Файл қосу
Диалект сөз
5В050600, 5В051000, 5В050900, 5В050800, 5В011500, 5В042100, 5В010700, 5В010800, 5В073200, 5В011900, 5В080300, 5В060700, 5В080200 мамандықтарына арналған «Қазақ тілі» ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ СЕМЕЙ 2014 Кіріспе 1 ҚҰРАСТЫРҒАН «Журналистика және практикалық қазақ тілі» кафедрасының доцент м.а. Секей Ж. 2 КЕЛІСІЛДІ 2.1 Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды. Хаттама №___ «___» ___________20__ ж. Кафедра меңгерушісі _______________ Жұмағұлова Ә.М. 2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді. Хаттама №___ «___» ___________2014 жыл. Төраға_________________Тойкин С. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді. Хаттама №___ «___» ___________2014 жыл. Бірінші проректор_________________Искакова Г.К. 4 2014 ж. «____» __________ шыққан ПОӘК-нің БІРІНШІ БАСЫЛЫМЫ . Мазмұны 1 Қолданыс аясы 2 Нормативтік сілтемелер 3 Жалпы ережелер 4 Оқу пәнінің мазмұны (модульдер) 5 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары 6 Пәннің оқу-әдістемлік картасы 7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы 8 Әдебиеттер 1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы гуманитарлық факультет, педагогикалық факультет, аграрлық факультеттің 1 курс орыс топтарының студенттеріне арналған. 2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР Осы «Қазақ тілі» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады: - Гуманитарлық факультет, педагогикалық факультет, аграрлық факультеттің 1 курс орыс топтарының ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; - СТУ 042-ГУ-5-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты; - ДП 042-1.01-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы. 3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3.1 Пәннің қысқаша мазмұны: Қазақ тілі пәні ресми тілді топтарға мектептен алған білімдерін жетілдіру үшін арналған. Курс барысында студент болашақ мамандығына байланысты мәтіндерді еркін аударып, еркін сөйлеу үшін жағдай жасалады. 3.2 Пәнді оқыту мақсаты: Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, кеңселік қатынас құралы ретінде ғана біліп қоймай, халықпен қарым-қатынас жасау барысында ұтқыр ойды шешен тілмен жеткізе білуге, жергілікті халықтың ұлттық мәдениетін тануға, ұлттық таным ерекшеліктерін ажыратуға дағдыландыру. Мемлекеттік тілді ынталы студеттер үшін «қазақ тілінің түрлі стильдегі әлеуметтік-мәдени болмыстағы аясын» «тілдік тұнық орта» қалыптастыру арқылы ұйымдастыру». Мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік азаматының ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫН қалыптасыру. 3.3 Пәнді оқыту міндеттері: Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, қазақ тілінде айтылған ой-пікірді түсініп, дұрыс жауап бере алу; қазақ тілінің грамматика жүйесін еркін біліп, қазақ еліне қатысты тарихи мәдени материалдарды өз бетімен игере алу; өз мамандығына сәйкес терминдер жүйесін пайдалана отырып мемлекеттік тілде жатық сөйлеу дағдысын қалыптастыру керек. 3.4 Оқыту нәтижелері: Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек: - Берілген кестеге сәйкес тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу; - Алған білімдерін практикада қолдана білу; - Тілдік талдаудың негізгі әдістерін меңгеру керек; - Теорияны практикамен ұштастыра алу; - Берілген өздік жұмыстарын уақытында өткізу; - Оқытушының және басқа да студенттердің пікірімен санасып, оларға құрметпен қарау. 3.5 Курстың пререквизиттері жоқ 3.6 Курстың постреквизиті: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» 3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме: 1 кесте |Курс |Семестр | |1 |2 | |Семинар сабақтары | | |Модуль 1. Қазақ тіл білімі. Фонетика | | |Тақырып 1. Қазақ тіл білімі. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. |3 | |Мәтін: Қазақстан- менің отаным. Елтаңба. | | |Тақырып 2 .Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. |6 | |Ілгерінді ықпал. Кейінді ықпал. Тоғыспалы ықпал. | | |Мәтін: Әнұран- асыл қазына. | | |Тақырып 3. Дауысты а, ә, о, е, ү, ұ әріптерінің емлесі. |2 | |Мәтін: Қазақстан халықтарының тілдері | | |Модуль 2. Лексика. | |Тақырып 4. Лексика. Көнерген сөздер. Жаңа сөздер. Диалект сөз. |3 | |Термин сөз. Кірме сөз. Кәсіби сөз. | | |Мәтін: Қазақстан қалалары | | |Тақырып 5. Қанатты сөздер. Тұрақты тіркес. Мақал-мәтелдер. Нақыл|3 | |сөз. | | |Мәтін: XXІ ғасырдың жастары нашақорлыққа қарсы | | |Тақырып 6. Сөз мағыналары. Сөздің тура мағынасы. Сөздің ауыспалы|2 | |мағынасы. Сөздің көп мағыналығы. Омоним. Антоним. Синоним. | | |Мәтін: Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары | | |Тақырып 7. Аралық бақылау жұмысы |1 | |Модуль 2. Морфология. | | |Тақырып 8. Морфология. Сөз таптары. Сөз құрамы. Қосымша: жұрнақ,|3 | |жалғау. | | |Мәтін: Жігіттің үш жұрты | | |Тақырып 9. Зат есім. Зат есім жасайтын жұрнақтар. Зат есімнің |3 | |сөйлемдегі қызметі. Көмекші есімдер. | | |Мәтін: Туған-туыс атаулары | | |Тақырып 10. Сын есім. Сын есімнің шырайлары. Сын есімнің |3 | |сөйлемдегі қызметі. | | |Мәтін: Қазақша жыл қайыру | | |Тақырып 11. Сан есім. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі |3 | |Мәтін: Отбасы | | |Тақырып 12. Есімдік. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі. |3 | |Мәтін: Абай Құнанбаев | | |Тақырып 13. Етістік. Есімше мен көсемше. Етіс категориясы. |3 | |Етістіктің шақтары. Етістіктің райлары. Етістіктің сөйлемдегі | | |қызметі. | | |Мәтін: Шәкәрім Құдайбердіұлы | | |Тақырып 14. Үстеу. Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Үстеудің емлесі.|2 | |Мәтін: Мұхтар Әуезов | | |Тақырып 15. Шылау. Еліктеуіш сөз. Одағай. Мәтін: Ұлттық |4 | |музыкалық аспаптар. | | 5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ 5.1 (4 апта) 1. Қазақстан халықтарының тілдері (Жоспар жасап, мәтін құрастыру) 2. "Отбасы", " Ұлттық тәрбие" тақырыптарына эссе жазыңыз. 3. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастыру және сол сөз тіркестерден сөйлемдер құрастыру: тәуелсіз, тұлға, жасөспірім, адамзат, құқық 4. Дыбыс үндестігіне (Ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал түрлеріне) 10- 10-нан мысалдар келтір. 5.Орыс тіліне аударыңыз. Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қарасөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып, жымдасып жатады. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбіне хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңдібақытты сезінесің (Қ.Жұмаділов). 5.2 (5-апта) 1. Мен таңдаған мамандық. Эссе жазыңыз. 2. Өлкетану (Семей өңіріндегі тарихи елді-мекендер)мәтін дайындау 3. Адамгершілік, бірлік-ынтымақ, оқу-білім тақырыбына 6-6-дан мақал-мәтел жазыңыз. 4. Бірнеше синонимдік қатар құрастырыңыз 5.3 (6-апта) 1. Ақын-жазушылар шығармашылығы. мәтін дайындау 2. Абай өлеңдерінен тұрақты тіркестер мен фразалық тіркестер теру. 3. Фразеологизмдер 30 мысал жазу. 4. Фразеологизмдерді қатыстырып бірнеше сөйлем (кем дегенде 6 сөйлем) құрастырыңыз 5.4 (10-апта) 1. Қазақстан Республикасының Рәміздері 2. Туынды зат есімдерді қатыстырып "Менің арманым" тақырыбына диалог құрастырыңыз. 3. Сын есім, сын есімнің шырайларын қатыстырып "Күз" тақырыбына шағын әңгіме құрастыр 4. Өлеңге морфологиялық талдау жасаңдар. Түбір сөздерді бір бөлек, туынды сөздерді келесі бағанға топтап жазыңдар. Өлеңді өзіңше мазмұндап көр. Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Ашуың – ашыған у, ойың – кермек. Мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық, Кім көңілді көтеріп болады ермек? Жас – қартаймақ, жоқ – тумақ, туған – өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек. Ер кісі ақылға ермек, бойды жеңбек, Өнерсіздің қылығы өле көрмек. Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай, Еріншек өздігінен көпке көнбек. Жамандар қыла алмай алмай жүр адал еңбек, Ұрлық, қулық қылдым депқағар көлбек. Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек. (1886 ) 23 б.Абай.) 5.5 (12 апта) 1. Қазақтың салт-дәстүрлері 2. "Кітапханада", "Дүкенде" тақырыптарына диалог жаз 3. О.Бөкей, М.Мағауин шығармашылығынан сан есімнің мағыналық түрлеріне мысалдар теру. 4.Мәтінге тақырып таңдаңыз және мәтінге бірнеше сұрақ қойыңыз. Білімді, сауатты, бәсекеге қабілетті адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан күні ертең ғалым, белгілі бір маман иесі болатын жастар мұны жақсы түсінуі тиіс. Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді. Жетекші халықаралық консалтингтік «МакКинси» компаниясының кеңесшілері айтқандай: «Алға қарай жүр немесе жол бер». Қазіргі бәсекелі дүниеде нақ осы қағида басшылық етеді. Және бұл қағида көп ретте өмірлік ұстанымдарды анықтауы тиіс. Бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар адамдардың уақыты. Мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. «Жастық шақ - бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс...», - деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш-қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады. «Қазақстан» сөзі әлемдік аренада қуатты естілуі тиіс. Ал оның жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады (175 сөз) (Н.Ә.Назарбаевтың «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясы бойынша. Егемен Қазақстан, 27 мамыр, 2006 жыл.) 5.6 (14-апта) 1. Қазақстандағы тарихи ескерткіштер туралы не білесіз? Мәліметтер жинау 2. "Қазақтың ән-күйі" тақырыбына жоспар жасап, мәтін дайындау 3. Мәтіннен етістіктің есімше, көсемше түрлерін табыңыз. Жаз өтті. Жауындатып, қара желдетіп, шөпті қуартып, жапырақты сарғайтып, елді әбігер қылып, ала сапырандатып күз өтті. Үсті-басы қырауытып, қылышын сүйретіп, шықыр- шықыр етіп қыс келді. Биылғы қыс қатаң болды. Боқырау болды, боқ қатты. Қарашаның қарын қаңтарға қосты. Ұдайымен алай-түлей ақ түтек боран соқты. Боран ашылса, шартылдаған сар шұнақ аяз қысты. Жер сіреу қар. Жылымық болса, жаңбыр жауды. Жер көк сең, малың аяғын қызыл жосын қылып, қиып тастады. Күн құлақтанып, шыңытқан ақ пердеге жасырынып, жаңа түскен келіндей ақ дидарын көрсетпеді. Қас қараяр-қараймаста, күнбатыстан шатынаған, шақшиған, жалғыз көзді жан алғыштан жаман жарық жұлдыз шығады, күннен-күнге шарықтап, көкке өрлейді, жел қасарып, Темірқазықтан таймай, ызғырады да тұрады. (Аймауытов Ж. «Қартқожа») 4. Ш.Құдайбердіұлы "Сен ғылымға..." өлеңі. Етістіктің болымды және болымсыз түрлерін анықтап, өлеңді қарасөзге айналдырып бірнеше сөйлем құрастырыңдар. Өлеңді жаттап алыңдар. Сен ғылымға болсаң ынтық, Бұл сөзімді әбден ұқ: Білгеніңнің жақсысын қыл, Білмегенді біле бер. Білген ердің бол шәкірті, Білмегенді қыл шәкірт. Үйренуге қылма намыс, Үйретуге болма кер. Өнеріңді құр шірітпе, Орнына анық жұмсамай. Өкініші кетпес оның. Өз ойында босқа өлер. Қай ғылымды білсеңіз де, Қазір оны елге жай. Құр ішінде кеткенінше, Пайдалансын өзгелер. Шын наданға білгеніңді Ұқтырам деп ойлама. Қанша бидай шашсаң дағы, Болмас егін тасты жер. ...Білмегенді үйреніп, Білгенді қылса, есті сол. Білмегенін білмеген, Білгенді қылмай – сол жаман. (114-115 б.) 6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ Кесте 3 |Оқулықтардың, оқу |Саны |Студенттердің |Қамтамасыз ету | |құралдарының атауы | |саны |пайызы | |1 |2 |3 |4 | |1. Бектұров Ш. Қазақ |1 |6 |20% | |тілі. Алматы: Мектеп, | | | | |1992. – 223 б. | | | | |2. Жас толқын. Қазақ |4 |6 |80% | |тілі. Электронды | | | | |оқулығы. - Алматы, | | | | |2004. | | | | |3. Жиенбаев С., |2 |6 |40% | |Бегалиев Г., Уюкбаев И.| | | | |Қазақ тілі. - Алматы, | | | | |2000. | | | | |4. Оралбаева Н., |5 |6 |100% | |Әбдіғалиева Т., | | | | |Шалабаев Б. Практикалық| | | | |қазақ тілі. - Алматы, | | | | |2002. | | | | |5. Түймебаев Ж.Қ. Қазақ|2 |6 |40% | |тілі (грамматикалық | | | | |анықтағыш). - Алматы, | | | | |2008. | | | | |6. Сейітова Ш.Б. Ана |3 |6 |60% | |тілі – асыл қазынаң. - | | | | |Семей, 2007. | | | | 7. ӘДЕБИЕТТЕР 7.1 Негізгі әдебиеттер 7.1.1. З.Күзекова, Г. Қарақұсова Жоғарғы оқу орындарының эканомика факультеттеріне арналған. А.1997,1999. 7.1.2. Ш.Б Сейтова. Ана тілің – асыл қазынаң. Семей 2001. 7.1.3. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық 7.1.4. Т.Т.Аяпова Қазақ тілі. Үй кітабы 7.1.5. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002. 7.1.6. Қазақ тілі сөздігі. А. 1999 ҰТА 7.1.7. Ә. Болғамбаев. Қазақ тілінің синонимдік сөздігі. А.1976. 7.1.8. Б.Шалабай, В.Салагаев. Іс қағаздары. А. 2001. 7.1.9. Базарғалиева Б., Иманбаева М., Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. Алматы, 2005. 7.1.10. Г.Қ Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш А-2000 7.1.11. З.Күзекова. Практикалық курс. Қазақ тілі –Алматы: 2002 7.1.12. Ш.Бектұров. Серғалиев М. Қазақ тілі А-1994 7.1.13. Жас техниктің энциклопедиялық сөздігі. Москва.1980. 7.1.14. Р. Сыздық Қазақ тілінің анықтағышы Астана, Елорда 2000. 7.2 Қосымша әдебиеттер 7.2.1. Жас толқын электронды оқулығы 7.2.2. Руханият электронды оқулығы 7.2.3. Зерде электронды оқулығы 7.2.4. Елтаным электронды оқулығы 7.2.5. Мәнерлеп оқу электронды оқулығы 7.2.6. Ахмет Байтұрсынов электронды оқулығы 7.2.7. Ыбырай Алтынсарин электронды оқулығы 7.2.8. Қазақ тілі электронды оқулығы
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz