Файл қосу

Зарядтың сақталу заңы



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                          |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                       |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты  |ПОӘК                             |ПОӘК                  |
|                       |                                 |042-18-38-43/02-2014  |
|ПОӘК                   |№1 басылым 11.09.2014ж.          |                      |
|«Электрдинамика және   |                                 |                      |
|арнайы салыстырмалылық |                                 |                      |
|теориясы» пәнінің      |                                 |                      |
|студенттерге арналған  |                                 |                      |









                       ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

                     5В011000 - «Физика» мамандығы үшін

            «Электрдинамика және арнайы салыстырмалылық теориясы»




                 ПӘНІНІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ






















                                 Семей 2014




                                  Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырушы -   Желдыбаева Балғын Сембаевна  «Физика» кафедрасының
доцент м.а., п.ғ.к.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 «Физика» кафедрасының отырысында
№10  хаттама, 25.06. 2014.
Кафедра меңгерушісі  _______   п.ғ.д., профессор Маусымбаев С.С.

2.2 Физика-математика  факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында
№6 хаттама, 26.06. 2014.
Төраға ________   Батырова К.А.

3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында  мақұлданып  және
баспаға ұсынылды
№  хаттама, 2014 ж.
ОӘК төрағасы  ________ Искакова Г.К.

4  АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ

















                                   Мазмұны


      |1 |Жалпы мағлұматтар                                                   |   |
|2 |Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағатты жіктеу            |   |
|3 |Курсты оқыту туралы әдістемелік нұсқау                              |   |
|4 |Курстың форматы                                                     |   |
|5 |Курстың саясаты                                                     |   |
|6 |Баға қою саясаты                                                    |   |
|7 |Әдебиеттер                                                          |   |







   1. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
     1. Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат
Желдыбаева Балгын Сембаевна, Физика кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к.
Байланыс туралы ақпарат – тел. 77-33-58, №3 оқу корпусы, №305 ауд.
Сабақты жүргізу орны – 3 қабат аудиториялары
Осы пән бойынша кредит саны - «Электрдинамика және арнайы салыстырмалылық
теориясы» - 2 кредит
   2. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы:
Релятивистік   кинематика.   САТ    эксперименттік    негіздері.    Эйнштейн
пастулаттары.    Уақыт    пен    кеңістіктің    релятивистік     қасиеттері.
Бірмезгілдіктің салыстырмалығы. Өзіндік уақыт.
Релятивистік  динамика.  Бөлшектің  массасы,  энергиясы   және   импульсының
араларындағы байланыс. Бөлшектердің ыдырауы, энергетикалық  шарты.  Серпімді
және серпімсіз соқтығысу. Электрлік заряд  және  вакумдағы  электромагниттік
өріс. Электр заряды.  Заряд  және  тоқ  тығыздығы.  Зарядтың  сақталу  заңы.
Лоренц күші.  ЭД.  Экперименттік  негіздері.  Кулон  заңы,  вакумдағы  эл-ст
теңдеулері.  Био-Савар-Лаплас  заңы.  Эл-маг  индукция  және  Фарадей  заңы.
Вакуумдағы эл-ст өрісінің теңдеулері. Эл-ст потенциал. Пуассон теңдеуі.
Вакумдағы стационарлық  магнит  өрісінің  теңдеулері.  Векторлық  потенциал.
Магниттік момент.  Вакуумдағы  эл-маг  өрістің  жалпы  қасиеттері.  Максвелл
теңдеулерінің  физикалық  мағынасы,  қасиеттері.  Эл-маг   өрістің   импульс
сақталу заңы. Эл-динамиканың релятивистік  тұжырымдамасы.  Зарядтар  сақталу
заңының  коварианттық  түрі.  Эл-маг  өрістің  тензоры.  Эл-маг   толқындар.
Толқындық теңдеу. Жазық толқындар.  Допплер  эффектісі.  Еркін  қозғалыстағы
зарядтардың  эл-маг  өрісі.   Даламбер   теңдеулері.   Эл-маг   толқындардың
сәулеленуі, сфералық  толқындар.  Томсон  формуласы.  Заттағы  эл-маг  өріс.
Микроскоптық  өріске  арналған  Максвелл-Лоренц  теңдеуі.   Заттағы   эл-маг
өрістің  энергиясы  және  энергия   ағынының   тығыздығы.   Заттағы   эл-маг
толқындар.  Жазық  монохроматты  толқындар,  олардың   сипаттамасы.   Эл-маг
толқындардың  шағылуы  және  сынуы.  Өткізгіш  ортадағы  эл-маг   толқындар.
Диэлектрлік өтімділіктің дисперсиясы.
   3. Курс мақсаты:
Жалпы физика курсын педагогикалық оқу  орындарында  оқытудың  басты  мақсаты
осы мамандық бойынша білуге тиісті физика ғылымының негіздерін  студенттерге
меңгерту.
   4. Курс міндеттері:
-  негізгі  физикалық  құбылыстарды,  классикалық  және  қазіргі   физиканың
фундаментальды түсініктерін, заңдарын, теорияларын  және  физикалық  зерттеу
тәсілдерін меңгеру;
- ғылыми көзқарасты және қазіргі физикалық ой-өрісті қалыптастыру;
- физиканың әр бөлімінен стандартты есептерді шешу тәсілдері  мен  әдістерін
меңгеру;
-  қарапайым  зерттеу  жұмыстарының  базасымен  таныстыру   және   физикалық
эксперименттік жұмыстарын  жүргізудің  алғашқы  біліктіліктерін,  дағдыларын
қалыптастыру.
1.5 Пәнді оқытудың нәтижелері:
Пәнді  оқыған соң студент игеруі қажет:
- негізгі заңдылықтарды, олардың жүру ерекшеліктерін;
-  негізгі  түсініктер,  шамалар,   математикалық   өрнектері   және   өлшем
 бірліктері;
- электродинамиканың фундаментальды заңдарымен негізгі түсініктерін;
- электродинамикалық байланыстарды,  электромагниттік  индукция  негіздерін,
 электрдинамика және арнайы салыстырмалылық теориясы  пәндерімен  шұғылдану
 барысында кездесетін теориялық және практикалық мәселерді шешуді;
  ұға білуі қажет:
- әртүрлі физикалық түсініктер, заңдар,  теориялардың  қолданылу  шекаралары
 туралы;
- зерттеудің эксперименттік немесе  математикалық  әдістері  арқылы  алынған
 нәтижелердің сенімділік дәрежесін бағалау туралы;
- пәннің негізгі қағидаларын, шамаларын, заңдарын, есепті шығару  әдістерін;
 математикалық аппаратты, қазіргі заман  өндірісінде  және  ғылымда  алатын
 орыны мен атқаратын ролін;
-  негізгі  құбылыстар,  олардың  табиғаттағы  және  техникада   қолданылуы;
 олардың математикалық сипаттамасы;
- мамандыққа қатысты арнаулы әдебиеттерді оқып игеру, оларды жұмыс  атқаруға
 қолдана білуге тиіс;
  істей білуі қажет:
-   қазіргі    физикалық    принциптерді,    техниканың    білім    алушылар
 мамандандырылатын салаларында пайдалана білу;
- физика заңдарын тұжырымдау;
- құбылыстар мен заңдарды сипаттайтын шамаларды анықтау, олардың  арасындағы
 байланысты анықтау (бұл байланысты талдау, графикалық, сөзбен білдіру);
-  стандарттық  жағдайларда  физиканың  негізгі  заңдары   мен  принциптерін
 қолдану;
- қолдану шекарасын көрсетіп, физикалық құбылыс моделін салу;
- элекродинамика аспаптардың сипаттамаларын анықтауға машықтану;
1.6 Курс пререквизиттері: пәнді меңгеру үшін студенттің жалпы білім  беретін
оқу орындарында «Математика», «Жалпы физика» пәндерінен алған білімдері
1.7 Курс постреквизиттері: «Радиоэлектроника»
2 Пәннің мазмұны және сабақ түріне сағаттардың бөлінуі
|№  |Тақырыптың аты                         |Сағаттар             |Әдебиетт|
|   |                                       |                     |ер      |
|   |                                       |Дс |Пр   |СОӨЖ  |СӨЖ  |        |
|1  |Модуль 1. Дәріс 1. Релятивистік        |2  |2    |2     |3    |Н.Ә.    |
|   |кинематика. САТ эксперименттік         |   |     |      |     |8.1.1   |
|   |негіздері. Эйнштейн пастулаттары. Уақыт|   |     |      |     |-1тарау,|
|   |пен кеңістіктің релятивистік           |   |     |      |     |6-13    |
|   |қасиеттері. Бірмезгілдіктің            |   |     |      |     |беттер  |
|   |салыстырмалығы. Өзіндік уақыт.         |   |     |      |     |        |
|2  |Дәріс 2. Релятивистік динамика.        |2  |2    |2     |3    |Н.Ә.    |
|   |Бөлшектің массасы, энергиясы және      |   |     |      |     |8.1.2   |
|   |импульсының араларындағы байланыс.     |   |     |      |     |-2тарау,|
|   |Бөлшектердің ыдырауы, энергетикалық    |   |     |      |     |6-13    |
|   |шарты. Серпімді және серпімсіз         |   |     |      |     |беттер  |
|   |соқтығысу                              |   |     |      |     |        |
|3  |Дәріс 3. Электрлік заряд және вакумдағы|2  |2    |2     |3    |Н.Ә.    |
|   |электромагниттік өріс. Электр заряды.  |   |     |      |     |8.1.3   |
|   |Заряд және тоқ тығыздығы. Зарядтың     |   |     |      |     |-3тарау,|
|   |сақталу заңы. Лоренц күші.             |   |     |      |     |6-13 б. |
|4  |Дәріс 4. Электродинамиканың            |1  |1    |1     |3    |Н.Ә.    |
|   |экперименттік негіздері. Кулон заңы,   |   |     |      |     |8.1.4   |
|   |вакумдағы электростатикалық теңдеулері.|   |     |      |     |-4тарау,|
|   |Био-Савар-Лаплас заңы. Электромагниттік|   |     |      |     |6-13 б. |
|   |индукция және Фарадей заңы.            |   |     |      |     |        |
|5  |Модуль 2. Дәріс 5. Вакуумдағы          |1  |1    |1     |3    |Н.Ә.    |
|   |электростатикалық өрісінің теңдеулері. |   |     |      |     |8.1.5   |
|   |Электростатикалық  потенциал. Пуассон  |   |     |      |     |-5тарау,|
|   |теңдеуі.                               |   |     |      |     |6-13 б. |
|6  |Дәріс 6. Вакумдағы стационарлық магнит |1  |1    |1     |3    |Н.Ә.    |
|   |өрісінің теңдеулері. Векторлық         |   |     |      |     |8.1.6   |
|   |потенциал. Магниттік момент.           |   |     |      |     |-6тарау,|
|   |                                       |   |     |      |     |6-13 б. |
|7  |Дәріс 7. Вакуумдағы электромагниттік   |1  |1    |1     |3    |Н.Ә.    |
|   |өрістің жалпы қасиеттері. Максвелл     |   |     |      |     |8.1.7   |
|   |теңдеулерінің физикалық мағынасы,      |   |     |      |     |-7тарау,|
|   |қасиеттері. Электромагниттік өрістің   |   |     |      |     |6-13    |
|   |импульс сақталу заңы                   |   |     |      |     |беттер  |
|8  |Модуль 3. Дәріс 8. Электродинамиканың  |1  |1    |1     |3    |Н.Ә.    |
|   |релятивистік тұжырымдамасы. Зарядтар   |   |     |      |     |8.1.8   |
|   |сақталу заңының коварианттық түрі.     |   |     |      |     |-8тарау,|
|   |Төртөлшемді потенциал, санақ жүйесі    |   |     |      |     |6-13    |
|   |өзгергенде оның түрлендірілуі. Лоренц  |   |     |      |     |беттер  |
|   |шарты. Электромагниттік өрістің        |   |     |      |     |        |
|   |тензоры. Санақ жүйесі өзгергенде электр|   |     |      |     |        |
|   |және магнит өрістерін түрлендіру, осы  |   |     |      |     |        |
|   |ұғымдардың салыстырмалылығы.           |   |     |      |     |        |
|9  |Дәріс 9. Электромагниттік толқындар.   |1  |1    |1     |3    |Н.Ә.    |
|   |Толқындық теңдеу. Электромагниттік     |   |     |      |     |8.1.9   |
|   |толқындар, олардың таралу жылдамдығы.  |   |     |      |     |-9тарау,|
|   |Жазық толқындар. Электромагниттік      |   |     |      |     |6-13    |
|   |толқынның үйектелуі (поляризациясы).   |   |     |      |     |беттер  |
|   |Допплер эффектісі                      |   |     |      |     |        |
|10 |Дәріс 10. Еркін қозғалыстағы           |1  |1    |1     |3    |Н.Ә.    |
|   |зарядтардың электромагниттік өрісі.    |   |     |      |     |8.1.10  |
|   |Даламбер теңдеулері. Кешігетін         |   |     |      |     |-10тарау|
|   |потенциалдар, олардың физикалық        |   |     |      |     |, 6-13  |
|   |мағынасы. Электромагниттік толқындардың|   |     |      |     |беттер  |
|   |сәулеленуі, сфералық толқындар. Томсон |   |     |      |     |        |
|   |формуласы.                             |   |     |      |     |        |
|11 |Дәріс 11. Заттағы электромагниттік     |1  |1    |1     |3    |Н.Ә.    |
|   |өріс. Микроскоптық өріске арналған     |   |     |      |     |8.1.11  |
|   |Максвелл-Лоренц теңдеуі. Заттағы       |   |     |      |     |-11тарау|
|   |электромагниттік өрістің энергиясы және|   |     |      |     |, 6-13  |
|   |энергия ағынының тығыздығы.            |   |     |      |     |беттер  |
|12 |Дәріс 12. Заттағы электромагниттік     |1  |1    |1     |3    |Н.Ә.    |
|   |толқындар. Жазық монохроматты          |   |     |      |     |8.1.12  |
|   |толқындар, олардың сипаттамасы.        |   |     |      |     |-12тарау|
|   |Электромагниттік толқындардың шағылуы  |   |     |      |     |, 6-13  |
|   |және сынуы. Өткізгіш ортадағы          |   |     |      |     |беттер  |
|   |электромагниттік толқындар. Диэлектрлік|   |     |      |     |        |
|   |өтімділіктің дисперсиясы.              |   |     |      |     |        |

3 ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
    Курсты  оқыған  кезде   берілген    тақырыптың   негізгі    жағдайларын
қарастыруға баса назар аудару керек,  осы  мақсатта  пәннің  оқу-әдістемелік
кешенін  ұсынып  отырмыз,   ол   студенттердің   оқулықпен   жұмыс   істеуін
жеңілдетеді. Пәнді оқып меңгеруі  үшін  студенттің  қолында  оқулықтар,  оқу
құралдары бар.
    Ең маңыздысы дұрыс оқулық таңдап  алу.  Бір  уақытта  бірнеше  оқулықты
пайдаланудың қажеті жоқ, ұсынылып отырға әдебиеттердің  ішінен  тек  біреуін
ғана  негізгі  етіп  алу  керек.  Басқа  оқулықтарды  тек  қажетті  материал
болмаған  кезде  немесе  оқулықта  қысқаша  ғана  көрсетілген   кезде   ғана
пайдаланады. Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына  сәйкес оқыған  жөн.

    Студент барлық аудиториялық сабақтарға және ОКӨБЖ –қа қатысуы міндетті,
оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар.
 «Электрдинамика  және  арнайы  салыстырмалылық  теориясы»  пәнін   оқытуға
қатыстылар:
    - оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасау;
     - лекция материалдарымен жұмыс жасау және лекцияға дайындалу;
     - семинар сабақтарына дайындалу.
 3.1 Әдебиетпен жұмыс жасауға нұсқау:
 3.1.1 Әдебиеттен қажетті материалдың тарауын тауып, студент оны оқып  және
оқыған әрбір абзацына ат қояды. Егер студент  абзацқа  ат  қоя  білсе,  онда
оның сол абзацты түсінгенін көрсетеді.
 3.1.2 Осы абзацтағы материалды конспекті жасап,  студент  келесі  тексттің
абзацна көшеді.
 3.1.3 Егер студент тексттің әр абзацна ат беруге қиналса, онда материалдың
мөлшерін үлкейтуге болады. Сонда студент материалды  конспекті  жасап,  оған
ат беруі мүмкін. Сөйтіп параграфтың барлық текстін өтуі керек.
 3.1.4 Осылайша материалды  оқып  және  конспекті  жасап,  текстке  қатысты
сұрақтарға жауап беруі қажет.
 3.1.5  Егер  текстке  қатысты  сұрақтар  жоқ  болса,  онда  өзінің  оқыған
материалдары бойынша сұрақтарды өзі құрастыруы керек.
 3.1.6 Соңында студенттің параграф бойынша оқығған материалдарын  мазмұндап
бергені тиімді.
 3.2. Лекцияға дайындық.
 3.2.1 Сіздердің қолдарыңызда пәннің мазмұны ашылып көрсетілген, әдебиеттер
көрсетілген,  лекция  және  семинар   сабақтарының   басты   сұрақтары   мен
тақырыптары жазылған жұмыс бағдарламасы бар.
 3.2.2 Лекциядағы белсенді жұмысқа дайындалу үшін Сіз  көрсетілген  әдебиет
бойынша  өз  бетінізше   лекция   материалдарын   оқып   келуіңіз,   қосымша
әдебиеттерден тақырып бойынша материалдар қарастырып,  өз  ойыңызша  маңызды
деген моменттерге қысқаша конспект жасап  келуіңіз  керек.  Тақырып  бойынша
түсінуге қиындық тудырған материалдарға оқытушы үшін сұрақтар дайындау.
 3.2.3   Лекцияда   тыңдаған   материалдардан   өзіңіздің    конспектіңізді
толықтыруңызға болады, Сіз дайындаған сұрақтарға  жауаптар  алуыңыз  мүмкін.
Өз конспектіңізді қайта айта алуыңыз пайдалы,  ол  сіздің  материалды  толық
түсінгеніңізді көрсетеді. Емтихан алдында өткен  материалдарды  қайта  қарап
шығу жеткілікті болады.
 3.3. Семинар сабағына дайындық
 3.3.1 Студентке семинар сбағының тақырыбы белгілі және қосымша  әдебиеттер
көрсетліген. Студент өзіне қажетті материалды тауып, 5 беттен артық  көлемде
конспекті жасау керек.
 3.3.2  Студент  өзбетінше  тақырып  бойынша  конспект   соңында   сұрақтар
құрастырады.
 3.3.3 Семинар  сабағында  бүкіл  жоспар  бойынша  материалды  айтып  бері,
оқытушының және басқа студенттердің сұрақтарына жауап береді.
 3.3.4 Семинарға қатысуы бойынша және конспект 5-тік балмен бағаланады.


    4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ
  Студент  мерзімінде   оқытушыға   СӨЖ   тапсырмаларын   тапсыруы   қажет,
зертханалық, практикалық сабақтарына дайын болуы керек.
  Студент сабақты босататын болса, оның рейтингісі төмендетіледі, сондықтан
ол босатылған сабақтар бойынша бақылау жұмысын орындауы қажет.
  Студент оқу сабақтарының барлық түрлерінде белсенді жұмыс  істеуі  қажет,
оның жұмысы баллмен бағаланады да, қосылып  аралық  және  қорытынды  рейтинг
қойылады.
  ОКӨБЖ –қа сабақ және өзбетімен жұмыс кезінде  қиындық  тудырған  сұрақтар
шығарылады. Егер ондай сұрақтар туындамайтын болса, дәріс  бойынша  білімін
кеңейтіп тереңдетеді, қосымша ғылыми әдебиеттермен танысуына болады.
      4.1 Дәріске дайындық.

4.1.1   Қолдарыңыздағы   жұмыс   бағдарламасында   пәннің   мазмұны   ашылып
көрсетілген,  негізгі  әдебиетте  көрсетілген,  дәріс  сұрақтары   берілген,
практикалық сабақтар үшін және өзбетімен жұмыс тапсырмалары көрсетілген.

4.1.2 Сабақ кестесі Сізге семестр басталмай тұрып белгілі болады.

4.1.3 Дәріс  кезінде  белсенді  түрде  жұмыс  істеуге  дайындық  жасау  үшін
көрсетілген  әдебиет  бойынша  дәріс  материалын  өзбетіңмен  оқуын   қажет,
тақырып бойынша қосымша әдебиеттерді  қарастыру  қажет,  өз  ойыңыз  бойынша
тақырып бойынша түсуге қиындық тудырған сұрақтар тізімін жасау керек.

4.1.4 Тақырып бойынша дәрісті тыңдау барысында өз  конспектінді  толықтыруға
мүмкіндігіңіз  бар,   өз   сұрақтарыңызға   жауап   алуыңызға   болады.   Өз
конспектіңізді түсіндіре білуіңіз керек, себебі семестр соңындағы  емтиханды
және курстың соңында өткізілетін  мемлекеттік  емтиханды  ауызша  тапсыратын
боласыз.

      4.2 Семинарлық сабақтарға дайындық.

4.3.1. Студентке семинар сабақтарының тақырыптары  мен  қосымша  әдебитеттер
белгілі. Студент қажетті әдебиетті тауып негізгі пунктерін ерекшелей  отырып
конспектілейді, қолданғанн әдебиетін көрсетеді.
4.3.2. Студент конспект соңында тақырып бойынша сұрақтар тізімін жасайды.
4.3.3. Семинар кезінде өз жоспары бойынша материалды баяндайды, оқытушы  мен
студенттердің қойған сұрақтарына жауап береді.
4.3.4. Семинар тақырыбы бойынша жауап беру 5 баллға бағаланады.
  5 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ
Студентке қойылатын талаптар:
      Сабаққа қатысу: Дәріс, практикалық сабақтарына қатысу міндетті  түрде.
Қандай да бір себептермен сабақты босататын жағдайда  да  студент  өзбетімен
жұмыс  тақырыптарын дәл  уақытында  өткізу  қажет,  ал  босатылған  сабақтар
тақырыбы бойынша бақылау жұмысын жазу немесе тақырып бойынша жауап  беруіңіз
керек.
      Мінез-құлық:  Сабақ уақытында үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан
шығарылып жіберіледі немесе  бүкіл  курс  бойынша  “қанағаттанғысыз”   деген
баға қойылады.
      Бақылау тапсырмалары: Міндетті түрде   оларды  дәл  уақытында  орындап
тапсыру керек.  Уақытынан  кешіктіріліп  тапсырылған  тапсырмалар  автоматты
түрде төмендетіліп  бағаланады.
      Межелік  аттестация:  Межелік  аттестация  сабаққа  қатысу,  өзбетімен
жұмысты дәл уақытында  өткізу,  сабақ  кезінде  ауызша  және  жазбаша  түрде
тапсыру, межелік бақылау нәтижесінде қойылады.
      Көшіру мен плагиат:  Кез-келген  көшіріп  алу  немесе  плагиат  (басқа
студенттердің  дайын  тапсырмалары   мен   шығарылған   есептерін   қолдану)
анықталатын болса студент аудиториядан  шығарылып  жіберіледі  немесе  бүкіл
курс бойынша “қанағаттанғысыз”  деген баға қойылады.
      Ұялы телефондар: Сабақ кезінде өшіріліп қоюы керек.
      Емтихан: Қорытынды ауызша емтиханға пән бойынша  қойылатын  ең  жоғары
баллдың 50% алған студенттер жіберіледі.
      6. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ.
      «Электрдинамика және арнайы  салыстырмалылық  теориясы»  пәні  бойынша
балдардың бөлінуі
                                                                    2- кесте
|Апталар           |                                                  |   |
|                  |1                                                 |2  |
Аудиториялық сабақтардың барлығына қатысу (1-7) және (8-15) апталарда270Машықтану60406040СОӨЖ9090СӨЖМежелік бақылау8080Барлығы60130806013080540
7 Оқулықтар
7.1 Негізгі оқулықтар
7.1.1 Мултановский В.В. Курс теоритической физики.-М.: Просвещение, 1988. -ч.І,ІІ.
7.1.2 Мултановский В.В., Василевский А.С. Курс теоритической физики. Классическая электродинамика.-М.: Просвещение, 1990.
7.1.3 Истеков К.К. Курс теоритической физики.-Алматы: Print-S, 2005.
7.1.4 Гильденбург В.Б. Сборник задач по электродинамике. М.: физмат, 2001г.
7.1.5 Ландау Л.Д., Лифщиц Е.М: Теоритическая физика. Теория поля. – М.: Наука, 2006 г.
7.1.6 Мултановский В.В., Василевский А.С. Курс теоретической физики. Электродинамика. – М.: Просвещение, 1991 г.
7.1.7 Терлецкий Я.П., Рыбаков Ю.П. Электродинамика. – М.: Высшая школа, 1990 г.
7.1.8 Батыгин В.В., Топтыгин. Сборник задач по электродинамике, 2002 г.
7.1.9 Истеков К.К. Лекции по избранным главам теоритической физики. – Алматы, 2004.
7.1.10 Истеков К.К. Курс теоритической физики. Изд.: Prints, 2005 г.
7.2 Қосымша
7.2.1 Гильденбург В.Б. Сборник задач по электродинамике. М.: физмат, 2001г.
Пәндер