Файл қосу
Бейімді оқытудың проблемалары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ | | |СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты|ПОӘК | | | | |ПОӘК | | | |042-18.30.1.23/01-2014 | |«12жылдық мектепте білім | | | |беруді ұйымдастыру |№ 2 – басылым | | |негізі» пәнінің |03.09.2014 | | |оқу-әдістемелік кешені | | | |(оқытушылар үшін) | | | «12жылдық мектепте білім беруді ұйымдастыру негізі » атауы ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «5ВО1О2ОО» – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы үшін Оқытушыларға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы Cемей -2014 1.ӘЗІРЛЕГЕН: Құрастырушы: Оқытушы, доцент Дуйсембекова Ш.Д. 2.ТАЛҚЫЛАНДЫ: 2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды. Хаттама № 1 03.09.2014 Кафедра меңгерушісі: ______________Джанбубекова М.З 2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында. Хаттама № 1 «05» 09.2014ж. Төрағасы: ________________Ахметова Т.Ш 3. БЕКІТІЛДІ: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу- әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды. Хаттама №1 11.09.2014ж. ОӘК төрағасы: ____________ с.ғ.д. Искакова Г.К. 4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 11.09.2013ж. басылымның орнына) М А З М Ұ Н Ы : 1 Жалпы ережелер 4 2.Нормативтік сілтемелер 4 3 Қолдану саласы 4 4. Оқу пәнінің мазмұны (модульдің) 6 5.Дәріс сабақтарының тақырыптары 8 6 .Практикалық сабақтарының тақырыптары 13 5.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары 16 6. Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі 17 7.Әдебиеттер 19 Қолдану саласы «12 жылдық» пәнінің оқу-әдістемелік кешені «5В010200» «Педагогика және бастауыш оқыту» мамандықтары үшін студенттеріне арналған. ПОӘК студенттерді 4 курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады. 2. Нормативтік сілтемелер Осы «12 жылдық » пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) берілген пән бойынша ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген: «12 жылдық » пәнінің оқу-әдістемелік кешен «5В010200» мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты ҚР МЖМБС 11.05.-2009__, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009__ жылғы «_11_» ___05______ №_289_ бұйрығымен бекітілген. Шәкәрім атындағы СМУ «Пәннің оқу-әдістемелік кешені туралы ереже 1 кесте |Курс |Семестр |Кредиттер |Аудиториялық |СӨЖ |Барлығы |Қорытынды | | | | |жұмыс |(сағ) |(сағ) |бақылау түрі| | | | |АС (сағ)|ҚК (сағ)| | | | 1.2. Курстың қысқаша мазмұны: 2.3.2 Курстың мақсаты: болашақ маман иелерін дайындауға қойылатын талаптарға сай, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби қызметі жөніндегі негізгі білімдермен студенттерді қаруландыру. 1.3. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсыныс. Курсты оқып – үйренуде студент нәтижесінде білуі керек: • өзінің болашақ мамандығының маңыздылығын және мәнін түсіне білуі; • сабақ барысында педагогикалық шеберлікті меңгеру қабілетіне ие болуы; • қазіргі заманғы педагогикалық технологияның құралдарын игеруі; • мамандығында өзін жетілдіре алу, тәжірибеде теориялық білімді пайдалана алу, болашақ мамандығы шеңберінде студенттердің өз бетінше ізденіс-зерттеу жұмыстарын жүргізе білуі; • маманға қойылатын қазіргі заман талаптарын пәннен алған білімдерді интеграциялауды және бастауыш мектеп мұғалімінің педагогикалық қызметі және педагогикалық шеберлігі міндеттерін түсінуі; • өзін-өзі жетілдіретін түрлі оқу стильдерін пайдалана білуі; • оқытушының және басқа да студенттердің пікірімен санасып, оларға құрметпен қарауды және кәсіби этиканы үйренуі тиіс. 1.4 Курс форматы Пән бойынша дәріс және зертханалық сабақтар жүреді. Дәрістік сабақта студенттер материалды тыңдап, игереді және зертханалық сабақтарда модульдар бойынша бақылау тапсырмаларын орындайды, межелік тестілеу өтеді. Топтық өздік және межелік сабақтарда ең маңызды тақырыптар талқыланады. Әрбір сабақтың күні мен уақыты, тақырыбы мен тапсырмалары алдын ала хабарланады. Бұл сабақтарға студенттердің белсенді қатысуы керек. Сонымен қоса, пән бойынша кеңестер жүргізіледі, олардың кестесі алдын ала хабарланады. Әрбір апта аяғында дәрістік, зертханалық, өздік және межелік тапсырмаларды орындауға байланысты бөлінген балл сандарына қарай студенттердің білімі бағаланады. 1.5 Курс саясаты Пәнді студент оқытушының көмегімен және дербес жүйелі түрде оқуы тиіс, қажет болғанда оқытушыдан кеңес алуға болады. Порталға үнемі кіріп, оқытушының пән бойынша жасалған жұмыс бағдарламасы мен немесе силлабуспен танысып, зертханалық сабақтарда берілген әдістемелік нұсқауларды орындау қажет. Тек дәрістік материалдармен шектелмей, курс ішінде көрсетілген электрондық қорларды, әдебиеттерді оқу қажет. Алдымен бір модульды оқып, игеріп, тапсырмасын орындап, сонан соң ғана келесі модульға көшу керек. Өздік жумыстардағы тапсырмаларды уақытында орындап, межелік тестілерді де мерзімінде өту керек. Бақылау мерзімдері: 1-ші 7-ші апталардағы тапсырмалар мен тестілерді тапсырғаннан кейін алғашқы аттестация өтеді, келесі бақылау мерзімі 8-ші аптадан 15-ші аптаға дейін. 15 аптада екінші аттестация қорытындысы жариялана 2.3.5 Курс пререквизиттері: Бұл пәнді оқыту барысында студенттердің педагогика, тарих, психология, этика пәндері бойынша білімдері болуы керек. 2.3.6 Курс постреквизиттері: Студенттер мұғалімнің педагогикалық іскерліктің мәнін оқып қана қоймай өздері педагогикалық технологияларды игеріп, оларды жүзеге асыруға қатысады және әртүрлі педагогикалық ситуацияларда өздерінің психикалық күйін басқара алуға, сол жағдайда тиімді де педагогикалық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдап, іс әрекет жасауға үйренеді. 1. Әдебиет және қорлар |№ |Оқулық және оқу-әдістемелік Құралдың |Саны |Студент саны|Қамтылу | | |атауы | | |пайызы,% | |1 |Қазақстан Республикасында білім беруді|4 |9 |100 | | |дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған | | | | | |мемлекеттік бағдарламасы// Егемен | | | | | |Қазақстан 2010-16 қазан | | | | |2 |Борибеков К.К. Основные направления |12 | |90 | | |развития технического и | | | | | |профессионального образования в | | | | | |Республике Казахстан (в условиях | | | | | |перехода на 12-летнее среднее | | | | | |образование) // Наука и высшая школа | | | | | |Казахстана, 01.10.2004, - С.12-19 | | | | |3 |Жадрина М.Ж. Проблема определения |62 | |80 | | |многоуровневой системы ожидаемых | | | | | |результатов обучения в школе. // | | | | | |Открытая школа, 2004.- №№8(33). — С. | | | | | |3-9 | | | | | | | | | | |4 |Муканова С.Д. Образование, |4 | | | | |ориентированное на результат: единство| | | | | |и многообразие //Открытая школа, | | | | | |2005.-№4 (41). — С. 6-9 | | | | |5 |Лернер П.С. Модель самоопределения |30 | | | | |выпускников профильных классов средней| | | | | |общеобразовательной школы // Школьные | | | | | |технологии. №4, 2003. | | | | |6 |Тажибаева С.А. , Проблемы профильного|20 | | | | |обучения // Открытая школа,2006 №3 | | | | |7 |СаудабаеваГ. Профессиональная |68 | | | | |ориентация учащихся старших классов | | | | | |средней общеобразовательных школов... | | | | | |Дисс. на соискание уч. степени канд. | | | | | |пед. наук., А., 1995, 14-6. | | | | |8 |Дуйсембекова Ш.Д. Профессиональное |4 | | | | |самоопределение старшеклассников Семей| | | | | |2013 | | | | |9 |Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А |6 | | | | |1987. | | | | | |Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. | | | | | |Инабаттылық дәрістері А 1987 | | | | |10 |Елеусізова С. Қарым – қатынас |10 | | | | |психологиясы. А 1995. | | | | |11 |Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992. |5 | | | |12 |Синица И.Е. Педагогтық әдеп және |20 | | | | |ұстаздық шеберлік. А 1987. | | | | |13 |Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық |10 | | | | |білім беру саласындағы мұғалімді | | | | | |жалпы педагогикалық дайындау. | | | | |14 |Грехнев В.С. Педагогикалық қарым – |5 | | | | |қатынас мәдениеті. 1990 | | | | Дәрістер №1 Тақырып «12жылдық білім – қазақстан мектебінің болашағы» Мақсаты:12 жылдық білім беру үрдісіне көшу жағдайымен танысу 1. 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу жағдайы 2.12жылдық білім туралы түсінік Мазмұны 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық- педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде. Жалпы орта білім беретін оқу орындарының бағдарлы сыныптарына оқушыларды қабылдау ретін және оқушылардың білім жетістіктерінің рейтінгісі болып табылатын портфолио жөнінде жан – жақты жұмыстар топтамасы ұсынылады. «Мен таңдауды үйренемін» атты бағдаралды, бағдарлы сыныптарда жүргізілетін, оқушылардың саналы түрде өзінің таңдай алу мүмкіндігін, өздігінен шешім қабылдауын, бағдарлы сыныптарды өзі таңдауын, кәсіптік өзін- өзі анықтау қабілетін қалыптастыруға арналған 3 бағыттағы және 6 кезеңнен тұратын бағдарлама, осы салада жұмыс атқарушы ұстаздар үшін қажетті әдістемелік нұсқау болып табылады. Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б. ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс - әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жаңа ізденістерден, оқушымен, ата – анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады. Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтің өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым – қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін. Өзін-өзі тексеру сұрақтары • 12жылдық білім – қазақстан мектебінің болашағы • 12-жылдық беру мәселелері,перспективасы • К.Р. білім беру жүйесін модернизациялау Дәріс 2 Бейімді оқытуды ұйымдастыру Мақсаты: Бейімді-бағдарлы оқыту туралы түсінік Бейімді оқытудың мазмұны Бейімді оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу Мазмұны Бейімді оқыту дегеніміз бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды жіктеуге, оқушыны элеуметтендіруге,сонымен бірге мектептің жоғарғы сатысы мен орта және кәсибі білім берудегі сабақтастықты жузеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі. Кәсіптік бағдар беру деп жеке тұлғаның,қоғамның ,мемлекеттік мүддесі үшін, нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен күәландырылған нақты кәсибі мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты үрдісін айтамыз.Кәсіптік бағдар беруде жастарға психологиялық көмек көрсетуге болады,олардың кәсибі қызығушылығын, бейімділігін анықтауға көмектеседі. Бейімді оқыту тұлғалық бағдарлық білім беру парадигмасын жүзеге асыруға бағытталған.Бейімді –бағдарлы оқытудың мақсаты – жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы туралы идеялар өткен ғасырларда прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық ой пікірлерде өз жалғасын тапқан Я.А.Коменский, Ш.Амонашвили, Д.Локк, К.Д.Ушинский, Г.И.Шамова, В.С.Мухина, В.А.Мясищев, Фрейд; Л.С..Выготский, В.Г.Белинский, .А.Рубинштейн, және т.б. Жеке тұлғаның ғылыми тұрғыда тусінуі әр турлі жеке тұлға теориясын өмірге әкелді, соның ішінде: - биологиялык - әлеуметтік - педагогикалық Биологиялық теория 17 ғасырда пайда болған әйгілі ағылшын ғалымы зерттеген Ч.Дарвиннің көзғарастарының технологиясы және басқа ғылымдарға тигізген әсерінің негізінде 19 ғасырда дамыды,оған үлес қосқан ғалымдар (П.К.Анохин, В.М.Бехтерев, А.Илиада т.б.). Биологиялық теория бойынша адамның ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін оған тән тұқым қуалаушылық қасиеті.Осы өзара қарым қатынас кезінде ағза мен оның тіршілік ету шарт аралығында туатын қарама қайшылықтарды жоюға бағытталған мүмкіндік беретін физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К.Анохин). Сұрақтар Өзін-өзі тексеру сұрақтары Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы Бейімді оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі Бейімді оқытудың проблемалары Шетел мектептерінде бейімді оқытудың жағдайы Оқушылардың бейімді оқытудағы портфолиосы Бейімді оқытуды ұйымдастыру моделі .Бейімді оқытуды басқару мекемелері Дәріс 3 К.Р. білім беру жүйесін модернизациялау 1.Ресурс орталықтарының жұмысы 2. Білім беруді дамытудың бағыттары Мазмұны Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Білім ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Елбасы биылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның дамуының басты шарты қоғам мүшелерінің білім деңгейінің артуына тікелей байланысты екендігін атап көрсетті. Демек, отандық білім жүйесі өз қызметін «білім беруге салынған бүгінгі инвестиция – мемлекеттің ертеңіне жасалған қамқорлық» деген қағидатқа сүйеніп жұмыс жасау керек деген сөз.Жалпы білім бастауын мектептен алады, оның қайнар көзі десек те болады. Сондықтан, мектеп неғұрлым таза, серпінді,шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болады. Нәтижесінде отбасы, қоғам, өмір жақсарып,сапалық көрсеткіштер жоғарылайды. Бір жылға жоспар құрсаң – егін ек, жүз жылға жоспар құрсаң – ағаш ек, ал мәңгілік мұратты көздесең – ұрпақ тәрбиеле деген ғибрат бар. Бұл жауапкершілігі зор, салмағы ауыр міндет.Өйткені бүгінгі жас буын – ел болашағының ертеңгі кілті. ХХІ ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтардың дәуірі.Оған лайық болу- қазіргі жаһандану процесіндегі кез – келген мемлекеттің негізгі ұстанымы. Ендеше біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың бастауы – білім ордалары десек, оның жүрегі де, тірегі де мұғалімдер қауымы. Өзін-өзі тексеру сұрақтары К.Р. білім беру жүйесін модернизациялау Бейімді оқытудың мазмұны Бейімді оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі Бейімді оқытудың проблемалары Дәріс 4 Бағдарлы оқыту туралы түсінік 1 Бағдарлы оқыту 3. Бағдарлы оқыту пәндері оқытудың берілген бағдарын таңдап алған оқушылар үшін міндетті. Мазмұны Бағдарлы оқыту – бұл жалпы білім беретін мектептің жоғары буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғары сатысы мен орта және жоғары кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі. Бағдарлы оқытуды енгізудің мақсаты – жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады. Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын. мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады. Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті бағдарлардың икемді жүйесін жасауға және мектептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін мекемелермен үйлестіруге келіп саяды. «Бағдарлы оқыту» және «кәсіптік білім беру» ұғымдарын шатастыруға болмайды. Кәсіптік білім беру деп жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін, нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен куәландыратын нақты кәсіби мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты процесін түсінеді. Бағдарлы оқыту идеяларының шығуы мен дамуы оқу жоспарларының құрылымын жетілдіру және базистік оқу жоспарын жасау мәселелерімен тығыз байланысты. Бағдарлы оқыту пәндері оқытудың берілген бағдарын таңдап алған оқушылар үшін міндетті. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдаяттар білім беру ұйымдарының түлектеріне елеулі жоғары талаптарды жүктейді. Бұл жағдайда жалпы білім беру мақсаты көп міндетті компетенциялармен (құзырлармен), шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларда бағдарлана алуға дайын адамды дамыту болып табы-лады. Жоғары сыныптардағы бағдарлы саралау осы міндетті жүзеге асыруға бағытталады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары Бағдарлы оқыту і оқытудың мазмұны Бағдарлы оқыту оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі Бағдарлы оқыту оқытудың проблемалары Дәріс 5 Педагогикалық технология бастауыш мектеп мұғалімінің педагогикалық шеберлігінің құрамдас бөлігі ретінде. 1.Педагогикалық технологияның мәні. 2. 12 жылдық білім беру жағдайында мұғалімнің тиімді технологияны қолдануы Мазмұны . «Технология» деген сөздіктің түп тамыры гректің techne - өнер, шеберлік, кәсіп + logos - ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түбірдің бірлігінен өндіріс процестерін жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы немесе білім немесе шеберлік туралы ғылымды білдіретін сөз пайда болады, мысалы, металдар технологиясы, экологиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және тағы басқалар. Бұл термин сонымен бірге мүлдем басқаша белгілі қажетті шикізат формаларын өзгерту, материалдары немесе жартылай фабрикант өнімді өндіріс процесінде жүзеге асыратын өңдеу жиынтығы ретінде анықталады. Технологияның ғылым ретіндегі міндеті – физиологиялық, химиялық, механикалық және басқа да заңдылықтарды айқындап тәжірибеде өндіріс процесінің ең тиімдісін анықтау және қолдану. В. В. Беспалько ұсынған өте кең тарап кеткен технология ұғымына анықтама болып отыр: технология – білім берудің мақсатын тиімді жүзеге асырудың негізі болатын теориялық негізделген оқыту мен тәрбиелеу процесін суреттеп берудің құралдары мен әдістерінің жиынтығы болады. Технология оған сәйкес ғылыми жобалауды ұйғарады, онда бұл мақсаттар жеткілікті дәрежеде бір жақты беріледі және онда қол жеткен нәтижелерді сатылы өлшеу мен бағалауға объективтік мүмкіншілік сақталады . Дәріс 5 Сұрақтар: 1 Қазақтан Республикасындағы12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдама жобасы Белсенділік, оның түрлеріБастауыш білім беру стандарты Дәріс 6 12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігі. 1.12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігі. 2.Мұғалім тұлғасының сапасын айқындау Мазмұны 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қалыптастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені, Ы.Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі», - деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түседі. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Ахмет Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген ғой. Қазіргі таңдағы болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастыруға жаңаша көзқараспен қарауға тиіспіз. Бұрынғы жоғарыдан берілетін бұйрық арқылы іс істеп, оның нәтижесі жайында есеп беру мәселесі мүлдем жойылды. Олай болса, білім беруді ізгіліктендіре отырып, болашақ маманның өз іс - әрекетіне өзі жауап беріп, оған ұқыптылықпен қарап, өз ойын, білімі мен білігін жалтақтамай жүзеге асыруына мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да, педагогикалық практика кезінде неғұрлым шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік берілсе, соғұрлым болашақ маманның тұлға ретінде жетілуіне жағдай жасалады. Білім беруді игіліктендіру мұғалім мен оқушылардың қарым – қатынасына өзгеріс енгізіп, болашақ маманның адамгершілігі мол, икемді де инабатты, кішіпейіл, әдепті тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік тудырып отыр. Болашақ маман өзінің педагогикалық іс - әрекетінде бостандық шеңберінің кеңдігін сезінуге жағдай мол. Сұрақтар 12 жылдық білім беру сатылары.Оқу жоспары.Оқу бағдарламалар оқулықтар жайында. Ата-аналардың 12 жылдық білімге көзғарастары. 12 жылдықта жеке тұлғаға рухани- адамгершілік білім беру мәселелері Дәріс 7 12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі 1.12жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі 2. Жаңа формация мұғалімі Мазмұны Педагогикалық ғылымда «кәсіби біліктілік» түсінігі былай қарастырылады: білім мен білік жиынтығы, еңбек нәтижесін анықтау; орындалған міндеттерге жету көлемі, жеке сапалы қасиеттер комбинациясы, білім кешені және кәсіби маңызды жеке қасиеттер; шеберліктің векторы, теориялық және практикалық еңбекке дайындық бірлігі. Білім жетілдіру жүйесіндегі педагогты оқыту екі қайталанатын циклдік бөлімнен тұрады – курстық және курсаралық, бұлардың әрқайсысының өзіндік бағыттары бар. Жаңа формация мұғалімі. Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Егер мұғалімнің өзі жан - жақты дамыған, адамзат әлеміндегі рухани байлықты бойна жинамаған, соны бағалай алмайтын адам болса, онда ол жан - жақты рухани жағынан бай жеке тұлғаны қалай тәрбиелемек? Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек. Жаңа формация мұғалімі. 1. тұлғалық бағдарлы білім беру туралы айтқан педагогтардың ой пікірлері 2. Мұғалім бойындағы кәсіби біліктілік, сапалық қасиеттер қандай критериймен өлшенеді Модуль 3 Дәріс 8. Муғалімнің кәсіби құзіреттілігі. 1. Муғалімнің кәсіби құзіреттілігі 2. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жағдайлары. 3. Кәсіптік өзін- -өзі анықтау 4. Мазмұны Құзыреттілік (компетентность) ұғымы белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің негізін білімділік, хабардарлық және іс-әрекет тәжірибесі құрайды. Осы арқылы құзыреттілік ұғымының жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше тәжірибені меңгеру негізінде құзыретті болады. Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады. Ш.Таубаева: «Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады. «Құзыреттілік – білімдер мен іскерліктерді, іс-әрекет тәжірибесін меңгеру нәтижесінде белгілі бір іс-әрекет түрін табысты жүзеге асыруға қабілеттілігін сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері». Құзыреттілік дегеніміз қызметтегі тұлғаның жеке мүмкіндіктерін, оның белгілі бір мәселені шешуге жағдай жасайтын біліктілігін (білім, тәжірибе) атайды. Сұрақтар Бағдарлы және бейімдіоқыту туралы не білесіз? ҚР. Білім беру заңына еңгізілген өзгерістер Дәріс 9 Оқушылардың қабілетіне қарай оқуға қызығушылыктарын арттыру 1.Оқушылардың қабілетіне қарай оқуға қызығушылыктарын арттыру 2. 12 жылдық білім беруде тұлғаның қажеттіліктері мен мотивтері. Мазмұны Оқушылардың өздері оқу бағытын демократиялық анықтау жағдайын-дағы нақты тәжірибеде оқу бағдарын кездейсоқ (ата-аналарының талабы, жолдастарымен бірге болуға талпыныс, беделді жоғары оқу орнына түсуге бағыт- талуы және т.б.) таңдап алатын жағдайлар кездеседі. Оқушылардың оқуға қызығушылыклары орнықты емес. Кейбір оқушылар оларды бағдарлы сыныптарға қабылдау кезінде, жалпы алғанда, өздерінің ниеттерін байқатқандықтарымен (таңдап алынған пәндік білім саласында жақсы дайындығы болуы) ары қарай бүл сыныпта оқу барысында қанағаттанбаушылық, оқу жүктемесінің артуын сезінуі нәтижесінде оқу бағдарын ауыстыруға ниет білдіреді. Бүл оқушылардың оқу мүдделерінің орнықты еместігін және өзгермелі екендігін көрсетеді, тек уақыт пен педагогикалық жағдайлар ғана олардың орнықтылығын тексеруге мүмкіндік туғызады. Осы түрғыда білім мазмүнын бағдарлы саралауды үйымдастырудың неғұрлым оңтайлы жолдары мен түрлерін жүзеге асыру орынды болмақ. 12 жылдық білім беруде тұлғаның қажеттіліктері мен мотивтері. Адамның өмір сүру әрекеттерінің қоғамдық негіздері туралы дәстүрлі білім жеке тұлғаның қалыптасуы,эмоционалды ерік спалары,өзін-өзі тану,өзін іске асыру механизмдері туралы білімдерімен толыға түсті.Социологияның өзіндік аспектісі осында жатыр,оған назар аударған түбі ресейлік американ социологі Питирим Сорокин (1889-1968).П.Сорокин социологияның зерттеу обьектісі,ең алдымен,адамдардың әлеуметтік мінез-құлығымен әрекеті,әлеуметтік топтар және бүтіндей қоғам болып саналатындығын айтады.Оның ойынша,барлық қоғамдық өмір мен барлық әлеуметтік процестер екі немесе одан да көп индивидтердің өзара әсерлесу құбылыстары мен процестеріне бөлінуі мүмкін. Индивид(лат. Individ – бөлінбейтін, ақырғы) – адамзат тегінің бір ғана өкілі және оның «алғашқы кірпіші»,жеке даралық-бір индивидті басқасынан ажыратушы қасиеттер жиынтығы. Сұрақтар • Оқу жоспарының түрлері, айырмашылықтары,ұқсастығы. • 12-жылдық жалпы орта білім беру үлгілерінің салыстырмалы сипаты. • 12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігі. Дәріс 10 Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын дамытуда мектептін рөлі 1. Дарынды балаларды анықтау. 2. Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты Мазмұны Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту- бүгінгі күннің басты талабы. Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1.Оқушылардың зерттеушілік жүргізу біліктілігі 2. Қ.Р. білім беру жүйесінде дарынды балаларды тәрбиелеу және дамыту Дәріс 11 Жаңа үрдістегі білім беру жүйесі 1. Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, 2.Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау. Мазмұны Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2050 бағдарламасы). Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата- 5анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді. (И.С.Кон). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Білім беру мазмұны.,білім,білік,дағды түсініктеме беру 2. 12 жылдық білім беру жобасы. 3. Технология ұғымы туралы түсінік беру * Дәріс 12 Кәсіби бағдар беру жүйесінде тұлғалық –бағдарлық білім беру мәселелері. Кәсіби бағдар беру жүйесінде тұлғалық –бағдарлық білім беру мәселелері. Мазмұны 1. Қазіргі кезеңде білім беруді реформалау үрдісінде ұлттық құндылықтың қалыптасуы өте маңызды болып саналады.Ел Президенті ұсынған әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті өркендеген 50 елдің қатарына кіру стратегиясы осы аса жауапты міндеттерді іске асыруды көздейді.Жақында ғана «жаңа әлемдегі жаңа Қазахстан атты жолдауында да Н.Назарбаев «Еңбек рыногының даму ырғағы мен келешегіне сәйкес келетін білім беру мен кәсіптік қайта даярлаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат бағыттарын атап көрсеткенӘлемдік бәсекелестік нысанында табысқа жету үшін күшті рух пен тұлғалық бағдарлық білім беру өте қажет.Жолдауда көрсетілген осы заманның білім беру мен кәсіптік бағдар беру мәселесі нақтыланғаны де бізге мәлім.Жаңа 12 жылдықбілім берудің тарихи кезеңдегі білімнің мәні оның тек танымдық сипатымен ғана емес, жастардың өмір дағдыларының негізіне қаншалықты сай келуімен де өлшенбек.Бұл – отандық білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен ықпалдастырудың шешуші шарты. Білім беру мазмұны.,білім,білік,дағды түсініктеме беру 2. 12 жылдық білім беру жобасы. 3. Технология ұғымы туралы түсінік беру Дәріс 13 Тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары Мазмұны Тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары баланы белсенді түрде демеп отырған жағдайда ғана сәтті болады. Тәрбие теориясы педагог- практиктерді кәсіптік біліммен қаруландыра отырып, әр жастағы, топтардағы балаларды оқытып, тәрбиелеу ерекшеліктерін, әдіс-тәсілдерін меңгеруге, тәрбие ісінің нәтижесін алдын ала болжауға және оны жоспарлап, іске асыруға мүмкіндік туғызады, тәрбиенің нәтижесін анықтаудың тиімді деген ғылыми жолдарын қарастырады. Тәрбие мәселесін ғылыми түрғыдан анықтауда педагогика оны жалпы тұрғыда қарастырмайды. Қоғамның тарихи даму сатысындағы тәрбиенің белгілі мақсаты мен міндеттерін айқындай отырып, оның сол қоғамның тілек- мүдделеріне сай келуін зерттеп іздестіреді. Бұл жағынан алғанда педагогика іргелі ғылым болып саналады, сондай-ақ тәрбие теориясына сүйене отырып, оқу- тәрбие жүйесін құрудың жолдарын, оны іске асырудағы әдіс-тәсілдерді сөз етеді. Сөйтіп, қолданбалы ғылымның ролін атқарады Педагогика ғылымы теориялық жағынан іргелілік сипатта болса, тәрбие мен оқытудың тсориясын іске асыру жағынан қолданбалы сипат алады. Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, тәрбиеге қоғамдық бақылау және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне мақсаттылықпен аның жеке басындағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістер оның өзінің белсенділігін арттыру жолымен іске асырылады. Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. Мәселен, дененің дамуы дене шынықтыру жаттығулары арқылы, ал адамгершілік тәрбиесі адамгершілік тәрбиеге тұрақты түрде бағыттау арқылы іске асырылады. Тәрбие ісі екі жақты байланыс арқылы жүзеге асады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1.Оқушылардың зерттеушілік жүргізу біліктілігі 2. Қ.Р. білім беру жүйесінде дарынды балаларды тәрбиелеу және дамыту Дәріс 14 Бағдарлы- бейімді оқыту жеке тұлғаға бағытталады Мазмұны Тұлғааралыұ қарым қатынас Бағдарлы- бейімді оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып ,мынадай міндеттерді де шешуді қамтамасыз етеді: - жалпы орта білім бағдарламасының жеке пэндерін тереңдете оқыту - білім мазмұнын мәнді саралап жіктеуге және жоғары сынып оқушыларының оқыту мазмұнын жеке білімдарлық бағдарламаларының мүмкіндігін кеңінен қолдануға жағдай жасау. - Оқушылардың элеуметтік мүмкіндігін кеңейту,орта және кәсибі білімнің сабақтастығын қамтамасыз ету, жоғары кәсибі білімге бітіруші түлектерді тиімді дайындау.Бейімді оқыту жеке тұлғалық –бағдарлық білім беру режимінде еңгізілген Осыған байланысты,келесі тиімді кәсіби қасиеттер дамыту қажет. Оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін дамыту,өзін-өзі сыни тұрғыда бағалау,рефлексия,. хабарламалық және коммуниктивтік мәдениет; кәсіпкерлік мәдениет.Бейінді оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың білім алуының жеке қабілеті мен қажеттілігіне сәйкес болуы және кәсіптік бағдар беруді қамтамасыз ету, жалпы білім мен кәсіптік білім берудің сабақтастығы болып табылады.Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін, оқушылардың алғашқы сатыдағы іс-әрекет түрлеріне қабілетін анықтау,қажетті жағдайда оқушыларды бағдарлай білу.Оқушылардың қабілетін,қызығушылығын және қажеттігін жүзеге асыруын қамтамасыз ету кәсіби білімінің дамуының мүмкіндігін қадағалау, таңдаған мамандығы бойынша жұмыспен қамтамасыз ету.Шығармашылық дербестігін дамыту,жалпы адамзаттық құндылық бағытын қалыптастыру,қоғамның белді мүшесі болып еңбек етуге және өмір сүрүге,кәсіптік білімін жалғастыруға бітіруші түлекті қамтамасыз ету. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Бағдарлы- бейімді оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып ,мынадай міндеттерді де шешуді қамтамасыз етеді: 2. Қ.Р. білім беру жүйесінде дарынды балаларды тәрбиелеу және дамыту Дәріс 15 Тұлғаны қалыптасыру, оның шығармашылық даралығын дамыта отырып, бар мүмкіншілігін ашу, оны жүзеге асыру Мазмұны Қазіргі қоғамның даму қарқыны білім берудің мақсаты мен міндеттерін қайта қарауды талап етуде. Тұлғаны қалыптасыру, оның шығармашылық даралығын дамыта отырып, бар мүмкіншілігін ашу, оны жүзеге асыру – бүгінгі білім беру жүйесінің басты бағыты. Білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптасыру. Бұл білім берудің мазмұны мен оқыту технологиясына өзгеріс енгізу қажеттілігін көрсетеді. Білім беру үрдісінің барысында әрбір жеке тұлғаның даралығын ашу ғана тұлғаға бағыттап білім берудің құрылуын қамтамасыз ете алады. Осы мақсатқа тұлғалық бағдарлы білім беру арқылы қол жеткізуге болады. Философиялық тұрғыдан «тұлға» ұғымы ондағы саналы еріктік бастаманы айқындайды. Индивид тұлға деп аталу құқығына неғұрлым ие болған сайын, ол өз тәртібінің мотивтерін анығырақ сезінеді және оны бірыңғай өмірлік стратегиясына бағындыра отырып, оны соғұрлым бақылауға алады. Тұлға ұғымы тек қоғамдық қатынастар жүйесінде, адамның әлеуметтік рөлі туралы ғана айтуға болатын жағдай емес, әрі оның даралығын сақтауға да мағынаға ие болады. Бұдан даралық – индивидтің өмір сүруінің қоғамдық тәсілі, ал тұлға – адам болмысының дараланған тәсілі деп қорытынды жасауға болады. Қазіргі психологиялық және философиялық тұжірімдамалар тұлғаны «заттық-өзгертуші және мәдни-тарихи әрекекттің толық мәнді субъектісі» ретінде анықтай отырып, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына басымдылық береді. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде тұлға мәселесімен көптеген ғалымдар айналысты және айналысуда (Б.Г. Ананьев, Р.Н.Асмолов, Л.И. Божовия, А.Н.Леонтьев, Б.Ф.Ломов, А.В. Петровский) Тұлға өз құрылымын адамзат әрекетінің тұрлік құрылымынан алады. М.С. Каганның пікірі бойынша, танымдық, құндылық, шығармашылық (нәтижелі), коммуникативтік және көркемдік әлеуеттермен сипатталады. Қазіргі педагогикалық және психологиялық зерттеулерде тұлғаның даралығы, оның қабылеттерін дамыту, оның өздінгінен дамуына жағдай жасау проблемасыоқытудың тұлғалық бағдарланған жүйесін ұйымдастыруда өзінің тиімді шешімін табуда. Бұл зерттеулерде тұлғаныдамытудың гуманистік тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталғантұлғалық-бағдарлы білім берудің негізгі психологиялық педагогикалық заңдылықтары ашылады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Тұлғаны қалыптасыру, оның шығармашылық даралығын дамыта отырып, бар мүмкіншілігін ашу, оны жүзеге асыру: 2. Қ.Р. білім беру жүйесінде дарынды балаларды тәрбиелеу және дамыту - Дәріс 16 Тұлғаның табиғи мүмкіндіктері мен қабілеттерін тұтас дамытуға бағытталған, оқытудың психологиялық негіздері - Мазмұны - тұлғаның табиғи мүмкіндіктері мен қабілеттерін тұтас дамытуға бағытталған, оқытудың психологиялық негіздері; - Гуманитарлық педагогикалық білім беру тұжырымдамасы; - Білім беруге тұлға тұрғысынан келу тұжырымдамасы; - Біртұтас оқу-тәрбие процесінде оқушының жеке басын қалыптастыру; - Тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясының педагогикалық аспектілері; - Білім алушыларда оқытудың субъектілігін дамыту және өздігінен дамуы. Психология-педагогикалық әдебиеттерді талдау, ақиқат дүниені оқушылардың тану процесінде олардың табиғи мүмкіндігін, қабілетін, жас ерекшелігін есепке алу және оның тұлғалық дамуы мен өздігінен дамуына қажетті жағдай жасау керектігін көрсетті. Жеке жағдайда, психологиялық-педагогикалық ғылымда, оқытудың субъектілігі «субъектінің өзінің өмір сүру элементі» ретінде түсіндіріледі; әрекетте – болжам жасау, таңбалау және көшіру кезеңдерін жүзеге асыру ретінде; мақсат қою; жоспарлау, оқу міндетін атқару және бақылаудың саналы әрекеті ретінде көрсетіледі. Дүниені ғылыми тану зерттеулерінде көрсетілгендей, адам психикасының, санасының, тұлғаының тінін психикалық процестер құрайды. Ғылымда психикалық процесстер деп шындықтың бейнеленуінің динамикалық әрекетін: түйсік, қаьылдау, ес, ойлау, қиял, эмоциялар яғни қоршаған дүниенің бейнеленуін, білім мен иекмділіктің қалыптасуын, өмірлік тәжірибе және әрекетті жүзеге асыруды қамтамасыз етуді түсінеді. Педагогикада «тұлғалық бағдарлы білім беру» термині қазіргі уақытта кеңінен қолданылады. Тұлғалық бағдарлы білім беру негізінен соңғы нәтижеге яғни құндылықтарға бағытталады. Осы мәселенің шетелдік педагогикадағы даму ерекшеліктеріне, теорияялық-әдіснамалық талдау жасап көрелік. Қазіргі шетелдік тұлғалық бағдарлы тұрғыдан білім беру ХХ ғасырдың 60-80 жылдары пайда болған гуманистік тәрбие мен тұлға дамуының тұжырымдамаларын жасаушыларының есімдерімен тығыз байланыста. Осы тұжырымдамалар негізінде Абрахам Маслоудың («Гуманистік тұлға теориясы»), Карл Роджерстің (Феноменологиялық тұлға теориясы») еңбектер жатыр. А. Маслоу білім берудің гуманистік бағытта жүргізілуін қолдау арқылыоқушылардың қызығушылықтарын, психикасын, жеке ерекшеліктерін есепке алып, бала тұлғасын құрметтеу керектігін айтқан. Психологияда өзіндік қажеттілік (ағылшынша «self-actualization») ұғымын американдық ғалым Абрахам Маслоу енгізді. Бүгінгі педагогикада оның «өзіндік қажеттігін тану» - өз мүмкіндігін, әлеуетін жүзеге асыруға ұмтылу. Ал өз қабілетін, талантын, яғни бойындағы барын іске асыру арқылы адам толық тұлғалық қалыптаса алады» деген пікірі аса құнды. Оның теориясы бойынша адамның дамуы екі жағы бар қажеттілік пирамидасына ұқасйды: бір жағынан әлеуметтік тәуелділігі, екінші жағынан оның өз қажеттігін тани алуына қатысты танымдық табиғаты. А.Маслоу жалпы қажеттіліктерді туа пайда болған деп, алғашқы үш деңгейді физиологиялықәлеувметтік, психологиялық қажеттік ретінде қарастырады. Төртінші деңгейді өзін-өзі құрметтеу, қадірлеу үшін атқарылатын әрекеттер ретінде, ал бесінші, деңгей – шығармашылық қажеттік, өз мүмкіндігін жүзеге асыру өзіндік қажеттігі деп есептейді. А. Маслоу пікірінше, тұлғаның ізгіліктігі мен дамуының бастауы, қайнар көзі қоғамның күшінде емес, тұлғаның өз бойында жатыр. Қоғам оның дамуына не көмектесе, не кедергі келтіре алады. Сұрақтар 1. 12 жылдық білім беруде тұлғаның алатын орны. 2. Тұлғааралыұ қарым қатынас Тұлғалық бағдарлы білім берудің әдіснамасы 3. Тұлғалық бағдарлы білім берудің педагогтардың ой тұжырымдамасы Дәріс 17,18,19,20 -4сағ. Оқыту әдісінің мәні және оған анықтама. 1. Оқыту әдісінің мәні және оған анықтама. 2. Жаңашыл педагогтар оқыту әдістері туралы ой пікірлері Мазмұны Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқыту үрдісінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді творчестволықпен жүзеге асыруына байланысты. Бүгінгі күн шындығы оқыту әдістері туралы жаңаша ойлауымызды қажет етеді. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында оқыту әдістерін жетілдіру және білім сапасын арттыру міндеттері көрсетілген. Алайда оқу-тәрбие үрдісінде кең орын алған формализмнің нәтижесінде көптеген оқу орындарында оқу сапасының құлдырап кеткендігі айтылған. Тұжырымдамада оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жоғарғы сатыдағы бейімдік және кәсіптік бағдарлы оқыту жүйесін құру делінген (Егемен Қазақстан 26 желтоқсан, 2003 жыл). Педагогиканың дидактика бөлімінде оқыту әдістерін жетілдіру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Оқулықтарда оқыту әдістерінің топтары, олардың жіктелуі туралы әртүрлі пікірлерді кездестіруге болады. Ал, соңғы оқыту әдісіне берілген анықтамада мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас көрсетілмейді.Сондықтан оқыту әдісінің субъективті –субъективтілік ішкі заңдылық негізі ашылмаған. Бұл жағдайда оқыту үрдісі барысында оқушы пассивті позицияда қалады. Ал, оқушының оқыту үрдісінде белсенді ролі болу үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым- қатынассубъектісі-субъектілік негізде құрылуы керек. Сонымен қазіргі педагогикада оқыту әдісі оқушылардың білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған оқушы мен мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс-әрекеттің субъектісі-субъектілік қарым-қатынас құралдары ретінде анықталады. И.П.Подласый оқыту әдістерін бес топқа бөлді: а) практикалық, іс тәжірибе, оқу еңбегі; ә) көрнекілік, иллюстрация, демонстрация; в) сөздік, түсіндіру, әңгме, дәріс, пікір-талас; г) кітаппен жұмыс әдісі: оқу, жаттау, реферат жазу, жоспар құру, конспект жазу; д) бейне таспа әдісі, көру, «электрондық мұғалім», бақылаушы, бақылау. Сұрақтар Оқыту әдісінің мәні және оған анықтама. И.П.Подласый оқыту әдістерін топқа бөлуі Дәріс 21 Жаңашыл-педагогтардың тәжірибесі Мазмұны Жүйенің жоғарыдағы түрі жаңашыл-педагогтардың тәжірибесінде кең қолданылады. В.Ф.Шаталов өзінің оқыту жүйесінде бұл әдістердің (ауызша, көрнекілік, практикалық) бәріне сүйенеді. Ол оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру үстінде көркем де айшықтап, есте жақсы сақталатын жұмыстарды, сөздерді қолданады. Виктор Федорович – тамаша шешен адам, өз ойын сырлы сөздермен жүйелі де нақты бере алады. Ал жаңа сабақты қысқа да қызықты етіп қайталау кезінде көрнекілік әдісіне сүйенеді. Ол өз жұмысында тірек ұғым, амалдарын пайдаланады, бірақ бұл сигналдар жалаң көрнекілік, схемалық қызмет атқарып қоймайды, ішінде логикалық себеп-салдарлық қатынастағы жаңа информацияның мазмұнын бере алатын конспект түрінде де беріледі. Тірек сүйеніш сигналдары оқушы үшін ойлану мен дәлелдің алгоритмі болып табылады. Оның барлық ықыласы айтқанды есте сақтап, қайталап беруге емес, сабақтың ішкі мәнін ұғып, ойлануға, байланыстардың себебі мен салдарын түсінуге бағытталады. Оған қоса тірек сигналдарының жоғары сатыға көтеретін жұмыстарының түрлері дет ойластырылған. Бұл әдістің өмірдегі көрінісінің жарқын мысалы ретінде жаңашыл пеедагог Т.И.Гончарованың тәжірибесін алуға болады. Ол өзінің мектептегі алғашқы жылдарын есіне түсіре отырып оқушылармен қарым-қатынасын былай суреттейді: “… Оқушылардың неше түрлі қызықты аңыз, әңгімелерді, тамаша ертегілерді айтып бергенше асық болдым. Сонша материалдарды жас тыңдаушыларыма қалай жеткізерімді, тарихи заңдылықтарды нақты дәлелдермен қалай түсіндірерімді ойлағанда қуаныштан өзімді қоярға жер таппадым. Мен балаларға өзімнің бар білімімді бүгінгі мен бұрынғы туралы түсінігімді, терең ойларымды жайып салдым…” Демек, бұл жердегі негізгі әдістің түсіндіру-сипаттау әдісі екенін көреміз. Әрине, негізгі ауыртпалық оқытушыға түседі, ал оқушылар тек тыңдаушы ролін атқарады. Сұрақтар В.Ф.Шаталов –жаңашыл педагог. Қазақстандағы жаңашыл педагог. Идеялары Дәріс-22 12 жылдық білім беруде мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі 1. Мұғалім қызметінің ерекшелігі 2. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі 3. Дидактикалық дайындық – кәсіби педагогикалық даярлықтың негізгі жөне маңызды саласы. Мұғалім қызметінің ерекшелігі Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын ориы айрықша. Мектеп — қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті түрмыста кездесетін дағдылар аркьілы баланың жан д үниесіне оәсер ететін білім мен торбиенің алғашқы баспалдағы — бастауыш мектеп. Бастауыш саты — білім, дағды, іскерліктің қалыптасуьгаың бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кезкелген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта каланбак. Сондыктан оның сипаты мен мазмүны, оқытудың оәдістері меи формалары қазіргі жағдайда жан- жак-ты тадданып отыр. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оныц адамгершілігінің, белсенділігінін калыптасуы мектепке дейінгі тоәрбие мен бастауыш сыныптарда жузеге аспақ. Оқушының рухани күш-куаты мен ерік- жігерінің, шығармашылық қабілетінін, жалпы мүмківдіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті — жеке тулғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, окуға дегеп қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты түлға ~Ұ стаз. Тек мықты үстаз ғана осындай ауъір жүкті алып жүре алады. Сұрақтар 1. Мұғалім қызметінің ерекшелігі 2. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі Дәріс 23,24 2 сағ. Дидактикалық дайындық – кәсіби педагогикалық даярлықтың негізгі жөне маңызды саласы. Мазмұны Дидактикалық даярлықты қалай түсіну керек? Бүл - күрделі үғым. Мүғалімдердщ дидакгикалық даярлыгына жататывдар: олардың оқыту үрдісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген бііімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы (мотивтері) мен мүмкіндіктері. Нақты айтқанда, оқытудың мақсаты мен мазмү." ны оны үйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс- тәсілдерді жете біліп, іске асы-рудың жолдарын меңгеруді дидактикалық даярлықты аньгқтайтын белгілер деуге бо-лады. Осыған орай, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бой-ында мынандай дидактикальгқ қабілеттер болуы қажет: оқыту үрдісін жоспарлай білуі, оны мақсатты турде үйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы. Мектептегі оқыту дидактикалық үрдіс болғандықтан, болашақ мүғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалык. ерекшеліктерін білуі өте қажет. Оқыту үрдісінің басты компоненті — оқытудың мақсаты мен мазмүны. Оқушылардьгң ру-хани дамуына, ең алдымен, оқытудың гыльгми мазмүны мен гуманитарлық бағы-ты орасан зор ықпал етеді. Болашақ мүгалімдердің дидактикалық дайындығын арттыру үшін оларды оқыту үрдісінің зандылықтары туралы психоло-гиялык түжырымдармен, белгілі теория- лармен қаруландыру қажет. Соңгы курс-тың студенттсрі мен мүгалімдер арнаулы пондердсн алған білім, дағдыларының са-пасы мсн деңгсйі психология, педагогика, одістемелік пондеріне қарағанда жоғары скенін айтады. Осыдан келіп болашақ мүғалімдердің дидактикалық дайыңцығы-ның ойдағыдай, ал біліктілік деңгейінің жоғары болмауының себептері айқывда-ла түседі. Психологая, педагогика ғылымдарын оқыту барысывда болашақ мүғалімдердің дидактикалық білімдері мен дагдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің косіби қүрылымы мен оның моделі туралы, сондай-ақ, мектептегі оқушылардын танымдық әрекетін калып-тастырудың психологиялык, жөне әдістемелік қүралдары мен тиімді жодда-ры туралы жан-жақты білім беру міндеті туындайды. Бүл міндет ойдағыдай орын-далмаса, болашақ мүғалімдердің дидакти-калық даярлығында олқылықтардың бол-мауы мүмкін смес. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Мұғалім қызметінің ерекшелігі 2. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі 3. Мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі Дәріс 25 Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы. 1. Өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде. 2. Студенттердің өзін тәрбиелеуінің мақсаты мен міндеттері, оның қозғаушы күштері. 3. Педагог шығармашылығы педпгог шеберлігін дамыту факторы ретінде. Мазмұны Өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде. Өзін-өзі тәрбиелеу - бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы, адамның өзін дамытудағы маңызды күштердің бірі. Ол тәрбие процесімен тығыз байланыса отырып жеке тұлғаның қалыптасуын нығайта түседі. Өзін-өзі тәрбиелеу процесінде адам тәрбиелік процестің белсенді субъектісі ретінде қарастырылады. Әр адамның өз өмір жолына көз жүгіртіп, өткен-кеткенді ой елегінен өткізіп, болашағына үңіліп көрген сәттері болған шығар. Өміріндегі кейбір сәтсіздіктердің себебін анықтауға байланысты ойларға терең бойлап, өз мінез-құлқьін, көзқарастарын өзгертуге ұмтылу әр адамның өмірінде кездесетін жайттар. Бірақ бұндай құлшыныстар кейбіреулердің іс-әрекеттерінде жалғасын таппай жоғалып, ал басқаларын зор жетістіктерге жеткізіп жатады. Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі адам баласында әуелі бастауыш сынып жасынан-ақ байқалады, бірақ бұл процесс жасөспірімдік кезеңде өте жиі кездеседі. Бұл қажеттілік бірдей жастағы балалардың бәрінде біркелкі кездесе қоймайды, ол адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне, олардың жалпы талаптарды орындауға деген даярлықтарының деңгейіне байланысты. Сонымен, өзін-өзі тәрбиелеуде сыртқы педагогикалық талаптардың адамньң өзіне қоятын ішкі талаптарға айналуы қажет екен, себебі өзін-өзі тәрбиелеу адам дамуының ішкі факторына жатады. Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі - жеке тұлға дамуының негізгі формасы болып табылады. Дәріс 26,27 - 2сағат Студенттердің өзін тәрбиелеуінің мақсаты мен міндеттері, оның қозғаушы күштері Мазмұны. Адам өз бойында қандай қасиеттерді қалыптастырып, қандай жағымсыз жақтарынан арылғысы келетінін нақты біліп, сол бағытта табанды түрде өзімен жұмыс істеуі керек. Мысалы, кейбір адамдар өздерімен көп жұмыстар жүргізіп, әр түрлі жағдайларда өздерін сынап ұялшақтық, тұйықтық, жасқаншақтық сияқты қасиеттерінен арылып, жетістіктерге қол жеткізіп жатады. Адамзат тарихында өзін-өзі тәрбиелеу арқылы үлкен жетістіктерге жетіп, көпшілікке танымал болған адамдар аз емес. Бірақ ондай табысқа жету үшін ерінбей еңбектену, жалықпай жаттығу қажет. Эдисон айтқандай: «Данышпан - бұл 1 процент шабыт, 99 процент -тер төгу». Осындай адамдарды мысалға келтірсек Ольга Скороходова көзі көрмей, құлағы естімей, тілі сөйлемейтін болса да тәрбиешілердің көмегімен, алдына белгілі мақсат қойып, тынымсыз жұмыс істеу нәтижесінде төрт мүшесі сау адамдар жете алмаған жетістіктерге жеткен. Ол кітап жазды, кандидаттық диссертация қорғады, өлең шығарды, жеке басының ауыр жағдайына қарамастан адамға тән аса мол күшті жұмылдыра білді. Педагог шығармашылығы педагог шеберлігін дамыту факторы ретінде. Әр мұғалімнің кәсіби жетілуінің негізгі факторларының бірі болып оның өздігінен білім алуы қарастырылады. Өздігінен білім алу - мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру мәселесі де адамның бір алған білімімен қанағаттанбай, оны заманына сай толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана қаруланбайды, білім - үлкен құндылык, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби іс- әрекетке де жарамсыз болып қалады. Дәріс №.Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1..Өзін-өзі тәрбиелеу мен тәрбие процесінің айырмашылығы неде? 2. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не? 3. Өзін-өзі тәрбиелеу неден басталады? 4. Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері қандай? 5. Өздігінен білім алу процесі қандай қызметтер аткарады? 6. Өздігінен білім алудың қандай көздерін білесіз? Дәріс 28,29,30 -3сағат 12 жылдық білім беру және мұғалімнің кәсіби дайындығы. Мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі Мазмұны Мұғалім қызметінің бір ерекшелігі - ол үнемі өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуы. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі, яғни өзінің кәсіби сапаларын, іскерліктерін, дағдыларын жетілдіріп отыруы керек. Педагогика ғылымының негізін салушы Я.А. Коменский "Күн астында мұғалімнен жоғары тұрған ешкім жоқ",- деп мұғалім мамндығының маңыздылығын көрсеткен. Мұғалім өзін-өзі әрқашан дамытқан жағдайда ғана нағыз мұғалім бола алады. Көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап өткен. Белгілі швейцар педагогы А. Дистервег "Мұғалім үшін қастерлі міндет өзінің жек басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыру деп көрсеткен". Көренекті кеңес педагогы А.С. Макаренко өз шеберлігін жетілідудегі тәжірибесіне сүйне отырып, былай деп жазған: " ... Менің педагогикалық талантым болған емес және де педагогикаға еш әуестенбестен кездейсоқ келдім... Бірақ мен үйрендім. Мен өз ісімнің шебері болуыға тырыстым. Ал әркім-ақ өз ісінің шебері бола алады, ол үшін оған көмектесу керек, ол өзі де жұмыс істеуге ынталы болуы керек". Бұл пікірлерден педагогикалық қабілетті қалыптастыруғаболатынын байқаймыз. Ол мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуінен басталады. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі мақсаттар мен мотивтер арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңу арқылы басталады. қарам-қайшылықтарды жеңу үшін мұғалім белсенділік танытуы қажет, белсенділік қарама-қайшылықтарды жеңетін іс-әрекеттер жүйесін таңдап алу арқылы іске асады. Мұғалім өзінің іс- әрекетін кәсіби идеалмен салыстыра отырып, өзін-өзі тәрбиелейді. Өзін-өзі тәрбиелеу өз еркі мен мінезін тәрбиелеуден басталады. Өз еркін тәрбиелеу - өзін ұстай білу, жақсы көңіл-күйде бола білу, өзіне-өзі бұйрық беру, өзін-өзі иландыруды пайдалану, дербес күн тәртібін орындауы іс- әрекеттерінен құралады. Педагогикалық мамандық бір уақытта өзгертуші әрі басқарушы ммандық болып табылады. Ал тұлғаның дамуын басқару үшін құзыретті болуы керек. Құзыреттілік (компетентность) ұғымы белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің негізін білімділік, хабардарлық және іс-әрекет тәжірибесі құрайды. Осы арқылы құзыреттілік ұғымының жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше тәжірибені меңгеру негізінде құзыретті болады. Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады. Ш.Таубаева: «Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады. Сұрақтар 1.Мұғалім қызметінің ерекшелігі Құзыреттілік туралм Практикалық сабақтар Практикалық сабақ №1 Бейімді-бағдарлы оқыту туралы түсінік Жоспар: 1.Бейімді-бағдарлы оқыту туралы түсінік 2.Бағдарлы және бағдаралды оқыту Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1 Мақсаты: Педагогикалық кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік " Бейімді-бағдарлы оқыту " мағынасын анықтау. Бейімді- бағдарлы оқыту мәселесі туралы айтқан педагог ғалымдардың ой-пікірлерімен таныстыру. Бейімді-бағдарлы оқыту мәселесі туралы түсіндіру. №1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары Жоспар бойынша жұмыс жасаңыз. 12жылдық білім – қазақстан мектебінің болашағы Бейімді-бағдарлы оқыту туралы түсінік 12-жылдық беру мәселелері,перспективасы Практикалық сабақ №2 Шетел мектептерінде бейімді оқытудың жағдайы оқушылардың бейімді оқытудағы портфолиосы Жоспар: 1. Шетел мектептерінде бейімді оқытудың жағдайы оқушылардың бейімді оқытудағы портфолиосы 2.Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде. 3.Бейімді оқытуды ұйымдастыру моделі .Бейімді оқытуды басқару мекемелері 4.Бейінді оқыту формалары 5. Ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар бұл мамандар мен материалдық- техникалық, оқу-әдістемелік мүмкіндіктері кіріктірілген, толық базалық және бейіндік білім алуға негізделген, ірі білім беру орталықтарына шоғырланған ауылдағы білім беру орталығы Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3 Мақсаты:. Білім беру жүйесінің жағдайы және дамуы.Базистық оқыту жүйесі вариативті жоспар №3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 1. Жоспар бойынша жұмыс. 2. Бір іс- әрекеттің түрін алып іс- әрекет құрылымының моделі бойынша талдап беріңіз. 3. Педагогикалық іс - әрекеттің деңгейлеріне анықтама беріңіз. 12-жылдық беру мәселелері,перспективасы 2. К.Р. білім беру жүйесін модернизациялау Бейімді оқытудың мазмұны Бейімді оқытуда жеке тұлғаның өзін -өзі анықтау жүйесі Бейімді оқытудың проблемалары 3 - тақырып (сағ) Қазақтан Республикасындағы12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдама жобасы. Ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар . Сұрақтар 1.Бейімді оқытуда оқушылардың өзін- -өзі анықтаудың педагогикалык жағдайы . 2. Ресурс орталықтарының жұмысы 4 – тақырып (сағ) Мақсаты: 12 жылдық білім беру сатылары.Оқу жоспары.Оқу бағдарламалар оқулықтар жайында. 12-жылдық жалпы орта білім беру үлгілерінің салыстырмалы сипаты. 12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігі Сұрақтар12 жылдық білім беруге байланысты дифференциалды ж»не жекелей оқытудың қажеттігі.12 жылдық білім жүйесінде мұғалімнің біліктілік деңгейін қалыптастыру 5 – тақырып (сағ) Мақсаты: Білім беру жүйесінің жағдайы және дамуы.Базистық оқыту жүйесі вариативті жоспар. 12 жылдық білім беру үлгісі моделі. Элективтік және селективтік жүйе дифференциациясы Базистық оқу жоспары.. Сұрақтар12 жылдық білім беру үлгісі моделін жасау 1. Базистық оқу жоспары,оқу стандарты,бағдарлама туралы. 6 – тақырып Мақсаты:. 12 жылдық білім беруге көшудегі мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі туралы педагогтардың ой-пікірлері Сұрақтар 1. 12 жылдық білім беруге көшудегі мұғалімнің Педагогикалық құзыреттілік туралы 2.Педагогикалық құзыреттілік туралы педагогтардың ой-пікірлері Педагогикалық құзіреттілік деген ұғымға анықтама. Педагогикалык құзіреттіліктің түрлері. Кәсіби құзіреттілікті дамыту жолдары.. 7-Тақырып . Мақсаты:. Шет мемлекеттердегі білім беру реформалары. Мамандық таңдау және бейімді оқыту жүйесі.. Сұрақтар Шетел мектептерінде бейімді оқытудың жағдайы оқушылардың бейімді оқытудағы портфолиосы Шет мемлекеттердегі білім беру реформалары. Мамандық таңдау және бейімді оқыту жүйесі. Фасилитатор - ұстаздардың ұстазы 8- тақырып Мақсаты:. -Кәсғптік бағдар беру жүйесі. Кәсіби өзінөзі анықтау.. 12 жылдық мектебінде білім беру жүйесіндегі кәсіби мамандардың ролі Сұрақтар 12 жылдық білім беру мектептер \эксперимент жургізілетін мектептер/. Семей қаласы бойынша. Эксперимент жұмысына сипаттама жетістіктері,кемшіліктері. 9-Тақырып . Мақсаты:. 12-жылдық жалпы орта білім беру үлгілерінің салыстырмалы сипаты.Оқушыларға 12 жылдық білім беруде көп мәдени құзыреттіліктің маңызы. Сұрақтар Оқу жоспарының түрлері, айырмашылықтары,ұқсастығы. 12-жылдық жалпы орта білім беру үлгілерінің салыстырмалы сипаты. 12жылдық білім беруде ұстаздың кәсіби құзіреттілігі. 10-Тақырып. Мақсаты:. Ақыл-ой әрекетінде жалпы және арнайы нышандар маңыздылығы. Рухани әлеуметтік дамуды диагностикалау. 11-Тақырып. Мақсаты:. К.Р. білім беру заңы,дамуы,қосымша енгізген өзгерістерінің заңнамасы.Педагогикалық үрдісте 12 жылдық білімді жетілдіру Сұрақтар К.Р. білім беру заңы,дамуы,қосымша енгізген өзгерістерінің заңнамасы.Педагогикалық үрдісте 12 жылдық білімді жетілдіру 12-Тақырып. Мақсаты:. .Педагогикалық практика үрдісінде болашақ мұғалімдердің жалпы педагогикалық білік,білім,дағдыны қалыптастыру жүйесі 1. Мұғлімдердің тәжірибесі-жаңашыл-ұстаздардың еңбектеріне шолу жасау 2. Болашақ мұғалімдердің жалпы педагогикалық білік,білім,дағдыны қалыптастыру жүйесі Сұрақтар Педагогикалық практиканың мұғалімнің орнында алатын маңызы. Педпрактиканың түрлерін атап бер 13- Тақырып. .. Педагогикалық құзыреттілік туралы педагогтардың ой- пікірлері Мақсаты:. .. Педагогикалық құзыреттілік туралы педагогтардың ой-пікірлері 1.Педагогикалық құзыреттілік туралы 2.Педагогикалық құзыреттілік туралы педагогтардың ой-пікірлері Сұрақтар . Өзін - өзі билеудегіпедагогтің шеберлігі. Өзін - өзі реттеу техникасының негіздері, өз психофизикалық күйін басқару техникасы. 2) Педагогтің сырт келбеті: киімі, коммуникацияның вербалды емес құралдарды. Мимика, байланыс орнатудағы оның ролі. 14- тақырып Мақсаты:. Тақырып. Облыстық және аудандық орталықтарда бейімді оқыту проблемалары. Интернаттық оқыту жүйесі.Қашықтық оқыту жүйесі.Модель «Ресурс орталығы»,модель «әлеуметтік партнер». Сұрақтар Интернаттық оқыту жүйесі.Қашықтық оқыту жүйесі.Модель «Ресурс орталығы»,модель «әлеуметтік партнер». 15-Тақырып.. Мақсаты:. Шетел педагогтарының кәсіби дамуы АҚШ,Германия;Жапония,Корея тәжірибелері.Педагогикалық кадрларды .анықтау іріктеу және дамыту Сұрақтар 1.Шет елдерде кәсіптік бағдар беру жүйесі кәсіптік бағдар беру түрлері,кәсіптік кеңес, кәсіптік бейімдеу, кәсіптік хабарлама,кәсіптік қызығушылық.Мамандық таңдау туралы. кәсіптік бағдар беру формалары. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны 1. 3 кесте |№ |СӨЖ тақырыбы |СӨЖ мазмұны |Өткізу |Қойылатын | |р/б | | |мерзімі |баллдар | | | | |(апта) | | |1 |2 |3 |4 |5 | |1 |Бейімді оқытудың|12 жылдық білім беруге |1-7-апта | | | |мазмұны |көшудегі мұғалімнің | | | | |Бейімді оқытуда |педагогикалық | | | | |жеке тұлғаның |құзыреттілігі туралы | | | | |өзін -өзі |педагогтардың ой-пікірлері| | | | |анықтау жүйесі | | | | |2 |12 жылдық білім | Фасилитатор - ұстаздардың|8-15-апта | | | |беру үлгісі |ұстазы | | | | |моделі. |12жылдық білім беруде | | | | |Бейімді-бағдарлы|ұстаздың кәсіби | | | | |оқыту туралы |құзіреттілігі. | | | | |түсінік |Жаңашыл педагог –тұлға | | | | |Мамандық таңдау |ретінде СөжПедагогикалық | | | | |туралы эссе |қатынастағы ықпал етудің | | | | |жазу. Ұстаз |негізгі тәсілдері. | | | | |құзыреттілігі. |Тапсырма: Терминологиялық | | | | |Қарым қатынас |сөздік құрастыру | | | | |мәдениеті және |Есеп беру формасы: тест. | | | | |білім беру | | | | | |үрдісі | | | | Студенттердің оқытушымен өтетін өздік жұмыстарының (СОӨЖ) тақырыбы мен мазмұны. №1 СОӨЖ жұмыс. Тақырып:12 жылдық білім беруде мұғалімнің жеке тұлғасы-оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі Сабақтың мақсаты: Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің қоғамда алатын орнымен танысу. . Тапсырмалар:Жаңашыл педагогтармен танысу.Мектепте ұстаздың алатын орны. Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері.Макаренко А.С., Сухомлинский В.А.,Алтынсарин Ы.,Ушинский К.Д.,Амонашвили Ш.А.еңбек жолдарымен танысу,шолу жасау Есеп беру формасы: конспект,ауызша баяндау Методикалық жоба: 1.Жаңашыл педагогтар идеялары 2.Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері 3.Педагогтың сыртқы көрінісі және авторитет сән және мұғалім 4.Сөздік әрекеттің психологиялық құрылымы 5.Педагогтың лекциялық сөз мәдениеті. 6.В.А.Сухомлинскийдің педагог сөзіне қоятын талаптары жөнінде 7.Психологиялық ұстанымдары, оның педагогикалық қарым-қатынастағы рөлі Құрал жабдықтар; таблицалар,суреттер,кітаптар. Қоданылатын әдебиеттер: 1. Зязюн Г.М. Основы педагогического мастерства. М 1989. 2. Синица И.Е. Педагогтың әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987. 3. Шынықбекова Э.И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. А 1987. 4. Щетинин М.П. Ұстаздық еткен жалықпас. А 1989. 5. Абдуллина О.А. Общая педагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. М 1990. 6. Введение в педагогическую культуру.Под ред. Е.В.Бондаревской – Ростов Н.Д. 1995. №2 СОӨЖ жұмыс. Тақырып: Педагогикалық қатынастағы12 жылдық білім беруде ықпал етудің негізгі тәсілдері. Сабақтың мақсаты: студенттің дәріс және сараман сабақтарында білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру Тапсырмалар: 1.Терминологиялық сөздік құрастыру. 2.Тезистік конспектілер жазу. 3.Негізгі әдебиеттерді зерттеу. Есеп беру формасы: тест. Методикалық жоба: 1..Сендіру әдісі, оның кезеңдері. 2.Педагогикалық сендіру түрлері және оның тиімділігі. 3.Иландыру әдісінің ерекшеліктері. 4.Еліктеу үлгісін таңдаудағы мұғалімнің ықпалы Құрал жабдықтар; таблицалар, Қоданылатын әдебиеттер: 1. Зязюн Г.М. Основы педагогического мастерства. М 1989. 2. Синица И.Е. Педагогтың әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987. 3. Шынықбекова Э.И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. А 1987. 4. Щетинин М.П. Ұстаздық еткен жалықпас. А 1989. 5. Абдуллина О.А. Общая педагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. М 1990. №3-4 СОӨЖ жұмыс. Тақырып: 12 жылдық білім беруде мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде. Сабақтың мақсаты: Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде танысу . Тапсырмалар: Мақсаты бойынша сызба құрастыру. Сұрақтарды зерттеп, тезис жазу. Методикалық жоба: Мұғалімнің сөйлеу техникасы: демалысы, дауысы, дауыс ырғағы. 2.Мұғалімнің мәнерлеп сөйлеу білігі: тіл мәдениеті, сөз байлығы, сөзінің эмоцианалдылығы т.б. 3. Сөздік әсердің психологиялық құрылымы. Есеп беру формасы: тест. Құрал жабдықтар; таблицалар, интерактивтік тақта,ноутбук,слайдтар Қоданылатын әдебиеттер: 1. Зязюн Г.М. Основы педагогического мастерства. М 1989. 2. Синица И.Е. Педагогтың әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987. 3. Шыныбекова Э.И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. А 1987. 4. Щетинин М.П. Ұстаздық еткен жалықпас. А 1989. 5. Абдуллина О.А. Общая педагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. М 1990. №5-6 СОӨЖ жұмыс. Тақырып: 12 жылдық білім беруде оқушылардың өзара қарым-қатынас мәдениеті. Сабақтың мақсаты: Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті мен танысу. Тапсырмалар: Тақырып бойынша конспект жазу 1.В.А.Сухомлинскийдің «Педагогикалық әдеп туралы хатын» оқу, талдау. 2.Семинар сұрақтарын зерттеу, тезис жазу. Есеп беру формасы: тест. Методикалық жоба: 1.Педагогикалық қарым-қатынас және оның қызметі. 2.Мұғалімнің қарым-қатынас стилі. 3.Педагогикалық әдеп. 4.Педагогикалық қарым-қатынастағы балалардың этикалық-жыныстық саралануы. 5.Мұғалімнің коммуникативті қабілнтінің дамуы. Е Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (4 кесте). Әріптік, баллдық және пайыздық эквиваленттегі бағалар шкаласы 4 кесте |Әріптік |Баллдың цифрлық |Пайыздық мөлшері |Дәстүрлі жүйе бойынша | |жүйедегі |эквиваленті | |баға | |баға | | | | |А |4,0 |95 – 100 |Өте жақсы | |А– |3,67 |90 – 94 | | |В+ |3,33 |85 – 89 | | | | | |Жақсы | |В |3,0 |80 – 84 | | |В– |2,67 |75 – 79 | | |С+ |2,33 |70 – 74 | | | | | | | | | | |Қанағаттанарлық | |С |2,0 |65 – 69 | | |С– |1,67 |60 – 64 | | |D+ |1.33 |55 – 59 | | |D |1,0 |50 – 54 | | |F |0 |0 – 49 |Қанағаттанарсыз | |I |NA |- |Аяқталмаған | |P |- |өтті |Пәнді өтті | сеп беру формасы: тест.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz