Файл қосу
Ландшафт шекаралары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3 деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК |ПОӘК 042-16-13.1.04 | | | |/01-2013 | |«Ландшафттану және | | | |физикалық географиялық |№ 2 басылым | | |аудандастыру»пәнінің |10.01.2013 ж. | | |оқу-әдістемелік | | | |материалдары | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Семей 2013 Мазмұны |1 |Глоссарий | | |2 |Дәрістер | | |3 |Практикалық сабақтар | | |4 |Студенттердің өздік жұмыстары | | 1. Глоссарий Азоналдық – территоряның зоналық ерекшеліктерімен байланыссыз табиғи құбылыстың таралуы Антропогендік ауыртпашылық – қоғамның, оның практикалық іс әрекетінің табиғи ортаға жалпы немесе оның құрауыштарына және олардың қасиеттеріне ( ландшафттар, рельеф, топырақ, экожүйелер, биота, т.б.) тікелей немесе жанама әсерінің дәрежесі Абиотикалық факторлар – тір ағзаларға тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғаттың барлық қасиеттері Антропоген дәуірі – жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі.Бұдан 1 млн жыл бұрын басталған. Антропогендік ластану – адам іс-әрекеті нәтижесінде ластаушы заттектердің шығаруы мен байланысты; өзінің масштабтары бойынша табиғи ластанудан көп жоғары Антропогендік факторлар – қоғамның іс әрекетшілігінің формалары, нәтижесінде табиғаттың басқа түрлер мекендеу ортаның өзгерісіне тигізеді немесе тікелей олардың тіршілігіне әсер етеді Антропогенді факторлар – адамның іс әрекетінен туындайтын табиғатта өтетін прцестердің қозғаушы күштері Антропогенез – адамның іс-әрекетінің ықпалынан табиғи объектілердің өздігінен даму немесе өзгеріс ке ұшырау процесі Атмосфера – биосфераның жоғарғы қабаты, Жер шарының әртүрлі газдардың қоспасынан, сулы булардан, шаңнан тұратын газды қабатшасы Бентос – су қойманың түпті ылай шөгінділерде мекендейтін және жай түбінде тынығатын, түбіне бекітілген жануарлар Биогеоценоз – микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың қауымдастықтарын құрайтын, кеңістіктін белгілі бір бөлігін алатын, ұрпақтардың ауысу кезінде тұрақты түрде жаңартылуға қабілетті және заттектердің айналымы арқылы ұзақ тіршілік ететін қүрделі жүйе. Биокосты зат - «биосферада бір уақытта тірі ағзалар және косты процестер мен түзіледі, олардың динамикалық тепетендігінің жүйелері болып табылады»; ағзалар биокосты затта жетекші роль атқарады Биологиялық өнім - биогеоценоздардың құрамына кіретін микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың биомассасынын молықтыру Биосфера – (грек. bios - тіршілік, sphaira – шар, сфера) – «тіршіліктің аймағы», тірі ағзалар мекендейтін Жер шарының бетіндегі кеністік Биосфера - Жер шарының қабатшасы, тірі ағзалар оның қалыптасуында негізгі ролль атқарады Биотикалық факторлар (тірі табиғаттың факторлары) — тірі ағзалардың бір- біріне әсет етудің формалары Биотикалық факторлар – тірі ағзалардың бір біріне, өсімдіктердің бір біріне, жануарлар және өсімдіктердің, микроағзалардың өсімдіктерге және жануарлар әлеміне тікелей немесе жанама әсер етудің факторлары Биотоп – биоценоздың тірішілігінің орны, сол немесе басқа биоценоз мекендейтін азды-көпті ұқсас жағдайлары мен кеңістік Биоценоз – микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың қауымдастығы Бонитет – табиғи ресурстарды тиімды пайдалану мақсатында олардың сапасын салыстырмалы бағалау үшін қолданатын балл, шартты көрсеткіш Гидросфера – Жер шарының су қабатшасы Географиялық зона, Ландшафты зона, Табиғи зона – Жердің географиялық қабатшасының және физико-географиялық аудандастырудың зоналық кеңістік дифференциациясының негізгі бірлігі, географиялық белдемдердің шеңберінде жекеленетін және жылу мен атмосфералық ылғалданудың шарттарының ұқсастығымен сипатталады Геоақпарат – геожүйелер немесе олардың элементтері, сондай-ақ олардың арасындағы бар болатын қатынастар мен тәуелділіктер туралы кеңістік- байланыстырылған мәліметтер мен білімдердің жиынтығы Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) – автоматизирленген жоғарытехнологиялық ақпаратты-бағдарламалық жүйе, геоақпараттын жинауын, өндеуін, сақтауды, бейнелеуді және таралуын жүзеге асырады. ГАЖ міндеті – қоршаған орта және қоғам территориалды үйымдастыруын бағалау, болжау, жоспарлау және басқарудың күрделі ғылыми және қолданбалы міндеттерін шешу үшін географиялық бекітілген мәліметтердің ізденісін, жіктелуін, анализы мен демонстрациясын жеңілдету Геожүйе – кейбір мөлшердегі жер кеңістігі, мұнда табиғаттың жеке компоненттері бір бірімен жүйелік байланыста болады және белгілі тұтастылық ретінде космос сферасы мен адам қоғамымен әрекеттеседі. Геожүйедегі табиғи компоненттері біртекті және олардың арасындағы барлық өзарабайланыстар бірдей дәрежеде зерттелу қажет Геоэкология – 1966 ж. К.Тролль ғылымғы ұсынған, «ландшафты экология» және «биогеоценология» екі терминдердің синонимы ретінде; екі тәсілді құрайтын ғылыми пән: 1. «көлденен» - жер бетінің аймақтық бөлінуі, табиғи құбылыстардың кеңістік әрекеттесуін құрайды, географиялық ландшафт туралы ғылым. 2. «тігінен» - биологиялық ғылымның өзі, экологиялық жүйе ретінде қарастырылатын берілген экотоптағы құбылыстардың әрекеттесуі Дала – шөп басқан, батпақсыз жазық жер. Қоршаған ортаның мониторингі – қоршаған ортаның күйін бақылау үшін жүйі, мүмкін болатын өзгерістерді бақылау, бағалау және болжау үшін арналған Литосфера – тас (қатты) жер шарының қабатшасы Ландшафтың критикалық күйі – ландшафтың тұрақсыз күйі, кейінгі әсер оның радикалды өзгерісіне тигізеді, немесе денсаулық және әлеуметтік- экономикалық даму үшін қолайлы функциялардың жойылуы Ландшафтқа түсетін ауыртпашылық - табиғи немесе антропогендік ландшафтарға тікелей немесе жанама түрде түсетін шаруашылықтың әсері Мекендеу орта - тірі ағзаны қоршайтын және онымен тікелей әрекеттесуде болатын табиғаттың бөлімі Мәдени ландшафт – қоғам мүдделерінде ғылыми негізінде тиімді өзгертілген географиялық ландшафт Неоген дәуірі – жердің геологиялық тарихындағы кайназой эрасының жаңа дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдвнда өткен. Ноосфера – (грек. noos – сана сезім, ақыл парасат және sphaira –шар) – тікелей аударғанда «ақыл парасатты қабатша», сана сезім сферасы, В.И.Вернадский бойынша биосфераның дамуының ең жоғарғы сатысы, ақыл парасатты адамзат түзілуі және қалыптасуы мен байланысты; ақыл парасатты адамның іс әрекетшілдігі Жер шарындағы дамудың басты анықтаушы факторы болатын период Ноосфера – біздің планетадағы жаңа геологиялық құбылыс, осында адам ірі құатты геологиялық күш болып табылатын Ноосфера – ғаламдық масштабтағы ақыл парасатты, ғылыми негізделген істердің әлемі Озон қабаты (озон экраны немесе қалқаны) – озонның максималдық концентрациясы бар аймағы - барлығы 8 ррт (8 ауаның бір миллион бөліктеріндегі 8 бөлігі) Ортаның геоэкологиялық сийымдылығы – белгілі жеке территориялардың немесе жалпы жер кеңістігінің ішінде қоршаған ортаның, оның геожүйелерінің өзінің тұрақтылығынан айырылмай, яғни деградацияға ұшырамай және пайдалы қасиеттерін жоғалтпай, тіршілік және әлеуметтік-экономикалық дамудың шарттарын максималды қамтамасыз етудің сандық бейнеленген қабілеттігі Популяция – белгілі орынды мекендейтін, бір түрге жататын, пайда болуы бірдей және фенотипті ұқсас дербестердің тұрақөты бірлестігі Табиғи ресурстар (жаратылыстық) – тікелей және жанама сұраыстар үшін бұрыңғы уақытта, кәзір және келешекте пайдаланатын, материалдық құндылықтарды және еңбек ресурстарын молықтыратына қолайлы табиғи объектілер мен құбылыстар. Табиғи ресурстарға жатады: пайдалы қазбалар, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі, атмосфералық ауа, су, климат, күн және космостық радиация Табиғи ресурстарды қайта қалпына келтіру – адамның шаруашылық іс әрекетшілдігінің нәтижесінде табиғи ресурстардың сол немесе басқа түрлердің жұқарған деңгейінің алдындағы күйіне жеткізу, қалпына келтіру Табиғатты қорғау – техногендік, агрогендік, басқа антропогендік жүктемелердің жағдайларындағы тірі ағзалардың жаратылыстық ортасын және табиғи ресурстардың жиынтығын сақтауға бағытталған іс әрекет Табиғи тепетендік – стихиялық немесе антропогендік сипаты бар ішкі және сыртқы факторлардың ауытқу әсері жоқ кезіндегі, табиғи ортаның, оның экологиялық қасиеттерін, геожүйелер немесе басқа территориялардың ішіндегі, олардың табиғи тұрақты эволюциялық дамуын және негізгі құрылымдық пен функционалды қасиеттерінің қамтамасыз ететін куй Шөлейттену – құрғақ, жартылай құрғақ және құрғақшылық жартылай ылғалданған аудандардағы әртүрлі факторлардың әсерінен жерлердің деградациясы Экология – тірі ағзалардың өзара және оларды қоршайтын ортамен әрекеттесулері туралы ғылым Экология, Реймерс Н.Ф.бойынша , - бұл: 1) биологияның бөлімі, (биоэкология), тірі ағзалардың өзара және оларды қоршайтын ортамен әрекеттесулерін зерттейтін; 2)экожүйелердің қызметінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін пән; 3) кешенді ғылым, тірі ағзалардың, адамды қоса, мекендеу ортасынзерттейтін; 4) білімдердің кең аймағы, Жер шарындағы әрекеттесуші процестер мен құбылыстардың қоршаған ортамен жиынтығын қарастыратын Экологиялық апат зоналары – территория немесе акватория, олардың шеңберінде табиғи ресурстарды пайдаланудың рауалы шегі астам болатын, тіпті табиғи ортаға антропогенді ауыртпашылықтарды төмендету немесе шешу кезінде шаруашылық іс әрекеттің тиімділігінің, тұрғындар денсаулығының нашарлауы және әлеуметтік кернеуліктің өсуі төмендемейді 2.Дәріс сабағының тезистері №1 дәріс Ландшафттану курсына кіріспе. Мақсаты: Ландшафттану ұғымымен танысы Жоспар: 1. Ландшафттану пәні. 2. Негізгі зерттеу объектісі. 3. Территориялық табиғат кешені. 4. Ландшафттанудың басқа ғылымдармен байланысы. №1 дәрістің қысқаша конспектісі Ландшафттану – географиялық қабықтың құрамына кіретін табиғи және табиғи-антропогендік геожүйелер жайлы ғылым. Ландшафтанудың жер туралы ғылымдардың арасындағы орны. Ландшафттану, геоэкология және созоэкология, В.В. Докучаевтің және Л.С. Бергтің ландшафттану ғылымының басталуына сіңірген еңбегі. Ілімнің дамуы, жаңа теориялардың пайда болу жолдарына дайындық жасайды. Қандайда болсын ғылыми теория заңды түрде тек қана белгілі тарихи жағдайда дамиды. Егер де жер бетіндегі жекелеген компоненттерді қарастыратын география салалары дамыған болса онда ландшафтану ғылымының шығуы екі талай еді. Сонымен бірге анализден синтезге өту барысында, яғни географиялық кешен ұғымына көшу жаратылыс тану заңдылықтарының негізіне сүйенбеуі мүмкін емес. Бірақ, бұған жағдай өткен ғасырдың аяғында ғана жасалынды. Жекелеген жағдайд ландшафтанудың дамуына биологиядағы эволюциялық ілім-дарвинизм жӘне биогеография мен топырақ тану ғылымдарындағы өлі мен тірі табиғи ортаның қарым-қатынысын географиялық есептеу тұрғысынан қарау үлкен жаңалық болып енді. Қандайда болсын ғылымның тарихын оқып үйренуде социалды-экономикалық жағдайдың ерекшелігін ұмытуға болмайды. Барлық ғылым социалды ортаға сай, қоғамға қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Ғылымның дамуы мен социалды экономиканың дамуы арасында күрделі қатынас бар. Практикалық қажеттілік ғылымның алдына шешуге тиіс мӘселелерді қояды, 2-ші жағынан алдыңғы қатардағығылымдардың творчестволық ойлары практикалық мүмкіншіліктерді басып озатын ойлар тастайды. Географияның бай тарихынан біз осы екі жағдайдың да мысалын табамыз. Ландшафтану ғылымының бүкіл тарихы қоғамдық практикамен тығыз байланысты. Ғасырдың соңғы он жылдығында орыс ғалымдары мен қоғам қайраткерлері ауыл жӘне орман шаруашылығындағы көптеген пролблемаларды шешу табиғи компоненттер арасындағы байланысты түсіну арқылы екендігін мойындады. Сонымен, өткен жүз жылдықтың аяғында ландшафт туралы ұғым туды. Әрине, бұл ландшафт туралы ілім кенеттен пайда болды деген емес. Сонау ерте уақыттан-ақ күнделікті практикалық қажеттілік, өмір сүру ерекшеліктері мен жерді ауыл шаруашылығына пайдалану жолында Әртүрлі территорияларды бөлуді талап етті. Ғылыми ландшафтық идеялардың пайда болғанына дейін Әртүрлі мамандарда: аңшыларда,орманшыларда жергілікті жердің табиғи комплекстері туралы өз тӘжірибесінен алағн түсініктер болды. Мысалы: Европаның солтүстік тұрғындарында орман мен батпақтың Әртүрлі ландшафтық типтерін көрсететін, ал Орта Азия халықтаныда далаларда, шөлді, сортаң жерлердң ерекшеліктерін айқындайтын жергілікті терминдері бар. Мына территориялық категорияларды: батпақты жерлерді, өзен аңғарларын, сортаң жерлерді орыс тілінде урочище дейді жӘне осы халық термині ландшафтанудың ғылыми сөздігіне енді. Екіншіден ландшафтанудың дамуындағы негізгі рольді оның географиямен тығыз байланысы анықтайды. Бірнеше ғасырдың көлемінде география өз теориясын іс жүзінде пайдалана алмай келді, ол тек сұрақ-жазу тӘртібіне ие болды. Қазіргі кездегі кейбір географиялық идеялардың түбірін біз сонау ерте замандағы ғалымдардың еңбектерінен табамыз. Ұлы географиялық жетістіктердің нӘтижесінде жердің шар тӘрізді екендігі талассыз, мұхиттар мен құрлықтардың мөлшерлері, мұхит ағыстары тағы басқалар анықталды. Бірақ мұның бӘрі физикалық географияның өркендеуіне аз болды. Географиялық жетістіктердің қорытындысы нидерланды ғалымының (Бернград Варения – 1622-50) «Жалпы географияң деген еңбегінде география- жаратылыстану ғылымы ретінде анықталды. Ғасырдың екінші жартысынан бастап жекелеген мемлекеттердің табиғатын зерттеу жұмыстары өріс алды. Ғасырдың екінші жартысынан бастап бірқатар еуропалық мемлекеттерде капитализмнің өркендеуі география ғылымының дамуына жол ашты. Осы кезден бастап ғылыми түрде географиялық ізденістер басталды. Ғасырдың басында география ғылымынан геология ғылымы бөліне бастады. ЖӘне де осы уақытта географиядан климотология, океанография-фито-зоогеогрфия ғылымдары құрыла бастады. КӘдімгі география ғылымынан экономикалық география бөлініп шықты. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Ландшафттану пәні. 2. Негізгі зерттеу объектісі. 3. Территориялық табиғат кешені. 4. Ландшафттанудың басқа ғылымдармен байланысы Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №2 дәріс Ландшафттану тұжырымының қалыптасу тарихы. Мақсаты: Ландшафттану тұжырымының қалыптасу тарихы мен даму этаптарын қарастыру. Жоспар: 1. Алғашқы ландшафттану туралы ілімді қалыптастырушы оқымыстылар. 2. Докучаевтың ландшафт туралы көзқарасы, 20 ғ-ғы ландшафтттану ілімінің қалыптасуы, оның зерттеу методикасы, алға қойған мақсаты мен міндеті. Ландшафтық-географиялық синтездің тағы да бір жаңалығы-аудандастыру болып табылады. Оның практикалық мақсатта мӘні зор екендігін ғалымдар мойындаған еді. ХІХ ғасырдың аяғында табиғи ортаны зерттеудегі жекелеген – жерді, табиғи байлықты, су жӘне орман шаруашылығын зерттеу жұмысынтары нӘтижесінде климотология, геоморфология,биогеография т.б. салалар бөлініп жатқанда онда география нені зерттіейді деген ұғым туды. Бұл сала бойынша ғалымдардың көптеген пікірлері қалыптасты. Осылай қиын уақытта Ресейде географиялық мектеп пайда болды. Оның негізін қалаушы – В.В.Докучаев (1846 – 1903). Докучаевтың топыраққа көзқарасы географиялық: топырақ дегеніміз бүкіл географиялық компоненттердің, яғни аналық жыныстан,жылудың, ылғалдың, рельефтің жӘне тірі организмдердің қарым-қатынасы кезінде пайда болған. Ол табиғи ландшафттың азығы жӘне оның айнасы іспеттес. Сонымен, топырақ жамылғысы географиялық байланыстардың соңғы звеносы болып табылады. 1989-1900 жылдары В.В.Докучаев табиғи зоналар туралы ілімнің негізін қалады, зоналық ілім дүние жүзілік заң ретінде, оның ықпалы тек қана тек қана табиғи процестер ғана емес бүкіл жер бетіндегі процестерге, тіпті минералдық заттардың орналасуына да Әсерін тигізеді деп қарады. Оның түсінігі бойынша зона – табиғи комплекстердің ең жоғары сатысы. 1905 жылы Г.Н.Высоцкий зоналарды бір-бірінен бөлуге сандық критерий- ауы ылғалдылығы көрсеткішін енгізіп, толықтарды (жауын-шашынның булануға қатынасы). Докучаевтың ілімін жалғастырушы ғалымдардың еңбегінің нӘтижесінде табиғи зоналардың шекаралары, картада орналасуы толық анықталып, соның нӘтижесінде табиғи аудандастырудың синтезі жасалды. Осы уақыттан бастап ғылымғы физгеографиялық аудандастыру термині енді. 1913 жылы Ресей бойынша алғашқы толық зоналық аудандастыру схемасын Л.С.Берг жасады, зоналар бірінші рет ландшафтық деп аталды. Осы уақытта еліміздің бірқатар территорияларында физзгеографиялық аудандастыру жұмыстары жүргізіліп жатты. Осындай түбегейлі аудандастыру географиялық ізщденістер физгеографиялық дифференция заңдылықтарының себебін шешуге бағытталды. Бірқатар ғалымдар физгеографиялық дифференциацияның факторы ретінде геологиялық негізге, рельефке, тіпті микрорельефке байланысты локалдық топырақ пен өсімдік жамылғысының ерекшеліктеріне көңіл бөлді, ал таулы аймақтарда биіктік белдеу өзгеруіне. Осындай Әр жерде Әр түрлі мақсатта жүргізілген жұмыстар отанымыздың ғалымдарын объектівті түрде жекелеген территорияларда табиғи компоненттредің аралығында заңдылықты байланыстың бар екені туралы тұжырымға Әкелді. Ертеде 1895 жылы А.Н.Краснов мұндай байланысты бірлестікті комплекстер деп атаған еді, ал ғасырымыздың басқы кезінде бұл идея ландшафт деген тұжырыммен аяқталды. 1904-1914 жылдар аралығындағы ландшафтқа генетикалық тұрғыдан қараған көзқарастарды біз Г.Ф.Морозовтың, Л.А.Борзовтың И.М.Крашенинниковтың, Л.Н.Бергтің еңбектерінен табамыз. Дегенмен ғылыми оқулықтарға «ландшафтң терминін енгізген Л.С.Берг деп білеміз, өйткені ол 1913 жылы географияның зерттейтін саласы «ландшафтң деген еді. Ол ландшафтқа рельефі, климаты, өсімдіктер мен топырақ жамылғысы бір-біріне сӘйкес біртұтас территория деп анықтама берді. 1914 жылы Р.И.Аболин шарының комплекстік ландшафтық қабықшасы деген ұғым енгізді. Ландшафттық-гаографиялық идеялардың екінші бағыты – бұл түбегейлі ландшафтық экспедициялар ұйымдастыру еді. Ландшафтық съемкалар ірі масштабта жүргізіліп табиғи территориялық комплекстер болды. Ландшафтық съемкалар кезінде табиғи компоненттері, тіпті оның ауылшаруашылық потенциалы анықталды. Осы ізденітер нӘтижесі ол ландшафтардың динамикасы мен эволюциясы туралы алғашқы идеялардың пайда болуы. Соғыстан кейінгі ландшафтану ғылымының дамуы ландшафтық съемкаларды олар Әрі өрістету еді Бұл жұмыс Н.А.Солнцевтің басқаруымен МӘскеу университетінің ғалымдарының жүргізуімен болды. Солнцевтің анықтамасы бойынша табиғи территориялық комплекстер қатарында ландшафт негізгі таксономиялық бірлік қоныстар мен фациялардың заңдылықты түрде үйлескен құрамасы. 1944-46 жылдары Б.Б.Полынов жаңа ғылыми бағытқа – ландшафттағы химиялық элементтер миграциясын танып білуге жол ашты. Ландшафтану ғылымының дамуына 1955 жылы Ленинград қаласында болған 1 ландшафтану жиыны үлкен үлес қосты. Бұл жиындарда, мерзімді басылымдарда ландшафтанудың теориясы, ізденіс Әдістері, ландшафттық карталар жасау талқыланды. 1961-65 жылдары 1:4000000 масштабтағы ТМД территориясы бойынша ландшафттық карта жасалында. Ландшафттық ізденістер екінші дүние жүзілік соғыстан кейін шет елдерде де жалғастырылды. Оның ішінде К.Тролдың ландшафттың жаратылыста өз шекарасы бар табиғи бірлік екені, ландшафттардың морфологиясы мен экологиясын ажыратудың, фацияның синонимі ретінде «экотопң терминін енгізуін атап кетуге болмайды. Ландшафт экологиясы ұғымының АҚШ-та Польшада. Канадада, Австралияда дамуы. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Алғашқы ландшафттану туралы ілімді қалыптастырушы оқымыстылар. 2. Докучаевтың ландшафт туралы көзқарасы, 20 ғ-ғы ландшафтттану ілімінің қалыптасуы, оның зерттеу методикасы, алға қойған мақсаты мен міндеті. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №3 дәріс Ландшафттың аймақтық және аудандық бөлшектері. Мақсаты: Ландшафттың аймақтық және аудандық бөлшектерің қарастыру Жоспар: 1. Ландшафттанудың тегіне қарай, ішкі сыртқы күштердің әсер ету деңгейіне қарай бөлшектенуі. 2. Ландшафттың зоналық, азоналық, секторлық жүйелері. В.В.Докучаев табиғи зоналарды дұрыс белдеулер, яғни параллелдермен шектелген орталық деп түсінбеді. Оның тұжырымы бойынша табиғат математика емес. Кейіннен түпкілікті зерттеулердің нәтижесінде ландшафттық зоналардың жалпы белдеу емес екендігі, кейде олардың бөлініп, бір-бірінен алыстау орналасқан аймақтарда кездеседі. Керісінше белгілі бір зонаның территориясында физгеографиялық қарама- қайшылықтардың кездесуі мүмкін, ал таулы аймақтарда зоналық ендік жойылып, биіктік белдеулер пайда болады. Шындығында зоналық ендіктің мұндай ауытқымалары құрлықта, мұхиттарда, жазықтарда әртүрлі жағдайларда бірдей емес. Жердің тектоникалық дамуында оның жоғарғы қабаты жердің ішкі энергиясының әсерінен зоналық, азоналдық заңдылықтардың әсеріне ұшырайды. Жер бетінің азоналдық дифференциациясының қорытындысы құрлықтағы биіктер мен мұхиттардағы қазаншұңқырлар, яғни құрлықтар мен мұхиттар. Географиялық қабықшаның полярлық ассиметриялығы құрлықтардың үлкен бөлігі солтүстік жарты шарда орналасқанын көреміз. Жер бетінің қатты қабаты мен сулы қабатының физикалық қасиеттерінің әрқалайлығына байланысты континенттік және мұхиттық ауа массалары қалыптасады. Қалыптасқан континенттік – мұхиттық ауа ағыны жалпы атмосфера циркуляциясының қозғалысын қиындатады. Мысалы, муссондар ауа массалары жазда мұхиттардан қызған құрлыққа қарай, ал қыста керісінше жылжиды. Сонымен территорияның континенттік мұхиттық атмосфера циркуляциясы системасына алыс, жақын орналасуы физгеографиялық дифференциацияның негізгі факторы болып табылады. Мұхиттардан құрлық орталығына жалжыған сайын, әлбетте, теңіздік ауа массаларының қайталануы азаяды, климаттың континентальдығы артады, жауын-шашын мөлшері кемиді. Сонымен қатар жер бетінде жылудың таралуының қосымша факторы жалпы атмосфера циркуляциясына, құрлықтардың орналасу жағдайына, конфигурациясына байланысты қалыптасатын теңіз ағыстары. Суық ағыстар өтетін аймақтарда мұхит беті жыл сайын 2500МДж/м2 дейін жылу жоғалтады, бұл бүлануға кететін жылу мөлшерімен тең. Ал Атлант мұхитының қоңыржай белдеуінде жылы ағыстың әсерінен мұхит беті 1000, ал кей жерлерінде 3000 МДж/м2 дейін қосымша жылу алады. Теңіз ағыстары атмосфера циркуляциясы арқылы құрлықтардың шеткі аймақтарының температуралық жағдайы мен ылғалдануына әсерін тигізеді (мысалы, суық ағыстар тек температураны төмендетіп қана қоймайды, климаттың құрғақтығын арттырады, ол әсіресе, Перуан, Калифорния ағыстарынан айқын байқалады. Континентальды-мұхиттық ауа массаларының температуралық әсері әсіресе, қыс айларында айқын байқалады, өйткені қатты суыған құрлық бетінде жоғарғы қысымды аймақтар пайда болады. Бұл кезде мұхиттарға жақын жатқан территориялар теңіздік ауа массаларының әсерінде болғандықтан құрлық орталықтарымен салыстырғанда жылы болады (негізінен құрлықтардың батыс бөлігі). Мысалы, бір ендікте жатқан Скандинавия түбегінің батыс бөлігі мен Сібірдің солтүстік-шығысындағы тауаралық ойпаттардың қаңтар айының орташа температурасының айырмашылығы 470С. Жазда құрлық орталығында жылылау, дегенмен айырмашылығы онша емес, мысалы, Орталық Якутияда Скандинавия түбегінің батыс жағалауымен салыстырғанда 4-5 0жылы. Мұхиттардың құрлықтың температурасына әсері туралы жалпылама бағаны климаттың континентальдық көрсеткіштері арқылы білуге болады. Климаттың сандық жағынан континентальдығын анықтайтын бірнеше әдістер бар. Олардың ішінде дұрыс деп табылғаны 1959 жылы Н.Н.Ивановтың ұсынған көрсеткіші. Бүкіл жер бетіне түсетін жауын-шашынның жылдық мөлшері 103 мың км3 болса, оның 37 мың км3 адвективті (яғни горизонтальды ығысқан) жауын-шашын да, 66 мың км3 құрлықтардан буланған жауын-шашын. Құрлықтың орталық бөлігіне жақындаған сайын теңіздік ауа массалары ылғалдылығын азайтады, өйткені оның көп бөлігі теңіз жағалауларында, әсіресе теңізге жақын орналасқан тау беткейлерінде қалады. Тайга зонасының Атлант мұхитына жақын жатқан және құрлықтың орталығына орналасқан аймақтарындағы ландшафттардың жауын-шашын мөлшерінің айырмашылығы 3-4 есе. Субтропиктік және тропиктік ендіктерде бұл айырмашылық ерекше байқалады: шығысында муссондық жауын- шашын мөлшері көп, ал орталық және батыс аймақтарда континентальдық пассаттардың әсерінен құрғақ. Мұхиттардан құрлықтарға жылу мен жауын- шашыннан басқа ауа массалары арқылы әртүрлі тұздар жеткізіледі. Бұл процесті Г.Н.Высоцкий импульверизация деп атады, ол шөл және шөлейтті жерлдердегі тұзданудың бірден бір себебі болып табылады. Континентальды-мұхиттық ауа массалары циркуляциясының ландшафттарға әсері әрқалай. Ерте уақытта – ақ мұхит жағалауларынан құрлықтың орталығына қарай жылжыған сайын заңдылықты түрде өсімдік жамылғысының, жануарлар дүниесінің топырақ типтерінің өзгеретіндігі байқалған. 1921 жылы В.Л.Комаров бұл құбылысты меридионалдық зоналық деп атады, ал қазіргі кезде секторлық деген ұғым қолданылады. Екеуінде ұқсастық та байқалады. Дегенмен табиғи құбылыстардың зоналық ендік бойынша өзгеруінде негізгі рөлді жылумен қамтамасыз етілуі мен ылғалдану атқарса, секторлықтың негізгі факторы ылғалдану физгеографиялық процестердің дифференциациясына бойлық бойынша жылудың өзгеруі де әсерін тигізеді. В.Л.Комаров құрлықтарда 3 меридионалдық зона батыс орталық, шығыс бөлуге болады деп түсінді. Ал А.И.Яунпутнинь осылай құрлықтарды 3 физгеографиялық секторға жіктеді. Кейіннен әртүрлі ендіктерде секторлықтың бірдей еместігі дәлелденді. Евразия материгінің қоңыржай циркуляциясының ерекшеліктеріне бпайланысты секторлықтың толық спектрі байқалады. Пассаттар белдеуінің шығыс желдер басым аймақтарында шөлдер құрлықтың орталық бөлігінен батыс жағалауына дейін созылады да ылғалды батыс мұхиттық сектор болмайды (түсіп қалады). Тек құрлықтың шығыс бөлігінде муссондардың әсерінен орманды ланшафттар қалыптасады. Сонымен тропиктік белдеудің секторлық құрылымы әрқалай, негізгі екі сектордан басқа өтпелі саванналық ландшафттары басым континенталдық секторды бөлуге болады. Субторпиктік ендікте секторлық дифференциациясы ауыспалы дегенмен тропиктікке жақын субэкваторжәне экватор ендіктерінде секторлық әлсіз байқалады, бірақ жоғалып кетпейді. Экватор зонасында ауа массаларының горизонталдық ауысуы әлсіз, конвекциясының әсерінен құрлыққа көп жауын-шашын жауады. Полярлық облыстарда біркелкі ауа массалары басым болғандықтан, төменгі температура мен ылғалданудың артықшылығынан секторлық физгеографиялық айырмашылық онша байқалмайды. Секторлық пен зоналық бір-бірімен тығыз байланысты құбылыс. Секторлықты тек бойлықтық дифференциация деп түсіну дұрыс емес, өйткені континенталды мұхиттық ауа массаларының ауысуы тек бойлық бойынша ғана емес ендік бойынша да байқалады. Егер теңіздік ауа болса, онда секторлық зоналықпен қатар жүріп ландшафттардың зоналық ауысуын күшейтеді немесе әлсіретеді. Мысалы, солтүстік мұзды мұхиттың температураны төмендететін әсері Евразия мен Солтүстік Америка материктерінің солтүстік жағалауларында байқалады. Ендік температуралық градиент тундрада 10-20 есе жоғары, тайга мен салыстырғанда, жаздық изотерма теңіз жағалауларына параллель орналасады, тундраның оңтүстік шекарасы орналасуы бойынша құрлықтың солтстік теңіз жағалауларының формасына сәйкес. Бұл тундра зонасының зоналық құбылыс екеніне қарамастан оңтүстік шегі мұхиттың суық ықпалы мен айқындалатынын көрсетеді. Ал оңтүстік-шығыс Азия бөлігінде басқаша. Үнді мұхитынан келетін пассаттар жаз айларында мұхиттық муссонға ауысып, экватордан солтүстікке - құрлықтың біршама орталығына таралып тропиктік шөлдерді ығыстырады, сөйтіп тропиктік ормандар мен саванналардың шекарасын солтүстікке қарай жылжытуға жағдай жасайды. Дегенмен, көптеген жағдайда, секторлық дифференциация бірталай табиғи зоналарды кесіп өтеді, өйткені әрбір зона бір сектордан екіншісіне ауысқанда біршама өзгерістерге ұшырайды. Оған қоңыржай- континенттік Шығыс- Европа секторында, Батыс Сібірдің континенттік белдеулерінде жекеленген “учаскелермен” кездесетін тайга зонасы мысал болады. Егер белгілі бір ендікте бір типтес жылу мен ылғалдану процесі сақталса, онда ландшафттық зоналар біркелкі, яғни бөлінбейтін болып келеді. Климаттың континенталдығының секторлар бойынша өзгеруі бойлық бойынша зоналар вариантының құрылуынан көрінеді. Егер біркелкі жылумен қамтамасыз етілген ендікте бір сектордан екіншісіне ауысқанда ылғалдану айырмашылығы болса, онда зоналар ауысады, ендік бойынша бірнеше зона қалыптасады. Сонымен зоналық пен секторлықтың ара-қатынасын қарастыра отырып, біз бір ғана емес бірнеше ландшафттық зона системаларының бар екендігін мойындаймыз. Зоналар системасы деп біз құрлықтың бойлық секторына тән бөлінбейтін ландшафттық зоналар системасын түсінеміз, негізінен континентальдық және мұхиттық қатарларға жіктеледі; біріншісіне әртүрлі белдеулердің шөл зонасы, шөлейттер, далалар, екіншісіне әртүрлі ендіктердегі орман зоналары жатады. Бірақ, зоналардың батыс пен шығыс бөліктерінде ылғалдану процесінде біршама айырмашылық бар. Жоғарыда айтылған зоналық спектрдың бірқатар ерекшеліктері физгеографиялық процестердің: буланудың, фитомасса қорының және биологиялық өнімділіктің әртүрлігінен байқалады. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Ландшафттанудың тегіне қарай, ішкі сыртқы күштердің әсер ету деңгейіне қарай бөлшектенуі. 2. Ландшафттың зоналық, азоналық, секторлық жүйелері. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №4 дәріс Ландшафт компоненттері және ландшафтты қалыптастыратың факторлар. Мақсаты: Ландшафт компоненттері және ландшафтты қалыптастыратың факторларға сипаттама беру. Жоспар: 1. Ландшафт құрушы компоненттер және компоненттер дегеніміз не? 2. Ландшафтты қалыптастырушы факторлар. Климат. Рельеф. Гидрология. Топырақ. Өсімдік жамылғысы. №4 дәрістің қысқаша конспектісі Газ, сұйық және қатты заттардан тұратын территориялық табиғат кешсндерінін, жеке бөліктсрін құрамдас бөлік деп атайды. Соңғы жылдардағы ғылыми зерттеулер геогендік және биогендік құрамдас бөліктермеи бірге энергетикалық қүрамдас бөліктердің болатынын да дәлелдеп берді. Территориялық табиғат кешендерін қурайтын құрамдас бөліктердің қандай түрі болсын — заттық объект, олар белгілі бір заңдылықтар бойынша бір- бірімен әрекеттесу арқылы курделілене түседі. Демек, оларды тек даму процесі арқылы ғана танып-білуге болады. Мысалы, алғаш-қы тірі ағзалар су, ауа және минералды заттармен қоректеніп, органикалық заттар пайда болатын қарапайым автотрофтылар тобын түзеді. Кейіннен даяр органикалық заттармен қоректенетін гетеротрофты тірі ағзалар — жануарлар пайда болғаи. Бұл айтылған мысалдан қарапайым құрамдас бөліктердің — алдыңғы, күрделілерінің — соңғы орында тұратындығын, бірнеше қарапайым құрамдас бөліктердің өзара әрскеттесуінен күрделі бір құрамдас бөліктің пайда болатынын, құрамдас бөлік өзгерістерінің жеке-дара дамымайтынын ұғыну қиынемес. Ғалымдардың тұжырымдалган пікірлеріне қарағанда, территориялық табиғат кешендерін қүрайтын құрамдас бөліктерді төмендсгіше жіктеуге болады. Геогенді құрамдас бөлікке: жер қыртысы, ауа, су; энергетикалық құрамдас бөліктерге: күн энергиясы, жердің ішкі энергиясы; биогенді құрамдас бөліктерге: өсімдіктер, жануарлар, топырақ жатады. Осы құрамдас боліктердің түрліше өлшемдегі территориялық бөлшектері әр түрлі сатыдағы немесе таксономиялық бірлік дәрежесінде территориялық табиғат ке-шендерімен қабысады. Табиғаттың қүрамдас бөліктері өздеріне тән зандылық бойынша бар болмысымен өзгеріп, дамиды. Бірақ олардың қай-қайсысы болса да жеке-дара өзгеріп, дами алмайды. Барлық құрамдас бөліктер өзара әре-кеттесу арқылы тұтас бір затгық жүйеге бірігеді. Алайда қүрамдас бөліктің қайсысына қандай күщпен әрекет ететіні туралы және оның территориялық табиғат кешендерінің қалыптасуында қандай рөл атқаратындығы туралы әлі күнге дейін ғалымдар арасында нақты пікір жоқ. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Ландшафт құрушы компоненттер және компоненттер дегеніміз не? 2. Ландшафтты қалыптастырушы факторлар. Климат. Рельеф. Гидрология. Топырақ. Өсімдік жамылғысы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №5 дәріс Ландшафт морфологиясы. Мақсаты: Ландшафттың құрамдас бөліктерің қарастыру. Жоспар: 1. Ландшафттарды құрайтын морфологиялық территриялық табиғат кешендері, құрылымдық бөліктерінің сатыларына қарай жіктелуі. 2. Жергілікті жер. Қоныс. Фация. 3. Олардың ландшафтты қалыптастырудағы рөлі. Маңызы. Биіктікке байланысты өзгеруі. Мекендердің жіктелуі. Жіктеуде қолданылатын негізгі көрсеткіштер. Қарапайым жӘне күрделі мекендер, қалыптасу ерекшеліктері. ТӘуелді, доминантты жӘне субдоминантты мекендер. Зоналық жӘне азоналдық факторлардың тигізер Әсері. Жазық жӘне таулы аймақтардың мекендерін жіктеудің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Мекендер жер бедері мезоформасының біртекті субстратына негізделіп, физгеографиялық үрдістердің жалпы бағытымен сипатталатын фациялардың үйлесімді қатары. Олардың жекелену себебі әртүрлі ылғалдануға, инсоляция айырмашылығына, литологиялық және механикалық құрамдағы айырмаға, жер асты суларының деңгейінің алуан түрлілігіне байланысты болады. Мекендердің бір- бірінен жекеленуінде негізгі рөлді геологиялық, геоморфологиялық негіз атқарады. Олар, әсіресе, жер бедері мезоформасының дөңес және ойыс аймақтары басым жерлерінде айқын – төбелер мен ойпаттар, қыраттар мен сайлар, жыра аралық плакорлар мен жыралар. Жергілікті атмосфера циркуляциясы, химиялық элементтер миграциясы, ағын үрдісі жер бедерінің оң және теріс формасында қалыптасқан фацияларды бір жүйелі қатарға жинақтаса да осы қатардың жоғарғы және төменгі бөліктері жоғарыдағы үрдістердің әсері бойынша бір-бірінен айырмашылығы зор. Өзен аралық жазықтарда қарама-қайшы жер бедері формалары жоқ болғандықтан мекендердің қалыптасуы аналық жыныстардың айырмашылығымен және табиғи дренаж сызығынан алыс жақындығымен айқындалады. Соңғы фактор әсіресе ылғалдануы жоғары территорияларда негізгі рөл атқарады. Өтпелі территорияларда әртүрлі өсімдік топтары бірдей экологиялық жағдайда болғанда мекендердің жіктелуіндегі негізгі рөлді өсімдік топтары арасындағы бәсеке таластық қарым-қатынас атқарады. Бәсекелес топтар көршілес орналасып территориясын сақтайды, жергілікті климаттың, топырақ пен су режимінің өзгеруіне де көп әсерін тигізеді. Ландшафттардың әрбір жекелеген морфологиялық бөліктеріне генетикалық бірлік пен сапалық ұқсастық тән. Өйткені олардың құрамына енетін фацияларға ұқсас, біршама жақын ылғалдану, жылумен қамтамасыз етілу және тау жыныстарының литологиялық құрамы ұқсас болу керек. Сондықтан да мекендер ландшафттардың анық, айқын бөлінетін бірлігі болып табылады, яғни үйлесімді орналасқан мекендер тізбегі далалық ізденістер мен аэрофотосуреттерде негізгі жіктеу объектісі. Жіктеуде пайдаланылатын критерийлер: а) біріншіден, мекендерді айқын ажырата білу мезорельеф формасының тілімденуі анық көрінетін жерлерде көрінеді. Мысалы, төбешіктер мен ойыстар. Мекендердің өзгешелігі, айырмашылығы тек жер бедері формаларының сыртқы пішініне ғана емес, сонымен қатар, олардың шығу тегіне, аналық тау жыныстарының литологиялық құрамына да байланысты. Мысалы, сырттай көзбен қарағанда бір-біріне ұқсас жазықтар мен сайлардың субстратындағы айырмашылық олардың су мен жылу режиміне, топырақ түзілу процестеріне және биоценоздарына әсерін тигізбей қоймайды, сондықтан әртүрлі мекендер қалыптасады. ә) екіншіден, өзен аралық тегіс жерлерде, жер бедерінде айырмашылығы жоқ мекендердің пайда болуы мен дамуындағы, жіктелуіндегі негізгі фактор субстрат ерекшелігі. Мұнда төселме беттің су өткізгіш ерекшелігі, карбонаттығы сияқты көрсеткіштерімен қатар жер беті жыныстарының физикалық қасиеттері есепке алынады. Мысалы, Қазақстанның шөлді аймақтарында механикалық құрамы саздан және саздақ топырақ жамылғысынан құмға дейін алуан түрлі топырақ жамылғысы кездеседі. Жер бедерінде аналық жыныстардың осындай алуан түрлілігі білінбейді, бірақ әртүрлі мекендердің пайда болуына себеп болады. б) әртүрлі мекендер жер беті жыныстары, тосқындары бірдей болған жағдайда да қалыптасады. Ол үшін: а) жер беті жыныстарының қалыңдығы бірдей болмау керек; в) олар біршама аздаған тереңдікте орналасқанымен топырақ түзілу үрдісі мен су мен ылғал режиміне әсерін тигізеді; г) Өзен аралық жазықтарда мекендерді жіктегенде тағы да есепке алынатын фактор – табиғи дренаж жағдайы - өзен аңғарына алыс, жақын орналасқандығы. Өзен аңғарынан алыстаған сайын жер асты суларының деңгейі төмендейді; су ағыны нашарлайды; олар топырақ пен өсімдік жамылғысына әсерін тигізеді; осының салдарынан су айрықтық жазықтардың орталық бөлігіне қарай мекендер біртіндеп ауысады. д) территорияның климаттық және геоморфологиялық жағдайы бірдей болса да өсімдік жамылғысымен қаншалықты көмкеріліп тұрғанына байланысты да әртүрлі мекендер дамиды. Өтпелі аймақтарда, әсіресе, зона аралық кеңістікте бірдей экологиялық жағдайда бір-бірімен бәсеке таластық жағдайда болатын өсімдік топтарында әртүрлі мекендер қалыптасады. Бәсеке таластағы өсімдік топтары қатар орналасып әрқайсысы өз территориясын сақтап қалуға тырысады, сөйтіп жергілікті жердің климатының, су және ылғал режимінің, топырақ түзілу процестерінің өзгеруіне ықпал етеді. Фацияларды картаға түсіру ірі масштабты талап етеді де тек “кілтті” участоктарда жүргізіледі. Ал мекендер геосистема иерархиясында ландшафттар мен фациялар арасындағы өтпелі бірлік болып табылады да қолданбалы ландшафттық ізденістерде: а) ауыл шаруашылық жерлерді бағалаудың, есепке алудың; ә) оның халық шаруашылығындағы тиімді жолдарын іздестірудің негізгі объектісі болып табылады. Мұндай ізденістер үшін фация қамтып жатқан ауданы бойынша кіші, өйткені ауыл шаруашылығына қажетті жерлер үлкен, ірі массивті аймақтарды талап етеді. Ішкі құрылым күрделілігіне байланысты мекендер: а) қарапайым; ә) күрделі деп бөлінеді. Н.А.Солнцев бойынша мекендерде мезорельефтің әрбір элементінде бір ғана фация қалыптасады, ал күрделі мекенде бірнеше фация. Мысалы, сайдың түбінде және оның әр беткейлерінде бір-бір ғана фация қалыптасса – ол қарапайым мекен, ал бірнеше фация қатарынан тұрса онда күрделі мекен. Күрделі мекен мынадай жағдайларда қалыптасады: а) рельефтің (жер бедерінің) ірі мезоформасына екінші қатардағы мезоформа элементтері кіріккенде. Мысалы, жыралары бар сайлар; көлшігі бар батпақты ойыстар. ә) мезорельефтің бір формасы немесе элементі, бірақ литологиялық құрамы әртүрлі – күрделі мекен пайда болады; б) доминантты су айрықтық мекендерде жанамалы немесе осы жерге тән емес фациялар кездескенде (карстар, батпақтар, аңдардың індері т.б.) күрделі мекен қалыптасады; в) әрқайсысы жеке өзіндік мекен құрайтын мекендер тізбегі кездескенде күрделі мекен пайда болады. Жоғарыда көрсетілгендей мекендер орта және ірі масштабты карталар түсіргенде нақтылы мәліметтерге негізделе түсіріледі. Олар қандай мәліметтер: а) генезисі немесе шығу тегі, пайда болуы; ә) морфографикалық типі мен жергілікті ағын жүйесінде алатын орнына қарай мезорельеф формаларын белгілі бір ретке келтіру. Сонымен – рельеф – ылғалдану мен табиғи дренаж ерекшелігімен тығыз байланыста есепке алынатын көрсеткіш. Әртүрлі ландшафттық зоналарда, подзоналарда және провинцияларда біртекті жер бедері формаларында, біртекті аналық жыныстан тұрса да климаты, ылғалдануы, топырақ жамылғысы мен биоценозы әртүрлі мекендер пайда болады. Неліктен? Өйткені территорияның орналасуы әр зонада. Сондықтан мекендердің классификациясын жасағанда фация сияқты мекендерде де зоналық және провинциялық ерекшеліктерге сүйену міндетті. Әрбір нақтылы ландшафт Л.С.Бергтің тұжырымы бойынша уақыт пен кеңістік аралығында қайталанбайды. Бір-біріне ұқсас екі ландшафтты табу мүмкін емес, бірақ бұл түсініктен ландшафттар арасында сапалық ұқсастық жоқ деген ұғым тумау керек. Салыстыру нәтижесінде генезисі мен динамикасы жағынан бір- біріне ұқсас ландшафттарды табуға болады, сондықтан да жүйелеуге мүмкіндік бар. Ландшафттық жүйеге келтіру жер бетіндегі ландшафттарды танып білуде үлкен ұйымдастырушы рөл атқарады және практикалық та маңызы зор. Қолданбалы мақсатта өткізілетін ландшафттық ізденістерде (мысалы, ауыл шаруа-шылығына тиімді жерді анықтағанда, табиғатты қорғау немесе мелиорация жұмыстары жүргізілгенде) олардың құрылымы күрделі болып, әрбір нақтылы ландшафтқа баға беру, оған талдау жасау қиын және көп уақытты қажет етеді. Сондықтан да көптеген жағдайларда типтік табиғи ерекшеліктерге байланысты типтік нормалар мен шараларды қолдануға тиіс болады. Кез келген табиғи жіктеу объектің инварианттық қасиетіне пайда болуына, құрылымына, өзгермелігіне негізделеді. Бұл көрсеткіштер ландшафттану жұмыстарында маңызды рөл атқаруы тиіс. Бірақ, олардың ұқсастық деңгейі әртүрлі, сондықтан ол өз маңызын жіктеудің сатылығынан табады, яғни таксономиялық бірліктер жүйесін қолданудан. Жоғарғы таксономиялық бірліктерден төменгісіне ауысқан сайын жіктеуде жаңа көрсеткіштер енгізіліп отырады. Осының салдарынан ландшафттар қамтитын шеңбер кішірейген сайын олардың ортақ қасиеттері арта бастайды. Олай болса, ландшафттардың ұқсастығы жіктеудің барлық сатыларында сақталады – тип, класс, түр, бірақ төменгі деңгейде ортақ қасиеттер көп, жоғарғысында керісінше. Ландшафттардың ұқсастығы мен айырмашылығы көптеген себептерге байланысты, сондықтан таксономиялық қатарда осы себептер қандай тәртіп бойынша есепке алынатынын анықтаған жөн. Ландшафттардың дамуындағы төмендегідей көрсеткіштер: ылғал айналымы, биологиялық зат айналымы, топырақ түзілу, биомассаның өнімділігі олардың жылумен, ылғалмен қалай камтамасыз етілгенімен, яғни күн энергиясының түсуімен анықталады. Ал жылу мен ылғал мөлшері, олардың қарым-қатынасы зоналық ендікке, секторлыққа, және биіктік белдеулерге тәуелді. Осы ой-пікірлерді есепке ала отырып жіктеудің ең жоғарғы таксономиялық бірлігі ландшафттар типі болып табылады. Ландшафттар типтерін айырудың негізгі көрсеткіші жылу мен ылғалмен қамтамасыз етілу айырмашылықтары, олардың гидротермикалық ерекшеліктері. Нақтылы классификациялық белгі болар көрсеткіштер: радиациялық баланс, белсенді температура жиынтығы Н.И.Ивановтың континентальдық коэффициенті. Сонымен қатар ауа температурасының орташа және экстремальды көрсеткіштерін, жауын-шашын мөлшерін, булану шамасын да есепке алған дұрыс. Бір типке жататын ландшафттардың ортақ қасиеттері су балансынан, қазіргі геоморфологиялық және геохимиялық үрдістерден, органикалық заттардың өмір сүру қабілеттерінен, құрамынан, өнімділігінен, биомасса қорынан, биологиялық зат айналымынан және топырақ түзілу ерекшеліктерінен көрінеді. Фация қарапайым бірлік. В.Б,Сочава бойынша фациялардың жіктелуі. Мекен- жай типтеріне байланысты фациялардың бөлінуі. Элювиальды. Супераквальды жӘне субаквальды фациялар. Фация морфологиялық қатардағы ең төменгі, жіктелмейтін бірлік. Оның тұтастығы белгілі территория шеңберінде қалыптасатын қарапайым үрдістер мен олардың тұтастығымен анықталады. Үрдістердің бірдей болуы – фацияның жер бедерінің бір элементінде немесе пішінінде қалыптасуының нәтижесі. Ол ылғал мен жылудың, жарықтың бірдей таралуының, борпылдақ және байырғы тау жыныстарының литологиялық құрамы бірдей болғанда жүзеге асады. Фацияның бүкіл шеңберінде осындай жағдайлардың үйлесімділігінің нәтижесінде бір топырақ түрі пайда болады, ол генетикалық горизонттардың және үрдістердің жиынтығымен сипатталады. Топырақтың ұқсастық көрсеткіші - өсімдік жамылғысы. Фация шекарасындағы фитоценоздардың түрлік құрамы бірдей, ал өсімдік топтарындағы тығыздық пен кейбір түрлердің басым кездесуі топырақ құрамы мен жер бедері пішінінде орналасуына тәуелді. Бірдей климаттық, геологиялық, геоморфологиялық және биогеографиялық зоналық пен азональдық жағдайда дамитын ландшафттың жіктелуіндегі негізгі фактор олардың жер бедері пішінінде орналасуы. Жер бедері элементі ландшафттың көршілес территориядан салыстырмалы биіктігі, беткей экспозициясы, беткей формасы мен еңкіштігі т.б. көрсеткіштері арқылы ерекшеленуі. Жазық территорияларда кешеннің орны микрорельеф формасымен, табиғи дренаж шекарасынан алыс-жақындығына тәуелді. Көтеріңкі жер бедері формасының өзі ауа массаларының ағынына, желдің бағыты мен жылдамдығына, атмосфералық ылғалдың таралуына әсер етеді. Жел жақ беткейлерге қарағанда ық беткейлерге ылғал мол түседі. Әсіресе қардың таралуында едәуір айырмашылық байқалады: төбешік пен жел жақ беткейден қар ұшып ойыстарға жиналады да жоғарғы бөлікпен салыстырғанда 2-3 апта көп жатады. Беткей еңкіштігіне байланысты атмосфераның жергілікті циркуляциясы пайда болады; түнде суыған ауа төменге соғып температура инверциясын тудырады. Күннің тура радиациясының жыл мезгілдері бойынша таралуы да беткей экспозициясына тікелей бағынышты. Жер бедері формасы мен еңкіштігі су ағынының қарқындылығына, еріген зат шығынына, аналық тау жыныстарының шайылуына осының салдарынан борпылдақ тау жыныстарының құрамына, топырақтың механикалық ерекшелігіне ықпал етеді. Сонымен, әртүрлі мекен-жайлар бір-бірінен жылу мен ылғал режимінің, минералдық заттардың кірісі мен шығынының қарым-қатынасы арқылы ерекшеленеді. Сондықтан бір ландшафт шекарасында біртекті субстраттағы мекен-жайларға бірдей экологиялық жағдай немесе экотоп, бір биоценоз тән. Сөйтіп, біртекті мекен-жайдағы өсімдік пен жануар түрлері органикалық емес орта компоненттерімен қарапайым географиялық кешен - фацияны қалыптастырады. Тірі организмдердегі клетка іспеттес фация ландшафттың алғашқы энергия көзі мен геохимиялық ұясы, яғни фация шеңберінде зат пен энерия айналымын, айналымның тасымалдану бағытын, сондай-ақ тірі организмдердің биогеохимиялық “жұмысын” зерттеу басталады. Бірақ, фацияны зат пен энергия айналымы тұйық автономды жүйе деп қарастырмау керек. Фация жер бедері қимасында бір-бірін заңдылықты алмастырып отыратын фация қатарын құрайды. Фациялардың әр алуандығы оларды белгілі бір жүйеге келтіруді талап етеді. Бір ландшафт шеңберінде фацияларды жүйелеу үшін В.Б.Сочава мен А.А.Крауклис фациялық қатардың факторлы-динамикалық принциптерін дамытты. Факторлы-динамикалық қатардың негізгі маңызы ландшафттардың зоналық, секторлық және биіктік ерекшеліктеріне байланысты әрбір жекелеген ландшафттағы фондық “норманы”, яғни фацияларды анықтау. Мұндай “норма” немесе эталон құрғақ, құмайтты топырақ жамылғысында орналасқан байырғы плакорлық фациялар бола алады. Көптеген физгеографиялық үрдістердің ықпалында дамитындықтан, яғни нормалық деңгейден ауытқитындықтан, қалған фациялар әртүрлі фактор бойынша қатарларға топталады. Көпшілік жағдайда, мысалы, субстраттың, ылғалдану процесінің ерекшелігіне байланысты қатарларға топталады. Дегенмен, әртүрлі қатарлар бір-бірін жауып отыруы мүмкін, өйткені фациялардың қасиеттері тек бір фактормен анықталмайды. Фациялар классификациясын құрастырғанда оның дамуында айқындаушы маңызы бар көрсеткіштер алыну қажет. Олар фациялардың тұрақты белгісі болып, барлық болмаса да көптеген ландшафттарда қолданылуы тиіс. Бұл шартқа орографиялық қиманың элементі ретінде – оның орналасқан орны сәйкес келеді. Сондықтан жекелеген, нақтылы ландшафттарға сәйкес келетін фация типтерін анықтау үшін олардың мекен-жай типтерін анықтауда Г.В.Высоцкий 1906 жылы орографиялық қиманың төрт типін ажыратуды ұсынған: а) жер асты сулары тереңде орналасқан су айрықтар мен беткейлер (плакорлар); б) су айрықтық қолаттар; в) жер асты сулары жер бетіне жақын орналасқан беткейлердің төменгі бөлігі; г) жер асты сулары шығып жатқан ойпаңдар. Кейіннен ландшафттар геохимиясы туралы идеяны дамыта отырып Б.Б.Полынов табиғи компоненттердегі химиялық элементтердің миграциясын зерттеп қарапайым ландшафттардың үш қатарын ажыратты: элювиальды, супераквальды және субаквальды. Элювиальды фациялар көтеріңкі су айрықтық мекен-жайларда орналасады да жер асты сулары өте тереңде жатқандықтан өсімдік жамылғысы мен топырақ түзілу үрдісіне әсерін тигізбейді. Мұндай фацияларға керекті заттар тек жауын-шашынмен, шаң-тозаңмен, яғни ауа қабаты арқылы жеткізіледі, ал шығын төменгі топырақ қабатына сіңетін су ағыны арқылы жүзеге асады. Олай болса шығын мөлшері оның кірісінен артық болуы тиіс. Сондықтан, топырақ жамылғысының жоғарғы қабаты сілтісіздендіріледі де біршама тереңдікте иллювиальды горизонт пайда болады. Жоғарғы топырақ қабатының үздіксіз шайылуы нәтижесінде топырақ түзілу үрдісі біртіндеп төменгі қабаттарға ауысады. Супераквальды фациялар жер асты сулары жер бетіне жақын орналасқан мекен-жайларда қалыптасады, буланудың нәтижесінде еріген қоспалар жоғарғы қабатқа жиналады. Осының салдарынан топырақтың беткі қабаты қосымша элементтермен толығады. Субаквальды фациялар суаттардың түпкі қабатында қалыптасады. Әртүрлі элементтер ағын су арқылы жиналады. Бұл мекен-жайлар құрлықтағы мекен- жайлардың органикалық қалдықтарының минералдық құрамы арқылы ерекшеленеді; қара шіріндінің орнына мұнда сапропелдер пайда болады. Ландшафттардағы фациялардың алуан түрлілігі гидротермикалық жағдайдың ауысуымен, топырақ пен тау жыныстарының физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруімен, экзогенді үрдістердің қарқындылығымен және адамның шаруашылық әрекетімен байланысты. Топырақ пен тау жыныстарының ылғалдылығы мен температуралық режимі төсеніш бетке жақын ауа массаларының температурасы мен ылғалдылығына, жер бедерінің пішініне, беткейдің абсолюттік биіктігіне, экспозициясына, топырақ пен аналық жыныстардың механикалық құрамына, жер асты суларының тереңдігіне, су көздері мен су қоймаларының алыс-жақындығына да байланысты болады. Әртүрлі мекен-жайлардың арасындағы абсолюттік биіктік айырмашылығы неғұрлым үлкен болса, температура мен ылғалданудағы айырмашылық соғұрлым көп болады. Бірдей жылу мен ылғал түсетін беткейдің тау жыныстары мен топырақтары да су және жылу режимі бойынша бір-біріне ұқсамауы мүмкін. Топырақ қабатының ылғал сыйымдылығы мен жылу режимі бір-біріне тәуелді: ылғалы мол топырақтың жылуына қажет жылу да көп. Сол себепті бір беткейдегі саздар, саздақтар мен құмдардың жылу мен ылғал сыйымдылық көрсеткіштері әрқалай: саздар саздақтарға, саздақтар құмдарға қарағанда суық. Тау жыныстарының литологиялық құрамы тек қана олардың су, жылу қасиеттеріне әсер етіп қоймай, фациялардағы зат ағыны мен осы айналымның химиялық құрамына да әсер етеді. Жыныстардың құрамы химиялық элементтердің миграциясы өтетін геохимиялық жағдайдың типін анықтайды (қышқылды ма, сілтілі ме). Химиялық элеметтер қышқылды немесе сілтілі ортада миграцияға ұшырайды. Бір жағдайда олар жылдамырақ қозғалып, тез шайылса, екінші бір жағдайда шоғырланады да аномальды аймақтарға айналады. Геоморфологиялық үрдістердің фациялардың қалыптасуына әсер етуі. Түрлі табиғи жағдайдағы геоморфологиялық үрдістердің дамуы мен қарқындылығы жер бедерінің морфоскульптурасын анықтайды: шыңдардың пішіндерін, беткей қималарының ерекшеліктерін, делювийлі жамылғының пайда болуын, эрозиялық тілімдену деңгейін, сырғымалы пішіндерді, қорымдарды т.б. Сондықтан, әрбір генетикалық беткей типі өзіне тән жер бедерімен, микрорельеф формасымен сипатталады. Куэстерге, мысалға, опырылмалы-сусымалы, делювийлі-сусымалы және делювийлі беткейлер сәйкес, олар тіктігімен, жарылу қабырғаларымен, борпылдақ жамылғының құрамымен, олардың қозғалу қарқындылығымен және микрорельефімен ерекшеленеді. Осылайша тік опырылмалы-сусымалы беткейде жарылу қабырғасы, опырылмалы-сусымалы беткей мен делювийлі шельф пайда болады. Дегенмен, бұл беткейлерде одан да ұсақ морфологиялық бөлшектерді анықтауға болады: жарылу қабырғасында – кертпештер, эрозиялық сызықты пішіндер т.б. Экзогенді үрдістердің қарқындылығы мен бағытына фациялардың тұрақтылығы, компоненттердің айқындығы мен сақталуы тәуелді. Сондықтан жер бедерінің морфологиялық деңгейлері мен олардың элементтерінің бітісуін бақылау өте маңызды. Бұл мәлімет жер бедерінің деңгейлері мен элементтерінің шығу тегі туралы және беткейлердің жылу мен ылғалды бөлуі туралы түсінік береді. Фациялардың алмасуына антропогендік фактордың әсері. Әсіресе тау-кен жұмыстары, құрғату мелиорациясы, гидроэнергетикалық құрылыстарды салу ( су қоймалары, плотина т.б.), мал бағу кезінде байқалады. Осы жағдайлардағы фациялардың алмасуы фацияның, фациялар тобының, ландшафттағы қоныс тобының су және жылу режимінің өзгеруімен байланысты. Тау-кен өндіру жұмыстары нәтижесінде пайда болған карьерлер ондаған есе көп ауданды қамтитын территорияда жер асты суларының деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты табиғи зонаға тән емес фациялардың қалыптасуы байқалады: тайга және орман зонасындағы карьерлер маңында далалық өсімдік түрлерінің, дамбалардың маңында, сәйкес дренажсыз болған жағдайда гидротехникалық құрылыстардың орнында ауданы бойынша бірнеше фацияларды қамтитын батпақтану үрдісі. Фациядағы фитоценоз түрлерінің күрт өзгеруіне малды шектен тыс жаю да ықпал етеді. Түрлі фациялардың сыртқы көрінісін орман кесу жұмыстары, ауыл шаруашылықтық шаралар нашарлатады. Фация жер бедерінің бүкіл мезоформасын сирек қамтиды. Бұл үшін сәйкес жағдайлар қажет: біртекті литологиялық жыныс, бірдей дренаж, жарық пен ылғалданудың айырмашылығы елеулі емес болуы тиіс. Фация мезоформаның бір элементінің шегінде жиі қалыптасады. Микрорельеф формасы немесе оның бөлігінде де бір фация орналасуы мүмкін. Фациялардың ауданы көбінесе аз жерді қамтиды, вертикальдық бағыттағы тереңдігі дренаж зонасымен шектеледі: жер асты суларының деңгейімен, яғни су көздерімен гидравликалық байланыста болатын қабатқа дейін төмендейді. Бірақ, әртүрлі тау жыныстары қатпарланып келген жағдайда фацияның тереңдігі алғашқы су өткізбейтін қабатпен шектеледі. Жоғарғы шекарасы туралы бірыңғай ортақ түсінік жоқ. М.А.Глазовская бұл шекараны өсімдіктер жамылғысының жоғарғы ярусымен сәйкес болады деп тұжырымдады, ал көптеген ғалымдар бұл шекті ондаған метр биіктік деп анықтайды. Қарапайым геожүйе ретінде фациялардың негізгі ерекшеліктері: қозғалмалығы, салыстырмалы тұрақсыздығы және аз уақыттығы. Бұл қасиеттер оның тұйық еместігінен, көршілес фациялардан келетін зат пен энергия ағынына бағыныштылығынан көрінеді. Олардың уақыт пен кеңістік бойынша тұрақсыздығы ең активті компонент биотаның даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Фация шеңберінде биотаның абиотикалық ортаға әсері бүкіл ландшафт көлемімен салыстырғанда едәуір елеулі. Өсімдік топтарының бәсеке таластық қарым-қатынасы да елеулі рөл атқарады. Олардың сукцессиялық және зат алмасу ерекшеліктері микроклиматты өзгертеді, бірақ ландшафт климатына елеулі әсерін тигізбейді. Ландшафттардың әрбір күрделі морфологиялық бірлігіне генетикалық ұқсас фациялар тобы тән. Олар литологиялық құрамы, жылу мен ылғалмен қамтамасыз етілуі сәйкес территорияларда пайда болады. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Ландшафттарды құрайтын морфологиялық территриялық табиғат кешендері, құрылымдық бөліктерінің сатыларына қарай жіктелуі. 2. Жергілікті жер. Қоныс. Фация. 3. Олардың ландшафтты қалыптастырудағы рөлі. Маңызы. Биіктікке байланысты өзгеруі. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №6 дәріс Ландшафт кешендерінің дамуы және динамикасы. Мақсаты: Ландшафт кешендерінің дамуы және динамикасын қарастыру. Жоспар: 1. Ландшафт генезисі. 2. Генетикалық және кешендік топтары. 3. Ландшафт динамикасы. 4. Оның өзгеру себебі, әсер етуші процесстер. 5. Динамиканың құрылымы, табиғат зоналырының бірігуі. Уақытша өзгеруі. Дамудың табиғи жӘне антропогендік факторлары. Энергия көздері, олардың қарым-қатынасы. Ритмикалық, тӘуліктік жӘне циклдық өзгерістер. Геолиогеофизикалық өзгерістер. Табиғи кешендердің тарихи даму ерекшелігіне шолу жасау олардың болашақтағы өзгерісіне баға беру үшін қажет. Л.С.Бергтің «табиғи ландшафтарды танып білу үшін оның қашан, қалай пайда болғанын, уақыт өте келе неге айналатынын анықтау керекң - деген тұжырымы осы ойдың бірден-бір дәлелі болып табылады. Алуан түрлі табиғи факторлар мен процестер комплекстердің дамуына бірдей әсер етсе де әрқайсысының қарқыны мен бағыты әрқалай. А.А.Григорьев, М.И.Будыко сияқты ғалымдар әсіресе климатқа негізгі фактор ретінде көп көңіл бөлген. Климаттың жылу мен ылғалдың қарым- қатынасы, ылғалдану коэффициенті сияқты көрсеткіштерінің рөлі ерекше. Сонымен қатар, климаттың көп жылдық көрсеткіштерінің ауытқуы, кеңістік пен уақыт аралығында өзгеруіне көп көңіл бөлу қажет. Жалпы ылғалдану теориясы бойынша солтүстік жарты шарға әртүрлі ұзақтықтағы ритмикалық ауытқулар тән. Ең ұзақ ритмнің мезгілі 2000 жыл. Ол ірі екі фазаға бөлінеді: а) салқын-ылғалды 300 - 500 жыл; б) жылы және құрғақ - 600 - 800 жыл; в) бірінші мен екінші фаза аралығындағы өтпелі фаза 700- 800 жыл. Дегенмен, қазіргі климаттың өзгеруі – ылғалданудың бірде артып, бірде төмендеп ауысып отыруына сәйкес. Шнитников бойынша мұндай кезеңдердің ұзақтығы 45 жыл. Ылғалданудың соңғы өсу фазасы Қазақстан территориясында өткен ғасырдың 40 ж. болған. Сонымен, өткен геологиялық даму кезеңінде де климаттық көрсеткіштер өзгеріп отырған. Мерзімі бойынша климаттық көрсеткіштердің өзгеруі соңғы геологиялық кезеңде пайда болған: 70 млн. жыл бұрын жылы климат оның қайта суынып мұздықтарды пайда етуімен ауысып отырған. Мұздықты кезеңдер плейстоценде (ұзақтығы 100000 ж) мұз аралық жылынумен (ұзақтығы 20000 ж), соңғысы осы күнге дейін созылуда. Плейстоцен мен голоцен аралығындағы климаттың өзгеруі қазіргі табиғи зоналардың шекараларының қалыптасуына ықпал етті. Алғаш рет М.Х.Байдал Қазақстан территориясы үшін апатты қуаңшылықтың қалыптасуын күннің активтілігімен байланысты екенін дәлелдеді: күн активтілігінің (белсенділігінің) 11 жылдық цикл максимумында қуаңшылық сирек, ал керісінше болған жағдайда көп, яғни жиі қайталанып отырады. Ал ауа температурасының көп жылдық өзгеру циклы 30 жыл. Сонымен, жоғарыда айтылған авторлардың еңбектерінен ылғалдану режимінің, температура мен жауын-шашын мөлшерінің өзгеруі күннің активтілігімен байланысты екенін түсінеміз. Циклдық өзгерістер жылы және суық кезеңдердің бір-бірімен ауысып отыратынынан байқалады. Бұл кезеңдердің ұзақтығы әрқалай: 2 ден 11-22 және 30 жылға дейін. Сонымен Қазақстан территориясының қазіргі климаттық жағдайының өзгеруі, мысалы, теңіздердің деңгейлерінің тартылуы мен өзен суларының азаюы жағымсыз табиғи процестердің қалыптасуына әсер етті. Егер де өткен ғасырдың 60 жылдарына дейін батпақтану, су эрозиясы, тұздану, дефляция сияқты процестер басым болса, қазір теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеуі. Аридті климат үдеді, батпақтардың, қамысты комплекстер мен тоғайлардың ауданы азайды. Кейбір жерлерде өзен, көлдер құрғап, сортаң және сор шұңқырлар пайда болды. Осы процестердің нәтижесінде табиғи комплестердің ауысуы, тұз шоғырлану, өсімдік пен топырақтың нашарлауы, жалпы алғанда, эолдық процестер ұлғайды. Мұндай процестер бүкіл Қазақстан территориясына тән. Осы процестердің тарихи кезеңде дамуы мен кеңістік бойынша алмасып отыруы бірнеше факторға байланысты. Әсіресе территорияның морфоструктуралық және морфоскульптуралық құрылымын, неотектоникалық қозғалыстардың режимін, климат және антропогендік факторларды ерекше атап кетуге болады. Осы процестерге байланысты аккумуляция мен денудация, экзогендік процестердің қарым-қатынасы кеңістік бойынша әртүрлі . Бағыты мен қарқыны әр түрлі эолдық процестер бүкіл Қазақстан территориясында дамыған. Ландшафттардағы органикалық өмір биоценоздардың комплекстердің күрделілігімен сипатталады. Фацияларға қарағанда ландшафттарды тек бір ғана өсімдікпен немесе өсімдіктер тобымен сипаттау мүмкін емес. Бір ғана ландшафт аумағында әртүрлі өсімдіктер типіне жататын көптеген топтар кездесуі мүмкін. Мысалы, тайга зонасының әрбір жекелеген ландшафт құрамында орманның, батпақтардың, шалғындардың, кейде тіпті тундралық өсімдіктер де кездесуі мүмкін. Екінші бір жағынан бір ғана өсімдіктер формациясы немесе ассоциациясы әртүрлі ландшафттарда кездесіп, негізінде, оның біреуіне де тән болмауы мүмкін. Сонымен, әрбір жекелеген ландшафт өз аумағында белгілі бір топо-экологиялық қатар құрып әр алуан өсімдіктер топтарының заңдылықты құрамымен сипатталады. Топо-экологиялық қатарлар нақтылы ландшафттардың өсімдік топтарының ерекшеліктерін анықтайды да геоботаникалық карталардың негізіне алынады. Осының нәтижесінде территория бойынша ландшафтқа геоботаникалық аудан сәйкес келеді. Ландшафттардың компоненттері ретінде жануарлар дүниесінің әсері әлі де болса толық қарастырылмаған. Бірақ зооценоздардың ландшафтпен оның морфологиялық бөліктерімен тығыз байланысты екені даусыз. Кейбір жануарлар түрлері белгілі бір мекен жайларға тұрақты қоныстанған, ал көпшілігі қозғалмалы, орын ауыстырып отырады, бірақ бұндай орын ауыстырулар белгілі ландшафттың шекараларымен (немесе антропогендік-территориялық комплекстер- дің) сәйкес келеді. Топырақ жамылғысы мен ландшафттар арасында, ландшафттар мен биоценоздар арасындағыдай байланыс бар. Табиғи орталықтан біз ландшафттың бір ғана топырақ жамылғысымен немесе топырақ түрімен сипатталатын мысалын кездестірмейміз. Ландшафттардың морфологиялық құрылымына бейімделген әртүрлі топырақ түрлері, тіпті топырақ типтері күрделі территориялық бірлік құрайды. Әрбір ландшафт белгілі бір топырақ ауданына сәйкес келетін, заңдылықты түрде қалыптасқан әралуан топырақ типтерінен, түрлерінен тұрады. Көптеген географтар ландшафт компоненттерін “күшті” және “әлсіз” деп бөлуге тырысты. Мысалы, Н.А.Солнцевтің компоненттерді “күштісінен”, “әлсізіне” қарай орналастырған қатары белгілі: геологиялық құрылым – литология – рельеф – климат – су-топырақ - өсімдік жамылғысы – жануарлар дүниесі. Н.А.Солнцевтің түсінігі бойынша литогендік компоненттер, яғни қатты фундаменттпен байланыстылар “күшті” компоненттерге жатады, екінші орында климат пен су компоненті, ал ең әлсіз компоненттерге биогендік компоненттер жатады. Бұл көзқарас, әрине даусыз. Ландшафттың жекелеген компоненттерінің осы бірліктегі рөлі туралы басқа да көзқарастар кездеседі. В.Б.Сочава тұжырымы бойынша жылу, ылғал және биота геожүйенің “сыншыл” компоненттері, өйткені бұлар оның тұрақтылығы мен энергиясын анықтайды. А.А. Крауклис геожүйелердің компонентерін қызмет ету ерекшелігіне қарай 3 топқа жіктеді: 1) инертті (минералдық субстрат пен рельеф) – геожүйенің негізін құраушы; 2) мобильді (ауа және су массалары – молекулалық қосылу күші әлсіз) – геосистемада алмасу, транзит функциясын құрайды; 3) активті компоненттер – биота геосистеманың тұрақты, өздігінен орнына келетін компоненті. А.А.Крауклистің түсінігі бойынша геожүйелер өзінің өмір сүруі мен дамуына құрамындағы компоненттерге міндетті, сол үшін компоненттердің қайсысы бірінші орында, қайсысы екінші орында деп бөлу мақсат емес, керісінше геосистеманыңбүтін бірлік ретінде сақталуында әрқайсысының рөлі қандай екендігін анықтау. Абиогендік компоненттер биотаға қарағанда, геосистемада белгілі мағынада, алғашқы болып есептеледі, жер дамуында бірінші пайда болғандығы үшін емес, олар геожүйенің алғашқы материалдық субстраты болып табылады да организмдердің арқасында тірі заттар тұзіледі. Осымен қатар тек қана абиотикалық компоненттерден түзілетін геосистемаларда кездеседі, мысалы, мұздар. Мұндай не топырақ жамылғысы, не тірі организмдері жоқ геожүйелерді толық дамымаған немесе “протоландшафттар” деп атайды. Бірақ, тіршіліктің пайда болуы нәтижесінде абиотикалық ортаның құрамы мен құрылымы біршама өзгерістерге ұшырады. Тірі организмдер ең маңызды ландшафт жаратушы фактор болып есептелді. Биологиялық айналым атмосфера, гидросфера және литосфераны түпкілікті өзгерістерге ұшыратты. В.И.Вернадскийдің тұжырымы бойынша атмосфераның оттегі, азот және көмірқышқыл газдарының шығу тегі биогендік, бұлай дегеніміз қазіргі ауа қабаты организмдерден пайда болды деген сөз. Бүкіл шөгінді қабат жыныстары организмдердің тура немесе жанама әсері нәтижесінде, ал табиғаттағы сулардың да, газдың иондық құрамы да осы организмдердің нәтижесінде пайда болған. Сонымен қатар ландшафттарда да биота ең активті компонент болып саналады. Олар биологиялық айналымға органикалық емес заттарды қатыстырады, сөйтіп биомасса түзеді, күн энергиясын ауыстырып оны органикалық заттарға жинақтайды: өсімдіктердің жер асты бөліктері арқылы атмосфераға булану арқылы су қорлары “түседі” т.б. Керісінше литосфера заттары “орамсыздығымен” айқындалады, тек құрамындағы сулардың тынымсыз циркуляциясы арқасында оттегінің, көмірқышқыл газының енуі, әсіресе тірі организмдердің. Олар зат айналымына қатысады, өзгереді және толықтырылады. Сондықтан да осындай пассивті немесе консервативті қатты компонентті ландшафттың негізгі факторы деп есептеу дұрыс емес. “Фактор” деген ұғым ландшафттану ғылымында кеңінен қолданылады, көбінесе қандай да болсын компонентпен тепе-тең деп есептеледі, бірақ фактор және компонент екеуі екі түрлі ұғым, теңдік белгісін қойған дұрыс емес. Фактор дегеніміз процесстердің негізгі қасиеттері мен белгілерін айқындайтын активті бастама. Ландшафттарда бір ғана “бастаушы” фактор болуы мүмкін емес, өйткені ол көптеген факторлардың әсерінде болады да оның әрқайсысы ландшафттардың алуан сапасы мен қасиеттерінің дамуында әртүрлі рөл атқарады. Сондықтан “бастаушы” фактор болмайды. Ландшафттардың интеграциялық, дифференциациялық факторлары, олардың даму, орналасу факторлары туралы айтуға болады. Әрбір жекелеген жағдайда факторлар әртүрлі болады. Мысалы, ландшафттардың өте айқын білінетін шекаралары ландшафттардың қатты фундаментінің құрылымымен байланысты, өздерінің тұрақтылығымен, консервативтілігімен айқындалатын факторлармен анықталады. Бірақ ландшафттардың дамуында өзінің табиғаты жағынан консервативті, басқасымен салыстырғанда баяу өзгеретін фактор бастапқы бола алмайды. Ландшафттардың даму факторлары сыртқы және ішкі болып жіктеледі. Барлық компоненттер бір-бірімен тығыз байланыстығы сонша, олардың әрқайсысы ішкі қарым-қатынастың, сыртқы факторлардың әсерінен дамып отырады. Сондықтан климатты да, қатты фундаментті де ландшафт дифференциациясының бастаушы факторы деп айта алмаймыз. Мұндай факторларға күн радиациясы ағынының біркелкі еместігін, жер айналымын, тектоникалық қозғалыстарды, атмосфералық циркуляцияны жатқызуға болады. Климат пен қатты фундамент арқылы осы факторлардың әсері басқа компоненттерге ықпал етеді, бірақ климатта қатты фундамент сияқты геосистема компоненттері мен сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған “азық” болып табылады. Мысалы, климаттың пайда болуы рельефтің тау жыныстарының, өсімдік, топырақ жамылғысының әсерімен байланысты. Шындығында ландшафт құрушы факторларды сыртқы және ішкі энергетикалық күштермен, зат ағындарымен байланыстыра қарастырған жөн. Кейде ландшафттардың заттық компоненттерімен қатар энергетикалық компоненттерін де ажыратады, соның ішінде күннің шашырау энергиясы, тектоникалық және вулкандық процестердің энергиясы, тарту күші. Дегенмен, энергетикалық факторлар туралы айтқан дұрыс. Сондай-ақ ландшафттар дифференциациясының зоналық және азоналдық факторлары да табиғаты жағынан энергетикалық. ТӘуліктік жӘне циклдық өзгерістер. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Ландшафт генезисі. 2. Генетикалық және кешендік топтары. 3. Ландшафт динамикасы. 4. Оның өзгеру себебі, әсер етуші процесстер. 5. Динамиканың құрылымы, табиғат зоналырының бірігуі. Уақытша өзгеруі Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №7 дәріс. Жердің ландшафтылық сферасы. Ландшафт шекаралары Мақсаты: Ландшафт шекараларын анықтау Жоспар: 1. Ландшафт сферасының негізгі түрлері. 2. Ландшафттардың жазықтардағы, таулардағы класстарға, типтерге бөлінуі. 3. Өзендердің, көлдердің жағалауындағы ландшафттар, олардың түрлері. Ландшафттану ғылымының дамыған кезінде-ақ Л.С.Берг ландшафттар бір- бірімен табиғи шекаралармен шектеседі деген еді. Бұл сөзімен ол ландшафттардың шекарасының обьективті түрде табиғатта болатынын және өз бетінше қалай болса солай белгіленбейтін немесе субьективті болмайтынын айтқан еді. Іс жүзінде ландшафтты зерттеуші ғалымдар олардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтарға кездескен еді. Бұл жайында пікірталас 50 – жылдардың бас кезінде өріс алды, осы кезде бірталай ғалымдар бүкіл ландшафттар шекарасының тік сызықты екенін дәлелдемекші болды. Бірақ көпшілік бұл пікірмен келіспеді, өйткені практикалық өмірде әртүрлі ландшафттардың бір-бірімен ауысатыны, өтпелі шекара екендігі бұрыннан белгілі еді. Сызықты шекаралар геосистеманың дискретті концепциясына сәйкес еді, бірақ біздің білуімізше, ландшафттық сферада дискреттік диалектикалық мағынада континуалдықпен сай келеді, сол үшін де шекаралар проблемасы тік сызықтарды жүргізумен шешілуі мүмкін емес. Дұрысында, кеңістіктегі ландшафттар шекарасы әртүрлі ені бар ауыспалы алқаптар болуы керек. Ландшафттар шекарасының шығу тегі әртүрлі және бір ғана бастаушы фактордың әсерімен айқындалуы дұрыс емес. Өйткені ландшафттар дифференциациясы зоналық және азоналық факторлармен айқындалады, яғни соңында кеңістікте осы факторлар ландшафт шекараларын анықтайды. Зоналық, сонымен қатар секторлық айырмашылықтар өз көрінісін климаттан, ал азоналдық ландшафттың қатты фундаментінен табады, сондықтан да осы компоненттер ландшафт шекараларының ерекшеліктерін анықтайды. Нақтылы жағдайда ландшафттардың кеңістікте ауысуының негізгі себебі зоналар немесе секторлар бойынша климаттың өзгеруі, теңіз деңгейімен салыстырғанда биіктіктің өзгеруі, беткей экспозициясы, морфоструктуралар ауысуы, осыған байланысты байырғы және төрттік жыныстардың өзгеруі. Жоғарыда көрсетілген себептер ландшафттың барлық компоненттерін өзгеріске ұшыратады, сондықтан ландшафт шекараларын комплекстік деп айтуға да болады, өйткені олар көптеген жеке шаралар жиынтығынан тұрады. Бірақ әрбір жекелеген компоненттің кеңістіктегі ауысуы бірдей емес. Мысалы, климаттық шекаралардың табиғатының тиянақсыз екендігі белгілі, топырақ және геоботаникалық шекаралар тиянақсыз да, анық та, Ал геологиялық, геоморфологиялық шекаралар көбінесе анық болады. Сонымен қатар кеңістіктегі шекаралар уақыт бойынша өзгермелі, оның үстіне әрбір компоненттің өзгеру деңгейі бірдей емес. Қатар орналасқан ландшафттардың шекаралары өз маңызын морфологиялық құрылымның өзгеруінен табады, яғни морфологиялық бірліктердің жиынтығынан. Шын мағынасында ландшафттың шекарасы жекелеген “көршілес” жатқан мекендердің шекараларының қоспасынан тұрады да, біз оны не бірінші, не екінші ландшафтқа жатқызуымыз керек. Дегенмен, біз мекендер шекаралары сызықты деп айтсақ та, одан ландшафт шекаралары да сызықты деген түсінік тумау керек. Көптеген мекендер ауыспалы болғандықтан екі ландшафтқа да жатқызуымызға болады (мысалы, тайгадағы суайрықтық батпақтар). Көбінесе белгілі бір ландшафтқа тән мекендер кенеттен осы ландшафт шегінде жоғалып кетпейді, біртіндеп өтпелі аумақта сирейді. Мысалы, Балтық қалқанындағы жартасты қырат мекендерінің шекаралары оңтүстікке қарай біртіндеп көлемі азайып, биіктігі төмендеп кетеді. Сонымен, ландшафттардың морфологиялық құрылымының өзгеруіне негізделе отырып та біз сызықтық шекаралар емес, керісінше өтпелі аумақтар туралы түсінік аламыз. Олай болса, ландшафт шекараларының белгілі ені болады және карта масштабына сәйкес шартты түрде сызық деп қаралу керек. Ландшафт шекараларының шын мәнісіндегі ені үлкен шекте түрленіп отырады. Әсіресе айқын көрінетін шекаралар азоналдық геологиялық, геоморфологиялық факторлармен байланысты. Мысалы, петрографиялық құрамы әртүрлі жыныстар рельефте айқын кемерлер құрғанда (Балтық глинты, Үстірт). Айқын білінетін ландшафттық шекаралар бір- біріне қарама-қайшы тау жыныстарымен де байланысты болады, тіпті бұл ауысу рельефте айқын байқалмаған жағдайда да. Рельефте айқын байқалмайтын шекаралар біртіндеп ауысып отыратын, тіпті бір-біріне кірісіп жататын төрттік дәуірдің жыныстарына тән. Зоналықпен салыстырғанда азоналдық факторлар кеңістікте тез өзгеріп отыратын болғандықтан, көптеген ландшафт шекаралары азоналдық болып келеді. Ірі және рельефі бойынша біртекті болып келетін жазықтарда олар тиянақсыз ландшафттық өткелдер құрайды. Кейбір жағдайда зоналық шекаралар азоналдықпен сәйкес келеді, мұндай жағдайда айқын ландшафттық шекаралар пайда болады. Ең айқын ландшафттық шекаралардың өзі күрделі болып келеді, өйткені жоғарыда айтылғандай жекелеген компоненттердің шекаралары бір- біріне сәйкес келмейді. Мысалы, Онега – Валдай қыртының батыс бөлігінің ландшафттары көршілес жазықтардан айқын орографиялық шекара арқылы бөлінеді. Бірақ геологиялық шекара “карбонаттық глинт” моренаның қалың қабатының астында жатқандықтан біршама шығысқа қарай орналасқан, ал климаттық шекараны жауын-шашын мөлшері бойынша жүргізетін болсақ, онда ол орографиялық шекарадан да батыста болады. Өйткені ауа массаларының көтерілуі орографиялық тосқауылдан біршама батыста айқын байқалады. Ландшафттық шекара есебінде соңғысы есептеледі, өйткені бәрінен оңай белгіленеді, сонымен қатар басқа компоненттер үшін де маңызы зор. Ландшафт - үш өлшемді зат, сондықтан оның литосферада сыртқы (вертикальды) және тропосферада шекарасы болуы керек. Геожүйенің әрбір таксономиялық бірлігіне географиялық қабықшаның белгілі қабаты сәйкес келеді, яғни геосистеманың деңгейі жоғары болған сайын оның вертикальдық қабаты да үлкен деген ұғым бар. В.Б.Сочава бойынша фацияның вертикальдық қалыңдығы 0,02 – 0,05 км, ландшафттікі 1,5 – 2,0, ландшафттық провинцияныкі 3,0-5,0, ал ендік белдеудікі 8-17 км. Бірақ мұндай таза теориялық пікірді дәлелдеу қиын. Атмосфера қабатындағы ландшафт шегін осы ландшафттың атмосфералық процеске тигізетін әсері білінбейтін орталық деп есептеу керек. К.Н.Дьяконовтың зерттеуі бойынша тундра зонасындағы фациялардың температуралық айырмашылығы антициклональдық ауа райы кезінде 2 м биіктікте, қисық қайыңды ормандарда 4-5 м биіктікте теңеледі де ландшафттар шекарасы 7-9 м биіктікте болады. Бірақ мұндай қорытынды бір жыл мезгілінің біртекті климаттық жағдайында жасалған еді. Ауа қабаты қозғалмалы болғандықтан біз геосистеманың әсер ету шегін бір мезгілде анықтағанмен келесі уақытта өзгеріп кетуі мүмкін. Сонымен қатар ландшафттардың жоғарғы шекарасын анықтаудың қиындығы ландшафттың үстінде қалыптасқан ауаның касиеті, оның әсерімен емес, сыртқы әсерлердің негізінде болатындығы. Көптеген атмосфералық құбылыстар (бұлттылық, жауын- шашын) қандай биіктікте пайда болса да тек қана ландшафттарды емес, ландшафттық зоналардың, провинциялардың, тіпті ландшафттың морфологиялық бөліктерінің ерекшеліктерін сипаттайды. Сондықтан геожүйенің таксономиялық бірліктері артқан сайын оның атмосферадағы жоғарғы шегі артады деген теориялық жорамалдың практика жүзінде керектігі шамалы. Сол үшін ландшафттардың жоғарғы шекарасын анықтауды өзекті мәселелердің бірі деп айтуға болмайды. Геожүйелердің деңгейі мен оның төменгі шекарасы арасында әрқашанда тура байланыс болмайды. Мынандай жоғарғы азоналдық аймақтар: физгеогрфиялық елдер, жер қыртысының ірі геоструктуралық бірліктерімен байланысты болғандықтан өзінің негізін литосфера қабатынан бастайды. Бірақ ландшафттық зоналар мен подзоналардың төменгі шегі күн энергиясының сәулесімен анықталатын болғандықтан, төменге, онша тереңге бармайды. (А.А.Григорьев бойынша бұл шекара 15-20 м тереңдікке барады). Жүйелі мағынада ландшафттардың шекарасы зоналар мен подзоналардың шекарасынан төмен болмау керек. Ол эпигеосфераның түйісу қабатының қалыңдығымен анықталады. Бұл қабаттың төменгі деңгейі ландшафт компоненттерінің қарым-қатынасы, күн энергиясының өзгеру процесі, ылғал айналымы, үгілу, организмдердің белсенді геохимиялық әсері тиетін тереңдікпен анықталады. Жыл ішіндегі температураның өзгеруі 20-30 м тереңдікке дейін болады. Оттегінің жер қыртысына ықпал етуі жер асты суларының жоғарғы деңгейімен сәйкес келеді. Тотығу зонасының қалыңдығы 60 м, ал ең көп жарылған жыныстарда 300 м дейін. Үгілу қабығының қалыңдығы ондаған метрге, кейде 100 м дейін жетеді. Тірі организмдердің: өсімдіктердің, микроорганизмдердің, омыртқалылардың жер асты бөліктері көбінесе топырақ жамылғысында, аздаған бөлігі үгілу қабығында жинақталған. Кейбір кеміргіштер 5-6 м тереңдікке, ал жауын құрттары 8 м-ге дейінгі тереңдікке енеді. Өсімдіктердің тамыры аналық жыныстарға ондаған метр тереңдікке дейін әсерін тигізеді. Сонымен ландшафттың дамуына әсер ететін процестердің төменгі шегі бір- біріне сәйкес келмесе де жақын. Осы көптеген көрсеткіштердің біреуін екіншісінен жақсы, артықтау деп айту қиын. Дегенмен, ландшафттардың төменгі шекарасын анықтайтын көлемді, мөлшерді ондаған метр деп ландшафтты гипергенез зонасына жатқызуға болады. Фациялар мен ландшафттардың төменгі шекарасы үшін, негізінде, ерекше бір критерийді іздеудің керегі жоқ, өйткені олар жоғарыда көрсеткен шекке сәйкестенеді. Дегенмен литосферада ландшафт шекаралары айқын болмайды. Үгілу және топырақ түзілу процестерімен өзгермеген тау жыныстары ландшафттың фундаменті болып есептеледі де біртіндеп зат айналымына қатысады. Ландшафттардың пайда болуын, оның құрылымы мен дамуын қарастыра отырып біз оның фундаментінен дерексіздендіре алмаймыз. Сондықтан жыныстардың жоғарғы литосфераның түйісу қабатын құрайтын бөлігін ландшафттардың сыртқы бөлігі деп қарастырамыз. Осылайша ландшафттардың жоғарғы шекарасы туралы сұрақты шешуге болады. Әрине, еш талассыз ландшафттарға ауа қабатының өсімдіктер әсерін тигізетін тропосфераның жер бетінен 30-50 м биіктікте орналасқан төменгі бөлігі кіреді. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Ландшафт сферасының негізгі түрлері. 2. Ландшафттардың жазықтардағы, таулардағы класстарға, типтерге бөлінуі. 3. Өзендердің, көлдердің жағалауындағы ландшафттар, олардың түрлері. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №8 дәріс. Антропогендік ландшафттар. Мақсаты: Антропогендік ландшафттарға сипаттама беру. Жоспар: 1. Адамдардың табиғатқа әсері. 2.Әсер ету деңгейі. 3. Адамдардың қайтымды және қайтымсыз әсер етуі. 4. Әсер етудің жүйелері немесе класстары. Ауыл шаруашылық ландшафтысы. Өңдірістік ландшафт. Транспорт ландшафтысы. Рекреациялық ландшафттар. №8 дәрістің қысқаша конспектісі . Антропогендік Әсердің даму кезеңдері – Қазақстан территориясы бойынша. Реионалдық жӘне типологиялық Әдістерді пайдалана отырып антропогендік ландшафттарды картаға түсіру. Техногендік ландшафттар.Оларды жіктеу: функционалдық жӘне өзгеру деңгейіне қарай ландшафттардың бөлінуі. Жіктеу қағидалары. Академик А.Е.Ферсман 30 жылдары техногенез терминін адамның техникалық іс - әрекеті, инженерлік, химиялық, ауылшаруашылықтық, тау - кен техникалық процестер нәтижесінде қалыптасқан геохимиялық және минералогиялық процестердің жиынтығы деп қарастырған. Кейіннен Р.К.Баландин техногенез терминінің толық анықтамасын беріп оны адамның іс - әрекеті нәтижесінде биосфераның, жер қыртысының қайта құрылу процесі деп атаған. Ландшафтарға әсер етуші техногендік процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеу геотехникалық жүйелер концепциясы пайда болғаннан кейін қарқынды бағыт алды. Дегенмен, жақын араға дейін табиғи ортаның ластануын зерттеу салалық бағытта болды: бір немесе бірнеше компонентке әсер етуші факторларды, мысалы, жер беті ағын суларына, ауа қабатына, өсімдіктің физиологиялық және биохимиялық өзгеруіне т.б. әсер ететін факторларды анықтау. Қазіргі уақытта біртіндеп комплексті бағыт алуда. Дегенмен, әлі де болса ландшафтарға әсер етуші техногендік процестерге комплекстік физгеографиялық талдау жасауға арналған еңбектер жеткіліксіз. Т.В.Звонкованың басқаруымен Курск магнитті аномалиясы аймағында темір рудасын өңдейтін өнеркәсіптің табиғи ортаға әсер ету ерекшелігі зерттелген. Қиыр Шығыста тау - кен өнеркәсібінің ортаға тигізер әсері мен табиғи комплекстердің даму тенденциясын болжау Ю.Г.Симонованың жетекшілігімен өткізілді. Ф.Н.Мильков басқарған Воронеж университеті ғалымдарының еңбектері антропогендік ландшафтар модификациясын картаға түсіру мен оны жіктеуге бағытталған. Жартылай стационарлық ізденістер нәтижесінде топырақ қабатының биологиялық, физикалық және химиялық процестерінің, ортаның геохимиялық жағдайының мұнай мен көмір өндіргенде өзгеруіне Н.П.Солнцеваның, К.Н.Дьяконовтың т.б. еңбектері арналған. Ландшафтардың жекелеген компоненттерінің жылу электростанцияларының әсерінен өзгеру механизмі мен өсімдік жамылғысының динамикалық трансформация деңгейі, осыған байланысты ландшафттық - геохимиялық көрсеткіштердің эволюциясы В.Г.Волкова мен Н.Д.Давыдованың еңбектерінде қарастырылды. Қазақстан территориясы бойынша геожүйелердің табиғи даму тенденциясына техногенез факторларының әсер ету ерекшелігі мен оның салдарына талдау жасап, табиғи ландшафтарды тиімді пайдалану мен оның экологиялық ахуалын жақсарту шараларына арналған ғылыми, комплекстік еңбектер жоқтың қасы. А.И.Перельманның антропогендік ландшафтарды белгілі бір жүйеге келтіруде пайдаланған геохимиялық принципі материяның қозғалыс формасына негізделді және ландшафтардың дамуын төмендегідей кезеңдерге жіктеді: абиогенді (тек механикалық және физикалық - химиялық миграция), биогендік (биологиялық миграция қосылады), техногендік (техногендік миграция қосылады). Біздің түсінігімізше техногендік комплекстердің пайда болуы ең алдымен техногендік заттардың шоғырлану қарқындылығына, яғни техногендік миграция көлеміне байланысты; кейіннен ландшафт шеңберіндегі техногендік заттардың миграциялық сипаты зоналық және региональдық факторларға, әсіресе техногендік, механикалық және биологиялық миграциялардың қарқындылығының қарым - қатынасына тікелей байланысты. Техногенез қалдықтарының шоғырлану қарқындылығы заттардың миграциялық ерекшеліктеріне, миграция түрлерінің қарым - қатынасына да бағынышты. Егер техногендік зат ағыны табиғи зат ағынынан басым болса, онда геожүйелерде техногендік қалдықтардың шоғырлануы күрт өседі, сөйтіп геохимиялық аномальды аймақтар қалыптасады. Топырақ қабатындағы аномальды аймақтардың қалыптасу ерекшелігі мен оны зерттеуге арналған салалық ізденістер Докучаев атындағы топырақ институтының, Мәскеу Мемлекеттік университетінің топырақтану факультетінің, Қиыр Шығыс ғылыми география институтының және Қазақстан Республикасының топырақтану ғылыми институтының ғалымдарының еңбектерінен көрініс тапты. ЮНЕСКО – ның «Адам және биосфера жобасы бойынша әртүрлі бағыттағы мониторингтер: биосфералық, геохимиялық, экологиялық және ландшафтарды ұйымдастыру қарастырылған. Мониторингті ұйымдастырудың методологиялық негізі әлі толығымен, бірыңғай шешімін таппады. Өйткені территорияны таңдап алғанда территорияның ландшафтық - географиялық ерекшелігі есепке алынбай, ізденіс өткізілетін аймақтың шекарасы ғылыми дұрыс анықталмайды. Терртиорияның ландшафтық құрылым ерекшелігін есепке алмау ғылыми нәтижелерді қате түсіндіруге, талдауға негіз болды. Мысалы, өнеркәсіп қалдықтары бірдей түскеннің өзінде ландшафтардағы техногендік өзгеру зонасының пішіні рельефтің тілімденуіне байланысты өзгермелі екені айқын. Ландшафтың морфологиялық құрылымында беткейлік тау комплекстері басым болса оған әсер етуші техногендік фактордың ролі жазық ландшафтарымен салыстырғанда жоғары. Табиғи комплекстердің өзгеру деңгейі территорияның ландшафтық фонын көрсететін болғандықтан техногендік фактордың және табиғи процестердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді бөліп қарастыру керек. Кез - келген мониторинг біртұтас табиғи құрылым – ландшафт шеңберінде өткізілгені дұрыс. Сондықтан бақылау жүргізілетін территорияда алдымен ландшафтық съемка өткізілу керек, ал бақылау параметрлері өткізілетін мониторингтің мақсатына байланысты өзгеріп отырады. Салалық мониторинг нәтижелері бір - бірімен сәйкес келмейді және территорияның табиғи ерекшелігі туралы толық мәлімет бермейтіндіктен экологиялық нормалауға негіз бола алмайды. Табиғи комплекстердің техногендік ластану деңгейін анықтауда қолданылатын негізгі әдіс – ландшафтық индикация. Территорияның ландшафтық құрылымы да өздігінен табиғи орта индикаторы болып табылады, ал оның вертикальдық және горизонтальдық құрылымының өзгеруі техногендік ластану қарқындылығын көрсетеді. Ландшафтық индикацияның маңызы оның морфологиялық құрылымына қарай ластану деңгейіне баға беру, анықтау. Әсіресе ландшафтардың биотикалық компонентінің өзгеру деңгейін айқын анықтауға болады. Сондықтан техногендік стационарлар ұйымдастырғанда ғылыми ізденістерге ландшафтық және ландшафтық - геохимиялық бағыт беру қажет. Осының нәтижесінде ландшафтардың техногендік салмағын, ондағы техногендік зат ағынын реттеуге және экологиялық норманы анықтауға мүмкіншілік туады. Әртүрлі табиғи зоналарда қалыптапсқан біртұтас табиғи құрылымдар – ландшафтардың техногендік салмаққа жауап қайтару ерекшелігін есепке ала отырып олардың техногендік әсерге салыстырмалы тұрақтылығын анықтайды. Біртұтас табиғи бірлік ретінде ландшафтардың техногендік факторға жауап қайтаруы мен тұрақтылығы техногендік әсер түріне және қандай табиғи зонада орналасқанына байланысты. Техногендік әсерде дамып отырған ландшафтардың бұзылу, нашарлау деңгейін жалпы ландшафт құрылымының немесе оның жекелеген компоненттерінің өзгеруіне қарай анықтайды. Мұндай жағдайда өзгерістер техногендік модификациялардың пайда болуынан немесе комплекстің түбірімен өзгеруінен байқалады. Егер компоненттердің техногендік өзгеруі онын бір инвариант шеңберіндегі табиғи өзгерісінен аспаса, онда техногендік ландшафтар модификациялары пайда болады. Жетекші компонеттердің техногендік өзгеруі оның табиғи даму тенденциясынан басым болғанда, ландшафтың құрылымының түрлігі өзгергенде техногендік құрылымдар – техногеомалар – табиғи – техногендік жүйелердің құрамдас бірлігі пайда болады. Сонымен, техногендік фактордың әсері ландшафтардың құрылымының нашарлауынан, техногенез модификацияларының пайда болуынан және ондағы жекелеген компоненттер мен элементтердің трансформацияға ұшырауынан көрініс табады. Яғни техногенез қалдықтарының ыдырау немесе шоғырлану, өзгеру мен айналымға қатысу қасиеті ландшафтық - геохимиялық жағдайдың табиғатына байланысты. Құрылықтар мен мұхиттардағы табиғи ландшафтық -геохимиялық жүйелердің (ЛГЖ) жиынтығын құрылымы мен даму ерекшелігіне қарай бірнеше болжамалы топтарға жіктейді. Болжаудағы негізгі мақсат – техногенез заттарының тірі организмге тигізер әсерінің деңгейін анықтау. Кез - келген типке жататын ландшафтық - геохимиялық жүйелер мына көрсеткіштер бойынша ұқсас болу керек: 1) Геохимилық тұрақтылық деңгейі, яғни геохимиялық процестердің өздігінен орнына келуі мен техногенез қалдығынан тазаруы; 2) Егер техногенез қалдықтары нормадан артық болса, онда техногендік геохимиялық ауытқулар (аномалиялар) және олармен байланысты топырақ пен өсімдік жамылғысындағы, жер асты, жер беті суларындағы, биоценоздар өнімділігіндегі өзгерістер ұқсас болу керек. Технобиогеомалар белгілі бір географиялық заңдылықққа бағынады, сондықтан да оларды картаға түсіріп, ландшафтық - географиялық аудандастыруға мүмкіншілік бар. Технобиогеомалардың геохимиялық тұрақтылығын анықтайтын табиғи факторлар бойынша топтастырғанда есепке алынатын көрсеткіштер: а) атмосферадағы, топырақ жамылғысы мен су көздеріндегі минералдық және органикалық заттардың химиялық өзгеру жылдамдығы; б) геохимиялық тосқауыл түрлеріне байланысты заттардың химиялық айналу жылдамдығы; в) техногенез қалдықтарының ЛГЖ шеңберінен шығу жылдамдығы; г) олардың жер беті, жер асты суларымен және ауа ағынымен таралу ерекшелігі. Кез-келген химиялық айналым жылдамдығы ЛГЖ шеңберіне келіп түсетін энергия шамасына байланысты. Сондықтан химиялық процестердің жылдамдығын есепке алуда төмендегідей орташа жылдық көрсеткіштер ескерілу керек: 1) күннің жиынтық радиациясы мен оң температураның жиынтық мөлшері; 2) ультракүлгін радиация мөлшері; 3) фотосинтез кезінде ассимиляцияланған және жыл ішінде өсімдік шіріндісі арқылы топыраққа жиналған энергия мөлшері (биохимиялық процестердің энергия көзі); 4) найзағайлы күндердің саны. Геохимиялық тосқауыл түрлеріне байланысты есепке алынатын көрсеткіштер: 1) топырақ жамылғысы мен су көздеріндегі қышқылды - сілтілі және тотығу мен қалпына келу процестері; 2) өзен сулары мен көлдердегі органикалық заттың шамасы; металдардың еруі мен миграциялық ерекшелігін анықтайтын фактор – органикалық зат мөлшері; 3) жылдық жауын - шашын мөлшері мен булану; 4) булану барьерлері мен булану нәтижесінде жиналған элементтердің көрсеткіші- тұзды топырақ жамылғысы мен тұзды көлдердің таралуы. ЛГЖ шеңберінде жиналған заттардың ыдырау және шығу жылдамдығы әртүрлі факторларға байланысты олар: 1) жылдық өзен ағынының жиынтық шамасы; 2) әртүрлі жылдамдықтағы желдің жылдық орташа көрсеткіші, әсіресе (штиль) тымық ауа шамасы; 3) мәңгі тоңдардың температурасы төмен болғандықтан олар механикалық және термодинамикалық тосқауыл болады. Сондықтан мәңгі тоңдардың бар, жоқтығы есепке алынады. Мәдени ландшафттар. Жер ресурстарын халық шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану динамикалық ауытқымалы, сондықтан антропогендік ландшафтар модификациясы үнемі өзгеріп, түрленіп отырады. Оның айғағы антропогендік кешендер туралы мәліметтердің жыл өткен сайын ескіріп, яғни жаңа сапалық және сандық көрсеткіштермен толығып отыруы. Бірақ, негізгі бағыт шаруашылықтағы жер көлемінің үнемі көбеюі. Жерді игеруде жіберілген қателер мен тиімсіз пайдалану әсерінен шаруашылықтық айналымнан шығып қалған жердің де ауданы артып отыр. Олар: бедлендтер, антропогендік карстер, карьерлер, тұзданған және батпақтанған территориялар, қозғалмалы құмдар мен өнеркәсіп-тұрмыстық қалдықтар жиналатын аймақтар. Сонымен қатар, кейбір елдерде жел мен су эрозиясына, қайтадан тұздануға ұшыраған жердің көлемі игерілген жердің ауданынан да артық екені белгілі. Қазіргі күні жер қорын пайдаланудағы өзгерістің нақтылы бағыты анықталған – ірі қалалар мен тау-кен өнеркәсібінің көлемінің артуына байланысты егіншілік, жайылымдық және орман алқаптарының ауданы кемуде. Бірақ, экономикалық жоғары дамыған, урбандалу деңгейі жоғары елдерде рекреациялық мақсатта қолданылатын жер көлемі жыл өткен сайын артуда. Сондықтан жер бетінде жыл сайын орман ағаштарының көлемі кеміп отыр. Сонымен, қоғамның дамуында ғылыми - техникалық революцияның қазіргі жетістіктеріне, халық санының - осының салдарынан табиғи ортаға антропогендік салмақтың артуына қарай табиғи кешендер сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Ол -өсімдік топтарындағы түрлік өзгерістер, топырақ қабатындағы ластану, құнарлықтың төмендеуі, эрозиялық шайылулар, химиялық элементтердің қарым - қатынасындағы ауытқулар, ластаушы ингредиенттердің жиналуы т.б. Осындай алуан түрлі көрсеткіштер антропогендік ландшафтар модификациясының өмір сүру ұзақтығына, территорияның игерілу деңгейі мен оның қарқындылығына тікелей байланысты. Антропогендік әсерден геожүйелердің табиғи тұрақтылығы, экологиялық сыйымдылығы нашарлап, өздігінен тазару деңгейі төмендейді. Сөйтіп табиғи кешендер қоғам мұқтажын қанағаттандыратын мәдени ландшафтармен ауысады. Мәдени ландшафтарға екі қасиет тән: 1) Жоғарғы өнімділік пен экономикалық тиімділік; 2) Адамның рухани дамуына, оның денсаулығын, өмірін жақсартуға қолайлы табиғи ортаны сақтау. Соңғы уақытқа дейін бұл көрсеткіштер бірге сирек қолданылып келді, ал аз уақыттық экономикалық тиімділікті орнату ортаның нашарлауына әкеліп соқты. Мәдени ландшафттарға қойылатын негізгі шарт – биологиялық ресурстардың жоғарғы өнімділігіне жету, оның эстетикалық сапасы мен санитарлық - гигиеналық жағдайын жақсарту. Ыңғайына қарай мәдени ландшафтарда табиғи және техногендік қолайсыз жағдайларды: топырақ қабатындағы су, жел эрозиясын, шайылуды, батпақтануды, өзен, көл суларының тартылуы мен қалдықты химиялық элементтермен ластануын болдырмауға тырысу қажет. Бұл шаралардың барлығы табиғи ресурстарды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты және өндіріс технологиясын жоғары сатыда дамытуға ықпал етеді. Соңғы жұмысты жақсарту тікелей география мамандарының жұмысы емес, бірақ оларға жүктелетін жұмыс – мәдени ландшафтар қалыптасуындағы ғылыми стратегияны нақтылы өңдей білу. Өйткені тек ландшафтану мамандары ғана кешендердің қазіргі құрылымына, даму ерекшелігіне сүйене отырып әрбір жекелеген комплекске сай келетін жақсарту шараларын қолдана біледі. Дегенмен, әрқашан ландшафтардың табиғи даму тенденциясы қоғам мүддесіне сәйкес келмейді, сондықтан кейбір жағдайларда тұрақты тепе-теңдікті бұзып жасанды жаңа модификацияларды құруға тура келеді. Ландшафтарда жақсартудың үш негізгі бағытын ажыратады: 1) Әртүрлі мелиоративтік әдістерді пайдалану; 2) Оларды “күту, бағу”- олар: орман ағаштарында санитарлық кесулер, өртке қарсы шаралар қолдану, шаруашылықта пайдалану нормаларын қатаң сақтау; 3) Ішкі күштерден пайда болған қалпын сақтауға тырысу. Егер мәдени ландшафт шаруашылықта дұрыс қолданылмаған территорияларда құруға жоспарланса онда осыған сәйкес “емдеу” шараларын қолдану қажет. Мысалы, кесілген немесе өртке ұшыраған орманды алқаптарға қайтадан ағаш егу, карьерлерде рекультивация жұмыстарын жүргізу. МӘдени ландшафттарды В.А.Николаев пен Ф.Н.Мильковтың тұжырымдарына қарай жіктеу. Жіктеуде пайдаланылатын көрсеткіштер. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Адамдардың табиғатқа әсері. 2.Әсер ету деңгейі. 3. Адамдардың қайтымды және қайтымсыз әсер етуі. 4. Әсер етудің жүйелері немесе класстары. Ауыл шаруашылық ландшафтысы. Өңдірістік ландшафт. Транспорт ландшафтысы. Рекреациялық ландшафттар. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №9 дәріс Қазақстанның жазық жерлерінің ландшафтысы. Мақсаты: Қазақстанның жазық жерлерінің ландшафттарына сипаттама беру Жоспар: 1. Жазықтардағы зоналық заңдылық. 2. Ландшафттардың әсер етуші факторларға байланысты өзгеруі, біркелкі болмауы. 3. Жазықтардағы интрозоналды ландшафттар. 4. Орманды дала, шөлейт, шөл зоналарының ландшафттары. №9 дәрістің қысқаша конспектісі Қазақстан Республикасы солтұсгік жарты шардың қоңыржай белдеуінде орналасқан. Мұнда жылу режимі әр маусымда әр түрлі, сондықтан геоморфологиялық процесстердің, климат жағдайының, қар-жамылғысының, өзендердің гидрологиялық режимдерінің маусымдылығы айқын байқалады. Климаттың қалыптасуына қыста арктиқалық және полярлық, жазда полярлық және тропиктік ауа массасы әсер етеді. Климатына байланысты табиғат жағдайлары - әр түрлі болып келеді де, табиғаттық ерекше құбылыстары мен процестерішң әсерінен ландшафтысы жиі-жиі өзгеріп тұрады. Республика территориясының орасан үлкеңдігіне, орографиясьшың ерекшелігінен тым континентті болуына, әртекті жазықтар (мүсіндік, аккумуляциялық, денудациялық) сонымен әр турлі биіктіктегі таудың (аласа, биіктігі орташа және аса биік) кең аймақты қамтуына, Сібірдің суық қысы, Орта Азияның ыстық жазымен .ұштасып жатуьша байланысты Қазақстанның. ландшафтысы бірнеше типті болып келеді. Жалпы олар қоңыржай белдеудің жазықты және таулы аймақтық топтарьша жатады. Жазық аймақ-гардағы ландшафтысы зоналы, таулы аймақтардағы ландшафтысы азоналы. Биіктік белдеу рет бойынша жуйеленеді. Қазақстан жерінің 90%-ін жазық алып жатыр. Олар оңтустіктен солтустікке 160 (3 км-ге, батыстан шығысқа 3000 км-ге созылған. Геологиялық- геоморфологиялық, радиа-цияльіқ, атмосфералық. циркуляциялық факторлардың зоналық айырма жасап әрекет - етуіне қарай орманды ;.ала, дала, шөлейт, шөл зонасы ландшафтыеыныц территориялық болшеқтенуне себепші болған. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Жазықтардағы зоналық заңдылық. 2. Ландшафттардың әсер етуші факторларға байланысты өзгеруі, біркелкі болмауы. 3. Жазықтардағы интрозоналды ландшафттар. 4. Орманды дала, шөлейт, шөл зоналарының ландшафттары. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №10 дәріс Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафтысы. Мақсаты: Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафттарын қарастыру. Жоспар: 1. Таулы аймақтардағы ландшафттардың ерекшелігі. 2. Ландшафттардың биіктік белдеу заңдылығына сай өзгеруі. 3. Орташа таулардың, аласа таулардың, аласа таулардың, тау аралық жазықтардың, шатқалдардың ландшафттары. Ландшафттық дифференциацияға зоналық және секторлық жылу, ылғалданудың өзгеруінен кейінгі негізгі фактор болып - құрлықтың теңіз деңгейінен қаншалықты биікте жатқаны кіреді. Осы фактордың әсерінен ландшафттық сфера сатылы құрылымға ие болады: әртүрлі биіктік белдеулерде өзіне сәйкес ландшафттар класы қалыптасады. Жазық территориядағы қалыптасқан ландшафттардан-ақ абсолюттік биіктіктің алғашқы 100 м-ге дейінгі ауытқуларынан гипсометрлік орынның әсерін байқауға болады. Белгілі бір биіктік шегіне дейін рельефтің өсуі ландшафттардың сол зонаға сәйкес қасиеттерін жоймайды. Осы шектен жоғарылағанда ландшафттарда көршілес солтүстікте (солтүстік жарты шар үшін) жатқан ландшафтар қасиеті басым болады да, биіктік өскен сайын басқа ландшафттық белдеуге ауысады. Бұл заңдылықты биіктік белдеулігі деп атайды. Биіктік белдеулік шартты түрде зоналық ендіктің аналогы ретінде қаралады. Биіктік белдеудің қалыптасуының негізгі себебі жылу балансының жоғарылаған сайын өзгеруі. Дегенмен, биіктік пен ендік бойынша температура өзгеру қасиеттері әрқалай. Күн радиациясының мөлшері биіктеген сайын азаймайды, керісінше, әрбір 1000 м биіктікке 10 артып отырады. Оның негізгі себебі атмосфера қабатының қалыңдығы мен тығыздығының азаюынан, құрамындағы су буларымен шаң-тозаңдардың мөлшерінің кемуінен. Дегенмен, Күн радиациясы жыл бойы жоғарғы биіктікте тепе-теңдікте, біркелкі болады, ал оның құрамының өзгеруі ультракүлгін сәулелердің көбеюінен. Бірақ, жер бетінің сәуле шашу қасиеті инсоляцияға қарағанда биіктеген сайын тез өседі. Осының нәтижесінде радиациялық баланс азаяды, ауа температурасы төмендейді. Биіктік бойынша температуралық градиент горизонтальдықтан 100 есе көп, сондықтан биіктік бойынша бірнеше км аралығында экватордан мұз зонасына дейінгі созылған көптеген физгеографиялық өзгерістерді бақылауға болады. Жоғары көтерілген сайын ылғалдану процесі де өзгереді, бірақ бұл өзгеріс өзінің қарқындылығы мен бағыты бойынша зоналық ендік өзгерісімен сәйкес келмейді. Ауаның ылғалдығы биіктеген сайын азаяды, таулардағы жауын- шашын мөлшері көбейеді, бірақ белгілі бір биіктікке дейін ылғалдану қоры азайған сайын жауын-шашын мөлшері де азаяды. Максимальды жауын-шашын деңгейі құбылмалы да, ылғалды облыстарға қарағанда құрғақ жерлерде жоғары. Мысалы, Альпі тауларында ол 2000 м, Кавказда 2400-3000 м, Тянь-Шаньда 3000- 4000 м биіктікте орналасқан. Тауларда жел жақ беткейлердегі жауын-шашын мөлшері ық беткейлерге қарағанда бірнеше есе көп. Дегенмен, орографиялық ерекшеліктеріне қарай таулардағы жауын шашын мөлшері бірдей емес (беткей экспозициясы, тілімдену, т.б.). Сонымен абсолюттік биіктік жауын-шашын мөлшерінің көбеюіне қосымша рөл атқарады. Шындығында, биіктік белдеулер мен зоналық ендік арасында тек сыртқы ұқсастық байқалады. Көбінесе өсімдік жамылғысында ғана, онда да әрқашан емес. Көптеген биіктік белдеулерге биіктік-зоналық аналогтарды табу мүмкін емес (мысалы, Тибет пен Шығыс Памир тауларындағы Альпі жайылымдарына). Екіншіден зоналық болып келетін пассат белдеулеріндегі шөлдердің аналогын таулардан табуға болмайды. Биіктік белдеулер құрылымы, функциональдық ерекшеліктері жағынан зоналық ендіктерден айырмашылығы бар (тау құлауы, тасты лайлы тасқындар, қар көшкіндері). Сонымен биіктік белдеулер қатары жазықтықтағы ландшафттық зоналардың тура көшірмесі емес. Егерде дәл осындай қатынас болған жағдайда тайга зонасынан оңтүстіккі орналасқан таулы аймақтарда, мысалы, Орта Азиялық шөл зонасындағы тауларда белгілі бір биіктікте таулы тайгалық белдеулерді кездестірген болар едік. Шындығынды бұлай болуы мүмкін емес, көптеген таулы өңірлерде орманды белдеу тіпті кездеспейді. Жер бетіндегі тау сілемдерінің биіктік системаларының әрқалай екендігі анықталды. Биіктік белдеулер саны зоналық ендіктен біршама екендігі айқындалды. Биіктік белдеулердің әртүрлілігі таулардың қандай ландшафттық зонада орналасқанына және олардың орографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен әрбір ландшафттық зонаға өзіне тән биіктік белдеу типі немесе белдеу қатары тән, осыған байланысты белдеулер саны, орналасу ерекшеліктері, биіктік шекаралары әрқалай. Экваторға жақындаған сайын белдеулер саны көбейеді, белдеулер қатарының құрамы өзгереді. Белдеулердің вертикальдық бағытта әртүрлі ландшафттық зонаны кесіп өтетінін тау қыраттарынан байқауға болады. Мысалы, Орал таулы қыраты. Орографиялық құрылымы жағынан күрделі және әртүрлі ландшафттық зоналардың қиылысқан орталығында орналасқан таулы системалардың биіктік белдеулері күрделі, дегенмен мұндай жағдайда да бір ландшафттық зонаға сәйкес келетін биіктік белдеулер спектрін анықтауға болады. Мысалы, Кавказ тауларында 6-7 негізгі биіктік белдеулерді бөлуге болады. Климаттың континентальдығына, ылғалдың режимі мен қарқындылығына байланысты әрбір физгеографиялық сектордағы биіктік белдеулердің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, мұхит маңына жақын орналасқан секторларға альпі шалғынды белдеуі тән, ал континенталды аймақтарда оның орнына таулы тундра белдеуі қалыптасады. Керісінше таулы далалық белдеу тек континентальдық секторларда қалыптасады. Әсіресе төменгі ендіктерде орналасқан секторларда биіктік белдеулердің толық жиынтығы қалыптасып, біртіндеп жоғарғы ендіктерге жылжыған сайын төменгі белдеулер жоғалып, белдеулердің шекаралары төмендейді, мысалы, Қиыр Шығыстың жалпақ жапырақты зонасында орналасқан Сихоте-Алинь тауының оңтүстік бөлігінде 500 м дейін жалпақ жапырақты орман, аралас орман 800—900 м , таулы қылқан жапырақты тайга 1300- 1500 м, ал ең жоғарғы биіктіктерінде таулы тундра мен тас қайыңнан тұратын сирек орман белдеулері орын алған. Ал таулы қыраттың орталық бөлігінде (470 с.е. шығыс беткей) төменгі белдеу жоғалып, биіктік белдеу қатары аралас орман белдеуінен басталады. Сихотэ-Алиннің солтүстігінде белдеулер – таулы қылқан жапырақты тайгадан басталады. Ал Камчаткада жоғарыда аталған белдеулердің үшеуі де жоғалып, биіктік белдеудің “1-қабаты” тас қайыңды белдеуден басталса, оның солтүстік бөлігінде биіктік белдеу негізі – төсеніш бұтадан басталады, жалпақ жапырақты орман зонасында бұл белдеу таудың ең жоғарғы ярустарына сәйкес. Егер биіктік белдеулердің құрамының ауысуын белгілі бір зона бойынша қарастыратын болсақ, онда белдеулердің зоналық типінің бір-бірінен белдеулердің саны емес сапасы жағынан айырмашылығы бар, әртүрлі секторлар вариантынан тұратынын көреміз. Мысалы, тайга типті белдеудегі барлық таулы ландшафттардың биіктік қатарының схемасы бірдей, бірақ әрбір белдеуге өзіне тән секторлық ерекшеліктер бар.Евразия тайгасының төменгі таулы тайгалық белдеуі батыс, шығыс бөлігінде бірдей қалың қарағайлы ормандардан, ал Шығыс Сібірде сирек қарағайлы ормандардан тұрады. Сонымен зоналық, секторлық заңдылыққа бағынған биіктік белдеулер қатары орографиялық жағдайға байланысты күрделене түседі. Әрине жекелеген зоналарға немесе секторларға тән биіктік белдеу “спектрінің” толықтылығы таулардың биіктіктеріне байланысты: орта немесе кіші биіктіктегі тауларда жоғарғы биіктік белдеу қатарлары болмайды. Абсолюттік биіктіктен басқа таулардың ландшафттық дифференциациясының негізгі факторы болып беткей экспозициясы болып табылады, ол таулардың жалпы көтерілу ерекшеліктерімен тығыз байланысты: орта немесе кіші биіктіктегі тауларда жоғарғы биіктік белдеу қатарлары болмайды. Абсолюттік биіктіктен басқа таулардың ландшафттық дифференциациясының негізгі факторы болып беткей экспозициясы табылады, ол таулардың жалпы көтерілу ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Экспозицияның 2 типі болады: солярлық немесе инсоляциялық, желдік немесе циркуляциялық. Соляллық экспозицияға беткейлердің жылу, сонымен қатар су режимі байланысты. Солтүстік беткейлерге қарағанда оңтүстік беткейлер тез қызады, булану процесі интенсивті болады, яғни біркелкі жағдайдың өзінде құрғақтау. Сондықтан оңтүстік беткейлердегі биіктік белдеулер шекарасы солтүстікке қарағанда біршама жоғары. Бір-біріне қарама-қарсы орналасқан солярлық беткейлердің айырмашылығы әсіресе әртүрлі ландшафттық зоналардың қиылысында орналасқан таулы системаларда айқын байқалады. Мысалы, Оңтүстік Забайкалье тауының солтүстік беткейі орманнды, ал оңтүстік беткейінде далалы өсімдіктер кездеседі. Полярлық және тропиктік ендіктерге қарағанда қоңыржай ендікте солярлық экспозицияның әсері қатты байқалады. Жоғарғы ендікте полярлық күн қалыптасқан кезде барлық экспозиция беткейлері бірдей жылумен қамтамасыз етіледі, ал төменгі ендікте күн горизонттан жоғары тұрғандықтан беткейлердің инсоляция айырмашылығы бірдей емес. Желдік экспозиция 2 түрлі рөл атқарады. Біріншіден, ол бір-біріне қарама-қарсы орналасқан беткейлердің термикалық режиміндегі айырмашылықты арттырады, сөйтіп солярлық экспозицияның эффектін күшейтеді. Мұндай ерекшелік батыстан шығысқа қарай созылып жатқан тау қыраттарына тән (Альпі, Қырым таулары, Үлкен Кавказ). Бұл таулы аймақтардың солтүстік беткейлері суық ауа массаларының әсерінде болса, оңтүстігінде суық ағыстардың әсері аз болады. Сондықтан осындай таулы қыраттар көбінесе ландшафттық зоналардың шекарасы ретінде қаралады. Екіншіден, желдік экспозицияның климатпен беткейлердің ландшафтына әсері соңғысының ылғал орталықтарына қалай бағытталғанына байланысты, яғни ылғалды ауа массаларына, бағытына, циклондар траекториясына. Батыс ағындар басым аймақтарда жауын-шашынның көп мөлшерін батыс беткейлер, ал муссондық секторда шығыс беткейлер алады. Алай таулы системасында жауын-шашынның басым бөлігі оңтүстік, оңтүстік-батыс беткейлерге жауады, өйткені көктем айларында оңтүстіктен солтүстікке қарай ауысқан иран циклонының әсерінде болады. Таулардың ық жақ беткейлері тосқауылда немесе жауын-шашын “көлеңкесінде” орналасып, фендардың әсерінде болса, онда жел жақ беткейлерге қарағанда құрғақ болады. Құрғақ климатты территорияларда экспозиция әсері ең көп жауын-шашын түсетін белдеуде жақсы байқалады. Солтүстік Тянь-Шань тауларында бұл белдеу теңіз деңгейінен 1500-3000 м биіктікте орналасқан, осы деңгейде солтүстік және батыс беткейлерде қалың қарағайлы орман қалыптасқан, ал қарама-қарсы беткейлерде кездеспейді. Сонымен, биіктік белдеулердің зоналық типтері мен секторлық варианттарының бөлінуі материктердің орографиялық құрырымының жалпы жоспарына бағынышты болады. Биіктік белдеулердің дифференциациясының әртүрлілігі мен ала-құласының қосымша факторы – тау системасының басқа да орографиялық элементтері. Бірнеше параллельді қыраттардан тұратын күрделі таулы системаларда шеткі қыраттарда ортасындағылармен салыстырғанда ылғалдану жағдайы жақсы. Жан-жағынан таулармен қоршалған депрессиялар тау беткейлеріне қарағанда құрғақ, континентальдық климатпен және аридті биіктік белдеу спектрімен сипатталады. Континентальдық климат басым, температуралық инверсия және атмосфераның антициклональдық жағдайы оқтын- оқтын қайталанып отыратын аймақтарды тауаралық қазаншұңқырларда белдеу инверсиясы болуы мүмкін, яғни биіктік бойынша белдеулердің керісінше орналасуы. Сонымен, биіктік белдеулердің таулардың ландшафттарының дифференциациясына әсері басқа да факторлармен тығыз байланыста екен. Айта келетін бір жай биіктік белдеулер өзінің табиғаты жағынан азональды болса да, пішінін зоналық ендік пен секторлықтың әсерінен қалыптастырады. Республика территориясындағы аласа таулы аймақтарға онша биік емес тау сілемдері мен Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тауларыныц 1900—2000 м-ге дейнгі бөліктері жатады. Аласа тау сілеміне Маңқыстау, Мұғалжар, Ұлытау, Көкшетау, Қарқаралы, Қызылтас, Баяпауыл, Ерейментау, Шыңгыстау, Қаратау,Шу-Іле, Қалба тау жоталары да кіреді. Бұлардың Маңқыстаудан басқасы палеозой эрасында өткен каледон және герңин қатиарлану кезеңцеріпде түзілген. Мезозой мен кайиазой эраларыида сыртқы күш әрекетінен үгіліп, і мужіліп тегістелгең қазіргі Сарыарқа тау жоталарынық жүйесі қалыптасқан. Маңқыстау тауы мезозой эрасындағы киммериялық қатпарлануда түзілген. Ол да бор, палеоген дәуірлерінде тегістелу процесіне ұшыраған. Неогенде басталған альпілік орогенез Қазақстандагы барлық тау- лардың жаңарып қайта көтсрілуіне себепші болады. Бірақ неотектоникалық қозғалыстардың қарқыны аласа тау- ларда өте баяу өтуде. Қазақстамдагы аласа таулардың гео- логиялық құрылысы бір- біріне өте ұқсас, көбіне мета- морфтанган иалеозойдық тақтатастан, құмтастан, кварциттен, мәрмәрленген әктастан, гранитті, гранитоидты интрузиядағы, жанартаулы эффузивтерден тұрады. Тек Маңқыстау тауы ғана пермь, триас дәуірлерінің метаморфтанган құмайтты,тақтатасты және конгломератгы жыныстарынан түзілген. Бұлардың қазіргі жер бедсрі аридті денудациялық жолдармен түзілгем, ұсақ шоқылы тау бастарымың, текшеленген бет-кейлердің және тау алды еңісті жазықтардың тізбегінен тұрады. Климаттық, гидрологиялық жағдайлары, соларға орай қалыптасқан топырақ жамылғысы және өсімдіктер мен жапуарлар дүниесі әр түрлі болып келеді. Демек, ландшафт типтері жәнс олардың негізгі құрылымы бірдей болып келмейді. Қазақстаиныц аласа тауларында шөл, шөлейт, дала, орманды дала және орман типтес ландшафтылар тараған. Аласа таулардың шөл типтес ландшафтылары Маңқыстау таулары мен Тянь- Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тауларының 500—700. м-ге дейінгі тау жоталарында, тау алды, тау иіні жазықтарында тараган. Бұл жерлердс табиғи ландшафтылар өте құргақ континентті климат жағдайында қалыпгасқан. Қысы қатты, қара суықты болып кследі, тұрақты қар жамылгысы болмайды. Көктемі жылы, қысқа, тез өте шығады, эфемерлер мен эфемероидтардың ғана көктеп, өсіп жетілуіне қолайлы. Жазы ыстық, құрғақ, ұзаққа созылады. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Таулы аймақтардағы ландшафттардың ерекшелігі. 2. Ландшафттардың биіктік белдеу заңдылығына сай өзгеруі. 3. Орташа таулардың, аласа таулардың, аласа таулардың, тау аралық жазықтардың, шатқалдардың ландшафттары. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 №11 дәріс Ландшафттың экологиялық аудандастырылуы. Мақсаты: Ландшафттарды физикалық-географиялық аудандастыру принциптерімен танысу. Жоспар: 1. Физгеографиялық, геоморфологиялық, климаттық аудандастырудың принциптері мен танысу. 2. Ландшафттың зоналардың экологиялық жағдайын ескеріп, аудандастырудың 4 бірлігін пайдаланып аудандастыру. №11 дәрістің қысқаша конспектісі Зоналық және азоналдық заңдылықтардың қарым-қатынасы және олардың физгеографиялық аудандастырудағы теориялық негізі. Ландшафттық сфера үшін зоналық және азоналдық заңдылықтар универсалды - өйткені әрбір географиялық компонентте, ландшафтта, яғни барлық жерде байқалады. Лондшафттық зона системасында байқалатын “бұзылулар” зоналықтың жалпы географиялық заңдылықтар ретінде әртүрлі болуынан, оның әртүрлі жағдайында трансформациялануынан көрінеді. Зоналық тауларда да жоғалмайды, бірақ тауларда белгілі биіктік белдеулер типтері арқылы көрінеді: әрбір ландшафттық зонаға өзіндік биіктік белдеу тән. Мысалы, Үлкен Кавказ тауларын, Франц Иосиф жері немесе Оңтүстік Орал орнына ауыстырсақ, онда оның табиғатының қалай өзгеретіндігін ойымызша көз алдымызға келтіруімізге болады. Зоналық ең биік тауларға да әсерін тигізеді. Оны таулардағы қар сызығы шегінің өзгеруінен көреміз (осы шектен жоғары қатты күйінше жауатын жауын-шашын мөлшері еру мен булануға кеткен шығыннан көп Ендік бойынша Кордильер тауындағы қар сызығы шегінің өзгеруі. Экваторға жақындаған сайын қар сызығының шекарасы 5000-6000 м, тіпті одан да жоғары көтеріледі. Қар сызығы биіктігінің өзгерісін ендік бойынша көрсететін сызықтың ерекшелігі құрғақ тропиктік белдеуде күрт жоғарылау, экватор маңы ендігінде төмендеу. Сонымен бұл көрсеткіш жер бетіндегі жылу мен ылғалдылықтың ендік бойынша өзгерісін тура қайталайды. В.В.Докучаевтың табиғи-тарихи зоналар туралы ілімімен бірге “интрозоналдық”, “азоналдық” деген ұғымдар пайда болды. Бұл ұғымдарды В.В.Докучаевтың әріптесі Н.Н.Сибирцев енгізген еді. Осы түсініктер белгілі бір жегілікті жағдайда қалыптасқан өсімдік пен топырақ жамылғысына ғана қолданылды (өзен аңғарларындағы, тұзды шұңқырлардағы). Кейіннен интрозоналдық деп батпақтарды, құмдарда дамыған қарағайлы ормандарды соңынан барлық табиғи комплекстерді айтады. Мұнда жер асты суларының әсері аз, механикалық құрамы орташа тау жыныстарынан құралған плакорлық табиғи комплекстер ғана жатпады. Сонымен “зоналық” деген терминнің синонимі ретінде “плакорлық” ұғымы пайдаланылады. Бірақ Г.Н.Высоцкийдің, Б.А.Келлердің т.б. ғалымдардың еңбектерінде топырақтың да, өсімдік жамылғысының да және географиялық комплекстердің де құмдарда, құмды тастарда, ылғалдылығы мол жерлерде дамығандары да зоналықтың негізінде қалыптасқандығы дәлелденген. Тундралық, тайгалық немесе шөлді жайылымдарда қалыптасқан геосистемалардың бір-бірінен айырмашылығы зор. Осы сияқты құмдар, шұңқырлар, қорымдар т.б. айтуға болады. Негізінде ландшафттық зоналардың ерекшеліктерін салыстыру үшін плакорлық геосистемалар алдынады. Бірақ бір-бірімен әртүрлі зонадағы плакорлық емес геосистемаларды өзіне тән жергілікті жағдайы арқылы салыстыруға болады, бұл зоналықтың толық сипаттамасын алу үшін өте қажет. Кейде әртүрлі деңгейдегі “интрозоналдық” – жергілікті геосистемалардың пайда болуы мен орналасуы ландшафт аралық дифференциацияға байланысты. Азоналдық жердің тектоникалық дамуымен байланысты регионалдық физгеографиялық дифференциацияны қамтиды. Осы тұрғыдан қарағанда азоналдыққа секторлықты да, биіктік белдеуді де жатқызады, өйткені олардың түп негізінде бір-ақ себеп бар – ол жер қыртысының жіктелуі – жердің ішкі энергиясына байланысты. Бірақ бұл себептің геосистемалардың пайда болуы мен дамуындағы рөлі әрқалай: секторлықта құрлық пен мұхиттардың атмосфералық циркуляциясы арқылы, биіктік белдеулерде –гипсометрлік, тосқауылдық әсер арқылы. Сондықтан осы екі заңдылықты физгеографиялық көзқараспен қарасақ, әрқайсысы жеке-жеке деп түсінеміз. Айта кететін бір жай азоналдықты үлкен мағынада да, кіші мағынада да қарастырсақ ол зоналық сияқты жалпы географиялық заңдылық. Бірде-бір физгеографиялық құбылыс азоналдық заңдылықтың: климаттың континентальдығының, тектоникалық қозғалыстың, жер бетінің структуралық формасының әсерінсіз қалуы мүмкін емес. Сонымен зоналық пен азоналдықты диалектикалық бірлік ретінде қарастырып, бірі негізгісі, екіншісі жанамалы деп айта алмаймыз. Сонымен жекелеген табиғи құбылыстардың, геосистема компоненттерінің, жалпы геосистемалардың дифференциациясы зоналық және азоналдық факторлардың бірге әсер етуі негізінде пайда болады. Мысалы, мәңгі тоңдар. Олардың дамуы мен сақталуы жекелеген зоналарға тән: қыс айлары суық болмайтын төменгі ендіктерде дамуы мүмкін емес. Қоңыржай белдеуде көп тараған, бірақ түгелдей жер бетін қамтымайды, тек континентальдық секторда ғана. Зоналық пен секторлықтың ара қатынасы мәңгі мұздықтардың оңтүстік шекарасын анықтайды: мұхитқа жақын Батыс Европалық секторда жоқ, қоңыржай тайга зонасының солтүстік бөлігін, ал нағыз континенттік Шығыс Сібірде тек тайганы толық қамтып қоймай, дала зонасына да таралады. Эпигеосфераның регионалдық жіктелуінің заңдылықтары мен факторларын ажырата білу физгеографиялық аудандастырудың негізін қалайды. Физгеографиялық аудандастырудың мақсаты зоналдық, азоналдық дифференциацияның әсерлеріне синтез жасау. Сонымен регионалдық дифференциацияның себептері әртүрлі, бірақ әрбір жекелеген заңдылықта – зоналдықта, секторлықта, белдеулікке өзіне тән территориялық бөліктер системасы қалыптасады, осы зоналықтың негізінде ландшафттық зоналар мен подзоналар пайда болады, секторлық - физгеографиялық секторлар системасын құрайды. Ландшафттық зона – бұл тек зоналық бірлік, бірақ әрбір зона секторлық, ярустық, морфологиялық жағынан әрқалай. Екіншіден, мысалы, Орал біртекті азоналдық система, бірақ әртүрлі зоналарды, секторларды қамтиды. Яғни осы сияқты ірі регионалдық бірліктер зоналық пен азоналдықтың тұтас бірлігіне жатпайды. Осындай бірлікке жету үшін зоналық, азоналдық айырмашылығы білінбейтін регионалдық дифференциацияның төменгі деңгейіне түсуіміз керек. Басқаша айтқанда, зоналық пен азоналдық қасиеттері бойынша ары қарай білінбейтін бірлік қана, мұндай бірлік – ландшафт . Лагдшафт аралық морфологиялық айырмашылық жергілікті себептерге байланысты. Сонымен ландшафт физгеографиялық аудандастырудың ең төменгі шегі. Бұдан жоғарғы сатыдағы физгеографиялық аудандастырудың бірліктері регионалдық заңдылық бойынша топтасқан ландшафттар түрі. Жоғарыдан төменге қарай белгілі бір тәртіппен орналасқан физгеографиялық категориялар мен бірліктер физгеографиялық аудандастырудың негізі болып табылады. Эпигеосфераның табиғи территориялық комплекстерге жіктелуін бір жүйелікпен талқылай келе біз физгеографиялық ерекшеліктерде зоналық және азоналдық факторлардың әсерін ажыратуға болмайтын табиғи шекараға келіп тірелеміз. Дегенмен – бір-бірімен көршілес жатқан ландшафттың зоналар мен секторларға қарағанда ұзындығы жүздеген, тіпті ондаған метр аралығында орналасқан комплекстердің физгеографиялық айырмашылықтарын да кездестіруге болады. Бір түрлі зоналық және азоналық жағдайда бір-бірімен іргелес қарағайлы орман мен ойпатты батпақтардың, сусыз шөл жазықтар мен қаптаған ну тоғайды, далалық беткейлер мен орманды сайларды кездестіреміз. Біз мұнда не ендік бойынша күн энергиясының таралуымен, не ауа массаларының тасымалдануымен, не жер қыртысының құрылымының әртрлілігімен байланысты емес географиялық жіктеудің түріне тап боламыз. Жергілікті, типологиялық немесе ландшафт аралық дифференциация регионалдықтан әсер ететін территориясының масштабымен, жіктеуші факторлардың салыстырмалы радиусының шектелуімен ғана емес, ең негізгісі соңғысының табиғаты мен мәнінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Егер регионалдық деңгейдегі геосистемалардың жекеленуі эпигеосфера мен оның барлық территориялық бөлшектеріне қарағанда тыс, яғни планетарлық, астрономиялық себептермен айқындалса, онда жергілікті геосистемалардың ала- құласының негізі ішкі географиялық себептерге байланысты. Жергілікті дифференциация әртүрлі ландшафттарға тән ішкі процестер мен олардың пайда болуы, дамуының нәтижесі. Басқаша айтқанда, жергілікті дифференциация әрбір ландшафттың пайда болуындағы бастапқы нәтиженің ары қарй дамуы. Ландшафттардың әртүрлігіне ландшафтаралық географиялық жіктелудің әртүрлі формалары мен факторлары сәйкес келеді. Жергілікті геосистемалардың ала-құласын анықтайтын ең негізгі активті факторларға экзогендік геоморфологиялық процестер механикалық және химиялық мүжілу, ағын сулардың эрозиялық және аккумулятивтік әсері, карст, термокарст, суффозия, опырулар, дефляция жатады. Бұл процестер жер бетінің мүсінін яғни рельефтің әртүрлі мезомикроформаларын, соңында бір-бірінен салыстырмалы биіктігі, экспозициясы, беткей формалары сияқты айырмашылығы бар территорияларды құрайды. Бір зоналық және азоналдық жағдайда, яғни бір ландшафтта күн радиациясының, ылғал мен минералдық заттардың таралуы комплекстердің орнына байланысты әрқалай, осының нәтижесінде әрбір бірлік өзіне тән микроклиматпен , су және тұздану режимімен сипатталады. Сондықтан әрбір орын өзіне сай әртүрлі экологиялық потенциалмен, яғни организмдерге тән жағдайлардың жиынтығымен ерекшеленеді. Организмдердің ортаны іріктеу қасиеттеріне байланысты территорияны мекендеу сол қасиеттерге үйлесімді болған жағдайда болады және әрбір орынға бір биоценоз сай болу керек. Ақыр аяғында биоценоздың нақтылы орнының абиотикалық компоненттері мен қарым- қатынасы негізінде қарапайым географиялық комплекс пайда болады. Оны Л.Г.Раменский эпифация, Л.С.Берг фация деп атауды ұсынды. Сонымен фация біртекті геосистема және территорияны физгеографиялық жіктеудің соңғы сатысы деп табылады. Жергілікті дифференциация белгілі бір зоналық және азоналдық жағдайда ортаның жергілікті процестерін өрістете алу негізінде қалыптасады. Сондықтан бір түрлі орынның ландшафттық-географиялық нәтижесі сыртқы зоналық және азоналдық ортаға байланысты. Экспозициясы бірдей беткейлерге құламалығы бірдей болғанда да, ендікке байланысты күн радиациясы бірдей түспейді; біртекті орынның вылғалдылығы “фондық” жауын-шашын мөлшері мен “фондық” субстратқа байланысты. Қазіргі тектоникалық қозғалыстардың қарқындылығы мен бағыты рельефтің скульптуралық формаларының дамуы мен денудация процесінің қарқынына әсерін тигізбей қоймайды. Дамудың бастапқы қарқыны “экзогендік” себептердің әсерінен болса да морфоскульптура морфостуктурамен тығыз байланысты, өйткені көбінесе оның дамуы ландшафттың “пассивтік” геологиялық фундаментіне байланысты геологиялық қабаттардың бағыты мен құлауына, петрографиялық құрамына, тау жыныстарының физикалық, химиялық қасиеттеріне, олардың жарылу түріне. Сонымен әртүрлі ландшафттарды бір типтік орында әртүрлі фациялар қалыптасады. Фациялардың ландшафт аралық ала-құлалығын ландшафттағы зоналық, азоналдық энергия ағыны трансформациялануының әсерінен де түсінуге болады. Осы трансформацияланудың алғашқы механизмі жекелеген орын бойынша күн энергиясы мен атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің таралуы. Күннен тік түсетін радиация мөлшері беткейлердің экспозициясы мен тіктілігіне байланысты. Әсіресе қыс айларында күн горизонттан төмен тұрғандықтан бұл айырмашылық айқын байқалады: сонымен беткейлердің тік радиациясының ауытқымалы мөлшері горизонталды жазықтың нопмасымен салыстырғанда ендік бойынша өседі. (4-сурет). Бірақ жыл бойынша күннің тік радиациясының абсолюттік мөлшері қарама- қарсы бағтта өседі, яғни солтүстіктен оңтүстікке қарай өйткені жылы уақыттың ұзақтылығы, тік радиациясының жалпы қарқындылығы артады. Ю.А.Щербаковтың мәліметтері бойынша әртүрлі зоналара орналасқан солтүстік пен оңтүстік беткейлерге түсетін жылдың тік радиациясының санының айырмашылығы тундрада 3,3 ккал/см2 , орманды тундрада 13,5-16,8 ,тайгада 21,3, орманды далада 45,8, суық биік таулық шөлдерде 61,4 (осыған сәйкес 138,565-703,892, 1918,2570 МДж/м2 ). Жаз айларында радиациялық баланс мөлшері 10-200 солтүстік беткейлерде горизонталды жазықтармен салыстырғанда 5-15 (кем, ал оңтүстік беткейлерде 1-10 (артады. Осының нәтижесінде беткейдің құламалығы мен экспозициялардың инсоляциялық ерекшелігіне байланысты әрбір жекелеген орынның жылумен қамтамасыз етілуі әрқалай. Жергілікті жердің вертикалдық бағытының температуралық градиенті регионалдық градиентке қарағанда жүздеген, тіпті мыңдаған есе көп. Ескертетін бір жағдай, жергілікті және биіктік температуралық градиенттердің белгісі қарама-қарсы: жергілікті беткейлерде ауа температурасы төмендейді, керісінше тау етегінен су айрығына қарай көтеріледі. Мысалы, солтүстік тайганың төменгі Приангарье төбешігінде 40-50 м биіктікте температуралық градиент қаңтар айында әр 100 м-ге 6,20С, шілдеде 3,6 0С суықсыз кезең әрбір 100 м-ге 103,3 күнге дейін көбейеді, активті температура жиынтығы 20-500С. Әртүрлі орындардың температуралық режимінің пайда болуы тек инсоляциялық фактормен ғана анықталмайды, соныен қатар суық ауа массаларының беткейлермен ағыны олардың жергілікті қазаншұңқырларда жинақталуы да үлкен рөл атқарады. Әсіресе ландшафт аралық атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің өзгеру механизмі күрделі. Атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің беткейлермен ағыны фациялардың ылғалдануының, алалығының негізгі факторы болып саналады. Беткейлік ағын мөлшері мен топыраққа сіңген жауын- шашын мөлшерінің ара-қатынасы әртүрлі себептерге байланысты: беткей тіктілігіне, формасына (дөңес, ойыс, тік), беткей ұзындығына, жауын-шашын қарқындылығына, механикалық құрамына, топырақтың фильтрациялық және ылғал ұстау қасиетіне. Мысал ретінде Е.Н.Романованың сазды топырақта анықтаған беткейлік ағынының коэффициентін ұсынамыз (1-кесте). Құмды және құмайт топырақтар сазды топырақтарға қарағанда фильтрация коэффициенті жоғары болғандықтан жауын-шашын мөлшерін көп сіңіреді, сондықтан осы топырақтарда беткейлік ағын коэффициенті 10-30 ( төмен. Оңтүстік беткейдегі топырақтар солтүстік беткейге қарағанда ылғалды көп сіңіреді, беткейдің төменгі бөлігінде жоғарыға қарағанда көп; ойыс беткейлерде – жоғары бөлігінде төменгіге қарағанда мол, ал дөңес беткейлерде керісінше. Қоңыржай және жоғарғы ендіетерде ландшафт аралық дифференциацияға қар жамылғысының таралуы да әсерін тигізеді. Мұнда негізгі фактор жел, өйткені қар жамылғысының таралуы беткейлердіңжелдік экспозициясына бағынышты. Қар жел жақ беткейден ығысып ық жақ беткейлерге жиналады. Сонымен жел жақ беткейде қар жамылғысының қалыңдығы тау етегінен биіктеген сайын азаяды, ал ық жақ беткейде керісінше. Қар жамылғысының еруі оңтүстік беткейлерде ерте болады және беткейдің тіктілігі артқан сайын күшее түседі. Оңтүстік беткейлердің еңістігі 100 болғанда қар 6-8 күн ерте ериді, жазық жерлермен, солтүстік беткейлермен салыстырғанда. Қардың қалыңдығына топырақтың тоңдану тереңдігі байланысты, оның ерігіштік қасиетіне әсерін аз тигізеді. Сондықтан солтүстік беткейлерде топырақ қабаты қар ерігенше еріп кетуі мүмкін, сөйтіп еріген судың көп мөлшерін сіңіреді, ал оңтүстік беткейлерде қар жамылғысы топыраққа қарағанда тез еритіндіктен еріген сулардың топыраққа сіңуі азаяды. Еріген қар суларының топыраққа сіңуі әсіресе құрғақ аудандар үшін маңызы зор, ал ылғалдану артық территорияларда топырақ жамылғысы күз айында-ақ жауын- шашынға қанығады, сондықтан еріген қар суларының керектігі шамалы. Әртүрлі фациялардағы су балансы мен ылғалдануды анықтау үшін булануға кеткен жылу мөлшерін білу қажет. Булану айырмашылығы, яғни оның оңтүстік пен солтүстік беткейлердегі артуы құрғақ климатты территорияларда айқын байқалады, ылғалды жермен салыстырғанда, мысалы, беткейдің тіктілігі 50 болғанда бұл айырма ылғалды климатта 45 мм болса, құрғақ климатта 163 мм; 10 –114-236 мм; 20 – 350-460 мм. Шын мәнісіндегі булану да орынға байланысты өзгеріп отырады және де жазық жерлермен салыстырғанда оңтүстік беткейдің жоғарғы, ортаңғы бөлігінде аз, солтүстік беткейдің осы бөліктерінде де аз. Әртүрлі экспозициядағы беткейлердің төменгі бөліктерінде булану жазық жерлерге қарағанда көп. Сонымен ылғалданудың жергілікті факторларының үйлесімділігі топырақ жамылғысының ылғалдануының ала-құлалығы мен қарым-қарсылығын анықтайды. Егер ылғалы мол зонаның жазық жеріндегі өсімдіктің тамыры өмір сүретін ортасындағы ылғалдың қорын 1 тең десек, онда Е.Н.Романованың мәліметі бойынша оңтүстік беткейдің жоғарғы бөліктерінде ол 0,5-0,7 (минимум жазда; максимум күзде), оңтүстік беткей етегінде 1,3-1,4, ал солтүстікке – 2,0 жуық. Құрғақ және қуаңшылық зоналарда 0,4-0,5; 1,1-1,2-2,0 сәйкес. Жергілікті геотермикалық айырмашылықтардың нәтижесін өсімдік жамылғысының дамуынан айқын көруге болады. Оңтүстік беткейлерде өсімдіктердің бүкіл даму кезеңі солтүстік беткеймен салыстырғанда ерте басталады,жылдың даму циклі аз уақыттың ішінде өтеді. Солтүстік тайганың тіктігі 100–тық оңтүстік беткейінде вегетация уақыты жазық жерлерге қарағанда 5 күн ертерек болады., дәл осындай солтүстік беткейде 6-8 күн кешірек. Беткейлердің еңістігінің термикалық жағдайының қолайлылығы оңтүстік ландшафттық зонаға тән топтардың, сол зонаның шекарасын өтпей-ақ пайда болуына әсерін тигізеді (“алдын алу заңы”). Оңтүстік беткейлерде ылғалдану жеткілікті болған жағдайда бір зоналық типті өсімдіктердің өнімділігі көп, орман өсімдіктерінің өсуі қарқынды, ағаш қоры жоғары. Өсімдік жамылғысының жергілікті қарама-қарсылығының артуы ылғалданудың айырмасына байланысты. Жергілікті деңгейдегі геосистемаларда өсімдік жамылғысы ортаны құрушы рөл атқарады, өйткені олар сыртқы әсерлерді өзгерте отырып, алғашқы абиогендік ортадан ерекше өзіне тән ішкі ортаны құра алады. Ең күшті ортаны құрушы рөл орман өсмдіктеріне тән, биомассаны жинақтау қасиеті жоғары, 1 га- дан 200 т. дейін тайгада, 500т. дейін жалпақ жапырақты орманда. Қылқан жапырақты ормандарда күн радиациясының 5( ғана жер бетіне жетеді. Орманда температуралық режим бір қалыпта болады, температураның экстремальдық жағдайы азаяды, жел жылдамдығы нөлге тән, қар жамылғысы біркелкі таралады, жер бетіндегі су ағыны тоқталады, өйткені ағаштардың тамыры 150-180 мм жауын-шашын мөлшерін тоқтата алады. Осындай радиациялық, жылулық және су режимдері өзгеруінің нәтижесінде ормандағы әртүрлі орынды алып жатқан фациялардың айырмашылығы бәсеңдейді. Өсімдік жамылғысының система құрушы маңызы әсіресе жергілікті өсімдіктердің өзгермелілігімен байланысты. Өсімдік топтары арасында қарым-қатынас уақыт бойынша өзгермелі. Ортаны өзгерте отырып олар ортаға сәйкес өзгеруіне немесе кеңістікте өзі орын өзгертуіне тура келеді, нәтижесінде басқа топтармен бәсеке таласқа түседі. Мысалы, тайгалық ормандағы батпақтар, негізгі факторы – ылғал сорғыш мүк қабаты. Мұндай жағдайда уақыт өте, орын ауыстырмай-ақ фациялар ауысады. Ландшафтаралық дифференциацияның негізгі факторы болып жануарлар дүниесі де есептеледі. Оның ерекше мысалы кеміргіштер қызметі. Далалы аймақтарда суырлардың інінен шыққан топырақтар биіктігі 0,5 м, диаметрі 5-10 м дейін төбешіктер жасайды, ал иесіз қалған індердің отыруының нәтижесінде шұңқырлар пайда болады. Осының нәтижесінде топырақ пен өсмдік жамылғысының ала-құлалығы пайда болады. Физгеографиялық аудандастырудың мазмұны мен мақсаты. Физгеографиялық аудандастыруда қолданылатын принциптер мен әдістер. Алғаш рет география ғылымына физгеографиялық аудандастыру терминін енгізген Г.И.Танфильев болатын. «Физико-географические области Европейской России, 1897ж. Ол физгеографиялық аудандарды шаруашылықтық аудандарды жіктеудің негізі деп түсінді. Осы кезеңнен бастап аудандастырудың теориялық және қолданбалы мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстар кеңінен өріс алды. Қазіргі кезде бір-біріне ұқсас, ортақ ерекшеліктері көп болса да физгеографиялық аудандастыруға берілген анықтамалар көп-ақ. Мәселен, аудандастыру кезінде табиғи ортада объективті түрде өмір сүретін табиғи кешендерді тани білу, анықтау және олардың жиынтығынан біртекті географиялық қабаттың қалыптасатыны, яғни кешендердің ұқсастық және айырмашылық деңгейіне байланысты жекелеген табиғи аймақтарды жіктеу. Сонымен қатар кейбір ғалымдар топтастыруды, картографиялық бейнелеуді, табиғи ресурстарды және аймақтың жіктелуіндегі айырмашылықтың да себептерін есепке алады. /Н.А.Гвоздецкий, А.А.Григорьев, Ф.Н.Мильков, В.Б.Сочава т.б. Ал енді кейбіреулері физгеографиялық аудандастыруды табиғи ортаның әр алуандығын танып білудегі әдіс деп түсінеді. А.Д.Арманд., Т.П. Куприянова/. Дегенмен, физгеографиялық аудандастыру күрделі теориялық және әдістемелік мәселелерді қамтитыны анық. Сонымен, физгеографиялық аудандастыру дегеніміз объективті түрде өмір сүретін табиғи және өзгерген кешендерді анықтау, картаға түсіру, жіктеу, олардың заттық құрамымен, құрылымымен, байланысымен және олардың қалыптасуына әсер етуші процестермен танысу. Нақтылы айтқанда аудандастырудың негізгі объектісі – алып жатқан территориясы мен күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жекелеген кешендер: планетарлық, региональдық және топологиялық (В.Б.Сочава бойынша). Кейбір ғылыми әдебиеттерде «табиғи аудандастыруң терминін «физгеографиялық аудандастыруң терминінің синонимі ретінде қолданады, бірақ бұл екі түсініктің ортасына теңдік белгісін қоюға болмайды. /А.Е.Федина/. «Табиғи аудандастыруң ұғымы кең мағынада қолданылады. Өйткені, ол аудандастырудың барлық түрін: жекелеген компоненттерді де, кешендерді де қамтиды. Ал физгегографиялық аудандастыру, шын мәнісінде, табиғи аудандастырудың бір бөлігі болса да жеке ғылыми бағыт деп есептеледі. Себебі ол табиғи ортаның жеке компоненттерімен емес кешендерді зерттеумен айналысады. Салалық табиғи аудандастырудың бірнеше ьүрлері бар: геоморфологиялық, климаттық, геоботаникалық, зоогеографиялық т.б. Ал ландшафттару ғылымының негізгіі танып білу объектісі комплекстік немесе ландшафттық аудандастыру, яғни региональдық деңгейдегі нақтылы геожүйелер немесе физгеографиялыық аймақтар. Сонымен, физгеографиялық аудандастыру төмендегідей мәселелерді қамтиды: Объективті түрде өмір сүретін физгеографиялыық кешендерді анықтау; Оларды картаға түсіріп, физгеографиялық аудандастырудың картасын құрастыру; Кешендердің заттық құрамымен танысу; 4). Кешендердің пайда болуы мен жіктелуіндегі физгеографиялық үрдістер мен факторларды анықтау; Оларды белгілі бір жүйеге келтіру; Компоненттер мен кешендердің арасындағы жүйе құрушыы байланыстармен танысып, оларды ажырата білу; Кешендердің құрылымымен танысып, олардың моделін құрастыру; Табиғи және антропогендік үрдістердің әсерінен қалыптасқан кешендердің өзгеру деңгейін көрсете білу; Физгеографиялыық аудандастыруда пайдаланылатын әдістерді өңдеу. Сонымен аудандастыруды ландшафттарды жүйелеудің біір түрі деп қарастыруға болады, өйткені жіктеумен ұқсас. Олай дейтініміз, әңгіме бірінші және екінші жағдайда да топтастыру туралы болып отыр. Бірақ, ландшафттарды типологиялық топтастыруда біз олардың бір-бірінен алыс, жақын орналасқанына, араларында аймақтық байланыс бар ма, жоқ па қарамастан, ең алдымен олардың сапалық ұқсастығына көңіл бөлеміз. Ал региональдық топтастыруда керісінше сапалық ұқсастығы емес, олардың территориясының ортақтығына, генетикалық біртектілігіне назар аударамыз. Сондықтан физгеографиялық аймақтар картада бір контурмен беріліп, тұтас аймақты қамтиды да өзіне сәйкес атау алады. Ал жіктеуде бір топқа (тип, класс, түр) аймақ бойынша бытырап орналасқан ландшафттар енеді де олардың контурлары үзіліп беріледі. Сонымен, ландшафттарды жіктеуде олардың әрқайсысының жекелеген ерекшеліктеріне емес ортақ белгілеріне көңіл бөлінеді, ал аудандастыруда керісінше. Дегенмен, региональдық және типологиялық ландшафттық топтастырудың арасында байланыс бар. Ол мынадай «жұпң түсініктердің қолданылатынынан көрінеді, мысалы, «дала зонасың және «далалық ландшафт типің. Әрине бұл түсініктердің арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Ертеректе Л.С.Берг атап кеткендей әрбір зона өзіне ғана тән ландшафттар типімен сипатталады. Бірақ, бұлай дегенде біз бір типті ландшафттардың бүкіл зона аймағын қамтымайтынын естен шығармағанымыз жөн. Өйткені кез – келген зона аймағында жергілікті жердің региональдық ерекшелігіне байланысты немесе ескіден қалған жұрнақтар, яғни «аралң тәріздес басқа да ландшафттар кездесуі мүмкін. Мысалы, Шығыс Сібірдің тайга зонасындағы «аралң тәріздіі орманды дала ландшафт типтері. Кейде кез-келген ландшафт типі тосқауылдық фактордың әсерінен өзі пайда болған аймақтан тыс жерде де кездеседі. Мысалы, Үлкен Кавказдың солтүстік беткейіндегі дала зонасыында Еуропаның орталық бөлігіне тән жалпақ жапырақты ландшафт типтерінің қоспасынан тұратын ландшафттық зоналар да белгілі. Мысалы, орманды дала. Кейбір ландшафт типтері өздігінен жеке зона құра алмайды, өйткені олардың қалыптасуына жергілікті жердің региональдық ерекшеліктерінің тигізер әсері мол. Мысалы, Кавказдағы ылғалды субтропик ландшафт типтері. Географиялық қабықта дифференциация және интеграция үрдістері қатар жүріп отыратыны белгілі. Алуан түрлі зат пен энергия ағыны нәтижесінде қарапайым геожүйелерден күрделі жүйелер қалыптасады. Сонымен, аудандастыру – геожүйелерді бір уақытта бөлу және топтастыру. Өйткені, біріншіден, аудандастыру кезінде зоналық және азоналдық факторлардың нәтижесінде қалыптасқан географиялық қабықтың регионалдық құрылымы ашыып көрсетіледі. Екіншіден, интеграцияны негізге ала отырып Жер лаандшафттарын белгілі бір жүйелілікпен күрделі аймақтық бірліктерге топтастыру. Лсы екі әдісті қатар қолдану аудандастыру жұмыстарының мазмұнын, нәтижесін арттырады және бір- бірін толықтырып отырады. Жоғарғы деңгейдегі бірліктер кеңістік пен уақыт арасында пайда болатын ірі географиялық құбылыстардың, үрдістердің орталыығы болып табылады (ауа массаларының тасымалдануы, организмдер миграциясы т.б.). Ал жекелеген ландшафттар шеңберінде мұндай үрдістерді айқыындау қиынға соғады. Екіншіден, геожүйелерге тән кейбір қасиеттер мен үрдіістерді ірі региональдық бірліктер арқылы анықтау әрқашан мүмкін емес. Мысалы, физгеографиялық елдердің даму ерекшеліктерін немесе физгеографиялық провинциялардың өзгешілігін білудің ешбір қолданбалы маңызы жоқ. Осыдан даму мен өзгергіштік физгеографиялық елдер мен провинцияларға тән емес деген түсінік тумау керек, өйткені бұл ерекшелііктер олардың құрамына кіретін ландшафттар қатары арқылы танылады. Сонымен, ландшафт барлық жоғарғы деңгейдегі регионалдық бірлііктердің негізгіі құрылымдық «ұясың болып табылады. Сондықтан да регионалдық деңгейдегі табиғи кешендердің құрылымына ерекше көңіл бөлінетіні анық. Жоғарғы деңгейдегі біірлііктердің құрылымымен танысуды, оларды ландшафт арқылы анықтауды В.А.Николаев регионалдық ландшафттанудың негізгі мақсаты дееп түсінді. Шындығында, регионалдық ландшафттану мен аудандастырудың арасында айқын шекара немесе айырмашылық жоқ; физгеографиялық аудандастыру өз маңызы бойынша регионалдық ландшафттану немесе ландшафттанудың регионалдық бөлігі болып табылады. Физгеографиялық аудандастырудың тек теориялық қана емес, сонымен қатар, әдістемелік те, қолданбалы мақсатта да маңызы зор. Сондықтан жұмыстың ғылыми және қолданбалы мәселелері бір-бірімен қатар жүріп, шешімін бірге табуы қажет. Бірақ мақсаттары бөлек болуы мүмкін. Ғылыми мәселе аймақпен, оның құрылымымен, кеңістіктегі байланысымен танысу; ал қолданбалы мәселе – кез-келген аймақтың регионалдық ерекшеліктерін тиімді пайдалана білу. Осы тұрғыдан қарастырғанда ғылыми аудандастырудың негізінде қолданбалы аудаандастырудың үлгісін құруға болады. Жұмыстың соңғыы нәтижесі қолданбалы ландшафттануда пайдаланылады, негізгі бағыттары мыналар: 1). Аудандастырудың үйлесімді ең төменгі бірілгін анықтау, яғни аймақтардың иерархияялық деңгейінің арасыынан жекелеген қолданбалы жұмысқа сәйкес келетін ең кіші деңгейін таңдаап алу. Мысалы, кез-келген руспубликаның, админисстративтік облыстың шеңберінде табиғатты қорғау схемасын дамытуда еңң төменгі табиғи аймақтардың (ландшафттардың) үлгісіне сүйену керек, ал жалпы мемлекеттік масштабта алынған жұмыстарға ландшафттық провинция жеткілікті. 2). Аймақтарға белгілі біір бағытта сипаттама беру, яғни табиғи жағдайы мен ресурстарының қажетті көрсеткіштерін іріктеу. Өйткені физгеографиялық аймақ компоненттерінің құрамы, құрылымы, динамикалық ерекшеліктері және басқа да көрсеткіштері бойынша әр алуан күрделі табиғи жүйе болып табылады. Сондықтан да белгілі бір мақсатта жүргізілетін аудандастыру жұмыстары үшін осы көп көрсеткіштерден іріктеп аламыз. Ауыл шаруашылығын жоспарлауда, құрылыс жұмыстарында климатты, топырақ жамылғысын, жер асты, жер беті және басқаа да компоненттерді есепке алуға тура келеді, бірақ әрбір нақтылы жағдайдаа кез-келген компоненттің әртүрлі ерекшелііктерін ескереміз. 3). Аймақтарды қолданбалы мақсатта топтастыру. Әралуан мақсаттағы мәселелерді шешу үшін ландшафттық аймақтар белгілі бір бағыт бойынша топтастырылады. Жалпы (универсальды) аудандастырудың бұл сатысына талдау жасау геожүйелердің қай мақсатта жарамды екеніне баға берумен тығыз байланысты (ауыл шаруашылығына, жайылымға, рекреациялық т.б.). Осындай жолмен топтастырудың нәтижесі аудандастырудың қолданбалы варианты немесе аймақтарға типологиялық сипаттама ретінде үлгімен беріледі. Регионалдық физгеографиялық бірліктер жалпы табиғи заңдылықтардың нәтижесінде пайда болады және дамиды. Сондықтан да аудандастырумен айналыысатын ғалымдар осы негізгіі заңдылққа сүйенетіні анық. Сонымен қатар әртүрлі принциптерді де ескеретінін айта кеткен жөн. Олардың негізгідері: 1 Зоналық прнцип. Бұл принциптің негізін қалайтын географиялық қабықтағыы ең негізгі заңдылық - зоналық құрылым. Осы принципке жүгіне отырып зерттеушілер картада физгеографиялық аудаандаардың зоналық кешендерін – зоналарды, ал тауларда – биіктік белдеулерді ажыратады. 2 Азоналдық принцип географиялық қабықтың дамууы мен жіктелуіндегі басқа ерекшеліктерді, яғни физгеографиялық кешендердің Жер бетінің, әсіресе кез-келген аймақтың геологиялық - геоморфологиялық құрылымның салдарынан өзгеруін ескереді. Физгеографиялық аудандастыру карталарында регионалдық бірліктер – елдеер, провинциялар, аудандар көрсетіледі, ал зоналық бірліктер берілмейді. 3 Генетикалық принцип. Генетикалық пинципті алғаш рет бүкіл аймақтың және оның жекелеген физгеографиялық біірлііктерінің даму тарихын танып білуде қолдануды Н.А.Солнцев пен И.В.Васильева ұсынған. Ғалымдаардың тұжырымы бойынша аудандастыруда келесідей ерекшеліктерді ескерген дұрыс: 1 кез-келген физгеографиялық біірліктің алғашқы қалыптасу және кейіннен оқшаулану себептерін анықтау; 2 аймақтың жалпы палеогеографиялық қалыптасуын, даму тарихындағы негізгі кезеңдерді белгілеу; 3 қазіргі даму ерекшеліктерімен таныса отырып, болашақтағыы дамуына баға беру. Н.А.Солнцевтің түсінігі бойынша литогендік негізі бірыңғай болмағандықтан зона аудаандастырудың бірлігі бола алмайды (1958). Сондықтан литогендік негізі, жалпы дамуындағы ортақ ереккшеліктеріне сүйене отырып Каспий маңы ойпатын жеке физгеограяиылқ ел деп біледі, бірақ климатттық жағдайының, топырақ пен өсімдік жамылғысының әралуандығы ескерілмейді. Ал ойпат болса бірнеше ландшафттық бірліктерді: құрғақ дала, шөл және шөлейт зоналарын кесіп өтеді. Осындай бірыңғайлық болмағандықтан генетикалыық біртекті физгеографиялық біірліктерді жіктеу екіталай. Ф.Н.Мильков генетикалық қатарды кешендердің шығу тегіне байланфысты жіктеуді ұсынды; мысалы, климаттық. Тектоикалық, жанартаулық, биогендік т.б. Физгеографиялық елдер табиғаты бойынша тектоникалық, ал физгеографиялық зоналар – климаттық процестердің тікелей әсерінің нәтижесі болып табылады. Ал провинциялар мен аудандар шығу тегі әралуан полигенетикалық бірлііктер. Сондықтан Ф.Н.Мильков генетикалық принциптің қолданылуы шектеулі болғандықтан физгеографияялық аудандастырудағы негізгі деп - тарихи принципті ұсынды. (1977). Кейбір ғалымдар регионалдық физгеографиялық бірдіктерді жіктеуде сол аймақтың пайда болуы мен жасын есепке алуды ұсынды. Бірақ осы уақытқа дейін физгеографиялық кешендердің генезисі дер нені түсінеміз, даму тарихы мен жасын қай кезеңнен бастап есептеуге болады? Міне осы сұрақтар әлі де болса бірыңғай шешімін таппады. Өйткені геологиялық және геоморфологиялық негіздің пайда болуы мен жасы бүкіл кешеннің не жасыын, не пайда болуын анықтай алмайды. Себебі кешендердің құрамдас бөліктері – компоненттердің пайда болуы мен жасы әртүрлі. Мысалы, топырақ жамылғысы, өсімдік түрлері мен топтарының пайда болуы мен рельеф формаларының пайда болуында үлкен айыпмашылық бар. 4. Зоналық - азоналдық принцип нақтылы аймақтардағы аудандастыру жұмыстарында кеңінен қолданылады (Н.А.Гвоздецкий, А.Г.Исаченко, Н.И.Михайлов, А.В.Чигаркин т.б.) Бұл принциптің негізі – регионалдық деңгейдегі физгеографиялық бірліктердің дамуы мен жіктелуінде бірдей уақытта зоналыық және азоналдық заңдылықтар әсерін тигізеді. А.А.Григорьв географиялық қабықтың жіктелуіндегі ең негізгі заңдылық - зоналық деп есептей отырып, аудандастыруды жергілікті жерге түсетін күн энергиясы мен ауа массаларының сандық және сапалық көрсеткіштеріне сүйене жүргізуді ұсынды. Бұл көрсеткіштер арқылы жылу мен ылғал балансын анықтауға болады.. Кейіннен А.А.Григорьев пен М.И.Будыко зоналық бірліктердің пайда болуындағы негізгі фактор – жылу мен ылғалдың қарым-қатынасы, яғни жер бетіне келіп түсетін жылдық радиациялық баланстың жауын-шашын мөлшеріне қатынасы арқылы көрсетуге болатынын ұсынды (құрғақтық индексі). Олар әртүрлі зоналар бойынша өзгеріп отыратын осы көрсеткіштің сандық шамасыын анықтады, мысалы, жалпақ жапырақты орман зонасы үшін бұл көрсеткіш 1-ден кем, даала зонасында – 1-2, шөлейт зонасында – 2-3 т.с.с., яғни шөл жәәне шөлейт зоналарында радиациялық жылудың әсерінен жылдық буланатын ылғалдыың сандық шамасы түсетін ылғаол мөлшерінен 2-3 есе көп. Дегенмен, құрғақтық индексі барлық жағдайда зоналық ерекшеліктерді анықтай алмайды. Е.Н:Лукашеваның зерттеулеріне назаар аударсақ, онда құрғақтық индексі әртүрлі белдеулердің зоналарында бірдей көрсеткіштерге ие болуы да мүмкін екенін байқаймыз. Мысалы, 0,3-0,8 көрсеткіштері шығыс тынық мұхиттық орман зонасы мен мұхит маңы тайга, тундра зоналарына да тән. Көрсеткіштердің сандық шамасы бірдей болғанымен зоналар шеңберіндегі компоненттерінің айырмашылықтары, зоналық процестер мен құбылыстар едәуір. Географиялық зоналық тек жазық жеерлерде ғана емес, сонымен бірге тауларда да байқалады. Таулы аймақтардағы биіктік белдеулердің құрылымы қандай зоналық ендікте орналасқанына, мұхиттардан ара қашықтығына, мұхит деңгейінен биіктігіне, орографиялық құрылымы мен беткей экспозициясына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, Тянь-Шань тау тізбегінің мұхиттардан қашық орналасқан оңтүстің беткейінде климат құрғақ және контитнентті. Сондықтан тау бөктерінде таулы – орманды зонаның орнына таулы шөлейтті немесе дала зонасы қалыптасқан. Неғұрлым таудың биіктігі жоғары болса, соғұрлым белдеулер күрделі. Физгеографиялық кешендердің дамуындағыы келесі негізгі заңдылықтардың бірі – азоналдық. Жердің ішкі қойнауынан келетін энергияның әсерінен Жер беті, оның тектоникалық, геологиялық құрылымы, геоморфологиялық элементтердің гипсометрлік шамасы бірдей емес, яғни космостық факторлардың нәтижесінде қалыптасқан жалпы заңдылыққа едәуір өзгеріс енгізеді. Географиялық зоналар бойлық бағытта бірталай қашықтыққа созылып жатқаандықтан олардың геологиялық және геоморфологиялық құрылымы бііртекті емес. Сонымен қатар, құрылықтың жекелеген бөліктерінің мұхит пен теңіздерден алыс - жақын орналасуы да оның табиғи жағдайына әсерін тигізеді, яғни тек климтатың ғана емес бүкіл кешендерінің континенттік деңгейін анықтайды. Сонымен құрылықтар мен мұхиттардың орналасу ерекшелігі, жеердің беткі қабаты арқыылы күн радиацияясының трансформациялануы (бірдей таралмауы), рельеф пішіндері зоналыққа біршама өзгерістер енгізеді. Мысалы, Кордильер тау тізбеегінің орографиялық орналасуы, осыған байланысты жауын- шашынның таралуына Солтүстік Америкада зоналар меридиан бағыты бойынша созылып жатыр. Ал Орыс жазығында зоналар біір-бірін солтүстік-батыыстан оңтүстік – шыығысқа қарай ауыстырып отырады, өйткені осы бағытта климаттың континеттік деңгейі өседі. Сонымен зоналық пен азоналдық процестер бірдей ескерілген жағдайдаа ғана физгеографиялық кешендерді аудандастыру жұмыстары аяқталдыы дееп есептеуге болады, өйткені аймақтық бірлііктердің дамуы мен жіктелуін толығымен қамтиды. Әртүрлі экзогендік рельеф формаларының пайда болуы, геохимиялық ерекшелііктер, үгілу-мүжілу үрдістері т.б. зоналық заңдылыққа бағынады. Мысалы, тундра зонасына мәңгі тоң, ал шөл зонасына желдің тікелей әсерінен пайда болған рельеф формалары тән екені мәлім. 5 Комплекстік принцип. Бұл принципті алғаш рет Н.А.Гвоздецкий тұжырымдады да соңғы уақыттарда физгеографиялық аудандастыруда кеңінен қолданылады. Принциптің маңызы: физгеографиялық аудандастыруда аймақтың шығу тегі, физгеографиялық бірліктердің бөліну себептері, жағдайы (генетикалық әдіс) есепке алынады. Аймақтың шығу тегі (генезис) тек жекелеген компоненттер бойынша емес бүкіл кешеннің генезисі (ландшафттық - генетикалық әдіс); аймақтың қазіргі құрылымы; зоналыық ендікке, климаттық бойлыққа, биіктік белдеуге, гелогия мен жаңа тектоникалық процестердің азоналдығына байланысты физгеографиялық процестердің даму бағыыты, геоморфологиялық ерекшеліктері мен аймақтың игерілу жағдайы есепке алынады. Сонымен физгеографиялық аудандастыруда географиялыық қабықтың тек зоналық және азоналдық ерекшеліктері ғана емес, сонымен қатар пайда болуы мен даму тарихы, физгеографиялық кешеннің көршілес кешендерден даралану тарихы да ескерілген жөн. Осыған байланысты біз георафиялық қабықтың даму тарихында зоналық, азоналдық ерекшеліктердің үнемі өзгеріп отыратынын және уақыт өткен сайын күрделене түсетінін естен шығармағанымыз жөн. Жоғарыда айтылып кеткен тұжырымдар нақтылы болу үшін Колхида ойпатына сипаттама беру арқылы дәлелдей түсейік. Зоналық және азоналдық ерекшеліктерді және аудандастыруда аймақтың шығу тегін ескеру. Климаты мен қазіргі физгеографиялық процестердің даму ерекшеліктеріне орай аймақ субтропик зонасының құрамына енеді. Бұл оның Үлкен Кавказдан бөлек, жеке қарастырудың бір дәлелі. Шығысындаа орналасқаан тау сілемдері континенттік климаттың енуін әлсіретеді, жауын-шашын көп, ылғалдылық жоғары, сондықтан нағыз тосқауылдық фактордың нәтижесінде қалыптасқан ландшафттар тән. Керісінше атлант, жерорта және қара теңіздің ауа массалары үшін таулардың тосқауылдық рөлі артады. Ылғалды субтропиктік ландшафт типтері дамиды. Колхида ойпатының өзіндік ерекшелігін, көршілес аймақтардан айырмашылығын жете түсіну үші оның даму тарихындағы негізгі ерекшеліктеріне сүйенуіміз қажет. Бұл – соңғы кезде пайда болған өте жас, төрттік дәуірдің аллювилі- аккумулятивті жазығы. Бірақ өсімдік жамылғысының негізін палеоген-неоген жасындағы өсімдік топтары құрайды. Қорыта келгенде физгеографиялық аудандастыру жұмыстарында жаалпы табиғи заңдылықтарға, соның ішінде, зоналық пен азоналдыққа жете көңіл бөлінеді. ТМД аймағындағы аудандастыру жұмыстары, көбінесе, осы екі факторды бірдей есепке ала құрастырылған. Физгеографиялық аудандастыру үлгісінде екі жолды пайдаланады: 1 Жоғарыы таксономиялық деңгейдегі регионалдық бірліктердіі аныыықтау жәәне оларды картаға түсіріу. 2 Төменгі деңгейдегі регионалдық бірліктерді анықтап, картаға түсіріп, оның нәтижесінде жоғары бірліктерді топтастыру. Біріншісі ұсақ масштабты, ал соңғысы ірі масштабты аудандастыруда қолданылады. Аудандастыру жұмыстарында компоненттер мен кешендердің арасындағы күрделі байланыстарды шешуге тура келеді, сондықтан да осы проблеманың нақтылы шешімін табу үшін бір ғана әдіс жеткіліксіз. Көптеген жағдайда ауудандастырудың масштабына, алға қойылған мақсатқа қарамастан бірнеше әдіс қолданады. Олардың негізгілері: 1 Физгеографиялық әдіс. Ландшафттық (типологиялық) карта негізінде физгеографиялық аудандастыру картасын құрастыру. Жекелеген аймақтық бірліктерге ландшафттық біірліктер сәйкес келеді. Жазық жерлердегі физгеографиялық елдергее ландшафт типтері, аудандарға ландшафт түрлері сәйкестенеді. Ал таулардағы аймақтық бірліктер биіктік белдеу спектріне байланысты бөлінеді. Мұндый жағдайда әртүрлі ландшафттардың аууданының қары- қатынасын епеске алған дұрыс. Осындай жолмен жүргізілген аудандастыру жұмыстары Қазақстанның солтүстік бөлігінде өткізідген. (В.А.Николаев). Физгеографиялық аудандастыруда қолданылатын екінші бір маңызды тәсіл – кешендерге талдау жасау. Ол ландшафттарды картаға түсіруге, соның нәтижесіндее ландшафттық карта құрастыруға, физгеографиялық кешендердің заттық құрамы, олардың сандық және сапалық ерекшелігі туралы мәліметтер алуға мүмкіндік туғызады. Жоғарыда көрсетілген аймақтық бірліктердің дамуына әрбір компонент әсерін тигізеді және оның өзіндік ерекшелігін бейнелейді. Кешендердің дамуы мен жіктелуінде негізгі рөлді рельеф атқарады, өйткені үнемі дамудаа болады, эндогендік және экзогендік үрдістердің нәтижесінде өзгеріп отырады. Кешендерге жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігі, рельефтің тілімденуі, беткейлер экспозициясы, ылдилығы әсер етеді. Сонымен қатар климаттық жағдайға, сол арқылы үгілу үрдісіне, жер беті ағынына, топырақ пен өсімдік жамылғысының қалыптасуына да тигізер ықпалы мол. Неғұрлым рельефтің жасыы көне болса соғұрлыым горизонтальдық және вертикальдық құрылым ккүрделі, яғни рельефтің жасы даа үлкен рөл атқарады. Физгеографиялық кешендердің дамуына климаттың да әсері елеулі. Аймақтың теңіз бен мұхиттардан алыс-жақын орналасқанына, ендігіне, рельеф ерекшелігінее байланысты климатт та өзгеріп отфырады. Сондықтан бір климаттық жағдайда әртүрлі факторлардың әсерінен әралуан кешендер мен ландшафттар қалыптасады. Кешендердің минералдық және органикалық бөлігінде негізгі рөл атқарушы – су көздері. Оның мөлшері артыық болса гидроморфты ландшафттар, керісінше болғанда – аридті лаандшафттар дамиды. Су жамылғысы арқыылы органикалық және минералдыы элементтер бір кешендерден екіншісіне ауысып отырадыы. Су ағыны борпыылдақ үйінділердің пайда болуын анықтайды – аллювийлі, делювийлі т.б. Таужыныстарының литологиялық құрылымымен, рельефпен, климатпен және ағын сулармен тығыз байланысты топырақ, өсімдік жамылғысыныың да ерекшеліктерін ескерген жөн. Табиғи жағдайда топырақ пен өсімдік жамылғысы климат үшін негізгі – индикатор болып саналады. Климаттық бақылаулардың мәліметтері жоқ болса да өсімдік жамылғысы арқылы климаттық ерекшеліктерге сипаттаама беруге болады. Кейбір өсімдіктер немесе «көміліпң қалған топырақ жамылғысы арқылы кез келген аймақтың бұрынғыы кезеңдегі даму ерекшелігі, динамикасы туралы да мінездеме жинауға болады. Өсімдік жамылғысы кешендердің дамуына, пайда болуына, ал В.Б.Сочава бойынша тіпті ландшафттардың жіктеруіне де әсер тигізеді екен. Мысалы, биік таулардың нивальды белдеуінде өсімдік жамылғысы жоққаа тән, сондықтан физикалық мүжілу, таужыныстарының бұзылу процестері қарқынды; жаартасты рельеф фформалары басым. Ал өсімдіік жамылғысы жақсы қалыптасқан аймақтарда топырақ жамылғысының қалыңдығы едәуір, өйткені химиялық мүжілу басым, жер беті суларының ағыны реттеледі. 2 Картографиялық әдіс – нақтылы аймақтарда аудандастыру жұмыстары жүргізілгенде масштабы әртүрлі компоненттік карталар жасау, оларға талдау жасау (топографиялық, жекелеген компоненттер картасы, ландшафттық карта). Физгеографиялық аудандастырудың алуан түрлі мәселелерін шешуде, физгеографиялық кешендерді анықтап картаға түсіруде аэрофотосуреттер мен космостық суреттердің де маңызы зор. Суреттерден ең алдымен жекелеген кешендеер мен ландашфтардың жоспарын, олардың шаруашылықтың қай бағытында қолданылатынын, тіпті антропогендік өзгерістерді де анықтауға мүмкіндік туады. Аэрофотосуреттер арқылы кешендердің сапалық және сандфық ерекшеліктерін, тектоникалық құрылымды, рельефті, су объектілерінің шекараларын, кейбір үрдістердің, мысалы, гравитициялық, сеелдердің, қар көшкіндерінің де бағытын анықтауға, болжауға мүмкіндік жекілікті. Бірнеше жылдар аралығындағыы суреттерді салыстыра отырып кешендердің даму бағыты, динамикалық өзгерістері туралы да мәлімет аламыз. Ал регионалдық және планетарлық деңгейдегі физгеографиялық кешендерді таныып білуде космостық суреттер үлкен рөл атқарады. Космостық суреттер үлкен аймақты қамтитын болғандықтан, олар арқылы әртүрлі масштабтағы кешендерді ( 1: 100 000 –нан 1: 50 000 000-ға) олардың биіктік белдеу мен ендік бойынша өзгеруін, құрылымын айқыындауға болады. Әр уақыт аралығында түсірілген космостық суреттерді салыстыра отырып ритмикалық (жылдық, тәуліктік) табиғи құбылыстардың, апатты геологиялық өзгерістердің қарқындылығы мен қайталанып отыруын, ірі аймақтардағы табиғи құбылыстардың себеп-салды байланысын да анықтаймыз. 3 Салыстырмалы әдіс – география ғылымындағы ең көне әдістердің бірі. Кез келген физгеографиялық ізденістер әрқашан осы әдіс арқылы іске асады. Кешендердің кеңістік пен уақыт аралығындағыы өзгерістерін, бір немесе әртүрлі деңгейдегі кешендердің ұқсастығы мен айырмашылығын көрсете білудегі ең негізгі әдіс болып табылады. Кешендер арасындағы ортақ белгілер мен айырмашылықтарды көре білсек, онда неліктен біреуі екіншісінен өзгеше, олардың ортақ қасиеттері қайсы, оның себебі неде деген сұрақ тууы мүмкін. Ал салыстырмалы әдіс болса кешендердің дамуы мен пайда болу заңдылықтарын, жііктелу ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар бұл әдіс кешендерге шаруашылық тұрғыда баға берудегі бірден-бі әдіс болып табылады. Мысалы, Кавказдың ылғалды субтропикті климаты басым аймағына субтропиктік дақылдарды, әсіресе шайды енгізу оның табиғи жағдайының Оңтүстік-Шығыс Азияның табиғатымен бірдей екенін анықтаған соң мүмкін болды. 4 Геофизикалық әдіс. Ертеректерден келе жатқан әдістердің бірі, бірақ физгеографиялық кешендерге соңғы уақытта ғана қоданылады, өйткені физикалық географияда жаңа бағыт – ландшафттар геофизикасы пайда болды. Көптеген ғалымдар жер бетінің жылуу мен су режимінің сандық шамасына, биомассасының өнімділігіне әсерін анықтауға көп көңіл бөледі. Геофизикалыық әдіс арқылы кшендердің заттық құрамын, энергия ауысуын, энергия әсерінен кшеннің құрамындағы заттардың орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады. Сонымен қатар әртүрлі бақылау аспаптарын пайдалана отырып радиациялық, жылу және су балансы, атмосфера қабатындағы газдардың айырбасы, өсімдік жамылғысының өнімділігі, өсу қарқындылығы, желдің турбуленттік ағыны, жылдамдығы, жел мен су ағындары арқыдлы іске асатын үйінділердің, топырақ қабатындағыы судың миграциясы т.б. туралы сандық көрсеткіштер жинауға да мүмкіншілік зор. Дегенмен қазіргі кезде ірі физгеографиялық кешендер, әсіресе белдемдер үшін жылу меен радиациялық балансты, су мен ылғал байланысын есептеу әдістемесі жақсы жолға қойылған. Ал мынадай кіші бірліктер – провинциялар, аудандар үшін сандық көрсеткіштер алу әдісі әлі де болса нақтылы шешімін таппады. Шын мәнісінде, геофизикалық әдіс көбінесе климаттық процестерді танып білуге бағытталған. Әйтсе де Жердің ішкіі және сыртқы бөлігіндегі мысалы, әрбір жекелеген кешендерге келіп түсетін ішкі энергияның сандық шамасы, жер қыртысының қозғалысы, магниттік және гравитациялық процестердің өзгерісі, яғни жер қыртысының физикалық қасиеттері т.б. процестерді анықтаудың да маңызы зор. Бірақ, әәртүрлі деңгейдегі кшендерді танып білу әдістемесі жоқ болғандықтан физгеографиялық аудандастыруда қолданылмайды десек те болады. 5 Геохимиялық әдіс – геофизикалық әдіспен салыстырғанда кешендік ізденістерде кеңінен қолданылады. Геохимилыық әдісті енгізу физикалық географияда ландшафттар геохимиясы бағытының пайда болуына себеп болды. Ландшафттық ізденістерде таужыныстарының, су, топырақ және өсімдік жамылғысының химиялық құрамы есепке алынады. Бұл бағыттыы дамытып, оның өзындік ерекшеліктерін анықтаған М.А.Глазовская мен А.И.Перельман. Кез келген физгеографиялық кешен химиялық элементтерден тұрады және бір элемент тірі және өлі денелерде бірдей кездесуі мүмкін. Барлық 90 химиялық элементтің негізгілері 14 – сутек, көміртек, азот, оттегі, фосфор, натрий, калий, магний, алюмирий, күкірт, хлор, кальций, темір, крмений. Химиялық элементтердің қарым-қатынасы мен сандық мөлшері тек компоненттердің өлі және тірі бөлігінде ғана емес әртүрлі кшендерде де біршаама шекте түрленіп отырады. Кешендерде бірдей уақыыт аралыығында элементтер шоғырланады және белгілі кешен шеңдерінен сыртқа шығып отырады, яғни химияялық элементтер үнемі бірінен екіншісіне ауысып, миграцияға ұшырайды. Геохимиляқ әдіс әртүрлі таксономиялық деңгейдегі кшендердің шеңьеріндегі процестердің даму заңдылықтарын, заттық құрамын, олардың тұрақтылығын анықтауға мүмкіндік туғызады. Осы әдіс арқылы өнеркәсіп қалдықтарын, олардың жағымсыз әсерінің радиусын да анықтайды. Геохимиялық және геофизткаылқ әдістерді пайдалана отырып зат пен энергия ауысу процестерін, кшендердің заттық құрамын, компоненттер мен кешендер арасындағы байланысты, олартуарлы тек сапалық қана емес сандыық көрсеткіштерді де анықтаймыз. 6 Паалеогеографиялық әдіс. Бұл әдіс физгеографиялық кешендердің құрфылымына, өзгеру ерекшеліктеріне талдау жасай отфырып болашақтағы дамуына баға беруде өте қажет. Әсіресе өсімдік тозаңдарына талдау жасау кеңінен тараған. Борпылдаақ таужыныстарындағы өсімдік тозаңдары рақыылы өсімдік түрлеріін, климтаты, рельефтің пайда болу жағдайын, өткен кезеңдердің шөгінді жыныстарының қалыптасу ерекшеліктерін анықтауда ррөлі ереккше. Радиоактивті – кқөміртек әдісі арқыылы топырақ жамылғысы мен борпылдақ жыныстардың абссолюттік жасын анықтаймыз. Жыныстардың абсолюттік жасына қарап бүкіл кешеннің жасыын аныықтауға болмайды, бірақ қазіргі кшендердің қай уақыттан бастап пайда болғанын айтуға болады. Топырақ жамылғысының абсолюттік жасын аныққтаудың маңызы зор, өйткені кшендердің жаңадан даму кезеңінің уақыты, табиғи процестердің бағыыты туралы мәлімет аламыз. Ал топырақ қабатының пайда болуы тірі организмдердің - микроорганизмдердің, өсімдік пен жануарлардың қалыптасқан кезінен басталады. Палеогеографиялық әдістің табиғи ортаның уақыыт бойынша өзгерістерін көрсетуде маңызы зор. Дегенмен физгеографиялық аудандаастыру жұмыстарында әлі де болса қолданылуы шектеулі. Өйткені палеогеографиялық мәліметтер шектеулі аймақтар үшін, соның ішінде жазық жерлерде басым, ал таулы аймақтарда жоқпен тең. География ғылымының қазіргі даму сатысында осы әдістердің нәтижесінде алынған мәліметтердің аудандастырудың теориялық та, практикалық жұмысқа да қосатын үлесі зор. Сондықтан соңғы кездерде компоненттік ізденістерде бірнеше әдісті қолданады. Мысалы, топырақ жамылғысын геохимиялық, геофизикалық, картографиялық және салыстырмалы әдістерді пайдалана зерттеуге болады. Қолдану ерекшелігіне байланысты үш кезеңге бөледі: далалық, лабораториялық және камералды. Далалық ізденістерде бір уақытта ірі және орта масштабта ізденіс жүргізе отырып әртүрліі мәліметтер жинақтауға, картаға түсіруге, химиялық, палеогеографиялық талдаулар үшін компоненттер үлгісін алуға болады. Кейіннен бұл үлгілер арнайы лабораториялық талдауға жіберіледі. Камералдық жұмыс кезеңінде әртүрлі әдістер нәтижесінде алынған мәліметтер бір-бірімен салыстырылады. Осыған сүйене отырып ғылыми және практикалық тұжырымдар жасалады. 7 Математикалық әдіс. Физгеографиялық кешен тұйық емес, күрделі компоненттер жиынтығынан тұратындықтан бұл әдіс физгеографиялық аудандастыруда аз қолданыылады. Компоненттер мен кешеннің элементтерінің сапалық және сандық қасиеттері әралуан: физикалық, химиялық, биологияялық т.б. және бір ғана өлшем бірлігімен берілмейді (метр, сантиметр, пайыз, градус т.с.с.). Қазіргі күні физгеографиялық аудандастырудың кейбір мәсеклелері математикалық статистика арқылы іске асады. Мысалы, кшенедердің заттық құрамының көрсеткіштері көбінесе сандық әдістер арқылы анықталады. Мәліметтер алғашқы өңдеуден өткеннен кейін орташа шамасы, вариация коэффициенті есептеледі. Әртүрлі таксономиялық деңгейдегі кешендер құрамындағы компоненттердің байланысын, бағфытын, олардың тығыздығын, корреляция коэффициентінің шамасын есептей отырып табуға болады. Осы коэффициент арқылы кешендердің құрамындағы жетекші компоненттерді де анықтайды. Әртүрлі математикалық аппараттардың нәтижесінде бір компоненттің екіншісіне әсерін және олардың пайда болуы мен жіктелуіндегі негізі факторларға баға бере аламыз. Бұл мәселені шешуде ақпараттық талдау қолданылады, яғни кешеннің дамуындағы кез келген компоненттің немесе фактордың рөліне дұрыс баға беру. Энтропия деңгейіне (информацияның бір компоненттен екіншісіне ауысуы) байланысты әрбір компоненттің салыстырмалы түрде маңызын, рөлін, оның кеңістікте таралуын, екі, үш немесе бірнеше фактордың әсер ету күшіне баға беруге, олардың маңыздыларын анықтауға мүмкіндік туады. Жоғарыда айтылып өткен мәселелерді далалық және лабораториялық ізденістердің мәліметтеріне немесе бір масштабтағы компоненттік карталарға сүйене шешуге болады. Физгеографиялық аудандастыру жұмыстары үшін математикалық әдіс не үшін керек? Біртұтас физгеографиялық кешендердің даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіну үшін. Қазіргі кезде осы әдістің көмегімен мына мәселелер шешілуде: Кешендердің құрылымын, күрделілік және әр алуандық деңгейін анықтау; Әртүрлі аймақтағы кешендердің жіктелу шамасын анықтау; Бұл көрсеткіштерді ақпарат теориясының өкмегімен анықтаймыз, өйткені энтропия шамасы негізгі рөл атқарады. Кешендер құрылымының күрделілік немесе әралуандық деңгейін анықтауда мынадай көрсеткіштер қажет: аймақтың жалпы ауданы; аймақтың құрамына енетін регионалдық кешендердің саны; әрбір кешен ауданының абсолюттік және салыстырмалы шамасы (бүкіл аймақтың ауданымен салыстырғанда). Нақтылы, дұрыс мәліметтер алып, энтропия шамасын есептеу үшін міндетті түрде ақпараттық талдау қандай деңгейдегі бірліктер үшін жүргізіліп отырғанын көрсеткен жөн. Өйткені энтропияның сандық шамасы аудандар үшін, провинциялар немесе басқа бірліктер үшін бірдей емес. Таксономиялық бірліктер жүйесі. Физгеографиялық аудандастырудың таксономиялық бірліктер жүйесі дегеніміз – регионалдық кешендерді топтастыру. Ол мынадай талаптарға сәйкес келу керек: 1) кешендердің кеңістіктегі жіктелу заңдылықтары мен олардың дамуындағы процестерді көрсете білу; 2) жүйедегі кез келген кешенді тез тауып, оның орнын анықтауға мүмкіндік туғызу керек. Әртүрлі ғалымдар ұсынған таксономиялық бірдіктер жүйесіне ортақ ерекшеліктері көп екенін айта кеткен дұрыс, өйткені жіктеуде бірдей бірліктер қолданылады: зоналар, провинциялар мен аудандар. Соңғы жылдары физгеографиялық аудандастыру жұмыстарында Н.А.Гвоздецкий, Н.И.Николаев ұсынған таксономиялық бірліктер кеңінен қолданылады. Бұл жүйеде аймақтық бірліктердің пайда болуы мен жіктелуінде зоналық және азоналдық ерекшеліктер ескерілген. Табиғатыжағынан осы екі бөліктердің генетикалық бірлігі мен функционалдық біртұтастығы әрқалай. Азоналдықпен салыстырғанда зоналық бірліктер өзгермелі. Екіншіден, азоналдық бірліктердің кеңістіктегі шекарасы аныық және тұрақты. Қатарлардың бір-біріне тәуелсіздігі олардың арасында ешқандай байланыс жоқ дегенмен бірдей емес. Аудандастырудың зоналық және азоналдық бірліктерінің кеңістіктегі қарым-қатынасы туындылы регионалдық бірліктердің қатарынан көрінеді. Осының нәтижесінде екі қатардың бірліктерін бір жүйеге топтастыруға болады. А.А.Григорьев, В.Б.Сочава т.б. ғалымдардың пікіроеріне сүйенсек, онда зоналық қатардағы ең жоғарғы деңгей – физгеографиялық белдеу. Географиялық белдеулерге жіктеу жылулық белдеулерге немесе ландшафттық белдеулерді циркуляциялық белдеуллермен бірдей деп қарастыратын тұжырымға негізделеді. Бірінші немесе екніші жағдайда да әрбір жекелеген белдеу шеңберінде ылғалдану әрқалай. Сонымен бірге ландшафттық зоналардың бір-бірін біртіндеп ауыстыруы, тіпті кейде зоналар шекарасының айқын еместігі зоналар мен подзоналарды белдеууге топтастыруға қиындық туғызады. Мысалы, орманды тундра зонасын бірде субарктикалық, бірде қоңыржай белдеуге жатқызады. Сондықтан да әртүрлі авторлардың белдеулік үлгілерінде айырмашылық жеткілікті. Мысалы, И.П.Герасимов әрбір жарты шарда 4 белдеук: полярлық, қоңыржай (бореалды), субтропиктік және тропиктік беледулерді ажыратады. А.А.Герасимов бойынша әрбір жарты шарда алты белдеуден: субарктикалық және экваторлық белдеуді қосқанда т.б. Ал В.Б.Сочава жер бетінде небәрі үш белдеуді жіктеу жеткілікті деп есептейді: тропиктік және тропиктен тыс екі (солтүстік және оңтүстік). Өйткені неғұрлым белдеулердің шеңберін үлкейтсек, онда оның ландшафттық мазмұнын аныықтау қиын, ал кішірейтсек, онда ландшафттық зоналармен бірдей. Зоналық қатардағы ең негізгі таксономиялық біірлік – ландшафттық зона. Зоналардыы бөлудің негізгіі критерийі жылу мен ылғалдың қарым-қатынасы, яғни радиациялық баланстың, ылғалдаану коэффициентінің, температура жиынтығы көрсеткіштері. Мұндаа тек жылдың орташа көрсеткіштері ғана емес жылуу мен ылғалдың жыл мезгілдері бойынша да шамасының маңызы зор. Зоналық аудандастыру жұмыстары екі кезеңнен тұрады: Ландшафттық зоналардың пайда болуы мен даму тарихына палеогеографиялық талдау жасау. Гидротермикалық көрсеткіштерге талдау жасай отырып зоналардың жыылу мен ылғалдық көрсеткіштеріне байланысты критерийлері айқындалады. Бірақ, бұл көрсеткіштердің нақтылы белгі ретіде қажеттігі шамалы. Сондықтан да жылу мен ылғалдың кеңістіктегі нақтылы үлгісі бола алатын белгі керек – ол өсімдік топтары мен топырақ жамылғысының таралу ерекшеліктері. Екінші кезеңде алғашқы үлгі «төменненң жоғары нақтылы дәлелденеді. Мұндай жағдайдағы негізгі көрсеткіш – ландшафттық зоналардың құрамында бір немесе бір-біріне ұқсас ландшафт типтерінің басым болуы. Зоналық қатардағы төменгі бірлік – ландшафттық подзона. Зоналар мен подзоналарды жіктеуде бірдей принциптер қолданылады және бір-бірімен тығыз байланыста, бір уақытта өткізіледі. Азоналдық физгеографиялыық бірліктер пайда болуына қарай екі қатардан тұрады: 1) Морфоструктуралық факторлардың әсерінен қалыптасқан нағыз азоналды; 2) құрылықтар мен мұхиттардың байланысынан пайда болған секторлық. Физгеографиялық сектор - құрылықтың ірі бөлігі, ауа массаларының құрылықтық - мұхиттық цирукляциясында өзіне ғана тән орнымен, ылғалдану, контитеннттік көрсеткіштерімен, табиғи процестердің мезгілдік ырғағымен ерекшеленеді. Секторлардың жіктелу негізінде атмосфералық ерекшеліктер жатса да, құрылықтардың морфоструктуралыық құрылымына бағынышты. өйткені аныық климаттық шекаралар биік тау сілемдерімен, олардың орналасуымен, тосқауылдық фактормен байланысты. Сондықтан көптеген секторлардың шекаралары меридиан бағыты бойынша созылған таулардың шекараларымен бірдей. Мысалы, Кордильер, Орал таулары. (Азоналдық аудандастырудың келесі бірлігі – физгеографиялық елдер. Жіктелу критерийлері: Геоструртураның біртектілігі (ескі тақтастастар, қалқандар, әртүрлі жастағы орогендік аймақтар) және қазіргі тектоникалық қозғалыстардағы басым өзгерістер; Макрорельефтің ортақ белгілері (ірі жазыықтар, қыраттар, ірі тау сілемдері); Макрроклимат пен атмосфералық процестердің регионалдық ерекшеліктері (құрылықтық және теңіздік ауа массаларының қарым-қатынасы, трансформациясы, климтатың континенттік деңгейі); Зоналық ендік құрылымы (ландшафттық зоналардың саны, таралу ерекшелігі); Биіктік белдеулердің бары немесе жоғы. Азоналдық белгілері бойынша физгеографиялық елдер физгеографиялық облыстарға бөлінеді. Жаралуы, жасы, рельефі мен жер беті жыныстары ұқсас ландшафттар облыстарға топтастырылады. Таулы аймақтардағы физгеографиялық аудандастыру жұмыстарында шешімін таппаған қарам-қайшы түсініктер көп. Өйткені жекелеген тау сілемдері, біріншіден, жеке біртұтас құрылым, екіншіден таулардың суайрықтық биік жондары физгеографиялыық шекара болып табылады да бір-біріне қарама-қарса орналасқан беткейлерді әртүрлі табиғи бірліктерге жатқызуға тура келеді. Көп уақытқа дейін таулар зоналық бірліктер жүйесіне қосылмады, тек азоналдық белгілері бойынша аудандастырылды; таулар мен жазықтар арасындағыы генетикалық және функционалдық байланыстар, аудандастыруда биіктік белдеулерді есепке алу шешімін таппады. Кейін физгеографиялық аудандастыруда көп қатарлы жүйені пайдаланғанда оларды тек азоналдық әдіспен шеешуге болмайтыны дәлелденді. Кез келген тау құрылымы аудандастыруда өзіндік, жеке азоналдық бірлік. Таулардың көлеміне, күрделігіне байланысты бірліктердің таксономиялық құндылығы әралуан. Орографиялық және тектоникалық құрылымы күрделі және әртүрлі зоналар мен секторлардың қиылысқан аймағында орналасқан тау сілемдері биіктік белдеудің секторлық варианттарымен сипатталады да жеке физгеографиялық елдер ретінде қарастырылады. (Орал, Алтай, Саян, Іле Алатауы). Орографиялық және тектоникалық жекелеген таудың бөліктері, мысалы, Алтай, Саян тауларындағы Тува ойпаты, Кузнецк Алатауы және Шығыс Алтай және жазық жерлердеегі тау жоталары (Енисей бұйраты, Жоңғар тауы) физгеографиялық оюлыс болпы табылады. Жазықтардағы жеке «аралң тәрізді көтеріңкі таулар (жанартаулық конустар, көне аласатаулар, антиклиналды қыраттар). Алып жатқан аумағы бойынша жазықтағы ландшафттық облыстармен сәйкес келетін ірі тау аралыық ойпаттар облыс қатарныыа енеді. (Ыстық көл, Минусин ойпаттары). Ал ландшафттық құрамы қарапайым ойпаттарды жеке ландшафт терінде қарастырамыз. Таулы елдер меен облыстардың қатардағыы және сектордағы орны биіктік белдеу қатарының ерекшелігімен аныықталадыы. Биіктіік белдеулері ортақ елдер мен оюлыстардың бөліктері біір ландшафттық зона құрамына енеді. Егер бір зона немесе облыс шеңберінде орналасқа тау сілемдерінің макро беткейлерінің биіктік айыпмашылықтары болса, онда провинцияларды жіктейді. Сонымен физгеографиялық аудандастырудың таксономиялық бірліктер жүйесінде зоналық және азоналдық факторлардың ерекшеліктерін есепке алуды аудандастырудағы негізгі принцип деп айта аламыз. Бірақ оның практикалық мақсатта іске асу жолдары әрқалай. Регионалдық физгеографиялық аудандастыруды тек зоналық немесе азоналдық факторларға сүйене жүргізген үлгілер де бар. Әсіресе «жетекшің фактор немесе зоналық және азоналдық белгілерді бір қатарға «алмастырып топтастырған үлгі жиі кездеседі. Әртүрлі деңгейдегі бірліктерді жіктеуде осы белгілер ауысып отырады: бірде зоналық, бірде азоналдық. Бүгінгі таңда белгілі көптеген физгеографиялық аудандастыру үлгілері екі қатарлы принцип бойынша құрастырылған: зоналық және азоналдық. Жер бетіндегі кез келген нүктенің географиялық координаты: ендік пен бойлық бойынша берілетіні сияқты аймақтың табиғи ерекшелігі зоналық және азоналдық белгілерді қамту керек. 1945 жылы а.А.Григорьев иөмендегідей таксономиялық қатарлар үлгісін ұсынды: белдеу – сектор - зона (подзона) – провинция – ландшафт. Бұл үлгіде әрбір келесі деңгейді жіктеуде бірде зоналық. Бірде азоналдық белгілер қолданылып отырған. Белдеу (ендік бойынша қоңыржай, субтропиктік т.б.), азоналдық ерекшелік бойынша белдеу шеңберінде – сектор, оның шеңберінде зоналық белгілер бойынша – зона мен подзона, ендік азоналдық белгі бойынша – провинция бөлінді. Ал ландшафт не зоналық, не азоналдық белгісі бойынша бөлінбейтін бірлік ретінде осы үлгіні аяқтайды. Дегенмен, бір қатарлы бірліктер жүйесінің кемшіліктері көп. Мысалы, таксономиялық бірліктер жүйесінде зонаның сектордан кейінгі қатарда тұруы. Яғни зона сектордың бір бөлігі, соған бағынышты, таксономиялық деңгейі төмен деген сөз. Бірақ, табиғи зоналардың ірі географиялық заңдылықтардың нәтижесінде пайда болатынын, секторға бағынышты екенін білеміз. Ал секторды белдеудің бір бөлігі деп қарасақ, онда секторлар тек бір ғана белдеу шеңберінде орналасу керек; ал біз көптеген секторлардың бір емес, бірнеше белдеу шекарасын қамтитынын да білеміз. Міне, осындай, тағы да басқа кемшіліктері үшін аудандастырудың бір қатарлы жүйесі – зоналық және азоналдық факторларды бірге есепке алал алмайды. Өйткені табиғи отрада бір- бірін «ауыстыруң деген болмайды, олар қатар жүріп отырады, бір – бірін толықтырады. Қазіргі күні белгілі көптеген физгеографиялық аудандастыру үлгілері екі қатарлы қағида бойынша құрастарылған: зоналық және азоналдық. Жер бетіндегі кез – келген нүктенің георафиялық координаты: ендік пен бойлық бойынша берілетіні сияқты территорияның табиғи ерекшелігі зоналық және азоналдық белгілерді қамту керек. Мысалы, біз территория шөл зонасының эфемерлі – жусанды солтүстік подзонасында орналасқан дейік, бірақ бұл сипаттама жеткіліксіз, өйткені территорияның регионалдық физгеографиялық ерекшелігін көрсете алмайды. Ал егер оның қандай физгеографиялық ел мен облыста орналасқанын қоса көрсетсек онда түсінікті болады. Қорыта айтқанда физгеографиялық аудандастырудың негізгі мақсаты – жер бетіндегі жекелеген бірліктерді ажырату. Осы жұмыстың ғылыми нәтижесі – аудандастыру картасын түсіру. Аудандастыру картасында регионалдық физгеографиялық кешендер мен олардың шекаралары көрсетіледі. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Физгеографиялық, геоморфологиялық, климаттық аудандастырудың принциптері мен танысу. 2. Ландшафттың зоналардың экологиялық жағдайын ескеріп, аудандастырудың 4 бірлігін пайдаланып аудандастыру. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5 3. ОСӨЖ мен СӨЖ тапсырмаларының орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар Реферат Рефератты жазу кезінде келесі құрылымды ұстану керек: 1) Бірінші бетінде рефераттың тақырыбы, факультет, студенттің тобы, аты- жөні жазылады. 2) Жоспар (мазмұны). Мұнда рефераттың негізгі бөлімі және қай бетте екені көрсетіледі. 3) Тақырыбы мен жоспардан кейін кіріспе жазылады. Мұнда берілген материалдың мақсаты мен міндеті және тақырыптың өзектілігікөрсетіледі. 4) Негізгі бөлім. Мұнда рефераттың жоспарланған бөлімдері жазылады. 5) Қорытынды бөлім. Тақырып мәселесіне қатысты автордың өзінің қорытындысы мен ұсынысы. 6) Рефератты жазу үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Реферат көлемі компьютермен терілсе 10 беттен, алл қолмен жазылса 12 беттен кем болмау керек. Барлық беттері нөмірлену керек (бірінші бетіне нмір қойылмайды, бірақ жалпы сан бетіне кіргізіледі). Жаңа бөлімді міндетті түрде келесі жаңа бетке және оның тақырыбын жазу керек. Тезисті конспект Тақырыпқы байланысты негізгі түсініктер жазылады немесе жоспар жасалынады. Осыған студент сүйене отырып ауызша жауаптың құрылымын қалыптастырады. тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу және ауызша жауап дайындау. Толық конспект (жазбаша жұмыс) Конспект жоспары құрастырылады. Тақырыптың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы толық ашылады. Зертханалық жұмыстардың тақырыбы №1 зертханалық жұмыс ТАҚЫРЫБЫ:. Ландшафттану курсына кіріспе МАҚСАТЫ: Ландшафттану ғылымына сипаттама беру. МАЗМҰНЫ: 1. Ландшафттану пәні. 2. Негізгі зерттеу объектісі. 3. Территориялық табиғат кешені. 4. Ландшафттанудың басқа ғылымдармен байланысы. МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ: Толық конспект (жазбаша жұмыс). Конспект жоспары құрастырылады. Тақырыптың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы толық ашылады. №2 зертханалық жұмыс ТАҚЫРЫБЫ: Ландшафттану тұжырымының қалыптасу тарихы. МАҚСАТЫ : Ландшафттанудың ғылым ретінде қалыптасып, даму этаптарын қарастыру. ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ : 1. Алғашқы ландшафттану туралы ілімді қалыптастырушы оқымыстылар. 2. Докучаевтың ландшафт туралы көзқарасы, 20 ғ-ғы ландшафтттану ілімінің қалыптасуы, оның зерттеу методикасы, алға қойған мақсаты мен міндеті. МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ: Толық конспект (жазбаша жұмыс). Конспект жоспары құрастырылады. Тақырыптың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы толық ашылады. №3 зертханалық жұмыс ТАҚЫРЫБЫ: Ландшафттың аймақтық және аудандық бөлшектері МАҚСАТЫ: ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ : 1. Ландшафттанудың тегіне қарай, ішкі сыртқы күштердің әсер ету деңгейіне қарай бөлшектенуі. 2. Ландшафттың зоналық, азоналық, секторлық жүйелері. МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ Тезисті конспект. Тақырыпқы байланысты негізгі түсініктер жазылады немесе жоспар жасалынады. Осыған студент сүйене отырып ауызша жауаптың құрылымын қалыптастырады. №4 зертханалық жұмыс ТАҚЫРЫБЫ: Ландшафт компоненттері және ландшафтты қалыптастыратың факторлар МАҚСАТЫ: ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ : 1. Ландшафт құрушы компоненттер және компоненттер дегеніміз не? 2. Ландшафтты қалыптастырушы факторлар. Климат. Рельеф. Гидрология. Топырақ. Өсімдік жамылғысы. МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ: Толық конспект (жазбаша жұмыс). Конспект жоспары құрастырылады. Тақырыптың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы толық ашылады. №5 зертханалық жұмыс ТАҚЫРЫБЫ : Ландшафт морфологиясы. МАҚСАТЫ: ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ : 1. Ландшафттарды құрайтын морфологиялық территриялық табиғат кешендері, құрылымдық бөліктерінің сатыларына қарай жіктелуі. 2. Жергілікті жер. Қоныс. Фация. 3. Олардың ландшафтты қалыптастырудағы рөлі. Маңызы. Биіктікке байланысты өзгеруі. МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ: Толық конспект (жазбаша жұмыс). Конспект жоспары құрастырылады. Тақырыптың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы толық ашылады. №6 зертханалық жұмыс ТАҚЫРЫБЫ: Ландшафт кешендерінің дамуы және динамикасы МАҚСАТЫ: ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ : 1. Ландшафт генезисі. 2. Генетикалық және кешендік топтары. 3. Ландшафт динамикасы. 4. Оның өзгеру себебі, әсер етуші процесстер. 5. Динамиканың құрылымы, табиғат зоналырының бірігуі. Уақытша өзгеруі. МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ: Толық конспект (жазбаша жұмыс). Конспект жоспары құрастырылады. Тақырыптың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы толық ашылады. №7 зертханалық жұмыс ТАҚЫРЫБЫ : Жердің ландшафтылық сферасы МАҚСАТЫ : ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ : 1. Ландшафт сферасының негізгі түрлері. 2. Ландшафттардың жазықтардағы, таулардағы класстарға, типтерге бөлінуі. 3. Өзендердің, көлдердің жағалауындағы ландшафттар, олардың түрлері. МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ: Толық конспект (жазбаша жұмыс). Конспект жоспары құрастырылады. Тақырыптың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы толық ашылады. №8 зертханалық жұмыс ТАҚЫРЫБЫ: Антропогендік ландшафттар МАҚСАТЫ: ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ : 1. Адамдардың табиғатқа әсері. 2.Әсер ету деңгейі. 3. Адамдардың қайтымды және қайтымсыз әсер етуі. 4. Әсер етудің жүйелері немесе класстары. Ауыл шаруашылық ландшафтысы. Өңдірістік ландшафт. Транспорт ландшафтысы. Рекреациялық ландшафттар. МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ: Толық конспект (жазбаша жұмыс). Конспект жоспары құрастырылады. Тақырыптың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы толық ашылады. №9 зертханалық жұмыс ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстанның жазық жерлерінің ландшафтысы. МАҚСАТЫ: ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ : 1. Жазықтардағы зоналық заңдылық. 2. Ландшафттардың әсер етуші факторларға байланысты өзгеруі, біркелкі болмауы. 3. Жазықтардағы интрозоналды ландшафттар. 4. Орманды дала, шөлейт, шөл зоналарының ландшафттары. МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ: Толық конспект (жазбаша жұмыс). Конспект жоспары құрастырылады. Тақырыптың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы толық ашылады. №10 зертханалық жұмыс ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафтысы МАҚСАТЫ: ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ : 1. Таулы аймақтардағы ландшафттардың ерекшелігі. 2. Ландшафттардың биіктік белдеу заңдылығына сай өзгеруі. 3. Орташа таулардың, аласа таулардың, аласа таулардың, тау аралық жазықтардың, шатқалдардың ландшафттары. МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ: Толық конспект (жазбаша жұмыс). Конспект жоспары құрастырылады. Тақырыптың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы толық ашылады. №11 зертханалық жұмыс ТАҚЫРЫБЫ: Ландшафттың экологиялық аудандастырылуы. МАҚСАТЫ: ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ : Физгеографиялық, геоморфологиялық, климаттық аудандастырудың принциптері мен танысу. 2. Ландшафттың зоналардың экологиялық жағдайын ескеріп, аудандастырудың 4 бірлігін пайдаланып аудандастыру. МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ: Толық конспект (жазбаша жұмыс). Конспект жоспары құрастырылады. Тақырыптың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы толық ашылады. 1. Студенттің өздік жұмыс сабағының жоспары (СӨЖ) СӨЖ – ның бақылау жұмысын тапсыруға мыналар кіреді. 1. «Ландшафттық терминология» тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу және ауызша жауап дайындау. 2. «Ландшафттар классификациясы» тақырыбы бойынша ауызша дайындалу және оны қорғау. 3. «Жердің ландшафттық сферасы» тақырыбы бойынша реферат жазу және оны қорғау. 4. «Шығыс Қазақстандағы антропогендік ландшафттар» тақырыбы бойынша баяндама жазу және ауызша жауап дайындау. 5. «Ландшафттық профиль құру» тақырыбы бойынша ауызша жауап дайындау. 6. «Қазақстанның ландшафттық құрылымы» тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу және ауызша жауап дайындау. 7. «Ландшафттарды қорғау» тақырыбы бойынша ауызша жауап дайындау. 8 «Шығыс Қазақстан облысысы тауларының биіктік белдеулігі» тақырыбы бойынша реферат жазу және ауызша жауап дайындау
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz