық даярлығы
   екенін төмендегідей көрсеткіштері дәлелдейді: 
    • өзiн-өзi танып бiлуінің мән- мағынасын ашып, әдістерін игеруге
      ынтасы; 
    • өзiнiњ деонтологиялық даярлық бейнесiн жобалаудың жолдарын білуі; 
    • өзiнiњ мінез-құлқына, iс-ќылыѓына талдау жасау әдіс-тәсілдерін игеріп,
      рефлексия жасауға дағдылануы; 
    • өзiн-өзi танып бiлуінің педагогикалық жағдаяттарды ұтымды басқаруға
      септілігін айқындай білуі; 
    • басқаны өзіне сендіру өнеріне үйрене білуі;
    • өзiн-өзi жетiлдiру, өзiн-өзi басќару, жігерлендіру әрекеттерінің
      теориялық негіздерін білуі;
    • өздігінен білімін жетілдіруді жобалап, жоспарлау үлгілерін талдап-
      таразылауы;
    • өзін-өзі тәрбиелеуді жобалап, жоспарлау үлгілерін талдап-таразылай
      білуі;
    • оқушыны, тәрбиеленушіні өзін-өзі танып-білуге үйретудің әдіс-
      тәсілдерін игеруі; 
    • өзін-өзі танып-білу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасай білуі т.б 
4)  Әділдік.  Ұстаз  қызметінің  ерекшелігі  сонда,  ол  қашанда  бір  шешім
қабылдап,  біреуді  мадақтап,  екіншіні  даттап   жатады.   Сондықтан   адам
баласының ең аяулысы ары мен мұраты,  әділдікті  бойына  сіңіру  -  ұстаздық
парыз. Әділдіктің мағынасы туралық, дұрыстық, шындық дегенді  білдіреді  де,
одан таю, яғни әділдікке жатпайтын іс істеп, қиянат жасау, біреудің  обалына
қалу жазықсыз жапа шектіру болып шығады. Сондықтан әділдік адамның  ең  асыл
қасиеті, адамгершіліктің, әдеп-инабаттың негізі болып саналады.
^ 5 Сапалы сөйлеу икемділігі.
Оқыту барысында  оқушылардың  ойлау,  сөйлеу  әрекеттерiнiң  даму  процесiне
мұғалiмнiң  қолданатын  сөздерi,  сөйлеу   мәдениетi,   мұқамы,   техникасы,
шапшаңдығы, сөздерiнiң  әсерлiгi,  бейнелiлiгi,  қарқындылығы  шешушi  ықпал
ететiндiгiн назардан тыс қалдыруға болмайды. Мұғалiмнiң  ауызекi  сөйлеуi  -
оның  кәсіби  шеберлiгiнiң  өте  маңызды  элементi  және  педагогикалық  iс-
әрекетiнiң негiзгi құралы. Балаға әсер етудiң негiзгi үш  құрылымдық  бөлiгi
бар: жұқтыру, елiктету, сендiру. Осылардың бәрi  мұғалiмдердiң  тiл  меңгеру
деңгейiмен тiкелей  байланысты.  Сондықтан  оқушылардың  сөйлеуiнiң  дамуына
мұғалiмнiң өзiнiң сөйлеу мәдениетiнiң әсерi өте зор. 
Осыны ескере  отыра,  әр  мұғалiм  өзiнiң  сөйлеу  қабiлетiн  қажымай-талмай
жетiлдiру жолында қыруар жұмыс атқару керек. Бұл iсте елеулi  көмекшi  құрал
бола алатын Л.И.Рувинскийдiң редакциясымен  “Педагогика”  баспасынан  шыққан
“Учителю  о  педагогической   технике”,   Б.Ц.Бадмаев   пен   А.А.Малышевтың
“Психология обучения речевому мастерству”,  М.  Балақаевтың  “Тiл  мәдениетi
және қазақ тiлiн оқыту”, Т. Қордабаевтың  “Жалпы  тiл  бiлiмi”  т.с.с.  атты
әдебиеттер.
Сонымен қатар мұғалiм сыныпта тіл ұстартудың мәнi  туралы  әңгiме  жүргiзiп,
сабақ сайын оқушының сөйлеу мәнерiн тасадан тыс қалдырмай,  дұрыс-бұрыстығын
байқап, жiберiлген теориялық, грамматикалық, стилистикалық қателерге  саналы
көңiл бөлуге, бiртiндеп оқушыларға өз қателерiн өздерiне  тапқызып  түзетуге
үйретуге жалықпауы керек. Осы қасиеттер ұстаздың деонтологиялық  даярлығының
тұлғалық компонентінің негізін құрайды, сондықтан оларға  аса  көңiл  бөлiну
қажеттiлiгi күмән тудырмайды. 
Қорыта келгенде, мұғалімнің  деонтологиялық  қасиеттерін  дамыту  үшін  және
оған өзін-өзі тәрбиелеуге  қолайлы  жағдай  жасау  үшін  «идеал»  мұғалімнің
үлгісін жасау қажеттігі туады. Осы  мүддеге  жоғарыда  келтірілген  педагог-
ғалымдардың зерттеулері  арналғанын  көрдік.  Әртүрлі  зерттеулер  нәтижесін
жинақтай  келгенде  «идеал»  мұғалімнің  үлгісі  мен   «орташа»   мұғалімнің
үлгісінде  көп  айырмашылық  көрінбеді.  Айырмашылық  тек  мұғалімдерде  сол
қабілеттердің табысты жұмыс  істейтіні  айқын  көріністе  болуы,  ал  орташа
күйде жұмыс істейтін мұғалімде солғын болуы.
Оның себебін біз  төмендегідей  анықтадық:  мұғалімдердің  бар  қабілеттерін
табысты жұмыс істетушідеонтологиялық әлеуетінің әр мөлшерде болуы.
Бұл жерде әлеует (потенциал) (лат. Potentia – күш,  куат)  –  жасырын  түрде
бар болып,  белгілі  бір  жағдайларда  байқалатын  мүмкіндіктер,  қабілеттер
жиынтығы ретінде  қарастырылады[109].  Деонтологиялық  әлеует  анықтамасынын
төмендегідей нұсқасын ұсынамыз: деонтология  ұстанымдарын  басшылыққа  алып,
әрекет жасауға мүмкіндік беретін,  жасырын  түрде  бар  болып,  белгілі  бір
жағдайларда байқалатын қабілет-қасиеттер жиынтығы.  Ұстаздың  деонтологиялық
әлеуеті  дегеніміз  –  алдарына  келген  оқушыларға  қатысты   педагогтардың
құқылық, кәсiптiк, моральдық  мiндеттерi  мен  тәртiп  ережелерiн  сақтауға,
белгілі бір жағдайларда байқалатын мүмкіндіктері  мен  қабілеттер  жиынтығы.
Ұстаздың деонтологиялық әлеуеті  -  оның  деонтологиялық  даярлығының  басты
көрсеткіші, тұлғалық қасиеті. 
Ұстаздың   деонтологиялық   даярлығының   құрылымы   төмендегідей    негізгі
компоненттерден тұрады: тұлғалық, ақпараттық-теориялық, іс-әрекеттік.
Ұстаздың деонтологиялық даярлығының тұлғалық компоненті. 
С. А. Рубинштейн «тұлға тұтастығы дегеніміз – оның құрылымының бірлігі  және
тұтастықтың негізі болатын жүйелi қасиеттері»[75],– деп санаған.
В.А.Сластенин,  В.П.Битуев,  Л.М.Фридман,  Б.М  Теплов  пікірлері   бойынша,
педагог тұлғасының құрылымында  бұл  рөлді  кәсіби  педагогикалық  бағдарлық
атқарады.  Сондықтан  кәсіби-педагогикалық   бағыттылық   пен   жалпы   және
педагогикалық қабілеттер «жеке тұлғалық компонентінің» құрылымдық  бөліктері
болып алынды.
Кәсіби-құндылық бағдарда бекітілген ұстаздың  педагогикалық  қызметке  деген
көзқарас  жүйесі  –   кәсіби-педагогикалық   бағыттылығының   негізі   болып
табылады.
Тұлға сапасы – даратүрдің (индивид) мінез-құлқында, жүріс-тұрысында  әртүрлі
жағдаяттарда ұзақ уақыт бойы қалыптасып, іс-әрекетте білінетін сипат. 
Әдебиеттері:
1. 1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в
употребление в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н.
Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. –
2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 

8.Тақытып. Болашақ  ұстаздардың  деонтологиялық  даярлығын  қалыптастыру  (1
сағат. 15 апат)
Мақсаты: Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруды жеке тұлғаның  сан
қырлы білім алып, тәрбиеленуі тұрғысынан қарастыру.
Жоспар:
   1. Ұстаздың деонтологиялық дайындығы
   2. Жас педагогтардың мемлекеттің, халықтың алдында беретін антының жобасы
   3. Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың әдістері
Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру түсінігіне негіз болатын
ойшылдардың ақылдарын келтіре кетейік. Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын
тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше
күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың әйгілі ойшыл
философы Әл-Фараби болды. Әл-Фараби «Бақытқа жету жолына меңзеу» деген
тамаша еңбегінде кісінің жан дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық
тұрғыдан зор білгірлікпен жан-жақты да, терең зерттеп, талқыға салады.
Мұнда Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт – әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен
игілік. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи
қабілеті бар. Ол: а) ерекше жаралған дене құрылысы; ә) жан құмарлықтары; б)
ой парасаты. Бұл қабілеттер өзінен-өзі табиғат тудырған қалпында бақытқа
жеткізбейді. Бірде түгелдей жақсылық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше
болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқтықты жеңудің жолы – аталған үш қабілеттің
әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, терісін оңдап, дұрысын ілгері
дамыту, сол арқылы адамның мінез-құлқы мен ой-парасатын оларды саналы түрде
үнемі дұрыс нәтиже тудыратын дәрежеге көтеру. 1Мұны іске асыру, бір
жағынан, адамның өзіне байланысты болса, екінші жағынан арнайы тәрбиеге
тәуелді. Сонымен Әл-Фарабидің бұдан мың жылдан бұрын айтылған кемеңгерлік
ойлары бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ дей отыра, біз оларға ұстаздың
деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісі негізделеді демекпіз. 
Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруды жеке тұлғаның сан қырлы
білім алып, тәрбиеленуі тұрғысынан қарастыруға болады. Мұндай білім алу
парыздылық сана сезім, таным және ерік үдерістерінің нәтижесі болып
табылатын парыздылық месел (уәж) мен кәсіптік мінез-құлық тәсілдерінің
синтезімен, болашақ ұстаздың мінез-құлқындағы кәсіптік деонтологияға деген
тұрақты көзқарасымен; өзін-өзі икемдеу, жетілдіру көрінісімен сипатталады. 
С.И.Ожеговтың «Толковый словарь русского языка» кітабында «қалыптастыру»
термині «белгілі бір түрге келтіру, аяқтау» деген мағынаны береді. [87].
Ш.Т.Таубаеваның айтуындай бұл түсінік тар мағынада (даму үдерісі мен
нәтижесі), белгілі шекке дейінгі кең мағынада (қалыптасу үдерісі)
пайдалануына қарамастан, педагогикада әлі де болса қалыптаспаған
педагогикалық категория [88]. 
Осыған орай, педагогикалық мамандықтағы студенттің деонтологиялық даярлығын
қалыптастыру оған болашақ кәсіби қызметіне сәйкес парызының мазмұнын
игертіп, түсіндіре отырып, санасын тәрбиелеу. Яғни, осы парызға сәйкес
студенттің болашақ қызметі аясында міндеттерін орындауы оның ішкі
сарынының, сезімдерінің, сенімдерінің, ойларының негізінде жүреді.
Ұстаздың деонтологиялық даярлығына кәсіптік қызметін деонтологиялық
талаптарға сәйкес атқаруға қажетті білім, біліктілік деңгейі, санасының
дайын болу күйі жатады. Деонтологиялық даярлығы қалыптасқан жағдайда
мұғалім өз мінез-құлқын, әрекеттерін парыздылық сезімге бағындыра алады.
Ұстаздың деонтологиялық даярлығын жүзеге асыру үшін оның жеке тұлғалық
мінез-құлқына, сана-сезіміне сәйкесті әсер ететін арнайы деонтологиялық
дайындық қажет. 
Ұстаздың деонтологиялық дайындығына - деонтологиялық ұстанымдарға сәйкес
қызмет етуге қажетті білім, біліктілік қорын қамту, санасын жетілдіру,
тәрбиелеу әрекеттері жатады. 
Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру құрылымы философияның сана,
сана-сезім туралы қағидаларына сүйене анықталады.
Осыдан, ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың мақсаты:
егемендігіне ие болып еңсесін көтеріп жатқан халықтың денсаулығын сақтауына
әрдайым күресте болатын, өзінің кәсіптік парызына тұла бойы берік,
еліміздің игілігіне ауқымды үлес қосатын ұл-қызын тәрбиелеп, өсіретін ұстаз
тұлғасын дайындау. Оның бойына ұстаздық қызметтің гуманистік сипатына
сәйкес адамгершілікті-психологиялық қасиеттер дарыту, ғылыми-тәжірибелік
ізденіске жалықпайтын, қажымай-талмай өзінің жеке тұлғалық қасиет-
қабілеттерін жетілдіруге бейімделген, кәсіптік санасын, сана сезімін
қалыптастыру. 
Педагогтың адамгершілік санасының рационалды мазмұны тек дербес мәнге ғана
емес, сол сияқты педагогикалы қызметте айқындалатын эмоционалдық
процестерге де әсер етеді. Бұл әсерлер барлық бағыттарда жүреді. Ең әуелі,
бірыңғай мақсат пен моральдық сананың барлық элементтерінің тұтастығын
қалыптастырады. Сонымен қатар педагогтың моральдық санасын қалыптастыру
үдерісінде рационалды білім мазмұны мен адамгершілік көңіл-күй ескеріледі.
Бұл күрделі үдеріске сәйкесті тәлім-тәрбие беру саласындағы күнделікті
қарым-қатынас кіреді. Осының салдарынан:
    • педагог тұлғасы санасының сана асты деңгейі қалыптасады;
    • мұғалімнің өзіндік адамгершілік санасы қоғамдағы әртүрлі қолданыс
      тапқан нормалар мен ұстанымдарды рационалды түрде игереді;
    • ізгілік пен зұлымдық, әділеттік пен әділетсіздік, парыз, ар туралы
      білуі болашақ ұстаздың санасы мен мінез-құлықтарын деонтологиялық
      талаптарға сәйкестендіреді; 
    • тұлғаның жан-жақты дамуының нәтижесінде олардың білімдері сенімге
      айналады. 
Бұл үдеріс - адамгершілік талаптарының және олардың өзіндік мәнін түйсіну
қажеттілігін әрі қарай саралайтын құбылыс. Басқаша айтқанда, сендіру
дегеніміз – білім мен сезімнің қорытпасы. Сондықтан ұстаздың сене және
сендіре білуі оның мінез-құлқының тұрақты қасиеті болуы қажет. Педагогтың
ішкі сенімінен, жүрек әмірінен туындайтын парыздылық санасы, сана-сезімі,
яғни деонтологиялық әлеуеті оған баламен ұтымды қарым-қатынас жасауына,
оның көңіл-күйін түсініп, бар күшін соның тұлғалық дамуына жұмылдыруына
көмектеседі. 
Адам тіршілігінің салмақты құндылығының бірі – сана. Сананы тудыратын
объективтік шындық. Сана – түйсік мүшелері арқылы объективтік шындықты
бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады. Ол үшін адам көп нәрседен
хабардар болу қажет. Қысқаша айтқанда адамның санасы сыртқы дүниенің
бейнелеуінің нәтижесі. Сананың негізінде білім, білу жатыр. Білім
практикалық қызмет үшін аса қажетті. Материалдық, практикалық қызмет - адам
өмірінің негізі десек, онда сананың шығуының, қалыптасуы мен дамуының түпкі
негізі практикалық іс-әрекет, еңбек, қызмет болмақ. Объективтік дүниетаным
санаға түрткі болады. Сана - объективтік дүниенің адам миында пайда болған
субъективтік бейнесі, ол белгілі бір дәрежеге жеткенде өзіндік санаға, яғни
сана-сезімге айналады. Сана-сезімге адамның өзі жайлы ойлай алатын өзін-өзі
сезе білетін, өзін-өзі танитын, өзіне-өзі баға беретін, өзінің ісін өзі
елекке салатын, өзін басқамен салыстыра білетін, өзін-өзі реттей білетін
қабілеттер кіреді.
Ұстаз санасы болып жатқан құбылыстың мәнін объективті бейнелеу үшін оны
бағалай білу керек, содан кейін жағдаятқа сәйкес эмоция тудыру арқылы
жоғары сапалы сезіне алады. Сонда ғана деонтологиялық әлеуеті негізінде
ұстазда сәйкесті жүріс-тұрыс мәдениеті пайда болады. Яғни кез келген
жағдаятқа адамгершілікті реакция тудыра білуі, моральды интуициясының
қалыптасқанының нәтижесі. Осыдан қызмет аясында қоғамдық моральдың
нормалары мен ұстанымдарын білуі ұстазға өзіндік мәні бар маңызды қағида
болып табылады.
Қорыта келе, ұстаздың деонтологиялық даярлығына сәйкес санасының қалыптасуы
төмендегідей бөліктерден тұрады:
   1. Қоғамдық қызмет аясында, іс-әрекет, қарым-қатынас сферасында шынайы
      тәжірибені сезіну;
   2. Деонтологиялық нормалар ұстанымдар мен ережелер туралы рационалды
      біліммен санаға әсер ету, жекелік сана-сезім қалыптастыру;
   3. Білімдерді деонтологиялық нанымға айналдыру. 
Мұнда басшылыққа алатын ой-түйін: наным - білімдер мен сезімдердің
қорытпасы, сондықтан деонтологиялық наным жүріс-тұрыс уәжіне айналады.
Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру оның санасына әсер
етуді, сана-сезімге дейін жетілдіруді, кәсібіне сәйкес парыздылық сана-
сезімін тудыруды көздейді. Мұнда сананың қамтитын екі аймағы да ескеріледі:
рационалды және эмоционалды. 
Сана объективтік шындықты жалпыға белгілі түсініктер мен категорияларды
ұғынумен объективті өмірді, объективті дүниені тікелей тануы арқылы адамның
біліміне, мінезіне, ойлау қабілеттеріне, күнделікті өмір жағдайына,
тәрбиесіне сәйкес қалыптасады. Осыған орай, болашақ ұстаздың санасына
деонтологиялық тұрғыдан әсер етудің төмендегідей жолдары айқындалды.
Онда студенттің:
    • білімділігін асыру үшін, болашақ педагогтың деонтологиялық даярлығын
      қалыптастыруға қажетті «Педагогикалық этика», «Педагогикалық
      деонтология негіздері», «Қолданбалы педагогика», «Сабақта
      психологиялық комфортты жағдай жасау әдістері» атты арнайы курстар
      оқыту. Соған қоса, барлық пәндерді оқытуда, әсіресе, мамандыққа
      бейімдейтін арнайы пәндерді оқыту барысында деонтологиялық
      ұстанымдарды ескеру мүмкінділігін қолдану;
    • мінезінің педагогикалық деонтология ұстанымдарына сәйкес қалыптасуын
      ескере отырып, педагогикалық оқу орнына талапкерлердің құжаттарын
      қабылдау алдында олардың психикаларының қасиеттерінің, мінез-құлқы
      ерекшеліктерінің таңдаған кәсібіне сәйкестігін анықтау және оқыту
      барысында студенттердің кәсіптік мінезінде деонтологиялық нышандары
      ұялату үшін жоспарлы жұмыс жүйесін атқару;
    • ойлау қабілеттеріне деонтологиялық даярлықты қалыптастыру процесіне
      сәйкес әсер ету үшін студенттердің ғылыми-зерттеу, өзіндік ғылыми
      жұмыстарын педагогикалық деонтологияға қатысты тақырыптарға бағыттау,
      оқу орнының талаптар жүйесінің мәнін көтеру мүмкінділігін ашу, жас
      педагогтарды мемлекеттің, халықтың алдында ант беруге даярлау;
    • күнделікті өмір жағдайын деонтологиялық дайындыққа сәйкестендіру үшін
      университеттің зертханаларында, кафедраларында үлгілі деонтологиялық
      ахуал жасап, профессор-оқытушы студенттер арасында қарым-қатынасты,
      студенттердің өзара қарым-қатынастарын оқу орнының қызметкерлерінің
      өзара қарым-қатынастарын педагогикалық деонтология талаптарына
      негіздеу;
    • арнайы тәрбиесіне деонтологиялық тұрғыдан оңтайлы әсер ету үшін
      педпрактиканы педагогикалық деонтология ұстанымдарына сүйене атқаруды
      қадағалау, оқу-тәрбиелік іс-шараларды, қоғамдық-пайдалы жұмыстарды
      педагогикалық деонтологияға негіздеу, университетте ұстаздық
      парыздылық тақырыбында пiкiрталастар, семинарлар, кездесулер, ашық
      (жария) дәрiстер өткiзу, т.с.с. кәсіби-әдептілік, кәсіби-парыздылық
      тәрбиенің мүмкіндіктерін тудыратын іс-шаралар жүйесін жасау қажет.
Әдебиеттері:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление
в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н.
Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. –
2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 

             3. Педагогикалық деонтология  пәні бойынша семинар
                                тапсырмалары.

1 Тақытып. Деонтология ұғымы. (2 сағат. 1-2 апта)
Мақсаты:  Деонтология  ұғымына  анықтама  беру,   түсіндіру.   Педагогикалық
деонтология мазмұнын және негізгі қызметтерін айқындау.
Жоспар:
   1. Деонтология ұғымдары
   2. Денотология салалары
   3.  Деонтология  салаларының  өзіндік  ерекше  өзгешеліктері  мен   ортақ
      белгілері
Бақылау сұрақтары:
   1. «Деонтология» ұғымы нені білдіреді?
   2. Деонтологияның қандай салалары бар?
   3. Деонтология салаларының өзіндік ерекше өзгешеліктері мен ортақ
      белгілері қандай?
   4. Сіздің ойыңызша, кәсіптік деонтологияны зерттеу медицина қызметкеріне
      ме, әлде болашақ ұстазға маңызды ма? Ойыңызды ортаға салыңыз.
   5. Уильям Джеймстің: «Алғашқы кезеңде жаңа теория ешбір мағынасыз не
      қисынсыз болып көрінеді, кейін бұл ойды қабылдай отырып, оның ешбір
      ерекшелігі жоқтығы айтылады. Ақыр соңында бұрын қарсы пікір білдірген
      ғалымдар аталмыш теорияны мойындап қана қоймай, оны өздері ашқандарын
      айтып бағады» деген пікірін деонтология ғылымының пайда болу тарихына
      жатқызуға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз. 
Әдебиеттер:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление
в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н.
Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. –
2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 

2.Тақытып. Педагогикалық деонтологияның пайда болу алғышарттары.  (2  сағат.
3-4 апта)
Мақсаты:  “Педагогикалық”  деген  сөзбен  қоса «педагогикалық   деонтология»
деген сөз тiркесі мұғалiмнiң қызметiне байланысты парыз ұғымын  құрастыратын
этикалық ережелер, нормалар, ұстанымдар жиынтығын іске асыру.
Жоспар:
   1. Этикалық-философиялық алғышарттар.

      Мораль, этика, деонтология ұғымдарының өзара қатынасы.

Әлеуметтік-психологиялық алғышарттар
Бақылау сұрақтары:
   1. Ғылымға тән қандай белгілер бар? Ғалымдардың ғылым белгісін анықтау
      жолдарында қандай айырмашылықтарын білесіз?
   2. Неліктен педагогикалық деонтология ғылым деп саналады? Өзіңіздің
      жауабыңызды ғылымның танымал белгілеріне сүйеніп, түсіндіріп беріңіз.
   3. Конфуций, Сократ және Квинтилианның ойынша ұстаздың кәсіби парызы
      қандай? 
   4. Я.А.Коменскийдің жасаған ұстаз кодексінің мәні неде?
   5. Белгілі ағылшын, француз, швейцар, неміс философтары, ағартушылары,
      педагогтарының ұстаз тұлғасына қоятын талаптарына көзқарастары қандай?
   6. Педагогикалық этика мен деонтологияның дамуына К.Д.Ушинскийдің,
      П.П.Блонскийдің, Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың,
      В.А.Сухомлинскийдің еңбектері елеулі үлестерін қосты. Оның мәні неде? 
   7. Психогигиенаның басты мақсаты неде? Және психогигиенаның бiр саласы –
      қарым-қатынас психогигиенасы жөнінде айтып беріңіз. 
   8. Педагогикалық деонтологиядағы тұлғааралық эмоционалды қарым-қатынас
      мәселесі жөнінде не білесіз? Қысқаша баяндап беріңіз. 
   9. Сіздің мамандығыңыз бойынша білім алып жатқан болашақ ұстаздарға
      қойылатын талаптар қандай?
  10. Әл-Фараби жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін қандай қағида ұсынды? Оның
      мәнісі неде?

Әдебиеттер:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление
в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н.
Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. –
2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 

3 Тақытып. Педагогикалық деонтологияның пәні (2 сағат. 5-6 апта)
Мақсаты: Педагогикалық деонтология -  қарым-қатынас  психогигиенасын  білім,
тәлiм-тәрбие беру мекемелерiнде  қолдануды  зерттейтін  педагог  мамандардың
әдебі туралы ғылым. 
Жоспар:
   1. Педагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіби парыздылығына  негізделген
      мінез-құлқы туралы ғылым.
   2. Педагогтың өз-өзімен қарым-қатынасы
   3. Ұстаздың оқушылар қауымымен қарым-қатынасы
   4. Ұстаздың әріптестерімен қарым-қатынасы
   5. Ұстаздың жалпы ұжыммен қарым-қатынас сипаты
Бақылау сұрақтары:
1. Педагогикалық деонтологияның пәні жөнінде баяндап беріңіз. 
2. «Педагог және өзі» жүйесіндегі қарым-қатынасқа сипаттама беріңіз. 
3. «Педагог-оқушы» жүйесіндегі қарым-қатынастың ерекшелігін ашыңыз. 
4. «Педагог-педагог» жүйесінде қалыптасатын қарым-қатынастың  басты  мәнісін
түсіндіріңіз. 
5. «Педагог-ұжым» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жөнінде баяндаңыз. 
6.   Педагогтың   кәсіби   мінез-құлқының оның    өз-өзімен,    оқушылармен,
әріптестерімен, жалпы ұжыммен қарым-қатынасында қандай сабақтастық бар?
Әдебиеттер:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление
в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н.
Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. –
2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 

4.Тақытып. Педагогикалық деонтология міндеттері, қызметі, және  ұстанымдары.
(2 сағат. 7-8 апта)
Мақсаты: Мұғалім мен оқушылардың арасындағы нақты рухани, соның ішінде
эмоционалды байланыс дұрыс қарым-қатынас
Жоспар:
   1. Педагогикалық деонтология мүмкіндіктерінің ұстаздың адамгершілігі  мен
      оның кәсіби парызы
   2. Педагогикалық деонтологияның негізгі міндеттері
   3. Педагогикалық деонтологияның қызметі.
   4. Педагогикалық деонтологияның ұстанымдары.
   5. Педагогикалық деонтологияның негізгі ұғымдары
Бақылау сұрақтары:
   1. Педагогикалық деонтологияға қатысты ұғымдар жүйесі туралы не
      білесіздер?
   2. Деонтология ғылымы нені зерттейді?
   3. Педагогикалық деонтологияның зерттеу пәні қандай?
   4. «Парыз» дегеніміз не? 
   5. Педагогикалық деонтологияның ұстанымдары қандай? 
   6. Педагогикалық деонтология ұстанымдарының педагогикалық деонтология
      талаптарынан айырмашылығы неде? 
   7. «Педагогтың деонтологиялық кредосы» дегенді қалай түсінесіз?
Әдебиеттер:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление
в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н.
Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. –
2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 
5.Тақытып. Педагогикалық деонтологияның басқа ғылымдармен  сабақтастығы.  (2
сағат. 9-10 апта)
Мақсаты:   Педагогикалық   деонтология   ұстаздың   кәсіптік   парыздылығына
негізделген мінез-құлықы туралы ғылым болғандықтан, «адам-адам»  жүйесіндегі
барлық ғылымдармен сабақтаста болады: философия, педагогикалық этика,  халық
педагогикасы, физиология, психология, т.б. 
Жоспар:
   1. Педагогикалық деонтологияның педагогикалық этикамен сабақтастығы
   2. Педагогикалық деонтологияның психологиямен сабақтастығы
   3. Педагогикалық деонтология физиологиямен сабақтастығы
   4. Педагогикалық деонтологияның халық педагогикасымен сабақтастығы
Бақылау сұрақтары:
1. Педагогикалық деонтология мен философияның сабақтастығы туралы айтыңыз. 
2. Педагогикалық деонтология мен этиканың сабақтастығы немен айқындалады? 
3. Педагогикалық  деонтология  мен  физиологияның  сабақтастығы  жөнінде  не
білесіз? 
4.  Педагогикалық  деонтологияның  медицинаға  кірігуінің  (интеграциясының)
перспективасы қандай? 
5. Педагогикалық деонтологияның  халық  педагогикасымен  сабақтастығы  немен
айқындалады? 
Әдебиеттер:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление
в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н.
Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. –
2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 

6.Тақытып. Ұстаздың деонтологиялық даярлығының мәні мен мағынасы. (2  сағат.
11-12 апта)
Мақсаты: Болашақ маманның білім, ептілік,  дағды,  құзырлығымен  қатар  оның
деонтологиялық даярлығын қалыптастыру 
Жоспар:
Ұстаздың деонтологиялық сана-сезімін сипаттайтын жалпы көрсеткіштер
Бақылау сұрақтары:
   1. «Дайындық», «ұстаздық қызметке дайындық», «ұстаздың кәсіби даярлығы»
      түсініктеріне анықтама беріңіздер. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын
      ашыңыздар. 
   2. Психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде «ұстаздық қызметке даярлық»,
      «ұстаздың кәсіби даярлығы» түсініктерін қарастыруда қандай көзқарастар
      бар? 
   3. «Ұстаздың деонтологиялық даярлығы» ұғымының анықтамасы қандай? 
   4. «Ұстаздың деонтологиялық өзіндік сана-сезімі» түсінігіне анықтама
      беріңдер. 
   5. «Ұстаздың деонтологиялық өзіндік сана-сезімі» және «адамның өзіндік
      сана-сезімі» түсініктерін салыстырыңыздар. Ұқсастығы, айырмашылығы
      неде? 
   6. Ұстаздың деонтологиялық өзіндік сана-сезімінің мазмұны қандай?
   7. «Деонтологиялық сенім», «деонтологиялық кредо», «деонтологиялық іс-
      әрекет» дегеніміз не? 
Әдебиеттер:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление
в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н.
Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. –
2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 

7.Тақытып. Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығының құрылымы.  (2  сағат.
13-14 апат)
Мақсаты: Ұстаздың кәсіби қызметінің деонтологиялық аспектілері күрделі  және
көпжақты, олардың өзара сабақтастығы  әлеуметтік-психологиялық  факторлармен
түсіндіріледі. 
Жоспар:
   1. Балаға деген сүйiспеншiлiк.
   2. Педагогтың кәсiби парыздылық сана сезімі мен жауапкершілігі
   3. Ұстаздың өзiн-өзi әрдайым жетiлдiруге дайындығы
   4. Әділдік.
   5. Сапалы сөйлеу икемділігі.
   6. Ұстаздың деонтологиялық даярлығының тұлғалық компоненті. 
Бақылау сұрақтары:
     1. «Құрылым» ұғымының анықтамасы қандай? Құрылымның үлгіден
        айырмашылығы неде? 
     2. Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үшін қандай
        қажеттіліктер негізгі болып саналады?
     3. Болашақ ұстаздың қарым-қатынасында қажеттіліктер қалай көрінеді? 
     4. Кәсіби қызмет саласында жоғары нәтижелерге жету үшін
        қажеттіліктердің ролі қандай? 
     5. Болашақ ұстазда қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыруы қандай
        уәжбен іске асады? Оларды сипаттаңыз.
Әдебиеттер:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление
в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н.
Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. –
2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 

8.Тақытып. Болашақ  ұстаздардың  деонтологиялық  даярлығын  қалыптастыру  (1
сағат. 15 апат)
Мақсаты: Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруды жеке тұлғаның  сан
қырлы білім алып, тәрбиеленуі тұрғысынан қарастыру.
Жоспар:
   1. Ұстаздың деонтологиялық дайындығы
   2. Жас педагогтардың мемлекеттің, халықтың алдында беретін антының жобасы
   3. Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың әдістері
Бақылау сұрақтары:
   1. Кәсіби қызмет саласында жоғары нәтижелерге жету қажеттілігін
      қанағаттандыру қандай уәжбен іске асады? Оларға сипаттама беріңіздер.
   2. Педагогикалық қызметте көмекші уәждер қандай? Оларды сипаттаңыз.
   3. Деонтологиялық даярлығы қалыптасқан ұстазда қандай қызығушылықтар
      басым болу керек? Оларды сипаттаңыз.
   4. Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлық құрылымында эмоциональды-
      жігерлі компонентін сипаттаңыз. 
   5. Мазмұнды-операциялық компоненттің құрамына кіретін әрбір құзыреттерді
      сипаттаңыз. 
Әдебиеттер:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление
в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н.
Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. –
2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 

                      4. Студенттердің өздік жұмыстары.


                                   СӨЖ №1
Тақырып Педагогикалық деонтология ғылым ретінде
Тапсырма:
Кітапхананың тақырыптық каталогы мен Интернет қорын пайдаланып, пән бойынша
библиографиялық әдебиеттер тізімін жасаңыз.
Әдебиет Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 
Формасы әдебиеттер тізімін жасаңыз.

                                   СӨЖ №2
Тақырып:  Ұстаздың  кәсіби   мінез-құлқының,   жүріс   тұрысының   этикалық,
деонтологиялық нормалары
Тапсырма: Ұстаздың деонтологиялық әлеуетіне қатысты мақал-мәтелдер
дайындаңыз
Әдебиет Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 
Формасы Ақпараттық жоба (топқа бөлініп буклет жасаңыз)

                                   СӨЖ №3
Тақырып: Ұстаздың жеке тұлғасының қалыптасуында  кәсіби-тұлғалық  дамуы  мен
өзіндік жетілуі .
Тапсырма:Қарастырып отырған тақырып бойынша сөзжұмбақтар жасаңыздар. 
Әдебиет Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 
Формасы Ақпараттық жоба (топқа бөлініп буклет жасаңыз)

                                   СӨЖ №4
Тақырып:  Ұстаз туралы.
Тапсырма:Осы тақырып төңірегінде сандық диктант жасаңыз (берілген 10
сөйлемге оқушылар жауап береді, егер келісетін болса – 1, келіспейтін болса
- 0 қояды). 
Әдебиет Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 
Формасы Жазбаша

СӨЖ №5
Тақырып: Бала құқықтары туралы конвенция.
Тапсырма: Келесі тақырыптар бойынша реферат жазыңыздар:
-«Ұстаздың деонтологиялық даярлық құрылымындағы қажеттіліктер және уәждер»;
-«Ұстаздың деонтологиялық даярлық құрылымындағы педагогикалық құндылықтар»;
-«Ұстаздың деонтологиялық даярлық құрылымындағы сезімталдық»;
-«Ұстаздың деонтологиялық даярлық құрылымындағы негізгі компетенция
түрлері».
Әдебиет Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. -
Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 
Формасы: Реферат әзірлеу


Пәндер