Файл қосу

Сала экономикасы



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                       |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                    |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты           |             ПОӘК  |                        |
|                                |                   |                        |
|                                |                   |ПОӘК                    |
|                                |                   |042-18-1.1-45/02-2013   |
|ПОӘК                            |                   |                        |
|«Сала экономикасы»              |№1 басылым         |                        |
|пәнінен студенттерге арналған   |                   |                        |
|жұмыс бағдарламасы              |                   |                        |

















       5В071700 «Жылу энергетикасы» мамандығы студенттері  үшін  «Сала
                                экономикасы»
                       ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

               СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ



























                                Семей - 2013
                                   Алғысөз

   1. ДАЙЫНДАҒАН

Дайындаған Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінің
«Экономика және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы ________Нұралина Қ.Т.
«28» тамыз 2013 жыл.


        2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1.  Семей   қаласының   Шәкәрім   атындағы   мемлекеттік   университетінің
«Экономика және бизнес» кафедрасының отырысында.
«29» тамыз 2013 ж.  №1 хаттама

Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к. __________________Жайлаубаева Ш.Д.

2.2.   Қаржы-экономикалық   факультетінің   Оқу-    әдістемелік    бюросының
отырысында.
 «5» қыркүйек 2013 ж. №1 хаттама

ОӘБ төрағасы ___________________ С.Қ.Тойкин


 3.   БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу - әдістемелік Кеңесінің отырысында  шығаруға  мақұлданған
және ұсынылған.
«18» қыркүйек 2013 ж. №1  хаттама

ОӘК төрағасы       _______________ Г. К. Искакова





















                                   Мазмұны


1. Жалпы жағдай
2. Сабақ түрлері бойынша пән мазмұны және сағаттарды бөлу
3. Пәнді игеру бойынша әдістемелік нұсқаулар
4. Курс бағыты
5. Курс саясаты
6. Баға қою саясаты
7. Әдебиет

































1 Жалпы жағдай

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
Нұралина Қаламқас Тілеуғабыл қызы
 «Экономика және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы
Байланысу ақпараты: тел.53-03-16 (жұмыс), №8 оқу корпусы, каб. – 233
Сабақ өткізу орны – №9 оқу корпусы
Пән атауы – Сала экономикасы
Кредит саны – 3

1.2 Курсқа қысқаша сипаттама
      Кәсіпорын халық шаруашылығының  негізгі  элементі  бола  отырып,  оған
нарықтық  қатынас  жағдайында  шаруашылық  еркіндік  және  өзін-өзі  басқару
берілгендіктен, олардың жұмысының соңғы  нәтижелеріне  жауапкершілік  артты.
Осыған  байланысты  кәсіпорын,  сала  экономикасын  жете  білу  кез   келген
5В071700 «Жылу энергетикасы»  техника  мамандарына  міндетке  айналды.  Сала
экономикасы  пәні   5В071700  «Жылу  энергетикасы»  техникалық  мамандығында
оқитын студенттер үшін ең маңызды пәндердің бірі болып табылады.
      Шаруашылық жүргізу шарттары кәсіпорын үшін  өте  маңызды  орын  алады,
өйткені бизнестің даму  стратегиясын  және  тактикасын  анықтау  үшін  негіз
болады. Егер кәсіпорын жоспарлы экономика жағдайларында  қызмет  етсе,  онда
оның жұмыс жасау сапасын өсіруге  және  пайдалылығын  көбейтуге  қажет  ынта
болмайды деп тұжырымдауға болады, яғни үлкен пайда алуға ұмтылыс аз  болады.
Алайда, бұл жағдайларда фирманың қызметіне әлеуметтік  кепілдіктер  өте  көп
болады, яғни оның банкроттыққа ұшырау ықтималдылығы өте төмен  болады.  Егер
де кәсіпорын  күн  сайын  өзінің  қызметін  сақтауға  мәжбүр  болса,  барлық
кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс қарқындылығы (бастықтан  бастап,  қарапайым
жұмысшыға дейін) едәуір өседі. Қазіргі  кезде,  ел  экономикасына   нарықтық
заңдар енгеннен кейін міне осындай экономикалық шарттар  қалыптасты.  Осыған
байланысты кәсіпорын экономикасын жете білу  барлық  болашақ  қызметкерлерге
өте  маңызды  міндетке  айналды,  әсіресе   5В071700   «Жылу   энергетикасы»
техникалық мамандығында оқитын азаматтарға. Берілген пән бойынша  студенттер
кәсіпорынның, фирманың құрылу,  тіркелу  ретін,  кәсіпорын  қызметіне  қажет
барлық қор мен факторларды, олардың түрлерін және тиімді қолдану  шарттарын,
кәсіпорынның  экономикалық  қызметін  сипаттайтын  негізгі   көрсеткіштерді,
оларды  талдау  әдістерін,  сондай-ақ,  кәсіпорын  шығаратын  өнім   сапасын
жоғарылату жолдарын және т.с.с теориялық және практикалық  ақпаратты  білуге
мүмкіндік алады. Осы білімді нақты өмірде қолдану дағдыларына үйренеді.
1.3 Курс мақсаты: студенттерге нарық  жағдайларында  фирманың,  кәсіпорынның
экономикалық  негізгі  факторлары  және  оларды  тиімді   қолдану   жөнінде,
фирманың  экономикалық  және  қаржылық  тұрғыдан  дамуын  қамтамасыз  ететін
нарықтық әдістер туралы теориялық ақпарат пен нақты дағдылар беру.
1.4 Курс міндеттері:
    •  Студенттерге  кәсіпорын,  фирма  түсініктері,  олардың  түрлері  және
      негізгі құқықтары мен міндеттемелері жөнінде ақпарат беру.
    • Кәсіпорынның құрылуын, ұйымдастырушылық формаларын,  тіркелу  тәртібін
      зерттеу.
    • Кәсіпорынның өндірістік қорларын басқару жолдарын зерттеу.
    • Кәсіпорындағы еңбек қарым-қатынастарын зерттеу.
    • Кәсіпорынның негізгі экономикалық нәтижелерін зерттеу.
    • Кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау негіздерін зерттеу.
    • Кәсіпорынның өнім сапасын  арттыру,  инновациялық  қызметін  жетілдіру
      жолдарын зерттеу.
    • Кәсіпорын сыртқы экономикалық қызметін зерттеу.
    • Кәсіпорындағы басқару қызметін зерттеу  және  оны  жетілдіру  жолдарын
      қарастыру.
1.5 Студенттер пәнді зерттеудің нәтижесінде келісіні білу керек:
       Бұл  курсты  оқу  студенттерді  қалыптасқан  құқықтық,  экономикалық,
қаржылық  және   әкімшілік   ортада   кәсіпорынның   қызмет   етуінің   жаңа
механизмінің білімі мен студенттерді  қаруландыру  мүмкіндігін  береді.  Оқу
үрдісінде,  студенттер  кәсіпорында  жүретін  экономикалық  құбылыстар   мен
үрдістердің мәнін, олардың өзара  байланысы  мен  өзара  тәуелділігін  терең
түсінуді,  оларды  жүйелеу  мен  модельдей   білуді,   факторлардың   әсерін
анықтауды,  жетілген  нәтижелерді  бағалауды,  өндіріс  тиімділігін  арттыру
резервтерін анықтауды үйрену керек.
      Студент   мынаны білу керек:
қазіргі жағдайда экономикалық заңдардың пайда болу формаларын;
оқылатын  сала  кәсіпорнының  негізгі  белгілерін,  міндеттерін,   атқаратын
қызметтерін және түрлерін, оның ерекшеліктерін;
материалдық-техникалық   қорларды   пайдалану   факторларын   және   ғылыми-
техникалық прогрессті жылдамдату жолдарын;
өнімнің бәсекелестік қабілетін құрайтын  баға  жасауды  жетілдіру  мен  өнім
сапасын арттыру әдістерін;
бизнесті ұйымдастырудың негізгі формалары мен әдістерін.
      Студент   мынаны істей білу керек:
дәрісте тыңдалған теориялық материалды пайдалану;
теориялық және практикалық сабақтардың деңгейін арттыру;
экономикалық есептеулерде, зерттеу әдістемесінде белгілі бір  дағдыны  игеру
және кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіндегі тиімділікті анықтау;
оқылған материалды ауызша және жазбаша баяндау;
экономикалық білімді өз бетімен іздестіру және игеру,  қазіргі  экономикалық
құбылыстарды бақылау және түсіндіру.
1.6  Пәннің пререквизиттері
Міндетті бастапқы пән: Экономикалық теория.
Студенттер  «Экономикалық теория» курсы  бойынша  негізгі  терминдерді  және
түсініктерді білу қажет, сондай-ақ жалпы білімі болуы керек.
1.7  Курстың постреквизиттері:
Берілген пән бойынша алған білімді  диплом  жұмысының  экономикалық  бөлімін
орындау кезінде қолдануға болады.

      2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
                                                                     Кесте 1
|№  |Тақырыптың аты    |сағаттар                      |әдебиет                    |
|р/н|                  |                              |                           |
|   |                  |ДӘРІС  |ПРАК   |СӨЖ   |СОӨЖ   |                           |
|1  |2                 |3      |4      |5     |6      |8                          |
|   |Модуль 1.         |18     |9      |40,5  |13,5   |1.ҚР-ның «Кәсіпорындар     |
|   |Кәсіпорын         |       |       |      |       |туралы» заңы:              |
|   |қызметінің негізгі|       |       |      |       |2. Кайкен Ж.Б. Кәсіпорын   |
|   |факторлары        |       |       |      |       |экономикасы.-Семей.-2010.  |
|   |                  |       |       |      |       |3. Жолдасбаева Г.Ө.        |
|   |                  |       |       |      |       |Кәсіпорын                  |
|   |                  |       |       |      |       |экономикасы.-Алматы.-2002  |
|1  |Кәсіпорын туралы  |2      |1      |4,5   |1,5    |1. Кайкен Ж.Б. Кәсіпорын   |
|   |түсінік, түрлері  |       |       |      |       |экономикасы.-Семей.-2010.  |
|   |                  |       |       |      |       |2. Жолдасбаева Г.Ө.        |
|   |                  |       |       |      |       |Кәсіпорын                  |
|   |                  |       |       |      |       |экономикасы.-Алматы.-2002  |
|2  |Кәсіпорынның      |2      |1      |4,5   |1,5    |1. Кайкен Ж.Б. Кәсіпорын   |
|   |негізгі өндірістік|       |       |      |       |экономикасы.-Семей.-2010.  |
|   |қорлары           |       |       |      |       |2. Жолдасбаева Г.Ө.        |
|   |                  |       |       |      |       |Кәсіпорын                  |
|   |                  |       |       |      |       |экономикасы.-Алматы.-2002  |
|3  |Кәсіпорынның      |2      |1      |4,5   |1,5    |1. Кайкен Ж.Б. Кәсіпорын   |
|   |айналым қаржысы   |       |       |      |       |экономикасы.-Семей.-2010.  |
|   |                  |       |       |      |       |2. Жолдасбаева Г.Ө.        |
|   |                  |       |       |      |       |Кәсіпорын                  |
|   |                  |       |       |      |       |экономикасы.-Алматы.-2002  |
|4  |Кәсіпорынның еңбек|2      |1      |4,5   |1,5    |1. Кайкен Ж.Б. Кәсіпорын   |
|   |қорларын дамыту   |       |       |      |       |экономикасы.-Семей.-2010.  |
|   |                  |       |       |      |       |2. Жолдасбаева Г.Ө.        |
|   |                  |       |       |      |       |Кәсіпорын                  |
|   |                  |       |       |      |       |экономикасы.-Алматы.-2002  |
|5  |Еңбек ақы ұғымы,  |2      |1      |4,5   |1,5    |1. Кайкен Ж.Б. Кәсіпорын   |
|   |түрлері, формалары|       |       |      |       |экономикасы.-Семей.-2010.  |
|   |                  |       |       |      |       |2. Жолдасбаева Г.Ө.        |
|   |                  |       |       |      |       |Кәсіпорын                  |
|   |                  |       |       |      |       |экономикасы.-Алматы.-2002  |
|6  |Кәсіпорын         |4      |2      |9     |3      |1. Кайкен Ж.Б. Кәсіпорын   |
|   |қызметінің        |       |       |      |       |экономикасы.-Семей.-2010.  |
|   |нәтижелері        |       |       |      |       |2. Жолдасбаева Г.Ө.        |
|   |                  |       |       |      |       |Кәсіпорын                  |
|   |                  |       |       |      |       |экономикасы.-Алматы.-2002  |
|7  |Кәсіпорын өніміне |2      |1      |4,5   |1,5    |1. Кайкен Ж.Б. Кәсіпорын   |
|   |баға жасау        |       |       |      |       |экономикасы.-Семей.-2010.  |
|   |                  |       |       |      |       |2. Жолдасбаева Г.Ө.        |
|   |                  |       |       |      |       |Кәсіпорын                  |
|   |                  |       |       |      |       |экономикасы.-Алматы.-2002  |
|   |                  |       |       |      |       |3.  Баға және оның жасалуы/|
|   |                  |       |       |      |       |Жабайхан Кайкен/ Оқулық    |
|   |                  |       |       |      |       |құрал. Семей.:2002         |
|8  |Өнім сапасы,      |2      |1      |4,5   |1,5    |1. Кайкен Ж.Б. Кәсіпорын   |
|   |негізгі           |       |       |      |       |экономикасы.-Семей.-2010.  |
|   |көрсеткіштері.    |       |       |      |       |2. Жолдасбаева Г.Ө.        |
|   |                  |       |       |      |       |Кәсіпорын                  |
|   |                  |       |       |      |       |экономикасы.-Алматы.-2002  |
|   |Модуль 2.         |12     |6      |27    |9      |                           |
|   |Кәсіпорын қызметін|       |       |      |       |                           |
|   |басқару мәселелері|       |       |      |       |                           |
|9  |Басқару функциясы |2      |1      |4,5   |1,5    |1. Кайкен Ж.Б. Кәсіпорын   |
|   |– жоспарлау       |       |       |      |       |экономикасы.-Семей.-2010.  |
|   |                  |       |       |      |       |2. Жолдасбаева Г.Ө.        |
|   |                  |       |       |      |       |Кәсіпорын                  |
|   |                  |       |       |      |       |экономикасы.-Алматы.-2002  |
|10 |Инвестициялар,    |2      |1      |4,5   |1,5    |1. Кайкен Ж.Б. Кәсіпорын   |
|   |жобалардың        |       |       |      |       |экономикасы.-Семей.-2010.  |
|   |тиімділігін       |       |       |      |       |2. Жолдасбаева Г.Ө.        |
|   |есептеу әдістері  |       |       |      |       |Кәсіпорын                  |
|   |                  |       |       |      |       |экономикасы.-Алматы.-2002  |
|11 |Басқару функциясы |2      |1      |4,5   |1,5    |1. Кайкен Ж.Б. Кәсіпорын   |
|   |– ұйымдастыру     |       |       |      |       |экономикасы.-Семей.-2010.  |
|   |                  |       |       |      |       |2. Жолдасбаева Г.Ө.        |
|   |                  |       |       |      |       |Кәсіпорын                  |
|   |                  |       |       |      |       |экономикасы.-Алматы.-2002  |
|12 |Басқару функциясы |2      |1      |4,5   |1,5    |1. Кайкен Ж.Б. Кәсіпорын   |
|   |– мотивация       |       |       |      |       |экономикасы.-Семей.-2010.  |
|   |                  |       |       |      |       |2. Жолдасбаева Г.Ө.        |
|   |                  |       |       |      |       |Кәсіпорын                  |
|   |                  |       |       |      |       |экономикасы.-Алматы.-2002  |
|13 |Жарнама және      |2      |1      |4,5   |1,5    |1. Кайкен Ж.Б. Кәсіпорын   |
|   |паблик рилейшенз  |       |       |      |       |экономикасы.-Семей.-2010.  |
|   |(PR)              |       |       |      |       |2. Жолдасбаева Г.Ө.        |
|   |                  |       |       |      |       |Кәсіпорын                  |
|   |                  |       |       |      |       |экономикасы.-Алматы.-2002  |
|14 |Контроллинг –     |2      |1      |4,5   |1,5    |1. Кайкен Ж.Б. Кәсіпорын   |
|   |басқарушылық      |       |       |      |       |экономикасы.-Семей.-2010.  |
|   |тұжырымдама       |       |       |      |       |2. Жолдасбаева Г.Ө.        |
|   |ретінде           |       |       |      |       |Кәсіпорын                  |
|   |                  |       |       |      |       |экономикасы.-Алматы.-2002  |
|   |Барлығы           |30     |15     |67,5  |22,5   |                           |



3 Пәнді игеру бойынша әдістемелік нұсқаулар
    ОСӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: «Сала экономикасы»  пәнін
оқу барысында әрбір студент ОСӨЖ  орындауы қажет. Олардың бірі – эссе.

    Эссе тақырыбын оқытушы өзі береді  немесе  студент  берілген  тақырыптар
арасынан өзі таңдап алады. Эссені жазу мақсаты таңдалған  тақырыпты  кеңінен
қарастыру. Эссе жазу барысында студент берілген  материал  төңірегінде  ғана
емес, сонымен қатар арнайы сұрақтармен, статистикалық  материалдармен  жұмыс
істеуі керек, берілген сұрақтың басқа мәліметтермен, сұрақтармен  байланысын
көрсетуі  керек.  Студент  эссені  дайындау  үшін  барлық  ақпарат  көздерін
пайдаланады, соның ішінде Интернет жүйесіндегі  мәліметтерді  де  сілтемелер
жасай отырып қолданады.  Егер  ұсынылған  мәселе  бойынша  бірнеше  көзқарас
болса, онда олардың барлығын аргументтей отырып, келтіру керек.

    Егер ұсынылған тақырып сандық көрсеткіштерді талап ететін  болса  (нарық
параметрлері,  сегмент  параметрлері,  қатысушылар  саны  және  т.б.),  онда
ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, соңғы мәліметтерді берген дұрыс.

    Кейбір  тақырыптарды  зерттеу  экономикалық   немесе   қаржылық   талдау
жүргізуді  талап  етеді,  мұндай  кезде  эсседе  талдау   қорытындысы   ғана
көрсетіледі және соның негізінде жасалған маңызды элементтер келтіріледі.

      Эссе мәтінін екі түрлі әдіспен  бейнелеуге  болады:  қолжазба  түрінде
немесе машинада басу арқылы. Эссе  А4  таза  ақ  қағазының  бір  жақ  бетіне
жазылады. Қойылатын талаптар: сол жағынан – 25-30 мм, оң жағынан  –  10  мм,
астыңғы және үстіңгі жағынан – 20 мм қалдыру керек. Абзац - 15-17 мм.  Бөлім
атаулары астыңғы және үстіңгі жақтарынан бір арқылы бөлініп тұрады.

      Қолжазба түрінде жазылған текст  шарикті  қаламмен,  ұғынықты  жазумен
жазылуы керек. Әр-бір беттте 28-30 жол болуы керек. Мұндай жазу барысында  №
3 трафарет қолданылады. Эссенің жалпы көлемі 6  беттен  кем  болмауы  керек.
Жазу барысында бетті шимайлауға, сөздерді сызуға,  үстінен  жазуға,  өшіруге
болмайды.  Сонымен  қоса,  жалпы  қолданыстағы  сөздерден   басқа   сөздерді
қысқартуға рұқсат етілмейді.

   Компьютерде басылған эссеге қойлатын талаптар: Microsoft Word,  шрифт  KZ
Times New Roman, размері 14, бірлік  интервал.  Эссе  көлемі   4-  5  бет  .
Беттерді жоғарғы оң жақ бұрышта белгілеген жөн.
   Эссе  басында  оның  мазмұны  немесе   жоспары   жазылады,   ал   соңында
пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.

   Соңында  қосымша  тігілуі  мүмкін,  олар   текст   беттеріне   саналмайды
(статистика мәліметтері, графиктер, сызбалар, кестелер және т.б.)

   СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:  «Сала  экономикасы»  курсы
бойынша  кредиттік  технология  бойынша  оқитын  студенттерге  СӨЖ   реферат
түрінде беріледі. СӨЖ бастамас бұрын студент реферат тақырыбын зерттеп  алуы
керек. Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарастырған жөн.
       Реферат   мәтінін  екі  түрлі  әдіспен  бейнелеуге  болады:  қолжазба
түрінде немесе машинада басу арқылы. Реферат  А4 таза ақ қағазының  бір  жақ
бетіне жазылады. Қойылатын талаптар: сол жағынан – 25-30 мм,  оң  жағынан  –
10 мм, астыңғы және үстіңгі жағынан – 20 мм қалдыру  керек.  Абзац  -  15-17
мм. Бөлім атаулары  астыңғы  және  үстіңгі  жақтарынан  бір  арқылы  бөлініп
тұрады.

      Қолжазба түрінде жазылған текст  шарикті  қаламмен,  ұғынықты  жазумен
жазылуы керек. Әр-бір беттте 28-30 жол болуы керек. Мұндай жазу барысында  №
3 трафарет қолданылады. Рефераттың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы  керек.
Жазу барысында бетті шимайлауға, сөздерді сызуға,  үстінен  жазуға,  өшіруге
болмайды.  Сонымен  қоса,  жалпы  қолданыстағы  сөздерден   басқа   сөздерді
қысқартуға рұқсат етілмейді.

   Компьютерде басылған эссеге қойлатын талаптар: Microsoft Word,  шрифт  KZ
Times New Roman, размері 14,  бірлік  интервал.  Реферат  көлемі   5  бет  .
Беттерді жоғарғы оң жақ бұрышта белгілеген жөн.

   4 Курс бағыты: 14  тақырып түгелдей «Сала  экономикасы»  курсының  барлық
тақырыптарын қамтиды. Пәннің оқу  жоспары  бойынша  45  аудиториялық  сағат,
оның ішінде  30  сағаты  дәріске,  ал  15  сағаты  практикалық  (семинарлық)
сабаққа бөлінген.
   Аудиториялық дәрістік курс студенттер  білімін  жүйелейтін  негізгі  және
маңызды материал болып табылады.
   Дәріс  –  пәннің  логикалық   түрде   жүйеленген   теориялық   сұрақтарын
қарастыруға негізделген оқу сабағының формасы.
   Дәрістің негізгі атқаратын ролі барлық  оқу  сабақтарының,  соның  ішінде
студенттердің өзіндік жұмыстарының бағыттарын, негізгі мазмұны  мен  сипатын
анықтай отырып, ғылыми білімнің негізін салу.  Пәнді  дұрыс  игерудің  шарты
болып практикалық (семинар) сабақтарын жүргізу табылады.
   Практикалық сабақ –  студенттердің  өз  бетімен  жұмыс  атқару  қабілетін
арттыруға бағытталған оқу сабағының бір түрі. Практикалық  сабақтар  семинар
түрінде  өткізіледі,  ол  студенттердің  ғылыми   әдебиетпен   жұмыс   жасау
қабілетін, көпшілік алдында сөз сөйлеу қабілетін арттырады.
   Практикалық (семинар) сабақтары жоспар бойынша жүргізіледі, студенттердің
жүйелі түрде сабаққа дайындалуын, олардың жауаптарын тыңдауды, есептер  шешу
арқылы теориялық білімді нығайтуды талап етеді.
   Практикалық  сабақтар  пәннің  қиын  сұрақтарын  терең  түрде   зерттеуге
мүмкіндік  береді  және   студенттердің   өзіндік   жұмысының   қорытындысын
шығарудың  негізгі  формасы  блып  табылады.   Осы  сабақ  түрлерінде   ғана
студенттер мәселелерді дұрыс  жеткізуді,  өз  ойлары  мен  пікірлерін  еркін
түрде айтуды үйренеді.  Осының барлығы қазіргі заман маманына  қажетті  әдіс
– тәсілдерді үйренуге мүмкіндік береді.
   Студенттер барлық жұмыстарды  белгіленген  уақытта  орындап,  тапсырулары
керек. Уақытынан  кешігіп  өткізілген  жұмыстар  төмен  бағамен  бағаланады.
Курстың тақырыптарын  қарастыру  барысында  студент  ұсынылған  әдебиеттерді
қолдануы керек. Сонымен қоса, студент келесі баспа материалдарында  берілген
қосымша мәліметтерді қарастыруы  керек:  Қаржы-қаражат,  Вопросы  экономики,
Транзитная экономика,  Информационный  бюллетень,  Статистические  сборники,
Вестник Каз НУ имени Аль-Фараби, АльПари, т.б.
       Жұмысты орындау барысында келесі ережелерді сақтау керек:
Жұмыс сұрақтары әдістемелік материалда беріледі;
Жұмысты оқушы  дәптерінде  немесе  альбом  беттерінде,  жазу  тәртібіне  сай
орындау қажет;
Жұмыс басында мазмұнын немесе жоспарын көрсету керек
Жұмыс соңында  оны  жазу  барысында  қолданған  әдебиеттердің  тізімін  беру
керек.
       Әдістемелік  нұсқау  талаптарына  сәйкес  жазылмаған  жұмыстар  қайта
жетілдіруге қайтарылып беріледі.


5 Курс саясаты

Пән бойынша қойылатын талаптар
Сабаққа қатысу: Университет ережелері бойынша студент  үштен  артық  сабақты
босатпауға тиіс. Егер  студент  үштен  артық  сабақ  босатса  (барлық  себеп
бойынша), бұл  жағдайда  оқытушы  студентке  берілген  пән  және  бүкіл  оқу
бағдарламасы бойынша оның босатылғаны жөнінде ақпараттауға міндетті.
Сабаққа кешігу : Әр екі кешігу (кез келген себеп бойынша)  толық  1  сабақты
босатқанға тең болады.
Тапсырмаларды орындау және емтихан тапсыру: Студенттер міндетті түрде  өзіне
берілген  тапсырмаларды  өздері  орындап  жүруі  қажет.   Біреуден   көшіру,
оқытушыны кез келген түрде  алдау  сияқты  тәртіп  бұзу  берілген  студентті
университеттен шығаруға негіз ретінде бола алады.
Ұялы телефондар студент аудиторияда отырған кезде  міндетті  түрде  өшірілуі
тиіс.  Бұл ережені бұзу этикалық тәртіпті бұзу ретінде қарастырылады..
Егер  студенттерге   берілген   тапсырмалар   белгіленген   уақыттан   кейін
тапсырылса, олар қабылданбайды немесе әр кешіккен күн үшін 5 балл алынады.
Студенттер жазбаша жұмыстарды орындағанда, Шәкәрім  атындағы  университеттің
компьютерлерін қолдана алады (арнайы бөлмелерде)
Студентте кітапханада жұмыс істеуге немесе  кітапты  үйге  алып  дайындалуға
құқығы бар (сәйкес ережелерге қарай).


     6. Студенттер білімдерін бағалау саясаты
   Оқушыларды жүйелі өзіндік жұмысқа  ынталандыру  үшін  әрбір  пәнге  несие
санына байланыссыз бір академиялық кезеңге 600 балл бөлінеді. (1-ші және  7-
ші аптаға 300 балл, 8-ші және 15-ші аптаға 300 балл.
   Академиялық кезеңнің бір  жартысына  бақылау  түрлері  бойынша  баллдарды
бөлудің шекті параметрлері кестеде келтірілген.
                   Бақылау түрлері бойынша баллдарды бөлу
                                                                     Кесте-2
|Бақылау түрлері                                        |%         |Баллдар   |
|Барлық балл                                            |100       |300       |
|Аудиториялық сабақтарға қатысу және дайындалу – бұл    |10        |30        |
|баллдар электронды журналға енгізілмейді, оқытушы тек  |          |          |
|оқушының сабаққа қатыспау фактысын белгілейді          |          |          |
|Практикалық (семинарлық) және лабораториялық сабақтарда|25-35     |75-105    |
|білімдерін тексеру – ауызша, жазбаша, араласқан        |          |          |
|сұрақ-жауап, бақылау-тест, дискуссия және б.           |          |          |
|Оқытушының жетекшілігімен жұмыстар (СОӨЖ) – тренингтер,|10-15     |30-45     |
|дөңгелек үстел, эссе жазу, бақылау жұмысы және б.      |          |          |
|Оқушының өз бетімен жұмысы (СӨЖ) – үй тапсырмасын      |20-25     |60-75     |
|орындау курстық жұмыс, (жоба), есептік-графикалық      |          |          |
|жұмыстар, рефераттар және б.)                          |          |          |
|Шекті бақылау компьютерлік тесттілеу әдісімен бақылау  |20-30     |60-90     |
|жүргізген жағдайда (тезаурустік тәсілде) оқытушы       |          |          |
|бөлінген баллды «Компьютерлік тесттілеу» бағанасына    |          |          |
|қояды                                                  |          |          |

   Аралық аттестация  кезеңінде  жүргізілетін  емтихан  түріндегі  қорытынды
бақылауға 400 балл беріледі.
   Академиялық кезеңдегі жалпы баллл саны 1000 баллды құрайды.
   Барлық аудиториялық сабақтар түрлеріне қатысуға (дәріс,  семинарлық  және
лабораториялық) 30  балл  беріледі,  оқытушы  электронды  журналда  оқушының
сабақта қатыспау фактысын  ғана  белгілейді,  ал  жүйе  автоматты  түрде  ол
сабаққа қатысқан баллдар санын санайды.
   Дәріс сабақтары нәтижелері бойынша  ағымдағы  бақылау  жүргізуге  баллдар
бөлінбейді.
   Оқытушы қалған 270 баллды 2-ші кестеде  келтірілген  шекті  параметрлерді
сақтай отыра оқушының пәнді оқу барысында жұмыс  түрлері  бойынша  орындаған
баллдары бойынша өз бетімен бөледі.
   Алғашқы шекті бақылау 7-ші аптада, екінші шекті бақылау  –  15-ші  аптада
жүргізіледі.
   3-ші кесте мәліметтерін оқытушы электронды  базаға  енгізеді  (электронды
журнал).
                       Студенттердің рейтингін есептеу
|Сабақ |Апталар                                                                    |
|түрі  |                                                                           |
12345671 рб891011121314152 рбДәріс 3030Прак-2020202020-10014141414141416-100СӨЖ-2424242424-12017171717171718-120Бақылау түрі СССССБЖРБ 50СССССБЖСРБ 50Балл300300Пайыз 100%100
%Кесте-3

Ескерту: С – сұрау, БЖ – бақылау жұмысы; РБ1 және РБ2 – сәйкесінше бірінші және екінші рейтингілік (рубеждік) бақылау БАРЛЫҒЫ – 600 балл – 100 %.

7 Әдебиет
7.1 Негізгі әдебиет
1. ҚР 2003-2015 жылдарға арналған индустриальды-инновациялық даму Стратегиясы // ҚР Президенті мен Үкіметінің шығарған актілерінің Жинағы, 2003, № 23-24.
2. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Бәсекелеске қабілетті Қазақстанға, бәсекелеске қабілетті экономикаға, бәсекелеске қабілетті ұлтқа», 19 наурыз 2004 ж., Астана.
4. ҚР ПРезидентінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазахстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңартулар жолында», 18 ақпан 2005 ж., Астана
5. ҚР заңы «Жеке дара кәсіпкерлік туралы» 19 маусым 1997 ж
6. ҚР заңы «Табиғи монополиялар туралы» Егемен Қазақстан, 1998, 24 қараша.
7. ҚР заңы «Заңсыз бәсеке туралы» 9 маусым 1998ж.
8. ҚР заңы «Бәсеке және монополиялық қызметі шектеу туралы» 19 қаңтар 2001 ж.
9. ҚР заңы «Акционерлік қоғамдар туралы» 13 мамыр 2003ж.
10. ҚР заңы «Жаупкершілігі қосымша және шектелген серіктестіктер туралы»  2 сәуір 1998ж.
11. ҚР заңы «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» 24 мамыр 2002ж.
12. ҚР Президентінің Жарлығы «ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған шаралар туралы» 30 қыркүйек 2004 ж.
13. ҚР заңы «Инновациялық қызмет туралы»  3 шілде 2002ж.
14. ҚР заңы «Инвестициялар туралы»  28 ақпан 2003ж.
15. ҚР бюджеттік кодексы,  28 сәуір 2004 жыл.
16. ҚР кодексы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы», Алматы, 2001.
17. Волков О. И., Скляренко В.К. Экономика предприятия. – М.:  ИНФРА-М 2002.
18. Грузинов В.П. и др. Экономика предприятия. М.:  Банки и биржи ЮНИТИ, 1999.
19. Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.
20. Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001
21. Әбдікерімова Г.И.  Кәсіпорын экономикасы. Алматы. 2008    
22. Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование химического производства: 3-е изд., перераб и доп. – М.: 1988.
23. Кәсіпорын экономикасы. Кайкен Ж.Б., Сұлтанов Ө.С., Қалдыбаев М.М. Семей. 2010.      
24. Экономика предприятия и предпринимательства./ Грузинов В. М., 2000
25. Экономика предприятия . Швандар В.А.. М., 2000.
26. Экономика предприятия. Под ред. проф. В. Я. Горфинкеля, проф. В.А.Швандара. М.: ЮНИТИ - ДАНА, 2000
27. Экономика предприятия. Под ред. Н.А. Сафронова.  М., 2000
28. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. / Под ред. проф. В.А. Швандара.- М.: ЮНИТИ -      ДАНА, 2001.
29. Экономика предприятия. М.: «Издательство ПРИОР»,2000.
30. Экономика предприятия. Под ред. В.Я. Хрипача. М.,2000
31. Герчикова И.Н. Менеджемент,  - М., 2000 
32. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент. – М., 2000
33. Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. – М., 1996.
34. Мескон М. и другие Основы менеджмента. – М., 2002.
7.2 Қосымша әдебиет
1. Большой экономический словарь./Под ред. Л. II. Азрилияна   М.: Институт новой экономики, 2002.
2. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование  экономики в условиях Казахстана (теория, опыт, проблемы): Учебное пособие - Алматы, 1998.
3. Гольдштейн Г.Я. Основы менеджмента. Таганрог: ТРТУ, 1995.
4. Корсаков М.Н. Экономика предприятия. Таганрог: ТРТУ, 2002.
5. Герчикова И.Н. Менеджмент,  - М., 1996.
6. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент – М., 1998
7. Веснин В.Р. Основы менеджмента. – М., 1996.
8. Мамыров Н.К. Менеджмент и рынок: казахстанская модель. – Алматы, 1998.
9. Каренов Основы менеджмента. – Караганда, 1995.
10. Кузнецов Ю., Подлесных В. Основы менеджмента, - М., 1997.
11. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. – Алматы: Экономика, 1998.
12. Жиделева В.В., Каптейн Ю.Н. Экономика предприятия: Учебное пособие - М.: ИНФРА-М, 2001.
13. Калдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия (фирмы). Алматы, «Санат», 1997.
14. Мокий М. С., Скамай Л. Г., Трубочкина М.И. Экономика предприятия: Учебное пособие - М.: ИНФРА-М, 2000.
15. Эванс Дж.М., Берман Б. Маркетинж. М.: Экономика, 1993.
16. Осипов Ю.М. Основы предпринимательского дела. М.: изд-во 1992.
17. Кобринский Н.Е., Майминас Е.З., Смирнов А.Д. Экономическая кибернетика. М.: Экономика, 2004.
18. Попов Г.Х. Эффективное управление. М.: Экономика, 2005.
Пәндер