Файл қосу

Станция қоймасына жүкті қабылдаудың графигі




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                 |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                           |
|3 деңгейлі СМК құжаты          |ОӘК                |ОӘК 042-18-12.1.51/03-2013      |
|«Жүктік және коммерциялық жұмыс|18.09.2013         |                                |
|негіздері»                     |Баспа №1           |                                |
|пәнінен оқытушыларға           |                   |                                |
|арналған жұмыс                 |                   |                                |
|бағдарламасы                   |                   |                                |





















                 «Жүктік және коммерциялық жұмыс негіздері»

                        ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


  5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»
                            мамандығына арналған






                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР














                                    Семей
                                    2013
                                  Алғы сөз
1. Құрастырған
      Құрастырған:  ____________________ «Ақпараттық  жүйелер»  кафедрасының
аға оқытушысы Сарсембеков Е.А., Бакиева А.Б., оқытушы Сағатбекова А.Б.

2. Талқыланды
2.1. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы отырысында қарастырылды.
      Хаттама № 1  « 09 »           09          2013 ж.
      Кафедра меңгерушісі __________  С.Смағұлов
2.2. Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылды.
      Хаттама № 1  « 11 »           09          2013 ж.
      Төрағасы __________ Бекбаева Р.С.

3. бекітілді
      Университеттің Оқу-әдістемелік   кеңесі  отырысында  баспаға  жіберуге
ұсынылды және  мақұлданды.
      Хаттама № 1  « 18 »           09          2013 ж.
      ОӘК төрағасы, бірінші проректор _______________ Искакова Г.К.

4. ЕКІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР

































                                   мазмұны

1.  Дәрістер

2.  Машықтану сабақтары
3. Студенттің өздік жұмысы



       Дәрістер

1-дәріс. Көліктің халық шаруашылығындағы ролі. Жүк станциялары, аулалары
және тауар кеңселері.
Дәріс мазмұны:
   1. Жүк  және  коммерциялық  жұмыстарды  жетілдіру  және  дамудың  негізгі
      бағыттары
   2. Станциялар классификациясы.
   3. Жүк аулалары және тауар кеңселері.



   Жүк және коммерциялық жұмыстарды жетілдіру және дамудың негізгі бағыттары

      Жүк  тасымалдарын   жетілдіру   және   дамудың   негізіне   тасымалдау
процессінің жпңа технологиялары жұмылдырылған,  олар  тасымалдауда  шығынның
азаюын,  ресурстардың  жиналуын,  экологиялық  қауіпсіздікті  және  сервисті
көлік қызметінқамтамасыз етеді.  Олар  көлік  логистикасы  және  электроника
құрылғылары, есептеу машиналары негізінде жасалған.
      Тасымалдау  процессінің  жаңа  біріккен   моделі    (ЕМПП)   тасымалды
автоматты түрде жедел басқару жүйесін (АСОУП) ауыстырады. Жүк  тасымалдарына
есептерді автоматтандыру жүйесі (АСГРП) жаңа ақпараттық  технологиялар  және
қаржы-есеп  негізінде  жүк   тасымалына   келісім-шарт   жасағанда   тасымал
процессінің барлық қатысушылары арасында ақпаратты-технологиялық  арақатнаты
қамтамасыз  етеді.  Контейнер  тасымалының  жаңа  автоматты  басқару  жүйесі
(АСУКП) контейнерлердің қозғалуын және  оларды  бақылауды  жақсартуы  керек,
сонымен қатар  жүк  станцияларында  және  контейнер  пунктерінде  ақпараттық
қызмет қамтамасыз етеді. Орталықтандырылған дайындық жүйесі және  тасымалдау
құжаттарын  ресімдеу  “ЭРТРАН”  жүк  тасымалдарын   жаңа   тәсілмен   сапалы
ресімдеуге және басқа есеп беру құжаттарын енгізуге мүмкіндік береді.
      Жүк және коммерциялық жұмыстарды жетілдірудің және  дамытудың  негізгі
басты бағыттары болып саналады:
       - “есіктен есікке”, “тікелей  экспедиция”,  мультимодальды,  транзит,
         интермодальды тасымалдарды қоса есептегенде,  жоғары  сапалы  көлік
         қызметіне  есептелген,   тасымалдау   процессінің   технологияларын
         енгізу;
       - халықаралық және ішкі қатнастарда  қолданылып  жүрген  логистикалық
         жүйелерді жетілдіру және жаңасын енгізу;
       - автоматтандырылған жүйені енгізу, олардың орындалуын  бақылау  және
         ұзақ мерзімді контракттармен  және  келісімшарттармен  тасымалдарды
         қамтамасыз ету жүйесіне өту;
       - жүк жөнелтушілермен және темір жол арасында,  жүк  қабылдаушылармен
         электронды  құжат  алмасу,  олардың  орталықтандырылған  мәліметтер
         жүйесін енгізу, жүктердің тасымалына  төлем  ақыны  енгізу  жүйесін
         жетілдіру, жұмсақ тарифтік саясатты енгізу;
       - тасымал құжаттарын реальды уақыт  режимінде  өңдеу  және  құрастыру
         және олардың жүк жөнелтушіден жүк  қабылдаушыға  қағазсыз  қозғалуы
         (электронды накладная);
       - аралас тасымалдарды дамыту, тікелей  жеделдетілген  контейнер  және
         контрейлер поездарын ұйымдастыру, салмағы  40  футт  контейнерлерді
         қазіргі заманға сай қайта тиеу терминалдарының құрылысын бастау;
       - автопоездардың, автоприцептердің, түсірілетін кузовтардың  тасымалы
         үшін арнайы жылжымалы құрам жасау; жолаушы, жүк  багаждарының  және
         жеделдетілген жүк поездарында контейнерлердің тасымалы  үшін  жедел
         платформалар жасау; тиеу-түсіру, бекіту және жүктерді  сақтау  үшін
         жүк жөнелтушілердің талаптарын  қанағаттандыру  үшін  жетілдірілген
         жабық вагондар жасау;
       - басқа көлік түрлерімен тығыз байланыс орнату, аралас темір жол – су
         компанияларын құру;
       - жаңа көлік коридорларын құру;
       - тасымалданатын жүктердің  сақталуын  қамтамасыз  ету,  жаңа  пломба
         құрылғыларын  енгізу  және   жасау,   сонымен   қатар   электронды,
         тасымалданатын  және  сақталатын  жүктерді   бақылау   құрылғыларын
         орнату;
       - поездарды және вагондарды коммерциялық бақылауға автоматтандырылған
         жүйені енгізу (АСКОПВ);
       -  тиеу-түсіру  жұмыстарында  өнімділігі  жоғары  жаңа  механизмдерді
         пайдалану;
       -  тез  бұзылатын  жүктердің   сақталуын   қамтамасыз   ететін   жаңа
         изотермиялық  көлік  құрылғыларын  енгізу;  изотермиялық  жылжымалы
         құрамдарды жетілдіру.

     Аталған бағыттарды іске асыру үшін темір жол  көлігінің  құрылымындағы
  барлық  бөлімшелерді,  жүк  жөнелтушілерді   және   жүк   қабылдаушыларды
  біріктіріп қимылдауды талап етеді.

Жүк станциялары, аулалары және тауар кеңселері.

     Темір  жол  станциялары  контейнерлерде,  вагондық  және   жөнелтіммен
  тасымалданатын жүктерді беру және қабылдау,  тиеу,  түсіру  операцияларын
  орындайды,  сонымен  қатар  жолаушылар,  жүк  тасымалында   операцияларын
  орындайды. Мұндай тасымалдар сәйкес жүк және  коммерциялық  операцияларды
  орындауға мүмкіндігі бар станциялар аралығында жүргізіледі.

      Жүк станциялары жүк және жол құрылғыларының кешенінен,  жүк  поездарын
қабылдауға,  таратуға,  жинауға,  коммерциялық  қарауға,  техникалық  қызмет
көрсетуге және жөнелтуге,  жүк  және  коммерциялық  операцияларды  орындауға
арналған  техникалық  және  қызмет  үйлерінен  тұрады.  Бұл  станциялар  жүк
ағындары басталатын немесе аяқталатын ірі өндіріс және халық көп  орналасқан
пунктерде орналастырылады және халыққа және өндіріс  өнеркәсіптеріне  қызмет
көрсетеді. Жүк станциялары әр түрлі көлік түрлерінің түйіскен  пункті  болып
саналады  (темір  жолдың  автомобиль,  су,  өндіріс,  құбыр   көліктерімен),
сонымен қатар  кең  табанды  темір  жол  көлігінің  тар  табанды  темір  жол
көлігімен түйіскен пункті болып саналады.
      Жүк  станциялары  негізгі  тағайындалуы   бойынша   және   орындалатын
жұмысының сипатына байланысты арнайы (жекелеген жүктер  үшін)  және  әмбебап
(әр түрлі жүктерді тиеу және түсіру үшін қызмет көрсететін) болып бөлінеді.
      әмбебап  (тіректі  аралық  станцияларды   және   жол   бойындағы   жүк
станцияларын   қоса   алғанда)    ыдысты-дара    жүктерді,    контейнерлерде
тасымалданатын жүктерді, ақтарма жүктердің кейбір категорияларын және  басқа
жүктерді өңдеуге, өндіріс өнеркәсіптеріне, базаларға және қоймаларға  (жалпы
пайдаланылмайтын) қызмет көрсетуге арналған.
      Арнайы жүк станциялары бір түрлі тиелетін жүктерді  жаппай  тиеу  және
түсіру үшін арналады (астық, көмір, руда,  минеральды-құрылыс  материалдары,
мұнай, ағаштар және т.б.).
      Тіректі станция деп өзінің жеке тиеу-түсіру жұмыстары бойынша, сонымен
қатар  өзіне  қарасты  шағын  жүк  станцияларының  тиеу-түсіру  жұмыстарының
коммерциялық    операцияларды    орындайтын    жолдың    ақпаратты-есептеуіш
орталығының  мәліметтер  торабына  қосылған,   автоматикалық   құрылғылармен
жабдықталған,  өзіне  бекітілген  станциялармен  байланыс  жүйесі  (телефон,
электронды) бар жүк станциясы аталады.
      Қайта тиеу станциялары тар табанды жолдан кең табанды  жолға  жүктерді
көп мөлшерде қайта тиеуді жүргізеді.
      Теңіз және өзен порттарына қызмет көрсету үшін темір жол көлігінен  су
көлігіне жүктерді ауыстырғанда және керісінше, порттық станциялар  арналған.
Олар портқа ең жақын орналасқан немесе порт аймағында орналасқан.
      Теңіз паромдарына қызмет көрсету үшін паром станцияларын жасайды.
      Контейнерлерге  коммерциялық  және  техникалық  қызмет  көрсету  үшін,
сүрыптау, уақытша сақтау және қайта тиеу, қабылдау,  жөнелту  операцияларына
байланысты операцияларды орындау үшін, ірі қалаларда және  порттарда  арнайы
терминал-станцияларын жасайды, оларда жүк қимылдарына  қызмет  көрсету  үшін
жолдар және  қайта  тиеу  кешені  болады.  Қазақстан  Республикасының  темір
жолдарының  және  көрші   елдердермен   шекаралық   аудандарында   шекаралық
станциялар және мемлекет арлық беру станциялары бар, олар тек  технологиялық
және коммерциялық  операциялар  жүргізіп  қоймай,  сонымен  қатар  кедендік,
шекаралық, медицина-санитарлық, санитарлы-карантин және басқа  операцияларда
жүргізеді.
Жұмыс көлемінен және сипаттамасынан тәуелді  жүк  станциялары  барлық  темір
жол  станциялары  сияқты,  жолаушылар  станцияларынан  басқа,  алты  классқа
бөлінеді: жоғарғы класс, 1, 2, 3, 4, 5 класстар.
      жүк  станцияларында  көп  көлемде   келесі   жүк   және   коммерциялық
операциялар жүргізіледі: тасымалға қабылдау, өлшеу,  сақтау,  тиеу,  түсіру,
қайта тиеу, сұрыптау  және  жүктерді  беру;  контейнерлерді  өңдеу,  тасымал
құжаттарын ресімдеу,  жүктің  қабылданғаны,  вагондардың  тиеу  және  түсіру
орындарына  берілгені  туралы  жүк   жөнелтушілерге   және   қабылдаушыларға
хабарландыру, жүктерді іздестіру, қаржы және  касса  есебі,  тасымал  ақысын
есептеу  және  орталықтандырылмаған  есептерде  жүк  қабылдаушылардан   және
жөнелтушілерден төлем алу.
      Сонымен қатар жүк станцияларында техникалық  операциялар  жүргізіледі:
қозғалыс кестесі бойынша поездарды қабылдау және өткізу, тарату,  құрастыру,
коммерциялық тексеру, техникалық  қызмет  көрсету  және  поездарды  жөнелту,
тиеу-түсіру орындарына вагондарды беру  және  жинау,  өнеркәсіптердің  кірме
жолдарына және порт жағалауларына қызмет көрсету, құрамдарға  қабылдау  және
жөнелту бойынша өңдеу жұмыстарын жүргізу  және  с.с.  жеке  жағдайларда  жүк
станцияларында вагондарды жуу және  дезинфекциялау  және  басқа  операциялар
(жолаушылар тасымалы және қала арлық билеттер сату) жүргізіледі.
      Жүк, коммерциялық және техникалық операциялардың  орындалуы  барысында
поездардың  қозғалыс   қауіпсіздігі   және   жылдамдығы   және   қабылданған
контейнерлердің, жүктердің сақталуы қамтамасыз етілуі керек.
      Барлық және кейбір операциялар орындалуы үшін темір  жол  станцияларын
ашу немесе жабу «Қазақстан Республикасының темір жол  көлігі  жайлы»  заңына
сәйкес жүргізіледі.
        Қабылдау   және   жіберу,   тиеу,   түсіру   және   уақытша   сақтау
операцияларының  орындалуы  үшін  станцияларды  ашық  платформа  және  жабық
қоймалармен қамтамасыз етеді. (1,2-сурет).
  [pic]
                             1-  сурет.Жабық  және  ашық  платформалы  жабық
қойма
      Ірі жүк станцияларында  жеке  жүк  түлерін  қайта  өңдеу  үшін  арнайы
қоймалар  тұрғызады:  контейнерлік  пункт(3-сурет),  ұсақ   жіберулер   үшін
сұрыптайтын  платформа(4-сурет),  ауыр   салмақты   жүктер   үшін   алаңдар,
шашылатын жүктерге арналған қойма.
      [pic]
      2- сурет. Жанынан бір жол енетін ангарлы қойма.
      [pic]
      3- сурет. Контейнерлік пункт.
      [pic]
      4- сурет. Сұрыптау платформасы.


    Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жүкті тиеуде қандай жалпы шартарды сақтау керек?
2. Вагондарды және құжаттарды станцияларда қабылдау және өткізу реті.


      2-дәріс. Жүк аулалары,  олардың  қызметі  және  техникалық  қамтамасыз
етілуі.
Дәріс мазмұны:
   1. Жүк аулаларының типтері.
   2. Жүк аулаларының техникалық қамтамасыз етілуі.
      Үлкен көлемді жүк қабылдау  және  жіберу  станциялары  жүк  аулалармен
жабдықталады. Жүк аулаларына жүк қабылдау, тиеу, түсіру,  беру  және  сәйкес
жағдайларда жүкті сұрыптауға арналған  аудандармен  және  жол  құрылғылармен
жабдықтауды жатқызамыз.
      Жүк аулалары  біріктірілген  және  жеке  жүктерді  өңдеу  үшін  арнайы
болады. Неғұрлым кең таралған тұйықталған типтегі  жүк аулалары.(5-  сурет).
Көптеген  жүк  аулаларын  өткінші  типті,  сонымен  қатар  тұйықталған  және
өткінші жолдармен кобинирленген схемамен жабдықтайды.
      Қоймаларды, қызметші бөлмелерін және жүк  құрылғыларын  орналастыруда,
жұмыстың  технологиялық  процесін,  автокөлік  қозғалысының  графигін   және
маршрутын,  құрылымның  жақындау  габаритін,  өртке  қарсы  ережелерді  және
техникалық қауіпсіздік ережелерін ескеру керек.
      Жүк аулаларын қорғанмен қоршайды және күзет сигнализациясының  қажетті
техникалық құрылғыларымен жаьдықтайды. Өту,  кіру  және  шығу  үшін   арнайы
тексеру постылармен күзетілетін қақпа қояды.
      Рельс жанындағы қоймалар  жалпыға  пайдалану  және  жекелей  пайдалану
қоймалары болып бөлінеді. Жалпыға  пайдалану  қоймалары  барлық  жіберушілер
мен  қабылдаушыларға  арналған.Жекелей  пайдалану  қоймаларына   теміржолдан
арендаға алатын қоймалар немесе станция маңында орналасқан кәсіпорын  немесе
ұйым: бидай қоймалары, элеватор, тоңазытқыштар жатады.
      Сақталатын жүктің түріне байланысты, қоймалар әмбебап және арнайы  деп
бөлінеді. Арнайы қоймаларда жүктің бір түрі ғана сақталады, ал жалпы да  бір
біріне зиянын тигізбейтін әртүрлі түрлері сақталады.
      Рельс жанындағы қоймалар жабық  қоймаға  (бағалы  тағам  және  өндіріс
тауарлары сақталатын)  және  жабық  платформаға  (атмосфералық  қалдықтардан
сақтауды  қажет  ететін  қымбат  емес   жүкті   сақтауға   арналған);   ашық
платформаға(атмосфералық қалдықтардың оның сапасына әсер  етпейтін  жүктерді
сақтауға арналған) бөледі.
[pic]
5- сурет. Тұйықталған жүк ауласының схемасы: 1- вагоннан  автомобилге  жүкті
қайта тиеуге арналған жол; 2- өзіжүретін  жүктерге  арналған  платформа;  3-
минералды-құрылыс жүктеріне арналған қойма; 4-жоғарылатылған  жол;  5-  ауыр
салмақты жүктерге арналған алаң; 6- жүкті ыдысқа –орауға арналған қойма;  7-
контейнерлік платформа.

[pic]
6- сурет. Өткінші жүк аулаларның  схемасы:  1-  минералды-құрылыс  жүктеріне
арналған қойма;2- вагоннан автомобилге жүкті қайта  тиеуге  арналған  жол;3-
өзіжүретін жүктерге арналған  платформа;4-  жүкті  ыдысқа  –орауға  арналған
қойма;5- жоғарылатылған жол;6- ауыр  салмақты  жүктерге  арналған  алаң;  7-
контейнерлік платформа.
    Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
   1. Құжаттарыд(Накладной) толтырудың міндеті және реті
Жүкті тасмалдауға дайындау.
   3.  Жүкті марклеудің қызметі және мазмұны.



      3-дәріс. Тауар кеңселерінің жабдықталуы және қызметі.
Дәріс мазмұны:
      1. Тауар кеңселерінде орындалатын операциялар.
      2. Есептеулерге арналған тауар кеңселері.
      Тауар кеңселері жүкті тасымалдауды ұйымдастыру, жүкті жіберушілер және
жүкті қабылдап алушылармен есептесу  және  жүкті  тасымалдаумен  байланысқан
басқа да операцияларды орындауға арналған. Үлкен көлемді  тиеу  және  түсіру
жұмыстары  атқарылатын  кіру  жолдарында  тауар   кеңселерінің   бөлімшелері
ұйымдастырылады.
      Тауар  кеңселерінде  тасымалдауды   ұйымдастырушы   келушілерге   жеке
оқшауланған бөлме бөледі. Тауар кеңселерінің жұмыс реті жайлы  хабарламалар,
әртүрлі  құжаттарды  толтыру  үлгілері,  ұсақ  жіберуменжіберілген  жүктерді
қабылдау күндерінің кестесі және тағы да басқа қажетті  ақпараттарды  іледі.
Әрбір  кассаның  терезесіне    орындайтын   операциясы   жайлы   операциялар
көрсеткішін іледі. Осында шағым және алғыстар кітапшасы болады.
      Тауар кеңселерінің жұмысшыларының бөлмесі жұмыс істеуіне ыңғайлы болуы
керек  және  тасымалданатын,есептелінетін  және  ақшалық  құжаттар   сенімді
сақталынатындай  болуы  керек.  Бұл  бөлмелерге  сейфтер,  информатор   үшін
телефон кабинасын, архивтік материалдарды сақтауға арналған  шкафтар  қояды.
Құжаттарды басып шығару үшін басу машиналары  және  осында  мөрлер  жиынтығы
болады. Тауар кассирінің (7- сурет) және  таксировщиктің  жұмыс  орнын   екі
тумболы  столмен   және   приставкалы   столмен   және   көтеріліп-айналатын
орындықпен жабдықтайды.  Жұмыс  орнының  орналасуы   құжаттарды  жасау  және
өңдеу ағымын қамтамасыз ету керек.
      Тауар кеңселерін есептеу орталықтарымен байланыстыру құралдарымен және
санау,есептеу және тағы да  басқа  операцияларды  автоматизациялау,  сонымен
қатар мехаизациялау  үшін  оргтехникалармен  жабдықтайды.  Тауар  кассирінің
жұмыс орны.
      [pic]
      7-сурет. Тауар кассирінің жұмыс орны: 1- приставкалы жұмыс  столы;  2-
құжаттарды жасауға  арналған  терезе;3-  көтеріліп-  айналатын  орындық;  4-
кеңсе шкафы; 5- есептеу- пернелік машина; 6- телефон; 7- кестелеге төсеніш.




    Тауар кассирінің және жүктерді қабылдап-жөнелтушінің негізгі міндеттері



     жүк және коммерциялық жұмыс шаруашылығында тауар кассирінің және жүкті
  қабылдап-жөнелтушінің  жұмысы  ең  негізгі  және  жұмысы  ең  көп   болып
  табылады.  Олар  тасымал  процессінің  бастапқы  және  соңғы  операциялар
  кезінде жүк жөнелтушілермен және қабылдаушылармен қарым қатынаста болады.
  Тауар кассирінің және қабылдап-жөнелтушінің нақты  және  сапалы  міндетін
  орындауынан жүктің сақталып және уақтылы жеткізілуі, жүктердің тасымалына
  алынаиын төлем ақылар уақтылы және толық төленуі, жүк  және  коммерциялық
  операциялардың орындалуын автоматтандыру, жүк операцияларында вагондардың
  тұру уақытының орындалуы, жылжымалы құрамды тиімді пайдалану, қауіпсіздік
  техникасын  және  поездар  қозғалысының  қауіпсіздігін  қамтамасыз   ету,
  тасымал ақысын және алымдарды есептеудің дәлдігі, темір  жол  көлігіндегі
  қызмет көрсетуін  пайдалануда  жүк  жөнелтушілерді  және  қабылдаушыларды
  тарту.

      Қабылдап-жөнелтушілерге негізгі жүк және  коммерциялық  операциялардың
орындалуы  міндеттелген:  қабылдауды  ұйымдастыру,  өлшеу,  тиеу,  сұрыптау,
қайта  тиеу,  түсіру,  темір  жолда  тасымалданатын  жүктерді  сақтау   және
жүктерді беру; жүктерді  (автоколік  кәсіпорындарынан)  порттардан  қабылдау
және   тапсыру;   порттың   немесе    жүк    жөнелтушінің    (қабылдаушының)
құрылғыларымен  тиелетін   немесе   түсірілетін   вагондарды,   коммерциялық
мағынада жүк тиелген  және  бос  вагондарды,  контейнерлерді  қабылдау  және
тапсыру; темір жол кірме  жолдарында  немесе  тиеу-түсіру  операцияларындағы
вагондардың болу уақытын есепке алу, ПЭВМ жүргізілген операцияларды енгізу.
      Станция  жұмысының  жергілікті  жағдайларынан  және   ерекшеліктерінен
қабылдап-жөнелтушіге   басқада   коммерциялық    операциялардың    орындалуы
міндеттеледі:  вагондарды  және  поездарды  коммерциялық  тексеру,  құжатсыз
жүктерді  ресімдеу,   сақталмаған   тасымалдардың   тексеру   материалдарын,
коммерциялық актіні қарау және толтыру, оларға қосымшалар дайындау.
      Тауар кассирі көптеген жүк жөнелтушілерге және қабылдаушыларға  қызмет
көрстетеді, жүктердің тасымалына қабылданған  өтініштердің  станция  бойынша
және әр бір жүк жөнелтуші үшін орындалуына қатысады.
      Тауар  кассирінің  міндеттеріне  кіреді:   жүк   жөнелтушілердің   жүк
тасымалына берген өтініштерін  есепке  алу;  жөнелтілетін  және  қабылданған
жүктерге  тасымал  құжаттарын  ресімдеу;  контейнерлерді   және   вагондарды
пайдаланғандары  үшін  алымдарды,  жүктердің   тасымалына   төлем   ақыларды
есептеу;  жүк  жөнелтушілермен  және  қабылдаушылармен  есептесу,  қолма-қол
ақшаны  қабылдау;  тиелген  вагондардың  есебін  жасау;  Станция  технология
орталығына  (СТЦ)  және  тасымал  құжаттарын  өңдеу  бойынша   технологиялық
орталыққа  (ТехПД)  немесе  ТехПД  біріктірілген  көліктік  қызмет   көрсету
фирмаларының  аймақтық   агенстваларына   (РАФТО)   беру   үшін   құжаттарды
жинастыру; жүктердің кедендік ресімделуін  тексеру,  жүктердің  мекен  жайын
өзгертуді ресімдеу және басқа операциялар


      Есептеулерге арналған тауар кеңселері.
      Негізгі міндеті: жүкті тасымалдаудағы тасымалдау төлемін анықтау  және
тасымалдаумен  байланысқан  қызмет  үшін  қосымша  жинақ,   кәсіпорындармен,
ұйымдармен тасымалдау үшін Госбанк  арқылы  есептесу,  тасымалдаудан  түскен
түсімнің толықтығын қамтамасыз ету, станциялардағы  тасымалдау  құжаттарының
дұрыс   жасалынылуын   тексеру,   жолдық   ведомостардың   және   тасымалдау
құжаттарының комплекттерінің  шығынын  есепке  алу,  жолдық  машиналық-санау
станциялары  және  қаржылық  қызметтің   көрсетілген  есеп  беру  құжаттарын
уақытында алу, операцияларды механизациялау  және  автоматизациялаудың  жаңа
құрылғыларын   пайдалану    негізінде    орталықтандырылған    есептеулердің
технологиясын іске  асыру,   сонымен  қатар  еңбекті  және  алдыңғы  қатарлы
әдістерді ғылыми ұйымдастыру.
    Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
        1.  Жалпыға  пайдалану  орындарында   жүкті  қабылдау  қалай   іске
        асырылады?
        2. Жүктің салмағын анықтау реті.
        3. Жүкті жіберуге қабылдау кітабына енгізудің реті.


    4,5-дәріс. Тауар кеңселерінде тасымалдауды дайындау.
Дәріс мазмұны:
   1. Жүкті тасымалдауға төлеу.
   2. Жүкті тасымалдауға қабылдау.
      Тауар  кеңселерінде   вагон   жүктемелерінің   техникалық   нормасының
сақталуына  көңіл  аудара  отырып  және  жүктемені  тексерген  аға  қабылдап
өткізушінің белгілеуіне көңіл аудара отырып, көрсетілген жүк құжатына  қарап
жүкті қабылдаудың дұрыс безендірілуін тексереді. Содан соң  төлемдерді  және
жинақтарды анықтайды, құжатқа  қажетті  мәліметтерді  енгізеді  және  жолдық
ведомосттарды құрады. Жүкті тасымалдау үшін  төлемақыны  жүкті  тасымалдауға
жіберу  кезінде  жүкжіберуші  жіберу  станциясында  төлейді.  Жүкті   өткізу
кезінде жіберуші төлемақыны өткізбесе әрбір төленбеген күн  үшін  соманың  1
проценті  көлемінде  айыппұл  алынады;  жүкті  теміржолмен  жіберу  төлемақы
төленгенге дейін тоқтап тұрады.
      Жүкжіберушулердің темір жолмен  орындалатын  жүкті  тасымалдау  ақысы,
жүкті шығарып салушы  жолсеріктердің  жолақысы,  теміржолдың  құрылғыларымен
орындалатын  тиеу  және   өлшеу   және   т.б.   операциялар   ақысы   жіберу
станцияларына қолма қол ақшалай, МЕМ банк чектері арқылы төленеді.
      Станциялармен үнемі  есептесулері  бар  кәсіпорындар  және  ұйымдардың
жүктерін тасымалдауды төлеу үшін, банктер шектелген немесе  шектелмеген  чек
кітапшаларын береді.
      Жіберушінің тапсырысы бойынша жіберу станцияларынан  жүкті  тасымалдау
үшін есептесулерді Көліктік-экспедициялық ұйымдар атқарады.
      Қазіргі уақытта жүкті тасымалдауда негізгі формасы  орталықтандырылған
есептесулер болып табылады.
      Орталықтандырылған есептесулерде құжат  болып,  тасымалдауға  арналған
орталықтандырылған Госбанктің  шектелген  анықтамасының  орнына,  станциялар
немесе  есептесуге   арналған   тауар   кеңселері   беретін,   Госбанктердің
анықтамалары немесе ФДУ-89 формасындағы қолхат пайдаланылады.
      Орман, мұнай және т.б. жалпы халық шаруашылығының жүктері  үшін,  яғни
оларды тасымалдау шығыны жіберушіге  байланысты  болатын  жүктер  үшін,  жол
басқарымы арқылы ведомостаралық есептесулер пайдаланылады.  Мұндай  жағдайда
тасымалдау құнын  бір  ай  көлеміндегі  түсірілген  жүктің  толық  көлемімен
анықтайды.
      Жүкті тасымалдауға қабылдау.
    Көптеген жүктер өзінің қасиеттеріне байланысты қабылдауда, тасымалдауда
және беруде ерекше шарттарды сақтауды қажет етеді. Ондай  жүктерге  қауіпті,
тезбұзылатын, қатып қалатын, габариттіемес және экспорттық жүктер жатады.
    Жүктің көп бөлігін  әртүрлі  қораптарда  (тара)ыдыстарда  тасымалдайды.
Кең таралған ыдыс түрлері қатты  (жәшіктер,  бөшкелер,  бидондар),  жартылай
қатты (қорап, шарбақ, корзина) және жұмсақ (мешок, сетка).
    Ыдыстың көптеген түрлерін бірнеше рет пайдалануға  болады.  Кез  келген
өнімді орауға болатын әмбебап ыдыстар болады және анықталған өнім  түрлеріне
ғана   арналған   (цементке   арналған   мешоктар,   кислоталарға   арналған
бөтелкелер) арнайы ыдыстар болады.
      Көптеген  жүктерді  орау  тәсілдері  ГОСТтармен  қарастырылған   және
көрсетілген  техникалық  шарттармен  қарастырылған;  орамасында  стандарттар
көрсетілменген жүктер бар. Барлық  жағдайда  да  ыдыс   тасымалдауда  жүктің
сақталуын қамтамасыз етуі керек.
    Тасымалданатын  жүктің  сақталуын  және  оның   уақытында   жеткізілуін
қамтамасыз етудегі басты  роль,  оның   жіберу  станциясы  және  жолы,  бару
станциясы және жолы, алушының  аты,  жіберушінің  белгілері  және  маркалары
көрсетілетін көліктік маркировкасында жатады.
    Жүктің жеке түрлеріне жіберуші,  оны  тиеу-  түсіру  жұмыстары  кезінде
және сақтауда қасиеттерін көрсететін арнайы  манипуляциялық  белгілерді  қою
керек. Мысалы: «Байқаңыз», «Не кантовать», «Жоғары» т.с.с.
    Жалпыға пайдалану  орындарында(станциялық  қоймаларда  және  алаңдарда)
жүкті тасымалдауға қабылдау, жүкті станцияға әкелуге рұхсаты қойылған  алдын
ала  толтырылған  құжат(накладной)  бойынша  жүргізіледі.   Әкелу   рұхсатын
тексере  отырып,  қабылдаптапсырушы   жүкті  жіберушінің   көрсеткен   жүгі,
орындар  саны  және   сыртқы   орамының   тегі   құжатта   көрсетілгендермен
сәйкестігіне көз жеткізуі керек. Сыртына  қарап  тексеруде  ыдысында  немесе
орамында,  жүктің  сақталуын  қамтамасыз  ете  алмайтын,   жеткіліксіздіктер
болса, онда қабылдаптапсырушы ол жеткіліксіздіктердің  жойылуын  талап  етуі
керек немесе тасымалдауға болмайтын (нетранпортабельный) жүкті  тасымалдауға
қабылдаудан бас тарту керек.
    Ыдыстардағы    және    бөлектенген(штучных)    жүктерді     қабылдауда,
жүкжіберушінің  құжатта  олардың  салмағы  және  оны  анықтау   тәсілдерінің
көрсетілуін, қабылдаптапсырушы тексеруге міндетті.  Жүктің  салмағын  салмақ
өлшеуіштерде өлшеп немесе  трафарет  бойынша  немесе  стандарт  бойынша  жүк
орындарындағы  салмағын  есептеу  арқылы  анықтайды.  Егер  жүктің   салмағы
трафарет бойынша есептеумен анықталған болса, онда оның дұрыс  анықталғанына
және мұндай  трафареттердің  жүк  орындарында  бар  екендігіне  көз  жеткізу
керек.
     Жүкті және оның орамын тексерумен бірге  оның  көліктік  маркировкасын
тексеру  керек.  Тасымалдауға  қабылданған  жүкті  қабылдапөткізуші    жүкті
жіберуге қабылдау кітабына жазады(форма ГУ-34).
    [pic]
    Әрбір 100м үшін 0,25 мин және операция үшін плюс 2 мин
    8-сурет. Станция қоймасына жүкті қабылдаудың графигі.
    Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
        1.  Жүкті  жіберуге  қабылдау  процесінің   негізгі   технологиялық
        элементтері.
        2. Тауар кеңселерінде тасымалдауды дайындауды безендіру реті.
           3.  Жүкжіберушінің жүкті тасымалдау үшін есептесуді іске асыруы.


    6,7-дәріс. Жүкті жіберу және тексеру бойынша операциялар және тиеу.
Дәріс мазмұны:
    1. Вагондарды жүк тиеуге дайындау.
    2.  Тиеудің жалпы шарттары
    Жарғыда қарастырылған (статья 45), вагондарға және автомабилдерге тиеу,
сонымен қатар олардан түсіру іске асырылады:
    Жол құрылғаларымен  — жалпы пайдалану  орындарында, сонымен  қатар  Жол
министрлігінің   жеке   шешімдерімен,   анықталған   жерлерде(мысалы,   ауыл
шаруашылығы, сауданы ұйымдастыру және тұтынушы  кооперациялары  үшін  келген
жүкті тиеу және түсіру) ;
    Жүкті жіберушілер және қабылдаушылармен —жалпыға пайдалануға арналмаған
  орындарында  қауіпті  және  тез  бұзылатын,   шикі   жануарлар   өнімдері,
ауырсалмақты  (бір орында 0,5 т жоғары) және габаритті емес   жүктерді  тиеу
және түсіру жұмыстары іске асырылады.
    Ал құйылатын, шашылатын және  аударылатын  жүктерді  тасымалдау  арнайы
жылжымалы  тіркесте  және  жіберушінің  немесе  қабылдаушының   жолсерігінің
шығарып салуымен- жалпы пайдалану орындарында   іске асырылады.
    Жолдар  өзіне   кәсіпорындармен   және   ұйымдармен   келісім   бойынша
көрсетілген жүктермен(құйылатын, қауіпті,  сонымен  қатар  тез  бұзылатын  ,
суықтай,  жылылап   тасымалданатын  жүктерден  басқа)  жүктік  операцияларды
орындауды қабылдай алады. Жүкті жалпыға  пайдалануға  арналған  автомобилдік
көлікпен   орталықтандырылған   әкелу   және   шығаруда   барлық    жүктерді
станцияларда тиеу және түсіру   (қауіпті  және  құйылмалыдан  басқа)  жолмен
іске   асырылады.   Жалпыға   пайдалану   орындарында   жүктік   операциялар
механикаландырылған дистанциялық тиеу-түсіру жұмыстармен атқарылады.
     Вагондарды жүк тиеуге дайындау.
    Жүк  тиеуге   көрсетілген   жүкті   тасымалдауға   жарамды,   алдындағы
тасымалданған  жүктің  қалдықтарынан  және  қоқыстардан  тазартылған,  қажет
жағдайда жуылған вагонды береді.
    Жүк тиеуге берілетін вагоннның техникалық  жағдайын(жүру  бөлшектерінің
дұрыстығын,  соғылатын  және  жанастырылатын  приборларды,   шанақтың   және
жабынның  бүтіндігі,  тіреуіштердің  дұрыстығы  т.с.с)  вагон  тексерушілері
тексереді.    Тексеру  нәтижелерін   станция   бойынша   кезекшіде   болатын
«Вагондарды  техникалық  карауға  ұсыну  кітабы»-на   енгізеді.   Вагондарды
коммерциялық қарау  (вагон шанағының ішкі  жағдайы)  жүкті  қабылдапөткізуші
немесе жүкжіберуші агент іске асырады. Қажет жағдайда вагондарды  жуады.  Ол
үшін тек қана жуатын емес  сонымен  қатар  кептіретін   арнайы  құрылғыларды
пайдаланады.  Көп  мөлшерде  вагондарды  жуу  күзгі   уақыттарда   жылжымалы
тіркесті  нан  жүктерін  жаппай  тасымалдауға  дайындауда   жасайды.   Мұнай
өнімдерін құяр алдында  цистерналарды  жуу  және  парлау,  құю  пункттерінде
орналасатын   арнайы    жуу-парлау    станцияларында    орындайды.    Арнайы
цистерналарды тазалау (газдарды, қышқылдарды жағу  үшін  тс.с.)  жіберушінің
міндетіне енеді.
    Тиеудің жалпы шарттары
    Темір жол және жүк жіберушілер вагондарға жүкті  тиеу  кезінде  тиеудің
Техникалық  шарттарын  қатаң  сақтау  керек,   яғни    вагонның   көтеруінің
техникалық нормасы, сонымен қатар жүкті тиеуге қойылған уақыт.
    Техникалық  нормасы  көрсетілмеген  жүк   үшін,   вагоды   тиеу   вагон
сыйымдылығын немесе оның жүккөтерімділігін толық пайдаланып По  грузам,  для
которых  технические  нормы  не   установлены,   загрузка   вагонов   должна
производиться  до  полного  использования   вместимости   вагона   или   его
грузоподъемности.
    Жүктер ереже бойынша қозғалудан, құлаудан, зақымданудан  сақталуы  үшін
вагонның еденінде бірдей жатуы керек. Мұнда  неғұрлым ауырлары  астында  ,ал
жеңілдеулері үстінде жатуы керек.
    Қаланған жүктің беті түзу болуы керек: вагонның шеткі жақтарында жүктің
есік аралығындағы кеңістіктен жоғары қалануын  жібермеу  керек,  бұл  жүктің
құлауына, сонымен қатар оның бүлінуіне әкеледі
    Бөшкелердегі жүктерді, кабелді катушкаларды және  т.с.с  тиегеннен  соң
(подклинить)қадап  қою  керек.  Себеттерге  немесе   шарбақтарға   қапталған
бөтелкелердегі сұйық жүктерді, егер  ол  вагонның  еденінің  барлық  ауданын
алып жатпаса, тақтайлармен бекіту керек  немесе  ылғалдан  қорықпайтын  жүгі
бар жәшіктермен тығыз қоршап қою керек.
    Арнайы маркировкасы бар жүктерді, осы маркировканың талаптарына  сәйкес
вагондарға, осы маркировка көрініп тұратындай етіп қалау керек.
    Жабық вагондарда есік аралық кеңістікте жүкті,  вагонның екі жағында да
еркін есік ашылатындай етіп қалау керек. Ыдысқа оралатын  жүктерді,  мысалы,
вагон есігінен 25 см ден жақын емес етіп қалайды.
    Вагонға әр түрлі аттардағы жүктерді тиеуге болмайды, егер оларды  бірге
тасымалдау бұл жүктердің бұзылуына алып келетін болса.
    Жабық және изотермиялық  вагондарға  тиеуді  аяқтағаннан  соң,  сонымен
қатар цистерналар темір жолдың пломбаларымен пломбалануы керек.
     Тиелудің(загрузка) техникалық нормасы деп -оның  жүккөтерімділігі  мен
сыйымдылығының  толық  пайдаланылуын  ескере  отырып,  көрсетілген   вагонға
салыну(загрузка) керек болатын, сәйкес дайындалған жүктің  саны.
    Бұл нормаларды, вагонның жүккөтерімділігі мен  сыйымдылығын  максималды
пайдалану  қажеттілігінен  өңдейді  және  жүкті   тасымалдауға   дайындаудың
рационалды әдістерін ескере отырып (престеу, ыдысқа салу, бұзу және  т.с.с.)
жүктің сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар оларды вагонда. [pic]
    9-сурет. Станция қоймаларынан вагондарға тиеудің мөлшерлі графигі.
    неғұрлым эффективті орналастыру әдістері.
    Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
        1. Жүкті жеткізу уақыты және оның орындалмауына жауапкершілік.
        2. Вагондарды тиеуге дайындау.
        3. Вагондарды тиеудің техникалық нормасын кім орнатады?


    8-дәріс. Тиелудің техникалық нормасы.
    Дәріс мазмұны:
    1. Вагонның орташа статикалық жүктемесі.
    2. Вагонды тығыздап жүктемелеудің  әдістері.


    Тиелудің(загрузка) техникалық нормасы деп  -оның  жүккөтерімділігі  мен
сыйымдылығының  толық  пайдаланылуын  ескере  отырып,  көрсетілген   вагонға
салыну(загрузка) керек болатын, сәйкес дайындалған жүктің  саны.
    Бұл нормаларды, вагонның жүккөтерімділігі мен  сыйымдылығын  максималды
пайдалану  қажеттілігінен  өңдейді  және  жүкті   тасымалдауға   дайындаудың
рационалды әдістерін ескере отырып (престеу, ыдысқа салу, бұзу және  т.с.с.)
жүктің сақталуын қамтамасыз  ету,  сонымен  қатар  оларды  вагонда  неғұрлым
эффективті орналастыру әдістері
    Тиелудің   техникалық   нормасы    қатынас    жолдары    Министрлігімен
шешіледі(устанавливается) және тасымалдау ережелері және теміржол  көлігінің
тарифтері жинақтарында жарияланады.
    Қатынас жолдары Министрлігімен шешілетін желілік  техникалық  нормалар,
жүктердің әртүрлілігін, оларды дайындаудың және  тиеу  әдістерінің  барлығын
қамтымауына  байланысты,  Устав  теміржолға   өңдеу    және   жүкжіберушінің
келсімімен  вагодарды  тиеудің  жергілікті  техникалық   нормаларын   орнату
құқығын береді.
    Техникалық   нормасына   дейін   немесе    сәйкес   жағдайларда   толық
сыйымдылығына дейін немесе  жүккөтерімділігіне  дейін  тиелмеген  вагондарды
станция басшысының қабылдаудан бас тарту  және  оны  толтыруды  талап  етуге
құқығы бар.
    Вагондардың жүккөтерімділігін  пайдаланудың сапасын сипаттатын  негізгі
көрсеткіші, ол статикалық жүктемесі- яғни бір вагонға  келетін  жүктің  орта
салмағы нетто.  Вагонның орта  статикалық  жүктемесі  тиелген  жүктің  жалпы
тонна санын  вагонның  физический  жүктемесінің  санына  бөлгенге  тең.  Бұл
көрсеткіш бір  вагонға  тиелген   жүктің  тонна  санын  ескереді.  Пайдалану
дәрежесін жүккөтерімділігін пайдалану  коэффициенті  сипаттайды-  статикалық
жүктемесінің вагонның жүккөтерімділігіне қатынасы. көрсеткшінің.
    Вагонның   жүккөтерімділігін   және   сыйымдылығын   тиімді   пайдалану
мақсатында,  вагондарды тығыздап жүктемелеудің  алдынғы  қатарлы  әдісі  кең
таралды
    Вагонды  тығыздап  жүктемелеудің   неғұрлым  кең  таралған   әдістеріне
жатады:
    Салмақты жүктерді вагонның бортынан жоғары тиеу. Салмақты жүктердің бір
бөлігін, жоғары емес салыстырмалы  көлемдік  массалы  жүктерді(көмір,  кокс,
кірпіш және т.б.)  «шапка» деп аталатын  вагон  бортының  деңгейінен  жоғары
тиейді, ал орман материалдарын тасымалдауда тиеудің  толық  габаритін,  оның
ішінде оның тарылған (суженную)  бөлігін  де  пайдаланады.   Бірақ   қазіргі
қозғалыс  жылдамдығымен   көмірді   және   кокстық   ұсақтарды   «шапка»-мен
тасымалдауда, үрленуден жүктердің көп көлемі  азаяды.  Осы  жоғалуды  азайту
үшін бірнеше мероприятилар пайдаланады(арнайы катоктары бар  виброқұрылғылар
көмегімен  жүкті  тығыздау,  жүкті  майлармен   жабу   және   т.б.).   Орман
материалдарын  габариттің  тарылған  бөлігін  пайдаланып  тиеу  әдісі  вагон
жүктемесін  20—25%-ке арттырады;
    үлкенемес  көлемдік  массалы  жүктерді(торф,   кокс,   қант   свекласы)
тасымалдауда  вагон  көлемін  үлкейту  үшін   платформалар   және   жартылай
вагондардың бортын өсіру және решеткалау;
    автомобилдерді жартылай қисық қалыпта тиеу,  әртүрлі  машиналарды  және
механизмдерді араласытырып тиеу, оларды жартылай бөлшектеп тиеу;
    вагонды  жеңілсалмақты  және  ауыр   салмақты   жүктермен   араластырып
жүктемелеу.  Жеңілсалмақты  және  ауырсалмақты  жүктердің  тиімді   қатынасы
есептеулермен анықталады;
      ыдыстарды стандарттау және рационализациялау, олардың тиімді  өлшемін
орнату (планкалық  обвязкаларды  (планочной  обвязки)  металдық  ленталармен
алмастыру,  картондық  және  қағаз-беттік  ыдыстарды  пайдалану,  полимерден
ағаштан бірге жасалған  ыдыстар).  Өлшемі,  вагон  шанағының  ішкі  өлшеміне
бөлінетін, ыдыстарды пайдалану жақсы эффект береді;
    кейбір жүктерді престеу(мақта, шөп, металлической стружки, льна и др.).
Пакеттелген тасымалдауды кеңейту;
    вагондарға жүкті тығыздап себу, тиянақты  тегістеу,  платформаның  және
жартылай вагондардың бұрыштарын толтыру;
    Тығыздап тиеудің алдынғы  қатарлы  әдістері,  вагондарды  жүктемелеудің
прогрессивті техникалық нормасын орнатудың  негізі болып табылады.
    Осымен қатар олардың  типіне  және  жүк  тегіне  байланысты  вагондарды
тиеуге рационалды тарату  үлкен  орын  алады.  Үдемелі  жүккөтерімділігі  аз
вагондарды неғұрлым  жеңілсалмақты  жүктерді  тиеуге  беру  және  керісінше.
Үдемелі(Удельная)  жүккөтерімділік  —  вагон  шанағының  1  м3  геометриялық
көлеміне келетін, жүккөтерімділіктің тонна саны.
    Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
    1. Вагондардың жүккөтерімділігін  пайдалануды жақсарту іс шаралары.
    2. Жүкті тиеу және түсіру уақыты  және  олардың  орындалмауы  кезіндегі
    жауапкершілік.
    3. Поездың және жүктің келуі жайлы ақпараттау жүйесі.


    9-дәріс. Жүктің келуі және оны түсіру, сақтау және беру операциялары .
    Дәріс мазмұны:
   1.  Жүктің келуі туралы мәлімет.
   2.  Келген жүктерден жүк құжаттарын қабылдау.
      Жүкалушылар мен темір жол  арасында  жасалатын  келісім  шарт  бойынша
жүкалушыларға жүкті қабылдауға дайындау жағдайын жасау негізінде  станциялар
жүктің келуі жайлы алдын ала мәлімет береді.       Алдын  ала  мәлімет  беру
жүктің келуіне 12  сағат қалғанда, ал одан да нақты мәлімет 4 –  6  сағаттық
кезеңмен беріліп отырады.  Ірі  жүк  станциялардың  тауар  канторасында  жүк
қабылдауға  жүктің  өз  мекен-жайына  келген  вагондар   жайлы   алдын   ала
хабарламадан  кейін,  жүкалушылардан  тарифпен   қойылған   өлшемдер   жиыны
алынады. Уақытындағы және нақты ақпарат алуды қамтамасыз ету үшін,  жолдарда
өтпелі және жүктік ақпарат, тасымалдау процесін  автоматтандырылған  жүйесін
басқару  болып  табылатын  мәлімет   жіберетін   жүйе   орнатылады.   Өтпелі
станциялардағы бұл жүйенің  құрамында  ұйымдастырылған  ақпараттық  пункттер
(АП)өтпелі станциялардағы бұл жүйенің құрамында  ұйымдастырылған  ақпараттық
пункттер (АП), учаскелік және ірі  жүк  станцияларында   –  ақпараттық  бюро
(АБ), іріктейтін станцияларда ақпарат орталықтары (АО),  жол  бөлімшелерінде
– бөлімшелік ақпарат орталығы. Барлық  ақпарат  жолдың  есептеу  орталығында
ЭЕМ өңделеді (ЕО).
Поезд келгенше ақпараттық бюро  телетайп  арқылы  телеграмма  алады,  келесі
түрде беріледі: «НР вагон Р масса назн МСГ груз получ ПБ КТ  ТАР  1  2327624
0 058 33720 000 50406 39610 2 0 21,0», мұнда НР  –  реттік  номер;  вагон  –
вагон номері; Р – роликті подшипниктегі  белгі;  масса  –  жүк  массасы,  m;
назн. – жүкке арналған станция; М – маршруттық топ; С  –  келу  шифрі;  Г  –
габариттік емес; груз  – жүктің  атауы;  получ  –  жүк  алушы;  ПБ  –  таңба
мөлшері; КТ – контейнер мөлшері; ТАР – вагон тарасы.
    [pic]
10-сурет.   Поездардың  және  жүктердің  келуі  жайлы  ақпаратты  беру  және
байланыс құралдарының схемасы.

           Келген жүктерден жүк құжаттарын қабылдау.
       Бақылау  пунктында  техникалық  кеңсе  жұмысшылары  станцияға  келген
поездің барлық поезд құрамындағы  вагондардың  орналасуын  арнайы  станцияға
келген поезді арнайы сәйкес байланыс құрылғыларымен жабдықталған және  поезд
құрамындағы вагондардың орналасуы жайлы барлық қажетті мәліметтер  берілетін
техникалық кеңсе жұмысшылары бақылау пунктінде тексеру жүргізеді.  Станцияға
келген жүктелген вагондардың тасымалдау  құжаты  вагон  мен  жүктің  құжатқа
сәйкестігін  толықтай  тексеретін  техникалық  кеңсеге   түседі.   Тексеруді
болғаннан кейін оператор керек жағдайда телеграммаға өзгерістер енгізіп,  ол
жайлы маневрлік диспетчерге хабарлайды.
      Тасымал құжатын тексеріп болғаннан кейін  техникалық  кеңсе  операторы
түсіруге  келген  вагондардың  вагон  парағында  және  жол  ведомостьтарында
күнтізбелік нұсқама қояды. Келген жүктің күні және уақыты жазылады.  Сонымен
қатар вагон парағында сол поездің номері көрсетіледі. Бұдан  соң  құжаттарды
тапсыру кітабына жазады (Форма ГУ–48). әр жөнелту  сайын  вагон  номері  мен
накладной  номерін  көрсетеді.  Жол   ведомостьтарын   және   накладнойларды
тауарлық  кантораға,  ал  вагон  парақтарын–жүк  алаңына   немесе   жалпылық
қолданудағы емес түсіру  пунктыларына  жібереді.
    Құжаттарды өткізу кезінде техникалық кеңсе жұмысшысы кітапқа қол қояды,
ал тауар кеңсесінің жұмысшысы – қабылдау  құжаттарына  қол  қояды.  Тауарлық
кеңсеге келген жүкке түскен  барлық  жол  ведомостьтары  мен  накладнойларды
жүктің  келуі  туралы  кітапта  тіркеледі  (Форма  ГУ  –  42).    Жергілікті
хабарламаға, тікелей хабарламаға, халықаралық хабарламаға,  әскери  жүктерді
тасымалдау құжаттарын жеке кітапқа жазады.    Шағын  жүк  келу  станциясында
жол бөлімшесінің бастығы жүктің тізімін өзі қоятын құжаттарды келу  кітабына
кіргізбеуге де болады. Әр тәулік басында келу кітабының алғашқы бос  жолында
күні және айы жазылады. «Ескерту» жолағында жергілікті  жағдайға  байланысты
жукті алушының немесе тусіру орнын көрсетуге болады, сонымен қатар басқа  да
мәліметтер. Осы жолдың толтырылу тәртібін станция  басшысы  қояды.  Жіберуді
жазғаннан  кейін  келу  кітабының  беткі  жағының  жоғарғы   бөлімінде   жол
ведомостьіне «келу кітабының №» жолағын толтырады.  Бұдан  кейін  тасымалдау
құжаттарын тауар кассиріне  жібереді,  ол  тасымалдаудағы  жукті  беру  және
соңғы әрі нақты  есептеулерді  жук  алушылармен  толтырады.  Келу  кітабының
сәйкес жолақтарында  берілетін  жуктін  мөлшері  бойынша  күнделікті  реттік
номермен  беру  есептеулері  жазылады,  сонымен  қатар  берілген   күні   де
жазылады.   Келу   кітабында   бұндай   жазылулардың   болмауы    тасымалдау
құжаттарының пайымдалмағанын көрсетеді. Келген жүктің құжатын  тіркеген  соң
ақпараттық бюроға жіберіледі. Егер станция жүкалушыға  жүктің  келуі  туралы
хабарламаса, онда ол вагон мен контейнер турағына және сақталуына төлем  ақы
бермейді және бұл  туралы  оны  хабардар  еткенше  жауапкершілікке  алмайды.
Құжаттармен орындалатын  операциялардың  графигі  11-  суретте  көрсетілген.
[pic]
    11- сурет. Құжаттармен орындалатын операциялардың графигі


    Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
   1.  Тасымалданатын  жүктің  амандығы  мен  түгелдігін  қамтамасыз  етудің
   маңыздылығы.
   2. Тасымалданатын  жүктің  амандығы  мен  түгелдігін  қамтамасыз  етілмей
   қалуының түрлері және олардың алдын алудың түрлері.
   3.  Акт формалары және оларды жасау тәртібі.


      10-дәріс. Вагондарды түсіруге жіберу. Қызмет көрсету реті  және  кірме
жолдарға вагондарды тапсыру. Тиеп түсіру фронты.
    Дәріс мазмұны:
     1. Кірме жолына вагондарды тапсыру.
     2. Тиеп түсіру фронты.
   Құрамын реттеу және вагонды түсірілуге жіберуге дайындау іріктеме  парағы
бойынша   іске  асады,  оны   маневрлік   диспечер   толтырады.   Вагондарды
түсірілімге жіберу алдын ала хабарлау арқылы жазылған  уақыты  немесе  уақыт
үзілісі арқылы алушы  құрамы  мен  іске  асады.  Вагондарды  жіберу  жайында
станция  алушыны  2  сағат  бұрын  хабардар  етуге  міндетті.  Тәртіпке  сай
хабарламаны жүкалушыға  телефон  арқылы  жеткізсе,  онда  алушы  өз  жағынан
жауапты адамды белгілеп, оның тегі мен  телефон  номерін  станция  бастығына
айтуы керек.
   Вагондарды  түсіруге  жіберу  уақытын  анықтап,  хабарлама  жіберу   үшін
станцияда  хабарлама  кітапшасы  бар(Форма  ГУ  –  2).  Вагонды   түсірілуге
жіберген кешіккен жағдайда (2 сағаттан  жоғары)  станция  жүк  алушыға  оның
алдағы вагон жіберілуінің уақытын хабарлауы керек.
   Белгіленген уақыт бойынша немесе уақыт үзілісі арқылы  вагондарды  жіберу
тек кәсіпорынға кіру  жолдарында  және  темір  жол  мен  кәсіпорын  арасында
жасалатын келісім шарт арқылы іске асады. Жүктерді  түсіру.  Жабық  вагоннан
станция қоймасына түсірудің алдында қабылдап–жіберуші коммерциялық  тұрғыдан
тексереді  және  пломбылардың  іске  жарамдылығын  тексереді.  Егер  тексеру
кезінде шығынға немесе жүктің бұзылуына әкеліп соғатын жарамсыздық  табылса,
онда ол келеңсіздікті міндетті түрде басшылыққа жеткізеді.
Қызмет көрсету реті және кірме жолына вагондарды тапсыру.
       Мекелемерде  жататын  кіру   жолдары   өз   локомативтарымен   қызмет
көрсетеді. Егер мекеме немесе  ұйымда  өз  локомотивті  болмаса,  вагондарды
жіберу мен жинау ақылы  түрде  темір  жол  локомотивімен  орындалады.  Темір
жолына  жататын  кіру  жолдарға  әрқашан  темір   жол   локомотивті   қызмет
көрсетеді. Станция вагон жіберу туралы мекемеге 2 сағат  бұрын  айту  керек.
50-ге жуық вагонды тиеп түсіру кезінде  кіру  жолдарында  вагондарды  жіберу
мен қайта  жіберу белгілі бір тәртіп бойынша және ереже бойынша  орындалады.
Берілген мерзімнен  кешігіп тапсырылған вагондар жіберілген деп саналады:
       хабарламамен және хабарламасыз жіберілген  вагондар  2  сағат  ішінде
жіберілген вагондар;
      кесте бойынша жіберілген вагондар – жаңа кесте басталған сәттен;
      Вагондар   кіру   жолынан   қойылған   келісім   шарттарғы   тәртіппен
қайтарылады. Осыған орай вагондар мекемеден тұрып  қалған  есептен  алынады.
Кіру  жолына  қызмет  көрсету  жол  локомотивімен  орындалады  –  вагондарды
жинауға  дайындығы туралы хабарлама алған сәттен бастап.
      Өндірістің орны және тәртібі қабылда өткізу операциясымен келісім шарт
бойынша кіру жолын пайдалану, вагондарды жіберу мен жинау  келісімі  бойынша
орындалады.
      Қабылдап  өткізу  операциясынң  уақыты  вагонға  1  мин.  және  барлық
вагондар партиясына 30 мин. аспау керек.
      Тиелген вагондарды  кіру  жолдарына  тапсыру  екі  жақтың  өткізу  мен
қабылдап  алушы  жұмысшыларының  қолхатымен  бекітімді.  Тиелген  волондарды
тапсыру жүктің жағдайы мен  орын  санын  тексеру  арқылы  жүзеге  асырылады.
Вагондардың  техникалық қалпын  анықтау  үшін,  кіру  жолдарына  жіберілетін
және кері қайтарылатын вагондарды  техникалық  бақылау  мен  тексеру  арқылы
орындайды.
      Тиеп түсіру фронты.
      Тиеп түсіру фронты  деп жүкті тиеп түсіруге арналған қойша жолының бір
бөлігін   айтады.   Тиеп   түсіру   фронтының   өлшемі   вагон    мөлшерімен
анықталады.Тиеп  түсірудің  механизацияландырылған  фронты  мөлшерімен  және
механизмнің қайта өндіру қабілетімен анықталады.
      Күніне бір және одан да көп маршруттарды қабылдайтын немесе  жіберетін
мекемелерде тиеп түсіруге жеткілікті маршруты бар  фронт  болу  керек.  Тиеп
түсіру фронтының өлшемін анқтау кезінде  жүкті  сақтау  амалдарын  ескереді.
Ашық жерде сақтаса, тек қойша жолының ұзындығы есепке алынады.  Жабық  жерде
сақтайтын жүктерде қойша есіктерінің санын ескереді.
      Вагонның айналым мерзімі – бұл  барлық  операциялары  орындауға  керек
уақыт кіру жолында вагондарды қайта өңдеумен  қабылданған   уақыттан  бастап
қайта  қабылдап  өткізу   жолына  оралумен    байланысты.   Кіру   жолындағы
вагондардың  айналым  мерзімін  бір  операциялық   (тиеу   немесе    түсіру)
вагондарға,  екі  операциялық   және   маршрутпен   жіберілетін   вагондарға
орнатады. Жалпы мерзімі кіру жолдарында  үлкен  вагон  айналыммен  және  екі
еселенген операциялармен жиі қойылады.
    Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
   1. Тасымалданатын жүктің амандығы мен түгелдігі қамтамасыз етілмей қалған
   жағдайда тергеу жүргізу тәртібі мен мерзімдері.
   2. Коммерциялық актілер бойынша жауапкершілікті қарастыру  және  анықтау,
   актілерді қайта жіберу.
   3.   Тасымалданатын   жүк   амандығы   мен   түгелдігіне   темір   жолдың
   жауапкершілігі.


11,12-дәріс. Тасымалданудағы жүктің сақталуын қамтамасыз ету.
    Дәріс мазмұны:
   1.  Сақталмаудың түрлері, актылар, қойылымдар, исктар, жүктердің ізделуі.
   2. Жүктің сақталмауының түрлері және оларды ескерту туралы шаралар.
   3. Акт және оның құрылуының тәртібі
   4.  Сақталмай тасымалдаудың ретімен тексеру мерзімі.
      Темір жол түрлі жүктер тасымалданады.  Олардың  жалпы  құны  14  млрд.
   рубль   құрайды.   Тасымалдаудағы   жүктің   сақталуын   қамтамасыз   ету
   тапсырмасымен үлкен халықшаруашылық маңызы бар. Бұл тапсырма  ресурстарды
   эканомдау, шығынмен күрес және барлығына күтімді қатынас жағдайында  одан
   да үлкен өткірлік алады. Тасымалдаудағы бағалы  материалдардың  сақталуын
   толықтай қамтамасыз ету теміржолдың басты міндеті болып табылады және  ол
   міндеттер кәсіпорындарға және жүкті жіберуші -  жүкті қабылдаушыларда  да
   болады. Сондықтан бұл  Жарғы  жүйе  шегін  қарастырады,  осы  міндеттерді
   атқаруға бағытталған және оларды орындамағанына сай санкция құрайды.
   Жүктің сақталмауының түрлері және оларды ескерту туралы шаралар.
      Жүкті   тасымалдауда  әртүрлі  технологиялық  бұзу  және  коммерциялық
   операция  ережелерін  бұзу  болса  және  күзетте  кемшілік  болса,   онда
   сақталмаудың тасуы туындайды. Сақталмай тасуға мыналар  жатады:  жоғалтып
   алу, кемшілік, жүктің бұзылуы немесе ұрлануы. Олардың бәрі алушыға  дейін
   болса ғана, ол сақталмай тасу деп аталады.  Сақталмай  тасудың  ең  басты
   белгісі  - берілгенге қарсы жетіспеушілік, құжатта  көрсетілгендей  сыну,
   жүкке зақым келу және де жүктің қасиетінің төмендеуін білдіретін белгілер
   жатады. Сақталмай тасудың анализ көрсеткіштері  бойынша  тасымал  кезінде
   жүктің шығынына, жетпеуіне,  бұзылуына  негізгі  себептер  мыналар  болып
   табылады:
    - Жүктің тасымалға жарамсыз,  стандартқа  сай  емес  сапа  жағдайы  және
      бұзылу белгілері мен (мысалы, тез бұзылатын жүктер), стандартқа  қарсы
      жоғары ылғалдылық және т.с.с.
    - Жүк жөнделмейтін, сапасы нашар немесе стандартқа сәйкес келмейтін тара
      да және орамда өткізу, маркаланбаған немесе дұрыс маркаланбағандықтан.
    - Массамен орын санын дұрыс анқтамау
    - Вагонды пломбылау ережесін сақтамау
    - Жүкті өз түріне сәйкес  емес  вагонға  тиеу  (мысалы,  ашық  жылжымалы
      құрамның орнына  жабық,  жабық  вагонның  орнына  изометриялық)  істен
      шыққан немесе былғанған вагондардан.
    - Жолда тез бұзылғыш өнімдерге дұрыс қызмет көрсетілмеуі
    - Қауіпті жүк тасымалы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау
    - Шығын бұзылу және жүктің жол апаты,  қирауы  және  өрт  кезінде  істен
      шығуы жүктің құжатынан айырылу және оны белгіленген жерге жібермеу
      Тасымал кезінде келеңсіздік туғызатын  бұл  жетіспеушіліктің  жоғалуын
тек жар,ымен тәртіпті  қатаң  сақтау  негізінде  жүзеге  асады.  Бұл  барлық
коммерциялық  операциялардың  орындалу  жиынтығы  (қабылдау  тәртібі  немесе
жүкті  өлшеу,  маркалау,  вагонды   дайындау,   тиеу,   вагонды   пломбалау,
құжаттарды тіркеу, жүкті жолда күзету және қызмет көрсету және т.с.с.).
   Акт және оның құрылуының тәртібі.
   Жоғары жағдайына сәйкес жүк темір жол материалды жауапкершілікке тартады,
жіберуші,  қабылдаушы   және   жолаушылар   темір   жол   тасымалы   кезінде
коммерциялық  актісімен  құжаттандырылады.  Коммерциялық  акт  шығынды  және
бұзылудың  жауапкершілігін  анықтайтын  негізгі  заң  құжаты.  Ол  мыналарды
растау үшін құрылады:
    - аталуының сәйкес келмеуі, жүктің және багаждың массасы мен мөлшері
    - жүктің немесе багаждың бұзылуы мен зақымдалуы
    - жүктің және багаждың құжатсыз немесе құжаттың жүксіз  немесе  багажсыз
      болуы
    - темір жол тауар кеңсеасында  жүк  беру  құжатын  толтырғаннан  соң  24
      сағатқа толғанша жібермеуі. Бұл  жағдайда  коммерциялық  акт  тек  жүк
      алушының талабымен толтырылады.
      Коммерциялық аккты толтырады; жүкті түсіру  күні  жалпылама  түсіретін
жерлерде жүкті түсіреді,  ал  сәйкес  жағдайда  жүк  алушы  жүк  алған  күні
толтырылады; жалпылық емес орындарда жүкті түсіруде – сол жүкті түсіру  күні
толтырылады.  Коммерциялық  акт  берілген  уақытында  толтырылу   мүмкіндігі
болмай қалған жағдайда, ол келесі тәуліктен кеш толтырылмауы керек.
      Сақталмау  жағдайында  тәртіп   бойынша   әр   жіберілуде   жеке   акт
толтырылады. Коммерциялық актының үш  данасымен  қойылған  формада  құрайды.
бланкалар  жазба  машиналарында  немесе   қара   сиямен,   нақты,   қатесіз,
тазалаусыз және түзетусіз толтырылады.
      Контейнерлік тасымалдау  қызметі  және  коммерциялық  жұмыс  ГНУ  –  4
формасы кітапшада коммерциялық актарды тіркейді, актта  түсу  күнінің  күнін
белгілейді. Бұл номер осы  акт  жұмысының  номері  болады  және  барлық  хат
жазысу осы номермен жүргізіледі.
      Сақталмай тасымалдаудың ретімен тексеру мерзімі.
      Бірінші группадағы сақталмау жағдайын – 5 мыңнан 10 мың рубльге  дейін
контейнерлік тасымалдаудың және  коммерциялық  жұмыстың  бастығы  тексереді.
Оның орынбасары және коммерциялық ревизор да тексере алады. 10 мың  рубльден
көп болса, онда сақталмауды жол бастығы тексереді. 500-ден   5  мың  рубльға
дейін контейнерге тасымалдау және коммерциялық  жұмыс  жол  бөлімшесі,  оның
орынбасары немесе аға  коммерциялық  ревизор  тексереді.  Басқа  барлық  жол
оқиғасын станция бастығы тексереді. Жүкті  ұрлату  және  сақталмаудың  басқа
түрлері болса, оның бәрі жиналыста  ішкі  істер  органдарымен  бірге  отырып
қарастырылады.  Жол  және  станция  жауапкершілігін    анықтағаннан   кейін,
станция  жауапкершілік  бастығына  тексеруге  жіберіледі.   Ал   басқа   жол
жауапкершілігі  бар  болса  контейнерлік  тасу   және   коммерциялық   жұмыс
жауапкершілік жол  қызметіне  жібереді.  Коммерциялық  акттар  жауапкершілік
жолға 25 күндік мерзімінен кешіктірілмей жіберілуі керек.
    Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
   1. Тасымалданатын жүктің амандығы мен түгелдігі қамтамасыз етілмей қалған
   жағдайда тергеу жүргізу тәртібі мен мерзімдері.
   2.   Тасымалданатын   жүк   амандығы   мен   түгелдігіне   темір   жолдың
   жауапкершілігі.


         13,14-дәріс.  Жүктің  түгелдігі  мен  амандығын   қамтамасыз   ету
жауапкершілігі.
    Дәріс мазмұны:
       1. Жүкке іздеу салу тәртібі.
       2.  Іздеу жеделхаттары. Арыздар мен талаптар беру құқығы.
       3. Талаптар жазу және қарастыру. Шағымдар мен ұсыныстар кітабы.
           Темір  жол  жүк  түгелдігі  мен   амандығына   оны   тасымалдауға
қабылдаған  уақыттан  бастап,   қабылдаушыға   тапсырғанша,   немесе   жүкті
орнатылған тәртіппен басқа кәсіпорын немесе ұйымға  бергенше,  жауапкершілік
атқарады.  Темір  жолдар,  жүкті  жіберушілер  мен  жүк  қабылдаушылар   жүк
тасымалдауға жалпы азаматтық заңнамаға  емес,  Жарғыға  сәйкес  (VII  бөлім)
материалдық жауапкершілік атқарады.
       Темір жолдар, жүкті жіберушілер мен жүк  қабылдаушыларына  жүктелген
жауапкершілікті  алып  тастау,  немесе  жол  жоспарын   өзгерту   мақсатымен
жасалған жүкті  жіберушілер,  қабылдаушылар  немесе  жолаушылармен  жасалған
келісімдер жарамсыз болып саналады, ал бұл жөніндегі Жарғы,  немесе  Ережеде
қарастырылмаған жүкқұжаттағы  белгілеулердің,  Жарғының  143-бабына  сәйкес,
заңдық күші жоқ.
       Азаматтық заңнаманың  жалпы  ережелеріне  сәйкес,  шығындарды  толық
көлемде төлеу міндеттелсе, Жарғыда түспей қалған табыс шығынын  төлеу  қажет
емес деп көрсетілген, және жүктің жоғалуы немесе жетіспеушілігі, оған  зақым
келуі үшін төлемдер шектеледі.
       Жүктің жоғалуы, жетіспеушілігі, бүлінуі немесе зақымдалуы темір  жол
кінәсінан   емес,   жүкті   қабылдаушылар   мен   жіберушілерге   байланысты
себептерден немесе объективті себептерден  (кездейсоқ  зақым)  болса,  темір
жол жүк иелеріне шығындарды төлей алмайды. Осыған байланысты Жарғыда  жүктің
жоғалуы, жетіспеушілігі, бүлінуі немесе зақымдалуына  темір  жолдың  жауапты
болмайтын жағдайлары қарастырылған. Бұл жағдайлар екі топқа бөлінеді.
       Бірінші топқа темір жол алдын ала алмаған  және  олардың  алдын  алу
темір жолға байланыссыз болатын жағдайлар жатады:
           • жүкті жіберуші мен қабылдаушының кінәсі;
           • тасымалданатын жүктің ерекше табиғи қасиеттері, мысалы  өзінен-
             өзі жану, тым  ылғалдылықтан  болатын  жүктің  бүлінуі,  тоттан
             болатын зақым, т. б.;
           • жүкті тасымалдауға  алған  кезде  сыртқы  қарау  кезінде  жүкті
             сақтайтын ыдыс пен орауыштардың  жетіспеушілігі,  немесе  жолда
             ыдыс   пен   қораптардың   зақымдалмаған   жағдайында    жүктің
             қасиеттеріне немесе бекітілген стандарттарға  сәйкес  келмейтін
             ыдыс пен орауыш қолдану.
       Екінші топқа ерекше жағдайлар жатады:
           • жүк тыңғылықты вагонда (контейнер), жүк жіберушінің  пломбалары
             дұрыс, жөнделген жүріп тұрған жылжымалы составта, артық шамадан
             тиемей, қорғаныс белгілері немесе  орап  матау  дұрыс  жасалған
             жағдайда жетті, сонымен қатар, жүктің амандығы  мен  түгелдігін
             дәлелдейтін басқа да белгілері бар болған жағдайда;
           • жүкті ашық жылжымалы составта тасымалдауымен байланысты, жүктің
             бүлінуі, зақымдалуы немесе жетіспеушілігі табиғи  қасиеттерінің
             себебінен болған жағдайда;
           •  жүк  оны   жіберуші   немесе   қабылдаушының   жолсеріктерінің
             қадағалауымен жеткен жағдайда;
           • жүк жетіспеушілігі әдетте шығатын  шығын  нормаларынан  аспаған
             жағдайда.
        Жүкке іздеу салу тәртібі. Іздеу жеделхаттары.
       Егер жүк бағытталған жеріне уақытында жетпесе,  немесе  оның  бөлігі
ғана жетсе, тасымалдау құжаттары жоқ жүк, немесе  жүксіз  құжаттар  табылса,
жүкке іздеу салынады.
       Қабылдаушының (жіберушінің) талап етуімен, станция жүкті іздестіруге
кіріседі. Ол үшін талап етуші жүктің  тасымалдауға  алынғаны  туралы  шынайы
түбіртекті көрсетуі қажет, түбіртек жоқ болған жағдайда, келесі  құжаттардың
бірін көрсетуіне болады: жабдықтаушының есеп-фактурасы  (немесе  көшірмесі),
есеп-фактураны  алмастыратын  жабдықтаушы  құжаты,  жүк  тиелген  станцияның
(кемежайдың) жүкті жібергені туралы  анықтама.  Іздестіру  барысында  жүктің
қайда екенін анықтау үшін, пайдасы тиетін барлық құжаттар қолданылуы  қажет:
зат парақтары, вагон парақтары, жүк орналасқан жерлердегі  немесе  жылжымалы
составтардағы пломбалар, жабыстырмалар,  биркалар,  белгілер,  жүкпен  бірге
жүрген құжаттар, т. б.
       Жетпей қалған жүкті бағытталған станция іздестіреді, ол жүкті жылдам
табуға уақтылы шара қолдануға жауапты. Осыған  қарамастан,  жүкті  жіберген,
немесе  жоғалтқан  станция  да  іздестіруге  ат  салысуы  қажет.  Егер   жол
басқармасына жетпей қалған жүктің құнын төлеуді талап ететін  арыз  берілсе,
іздестіруді  контейнерлік  тасымалдау  немесе  коммерциялық  жұмыс   қызметі
атқарады. Егер жекелеген  азаматтардан  шағым  немесе  өтініш  түссе,  жүкті
бағытталған станция немесе контейнерлік тасымалдау  қызметі  іздейді.  Жүкті
іздестіру  туралы  сұрау  салуды  дайындап,  жіберуге,   сондай-ақ,   жүктің
жіберілуі,  жүріп  өтуі  немесе  тапсырылуы  туралы  жауапқа  бір  тәуліктен
аспайтын мерзім беріледі.
       Уақтылы  келмеген   жүкті   іздестіруге   кіріспестен   бұрын,   жүк
бағытталған станция келесілерді істеуі қажет:  жүк  негізгі  немесе  қосымша
артынан  жіберілетін  құжаттар  бойынша  келген-келмегенін  анықтау;   іздеу
салынған  жүкті  құжаттары  жоқ  жүктің  және  артық  орын  арасынан   іздеу
мақсатымен,  құжаттары   жоқ   жүктер   кітабының   жазбаларын,   қоймаларда
сақталатын   ұсталып  қалынған  жүктер  арасынан  іздестіру;   егер   жүктің
бағытталған станциясы бекетке жататын болса,  онда  жүк  бекеттің  басқа  да
станцияларына келген-келмегенін анықтау; басқа  станциялардан  артық  немесе
құжаттары жоқ,  сыртқы  сипаттары  жоғалған  жүкке  ұқсас  жүктер  табылғаны
туралы хат алысудың бар-жоқтығын анықтау.
       Егер  осының  бәрін  анықтағаннан  кейін,  жүк  табылмаса,   станция
іздестіру ісін бастауы қажет және дереу іздестіру жеделхатын  жіберуі  қажет
(жіберген станцияларға,  өз  жолына  түскен  станцияларға).  Жүкті  жіберген
станция бір тәулік мерзімінде жүктің жіберілген күнін, вагон, контейнер  мен
поезд номерін, ұсақ жүктер жоғалса, жоғарыдағы мәліметтермен қатар,  іріктеу
станциясын да  анықтап,  осы  мәліметтерді  жүктің  бағытталған  станциясына
жібереді. Жүктің орта жолда өткен станциясы зат  парақтарына  қарап,  жүктің
жүріп өткен уақытын анықтайды да, жүктің бағытталған станциясына бір  тәулік
мерзімінде жүктің жүріп өткен уақытын,  вагон  мен  поезд  номерін,  поездің
таратылу станциясын хабарлайды.
       Кейде іздестіріліп  жүрген  жүк  станциядан  жіберіліп,  бағытталған
станцияның  жолына  түспей  қалады.  Мұндай  жағдайда   жүктің   бағытталған
станциясына,  егер  вагондарға  тиелген  жүк  жоғалған  болса,  жүктің   жол
бойындағы келесі ауысу станциясына жеделхат жіберуі  қажет.  Егер  ұсақ  жүк
немесе контейнердегі жүкті табу  қажет  болса,  жеделхат  жүктің  іріктелген
станциясына  жіберіледі.  Жүктің  ауысқан  станциясы  бағытталған  станцияға
тексеру нәтижелерін  хабарлайды.  Ұсақ  жүкті  іздестіру  туралы  жеделхатты
алған іріктеу станциясы құрама вагонның  келген-келмегенін  анықтайды.  Егер
келген болса, жүктің бағытталған станциясына жүктің келген күнін, вагон  мен
поезд номерін, келесі іріктеу станциясын хабарлайды.
       Егер іздестіріліп отырған вагондық жүк көрші жолға берілгені туралы,
немесе  құрама  вагон  таратылып,  бағытталған  жеріне  жіберілгені   туралы
белгілі  болса,  жүктің  бағытталған   станциясы   вагондық   жүктің   ауысу
станциясына немесе құрама вагонды сұрыптау станциясына ары  қарай  іздестіру
жеделхатын жібереді.
       Егер іздестіріліп отырған  жүк  бірнеше  жолдан  өтуі  қажет  болса,
жүктің бағытталған станциясы  жүктің  мүмкін  өткен  станцияларына  жеделхат
жібереді. Егер жүктің ауысу станциясында  басқа  жолға  өтпегені  анықталса,
іздестіру  жеделхаты  жүкті  ұстап  қалған  жолдың  контейнерлік  тасымалдау
немесе коммерциялық жұмыс қызметіне  тапсырылады.  Бұл  қызмет  жұмыскерлері
бір тәулік мерзімінде жүктің келесі жолға ауысқанын дәлелдеуі қажет,  немесе
оны өз жолынан тауып, жүктің бағытталған станциясына  хабарлауы  тиіс.  Егер
іздестіріліп отырған жүк іздестіру туралы сұрауға  берілген  жауаптан  бұрын
келсе, онда жүктің бағытталған станциясы сұрау жіберілген станция мен  жолға
іздестірудің тоқтатылатыны жөнінде дереу хабарлауы тиіс.
       Құжаттары жоқ  жүк  тиелген  вагонды  көрген  станция  белгілер  мен
пломбалары бойынша оның келу  уақыты  мен  бағытталған  станциясын  анықтауы
тиіс. Жүксіз құжаттарды тапқан станция коммерциялық акт  жасап,  құжаттармен
бірге  пошта  арқылы  бағытталған  станцияға  жібереді  және  поезді   құрау
сатнциясына, немесе жүксіз құжаттарды  алып  келген  құрама  вагонға  пломба
қойған станцияға, сонымен қатар, жүкті жіберген станцияға хабарлайды.
       Жүкті іздестіруді тездету үшін,  МПС  контейнерлік  тасымалдау  және
коммерциялық  жұмыс  қызметінің   Басты   басқармасында   орталықтандырылған
іздестіру тобы ұйымдастырылған. Темір жолдың барлық  станциялары,  құжаттары
жоқ  жүк  немесе  жүксіз  құжаттар  тауып  алса,  табылған  жердегі   сәйкес
тексеруден кейін, керекті мәліметтерді осы  топқа  береді.  Бұл  топ  жүктің
бағытталған станциясын анықтап, баратын жеріне  жіберуді  бұйырады.  Қазіргі
уақытта жүктерді ЭЕМ арқылы іздестіру жүйесі қарастырылуда.
       Арыздар мен талаптар беру құқығы.
       Талап  (претензия)  –  жіберуші  немесе  қабылдаушының  темір  жолға
тасымалдау міндеттерінің орындамалғаны үшін ақшалай сомаларды төлеуді  талап
ететін жазбаша құжат. Жарғыда  қарастырылғандай,  тасымалдау  жөнінде  темір
жолға талап немесе арызды тек қана жүкті жіберуші  немесе  жүкті  қабылдаушы
жібере  алады,   және   талап   ету   түріне   байланысты,   Жарғы   олардың
өкілеттіліктеріне шек қояды. Жүкті  жоғалтқанда  бұл  құқыққа  жіберуші  де,
қабылдаушы да  ие  бола  алады,  ал  жүктің  жетіспеушілік,  бүлінуі  немесе
зақымдалуы жағдайында, сондай-ақ жүкті  жеткізуді  және  беруді  кешіктірсе,
қабылдаушы  ғана  арыз  беруге  құқылы.  Тасымалдаушыға  арыз  немесе  талап
жариялау құқығын алу  үшін,  Жарғы  белгілі  бір  дәлелдердің  болуын  талап
етеді. Темір жолға талап  етудің  құқықтылығын  растайтын  құжаттарсыз  арыз
немесе талап жазу  –  талап  тәртібінің  бұзылуы  болып  саналады.  Міндетті
құжаттар – жүкқұжат, жүк түбіртегі және коммерциялық акт.
       Жүктің  жоғалуы  жөнінде  талап   қою   үшін,   жүктің   бағытталған
станциясының белгілеуі бар жүк түбіртегін көрсету  қажет.  Бұл  мүмкін  емес
болса, қабылдаушы түбіртектің орнына  жүк  құнының  төленгені  туралы  құжат
және жүктің бағытталған станциясының  жүктің  келмегенін  растайтын  белгісі
бар темір жол анықтамасын көрсетуге болады. Жүктің  жетіспеушілік,  бүлінуі,
зақымдалуы немесе кешіктірілуі жағдайында  арызбен  қоса  жүкқұжат,  сонымен
қатар  коммерциялық  акт  берілуі  тиіс;  жүк   жеткізілуінің   кешіктірілуі
жағдайында – тек қана жүкқұжат.
       Арыз жазу құқығын  басқа  ұйымдар  мен  адамдарға  беруге  болмайды,
жіберушінің қабылдаушыға  немесе  қабылдаушының  жіберушіге,  сонымен  қатар
жіберуші   немесе   қабылдаушының   жоғары   тұрған   немесе   транспорттық-
экспедициялық ұйымға беру жағдайынан басқа. Арыз жазу құқығын басқа  біреуге
беру  құқығының  шектелуі   тасымалдау   үрдісінің   ерекшеліктерімен   және
көптігімен түсіндіріледі.
       Талаптар жазу және қарастыру.
       Жүк тасымалдауымен байланысты талаптарды жіберуші немесе  қабылдаушы
тек  қана  жүктің  бағытталған  жолына  ғана  бере  алады.  Жүктің  жоғалуы,
жетіспеушілігі,   бүлінуі,   зақымдалуы   жағдайында   арызды   контейнерлік
тасымалдау  және  коммерциялық  жұмыс  қызметіне  бағыттайды;  жүк  пен  қол
жүгінің кешіктірілуі, сонымен қатар вагондардың  жүкті  тиеген  кезде  тұрып
қалуы, немесе  контейнерлердің  тиелу  жерлерінде  кешіктірілуі,  вагондарға
жүктің толығымен тиелмей қалған жағдайларында айыппұл төлеуді  талап  ететін
талаптар жіберуші жолдың бухгалтерлік есеп пен қаржы бөлімімен  бағытталады;
тасымалдау жоспарының орындалмағаны үшін  және  маршруттардың  ұйымдаспағаны
үшін айыппұл төлеу жөніндегі талап – жіберуші жолға жіберіледі.
       Әр  жүкқұжаты  бойынша  10  руб.-ден  аспайтын  арыз  жазуға  рұқсат
етілмейді, жүк  жеткізілуінің  кешіктірілуіне  айыппұл  немесе  азаматтардан
түскен арыздарда басқа.
       Талаптарды  6  айдың  ішінде  беруге  болады;  жүктің  жеткізілуінің
кешіктірілуіне және вагондардың тұрып қалуына айыппұл төлеуді  талап  ететін
арыздар – 45 күн ішінде.
       Жол   талапты   қарастыруға   және   талап   етуші    адамға    оның
қанағаттандырылуы немесе қайырып  тасталуы  жөнінде  хабарлауы  тиіс:  темір
жолдың жүкті тасымалдауына  байланысты  талаптар  бойынша  –  3  ай,  аралас
қызметке байланысты талаптар бойынша – 6 ай, айыппұл  төлеуді  талап  ететін
талаптар – 45 күн.
       Талаптың  бөлшектей  қанағаттандырылған  немесе  қайырып   тасталған
жағдайында, хабарламада бұл шешімнің Жарғыға сілтеме  жасай  отырып,  себебі
түсіндірілуі тиіс.
       Арыз ескілігінің мерзімдері.
       Жарғының 177-бабына сәйкес, темір жолға арыз тек қана жолдың  арызды
қанағаттандыруға толықтай немесе бөлшектей бас  тартқан,  немесе  бекітілген
мерзім  ішінде  жауап  алмаған  жағдайында  беріледі.  Арызды  жол   жауабын
алғаннан кейін, немесе жауап келмеген жағдайда, мерзім біткен күннен  бастап
2 ай  ішінде,  жол  басқармасының  орналасқан  ауданының  арбитражды  немесе
халықтық сотына береді. Жарғы  жіберуші  немесе  қабылдаушының  темір  жолға
арыз  жазуына  2  ай  уақыт  береді.  Арыз  ескілігі   дегеніміз  –  соттық-
арбитражды органдарға арыз жазу құқығының уақыты бітетін мерзім.  100  руб.-
ге дейінгі арыздарды жол бастығы қарастырады. Оның шешімін  өзгертуге,  оған
шағымдануға болмайды.
       Жолдың жіберушіге немесе  қабылдаушыға  арызы  6  айдың  ішінде  сот
органдарына немесе арбитражға беріледі: тасымалдау жоспарының  орындалмағаны
үшін  –  айыппұл  төленетін  мерзімі  біткенде   5   күннен   кейін,   басқа
жағдайлардың барлығында – арыз жазуға себеп болған оқиға күнінен бастап.
       Жол  талаптарын  қарастыру  мен  берілуінің  тәртібін  Жарғы   емес,
азаматтық арбитражды процестің жалпы нормалары қарастырады.
       Шағымдар мен ұсыныстар кітабы.
       Шағымдар мен ұсыныстар  кітабы  тауар  кеңсесінде,  жіберушілер  мен
қабылдаушылар үшін  оңай  жерге  қойылады;  оның  орналасқан  жері  жазылған
хабарландыру ілінеді. Кітап азаматтардың талап етуімен дереу  берілуі  тиіс.
Шағымдарды 3 күннің ішінде  өкілетті  адам  қарастырып,  шағымданушы  адамға
нәтижелерін хабарлайды. Егер шағымданушы нәтижелермен  келіспесе,  ол  темір
жол көлігінің жоғары тұрған органдарына  шағымдануға  құқылы.  Олар  шағымды
қарастырып, қолданылған шаралар жөнінде шағымданушыға  1  айдан  кешіктірмей
хабарлауы тиіс.
       Шағымдар  мен  ұсыныстар  кітабына  шағым  жазған  адамның   қажетті
жағдайларда арыз жазуына да құқығы бар (Жарғының 17-бабы).
    Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
   1. Жүктерді іздестіру және іздестіру жеделхаттарын, оларға жауапты жіберу
   тәртібі.
   2. Темір жолға арыз беру құқығы.


   15-дәріс. Коммерциялық және жүктік есептеу станцияны тексеру.
    Дәріс мазмұны:
   1. Станцияның коммерциялық есептеуін жүргізудің нұсқауы.
   2.  Вагонға тиеулі және жіберілуге алынған жүк туралы есептер.

   Алғашқы  санақтық  құжат  және   есептеу   көліктің   және   экономикалық
   нәтижелерді қаржылық біріктіруде  мағлұмат  берудің  негізгі  көзі  болып
   табылады.
Барлық  санақ  операциялары  қатаң  және  қатаң  емес  санақ   бланкаларында
толтырылады. Қатаң санақ бланкаларына жатады:
- жол ведомостілері
- қайта жіберілетін ведомость
- қайта жіберілетін құжат
- түрлі жиынның квитанциялары
- коммерциялық акт және т.б.

      Бүкіл осы бланкалар мәрмен номерленген және қорғаушы торы бар.  Оларды
жасау  темір  жол  тапсырысымен  орталықтандыра   отырып   жасайды.   Арнайы
қоймаларды катал санақ бланкасымен  станциялар  толықтырады.  Қайта  жіберу,
шығындау және олардың болуын құжат типіне,  сериясына  және  номеріне  қарай
есептейді. Қатал есептеу бланкаларын (форма –ЛУ) талап  ету  бойынша  алады.
Бұл форма 3 бөліктен тұрады: талап ету, құжат, түбіршек.
      Талап етуді станция бастығы немесе оның орынбасары  мөрін  қоя  отырып
қол қояды. Станцияда төтрайлық қатаң есепідегі бланк қоры болуы  керек.  Қор
үшайлыққа  мөлшерге  төмендеген  кезде  бухгалтерлік  есептеуге   және   жол
қаржысына бланколарды жаңадан талап ету керектігі  жіберіледі.  Бухгалтерлік
санақ және қаржы қызметі станцияға бланкаларды сала  отырып,  оның  сериясын
бірініші және соңғы номерін көрсетеді. Накладнойды бланкамен  бірге  қорапқа
орналастырады.  Станцияда  бланкаларды  накладнойға  байланысты  қабылдайды,
одан кейін станция басшысының немесе оның орынбасарының қолы  қойылған  және
қабылдау  уақыты  көрсетілген  қолқатты  жолдың  қаржы  қызметіне  жібереді.
Барлық қатаң санақтағы бланкалар қатаң санақтағы бланкалардың келу  кітабына
енгізіледі (Форма – ЛУ - 7). Қатаң санақ бланкалар қорын қоймада  құлып  пен
мөр қоя отырып бөтен адамдардан аулақ  жерде  сақтайды.  Бланктардың  сақтау
жауапкершілігі станция бастығы және соны  жүргізетін  адамға  жүктеледі.  Әр
қатаң санақ бланкасының жоғалуының әр жағдайында  да  ізделінеді,  кінәлілер
қатаң жауапкершілікке тартылады.  Қатаң  санақ  бланкасының  жоғалуы  туралы
станция басшысы шұғыл түрде жол қаржы  қызметіне  және  милиция  органдарына
ескертуге міндетті.
      Қатаң санақ бланкасының қолданыстағы қоры  кезекшілік  ауысуы  кезінде
өткізуші  мен  қабылдаушы  арасында  қолқат  арқылы  қатаң  санақ   бланкасы
жіберіледі. Бір  кассадан  екінші  кассаға  жіберу,  үш  көшірмеден  тұратын
актпен толтырады, біреуін бухгалтерлік санақ  және  жолдың  қаржы  қызметіне
беріледі.
       Қатаң  емес  санақтағы  бланкалар   темір   жол   тапсырысы   бойынша
орталықтандыра  отырып  жасалынады  және  станциялар  мен  тауарды   есептеу
кантораларына склад арқылы таратады.

   Станцияның коммерциялық есептеуін жүргізудің нұсқауы.
   Станцияның   коммерциялық   есептеуін   жүргізу    нұсқауын    станцияның
коммерциялық есептеулерінің бланк тиүрі орнатылады,  сонымен  қатар  жолаушы
тасымалының санағы (Форма – ЛУ), жүк тасымалы (Форма –  ГУ),  сонымен  қатар
есептеулер (Форма – ГО).
   Әрбір  жеке  форманы  толтыру  ретін  қарастырады,  олар:   жолаушыларды,
багажды, жүк тасығыш, әртүрлі жинақ және кассалық  есептеулер;  станцияларды
бланктармен  қамтамасыз  ету  реті;  станцияларға   есептеулерді   өткізудің
мерзімі мен кезеңі.
   Жүкті тасымалдау есебін өткізу мерзімі  және  кезеңі  бухгалтерлік  санақ
және қаржы қызметімен жетілдіріледі, әрине жолмашинасы есептік  станциясымен
ақылдасу арқылы  және  жол  бастығымен  қойылады,  сол  саладағы  жұмысшылар
есептеу, құрастыру уақыты басталғанға дейін оған дайындалулары керек.
   Есептеуді   мерзімінде   өткізу   станция   жетекшісінің   және   станция
жұмысшыларының басты міндеті болып табылады.


   Вагонға тиеулі және жіберілуге алынған жүк туралы есептер.
   Вагонда тиеулі және жіберілуге алынған жүк туралы есептер(Форма  –  ФО  -
4), оперативті және статистикалық  есептеудің  (тиеу  жоспарын  орындау)  ең
негізгі көзі болып табылады. Соған байланысты станция бір  күндік  декадалық
және айлық есептеу құрайды (жүкті  тиеу  жоспарын  орындау).  Жолдың   құжат
түбіршегі есепті құрауды барлық формалық түрлері жатады,  ГУ  –  41  тапсыру
құжаты, ГУ – 40 форманың өткізетін тізімі, вагон қағазының көшірмесі, ИНУ  –
3 форманы өткізетін құжаты. Есептеулер тауарлы канторада тауарлық  кассирмен
құрастырылады: станцияның өзіндік  тиеуі;  вагоннан  тиеу–  түсіру  шетелдік
жолға арналған; теңіз көлігінің қабылдауы; жаңа құрылыстан  қабылдау;  жұмыс
істемейтін парк вагондарына тиеу.
   Тауарлық кассирдің есепті құрастырғаннан кейін сол  вагонға  тиелген  бір
күндік есептердің барлығын бір беттен  есептейді,  жүктің  вагонға  арналған
салмағын  және  бағасын  жіберудің  алдында  төлету.  Жақсылап   толтырылған
есептеуге тауарлық кассир және станция  бастығы  қол  қояды.  Жол  машинасын
санау станциясына  жібереді.  Есептеудің  екінші  көшірмесі  станция  ішінде
қалады.
    Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
    1. Талап беру және қарастыру тәртібі.
    2.  Арыз берудің тәртібі және ескілік мерзімдері.
    3.  Шағымдар мен ұсыныстар кітабы.


     2. МАШЫҚТАНУ САБАҚТАРЫ

     Машықтану(семинар) сабақтарының құрылымы:

№1 машықтану(семинар) сабағы: Әрбір жүк үшін тиімді вагон типін таңдау  және
олар үшін жүктелудің техникалық нормасын орнату.

  Машықтану(семинар) сабақтарының мазмұны:

           1. Вагон жүктемесінің  орта техникалық нормасын анықтау
           2. Контейнерлер жүктемесінің техникалық нормасын анықтау
Пәннің мақсаты: Вагон және контейнерлерді тиеуде тиімді типті таңдауда
студенттердің білімін тексеру.
Тексеру сұрақтары:
           1. Вагон жүктемесінің  орта техникалық нормасын анықтау формуласы
           2. Контейнерлер жүктемесінің техникалық нормасын есептеуге
   арналған формулалар.
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Галабурда В.Г. Единая транспортная система. М: Транспорт, 2004. 470 с.
  2. Железные дороги России. Общий курс. СПб: Информационный центр «Выбор»,
  2004. 310 с.
  3. Лецкий Э.К. Информационные технологии на железнодорожном транспорте.
  М: 2005. 350 с.



№2 машықтану(семинар) сабағы: Станция жұмысының тәуліктік көлемін есептеу.

  Машықтану(семинар) сабақтарының мазмұны:

1. Жылдық жіберу және әкелуді есептеу.
2. Вагондарды тиеудің жоспарын құру

  Пәннің мақсаты: Вагондарды тиеу  жоспарын  құруда  студенттердің  білімін
  тексеру. Ауызша сұрау. Вагон  және  контейнерлерді  тиеуде  тиімді  типті
  таңдауда студенттердің білімін тексеру.

Тексеру сұрақтары:
1. Жылдық жіберу және әкелуді есептеудің формулалары
2. Вагондарды тиеу жоспарын құру
3. Вагондарағымының балансы
    Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Галабурда В.Г. Единая транспортная система. М: Транспорт, 2004. 470 с.
2. Железные дороги России. Общий курс. СПб: Информационный центр «Выбор»,
2004. 310 с.
3. Лецкий Э.К. Информационные технологии на железнодорожном транспорте. М:
2005. 350 с.

№3 машықтану(семинар) сабағы: Тарифтік арақашықтықты анықтау және жеткізу
уақытын есептеу.
Машықтану(семинар) сабақтарының мазмұны:
   1. Жүкті жеткізу уақытын есептеу.
   2. Жүкті жеткізу уақытының стандартты нормалары
Пәннің мақсаты: Өткізілген тақырып бойынша студенттердің білімін тексеру.
Тексеру сұрақтары: Анықтамаларын беру керек
1.Жүкті жеткізу уақытын есептеу.
            • Маршрутпен жіберу
            • Вагонаралық жіберу
            • Ұсақтап жіберу
2.Жүкті жеткізудің уақытының стандартты нормалары
    Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Галабурда В.Г. Единая транспортная система. М: Транспорт, 2004. 470 с.
  2. Железные дороги России. Общий курс. СПб: Информационный центр «Выбор»,
  2004. 310 с.
  3. Лецкий Э.К. Информационные технологии на железнодорожном транспорте.
  М: 2005. 350 с.



№4  машықтану(семинар) сабағы: Тауарлық және вагондық өлшеуіштердің өткізу
мүмкіндіктерін есептеу.
Машықтану(семинар) сабақтарының мазмұны:
   1. Жүкті қабылдауда және өткізуде салмағын өлшеу.
   2. Тауарлық өлшеуіштердің қайтаөңдеушілік мүмкіндігі
   3.  Тауарлық өлшеуіштердің жүккөтерімділігі
   4.  Тауарлық өлшеуіштердің өткізгіштік мүмкіндігі
Пәннің мақсаты: Өлшеуіштердің өткізгіштік мүмкіндіктері формулалары бойынша
студенттердің білімін тексеру
Бақылау сұрақтары:
Формулаларын көрсету керек
      ➢ Жүкті қабылдауда және өткізуде салмағын өлшеу.
      ➢ Тауарлық өлшеуіштердің қайтаөңдеушілік мүмкіндігі
      ➢ Тауарлық өлшеуіштердің жүккөтерімділігі
      ➢ Тауарлық өлшеуіштердің өткізгіштік мүмкіндігі
    Ұсынылатын әдебиеттер:

     1. Галабурда В.Г. Единая транспортная система. М: Транспорт, 2004. 470
  с.
  2. Железные дороги России. Общий курс. СПб: Информационный центр «Выбор»,
  2004. 310 с.
  3. Лецкий Э.К. Информационные технологии на железнодорожном транспорте.
  М: 2005. 350 с.



№5  машықтану(семинар) сабағы: Маршруттар санын есептеу, маршруттаудың
календарлық жоспарын құру және маршруттық тасымалдаудың эффектілігін
анықтау.
Машықтану(семинар) сабақтарының мазмұны:
   1. Маршрут ұғымы.
   2. Маршруттаудың календарлық жоспарын құру.
Пәннің мақсаты:  Маршруттаудың  календарлық  жоспарын  құруда  студенттердің
білімін тексеру.
Тексеру сұрақтары:
      1. Маршруттаудың календарлық жоспарын құру.

     2. Жүкті жеткізуді жылдамдату есебінен экономдау.

    Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Галабурда В.Г. Единая транспортная система. М: Транспорт, 2004. 470 с.
2. Железные дороги России. Общий курс. СПб: Информационный центр «Выбор»,
2004. 310 с.
3. Лецкий Э.К. Информационные технологии на железнодорожном транспорте. М:
2005. 350 с.
№6  машықтану(семинар) сабағы: Эксплуатациялық көрсеткіштерді анықтау
Машықтану(семинар) сабақтарының мазмұны:

     1. Вагондардың статистикалық жүктемесі.


     2. Динамикалық жүктемесі.


     3. Вагондардың толық рейсі түсінігі.


  Сабақ  мақсаты:  Эксплуатациялық  көрсеткіштерді  анықтауда  студентердің
  білімін тексеру.


  Тексеру сұрақтары:


     Формулаларын көрсет


     1. Вагондардың статистикалық жүктемесі.


     2. Динамикалық жүктемесі.


     3. Вагондардың толық рейсі түсінігі.

    Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Галабурда В.Г. Единая транспортная система. М: Транспорт, 2004. 470 с.
  2. Железные дороги России. Общий курс. СПб: Информационный центр «Выбор»,
  2004. 310 с.
  3. Лецкий Э.К. Информационные технологии на железнодорожном транспорте.
  М: 2005. 350 с.



№7  машықтану(семинар) сабағы: Өткізу төлемақысын және қосымша жинақтарды
анықтау.
Машықтану(семинар) сабақтарының мазмұны:
1. Теміржолдық тариф түсінігі.
2. Жүкті тасымалдауға, жинақтар.
3. Штраф.

  Сабақ мақсаты: теміржолдық тарифтар жайлы студенттердің білімін тексеру.


  Тексеру сұрақтары:

1. Теміржолдық тариф түсінігі.
2. Жүкті тасымалдауға, жинақтар.
3. Штраф.
    Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Галабурда В.Г. Единая транспортная система. М: Транспорт, 2004. 470 с.
2. Железные дороги России. Общий курс. СПб: Информационный центр «Выбор»,
2004. 310 с.
3. Лецкий Э.К. Информационные технологии на железнодорожном транспорте. М:
2005. 350 с.
№8  машықтану(семинар) сабағы: Тасымалдау құжатарының комплектісі және
оларды толтыру реті.
Машықтану(семинар) сабақтарының мазмұны:

         1. Республикааралық тасымалдауда жасалатын құжаттар.


         2. Халықаралық тасымалдауда жасалатын құжаттар


         3. Тасымалданатын құжатар комплектісі






  Сабақ мақсаты: Тасымалданатын құжаттар комплектісін толтыру.


  Бақылау сұрақтары:


     Тізіп шығу керек


         1. Республикааралық тасымалдауда жасалатын құжаттар.


         2. Халықаралық тасымалдауда жасалатын құжаттар


         3. Тасымалданатын құжатар комплектісі

    Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Галабурда В.Г. Единая транспортная система. М: Транспорт, 2004. 470 с.
2. Железные дороги России. Общий курс. СПб: Информационный центр «Выбор»,
2004. 310 с.
3. Лецкий Э.К. Информационные технологии на железнодорожном транспорте. М:
2005. 350 с.


    3. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
    3.1.Өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар: студенттің
өздік жұмысы (СӨЖ) реферат  түрінде  орындалады  және   студенттердің  өздік
жұмысын қойлатын талаптарға сәйкес тапсырылады.
    Өздік жұмысты бақылау келесі формада өтуі мүмкін:
    – жасалған жұмысты көрсету;
    – өздік меңгерген тақырып бойынша баяндама;
    – аудиториялық сабақтарды немесе ОБСӨЖ-де ауызша сұрау;
    – жазбаша орындалған тапсырмаларды қорғау.
    Өздік жұмысының нәтижелерін тапсырмаған студент қорытынды  аттестацияға
жіберілмейді.
    Өз бетімен меңгерген материал оқытушумен бірге меңгерілген  материалмен
қоса қорытынды бақылауға шығарылады.


    3.2.Өздік жұмыс тақырыптары:
1.Тасымалдау құжаттары
2.Жүктің салмағын өлшеуге арналған техникалық құрылғылар
3.Жүк аулаларында жүкті тиеу және түсіру кезіндегі еңбек қауіпсіздік
ережелері
4.Жүкті сақтау және жүк қоймалары
5.Құжатайналымы
6.Кіру жолдарындағы коммерциялық операциялардың орындалуының ерекшеліктері
7.Кіру жолдары және қиылысу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық
процесс ұғымы.
8. Талап қою және қарастыру
9. Шағым және  алғыс кітабы
10.Станцияларды ревизиялау реті
11.Ревизия материалдарын өңдеу.


Пәндер