Файл қосу
Дамудың бұзылуы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |УМКД | | | | |УМКД | | | |042-14.05.01.20.| | | |53 | | | |/03-2012 | |УМКД Оқытушыға арналған пәннің | | | |жұмыс оқу бағдар |Баспа № 3 26.02.2010 | | |ламасы «Ауытқушылық мінез-құлық |орнына | | |психодиагностикасы мен |Баспа №4 ______ | | |коррекциясы» | | | ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Ауытқушылық мінез-құлық психодиагностикасы мен коррекциясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені (5В050300 «Психология» мамандықтарына ) ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2012 Алғысөз 1. ЖАСАЛЫНДЫ Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Абдуллина Г.К. Хаттама № 1 “__28____” ____08______ 2012ж 2. ҚАРАЛДЫ 2.1.Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында Хаттама №______”__»________ 2012 жыл Кафедра меңгерушісі: Сатиева Ш.С 2.2.ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында Хаттама №______”__»________ 2012 жыл Төрағасы _______Г.Григорьева 3.БЕКІТІЛДІ 3.1.Университеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды Хаттама №______”__»________ 2012жыл Оқу ісі жөніндегі проректор__________ Б.Рскелдиев Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық және лабораториялық сабақтар 4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау 5 Студенттің өздік жұмысы Жасөспірімдердің қоғамға қарсы жағымсыз қылық-әрекеттері: өтірік айту, ұрлық жасау, өзін-өзі ұстай алмау, ызақорлық, оқшаулану, стресстер мен қорқыныш-үрейлері, әртүрлі невроздық көріністері психологтардың зерттеу мәліметтері бойынша қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға себепші деликвенттілік, девианттылық, дизонтогенездік, агрессивті, аутодеструктивті және аддиктивті мінез-құлықтар. Деликвенттілік, девианттылық, дизонтогенездік, агрессивті, аутодеструктивті және аддиктивті мінез-құлықтардың түсініктемелерін талдап көрейік. Психологиялық әдебиетерде деликвенттік мінез-құлық термині жиі қолданылады. Бұл түсінік латын сөзі “dilinguens” – “қылық, айып” деген мағынаны білдіреді. Бұл терминнен біз тұлғаның нақты іс-әрекеті, қоғамдағы және берілген уақыттағы заңдардан ауытқыған, басқа адамдарға қауіп төңдіретін және әлеуметтік реттілік пен қылмыс үшін хазаланған. Заңға қарсы мінез-құлық көрсеткен тұлға – деликвенттік тұлға ретінде жіктелінеді (деликвент). “Ауытқушы” мінез-құлық термині “девианттық” терминімен сәйкес келеді (латын тілінде deviatio - аутқу) немесе “деликвенттік” (латын тілінде delinquens - құқық бұзушы). Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық девианттық мінез-құлық деп аталады. Девианттық мінез-құлықтың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады. Девианттық іс-әрекет екі үлкен категорияларға бөлінеді. Біріншіден, ашық немесе жабық психопатологиясы бар психикалық саулық нормасынан ауытқитын іс-әрекет. Екіншіден, құқықтық, әлеументтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік емес іс-әрекет. Егер бұл іс-әрекет еленбейтін болса, оларды құқық бұзушылық деп, ал егер назар аударатындай болса және қылмыстық рет бойынша жазаланатын болса – қылмыс деп атайды. Дизонтогенез термині онтогенезді бұзылудың әртүрлі формаларын білдіреді, дамудың түрлері (филогенез) тұлға дамуымен ерекшеленеді. Бала дамуының проблемасы психикалық және дене кемістігінен тұрады, яғни бұл жалпы дамудағы ауытқушылыққа әкеледі. Ауытқудың сипаттарына қарамастан, оның бір көрінісі тұтас кемістікте көрінеді, кейбіреулері түзетіледі, ал басқалары жинақталады. Ерте психологиялық-педагогикалық сәйкестік алғашқы кемістікке кері әсер етеді. Агрессия - ұмтылу, шынайы іс-әрекетті, фантазияны көрсету, басқару мақсатындағы доминатты әрекет. Агрессиялық әрекет - мақсатты көзделген тіршілік иесіне зиян келтіру әрекеті. Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық. Қазіргі таңда кең таралып кеткен күрделі де қауіпті феномен. Белгілі бір затты қолданылуда шектен тыс тәуелді немесе аддиктивті мінез-құлық таныту (ағылшын тілінен аударғанда addiction-бейім, теріс қылық деген мағынаны білдіреді) Девианттық мінез-құлық істеген істерінің жүйесін немесе жеке істерінен көрінеді, қоғамдағы ережелерге қарсы, негативті ауытқу деп түсінеді, яғни қоғамдағы құқық және нравтік нормаларға қарсы болу. Деликвенттік мінез- құлық заң жүзінде жазаланған, тіркеуде тұрғанымен мінезделеді. Қазіргі таңда ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез- құлқында қиындығы бар балалар мен мұндай балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс -әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез- құлқын үйлестіре алмайды. Мінез - құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады. Ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлықтары психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар. Мінез- құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктерді іздестіріп, одан әрі оларды өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады. Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер қолданылады – делинквенттілік және девианттылық. Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу. Бұл ұғым өте кең, оған делинквентті мінез-құлық және т.б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті мінез-құлыққа дейін) жатады. Соңғы екі термин ғылыми әдебиеттерде синонимдер ретінде қолданылады. Бұл терминдер дамуында ауытқушылықтар бар балаларды бейнелейді. Адамдардың мінез-құлығының кенеттен өзгеріп отыруы девианттық деп аталады. Ұзақ уақыт бойы кез-келген девианттық мінез-құлқықтың себебі ішкі ортадан ізделінді (семьяда дұрыс тәрбиеленбеу немесе басқада әлеуметтік орта). Көптеген ғылымдарда «қалыпты» және «аномалды» құбылыстар деген ұғымдар бар. Сөздің тура мағынасында «қалыпты» / «аномалды» мінез-құлық түсініктерінің анықтамасы қиындай түсуде. Бірақ ғылымда және үйреншікті өмірде бұл түсініктер барлық жерде қолданылады. Қалыпты мінез- құлықты көптеген адамдарға тән, ауру бұзылыстарға байланысты емес, нормативті-қабылдаулы мінез- құлық деп түсіндіреді. Осыған ұқсас, қалыпсыз мінез- құлықты: нормативті- қабылданбаған, патологиялық, стандартқа сай емес деп бөлуге болады. Сөздің тура мағынасында «қалыпты» қазіргі кезде ғылымда норма- эталонына сәйкес келуі болып саналады. Нормаларды алу тәсілдерін әдетте критерийлер деп атайды. Популяцияда кездесетін жиілік есептеу арқылы әр құбылыс үшін норманы анықтай алатын, кең таралған және жалпы болып статистикалық критерий( әдіс) табылады. Математикалық статистика көзқарасы бойынша жиі кездесетіннің барлығы қалыпты. Статистикалық критерий мінез-құлықтың сапалық- сандық бағасымен оның айқындық деңгейімен және өмір үшін қауіп деңгейімен байланысады. Статистикалықпен бірге гуманитарлық ғылымдарда жеке адам мінез- құлығының нормальды (қалыпты) және аномальды (қалыптан тыс немесе ауытқу) бағасының арнайы критерийлері қолданылады: психопатологиялық, әлеуметтік- нормативті және даралық- психологиялық. 1. Глоссарий Агрессия - ұмтылу, шынайы іс-әрекетті, фантазияны көрсету, басқару мақсатындағы деминатты әрекет Агрессиялық әрекет -әрекет мақсатты көзделген тірі тіршілік иесіне зиян келтіру Адаптация – қоршаған ортаға бейімделу Адекватты іс- әрекет - Нақтылы ахуал мен шарттарға келісімді іс-әрекет. Адекватты әрекет –тәуелді іс- әрекет Аддикция – тәуелділік Анозогнозия- қиындықтармен ауруларды мойындамау Аграфия –сөйлеудің ауытқушылығына байланысты туындайтын жазудың бұзылуы Ассоциация –бір нәрсені қабылдау барысында екіншінің пайда болуына әкелетін психикалық құбылыстар арасындағы байланыс Аутизм- баланың қоршаған әлеммен қарым-қатынасының бұзылуы және баланың өз күйзелістері әлеміне үңілуінде бейнеленетін психологиялық жатсынудың шекті формасы Аддиктивті қылық-әрекет (addictive behavior) – психологиялық күйді өзгертетін түрлі заттарды, соның ішінде алкоголь мен темекі шегу, оларға деген тәуелділік пайда болғанға дейін теріс қолдану Аномия деп ол қоғам жүйесіндегі нормалардың әлсіреп, бұзылуынан пайда болған өзгеріс, яғни әлеуметтік дезорганизация деп түсіндірді. Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық Булимия және анорексия тағам қабылдауға тәуелділік Виктимді мінез-құлық (ағылш. victim – құрбан) –адамның басқа біреудің өзіне аморальды, заңға қайшы әрекетіне көнуі Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу Девионтология – девенцияны оқытатын ғылымның бір саласы Девенция – нормадан ауытқу Депривация – баланың негізгі психикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудың жеткіліксіздігінен болатын психикалық даму үшін маңызды факторлардың болмауы немесе одан айрылу Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптар. Дағдарыс адам дамуындағы бір кезеңнен екінші кезеңге өту кезіндегі қиыншылықтар жиынтығы, сапалық және сандық өзгерістер «Дизонтогенез» термині онтогенезді бұзылудың әртүрлі формаларын білдіреді, дамудың түрлері (филогенез) тұлға дамуымен ерекшеленеді Госпитализм- бала өмірінің алғашқы жылдарында қарым-қатынас жетіспеушілігінен туындаған психикалық және соматикалық ауытқушылықтардың жиынтығы Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы Гетерохронды- психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым. Жақын арадағы даму аймағы-ақыл ой дамуы мен өзекті даму аймағының арасындағы айырмашылық. Жоғарғы психикалық функциялар - өмір сүру барысында қалыптасатын күрделі психикалық үрдістер Заттық белсенділік жүйесі- заттың көмегі арқылы белсенділіктің шексіздігі Идентификация -өзін біреумен немесе бір нәрсемен ұқсастыру Интериоризация – сыртқы тәжірибені меңгеру арқылы психиканың ішкі әрекеттерінің қалыптасуын айтамыз Индикатор – объект жайлы информация таситын сигнал белгілер Қатынас–тәуелді және тәуелсіз өзгергіштіктердің арасындағы қатынас– эксперименталды гипотезаның құрамдас бөлігі Креативтілік- адамның түрлі іс-әрекет аймақтарында бейнеленетін және оның жеке басын сипаттайтын шығармашылық қабілеттері Қабілеттіліктер – оқудың жеңілдігін және тездігін қамтамасыз ететін индивидуалды-психологиялық ерекшелік Гэмблинг-ойынға тәуелділік компьютерге тәуелділік, азартты ойындарға құмарлық Негізгі іс-әрекет- онтогенез кезеңіндегі жаңа психикалық қалыптасуына байланысты әрекет Іс-әрекет теориясы- психикалық бейнелеуде индивидтің құрылысын анықтайтын теория Жақын арадағы даму аймағы-ақыл ой дамуы мен актуальді даму аймағының арасындағы айырмашылық. Интроспекция (өзін-өзі бақылау)- адамның өзінің ішкі жан дүниесінің психикасын бақылау Методология (грек сөзі)-теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі әдістер жүйесі Мінез дегеніміз- қарым-қатынаста және іс-әрекетте қалыптасып, көрінетін тұлғаның тұрақты индивидуальді ерекшеліктерінің жиынтығы Тәртіп психологиясы (бихевиоризм)- 20ғ. америкада пайда болған ағым Постнаталды кезең- босанудан кейінгі кезең Сана психологиясы- психологиялық білім жүйесі, психика сананың негізгі критерийі Сексуалды аддикция зоофилия, фетишизм, пигмалионизм, трансвестизм, эксбиционизм, вуайеризм, некрофилия, садомазохизм Стратегия- басқаруды жоспарлау қабілеті Меңгеру-индивидтің қоғамдық тарихи тәжірибені қабылдаудың негізгі жолы Мотив – қажеттілікті өтеуге құштарлықтан туындаған іс-әрекетке түрткі Метамотивациялық қажеттер - жоғарға құндылықтыр: әділеттілікке, әдемілікке, шындыққа қажеттілік Негативизм- қоршаған адамдардың талаптарына және күтулеріне қарама-қайшы келетін, іс-әрекетте және сөйлеуде білінетін мотивацияланбаған мінез-құлық Невроз- жүйке жүйесі мен психикалық ауытқулардың кең тараған түрі Негізгі іс-әрекет- онтогенез кезеңіндегі жаңа психикалық қалыптасуына байланысты әрекет Психикалық даму диагностикасы - психикалық дамуда мүмкін болатын ауытқушылықты анықтау және дербес даму ерекшелігіне байланысты адамды зерттеу. Белсенділік- тірі ағзалардың жалпы мінездемесі. Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы. Генетикалық зерттеу- даму үрдісінде психикалық процесті немесе құбылысты зерттеу. Клиент – практикалық психолгқа көмек алу мақсатымен келген адам Потенциалды даму зонасы – адамның психологиялық өзін дамытуындағы жасырын мүмкіндіктері ММРІ – белгілі тұлғалық психологиялық тест (Миннесотский Многофакторный Личностный Опросник) Практикалық психолог – психодиагностика, психокоррекция, психологиялық кеңес беру міндеттерін атқаратын, сәйкес жоғары білімі бар маман-психолог «Психодиагностика» сөзі психологиялық диагноз «қою» немесе адамның психологиялық жағдайы туралы мәнді шешім қабылдау. Психокоррекция – адамға оның психологиясы мен әрекет-қылығын түзетуге байланысты қолданбалы психологиялық білім, дағды, іскерліктер жиынтығы Психотерапия – ауру адамдарға түрлі аурулардан сауығу мақсатында психологиялық әсер етудің практикалық әдістері жиынтығы мен теоретикалық білімдераймағы Психологиялық кеңес беру – консультация және кеңес беру формасындағы адамдарға психологиялық көмек көрсетуге байланысты практикалық психологтың іс-әрекет аймағы Жүйе – бір-бірімен өзара байланысты азды-көпті тұрақты элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан объект Проблема – шешілуі міндетті күрделі ғылыми және практикалық сұрақтар Тұрмыстық түсініктер – адамдардың күнделікті өмірде, қарапайым қатынастарында қолданатын түсініктері Химиялық тәуелділік темекі шегу, таксикомания, анаша шегу, дәрі- дәрмек, араққа кұмарлық Дәрістер № 1 дәріс. Тақырыбы: Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы пәні және ғылыми зерттеу обьектісі 1. Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы пәні 2. Ауытқушылық немесе девианттылық әрекет-қылық жайлы түсінік 3. Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы пәнінің маңызы Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы пәні мінез-құлық және әрекет көріністеріндегі кемістіктердің, әртүрлі ауытқулардың шығу себептерін, ағымдарын және оларды дер кезінде анықтау (диагностикалау) мен қалыпқа келтіру (коррекциялау) мәселесін зерттейді. Психологиялық әдебиетерде деликвенттік мінез-құлық термині жиі қолданылады. Бұл түсінік латын сөзі “dilinguens” – “қылық, айып” деген мағынаны білдіреді. Бұл терминнен біз тұлғаның нақты іс-әрекеті, қоғамдағы және берілген уақыттағы заңдардан ауытқыған, басқа адамдарға қауіп төңдіретін және әлеуметтік реттілік пен қылмыс үшін хазаланған. Заңға қарсы мінез- құлық көрсеткен тұлға – деликвенттік тұлға ретінде жіктелінеді (деликвент) “Ауытқушы” мінез-құлық термині “девианттық” терминімен сәйкес келеді. (латын тілінде deviatio - аутқу) немесе “деликвенттік” (латын тілінде delinquens - құқық бұзушы). Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық девианттық мінез-құлық деп аталады. Девианттық мінез- құлықтың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады. Девианттық іс-әрекет екі үлкен категорияларға бөлінеді. Біріншіден, ашық немесе жабық психопатологиясы бар психикалық саулық нормасынан ауытқитын іс-әрекет. Екіншіден, құқықтық, әлеументтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік емес іс-әрекет. Егер бұл іс- әрекет еленбейтін болса, оларды құқық бұзушылық деп, ал егер назар аударатындай болса және қылмыстық рет бойынша жазаланатын болса – қылмыс деп атайды. Девианттық мінез-құлық істеген істерінің жүйесін немесе жеке істерінен көрінеді, қоғамдағы ережелерге қарсы, негативті ауытқу деп түсінеді, яғни қоғамдағы құқық және нравтік нормаларға қарсы болу. Деликвенттік мінез- құлық заң жүзінде жазаланған, тіркеуде тұрғанымен мінезделеді. Қазіргі таңда ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез -құлқында қиындығы бар балалар мен мұндай балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды. Мінез- құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады. Ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлықтары психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар. Мінез- құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктерді іздестіріп, одан әрі оларды өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады. Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер қолданылады – делинквенттілік және девианттылық. Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу. Бұл ұғым өте кең, оған делинквентті мінез-құлық және т.б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті мінез-құлыққа дейін) жатады. Соңғы екі термин ғылыми әдебиеттерде синонимдер ретінде қолданылады. Бұл терминдер дамуында ауытқушылықтар бар балаларды бейнелейді. Адамдардың мінез-құлығының кенеттен өзгеріп отыруы девианттық деп аталады. Ұзақ уақыт бойы кез-келген девианттық мінез-құлқықтың себебі ішкі ортадан ізделінді (семьяда дұрыс тәрбиеленбеу немесе басқада әлеуметтік орта). Көптеген ғылымдарда «қалыпты» және «аномалды» құбылыстар деген ұғымдар бар. Сөздің тура мағынасында «қалыпты» / «аномалды» мінез-құлық түсініктерінің анықтамасы қиындай түсуде. Бірақ ғылымда және үйреншікті өмірде бұл түсініктер барлық жерде қолданылады. Қалыпты мінез- құлықты көптеген адамдарға тән, ауру бұзылыстарға байланысты емес, нормативті-қабылдаулы мінез- құлық деп түсіндіреді. Осыған ұқсас, қалыпсыз мінез- құлықты: нормативті- қабылданбаған, патологиялық, стандартқа сай емес деп бөлуге болады. Сөздің тура мағынасында «қалыпты» қазіргі кезде ғылымда норма- эталонына сәйкес келуі болып саналады. Нормаларды алу тәсілдерін әдетте критерийлер деп атайды. Популяцияда кездесетін жиілік есептеу арқылы әр құбылыс үшін норманы анықтай алатын, кең таралған және жалпы болып статистикалық критерий( әдіс) табылады. Математикалық статистика көзқарасы бойынша жиі кездесетіннің барлығы қалыпты. Статистикалық критерий мінез-құлықтың сапалық- сандық бағасымен оның айқындық деңгейімен және өмір үшін қауіп деңгейімен байланысады. Статистикалықпен бірге гуманитарлық ғылымдарда жеке адам мінез- құлығының нормалды/ аномалды бағасының арнайы критерилері қолданылады: психопатологиялық, әлеуметтік- нормативті және даралық- психологиялық. Ауытқушылық мінез-құлық және әрекет көріністеріндегі кемістіктер мен әртүрлі ауытқуларды болдырмау және алдын-алуда психодиагностика мен психокоррекцияның маңызы өте зор. «Психодиагностика» сөзі психологиялық диагноз «қою» немесе адамның психологиялық жағдайы туралы мәнді шешім қабылдау. Негізі бұл термин бір мағынада болмайды. Бұл ұғымның бір анықтамасы тәжірибеде әр-түрлі психологиялық құралдарды қолдануға қатысты психологиялық білімдердің арнайы аумағына жатқызылады. Психодиагностика бұл бағытта төмендегі сұрақтарды шешетін ғылым болып табылады: - Психологиялық құбылыстардың табиғаты неде және оған ғылыми баға берудегі принципиалды мүмкіншілік? - Психологиялық құбылыстарға сандық баға беру мен оны танудың қазіргі уақыттағы жалпы ғылыми негіздері қандай? - Қазіргі қолданыстағы психологиялық құралдар қаншалықты қабылданған жалпы ғылыми әдіснамалық талаптарға сай? - Психодиагностиканың әртүрлі құралдарына қойылатын негізгі әдіснамалық талаптар? - Психодиагностиканың әдістерінің ғылымилығын тексеру мен құру процедураларының негізі қандай, соның ішінде тесттер? Психодиагностика терминінің екінші анықтамасы: «психологиялық диагноз қою». Психолог қызметінің ерекше аймағы, психодиагностиканы өткізу мен ұйымдастыруға байланысты теориялық та, практикалық та сұрақтар шешіледі: -психологқа психодиагност ретінде қойылатын кәсіби талаптар анықталады; -өз жұмысын сәтті атқаруға арналған білім, іскерлік, дағдыларды меңгеру; -өрактикалық жағдайларды анықтау, психодиагностиканың бір әдісін кәсіби меңгеретініне кепілдік бере алады; -психологтың практикалық дайындығына арналған бағдарламаларды, әдістерді, құралдарды жасау, өңдеу. Теориялық және практикалық сұрақтарды шешудегі бұл үлкен екі кешен бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұл аймақта жоғары квалификациялы маман болу үшін, психолог психодиагностика аймағындағы теориялық және практикалық білімдерді меңгеруі тиіс. Психодиагностика тарихы XIX ғасырдың бірінші жартысында психология ғылымының жетілуіндегі клиникалық кезеңінде ашылған. Бұл кезеңде адамдар жайлы эмперикалық психологиялық білімдерді тауып талдау жасауда негізгі шешуші рөлді дәрігерлер алды. Сол жылдары дәрігерлерді әлемде кең тараған ауыр емделетін невроз, жан ауруларына шалдыққан адамдардың ауруларының шығу тегімен себептері қызықтырды. Дәрігер психиатр Европа клиникаларында ауруларға жүйелі түрде бақылау жасай отырып, оның нәтижелерін талдады. Бұл уақытта психодиагностиканың бақылау, сұрақнама, құжаттарға талдау сияқты әдістері шыққан еді. Сол жылдары психодиагностикада бір ауруды бір ғана әдіс арқылы оқып білумен әртүрлі ой-қорытындыларға келеді. Бұл сол кездегі психодиагностика әдістерінің бағалы құндылықтарымен сипатталады. Психодиагностиканың сандық әдістерін XIX ғасырдың бірінші жартысында шыққан деп есептейді. Сол кезде ең алғаш әйгілі неміс психологы В. Вундттың басшылығымен әлемде бірінші рет психологиялық лаборатория ашылды. Онда психодиагностиканың мақсаты – техникалық құралдарды қолдана бастауы. Бұл ашылған жаңалықтар сезімдерді өлшеуге арналған суб шкалалардың шығуына әкеліп соқты. Осы заңға байланысты түйсікті өлшеудің негізгі объектісін адам деп, XIX ғасырдың аяғына дейін ұзақ уақыт тәжірибелі психодиагност түйсікті өлшеумен ғана шектеліп келді. Негізгі психологиялық процестерге байланысты адамның көңіл-күйі мен қасиетіне қатысты психодиагностиканың қазіргі қалыптасуы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы деп есептеледі. Бұл уақытта белсенді түрде мүмкіншілік теориясы мен математикалық статистика дамыды. Бірінші және екінші статистикалық өңдеуден өткен эксперименталдық мағлұматтар дәл осы жылдарда шықты. Бірақ математикалық статистика алғаш психологияда емес, басқа ғылымдарда: биологияда, экономикада, медицинада қолданылды. Осыдан кейін психологиялық құбылыстардың сандық психодиагностикасы үшін арнайы құралдар шығарылды, мысалы: факторлы анализ. Бұл бірінші рет тұлға ерекшеліктерін, интеллектуалды жетілу деңгейін білу үшін қолданылды. Ең бірінші психометриялық арнайы мекеме Англияда ағылшын психологі Гальтонның басшылығымен ашылды. Ол 1884 жылы лабораторияның негізін салды, оның бар міндеті тұлға қасиеттері туралы статистикалық міндеттер алу. Бұл лабораторияға келгендер өз қабілеттерін өлшеуге мүмкіншілік алды, бұл психометриялық эксперименттен 10000 адам өтті. Гальтон психологияда статистиканы қолданудың инициаторы болды. Гальтон 1877 жылы психологияда «Корреляция» әдісін қолдануды ұсынды. Ол сондай-ақ бірлесіп жұмыс жасағанға математиктер Пирсон, Фишерді шақырды. Фишер дисперсионды анализді жасады, ал екінші ағылшын оқымыстысы Спирмен факторлы анализ жасады. Осылардан кейін, Г.Айзенк және Р.Кеттел факторлы анализды психодиагностикада тұлға ерекшелігін анықтау үшін қолданды. Ең алғаш статистикалық негізделген интеллект тестін 1905-1907 жылы француз оқымыстысы А.Бине өңдеп, жариялады. Соңынан, екінші француз оқымыстысы Т.Симонмен бірге бұл тесті жетілдіріп, психодиагностика тарихына Бине-Симон тесті болып кірді. XX ғасырдың екінші жартысында жаңа психологиялық, соның ішінде интеллектуалды, тұлғалық тестер пайда бола бастады. Психодиагностика тарихында соңғы тестер қатарына, әлеуметтік-психологиялық зерттеулермен байланысты сандық сипаттағы құралдар кірді. Бұл америка психологі Я. Морена жасаған «Социометриялық тест». Психокоррекция дегеніміз адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу. Психокоррекция жүргізу мақсатымен зерттелінген адамдардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктері туралы жинақталған мәліметтерге байланысты бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады: - Нормативтерді құру коррекциясы. - Адамның даралық мүмкіндіктерін дамыту коррекциясы. Нормативтерді құру коррекциясы. Адамның ішкі жан-дүниесінің жеке даралық сипаттамасын әлеуметтік ортада қабылданған нормативтерге сай келтіру коррекциясы топпен жүргізіледі. Олар көбінесе қарым-қатынас мәдиниетін қалыптастыру, мазасыздану және агрессия көріністерін төмендету, жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты орын алатын акцентуация мәселелерін шешуге бағытталған. Коррекциялық әдістердің нәтижелі болуы ауытқудың синдромына және бұзылудың көрініс беру симптомдарының түрлеріне тәуелді. Мектеп оқушылары және олардың ата-аналарымен жүргізілетін коррекцияда қарым-қатынас тренингінің барлық түрлері қолданылады, олар мінез-құлықтың нақты формаларын меңгеруге көмектеседі және клиентке өзінің жан-дүниесіндегі неше түрлі құбылыстардың орын алғанына жауапкершілікті өз мойнына алуды үйретеді. № 2 Дәріс Тақырыбы: Девиантты мінез-құлық және оның типтері 1. Девиантты мінез-құлықтың шығу себептері 2. Девиантты мінез-құлықтың типтері 3. Девиантты мінез-құлықтың көріністері Девиантты мінез-құлық дегеніміз - қоғамда қабылданған ержелерге бағынбау, ауытқу. Девианттық мінез-құлық –қалыптан ауытқушылық және ол адамның қоғам мен әлеуметтік топта қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен қылықтары. Девианттық мінез құлықтың мәнін түсінуде негізгі екі ұғымды қарастырамыз-«қалып (норма)» және «қылық». Өзінің өмір жолында адам түрлі дағдарыстар мен мәселелерге кездеседі. Осы мәселелер мен дағдарыстардың себептері мен табиғаты әртүрлі. Олардың кейбіреуі өмірлік айналымдағы тұлға дамуының байланысты және де олар әрбір адамның өмірінде болатын күнделікті, табиғи жағдайлар, сонымен қатар олар өмірдің бір кезеңін екіншісінен айырып тұрады. Кез – келген «табиғи» жағдай (отбасын құру, баланың дүниеге келуі, мектепке баруы, біреудің ауырып не өлуі, т.б.) және оның нәтижесіндегі қандай да бір ситуация дағдарыс туғызып, тұлғадан дұрыс шешім қабылдап, осыған орай қажетті күш жинауды талап етеді. Оларды «қалыпты стресс» деп атайды. Өмірдің әртүрлі кезеңдерінде адамдар дағдарыс жағдайлары мен ситуацияларды түрліше қабылдайды. Ол тұлға дамуында үлкен маңызға ие, себебі біреулері дағдарыстың шешімін тауып, әрі қарай дамыса, енді бірі оған бейімделе алмай өзін бұзады. Бұл адамның дағдарыс жағдайын қабылдап, шешу мүмкіндігіне байланысты. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының қалыптасуында нақты іс- әрекетті ұйымдастырушы психолог, ата-ана, мұғалім болғандықтан, олардың кәсіби даярлығына, ғылыми психолого-педагогикалық негіздерін қарастыру қажеттілігі туындайды. Бүгінгі жасөспірім, ертеңгі белгілі бір маман иесі немесе қарапайым ғана қоғамдық ортаның мүшесі десе де болады, олардың тұлғалық түр сипатын даярлауда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда олардың психофизиологиялық негізін жетілдірудің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылып келеді. Жеке тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыру, дағдарыстардың алдын алу үшін келесі мәселелерді ескеруіміз қажет, яғни саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуда, жүйелі іс-әрекет жасауға мүмкіндік беру. Мінез-құлық дағдарысын психологиялық көзқарас тұрғысынан қарастыратын болсақ кез-келген жеке адам басқа адамдармен олардың ой-пікірімен, бағдарымен, жағымды эмоцияны сезінген кезде жүріс- тұрыста ауытқушылықтар болмайтындығы сөзсіз. Әлеуметтік қалып-бұл нақтылы қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның мінез-құлық ережелерінің мөлшері, этикет, мораль, заңдық нормалар. Басқа да құндылықтар тәрізді, әлеуметтік нормалар тұлғаның бағалау және бағыт ұстау функцияларын орындайды, мінез-құлықты реттейді және бақылап отырады. Норма-идея, идеалдар сияқты бағыттапқана қоймай, белгілі бір ереже-міндеттерді жүктейді. Нормалардың реттеуші ықпалы-олардың мінез-құлықтың түрлерін, шарттарын, шекарасын ғана анықтап қана қоймай, сонымен бірге, қарым-қатынас шарттарын, мақсаттары мен құралдарын жасайтындығында. Әдетте, қабылданған нормаларды бұзу-қоғамның әлеуметтік топтары мен институционалдық формалары тұрғысынан осы ауытқуларды жою бағытындағы нақты және айқын жағымсыз реакциясын іске қосады. Сондықтан да нормалар қоғамның тұрақтылығы мен тәртібін қамтамасыз ететін, девиацияға қарсы күрестің бірден-бір әлеуетті құралы болып табылады. Девиантты мінез-құлықты кең және тар мағыналарында қарастырады. Кең мағынадағы девианттық мінез-құлық деп–қоғамдағы қабылданған нормалар мен әлеуметтік стереотиптерге сай келмейтін кез-келген іс қимылды айтамыз. Бұл жағдайдағы девиацияны жағымды және жағымсыз деп екі түрге бөлуге болады. Жағымды девиантты мінез-құлық – бұл көпшілік әдеттен тыс, таңғаларлық деп қабылдаса, кейбіреулер теріс деп қарамайтын құбылыстар болуы мүмкін. Бұлар-ерлік, өзін-өзі құрбандыққа шалу, біреуге шектен тыс берілу, біреуді шамадан тыс аяу т.б. көріністер болуы мүмкін. Жағымсыз (негатив) девиация, керісінше, көп адамдарды мақұлдамау, жек көру сезімдерін туғызатын мінез-құлық ауытқушылықтары. Мысалы, терроризм, вандализм, ұрлық, сатқындық, жануарға қатыгездік жасау т.б. Тар мағынасындағы девианттық мінез-құлық дегеніміз жалпы қабылданған нормалардан тыс, жағымсыз, еш адам жақтамайтын ауытқулар. Сонымен, девианттық мінез-құлық –кез келген қоғамдағы қабылданған әлеуметтік мінез- құлық нормаларына қарама-қайшы келетін қылықтар жүйесі. Бүгінгі таңда девиантты мінез-құлқы бар балалардың және нашақорлық пен ішімдікке тәуелді балалар санының өсуі өзекті проблемаға айналып отыр. Девианттық мінез-құлық – бұл балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қоғамдық қылмыс белгілері мен қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Олардың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады. Девианттық мінез-құлықтың пайда болу себептері: 1. Әлеуметтік теңсіздік. Халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, жұмыссыздық, жемқорлық т.б. 2. Девианттық мінез-құлықтың моральдық этникалық факторы қоғамның моральдық – адамгершілік қасиетінің төмендеуі, рухани азғындау жеке адамның қоғамдық ортаны жатсынуы, қоғам өмірін ақшаның билеуі. Деградация және әдеп-ғұрыптың ықпалының төмендеуі, бұқаралық, қайырымшылдық, «сатылған махаббат», құқық бұзушылықтың күшеюі. 3. Девианттық мінез-құлыққа қоршаған ортаның немқұрайлы қарауы. Әсіресе, отбасы тәрбиесінің нашарлауы, өмір жағдайының сәтсіз болуы, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, денсаулықтағы психо-физикалық ауытқулар т.б. осының барлығы рухани дүниенің дағдарысына әкеліп, өмір сүру мәнінің жоғалуына алып келеді. Бұл қоғаның болашақ жастарға кері әсер тигізетіні сөзсіз. Д.Б. Элькониннің айтуынша, баланың дамуы кезінде оқу процесінің алатын орны ерекше. Бала мектепке келгенде оның ойында оқуға деген қызығушылық әлі толық қалыптаспаған, тек оқу барысында мұғалімнің ықпалымен қызығушылғы біртіндеп қалыптасады деген. Белгілі ғалым Л.С. Выготский былай деп жазған: «Қызығушылық-бала қылығын итермелеуші күш. Баланың іс-әрекеті оның органикалық қажеттілігімен сәйкестілігін көрсететін инстинктивті ұмтылыс. Тұлғаны қандай да бір іс-әрекетке шақырғыңыз келсе, ең алдымен оның қызығушылығын тудыру қажет. Оның сол іс-әрекетке дайын екеніне және оны орындауға барлық күшін бағыттайтынына көз жеткізуге керек. Сонда ғана тұлғаның іс-әрекетті өз бетінше істей алады, ал мұғалім тек қана оның іс- әрекетін басқарып және бағдарлап отырады». Мұғалімге психологиялық білім өзіне-өзі белгілі талап қоя білу үшін де және оқушыларға білу, білім беру және тәрбиелеу үшін де қажетті өзіндегі жеке адамдық қасиеттерді дамытуға да керек. Ал оқушының оқуға қызығушылығын тудыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен қабілетіне байланысты болады. Бұл негіз ең біріншіден педагогтың жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылады. Бала білімінің бастапқы іргетасы бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. Бастауыш сыныпта сабақтың бір элементтерін түсінбеуі оқуда қиындық тудырады, ал оқу бағдарламасы сыныптан сыныпқа ауысқан сайын күрделене береді, бұл баланың оқу үлгерімі нашарлап, сабақтан қашу, сабаққа келмеу және т.б. әрекеттері арқылы көріне бастайды. Мінез – құлық ауытқуының көрінуіне түрткі болатын білім беруімен байланысты әр түрлі факторлардың келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады: - Ассоциальды мінез - құлық психобиологиялық деңгей негізінде әсер етуші индивидуалды әлеуметтік жағдайының бейімделуін қиындатады; - Жанұялық және мектептегі тәрбиенің кемшілігінің әсерінен көрінетік психологиялық – педагогикалық фактор; - Оқу–тәрбие ұжымында, көшеде, жеткіншектің жанұясының адамдарымен біріккен іс - әрекетіндегі ағымсыз ерекшеліктерін ашушы әлеуметтік психологиялық фактор; - Идивидтің белсенді қарым–қатынас оратуға өзі таңдаған қоғам ортасы, нормаларға және өзін қоршаған құндылықтарға, педагогикалық әсері мол жанұя, мектеп, қоғам. Сондай–ақ өзінің мінез–құлқын өзі реттеуші қабілетінің тұлғалық бағасының бағытын көрсетуші жеке тұлға факторы; - Әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік шарттардың қоғамдағы алатын орның анықтаушы әлеуметтік фактор. Белгілі ғалымдар Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович зерттеулерінде мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас, баланың ата-анасына және құрбыларына қарым-қатынасын анықтап, эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен. Жалпы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бала мінез-құлқының қиындығы 6- 8 сыныптарда әсіресе ұл балаларда басымырақ байқалады деген. Мінез-құлқында қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады: 1. Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар; 2. Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар. Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С. Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды. Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В.Г. Баженов, А. Жұмабаев, К.А. Жүкенова, А.М. Карабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов, В.П. Шевченко, Л.В. Лысенко, Л.К. Керимов және т.б еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциальды мінез- құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті. Жүргізілген зерттеулер бойынша жасөсіпірдерде девиантты мінез- құлықпен (әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз істерді жасау, есірткіні қолдану, ішімдік, басқыншылық мінез-құлқы, суицидті мінез-құлық) және басқа психикалық күйзелістермен байланысты. Бұл байланыс немен түсіндіріледі. Ғылыми әдебиеттерде осыған байланысты 4 басты гипотеза бар: 1. Девиантты мінез-құлық өзін-өзі сыйлаудың төмендеуіне септігін тигізеді. Себебі, соған қатысты индивид еріксіз өзінің әрекеттеріне қарсы қоғамның ойларын бөледі, сонымен қоса өзін де. 2. Өзін құрметтеудің төмен болуы қалыпты емес мінез-құлықтардың өсуіне әсер етеді: әлеуметтік ұйымдарды шетке ысырып, әлеуметтік емес ұйымдардың әрекеттеріне қатысу арқылы жасөспірім өзінің психологиялық деңгейін құрдастары арасында жоғарлатқысы, мектепте немесе үйде болмаған өзіндік қабылдау әдістерін тапқысы келеді. 3. Кейбір топтар бойынша, әсіресе, төменгі бастамалы өзін құрметтеу девиантты мінез-құлықтың жоғарлануына, өзін сыйлау деңгейінің өсуіне әсе етеді. 4. Деликвенттіліктен басқа да мінез-құлықтар, жас келген сайын өзгеретін әсерін береді. Статистикалық зерттеулерге қарағанда жасы толмаған құқық бұзушылардың 44-пайызы сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер. Ғалым А.Е.Личко отбасының сәтті дәрежесін талдай келіп, жиі кездесетін төрт жағдайды бөліп көрсетеді: 1. Отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека) баланың ішкі өмірінің көріністерінен (оның ойлануына, сезіміне, мінез-құлқына) отбасындағы қаталдыққа дейін әр түрлі дәрежеде қатысу тілегінің болуы; 2. Немқұрайлық (гипоопека), балалардың жиі, шамадан тыс бақылаусыз қалуы. Ресейлік ғалым Я. Гилинский девиацияның шығу көзі деп-қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті атайды. Девиация сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, мәдени және т.б. факторларға байланысты келеді. Бұл проблема, әсіресе, өтпелі кезеңдерде күшейе түседі, себебі, бұл кезде қоғам өмірінің барлық салалары түбегейлі өзгерістерге түсіп, бұрынғы мінез-құлық ережелері қайта қаралады. Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін анықтаған кезде олардың сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды байқаймыз, яғни, объективтік және субъективтік факторлар. Объективті себептерге тұрмыстық жағдайлардағы қайшылықтар және қылмыстық мінез-құлық жатады. Объективті немесе сыртқы себептер жас адамның девианттық мінез-құлықының қалыптасуына әсер етеді. Төмендегі сандар жиынтығынан девианттық іс-әрекеттердің бір қырынан динамикасын көруге болады: 3. Бейнесіне жасалуы, барлық уақытта баланың ниетіне ықылас білдіру және оның қарапайым жетістігін шамадан тыс марапаттау; 4. Отбасында «күң қызының» пайда болуы-бұл ата-ананың өзіне көп көңіл бөліп, ал балаларына аз көңіл бөлуі. Деликвенттік жасөспірімнің психологиялық құқықтық нысанасында қызуқандылық міндетті түрде болады. Зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар қызуқандылықтың дамуына алып келетін мына жағдайларды көрсетуге болады: • -жиі болатын ата-аналар арасындағы ұрыс-жан-жалдар; • -ата-аналардың бірін-бірі және балаларын сыйламауы; • -балаларға қарау мен бақылаудың болмауы; • -жасөспірімдердің пікірін елемеу; • -ата-аналардың тиісті жылаулықты бере алмауы; • -балалардың ар- намысына тию; • -тәрбие жүйесінің сапасыздығы. Қорыта келгенде, болашағыңды болжау үшін ұрпағыңның денсаулығы мен тәрбиесіне көңіл бөлу керек екендігін естен шырмай, әрбір отбасы бала дүниеге келгеннен кейін емес, баланы дүниеге әкеле алдында тәрбиеге мән берсе дұрыс болар еді. Девианты мінез құлық-қоғамда ресми дәстүрлі қалыптасқан заңға және нормаларға сәйкеспейтін мінез-құлық. Девианттық мінез-құлық ішкілікке салыну, қараусыз қалу, нашақорлық, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар және басқада формаларда көрінеді. № 3 Дәріс Тақырыбы: Қиын немесе дағдарыс кезеңдердегі психофизиологиялық даму 1. Психофизиолгиялық даму туралы түсінік, дамудың базалық анықтамалары. 2. Психология ғылымындағы «жетілу» мен «өсу» ұғымдары. 3. Дамудың негізгі формалары: филогенез және онтогенез. Қоғамның моральдық нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез- құлықты әдетте әлеуметтік жат деген терминмен белгілеу қабылданған. «Қиын» деген сөз қалыптасып дамуы мен әлеуметтену барысында ауытқулары бар балаларды осылайша атау дағдыға айналған. Осы жерде «мұндай балаларға қандай оқушыларды жатқызуға болады» деген сұрақ туындауы ғажап емес. Мектеп тәжірибесінде анықталғандай, мұндай оқушыларға мынандай жеке қасиеті бар балалар жатады: білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбылармен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, кей жағдайларда психикалық дамуы, сөйлеу қабілеті кейін қалған ашуланшақ балалар. Осы аталғандардың ішінде жүйке ауруына шалдыққан балалардың тәрбиесі өте күрделі деуге болады. Бүгінгі ғалымдардың пікірінше жүйке аурулары отбасындағы және басқа да жағдайлардың салдарынан болуы әбден мүмкін. Айталық отбасындағы әке мен шешенің жанжалдасуының өзі баланың жүйкесін жұқартып, тез ашуланғыш болуына үлкен септігін тигізеді. Осындай оқыс жағдайлардың алдын алу үшін ата-анамен ұстаздар қауымы оқушуны жіті бақылап, оның тәрбиесіне, іс-әрекетіне, мінез-құлқына ерекше мән беруі міндетті. Ал отбасында, мектепте тәрбиеден шет қалған қиын балалардың мінез- құлқындағы қиыншылықты жеңу де оңайға соқтырмасы анық. Дағдарыс адам дамуындағы бір кезеңнен екінші кезеңге өту кезіндегі қиыншылықтар жиынтығы, сапалық және сандық өзгерістер. Нәрестелік кезеңнің жаңа құрылымына-жармасу, жүру және алғашқы сөз, тілдің пайда болуы жатады. Жармасу – бес айда пайда болатын алғашқы ұйымдасқан әрекет. Ол ересек адамның баламен бірлескен әрекеті нәтижесінде пайда болады. Нәрестенің қолы жұдырық түрінде түйіліп тұрады. Сондықтан, бала алақанын аша алатын болса жармасу пайда болады. Бұл балада болашақта заттар иен манипуляция жасауға көмегін тигізеді. Жармасудың нәтижесінде балада кеңістікті қабылдау дамиды. Затқа тартылу және оны алу үшін ұмтылу балада отыру үрдісін туғызады. Тоғыз айда бала тік тұрып жүре бастайды. Д.Б.Эльконин тік жүру барысындағы негізгі ісі біріншіден баланың кеңістігің кеңеюі, екіншіден бала өзін ересек адамнан бөле бастайды. Енді анасы баласын жетелемейді, бала анасын жетелейді, яғни бұрынғы даму жағдаятының өзгеріске ұшырауы жүзеге асады. Тілдің пайда болуы-осы кезеңнің жаңа құрылымы болып табылады. Сөз жағдаятты автономды, эмоционалды реңмен көмкерілген тек өзінің жақындары ғана түсінетін сөздер тізбегінен тұрады. Анотомиялық – физиологиялық дамудағы үш жасарлар дағдарысы. Үш жасарлар дағдарысының жеті белгісін атап көрсетуге болады: 1) негативизм – ересек адамның талап тілегіне қарсы әрекеттер жасау. 2) қыңырлық бала айтқанынан қайтпайды, себебі ол оның алғашқы шешеіміне байланысты жағдай. 3) ерікті әрекеттер – бәрін өзі жасауға тырысу. 4) қарсылық, бүлікшілік бала қоршаған ортамен соғыс, жанжал жағдайында болады. 5) құнсыздану белгісі бала ата-анасын мазақтап, ұрсысып дөрекілік көрсетеді. 6) деспотизм- бала ата-анасына өзінің қажеттіліктерін орындатқызады. 7) қырсықтық үш жасқа дейін қалыптасқан жалпы тәрбие нормасына, өмір сүру образына қарсылық. Дағдарыс әлеуметтік қарым-қатынас ретінде ересек адамнан бөлектену және өзіндік сананың қалыптасуымен байланысты өтеді. Өзіндік «мен»-інің бекітуімен қажеттілігін өтеуге деген сезім туындайды. Баланың «алғым келеді», «орындағым келмейді», «мен» деген сөз тіркестері шынайы мазмұнға ие болады. «Мен өзім» деген сананың ерекше формасы қалыптасады. Үш жастағы балаға өзінің жеткен жетістігі және өзін мойындау мәнді бола бастайды. Бала ересек адамның қамқорлығынан бас тартып, іс-әрекеттерді өзі орындауға тырысады. Үш жаста балада тәртіп проблемасы болмаса онда есейген кезде балада еріксіздік, жігерсіздік байқалады.Балада ересек адамға деген жаңа көзқарас пайда болады, ересек адамның өміріне араласады.Үш жасар дағдарысын баланың әрекеттерді ойынға айналдыруға байланысты шешіледі. Алты жасарлар дағдарысы. Бұл дағдарыс баланың мектепке дайын болмауымен байланысты. Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы оның жаңа жағдайға әлеуметтік- психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Баланың барлығы өмірлік әрекеттің жаңа жағдайына табысты түрде бірдей бейімделмейді. Мысалы, бірінші сынып оқушысының мектепке деген қарым- қатынасының жағымды және жағымсыз қалыптасуы, сабақтарға қызығушылығы, бас кезіндегі жүйелі көмектер, сабаққа дайындалуы,үй тапсырмасын орындай алуы және орындацй алмауы. Баланы мектепке бейімдеуде әсер ететін жағымсыз факторлар- жанұя жағдайында тәрбие үрдісінің дұрыс жолда болмауы, үлкендермен қарым-қатынасы қанағаттанарлықсыз, ата-анасының білім деңгейінің төмен болуы, құрбы- құрдастарының арасында өзін теңдей сезінбеу, жартылай отбасынан шығуы, отбасында үнемі кикілжіңдердің орын алуы. Балалар берілген нұсқауды түсінбейді, қажет болған жағдайда өздерінің іс-әрекетін бағдарлай алмайды, көптеген балаларда бұл мидың бөліктерінің толығымен пісіп-жетілмеуінің нәтижесінде. Көптеген балаларда қолдарының әлсіз, ұсақ моторикасының жетілмеуі байқалады. Жасөспірімдердің психикалық даму дағдарысын Л.С.Выготский пісіп жетілудің үш бағытына байланысты анықтауды ұсынады: органикалық, жыныстық және әлеуметтік. Жасөспірім дағдарысын былай қарастыруға болады: 1 кезең-сын алды фазасы. Бұл кезеңде балада жасөспірімдік есеюдің тәртіп формасы жоқ, есеюді идеалды (қиял) түрде елестетуден тұрады. 2 кезең-сын фазасы. Кикілжің баланың сыртқы әрекеттерге қарама-қайшылығы және қоршаған ортаға реакциясы. Рефлексия-жағдаятқа байланысты нақты әрекеттерге қатынастың тууы. 3 кезең-сыннан кейінгі фаза- дағдарыстың аяқталуы жаңа іс-әрекеттің пайда болуы. Кемелдену дағдарысы. 30-жастағы дағдарыстың ең алғашқы зерттеушісі Д.Левинсон, толық даму және бейімделу «басталу периодына байланысты» деген. Бұл кез жастық шақтың дау-жанжалын шешу уақыты, ересектер дүниеде өз орынын табу, өз міндетін сезіну, тұрақтануды сезіну уақыты. Адам 30-жастағы дағдарыста, өзінің өткен 10 жылдық өмірін қарастырып, тұрақтануды жаңа қажеттіліктерді қарастырады, ойланады, «бірдеңе қабылдау » керек деген сезімдер болады. 40-жас дағдарысы- «өмір ортасының дағдарысы» Бұл кезеңді Б.Ливехуд өзінің еңбектерінде қарастырады. 30 жастың екінші жартысынан басталады. Көптеген адамдар үшін 30 жастың бірінші жартысында болған өмірге көзқарасымен өз- өзіне сенімділігі сол қалпы қалады, кейбір адамдар бұл жаста еш нәрсені, жаңаны күтпейді, зейнеткерлікті тосады. Көп уақыт балаларымен, оның достарымен болып, шулы жерлерде көп болғандықтан оған барлығы жақсы көрінеді. Қарттық кезең дағдарысы. Бұл дағдарыс кемелдену мен қарттық кезеңдер арасында байқалады, яғни екінші кемелдену кезеңінен қарттық кезеңге көшумен байланысты. Қарттық кезеңде ішкі әрекет маңызды роль алады. Қарттық кезең- өмір сүруді аяқтау кезеңі болып табылады. Қарт адам өз өмірінің мәнін ойлайды. Қарттық кезеңдегі дағдарыс әлеуметтік өмірдегі белсенділіктен бас тарту дағдарысы болып табылады. Мұның бастысы жаңаны қабылдау емес, керісінше өз бойында ескіні сақтау болып саналады. Дағдарыс нақты объективті өзгерістермен байланысты: қарт адамдар жұмыс істемей- зейнеткерлікке шығады, басшы болудан, ұжым мүшесі болудан бас тартады, өз ата-аналарын жерлеп, өздері ата-ана болмайды, балалары өсіп өздері жеке жанұя құрайды, жыныстық өмірі, денсаулығы өзгереді, серуендеуді қойып, өлімнің жақындығына келісіп, тосады. № 4 Дәріс Тақырыбы: Мінез-құлық ауытқуларының себептері 1. Мінез және мінез бітістері 2. Аномия жайлы түсінік 3. Мінез-құлық ауытқуларын тудыратын себептер Мінез бұл тек өкілінің өмірлік жоспарымен шарттасқан тұрақты да жалпыланған әрекет қылықтарының жүйесі. Мінез тек өкілі психикасы ерекшеліктерінің бекіген бағдарлы әрекеттік болмысы. Мінезді әрбір адамның әлеуметтік ортақ және даралықты жеке өзіне тән сапа қасиеттері бекиді, оның әлеуметтенуі мен тәрбиесінен қалаған сапалар көрініс береді. Бір мінез бітістері жетекшелік деңгейде көрініп, тұлғаның мінездік кейпін танытады. Ал өзгелері екінші дәрежелі болуы мүмкін. Мінездегі мәнді сапа бұл психикалық бітістердің өзара сәйкес келуі, яғни тұтастығы, тұрақтылығы, тепе теңдігі. Мінездің еріктік бітістері әрекет қылықты саналы реттеу үшін қажет тұлғалық, тұрақты дараланған типологиялық ерекшеліктері. Мінездің негізгі сапалары: табандылығы жігерлілігі, ұстанымдылығы мен байсалдылығы тұлғаның еріктік болысына байланысты келеді. Мінез табандылығы әрқилы жағдайлардағы бағыт бағдар және көзқарастар тұрақтылығы, сөз бен әрекет қылық үйлесімділігі. Мінез күш қуат адамның қайраттылығы, ұзақты төзімділікпен күрделі жағдайлардағы кедергілерді жеңе білу қабілеті. Адамның қайраттылығы, ұзақты төзімділікпен күрделі жағдайлардағы кедергілерді жеңе білу қабілеті. Мінез беріктігі мінез күші мен тұлғалық принциптілік бірлігі. Мінез байсалдылығы әрекет қылықтық бір қалыптылығы мен ұстанымдылығы, тұлғаның көңіл күй еріктік тұрақтылығы. Мінездің көңіл күйге орай ерекшеліктері тек өкілі психикалық қасиеттерінің аса көрнекі, тікелей қабылданатын белгілері. Өз мінезінің көңіл күйлі ерекшеліктеріне байланысты бірнеше тұлға типтері ажыратылады: шұғыл жауапты, қызбалы, терең ойлы, жайсаң, бір беткей, талғамыды және т.б. Мінездің зерделік, ой өріс (интеллектуалды) бітістері ақыл қызметіне байланысты жеке адамның тұрақты типологиялық ерекшеліктері. Тұлғаның ақыл ес, ой өріс болмысын танытушы сапалар арасында аса маңыздылары келесідей: ақыл өнімділігі, берегейлігі, жалпыланған ойлау әдістерін меңгеруі, тұлғаның бекімді ақыл ес бағдары (әуесқойлығы), парасаттылығы және ойлампаздығы. Мінез сан алуан бітістерге ие, дегенмен, әрекет қылықты реттеу қажеттілігі туғанда олар арасыннан нақты мезетте керек болатыны алғы шепке шығады. Бұл орайда, әсіресе, адам психикасының еріктік тарапы маңызды келеді. Себебі, өмірдің әрқандай күрделі жағдайларында адамның өзін өзі билей алу қабілеті оның саналы ерік күшіне, бұл сапамен бірге жүретін тұрақтылық пен табандылық қасиеттеріне байланысты келеді. Ал тұлғаның құндылықтық сапалары оның инабаттылық және танымдық (когнитивтік) бағыт бағдарымен айқындалады. Мінез бітістерінің асқынуы мінездің қалыптан тыс жағдайлары, жалпылай мінез тұрақтылығына ие болумен бірге кейбір әсер ықпалдарды көтере алмауы (әзілге шыдамсыздық, сын көтермеу және т.б.). Адамның мінезінің типологиялық ерекшелігі бірнеше ортақ белгілерден көрінеді. 1. Адамның мінезі өте ерте-онтогенезде қалыптасады да, өмір сүру барысында тұрақты түрде көрінеді. 2. Адамның жеке бас ерекшелігінің мінезге енген қосындысы жоқтан пайда болмайды. 3. Көптеген адамдар өздерінің мінез ерекшелігіне байланысты бірнеше типтік топтарға бөлінуі мүмкін. Қоғамдағы жасөспірімдердің қазіргі таңдағы мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтар немесе дағдарыстар білім беру мен тәрбиеге және үлкендермен, жора жолдастарымен қарым-қатынас жасау барысында аса көзге түсіп, маңызды проблема. Осы орайда жасөспірімнің психологиялық проблемаларын зерттеу әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарыспен бірегей көтеріліп өзекті мәселелердің біріне айналды. Аномия түсінігін Э.Дюркгейм енгізген. Аномия деп ол қоғам жүйесіндегі нормалардың әлсіреп, бұзылуынан пайда болған өзгеріс, яғни әлеуметтік дезорганизация деп түсіндірді. Өткен ғасырдағы көрінбейтін үлкен апат бұл «антибатыр» синдромы, яғни батыр тұлғаларымыз жойылып, қоғам нағыз потриот роліндегі модельдің болмауына алып келеді. Антибатыр көптеген жастар үшін рольдік модельдерге айналды. Барлық басылымдар мен фильмдерден көрінетін негізгі қозғаушы күш – ақшаға деген махаббат барлық зұлымдықтың бастамасы болып табылады. Негізінен аномия индивидтің барлық тұжырымдарына өзгерістер алып келіп, оның моралды қалыпты ұстанымдарын түпкілікті өзгертетін жеке тұлғалық дағдарыстан да пайда болуы мүмкін. Өзінің өмір жолында адам түрлі дағдарыстар мен мәселелерге кездеседі. Осы мәселелер мен дағдарыстардың себептері мен табиғаты әртүрлі. Олардың кейбіреуі өмірлік айналымдағы тұлға дамуының байланысты және де олар әрбір адамның өмірінде болатын күнделікті, табиғи жағдайлар, сонымен қатар олар өмірдің бір кезеңін екіншісінен айырып тұрады. Кез – келген «табиғи» жағдай (отбасын құру, баланың дүниеге келуі, мектепке баруы, біреудің ауырып не өлуі, т.б.) және оның нәтижесіндегі қандай да бір мәселелі ситуация , дағдарыс туғызып, тұлғадан дұрыс шешім қабылдап, осыған орай қажетті күш жинауды талап етеді. Оларды «қалыпты стресс» деп атайды. «Қиын»» деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың кең ортасын білдіреді. Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балаларда жатады. Мұндай ауытқудың іс жүзіндегі себебін анықтау оларға қатаң талап қоя және іс - әрекеттің ұжымдық формасына енгізе отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар аудару-еркелік, қыңырлық, тілазарлық ты болдырмау мен оны жеңудің негізгі жолы. Мінез – құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыратын көрінеді. Мінез–құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік–психологиялық дезаптацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез–құлық бұзылуының клиникалық және криминологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады. Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда ерекшеліктерінде талқыланды. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама. Бастауыш мектеп кезеңі баланың жеке басының ары қарай қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болады, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады. Баланың жеке қасиеттерінің, психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата – аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік – жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай – осы жөнінен алып қарауға болады. Мінезі қиын балаларды мектеп мотивациясы төменгі деңгеймен сипатталады. Мінез – құлқы төмен балалармен жұмыс істеу барасцында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек. Өзін-өзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптасады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдары береді. Өзіне деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналадағы адамдар балаға үнемі дұрыс қарым – қатынас жасаса, онда ол өзін осы сыйластыққа лайық екенмін деп санайды, ал егер керісінше, оның жасаған істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрсып, жаратпай жатса, оған өзіме лайық емеспін дегеннен басқа ештеңе қалмайды. Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады. Міне, тәртіп бұзу содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі - сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушы қатар құрбыларынан сабақта артта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді, бұл мінез көбіне мен – менсінген, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ, осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдеттен деп, барлық себептен содан іздестіруге болмайды. Өйткені, тәртіп бұзу тек өзіне ғана байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық ата- ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әртүрлі болып келуіне байланысты. Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сенімділіг туады. Мұндай «мен» бейнесі кез – келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді. Тәрбиесі қиын балалардың тудыратын себептердің бірі үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата – аналардың жауапкершілік сезімінң жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады. Екінші себеп – бұл үйелмендегі сәтсіздік, маскүнемділік, ұрыс – төбелес, ұрлық, ата – аналардың және басқа үйелемен мүшелерінің жеңілтек мінез – құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу. Үйелмен тәрбиесінде ата – аналардың мінез – құлқы шешуші фактор. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез – құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын. А.С.Макаренко. Оның сөзін жалғастыра келіп, ... егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз.... ал онда сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан (невроз), жиі қояншық ұстамадан (эпслепция) азап шегеді, олардың ақыл ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата – ана ішкілікке, азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мен әсер етуі керек. Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір үйелмен баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Тату үйелменде ата – аналар балалардың күнделікті өмірімен, іс - әрекетіне басшылық жасайды. Балалардың өздерінің қуанышын, қайғыларын, ойларын, уайымдарын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа фильмдер мен кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды. Үйелмен бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік т.б. тәртіп пен мінез – құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Үйелменде қоғамның келешек азаматы өседі. Басқаша айтқанда, білімнен құлықтың сенімге, сеніммен әрекет етуге ұзақ, күрделі жолдан өтеді. Демек, үйелмен жеке адамның тәртібі және мінез – құлық негізін қалайтын микро – ұжым. Төртінші себеп сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиесі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс - әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіме, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата – наларын мектепке шақыру. Мұндай жалпы және қарапйым жұмыстар бойынша тәрбиесі қиын балаларды жан – жақты білу мүмкін емес. В.Г.Степанов, В.А.Крутецкий мінез – құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, оқушыларды екі қатарға бөледі. Бірінші қатарға адамшершілік дамуында және мінез – құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар – тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілікті мынадай – қалыптасқан тәртіпті емес белгілері бөлініп қарастырылады, өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киіміндегі тазалық және жинақтылық сияқты және т.б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез – құлықты осыған қарама – қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылқтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т.б. байқалады. Екінші қатарға жеке акцентуациясына және мінез – құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады. Мінез акцентуациясы – бұл жеке бітімдегі аса күшейтілген мөлшердің ең ақырғы түрі. Сондықтан психогендік ықпалдарға жататын белгілі қатардың кейбір осалдығы білінеді. Олар психогендік бұзылудың дамуы үшін сендірілген факторлардың психопатиялық даму, реактивті ұжымданып, ауру (психоз), мінез – құлықтың потолгиялық бұзылуына себепші болған жағдайлар және т.б. салдары болып табылады. Жеткішек жастағы балаларға жүргізілген жеке құрылымдағы зерттеулер бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың жеке ерекшеліктерін талдауы үшін негізгі қызмет атқарады. Үйлесімдік типтегі балалар барлық жеке қасиеттері қалыптасқандығымен сипататалады, олардың қиналыс және қауіп - қатерлік сияқты психологиялық факторлары іс – жүзіне қалыс қалады. Олардың интеллектің жоғары деңгейіне ие болады, көпшіл, өзіне сенімді, орындалатын жұмысқа адал ниетпен кіріседі, өзінің мінез – құлықына ойдағыдай баға береді. Әлеуметтік – болжалды типіне жататын балалар үйлесімді тип сияқты жекеліктің тұрақты құрылысына ие болады, бірақ оларда жағдайда байланысты өте күшті тәуелділік, өзін қоршаған ортамен сәйкестіндіруге тырысушылық, дұрыс мінез – құлық мөлшерін сақтап, іс - әрекет жасауға деген қажеттіліктері өзгешелендіреді. Үстемді типіндегі балалардың айрықша ерекшелігі болып дербестік, тәуелсіздік, өзін - өзі сендіруге деген тырысушылық, табылады. Олар өздеріне өте сенімді тәуекел жасауға бейім тұрады және әлеуметтік батылдыққа ие болады. Қауіп – қатерлі типтегі балаларға жоғары эмоционалдық тұрақсыздық тым мазасыздану, қауіп – қатерлік төменгі стрестік, тұрақтылық тән. Әсерленгі типтегі балалар жасқаншақ және ұялшақтық тән. Бұл типтегі балалар үшін өрескелдік, жылылықтың болмауы, басқалардың күлуі, психо – травмды жағдай болып табылады. Интровертивті типтегі оқушылардың тұйық, жанасымы кем балалар. Олар үшін біреулермен байланысқа түсу қиындық тудырады. Инфантивті типтегі балалардан эмоционалды – еріктік сфералары жетілмегендіктен, өзіндік шешім қабылдаудағы сезім дәрменсіздігі, қорғансыздығы көрінеді. Бала көп жағдайда өзін дұрыс ұстамайды, ол оның тәрбиесіздігінен, қажетті позитивті білімнің, дағдысының, ақылының қалыс қалуынан, қараусыз қалу, қоршаған ортаның теріс ақпалынан, соның нәтижесінде әлеуметті – психологиялық дезаптациясының дамуынан т.б. көрінеді. Балаға деген мұғалімнің және ата – аналардың немқұрайлығының өршуі, құрбы – құрдастарымен өзара қарым – қатынастарының дұрыс болмауынан т.б. жатады. № 5 Дәріс Тақырыбы: Жасөспірімдердің психикалық дамуындағы ауытқулардың сипаты 1. Дизонтогенездік даму ерекшеліктері 2. Дизонтогенездің түрлері 3. Асоциалды мінез-құлық көріністері «Дизонтогенез» термині онтогенезді бұзылудың әртүрлі формаларын білдіреді, дамудың түрлері (филогенез) тұлға дамуымен ерекшеленеді. Бала дамуының проблемасы психикалық және дене кемістігінен тұрады, яғни бұл жалпы дамудағы ауытқушылыққа әкеледі. Ауытқудың сипаттарына қарамастан, оның бір көрінісі тұтас кемістікте көоінеді, кейбіреулері түзетіледі, ал басқалары жинақталады. Ерте психологиялық-педагогикалық сәйкестік алғашқы кемістікке кері әсер етеді. Дамуында ауытқушылығы бар балалар реабилитациясы және психологиялық- педагогикалық коррекциясы бала дамуындағы қалыпты бұзылудың сипаты анықталғанда ғана тиімді. Қазіргі кезде арнайы психологияда және педагогикалық коррекцияда дамудағы ауытқушылықтың әртүрлі классификациясы бар (В.В.Лебединский, В.А.Лапшин және Б.П.Пузанов; О.Н.Усанова). В.В.Лебединский психикалық дизонтогенез проблемасын зерттеген. Нақты психологияның параметрлерінен дизонтогенез сипатталады: - функционалды локолизациялық бұзылудың ерекшеліктері. Бұзылудан екі негізгі ауытқушылық пайда болады-жеке(дамымай қалу немесе бөлек анализаторлық жүйенің бұзылуы) және жалпы(түзілуші сырқы жүйенің бұзылуы); - неғұрлым көрініс көп болса, соғұрлым психикалық дамымай қалу көп көрінеді; - алғашқы және қайталанған ауытқушылықтардың қатынасы. Алғашқы бұзылу ауытқушылықтың биологиялық сипатынан тұрады(есу кемістігі, көру кемістігі және анализаторлардың бұзылуы, мидың органикалық бұзылуы).Қайталанған бұзылу аномальды даму процесінде көрінеді. - ішкі функциялық қатынас. Оған изаляциялық механизмдер, патологиялық фиксациялар, уақытша және қалыпты регрессиялар жатады. [1, 45] Дизонтогенездің әртүрлі түрлерінде аталынған психологиялық параметрлер әрқалай кездеді. В.В.Лебединский дизонтогенездің келесідей түрлерін көрсеткен: 1. Жалпы қалыпты дамымай қалудың типтерінің дизонтогенезі. Бұл нұсқаға ерте көрініс жатады. Қалыпты дамымай қалудың мысалы – олигофрения. 2. Тежелген даму. Таным процестерінің баяу темпте қалыптасуы.Тежелген дамудың түрлері: конституциялық, соматогендік, психогендік, церебралдық. . 3. Дамудың бұзылуы. Бұзылған дамудың этиологиясына тұқымдық аурулар, врутриутробтық, туғанға дейінгі және туғаннан кейінгі инфекциялар, орталық жүйке жүйесінің травма алуы және интоксикациясы, бірақ патологиялық көрінісі миға онтогенездің ке этапында әсер етеді( 2-3 жастан кейін). Дамудың бұзылуына- органикалық деменцмя жатады. 4. Дамудағы жетіспеушілік. Бұл түр жеке анализаторлардың жүйесіндегі күрделі бұзылумен байланысты.( көру, есту, сөйлеу, тірек- қимыл аппараттары). 5. Жалпы дамымай қалудың күрделілігі бақыланады, тежелген, бұзылған дамулардың жеке психикалық функциялары қаралады. Бұған ерте балаық аутизм жатады. Аутизм қарым-қатынастың мүлдем жойылуымен немесе төменділігімен сипатталады. 6. Дисгармондық даму. Бұған туа біткен немесе ерте қабылданған психикалық дамудың пропорционалдылығы жатады. Дисгармондық дамудың сипаты-психопатия және жеке тұлғаның патологиялық қалыптасуы. Ауытқушы мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты атаймыз. Белгілі әлеуметтанушы И.Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады.Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез-келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық). Девианттық мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншісі – бұл оның немесе жасырын психопатологияның барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншісі – бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе, құқықтық қалыптарды бұзатын асоциалды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық, ол салмақты әрі жазаланса қылмыс деп аталады. Бұл жерде деликвенттік және қылмыстық іс-әрекеттер туралы айтылып отыр. С.Беличева девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік ауытқуын былайша жіктеледі. 1. Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние- мүліктік пайда табуға ұмтылуымен байланысты (ұрлау, тонау, алып-сату, алаяқтық және т.б.) жасалған теріс әрекеттері. 2. Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (балағаттау, бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау). 3. Әлеуметтік-енжар тип: белсенді өмір сүруден, азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, таксикомания, өзіне-өзі қол жұмсау) Осылайша ерекшеленетін асоциалды мінез-құлық әр түрлі әлеуметтік ауытқушылықтардан көрінуі мүмкін: адами қалыптарының бұзылуынан бастап құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға дейін. Асоциалдық көріністер сыртқы мінез-құлық жағынан ғана емес, мінез-құлықты іштей реттеудің: әлеуметтік, адамгершілік бағдарлардың және өзін-өзі бағалай алудың деформациясынан да байқалады. Балалардың және жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық деп өзіне назар аудартатын және тәрбиешілердің сақтығын тудыратын ерекшеліктері мен оның көріністерін айтамыз. Бұл мінез ерекшеліктері жалпы қабылданған қалыптардан, талаптардан ауытқуды ғана білдірмейді, сондай-ақ болашақта жасалатын қателіктердің, адамгершілік, әлеуметтік, құқықтық нормалардың, заң талаптарының бұзылуының бастауының негізін қалайды, осы мінез-құлық субъектісіне, оның тұлғасының дамуына, оны қоршаған адамдарға, жалпы қоғамға әлеуметтік қауіп төңдіреді. Демек, баланың, жеткіншектердің мінез- құлқына қандай да бір бағыт, мазмұн, мән берсек, біз онымен баланың адами және басқа да қасиеттері мен сапаларының негізінде жатқан үрдістер мен тетіктердің дамуына еркін әрі мақсатқа бағытталған ықпал етеміз. Керісінше осы сияқты және басқа да әрекеттер мен мінез-құлықтарға кедергі жасау арқылы біз баланың жеткіншек тұлғасының тиімті қасиеттері мен сапаларының дамуына бөгет жасап кідіртеміз (И.Невский). Осылайша балалар мен жеткіншектердің ауытқыған мінез-құлқы, бір жағынан тұлғаның тиісті ерекшеліктерінің туындауы мен дамуынан сигнал беретін белгі ретінде қарастырылса, екінші жағынан, жетекші ретінде, оны қалыптастырудың немесе оның қалыптасуына ықпал ететін құрал ретінде көрініс табады. Мінез-құлықты тұлғаның өсу немесе басқа да ахуалының, оның даму тенденциясының куәгері ретінде феномен деп қарастыра отырып, мінез-құлықтың сырттай ұқсас ерекшеліктері индивид психикасында өтіп жатқан әр түрлі үрдістерден хабар беруі мүмкін екенін естен шығармауымыз қажет. Сол себепті де оқушының қандай да бір мінез-құлқының ерекшелігін ауытқушылық деп жіктемес бұрын психолог оның ахуалын, тұрақтылығын, оның көріністерінің жиілігін, тұлғалық ерекшеліктерді, мінезді, оқушының жасын және т.б. ескеру қажет. Қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас сипаты және ол туралы бағалап пікір айту жүйелері енгізіледі. Күрделі зардаптарға алып келетін дөрекі педагогикалық қателік жіберіледі. Керісінше, мінез-құлықтың жағымпаздығын немесе ыңғайлылығын мұғалім жағымды деп бағалап, оны ынталандырад, ол ретінде тартылады. Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Оларды мынандай топтарға бөлуге болады. Итермелеуші негізделіп, қандай да бір тип түрінде дамитын мінез-құлықтағы ауытқушылықтың тұрақты нысандары. Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайлармен және шарттарымен негізделеді. Белсенді ыңғайланушылық немесе енжар ыңғайланушы мінез-құлық былай қалыптасады: деструктивті-агрессивтік, топтық іс-әрекеттердің және өзінің сол топтағы жеке мінез-құлқының төңкеріспен қайта құрылуға бағытталып өзгеруі; деструктивті-компенсаторлық, топтық іс-әрекеттердің және өзінің мінез-құлқының қайта құрылуы оның талаптарына қатты көнушілікпен қатар жүреді және бекітіледі. 1950 жылы американ әлеуметтанушысы А.Коэн деликвенттік үлкен мәдени теориясын ұсынды. Бұл теорияның негізгі деликвенттілік типтегі адамдардың үлкенмәдениет ерекшелігінде, олардың басқа жолмен жетістікке жетуі, “үлкен” қоғамға қарағанда қалыпты жолмен жетістікке жету, өзін-өзі сыйлау және басқа адам тарапынан сыйлауға ұрлық, агрессивтілік, вандолизм жатады. Ал үлкенмәдениетке агрессивті мінез-құлық, ұрлық жатады. Олар мафиялар, бандылар, қылмыстық топтардың өзара ішінде көрінеді. Адамның девианттық мінез-құлқының қалыптасу теориясы әртүрлі болады. Олардың ішінде: биологиялық-адамның сыртқы келбеті құқықбұзушылығыбейім екенін анықтайды (Ламброзо, Шелдок); психологиялық адамның психика ерекшелігі маңызды, яғнионың құқықбұзуға, жан-жолға дайын екенін анықтайды. (Фрейд), әлеуметтілік тәжірибенің негативті жақтарын жинау, қоғам талаптары мен тәрбиеге қарсы тұру. (Дюргейм, Мертон, Миллер және т.б.) әртүрлі теориялардың қорытындысы, биологиялық және психологиялық теорияның тұлғадағы ерекшелікті көрсетеді, яғни тәрбиедегі, дамудағы девианты болуы мүмкін. Ауытқушы мінез-құлық негізінде биопсихологиялық мінездеме, оның әлеуметтік тәрбиесінің процесі және нәтижесі, мінез-құлықтың негативті әлеуметтік тәжірибені меңгеруі жатыр: тұлғаға бағытталған кері жағы (қызығушылық, талап қою, мотив, мақсат, идеал), оларға сәйкес келетін негативті әдет (негативті бағытталған және қарсы әдет) тұрақты сезімдер, олар әлеуметке қарсы, аморальды мінез-құлықты, іс-қимылды және істеген істерін реттеп отырады. Адам девиантты болып бірте-бірте қалыптасады. Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуының негізгі шарттары мыналар: - әлеуметтік норма мен тұлғаның арасындағы қарама-қайшылықтың тууы; - балаға қарсы әлеуметтік талап қоюдың, келіспеушіліктің болуы; - заңға қарсы қимылдың болуы (ұсақ бұзақылық, өтірік айту, ұрлық жасау және т.б.) - заңға қарсы қимылдық пікір айту; - асоциалды мінез-құлық тәжірибесінің жинақталуы (зорлық, бұзақылық, зорлық-зомбылық); - асоциалды мінез-құлықты топқа қосылу; - заңды бұзу; - қылмыс жасау. Адамның девианттық мінез-құлқының қалыптасуына себепші болатын фактор тобы, жасөспірім кезіндегі ауытқушы мінез-құлыққа әкелетін мәселелер. - А) кризистік құбылыс, жасөспірім кезеңіндегі жыныстық даму кезеңіндегі қарқынды және тең емес организмнің дамуы; физикалық және психикалық сезінуі, эмоционалды тұрақсыздық; - Б) үлкендермен, ата-ана, мұғалімдермен өзара қатынас кезіндегі “жан- жолда” өзіне деген талаптың болуы. - В) қатынасты “бағыну моралі” позициясынан, “тең мораль” позициясын ауыстыру. - Г) үлкендер мінез-құлықты жоғары бағалау. - Д) құрдастарымен қарым-қатынас кезінде мінезінің өзгеруі, қарым-қатынасқа деген қажеттілік, өзін сендіруге тырысу, негативті қалыптасуының факторы ретінде; - Е) Негативті факторлар тұлға қалыптасуының ортасы. Отбасы, тұлғаның негативті қалыптасуының факторы ретінде: а) Отбасындағы адамгершілікке қарсы жағдай: ішімдікке салыну, ұрыс, төбелес, өзара қарым-қатынас кезіндегі қатыгездік, әділетсіздік. б) Отбасы құрамының мәселелері: толық емес отбасы, бір балалы отбасы, көп балалы отбасы, дистантты отбасы, бұнын бәрі баланың педагогикалық жетіспеушілігіне әкеп соғады. Тұлғаның қалыптасуы ата-анасының біреуінің шамадан тыс көңіл бөлуі және тәрбиелеу процесінің болуы. Бұл негативті факторлардың отбасына әсері, баланың үйіне, отбасына, ата-анасына деген қарсы қатынасын көрсетті. Олардың үйден кетуіне және көп уақытын үйде өткізбеуіне себепші болады. Бұл шартта “көше балалары” категориясы қалыптасады. Бұған қатысушылар: үйдегі агрессивті жағдай, балаға деген қатыгездік, оның бала тәрбиелеуді апасы мен атасына баланың қолдауынсыз беру, тәрбиенің жетіспеушілігі, баладағы дұрыс қызығушылықтар мен әуестіктердің болмауы. № 6 Дәріс Тақырыбы: Аутодеструктивті мінез-құлық 1. Аутодеструктивті мінез-құлықтың сипаттамасы 2. Аутодеструктивті мінез-құлық түрлері 3. Аутодеструктивті мінез-құлықтың профилактикасы Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық. Қазіргі таңда кең таралып кеткен күрделі де қауіпті феномен, төмендегідей түрлері кең тараған: 1. Аутоагрессивті мінез-құлық (суицидалды және парасуицидалды). Суицидтілік аутодеструктивті мінез-құлықтың ең қауіпті түрі болып саналады. А.Е. Личко демонстративті, аффективті және шын суицидалды мінез – құлық түрлерін бөліп көрсетті. Бұлардан басқа «ситуативті» суицид деп аталатын (кенеттен пайда болған дағдарысқа жауап ретінде төтеп бере алмай, өз-өзін өлтіру) түрі де болады. Сол себепті өмірдің дағдарыс кезеңдерінде жағдайдан шыға білуге үйрету мақсатындағы алдын-алу шараларын өткізудің маңызы зор. Парасуицидалды мінез-құлық – өз-өзіне көңілі толмау салдарынан, психологиялық соққы кезіндегі жан жарасын жеңілдету мақсатында өмірін қию мақсатынсыз өткір, ұшты заттармен денесіне дене жарақаттарын салу. 2. Тағам қабылдауға тәуелділік (булимия және анорексия) – адам мінезінің ерекшелігіне байланысты тағам қабылдау мінез-құлқының бұзылуы. 3. Аддиктивті мінез-құлық – химиялық (психоактивті заттарды шектен тыс қабылдау–алкоголизм, наркомания, токсикомания, шылым шегу) және химиясыз заттарға тәуелділік. А.В. Котляров (2006) химиясыз аддикцияға экзистенциалды тәуелділікті жатқызады (метафизикалық уланудан өмірдің мәнін іздеу, соның ішінде психотерапияға тәуелділік), сыртқы келбетіне тәуелділік, жалғыздыққа тәуелділік, өзіне ерекше мәні бар адамды бақылауға тәуелділік, баспасөз жаңалықтарына, жарнамаларға тәуелділік, бір нәрсеге ие болуға тәуелділік (хобби, үй жануарларына үйірлік, коллекциялау), шектеу сенімдеріне тәуелділік, сараңдық синдромы, алған түрлі жарақаттарына, ауруларына тәуелділік, графомания, «бас алмай» оқу. Якимова Т.В. (2009) химиясыз аддикцияны «танымдық аддикция» деп атаған дұрыс деп санайды. 4. Фанатикалық мінез-құлық ( деструктивті-религиоздық табыну, спорттың немесе музыканың қандай да бір түрімен шамадан тыс айналысу). Фанатикалық мінез-құлық түрінің ең қауіптісі деструктивті табыну. Егер спортпен айналысу немесе музыкаға қызығушылық таныту адамның ішкі қайшылықтарын көрсетіп отыратын индикатор болса, ал деструктивті табыну және религиялық секталар адамның жан және тән саулығына, ерік бостандығына қауіп төндіреді. 5. Аутистік мінез-құлық – шынайы өмірге бейімделе алмаудан, қиял әлеміне кетуден (эскапизм), адамдармен араласудан бас тартып, жалғыздықты таңдаудан көрінетін мінез-құлық. Аутистік мінез-құлықты аутизмнен ажырата білу керек. Аутизм – әлеуметтік өзара қарым-қатынасты қабылдаудың және қарым-қатынас қызметінің бұзылуына байланысты психиканың бірқалыпты дамымауы. Аутистік мінез-құлық кезінде психикалық дамудың жүруі қалыпты, бірақ адам әлеуметтік байланыста жолы болмай, басқа адамдармен араласуды құнсыздандырып, өз-өзімен «араласуды» дұрыс санайды. Егер аутизмді практикалық тұрғыдан психологиялық түзету мүмкін емес болса, не поддается психологической коррекции, ал аутистік мінез-құлықта қауіпсіз жағдайда қарым-қатынас дағдыларын жаттықтыруда психологиялық топ пайдалы ресурс болуы мүмкін. 6. Виктимді мінез-құлық (ағылш. victim – құрбан) –адамның басқа біреудің өзіне аморальды, заңға қайшы әрекетіне көнуі. Мұндай мінез- құлықтың психологиялық негізі өз-өзін төмен бағалау, қарым-қатынастың үзілуінен қорқу болып табылады. Психологиялық түзету немесе психотерапияның нәтижесінде «құрбандар» бойынан деструктивті қарым-қатынасты үзуге шешім қабылдауға ерлік табылады. Жеке құндылығы туралы елестете білуді меңгеріп, өз құнын түсіне білетін болады. 7. Өмірге қауіп төндіретін іс-әрекетке бару- бұл экстремалды спорт түрі, жоғары жылдамдықта машина айдау, т.б. Мұндай «қызығушылықтардың» өмір мен денсаулығына қауіп төндіретініне қарамастан, кейбіреулердің қолдауы табылып, айналадағылар олардың «батырлығы» мен «ерлігіне» таңғалады. Қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралуда. Сондықтан оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды роль атқарады. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады – эмоцияналдық тұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды), өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Сондықтан аутодеструктивті мінез-құлықтың психологиялық алдын-алу шараларының жасөспірімдер үшін маңызы зор. Психологиялық түзетуде және алдын-алу шараларында екі базалық бағытты бөліп көрсетуге болады – проблемалық-бағыттылық және дербес-бағыттылық. Бірінші күрделі жағдайды немесе мәселені шешуге бағытталса, екіншісінде – адамның тұлғалық көріністеріне, өзіне және өзінің мінез-құлқына деген көзқарастарына көңіл бөлінеді. Көптеген психологтар, мысалы, Хухлаева О.В. аутодеструктивті мінез- құлық мәселелерін шешуде түзетуден гөрі алдын алу шараларына көбірек көңіл беру керектігін айтады. Алдын-алу шаралары дегенде бұзылған мінез-құлықты, мысалы, алкоголизм немесе суицидтілікті жеке бөліп алмай, жалпы психологиялық және психикалық денсаулықты сақтауға бағытталуы тиіс. Психологиялық сау адамның әртүрлі аутодеструктивті мінез-құлық түрлеріне шалдығу мүмкіндігі төмен болады. Никифоров Г.С. и Березовская Р.А. (2003), психикалық саулық критерийлерін жүйелей отырып, психикалық саулықтың көп кездесетін түрлерін бөліп көрсетті: - психикалық процестер саласында – өзін-өзі, субьективті образдарды тиімді қабылдау, зейінін шоғырландыра алу, жаңалықтарды есінде сақтау, логикалы түрде өңдей алуға қабілеттілігі, сыни тұрғыдан ойлай білуі, өз ойларын жинақтап, реттей білуі; - жеке басы ерекшеліктері саласында: оптимистік, тұрақтылық, тепе-теңдікті сақтай білу, өз-өзін меңгере білу, адамгершілік қасиеттің болуы, адамдарға үйірлік және өз-өзін тиімді бағалай алуы, тез ашуланбау, еңбексүйгіштік, тәуелсіздік, әзілді түсіне алу, өз-өзін сыйлау, бақылау, жігерлілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық; - адамның үйлесімділік, біріккендік, тепе-теңдік деңгейіне, өз-өзін, әлеуметтік денсаулығын дамытуға бағытталуына да көп мән беріледі. Оның критерийлері – әлеуметтік шындықты адекватты қабылдай білу, айналасындағыларға қызығушылық таныту, қоғамдық пайдалы іске бағытталуы, өзінің жоғары мәдениеттілік деңгейін көрсете алуы, жауапкершілік, батырлық. Психологиялық және психотерапевтік практикада психикалық саулық пен психикалық ауытқушылықтың критерийлерін әр маман өз практикасы бойынша әртүрлі көрсетеді. Мысалы, психоаналитик А. Миллер психикалық дені сау деп басынан өткеріп жатырған түрлі жағдайларды өз «Менінің» бір құрам бөлігі деп сенетін адамды айтады. Бұл «өз-өзімен байланыс» табиғи жағдайы адамның өз сезімдері мен тілектерін түсіне білуге көмектеседі, өзіне іштей тірек орнатып, өз-өзін сыйлауға мүмкіндік береді. Ол өзінің жан қалауымен өмір сүре алады, қайғырады, қажет етсе, басқалардан көмек сұрайды. Ол өзінің нені қалайтынын немесе нені қаламайтынын біледі жәны оны басқалардың көңіліне қарамай айта алады. А. Маслоу дені сау адам деп шындықты дұрыс қабылдай алатын адамды айтады, оларда өзін кінәлі сезіну мен ұялу сезімі болмайды, олар тәуекел істен, тәжірибеден қорықпайды (өзін қабылдай алуға қабілеттілік, өз кемшіліктері үшін уайымдамау). Дені сау адам тек шындыққа жанаспайтын жағдайда, ауытқушылықты көрген кезде ғана жайсыздықты (дискомфортты) сезінеді. Психикалық дені сау адамның негізгі белгілері – қарапайымдылық, табиғилық, сыртқы орта әсерлеріне тәуелсіздік, еріктілік, белсенділік, өмірдің қызықтарына қуана білу. Мұндай адамдардың шындық өмірмен қарым-қатынасы іштей реттеліп отырады, олардың жеке құндылықтары болады. Олардың барлық уақыты өз-өзін жетілдіруге, дамытуға жұмсалады да, аутодеструктивті мінез-құлық түлерінің пайда болуына жол берілмейді. № 7 Дәріс Тақырыбы: Қиын оқушылардың аддиктивті мінез-құлқы. 1. Аддиктивті мінез-қылықтар жайлы түсінік. 2. Әлеуметтік жағдайлар мен балалардың дербес ерекшеліктері негізінде туындайтын аддиктивті мінез-қылықтардың деңгейлері. 3. Жаман қылықтарға бейімділік «Тұлғаның мінез-құлқындағы ауытқушылықтары» категориясындағы тәуелді немесе аддиктивті мінез-құлық сияқты топтамалар да кездеседі.Тәуелді мінез- құлық өзіндік ауқымды әлеуметтік мәселені тудырады. Өйткені бұл формада мынандай негативті жағдайға ұшырайды: еңбекке жарамдығын жоғалтады, ортасымен жиі конфликтіге түсуі, қылмыс жасауы. Ежелден әр түрлі тәуелді мінез-құлық формаларын жат әдеттерге жатқызған, мысалға: алкоголизм, мөлшерден тыс тамақтану, азарттық ойындар және т.б. жатады. Қазіргі медицинада кеңінен қолданылатын патологиялық әдеттер термині бар, белгілі бір затты қолданылуда шектен тыс тәуелді немесе аддиктивті мінез-құлық таныту (ағылшын тілінен аударғанда addiction-бейім, теріс қылық деген мағынаны білдіреді). Аддиктивті мінез-құлық тұлғаның девиантты мінезінің бір түрі. Қазіргі кезде тәуелділіктің мынандай түрлері тараған: 1. Психоактивті заттар. 2. Алкоголь 3. Тамақ. 4. Әртүрлі ойындар. 5. Жыныстық қатынастар. 6. Діни ошақтар Тізбектелген объектілерден келесі тәуелді мінез-құлық формалары көрсетіледі: - химиялық тәуелділік (темекі шегу, таксикомания, анаша шегу, дәрі- дәрмек, араққа кұмарлық); - тамақтанудың бұзылуы (мөлшерден артық тамақтану, аш болу, тамақтан бас тарту); - гэмблинг-ойынға тәуелділік (компьютерге тәуелділік, азартты ойындарға құмарлық); - сексуалды аддикция (зоофилия, фетишизм, пигмалионизм, трансвестизм, эксбиционизм, вуайеризм, некрофилия, садомазохизм); - діни деструктивті мінез-құлық (религиоздық фанатизм, сектаға бару); - заманның өзгеруіне байланысты тәуелді мінез-құлқының жаңа бір формалары етек алуда: бүгінгі күні компьютерлік тәуелділік кең жайылуда. Сексуалды мінез-құлық нормаға сәйкес болады, егер ол: - екі жақты келісіммен; -кәмелетке толғандармен; - тірі адамға бағытталса; -девианттілік белгілері болмаса. Онда сексуалды мінез-құлықтағы ауытқушылықтарды былай бөлеміз: 1) қылмыстық сексуалды әрекеттер (зорлау, жезөкшелік, балаларға бағытталу) 2) сексуалды девиациялар (жануарлармен жыныстық қатынасқа түсу, садомазахизм, фетишсекс т.б.) 3) маргинальды мінез-құлық (промисуитет, нудизм, гомосексуализм) 4) жалпы қабылданған сексуалды мінез-құлық(ересектердің келіссіммен гетеросексуалды мінез-құлқы) Аддиктивті (тәуелділік) мінез-құлық тұлға ауытқушылықтарының бір формасы, ол бейімделу мен өзін реттеу мақсатында белгілі бір нәрсені мөлшерден тыс қолдану. Әртүрлі тәуелділік формалары бір түрден екіншісіне немесе қатар байланыста ұстауы жүреді. Мысалы: темекі шегуші көп жылдардан кейін шылымнан бас тарту кезінде тамақтануға құмарлана түседі. Тұлғаның тәуелділік мінез-құлқы психофизиологиялық қалыптың өзгеруімен сипатталады. Сырттай бұл көрініс өз- өзімен күрес, өз-өзіне бақылау жасаудан арылу есебінде көрінеді Аддиктивті мінез-құлық бірден пайда болмайды, ол үздіксіз процесс процесс, тәуелділіктің дамуымен қалыптасады. Аддикцияның бастапқы кезі, индивидуалды ағымы және аяқталуы болады. Мысалға, анашаға тәуелділік келесі стадияларда жүруі мүмкін: 1) Анашамен танысу эпизодтық қолдану фонында, өзін бақылай алу кезінде жүреді. 2) Біртіндеп өзін бақылау үстінде ұстай отырып,тұтынудың тұрақты индивидуалды ритмі қалыптасады. Бұл кезең психологиялық тәуелділік болып есептеледі, өйткені мұнда объект шынымен де белгілі бір уақытта психофизиологиялық қалыпты жақсартады. 3) Максималды дозаны қолдана отырып, уақытын жиілету. Физикалық тәуелділік толығымен өзін бақылаудан айырылады. ләззат әкелуден қалады, тек оны ауруды сезінбес үшін қолданады. 4) Әлеуметтік құлдырау (дозаның жоғары болуы, суицид, СПИД, т.б.) Тағы бір тәуелділік мінез-құлқының ерекшелігі оның циклділігінде. Бір циклділігінің фазалары: - аддиктивті мінез-құлыққа іштей дайындық; - қызығушылығының артуы; - аддикция объектісін белсенді іздеуі - объектінің алуы мен жетудегі спецификалықалаңдаушылығы; - босаңсу; - тыныштық алу. Бір аддиктивті цикл бір ай немесе бір күнге дейін созылады. Тәуелділік мінез-құлқы міндетті түрде ауру немесе өлімге дейін әкелмейді, бірақ жекелік өзгерістер мен әлеуметтік дезадаптацияға әкеледі. Аддиктивті құбылыс үнемі аддикция объектісіне жоғары құндылы эмоционалды қатынасты тудырады. Мысалы: анаша, шылымның үнемі артық болуын қадағалайды. Рационалды механизмі күшейеді, яғни аддикцияның интеллектуалдылықты жөн көруі («бәрі шылым шегеді», «алкогольсіз стрессті жою мүмкін емес») және «қалауынша ойлау» туады («мен өзімді бақылай аламын», «барлық анаша шегушілер- жақсы адамдар»). Сонымен қатар барлық «басқа» адамдарға сенімсіздік туады, әсіресі арнайы мамандарға («олар мені түсінбейді, өйткені олар өздері мұның не екенін білмейді»). Аддиктивті құбылыс тәуелді объектіні тіршіліктің мақсаты, ал оны қолдану- өмір салты деп түсіндіреді. Аддиктивті құбылыстың ең бір негативті көрінісі анозогнозия- ауруды жоққа шығару немесе оның өте ауырлығы. Өзінің тәуелділігін мойындамау (мен маскүнем емеспін, егер қойғым келсе қоямын). Осылайша тәуелділік (аддиктивті) мінез-құлық –бұл аутодеструктивті қылық, белгілі бір затты қолдануда тәуелділіктің психикалық қалыптан ауытқуы. Субъективті бұл алаңдаушылық сол аддикция объектісіз өмір сүре алмайды. № 8 Дәріс Тақырыбы: Аддиктивті мінез-құлық қалыптасуындағы ата-ананың ролі. 1) Бала тәрбиесіндегі ата-ана, жанұяның ролі 2) Жасөспірімдердің адаптациялық қиындықтары. 3) Ата-аналардың әрекетсіздігі мен немқұрайлылығы. Аддиктивті қылық-әрекет (addictive behavior) – психологиялық күйді өзгертетін түрлі заттарды, соның ішінде алкоголь мен темекі шегу, оларға деген тәуелділік пайда болғанға дейін теріс қолдану. Аддиктивті мінез-құлық шығуына отбасы негізгі орын алады. А.Фрейд, Д.Винникота, М.Балинта, М.Кляйн, Б.Спока, М.Маллер, Р.Спиц еңбектерінде бала дамуына кері әсер ететін анасының баласын түсінбеуі мен қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы екенін көрсеткен. Тәуелділік қалыптасуының негізі нәрестелік кезеңдегі соққы болып табылады (екі жасқа дейін алаңдаушылық формасында). Соққы физикалық аурумен, анасын жоғалтумен немесе анасы мен баласының темпераменттерінің сәйкес келмеуімен сипатталады. Ата-аналар өздерінің нәрестелеріне психотравмалық әсер еткендерін білмей де қалады, мысалы: қинап таиақтандыру, баласын еркелетуге шек қояды, т.б. Дисстресті басынан кешірген бала өзіне-өзі көмек бере алмастан ұйықтап кетеді. Бірақ Г.Кристалдың ойынша, ауыр соққының қайталануы дамудың бұзылуы мен апатияға әкеп соғуы мүмкін. Кейіннен бала кез-келген аффектілерге қорқынышпен қарайды, өзін қорғансыз сезінеді және үнемі сәтсіздіктерді күтеді. Мұндай тәуелділіктің ерекшелігі төмен аффектілі толеранттылықпен белгіленеді. Мұндай кезде әркім де өзіне жанашырын іздейді, бірақ оны таба алмаған соң, жансыз объектілер адамзаттық қатынасты алмастырады. Осылайша психикалық соққыны өткізген бала тез тәуелділікке баруы мүмкін. Отбасы үшін ең бір елеулі мәселе ата-ананың эмоционалды ауытқушылықтары, олар алекситимиямен немесе ата-ананың сезімін сөзімен жеткізе алмауы. Бала оны тек «жұқтырмайды», ол ата-анасынан өзінің сезімін жасыруды үйренеді, оны жоқ деп есептейді. Әр жастағылардың арасындағы шекараның болмауы, отбасы мүшелерінің бір-біріне тәуелділігі, гиперстимуляция-тағы бір негативті фактор. Отбасы тәуелді мінез-құлқының қалыптасуына ғана емес, соны ұстап тұруына да ролін корсетеді. Сонымен қатар бір отбасындағы балалар әртүрлі мінез-құлықтарды көрсете алады. Егер ата-анасы алкогольді қолданатын болса, балада ондай тәуекелділік болмауы мүмкін. Яғни индивидуалды тұлға ерекшеліктері де ерекше орын алады.Тәуелділік мінез-құлқы индивидуалды жыныстық айырмашылықтарына да қарай болады. Мысалы, тамақтану аддикциясы әйелдерде, ал гэмблинг ер адамдарда көбіне кездеседі. Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі–балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата – аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөректілікті, өзімшілдікті туғызады. Екінші себеп – бұл үйдегі сәтсіздік, маскүнемдік, ұрыс – төбелес, ұрлық, ата – аналарының және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез – құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан (эпилепсия) азап шегеді, олардың ақыл – ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата – ана азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мән әсер етуі керек. Үшінші себеп–ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отюасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған орта қатынасын жете біле бермейді. Төртінші себеп–бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиесі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс–әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіие, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата – аналарын мектепке шақыру. Мұндай жалпы және қарапайым жұмыстар бойынша тәрбиесі қиын балаларды жан – жақты білу мүмкін емес. В.Г.Степанов пен В.А.Крутецкий мінез–құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, оқушыларды екі қатарға бөледі. Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез–құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар–тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілік өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киімдегі тазалық және жинақтылық сияқты және т.б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез – құлықты осыған қарама – қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылықтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т.б. байқалады. Екінші қатарға жеке акцентуациясында және мінез–құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады. Тәуелділік мінез-құлқы кейде тұқымқуалаушылыққа да байланысты болады. Маскүнемділікпен ауыратын отбасының балалары көбіне сол жолды таңдайды. Бірақ, кейде алкогольді қолданатын ата-анасы бар балалар анашаны ерте жасынан қолдана бастайды. Отбасы мүшелерінің тәуелділік мінез –құлқы уақыт өте келе тәуелділік қалпының өзімен күреске түседі. Өйткені, тәуелділік кезінде тұлғаның негативті өзгерістерге ұшырауы, мінез-құлқының бұзылуына әкеледі. Әртүрлі тәуелділік мәселелеріне отбасы әртүрлі қорғану жүйесін құрайды. Бірақ отбасы мүшелері аддикциядан құтылу үшін балаларын тоқтатуға тырысады. Бірақ бұл жүйе шырқау шегіне жеткенде бәрібір шығып, аддикция циклі қайта айланады. Тәуелділікпен ауыратын отбасында жауапкершілікті мойнына алатын роль болмайды. Ол болып жатқандарды басқаларға жаба салады. Тәуелділікке бейім отбасының өзін-өзі жоғары сезінуі мүлде төмендейді. Отбасы мүшелері келесі өзгерістерге ұшырайды: - Өзіндік «мені» жоғалады. -Басқа отбасы мүшелерінің эмоционалды күйімен аддикттің мінез-құлқы анықталады. - Өкініш, ашулану аффектілері билеп алады. - Өзін сыйлауы мен бағалауы төмендейді. Мысалы: «біз жаманбыз, бәріне кінәлі-біз» сезімі пайда болады. -Жалған ролі күшейеді: «не үшін маған мұндай қиыншылықтар түсті» т.б. -Эмоционалды апатия күйін сезінеді. Стресс кезінде денсаулығы төмендейді: соматикалық ауруларға, депрессияның дамуына әкеледі. Депрессия еңбекке құлшынысын төмендетумен, көңіл - күйін түсіруден басқа, суицидтік мінез-құлқына әкеледі. Осылайша,тәуелділік мінез- құлқы отбасы бұзылуына әкеледі. Тәуелділік (аддиктивті) мінез-құлқының концептуалды модельдеріне жататындары: 1) Моральді модель (теріс қылықтарды күнә деп санайды); 2) Ауру моделі (аддиктивтілік ауру болып саналады, оған арнайы маман көмек көрсетеді) 3) Симптоматикалық модель (аддиктивті мінез-құлықты жеке мінез-құлықтың «симптомдары» немесе әдет деп қарастырады); 4) Психоаналитикалық модель (жекелік динамиканың бұзылуы деп көрсетеді); 5) Жеке-жүйелік модель (тәуелділік мінез-құлық дисфункционалдылығы, тұлғаның ерекше қатынасындағы жүйелердің бұзылуы); 6) Биопсихоәлеуметтік модель («әлеумет-тұлға-ағза» жүйесінің бұзылуы ретінде көрінеді). № 9 Дәріс Тақырыбы: Психотропты заттардың психикаға тигізетін әсері 1. Психотропты заттардың жасөспірім денсаулығы мен психикасына әсері 2. Есірткі қолданудың психикалық себептері мен мотивациясы 3. Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері Есірткімен күресу және оның таралуын шектеуімен айналысқан мемлекеттік қызмет механизмі іс – тәжірибе бойынша басылып қалды, жағдай бақылаудан шығып кетті. Наркобазары құрылымын өзгертті, нашақорлық жаңара бастады. Наркобизнес сферасына жеткіншектермен қоса балалар да қызыға қарай бастады. Осы кезде «шөппен» және «ұнтақпен» студенттер қолданылатын болды. Наркологиялық жағдайлар халықтың басым көпшілігін қамтып алды. Кейінгі жылдарда балалар арасындағы алкоголизм мен нашақордың таралуын мінездейтін барлық көрсеткіштер жедел көтеріліп кетті. Сондайақ, өкінішке орай бүгіндері жасөспірімдер арасында нашақорлардың саны көбейіп барады. Статистика бойынша қазіргі кезде есірткіні қабылдайтындардың көпшілігі жастар болып отыр. Кәмелеттік жасқа толмағандардың есірткі қолдануының өсуі басқа қылмыстармен тығыз байланысты. Бүгінгі күнде әрбір 10-шы оқушы есірткіні пайдаланып көрген. Есірткіні қолдана бастаған жеткіншек біртіндеп нашақор бола бастайды. Мәдени ақпараттық агрессия жасөспірімдер мен жастар санасын құрықтап, олардың арасында нашақорлықты, ішімдікті және зорлық- зомбылығы басым қатыгез сананы орнықтыруда. Есірткіге әуес жасөспірімдердің көбін қалалықтар құрайтын болып шықты. Қаладағы ойын-сауық түрлерінің және түнгі клубтардың көптігі балалардың зерігу ортасына айналып барады. Бұдан бөлек жасөспірімдер еліктегіш келеді. Яғни анашаға алғаш әуестену оның бар өмірін қыршыннан қиятынын білмейді көбі. Мамандардың айтуынша, бұрынғыдай апиын емес, қазiр жасөспiрiмдер көбінесе күштi психотроптық дәрі- дәрмектерді, синтетикалық есірткілерді, героиндi пайдаланады. Жүректе қайраттың жоқтығы, ұйықтаған ойды түртуге өзіндік мұршаның болмауы, ақыр аяғында талай жастың ерте жастан мүгедек болуына немесе ұзақ уақыт бойы емделуге апарып соқтыруда. Нашақорлықтың бес кезеңін көрсетуге болады: 1.есірткіні жалғыз және сирек қолдану. 2. психикалық және физикалық белгілерсіз есірткіні көп қолдану. 3. 1-ші деңгейдегі нашақор: психикалық тәуелділік, қажетсіну құрылған. Жағымды әсер алу үшін ғана іздеу, бірақ әлі физикалық тәуелділік жоқ, ал есірткіні қолданудан бас тарту жағымсыз ауыртпалы әсерді туғызбайды. 4. 2-ші деңгейдегі нашақор: есірткіге физикалық тәуелділік құрылған, іздеу эйфория туғызу үшін емес, қиналғаннан, абстиненциядан қашу үшін салынады. 5. 3-ші деңгейдегі нашақор: толық физикалық – психикалық деградация. Бірінші не екінші деңгейде ғана есірткіден бас тарту, қолданбауға мүмкіндік бар деп саналады. Зерттеулер көрсеткендей, есірткі қолданатын жеткіншектердің 5 бөлігі ғана оқыс кезеңді өтеді, түзелмейтін нашашы болады. Сонымен қатар, әлі нашашы болмаған, жай есірткі қолданатын жеткіншектер бәрібір де тұрақты психикалық комплекске ие болады, қоғамдық моральға, дәстүрлерге өзін қарсы қояды. Жасөспірімдік нашақорлық эксперименттелгенмен, жаңа әртүрлі жағымды әсерлерді іздеумен байланысты. Балалық және жеткіншектік нашахордың дамуының жағымды фоны – тұрақты комплексті реакция болып табылады. Соның ішінен негізгісі – эмансипация реакциясын атауға болады. Оның негізінде жеткіншектің күнделікті жағдайдан қашуы, құтылуы жатыр (отбасынан, оқу ортасынан және т.б.). Бұл көбінесе СПТУ – дан , арнайы мектептен шыққан жеткіншектерге мінезді. 90 пайызға дейін наркомандар есірткіні топта құрдастарымен қолдана бастайды: мұндай қылықтың негізінде – топтың ережелеріне еліктеу, бағыну керек. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың пікірінше, гашиша тарту сексуалды потенцияны жоғарылатады дейді. Есірткіні бірінші қолданған жеткіншектерге мынандай мотивтер мінезді: 31 пайызы болуға ұмтылыс, 19 пайызы жаңа әсер сезінуге тырысу, 12 пайызы – фонтастикалық іздеу салу, 10 пайызы – ұмытуға ұмтылу, жағымсыздан қашу, аулақ болу үшін. Сонымен қатар, жеткіншектердің есірткіні демалу, көңілдену, «керемет» болып көріну үшін қолданылатынын айту керек. Кейде есірткі жастардың арасында өзін көрсету үшін, күш жинау үшін пайдаланады. Есірткіні күш көрсетіп бұрышқа отырғызып қолдануда кездеседі. Ал кейбір жағдайларда жеткіншектерге есірткіні шексіздіріп, қылмыс жасауына бұйрық беретін жағдайлар да боллады. Есірткі мәдениеті: қарама – қайшы мәдениеті, «хиппи мәдениеті». Құмарпаз отбасыларға мінездеме. Балалар және жеткіншектер арасында нашақорлықтың таралуына себеп болатындардың бірі - әлеуметтік жетімдіктің өсуі. Көптегенжас нашашылар, алқаштар және таксикомандар – бұл жағымсыз отбасынан шыққан балалар. Ішімдікке салынған асоциальды өмір салтымен өмір сүретін ата-аналар, баланың тағдырымен қызықпайтын ата- аналар, өз жұмыстарымен ғана шұғылданатын ата-ана. Есірткі мәдениеті: қарама – қайшы мәдениеті, «хиппи мәдениеті». Наркотизацияның әр түрлі этапындағы мінез-құлық ерекшеліктері. Психоактивті заттарды қолдану әсіресе топ ішінде болады, ол мінез-құлықтың, топтың стандартымен тығыз байланысты. Есірткіні қолдану қарым қатынасты жеңілдету тілегімен, тыңдап отырған әуеннен рахат алу, жақсы әсер алумен байланысты. Топта көшбасшы болатыны анық. Ол психоактивті затты қайдан алу керек екенін не қолдануы туралы ұсыныс жасап айтып отырады. Негізінен, топ мүшелері ешқандай қарсылық білдіртпейді. Наркотикалық заттарды көпке шейін қолдануда патологиялық мінездің қозғалуы пайда болады. Нашақордың бірінші этапында психиканың тәуелділігі пайда болады. Есірткіні кекілжінді жағдай кезіндегі эмоционалды қысымды басу үшін қолданылатын «дәрі» болып табылады. әлеуметтік дезадаптация өсуі байқалады. Жеткіншек бұрынғы жағымды бағытын жоғалтады, онда жауаптылық, қарыз сезімі болмайды. Нашақорлардың негізгі белгілері, есірткінің әсерлері, ағзалық психикалық және әлеуметтік материалдық әсері. Нашақорлықтың екінші этапында есірткіні қолдану кезінде қандай да бір әсер сезіледі. Топтағы қарым қатынастың мүлдем орнатылмайды, жеткіншектер арасындағы қарым қатынас тек қана есірткі қолдану мақсатына көзделеді. Әйел адам баласынан айырылмайтындықтан әйел-құмарпаздардың мәселесін қозғау маңызды болып отыр. Ресей тұрғындарының 14 пайызы есірткіні қолданып көргендер және басқаларды да есірткі қолдануға тартты. Емдеу мекемелерінде жалпы нашашылардың 13 пайызы әйелдер болып табылады. Еркектерге қарағанда әйел адамдар есірткіге тез бейімделеді, агрессивті бола бастайды. Болашақ құмарпаз әйелдер өзіндік ой-пікірге ие болмайды, олардың қызығушылығы мен тәуелділігі тұрақты емес. Олар өте сезімтал келеді және біреудің жағымсыз теріс қылықтарына жеңіл беріледі. Есірткіні қолдану үшін әйел адам аморальды қылық жасауға, қылмыс жасауға дейін барады. Нашахордың соңы болып нерв жүйесінің қажуы, ақыл ойының төмен болуы, психоз, ұнамдық және әлеуметтік дезадаптация табылады. Алкоголь этил спирті наркотиктер тобына жатады және барлық ішімдіктердің құрамында болады. Оны ішкен кезде адамның көңіл-күйі көтеріледі. Бір-екі рет ішіп көрген соң әртүрлі себептерді сылтауратып адамның оны тағы да ішкісі келіп тұратындығы сондықтан. Сөйтіп оған бірте- бірте құмарлықта пайда бола бастайды. Көңіл-күйін көтеруге ересек адамдардан гөрі жастар тез еліктегіш. Ішкісі келгендерге, әрине себеп те, сылтау да көп. Біреу "тәбетін ашуға", екіншісі "тезірек ұйықтауға", үшіншісі "көңіл-күйін көтеруге", төртіншісі "батылырақ болу үшін", т.б. Осының бәрі маскүнемдікке салынудың бастауы. Ішкен күннің ертеңіне басы ауырып, мең-зең болып, көңіл-күйі нашарлап оянады да бір жүз грамм қағып тастаса, "жақсарып" шыға келеді. Осылайша "бас жазумен" жүріп абыройдан айырылып, маскүнемдіктің батпағына қалай батқанын өзі де байқамайды. М а с к ү н е м д і к т і ң биологиялық табиғатын зерттеу нәтижелері, жануарларға жасалған тәжірибелер психологтар мен психиатрлардың "алкоголь орталық жүйке жүйесіндегі ләззат алу орталықтарын ынталандыратын болар" деген ойларын расқа шығарды. Ол, әрине, адамның мінез-құлқына, әсіресе, Гиппократ ашқан адамның мінез-құлықтарының қалыптасу түрлеріне байланысты. Мінез-құлқына қарай адамдар төрт топқа бөлінеді: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик, сангвиник пен холериктер күшті, ал меланхолик пен флегматиктер болса әлсіз топтағы адамдарға жатады. Сол себептен меланхоликтер мен флегматиктер маскүнемдікке тезірек салынады және олардың бұл дерттен айығулары да өте қиынға соғады. Ал сангвиниктер мен холериктердің аналарға қарағанда ерік-жігерлері мықтырақ. Бірақ, әрине, өзін өзі бақыламай жиі ішсе, тіптен өз күштеріне сенімді, жинақы, ешкімнің ықпалына беріле қоймайтын жігерлі адамдардың өздері де арақтың торына түсіп, маскүнемдік қасіретіне қалай шалдыққандарын сезбей де қалады. Ішімдік ішкен сайын ми орталығынан қанға норадреналин бөлініп шығып отырады. Ми клеткалары өзі жоғалтқан норадреналиннің қорын қайта қалпына келтіріп үлгере алмайды да, ең қажетті катехоламиннің жетіспеушілігінен маскүнемнің көңіл-күйі нашарлайды. Сол себепті адам өзін қолайсыз сезініп, үнжырғасы түсіп, іс-қимылында және қылығында сылбырлық пайда болады. "Ішу керек, ішу керек" деген ой кетпей қояды. Физиологтар организмнің алкогольден тез арыла алмайтынын оның белгілі бір мөлшері 1-2 тәулік бойы зиянды әсер ете беретінін анықтады. Ішкеннен қейін екі апта өткен соң да бауырдан ішімдік табылған. Алкоголь, әсіресе, жас жеткіншектердің жүйке жүйелеріне өте зиянды. Олардың өте нәзік және сезімтал жүйке жасушалары арақ-шараптың азғантай мөлшерінен-ақ уланып қалады. Арақ адамның барлық ішкі органдарын уландырып, істен шығарады. Алкогольдің әсерінен жүректің еттері уланып, оның орнын май жасушалары басады. Маскүнемдердің жүректерінің көлемі сау адамдардың жүректерінен екі еседей үлкен болса да қызметі әлдеқайда нашар келеді. Өйткені май жасушалары жүрек етінің қызметін атқара алмайды. Сөйтіп организмде қан айналымы бірте-бірте әлсіреп, жедел қимылдағанда дем жетпей, ентігу және дененің ісінуі пайда болады. Жүректің қызметі нашарлап, қан тамырлары уланып мезгілінен бұрын "қартайып", тозады. Маскүнемдерде инфаркт және инсульт (миға қан құйылу) аурулары жиі кездесетіндігі сондықтан. Алкогольдің әсерінен өңеш, асқазан және адамның ішектері қабынып, әртүрлі созылмалы ауруларға — асқазан жарасына, тоқ ішектің қабынуына (колит) әкеліп соғады. № 10 Дәріс Тақырыбы: Виртуалды және интернет тәуелділігінің психикалық аспектісі. 1. Интернет тәуелділік жайлы түсінік 2. Интернет тәуелділіктің психикалық және физиологиялық симптомдары 3. Интернет тәуелділіктің белгілері мен механизмдері «Интернет-тәуелділік» ұғымы 1990 жылы пайда болды. Мамандар тәуелділіктің бұл түрін техникалық құралдардың негізіндегі спецификалық–эмоционалды «наркоманияға» жатқызады. Бүгінгі адамдарға, әсіресе жастарға қауіп төндіріп тұрған ең үлкен әдеттердің бірі интенет- тәуелділік болып табылады. Қазіргі таңда технология және оның нәтижелерін пайдаланатын адамдар байланыс құралдарын жақсы меңгеріп алған. Әрине, адамның өмірін жеңілдететін технонологияларын пайдалану керек. Бірақ, технология дамуының жемісі болып табылатын атом бомбасының адамзатқа тигізген зияндарын айтып жеткізу қиын. Осындай технологияның зиянды жемістерінің бірі интернет болып табылады. Интернет дүние жүзінің қай жерінде не болып жатқанын білу, қажетті мағлұматты керек уақытта алу және біздің қолымыздағы мағлұматтың басқа жерге жетуін қамтамасыз етеді. Бұл шынымен де үлкен жеңілдік және бұл жеңілдікті адамдар барынша көп пайдалануда. Бұл құралдарды мағлұмат алу және ойын-сауық үшін қолдану да тәуелділікке әкеліп соғуы мүмкін. Тәуелді адамдардың интернетке кіру немесе компьютер ойындарын ойнау әдеті күнделікті өмірін ұмыттыратындай дәрежеге дейін жетеді. Адам көп уақытын компьютермен өткізіп, компьютер қолданбаған кезде мазасызданады, оны сағынып, бұл істі тастау немесе азайту шаралары нәтижесіз болып шығады. Бір мезгіл ойын ойнамаса, немесе аз ойнаса, бәрібір ойнауды арттырады. Тәуелділік, жалпы алғанда, өмірдің басқа салаларына қанағаттанбауды білдіреді. Адамды қоғамдық өмірден басқа белсенділіктен алыстатып, шын өмірді ұмыттырады. Интернет пен компьютерге тәуелді адамдар интернет қолданбайтын адамдардың қасында өздерін мазасыз сезіне бастайды. Қоғамға жабайы тұлға болу көбінесе компьютермен көп уақыт өткізетін балаларда байқалады. Мысалға, мектеп немесе достарының ұйымдастырған саяхат, пикник және әртүрлі іс-шараларға қатыспайтын балалардың ең жақсы досы компьютер болып табылады. Ол балалар әрдайым интернетті немесе компьютер ойынын ойлап, проблемаларды ұмыту үшін немесе көңіл-күйлері нашар болғанда компьютердің басына отырады. Бұл үшін көп ақша жұмсаулары да мүмкін. Ұйқылары бұзылып күндіз бен түні ауысып кетеді. Ұйқысыздықтан денсаулық проблемалары, ұмытшақтық пайда болады. Интернет тәуелділігінің карта ойындарындағы құмарлыққа ұқсас жақтары көп болады. Бір ғана маңызды айырмашылығы материалдық шығының болмауы. Сонымен қатар, интернет арқылы, материалдық зиянға ұшыраған адамдар да баршылық. Аддиктивті әрекет–қылықтың белгілі бір түрі бола отырып, интернет тәуелділік өз эмоционалды–психикалық көңіл–күйін трансформациялау әдісі арқылы күнделікті өмірден кетуге деген бағыттылықпен сипатталады. Бұл сәтте адам тек өз жұмыстарын артқа қарай итермей, сондай–ақ оның психикасының жұмысы бәсеңдейді, кейде дербес жеке тұлғалық дамуы тоқтатылады. Адамдар өз өмірінің түрлі проблемаларын шешуден құтылғандай болады. Ресей психологтарының мәліметтері бойынша компьютерлік ойын ойнайтын адамдардың 10-14% оған тәуелді болады екен. Бұл тәуелділік кез–келген шақта пайда болуы мүмкін, алайда жеткіншектер оған әлде қайда бейімдірек болып табылады. Бала виртуалды реалдылыққа қай себептермен енеді? Себептердің бірі көңіл көтеруге деген құмарлық, оның балалар түрлі компьютерлік ойындардан ала алады. Басқа себеп баланың қараусыз қалуы, яғни ата–ананың бос еместігі соншалықты, тіпті өз баласына да уақыты жетпейді. Мұндай ата–аналар баланың сезімдері, күйзелістері, мектептегі жоғары нәтижелерімен қызықпайды, өз баласының не қалап, қандай өмір сүріп жүргендігі жайлы білмейді. Олар жай ғана балаға компьютер сатып алады, бұл арқылы олар ата–аналық парыздан құтылғандай сезінеді. Бала болса, толық еркіндікте, өзімен–өзі. Келесі себеп ата–ана немесе оны орнындағы адамдар арасындағы үнемі ұрыс–керістер. Мұндай жанұяларда эмоционалды–психологиялық күйзеліс орын алған. Виртуалды реалдылыққа қашудың тағы бір себебі сыныптас немесе құрдастары жағынан көрсетілетін физикалық, эмоционалды–психологиялық зорлық көрсетулер. Ата–ананың айырылысуы да бұған себеп бола алады. Ата–анамен, құрдастарымен, кластастарымен немесе өзі үшін маңызды адамдармен қарым–қатынастың жетіспеуінен де Интернет тәуелділік пайда болады. Баланың өзін–өзі бағалау деңгейінің төмен не жоғары болуы виртуалды реалдылыққа жүгінудің себебі болуы мүмкін. Егер де баланы өз жанұясы, ата–анасымен қарым-қатынасы немесе өмір сүру ерекшелігі қанағаттандырмаса (мысалы, ата–анасы ішімдікті көп қабылдайды), мұндай жағдайларда балада өз жанұясынан жансыну сезімі пайда болады, оның нәтижесінде виртуалды әлем баланы толық өзіне сіңіріп алады. Егер де жанұяда ата–ана балаға қатыгездікпен қараса, зорлықты көрмеу мақсатында виртуалды әлемге кіріп кетеді. Бұл жаңа шындықта оны ешкім ренжітпейді, ол әрқашанда өзін–өзі қорғай алады, ол күшті әрі жеңімпаз болады. Оның «өмірлерінің» саны ештеңемен шектелмеген, ал егерде дұрыс болмай кеткеннің өзінде–ақ ол кез–келген сәтте ойынды басынан бастай алады. Интернет-тәуелділік феноменін психологиялық зерттеудің негізін қалаушы екі американдық: клиникалық психолог Кимберли Янг және психиатр И.Гольдберг. К.Янг 1994 жылы интернет-тәуелділікті анықтайтын арнайы сұрақша дайындап, оны веб-сайтта орналастырды. Нәтижесінде 500 анкета толтырылып, оның 400-ін адддиктілер толтырылған. Өткен ғасырдың 90-шы жылдардың ортасында тәуелділік құбылысын анықтау үшін И.Гольдерг (1996) «Интернет-аддикция»терминін және тәуелділікті анықтауға көмектесетін диагностикалық критерийлер жиынтығын ұсынды. M.Orzack, 1998 мәліметтерінде М.Орзак Интернет-тәуелділікке тән келесідей психологиялық және физиологиялық симптомдарды бөліп көрсетілген: Психологиялық симптомдар: • көтеріңкі көңіл-күй және компьютердің алдындағы эйфория сезімі; • тоқтау дың мүмкін еместігі; • компьютер алдында өткізілетін уақыт көлемінің артуы; • жанұя және жолдастарын елемеу; • компьютерден алыс кездерде бос болу сезімі, депрессия, мөлшерден тыс қозу; • өз қызметі жайлы қызметкерлеріне немесе жанұя мүшелеіне жалған айту; • жұмыс немесе оқудағы проблемалар. Физииологиялық симптомдар: • карпальды канал синдромы (бұлшықеттің ұзақ күйзеліске ұшырау мен байланысты қолдың жүйкелік жолдарының туннельдік жолдарының зақымдануы); • көз сұйық затының құрғауы; • бас ауруы; • омыртқа ауруы; • уақытында тамақтанбау; • жеке гигиенаны сақтамау; • ұйқының бұзылуы. К.Янг (Young, 1998) зерттеулеріне сәйкес қауіпті белгілерге (Интернет- тәуелділігінің нышандары) мыналар жатқызылады: • электрондық поштаны тексеруге деген бағыттылық; • келесі он-лайн сеансына алаңдаушылық; • он-лайн уақытын арттыру; • итернетке төленеін ақшаның артуы. Орныққан итернет-аддикцияның белгілеріне К.Янг (2000) бойынша келесі критерийлер жатқызылады: • интернетке толық ену; • желіде өткізілетін уақытты үнемі арттырып отыру; • интернетті пайдалануды тоқтату кезіндегі тынымсыздық сезімдері; • уақытты басқарумен байланысты проблемалар; • қоршаған ортамен (жанұя, мектеп, жұмыс, достар) проблемалар; • желіде өткізген уақыт жайлы жалған айту; • интернетті пайдалану кезіндегі көңіл-күй өзгерісі. Интернет–тәуелділігінің қалыптасуы біртіндеп жүреді. Берілген тәуелділіктің қалыптасуының кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Жеңіл қызығушылық кезеңі. Бала алғашқы рет компьютерлік ойын ойнағаннан кейін ойынның сюжеті ұнай бастайды, өзін басты кейіпкермен ұқсата бастайды, графика, сурет, музыкасы ұнайды. Бала реалды және виртуалды әлемді салыстыра бастайды да, таңдауын ақырғысына тоқтатады. Компьютерлік реалдылық балаға өз армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алайда бұл кезеңнің спецификасы бар: ойын комрьютерге жүйелік сипат емес, ситуациялық сипат береді. Ойынға тұрақты қажеттілік әлі де қалыптаспаған, ойын процесі адам үшін мәнді құндылыққа ие емес. Қызығушылық кезеңі. Бұл кезеңде балада жаңа қажеттілік пайда болады – компьютерлік ойын ойнау қажеттілігі. Бұл жерде ойын жүйелік сипатқа ие. Бұл қажеттілігін қанағаттандыра алмаса, бала белсенді әрекеттерге көшеді. Тәуелділік кезеңі. Мұнда баланың құндылықтық–мағыналық сферасында күрделі өзгерістер пайда болады. Өзіндік сана және өзін–өзі бағалау өзгерісіне ұшырайды.ойын реалды әлемді толық ығыстырып тастайды. Тәуелділік өз көрінісін екі формада табады: әлеуметтенген және индивидуалданған. Интернет–тәуелділіктің әлеуметтенген формасында бала өзі сияқты тәуелді балалармен болса да, қоғаммен әлеуметтік байланысты ұстайды. Мұндай жеткіншектер бірлесіп ойнағанды ұнатады.берілген жағдайда ойындық мотивация негізінде жарыстық сипат жатыр. Тәуелділіктің бұл формасы келесі формаға қарағанда әсері әлдеқайда жағымсыз. Индивидуалданған формасында адамның тек дүниетанымы ғана емес, сонымен қатар қоршаған орта, социуммен өзара әрекеттестігі бұзылады. Мұндай балалар үшін интернет наркотикпен теңдес болады. Егер де біраз уақыт бұл құмарлықтың орнын басқа бірдеңе баспаса, онда ол табиғаты бойынша «ломкаға» жақын күйге (жағымсыз эмоциялар сезеді, қозулы және агрессивті болады, прострацияға ұшырайды) көшеді. Мұндай құбылыстар клиникалық тілмен психопатология немесе берілген патологияны тудыратын өмір сүрудің стилі деп атайды. Құштарлық кезеңі. Бұл интернет тәуелділіктің ақырғы кезеңі. Ол адамның ойындық белсенділігінің сөнуімен, индивидтің сауығуға психолгиясының өзгеруімен сипатталады. Мұнда бала компьютерден дистанция ұстайды, алайда орныққан тәуелділіктен толық босай алмайды. Берілген кезең ұзақ, кейде тіпті өмір бойы сақталады. Ол құштарлықтың сөну жылдамдығына тәуелді. Интернет тәуелділікке бейім адамдар интернетке аддекватты қарайтын адамдардан ерекшеленетіні анық нәрсе. Интернет тәуелділік белгілерінің пайда болуын анықтауға зерттеулер жүргізілуде. Олар Интернет тәуелділігі қалай пайда болады, неде көрінеді, оны қалай емдеуге болады деген сұрақтарға жауап іздеуде болды. Зерттеуді шетел психологтары М.Шоттон, Ш.Тэкл және К.Янг жүргізді. Және мынандай ой қорытындыларына келді: ➢ Ата–ана Интернеттегі ойыннан біраз уақытқа көңіл бөлуді сұрау кезінде, жеткіншек оны істеуге айқын қарсылығын білдіреді. ➢ Баланы компьютерден алып тастаудың өзінде де ол өте қозулы күйде болады. ➢ Компьютердегі программаларды жаңарту және жаңа ойындар сатып алу үшін бала көп қаражат жұмсайды. ➢ Жеткіншек үй жұмысы, міндеттері, сабақ жайлы ұмытады. ➢ Қоректену және ұйқы графигі толық бұзылады, бала өз денсаулығын сақтамайды. ➢ Өзін үнемі сергектік күйде сақтау мақсатында жеткіншек кофе және басқа психостимуляторларды көп пайдаланады. ➢ Компьютер алдында көп қоректенеді. ➢ Компьютер алдында ойнау немесе жұмыс істеу барысында бала эмоционалды көтеріліс сезеді. ➢ Қоршаған адамдармен үнемі түрлі Интернеттік тақырыптарда әңгімелесу басталады. ➢ Компьютер алдында эйфория сезімін сезеді. ➢ Өзінің компьютерлік фантастика әлеміне келесі енудің ұсақ–түйегіне дейін ойластырады және оған жағдай жасайды. Ал бұл көңіл–күйдің көтерілуіне жағдай тудырады, барлық ойларын билейді, ол жайында армандайды. Біраз уақыттан кейін дамып келе жатқан ағзада асқорыту жүйесінің қызмет етуінде бұзылыстар; омыртқа, жауырын, қолдарында аурулық сезімдер пайда болады, ал көз алмаларының үнемі қозу жағдайында болуы көз ауруларының пайда болуына жағдай туғызады. Егерде бала келесідей әрекеттер жасайтын болса, ата–ана мен жақындарға көңіл аударған жөн: ➢ Компьютерден алыстамай ішіп жейді, сабағын оқиды. ➢ Компьютер қасында түн өткізе бастайды. ➢ Компьютер алдында отыру үшін мектептен қала бастады. ➢ Пәтерге кіре салысымен компьютерге бағытталады. ➢ Тамақ ішу, тіс тазалау, шашты тарау, киім ауыстыруды ұмытып кетеді (бұдан бұрын ол байқалмаған болатын). ➢ Компьютер сынып қалған жағдайда қозулы, агрессивті күйде болады, немен айналысарын білмейді. ➢ Компьютер алдына отыруға тыйым салынса, бопсалап қорқытады. Интернет–тәуелділік механизмдеріне тоқталсақ, ол ағзаның түсініксіз талаптары мен психикалық жүйесіне негізделген. Бұл талаптар персонаж роліне енуге деген құмарлыққа және бұл арқылы шындықтан қашуға негізделеді. Берілген механизмдер адам санасы мен мотивация сипатынан тәуелсіз жұмыс істейді. Бұл мотивтер бала белгілі бір компьютерлік ойынмен алғашқы танысуынан кейін пайда болады. № 11 Дәріс Тақырыбы: Агрессивті мінез – құлық 1. Агрессивті мінез – құлықтың көріністері 2. Агрессия реакцияларының формалары 3. Агрессиялы әсердің түрлері Агрессия - ұмтылу, шынайы іс-әрекетті, фантазияны көрсету, басқару мақсатындағы доминатты әрекет. Агрессиялық әрекет - мақсатты көзделген тіршілік иесіне зиян келтіру әрекеті. Агрессивті мінез–құлықтың әр түрлі формалары мен өзіндік бағалау деңгейлерінің арасында тәуелді байланыс орнайды және жеткіншек жасында мінездің акцентуациясына байланысты қатты білінеді. Агрессиялықты өзіндік бағалаудың көрінуіне жатқызады, себебі, өзіндік бағалау деңгейімен агрессивтіліктің арасындағы өзара байланыстың бар екенің тағы да нақты байқауға болады. Жасөспірімдік жаста агрессивті мінез - құлық себептерін өз уақытында тез қарастыру аса маңызды, себебі, бұл кезең олардың мінез–құлқындағы ауытқушылықтың болатының нақты көрсетеді. Мысалы, мінез–құлықтағы оқшаулану, тұйықталу, өзімен өзі болу жағдайын әдейілеп нақты көрсетуге байналысты туындаған өзіндік бағалаудың әр түрлі деңгейлері осы кезде байқалады, яғни жеткіншек пен қоршағандардың арасында «мағыналық кедергі» болды дегенді түсіндіреді. Агрессияның және жоғарғы алаңдаушылықтың негізі жиі ерте балаық шақта пайда болып, тұрақтанып кейінгі кештеу жаста бекітіледі. Агрессия реакциялар формаларын келесі түрде бөліп көрсетуге болады: - Физикалық агрессия – біреуге қарсы физикалық күш көрсету; - Жанама агрессия –бұрма жолдарымен жасалынатын бір адамға бағытталған әрекет, сондай – ақ ешкімге бағытталмаған долылық көріністері (айғай, аяғымен тепсіну, жұдырықпен стол үстін ұру, есіктерді қатты серпу); - Вербальді агрессия - негативті сезімдердің белгілі бір форма ретінде (айғай, ұрысу, у – шу, бүлдіру, сондай – ақ сөздік жауаптар арқылы қорқыту, серу) білдіреді; - Тітіркенушілікке бейімділік–беделдікке немесе басшылыққа қарсы бағытталған оппозциондық мінез–құлық мәнері. Ол қалыптасқан заң мен дәстүрге қарсы белсенді күресті ұйымдастыруға дейін өсуі мүмкін. Мінез–құлық ауытқушылығы бар балалармен коррекциялық жұмыстың өз ерекшелігі бар. Жеткіншекпен жеке жұмыс өте тиімді. Ең бірінші, жанұямен жұмысты қатар жүргізу қажет. Жанұялық қарым–қатынас диагностикасынан кейін үйлесімсіздік сатысына қарай психокоррекциялық жұмысты жеке және топтық түрінде жүргізуге болады. Бірақ негізгі жұмыс жеке жеткіншекпен бірге жүргізілгені дұрыс. Агрессивті балалардың мінез құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс істеу қажет: 1. Ашу – ызаны қолдануға болатын жағдайды үйрету; 2. Балаларды әр түрлі өзін - өзі ұстай алуға, өзін - өзі басқару әдісіне үйрету; 3. Шиеленіскен жағдайларда сөйлесу дағдыларын қалыптастыру; 4. Адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Агрессивті мінез – құлықтың қалыптасуына әсер ететін шартсыз факторлардың бірі – жанұядағы қатынас. Көптеген шет елдік зерттеулер көрсеткендей агрессивті балалардың ата – аналары физикалық жазаларды қолдануға бейім болған және бір – бірімен келісушілік болмаған, балаларға жек көрушілік қатынаспен және эмоциялық суықтықпен қараған. Жасөспірімдердегі агрессивтілікті зеттей келе жанұяның үш нұсқасын сипаттайды: 1. Ата – анасының біреуі агрессивті болғандықтан және агрессивтілік және қылмыстық тенденцияны туындататын күрделі конфликтер себебінен бала агрессивті болады. 2. Ата – анасының ешқайсысы агрессивті болмайды. Ата – аналары агрессивті емес, балаларын қатал жазалаушы және жанұялық конфликт аз болған, бірақ балалар физикалық жазалануға ұшырайды. 3. Баланың агрессивті мінез – құлқына шектен тыс қамқоршылық жанұяның ішінде бекітіледі. Тек осының салдарынан бала нақты сол агрессивті мінез – құлықтың шектен тыс болуы да зиян болады. Бала міндетті түрде өзінің ашу ызасын ішіне жинауға мәжбүр болған жағдайда оның агрессивті сезімдері соғұрлым күшейе түседі. Қатал жазалау жаңа фрустрацияларға әкеледі. Яғни сол жағдайлардан шығар жол таппаған кезде жаңа агрессивті сезімдерге әкеледі. Егер бұл қайталанатын болса, негативті шиеленісті іздеу ретінде қарастырылатын мінез – құлықтың моделі қалыптасады. Жасырын агрессивтілік болған жағдайда балада мазасыздану және жайсыздық пайда болады. Агрессивті мінез – құлыққа анасының және әкесінің ашуын көтере алмаған жағдайда және фрустрацияға жауап бере алмаған кезде балада мазасыздану жоғарылай бастайды. Агрессивтілік туралы Сирстың ойы қисық сызықты түрде көрсетілген болатын. Қазіргі жаңа психологиялық бағыттарда агрессия мәселесі өте аз зерттелінуде, алайда соған қарамастан оған көптеген теориялық және эксперименттік зерттеулер арналды (С.Н. Еникополов, 1976, Л.П. Колчина, 1976, Т.Н. Курбатова, 1996, Л.М. Семенюк, 1991, А.И. Фурманов, 1996, С.М. Шурухт, 1996 және басқалар). Бұл жұмыстарда Ресейдің әр түрлі мекенді елдерінде тұратын адамдағы агрессияны жыныстарына, жастарына, білімдеріне, кәсіптеріне, ұлтына, мәдениетіне қатысты зерттеді. А.К.Осницкийдің зерттеулері көрсеткендей балалар агрессиялы мінез – құлық модельдері жайлы білімдерді үш түрлі ақпарат көздерінен алады екен. Жасөспірімдік жастағы балаларда ішкі және сыртқы конфликт күшейеді, мәселен, жоғарғы қобалжу, күмәнданғыштық, түрлі қорқыныштарға бейімділік, мінез – құлықтағы қатыгездік , агрессиялық ерекшеліктердің туындауына әкелуі мүмкін. Жеке даралықты қалыптастыратын әр түрлі қызығулардың жоқтығы, бос уақыттың молдығы деликвентті мінез – құлықты дамудың негізгі шарты, агрессиялы мінез – құлқын зерттеудің жүйелік негіздері агрессиялы мінез – құлықтың мотивтерінің бірі болып табылатын жағымсыз мінез – құлықтың сипатын көрсетеді. Жасөспірімдердің агрессиялы мінез – құлықтарының мотивтеріне кино мен теледидардың әсерін жатқызуға болады. Осыған байланысты агрессиялы әсердің төрт түрлі мәселелері қозғалады: - меңгеру эффектісі, яғни коммуникация арқылы қалыптасқан агрессияның туындауын не күшейтеді; - эмоциялық салдар мәселесі; - катарсис мәселесі, - жәбірленуді бақылау агрессияны жоғарлата ма әлде төмендете ме. Эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, жасөспірімдер ақпараттық құралдар ақрылы агрессиялы мінез–құлықтың жаңа түрлерін меңгереді: «қабілеттендіруші», «катарсис», «қоздырушы», модельдер. № 12 Дәріс Тақырыбы: Ауытқушылық мінез-құлық мәселесімен жүргізілетін психологиялық қызметтің бағыты 1. Психологиялық қызмет жайлы түсінік 2. Психологиялық қызмет жұмысының мақсаты мен бағыттары Психологиялық қызмет деген ұғым -осы заманғы жантану ғылымының алға қойған зәру мәселелердің бірі. Психологиялық кызметтің өмір тәжірибесінде каншалықты маңызды екендігін жете түсіндіріп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тэсілдерін іздестіретін психологиялық сипаттағы күрделі мәселе болып саналады. Психологиялық қызметтің іске асырылу сипаттары түрліше мазмұнда және әр қилы формада болуы мүмкін. Бұл мәселенің гносеологиялық негізі жеке адамның, дара тұлғаның жан-дүниесін белгілі бағытта дамыту мақсат-мүдделерін көздейді. Психологиялық қызметтің шығуы мен даму жолы әлемдік әдебиетте, бұрыңғы кеңестік заманда құлаш жайып, кең ауқымда камтылмаған мәселелер қатарына жатады. Психологиялық кызметтің алдына қоятын максат-міндеттерінің бірі -өскелең ұрпаққа гуманистік тұрғыдан тәлім-тәрбие беру, олардың жан- дүниесінің сырын терең біліп күнделікті тіршілікте ойдағыдай жүзеге асырудың кажеттігі. Бұл бағытта жалпы білім беретін қазақ мектептерінде психологиялық кызметті жандандырудың ережесі жасалған. Әрине, ол Ереже тек психолог мамандарға ғана емес, өскелең ұрпактың тәлім-тәрбиесімен шұғылданатын ұстаздар, тәрбиешілер, ата-аналар және қалың оқырман кауымға кажетті көмекші құрал болар еді. Қазіргі кезде мектептегі психологиялық қызметтің қамтитын салалары: психологиялық кызметтің мазмұны мен түрлері, профилактикалық істер, диагностикалық жорамалдар, түзетулер мен консультациялык жұмыстар, мектептегі ұстаздар мен ата-аналар арасында жүргізілетін психологиялық әр түрлі шаралар, сондай-ақ мектептегі психолог маманының атқаратын қызметі мен түрлі бағытта жүргізетін зерттеу жұмыстары. Психологиялық қызмет жұмысының мақсаты - этникалық мәдени білім беру кеңістігінде оқу-тәрбие үрдісі үшін психологиялық оң ахуал тудыру; ➢ Орта білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет жұмысының бағыт- бағдарын анықтау; ➢ Жеке тұлғаның интеллектуалдық ақыл-ой қабілетінің дамуын, танымдык құбылыстарын, тәрбиелік деңгейін зерттеу; ➢ Әр баламен (дарынды, тәрбиесі қиын, денсаулыгы томен, жаңадан келген, өз еркімен қатысушы) жұмыс жүргізу; ➢ Оқушы, мұғалім, ата-ана оқушы қарым-қатынасын, жаңадан ендірілген пәндер мен таңдаулы курстардың берілу деңгейш, баска пәндермен үйлесімділігін, кері әсерін зерделеу; ➢ Ұстаздың шығармашылық потенциалын және кэсіптік түлгалық бағытын, типологиялық ерекшеліктсрін, өзін-өзі дамыту кабілетін анықтау. Педагогикалық ұжымда, психологиялық ахуал тудыру; ➢ Ата-аналардың мектептегі оқу-тәрбие үрдісімен психологиялық карым-қатынас байланысын қалыптастыру, нақты мәселелерді шешу барысында жұмыстар жүргізу; ➢ Топтағы жағымды және конфликтілік, позицияны (ұстаушылар, топтан сырттап қалушылар анықталып) сынып жетекшісше, пән мұғалімдеріне арналған психологиялық кеңес, консилиумдар өткізу; Психологиялық қызмет жұмысының негізгі мазмұны мектептің ішкі проблемаларынан туындап отырады. Анықтауға тиісті мәселелермен әрі педагогикалық кеңістікте диагностикалық, коррекциялық жұмыстар, психологиялық ойындар. тренингтер жүргізіледі. Педагогикалық ұжымның мектеп әкімшіліктің, кафедра жетекшілерінің, мектеп оқушыларының сұранысымен: □ I сынып оқушыларының мектепке бейімделуі, психологиялық жағымды жағдай тудыру; қызығушылығын арттыру; □ пәндерге кызығушылығын, байқампаздығын қалыптастыру; □ педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын арттыру; □ жаңадан енген пәндерге қызығушылыгын ояту, калыптастыру; □ интеллекту алдық деңгейін анықтау, т.б. сияқты жұмыстар зерделенді; Психологтың педагогтармен, сынып жетекшілерімен, ата-аналармен, оқушылармен тыгыз байланысып, жан-жақты этно-мәдени түлганы дамытудагы, қалыптастырудагы зерттеушілік жұмыстарын айкын көруге болады. Психолог мамандық ретінде ХХ ғасырда қалыптасып жеке статусқа ие болды. Психолог психологиялық білімі бар, психикалық құбылыстарға баға бере алатын және оларды бағалай алатын тәсілдерге ие маман. Іс әрекетке байланысты психолог үш түрлі бағытта жұмыс жасайды: І. Ғылыми негізгі іс-әрекеті - ғылыми зерттеулерді жүргізу, психологиялық теорияларды зерттеу және қажетті әдебиеттер жазу. ІІ. Психолог практика негізінде мақсат-міндеті психологиялық білім арқылы адамдарға психологиялық жәрдем беру. Осы бағыттағы психологиялық жұмыс үш түрге бөлінеді. а) психодиагностикалық жұмыс. Яғни әртүрлі психологиялық эдіс-тэсілдер негізінде психологиялық диагноз қою. Психологиялық диагнозды немесе бағалауды психолог диагноз, психолог эксперимен жүргізеді. Олар психологиялық эдіс-тэсілдер арқылы адамдардың психологиялық дамуы жайында ақпарат беріп психологиялық диагноз қояды. Психология ғылымында психодиагностика 1924 жылы Шведцра ғалымы Герман Роршах еңгізген. ә) психокоррекциялық жұмыс. Психологиялық түзету жұмысын диагностикалық жұмыстардан кейін өткізіледі. Егер де психологиялық ауытқушылыққа жақын болса сонда психолог әр түрлі түзету жаттығу комплекстерін іс жүзіне асырады. Түзету жұмысы бұл жеке тұлғадағы пайда болған ауытқушылықтарды жою жұмысы. Түзету жұмысы көп уақытқа созылатын процесс. Ол топтық және жеке түзету жұмысы болып жіктеледі. Мысалы, жағымсыз эмоцияларды жою. Түзету жұмысы кезінде психолог психотерапевт, невропатолог, нейропсихолог сияқты мамандармен бірігіп жұмыс істеу керек. Мектепте психологиялық түзету оқу үлгерімі төмен және қиын оқушылармен жүргізіледі. б) психологиялық кеңес беру жұмысы психологтың кәсіби ісі психолог жұмысының осы жұмыс бағыттарының ішіндегі коррекциялық жұмыс бағыты маңызды орын алады. ІІІ. Психокоррекция - бұл психологтың психикасы cay адамның іс әрекетіндегі ақауларды түзету үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер жиынтығы. Коррекция термині турасында «түзету» мағынасын білдіреді. Психокоррекция- бұл адам әрекетіндегі және психологиялық ақауларды түзетуге және осы мақсатта психологиялық әсер етуге бағытталған құралдар жүйесі. Психокоррекцияға органикалық негізсіз және ерте қалыптасып, болашақта өзгермейтін тұрақты қасиеттерді білдіретін кемшіліктер жатады. № 13 Дәріс Тақырыбы: Психодиагностикалық әдістердің жіктелуі 1. Псходиагностикалық әдістерді жіктеуге қойылатын талаптар 2. Бақылауды тиімді қолдану жағдайлары 3. Тестілеудің басқа диагностикалық әдістерден айырмашылығы Психодиагностикалық әдістерді әр түрлі негізде жіктейді. Төменде неғұрлым кең тараған жіктелулері: Й. Шванцара бойынша әдістер жіктелуі. Й. Шванцара төмендегі негізге сүйене отырып, психодиагностикалық әдістерді жіктейді: -Қолданылған материалдар бойынша: вербальды, вербальды емес, манипуляциялық, «қағаздар мен қарындаштар» тесттері; -Алынатын көрсеткіштер нәтижелері бойынша: қарапайым және кешендік; -«Дұрыс» шешімдері бар тесттер және әр түрлі жауаптары мүмкін болатын тесттер; -Зерттеушілердің психикалық белсенділіктері бойынша: 1. интроспективті (зерттелінушінің өз тұлғалық тәжірибелері, қатынастары туралы хабарлама жасауы): анкеталар, әңгімелесу. 2. экстроспективті (әр түрлі көріністерді бақылау және бағалау); 3. проективті: зерттеуші тұлғаның санасыз көрінетін қасиеттерін (ішкі қақтығыстар, жасырын әуестіліктер) аз құрылымды, көп мәнді стимулдарға әсер етеді; 4. атқарушы: зерттеуші қандай да бір әрекетті (перцепциялық, ой, моторлы) іске асырады, оның сандық және сапалық ерекшеліктері интеллектуалды және тұлғалық қырлардың көрсеткіштері болып табылады. В.К. Гайда және В.П. Захаров бойынша әдістер жіктелуі. Бұл жіктелулердің авторлары психодиагностикалық әдістерді төмендегі негіз бойынша жіктейді: - Сапасы бойынша: стандартты, стандартты емес; - Нақты орны бойынша: 1. жалпы диагностикалық (Р. Кеттел немесе Г. Айзенк сауалнамасы типі бойынша тесттері, жалпы интеллект тесттері); 2. кәсіби жарамдылық тесттері; 3. арнайы қабілеттер тесттері (техникалық, музыкалық, ұшқыштарға арналған тесттер); 4. жетістікке жету тесттері. Зерттелінушіні операциялайтын материалдар бойынша: - бланктік; - пәндік (Коас кубиктері, Векслер жиынтығындағы «күрделі фигуралар»); - аппаратуралық (зейін ерекшеліктерін зерттеу үшін құралдар). Зерттелінушілер саны бойынша: индивидуалды және топтық; Жауап беру формасы бойынша: ауызша және жазбаша; Жетекші бағдар бойынша: жылдамдыққа арналған тесттер, күштілік тесттері, аралас тесттер. Күштілік тесттерінде тапсырмалар өте ауыр және уақыт шектелмеген. Зерттеушіні сәттіліктер, тапсырмаларды шешу тәсілі қызықтырады. Тапсырмалардың бірыңғай кезеңдері бойынша: гомогенді және гетерогенді (гомогенді тапсырмалар бір-біріне ұқсас және нақты тұлғалық және интеллектуалды қасиеттерді өлшеуге арналған, гетерогенді тесттердегі тапсырмалар әр түрлі және интеллекттің әр түрлі сипаттарын бағалау үшін қолданады); Кешенділіктері бойынша: изоляцияланған тесттер және тесттік жинақтар; Тапсырмаларға жауап беру сипаты бойынша: арнайы жазылған жауаптары бар тесттер, еркін жауаптары бар тесттер. Психиканы қамту аймағы бойынша: тұлғалық тесттер және интеллектуалды тесттер; Ақыл-ой әрекеттерінің сипаты бойынша: вербальды, вербальды емес. А.А. Бодалев және В.В. Столин бойынша әдістер жіктелуі. Төмендегі негізге сүйене отырып, психодиагностикалық әдістерді жіктейді: Таңдалған амалдың негізінде жатқан әдістемелік принциптер сипаты бойынша: - объективті тесттер (дұрыс жауаптардың болуы мүмкін тесттер, тапсырмалардың дұрыс орындалуы); - стандартты өзіндік есептер: - тест-сауалнамалар, ашық сауалнамалар; - шкалалық техникалар (Ч. Осгудттың семантикалық дифференциалы), субъективті классификация; - индивидуалды-бағдарланған техникалар (идеографиялық); - проективті техникалар; - диалогиялық техникалар (әңгімелесу, интервью, диагностикалық ойындар). Диагностикалық шараларға психодиагносттың өзінің араласу мөлшері мен оның психодиагностиканың нәтижесіне әсер ету деңгейі: объективті және диалогиялық. Біріншісі, психодиагносттың нәтиже интерпретацияларына, процедурасына, өңделуіне аз қатысуы; екіншісі, үлкен деңгейде әсер етуі. Процедураға араласуы, тәжірибесі, кәсіби дағдылары, экспериментатор тұлғасы да әсер етеді. Күнделікті практикада өте кең қолданылатын әдіс –бақылау. Бақылау – ғылыми-мақсатқа бағдарланған, зерттелінетін объектінің образын анықтайтын әдіс. Артықшылығы-табиғилық, кемшілігі-белсенсіз, субъективизм элементтерінің кездесуі, психиканың кейбір жасырын бейнелерінің жетіспеушілігі (уайым, ой, мотив). Бақылауды тиімді қолдану жағдайлары: - Психикалық құбылыс туралы мәліметтерді таза түрінде алу; - Алғашқы ақпараттардың жинағы; - Басқа әдістердің, мысалы, анкета көмегімен алынған фактілерді бағалау; - Ұсыныстарды тексеру. Бақылау – ғылыми әдіс болып мынандай кезде саналады: - Егер нақты ғылыми мақсат үшін болса, яғни, ғылыми теория аймағында жүргізіліп, мақсат-бағдарлы, жүйелі жүзеге асырылса; - Егер жүйелі жоспарланып, қандай да бір жағдай еркіне берілмесе; - Егер жүйелі түрде жазба жүргізілсе; - Егер валидтілік пен нақтылық үшін, екінші рет қайталанып, тексерілсе. Ғылыми бақылау мына кезеңдерді анықтауды талап етеді: 1. Бақылау қандай сұраққа жауап беруі керек? 2. Қандай жағдайда жүргізілу керек? 3. Бұл бақылау қойылған сұраққа жауап бере алатындай категориялармен суреттелген бе? (Валидтілік мәселесі). 4. Бұл категоризация фактілік мінез-құлыққа сәйкес келе ме? Бұл категориялармен жұмыс жасауға бола ма? 5. Әр-түрлі бақылаушылар арасында осы категорияларға сәйкес мінез-құлықты жазғанда бірлік бола ма? ( Объективтілік мәселесі). 6. Егер бақылаушы, екінші қайтара бақылау жүргізсе, сол категорияларды қолдана ма? ( Сенімділік мәселесі). 7. Арнайы қойылған ситуацияларда сол мінез-құлықты қайталап бақылау мүмкін бе? Бақылаудың кейбір қателіктеріне мыналарды жатқызамыз: 1. Хало-эффект, бақылаушының жағдайларды «ақ-қара түрде» ғана бағалап, әсерлерді жалпылау негізінде жатыр; 2. Эффект «снисхождения» – бақыланатын жағдайлар мен әрекеттерге өте жоғары жағымды баға беру тенденциясы; 3. Орталық тенденция қателігі қабылданатын процесстердің бағасын орташаландыруға талпыныс; 4. Логикалық қажеттілік, мысалы адам интеллектісін сөйлеуіне қарап бағалау; 5. Контраст қателігі – бақылаушының өзіне қарама-қайшы сипаттарын бақыланатын адамдарға белгілеп отыруға құлшынысы. Бақылаудың жалпы процедурасы мынандай процесстерді қосады: - Бақылау мақсаты мен міндеттерін анықтау; - Объектісін, пәнін, ситуациясын таңдау; - Зерттелінуші объектке аз деңгейде әсер етіп, қажет ақпаратты жинауға көп деңгейде қамтамасыз етілетін – бақылау тәсілін таңдау; - Бақылаушыны тіркеу тәсілін таңдау; - Алынған ақпаратты өңдеу және интерпретациялау. Эксперимент–зерттеушінің зерттелінушінің іс-әрекетіне, қандай да бір психологиялық фактіні анықтау үшін жағдай жасау мақсатымен белсенді араласу. Артықшылығы – бақылаушының белсенді позициясы, қайталау мүмкіншілігі, жүргізу жағдайларының қатал бақылануы. Кемшілігі–жасанды жағдайлар. Эксперимент – табиғи, лабораториялық, қалыптастырушы болып бөлінеді, оқыту мен тәрбиелеу жағдайларында мәнсіз өзгерістермен сипатталады. Мұнда диагностты қызықтырған психологиялық феномен жүретін жағдайды аз деңгейде өзгертуге тырысу керек. Лабораториялық эксперимент – зерттелінетін құбылысты максималды түрде шырмайтын, жағдайдың өте қатаң стандарттылығымен айырықшыланады. Қалыптастырушы эксперимент – педагогикалық практикаға зерттеу нәтижелерін енгізуді, ескеруді, сәйкесінше өзгерісті білдіреді. Сауалнама – зерттелінушінің ауызша-жазбаша берген жауаптарынан ақпарат алу. Сауалнама түрлері: анкета, интервью, әңгімелесу, сұхбат. Анкеталау процесінде респондент жауаптары жазбаша формада алынады. Интервью–қойылған сұрақтарға ауызша жауаптары арқылы ақпарат алу. Әңгімелесу – зерттеушіні қызықтырған сұрақты – екіжақты немесе көпжақты талқылау процесінде алынған ақпарат. Анкета түрлері әр-түрлі және оларды әр-түрлі негізде жіктеуге болады: 1. Көлемі: тұтас-таңдалынатын. 2. Қарым-қатынас тәсілі: іштей-сырттай. 3. Өткізу процедурасы бойынша: топтық-индивидуалды. 4. Тапсыру тәсілі: пошталық-таралым. Сауалнамаларды жүргізгенде, оларды құру ережелерін ескерген жөн: 1. Әрбір сұрақ логикалы аяқталуы керек; 2. Аз таралған шетел сөздерін, мағынасы тар терминдерді, екі мағына беретін сөздерді қолданбаған жөн; 3. Өте ұзақ сұрақтарды қоюдың қажеті жоқ; 4. Егер зерттелінушіге бейтаныс зат немесе осы аумақта ешқандай терминдерді білмейтін болса, алғысөз жасаған дұрыс; 5. Әрбір сұрақ нақты болған дұрыс; 6. Зерттелінушінің ескеру керек барлық жауап нұсқаларын көрсету керек немесе мүлдем көрсетпеу керек; 7. Зерттелінушіде негативті қатынас тудыратын сұрақтар болмауы тиіс. Зерттеу әдісінің келесі түрі іс-әрекет өнімдерін анализдеу. Мысалы: педагогикалық практикада: шығарма, күнделік, сурет альбомдары, журналдар т.б. Бұл әдісті ұйымдастыру үшін анализдеу категорияларын анықтап алу қажет, мысалы: баға, шығарма тақырыптары, сабақтарды босатуы т.б. Соңынан, элементтердің жиілігі саналып, зерттелінушінің іс-әрекет өніміндегі (ойын, оқу, еңбек) бақылау категорияларына сәйкес, статистикалық анализ нәтижелерінің интерпретациясы жүргізіледі. Іс-әрекет өнімдерін анализдеу әдісінің жеке бөлімі болып – құжаттарды сапалық-сандық талдау жатады, басқаша айтқанда контент - анализ. Оның негізгі мәні – зерттелінетін нақты бірліктерді жүйелі, сенімді түрде тіркеу, алынған мәліметтерді қорытындылау. Ғылыми әдіс ретінде контент- анализ әлеуметтік ғылымдарда АҚШ-та XIX ғасырдың 20-30 жылдарында кеңінен қолданыла бастады. Контент-анализді қолданудың негізгі аймақтары, мысалы: әлеуметтік- психологиялық зерттеулерде: 1. Әр-түрлі хабарламалардың мазмұны арқылы жазған (авторлар, коммуникаторлар) тұлғаның, топтың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу; 2. Хабарлама мазмұнында бейнеленген әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды ( объектісі, хабарламалардың субстанциялары) зерттеу; 3. Хабарлама мазмұны арқылы коммуникацияның әр-түрлі құралдарының (антропологиялық, жазбаша, техникалық) әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу; 4. Хабарлама мазмұны арқылы реципиенттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу (адресаттар, аудиториялар); 5. Хабарлама мазмұны арқылы (жауаптарын да ескере отырып), реципиенттерге коммуникация әсер етуінің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін зерттеу; 6. Басқа әдістер арқылы алынған мәліметтерді өңдеу, нақтылау; 7. Психология бойынша ғылыми әдебиеттерді зерттеу (ғалымдардың әр кезеңдегі әр-түрлі мәселелерге қызығушылықтарының эволюциясы). Модельдеу – зерттейтін құбылыстың моделін құру. Модель – зерттелінушінің қызықтыратын объектісінің көшірмесі немесе қандай да бір аспектісіндегі құбылыс, зерттелінетін объектідегі ең маңызды бөлімінің бөлініп көрсетілуіне арналған. Модельді жасау сандық және сапалық талдау процессін жеңілдетеді. Мысалы: қандай да бір оқу топтарындағы немесе ұжымда өзара әрекет процессін ЭВМ-де модельдей аламыз; диагностталатын параметр моделін тестті жобалау кезінде құруға болады. Тестілеу – басқа диагностикалық әдістерден айырмашылығы - өлшеу акцентінің болуы (сандық көрініс). Тестілеу процедурасы сауалнама, бақылау және эксперимент түрінде, формасында жүргізілуі мүмкін. Тест – қысқа мерзімді тапсырма, орындау барысында кейбір психикалық функциялар көрсеткіштерін анықтауға болады. Тест – мінез-құлықты объективті, стандартты өлшеу. Отандық және шет елдік әдебиеттерде психологиялық тест ұғымына берілген әр-түрлі анықтамалардың орасан зор бөлігін көруге болады. Төменде бірнешеуі берілген: “Психологиялық тест – ол мінез-құлық таңдауын стандартты және объективті өлшеудің мәні”. Тест – стандартталған, уақытпен шектелген, сандық және сапалық айырмашылықтарды тұрақтауға арналған; Тест ретінде тұлғаның психологиялық қасиеттерін бағалау үшін арналған ерекше құрал. Ол стандартты шаралармен ұсынылатын, мінез-құлықтың жеке типтерін анықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар бірлестігінен тұрады. Тестке берілген барлық анықтамалардың жалпы, ортақ тұстары бар: - Біріншіден, тест – психодиагностикадағы проективті әдістер, стандартты өзіндік есептер, интервью, аппаратуралық әдістер секілді өлшеу әдістерінің бірі. - Екіншіден, бұл тұлға қасиеттері мен интеллект ерекшеліктерін өлшеу әдісі. - Үшіншіден, бұл өте жоғары объективтілігімен, сенімділігімен, валидтілігімен сипатталатын өлшеу әдісі. Стандарттау процессі – тестті жүргізу процедурасы мен орындалу бағасын білдіреді. Ол өзіне мыналарды қосады: -Қолданылатын материалдарға қатысты нақты нұсқаулар; - Уақыт шектеулері; - Зерттелінушіге берілетін ауызша нұсқау; - Тапсырманы қайталап көрсету; - Зерттелінушілер тарапынан сұрақтарды талдау тәсілдерін ескеру. Психологиялық тесттердің объективті бағасы ең алдымен валидтілікпен, сенімділікпен, дәлдігімен анықталады. Бұлар психологиялық зерттеудің сапалық көрсеткіштері болып табылады. Диагностикалық процедуралардың негізгі жіктелулері. Диагностика әдістеріне әр-түрлі тұрғыларды жалпылай келе, оларды ұйымдастыруда бірнеше процедуралық кезеңдерді бөлуге болады: 1. Зерттеу бағдарламасын өңдеу (мәселе қою, зерттеу пәні мен объектісін анықтау, негізгі ұғымдарды бекіту); 2. Зерттеу объектілерін анықтау; 3. Нақты зерттеу әдістемесін өңдеу; 4. Әдістеменің апробациясы, қайта өңдеу, сенімділігін тексеру; 5. Алғашқы алынған ақпараттарды алынатын мәліметтердің сенімділігі мен дәлдігін бақылай отырып жинау; 6. Алынған мәліметтерді логикалы-санды түрде өңдеу; 7. Нәтижелерді интерпретациялау, қорытынды мен есеп беруге дайындық; Зерттеу жұмысы туралы есеп төмендегі бөлімдерден тұру керек: - Кіріспе: жұмыстың алғышарттары, шарттары, қатысушылар көрсетіледі; - Бағдарламалық бөлім: мәселені зерттеу міндеттері, болжам бойынша әдебиеттерді талдау; - Объектілері мен әдістері: зерттеу объектілерін, әдістерді, апробация процедураларын суреттеу, алынған мәліметтердің сенімділігін тексеру; - Нәтижелер: алынған мәліметтерді қойылған болжамдар мен міндеттерге сәйкес талдау; - Қорытындылар мен ұсыныстар; - Тұжырым: есеп беру материалдарын қысқаша жалпылау, болашақ жоспары туралы айтып өту; - Тіркемелер: зерттеу жұмысында қолданылатын құралдарды суреттеу, анкеталар, схемалар. № 14 Дәріс Тақырыбы: Ауытқушылық мінез-құлықты психокоррекциялау бағдарламасы 1. Психокоррекциялық жұмыстың маңызы 2. Психокоррекциялық бағдарламалардың түрлері мен құрудың негізгі талаптары. 3. Психокоррекциялық шаралардың нәтижелілігін бағалау. Психологиялық коррекция - психолог маманының қызметінің ең маңызды және жауапты бағыты. Ол адамның ішкі әлемі мінездемесіне ықпал жасайды. Сонымен қатар адамның іс-әрекеті мен танымдық процестердің күйзелісін және нақты жағдайдың жауабын шешеді. Ол психолог қызметіндеге психикалық дамудың ерекшеліктерін түзету, оның шығу себептерін зерттейді Психокоррекциялық жұмыстың негізгі принциптері мыналар: Диагностика мен коррекцияның бірігу принципі. Бұл принцип коррекциялық жұмыстың екі бағытын қалыптастырады. Бірінші кезең комплекстік диагностиканы қарастырады, яғни коррекцияның даму жұмысының мақсаты мен міндетін демек бастапқы кезеңін қарастырады. Екінші кезең клиенттің түзету жұмыстарды өзгертеді, яғни мінез-құлық іскерлігі, эмоционалдық жағдайын қарастырады. Нормативтік даму принципі: Бұл принциптің басты негізінде психологтың жас ерекшеліктері жатыр. Баланың даму деңгейін бағалауда сәйкестік нормасы ескеріледі, баланың іскерлік деңгейінің дамуы. Түзету принципі төменнен жоғарыға қарай. Бұл принцип дайындықты қажет етеді. Яғни бұл психикалық қабілеті бір адамдарға, яғни берілген мінез- құлық модельдерін үйрену және оны дамыту. Түзету принципі жоғарыдан төменге қарай. Түзету жұмысының бастысы жақындағы даму зонасын құрастыру бала үшін, яғни бұл болашақта психологиялық жаңа білімдерді меңгерту болып табылады. Психологиялық іскерліктің жүйелік дамуы принципі. Бұл принципте түзету жұмысының профилактикалық және дамытушылық тапсырмаларды қарастырады. Яғни дамудағы бұзылумен күрес. Демек жүйелілік принципі анықтау кезінде себеп- салдарды құру және симптомдар мен оның бебебінің арасындағы байланысты анықтау. Отандық психологияда түзету мақсатын құрудың үш басты бағытын бөліп көрсетті. 1. Белсендіруәлеуметтік жағдайдың дамуы. 2. Баланың іскерлік даму түрлері. 3. Жаңа білімдердің жас ерекшелік психологиялық құоылымы. Коррекциялық бағдарламалардың түрлері. Коррекциялық әсер етудің бірнеше үлгілері бар: жалпы, типтік, индивидуалды. Коррекцияның жалпы үлгісі-бұл жеке тұлғаның жас ерекшелік дамудың оптималды шарттар жүйесі. Ол қоғамдық қатынастар, адамдар, қоғамдағы өзгерістерді т.б. туралы білімдер жүйесін тереңдету. Коррекцияның типтік үлгісі – практикалық әрекеттерді ұйымдастыруға негізделген.Әртүрлі әрекеттерді бөлшектеп қалыптастыру көзделеді. Коррекцияның дербес тұлға үлгісі – Клиенттің кәсіби білімі, қызығушылығы, үйренуге деген қабілеттілігі т.б. индивидуалды ерекшелігі қарастырылады. Бағдарлама қалыптасқан негізде, алынған білімді жаңа әрекетке пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Стандартталған және еркін коррекциялық бағдарламалар да қазіргі кезеңде пайдаланылуда. Стандартталған бағдарламада –бағдарлама мүшелеріне нақты талаптар метілектер, қажетті материалдар мен коррекцияның кезеңдері анық белгіленген. Еркін бағдарламада – коррекцияның бағыты, мақсат, міндеті мен езеңдерін психолог өзі құрастырады. Клиентке жүйелі түрде әсер ету психокоррекциялық кешен арқылы жүзеге асады. Ол бірнеше блокьардан тұрады. Әрбір блок белгілі бір мақсат, міндетке жауап береді де оны орындаудың әдіс-тәсілдері болады. Психокоррекциялық кешен негізгі төрт блоктан тұрады. Диагностикалық блоктың мақсаты: жалпы психологиялық коррекция бағдарламасын қалыптастыру, жеке тұлғаның даму ерекшелігін диагностикалау; Бағдарланушы блоктың мақсаты: Бірлескен әрекетке деген қатынасты орнату, қобалжуды жою, клиенттің өзіне-өзінің сенімділігін жоғарлату, психологпен қарым-қатынас жасауға деген даярлығы, өзінің өмірін өзгертуге деген құлшынысы. Коррекциялық блок мақсаты: клиенттің дамудағы үйлесімділігі, дамудың жағымсыз фазасынан жағымды фазасына көшу, әрекеттердің әдістерінн анықтау, қоршаған орта мен өзінің арасындағы қарым-қатынас бірлігі. Коррекциялық әсердің нәтижелілігін бағалау болгының мақсаты: реакция динамикасы мен психологиялық мазмұның өлщеу, позитивті тәртіп реакциясы мен алаңдаудың пайд болуы, позитивті өзін-өзі бағалаудың тұрақтылығы. Психокоррекциялық бағдарламаларды құрудың негізгі талаптары: Психокоррекциялық бағдарламаларды құру барысында мына жағдайларды ескеру керек: -коррекциялық жұмыстың мақсаты мен міндетін нақты қалыптастыру; -коррекциялық жұмыстың мақсатын нақтылау және анықтау; -коррекциялық жұмысты жүргізу барысында стратегия мен тактиканың таңдап алу; - клиентпен жұмыс формасын (индивидуалды, топтық немесе аралас) анықтап алу; -коррекциялық жұмысты жүргізу әдістері мен техникасын іріктеп алу; -барлық коррекциялық бағдарламаны жүзеге асырудың жалпы уақытын анықтап алу; - күнделікті кездесу жиілігін (күнделікті, жұмасына 1 рет, жұмасына 2 рет, екі жұмада 1 рет т.с.с.); -коррекциялық сабақтың ұзақтығын ( 10 -15минут коррекциялық бағдарламаның басында, 1,5-2 сағат қорытынды бөлімінде); -коррекциялық бағдарламаны құрастыру және коррекциялық сабақтардың мазмұның анықтау; -жұмыс барысында басқа да адамдардың әрекетін жоспарлау; -коррекциялық бағдарламаны орындау; -қажетті материалдар мен жабдықтарды әзірлеу. Психокоррекциялық шаралардың нәтижелілігін бағалау: А. даму қиындығын шешу; Б.коррекциялық бағдарламаның мақсаты мен міндетін анықтау. Коррекцияның нәтижелілігін бағалау бағалаушыға байланысты әртүрлі болады. Клиент үшін, коррекциялық бағдарламаның нәтижелілігі оның эмоционалды қанағаттануы мен өзінің ішкі жағымды сезімдері мен өзгерістерінің жағымды болуымен сипатталады. Психолог үшін, коррекциялық бағдарламаның нәтижелілігінің негізгі критерииі оның қойған мақсатқа жетуімен сипатталады. Клиенттің қоршаған адамдары үшін, бағдарламаның нәтижелілігін өздерінің психолог көмегіне бетбұрған мотивтердің қанағаттану деңгейін анықтап, қанағаттануы мен клиенттің мәселелерін шешуінде. Коррекциялық жұмыстардың нәтижелілігін талдау барысында коррекциялық іс- шаралардың интенсивтілігінің де маңызы зор екендігі анықталды. Коррекциялық сабақтар жұмасына 1 рет 1-1,5 сағат мөлшерінде жүргізілуі керек. Коррекциялық бағдарламаның интенсивтілігі оның мазмұнының әртүрлілігі мен клиенттің өзінің белсенділігіне байланысты. Коррекциялық жұмыстарға коррекциялық әсердің лонгидтілігі де әсер етеді. Коррекциялық жұмыстар аяқталғаннан кейін де клиентпен қарым-қатынастың болғандығы тиімді. Коррекциялық жұмыс аяқталғаннан кейін де 1-2 ай көлемінде бақылаудың болғандығы тиімді болады. Дамудағы ауытқушылық ерте анықталса, соғұрлым коррекциялық жұмыс тиімді болады. № 15 дәріс Тақырыбы: Психокоррекциялық бағдарламаны құрастыру принциптері 1. Психокоррекциялық бағдарламаны құрастыру принциптері 2. Психокоррекция тиімділігін анықтау факторлары. 3. Клиентке бағытталған әсер Коррекциялық бағдарламалардың түрлерін құру келесі принциптерге сүйенуді талап етеді: 1. Коррекциялық профилактикалық, дамытушы тапсырмалардың жүйелігі принципі; 2. Коррекция мен диагностиканың бірлігі принципі; 3. Коррекцияның каузальді типінің проритеттілігі принципі; 4. Коррекциялық іс-әрекеттік принципі; 5. Клиенттің психофизиологиялық және дербес ерекшеліктерін есепке алу принципі 6. Кешенді әдістемелердің психологиялық әсері принципі; 7. Әлеуметтік ортаның коррекциялық бағдарламаларға белсенді әсері принципі; 8. Психикалық үрдістерді зерттеудің түрлі деңгейіне сүйену принципі; 9. Бағдарламалық оқыту принципі; 10. Күрделену принципі; 11. Материалдың көлемін, деңгейін және әртүрлілігін есепке алу принципі; 12. Материалдық эмоционалды күрделілігін есепке алу принципі. 1. Коррекциялық, профилактикалық, дамытушы тапсырмалардың жүйелігі принципі. Бұл рпинцип тапсырмалардың келесі үш түрінің коррекциялық бағдарламада міндетті түрде қатысуын көздейді: - коррекциялық, - профилактикалық, - дамытушы. Мұнда бала тұлғасының дамуының түрлі жақтары қарастырылады. Әрбір бала дамудың түрлі деңгейінде болуы мүмкін: қалыпты деңгей мұнда бала өзіне сай даму деңгейінде болады, қауіпті деңгей дамуда потенциялды қиыншылықтар туындайды. Дамудың актуалды қиыншылықтары деңгейі – баланың қауыпты дамуындағы айқын әрі обьективті көрінетін кемшіліктер. Мұнда дамудың заңдылықтарындағы түрлі өзгерістер көрініс береді. Баланың интелектуалдық және тұлғалаық дамуында кемшіліктері байқалады. Оны нақты анықтауда алғашқы кезеңде дәл қазіргі уақыт аралығындағы өзгерістерді есепке ала отырып, әрбір коррекциялық дамытушы бағдарламалар келесі үш жүйе сатыларына бағытталуы тиіс. Коррекциялық - артта қалушылық пен дамудың өзгерістері мен бұзылуын түзету, дамудағы қиыншылықтарды шешу. Профилактикалық - артта қалушылық пен дамудың күрделі қиындықтарын ескеру. Дамытушы – белсендіру, стимул беру, бамуды байыту. Көрсетілген тапсырмалар ғана коррекциялық – дамытушы бағдарламалардың жемістілігі мен мақсатқа қол жеткізуге қамтамасыз етеді. 2. Коррекция мен диагностиканың бірлігі принципі. Бұл принцип практик психологтың негізгі іс-әрекетінің түрі ретінде клиенттің дамуына психологиялық көмек көрсетуді бүтіндей үрдіс деп қарастырады. 3. Коррекцияның каузальді типінің проритеттілігі принципі. Бұл принцип бағытталуына қарай коррекцияның екі типін қарастырады. 1. Симптоматикалық ; 2. Каузальдік (себептік) ; Симптоматикалық коррекция кездесетін дамудың түрлі қиын жақтарынан симптомдары мен белгілерін қарастырады. Каузальдік тип артта қалушылық пен кемшіліктердің себебін айқындауға бағыытталған. 4. Коррекциялық іс-әрекеттік принципі. Берілген принціптердің теориялық негізі ретінде А.Н.Монтьев пен Д.Б.Элькониннің баланың психикалық дамуы жөніндегі теориясын қарастыруға болады, яғни іс-әрекеттің бала психикасының дамуындағы рөлі жөнінде. 5. Клиенттің жастық- психологиялық және индивидуалды ерекшеліктерін есепке алу принципі. Мұндай талап клиенттің психикалық және тұлғалаық тұрғыдан қалыпты дамуына қойылады. 6. Кешенді әдістемелердің психологиялық әсері принципі. Бұл әдістемелер принціпі коррекциялық-бамытушы бағдарламаларды құруда кеңінен қолданылады және практикалық психологияның түрлі әдістемелері мен жабдықтарын кеңіне қолдануды талап етеді. Практикада қолданылатын көптеген әдістемелер шет елдік психологияның теориялық негізінде құрастырылған. Яғни бихевиаризм, гуманистік психология, гештальтпсихология және т.б. Әрбір психологиялық әдістеменің өзіндік ерекшеліктері болады, сондықтан клиентке психологиялық көмек көрсетуде бұл әдістемелердің алатын орны ерекше. 7. Белсенді әрі жақын әлеуметтік ортаның коррекциялық бағдарламаларға әсері принципі. Бұл принцип жақын әлеуметтік қарым-қатынас шеңберімен анықталады. Яғни баланың ересектермен қатынас жүйесі, тұлғалық қарым-қатынас ерекшелігі, іс-әрекет формасын баланың әлеуметтік дамуындағы келесі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бала әлеуметтік ортадан тыс адамдармен қарым-қатынас жасамай өмір сүре алмайды, дамымайды. Бала сол әлеуметтік жүйеде бір тұтас бірлікпен дамиды. Коррекциялық бағдарламаларды құруда неғұрлым дамыған психикалық үрдістерге сүйеніп және оларды белсендіруші әдістемелерді қолдану қажет. 8. Психикалық үрдістерді зерттудің түрлі деңгейіне сүйену принципі. интелектуалдық және перцептивті дамудың нәтижелі жасы болып табылады. 9. Бағдарламалық оқыту принципі. Яғни мұнда жүйелі әрә түрлі аперациялардан тұратын бағдарламалардың нәтижелілігі қарастырылады. 10. Күрделену принципі. Әрбір тапсырма белгілі деңгейлерден құрылу тиіс: қарпайымнан күрделіге қарай. Материалдың формальды күрделілігі оның психологиялық күрделілігімен үнемі сәйкесе бермейді. Ең жоғарғы деңгейдегі күрделі әрі нәтижелі коррекция клиентке жағымды, әрі қиыншылықтарды жеңуге деген құштарлығын оятады. Материалдың көлемін, деңгейін және әртүрлілігін есепке алу принципі. Яғни бұл принцип әрбір коррекциялық бағдарламаларда жүзеге асыруда материялдық көлемімен әртүрлілігін бірте-бірте жоғарлатуды қарастырады. Материалдық эмоционалды күрделілігін есепке алу принципі. Әрбір жүргізілетін ойындар жарияланатын материалдар жағымды эмоционалды әсер қалдыруф тиіс. Коррекциялық сабақтар міндетті түрде позитивтік эмоционалдық фонда аяқталу қажет. Коррекциялық жұмыс бағдарламасы психологиялық тұрғыда негізделген болуы керек. Коррекциялық бағдарламалардың түрлері : жалпы, типтік және индивидуалдылық. Коррекцияның жалпы үлгісі –бұл жүйе тұлғаның жас ерекшелік дамуының біртұтас оптималды талаптарын қарастырады. Ол айналадағы орта, әлем және адамдар жөнінде терең, кең әрі нақты көз-қарасты қалыптастыру үшін ойлаудың үрдісін жақсарту, қабылдау мен бақылай алушылықты жоғарылату үшін дайындалады. Коррекцияның типтік үлгісі- клиенттің психикалық дамуын, индивидуалдық дамуын, қызығушылығын, үлгерімін, түрлі іс-әрекет деңгейін анықтауды көздейді. Стандарттық бағдарламада- коррекцияның этаптары, қажетті материалар, қатысушыларға қойылатын талаптар жазылады. Клиентке бағытталған әсер: «Психокоррекциялық кешеңді» құрайды: ол бірнеше блоктан тұрады. 1. диагностикалық; 2. бағдарлаушы; 3. корекциялық; 4. коррекциялық әсердің нәтижелілігін бағалау; Психокоррекциялық бағдарламаларды құруға қойылатын негізгі талаптар: - Коррекциялық жұмыстың мақсатын нақтылау; - Коррекциялық жұмыстың мақсатын анықтайтын тапсырмалар шеңберін анықтау; - Белгілі тактикамен жұмыс жасау; - Клиентпен жұмысжасаудың түрлерін нақтылап алу; - Коррекциялық жұмыстың әдістемелері мен жабдықтарын іріктеу; - Барлық корекциялық бағдарламалрды жүргізуге кететін жалпы уақытты анықтау - Кездесудің аралықтарын белгілеу; - Әрбір корекциялық сабақтығын ұзақтығын есептеу; - Коррекциялық жұмысқа өзге адамдардың, жанұясының, туыстарының араласуын жоспарлау; - Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды әзірлеу. Корекциялық сабақ аптасына 1(сағат) күн 1-1,5 сағаттан кем өткізілмеуі тиіс. Коррекциялық жұмыс аяқталған күннің өзінде қарастырылған мәселе жайлы. 1-2 айдан кейін бақылау жүргізіліп қойылуы тиіс. Психокоррекция тиімділігін анықтау факторлары. 1. Клиенттің өзінің күткені. 2. Клиенттің өзінің мәселелерден босаудағы мақсаты. 3. Клиент мәселесінің мазмұны. 4. Клиенттің бірлесуге дайындығы. 5. Коррекциялық іс-шараны жүргізу барысындағы психологтың өзінің күткені. 6. Психологтың өзінің жеке бас және кәсіби тәжірибесі. 7. Психокоррекция әдіс-тәсілдерінің спецификалық әсері. Коррекциялық әсердің нәтижелілігі келесі жағдайларға байланысты: -коррекциялық әсердің нәтижелілігі әдіс-тәсілдердің нақтылығын қажет етеді, -бір әдіс-тәсілдің өзі маманның кәсібилілігіне байланысты әртүрлі нәтиже беруі мүмкін; -жұмыстың бағасын тәуелсіз эксперттер бағалауы тиіс; -психологтың тәжірибесін де есепке алу керек; -психокоррекциялық әсердің нәтижесін басқа да нәтижелермен салыстыру қажет; -коррекциялық бағдарламада топтық формада психологтың тәжірибесін ескеру қажет Кездесу топтарындағы жаттығу техникасы. Негізі техника қатынас орнату, сенімді қарым-қатнас орнату, конфликттермен танысу, тай – таласты сараптау, қолдау көрсету. қарым-қатнас орнату немесе танысу: бірінш топтық процесте сенімді адам аралық қатнас орнатуға негізделген бірінші сабақта топ мүшелері контактіні жеңілдету негізінде лақап есемдер мен танысады. Танысу өте кіші топта немесе жұптер арасында жұзеге асады. Физикалық кантакт кеңейеді: жұптар бір- бірінің қолдарын, бет-пішінін зерттейді. сенімді қарым-қатнас орнату. Топта бірінші сабақта кантактіге түсе алмайтындықтан жалғыздықты сезінетін бірнеше адамдар бар. Таныспай жатып өз сезімдерін біреуге сеніп айту әр кімге жеңіл түспейді. өзінің жалғыздығымен басқаларға сенбеушілікті жоюдың көптеген түрлері бар. топқа ен (прорвись). Топтағы ойынға қатысушылар бір-бірінің қолдарын ұстап шеңбер құрады. Ал өзін жалғыз сезінген шетте қалған адам психологтың тапсыруы бойынша осы шеңберді бұзып, ішке кіруі керек. ойыншылар сыртта қалған адамды кіргізбеуге тырысып бағады, ақыр соңында өздеріне қабылдайды. Ішке кірген ойыншы жалғыздықты жеңуі үшін белгілі күш жұмсау керектігін түсінуі керек. сенімді құлау немесе сақтану. Қатысушылар жұптарға бөлінеді. Жұптардың біреуі көзін жұмған күйінде шалқасынан құлайды. Ал келесі біреуі оны ұстап қалатынына сенімді. Екінші адам құлатып алмауы керек. конфликтіні қарастыру. Конфликтіні тудыратын топтағы жарыс, бәсекелесу және лидерлік үшін күрес. Көп жағдайларда конфликтер вербалды түрде қарастырылады. Психолог тай-таласқа түскен топ мүшелерін бірін-бірітындауға шақырады, ашық және тікелей өз ойларын айтуға тек өз сезімі емес, қарсылас сезіміне мойын сұнуға шақырады. Тәуелділікпен жұмыс барысындағы арт-терапияның мүмкіндіктері. Тәуелділікпен жұмыс барысындағы арт-терапияның мүмкіндіктері арт- терапияның әдістері мен ерекшеліктерін анықтау барысында көрінеді. Көптеген белгілі анықтамаларға қарасақ тәуелділікке мынандай анықтама беріледі: тәуелділік кез-келген тұрақтылық, хроникалық және интенсивті нақты ұстанымды қолдану, ол жеке тұлғаның өзінің эмоционалды қалпын бақылауда қолданыс табады. Тәуелділікке алкогольге және наркотикке тәуелділіктен басқа да темекіге, дәрілік препараттарға тәуелділікті, булемия, анорекцияны жатқызамыз. Соңғы кезде бұл қатарға компьютерлік ойындарды және азартты ойындарды да жатқызуға болады. Сонымен қатар: жұмысқа берілушілік, теледидарға берілу, тәуекелділікке берілгіштік, ақша жұмсағылыштықты да айтуға болады. Дипрессия, сундицитті тәртіп, өзін төмен бағалау, отбасылық және т.б. проблемалардың барлығы да тәуелді тәртіп, немесе оның себебіне байланысты психологтың көмегіне жүгіндіреді: Тәуелділікке қатысты жалпы белгілер: - тәуелділікке берілу - өмірдің басқа қырларынан ләззат ала алмау; - еркіндігінен айырылу тоқтау мен жалғастырудың арасындағы келіспеушілік; - өзін-өзі бақылай алмау - өзінің тәуелділігін тоқтата алмау; - өзінің физикалық және психикалық денсаулығына зардап келетінін біле отырып тәуекелге бел буу; - өтірік пен өзін-өзі алдау - өзін-өзі алдай отырып, бар проблеманы жоққа шығару, өз басынан жауапкершілікті алу; - абстинентті синдром – препарат дозасын азайту кезіндегі психологиялық және физиологиялық реакциялар; - тореланттылық – қажетті эффект алу үшін белгілі заттар қолдану арқылы жасалатын жағдайлар; - интенсивті түрде көңіл күйдің түсуі – эйфориядан ұялуға, кінәдан дипрессияға, - тәуелділікке байланысты ішкі жандүниелік және тұлғааралық келіспеушіліктердің прогрессивті саны. Клиенттермен нәтижелі жұмыс жасау үшін жоғарыда көрсетілген белгілерден басқа мынадай ерекшеліктерге де көңіл бөлу керек. Психологиялық қорғаныс механизмдері: жұмыстың кез-келген этабында мынадай қиындықтар кезедеседі: қарсы тұру, рационализация мен проекция. Осы үш басты мәселе иррационалды ойлауға тәуелділерді терапияның әр этабында қаралуы тиіс. Манипуляцияға берілген – дер – қорғаныс маневрі, ол тәуелдіге өз проблемасынан бас алауға көмектеседі. Мұнадай психологтарды типті өз жақындарын алдап алады. Өзін -өзі алдау. Бұл тәуелділіктің ең басты және жеңу қиынға түсетін мінездеме. өтірік пен өзін-өзі алдау тәуелділермен жұмыс кезіндегі қиындық туғызатын бірден бір мәселе. Когнитивті психологияда психологиялық қиналыс тудыратын уайымның психологиялық қорғанысы. Американды психолог А.Тверскийдің айтуынша тәуелділердің сыртқы келбетіне сене беруге болмайды, ол қатеселуге апаруы мүмкін. Тәуелдінің интелектісі қаншалықты жоғары болса, соншалықты ол өзінің іс-қимылын ақтап бере алады. 3. Практикалық және семинар сабағының сұрақтары. №1 семинар сабағы: Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы пәні және ғылыми зерттеу обьектісі Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы пәні 2. Ауытқушылық немесе девианттылық әрекет-қылық жайлы түсінік. 3. Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы пәнінің маңызы Әдебиеттер 1. Акажанова, А.Т. Девиантология .- Алматы, 2009 2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование. — СПб., 2007. 3. Тебенова, К.С. Дамуында ауытқуралы бар балалар .- Караганда, 2006 4. Богоявленская Д. Б. Психология творческих способностей. — М„ 2009. 5. БурлачукЛ. Ф. Психодиагностика. — СПб., 2009. 6. Общая психодиагностика / Под ред. А. А. Бодалева, В. В. Сто-лина. - М., 2007. 7. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008 8. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. — М., 2010. 9. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000. №2 семинар сабағы: Девиантты мінез-құлық және оның типтері Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Девиантты мінез-құлықтың шығу себептері. 2. Девиантты мінез-құлықтың типтері. 3. Девиантты мінез-құлықтың көріністері Әдебиеттер 1. Акажанова, А.Т. Девиантология .- Алматы, 2009 2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование. — СПб., 2007. 3. Тебенова, К.С. Дамуында ауытқуралы бар балалар .- Караганда, 2006 4. Богоявленская Д. Б. Психология творческих способностей. — М„ 2009. 5. БурлачукЛ. Ф. Психодиагностика. — СПб., 2009. 6. Общая психодиагностика / Под ред. А. А. Бодалева, В. В. Сто-лина. - М., 2007. 7. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008 8. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. — М., 2010. 9. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000. № 3 семинар сабағы: Қиын немесе дағдарыс кезеңдердегі психофизиологиялық даму Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Психофизиолгиялық даму туралы түсінік, дамудың базалық анықтамалары. 2. Психология ғылымындағы «жетілу» мен «өсу» ұғымдары. 3. Дамудың негізгі формалары: филогенез және онтогенез Әдебиеттер: 1. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008 2. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. — М., 2010. 3. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000. 4. Равич-Щербо И. В, Марютина Т. М., Григоренко Е. Л. Психогенетика. - М., 2002. 5. Романова Е. С. Графические методы в практической психологии. - СПб., 2009. 6. Теплова Л.И. Тест умственного развития младших подростков. Руководство по работе с тестом. — М.: Обнинск, 2000. 7. Шмелев А. Г. Психодиагностика личностных черт. — М., 2010. 8. Штерн В. Умственная одаренность. — СПб., 2007. 9. Шульц Д., Шульц С. История современной психологии. — М., 2010. 9. Шванцара Й. Диагностика психического развития (Пер. с чешск.; Общ. ред. Г.А.Овсянникова. – Прага: медицинское изд-во Авиценум, 2008. С. 46. №4 семинар сабағы: Мінез-құлық ауытқуларының себептері Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Мінез және мінез бітістері 2. Аномия жайлы түсінік 3. Мінез-құлық ауытқуларын тудыратын себептер Әдебиеттер: 1. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008 2. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. — М., 2010. 3. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000. 4. Равич-Щербо И. В, Марютина Т. М., Григоренко Е. Л. Психогенетика. - М., 2002. 5. Романова Е. С. Графические методы в практической психологии. - СПб., 2009. 6. Теплова Л.И. Тест умственного развития младших подростков. Руководство по работе с тестом. — М.: Обнинск, 2000. 7. Шмелев А. Г. Психодиагностика личностных черт. — М., 2010. 8. Штерн В. Умственная одаренность. — СПб., 2007. 9. Шульц Д., Шульц С. История современной психологии. — М., 2010. 9. Шванцара Й. Диагностика психического развития (Пер. с чешск.; Общ. ред. Г.А.Овсянникова. – Прага: медицинское изд-во Авиценум, 2008. С. 46. №5 семинар сабағы: Жасөспірімдердің психикалық дамуындағы ауытқулардың сипаты Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Дизонтогенездік даму ерекшеліктері 2. Дизонтогенездің түрлері 3. Асоциалды мінез-құлық көріністер Әдебиеттер 1. Акажанова, А.Т. Девиантология .- Алматы, 2009 2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование. — СПб., 2007. 3. Тебенова, К.С. Дамуында ауытқуралы бар балалар .- Караганда, 2006 4. Богоявленская Д. Б. Психология творческих способностей. — М„ 2009. 5. БурлачукЛ. Ф. Психодиагностика. — СПб., 2009. 6. Общая психодиагностика / Под ред. А. А. Бодалева, В. В. Сто-лина. - М., 2007. 7. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008 8. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. — М., 2010. 9. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000. №6 семинар сабағы: Аутодеструктивті мінез-құлық Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Аутодеструктивті мінез-құлықтың сипаттамасы 2. Аутодеструктивті мінез-құлық түрлері. 3. Аутодеструктивті мінез-құлықтың профилактикасы Әдебиеттер: 1. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008 2. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. — М., 2010. 3. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000. 4. Равич-Щербо И. В, Марютина Т. М., Григоренко Е. Л. Психогенетика. - М., 2002. 5. Романова Е. С. Графические методы в практической психологии. - СПб., 2009. 6. Теплова Л.И. Тест умственного развития младших подростков. Руководство по работе с тестом. — М.: Обнинск, 2000. 7. Шмелев А. Г. Психодиагностика личностных черт. — М., 2010. 8. Штерн В. Умственная одаренность. — СПб., 2007. 9. Шульц Д., Шульц С. История современной психологии. — М., 2010. 9. Шванцара Й. Диагностика психического развития (Пер. с чешск.; Общ. ред. Г.А.Овсянникова. – Прага: медицинское изд-во Авиценум, 2008. С. 46. №7 семинар сабағы: Қиын оқушылардың аддиктивті мінез-құлқы. Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Аддиктивті мінез-қылықтар жайлы түсінік. 2. Әлеуметтік жағдайлар мен балалардың дербес ерекшеліктері негізінде туындайтын аддиктивті мінез-қылықтардың деңгейлері. 3. Жаман қылықтарға бейімділік Әдебиеттер 1. Акажанова, А.Т. Девиантология .- Алматы, 2009 2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование. — СПб., 2007. 3. Тебенова, К.С. Дамуында ауытқуралы бар балалар .- Караганда, 2006 4. Богоявленская Д. Б. Психология творческих способностей. — М„ 2009. 5. БурлачукЛ. Ф. Психодиагностика. — СПб., 2009. 6. Общая психодиагностика / Под ред. А. А. Бодалева, В. В. Сто-лина. - М., 2007. 7. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008 8. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. — М., 2010. 9. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000. №8 семинар сабағы: Аддиктивті мінез-құлық қалыптасуындағы ата-ананың ролі Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Бала тәрбиесіндегі ата-ана, жанұяның ролі. 2. Жасөспірімдердің адаптациялық қиындықтары. 3. Ата-аналардың әрекетсіздігі мен немқұрайлылығы Әдебиеттер: 1. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008 2. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. — М., 2010. 3. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000. 4. Равич-Щербо И. В, Марютина Т. М., Григоренко Е. Л. Психогенетика. - М., 2002. 5. Романова Е. С. Графические методы в практической психологии. - СПб., 2009. 6. Теплова Л.И. Тест умственного развития младших подростков. Руководство по работе с тестом. — М.: Обнинск, 2000. 7. Шмелев А. Г. Психодиагностика личностных черт. — М., 2010. 8. Штерн В. Умственная одаренность. — СПб., 2007. 9. Шульц Д., Шульц С. История современной психологии. — М., 2010. 9. Шванцара Й. Диагностика психического развития (Пер. с чешск.; Общ. ред. Г.А.Овсянникова. – Прага: медицинское изд-во Авиценум, 2008. С. 46. №9 семинар сабағы: Психотропты заттардың психикаға тигізетін әсері Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Психотропты заттардың жасөспірім денсаулығы мен психикасына әсері 2. Есірткі қолданудың психикалық себептері мен мотивациясы. 3. Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері Әдебиеттер 1. Акажанова, А.Т. Девиантология .- Алматы, 2009 2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование. — СПб., 2007. 3. Тебенова, К.С. Дамуында ауытқуралы бар балалар .- Караганда, 2006 4. Богоявленская Д. Б. Психология творческих способностей. — М„ 2009. 5. БурлачукЛ. Ф. Психодиагностика. — СПб., 2009. 6. Общая психодиагностика / Под ред. А. А. Бодалева, В. В. Сто-лина. - М., 2007. 7. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008 8. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. — М., 2010. 9. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000. №10 семинар сабағы: Виртуалды және интернет тәуелділігінің психикалық аспектісі Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Интернет тәуелділік жайлы түсінік. 2. Интернет тәуелділіктің психикалық және физиологиялық симптомдары. 3. Интернет тәуелділіктің белгілері мен механизмдері Әдебиеттер: 1. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008 2. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. — М., 2010. 3. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000. 4. Равич-Щербо И. В, Марютина Т. М., Григоренко Е. Л. Психогенетика. - М., 2002. 5. Романова Е. С. Графические методы в практической психологии. - СПб., 2009. 6. Теплова Л.И. Тест умственного развития младших подростков. Руководство по работе с тестом. — М.: Обнинск, 2000. 7. Шмелев А. Г. Психодиагностика личностных черт. — М., 2010. 8. Штерн В. Умственная одаренность. — СПб., 2007. 9. Шульц Д., Шульц С. История современной психологии. — М., 2010. 9. Шванцара Й. Диагностика психического развития (Пер. с чешск.; Общ. ред. Г.А.Овсянникова. – Прага: медицинское изд-во Авиценум, 2008. С. 46. №11 семинар сабағы: Агрессивті мінез – құлық Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Агрессивті мінез – құлықтың көріністері. 2. Агрессия реакцияларының формалары. 3. Агрессиялы әсердің түрлері Әдебиеттер 1. Акажанова, А.Т. Девиантология .- Алматы, 2009 2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование. — СПб., 2007. 3. Тебенова, К.С. Дамуында ауытқуралы бар балалар .- Караганда, 2006 4. Богоявленская Д. Б. Психология творческих способностей. — М„ 2009. 5. БурлачукЛ. Ф. Психодиагностика. — СПб., 2009. 6. Общая психодиагностика / Под ред. А. А. Бодалева, В. В. Сто-лина. - М., 2007. 7. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008 8. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. — М., 2010. 9. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000. №12 семинар сабағы: Ауытқушылық мінез-құлық мәселесімен жүргізілетін психологиялық қызметтің бағыты Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Психологиялық қызмет жайлы түсінік. 2. Психологиялық қызмет жұмысының мақсаты мен бағыттары Әдебиеттер: 1. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008 2. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. — М., 2010. 3. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000. 4. Равич-Щербо И. В, Марютина Т. М., Григоренко Е. Л. Психогенетика. - М., 2002. 5. Романова Е. С. Графические методы в практической психологии. - СПб., 2009. 6. Теплова Л.И. Тест умственного развития младших подростков. Руководство по работе с тестом. — М.: Обнинск, 2000. 7. Шмелев А. Г. Психодиагностика личностных черт. — М., 2010. 8. Штерн В. Умственная одаренность. — СПб., 2007. 9. Шульц Д., Шульц С. История современной психологии. — М., 2010. 9. Шванцара Й. Диагностика психического развития (Пер. с чешск.; Общ. ред. Г.А.Овсянникова. – Прага: медицинское изд-во Авиценум, 2008. С. 46. №13 семинар сабағы: Психодиагностикалық әдістердің жіктелуі Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Псходиагностикалық әдістерді жіктеуге қойылатын талаптар. 2. Бақылауды тиімді қолдану жағдайлары 3. Тестілеудің басқа диагностикалық әдістерден айырмашылығы Әдебиеттер 1. Акажанова, А.Т. Девиантология .- Алматы, 2009 2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование. — СПб., 2007. 3. Тебенова, К.С. Дамуында ауытқуралы бар балалар .- Караганда, 2006 4. Богоявленская Д. Б. Психология творческих способностей. — М„ 2009. 5. БурлачукЛ. Ф. Психодиагностика. — СПб., 2009. 6. Общая психодиагностика / Под ред. А. А. Бодалева, В. В. Сто-лина. - М., 2007. 7. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008 8. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. — М., 2010. 9. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000. №14 семинар сабағы: Ауытқушылық мінез-құлықты психокоррекциялау бағдарламасы Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Психокоррекциялық жұмыстың маңызы. 2. Психокоррекциялық бағдарламалардың түрлері мен құрудың негізгі талаптары. 3. Психокоррекциялық шаралардың нәтижелілігін бағалау Әдебиеттер: 1. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008 2. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. — М., 2010. 3. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000. 4. Равич-Щербо И. В, Марютина Т. М., Григоренко Е. Л. Психогенетика. - М., 2002. 5. Романова Е. С. Графические методы в практической психологии. - СПб., 2009. 6. Теплова Л.И. Тест умственного развития младших подростков. Руководство по работе с тестом. — М.: Обнинск, 2000. 7. Шмелев А. Г. Психодиагностика личностных черт. — М., 2010. 8. Штерн В. Умственная одаренность. — СПб., 2007. 9. Шульц Д., Шульц С. История современной психологии. — М., 2010. 9. Шванцара Й. Диагностика психического развития (Пер. с чешск.; Общ. ред. Г.А.Овсянникова. – Прага: медицинское изд-во Авиценум, 2008. С. 46. №15 семинар сабағы: Психокоррекциялық бағдарламаны құрастыру принциптері Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Психокоррекциялық бағдарламаны құрастыру принциптері. 2. Психокоррекция тиімділігін анықтау факторлары. 3. Клиентке бағытталған әсер Әдебиеттер 1. Акажанова, А.Т. Девиантология .- Алматы, 2009 2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование. — СПб., 2007. 3. Тебенова, К.С. Дамуында ауытқуралы бар балалар .- Караганда, 2006 4. Богоявленская Д. Б. Психология творческих способностей. — М„ 2009. 5. БурлачукЛ. Ф. Психодиагностика. — СПб., 2009. 6. Общая психодиагностика / Под ред. А. А. Бодалева, В. В. Сто-лина. - М., 2007. 7. Иманғалиев, Е. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері.- Астана, 2008 8. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. — М., 2010. 9. Психологическая диагностика /Под ред. К. М. Гуревича. — М., 2000. 4. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ СӨЖ тақырыптарының тізімі Даму кезеңіндегі психологиялық ауытқушылық түрлері – коллоквиум Дамытушы және қалыпқа келтіруші жұмыстардың модельдері - конспектілеу және ауызша жауап Қиын оқушыларды болдырмаудың қазіргі жолдары – пікірталас Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері – реферат Мектеп психологының «қиын балалармен» жұмыс әдістемесі – 10 сұрақ жауап Қиын немесе дағдарыс кезеңдердегі психофизиологиялық даму - әдебиеттермен жұмыс, конспектілеу Дағдарыс жағдайларындағы психикалық өзгерістер - ауызша сұрақ- жауап Әлеуметтік дезадаптацияның себептері – реферат Әлеуметтік дезадаптациялы мінез- қылықтың типтері, асоциальды топтар- (әдебиет деректерін пайдалана отырып) 10 сұрақ-жауап Психикалық дағдарыс - эссе жазу және қорғау Оқу үлгерімі төмен оқушылар туралы жалпы түсінік – пікірталас Делинквентті мінез-құлық көріністері – коллоквиум Аддиктивтіліктің түрлеріне психологиялық талдау – жазбаша Интернет тәуелділіктің пайдасы мен зияны – эссе жазу Ауытқушылық мінез-құлықтың психопрофилактикасы – өздік бағдарлама жасау 4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау. Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса). Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс- әрекетте қолданылуынан тұрады. СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді. І. Берілген тақырыпты конспектілеу. Негізгі талаптар: Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды. 2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал. 3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады. 5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет. 6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады. Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар) 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл- кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. 4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары Бақылау сұрақтары 1.«Психодиагностика және коррекция» ерекшеліктерін талдау. 2.Категориялық құрылымын ашу, методологиялық негіздері. 3.Психокорреция және оның түрлері. 4.Мақсат, міндеттері. 5.Психокоррекциялық шараларды өткізуші психологқа қойылатын талаптар. 6.Психокоррекциялық бағдарламаны құрастырудың негізгі түрлері, принциптері. 7.Психокоррекциялық бағдарламаны құрастыруға қойлатын талаптар. 8.Дамытушы, профилактикалық, коррекциялық жүейе принципі. 9.Коррекция мен диагностика бірлігі принципі. 10.Каузалды типті коррекция басшылығы принципі. 11. Коррекцияның әрекеттік принципі. 12.Клиенттің индивидуалдық ерекшеліктері мен жас және психологиялық ерекшелігін есепке алу принципі. 13.Психологиялық әсер етудің кешенді әдістер принципі. 14.Коррекциялық бағдарламаны құруға деген дайындық пен белсенді шақыру принципі. 15. Психикалық үрдісті ұйымдастырудың әртүрлі деңгейіне сүйену принципі. 16.Программалық оқыту принципі. 17.Күрделену принципі. 18.Материалдың әртүрлілігі мен көлемін есепке алу принципі. 19.Материалдың эмоционалды күрделілігін есепке алу принципі. 20.Коррекцияның жалпы үлгісі 21.Коррекцияның типтік үлгісі 22.Коррекцияның индивидуалды үлгісі 23.Р.Роджерстің негізгі түсініктері. 24.Логотерапия, экзистенциялды бағыттар. 25.Тәртіптік бағыт, когнитивті бағыттар туралы түсінік. 26.А.Эллистің рационалды-эмотивті терапиясы. 27.А.Бектің когнитивті терапиясы. 28.У.Глассердің реалистік терапиясы. 29.Ф.Перлздің гештальттерапиясы. 30.Ойын терапиясы туралы түсінік. 31. Арттерапия туралы түсінік. 32.Әуен терапиясы туралы түсінік. 33.Кітап терапиясы туралы түсінік. 34.Би терапиясы. 35.Ертегі терапиясы туралы түсінік. 36. Психогимнастика туралы түсінік. 37.Жүйелік десенсибилизация мен сенсибилизация әдістері туралы түсінік. 38.Иммерсиалық әдістері 39.Психодрама әдісі туралы түсінік. 40.Психодраманың формалары мен түрлері. 41.Психодраманың әдістері. 42.Жекелей және топтық психокоррекция туралы түсінік. 43.Олардың мақсат, міндеттері, негізгі стадиялары. 44.Тренингтік топтар туралы түсінік. 45.Әлеуметтік-психологиялық тренинг- коррекцияның құралы ретінде. 46.Гештальттоптар, іскерлік топтар. 47.Валиттік топтар. 48.Сайнанон топтар туралы түсініктер.[pic]
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz