Файл қосу
2013 жобалау және жоспарлау пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |СМЖ 3-деңгейдегі құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-18-7.1.56/01-2013 | |Оқытушылар үшін «Былғары және |№1 басылым | | |үлбір өнеркәсіптері өндірісін |«18» 09 2013 | | |жобалау және жоспарлау» | | | |пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы| | | «БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ҮЛБІР ӨНЕРКӘСІПТЕРІ ӨНДІРІСІН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ» ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Cемей 2014 Алғы сөз 1 ӘЗІРЛЕНДІ Құрастырған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ет, сүт және тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасының т.ғ.к., доцент м.а. Нұрымхан Гүлнұр Несіптайқызы_________28 тамыз 2013 ж. 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 «Ет, сүт және тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасының мәжілісінде №1 хаттама 28 тамыз 2013ж. Кафедра меңгерушісі ____________ Б.Қ. Әсенова 2.2 Инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде №1 хаттама 12 қыркүйек 2013ж. Төрайымы ______________ С.С.Төлеубекова 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қолдау алды және басып шығаруға ұсынылды №1 хаттама 18 қыркүйек 2013ж. ОӘК төрайымы ____________ Г. К.Искакова 4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ Мазмұны |1 |Қолдану аясы |4 | |2 |Нормативтік сілтемелер |4 | |3 |Жалпы ережелер |4 | |4 |Оқу пәнінің (модуль бойынша) мазмұны |6 | |5 |Студенттердің өздік жұмыстарына арналған тақырыптар тізімі |7 | | 6 |Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасы |7 | |7 |Әдебиеттер |7 | 1 ҚОЛДАНУ АЯСЫ «Былғары және үлбір өнеркәсіптері өндірісін жобалау және жоспарлау» пәнінің оқу-әдістемелік кешені 5В072600 – «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы бойынша оқытылатын студенттерге арналған. Студенттерді курс мазмұнымен, оның өзектілігі мен қажеттілігін, оқу процесінде игеретін курс саясатымен таныстырады. Оқу-әдістемелік кешені пәнді оқып-үйретудің негізі болып табылады. 2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР «Былғары және үлбір өнеркәсіптері өндірісін жобалау және жоспарлау» пәнінің оқу-әдістемелік кешені 050728 – «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығына арналған Мемлекеттік стандартқа қосымша элективті каталог бойынша жасалынған. «Былғары және үлбір өнеркәсіптері өндірісін жобалау және жоспарлау» пәнінің оқу-әдістемелік кешені осы пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін белгілейді және құжаттардың талаптары мен сілтемелеріне сай келеді: - 5В072600 - «Өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша жалпыға бірдей білім стандарты, ҚР МЖБС 3.08.354-2006, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2006 жылғы 9 қаңтардан № 671 бұйрығымен бекітілген және іске қосылған. - СТУ 042-ГУ-4-2014 университет стандарты «Пәннің оқу әдістемелік кешенін дайындау және өңдеуге жалпы талаптар» ; - ДП 042-1.01-2014 Құжаттық процедура «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрамы мен құрлымы». 3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3.1 Пәннің қысқаша мазмұны Студент бұл пәнді оқу барысында жобалау бағдарламаларымен оларды қолдану әдісін, былғары мен үлбірдің жалпы сипаттамасын, қасиеттері мен сапасын, илеу және оның әдістерімен әрлеу түрлерімен онда қолданылатын құрал-жабдықтармен, тазарту жолдарымен танысады.Студенттер білімдерін теориялық тұрғыда оқып-үйренумен қатар, тәжірибе жүзінде кәсіпорында өңдеу үрдістерінің технологиясымен танысу арқылы толықтырады. Осы пәнді оқыту нәтижесінде болашақ арнаулы инженерлік пәнді таңдауға және өндіріс кәсіпорынында инженер-технолог ретінде жұмысына қажет бейімділік пен шеберлікті меңгеруге көмектеседі. «Былғары және үлбір өнеркәсіптері өндірісін жобалау және жоспарлау» курсы бір-бірімен тығыз байланысты төрт түрден тұрады: дәріс, зертханалық жұмыстар, аудиторияда оқытушының бақылауымен жүретін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) және студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ). Дәріс сабағы ең маңызды түрі болып табылады, яғни пәннің маңызды және күрделі бөлімдерін меңгертеді; зертханалық жұмыс белгілі зерттеулерді және алынған нәтижелерді әдістемелік нұсқаулармен жасауды үйретеді; пәнге қатысты материалдарды оқу- әдістемелік және әдебиеттерді қолдана отырып СӨЖ және СӨЖО түрінде өңделеді және оқытушының қадағалауында болады. 3.2 Пәнді оқыту мақсаты: Былғары және үлбір өнеркәсіптері өндірісін жобалау және жоспарлау үшін білікті маман дайындау, қазіргі таңда ең маңызды тапсырма болып табылады. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына әсерін тигізіп, тұтынушыларға тек сапалы киім өнімдері мен материалдарды сатуға мүмкіндік береді. Студенттерге білім беру, оларға болашақ арнаулы инженерлік пәндерді меңгеру үшін және өндіріс кәсіпорынында инженер-технолог ретінде жұмысына қажет бейімділік пен шеберлікті меңгеруге көмектесу. 3.3 Пәннің негізгі міндеттері: Былғары және үлбір өнеркәсіптері өндірісін жобалау және жоспарлау болашақ маман ретінде көптеген мәселелерді қарастыра отырып ең алдымен былғары және үлбірдің сапасының бәрінен бұрын қолданылатын материалдардың сапасына, олардың дұрыс таңдалуына, илеу және тазарту әдістерін, дайындау технологиясын жетілдіруіне байланысты мәліметтерді анықтау. 3.4. Пәнді оқу нәтижесінде студент білу керек: - Студент жобаның негізгі ұғымдарын; - Студент жобаның есептеу бөлімін; - Студент былғары және үлбір туралы жалпы сипаттамасын; - Студент былғары және үлбір зауытындағы дайындық процестерін; - Студент шикізаттардың технологиялық өңдеулерін зерттеуде пайдаланатын жабдықтармен жұмыс істей алуы керек. 3.5. Курс пререквизиті: Былғары және үлбір өнеркәсіптері өндірісін жобалау және жоспарлау кезіндегі талаптар, зауыттардың жұмысы мен құрал-жабдықтары және өндірісті жобалау. 3.6. Курс постреквизиті: Былғары және үлбір өнеркәсіптері өндірісін жобалау және жоспарлау технологиясы, өнімдерді өңдеу өндірісіндегі есеп және есеп берушілік болады. 3.7 Пәннің жұмыс бағдарламасынан үзінді: Кесте 1 |Курс|Семестр |Кредит |Дәріс |Арнайы |Зертх.|ОСӨЖ |СӨЖ |Барлығы |Жиынтық | | | |саны |тер |тапсырма |сабақ |(сағ.)|(сағ.|(сағ.) |тексеру | | | | | | | | |) | |формасы | |3 |4,6 |4 |15 | |15 |15 |45 |90 |Емтихан | | | | | | | | | | |(тест) | 4 ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬ БОЙЫНША) МАЗМҰНЫ Кесте 2 |Тақырып атаулары |Сағат саны | |1 |2 | |Дәрісханалық сабақтар | |Модуль 1. Кіріспе. Былғары және үлбір зауыттарына қойылатын нормалар | |1. |1 | |2. AutoCAD және КОМПАС-3D бағдарламаларымен жұмыс |1 | |жасауды үйрену | | |3. Жобалаудың мазмұны |1 | |4. Жобаны есептеу бөлімі |1 | |5. Қажетті шикізат есебінің әдістемесі |1 | | Модуль 2. Былғары зауыты | |6. Былғары зауытының жалпы сипаттамасы |1 | |7. Шикізат түрлері, қасиеттері мен сапасы |1 | |8. Былғары зауытын жобалау |1 | |9. Дайындық процестері |1 | |10. Қолданылатын құрал-жабдықтар | | |Модуль 3. Үлбір зауыты | |11. Үлбір зауытының сипаттамасы |1 | |12. Шикізат түрлері мен қасиеттері |1 | |13. Үлбір зауытын жобалау |1 | |14. Тазарту әдістері |1 | |15. Қолданылатын құрал жабдықтар |1 | |Барлығы |15 | |Практикалық (семинар) сабақтар | | | | |Барлығы | | 5 ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫП ТІЗІМІ 5.1 Былғары және үлбір зауытына қойылатын нормалар 5.2 Шайынды су құрамы 5.3 Былғары зауытының әрлеу түрлері 5.4 Үлбір зауытының әрлеу түрлері 5.5 Былғары өндірісінде қолданылатын құрал-жабдықтар 5.6 Үлбір өндірісінде қолданылатын құрал-жабдықтар 5.7 Шикізат түрлері былғары өндірісіндегі сипаттама 5.8 Шикізаттарды тазарту жолдары 6 ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ |Оқулықтар,оқу-методикалық |Көшірме саны |Студенттер саны|Қамтамасыз ету | |оқу-құралдарының атаулары | | |пайызы | |1 |2 |3 |4 | |Әсенова Б.Қ. Былғары және |3 |4 |75 | |мех технологиясы: оқу құралы| | | | |/ А.Н.Нұрымхан, | | | | |А.Н.Нұрғазезова.- Семей, | | | | |2008.- 123б. | | | | |Мәдиев Ө.Қ. Былғары және |3 | | | |тері технологиясы: оқулық / | | | | |Айтөленова Қ.Т. 2010. | | | | |Линь В.В. Обработка кожи и |3 | |75 | |меха. - Москва: Аделант, | | | | |2006. - 388 с. | | | | |Туменова Г.Т. Методическое |3 | |75 | |указание к выполнению | | | | |лабораторных работ по | | | | |дисциплине "Технология кожи | | | | |и меха". - Семипалатинск, | | | | |2005.-50 с. | | | | 7. ӘДЕБИЕТТЕР 1. Негізгі әдебиеттер 7.1.1. Әсенова Б.Қ. Былғары және мех технологиясы: оқу құралы / А.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова.- Семей, 2008.- 123б. 7.1.2. Мәдиев Ө.Қ. Былғары және тері технологиясы: оқулық / Айтөленова Қ.Т. 2010. 7.1.3. Н. В. Булгаков. Меховое производство. - Екатеринбург: Каменный пояс, 2007. - 280 с. 7.1.4. Линь В.В. Обработка кожи и меха. - Москва: Аделант, 2006. - 388 с. 7.2 Қосымша әдебиеттер 7.2.1 Туменова Г.Т. Методическое указание к выполнению лабораторных работ по дисциплине "Технология кожи и меха". - Семипалатинск, 2005.-50 с. 7.2.2 Павлов С.А. Химия и физика высокомолекулярных соединений в производстве искусственной кожи, кожи и меха: учебник для студентов вузов легкой промышленности / Шестакова И.С, Касьянова А.А. - М., "Легкая индустрия", 2009. - 528 с. 7.2.3 Ғайдар Л.П. Технология кожи: учебник для студентов вузов легкой промышленности. - М., "Легкая иидустрия", 2010. - 168 с. 7.2.4 Страхов И.П. Химия технология кожи и меха: учебник для вузов. - М., Легпромбытиздат, 2003. - 496 с. 5. Нормативные документы 6. Патенты. Интернет
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz