Файл қосу
Фонема теориясы және қазақ жазуы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК | |УНИВЕРСИТЕТІ | |3 -деңгейлі |ПОӘК | | |СМЖ құжаты | | | |«Қазақ жазуының |№ 1 басылым орнына |ПОӘК | |теориясы мен тарихы» | |042-14-5-05.01.20.10/03.2011| |пәніне арналған | | | |оқу-әдістемелік | | | |материалдар | | | 5 В 020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған «Қазақ жазуының теориясы мен тарихы» ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2013 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Семинар сабақтары 4. ОСӨЖ 5. СӨЖ 6. Курс бойынша емтихан сұрақтары 7. Пәннің оқу-әдістемелік картасы 8. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы 9. Әдебиеттер 10. Өзгерістерді тіркеу парағы 11. Әріптестердің танысуы 1. ГЛОССАРИЙ Графема – жазарманның санасында болатын, әріп арқылы әріптің жазутүрлері арқылы таңбаланатын жазба тілдің абстракті бірлігі. Фонема – тілтұтынушының санасында болатын, әріп арқылы әріптің жазутүрлері арқылы таңбаланатын, дыбыс арқылы айтылатын дыбыстық тілдің абстракті бірлігі. Жазба тіл – жазылатын және оқылатын әліпбидегі таңбалар арқылы жарыққа шығатын өзіндік жүйесі мен құрылымы бар, тілдің қатынас формасы. Ауызша тіл – дыбысталатын және естілетін, өзіндік жүйесі мен құрылымы бар, тілдің қатынас формасы. Позиция –шеп– дыбыстардың сөйлеу барысында келетін орны. Басқы, ортаңғы, аяққы позиция – сөздің басында, ортасында және аяғында келетін дыбыстардың айтылатын орны. Әлді позиция – дыбыстың фонетикалық қоршауға тәуелсіз болатын шебі. Әлсіз позиция – дыбыстың фонетикалық қоршауға тәуелді болатын шебі. Тілдік жүйе – кез келген тілдің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық деңгейлері арқылы жарыққа шығатын нормаланған инвариант жүйе. Инвариант дыбыс (өздік реңк) – фонема, яғни дыбыс арқылы айтылатын, әріп арқылы жазылатын, тілдің парадигмалық жүйесіндегі дыбстың негізгі реңкі. Вариант дыбыс (өзгелік реңк)– айтылу кезінде тілдегі басқа дыбысқа ұқсап кететін, дыбыстың уақытша түрленімі. Вариация (бөгде реңк) – айтылу кезінде тілде жоқ, бөгде тілдің дыбысына ұқсап кететін, дыбыстың уақытша түрленімі. Дыбыс қоры – бір фонеманың өздік, өзгелік, бөгде реңктерінің жиынтығы 2. ДӘРІСТЕР Дәріс сабақтарының қысқаша мәтіні. Дәріс - 1 Жазудың маңызы мен бүгінгі күн тұрғысынан қызметі Жазу туралы түсiнiктiң қарапайым фабуласы – адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар. Үшінші мыңжылдықтағы жаңа технологиялар тасқыны, ғылыми-техникалық прогресс, ақпарат таратудағы жаңа көздер, қашықтық пен уақыт барьерін жеңетін жаңа техника түрлерін ойлап табудың жоғары деңгейінде келеді. Осымен байланысты ауызша коммуникацияның жетілген технологиялы бүгінгі кезеңінде жазудың адамзат өркениеті үшін атқарар қызметін парықтаудың қажеттілігі бар. А.Байтұрсынұлы “Біздің заман – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман” деген. Сондықтан өркениет дамуын сипаттауда жазудың маңызынан бастап айту оның әлдеқайда жүйелi, күрделi, дербес құрылым болып қалыптасқанын, жазудың адамзат өркениетіндегі болашақта атқарар қызметін танытпақ. Мысалы, шумер елінде ДЖ- ның пайда болуы ең алдымен мемлекеттік құрылыстың дамуы мен жетілуіне, сауданың өркендеуіне байланысты болды. Жазудың сол антикалық дәуірдегі қызметі бүгінгі әлемиет дәуірінде күшейіп, жазу мемлекеттілікке, заңнама, құжатнамаға қызмет етуде. Бүгінде ресми ісқағаздар адамдардың АТ-мен араласуынсыз-ақ өзара түсінісетін, құжаттар өзара “сөйлесетін” жүйе құрайды. Ресми ісқағаздар айқындылықтың, дәлелдіктің, аргумент, фактінің құжатына айналуда. Ендеше, жазудың бүгінгі күн тұрғысынан басты маңызы мен қызметі белгілі кеңістік шегіндегі әлем үнқосуларын бекітетін, растайтын деңгейге жетіп отыр. Жазудың келесі қызметі тiлдiң жүйелi құрылымға айналуына әсер етуi болып табылады. Жазу тiлдiң барлық потенциалды мүмкiндiктерiн ашып, пайдалануға әсерiн тигiзедi. Сондықтан да бүгінде жазылған дүниені сол тілдің жүйесі мен құрылымы ретінде тануға, қабылдауға, тілдің “өзі” деп түсіндіруге, түсінуге еш күмән қалмайтын болды. Жазу, сондай-ақ – адам ойының материалданып, жарыққа шығуының, дәлiрек айтқанда творчестволық әрекетiнiң құралы. Біз жазуды, ЖТ-ны ауызша сөйлеудің көшірмесі емес, тілді жарыққа шығаратын өзіндік дербес жүйе деп көрсетеміз, яғни жазу абстракті, инвариант жүйе – тілді АТ-мен қатар өзіндік тәсілдерімен бейнелей алады. Сонда жазу мен АТ қатынасы төмендегідей болады жазу ( Тiлдiк сана ( тiл ( ауызша сөйлеу Сөйтіп, бүгінгі қоғамдағы жазудың қызметін былай танимыз: аргументтік қызмет (әлеуметтік қызмет); ойжасамдық қызмет; ойды таңбалаушы қызмет, ойды жарыққа шығару қызметі; жады қызметі; тілтанымдық қызмет; тілжүйелеушілік қызмет; тілді нормалаушылық қызмет; кумулятивтік қызмет (мәдениетті сақтайтын, жеткізетін қызмет); коммуникативтік қызмет. Жазу типтері адамзат сөйлеуінің сатыларына сәйкес пайда болып отырады. Алғашқы жазудың сурет, идеограмма, логограмма типті болғаны – АТ-ның сөйлем мүшелеріне бөлінбей, синкретті түрде қолданылуынан. Қай жазу, қанша ғасыр өмір сүрді немесе жаңа жазу типі қашан пайда болды дегенде ол өндірістің, экономиканың дамуымен бірге, қоғамдық, экономикалық қатынастардың жетілу дәрежесіне байланысты екенін айтқан жөн. Сондықтан ДЖ- ның шығуы, біріншіден, адамзат санасының жетілген кезеңіне сәйкес болса, екіншіден, жазудың қоғамдық мұқтаждықтарды өтей алу қабілетінің күшеюіне байланысты болды. Сонда сөздің буынға, буынның дауысты және дауыссыз дыбыстарға бөлінетінін байқау өте жоғары сананы қажет еткені белгілі. Сурет жазу мен дыбыс жазу аралығында сөз жазу, оның алдында ребус жазуы болғанын, ал сөз жазу жалпы ұғымнан гөрі, ауызша айтылғанды сөзбе-сөз түсіріп отырғанын білсек, оның бер жағында дыбыстық ребустың да өмір сүргенін аңдасақ, алфавиттік жазуға эволюциялық кезеңдерді бастан өткеріп барып жеткенін көреміз. Бүгінгі күн тұрғысынан жазу белгілі бір тілде жазылатын-оқылатын әріптік таңбалардың жиынтығы арқылы ойды жарыққа шығарудың, ақпарат алмасудың жүйесі болып табылады. Жазу – АТ-дан кейін пайда болған адамзат ойлауының саналы жемісі болса да, бүгінде АТ-ға қарағанда басымдық сипат алған мемлекеттік құрылыстың күшеюімен байланысты қоғамдық функциясы артқан, коммуникация, ақпарат алмасу, ойжасам, эмоциялық, индикаторлық қызметтерінен бөтен дәлел, аргумент бола алатын “бекітушілік”, “растаушылық” сипаты маңызданған, ойды жарыққа шығарудың жүйесі. Қазір адамдар бір уақыт пен кеңістік шегінде өмір сүріп жатса да, бір- бірімен пікір алмасуына, бірінің ойын бірі толық білуіне (тыңдау арқылы ойын білуге) мүмкіндігі (уақыты) жоқ. Осыған орай адамдар тілді екі бағытта қолдануға қалыптанған сыңайлы. Бірі қауым болып өмір сүруіне қызмет етуші тілдің коммуникациялығы, екіншісі саналы ойын жарыққа шығару, ойын жүйелеу, бекітуге қызмет етуші тілдің ойжасамдық бағытында. Екінші бағыттың ерекшелігі саналы ойдың “қағазға түсіп” реалдануында жатыр. Тілдің ойжасамдық қызметі жазу арқылы орындалатыны бірден бола қойған жоқ. Көркем сөз (көркем әдебиет), шешендік сөз (публицистика), даналық сөз (ғылым) түрлері арқылы әсіресе монологтік, сосын диалогтік сипатта адам ойы ауызша түрде жүйеленіп, бекітіліп отырды. Бірақ ДЖ пайда болғалы тілдің ойды жасау қызметін ЖТ атқарады. Ең болмаса айтылатын ой немесе айтылған ой қағазға түсіріліп жүйеленбесе, ол “жел сөз” болып қалатынды шығарды. Бұл әсіресе үлкен аудиторияға ақпарат таратуда (радио, теледидар хабарлары, шаршы топ алдындағы сөз, дәріс) айқын көрінеді. Жазудың АТ-ға қарағанда екіншілігі туралы, ол адам санасына АТ арқылы ғана байланысатыны бүгінде ақиқат саналады. Бірақ А.Р.Лурияның “Письмо является новым, мощным орудием мышления имеющим нередко значительно больше возможности чем устная речь” [8, с.544] дегеніндей, жазу дербестігі күшейгенде ой-тіл-жазу қатынасы, ой-жазу қатынасына көшеді. “Письменнный язык выступает сам как непосредственная действительность мысли, тем самым конституируя в глобальном процессе языкового общения вполне цельноданный вид коммуникации” [9, с.13]. Әрине, уәж арқылы туған ойдың ішкі сөйлеуде предикаттық қатынасқа ұйымдасуы, айтылымның логикалық құрылымының түзілуі, одан келіп сыртқы тілдің синтаксистік құрылымына айналуында АТ-ның делдалдық қызметін жоққа шығаруға болмайды. Қазіргі адамның санасы сөз мағынасын оның қалай естілетініне қарамастан, графикалық портретін елестетіп барып қабылдайды, түсінеді. Көз жазба мәтінді көріп, ол тілдік санадағы графемамен, графикалық портреттермен ассоциация жасайды. Сөздің адам санасында бейнеленген графикалық портреттері, синтаксистік, пунктуациялық белгілер арқылы үстіңгі синтаксистік құрылымға көшіріледі. Сосын астыңғы синтаксистік құрылымға көшіріліп, сөйлем мәні екшеледі. Өйткені жазба мәтін жасалғанда жазудың қайта жөнделу, редакторлану мүмкіндігі тілдің ауызша сөйлеу жүйесінен үстіңгі мәтіндік құрылым жасайды. Сөйтіп, мұнда негізгі мән белгісіз, тереңдікте жасырын қалады. Сондықтан үстіңгі құрылымды астыңғы құрылымға көшірудің мәні зор. ЖТ-ны түсінуде (яғни жазу–ой процесін көрсетуде) мәтіннің графикалық өмірінің мәні бар. Өйткені көз қармап көру үшін графикалық кеңістіктің үйреншікті болуы, стандарттылығы, әсерлілігі маңызды. Көз мәтінді көргенде ондағы графикалық морфемаларды графикалық мәнмәтінде (контексте) алып оқиды. Сөздің графикалық кеңістіктегі орны (азатжол, парақ басы, соңы, жол басы), мазмұны (бас әріп, кіші әріп), дыбыстық мағынасы (әріп түрлері), мәні (қарайтылған, асты сызылған, жазба әріптер), тыныс белгілер арқылы мәтін мазмұны графикалық портретімен қоса адам санасына қабылданады. Ішкі сөйлеу ЖТ-дагі синтаксистік құрылымды АТ-ның синтаксистік құрылымына айналдыруды қажетсінбей-ақ, санасында орналасқан сауатты адамның елесіне сәйкес жайылма сөйлемді, ықшамдап, екшеп, предикаттық қатынасқа түсіреді. Сөйтіп, жазылған сөйлемнің мазмұнын ойға көшіреді. Белгілі мотивтен пайда болған ой (ойлау) сыртқа шығатын мақсаты айқындалғанда (ішкі сөйлеу) және ол жазу арқылы таңбаға айналатынында (сыртқы сөйлеу), алдымен, әрине, АТ- ның грамматикалық құрылымына келтіріліп алады. ЖТ аудиториясының көмескілігі, вербалды емес коммуникативтік құралдардың жоқтығы, мәтінді қайталап оқығандағы ЖТ әсерінің аздығы, ЖТ грамматикалық құрылымына қоса өзге мағыналық реңк алады. Бұл кейде ішкі сөйлеу мазмұнын дәл ашса, кейде одан тереңдеп, негізін айқындайды. Сонда ойлау мен жазу арасы ойлау (бейне, схема, ұғым, түсінік, себеп) < ішкі сөйлеу (предикаттық қатынастағы аморфты тіркестер, айтылатын ойдың негізгі тақырыбы, қалай айтатыны, сөздің грамматикалық құрылымы) < сыртқы тіл (логикалық синтаксистің граматикалық синтаксиске айналуы, сөйлеу бірліктерін екшеуі, фонемалық код) < дыбыстық тіл (фонеманың дыбысқа айналуы, АТ жүйесі) < графикалық тіл (фонеманың әріпке айналуы, ЖТ жүйесі, орфография, шрифт, мәтін) қатынасында болады. Жазу теориясының пәнін анықтау үшін алдымен жазу дегеніміз не, оның тілге қатысы қандай, жазу ауызша сөйлеу тілінің көшірмесі ме, әлде одан өзгеше, дербес жүйе ме, ЖТ мен тілдің, жазу мен ойлаудың арасында қандай байланыс бар деген мәселелерге арнайы тоқталу керек болды. Өйткені жазу – тілдің жазба жүйесі немесе тіл өмір сүруінің бір формасы деген қазірде қалыптасып қалған екі түсінік және екі бағыт - жазудың бүгіні мен болашағын айқындайтын, жазу монополиясының сипатын саралайтын бағыттар болып табылады. Осыған байланысты 1.4 “Жазу тілдің жазба жүйесі ме, әлде жазба формасы ма?” деген тараушада шетелдік және кеңестік ғалымдар мен зерттеушілер Фердинанд де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ, И.Е.Гельб, Л.В.Зиндер, Л.В.Щерба, А.А.Волков, А.В.Волков, Т.М.Николаева, Т.А.Амирова, Т.А.Кузьмина, Л.Б.Селезнева, И.Вахек, Ф.Хаусхальдер, Макинтош, Н.Н.Соколов, З.Волоцкая, Т.Молошная, Жак Деррида, В.Мотш, Умберто Эко, А.Н.Морозова, И.Е.Гельб, А.Артимович, Ж.Ж.Руссо, Л.Ельмслев, А.Мартине, А.Кашеварова, Л.Заводовский, В.Хаас, А.М.Кондратьев, О.Сүлейменовтердің еңбектеріне шолу жасап, көзқарастарын екшеуге тырыстық. Сонда ғалымдардың жазуды тілдің өмір сүру формасы, АТ-ның көшірмесі деп анықтаған сайын ЖТ-ның дербестігін екшей бастағанына көз жеткіздік. Кеңестік ғалымдар ішінен ЖТ-ның автономды жүйелілігін айқындаған Т.А.Амирова болды. Ғалым жазу туралы ғылымды графикалық лингвистика деп, графикалық лингвистиканың табан тірейтін тұсы ЖТ-ның дербестігі, оның ДТ-дің көшірмесі еместігін мойындау [10, 52б.] деді. Алайда жазуды тілдік жүйе деп тапқаннан кейін оның маңайында туындайтын мына сұрақтарға жауап іздеу керек болатын: ойлау мен жазудың байланысы; ЖТ- ның өзіндік ерекшеліктері; ЖТ-дагі фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік тіл деңгейлерінің АТ-дан өзгешеліктері; ЖТ-ның болашағы үшін жазу тұрақтылығының маңызы т.б. Дәріс –2 Жазба тіл мен тілдік жүйе арасындағы қатынас. Жазудың негізгі категориялары. Жазудың ойжасам қызметі, жазу арқылы ойлау ЖТ-ның жүйесі жалпы тілдің жүйесі мен құрылымына әсер еткені сөзсіз. Сондықтан бүгінгі күн тұрғысынан ЖТ-ны меңгерген/меңгермеген коммуниканттардың АТ-дағы жүйелілік дәрежесін анықтаудың қажеттігі бар деп ойлаймыз. Бұл арқылы абстракті, инвариант, парадигмалық сипаттағы тіл жүйесінің негізделетін тұғыры айқындалады. Осыған орай 5 кластық білімі бар, жазылғанды ежіктеп оқи алатын, ата буын өкілі – 70 жастағы қарияның сөзі; екінші 11 сыныпты бітірген, көркем әдебиет, публицистикалық жазу стильдерін мүмкіндігенше меңгерген, санасында АТ жүйесінен гөрі ЖТ жүйесі басым, көпшілік ортада әдеби стильде сөйлеуді тіл нормасы деп түсінетін ЖОО-ның 1 курс студенттерінің сөзі және ЖТ-да ойын білдіруге төселген, жазуға машықтанған ЖТ “шешендерінің” ауызша мәтіндері талданды. Мұндағы негізгі акцент – субъектілердің сөйлеу мәтініндегі айырмашылықтарды көрсете отырып, тілдің синтаксистік, морфологиялық, лексикалық, фонетикалық деңгейін коммуникация барысында немесе ойын жарыққа шығару үстінде қаншалықты жүйелі, орынды қолдана білетінін аңғару болды. Бұл арқылы ЖТ-ны төмен, орта, жоғары дәрежеде меңгерген субъектілердің қайсысында мәтін жүйелі құрылды, ол жүйелілік неден шықты – осы сауалдарға жауап іздеу көзделді. Сонда ЖТ-ның морфологиялық, лексикалық, синтаксистік жүйесіне машықтанып көрмеген, бірақ көпті көрген, ойын пайымдауға құруға тиісті қарияның сөзінде ауызекі тіл элементтері басым болды. Сөйлем құрылысы маңызды ақпаратты алдыңғы орында айтып, мәнсіз информацияны соңына қалдыратын АТ-ға тән: кедей шаруада, әкеміз үлкен сол, 5-те тұрып ап, сонша жыл істегенде. Шылау, көмекші сөздерді қолданбағандықтан екі сөйлем арасын байланыстыратын мәнсіз элементтерді пайдалану да АТ құрылымына тән еді. Мысалы, әкеміз үлкен сол, сол Зайсанда тұрдық, сол жұмыс. Мәтінде АТ-ға тән редукция да жиі. Мысалы, елдің бәрі (аш), сотталуын соттап (абақтыға айдады), сонда шешем жарықтық(тың бастамасы бойынша, елге қарай) қашпақшы болыппыз. Ақыры 1955 жылы (шегара ашылып, заңды түрде елге қарай өттік). Мәтіннің логикалық құрылымы синтаксистік құрылымға сай емес, ой бар мазмұнымен толық ашылмайды. Осы қалпында таңбаланған мәтінді оқыған адресат мәтін мазмұнынан хабардар бола алмас еді. Алайда мәтін қарияның ауызша баяндау стилінде өз аудиториясына түсінікті еді. Оған ешкім “бұл не деп отыр, қалай-қалай сөйлеп кетті?” деген жоқ, қайта қоштап, мақұлдасып отырған еді. Ал ЖТ-ға келгенде, мәтін құрылысын ЖТ-ның жүйесіне кодтау керек болады. Сөйтіп, ЖТ-ны төмен дәрежеде білетін адамның сөзінде тілдік тәсілдер қоры аз, сөйленімі жүйесіз, ал ЖТ-ны орта дәрежеде меңгерген адамның сөзінде уәжсіз түрде ЖТ-ның жүйесі де, АТ-ның элементтері де қолданылады. Сөйлемдер қысқа емес, толымды келгенмен синтаксистік байланыс сөйлем аяғына дейін жетпейді. Ал ЖТ-ның елесі мен АТ елесі қатар, тіпті алдыңғысы басым орналасқан саналы адамның сөзінде жүйе болады, басы артық сөйленістер болмайды, логикалық жүйе мен синтаксистік жүйе сәйкес келеді деген қорытындыға келдік. Жазудың негізгі категориялары. Жазудың негізгі категорияларының ішінде қазақ жазуы үшін графика терминінің мағынасы екіұшты. Біздің ойымызша, графика бiр фонеманы екi, не үш әрiп тiркесi арқылы таңбалайтын ағылшын, немiс, орыс сияқты тiлдердiң сипатына байланысты шыққан. Мысалы, француз тiлiнде <е> фонемасының ашық, жабық, жартылай ашық түрлерін беретін әріп алфавитте жоқ, бірақ графикасында бар. Сол сияқты <а> фонемасын беретін графикалық таңбалар жиі қолданылады. Немiс тiлiнде сh, sch деген диграмма, триграммалар бар. Қазақ ЖТ-дагі графика ұғымы әлiпби қабылдағанда, жазудың алғашқы тәжiрибелерiнде, алғаш сауат ашу iсiнде көрiнедi. Сонда графика дегенiмiз әлiпбидегi әрiптердiң жазылу тұрпаты, белгiлi бiр фонемаларды таңбалауын ұйымдастыру болып шығады. Дәріс –3 Әліпби және әліпбидегі әріп пен фонема қатынасы Жұмыста ашық, жабық әліпби түрлері ретінде француз, неміс, түрік, парсы, араб, жапон жазулары салыстырыла келе, ашық жазу түрі әріп саны фонема санынан әлдеқайда кем, жазу-оқу процесі біршама қиындық тудыратын, жазу экономиясы нашар әліпби жасайды деген ойға тоқталдық. Ал жабық жазу түрлері тілдің дыбыстық негізінен шығатын, АТ жүйесіне жақын, әліпбидегі әріп саны тілдегі фонема санына сәйкес келетін немесе алдыңғысы сәл кем болатын жазу болып табылады дейміз. Зерттеушілер әліпбидегі әріп саны тілдегі фонема санымен қандай қатынаста болу керек; әріп саны фонемамен тең әліпби жетілген бе, әлде әріп саны фонема санынан аз әліпби жетілген бе деген сауал айналасында пікір таласып келеді. Бұл жазуды АТ-ның дәл көшірмесі, тіл өмір сүруінің бір формасы деп немесе жазуды өз алдына дербес жүйе деп қарау тұрғысынан екіге айырылады. Әліпбидегі әріп саны фонема санынан аз болып келетін ағылшын, француз, неміс әліпбилері жазуды тілдік дербес жүйе бағытында айқындайды. Ал фонема мен әріп саны тең дәрежедегі жазу ЖТ-ны АТ-ның көшірмесі дейтін түсініктен шығады. АТ-ның ең кіші мағыналық бірлігі – фонема – абстракті, санада ғана өмір сүретін единица болса, ЖТ-ның кіші единицасы абстракті бірлік – графема санада өмір сүріп, әріп арқылы реализацияланады. Сөйтіп, графеманың әріп тұрпаттары белгілі бір тәртіппен орналасқан, белгілі саны бар жиынтық ретінде ЖТ-ның код жүйесі- әліпбиге ұйымдасады. Дәріс – 4 Көне түркі жазуының әліпбиі, графикасы, орфографиялық ерекшеліктері, кейбір дыбыстардың таңбалану жүйесі КТЖ-ның графикасында <а-е (э~ә)>[pic]фонемасын белгілейтін таңбаның сөз ішінде және сөз басында берілмеуі, керісінше, <о-ө> фонемасының сөз басында және ортасында таңбалану жүйесі назар аудартады: а графемасы басқа <ы>, <о>, <ө> инварианттарының таңбаларына қарағанда жиі түсіріліп отырған. Мысалы, дғ (адағ), дғр (адғыр), йғучы (айғучы), нығ (анығ), тғ (тағ), ттбы (татабы), ығч (ығач). Ал сөз соңында жүйелі таңбаланады: бунча, йзқа (йазықа), буқа (бұқа), білге, йме (йеме), кче (кече) [12, 17б.]. Сонда таңбаланған дыбыс ашық езулік (а, е, ә) әрпіне қалай кодталған және рунист ғалымдар қалай топшылаған? Ол, біріншіден, біздің ойымызша, өзге үш дауысты фонеманың КТЕ-де белгілену маркерлігімен өлшенеді. Өйткені <[pic]> дауыстысынан басқа <[pic]>, <[pic]>, <[pic]> гиперфонемалары инициал позицияда да, І-буында да жүйелі таңбаланып отырса, ( ыдқ (ыдуқ), ыт (ыт), ырқ (ырақ), од (өд), өз (өз), өлглі (өлгелі), үч, үчн (үчүн)), <ү>, <у> фонемалары барлық позицияда беріледі [13]. Сонда [pic], [pic], [pic] графемалары таңбаланып, оған сәйкес фонемасы және дыбыс реңктері оқылады, ал бұл әріптер жазылмағанда <[pic]> фонемасы дауыссыз дыбыс таңбасының жуан-жіңішкелігіне қарай не [а], не [е], [ә], [э] болып оқылады. КТЖ-ға қатысты зерттеулерде және КТЖ-ның оқылуына қатысты еңбектерде ө-ү графемасының қандай белгіге сүйеніп, <ө> не <ү> болып оқылатыны айтылмайды. Дегенмен, мынадай ерекшелікті байқауға болады. Ескерткіштерде ө-ү, о-у графемасы <о>, <ө> фонемасын бергенде сөз басында және І буында ғана жазылған [13, 20б.], ал <у>, <ү> фонемаларын бергенде сөздің барлық позициясында кездескен. Мысалы, чөлг (шөлдік), күнтүз (күндіз), дгү (едгү) [13]. Сонда І буындағы <ө>, <о> фонемаларының кейінгі буынды еріндікке айналдыра алмауының, ал <ү>, <ұ> фонемаларынан кейінгі буында <ү>, <ұ> сәйкесетінін қалай түсіндіруге болады? Жалпы, КТЖ зерттеушілердің барлығы жазбаларда тіл үндестігі жаппай сақталатынын, тіпті жуан езулік пен жуан еріндік қатар келе беретінін (алтун, азуқы), ал ерін үндестігінің ауытқуы көп екенін мақұлдайды (көңүл- көңл, отұз-отз т.б.). Еріндік күші де қазіргі еріндік фонемаларының сапасына тең. Мысалы, Ғ.Айдаров КТЖ-да <о> фонемасы кейінгі буында <а> <у> фонемасына сәйкессе, <ө> - <ү> - ге, <е>-ге сәйкесетінін көрсеткен [13, 50б.], яғни еріндік сапасының күштілігі ө→ү→о→ұ қатынасында. Тарауша соңында КТЖ-ның графикасына қатысты шешілуге тиіс проблемалар көрсетілді. ХVIII-ХІХғғ. араб жазулы ескерткіштердің әліпбиі мен орфографиясына зерттеу жүргізген Г.Мамырбекованың диссертациялық жұмысының барлығы ескеріліп, араб графикасына негізделген қазақ жазуының (ары қарай АГнҚЖ) кейбір ерекшеліктеріне ғана пікірімізді білдірдік. Мысалы, АГнҚЖ-нда сөз басында <е> фонемасы жүйелі түрде /иа/-мен берілген, ал сөз ортасы мен аяғында <а>, <ә>дыбыстарымен қатар /һа/ арқылы таңбаланған. Біздің ойымызша, мұндағы сөз басындағы <е>-нің дифтонг реңкі жазуда ескерілген. Қазақ жазуында дыбыстық мәні бар әріпке мадда белгісі қойылып, дыбыстық мәні жоқ әріпке мадда белгісінің қойылмауы қысқа дауыстылардың жазуда белгіленбейтін фонематикалық сипатына сәйкес келді. Ал <п> фонемасының сөз басында парсылық /пе/-мен, сөз аяғында арабша /ба/-мен сөз ортасында бірде /ба/, бірде /пе/-мен берілу [14] жүйесінен сөз аяғы қатаң [п]-мен аяқталмайды дегенді білуге болады. Сондай-ақ <б> фонемасының сөз ортасында /ба/-мен, бірге /ве/-мен де берілуін интервокал позициядағы босаң <б> вариациясын білдіруі деп түсінуге болады. Дәріс – 5 Араб графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері, жәдид және қадим жазуының өзара айырмашылықтары АГнҚЖ-нда сөз басында <е> фонемасы жүйелі түрде /иа/-мен берілген, ал сөз ортасы мен аяғында <а>, <ә>дыбыстарымен қатар /һа/ арқылы таңбаланған. Біздің ойымызша, мұндағы сөз басындағы <е>-нің дифтонг реңкі жазуда ескерілген. Қазақ жазуында дыбыстық мәні бар әріпке мадда белгісі қойылып, дыбыстық мәні жоқ әріпке мадда белгісінің қойылмауы қысқа дауыстылардың жазуда белгіленбейтін фонематикалық сипатына сәйкес келді. Ал <п> фонемасының сөз басында парсылық /пе/-мен, сөз аяғында арабша /ба/- мен сөз ортасында бірде /ба/, бірде /пе/-мен берілу [14] жүйесінен сөз аяғы қатаң [п]-мен аяқталмайды дегенді білуге болады. Сондай-ақ <б> фонемасының сөз ортасында /ба/-мен, бірге /ве/-мен де берілуін интервокал позициядағы босаң <б> вариациясын білдіруі деп түсінуге болады. Дәріс – 6 Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі 1926ж. Бакудегі түркітанушылардың, 1929ж. Қызылорда емле конференциясының материалдары талданды. Емле конференциясындағы ұсыныс- пікірлер қазақ графикасы мен орфографиясының негізгі ережелерінің алғашқы нұсқасы екенін көрсетті. Мұнда мына мәселелер айқындалды: а) қазақ жазуының негізгі ұстанымы – фонематикалық принцип болуы; ә) халықаралық сөздердің қазақ тілі дыбыстық заңдылығына сай игеріліп, әліпбидегі әріп шегінде таңбалануы: атап айтқанда, <ф >→ [п] / panar, <г >→ [г'], [ғ] / g`az, gybirne, еуропа жазуларындағы сһ тіркесін, орыс тіліндегі <х>, араб тіліндегі <һ> дыбысын <қ>, <к> фонемаларының таңбасымен беру: muqtar, teknij`ke, kөkіne; <ц> →с, <ч> → [ш], <щ> → [ш] дыбысы етіп игеру және таңбалау: әреsеr, cek, birkencik; <й> → [ж], ю → [жұ], я → [жә], [же] етіп игеру және таңбалау: ямбы – иаmвь, ящик – иәcк, япония – иароn, еврей – иәbrej, юсуф – иysip; <в> →[у] және [p] етіп игеру және таңбалау: samavrьn, mәskev, barcav, sergejip; б) 2-буында ерін дауыстылары бар шет сөздерін еріндікті 1-буынға шығарып заңдастыру: труба-turba, доктор-doktьr; в) этимологиясы күңгірт түбір мен қосымшаны фонетикалық принциппен (айтылуынша) жазу (куŋgej, жoŋqa); г) шылау сөздерді қосымшалармен бірге естілуінше таңбалау; д) түбір соңындағы қысаң езуліктерді қысаң буынды қосымша жалғағанда түсіріп таңбалау (murьn-murnь); ж) дауысты дыбыстардың дүдәмалдығын қосымша жалғау арқылы анықтау (kitap-kitapqa). Дәріс - 7 Орыс графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі Орыс графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жобалары (ХІХғ.) ретінде Н.Ильминскийдің, Ы.Алтынсаринның, В.Радловтың әліпбилері талданды. Н.Ильминский әліпбиінде қазақ тілінің өзіне тән дауыстыларының таңбалары болды: г-<ә>, ŏ-<ө>, у-<ү>, ў-<ұ>, і-<і>, ы-<ы>, н-<ң>, к-<қ>, г-<ғ>. Ғалым түзген графикада е графемасы сөз басындағы дифтонг реңкін [je], жіңішке [й] дыбысын және жуан [e]-ні таңбалайды. Және І-буындағы еріндіктен кейін [ө]- ні білдіреді: [тўсцр]. Н.Ильминский д әрпі тек араб, парсы және Бәке, әтеке сияқты төл сөздерде қолданылатынын айта келіп, тілде жіңішкеру бағытының күшейгенін ескертеді. Ғалым <а>, <о>, <ұ> дыбыстарынан кейін <ә>, <е>, <і> дыбыстары келсе, алдыңғылары велярланады дейді: [сцjерде], [сцідеіді], [бяітйді]. Сондай-ақ <й> дыбысының да сөзді жіңішкертетін сипатын көрсетеді: бяjум, біідаі, бяіда, оілдды, баіліқ [15]. Ы.Алтынсарин “Қырғыз хрестоматиясының” 2-басылымында кириллица мен латын графикасының мынадай таңбаларын пайдаланды: д <ә>, я <ү>, ц <ө>, н <ң>, к <қ>, у <ұ>, и <і>және (ій), й <й>, г <ғ>, і <і>, у <ұу>, уу <ұу> [16]. Мұндағы г - <ғ>, <г>, к - <қ>, <к> әріптері төрт дыбысты таңбаласа, керісінше <і> фонемасы і және и әрпімен белгіленді (кійиз, тійме, адилдик), кейде и <е> фонемасын да берді. У әрпімен [ұу] қосар дыбыс таңбаланғанмен (тоқу, саусқан, шоқу), уу тіркесі де пайдаланылды (ашуума). Сондай-ақ [е]- мен қатар келген [w] дыбысы <ү> болып оқылатыны я – мен белгіленді (бесеям, бірея). Сонда Ы.Алтынсарин әліпбиінде <і>-<й>, <у>-<ү> фонемалары жеткілікті дифференцияланып, графикалана алмағанын көреміз. ОГнҚЖ-ның алғашқы әліпби жобасы 1939 ж. 10-тамызда шығады. Онда 40 әріп және әліпби тәртібі төмендегідей болды: а, ә, б, в, г, д, е, ж, з, и, й, і, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ŷ, ұ, ү, ф, х, қ, g, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, ь, э, ю, я. [18]. Мұнда дауысты дыбыстар (ә, ө, ŷ, ү) орыс әліпбиіндегі сәйкес жуан дауыстылармен (а, о, у) і – и, й жіңішке дауыссыздармен, ы – жуандық белгісімен қатар келген. Ал қазақ тіліндегі <қ>, <ғ> фонемаларының таңбасы х-әрпінен кейін орналасқан. Сөйтіп, мұнда 1940 ж. қабылданған әліпби құрамына қарағанда ілгерілеу болды дейміз. 1953ж. емле жобасы мен қазіргі ҚТОНЕ нұсқасының арасындағы шешімі қиын орфограммаларды қалыптастырудағы өзгешеліктер мен ұқсастықтарды кестеге салып көрсеттік (1-кесте). 1 кесте – ҚТОНЕ-нің 1953ж. нұсқасы мен қазіргі нұсқасының арасындағы өзгешеліктер |ҚТОНЕ –нің 1953ж. нұсқасы |ҚТОНЕ –нің 2005ж. нұсқасы | |а, е, о әріптері сөздің барлық |а, е, ы, і әріптері сөздің барлық| |буынында жазылады. |буынында жазылады. | |ә, ө, ұ, ү әріптері кінә, күмән,|ә, ө, ұ, ү әріптері кінә, күмән, | |куә, мазмұн, мақұл сөздерінде |куә, мазмұн, мақұл сөздерінде | |соңғы буындарда жазылады. |соңғы буындарда жазылады. | |ый тіркесі тый, сый сөздерінде |ый тіркесі тый, сый сөздері мен | |жазылады, бұл сөздерге қосымша |туынды сөздерде де жазылады | |жалғанғанда жалаң и жазылады |(сыйлық, сыйымды, тыйылу). | |(силық, сиымды, тиылу). | | |я, ю әріптерінен бұрын ы, і |я, ю әріптерінен бұрын ы, і | |әріптері жазылмайды, тый, сый |әріптері жазылмайды, тый, сый | |сөздері тұйық рай тұлғасында |сөздері тұйық рай тұлғасында тыю,| |тыю, сыю болып жазылады. |сыю болып жазылады. | |Халық, ауыл, әріп, ауыз т.б. |Халық, ауыл, әріп, ауыз т.б. | |сөздеріне тәуелдік жалғауы |сөздеріне тәуелдік жалғауы | |жалғанғанда соңғы буында ы, і |жалғанғанда соңғы буында ы, і | |әріптері жазылмайды. |әріптері жазылмайды. | |Йы дыбысына біткен сөзге й |Йы дыбысына біткен сөзге й | |жұрнағы жалғанғанда йи болып |жұрнағы жалғанғанда йи болып | |жазылады (байиды). |жазылады (байиды). | |Х әрпі хал, хат, қахарман, |Х әрпі хал, хат т.б.сөздерде | |гаухар, ухлеу сөздерінде |жазылады. Қахарман, гаухар, ухлеу| |жазылады. |сөздері Һ әрпімен жазылады. | |Алдыңғысы соңғысын анықтайтын |Анықтаушы-анықталушы қатынастан | |екі зат есім бөлек жазылады. |ажырап, бір заттың атауы болып | | |кеткен сөздер бірге жазылады | | |(асқасық, иіссабын). | |Екі сөзден біріккен кейбір кісі |Бұл ереже 1983ж. емле өзгерісінде| |есімдері айтылуынша жазылады |қабылданды. | |(Жанғазы) | | |Пен, кер, кеш, нікі, паз, қор, |Мұндай ескерту жоқ. | |хана, стан жұрнақтары түбірдің | | |жуан-жіңішкелігіне қарамай осы | | |тұрпатта жалғанады. | | |К, г дыбыстарына аяқталған |Бұл ереже 1983ж. емле өзгерісінде| |термин сөзге қосымша жіңішке |қабылданды. | |жалғанады. | | |Цифрмен жазылған реттік сан |Мұндай пункт жоқ. | |есімнен кейін дефис қойылады | | |(1952-жыл, 19-ғасыр) | | Қазіргі қазақ жазуының қалыптануы мен орфография мәселелерін сөз ету үшін алдымен қазақ жазуының фонологиялық негіздерін, қазақ тіліндегі ерін және тіл үндесімінің ЖТ-дагі тұрпатын, қазақ тіліндегі фонемалардың позиция түрлерін анықтау қажеттілігі бар. Сондықтан “Қазақ жазуын зерттеудің фонологиялық кезеңі ”атты ІІІ тарауда қазақ ЖТ терминінің қолданылуынан бастап, жоғарыда аталған мәселелерге және қазіргі қазақ әліпбиіндегі әріптердің фонемаға, дыбыс варианттары мен вариацияларына қатысы көрсетілді. Дәріс - 8 А.Байтұрсынұлының емле ұстанымы, орфограммалау тәсілдері А.Байтұрсынұлы жазуда лингвалды үндесім құбылысын таңбалау арқылы және ұяң дауыссыздарға артықшылық беру арқылы тілдің ерекшелігін айқындайды. Кез келген зат пен құбылыстың ішкі мазмұны, сыртқы тұрпаты (формасы) болады. Екі жақты меже әртүрлі деңгейде қарым-қатынаста болады. Алғашында форма мазмұнның ішкі болмысына сай келеді, екеуі тең дәрежеде қатынасады. Уақыт өте келе мазмұн өзгеріске ұшырап, тұрпатына сай келмейді. Сөйтіп, форма мен мазмұн қайшылыққа ұшырайды, жаңа мазмұн ескі форманы тастап, жаңа тұрпат іздейді. Ол өзінің ішкі болмысын айқындайтын жаңа тұрпат жасайды. Бірақ ол форма да тұрақсыз, өткінші болуы мүмкін. Осы тұрғыдан келсек, жазу АТ-ның өзгерістерін сол қалпында таңбалап отыру үшін өзінің тұрпатын үнемі жаңалап, ауыстырып отыруына тура келеді. Өйткені фонемографиялық жазу типінің алдыңғы жазу типтерінен айырмашылығы – жазу ДТ-ның лексикалық қорына сәйкес келуінде еді. Ал АТ өте мобильді, үздіксіз процесс екенін білсек, әрі АТ өзгерістерін мезгілінде белгілеп алудың қашан да мүмкін бола бермейтінін аңдасақ, жазуды тілдің өмір сүруінің бір формасы деп анықтаудың реті болмайды. Жазуды бұл бағытта қарау қазақ емлесінің қалыптасуына, жетілуіне көлеңкесін түсірмей қойған жоқ. Н.Уәлиұлының жазуды тілдің өмір сүру формасы емес, тілдің дербес жүйесі деп алған бастамасы аталған терминді жазу арқылы жүзеге асатын, өзіндік тәсілдері мен бірлігі, деңгейлері бар, АТ-ға оппозиция құрайтын дербес коммуникация құралы деп анықтауға әкелді. Сондықтан біздің қолданысымыздағы ЖТ ұғымы ЖС арқылы ЖМ құралатын дербес жүйені қамтиды. Дәріс - 9 Қ.Жұбановтың әліпби, емле туралы тұжырымдамалары Қ.Жұбанов тілдің қысаң емес, ашық сипатын, жіңішке емес жуан сипатын таңбалауды дұрыс көрді. Қазақ орфографиясының алғашқы кезеңі (ХХғ. басы) – фонетикалық принципті басшылыққа алды (бұл жағдай көптеген тілдердің өтпелі дәуіріне тән). Ультрафонетик (Қ.Жұбановтың термині) бағытта болмаса да, сөз айтылуына барынша жуықтатылып жазылды. Ескі қазақ жазба тілінде түбірдің естілуінше, қосымшаның морфологиялық принциппен жазылуы, ұлттық жазу дәстүрін жасауда түбірдің морфологиялық, қосымшаның фонетикалық принциппен жазылуы төл сөздеріміздің фонематикалық принциппен таңбалануын заңдастырды. 1929ж. емле конференциясында ерін үндестігінің мәртебесін анықтау қиындық тудырды. Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы ерін үндестігі өткен дәуірдегі сапасынан әлсіреді, оны таңбалаудың қажеті жоқ деп санады. байланысты Қ.Жұбановтың мына дерегі қызық: ыштан сөзі іш және тон сөздерінен бірігіп жасалған; сілтеу есімдігі о дыбысынан ы дыбысына айныған: ол+сол=>o+co=>o+cы;o=>ы. “Еріншіл дауыстылардың аяқ буынында сақталып тұра алмауына көне түркілік йағмұр сөзінің қазақ тілінде жаңбыр болып айтылатындығы да дәлел (ұ>и) бола алады”[20, 76б.] дейді ғалым. Сондай-ақ бұл жыл=>биыл, іш+құр=>ышқыр, тұғын=>тын, барған соң=>барғасын, аздан соң=>аздасын болып қалыптануы да тіл үндесімі жетекшілігінің бір дәлелі. Тіл тарихынан бірінші буындағы еріндіктің езулікке ауысқан фактілерін кездестіреміз: ұт-ат, ұда-атқа. Үшіншіден, әліпбидегі дауыссыз әріп аттары жеке айтылғанда, бір дауысты не аяғынан, не алдынан қосылып айтылады. Ол ашық езулік те, қысаң еріндік те емес, қысаң езулік- <ы> фонемасы (бы, қы, ыл, ыр, жы) т.б. Дәріс - 10 Қазақ емлесіндегі ерін үндестігінің таңбалану уәждері Үндесім заңы мен жазу теориясының қатысы. А.А.Реформатский мен В.А.Виноградов, Е.В.Поливановтардың сингармонизм парадигмадағы бүтіндікті, екпін синтагмадағы бүтіндікті белгілейді деген пікірінен шығара отырып, сөз мағынасын сингармонизм анықтайды, ал сөздің сөйлем ішіндегі дербестігін екпін анықтайды деген пікірге келеміз. Сөздің бірыңғай сингармотембрмен дыбысталуы сөз шегарасын айқындамайды. Мысалы: [жасылжәйлау түктүгілем көккілем, көккілемде көбойнаймын көпкүлөм маңдайымнан сыйпабөткөн самалды қазағымның алақаны деббілем] немесе [сеңгеше ғайдаболдұң], [елордасы астанадан сөйлөптұрмыз] деген сөздегі үндес лексемалардың аражігін ажыратып тұрған – сингармонизм емес, әр морфеманың өз екпіні. Үндесім заңдылығы қазіргі қазақ жазуында: 1) дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке түрлеріне әріп арналумен; 2) <қ> <к> <қ> <г> фонемаларына таңба берілумен; 3) түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай қосымшалардың жалғануымен; 4) бейүндес буын жігінде һ, х әріптерінің маркерлігімен (жиһаз [жійһ'а'з], Ахмет [ах'ім'ет']) көрініс тапты. Ал бүкіл қазақ сөзінің 5% құрайтын (М.Жүсіпов) бейүндес буынды сөздердің (олар не кірме сөз, не біріккен сөз, не кірме жұрнақты сөз болуы мүмкін) дені ашық буын мен бітеу буынның (бітеу буын мен бітеу буынның) қосындысынан және екінші буында қысаң дауыстылардың болуымен ерекшеленеді: құрмет, құдірет, қабілет, қасірет, қажет, қауесет, қадір, қазір, қаріп, қабір, қауіп, қанден, қадім, қапер, қатер, қорек, лағынет, қастерле, қатыгез, кәмшат т.б. Мұнда бітеу буын жігінде екі дауыссыз арасына қысаң, сына, жіңішке дауысты дәнекерленіп, өтпелі буын жасайды. Сөз үндесім заңдылығына қайшы жазылса да, үндес айтылады: құрмет [қ'үрім'ет'], қабілет [қ'әб'іл'ет'] т.с.с. Ал қазір, қаріп, қауіп, қадір сөздерінде жіңішке қысаң, езуліктің таңбалануы дәстүрлі жазу принципінен шыққан. Мұндағы і әрпі – <ы> фонемасы да, <і> фонемасы да емес сөз аяғындағы екпінмен байланысты таңбаланған сына дыбыс. Қазақ емлесіндегі ерін үндесімінің таңбаланбау уәждері. Біздің ойымызша, қазақ жазуындағы ерін үндесімі таңбаланбауының өзіндік уәждері жоқ емес. Біріншіден, қазақ орфографиясының алғашқы кезеңі (ХХғ. басы) – фонетикалық принципті басшылыққа алды (бұл жағдай көптеген тілдердің өтпелі дәуіріне тән). Ультрафонетик (Қ.Жұбановтың термині) бағытта болмаса да, сөз айтылуына барынша жуықтатылып жазылды. Ескі қазақ жазба тілінде түбірдің естілуінше, қосымшаның морфологиялық принциппен жазылуы, ұлттық жазу дәстүрін жасауда түбірдің морфологиялық, қосымшаның фонетикалық принциппен жазылуы төл сөздеріміздің фонематикалық принциппен таңбалануын заңдастырды. 1929ж. емле конференциясында ерін үндестігінің мәртебесін анықтау қиындық тудырды. Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы ерін үндестігі өткен дәуірдегі сапасынан әлсіреді, оны таңбалаудың қажеті жоқ деп санады. Ал орыс миссионерлері еңбектеріндегі мысалдарда бірде еріндік дыбыстардың сөз соңына дейін таңбалануы, бірде таңбаланбауы ерін үндестігінің екінші, үшінші буыннан кейін әлсірей бастағанының фактісі болады. Н.Уәлиұлы тіл үндестігін ғана таңбалау арқылы А.Байтұрсынұлы қазақ тілі сингармонизмін қырғыз тілінің еріндік сингармонизмінен, татар тілінің жіңішке езулік (ә) сингармонизмінен айырып көрсеткенге ұқсайды дейді. Сонымен, бірінші уәж жалпы қазақ жазуының ұстанымының теориялық негіздерінен шықса, келесі уәждер тіл фактілері мен тіл тарихынан ізделеді. Қазақ тіліндегі ерін үндестігінің әлсіздігін морфемалардың кірігу процесінде тек жуан-жіңішке езулік айналасына топталатынан да көруге болады. Бұл процеске байланысты Қ.Жұбановтың мына дерегі қызық: ыштан сөзі іш және тон сөздерінен бірігіп жасалған; сілтеу есімдігі о дыбысынан ы дыбысына айныған: ол+сол=>o+co=>o+cы;o=>ы. “Еріншіл дауыстылардың аяқ буынында сақталып тұра алмауына көне түркілік йағмұр сөзінің қазақ тілінде жаңбыр болып айтылатындығы да дәлел (ұ>и) бола алады”[20, 76б.] дейді ғалым. Сондай-ақ бұл жыл=>биыл, іш+құр=>ышқыр, тұғын=>тын, барған соң=>барғасын, аздан соң=>аздасын болып қалыптануы да тіл үндесімі жетекшілігінің бір дәлелі. Тіл тарихынан бірінші буындағы еріндіктің езулікке ауысқан фактілерін кездестіреміз: ұт-ат, ұда-атқа. Үшіншіден, әліпбидегі дауыссыз әріп аттары жеке айтылғанда, бір дауысты не аяғынан, не алдынан қосылып айтылады. Ол ашық езулік те, қысаң еріндік те емес, қысаң езулік- <ы> фонемасы (бы, қы, ыл, ыр, жы) т.б. Проф. Ә.Жүнісбек тірек дауыссыздар жуан езулік үндесім вариантында қолданылады дейді [21, 30б.]. Және үш дауыстыға негізделген сингарможазуында қысаңдардың тірек фонемасы ретінде ы-ны алады. Төртіншіден, қазіргі қазақ тілінде жуан еріндік пен жуан езулік, жіңішке еріндік пен жіңішке езулік қатар келе алады: қора, жора, сора, мола, молда, күрек, түрен, қола, сұрақ т.б. Проф. С.Мырзабеков бұл құбылысты “а-ның езулік күші ы, і фонемаларына қарағанда әлсіз, сондықтан да ол жуан еріндіктерден кейін айтыла береді”деп анықтайды [22, 41б.]. Орақ, құрақ, ұзақ, отан, ора сөздерін айтқанда екінші буындағы езулік дауыстының айтылым құрағы еріндікке еріп, жуықтап айтылуы мүмкін. С.Мырзабеков а дыбысының АТ-да кейде [o] болып айтылатын кезі де болатынын айтады: ойбой, ойхой. Яғни ерін, езу дауыстылары бір сөз шенінде я жіңішке үндесімде, я жуан үндесімде қатар жұмсала алады, ал бейүндесімде жұмсала алмайды. Бесіншіден, ерін дауыстыларының бірінші буыннан артпайтын сипатын кірме лексиканың игерілуінен байқауға болады. Мысалы, о, у дыбысына екпін түсіп тұрған сөздер қазақ тіліне очередь=>өшірет=>шірет, стол=>үстел, утюг=>үтік, русь=>орыс, хамут=>қамыт, чугун=>шөген, пуховый =>бөкебай, плюш =>пүліш, самовар=>самауыр, мұнанай=> меновой болып игерілген. Ал араб-парсы тілдерінен енген ораза (руза), орамал (румал) сөздерінде екінші буындағы еріндік фонема басқы позицияға ауысқан. АТ-да [үто'үко'], [орус] т.с.с. болып дыбысталатын сөздерді мұндай орфограммада заңдастыру 1929ж. емле конференциясында қабылданған еді. Себебі мұнда І-буындағы еріндік әсерінен келесі буындағы дауыстының еріндікке айналатын фонетикалық алмасу тұрғанын ғалымдар байқады. Өйткені мазмұн, мақұл, марқұм, мәжнүн, мәжбүр сияқты екінші канал арқылы енген сөздердегі еріндіктің таңбалануына І-буынның әсері жоқ фонеманың негізгі реңкі берілген. Алтыншыдан, еріндік сипат алдымен <ұ>, <о> фонемаларына қарағанда <ө>, <ү> фонемаларында күшті екенін орфоэпиялық норма көрсетіп отыр. ХІХғ. В.В.Радлов <о> дыбысы өзінен кейін келген қысаң дауыстыға <ө> дыбысындай әсер етпейді деген [23]. Сонда жіңішке дауыстылар жуан дауыстылардан кейін пайда болған екіншілік дифференциация десек, алдыңғылардың дауыстыны өзіне үндестіруі позициялық болып табылады дейміз. Сондай-ақ, ескі қыпшақ тілдерінде ерін дауыстыларына қарағанда езу дауыстылардың жиі қолданылғанын тіл фактілері көрсетіп отыр. Сөйтіп, қазақ жазуында ерін үндесімінің таңбаланбау сипаты уәжсіз емес. Тіліміздің сингармонизмге негізделген қасиеті, оның екі бірдей түрін негізгі жетекші етіп ала алмауға тиіс: біреуі басты, екіншісі қосалқы болуға керекті. Сондықтан тіл үндестігінің жазуда бейнеленіп, ерін үндестігінің АТ категориясы болып табылуы жөн. Фонема теориясы және қазақ жазуы. Біз қазақ тілі дыбыстық жүйесінің кіші бірлігі фонема деп танимыз. Өйткені қазақ тілінде фонема буын құрай алады: ө-те, о-та, а-дал, е-діл; фонема грамматикалық мағына жасай алады: ы тәуелдіктің үшінші жағын, а, е, й көсемшені, -р, -с есімшені, -а, -е барыс септігін береді. Сондай-ақ қазақ тілінде бір дыбыстан тұратын лексикалық мағыналы элементтер бар. Мысалы, а – “түсіндім”, ә - “бұным қалай” дегенді, о – таң қалуды, й – жиіркенуді, е – ”есіме түсті” дегенді білдіреді. Фонеманың сөз мағынасын ажырататын сипатын проф. З.Базарбаева ашық-қысаң дауыстылардың алмасуы арқылы түсіндіреді: тас-тес, қоз-қаз, саз- сыз.Мұнда сөз мағынасы жуан/жіңішкелік арқылы емес, дауыстының ашық- қысаңдығымен ажыратылады дейді [24, 20-27бб.]. Қазіргі қазақ тілін тұтынушылар санасында 9 дауыстының (<а>, <ә>, <ы>, <і>, <ұ>, <ү>, <о>, <ө>, <е>), 19 дауыссыздың (<п>, <б>, <м>, <т>, <д>, <н>, <ш>, <ж>, <з>, <с>, <қ>, <к>, <г>, <ғ>, <й>, <у>, <ң>, <р>, <л>) бейнесі (Қ.Кемеңгерұлының сөзі) бар. Сондай-ақ, <һ>, <ф> дыбыстары тек одағайларда кездескенмен, тілдің лексикалық қабатының мағынасын ажырататын жеке дыбыс – фонема ретінде танылуы тиіс деп ойлаймыз. аһ, уһ, оһ, оһлады, уһлеу, сүф, тіфә сөздеріндегі [һ], [ф] дыбыстары позициялық өзгерістен шығып отырған жоқ. [уһ] пен [уқ], [аһ] пен [ақ], [суф] пен [суп] сөздері арасындағы айырмашылық [һ]-[қ], [ф]-[п] дыбыстарына байланысты. Сөз ағынындағы дыбыс тізбегінің фонемаға айналып, әріпке кодталу процесіне назар аударылды. АС актісінде пайда болған дыбыс түрленімдері есту каналы арқылы санаға барады. Бірақ сана барлық естілімдерді қабылдамайды. Оның сөз мағынасын танытатын негізгі естілімін екшеп, парадигмадағы фонема қорымен ассоциация жасайды. Сөйтіп, естілген сөз мағынасын ажырататын фонема сүзіліп, ақпарат санаға қабылданады. Сонда фонема дыбыс реңктерінің ішінен мағына ажыратуға көмегі бар негізгі реңкті екшеп алатын елек қызметін атқарады. Осы “еленген” дыбыс ЖТ-ның бірлігі графемаға сәйкес келеді. Графема – белгілі бір жазу түрін пайдаланатын тілтұтынушы санасындағы жазу-көру жүйесінің абстракті бірлігі – ЖТ-ның мағына ажыратушылық қызметін атқарады. Графема әріп ретінде жазылады және оқылады. Мысалы, мұғалім деген сөзді көргенде (іштей оқығанда), көз санаға әріп тұрпаттарынан сигнал тастайды. Сигнал жазу-көруге бағышталған ЖТ-дагі графема жүйесімен ассоциацияланса, графема өз реализациясын танып, оқылады: сөз фонологиялық електен өтеді: мұғалім - <мұғалым>. Сөз ауызша дыбысталғанда фонема дыбыс құндағына (Н.Уәлиұлы термині) бөленіп, дыбыс реңктерімен айтылады: [мүғәлім]. Бұл процестің жазу-сызу үшін пайдасы дыбысталған сөзді жазарман қалай әріп таңбаларына айналдырады деген мәселені қамтитынында. Мысалы, [үшкүндүгжолдұң//соңғұ гүнүнде//шәкіртпала барынсалды///] деген сөйленімді алайық. Хабар естілгеннен (айтылғаннан) кейін сана ақпаратты семантикалық сегменттерге бөледі: үш, күн, жол, күн, шәкірт, барынсалды. Семантикалық сегмент әртүрлі айтылымдағы дыбыстардың мағына жасаушы реңктерін тануға көмектеседі. Сөйтіп, АТ-ның дыбыс құндағында айтылған сөз дыбыстары фонологиялық електен өтіп, фонемаға айналады: <үшкүндүгжолдұң соңғұ гүнүнде шәкіртпала барынсалды>. Келесі сатыда ЖТ өз нормасы мен жүйесін алға тартады. Яғни жазуда іргелес дыбыстардың әсері жоқ әлді позициядағы дыбыс таңбаланады, әлсіз позициядағы дыбыс таңбаланбайды. Енді әр тілдің орфография ережесі көмекке келеді. Мысалы, <үшкүндүгжолдұң> дегенде, ең бірінші, ДЖ-ның босаралықтармен бөлінуі: <үш күндүг жолдұң>, екінші, еріндіктердің қосымшада жазылмайтыны <үш күндіг жолдың>, және <г> фонемасынан сөз аяқталмайтыны <үш күндік жолдың> (тексеру үшін сөзді әлді позицияға апарып көреміз). Сол сияқты келесі синтагманы естігенде фонологиялық елек позициялық өзгерістен басқасын екшеп, сүзеді: <соңғұгүнүнде>. Фонема тізбегі ЖТ-ға көшу үшін фонема графемаға айналуы керек. Яғни ЖТ жүйесіндегі санаулы әріп таңбаларына көшу әдістері қарастырылады. Бірақ ЖТ-ның нормасы графемаларды тәртіпке салады. Емле ережесі бойынша, семантикалық бірліктер мәтінде бөлек жазылады: <соңғұ гүнүнде>. Мұның позициялық өзгеріс екенін білу үшін әлді позицияға апарып тексереміз: <соңғылары>. Алайда қазақ тілінде ІІ-буындағы еріндік дауыстылар үшін әлді позиция дүдәмал: <соңғұ>, <өзөн>. Жұмыста сондай-ақ <а-ә>, <б-п>, <н-ң>, <ы-0>, <і-0> гиперфонемаларына сипаттама берілді. Дәріс -11 Қазіргі қазақ графикасындағы әріп-фонема-дыбыс қатынасы Қазіргі қазақ графикасындағы әріптерді дыбысталған сөз – фонема – графема қатынасында алғаш рет талдап көрсеткен ғалым Н.Уәлиұлы болды. Н.Уәлиұлының еңбегінен басқа қазақ тіл білімінде графикадағы әріп-дыбыс қатынасын көрсететін зерттеу жоқ екенін ескере отырып, біз қазіргі жазуымыздағы әріптерді графема-фонема-дыбыс қатынасында сараладық (2- кесте). 2 кесте – Дауысты дыбыс әрпі-фонема-дыбыс қатынасы |әріп |фонема |дыбыс |фонологиялық жағдай|морфология|мысалдар | | | | | |лық жағдай| | |/а/ |( <а> |( [а] |сөздің барлық | |б[а]л[а] | | | | |шенінде | | | | | |Ш |қатар келген екі |құрама сөз|қар[,]ырғай, | | | | |дауыстының |сыңарлары |қар[,]ағаш, | | | | |біріншісі болғанда |жігінде |арманд[, ]өту | | | |( [ә] |ж, ш, й аралығында |бір |ш[ә]й, м[ә]йсок, | | | | | |буынды; |бид[ә]й, | | | | | |жіңішке |б[ә]йтөбет, | | | | | |сыңарлы |[ә]бүйір | | | | | |құрама | | | | | | |сөзде | | | | |( [д] |жіңішке буындардан |кірме |әмәнд[д], | | | | |кейін, ІІІ буында |сөздерде |дүбар[д], | | | | | | |ләззатт[д]ңғ[д]мм| | | | | | |ен, дүдам[д]л | | |( [pic] |([ә] |жіңішке буыннан |кірме |ділд[ә], | | | | |кейін |сөздерде |тілм[ә]р, | | | | |ІІ буында | |тілм[ә]ш, | | | | | | |дінд[ә]р, | | | | | | |мүб[ә]р[ә]к, | | | | | | |дімк[ә]с, | | | | | | |мін[ә]ж[ә]т | | |( |( [а] | | |Кес[а]пат | | |<а>-<е> | | | | | |/ә/ |( <ә> |( [ә] |сөз басында, |көбіне |[ә]же, [ә]л, | | | | |бірінші буында және|кірме |с[ә]н, [ә]з[ә]зіл| | | | |сирек екінші буында|сөздерде | | |/о/ |( <о> |( [о] |дауыссыздан кейін, | |қ[о]р, жалақ[о]р | | | | |бірінші буында | | | | | |( [уо] |сөз басында | |[уо]рман, [уо]тан| | | |( [ө] |жіңішке буыннан соң| |сәңқ[ө]й | |/ө/ |( <ө> |( [ө] |дауыссыздан кейін, | |к[ө]не, т[ө]бе | | | | |бірінші буында | | | | | |( [уө] |сөз басында | |[уө]т, [уө]лең | 9 дауысты фонемаға қазақ әліпбиінде 9 әріп арналған. Олардың ішінде көпмәнді әріпке е (10), ы (7), і (7), а (6), о (3) жатады. ө (2), ә (і) графемалары – бір және екі мәнді. Мұндағы [Ш] белгісі графема АТ-да нөлмен алмасады дегенді, ал [үШ], [ұШ] белгілері - графема [ұ] [ү] реңкінде редукцияға ұшырайды дегенді білдіреді. [уө] [уо] [jе] таңбалары дифтонг екенін және алдынан қосылған дауыссыз әнтек естіледі дегенді білдіреді. Келесі бір таңбалар жүйесі жуан-жіңішке, ерін-езулік варианттың аралығында өтпелі дыбыс реңкі бар дегенді білдіруге арналған. Мысалы, [а] мен [ә] варианттарының арасында [а] не [ә] емес, екі дыбыс аралығындағы [д] вариациясы бар. Сол сияқты үш буынға дейін еріндік буын езулік буынға өзгеше реңкпен алмасады. Сондықтан ерін дауыстылар мен езу дауыстылар аралығында еріндік реңкін де езулік реңкін де алып отыратын вариациялар ([еә], [о], [ы]) бар. Кестеде қазақ орфографиясы үшін қиындық тудыратын а, е, ы, і әріптерінің гиперфонеманы беретін позициялары да көрсетілді. Сондай-ақ, қазақ әліпбиіндегі б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ш, щ (22) дауыссыз дыбыс әріптерінің және я, ю, и, у таңбаларының фонема-дыбыс қатынасы кестеге салынып берілді (3-кесте). 3-кесте – қ әрпінің фонема – дыбыс қатынасы |/қ/|(<қ> |( [қ] |сөздің барлық позициясында, | |[қ]аза[қ], | | | | |жуан езуліктермен іргелес | |та[қ]ыр | | | | |келгенде | | | | | |( [қ˚] |сөздің барлық позициясында, | |[қ˚]ор, | | | | |жуан еріндіктермен іргелес | |[қ˚]ұры[қ˚],| | | | |келгенде | |о[қ˚]ыс | | | |( [қ'] |сөздің барлық позициясында | |[қ']асиет, | | | | |жіңішке дауыстылармен және | |[қ']адір, | | | | |жіңішке сингармотембрлі сөз | |[қ']азір | | | | |деңгейінде | | | | |(<қ>-<ғ|( [ғ] |дауысты-, ұяң-, үндіаралық | |ай[ғ]ай, | | |> | |позицияда | |қым-[ғ]уыт, | | | | | | |қыз-[ғ]ырқын| | | | | | |, | | |<қ> |( [ғ] |дауыстыаралық, ұяң, үндімен | |то[ғ] жүру, | | | | |іргелес позицияда | |айғабақ, | | | | | | |а[ғ˚]ала, | | | | | | |а[ғ˚]маңдай | | | |( [қў] |[с], [ш]-мен іргелес келгенде| |та[қў]сан, | | | | | | |а[қў]ша | | | |( [х] |буын үндесімі өзгерер | |ра[х]мет, | | | | |алдында, [р] дыбысымен | |а[х]мет, | | | | |іргелес келгенде | |бар[х]ан, | | | | | | |дастар[х]ан,| | | | | | |дар[х]ан | | | |( [х˚] |[й]-мен, дауыстымен іргелес | |су[х˚]ит, | | | | |позицияда | |дүние[х˚]ор,| | | | | | |шай[х˚]ор | | |(<ғ> |( [ғ] | |Түбір мен |ба[ғ]ы, | | | | | |қосымша |та[ғ]ы | | | | | |жігінде | | | | |( [ққ] | |Кірме сөзде|ло[ққ]ы | и, я әріптерінің емлесіндегі қиындықты мына кестеден көруге болады (4- кесте). 4 кесте – и, я әріптерінің фонема-дыбыс қатынасы |/и/ |(<ы>+<й|( [ый] |сөздің барлық шенінде, жуан | |с[ый]рақ, | | |> | |үндесімде | |қ[ый], | | | | | | |[ый]ық | | |(<і>+<й|( [ій] |сөздің барлық шенінде, жіңішке| |[ій]ә, | | |> | |үндесімде | |к[ій], | | | | | | |б[ій]лік | | |(<ы> |( [ы] |я, ю әрпі алдында келгенде | |қ[ы]ю, қ[ы]я| | |(<і> |( [і] |жіңішке үндесімде, я, ю әрпі | |әл[і]я, | | | | |алдында келгенде | |к[і]ю | | |(<ы> |( [ұ] |я, ю әрпі алдында келгенде, | |бұрт[ұ]я, | | | | |жуан еріндік үндесімде | |қорт[ұ]я | | |(<і> |( [ү] |я, ю әрпі алдында келгенде, | |дүр[ү]я | | | | |жіңішке еріндік үндесімде | | | |/я/ |(<й>+<а|( [йа] |жуан дауыстыдан кейін | |а[йа], | | |> | | | |са[йа], | | | | | | |бо[йа], | | | | | | |құ[йа] | | |(<й>+<а|( [йә] |жіңішке дауыстыдан кейін | |күлі[йә], | | |> | | | |дүрі[йә], | | | | | | |сәні[йә] | | | |( [ыйa]|сөз басында, жуан езуліктермен| |[ыйa]ғни, | | | | |қатар келгенде | |[ыйa]пырау | | | |( [ыйә]|сөз басында, жуан езуліктермен| |[ыйә]ки, | | | | |қатар келгенде | |[ыйә]худи | Дәріс – 12 Қазақ орфографиясы негізгі ережелері ҚТОНЕ-ін қолданыстағы орналасу ретіне қарай графикаға байланысты ережелер (әріптердің емлесі), морфологиялық принципке негізделген ережелер (түбір сөздер, бөлек, бірге жазылатын сөздер, қос сөздер емлесі) қазақ тілінің үндесім және үйлесім заңына негізделген ережелер (қосымшалардың, шылау сөздердің емлесі), жазудың идеографиялық принципіне негізделген (бас әріптің қолданылуы) және техникалық ережелер (сөздердің тасымалдануы) деп бөлдік. Мұндағы графикалық ереже әліпбидегі 42 таңбаның дыбыстық мағынасын, олардың графикалық контекстегі жазылатын позициясын, кей позицияда нөлмен алмасатынын көрсетеді. Төл түбірлер мен туынды сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке болатынын және оларға жалғанатын қосымшалардың үндестігі, қосымшалардың түбірдің соңғы дыбысымен үйлесуі (с, з, н дыбыстарынан басқа), біріккен сөз жігіндегі қ, к, п дыбыстарының ұяңданып, айтылуынша жазылуы, қысаң езуліктердің естілуінше түсіріліп таңбалануы, шылаулардың негізгі сөзге үндесіп, үйлесіп жазылуы орфограммалардың фонетикалық принципке сүйенетінін көрсетеді. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне енгізілген өзгерістердің фонологиялық және семантикалық сипаты. ҚТОНЕ-нің 1983ж., 2001ж. өзгерістеріне талдау жасала келе, ол өзгертулер 1929ж., 1940ж. графика мен емле ережесінде де айтылып, қабылданбай қалған тұстар екеніне көз жеткізілді. Осыған орай қазақ тілі орфографиясын жетілдіру үшін қандай түзетулер жасау керек және 1957ж. ҚТОНЕ-де нендей тұстар ескерілмей қалды деген мәселе төңірегінде ой қозғадық. 1957ж. ережеде [ә] дыбысы <а> фонемасының жіңішке варианты деп емес, кірме дыбыс ретінде жалаң сөздердің бірінші буынында ғана жазылады деп бұрыс шешілді. Егер фонеманың негізгі реңкі сөздің барлық буынында таңбаланса, онда вариантына шек қойылмауға тиісті. Мысалы, ҚТОНЕ §2-ында а, е, ы, і әріптері барлық буында, ал ә, о, ө, ұ, ү әріптері жалаң сөздің І-буынында ғана жазылады делінген. Бұдан <а> фонемасының жіңішке варианты <е>, <ы> фонемасының жіңішке варианты <і> болып шығады. Ал еріндіктердің негізгі реңкінің таңбалануы (<о>, <ұ>) шектелгеннен кейін, олардың жіңішке варианттарының (<ү>, <ө>) позициялық түрленімі берілмейтіні белгілі. Сонда <ә> фонемасы кірме дыбыс ретінде ұғынылады. Екінші, ҚТОНЕ-де я, ю әріптерінің қызметін толық пайдаланбады. Ю- [йұу], [йүу], я-[йа], [йә] дыбыс тіркестерін берген таңба айуан, айуанат, хайуан, хайуанат, кейуана, миуа, диуана, қиуа, қиуаз сөздерінде неге ауытқиды? Оның себебі қазақ фонетикасы я, ю, у, и, е әріптерін дауысты дыбысқа жатқызуынан, бір сөз шенінде үш дауысты қатар келмейді деген тұжырымынан шыққан: аюан, аюанат, мыюа, дыюана, қыюаз деп жазу тасымалдауға да келмейді делінген. Осыған ұқсас я, ю әріптерінің алдынан келген <ы>, <і> фонемалары и әрпімен біреледі деген (қию [қыййұу]) ереже бар. Бұл – әріп ЖТ- да ортақ қабылданған шартты таңба, ю, я, у, и таңбалары дыбыс емес, дыбыс тіркесінің “суреті”, жазу мен АТ екі басқа таңбалық жүйе екенін парықтамаудан шығып отыр. [йұу], [йүу], [йа], [йә], [ұу], [үу], [ый], [ій] дыбыс тіркестерінің ю, я, у, и таңбаларымен берілетініне жоғарыдағыдай ауытқу-ескертудің қажеті жоқ деп білеміз. Сонда аюанат, хаюан, кеюана, қыюа, қыюаз, кію, тыю, сыю, тыя, сыя деген орфограммалар уәжді болады. Үшінші, 1983ж. өзгерту х әрпінің жұмсалу шегін жөнсіз тарылтты деп ойлаймыз. Негізінен, араб-парсы тілінен енген сөздердің біразы дәстүр бойынша х әрпімен таңбаланады. Шындығында, хадис, хазірет, хакім, хасіл, рахмет, Хамит, Ахмет, дихан сөздерінде х әрпі бейүндес буындардың жігін “жасырып”, дауыстының жіңішке екеніне маркер болып тұрады: [х'адис], [х'азірет], [р'ахімет], [дійх'ан]. Х әрпінің “жіңішкерткіш, жұмсартқыш” сипаты кейде <к> фонемасымен қатар айтыла алмайтындықтан таңбалануды қажет етеді, мысалы: хикая, хикаят, хикаяшыл, хикмет. Сонда 1983ж. емле- ережесінде диқан, рақмет болып өзгерілген орфограммалар уәжсіз болып шығады. Жалпы дауыстыаралық позиция мен үнділермен қатар келген позициядағы х-ны қ-мен алмастыру негізсіз. 1983ж. өзгеріс дарқан, дастарқан, рақат, рақаттану деп жазуды ұсынды. Бірақ қазіргі (2005ж.) жазу тәжірибесінде х- мен таңбалау басым. Оның есесіне 1988ж. сөздік хұқық, хұқықты (право) деп, 2000ж. сөздік хұқық, құқық деп те берген емлені <х> мен <қ> қатар айтыла алмайтындықтан құқық деп бергені жөн еді дейміз. Төртінші, бірге, бөлек жазылатын сөздердің қиындығын болдырмау үшін емле ережелерінің алғашқы тәжірибесіндегідей, 1929ж. емле конференциясына қатысушылардың терминімен айтқанда, “тілді тұтынушылар санасында біртұтас ұғым болып танылатын, екі сөзден тұратын, аралық қосымшасыз” сөздерді біріктіріп жазу керек еді. Бұндай бағыт 1929ж. емле ережесінде де, 1940ж. орыс графикасымен бірге түзілген емле ережесінің жобасында да, 1941ж. орфография сөздігінде де, 1948ж. М.Балақаев құрастырған сөздікте де ұсталынды. Алайда сол сөздер орыс тіліндегі аудармасы бөлек жазылатындықтан (народное хозяйство - халық шаруашылығы, т.с.с.), орыс орфографиясында фразеологиялық тіркестердің бөлек таңбаланатындығынан, қазақ тіліндегі идиомалық атаулар мен лексикалық атаулардың арақатынасы, қазақ тіліндегі сөзайналым процесі тұрғысынан дұрыс түсінілмегендіктен бөлек таңбаланатын сөздер қатары көбейді. Сондықтан ҚТОНЕ-не, ҚТОС-не енген өзгерістер, негізінен, бірге жазылатын сөздердің емлесін толықтыруға бағытталды. Дәріс – 13 Қазіргі қазақ орфографиясы негізгі принципі Н.Гвоздев, В.Щерба, Я.К.Грот, М.В.Ломоносов, В.К.Тредиаковский, Д.Н.Ушаков, С.Г.Обнорский, Л.Б.Селезнева зерттеулеріндегі емле принциптерінің сипаты талдана келіп, қазақ жазуында морфологиялық принципке негізделген ережелерге бірге, бөлек жазылатын құрама сөздер (ат қора, қара балшық), орыс тілінен енген атау сөздер, күрделі зат есім, сын есім, сан есім, күрделі етістік, идиома, тұрақты тіркестер, еліктеуіш сөздер, тұлғасы өзгермейтін кіріккен сөздер, терминдер, жер-су атаулары, шылау сөздер жататыны байқалды. Орыс тілінде сөздің грамматикалық мағынасы түбірдегі бір фонеманың өзгеруі арқылы беріледі, яғни Л.В.Ломоносов айтқандай, бегу/бежать сөздерінің мағынасы г-ж алмасуында жатыр. Аталған алмасудың жазуда таңбалануы фонеманың негізгі реңкін бейнелейтін фонематикалық принципке сәйкес келеді. Сондықтан орыс жазуының негізгі принципі фонематикалық болып анықталуының уәжі бар дейміз. Ал жалғамалы тіл – қазақ тілі үшін түбірді барлық позицияда бірдей жазудың мүмкіндігі жоғары. Сондықтан түбірдің морфологиялық принциппен жазылуын кезінде қазақ жазуы жеңіл қабылдады. Олай болса, Е.Омаров айтқандай, “сөз жүйесінше дұрыс болған жазу дыбыс жүйесінше де дұрыс болуы шарт, себебі, қазақша сөздің түбірі өзгермейтін болған соң, біздің дыбыс жүйесіндегіше жазғанымыз сөз жүйесінше де дұрыс болады” [17, 49б.]. Сондықтан сөздің түбірін сақтап жазу дегенді орфографиялық морфеманы сақтап жазу деп түсіну керек деп ойлаймыз. Қазіргі қазақ орфографиясындағы морфологиялық принциптен ауытқыған қатарға түбір соңы мен қосымша жігіндегі қ-ғ, п-б, к-г алмасулары жатады делінеді. Бұл орфограмма фонетикалық алмасуды таңбалай ма, әлде фонематикалық сипатты білдіре ме дегенге 1924ж. құрылтайда сөйлеген Е.Омаровтың мына сөздері жауап береді деп ойлаймыз: “... тұйық буынның соңғы дыбысы еш уақытта да б, ғ, г, д болмайды... бұларды дыбыс жүйесіне келтіріп естілуінше жазамыз... Бұл дыбыстардың асылы п емес, б болуға тиіс деп, қаб, таб, доб деп жазамыз. Мұнымыз дыбыстың асылын зерттегеніміз, бірақ бұлай жазу дыбыс жүйесінше де, жеңілдік жағынан да қолайсыз... тап- табы п-ның асылы б деп, б-мен жазған соң, ток-тогі к-ні тог деп жазуымыз керек еді. К, қ, п-ның ережесі бірін-біріне үйлеспейді. К-нің ережесі дыбыс жүйесінше де, п-ның ережесі асылын зерттеумен болған, к-нің ережесі жеңіл де, п-ның ережесі қиын, желп, серп-терді п-мен, қап, топ-тарды б-мен жазамыз, сөйтіп, п мен б-ның асылын айырамыз, бірақ қорқамын, үркеді дегенде де өзгермейді. Сондықтан п-ны да дыбыс жүйесінше жазуымыз керек” [17, 30б.]. Ал қазіргі зерттеулерде қап сөзіндегі [п] дыбысы да негізгі реңк, қабы сөзіндегі [б] дыбысы да негізгі реңк, яғни қалыбы, қалпы, сабы, сапы деген сөздеріндегідей мағына ажырататын дыбыс алмасу бір деңгейде қарастырылады. Жалпы, қазақ тіліндегі мұндай сипатты сөздердегі дыбыс алмасуларды жаппай қамтитын құбылыс болмағандықтан, морфонологиялық алмасу, яғни тарихи алмасуға жатқызады. Ал морфонологиялық алмасу жазуда жүйелі түрде көрініс табады. Сондықтан ғалымдар қазіргі ДЖ морфонологиялық сипатта дейді. Мысалы: қалып - қалыбы (кірпіш құятын, нан салатын қалып), қалпы (сипаты, күйі), сап-сабы (күректің сабы), сапы (еңбек сапы). Бірақ тәуелдік жалғауы қосылған сөздерде ғана (қалыбы-қалпы) мағыналық айырмашылық көрінеді, ал қалып сөзі мен қалыбы сөзі бір мағынаны білдіреді. Егер жазуда фонема таңбаланатын болса, мұндағы мағына ажыратушылық белгі қандай сипатта болады? Сондай-ақ бұл қатарға <қ>, <к> фонемаларының түбір мен қосымша, екі сөз жігінде ұяң <ғ>, <г> фонемаларына айналып айтылуы және жазылуы да кіреді. Мысалы: балық-балығы, ақ-ағы, көк-көгі, жақ-жағы, бақ-бағы. Сөйтіп, жазуда фонеманың әлсіз позициядағы түрленімі емес, әлді позициядағы реңкі белгіленеді деген ұстаным тұрақтана алмады. Бұны қазақ жазуындағы фонетикалық принциптің қосалқылығынан іздеу керек. 20-30жж. қолғап, жаздыгүн, қыстыгүні сияқты сөз қатары фонетикалық принциппен жазылды. Сонда байқап отырсақ, фонетикалық принципке қ, к фонемаларының позициялық түрленімі, БС жігіндегі қос дауыстының біреуі, түсірілуі сондай- ақ қысаң езулік ы, і фонемаларының соңғы буынындағы емлесі “ілігіп” отыр. Дәріс - 14 ы, і, ә әріптерінің орфограммасы Қазақ тіліндегі <ы>, <і> фонемалары – қысаң, езулік инвариантының жуан- жіңішке сингармоварианттары. Қазақ фонологиясы екі варианттың да мағына ажырататын, сөзді айыратын, сөзді танытатын сипатына қарай <ы>, <і> дыбыстарын екі фонема деп таниды. Сондықтан қазақ жазуының акцентті- фонологиялық кезеңінен бастап фонемалардың таңбасы бар. Алайда, ы, і қысаңдарының фонемалық сипатынан бөтен, қазақ тілінің буын сатысынан қалған дауыссыз дыбыстың жуан-жіңішкелігін білдіретін немесе екі дауыссыз аралығында бір дауысты жазылу керек деген қағидаға сәйкес таңбаланатын қосымша дәнекерлік қызметі бар. Қазақ орфографиясында ы, і әріптерінің осы екі қызметі сараланбай, емледе проблема туып отыр. Жұмыста ы, і әріптері емлесінің қалыптану негіздері А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов зерттеулерінен, 1924ж.,1940ж., 1953ж., 1956ж. емле ережелерінен ізделді. Сонда жазу тарихында ы, і әріптерінің емлесіне қатысты екі бағыт болғаны байқалды. Бір бағыт жазуды нормалаудың алғашқы сатысында ы, і әріптерін мүмкіндігінше қысқартуды қалыптандырды (халық - халқы, көрік - көркі, өлі ара - өлара, алтыатар - алтатар (ҚТОС, 1988ж.), ешкіемер - ешкемер, алтыаяқ - алтаяқ, саптыаяқ - саптаяқ, сарыағаш - сарағаш, сарыөрік - сарөрік. Екінші бағыт селбеспе (дәнекер, қыстырынды) дыбыс ретінде, 2-3 дауыссыз дыбыс қатар келмейді, түбір мен қосымшаның (фондыға, киоскіге), сөз, буын аяғы б, д, ғ, г ұяңдарына аяқталмайды деген қағидамен тағылым, абырой, әділет, әбілет, жағылан, жебірейіл, жұдырық, қабылан сияқты сөздерде ы, і әріптерін таңбалануды ұсынады. Сөйтіп, осындай бағыттардың үрдісінен ы, і әріптерін қысқартып жазудың мынадай сатыларын көруге болады (1-сурет): |I |ойнау, үр(і)кек, қыр(ы)нау, жи(ы)нау, қай(ы)рақ… | |II |қ(ы)йын, ж(ы)йын, т(і)йме, к(і)йме, м(ы)й… | |III |тақ(ы)йа, дар(ы)йа, дүр(ү)йә, жар(ы)йа, қ(ы)йар… | |IV |жіб(і)йді, ер(і)йді, ыс(ы)йды… | |V |оқ(ұ)у, тоқ(ұ)у, жаз(ы)у, кір(і)у… | |VI |мой(ы)ны, бөр(і)кі, ер(і)ні, дау(ы)сы… | |VII|өл(і)ара, алт(ы)атар, сапт(ы)аяқ… | |VIII|бағ(ы)лан, саң(ы)лақ, тар(ы)лан… | |IX |балықот(ы), алмаағаш(ы)… | 1 сурет – ы, і әріптерін қысқартып жазу сатылары Мұндағы “баспалдақтар” қазіргі қазақ орфографиясындағы барлығына бірдей тарайтын жазу ережесінен “семантикалық қарсылыққа ұшырайтын” (Н.Уәлиұлының термині), сондықтан сөз талғап ықшамдалатындарға қарай тарыла сатыланады. Жоғарыдағы кең сатыда орфограмма таңдау қиындығы кездеспесе (І – V), төмендеген сайын (VI – IX) емле ережелерінің соңында ескерту көбейе түседі. Ы, і әріптерінің жазылуына қатысты қиындықты шешу үшін біз А.Байтұрсынұлынша мсқ, бл, қр деген, Қ.Жұбановша блек, қрау, блім, қрық, балқ, бөрк, қрман, қпал деген орфограммаларды нормалай алмаймыз. Бірақ VI – IX сатыдағы ы әрпін үнемдеу заңдылығын сол позициядағы барлық сөзформаларға қолдану керек деп ойлаймыз. Дәріс -15 Қазақ графикасындағы һ, х, ф, қ-к, ғ-г әріптерінің емлесі Кезінде А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов одағайларда бар дыбысқа әріп арналуы керек деген, Орынбордағы емле құрылтайының қарары әліпбиден һ әрпін шығаруды қабылдаған [17, 98б.], ал соңғы фонологиялық зерттеулер қазақ тілін тұтынушы санасында [х], [қ], [һ] дыбыстарының типтік бейнесі біреу, тұтынушы - [халық]-[қалық], [хан]-[қан], [рахат]-[рақат], [қалұуа]-[халұуа] варианттарының қайсысымен сөйлесе де, қайсысын естісе де, ортақ типтік елес - <қ> фонемасы арқылы танитынын айтады. Бірақ қазіргі қазақ жазуында һ әрпімен жазылатын аһ, аһылап-уһілеу, аһылау, бәһра, гауһар, еһ, еһе, еһе- һе, еһе-һелеу, жаһан, жаһіл, қаһар, қаһарат, қаһарман, түуһ, уһ, уһілеп- аһылау, уһілеу, жиһад, жиһаз, жиһан, жиһангерлік, жиһанкез, мәшһүр, мүһәзин, паһ, паһ-паһ, жауһар, жаһіл, оһ, оллаһи, оһо, паһ-паһ, түуһ, шаһар, шаһбаз, аждаһа, айдаһар, асфаһани сөздері, біздіңше, жазылуына қарай [һ] дыбысымен оқылмайды және қазіргі тілтұтынушы бұл сөздерді [қ] фонемасы арқылы дыбыстай алмайды. Сондықтан х әрпінің сөздің жазба тұрпатына дифференциация жасайтын, һ әрпінің бейүндес буын жігін бейтараптандыратын, сөйтіп, сөздің бірыңғай үндесімде айтылуына маркерлік ететін қызметі ([р'ах'мет], [емт'ійх'ан]) бұл таңбалардың қазақ әліпбиі құрамында болуын уәжді етеді. Дегенмен һ әрпін шығыс тілдерінен, х әрпін орыс тілінен енген термин сөздерде пайдаланудың қажеті аз, екі әріпті бір таңбаға сидыруға болар еді дейміз. қ-к, ғ-г әріптерінің графемдік мәртебесі. Қазақ тіліндегі дауыссыз фонемалардың мәртебесі олардың тоғыз түрлі сингармовариантта кездесуіне байланысты анықталады. Осы қағида негізінде <қ>, <к>, <ғ>, <г> фонемаларының төмендегідей дыбыстық қоры көрсетіледі: [қо] [ақ] ақ, [қылт] қылт, [қооло] қол, [қоұшо] құш <қ> [қОІ] [қОІәзір] қазір, [тығішіңе] тық ішіңе, [қөлет] қол ет, [қІұдірет] құдірет. [ғо] [ғасыр] ғасыр, [шығын] шығын, [ғой] ғой, [ғұн] ғұн <ғ> [ғОІ] [жоғән] жоқ ән, [қырығішік] қырық ішік, [ағөлөң] ақ өлең, [жоғүн] жоқ үн. [го] [көгала] көк ала, [көгұрсұн] көк ұрсын, [теготұрұу] тек отыру <г> [гОІ] [гәп] гәп, [jегіз] егіз, [jегде] егде, [бүгүн] бүгін, [гөрү] гөрі, [гүр] гүр. Сөйтіп, <қ>, <к>, <ғ>, <г> фонемаларына әріп арналудың уәжі бар деп білеміз. 3. СЕМИНАР САБАҚТАРЫ №1-семинар. Тақырыбы: Жазу тілдің жазба жүйесі ме, әлде жазба формасы ма; Жазба тіл мен ауызша тілдің өзіне тән ерекшеліктері Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12. №2-семинар. Тақырыбы: Жазба тіл мен ауызша тілдің өзара кодталу сатылары. Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12. №3-семинар. Тақырыбы: Үндесім заңы мен жазу теориясының қатысы Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12. №4-семинар. Тақырыбы: Сөздерді бірге, бөлек таңбалаудың ұғымдық және тілдік дискреттілікке қатысы Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12. №5-семинар. Тақырыбы: Қазақ тілі орфографиялық сөздіктерінің түзілу принциптері мен жетілдіру бағыттары. ҚТОС-тың V-басылымындағы өзгерістердің сөзжасамдық, семантикалық уәждері. Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12. №6-семинар. Тақырыбы: Әліпбиге и, у, я, ю әріптерін алудағы емле қиындығы мен жазу экономиясы. Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12. №7-семинар. Тақырыбы: Дыбыстық емес графикалық белгілер: босаралықпен, босаралықсыз және қосаралықпен жазу. Өзгешеліктері мен ерекшеліктері. Бірге жазылатын сөздердің формалды белгілері. Ұластыруыштар. Аффиксойдтар. Құрастыруыштар. Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12. №8семинар. Тақырыбы: Бірге жазылатын сөздердің семантикалық белгілері. Қосаралық (дефис) қызметі. Босаралық – қосаралық – босаралықсыз жазу эволюциясы. Дефиспен жазылатын сөздердің орфограммасы. Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12. №9-семинар. Тақырыбы: Бас әріп қызметі. Кіші әріп қызметі. Символика. Қазақ тіліндегі бас әріппен жазылатын сөздердің типтері мен топтары. Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12. №10-семинар. Тақырыбы: Кірме сөздерге қазақ тілінің қосымшаларын жалғаудағы ерекшеліктер.т.б. Дыбыстық жағынан толық игерілген және жартылай игерілген кірме сөздердің орфограммалары. Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12. №11-семинар. Тақырыбы: Жазу тілдің жазба жүйесі ме, әлде жазба формасы ма; Жазба тіл мен ауызша тілдің өзіне тән ерекшеліктері Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12. Әдістемелік нұсқау Семинар тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар курстың өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты орындау, коллоквиум, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Семинардың тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыпппен байланыстырып отырыңыз. Әр тақыпрыпты өткен кезде ұсынылып отырған көркем мәтіндермен мұқият танысып, көрсетілген әдебиеттерді оқу қажет. Семинар барысында теориялық мәселелерді меңгерумен қатар мәтінді білу талап етіледі. Емтихан алдынла мәтіндік тест алынады. 4. СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ШЕГІНДЕГІ САБАҚТАР ЖОСПАРЫ (СОӨЖ) №1 сабақ тақырыбы: Тіл және мәдениеттану №2 сабақ тақырыбы: Тіл және этнография №3 сабақ тақырыбы: Тіл және өлкетану №4 сабақ тақырыбы: Этнолингвистикалық бірліктер №5 сабақ тақырыбы: Қазақ этнолингвистикасының өзіндік ерекшеліктері №6 сабақ тақырыбы: Этнолингвистиканың базалық ұғымдары №7 сабақ тақырыбы: Ұран, ру таңбаларының этнолингвистикалық cипаты №8 сабақ тақырыбы: Этнотопонимдердің этнолингвистикалық сипаты (әркім өз ауданына қатысты материал негізінде жазады) №9 сабақ тақырыбы: Тұрақты теңеулер - Этнолингвистикалық арналардың бірі №10 сабақ тақырыбы: Қазақтар дүниетанымындағы кеңістік пен уақыт №11 сабақ тақырыбы: Этнонимдердің этникалық сипаты (әр студенттің өзіне қатысты СОӨЖ жүргізу формасы: ауызша және жазбаша. Әдістемелік нұсқау: СӨЖ тапсырмалары сұрақтар және жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып өткізу қажет. 1-кредит бойынша 3,6-апталарда, 2-кредит бойынша 11, 14-апталарда СОӨЖ сабағында тексеріледі. Сабақ барысында студенттің теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады. 5. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ) 1. Жазу мен ойлаудың арақатынасы. 2. Қазіргі қазақ әліпбиінің құрамы. Әріп аттары. Әріп реті. Қазақ тіліне тән дыбыстарды таңбалайтын әріптердің тұрпаты мен орналасу реті. Бір фонемаға бір әріп сәйкесетін таңбалар, екі дыбыс тіркесін беретін әріптер, үш дыбыс тіркесін беретін әріптер, кірме сөздерді таңбалау үшін алынған әріптер, дәстүрлі жазу үшін алынған әріптер. 3. Қазіргі қазақ жазуындағы үндесімнің буын шегінде таңбалану уәждері. Қазақ ауызша тілінің негізгі дыбыстық заңы. Тіл үндестігі. Ерін үндестігі. Тіл үндестігінің дауысты дыбыс әрпі арқылы берілуі. Тіл үндестігінің дауыссыз дыбыс әрпі арқылы берілуі. Тіл үндестігінің дәйекше арқылы берілуі. Артықшылықтары мен олқылықтары. 4. Қазақ тіл біліміндегі жазба тіл, тіл формасы, жазба дәстүр ұғымдарының сипаты 5. Қазақ графикасын ауыстыру мәселесі: ұсыныстар, жоба 6. Жаңа қазақ әліпбиінің жобалары. 7. Латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің негізгі жобасының тілдік және тілдік емес негіздері 8. Латын графикасына көшудің алғышарттары мен себептері 9. Кірме сөздерді таңбалаудың орфографиялық ережелері: өткеніміз, бүгін және болашақ 10. Халықаралық терминдерді таңбалау: тарих және бүгін. 11. Бірге не бөлек жазылуы қиындық тудыратын тұрақты тіркестердің орографиясы 12. Ауызша ғылыми сөз бен жазбаша ғылыми сөздің құрылымдық ерекшеліктері 13. Ауызша шаршысөз бен жазбаша шаршысөздің құрылымдық ерекшеліктері 14. Ауызша іскери сөз бен жазбаша іскерисөздің құрылымдық ерекшеліктері 15. Ауызша монологтік сөз бен жазбаша монологтік сөздің құрылымдық ерекшеліктері 6. Курс бойынша емтихан сұрақтары 1. Жазудың маңызы мен бүгінгі күн тұрғысынан қызметі. 2. Жазба тіл мен тілдік жүйе арасындағы қатынас. Жазудың негізгі категориялары. 3. Әліпби және әліпбидегі әріп пен фонема қатынасы. 4. Көне түркі жазуының әліпбиі, графикасы, орфографиялық ерекшеліктері, кейбір дыбыстардың таңбалану жүйесі. 5. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері, жәдид және қадим жазуының өзара айырмашылықтары. 6. Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі. 7. Орыс графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі. 8. А.Байтұрсынұлының емле ұстанымы, орфограммалау тәсілдері. 9. Қ.Жұбановтың әліпби, емле туралы тұжырымдамалары. 10. Қазақ емлесіндегі ерін үндестігінің таңбалану уәждері. 11. Қазіргі қазақ графикасындағы әріп-фонема-дыбыс қатынасы. 12. Қазақ орфографиясы негізгі ережелері 13. Қазіргі қазақ орфографиясы негізгі принципі. 14. ы, і, ә әріптерінің орфограммасы. 15. Қазақ графикасындағы һ, х, ф, қ-к, ғ-г әріптерінің емлесі. 16. Жазу тілдің жазба жүйесі ме, әлде жазба формасы ма; Жазба тіл мен ауызша тілдің өзіне тән ерекшеліктері. 17. Жазба тіл мен ауызша тілдің өзара кодталу сатылары. 18. Үндесім заңы мен жазу теориясының қатысы. 19. Сөздерді бірге, бөлек таңбалаудың ұғымдық және тілдік дискреттілікке қатысы. 20. Қазақ тілі орфографиялық сөздіктерінің түзілу принциптері мен жетілдіру бағыттары. ҚТОС-тың V-басылымындағы өзгерістердің сөзжасамдық, семантикалық уәждері. 21. Әліпбиге и, у, я, ю әріптерін алудағы емле қиындығы мен жазу экономиясы. 22. Дыбыстық емес графикалық белгілер: босаралықпен, босаралықсыз және қосаралықпен жазу. Өзгешеліктері мен ерекшеліктері. Бірге жазылатын сөздердің формалды белгілері. Ұластыруыштар. Аффиксойдтар. Құрастыруыштар. 23. Бірге жазылатын сөздердің семантикалық белгілері. Қосаралық (дефис) қызметі. Босаралық – қосаралық – босаралықсыз жазу эволюциясы. Дефиспен жазылатын сөздердің орфограммасы. 24. Бас әріп қызметі. Кіші әріп қызметі. Символика. Қазақ тіліндегі бас әріппен жазылатын сөздердің типтері мен топтары. 25. Кірме сөздерге қазақ тілінің қосымшаларын жалғаудағы ерекшеліктер.т.б. Дыбыстық жағынан толық игерілген және жартылай игерілген кірме сөздердің орфограммалары. 26. Жазудың жалпы даму тарихына шолу. 27. Жазу процесін меңгерудің физио-психологиялық ерекшеліктері. 28. Бейүндес буынды сөздер. Кірме сөздер мен бірге жазылатын сөздердің шеніндегі бейүндесімділік. 29. Орыс графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жобалары (ХІХғ.). 30. Төте жазудың графика-орфографиялық ерекшеліктері. 31. Қазақ жазба тілі мен ауызша тілінің айырмашылықтары. 32. Түркі халықтарына ортақ әліпби жасаудың 30ж. тәжірибесі. 33. Орфографиядағы қосымша жалғау арқылы тексеру әдісі. Жұпсингармодауыстылар сыртындағы жұпсыз е дыбыс-әрпінің қазақ тілі тіл үндесімімінің доминанталық сипатын күшейтетенідігі туралы. 34. Қазіргі түркі халықтарының әліпбилерін бірдейлестірудің қажеттіліктері мен ортақ әліпби жобасының құрамы. 35. Екі бітеу буын аралығында жазылатын ы, і әріптерінің емлесі. 36. Бірге не бөлек және дефис арқылы жазылуы қиындық тудыратын үстеулердің және есімдіктердің емлесі. 37. Бас әріппен жазылатын сөздердің типтері мен түрлері . 38. Түрік жазуының әліпбиі, графикасы, емле ережесі, емле ережесіне енген өзгерістердің сипаты. 39. 1929-1940жж. Латын графикасымен жазылған мәтіндердің орфографиялық ерекшеліктері. 40. Қазақ жазуындағы й, у әріптерінің тарихы мен емлесі. 41. Жазу мен ойлаудың арақатынасы. 42. Қазіргі қазақ әліпбиінің құрамы. Әріп аттары. Әріп реті. Қазақ тіліне тән дыбыстарды таңбалайтын әріптердің тұрпаты мен орналасу реті. Бір фонемаға бір әріп сәйкесетін таңбалар, екі дыбыс тіркесін беретін әріптер, үш дыбыс тіркесін беретін әріптер, кірме сөздерді таңбалау үшін алынған әріптер, дәстүрлі жазу үшін алынған әріптер. 43. Қазақ ауызша тілінің негізгі дыбыстық заңы. Тіл үндестігі. Ерін үндестігі. Тіл үндестігінің дауысты дыбыс әрпі арқылы берілуі. Тіл үндестігінің дауыссыз дыбыс әрпі арқылы берілуі. Тіл үндестігінің дәйекше арқылы берілуі. Артықшылықтары мен олқылықтары. Қазіргі қазақ жазуындағы үндесімнің буын шегінде таңбалану уәждері. 44. Қазақ тіл біліміндегі жазба тіл, тіл формасы, жазба дәстүр ұғымдарының сипаты. 45. Қазақ графикасын ауыстыру мәселесі: ұсыныстар, жоба. 46. Жаңа қазақ әліпбиінің жобалары. 47. Латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің негізгі жобасының тілдік және тілдік емес негіздері. 48. Латын графикасына көшудің алғышарттары мен себептері. 49. Кірме сөздерді таңбалаудың орфографиялық ережелері: өткеніміз, бүгін және болашақ. 50. Халықаралық терминдерді таңбалау: тарих және бүгін. 51. Бірге не бөлек жазылуы қиындық тудыратын тұрақты тіркестердің орфографиясы. 52. Ауызша ғылыми сөз бен жазбаша ғылыми сөздің құрылымдық ерекшеліктері. 53. Ауызша шаршысөз бен жазбаша шаршысөздің құрылымдық ерекшеліктері. 54. Ауызша іскери сөз бен жазбаша іскерисөздің құрылымдық ерекшеліктері. 55. Ауызша монологтік сөз бен жазбаша монологтік сөздің құрылымдық ерекшеліктері. 7. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ 3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы |Дәріс сабағының |Семниар сабағының |Көрнекі құралдар, |Бақылау түрі | |тақырыбы |тақырыбы |плакаттар, | | | | |лабораториялық | | | | |стендтер | | |1 |2 |4 |6 | |№1-дәріс. Тақырыбы: |№1-семинар. Тақырыбы: |Кітап көрмесі, |Жазбаша, ауызша | |Жазудың маңызы мен |Жазу тілдің жазба |зерттеу еңбектері, | | |бүгінгі күн |жүйесі ме, әлде жазба |бейнетаспа | | |тұрғысынан қызметі |формасы ма; Жазба тіл | | | | |мен ауызша тілдің | | | | |өзіне тән | | | | |ерекшеліктері | | | |№2-дәріс. Тақырыбы: |№2-семинар. Тақырыбы: |Альбомдар, кестелер, |Жазбаша, ауызша | |Жазба тіл мен тілдік|Жазба тіл мен ауызша |суреттер | | |жүйе арасындағы |тілдің өзара кодталу | | | |қатынас. Жазудың |сатылары | | | |негізгі | | | | |категориялары | | | | |№3-дәріс. Тақырыбы: |№3-семинар. Тақырыбы: |Баспасөз материалдар,|Жазбаша, ауызша | |Әліпби және |Үндесім заңы мен жазу |кітаптар, қималар | | |әліпбидегі әріп пен |теориясының қатысы | | | |фонема қатынасы | | | | |№4-дәріс. Тақырыбы: |№4-семинар. Тақырыбы: |Кітаптар, кесте, |Жазбаша, ауызша | |Көне түркі жазуының |Сөздерді бірге, бөлек |бейнетаспалар | | |әліпбиі, графикасы, |таңбалаудың ұғымдық | | | |орфографиялық |және тілдік | | | |ерекшеліктері, |дискреттілікке қатысы | | | |кейбір дыбыстардың | | | | |таңбалану жүйесі | | | | |№5-дәріс. Тақырыбы: |№5-семинар. Тақырыбы: |Альбомдар, суреттер, |Жазбаша, ауызша | |Араб графикасына |Қазақ тілі |сызба нұсқа, | | |негізделген қазақ |орфографиялық |үлестірмелі карточка | | |жазуының |сөздіктерінің түзілу | | | |ерекшеліктері, жәдид|принциптері мен | | | |және қадим жазуының |жетілдіру бағыттары. | | | |өзара |ҚТОС-тың | | | |айырмашылықтары |V-басылымындағы | | | | |өзгерістердің | | | | |сөзжасамдық, | | | | |семантикалық уәждері. | | | |№6-дәріс. Тақырыбы: |№6-семинар. Тақырыбы: |Бақылау тапсырмалары |Жазбаша | |Латын графикасына |Әліпбиге и, у, я, ю | | | |негізделген қазақ |әріптерін алудағы емле| | | |жазуының әліпбиі |қиындығы мен жазу | | | |мен емле ережесі |экономиясы. | | | |№7-дәріс. Тақырыбы: |№7-семинар. Тақырыбы: |Кітаптар, суреттер, |Жазбаша, ауызша | |Орыс графикасына |Дыбыстық емес |кестелер, | | |негізделген қазақ |графикалық белгілер: |бейнетаспалар | | |жазуының әліпбиі |босаралықпен, | | | |мен емле ережесі |босаралықсыз және | | | | |қосаралықпен жазу. | | | | |Өзгешеліктері мен | | | | |ерекшеліктері. Бірге | | | | |жазылатын сөздердің | | | | |формалды белгілері. | | | | |Ұластыруыштар. | | | | |Аффиксойдтар. | | | | |Құрастыруыштар. | | | |№8-дәріс. Тақырыбы: |№8семинар. Тақырыбы: |үлестірме каточка, |Жазбаша, ауызша | |А.Байтұрсынұлының |Бірге жазылатын |сызба нұсқа, | | |емле ұстанымы, |сөздердің семантикалық|кестелер, теориялық | | |орфограммалау |белгілері. Қосаралық |зерттеулер | | |тәсілдері |(дефис) қызметі. | | | | |Босаралық – қосаралық | | | | |– босаралықсыз жазу | | | | |эволюциясы. Дефиспен | | | | |жазылатын сөздердің | | | | |орфограммасы. | | | |№9-дәріс. Тақырыбы: |№9-семинар. Тақырыбы: |Альбомдар, суреттер, |Жазбаша, ауызша | |Қ.Жұбановтың әліпби,|Бас әріп қызметі. Кіші|баспасөз материалдары| | |емле туралы |әріп қызметі. | | | |тұжырымдамалары |Символика. Қазақ | | | | |тіліндегі бас әріппен | | | | |жазылатын сөздердің | | | | |типтері мен топтары. | | | |№10-дәріс. Тақырыбы:|№10-семинар. Тақырыбы:|Зерттеу еңбектері, |Жазбаша, ауызша | |Қазақ емлесіндегі |Кірме сөздерге қазақ |сызба нұсқа, | | |ерін үндестігінің |тілінің қосымшаларын |үлестірме каточка | | |таңбалану уәждері |жалғаудағы | | | | |ерекшеліктер.т.б. | | | | |Дыбыстық жағынан толық| | | | |игерілген және | | | | |жартылай игерілген | | | | |кірме сөздердің | | | | |орфограммалары. | | | |№11-дәріс. Тақырыбы:|№11-семинар. Тақырыбы:|Суреттер, дыбыс |Жазбаша, ауызша | |Қазіргі қазақ |Жазу тілдің жазба |таспалар, кесте | | |графикасындағы |жүйесі ме, әлде жазба | | | |әріп-фонема-дыбыс |формасы ма; Жазба тіл | | | |қатынасы |мен ауызша тілдің | | | | |өзіне тән | | | | |ерекшеліктері | | | |№12-дәріс. Тақырыбы:|№12-семинар. Тақырыбы:|Кітап көрмесі, |Жазбаша, ауызша | |Қазақ орфографиясы |Қазақ емлесіндегі ерін|зерттеу еңбектері, | | |негізгі ережелері |үндестігінің таңбалану|бейнетаспа | | | |уәждері | | | |№13-дәріс. Тақырыбы:|№13-семинар. Тақырыбы:|Зерттеу еңбектері, |Жазбаша, ауызша | |Қазіргі қазақ |Жазба тіл мен ауызша |сызба нұсқа, | | |орфографиясы негізгі|тілдің өзара кодталу |үлестірме каточка | | |принципі |сатылары | | | |№14-дәріс. Тақырыбы:|№14-семинар. Тақырыбы:|Альбомдар, суреттер, |Жазбаша, ауызша | |ы, і, ә әріптерінің |А.Байтұрсынұлының емле|баспасөз материалдары| | |орфограммасы |ұстанымы, | | | | |орфограммалау | | | | |тәсілдері | | | |№15-дәріс. Тақырыбы:|№15-семинар. Тақырыбы:|Бақылау тапсырмалары |Жазбаша, ауызша | |Қазақ графикасындағы|Қ.Жұбановтың әліпби, | | | |һ, х, ф, қ-к, ғ-г |емле туралы | | | |әріптерінің емлесі |тұжырымдамалары | | | 8. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ 4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы |Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы |Саны |Студенттер|Қамтамасыз | | | |дің саны |ету пайызы | |1 |2 |3 |4 | |1. Истрин В.А. Возникновение и развитие |2 |2 |100% | |письма М.:Наука, 1965.-596 c. | | | | |2. Лурия А.Р. Письмо и речь. |2 |2 |100% | |Нейролингвистическая исследования. М., | | | | |2002. – 342 с. | | | | |3. Зиндер Л.В. Очерк общей теории |2 |2 |100% | |письма. Л.: Наука, 1987. –111 с. | | | | |4.Фридрих И. История письма. М.: Наука, |2 |2 |100% | |1979. - 463 с. | | | | |5.Лоукотка Ч. Развитие письма. М, |2 |2 |100% | |1950.–319 c. | | | | |6.Бодуен де Куртэне И.А. Избранные труды |2 |2 |100% | |М.,1963 | | | | |7. Бодуэн де Куртенэ И.А. Введение в |2 |2 |100% | |языковедение. М., 2004. – 320 с | | | | |8. Сыздықова Р. Орфоэпиялық нормалар |2 |2 |100% | |жайлы // Өрелі өнер. Алматы:Ғылым, 1976.–| | | | |144 б. | | | | |9. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ |2 |2 |100% | |газеттерінің тілі. Алматы: Ғылым, 1971. | | | | |–272 б | | | | |10. Вахек Й. Письменный язык и печатный |2 |2 |100% | |язык // Пражский лингвистический кружок | | | | |М.:Прогресс, 1967. –557 c. | | | | |11.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба |2 |2 |100% | |ескерткіштерінің тілі. Алматы, | | | | |Мектеп,1986. | | | | |12. Айдаров Г. Язык памятника Кюль |2 |2 |100% | |13. Аманжолов А. Графика таласских, |2 |2 |100% | |енисейских и орхонских надписей // Қазақ | | | | |тілі мен әдебиеті. 1973, 3 | | | | |14. Сыздыкова Р. Язык Жами ат |2 |2 |100% | 9. ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі әдебиеттер: 1. Уәлиев Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негiздерi: фил. ғыл. канд. ... дисс. Алматы, 1993.–162 б. 2. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы: Ғылым, 1988. – 113 б. 3. Қ.Күдеринова. Қазақ жазуының теориялық негіздері. Алматы, 2006. 4. Күдеринова Қ. Бiрге және бөлек жазылатын сөздердiң орфографиясы: Алматы, 2005.–146 б.; 5. Истрин В.А. Развитие письма. М.: АН СССР, 1961. -394 с. 6. Щерба Л.В. Избранные работы по русскому языку. М., 1957.- 189 с. 7. Селезнева Л.Б. Современное русское письмо. Томск, 1981.- 211 с. 8. Зиндер Л.Р., Маслов Ю.С. Л.В.Щерба – лингвист, теоретик и педагог. Л.: Наука, 1982. – 103 с. 9. Гельб И.Е. Опыт изучения письма. М., 1982.- 185 с. 10. Истрин В.А. Возникновение и развитие письма М.:Наука, 1965.-596 c. 11. Фридрих И. История письма. М.: Наука, 1979. - 463 с. 12. Лоукотка Ч. Развитие письма. М, 1950.–319 c. 13. Зиндер Л.В. Очерк общей теории письма. Л.: Наука, 1987. –111 с. 14. Истрин В.А. Некоторые основные вопросы теории письма // Вопросы языкознания. 1953. №4. 15. Ермеков Ә. Семантика слитных слов в казахской лексике: автореф. ... канд. фил. наук:. Алматы, 1950.–9 б.; 16. Жәркешова Г. Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі біріккен сөздер: фил. ғыл. канд. ... автореф. Алматы, 1949.– 6б. 17. Дирингер Д. Алфавит. М.: Изд. инс. лит., 1963. -655 с. 18. Мамырбекова Г. XVIII-XIX ғғ. араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық- орфографиялық ерекшеліктері: фил. ғыл. канд. ... автореф. Алматы, 2006.–130 б. 19. Уәлиұлы Н. А.Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы // Ұлттық рухтың ұлы тіні. Алматы: Ғылым, 1999.-566 б. 20. Лурия А.Р. Письмо и речь. Нейролингвистическая исследования. М., 2002. – 342 с. 21. Амирова Т.А. Общелингвистические основания графемики: автореф. ... докт.фил.наук., 1981.-47 c. 22. Бодуэн де Куртенэ И.А. Введение в языковедение. М., 2004. – 320 с. 23. Жак Деррида. О грамматологии. М., 2000-511с. 24. Амирова Т.А. Функциональная взаимосвязь письменного и звукового языка. М, 1985.–283 с. 25. Солнцев В.М. Язык и письмо // Амирова Т.А. Функциональная взаимосвязь письменного и звукового языка. М, 1985.–283 с. 26. Вахек Й. К проблеме письменного языка // Пражский лингвистический кружок. М.:Прогресс, 1967. –557 c. 27. Вахек Й. Письменный язык и печатный язык // Пражский лингвистический кружок М.:Прогресс, 1967. –557 c. 28. Амирова Т.А. К истории и теории графемики. М.:Наука, 1977.–190 с. 29. Соколов Н.Н. Письмо: вчера, сегодня, завтра. М.Просвещение, 1987- 144 с. 30. Сүлейменов О. Язык письма. Алматы-Рим, 1998,– 497 с. 31. Амиров Р. Особенности синтаксиса казахской разговорной речи. Алма-Ата, 1972. –180 с. 32. Русская разговорная речь. Фонетика. Морфология. Лексика. Жест. М.: Наука, 1983, -236 с. 33. Бубнова Г.И., Гарбовский Н.К. Письменная и устная коммуникация. Синтаксис и просодия. М.: МГУ, 1991.– 272 с. 34. Земская Е.А., Китайгородская М.В., Ширяев Е.Н. Русская разговорная речь. Общие вопросы. Словообразование, синтаксис. М.:Наука, 1981. –276 с. 35. Мучник Б.С. Человек и текст. М., 1985.–252с. 36. Досмұхамедұлы Х. Қазақ қырғыз тілініндегі сингармонизм заңы. Таңдамалы. Алматы:Ана тілі, 1998.-384 б. 37. Сыздықова Р. Орфоэпиялық нормалар жайлы // Өрелі өнер. Алматы:Ғылым, 1976.– 144 б. 38. Мучник Б.С. Письменная передача мысли. Алматы: Мектеп, 1973. –187 б. 39. Исаева Ж. Ауызша әдеби тілдегі стиль, норма мәселелері // Көркем әдебиет тілінің өзекті мәселелері. Алматы, 2003. –283 б. 40. Әміров Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшелігі. Алматы: Мектеп, 1977.– 91 б. 41. Аврамова А.Г. Электронный дискурс в зеркале оппозиции устный письменный // Вестник МГУ. Сер. Лингистика и культура коммуникации. 2004, №3. 42. Дедова О.В. Русский художественной текст в пространстве интернета // Вестник Московского университета. Сер.филол.2004. №2. 43. Щерба Л.В. Теория русского письма. Л.: Наука, 1983. –134 с. 44. Кузьмина С.М. Теория русской орфографии. М.: Наука, 1981. – 264 с. 45. Яковлев Н.Ф. Математическая формула построения алфавита // Реформатский А.А. Из истории отечественной фонологии, М.:Наука, 1970. – 575 с. 46. Бальдауф И. Некоторые проблемы передачи языка в письменной форме // Ұлттық рухтың ұлы тіні. Алматы:Ғылым, 1999. –587 б. 47. Уәли Н., Жүнісбек Ә. Әліпби атауларының жүйесі жайлы // Мемлекеттік тіл: терминология, ісқағаздар мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. Астана, 1999. – 464 б. 48. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы, Мектеп,1986.- 180 б. 49. Айдаров Г. Язык памятника Кюль-тегину. Алматы: Ғылым, 1993.- 280 с. 50. Аманжолов А. Графика таласских, енисейских и орхонских надписей // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1973, 3-шығуы. 51. Сыздыкова Р. Язык Жами ат-тауарих Жалаири. Алматы, 1989.-248 с. 52. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы: Ғылым, 1971. –272 б. 53. Әліппе айтысы. Қарағанды, 1990. –106 б. Қосымша әдебиеттер: 1. Григорьев А.А. О передаче звуков киргизского языка буквами русской азбуки // Қазақ тілі туралы революциядан бұрынғы зерттеулер. Алматы, 1993, 232 б. 2. Ильминский Н.И.Материалы к изучению киргизских наречий. Казань, 1861. –199 с. 3. Әбілқасымов Б. Қазақ жазбасында орыс графикасының қолданылу тарихынан // Известия АН Каз ССР. Сер. фил. 1977. №4. 4. Алтынсарин И. Киргизская хрестоматия. Изд. 2. Оренбург, 1906-160 с. 5. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992. –414 б. 6. Джусупов М. Фонемография А.Байтурсынова и фонология сингорманизма, Ташкент, 1995.–176 с. 7. Байтұрсынұлы А. Жазу мәселесі // Қазақ тілі туралы революциядан бұрынғы зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1993. –232 б. 8. Байтұрсынұлы А. Қазақша сөз жазушылар диққатына сөз жазушыға // Қазақ тілі туралы революциядан бұрынғы зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1993. –232 б. 9. Мусин Ғ. Жазу мәселесі // Қазақ тілі туралы революциядан бұрынғы зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1993 –232 б. 10. Сералин М. Емле мәселесі // Қазақ тілі туралы революциядан бұрынғы зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1993. –232 б. 11. Жияшев Ш. Бірге қозғалайық мәселесі // Қазақ тілі туралы революциядан бұрынғы зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1993. –232 б. 12. Сұлтанғазин Д. Қазақ сөзін қалайша жазу турасы // Қазақ тілі туралы революциядан бұрынғы зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1993. –232 б. 13. Қазақ білімпаздарының тұңғыш сійезі. Алматы. 2005.–144 б. 14. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1999. – 581 б. 15. Новая казак-киргизская (Байтурсыновская) орфография. Спорные вопросы Киргизской графики и орфографии. Проф. Е.Д.Поливанов. Санкт-Петербург, 1924.- 8 с. 16. Резолюция І тюркологического съезда о новом латинированном алфавите // Культурное строительство в Казахстане (1918-1933), Алматы, 1965.- 564 с. 17. І Всесоюзный тюркологический съезд 26/ІІ-5/ІІІ-1926. Баку, 1926. –426 с. 18. Из резолюции общего собрания студентов-казахстанцев г. Москвы по докладу о латинизации казахского алфавита // Культурное строительство в Казахстане. Алма-Ата, 1965-564 с. 19. Поливанов Е.Д. Проекты латинизации турецких письменностей СССР. К тюркологическому съезду ІІ-1926, Ташкент, 1926-16 с. 20. Стенографический отчет третьего пленума всесоюзного центрального комитета нового тюркского алфавита заседавшего в Казани, от 18-23/ХІІ-1928. Казань, 1928.–227 с. 21. Стенографический отчет научно-орфографической комиссии созванной 2- 4.06. 1929 г. научно-методическим советом НКП и ЦКИКА. Кзылорда, 1930.–482с. 22. Стенографический отчет ІV пленума ВЦКН алфавита пр. в Алматы, ВЦКНА, 1931.– 261 с. 23. Аманжолұлы С. Жаңа әліппенің кейбір дыбыстарын өзгерту, емле мен терминді дұрыстау туралы // Социалистік Қазақстан. 23.08. 1933. 24. Жиенбайұлы С. Әліппе мен емленің кейбір мәселелері туралы// Социалистік Қазақстан. 6.04. 1935. 25. Әліппе мен емледегі жаңалықтар жобасы// Социалистік Қазақстан. 14.06.1934. 26. Академик Н.Сауранбаевтың еңбектері. І том. Алматы, 2000.-400 б. 27. Қазақ тілі әліппесінің жаңа емлесінің ережелері // Лениншіл жас 10. 07. 1939. 28. Аманжолов С. Орыс графикасына негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы. Алматы, 1940.–30 б. 29. Балақаев М. Жаңа әліппе мен емле проектісі туралы // Социалистік Қазақстан. 24. 08. 1939. 30. Ысқақов А. Жаңа әліппе проект жайындағы кейбір пікірлер жөнінде // Социалистік Қазақстан 3. 08. 1940. 31. Балақаев М. Орфографияға енетін өзгерістер // Социалистік Қазақстан 5. 10. 1940. 32. Балақаев М. Біріккен сөздердің емлесі туралы // Социалистік Қазақстан 5. 01. 1940. 33. Кеңесбаев С. Қазақ тілінің орыс графикасына негізделген жаңа алфавиті мен орфографиясы туралы // Лениншіл жас 31.12. 1940. 34. Балақаев М. й, й, я, ю әріптерінің қолданылуы // Социалистік Қазағыстан. 16. 01. 1941. 35.Балақаев М. Емледегі кейбір кемшіліктер туралы // Социалистік Қазақстан. 8. 08. 1945. 36. Балакаев М. Вопросы казахской графики и орфографии // Вестник АН КазССР. №12. 1951. 37. Баскаков Н. А. Дискуссия в Казахстане о литературном языке, графике и орфографии // Вопросы языкознания. М., 1952. №4. 38. Аманжолов С. Қазақ алфавиті мен орфографиясының кейбір мәселелері жөнінде // / Социалистік Қазақстан 30. 03. 1957. 39. Барманқұлов К. ы, і емлесі жайында // Қазақстан мұғалімі. 9. 05. 1953. 40. Орфография ережелері туралы // Қазақстан мұғалімі. 4. 04. 1953. 41. Аманжолов С. Қазақ тілінің кейбір мәселелері // Социалистік Қазақстан. 13.12.1949.; Жолаев Н. Қазақ тілінің емлесін жақсарту жөнінде кейбір пікірлер // Социалистік Қазақстан. 10. 01. 1950. 42. Қазақ алфавиті ý әрпінің таңбасын өзгерту туралы // Социалистік Қазақстан. 24. 07. 1951. 43. Хасанова С. Қазақ жазба әдеби тіл үлгілері. Алматы, 1998.- 78 б. 44. Хасанова С. Көне түркі және араб-латын жазбалары. Алматы, Респ.басп., 1994– 288 б. 45. Аванесов Р.И. Сидоров В.Н. Реформа орфографии в связи с проблемой письменного языка// Из историй отечественной фонологии. М.:Наука, 1970-575 с. 46. Байтұрсынұлы А. Емле туралы // ҚР БжҒМ ҒА Хабарлары. 2000, №3. 47. Балақаев М. Орфографияға енетін өзгерістер // Соц.Қаз. 05.10.1940. 48. Балақаев М. Вопросы казахской графики и орфографии // Вестник АН КазССР. №2. 1951. 49. Джунисбеков А. Сингармонизм в казахском языке. Алматы: Наука, 1980-78 с. 50. Маслов Ю.С. Введение в языкознание, М.,1987.- 272 с. 51. Реформатский А.А. Из истории отечественной фонологии. М.: Наука, 1970. – 575 с. 52. Омаров Е. Қазақша жазу жайы// Тілтаным. 2002. №3. 103-111 бб. 53. Мырзабеков С. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыздар тіркесімі// Сөзтаным. 2003. №3. 54. Баданбекқызы З. Қазақ тіліндегі фонемалардың дыбыс қорлары: фил. ғыл. канд. ... автореф. Алматы, 2001.–103 б. 55. Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. I, II М., 1963.-388 c. 56. Уәли Н. Біріккен сөз туралы // ҚР ҒА-ның хабарлары 2005. №5-6. 57. Н.Уәлиұлы. Бұқаралық коммуникация және сөз мәдениеті // Қазақ тілі орфоэпиялық анықтағышы. Алматы: Арыс, 2004. –200 б. 58. Сүлейменова Б. Жоба туралы пікірлер // Қазақстан мұғалімі. 9.05.1953; Сұлтанғалиев Ғ. Екіұшті ереже туралы // Қазақстан мұғалімі. 19.04.1953. 59. Жанұзақов Т. Кейбір ережелер жөнінде // Қазақстан мұғалімі. 9.05.1953.; Мұсабекова Ф. Көңіл бөлетін мәселелер // Қазақстан мұғалімі. 21.03.1953.; Нұрғазина Б. Нұржекеев Б. Тіл заңдылығын сақтайық // Қазақ әдебиеті. 8.04.1983.; Қыдырбаев М. Тағы да орфография туралы // Қазақстан мұғалімі. 3.03.1955. 60. Сарыбаев Ш. Қазақ алфавиті мен орфографиясы жөнінде // Қазақстан мұғалімі. 21.03.1953.; Ермеков Ә. Екі мәселе // Қазақстан мұғалімі. 28.03.1953.; Қазыбаев С., Жолаев Н. Қазақ тілі емлесін жақсарту жөнінде кейбір пікірлер // Социалистік Қазақстан. 40.10.1950.; Дүйсенбаев Қ., Жанпеисов Е. Орфографияның кейбір мәселелері // Қазақстан мұғалімі. 25.04.1953. 61. Шаукенов Қ. Морфологиялық принцип толық сақталсын // Қазақстан мұғалімі. 28.03.1953. 62. Баймурзин Т. Термин сөздер туралы // Қазақстан мұғалімі. 25.04.1953. 187 Қуанов Е. Қазақ алфавиті мен орфографиясын жетілдіре түсейік // Қазақстан мұғалімі. 12.01.1956. 63. Кеңесбаев І. ¤ңделген қазақ жазуы // Социалистік Қазақстан. 9.06.1957. 64. Нұрғазина Б. Дауыстылар мен дауыссыздардың қолданысы туралы // Қазақстан мұғалімі. 25.04.1953. 65. Даржанов Ш., Абуов А., Таңатаров Қ., Жұмақанов ¤. Ый туралы // Қазақстан мұғалімі. 25.04.1953.; Еркебаев Б. Коллектив ұсынысы // Қазақстан мұғалімі. 9.05.1953. 66. Аманжолов Қ. Әңгіме әліппе туралы. Таңд. Алматы, 1955.– 316 б. 67. Мшанов М. Қазақ тілі орфографиясының кейбір мәселелері // Социалистік Қазақстан. 21.03.1952. 68. Абуқанов Ғ. Орфографияның кейбір мәселелері // Советтік Қазақстан. 9.01.1949., З.Мусаев, М.Төлегенов, Б.Бисенов. Біздің пікіріміз // Қазақстан мұғалімі. 25.04.1953. 69. Абдрахманов С. Мұғалімдер жобаны талқылады // Қазақстан мұғалімі. 19.04.1953.; Қазыбаев С. Қазақ алфавиті мен орфографиясы ережелері жөнінде // Соцалистік құрылыс. 20.04.1952. 70. Есенов Қ. Біріккен сөздер // Социалистік Қазақстан. 11.02.1977. 71. Мшанов. Бірге жазылатын сөздердің емлесі // Социалистік Қазақстан. 22.12.1957. 72. Жаркешова Г. Біріккен сөздер туралы // Қазақстан мұғалімі. 21.03.1953. 73. Балақаев М. Жазу мәдениетіндегі олқылықтар туралы // Социалистік Қазақстан. 20.01.1977. 74. Жиенбаев С. Тағы да біріккен сөз емлесі туралы // Халық мұғалімі. 1940. № 7, 8. 75. Правила русской орфографии и пунктуации. М., 1962.-175 с. 76. Қалиев Б. Біріккен сөздердің жазылуы жайында // Сөз өнері. Алматы: Ғылым, 1978.–184 б.; Қазақ орфографиясын оқытудың ғылыми негіздері. Алматы, 1974. – 45 б. 77. Алдашева А., Уәлиев Н. Кейбір терминдердің орфограммасы // Сөз өнері. Алматы: Ғылым, 1978.–184 б. 78. Қалиұлы Б. Қазақ орфографиясындағы қайшылықтар. Алматы, 1994. –19 б. 79. Мырзабеков С. Қазақ орфографиясының арнаулы курсы бойынша методикалық нұсқаулар. Алматы: Қаз. Унив. 1991.- 39 б. 10. ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ |Өзгерістің |Құжаттың |Өзгеріс түрі|Хабарламаның |Өзгеріс енгізілді | |рет нөмірі |тарауы, |(ауыстыру, |нөмірі және күні| | | |пункті |жою, қосу) | | | | | | | |Күні |Аты-жөні, | | | | | | |қолы, | | | | | | |қызметі | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | 11. ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ |№ |Қызметі |Аты-жөні |Уақыт|Қолы |Өзгерту № |Уақыты |Қолы | |о/қ | | |ы | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz