Файл қосу
Проза - қара сөзбен жазылған көркем шығарма
5В 020500– «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2012 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Семинар сабақтары 4 СӨЖ 1 ГЛОССАРИЙ Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы. Әдеби характер (гр. мінез, ерекшелік) – кейіпкердің мінез бітімі, адамның бойына психологиясына, қимыл әрекеттеріне тән сан түрлі қасиеттердің бірігіп, біте қайнаған тұтастығын танытатын мінез-құлық өзгешелігі. Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, олардың көркемдік, идеялық, тарихи, танымдық қырларын, әдеби процесстегі орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының бір саласы. Әдебиеттің ұлттық сипаты - әдеби шығарманың ұлттық тіл, ұлттық дүниетаным, тарихи-поэтикалық зерде аясында қалыптасқан қаламгер туындысы. Әдебиеттің халықтық сиапты – шығарманың халық мүддесіне сай идеялық – көркемдік сапасы. Образ – көркем бейне, әдебиеттегі суреттілік, болмысты өнерде көркемдік тұрғыда сөзбен сурттеп жазу. Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жәй жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады. Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы. Сюжет (франц. зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай жағдайлардың бағыт-бағдары. Тартыс - өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі. Әдеби бағыт - әдебиет тарихындағы қаламгерлердің идеялық көркемдік мақсат- мүдде бірлігінен туған шығармашылық үндестік. Әдеби ағым – бірнеше қаламгерге тән шығармашылық бірлік. Көркем әдебиеттің табиғаты – көркем өнердің халықтық, танымдық, тәрбиелік, көркемдік, эстетикалық мәндері. Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасының көркем өнердегі көрінісі. Кейіпкер – көркем әдебиетте бейнеленетін оқиғаға қатысушы образ. Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы. Проза- қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Поэзия - өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Драматургия – болмысты шиеленіскен тартыстар арқылы жинақтап, көрермен алдына жанды қозалыста бейнелейтін әдебиет жанры. Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, олардың көркемдік, идеялық, тарихи, танымдық қырларын, әдеби процесстегі орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының бір саласы. Әдебиеттану – сөз өнерін, тарихи әдеби процессті, әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркем шығармалар мен қаламгердің шығармашылық ғұмырбаянын зерттейтін ғылым. Автор - өнер туындысын дүниеге әкелуші қаламгер. Прототип – көркем шығарма кейіпкерінің өмірде болған немесе өмірде бар түп тұлғасы. Академиялық басылым – қаламгер шығармасының ғылыми-текстологиялық зерттеу негізінде даярланған жинағы. 2 ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ 1- дәріс. Ақын ғұмырбаяны. 1-сағат Сұлтанмахмұт Торайғыров – екі дәуір тоғысында,аса күрделі кезеңде тіршілік кешті.Ол Россия тарихының,Россияға біріккен қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде – тарихи дамулар, күрес-көтерілістер,қиян-кескі соғыстар,дүрбелеңді революциялар дәуірінде жасады. Сұлтанмахмұт 1893 жылы,29октябрь күні қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып,төрт-бес жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауданында өседі.Ақынның арғы атасы – Торайғыр би,ел аузында аты аңызға айналған көптеген шешендік, билік,сөздері халық жадында сақталған адам.Ақынның өз әкесі, Әубәкір аты ұмытылып,Шоқпыт, Шоқа атанған момын кедей шаруа екен. Болашақ от ауыз, орақ тілді ақын алты жасында әкесінен оқып ,хат таниды.Қара таныған баланы осыдан кейін кейде Шоқпыт өзі оқытып,кейде ауыл арасындағы молдаға беріп оқытып, баласын оқудан үзбейді.Молдалардың ішінде Мұқан біраз оқыған, әдебиеттен хабардар,өзі де жадынан өлең шығаратын көңілінің желі бар жан екен. Ол араб,парсы ертегілерінен қазақша өлең етіп жазады;біреуді мақтап,біреуді мазақтап өлең шығарад ды. Дәріс беретін молдаға еліктеуші шәкірттің бірі – Сұлтанмахмұт. Ол Мұқан молдаға еліктеп он үш жасында өлең жаза бастайды.Тұңғыш жазған өлеңі – «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деп аталады. Тырнақалды өлеңінде Сұлтанмахмұт өзін оқытушы молдаларды,оқуы туралы,ақындыққа талпынып жүргені жайында сыр айтады.Сол кезде Баянауыл қаласында медресе ашылып,Сұлтанмахмұт 1908-1910жылдары сонда оқиды. Өкініші – Сұлтанмахмұт бұл медреседе көп оқымайды.Бір қыс оқыған соң, «аузың асқа тигенде мұрның қанар»дегеннің кебі келіп,көз ауруына ұшырап,медреседен шығып қалады. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей осы кезде жөтел пайда болады,өкпесін дерт шалғаны байқалады.Ақынның теңіздей толқыған көңілі басылып,жадап-жүдейді. 1914 жылдың жазында Сұлтанмахмұт өзінің ауылы – Баянауылға кайтады.Ондағы мақсаты – ауылда біраз уақыт болып,қаржы жинап алып,үлкен қалалардың біріне тағы да оқуға кетпек болады.Осы оймен ол елде бала оқытады.ел жастарын оятпақ,оқуға, мәдениетке талпындырмақ әрекетіне кіріседі. Сұлтанмахмұт әлеумет өміріне тереңдеу қазақ оқығандарымен араласады.Солар құрған қазақ комитетінің кіші хатшысы болып қызмет істейді,солардың газетіне өлең,мақала жазып тұрады.Бірақ,ол тап болған ортада ұлтшыл-алашордашыл оқығандар басым еді,олардың әсеріне ерді. Сұлтанмахмұттың «Социолизм» деген мақаласында оқу, мәдениет, ғылым,техника жайлы,қазақ халқының ілгері дамуы,мәдениетті ел болуы туралы сөз етеді.Ақын дүниедегі ғылым-білімді екі жікке айырып ұғады: бірі – дене азығы,екіншісі – ар азығы;дене азығы –техника,ар азығы - әділдік деп ұғады.Өзгеге солай ұғындыруға тырысады.Қазір Европада дене азығы әбден жетілді,ар азығы әлі жетіле алмай отыр.Ар азығы жетілмегендіктен дене азығы,адамды бақытты етуге тиісті құралдар адамды қанауға,бақытсыз етуге жұмсалып отыр.Ал ар азығы ер жеткенде,дене азығы адамды бақытты етуге жұмсала ды,адам жеңіл күн көретін болады.Адамның ақыл-ойымен,күш қуатымен жасалған құралдар – дене азығы адам қоғамын гүлдендіруге, адамды бақытты етуге жұмсалады-дейді ақын.Яғни Сұлтанмахмұт ғылым,техниканы екі түрлі жолмен – капиталис тік және социолистік жолмен пайдалануға болатынын аңғарды.Алдыңғы жолды даттады,кейінгі жолды дәріптеді.Ақын арманы да соңғысы. Алашорда ұкіметі Колчак өкіметімен ресми бірігіп,әскерін,қару-жарағын соған беріп,Совет өкіметіне қарсы соғыс бастаған кезде,яғни 1918 жылдың июнь айында Сұлтанмахмұт емделем деп еліне,Баянауылға кетті.Ол кезде Сібірде,Баянауыл жағында Колчак,алашорда үкіметі үстемдік жүргізіп тұр еді.Ақын олардың қызметіне қатыспады.Емделді,үйінде жатып өлең,поэмалар жазды,елеусіз мұғалім болып қызмет атқарды. Торығып жүрген кезінде,өз ауылында жатқанда Сұлтанмахмұт саяси- әлеуметтік, философиялық кітаптарды, социолизм жайында, соғыс, революция жайында көп нәрселер оқиды. Бұл оқығандары Сұлтанмахмұтқа зор әсер етеді:білімін тереңдетіп, көзқарасын кеңейтеді; көп ой салады; күш береді.Бұл кезде социолизм деген мақала, « Осы әділдік пе?», «Неге жасай- мын?», «Адасқан өмір», «Кедей», «Өң бе,түс пе?», «Дауылдағы әбігер», «Ғайса кім?» деген шығармалар жазады. Ақын бұл шығармаларда дүниеге,заманға үміттеніп қарайды; оның алдан жарқын болашақ күтетіні ,демократиялық-революциялық ой-пікірі,көзқарасы айқын көрінеді. 1919ж желтоқсан айында Колчак үкіметі құлап, Сібірде, Павлодар, Баянауыл жағында Совет өкіметі орнайды. Осы кезде ол мұғалімдікті тастап, Павлодарға барады. Жигеров Сұлтанмахмұтты Шідерті болысына революциялық комитеттің бастығы етіп жібереді. Оған ел ішінде Совет өкіметінің жолын,саясатын түсіндіруді,сайлау жүргізуді тапсырады. Шідерті болыстық революциялық комитеттің бастығы болып екі-үш ай істегеннен кейін оның ежелгі ауруы меңдейді,төсек тартып жатып қалады.Ауырып жатып,1920жылдың алғашқы айларында, ол «Айтыс» деген поэма бастайды.Бірақ ол шығармасы аяқталмай қалады. Сұлтанмахмұт Шідертіде сырқаттанғаннан, үйінде ауырып жатып, 1920жылы, 21май күні, 27жасында өлді, тіпті жастай көз жұмды. Қыршын кетті. Қыршын кетуі үстіне Сұлтанмахмұттың осы қысқа өмірінің бәрі кемшілікте,мұқтаждықта,азапта,тартыс-күресте өтті.Жасынан жетім қалды,өгей ана қолына қарады.Кедей болды,ішер асқа,киер киімге жарымады.оның шетке кетіп оқуға,кең білім беретін мектепке түсіп оқуға қаржысы болмады. Әлгі кемшілік пен мұқтаждық,тән азығын да,жан азығына да тарығу оны ауруға шалдықтырды. Бірақ Сұлтанмахмұт мұның бірде-біріне қажып,мұңаймады. Тұрмыста үмітім көп жеңем деген, Жеңуге жігеріме сенем деген.. Менде жоқ, қажу деген, ашу деген, Тарығып,болымсызға сасу деген, - деп, үнемі, жарғақ құлағы жастыққа тимей, өнер, бақыт, шындық іздеумен болды. Өмірі құлшыныс, күреспен өтті. Ақын шығармашылығының бірімен-бірі тұтасып жатқан екі түрлі негізгі қасиеті бар.Ол – шығармаларының реалистігі мен халықтығы. Жазушы шығармаларының тақырыптары түгелдей шын өмір,қазақ халқының Сұлтанмахмұт тұсындағы тұсындағы өмірі. Сұлтанмахмұт шығармаларының жиыны қазақ халқының Ұлы Октябрь социолистік революциясынан бұрынғы,революция жылдарындағы қоғам тіршілігінің,дүние,қоғам тануының,әдет-ғұрпы мен мінез-қылығының әрі нағыз шындығы,әрі әділ сыны,халықтың ой арманы тілек-мақсаты.Сұлтанмахмұт революциядан бұрынғы бірсыпыра өлең жырларында қамығып, қайғырады,қайғы- шерді шертеді.Оның аяқ зар,мұң,қайғы,уайым,өкініш,налу болып келеді.Ақын бұлардың бірінде жеке адамның басына түскен қайғы –қасіретті,мұң-шерді айтып,мұңданса,екіншісіне жалпы халықтың,еңбекші бұхараның басындағы ауыртпалықты,аянышты халды айтып зарлайды. Сұлтанмахмұттың тағы басқа бірқатар өлең,поэмаларында халық басындағы ауыртпалықты,жалшы,малшының жоқшылығын,аяныш шеккен,кекті,шерлі адамдардың көзімен бейнелейді. Сұлтанмахмұт шығармаларының негізгі қасиеті – олардың реалистігі мен халықтығы.Ақын қазақ халқының өз тұсындығы өмірін бар шынайылықпен бейнеледі.Қазақ халқының Октябрь революциясына дейінгі,кейінгі қоғамдық өмірінің көкейтесті көптеген күрделі мәселелерін қозғады. Соның баршасын халықтың тұрғыдан баяндады.С.Торайғыров қиян-кескі күрес-көтерілістер, сұрапыл соғыстар,ұлы революциялар дәуірінде жасады. Өз заманының азамат та, асқан ойшыл ақыны болды. Өз ұлтының ұлы орыс халқынан үлгі-өнеге алып,ілгері дамуы,саясат,шаруашылықпен, мәдениет жағынан тегіс жетілуі жолында күресті.Бұл жағынан ол ұлы Абайдың жолын дамытушы. 2-дәріс. Сұлтанмахмұт шығармашылығының зерттелу мәселелері. 1-сағат Тұңғыш зерттеушісі – Ж.Аймауытов. Б.Кенжебаевтың 1968 жылы ақынның шығармашылығын арнаулы семинар материалдары негізінде жоғары оқу орындарында оқытуға бағытталған «Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселесі» аталатын еңбегі жарық көрді. Сондай-ақ сұлтанмахмұттанудағы сүбелі үлестің бірі – ғалым Ө.Есназаровпен бірге жоғары оқу орындарына арнап «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» [27] деген оқулық жазуы. Бұл оқулық жазу ісі ғалымдар С.Қирабаев және Ә.Нарымбетовпен бірге жүргізіле бастаған. Бағдарламасын түзу, бақылау-жаттығу жинағын шығару сияқты ортақ істер атқарған. Б.Кенжебаевтың өзі өмір кешкен ғасырдың 40-шы жылдары жасаған күрделі зерттеулерінің жиынтығы ретінде жазылған С.Торайғыровтың поэзиядағы бағыт- бағдарын, жалпы, ақындық келбетін айқындайтын еңбегі – 1949 жылы жарық көрген «Сұлтанмахмұттың ақындығы» атты монографиялық еңбегі. Бұл еңбек Б.Кенжебаевтың аса құнды зерттеулерінің қатарынан орын алады. Зерттеу жүргізіп, тақырып аясын кеңейтіп, «Сұлтанмахмұттың ақындығы» (1949) деген атпен кандидаттық диссертациясын жазған. Бес бөлімнен тұратын диссертацияда С.Торайғыровтың ақындық шеберлігін өз дәуірі, өз заманының ортасынан бөле жармай, бірлікте қарағандығын, ақын өлеңдерін талдағанда тар әдебиет теориясы тұрғысынан ғана емес, философиялық талдау жасауға тырысқанын алға тартады. Б.Кенжебаевтың бұл еңбегінің ғылыми құндылық мәні өз кезеңіндегі әдебиет ғылымы үшін зор болды. Бүгінгі күні ғалымның бұл саладағы еңбегі өзінің әділ бағасын алуға тиіс. Осы зерттеуді қазіргі ғылым нысанасына алудың қажеттілігі ғалым Б.Мамыраевтың «...профессор Б.Кенжебаевтың еңбектері қырқыншы жылдары жасалған ақынтанудағы ізденістердің ең күрделісі болды, әрі бұл ғалымның жұмыстарына ресми билік өкілдерінің көзқарастары тұрғысынан қарсылыққа ұшырауының өзі-ақ, әдебиетшінің концепциясын жақын тануға қызығушылық пен қажеттілік тудырады» деген ойынан да аңғарылады. Б.Кенжебаев С.Торайғыров шығармалары туралы ұзақ жылдарға созылған ғылыми зерттеу жұмыстарын кандидаттық дәрежесін алғаннан кейін де күрделендіре, жаңғырта жазу үстінде болған. Б.Кенжебаевтың 1940 жылы жазған «Сұлтанмахмұт Торайғыров» деген мақаласы ғалымның үлкен ғылыми зерттеулерінің негізі болды. Бұл мақалада С.Торайғыровтың: «...Елімнің мен шын ұлы екеніме, Тағдырдың өзі берер куәлікті» - деген өлең жолдары келтіріліп, оның өзін бір топтың: шаруалар тобының, ұсақ буржуазияның ақыны емес, халық ақыны деп бағалануы керектігі айтылады. Б.Кенжебаев зерттеулерінде ерекше қолға алынып зерделенген мәселе, ол ақынның көркем бейнесінің көркем шығармадағы жасалу ісі еді. Ол С.Торайғыровтың көркем шығармадағы көркем бейнесінің суреттелуіне қатысты да пікірлер айтқан. Бұл да зерттеу негізінде туған ой, көзқарас. С.Торайғыровтың тарихи көркем бейнесін жазушы Д.Әбілев жасады. Тарихи қайраткерлердің өмірі мен өскен ортасы туралы биографиялық сипаты күшті шығармалар қазақ әдебиетінде бұған дейін де болған. Абай, Махамбет, Шоқан, Ықылас, Сәкен жайлы көркем туындылар мұның айғағы. Тарихта болған адамдар, олардың іс-әрекеті, өз өмірінде бастан кешкен оқиғалардың көркем шығармада бейнеленуі оқырман мен сыншының жіті қадағалауын да тудырары ақиқат. Сондай себеп зерттеуші Б.Кенжебаевты жазушы Д.Әбілевтың «Ақын арманы», «Арман жолында», «Сұлтанмахмұт» деп аталатын трилогиясындағы С.Торайғыровтың өмір жолының суреттелу шыншылдығын тексеруге итермелеген. Б.Кенжебаев трилогияның екі кітабын талдауға арнаған «Арманды ақын бейнесі» атты мақала жазған. Зерттеуші ретінде Б.Кенжебаев С.Торайғыров туралы жазылар шығарма тарихи фактілердің көркем шығармада көркемдік элементтермен жіті қабысып жату қажеттілігін ұстануы, ақын шығармаларының эстетикалық құндылығы мен өмір сүрген кезеңінің нақтылы шындығын ұштастыру деп ұғатындығы аңғарылады. Ғалымға тән қасиет пен ақын шығармашылығына іңкар көңілден туған сезім. Әдебиеттанушы ретінде ғылыми объектісіне аса зер сала зерттеумен қатар, ғалым ақынның шығармаларындағы афоризмдерді теріп жинаумен айналысқан. Мұны өзінің ақын өміріне қатысты жазған деректі-көркем шығармасы «Асау жүректі» кеңейтіп, келешекте көркем шығарма етіп жазу барысында қолдануды да мұрат тұтуы бек мүмкін. Сондай-ақ, ол С.Торайғыров жайлы түсірілген деректі фильм сценарийінің де авторы екені белгілі. Зерттеуші, ғалым, ұстаз атауларын бірлікте ұстанған Б.Кенжебаев бұрын-соңды басы құралмай, шашыраңқы жүрген, бір арнада тоғыспай жүрген зерттеу, ой- мақала, тұжырым-түйіндерді бір арнаға тоғыстырған. Ақынды танудың ғылыми ой- тұжырымдары мен әлі де басы ашық мәселелерін әдемі ұштастыра отырып, кейінгі жас оқырман – студенттерді осы іске жұмылдыруға, тартуға икемдейтін бағытта қызмет еткен. Б.Кенжебаев С.Торайғыров шығармашылығын тыңғылықты зерттеп, өмір бойы назарынан тыс қалдырмай келсе де, өзі ғылыми арна етіп қалыптастырған сұлтанмахмұттану ісін әрі қарай дамыту мақсатында шәкірттеріне зерттеткен. Ғылыми арнаның дамуына жаңаша пікір, жаңаша көзқарастың қажеттігін түсінген. Ол еңбегі жемісті болғаны да белгілі. Сұлтанмахмұттанудың қазіргі кездегі ең елеулі өкілдерінің бірегейі филология ғылымдарының докторы, профессор А.Еспенбетовтың бұл саладағы ғылыми маңызы зор еңбектері осының дәлелі. Екі ғалымның бірге жазылған зерттеулері өзара сабақтастық пен жалғастықтың көрінісіндей. Б.Кенжебаев ақынның ғылыми өмірбаянының басы-аяғының жиналуына атсалысса, А.Еспенбетов ұзақ сонар күрделі процесті бір арнаға тоғыстырып, етек-жеңінің бүтінделуіне еңбек сіңірді. Сондай-ақ, Б.Кенжебаев 1950, 1957, 1962, 1987 жылдары ақынның шығармалар жинақтарын шығаруға, құрастыруға араласып, алғысөз, соңғы сөз, түсініктемелер жазған. Бұл ғалымның сұлтанмахмұттанушы ретіндегі қызметінің жемісі, сол кездері мойындалғанының белгісі болатын. С.Торайғыровтың өмірге, еліне деген қуатты сүйіспеншілігін, болашаққа деген қасиетті сенімі бар ақын романтикалық асқақ қиял мен терең философиялық ойдың иесі екендігін дөп басып таныған. Ақын шығармаларындағы лирикалық қаhарман өршіл арманның, биік мақсаттың иесі, ары да, жаны да патриот, гуманист, оптимист, тәкаппар асқақ жан С.Торайғыровтың өз бейнесімен астасып жататындығын зерттеулерінде көп айтқан Б.Кенжебаев ақынның өршіл рухына тағзым еткендігі көрінеді. Түйіндей айтсақ, сұлтанмахмұттану саласының әдебиеттану ғылымында негізін қалаған қайсар ғалым Б.Кенжебаев екендігі зиялы қауымға анық. 3-дәріс Дәуір келбеті және поэзия парасаты 1- сағат Поэзия – қасиетті ұғым. Поэзия – адамның ішкі сезімінің тіл жетпес тылсымында жатқан әсем әлемі. Поэзия – адамның ішкі ішегінің қырындысы. Поэзия – жеке адамның ешкімге айтпас құпия қастерлі ішкі сыры. Сонымен бірге поэзия – әлемдік ұғым. Поэзия тек қана ішкі дүние емес. Поэзия – адам жанының алаулаған алтын жалыны. Поэзия – адам жанының жанартауы. Поэзия – адам жанының жыршысы. Поэзия – тарихтан да, тіпті философиядан да жоғары екенін бағзы заманнан-ақ ұлы Аристотель айтып берген ғой. Поэзия – әлемнің жыршысы. Поэзия – субстанция. Поэзия – ақылдың айнасы. Поэзия – халық мұңы, өнердің шыңы. Бұрыннан қалыптасқан, ең алғашқы нәрсе – Сөз деген ұғым бар. Ол, меніңше, дұрыс емес. Ең алғашқы нәрсе – инстинкт, әрекет, қимыл. Тіршілік деген құдірет мәжбүр ететін әрекет. Бүкіл жанды жәндік, мейлі, алып пілдің баласы болсын, мейлі, кіп-кішкентай тышқанның баласы болсын, іздейтіні анасының емшегі. Сол ана емшегін емуден тіршілік басталады. Міне, логикалық шындық осы. Ал сөздің қайнар бастауы – поэзия. Яғни поэзия – бірінші, проза – екінші. Сонымен, Сөз бірінші деп танысақ, сөз иесі – Адам – ақын. Яғни адам біткеннің бәрі ақын десек керек. Қашанда бірінші Сөз ақындікі. Бірақ адам өсе келе өзгереді. Екшеле-екшеле келе бойында Құдай берген таланты барлары ғана шынайы ақын болады. Ақындық – ерекше өнер. Міне, осынау талант жайлы біраз сөз қозғамақпыз. Ағылшынның аса талантты ақыны Шелли өзінің «Поэзияны қорғау» деген еңбегінде поэзияның қадір-қасиетін жоғары бағалап, оны басқадай оғаш пікірлерден қорғауды мақсат тұтқан. Ол әдебиеттің бұл жанрының өте көне өнер екенін айтып: «Поэзия адаммен бірге бір уақытта туған» – дейді. Оның ойынша, поэзия ой мен рухтан құралады. Философтардың ішінде ақындар жеткілікті. Мысалы, Платон да, Бэкон да философтығымен қоса ақын да. Ал ақындардың ішінде Шекспир, Данте, Мильтондар тек ақын ғана емес, философтар деуге әбден болады. Ал ғалымдарды алатын болсақ, Геродот, Плутарх, Ливий ақын болған. Ақын – бұлбұлдың нағыз өзі. Ол қараңғыда сайраса, түнек түнді жарқыратып жібереді. Оның үнінің қасиеті осындай, – дейді Шелли. Оның ойынша, поэзия тек суреттеу ғана емес, ол терең ойды толқындатып, адам жүрегін тебірентеді. Поэзия жарқ-жұрқ еткен найзағайдың тіліп түсер жүзіндей өткір қару. Ол аса құдіретті өнер. Ол білімнің қайнар бастауы, сұлулықтың жыршысы. Мысалға, Шелли ағылшынның тағы бір ұлы ақыны Торквато Тассоның «Тек Құдай мен Ақын екеуі ғана жасампаз деген сөзге лайық» – деген ойын келтіреді. Сөзінің аяғында ұлы Шелли – поэзия сыншысы тек философ болуы қажет дегенді қадап айтады. «...Ақын – әлемнің танылмаған заң шығарушысы», – деп қорытады өз пікірін ұлы ақын Шелли. Қазақтың кемеңгер ойшылы Ахмет Байтұрсынов сан-салалы, салиқалы, асқаралы, жазушы, ақын, ғалым, тюркологтығы әлемге әйгілі болған ерекше өрен еді. Ол қазақ қамын жеп, сонау заманда-ақ ұлтымыздың грамматикасының негізін қалады. Өте терең тіл зерттеушісі болды. Әліппемізді қалыптастырды. Ақындығымен қоса аударма саласында мол еңбек етті. Оның «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінің күні бүгін де ұлтымызға берер тағылымы тым мол. Міне, осы еңбегінде ол ұлтымыздың поэзия өнеріне Абайдан кейінгі тың пікір айтқан кемеңгер ойшыл. Ол өлең шығару өнерінің бүге-шігесіне дейін талдап, тыңнан жол салды. Ұлттық поэзиямыздың теориясының негізін қалады. Қазақ жырын сан сала етіп талдады. Оның бәрін тәптіштеп айту бұл еңбектің міндеті емес. Жастарымыз Ахмет атасының осы еңбегін жастығының астына салып жатып, оқуы керек. Ахмет Байтұрсынұлы сөз өнерін ғылым деп таныды. Сөз шығару өнерді керек қылса, өнер ғылымды керек қылады. Бұдан сөз өнерінің ғылымы туады, – деді ол. Ахаң Абай мен Мағжан өлеңдерін тұңғыш рет ғылыми аспектіде талдап берді. Ол шын мәніндегі ғылым адамы еді, даналыққа бет бұрып, кемеңгерлігі кемелденіп келе жатыр еді. Ахаң былай деп жазды: «Адамның зейіні бүтін ғаламды тануға жұмсалып, дүниедегі бар нәрсенің барлығын, яки бар деп ұйғарылған нәрсенің бар-жоқтығын танып, белгілі бір қарарға келгенде адамға бір үлкен ұғым пайда болады. Сол ұлы ұғым жүйесі даналық», – деп аталады. Тағы бірде Ахаң былай дейді: «Зейін табиғаты – табиғат құбылысын тану жағына жұмсалып, табиғаттың түрлі заңдарын тауып, қасиеттерін біліп, әбден көз жеткенде пайда болатын ұғым жүйесі – ғылым», – деп аталады. Міне, осындай даналық туралы, ғылым туралы тағылымды терең ой айтқан ұлы ойшыл Ахмет Байтұрсынов кемеңгерлігі кемелденіп, философияның қағидалы қақпасын енді ғана ашқалы тұрған шағында жазықсыздан-жазықсыз Сталин зомбалаңының құрбаны болып кетті. Ол қазақ халқының маңдайына біткен Фараби мен Абайдан кейінгі үшінші данагөйіміз болды. Шынында да, поэзия текті ұғым, терең ұғым. Ал ақын осы ұғымды халыққа өлең тілімен жеткізетін күрделі де кемелді кемеңгер болса керек. Нағыз ақынның әр сөзі жүрекке жететіндей терең мәнді болуы қажет. Мысалы, орыс халқында Андрей Белый деген аса қуатты, әр сөзі қорғасыннан құйылғандай салмақты, салиқалы, жаңашыл ақын болған. Андрей Белый жөнінде М.Горький өзінің 1922 жылы 10 қыркүйекте орыс жазушысы Б.А.Пильнякқа жазған хатында былай дейді: «А.Белый – человек очень тонкой, рафинированной культуры, это писатель на исключительную тему, существо его – философствующее чувство. Белому нельзя подражать, не принимая его целиком со всеми его атрибутами – как некий своеобразный мир, – как планету, на которой свой – своеобразный – растительный, животный и духовный миры». Міне, шын ақын осындай аса күрделі, тіл жетпестей тылсым, мынау жаһандай жұмбақ, терең сырлы, сегіз қырлы болуы керек. Қорыта айтарымыз, поэзия аса текті, терең, тұңғиық, тұнық, адамзаттың жүрегін жарып шыққан сөз сұңғыласы, ой құдіреті десек керек. Сонда ғана біз шын ақынның талантына бас иеміз, поэзияның парасатты тегін ұғамыз. Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында халқына мол әдеби мұра қалдырып кетті. Ол әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек еткен талантты қаламгер еді. Оның қаламынан жүзден астам өлең, бес-алты поэма, екі роман, он шақты мақала туды. Сұлтанмахмұт шығармаларының тақырыбы — өз заманының шынайы көріністері, қазақ халқының сол бір аласапыран кездегі тұрмысы, ой-арманы. Ол өмір шындығын Абай үлгісінде бейнеледі. Сыншыл көзбен қарады. Өйткені өмірді жақсарту мен адамды түзеу, ең алдымен, ондағы кемшіліктерді әшкерелеп, сын тұрғысынан бағалап, одан арылудың жолын іздеуден басталады. Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің сипаты әр алуан. Оларда өмір тауқыметінен шаршаған ақынның қайғы-мұңы да, өкініш-наласы да, халықтың басындағы ауыр халге жүрегі сыздаған аяныш пен жанашырлық сезім де, болашаққа сенген, сол үшін күрескен азаматтық перзенттік патриотизмі де бар. Бірақ ақын өлеңдеріндегі мұң-зар жігерсіз, жасық қайғы емес. Ақын алдағы өміріне зор үмітпен қарайды. Сұлтанмахмұт өз заманының өзекті мәселелеріне арнап бірнеше поэма жазды. Атап айтқанда, "Кедей" поэмасы ғасыр басындағы қазақ кедейлерінің хал-жағдайын, сезім-күйін, ауыр тұрмысын бейнелесе, "Адасқан өмір" поэмасында ақын айналасында болып жатқан оқиғаларға, өмір құбылыстарына өз сезімі арқылы шолу жасайды. Қала ақыны мен дала ақынының айтысы түрінде жазылған "Айтыс" поэмасында қазақ даласындағы өзгерістер, әлеуметтік өмір көріністері суреттелсе, "Таныстыру" поэмасында төңкерістер заманындағы қазақ елін өрге жетелеген қайраткер азаматтар бейнесін сомдауға талпыныс жасалады. Сұлтанмахмұттың "Қамар сұлу" (1914), "Кім жазықты?" (1915) романдары қазақ әдебиетінің даму тарихынан елеулі орын алады. Көркем прозаның туу, қалыптасу кезеңінің бастауында дүниеге келген бұл романдарда өз заманының ащы шындығы бейнеленеді. Сол дәуірдегі әйелдердің бас бостандығы, қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік мәселелері мен жаңа психология арасындағы тартысты, қоғамдағы адамдардың түсінік-танымындары кереғар құбылыстарды бейнелеу арқылы Сұлтанмахмұт туған халқының болашағы туралы толғанады. Сонымен қатар, Сұлтанмахмұт "Зарландым", "Ауырмай есімнен жаңылғаным" атты шағын көлемді прозалық шығармалар, "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу жайы қалай?", "Өлеңмен жазылмақ драманың материалдары", "Өлең мен айтушылары", "Социализм" тәрізді бірқатар мақалалар жазды. 4-дәріс. С.Торайғыровтың өлеңдері. 3-сағат . Құлдық атаулыға жаны қас абзал азамат Сұлтанмахмұттың тап мұндай он екі мың ғаламды жаратқан жаппар хақтың өзімен жарыса айтылатын астам атақтан ат тонын ала қашатыны даусыз. Алайда, пайғамбарлардың да арғы түбі адам нәсілінен екенін ұмытпалық. Олар да әуелі өз уағызына күллі адамзатты ұйытамыз деп ойлаған жоқ. Басына хикмат бұлты тәнген қауымдарын ғана қатерден құтқарып, түзік жолға салуға ниеттенгенді. Пенденің құлқын түзеу арқылы күллі дүниені түзеуге болады деп сенді. Ендеше, қолына қаламды, өз сөздерімен айтқанда, «Бұзылған ңанымызды түзеп, қарайған көңілімізді жуып, жанымызға пайда, дертімізге шипа» табу үшін алған асқан талантқа ақылмандықтың ең биік дәрежесін қиғандықта тұрған ешқандай күпірлік жоқ деп білеміз. Ал егер Сұлтанмахмұт алдына ондай асқаралы міндет қоймаған, көзінің көргенін, көңілінің көргенін, көңілінің түйгенін мұрнынан тізген көп сөз құрастырушының бірі десеңіз, онда Өлеңге дес беріңіз: «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған, алуға күнді барып, белді буған, жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, болмасам толған айдай балқып туған». Немесе: «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам, қараңғылықтың көгіне күн болмағанда кім болам, мұздаған елдің жүрегін жылытуға мен кіремін». Немесе: «А, дүние, берсе қанат тәңірі маған, ерік алып, ұшып кетсем, көкке таман, жер-күннің аймағынан үстін шығып, әлемге көз жіберсем, сол арадан; бойымнан ірілік оты сонда сөніп, планет һәм жасаған елді көріп, тозаңдай басқа әлем қатарында айтар едім елеусіз жерді көріп; «қандай мән бұл адамның өмірінде, дәм татқызар үміт не көңілінде; туысында еріксіз жердің құрты және еріксіз аһ ұрып сөнуінде; әлемге өмір шашқан күні мынау, жердегі көрінбеген сыры мынау, бар-жоғының тозаңдай елеңі жоқ, адам тұрсын, жерінің тұрі мынау; немәнеге мақтандық көкірек керіп, өзімізге сонша артық мағына беріп, барша әлем жаралған адам үшін» деп, қалайша адасып, жүрдік сеніп?» Гагарин орбитаға шықпастан жарты ғасыр бұрын бұл өлеңнің ғарышты игеру тақы-рыбына арналмағаны айтпаса да түсінікті. Бірақ, ғарышкердің көктен оралып келіп, таңғалып айтқан планетамыздың тым құрдым, тым нәзік тағдырын қазақ ақыны жарты ғасыр бұрын жерден жарты елі өкше көтермей тұрып-ақ байқап, қолмен қойғандай, дәл басып айтып кетіпті. Сонда оны айтқызып тұрған қандай құдірет? Аспанға шапшыған асау қиялдың шалығы ма? Әлде жер үсті тіршіліктің жегідей жеп бара жатқан уайымы ма? Әрине, соңғысы. Өйткені, бұл жолдар жер бетінде бар болғаны жиырма жеті жыл өмір сүріп, әдебиетте жиырма жеті жыл көшпей-қонбай еңбек еткен көшелі суреткерлеріміз де қалдыра алмаған мол мұра тастап, екі роман, алты-жеті поэма, жүз ондай өлең, көптеген мақала, очерқ әңгіме, көсемсөз жазған, соның ішінде «Қайғыны», «Жарқынбайды», «Айтысты», «Таныстыруды», «Қамар сұлуды», «Кім жазықтыны», «Адасқан өмір» мен «Кедейді» тудырған автордың аузынан шығып отыр. Солардың қай-қайсысын, өсіресе, соңғы екеуін оқыған кісі мұндай шығармалардың әншейін қиял қуған, жер үсті хикматтарды жер-жебіріне жете зерттеп білмеген адамның қаламынан шықпайтынын айтпай-ақ ұққан болар еді. Тек жеті қат жер түбі мен алты қат аспан арасындағы барша құбылысты тап бұлай бажайлап білу құдайдың ғана емес, адамның да қолынан келеді екен-ау деп таңғалар еді. Жарық дүниеге аз күнге келіп-кеткен көлденең жолаушының көрген-түйгенінен гөрі жер мен көкті жаратқан жаппар хақтың өзінің ағынан жарылып ақтарылып айтқан сырындай бірден ұйытып алар ағыл-тегіл шындық пен айна-қатесіз ақиқатқа амалсыз тамсанар еді. Расында да, адамның Өзін өзі тануының шырғалаң одиссеясын «Адасқан өмір» мен «Кедейден» шынайы жеткізген, жетім қозы емген желіндей, аямай қақтап сорып, сығып, сарқып, әбден тауысып жеткізген терең шығармалар төл әдебиет түгілі әлемдік әдебиетте некен-саяқ. Басқаларды былай қойғанда, дәл осындай мақсатпен жазылған «Тәңір тәлкегі», «Фаустың» өзінде дайын фабулалар, танымал мифологемдер, талай рет сыннан өткен сюжеттіқ зерделік құрылымдар пайдаланылса, қазақ ақыны ешқандай қосалқы тәсілдерге жүгірмей, тек бір пенденің жөргекке түскенінен көр түбінде қурап, шіріп, қайтадан топыраққа айналып кеткеніне дейінгі барлық процесті ештеңені мұлт жібермей, дәл тізіп, дәл сипаттап, сол арқылы тек адамдық болмыстың ғана емес, жалпы әлемдік болмыстың егжей-тегжейлі панорамасын жасап, сол болмысты ұстап тұрған заңдылықтардың ерекше бір математикалық дәлдікпен зерделенген философиялық кескіндемесін түзеді. Құдды, бір оның зейіні рентген сәулесіне, лазерь ұшқынына айналып кеткеніндей, еш қалтарысты қағыс қалдырмай, көптен бері басы балпы, аяғы салпы боп шашалып қалған далалық әлеуметтік болмыстың баоаяғын қайта түгендеп шығады. Қой шеті мен кеніш түбі, тал бесік пен тар лахат, жесірдің төсегі мен сылқымның құшағы, түз бен шаһар, тау мен дала, қиял мен шындық, обал мен сауап, мүсәпірлік пен кісәпірліқ жуандық пен жылпостық,– жер үсті кеңістіктегі көріністер мен құбылыстардан еленбей қалған ештеңе жоқ. Бірақ, бірінен бірі туып, бірінен бірі өрбіп, бірінен бірі дамып, бірімен бірі жалғасып жатқан дүние. Белгілі ғасырдың белгілі кезеңінде белгілі өңірдің белгілі қауымының басындағы ахуал өуелі таза табиғи аймақтық аяда, содан тап-таза табиғи халықтық аяда, одан дөл сондай шынайы ұлттық аяда, одан да күрделі күллі адамзаттық аяда, одан ел мен жер, жер мен көқ адам мен қоғам, заман мен тарих мидай араласып кеткен жалпы әлемдік болмыстық аяда кескінделеді. Бірінен бірі сатылап өрбіп, сатылай биіктеп бара жатқан сарабдал ойшылдықты тек қана әсердің күші, пайымның күші, зейіннің күші деп тану шындыққа қиянат болар еді. Бұл – нағыз адам жаратып, адам танытушы, әлем жаратып, әлем танытушы жаппар хақтың өзімен жарысқандай жанкешті жұмыс. Бір басты оздырып, бір көкірек-ті масайратып, бір көңілді желпінту үшін мұндай тауқы-меттің мыңнан бірі де жетерлік еді. Жоқ, бір пенденің, тіпті саналы азаматтың, тіпті сұңғыла таланттың тек қана таза өнерпаздық құштарлыгы мен ыждаһаты тап осындай ақылға сыймастай жанқиярлыңқа бара алады дегенге сену қиын. Әрине, ондай жанқиярлық, расында да, өз тағдырының сырына қанығам деп жүріп, барша тарихтың сырына, жанын қинаған жақсы мен жаманның ара-жігін ашамын деп жүріп, күллі әлемдік болмыстың құрылым-түзіліміне қаныға алар ғажайып түйсіқ ғаламат сөзім, алапат рух иелерінің ғана қолынан келеді. Ал олар кез- келген аптада, көрінген көшеде туа бермейді. Тұтас бір қауымдарды, тұтас бір нәсілдерді сарылтып, сағынтып барып туады. Олардың өзі де қиындығы жағынан ақылың жетпестей, жауаптылығы жағынан не жаның, не арың садақаға шалынып кетердей рухани қиямет-қайымға желіккеннен де, мақтан үшін де, мансап үшін де бармайды, тек өзі үшін емес, күллі елі үшін қиналып, қоңыр тоқтыдай құдай жолына басын шалудан басқа амал қалмайтындай тығырық сәттерде ғана барады. Өйткені, әуелден де жұмақ үшін жаратылғандай кең жүріп, кең тұрғанды ұнататын екі аяқты нәсіл тектен текке жанын қинамайды. Ал, өнер, соның ішінде ақындық өнер жанның жегін ауырлату үшін емес, жеңілдетуге арналған. Оны да әлгіндей өз етін өзі жейтін бейнетке тек елім деп еңіреген жүрек итермелейді. Қауымның не болары, не бордай тозары беймағлұм боп тұрған талқыдағы тағдыры итермелейді. Сұлтанмахмұт та тап осындай себеппен тап әлгіндей жанкештілікке барып жүр. Ол: «Лағнат бұлты шатырлап, жай түсіп неге қатпаймын; жер жарылып сатырлап, түбіне неге батпаймын; ит, құсқа бас игізген, көкейімді күйгізген, дүниеден ләззат таппаймын»,– деп тек бір басына күн туғаннан күйзеліп жүрген жоқ. Өйтетіні: «анау қырда татар тұр, басқалармен қатар тұр, мынау ойда қазақ тұр, қастарында азап тұр; ұйқысы көп, ояуы аз, бұл не деген ғажап тұр? Бұл ұйқысын ашпаса, надандықтан қашпаса, басқаларға мазақ тұр». Өйтетіні, қазақ өз халінің осынша мүшкіл екенін өзі білмейді. Білсе, неге бұлай, неден бұлай болғанын білмейді. Мұнша азып, мұнша тозуларының сырын өзгеден көреді, өзінен көрмейді. Бір-бірінен көреді, білімсіздіктерінен көрмейді. Сондықтан да, ақынның білетін жалғыз жауы – надандық, жалғыз кесепаты – надандық. Ел құтқарудың жалғыз жолы – талай ғасырдан бері туырылып тұрған надандықты серпілту деп түсінеді. Сондықтан да, әлгіндей дүние сырын тәптіштейтін тәпсіл поэмалар жазады. Өйткені, оның ойынша, өлең деген – «көңілді түзейтін машина». Сол арқылы біреулерді табалап, біреулерді дәріптеуден аулақ. Бар мақсаты: адасқанға жол сілтеу, жаңылғанға жөн сілтеу. Кесір мен қиянат үшін кім жазықты? Оған айтқызсаңыз: бәрі жазықты – тойымсыз байлық та, төзімсіз кедейлік те, момынның мүсәпірлігі де, озбырдың кісәпірлігі де. Өйткені, бәрі де бір-ақ түбірден – надандықтан өрбіп жатыр. Надандық деген – ештеңені білмеу, ештеңені сөзбеу емес, заманның өзгеріп кеткенін аңғармау, үйреншікті ізбен далақ-тап шаба беру. Бай да далақтап жүр, жарлы да далақтап жүр. «Далақтап шапқан бай ұлы тоқтаса, көзі жас екен». Ол жасты қалай сүртіп, қалай құрғатуға болады? Топ-топ боп төбелесіп те, жақ-жақ боп жағаласып та заманды түзей алмайсыз. Заманды адамды түзеп түзетесің. Әркім өзін-өзі түзей алса ғана күллі ел түзеледі. Тығырықтан шығудың одан басқа жолы жоқ. Сондықтан да Сұлтанмахмұт: «жақсылық көрсем – өзімнен, жамандық көрсем – өзімнен; тағдыр қылды деулерді шығарамын сөзімнен, өзім қылдым деулерді таса қылман көзімнен; жазалы емес құдай да, күн мен жұлдыз һәм ай да; жұмақ күткіш наданның орны дозақ әр қайда; «теңгерер соңыра»,– деген сөз тек жұбатқыш бір айла»,– деген тұжырымға келеді. Бар тілегі елінің үстінде, бар аңсары халқының болашағында болып, мігірсіз күрес, тынымсыз ізденіспен өткен ақын мазасыз өмір жолын: «қарағай да қайғырып, суылдайды заманға, иесінен айырылып, көздескен берік қамалға, ақ қайың да дірілдеп, әлденені күткендей, қайғылы үнмен күбірлеп, сөйлейді тіл біткендей, дауылға әлсіз қара ағаш, күдерін үзбес өмірден; Бұтасыз түбі жалаңаш, тас топыраққа көмілген; шоғырлы біткен сом тереқ жыл сайын қажып кемиді; қуарып қызыл гүл шешеқ өлімге өзін телиді; жаңа өспірім жас шіліқ жер тұлғасы болады, бақытты тұрмыс тіршілік бір көзде соған қонады»,– деген жолдармен тәмамдалады. Өлең сөзіне өзек болған осы ұлағатты тақырыпты көсемсөзінде де жалғастырады. Өйткені, Сұлтанмахмұт заманы – күллі адамзаттың алдынан үш тарау жол шығып, дағдарып тұрған тұсы еді. Барша адамзаттың бай тәжірибесін бір өзі иемденіп, жаңа еркениет жасап алып, табиғи мүмкіндіктер үстемдігінен біржолата құтылып, жер-жаһанның жылы- жұмсағын қанжығасына өңгере бастаған Батыс Европа қалған дүниенің ол білетінді білмей, баяғы таз қалпында қала беруін қалады. Халықаралық өзіндік сипатын сақтағансып, оларды бірөңкей ата кәсіптерімен Шұғылдануларына жағдай жасағансып, жаңалықтан шет қақпай ұстауға тырысты. Бұның аржағында қандай құлта жатқанын түсінгісі келмеген хадимшіл Машырақ үйреншікті үрдісшілдікті әспеттеді. Жәдишіл Мағұрып жаңа өркениетті озбыр отаршылдықтың бодауына беріп қоюға қарсы болып, өнегені үйренбеушілдікке шақырды. Іргедегі Ресей бар тәжірибенің бәрін мойындамай, атымен соны бағытта өрістеуді дәріптеді. Бұл үш ағым қазақ даласында да көрініс берді. Уақытша азаттықты пайдаланып, біреулер қайтадан кең сасыған көне жұртқа көшіп алуға үндеді. Өзгеден үйренсе, жаңасын үйренбей, көнесін үйренді. Ата кәсіпті қуып, ата жолын ұстап отырмыз деп мадиықтанды. Бірақ, шөп басындағыны үзіп жеп өзек жалғаған терімшіліқ қолға түскен тағыны қорек еткен аңшылық, айдаған малының шетінен сойып жеп азық айырған малшылық жер басып жүрген барлық нәсілдің бәрінің де бір көздегі ата кәсібі екенін, соған қарамастан бүгінде тропикадағы пигмейлерден тасқа терімші, қар жастанып, мұз төсенген лапландтар мен тұңғыстардан басқа аңшы, жалаң аяқ құм кешкен бәдәуилер мен туарегтерден басқа көшпенді қалмағанын ешқайсысы ескергісі келмеді. Атамекенінің бетіндегіні өндіріп, өңдеп, қажетіне жарату ата кәсіп болғанда, астындағыны өндіріп, өңдеп, қажетіңе асыру неге ата кәсіп болмайтынын ешкім айтып бере алмады. Доңғалақ, қыш күйдіру, ұршық, Темір ауыздық, бұғалық, тор ау, қақпан күллі адамзатқа ортақ болғанда, станок пен машина, будың күші мен судың күшінің күллі адамзатқа қалайша ортақ бола алмайтынын түсінгілері де, түсіндіргілері де келмеді. Мұндай жолмен қазақшылдықты көксегендердің уағызын Сұлтанмахмұт «қатын ойбай» санады. Әлгіндей үрдісшілдік – мешелдікке ұштасқан кеселдік еді. Ал енді барлық нәрседе де өзгенің жолымен жүрмей, өз сүрлеуімізді табамыз деген өзімбілемдікке түсіп, басңалардың баяғы да түзеп алған қателіктерінің бәрін бүгін қайтадан қайталап шығу – Сұлтанмахмұттың тілімен айтқаңда, «көре-біле тұра отқа түскендік» болар еді. Ақын жедел даму үшін дайын үлгілерді өз жағдайыңа икемдей білетін жәдишілдікке шақырды. Бұл арада алыстағы жапон жұртын өнеге тұтты. Отаршылдық көрмеген азат халық озат тәжірибені өз еркімен үйреніп, төз жетілді. Ал мимырт даму азаттықтың көсеғесін көгертпейді. Жедел даму жоқ жерде кемел мәдениетті елдердің алдындағы тікелей не жанама кіріптарлықтан шамалыда құтыла алмаймыз. Ақын айтқандай: «міне, көршіміз Русь жұртында бізден гөрі өнердің ер жеткендігінен тапқан пайдамыз: Русьтің не қыл дегеніне де көніп тұру болатын». Ондай кіріптарлықтан төз арылудың амалы, ақынға айтқызсаңыз, «озат мәдениеттердің көп жылда жеткен жеріне аз жылда жетіп алу», бұл үшін «олардың мыңдаған жылдар ішінде, жүздеген буындардың еңбегі мен салулы даяр жолдарын» пайдалану білу. Біздіңше, ақынды ажал алдында абыржытқан тап осы жағдай сияқты. Өйткені, ол шектеулі сағатының жеткенін біліп жатты. Біле алмай бара жатқаны: мынандай алмағайып кезеңде оң мен солын әлі түгел танып болмаған, тоғыз жолдың торабында тұрған аңқау халқының қандай бағытқа бет алғаны еді. Амал не, біз ақын сілтеген жолдан, ақын көксеген бағыттан тағы да адасып кеттік. Өтірік пен шынды айыра алмай, бір-біріміздің жағамызға жармасып жүріп, бөгденің шылауында кеттік. Қайтадан отаршылдық кебін кидік. Қайтадан кеңге шықпай, кеңге оралдық. Жалпымыз шетте қалып, жалқымыз ғана топқа кірдік. Өз жерімізде еркендеп жатқан өркениетке не алыстан көз саттық, не ішіне ене алмай, есік-терөзесінен сығалап жүргенімізге мәз болдық. Сөйтіп, жетпіс жыл бойы соныдан жол табамыз деп жүріп, сол аяғы тоғыз жолдың торабынан қайта кеп шықтық. Тағы да жол айырығында тұрмыз. Тағы да тағдырымыз талқы үстінде. Бір көзде Сұлтанмахмұтты алаңдатқан кеу-кеу, сол көздегі «байбаламшылдық» пен «ойбайшылдық» қазір де естіліп қалып жүр. Үрдісшілдік пен өркениетшілдік, жедел даму мен мимырт даму, кімнен қандай өнеге алу – тағы да талас тудырып жатыр. Бірақ, бұл жолы бетімізбен лағып кетуге ешқандай қақымыз жоқ. Аузымыздың күйгенін былай қойғанда, көңіліміздің түйгені де жетерлік. Өсер ел өнегелі ұлдарын әке тұтады. Ондай ұлдар, құдайға шүкір, бізде де баршылық. Бір көзде Сұлтанмахмұт қазақ жұртының арғы-бергі аузы дуалыларын сарапқа салып отырып, Абайдың жолы бір бөлек деп еді. Шамасы, бұны ұлы ақынмен нағашы жағынан табысатын қан туыстығынан емес, зар заманда запыран жұтқан жан туыстығынан айтқан болар. Өйткені, өз мінін өзі түзей алмас, өз осалдығын өзі жеңе алмас қауым өзгенің озбырлығын да жеңе алмады. Шындықтың ала жібін аттамайтын әділ көзқарасы жағынан, халқының қамын ішінен қан жылап отырып ойлайтын адал махаббаты жағынан, онсыз да көп адасқан аңғал қауымды әр саққа бір далақтатпай, тура бағытқа, жемісті жолға бастай алар көсем пікірлігі жағынан, ұлттық ойлау жүйемізді басқалармен тайталаса алар рухани естиярлыққа көтеріп берген ұстаздығы жағынан Сұлтанмахмұт Абайға ерекше жақын тұр, ерекше етене тұр. Ендеше, қазақ рухының кеңістігінде Абай екеуінің орны бір төбе. 5-дәріс. Поэма табиғаты және ақындық шеберлік. 4- сағат. Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы “Таныстыруда” Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарды таныстырып, олардың “бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай” екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкерімді ерекше атап көрсетеді. “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. “Адасқан өмір” – Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. “Кедей” поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. “Айтыс” поэмасы толық аяқталмаған, онда Торайғыров қала ақыны мен дала ақынын айтыстырып, екі ортаның қайшылықты жақтары мен адамға пайдалы тұстарын қатар алып суреттейді. Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері “шындықтың ауылын іздеумен” байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның тенденциясы да сыншыл 6- дәріс. Сұлтанмахмұт Торайғыров публицистикасы. 1- сағат Зерттеуші Б.Кенжебаев өз тұстастарының С.Торайғыров ұстанған саяси бағытты, оның жеке өзін «...бірі – байшыл, ұлтшыл ақын, екіншісі – ұсақ байшыл ақын, үшіншісі – социал-утопист ақын, төртіншісі – ұсақ буржуазияшыл демократ, бұқарашыл ақын, бесіншісі – шаруалар тобының жырын жырлаған кедейшіл, бұқарашыл демократ ақын» [6, 36-б.] деп бағалаушылықтарын әділ таразылаған. Өзінің осы кезеңдегі «Сұлтанмахмұт туралы» деген атпен берілген мақаласында: «...ол жолдастардың... күні бүгінге дейін баяғы РААП пен ҚазААП-тың салтынан, ескі көзқарасынан, әдісінен яғни социологизмінен, арыла алмай жүргендіктері көрінеді. Соның үшін де олар Сұлтанмахмұтты қалай да бір тапқа, бір топқа, бір жікке апарып қосақтауға тырысып отыр» пікірін білдіріп, тіпті олардың жеке басына ойысып «...кейбір жолдастардың өресі, күші жетпей отыр. ...мін де шапқа салып Сұлтанмахмұттың саяси бағытын, өмір сапары мен жазушылық сапарын жете білмей, барлық шығармаларының мән-жайын, астарын әбден талдамай, тек оның өмірінің кейбір кезеңін ғана, оның бірді- екілі шығармаларын ғана алып, соған қарап, тон пішіп отыр» [6, 37-б.] деп айтып салады. Б.Кенжебаев С.Торайғыровтың саяси бағытын талдай келе, ол қазақтың халық ақыны деген байламын ұсынды. Ол байламды жан-жақты ашып көрсетті. С.Торайғыровты халық ақыны деу үшін, халық ақыны деген тіркеске анықтама берді. Оның анықтауынша, «...қандай да болса бір ақынды халық ақыны деп айту үшін оның жалпы халық мүддесін жырлауы ғана жетпейді, сонымен қатар оның халық тұрмысын дұрыс, толық, шебер көрсетуі, халыққа ұғымды, жуық болуы, халықпен біте қайнап, бірге болуы керек» [6, 39-б.]. Яғни, осындай анықтама бойынша анықталған Сұлтанмахмұт – халық ақыны деп түйді. Зерттеуші пікірінің растығын ақын шығармашылығының өн-бойынан көреміз. Ақынның мынадай шумақтары оған дәлел бола алады: Анау қырда татар тұр, Басқалармен қатар тұр. Мынау ойда қазақ тұр, Қастарында азап тұр немесе тағы бір өлең жолдарында: Ұмтылып ілгері аяқ басқан қандай, Пән оқып, тараққиға асқан қандай? Басқалар жанын салып ұмтылғанда, Басымыз шоршып түсіп, қашқан қандай? - деп, өз халқының өмір сүруінің марғаулығына жаны күйіп, өмір сүрудің жаңа жолын ақындық көркем тәсілмен бергендігінен айқын көрінеді. Б.Кенжебаев ақын шығармашылығының ажыратылу мерзімін үш дәуірге бөліп: 1) ақынның 1912-1913-1914-1915 жылдардағы шығармалары; 2) оның 1917-1918 жылдардағы шығармалары; 3) оның 1919 жылғы шығармалары деп анықтаған, әрі 1916 жылы және 1920 жылы жазған шығармаларының қолда жоқтығын ашқан. Зерттеушінің өз болжамдары бойынша, С.Торайғыров бұл жылдары түк жазбауы мүмкін емес, «...себебі бұл жылдар ірі оқиға, қиянкескі күрес, ұлы өзгеріс жылдары, оған Сұлтанмахмұттың құлақ аспауы мүмкін емес. Тегінде, оның бұл жылдарда жазған шығармалары жоғалған, жиналмай, жинаққа кірмей қалған болуға тиіс» [6, 40-б.] деп ой тастайды. Бұл жылдар шығармашылығы ақынтанудың бүгінгі күні жеткен жетістігінің де ақтаңдағы, әлі де табылар деген үміт те жоқ емес. 7- дәріс. Абай және Сұлтанмахмұт. 1-сағат Сұлтанмахмұт – ұлы Абайдың және Ыбырайдың ағартушылық идеяларын дамытқан ақын. Абай мен Ыбырай өзінің туған халқын қараңғылықтан, надандықтан құтқару үшін, оқуға, білімге шақырған еді, туған халқын жарық күнге шығаруға талпынды. Жастарды өнер-білім жолына түсуге үндеді. Сұлтанмахмұт тәрбиенің күшіне сенді. Дұрыс тәрбие арқылы адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді. Ақын адамның әділ, адал болуы тәрбиеге байланысты деп қарап, «Сүйекке біткен мінез, сүйекпен кетеді» дейтін көзқарасқа қарсы тұрып, өмірді өзгертуші адам, адал мінезін қалыптастырушы ұлы күш, саналы тәрбие дейді. Бұл көзқарасты Абайдың «Заң қуаты қолымда болса, адам мінезін өзгертуге болмайды деген адамның тілін кескен болар едім» деген қағидасымен ұштасып жатқанын аңғару қиын емес. Ұстаздық етуден жалықпаған ұлы ағартушы «Оқу» (1911 ж) деген жаңа өлеңнің бірінде: Надандықтан екенін білмейміз бе, Көрінгенге болғаның семіз жемдік, Ел болуға алдымен білім тірек, Бір сөзді, бір ауызды, намыс керек, - деп білім алуға шақырады. Алдымен ақынның өмірі өте қысқа болғанымен, оның артына қалдырған мұрасы, халқына істеген игілік істері, қазақ педагогикасына сіңірген еңбегі өте орасан дерлік. Бала оқытуда өзіндік жинақтаған тәжірибесін педагогика саласына енгізген бірден-бір жаңалығы деп айтуға мүмкіндік береді. Ол білім берудің жөні осы екен деп дүмше молдаларша оқушыларды жинап алып, қалай болса солай білім беруді қолдамай, ең алдымен балалардың жас ерекшеліктерін ексере отырып, жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп, дидактиканың жеңілден ауырға қарай қағидасының негізін ұсынып отырғандығын көруге болады. Сұлтанмахмұт өлеңдерінің тәрбиелік, тағылымдық мәні ерекше. 8 -дәріс. Шәкәрім және Сұлтанмахмұт.1-сағат Адамзат тарихының соңғы екі мың жыл аясында адам өмірінің мәні мен мазмұны мәселесіне философияда, әдебиетте ерекше зейін қойыла бастады. Ол адамның табиғатының түпнегізін іздеу мақсатында жүзеге асты. Адамның ішкі рухани әлемінің күнделікті өмір құлшынысы нәтижесінде қандай халге түсетіндігі немесе сол жағдайдағы адамның күйі қандай болатындығы туралы сұрақтар төңірегінде хәкімдерге көп ойлануға тура келді. Осы ізденістер өмірдің мәнсізденуі сынды, адамдардың танымға немқұрайдылығы сынды сұрқия шындық бейнелерін ашты. ХХ ғасырдың бетке ұстар азамат ойшылдарының қатарындағы Шәкәрімді де адам мәселесі аса қатты мазалаған болатын. Шәкәрім – Абайдың ізбасар інісі, Абайдан соң ХХ ғасыр басында қазақ даласында өмір сүрген ең көрнекті тұлғалардың бірі. Шәкәрім өмір сүрген замана шындығы мемлекеттік дағдарыстар кезеңіне тура келген болатын. Сол уақыттың мың құбылған саяси тұрақсыздығы мен жылдам өзгеріп отырған мемлекеттік билік жүйесі оның адамзаттың бірыңғай кемелденуіне деген сеніміне секем түсірді. Шериздан Елеукенов «Жаңа жолдан» деген кітабында «Армысыз, Шәкәрім аға!» деген мақаласында Шәкәрімнің өмірін көркем бейнелеген: «Ш.Құдайбердиев 1917 жылғы революция таңын жарқын үмітпен қуана қарсы алды. Оған куә — «Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таңы атты» деген революцияға арнаған жырлары. Кейде адасып, досы қайсы, дұшпаны қайсы екенін айыра алмай қалған кездері де болады. 1918 жылдың басында ол алашордашылардың шақыруымен Семейге келеді. Жолшыбай «Семейді қызыл алғанын» естіп барады. Бұл 1918 жылдың февралі. Алашордашылар Шәкәрімді сыртынан сот етіп сайлаған екен, ойында еш нәрсе жоқ ақын көне салады. Бірақ көп ұзамай, сол 1918 жылғы июньде, Семейді ақтар қайта басып алады. «Оған тағы құл болдық, сатылған малмен пұл болдық» деп ақтардан көңілі қалған ақын еліне оралады. Сол жылғы күзде ол тағы да Семейдің құм көшесін таптайды. Осында Орынбордан қашқан Алашорда «үкіметі» көшіп келіп, өз беделін өсірудің бір амалы есебінде ақынды қалаға шақыртқан екен. Бұл жолы Шәкәрімнің «Алашорда бір бөлек, қауымның ойы өзгерек” екеніне әбден көзі жетеді де, ескілікті қайта жаңғыртқысы келгендерге наразылық білдіріп, еліне тартып отырады. Ол ауылда жүріп те ақтардың салған ойранының куәсі болады. «Қалаға қызыл орнығып, әділет атты жол шығып, айтылған боран өтті тез» деп қуана қорытады» [18, 40 б.]. Иә, осындай қысқа ғана мерізім ішінде қалыптасқан саяси тұрақсыздық жағдайлары кез келген адамның қай жаққа шығу, кімді қолдау керектігі туралы бағдарын қиындатады. Құбылжып тұрған көңіл, тұрлаусыз құндылықтар, әр саяси жүйе өзінің бағыт-бағдарын ұсынып, әр жүйе өз амалын жақтап отырған бір кез. Осындай кезде адамның тағдыры иесіз қалған театр қуыршағына ұқсайды. Спектакль жүріп жатыр, персонаждың роль кезегі келді, кімнің қолы бос сол қуыршақты ала кетіп, өз ырғағымен қимылдата-сөйлете жөнеледі. Қуыршақ екі жүзді кейіпкерге ұқсайды, бірде қатаң дауысты қатыгез, бірде езілген жігерсіз дауысты бос адам. Осындай аласапыран кезіндегі адамдарды, асыл сөзге бай қазақ: «Бірде–бие, бірде – түйе деген емес пе?! Дәл осындай алмағайып күйді еуропалық елдер де басынан кешірген-ді, халінің мүшкіл болғаны соншалықты оларың “Құдай өлі!” деуге дейін барды емес пе?! Ф. Ницше Еуропадағы рухани өмірдегі аласапыранды былай деп сезіне суреттейді: «Аңызсыз кез келген мәдениет өз мәнінінен айырылады, өзінің шығармашылық қабілетінен жұрдай болып, тұтастығы тарқайды. Ойдың құтқарушы тежеуіші жоғалып, қиялы сөнеді. Өз тамырын жоғалтқан мәдениет, мәдениетті сақтаушы негізі дәстүрі сөніп, қанағаттанарлық азықты іздемейтін жері қалмайды» [20, 124 б.]. Шәкәрім шығармашылығы, әрине, батыс экзистенциализмінен бөлек, ол жан күйзелісін және әлемнің зобалаңдарын өзіндік нақышта сипаттайды. Сол себептен оны біз толыққанды экзистенциализм ағымының өкілі деп қарастырудан аулақпыз, дегенмен, ХІХ-ХХ ғасырдың философиялық айдарына айналған бағытқа тән ой-таным үлгісінің өзіндік үрдістері қазақ жерінде сонау бұрыннан келе жатқан дәстүрден тарайтындығын бедерлеп көрсете білген Шәкәрімнің де шығармашылығында кезігетіндігін көрсетіп беру еш артықтық етпейді. Шәкәрімнің философиялық лирикаға толы шығармалары терең мазмұнды экзистенциалдық сарындағы шығармалар. Жалпы экзистенциализм жайында философия тарихында әртүрлі пікірлер бар: «Экзистенциализм деген атау классикалық «мәндер философиясының» (essentia) орнына «адам тіршілігі» (existentia) философиясын қоюды білдірсе керек. Экзистенциализм – XX ғасыр философиясының классикасы. Хронологиялык турғыдан ең ерте, яғни XX ғасырдың бірінші ширегінде, таныла бастаған экзистенциализм формалары орыс философтары Н.Бердяев пен Л. Шестов ілімдері. Экзистенциализмнің кең құлаш алып жайылуына бірінші дүниежүзілік соғыстың топалаңы, кайғы-қасіреті көп ықпал етті. К.Ясперс, М Хайдегер, А.Камю, Ж-П. Сартр, Г. Марсель, Х. Ортега- и-Гассет, М.Бубер және т б экзистенциализмнің көрнекті өкілдері. Олардың көпшілігіне ортақ экзистенциалдар ретінде «қамқорлық» (забота), «ұмыт қалу» (покинутость), «жаттану» (отчужденность), «абсурд», «үрей-қорқыныш», «жауапкершілік», «таңдау», «өлім» сынды паратерминологиялар көрінеді». Шәкәрімнің бұл әрекетін ауылдастары түсінбейді, ал біздің бұдан байқайтынымыз – Шәкәрімнің ішкі жан дүниесінің адами тәкәппарлық пен мансапқорлықтан таза болғандығы. Шәкәрім сол кездегі философ-ойшылдардың идеяларына философиялық сын көзқарас қалыптастыра отырып, Абайдан алған өнегесін жетілдіре білді. Заман ағымына қайғыра қарап, бұл дүниеден поэзияның қуатымен трансценденталды кеңістікке шығу мүмкіншілігін алды. Ақынның болашақ ұрпағының ертеңгі күнінен үлкен үміт күткенін біз келесі өлеңінің мазмұнынан байқай аламыз: Мен өтермін, кетермін, Жоқтарсың мені бір кезде. Жәрдемім тимес, не етермін, Бекінем осы бір сөзге. Мақсатың қайсы, досың кім, Осының түбін шын көзде… Адам өмірі жалған және қысқа екенін айта отырып, өзінің адамдық міндеті – өнеге етуге, жол көрсетуге, «дос жылатып айтады» дегендей, шындықты айтуға бет бұрады: …Күйдіре тұрып шыдатпай, Көре тұрып жайыңды, Кім айтады, мен айтпай, Сендерге енді уайымды. Шәкәрім, қазақтың ақындықтан өрбіп жатқан философиялық дәстүрінің лайықты жалғастырушысы ретінде, философиялық поэтика мен поэтикалық философияны қатар алып жүрген жан. Поэзияны мәңгілік дейді. Неге? Өлең сөзі немесе шын поэзия ой толғау ретінде болмыстың құдыретті кеңістігінен – Құдай әлемінен жаралатын сияқты көрінеді. Поэзия – жанның бейнесі, Құдайдың берген демінің көрінуі. Ақынның поэтикалық шығармасын талдай отырып оның жан дүниесінің түбіне жеткендей боласың немесе ақын болмысты поэзия тілімен бейнелеген сәтте өзінің жасырын жатқан сырын жариялай бастайды. Сонымен қатар, ақын жер бетіндегі жалған дүниені поэзия арқылы мәңгілікке айналдырады. Сұлтанмахмұттың да өз қасындағы пейішті, өз басындағы нәсіп пен дәрежені қызықтап кетпей, елінің басындағы тозақ пен елінің тағдырындағы кесір- кесапатты ойлап жер-көкке сия алмауында да осындай бір алабөтен тектіліқ осындай бір айырықша рухани ақсүйектік жатырған сияқты. Тағы да сол он алты жасында жазылған бір елең: «бір адам көп жасады жер бетінде, мекендеп жақсы жайды ел шетінде; зорлықшыл арам ойлы, ұры болды, құралған арамдықтан дәулеті де; нашарды зар жылатқан жалғызын жеп, тірлікте ойламаған «өлемін» деп, жалғанды жалпағынан басып өтті, «жазғанын көрге барып көремін» деп, сол сорлы ауырып жатыр елейін деп, қимайтын аманатын берейін деп таусып ап желдей ескен аз өмірді, қойнына суық көрдің енейін деп; өлді ол мөзгілінде ажал жетті, өлшеулі дүниеден демі бітті, оранып үш қары без басқа түк жоқ, сақтанбай тірлігінде көрге кетті; Жатты ол қараңғыда зәресі ұшып, тірлікте молда айтқаны еске түсіп, дейтұғын: «имансыздарға періштелер көрсетер көр азабын тәнді қысып», қозғалып, шамасы жоқ тұратындай, созылды қараңғылық таң атырмай; «Қайда жүр періштесі сұрайтұғын, кешікті-ау, бұлар қайда,– деп,– апырмай». Сонымен әлденеше жылдар етті, тән шіріп, топырақ боп, тозып бітті. Шыбын жан айналсоқтап сасық көрде «періште келеді» деп босқа күтті. Ал енді молда қайда, сөзі қайда, беретін ұжмақ, дозақ анау жайда, білмеймін анығын да, танығын да, бас қатты шешемін деп, жоқты ойда». Ақылыңды айран, ойыңды ойран етер тәпсіл. Бір көзде Асанқайғыға жел мая мінгізіп жер көздіріп, Қорқытқа ажалдан қашып құтылар айла таба алмай, көр қаздырып жүрген де осындай рухани максимализм ғой. Бақ пен дәулеттің әлеуметтік нарқы. Іс пен әрекеттің адамгершілік парқы. Дала фәлсәфасының үйреншікті тақырыбы, өзекті арнасы. Егер бұл дүниедей абзалдығың ол дүниеде бағаланып, жұмақ бұйырып жатса, нұр үстіне нұр. Егер бұл дүниедегі кәззаптық ескеріліп, ол дүниеде тозақ бұйырып жатса, ол да мың асқанға бір тосқан, залалға зауал, шырқ айналып келгенде, әділеттің барлығы. Ал егер жасаған жақсылығыңның шуағы, жамандығыңның жазасы болмаса ше?! Онда өмір деп аталатын күйкі күйбеңде қандай мән қалады? Әділет пен қиянат ескерілмес жерде азап та жоқ, тозақ та жоқ. Пері де жоқ, періште де жоқ. Бұйырғанын жеп, тигенін киіп, тап болғанға көніп жүре беретін пенде ғана бар. Бұндай анық, танықтың айырмасы шамалы дүниенің арзымы қанша? Ондай дүниеде шеккен азаптың қасіреті, көрген бақыттың қасиеті бола ма? Бұл – Сұлтанмахмұтты бала жастан қинаған батпан сауал. Ол осы сауалдың жауабын ғана ақиқат деп танымақшы болды. Сондықтан рахат емес, ақиқат іздеп шар тарапты түгел шарлайды. Троицк барады, Томск ауады. Қызылтал мен Керекуді былай қойып, Семей мен Өскеменнің қоғамдық өміріне араласады. Алтай асады. Қытай басады... Ел шетіндегі Шыңғыстай мен ел ортасындағы Шыңғыстаудың да дәмін татады. Молла, медресе, курс, мектеп... білім іздеп шарқ ұрады, жур- налистіқ мұғалімдіқ саяси қызмет... Өзін емес, елін қарқ қылам деп, басын тауға да ұрады, тасқа да ұрады, Ғайса, Мұхамбет, Платон, Руссо, Фурье, Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Надсон, Блок, Абай, Тоқай, Маркс, Энгельс, Ленин, Бакунин, Плеханов – адасқақ ақын көңілдің шарлап қайтқан рухани шартарабы. Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов, Шәкәрім, Ермеков, ерлі- зайыпты Құлжановтар, ағайынды Сәтпаевтар, туысқандары Аймауытов, Көпеев, Аймановтар, алыстағы Қажымұқан, Сералиндер – күнде-күнде бір тұрып, бірге жүрмесе де, күн бе күн өз ой, өз пікірін салыстырып, салғастырып отыратын рухани нысаналары. Тек осының өзінен-ақ оның жанындағы рухани ізденістер өрісінің қаншалықты кең, қарқынының қаншалықты мігірсіз, мазмұнының қаншалықты күрделі болғанын аңғару қиын емес. Шындықтың ауылын іздеп жолға шыққан албырт шәкірт бірте-бірте әлеуметтік болмыс деп аталатын ию-қию джунглидің ну жынысына сұғына енген сұңғыла зерттеушіге айналады, сұғынған сайын іздеген сүрлеуінің бұралаңы жиілеп, бұлтара түседі... Тапқан жауабынан гөрі жанын қинаған сауалы көбейе түседі. Жан қайда әділетті іздейтұғын?.. Оқудағы мақсат не?.. Көңілім, неге жасисың?.. Бұлар кім?.. Нешелер көз жас төгілді?.. Қызық қандай адамды қыздыратын?.. Неге жасаймын?.. Осы да әділдік пе?.. Көзек қашан келеді?.. Ғайса кім?.. Өң бе, түс пе?.. Кім жазықты?.. Ойыңды опырып, санаңды сапырып кетер қорғасын сауалдар... Сұрқай тіршілікке ақыл аспанынан сорғалай жауған бомбалар... Дүниенің астын үстіне шығаратын тегеурінді дүмпулер... Ол аласапыранға алдымен осындай сауалдарға бола бас қатыратын абзал жүректер мен асыл көкіректер ұшырайды. Сұлтанмахмұтты да көктей солдырған жұлын құрттар да міне, осындай күн-түн миды үңгіп, мігірсіз қойылып жататын мың- мың сұрақтар еді. Соның біріне де селт етпей, тапқанды ішіп, табылғанды киіп, бұйырған жарықты тауысып шығуға да болады. Бірақ, ол ақынға айтқызсаңыз, бүйіріңнің бұлтиғанынан басқа уайымың жоқ мал өмір. Әлгіндей сұрақты төбеден түскендей қып, өзің қоймай, өзге қойса, қиыннан жалтарып, оңайына жалпайып, тірлік кешуге де болады. Бірақ, ол ақынға айтқызсаңыз, жанын қинамай жаратылып, жанын қинамай жоғала салатын маймыл өмір. Ал адам болу деген, ең алдымен, төңірегіндегі кереметті көріп, таңғалу емес, келеңсіздіктерді көріп қиналу, одан арылар амал іздеп аңтарылу. Ар деген нәрсенің өзі де сондай қиын сауалдарды өзгеге қоймай, өзіне қою үшін берілген. Ақындық өнер де солардың сөзін сөйлеп, ардың жоқшысы болар қолғанат. Содан жалтарып, төтен сауалдан айламен сытылып кетуге тырысатын рухани алаяқтық – перілік, төтен сауалға тура жауап беруге тырысатын рухани адалдық – періштелік, тырысып қана қоймай, жауап таппай тынбайтын рухани жанқиярлық – пайғамбарлық. Сұлтанмахмұт осы ең соңғы биікке кетерілген бірегей тұлға... Жанын жегідей жеген жебір сауалдарға жауап іздеп жүріп, басқа қызықтың бәрін ұмытқан нағыз періштелер. «Дүниедегі қызықтың, бәрі де арам мен үшін, дауасы жоқ Бұзықпын, талпынбаймын ем үшін; тосқаным – қабір құшағы, қашан ол келіп құшады; ойланып һәм шарланбай, құтылған жоқ менен ой, ешбіреуін малданбай, семді, қатты тұла бой; болсам деген үміттің, бәрінен бездім, ұмыттым»,– деп сөйлеуге қазақ топырағында тек Сұлтанмахмұттың ғана қақысы бар. Бірақ, бұл ләззат, бақыт атаулыдан баз кешкен диуаналық емес, көптің бабы табылар ортақ бақыттың сырын таппай тұрып, өзінің ғана бабы табылар оңаша бақытты қызықтауды арсыздық көріп, ақиқат іздеп шарқ ұрған нағыз пайғамбарларға тән адалдық, нағыз пайғамбарларға тән жанқиярлық еді. 9-дәріс.Сұлтанмахмұт шығармаларының тілі.1- сағат Кейіпкерлердің тілдік мінездемесін бір – бірімен салыстыра талдау, табиғат суретін, кейіпкерлер портретін жасаудағы автор шеберлігіне нақты мысалдар келтіріп талдау жасау. Ғалым Б. Шалабаевтың пайымдауынша “Қай жазушының болмасын шығармаларының тілін талдауда жүзеге асырылуға тиіс маңызды шарттардың бірі – салыстырмалы талдау жүргізу. Сондай – ақ Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірде – бір өрнек – өмір Суреті жоқ және болуыда мүмкін емес (З.Қабдолов) десек, онда сол адамның алуан сезімін, мінез – қылығын, типі, қимыл – қозғалысын, жүріс – тұрысына дейін бейнелеуде жазушылық шеберлік тұратыны ескерлуі керек. Сонымен бірге жазушының тілдік қолданыстары шығарманың идеясы мен мазмұнына, композициялық құрлымына қарай әсері барын да ажырата білу қажет. Жазушы Сұлтанмахұмыт Торайғыровтың “Қамар сұлу” романын башылыққа ала отырып басқада ақын – жазушылардың шығармаларымен салыстыра отырып, кейіпкерлер портретін , мінез – қылығын сол сияқты тағы басқа қырынан ашуды жөн көріп отырмыз. С.Торайғыровтың осы тұста жазған алғашқы эпикалық туындысы «Қамар сұлудың» да негізгі тақырыбы. Бұл тұрғыдан оны әулеметтік роман есебінде қарауға әбден болады. Автор роман сюжетін қазақ әйелінің теңсіздіктегі күйін көрсетуге құрғанмен, сол оқиғаға байланысты бүкіл қазақ қоғамының тіршілігін, ұғымнанымын терең бейнелейді, ескі ауылды құрт аурудай жайлап есеңгіреткен, тоздырып бара жатқан әдет – ғұрыптың керттартпа жақтарын әшкерлейді. Сол негізде феодалдық – патриархалдық қоғамның күйреуін көрсетеді. Осыған жалғас жазылған «Кім жазықты?» романы да Сұлтанмахмұттың өз дәуірі туралы толғанысын тереңдете ашуға арналады. Мұнда ол қазақ қоғамы жайлы ойларын ел тағдырын ұстап тұрған белді адамдардың бейнесі арқылы көрсетеді, олардың өмір жолы, тәрбиесі, ісі, мінез – құлқы жан – жақты суреттеледі. Жасынан тәрбиесіз өскен бай баласы Әжібайдың жеке өмірі де, қоғамдық – болыстық қызметі де халық көңілінен шыға алмайды. Ол зорлық – зомбылықты, қара күшті жақтап, өзі тектес әлділермен байланыс жасап, іргесі шайқалған шаруасын реттеуге, ауылға кіре бастаған жаңалықтарды өршітпеуге, тіпті қуып шығуға күш салады. Жазушы Әжібайды жеке адам ғана емес, қазақ қоғамын салмағымен басып қорғап, жанаруына бөгет болып отырған ауыртпалықтың жиынтық бейнесіне көтереді.-дедіСерікҚирабаев. Бұл романдар – дәуірдің тарихи тақырыбын тап баса білген жаңашыл шығармалар. Әрине, ақын тарихшы емес. Ол тарихи уақиғаны түгендемейді. Мәселе – заманның рухын, дәуір сырын аңғартар моментерді де дәл басып, оған тән белгілерді айқындауда. ХХ ғасырдың басындағы қазақ аулы өмірін, ескілшілдік жайлап тозып, іріп бара жатқан салт – сананың көріністерін энциклопедиялық суреттелген іргелі туындылар, ол көпті қинаған шындықты ашынып, батыл, ашық айтып, онымен күреске шықты. Бұл – Сұлтанмахмұт реализмінің ең бір биікке көтерілген тұсы. Мұның бәрі Сұлтанмахмұттың жаңа жол – «шындықтың аулын іздеуге» ұмтылуының заңдылығын көрсетеді. Өзінің тегі жағынан Қамар бай қызы, бірақ өз әлінше оқыған, өмірді танитын қыз. Ол қазақ әдебиетінде көрінген жаңа тұлға, жаңа характер. Алғашқы кезде ол ұяңдау болып көрінеді. Басына күн туып, ескі салтпен айқасақнда ғана Қамар өршелене бастайды. Сөйтсе де ол махаббат сезімнен құр емес. “Ахметтің алғашқы хатында оқығанда, ол бір қызарып, бір сұрланып, жүрегі кеудесіне сыймай қысылып, қарап тұрып бір тынымсыздықта қалады”. Мұнда пән сезім, шын сүюдің белгісі бар. Бірақ оны терең ойға батыратын нәрсе – өз ойы, арманы мен қоғам салты арасындағы зор қайшылық. Тағы мұнда «Қамар сұлу» романында теріс сипаттарын көреміз. Мынау залымдықты көргенше, қанғып өлейін. Мұнда Ахметтің кетер алдында Қасен деген досына жазған хатында байқаймыз. Шыдай алмай күйіп – жанып кеттім қашып, Қышмауға көре күйік жан таласып. Бұл күнде өлетінім сол қайғыдан, Қамардың халін ойлап жаным ашып дейді. Оқуды сылтау қылып, екі жүз шақырым жерден шаһарға кетті. Бұл арадан Ақметтің Қамарға деген сезімі бар және ғашығы үшін қиналуы, жаны ашуын байқаймыз. Енді бірде Қамардың қандай халге түскенін байқайтын болсақ, мына шумақтан көреміз. Қорлықты зорлықпенен көрген Қамар, Амалсыз бәріне де көнген Қамар Айдай әлем аузының суын құртып, Арманда арсыздардан өлген Қамар. Ал романның басындағы Қамар портретін ақын былай суреттейді. Бастапқы келтірген шумаққа қарағанда мұнан мүлде өзгеше, оны мына шумақтан аңғарамыз. Жіңішке сымға тартқан әні қандай, Бал ауыз, балбыраған тәні қандай. Ақыл-ой, мінез-көрік түгел келіп, Толысып, толып тұрған сәні қандай. Сұлтанмахмұт Торайғыров жоғарыда келтірілген екі шумақта Қамардың портретін сәтті суреттеген. Жаңа заманның қызының бейнесін ашуға ден қойған. Ақын кешегі еркін де балғын өскен сұлу қыз, озбырлыққа душар болып, бақытсыздыққа ұшыраған сәтін байқатса. Мұндағы қарсыласқан екі түрлі портрет автордың осы гуманистік, азатшылдық идеясын береді. Ағатай болдым ғашық мұрыныңа, Көк бурыл иектегі құрымыңа. Кірпідей аяқ – қолы жиырылған, Қосылар күн бар ма екен тұлыбыңа, – деген Қамар өлеңінен Нұрымды сүймейді тіпті мейлінше жек көреді. Оның кәрлігін, ұсқынсыздығын мазақ етіп, өлең шығарады. Ал екінші бір шумақтан Қамардың зорлық, зомбылығына шыдамай Нұрымға былайдейді. Айтайын шын сырымды ауызба – ауыз, Дөңкиген күйек сақал, сасық ауыз! Ақ жүзді, ақыл – ойлы ақ сұңқарға, Дәрі емес мал секілді малды жауыз. Уай, шіркін, өмір сүрмек мені менен, Мал шашып, маңызданған еңбегіңнен. Өлсем де отқа түсіп, суға түсіп, Бір минут тұра алмаспын сеніменен, — дейді. Бұл сөзінен қандай қорлық көрсе де алған бетінен таймайтынын ашық айтады. Және Нұрымға көнбес үшін өлімге де дайын екенін сездіретінін мына шумақтан көреміз. Бір өлем, күнде өлгенше саған тиіп, Кетемін келмес жерге жаным қиып. Ол жерден ала алмассың, бара алмассың, Болыспын деп айқайлап, кісің жиып, — Ақын бұл шумақтарда Нұрымға бетпе – бет кездесу үстіндегі жасаған зұлымдығын бетіне баса айтатынын ашады. Алғашқы шумақта ақын кейіпкердің ішкі мінез – құлқының беріктігін, қайсарлығын, күйініш – сүйінішін суреттейді. Жамалға анасы жаны ашыса Қамарда әкесі жаны ашып араша түседі. Бұл сол С.Торайғыров Омар бейнесінен әлсіздік, шыдамсыз, панасыз, дәрменсіздікті танытады. Біріншіден, “Омар Қамарды Нұрымға беруге бірден қарсы шығады. Оспан мен Қалтан келіп, Қамарды Нұрымға беру жайлы сөз еткенде, шошып кетеді. – “Сыпыра бұзылған иттер, дендерің саума? Мәжүн болмасаңдар, қаражүрек болмасаңдар... Апырмай, апырмай, ұялмай – қызармай періштедей қарашығымды аяқты малдан жаман дөңкиген жауызға ұйғардық деп не беттеріңмен айтып отырсыңдар? Неден қысылдыңдар? Неден жүректерің үзілді?...” , – деп Омардың бірінші батылдығын , дәрменділігін танытса. Екінші мына суреттеуден “Қамар секілді асып туған қарашығым сендердің надандықтарыңа шынымен – ақ қара тоқты болғаны – ау! Көз жасы, обалы мойындарыңда! Илайым көздерің ашылмасын ! Мейлің, итіңе, құсыңа бер. Ай, бағы ашылмаған қарағым – ай! Надандық – ай! – деп барып, еңіреп бүк түсіп жатып алады”, – десе. Шамасы келмей ақыры дәрменсіздік танытып, қайғырып қиналса Үшінші бір суреттеуде “Омар қайтсін, амалы бар ма?! Іші – түтін, сырты – бүтін өлмегенге қара жер, құр сүлдері ғана, өрт сөндірген кісідей болып жүріп, тойын қылып, құдасын түсіріп жөнелтті”. Бұл арадан Омардың әлсіз наразылықтан аса алмайтынын танытады. Романда Нұрымды суреттеуінің өзі – ақ оның ебдейсіз, дөрекі, зұлым екенін бірден байқатады. “Бұл өзі жеті атасынан бері уызы арылмаған, бағы таймаған, қолынан ұры кетпеген, бір жақсылық етпеген, басы сәждеге тимеген, жамандықтан басқаны сүймеген, бірді – бірге атыстырып, елді қан жылатумен шынжыр балақ, шұбар төс, қанды ауыз атанған бір жауыз еді” десе Екіншіден, “Құр Нұрымның залымдығы мен атағы болмаса, әліпті таяқ деп білмейтін надан, пішіні де жаман, ауызы толған боғауыз бен былш – былш насыбай, ішпей мас, әрі нас, елу шамасында жасы бар, қойсақтардың басындай басы бар, жай форымның өзі сұп – суық, бүйі секілді, түксиген, күпсиген, бұқа мойын, өгіз құрсақ, алақан көз, жайын ауыз, дорба сақал, тоқпақ мұрын, бір түрлі нысаналы жануар еді”. Үшіншіден, Феодалдық ғұрыптың барлық тізгінін қолына берік ұстанған ол – елді жеп, қан қақсатып жүрген адам. Елдің оған шығарған бір шумақ өлеңінен де байқауға болады. Халқыңды қан жылаттың, Жорға Нұрым, Болдың ғой заманында сорға Нұрым. Оспан деген жұтқышы тағы шықты, Бара – бара қайтерсің, қайран күнім. Деп, Нұрым мен оның сыбайластарының жауыздығын әшкерлейтін осы өлеңде халықтың басына төнген ауыртпалықтың мұңылы сарыны байқалады. Ақын Жорға Нұрым бейнесін Қамар арқылы тіпті ашыла түседі. Ол Қалтан мен Оспан арқылы Қамарды ризашылықсыз, күшпен айтырады. Қамардың наразылығымен есептеспей, оны зорлықпен тартып әкетеді. Осындай қым – қиғаш қайшылықтар арқылы ақын әр нәрсенің бетін ашып көрсетеді. Осындай келеңсіз қатыгез алаяқ жауыздардың қолына түскен Қамардай қыздың бүкіл өмірі, қазақ қыздарының басындағы ең бір қиын жағдайда өмір кешкен бақытсыз махаббаттары үшін күрескен жаңашыл жастарды ақын қинала суреттейді. 10-дәріс. Торайғыров шығармаларының текстологиясы. 1- сағат «Б.Кенжебаев – С.Торайғыров шығармаларының текстологы» деп аталатын бірінші тарауда ғалым Б.Кенжебаевтың ақын әдеби мұрасын текстологиялық зерттеулер жүргізу арқылы тануы, яғни оның мәтінтанушылық қырлары талданды. Б.Кенжебаев ақын өлеңдерінің түрлі қолжазбаларда сақталған нұсқаларын, ақынның замандастары, тұрғыластары, ағайын-туысының жатқа білетін, көпшілікке беймәлім, белгілі бір ортаға, белгілі бір адамға арналған арнау өлең сияқты нұсқаларын жинаудан бастады. Зерттеу ісіне қажетті дерек көздерді іздестірді. Бұл істі, яғни дереккөздерді жинастыру мен текстологиялық зерттеулер ісін бірлікте атқарды. Бұл бірінсіз-бірі іске аспайтын күрделі процесс. Әрбір өлең ақынның өзіне тән, бұрынғы, басы ашық өлеңдерімен салыстыру үстінде анықталды: «...жалпы сарыны – идеясы мен көркемдігі жағынан, жеке сөз, атаулары, сөз ұйқастары, сөйлем құрылыстары, стиль жағынан да салыстырылып анықталды» Б.Кенжебаев С.Торайғыров шығармаларының мәтінін зерттеушілердің ішіндегі белсендісі деуге болады. Бұл позициясы С.Торайғыровтың жаңа өлеңдерін шығармашылығына енгізу ісінде көп байқалады. Ол бұл істе көп таласқа да түскен. Өткен ғасырдың 55-ші жылдары көп қолға алынып, біраз мақала, зерттеулер жүргізілді. Т.Әбдірахмановтың «Сұлтанмахмұт шығармаларының текстологиясы жөнінде» М.Сәрсекеевтің «Сөз текстологиясы жайында» атты мақалаларында жазылған жайттарға пікір таластыруы ретінде жазылған Б.Кенжебаевтың «Сұлтанмахмұттың жаңа өлеңдері жөнінде» деген мақаласы жарық көрді. Әрбір ақынның тұтас шығармашылығына ортақ идеялық бірлік, тақырып ерекшелігі, ақынның творчествосындағы мінез бірлігі, ақынның өзіне ғана тән тіл ерекшелігі болатынын ескерсек, Б.Кенжебаевтың текстологиялық зерттеу әдістерін дұрыс бағалауымыз керек. Бастысы, теориялық еңбектерде айтылатын «...әрбір жазушының бүкіл творчествосының өн бойынан идеялық-көркемдік негіздің (идея – тақырып – мінез - тіл) тек сол жазушыға ғана тән ерекшелік екенін аңғарамыз» деп анықталатын творчестволық ерекшеліктің, яғни ақынның өзіндік стилі арқылы тану әдісін қолданған. Б.Кенжебаев текстологиялық зерттеулер жүргізгенде, ең алдымен, көшірме қолжазбаларды тірек-негіз етіп пайдаланды. Біріншіден, С.Торайғыровтың өз қолымен жазылған түпнұсқа жоқ, бар болса да табылмаған немесе сақталмаған. Екіншіден, табылған, қолда бар қолжазбалардың өзі көшірме қолжазба, әрі әркімнің өз естігенін, есте сақтағанын қағаз бетіне түсірген қолжазбалар болды. Мұндай көшірме қолжазбалар түрлі сұрыптау, елеп-екшеулерді, жіті қадағалауларды қажет етті. Бұл істе Б.Кенжебаев осы себептерді нысанаға ала отырып зерттеушілік әрекет жасады. Текстологиялық зерттеу жүргізу ісіне Б.Кенжебаевпен бірге ғалымдар Ы.Дүйсенбаев, М.Жармұхамедов, Б.Ақмұқанова, Т.Әбдірахманов, М.Сәрсекеевтердің атсалысқаны әрі қыруар істер атқарғаны белгілі. Қорыта келгенде, ғалым Б.Кенжебаев текстологиялық зерттеулер жүргізу барысында ақын шығармаларында қолданылған сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ақынның жүріп өткен жолдары мен қолына түсуі мүмкін өзге ақын- жазушылардың, соның ішінде орыс қаламгерлерінің еңбектеріндегі ойлар өзегімен салыстыру арқылы көптеген жаңаша текстологиялық әдістерге иек артып отырғандығы көрінеді. Автордың алғашқы айтпақ болып отырған ойы мен оның берілу тәсілін жіті қадағалай бағамдаған. Канондық мәтін жасауға мүмкіндік беретін тәсілдерді толық пайдаланған. Сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылу мақсатына түсінік беріп отырған. Кең, ауқымды істің бір арнаға тоғысып, ғылыми тұрғыда бірізге түскен ақын шығармашылығының мәтінін жасаған. 4. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ 1- Семинар. Ақын ғұмырбаяны 1. Ақынның шығармашылық ғұмырбаяны 2. Сұлтанмахмұт және «Айқап» журналы 3. Сұлтанмахмұт өмірбаянының зерттелуі Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б. 2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б. 3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б. 4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18. 2- Семинар. Дәуір келбеті және поэзия парасаты 1.ХХ ғасыр басындағы тарихи жағдай және Сұлтанмахмұт шығармашылығы 2. Сұлтанмахмұт шығармаларындағы теңсіздік мәселесі Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б. 2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б. 3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б. 4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18. 3- Семинар. Сұлтанмахмұт шығармаларындағы азаматтық сарын 1. Ақын лирикасындағы азаматтық әуен 2. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» 3. Ақын шығармашылығындағы «Ғайса» Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б. 2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР- інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б. 3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б. 4 Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18. 4. - Семинар. Сұлтанмахмұттың табиғат лирикасы 1. Ақынның Кеш өлеңінің көркемдігі 2. Сұлтанмахмұттың «жапырақтар» өлеңіндегі лирикалық қаһарманның көңіл күйі Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б. 2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР- інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б. 3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б. 4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18. 5. - Семинар. Сұлтанмахмүт Торайғыровтың махаббат лирикасы 1. Сұлтанмахмұттың «Сымбатты сұлуға» өлеңіндегі юмор 2. . “Қыз сүю”,“Гүләйім”,“Жан қалқам”,“Гүл”, т.б. өлеңдерінің көркемдігі Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б. 2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР- інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б. 3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б. 4. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б. 5 Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18. 6. - Семинар. Ақын шығармашылығындағы лирикалық мен 1. Ақын шығармашылығындағы лирикалық «мен» мәселесі 2. Сұлтанмахмұт лирикасындағы авторлық тұлға Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б. 2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР- інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б. 3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б. 4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18. 7. - Семинар. «Кедей», «Адасқан өмір» поэмаларының жанрлық ерекшеліктері 1. «Адасқан өмір» поэмасындағы лирикалық кейіпкер 2. Кедей поэмасының жанрлық ерекшелігі 3. «Адасқан өмір» поэмасындағы философиялық толғамдар Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б. 2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б. 3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б. 4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18. 8. Семинар. «Қамар сұлу» романының көркемдік ерекшелігі 1. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамар бейнесі 2. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Ахмет бейнесі 3. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Оспан бейнесі Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б. 2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР- інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б. 3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б. 4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18. 9- Семинар. «Кім жазықты» романындағы кейіпкерлердің сомдалуы 1. Кім жазықты романындағы Әжібай бейнесі 2. Кім жазықты романындағы әйелдер бейнесі 3. Кім жазықты романындағы тартыс Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б. 2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР- інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б. 3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б. 4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18. 10- Семинар. «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы тарихи шындықтың көркемдік шешімі 1. «Таныстыру» поэмасындағы саяси тұлғалар бейнесі 2. . Д.Әбіловтің «Сұлтанмахмұт» трилогиясының қазақ әдебиетінде алатын орны 3. «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы тарихи шындықтың көркемдік шешімі Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б. 2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР- інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б. 3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б. 4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18. 11 - Семинар. Сұлтанмахмұт Торайғыров публицистикасы 1. Сұлтанмахмұт публицистикасының тақырыптық аясы 2. Сұлтанмахмұт публицистикасындағы өнер-білім мәселесі 3. Ақын көсемсөздеріндегі «тіл» мәселесі Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б. 2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б. 3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б. 4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18. 12- Семинар. C.Торайғыров шығармашылығының зерттелуі 1. Сұлтанмахмұт мұрасының ХХ ғасыр басындағы зерттелу жайы 2. Жүсіпбек Аймауытұлы және Сұлтанмахмұт шығармаларының жариялану жайы 3. ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Сұлтанмахмұт шығармашылығын зерттеу мәселелері 4. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы Сұлтанмахмұт шығармашылығын зерттеу мәселелері 5. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы Сұлтанмахмұт шығармашылығын зерттеу мәселелері 6. Б.Кенжебаев еңбектерінің Сұлтанмахмұт шығармашылығын зерттеудегі маңызы 7. А.Еспенбетов еңбектерінің Сұлтанмахмұт мұрасын танудағы алатын орны Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б. 2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР- інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б. 3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б. 4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18. 13. - Семинар. Ақынның шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны 1. Ақын шығармашылығының жанрлық ерекшеліктері. 2. Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары 3. Қазіргі кезеңдегі Сұлтанмахмұттану мәселелері 4. Қасым Аманжоловтың «Сұлтанмахмұт туралы баллада» өлеңінің көркемдік ерекшелігі 5.Сұлтанмахмұт шығармашылығындағы символизм мәселесі Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б. 2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б. 3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б. 4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18. 14- Семинар. Абай және Сұлтанмахмұт 1. Ақын шығармашылығындағы Абай бейнесі 2. Абай және Сұлтанмахмұт шығармашылығындағы үндестік 3. Сұлтанмахмұт – Абай дәстүрін дамытушы Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б. 2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б. 3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б. 4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18. 15 - Семинар. Торайғыров шығармаларының текстологиясы 1. Сұлтанмахмұт шығармаларының текстологиясын зерттеуде Б.Кенжебаевтың «Сұлтанмахмұттың жаңа өлеңдері жөнінде» деген мақаласының маңызы 2. .Әбдірахмановтың «Сұлтанмахмұт шығармаларының текстологиясы жөнінде» еңбегінің мәні. 3. ТМ.Сәрсекеевтің «Сөз текстологиясы жайында» еңбегінің маңызы Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Алматы, 1992. – 275 б. 2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1973. – 168 б. 3. Сартбаева Д. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.. – Түркістан, 2002. – 136 б. 4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. – Б.3-18. 5. СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ СОӨЖ-ге арналған тақырыптық жоспар |№ |ОСӨЖ тақырыбы |Берілген |Сағат саны |Орындалуы | | | |уақыты | | | |1 |Жүсіпбек Аймауытұлы және |1 |2 |1 | | |Сұлтанмахмұт шығармаларының | | | | | |жариялану жайы | | | | |2 |Б.Кенжебаев еңбектерінің |2 |2 |2 | | |Сұлтанмахмұт шығармашылығын | | | | | |зерттеудегі маңызы | | | | |3 |Ы.Дүйсенбаев және Сұлтанмахмұт |3 |2 |3 | | |мұрасы | | | | |4 |А.Еспенбетов еңбектерінің |5 |2 |5 | | |Сұлтанмахмұт мұрасын танудағы | | | | | |алатын орны | | | | |5 |Д.Әбіловтің «Сұлтанмахмұт» |6 |2 |6 | | |трилогиясының қазақ әдебиетінде | | | | | |алатын орны | | | | |6 |Қасым Аманжоловтың «Сұлтанмахмұт|7 |2 |7 | | |туралы баллада» өлеңінің | | | | | |көркемдік ерекшелігі | | | | |7 |С.Торайғыровтың «Кім жазықты» |8 |2 |8 | | |романындағы әйелдер бейнесі | | | | |8 |«Айтыс» поэмасындағы тарихи |9 |2 |9 | | |шындықтың көркемдік шешімі | | | | |9 |«Таныстыру» поэмасындағы саяси |10 |2 |10 | | |тұлғалар бейнесі | | | | |10 |«Адасқан өмір» поэмасындағы |10 |2 |10 | | |лирикалық кейіпкер | | | | |11 |Сұлтанмахмұт шығармашылығындағы |11 |2 |11 | | |символизм мәселесі | | | | |12 |Сұлтанмахмұт және Ғ.Тоқай |12 |2 |12 | | |шығармашылығындағы үндестік | | | | |13 |Ақын шығармашылығындағы «Ғайса» |13 |2 |13 | |14 |Ақынның саяси-азаматтық лирикасы|14 |2 |14 | |15 |Сұлтанмахмұт шығармаларындағы |15 |2 |15 | | |романтизм | | | | 6. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ СӨЖ-ге арналған тапсырмалар |№ |Тақырыбы |Берілген |Орындалу |Баллмен | | | |уақыт |түрі |бағалау | |1 |Ақын ғұмырбаянының зерттелу |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |мәселелері | |сағат |5,төмен-2 | | | | | |төмен -2 | | 2 | Ақын шығармашылығының жанрлық| апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |ерекшеліктері. | |сағат |5,төмен-2 | | | | | |төмен -2 | |3 |Абай және Сұлтанмахмұт | апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | | | |сағат |5, | | | | | |төмен -2 | |4 |Шәкәрім және Сұлтанмахмұт | апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |шығармашылығындағы үндестік | |сағат |5, | | | | | |төмен -2 | |5 |ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |Сұлтанмахмұт шығармашылығын | |сағат |5, | | |зерттеу мәселелері | | |төмен -2 | |6 | ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы|апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |Сұлтанмахмұт шығармашылығын | |сағат |5,төмен-2 | | |зерттеу мәселелері | | |төмен -2 | |7 |ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |Сұлтанмахмұт шығармашылығын | |сағат |5,төмен-2 | | |зерттеу мәселелері | | |төмен -2 | |8 | Қазіргі кезеңдегі | апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |Сұлтанмахмұттану мәселелері | |сағат |5,төмен-2 | | | | | |төмен -2 | |9 | Ақынның публицистикалық | апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |шығармалары | |сағат |5, | | | | | |төмен -2 | |10 |Торайғыров шығармаларындағы |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |текстологиялық мәселелері | |сағат |5, | | | | | |төмен -2 | |11 | С. Торайғыровтың педагогикалық|апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |көзқарастары | |сағат |5, | | | | | |төмен -2 | |12 | С. Торайғыровтың |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |поэмаларындағы тарихи | |сағат |5, | | |шындықтың бейнеленуі | | |төмен -2 | |13 | Сұлтанмахмұт шығармаларындағы |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |фольклорлық нақыштар | |сағат |5, | | | | | |төмен -2 | |14 |Сұлтанмахмұт туралы естеліктер |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | | | |сағат |5, | | | | | |төмен -2 | |15 | Саяси тұлғаларға ақындық |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |көзқарас | |сағат |5, | | | | | |төмен -2 | 7. ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ 1. Сұлтанмахмұт өмірбаянының зерттелуі 2. Сұлтанмахмұт Торайғыров және «Айқап» журналы 3. Ақын поэзиясындағы заман шындығы 4. Ақынның шығармашылық ғұмырбаяны 5. Сұлтанмахмұт шығармаларындағы символизм мәселесі 6. «Қамар сұлу» романының көркемдік ерекшелігі 7. Ақын шығармашылығындағы лирикалық «мен» 8. «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларындағы тарихи шындықтың көркемдік шешімі 9. Абай және Сұлтанмахмұт 10. Ақын шығармашылығының жанрлық ерекшеліктері. 11. Шәкәрім және Сұлтанмахмұт шығармашылығындағы үндестік 12. Сұлтанмахмұттың публицистикалық шығармалары 13. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романындағы әйелдер бейнесі 14.Сұлтанмахмұт шығармаларындағы азаматтық сарын 15. ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Сұлтанмахмұт шығармашылығын зерттеу мәселелері 16.ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы Сұлтанмахмұт шығармашылығын зерттеу мәселелері 17.«Адасқан өмір» поэмасындағы лирикалық кейіпкер 18.Жүсіпбек Аймауытұлы және Сұлтанмахмұт шығармаларының жариялану жайы 19. ХХ ғасыр басындағы тарихи жағдай және Сұлтанмахмұт шығармашылығы 20. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы Сұлтанмахмұт шығармашылығын зерттеу мәселелері 21. Ақын шығармашылығындағы «Ғайса» 22. Сұлтанмахмұт мұрасының ХХ ғасыр басындағы зерттелу жайы 23. Ақынның махаббат лирикасы 24. «Кедей», «Адасқан өмір» поэмаларының жанрлық ерекшеліктері 25. Сұлтанмахмұт публицистикасының тақырыптық аясы 26. Ақын шығармашылығындағы Абай бейнесі 27. Жүсіпбек Аймауытұлы және Сұлтанмахмұт шығармаларының жариялану жайы 28. Ақын шығармашылығындағы лирикалық «мен» 29. Сұлтанмахмұт шығармаларындағы азаматтық сарын 30. Шәкәрім және Сұлтанмахмұт шығармашылығындағы үндестік 31. С. Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары 32. C.Торайғыров шығармашылығының зерттелуі 33. Б.Кенжебаев еңбектерінің Сұлтанмахмұт шығармашылығын зерттеудегі маңызы 34. Сұлтанмахмұт шығармаларындағы фольклорлық нақыштар 35. Қазіргі кезеңдегі Сұлтанмахмұттану мәселелері 36. А.Еспенбетов еңбектерінің Сұлтанмахмұт мұрасын танудағы алатын орны 37. «Таныстыру» поэмасындағы саяси тұлғалар бейнесі 38. Д.Әбіловтің «Сұлтанмахмұт» трилогиясының қазақ әдебиетінде алатын орны 49. «Адасқан өмір» поэмасындағы лирикалық кейіпкер 40. Сұлтанмахмұт және Ғ.Тоқай шығармашылығындағы үндестік 41. Қасым Аманжоловтың «Сұлтанмахмұт туралы баллада» өлеңінің көркемдік ерекшелігі 42. Сұлтанмахмұт шығармашылығындағы символизм мәселесі 43. «Қамар сұлу» романының көркемдік ерекшелігі 44. «Айтыс» поэмасының жанрлық ерекшелігі 45. Сұлтанмахмұт публицистикасындағы өнер-білім мәселесі 46. Сұлтанмахмұт лирикасының көркемдік ерекшеліктері
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz