Файл қосу
Орман өрті
[pic] МАЗМҰНЫ 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Тәжірибелік сабақтар 4. Ұсынылатын өзіндік сабақтарының тізімі. 1.Глоссарий Орман Пирологиясында ҚОЛДАНАТЫН НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР МЕН ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР: 1. Орман пирологисы-орман өрттерінің сыры ж/е олардың салдары, орман өрттеріне қарсы күрес туралы ж/е орман шаруашылығында отты пайдаланудың оңтайлы жақтары туралы ғылым. 2. Ормандарды өрт қаупіне қарсы орналастыру-орман өрттерінің алдын алуға, өрт қаупінің деңгейін төмендетуге, орманның өртке төзімділігін арттыруға, өрт ошағын жайылмаған бастапқы кезде іздеп табіға әрі оларды жоюға бағытталған техникалық ж/е орман өсірушілік іс-шаралардың жүйесі. 3. Өртке қарсы кедергілер- орман өрттерінің тарап кетуі мен өріс алуына кедергі келтіретін аумақ учаскелері. 4. Өртке қарсы тосқауыл-жоғары қабаттағы өртті тоқтатуға арналған ені 300 метрге дейінгі ормандағы құрастырмалы (күрделі) өртке қарсы кедергі. 5. Өрт жолындағы үзілім- ормандағы табиғи түрде ағаш өспейтін жерлер, су айдындары н/е өртке қарсы арнайы жасалған ені 10-20 метр болатын соқпақ түріндегі кедергілер, әдетте, солардың үстімен жол өтеді. 6. Орман өртінің алдын алу- орман өртінің шығуын ж/е таралуын болдырмауға бағытталған шаралар кешені. 7. Өрт сөндірудің амалы- орман өрті кезінде сөндіру күштері мен құралдарын бөлу ж/е өрт сөндіру кезінде оларды кезектілікпен пайдалану. 8. Орман өрттерін сөндіру- өрт сөндіру мынадац кезеңдерден тұрады: бөгеу (өрттің өріс алуына жол бермеу); жайылдырмау (от шарпымаған аумақты өрт шалған алқаптан бөліп тастау); сөндіру (өрті сөндірілген алаңдағы қоламта ошақтары жою); күзету (өрт қайта шығып кетпес үшін өренген жерлерді қадағалап оларда бықсыған от ұшқындарын қайтадан лапылдап кетпеуін зер салу). 9. Өртке байланысты орманды аудандастыру- орман қоры аумағын орман өртіне қатысты біртекткс аудандарға бөлу. 10. Қарсылай өрт салу жолағы- орман өрті жиектерінің шарпу бағыты бойынша одан әрі жануына кедергі жасау үшін қарсы өрт салынатын алқап. 11. Өртке қарсы орман жолақтары-орманда жасалатын ж/е өрттің таралуына кедергі келтіретін алқаптар. 12. Орман өрттері-жер бедеріндегі өрт түрлері, оларға даладағы, шабындықтағы, орман батпағындағы ж/е басқа өрттер де жатады. 13. Сүрек тұқымдыларының өртке төзімділігі- ағаштар мен олардың шоғырларының орман өрті кезіндегі қызу әсерінен кейінгі тіршілігін сақтау мүмкіндігі. 14. Өрт қаупі бар маусым- күнтізбекті жылдың ішінде сол аумақта орман өрттері шығуы мүмкін кезең. 15. Ормандағы өрт қаупі- орманның түрі, оның табиғи ж/е басқа да ерекшеліктерімен айқындалады. 16. Ормандағы өрт қаупі бар маусым- климат ж/е ауа райы факторларын негізге алып, орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, обылыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын, орман өрті шығу қаупі болуы мүмкін күнтізбелік жылдың бір бөлігі. 17. Өрт телімі-орман өртіне қатыстылығы жағынан салыстырғанда біртектес келетін орман қорының учаскесі. 18. Сұлама өрт- жану материалы топырақ бетіндегі сүрек болып табылатын төменгі жағындағы өрт. 19. Үстіңгі қабатты өрт- ағаштардың шашағын шарпыған өрт. 20. Ландшафтық өрт- географиялық ландшафтың түрлі бөліктерін шарпыған өрт. 21. Орман шымтезегінің өрті- шалшықтанған әрі батпақты топырақтың шымтезектенген қабаты жанатын орман өрті. 22. Төменгі қабат өрті- орман өсімдіктерінің төменгі қабаттары, орман төсеніші, құлаған бұтақтар арқылы таралатын орман өрті. 23. Қаулаған өрт- орман биогеоценозының барлық бөліктерін қамтыған орман өрті. 24. Орман өртінің ауданы- оттың өсімдіктерге тигізетін зардабы байқалатын орман өртінің сұлбасы шегіндегі көлемі. 25. Өрт қадағалау мұнарасы- өртті жоғарыдан бақылау үшін ағаштан немесе металдан (биіктігі 25 метр ж/е одан да жоғары) тұрғызылған ғимарат. 26. Өрт қадағалау мачтасы- бетонды іргетасқа шегенделіп, тіке тартылған жүйелермен ұсталатын бір бағаналы ағаштан немесе металдан тұрғызылатын (биіктігі 35 метр) ғимарат. 27. Өрт сөндіру-химия станциясы- орман өрттерін сөндіру үшін өртке қарсы техникамен, жабдықтармен, байланыс құралдарымен, көлік құралдарымен жарақтандырылған және арнайы даярланған қызметкерлері бар арнайы үй- жайларда орналасқан мемлекеттік орман иеленушінің мамандандырылған бөлімшесі. 28. Орман өртін табу- орман өртінің шығу фактісі мен орнын анықтау. 29. Орман өртінің картасы- әрбір орман орамындағы өрт қаупі деңгейін, басым ағаш тұқымдыларын, өрт сөндіру объектілерін көрсететін карта. 30. Орман өрт сөндіру станциясы- орман өрттерінің алдын алу және оларды уақтылы жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет пен техниканы орналастыруға арналған мемлекеттік орман иеленушінің объектісі. 31. Орман өртінің сұлбасы- от шарпып өткен орман алаңының сыртқы шекарасы. 32. Орман учаскелеріндегі өрт қаупінің класы- оларда өрт шығу және оның үдей түсу мүмкіндігіне орай орман учаскелерінің өрт қаупі деңгейін шамалап бағалау. 1-2дәріс. Тақырыбы. Орман өрті Кіріспе. Орман – жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас өсімдіктердің күрделі қарым – қатынасы, бірақта көлемі, құрылымы, құрамы, көбеюі, көректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы бар. Ал өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды орман деп атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып , қатар-қатар тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын құрастырады. Орман тек сандық белгілерімен емес, сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Орманда өскен ағаштардың өте жоғары орналасқан бөрікбасы болады. Олар жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге түсірмейді. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады, ал өсетіндері діңдері. Ол ағаштардың бағалылығы және шаруашылық мағынасы мол көрсеткіші. Aбайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 – 9000С-қа жетеді, жалын 0,5 – 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0,25 – 5 км жылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ, химиялық заттар(диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т.б.), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді. Адам шаруашылық құрғанда топырақтың механикалық құрамы өте мағналы болады. Одан судың топыраққа сіңуі, суды ұстауы, өсімдіктердің тамырларының дамуы және өңдеуші құралдарға топырақтың қарсы тұруы. Соңдықтан құмды және құмдау топырақтар өңдеуге жеңіл, саздақты және сазды – ауыр. Еңбек пен қаржы жұмсау әртүрлі болады. Топырақтың механикалық құрамы ағаштардың өсу құрамына әсер етеді. Құмды топырақта қарағай жиі өседі, ал құмдау топырақта шырша. Топырақтың тығыздалуы оның тығыздығын және қуыстылығын көрсетеді. Сондықтан өте тығыз (күрекпен өңделмейді), тығыз (күрекпен өңделеді), жұмсақ (күрек оңай кіреді, лақтырғанда шашылады), өте жұмсақ (топырақ төгіліп тұрады). 1. Орман өртi - орман ауданы бойынша таралып жатқан басқарылмайтын жану. Орман өрттері жануды объектісіне және олардың тарату сипаты бойынша сипатталады. Далаларда табиғи болатын немесе жасанды шақырылатын өрттер.Қазақстанның барлық аумағында орман, дала және орман дала өрттері тіркеледі. Олар хайуанаттар дүниесін, тал-шыбықтарды, бұталарды, дала мен орманда дайын өнімдерді, құрылымдарды және ғимараттарды жояды. Өрттермен әлсіреген отырғызулар қиын аурулардың ошақтары болып қала береді, бұл өттерден зардап шеккен аумақтардың ғана емес, сондай-ақ оған көршілес орналасқан отырғызулардың да жойылуына алып келеді. Өттер салдарынан қорғаушы, су қорғау және басқа да ормандардың және далалардың пайдалы құрылымдары, азықтылар төмендейді. Орман өрттері төменгі, жоғарғы және жер асты болып бөлінеді. Өз кезегінде төменгі және жоғарғы, тұрақты және тұрақсыз болады. Тұрақты төменгі өрттер орманның төменгі қабаттары бойынша аз жылдамдықпен (минутына 0,5м) ағаштардың топырақ бетіне шыққан тамырлары бар төменгі бөліктерімен (топырақ қабаты, бұталар, ұсақ шырпылар өртенеді) таралады. [pic] 1. – сурет. Төменгі өрт Тұрақсыз төменгі өрттер топырақтың тірі және өлі бөлігін, шырпылрды, орман егістерін, бұталарды өртейді, бірақ қолайлы жағдайлар есебінен жылдамдығы минутына 0,5-1 м және өрттің жоғары болуымен, дымқылдығы жоғары орындардан өтіп кетіп таралады. Төменгі өрттер үшін кең таралған өрттің формасы тән. Түтін түсі – ашық- сұр, төменгі өрттердің таралу жылдамдығы желмен қарағанда желге қарсы 6-10 есе қарсы. Тәуліктің түнгі уақытында күндізгіге қарағанда жылдамдығы азырақ болады. Жел бағыты өзгерсе өрттің формасы – оның форнтының, қанатының, соңының негізгі элементтері өзгеріп кетеді. Бұнадй жағдайларда әсіресе өрт үлкен көлемдерге жайылса, орман ішіндегі адамдарды да қоршап алуы мүмкін. Ірі өрт кезінде авиациялық барлау көмегімен ғана жағдайға бейімделуге болады. Жоғарғы тұрақты өрт төменгі өрттердің келесі кезеңі, төменгі өрттер ағаштардың тамырын өртмей отырып, бұтақтарын, жапырақтарын, ұсақ және ірі бұтақтарын өртке орап әкетеді. Төмен өрттердің ағаш жабындыларына өршігуі қатты желдерде, сондай-ақ қылқан жапырақты ағаштардың кебулерінде (әсіресе тау бөктерлерінде, өрт жоғарыға тарағанда) болады. Ағаш кебулері жоғарыда болған өрттен кейін толығымен өліп қалады, бұтақтардың тек күйіктері ғана қалады. Жоғарыдағы тұрақты өрт кезіндетөменгі өрт басының жылжу шамасы бойынша ағаштардың ұшар басы бойынша таралады. Тек қатты желдердің әсерінен ғана болатын, жоғарғы тұрақсыз өрттер кезінде ағаштардың бастарынан «ауыспалы», төменгі өрттің фронттарын баса отырып таралады. Жел сонымен қатар ағаштық ұсақ бөліктерін, басқа да ұсақ жанып жатқан объектілер мен шоқтарды шашыратып, негізгі ошақтың алдынан бірнеше жүз метрге төменгі өрттерде жаңа ошақтар пайда болуына әкеледі. Көптеген жағдайларда өрт айтылған тәсілмен жолдардан асып, өртті сөндіруге арналған минералданған сызықарға, өртке қарсы жарылулар және басқа да шептерге «лақтырылады».Өрттердің «алмасуы» кезінде ағаш ұштары бойныша сағатына 15- 25 км жылдамдықпен таралады, бірақ та жоғары тұрақсыз өрттің орташа жылдамдығы әрқашан да аз, өйткені «алмасудан» кейін өрт фронтының таралуы төменгі өрт жанған ұштары учаскісінен өткенше тоқтап тұрады. [pic] 2. – сурет Жоғары өрт Жоғарғы өрттер көп көлемде жылу бөліп, өрт өнімдері мен қызылған ауа ағынын шақырып, бірнеше жүз метр диаметрде конвективті ағыны (бағандары) пайда болады. Олардың қозғалысы өрттің фронтының бағытымен түйіседі. Конвективті ағыстың ортасындағы өрт 100 мерт биіктікке дейін көтеріле алады. Конвективті бағана өрт аймағының ауа кіруін жоғарылатады және өрттің көбеуіне жол беретін жел тудырады. Тұрақсыз жоғарғы жел кезінде аудан формасы жел бағыты бойынша соөылыңқы болады. Жоғарғы өрт түтінінің түсі қою қара. 1.1 – кесте. Өрт түрлері |Өрттiң параметрлерi |Өрттiң күшi көрсеткiшiнің мәнi | | |Әлсiз |орташа |күшi | |Төменгi өрт | |Тарауының жылдамдығы |1 дейін |1-3 |3-тен көп | |минут/м | | | | |жалынның биiктiгі |0,5 дейін |0,5-1,5 |1,5- тен көп | |Жоғарғы өрт | |Тарауының жылдамдығы |3 дейін |3-100 |100- ден көп | |минут/м | | | | |Жерасты өртi | |Жану тереңдігі, см |25 дейін |25-30 |50 –тен көп | Бұл өрттің «алмасуы» орман жабындыларының төменгі өрттерден қызуларынан болады. Жылу жел бағыты бойынша көтеріліп, көп ара қашықтықта өрт фронты алдында ағаштар ұштарын қыздырады. Өрт шыққан кезде бір ағаштың ұшы болса да түгелімен жанып, ал қалғандары қызып тұрған ағаш ұштарымен «алмаса» береді, бірақ та қызу тоқтаған кезде өшіп қалады. Келесі учаскеде төменгі өрт фронтқа жеткен кезде жабындардың қызу процесі қайталанып, «өрттердің алмасуы» қайта болады. 3-4-5- дәріс. Тақырыбы: Өртенген,кесілген жерлердің табиғи жанару динамикасы. 1. Өртенген,кесілген жерлердің табиғи жанару динамикасы. 2. Кесілген, өртенген жердің топырақ жамылғысы. 3. Топырақ ылғалдылығы. 4. Топырақ ауасы. 1. Өртенген,кесілген жерлердің табиғи жанару динамикасы Орманды қалыптастыру және жаңарту процесстері, орман құрамы тұқымдастарын ауыстыру уақытында немесе бір ағаш тұқымдасын басқа ағаш тұқымдасымен ауыстырғанда, байқалады. Ағаш тұқымдастарының ауыстырылуы табиғи жолмен өте ұзақ процессте жүзеге асады. Қарағай, емен, қайың және көктерек секілді жарық сүйгіш тұқымдастар шырша, самырсын, жөке және т.б. көлеңке сүйгіш ағаштармен алмасады. Ғасырлар бойы табиғи жолмен алмасатын ағаш тұқымдастары адамның шаруашылық әрекеттері барысында алмасатын ағаштарда өте баяу жүреді. Климаттың біртіндеп өзгеруі бір тұқымдастың пайда болуына алып келсе, екіншісін жоғалтады. Табиғаттың әсерінен болатын тұқымдастардың өзгеруі ауа-райының жағдайына байланысты. Вегетатциялық құрғақ кезеңнің басталуы тұқым шашуды жоғарлатса, көп жағдайда қылқанды ормандарда өрттердің пайда болыына алып келеді. Осының салдарынан жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш қылқанды ормандар қайың және көктеректермен алмасады. Орман құрамының үлкен ролді орман тұқымдастардың биологиялық және экологиялық: тұқым шашу әдісі, қоректену маңызы, вегетатциялық көбею мүмкіндігі, табиғаттың және қоршаған ортаның қолайсыздығы үлкен ролді атқарады. Қайың мен көктерек жыл сайын көп тұқым шашады. Ал, қарағай мен шыршаның көптеп тұқым шашуы 5 жылда бірақ рет болады. Қылқаны және жапырақты тұқымдастардың тұқымы мен ұрықтары (қарағай, шырша, көктерек, самырсын және т.б.) желдің көмегімен алысқа ұшу үшін кішкентай икемделген қанатшалары болады. Ал,емен, шәмшәт дәндері ауыр болғандықтан ағаш маңында таралады. Сондықтан олардың тұқым шашу қабілеті төмен. Көптеген ағаш тұқымдастары вегетативтік жолмен (қайың, көктерек, жөке, емен, және т.б.) жаңаратын болса, ал басқалары тек тұқыммен (шырша, қарағай, балқарағай) жаңарады. Қазіргі дәуірде орман құрамының өзгеруіне адамның шаруашылығы үлкен әсерін тигізеді. Үлкен аумақтарда қылқанды ормандарды кесу, жапырақты ормандардың пайда болуына әкеледі. Мал жайылу барысында емен ағашы қанды қара ағашпен, көктерекпен, қайыңмен алмасады. Ағаштар өскен аймақтарды құрғату оның түпкілікті құрамының өзгеруіне алып келеді. Егер құрғату барысында таза қарағайдың орнына қайың, шырша, көктерек пайда болады. Қылқанды орманда кең таралған орман өрттері олардың бірінші кезекте қайың мен көктеректің алмасуына алып келеді. Шыршалы сүректі жаппай кесу немесе өртке орануы бұл аймақта барлық қоршаған орта факторлары өзгеріп, жаңа факторлар кең аланқайларда пайда болады. Топырақтың бетіне көп көлемде жарық, ылғал түседі. Осының салдарынан тек тірі жан-жануарлар ғана емес топырақ құрамыда өзгереді. Көлеңке сүйгіш мүктердің, шөптердің, бұталардың орнына жарық сүйгіш шалғындық шөптер пайда болады. Шырша, қайың және көктеректің биологиясы өте әр түрлі. Жапырақты ормандар жыл сайын көп көлемде тұқым берсе, шыршалардың жақсы тұқым беруі 4-5 жылда бір рет келеді. Қайың мен көктерек тұқымдары шыршаның тұқымдарына қарағанда алыс аймақтарға ұшады. Көктерек пен қайың жарық сүйгіш болғандықтан алғашқы жылдары жылдам өссе, ал шырша көлеңке сүйгіш және баяу өседі. Сонымен шыршаның жас өскіндері көктемгі кеш үскіріктерден зардап шексе, ал жапырақты тұқымдастар ауаның төменгі ауытқу температурасына төтеп бере алады. Биологиялық нұсқау бойынша шырша, көктерек және қайыңның егер кесілген немесе өртенген жерлерінде жапырақты ағаштар тез жетіліп жас көктерек және қайың секілді өскіндері дами түседі, олар шыршаның өсуіне қолайлы жағдай туғызады. [pic] 2.1 – сурет. Кесілген немесе өртенген жерлерде қалыптасқан орман Топырақ жамылғысындағы жерді бекітіп тұрған астық тұқымдастар жоғалып, ал ауаның температурасы көп-көп төмендейді. Осы уақыт аралығында көктерек пен қайыңның тұқым беретін жылдары олардың көлеңкесінде шырша өсе бастайды, өйткені олар күннің көзін сүймейді. Көктерек пен қайың ұзақ өспейтін тұқымдар, сондықтан оларда тез өлуі басталады, ал шырша көп жылдық болған соң, оларда енді ғана өсіп дамуы басталады. Қарағай көбінесе қайыңмен және көктерекпен сирек ауыстырылады. Бұл ауыстыру көбінесе қарағай ағаштарын кездесуден кейін таза құмды топырақтың бөлінуі кезінде пайда болады. Қарағайдың тұқымы шөбіне аралып, оның өскіні шықпай қалады. Тығыз өскен шөп жамылғысы күшті көлеңкелейді, сондықтан қарағайдың өскіні өспей қалады. Содан кейін қайың өз дәндерін шашып өседі. Емен тұтастай кесуден кейін, жиі көктерекпен, жөке, ақ бүк ағашы және басқа да жұмсақ жапырақты тұқымдастарымен ауыстырылады. Бұның тұқымы ауыр болғандықтан, ағаштың ұшар басының шекарасына ғана түседі, сондықтан мұнда ауыстырылуы болады. Қайың, көктерек және т.б. түрлердың тұқымы ашық жерлерге еркін түсіп, жас өскіндер тез биікке өседі. Еменнің өскіні жарық сүйгіш және көбінесе ол көктерек, қайың, тал, т.б. ағаштардың көлеңкесінде қалып, өліп қалады. Бұған қарамастан, емен балақ шыбық қасиетіне ие, қартайған кезде ол оны кейде бермейді. Бұл жағдайлардың бәрі емен ағашының орнына жұмсақ жапырақтылардың өсуіне әкеп соғады. Тұқымдардың ауысуын бағалай отырып, келесі жағдайларды айта кеткен жөн. Қылқан жапырақтылардың ауысуы - сапалы өзгеру, бірақта экономикалық және орман қамтамассыздандыру маңызы төмендейді. Бұл бағалы қылқан жапырақты ағаштардың жоғалуын баяндайды және орман өсімдіктер ортасында бұл төмен жақты көрсетеді. Тұқымдардың ауысуын орман шаруашылығын жүргізілуіне байланысты талқылауға болады. Қылған жапырақтылардың ауысуы болатын жерлері көп болып кетсе, онда орман шаруашылығы деңгейі төмендейді. Сонымен қатар тұқымдардың ауысуы оң нәтижелер береді, мысалға шыршаның қайыңмен ауысуында топырақ жақсарады. Кесілген қалдықтардың аурулары күресу. Сондықтан ағаш тұқымдастарының ауысуының экономикалық бағасы орманның әр түрлі ерекшеліктеріне байланысты қарастырылады. Барлық талдаулар орман шаруашылығына бүкіл жағдайлар жасау керегін көрсетеді. 2. Кесілген, өртенген жердің топырақ жамылғысы Орманды - дала зонасындағы сұр және сілтісізденген қара топырақтары. Күлгін топырақты зона мен қара топырақты зоналардың арасында жіңішке болып ирелеңдеп, батыстан шығысқа қарай созылып, өтпелі зона - орманды-далалы, орманның сұр және шалғынды-даланың сілтісізденген қара топырақтары жатыр. Бұл негізінен ормандар мен ормансыз шалғынды шөп өсетіп алқаптардың топырақтары. Жалпы орманды - дала зонасының көлемі 150 млн гектардай немесе ТМД елдерінін 6,8%-ін қамтиды. Орманды территорияларда орманның сұр топырағы, ал ормансыз жерлерде шалғынды қара топырақ пен сілтісізденген қалың қабатты қара топырақ таралған. Ауа райы орманды зонадан жылылау, ал далалы зонадан салқындау. Зонаның батыс бөлігі жылырақ және жауын-шашын молырақ, ал шығысқа қарай күн суыта түсіп, ылғал мөлшері азаяды. Емен өскен жердегі сұр топырақ мынадай болады: А0 - орман төсеніші 2-4 см, қара қоныр түсті, топырақпен аралас Л1 - қалыңдығы 20-25 см, түсі қара сұр, өсімдік тамырлары көп таралған А2 - қалыңдығы 20 см-дей, сұр немесе қоңыр сұр түсті аздаған күлгін тартады В - қоңырлау түсті, нығыздалған иллювиалды қабат, қалыңдығы 90-130 см- ге жетеді. С- ақшыл қоныр, В горизонтынан (жиегінен) тілім-тілім болып кейбір жолақшалар түседі. Бұл зонаның топырақтарында қоректік заттар мол, физикалық қасиеттері қолайлы, құнарлы келеді. Орманның сұр топырағының құрамындағы қара шіріндінің мөлшері 2-6%, ал шалғынды қара топырақтарда қара шірік 10%. Бұл зона егістік үшін жақсы игерілген. Игерілу жөнінде қара топырақты зонадан кейінгі орынды алады. Зонаның 40% астамы жыртылған жерлер. Негізінен бидай егіледі. Зонаның көп жерін орман алып жатыр. Зонаның негізгі жерлері Ресей мен Украинаға тиесілі. Казакстаннын ен шеткі терістігіндс бұл зонаның бір азғантай бөлігі кездеседі. Шалғынды даланың қара топырақтары. Полтава губерниясының егіншілеріне қара топырақ туралы дәріс оқыған В.В. Докучаев "Қара топырақ - Ресейдің негізгі байлығы, ол Ресей халқын өмір бойы асырап келеді және бұдан да былай асырай береді, қара топырақ - топырақ патшасы"- деген. Қара топырақты зона орманды-даланың оңтүстігін қамтып, батыстағы Молдавиядан, Украина, Ресей мен Қазақстан арқылы Сібірге шейін созылып жатыр. Дегенмен Сібір жақта қара топырақты зона тұтасып біркелкі жатпай таулы алқаптар арасындағы жазықтарда ойдым-ойдым аралдар іспеттес орналасады. Қара топырақты аймақ жазық келеді, оның ауа райы да жайлы. Бұл жерлердің жазы жылы, қысы суық. Түсетін ылғалдың мөлшері жылына 350-600 мм, жылдың барлық мерзімдерінде біркелкі түседі. Жалпы топырақтардын ылғалдану коэффициенті - 0,6-1,0, яғни ылғалдану мен жерден булану шамамен тепе-тең. [pic] 2.2 – сурет. Қара топырақ пен қызғылт-қоңыр (каштановые) топырақтың топырақ кескіні құрылымының схемасы Қара топырақты аймақтың көлемі орманды далалы зонаның ішіндегі қара топырақтарды қосқанда 191 млн гектар немесе ТМД территориясының 9% жуық. Қара топырақ негізгі үш қабаттан тұрады: А - қара шіріндісі мол қабат; В - өтпелі қабат; С - топырақтүзуші аналық жыныс. А - қара шірінді қабаттың қалыңдығы 20-60 см жетеді, түсі қара немесс қара қоңыр, оңтүстік шеттерінде қоңыр түсті. В - өтпелі қабаттың қалыңдығы 40-80 см-дей, түсі сұр-қоңыр, жоғары қара шірінді қабаттан тілдей болып созылып қара шірінділер мұнда да жылжиды. С – топырақ түзуші аналық жыныс, әдетте лесс типтес, карбонатты, майда ұнтақ-талған, негізінен шанды жыныстардан тұрады. Қара топырақтар қара шіріндіге бай. Оның мөлшері 4%-дан 10-12%-ға жетеді. Қара шіріндінің мөлшеріне қарай қара топырақтар үш зонашаға бөлінеді: а) қара шіріндісі мол немесс терістік қара топырақ; б) қара шіріндісі орташа немесе кәдімгі ара топырақ; в) қара шіріндісі аз немесе оңтүстік қара топырағы. Қара топырақта өсімдіктерге қажетті қоректік заттар мол. Жауын-шашын көп жаумағандыктан және ауа-райының жылылығынан қоректік заттар жуылып- шайылмай топырақ қабаттарына, өсімдік тамырларына жақын жерлерге шоғырланады. [pic] 2.3 – сурет. Тыңайтылған жер Қара топырақ химмялық құрамы жағынан да бай. Сондықтан құнарлылығымен көзге түседі. Бұл зонаның 70-75%-ға жуығы жыртылған жерлер. Мұнда ауыл шаруашылығының барлық дерлік дақылдары: бидай, картоп, жүгері. көкөністср, қант қызылшасы т.б. жақсы өседі. Бұл топырақтар табиғи жағдайдын өзінде де жақсы өнім береді. Ал қосымша тыңайтқыштар енгізіп, қар тоқтатып, тағы басқа ылғалдандыру, мелиорация шараларын қолданғанда өнім мөлшерін одан да мол арттыруға болады. Топыраққа және топырақ бетінің қабатына әсер етуі, яғни механикалық, химиялық және биологиялық мүмкіншілігі жаңа орман туғызады. Жер қыртысын сындыру, төсеніштерді топыраққа орналастыру, оның қопсытылуы және жыртуы орман жұмыстарында тұқымдардың жылдам өсуіне әкеледі. Топыраққа гербицид және арборицидтерді енгізу топырақ бетіндегі тіршіліктің өсуін тоқтатады және салған тұқымның көктеп өсуіне мүмкіншілік туғызады. [pic] 2.4 – сурет. Жер қыртысының жыртылуы Шаруашылық үшін маңызы бар тұқымдардың жаңа өнімдерін сақтап қалу – шырша, майқарағай т.б. тұқымдарға жүргізіледі. Мал жаю кезінде топырақ қопсытылады. Бірақта тоқтаусыз мал жаюмен, шаруашылыққа маңызы бар түрлерді жойып жіберуге болады. Жаңа жыртылған топыраққа, сұлы, картоп отырғызу және сазды топырақты әктеу, топырақ құрылымын жақсартады және орманды қайта құруға жағдай туғызады. Кесу кезінде құмды және құмдауыт топырақты қопсытады және құмның өсуін жақсартады. Орманды тұтастай кесу, яғни көбінесе Ресей ормандарында қолданады, оның жақсы және жаман жақтары болады. Мұның жақсы жағы көп түпті алу болып табылады. Орманды кесу қарапайым механизацияланған жұмыспен жүреді және орман учаскілерін кесуге бұру, біржасты ағаштарды қалыптастыру жарық сүйгіш ағаш түрлерінен бір жағдаймен т.б. Шоғырланып кесуден кең, үлкендерін алады, 100 м дейін кеспе ағаштың жанасу уақыты 1...3 жыл. Сонымен қатар техникалық нәрселерді ағаш үйінділерінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен тамырдан кесу бағыттан ағашты араластыру немесе тасымалдау жұмыстарына дейін барлығы механикаландырылады. 3. Топырақ ылғалдылығы Топырақ қопсытылған су сыйымдылығы бар дене болғандықтан, оның құрамында әр уақытта азды-көпті ылғал болады. Топырақ ылғалы – оның құнарлығының бір шарты. Ылғал топыраққа ауадан түскен жауын-шашын мен жер бетіндегі судан және жер астының ыза суынан келеді. Топырақ ылғалы әр жерде әр қилы. Бір жерлерде топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерлерде тапшылау. Топырақта кездесетін ылғалдың өзі де өсімдіктерге сіңімділігі әр түрлі болып келеді. Ылғалдың кейбір түрлері өсімдіктерге тіпті сіңбейді. Жалпы топырақтағы ылғал төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді. Химиялық байланысқан су топырақ минералдарының құрамына еніп, өте тығыз байланысқа түседі. Сондықтан топырақтағы биологиялық процестерге қатыспайды. Бу күйіндегі су топырақ кеуектерінде кездесетін, судың жоғары температурада булануынан пайда болады. Бу күйінде ол өсімдіктерге сіңбейді, тек тамшыға айналғанда ғана оны өсімдіктер жақсы сіңіре алады. 2.1–кесте. Ылғал түрлері ( С. А. Монин бойынша ) |Топырақ ылғалының түрі |Байланыс мөлшері мен өзгешелігі | |1.Сұйық, ылғал немесе су | |а) гравитациялық су | |б) Топырақ түйірлерінің ішіндегі су бос сулар | |в) жарғақты су физикалық | |бос байланысты | | | | 2.Бу | |г) Бу 1/2 | |ұшпалы су | |д) Гигроскопиялық су физикалық берік | |байланысты | | 3.Қатты күйдегі су | |е) Мұз қатты | | ж) Кристалданған су 1/2 химиялық | |байланыстағы | | | |гидратты сулар | |з) Жасушадағы су биологиялық | |байланысты су | Гигроскопиялық су топырақтың беткі қабаты арқылы сіңірілген молекула күйінде болады. Ол өсімдіктерге пайдасыз. Топырақпен тығыз байланысқан бұл суды тек 100° астам температураға дейін қыздыру арқылы ғана түгел буға айналдыруға болады. Топырақтың ауадағы су буының құрамындағы суды өз бойына тарту және сақтау қабілетінің мөлшері гигроскопиялық ылғалдылық деп аталады. Оның көлемі топырақтың құрылымдық және химиялық құрамы мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығына байланысты. Соңғысы неғұрлым жоғары, ал топырақ майда болса, соғұрлым гигроскопиялық ылғалдылық та жоғары болады. Ылғал топырыққа сіңе отырып, ондағы саңылаулардың бәрін толтырады. Топырақтың бойына сіңіре алатын судың ең көп мөлшері-топырақтың толық ылғал сіңіргіштігін құрайды. өсімдіктер үшін ең қолайлы ылғалдылық топырақтың толық ылғал сіңіргіштігінің 60 % –не тең мөлшері болып табылады. Топырақтағы су өзінің салмағы әсерінен төмен қарай жылжи бастайды. Су еркін ағып болғаннан кейін топырақ ұстап қалған ылғалдылықтың ең көп мөлшері топырақтың /сіңіргіштігі/ ылғалдылығы деп аталады. Бұл көрсеткіш құрғақ топырақтың салмағына пайыз есебімен шаққанда: құмдақ топырақтар үшін - 12%, күлгін сазды топырақтар үшін -18%-ке, қара топырақтар үшін- 24% тең болады да оның одан әрі төмендеуі судың капиллярлар деп аталатын саңылауларға орналасуына әкеп соғады. Судың бұл түрі капиллярлық су деп аталып, өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етудің тұрақты көзі болып табылады. Капиллярлық судың мөлшері азайып, ол топырақ бөлшектері немесе майда түйірлері арасында ғана сақталып қалса, өсімдік қурай бастайды. Демек, топырақтағы судың бәрі де өсімдіктерге жете бермейді. Егер топырақтағы су мөлшері егістік ылғалдылықтың (сіңіргіштіктің) 2/3 нәтижесінен азайса, өсімдік өсуін баяулата бастайды. Сондықтан егістік ылғалдылығын анықтау арқылы топырақтың сумен қанығу тәртібін реттеуге болады [pic] 2.5 – сурет. Өртенген жерде өскен өсімдіктерді гигроскопиялық сумен суғару Қылтүтік суы топырақ қылтүтіктерінде жоғары-төмен жылжи отырып өсімдіктер бойына оңай сіңеді. равитациялық су өз салмағымен топырақтың жоғары бетінен төменгі қабаттарына жылжиды. өсімдіктерге оңай сіңеді. Бірақ өз салмағымен тез жылжитындықтан, өсімдіктер оны көп пайдалана алмайды, ол су топырақ астына жерасты ыза суының қорына қосылады. Қатты күйіндегі судың қатарына мұз, қар жатады. Қатты күйінде өсімдіктерге сіңімсіз, ал еріген кезде топыраққа сіңіп, өсімдіктер үшін пайдаға асады. Табиғаттағы олардың көлемі негізінен суық аймақтарда, Антарктида түгелдей, терістік мәңгі тоң тараған алқаптарда жыл бойы кездессе, кей аймақтарда тек жылдың қыс айларында, ал кейбір аймақтарда тіпті жылдың қыс айларында да болмайды. Себебі, әлемде қыс болмайтын жерлер де кездеседі. Жерасты ыза суы топырақтың, ал көбіне топырақ түзуші тау жыныстарының әр түрлі тереңдіктерінде әдетте, су өткізбейтін қабат үстінде жиналады. Жерасты ыза суы көбіне топырақ қабатынан көа тереңдікте жататындықтан топыраққа және өсетін өсімдіктерге еш әсері тимейді. Ал керісінше, кей жағдайларда, әдетте, ТМД елдерінің батыс және теріскейде жатқан ылғал мол түсетін аудандарында, өзен бойлары мен сағаларында және суармалы егіс алқаптарында топырақ астындағы ыза сулар жер бетіне жақын жатып топырақ түзуге, өсімдіктер өміріне өте үлкен әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда көбінесе шалғынды топырақтар кездеседі. Топырақ суын абсолюттік таза су деп түсінбеуіміз керек. Бұл құрамында суға еріген әр түрлі заттары бар топырақ ерітінділері. өсімдіктер барлық қоректік заттарды тек осы ерітінділерді бойына сіңіру арқылы алады. Сондықтан да топырақ суы – оның құнарлығының негізгі шарттарының бірі. Академик Г.Н.Высоцкий топырақ суының өсімдіктер үшін маңызын айта келіп, оны адам қанымен салыстырған (Г.Н.Высоцкий, 1962). 4. Топырақ ауасы Топырақ қопсыған кеуек дене болғандықтан, оның құрамында үнемі ауа болады. Бұл ауаның мөлшері топырақтың ылғалдылығына, тығыздығына, өңделу жағдайларына, механикалық құрамына, өсіп-өніп тұрған өсімдіктерге, ағаштарға тағы басқа жағдайларға байланысты. Өртенген жердің өңделген топырақтарында ауаның мөлшері топырақ көлемінің 30-40 пайызына тең. Мұның біраз бөлігі топырақ бөлшектеріне сіңеді, оны сіңген ауа деп атайды. Ал ауаның қалған мол бөлігі топырақ кеуектерінің арасында болады. Неғұрлым топырақта су көп болса, соғұрлым онда ауа мөлшері аз, себебі мол су ауаны топырақ құрамынан ығыстырып жібереді. Мысалы, күріш егістерінің топырақтарында су жер бетінде көлдеп тұратындықтан, онда ауа мөлшері мүлдем жоқ. Керісінше, ылғалы аз, жиі қопсытылып, жиі өңделетін топырақтарда ауа мол болады. Топырақ – көптеген өсімдіктер мен микроорганизмдердің тіршілік ететін мекені. Олар тыныс алады, көптеген органикалық заттарды ыдыратып ауаға ұшырады. Осының нәтижесінде топырақ ауасының құрамы, атмосферадағы ауаға қарағанда өзгешелеу. Мысалы, топырақ ауасындағы көмір қышқылының мөлшері 0,15 - 165% шамасында, ал атмосферадағы оның мөлшері небары - 0,03% ғана. Топырақ ауасындағы оттегі мөлшері атмосферадағыдан анағұрлым аз. Топырақ ауасы топырақта өсетін өсімдіктер мен микроорганизмдерге көп әсер етеді. Топырақтағы ауаның молдығына, аздығына, оның құрамына қарай мұнда әр түрлі микроорганизмдер өмір сүреді. өсімдіктер тамырының тереңдеп немесе көлденең өсуіне топырақтағы ауа режимінің дұрыс болуының пайдасы зор. 6-7-дәріс. Тақырыбы: Орман өртінің туындау, таралу себебі және тәртібі. 1. Орман өртінің себептері. 2. Орман өртінің туындауынын көздері. 3. Өрттің таралу себептері. 1 Орман өртінің себептері. Орман өрті - бұл орман қорында өрттің бағынбай, апатты жағдайға жеткізе таралуы. Өрттерді 3 түрге бөлу қалыптасқан: төмендегі, жоғарыдағы және топырақтағы (жер асты, шымтезекті). Төмендегі өрт. Төмендегі өрт - оттың жер бетінің топырақты жабыны бойын- ша таралуымен сипатталады. Орманда жерге түскен ұсақ бұтақ-тардың, қабықтардың, қылқандардың, жапырақтардың үйіндісі; ағаш төсемелері, құрғақ шөп және шөпті өсімдіктер; топырақтың үстіңгі бетін жауып жатқан шөп, мүк, ұсақ бұталар және ағаш діңдерінің төмен жағындағы қабықтары жанады. Оттың таралу жылдамдығы мен жану ерекшелігіне қарай төмендегі өрттер үстірт (шарпып өтетін тиіп-қашпа) және тұраклы болып сипатталады. Төмендегі үстірт (шарпып өтетін тиіп-қашпа) өрт -эс -е-се, көктем маусымында. жердің үстіңгі топырақты бетіндегі ұсақ жанғыш заттардың ең жоғарғы қабаты өткен жылғы шөпті өсім-діктер кепкен мезгілде өрбиді. Оттың таралу жылдамдығы едәуір жеткілікті - 180-300 м/сағ. (3-5 м/мин) және желдің жерге жақын қабаттағы жылдамдығына тікелей тәуелді. Ағаш төсемі 2-3 см жанып кетеді. Ондай кезде топырақтың үстіңгі қабатының ылғалдылығы жоғары учаскелерін от шалмайды және үстірт өрт шарпыған аумақтың пішіні теңбіл болады. Төмендегі турақты өрт топырақтың үстіңгі қабатындағы жабын мен ағаш төсемінің толық жанып кетуімен . Төмендегі тұрақты өрт жаз ортасында, төсемелердің жаткан қалыңдығы әбден кепкенде өрбиді. Тұрақты өрт шалған учаскелер-де ағаш төсемелері, жас шыбықтар мен бұталар түгелдей жанып кетеді. Ағаштардың тамырлары йен қабықтары күйеді, соның нәтижесінде жас желек ағаштар айтарлықтай бүлінеді, ағаштардың біраз бөлігі өсуін тоқтатады және қурап қалады. Төмендегі тұрақты өрт кезінде оттың таралу жылдамдығы сағатына бірнеше метрден 180 метрге дейін (1...3 м/мин) жетеді. Жалындап жанған оттың жылдамдығы 0.2 м/мин құрайды. Оттың жанып жатқан шетіндегі жалынның биіктігі бойынша төмендегі өрттер әлсіз (жалынның биіктігі 0.5 м-ге дейін), орташа (жалынның биіктігі 1.5 м-ге дейін) және күшті (жалынның биіктігі 1.5 м-ден асады)деп бөлінеді. Жоғарыдағы өрт. Жоғарыдағы өрт өсіп тұрған тік ағаштардың ұшар бастары-ның жануымен сипатталады, үстірт және түрақты болып бөлінеді. Жоғарыдағы үстірт өрт кезінде от ағаштардың ушар бастары бойымен жел бағытымен жылдам тарайды, ал тұрақты (жаппай) ерт болғанда, от өсіп тұрған ағаштардың тік бойымен: төсемеден ағаштың ұшар басына дейін тарайды. Жекелеген ағаш-тар да, бұта етіп өсірілген біртекті ағаштар да өртенеді. Жоғарыдағы өрттерге, әсіресе, қылқан жапырақты жас ағаштар, самырсын мен бұта түріндегі емен төсемелерінің қалың қопасы (көктемде өткен жылғы құрғақ жапырақтар жатқан кезде), таулы ормандарда - тік беткейлердің (25° асады) жоғарғы белігін-дегі және асулардағы барлық қылқанды жас желең ағаштар кебірек ұшырайды. Жоғарыдағы ерттердің шығуына елеулі дәре-жеде құрғақшылық пен күшті желдер себеп болады. Топырақтағы өрт. Топырақтағы өрт төмендегі өрттің төсемелерге және топырақтың шымтезекті қабатына «терендеуі» нәтижесінде өрбиді. Топырақтағы өрттер темендегідей: төсемелі-қарашірікті (от ағаш тесемінің және қарашіріктің барлық қабаттарына тарайды) және жер асты немесе шымтезекті (от шымтезек қабаттарына немесе орман топырағы қабаттарының астындағы шымтезек қорларына тарайды) болып белінеді. 2. Орман өртінің туындауынын көздері. Орман өрттерінің туындауы, таралуы және өрбуі, - негізінен, бедерлі- ландшафтық, өсімдіктер мен ауа райына және басқа да шарттарға байланысты. Бұл шарттарды, - өрт сөндіруді мақсатқа сай ұйымдастыру, орман өрттерін сөндірушілер мен өрт сөндіруге қатысушы өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін есепке алып отыру қажет. Өрт мінезіне эсер ететін негізгі шарттар мен факторларды, яғни жану барысына, оның қарқынына (таралу жылдамдығының өсуі) және бағытына себеп болатын факторларды білу - ерекше қажет.Ормандағы жанғыш материалдардың өртенуі. Орман өртін тудыратын ормандағы жанғыш материалдардың өртенуі, - жоғары температураның. ауа оттегісі мен жанғыш мате-риалдардың әсерінен болатын реакцияны қолдайтын құбылыс- тардың жиынтығын білдіреді.Орманда жанғыш материалдар мен ауа оттегісі тым кеп. Жануға себеп болатын жоғары температура (от) кезі сырттан келеді. 3. Өрттің таралу себептері. Бұл - белгіленген жерлерден тыс жерлерде жағылған және бақылаусыз қалдырылған от, тұтандырылған темекі тұқылы немесе сіріңке, әр түрлі механизмдердің газ шығаратын түтіктерінен шыққан жалын, еткен жылғы шеп- шалам қалдықтары мен жанғыш күл-қоқыстарды ертеу, адамдардың қызметіне байланысты езге де от кездері және найзағай түсуі. Жану барысында кеп мелшерде бөлінген жылу қоршаған ортаға темендегі жолдармен тарайды: конвекция - жоғары температураның ыстық ауа келемін ертеніп жатқан жердің үстінен конвекциялық (қызған) бағана түрінде кетеру жолымен таралуы; сәуле шашу - жоғары температураның от жанған кезден барлық бағыттарға сәуле энергиясы түрінде айнала таралуы; өткізгіштік - жоғары температураның от ошағынан жанғыш материалдар арқылы таралуы. Белінетін жылудан басқа, ерттің одан арғы мінезін айқындайтын кептеген факторлар бар, дегенмен, олардың ішінде өрттің таралуына шешуші ықпал ететін нәрселерге: жанғыш материал, ауа райы шарттары және жер бедері жатады. Ормандағы жанғыш материалдар. Ормандағы жанғыш материалдарды (ОЖМ) тұтанып жануы бойынша екі негізгі топқа белуге болады: жеңіл түтанатын және жылдам жанатын материалдар -құрғақ шеп, қураған жапырақтар, қылқандар, ұсақ бұтақшалар, бұтақтар. Кейбір бұталар, өздігінен өсіп шыққан өсімдіктер және басқалары. Бұл жанғыш материалдар оттың жылдам таралуына себеп болады және ақырын тұтанатын материалдарға тұтандыр-ғыш болады; ормандагы бәсең түтанатын жангыш материалдар -шырпы-шөпшектер, түбіртек, ағаш төсемелерінің төменгі қабаттары, бұталар мен ағаштар. Жанғыш материалдардың бұл тобы жанған кезде көп мөлшерде жылу бөліп шығарады және өрттің өрбуіне себеп болады. Ұйымдастырушылық себептер. Орман өрттерінің тарауына ықпал ететін ұйымдастырушы-лық себептер көп жағдайда мыналар: ормандағы өрттердің дер кезінде белгілі болмауы (өрттердің 20%-ы күн батқанда немесе келесі күні белгілі болады); өрт сөндірудің дер кезінде басталмауы (өрттердің 15%-ын күн батқанда немесе келесі күні сөндіру басталады); өрт сөндіруге бағатталған күштер мен құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі; өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін білікті басқарудың болмауы. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Орман өртінің туындау себептерін атаңыз? 2. Интенсивті орман шаруашылығын жүргізетін аудандарда орман өрті қанша пайызды құрайды? 3. Қалың орманды аудандарда орман өрттері жалпы өрт аумағының қандай аймағын қамтиды? 1. Антропогенді өрттердің негізгі көздерін атаңыз? 2. Конвекция деген не? 3. Өрттің таралуына қандай факторлар шешуші әсер етеді? (сұрақтарға жауап толық болуы керек, сұрақ мазмұны ашылуы тиіс) 8-9-дәріс. Тақырыбы: Өрт қауіптілігі. 1. Орман табиғи жағдайына байланысты өрт қауіптілігі. 2. Ауа – райы жағдайы бойынша өрт қауіптілігі . 3. Өрт қауіптілігі класына байланысты орман өрттерінің туындауы және даму. 1 Орман табиғи жағдайына байланысты өрт қауіптілігі. Ормандағы ерттердің шығу және таралу қаупінің дәрежесі (ерт қаупі) темендегілер бойынша айқындалады: орман учаскелеріндегі ағаштар мен өсімдіктердің шарттары бойынша (табиғи өрт қаупі); нақты аймақтағы ауа райы шарттары бойынша (ормандағы жанғыш материалдардың дымқылдығы бойынша өрт қаупі). Ағаштар мен өсімдіктердің шарттары бойынша өрт қаупі (табиғи өрт қаупі) Орман учаскелерінің ағаштары мен өсімдіктерінің шарттары бойынша өрт қаупін - ағаштардың түрі, жас желектердің құрылы-мы, ағаш түріне байланысты құрамы мен жасы, орман алқап-тарының санаты (категориясы), орман қорындағы ағаштарды кесу және басқа да сипаттамалар айқындайды. Кесте №1 Ормандардағы өрт қаупін бағалау шәкілі |Өрт |Жану нысаны (ағаштардың және |Өрттердің ең көп болуы мүмкін | |қаупінің |оларды кесудің сипатты түрлері, |түрлері, өрттердің шығуы және | |тобы |жас желектер, ағашсыз аумақтар) |таралуы мүмкін жағдайлары мен | | | |мерзімдерінің ұзақтығы | |I |Қылқанды жас ағаштар. Жап-пай |Өрт қаупі сақталатын бар-лык | | |кесілетін ағаштар: қына-лар, |маусым ішінде төмен-дегі | | |аршалықтар, шырмауық-тар және |өрттің, ал өсіп тұрған ағаштар| | |құрғақ аңғарлар (әсіресе, |бар учаскелерде -жоғарыдағы | | |қоқыс басқан) бойын-дағы |өрт болуы мүм-кін. Құрғақ | | |кесілген ағаштардың түр-лері. |сай-салалар бойымен кесілген| | |Қына ескен қарағайлы ормандар |шырма-уықты және басқа да | | |мен шықылдақты (верещатники) |шөпті жерлерде кектемде | | |ағаштар. Сапта-ры бұзылған, |айтар-лықтай өрт қаупі бар, | | |қураған және қатты бүлінген |ал кейбір аудандарда күзде де | | |(қурап қалған, дауыл сындырған, |өрт қаупі сақталады. | | |жел құлат-қан, шала кесілген) | | | |ағаштар, жағдайға байланысты | | | |және жаппай, ішінара | | | |қарқынды кесілген учаскелер. | | | |Қокырсы-ған өртеңцер. | | |II |Қарағайлы және итбүлдірген |Өрт қаупі сақталатын бар-лык | | |өсетін, әсіресе қарағайдың жас |маусым ішінде төмендегі | | |шыбықтары немесе аршаның |өрттер, ал көп өрт кезеңінде -| | |қалындығы ортадан жоғары |жоғарыдағы ерттер орын алуы | | |бұталары бар ормандар. Са-мырсын|мүмкін. | | |жапырақты ағаштар. | | |III |Саумалдық пен қаражидек өсе-тін |Жаздағы көп өрт кезеңінде, ал | | |қарағайлы орман. Итбүл-діргенді |самырсын өсетін жерде, одан | | |жапырақтылар. Бұлақ бойындағы |басқа, көктемгі және, | | |және фагналықтан басқа |әсіресе, күздегі көп өрт | | |самырсынның барлық түрлері |кезе-ңінде төмендегі және | | |өсетін жерлер. Итбүл-дірген мен |жоға-рыдағы өрттер орын алуы | | |саумалдық өсетін шыршалы орман. |мүмкін | |IV |Тобылғы және үзақ ғүмырпы ағаш |Өрттер (бірінші кезекте | | |түрлерін жаппай кескен (әсіресе,|-төмендегі) көктемде және | | |қоқыстанған) жерлер. Қарағайлы |күзде өрттердің ең көп | | |ормандар. жапырақ-тылар және |бола-тын мерзімдерінде | | |жапырағы шөп сияқты жас желең |шөпті ормандарда және тобылғы| | |ағаштардың түрлері. Қарағай мен |кесілген жерлерде, ал жазда, | | |шырша-ның құрамды ормандары, |өрттің ең көп шығатын | | |жөке, шаттауық, емен есетін |мерзімінде - орманның баска | | |тоғай-лар. Шырша мен қаражидек |түрлерінде, ұзақ ғұмырлы | | |орманы. Фагналық және ұзақ |ағаштар кесілген жерлерде орын| | |ғұмырлы қарағай орманы. Бұ-лақ |алуы мүмкін | | |бойындағы және фагналық самырсын| | | |орманы. Итбүлдір-ген, саумалдық,| | | |қаражидек жене фагналық қайың | | | |орманы. Саумалдық пен қаражидек | | | |өсетін көптеректі тоғай. Мари | | |V |Шырша, қайың, үзақ ғұмырлы |Өрттер аса қолайсыз | | |көктеректер өсетін ормандар. |жағ-дайларда ғана (ұзақ | | |Фагналық және бұлақ бойын-дағы |мерзімді құрғақшылық) шығуы | | |шыршалы тоғайлар. Қан-дағаштың |мүмкін | | |барлық түрлері өсетін тоғайлар. | | Орман қоры учаскелерін оларда өрт шығу қаупінің дәрежесі бойынша орман қорының құрылысы жөніндегі нұсқаулық арқылы бағалау үшін төмендегі шәкіл (шкала) қарастырылған. Ормандардағы өрт қаупін бағалау шәкілі 1. Төмендегілер үшін өрт қаупі бір саты (топ) жоғары белгіленеді: а) құрылысы немесе басқа ерекшеліктері төмендегі өрттің жоғарыдағы өртке ұласуына себеп болатын қылқан жапырақты жас желек ағаштар (қылқан жапырақтылардың жас шыбықтары қалың және биік болып өскенде, қоқыс көп жиналғанда және т.б.); б) тұтанып жануға бейім аландар қоршаған құрғақ аңғарлардағы орманның шағын учаскелері; в) жалпылай пайдаланылатын жолдарға, паровоз тартатын немесе от қолданатын орман кәсіпорындарына тікелей жақын өтетін теміржолдарға жанасып жатқан орман учаскелері. Жас шыбықтары қалың өскен немесе жабыны тік тұтасқан әр жастағы самырсын ағаштары өрт қаупінің II тобына жатады. 2. Ауа райы шарттарына байланысты өрт қаупі Ауа райы шарттары бойынша өрт қаупі, ормандағы жанғыш материалдардың жану мүмкіндігін, олардың ауа райы жағдай-ларымен анықталатын дымқылдануына байланысты айқындайды. Ормандағы өрт қаупінің көрсеткіші (ерт қаупінің тобы - ӨҚТ) жергілікті уақыттың 12-14 сағаттарында, ауа температурасы (t°) мен жаңбырсыз (п) күндердегі шық нүктесі (п) температурасының айырымына қарай, ауа температурасын шығару сомасы ретінде анықталады: ӨҚТ=£[Г(Г -т,)]. П Кесте № 2 Өрт қаупі 5 топқа белінеді. Өрт қаупі топтарының шәкілі (шкала) |өқт |Жинақты көрсеткіш |Өрт қаупі | |I |0...300 |Жоқ | |II |301.. 1000 |Аздаған | |III |1001...4000 |Орташа | |IV |4001...10000 |Жоғары | |V |10001-ден артық |Төтенше | Ескерту. Көптеген аумақтарда, ӨҚТ шәкілдерін жасау әдістемесіне сәйкес, ертенгіштік маусымын және оның жинақты көрсеткішке тәуелділігін есепке алатын ерт қаупінің жергілікті шәкілдері әзірленеді және қолданылады, яғни ӨҚТ шегараларын анықтайтын жинақты көрсеткіштердің өзге шамалары болады. Өрт қаупінің I тобы кезінде жоғары температура мен найзағай (жаңбырсыз күн күркірегенде) көздерінен өрт шығуы мүмкін болса да, көпшілік себептер (от көзінің) өрт тудырмайды және басталған, одан ары қарай өрбіген өрт ақырындап, әркелкі жайылады немесе сөніп қалады. Өрт қаупінің II тобы кезінде оттың күшті көздерінен өрт шығуы мүмкін, дегенмен, тұтанған от саны көп емес. Оттың таралу жылдамдығы да елеусіз. Өрт қаупінің III тобы кезінде от көздерінің көпшілігі орман өрттерінің шығуына себеп болады, Өрт қарқынды өрбиді, жылуды көп бөледі, жылдам тарайды және қосымша ұсақ ошақтар туғызады. Өрт қаупінің IV тобы кезінде өрт елеусіз от көздерінен-ақ шығады, жылдам тарайды және қосымша ұсақ ошақтар туғызады. Өрт қаупінің V тобы кезінде өрт кез келген от көзінен және жоғары температурадан шығады, О өте қарқынды жанып, жылдам тарайды. Орман өрті қызметтерінің жұмыс тәртібі. ауа райы шарттары бойынша өрт қаупінің тобын есепке ала отырып. 2-қосымшада беріліп отыр. Орман өрттерінің әр түрлі орман ағаштарының өскен жерле-ріне қарай, өрт қаупінің тобына байланысты. Өзін-өзі тексеру сұрақтары. 1. Орман өрттерінің туындау және таралу қауіптілігінің дәрежесі неге байланысты? 2. Неше өрт қаупітіліг класы бар? 3. Орман өртінің туындау жоғары ықтималдығы қай класқа сәйкес келеді? 4. Орман өртінің туындау төменгі ықтималдығы қай класқа сәйкес келеді ? 5. Өрт туындауы және таралуы мүмкіндігін анықтайтын жағдайлар неге байланысты? 10-11 -дәріс. Тақырыбы: Орман өрттерінің туындауының алдын алу. 1. Орман өртінің алдын алу бойынша негізгі нормативтік актілер. 2. Өрт қауіпсіздігі ережесінің негізгі талаптары. 3. Занды тұлғаларға қойылатың арнайы талаптар. 1. Орман өртінің алдын алу бойынша негізгі нормативтік актілер. Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 63-бабына және 1999 жылғы 22 қарашадағы «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленіп, жеке және заңды тұлғаларға – орман иеленушілер мен орман пайдаланушыларға олардың ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуі жөнінде қойылатын талаптарды айқындайды. Ереже сондай-ақ орман өрттерінің алдын алу, оларды дер кезінде байқау және жою, орман қорының аумағында жұмыс істейтін және жүрген барлық адамдардың осы Ереженің талаптарын орындауын қамтамасыз етуі жөніндегі іс- шараларды жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Өрт қауіпсіздігі ережесінің негізгі талаптары. Мемлекеттік орман иеленушілер ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын орындайды және орман өрттерінің алдын алу (профилактикасы) жөнінде мына іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді: 1) орман қоры аумағын өртке қарсы және санитарлық тұрғыдан жабдықтауды қамтамасыз етеді, осы Ереженің бұзылуының алдын алады, оны дер кезінде байқайды және оған тосқауыл қояды, орман қорының аумағында шығатын орман өрттерін сөндіру жөнінде шаралар қолданады; 2) орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар өртке қарсы іс-шаралар жоспарларын жасауы кезінде оларға көмек көрсетеді; 3) орман өрттерін және олардың зардаптарын тіркеп отырады. 3.Занды тұлғаларға қойылатың арнайы талаптар. Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лауазымды адамдардың құқықтары, міндеттері, жауаптылығы, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын бұзғаны және орындамағаны үшін әкімшілік-құқықтық әсер ету түрлері. Жану туралы жалпы мәліметтер. Заттар мен материалдардың жарылыс, өрт қауіпті қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер. Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстар мен технологиялық үдерістерді өрт, жарылыс қауіптілігі бойынша санатқа бөлу және жіктеу. Құрылыс материалдарын жану топтары бойынша жіктеу. Отқа төзімділік шегі мен жалынның таралу шегі туралы ұғым. Ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесі туралы ұғым. Құрылымдарды оттан қорғау тәсілдері. Өндірістің өрт қауіптілігін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар. Жылу беру және желдету жүйелерінің өрт қауіптілігі. Жылу беру және желдету жүйелерін орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Өрттің электр тогынан шығу себептері және олардың алдын алу шаралары. ЭҚПЕ бойынша жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарды жіктеу. Найзағайдың тікелей соққысы мен оның қайта көрініс беруінің өрт қауіптілігі. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құралдарының санаттары. Найзағайдан қорғағыштарды орнату жөніндегі негізгі ережелер. Статикалық электр және оның өрт қауіптілігі. Алдын алу шаралары. Отпен байланысты жұмыстардың түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Тұрақты және уақытша отпен байланысты жұмыстар жүргізу бекеттері. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге адамдарды жіберу тәртібі және олардың жүргізілуін бақылау. Жарылыс, өрт қауіпті үй-жайларда электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ өзге де отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіптілігінің ерекшеліктері. ТТС, ЖС, ЖГ өрт қауіпті қасиеттері. Жалпы объектілік қоймаларда, ашық алаңдарда, цехтің таратушы қоймаларында ТТС, ЖС, ЖГ сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Жұмыс орындарында, сырлау және өзге де өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде ТТС, ЖС, ЖГ қолданудағы өрт қауіпсіздігі шаралары. ТТС, ЖС, ЖГ тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Көшіру жолдары. Көшіру жолдары мен көшіретін шығу жолдарын анықтау. Көшіру жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. Көшіру жолдарының түтіндеуін болдырмайтын іс-шаралар. Пайдаланудағы объектілерде өрт шыққан жағдайда көшіру жоспары. Өрт кезінде адамдарды көшіру туралы шұғыл хабарлау жүйесі. Адамдарды көшіру бойынша жаттығулар ұйымдастыру. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. ҚР орман кодексі нені қарастырады: орманды әдейі жағу, отпен дұрыс жұмыс жасамау, өрт қауіптіліг кезде орманға бару ? 2. Негізгі нормативті актілерді атаңыз. 3.Орман өртінің алдын алу үшін қандай ережелерді сақтау керек? 4.Орманмен жүмыс істейтін азамматтар мен ұйымдар қандай ережелерді сақтау керек? 5. ҚР ормнадарында белгіленген арнайы талаптарды атаңыз? (сұрақтарға жауап толық болуы керек, сұрақ мазмұны ашылуы тиіс) 12-13-дәріс. Тақырыбы: Орман өрттерімен күресудің оперативті жоспары. 1. Орман өрттерімен күресудің оперативті жоспары. 2. Орман өрттерін ұйымдастырғанда басқа мекемелермен және шаруашылықтармен ара қатынастарды жоспарлау. 1. Орман пайдаланушылар мен ормандарда жұмыс жүргізетін немесе осында жолдары, қоймалары, құрылыстары және басқа да объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жұмыс орындарында, жолдарда, қоймаларда және басқа да объектілерде орман өрттері шыға қалған жағдайда осы өрттерді өз күштерімен және құралдарымен жоюға шаралар қолданады және өрт туралы орман қоры учаскелерінің иесіне, жергілікті атқарушы органдарға және өртке қарсы мемлекеттік қызмет орнына хабарлайды. Азаматтар орман өртін байқап қалған жағдайда бұл жайында мемлекеттік орман иеленушінің орман шаруашылығы қызметкерлеріне, өртке қарсы мемлекеттік қызмет орнына, жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды және оны сөндіруге шаралар қолданады. Жергілікті атқарушы орган бекіткен жеке және заңды тұлғаларды, сондай- ақ өртке қарсы техниканы, орман өрттерін сөндіру жөніндегі көлік және басқа құралдарды тарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік орман иеленушінің талап ету бойынша жұмысшылар мен техникалық құралдарды орман өрттерін сөндіруге жібереді. Орман мекемесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басшысы өрт туралы хабар алған соң оны сөндіру үшін шаралар, соның ішінде өрт шыққан аумақ бекітіп берілген өрт сөндіру-химиялық станцияның күшімен шаралар қолданады. Өрт туралы хабар түскен жағдайда орман күзеті мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметінің басшысы: 1) команданы өртке дереу аттанып кетуге әзірлеу жөнінде шаралар қолданады; 2) орман мекемесінің басшысынан немесе орманшыдан (бағыныстылығына қарай) нұсқаулар алады; 3) команданың немесе жеке бригаданың өртке аттанып кетуі туралы шешім қабылдайды. Орманшылық аумағында бір мезгілде бірнеше өрт шыға қалған жағдайда немесе өртті тез сөндіру үшін бір өрт сөндіру-химиялық станцияның күші жетіспеген жағдайда орманшы көрші орманшылықтардың 2 типті өрт сөндіру- химиялық станциясының немесе І типті станциясының күштері мен құралдарын өрт сөндіруге жіберу үшін бұл жайында орман мекемесінің басшысына хабарлайды. Орман мекемесінде, ерекше қорғалатын табиғи аумақта пайда болған өрттерді тез сөндіруге күштер мен құралдар жетіспеген жағдайда және өрттердің кең алқаптарға таралып кету қатері төнгенде орман мекемесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басшысы бұл туралы жергілікті атқарушы органдарға, өртке қарсы мемлекеттік қызмет орнына хабарлайды және бекітілген Орман өрттерін сөндіру жөніндегі жоспарға сәйкес жергілікті ұйымдардың күштері мен техникалық құралдарын, халықты өрт сөндіруге тарту жөнінде шаралар қолданады. Егер өрттер дүлей күш апаты сипатына ие болса, орман мекемесінің басшысы авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын өрт сөндіруге тарту жөнінде шаралар қолданады. Орман мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріндегі орман өрттерін сөндіруге жалпы басшылық орман мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшысына жүктеледі. Жердегі күзет аудандарындағы әрбір орман өртін сөндіру жөніндегі жұмыстарға тікелей басшылық жасауды орманшылық аумағында орманшы немесе орман күзеті мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметінің басшысы не орман пайдаланушының өрт сөндіру бекетінің бастығы (орман қорының тиісті учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушыда ол болған жағдайда) жүзеге асырады. Орманшы және орман күзеті мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметінің күштері келіп жеткенге дейін орман өртін сөндіруге басшылықты тиісті аумаққа бекітілген мемлекеттік орман күзетінің қызметкері, ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор (орманшы көмекшісі, орман шебері не инспектор, орман күтуші) жүзеге асырады. Ахуал ушығып кеткен жағдайда орман өртін сөндіруге басшылықты орман мекемесінің басшысы немесе оның тапсыруы бойынша осы мекеме басшысының орынбасары немесе осыған уәкілетті өзге адам жүзеге асырады. Ормандарды авиациямен күзету аудандарында жету қиын жерлерде орман өрттерін сөндіруге басшылықты өрт сөндіруге келген өрт сөндіруші- парашютшілер немесе өрт сөндіруші-десантшылар командаларының ішінен лауазымы жоғары қызметкер жүзеге асырады. Орман өртін сөндіру жөніндегі басшы: 1) өртті құрықтау іс-шараларымен байланысты емес барлық жұмысты тоқтатуы; 2) өртті сөндіруге қатысып жүрген адамдарды ықтимал жарақаттардан, уланудан, күйіп қалудан қорғауды қамтамасыз етуі; 3) адамдардың өміріне қатер төнген жағдайда қолда бар күштер мен құралдарды тегіс пайдаланып, оларды құтқаруды дереу ұйымдастыруы; 4) өрт сөндіруде жұмыс істеп жатқан барлық адамдардың жұмыстардың қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелерді қатаң орындауын қамтамасыз етуі; 5) өрт болып жатқан жерді тастап кетпеуі және өрт сөндіріліп немесе сенімді түрде құрықталып болғанша жұмысшыларды босатпауы; 6) орман өрті шыққан аумақта жұмыс істейтін ұйым объектісінің басшысын немесе басқа лауазымды тұлғасын өрт орнына шақыру жөнінде шаралар қолдануы қажет. 2. Орман өрттерін үйымдастырғанда басқа мекемелермен және шаруашылықтармен ара қатынастарды жоспарлау. Орман өртін сөндіру басшысы өрт сөндірудің тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін өртке алдын ала жасалған барлау деректерінің негізінде орман өртін сөндірудің тактикалық жоспарын жасайды. Барлау арқылы өрттің түрі мен күші, орманның неғұрлым өрт қауіпі бар және бағалы учаскелері, суаттар, оттың таралуын тоқтата алатын немесе қарсы өрт жіберу үшін тірек жолағы бола алатын тосқауылдар, сондай-ақ осындай тосқауылдарды немесе тірек жолақтарын құру қажет орындар анықталады. Өрт сөндіру: 1) өртті тоқтату – өрт шетінде оттың алаулап жануын тоқтату; 2) сөндіру – оның одан әрі таралуы мүмкіндігін жою; 3) қосымша сөндіру – өрт ішіндегі жану ошақтарын сөндіру; 4) қарауылдау – жасырын жану ошақтарының және өрттің қайта шығу мүмкіндігінің жоқтығына көз жеткізуге жеткілікті белгілі бір уақыт бойы өрт сөндіру командалары жұмысшыларының өрт болған алқапта кезекшілік атқару; 5) өртті құрықтау – өрттің барлық жану ошақтарын түпкілікті түрде сөндіру және өрттің қайта шығып кету мүмкіндігінің болмау кезеңдерін қамтиды. Өрт сөндіру тактикасын таңдау кезінде орман өртін сөндіру басшысы жергілікті жердің ерекшеліктерін және ауа райы жағдайларын, өрттің түрін, өрт сөндіру күштері мен құрал-саймандардың бар-жоғын ескереді. Орман өрттерін сөндірудің мынадай негізгі жердегі тәсілдері: 1) төменгі өрттің шеттерін сабалау немесе оған топырақ шашу; 2) жер өңдейтін құралдардың және жарылғыш материалдардың көмегімен минералды жолақтар тарту және орлар қазу; 3) өрттерді сумен немесе өрт сөндіргіш химикаттардың ерітінділерімен сөндіру; 4) жағу немесе қарсы өрт қою пайдаланылады. Жетуге қиын аумақтарда және ірі орман өрттері шыға қалған жағдайда оларды сөндіру үшін ормандарды авиациямен күзету және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының, төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет орындарының өрт сөндіруші-парашютшілер немесе өрт сөндіруші-десантшылар командалары тартылады. Орман өрттерін сөндіру жұмыстары басталмай тұрып осы жұмыстарға тартылатын барлық адамдар оларды жүргізу тәртібімен және қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережемен таныстырылады. Орман өрттерін тікелей сөндіруге 18 жасқа толмаған адамдар, екіқабат және бала емізетін әйелдер, мүгедектер, көру және есту қабілеттері нашар адамдар жіберілмейді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Орман өртін сөндіру әдісін жазыңыз? 2. ҚР ормандарында негізгі өрт қауіпсізідігі ережелері? 3. орман өрттерімен күресудің оперативті жоспарының маңызы неде? (сұрақтарға жауап толық болуы керек, сұрақ мазмұны ашылуы тиіс) 14-15- дәріс. Тақырыбы: Орманды өрттен қорғаудың негізгі жұмыстарының күнтізбелік жоспары. 1. Орманды өрттен қорғаудың қыста өткізілетін негізгі жұмыстарының күнтізбелік жоспары. 2. Орманды өрттен қорғаудың жазда және күзде өткізілетін негізгі жұмыстарының күнтізбелік жоспары. 1. Орманды өрттен қорғаудың қыста өткізілетін негізгі жұмыстарының күнтізбелік жоспары. |Өткізу |Жұмыстардың атауы | |мерзімі | | |Қаңтар |Орман қорындағы орман құру мәліметтерінің өзгерістерін есепке | | |ала отырып өртке қарсы шаралардың жоспарын құру. | |Қаңтар – |Өртке қарсы жеткіліксіз инвентарды алу және оларды дайындау, | |наурыз |сақтау. | |Ақпан |Басшылық органның шешімін, орман өртіне қарсы оперативті | | |жоспарды жасау, келістіру, қол қоюға ұсыну. Патрульдеу маршуртын| | |бекіту. | |Наурыз |Өртке қарсы жұмыстарды орындау боййынша әрбір орманшылыққа | | |тапсырма беру. Территорияны авиациялық бақылауға дайындау. | |Наурыз – |Өрттердiң пайда болуын ескерту бойынша жолдар және тұрғынның | |сәуір |демалысы орындарындағы, басқа жұмыстардың өткiзуiне аналогтердiң| | |қою және әзiрлеуi. Тағы басқа объекттердi авиациядан жергiлiктi | | |демалыс және шылым тарту, хабарламалардың бақылаушы пункт, пункт| | |қабылдауын жөндеу және жабдық. | | |Каналдар бойынша байланыстың радиосының құралдардың дайындығының| | |тексеруi: жер - ұшақ, патрүл, өрт, орман шаруашылық тағы | | |басқалар, және олардың кемшiлiктерiнiң жоюы. | | |Басшының Пхс-шы, тағайындауын өрт жабдықтауын дайындыққа, өрт | | |бригадасының комплектеуi және көлiктiң бекiтуi келтiру. | | |Орман шаруашылығы қорғауын өрт қауiптi маусымға дайындықтың | | |бақылауы, саты және кемшiлiктi жоюдың ауылшаруашылық | | |құрастырулар, тағы басқа иелердiң ағаш дайындаушылар, | | |жалгерлерi. | |Сәуір |Орман шаруашылықтар және орман қорғауының қызметкерлерiнiң | | |тұратын жерi тiк ұшақтар үшiн қону алаңдарының әзiрлеуiндегi | | |көмек осы маңай. | | |Талаптар, өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң түсiнiктемесi бойынша | | |тұрғынмен жұмыс. Мобилизациялық жоспарға сәйкес өртке қарсы | | |құрастыруын күйдi тексеру өрттердiң олардың күрес әдiстерiн | | |үйретуi керек болса және керек болса. | | |Табылуды ұйым және шартты өрттiң сөндiруi бойынша жаттығу оқуы. | |Сәуір – |Өрттердiң iрi сөндiруi бойынша жұмыстармен басшылық етуге | |мамыр |қабiлеттi қызметкерлердiң анықталу және таңдап алуы және олардың| | |әзiрлеуiн өткiзу. | | | |2.Орманды өрттен қорғаудың жазда және күзде өткізілетін негізгі жұмыстарының| |күнтізбелік жоспары. | |Мамыр |Орман күзет бойынша сөз сөйлеулердi орман қорғауы және | | |хабарлаулар, ескертулер және баптардың бөлмесiнiң | | |қызметкерлерiне жергiлiктi радио және ТV, газеттiң редакциясы, | | |мүмкiндiктiң беруiмен iскер байланысуларды негiзде өртке қарсы | | |насихаттауын өткiзу. Жалдану уақытша өрт күзетшiлерi, штаттан | | |тыс өрт құрастыруларын орман шаруашылықтың қызметкерлерiнiң | | |құрастыруы, үлкен дайындық. | |Мамыр |Ормандардағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң кәсiпорындармен, | |–қазан |ұйымдармен және азаматтарының орындауын бақылау бойынша | | |шаралардың өткiзуi, патрульдiк, өрттердiң күресiнiң ұйымы. | |Қазан – |Әзiрлеу, жөндеу және өрт сөндiру жабдығы, жабдықтауды алу және | |желтоқсан |келесi жылдың өрт қауiптi маусымына өртке қарсы қызметiнiң | | |қамтамасыз етуi және орман қорғауының құралдары. | |Қараша |Статистикалық есеп берудi форма үшiн мәлiметтердiң әзiрлеуi. | | |Өртке қарсы құралдары тағы басқалар өрт жабдығының қысқы | | |мерзiмiне консервация. | |Желтоқсан |Келесi жылды өрт маусымына әзiрлеу. | Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1.Орманды өрттен қорғаудың күнтізбелік жоспары қандай негізгі жұмытсардан тұрады? (Орманды өрттен қорғау бойынша жұмыстарды көрсетіңіз және мазмұнын ашыңыз. Мысалы: келесі жылдың өрт қауіпті маусымына дайындық қалай жүзеге асырылады) 3 Практикалық сабақтар №1 Практикалық сабақ Орман саласында кездесетін терминдер мен анықтамалар. Пирологияда қолданылатын терминология. 1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1 Сабақ мақсаты: Орман саласы туралы түсінік. Пирология бойынша терминдер және анықтамалар. Сабақтың қысқаша мазмұны: Орманды түрлі аспекті де зерттеуге болады: биологиялық, экономикалық, эстетикалық және т.б. Өйткені адамның тұрмысы, тіршілік ету жағдайы қандай да бір шамада орманға, оның байлығына, жағдайына байланысты. Орман – бұл биосферадағы оттегі және көміртегінің маңызды қоры. Орман топырақты эрозиядан қорғап, топыраққа атмосфералық жауын – шашынды жіберіп, оны бөрікбасында ұстап тұрады да топырақты қорғау функциясын атқарады. Топырақтың кебуі басталғанда, орманның ылғалды жинау, сақтау, бөлу сияқты ролі лезде өседі. Орманның ылғалды сақтау және қорғау ролі адамзатқа және бүкіл планетаға қажет топырақ құнарлылығын сақтауға әсерін тигізеді. Ауыл шаруашылық аудандарында егісті қорғайтын орман жолақтарын өсіру жақсы дамыған, орманды көбінесе мал жайылымы және шабындық ретінде пайдаланады. Орман адам қызметінің маңызды табиғи негізі, себебі ол энергияның (отын), қоректің, белгілі және жаңа дәрілік заттардың, құрылыс материалдарының т.б. қайнар көзі. Орманды қорғау - міндет. 2002 жылы 16 шілдеде еліміздің Үкіметі шег елге ағаш экспорттауға тыйым салды. Орман ағанітарын кесуді лицензиялау жонінде қаулы қабылдады. Орман шаруашылығы мамандары табиғат қоргау прокуратурасы, каржы полициясымен бірлесе отырьш, заңсыз түрде ағаш өнім- дерін дайындайтын кэсіпорындарды тексеріп, анықтауға қол жеткізді. Олар енді орман ағаштары өнімдерін облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының келісімінсіз теміржол бойымен басқа жаққа анара алмайтын болды. Орман шаруашылықтарында күзет те күшейе бастады. Табиғатты қорғау – Отанды қорғау, денсаулықты қорғау. Өйткені, табиғат байлығы – халықтың игілігі. Сондықтан орман қорын өрттен сақтап, қорғап, орман “отаушылардың” жолын кесу – бәріміздің міндетіміз. сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары (сабақ №1): Орман саласында қолданылатын терминдердге анықтама беріңіз. Терминдер: 1)агроорман-мелиорациялық екпе – 2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаты – 3) биологиялық әралуандық – 4) биоқауымдастық -; 5) орман аурулары - 6) кеспеағаш аймағынан тыс қоқыс – 7) орманды қайта жаңғырту – 8) кесу жасы – 9) орманды молықтыру – 10) орман зиянкестерi – 11) қосалқы сүрек ресурстары (материалдары) (бұдан әрi - қосалқы сүрек ресурстары) – 12) ағашы кесiлген жер – 13) өртең – 14) гендiк қор – 15) географиялық дақылдар – 16) қала ормандары және орманды саябақтар – 17) мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы – 18) орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi – 19) сүрекдiңдер – 20) шайыр – 21) орманды қорғау – 22) орман қорын түгендеу – 23) мемлекеттiк орман қорының санаты 24) орман – 25) орманды өңiр – 26) орманшылық – 27) орман тұқым шаруашылығы – 28) орман шаруашылығы – 29) орман шеберiнiң учаскесi – 30) орман қарау аймағы – 31) орман питомнигi – 32) орманның гендiк резерваты – 33) орман ағаштары – 34) орман иеленушiлер – 35) орман иелену – 36) орман пайдалану – 37) орман пайдаланушы – 38) кеспеағаш аймағы – 39) орман өсiру – 40) орман шаруашылығы iс-шаралары – Практикалық сабақтың тақырыбы №2 Өрттің таралуының себептері 1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2 Сабақ мақсаты: Орман өртінің туындауның негізгі себептерін, өртке қарсы профилактика, өртті бақылуды зерттеу. Сабақтың қысқаша мазмұны: Ормандағы жанғыш материалдарды (ОЖМ) тұтанып жануы бойынша екі негізгі топқа белуге болады: жеңіл түтанатын және жылдам жанатын материалдар -құрғақ шеп, қураған жапырақтар, қылқандар, ұсақ бұтақшалар, бұтақтар. Кейбір бұталар, өздігінен өсіп шыққан өсімдіктер және басқалары. Бұл жанғыш материалдар оттың жылдам таралуына себеп болады және ақырын тұтанатын материалдарға тұтандыр-ғыш болады; ормандагы бәсең түтанатын жангыш материалдар -шырпы-шөпшектер, түбіртек, ағаш төсемелерінің төменгі қабаттары, бұталар мен ағаштар. Жанғыш материалдардың бұл тобы жанған кезде көп мөлшерде жылу бөліп шығарады және өрттің өрбуіне себеп болады. Жанғыш материалдардың түрі, олардың мөлшері, жай-күйі мен орман алқабында бөлінуі - орман өрттерінің таралуында негізгі мағынаға ие болады. Сонымен, материалдардың өрт үшін «пісіп-жетілуі», олардың мөлшері, - жану жылдамдығы мен қарқынына тікелей себепкер болады. Айрықша қауіп тудыратын нәрсе - мөлшері ағаштар мен жасыл желеңдердің түріне және жасына байланысты орташа есеппен 8-ден 59 т-/га аумақты алатын жанғыш материалдардың пайдасыз жатқан (өлі) коры. Оттың жайылуында жанғыш материалдардын алкапта тегіс және үздіксіз таралып жатуының маңызы аз емес. бақылау тапсырмалары Өрттің таралуына әсер ететін жағдайлар жәнет олардың өртепен байланысы. Ауа райы шарттары. Ауа райы шарттарының өрттің таралуында шешуші маңызы бар, өйткені жауын-шашын мен жоғары ылғалдылық жануды шектейді және тоқтатады. Күшті желдер, керісінше, өрттің өршуіне себеп болады. Тынық ауа райы және температураның темендеуі, -әсіресе түн мерзімінде, - ертті тыншытып, оның қарқынын темендетеді. Құрғақ, ыстық ауа райы оттың шығуы мен таралуына аса қолайлы жағдайлар туғызады. Жұмыстар тәжірибесі керсеткендей, ерттің таралуына эсер ететін. негізгі есепке алынатын факторлар - жел, ылғалдылық, ормандағы жанғыш материалдар мен олардың қоры, ауа температурасы және жер бедері болып табылады (сурет 1). [pic] Жел Ылғалдылық Температура Сур. 1. Өрттің таралуын анықтайтын ауа – райы факторлары Жел. Желдің әсерімен жанғыш материалдар кебеді, оттың, -әсіресе жоғарыдағы орман ерттерінің, - таралу жылдамдығы артады. Бұл жанып жатқан белшектердің жылжуы арқылы ерттің жаңа ошақтарының шығуына себепші болады. Ормандағы өрт бір жердің шеңберіндегі ауа толқындарын туындатады да, сол арқылы оттың жайылуына басым желдің әсерін күшейтеді. Жалынныңүстіңгі жағындағы ауа қызып, жоғары көтеріледі. Оның орнына жаңа ауа толқыны құйылады да, оттың өршу мүмкіндігін туғызады. Нәтижесінде, өрттің үстінде конвекциялық (жылулық) құбыр пайда болады. Конвекция (жылулық) құбырында, көбінесе, жанып жатқан бұтақтар, қылқан үйінділері болады да, олар орман үстіндегі жабыннан ары өтіп, содан кейін негізгі от ошағынан 200...300 метр және одан да асатын аралықта (желдің жылдамдығына және жылу құбырының ойысқан бағытына байланысты) орманға түседі, сөйтіп оттың жаңа ошақтарын туғызады. Ауаның ылғалдылыгы. Ауада қашанда су буы түріндегі ылғалдылық болады. Ауадағы ылғалдылық мөлшері жанғыш материалдардың құрамындағы ылғалдылықтан байқалады. Жан-ғыш материалдардағы ылғалдылық өрт сөндіру барысына эсер ететін маңызды фактор, өйткені дымқыл жанғыш материал,- «көк» жанғыш материалдардың көпшілігі сияқты, - жанбайды. Әдетте, ауа түнге қарағанда, күндіз құрғақ болады. Сондықтан да, түн мерзімінде өрт (қалыпты жағдайларда) ақырын жанады (тарайды), себебі, жанғыш материалдар түнгі дымқыл ауадан ылғал сіңіреді. Атап айтқанда, бұл құрғақ шөпке, қылқандарға, ұсақ бұтақтар мен басқа да жеңіл жанғыш материалдарға қатысты. Жанғыш материалдардың ылғалды сіңіруі, беткейді бойлай төмен қарай соққан жел, түнгі салқын температура, сонымен қатар, түнгі ауа райының өзге элементтері, әдетте, өрт сөндіру-шілердің жұмысын жеңілдетеді. Сондықтан, күндізгі уақытта бақылаудан шығып кеткен өртті түнде сөндіру (жайылуын шектеу) мүмкін болады. Ормандағы өртті толық оқшаулауға бар күшті жұмылдыру қажет, өйткені келесі күні өрттің жайылуына жағдай туғанда, оның оқшауланған алаң шектерінен асып кетпеуі керек. Бұл өртті күндіз сөндіруден бас тарту керек деген сөз емес (өрттің көпшілігі күндіз сөндіріледі). Әйтсе де, егер өртті күндізгі уақытта сөндіру мүмкін болмаса, онымен күресу жөніндегі негізгі әрекеттер қараңғы түспей жасалуға тиіс. Ормандағы өрттің өрбуінің тәуліктік сатысы шамамен алғанда төмендегідей: оттың аса қарқынды жануы сағат 9-дан 21-ге дейін -сөндіру өте қиын; оттың жану қарқынының төмендеуі сағат 21-ден 4-ке дейін - сөндіру тиімділігі артады; оттың жану қарқынының саябырсуы сағат 4-тен 6-ға дейін (негізінен, от жалынсыз жанады) - өрт сөндіруге ең колайлы уақыт; оттың жану қарқынының артуы сағат 6-дан 9-ға дейін -сөндіруге қолайлы уақыт. Ауа температурасы өрт сөндіру кезіндегі негізгі факторлар-дың бірі болып табылады. Күнге қызған жанғыш материалдың ылғалдылығын жоғалтып, қызбаған материалға қарағанда жылдамырақ жанатыны белгілі. Топырақ бетінің температурасы ауа легінің қозғалысына да эсер етеді. Ол өрт сөндірушілерге де тікелей әсерін тигізіп, олардың жұмысын қиындатады. Жер бедері (рельеф), әсіресе таулы жердің бедері, өрттің таралуына өзінше эсер етеді. Тәулік ішінде күннің жер бетін қыздыруынан жерге жақын ауа да қызып, жоғары көтеріледі. Сол себепті, тәулік ішінде ауа лектері, әдетте, жылғалар мен беткейлердің бойымен жоғары «ағады». Кешкісін және түнде жердің беті салқындайды, ауа лектері өздерінің бағыттарын өзгертіп, жылғалар мен беткейлердің бойымен төменге ығысады. Жел ағындарын айтатын болсақ, олар да осындай заңдылыққа бағынады: күндіз жел беткеймен жоғары өрлей соқса, ал түнде - беткей бойымен темен қарай соғады. Өрт сөндірудің жоспарын әзірлегенде, бұны есте ұстау керек. Тау жағдайларында өрттің жылдамдығы және жайылуы -беткейлердің орналасуы мен құламалылығына байланысты. Беткей тік жар болса, өрт оның бойымен оңай тарайды, егер желдің бұл жағдайды өзгертуге күші жетпесе, онда өрттің жайылу жылдамдығы артады. Тау беткейінің құламалылығы 5° болғанда, өрттің таралу жылдамдығы 1.2 есе, 10° болғанда - 1.6 есе, 15° болғанда - 2.1, 20° болғанда - 2.9 есе артса, тау беткейінің тік жары 25° кезінде өрт 4.1 есе жылдамдықпен тарайды. Беткеймен жоғары көтерілгенде, өрт оты ағаш діндерінің төменгі жағына жақын аралықта өтеді. Бұл олардың қызуына, құрғап кебуіне және жылдам тұтануына себеп болады. Жылы ауа беткеймен жоғары көтеріле отырып, отты «тартады», нәтижесінде оттың таралу жылдамдығы артады. Осы уақытта тік беткейден жанғыш материалдар темен қарай домалап, оттың жаңа ошақтарын туғызуы мүмкін. Жыл мезгілі. Жыл мезгілі орманда өрт шығуына және оның қарқынды өрбуіне үлкен эсер етеді. Сонымен, ерте көктемдегі өрттер -негізінен, төмендегі үстірт (ала-құла) өрттер - құрғақ шөп өсімдіктерін жайлай, жел күші берген жылдамдықпен өрбиді; көктемгі-жаздық өрттер - бұл төмендегі өрттер, олар орын алғанкезде топырақтың үстіңгі беті және ішінара ағаш төсемелерінен пайда болған қарашірік (ол тығыздау) жанады. Белгілі бір жағдайларда (желдің, қылқанды ағаштардың темен орналасқан бұтақтарының, жас шыбықтардың және басқаларының болуы), от жоғары (ағаштардың басына) қарай өршіп, жас желеңдерді түгелдей жойып жіберуі мүмкін. Жазғы және жазғы-күзгі төмендегі өрттер айтарлықтай тұрақты; олар топырақтың үстіңгі қабатын, бұталарды, қарашіріктің барлық қабаттарын және ағаш түрлерінің жердің үстіне жақын жатқан тамырларын жояды. Шымтезекті топырақта от жер асты өртіне немесе жоғарыдағы өртке ұласуы мүмкін. Күзде, негізінен, төмендегі орман өрттері орын алады, олар тек күндізгі уақытта өрбиді, түнде ауаның температурасы мен ылғалдылығына байланысты оттың жануы саябырсиды және ішінара тоқтайды. №3Практикалық сабақтың тақырыбы Өртті сөндіруді ұйымдастыру Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3 Сабақтың мақсаты: Өртті сөндіру кезінде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін зерттеу Сабақтың қысқаша мазмұны: өртті тоқтату – өрт шетінде оттың алаулап жануын тоқтату; сөндіру – оның одан әрі таралуы мүмкіндігін жою; 3қосымша сөндіру – өрт ішіндегі жану ошақтарын сөндіру; қарауылдау – жасырын жану ошақтарының және өрттің қайта шығу мүмкіндігінің жоқтығына көз жеткізуге жеткілікті белгілі бір уақыт бойы өрт сөндіру командалары жұмысшыларының өрт болған алқапта кезекшілік атқару; өртті құрықтау – өрттің барлық жану ошақтарын түпкілікті түрде сөндіру және өрттің қайта шығып кету мүмкіндігінің болмау кезеңдерін қамтиды. Өрт сөндіру тактикасын таңдау кезінде орман өртін сөндіру басшысы жергілікті жердің ерекшеліктерін және ауа райы жағдайларын, өрттің түрін, өрт сөндіру күштері мен құрал-саймандардың бар-жоғын ескереді. Орман өрттерін сөндірудің мынадай негізгі жердегі тәсілдері: 1) төменгі өрттің шеттерін сабалау немесе оған топырақ шашу; 2) жер өңдейтін құралдардың және жарылғыш материалдардың көмегімен минералды жолақтар тарту және орлар қазу; 3) өрттерді сумен немесе өрт сөндіргіш химикаттардың ерітінділерімен сөндіру; 4) жағу немесе қарсы өрт қою пайдаланылады. Жетуге қиын аумақтарда және ірі орман өрттері шыға қалған жағдайда оларды сөндіру үшін ормандарды авиациямен күзету және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының, төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет орындарының өрт сөндіруші-парашютшілер немесе өрт сөндіруші-десантшылар командалары тартылады. Орман өрттерін сөндіру жұмыстары басталмай тұрып осы жұмыстарға тартылатын барлық адамдар оларды жүргізу тәртібімен және қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережемен таныстырылады. Орман өрттерін тікелей сөндіруге 18 жасқа толмаған адамдар, екіқабат және бала емізетін әйелдер, мүгедектер, көру және есту қабілеттері нашар адамдар жіберілмейді. Практикалық сабақтың тақырыбы №4 Өрт сөндіру құралдары Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4 Цель занятия: Өрт сөндіру құралдарын зерттеу. Сабақтың қысқаша мазмұны: Ағаш дайындау қызметімен айналысатын орман пайдаланушыларға арналған өрт жабдықтарымен және орман өрттерін сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары: 1) алмалы – салмалы цистерналар, соның ішінде көлемі 1500 литр суға арналған қолдан жасалған немесе резеңке ыдыстар – 1 дана; 2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар – 2 комплект; 3) өнімділігі минутына 600-800 литр тасымалданатын өрт сөндіру мотопомпалары – 1 дана; 4) орман соқалары немесе трактормен басқа да топырақ өңдеу құралдары – 1 дана; 5) күректер – 20 дана; 6) балталар – 5 дана; 7) тырмалар – 20 дана: 8) шартылдақтар – 20 дана; 9) бензин аралары – 2 дана; 10) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш – бүріккіштер – 5 дана; 11) шелектер немесе сиымдылығы 12 литр су құятын резеңке ыдыстар; 12) су ішуге арналған кружкалар – 10 дана; 13) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары – 2 дана. Орман өрттерін сөндіру бекеттеріне арналған өрт жабдықтарымен және орман өрттерін сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары: 1) алмалы-салмалы цистерналар, соның ішінде сиымдылығы 1500 литр суға арналған қолдан жасалған немесе резеңке ыдыстар – 1 дана; 2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар – 1 дана; 3) қысымды өрт сөндіру жеңдері – 100 қума метр, соның ішінде: Д 51 миллиметр жеңдердің 5 жиынтығы; 4) тасымалданатын радиостансалар (ұйымдастырылған радио байланысы болған жағдайда) – 2 дана; 5) өнімділігі минутына 600-800 литр тасымалданатын өрт сөндіру мотопомпалары – 1 дана; 6) от жағу аппараттары – 4 дана; 7) НП-1 немесе басқа маркалы сулағыштар, көбік түзгіш – 500 килограмм; 8) күректер – 50 дана; 9) балталар – 5 дана; 10) кетпендер – 20 дана; 11) тырмалар – 20 дана: 12) шартылдақтар – 20 дана; 13) бензин аралары – 1 дана; 14) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш – бүріккіштер – 5 дана; 15) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар немесе канистрлер – 2 дана; 16) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары – 1 дана; 17) кезекші арнайы киім (етіктер, шалбарлар, кеудеше, қолғаптар), өрт сөндіру командасы тұрақты мүшелерінің санына қарай – жиынтық. Автомашиналар мен трактор тіркемелері аспалы сораптар орнату үшін жабдықталып, өрт қауіпі бар маусымға өрт сөндіру бекеттеріне бекітіледі. Қалған жабдықтар мен өрт сөндіру құралдары бекетте тұрақты түрде тұрады. Ағаш тасымалдайтын автожолдардың ұзындығы 50 километрден асқан жағдайда (ағаш тасымалданатын қиғаш жолдарды қоса алғанда) алмалы-салмалы цистерналар саны 50 километр жолға бір цистерна есебімен көбейтіледі. Сүрек дайындалатын және жиналатын орындарды (кеспеағаштар, жоғарғы қоймалар) өрт жабдықтарымен және құрал-саймандарымен қамтамасыз ету нормалары: 1) күректер – 10 дана; 2) балталар – 2 дана; 3) тырмалар – 5 дана: 4) шартылдақтар – 10 дана; 5) бензин арасы – 1 дана; 6) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш-бүріккіштер – 5 дана; 7) шелектер немесе сиымдылығы 12 литр су құятын резеңке ыдыстар; 8) су ішуге арналған кружкалар – 4 дана. Орман қоры аумағында жұмыс істейтін тас, құм, балшық өндіретін карьерлерді өрт жабдықтарымен және құрал-саймандарымен қамтамасыз ету нормалары: 1) күректер – 10 дана; 2) балталар – 2 дана; 3) кетпендер – 2 дана; 4) шартылдақтар – 10 дана; 5) бензин аралары – 2 дана; 6) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш-бүріккіштер – 5 дана; 7) ауыз суға арналған сиымдылығы 12 литр бидондар немесе канистрлар – 5 дана; 8) су ішуге арналған кружкалар – 5 дана; 9) қолғаптар – 10 жұп; 10) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары – 1 дана. Орман қоры аумағында жұмыс істеп жатқан мұнай мен газ өндіру кәсіпорындарын өрт жабдықтарымен және құрал-саймандарымен қамтамасыз ету нормалары: 1) сиымдылығы 1500 литр суға арналған алмалы-салмалы цистерналар немесе резеңке ыдыстар – 2 дана (арнайы орман өрттерін сөндіретін автоцистерналар болған жағдайда алмалы-салмалы цистерналардың болуы міндетті емес); 2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар – 2 жиынтық; 3) өнімділігі минутына 600-800 литр тасымалданатын өрт сөндіру мотопомпалары – 1 дана; 4) қысымды өрт сөндіру жеңдері – 500 қума метр, соның ішінде: Д 66-77 миллиметр жеңдердің 20 жиынтығы (400 қума метр); Д 51 миллиметр жеңдердің 5 жиынтығы (100 қума метр); 5) бульдозерлер – 1 дана; 6) аса өтімді қорапты автомашиналар немесе вездеходтар (адамдар тасу үшін) – 1 дана; 7) орман соқасы немесе басқа да топырақ өңдеу құралдары – 1 дана; 8) от жағу аппараттары – 5 дана; 9) НП-1 немесе басқа маркалы сулағыштар, көбіктүзгіш – 500 килограмм; 10) күректер – 50 дана; 11) балталар – 10 дана; 12) кетпендер – 20 дана; 13) тырмалар – 10 дана: 14) шартылдақтар – 20 дана; 15) бензин аралары – 5 дана; 16) арқаға іліп алатын орманда от сөндіргіш-бүріккіштер – 10 дана; 17) тасымалданатын радиостансалар (ұйымдастырылған радио байланысы болған жағдайда) – 3 дана; 18) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар немесе канистрлер – 6 дана; 19) кезекші арнайы киім (етіктер, шалбарлар, кеудешелер, қолғаптар), өрт сөндіру командасы тұрақты мүшелерінің санына қарай – жиынтық; 20) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары – 2 дана. Учаскенің көлемі 30 мың гектардан асып кеткен жағдайда өрт сөндіру құралдары шоғырланған бекеттер саны әрбір 30 мың гектарға 1 бекет қажет болуы есебімен анықталады. Алмалы-салмалы цистернаға арналған автомашина аспалы тісті дөңгелекті сорап орнатуға лайықталады және өрт қауіпі бар маусым бойына бекетте болады. Орман алқаптары арқылы өтетін тас жолдары бар ұйымдарды орман өрттерін сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары (орман өртін сөндіру бекеті): 1) алмалы-салмалы цистерналар, соның ішінде көлемі 1500 литр суға арналған қолдан жасалған немесе резеңке ыдыстар – 1 дана; 2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар – 1 жиынтық; 3) қысымды өрт сөндіру жеңдері – 300 қума метр, соның ішінде: Д 66-77 миллиметр жеңдердің 10 жиынтығы (200 қума метр); Д 51 миллиметр жеңдердің 5 жиынтығы (100 қума метр); 4) от жағу аппараттары – 3 дана; 5) НП-1 немесе басқа маркалы сулағыштар, көбік түзгіш – 500 килограмм; 6) күректер – 50 дана; 7) балталар – 5 дана; 8) кетпендер – 5 дана; 9) тырмалар – 5 дана: 10) шартылдақтар – 10 дана; 11) бензин аралары – 2 дана; 12) арқаға іліп алатын орман өрт сөндіргіш-бүріккіштері – 5 дана; 13) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар немесе канистрлер – 2 дана; 14) түтінге қарсы респираторлар – 10 дана; 15) қорғаныштық көзілдіріктер – 10 дана; 16) қолғаптар – 20 жұп; 17) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары – 2 дана. Орман өртін сөндіру бекеті тас жолдың әрбір 100 километріне ұйымдастырылады. Өрт қаупі бар маусымда бекет адамдар және аспалы тісті дөңгелекті сораптар орнатуға лайықталған су құйылған цистерналар тасымалдауға арналған автомашинамен қамтамасыз етіледі. №5 Практикалық сабақтың тақырыбы : Өрттің дамуын бағалау. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5 Сабақтың мақсаты: Өртті бағалау әдісін зерттеу. Сабақтың қысқаша мазмұны: . Орман иеленушілер және орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар жыл сайын өртке қарсы іс- шаралардың жылдық жоспарларын (бұдан әрі – Жоспар) әзірлейді және оны іске асырады. Жоспар мынадай екі бөлімнен тұрады: өртке қарсы алдын алу іс-шаралары; орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру. Жоспардың бірінші бөлімінде шекарасында орман пайдалануға берілген орман қоры учаскесі (учаскелері) орналасқан орман мекемесінің орман орналастыру материалдарына және ормандарды өртке қарсы орналастыру жоспарларына негізделген жұмыстардың нақты көлемдері мен оларды өткізу орындары көзделеді. Жоспарланатын іс-шаралар іс-әрекеттің дәйектілігін, бұдан бұрын орындалған жұмыстардың жалғастырылуын көздеуге және орман иеленушілер мен орман пайдаланушылардың орман қорының көршілес учаскелерде атқарып жатқан жұмыстарымен байланыстырылады. Жоспардың бұл бөлімінде қайда және қандай мерзімде өртке қарсы жыралар қазылатыны, өртке төзімді орман шеті құрылатыны, минералды және өртке қарсы басқа да қорғаныштық жолақтар тартылатыны, орман шаруашылығы және өртке қарсы жолдар, өрт сөндіру суаттары, өрт қадағалау мұнаралары, мачталар, тікұшақ келіп қонатын алаңшалар, телефон байланысы желілері салынатыны, радио байланысы ұйымдастырылатыны көрсетіледі. Жоспарға сондай-ақ бұрыннан бар өртке қарсы жыралар мен жолақтарға күтім жасау, өрт қадағалау мұнаралары мен өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техниканы, жолдарды жөндеу, уақытша өрт күзетшілерін жалдау жөніндегі жұмыстар енгізіледі. Барлық жұмыстар үшін күнтізбелік орындалу мерзімдері және осы жұмыстардың орындалуына жауапты адамдар, көлемі мен құны белгіленеді. Жоспардың екінші бөлімінде өрттерді өз күштерімен де, бұл өрттерді қандай да бір себептермен орман пайдаланушының күштерімен және құралдарымен құрықтау мүмкін емес жағдайлар да сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі шаралар көзделеді. Соңғы жағдайда орман қоры учаскесінің иесі – орман мекемесімен келісе отырып орман өртін сөндіруге жіберілетін аталған орман мекемесінің күштері мен техникалық құралдары, сондай-ақ орман қорының тиісті учаскесінде орналасқан аудандағы елді мекендерде орналасқан ұйымдардың, әскерилендірілген бөлімшелердің және өртке қарсы мемлекеттік қызмет күштері мен техникалық құралдары айқындалады. Сондай-ақ жоспарда орман өрттерін сөндіру, орман өрттерін сөндірумен айналысып жатқан адамдарды тамақтандыру мен медициналық көмекті, байланысты ұйымдастыру үшін ерікті қоғамдық құрамалар (командалар) құру, өрт қауіпі бар маусымға жанар- жағармай материалдарының қорын жасау көзделеді. Орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылардың өртке қарсы іс-шаралардың жоспарлары үстіміздегі жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей келісу үшін орман иеленушілерге – орман мекемелеріне беріледі. Орман пайдаланушының өртке қарсы іс-шараларының жоспары орман қоры учаскелерінің иесімен – орман мекемесімен келісіп алынады және оны орман пайдаланушының өзі бекітеді. Орман иеленуші бұл жоспарды орман мекемесінің кешенді жоспарына енгізіп, оның іске асырылуына бақылау жасалуын қамтамасыз етеді. №6 Практикалық сабақтың тақырыбы Орман өрттеріне толықтай сипаттама. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6 Сабақтың қысқаша мазмұны: Төмендегі өрт. Төмендегі өрт - оттың жер бетінің топырақты жабыны бойын-ша таралуымен сипатталады. Орманда жерге түскен ұсақ бұтақ-тардың, қабықтардың, қылқандардың, жапырақтардың үйіндісі; ағаш төсемелері, құрғақ шөп және шөпті өсімдіктер; топырақтың үстіңгі бетін жауып жатқан шөп, мүк, ұсақ бұталар және ағаш діңдерінің төмен жағындағы қабықтары жанады. Оттың таралу жылдамдығы мен жану ерекшелігіне қарай төмендегі өрттер үстірт (шарпып өтетін тиіп-қашпа) және тұраклы болып сипатталады. Төмендегі үстірт (шарпып өтетін тиіп-қашпа) өрт -эс -е-се, көктем маусымында. жердің үстіңгі топырақты бетіндегі ұсақ жанғыш заттардың ең жоғарғы қабаты өткен жылғы шөпті өсім-діктер кепкен мезгілде өрбиді. Оттың таралу жылдамдығы едәуір жеткілікті - 180-300 м/сағ. (3-5 м/мин) және желдің жерге жақын қабаттағы жылдамдығына тікелей тәуелді. Ағаш төсемі 2-3 см жанып кетеді. Ондай кезде топырақтың үстіңгі қабатының ылғалдылығы жоғары учаскелерін от шалмайды және үстірт өрт шарпыған аумақтың пішіні теңбіл болады. Төмендегі турақты өрт топырақтың үстіңгі қабатындағы жабын мен ағаш төсемінің толық жанып кетуімен спа™агалы. Төмендегі тұрақты өрт жаз ортасында, төсемелердің жаткан қалыңдығы әбден кепкенде өрбиді. Тұрақты өрт шалған учаскелер-де ағаш төсемелері, жас шыбықтар мен бұталар түгелдей жанып кетеді. Ағаштардың тамырлары йен қабықтары күйеді, соның нәтижесінде жас желек ағаштар айтарлықтай бүлінеді, ағаштардың біраз бөлігі өсуін тоқтатады және қурап қалады. Төмендегі тұрақты өрт кезінде оттың таралу жылдамдығы сағатына бірнеше метрден 180 метрге дейін (1...3 м/мин) жетеді. Жалындап жанған оттың жылдамдығы 0.2 м/мин құрайды. Оттың жанып жатқан шетіндегі жалынның биіктігі бойынша төмендегі өрттер әлсіз (жалынның биіктігі 0.5 м-ге дейін), орташа (жалынның биіктігі 1.5 м-ге дейін) және күшті (жалынның биіктігі 1.5 м-ден асады)деп бөлінеді. Жоғарыдағы өрт. Жоғарыдағы өрт өсіп тұрған тік ағаштардың ұшар бастары- ның жануымен сипатталады, үстірт және түрақты болып бөлінеді. Жоғарыдағы үстірт өрт кезінде от ағаштардың ушар бастары бойымен жел бағытымен жылдам тарайды, ал тұрақты (жаппай) ерт болғанда, от өсіп тұрған ағаштардың тік бойымен: төсемеден ағаштың ұшар басына дейін тарайды. Жекелеген ағаш-тар да, бұта етіп өсірілген біртекті ағаштар да өртенеді. Жоғары-дағы өрттің шығуы және өрбуі - төмендегі өрт отының бұтақтары салбырай өскен қылқанды ағаштардың ұшар басына қарай ауысуына және жас шыбықтары мол көп сатылы жас желең ағаш-тарда, сонымен қатар. таудағы ормандарда пайда болуына байла- нысты болады. Жоғарыдағы ерттердің жылдамдығы: тұрақты өрт -300...1500 м/сағ. (5...25 м/мин), үстірт өрт - 4500 м/сағ. және одан жоғары (75 м/мин және одан жоғары). Жоғарыдағы оттың жайы-луының ең төмен жылдамдығы 4500...4800 м/сағ. (75...80 м/мин) құрайды. Жоғарыдағы өрттерге, әсіресе, қылқан жапырақты жас ағаштар, самырсын мен бұта түріндегі емен төсемелерінің қалың қопасы (көктемде өткен жылғы құрғақ жапырақтар жатқан кезде), таулы ормандарда - тік беткейлердің (25° асады) жоғарғы белігін-дегі және асулардағы барлық қылқанды жас желең ағаштар кебірек ұшырайды. Жоғарыдағы ерттердің шығуына елеулі дәре-жеде құрғақшылық пен күшті желдер себеп болады. Топырақтағы өрт. Топырақтағы өрт төмендегі өрттің төсемелерге және топырақтың шымтезекті қабатына «терендеуі» нәтижесінде өрбиді. Топырақтағы өрттер темендегідей: төсемелі-қарашірікті (от ағаш тесемінің және қарашіріктің барлық қабаттарына тарайды) және жер асты немесе шымтезекті (от шымтезек қабаттарына немесе орман топырағы қабаттарының астындағы шымтезек қорларына тарайды) болып белінеді. Мұндай өрт кезінде ағаштардың тамырлары ертенеді, ағаш-тар тамырымен қопарылып, әдетте, ерттің ортасына бастарымен құлайды. Өрт, кеп жағдайда, дөңгелек немесе сопақ пішінді болады. Оттың таралу жылдамдығы елеусіз - тәулігіне бірнеше ондаған сантиметрден бірнеше метрге дейін ғана жетеді. Практикалық сабақтың тақырыбы №7 Белгілі бір аумаққа таралған орман өрттерін сөндіруге басшылық жасау Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7 Сабақтың қысқаша мазмұны: өрт сөндіруді басқарушы: - Төңіректегі жерді танып – білуге және орманда және карта бойынша бағдарлай білуге; - Өрттің мінезін білуге (болжалдауға) және оның өрт сөндіруді ұйымдастыру тәжірибесі болуға; - Өрт сөндіру тактикасы мен техникасын және өртке қарсы құрал саймандарды білуге; - Отпен күресу тәсілдерін меңгеруге; - Адамдарға басшылық жасай білуге, өзінің артынан ертуге және олардың қауіпсізідгін қамтамасз етуге тиіс. Орман өртін бастапқы өрбу сатысында сөндіруді ұйымдастыру кезіндегі басшының іс – әрекеттірінің кезектілігі: Жұмыс орнынан шыққанға дейін- Ормандағы өрт туралы бар мағлұматты (өрттің шыққан оны, түрі, оның қарқыны, қолда бар өзге де сиапттамаларды) толығымен алу; Команда мүшелерінде арнайы киім- кешектің, өрт сөндіруге және тіршілік етуге қажетті құралдардың бар екендігін тексеру және оларды жұмыс орнына қауіпсіз жеткізу. Жұмыс орнына келгенде – Орман өрті қамтыған алқапты, өрт алқабының аса қауіпті өрбу бағыттарын, оттың таралу жолындағы бөгеттерді, орман өсімдіктерін, метеорологиялық және оттың өршу немесе тоқтау мүмкіндігіне әсер етеін өзге де факторларды анықтау мақсатында ормандағы өртке барлау жүргізу; Өртті сөндірудің алғашқы жоспарын – өрт сөндіруді бастайтын орын, жекелеген учаскелердегі өртті сөндіру тәсілі мен құралдарын адамдар мен техникалық құралдарыд орны- орнына бөліп қою және сөндіруді қаматамасыз ету жөніндегі басқа да шараларды белгілеу; Жұмытсарды орындаудың қауіпсіздігі жөнінде қысқаша гұсқаулық өткізу және міндеттің орындалу тәртібін түсіндіру, қажет болған жағдайларда қауіпсіз орындарға шегіну жолдарын белгілеу; Өртті сөндіруге тікелей кірісу: өрттің шетін тікелей сөндіру және минералданған бөгегіш алаптарды жүргізу үшін адамдар мен техниканы орны – орнына қою; Оттың жайылуын тоқтату, өрті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстраының барысына бақылау жасау, сонымен бірге сөндірудің бастапқы жоспарына өзгерістер енгізу. №8 Практикалық сабақтың тақырыбы Орман өртін сөндірудің авиациялық әдісі, сонымен қатар бұл әдіске сәйкес келетін технологиялар. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8 Орман өрттерін сөндіруге, - олар басталған уақыттан бастап қысқа мерзім ішінде сөндіруге бағытталған барлық жұмыстар жатады. Ормандағы әрбір өртті сөндіруді оның өрбу сатыларына сәйкес келетін, реттілікпен орындалатын іс-шаралар ретінде қарастыруға болады. Орман өртінің өрбу сатылары және оны сөндірудің міндеттері [pic] Сөндіру тәсілдері Жанудың үш элементтерінің бірін болдырмау арқылы оттың жану процесін тыюға болады: ауаны (оттегін) шығару, жанғыш материалдарды болдырмау немесе температураны төмендету. Іс жүзінде оттың жануын жанғыш материалдарды салқын-дату немесе бейтараптандыру (болдырмау) жолымен өшіріп тастауға болады. Бұған бірнеше әдістер мен амалдар қолданып, қол жеткізуге болады. Отты сабалау - өрттің шетінде жанып жатқан отты өрттің ортасына қарай бұтақтармен немесе басқадай қолға түскен заттармен (қаптармен, ағашқа байланған мата кесіндісімен, резеңкелі матадан жасалынған арнайы «шартылдақтармен» және т.б.) ығыстырып, жалынды тұншықтыру. Ондай кезде бұтақпен немесе от сөндіруге алған басқа құралмен жалынның астынан ұрып, оны өрт жаққа ығыстыру қажет. Жұмысшының қимылы шалғышының жұмысын еске түсіреді. Отқа топырақ тастау жеңіл құмды немесе құмдақ топырақты жерде қолданылады. Күрекпен топырақты күреп алып, жанып жатқан оттың шетіндегі жалынның астына қарай лақтыра тастап, кеп жерге созылып жатқан жалынды өшіру керек. Топырақ шымдауыт жерден шым қопарғаннан пайда болған шұқырлардан алынады. Оттың жекелеген ошақтарына (шөпшек жиналып қалған жер, түбіртек) түгелдей топырақ тасталынады. Кесте №1. Оттың жануын тоқтатудың негізгі сызбанұсқасы |Оттың жануын |ОЖМ-ның жануына |Тәсілдер |Нәтижелер | |қуаттайтын |эсер ететін бағыт | | | |элементтер | | | | |Ауа оттегісі |Оттегі болуын |Отты сабалау, |ОЖМ жануының | | |шектеу |топырақ тастау |тоқтауы | |Жоғары |ОЖМ |Су және химия-льщ|ОЖМ-ды салқын-дату,| |температура |темпера-турасын |ерітінділер шашу |дымқылдау және | | |төмен-дету | |жануын тоқтату | |Ормандағы жанғыш|ОЖМ-ды оқшаулау |Отты сабалау, |ОЖМ-дарды | |материалдар |немесе жою |химикаттар |бейтараптандыру | |(ОЖМ) | |қолдану, өртке |немесе жою және | | | |қарсы алаптар |жануын тоқтату | | | |жүргізу, | | | | |ОЖМ-дарды өртеу | | Отты сумен немесе өрт сөндіргіш заттардың ерітінділе-рімен сөндіру - жану температурасының төмендеуін қамтамасыз етеді және жанғыш материалдарды дымқылдайды. Ондай кезде кез келген қолда бар құралдарды (шелектер, кез келген сыйымдылықтар), сонымен бірге арнайы орман өртін сөндіруде қолданылатын от сөндіргіштерді (огнетушители), мотопомпаларды, автоцистерналарды және т.б. пайдалануға болады. Отты бөгегіш алаптар (жыралар) жүргізу арқылы қол күшімен сөндіргенде (оттың жайылуын тоқтатқанда), өрттің жанып жатқан шетін жанғыш материалдардан оқшаулау үшін тырма-лауыштарды, күректерді, басқа да құрал- саймандарды, химиялық ерітінділерді, көпіршіктерді, жарғыш заттарды пайдалану қажет. Өртеу - орманда өрт шығу қаупі төнгенде, алдын ала орман-дардағы жанғыш материалдарды тірек алқабынан (жол, бұлақ, минералданған алап, соқамен жыртылған жер және т.б.) өрт жаққа қарай алыстатып, жағып жіберу. Бұл операцияны арнайы дайын-дығы бар орман өртін сөндірушілер орындауға тиіс. Орман өрттерін көрсетілген тәсілдермен сендіру барысында қолданылатын күштер мен құралдардың кейбір сипаттамалары төмендегі қосымшаларда: 6-шы (өрт сөндіру механизмдері мен жабдық-саймандарын және өрт сөндіру құралдарын пайдаланып сөндіру өнімділігі); 7-ші (өрт алаңына, желдің күшіне және өрт қаупінің тобына байланысты өрт сендіруде қолданылатын күштер мен техникалық құралдардың есепті мөлшері); 8-ші (орман өрттері белгілі болған (табылған) кезде қолданылатын негізгі техникалық құралдардың тізбесі мен қысқаша сипаттамасы); 9-шы (қолданы-латын радио байланысының техникалық құралдары мен олардың сипаттамалары); 10-шы (орман мотопомпаларының, ерт сөндіргіш машиналардың, көпіршік тудырғыштар мен дымқындандырғыш-тардың техникалық сипаттамалары); 11-ші (орман өрттерін әуеден сөндіруге пайдаланатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық сипаттамалары) келтірілген. Өрт сөндірудің стратегиясы мен сызбанұсқалары Өрт сөндіру стратегиясы - өрттің жайылу жылдамдығына, қарқынына, басқа жерлерге ұласып кету мүмкіндігіне, алабына, ерт сендіру ресурстарының болуы мен олардың түріне және басқа да факторларға байланысты айқындалады. Өрт сендіру стратегиясының бір немесе бірнеше сызбанұс-қасы болуы мүмкін [pic] Өртті сендіру сызбанұсқасы: а - барлық периметрі бойынша (ормандағы баяу ерт); б - танапқа жеткізе сөндіру (ормандағы күшті өрт); в - алқапты қамтып сендіру (ормандағы қарқыны баяу және орташа өрт) Өртті тікелей сөндірген кезде барлық іс-әрекеттер (минерал-данған алап жүргізуді қосқанда) тікелей өрт периметрі бойынша жүргізіледі. Минералданған алап, негізінен, өрттің шетіндегі барлық қалтарыс- бұрылыстарды қамтиды. Бұл тәсіл өрттің шеткі жағының жану қарқыны жоғары емес кезде және ОЖМ (мысалы, құрғақ шөп) «жеңіл» болып, өрттің шетінде қауіпсіз жұмыс істеу мүмкіндігі туғанда қолданылады. Бұл әдіс, көбінесе, төмендегі жағдайларда пайдаланылады: өрт құнды жас желектерге немесе ормандағы өзге де табиғи және шаруашылық нысандарына қауіп төндіргенде; жанып кеткен алаң көлемі ең аз көлемде болуы қажеттілігі туғанда. ОЖМ түрлері «жеңіл» болғанда, өрт сөндіруді алқаптың алдынан да, жанып кеткен алаң жағынан да жүргізуге болады. Оттың жану қарқынына, жылжу бағытына, техникалық құралдар мен жұмыскерлердің болуына, олардың жабдықталуына байланысты өрт сөндіруді ұйымдастырудың құрамдас сызбанұс-қасын қолдануға болады. Өрт сөндірілетін жекелеген учаскелердің жағдайына байланысты әр түрлі тактикалық және техникалық әдіс-амалдар қолданылуы мүмкін. Дегенмен, барлық жағдайларда сенімді тәсіл -өртке жақын жердегі учаскелерді жанғыш материалдардан өртеу тәсілімен тазарту болып табылады. Іс жүзінде мұндай өртеусіз ормандағы күшті өртті тоқтату мүмкін емес. Өртеу - жоғарыдағы өрт пен күшті әсері бар төмендегі өрттің жайылуын тоқтатудағы негізгі әдіс. Булақ (өзең батпақ және отқа қарсы өзге де тосқауылдар) [pic] Орман өртін өртеу тәсілімен сөндіру сызбанұсқасы Өртеу тәсілін қолданудың негізгі амалдары: Топырақ бетіндегі жанғыш материалдарды жағуды сенімді алқап тіректерінен (жол, соқпақ жол, бұлақ, өзен, минералданған алап) бастап жүргізу қажет; Тірек алабы тұйық болуға тиіс; Отты ары қарай өткізбей, тірек алабының ең шетінде өртеу керек; Тірек алабының айналасында жас шыбықтар мен бұталар болмауға тиіс; Тірек алабының өн бойында бақылау үйымдастырылуға тиіс. Өртеудің негізгі кемшілігі - оттың желге қарсы өрт алқабына қарай баяу жылжуы. Өртеуді жылдамдату үшін төмендегі тәсіл-дерді қолдану қажет: Сатылап өртеу: топырақ бетіндегі жанғыш материалды жағу өртке жақын алаптан бастап, 2...3 тірек алабынан бір-бірінен 15...30 м аралықта параллель жүргізілуге тиіс; «Тарақтау» тәсілі: топырақтың үстіңгі қабатын өртеуді тірек алабы бойымен және әрбір 6...8 метр сайын оған перпендикуляр жүргізу қажет (перпендикулярдың ұзындығы 5...6 м); Озып отыратын от тәсілі: алғашқы өртеу тірек алабынан, келесісі - алғашқы өртенген алап 2...3 метрге жеткенде, одан 4...6 метр шегініспен жүргізіледі. Өте кең алап жасауды тездету үшін бұл тәсілді әлденеше рет қайталау керек. Өртелген алап жоғарыдағы өрт жеткенше 200...300 метрден, ал төмендегі өрттің жетуіне дейін - бірнеше ондаған метрден кем болмауға тиіс. Жұмыстар тәжірибесінде, әдетте, өртеу барлық бөгегіш алаптардан және шағын табиғи шегаралардан бастап жүргізіледі. Ондай кезде өртке әдейі қосымша алаң беріледі. Бірақ оны істемесе, ерт бой бермей (бақылаудан шығып) кетіп, одан айтар-лықтай үлкен алқапты қамтуы мүмкін. Өртеуді қауіпсіз жүргізу үшін өрт алқабы мен тірек алабы арасында адамдар мен техниканың жоқ екендігіне көз жеткізіп, содан кейін ғана топырақтың үстіңгі бетін өртеуді бастау керек. Тірек алабын өрттің шет жағынан қауіпсіз аралықта, оттың жылжу жылдамдығын есепке ала отырып, қауіпсіз қашықтықта жүргізу қажет. Төмендегі күшті өрт кезінде жұмыскерлер өрт алқа-бынан 40...60 метрден, ал жоғарғы үстірт өрттер кезінде 250 метрден жақын жерде болмаулары керек (яғни өрттің мүмкін болатын секіруінің екі есе ұзындығынан кем емес қашықтықта). Жоғарғы үстірт өрттерді оқшаулау үшін өртеуді, негізінен, кешкі және таңертеңгі сағаттарда, - оттың жылдамдығы мен таралуының қарқыны төмендеген кезде, - жүргізген дұрыс. Өрттерді сөндіру әдістері Өрт қамтыған учаскелердің пирологиялық сипаттамаларына және сөндіру кезіндегі шарттарға байланысты өрт сөндіру әдісі мен құралдарын дұрыс тандап алу қажет. Өрт сөндірудің екі: тура және алдын алу (жанама) әдісі бар. Тура әдіс өрттің шетін тікелей сөндіргенде немесе өрттің шетінде бөгегіш алап жасаған кезде қолданылады. Мұндағы негізгі міндет - өртті бастапқы өрбу кезеңінде, «күш» алмай тұрғанда сөндіру және оны 2...6 адамнан тұратын топ (басшыны қосқанда) сөндіре алады. Бұл жағдайда істің нәтижесін басшы мен оның тобының тәжірибесі мен іс-қимылдарының жылдамдығы көрсетеді. Алдын алу әдісі (жанама әдіс) отты тоқтату шебін өрт шетінен біршама қашықтықта таңдаған кезде қолданылады. Бұл әдісті: өрт сөндірушілерді өрт қарқынына байланысты өрттің шетінен аулақ әкеткенде; бөгегіш немесе тірек алаптарын жүргізу үшін ең қолайлы жер таңдаған кезде; алаптың ұзындығын және оны жүргізу мерзімін қысқартқанда; табиғи және жасанды бөгеу-лерді және т.б. пайдаланған кезде қолдану қажет. Өрт сөндіру құралдары тандап алынған әдіске сай келуге тиіс. Өрт сөндірумен айналысып жатқан топтарды (командалар-ды) басқаруды жұмыс тәжірибесі бар немесе тиісті дағдыларды меңгерген басшы жүзеге асырады. Өртте жұмыс істеп жатқаңцар-дың әрқайсысының бір ғана басшысы болуға тиіс екенін ескерткен жөн. Үйреншікті емес жағдайлар туындаған кезде қауіпсіздікке айрықша назар аударылуға тиіс. бақылау тапсырмалары (№3,4,5,6,7,8 сабақтар): 1. Өрт сөндірудің негізгі құралдары атаңыз, бұл құралдардың қайсысы ауа- райы жағдайына, өрт сөндіру тәсіліне, өрттің түріне байланысты тиімді болып саналлады. 2. Жоғарғы, төменгі және топырақтағы өрттерді сөндіру үшін қандай құралдар қолданыллады? 3. Қандай орман өртін сөндірудің тәсілдері мен сызбасын білесіздер? 4. Неге байланысты орман өртін сөндіру тәсіллдері мен сызбалары таңдалады? 5. «Өртті сөндіруді ұйымдастыру» термині деп нені түсінесіз? 6. Өрт сөндірудің қандай тәсілдерін білесіздер, сіздің ойыңызша қай тәсіл тиімді болып саналады? 7. Өрт сөндіру фазаларын атаңыз және оларды кесте түрінде беріңіз. 8. Орман өртін авиациялық тәсілмен сөндірудің экономикалық тиімділігінің негіздемесін ұсыныныз.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz