Файл қосу

Оптикалық құралдар










                      5В060400- «Физика» мамандығы үшін
                            «Оптикалық құралдар»
                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



                        СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ
                                БАҒДАРЛАМАСЫ




















                                    Семей
                                    2013

                                  Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырушы  –__________    А.Т.  Рахимбердина  «Физика»  кафедрасының   аға
оқытушысы

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 «Физика» кафедрасының отырысында
№   1  хаттама,  11 қыркүйек  2013 ж.

Кафедра меңгерушісі  _______   С.С.Маусымбаев

2.2.   Физика-математика   факультетінің   оқу-әдістемелік   бюросы   кеңесі
отырысында
№  1 хаттама, 12 қыркүйек 2013 ж.

Төраға ________  К.А.Батырова

3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында  құпталып  және  баспаға
ұсынылды
№ __   хаттама, ____ ____________2013 ж.

ОӘК төрағасы  ________ Г.К.Искакова

4 Алғаш рет енгізілді























                                   Мазмұны

   1. Жалпы мағлұмат
   2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағатты жіктеу.
   3. Курсты оқыту туралы әдістемелік нұсқау
   4. Курстың форматы
   5. Курстың  саясаты
   6. Баға қою саясаты
   7. Әдебиеттер



























1 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат
Рахимбердина Анаргуль Турысбековна
Кафедра «Физика және электротехника»
Байланыс туралы ақпарат – тел. 35-26-22, №1 оқу корпусы, № 1110 каб.
Сабақты жүргізу орыны – 11-ші қабат аудиториялары
Осы пән бойынша кредит саны  – 2
1.2  Пәннің мазмұнының қысқаша сипаттамасы.
        Жарық   толқын   ұзындығын   Френель   бипризмасының   және   Ньютон
сақиналарының  көмегімен   анықтау.   Дифракциялық   тордың    сипаттамалары
гониометр-спектрометр   көмегімен    зерттеу.     Малюс    заңын    тексеру.
Диэлекғтриктен  шағылған  жарықтың  поляризациялануын  зерттеу.  Поляризация
жазықтығының бұрылуын зерттеу және сахариметр көмегімен  қант  ерітіндісінің
концентрациясын  анықтау.  Шығару  және  жұтылу   спектрлерін   монохроматор
көмегімен    зерттеу.    Рефрактометрдің    көмегімен    сұйықтардың    сыну
көрсеткіштерін  анықтау.  Микроскоптың  көмегімен   шыны  пластинканың  сыну
көрсеткішін  анықтау.   Гониометр-спектрометр   көмегімен   призманың   сыну
көрсеткішін, дисперсиясын және  ажырату  қабілетін  анықтау.  Қылы  көрінбей
кететін   пирометрдің   көмегімен   температураларды   өлшеу.    Радиациялық
пирометрдің   көмегімен   температураларды   өлшеу.   Сыртқы   фотоэлектрлік
эффектінің негізгі заңдарын зерттеу. Шалаөткізгіш  фотоэлементтің  спектрлік
сезгіштігін  зерттеу.    Лазердің   жұмыс   принципін   және   оның   кейбір
қолдануларын зерттеу.
1.3.  Осы  курстың  мақсаты   cтуденттерді   оптикалық  зерттеу  әдістерінің
физикалық   негізімен   таныстыру,   студенттерді   зерттелетін   объектінің
қасиетіне және сипатына  байланысты  зерттеудің  ең  тиімді  әдісін   таңдап
алуына  үйрету, студенттерді қазіргі кездегі физикалық және  ғылыми  әлемдік
көзқарастарын  қалыптастыру, студенттердің қазіргі заманғы және  классикалық
физиканың  іргелі заңдарын білуін, оны қолдана алуын  қалыптастыру,  сонымен
бірге болашақ  кәсіпқой  маман  болу  үшін  физикалық  зерттеулерді  жүргізу
тәжірибелеріне машықтандыру;

1.4. Осы пәннің негізгі мақсаты  физикалық  оптика  курсында  қарастырылатын
оптикалық  құбылыстарды  тәжірибе  жүзінде   зерттеу   жұмыстарын   жүргізу,
теориялық білімді  практикада  қолдана  білуге  үйрету.  Негізгі  ұғымдарды,
оптикалық    шамаларды,   олардың      математикалық   жазылуларын,    өлшем
бірліктерін; тәжірибелік әдістердің     негіздерін  және  өлшеу  нәтижелерін
   өңдеу туралы мағлұматтар алулары керек.
1.5. Оқытудың нәтижелері:
Курсты оқығаннан соң студент мынаны істей білуі қажет:
    - жалпы оптикалық құралдар курсында қарастырылатын ұғымдар мен заңдардың
       физикалық мағыналарын түсіне білу;
    -   компьютерді   қолданумен   үлкен   көлемді   есептеулер   жағдайында
      экспериментте алынған  тәжірибелік  мәндерді  өңдеудегі  статистикалық
      әдістерді меңгеру;
    - зерттеулік әдістерді пайдаланудағы біліктілік және жетістіктер;
    - нақты физикалық шарттарды ескеріп, зерттеу міндеттерін, мақсатын  және
      мәселелерін қою;
    -  зерттелетін  құбылыстың  физикалық  табиғатын  ескеретін   гипотезаны
      қалыптастыра білу;
    - қазіргі заманғы физикалық ғылыми аппаратуралардың  көмегімен  мамандық
      профилі бойынша сандық және сапалық зерттеулер жүргізе білу;
   -  компьютерді  қолдана  білуі  және  өлшеу   нәтижесінің   статистикалық
өңдеуінің   нәтижесін  ала  білуі;  молекулалық  физика  және  термодинамика
есептерін          шығара білуі.
1.6.  Курс пререквизиттері:
1.6.1. Электрлік және магнеттік қондырғылар
1.7. Курс постреквизиттері:
1.7.1.Атомдық физика.

























2.  ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТЫ ЖІКТЕУ
                                                                     1 кесте
|№  |                                        |Сағаттар саны              |Әдебиет  |
|   |Тақырып аттары                          |                           |тер      |
|   |                                        |Дәр  |Зер|Маш   |ОБС  |СӨЖ  |         |
|   |                                        |     |   |саб   |ӨЖ   |     |         |
|1  |2                                       |3    |4  |5     |6    |7    |8        |
|Модуль № 1 Дифракция мен интерференция құбылыстарына негізделген құралдар        |
|1. |Оптикадағы ғылыми-зерттеу объектілері.  |1    |   |      |1    |3    |         |
|   |Оптикадағы тәжірибелік әдістің дамуының |     |   |      |     |     |         |
|   |негізгі кезеңдерінен кейбір қысқаша     |     |   |      |     |     |         |
|   |мағлұматтар. Оптикалық қүралдар жасаған |     |   |      |     |     |         |
|   |ұлы ғалымдардың еңбектері.  Оптикалық   |     |   |      |     |     |         |
|   |құралдардың қазіргі кездегі ғылыми және |     |   |      |     |     |         |
|   |техникалық деңгейі.                     |     |   |      |     |     |         |
|2. |Құралдар мен әдістерді кластарға бөлу.  |1    |2  |      |1    |3    |         |
|   |Интерференциялық-поляризациялық әдіс.   |     |   |      |     |     |         |
|   |Зертханалық  сабақ № 1 Френель          |     |   |      |     |     |         |
|   |бипризмасының көмегімен жарықтың толқын |     |   |      |     |     |         |
|   |ұзыңдығын анықтау.                      |     |   |      |     |     |         |
|3. |Дисперсияны, жарықтың жұтылуын, жарықтың|1    |2  |      |1    |3    |         |
|   |шашырауын және объектінің түсін зерттеу |     |   |      |     |     |         |
|   |әдістері.                               |     |   |      |     |     |         |
|   |Зертханалық сабақ № 2 «Дифракциялық     |     |   |      |     |     |         |
|   |тордың көмегімен жарықтың толқын        |     |   |      |     |     |         |
|   |ұзындығын анықтау»                      |     |   |      |     |     |         |
|4. |Спектрлік әдіс (атомдар мен             |1    |   |      |1    |3    |         |
|   |молекулалардың). Шашырау                |     |   |      |     |     |         |
|   |спектроскопиясы, люминесценттік         |     |   |      |     |     |         |
|   |спектроскопия және лазерлік             |     |   |      |     |     |         |
|   |спектроскопия әдістері.                 |     |   |      |     |     |         |
|5. |Калориметрлік, поляриметрлік,           |1    |2  |      |1    |3    |         |
|   |интерферометрлік құралдар.              |     |   |      |     |     |         |
|   |Зертханалық жұмыс № 3  Малюс заңын      |     |   |      |     |     |         |
|   |тексеру                                 |     |   |      |     |     |         |
|Модуль № 2 Спектрографтық құралдар                                               |
|6. |Спектрографтық, спектрофотометрлік      |1    |   |      |1    |3    |         |
|   |құралдар.                               |     |   |      |     |     |         |
|7. |Қолданылатын аймақтар: металлургияда,   |1    |2  |      |1    |3    |         |
|   |машина жасауда, экологияда, медицинада, |     |   |      |     |     |         |
|   |биологияда, химия мен геофизикада,      |     |   |      |     |     |         |
|   |астрономияда, криминалистикада және тағы|     |   |      |     |     |         |
|   |басқа жерлерде.                         |     |   |      |     |     |         |
|   |Зертханалық жұмыс № 4 Поляризация       |     |   |      |     |     |         |
|   |жазықтығының айналуын зерттеу және      |     |   |      |     |     |         |
|   |сахариметрдің көмегімен қант            |     |   |      |     |     |         |
|   |ерітінділерінің концентрациясын зерттеу |     |   |      |     |     |         |
|8. |Зерттеудің оптикалық әдістері.          |1    |1  |      |1    |3    |         |
|   |Интерференция-поляризациялық  және      |     |   |      |     |     |         |
|   |голографиялық әдістер.                  |     |   |      |     |     |         |
|   |Зертханалық жұмыс № 5 Монохроматор      |     |   |      |     |     |         |
|   |көмегімен  шығару және жұту спектрлерін |     |   |      |     |     |         |
|   |зерттеу                                 |     |   |      |     |     |         |
|9. |Колориметрлік және нефелеметрлік әдіс.  |1    |2  |      |1    |3    |         |
|   |Рефрактометрлік әдіс.                   |     |   |      |     |     |         |
|   |Зертханалық сабақ №  6 Стефан-Больцман  |     |   |      |     |     |         |
|   |тұрақтысын анықтау                      |     |   |      |     |     |         |
|10.|Шағылудың спектроскопиясы және НПВО     |1    |2  |      |1    |3    |         |
|   |әдісі.                                  |     |   |      |     |     |         |
|   |Зертханалық сабақ № 7 Микроскоп         |     |   |      |     |     |         |
|   |көмегімен шыны пластинканың сыну        |     |   |      |     |     |         |
|   |көрсеткішін анықтау.                    |     |   |      |     |     |         |
|11.|Қоршаған ортаны бақылаудың              |1    |2  |      |1    |3    |         |
|   |спектроскопиялық және люминисценттік    |     |   |      |     |     |         |
|   |әдісі.                                  |     |   |      |     |     |         |
|   |Зертханалық жұмыс № 8 «Планк тұрақтысын |     |   |      |     |     |         |
|   |анықтау»                                |     |   |      |     |     |         |
|Модуль № 3 Лазерлік құралдар                                                     |
|12.|Лазерлік спектроскопия әдісі.           |1    |2  |      |1    |3    |         |
|   |Зертханалық сабақ № 8 Үздіксіз жұмыс    |     |   |      |     |     |         |
|   |істейтін газдық лазердің жұмыс принципі |     |   |      |     |     |         |
|   |мен оның кейбір қолдануларымен танысу   |     |   |      |     |     |         |
|13.|Зерттеу нәтижелерін талдау. Өлшеулерді  |1    |   |      |1    |3    |         |
|   |өңдеу. Идеал қондырғыларды жетілдіру.   |     |   |      |     |     |         |
|14.|Зерттелетін объектілердің физикалық     |1    |   |      |1    |3    |         |
|   |моделдерін құрастыру.                   |     |   |      |     |     |         |
|15.|Моделдерді басқа әдістермен тексеру.    |1    |   |      |1    |3    |         |
|   |Қолданылатын қондырғылардың дәлдігіне   |     |   |      |     |     |         |
|   |және сезгіштігіне қойылатын талаптарды  |     |   |      |     |     |         |
|   |бағалау.                                |     |   |      |     |     |         |




3 ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН  ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
       Курсты  оқыған  кезде  берілген   тақырыптың   негізгі    жағдайларын
қарастыруға баса назар аудару керек,  осы  мақсатта  пәннің  оқу-әдістемелік
кешенін  ұсынып  отырмыз,   ол   студенттердің   оқулықпен   жұмыс   істеуін
жеңілдетеді. Пәнді оқып меңгеруі  үшін  студенттің  қолында  оқулықтар,  оқу
құралдары, физикадан зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар бар.
Ең  маңыздысы  дұрыс  оқулық  таңдап  алу.  Бір  уақытта  бірнеше   оқулықты
пайдаланудың қажеті жоқ, ұсынылып отырға әдебиеттердің  ішінен  тек  біреуін
ғана  негізгі  етіп  алу  керек.  Басқа  оқулықтарды  тек  қажетті  материал
болмаған  кезде  немесе  оқулықта  қысқаша  ғана  көрсетілген   кезде   ғана
пайдаланады. Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына  сәйкес оқыған  жөн.

Студент барлық аудиториялық сабақтарға  және  ОКӨБЖ  –қа  қатысуы  міндетті,
оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар.
4. КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ
  Студент  мерзімінде   оқытушыға   ӨБЖ   тапсырмаларын   тапсыруы   қажет,
зертханалық, машықтану сабақтарына дайын болуы керек.
      Студент  сабақты  босататын  болса,  оның  рейтингісі  төмендетіледі,
сондықтан ол босатылған сабақтар бойынша бақылау жұмысын орындауы қажет.
      Студент оқу сабақтарының  барлық  түрлерінде  белсенді  жұмыс  істеуі
қажет, оның жұмысы баллмен бағаланады  да,  қосылып  аралық  және  қорытынды
рейтинг қойылады.
  ОКӨБЖ –қа сабақ және өзбетімен жұмыс кезінде  қиындық  тудырған  сұрақтар
шығарылады. Егер ондай сұрақтар туындамайтын болса,  дәріс  бойынша  білімін
кеңейтіп тереңдетеді, қосымша ғылыми әдебиеттермен танысуына болады.
  5. КУРСТЫҢ САЯСАТЫ
Студентке қойылатын талаптар:
  Сабаққа қатысу:  Дәріс,  машықтану  сабақтарына  қатысу  міндетті  түрде.
  Қандай да бір себептермен сабақты босататын жағдайда да студент өзбетімен
  жұмыс  тақырыптарын дәл уақытында өткізу қажет,  ал  босатылған  сабақтар
  тақырыбы бойынша бақылау жұмысын жазу немесе тест тапсыру керек.

  Мінез-құлық:  Сабақ уақытында үнемі тәртіп  бұзған  студент  аудиториядан
  шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша  “қанағаттанғысыз”   деген
  баға қойылады.

  Бақылау  тапсырмалары:  Міндетті  түрде   оларды  дәл  уақытында  орындап
  тапсыру керек. Уақытынан кешіктіріліп тапсырылған  тапсырмалар  автоматты
  түрде төмендетіліп  бағаланады.

  Межелік аттестация: Межелік аттестация сабаққа қатысу, өзбетімен  жұмысты
  дәл уақытында өткізу, сабақ кезінде ауызша және  жазбаша  түрде  тапсыру,
  межелік бақылау нәтижесінде қойылады.

  Көшіру  мен  плагиат:  Кез-келген  көшіріп  алу  немесе  плагиат   (басқа
  студенттердің  дайын  тапсырмалары  мен  шығарылған  есептерін   қолдану)
  анықталатын болса студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе  бүкіл
  курс бойынша “қанағаттанғысыз”  деген баға қойылады.

  Ұялы телефондар: Сабақ кезінде өшіріліп қоюы керек.

  Емтихан: Қорытынды ауызша  емтиханға  пән  бойынша  қойылатын  ең  жоғары
  баллдың 50% алған студенттер жіберіледі.

  6. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ.

  «Оптика» пәні бойынша балдардың бөлінуі

                                                                   2- кесте

|Апталар   |Бақылау түрлері            |Барлық балдар     |Ескерту           |
|4 апта    |Дәріс                      |15                |                  |
|          |Зертханалық сабақ          |20                |                  |
|          |СОӨЖ                       |15                |                  |
|          |СӨЖ                        |20                |                  |
|7 апта    |Дәріс                      |20                |                  |
|          |Зертханалық сабақ          |40                |                  |
|          |СОӨЖ                       |20                |                  |
|          |СӨЖ                        |20                |                  |
|8 апта    |Дәріс                      |20                |                  |
|          |Зертханалық сабақ          |40                |                  |
|          |СОӨЖ                       |20                |                  |
|          |СӨЖ                        |20                |                  |
|11 апта   |Дәріс                      |15                |                  |
|          |Зертханалық сабақ          |20                |                  |
|          |СОӨЖ                       |15                |                  |
|          |СӨЖ                        |20                |                  |
|14 апта   |Дәріс                      |20                |                  |
|          |Зертханалық сабақ          |40                |                  |
|          |СОӨЖ                       |20                |                  |
|          |СӨЖ                        |20                |                  |
|15 апта   |Дәріс                      |20                |                  |
|          |Зертханалық сабақ          |40                |                  |
|          |СОӨЖ                       |20                |                  |
|          |СӨЖ                        |20                |                  |



7. ӘДЕБИЕТТЕР
7.1.Жұманов К.Б. Оптика негіздері, 1 бөлім: Оқу құралы.-Қазақ университеті,
2004 – 321 б.
7.2 Савельев И.В. Жалпы физика курсы III т. Алматы Мектеп 77ж.(аударма)
7.3 Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики, М, Высшая школа, 1989 г.
7.4 Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы,  Мектеп,
1974 ж.
7.5 Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж..
7.6 Паримбеков З.А., Рахимбердина А.Т., Тұрысбекова Б.Ш.   Физика  курсынан
зертханалық  практикум. Семей, 2011 ж.
7.7 Ландсберг Г.С. Оптика.-М.: Наука, 1976
7.8. Матвеев А.Н., Оптика.-М.: Высшая школа, 1985
7.9. Бутиков Е.И. Оптика.-М.: высшая школа, 1986
7.10.  Дж. Орир Физика в 2-х томах ., Москва, Мир, 1981 г.
7.11. Борн М., Вольф Э. Основы оптики.-М.: Наука, 1973
7.12.  Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачи по физики. М. Высшая школа, 1988
г.
7.13.Физический практикум под редакцией Ивероновой В.И., М, Наука, 1968 г.















Пәндер