Файл қосу

Иран әскерлері



|Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі                      |
|Семей  қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті                 |
|Құжат СМЖ 3 дәрежелі     |ПОӘК                     |                         |
|                         |                         |                         |
|                         |                         |ПОӘК                     |
|                         |                         |042-18-18.13/03-2014     |
|ПОӘК                     |                         |                         |
|«Орта ғасырдағы Азия және|баспа №1                 |                         |
|Африка тарихы»           |11.09.2014 ж.            |                         |
|бойынша бағдарлама       |                         |                         |
|                         |                         |                         |







                       ПӘННІҢ ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                  «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»

                      5В020300  «тарих» мамандығы үшін





















                                 СЕМЕЙ  2014
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
      Құрастырушы   _______  «_03_»    __09____ 2014 ж.

Қазақстан тарихы кафедрасының доцент м.а., т.ғ.к. Т.А. Кариева


   2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
 2.1  Қазақстан тарихы кафедрасының мәжілісінде

Хаттама №_1_ «_04»__09_____  2014  жыл

Кафедра меңгерушісі    ____________  Н.А. Мухаметжанова

   2.  ЭҚжГҒФ  оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды


Хаттама №_01_   «_09_»_09___  2014 жыл

ОӘБ төрағасы_________ С.Х. Тойкин


   3. БЕКІТІЛГЕН


Университеттің  оқу-әдістемелік  кеңесінің  мәжілісінде   қаралып,   баспаға
ұсынылды
Хаттама №_1_ «_11_»__09__  2014 жыл

ОӘК төрайымы        _________ Г.Искакова
























                                  Мазмұны :

   1.
      Глоссарий...............................................................
      ..................................

   2. Қысқаша дәрістер
      мәтіні.................................................................
      ..

   3.  Практикалық (семинар) сабақтар
      ...............................................

   4.  Білім алушылардың  өздік
жұмыстары......................................................




































6.3.1  ГЛОСАРИЙ

   1. АЛЬТЕРНАТИВА –бір-бірімен сыйыспайтын екі мүмкіншіліктің тек
              біреуін таңдап алу.
   2. АНИМИЗМ – жандыгыға деген наным.
   3. АНТОЛОГИЯ – (грек сөзінен «гул шоғы» дегенді береді.) таңдаулы
   4. АПОКАЛИПСИС – христиан дініндегі ақыр заманы.
   5. АТЕИЗМ (ГР.А – ЖОҚ, NHEOS) – Құдайдың жоқтыгын дәлелдейтін
               ілім.
   6. БАРЩИНА – еңбекпен өтеу салығы дегенді білдіреді.
   7. БИБЛИЯ – киелі кітап.
   8. БОГОВОПЛОЩЕНИЕ – Иса пайфғамбардын адамға айналуы.
   9. БОГОВОСКРЕСЕНИЕ – Иса пайғамбардын өліп тірілгені.
  10. БУДДИЗМ – монотеистік әлемдік діндердің бір түрі.
  11. БУРЖУАЗИЯ – капиталистік қоғамның үстем табы.
  12. БУСИ –Жапониядағы әскери-поместьелік дворяндар.
  13. ВАНДАЛДАР –Римді талан-таражға салған герман тайпасы.
  14. ВАТИКАН –(латынның «Төбе, қырқа» деген сөздері)  Рим  қаласы  ішіндегі
      діни мемлекет-қала. Рим папасының мекені.
  15. ВЕНЧАНИЕ – некелесу рәсімі.
  16. ВЕТХИЙ ЗАВЕТ – көне бітім.
  17. ГИЛЬДИЯЛАР- (немістің «бірлестік» деген сөзі) көпестер бірлестігі.
  18. ГИПОТЕЗА –(грек сөзі «болжам») ойлау мен ғылыми білімнің даму формасы.
  19. ҒИБАДАТ – адамның Алламен сыртқы қатынасын реттеуйді.
  20. ҒЫЛЫИМ  ЗЕРТТЕУ  –  теория  мен  гипотезаның  мәліметке  айқын  анализ
      ережелерін қолдану жолы арқылы тексеру методы.
  21. ДАО – ана, жол, өзгеріс.
  22. ДАОСИЗМ – қытай халықының діні.
  23.  ДВОРЯНДАР  –  мұрагерлік  артықшылықты   пайдаланған   жер   иеленуші
      ақсүйектер сословиесі.
  24. ДЕДУКЦИЯ –алғашқы ойдан логикалық жолмен туған жаңа пікірді білдіретін
      ойлау  формасы.  Жалпыдан   ерекшеге,   одан    жекеге   апаратын   ой
      қорытындысының бір түрі.
  25. ДЕРЕКТЕМЕ – адамдардың өткен өмірі туралы жазба деректер.
  26. ДЖИХАД – кәпірлергі қарсы соғыс, ислам дінің алтыншы парызы.
  27. ДЗЭН – буддизм – буддизме кірген басқа діндердің окілдері.
  28. ДИАГРАММА – сурет, әр түрлі шамалар арасындағы тәуелділікті  графиктік
      әдіспен бейнелеудің түрі.
  29.   ДИНАМИКАЛЫҚ   МОДЕЛЬ   –уақыттағы   процесс   дамуын    бейнедлейтін
      математикалық модель
  30. ДХАРМА – рухани большектерінің жиынтығы.
  31. ДІН – адамзат санасынң бір формасы.
  32. ЕВАНГЕЛИЕ – ізгі хабар.
  33. ЕРЕТИКТЕР шіркеуге қарсы шығушылар
  34. ЖАМАҒАТ – топ, қоғам, жыин.
  35. ЗЕКЕТ БЕРУ – міндетті салы –ислам дінің бесінші парызы.
  36. ЗИНА, ЗИНАҚОР –некесіз қосылу.
  37. ИДУИЗМ – Үндістанда кең тараған дін.
  38. ИКОНА – христиан дінің Қудайының суреті.
  39. ИМАН (АРАБ.СЕНІМ) – ислам дінің бірінші парызы.
  40. ИНДИВИД Адам тегінің нақты өкілі, яғни жеке адам
  41. ИНДУИЗМ – үнді халықының діні.
  42. ИНДУКЦИЯ –ғылыми теория базасы.
  43. ИНИЦИАЦИЯ – ұл баланы сүндетке отыргызу.
  44. ИНКВИЗИЦИЯ  –  (латынның  «  кешірімділік,  мейрімділік»  деген  сөзін
      білдіреді) Рим папасының ХІІІ ғасырда  күнәлілер  күресі  үшін  құрған
      арнаулы соты.
  45. ИНФАКСОНДАР –феодалдық қызметті атқарушылар
  46. ИРРИГАЦИЯ – қолмен суландыру жүйесі
  47. ИСЛӘМ -  Құдайға бағыну.
  48. ИУДАИЗМ – еврей халықының діні,
  49. КАНОНИЗАЦИЯ – кейбір адамдарды әулие деп санау.
  50. КАРМА – тағдыр, заң, маңдайга жазылған шимақ.
  51. КАТОЛИЦИЗМ – христиан дінің бағыты, құдай анасына сыйынатын.
  52. КЛЕРИКАЛИЗАЦИЯ – қоғамдық идеологиясының шіркеуге бағынуы.
  53. КОНТЕНТ АНАЛИЗІ- бұқаралық ақпарат мәліметтеріне таңдау жасау. Ақпарат
      дерегінің мазмұны мен формасын интерпретациялау жүйесі.
  54. КРЕАЦИОНИЗМ (CREATIO) – жаратылу туралы ілім.
  55. КРЕЩЕНИЕ – христиандардың шоқыну рәсімі.
  56. ҚАЖЫҒА БАРУ – ислам дінің төртінші парызы.
  57. ҚҰРАН – қайталап оқу.
  58. ЛАМАИЗМ – тірі ламаларды Құдай деп санау.
  59. ЛОРД- ортағасырлық Англиядағы жер иеленуші  феодал.
  60. МАВРИТТЕР – арабтар ісін жақтаушы.
  61. МАХАЯНА – кең өмірлік шеңбер.
  62. МӘЛІМЕТТЕР –зерттеу  барысындағы  шындықтағы  ақпараттар  мен  бақылау
      нәтижесіү.
  63. МЕТОДОЛОГИЯ – грек сөзінен шыққан «метод» және «логос» деген.  әріптік
      аудармада «таным  жолы»  дегенді  береді.  Таным  методтарын  оқытатын
      немесе ғылыми зерттеу әдістерінің жиынтығын оқытатын ғылым.
  64. МЕССИЯ – Құдай таңдаған халық.
  65. МОНАРХИЯ –мемлекеттегі жоғарғы формалды жеке дара мемлекет түрі
  66. МОНОТЕИЗМ – бір Құдайшылық ілімі.
  67. МУАМАЛӘТ – адамдардың бір бірімен қарым-қатнасы реттейді.
  68. МУТАЗИЛИТТЕР– исламдық рациональдық бағыттағы теологиялық   жүйесі.
  69. МУТАКАЛИМДЕР – мұсылман теолог ғалымы.
  70. МҮСІЛІМ – дінді ұстаушы.
  71. НАМАЗ (АРАБ.САЛӘТ) – ислам дінің екінші парызы.
  72. НОВЫЙ ЗАВЕТ –жаңа бітім.
  73.  ОБЬЕКТИВТІ  ПРИНЦИП   –   фактілерге   сүйене   отырып   оқиғалардың,
      құбылыстардың жағымды, жағымсыз түрлерін ашу.
  74. ОРАЗА (АРАБ.САУМ) – ислам дінің үшінші парызы.
  75. ОРДОНАНС –(французша «бұйрық» дегенді білдіреді) патшалық нұсқау.
  76. ПАКТ- лат.-халықаралық келісім
  77. ПАНИСЛАМИЗМ – «Алланың алдында» түгел мұсылмандардың бірігуі.
  78. ПАНТЕИЗМ – Құдай бүкіл табиғатқа жайлғанын мойындайтын бағыт.
  79. ПАРАМЕТР – жиынтықтың кез-келген нышаны.
  80. ПАРЛАМЕНТ – Англиядағы жоғарғы заң мекемесі.
  81. ПАСХА – Иса пайгамбардың қайтыс болып тірілгеніне арналган мейрам
  82. ПОЛИТЕИЗМ – көп Құдайшылыктық ілімі.
  83. ПРАВОСЛАВИЕ – христиан дінің бағыты, құдай ұлына сыйынатын.
  84. ПРОТЕСТАНТИЗМ – христиан дінің бағыты, шіркеуге қарсы шығатын.
  85. РАВВИН – еврей дінінде ұстаз.
  86. РАМАДАН (РАМАЗАН) –мұсылман календарының тоғызыншы айы.
  87. РЕЗЮМЕ –есеп немесе баяндаманың қысқаша түрі.
  88. РЕКОНКИСТА – Испаниядағы арабтарға қарсы болған қозғалыс.
  89. РЕСПОНДЕНТ –сауалнамаға немесе сұхбатқа жауап беруші.
  90. РЕАЛИСТЕР Басқа адамдар алдында  өздерін  айырықша  көрсетіп,  халыққа
         деген жауапкершілікті  көрсетуге  тырысып,  өздерін  тәрбиелі  адам
      ретінде танытатындар
  91. РЕФОРМА-жаңа заң актілері арқылы , сол  қоғам  шеңберінде   өзгерістер
      жасау
  92. РИККОС  ОМБРЕСС – корольге берілген ең жоғарғы атақ.
  93. РОЖДЕСТВО ХРИСТОВО – Иса пайгамбардың түғанына арналга мейрам.
  94. САКРАЛИЗАЦИЯ – дін дамуының қоғамдық санаға ықпал етуі
  95. САНСАРА – буддизмдегі өмірлік шеңбер.
  96. САНСКРИТ – ежелгі және орта ғасырлардағы үнділіктердің әдеби тілі.
  97.  СЕНТА  –(латынша  «  үйрету,  бағыт  беру»дегенді  білдіреді)  шіркеу
      ішіндегі діни топ.
  98. СИНАГОГА – діншіл еврейлер мен раввиндердің ұйымы.
  99. СИПАТТАМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ –шындық аспектісінің даму жолында немесе  бірнеше
      теория тексерулерінде орын алған зерттеулерді айтамыз.
 100. СОСЛОВИЯ –құқық міндеттері бірдей атадан балаға  мирас  болып  қалатын
      адамдардың үлкен тобы.
 101. СТАТИСТИКА – белгілі мәліметтерді  геометриялық  фигураларда  суреттеу
      жүйесі.
 102. СУННИЗМ –исламның бір тармағы (сунналық адамдар).
 103. ТАЛМУД - әулие білім.
 104. ТАНАҚ - әулие жазу.
 105. ТАРИХ-адамзат қоғамының өткені, қоғамдық өмірдің даму заңдылығы туралы
      зерттейтін ғылым.  Табиғат  пен  қоғамдағы  қандай  да  болмасын  даму
      просеці.
 106. ТАРИХИ  МАТЕРИАЛИЗМ –маркстік-лениндік философияның бір саласы,  қоғам
      дамуының  жалпы заңдарымен қозғаушы  күштерін  материалистік  көзқарас
      тұрғысынан зерттейтін ғылым.
 107. ТАРИХИ ПРИНЦИП –  барлық  тарихи  фактілер-құбылыстарды  нақты  тарихи
      жағдайға сай өзара байланыста оқыту.
 108. ТАРИХИ  ПРОЦЕСС  –  үзіліссіз,  мінсіз  формадағы  процесс.  Үзіліссіз
      деструктурация,  ескі  формаларды  қалпына  келтіру.  Тарихты  әмбебап
      шындықта қалыптастыру.
 109. ТАРИХИ САНА – қоғамдық сананың бір бөлігі, яғни  адамзат   тарихындағы
      көзқарастар жиынтығы.
 110. ТАРИХИ ТАНЫМ – адам дамуын тану, баға беру,  тарих  туралы  жекеленген
      көзқарастар қалыптастыру.
 111. ТАРИХИЛЫҚ ПРИНЦИП – қоғамдық танымның  қажетті  шарты,  қоғамдық  өмір
      құбылыстарының  айқын  анализі.   Жалпы    ғылыми   шындықты   қолдану
      мүмкіндігі.
 112. ТАРИХНАМА- тарихи еңбектердің жиынтығы.
 113. ТЕОРИЯ – бақыланған әрекеттің мүмкіншілік түсінігі.
 114. ТЕОДИЦИЯ (ГР.THTEOS – DIKE) – Құдайдың әдлетілілігі туралы ілім.
 115. ТЕОЛОГИЯ ( ГР. ТHTEOS) -  Құдай туралы ілім.
 116. ТЕОСОФИЯ (ГР.THEOS – SOPHIA) – Құдайдың даналығы туралы ілім.
 117. ТОТЕМИЗМ – жануарлармен тұыстық деген наным.
 118. ТРИМУРТИ – үш Құдай: Брахма, Шива, Вишну.
 119. ТРОИЦА – христиан дінің Құдайының үш бейнелігі.
 120.  ТҮСІНДІРМЕЛІ  ЗЕРТТЕУ  –бақылау  нәтижелері  арқылы  теория  шындығын
      тексеруде қолданылатын зерттеудің түрі
 121. ТҮСІНІК - әр  түрлі  көрініс  пен  әрекеттерді  бейнелейтін  жай  сөз,
      симвло, фраза. Олар бізқұратын инструменттер.
 122. УҚУБАТ – қандай жаза берілетінін анықтайды.
 123. ФАБЛИО –Франциядағы қысқа әзілді тақпақ түріндегі повесть
 124. Фатиха – Құрандағы бірінші сүре.
 125. ФЕОДАЛИЗМ -өндірістік қатынастардың негізін  феодалдар  тобының  жерге
      жеке меншіктігін құрайтын қоғамдық-экономикалық формация.
 126. ФЕТИШИЗМ - өлі дүниеге деген наным.
 127. ФУНДАМЕНТТІК  ЗЕРТТЕУ  –бастапқы  немесе  ғылыми  теорияларды  дамыту,
      тексеру болып табылатын зерттеудің түрі.
 128. ХАОС – мәнгі қаранғы бастама.
 129. ХАРАМ – тыйым салынған, заңсыз.
 130. ХИНАЯНА – тар өмірлік шеңбер.
 131. ХЛЕБОПРЕЛОМЛЕНИЕ – құдайға беріктігін көрсету.
 132. ЦЕЛИБАТ – діни кызметкелерлерінің некелесүден бас тарту.
 133. ШАБАТ – еврей дінінде сенбі.
 134. ШАРИҒАТ – мұсылман заңдалақтарының ережелері.
 135. ШИИЗМ – исламның бір тармағы (Али пайгамбардың ұрпағы).
 136. ШЫНАЙЫЛЫҚ ПРИНЦИПІ – тарихи таным принципі.
 137. ІЗДЕНІСТІ ЗЕРТТЕУ – берілген зат мәліметі  теориясы  санатына  жататын
      фактілерді зерттеу.
 138. ЭКЗЕГЕТИКА (ГР. EXEQETIKE) – Құран мен Библияны түсіндретін ілім.
 139. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ – бақылау мәлімет стимулына бағынып, оқиғаларды
      белгілеріне қарай зерттеу.
 140. ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ – шындық жөніндегі сұрақтарға жауап алу әдісі.
 141. ЭРИ –ақсүйектер, король туыстары.
 142. ЭСХАТОЛОГИЯ – ақыр заман туралы ілім.

6.3.2  Қысқаша дәрістер

    Тақырып №1. Орта ғасыр кезеңіндегі  Азия  және  Африка  елдері  тарихы,
міндеттері, уақыт шегі, категориялары.
    1.Орта ғасыр кезеңіндегі Азия және Африка елдері тарихы, міндеттері.
    2. Шығыс өркениеттерінің хронологиялық және географиялық шектері.
    3. Дәстүрлі Шығыс қоғамы және оның қуатты мүмкіндіктері. Шығыс феомені.
    4. Діни нанымдар.
    Адамзат дамуның жалпы үрдісі ғаламдануға  бағыт  алып  отырған  қазіргі
таңда  әлемдік  тарихтың  маңызы   күн  өткен  сайын  арта   түсуде.   Соған
қарамастан әлемдік тарихтың әсіресе шығыс  тарихы  саласы  әлі  күнге  дейін
кенже қалып отырғанын ешкім  жоұұа  шығара  алмас.  Бұл  әсіресе  теориялық-
методологиялық мәселелерге қатысты. Ал  теориясыз,  методологиясыз  қандайда
болмасын тарихы материалды талдау,  оған  баға  беру,  оны  типтеу,  жүйелеу
мүмкін емес.
      Орта ғасырлардағы  Азия-Африка  елдеріндегі  феодалдық  қатынастардың
дамып, жетілуінің өзіне тән  ерекшеліктері  болды.  Ол  елдерде  қауым  ұзаұ
уақыт  бойы  сақталды.   Қауымдардың    өзін-өзі   басқаруы   автономиялығы,
патриархальдық  қатынастар  өміршең  болды.  Мемлекет  қауымның   сақталуына
мүдделі  болды.  Оның  нығайуына   қолдау   көрсетіп   отырды.   Азия-Африка
елдеріндегі ерекшеліктің бірі – үкіметтің жеке меншікке қарсы  тұруы  болды.
Жер негізінен мемлекеттің меншігі болды.  Келес  бір  ерекшелік  мемлекеттік
биліктің деспотиялық болуы еді.  Азия-Африка елдерінде қай кезеңде  болмасын
құлдар шаруашылықта шешуші роль атқармады.
      Шығыс елдердің қалалары феодалдық Европадағыдай жекелеген феодалдарға
емес, мемлекет басшысына бағынды. Шығыс елдерінде дін  мемлекеттік  деңгейге
көтерілді.
    Әдебиеттер:
    1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях.  Ред.кол.:
Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
    2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
    3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
    4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
    5. История Востока  В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние  века  М.,РАН-
1995
    6. История Востока В 3-х томах/ ІІІ-том Восток на рубеже средних  веков
и нового времени. М.,РАН-1998.
    7. Средневековый Восток: история, культура, источниковедение. М.,1980.
    8. История средних веков  (под ред. Сказкина) М.,88
    9. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
    10. Феномен  восточного  деспотизма.  Структура  управления  и  власти.
М.,1993.
    11.История стран зарубежной Азии. Л.,1970


    Тақырып: 2. Деректер, тарихнамасы.
    1. Орта ғасырлық Шығыс елдерінің деректемесі.
    2. Тарихнамасы.
    – орта ғасырлар кезеңінің негізгі деректерін, олардың түрлерін,  алатын
орнын білу, медиевист тарихышлардың еңбектерінде  ғылыми  көзқараспен  қарап
баға бере білу.
1. Орта ғасырлар тарихының негізгі деректерін білу;
2. Тарихи деректерді топтарға бөліп, олардың  ерекшеліктерін,  құндылықтарын
   бағалай білу, сын тұрғысынан пайдалану;
3. Орта  ғасырлық  деректердің  жалпы  сипаттамасын,  оларды  оқу  әдістерін
   игеру; (деректердің  хронологиялық  шектерін  қай  жерге  тән  екендігін,
   тарихи процесті бейнелеуін);
4. Орта ғасыр тарихы тарихнамасынын қалыптасып, дамуын білу;
5. Еуропалық  феодализм  проблемаларының  орыс  тарихшыларының  еңбектерінде
   зерттеуін білу;
6. Еуропалық  феодализм  проблемаларын  шетел  тарихышыларының  еңбектерінде
   зерттелуін білу;
7.  Орта ғасырлар тарихи  деректемесі  мен  тарихнамасының  қазіргі  кездегі
   зерттелу жағдайын білу;
8. Орта ғасырлар тарихының әр кезеңіне тән деректерді зерттеулерді білу;
            Жалпы  алғанда,  мәмлүк  дәуіріне  қатысты  өте  бай   архивтік
мәліметтер бар екендігін айта  кету  керек.  Сирек  қолжазбалар  Таяу  Шығыс
елдерінің Каир, Дамаск, Бағдат  және  т.б.  қалаларында  ғана  емес,  Еуропа
елдерінің  кітапханаларында  да  сақталған.Каирде  орналасқан  Мысыр   кітап
үйінің өзінде ғана 70 мыңдай қолжазба, сирек темір  шақалар  бар.Оның  басым
көпшілігі мәмлүк дәуіріне қатысты материалдар болып табылады.
           Ал жалпы алғанда мәмлүк тарихы, атап  айтқанда,  Бейбарыс  жайлы
Ибн Уасил (1223-1229), Ибн Шаддад (1217-1285),  Ибн  Абдузахир  (1223-1292),
Ибн Йиас (1448-1524) , Ан- Нуайри (1331 қайтыс болған),  Ибн  Тәңірберді,Ибн
Айбек, Абул-Фида(1273-1331), Ибн Шакир(1362  жылы  қ.б),  әл-Айни(1361-1451)
секілді мұсылман тарихшылар жазған.
    Ислам  тарихнамасында  Бейбарыс  туралы  «сира»  -  өмірбаян   жанрында
жазылған бар болғаны үш  шығарма  бар.  Тарихшы  Ибн  Уасил  өзінің  ауқымды
еңбегінің бір томын Бейбарыс сұлтандығын баяндауға арнаған.
            Бейбарыс заманында  өмір  сүріп  сұлтанның  өмірбаянын  жазған,
мәмлүк мемлекеттік жүйесінде қызмет еткен Ибн  Абдузаһир,  Ибн  Шаддад  және
Ибн Уасил.   Бізге жеткен деректердің бірі Беркеханның құнды  шығармаларының
бірі «Тарих ал-малик аз-заһир» (Нағыз патша тарихы). Ибн Уасил,  Джамалуддин
Абу Абдулла Мухамед бен Салим бин Насрулла ал-Хамауи аш- Шафағи. Ең  маңызды
шығармасы «Муфарридж ал-куруб фи ахбар бени айуб» ( Аюп әулеттер туралы  шер
тарқату).
    Сонымен қатар  мәмлүктер  және  Бейбарыс  Сұлтан  тарихын  қазақстандық
ғалымдар да зерттеуде. Атап айтқанда Қайрат Сәки өзінің «Пирамида  үстіндегі
киіз үй немесе Бейбарыс туралы» еңбегінде Бейбарыстың  омір  жолы,ол  құрған
мемлекет тарихы жайлы баяндалған.
    Батыршаұлы   Бақытты   «Мысыр   Мәмлүк   мемлекетінің   Дешті-Қыпшақпен
байланыстары»  атты  еңбегінде  Мысыр  елінің  Дешті-Қыпшақпен  байланыстары
туралы айтады.
    Т.Сұлтановтың  «Алтын Орда хандарының  хаттары»деген  жинағында  Сұлтан
Бейбарыстың Берке ханға   жазылған  хаттары  көрсетілген.Сондай-ақ  Бейбарыс
сұлтанды зерттеп жүрген ғалымдардың бірі  Б.Көмеков.Оның  еңбектерінің  бірі
–«Бейбарыс   Сұлтан.Тарих.   Тұлға.   Уақыт»      Жоғарыда    айтылғандардың
тұрғысынан  шығып,  зерттегелі  отырған  тақырыбымыз   мәмлүк   мемлекетінің
негізін салушы қыпшақ сұлтан Бейбарыс жайлы
    Кейбір дерек көздерінде Әл-Фарабидің еңбектерінің тек азы ғана аталады.
Тарихшы Ибн-Надим (хижра бойынша 385жылы қайтыс болған)  өзінің  «Әдебиеттер
тізімі» атты кітабында Әл-Фарабидің тек жеті  еңбегін  ғана  келтіреді.  Ал,
Саид Әл-Әндалуси (462жылы қайтыс болған) «Табақат  Әл-Умам»  (Ұлыстар)  атты
еңбегінде  ғұламаның  төрт  кітабын  ғана  енгізген.  Заттардың  шығу  тегін
зерттеуші Әл-Қифти «Билеушілер тарихы» атты  еңбегінде  Әл-Фарабидің  жетпіс
төрт (74) шығармасын атаса, Ибн Әби Усейба  «Тәуіптер  жайлы  дерек  көздер»
атты еңбегінде Әл-Фарабидің жүз он үш (113) қолжазбасын анықтаған.  [19;124]
Әл-Бәйхақидің  «Мұсылман  билеушілерінің  тарихы»  атты  зерттеуінде:   «Әл-
Фарабидің еңбектері Ирактан тыс жатқан Парсы елінде көп таралған»-дей  келе,
өзінің Рәй шахарының бір ірі ғалымының  кітапханасынан  Әл-Фарабиге  тиесілі
бұрын аты шықпаған, көбісі ғұламаның өз қолымен және оның шәкірті  Яхья  бин
Аданың  қолымен  жазылған  шығармаларды  көргенін   әңгімелейді.[28;3]   Абу
Ибраһим Исхак ибн Ибраһимнің «Диуан әл-әдаб» («Әдеби жинақ») атты  еңбегінде
Әл-Фараби туралы деректер келтіреді:  «Ол  жерден  Әбу  Насыр  Мухаммед  ибн
Мухаммад  Әл-Фараби  Әл-Хаким  Әл-Файласуф  шыққан.  Ол  философия  ғылымына
арналған шығармалардың авторы. Ол 339жыл Дамаскіде  қайтыс  болған.  Йуханна
бин Хайланның шәкірті болған. Йуханна халифа Әл-Фараби  Муқтадирдің  тұсында
өмір сүрген». Йақұттың «Му джам Әл-Булдан»  еңбегінде  Әбу  Насыр  Әл-Фараби
Бағдад,  Дамас,  Мысырда  оқып  білім  алған   және   қызмет   істеген   деп
жазған.[28;4] Ибн Халликанның «Уфиат ат  аль-аиан  фи  аз-Заман»  («Ғалымдар
өмірінен ескерткіш») атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің  арғы  аталарының
аттары (Тархан, Ұзлағ) таза түркі тілінде келтірілген.[16;24] Атақты  ғалым-
географ Ибн –Хаукал өзінің «Китаб Масалик уа мамалик» аталатын  географиялық
еңбегінде Түркістан аймағының сипатын берген,  қалаларын  картаға  түсірген.
Ол Отырарды жазғанда: «Бұл жер атақты  ғұлама,  асқан  философ  Әл-Фарабидің
туған жері»-деп жазған. [16;23] Түріктің атақты ғалымы Хажы  Халифа  Мустафа
Челеби өзінің «Кашаф ал-Зунун», «Куман айру» атты еңбегінде Әл-Фарабиға  көп
орын берген. Осылардың бәрінде  де  Әл-Фараби  түркі  нәсілді,  Түркістандық
екені айтылады.[8;13]
    Немістің көрнекті ғалымы Фридрих Диатерци  1888-1904ж.ж.  «Әл-Фарабидің
философиялық трактаттары» деп аталатын жинақты жарыққа  шығарған.  Оған  Әл-
Фарабидің біпсыпыра философиялық шығармаларының арабша текстері мен  олардың
неміс тіліне аударылған нұсқалары  енген.   Неміс   ғалымы  Карл  Брокельман
1886-1937ж.ж. арасында «Араб әдебиетінің  тарихы»  деп  аталатын  көп  томды
биобиблиографиялық   еңбегінде   Әл-Фараби   шығармашылығына   едәуір   орын
берген.[8;14] Н. Решер ұзақ ізденіс  нәтижесінде  1962жылы  ағылшын  тілінде
«Фараби.  Аннотацияланған  библиография»  деп  аталатын  аса  құнды  еңбегін
жариялаған. Мұнда мың жыл бойында  Әл-Фараби  жөнінде  кім  не  жазады,  Әл-
Фараби шығармалары қай  тілдерге  аударылды  деген  мәселелерге  баса  назар
аударылған.[8;15]  Француздің  ғалымы  Рудольф  Эрланже  1930-1935ж.ж.   Әл-
Фарабидің  аса  үлкен,  әрі  терең  мағыналы  «Әуездің  үлкен  кітабы»  атты
трактатын  француз  тіліне  аударған.  [4;58]1974жылы  Лейденде  Ланд  «Араб
музыкасы» деген атпен «Музыканың үлкен  кітабының»  тарауларынан  аударылған
аударманы  жарыққа  шығарды.  1935жылы  ағылшын  тілінде  Фармер   «Ғылымдар
классификациясын» аударған. [4;59] Белгілі ғалым А.Машанов  «Әл-Фараби  және
Абай»  деген  еңбегінде:  «Әл-Фарабидің  жас  жігіт  кезінде  Отырар  елінде
сүйгені болуы да мүмкін. Бәлкім, баласыда  болған  шығар  деген  ой  келеді.
Өйткені, оның есімі -  Әбунасыр.  Арабшадан  аударғанда  ол  Насырдың  әкесі
деген сөз»-деп жазған. [7;91]       А. Көбесов «Сөнбес жұлдыздар»  еңбегінде
Әл-Фарабидің 150 астам ғылыми  туындылары  болғанын  айтады.[7;92]  2002жылы
Қазақстанда   С.Даукеева   «Әбу   Насыр   Мұхаммед   Әл-Фараби   музыкасының
философиясы»  деген  монографиялық  жинағын  басып  шығарды.   Бұл   еңбекте
«Музыканың үлкен кітабының» жазылуына  әсер  еткен  факторлар,  оның  тарихы
жөнінде айтылған және  Фараби  еңбегінен  аудармалар  жасаған.  Әл-Фарабидің
музыкалық мұрасын В.М.Беляев, И.Раджабова,  Т.Вызго,  Д.Рашидова,  А.Джумаев
секілді ғалымдар зерттеген болатын. Ғұламаның музыкалық-теориялық  көзқарасы
ғылымның философия және математика салаларында еңбек етушілер  С.Н.Григорян,
М.М.Хайруллаев,  А.К.Көбесов,  О.Матякубов,  А.Х.Қасымжановтың  еңбектерінде
орын тапқан.[5;54] Немістің белгілі  ориенталисы  Диатерци  1890-1895жылдары
Лейденде Әл-Фараби жөнінде еңбектер  шығарған  және  Әл-Фараби  кітаптарының
бірнешеуін арабша бастырған.
    В. Ян «Шыңғыс хан» кітабында Шыңғыс ханның Хорезмге жасаған  жорықтарын
жазды. Марко Поло «Монғолдың  құпия  тарихы»  деген  жазылымында  Шыңғысхан,
оның әулеті туралы жырланады. Майкл Х. Харт «Шыңғыс хан»  деген  мақаласында
Шыңғыс ханның өмірлік жолына тоқталып өтті.
      Шыңғыс хан жөнінде 1929 жылы Белград  университетінің  профессоры  Э.
Хара-Даван «Шыңғысхан  қолбасшы  және  оның  мұралары»  деген  тарихи  кітап
жазды. 1929 жылы Эренжен Хара – Даван «Қолбасшы Шыңғысхан және оның  мұрасы»
деген еңбегін жазды.
    Қазіргі кездегі зерттеулер: Тарих ғылымының докторы Зардыхан  Қинаятұлы
«Шыңғыс хаған кім?» деген  мақаласында  ұлы  тұлғаның  өмір  жолының  кейбір
тұстарына қысқаша  тоқталып  өтті.  Сондай-ақ  «Қазақ  заңдары  және  Шыңғыс
ханның «Ұлы жасағы»  деген  мақаласында  Шыңғыс  ханның  жүргізген  мемлекет
реформасына тоқталды. Жұмахан Қожамқұл Жалайыр «Шығыстың  көкжалы  –  Шыңғыс
хан» деген мақаласында Шыңғыс ханның  қазаққа  орны  толмас  қасірет-қайғысы
туралы жазады.
    Араб халифатының тарихына қатысты деректер мен зерттеулер  мөлшері  тым
шектеулі. Деректер негізінен  орыс  тіліне  аударылып,  көпшілікке  тараған.
Тақырып бойынша арнайы монографиялардың жұтаңдығы мен  қазақша  оқулықтардың
жоқтығы көбіне Араб елдерінің тарихын оқып үйренумен  қатар  терең  танысуға
кедергі жасайды.
      Маңызды   деректерге   «Құран»,   мұсылман   ренессансының   көрнекті
ғалымдарының еңбектері жатады. Тағы бір  дерек  көзі  ретінде  Абу-ль-Фарадж
аль-Исфаханидың  [1]  деректерін  атап  өткен  жөн.  Көрнекті   ғалым   В.В.
Бартольдтың [2] шығармаларының  9-томы  біздің  нысанамызға  алынып  отырған
Араб  халифатына  қатысты  зерттеу  еңбектері  топтастырылған.          Е.А.
Беляевтың  [3]еңбегін  арабтардың  өмірі,  діні   және   ерте   ортағасырлық
кезеңдегі тарихына  ден  қойып,  жан-жақты  зерттелген  монографиялық  еңбек
ретінде  қарастыруға  болады.  Халифат  тарихына  қатысты  жазылған   іргелі
еңбектер қатарына О.Г.  Большаковтың [4] зерттеуін жатқызамыз. К.Э.  Босфорт
  [5]  мұсылман  әулетінің  билеушілерінің  генеологиясы  мен   хронологиясы
жөнінде жүйелеу жұмыстарын жүргізе отырып, анықтамалық  жасаған.  Қарастырып
отырған  кезеңдегі  шығыс  қоғамындағы  шаруаны   тарихи   субъект   ретінде
қарастырған Гордон А.В. [6], Азиядағы мемлекет ерекшеліктері [7], Таяу  және
Орта Шығыстағы дін иелері мен  саяси  өмір  туралы  [8]  еңбектер  қарастыры
потырған кезеңнің тынысымен танысуға мүмкіндік  береді.    Арабтардың  көрші
елдерге  жорықтарына  дейінгі  ерте  феодалдық   қатынастардың   қалыптасуын
шығыстанушы  тарихышалар  Жюльен  Ш.А.  [9],  Ю.В  Качановский   [10]   атап
көрсетеді. Б.Н. Заходер [11]  және Петрушевский И.Л [12]  араб  мемлекетінің
қоғамдық-экономикалық    құрылыс    мәселелері,     мемлекеттің     құрылуы,
ерекшеліктері, басқа елдердің дамуына ықпалын аша түскен, Омейя  дәне  Аббас
әулеттерін  сипаттап  жазған.  Араб  мәдениетінің   дамуы,   оның   көрнекті
өкілдері, араб-мұсылман мәдениетінің дүние жүзілік өркениетке  қосқан  үлесі
жайлы мәліметтер осы Конрад Н.И. [13], Мец  А.  [14]  еңбектерінде  және  де
зерттеулеріндеерекше аталып көрсетіледі.
    Пайдаланған әдебиеттер:
    1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях.  Ред.кол.:
Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
    2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
    3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
    4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
    5. История Востока  В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние  века  М.,РАН-
1995
    6. История Востока В 3-х томах/ ІІІ-том Восток на рубеже средних  веков
и нового времени. М.,РАН-1998.
    7. Средневековый Восток: история, культура, источниковедение. М.,1980.
    8. История средних веков  (под ред. Сказкина) М.,88
    9. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
    10. Феномен  восточного  деспотизма.  Структура  управления  и  власти.
М.,1993.



    Тақырып 3. Қытай

    Мақсаты:
    1.Ежелгі дүние мен Орта ғасырлар өтпелі кезең. Қытай өркениеті.
    2.Қытай дамуының циклдық кезеңдері.
    3.Көшпенділер және Қытай.
    1.Үш патшалық кезіндегі Қытайдың саяси тарихы.  ІІ ғасыр аяғы  мен  ІІІ
ғасырдың басы  Қытай үшін  ішкі саяси  өзара  қырқысу  кезеңі  болып,  күрес
барысында ірі  әскербасылар   ерекшеленіп  шықты.  Солардың  бірі   Цао  Цао
солтүстікте Хуанхе бассейнінде билік  құрып, 220 жылы оның  баласы  Цао  Пей
өзін Вей  мемлекетінің   билеушісі  деп  жариялады.   Келесі  Лю  Бей  елдің
оңтүстік - батысында Шу мемлекетінің  билеушісі деп  жарияланды.  Ал  үшінші
Сунь Цюань  Қытайдың оңтүстік-шығысындағы  У  патшалығының  негізін  қалады.
Осы кезең Қытай тарихында “Үш патшалық кезеңі” деп аталды.
       Вей  мемлекеті   (220-265ж.ж.)­Солтүстік   Қытайдың   үлкен   бөлігі
батысында Дуньхуаннан шығысында  Ляодунға  дейін,  оңтүстігінде  Хуанхе  мен
Янцзы өзендері аралығы;
    Шу мемлекеті  (221-263  ж.ж.)­Сычуань,  Гансу  мен  Шэньсидің  оңтүстік
аудандары, Юньнани мен Гуйчжоудың үлкен бөлігі жіне Гуансидың батысы;
    У  мемлекеті  (222-280  ж.ж.)­  бұрынғы  Хань  империясының   оңтүстік-
батысында өмір сүрді.
      Вей патшалығының орнында 265 жылы  Цзинь  империясы   құрылды  да  Шу
патшалығын  қосып  алды,  ал  280  жылы   У  мемлекетін  бағындырды.   Цзинь
мемлекетінің негізін салушы  Сыма Янь елде реформалар жүргізді.
      ІV ғасыр басында   солтүстік  тайпалар  бірінен  соң  бірі  Солтүстік
Қытайға шабуыл жасаудың  нәтижесінде  Цзинь  мемлекеті  құлап,  оның  орнына
Қытайда  оңтүстік  және  солтүстік  патшалықтар  құрылды..   ІІІ-VIІІ   ғ.ғ.
Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық құрылысы.
    ІV  ғасырдан   бастап   Қытай   территориясына   солтүстіктен   көшпелі
тайпалардың  шабуылы  жиіледі.  Көшпелі  монғол-түрік   тайпалары   Қытайдың
солтүстігінен және батысынан елдің ішіне  ене  түсті.  Бүл  шабуылдар  Қытай
шаруашылығына   үлкен  зиян  әкелді.   Суғару  құрылымдары  қирап,  түгелдей
деревнялар жойылып, солтүстіктегі қалалар босап  қалды.  Ең  алғашқы  шабуыл
жасағандар ғұндар болды. Олар311 жылы Лоянды,  316  жылы  Чананьды  алды  да
Цзинь патшаларының құрамында тек оңтүстік-шығыс қалып,  мемлекеттің  аты  да
Шығыс Цзинь (317-420 ж.ж.) деп аталды. Ғұндардан кейін Қытайға сяньби,  цян,
цзе, ди тағы басқа  тайпалары шабуыл  жасады.  Шабуылдар  нәтижесінде  Қытай
әбден әлсіреп  көптеген ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. ІV  ғасырдың  соңы
солтүстікте барлық өзара соғыстарды жеңіп сяньби  тайпаларының  көсемі  Тоба
Гуй  Хуанхе   бассейнінің   территориясында  Солтүстік  Вей  (386-534  ж.ж.)
мемлекетінің   негізін   қалады.   Тоба   әулеттерінің    өкілдері    барлық
қарсыластарын  жеңіп,  күшті  ішкі-сыртқы  саясат  жүргізе   бастады.   Ішкі
саясатта қытайландыру саясатын  жүргізді.  ІV-  V  ғасыр  басында  астаналық
әкімшілікте 2% қытайлықтар  болса,  423-452  жылдары  оның  саны  25%  өсті.
Императордың өзі фамилиясын Тобадан Юанға өткізді тек қытайша  киінуді,  тек
қытайша сөйлесуді енгіз ді. Елдің астанасы  солтүстіктегі Пинченнен   ежелгі
Қытай астанасы болған Лоянға көшірілді. 485  жылы  2  ғасыр  алдын  Сыма  Ян
жүргізген  үлестік жүйе  жаңартылды.   Ол  бойынша   ер  адамдарға   40  му,
әйелдерге 20 му берілді.  Егер құлдары болсы қосымша үлес берілді.   Бұнымен
қатар  бау-бақша   егуге  әр  отбасыға   20-30  му   қосымша  үлес  берілді.
Чиновниктерге  қызметіне байланысты  үлестік   жер  берілді.   Салықтар  мен
міндеткерліктер  анықталды.
    Солтүстік патшалықтар: Солтүстік Вей (386-534 ж.ж.); Солтүстік Ци (550-
577 ж.ж.); Солтүстік Чжоу (550-577ж.ж.);
    Оңтүстік патшалықтар: Сун империясы (420-479 ж.ж.); Ци (479-502  ж.ж.);
Лян (502-557 ж.ж.);  Чэнь (557-589 ж.ж.)  патшалықтары.


    Әдебиет:
    1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х  частях.  Ред.кол.:
Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
    2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
    3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
    4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
    5. История Востока  В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние  века  М.,РАН-
1995
    М.,РАН-1998.
    6. История средних веков  (под ред. Сказкина) М.,88
    7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
    8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
    9. История Китая  с древнейших времен до наших дней. М.,1974.
    10.Китай: между прошлым и будещем. М.1999


    Тақырып: 4 Қытай орталығының мемлекет кезеңінде.
    Мақсаты:
    1.Суйдан –Тан империясына қарай.
    2.Тан империясы.
    3.Сун империясы.
    Қытайда феодалдық кезеңнің дамыған кезеңі VIII ғасырда  болды.  Қытайда
610 -  18 жж. Халықтық толқулар орын ала бастады. Оның түрткісі болған  Суй-
династиясы  мен  Когуре  (Корей  түбегіндегі  патшалық)  арасындағы   жиілеп
кеткен  соғыс   еді.   Шаруалар   көтерілісінің   негізгі  ошағы     Шаньдун
провинциясы    болды. Бұл жерде  күшті  феодал  аристократтардың  салтанатты
үйі болып, олар  шаруаларды  аяусыз  қанады.  Шаньдун  -  Суй  династиясының
Хэньан мен  Хэбэй  сияқты  біршама  бай  және  халқы  тығыз  орналасқан  ірі
провинцияларының бірі болды. Сонымен қатар    Кореямен    соғыс    кезіндегі
әскерлерді   тамақ   пен   оқ-дәрі  мен қамтамасыз еткен  провинция  болады.
Осы кезде 611  жылы  Хэньан  мен  Гуаньдунда  күшті  су  апаты  орын  алады.
Миллиондаған  шаруалар  үйсіз-күйсіз  қалып,   сонымен   қатар   қалыптасқан
салықтар мен барщиналарды өтеуге тиіс болды.
    Ал 610 жылы Хэньан мен Гуаньдунда шаруалар көтерілісі  тұтанып,  келесі
жылдар Шаньдун провинциясында орын алады. Шаруалар көтерілісі  ендігі  жерде
басқа да провинциялар: Хэбэй,  Шэньси,  Чжэцзян,  Цзянсу,  Гуанси,  Ганьсуға
тарайды. 614 жылдың басында Қытайда 130 ірі және ұсақты  отрядтарға  бірігіп
олардың үлкен  бөлігі  Шаньдунда,  Хэнэн  мен  Хэбэйде  еді.  Көтерілістерге
шамамен 4 миллион адам қатысты.
    Жоғарғы тап өкілдерінің көпшілігі Ян Гуанның деспоттық билеуімен күштеп
ұстап отырған орталығына оппозицияда болды.  Осы  сәтті  тиімді  пайдаланған
Шаньси, Хунань, Шэньси,  Шаньдун,  Чжэцзян,  Ганьсу  феодалдары  императорға
қарсы шыға бастады. 613 жылдың  жазында  Хэнанда  Суй  династациясына  қарсы
көтерілісті генерал Ян Сюань - Гань  басқарады.  Толқулар  екі  айдан  астам
уақытқа  созылды.  Ян  Сюань  -  Гань  әскері  Лоянға  кауіп  төндірді.  Суй
династациясы бұған қарсы шаралар  мен  күштерін  дайындады.Корей  майданынан
халыктың көтерілісін басып -жаншу үшін аса  үлкен  армия  жөнелтеді.  Бірақ,
бұл  амал-шаралар   халықтың   козғалысына   ешқандай   әсерін   тигізбейді.
Шаруалардың көтерілісі Янцзы мен Хуанхэ өзендерінің бассейніне таяп  жетеді.
Шаруалар  көтерілісінің  ең  күшейген  кезі  тарихта  Ваган  көтерілісі  деп
аталады. Ол Хэнань провинциясындағы таулы аймақтың атымен аталады.
    611-613 жылдары Ваган көтерілісінің жетекшісі Чжай  Чжан  болды.  Біраз
уақыттан соң әскер қолбасшысы болып Суй чиновнигі Ли Ми  тағайындалады.  Бұл
шэнсилік ірі феодал шаруалар көтерілісін өз мақсатына жарытып жаңа  династия
кұрғысы келді. Ваган әскеріне Доу Цзяньде  баскарған.  Хэбэй  провинциясының
шаруалар отряды үлкен көмек көрсетеді. Көтерілістің нәтижесінде  617  жылдың
аяғында Суй үкіметінде аз ғана, яғни    Хэньан,     Цзянсу     провинциялары
  қалады. Суй  династациясының  тағдыры  осымен  аяқталады.  Ел  астанасында
қактығыстар ершіп, ақырында Ян Гуан мен жақтастары Цзян Ду (нанкинге)  қашып
кетеді. 618 жылдың көктемінде  император  сарайында  бүлік  шығып,  Ян  Гуан
карсыластарының  арқасында  көз  жұмады.  Болған   оқиғаны   ірі   феодалдар
пайдаланып, Ян Гуанның немересін император  етіп  тағайындайды.  Бірақ,  618
жылдың ортасында император титулын Ли Юань қабылдайды. Ол  өзі  құрған  жаңа
династияны Тан империясы деп жариялайды. VII  ғасырда  орын  алған  шаруалар
көтерілісі Цинь-Хань дәруірінен кейінгі Қытай тарихындағы аса ірі  көтеріліс
болды. Халықтың көтерлісінің соңында  Суй  империясының  кабырғасы  кұлайды.
Көптеген уақытқа дейін Тан династиясы гегемония мен елді біріктіру үшін  көп
күрес  жүргізеді.  618-620  жж.  Бұл  күрес  ,   әсіресе   елдің   солтүстік
батысындағы Шэньси мен Ганьсу провинцияларында түркілер мен  одақтас  феодал
- сепаратистерге қарсы бағытталады.
    Түркі  тайпаларының  көсемдері  феодалдарды   Тан   империясының   елді
біріктіру  саясатына  қарсы  қойды.  Тан  әскерлері   түркілерден   кұрылған
отрядтарды  талқандап,  оларды  бір-бірлеп  тұтықынға  алды.  624  ж.  дейін
Қытайдың әр аймақтарында шаруалар көтерілісі  тоқтамады.  Хэбэй  Доу  цзянь-
деннің отряды қимыл-әрекет жасап тұрды. Суй армиясының  көлеңкесімен  Ли  Ми
бастаған Ваган әскері қақтығысып отырды. 618 жылдың күзінде феодалдар  ваган
әскерін талқандап, Ли Ми Тан жаққа шығып кетеді. Бірак, көп кешікпей  Ли  Ми
бастаған көтеріліс бой  тігеді.  Ли  Ми  өлім  жазасына  кесіледі.  Шаруалар
көтерілісін  басып  -жаншуда  Тан  династиясы  шешімді  әрі  сәтті  қимылдар
жасайды. Ли Юань бірнеше  мереке  мен  мейрамдар  ұйымдастырып,  шаруалардың
көңілін аулайды, салықтардың өтемі азайып, ал  кейбір  аймақтарда,  салықтар
тіпті  алынып  тасталды.  Мемлект  барщинаны  азайтады.   Үкімет   басшылары
ирригацияльгк жолдар тауып, жолдарды жөндей бастайды.
    Құлдықта жүрген шаруаларды босату жөнінде шешім қабылдайды. Феодалдарға
шаруаларды  өлтіруге  тыйым  салынды.  Императорлар  буддалық   сенушілерден
колдау тапты. Әсіресе,  тан  үкіметі  аяусыз  шаруалар  көтерілісін  жазалап
отырды.   Ресми   түрде   кетерлісшілердің   көсемдеріне   жеке   бастарының
кауіпсіздігі мен амнистиясын сақтаймыз деген алдаумен, 621 жылы  Доу  цзянь-
дэ қастарын тұтқынына түсіріп,  тамаша  шаруалар  көсемі  мен  серіктестерін
аяусыз жазалады. 628 жылы Тан династиясы солтүстіктегі  помещик-сепаратистер
отрядының соңғысын талкандап, Қытайды біріктіруін аяқтайды. VII ғасырда  Тан
империясы сол уақыттағы әлемнің күшті мемлекетгерінін біріне  айналды.  Оның
шекарасы Корей түбегінен шығысында Ыстық-көлге дейін, батысында  Моңғолиядан
оңтүстігінде Үндіқытай түбегіне дейінгі алып территорияны алып жатты.
    Тан империясын 2 кезеңге бөледі: бірінші кезеңі - VII ғ. 20 жж. VIII ғ.
ортасына дейінгі, өнеркәсіптің дамуы мен империясының  гүлденуі,  ал  екінші
кезеңі - VIII ғ.  ортасынаи  бастап,  империянын  құлауы  -  X  г.  камтиды.
Бірінші кезеңде, әсіресе VII ғ. ауыл шаруашылығы өнеркәсіптің дамуы  көрініс
алады.  Жерді  өңдеудін  амал-тәсілдері  жеңілденіп,  су   арнасы   көбейді.
Шаруашылықта май шайқау ісі етек жайды. Жібекті өңдеу  үшін  ағаш  жібегінің
жапырағы  қолдана  бастады.  Әдейі  шығарылған   шай   ауыл   шаруашылығының
дамығанын көрсетті. Он бір жаңа каналдар іске  қосылып  ортақ  су  системасы
қатарына Хуанхэ өзені де асырылды.  Тұз  өндіру  үлкен  орын  алып,  әсіресе
елдің солтүстігіндегі Цзянсуда  темір,  күміс,  олова  мен  қорғасын  өңделе
бастады. Әсіресе фарфор өңдеу жоғары бағаланды. Қытайда ең  бастысы  -металл
шынылары мен шамшырақтар шығарыла бастады.
    Қағазға деген сұраныс өсіп,  қағаз  өндіру  дамиды.  Экономикалық  даму
барысында, қалалардың дамуы өркендеп, қала  тектес  қоныстар  саны  көбейіп,
олардың кейбіреулерін административтік  орталық  санатына  көтеріліп  қызмет
көрсету мен әскери горнизондар бой көтерді. Қалалардың  көпшілігі  сауданың,
өнеркәсіптің, мәдени өмірдің орталықтарына айналды.
    Сауда  жэне  өнеркәсіптік  қалалар   одақтарға   хаңдықтарға   бірігіп,
өздерінің басшысын байлауға тиісті болды. Ішкі сауда кеңейді. Жаңа  почталық
станциялар құрылып  олардың  жалпы  саны  1600-ға  жетті.  Басшыларды  сауда
барысындағы тракаттар алаңдатты. Ауыл  шаруашылығының  дамуы  халық  санының
көбеюіне әкелді. 618 жылы Қытайда екі миллионға жуығы аула болса,  754  жылы
халық санағы бойынша аулалар саны  9  миллионға  шамамен  5.3  миллион  адам
санына жетті. 624 жылы жер жүйесі туралы мемлекеттік указ шығады. Ары  қарай
бұл заңға үкімет басшылары толықтырулар енгізді. 619 жылы салық жүйесі  іске
асырыла бастайды. Оның негізгі белігі: Цзу - дақьшдар арқылы төленетін,  жер
салығы болды. Салықтың мөлшерін жергілікті  басшылар  белгілеп,  сол  немесе
басқа жердің ауласына қарай үдты Қытай  емес  тайпаларға,  салық  мөлшерінің
жартысын бөлуге тиіс болды.
    «Дяо» - аула өнеркәсібіне карай белгілейді. Оны жібек  немесе  халатпен
төлену тиіс болды. «Цзу дяо юн» салық жүйесі біршама уақытқа дейін  қазынаға
түсіп  тұрды.  Қытайдағы  феодалдық  кезеңдегі  мемлекеттің   кұрлымы,   Суй
кезеңінде  іске  қосылып  VII  ғ.  бірінші  ширегінде  анық   орнықты.   Тан
империясының мемлекеттік басқару құрылымы Корей  патшалықтары  Силла,  Пэкче
және Когуре, сонымен қатар Жапонияның  мемлекеттік  басқару  жүйесіне  ұқсас
болды.   Тандық   Қытайдың   саяси   кұрылымы,   Ежелгі   Қытай   доспотының
сарқыншактарын іске асырды.
    Император - аспан ұлының билігі шексіз болды. Император  және  көрнекті
санебниктер кеңесі мемлекеттік  аппаратты  басқарды.  Мемлекеттік    істерді
бірінші   санаттағы   министрлер   басқарды. Алты ведомоства  жұмыс  істеді.
Олар: салык-финанстық, әскери іс, қылмыстық іс, жалпы жұмыс  бөлетін,  әдет-
ғұрып, соңында азаматтық  Чин  болып  өзара  бөлініп  жұмыс  атқарды.Сонымен
катар,  арнайы  басқару  ұйымдары-аула  ісіне  байланысты  бөлініп   служба,
елшілер  қабылдау, вассалдық территориялардан бөлу т.б. жүйелер  қалыптасты.
Орталық аппараттың басшысы  -    инспекторлар  палатасы  болды.  Ол  тікелей
императорға  қарады.  Ол  провинция  басшылары  мен  астаналық   мекемелерді
қадағалап отырады. Тан империясының: Чаньань, Лоян  жэне  Тайюань  деген  үш
астанасы болып, оның әр қайсысын наместник басқарды. Ел  провинцияға,  облыс
пен уездге бөлінді. Олардың басында, император тағайындаған чиновник  тұрды.
Уездер  ауылдық  округтерге  бөлініп,  оның  ең  төменгі   сатысы    ретінде
ауылдың      община   -   пятидворға   өзінің   старостасын   сайлады.   Тан
империясының    вассалы    болып    көптеген    Қытай    емес  тайпалар  мен
халықтар саналды.
    Шекараны кадағалау мен  басып  алынған  жерлерді  басқару  үшін  арнайы
құрылған администрация жұмыс жасады.  Барлық  елдегі  әскери  күш  император
қолында болды. Астанада әскери мектеп   жұмыс  істеді.  Тан     империясының
әскери ұйымы үлкен қиындықтар туғызды. VIII ғ. ортасына дейін  оның  негізгі
бөлігін «округтар әскерилері» құрып,  5%  үлкен  ер  адамдар  болды.  Әскери
кызмет  еткендерге  сый  ретінде  жер  үлестірілді.   Бүкіл  ел   округтарға
бөлініп,  олардан  іріктеп,  әскерлерді   белгілі   уақытқа   дейін   әскери
кызметтерге алып отырды. Соғыс кезінде  әсіресе,  әскер  қатарына  алу  үшін
іріктеу  сынын  өткізді.  Округ  әскерлерінің  көп  бөлігі  астанада  қызмет
атқарып, император   резиденңиясын   қадағалау   олардың   негізгі   міндеті
 болды. Округ әскерлерінен басқа тан  императорларының  қарауында  жалдамалы
түркілердін  атты  әскері де болды.  623    жылдан   бастап,   солтүстіктегі
Шекара   әскерилерде   коныстандыру   басталды.    Әскерилер     қоныстанған
аймақтардағы жерлерде жұмыс істеуші шаруалар, бейбітшілік уакытында  әскерді
азық-түлік пен  фуражбен  қамтамасыз етуге, ал соғыс болған жағдайда  өздері
де солдат қатарына косылуға тиіс болды.
    VII г. 50 ж басында 631 жылдан бастап қолға  алынған  Тан  империясының
қылмыстық кодексінің күшіне енуі аяқталады. Кодекс  6  үлкен  тараудан,  бес
жүз баптан тұрып, мемлекет және қоғамға әсерін  тигізді.  Қылмыс  жасағандар
мен жәбірленушілердің әлеуметтік  жағдайына  қарай,  оларға  әр  түрлі  жаза
өтеуі ескеріледі. Егер шаруа  өзінің  қожайынын  өлтіретін  болса,  ол  өлім
жазасына кесілетін. ал егер қожайын шаруаны өлтірсе,  ол  тек  дүре  соғумен
құтылатын.   Тан   заңдары   феодалдық   жеке   меншікті,   помещиктер   мен
чиновниктердің билеуіне, және жұмысшы тап өкілдершің  каналуына  жол  берді.
Тан империясында 4 негізгі сословия: титулды  шен  -  мұралық  аристократия;
«қызмет етуші чин» -азаматтык және әскери чиновниктер.  «мейірімді  адамдар»
- шаруалар, кұлдар, үй қызметшілері, тау-кенде жұмыс істейтін  адамдар  т.б.
болды.  Тан  империясының  мемлекеттік  құрылымы  негізінде  Қытайдың   орта
ғасырлық сарқын шақтары сақталды
    Империяның  финастық   жағдайы   төмендейді.   Металл   ақшаның   шынуы
кысқартылады, акшаның құны өседі. Азық-түлікті  өндіруші  шаруалар  оны  алу
үшін жағдайы екі есе  төмендеді.  Шаруалар  жерлерін  тастап,  қашып  кетуге
мәжбүр болды.  Аяқ  астынан  күріш  қымбаттатылды.  Екі  жүз  жыл  Уақытында
күріштің бағамы 750 есеге дейін көтерілді.
    Қытайда бұрыннан бері өкілі шықпаған уакытта үкіметтік амбарлар құрылып
құрғаушылық жылдары дәндерді аш қалғандарға үлестірілуі тиіс  болды.  Бірақ,
ұры чиновниктер мемлекеттік запастарды өздеріне  қағыстырып  отырды.  Өзінің
шығармасында көрнекті жазушы Цао Е «үкіметтік  амбарлардагы  крысалар»  атты
еңбегінде,  чиновниктердің  жек   көрінішті   қылыктарын   амбардағы   дәнді
кеміретін крысаларға теңейді. 764 жылдан бастап тағы  күштеп  қосымша  салық
түрі енгізіледі. Екі жылдан соң салық күшіне енгеннен кейін үкімет  тағы  да
қосымша чайға, винога, лак ағашына, тұрған үй  салықтарын  енгізеді.  Тұздың
бағасы қымбаттатылады. Көптеген шаруаларға түз жетпеді.
    Әсіресе  салықтың  көп  мөлшерді  түрі  елдің   оңтүстік   -   шығыстың
аймақтардағы халықтың наразылығын туғызады. Бұл аймақ Тан империясының   аса
ауқатты аймақтарының бірі болды. Осы провинцияларда бірінші  болып  шаруалар
көтерілісінің аты өргенеді.  762 жылдың күзінде    Чжэцзян    провинциясының
 шығысында   Юань   Чао басқарған   шаруалар   көтерілісі  бүрқ  етеді.  Бұл
жердің   билеушілері  қатыгездік  пен  заңсыздықтың  жоқтығы  ерекшеленетін.
Олар шаруалардан барлық дәндері мен маталарын тартып алып отырды.  Кімді-кім
қарсы  шыққан  жағдайда  шаруаларды  өлім    жазасына  кесті.   Ызалы   ауыл
тұрғындары таулы  және  өзенді  аймақтарға  қашып  кетті.  Юань  Чао  қашқан
шаруаларда отрядтарға біріктірін, өзі  басқарып,  елдің  төрт  облысы  басып
алады. Соңында, бұл әскер саны, екі жүз мыңға жетті. Бұл көтеріліс 763  жылы
жазына дейін созылды, бірақ үкімет оны басып-жаншыды.
    Жаңа таптық күрестің басы IX г.  50  жылдары  қайта  өршіді.  851  жылы
Сычуанда  солдаттар  мен  шаруалар   көтерілісі,   ал   852   жылы   Цю   Фу
басқарған көтеріліс бұрқ етті. Оның негізгі козғаушы  күші  -  кашып  кеткен
шаруалар болды. 86 жылдың басында Цю Фудың басқарушымен мұлда  бірнеше   мың
шаруалар  болса,  көтерілістің  өршіген  кезінде  олардың жалпы саны -  отыз
мыңға  жетті.  Көтеріліс  басшысы  Цю   Фу   Астанастының    басшысы   болып
жарияланады.   Шаруалар мемлекеттік, помешиктік  және  монастырлык  амбарлар
мен қоймаларды жаулап алып, дәнді-дақылдарды және басқа да бұйымдарды  кедей
адамдарға үлестіріп берді. Цю Фу ремесленниктерді өнеркәсіпке тартып,  оқ  -
мылтық жасау үшін    арнайы  тапсырма  береді.  Көтерілісшілердің  өз  фолты
құрылады.  Көтерілісті  басып-жаншу  үшін  тан  үкіметі  аса  үлкен  әскерді
жіберді. Оған көмек  ретінде    жергілікті    гарнизондар   іске    косылып,
сонымен  қатар ұйгырлар мен тибеттерден  құралған   отрядтар   біріктірілді.
Аса   күшті  кақтығыстар       басталды.  Үш    күннің     ішінде     шаруа-
повстанттар    83  қақтығысты  басынан  кешірді.   860  жыры  терең  күзінде
көтерілістің негізгі бөлігі қиратылып, Цю Фудың өзі бір соғыс  кезінде  мерт
болады. Тек ержүректер  ғана  жау  коршауынан  шығуын   мүмкіндік   туғызып,
тауға  қашып   кетеді,    бірақ    бір     айдан    соң    повстанттықтардың
сарқыншағы жойылады. 863 жылы  елдің  оңтүстік  аймактарындагы  көтерілістер
бой кетереді, өз уақытын өтеген солдаттар, үйлеріне қайтуды  сұрайды,  бірақ
командир олардың өтінішін қабылдамайды.   868  жылы  Гуйчжоуда    500  толқу
көтеріп, өздерінің басшысын өлтіріп, ал командир етін  офицер-интендент  Пан
Сюняны тағайындайды. Солтүстікке жылжу керектігі шешілді. Осы  кезде  Хуайхэ
солтүстік өңірі, су тасқынынан  жапа  шегіп,  шаруалардын  көпшілігі  үйсіз-
күйсіз қалады. Осыған байланысты Пан Сюннын отряды осы маңнан  өткен  кезде,
көптеген халық қосылады. Сол кездін өзінде Тан Сюняның әскер  отрядында  50-
60 адам болып, кейіннен онын саны 200 мыңға жетеді.  Әскери  бүлік  шаруалар
көтерілісіне айналып кетеді. Повстанттар Хунан, Хубэй, Аньхуэя,  Цзянсу  мен
Шаньдун сияқты аймақтарындағы облыстарды жаулап  алып,  Янцзы  өзені  арқылы
ары қарай жүзіп кетеді. Байлардан тартып алынған нәрселер кедейлер  арасында
бөлінеді. Бірінші айда  тан  әскері  көтерілісті  басып-жаншуды  ойластырып,
Шато, Тогон, татар тайпаларынан отряд құруды  сұрайды.  869  жылы  көтеріліс
опық жейді.
    874  жылы  солтүстік-шығыстағы  шаруалардың  карсылығы  күшті  шаруалар
көтерілісінің  шаруалар  соғысына  айналды.  Шаруалар  көтерілісінің   ошағы
Хэнань мен Шаньдун провинңиялары болды. Осы провинцияларда  IX  ғасырдың  50
жылынан бастап әсіресе  шекарадағы  жалданушыларға  қарсы  үкімет  әскерлері
көптеп келе бастады.  Контингенттік  әскерлерді  қамтамасыз  ету  жергілікті
халықтың мойнына жүктелді. 873 жылы кос өзен Янцзы мен  Хуанхэде  аса  күшті
құрғақшылық орын алады.  Мыңдаған  адамдар  аштық  азабын  бастан  кешіреді,
бірақ катыгез - қаскүнем чиновниктер  шаруалардың  соңғы  ала  жібіне  дейін
тартын алуды тоқтатпады. Ашу - ызаға толы, жергілікті  тұрғындар  отрядтарға
бірігін,   уездік   облыс   орталықтарына,   помещиктер   усадьбалары    мен
монастырбларға шабуыл жасайды. Хэбэйде повстанттар ортасынан түз сатушы  Ван
Сянь Чжи сұрылып шығады. 874 жылы ол көтеріліс өртін  тұтандырып,  он  мыңға
жуық серіктес жинайды. Келесі жылы Шаньдунда Хуан Чао  атты,  тағы  бір  түз
сатушысы мен сегіз оның серіктестері отрядтар кұрып, Ван Сянь  Чжи  бастаган
повстанттық күш иелері осы отрядтардың қатарына қосылады. 876 жылы Ван Сянь-
чжи мен  Хуан  Чао  әскерлер  саны  жүз  мың  адамға  жетті.  Олардың  қимыл
-әрекеттері арқасында бес  провинция  алынып,  Лоянға  кетерілісшілер  қауіп
төндірді.  Үкімет   әскеріне   қиындык   туғызып,   олар   повстанттыктардың
оңтүстікке шегінуіне бұйрық берді.
    Тан билеушілері көтеріліс көсемдерін салып алуға тырысты. Ван  Сянь-чжи
бұл ұсынысты кабыл алып, егер ол әскери  жоғарғы  шенеулік  болса,  мемлекет
басшыларынан   қолдау   тауып,   шаруаларга   көмек   көрсете   аламын   деп
тұжырымдайды. Бұл тұрғыда көптеген кикілжіңдер  туады.  Хуан  Чао  ызаланып,
өзінің жақтас - қатарластың шешіміне қарсы, шығып оны сатқындық жасадың  деп
қабылдайды. Бірақ, екі повстантық басқарушылар  арасында  үлкен  қикілжіндік
туады. Хуан Чао баскарған отряд - солтүстік-шығысқа  қарай  бөлініп  кетеді.
678 жылдың наурызында  Ван  Сянь-чжи  басқарған  отряд  әлсізденін,  жеңіліс
тауып, ол отряд қолға алынып, өлім жазасына кесіледі. Хуан Чао әскер  отряды
Лоянды жаулап ала алмаған соң, 879 жылдың  күзінде  артқа  шегініп,  Гуанжоу
провинцияларының батарын бағындырады. Қаланың тұрғындары повстанттарға  жаңа
ашырлықпен қарады. Гуанчжоуда - ірі сауда  порты  болып,  саудагерлер  мұнда
арабтардан, парсылардаи, еврейлікгерден  кұралған.  Саудамец  айналысушылар,
Қытай  құрғындарын  гартты,  көтерілісшілерге  олар   аля   көзбен   қарады.
Көтерлісшілер әскерлер Гуанчжоуда көп уақыт тұрақтайды.  Күзде  олар  қаланы
тастап, кайтадан солгүстікке карангаң зәулім  эпидемия  болады.  әскерлердің
40%  эпидемияға  шалынады.  Солтүстікке  жорық  барысында  шаруалар   отряды
жаңарып, олардың жалпы саны жарты миллионға жетеді.
    Көтерілісшілер күннен - күнге Чаньанға бірнеше  шаралар  ұйымдастырады.
Хубэй провинциясында  өткен  ірі  тан  әскерлері  повстаннарға  күшті  соққы
беріп, олар Янцзы өзенінің жағалауына  шегінуіне  мәжбүр  болды.  Янцзыда  -
көтерілістіі  жаңа  орталығы  ашылып,  шарулар  отрядтары  біріге   бастады.
Соңында, Хуан Чао басқарған отряд әскер саны үш жүз мыңға жетті. 880  жылдың
жазында ол Лоянға қарай аттанды.  Лоян  880  жылдың  қараша  айында  құлады.
Тарихи дерек көздеріне жүгінгеннің өзінде  Хуан  Чао  Лоянга  кіргенде  оның
әскерлері  тыныштықта  еді.  Көтерілісшілер  император  туыстары  мен  сарай
қызметшілерін,  жоғарғы  чиновниктерді  өлтіреді.  Сонымен  қатар   Тунгуань
бекініс - заставасы көтерлісшілерге беріледі. Астанаға жол ашық  болды.  881
жылы 10 каңтарында Хуан  Чао  басқарған  отряд  Чаньанда  баяндама  жасайды.
Император оңтүсгікке - Сяпь янға қашып, содан соң Сычуаньнан орын тебеді.
    Сун мемлекеті
    Сун  кезеңін  –Қытай  экономикасының,  мәдениетінің,  басқарушылық  іс-
әрекетінің шарықтау шегімен байланыстырады. Бірақ ішкі саясатпен  империяның
суверенитетіне байланысты біршама мәселелер  өз  шешімін  таба  алмады.  Хғ.
басында Қытай мемлекетінің солтүстік-шығысында өмір сүрген монғол  этникалық
қоғамынан құрылған қидандар қытайлармен, олардың  мәдениетімен  ұзақ  қарым-
қатынас  жасап  отырған.  Қытай  империясының  басына  саяси  қиындық  туған
жылдары Елюя әулетінен шыққан  Апока  жоғарғы  көшпенділердің  басшысы  және
өзін император жариялаған  болатын.  947  жылы  олардың  негізінде  құрылған
мемлекетке Ляо деген қытайлық мағына берген.  Олардың  өмір  сүруі  916-1125
жылға  дейін  созылды.  Қытайды  жаулауға  байланысты  болған  соғыстар  жас
мемлекетке ірі-ірі жеңістер әкелді. 946 жылы  қидандар  Кайфын  патшалығының
астанасын  да  жаулап  алған.  Бірақ  бұл  қуаныш  ұзаққа   созылмады.   Ляо
мемлекетінің әскері қытайдың солтүстігін толығымен жаулап алды, олар  жаулап
алған әрбір  аймақ  Ляо  мемлекетінің  қол  астына  кірді.  Қытайлықтар  мен
корейліктер Ляо мемлекетінің басқарушылық құрылымын біршама  ретке  келтіріп
отырды: қытай иероглифтік базасында қытай  элементтерінің  жазу  үлгісіндегі
әрбір иероглифтің мән-мағынасын ашу,  бірнеше  қалалар,  салт-дәстүр,  сауда
еркін түрде дамып  отырды.  Мұның  барлығы  қытайлықтар  мен  корейліктердің
арқасында жүзеге асып отырды.
    Тан династиясының артынан 907 жылы империя  құлады.  Анархияның  уақыты
туып, Қытай тарихында «бес династия» деген кезең басталды. Бес  диктатуралар
аз уақыт ішінде елдің солтүстігінде бірін-бірі  алмастырып  отырды:  Кейінгі
Лян (907-923); Кейінгі Тан (923-936); Кейінгі Цзинь (936-947); Кейінгі  Хань
(947-951); Кейінгі Чжау  (951-960).Бұл  тұрақсыз  династияның  императорлары
болып әскери, соның ішінде варварлық  тұқымнан  шыққан  адамдар  болды.  Сол
кездері басқару ретсіз болған  еді,  оның  себебі  тұрақсыз  императорлардың
салдарынан болды. Бұл ретсіздік елдегі азаматтық  соғыстың  басталуына  әкеп
соқтырды.
    Сун мемлекеті Қытай жерін бір  империяға  үш  рет  біріктірді,  олардың
әрбір әрекеті Хань мен Тан  мемлекетінен  айырмашылықта  болды.  Мемлекеттің
құрылуы жағынан, беделімен ішкі және сыртқы саяси өмірі де, тіпті  құлдырауы
да тек өздеріне ғана тән іс-әрекет бола білді.  Хань  мен  Тан  мемлекетінен
айырмашылығы ұлттық байланыстар  бейбітшілік  жолмен  шешіліп  отырды.  Жаңа
династияның жаулары болып империяның халқы емес, солтүстіктен  ұлы  қорғанға
дейінгі өмір сүріп  жатқан  дала  халқы  болды.  Сун  династиясының  негізін
салушы Чжао Куан-инь, Чжочжау ақсүйектерінен шыққан солтүстік  азаматы  еді.
Болашақ император генерал болатын.
    Егер Қытай мемлекеттері мен провинцияларының көпшілігі  Сун  империясын
қуанышпен  құптаса,  солтүстік  халқы  оңайлықпен   беріле   қоймайды.   Сун
мемлекетінің екінші императоры Пекин мен Ұлы  Қорған  арсындағы  жоғалтылған
территорияларды қайтаруға тырысты.  Сун  мемлекетінің  құрылуындағы  бірнеше
саяси, экономикалық жағдайлар қытай халқының психологиясын, сана-сезімін  де
күрт өзгертті. Салық  салу  саясаты  да,  жер  бөлігі,  тұрмыстық  өмірі  де
өзгерген.
    946 жылы қидандар Кайфын патшалығының біраз  бөлігін  өздеріне  қаратып
алған болатын. Қытайлықтар мен корейліктер Ляолармен басқару негізі  бойынша
бірнеше  мәселелерді   шешуге   тырысты.   Мысалы,   қытайлықтар   өздерінің
иероглифтары  негізінде  жазып  отыруға,  қаланың  архитектурасын  дамытуға,
сауда мен қолөнерін  сол  қалпында  сақталуына  келісім  жасады.  1004  жылы
қидандар қытайлармен мынандай бейбітшілік  келісімге  отырды:  Сун  астанасы
жыл сайын Ляоларға 200 мың бірлік жібек, 100 мың лян күміс тапсырып  отырды.
1075  жылы  Қытай  қидандарына   бірнеше   солтүстікқытай   бөлігін   жаулап
алды.Бірақ қидандар  қытайлардың  негізгі  жауы  болатын.  Х-ХІ  ғ.  басында
Қытайдың солтүстік аймағында Батыс Ся деген мемлекет құрылды.
    Әлеуметтік прцестің  жылдамдауы  мен  мүліктік  теңсіздік  монғолдардың
мемлекет араларындағы шабуылдарын жиілей түсті.  Монғол  даласымен  көршілес
жатқан оңтүстік Сібірді жаулап алғаннан  кейін,  Шыңғыс  армиясы  1210  жылы
чжурчжэндармен соғысып, 1215 жылы Пекинді  жаулап  алды.  1226-1227  жылдары
Қытайдың  солтүстік  –батысындағы   тангуттар   мемлекеті   жойылып   кетті.
Тангуттардың  жартысы  аяусыз  өлтірілсе,  ал  қалған  бөлігі   монғолдардың
құлдары болып кетті. 1231 жылы монғолдардың  келесі  күші  қайтып  Солтүстік
Қытайға  қайтып,  осы  жерде  чжурчжэндер  құрған  Цзинь  мемлекетінің  күл-
талқанын шығарды. Дәл осы уақытта Шыңғыс әскерінің қалған  бөлігі  Азия  мен
Европаны жаулап  алуға  кірісті.  1235  жылы  Қытайдың  оңтүстігі  толығымен
Шыңғыс әулетінің иелігіне  өтті.Қытайдың  оңтүстігін  жаулап  алуға  40  жыл
уақыт кетті. Бұл ұзақ уақытқа созылған соғысты басқа  соғыспен  салыстырсақ,
сундық қытайларға деген қатыгездікті  байқауға  болады.  Жүздеген  жылдармен
құралған  Қытай экономикасы мен мәдениеті, мүліктік  қазынасы  бір  күнде-ақ
жоқ болды. 1276  жылы  ғана  Ханчжоу  астанасы,  оның  соңғы  императоры  да
қарсыластық көрсетті.
    1280 жылы Сун  мемлекеті  толығымен  монғол  билігінде  болды,  ал  ұлы
Хубилай монғолдық Юань  династиясының  қытай  императоры  болып  жарияланды.
Юань династиясы Қытайдың негізгі бөлігінде бір ғасырға дейін,  ал  Солтүстік
Қытайда бір жарым ғасыр  үстемдік  етті.  Бұл  Қытай  тарихы  үшін  Нань-бэй
чаодан кейінгі басынан  өткізген  ең  қиын  кезең  еді.  Мысалға,монғолдарға
қарсы келген,  қытайлық  сол  жерде  аяусыз  өлтіріліп  отырды.  Бұл  аяусыз
жағдайлар Елюй Чу – цайдың ұсынысынан болған. Елюй  Чу  –  цайдың  кеңесшісі
болған.  Кеңесші  бірінші  ол  адам  қоғамға  қандай  кіріс  әкеледі   деген
сұрақтарға жауап іздеп одан кейін барып қана,  оларды  атып  отырған.  Қытай
тарихында бұрын болмаған құлдар көбейді.
    Қытайды монғолдар басып алғаннан  кейін  Сун  мемлекетінің  экономикасы
біршама нашарлап кетті, ал сауда мен жер  мәселесі  мүлдеи  ақылға  сыймады.
Әкімшілік басқаруына келетін болсақ, конфуция  ақсүйектері  мүлдем  биліктен
алынып тасталып, өз  орындарын  монғолдардың  хандарымен  әскер  басшыларына
берді.  Қытай  тұрғындарын  ешқайда   шығармады.   Қытайдың   оңтүстігіндегі
халықтар үшінші  және  төртінші  сорттағы  адамдардың  қатарына  жатқызылды.
Мұндай монғолдар  салған  ережелерге  қытайлықтар  ондаған  жылдар  өткеннен
кейін қалыптасты.Салық салу саясаты  да,  жер  бөлігі,  тұрмыстық  өмірі  де
өзгерген. Сонымен Сун  мемлекетінің  негізін  қалаған  Чжан,  Ван,  Ли  және
Чжаолар  есімі Қытай тарихындағы  ұлы  тұлғалар  Қытай  тарихындағы  ең  ұлы
мемлекетке, өмір сүру ұзақтығы да осы Сун мемлекетінің еншісінде болатын.
    Әдебиет:
    1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях.  Ред.кол.:
Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
    2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
    3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
    4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
    5. История Востока  В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние  века  М.,РАН-
1995
    М.,РАН-1998.
    6. История средних веков  (под ред. Сказкина) М.,88
    7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
    8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
    9. История Китая  с древнейших времен до наших дней. М.,1974.
    10.Бокшанин А.А. Китай и страны южных морей в XIV-XVI в.в. М.,1968.
    11.Китай: между прошлым и будещем. М.1999.


    Тақырып: 5.  Жапония.
    Мақсаты:.
    1.ІІІ-ІҮ ғасырдағы Жапония энникалық құрамы.
    2.Ямато патшалығының құрылуы.
    3.Мемлекеттік басқару жүйесі.
    4.Агрорлық қатынастар.
    ІІІ-VI  ғ.ғ.  Жапонияның  әлеуметтік-экономикалық   дамуы.   Жапонияның
неғұрлым ертеректегі тұрғындары қазіргі  айнулардың  ата-бабалары   эбисулар
деп есептелді. Жаңа эраның басында олар Хонсю  аралының  солтүстік-шығысында
өмір сүрді.  Олардың этникалық шығу  тегі  әлі  анықталмаған,  бірақ  кейбір
зерттеушілер олардың  оңтүстіктен   шығуын   Малаямен,  Үндіқытай  түбегімен
және  қазіргі  Индонезия  аралдарымен  байланыстырады.    Жапон   аралдарына
бірнеше рет корейлер, қытайлықтар  және   әртүрлі   манчжуртунгус  тайпалары
қоныс аударып, эбисуларды солтүстікке  ығыстырды.
       Кескілескен  күрестер  барысында  бір  тайпаны    екінші   біреуінің
бағындыруы нәтижесінде біртіндеп араласу процесі  жүрді.  Күшті  тайпалардың
арасынан  Ямато тайпалары іріктеліп шықты. ІІІ ғасырдың соңы  мен  ІV  ғасыр
ортасында  олар  барлық  қарсыластарын  жеңіп,   Хонсю   аралының   оңтүстік
бөлігінде  Ямато  тайпалар  одағын  құрды.Осы  атаудан  Япония  атауы  пайда
болды.
      Қазіргі жапондықтардың  ата-бабалары   егіншілікке  жарамды,  құнарлы
аудандарға  қоныстанды. ІІІ-VІ ғ.ғ. өзінде-ақ  негізгі ауылшаруашылық  өнімі
 құрғақ және  игерілген  жерлерде   өндірілетін  –  күріш  болды.  Суландыру
каналдары  мен  тоғандар  сала  бастады.  Негізгі  дақыл  күріш  пен   дәнді
дақылдармен бірге, V ғасырдан бастап жібек өндіру басталды.
    Қытайлықтардың  Жапонияға қоныс  аударуы  ІІІ  ғасыр  аяғында  Қытайдың
батысынан көшпенділердің  шабуылы нәтижесінде  күшейіп,  V  ғасырда   корей-
қытай қоныс аударуы  қарапайым  құбылысқа  айналып  қалды.  Қонысаударушылар
тұрғындардың әртүрлі тобына жатып, “бэ” деп  аталды.  Бұларға  тағы  жеңіліп
қалған қауымдардың басшылары, пұтқа табынушы абыздар, “грометейлер”  –  яғни
қытайша  оқып,  жаза  алатын  қалыптасып  келе  жатқан  мемлекеттің  алғашқы
чиновниктері, сонымен бірге  қылмыс  істеп  құлға  айналған  қауым  мүшелері
жатты.  Үй шаруашылығында құлдар еңбегі қолданылды,  дегенмен  олардың  саны
аз болды.
    Қарапайым  сауда  қатынастарының  даму  нәтижесінде  V  ғасыр   басында
рыноктар пайда болды. Ең алғашқы рынок Хонсю  аралының  орталық  бөлігіндегі
қазіргі Осака қаласы ауданындағы  “Қытай рыногы” болды. Жапон  қорғандарынан
табылған қытай тиындары осы континентпен сауда  қатынастарын  жүргізген  деп
болжауға  мүмкіндік  береді.  Қоғамдық  еңбек  бөлінуінің  негізінде   мүлік
теңсіздігі өсіп, аристократтық отбасылар бөлініп шыға бастады  және   құлдар
мен бэлерді қанау күшейді. ІV ғасыр соңы мен   V  ғасырда  патша  функциясын
атқаратын  тайпа  одақтарының  көсемдерінің  билігі  күшейді.  Оның   билігі
маңызды жер көлемін иелену, қауым  мүшелеріне  салық  салу,  құладар  жаулап
әкелу,  егінші, қолөнерші бэлердің еңбегін пайдалану болды.  Дамыған  таптық
қоғамда егіншілікпен  шұғылданушы  қауымның ролі күшті болды.
    Жеке-жеке ақсүйектер отбасыларының билік  үшін  күресі  барысында  Сого
әулеті 592  жылы  патшаны  өлтіріп,  билеуші  жағдайды  егеленді.  Өздерінің
ықпалдарын күшейту мақсатында елге корейліктер  мен  қытайлар  әкелген,   VІ
ғасырдан  кең  тарқай  бастаған  буддизмді  қолданды.  Сонымен  бірге  жапон
тайпаларының  ежелден  келе  жатқан  пұтқа   табынушылық   діні   синтоизмге
(құдайлар жолы) үлкен соққы берді.  Буддизм  қалыптасып  келе  жатқан   ерте
феодалдық   қоғамның  алғашқы   қауымдық    қалдықтарына   қарсы   қолданған
идеологиялық қаруы болды.
    Билік үшін кескілескен күресте бұрынғы патша үйінің өкілі Сетоку  Тайси
билікке   келеді.  Сетоку-Тайси  қызметінің  атақты  ескерткіші   604   жылы
жасалған  “17  статьялық  заңы”  болды.  Бұл   ескерткіште   буддалық   және
конфуцилік  діннің ықпалы күшті болды. Мұнда алғаш рет жапон  аұсүйектерінің
талабына  сай  мемлекеттік  құрылысы  анықталды.  Бұл  заң   патша   билігін
күшейтуге жағдай жасады. Сетоку Тайси саяси тіректі сырттан табуға  тырысты.
607  жылы  Қытайға  елшілік  жіберді.  Мәдени  байланыстар   орнатты.   Сога
әулетінің қарсыластары бірігіп,  төңкеріс ұйымдастырды.
    2.Тайк төңкерісі және  елдегі  реформалар,  мемлекеттік  құрылысы.  VІІ
ғасырда  Жапонияда  орталықтанған  мемлекет  құрылды.  Мұнда  тарихта  “Тайк
төңкерісі” деген  атқа  ие  болған  (сөзбе-сөз  аударғанда  “Ұлы  өзгерістер
кезі”) саяси төңкеріс үлкен маңызға ие болды. Принц  Наканооэ  мен  Накатоми
Камако  бастаған  ақсүйектер  император  сарайындағы   Сого  руының  билігін
жойды. Бұл төңкеріс және  елде  жүргізілген  реформалар  “Тайк  реформалары”
қоғамдағы дағдарысты  жағдайлардан  келіп  шықты.  Халықты  алдыңғы  басқару
құрылымымен қанау мүмкін емес еді.
    Реформаларды жүргізуге сыртқы факторлар да  әсер  етті.  Қытайдағы  Тан
империясы күшейіп Корей түбегін  тіпті  Жапонияның  өзін  жаулап  алу  қаупі
күшейді.
    645 жылдан бастап-ақ үкіметтік басқару аппаратын қайта  құру  басталды.
Арнайы  министрліктер  құрылды.   Императордың   кеңесшілері   тағайындалды.
Жергілікті дәрежеде де өзгерістер енгізілді. Шығыс  облыстарда  жерді  өлшеу
жүргізілді, тұрғындарға  тұрақты  салық  жүйесі  енгізілді,  провинциялардың
губернаторларымен, уездердің басшылары тағайындалды.
    Сотқа арыз берудің жаңа жүйесі енгізілді. 646 жылғы  Үкімет  жарғысынан
көрінгендей  реформалардың мәні төмендегідей:
          1. Жеке жер иеленуді өзгерту, император отбасымен аристократтарға
             тәуелді адамдар категорияларын жою, адамдар мен,  жерді  түгел
             мемлекет  меншігі  деп  жариялау.  Аристократтар   компенсация
             ретінде  ранглік, қызметтік және басқа үлестер  алып,  қанаушы
             тап жағдайын сақтап қалды.
          2. Басқарудың орталық органдары құрылды, территориялық  әкімшілік
             бөлу енгізілді.
          3. Жер есебі алынды, қауым санағы  жүргізілді,  әрбір  шаруа  жер
             үлесін алатын болды.
          4. Ұйымдастырылған жаңа салық жүйесі енгізілді.
    Бұл реформалар  орталықтанған  мемлекет  құруға  бағытталған  еді.  Бұл
реформа кейін 647,649 және 664 жылдары өз жалғасын тауып отырды.
    3.VII-X  ғасырлардағы Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы,  сыртқы
саясаты.   Белсенді  сыртқы  саясат  қарастырып  отырған  кезеңнің  тек  бас
кезінде ғана жүргілді. 663 жылы Кореяның ішкі  істеріне  араласу  жеңіліспен
аяқталды. Аралға  Қытай  шапқыншылығының  қаупі  төніп,  жапондар  жағалауда
бекіністер  сала бастады. Астана 667 жылы Нанива  портыван  елдің  ішкі  Оми
ауданына көшірілді. 653,  654,  659,  665  жылдары  Қытайға  арнайы  елшілер
жіберілді. 668 жылы император  Тэндзи  (бұрынғы  принц  Наканооэ)  тұсындағы
алғашқы заң кодексі “Омире” кодексінің жарық көруімен және 670 жылы  алғашқы
бүкіл ел көлемінде   тұрғындардың  санағының  жүргізілгенінен  орталықтанған
мемлекеттің негізі қаланды.
       Ерте  орта  ғасырлардағы   Жапониядағы  жер  иелену    екі   формада
мемлекеттік  үлестік  жүйеде  және  ірі  жеке  феодалдық  вотчина  (ірі  жер
иелеріне рулық мұра  есебінде  берілген  иелік)  негізінде  (сеэн)  берілді.
Үлестік жүйені ресми түрде енгізу VІІІ ғасыр  жатады. Осы кезде  702   жылғы
“Тайхоре”  кодексінде  ерте   феодалдық   аграрлық   құрылымдардың   негізгі
принцптері заң жүзінде  бекітілді.  Әрбір  шаруа  жерді  отбасы  мүшелерінің
санына қарай  6 жастан асқан  баланың  есебіне  қарай  алды.  Ер  адамдардың
үлесінің мөлшері 2 тан (1 тан -0,12 га) болды. Ал әйелдерге 2/3 берілді.  Әр
6 жыл сайын  отбасы  мүшелерінің  өзгеруіне  байланысты  жер  қайта  бөлініп
отырды. Үлестік жері бар  шаруалар   мемлекетке  дән  салығын  және  қолөнер
бұйымдарының салығын  төлеуге  мәжбүр  болды.  Азық-түлік  рентасынан  бөлек
шаруалар барщиналық міндеткерлік өтеді.  Шаруалардың  үлестік  жерден  кетуі
немесе одан бас тартуға тыйым салынды. Үлестік  шаруалар  “Тайхере”  кодексі
бойынша  “қайырымды адамдар” деп аталды, ал  құлдар  “төменгі  адамдар”  деп
аталды. Сонымен ерте феодалдық заң  бойынша   құлдық  сақталып  қалды.   Құл
иелену қосымша жер иеленуге  мүмкіндік  берді.  Мемлекеттік  құлдарға   азат
адамға берілетін жер үлесімен  бірдей  үлес  берілсе,  ал  жеке  тұлғалардың
құлдарына азат шаруа үлесінің 1/3  бөлігі  берілді.   Ақсұйектердің  құлдары
өте көп болды да,  ол құлдар есебінен көп жерге ие  болды.   Билеуші  топтар
өздерінің  құлдарын  көбейтуге  тырысты.  Құлдарды  негізінен  жаулап  алған
жерлерінен  әкелді  десек  бұл  кезде  жаулап  алу  соғыстарының   болмауына
байланысты құлға айналдырудың  басқа жолдарын қарастыра бастады.  Ақсүйектер
шаруаларды ұрлауға,  күшпен  әкетуге,  әсіресе  кішкене  балаларды  әкесінен
сатып алуға көшті. Салық төлемеген және  қылмыс  істеген  шаруалар  құлдарға
айналып отырды. VІІ ғасырда бүкіл халық саны 6 миллион болды, оның  10-15  %
құлдар құрады. Құлдар еңбегі негізінен құрылыс  істерінде  қолданылды.  Нира
қаласын негізінен құлдар салды. IX ғасырдан  құл  еңбегі  сирек  қолданылып,
кейін мүлде жойылды.
      Елді билеушінің абыройын көтеру  мақсатында  оған  император  (тэнно,
сөзбе-сөз  “аспан  ұлы”)   титулы  беріліп,  оның  шығуы  жөнінде   құдаймен
байланыстырылған аңыз қалыптасты. Император жанындағы   жоғарғы  мемлекеттік
орган Мемлекеттік Кеңес болды.  Орталық үкімет құрамына 8  ведмоства  кірді.
Олар: діни істер, қамба  және  қаржы,  жалпы  мемлекеттік  істер,  азаматтық
істер,  әкімшілік  істер,  сән-салтанат  және  шендер,  сарай   ведмоствасы,
әскери істер,  қоғамдық  істер  ведмоствасы.  Ел  провинцияға,  провинциялар
уездерге бөлінді.
             Ерте феодалдық мемлекеттің қалыптасуы әкімшілік-саяси, қолөнер-
сауда және діни орталықтардың  құрылуына  жағдай  жасады.  320  жылы  корей-
қытай қонысаударушылары  Нанива қаласының  негізін  қалады  (қазіргі  Нанива
қаласы).  593  жылы   Асука  қаласы  салынды.  Бұл  қалаға  солтүстік  Корей
мәдениетінің  ықпалы  күшті  болды.   VІІІ  ғасырдан  қалалардың  салынуында
Қытай ықпалы күшейді. 710-787 ж.ж. және 792-1192 мемлекеттің астанасы  Нара,
Хайан  қалаларының  салыну  жоспары  Қытайдың  Чанань  қаласының   үлгісімен
салынды.   Нара, Хайан қалалары   ірі  сауда  және  қолөнер  орталығы  болып
онда жоғары сапалы сән салтанатты қолөнер бұйымдары, парча, металл  бұйымдар
мен ауылшаруашылық құралдар тағы басқа тауарлар  қала рыногына шығарылды.
    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
    1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях.  Ред.кол.:
Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
    2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
    3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
    4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
    5. История Востока  В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние  века  М.,РАН-
1995
    М.,РАН-1998.
    6. История средних веков  (под ред. Сказкина) М.,88
    7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
    8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
    9. Жуков Е.И. История Японии. М.,1969.
    10.История Японии (с древнейших времен до наших дней) М.,1988.





    Тақырып  6.  Жапония Сегунат кезеңінде.

    Мақсаты:   Экономика  және  оның  қазіргі  қоғамдағы  рөлі,экономикалық
қатынастар жүйесінде адам орны.
    1.Сегунат билігінің қалыптасуы.(Фудзивара, Таира, Комакура)
    2.Сегунаттың орнауы.
    3.Ода Набунаганың реформалары.
    4.Токугава феодалдық абсолюттік режимі.
    X-XII ғ.ғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық, саяси  дамуы.  Феодалдық
қатынастар Жапонияда  XI-XII ғасырларда  түбегейлі қалыптасты.  Осы  кезеңде
жапон феодалдық иелігі –  сёэн  құрылады.  Ол  мұралыққа  берілді  және  кез
келген салықтардан босатылды. Үлкен жер мөлшерін будда монастрлары  иеленді.
Феодалдардың,  діни  орындардың  және   ақсүйектердің   жерлерін    шаруалар
өңдеді.  Ауыл тұрғындарының маңызды   бөлігі   император  мен  оның  сарайын
бағынып,  чиновниктерге салық  төлеп  тұрушы   мемлекеттік  шаруалар  болды.
Жапон феодалдары бірнеше разрядқа  бөлінді.  Ірі  феодалдар  -  хонкэ,  ұсақ
иеліктегі феодалдарды – реканы  вассалдық  тәуелділікте  ұстады.  Хонке  мен
рекалардың самурайлардан тұратын  жасақтары болды.
      Ірі жер иеліктері бар феодалдар жерді сыртқы  жаулардан  қорғау  үшін
және ушығып  кеткен  шаруалар  қозғалыстарын  басып  отыру   үшін  өздерінің
әскери жасақтарын көбейтіп отырды.  Нәтижеде   дружиниктерден  ұсақ  иелікті
дворяндар –самурайлар тобы құрылды. Олар әскери қызметі үшін   өз  иелерінен
жер үлестерін алып отырды.  Буддизм мен конфуцилік принцптерге   негізделген
самурайлардың  этикалық-моральдық  кодексі  “бусидо”   деп   аталды.    Және
самурай  өмірінің барлық  жақтарын  қатал  қадағалап  отырды.  Олар  кішінің
үлкенге  толық  бағынуы  тиіс  деген  рухта   тәрбиеленді.   Құрметті   және
негізгі қызмет болып, самурайлардың  әскери  қызметі  есептелді.  “Бусидоны”
бұзғандар   қатал  жазаланды.  Қандай  да  болмасын  іспен  шерменде   еткен
самурай  өзін “харакири”  (қарнын  жару)   жасап  өлтіруге  міндетті  болды.
Самурайлардың бір бөлігі уақыт өте келе ұсақ  иелікті  дворяндарға  айналды.
Ал бір бөлігі  жерсіз, тек  әскер пайдамен  және  иесінің  қолында   самурай
күйінде қалды.
       Жапонияда  өте  ертеден-ақ   орталық  императорлық  билік  –  микадо
орнықты. Микадо – бүкіл жердің  жоғарғы меншік иесі  болып  жарияланды.   Ру
ақсүйектері  жеке аудандармен қала бастығы ретінде  басқарушы  чиновниктерге
 айналды.  Жерден, қолөнерден, саудадан салық  жинау  Қытай  үлгісі  бойынша
жүргізілді.
    2.  Сегундық  жүйенің   қалыптасуы.   Минамото   сегунатының   құрылуы.
Имераторлық билік  тез арада  өз маңызын жоғалта бастады.  Ірі  феодалдардың
өзара  күресінің  нәтижесінде  императордың қолында тек  діни  билік  қалды.
Жоғарғы  мемлекеттік  билік  біршама  күшті   феодал   –сегунның,    жоғарғы
билеушінің   қолына  көшті.  1185  жылы  Конто  ауданынан  шыққан   Миномото
Ёритомо  самурайлардан  тұратын  әскерінің  күшімен  өзіне  қарсы  бақталас-
феодалдарды жеңіп император астанасы  Киотоны  бағындырды.  Соғыс  барысында
елдің шығысында  кейіннен үлкен қалаға айналған  Камакурада 3 ведмоствадан:
   1. Самурай ведмоствасы (докоро)
   2. Әкімшілік ведмоствасы (мандокоро)
   3. Сот ведмоствасынан (монтюдзё) тұратын әскери үкімет құрылды.
    Астана ретінде Камакура қаласы таңдап алынды. Миномото  Ёритомо  ерекше
титул сёгун (яғни “әскери басшы”) деген ат  алды. Ол басқару мен  бақылаудың
 өзіндік жеке аппаратын құрды. Дзито –  жер  иеліктерін  басқарушы,  Сюго  –
провинциялардың әскери  губернаторларын  тағайындады.  Бұл  әскери-әкімшілік
жүйені  император сарайы  іс-жүзінде тек 1185 жылы мойындайды.
    Дзитоның қызметтері:
    - сёэн иелігі үшін салық жинады;
    - қылмысты соттауға және жазалауға құқы болды;
    - иеліктің әкімшілігін басқарды және   чиновниктерді  тағайындауға  құқы
      болды;
    - сёэндегі барлық жұмыстарға жауапты болды;
    Сюгоның қызметтері:
    - Қаруылдық қызметі үшін  әскер  жинау   және  әскери  қымылдар  кезінде
      әскер жинау;
    -  Провинциялардағы   тәртіпті  сақтау,  қажет   жағдайда    қылмыскерді
      тұтқынау;
    Алғашқы сегундар автократиялық саясат ұстанды. Алғашқы  сегун  Миномото
Ёритомо өлімінен  соң  және  оның  мұрагерлері  Ёринэ  мен  Санэтомодан  соң
билікті олардың туысқаны Ходзё әулеті тартып алды. Олар  “сиккен”  титулымен
ел  басқарды.  Сиккен  тұсында   жергілікті  феодаолдар   арасында    қарам-
қайшылықтар  болғанмен,  билеушінің  диктатурасы  айқын   көрініс   бермеді,
жоғарғы вассалдардың кеңесі пайда  болды.  Вассалдарды  гокэнин  деп  атады.
Камакур сегунаты 1333 жылға дейін өмір сүрді.
    3.Асикага сегунатының құрылуы және саяси тарихы. Жапония тарихында 1336-
1573 жылдары Асикага сегунаты  өмір  сүрді.   Жапониядағы  биліктің  Асикага
әулетіне өтісімен  елде өзара соғыс басталды.   Биліктен  үміткер  император
Гадайго  тауға қашып барып, Ёсино  деген  жерде  оңтүстік  сарайдың  негізін
салды. Ал  Асикага  әулеті  Киотадағы  император  тағына  Комёні  отырғызып,
Солтүстік сарайды басқарды. Екі патшалық екі әулет   бір  орталыққа  Киотаға
біріккенге 1392 жылға дейін сақталды.
      Асикага  сегунаты кезінде орталық мемлекеттік аппарат өмір сүгенімен,
үкімет  Сиба,  Хосокава,  Хатакэяма  және  тағы  басқа   ірі    феодалдардың
бақылауында болды.
    Токугав сегунатының орнығуы.
    1603  жылы  Токугав  Иэясу  Сегун  атағын  алып,  Жапонияда   феодалдық
династияны орнатып, елдегі билікті қолына алды. XVII ғасырдың  басында  елде
260 үлкенді-кішілі княздық болды, халық саны 28 миллионға жетіп, олардың  80
пайызы ауыл шаруашылығымен айналысты. 1590 жылы өзіне Токугав Иэясу  бұрынғы
Жапония  басшысы  Хидэесиден  мақтау  қағазын  алып,   Канто   облысының   8
провинциясы бойынша елде ең  мықты  феодалға  айналған.  Сол  кезден  бастап
байыған  феодал  өзінің  билігін  күшейтіп,  басқа  княздықтарға  көз   тіге
бастады. Токугав жанұясына елдің территориясының төрттен бірі берілді.
      Токугав халықты 4 сословиеге бөлді. Бұл әлеуметтік жіктелу  си-но-ко-
се деп  аталды.  Си-самурайлар,  но-шаруалар  ко-қолөнершілер,  се-саудагер,
көпестер болды. Жапонияда император-«тірі құдай»  билік  етеді,  бірақ  елді
басқару ісі сегунның қолында болды. Сегунның  айналасындағы  жақындары  және
самурайлар жоғары сатыда тұрды.  Импетратор  өзінің  астанасы  Киотода  өмір
сүрді, оның сарайында  онымен  бірге  өз  елігінде  жерлері  жоқ  ақсүйектер
тұрды. Олар-кугэлер деп аталды. Ірі княздықтар  феодал  Токугавтың  үйіне  1
жылда әкелетін күріштің көлемі бойынша жіктелді. Күріш ең қыбат өнім  болды.
Орта феодалдық княздықтар жылына 10 мың коку  күріш  Токугав  үйіне  төледі.
Бүкіл елге 11 миллион коку күшін жиналса,  оның  4  миллионы  Токугав  үйіне
тиесілі болды. Ең бай феодалдық  княздықтар,  мысалы,  Мори,  Маэда,  Уэсуги
сияқты жер иеленушілер жолына 1 миллион 200 мың коку күріш жинады.
      Жапонияда сегунның қарамағындағы жер мемлекеттік болып саналады  және
княздықтардың, храмдардың, діни монастырлардың қарамағындағы  жерлер  болды.
Шаруалар  өз  қарамағындағы   жердер   де   өз   шаруашылықтарын   жүргізіп,
мұрагерлікке қалдырып отырды. Өз жерлерінде феодалдардың  билігі  жүрсе  де,
олардың шаруаларды сатуға  немесе  сатып  алуға  құқығы  болмады.  Қарапайым
шаруалар жерді пайдалану үшін арендаға алды, жер салығын  «нэнгумен»  (салық
түрі-күріш  рентасы)  өтеді,  кейде  феодалдар   салықты   ақшалай   жинады.
Жапонияның  кейбір  аудандарында  самурайлардың  жерлерінде  ғана  «барщина»
салығы кездеседі.  Барщина  салығын  адамдар  феодалдардың  үйін  жөндеумен,
малдармен қараумен, жеке жұмыстарын істеумен немесе жол жөндеу,  көпір  салу
сияқты жұмыстар істеумен өтеді.
      Токугава тұсында Жапонияда көптеген ірі  қалалар  болды.  Атап  айтар
болсақ, ірілері-Эдо,  Осака,  Киото,  Ногая,  Нагасаки,  Сакай,  Хаката.  Өз
билігін орнатқан Токугава сегунның астанасын салуды қолға алды,  оған  Канто
ауданының шығысын таңдады. Эдоны салу үшін үлкен тастарды  Идзи  жағалауынан
тасыды, бір тасты 100 адам көтерді. Ауқатты феодалдар әрбір  жұмысшы  басына
1000 коку күріштен берді. Астананы салуға 10 мыңға жуық  адам  қажет  болды.
XVII ғасырда Жапония қалаларының  халық  саны  өсті.  Эдода  500  мың  адам,
Киотода 500 мың адам, Осакада 270 мың адам болды.
    Токугав   шет   елдерімен   қарым-қатынасы   қадағалап    отырды.    Ол
шетелдіктердің  техникалық   білімдерімен   жасалған   қару-жарақ   алмасуды
көздеді. Бірақ қару-жарақтың алмасуы мемлекеттік ақпаратқа  қауіп  төңдірді.
Бұдан кейін шетелдіктермен қарым-қатынас  тоқтады,  жасырын  түрде  жасалған
әрекеттерге жаза қолданды, 1614 жылы заңды түрде тыйым салынды.
    1636 жылы Жапондықтарға өз елінен шығуға, ұзақ жолға  жүретін,  жүзетін
кемелер жасауға рұқсат беріледі. Тек  саудагерлер  ғана  Нагасакида  Дэдзима
жағалауында өз саудаларын істеді.  1637 жылы Симабарада  ауқатты  тұрғылықты
даймелердің басшылығымен,  шаруалардың  қарсылығы  басталды.  Бұл  наразылық
әртүрлі ұрандармен кең жайылды. Шаруалар миссионерлерден  алған  отты  атқыш
қарумен қаруланады.  Олар  Кюсюдің  барлық  аудандарын  тез  арада  қамтыды.
Сегунның әскері оларды баса алмады. Тек голландиялық  кемелердің  бомбылаушы
отрядтардың  көмегімен  Токугав  көтерісшілерді  басып  тастады.  1638  жылы
Токугавтың бұйрығы  бойынша  елден  португалдықтар,  испандықтар,  т.б.  шет
елдіктерді шеттетілді, тек көмек көрсеткен үшін голландиялықтар ғана  қалды.
1 жылда 2 рет ғана  голландия,  корей,  қытай  кемелеріне  Жапонияға  кіруге
рұқсат берілді.  Токугав егунатының орнығуы ың  мақсаты  елде  қатаң  тәртіп
орнатып шеттен төңген қауіп-қатерге қарулы қарсылық көрсете алу еді.
    Феодалдық жіктелу және оның әлеуметтік-саяси ұйымы.      Токугав  Иэясу
дворяндарды бірнеше разрядтармен категорияларға бөлді.  Әскери  дворяндардың
өкілдері-әскер үйіне «букэлардың»  құрамына  кірді,  олар  самурайлық  білім
алды. Киоталық ақсүйектер, феодалдық дворяндардың ең жоғарғы  сатысындағылар
кугэлар деп  аталды.  Қатардағы  басқада  дворяндар  «бусилар»  деп  аталды.
Даймерлердің  ең  жоғарғы  сатысындағылар  «симпандар»  деп   аталды.   Олар
сегунның үйімен туыстық қарым-қатынасы бар  адамдар.  Сэкигахарамен  соғысқа
қатысқан Токугавтық жақтаушылармен, қарсылыстарын  Иэясу  «екі  категорияға»
бөледі.  Бұл  «даймелер»  2-ге  бөлінеді.  «Даймелер»   букэлерден   жоғарғы
лауазымды княздар. Олар Токугав тұсында феодал үйіне 1  жылда  10  мың  коку
(шамамен 1500 тонна)  күріштен  кіріс  әкелді.  Даймелер  мынадай  2  топқпа
бөлінді.
   1. «фудай дайме» (мұрагер  даймелер)-Токугавтың  сегун  болмай  тұрғаннан
      бері келе жатқан жақтастары. Токугав сегун атағын алғаннан кейін  олар
      оның сенімді серіктерімен тірегіне айналды.
   2.  «тодзама  дайме»  (бөтен  даймелер)-Токугавқа  қарсы  күресіп  келген
      ауқатты княздар. Олар  өз  істерін  басқаруда  еркін  болған.  Бұларды
      Токугав өзінің қарсылыстары ретінде үнемі  қадағалап  отырды,  өйткені
      олар фудай даймелер сияқты сегунның  экономикалық  күшіне  көп  бағына
      қоймады. Тодзама даймелерге  билік  орындарында  қызмет  етуге  рұқсат
      берілмеді. Кюсю,  сихоку  және  онтүстік  хансюдің  алыс  аудандарында
      тодзама даймелер еркін билік етті,  олар  сегунның  билігіне  қарсылық
      көрсету үшін орталық билік құрды.
    Осыған байланысты  сегун  үсті  жаңа  репрессиялық  система  құрды.  Ол
система бойынша тодзама  даймелердің  мүлкі  тәркіленіп,  жерлері  бөлініске
салынды. 1600 жылдан 1602 жылға дейін 72 даймелердің жерлері тәркіленді,  61
ауқатты даймелер бір ауданнан екінші ауданға көшірілді. Тодзама  даймелердің
билігі  орнаған  Морида,  Уэсугиде,  Хатакэда,  Акитада   да   тодзамалардың
жерлерін тәркілеу ісі  жүргізілді.  Осы  2  жылдың  ішінде  Токугав  тодзама
даймелердің  княздық  билігін  өзгертті.  Тәркілеу   тек   даймелерге   ғана
жүргізілген жоқ, олардың вассалдары бусилар  мен  самурайларды  да  қамтыды.
100 мыңдаған самурайлар Токугавтың  бұл  ісіне  қарсы  шығып  құрбан  болды.
Даймелердің енді кепілдікке ала бастады, кепілдік жазасы даймелер  үшін  өте
қиын болды. Бұл сегун ІІІ Иэмицудың кезеңіне 1634 жылға дейін,  Асикага  мен
Хидэесудың билік  етуінінен  бері  жалғасып  келген.  Кепілдіктегі  даймелер
княздықта еркін өмір  сүре  алмады,  олар  күнделікті  Осака  мен  Фусимидың
қарамағында кериті диктатураның қол астында өмір сүрді.
      Токугав тодзама  даймелердің  Эдоға  келуге  көндірді,  оларға  сегун
үйінің берді.  1604  жылдан  кейін  барлық  даймелер  бір  жыл  сайын  сегун
астанасы Эдоға келіп тұруға міндетті  болды.  Бір  жыл  өткен  соң  даймелер
әйелдері мен балалары сегун үйінде  кепілдікте  қалды.  Бұл  әрекетке  қарсы
тұрғандар жазаланды.  Кепілдіктегі  адамдар  сарайлар  салуға  пайдаланылды,
осындай қиыншылықтар княздықтарды әлсірете бастады.
      Сегун  феодал  кнзядықтарына  салық  салумен  қатар,  дәстүр  бойынша
кнзядар сегунға сыйлық ретінде күміс және алтын тиын  ақшалар  берді.  Сегун
орнатқан жоғары қадағалай тәртібіне қарамастан,  княздар  еркін  жүре  алды,
олар шаруалармен, саудагер-көпестермен, қолөнершілермен жақсы  қарым-қатынас
орнатты.
      Әскери-феодалдық дровяндардың төменгі бөлігі  «хатамото»  деп  алады.
Олар сегунның тұрақты вассалы емес, олардың иеліктерінде өз  жерлері  болған
жоқ,  олардан  сегунның  әскері  құралды.  Әскердің  басында  жоғары  орынды
чиновниктер иеленді. Чиновниктер «мэцукэ» деп аталды. Олар  сақшылық  қызмет
атқарып, мемлекеттің орталық аппаратын қорғады.
      Осы уақытта дворяндардың қызметіне өзгертулер  енгізілді.  Самурайлық
құқық бойынша, самурай дворяндар әскери  қызметтен  басқа  іспен  айналысуға
құқықтары болмады. Жалпы 100 мың коку  күшін  өнім  табатып  княздықтарға  2
мыңға дейін әскер иеленуге рұқсат  берілді.  Аз  өнім  табатын  самурайларға
қысым  көрсетірліп,  самурайлар  наразылық  білдірді.  Көптеген   самурайлық
дворяндар әскери қызметтен  бас  тартып,  өз  еріктермен  мұғалім,  дәрігер,
суретші сияқты ұсақ қызметтермен айналысып кетті.  Осыдан  барып  Токугавтың
бұл ережесіне наразы үйсіз самурайлардың саны көбейе бастады.
       Токугавтың  династияда  сегун   орнатқан   тәртіп   діни   тұрғыныда
қадағалады. Сегун  монастырлардың  әскери-экономикалық  күшінен  қауіптенді,
өйткені монастырларды жасырын түрде Токугавқа қарсы тодзама даймелер  қолдап
отырған болатын. Монастырлардың сеніміне кіру  Токугав  сегунатының  мақсаты
болды.
    ІІ. Феодалдарға қарсы ауыл және қала тұрғындарының наразылығы
      XVII ғасырдың бірінші   онжылдығында  қолданыстағы  жер  мен  егістік
көлемі ұлғайды, Хидэеси кезінде  орныққан  2-3  егістік  көлеміне  салынатын
салық нэнегу Токугав  кезеңіне  қарағанда  40  пайызға  төмен  болған.  Ауыл
шаруашылық мәдениеті дамып, тәтті картоп өсіру, темекі, шай,  қант  өсіретін
жерлер ұлғайған болатын.
    Токугав тұсында феодалдық биліктегілер ауыл шаруашылығында қатаң тәртіп
орнатты. Бұл тәртіп бойынга  адамдарға  тамақ  ретінде  күрішті  пайдалануға
тиым салды, мерекелік күндерде ғана күріштен  тамақ  жасалды,  басқа  күндер
тамақты сұлы, арпадан  жасады.  Қымбат  бағалы  мата  жібектен  киім  киіуге
рұқсат етілмеді. Әр отбасына тұрғын үйдің көлемі өлшеніп берілді және  көңіл
төтеруге, театрға баруға, мерекелер  өткізуге  тиым  салынды.  Үйлену  тойы,
өлген адамдарды жерлеу сияқты қарапайым түрде өткізілді.
      Феодалдар ауылдарды басқаруда ауыл жұмысшыларын биліктерге бөлді,  әр
бөліктің өз басшысы болды. Қиын жағдайларда  ауылдан  қашқан  шаруалар  үшін
басшылары оның бөліміндегі басқа адамдарға салық салды.
      Токугав сегунатының қатал полицейлік тәртібі  феодалдарға  қарсы  бас
көтерулерді тоқтата алмады. Сегун шаруалардың осы кезде  әр  ауданда  болған
2726 бас көтеруін басқан еді. Сегундық билікке қарсы шыққандарды  жанұясының
алдында қатаң жазалады.
      XVII ғасырдың 50 жылдарында әйгілі болған  шаруалар  арасында  шыққан
Согороны айтуға болды. Сегунның қатаң тәртібіне  наразылық  білдіргені  үшін
оның 4 баласын көз алдында өртеп, өзі ағашқа шегелеген.
      Шаруалар даймелер мен байларға қарсылықтарын жалғастыра  берді.  Ауыл
байлары  феодалдардан  рұқсат  алып  ауыл  кедейлеріне  салық  салып,  тонай
бастады.  Тарихи  деректерде  бұл  оқиға  XVII  ғасырда  болған  шаруалардың
феодалдарға  қарсы  бас  көтерулерінің  ішіндегі  ірі  қозғалыс  еді,   олар
феодалдардың кеңсе, қоймаларын қиратып, олардың жақтаушыларын өлтірген.
      Қала халқы феодалдар құрамына  кірмеді,  олар  Токугавтың  әлеуметтік
жіктелуде  төменгі  сатыны  иемденді.   Олар   көбінесе   қолөнершілер   мен
саудагерлер еді,  олардың  басқа  сословиялерге  қарағанда  құқықтары  төмен
болды. Сегун  мен  даймелер  қала  байлығына  көз  тігіп,  қалада  феодалдық
тәртіпті орнатуға тырысады. Қалаларда ішкі сауда ісі өркендеді, ірі  қалалар
экономика мен  саясаттын  қызған  орталықтарына  айналды.  Жапонияда  мұндай
қалалар саны 17-ге жетті.  Маңызды  сауда  орталықтары  Эдо,  Осака,  Киото,
Сакай, Нагасаки болды. Сегундық астана Эдода байлардың кәсіпорындары  жоғары
биліктегілерге бағынды. Киото-император астанасы болды.  Осака  үлкен  сауда
орталығына айналды, онда саудагерлермен көпестер табыстарға  жетті  және  де
мұнда жұмысшылардың әр түрлі цехтары ашылды.
      Осака қаласында жапонияның басты базары ашылды, көпестер мен даймелер
онда өздерінің қымбат товарларын: күріш,  жібек  мата,  фарфор,  қағаз  т.б.
заттарын  апарды.  Осы  жерде  күріш  қоймасы   ашылып,   адамдар   жерлерін
кепілдікке қойып  күріш  алды.  Сонымен  қатар  балық,  жеміс  қоймалары  да
ашылды. Бірақ  басты  құндылық  әлі  де  күрішпен  өлшенді.  Солтүстік  және
Онтүстік-батыс Кюсюда фарфор және қағаз өнірілді; Киота ауданы  Нарада-жібек
мата, сакэ, металдан жасалған  бұйымдар;  Нагоя  Сэто  аудандарында-керамика
мен  фарфор;  Наганода-жібек  мата;  Сацумада-қант;  Тоса  мен  Тесюда-қағаз
өндірілді.
    Мемлекетті басқару үшін үлкен аппарат құрылды. Оны жоғарғы  мемлекеттік
кеңес (додзекан) басқарды. Ол кеңеске 8 министрлік бағынды.  Ел  провинцияға
(кундер) уездерге  (корлер)  бөлінді.  Жалпыға  бірдей  әскери  міндеткерлік
енгізілді. Білім беру жүйесі Қытай  үлгісімен  құрылды.  Қытай  тілі  үкімет
басшыларының тілі болды. Мықтылар қытай тілінде сөйледі.
              Жапониядағы  феодализмнің  орнығуы  құл  иеленушілікті  толық
жойған жоқ. Жартылай құл  жартылай  ерікті  томобэ  мен  какибэлер  жойылды.
«Яцуко» деген үй шаруашылығындағы жекеменшік малай – құлдар сақталып  қалды.
Мемлекеттік құлдардың жаңа категорясы – мемлекеттік  мекемелердегі  малайлар
пайда болды. Құл иелену ол кезде жер алу жолдарының бірі болды. Әр құл  үшін
оның иесі үкіметтен үлестің  үштен  бірін  алатын.  Құл  табу  барған  сайын
қиындай  түсті.  Кейбіреулер  кедейлердің  балаларын  құлдыққа  сатып  алды,
кейбіреулер  ұрлап  немесе  тартып  алды.  Сондай   –   ақ,   қылмысы   үшін
жазаланғанар мен  қарызын  өтей  алмағандар  құлға  айналатын.  Өмір  сүруге
қаражаты жоқ адамдардың өзін - өзі құлдыққа сатуы да кездесетін.
             VII – VIII ғасырларда жапон халқының 10 -20  %   -  ке  жуығын
құлдар құрады. Олардың еңбектері негізінен құрылыстарда  пайдаланылды.  VIII
ғасырдың аяғына қарай  құлдар  еңбегі  жойыла  бастады.  Егіншілікте  құлдар
еңбегі толық жойылды.
              Жапониядағы  феодализмнің   дамуы   самурайлардың   қалыптасу
тарихымен  тығыз  байланысты.  Өйткені  самурайлар   феодализмінің   негізін
қалады. Сондықтан олардың қалыптасу тарихын қарастыру  қазіргі  таңда  шығыс
елдері тарихының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
             Жапон қоғамындағы  самурайлар  Европа  елдерінегі  рыцарлардан
экономикалық  көзқарастары  бусидо   этникалық   ілімдері   және   діндеріне
байланысты ерекшеленген.  Алайда  екеуі  де  қоғамның  әлеуметтік  сатысында
ерекше орын алады.
             Самурай деген не? Бұл сөз жапон тілінде  «Ұлы  адамға,  жоғары
топқа қызмет ету» немесе «қожасына қызмет ету  және  оны  қорғау»  мағынасын
береді екен. VII –VIII ғасырлардың аяғында  самурай  деген  сөз  «Жеке  құл»
деген мағына берген. Жапониядағы Тайхорицуре заңы бойынша  60  жастан  асқан
және науқас адамға бір самурай, 90 жастан  асқан  адамға  екі  самурай,  100
жастан асқан адамға бес самурай қызмет ететін болған.
              ІХ ғасырда самурай  деп сарайда қызмет ететін ханзадалар  мен
уәзірлердің жеке құлын атаған. Ал Х – ХІ ғасырларда самурай  терминімен  көп
жағдайда вассалы, жасағы және атқа шаба білетін жоғарғы және  орташа  әскери
феодалдардың  құлын  атаған.  Самурай  деп  ХІІ  ғасырдың   соңында   әскери
феодалды, билеуші сёгунның тәуелді вассалын атаса,  XVII  ғасырда  олай  деп
хамота – жоғарғы және артықшылығы бар әскери феодалдар тобының  бір  бөлігін
атаған.
             Самурай тарихының қалыптасу кезеңі төртке бөлінеді.  Біріншісі
– самурай тобының пайда болу  және  қалыптасу  –  VІІ  –  ХІ  ғасыр;  екінші
кезең–топтың нығаю және дамуы – XI – XIV ғасыр;  үшінші  –  самурай  тобының
толығымен қалыптасуы және кемелдену сатысы –  XV  –XVII  ғасырлар;  төртінші
кезең – XVIII ғасыр  -самурай тобының ыдырай бастауы және оның  тап  ретінде
жойылуы.
              Самурайлардың  құрылымы  феодалдық  топтың  ажырамас   бөлігі
ретінде билеуші топтың жалпы құрылымына сәйкес келеді. Самурайлар  ұсақ  жер
иеленушілердің әскери феодалы ретінде қалыптасады. Е.А.Мельникова оларды  ХІ
ғасырдағы скандинавиялық хускарлармен  салыстыра  отырып,  олар  құл  немесе
жасақтар ретінде феодалдардың құзырында қызмет еткен  деген байлам  жасайды.
Ал, А.Б. Спеваковский самурайлар  тобын  Жапониядағы  әскери  қызмет  ететін
дворяндар деп, олардың пайда болуын  VII  –  VIII  ғасырларға  жатады  деген
пікір  айтады.  Сонымен  самурайлар  деп  Жапонияда  алғашқы  кезеңде  текті
адамның, феодалдың құлын  айтқан.  Ал  кейінірек  ұсақ  дворяндардың  әскери
тобын атайды. Самурай термині жапон әскеріне де қолданады
             ІХ - Х  ғасырларда  Жапонияда  мемлекет  жерін  жеке  меншікке
айналдыру үдерісі кең өріс алады.  Өйткені  мемлекет  тарапынан  иесіз,  тың
жатқан жерлерді ақысын төлеп,  жеке  меншікке  айналдыруға  рұқсат  берілген
болатын. ІХ ғасырдан бастап жапон қоғамында негізгі екі  топ  пайда  болады:
жер иелері феодалдар мен оларға тәуелді  шаруалар.  Жергілікті  феодалдардың
нығаюының айғағы –  олардың  өз  қарулы  күштерін  құруы.  Оған  мемлекеттік
басқару жүйесінің әлсіреуі де себеп болады.  ХІ  –ХІІ  ғасырларда  феодалдық
поместьенің  екі  түрі  пайда  олды.  Оның  бірі  –  Жапонияның  шығысы  мен
солтүстігінде, екіншісі –  орталық  және  оңтүстік  батысында  бой  түзейді.
Біріншісі  орталықтан  қол  үзген  және  айну  тайпасымен   тынымсыз   күрес
жағдайында қалыптасады. Мұнда феодалдық  поместьелердің  жаңа  түрлері  тез,
қысқа мерзімде пісіп жетіледі. Шығыс   солтүстікте  қашқын  шаруалардың  көп
шоғырлануы ірі жер иеленушілердің  өз жасақтарын құруы, ұсақ  жер  иелерінің
қол астынан пана табуы өте тез қарқынмен және ашық түрде жүреді.  Жасақшылар
өз қожайындарынан жер үлестерін алады. Осылайша  солтүстік  –  шығыста  жаңа
тап – самурайлардың қол астында ұсақ  тоғайлық  жер  иелері  өмірге  келеді.
Самурайлар  бір  әскер  басының  үйіне  топтасады  Оларды  жерді   өздерінің
сюзерендерімен алған сыйлық грамоталары  негізінде  иемденеді.  Үстем  етуші
феодалдар тобы - әскери поместьелік дворяндар, самуайлар елдің  негізгі  жер
қорын қолына ұстап,  өзінің  мемлекеттік  аппаратын  құрады.   Осы  оқиғадан
кейін  Жапониядағы  самурайлар  тобын  әскери  тобын  әскери  дворяндар  деп
атайды.  Сонымен  самурай  тобы  ХІІ  ғасырда  әскери  сипатқа   ие   болды.
Самурайлардың ерекше шоғыры немесе  жоғарғы  тобы  феодалдық  князьдар,  жер
иеленушілер болып табылады. Бұлардан кейінгі  сатыда  –  орта  және  төменгі
жағдайдағы самурайлар. Олар бір –  бірінен  пайда  табу  табу  ерекшеленеді.
Самурайлардың пайда болу кезеңінде шаруаларға  жақын  тұрғандарының  негізгі
бөлігі ауқатты шаруадан құралады  және  жер  иеліктерімен  тығыз  байланыста
болады.  Осы кезеңде топ арасында  айырмашылық  болмаған,  кейін  самурайлар
айнуларға қарсы соғыста шығындалып, әскери  қасиеттерге  ие  болып,  самурай
тобына айналады.  ХІІ ғасырдың соңы бірінші сёгунаттың нығаюы  деп  аталады,
яғни бұл кезеңде самурайлар жапон қоғамында ерекше топ  болып  өзгешеленеді.
Самурайлар тобы біраз артықшылықтарға ие болады.
             Сёгун Токугава билігі тұсында самурай тобының нақты  қалыптасу
кезеңі деп есептелінеді, топ дамуың ең жоғарғы даму дәрежесіне жетеді.   Ал,
феодализмнің дамуымен самурай тобы үстем топқа  айналады.   Орта  ғасылардың
екінші кезеңі – дамыған  феодализм  кезеңіндегі  әлеуметтік  –  экономикалық
қатынастардың дамуы қоғамның жаңа  тобы  –  қоғамның  жаңа  тобы  самурайлар
тобының өмірге келуіне, қалыптасуына  әкеп  соғады.  Соңғы  кезеңінде  XVIII
–XIX ғасырларда самурайлар тобы  ыдырай  бастады.  Бұған  жапон  қоғамындағы
буржуазиялық  өзгерістер   себеп   болады.   Ол   өзгерісердің   нәтижесінде
самурайлар тобы өз құқықтарынан айрыла бастайды,  ал  Мэйдзи  өзгерістерінен
кейін самурайлар топ ретінде жойылады.
             710 -794 жылдары жапон тарихнамасында Нара кезеңі деп аталады.
Себебі, сол кезде Жапонияның астанасы  Нара қаласы болды.  Бұл  кезең  елдің
материалдық және рухани  байлықтарының  гүлдене  түсуімен  сипатталады.   Ең
алдымен Нара  қаласының  салынуы  соған  дәлел.   Бұл  қала  Қытай  астанасы
Чан–ань қаласының үлгісімеғн қытай құрылысшыларының басшылығымен салынды.
              Нара  қаласындағы   Тодайдзи  монастырында  «Дайбуцу»  немесе
«үлкен Будда» деп аталатын биіктігі 16 метр қола  мүсін  тұрғызылды.  Астана
маңында алты қабат Хорюдзи монастыры болды.  Ол  тек  сыртынан  ғана  әдемі,
таңғажайып болған жоқ, ішкі суреттері де керемет әсем еді.
             Жапонияда алғашқы тарихнамалар: «Кодзики» (ежелгі тарих)  және
«Нихонги» ( жапон  анналдары)  жазылды.   Бұл  шығармаларда  ежелгі  мифтер,
ертегілер,   тарихи  мұралар,   жылнамалар  жинақталған.   Сарай   маңындағы
ақсүйектер  қатарынан  шыққан   бұл   шығармалшардың   авторлары   император
билігінің құдайдан тарайтынын дәлелдейді.
             VIII ғасырдың екінші жартысында «Маньесю»  (мириад  гүлдерінің
жиынтығы ) өмірге келді.  Ол жапон өркениетінің халық өлеңдері  мен  гүлдене
бастаған әдеби поэзияның алғашқы жинағы еді.  Жапонияның  көрнекті  ақындары
Хитомара мен  Якомоти болды.  Хитомара  әсерлі  элегиялардың  авторы  болса,
Якомото махаббат жайлы лириканың көрнекті өкілі болды.  Сондай  –  ақ  жапон
әдебиетінде ақын Окура айтарлықтай із қалдырды. Оның  өлеңдерінде  феодалдар
езгісінен  қалжыраған  халықтың ащы тағдыры көрініс тапты.
             ІХ ғасырда Жапонияда  өз  жазуы  қалыптасты.   Ұлттық  жазудың
қалыптасуы   көркем  әдебиеттің,  әсіресе  лирикалық  поэзия  мен   прозаның
дамуына  жол  ашты.  ІХ  –  Х  ғасырлардағы  ақын  –  жазушылардың  таңдаулы
шығармаларының жинағы – «Кокинсю» жарық көрді.  Өлеңнің  ішінде  31  буыннан
тұратын «Танка»  деп аталған түрі кең тарады.
             Х – ХІ ғасырларда «Гендзи туралы повесть» деген роман жазылды.
Оны Муросаки Сикибу жазды. Муросаки император сарайының фрейлинасы  болатын.
 Тағы  да  бір  ірі  шығарма  –  «Макура  но  сосидің»   («жастық  астындағы
жазбалар») авторы да сарай маңындағы  Сэй Сенагоя болды.
             ХІІ –XV ғасырларда -  өзара  қақтығыстар  мен  саяси  биліктің
әскери күштер қолына көшуі кезінде мәдениеттің жаңа салалары  өмірге  келді.
Әсіресе, рыцарлар өмірін баяндайтын эпикалық әңгімелер  кең  тарады.  Мұндай
әңгімелерден үлкен жинақ құрастырылды.  Сондай  жинақтардың  бірі  «Хэйке  –
Моногатари» ( Тайра туралы  повесть).  Онда  Тайраның  Жапонияны  гүлдендіру
үшін  күресі  баяндалады.  Кезбе  жыраулар  айтатын  «Сеген»,   «По»   деген
сақыналық  өнер  түрлері  қалыптасты.   Пьесаларды   будда   шіркеуі   дінді
насихаттау үшін шебер пайдаланып отырды. Сонымен бірге  пьесаларда  батырлық
пен адалдық кеңінен насихатталды.
               Төбесі   сабанмен    жабылған    ағаш    құрылыстар    Жапон
архитектурасының  ежелгі  ескерткіштеріне  жатады(Б.з.д  І  ғ.  Идзумо   Исэ
ғибадатханалары). VІ ғасырда буддизммен қабат келген Қытай  мәдениеті  Жапон
архитектурасында  өз  таңбасын  қалдырды.  (Хорюдзи,    Якусидзи,   Тодайдзи
ғибадатханалары).VIII  ғасырда  қытай  үлгісімен  Жапонияның  астанасы  Нара
салынды. Х –  ХІІ  ғасырда  феодализмнің  өркендеуіне  байланысты  Жапонияда
тұрғын үйлер мен ғибадатханаларды ағаштан  салу әдісі қалыптаса бастады.  ХІ
– ХІІ ғасырларда құрылыстың бұл түрі  мәнерлене түсті.  ХІІ -  XVI   ғасырда
жапон тұрғын үйінің жаңа  түрі  қалыптасты.  Үйлердің  көлемі  кішірейтіліп,
бөлмелер   саны   көбейтілді.     Бөренелерден    құрастырылып,    айналдыра
құрсауланған,  еденіне  бойра  төсеген,  қабырғалы  сырғыма   немесе  алмалы
болыпе келген мұндай үйлер жапон тұрғындарының  осы  күнге  дейінгі  негізгі
баспанасы болып келеді. XVI-XVII ғасырларда қамалдар салу  өріс  алды.  XVII
ғасырда қала салу ісі өркендеді (Эдо – қазіргі Токио салынды).  19  ғасырдың
 екінші жартысынан бастап Жапон архитектурасы Батыс  Европа  мен  Американың
ықпалында болды. Бұдан кейінгі жылдарда жапон архитектурасы түрлі  теориялық
көзқарастарды басынан өткерді.
    Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жапон архитектурасы  ұлттық мәнерде
дами бастады. Ірі қалаларды жаңарту  ісі  қолға  алынды.  (Токио,  Нагасаки,
Хиросима)  Ескі  дәстүрмен   салынған   жатаған   үйлердің   ортасынан   жер
сілкінісіне төзімді етіп, темір блокты зәулім үйлер  салу  –  қазіргі  жапон
архитектурасына тән қасиет.  Көрнекті архитекторлары Тангэ,  Кэндзо,  Отани,
Сатио, Маэкава Кунио,  Дзюндзе Сакакура.
             Жапон бейнелеу өнерінің ежелгі ескерткіштері  неолит  дәуіріне
саяды. Б.з.д ІІІ  ғасырда  қоңырау  пішінді  қола  бұйымдар  мен   айналарға
жанрлық  суреттер  салу,  ІІІ  –  VІ  ғасырларда  «ханива»   -  адамдар  мен
аңдардың  балшықтан  тжасалған  бейнелерін  жасау  өркен  жайды.  ІХ  –   ХІ
ғасырларда  діни  мүсінді  нақыштай  түсуге  назар  аударылса,  XII  –   XIV
ғасырларда өнердің бұл түрі монументтік сипат алды. XVIII -  XІX  ғасырларда
түрлі – түсті гравюраға қалам тартқан  суретшілер Харунобу Судзуки,  Утамаро
Китагава,  т.б құнды туындылар берді. ХІХ ғасырда европа  бейнелеу  өнерінің
жетістіктері кеңінен қолдау тауып,  майлы  бояумен  сурет  салу  етек  алды.
Оно Тадасиге,  Уэно Макото, Такидайра  Дзиро,   Хирокару  Нии  т.б  көптеген
суретшілердің  шығармаларыЖапон  табиғаты  мен   қарапайым   халық   өміріне
арналған. Қазіргі  көрнекті  шеберлері:  Маэкава  Сэмпан,   Хирацке  Унъити,
Онти Косиро,  Мунаката  Сиконың  шығармаларынан  ұлттық  дәстүрді  европалық
әдіспен ұштастыруға талпынушылық байқалады.
    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
    1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях.  Ред.кол.:
Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
    2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
    3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
    4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
    5. История Востока  В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние  века  М.,РАН-
1995
    М.,РАН-1998.
    6. История средних веков  (под ред. Сказкина) М.,88
    7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
    8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
    9. Жуков Е.И. История Японии. М.,1969.
    10.История Японии (с древнейших времен до наших дней) М.,1988.
    11.История Японии. 2-х томах.Т-І М.,1998.
    12.Воробьев М.В. Япония в ІІІ-VII в.в.:  Этнос,  общество,  культура  и
окружающий мир. М.,1980


    Тақырып 7. Корея
    Мақсаты:
    1.Корея үш патшалық кезеңінде.
    2.Силла мемлекеті.
    3.Тхэбон мемлекеті.
    4.Феодалдық рента, ірі жер иеленушілік.
        Корея  тарихына  байланысты  деректерде  кезедесетін  мәліметтердің
айтуына қарағанда  Корей  түбегін  мекендеген  аймақтарды  әртүрлі  тайпалар
орналасқан. Солтүстігінде когурё, емэк, окчо, оңтүстігінде (Ханган  өзенінің
оңтүстігін бойлай мекен еткен) хан тайпалары, ол тайпаның  өзі  үш  бөліктен
тұрған;  махан  (немесе  жай  хан),  чинхан,  пёнхан.  Жергілікті   халықтың
негізінен шұғылданған кәсібі  үй  жануарларын  өсіру,  аңшылықпен  айналысу,
балық аулау және теңіз кәсібімен шұлыдану, соның ішіндегі  ең  басты  кәсібі
егіншілік болып  табылған.  Ауыл  шаруашылығына  тиесілі  барлық  өнімдердің
барлығын өсірумен айналысқан, оның өзіндік атауы  болған  «бес  түрлі  нан»,
яғни арпа, бидай, бұршақ, күріш және конопля.  Киім  тігу  ісіне  байланысты
өндірген өнімдері (жібек маталар) болған.
      Өндірістік қатынастардың  қалыптасуы  келесі  жаңа  кезеңнің  дамуына
толықтай жол ашты. Бірақта бұл іс әр аймақта  әртүрлі  деңейде  жүзеге  асып
отырды.  Таптық  қатынастардың  қалыптасуы  кореяның   солтүстік   бөлігінде
қарқынды түрде дамыды Солтүстіктегі когурё  тайпасы  Амноккан(Ялу)  өзенінің
бойында  орналасқан.  Тайпалық  одақтың  ішінен  ауқатты  адамдар  біртіндеп
бөліне бастады, ауқаттылар- тэга деп аталды. Тэга тайпадағы  барлық  билікті
өз  қолдарына  жұмылдырды.  Елді  басқарып,  билік  жүргізетін  королді   өз
орталарынан сайлап, ол әскери көсем құзырын  атқарды.  Халық  жиналыстарында
сот істерін, қылмыс  жасағандарды  қатаң  жазалау  тәртіптерін,  жаулап  алу
кезінде  тұтқынға  түскен  адамдарды   көрші   тайпаларды   жаулап   алудағы
қарақшылық әрекеттерге пайдалануды  басты мақсат етіп қойған.
          Окчо және емэк сиқты  тайпалар  когурёнің  тәуелділігінде  болып,
оған тиесілі мөлшерде салық төлеп отырды. Салықтың түрлері бидай, балық,  аң
терілерімен  шектеліп  қана  қоймай,  қосымша  когурё  аристократиясы   үшін
күңдерді кәниязак ретінде жіберіп отырған.
        Әскери  қарақшылық  әрекеттердің  нәтижесінде    ауқаттылар   алтын
көмкерілген киімдерге  оранып,  халықтың  қамын  ойлауды  естерінен  шығарып
жатқан сәтте, тайпа  ішінде  кедейшілікке  тап  болып  күндерін  көре  алмай
жатқан, толықтай қудалау ұшыраған «хахо», яғни күйзелген адамдар  атты  тағы
бір тап пайда болды.
         Ал оңтүстікте  таптық  қоғамның  қалыпасуы  солтүстікке  қарағанда
тежелу процесінен өтті. Хан тайпасын 78 -ге жуық тайпалық одақтарда  алғашқы
қауымдық құрылыстың сарқыншақтары  толықтай  сақталған.  Қытай  деректерінде
бұл тайпалық одақтарды «мемлекеттер» деп атайды.
         Когурё тайпалық одағында мемлекеттік аппараттың  негізі  қаланған.
Мемлекеттік құрылысты қысқаша баяндап берсек; Ван (король) -  әскери  көсем,
мемлекеттің басшылық  қызметін  атқарған.Рулық  аристократия  әскери  шендік
қызметіне  тағайындалып,  Когурё   де   12   разрядқа   бөлінген   әкімшілік
қызметтерінде  өздерінің  тегіне  қарай  қызметте  құзырлық   еткен.   Корей
жылнамаларынан бізге дейінгі белігілі болған  мәліметтерге  назар  аударсақ,
оның мазмұны көбінесе жеке меншіктің  мүддесін  қолдаумен  болған.  Мәселен,
ұрлық жасағаны үшін оның өтемін  он  екі  есе  рет  артығымен  төлеуі  тиіс.
Егерде өзге біреудің малына шығын жасаған күнәсі  үшін  қожайынның  мәңгілік
құлына  айналған.  Аталып  өткен  заңдарға  назар  аударатын  болсақ,   оның
ешқайсысы да қарапайым адамның мүддесін заң жүзінде  қорғап  тұрғаны  шамалы
екенін байқаймыз.
      Когурё мемлекетінің құрылуы туралы зертеушілерде нақты деректер  жоқ.
Бірақта  ІУ-   У   ғ.ғ.   аралығында   Когурё   мемлекеті   дамыған,   мықты
мемлекеттердің қатарына көтерілді.  Сонымен  қатар  Корей  түбегінің  байтақ
аймағында иелік етті. Оңтүстікте мемлекеттің дамуы пэкче, саро,  силла,  кая
т.с.с ең  ірі тайпалардың көршілес  тайпаларды  күштеп  бағындыру  арқасында
жүзеге асырылып отырды. Жаулап алынған тайпалардың ақсүйектері жаулап  алушы
ақсүйектер өкілдерімен  біте  қайнасып  кетті.  Пэкче  тайпасы  ІІІ-ІУ  ғ.ғ.
көршілес тайпаларды  бағындырып,  Ханган  және  Кымган  өзендерінің  төменгі
бойларында Кореяның оңтүстік- батысында  пэкче  ақсүйектері  мықты  мемлекет
орнатты .
        У- УІ ғ.ғ. алғашқы  қауымдық  қатынастардың  ыдырауы  орталықтанған
Сила мемлекеті құрылды. Негізгі  орталығы  Саро  қауымы  немесе  Соболь,  ол
қазіргі  Кёнчжу  ауданында  орналасқан,  сонымен  қатар  Нактонган  өзенінің
бойында басқа да  тайпаларды  бағындыру  бойынша  өз  қимылдарын  жалғастыра
берген.  Жаңадан  құрылған  мемлекетте  басқарудың  территориялық  әкімшілік
прниципі сақталды. Шенеулік аппараттардың  тағайындалуы  жекеленген  рангтар
бойынша жүзеге асырылп отырды. Силла оңтүстігінде Кая қауымын  және  алшақта
жатқан Усан аралын өз қолының астына бағындырды.
        Сөйтіп, УІ ғасырда Корей түбегінде үш мықты мемлекет  пайда  болды.
Олар; Когурё, Пэкче және Силла, кейіннен осы үш мемлекеттің  арасында  өзара
күрес басталады.
       Корейдің тарихи ғылымында осы  үш  мемлекеттердің  арасындағы  өзара
тартыс  туралы  пікірлер  ұзақ  уақытқа  дейі  даулы  болып   келді.   Корей
тарихшылары аталып отырған осы үш  мемлекет  құл  иеленушілік  мемлекет  деп
айтылған  пікірлердің  төңірегінде  дау-  дамағайлар   әлі   де   толыққанды
аяқталмаған. Жаңадан  құрылған  ауқатты  таптық  құрылым  жерге  деген  жеке
меншікті белсенді өкілдердің қолына көшуіне  мүмкішдік  туғызды.   Феодалдық
эксплуатацияны жүзеге асыруда  мемлекет  тарапынан  күштеу  саясаты  негізгі
роль атқарды. Когурё мен Силлада феодализмге «ауқаттандыру»  жүйесі  кеңінен
таралды.
        Құлдар өндірісте  маңызды  орнындарын  жоя  бастағанын  дәлелдейтін
деректер бар.  УІ ғ. басында  Силла  мемлекетінде  король  өлген  кезде  оны
соңғы сапарға шығарып салу салты бойынша, онымен бірге 10 құлды  құрбандыққа
шалатын салт - дәстір толығымен өз күшін  жояды.  Бұл  дегеніңіз  мемлекетте
құлдарға деген көзқарастың өзгергендігін байқаймыз. Жылнамаларда  кезедсетін
тағы  да  бір  қызықты  жайты  атап  өтуге  болады.  558  жылы  Кая  тайпасы
бағындырылғаннан кейін,  силлалық  әкери  қолбасшы  Садахамға  200  тұтқынды
сыйлыққа  алады.  Бірақта  ол   тұтқындарға   «еркіндік»   сыйлап,   олардың
егіншілікпен  айналысуына  мүмкіндік   жасап,   қарапайым   халық   арасында
мәртебесі көтеріледі.
        Мемлекетте үстемдікті күшейту үшін корей  аристократтары  тек  қана
басқару жүйесін  ұйымдастыруды  Қытайлардан  үйренуді  жүзеге  асырған  жоқ,
тіпті олар қытайлықтардың идеологиясын  пайдалануға  тырысып  бақты.   Корей
мемлекетінің билеушілері қытай идеологиясының негізгі  өзегі  конфуциандықты
қолдана отырып, «үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет»  деген  принципті  ұстанды.
Мемлекеттік  қызметке  шенеуліктерді  арнаулы   конфуциандық   мектептердегі
дайындықтардан өткен соң ғана тағайындау туралы ұйғарым қабылданған.  Аталып
отырған кореяның территориясындағы осы үш  мемлекеттегі  барлық  мемлекеттік
маңызы  бар  мәселелердің  барлығы  тарихи  шығарма  ретінде  қағаз   бетіне
түсіріліп  отырған.   Жазбаша   деректер    қарастырып   отырған   кезеңдегі
мемлекеттің дамуы туралы бүгінгі күнде мол мәлімет бере алады.
      Феодалдық құрылыстың нығаюы  мақсатында  корей  мемлекетіне  Қытайдан
енген қосымша идеологияның негізгі көзі – буддизм  болып  табылады.  Буддизм
мемлекетті басқару жұмысын  ұйымдастыруда  конфуциандыққа  қарағанда  ерекше
орынға  ие  болды.  Сонымен  қатар  буддизм   Корей   ақсүйектерінің   мықты
одақтасына айналды. 372  жылдары  Когурёде  алғашқы  буддистік  монархтардың
орталықтары  қалыптаса  бастады.   Буддистік   монархтар   өздерімен   бірге
буддалық кітаптар мен будданың бейнелерін ала келді. Халық арасында  буддизм
дінін дәріптеу  кеңінен  қолдау  таба  бастады.  Себебі  қарапайым  халықтың
мүмкіндігінің шектеулі  деңгейде  болуы  жат  жерлік  бұл  идеологияның  оны
қоғамда ерекше орынға ие болуына ықпал етті және  жергілікті  шенеуліктердің
күштеу саясаты арқасында ғана жүзеге  асырылды.  384  жылы  Пэкче  королінің
өтініші  бойынша  Оңтүстік  Қытайдан  буддистік  монархтар   арнаулы   түрде
шақырылды.
       Силла  мемлекетіне  буддизм  Когурёден  еніп,  УІ  ғасырдың  бірінші
жартысында  кеңінен  таратылды.  Бұл  кезеңде  Силлада  мемлекеттік  басқару
аппараттары тұрақтана  бастаған  болатын.  Силла  мемлекетінің  басшысы  ван
(король немесе князь) титулын иемденді.  Мемлекетті әкімшілік  тұрғыда  бөлу
процесі қалыптасты,  яғни  аймақтар,  уездер.  Бұл  аймақтарға  аристократия
өкілдері мемлекеттік қызметкерлер  құзырын  атқаруға  тағайындалатын.  Силла
мемлекетінің астанасы- Кымсон (қазіргі  Кёнчжу  қаласы).  Кымсон  қаласы  өз
заманындағы ең ірі қалалардың  біріне  айналды.  Басқа  қалалық  аймақтармен
үнемі байланыста болу үшін  почтааралық  байланыс  қолға  алынып,  оның  жол
тораптары су, ауа, құрғақ байланыс жолдары арқылы жүзеге асырылып отырды.
        Корей мемлекеттері арасындағы өзара тартыс  еш  уақыт  толастамады.
Мемлекет ішіндегі өзара тұрақсыздықты тыныштандырып  алмай,  көршілес  елді-
мекендерге қарақшылық  қимылдар  танытып  отырды.  Когурё  мелекетіне  қытай
феодалдары бірнеше рет шапқыншылық жасады. 246 жылы  Қытайдағы  үш  патшалық
кезеңінде,  солтүстегі  Вэй  әскерлері  Когурёнің  астанасын  басып    алды.
Бірақта Когурё әскерлері жауға тойтарыс беріп, өз аймақтарынан  қуып  шықты.
ІУ ғасырда Когурё сяньбийліктер тарапынан үздіксіз шапқыншылыққа тап  болды.
Нәтижесінде  Когурё  сяньбийліктерді  өз  аймақтарынан   ығыстырып,   Ляодун
жартылай аралына толықтай үстемдігін орнатты. Сөйтіп, ІУ ғ. аяғы  мен  У  ғ.
басында Когурё мемлекетінің  басшысы(ван)  Квангэтхо  тұсында  территориялық
кеңеюі жағынан ең мықты мемлекеттердің біріне айналды.
       Когурё мемлекетінің оңтүстік бөліктерін  кеңейту  мақсатында  астана
Пхеньянға   ауыстырылады,   жүргізілген   іс-   шаралар   барысында    Пэкче
мемлекетімен  қарулы  қақтығысқа  болды.  Пэкче  әскеріне  оңтүстікке  қарай
шегінуіге тура келді.
      Корей  мемлекеттері  мен  Қытай  арасында  мәдени  және  экономикалық
байланыстар нығая бастады.  Қытайдың  солтүстік  династиясымен  өзара  күрес
барысында, корей  мемлекеттері  байланысты  оңтүстік  династиялармен  орната
бастады.  Оң  түстік  Қытайдан  діни  және  саяси  идеяларды  қомақты  түрде
пайдалануды, толықтай жүзеге асыру процесі  мемелекеттік  қызметтік  жұмыста
қолданысын таба білді. Кореяға сонымен  қатар  шебер  қолөнершілерде  ағылып
келіп жатты. Бұл аз болғандай кореяға қытайдың әдебиеті  мен  жазуы  өкшелей
ене бастайды.
        Тарихта қалған тағы бір дерек, ол Силла мемлекетінің  жағалауларына
жапон  дықтардың  жүргізген  шапқыншылықтары  туралы  ақпараттар  кездеседі.
Яғни, корей мемлекеттері  тек  қытай  тарапынан  ғана  емес,  сонымен  қатар
жапондықтар тарапынан да шапқыншылққа тап  болып  отырғанының  дәлелі  болып
табылады. Кейбір  жағдайларда  Силла  мемлекетінің  аристократтары  үздіксіз
жаугершіліктен  шарашандықтан,  мемлекеттер  арасында  келісім  шарт  жасасу
әрекеттеріне   дейін   барғандығы   туралы   мәліметтер   кездеседі.   Пэкче
мемлекетінің басшылары жапон әскерлерінің мықты күшін өздерінің  көршілеріне
қарсы күш ретінде қолдана білгендері туралы  мәлімет  бар.  Қарап  отырсаңыз
бір аймақта өмір сүріп жатқан корей мемлекеттері өз мақсаттарына  жету  үшін
өзіндік сатқындық қимылдарды жүзеге асырып отырғандарына  көзімізді  жеткізе
аламыз.
        У ғ. Когурё мемлекеті корей жартылай  аралының  тең  жартысында  өз
үстемдігін орнатқаннан кейін, Пэкче мемлекетін ығыстыра бастады.  Пэкче  мен
Силла арасында УІ ғасырда қарым- қатынас ынтымақтастық  дәрежеге  көтерілді.
551  жылы  одақтастар  Ханган   өзенінің   бассейнінен   Когурё   мемлекетін
ығыстырады.  Бірақта  тартып  алынған  жерлер  Пэкче  мемлекетінің   үлесіне
қайтарылмайды. Себебі одан күшті мемлекет  Силла  мықтылығына  қарап,  басып
алған аймақтарда өз үстемдігін орнатуды  артығырақ  көрді.  Бұл  әрекет  екі
мемлекет арасындағы  одақтық  құрылымның  ыдырауына  әкеп  соқты.  Кейінірек
Пэкче Когурё  бірігуді  және  жапондықтар  тарапынан  қолдау  табуды  мақсат
етеді. Когурё мен Пэкче арасындағы өзара одақ нәтижесінде Силлаға қарсы  күш
біріктірілді. Силла мемлекеті  болса,  өзіне  төніп  тұрған  қатердің  анық-
қанығына көзін жеткізген соң қытаймен одақтасуға бел буады.
        УІ ғ. аяғында Қытай Когурё  мемлекетін  ең  қауіпті  мемлекеттердің
қатарына жатқызып, оған қарсы соғыс отын жақты. 598 жылы Ян  Цзянь  Когурёні
жаулап алуға күшті әскер мен флотын бағыттайды,  өкінішке  орай  сәтсіздікке
ұшырайды. Когурёге қарсы келесі  жорық  суй  императоры  Ян  Гуанның  жорығы
болды. 612 жылы Когурёге қарсы тағы қарулы күш жұмсалды.  Когурё  халқы  мен
шебер қолбасшы  Ильчи  Мундоканың  арқасында  бұл  жорықта  сәтсіздікке  тап
болды.  Тіпті,  613  жыл   және   614   жылдар   аралығында   болған   қытай
шапқыншылықтары толықтай күйзеліске ұшырады.
        Когурё мен Пэкче арасындағы одақтастықтың жаң күш алуы Силлаға үрей
туғызды. Сондықтан да Силла қытай династиларынан  көмек сұрауға  бел  буады.
Сөйтіп, қытай мемлекетінің корейдің барлық әс шараларына тікелей  араласуына
толықтай кепілдік алды. 645 жылы  тан әскерлері  Ли  Шиминяның  басшылығымен
Когурё  мемлекетіне  баса  көктеп  кіреді.   Тан   әскерлері   Аньши(Ляодун)
қамалында қатты соққыға кезігеді. Кейінгі қытай әскерлері Пхеньянға  жорықта
тағы  да  сәтсіздікке  ұшырайды.  Қытай  мемлекеті  тарапынан  болып  жатқан
үздіксіз шапқыншылыққа  әбден  кектенген  Когурё  мен  Пэкче  Силлаға  деген
өшпенділіктерін одан ары арттыра түседі. Тығырыққа тірелген силла  мемлекеті
  тан  империясынан  көмек  сұрауға  тағы  да  бел  буады.  660  жылы  Пэкче
мемлекетіне Силла 50 мыңдық  әскері тұтқиылдан шабуыл  жасайды,  оған  теңіз
арқылы 130- дан аса әскери құрамы бар тан империясы көмекке келеді.   Шешуші
қақтығыста  Пэкченің  астанасы  Саби  қоршауға  алынып,  оның   королі   мен
аристократ өкілдері жаулап алушылардың  қайырымдылыға  ие  болады.  Пэкченің
иелігіндегі барлық аймақтар Тан  империясының  провинциясына  айналады.  Оны
бес бөлікке бөліп, әр бөлікке әскери қарулы күштерін шоғырландырды.
        Пэкче мемлекетінің  халқы  басқыншылардың  үстемдіктеріне  қарсылық
білдірді. Халық арасында осы бағытта қозғалыстар  қалыптаса  бастады.  Халық
қозғалыстарының басшылары буддистік діни ағымның өкілдері  болды.  Көтеріліс
халыққа  біраз  мүмкіндіктер  туғызып,  үміт  отын  жақты,  біраз   аймақтар
қытайлықтардан азат етілді. Бірақта 663 жылы халық көтерілісі тан  империясы
тарапынан толықтай басып жаншылды. Пэкче  мемлекетін  толықтай  күйреткеннен
кейін, Тан империясы  мен  Силла  мемлекетінің  мақсаты  мықты  бақталастары
Когурё мемлекетінің көзін құрту болды.  Когурё мемлекеті тығырыққа  тірелді.
Когурё  мемлекетінің  ішкі   саясатындағы   өзара   тұрақсыздық   мемлекетті
әлсіретіп жібергендіктен қарсылас жауға еш төтеп  бере  алмады.  Сөйтіп  668
жылы Тан империясы мен Силла мемлекеті Когурёнің  астанасы  Пхеньянды  басып
алады. Когурёнің территорясы толықтай Тан империясының үстемдігінде болды.
    Әдебиеттер:
    Бутин Ю.В. От древнего Чосона к Трем государствам. Новосибирск,  1984.-
458
    Ванин Ю.В. Феодальная Корея в Х11-Х1У вв. Москва, 1962. -520 б.
    Ванин Ю.В. Аграрный строй феодальной Кореи ХУ-ХУ1 вв. М,1981.-346 б.
    Васильев Л.С. Курс лекций по средневековому Востоку (Ближний,  Средний,
Дальний Восток и Юго- Восточная Азия). М., 1987.-480 б.
    Волков С.В. Раняя история буддизма в Корее. М., 1985.-460 б.
    Волков С.В. Чиновничество и аристократия в ранней  истории  Кореи.  М.,
1987.-376 б.
    Гордон А.В.  Крестьянство  Востока:  Исторический  субъект,  культурная
традиция, социальная общность. М., 1989.-380 б.
    История Кореи. Москва.1978.- 356 б.
    История Кореи( с древнейших времен до наших дней). Т.1. М.,1974.-469б.
    Ланьков А.Н. Политическая борьба в Корее ХУ1-ХУ111 вв. М., 1995.-397 б.
    Пак М.Н. Очерки ранней истории Кореи. М., 1979.-580 б


    Тақырып  8.  Корея.
    Мақсаты:
    1.Коре мемлекеті. Ван Гон.
    2.Коренің әлеуметтік – экономикалық дамуы.
    3.Қидандар, Чжурчжендер,Монғолдармен күрес.
    4.Чоон мемлекеті.
          Силла мемлекеті І мыңжылдықтың ортасында кореядағы үш мемлекеттің
ішіндегі ең әлсізі болған. Бірақта УІ ғасырдың ортасына таман өз күшіне  ене
бастады және Корей жартылай аралында  үстемдік  жүргізу  мақсатында  күреске
бел буа кіріседі. 654 жылы  Силла  мемлекетінің  тағын   ван  Тхэджон-Мурёль
иеленді.  Ван  Тхэджон  Мурёль  сыртқы  саясатты  жүргізу  барысында   асыра
белсенділік танытып, мемлекеттің  Тан  империясымен  одақтасуына  бар  күшін
салды.  660  жылы  силландықтар  мен  қытай  әскерлері  Пэкче   мемлекетінің
астанасы Сабиді басып алып, мемлекеттің толықтай күйреуіне  әсерін  тигізді.
668 жылы Когурё мелекеті күйретіліп, оынң иелігі Тан имперясының қол  астына
өтті. Пэкче мен  Когурё  мемлекеттерінің  тарих  сахынасынан  кетуі  мұнымен
тамамдалмады. Силла мемлекеті бүкіл аралдағы иеліктерін  кеңейту  мақсатында
Тан империясымен келіспеушілікке тап болды.
        Силла мемлекеті бұл уақытта өзіне күшті де, қуатты  әскер  жасақтап
алған және әскерді мықты қолбасшылардың  бірі  Ким  Юсин  басқарды.  661жылы
әкесі дүние салғаннан соң, оның орнына ұлы Ван  Мунму  билікке  келеді.  Ван
Мунмудың алға  қойған  мақсаты  қытайлықтарға  дес  бермей  өз  позицияларын
толықтай қорғап шығу. 670 жылы Қытай мен Силла мемлекеттері  арасында  соғыс
басталды. Силла қытай шапқыншыларына қарсы  белсене  күрес  жүргізгені  үшін
Когурёнің  ақсүйектерінің  бірі  Ансынаны  Когурёнің  ваны   деген   атақпен
марапаттады.  Бұл  кезде  Силла  Пэкчеде  Тан  империясының  құрған  қуыршақ
мемлекетіне қарсы қарулы әскерін жасақтап, бір жылдан  соң  толықтай  өзінің
қоластына бағынышты етті. Бірақта қытай әскерімен болған қақатығыс жеті  жыл
аралығына  созылып  кетті(670-676  ж.ж.).  Бұл  соғыс  үздіксіз   жүргізіліп
отырды.  Қытайлықтар силландықтардың жеңісін толықтай  мойын  дады,  бірақта
60 жылдан соң ғана(735жыл)   үстемдіктен  босатқан.  Ансын  683  жылы  ресми
түрде силландықтарға қызметке ауысып, оған Ким деген титул берілді және  Ван
Мунмудың апайын әйелдікке берілді. Сөйтіп Силлада  бірігу  кезеңі  басталды.
Мемлкеттің құрамына Корей жартылай аралындағы барлық  оңтүстік  бөліктерінің
барлығы  енгізілді.  УІІІ  ғасырда   Қытаймен   диполатиялық   қарым-қатынас
орнатыла бастады. Елшілермен өзара тәжірибе алмасты. Ал  Жапон  мемлекетімен
қатынас  әліде  дұрыс  жолға  қойылмады.  698-703  ж.ж.  жапондықтар   Силла
мемлекетіне    елшілік  сапармен  бірнене  мәрте  келіп,  мемле  кет  аралық
байланысты тұрақтандыруға белсене  араласты.  Соған  қарамастан  жапондықтар
силландықтарға  бірнеше  мәрте  шабуылдар  жасап  отырған.  733  жылы  Бохай
мемлекетіне қарсы  тұтқиылдан  шабуыл  жасап,  819  жылы  Ли  Шидао  Юньчжоу
мохэских тайпаларының бүліктерін толықтай тойтарып тасты.
          Силла мемлекетінің  ішкі  саяси  тарихы   мемлекеттік  құрылыстың
саяси билігінің  сипаттамасын  аристократтардың  мәртебесімен  есептеді.  УІ
ғасырда  аристократия  мемлекетте  шешуші   роль   атқарғандықтан;   мұралық
мәселесінің де шаруасын қадағалап отырған.  Кейіннен  УІІ  ғасырдың  бірінші
жартысында  мемлекеттік  аппарат   пен   тұрақты   әскер   құрылғаннан   соң
аристократияның беделі төмендеп кетті. 654- 681  жылдары  ван  Тхэджон-Муёль
мен Мунмудың вандық автократиялары орнаған кезеңге айналды. Ким Юсин  сияқты
вандардың қолдауымен екі ван өздерінің қолдарына барлық үстемдікті  иеленуге
тырысып бақты. Саясат жүргізу барысында вандар пэкче мен когерё  ауқаттылары
тарапынан қолдау тапты.  Әрине  бұл  әрекет,  мұндай  өзгерістер  жергілікті
аристократтар тарапынан наразылық туғызды. Наразылықтар  біртіндеп  бүлікке,
қастандықтарға ұласып жатты.
          Ван Синмун (Ван Мунмудың ұлы)  билік  еткен  дәуірінде  (681-780)
мелекет  гүлдену  мен  даму  кезеңдерін   басынан   өткерд   және   мемлекет
орталықтанған мемлекеттердің қатарына қосылды. 780 жылғы ел ішінде  бүліктің
нәтижесінде ван Хегон өлтірілген соң, үстемдік ету  құзыры  Ким  ұрпақтарына
берілді. 861 жылы екі ұрпақ арасында ван Вонсон аралықтарында билікке  деген
толассыз күрес  аяқталмай  жалғасын  таба  берді.  Екі  ұрпақтар  арасындағы
дамылсыз, билікке деген өзара талас мемлекетті әлсіретіп жіберді.
           ІХ ғасырдың екінші жартысы мемлекет үшін  нағыз  тоқырау  кезеңі
болып табылды. Мемлекеттің ішкі құрылысындағы тұрақсыздық  көптеген  террито
рияның ыдырап кетуіне мүмкіндік туғызды. 861 жылы  Силла  мемлекетінің  ваны
болып Кёнмун тағайындалды. Кёнмун  өзінің  ұрпақтарымен  бірге  билікте  912
жылға дейін үстемдіктерін жүргізді. 887-897 жылдар аралығында мемлекет  үшін
тағы да бір күрделі кезең әйел-ван Чинсонның билікке келуі еді.  Мемлекеттік
биліктегі міндеттердің барлығы  оның  фавориттерінің  құзырлар  ында  болды.
Салық  мемле  кеттік  қазына  келіп  түспеді,  соның  кесірінен  мемлекеттік
қазынадағы  қор  біртіндеп  құрдымға  кетті.  889  жылы   Саболь   аймағында
сановниктер  бүлік  ұйымдастырды.  Бүлікті  басып-  жаншуға  мемлекеттің  еш
мүмкіндігі болмады. Сөйтіп мемлекет құрдымға кетті деп айтуға әбден  болады.

          Силла  мемлекетінің  ішкі   тұрақсыздығы   мемлекетті   түбегейлі
әлсіретті.     Жат жерліктердің мемлекетті билеп  төстеуі  жергілікті  халық
арасында наразылық туғызды. Тан империясына жаулап алған  Пэкче  мен  Когурё
мемлекеттерінің  иеліктерінде  өктемдіктерін  орнату  мүмкін  болмай  қалды.
Халық толқулары Силла мемлекетінің билеушілері арасынан қолдау тапты.  Сонда
бір түсініксіз жайт пайда болады, егерде  Силла  мемлекетінің  билеу  шілері
халық наразылығын қолдаса, неліктен олар  қытай  мемлекетінен  көмек  сұрап,
одақтас мемлекеттерді  күйзеліске  ұшыратады.  Ал  енді  қытай  феодалдарына
иеліктерінде үстемдік орнатуға қарсылықтарын  ашықтан  ашық  көрсетіп  отыр.
Силла   билеушілерінің   мұндай    позициясы    Тан    империясымен    өзара
түсініспеушілікке әкеліп соқты.  670-676   жылдары  аралығындатан  империясы
мен силландықтардың арасында  соғыс  оты  бұрқ  етті.  Нәтижесінде  Кореяның
барлық аймағы Силла мемлекетінің құрамына толықтай енді.
        Силла мемлекетінің қуатты күшке ие болып, мемлекеттерді  біріктіруі
Кореяда феодалдық өндіріс тәсілдерінің толықтай  бекінуіне  мүмкіндік  ашты.
Мемлекет аралық  тартыстың  тоқтатылуы,  көршілес  елді  мекендермен  бейбіт
қарым-  қатынастардың  орнауы  дамудың  жаңа  кезеңіне  жол  ашты.   Құрылыс
істерінің жетілуі ауыл шаруашылығының да өніп- өсуіне септігін тигізді.
           Феодалдық қатынастардың дамуы жерге деген мемлекеттік  меншіктің
тірегі негізінде қалыптасты. Жер қойнауының басым  бөлігі  ұсақ  бөліктерден
тұрды (бөліктердің қожалары  мемлекетке жері  үшін  салық-  рента  төлейтін,
әскери міндет атқаратын, мемлекеттің барлық шаруасын  мойнына  жүктеп  алған
шаруалар болды).
            УІІІ ғасырда мемлекеттік меншік әлі де болса күшейе түсті  және
осы мәселені бақылап, қадағалап отыратын әскери-әкімшілік  басқару  аппараты
өзінің жұмысын мемлкет пен шенеуліктердің  үлесіне  қарай  ба,ыттап  отырды.
УІІІ ғасырдың орта сында әкімшілік  территориялық  бөліс  жүргізілді,  тоғыз
аймақтық бөліс( оның үшеуі силландық  жерде,  үшеуі  когурё  жерінде,  үшеуі
пэкче жерінде құрылыды) және бес  өкілетті  (немесе  кіші  астана),  сонымен
қатар аймақтар мен уездерге бөлу толықтай жоспарланды. Жергілікті  әкімшілік
қызметке астаналық басқарушылар тағайын  далады.  Шенеуліктерді  мемлекеттік
қызметтерге арнаулы дайындықтан өткізетін мемлекеттік  жоғары  оқу  орындары
ашылды. Аранулы  мектептерден  өткен  қызмет  кер  адамдар  дәріс  барысында
мемлекеттік емтихандар тапсыруы міндетті болды.
           Мемлекеттің астанасы ретінде қызметкер аристократтар шоғырланған
170 мың ауылы бар аймақ таңдап алынды. Астаналық  байлардың  үйлері  салынуы
мен көр кемдігімен ерекшеленді. Астанада шебер қолөнершілер  міндетті  түрде
қызмет атқарды, себебі олар билеуші таптың мүдделеріне тиесілі қызмет  етті.
Колөнер мен  егіншіліктің  дамуы  сауда  қарым-қатынасының  дамуына  әкелді.
Силлан қолөнерші  лерінің  өнер  туындылары  тек  өз  аймақтарымен  шектеліп
қалған жоқ, тауарлар  шет  аймақтарда  да  кеңінен  танымал  болды.  Әсіресе
силландық көпестері Қытай және Жапон көпестерімен тығыз  сауда  байла  нысын
жүргізіп  отырды.  Силла  мемлекетінің   билеуші   топ   өкілдері   Қытаймен
аралықтағы байланыстарды қайтадан жаңғыртуға тырысып бақты. ІХ  ғасырдың  80
жылдарында Қытай мен силла мемлекеті арасындағы  диполматиялық  байланыс  өз
күшін жойды. 790 жылы және 812 жылдар аралығында  Қытайға  елшілер  екі  рет
дипломатиялық   сапармен  барды,  өкінішке  орай   іс   сапар   сәтсіздікпен
аяқталды.
              ІХ ғасырда  Жапония  мен  Силла  арасындағы  байланыс  жиілей
түсті. Кенеттен 803 жылдары Силла мемлекеті  мен  Жапон  мемлекеті  арасында
достық қарым- қатынас орнап, елшілермен  тәжірибе  алмасу  қимылдары  жүзеге
асты. ІХ ғасырдың барлық кзеңдерінде Жаподықтар Силла мемлекетіне  елшілерін
үнемі жіберіп отырған. Ал силландытар болса, өз  кезектерінде  жаподықтардың
территориясына бірде- бір рет аяқ  баспаған.  891  жылы  Янгиль  атты  біреу
тоғыз аймақ пен елді- мекендерді Ёнджу өңірінде толықтай  бағындырған  деген
дерек бар.
             892 жылы Вансанда орныққан  Кёнхвон  Хубэкче  (Кейінгі  Пэкче)
мемлекетін  құрды.  Кёнхвон  Аджагэ  дейтін  аты  белгісіз  қарапайым  шаруа
баласы. Кейіннен қолбасшылық өнерімен  көзге  түсіп,  әскерде  мәртебеге  ие
болды.  Кёнхвонның  құрған  мықты  әскери  құрамы  Силла  мемлекетіне  қауіп
төндірді. 90 жылдардың ортасында силла  вандарының  бірінің  баласы,  монарх
Кунье халық арасында танымал бола бастады. 891 жылы ол Янгильдің  қоластында
қызметтілікте жүріп, орталық бөлікте орналасқан аймақтарды бағындырып,  өзін
тәуелсіз билеуші деп жариялаған. 899 жылы Янгиль  Куньеден  қауіптьеніп  оны
құртуға тырысады, бірақта сәтсіздікке тап болады.  901 жылы Кунье  өзін  Ван
деп жариялайды.  904  жылы  Куньенің  құрған  мемлекеті  Маджин(911жылдан  –
Тхэбон)  деген  атауды  иеленді.  Мемлекетте  өзіндік  бюрократиялық   билік
орнады.
              918  жылы  Кунье  сатқындықтың  зардабын   шегеді,   оны   өз
араларындағы қолбасшылардың бірі Ван Гон өлтіреді. Ван Гон  Корё  атты  жаңа
мемлекет құрады.  Ван Гон Силла мемлекетімен  достық  қарым  –қатынасты  сақ
тауға тырысты. Ал Кёнхвон бұл  достықты  еш  қолдамады.  927  жылы  тосыннан
шабуыл жасау  арқылы   силла  мемлекетінің  астанасы  Кымсон  қаласын  басып
алады. Силла  мемлекетін  бүтіндей  тарих  сахансынан  жойып  жіберуге  дәті
бармаған   Кёнхвон  билікке  Ким  Пу  руынан  шыққан  өз  адамдарының  бірін
тағайындады.  Бұл  уақытта  Силла  мемле   кетінің   территориясы   тарылып,
басқаратын иелік болмағандықтан соңғы вандардың  бірі  Кёнсун  биліктен  бас
тартып, Ван Гонның  қоластына  өтуді  дұрыс  деп  шешеді.  Сөйтіп,  үздіксіз
билікке  таластың  арқасында,   мемлекетте   саяси   тұрақтылықтың   болмауы
нәтижесінде Силла мемлекеті өзінің өмір сүруін толықтай тоқтатты.
               Біріккен  Силла  мемлекетінің  даму  кезеңінде  Кореяда  жер
мемлекеттік меншіктің пайда табу көзіне айналды. Жер  қорының  басым  бөлігі
ұсақ шаруалардың иелігінде болды. Силла мемлекетінің бір орталықтан  басқару
жүйесінің кейбір жақтарын талдай кетсек оның өзіне тән  ерекшеліктерін  атап
өтуге болады.
             Силла мемлекеттін  басқарудың  жоғарғы  органы-  чипсасон  деп
аталды. Құзыры мемлекеттік  маңызы  бар  сұрақтарды  талқылау,  нақты  шешім
қабылдау. Басшысы- чунси  (суджун)-  мемлекеттік  әкімшілктегі  басты  тұлға
болған. Келесі маңызды қызметтердің бірі сандэдына- ван қарамағындағы  кеңес
 басшысы. Жеке басқару орындары (бу)  әскери  істерді  жүргізуші,  фи  нанс,
мемлекет қаржысын  қадағалаушы,  құрылыс,  транспорт.  Флот,  бақылау,  ішкі
байланыс, шенеуліктер кадрлары, әділет тілік органдары, жазалау  ұйым  дары,
қоғамдық жұмыстарды жүргізу мемлекеттік маңызы  бар  шаралардың  бірі  болып
табылады. Маңызды емес, ұсақ мәселелермен  (со)  басқару  орталығы  жүргізіп
отырған. Барлығы орталық басқару аппаратында 160-ға жуық  бөлімдері  болған.
УІІІ ғасырда ван Кёндоко мемлекетті басқару жүйесінде қытайлық жүйеге  ұқсас
реформалар жүргізді. Нәтижесінде көптеген қызметтер мен  құзырлардың  барлық
атаулары өзгеріске ұшырады. Бірақта 20  жылдан  соң  бұрынғы  жүйе  қайтадан
қалпына келтіріледі.
            Мемлекеттік қызметте жүрген шенеуліктер 17  рангтарға  бөлінді.
әр  рангқа  тиесілі  шен  белгіленді,  яғни  астаналық  және   провинциялық.
Әкімшілік қатынаста ел 9 аймаққа бөлінді. Аймақтар чу  деп  аталды.  5  кіші
астана согёнге және 116 округ пен   293  уезге  бөлінді.   Әкімшілік  бірлік
ретінде шенеуліктерге 16 провинциялық дәреже берілді.   Мемлекеттің  негізгі
тірегіі болатын әскер құрамы  қарапайы  халықтан  құралды.  Еркек  атаулының
барлығы әскер құрамында міндетті болуы керек.
             Біріккен  Силла  мемлекетінде   сүйеніп   отырған   деректерге
қарағанда 5.7 шенеуліктер,  оның 1350 орталық аппаратта қызмет  еткен,   3,8
әскери адамдар болған. Шенеуліктерге жалақы әртүрлі деңгейде төленді;  бірде
жер  түрінде  өтелсе,  бірде  материалдық  құныдылықтар   есебінде   беріліп
отырған. 687 жылы шенеуліктерге жер  таратылып  берілді.  Кейіннен 689  жылы
жер айлығы (ногып) алып тасталынып, оның орнана  ақыны  өтеу  бидай  түрінде
енгізілді.  757 жылы айлық ақы қайтадан ногып түрінде  төленді.  Яғни  ақыны
өтеу қайтадан бұрынғы жүйеге түсірілді.
            Силла  мемлекетінің  идеологиялық  бағытта  жүргізілген   халық
арасынан ешбір  наразылық  туғызбады.  Себебі,  конфуциандық  пен  буддизмді
жергілікті  халық  шын  көңілімен  қабылдап  оның  кеңінен  таралуына  әбден
мүмкіндіктер тудырып отырған.
           Біріккен Силла мемлекеті Корей тарихында маңызды орын алады. Бұл
кезең тұңғыш рет  орталықтанған  мемлекет  құрылды.  Мемлекетте  жүргізілген
әкімшілік және саяси өзгертулер мен толықтырулар кейінгі  қалыптасқан  мемле
кеттердің тарихи процестеріне әсер етті. Қаншалықты  мықты  болуға  тырысқан
Силла  мемлекетінің  шайқалуына,  күйзелуіне  әср  еткен  мемлекеттер  Силла
мемлекетінің тарих сахнасынан кетуіне ықпалын  тигізді.  Силла  мемлекетінің
басына түскен тағдыр тауқыметі  одан  кейін  де  келген  мемлекеттердің  ары
қарай дамып, гүлденуіне кесірін тигізеді. Іштен  шыққан  жау  жаман  демекші
мемлекеттің  қарқынды  дамуына  кедргі  жасаған   ішкі   саяси   тұрақсыздық
мемлекеттің тағдырын әп сәтте шешеді.
         Корё мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық  дамуы.
            Х ғасырдың басында Корей  жартылай  аралында  жекеленген  шағын
мемлекеттер қалыптаса бастағанын алдында келтірілген ақпараттардан  білеміз.
901 жылы Кунье Хубэкче мемлекетінің негізін  салды.  904 жылы  бұл  мемлекет
Маджин деп аталып кетті. 911жылы,  яғни  кейіннен  Тхэбон  деген  атауға  ие
болды. Куньеның жақтастарының ішінен ерекше көзге  түскен,  ауқатты  ортадан
шыққан  Ван  Гон   Силла   мемлекетінің   иеліктерін   меншіктеген   негізгі
тұлғалардың бірі болды.  Ван  Гон  есімі  тарихта  Х  ғасырда  пайда  болған
келесі мемлекеттің пайда болуына ықпал еткен. Сондықтан жаңадан  қалыптасқан
Ван  Гонның  құрған  Корё   мемлекетінің  астанасы  Сонака  деп  белгіленді.
Бірақта кейіннен  астананың  аты  Кэгён(қазіргі  кездегі  атауы  Кэсон)  деп
өзгертілді. Корё  мемлекетінде сепаратистермен  күрес  жүргізу  қырық  жылға
жуық уақытқа созылып, мемлекеттің әкімшілік жүйесін дұрыс  жолға  қоюға  тек
осы уақытта мүмкіндік болды.    946 жылы кидандық Ляо  империясы   Солтүстік
Қытайды жаулап алып,  Корё мемлекетінің  шекарасына  қауіп  төндіреді.  Корё
мемлекетінің  билеушілері,  қолбасшылары  қорғану  саясатын   жүзеге   асыру
мақсатында  жаңадан  қамалдар  мен  горнизондар  тұрғызуға   кірісті.   Корё
мемлекеті  қидандар  мен  қытайлықтар  арасында  болып   жатқан   қақтығысқа
араласпай, бейтарап саясат сақтауға тырысып бақты.  Бірақта  993  жылы  Корё
мемлекетінің  территориясына  қидандықтар  баса  көктеп  кіріп  келді.  Корё
әскерлерінің қақтығысна  кездескен  қидандықтар  мемлекеттің  оңтүстігіндегі
аймақтарда  келісім  шарттар  жасасуға  бел  буды.  1009  жылы  ван   Мокчон
қолбасшылардың сатқындығы салдарынан өлтірілді.

               Мемлекет    ішіндегі   өзара   тартыс   пайдаланбақ   болған
қидандықтар 1010 жылы тағыда  Корё  мемлекетіне  шабуыл  жасады.  1011  жылы
қидандықтар   корёнің   астанасы   Кэгёнды   талқандады.   Жаулап    алынған
территорияларда қидандықтар жергілікті халықтың  қақтығыстарына  тап  болды.
Үстемдікке  иойын  ұсынбаған   корё   халқының   қарсылығын   баса   алмаған
қидандықтарға шегінуге  тура  келді.  1014  жылы  Корё  мемлекетін  тағы  да
қолбасшылардан құралған топ басып алды. 1018  жылы  қидандықтар  үшінші  рет
мемлекетке тарпа бас  салады.  Хынхванджина  аралығында  болған  қақтығыстан
кейін Кэгёге қарай бет алады. Онда сәтсіздікке  ұшырайды.  Шегіністен  кейін
Куджу  түбінде  толықтай  жеңіліске  ұшырайды.  Үнемі  сәтсіздіктен  жалғаса
бергендіктен  қидандықтар   шарасыздан   Корё   мемлекетімен   дипломатиялық
байланыс орнатуға мәжбүр болады.

             ХІ ғасыр Корё  мемлекетінің  гүлдену  кезеңі  болып  табылады.
Мемлекет билеуші ван Мунджоне 1047-1082  ж.ж.  аралығында  билік  етіп,  екі
ғасырлық тарихы бар мемлекетті басқарудың әкімщілік жүйесін  қалыптастырады.
Мемлекет  үшін  бұл  кезең  жерге   деген   жеке   меншіктің   орталықтанған
мемлекеттік меншік түріне  айналуына  принципиальды  түрде  жағдай  туғызған
кезең болды. Әр мемлекеттің гүлдену және күйреу кезеңі болады  деген  сиқты,
ХІІ ғасырдың бас кезінде мемлекеттің ішкі бытыраңқылығы , жер қорының  азаюы
елдің прогрессивті дамуына кедергеі  туғызды.  Жерді  үлестіру  саясатындағы
әлеуметтік    теңсіздік     үстем    етуші    таптар    арасындағы     өзара
түсініспеушіліктің  қалыптасуына  әкеп  соқты.  Сонымен  қатар  әскери  және
жергілікті азаматтар арасында да өзара келіспеушілік пайда  болды.  Салықтың
шектен  тыс  енгізілуі,  шаруалардың  шектен  тыс  қанауға  түсуі   мемлекет
ішіндегі  жағдайды  шиеленісе  түсірді.  Мемлекет  ішінде  қарапайым   халық
арасынан шыққан ауқатты адамдардың қатары көбейе  бастады  және  олар  саяси
дәрежеге көтеріле бастады. Көптеген жерлер монастырлардың  иелігінде  болды.
ХІ-ХІІ ғ.ғ. аралығында ірі жереге деген жеке меншігі  бар  топтар  қалыптаса
бастады. Ірі жериеленушілердің қатарын әскери адамдар құрды.
            ХІІ   ғасырдың   басында   Корё   мемлекеті   чжурчжэндықтармен
қақтығысады. 1104 жылы Чонпхён қамалының  түбінде  болған  шайқаста  корёлық
әскер жеңіліске ұшырайды.  1107  жылы  чжурчжэндықтар  екінші  мәрте  шабуыл
жасайды, бірақта сәтсіздікке ұшырайды. Корё мемлекетінің әскерлері  қарсылас
жаулардың  территориясын  баса  көктеп  кіреді,  шамасы  тек  екі  жыл  ғана
созылады. Кейіннен Қытайда чжэндық  Цзинь  империясы  құрылғаннан  соң  Корё
мемлекеті  вассалдықты  қабылдады.  Мемлкеттегі  үстемдік  ету   құзыры   Ли
Джагемудың қолына шоғырланды. Ли ван Инджонды өзінің екі қызына  үйлендіріп,
мемлекетті екі жақты билеудің жеңіл жолын шешіп  алды.  Әскери  министр  иен
шенеуліктер министрі таза өз құзырында  болды.  1126  жылы  Ван  Инджон  оны
биліктен аластатуға тырысып бақты, бірақта ақыр  соңында  өзі  бостандығынан
айырылып қала жаздады. Тек  қана  бір  жылдан  соң  Согён  сановниктері  мен
буддистік монах  Мёчхонның  қолдауымен  Инджон  Лиді  мемлекеттегі  биліктен
толықтай аластатады. Мемлекеттің астанасын Согён  қаласына  алмастыру  қажет
деген шешім қабылдады. 1135  жылы  Согён  қаласында  бүлікшілер  бас  көтере
бастады.  Оның  ұйымдастырушысы   Мёчхон  болды.   1136   жылы   мемлекеттік
қайраткер Ким Бусиктің арқасында Согёндегі бүлік толықтай басып- жаншылды.
            ХІІ ғасырда қарама-қарсы топтар арасында қақтығыс  үдей  түсті.
1170 жылы вн Ыйджон  әскери  төңкеріс  нәтижесінде  тақтан  құлатылады.  Чон
Джунбу бастаған қолбасшылардың көмегімен билікке Мёнджон келеді.  Мемлекетте
басқару  жұмысын  қадағалап  отыратын  Чунбан  атты  әскери  орган  жүргізіп
отырды.
          ХІІ ғасырдың ортасынан 1162  жылы  және  1166  жылдар  аралығында
шаруалар көтерілісі үдей түсті. 1176 жылы  Мани  атты  шаруаның  басқаруымен
шаруалар соғысы кеңінен етек алды. Көтеріліске  қатысушылардың  құрамы  ноби
атты мемлекеттің шаруалардан және өзге де шаруалардан тұрды. Шаруалар  елуге
жуық қалалы аймақтарды жаулап алды.  Тек  қана  1178  жылы  шаруалар  соғысы
жеңіліске ұшырап, оның жетекшісі  Мани  қатаң  жазаға  тартылды.   1193-1194
ж.ж.  Кёнсан  провинциясында  Ким  сами,  Хё  Сима  және   т.б.   өкілдердің
жетекшілігімен ірі шаруалар көтеріліс болды.
        1196 жылы мемлекеттің билігі қолбасшы Чхве Чхунхонның қолына өтеді.
 1258 жылғы монғол шапқыншылығына дейінгі аралықта мемлекет осы  қолбасшының
өзі және оның ұрпақтары билігін жүргізді.  Чхве  Чхунхон  мемлекеттің  дамуы
мүддесінде ішкі  саяси  тұрақтылықты  сақтау  мақсатында  көптеген  еңбектер
атқарды. 1198 жылы мемлекеттің солтүстік- шығысында шаруалар көтеріліс  тағы
да бас көтереді.  1200 жылы Кёнсан провинциясында мемлекеттік шаруалар  ноби
мен шаруалар көтеріліс бұрқ  етті.   1201  жылы  көтеріліс  басып  жаншылды.
1203 жылғы аруалар көтеріліс ұзақ уақытқа созылып кетті.
       ХІІІ ғасырдың басында Корё мемлекетіне қидандықтармен келесі кезекте
қақтығысуға  тура  келді.  1216-1218  жылдары  болған  бірнеше  соқтығысулар
мемлекетті  тағы  да  күйзелтті.  Ендігі  кезекте  Корё  мемлекетіне   қауіп
төндіруші  монғолдар болды. Қай уақытта болсын  азаптан  құтылмаған  халыққа
тағы бір рет ең мықты бақаталстарымен күш сынастыруға тура келді.
         Корё  мемлекетінің  әкімшілік  жүйесі  екі  жақты  жүйе   бойынша,
біріншісі- тхэбондық, ал екіншісі – силлалық  дәстүр  негізінде  қалыптасты.
Корё мемле кетіндегі  шенеулік  жүйесінің  принципиальды  жаңалығы  болмады.
Тіпті шенеулік дәрежелері болмады деп  айтуға  да  болады.  Қытайдағы  тоғыз
рангктық жүйе енгізілді. Қоғамда  белгілі  бір  дәрежеге  ие  болу  мансапқа
айналды. Әр мансапқа тиесілі дәреже тағайындалды. Хун- ерекше үлестері  үшін
берілетін атақ, чак  –құрметке  ие  тұлғалар,  мунсанге  -  қызметке  аралас
пайтын   азаматтық   шенеуліктер,   мусанге-қызметке   араласпайтын   әскери
шенеуліктер.
        Орталық  басқару  аппараты  әртүрлі  бөлімдерден  құралған;  жоғары
өкіметтік бөлім, жекеленген министрліктер, негізгі ғылыми-оқу және басқа  да
басқару бөлімдері -си, кеңсе бөлімі- со, қоймалар- чхан, ко, сарайлық  бөлім
меңгеру шілері тогамдар деп аталды. Корё  мемлекетінің  тарихындағы  басқару
жүйесіндегі  өзгерістер  мен  толықтырулар  жылдар  өте  өз  алдына  маңызды
мәселерді мақсат етіп қойған.
        ХІ ғасырдың ортасында 1047-1082 жылдары аралығында әкімшілік жүйеде
түбегейлі  өзгерістер  жасаланды.  Шенеулік  аппарат  құрылыды,   жекеленген
штататр  бір   жүйеге   келтірілді.   Ммелекеттегі   барлық   шенеуліктердің
дәрежелері  күні  бұрын  белгіленіп  қойылған.  Ванның  кезіндегі  кеңесетін
органның атауы Тобёнмаса  деп  белгіленді.  Корё  орталық  аппаратында  150-
170 астам бөлімше лерден құралған. 500 ден аса  қызметте   2.5  мыңнана  аса
шенеуліктер қызмет еткен.
            Корё   мемлекетінің   әкімшілік    –    территориялық    бөлігі
провинциялардан тұрған, оны то деп атаған.  То  ұсақ  әкімшілік  бөліктерден
құралған. Провинциялардың саны тұрақсыз болған. ХІ-ХІІ ғ.ғ.  Солтүстік  және
Оңтүстік  шекаралық  аймқтардан,  ал  олардың  әрқайсысы  екі   провинциядан
құралған.   Ірі  провинциялардың  қатарына  жататындар;  Пхеньян  (Когурёның
бұрынғы астанасы), Кёнджу (Силланың бұрынғы астанасы) және  Янджу  (Пэкченің
бұрынғы астанасы), олардың атауы Согён,  Тонгён  және  Намгён  («солтүстік»,
«шығыс», «оңтүстік» астаналары). Провинцияларды басқаратын арнаулы  органдар
бар.
           Корё армиясын басқаратын және штатты ұйымдастырушы чангун болды.
Мемлекетті  жалпылама  басқаратын  коллегиалды  орган  –  Чунбан,   ол   ірі
командирлер мен оның орынбасрларынан құралды. Әскери  шенеуліктердің  қатары
4 мыңнан аса болды. Корёде шенеуліктердің саны жалпы 10 мың  адамнан  тұрды.
1076 жылы еңбегң ақы төлеу бидай ретінде жүзеге асырылды.
                Корёдегі  шенеуліктер,  яғни  янбандар  билеуші  тап  болып
есептелді. Мемлекеттік шенеулік қызметке адамдарды  мемлекеттік  маңызы  бар
емтихан  дарды  тапсырған  уақытта   ғана   берілді.   Тіпті   958   жылдары
емтихандарға қарапайым шаруалар да қатысу құқығына ие болған.  Корёде  Силла
мемлекетіндегі сияқты пайда табудың негізгі көзі шаруалардың еңбегін  қанау.
Еңбеке  жарамды  барлық  шаруалар  әскери   қызметке   тартылған.   Көпестік
әрекеттілік мемлекеттің қазына  толтыру  мақсатында  жұмыс  жасады.  Негізгі
көзі бай, ауқатты шаруалар.  Деректер  сүйенсек  көпестердің  мансабы  шаруа
лардың жағдайына  қарағанда  төмен  дәрежеде  тұрды.  Керісінше  шаруалардың
кәсібі жоғары  мәртебеде  болды.  Тұрмысына  деген  қажеттілікті  қанағаттан
дыруға тырысқан ауқатты шаруалар өз  көрсеткіштерін  одан  ары  жоғарылатуға
тырысып бақты.
           Корё  мемлекетіндегі  жағдайдың  тұрақтануы  жерге  деген   жеке
меншікті  қалпына  келтіріп,  оны  жоғары  дәрежеде  ұстап  қалуды  ұстанды.
Чонсиква бөліктері мемлекеттік салық жинаумен айналысты. Кон, ху,  пэк,  нам
және ча титулын ұстанған тұлғалар үшін сигып тағайндалды.  Сыйға  тартылатын
жер – саджон, мұрагерлік  жолмен  ұрпақтан-  ұрпаққа  берілді.  Мараптталған
жерлер-  конымджонси.  Шаруалардың  жері  –  минджон,   шаруаның   құзырында
болғанымен,  мемлекеттік  меншікте  болды.  Шаруалардың  қанаудың  көзі  жер
салығы болды. Ван Гонның кезінде жер салығы астықтың 1/10 бөлігін құрады.  Х
ғасырда  салықтың  көлемі  төрт  еселенді.  Корё  мемлекетінде  жерге  деген
меншікке салынған салықтан басқа,  кіріптарлық  болды.  Оның  құны  еңбекпен
және әскери міндетпен алынып отырды.
         ХІІІ ғасыр тарихта талй шайқастар  мен  шапқыншылықтар  толастаған
ғасыр болып табылады. Бұл шапқыншылықтардың Қиыр Шығыс пен  Оңтүстік-  Шығыс
Азия елдеріне де тиген кесірі де  бар.  1218  жылы  моңғолдар  қидандықтарды
талқандаймыз деп  Корё мемлекетінің территориясына баса көктеп кіреді.  Корё
мемлекетінің  ваны  моңғолдармен  достық  байланыс  жасауға  мәжбүр  болады.
Достық  байланыс  жасау  моңғолдардың  вассалына  айналды   деген   мағынаны
білдірді. 1225 жылы моңғол елшілерінің  біреуі  өлтрілген  соң  вассалдықтан
құтылдық деп үміт артқан корёлықтардың қуанышы  ұзаққа  бармады.  1231  жылы
моңғолдар қытай мемлекетіне қарсы шапқыншылыққа шығады. Ал біз аталып  өткен
деректерден білеміз, қытай мемлекеті корё  мемлекетінің  территорясын  өзіне
кепілдікке алғаннын, бұл дегеніміз қытайға төнген  қауіп,  корё  мемлекетіне
төнген қауіппен бірдей болды. Моңғол қолбасшыларының  бірі   Сарытай  моңғол
әскерлерімен  Амноккан  өзенінен  қарай  бойлай  Хамчинсонды  басып   алады.
Куджуды қоршау бір айға жуық уақытқа созылды.
        1231 жылыдың жазында Корёге моңғолдар кезекті шабуылға шықты.  Корё
мемлекетінің Сохэ провинциясы моңғолдарға тойтара  қарсылық  көрсетті.  1231
жылдың  соңғы  кезеңдерңнде  моңғолдар  Корё  мемлекетінің  астанасын  басып
алады.  Сөйтіп  мемлекеттер  арасында  келісім  шарт  жасасу  туралы  мәселе
қозғала бастайды. Корейдің «Корёса» атты   деректерінің  бірінде  былай  деп
айтылған;   «Талқандалмаған   ешбір   жер   қалмады,    моңғолдар    жолында
кезедескеннің барлығын күл- талқан етті.»
       1232 жылы  Корё  мемлекеті  мен  моңғолдар  арасында  келісімге  қол
қойылады. Келісім шартының мәні бойынша корёлықтар моңғолдарға көп  мөлшерде
салық төледі.  Бірнеше  айдан  соң  Корё  мемлекетінің  шенеуліктер  екі  ел
арасында жасалынған келісім шартты  бұзуға  бел  байлайды.  Моңғол  өкілдері
территориядан қуылды. 1232 жылдың жазында  моңғолдар  екінші  мәрте  жорыққа
шығады. Өкінішке орай сәтсіздікпен аяқталады.  Моңғолдардың  шегінуіне  тура
келді.
       1235  жылы  моңғолдардың  құрылтай  жиналысында  қабылданған  шешім;
Батысқа,  Орталық  Азияға,  Қытайды   және   Корё   мемлекетін   бағындыруға
байланысты әскери қимылдардың жоспарын жасақтау. 1236 жылы Корё  мемлекетіне
моңғолдар  тағы  да  шабуыл  жасады.  1239  жылы  моңғолдар  мен  корёлықтар
арасында тағы да бір  келісім  шар  жасалынды.  Келісім  бойынша  жасалынған
шартты корёлықтьар  орындауға  мойын  ұсынбады.  1247  жылы  моңғолдар  Корё
мемлекетіне төртінші рет  шабуыл  жасайды.  1254  жылдарға  дейін  моңңолдар
корёлықтарға тыныштық бермеді. 1257 жылы моңғолдар  өздерінің  барлық  күшін
Корё территориясына кезекті қауіп төндірумен жалғастырды.   1258  жылы  Корё
мемлекеті моңғолдардың билігін толықтай мойындауға мәжбүр болды.   Жаңа  ван
Вонджно моңғолдардың үстемдігіне бас иеді.  1260 жылы Хубилай өзін  ұлы  ван
деп жариялайды. Астанасы Пекин  қаласы  болды.  Әскери  жорықтардың  негізгі
көзі – қытай армиясы мен теңіз флоты.
            Моңғол императорларының бірі Хубилай Кореяны  Жапонияны  жаулап
алу базасына айналдырмақ болды. Көптеген кемелер құрылысын салумен,  азық  –
түлікті жабықтаумен, солдаттарды мобилизациялау әбден күйзелген  Корея  үшін
өте ауыр болды.  1274 жылғы  жорыққа  8000  корей  жаяу  әскері  және   6700
теңізшілер қатынасты. 1281жылғы  жасалынған  екінші  жорықта  моңғолдар  900
кеме мен көп мөлшерде азық – түлік талап етті.
            Моңғол феодалдары «шығыс жорығын бақару» тәсілін сақтап  қалуға
тырысты. Корей  король  тек  негізіг  органның  басныда  болғанымен,  барлық
шешімді  оның  орынбасарлары  ретінде  тағайындалған  моңғол   наместниктері
басқарып отырды. Мемлекеттің әкімшілік басқару  жүйесін  толықтай  бақылауға
лаып отырған да осы адамдар болды.
            Моңғолдардың езгісі феодалдық  қатынастарды  одан  әрі  күшнйте
түсті.  Корей  халқына  көрсетілген  қорлық  ұшан  теңіз   болды.   Мәселен,
моңғолдар жергілікті халықтан 150 мың мөшек астық талап  етті.  Өз  екркімен
келісіп бермеген, талап еткен сұраныстар өтелмеген жағдайда  күштеу  саясаты
қолданылды. Моңғол шенеуліктерінің бірінің күнделігінде  былай  көрсетілген;
«Тұтқындыққа, құлдыққа тартып алынып кеткен әйелдердің ата-   аналары  қатты
мұңға салынды. Тіпті есінен танып құлап жатқандарда болды».
            Моңғолдар  Корей  мемлекетінен  екі  аймақты,  яғни  біріншісі,
солтүстік- батыста  Тоннёнбу,  ал  екіншісі  -  солтүстік-  шығыста  Ссансон
чхвонгванбу   өз   үстемдіктерінде   ұстап   отырды.   Егерде    корейліктер
моңғолдардың  билігіне  қарсылық  білдірген  жағдайда  моңғолдар  жекеленген
феодалдардың арасында от салып, бүлік шығаруға дейін дайын  тұрды.  Корейдің
феодалдық өкілдері моңғолдарға күн өткен сайын тәуелді  бола  бастады.  Оның
дәлелі моңғол феодалдары   мен  корей  феодалдары  арасында  неке  байланысы
жүзеге асырылып, ұзақ уақытқа Юань  империясының  астанасы  Пекин  қаласында
тіршілік  етті.  Қарап  отырғанымыздай  Силла   мемлекетінен   кейін   Корей
түбекында саяси тұрақтылық орнатпақ болған Коре  мемлекетінің(бүгінгі  атауы
Корей мемлекеті) тағдыры да аянышты халде  болды.  Корей  мемлекетінің  ішкі
саясатындағы тұрақсыздық мемлекетті шет елдік басқыншылардың талан-  таражға
салуына әбден мүмкіндік туғызып отырды.
    Әдебиеттер:
    Бутин Ю.В. От древнего Чосона к Трем государствам. Новосибирск,  1984.-
458
    Ванин Ю.В. Феодальная Корея в Х11-Х1У вв. Москва, 1962. -520 б.
    Ванин Ю.В. Аграрный строй феодальной Кореи ХУ-ХУ1 вв. М,1981.-346 б.
    Васильев Л.С. Курс лекций по средневековому Востоку (Ближний,  Средний,
Дальний Восток и Юго- Восточная Азия). М., 1987.-480 б.
    Волков С.В. Раняя история буддизма в Корее. М., 1985.-460 б.
    Волков С.В. Чиновничество и аристократия в ранней  истории  Кореи.  М.,
1987.-376 б.
    Гордон А.В.  Крестьянство  Востока:  Исторический  субъект,  культурная
традиция, социальная общность. М., 1989.-380 б.
    История Кореи. Москва.1978.- 356 б.
    История Кореи( с древнейших времен до наших дней). Т.1. М.,1974.-469б.
    Ланьков А.Н. Политическая борьба в Корее ХУ1-ХУ111 вв. М., 1995.-397 б.
    Пак М.Н. Очерки ранней истории Кореи. М., 1979.-580 б


    Тақырып 9. Индонезия, Малайзия
    Мақсаты:
    1.Малай  архипелагі  мен   Малака   түбегіндегі   алғашқы   мемлекеттік
бірлестіктер.
    2.Матарамның дәуірлеуі, жаулаушылықтар, феодалдық қатынастар.
    3.Индонезиядағы жаңа мемлекеттер.
    4.Еуропалықтардың ене бастауы.
    Индонезия. Кейбір  тарихшылардың  пікірінше  Индонезия  архипела  гының
аралдарына көшіп қону жүрістері Азия метеригінің оңтүстік  бөлігінен  біздің
заманымыздан бұрынғы XXV ғасырда басталған. Бірінші  мемлекеттік  құрылымдар
біздің заманымыздағы II - V ғасырлар аралығында теңіз  жағалау  аудандарында
пайда болған. Индонезияның теңізшілері мен саудагерлері сол кездегі  Шығыста
сауда бітістірушілердің басты  топтарына  кіретін.  VII  ғасырдың  ортасында
Шривиджая деген құатты Суматриялық империя пайда болды.
    VIII ғасырдың  бірінші  жартысында  Ява  аралының  орталығында  шиваист
династиясы  басқарған  Матарам  мемлекеті  құрылды.  XI  ғасырдың  ортасында
Матарам  мемлекеті  Ява  аралындадағы  сауда   қалаларын   өз   қол   астына
біріктірді. XI ғасырдан бастап Ява аралы Индонезияның  экономикалық,  мәдени
және саяси орталығына айналды. Индонезияны Ява аралығының аясында  біріктіру
процессы барысында  Маджапахит  мемлекетінің  1328-1364  жж.  басшысы  болып
Гаджа Мади басқарған. XIV ғасырда  Индонезияға  ислам  дінінің  енуі  күшейе
түсті (Үндістан мен Малаккадан). XVI ғасырда  Маджапахит  империясы  бірнеше
мұсылман мемлекеттеріне бөлініп кетті. XVII ғасырдың басында  Нидерландияның
Ост-Инд компаниясы Молук аралдарынан  португалдықтарды  ығыстырды.  Компания
Индонезия тауарларын, оның ішінде көбінесе  татымды  заттардың  тасымалдауын
қамтамасыз етіп отырды. XVIII ғасырда компанияның құлдырауы басталды.
    1780-84 жылдары болған ағылшың-голланд соғысынан кейін аталмыш компания
толығымен  жойылды.  Компания  қарамағында  болған  дүние-мүлігі   Голландия
мемлекетіне ауысты. Ұлы Шығыс  Азия  (Taihoa  senso)  үшін  болған  соғыстың
басты себебі Суматра аралындағы мұнай қорлары болған. 1941 жылдың  желтоқсан
айында жапон десанты (жапон-индонезия  қос  жалауымен)  Ява  аралына  түсті.
Батавия қаласының атауы қайтадан Джакарта деп  ауыстырылды,  және  голландия
әкімшілігі жойылып индонезия  әкімшілігі  құрылды.  1945  жылғы  17  тамызда
Индонезия мемлекетінің тәуелсіздігі жарияланды, алайда Нидерландия  оны  теқ
1949 жылы ғана мойындады. Индонезияның  Ұлттық  партиясы  лидерлерінің  бірі
болған елдің бірінші  Президенті  Сукарно  (1945-1968жж.  Президент  болған)
1950 жылы Индонезяны унитарлық мемлекет деп жария етті. 1976 жылы  Индонезия
Шығыс  Тиморды  (португалияның  бұрыңғы  провинциясы)   осы   елге   кіретін
провинция деп жария етті. 2002 жылы Шығыс Тимор  Индонезия  құрамынан  шығып
тәуелсіздігін қайта алды. Елдегі экономикалық ахуалының нашарлауы 1998  жылы
жаппай тәртіпсіздікке әкеліп, оның нәтижесінде генерал  Сухартоның  (1968  –
1998жж.   Президент   болған)   режимі   құлады.   1970   жылдардағы   ислам
фундаменталистер  ықпалдарының  өсуі  70-ші  жылдардың  ортасында  және  XXI
ғасырдың басында өкімет күштерімен ашық қақтығыстарға әкелді


    Тақырып 10.  Вьетнам.
    Мақсаты:
    1.Вьет мемлекеті.
    2.Ұлы Вьет (Дайвьет).
    3.Сыртқы саясат.


    Тақырып 11.  Иран.
    Мақсаты:
    1.Сасанидтер әулиеті.
    2.Феодалдық қатынастардың дамуы.
    3.І Хосровтың реформалары.
    4.Дін және діни қозғалыстар.
    224  жылы  Иранда  билік  басына  Сасанидтер  әулеті  келді.  Саснидтер
әулетінің негізін салушы Ардашир (226-241) болды. Олардың тұсында яғни  224-
651 жылы Иранның халықаралық аренада шоқтығы  биік  болды.  Иран  бұл  кезде
Риммен,  IV-VII  ғасырларда   Византиямен   қырқысқан   соғыстар   жүргізді.
Феодалдық құрылыстар осы Сасанидтер әулеті кезінде  дами  бастаған  болатын.
Сасанидтер бір орталыққа бағынған мемелекет болды.  Ел  олардың  тұсында  18
сатраптыққа бөлінді.Әр сатрап басында губернатор тұрды. Әулеттің астанасы  –
Персеполь  болды.  X-XI  ғасырларда  Иранның  экнаомикалық   көтеріліс   пен
өндірістік күштердің өсуін бастан кешірді.  Тауарлық  кәсіпорындардың  дамуы
қалалардың өсуіне себебін тигізді. Халықаралық сауданың жолында  тұрған  ірі
ескі қалалардың арқасында жаңа қалалар пайда болды.Орта ғасырларда Иран  ірі
базалардың орталығы болды, мұнда тек  сауда  ғана  емес,  сондай-ақ  қолөнер
өнімдерінің жері болып табылды.  VII  ғасырда  Иран  араб  тіліне  көшті.  X
ғасырдың  аяғында  жергілікті  ислам  діні  таратыла  бастады,  тұрғындардың
көпшілігі бұл дінді қолдады. XI ғасырда вакфтық  иелік  көп  тарай  бастады.
1040-1050 жылдары Иранда Селжуктер билігі орнады.   1220  жылы  Орта  Азияны
жаулап алғаннан кейін Шыңғыс хан Иранға бер алды. 1253-1256  жылдары  Шыңғыс
ханның немересі Хулагу тұсында Иранды толығымен басып алды.Монғол  билігінің
тұрақтануы ежелгі жергілікті  мәдениеттің,  қолөнердің  дамуын  және  кәсіби
күшін  төмендетті.Материалдық  бағалы  кәсіпорындарды  монғол   басқыншылары
жойды.Осылайша Иран  шаруашылығының   күйреуі  халықтар  арасында  наразылық
тудырды. Осы жағдайға байланысты билеушілер және ильхандардың өзара  реформа
шығару керетігін түсінді. Газан-ханның атымен 1295-1304  жылдары  реформалар
жүргізілді. XV ғасрдың басында Иран өзінің мемлекеттік жеке құрылымын  жасай
алмады.Ол Тимудың державасының бір провинциясы ғана болды. Тимудың  өлімінен
кейін оның ұрпақтары Ирандағы Орта Азиядағы билікке таласып күресе  бастады.
Антифеодалдық халықтық көтеріліс Иранда  белсенді  түрде  жүрді.  1502  жылы
Тебризді Исмайл  басып  алды  да  өзін  Иранның  шахан  етіп  жариялады.  Ал
Тебризді астана  етті.  Сөйтіп  Иран  мемлекетінде  Сефевидтер  мемлекетінің
басқы іргетасы қаланып, Сеферид мемлекеті жарияланды.
     ІІІ  ғасырда  қалыптасқан  Сасанидтер  мемлекеті  Парфян  державасының
орнына келді. Оның ұүрамына Иранның  кең  аумағы,  Месопотамия,  Үндістанның
батыс аймағы,  Хузистан  және  Шығыстыі  таулы  аудандары  кірді.  Елдің  әр
аймағындағы экономикалық даму әр түрлі болып қалыптасты.
    Сасанидтер мемлекетінің халқы көбінесе  жер  шаруашылығымен  айналысты.
Таулы өлкені мекендейтін  тайпалар  көшпелі  мал  шаруашылығымен  айналысқан
белгілі  қалалары  елдің  батыс  бөлігінде  орналасқан.  Сол  қалалардың  ең
белгісі  –  Ктесифон.  Ктесифон  Сасанидтер  мемлекетінің  астанасы  болған.
Сасанидтік қалалардың  көбі  қолөнершілердің  шығарған  өнімдерімен  белгілі
болған. Олардың дайындаған өнімдері, маталар мен қару-жарақтары өте  сапалы,
әрі керемет әдемі болған.  Ежелгі  сауда  жолдары  Батыстан  Орта  Азия  мен
Қытайға Иран территориясы арқылы өткен.
    Иранның біршама аудандарында құл  иеленушілік  құрылыс,  құлдық  қарым-
қатынас дамыған. Көбінесе құлдар туралы деректер  «Матиган-и  хазардадестан»
атты сасанидтік судебникте кездеседі. Құлдарды сол  уақытта  сатып  жіберіп,
сатып алуға құқылы  болған.  Құлдарды  орташа  бағасы  500  драхм.  Көбінесе
қылмыс жасаған азаматтарды құлдыққа сатып отырған. Сол  уақытта  еркіндіктің
күрделі жүйесі болған. Құлдар кей жағдайда өздеріне  тиесілі  заттарға  және
келісім шарт жасауға құқылы болды.  Ендігі  жерде  құлдарға  өздері  жасаған
өнімдерін пайдалануға құқық берілді.
    Құлдар көбінесе жер өңдеу ісінде еңбек етті. Уақыт өте  келе  құлдардың
жерді өңдеу ісіндегі еңбегі, егін  шаруашылығында  атқарған  еңбегі  тиімсіз
бола бастады. Өйткені  егін  шаруашылығы  жоғары  интенсивті  еңбекті  қажет
етті. Билеуші топ өкілдері эксплуатацияның жаңа формаларын іздей бастады.
    Деректерде жер иеленудің түрі –  дасткрад  жиі  кездеседі.  Құлдар  бір
жерге орналасқаннан кейін басқа жерге ауыса алмаған және өз мекенінде  бөтен
болмаған.  Дасткард  ірі  және  ұсақ  иеліктерге  сонымен   қатар   тәуелсіз
шаруаларға  тиесілі  болған.  Белгілі  адамдардың  жерінде  құлдарға   біраз
еркіндік және өздері дайындаған өнімді пайдалануға рұқсат берілді.
    Еңбек өнімінің дамуына  байланысты  билік  басындағылар  салық  көлемін
ұлғайта  бастады.  ІІІ  –  Ү  ғасырларды  Иран   аристократтары   шаруаларды
эксплуатациялау жүйесін күшейту мәселесін қолға алды. Бірақ бұны іске  асыру
қиынға соқты, өйткені шаруалар, қауым адамдары бұған қарсы болды. Көп  уақыт
бойы Иран шаруаларын эксплуатациялау салық алу арқылы жүргізді.  Ү  ғасырдың
ІІ  жартысында  ақсүйектер  салықтың  ортақ  жүйесін  енгізді.  Сол  уақытта
салықтың  хараг,  гезид  түрлері  пайда  болды.  Олар  жер  салықтары  болып
табылады.
    Шаруалар қауымын эксплуатациялау күшейгенімен, иран шаруашылығы әлі  де
тәуелсіз болып  табылды.  Ауыл  тұрғындары  арасыгнда  үлкен  жанұялы  қауым
маңызды роль атқарды. Одан да маңыздырақ ауылдық көршілес  қауым  болды.  Ол
бірнеше үлкен жанұялардан құрылған. Үлкен жанұя қауымын  кед-худа  басқарды.
Кед-худа билеушісі болып  табылады.  Сонымен  қатар  ауыл  старостасы  өзіне
көптеген  міндеттерді   алды.   Мысалы   администраторлық   және   финанстық
кызметтер.  Сондай  ақ  олар  құлдарға  да  праволы   болды.   Кейбір   Иран
аудандарында жанұялық қауым ҮІІ ғасырдың соңына дейін сақталып қалды.
    «Азат» деп тәуелсіз қауым мүшелерін атаған. Кейін келе  «Азат»  деп  өз
еркімен еңбек істейтін басты қадамдарды,  өзін-өзі  қамтамасыз  ете  алатын,
соғысқа қару-жарағымен, атымен аттана алатын адамды  айтады.  Осы  ұғымға  Ү
ғасырда кед-худа және дикхане түсініктері кірді. Декхан деген  термин  азат,
тәуелсіз жер иесі,  шаруа  деген  мағынаны  білдіреді.  Декхандар  құлдардың
көмегімен жерді өңдеген.
    Тұрғындардың көп бөлігі қолөнершілерді құрады. Көптеген  Иран  өнімдері
сол    кездегі    қолөнершілердің    іскерлігін    көрсетеді.     Деректерде
қолөнершілердің бірлестіктері болғандығын айтады. Сонымен  қатар  Сасанидтер
мемлекетінде  қолөнершілердің  жағдайы  онша   болмаған,   олардың   жасаған
өнімдері төмен саналып, еңбегі бағаланбаған,  яғни  қолөнершілердің  қызметі
төмен  саналған.  Сасанидтер  мемлекеті  төрт  сословиеге  бөлінген.   Олар:
жауынгерлер,   духовенство   және   ченовниктер,   шарулар,    қолөнершілер,
саудагерлер.  Төменге  сасловиеден  жоғарғы   сасловиеге   көтерілу   мүмкін
болмаған.
    Мемлекеттік құрылысы. ІІІ ғасырдың басында сасанидтердің белгілі  өкілі
Ардашир бүкіл Парс елін  және  Иранның  орта  аймақтарын,  Хузистанды  өзіне
қаратып, билігін жүргізді. 226 жылы Ардашир мемлекет басшысына  айналды.  Ол
241 жылға дейін билік жүргізді.
    Мемлекеттің  жоғарғы  билеуші  шаханшах  деп  аталды.  («Царь  царей»).
Мұрагерлікпен билікке келу  қатаң  түрде  сақталмаған,  бірақ  билік  басына
келетін адам Сасанидтер әулетінен шығуы міндетті  болды.  Шаханшазты  сайлау
көбінесе белгілі  адамдардың  ықпалымен  өтті.  Административтік  аппараттың
басында вазург – фрамадар тұрды.  Орталық  өкіметтің  міндетіне  әскер  және
елдің әлеуметтік жағдайы кірді.
    Провинциялар жергілікті  шіркеулер  мен  князьдар  билік  жүргізді.  ҮІ
ғасырға дейін Сасанидтердің әскері  тайпалардың  біріккен  отрядынан  тұрды.
Негізінен  оларда  атты  әскер  негізгі   роль   атқарды.   Әскерді   әскери
аристократтардың өкілі басқарды.
     Мемлекеттік дін –  зороастризм.  Сасанидтер  державасында  зороастризм
мемлекеттік дін болып  саналды.  Зороастризм  ақсүйектер  билігін  нығайтуда
маңызды  орын  алды.  Зороастризм  негізінде  Сасанид  кезеңінде   дуалистік
идеялар болды. Көптеген құдайлардың және сыртқы тылсым күштерге сену  культі
көптеген абыздар арқылы жүргізілді. Культтік орындар храмдар болып  табылды.
Храмдар үнемі жанып тұратын от болған. Ол оттың жанында әр түрлі  әндер  мен
қасиетті  мәтіндерді  оқумен  өтетін  рәсімдер  жүргізілген.   Зороастристік
храмдар мен абыздардың жоғары өкілдерінде құлдар еңбек ететін жерлер  болған
храмға әкелінген әр-түрлі заттардың арқасында олар  мол  табысқа  ие  болды.
Сондай-ақ абыздар діни рәсімді  өткізуден  біршама  табысқа  қол  жеткізген.
Кейде абыздар діни ережелер мен рәсімдерді дұрыс атқармаса, оларға айып  пұл
төлеткен.
    Сасанидтердің сыртқы саясаты Алғашқы кезде Сасанид мемлекетінің  сыртқы
саясаты құл иеленушілік  құрылыстың  дамуымен  сипатталды.  Құл  иеленушілік
құрылыстың, шаруашылықтың ең басты шарттарының бірі жаулап алу сғыстары  мен
құлдарды тұтқындау болып табылды.
    Ардашир І парфияндарға тиесілі  болған  жерлердің  бәрін  жаулап  алды.
Ардашир І тұсында Сасанидтер әскерлері Римдік Месопатияға,  Сирия  мен  Кіші
Азияға шабуыл жасап тізе бүктіртті.
    Сасанидтер әскерлерінің шабуылына Кушан державасы әлсіреді. Хорасан мен
Мерв оазисінде Сасанидтер билігі күшейді. Месопатия мен Армения үшін  Риммен
болған күресте Сасанидтер әскерлерінің күші көбірек болды. Шапур  І  тұсында
Риммен болған соғыс 260 жылы Сасанидтердің жеңісімен аяқталды. Қолға  түскен
тұтқындар  мен  Рим  императоры  Валериан  тұтқындалып,  құлдыққа  сатылған.
Олардың қолдарымен Карун өзені бойына үлкен Иран платиналары салынған.
    Римді жеңген  Сасанидтердің  Закавказьедегі  ықпалы  күшейді.  Шапур  І
Шығыста да көп жетістікке жетті. Шапурдың  жазбаларында  Сасанидтердің  Орта
Азия  мен  Чач  (қазіргі  Ташкент)  деріне  дейін  жеткен  туралы  айтылады.
Сасанидтердің  территориясы  Мерв   оазисі   Герата   мен   Сакастан   таулы
аймақтарына жеткен.
    283  жылы  Месопатамияга  жүргізілген  сапар  сәтсіз  аяқталды.  Соның\
нәтижесінде Саснидтер Арменияға оз ықпалын  жүргізе  алмады.  Сонымен  қатар
Орта Азия тайпалары Саснидтерге қарсы шықты.
    IV  ғасырда  Рим  мен  Сасанид  арасындағы  жаңа  жанжал  пайда  болды.
Жанжалдың басты себебі Армения деріне  билік  жүргізу.  Шапур  II  (310-379)
римдіктердің ең мықты қамалдарын  жаулап  алды.  363  жылы  Юлиан  император
басқарған риидіктер Сасанидтер державасына кенеттен шабуылжасады. Бірақ  бұл
сәтсіздікпен аяқталды. 371 жылы римдіктреге  қарсы  соғыс  басталды,  бұл  5
жылға созылды. IV  ғасырпдың  соңында  екі  мемлекет  Армения  жері  бойынша
шешімге келді. Арменяның көп бөлігі, яғни 4/5  бөлігі  Саснидтерге,  қалғаны
Шығыс Рим империясына (Византияға) тиесілі болды.
    IV ғасырдың аяғында Иран қоғамында әлеуметтік қозғалыстың  күшейуі  мен
ішкі жағдайдың өзгеруі Саснидтер мемлекетінің сыртқы саясатына әсер етті.
    V  ғасырдың   аяғындағы   ішкі   жағдай.   Халықтарды   эксплуатациялау
күшейгендітен, яғни   соның  нәтижесінде  қауым  шаруашылығына  зиян  келді.
Кейбір деректерде Бахрама Yгора (421-438) билігі кезінде  халықта,  не  мал,
не  егін  егетін  тұқым  болмаған.  Шығынға  ұшыраған  қауымадар,   шаруалар
жерлерін тастап кетіп қалған. Күндерін көру үшін қолөнермен немесе басқа  да
істермен шұғылданған, тіпті үйсіз-күйсіз жандарға айналып кеткен кездері  де
болған.  Эксплуотаторлар  қарапайым  халықты,  шаруаларды  жерлерін   тастап
кетті, жалқаулар деп оларға кінә тақты.
    Шаруашалақтың құлдырауы елдің эканомикасына кері әсерін тигізді. Кейбір
дерекетрде былай айтылады: «Пероза  (459-484)  билігі  тұсында  өзендер  мен
арықтар тартылып қалды.,  малдардың  барлығы  аштықтан  қырылып,  адамдардың
өздері ашаршылықты  бастарынан кешті». Қауымды кенеттен  эксплуататциялаудың
салдарынан ауыл шаруашылығының дамуы тоқтады.
    Ақсүйектердің  күш   көрсетуінен   және   қауымды   эксплуататциялаудың
жоғарлауынан қауым мүшелері ғана емес  «Азаттар»  қиыншылық  көрді.  Азаттар
мен қауым  мүшелеріне  мемлекеттік  қызметті  және  әскери  қызмет  атқаруға
рұқсат етілмеді. Сондықтан V ғасырда азаттар  мен  декхкандар  құл  иеленуші
таптарға қарсы шықты. Декхкандар мен азаттар белгілі  бір  әлеуметтік  топты
құрды. Ақсүйектерге қарсы соғыста шаханшах  осы  әлеуметтік  топқа  сүйенді.
Осы ақсүйектердің саяси ықпалын жоюға, әлсіретуге тырысқан Ездигирде І (399-
420ж)  болып  табылды.  Ездигирде  І   көптеген   ақсүйектерді   репрессияға
ұшыратқан. Бірақ оның ұлы Бахрам V
    таққа отырғанда ақсүйектердің ықпалында болып, өз әкесінің ісін теріске
шығарды.
    Сасанидтер державасының элсіреуін пайдаланған Орта Азия жэне  Кавказдың
көшпелі тайпалары оларға  шабуыл  жасады.  Біраз  уақыт  Сасанидтер  көшпелі
тайпалардың  шабуылына  төтеп  бере  алды.  Бірақ  Пероз  шаханшах   түхында
жеңіліске  үшырады.  Алғашында   Пероз   эфталиттерге   біріншісінде   үлкен
контрибиция төлеп, оларға өзінің үлын Каваданы  кепілдік  ретінде  қалдырды.
Екінші рет жеңілісінде Пероздың эскерлері түгелдей кырылып, шаханшахтың  өзі
де мерт болды. Осы согыстың нэтижесінде эфталиттер  Сасанидтер  патшалығының
Шығыс бөлігін өзіне каратып алды.
    Ашаршылык пен эскери жеңілісті басынан кешірген елде халык көтерілістер
басталды. Ү ғасырда басталган ең кауіпті  шаруалар  қозгалысының  бірі,  сол
кездегі  Батыс  Азиядағы  тарихи  окиғаның  бірі  Маздакит  козғалысы  болып
табылады.
    Маздакит қозғалысы.
    Маздакит қозғалысының негізгі қозғаушы  күші  Иранның  қауым  мүшелері,
шаруалары мен  колөнершілері.  Сонымен  катар  бүл  қозғалыска  азаттар  мен
дикхандар катысқан.
    Маздакит қозғалысы Иран жерін мекендейтін халыктарды қамтыды.  Маздакит
қозгалысы Манихей жэне зороастризм дінімен тығыз байланысты болды.
    Маздакит қозғалысының негізгі себебі - қоғамда  элеуметтік  және  мүлік
теңсіздігінің  орнауы.  Маздакизм  қозғалысы  ақсүйектердің  қысымына  қарсы
бағытталған. Жеке меншік жердің бөлініп берілуі, мүлік  тендігінің  сақталуы
маздакиттердің негізгі талаптары болды. Кей  деректерде  маздакиттер  туралы
былай айтылған: «Егер кім де кім өзіне  мүлік  немесе  жер,  кұлдардың  саны
жағынан артык алып иемденсе,  біз  одан  артығын  алып,  оны  басқа  біреуге
теңестіру үшін береміз». Өздерінің әлеуметтік талаптарын орындау  мақсатында
маздакиттер ақсүйектердің жерлерін  тартып  ала  бастады.  Олардың  байлығын
өзара бөлісіп отырды. Аксүйектердің малдары, кұлдары мен  қамбада  сақталған
бидайларын өзара тең бөлісіп пайдаланды.
    Маздакит козғалысын пайдаланып  калғысы  келгендердің  ішінде  шаханшах
Кавад I болды. Шаханшахтың  маздакиттермен  уақытша  одақ  құруының  негізгі
себебі  -  Каваданың  ақсүйектер  билігін  кұрту  еді.  Каваданың  көмегімен
маздакиттер мемлекеттік істергі кірісті. Бүл  козғалыстың  жетекшісі  Маздак
мемлекеттің ең көрнекті  түлгаларына  айналды.  Деректерде  осы  маздакиттер
қозғалысы  тұсында  Византиямен  соғыста  ірі  жеңіске  жеткендігі   туралы,
сонымен  қатар  көшпенділердің  шабуылына  карсы   түра   алғандығы   туралы
айтылады.
    Маздакит қозғалысы ен, алдымен ірі аксүйектерге қарсы бағытталған.  Осы
козғалыстың   гтайдасы   әсіресе   азат-дикхандарға   тиді.   Себебі    олар
ақсүйектерден  айтарлыктай  жер   үлестерін,   мүліктерін   алды.   Азат   -
дикхандардың козғалыстан кетуі маздакит козғалысын  айтарлықтай  эсер  етті.
Шаруалар отряды жан-жакқа шашырап кетті.
    Кавад өзінің позициясын өзгерте бастады,  ол  аксүектермен  ынтымақтаса
бастады.  Билік  басындағы,  эскери  қатардағы   маздакиттерді   орындарынан
кетірді. Қозғалыс 529 жылы жеңіліс тапты.  Бірақ  маздакит  қозғалысы  халық
арасындағы ең атақты қозғалыс болып табылды.
    Маздакиттер козғалысының салдары: шаруалардың  жағдайы  біршама  жаксар
ды, қулиеленушілік құрылыстың элсіреуіне, феодалдық қатынастардың  дамуы  на
ықпал етті.
    Хосрова I реформасы.  Халық көтерілісі орын алған  Сасанидтер  мемлекет
терінде ескі тәртіптің  сақталып  қалуы  мүмкін  емес  еді.  Сондықтан  жаңа
сасанид шаханшахы Хосров  І  Аноширван  (531-579)  елде  феодалдық  тәртіпті
орнықтырып дамыту мақсатында реформалар жүргізе  бастады.  Халық  көтерілісі
кезінде алынған жерлер конфикацияланып,  мемлекеттің  жеріне  кірді.  Жердің
басқа бөлігі, яғни құлиеленушілердің жері жаңа жер иесіне берілді.
            Билеуші  тап  өкілдері  арасында  да  өзгерістер  пайда  болды.
Жерінен  айырылған  ақсүйектер  өкілдерін   Хосров   патшалықтың   қызметіне
қабылдады. Осы арқылы ол ақсүйектерді өзіне бағынышты қылдырмақ болды.
            Хосров І реформасының ең маңыздысы салық реформасы  болып  табы
лады. Бұл реформа бойынша ол көптеген салық түрлерін алып  тастады.  Негізгі
деген екі салықтың түрін қалдырды. Олар хараг және гезит деп аталады,  бұлар
жер салығы болып табылады.   Каваде мен  Хосров  І  тұсында  жерлер  өлшеніп
соған байланысты салық мөлшері белгіленген. Егер де жер  өлшемі  көп  болса,
салық көп мөлшерде алынған. Салық ақшалай түрде алынған.
            Деректерде билік басындағы адамдардың  кірісі  ұлғайған  сайын,
олар  өздерінің  шаруаларына  жер  мен  жерге  себетін  тұқым  берілді.  Осы
реформаның  жүргізілуі  Сасанидтер  державасында   феодалдық   қатынастардың
дамуына себеп болды. Реформаның салдарынан шаруалардың экономикалық  жағдайы
біршама  жақсарды.  Хосров   І   реформасының   нәтижесінде   азат-дихкандар
феодалдық қоғамда әскери сословиеге кірді. Маздакит қозғалысының  жойылуынан
кейін бұл әлеуметтік топ өкілдері мемлекеттің әскери  және  административтік
қызме тін атқарды. Елде төрт әскери округ  құрылып,  әскери  және  азаматтық
билік болып бөлінді. Ел  төрт  аймаққа  бөлінді,  азаматтық  аймақтық  билік
әскери бастыққа, яғни спахабадаға бағынды.
    Хосров І кезіндегі сыртқы саясат. Хосров І  көрші  елдеріне  байланысты
жаулап алу соғыстарын жүргізді. Кавада тұсында өріс алған Иран мен  Византия
арасындағы соғыс Хосров тұсында жалғасын  тапты.  540  жылы  Иран  әскерлері
Сирияның ең маңызды экономикалық орталығы болып табылатын Антиохияны  жаулап
алып,  Оронт  арқылы   Жерорта   теңізіне   шықты.   Антиохиядан   әкелінген
тұтқындарды арнайы соларға салынған Ктесифондағы бір жерге  орналас  тырған.
Византия мен Иран Лазика үшін  соғысты.  Кавказдың  шығысында  Хосров  күшті
бекініс жүйесін тұрғызды.
             Ирандықтар оңтүстікте ірі жеңістерге жетті. 570  жылы  Иеменді
жаулап алды. Иеменді жаулап  алуы  олардың  Индиядан  батысқа  өтетін  сауда
жолына билік етуіне мүмкіндік  алды.  Иранның  шығыс  шекарасына  эфталиттер
қысым көрсете бастады. 600 жылдардың басында  эфталиттерге  ҮІ  ғасырда  ұлы
держава  құрған  түріктер  қысым  көрсете  бастады.  Бұл   жағдай   Хосровқа
эфталиттерді жеңу үшін көмектесті.
            605 жылы Византиямен соғысты жалғастыра отырып, Иран  әскерлері
Армения жеріне енді. Кіші  Азия  арқылы  Месопатамия  мен  Константинопольге
өтті. Олар Босфор бұғазындағы Халкедонды жаулап алды.  Иран  жерлерінің  бір
бөлігі  Сирия  мен  Палестинаға  еніп,  614  жылы  Ирусалимді  жаулап  алды.
Сасанидтер армиясы Төменгі Египет жерінде өз ықпалын жүргізді.
      Иран Бағдат халифатының күйреуі кезінде.  Иранда  Сасанидтер  кезінде
басталған феодалдық процесс мемелекеті  арабтар  бағындырғаннан  кейін  дами
бастады.  Бұл  жаулаушылық  Ирандағы  құлиеленушілік  қатынас  пен  касталық
қатарға үлкен соққы тигізді. Азия, Африка және  Европадағы  жеке  аймақтарда
сауда дами бастады. Бұл айналым Иран шаруашылығы  мен  мәдениетінің  дамуына
үлкен  әсерін  тигізді.  Араб  бғаныдырушылары  Сасанид  кезіндегі   басқару
жүйесін сақтап қалды. Бірақ жер  мен  жан  басына  салынатын  салық  Сасанид
кезіне  қарағанда  жеңіл  болды.  Тұрғылықты   халыққа   нақты   көрсетілген
мөлшерленген  салықтар   келісімшарттағы   беліленген   бөліктің   негізінде
өнеркәсіпті  дамытудың  мақсатында  ланыды.  Кейінне  феодалдық   қатынастың
дамуына байланысты омеядтар салықты күшейтуге көшті. VII  ғасырдың  -   VIII
ғасырдың басында салық төлеушінің жағдайына  қарай,  тұрмы  сына  байланысты
салық төлей алатындығы жайла жүйеге ауысты.
      VII-IX ғасырларда  ауыл  шаруашылық  дамыды.  Жерді  өңдеудің  сапасы
жақсарды. Күріш, қант, жидектер өсіру сияқты ауыл шаруашылық  түрлері  пайда
болды. Бұлар Сасанидта жаңа пайда болғандықтан аз  өсірілді.  Сонымен  бірге
арпа, бидай,  мақта  мен  тұт  ағаштары  өсірілді.  Қалалық  тұрғындар  саны
біркелкі өсті, қолөнер мен қалалар арасында сауда-саттық дамыды.  Ал  ауылды
жерлерде  әлі  де  патриархаттық  қатынас  еді,  олардың  шаруашылығы  нағыз
халықтық  болды.  Олар  феодализмнің   дамуы   баяу   болды.   Көшпелі   мал
шаруашылығының ет пен  сүт  өнімдер  іүшін  ғана  емес,  жүн  мен  былғарыны
шикізат ретінде қалалардағы шеберханаларға берді.
      Иран халқын арабтар икемдеп, жергілікиі  халыққа  ислам  діні  тарата
бастады. X  ғасырдың  аяғында  тұрғындардың  көпшілігі  бұл  дінді  қолдады.
Басқаларға қарағанда жергілікті феодалдар көп қызықты.  Исламдықты  қабылдай
отырып өздерінің қоғамдағы жағдайын жөндеп, мықтылап ламақшы болды.  Ауқатты
адамдар өздері де мұсылмандықты қолдады.  Себебі  олар  салықты  мұсылмандар
аз, мұсылман еместер көп төлейтініне байланысты болды. VII ғасырдың  аяғында
Иран араб тіліне көшті. Өйткені бүкіл оқылатын  халифаттар  жалпы  осы  араб
тілінде болды.  VII ғасырда Араб феодалдарының үстемдігі  халықта  наразылық
туғызды. Иранда араб династиясына қарыс көтерліске шықты.
      747 жылы  Хоросанда  араб  династиясына  қарыс  көтеріліс  болды.  Ол
Халифаттағы басқа көтерілістің боуына бірден-бер себеп болды.  Әбу-Муслимнің
басқаруы күш қосты. Аббасидтер халифаты пайда болды.
      Аббасидтер халықтық көпшілікке айтқан сөздеріне, уәделерінде тұрмады.
Көтерілістің  басындағы  ережелерін  сақтамады.  Иран  мен  Орталық  Азияның
феодалдары мен Аббасидтер  жақтаушылары  да  осылай  істеді.  Салық  төлемін
азайтпады,  күштеп  жұмыс   істеуді   тоқтатпады.   Содан   барып   шаруалар
көтерілісіне VII-IX ғасырда жаңадан шығуға мәжбүр етті.
      Халықтық  қозғалыс  религияның  өзгеруіне  әкеп  соқты.  Ислам  дінін
қабылдағанға дейінгі меникейлер –  маздахитша  мен  хуррамизм  негізгі  идео
логиялық шаруа көтерілісіне  айналды.  Хуррамидтер  жалпылама  теңдік,  әйел
теңдігі мен салықтандан босату, материалдық жағдайды  түзету  үшін  жеңілдет
пекші болды. Дамаскіде Абу – Муслимнің халифеттерінің бұйрығымен өлтіріл  уі
жаңа  көтеріліске  итермеледі.  Абу  –  Муслим  аббасидтьнер   династиясының
мүддесін жоқтаса да,  хурамидтер  оның  бейнесін  идеал  етіп,  оның  өлімін
өздерінше бағалады.
      755 жылы Сумбада Маганың басқаруымен хурамидтер  жаңа  көтерілістерді
Солтүстік Иранда бастады. «Низам аль-Мулька» кітабында абу –  Муслми  туралы
аңыз  жазылды.  Сумбад  онда   Абу-Муслим  халиф  оны  өлтірер  кезінде  ол,
көгершінге айналып, ұшып кетті, енді ол жерге әділдік пен  бақыт  беру  үшін
қайтып оралды деді. Халықтық көтеріліс жеңіліс  тауып  отырса  да,  феодадық
эксплутацияны әлсіретіп тастады.
      Араб билеушілерінің әлсіреуі, сепартизмнің өсуіне  әкелді.  821  жылы
Хорасанда Тахиридтардың  тұқымдық  эмиранты  құрылды.  Систанда  Саффаридтер
эмиранты деген де болды.  Сафаридтер әскері  саманидтерден  ойсыра  жеңілді.
Хорасан  бірнеше  жылдардан  кейін  тұтас  Шығыс  Иран  Тәжік   мемлекетінің
құрамына кірді. Ал Саманидтер Бұқараның орталығымен жүздеген  жылдар  болды.
Каспий  маңындағы  аудандар  әсіресе  Гиляна  мен  Дейлемеде  бірнеше   ұсақ
мемлекеттер пайда болды. Олар халифтер атынна  формальді  түрде  басқарылды.
Олардың құрамына: Арабтық Ирак, Хузистан,  Фарс,  керман,  Хамада,  Исфахан,
Рефя аудандары кірді.
    Ауыл шаруашылық қатынастардың дамуы. X-XI ғасырларда Иран  эканомикалық
көтеріліс пен өндірістік күшетердің өсуін бастан кешті. Завказье  және  Орта
Азиядағы мемелекет Иранда  көшпенділерден  қорғады.  Салықтан  түскен  пайда
өнделмеген жерге жіберілді. Жаңа өсімдіктер  түрлері  шыға  бастады.  Күріш,
жеміс, мақта, бидай кеңіне таралды. Хузистанда, Керманда  және  Фарста  қант
өсірілді. Керманда құрма, хузстанда лимон және қарбыз өсіру кеңінен  тарады.
Шираз  бен  Рейде  құнды  шарап  пен  қызғылт  май  және  Каспий   маңындағы
аймақтарда жібек өндірілді.  Көшпелі  мал  шаруашылығымен,  кейбір  жерлерде
отырықшылану дамады. Көшпелі мал шаруашылығы нақта таула аймақтарда жер  мен
бақшасы бар  мемлекеттің  жоғары  билеушілері  тұрды.  Ең  көне  фамилиядағы
дихандар, жеке меншік мүлік иелері кеңінен тарады. Мүлікті  ұрпақтан-ұрпаққа
мирас болып қалып отырды. Ұсақ және орташа  жағдайы  бар  феодалдар  істерін
тұралатып жағдайда оны аяғынан тік тұрып кеткен ірі купецтер иелік етті.  Ал
оның әкімшілік және әскерилік жазасы – мүлікті кәмпескелеп  қазынаға  өткізу
болды.
    Басқа мұсылман мемлекеттері сияқты Буид  және  саманид  мелекетінде  де
белгілі адамдарға, әскери шенділерге, Арабтар мен Ирандардан икьтаны  тарату
тәжербиеленді. Буидтарға қазынашы блоып қызмет  еткен  Ибн  Мискавейх  (1030
жылы өлген) иктаны иеленушілер өздерінің иеліктерін жылдамдатып  құлдыратып,
қазынаға өткізіп,оның орнына өз  қалауынша  басқа  нәрсе  лаып  отырады  деп
айтқан екен. Сондықтан IX-X ғасырларда  мемлекеттің  жер  аумағы  икта  үшін
төлеген төлем сый үшін әжептәуір қысқартылып отырды.
    IX-X ғасырлардың басында шаруалардың феодалдық  қаспақтан  құтылуларына
аз да болса мүмкіндік туды. Жергілікті жердің басқарушылары  қоғамдық  жұмыс
ведомостваларына көп көңіл бөлді. Осындай  басқару  барысында  Абдаллах  ибн
Тахир (828-844) Хорасанда жасанды жолмен суды  шағарудың  ережесі   құрылды.
Буидтар кезінде Нұр өзенінде ең ірі Фарс деген платина салынды.  Шаоуалардың
түсіи түсірудің жолы да қарастырылды. Бірақ та X ғасырда алғашында  шаруалар
жағдайы тағы да күрт  төмендеді,  феодалдық  эксплуотацияны  және  жер  үшін
иеленушілердің еркінен тыс айырбасталып  отырды.  Оның  себебі  шаруалардағы
бар құрал жабдық үлкендерді иеруге байланысты болды.
    Қала,  қолөнер,  сауда.Тауарлық  кәсіпорынның  дамуы  IX-X   ғасырларда
қалардың өсуіне себебін тигізді. Халықаралық  сауданың  жолында  тұрған  ірі
ескі қалалардың арқасында жаңа қалалар пайда болды.  Олар  қолөнер  орталығы
ретінде  жергілікті  базарды  қамтамасыз  етті.  Тахиридтердегі   Нишапурдың
резинденциясы   басқа   қалалардың   дамуына   үлкен   стимул,   мағынасында
болды.Мысалы, Буидтардағы Шираз бен Исфахан, Саффаридтарда зерендж т.б  Олар
мықты  жолдар,  көпір   құрылыстарын,   бай   көріністегі   ыңғайлы   үйлер,
құрылыстарды астанаға сала бастады, Бұл  қаладағы  қолөнерлік  шеберханалар,
кәсіпорындардың өсуі  біріншіден  әскерді,  әкімшілікті,  феодалдарға,  ішкі
рыноктың дамуыменбайланысты болды. Қолөнер  өнімдері  Ираннан  орыс  жеріне,
Үндістанға, Қытайға, Батыс Еуропа елдеріне жіберілді. Осы  айтылған  уақытта
Иранда әсіресе текстильді қолөнер  қарқынды  дамыды.  Қымбат  карма,  жібек,
қлаың маталар мақталы қалың кілемдер шығарылды. Металдан да  заттар  –  суық
қару (кежел, найза, семсер) бас,  дене  сауыттары  қола  күміс  ыдыстар.  Әр
түрлі мөлшердегі керамиаклық ыдыстарды тұрғылықты  адамдар  пайдаланды.  XII
ғасырда Иранда  ең  жоғарғы  сапалы  аспалы  шамдары-қолөнердің  ең  танымал
түріне айналды.  Ішкі  рыноққа  ыдыстар  мен  рйыншықтар  көптеп  шығарылды.
Былғары  өнімдері  де  жоғары  сапамен  өнделіп  кеңінен  таралды.  Олар  ат
әбзелдері, өнделген таза былғарының өзі және аяқ киімдері.  Орта  ғасырларда
Иран қалалары ірі базалардың орталығы болды,  мұнда  тек  сауды  ғана  емес,
сондай-ақ  қолөнер   өнімдерінің   жері   болып   табылды.   Қолөнершілердің
шеберханалары жай қарапайым  нүктелер  болды.  Қолөнершілер  бірдей  түрдегі
бірдей түрдегі қолөнерін жасау  үшін  базардың  нақты  бір  қатарында  жұмыс
істеді. Сол кезде Исфаханда 200000 тұрғын блоған екен. 40000 адам  Арраганда
(фарста) тұрды. Нишапурды 44 квартал болды, географтардың  сөзіне  қарағанда
оның  кейбіреуінің  ауданы  Шираз  қаласының  жартысына  пара  пар  еді,  ал
тұрғындардың саны бірнеше жүз мыңдарға жеткен. Нишапур мен Исфаханнан  басқа
тағы Рей, Шираз деген ірі  қалалар  болды.  Ол  қалаларда  кітапханалар  мен
медреселер болды. Медреселерде мұсылмандықтан  басқа  математика,  медицина,
философия және тарих оқытылады. Бұл қалаларды сонда тұратын  жергілікті  жер
иелері мен  феодалдар  басқарды.  Рсыдан  барып  феодалдар  мемлекеттік  ірі
күштердің саяси  эканомикалық қызығушылығы өсті.  Иранның  қалаларында  орта
ғасырлық Бтыстан айырмашылығы ірі купецтер феодалдарға өзін  қарсы  қоймады,
керсінше олармен бірге антифеодалдық  қозғалыстаға  қатысып  отырды.  Иранда
квартал аралық, купецтік корпорация  аралық,  қолөнераралық  өзара  өзін-өзі
басқару болды. Алайда жалпы қала арасындағы өзін-өзі басқару жолға қойылды.
    Шығыс Иран Газневидтер қол  астында.  Саманидтардың  гулям  гвардиясына
үстемдік етіу әрекеті іске  аспай  қалды.  Орта  Азия  мен  Амудария  шығыс-
солтүстік басқа жерлер қараханидтер  түріктерді  қамтиды.  Шығыс  иран  Орта
Азияның кейбір бөліктерімен бірге, Ауғаныстанды  қосып  алғанда  Газневидтер
мемлекетінің құрамына енген.
    962 жылы саманидтер әскери басшаларының бірі Альп Тегин  саманид  терге
қарсы бүлік шығарғанымен жеңілсіке  ұшырады.  Ол  Ауғаныстанға  қашып  барып
сонда басша  болды.  Оның  шәкірті  Махмұд  Газневид  (998-1030)  Буидтармен
соғысы, өзінің өктемдік ететінін  мойындатты.  Әсіресе  Рейя  мен  Исфаханда
Махмудтың  ең  ірі  соғыс  саяхатында  17  рет  Үндісианның  солтүсті  гінде
тонаушылық  жасады.  Газневид  мемлекетінде  гвардиясының  қоғанысы   Махмуд
әскери экспедицияға дайндық «түсінбейтіндерге қарыс соғыс» деген  лозунгімен
өтті. Оған қала мен ауылдың кедейлері тартылды. Олардың саналарын  ренгиялық
фанатизм мен әскер жорықтан түскен тегін үлеспен  улады.  Махмуд  оның  ішкі
маңындағы  ұсақ  түйек  мәселен  гөрі  халықты  тонаудан  түсетін   байлыққа
итермелеп,  еш  уақытта  жеңіліске  ұшырамау  керектігін  ескертіп   отырды.
Сұлтанның айтуы нәтижесінде қала тұрғындар аса  ауыр  күйге  түсті.  Жеңіліс
пен кедейлікке көп  көрді.  Нишапурда  жұт  жылы  болған  жылдардың  бірінде
аштықтан 100000 адамға дейін өлді.
    Махмуд орталық билікті  күшейтіп  қазыналық  жерді  иеленуді  кеңейтуге
тырысты. Бірақ ол діни феодалдардың алдында  оның  беделін  түсірді.  Осыдан
барып халық арасында қозғалыстар пайда болды, әр түрлі діни  секталар  пайда
болды. Қолөнершілер мен саудагерлердің,  тіпті  феодалдардың  кейбіреулердің
арасында исламдағы суфизм мистико-аскетикалық жаңа ағым таралды.  Тонаушылық
саяхаттары тоқтағаннан   кейін  мемлекеттің  ішкі  көзқарасы  түзеліп  түрік
көшпенділеріне дұрыс қарай бастады.
    Әдебиеттер:
    1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях.  Ред.кол.:
Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
    2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
    3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
    4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
    5. История Востока  В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние  века  М.,РАН-
1995
    М.,РАН-1998.
    6. История средних веков  (под ред. Сказкина) М.,88
    7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
    8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
    9. История Ирана с древнейших времен до XVII века. М.,1968
    10. История Иранского  государство и культуры. М.,1971.
    11.Луконин В.Г. Древний и средневековый Иран. М.,1987
    12.Колесников А.И. Завоевание Ирана арабами. М.,1982.





    Тақырып 12.  Иран.

    1. Х-ХҮ ғасырлардағы Иранның саяси өмірі.
    2.Сефевилер мелекетінің құрылуы.
    3.І Аббастың соғыстары.
    4.Еуропалықтардың ене бастауы.
    Селжуктер билігіндегі Иран. Түрікмен ұрпақтары оғыздар тайпасы  орталық
Азияның оңтүстік  көшпелі  ел  еді.  Олар  X  ғасырда  феодалдардың  қоғамда
алғашқы қауымдық құрылыспен қалыптасу процесін бастан  кешірді.  Олар  көшіп
жүріп  өздерден  басқа  елді  эксплутациялау  мақсатымен  тұратын  орынларын
тартып лаып, әскери кірістер жасап жүрді.
      XI ғасырдың  20  жылдары  түркіменнің  4000  отбасы  Хорасанға  келіп
қоныстанды. Махмуд сұлтан олар  солтүстік  Хорасанда  тұрып,  әскери  қызмет
істеуге рұқсат етті. Түркімендердің Хорасанда орналасуы  Махмудтың  өлімінен
кейін келе түсті. 1038 жылы олар Нишапурға келді.  Олардың  басшысы  Тоғрұл-
бек Селжук Газневидтерден  бөлініп  түркімендердің   егемендігін  жариялады.
1040 жылы Дандекан  –  Газневид  әскерлері  түрік  көшпенділерінен  жеңілді.
Сөйтіп газневидтер Хорасанда айырылды. Бірақ  та  Ауғаныстанның  бір  бөлігі
мен Пенджабадағы билікті ұстап қалды.
      1040-1050 жылдары Селжуктар Иранды  жаулап  алды.  Олардың  тайпалары
Завказье мен Месопатамияға қарай жылжыды.  1050  жылы  олар  Бағдатты  алды.
Халиф басшысы Тоғұрл бек сұлтанға арыздануға  мәжбүр  болды.  Тоғрұл  бектің
ұрпақтары  жаулап  жалғастыра  берді.  Селжуктер  Кіші  Азияның  араб  жарты
аралын, Месопатамияны, Закавказье бөлігін, Иранды және Орталық  Азияның  ірі
аумағын басып алды. Олардың мемлекетін селжук  тұқымының  мүшелері  басқарып
отырды.
      Бұл ірі мемлекет көшпенділердің мықты қару-жарағымен қаруланды.  Икта
салығының  иелері  өз  мақсаты  үшін  белгілі,  арнайы  қаулыда  көрсетілген
хараджа мен басқа салық түрлерін жүйелі түрде  жинауға  құқылы  болды.  ОНың
мөлшері  бұрынғыдан  аспады.   Ткталықтар   мүлік   пен   шаруалардың   жеке
нәрсесінпайдалануға  құқылы  болды.  Икталықтар  көрсетіп  бергендей  түскен
түсім әскердің бір бөлігіне тиесілі болды.селжуктар өздерінің  туыстары  мен
әскери басшыларға сыйлық ретінде  бүтін  бір  қаланы  және  аймақты  кеңінен
тартып беріп отырды, сондықтан олар аббасидтағы халифтар  сияқты  мемлекетті
бір орталық  жүйеге  бағындыру  қолдарынан  келмеді.  Соның  нәтижесінде  XI
ғасырда  «әйгілі  селжуктар»  мемлекеті  толық   жойылды.   Осы   әлсіздікті
пайдаланып орталық  билік  әскери  дүниені  өзінің  мирастық  жеке  меншікке
айналдырды. Шаруаларды құлдыратудың әлеуметтік пайдасын,  мұндай  эвалюцияны
феодалдар иктадан көре алмады. XI ғасырдағы  деректерде  көрсетілмегендіктен
шариғаттың құқықтық мүдделерін заңды қарастырылып, бекітілуіне жол бермеді.
      Соғыс кезінде  ауыл  шаруашылығы  үлкен  зардап  шекті.  Селжуктардың
билікке бекуінен кейін  үкімет  әлеуметтік  қорғауға  көңіл  бөле   бастады.
Азербайжанның  солтүстік  батысында   және   Иранның   шекаралас   аудандары
Хорасанның солтүстік  шығыс  Иран  арқылы  көптеген  түрік  тайпалары  өтті.
Селжуктер жаулап алғанға дейінгі уақытта фарси-дари әдеби тіл  пайда  болды.
Ол парсы халықтарының тілі болып сақталды. Түрік бағындырушылары  бығындырып
алған халықтың мәдениетінің ықпалымен жүрді.
      Селжуктер түрік феодалдарының салығына ғана арызданбады, сонымен қоса
жергілікті Иран биліктеріне арызданды. Иран шенеуліктері  мен  ірі  мұсылман
діндарлары, бағындарылғандармен  тез тіл  табысып  кетті.  Өйткені  көшпенді
түріктердің  білімділері  орталық  билікке  бағынбауға  тырысты.   Селжуктар
Ирандық  бюрократтардың  феодалдық   мемлекетті   басқарудағы   тәжербилерін
пайдаланып,  оларға  арқа  сүйеді.  Орталықтанған  мемлекетті   басқарушының
біреуі көрнекті  Иран  шенеунігі  Низам-аль-Мульк  болды.  Оның  қызмет  ету
кезінде Бағдатты оқу орындары қалпына келтірілді.  Низамдық  академия  пайда
болды.Иранның басты қалаларында мектептер  ашылды.  1079  жылы  15  наурызда
атақты ақын, ғалым Омар Хайамның жаңа күнтізбесі  қабылданды.  Бұл  күнтізбе
Еуропадағы VIII Григорий папаның айтуымен 1582 жылы ғана жүогізілді.  Низам-
аль Мульк «Сийасет-наме» деген саяси трактат жазды.  Онда  Сасанид,  Аббасид
және Газневид мемлекетінің тарихынан мысалдар келтіре отырып  оны  ерекшелік
ретінде көрсетті.  Бірақ  бұл  саясаттың  өзі  сәтсіздікке  ұшырады.  Себебі
әскери жүйенің жұмысын таратқаны үшін алауыздық туды.  Мелік  шахтың  (1082-
1092 жж.)  кезінде  жер  салығынан  түскен  қор  өсті.  Бірақ  мелік  шахтың
өлімінен кейін бұл держава тарап кетті.
      Иранның  саясаты  туралы  тарихта  екі   феодалдық  топтың  күресімен
сипатталады.Оның  біреуі  түрік   тайпаларының   феодалдары   және   Иранның
аристократтық  феодалдарының  арасы.  Ол  екеу   арасындағы   соғыс   негізі
сепаратизм   және  таққа  таласу.  XI-XII  ғасырларда   қалаларда   класстық
күрестер күшейе түсті. Бұл суидтер  мен  шииттердің  арасындағы  діни  күрес
болды.  Хорасанда   әйгілі   селжуктар   сұлтанаты,   ирақтық   (1113-1194),
кермандық (1041-1087) деген сұлтанаттар пайда болды. Сонымен бірге  Хорезмде
саси мағынадағы өзін-өзі  басқару  өсті.  Хорезмде  әскери  қозғалыс  өтетін
жерлерден басқа ауыл  шаруашылығы  қолөнер  шаруашылығымен  қолөнер  жолдары
пайда болды.
      Хорезм әскерлері 1186 жылы  Селжуктардан  жеңілісін  пайдаланып  мерв
оазисін басып алды. Одан кейін олар Хорасанда (1187-1193) және  селжуктардан
басқа да бірнеше иеленген жерлерін басып плды. 1194 жылы Хорезм  шахы  Текеш
бүкіл Хузистан, Ирандық Азербайжаннан  басқа,  барлық  батыс  Иранды  жаулап
алды. Бірақ 1219 жылы монғолдардың Орта Азияға жорығы басталды.
    Монғол билігіндегі Иран. Орта Азияны жаулап алғаннан кейін  Шыңғыс  хан
1220 ыжылы Иранға бет  алды.Оның  Жебе  мен  Сүбетейдің  басқаруындағы  атты
әскер Хорасан арқылы өтіп. Мазадеран,  гильян  және  Рейді  алды.  Монғолдар
күштерін таулы аудандардағы, каспийдегі  провинцияға  және  оңтүстік  Иранға
күштерін жұмсамады. Солтүстік Иранна кейін Закавказьеге бет алды, оны  жеңіп
каспий арқылы Орта Азиядағы  Шыңғысханның  негізгі  қолына  қосылды.  Шыңғыс
ханның төртінші ұлы Толуй Хорасан  қаласын  басып  алды.  Мұндай  қалалардың
көбі қирап өртеніп кетті. Ең ірі Нишапур  қаласындағы  бүкіл  бекініс  үйлер
және тұрғындар түгі қалмай жойылды. Нишапур қаласы тұрған жер жыртылып  оған
арпа себілді. 1220-1224 жж. Шыңғыс ханның әскери саяхаты  кезінде  монғолдар
Гильян, Казвин және Хашадан қалаларында мықты қарсыластарға тап болды.  1131
жылы могғолдар Тербизді 1237 жылы Исфаханды жаулап алды.  1253-1256  жылдары
ғана Шыңғыс ханның немересі Хулагу ханның жорығында ғана Иранды толық  басып
алды. Хулагу атақты Мөңке ханның жіберуімен болды.  Осы  жорықты  1256  жылы
монғолдар Аламұтты, Асссасиндер мемлекетін алды.  1258  жылы  Бағдатты  және
Аббасид  Халифатын басып алды. Ал 1261 жылы Хулагу ильхан тайпа ханы  атағын
алды. Оның мемлекетіның жер көлемі кеңейе түсті. Кіші Азиядағы  Рүм  сұлтаны
Иран арабы, Армения, Азербайжан, Грузия, Иран,  Ауғаныстанға  кірді.  Монғол
көшпенділерінің   Ирандағы   биліктің   тұрақтандыруы   ежелгі    жергілікті
мәдениеттің,  қолөнердің  дамуын  және  кәсіби   күшін   төмендетті.   Соның
арқасында әлеуметтік базасы ретінде көшпелі мал шаруашылығына  айналды  және
жердің бәрін жайылым  ретінде  пайдаланды.  Көшпелі  тұрғындар  саны  бірден
өсті. Мыңдаған шаруалар мен қолөнершілер  монғолдардың  бағындыруымен  күңге
айналды. Оңтүстік Ирандағы қолөнермен  айналысатын еркін  корпорациялар  өте
ауыр салықтар төлеп отырды. Ондаған қалалар ұсақ  ауылдарға  айналып  кетті.
Иранда материалдық бағалы  кәсіпорындарды  монғол  басқыншылары  жойды.  Көп
адамдар  эпидемиялық  аурулармен  аштықтын  қырылды.   Иен   қалған   даланы
біртіндеп құлдар баса  бастады. Иран тарихшысы Рашид ад-Дин (1247-1318  жж.)
XVIII ғасырдың аяғында Иранның  өнделген  жерінің  10  пайызы  ғана  жарамды
болды. Иранда XVIII ғасырдың аяғында өте ауыр  жағдай  болды.  Өз  пайызынна
құтыла  ламаған  жанұялар  күңдікке  сатылу  жағдайлары   көптеп   байқалды.
Монғолдародың бағындырушылары өз заңдарын кіргізе бастады. Ол Шыңғыс  ханның
атақты Ясадан алынды.   Олар  заңда  көшпенді  әскердің  қатарындағы  әскери
адамдардың өмірі сол қолбасшының қолында болды. Олар Иран шаруалары  тікелей
монғолодардың  жер   иеленуші   феодалдың   қолына   қарап   қалды.   Монғол
басшыларының арқасында Тархан деген феодалдың бір  түрі  пайда  болды.  Олар
ерекше жеңілдікті пайдаланды, Олар он рет қателер жасағанға  дейін  сот  пен
жазадан  босатылатын  болды.  Жорықтан  түскен   түсімді   әскери   басшымен
бөліспейді. Өз иелігіндегі салықтар ешкіммен бөләспейді. Оларға  түрік  және
күрт көшпенділерінің білгірлеріде қосылды. Өйткені  олар  монғолдарға  көмек
көрсетті. Оларға ең негізгі кіріс көзі болды.  Сондықтан олар шексіз  осғыса
беруге қызығушылығы  болды.  Хулагу  мемлекетінде  феодалдық  жер  иеленудің
бірнеше түрі болды.  Олар:  дивани  (мемлекеттік  жер),  иджу(  хон  тегінің
атында), мульк, икта, вакф. Монғолдар басып алған  кезде  феодалдардың  және
вакфтардың жер бөлігін алды.Кейін  осының  нәтижесінде  Хулагуттар  мұсылман
діндарларының беделін және Иран азаматтық  бюрократияға  арқа  сүйеп  отырып
ильхан билігінің бекуіне және ислам дінін қабылдауға қол жеткізуге  тырысты.
Осы екі  негізгі  феодалдың  арасындағы  күрес  Хулагит  мемлекетінің  бүкіл
тарихында жүрді. XVIII ғасырдың аяғында бұл елде  талқандалған  шаруалар  өз
жер үлестерін жинап тауға қашты. Елде  антифеодалдық көзқарас  пайда  болды.
Мемлекеттік қазына азайды. XVIII ғасырдың  аяғында  ильхан  тобының  Гейхату
(1291-1295) алтын мен  күмісті  қағаз  ақшаға  айналдыруға  тырысты.  Осының
арқасында қағаз  ақша  шығаратын  кәсіпорындардың  шексіздігін   қағаз  ақша
кәсіпкерлерді тонаудың бір түрі болып көрінді.
    Газан-хан реформасы. Шаруашылықтың күйреуі арасында наразылық  тудырды,
осы  жағдайға  байланысты  билеушілер  ильхандардың  өздері  реформа  шығару
керектігін түсінді.  Бұл реформаға итермелеген күш  7  хан  Газан  –  ханның
атымен  (1295-1304)  және  оған  көмектесіп,  реформаны  талдап   талқылауға
көмектескен ғалым-энциклопедияшы Рашид  ад-Дин  болды.  Газан-хан  мен  оның
везирінің саяси идеалы – ортилаықтанған  мемлекеттік  ортақ  тәртіппен  келе
жатқан салық жүйесі еді.
    Газан-хан  шаманшыл  ильханның   діни   жүйесін   бұзып,   шіркеу   мен
синагогтарды қиратып өзі исламдықты тағы мұсылмандар дінімен  жүоді.  Газан-
ханның мұсылмандықты қабылдауы жергілікті феодалдардың әлеуметтік  қолдауына
ие болды. 1304 ж. Қазынаға  біртіндеп  түсім  келе  бастағаннан  кейін  жаңа
бұйрық шықты.  Ол  берат  деп  аталды.  Бератта  облыстық  пен  ауылдық  деп
айтылды. Онда еңбекақы мен  зейнетақы  алуға  арнайы  құжат  енгізді.  Әрбір
облыс, ауыл, қала бойынша ақша мен шикізаттың мөлшері  көрсетілді.  Шаруалар
әскерилерді, азаматтық шенеуніктерді, феодалдық беделді адамдарды  асыраудан
босатылды, шығынды мемлекет өз мрйнына алды.  Газан-ханның  реформасында  ең
маңызды алға басу-ол қаңырап бос  қалған  жерді  салықтық  жнңілдіктер  беру
арқылы өңдеу болды. Қолөнершілер мен  саудагерлер  салықтың  көлемін  азайып
немесе уақытша салықтан босатылды.
    1303 жылы ханның бұйрығымен барлық монғол әскерлеріне  иктаны  мирастық
жолмен тарату жүрді. Мың адамнан тұратын әскери  топтарға  жер  үлестері  де
берілді. Ол жүз адамның тіпті жеребе арқылы  да  бөлінді.  Олар  сол  жерден
жинап алған тұқымдарының аздаған  бөлігін  мемлекетке  сыйға  тарту  ретінде
беретін болды. Ол әскери қызметті  тастап  кетпеуге,  өз  жерін  шаруалармен
бөлісуге міндетті болды.
    1303 жылы жаңа бұйрық шықты. Онда жер шаруаларға заңды түрде  бекітіліп
беруі айтылды. Олар басқа иелікке кетіге немесе ауысуға тыйым салында.  Егер
тастап кетсе, онда отыз бойы қашқын шаруаны іздеуге  немесе  қайтып  келуіне
мүмкіндік юерілді. Бірақта шаруа жердің иесіне емес,  жерге  бекітілді.  Сол
жергілікті жерде тізімде тұрды. Икта  беруші  шаруаға  құл  ретінде  қарауға
тыйым салынды.
    Газан-хан тұсында шеберханаларда да  құлдарды  ұстауға  тыйым  салынды.
Қолөнершілер  еңбегі  жо,ары  бағаланып  кеңінен  таралды.  Газан-хан   ақша
реформасын жүргізді. Құрып кеткен шаруашылықты кейбір бөлігіне  ғана  жүрді.
Ал кейбіреулері керісінше халықты қысып, реформаны орындамады.
    XIV ғасырдың 30 жылдары ірі  беделділер  арасында  соғыс  жүрді  де  ол
мемлекеттің құлауына әкеп соқты. Оның орнына  бірнеше  ұсақ  мемлекет  пайда
болды.  Фарста  Мозаферидтер  (1333-1393),  Оңтүстік  Иранда  джеларириттер,
(1336-1411)  Бағдатта  шебанидтер  (1344-1358),  Тебризде  Хорасанның  шығыс
бөлігінде ильхан билігін 1353 жылға дейін ұстап тұрды.
    Хорасан  батыс  бөлігінде  1337  жылы  монғолдарға  қарсы   көтеріліске
мұсылмандық идеологиямен, лозунгмен  шықты.  Ол  Сабзевардағы   монғол  атты
әскерлерінің біреуі шаруаға күштеп жәбір көрестекені үшін  блоған  көтеріліс
еді.  Осыдан  барып  жасырын   қару-жарақтар   жасалып,   ұйымдасқан   түрде
қолөнершілермен  қала  кедейлері   біріге   басатды.   Көтеріліс   басышлары
Сербедалар жергілікті жердің  ұсақ феодалдары болды.  Ол  көптеген  халықтың
көзқарасын қолдады. Хараджы 1/3 бөлікке азайды. (Газан-хан тұсында 60  пайыз
болған),   бератты   таратуды   алып   тастады.   Шариғатта    көрсетілмеген
садақалардың бәрін лап тастады.  Сербедарлар  мемлекетті  1331  жылға  дейін
басқарды.
    Осындай халық көтерілістері XIV  ғасырдың  ортасында  Каспий  маңындағы
облыстада, Керманда да болды. Мұндай көтерілістің бірі  Мазен  дернда   Сейд
(1350-1393) мемлекеттің құрылуымен аяқталды.
    XIV ғасырда Иран феодалдар Орта азиялық  басшысы  Тимурдың  (1360-1405)
жаулар алу үшін барлық жағдайды қарастырды. 13080-1393 жж.  Иранда  Тимурдың
барлық әскері мемелкетті бірінен осң бірін басып алды.
    1383 жылы Тимурдың мұндай әрекетіне қарыс оның  горнизоны  Исфахан  ның
халқы көтеріліске шықты. Алайда тағы да Тимур жеңіп, қаланы  тұтастай  жоюға
бұйрық берді.  Енді  жөндеу  жұмыстарына  70000  адамның  кесілген  бастарын
пайдаланды. Тимурдың басып алуы мен билік  жүргізуі  Иран  халқына  көптеген
қиын сынақтар  әкелді.  Ол  феодалдық  эксплуатицияны  күшейтті,  әлеуметтік
құлдырауға ұшырады.
    XV ғасырдың  басында  Иран  өзінің  мемлекеттік  жеке  құрылымын  жасай
алмады. Ол Тимур державасынабір провинциясы ғана болды.  Тимудың  өлімі  нен
кейін оның ұрпақтары Ирандағы және  Орта  Азиядағы  билікке  таласып  күресе
бастады.  (1405-1409).  Антифеодалдық  халықтық  көтеріліс  Иранда  белсенді
түрде жүрде. Онда түрлі діни ағымдарға  бөлініп,  секта  басшылары  күресті.
Олар Фазуллаха Хуруфи, Мухаммед Муша-ша, Махди, Хуфейза тағы басқалар.
    1502 жылы Тебризді Исмайл басып алды да өзін Иранның  шахан  шахы  етіп
жариялады. Ал Тебризді астана етті. Ал мемлекеттің діні – шиизмдік  мемлекет
болды. Сөйтіп Сефевидтер мемлкетінің  іргетасы  қаланып,  Сеферид  мемлекеті
жарияланды (1502-1536).
    XVI ғ басында сефевидтік билеушілер иран жерін біріктіру үшін және жаңа
жерлерді жаулап  алу  үшін  соғыс  жүргізді.  Шах  Исмаиле  (1502-1524  ж.ж)
кезінде  бүкіл  Батыс  Иран  мен  Муша’ша  мемлекеті   бағындырылды.   Парсы
жауынгерлері Иракты және шииттердің қожылық ететін жерлердің  (Кербала  және
Неджеф) басып алды, ол жерді маңызды  сауда  жолдары  қиылысқан.  Бұл  кезде
Солтүстік шығыста өзбек шаруашыларының  басып  кіру   қаупі   төніп   тұрды,
олар 1507-жылы Тимуридтердің хорасындық  жерлерін  жаулап   алды.  1910-жылы
Өзбек ханы Шайбанидтің әскери  Мервам  түбегінде   қызылбасшы  ларға   соққы
беріп,  Хорасанда   тұрақтанды.   Одан  кейін  1514-жылы  Сефевид  тер   мен
Осман  Түркілері  мемлекеттердің   арасында   Закавказье,   Күрдістан   және
Месопатамия жерлерін  билеу  үшін  40-жылға созылған  соғыс  басталды.
      1514-1555-жылдары  иран  шахтары  мен  Осман  сұлтандары   арасындағы
соғыс  бай  жерлерді  иемдену  мақсатында  туды.  Түрік   және  Иран  феодал
дары   Закавказье   мен   Бағдатты   басып    өтетін    Европа    мен   Азия
арасындағы  сауда  жолын  бағындыруды  көздеді.
      1514-жылы  Селим 1 сұлтанның  әскері  кіші  Азияда   40  мың   шиитті
қырып  тастады,  ал  түрік   әскері   Чалдыран   жазығында   қызылбасшыларды
қиратып   Тебризді    алды.   Янычарлар   арасындағы    көтерілістер    және
Азербай жан  халқының  қарсылығы  түріктерді  бұл жерлерді   тастап   кетуге
мәжбүрле  ді.   Бұл  соғыс   ұзаққа   созылып   ең    ақырында    Амасьидада
достастық   шартына   қол   қоюмен   аяқтады.   Шарт   бойынша    Сефевидтер
Түріктерге    Иракты,   Батыс   Грузияны,    Арменияның    жартысын     және
Васпуракана  тауларын  берді.
      Бір  уақыт  ішінде  түріктермен Сефевидтер   өзбек  хандарына   қарсы
Хоросане  мен   Астрабаде   қалаларында   соғыс   жүргізілді.   Бұл    соғыс
негізінен  тонаушылық,  қалалар мен  ауылдардың  қирату  мақсатында   жүрді.

    XVI  ғ  60-70  жылдары   салық   өсіп   жергілікті  тұрғындардың   қалі
ауырлады.  Онымен қоса  соғыстарға  байланысты  ауылшаруашылығы  әлсіре  ді.
 Мемлекет  бойынша  чума  эпидемиясымен  аштық  басталды.   Антисефевид  тік
күреске  1969-жылы   болған   Гиляндық   көтеріліс   себеп   болды.  Сефевид
тіктерге    бағынбай    тұрып    Гиляндықтардың    екі     хандығында     өз
династиялары  билік  жүргізді.   Сефевидтіктер  хандықты   басып    алғаннан
кейін   Гилянда   өз    тәуелсіздігін    қайтару    үшін     күрес    жүрді.
Гиляндықтар  18 мың  көтерілісші   жинап   өздерінің   өкілін   тағайындады.
Шах  жарлығы  бойынша  Гилянға  қызылбасшылар  әскері  жіберілді.
    Гиляндық   көтеріліспен    бірге   1571-1573   жылдары    Тевризде   де
көтеріліс  болды.  Тевриз  қаласы  үлкен  сауда  орталығы  болды.  Онда   30
 мыңдай  адам  тұрды.  Бірақта   ол   қала    түріктердің   үш   рет   соққы
беруінен  қираңқырап   қал   ды.    Көтерілістең    басты    себебі    болып
жергілікті  билеуші  таптың  халық  қозғалысында  қаза   тапқан   жергілікті
тұрғынның  жерлеуіне қарсылық  көрсе туінен  туды.
    Көтерілістердің  басталуына  пехлевандар  цехы  маңызды  роль  атқарды.
 Басқарушы   пехлеван   Яри   болды.   Тахмаспа  1  Тевриз   қаласына   жаңа
билеушіні  тағайындауға  жәжбүр   болды.   Ол   кварталдардың   үлкендерімен
сөйлесіп, көтерілісті  тоқтатуын  сұрады.  Жаңа   тағайындалған   билеушінің
жауынгерлеріне   көмекке   билеуші   Қарадаганның    әскері    келді.   Олар
көтеріліске  шыққан   кварталдырды   қоршап   алып,   қиратты.  Көтерілістің
басшылары  олардың  ішінде  Техлевандар  Яри, Аваз  және   Гекча,   сукновал
Шунджи,  етікші  Хасан   және   тағыда   150   кісіні   өлтірді.   Тағы   да
көтеріліске  жол  бермеу  үшін   Шах   Тевриз   қаласына   барлық   салықтан
басты.  Сөйтіп тевриздіктер  көтерілістің   арқасында   барлық   салықтардын
құтылып,  қаланың  ары  қарай  гүлденуне  мүмкіндік  алды.
    XVI ғасырдың  аяғында  XVII  ғасырдың   басында   Иранның   экономикасы
гүлденді,  соның  негізінде  сефелидтер  мемлекеті  күшейді.    Абасс 1  Шах
(1587-1629) билік  еткен  кезде  билікті  орталықтандыру   үшін   реформалар
қолданылды.
    Аббас   17  жасында   қызылбасшы   таипаларының   ішінен   Шах    болып
сайланды,  бірақ  ал  өзін   қолдайтын   кісілерге   Сүйінбай   өз   билігін
жүргізе   бастады.   Бірақ   бұл    уақытта    түрік-османдары    Сефевидтер
мемлекетіндегі    таққа    таласты.   (1576-1587)   қолайлы    пайдаланылды.
Азербайжан мен Иракты  басып  алды.  Шығыста  өзбек   феодалдары   харасанды
тағы  да  басып   алды.   Онымен   қоса   Мешосед   пен   Герад  қалаларында
басып   алды.   1590-жылы   түріктермен   Станбулдық   бибітшілдік    шартын
жасады,  ал   шарт   бойынша   Осман  империясына   Шығыс  Грузияны,   Шығыс
Арменияны, Күрдістанды,  бүкіл  БАзербайжанды  және   Луристанның   жартысын
берді.  Содан  соң  шах  Аббас  өз   елінде   өз   билігін   нығайтып   алып
әскермен  бірге  шығысқа  қарай  жылжып  ол  жақта  өзбек   хандарын   қырып
Нишапур, Мешосед,  Герад   және  Мерв  қаларын   басып   алды.   Ішкі   және
сыртқы  саясаттағы  алғашқы  жетістік текрінен  кейін  шах   Аббас   билікті
 орталықандыру  саясатына  белсене  кірісті.
    Әскери  реформаның  орынддалғанынан  кейін  шах  Аббас 1 тұрақты  әскер
 құрды.  Ол  әскер  құрамына  12 мың   атқыштар   Кавказдықтардан   құралған
10 мыңдық  атты  Гуляндар  12 мыңдық  артилеритар корпусы   кірді.   Әсіресе
500 пушкадан  тұратын  артеллеристар паркы мен   артеллеристар   дайындығына
 көп  көңіл  бөлді.
    Шах  қызбасшы тайпалардың  көтерілісін  басып  тастап  отырды.  Сөйтіп,
1596 шах Аббастың  бұйрығы  бойынша  қызбасшылар   текелі   тайпасын   қырып
тастады,  бірақта  шахқа  беріліп  қызмет   еткен   тайпаларда   болды,   ол
«шахсевен» деген  атақ алды.   Әскери   реформаны   жүгізгеннен   кейін  шах
Аббас 1 1602-жылы   Түріктерге   қарсы   соғыс   ашты.   10  жыл   ішін   ол
түріктерден  Азербайжанды, Луристанды,  Күрдістанның  жартысын  армения  ның
  шығысына   және   Грузияның   шығысын    қайтарып    алды.    Бұл    соғыс
Закавказия  халықтарына   өте   ауыр   тиді.   Сефевидтар   өздерінің   ішкі
саяса тында  да  өте  қатаң   болды.   Сөйтіп,   Аббас  1   жарамсыз   әскер
басшыларын  өлтіріп  отырды.  Өзінің  бір ұлын   өлтіріп   қалған   екеуінің
көзін ойып  алды.
    Орталықтандырылған  саясат  орнағаннан  кейін  жер  бөлу   мәселесі  де
өзгерді.  Мемлекет   иелігіне   жататын   жерлер   кеңейді,  сонымен   қатар
шахтың  иелігіне  жататын  жерлер де  кеңейді.
    Әдебиеттер:
    1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях.  Ред.кол.:
Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
    2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
    3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
    4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
    5. История Востока  В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние  века  М.,РАН-
1995
    М.,РАН-1998.
    6. История средних веков  (под ред. Сказкина) М.,88
    7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
    8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
    9. История Ирана с древнейших времен до XVII века. М.,1968
    10. История Иранского  государство и культуры. М.,1971.
    11.Луконин В.Г. Древний и средневековый Иран. М.,1987
    12.Колесников А.И. Завоевание Ирана арабами. М.,1982.


    Тақырып 13. Орта Азия мемлекеттері.
    Мақсаты:
    1.Орта Азия халықтарының этникалық құрамы.
    2.Сасанидтар билігінің тарауы, түркілердің енуі.Эфталиттер, Саманилар.
    3.Хорезм мемлекеті.Қарахандар.Газнауйлер.Селжуктер.
    4.Әмір Темір мемлекеті.
    ТМД территориясындағы жаңа, феодалдық  формацияға  көшу  бәрінен  бұрын
Закавказьеде жүзеге асты. Біздің заманымыздың  IY ғасырында мұнда  феодалдық
шаруашылық қалыптасты.
             IY – Y ғасырларда  Арменияда  феодалдық жер  иеленудің  барлық
негізгі  түрлері:  хайреник,   хостак,   паргевакан   белгілі   болды.   Жер
иеленушілердің өте күрделі иерархиялық сатылары  болды.  Оның  ең  жоғарғысы
патша және  жеке  аймақтарды  басқаратын  князь  тұқымынан  шыққан  аса  ірі
нахарарлар болды. Бұл сатының  ен  төменгі  баспалдағында  ұсақ  жер  иелері
тұрды.
            Едәуір көлемді жерлерді меншіктенген шіркеу феодалдары да үстем
тапқа  жатты.  Қарапайым  қауым  мүшелері  шинақандар  егіншілікпен,   жүзім
шаруашылығымен, мал бағумен шұғылданды.  Әрбір шаруаның отбасындағы  адамның
санына  қарай  қауымдық  жерлер  жыл  сайын  қайта   бөлініп   тұруға   тиіс
болды.Шинақандар көптеген  феодалдық  міндеткерліктерді   канал  қазу,  жол,
көпір салу, т.б.атқарды.Басқада елдердегі феодалдық  қоғамдағыдай  Арменияда
да, IY – Y ғасырларда белгілі бір дәрежеде құлдардың  еңбегі  пайдаланылады.
Бірақ құлдар енбегі қоғамдық құрылыстың феодалдық сипатын  бұзған  жоқ.Армян
құл  иеленуші  мемлекеті  бірте  –  бірте  феодалдық   монархияға   айналды.

            XIII ғасырдың  бірінші жартысында орнаған монғол үстемдігі Орта
Азия халықтарының  өсіп  өркендеуіне  көп  кедергі  жасады.  Онда  егіншілік
мәдениеті құлдырады. Қиратылған қалалар қиындықпен қалпына келтірілді.
              Басқақтар  бастаған   монғолдардың   әскери   отрядтары   мен
алыпсатарлар халықты күйзелтті. 1224жылы құрылған Шағатай ұлысын  1251  жылы
Батый мен Мөңке бөліске  салды.Батыйға  Мәуераннахр  тиді.  XIIIғасырдың  60
жылдарында  Шағатай  немересі  Алға   ұлысты   қайта   қалпына   келтіріліп,
Шағатайлар билігін орнатты. Алғанның мұрагерлері  Мубарак  пен  Барақ  Ислам
дінін қабылдаған болатын. Ұлыстың астанасы  Жетісудан  Мәуераннахрға  ауысты
1266. Кебек ханның 1318 – 1326 тұсында етек  алған  феодалдық  қырқыстар  ол
өлген соң ұлысты ыдыратты. Асқақ  Темір  билігінің  1370  –  1405  орнауымен
Мәуераннахрдағы Шағатай билігі жойылды.
           Әр феодал тәуелсіз болуға,  өз  жерін  шағын  дербес  мемлекетке
айналдыруға ұмтылды. Армян феодалдарының ала ауыздылығын Иран мен  Визиянтия
пайдаланып  қалмақ  болды.  Мұндай  ала  ауыздықтар  Грузия  мен  Әзірбайжан
феодалдары арасында да болды.
           Армияндар грузиндермен одақтаса отырып, Иранға қарсы  талай  рет
көтеріліске шықты.Римдіктер 391жылы Батыс Армениядағы патшалықты  жойды.  Ал
Шығыс Армения Иранның қол астында болды. Ондағы өзін – өзі басқарушылық  428
жылы жойылды. Билікті Иран наместнигі  марзпан  жүргізді.  Иран  армяндардан
христиан дінін тастап,зороастризмді  қабылдауды  талап  етті.  Армяндар  450
жылы Иран билігіне қарсы көтеріліске шықты. Оны Вардан  Мамиконян  басқарды.
Ол алдында жеңіске де жетті. Арташата  өз  билігін  жариялады.  451жылғы  26
мамырда Аварайда шайқас  болды.  Вардан  қаза  тапты.  Армяндар  партизандық
соғысқа көшті. 571 жылы тағы көтеріліс болды. Оны  Вардан  Мамиконян  Кармир
басқарды. 572ж. Армян көтерісшілері Иран  әскерін  талқандады.  Бірақ  толық
тәуелсіздікке  жете  алмады.   Иран   наместнигі   армяндардың   өз   ішінен
тағайындалатын болды.
           Закавказьенің  грузин  тайпалары  мекендеген   батыс   бөлігінде
феодалдық қатынастар III – IY ғасырлардан  бастап  қалыптасты.Ол  қатынастар
YI ғасырда орнығып болды.Феодалдар азнаур деп аталды. Грузяда  ерікті  қауым
мүшелері  де,  ерікті  қызметкерлер  де  болды.  Феодалдық  қоғамның  едәуір
категориясы ерікті емес уазнолар болды. Жер YI ғасырдың өзінде  –  ақ  сату,
сатып алу обьектісі болды.IY ғасырда  Картли  патшасы  Мириан  христиандықты
қабылдап, оны  өз  жерінде  зорлық  пен  бекіте  бастады.  Картли  патшалары
сасанидтердің, ал Эгриси Батыс Грузия патшалары –  Визатия  императорларының
вассалдары болды.
          Сасанидтық Иранға қарсы күрес Y ғасырда Картлиде Вахтанг Горгасал
қасқыр бас патша  тұсында  күшейді.  484жылы  грузиндер  мен  армяндар  иран
билігіне  қарсы  бірлесіп  қимыл  жасады.  Бірақ  бұл   күрес   сәтсіздікпен
аяқталды. 523 жылы жаңа көтеріліс басталды. Бұл  көтерілісті  талқандағаннан
кейін сасанидтер Картлидегі патша өкіметін жойды.
          Византиямен Иранның Закавказьеге ие болу үшін жүргізілген  күресі
YII ғасырға дейін созылды.YII ғасырдың  орта  кезінеде  византиялықтар  иран
әскерлерін қуып шығып, Закавказьеде өз үстемдігін орнатты.
           YII  ғасырдың   екінші   жартысында   Византияны   қуып   шығып,
Завкавказьені арабтар жаулап алды. Шаруаларды қанау күшейе  түсті.  Шаруаның
құлдан айырмашылығ – өз шаруашылығының болуында. Бірақ  бас  бостандығы  мен
еркінің құлдан көп айырмашылығ болмайды.
          IY ғасырда Арменияда, Грузияда, Әзірбайжанның солтүстік бөлігінде
христиан діні орнады.  Арабтардың  жаулап  алуы  нәтижесінде  YIII  ғасырдан
бастап Әзірбайжанда ислам діні орнады. Ислам діні де, христиан діні  сияқты,
феодалдар   билігін   нығайтуға    көмектесті.    Арабтар,    византиялықтар
Завкавказьеге талай  рет  басып  кірді.  Арабтарға  қарсы  күресте  Армения,
Әзірбайжан, Грузия бір –біріне көмектесіп отырды Арабтар YII  ғасырдан  I  X
ғасырдың   II   жартысына   дейін   Закавказьеде,    Орта    Азияда    билік
жүргізді.Халыққа ауыр алым – салық  салынды.  Жер  салығын  ьөлеумен  қатар,
мұсылман еместер жан басына салынатын арнайы  алым  -  салық   төлеуге  тиіс
болды. Шаруалардың осы алым – салықтары бас тартпауы үшін  олардың  мойынына
қорғасыннан белгі салып, Олардың тұрғы жерлерін жазып қоятын болды.
          773 – 775 жылдары Армениядағы басталған шаруалар  көтерілісі  екі
жылдан кейін әрең дегінде жаншып басталды. Әзірбайжанда 816  –  837  жылдары
Бабек көтерілісі болды. Осы қозғалысқа қатысушылар қызыл  жалаулылар  немесе
қызыл киім кигендер деген атпен белгілі қызыл түс – көтеріліс символы.
           Бұл  қозғалыс  хурремиттер  ілімінің  діни  жамылғысында  болды.
Әлемнің екі негізінің құдай мен жын –  перінің,  ізгілік  пен  зұлымдылықтың
күресін мойындаған және  жекеменшікпен  әлеуметтік  теңсіздікке  негізделген
қоғамдық  құрылысты  зұлымдық  негіздің  туындысы  деп  есептеген   секталар
хурремиттер деп аталған.
          Көтерілістің  ұрандары  –  жерді  селолық  қауымдарға  беру  және
шаруаларды феодалдық  тәуелділік  пен  міндеткерліктермен  азат  ету  болды.
Антифеодалдық шаруалар қозғалысы, сонымен қатар жат ел басқыншыларына  қарсы
бағытталған азаттық  соғысы  болды.  Көтерісішілер  араб  әскерін  бірсыпыра
жеңіліске ұшыратты. Алайда жергілікті феодалдар көтеріліске опасыздық  етті.
Олар  араб  билеп  –  төстеушілеріне   қарсы   жер   үшін   болған   күресте
көтерілісшілерге қосылса, кейінен шаруалар қозғалысының  кең  өріс  алыуынан
қорқып,  қайтадан араб халифтарының жағына шығып кетті.
           Қозғалыс басып жаңшылды. Халифтың әмірі бойынша Бабектің  қол  –
аяғының ұштарын кесіп, оны  креске  кесіп  тастаған.  Опасыз  біреу  Бабекті
арабтарға ұстап берді, олар оны азаппен  шапқылап  өлтірді.  Бабектің  қолын
бөлек шауып түсіргенде өзінің қанын бетіне жағып, былай деп үн  қатты;  Өліп
бара  жатқанда  адамның  жүзі  қуқыл  тартады,  жауларыма   жүзімнің   қуқыл
тартқаның көрсеткім келмейді.Сұмдық азаппен өлтірілсе де,  жаулары  батырдың
ынырсығанын да есіте алған жоқ.
          851 жылы Арменияда, Картлиде Грузия және  Солтүстік  Әзірбайжанда
араб езгісіне қарсы үлкен халықтық  көтеріліс  басталды.  Оңтүстік  –  батыс
Армениядағы  Сасун   таулы   аймағында   Овнан   Хутский   басқарған   халық
жасақшылардың атағы  айрықша  шықты.  Олар  мысырлық  Мелик  басқарған  араб
әскерлерін тас – талқан етіп, Муш қаласын  алды.  Ондағы  халиф  наместнигін
өлтірді.
          Завкавказьедегі арабтар  билігі  IX  ғасырдың  екінші  жартысында
құлатылды. Бірақ 1071 жылы Завкавказьені түріктер басып алды. 1097  жылы  IY
Давид патша Грузияны түріктерден азат етті.  1121  жылы  Дидгеар  шайқасында
грузин әскерлері мұсылман әскерлерін женді. Тбилисиді азат  етіп,  астанасың
Кутайсиден сонда көшірілді. Тамара 1184 – 1207 жылы   патша  тұсында  Грузия
әскери – саяси табыстарға жетті.
          Ерте ғасырлық Орта Азия туралы мәләметтер Авестада  тұжырымдалған
Ол  б.  З.  б.  Бір  мың  жылдықтың  1  жартысында  жазылған.  Ирандықтардың
зороастриялық діни шығармаларының жинағы.III - YI  ғасырдарда  толықтырылып,
қайта өнделген. 21 кітаптан тұрады.
           Орта Азия  IY - Y ғасырларда орта Азия тәжік,  түркімен,  қырғыз
өзбек халықтарының арғы   ата  –бабалары  тұрды.  Хорезм,  Бактрия  Согдиана
мемлекеттері  құрылып,  өмір  сүріп  жатты.  Ол   елдің   халықтары   қолдан
суарылатын егіншілкпен айналысты, қаналдар қазылды Суландыру  жүйесін  жасау
өте көп адамның еңбегін талап етті. Арпа, бидай, тары, мақта егілді.  Бау  –
бақшаларда шабдалы өрік,  жүзім, алма,  алмұрт  өсті.  Мал  шаруашылығы  кең
өріс алды. Бұл жақта жібек өсіру де белгілі болды.  Мемлеттің  шекараларында
қос дуалды берік қамалдар тұрды. Олар көгалды алқаптарды сол  кезде  қазіргі
Қазақстанның даласын мекендеген көшпелі тайпалардың шабуылынан қорғады.
           2.XIY  ғасырдың  екінші  жартысында  Орта  Азияда   Орта  Азияда
бірнеше халық көтерілістері болды. Мысалы;  1365  жылғы  Самарқандағы  халық
көтеріліс Мәулен – заде деген медресе шәкірті мен Әбу – бәкір  Келеви  деген
мақта  түтуші  басқарды.Қаланың  еңбекші  халқы  өкімет  билігін  өз  қолына
алды.1388 жылы көтеріліс  Хорезмде  болды.  Бұл  қозғалыстарда  Темір  басып
тастап отырды.
           1395 жылы Темір өзіне қарсы шыққан Тоқтамысты  Алтын  Орда  ханы
талқандап, орыс жеріне қарай аттанды. Оның қолдарының орыс  жерлеріне  келіп
кіруі Мәскеуде қауіп – қорқыныш туғызды. Қала қорғанысқа дайындала  бастады.
Бірақ Темір Рязань жерінің шекарасында екі апта аялдағаннаң кейін, Азов  пен
Каспий  бойындағы  далаларға  қарай  бұрылды.  Кетер  алдында  Елец  қаласын
талқандады.
          Темірдің Алтын Орданы талқандауын Мәскеу өкіметі тиімді пайдалана
қойды; ол Алтын Орда бекіткен алым – салықты төлеуін тоқтатты.  Темір  өлген
соң Орта Азиядағы билік үшін өзара  қырқыстар  күшейді.  Шағатай  мемелекеті
құлады.XY ғасырдың бірінші жартысында Самарқандта Темірдің немересі  Ұлықбек
1409 – 1449 билік жүргізді. Бұл  кезең  Орта  АЗзия  мәдениетінің  гүлденген
кезеңі  болды.Ұлықбектің  тұсында  Самарқандта  биіктігі  55   метр   тамаша
обсерватория  салынды.  Онда  сол  кездегі   көрнекті   астрономдар   қызмет
етті.Ұлықбектің өзі Европа мен  Азия  мәлім  болған  астрономиялық  кезеңдер
құрастырды.
          XY ғасырдың ортасында Гераттағы солтүстік батыс Ауғаныстан өкімет
билігін Темір әулетінің өкілі сұлтан Хусейін  басып  алды.Самарқанд  сияқты,
Герат та мәдени өмірдің орталығы  болды.  Онда  өзбектің  ұлы  ақыны  Әлішер
Науай  1441  –  1501  туған.Науаи  энциклопедист   болған.   Ол   поэзиямен,
музыкамен, көркем суретпен, ғылымен шұғылданды.Науаи 30  дан  астам  шығарма
жазған. Ол шығармаларын ана – тілі  өзбек  тілінде  жазылған.  Аса  көрнекті
гуманист болған Науаи әлеуметтік  әділетсіздік  пен  езгіге  қарсы  күресті,
еңбекті  дәріптеді.  Оның  бастамасы  бойынша  және  ішінара   оның   өзінің
қаржысына кітапханалар, ауруханалар, оқу орындары салынған.
           Закавказье  халықтары.XIY  ғасырдың  ортасына  дейін  Закавказье
халықтары  Хулагидтердің  билеуінде  болды.  Хулагу   мемлекетінің   негізін
қазіргі  Әзірбайжан  құрады.  Тұтас  жер  округтері  жаулап   алушы   монғол
феодалдарына әскери лендер ретінде беріліп отырды. Қазына
    жерлері диван деп атады. Ол монғол  чиновиктерінің  уақытша  басқаруына
үлестіріліп берді.Жердің едәуір  бөлігі  мұсылмандардың  діни  мекемелерінің
қарамағында болды.Ол жерлер Вакуф деп аталды.  Ақырында  өиір  бақилық  жеке
меншік болып табылатын  шағын  жер  илігі  мүлік  деп  аталды.Грузин,  армян
феодалдары хандардан өз иеліктеріне жарлықтар алып отырды.
          Шаруалар  бірқатар  міндеткерліктер  атқаруға  тиіс  болды;ханның
пайдасына ауыл шаруашылық салығын, 100  қарадан  бір  қара  жайылым  салығын
төледі. Закавказьедегі қолөнері мен сауда Бердаа, Дербент, Тбилиси,Ани  және
басқа қалаларда дамыды.Закавказье халықтары тәуелсіздіктерін жеңп  алу  үшін
күресті.Халық   жасақты   бірігіп,   монғол    әскерлеріне    шабул    жасап
отырды.Закавказьеге 1337  жылы  Хорасанда  Иран  болған  Хулагидтерге  қарсы
көтерілістердің   дүмпуі   жетті.   Бұл   көтеріліс    Хулагидтер    билігін
әлсіретті.XIY  ғасырдың екінші жартысында Закавказье  территориясында  Темір
бірнеше  шабул   жасады.   XY   ғасырда   Закавказье   елдерінде   феодаодық
бытыраңқылық күшейді. Грузия жері бірнеше ұсақ  князьдықтарға  бөлініп,   XY
ғасырдың аяғына дейін  басы  бірікпедіоған  себеп  экономикалық  байланыстың
болмауы, феодалдық өзара қырқыстар, сыртқы жау шабуылы болды.
            XY  ғасырдың  аяғындағы,XYI   ғасырдың   бірінші   жартысындағы
Закавказье мен Орта  Азия,   XY  ғасырдың  аяғында    XYI  ғасырдың  басында
Закавказье халықтары Түрік пен Иран  шапқыншылықтарына  душар  болды.  Табан
тіркескен шайқаста  олар  өздерінің  тәуелсіздігін  қорғаумен  болды.  Бірақ
феодалдық  бытыраңқылық  басқыншыларға  қарсы  күресті  қиындатты.  Әсірессе
Арменияның жағдайы ауыр болды. Ол түрік пен Иран елдерінің  шабуылына  кезек
пен кезек ұшырап отырды. 1441  жылы  барлық  армиян  католиктердің  орталығы
Эчмиадзин қаласына көшірілді. XY ғасырдың ортасына дейін  Арменияға  көшпелі
түрік тайпасы – қара қойлалар  шабул  жасап  тұрды.  Армиян  халқының  біраз
бөлігі шетелдерге қашты. Армиян қашқындары Львовта,  Венецияда,  қырымда  өз
колонияларын құрды.
           Грузияда феодалдық қатынастардың дамуы     XY  ғасырдың  аяғында
ерікті жер иеленуші лердің жойылынуына  әкеліп  соқты.  Әкеден  балаға  мұра
ретінде көшіп отыратын  сатавадо  деп  аталған  феодалдық  жүйе  қалыптасты.
Ерікті жер  иеленушілерді   басыбайлы  шаруаларға  айналдыру  күшейе  берді,
барщина өсіп өрбіді, заттай оброктар көбейе түсті.
            Грузин  халқы   Иран  мен  Түрік  агрессиясына  қарсы,  әсіресе
Картлиде ерлік күрес жүргізді. XY ғасырдың  аяғында,  XYI  ғасырдың  басында
Кахетиде  мемлекеті  бір  орталыққа   бағындыруға   бағытталған   реформалар
жасалды.  Батыс  Грузия  сұлтандық  Туркияның   қыспағынан   табан   тіресіп
қорғанды.Императия  патша  3  Баграттың  1545  жылы  түрік  әскеріне   қарсы
шайқаста  жеңіліске  патшалықтан  Мегрель,  Гурий  князьдықтарының   бөлініп
шығуына әкеліп соқты. XYII ғасырдың  басында  Имереттиннен  Абхазия  бөлініп
шықты.Грузия үшін, оның ішінде әсірессеКартли мен Кахети үшін XYII  ғасырдың
бірінші ширегінде шах 1 Аббастың жорықтарының  зардабы  ауыр  болды.Кахетиде
жүз мың адам өлді, екі жүз мың адам Иранға әкетілді. 1625  жылы  үстемдігіне
қарсы  Г.  Саакадзе1629  басқарған  көтеріліс  болды.  Басқыншыларға   қарсы
көтерілістер Армения мен Азербайжанда да болып отырды.
            Орта  Азия.     Едәуір  көлемді  жерлерді  меншіктенген  шіркеу
феодалдары  да  үстем  тапқа  жатты.  Қарапайым  қауым  мүшелері  шинақандар
егіншілікпен, жүзім шаруашылығымен, мал бағумен шұғылданды.  Әрбір  шаруаның
отбасындағы адамның санына қарай қауымдық жерлер  жыл  сайын  қайта  бөлініп
тұруға тиіс болды.Шинақандар  көптеген  феодалдық  міндеткерліктерді   канал
қазу, жол, көпір салу, т.б.атқарды.Басқада елдердегі феодалдық  қоғамдағыдай
Арменияда да, IY –  Y  ғасырларда  белгілі  бір  дәрежеде  құлдардың  еңбегі
пайдаланылады. Бірақ құлдар енбегі  қоғамдық  құрылыстың  феодалдық  сипатын
бұзған жоқ.Армян құл иеленуші мемлекеті бірте – бірте  феодалдық  монархияға
айналды.
         XIII ғасырдың  бірінші жартысында орнаған  монғол  үстемдігі  Орта
Азия халықтарының  өсіп  өркендеуіне  көп  кедергі  жасады.  Онда  егіншілік
мәдениеті құлдырады. Қиратылған қалалар қиындықпен қалпына келтірілді.
         Өндіргіш күштердің баяу дамуы , Индия мен  Қытайға  баратын  сауда
жолдарының  Орта  АЗиядан  теңізге  ауысуы,  өзара   қырқысулар,   феодалдық
соғыстар Орта  Азия  экономикасында  тоқырау  туғызды.  Орта  АЗия  қалалары
арқылы өтетін Жібек жолы өзінің маңызын  жойды.   XY  ғасырдан  бастап  онда
суландыру  жүйелерінің  қысқаруы  қолөнер  сапасының  төмендеуі,  қалалардың
құлдырауы орын алды. Орта Азия феодалдық жер иеленудің негізгі түрі  союргал
болды. Хан жерді халыққа үлестіріп беретін де, ақы  алып  отыратын.Союргалға
берілген жерәкеден балаға көше беретін. Шартты жер иелену танхо деп  аталды.
Феодалдық жер иелену дамуына байланысты  шаруаларды  қанау  күшейе  бастады.
XY ғасырда – XYI  ғасырдың  бірінші  жартысында  Орта  Азия  территориясында
бірнеше хандық:Өзбек, Қазақ, Бұхар, Хорезм хандықтары пайда болды.
           Орта  Азия  халықтарының  ислам  дінін  қабылдауы
         Мұхаммед   пайғамбардың   ізбасарлары,   яғни   халифтер   тұсында
олар  Пиреней  тауларынан  Инд  өзеніне    дейін   созылып   жатқан   орасан
зор  мемлекет  құрды.  Араб  Халифатының  бір қарағанда,  орта   ғасырлардың
 басында  бірінен  кейін   бірі   пайда   болып,   бірақ   елеусіз   жойылып
кетіп   отырған  көптеген   мемлекеттерден   еш   айырмашылығы   жоқ   болып
көрінуі мүмкін.  Басқада   мемлекеттер   сияқты,арабтар   өзінен   анағұрлым
дамыған  елдерді  өзіне бағындырды.  Алайда    халифат   ғұндардың,   готтар
мен   түріктердің   ұлан-байтақ   державалармен   салыстырғанда    анағұрлым
ұзақ  өмір  сүрді  және   сондай-ақ  әлемдік  тарихқа  өлшеусіз  зор   ықпал
 етті.
         Мәселе   тек   бұл   мемлекеттің   өмірінің   ұзақтығында   немесе
көлемі   бойынша   өзіне   дейін   өмір   сүрген   державалардан   әлдеқайда
ауқымды  (өзінің   шарықтау   шегіне   жеткен   кезде  ол   Ескі    дүниенің
ширегінен  астамын  алып  жатты)  болуында  ғана   емес.   Тарих   үшін   ең
маңыздысы   мынада   –   халифатта    әр    түрлі    өркениеттердің    өзара
әрекеттесуі  жаңа,  жоғары  дамыған  мәдениетті  туғызды,  бұл   мәдениеттің
 тілі -  араб  тілі, ал  идеологиялық  негізі – ислам   болды,    міне   осы
мәдениет  араб   жаулап   алуларының   нәтижесінде   бүкіл   әлемге   дерлік
тарады.
         Бастапқыда  халифатқа  кірген  әрбір  ел   өз   бетінше,   бұрынғы
қалпымен  өмір  сүре  берген   болатын.   Жағдай   аббасилер   (750  –  1258
жж.)   әулетінің     билікке   келуімен   өзгерді.   Осы   кезде      барлық
мұсылмандардың  құқықтық   жағынан  теңестірілуіне   байланысты   халифаттың
барлық  аймақтарында  ислам  діні  қарқынды  түрде  тарап,  қасиетті   Құран
  мен  пайғамбар  хадистерінің  тілі –  араб    тілі   кеңінен    енгізілді.
Көптеген  жерлерде   бірте-бірте   жергілікті   халықтың   ана   тіліне   де
айналды.   Сонымен,   Аббаси   халифатының   ыдырауы   қарсаңында,      яғни
ІХғ.  екінші  жартысында  оның  батыс   бөлігі   біржолата   арабтандырылды.
Жаулап   алушылардың   аз   ғана   тобы   аса     көп    жауланып    алынған
халықтардың  арасына  сіңісіп  кетпегені  былай  тұрсын,  керісінше   оларды
 өз  этнографиялық  ықпалына  бағындырды.  Және  де  араб   тілінің   жеңісі
араб  үкіметі  шараларының   нәтижесінде   емес,   керісінше   оның   еркіне
қарсы  іске  асты.   Жауланып  алынған   халықтар  арасында  ислам   дінінің
 таралуы  халифаттың   бүкіл   қаржы   жүйесін   бұзды,   үкімет    мұсылман
емес   халықтардың   арасында   мемлекеттік   тілдің   тарауын   тіпті    де
қалмаған   еді.   Христиандарға   арабша   сөйлеуге   және   өз    балаларын
мұсылман  мектептерінде  оқытуға  тиым  салынды.  Соған   қарамастан   ислам
орасан  көп   халықтың   дініне   айналды,   және   халықтың   ислам   дінін
қабылдамаған   бөлігінің   өзі  араб    тілін    қабылдады    (мысалы,   ал-
Андалустағы  мосарабтар).
            Араб   тілі,   сондай-ақ   біртұтастықтың   басқа   да    түрін
қалыптастырды:  ІХ  ғасырдың  өн бойында  барлық  ислам   дінін   қабылдаған
халықтардың  жақындасуына  және  “араб  мұсылман  мәдениеті”  деп   аталатын
 туысқан  мәдениеттер  кешенінің   пайда   болуына   ықпал   етті.  Қоғамдық
деңгейлеріндегі    айтарлықтай   айырмашылыққа,    жергілікті    халықтардың
дәстүрлері  мен  тарихи  тағдырына  қарамастан,   ұзаққа  созылған   күрделі
өзара   ықпалдастық   процесі   нәтижесінде,   ал   соңғы   нәтижеде   ислам
иіріміне   тартылған   халықтардың   мәдениеттерінің   синтезі   нәтижесінде
Араб  халифатына   кірген   елдерде   біртұтас   жалпымұсылмандық   мәдениет
қалыптасты.   Бұл   мәдениет   оны   тұтынған   халықтардың    дүниетанымын,
психологиясын,  қоғамдық  мекемелері  мен  өмір   сүру   үлгісін   алдын-ала
анықтап  берді.  Араб-мұсылман  мәдениеті,  әсіресе  ислам  дінін   ұстанған
 халықтардың  даму   жолын   белгіледі   және  әлі   күнге   дейін   олардың
өміріне  айтарлықтай  ықпал  етті.
         Айталық,  араб  мәдениетінің  ықпалына  түскен  аймақтардың   бірі
– Орталық   Азия.  Біздің   заманымыздың   І-мыңжылдығының    орта   тұсынан
бастап  Орталық  Азия  аймағын,  Қытай  шекарасынан    Иран   мен   Византия
шекараларына  дейінгі   созылып   жатқан   ұлан   ғайыр   даланы   негізінен
түркі  тайпалары  мекен  еткен.
          “Түрік”  сөзі  тұңғыш  рет   қытай   және   соғды   жазбаларында,
атап  айтқанда,  Монғолиядан  табылған   Бұғыты   жазбаларында  (582  –  583
жж.)    кездеседі.   Бұдан    кейін     көп     ұзамай-ақ     бұл     термин
византиялықтардың,  арабтар  мен  сириялықтардың   жазбаларына,   сондай-ақ,
санскритке,   әр   түрлі   иран   тіліндегі    және    тибет    тілдеріндегі
жазбаларға  түседі.
         Қарастырып  отырған  дәуірдегі  түріктер  бұл  ұланғайыр   Еуразия
даласын  мекен   еткен     түркі   тілдес,  түркі   тектес  халықтар   болып
табылады.  Түркілердің   қатарына   бұл   дәуірде   оғыздар,   тоғыз-оғыздар
(ұйғырлар),   телестер,   тардуштар,   түргештер,   қарлұқтар,    қырғыздар,
қимақтар,  қыпшақтар,  яғмалар,  басмылдар,  шығылдар  және  т.б.  кірді.
          Арабтар  тарихи  аренаға  шығып,  араб-мұсылман  мәдениеті  үстем
 болған  дәуірде  түріктер  бастапқыда  Батыс   Түрік   қағандығы,   Түргеш,
Қарлұқ   қағандықтары,   ал   кейіннен     Карахан   мемлекетіне    біріккен
болатын.   Түргештердің   дәуірлеуі   кезінде-ақ   арабтар   мен    түріктер
арасында  белгілі  жәрежеде  қарым-қатынастар   орын   алғанына   қарамастан
(В.В.  Бартольдтың   айтуы   бойынша   бұл   дәуірде   арабтар   түріктердің
“мәдени”   (отырықшы)    аудандарға    шапқыншылықтарын    тойтарып     қана
отырды,олар   түрік   қағандарының     ордаларына   дейін,   яғни     далаға
ішкерлеп   кірген   жоқ),   араб-түрік   мәдени   байланыстары,    негізінен
алғанда   қарлұқтар   дәуірінде   басталып,   ал    қарахандар     дәуірінде
өзінің  ең  шарықтау  шегіне  жетті.
         Орталық  Азияға  арабтардың  келу   жолдары   мәселесіне   келетін
болсақ,   арабтар   түркілер   жеріне   тікелей   жаулап   алу    жорықтарын
жасамағандығын  көрсетуіміз  керек.  Өйткені  халифат  билеушілері,   көрген
 саясаткерлер  бола  отырып,  ежелден-ақ  жауынгер     халық   ретінде   аты
шыққан  түркілерді  күшпен   өзіне   бағындыра   алмайтынына   көзі   жетті.
ҮІІ-ҮІІІ  ғғ.  Араб   халифаты   мен   Түркі   қағанаты   бәсекелес   күштер
ретінде  бейбіт  қатар  өмір   сүрді.   Орталық   Азия   жерінде   жүргізген
арабтардың  жалғыз  шайқасы – Талас  түбіндегі   шайқас   түркілерге   қарсы
емес,    керісінше,    түркілермен    бірлесе    отырып    Қытайға     қарсы
бағытталды.
        746 ж.  Жетісу  жеріне  Алтай  мен  Тарбағатайдан  қарлұқтар  келіп
 қоныстанған  еді.  Ішкі  күрес-тартыстан,   сондай-ақ   арабтармен   болған
ұзақ   айқастан   Түргеш   қағандары   бұрынғы   құдірет-қуатынан    айрылып
қалған   болатын,   сондықтан   да   олар   қарлұқтарға   лайықты   қарсылық
көрсете  алмады.  Осы  аймақта  белсенді  саясат   жүргізіп   жатқан   Қытай
империясы  бұл  жағдайды  өз   пайдасына   асыруға   тырысты.   Оның   Шығыс
Түркістандағы  уәлиі  Као  Шиен-Чи  748  ж.   өз   әскерін   Суяб   қаласына
аттандырады  да,  оны  басып  алып,  ойрандайды.  Шаштың   иесі   өлтіріліп,
оның  баласы  арабтардан  көмек  сұрайды.  751 ж.  Талас  жанындағы    Атлах
 қаласы түбінде  аббасилердің   әскербасы   Зияд   ибн   Салих   пен   қытай
қолбасшысы  Као  Шиен-Чи  арасында  зор  арпалыс  болады.  Бұл   қақтығыстың
нәтижесінде  қытай  әскері  жеңіліске  ұшырайды.  Тарихшы   Ибн   әл-Асирдің
мәліметтері   бойынша:  “Талас   маңындағы   шайқаста   қытайлықтар    оңбай
жеңіліс  тапты:   50   мың   адам  (100   мыңнан)   қаза   тауып,   20   мың
тұтқыдалған.
        Талас  маңындағы  шайқастың  Орталық  Азия  халықтарының    тағдыр-
талайында  үлкен  тарихи  мәні  болды.  Ол  “Тандық   Қытайдың   Орта   Азия
істеріне  қолсұғушылығына  шек  қойды”  және   түркі   халықтарының   мәдени
бағдары жайлы  мәселесін  мұсылман  өркениетінің  пайдасына   шешіп   берді.
Соңғы  жылдары  Талас  маңындағы  шайқас  жаңаша   тұрғыдан   (өркениеттілік
 тұрғысынан)  қарастырыла  бастады.   Бұл   шайқаспен    байланысты   барлық
нақты   оқиғалардың    астарында    түркілер    жерінде    өткен    исламның
қиыршығыстық   (қытай)   өркениетпен   орасан   зор   қақтығысуының    терең
мәдени-тарихи  заңдылығын  көре  білу  керек.  Осы   кезде   Монғолия    мен
Алтайдан  Жетісу  жеріне   келіп,  бұл  аймақта   өз   үстемдігін   орнатуға
тырысып  жатқан  қарлұқтардың   Талас  шайқасында  арабтар   жағына   шығуы,
олардың  аймақтағы  саяси  ақуалды  зерттеп  біліп,  түріктер   үшін   басты
қауіп  Қытайдан  төніп  тұрғанын  дұрыс  түсінгенінен  болса  керек.   Қытай
  өркениетімен    салыстырғанда    ислам   өрениті    универсализмнің    шын
мәніндегі  үлгісі  болды,  онда  әрбір  ұлт,   әрбір   кіші-гірім   мәдениет
өзінің   дербестігін   сақтады.    Құран    халықтарды    рухани    бірлікке
шақырды.    Ислам    алғаш    рет    түркі    тілді    халықтардың    ішінде
қарлұқтардың   қабылдағаны   және   жаңа   өркениетке   басқаларынан   бұрын
таратылғаны   белгілі.   В.В.  Бартольд   “қарлұқтар   ислам   дінін   халиф
Махдидің  (775 – 785 жж.)  тұсында-ақ  қабылдай  бастады” – дейді .  Сондай-
ақ  зерттеуші М. Бұлұтай да: “775 – 875 жж.  Аралығында   Қарлұқ   қағандығы
хақ  дін   Исламды   қабылдап,   ел   арасында   мұсылманшылық   сенім   кең
тарай  бастады.  Қалаларда  мешіттер  салынып,  медреселер   ашылды”  –  деп
көрсетеді.
        Қарлұқ   мемлекеті   766  –  940  жж.   өмір   сүріп,   Х  ғасырдың
бірінші  ширегінен  бастап  йағма  жәнешығыл  тайпаларының   жиілеп   кеткен
одақтық  шабуылдарынан  күш-қуаты  әлсірейді.   940  ж.   Баласағұн   қаласы
одақтық   күштердің   қолына   түсіп,   Қарлұқ   қағандығы   құлады.  Қарлұқ
мемлекетін   құлатып,   оның   территориясында   жаңа   мемлекет    орнатқан
әулеттің,  яғни  Қарахан  әулетінің   атасы   Сатұқ   Боғрахан  (915  –  955
жж.)  болды  және  осы   әулет   алғаш   болып   ислам   дінін   мемлекеттік
дінге  айналдырады.
         Араб-мұсылман   мәдениетінің      негізгі   өзегі   болған   ислам
дінінің  пайда  болуы  терең   рухани-әлеуметтік   алғы   шарттарымен   және
ерте   ортағасырлар   дәуіріндегі    Аравия    тайпаларының    және    бүкіл
адамзаттың  қоғамдық  дамуының  барысымен   дайындалды.   Ислам,   бәрімізге
белгілі,   мұсылмандық   Шығыстың,  Африканың   айтарлықтай    бөлігі    мен
Еуропаның  бірқатар   халықтарының   мәдениеті   мен   тарихында   аса   зор
мәдени – жасампаздық  рөл  атқарған  және  әлі  де   атқарып   отырған   аса
ірі   әлемдік   дін.   Исламға,   басқа    да    әлемдік    діндер    сияқты
прозелитизм,   яғни   өз   ықпалын   басқа   дінді   ұстанушылар    арасында
таратуға   ұмтылу   тән.   Исламның   тарихынан   белгілі,   араб   халифаты
Мұхаммед  пайғамбардан  және  одан  кейінгі  тақуа  халифтер -  Әбу   Бәкір,
Омар,  Осман,  Әлиден  бастап  өз  шекарасын  миссионерлік  қызмет   арқылы,
 сонда-ақ  жаулаушылық  соғыстар  арқылы  да  кеңейтуге   тырысып   отырған.
Осының   нәтижесінде  мұсылман  әлемінің  шекарасы   ІХ  ғ.   басына   қарай
айтарлықтай   ұлғайып,   өзіне  Солтүстік    Африкадан    Орталық    Азияның
межелеріне  дейінгі  ұлан-ғайыр  территорияны  қосып  алды.  Араб   халифаты
территориясының   геосаяси   кеңейтілуі   жаңа   жерлер    мен    халықтарды
жаулап  алу  жолымен  жүрген  болса  (бұл  ерте  дүние  мен  орта   ғасырлар
және,  сондай-ақ  жаңа  заманның  барлық  мемлекеттеріне  тән  жағдай),   ал
 жауланып  алынған  халықтардың  іс  жүзінде  ислам   дініне   өтуі   күштеу
жолымен  жүрді  деп  айта   аламыз.   Көбіне   арабтар   өздеріне   қаратқан
жерлердің   жергілікті   халқы,   бұл   жерлерде   ислам   мемлекеттік   дін
болғанына  қарамастан,  өздерінің  дәстүрлі  діндерінде  қала  берген.
         Халифатқа   кірген   территориялардың   исламдану   процесі   баяу
жүрді  және  оның  өзіндік  ерекшеліктері   болды.   Мысалы,   Омея   әулеті
кезінде  (661 – 750 жж.)  мұсылмандар  христиандар   мен  зороастийліктердің
діни  істеріне  араласпаған. Құранда исламға тек,  жаңа  діннің  басты  жауы
болып  табылатын  пұтқа  табынушыларды  өткізу  қажеттілігі   жөнінде   ғана
айтылады.  Мұсылмандықты  таратуда  күш  қолданбау  “жаңа  дінді”   халықтың
көпшілігінің өз еркімен қабылдау процесін тездетті.  Бұл  турасында  Г.Э.Фон
Грюнебаум  былай  деп  көрсетеді:  “ислам  әлемі  көптеген  әр  түрлі   діни
қауымдардың  бейбіт  қатар  өмір  сүру  мәселесінің  шешімін   таба   білді.
“Қасиетті жазбалары бар халықтардың”  (“Люди  писания”),  соның  ішінде,  ең
алдымен, иудейлер мен христиандардың, ал олардан  кейін  зорастрийліктердің,
егер олар билікке, әсіресе атқару өкіметі  органдарына  қатысуға  ұмтылмаса,
жеке ісіне қол сұғылмайтын болды”.
      Ұлан-байтақ Орталық Азия аймағына исламның ықпалы УІІІ-ІХ ғғ.  бастап
тарай бастады. Исламның бұл аймаққа енуі тез арада іске асқан  бір  мезгілді
акт болған жоқ, ол бірнеше ғасырларға созылған, ұзақ бір процесс болды.
      705 ж. арабтар Амудариядан шығысқа қарай жатқан жерлерді жүйелі түрде
жаулауға көшті.  Кутейба  ибн  Муслим,  ат-тарабидің  мәліметі  бойынша  осы
Балхтың бірқатар аудандарын басып алып,  706  жылы  Пайкендке  қарай  жүрді.
Түріктер мен соғдылықтардың  біріккен  күші  араб  әскеріне  қарсы  ойсырата
соққы береді. Алайда Кутейба ибн Муслим  одақтастар  арасындағы  алауыздықты
пайдаланып,  ақырында  қаланы  басып  алады,  бұдан  кейін  ол  Бұқара   мен
Самарқандты алады. 714 ж. Ферғана  мен  Исфиджап  жауланып  алынды.  705  ж.
Хорасанның әмірі етіп  тағайындалған  кутейба  ибн  Муслим  әл-Бахили  ақтық
деміне дейінгі өмірін Мәуреннаһрдың мұсылмандануы үшін жұмсаған.
    Мұсылман діні мен мәдениетінің ықпалы Орталық Азия аймағында  766  жылы
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда саяси  үстемдікке  қол  жеткізген  қарлұқтар
арасында ең  алғаш  рет  тарай  бастағандығын  айттық.  Олар  исламды  Халиф
Махдидің тұсында-ақ (775-785 жж.) қабылдаған деген пікір бар.  В.В.Бартольд:
“бұл пікір қарлұқтардың тек бір бөлігіне ғана қатысты болса  керек,  өйткені
қарлұқтар мемлекетінің көп  бөлігін  саманилер  тек  ІХ  ғасырдың  ортасынан
бастап-ақ өздеріне қаратып, ислам дінін енгізген”, - дейді.
      Алайда, бұл жерде В.В.Бартольд ислам дінінің  түріктер  арасында  тек
жаулап алу арқылы ғана  емес,  керісінше,  көбіне  бейбіт  жолмен  тарағанын
ескермеген сияқты. Ислам дінінің қарлұқтар арасында  бұл  ерте  тарауын  751
жылғы  атақты  Талас  шайқасымен  байланыстыруға  болады.  Жоғарыда  айтылып
кеткендей,  бұл  шайқас  орталық  Азия  аймағы  Қытай  мен  Аббаси  халифаты
өкіметтерінің қайсысына қарайды деген мәселені ғана емес, ол  сондай-ақ  бұл
аймақ халықтары қиыршығыстық және араб-мұсылман  өркениеттерінің  қайсысының
ықпалына түседі деген мәселені де шешіп  береді.  Талас  шайқасында  жеңіске
жеткен арабтар бұл жерде тек бір гарнизонын ғана қалдырып, ал  басым  бөлігі
Мәуереннаһрға  қайтып  кеткені  белгілі.  Алайда  еркіндік  сүйгіш  түріктер
(қарлұқтар)  осы  оқиғадан  кейін  өздеріне  қауіп   төндіріп   тұрған   екі
империяның  ішінде  араб  халифатының  қол  астында   (қамқорлығында)   болу
анағұрлым  тиімді  екенін  түсінді.  Сондай-ақ   талас   шайқасынан   кейін,
арабтармен  жақын  араласа  бастаған  түріктер,  олардың  дінімен  танысады,
өйткені осы кезеңде Жетісу түріктері арасында ислам мәдениеті тез  қарқынмен
тарай  бастаған  еді.  Бұл  діннің  өздерінің  рухани  сұраныстарына   жауап
беретіндігін ұғынған қарлұқтар оны өз еріктерімен  қабылдаған  деген  болжам
жұмсауға болады.
      Сондай-ақ, талас өңірім мен жетісуда ислам  дінінің  УІІІ  ғасырда-ақ
тарай  бастауын,  бұл   аймақтың   Ұлы   Жібек   жолындағы   маңызды   пункт
болғандығымен де түсіндіруге болады. Орта Азияда ислам үстемдікке жетісімен-
ақ мұсылмандар бұрынғы сауда керуендерін жөнелте  бастады.  Қытай  тарихынан
біз  мұсылман  керуендері  УІІІ  ғасырда-ақ  қарлұқтар  елі  арқылы   жоғары
Енисейге, қырғыздар еліне барып тұрғанын білеміз, мұсылман деректерінде  де,
орхон жазбаларында да осы сауда жолдары туралы  мәліметтер  кездеседі:  Саян
жотасы орхон жазбаларында да, мұсылман деректерінде де кегмен  деп  аталады.
Сондай-ақ ертіске баратын екі жол туралы да мәліметтер бар. Арабтар,  әрине,
көбіне сол дәуірдегі негізгі  бәсекелесі,  аса  қуатты  мемлекет  –  Қытайға
баратын сауда жолдарын көп зерттеген, сондықтан да осы жол туралы және  оның
бойындағы тұратын түрік тайпалары туралы  мәліметтер  мұсылман  деректерінде
өте көп. Исламның басты артықшылығы, әрине, мұсылман әлемінің сол  дәуірдегі
өркениетті   халықтар   арасындағы   мәдени   (материалдық   және    рухани)
біріншілігіне байланысты  еді.  Дала  халықтары  әр  кез  отырықшы  елдердің
өнімдеріне, әсіресе, киім-кешек, тұрмыс  бұйымдарына  зәру  болды.  Отырықшы
елдер мен далалықтар арасында болған, ол қай  жерде  жүрмесін  –Қытайда  ма,
мұсылман  елдерінде  ме,  көшпенділерге  ең  алдымен  маталар  қажет  болды.
Көшпенділермен  сауда   отырықшы   халықтарға   да   тиімді   болған,   олар
көшпенділерден анағұрлым арзан бағаға мал шаруашылығы өнімдерін, әсіресе  ет
алып отырған. Орта азиядағы  түріктерге  шекаралас  жатқан  мұсылман  елдері
үшін де өз кезегінде дала халықтарымен сауданың үлкен маңызы  болды,  Хорезм
шеберханаларында дала халықтары үшін  арнайы  маталар  шығарылып  отырылған.
Түріктер арасында исламды таратуда орта азиялық көпестер үлкен рөл  атқарды.
Махмұт қашқари өз “көпесі” бар  адамды  білдіретін  “баста”  деген  терминді
келтіреді. “Баста” белгілі бір мұсылман көпесі мен  байланыста  болады,  оны
жақсы біледі. Көпес үнемі соның үйіне тоқтайды,  “оған  ислам  елінен  киім-
кешек, әйеліне орамал, біраз бұрыш, тары, жүзім және жаңғақ әкеліп тұрады”.
      Таяу Шығыс, парсы елі және Орта  Азиядан  келген  көпестер  жай  ғана
көпестер емес еді, олар пайда табуды ғана көздеп қоймай, сондай-ақ  дін  мен
мәдениетті таратушылар да болды. Сауда мен дін ол дәуірде  бір-біріне  қайшы
келмеді  (Мұхаммед  пайғамбардың  өзі  діни  қызметінің   алдында   саудамен
айналысқан еді). Сауда  керуендерімен,  немесе  бейбіт  қоныстанушылар,  дін
уағыздаушы және  саяхатшылар  ретінде  арабтар  УІІІ  ғ.  өзінде-ақ  Орталық
Азияға – Ертіс бойындағы  қимақтарға,  шығысында  –  ұйғырларға,  батыста  –
бұлғарлар мен хазарларға дейін жеттті.
       Мұсылмандардың  тауарларымен  және  жалпы  өмірімен  таныса   отырып
түріктер олардың мәдениетін,  соның  ішінде  дінін  де  қабылдауға  асыққан.
Монғолияны  мекен  еткен  халықтар  жайында  мұсылман  әдебиеті  ештеңе   де
айтпайды, алайда біз қытай  деректерінен  924  жылдың  өзінде-ақ  Монғолияда
мұсылман көпестерінің болғандығы жөнініде мәлімет аламыз.
      Көріп отырғанымыздай, Орталық азияның қиыр Шығыс  аудандарының  өзіне
УІІІ ғ. бастап-ақ мұсылмандар еніп, өз дінін  уағыздай  бастаған  және  оның
негізгі жолы бұл дәуірде сауда жолдары болған.
       Түріктер  арасында  исламның  кеңінен  тарауы,   В.В.Бартольд   атап
көрсеткендей, Орта Азияда  ирандық  саманилер  әулеті  билік  құрған  кезден
басталады. Саманилер арабтар бастаған “дін жолындағы қасиетті соғысты”  одан
әрі  жалғастырып,  әлі  де  болса  ислам  дініне  өтпеген  түріктерге  қарсы
жорықтарын  бастады.  839-840  жж.  Саманилердің  билеушісі  Нух  ибн   асад
испиджабқа  жорық  жасап,  қаланы   бағындырды,   сөйтіп   жүзімдіктер   мен
егістіктерді қоршап, қамал тұрғызды. 859 ж. оның ағасы  Насыр  І  ахмед  Ибн
Асад Шауғарды жаулап алды. Фарабтың мұсылман дардың қолында  болғаны  туралы
Ибн  хордабектің:  “Фарабтың  бас  қаласы  Кедерде  мұсылмандар  мен  түрік-
қарлұқтардың  жасақтары болды”, - деген мәләметі дәлел бола  алады.  Тек  ІХ
ғ. аяғында ғана, атап айтқанда, 893 ж. Талас өңірі басып алынды.  Сол  кезде
Жетісуда  билік  құрған  Қарлұқ  мемлекетінің  қағаны  Оғұлшақ  қадырхан  өз
ордасын Тараздан қашғарға көшіреді  де,  саманилерге  қарсы  соғыс  әрекетін
жүргізе береді.  Қарлұқ қағандығы дәуірінде, негізінен,  Оңтүстік  Қазақстан
жерінің аз  ғана  бөлігінде  араб  үстемдігі  орнығады.  Бұл  қосып  алынған
аудандардың халқы  мұсылман  әулеттерінің   ортақ   ұраны   “дін   жолындағы
күреске”  тартылады.    Мұндай    соғысқа    қатысу    мемлекет    тарапынан
ынталандырылып  отырылғанын  айта  кету  керек.  “Мауереннаһрда  Испиджаптан
 басқа  харадж  салығы  салынбаған  бірде-бір  қала  жоқ”,  -  дейді   әл  –
Истахри. Испиджаб аймағының  қандай да  болмасын ақшалай  салықтан  басталуы
– дін жолындағы күреске ынталандырудан  туындаса керек.   Испиджаб,  сондай-
ақ, араб деректерінде “дін үшін соғыс оргыпы” деп көрсетіледі.   Х  ғасырдың
географтары онда ғазилердің (дін жолындағы күрескерлер) өте  көп  болғандығы
атап айтады.
       Алайда, саманилердің бұл жаулаушылық жорықтары тек шекаралас,  жақын
аудандарға ғана ұйымдастырылды, және де жауланып  алынған  жерлердің  өзінде
жорықтардан тәуелсіз Мауереннаһр тұрғындарының өз бетінше бейбіт  қоныстануы
жүріп жатты. Бұл дәстүр соғды дәуірінде – ақ  басталған  еді.  Мауереннаһрда
ислам  көпшілік  халықтың  дініне   айналғанын   кейін   мұсылмандар   бұрын
соғдылықтар бастаған қоныс аудару әрекетін әрі қарай жалғастырды.  Осылайша,
Сырдарияның  төменгі  ағысында  үш  мұсылман  қаласы  –  Жент,  Хувара  және
Янгикент (арабша ал-Карьят, ал-Хадиса, парсыша Дих-и-Нау) пайда болды.  Араб
географтарының хабарлауы  бойынша  бұл  қалалардың  халқы  мұсылмандар  еді,
бірақ олар мұсылман емес  оғыздардың  билігінде  болған.  “Ал  Жаңа  қоныста
мұсылмандар  тұрады,  бірақ  ол  Гуздар  мемлекетінің  астанасы,  мұнда  қыс
айларында гуз патшасы тұрады. Оған таяу жерде Джент пен Хора орналасқан,  ол
екуінде де мұсылмандар тұрады, ал билік гуздардың қолында  ”,  -  дейді  ибн
Хаукаль. Бұдан аталған қалалардың  саманилер  жаулап  алған  территорияларда
емес жергілікті түріктердің келісімен  Мауереннаһрдан  қоныс  аударғандардың
салған қалалары екеніне көз жеткізуге болады.
      Саманилер жаулар алған Талас та, бейбіт қоныстанушылар негізін салған
жаңа қоныстарда Орталық  Азияда  сауда  қызметтерн  кеңінен  өрістетті,  осы
қалалардың әрқайсысынан, түркі халықтарының бірі – қимақтар еліне –  Ертіске
қарай сауда жолы жатты. Мұсылман  мәдениетнің  шекаралас  аудандарының  бірі
Хорезм  болды.  Үш  жағын  дала  қоршап  жатқан,   Хорезм   ежелден   –   ақ
көшпенділермен кең сауда-саттық  байланыстарын  жасап  келген  болатын,  бұл
сауда  мұсылман  дәуірінде  одан  әрі  кеңінен  өрістеді.  Мал   шаруашылығы
өнімдерінен басқа дала халқы аңшылық және соғыс арқылы түсірген  олжаларымен
де сауда жасап отырған. Хорезм базарларында түрік және славян құлдары,  дала
түлкісі, бұландары  мен  құндыз  терілері  өте  жоғары  бағаланған.  Аталған
тауарлардың бір бөлігі хорезм базарлары арқылы транзиттік жолмен  ара  қарай
– Алдыңғы Азия елдеріне жөнелтіліп отырған. Хорезмдіктер Сырдария  бойындағы
қоныстарды салуға ат салысқан болуы мүмкін, бірақ  олардың  негізгі  қызметі
батыс пен солтүстік-батысқа қарай, еділ өзені бассейініне қарай  бағытталды.
Бұлғарлардың ислам  дінін  басқа  түрік  халықтарынан  бұрынырақ  қабылдауын
көпшілік   зерттеушілер   дәл    осы,    хорезмдіктермен    арадағы    сауда
байланыстарымен түсіндіреді. Араб авторы әл –  Истахридің  (  ІХ  ғ.)  жазба
ларында: “оғыздар, халлуктар және басқалар мұсылмандықты қабылдады.  Олардың
бәрі ғазилер. Фараб,  Кенжиде,  Шаш  арасындағы  жерлерде  көшпенділер  көп.
Олардың бәрі мұсылман. Ешкімге бағынбайды”,-делінген.  Бұл дерек  Сыр  бойын
дағы түріктердің ІХ ғ. өзінде –ақ мұсылман дінін  қабылдағанын  айқын  түрде
дәлелдейді.
      Сонымен,  саманилер  дәуірінде  де  Орталық  Азия  даласына  исламның
таралуы тек жаулаушылық жолымен ғана емес, бейбіт жолмен  де,  соның  ішінде
мұсылман дінін қабылдаған  соғдылықтардың  бейбіт  қоныс  тебуі  және  сауда
жолдары арқылы жүргенін көреміз.
       Орталық  Азия  аймағының  одан  арғы  исламдануы  қарахандар  билігі
дәуірінде  яғни  Х  ғ.  аяғы  –  ХІ  ғ.  басына  жатады.  Қарахандар   түркі
мемлекеттерінің тарихында  тұңғыш  рет  ислам  дінін  мемлекеттік  дін  етіп
жариялады. Қарахандық билеушілердің ішінде өзін алғаш  рет  мұсылманмын  деп
жариялаған қаған Сатұқ – Боғра хан (955-956 жж.) болды,  ол  өзіне  Әбд  Әл-
Керім деген мұсылман есімін қабылдайды. Ал оның баласы Боғра хан  Харун  Ибн
мұса исламды  мемлекеттік  дінге  айналдырады.  Зерттеуші  С.Сыздықов  түрік
тарихшысы  Мүнәжжімбасшы  шейх  Ахмедтің  “Қарахандар  шежіресі”   еңбегінен
алынған мына бір деректі  келтіреді:  “Бурахан  (Харун  Боғра  хан)  діншіл,
білім сүйгіш еді. Иман-хатибке өзі үшін дұға  оқытқанды  ылғи  да:  “тәңірім
саған табынуда  жеткіліксіздік  көрсеткен  және  ылғи  да  сенің  ықтиярыңды
орындамақ үшін еңбек еткен Сулейман ұлы Харуннің  халін  жақсылыққа  жеткізе
көр” – деп айтуын  тапсыратын.  Өзіне  ылғи  да  Тәңірі  жіберген  құлы  деп
айтылуын және солай жазылуы керектігін құптайтын. Әр жұма күні  білімділерді
жинайтын”.
      Қарахандар мұсылман дініннен  тек  өзінің  идеологиялық  қаруын  ғана
көрген жоқ, сонымен бірге қоғамдық діни  бірлік  негізін  де  тұрақтандыруды
көздеді: исламның бұл жағдайдағы қызметі қоғамда әлеуметтік  интеграция  мен
құқықтық  тәртіп  орнатуға  сайды.  Қарахандар  қоғамы  өзінің   әлеуметтік-
экономикалық дамуы жағынан Араб халифаты қоғамына ұқсас  еді.  Бұл  ұқсастық
тарихи дамудың жалпы заңдылықтарымен анықталалы.  Нақ  осы  қоғамның  тарихи
дамуы, - деп жазады Т.С.Сайдбаев, - арабтарға тәуелсіз жүрсе де  бірақ  оған
ұқсас болғандықтан, исламды үстем идеология ретінде  қабылдауға  алып  келді
және оның топырағына исламды енгізудің негізгі себебі ретінде  қызмет  етті.
Орыс тарихшысы Н.П. Остроумовтың: “Көне арабтардың тұрмысы мен  рухани  даму
дәрежесі  Орта  Азия  халықтарының  ішінде   Түркістан   көшпелілерін   еске
түсіреді”, деген сөздері де осы ойымызды дәлелдей түседі.
      Сонымен бірге, қарахандардың  ислам  дінін  мемлекеттік  дін  ретінде
қабылдау фактісін тек қоғам  дамуының  объективті  заңдылықтары  мен  немесе
мемлекеттің идеологиялық  қажеттіліктері  мен  ғана  түсіндіу  бұл  мәселеге
біржақты қарағандық болар еді. Іс жүзінде, түркілердің рухани  сұраныстарына
жауап бергендіктен, яғни діннің негізгі қағидалары халықтың  жүрегіне  жақын
болып, оның діни дәстүрлеріне қайшы келмегендіктен де ислам діні көп  ұзамай
мемлекеттік  дінге  айналған  болуы  керек.  Қарахан  мемлекетінде  исламның
мемлекеттік дін статусын алуы бұл діннің Орталық  Азия  халықтарының  жаппай
дініне айналуы үшін қолайлы жағдайлар туғызды. Мысалы, В.В. Бартольд  осыған
байланысты  қолжазба  деректерден   алынған   (Бағдад   жылнамасы)   мынадай
мәліметті келтіреді: 960 ж. ислам дінін 200000 киіз үйден (кибитка)  тұратын
түріктердің бір тайпасы қабылдады. Өкінішке орай,  бұл  мәлімет  тек  Бағдад
жылнамасында ғана кездеседі  екен,  ал  араб  географиялық  әдебиетінде  де,
самани мемлекетінде жазылған  шығармаларда  да  мұндай  мәлімет  жоқ.  Бізге
дейін жеткен міліметтің көмескілігі осымен  байланысты:  бұл  түрік  тайпасы
қалай аталғаны. Олардың қай жерде өмір сүргені жайында ештеңе айтылмайды.
      Көпшілік шығыстанушы – зерттеушілер  мұндай  бір  қызғылықты  фактіні
баса көрсетеді: қарахандар  өздеріне  көрші  түрік  тайпаларына,  егер  олар
ислам  дінін  қабылдайтын  болса,  өз  мемлекетіндегі  жерден  еркін   түрде
пайдалануға  рұқсат  беріп  отырған.  Сондай-ақ  Махмұт  Қашқаридің  Арсылан
ханның “дінсіздермен” соғыс туралы мәліметтерін  келтіруге  болады:  Арсылан
хан жағында 40 мың мұсылман әскері, ал олардың қарсыластары жағында 700  мың
әскер болған делінеді. Бірақ соған  қарамастан  қарахандар  жеңіске  жетеді.
Махмұт Қашқаридің еңбегінде  келтірілген  аңызда  дінсіздердің  саны  едәуір
асырылып берілген болуы мүмкін. Алайда қарахандардың әскери  жорығы  ғазауат
формасында болуының өзі өте маңызды факт.
      Сонымен, қарахандардың әскери табыстары Орталық Азия территория сында
исламның  кеңінен  тарауына   ықпал   етті.   Қарахандар   тұсындағы   Шығыс
Түркістандағы мұсылман иеліктерінің шекарасы туралы Махмұт  Қашқари  мәлімет
береді. Шығыс түркістанда отырықшы  аудандар  басты  екі  жолдың  бойында  –
Гучен мен Турфанға апаратын солтүстік жол мен Хотаннан  Тарим  өзені  құятын
Лобнорға баратын жолдар  бойында  жатқаны  белгілі.  Махмұт  Қашқариден  біз
осыған байланысты мынадай мәлімет аламыз: “Усми – Тарим –  Ислам  жерлерінен
ұйғырларға қарай ағатын және сонда құмға сіңіп кететін үлкен өзеннің аты” .
      Х ғ. ислам Сырдарияның төменгі ағысында мекен еткен оғыз халқының бір
бөлігі қабылдады. Исламды  қабылдаған  оғыздардың  қолбасшысы  –  Селжүк  өз
әрекетін  мұсылман  қалаларын  кәпірлерге  (пұтқа  табынушы  оғыздар)  төлеп
тұрған алымнан босатудан  бастайды.  Оғыздардан  шыққан  селжүк  және  осман
әулеттерінің ислам өркениетіне қосқан үлесі жалпыға мәлім.
      1043 ж. күзінде Орталық Азия даласында көшіп-қонып жүрген түріктердің
бір  бөлігі  мұсылман  дінін  қабылдайды,  “жазда  олар  бұлғарлармен  көрші
қонатын, ал қыста Баласағұн маңында қыстайтын”, - дейді В.В.  Бартольд.  Бұл
қыпшақ  тайпалары  болса  керек.   Олардың   жаз   жайлауы   Еділ   бойында,
бұлғарлармен көршілес жатқан. Бұлғарлардың қатарында бұрынырақ  ислам  дінін
қабылдаған отырықшы қыпшақтарда болған еді. Бұны Плано  Карпини  мен  Гильом
Рубрук сияқты еуропалық  християн  миссионерлері  де  көрсетеді.  Г.  Рубрук
өзінің  ХІІ  ғ.  ортасында  Монғолияға    жасаған  саяхаты  кезінде  Еділдің
өңірінен өтіп бара жатып, бұлғарлар туралы:  “Мұнда  Мұхаммедтің  заңын  қай
“албасты” (дьявол) әкеліп  тастағанына  таңым  бар”,  -  деп  жазады.  Жалпы
алғанда, түркі тілдес тайпалардың исламдануы біркелкі болған жоқ: Еділ  бойы
(бұлғарлар) мен Жетісуда қарлұқтар мен түркештер Х  ғ.  бойында  жаңа  дінге
өту  қарқынды  жүріп,  Мауереннаһр,  Хорасан  және  Таяу  Шығыстың  мұсылман
орталықтарымен тығыз байланыстар орнатылса, ал  қимақ-қыпшақ  тайпалары  бұл
істе біраз артта қалып қойды.  Бұған  себеп  болған  отырықшы  аудандар  мен
қалалардан территория жағынан алшақтық, көшпенді тұрмыстың басым болуы  еді.
Алайда бұл тұжырымды біржақты қабылдауға да болмайтын  сияқты.  Жалпы,  Орта
Азияны мекен еткен ірі тайпалардың бірі – қыпшақтардың  солтүстік  бөлігінің
исламдануы жөнінде тарихнамада үлкен дау – талас орын  алған.  Сондықтан  да
бұл мәселеге ерекше тоқталуды жөн көріп отырмыз.
       Қазақ  тарихындағы  исламның  рөлін  барынша  төмендетіп   көрсетуге
тырысуға байланысты, кеңес тарихнамасында  қыпшақтар  ХІІІ  ғ.  дейін  ислам
өркениетінене тыс болды деген пікір үстем  болды.  Осыған  байланысты  кеңес
идеологтары  “пантүркішіл”  ғалымдарға  ортағасырлық  қыпшақтар  тарихындағы
ислам факторын аса асыра бағалағаны  үшін,  алакөздік  танытып  отырды.  Тек
“пантүрікшілдер” ғана емес, сондай  –ақ  беделді  орыс-еуропа  ғалымдары  да
көшпелі қыпшақтар арасындағы исламның жетістіктерін атап көрсеткен  болатын.
Атап айтқанда,  ХІХ  ғ.  атақты  орыс  тарихшысы  Н.И.  Веселовский:  “татар
басқыншылығының алдында половецтердің басым бөлігі мұсылман  дінін  тұтынды”
–деп жазады.
      Батыс тарихнамасында орта ғасырлық қыпшақтар  таза  көшпелі  халықтар
ретінде көрсетілген. Бұған А.Ю. Якубовский мен  Б.Д.  Греков  ең  алғаш  рет
қарсы пікір айта  отырып,  егіншілікпен  айналысатын  аудандармен  шекаралас
жерлерді мекен еткен қыпшақтар бірте-бірте  отырықшылыққа  өте  бастады  деп
атап өткен еді. Мұндай  фактілерді  Жетісу  мен  көшпенділікпен  күн  кешкен
түргештердің, оғыздар мен қарлұқтардың және т.б. көшпелі  халықтардың  ІХ-ХІ
ғғ. жаппай отырықшылыққа өткені белгілі. Бұл  процесс  түріктермен  көршілес
соғдылықтар  мен  хорездіктердің  елеулі  түрде  түріктенуіне  алап   келген
болатын. Кеңес даласын археологиялық және  этнографиялық  жағынан  зерттеген
Г.В. Григорьев те осындай  қорытындыға  келеді.  Атап  айтқанда  ол:  “Жалпы
алғанда  таза  көшпенділер  болмайды;  барлық  көшпенді   халықтар   белгілі
дәрежеде егіншілікпен де айналысады”, - деп жазса, УІ-ХІІ  ғғ.  Орхон-Енисей
түріктерінің  тарихын  зерттеген   А.Бернштам:   Біз   таза   көшпенділердің
болмайтындығын  білеміз,  көшпенділер  егіншілікпен   және   аңшылықпен   де
айналысып отырған...Біз, көшпенділердің кедейленіп кеткен бөлігі  жатақтарға
айналып отырғанын тарихтан  жақсы  білеміз,  -  деп  көрсетеді.  Кедейленген
көшпелілер жайлы Махмұт  Қашқари:  “басқа  жерге  көшпейтіндер  мен  соғысқа
қатыспайтындар” қоныстанған барлық аймақтарда, ерте орта ғасырлардың өзінде-
ақ  ірі-ірі  қалалар   болғанын   ескеру   керек,   бұл   қалалардың   халқы
археологиялық деректерге сенсек, көшпенділер болмаған.
      Қыпшақтардың арасында ислам дінінің таралуы жөніндегі мәселеге  орала
отырып, біз бұл діннің тек отырықшы халықтың арасында ғана емес,  сондай-ақ,
көшпенділер мен жартылай көшпенділер арасында да кең таралғанын көреміз.
      Оңтүстік қазақстан мен Жетісу халқымен салыстырғанда Орталық  Азияның
солтүстік аудандарын мекендеген  қыпшақтар  өз  ескі  нанымдарын  шыныда  да
ұзағырақ сақтады. Алайда  ХІІІ  ғ.  қарай  Дешті  Қыпшақтың  негізгі  бөлігі
мұсылманданып  үлгерген  еді.  Бұл  кезде  батыс  қыпшақтардың  (половецтер)
арасында да ислам  дінін  қабылдаған  топтар  болған  болуы  керек,  өйткені
оларды  орыс  жылнамалары  “бусурмандар”  (яғни  мұсылмандар)  деп   атайды.
Исламданудың қарқыны, белгілі дәрежеде  жергілікті  халықтың  өмір  салтына,
олардың Сырдария бойы қалаларымен  байланыстарына,  Хорезммен  саяси  қарым-
қатынастарға  байланысты  болды.  Бірінші  болып  исламды  шонжар  өкілдері,
хандар,  қолбасшылар,  жалпы,  неғұрлым  саналы,  рухани  жетілген   адамдар
қабылдады.
      Осы дәуірде Қожа Ахмет Иассауи  және  оның  сопылық  мектебі  көшпелі
халықтар арасында  ислам  дінін  таратудағы  миссионерлік  қызметін  табысты
түрде жүргізіп, Иассауидің  өзі “орта Азияның  көшпелі  тайпаларының  ұлттық
әулиесі” деген атаққа ие болған еді. Иассауи исламды дәл осы  көшпелі  оғыз-
қыпшақ  тайпалары  арасында  жүргізді.  Оғыздар  мен  қыпшақтардың  мұсылман
дініне  өтпегені  жөніндегі  “марксистік”  қағиданы  қабылдау  ислам   дінін
уағыздау қызметінің шарықтау  шегі  ХІ-ХІІ  ғғ.  сәйкес  келген  Қожа  ахмет
Иассауидің және барлық сопылық бірлестіктердің еңбегін жоққа саю болар еді.
       Қыпшақтардың   ислам   дініне   өтуі   негізінен,   көршілес   ислам
мемлекеттерінің, атап айтқанда Қарахан,  Хорезмшах,  Селжүк  мемлекеттерінің
ықпалымен жүрген. Барлық жағынан мұсылмандармен  шектесіп  жатқан  қыпшақтар
алдыңғы  қатарлы  өркениеттің  ықпалынан  тыс  бола  алмады.   Қарахандардың
Оңтүстік Қазақстан, Баласағұн  мен  Жетісуда  халықты  жаппай  мұсылмандыққа
өткізгені және өздерінің осы  дінге  өткенін  көрсетіп  олардың  жиырма  мың
қойды  құрбандыққа  шалғаны  туралы  мәліметтер   осы   ойымызды   растайды.
Қыпшақтар тағдырында ерте орта  ғасырлардағы  аса  жоғары  дамыған  мұсылман
мемлекеті – Хорезм ерекше маңызды рөл атқарды. Хорезмды әл  –  Мукаддаси  (Х
ғ.) бойынша суреттейді: “Алла олардың нәсібесіне арзаншылық пен құнарлы  жер
берді, дұрыс оқи алу  (Құранды  )  мен  терең  парасаттылық  силады”,  “оның
тұрғындары  білгір,  ғұламалығы  мен  ерекшеленеді,  фикхты  жақсы   біледі,
дарынды және білімді”. Жалпы, этникалық жағынан Хорезм  мен  көшпелі  қыпшақ
даласын бір-біріне қарсы қоюға  негіз  жоқ:  ХІІ-ХІІІ  ғғ.  Хорезмнің  халқы
негізінен түркілер  болған  еді.  Хиуада  (Хорезм)  мемлекеттік  іс-қағаздар
түрік тілінде жүргізілді. Хорезмшах – ануштегіндер гулямдардың (оғыз  немесе
қыпшақ)  ұрпақтары  болғаны   белгілі.   ХІІІ   ғ.   қарай   хорезмшахтардың
мұсылмандық    билеушілерінің    сопылықтың    қамқоршылары,     дінсіздерге
(қарақытайлыр) қарсы күрескерлер ретінде даңқы таралды.  Хорезм  мен  Дешті-
Қыпшақ  тек  мәдени-тұрмыстық  жағынан  –  отырықшылықтың  ошағы  және   оны
қоршаған көшпелілер әлемі ретінде ғана бір-біріне  қарсы  тұрды.  Объективті
заңдылық бойынша қыпшақтар Хорезмнің мәдени  ықпалына  барған  сайын  артыла
түсуге тиіс болды. Ал саяси  жағынан  әлсіреп  қалған  Хорезм  далалықтардың
әскери қолдауына зәру еді. Хорезмдіктер өз кезегінде  далалықтарға  өркениет
игіліктерін- білім мен дінді  уағыздап  отырды.  Сөйтіп  Хорезм  бірте-бірте
мұсылмандық қыпшақ мемлекетіне айнала бастады.
      Сондай-ақ қыпшақтардың оңтүстік тобы, атап айтқанда, Сығанақ тобы ХІІ
ғасырда – ақ өздерін мұсылманбыз деп санағаны туралы мәліметтер бар.  ХІ-ХІІ
ғғ. қыпшақ хандары Қыран (Икран) мен  Алып  Дерек  мұсылман  дінін  қабылдап
соған байланысты дәстүрге  сәйкес  Қадырхан  және  Ғайырхан  деген  мұсылман
есімдерін  қабылдаған.  Алайда,  қыпшақтардың  арасында  орныққан   исламның
әрине, өз  спецификалық  ерекшеліктері  де  болды,  өйткені,  көшпенділердің
арасында бұрынғы ата-баба салт-дәстүрлеріне  деген  берілгендік  ұзақ  уақыт
сақталып қалған еді.
       Сонымен түркілер ислам дінін өз еркімен қабылдаған халықтардың  бірі
болды.  В.В.  Бартольдтың  айтуы  бойынша  “бұл  жерде  мұсылмандар  исламды
қарумен таратудан бас тарта отырып, үгіт-насихаттар арқылы үлкен  табыстарға
қол жеткізді”. Бұл насихаттың  нақтылы  түрлері  туралы  тарихи  деректердің
мәліметтері өте жұтаң.  Алайда  түріктерге,  алғашында  ислам  олардың  өмір
салтына сәйкес келмейтіндей болып көрінгендігі жөнінде мәліметтер бар.  Атап
айтқанда,  халиф  Хишаның  (724-743  жж.)  елшісі   түрік   ханына   исламды
қабылдауды ұсынғанда ол былай деп жауап  берген  дейді:  “Түріктер  арасында
шаштараз  да,  етікші  де,  тігінші  де  жоқ;  егер  олар  исламды  қабылдап
мұсылмандық шарттарын орындайтын  болса  қалай  күн  көрмекші?”.  Бұл  жауап
ханның ислам негіздерінен мүлдем хабарсыз болуынан немесе  оның  жаңа  дінді
саяси себептерге  байланысты  қабылдағысы  келмегендігінен  туындаса  керек,
бірақ бұл сол кездегі нақты жағдайды көрсетпейтін. Өйткені,  жоғарыда  айтып
кеткендей  түріктер  бұл  дәуірде  тек  көшпелі   мал   шарушалағымен   ғана
айналыспаған,  олар  қалаларда  тұрып,  қолөнермен  де,  сауда-саттықпен  де
айналысқан.  Сондай-ақ  таза  көшпелі  тайпалар  болып   саналған   араб   –
бәдеуилердің ислам дінін белсенді түрде қабылдап, осы дінді  басқа  халықтар
арасында таратудың ең бір белсенді күрескерлері болғанын біз жақсы  білеміз.

      Орталық Азияның  орта  ғасырлық  қалаларындағы  (Х  ғасырдан  бастап)
мұсылмандықтың үстем және мемлекеттік дін  ретінде  орнығуының  дәлелдерінің
бірі мешіттер мен мазарлардың көптеп салына бастауы еді. Түркілер  жеріндегі
мешіттер  жөнінде  Максиди  (Х  ғ.):  Таразда  мешіт  базарлардың  ортасында
орналасқан,  ал  Жікилде  орталық  мешіт  базардың  ішінде  орналасқан,  деп
көрсетеді. Орталық мешіттер Барысхан, Бехлу,  Атлах,  Хамуке,  Шелжі  сияқты
қалаларда  да  болған.  Тараз  бен  Меркеде  Христиандық  шіркеулер  мешітке
айналдырылды. Сондай-ақ Х ғ.  жатқызылатын  мешіт  ортағасырлық  Құйрық-төбе
(Оңтүстік Қазақстан) қаласынан да  табылған.  Баласағұн  қаласынан  табылған
мешіт пен мұнараның қалдығы бұдан сәл кейінірек уақытқа  жатады.  Мешіт  пен
мұнара әкімшілік билік пен  өкіметтің  ислам  дінін  қолданғанын  көрсететін
белгілер болып табылады.
      ІХ ғасырдан бастап Орталық  Азия  халықтарының  арасында  мұсылмандық
жерлей ғұрпы тарай бастайды.  Археолог  Б.  Нұрмұханбетов  1970  жылы  арыс,
Бадам, өзендерінің бойындағы  Қараспан  қорымын  қазғанда,  бұл  қорымдардан
алғашқы  ІХ  ғасырға  жататын  мұсылмандық  жерлеу  рәсімін   кездестіргенін
жазады. Х-ХІ ғғ. жататын мұсылмандық жолмен жерленген обалар  Құйрық-төбенің
маңынан табылған. ХІ-ХІІІ ғғ. басында мәйітті жерлеудің  мұсылмандық  рәсімі
Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуда үстемдік  алады.  Бұл  ауданда  исламның
айтарлықтай дәрежеде таралғанын археологиялық  қазбалардан  табылған  тұрмыс
заттары  да  дәлелдейді.  Мысалы,  ХІ  ғ.  жататын  әйел  обасынан  табылған
(Тараздың батыс шегі – Үңгірлісай мекені) қола айнада:  “Аллаға  сенгендерге
еш қауіп  жоқ”  деген  жазу  бар.  Сондай-ақ  Тараз  маңындағы  тас  суаттың
қабырғасына араб тілінде діни сипаттағы  жазу  жазылған.  Бұл  жазу  бойынша
суат 1006-1010 жж. Бір ақ сүйек әйелдің  жарлығымен  соғылған.  “Бұл  суатты
әбделмәлік Құтұлықтың қызы Фатима  хатун  Аллаға  жықындаудың  жолымен  жүру
үшін және оның шапағатына бөлену үшін салғызды.  Алла  өзімнің,  ата-анамның
және барлық мұсылмандардың күнәсін кешсін”.
      Исламның тарауына байланысты архитектурады ақсүйек өкілдерінің есімін
мәңгі есте қалдыру мақсатымен оба үстінен мазарлар  тұрғызу  ерекше  маңызға
ие болды. Талас жазығының мазарларын ең  алғаш  зерттегендер  қатарына  Б.П.
Денике, А.Н. Бернштам, М.Е. Массон, М. Меңдіқұлов,  Л.Б.  Розиналар  жатады.
Кейін, 70-жылдары бұл мазарды зерттеуші  қазақстандық   ғалым  тарихшы  Т.М.
Сенигова  жалғастырды.  Осы  аталған  зерттеушілердің   еңбектерінде   Тараз
өлкесінің  қарахандар  дәуірінен  қалған  атақты  ескерткіштері  –  Қарахан,
Бабаджи Хатун және Айша бибі мазарлары жан-жақты  зерттеле  отырып,  олардың
халифат    елдеріндегі     мазарлардың     архитектуралық     ерекшеліктерін
қайталайтындығы жөнінде айтылады.  Сонымен,  монғол  шапқыншылығына  дейінгі
дәуірде Орта Азия мемлекеттерінде ислам ықпалды күш болды.  Мұның  тағы  бір
дәлелі –  Қарахан  мемлекетінде  мұсылман  дінбасылары  вакуфтық  (жеке  жер
меншігі)  жерлермен  қамтамасыз  етілді,  бұл  олардың  жоғары   материалдық
жағдайын  анықтады.  Дәстүрлі  ислам  символдары  бар  теңгелер   шығарылды,
мұсылмандық оқу орындары – медреселер ашылды.
      Х ғ.  басында  Хорасан  мен  Мауереннаһрда  пайда  болған  медреселер
исламды таратудағы күшті  бір  құрал  болған  еді.  Бартольдтің  зерттеулері
бойынша медреселер алғаш рет, яғни Х ғ. мұсылман  әлемінің  Шығыс  бөлігінде
пайда болған,  тек  ХІ  ғ.  ғана  бұндай  оқу  орындары  Батыс  Иранда  және
халифаттың астанасы –  Бағдатта  ашылады.  ХІ-ХІІ  ғғ.  Сайрамда  (Испиджаб)
рухани оқу орындары  –  медреселер  және  сондай  –ақ  кітапханалар  болғаны
жөнінде жазба деректерден мәлім. “Халифаттан тыс  жерлерде,  атап  айтқанда,
Орта Азияда басқа ислам аймақтарымен  салыстырғанда  мұсылмандық  насихаттың
қарқынды жүруі мүмкін осымен түсіндірілетін болар”, - дейді В.В. Бартольдт.
      Сонымен, Орталық Азия халықтары арасында УІІІ-ХІІІ ғғ. арасында ислам
діні таралып, орнықты. Түріктер арасында ислам көбіне бейбіт  жолмен  (сауда
жолдары,т бейбіт қоныстанушылар  және  дін  уағыздаушылар  арқылы)  тарайды.
Сондай-ақ исламның жергілікті халықтың діни дүниетанымы ретінде  қалыптасып,
орныққан  біз  осы  дәуірдегі   түрік   қалаларындағы   мешіттердің   көптеп
салынуынан, қаза болған кісіні мұсылманша жерлеу салтының орнығуынан,  түрік
ақсүйектерінің мәйіті қойылған жерлерге  мазарлар  тұрғызу  дәстүрінің  орын
алуынан,  және  бұл  мазарларға   мұсылмандық   діни   мазмұндағы   мәтіндер
жазылуынан, мұсылмандық мектептер мен медреселердің ашылуынан т.б. көреміз.
      Түркі халықтары арасында ислам  дінінің  таралуын  үш  кезеңге  бөліп
қарастыруға болады:
   1. 751 ж. Талас шайқасынан кейінгі дәуірдегі исламның тарала бастауы. Бұл
      кезеңде ислам, негізінен, қарлұқтар арасында, ішінара таралған еді.
   2. Орта Азиядағы  саманилер  билігі  дәуіріндегі  исламның  таралуы.  Бұл
      кезеңде ислам Орталық Азияға, біріншіден саманилер әулетінің  ғазауаты
      арқылы, екіншіден, Мауереннаһр халқының бейбіт қоныстануы арқылы  және
      үшіншіден, сауда жолдары арқылы таралды.
   3. Қарахандар дәуіріндегі  исламның  мемлекеттік  дінге  айналып,  барлық
      түркі халықтары арасында жаппай таралуы. Бұл кезеңнің аяғында  Орталық
      Азияның   солтүстік-батыс  бөлігінде,   яғни   қыпшақтардың   арасында
      мұсылман  дінін  таратуда  Қожа  Ахмет  Иассауи  бастаған   сопылардың
      миссионерлік қызметі ерекше орын алды.


    Тақырып 14.   Үндістан.
    Мақсаты:
    1 Ежелгі дүние мен Орта ғасырлар  шегіндегі  Үндістан.Кезеңдерге  бөлу,
саяси дамуы.
   1. Гуптар кезеңі.
   2. Эфталиттер шапқыншылығы.
   3. раджалар кезеңі.
    Нарбадда өзені мен Виндхи тауларынан солтүстікке  қарай  жатқан  жерлер
Солтүстік  Индия,  ал  олардан  оңтүстікке  қарай  жатқан  жерлер  -   Декан
("Дакхин" - Оңтүстік) деп бөлінеді. Бұл жерлерде  көптеген  тайпалар  тұрды.
Олардың тілдерінде біраз  ерекшеліктер  болды.  Тайпалар  дамудың  әр  түрлі
сатысында болды: біреулері алғашқы қауымдық құрылыста болса, енді  біреулері
құл иеленушілік құрылыста, келесі біреулері - феодалдық қоғамға  аяқ  басқан
еді.
    Сөйтіп, жаңа дәуірде ірі жер  иелері  өз  шаруашылықтарын  прогрессивті
негізде жүргізе бастады. Құлдар еңбегі тиімді болмады. Сондықтан жер  иелері
оларға өз шаруашылығын жүргізетін үлес бөліп берді. Ол үлес үшін құлдар  жер
иесіне жұмыс істеп беретін немесе  өнімнің  белгілі  бір  мөлшерін  беретін.
Сонымен,  құлдық  қоғамда  қанаудың  феодалдық  қоғамға  тән  түрі   кеңінен
қолданыла бастады.
    ІҮ ғасырда Солтүстік Индия Магадхялық ақсүйектердің қол астына бірікті.
320 жылы Магадхадағы өкімет  билігі  Гупта  әулетінің  өкілі  Чандрагуптаның
(320-340)  қолына  тиді.  Оның  баласы  Самудрагуптаның  (340-380)   тұсында
Гупттар билігі Батыс Бенгалиядан  Пенджабка  дейінгі  аралықтағы   солтүстік
Индияға таралды.
    Ұланғайыр Гупттар державасын басқару үшін күшті әкімшілік  және  әскери
аппарат құрылды. Ондай аппарат тек астана  Паталипутрада  ғана  емес,  басқа
маңызды қалалар  мен  елді  мекендерде  де  құрылды.  Ү  ғасырдың  ортасында
халықтың салыққа деген наразылығы көтеріліске әкеп соқты.  Державадан  батыс
облыстар бөлініп шығып, тәуелсіз мемлекетке айналды.  458  жылы  гупттар  өз
державасын  көшпелі  гунн  эфталиттер  шабуылынан  қорғап  қалды.  Бірақ   Ү
ғасырдың аяғына қарай, Будхагупта тұсында гунн-эфталиттер  гупталарға  қатты
соққы беріп, батыстағы Мальва,  Гуджарат,  т.б.  бірқатар  облыстарды  барып
алды.
    Гупттар тек Магадхты ғана ұстап қалды.  Эфталиттер  Шакала  қаласын  өз
астанасына айналдырды. Эфталиттер езгісі елді ауыр күйзеліске  ұшыратты.  Ол
езгі үнділіктерді көтеріліске шығарды. 528 жылы  гупттар  басшысы  Баладитья
Орталык  Индиядағы  Мандасордың  басшысы  Яшодхарманмен   одақтаса   отырып,
эфталиттерді талқандады.  Эфталиттер  куылды.  ІҮ  ғасырда  Магадхи  жерінде
құрылған Гупта империясы, оның билеушілері, жер  аумағы  жайлы  айта  келіп,
Самудрагупта  (340-380)  тұсындағы   Гупта   мемлекетінің   күшею   кезеңіне
тоқталуға болады,  Гупта  мемлекетінің   жері  Батыс  Бенгалиядан  Пенджабқа
дейінгі СолтүстікҮндістан жерін алып жатты. Мемлекетті  басқару  үшін  күшті
әкімшілік және әскери аппарат жүйесі құрылды. Ү  ғасырда  феодалдық  қатынас
тереңдей  түсті,  салықтың  көп  болуы  халық  наразылығын   туғызды.   Ішкі
бытыраңқылықтан әлсіреген Гупта мемлекетіне ғұн  эфталиттері  шабуыл  жасап,
көптеген аймақтарын  басып алды. Эфталиттер езгісі,  ішкі  қайшылықтар  елді
ауыр күйзеліске ұшыратты. Бірақ  бұл  күрес  Гупттар  мемлекетін  өте  катты
әлсіретті.  Ішкі  талас-тартыстар  тоқтамады.  Акыры,  ҮІ  ғасырдың  аяғында
Гупттар мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
    Гупттар державасы құлағаннан кейін Декан территориясында көптеген майда
мемлекеттер  құрылды.  Олардың  кейбіреулерінде  бұрынғы  ақсүйектер  билігі
сақталып  қалды.  Басқаларын  төменгі  сословие  -  шудра  мен   вайшилерден
шыққандар немесе Индияға басып кірген тайпалар өкілдері  басқарды.  Деканның
біраз  князьдықтарында  жергілікті  әскери  аристократиядан  шыққан  өкілдер
билігі орнады.
    Гуптар империясы құлаған соң Солтүстік Индия бірнеше ұсақ  княздықтарға
ыдырап кеткен еді. ҮІ ғасырда ішкі талас-тартыстан  әлсіреп,  құлаған  Гупта
мемлекетінің орнына ҮІІ ғасырда Харши  (606-647)  билік  басына  келіп,  ірі
мемлекет құрғаны жайлы сөз болады. Ганг өзенінің бойы,  Шығыс  Пенджаб  және
Бенгал шығанағына дейін билік жүргізген  Харши  өлгеннен  кейін  мемлекеттің
бірнеше шағын кінәздіктерге бөлініп  кеткен.  X  ғасырдың  аяғында  Индияның
Солтүстік-батысында Вартхандар әулеті басқарған  Тханесар  князьдығы  күшейе
бастады. Тханесар  князьдары  өз  елін  батыс  Пенджабтың  жартылай  көшпелі
тайпаларынан табысты қорғай алды, сондай-ақ ұсақ  князьдықтарды  басып  алып
отырды. Бірақ Вардханның бұл вассалдары 606 жылы көтеріліске шықты. Сол  606
жылы таққа Харша вардхан  отырды.  Ол  647  жылға  дейін  патшалық    құрды.
Күшті   армия  жинап  алып,   Харша көтерілісшілерге қарсы аттанып,  олардың
тас-талқанын   шығарды.   Бірнеше   жылдың   ішінде   ол   Солтүстік   Индия
князьдықтарын бағындырды. Харша Ганг алқабын алып жатқан ұланғайыр  мемлекет
құрды. Оның  шекарасы  Шығыс  Пенджабтан  Бенгал  шығанағына  дейін  созылып
жатты. Харша мемлекеттің  астанасын  Канаудж  қаласына  (Солтүстікте,  Ганга
өзенінің бойында) көшірді.
    620 жылы Харша Деканға жорық жасап, сәтсіздікке ұшырады   Харша  құрған
империя берік болмады. Ол тек әскер күшімея  ғана  бір  орталыққа  бағынышты
болып тұрды. Солтүстік  Индиядағы  Харша  басып  алған  жерлерде  жергілікті
князьдар билігі  сақталды.  Олардың  Харшаға  тәуелділігі  салық  төлеуінде,
шақырған  кезінде  әскерімен  келіп,  соғысқа   қатысуда   болды.   Князьдар
өздерінің адал берілгендігінің куәсі ретінде  Харша  сарайына  өз  отбасынан
кепілдікке адам жіберіп отырды. Харшаның сыйлық грамоталары  оның  бағынышты
князьдердің  жеріне  жоғарғы  меншік  иесі  болып  табылғандығын  көрсетеді.
Бағындырылған жерлерден алым-салық жинауды  қамтамасыз  ету  үшін  Харша  ол
облыстарға  өз  өкілдерін  отырғызды.  Харша  сарай  сановниктерінің  штатын
ұстады. Оларға қызметі үшін  жер үлестіріп беріп отырды. ҮІІ-ХІІ  ғасырларда
Үнді  жерінде  феодалдық  қатынастың  тереңдей   түсуі   мүлік   теңсіздігін
күшейтті. Қытай мемлекетіндегідей Үндістанда  да  жер  мемлекеттік  меншікте
болды.  Үнді  патшасы  жерді  4  иелікке   бөлді.   Ірі   феодалдық   жерлер
мұрагерлікке берілетін болды. Қауымдық жер «раджа жері» деп  аталған.  Патша
дін қызметкерлеріне жерді молынан сыйлап отырған. Мысалы, ҮІІ  ғасырда  храм
мен дін басыларына  1400 ауылды шаруаларымен сыйлаған. Бұл  қарекеттен  Үнді
мемлекетінде дін басындағылар да ірі жер иеленушілерге айналғанын көреміз.
    Харшаның мемлекетіндегі  феодалдық  сот  өте  қатал  сот  болды.  Занды
бүзушыларды өлім жазасына кесетін.  Олардың  мұрнын,  қолын,  құлағын  кесіп
алып, зынданға тастайтын. Сөйтіп,  заң  бұзушылар  қорлықпен  өлетін.  Харша
өлген соң көп ұзамай оның құрған державасы ыдырап кетті.
    ҮІІІ ғасырдың басында арабтар Синдке басып кірді. Мұның нәтижесінде екі
эмират құрылды;  бірі  -  Синдтің  оңтүстігінде,  астанасы  Мансура  қаласы,
екіншісі - солтүстікте, астанасы Мультане қаласы.  Бенгалия  территориясында
ұзақ күрестен соң шудралар варнасына жатады  деп  есептелген  Палдар  тұқымы
таққа отырды.
    Солтүстік  Индия  территориясында  әскери-аристократиялық   кландарынан
шыққан  князьдар  басқарған  бірнеше  князьдықтар   құрылды.   Тарихшылардың
топшылауынша бұл Ү  ғасырда  гунн-эфталиттермен  келіп,  Солтүстік  Индияның
батысында орналасып қалған әскери-аристократиялық әулет.  Сол  әулеттің  бір
өкілі  -  гуджар  тайпасы.  Индияда  орныққан  бұл  келімсектер   жергілікті
халықтың  тілін,  дінін,  мәдениетін  қабылдады.  Олар   ерекше   раджпуттар
кастасын құрады. Бұл кланның мүшелері дихандар  мен  колөнершілердің  бейбіт
еңбегін менсінбей, өздерін тек әскери істер үшін жаралғандар  деп  есептеді.
Соқаға жақындаған раджпут  басқа  раджпуттардың  күлкі  мазағына  ұшырайтын.
Абыздар мен ақсүйектер ерекше кастаға жатты, елдегі саяси билік  пен  байлық
осылардың қолында болды. Ал  сарай  қызметшілері  мен  кедейленген  шаруалар
төменгі кастаға жатты. Жоғарғы кастаға жататын  адамдардың  маңдайында  қара
дөңгелек мең белгісі болған.
    ҮІІІ  ғасырда  раджастхан  территориясында  құрылған  ұсақ  князьдықтар
ішінде раджпуттық Пратихар басқарған князьдық күшейе  бастады.  IX  ғасырдың
басында Пратихарлар  Джамна  алқабына  басып  кіріп,  Канауджді  бағындырды.
Сонан соң  өз  билігін  бүкіл  Ганга-Джамиа  өзендерінңн  алқабына  таратты.
Өздерінің  шығысқа  қарай  жорықтарында   пратихарлар   Бенгалияны   билеуші
Палдармен қақтығысты. Олардың  арасындағы  соғыс  ұзаққа  созылып,  халықтың
тұрмыс жағдайын нашарлатып жіберді.
    Үнді жерінде  шаруашылықтың және  сауданың  өсуі   қалалардың  көбеюіне
әкелді. Шығыс елдерінің бәріне  тән  нәрсе  –  ортағасырлық  қалалардың  көп
болуы .  Олар  тек  қана  сауданыңғана  емес,  қолөнер  мен  мәдениеттің  де
орталығы болды. Қолөнершілер піл  сүйегінен  қымбат  бұйымдар  жасады.  Үнді
шеберлерінің қолынан шыққан қару-жарақ,  зергерлік  бұйымдар,  кілем,  жұқа,
әсем маталар жоғары бағаланды. Танджур,  Пайтхан,  Дели,  Сурат  қалаларында
қолөнер  мен  сауда  жақсы  дамыды.  Керуен  жолдарының  екі  бағыты  болды.
Біріншісі Әмудария өзенімен  Орта  Азияға,  Қазақстан  арқылы  Батыс  Еуропа
елдеріне, екіншісі Балан асуы арқылы Кандагар, Иранға шықты.
    ІҮ – ҮІІ ғасырларда үндістанның мемлекеттік діні болған  будда  дінінің
негізгі мистикалық қағидаларға құралған. Буддизм ілімі қазіргі кезде  Қытай,
Жапония, Монғолия және Бурят, Саха елдерінде кеңінен таралған.
      ҮІІІ ғасырда Үндістанды арабтар  жаулап  алғаннан  кейін  ислам  діні
енгізілді. Қазіргі Үндістандағы  көп  дінділікті  өмірден  нақтылы  мысалдар
келтіру арқылы түсіндіру қажет. Мысалы, өлген адамның мәйітін  өртеп,  күлін
Ганг өзеніне тастаса, ол адамның жаны о дүниеде жұмаққа барады  деп  сенген.
Бұл дәстүр әлі күнге дейін бар.
       Үндістандағы  ғылым  мен  мәдениет   жайлы   әңгімені   ортағасырлық
Үндістанда  математика,  астрономия,  медицина  сияқты  ғылымдардың   жоғары
деңгейде  дамығандығын  айтудан  бастау  керек.  Үнді  математигі   Арьбхата
пифагор теоремасын білген, синус, косинустар теориясын ашқан. Сонымен  қатар
ол аспан  әлемін  зерттеген.  Медицина  саласында  өсімдіктерден  әрі  түрлі
дәрілер жасаған, операция жасауды білген. Көз ауруларын емдеген.
      Ү ғасырда өмір сүрген үнді жазушысы Калидасаның  «Шакунтала»  драмасы
және идеалистік көзқарастағы үнді философтар дүниежүзілік  әдебиеттің  алтын
қорына қосылған.


    Тақырып15.  Үндістан.
    Мақсаты:
   1. Үндістанды мұсылмандардың жаулауы.
   2. Дели сұлтаны.
   3. Оңтүстік Үндістан. Бахмани, Виджаянаир.
    Дели сұлтандығының құрылуы. XII ғасырдың  аяғында   Солтүстік  Үндістан
жаулап алушылардың  қолында қалды. 1175 жылы Гуридтер әулетінің өкілі  Газни
Шихаб-ад-дин Мухаммед Гури Газнавилер әулетін  құлатып  билікке  келген  соң
Газнавилер әулетінің  соңғы билеушісі   тығылған   Пенжабқа  шабуыл  жасады.
Бұл облысты басып алған соң   одан  әрі  шығысқа  жылжи  берді.   1192  жылы
Тараин түбінде  Аджимира мен Дели князі Притхви Раджей басқарып келе  жатқан
 үнді княздарының  одақтастар әскерін  жеңіп, ол бүкіл   Доабо  (Джамна  мен
Ганга)  арасына  өз  билігін  орнатты.  1199-1200  жылдары  ол   Бихар   мен
Бенгалияны  бағындырды.  Жаулап  алынған   жерлер   Гуридтер    державасының
мемлекеттік жерінің  құрамына енгізіліп, оның жоғарғы  егесі  Мухаммед  Гури
болды. Ол бұл  жерлерді   әскербасыларға   феодалдығ  негізде   берді.  Оған
Кутуб-ад-дин Айбекті  басшы етіп қояды.
      1206 жылы Мухаммед  Гури  қайтыс  болады.  Әскербасылар  жаңа  билеші
Газнидің билігін мойндамады және  олар Солтүстік  Үндістан   территориясында
өздерінің   жеке  Газниге  тәуелсіз,   астанасының  атымен   аталатын   Дели
сұлтандығының  негізін  қалады.  Бұл  мемлекеттің  басшысы  болып    алдыңғы
намесник   Кутуб-ад-дин Айбек тағайындалды.
      Кутуб-ад-дин Айбек сұлтан болған соң  Делиде 100  жылға  жуық   түрік
гулямдарының  билігі орнады. Айбек Делиде  бірнеше  ірі  құрылыс  жұмыстарын
жүргізді. Мысалы: Лал Кот (Қызыл бекініс), “Кувват ул ислам”  (Ислам  күші).

    Кутуб-ад-дин  Айбектің  негізгі   әлеуметтік  тірегі  -  әскері  болды.
Мемлекеттік дін ислам діні болып, жарияланды. XII  ғасырдың  аяғы  мен  XIIІ
ғасырдың басында  мүсылмандар саны артты. Айбек  мыңдаған  храмдарды  жойып,
орнына мұсылман мешіттерін тұрғызды.  Мемлекеттік тілі – фарсы тілі болды.
    1210 жылы Кутуб-ад-дин Айбек ат  үстіндегі  ойындарда  (чауган)   аттан
құлап қайтыс болады. Түрік ақсүйектері  Шамс-ад-дин   Илтумышты   (1210-1236
ж.ж.) отырғызады.  Илтумыш түсында  Дели сұлтандығының  территориясы  кеңейе
түсті. 1225 жылы Дели сұлтандығына  Бенгалия  билеушілері  алым-салық  төлеп
тұруға келісім берді. 1232 жылы Шамс-ад-дин   Илтумыш  Гвалиурды,  2  жылдан
соң Бхилсу мен  Уджжаинды  бағындырды.  Шамс-ад-диннің  әскери  жетістіктері
ақсүйектердің бірігуіне  және сұлтандықтың  күшейуіне  жағдай жасады.
    Бұған осы кезде   шығыс  елдерінде  басталған  монғол  шапқыншылығы  да
үлкен әсер етті.  Илтумыш өлімінен соң  оның жақындар мен   әскери  гулямдар
арасында  өзара күрес басталды.
    2.Дели  сұлтандығының  гүлденуі  мен  құлдырауы.   XІІI   ғасырдың   ІІ
жартысында монғол  хандарының  жағынан  қауіп  күшейді  де  Дели  сұлтандары
Үндістанның жаулап алынбаған басқа территорияларына басып  кіруін  тоқтатуға
мәжбүр болды. Сыртқы жаулардан  басқа  сұлтанға  ірі  феодалдармен  күресуге
тура келді. Сұлтан  Алау-ад-Дин  Хильджа  (1296-1316  ж.ж.)   өзінің   күшті
жалдамалы   әскерінің   арқасында    қауіпті   қарсыластарын   жойды    және
монғолдардың  үш  шабуылына  тойтарыс  берді.  Алау-ад-Дин  салық   есебінен
мемлекеттік  кірісті  көтеруге,  әскерді   нығайтуға,   феодалдарға   өзінің
абсолюттік билігін орнатуға бағытталған реформалар  бастады.  Алау-ад-Диннің
негізгі іс шаралары:
    - салық жүйесін өзгертті;
    - “базарлық құрылымды” енгізді;
    - әскерді қайта құрып, оны күшейтті;
    - икталық жүйені қайта қарады;
    - алғаш рет аттарды таңбалауды енгізді;
    - елде қатаң репрессиялық режим орнатты;
    - бай адамдардың бір-біріне қонаққа баруына тыйым салды.
    Мемлекеттік ресурстарды  мобилизациялау  әскерді  күшейтті,  солтүстік-
шығыс шегарада монғолдарға бірқатар  ауыр шабуылдар   жасауға  және  Деканға
жорық бастауға  мүмкіндік  берді.   Атақты  әскербасы  Малик  Кафур  кішкене
облыстармен, Малабарадан басқа   түгел  Деканды  бағындырды.  Алау-ад-Дин  –
талантты қолбасшы, ақылды,  шешімтал  саясаткер  болды.  Оның  өлімінен  соң
оның орнатқан жүйесінің тіпті ізі де қалған жоқ деп жазды Барани.
      Сұлтанаттың  экономикалық жағдайының гүлденуі  Мұхаммед Тоғалақ (1316-
1320 ж.ж.)  кезінде  болды.   Ол  өз  әкесін  жасанды  түрде  өлтіру  арқылы
билікке келді.  Мұхаммед Тоғалақ  тәжірибелі  әскербасы   еді  және  өзі  ІІ
Александр  Македонский  сияқты   әлемді  билегісі   келді.  Салық  жүйесінде
өзгеріс  жасады,   икталық   жүйені    нығайтуға   бағытталған    іс-шаралар
жүргізді.  Мемлекет астанасын Делиден Деогирге ауыструы, Дели  сұлтандығының
әлсіреуіне жол ашты. Мұхаммед  Тоғалақтың  сәтсіз  іс-әрекеттерінің  бірі  –
ақша реформасы болды.  Елде ашаршылық басталып, халық көтерілістер  көбейді.
1358 жылы Гуджараттағы көтеріліс кезінде Мұхаммед Тоғалақ қайтыс болды.
    3. Виджаянгар  мен  Бахмани.  Дели  сұлтандығы  өзінің  соңғы  күндерін
өткізіп  жатқанда,  Деканда  екі  мемлекет  пайда  болды.    Бірі   Деканның
солтүстік бөлігінде мұсылман  әулетінің билеушісінің атымен аталған  Бахмани
мемлекеті  болса,  екіншісі  Тунгабхадр  өзенінің  қасындағы     астанасының
атымен  аталған  -   Виджаянгар  мемлекеті  болды.  Бұл  индус  билеушісінің
билігінде болды. Бахмани мемлекетін     М.Тоғалаққа  қарсы  көтерілген  Дели
сұлтандығының наместниктер мен Декан иктадарлары құрды. Мемлекет басына  ірі
жергілікті  иктадар  –  Ала  –ад-дин  Бахманиді  шах  титулымен   отырғызды.
Феодалдық тәртіп бұрынғы  Дели сұлтандығындағыдай жүйеде  сақталды.  Бахмани
шахтары өз феодалдарына үлкен билігі болды. Мұндай билікті  Дели  сұлтандары
ең гүлденген  кезде де ие болмаған еді. Бахмани мемлеетінде  1469-1492  ж.ж.
орыс көпесі Афанасий Никитин 3 жыл   болып, олардың өмір сүру үрдісі  туралы
көп деректер қалдырды. Мұхаммед шах (1463-1482  ж.ж.)   тұсында  оның  күшті
бас уәзірі Махмуд Гаван декандық феодалдардың  кірісінің  бір  бөлігін  алып
қояды. Ол облыстарды тарафдарлардан  (бұрынғы  наместник)  тартып  алып,  өз
жақтастарына берді.  Гаван  тарафдарлардан  кірістің  бір  бөлігін  қазынаға
беруін,  әскер ұстауын талап етті. Ол Виджаянагарға шабуыл  жасап,  бай  Гоа
портын тартып алды. Гаван феодалдардың  талабымен  шахтың  келісімімен  өлім
жазасына кесілді. Махмуд Гаван өлімінен соң мемлекет тез ыдырай бастады.
    Солтүстік Индия бірнеше княздықтарға бөлінді. Олардың ішіндегі  ірілері
Джамна-Ганга  өзендерінің  Канаудждан   Бенареске   дейінгі   жерінің   иесі
Раджпултық Гахарварлар әулеті, Аджер мен Делиді иемденген Чаухандар  әулеті,
Банделкханды иемденген  Манделдер  әулеті,  Бихардағы  Палдар,  Беигалиядағы
Сендер әулеті болды. XII ғасырдың екінші жартысында  олардың  арасында  Ганг
өзенінің алқабы үшін ұзақ күрес  жүрді.  ХП-ғасырдың  80-жылдарында  Притхва
князі  Чаухан  Чанделдер  әулетіне   соққы   беріп,   Канаудждың   билеушісі
Гахарварға қауіп төндірді. Бірақ бұл қырқысты шет ел басқыншылығы тоқтатты.
    1175 жылы Шихаб-ат-дин Мұхамед сұлтанның әскері Пенджабқа басып  кірді.
Калған Үнді княздары алауыздықты тастап, бірігуге мәжбүр  болды.  1191  жылы
біріккен Үнді әскерлерін басқарған князь Притхви Раджа (Аджмир  мен  Делидің
князі) Шихаб-ат-дин  Гуридің  әскерлерін  женді.  Бірақ,  келесі  1192  жылы
жеңіліп қалды. Притхви  Раджа  соғыста  қаза  тапты.  Шихаб-ат-дин  Аджмирды
басып алды. Бірақ, Притхви Раджаның баласы князь болып қала  берді.  Ол  тек
Шихаб-ад-динге тәуелді  екендігін  мойындап,  вассалы  ретінде  салық  төлеп
тұратын болды. Өзі Газниге қайтып, Шихаб-ад-дин Гури түркі тұқымынан  шыққан
әскери қолбасшы Кутуб Ад-Дин Айбекті Индияға наместник етіп қалдырды.  Айбек
Солтүтік Индияны жаулап алуды одан әрі  жалғастырды.  1193  жылы  ол  Делиді
алды, оны өзінің астанасына айналдырды. 90-шы жылдардын аяғында Айбек  Бихар
меч Бенгалияны да басып алды. Бұл  жақтағы  Палдар  мен  Сендер  княздықтары
жойылды. Бүкіл Солтүстік Индияда түрік, ауғаң,  тәжік  феодалдарының  билігі
орнады.
    1206  жылы  Шихаб-ад-дин  (Мухамед  Гури)  өлген  соң  оның   Солтүстік
Индиядағы наместниктері  Газнидің  жаңа  патшасын  мойындаудан  бас  тартты.
Солтүстік Индиядағы наместниктер Кутуб-ад-дин Айбектің қол  астына  бірігіп,
соның  билігін  ғана  мойындады.  Газни   мемлекетінен   бөлінген   мұсылман
феодалдары Дели сұлтанатын құрды. Айбектің қол астына біріккен  наместниктер
бара-бара  бір-бірімен  соғысып,  сүлтанат  әлсіреді,  Осы   жағдайды   Үнді
княздары пайдаланып қалуға тырысты. Олар  тәуелсіздіктерін  қалпына  келтіре
бастады.  Осындай  жағдайда  мұсылман  наместниктердің  көпшілігі   қайтадан
Айбектің төңірегіне топтасып, біріккісі  келмеген  облыстарды  күшпен  қосып
алды. Сөйтіп, Дели сүлтандығы нығая түсті. Бірақ 1221  ж.  Пенджабка  Хорезм
шахы Джелал-ад-динді  қуып  келген  монғолдар  басып  кірді.  Шыңғыс  ханның
әскері Пенджабты талан-таражға ұшыратып, кейін қайтты.
    1241 жылы монғолдар тағы да Шығыс Пенджабқа  басып  кірді.  Осы  жерден
Делиге шабуыл ұйымдастыра бастады. Монғол  шапқыншылығына  қарсы  жергілікті
феодалдар бір орталыққа бағындырылған мемлекетті нығайтуға бет  бұрды.  Дели
сұлтандығы 1206-1526 жж. өмір сүрді. Оны ХҮ ғасырдың  ортасына  дейін  түрік
халқының өкілдері, ХҮ ғасырдың ортасынан - ауғандық  Лоди  әулеті  басқарды.
1526 ж. Дели сұлтандығын Ұлы Моғолдар жаулап алды.
    Ол  әскермен  қатар  бір-бірінен  тәуелсіз  үш   түрлі   тыңшылар   мен
жазалаушылар мекемелерін құрды.  Ірі  ақсүйектердің,  княздердің  бір-біріне
қонаққа  баруына  тыйым  салды.  Үкіметке  қарсы   пікір   айтушылар   қатаң
жазаланды. Тіпті өлім жазасына кесілді. Ала-уд-дин өлген соң түрмелерден  он
жеті мыңнан  астам  жазықсыз  адамдар  босатылды.  Ала-уд-Дин  арпа-бидайға,
күріш пен бұршақ дақылдарына тұрақты баға  енгізді.  Нанның  бағасын  үкімет
өзі белгіледі. Ол өте төмен баға болды. Бірақ, барлық жерде тек сол  бағамен
сатылатын болды. Қазынаға түсімді көбейту үшін егістік жер  қайтадан  есепке
алынды. Ал жер салығының мөлшері  жерден  түсетін  өнімнің  жартысына  дейін
ұлғайды. Тарихи хрониканың  авторы  Барани  салық  жинаушылардың  қаталдығын
ашына жазады.
    1308 жылы Деканға жорық басталды.  Бұл  жорықтың  басшысы  Малик  Гафур
ерекше ерлік көрсетті. Ол барлык  Декан  жарты  аралын  басып  алды.  Жаулап
алынған  жердің  елдері  контрибуция  ретінде  патша  қоймаларында  жиналған
байлықтарын, үш жүз жауынгер пілдерін, жиырма мың жылкы беріп,  салық  төлеп
тұруға міндеттенді. Ала-уд-дин ихта иелерінің әскери  міндеткерлеріне  қатаң
бақылау орнатты. Жауынгерлерді қаруландыру соншалықты қиын  іс  болған  жоқ.
Ол кездегі қару-жарақ қарапайым еді.  Қылыш,  семсер,  найза,  қалқан,  оққа
толы  дорбасы  мен  садақ.  Мұндай  қару-жарақ  әркімде  болуға  тиіс   еді.
Сондықтан ихта иесі оларға көп шығынданбайтын.
    Сұлтанаттың  экономикалық  жандануы  Мұхамет   Тоғалақтың   (1325-1351)
патшалық құруы кезінде басталды. Ол таққа өз әкесі Гияс-Уд-дин Тоғалақты ым-
жымсыз  өлтірген  соң  отырды.  Бенгалияға  сәтті  жорықтан   соң   әскердің
салтанатты шеруі өткізілді. Сол шеру  кезінде  жауынгер  пілдер  Гияс-уд-дин
отырған шатырды  құлатып  кетеді.  Патша  құлаған  шатырдың  астында  қалып,
қайтыс  болады.  Бұл  кезге  қарай  Мұхамет  Тоғалақ  тәжірибелі   қолбасшы,
саясаткер болып қалыптаса бастаған еді. Ол  тарихта  екінші  Ескендір,  яғни
Александр Македонский  ретінде  қалуды  армандады.  Алғаш  оның  бұл  арманы
орындалатын сияқты болып көрінді. Ала-уд-дин өлген соң  сұлтанаттан  бөлініп
кеткен Жерлерді ол бірінен соң бірін қайтадан косып ала бастады. Ол  Ала-уд-
дин тұсындағы Дели сұлтандығын одан сайын  кеңейтіп,  бүкіл  Индияны  дерлік
өзінің қол астына бағындырды.  Бұл  Дели  сұлтандығының  территориясының  ең
үлкен кезі болды. Мүндай жеңісті жорықтар  тек  соғыс  қимылдары  үшін  ғана
емес, сондай-ақ басып алынған жерлерді  бағыныштылықта  үстау  үшін  де  көп
Каржы мен әскерді кажет етті.  Сол  себеиті  Мұхамет  Тоғалақ  Ала-уд-диннің
салық саясатын қайталауға мәжбүр болды.
    Тоғалақтың патшалық құруындағы сәтсіздіктің негізгі екі  себебі  болды.
Біріншісі: астананы елдің дәл ортасына  орналасқан  Дева-гири  деген  қалаға
көшіруі болды.  Ол  қаланың  атын  Дәулет-Абад  деп  өзгертті.  Қанша  қаржы
шығындап,  зәулім  сарайлар  салғанымен  жаңа  қала  саяси  өмір  орталығына
айналмады. Патша басқа қалаға көшкенімен Делиде  қалып  қойған  мықтылар  ел
тағдырын шешуде бұрынғы ықпалынан айырылмады. Ақыры Тоғалақ  бірнеше  жылдан
соң Делиге кайта көшуге мәжбүр болды.
    Тоғалақтың екінші сәтсіздігі - ақша реформасына  байланысты  болды.  Ол
алтын-күміс  монеталарды  мыстан   жасалған   монетамен   ауыстырды.   Алтын
монетаның құны сол мыстан жасалған  монетада  көрсетілетін:  "он  алтындық",
"жүз алтындық" деп. Мұндай монеталар көбейіп кетті. Әр  үй  монета  сарайына
айналды. Бара-бара  мұндай  ақшаның  құны  балшықтың  құнымен  бірдей  болып
қалды. Монета көбейгенімен мемлекеттік қазына  қаңырап  бос  қалды.  Тоғалақ
ызаға булыға отырып, бұрынғы ақша  жүйесіне  қайта  көшуге  жарлық  шығарды.
Қазынаны қайта толтыру үшін Тоғалақ алым-салықтарды өсірді.
    ХІҮ ғасырдың  аяғында  феодалдық  өзара  қырқыстар  жаңа  қарқын  алды.
Сүлтанаттан Мальва, Гуджарат, Хандеш бөлініп шықты.  Осындай  жағдайда  1398
жылы Солтүстік Индияға Тимур әскерлері басып кірді. Ол Делиді  алды.  Қаланы
талқандап, талан-таражға салып, олжаларын алып,  Тимур  Орта  Азияға  қайтып
кетті. Осыдан кейін Дели сұлтандығы қайтып  оңала  алмады.  Сейіттер  тұқымы
сұлтандық құрған (1414-1451) жылдары Дели сүлтандығы  Делидің  өзінен  басқа
шығыс Пенджабты ғана қамтыды. ХҮ ғасырдың ортасында Делидегі Үкімет  билігін
Афғандық Лоди Бахлул кландары басып алды.
    Оның арғы аталары Индияға ХІҮ ғасырдың аяғында қоныс аударған  болатын.
Оның жиырма мындык әскері ауғандықтардан құрылған болатын. Бахлул Лоди 1451-
1489 жылдар аралығында патшалық құрды. Ал  оның  тұқымы  Делиде  1526  жылға
дейін билік құрды. Соңғы сұлтан  Ибрайым  Лоди  орталық  өкіметті  нығайтуға
тырысты. Ол сарай қызметкерлерін  қатаң  тәртіп  бойынша  ұстады.  Олар  ұлы
тақсырдың малайы деп саналды. Мұндай менмендік сарай  қызметкерлерінің,  ірі
ақсүйек феодалдардың наразылығын туғызып,  биліктің  құлауына  себеп  болды.
1526 жылы Индияны Бабыр басып алып, ұлы моғолдар түқымының билігін  орнатты.

    Оңтүстік Индиядағы  ХҮІ  ғасырдың  басындағы  ірі  мемлекеттер  Хандеш,
Виджаянагар (1336-1565) болды. Олар мұсылмандардың билігінде еді. Екі  сарай
төңкерісінен  кейін  Кришна  Рай  (1509-1529)  империяның   бытырап   кеткен
облыстарын  қайта  жинап  алып,  бір  мемлекетке  біріктірді.  Ол   армияны,
қаражатты тәртіпке келтірді, жерді, одан түсетін салықты реттеді.  Малабарды
басып алып,  солтүстікке  бірнеше  жорықтар  жасады.  Кришна  Райдың  әскери
табыстары Виджаянагар империясының құлдырауын тоқтата алмады. Империя  шағын
князьдықтарға бөлініп кетіп отырды.
    1510 жылы португалдықтар Гоаны  басып  алып,  Виджаянагармен  келісімге
келу жолын қарастырған болатын. 1547 жылғы  келісім  бойынша  португалдықтар
Иран мен араб елдерінен жылқы, қару, қытай жібегі мен мыс, сынап тағы  басқа
тауарлар әкелетін болды. Ал Виджаянагар португалдықтарға  селитра  мен  үнді
матасын беретін болды. Португалдықтар  қолдауына  сүйене  отырып,  әрі  ішкі
алауыздықтарды  шебер  пайдаланып,  Рама   Раджа   өз   иелігінің   шеңберін
солтүстікке қарай кеңейте түсті.
    Виджаянагар тарапынан төнген қауіп алдында Ахмедиагар  Виджапур,  Бидар
және Голконда басшылары алауыздықтарын ұмытып, бірлесе түсуге мәжбүр  болды.
Олардың біріккен қарулы күштері 1565 жылы шайқастарда  Виджаянагар  әскеріне
қатты соққылар берді.  Рама  Раджа  қаза  тапты.  Оның  ағайындары  астананы
тастап қашты. Астана (Виджаянагар қаласы) талкандалды. Кейін қайтып  оралып,
Махараджа болған Тирумала оны қайта қалпына  келтіруге  кіріспей,  Пенуконда
қаласын  астанаға  айналдырды.  І-Веиката  (1586-1614)   империяны   бұрынғы
қалпына қайта келтірді. Бірақ  І-Венката  өлісімен  өзара  қырқысулар  қайта
басталып, империяны әлсіретті. Империядан бірінен соң бірі: Майсур,  Мадура,
Иккери, Танджур князьдықтары бөлініп кетті.
    Халық бұқарасын кеңінен қамтыған көтерілістер 1480  ж.  Танжурда,  1546
жылы Баркурда (Мангалор маңы)  болды.  Әскери,  азаматтық  істердегі  барлық
билік махараджаның қолында болды, бірақ әкімшіліктегі  басты  фигура  үлкен,
бірінші  министр  -махапрадхан  болды.  Ол  қаражат  жағын  басқарды,  басқа
минястрлерді - прадхандарды басқарды. Әскери қолбасшы "далада-адхикари"  деп
аталды.
    Мемлекет басында губернаторлар  тұратын  бірнеше  провинцияға  бөлінді.
Губернатор жеке өз басының  пайдасына  майда  салықтар  жинап  отырды.  Оның
әрбір қадамын орталық үкімет тыңшылар арқылы өте  мұқият  қадағалып  отырды.
Шамамен әрбір  2-3  жылда  губернаторлар  ауыстырылып  отырды.  Провинциялар
бірнеше  шағын  әкімшіліктерге  бөлінді.  Олардың  әкімдері  ірілі-ұсақ  жер
иелері болды. Әкім кызметі әкеден балаға мұра ретінде қала беретін болды.
    1525 жылы    Пенджабтың  наместнигі  Дәулет-хан  Бабырды  Делиде  билік
құрып тұрған сұлтан Ыбрайым Лодиге қарсы бірге күресуге  шақырды.  Бабыр  12
мың әскермен Пенджабқа кіріп, Дәулет ханды  орнынан  алды.  Бабырдың  сұлтан
Ыбрайым Лодидің 40 мыңдык  әскерімен  шешуші  шайқасы  Пенджаб  иен  Делидің
арасындағы  Панипат  алқабында  1526  жылғы  сәуірде  болды.  Бабыр   әскері
зеңбірегінің басымдығының арқасында жеңіске жетті. Оған Делиге  жол  ашылды.
Бірақ  енді  Бабырға  қарсы  шайқасқа  Раджпуттық  князьдар  әскерімен  Рана
Санграм Сингх шықты.
    1527 жылғы наурызда Кхнау маңындағы  шайқаста  Бабыр  тағы  да  жеңіске
жетті. Бабыр орнатқан мемлекет ұлы  моғолдар  державасы  деп  аталып  кетті.
Бабырдың қайтыс болуына қарай  бұл  держава  батысында  Кабулмен,  шығысында
Бенгалиямен шектесіп жатқан ұлан-ғайыр мемлекет болды. Бірақ ондағы салық  –
әкімшілік жүйесі нашар болды. 200 жылдан  астам  уақытқа  (1526-1761)  дейін
өмір сүрген бұл мемлекеттің негізін қалаған  Бабыр  өте  көрнекті  қолбасшы,
әрі саяси қайраткер болды. Ол өте сезімтал, дарынды акын да  болған.  Өзбек,
тәжік,  ауған,  үнді  тілдерінде  емін-еркін  сөйлеген.  Үнді  елінің  салт-
дәстүрін сақтап, әдет-ғұрпымен танысып, құрмет көрсетіп отырған.
    1530 жылы таққа Бабырдың  баласы  Хумаюн  отырған  соң  оңталық  өкімет
билігі біраз әлсіреді.  Өз  інілеріне  енші-иеліктер  бөліп  беруі  моғолдық
биілеуші топ арасындағы қырқыстарға  әкеп  соқты.  Бұл  қақтығыстар  саудаға
кесірін тигізіп, елдің экономикасын әлсіретті.
    1537  жылы  Хумаюнға  қарсы  көтерілісті  бихарлық  ұсақ  феодал  Фарид
басқарды. Ол ауғандық сур тайпасының  өкілі  болатын.  Өз  інілерінен  ешбір
көмек ала алмаған Хумаюн Фаридтен жеңіліп, 1542 жылы  Персияға  кашты.  Шер-
шах деген атпен тәж киіп (1539-1545), Фарид қоғам  талабына  сай  өзгерістер
енгізді. Жан-жағына  ағаштар  отырғызылып,  1700  керуен-сараймен  қамтылған
төрт сауда жолы салынды. Ол жол астана  Аграны  Бенгалиямен,  Раджпутанамен,
Аттокпен және Мултанмен қосты.  Бүкіл  ел  кіші-гірім  әкімшілік-паргандарға
бөлінді. Ол орталықтың бақылауын күшейтті. Феодалдардың жерін  тартып  алуға
батпай, жаңа жер иеліктерін үлестіруден шах үкіметі аулақ болды.
    1545 жылы Шер-Шах өлді. Хумаюн сол жылы Кабулды, Қаддағарды басып алды.
1554 жылы Индияға басып кіріп, Пенджабты бағындырды,  бір  жылдан  соң  Дели
мен Аграны  да  бағындырды.  Хумаюн  1556  жылы  қаңтарда  өз  астрономиялық
обсерваториясыңдағы мәрмар баспалдақтарыңда  тайып  жығылып,  қайтыс  болды.
Шах деп оның 13 жасар баласы (1355-1605) Әкбар жарияланды. Оған  қарсы  Хаму
деген үндіс қолбасшысы көтеріліске шықты. 1556  жылғы  Панипаттағы  шайқаста
үндістер жеңілді.
    Акбар таққа отырғанда  оның  тірегі  Индияға  Бабырмен  және  Хумаюнмен
келген орта азиялық, ауғандық және персиялық феодалдардың  шағын  ғана  тобы
болды. Осы топтың шексіз билікке деген ұмтылысын  шектеп  қана  шах  үкіметі
Индияға  атам  заманнан  бері  келіп  қоныстанған,  жергілікті   үндістерден
дінінен басқа ешбір айырмашылығы  қалмаған  мұсылмандарды  өз  жағына  тарта
алды.  Индияның  түкпір-түкпірін  жаулап  алған   кезде   Акбар   жергілікті
феодалдарға зорлық-зомбылық көрсеткен жоқ. Қарсылық көрсетпеген  феодалдарға
сыйлық пен билік беріп отырды.
    Акбар  таққа  отырған  алғашқы  жылдары  әмір  лауазымы  бар  200   ірі
феодалдардың 70 проценті Индияға Бабырмен, одан кейін келген  орта  азиялық,
ауғандық феодалдар болды. 1582 жылғы мәлімет бойынша эмирлердің 40  проценті
моғолдар жаулап алушылығы кезінде  келгендер  еді,  ал  келесі  40  проценті
жергілікті, үнділік мұсылмандар болды.  Ал  үндіс  феодалдар  эмирлердің  20
процентін  құрады.  Сөйтіп,  шах  билігі  жергілікті  индус  және   мұсылман
феодалдардың қолдаушылығына сүйенді.
    Моғолдар державасының құрамына  кірген  жерлерде  феодалдық  қырқысулар
тоқтап, ішкі кеден салықтары жеңілдеді. Сөйтіп, егіншілік  пен  сауда-саттық
үшін  қолайлы  жағдайлар  жасалды.  Сауда  әсіресе  1572-1573жж.  Таяу  және
қиыршығыстың  көптеген  елдерімен  теңіз  саудасын   қызу   жүргізетін   бай
Гуджаратты порттарымен қоса жаулап  алған  соң  айтарлықтай  жандана  түсті.
Құрғақта  үстемдік  құра  тұрып,  моғолдар  теңізде  дәрменсіздік  көрсетті,
сөйтіп олар Үнді мұхитының суларында  португалдықтардың  қожайындық  етуімен
келісуге  мәжбүр  болды.   Португалдықтарды   Гуджараттың,   бүкіл   Малабар
жағалауьшың ірі порты Суратқа кіре берістегі ұялары Диу  мен  Даманнан  қуып
шығу әрекеті моғолдар үшін сәтсіз аяқталды.
    Индияның  едәуір  бөлігінің  Моғолдар  державасының   құрамында   саяси
бірігуі,  мемлекеттік  басқару  ісінің  орталықтандырылуы,   салық   рентаны
жинауды  реттеу  жөніндегі  шаралар  елдің  экономикасының  дамуына  қолайлы
жағдайлар туғызды.
    1572-1573 жж. Гуджаратты  басып  алғаннан  кейін  моғолдар  басқыншылық
жорықтарын уақытша  тоқтатуға  мәжбүр  болды.  Мемлекеттік  билікті  нығайту
мақсатымен падишах Акбар (1556-1605) біраз өзгерістер енгізуге кірісті.
    Салық  реформасы   әкімшілік   аппаратты   орталықтандыруды   күшейтті.
Феодалдық мемлекеттің жерге меншігін нығайтты. Феодалдық  рентаны  натуралды
салықтан  ақшалай  салыққа  көшіру  жерге  феодалдық  меншіктің  бұл   түрін
әлсірету қаупін төндірді. ХҮІ  ғасырдың  соңы  ширегінде  Индия  деревнясына
ақша-товар қатынастарының енуі одан әрі  үдей  түсті.  Осы  негізде  деревня
қауымының ішіндегі мүлік және жер үлесі жағынан теңсіздік ұлғая түсті.
    Акбардың патшалығы  кезінде  бірнеше  рет  жагирдарлар  бүлігі  болған.
Олардың   наразылығы   әсіресе   қазынадан   айлық   алатын   әскербасыларды
жагирдарлардың орнына тағайындамақ болған кезде  күшейе  түсті.  Жагирдарлар
оларға жер иеліктері елдін түкпір-түкпірінен  берілгенде  де,  бір  иеліктен
екінші   иелікке   қайта-қайта   ауысуға   мәжбүр   болғанда   да,   олардың
контингенттерінің жағдайын жиі-жиі тексеріп  отырғанда  да  шыдады.  Олардың
шыдамы жагир жүйесін жоюға әрекет жасалғанда  мүлдем  таусылды.  Олар  1580-
1582 жж. ірі бүлік  жасады.  Бұл  бүлік  моғолдар  державасының  құрып  кету
қаупін туғызды.  Бұл  бүлік  әскери  күшпен  емес,  саяси  шарамен  басылды.
Пенджабтағы моғолдық қолбасшы Шахбаз-хан бүлікшілерге  қарсы  күрес  кезінде
Акбарды жақтаймын дегендерге жагирді кеңінен үлестіріп берді.  Акбардың  өзі
де жагирдарларға арқа сүйеу керектігін түсініп,  олардың  талабын  орындауға
келіскенде ғана бүлік басылды. Сөйтіп Акбар жагирлық жүйені жоя  алмаса  да,
өзінің орталықтандырылған билігін күшейтуде,  ірі  феодалдардың  дербестігін
шектеуде айтарлықтай табысқа қол жеткізді.
    Моғол империясы саяси-әкімшілік құрылымы жағынан  феодалдық  деспотияға
негізделген мемлекет. Сословиелік мекемелер,  сайлау  ұйымдары  болған  жоқ.
Мемлекет басында – падишах  –  сұлтан  –  шексіз  билікке  ие  болды.  Моғол
империясында,  декан   сұлтанаттарында   т.б.   бірқатар   қалаларда   ислам
мемлекеттік дін, биліктің тірегі  болды.  Сондықтан  билеушілер  ең  алдымен
мұсылман ақсүйектерінің мүдделерін  қорғады.  Мұсылман  ақсүйектері  жоғарғы
билік басында ықпалды билікке ие болды. Әмірлер  мен  мансабдарлардың  басым
көпшілігі  жаулап  алушылар  немесе   мигранттар   болды   немесе   солардың
ұрпақтары. Жаулап  алушылардың  Орта  Азиядан,  Иран,  Ауғанстаннан  шыққаны
белгілі.  Мансабдарлардың  арасында  жергілікті  ақсүйектер,   индус   дінін
ұстаушылар болды.
       Мемлекеттің  түпқазығы  –  билеуші  адамдар,  маңызды   мекемелердің
басқарушылары болды. Салық мекемесін – диван немесе уәзір;  әскери  мекемені
– мир-бахши; шеберханалар  мен  әр  түрлі  «қызметтерді»  -  мгер  –  саман;
мұсылмандық істерді – садр –  ус  –  судур  (кази  ул  –  куззат)  басқарды.
Маңызды қызметтерге сұлтан тағайындады.  Провинция  –  жергілікті  жерлер  –
суба, ірі қалаларды – қала басшылары – котвал басқарды. Сұлтанға әр  жауапты
чиновник өз  штатынан  қызметкерлердің  кандидатурасын  ұсынды,  оларға  ақы
төленді немесе жер түрінде берілді.  Ақша  алумен  шектелген  чиновниктер  –
накди, ал қызметкерлердің басым көпшілігі әскербасыларды қоса джагир  –  жер
үлестіріп алды.
      Джагир – мансабдарға белгілі бір жерден (деревня, бірнеше деревнялар,
аймақ) қазынаға төленетін  салықты  жинау  құқығы.  Джагирді  қайтарып  алып
отыруды немесе басқа жерлерге ауыстырды. Сұлтанның  жарлығымен  джагирдардың
жер шаруашылығынан алынатын мемлекеттік салық көлемі белгіленді. Диван  және
чиновник джагирдардан табыстары мен шығындар жөнінде есеп талап  етті.  Оның
тиісті міндеттерді белгілі  бір  әскер  санын  ұстау,  қандай  да  әкімшілік
қызметтерді  атқаруды  орындауын   қадағалады.   Іс   жүзінде   джагирдарлар
өздерінің міндеттерін үнемі орындаған жоқ.  Джагирде  өз  жанұясымен  тұрып,
өнімнің мөлшерін өзі анықтады, джагирді мұраға қалдырып отырды.
      Джагир батыс Еуропадағы бенефицийге  ұқсас,  Бенефиций  немесе  ленге
қарағанда джагирдардың жеке меншік құқықтары шектеулі болды.
      Сұлтанның иелігінде іс жүзінде халисе («ерекше»,  «айрықша»)  жерлері
болды, оны чиновниктер арқылы басқарды. Халиседен  түскен  табыс  бекіністер
салуға, сұлтан саарайының қажеттеріне, гарем, әскер, ат қора, жеке  гвардия,
мемлекеттік кархан, т.б. қызметтерді төлеуге жұмсалды.
      Билеушіге тиісті жерлерден түскен  табыс  джагир  жерлерінен  келетін
табыстан аз болды. «Аин –  и  Акбари»  мәліметтері  бойынша  67-76  %  салық
көлемі джагирдарлардың қалтасына түсті. Халисе жерінен түсетін  салық  24-36
%. Осы табыстың бір бөлігі ақысын ақшалай алатын мансабдарларға берілді.
      Джахангир кезінде  халисе  жерінен  түсетін  табыс  50  лакх  рупийді
құрады, салықтың 5 % ғана қамтыды.  Қаржы  тапшылығы  бұрын  қазынадағы  қор
есебінен жабылды. Бұл қысқару жерді есепсіз тарату нәтижесі.  Сұлтанның  бұл
әрекетіне сарайда наразылықтар өсті. Шах – Джахан кезінде халисе  жерлерінен
табыс 3 крор рупий, ал джагирдарлардан түсетін табыс – 22 крор болды.
      Барлық кірістің 1/7 бөлігін құрады. Аурангзеттің алғашқы билік құрған
жылдарында Халисе жерлердің қоры өсіп,  билік  құрушы  үйдің  табысының  1/5
құрады.  Акбар  кезіндегі  қазына  табысынан  сәл  ғана  кем  болды.  Алайда
көптеген джагир беру  халисе  жерінің  қорын  тауысты.  Аурангзебтің  шексіз
соғыстары  мен  жазалау  жорықтары   көп   қаржы   талап   етті.   Сұлтанның
джагирдралардың  табыстарын  қысқартуға  ұмтылуы  олардың  қатты  қарсылығын
туғызды.
      Джагирлық  жүйе  ХІІІ-ХІҮ  ғасырлардағы  сияқты  раджпут  және  басқа
жергілікті феодалдық иеліктердің шартты  жерлері  болып  табылады.  ХҮІ-ХҮІІ
ғғ.  деректерде  оларды  ватандарлар  немесе  заминдарлар  деп  атады.  (жер
иелері). Бір бөлігі империялық иеліктен тәуелсіз  болып,  табысты  феодалдық
рента түрінде иеленді. Енді бір бөлігі делдалдық роль  атқарды.  Заминдарлар
жергілікті индус-феодалдардың жерлері.
      Жерге меншіктің категорияларының бірі – мүлік жерлері.  Заң  жүзінде,
іс жүзінде де мүлік жерлері мұраға  қалдырылды.  Жаңадан  игерілген  жерлер,
сулы жерлер, деревнядағы қауым жерлері, қалалардағы үйлер  тұрған  жерлер  –
мүлікке жатты.
      Қандай да салық төлеуден босатылған  жерлер   -  мұсылман  мешіттері,
сопылық монастырь  –  ханека,  медресе,  индус  храмдары,  жеке  дінбасылар,
абыздар,  тұтас  діни  қауымдар  иелігіндегі   жерлер.   Деректерде   оларды
сойырғал, мадад - и-мааш, мадад и харадж, инам,  вазифа  –  йе  –  аима  деп
атады. Көлемі жағынан ұсақ және орташа жер теліктері болды.
    Әдебитеттер:
    1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях.  Ред.кол.:
Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
    2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
    3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
    4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
    5. История Востока  В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние  века  М.,РАН-
1995
    М.,РАН-1998.
    6. История средних веков  (под ред. Сказкина) М.,88
    7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
    8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
    9. История Индии  в средние века М.,1967.
    10. Неру Дж. Откритие Индии М.,1995.
    11. Антонова К.А., Бонгард-Левин Г.М., История Индии М.1979.
    12.Касты в Индии М.,1965.
    13. Бабур З.М.  Бабур-нама. А.1996.
    14.Медведев Е.М. Очерки истории Индии до ХІІІ в. М.,1990.


    16 Дәріс. Ұлы Моғол империясы.
    Мақсаты:
    Жоспары
   1. Бабырдың Үндістанды жаулауы. Бабырнама.
   2. Ұлы Моғолдар империясының ішкі құрылымы.
   3. Феодалдық жер иеленушіліктің дамуы.
   4. Акбар реформасы.
   5. Мәдениет.
    Моғол империясы саяси-әкімшілік құрылымы жағынан  феодалдық  деспотияға
негізделген мемлекет. Сословиелік мекемелер,  сайлау  ұйымдары  болған  жоқ.
Мемлекет басында – падишах  –  сұлтан  –  шексіз  билікке  ие  болды.  Моғол
империясында,  декан   сұлтанаттарында   т.б.   бірқатар   қалаларда   ислам
мемлекеттік дін, биліктің тірегі  болды.  Сондықтан  билеушілер  ең  алдымен
мұсылман ақсүйектерінің мүдделерін  қорғады.  Мұсылман  ақсүйектері  жоғарғы
билік басында ықпалды билікке ие болды. Әмірлер  мен  мансабдарлардың  басым
көпшілігі  жаулап  алушылар  немесе   мигранттар   болды   немесе   солардың
ұрпақтары. Жаулап  алушылардың  Орта  Азиядан,  Иран,  Ауғанстаннан  шыққаны
белгілі.  Мансабдарлардың  арасында  жергілікті  ақсүйектер,   индус   дінін
ұстаушылар болды.
       Мемлекеттің  түпқазығы  –  билеуші  адамдар,  маңызды   мекемелердің
басқарушылары болды. Салық мекемесін – диван немесе уәзір;  әскери  мекемені
– мир-бахши; шеберханалар  мен  әр  түрлі  «қызметтерді»  -  мгер  –  саман;
мұсылмандық істерді – садр –  ус  –  судур  (кази  ул  –  куззат)  басқарды.
Маңызды қызметтерге сұлтан тағайындады.  Провинция  –  жергілікті  жерлер  –
суба, ірі қалаларды – қала басшылары – котвал басқарды. Сұлтанға әр  жауапты
чиновник өз  штатынан  қызметкерлердің  кандидатурасын  ұсынды,  оларға  ақы
төленді немесе жер түрінде берілді.  Ақша  алумен  шектелген  чиновниктер  –
накди, ал қызметкерлердің басым көпшілігі әскербасыларды қоса джагир  –  жер
үлестіріп алды.
      Джагир – мансабдарға белгілі бір жерден (деревня, бірнеше деревнялар,
аймақ) қазынаға төленетін  салықты  жинау  құқығы.  Джагирді  қайтарып  алып
отыруды немесе басқа жерлерге ауыстырды. Сұлтанның  жарлығымен  джагирдардың
жер шаруашылығынан алынатын мемлекеттік салық көлемі белгіленді. Диван  және
чиновник джагирдардан табыстары мен шығындар жөнінде есеп талап  етті.  Оның
тиісті міндеттерді белгілі  бір  әскер  санын  ұстау,  қандай  да  әкімшілік
қызметтерді  атқаруды  орындауын   қадағалады.   Іс   жүзінде   джагирдарлар
өздерінің міндеттерін үнемі орындаған жоқ.  Джагирде  өз  жанұясымен  тұрып,
өнімнің мөлшерін өзі анықтады, джагирді мұраға қалдырып отырды.
      Джагир батыс Еуропадағы бенефицийге  ұқсас,  Бенефиций  немесе  ленге
қарағанда джагирдардың жеке меншік құқықтары шектеулі болды.
      Сұлтанның иелігінде іс жүзінде халисе («ерекше»,  «айрықша»)  жерлері
болды, оны чиновниктер арқылы басқарды. Халиседен  түскен  табыс  бекіністер
салуға, сұлтан саарайының қажеттеріне, гарем, әскер, ат қора, жеке  гвардия,
мемлекеттік кархан, т.б. қызметтерді төлеуге жұмсалды.
      Билеушіге тиісті жерлерден түскен  табыс  джагир  жерлерінен  келетін
табыстан аз болды. «Аин –  и  Акбари»  мәліметтері  бойынша  67-76  %  салық
көлемі джагирдарлардың қалтасына түсті. Халисе жерінен түсетін  салық  24-36
%. Осы табыстың бір бөлігі ақысын ақшалай алатын мансабдарларға берілді.
      Джахангир кезінде  халисе  жерінен  түсетін  табыс  50  лакх  рупийді
құрады, салықтың 5 % ғана қамтыды.  Қаржы  тапшылығы  бұрын  қазынадағы  қор
есебінен жабылды. Бұл қысқару жерді есепсіз тарату нәтижесі.  Сұлтанның  бұл
әрекетіне сарайда наразылықтар өсті. Шах – Джахан кезінде халисе  жерлерінен
табыс 3 крор рупий, ал джагирдарлардан түсетін табыс – 22 крор болды.
      Барлық кірістің 1/7 бөлігін құрады. Аурангзеттің алғашқы билік құрған
жылдарында Халисе жерлердің қоры өсіп,  билік  құрушы  үйдің  табысының  1/5
құрады.  Акбар  кезіндегі  қазына  табысынан  сәл  ғана  кем  болды.  Алайда
көптеген джагир беру  халисе  жерінің  қорын  тауысты.  Аурангзебтің  шексіз
соғыстары  мен  жазалау  жорықтары   көп   қаржы   талап   етті.   Сұлтанның
джагирдралардың  табыстарын  қысқартуға  ұмтылуы  олардың  қатты  қарсылығын
туғызды.
      Джагирлық  жүйе  ХІІІ-ХІҮ  ғасырлардағы  сияқты  раджпут  және  басқа
жергілікті феодалдық иеліктердің шартты  жерлері  болып  табылады.  ХҮІ-ХҮІІ
ғғ.  деректерде  оларды  ватандарлар  немесе  заминдарлар  деп  атады.  (жер
иелері). Бір бөлігі империялық иеліктен тәуелсіз  болып,  табысты  феодалдық
рента түрінде иеленді. Енді бір бөлігі делдалдық роль  атқарды.  Заминдарлар
жергілікті индус-феодалдардың жерлері.
      Жерге меншіктің категорияларының бірі – мүлік жерлері.  Заң  жүзінде,
іс жүзінде де мүлік жерлері мұраға  қалдырылды.  Жаңадан  игерілген  жерлер,
сулы жерлер, деревнядағы қауым жерлері, қалалардағы үйлер  тұрған  жерлер  –
мүлікке жатты.
      Қандай да салық төлеуден босатылған  жерлер   -  мұсылман  мешіттері,
сопылық монастырь  –  ханека,  медресе,  индус  храмдары,  жеке  дінбасылар,
абыздар,  тұтас  діни  қауымдар  иелігіндегі   жерлер.   Деректерде   оларды
сойырғал, мадад - и-мааш, мадад и харадж, инам,  вазифа  –  йе  –  аима  деп
атады. Көлемі жағынан ұсақ және орташа жер теліктері болды.
    Үндістандық мұсылман  өнерінде  тек  сәулет  өнері  дамып  қойған  жоқ,
сонымен   бірге   кескіндемеге   көңіл   бөлінді.   Үндістандағы    мұсылман
кескіндемесіндегі миниатюраның даму барысы  исламдық  пуриатанизмді  үнділік
рух біржолата жеңгендігін көрсетті.
    Ислам сәулетінің көне ескерткіштері  қатарына  Аджмердегі  (Раджастхан)
мешітті  жатқызуға  болады.  Ислам  сәулет  өнеріне  тән   қабір   басындағы
ескерткіштер, күмбездер өзіндік  ерекшеліктерге  ие.  Үнділік  ислам  сәулет
өнеріне  тән  негізгі  белгі  –  қоршаған  табиғатпен  жарасып  тұратындығы.
Сондықтан да бақтардағы  мешіт  жанында  орналасқан  исламға  тән  мұнаралар
сәулет құрылысында  пайдаланылды,  оның  құрылымы  өте  жақсы  дамыды.  Үнді
сәулеті мен оның сәндік бейнелеу өнері мұсылмандық ұлыстарға  ықпал  жасады.
Ахмадабатағы көркемдік көзқарас тұрғысынан аса елеулі  сәулет  ескерткіші  –
Джами – Мазджид мешіті (1424 ж. салынған). Үндістандағы  ерте  ислам  сәулет
өнерінің інжу – маржаны – 1514 жылы салынған  Рани  Сепари  мешіті,  сонымен
қатар Ахмад – шаһ (1414 ж.) мешіті. Сасарамдағы Шет – шаһ кесенесі  мейлінше
әсем және жақсы салынған (1540 – 1543). Бұл  –  иундар  құмтасынан  салынған
сегіз қабырғалы кесене болатын.
    ХҮІ-ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы Индия мәдениеті түрлі этнолингвистикалық
және конфессионалдық қауымдардың мәдениетінің  жиынтығы,  ерекше,  жан-жақты
және  көпқырлы.  Индия  мәдениеті  ең  алдымен  бай,  көпғасырлық   дәстүрге
негізделді, индуизммен тығыз байланысты еді. ХІІІ – ХҮ ғғ. Орта Азия,  Иран,
т.б. мұсылман әлемінің елдерінен келген ислам мәдениетімен синтезі жүрді.
      ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. елдің  мәдениетінің  дамуында  парсы  тілі  үлкен  роль
атқарды. Парсы тілі – Индиядағы мұсылман елдерінде  ресми  тіл  болды.  ХІІІ
ғасырдан бастап жергілікті тіл мен  әдебиет  туындыларына  ықпал  етті.  Осы
кезеңдегі әдебиеттегі стиль күрделі, қарапайым адамдарға түсініксіз,  ерекше
болуымен айқындалды.
      Моғол империясында парсы тілінде жазған ақындар  Мулла  Джами  Бихуд,
Мир Джалауддин Саядат өмір сүрді. Абул  –  Фазл  Аллмаидің  ағасы  Файзи  ең
көрнекті  ақындардың  бірі.  Аурангзебтің  ағасы   Дара   Шукох   сопылардың
философиясы мен  діни  ізденістерімен  жақсы  таныс  болды.  Оның  ықпалымен
санекриттен «Бхагавадгита» т.б. шығармалар парсы тіліне аударылды.  Ведалар,
упанишадаларды жақсы білген, «Бес кітап» пен «Жаңа өсиет» пен  таныс  болған
Дара Шукох, «менің дінім – Жетпіс екі халықтың діні»  -  деді.  Көзқарастары
үшін қудаланып, жазаланды.
      Абдул – Кадир  Бедиль  (1644-1720)  –  философ  –  пантеист,  индуизм
философиясымен жақсы таныс, соңғы көрнекті парсы тілінде жазатын ақын.
      Моғол кезеңінде парсы тіліндегі тарихнама одан әрі дамыды.  Шежірежел
– проза жанрының ерекше бір түрі. Ғалым-тарихшылардың әлеуметтік және  саяси
көзқарастарын білдіретін  құрал  болды.  Абдул  –  Фазл  –  Аллами  –  парсы
тіліндегі көрнекті тарихшы. Оның көрнекті,  көлемді  «Акбар-наме»  -  сұлтан
Акбар кезіндегі 1556-1593 жылдарды толық қамтиды. Соңғы бөлімінде «Аин  –  и
- Акбари» (Акбардың  ұстанымдары)  –  сарай  өмірі,  Кархане  –  мемлекеттік
шеберханалар мен қызметтер, армияны ұйымдастыру, Акбар  реформалары,  қызмет
адамдарына арналған жадынамалар беріледі.
      Абул – Фазл тарихшы ретінде өз замандастары  - Низам уд –  Дин  Ахмад
т.б. ықпал етті. Низам уд – Дин Ахмадтың көрнекті шығармасы «Таба – кат –  и
Акбари» («Акбардың разрядтары»). Абдул – Кадир ибн Мулук  –  Шах  Бадауни  –
көрнекті тарихшылардың бірі, өзінің «Таңдаулы тарихтарында» («Мунтахаб ат  –
таварих») Акбардың реформаларына қарсы шығады. ХҮІІ  ғ.  бірінші  жартысында
көптеген тарихи шығармалар жазылып, билеушілер Джахангир мен Шах –  Джаханға
марапаттауларға негізделеді.
      Эпистолярлық жанр негізінде прозалық шығармалар дамыды.  Аурангзебтің
қамаудағы әкесі Шах – Джахан  мен  ұлдарына  жазған  хаттары  ерекше  құнды.
Бабырнама
      Бабырдың  немересі  Бүлбадан  –  бегім  әкесіне  арнап  «Хумаюн-наме»
мемуарын жазды.  Джахангир  –  сөз  өнерінің  хас  шебері,  өнердің  бағасын
білетін жан-жақты билеуші. «Джахангир – наме» мемуары құнды тарихи дерек.
      Парсы тілінің ықпалымен хиндустани тілі, әсіресе оның  әдеби  түрі  –
урду араб графикасын қабылдап дамыды. Урду әдебиетінің маңызды  орталығы  ХҮ
ғ.  бастап  Деканның  қалалары  болды.  Мухаммад  Кули  Кутб  –   шах   және
Ваджихаурду тілді поэзияның көрнеті өкілдері. ХҮІ ғ. соңы – ХҮІІ ғ.  басында
бұл қалалар әдебиет провинцияларына айналып, Дели орталық  болды.  Сафруддин
Мухаммад Фаиз – көптеген Маснави және Газемилердің  авторы.  Оның  ықпалымен
қалыптасқан ақындар – Мир Таки Мир, Назир Акбарабади.
      ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Индияның басқа  –  бенгали,  маратхи  –  тілдерінде  бай
әдебиет қалыптасты. Бхакти идеялары ықпал  етті.  ХҮ  –  ХҮІІ  ғғ.  көрнекті
бхакти – ақындар құтқарудың жолы құдайға  сенім  идеясын  синкретизм  идеясы
үнді  –  мұсылман  мәдени  синтезінің  жарқын   көрінісі.  ХҮІ   ғ.   бхакти
поэзиясының көрнекті өкілі сикхтар гуруы Нанак ХҮ ғ. атақты  ақын  –  бхакты
Кабира ықпалымен жазған  өлеңдері  «Ади  Грантх»  қасиетті  кітабына  кірді.
Бенгалиядағы  ақын-бхакт,  діни  қайраткер  Чайтанья  маратхида  Намдев  пен
Экнатх. Хинди варианттарының бірінде Тулси Даса поэмасы  «Рамаяна»  жазылды,
әлеуметтік утопияны білдіретін  «Царство  Рамы»   -  әділеттілік  патшалығын
сипаттайды.  «Рамаяна»  поэмасының  кейіпкерлері  хинди  тілді  тұрғындардың
арасында белгілі  болды.  Поэманың  адамдардың,  соның  ішінде,  ең  төменгі
топтағылардың да Құдай алдындағы теңдігін жырлауы  қарапайым  халыққа  жақын
да түсінікті еді.
      Аградан шыққан соқыр  ақын,  батыс  хинди  тілінде  жазған  –  Сұрдас
әлеуметтік  теңдік  утопиясын  суреттеді.   Оның   «Гокуль   деревнясы»    -
адамдардың бәрі тең, әділеттілік үстем болған патриархалдық қауымдық  идеал.

      Діни синкретизм идеясы саяси ой-пікірде де  көрініс  тапты.  Жоғарыда
айтылған тарауларда Абул – Фазл Аллами шығармашылығында және  Акбардың  діни
саясатында көрінісі тапты.
      ХҮІ-ХҮІІ ғғ. үнді архитектурасында терең  із  қалдырды.  Құрылыстарда
екі жақты ықпал: жергілікті үндіс  және  ортаазиялық-ирандық  архитектуралық
стильдердің  синтезі  және  құрылыс  ішіндегі  техникалық  прогресс  жолымен
дамыды.
      Архитектуралық стильдердің синтезі әсіресе Акбар кезінде  тұрғызылған
құрылыстарға  тән.  Аградағы  бекініс  –  қамал,  Фатих  пур   –   Сикридегі
құрылыстарда  раджпут  бекіністерінің  сәулет  өнері   мен   индус,   джайна
храмдарының ықпалын білдіреді.  Фатихпур  –  Сикри  1569-1585  жж.  Акбардың
резиденциясы  болды.  Сонымен  бірге   мұсылман   кесенелеріне   тән   қатал
формалармен бірге, үнді архитектуралық дәстүріне  тән  декордың  байлығы  да
бар.
      ХҮІ ғ. екінші жартысындағы сәулет өнерінің маржаны Делидегі Хумаюннің
кесенесі. Иран сәулет өнерінің үлгісімен парктің ортасында  орналасқан.  ХҮІ
ғ. екінші жартысында фонтондар мен  су  көздеріне  бай  парктер  салу  өнері
жоғары дамыды.
      Моғолдар кезеңінің құрылысшылары  мәрмәрді  жиі  қолданған.  Акбардың
сарайлары мен қамалдары  мәрмәрдан  тұрғызылған,  шеберлер  өңдеуге  күрделі
тасты шебер өңдеп, одан шілтердей нәзік туындылар жасаған.
    Әдебиеттер:
    1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях.  Ред.кол.:
Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
    2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
    3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
    4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
    5. История Востока  В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние  века  М.,РАН-
1995
    М.,РАН-1998.
    6. История средних веков  (под ред. Сказкина) М.,88
    7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
    8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
    9. История Индии  в средние века М.,1967.
    10. Неру Дж. Откритие Индии М.,1995.
    11. Антонова К.А., Бонгард-Левин Г.М., История Индии М.1979.
    12.Касты в Индии М.,1965.
    13. Бабур З.М.  Бабур-нама. А.1996.
    14.Медведев Е.М. Очерки истории Индии до ХІІІ в. М.,1990.


    17 Дәріс. Арабтар.
    Мақсаты:
   1. Аравияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
   2. Арабтар мемлекетінің құрылуының алғы шарттары.
   3. Халифаттың мемлекеттік құрылысы.
    1. III-VI ғ.ғ. арабтардың әлеуметтік-экономикалық  дамуы,  діні,  саяси
тарихы.
    Арабия түбегі 3 млн. шаршы  шақырым  жерді  алып  жатыр.  Ежелден   бұл
территорияны  арабтар  мекендеді.    Бұл   аймақтың   әртүрлі   аудандарының
әлеуметтік-экономикалық  даму  жағдайы    біркелкі   болған   жоқ.   Табиғат
жағдайларына қарай  оның тұрғындарын  отырықшы егіншілер,  көшпелі  малшылар
деп бөлуге болады. Аз ған бөлігінде егіншілік дамыды.  Иеменнің  қару  жарақ
шығарумен, тері өңдеумен даңқы шықты.  Оңтүстік Арабияда   алтын  шығарылды.
Иеменнің ертерек дамуына   оның сауда жолында  делдалдық саудамен  айналысуы
себеп болды. Арабиядағы көшпелі малшыларды – бедуиндер деп атады.  Бедуиндер
негізінен   түйе  өсірумен,  сонымен  бірге  жылқы,   қой,   ешкі   өсірумен
шұғылданды.  VI-VII  ғасырларда   бедуин   тайпаларында   алғашқы   қауымдық
құрылыстың ыдырау процесі жүріп жатты. Тайпа ақсүйектері қора-қора  малымен,
 жайылымдарымен  ерекшеленіп  тұрды.  Бұлармен  қатар  өздерін  заңды  түрде
тәуелсіз деп есептейтін, бірақ мәжбүрлі түрде  ақсүйектерге  жұмыс  істейтін
тәуелді адамдар болды. Арабтарда маңызды мөлшерде құлдықта  таралды.  Құлдар
негізінен Африкадан әкелінген шетжерліктер болды.  Құл  еңбегі  экономикалық
құрылыстың негізі болған жоқ.
      Иемендегі құлиеленушілік  құрылыстың  дағдарысы   және  бедуиндердегі
алғашқы  қауымдық  құрылыстың  ыдырау  кезеңі   Арабияның    сыртқы   жаулап
алушылардың  обьектісіне айналу кезіне сәйкес  келді.  VI  ғасырда  Византия
мен Иран  Иемен мен Батыс Арабия арқылы өтетін  сауда  жолдары  үшін   күрес
жүргізді. 572-628 жылдары Иемен Сасанидтік Иранның сатырабына айналды.
    2. Исламның пайда болуы. Аравияның біргуі. Алғашқы қауымдық  құрылыстың
ыдырауы, тайпалық ақсүйектердің жерді, малды,  маңызды  кіріс  бөлігін  жеке
меншікке   айналдыруға   ұмтылуы   Арабияның   саяси   бірігуінің    негізгі
алғышарттарына  айналды. Бұған оңтүстік Арабия құлиеленушілік   мемлекетінің
құлауы және  сыртқы  жауларға  қарсы  тұрудың  қажеттілігі  де   әсер  етті.
Бірігудің  орталығы  егіншілікпен,  сауданың,  қолөнердің  біршама   дамыған
ауданы Хиджаз болды.  Хиджаздың Мекке, Таиф, Ясриб сияқты  қалалары  көшпелі
тайпалармен тығыз байланысты болды.  Меккенің  географиялық  орналасуы  оның
тұрғындарының  отырықшы мал шаруашылығымен айналысуына жағдай жасады.  Мекке
 тұрғындарының  көп бөлігі Курейш тайпасынан  тұрды.  Қаланы  Омейядтар  руы
басқарды. Тайпалық жіктелуді жеңіп,   біртұтас  араб  мемлекетін  құру   бір
құдайға табыну  идеологиясына келіп тірелді. Аравияның әртүрлі  аудандарында
 бір құдайға сыйынуды уағыздаушылар  пайда  бола  бастады.   Меккеде  мұндай
насихаттаушы Мұхаммед (570-632 ж.ж.) болды. Ислам діні 610 жылдар  шамасында
пайда болды. Алғашқыда ол Меккеде  кең  қолдауға  ие  болмады.   Мұхаммедтің
насихатын алғашқыда  тек отбасы мұшелері мен  бірнеше  жақын  туыстары  ғана
мойындады.   Мұхаммедтің   жақтастары   “өздерін    құдайға    тапсырғандар”
(муслимуна, мұсылмандар) деп атай бастады. 614 жылдан мұсылмандар  саны  40-
50 адамға жетіп, Мұхаммед   көпшілік  алдында  үгіт-насихат  жасай  бастады.
Мекке билеушілері  Мұхаммедтің  жақтастарын  қуғындай  бастады.  616  жылдың
аяғы мен 617 жылдың басында кураиш  руының  рулары   хашимит  руына   байкот
жариялады. Ол бойынша:  хашимиттермен сауда жасауға,  іс  жүргізуге,  некеге
тұруға тыйым салынды. Байкот 619 жылға дейін созылды. Осы  кезде  Мұхаммедті
қолдаушы Абу-Талиб, сүйікті әйелі Хадиша қайтыс болды. 620 жылдан араб  және
иудей  тайпаларының  өзара  қырқысынан   әбден  шаршаған   Иасриб  қаласында
Мұхаммедтің үгіт-насихаттары естіле  бастады.  Иасриб  қаласының  тұрғындары
Мұхаммедпен   ауызша   келісім   жасады.   Келісім   бойынша:   Иасрибтықтар
Мұхаммедтің рухани абыройын мойындап, қалада өмір  сүруіне  кепілдік  берді.
Мұсылмандардың Меккеден  Иасрибке көшуі басталды, ол 622 жылы 22  қыркүйекте
Мұхаммедтің Иасрибке келуімен аяқталды.  Мұхаммедтің  Иасрибке  келуі  ислам
тарихында төңкерісті оқиға болып, сол жыл хиджра (өз  тайпасынан  байланысты
үзіп, басқадан пана табу) деп аталды да, мұсылман жыл санауының басы болды.
    Иасрибке  келген  соң  Мұхаммед  дін  уағыздаушы   ғана   емес,   саяси
қайраткерге айналды.   Иасриб  қаласы  Мадина  (Мадинат  ан-наби  –Пайғамбар
қаласы)  деп  атала  бастады.  Жаңа  жерде  бекініп   алған   соң   Мұхаммед
меккеліктермен күрес бастады.
    Ұзаққа созылған соғыстан кейін 630 жылы Мекке қаласының  билеушісі  Абу
Суфиан Мұхаммедтің билігін мойындайды. 631 жыл ислам дінінің бүкіл  Арабияға
таралу жылы болды. Бұл жылы  Таиф қаласының  тұрғындары,  Иеменнің,  Орталық
Арабияның  және  Бахрейннің әртүрлі тайпалары  ислам дінін қабылдады.
    3. Алғашқы халифтар тұсындағы Аравия және олардың жаулап алу жорықтары.
    Мұхаммедтің  өлімінен  кейін  мемлекет  билеушілері  оның   туыстарынан
сайланып,  “халиф”  титулын  (пайғамбардың   орынбасары)   алды.   Сайланған
халифтар төртеу  болды: Абу Бакр (632-634ж.ж.),  Омар  (634-644ж.ж.),  Осман
(644-656ж.ж.), Али (656-661ж.ж.). Алғашқы  халифтар  жаулап  алу  жорықтарын
жүргізді. Араб жаулап алу жорықтарына халқаралық жағдай  да  қолайлы  болды.
Византия мен Иран арасындағы  ұзаққа  созылған  соғыс  (602-628  ж.ж.)   сол
уақыттың  екі державасының   күштерін  сарқыған  еді.   Арабтар   көп  әскер
жинап, бір уақытта Иранмен де Византиямен де соғыс бастады.
      640 жылы Палестинаны, Сирияны,  Египетті  (640-642  ж.ж.),  одан  әрі
Солтүстік Африкаға, ал 649 жылы Карфагенге  жетті.  634-651  жылдары  Иранды
түгел жаулап алды.  VII ғасыр ортасында Армения  мен  Грузияның  бір  бөлігі
арабтардың  вассалына айналды.
    VIIІ басына дейін араб жаулаушылары бағындырған  елдерінде   жергілікті
тәртіпті сақтап қалды. Жаулап алу нәтижесінде арабтар  жаңа  жерлерге  қоныс
аударды. Олардың бір  бөлігі   отырықшылыққа  көшіп,  басқалары  көшпенділер
күйнде қала  берді.   Бірқатар  жерлерде  арабтану  процесі  жүрді.   Мысалы
Иракта, Сирияда және Египет пен Солтүстік Африкада арабтану  процесі  жүріп,
олар ислам дінін, араб тілі мен жазуын  қабылдады.  Ал  Кавказға,  Иран  мен
Орта Азияға   қоныс  аударған   арабтар  жергілікті  тұрғындармен  араласып,
олардың мәдениетін қабылдады.
    VII ғасыр ортасында Халифатта азамат соғысы басталды.  Оны  Мұхаммедтің
туысқан інісі  және күйеу баласы Али басқарды.   Алидің  жақтастары  өздерін
шейіттер деп атады. VII ғасыр ортасында исламның үш ағымы қалыптасып  болды.
Олар сунидтер, шейіттер және хариджиттер.
    4. Омейядтар халифаты.  Азамат соғысында   араб  феодалдық  ақсүйектері
жеңіске жетті. 661 жылдан 750  жылға  дейін  араб  халифатын  Омейядтар  руы
басқарды. Халифаттың астанасы  Дамаск  қаласы,   Халифаттың  орталық  облысы
Сирия болды. Сирия  Азөамат  соғысы  салдарынан  үзіліп  қалған  жаулап  алу
жорықтарын жалғастыру үшін  тірек орталығы болды.   VII ғасыр соңы мен  VIIІ
ғасыр  басында  арабтар  Солтүстік  Африкада  берік  тұрақтанды.   711  жылы
Испанияға  еніп  бүкіл  территориясын  басып  алды.   Византияның   астанасы
Константинопольді бірнеше рет қоршауға  алды,  бірақ  арабтар  бұл  жерлерде
түрақтана алмады. VIIІ ғасыр басында арабтар Армения, Картли,   және  Картли
түбегі жаулап алынды.  705-715 жылдары Орта Азиядағы соғыс қимылдарынан  соң
Хорезм мен  Амудария аудандары жаулап алынды.  751  жылғы  арабтардың  Қытай
әскерімен  күресіндегі жеңісі халифаттың Орта Азиядағы ықпалын күшейтті.
      Византия мен Иранның  африкалық, азиялық  провинциялары,  Закавказье,
Орта Азия, Испания елдері  араб  жаулаушылығы  кезінде   алғашқы  феодалдану
сатысында еді. Халифатта феодалдану процесі  шапшаң  жүрді.  Жердің  жоғарғы
егесі –мемлекет болып есептелді. Халифатта жер иеленудің  бірнеше  формалары
болды. Шаруашылықта  анық дайындайлған салық жүйесі  өмір  сүрді.   Салықтың
түрлері:  Зекет  салығы  –  қолөнермен,  саудамен   және   малшаруашылығымен
айналысатын малшылар төледі; Джизья  –  мұсылман  еместерден  алынатын   жан
басы салығы; Ұшыр – мұсылмандардан алынатын жер салығы;  Харадж  –  мұсылман
еместерден алынатын жер салығы;
      Саяси құрылысында бірқатар өзгерістер жасалды.  Омейядтар мемлекеттік
қызметке тек арабтарды алды.  Барлық іс қағаздары араб  тілінде  жүргізілді.
Араб тілі Батыс Азия,  Солтүстік  Африка  және  Испанияға  дейінгі  жерлерде
халқаралық тіл ролін атқарды. Халифат өз теңгесін шығарды.  Почта  байланысы
жолға қойылды.  Халиф – барлық азаматтық  және   рухани  (діни)  билікке  ие
болып, оның билігі мұрагерлікке берілді. Өте үлкен мемлекетті  басқару  үшін
наместниктік жүйе ұйымдастырылды.
      Омейядтар Сирия мен Египеттегі  ақсүйектерге арқа сүйеді.  Ал  оларға
қарсы  оппазицияға   Алидің  ұрпақтарымен  Аббасидтер  (пайғамбардың   туысы
Аббастың ұрпақтары) және пайғамбардың  Мекке  мен  Мединадағы   сыбайластары
болды. Араб емес феодалдармен мұсылмандар да наразылық танытты.
    VIIІ ғасыр ІІ ширегінде  халифатта   көтерілістер  етек  алды.  728-737
ж.ж.  Мауренахрда  соғдылықтар,  734-743  ж.ж.   Магрибте   берберлер   және
Испанияда, 740 жылы Куфте шейттер,  744-747  ж.ж.  Қосөзенде,  Батыс  Иранда
және Оңтүстік Аравияда хариджиттер көтеріліске шықты.
    747 жылы Аббасид имамы  Ибраһим ибн Мухаммад көтеріліс ұйымдастыру үшін
өзінің құлы Абу Муслимді жібереді. Ол  Мервке  келіп  өзін   7  пайғамбардың
бірімін  деп  уағыздай  бастады.   Бұндай  ұран  Омейядтарға  қарсы   барлық
топтарды   шейіттерді,   хариджиттерді   біріктірді.   Көтеріліс   негізінен
Хорасанды қамтып, көтерілісшілер ірі қалаларды бағындырды. 749 жылы  Аббасид
 Абу-аль-Аббас-ас Сафах халиф болып жарияланды.  Аббасидтер  билікке  келген
соң  көтерілісшілер  Абу  Муслимнің  ұрандарының  барлығы  тек  билік   үшін
жасалғандығын түсінді. Елде жаппай қырып-жою басталды.
    5.  Аббасидтер  халифаты.   Аббасидтер   халифы   билікке    иран   жер
имеленушілерінің көмегімен келгендіктен  оларды  маңызды  мемлекеттік  билік
орындарына қойды. Аббасидтердің астанасы – Бағдат  қаласы  болды  (762  жылы
салынған).  Аббасидтердің  Омеядтардан  ерекшелігі   жаулаушылық  соғыстарын
жүргізбеді.  Халифаттың  құрамынан  Испания,  Магрибтың  бірқатар  аудандары
шығып кетті. Византиямен үзілмес соғыс жүргізді. Феодаллдық қатынастар  одан
әрі дамыды. Жер – мемлекет  меншігі  болды.   Мемлекеттік  жер  иелену   ірі
суғару жүйелері бар Ирак пен Египетте  кең қолданылды.   Икталық  жер  бұрын
мемлекетке салық төлеп тұрған жағ,дайда берілсе, енді әскери және  азаматтық
қызмет көрсететіндерге берілді. IX ғасырдан  феодалдық  жер  иеленудің  жаңа
түрі  - вакфтық жер иелену қалыптасты. Бұл жерлерді   мемлекет  немесе  жеке
меншік иелері  әртүрлі мұсылман ұйымдарына, мешіттереге,  мектептерге,  жеке
діни тұлғаларға сыйға тартты.
      Халиф әскерлері бірнеше категориядан тұрды: араб тайпаларының жасағы,
 жалдамалылар және  гулямдар.  Гулямдар  жасөспірім  кезінен  арнайы  әскери
тәрбиеленетін, түрік, словян, африкалық құлдардан тұратын халифтың  берілген
малайлары.  Бірақ  гулямдар  аз  уақыт  ішінде   үлкен  күшке  айналып,   өз
еріктерін халифке жеткізетін дәрежеге жетті.
      Аббасидтер билікке халық көтерілісінің нәтижесінде келген еді.  Бірақ
бұлардың  халық  мүддесін  ойламауы  елде  наразылыққа  әкелді.   751   жылы
Бұхарада, 755 жылы Нишапур мен  Рейде,  776-778  ж.ж.  Мауренахрда,  778-779
ж.ж. Гурганда көтерілістер болды.  Ең  ірі  көтеріліс  Азербайжандағы  Бабек
көтерілісі.
      IX ғасырдың басынан Аббасидтер халифаты  жеке-жеке эмираттарға бөліне
бастады. Себебі: халықтардың жеке облыстардың экономикалық дамуы,  этникалық
құрамы,  мәдениеті,  тілі,  діні  әртүрлі  болды.  Мемлекеттік  жер   иелену
есебінен ірі жер иеленушілердің күшейуі, бағынышты халықтардың   тәуелсіздік
күресінің      өсуі     араб     халифатының     құлауына     әсер     етті.



    18 Дәріс. Арабтар.
    Мақсаты:
    Жоспары
   1. Халифаттың ыдырауы.Гулямдер және олардың халифаттың  саяси  өміріндегі
      орны
   2. Фатимилер.
   3. Маллюктер.
    Алғашқы төрт тақуа халифтарының   тұсындағы   Араб  жаулап  алушылықтар
Аравияны  толық  жаулап  алғанға   дейін   Мекке-Медина   қауымының   қарулы
күштері   мен   оларға   қосылған   бедуин   тайпалары    көрші   өркениетті
елдерге   бас  ып   кіре   бастады.    Нәтижесінде    ҮІІ-ҮІІІ    ғасырларда
Азияның,  Африканың  және  Еуропаның  ұлан-байтақ   территорияларында   араб
үстемдігін  орнатқан  араб   жаулап   алу   соғыстары   бірнеше  кезеңдерден
тұрды.  Бірінші  кезең  алғашқы  үш “әділ  халифтардың- Абу   Бәкр  (632-634
жж.)  және  Осман  (644-656жж.)   билігі  тұсында  өтті.
         633  жылы  күзде  немесе  634  жылы  көктемде,  әрқайсысында  7500
жауынгерден  тұратын  үш  араб  әскері,   Сирияға   басып    кірді.   Медина
хали фатына  аравиялық  тайпаларды  бағындыру  арқылы  бұл   әскердің   күші
толықты.  Византиялық  қарулы   күшпен,   алғашқы   қақтығыс  өлі   теңізден
оңтүстіктегі  Вади – л  –  Арабта   және  Газды   ауданында   өтті.  Бірнеше
бекеттер орналасқан  және  жергілікті   тұрғындардан   асығыс   жасақталған,
әлсіз  византиялық  гарнизондар  өз  дәрежесінде  қарсылық  көрсете  алмады.
634  жылы  жазда  арабтар  Бусраны  алып,  Аджнандин (Аджадейн)   және  Фихм
түбінде   византиялық   әскерге  соққы    берді.   Бекініс    қамалдарындағы
палестина   және   сирия   тұрғындары   тойтарыс   беретін    және    шабуыл
жасайтын   техниакалары   араб    отрядтарында    қарсы    қорғанысқа    өте
зауықсыз   қатысты.   Олар   арабтардың   әскер    басшыларымен    келісімге
келуді  артық  көріп,   “өмірін,  мүлкін,   балаларын   сақтау   және   басы
салығын  төлеу  шар тымен”  арабтарға   бекініс   пунктерін  өткізіп  берді.
Византия  әскерлері   өздерінің   соғысу    қабілеті    жағынан    арабтарға
жетпеді,   олармен   шайқаста   үнемі   жеңіліс   тауып,   үлкен   қалаларға
жасырынып  қалатын.  635  жылы  ақпанда  Мардж   ас  –  Суффара    түбіндегі
шайқастың   нақты   барысы   қиял   туындысы   болмағанда,    виза   нтиялық
әскердің  қайсарлығын  мойындауға   болар   еді.   Белазуридің   хабарлауына
қарағанда  византиялықтардың  “қырғын   күреске   кіргені   соншалық,   суға
аққан  қанмен  диірмен  қозғалысқа  келтірілген”.
         Арабтардың  Хирамен  шекаралас  оңтүстік Иракқа  басып  кіруі  ал-
йемамдағы   соғысқа  дейін  басталып,  шапқыншылық   сипат  алған.  Йемамдық
  халифтердің    қарсылығын    басқаннан    кейін,    қолбасшылығында    500
мединалық  пен  меккелік  қалған  Халиф  ибн  ал  –  Валид   бекр  ибн  вайл
тайпасын  өз  жағына  тартып  солардың  көмегін Хираны  алады.
        Бек  ибн  вайл  Орталық  Аравияда  ал –  Иемамнан   Парсы   жақтағы
жерге  көшіп  қонған  көп  санды,   әрі   құдіретті   тайпа   болатын.   Бұл
тайпаның  көп  бөлігін  несториандық  дінге  сенуші  христиандар   құрайтын.
Сондықтан  ислам   діні  жаулап   алу  жорықтарына   үндейтін   себеп   бола
алмайтын.  Бірақ,  бұл   тайпа  ларда    ислам   пайда   болғанға   дейін-ақ
олжа  табу  мақсатымен    Оңтүстік  Иракқа   басып   кіру   арқылы   жинаған
тәжірибесі   бар   болатын.    610    жылы    осындай    отрядтар    Зу-Каре
түбіндегі  иран   әскерімен   шайқаста   оларды   жеңе    алды.   634   жылы
наурызда  500-800  салт  атты   әскері  бар   Хамид   бұйрық   бойынша   шөл
арқылы   Мединадан   Даманскіге    жіберілді.     Араб    отрядтары    Даман
маңындағы бау-бақшалы  аудан  Гутуды   алды   және   мұндай   бекіністі   не
тәжірибелері,  не  құралдары  жоқ  болғандықтан  қалай  аларларын   білмеді.
  635   жылы   қыркүйекте   алты   ай   қоршаудан   кейін   комендант   және
жергілікті   эпископ   қала   халқының   қысымымен   Даманскіні    арабтарға
берді.  Қоршағандардан,  қосатынынан  қала  қабырғаларына   шығатын   бірде-
бір  саты   табылмады,  ал   бекініс   қақпалары   ішінен   тастармен   және
бөренелермен   бітеліп   тасталған   еді.   Жеңімпаздарға    Гутудағы    бір
монастрдан  саты  алуға  келді.
         Арабтардың   басып    кіруі   ірі   жаулаушылыққа   айналып   бара
жатқанын  түсінген   Византия   әскери   қолбасшылығы   мператор   Ираклидің
басшылығымен  Солтүстік  Сирияға   көп   әскер   шоғырландырды.   Гректермен
(румдық)  бірге  оның  құрамына  ал  –  Джериа    мен   Армения   тұрғындары
мен  сириялықтардың  отряд тары  енді.  Византия   әскерінің    саны,   араб
тарихшыларының    асыра   санауымен   200   мыңға   жеткен    дейді.    Араб
отрядтары  жауынгерлерінің  саны  мәліметтер   бойынша   24   мыңнан   асқан
жоқ.  Византиялықтардың  жақындауына   байланысты   арабтар   Даманск   және
тағы басқада  қалаларды  тастап,   Иорданның   шығыс   тармағындағы   Йармук
ауданына  шегінді.  636  жылы   20  тамызда   осы   жердегі   ірі   шайқаста
византиялықтар  қирай  жеңіліп,  70  мың  жауынгерлерінен   айырылған.
          Визатиялықтардың   соғысу   қабілетінің   нашарлауына,   шайқасқа
дейін – ақ  өзара   қақтығысып   қалған   грек   және   армия   бөлімдерінің
алауыздығы  кері  әсер  етуі  Гассанид  патшасы  Джебел   ибн   ал  –  Айхан
бастаған   сириялық   арабтар   шайқас   кезінде   арабтар   жағына    шығып
кетті. Йармукта  византиялықтарды  толық   талқандағаннан   кейін    арабтар
Сирияның  толық  билеушісіне  айналды.  Аңыз   бойынша   император   Ираклий
бұл  елді  мүлдем  тастай  отырып,  шекарадағы  бір   шатқалды:  “Қош   бол,
Сирия !” – деген  екен.
          Арабтар   Даманскіні   қайта  алып,   содан   кейін     Солтүстік
Сирияны  бағындырды.  638  жылы – жыл  қоршаудан   кейін  –  Иерусалим,  640
жылы  7 жыл  қоршаудан  соң – Кайсария  берілді.  Мұндай   ұзаққа   созылған
қоршау   арабтардың    әскери  –  техникалық   мүгедектігінен   емес,    осы
портты  қалалардың  гарнизон  дарының   теңіз   арқылы  үнемі   көмек   алып
тұруымен  түсіндірілді.   Арабтардың    визатиялықтардың    теңіз   флотымен
күрестен  еш  құралы  ол  кезде жоқ  болатын.
         Иракта   Хираны   алғаннан   кейін   арабтар   сасанид   әскерімен
шайқаста   бірнеше   рет   жеңіліп,   бұл   қала   мен   оның   облыстарынан
кетуге  мәжбүр  болды.  Бедуиндерге  күшті   әсер   қалдырған,   олар   үшін
қорқынышты  жануар  болып  көр інген   иран   әскери  пілдері  еді.   Бірақ,
  635   жылдың   аяғында   Бувейте   түбінде,   Евфратта   Иран   әскерлерін
әкеліп,  жеңілген  арабтар  қайтадан   Хираны   алды,   ал   637   жылы   31
мамыр  немесе 1 маусымда  Кадисия   түбінде   кейін,   осы   ірі   шайқастан
соң  арабтар  Сасанидтер  астанасы  Ктесифонға  кірді, ол   қала   арабтарда
Мадаин  деген   атпен   белгілі   Шахиншах   ІІІ  –  Йездигерд   пен   сарай
маңындағылар  қашып,  кетеннен  кейін   қала   тұрғындары   арабтарға   қала
қақпасын  ашты.
         Арабтар   әскер    басшыларымен    Иран   әскери   қолбасшылығымен
жасасқан  бейбіт  келісімі  көп  ұзамай  арабтар  тарапымен  бұзылды.    Сол
 кезде  солтүстікке  қарай  жылжыған  араб  әскерлері   641   жылы   Мосулды
алып,  Хамадағы  Нехаведен  түбінде  ирандықтарға  күшті   тойтарыс   берді.
644-645    жылдары    Араб    әскерлері    Белуджистан    арқылы    Индияның
шекарасына  енді.  649  жылы   Истахрды  (ежелгі   Персополь)   алды.   Мерв
түбінде  ІІІ – Йездигердтің  өлген  651  жылы,  арабтардың   Иранды   жаулап
алуының  аяқталған  күні  деп   есептелді.    Осы   жылы   олар   Амударияға
дейін  жетті.   Бұдан   сәл   ертерек   Сирияны   жаулап   алғаннан   кейін,
арабтар  640  жылы  Арменияға  басып  кіріп,  оның  астанасы  Двин   қаласын
 алды.  654  жылы  олар  Тбилисиге  дейін  барды.
         Африкаға  жорығын  арабтар, араб  қарулы  күштер  Сирияда  жеңіске
  жет кеннен   кейін   барып   бастады.   Араб   отряды   Египетке   алғашқы
жорығы  ибн  ал – Асанның   қолбасшылығымен  аз  ғана  әскермен   639   жылы
желтоқсанда  бастады.  Ескі  пайым  бойынша,  өзінің     Сирия   әскеріндегі
 бағыныштылық  жағ дайына  риза  болмағандықтан   Ніл   жазығына   өздігінен
жорық   бастаған   бұл   қолбасшының   әрекеті   мүлдем    мүмкіндігі    жоқ
ретінде  алынып  тасталуы  керек  еді.  Іс   жүзінде  бұл  жорық   Египеттен
 Хиджазға  астық, тағыда басқада  азық  –  түлік   жеткізу   үшін   жасалған
болатын.  Мекеннің  тұтыну  сұранысы,  әсіресе  Аравия  біріккеннен   кейін,
 қажыға  барушы  мұсылмандардың  санының  көбеюіне  байланысты  өсе  түсті.
         640  жылы  қаңтарда  Амрдың  әскері   Фарамды   алды,   одан   соң
Нілді  басып  өтіп,   Файымға   жорық   жасады.    Маусым   айында   арабтар
қосымша  күш   алған  нан   кейін,  Гелиопольде    византиялықтарға    соққы
берді.  640  жылы  қыркүйекте  олар  Вавилонды  қоршады,  бұл  бекініс   641
 жылы  сәуірде  берілді.  Осыдан  кейін  Ніл  арқылы  төмен  жылжи   отырып,
 Александрияны  қоршауға  көшті.  641  жылы  қарашада  жергілікті   патриарх
 Кир (ал – Мухавкис)   Амрмен   осы   бекіністі   беру   жөнінде   келісімге
отырды. Келісім  бойынша  он  бір айлық  уақытша   бітімнен   кейін   Египет
астанасы  арабтардың  қолына  өтті,  ал   бұл  уақыт   ішінде   осы   қалада
тұратын  бай   және   ақсүйек   гректер   қоныс   аударды:  642   жылы   қыр
күйекте    гректерді    көшіру    аяқталғаннан    кейін,    араб     әскері,
Александрияға   кірді.   Осы  уақытқа   дейін   араб    отрядтары    Жоғарғы
Египетке   ішкерлей    енген    болатын.    645    жылы    Византия    флоты
Александрия  аймағына  басып  кіріп,  десант  түсіріп,   қаладан   арабтарды
шегіндірді.   Арабтар   қаланы   екінші   рет   қоршап   646   жылы    жазда
шабуылмен  алды.
        Араб  әскерлері  Египеттен   онымен   көрші   Ливияға   шапқыншылық
жасауды    ұйғарды.     Жергілікті     бербер      тайпаларынан     қарсылық
кездестірмеген  және  Визан тия  гарнизонына  соққы   берген   арабтар   642
жылы  күзде  Барка  қаласын  алып,  Киреналка   облысын    бағындырды.   Осы
облыстан  шығып,  Феззанның  оңтүс тігіне   дейін   және    батыста   Трипаш
қаласына  дейін  еніп,  оны  643   жылы   алды.   647   жылы   араб   әскері
Египеттің   наместнигі  Абдаллах  ибн  Садтың  қолбасшы  лығымен   Ифрикияға
басып   кірді   және     Византиялықтарды    Сбейтла    қамалының    түбінде
талқандады.
   644.  жылы   Иран   құлының   қолынан  Омар   қайтыс   болғаннан   кейін,
        Омейядтар   руына   жататын   Осман   ибн  –  ал   Аффан    халифтік
        қызметке  келді.  Осман  ислам  пайда  болғанға  дейін,  өзінің  жас
         кезінде  тиімді     өсімқорлық   операцияларымен   айналысып,   бай
        адамдардың  біріне  айналған  болатын.
        Меккеліктердің  арасында  ал  байлықты,   асыл   тұқымды   жылқыны,
жас   құл   қыздары   жақсы   көруші   ретінде   белгілі   болатын.    Осман
Мұхаммедтің   ең   жас   ізбасарларының    бірі    болды.    Аңыз    бойынша
пайғамбардың   қыздарының   біріне   үйленеді,   ол   жас   қайтыс   болуына
байланысты,  басқа  қызын  алады.  Сондықтан  Осман   мұсылмандардың   кезде
“Алланың  елшісінің  екі  қайтар  күйеу  баласы”  деген  атақ  алған.
         Осман  халиф   билігі   тұсында  (644-656  жж.)   оның   туыстары,
Меккелік   құл  иеленушілік   ру   ақсүйектерінің   өкілдері   бағындырылған
елдерде  мемлекеттік  билікті  және  жер  иеліктерін  жаулап  ала   бастады.
648  ж.  Арабтар   Кипр  аралын  басып  алды.  653 ж.  Кипрліктер   Византия
 жағына  шығып  кетіп,   Араб   гарнизонын   талқандады.   Файника   маңында
болған  шайқаста  араб   флоты   византиялық   флотты    талқандап,   Кипрді
халифатқа  қайтарып  алды.
        651 ж.  Арабтар  Иранды  жаулап  алуды   аяқтады.   Шахиншах   ІІІ–
Йездигерд  мады   жаққа  қашып  барып,   сонда   бір  диірменшінің   қолынан
қаза  табады.  Сасандар  империясы  өмір  сүруін  тоқтатты. Сол  жылы   Араб
 әскері  Әзірбайжан  жақтан   Арменияға   басып   кірді.   653  ж.   Арабтар
византиялықтарды  Тайк  облысында  жеңіп,  Арменияны   алиарабтың   құрамына
қосып  алды.  653-655 жж.  Халифат  Грузияны   бағындырды.   Сонымен   бүкіл
Закавказье  араб  халифатының  қол  астына  көшті.
        Мұсылман  қазынасының   ашықтан  –  ашық   тоналуы,   оған   түскен
қаржы  мұсылмандарға  тиесілі   және   олардың   арасында   теңдей   бөлінуі
керек   деп   санайтын,   аз   санды   пайғамбар    “серіктері”    тарапынан
наразылық  туғызды.
         Осман   халифтың   өзі   өз   отбасының   мүддесіне    мемлекеттік
қаржыны  қалай  болса  солай   пайдалану   арқылы   теріс   үлгі   көрсетті.
Мысалы,  оның  қызы  Абдаллах  ибн  Хамидқа  тұрмысқа   шыққанда,   ол   жас
жұбайларға  басыр  бейт  ал – малынан   600   мың   дирхем   беруге   бұйрық
шығарды.  Абдаллах  ибн  Абу   Сарх   Ифрикиядан   үш   мың   қаптар   алтын
жібергенде,  Осман  ал – Хасам  отбасына  беруді  бұйрық  етті.
         Османға  қарсы  Куфадан,  Басрдан,  Египеттен   Мединаға   қажылық
түрімен   келген   мұсылман   өкілдері   күшті   наразылық   көрсетті.   Осы
қаланың  тұрғындары  ашық   көтеріліске   шықты.   Көтерілісшілер   халифтың
үйін  қоршап  алып,  өзін  өлтірді. Енді  Мұхаммедтің  күйеу   баласы,   әрі
ағайын  бауыры,  Әли    (656  –  661жж.)   халиф   боды.   Көтерілісшілердің
қолдауымен   билікке   келген   Әли   халиф   Османның    байыған    ықпалды
“серіктері”  мен  туыстарының  тарапынан  қарсылыққа  кездесті.
         Арабияда  күрес  үшін  жеткілікті  күш  құрал  таба  алмаған  Әли,
 Ирактан  сенімді  әскери  және  әлеуметтік  тірек   табам   деген   үмітпен
өзінің   резиденциясын   Куфаға   ауыстырды.   657жылы   ал  –   Джазирадағы
Сиффин  маңында,   Ефраттың   оң   жағасында   Муавияның   сириялық   әскері
арасында  ірі  шайқас  өтті.  Бұл  шайқаста   екі   жақта   нақты   нәтижеге
жеткен  жоқ.
          Әли  661  жылы  Куфа   мешітіне   кірер   есікте   хариджиттердің
пышақ   жұмсауынан   алған    жарадан    қайтыс    болды.     Хариджиттердің
үкімімен  өлімге  кесілген  Муавия  мен  Амыр  ибн   ал  –  Асаға   жасалған
қастандық  сәтсіз  аяқталды.  Төртінші  тақуа  халиф  Әли  ибн   Абу   Талиф
Неджефте   жерленді.    Оның   өлімінен    кейін    Мұхаммед    пайғамбардың
көрегіндікпен  айтқан  сөзі  дәл  келді.  Ол:   мен   өлген   соң   30   жыл
өткенде  Халифаттың  орнына   патшалық   келді.   Халифты   силау   әулеттік
принциппен   ауыстырылады   деген   еді.   Шынында   да   билікке   Омейялық
Муавия  ибн  Ауб  Суфьян (661 – 680  жж.)   келді   де   750   жылға   дейін
оның  үрім  бұтағы  биледі.
           Осылайша,  арабтар  20  жыл  көлемінде   Византия   империясының
құрамына  кіретін  Азияны,  Африкадағы  кең – байтақ   территорияны   жаулап
алды  және  Иран  патшалығын  түгелдей  бағындырып,   құдіретті   державаның
саяси  тәуелсіздігіне  нүкте  қойды.  Араб  жаулап  алушылығының  тез,   әрі
 жеңіл  жүзеге  асуының  себептерін  араб   тарихымен   айналысатын   немесе
өз   еңбектерінде   осы   оқиғаға   жолай   тоқтаған   Еуропа    тарихшылары
анықтауымен  шұғылданды.
         Арабтардың  жеңіске  жетуінің  негізгі  себептерін   Византия  мен
Сасанидтік   Иранның    экономикалық    әлсіреуімен,    ең    бастысы    осы
мемлекеттердегі   әлеуметтік   қайшылықтардың   шиеленісуімен    түсіндіруге
болады.
         Елдер мен  облыстардағы  еңбекші   халықты   езгі  мен    қанаудың
күшейе   түскен   жағдайында,   қарапайым   халық   осында    келген    араб
жаулап  алушыларына  өз  билеушілерінің ауыр  езгісінен  құтқарушы   ретінде
 қарауға  бейім  тұрды.   Оның   үстіне   арабтар    өздерінің   үстемдігіне
бағынған  жағдайда   өмір  сүрудің  әлде  қайда төзімді  шарттарын   ұсынды.
 Соның   нәтижесінде   арабтар   жаулап   алған   елдердің   халқының   көбі
оларға  қарсылық  көрсетпек  түгілі,  бірден  олармен  одақтасуға   тырысты:
(мысалы  ерте орта  ғасырлар).
         Арабтардың  әскери жетістігінің  себептерін  түсіндірудегі   ескі,
аты   шулы   жаулап   алушыларды    тырп    еткізбеген    діни    фантизмнің
нәтижесі   деген   тұжырым   қазір   іске   асқысыз   болып   қалды.    Араб
әскерлерінің   негізгі   бөлігін    құрған    бедуиндердің    жаңа    ілімді
білмегені   және   біле   алмағаны   белгілі.   Өйткені,   мұсылман     діни
әдебиетінің  алғашқы  шығармасы  –  Құранды   құрастыру   арабтарды   жаулап
алу  жорықтарының    бірінші     кезеңі     аяқталған   кезде,   яғни    ҮІІ
ғасырдың  ортасында  болатын


    19 Дәріс. Араб мәдениеті.
   1. мәдениеттің даму ерекшкліктері.
   2. білім, Ғылымның дамуы.
   3. Тарих, география, медицина.
   4. Араб мәдеиетінің дүние жүзілік мәдениетте алатын орны.
    Араб ренесансы Араб мәдениеті – Таяу және Орта  Шығыстың,  Солт  Африка
мен Оңт.-Бат.  Европада  орта  ғасырларда  арабтар  мен  басқа  да  халықтар
жасаған  есебінде  ғылымда  қолданылатын  термин.  Бұл  мәдениеттің  сырттай
негізгі белгісі – Араб тілі. А. мәдениеті  деп  тарихи  дамудың  өн  бойында
араб халқы ғана жасаған мәдениетті де айтады. А. мәдениеті алғаш Бат.,  Орт.
Және Солт. Арабияда туды. Мұның алдында сабей тілінде сөлейтін  Оңт.  Арабия
халқының көне мәдениеті болған,  ол  өзіндік  жазу  түрін  шығарған.  Сирия,
Ливан, ПалестинаИрактағы арамей халықтарының мәдениеті сияқты  бұл  мәдениет
те жаңа туып келе жатқан  Арабмәдениетінде  елеулі  әсерін  тигізеді.  4  ғ.
шамасында Арабтарда жазу шықты; ол арамей жазуының  дамытылған  түрі  сияқты
еді. 7 ғ-да  Арабтың  тоекратиялық  мемлекеті  құрылды.  8  ғ-дың  ортасында
жаулау нәтижесінде Арабия ұлан байтақ феод. империяға –  Халифатқа  айналды.
Оның  құрамында  Арабтық  Шығ.,  Солт.  Африка,  Иран,  Ауғанстан,   Пириней
түбегінің  басым  көпшілігі,  Закавказье  мен  Солт.-Бат.  Үндістан   кірді.
Халифаттағы  қатынас  құралы  араб  тілі  болды.  Халифаттың  қол  астындағы
халықтардың мәдениетің бойына сіңіріп,  көне  грек,  эллин  –  рим,  арамей,
иран, үнді мәдениетінің зор жетістіктеріне сүйене  отырып,  арабтар  Халифат
құрамындағы  өзге  халықтармен  игілікті   қарым-қатынастар   жасау   арқылы
мейлінше дамыған  мәдениет  жасады.  Бұл  мәдениет  басқа  халықтарға,  атап
айтқанда  Бат.  Европа  халықтарына  игі  әсерін  тигізді  және  дүние  жүз.
мәдениетке орасан зор үлес боп қосылды. А. мәдениетінің қалыптасып  дамуында
сириялықтар, парсылар,  Орта  Азия  мен  Кавказ  халықтары  үлекен  дәуірлеп
гүлденген шағы 8 – 11 ғ. болды.
     Феод. Халифаттағы өндірістің даму қарқыны табиғат  ғылымдары  мен  дәл
ғылымдардың даумына талап етті. Көне грек, эллин ғалымдарының,  оның  ішінде
Эвклит Птоломей еңбектері  үнді  математиктерінің  еңбектерімен  қатар  араб
тіліне аударылды; олардың жетістігі жер  өлшеу,  теңізде  жүзу,  жердіқолдан
сүрау ісіне тығыз байланысты дамыған араб  геометриясы  мен  астрономиясының
негізіне алынды. Астрономияның  одан  әрі  дамуна  араб  ғалымдарының  жақсы
жабдықталған  обсерваторияларда  жүргізген  бақылау   жұмыстары   зор   роль
атқарды. Бақылаулардың дені  астрологияға  байланысты  болды.  827  ж.  араб
ғалымдары меридиан шеңберін өлшеп, жердің көлемін аңықтады. Негізін  үндіден
алып, арабтар санаудың ондық  жүйесін,  оның  сәйкесті  цифрлары  мен  нөлді
пайдалану жолын тауып, математиканың дамуына жол ашты. Арабтар  (әл-Баттани,
858 – 929) тригонометриялық функцияны енгізді. 1-  және  2-дәрежелі  алгебр.
теңдікті шығарудың бірнеше жолын тапты. Бұл салада Хиуалық әл-Хорезми  (9ғ.)
зерттеулерінің айрықша мәні болды. Әдетте  жан-жақты  энциклопедиялық  білім
иесі болған араб оқымыстылары негізінен  теориялық  медицинамен,  дәрігерлік
тәжірибе жұмыстарымен көп  шұғылданды.  Галленнің,  Гипократтың  еңбектеріне
негізделген мед. ғылымына арабтар елеулі үлес қосты.  Офтальмология  айрықша
дамуды;  көздің  құрлысы  жөнідегі  арабтардың  түсінігі  қазіргі  замандағы
ұғымға жақын келді. Геом. оптиканың жетістіктері офтальмологияға  байланысты
туды. Бұл салада Хайсамның  (965  –  1035)  еңбегі  аса  маңызды  еді.  Мед.
Білімнің жиынтығы ар-Рази (864 – 925) еңбегінде  берілді.  Медицинаның  және
оған байланысты фармакологияның мұқтаждығы химияның дамуына  жағдай  жасады.
Сода. Селитра. Т.б. хим. Заттар  өндіру  саласы  табысқа  жетті.алхимия  кең
тарды. Кристалдандыру, сүзу, қатты денені буға, буды қатты денеге  айналдыру
тәсілдері де арабтан шықса керек. Жабир ибн-һайям (Гербер, 712 –  815)  араб
алхимиясының  атасы  атанды.  Шығыста  туған  компос,  қағаз,  оқ-дәрі  т.б.
арабтар арқылы Европаға тарады. Дәл  ғылымдар  мен  табиғат  ғылымдары  Орта
Азияның ұлы  ғалымдары  Әбу  Әли  ибн  Сина   мен  Бирунидің   араб  тілінде
жазылған еңбектерінде одан әрі дамытылды.
          Саудаға,  алым-салыққа  байланысты  дамыған   шолу   сипатындағын
географиямен  қатар  Птоломей  еңбектеріне   негізделген   ғылми   география
өркендеді. Бұл салада парсы Ибн Хордадбех (820 –  912  ж.ш.),  арабтар   әл-
Маъсуди (10ғ.), әл-Муқаддаси (10ғ.) еңбектерінің даңқы  шықты.  Гуманитарлық
ғылымдар әлеуметтік қайшылықтар мен  тап  күресін  едәуір  жақсы  бейнеледі.
Халифаттағы үстем идеология  –  ислам  діні   (суннизм)  теология  ғылымының
идеологиялық  негізі  болып  қана  қойған  жоқ,  сондай-ақ   тарих,   филос.
ғылымдарының да ірге  тасын  қалады.  Араб  тарихнамасы  Мұхаммед  пен  оның
әріптестерінің өмірі жайындағы  аңыздардан  туып  дамыды  да,  құбылыстардың
себеп-салдары  туралы  мәселеге  терең  үңілмеді,  оларды   алла   тағаланың
құдіретінен деп түсіндірді. Аздаған ғана тарихшылар (Белазури,  892  ж.  ө.)
экономикалық-әлеуметтік  құбылыстарға  назар  аударды.  10   ғ-дың   басында
Табаридің (923 ж. ө.) «Пайғамбарлар  мен  патшалар  тарихы»  жазылып  бітті.
Кейініректе ол араб мұсылмандардың жалпы  тарихының  жасалуына  үлгі  болды.
Араб философиясы алланың өзі мен оның  жазмышы  жайындағы  мұсылмандық  діни
айтыстар  төңірегінде  туды.  Исслам  өкілдері  (Мутакаллимшілер)  7–8  ғ-да
шектен шыққан идеолизм позиция  сында  тұрды.  Жаңашыл  раббылнамашылар  мен
еркін ойлы ақыл иелері консерваторларға қарсы алғаш рет ежелгі  грек,  эллин
философиясының  кейбір  қағидаларын  пайдаланды.  9   ғ-да   неоплатонизмге,
Аристотель мен Платонның іліміне негізделген  дүниелік  философияға  қарама-
қарсы  раббылнамалық-филос.  жүйе-кәләм  шықты.   Аристотелизмнің   арабтағы
жақтаушылары  араб  философиясындағы  прогресшіл  бағыттың  өкілдері  болды.
Олардың ішінде Отырарда туып өскен, Шығыста екінші  Аристотель  атанған  Әбу
Наср әл-Фараби мен араб философы  әл-Кинди  бар.  Раббылнаманың  философияға
қарсы ұзақ күресі исламға суфизмнің едәуір элементтерін  енгізген  әл-Ғазали
еңбегінде айқын көрінеді.
    Арабта екі түрлі мәдениет болды: феодалдар, бай саудагерлер, дін иелері
жасаған  мәдениет  пен  халық  бұқарасы  жасаған  мәдениет.  Еңбек  шілердің
антифеодалдық күресі әртүрлі мұсылман  секталарының  ілімінде  бой  көрсетіп
отырды. Кейбір прогресшіл ақындар философтар, секталармен байланысты  болды.
әдебиетте исламға дейінгі 6-7 ғ-дағы поэзия  дәстүрі  басым  еді;  оны  араб
филосовтары 9-10 ғ-да жазып алып жинастырған.  Олардың  ең  әйгілісі  -  Әбу
Таммам құрастырған «хамаса» (9 ғ) мен Әбу-л-Фараж  Исфаһани  жинаған  «Китап
әл-Ағани» (10 ғ.). Омейя әулеті мен Аббас әулетінен болған алғашқы  халифтар
тұсындағы сарай поэзиясы дүниелік тіршілікті  жырлау  сипатында  болды.Тіпті
құдайға, мұсылмандық моральға тіл тигізуге дейін  барды  (Әбу  Нуас,  Әбу-л-
Атахия т.б.). араб поэзиясы Мутанабби (10  ғ.)  творчествосында  биік  шынға
көтерілді. Әбу-л-Аъла әл-Матърри  (11  ғ.)  феодалдық  езгіге,  теңсіздікке,
діни нанымдарға қарсы жалынды  күрескер  еді.  Арабтың  «шаттыққа  тол  азат
ойдын» лебі ескен әдеби творчествосы Европаның Қайта  өркендеу  дәуірі  үшін
зор маңыз алды деп Ф. Энгельс. Араб халифатындағы архитектура мен  өнер  көп
халықтың тәжірибесін бойына сіңіре отырып, өзіндік үлкен  ерекшеліктерге  ие
болды. Архитектура дәуірлеп, үйдің жаңа үлгілерін туғызды: мешіт,  медрессе,
минареттер салынды, көбі бай ою-өрнектермен әшекейленді.  Тұрмыс  юұйымдарын
әшекейлеу, сәндеу өнерінің тамаша үлгілері жасалды.  Жануарлар  мен  адамның
суретін бейнелеуге ислам діні жол бермеді. Халифат дәуірінен  бүгінге  дейін
сақталып қалған – мешіттер мен сарай архитектурасы. Михраб, минарет,  күмбез
сияқты мешіт құрлысының әсем бөліктері 7 ғ-дың 2-ші жартысында пайда  болды.
Халифат  дәуірі  архитектурасының  үздік  ескерткіштері:   Меккедегі   Қағба
ғибадатханасы (қазргі түрі 705 жылғысындай), Иерусалимдегі 692  ж.  салынған
әл-Ақса мешіті (1969 ж. Израиль сионистері  өртеген)  мен  688  ж.  салынған
күмбезді Қубат ас-Сахра Омейя әулетінің Дамаскідегі  сәнді  мозайкалы  Бани-
Омейя мешіті (8 ғ.), Самарр мен  оның  төнірегіндегі  мешіттермен  сарайлар,
Мшатт  пен  Қаср  әл-Хайрдегі  бекіністі   әскери   лагерьлер,   тұрмыс-салт
тақырыбын бейнелейтін әшекей өрнектері бар  Кусейр-Амар  қамалы,  Бағдадтағы
құрылсытар. Араб өнерінің Азиядан тыс жердегі орталығы Египет  болды.  Мұнда
сәулет өнері (ибн Тулун мешіті. 9 ғ.,  күмбезді  мавзолейлер  т.б.),  тұрмыс
бұйымдарын әшекейлеу және сән өнері мықтап дамыды.  Батыста  (Тунис,  Алжир,
Марокко, Испания) Мавритания  өнері  аталған  өнер  дамып,  сәулет  өнерінің
тамаша үлгілерін туғызды  (Тунистегі Қайрауан  қ-сының  мешіті,  7  –  9  ғ.
Кордовадағы бағаналы үлкен залы бар мешіт, 8 – 9 ғ.  т.б.).  Орта  ғасырдағы
араб өнерінде металдан, әйнектен көзеден, ағаштан жасалған көркем  бұйымдар,
әшекейлі мата кілем тоққуүлкен орын алды; кітап миниатюрасы жоғары  дәрежеге
көтерілген нәзік хуснихат (каллиграфия) өнерімен ұштасты.
    Араб музыкасы арабтар жаулап алған елдер мен арабтар  өнерінің  тоғысуы
нәтижесінде туып қалыптасты. Арабтардың «бәдәуи» дәуіріне жататын  ескілікті
муз. Мұрасы поэзия мен  музыка  бірлігі  (синкретизм)  арқылы  ерекшеленеді.
Араб музыкасы  көне  мәдениеттердің  бірінен  саналды.  Арабтардың  ертедегі
профессионал әнші-ақындары (шайырлары)  мен  ән  жанрының  түрлері  (хида  –
керуен  әндері),  соқпалы,  үрмелі  және  шертпелі  муз.  аспаптары   туралы
деректер сақталған. 7 ғ-да Иран мен Византияның бөлігін жаулап алумен,  Орта
Азия мен Египетке үстемдік жүргізумен көбірек дамыған дәстүріне  (грек  муз.
теориясының  негіздері;  араб  музыкасының  аспаптық  музыкасы  мен   кейбір
ладтарына иран музыкасының әсері) ықпал етеді. Араб классикалық  музыкасының
гүлденуі  7  ғ-дың  аяғына  саяды.  Орта  ғасырда  вокальдық-аспаптық   араб
музыкасы  Испанияның,  Португалияның  муз.  өнеріне,  кейбір   Европа   муз.
аспаптарының қалыптасуына әсер етеді. Осы кезде арабтардың  муз.  ғылымы  да
шарықтай  түсті:  әл-Кинди,  әл-Исфаһани,  Сафи  ад-Дин  Урмағи  сынды  орта
ғасырлық  муз.  теоретиктері  шығады.  Орта  Азияның  Әбу   Наср   әл-Фараби
(«Музыканың  ұлы  кітабы»),  ибн  Сина  сияқты  ірі  ғалымдары  муз.  туралы
тракттаттарын араб тіліне жазады. Араб классикалық  музыкасы  7  баспалдақты
ладқа  негізделеді.  Ән  айтқанда  бір  дыбыстан  бір  дыбысқа  сырғып   өту
тәсілдерін  кеңінен  қолдану,  мелизмдік  әшекей-өрнектер  және   вокальдық-
аспаптық музыкадағы полиритмия (алуан ырғақтылық) араб музыкасына өзгеше  үн
бояуын береді. Классикалық араб музыкасы көбінесе вокальдық сипатта  келеді.
Араб музыкасындағы негізгі жанр – вокальдық-аспаптық  ансамбль,  мұнда  әнші
жетекшілік  роль  атқарады.  Аспаптық  музыка   дәстүрі,   әсіресе   соқпалы
аспаптарда ойнау  салты  араб  музыкасында  күні  бүгінге  дейін  сақталған.
Омейядтар дәуірі кезінде ибн Сурайж, Мабад, ибн  Айша,  Маик  ат-Таи  Жәмила
сияқты атақты әншілер  шықты.  Аббасидтер  династиясы  кезінде  Ибраһим  әл-
Маусили (742 – 804) мен оның баламасы Бағдад  мектебінің  негізін  салушы  –
Исхақ әл-Маусили (767 – 850) сияқты  музыканттар  еркше  көзге  түседі.  Ірі
халифаттар ыдырағаннан кейін, А.  музыкасы  Солт.  Африка  мен  Азияда  өріс
алды.
    11 ғ-дың  аяғына  таман  Халифатта  феод.  қатынастардың  даму  процесі
аяқталып, халифат мүлде ыдырады. Салжұқтардың жаугершілігі,  крест  жорығына
қарсы күрес, әсіресе 13 ғ-дағы монғол  шапқыншылығы  кезінде  бағалы  мәдени
ескерткіштер  қиратылды,  өндіріс  пен  мәдениет  құлдырады.  Сонымен  қатар
Африка мен  Пиреней  түбегіндегі  араб  елдерінде  бұл  кезеңде  ірі  мәдени
жетістіктер туды.  Орта  ғасырдағы  Европада  ең  жоғары  мәдениеті  бар  ел
Кардова  мемлекеті  болды.  Оның  орталығы  Кордова,  Севилия,  Малага  және
Гранада ун-ттері еді; оларда математика, астрономия, химия, мед.  ғылымдарын
оқыту  жоғары  дәрежеде  жүргізілді.  Гранада  ун-ті  студенттерінің  ішінде
көршілес католик дініндегі елдерден келген  европалықтар  да  аз  болмайтын.
Арабтардың астрономия саласындағы еңбектері Европа  астрономиясының  негізін
салды.  Осы  күнге  дейін  көптеген  жұлдыздардың  аттары,  ғылыми,   мәдени
терминдер  араб  тіліндегі  атауын  сақтап  қалған.  Эксперименттік  зерттеу
тәсілдерін кең  пайдаланған  араб  ғылымы  шарықтап  тұрғанда,  философияның
прогресшіл бағыты дамыды, екі жақты ақиқат  жөніндегі  ілімді  туғызды  және
әлемді «алланың әмірімен ғайыптан пайда болды» дегенді теріске шығарды.  Бұл
ілімді араб философтарының көбі,  әсіресе  Кордовалық  Ибн  Рушд  (Аверроэс,
1128 – 1198) ілгері дамытты, сөйтіп, Бат. Европа философиясының дамуына  игі
ықпалын тигізді. А. мәдениетінің тағы бір ұлы жетістігі Ибн Халдунның  (1332
–  1406)  тарихи-әлеуметтік  теориясы  еді.  Бұл  кезеңде   көркем   әдебиет
саласында  да  елеулі  құбылыстар  болыд,  Египет  пен   Сирия   қаһармандық
романдар, «Мың бір түн»  ертегілерінің  соңғы  жетілдірілген  нұсқасы  туды.
Әсіресе Мавтритания өнері дәуірлеп  өсті  (Гранада  маңында  13  –  14  ғ-да
салынған Альгамбра қамал-сарайы, Мароккадағы Фесе қ-сының  14  ғ.  ортасында
салынған медресесі, испан-мавритан көзе өнері т.б.).
       Араб елдерін 16 ғ-дың басында түріктердің жаулап алып, өз үстемдігін
орнатуы, одан кейін (19 – 20 ғ-да) Европа отрарлаушыларының  езгісіне  түсуі
араб халықтары мәдениетінің дамуын мықтап бөгеді. Оның ендігі даму  жолы  19
ғ-дың 2-жартысынан бастап араб елдеріне жаңа, капит. қатынастың  орнауы  мен
шетелдіктердің  үстемдігіне  қарсы  ұлттық  тәуіелсіздік   жолындағы   халық
күресіне байланысты келді.  Араб  халықтары  мәдениетінің  азіргі  ең  күшті
дамыған жері – Египет (БАР) пен Сирия.
    Араб медицинасы  (араби тәвиби) –  халифатқа  қарасты  Шығыс  халықтары
арасында ең күшті дамыған ғылым  саласының  бірі.  А.  Медицинасы  жөніндегі
әдебиеттер араб тілінде жазылғанымен, онда халифатқа қарасты көптеген  Шығыс
елдерінң, оның ішінде Орта  Азия  халықтарының  үлесі  үлкен  .  мыс.,  Араб
медицинасының негізін қалаушы, 5 ғасыр  бойы  Европа  дәрігерлерінің  ұстазы
болған, атақты Әбу Әли ибн Сина (980 ж. т.) өмірінің көбін  Хиуада  өткізіп,
едицина, философия, математика т.б. саладан  білімді  сол  жерде  алған.  Ол
Хиуаның  мыңдаған  томы  бар,  әдеби  қоры  мол  кітапханаларда  Руми,  Юнан
жұртынан шыққан ғалымдардың еңбегімен, әсіресе Гипократ, Гален  сияқты  ерте
замандағы мед. ғалымдарының еңбегімен кеңінен танысты. Иран, Орта Азия  және
Түркістан елдеріндегі мед. туралы  жазылған  еңбектерді  одан  әрі  дамытып,
дұрыс жүйеге келтірді.  Сөйтіп,  оның  «Қанун»  атап  әйгілі  еңбегі  Хиуада
жарыққа шықты. Ибн Сина бұл кітабында неше алуан емдеу тәсілдерін  –  науқас
адамды күту, аурудың түрін айыру  т.б.  мәселелерді  баяндаумен  қатар,  760
дәрі-дәрмек  түрлерін  сипаттап  жазған.  А.  медицинасының   дүние   жүзіне
тарауына үлкен әсер еткен «әл-Хави» атты энциклопедиялық  еңбек  жазған  Әбу
Бакр  Закария  (Ар-Рази)  да  Орта  Азияның  онтүтігінде  туған.   Бұл   екі
кеменгердің т.б. дарынды  ғалымдардың  еңбектеріне  қарағанда,  ол  кезедегі
Шығыстың мед. ғылымы жоғары сатында болғаны  байқалды.  Дәрігерлік  мамандық
сол кезде-ақ  бірнеше  салаға  бөлініп,  оның  ішінде:  оташылар,  көз,  тіс
дәрігерлері т.б. болған.  Бағдад,  Хиуа,  Бұхара,  Отырар  сияқты  қалаларда
дәрігерлер бірлестігі – мед. қоғамдар құралған Әбу Әли ибн  Сина  дәіріндегі
дәрігерлер жарақат емдеудің көп тәсілдерін, оның ішінде келте кесу,  сыңықты
салу  т.б.  ем  түрлерін  жақсы  менгерген.  Сол   кездегі   А.   медицинасы
пайдаланған камфора, гашиш, амбри  т.б.  емдік  заттар  және  алоэ,  тораңғы
сияқты дәрігерлік өсімдіктер осы күнде де сырқатты емдеуге  қолданылады.  А.
медицинасында сезімсіздендіру әдістері тұңғыш рет қолданылды. Бұл үшін  олар
гашиш, көкнәр, апиынды пайдаланған. Европада мұндай әдіс тек  19  ғ-да  ғана
қолданыла  бастады.  Шығыс  дәрігерлері  жараны   іріңдетпеу   (антисептика)
әдістерін де тапқан. А. Медицинасында жұқпалы  аурулардың  пайда  болуы,  ел
арасына  тарауы  туралы  да  біраз  мағлұмат  болған.  Мыс.,  сүзек,   шешек
ауруларының жұқпалы екені белгілі болып, оларғаалдын ала шаралар  қолданылып
отырған.
     Араб философиясы – араб халифаты кезіндегі Шығыс  халықтарының  филос.
Ой-өрісінің  даму  кезеңі.  А.   ф-ның   негізін   қалауға   исламның   діни
метафизикасы, ескі грек,  антик  филологиясы  мен  ғылымын  зерттеп  игерген
мұтазиллитер және оған қарсы шыққан мүтакаламдардың діни филос. мектебі  мен
мистикалық суфизм себепші болды. А. ф-ның басты өкілдері:  Әбу-л-Ашари,  әл-
Кинди, Ғазали, Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Ибн  Туфайл,  Ибн  Рушд
(Аверроэс) т.б. А.  ф-на  Орта  Азия  мен  Қазақстан  халықтарының  өкілдері
елеулі үлес қосқан. «А. ф.»  деп  шартты  термин  ретінде  алынады.  Өйткені
белгілі тарихи кезеңде араб тілі Орта Азиядан Испанияға дейінгі кең  алқапты
алып жатқан  мәдениет  дүниесінің  4  ғасыр  бойы  пайдаланған  тілі  болды.
Халифаттың  әлеуметтік-экономикалық  ,  қоғамдық-саяси  құрлысы   А.   ф-ның
өркендеуіне зор ықпал тигізді. Орта Азия мен  Қазақстан  елін  жаулап  алған
арабтар осы халықтардың рухани дамуына әсер етті. Ішкі  қайшылықтар,  ерікті
қауымнан феод. тәуелділікке душар болған шаруалар қозғалысы
    Т.б. қозғаушы күштер халифаттың құлауына себепкер бола тұрса да,  феод.
қарым-қатынастың дамуын тоқтата алмады.  Араб  мәдениетінің  ерекше  дамыған
кезі – 10ғ. бұл уақыт мұсылмандардың Қайта өркендеу дәуірі деп  аталды.  Осы
кезде сауаттылық артып, аударма жасау, ескі қол жазбаларды  жинау  жұмыстары
өріс алады да, жеке және қоғамдық кітапханалар құрыла бастайды.
    Европоцентристік  бурж.  тарихнама  исламдық  А.  Ф-н  оның  тек  Батыс
схоластикасына ықпал етуі тұрғысынан ғана бағалайды. Ал  маркстік  философия
А. ф-н дүн. жүз. философияның дамуындағы өзіндік мәні бар  белгілібір  кезең
деп біледі. Оның  дами  бастауы  грек  философиясының  шығармаларын  аудару,
ауызша  жеткізу  дәстүрімен  байланысты,  яғни   8   ғ.   ортасындағы   араб
халифатының саяси, рухани өмірінде болған  төңкеріске  тап  келеді.  Алғашқы
кезеңнен  бастап-ақ   философияның   исламдық   діни   ортодаксиядан   алған
элементтерінің  өз  ара  қатысын  аңықтап   алу   қажет   болды.   Феодализм
дәуіріндегі, Батыстағы сияқты Шығыста да билеп  төстеуші  идеология  –  дін,
яғни ислам діні өріс алды. Сондықтан да ғылымның, оның  ішінде  философияның
дамуына әсер ету тұрғысынан екі түрлі ағым болды.  Оның  бірі  –  Құран  мен
пайғамбар сөздеріндегі діни түсініктің ішкі мәніне  бармай,  қарасын  жаттап
алып, сол бойынша әрекет қылу. Екіншісі –  аят  пен  хадис  сөздерінің  ішкі
сырын ақылға салыфп, оны табиғат  дүниесімен  байланысты  түсінуге  тырысқан
рационалистік бағыт. Мыс., мутазаиллиттер адам  өз  әрекетіне  ерікті  болса
ғана істеген ісіне құдай алдына жауапты бола алады,  құран  құдайдан  келген
жоқ, адам қолынан шыққан кітап деп  дәлелдеді.  Бірақ  бұларды  ерікн  ойдың
өкілдері деп санауға болмайды, дегенмен  олар  ортодаксияда  үстемдік  еткен
құдай тағаланың кәрі жайындағы ұғымды қарама-қарсы қоюға тырысады.
    10  ғ-да  арабтарда  халық  қозғалысының  әсерінен  еркін  ой  әл-Кинди
философиясында  дамыды.  Олаар  философия  мен  ғылыми  білімнің  заңдылығын
қорғады. Мутазиллиттердің»құдай біреу, оны танып  болмайды»  деуі  суфизмнің
діни-мистикалық бағытына жақын келеді. Бірақ та мутазилиттердің  философиясы
мен ақыл-ой тұжырымын теологияға қолдану керек деген идеялары  асак  бағалы.
Мутазилиттер  теологияның  праводан   бөлінуіне   себепкер   болды.10   ғ-да
мутазиллиттерге қарсы  діни  мәселелерден  басқа  философиямен  шұғылданатын
«кәләм» бағыты пайда болды.Олар өздерінің  жақтастарын  «мутакаллимдер»  деп
атады. Олардың көрнекті өкілдері: идеалистік атомизм  бағытын  дамытқан  әл-
Ашари мен  мистиканы  ашық  жақтаған  әл-Ғазали  т.б.  ашаришілдер  исламның
догмасын дәлелдеу үшін ескі грек томистикасын  пайдаланды,  атом  деп  әрбір
уақыт өлшемі ішінде тәңір жаратқан рухани мәнді  түсінді.  Олардың  жаңғырып
отыруы  тоқталған  жағдайда  тіршілік  етуі  де  тоқталады   деді.   Әсіресе
қажеттілік пен себептілік  атаулының  бәріне  қарсы  шығып,  Алла  тағаланың
бұйрығы бойынша барлығы  да  белгілі  тәртіппен  істеледі,  бірақ  тәңірінің
әмірімен әрқашан да бұзылыуы, «үзілуі» мүмкін деп санады.
    Бұл кезде философ  деп  тек  Аристотельдің  ілімін  жақтаушыларды  ғана
айтатын. А. ф-ның алғашқы даму сатфысында оған  платонизм  мен  неоплатонизм
едәуір ықпалын  тигізді.  Бурж.  Европа  ғылымы  бүкіл  А.  ф.Платонизм  мен
аристотелизм элементтерінің орынсыз қосындысы деп оның  дамуындағы  прогресс
«нағыз»   Арнистотельге   қарай   бет   бұруында   деп,   Шығыс    халықтары
философиясының өзіндік мәнн жоққа шығаратын нанымдарға салынды.  Неоплатоник
коментаторлардың  Аристотель  ілімін  арабтарға  айқын  жеткізе  алмауы  бұл
концепцияның  ғылымда  орын  тебуін  себеп  болды.  Мәселен,   Аристотельдің
шығармасы деп жүрген «Теология», шындығында, Платондікі болатын.  Екіншіден,
ол кезде қандай бір шығарма жөнінде сөз болса да, оның түп нұсқасынан дәлме-
дәл текст келтірілмейтін. Тіпті  қазіргі  кездің  өзінде  тарихшылар  ежелгі
заманғы ғалымдардың кейбір  қағидаларының  кімге  тән  екені  жайында  талас
тудырып  келеді.  Лениннің  жалпы  адамзат  білімі  спираль  бойынша  дамиды
дегеніндей, А. ф-ның дамуы да өзінше «орам», «өрістерден» өтіп, ежелгі  грек
философиясынан кейін, бүкіл дүн.  жүз.  Философияда  Европадағы  орта  ғасыр
және Қайта өркендеу дәуіріндегі философиялардың бастамасы,  айрықша  маңызды
кезеңі болды. «Бар заттардың табиғатына» сүйенетін білімдер  жүйесін  құруға
алғаш талпынған әл-Кинди болды. Ол ғылми танымның үш сатысы  –  пропедевтика
(логика, математика), жаратылыс тану  және  осыларға  негізделген  философия
жайында маңызды методологиялық тұжырым жасады.  А.  ф-ның  нағыз  дамуы  ұлы
оқымыстылар Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн  Сина,  Аверроэстің  есімдерімен
байланысты. Әл-Фарабидің филос.  Ілімнің  негізгі  мәні  мынада:  1)  барлық
құбылыстардың объективтік  себептілігі  мен  байланысын  тану;  2)  дүниенің
тіршілік етуі уақыт жағынан қысқа деп білетін  ортодокстық  діни  көзқарасқа
жалтақтай отырып, дегенмен, дүниенің мәңгілігін мақұлдау; 3) жан  мен  тәнді
байланысты деп, осыған орай жанның тәннен бөлінуін, кей жағдайда,  мойындау;
4) оның бүкіл философиясының арқауы – жалпыға тән ақыл-ой.  Бұл  феодализмге
тән иерархияға қарсы бағытталған барлық идеологиялық  ағымдардың  бастамасы.
5) Таным процесіндегі жалпы эмпи рикалық саты мен теорияларды  құру  жолдары
жайында данышпандық болжамдар жасады. Әбу Наср  әл-Фарабидің  методологиялық
болжамдары тек құрғақ насихат ретіндеқалмай, оның физика,  математика,  муз.
теориясы жөніндегі ғылми зерттеулерінен (категория, семантика, тіршілік  ету
предикаттары  т.б.)  Арислотельдің  логикалық  идеяларын,  матем.  логиканың
элементтерін білгенін көруге  болады.  Кейінгі  кезднегі  араб  логиктерінің
бәрі әл-Фарабиге сүйенеді. Әбу Әли Инб Сина (Авиценна)  барлық  жағынан  Әбу
Наср әл- Фарабидің нағыз  ізбасары  болды.  Дүниенің  мәңгілігін  дәлелдеуді
жақтаудағы  тиянақтылығы  оның,  әл-Фарабиге  қарағанда,   бір   адым   алға
басқандығы еді. Авиценнаның жүздеген  жылдар  бойы  теңдесі  жоқ  еңбек  деп
саналған «Қанунында ғылми  таным  тәсілдері  тамаша  баяндалады.  Ал  Ғазали
философиясында кертартпалық бағыттың  сарыны  байқалды.  Ол  жастайынан  Әбу
Наср әл-Фараби және  Әбу  Әли  ибн  Сина  философиясымен  әуестенеді.  Кейін
скептицизмнен тікелей реакцияшыл  көзқарасқа  ауысады.  Сірә,  мұның  себебі
философтардың  қуғын-сүргінге   ұшырауынан   болуы   мүмкін.   Философтардың
дәлелдемелерінен  кемшілік  таппақшы  болған  ол  филос.   Ілімдердің   діни
сенімдерге тигізетін зиянын ашпақ болады. Аверроэстің пайымдау  логикасы  А.
Ф-н диалект. күреспен байытты. Ол дүниенің мәңгілігі жайындағы Әбу Наср  әл-
Фараби ілімінің әлсіздігінен, Авиценнаның  жеке  формаларды  тануды  меңгере
алмауынан құтылып, Ғазалидің  аргументациясына  соққы  береді.  Ең  бастысы,
Аверроэс ақыл-ойды адамзаттың бір тұтасрухы  деп  санап,  оған  адамгершілік
пен  демокр.  түсінік  берді.  Міне,  сондықтан  да   бүкіл   европ.   діни-
философияның өкілдері Аверроэсқа қарсы болды,  тіпті  келісімпаз  Лейбництің
өзі оны сынаудан басқа амал таба алмады. Осыған  қарамастан,  бүкіл  алдыңғы
қатардағы идеологиялық  қозғалыс,  ғылми  және  филос.  ой-өріс  аверроизмге
сүйенді.  Сигер  Брабантский,  Эккарт  т.б.  ірі  ойшылдар  –  оның  тікелей
ізбасарлары.   Сөйтіп,   А.   ф-ндағы   мистикалық   және    діни-идеалистік
элементтердің европ.  схоластикаға  нәр  болғандығына  қарамастан,  ол  жаңа
заманғы философия мен ғылымның дамуына үлкен әсерін тигізді.  А.  ф.  өзінің
озат тенденциялары арқылы Европаға «зерделі, еркін ойдың» дәнін алып  келді.
    Әбу Наср әл-Фараби,  (870, Отырар қаласы – Сирия, Шам қаласы)  –  қазақ
даласынан шыққан ұлы  ғалым,  ойшыл  философ,  математик,  астролог,  музыка
теоретигі.   Әскербасы   тарханның   отбасында   дүниеге   келген.    Отырар
медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұқара, кейін  Харран,  Мысыр,  Халеб  Алеппо),
Бағдад шаһарларында білім алған. Әбу Наср әл-Фараби – түркі  ойшылдарыны-нең
атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің 2-ші ұстазы» атанған ғұлама.  Тарихи  деретер
бойынша 70-ке  жуық  тіл  білген.Өздігінен  көп  оқып,  көп  ізденген  ойшыл
философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану,  география,
математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта еңбек жазып  қалдырды.
Алғашқы сауатын туған жерінде ана тілінде ашқан болашақ ғалым, 12 –  16  жас
шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа кетеді. Бағдадта  «Баит  әл-
хакма» атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған.
    Әбу Наср әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе,
математика,  астрономия,  физика,  жаратылыстану   ғылымдарынан   көп   мұра
қалдырды. «Ғалымдар тізбесі» деген  еңбегінде  сол  кездегі  ғылымды  үлкен-
үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2)  логика  және
оның тараулары; 3) математика және  оның  тараулары;  4)  физика  және  оның
тараулары, метафизика және оның тараудары;  5)  азаматтық  ғылым  және  оның
тарулары, заң ғылымы және дін ғылымы.
    Әбу Наср әл-Фараби әмбебаб музыкант та болған. Саз аспаптарында  ойнап,
ән салған, өз жанынан ән, к.үй шығарған. «Музыканың ұлы кітабы» атты  еңбегі
бар. Өзінің  барлық  саналы  ғұмырын  ислам  діні  мен  ғылымды  бір-бірінен
айырмай, егіз өргізуге арнаған ұлы бабамыз  хижра  жыл  санауының  339  жылы
ережеп (ражаб) айында, Шам қаласында (Дамаск) қайтыс болғанда оны сол  елдің
әміршісі Сайф әд-Даула өз қолымен жерлеген. Ұлы ғалымның  мүрдесі  Сириядағы
Баб әс-Сағир зиратында жатыр.
    Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан Мұхамед  ибн  Ахмед  әл-Бируни  –  ұлы
түркі ғалымы. 973 жылы қазіргі  Қарақалпақстандағы  Қият  қаласының  маңында
туған. 1948 – 50 жылы Ауғанстан жеріндегі  Ғазни  қаласында  қайтыс  болған.
Негізгі еңбектері  тарих,  математика,  астрономия,  география,  топография,
физика, медицина, геология, минерология тағы басқа ғылым салаларын  қамтиды.
Әбу Райхан әл-Бируни көптеген  тілдерді  білген.     1000  жылы  орта  ғасыр
ғылымының  энциклопедиясы  аталған,  өзінің  әйгілі   «Әл-құруын   әл-Һалия»
(«Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 жылы Хорезм  әкімі
Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-
Бируни, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хамар тағы  басқа
ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның 1048 жылы  жазылған  «Асыл
тастар» еңбегі  екі  бөлімнен  тұрады,  «1-бөлімде  (36  тарау  бар)  лағыл,
меруерт, ақық, маржан, қараба,  алмас,  шыны,  жылан  тасы  тағы  басқаларға
сипаттама берілген. Ал, 2-бөлім (12 тарау бар)  алтын,  күміс,  сынап,  мыс,
темір,  қорғасын,  қалайы  тағы  басқа  металдар  мен  солардың   қоспаларын
сипаттауға арналған. Ал, «Масғұд каноны» , «Минералдардың меншікті  салмағын
аңықтау ережесі» сияқты  еңбектері  белгілі.  Жалпы  алғанда  ол  150  еңбек
жазған, олардың 45 астрономия мен  математикаға  арналған.  Әбу  Райхан  әл-
Бируни  дүниенің  гелиоцентрлік  жүйесін  (Коперниктен   500   жыл   бұрын),
денелердің Жерге қарай тартылуын  (Галилей  мен  Ньютоннан  600  жыл  бұрын)
болжаған. Топографияға байланысты «Геодезия» атты  үлкен  еңбек,  дәрігерлік
еңбектер жазған. Олар әлем тілдеріне аударылған.
    Махмұт Қашқари, Махмуд ибн әл-Хусейн  ибн  Мұхаммед  –  түркі  халқының
әлемге танытқан ұлы ғалым.  Туған  және  қайтыс  болған  жылы  белгісіз,  XI
ғасырда өмір сүрген. Махмұт  алдымен  Қашқар  қаласында  білім  алып,  кейін
Бұхара  мен  Нишапур  қалаларында  жалғастырған.  Махмұт  Қашқари  ғылымының
барлық  саласын  қамтыған,  өлмес  мұра  «Диуан   Лұғат   ат-түрк»   («Түркі
тілдерінің сөздігі») еңбегінде түркілердің өмір-салтын барлық  қырынан  ашып
берген. Онда XI ғасырда өмір  сүрген  көптеген  түркі  тайпаларының  қалары,
олардың  туысқандық  бөлініс,  ас-ерекшелігі,  дәстүр  бәрі-бәрі  қамтылған.
Қазақ жерінде сол дәуірде болған  оқиғалар  жайында  мол  мәлімет  берілген,
Махмұт Қашқаридың еңбегі түркология ғылымының ірі жетістігі.
      «Диуани лұғат ат-түрік» Махмұд Қашқаридың ірі еңбегі. Бүкіл  әлемдегі
түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ асыл қазына. «Диуани лұғат  ат-
түріктің» автор қолымен  жазылған  түпнұсқасы  сақталмаған.  Көшірілген  бір
нұсқасы Стамбулдың Фатех кітабынан табылды. Ғалым А.  Егеубайдың  аударуымен
бұл еңбек қазақ тілінде 1997 – 1998 жылдары жарық көрді
      Қожа Ахмет Иасауи – түркістандық ғұлама.  Қожа  Ахмет  Иасауи  Сайрам
(Исфиджаб), қаласында дүниеге  келді.  Ол  «Диуани  Хикмет»  атты  еңбегінде
өзінің Түркістанда туғандығын білдіріп отырады. Қожа Ахмет  Иасауидың  туған
жылы аңық емес. Кейбір деректер оның жүз  жиырма  бес,  жүз  отыз  жыл  өмір
сүргенін айтады.иасауи 1103 жылы туған  деген  көзқарас  басым.  Оның  әкесі
Исфиджабта атақ, даңққа бөленген әулие Әзірет Әлінің ұрпағы – Шейх  Ибрахим.
Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (қазақтар ол кісіні Қарашаш ана дейді).  Мұса
шейхта Исфиджабта әулиелік кереметімен  танылған  адам  болған.  Қожа  Ахмет
Иасауидың  ұстазы  атақты  Арыстан  баб.Иассауидің  алғашқы  шәкірті  атақты
Арыстан  бабтың  ұлы  Мансұр  Ата,  екінші  шәкірті  –  Сүлеймен  Бақырғани.
Иасауидың асыл мұрасының  бірі  –  «  Диуани  хикмет».  Хикмет  –  білімінің
қайнары.  Адам  «кемелдікке»  жету  үшін  қажетті  білімді  игеріп,   онымен
қарулануы қажет. Ғұламаның одан басқа «Мират  ул-Құлуб»,  «Пақырнама»  деген
еңбектері бар.
    Қожа Ахмет Иасауидың еңбектері «Диуани Хикмет»,  «Ақыл  кітап»  –  Қожа
Ахмет Иасауидың дидактикалық  мазмұндағы  ақыл  кітабы,  «Диуани  хикметтің»
түпнұсқасы сақталмаған. Ең  ескі  нұсқасы  XV  ғасырдың  орта  кезінде  араб
әріпімен көшірілгені. Кейіннен, бұл ескерткіш  1887  –  1901  жылдары  Қазан
қаласында, 1901 жылы  Стамбұлда,  1902  –  1911  жылдары  Қазан  қаласындағы
баспалардан жарық  көрген.  «Диуани  Хикмет»  –  әрбір  адамды  имандылыққа,
ізгілікке, адамгершілікке бағыттайтын, тәрбиелік мәні аса  зор  еңбек,  Қожа
Ахмет  Иасауи әрбір адамның қадір-қасиетін оның  жан-дүниесінің  тазалығымен
өлшейді және адам өз бойындағы  адамгершілік  қасиеттерді  отыруы  тиіс  деп
түйіндейді. «Мират ул-кулуб», «Көңіл айнасы» –  XIV  ғасырда  жазылған  Қожа
Ахмет  Иасауидің  рисаласы.  Ол  Швецияның  Упсала  қаласындағы  университет
кітапханасының ескі жазбалар қорында сақтаулы. Көлемі 534  парақтан  тұрады.
Рисаланы жинақтаған –  Сопы  Мұхаммед  Данышменд  Зарнуқи.   Ол  Қожа  Ахмет
Иасауи шәкіртерінің бірі болған. Оның  қабірі,  Әлим  Шейхтың  мәлімдеуінше,
Отырар қаласында жатыр.  «Көңіл  айнасының»  жазылу  мақсаты  –  Қожа  Ахмет
Иасауидың сопылық ой-тұжырымдарын жинау болып табылады


    20 Дәріс. Сельжуктер.
    Мақсаты:
    Жоспары
   1. Сельжуктер тарихы бойынша деректер мен зерттеулер.
   2. Түріктер Кіші Азияда.
   3. Сельжук мемлекеті гүлденген кезі.
   4. Басқа елдермен байланысы.


    21 Дәріс. Осман мемлекеті.
    Мақсаты:
    Жоспары
   1. Түрік мемлекетінің құрылуы.
   2. Түрік шапқыншылықтары.
   3. мехмед ІІ жүргізген реформалары.
    ХІ ғасырдың аяғына қарай Кіші Азияда жаңа қуатты мемлекет - Түрік Осман
империясы құрыла бастады.  Бұл   мемлекеттің  негізін  XI  ғасырдың  басында
Сырдария  алқабынан  қоныс  аударған  оғыз  (түркмен)  тайпасының  Қайы  руы
калады.
    Тогрул-бек (993-1063 жылдары, қыркүйек) сұлтан атанып, 1040-1050 жылдар
аралығында Хорезмді, бүкіл Иранды, Әзірбайжанды, Күрдістан мен Иракты  басып
алыл, өз билігін орнатты. 1055 жылы Бағдад қаласы да сельжуктер  қол  астына
көшті. Алыл Арыслан (1063-1072) кезінде, 1064  жылы  Армения  басып  алынды.
1071 жылы селжуктер Манцикерт  маңында  византиялықтарды  женді.  1071  және
1081 жылдар аралығында сельжуктер кіші Азияны, т.б. жерлерді жаулап алды.
    Санжар өлген (1157) соң Хорасандағы "Ұлы сельжуктер" билігі жойылды. 30
жылға созылған феодалдық өзара  кырқыстардан  кейін  Керманды,  Хорасан  мен
Батыс Иранды  хорезмдықтар  басып  алды.  Сельжуктер  тек  Кони  сұлтандығын
сақтап қалды. Кони (Рум) сұлтандығының куаты әсіресе Алад-дин Кейқуат (1219-
1236 жж.) сұлтанының  тұсында  күшейді.  1243  жылдан  бастап  Иранда  билік
құрған  монғол   елхандарының   вассалдарына   айналды.   1307   жылы   ұсақ
княздықтарға бөлініп кетті. Сол князьдықтың бірі - Осман бейлігі  (бейлік  -
округ) ХІҮ ғасырдың басында құрылған Осман  мемлекетінің  ядросы  болды.  І-
Осман Гази өз үлесіне тиген бейлікте 1282-1324 (1326) жылдары билік құрды.
    Халықтың басым бөлігі - феодалдық тәуелділіктегі шаруалар  -  өздерінің
жер  үлестерін  мұрагерлікпен  пайдаланды.  Еңбекке  жарамды  бүкіл   ересек
христиан еркектері сұлтанның  қазынасына  ақшалай  салық  -  харадж,  джизья
төлеп тұрды.
    1463 жылы  түріктер  Боснияны  басып  алды.  Шығыспен  теңіз  саудасына
қожалық  түріктер  қолына  көшті.  1475  жылы  түріктер  Қырымдағы   Каффаны
(казіргі Феодосия) генуялықтардан тартып алды. Көп  өтпей,  түріктер  Донның
Азовка қосылатын алқабын тартып алып, онда Азов қамалын салды.
    Молдавия 1456 жылы Түркияға салық төлеп тұруға уәде берді. Бірақ  1457-
1467 жылдары III Иванмен одақтасып,  түріктерге  қарсы  соғысты.  1487  жылы
жеңіліп, сонан 300 жылдан астам уақыт Түркияның  қол  астында  болды.  (1793
жылы Речь поспалитаяны екінші рет бөлу кезінде Молдавия Ресейдің қол  астына
көшті). 1473 жылы  Кіші  Азиядағы  Қараман  эмиратын  басып  алғаннан  кейін
шығыста  көшпелі   түрікпен   тайпаларының   Ақ-қойлы   деген   мемлекетінің
қарсылығына тап болды.
    Түрік қоғамы  негізгі  4  сословиеден  тұрды:  1)  оқымыстылар,  рухани
феодалдар (үлемдер); 2) әскери феодал; 3) көпестер мен қала  тұрғындары;  4)
шаруалар  (райлар-табындар).  Қала  тұрғындары   мен   шаруалардың   құқтары
шектеулі болды.
    ХІ ғасырдың аяғына қарай Кіші Азияда жаңа қуатты мемлекет - Түрік Осман
империясы құрыла бастады.  Бұл   мемлекеттің  негізін  XI  ғасырдың  басында
Сырдария  алқабынан  қоныс  аударған  оғыз  (түркмен)  тайпасының  Қайы  руы
калады.  XI  ғасырдың  30-жылдарында  ағайынды  Тогрул-бек  лен   Чағрыл-бек
Селжуктер көршілерінен бас сауғалап қол  астындағы  1000-ға  жуық  отбасымен
Иранға  қоныс  аударды.  Газневидтер  мемлекетіне  вассалдық   тәуелсіздікте
болуға келісіп, Хорасанды мекендеуге рұқсат алды.
    Біраз жылдан кейін Газневидтерге қарсы  көтеріліске  шығып,  1040  жылы
Данденакан маңында олардың әскерін  талқандап,  жеңіске   жетті.  Тогрул-бек
(993-1063 жылдары, қыркүйек)  сұлтан  атанып,  1040-1050  жылдар  аралығында
Хорезмді, бүкіл Иранды, Әзірбайжанды, Күрдістан мен Иракты  басып  алыл,  өз
билігін орнатты. 1055 жылы Бағдад қаласы да  сельжуктер  қол  астына  көшті.
Алыл Арыслан (1063-1072) кезінде, 1064 жылы Армения басып алынды. 1071  жылы
селжуктер Манцикерт маңында византиялықтарды женді. 1071  және  1081  жылдар
аралығында сельжуктер кіші Азияны, т.б. жерлерді жаулап алды.
    Мәлік-шах сұлтан (1072-1092) тұсында сельжуктер мемлекеті өзінің  саяси
қуаттылығының шырқау шегіне  жетті.  Бұл  кезде  олар  грузияны,  қарақандар
мемлекетін басып алды. Сонымен катар бұл сұлтанның билігі кезінде  феодалдық
бытыраңқылық  та  орын  алды:  сельжуктер  басқарған  бірнеше   сұлтандықтар
құрылып, олар орталық өкіметке номиналды ғана тәуелді  болды.  Олар:  керман
султандығы (1041-1187), Рум (1077-1307),  Сирия  (1094-1117)  сұлтандықтары.
Бірінші  кресшілер  жорығынан  кейін  (1096-1099)  сельжуктер  Палестинадан,
кейінірек Сириядан, Кіші Азияның текіз жағалауларынан, Грузиядан айырылды.
    1118 жылы Сельжуктер мемлекеті Мәлік-шах балаларының  арасында  бөліске
түсті. Санжардың  үлесіне  астанасы  Мерв  (Мары)  болған  шығыс  облыстары,
Махмудтың үлесіне - Батыс Иран мен Ирак тиді. 1141  жылы  қарақытайлықтардан
жеңіліген  Санжар  Орта  Азиядағы  билігінен  айырылды.  1153  жылы  балхтық
оғыздар көтеріліске шығып, Марыны, Нишапурды, Тусты, т.б. Хорасан  қалаларын
талан-таражға салды. Санжар өлген (1157) соң  Хорасандағы  "Ұлы  сельжуктер"
билігі  жойылды.  30  жылға  созылған  феодалдық  өзара  кырқыстардан  кейін
Керманды, Хорасан мен Батыс Иранды хорезмдықтар басып алды.  Сельжуктер  тек
Кони сұлтандығын сақтап қалды. Кони (Рум) сұлтандығының куаты әсіресе  Алад-
дин Кейқуат (1219-1236 жж.) сұлтанының тұсында күшейді. 1243  жылдан  бастап
Иранда билік құрған монғол  елхандарының  вассалдарына  айналды.  1307  жылы
ұсақ княздықтарға бөлініп  кетті.  Сол  князьдықтың  бірі  -  Осман  бейлігі
(бейлік - округ) ХІҮ ғасырдың басында  құрылған  Осман  мемлекетінің  ядросы
болды. І-Осман Гази өз  үлесіне  тиген  бейлікте  1282-1324  (1326)  жылдары
билік құрды.
    Эмираттың астанасы Бурса қаласы болды.  Осман  әкесінен  калған  мұраны
Кіші Азиядағы Византия империясының есебінен ұлғайтқан болатын. Осман  жақсы
қаруланған, қатаң тәртіпке бағынған атты әскер құрды. Ат Османның  баласы  -
Орханның (1326-1359 жж.) тұсында Византияның Кіші Азиядағы  иеліктері  түгел
дерлік Осман эмиратына қосылды да, империяға айнала бастады.
    1354 жылы Османдық түріктер Балқан түбегін  жаулауға  кірісті.  Алдымен
Европадағы Галлиополь қаласын басып алды. Бұл кез» Балқандық елдер  арасында
бірлестік жоқ еді. Орханнан кейін Осман эмиратын  басқарған  оның  баласы  I
Мұрат (1359-1389жж) сұлтан деп аталды. Ол  Балқанда  Адрианополь  (1362  ж.)
қаласын Фракияны, Филиппопольды, Марица өзенінің  алқабын  басып  алып,  тез
қарқынмен  батысқа  карай   жылжи   берді.   Эмираттын   астанасын   І-Мұрат
Адрианопольге көшіріп, ол қаланы  Эдирце  деп  атады.   1389  жылы  османдар
Сербияға шабуыл жасады. Шешуші ұрыс Косово деген алаңда 15  маусымда  болды.
Серб королі Лазарьдің сербтер мен босниялықтардан,  албандықтардан  вадахтар
мен  венгерліктерден  тұратын  20  мыңдық  әскеріне  түрік  сұлтаны  І-Мүрат
басқарған 30 мыңға жуық әскер қарсы тұрды.  Сербтер  жеңілді.  Князь  Лазарь
түтқынға  түсті,  соңынан  өлтірілді.  Милош  Обилич  деген  серб  жауынгері
жасырын түрде сұлтанның I шатырына кіріп, І-Мүратты капыда өлтірді.
    1396 жылы османдық Түркияға карсы  кресшілер  жорығына  I  венгр,  чех,
поляк, француз, т.б. рыцарлары қатысты. Ол  жорықты  венгр  королі  Сигзмунд
басқарды. Дунайдағы Никопольде  олар  түріктерден  жеңілді.  Он  мыңға  жуық
кресшілер түтқынға түсті, қалғаны қырылды, қашты. Баязит үш жүзге  жуық  бай
рыцарларды салық төлеткізіп босатты  да,  қалғанын  құлға  айналдырды.  І  -
Мұраттың баласы - Баязит (1389-1402 жж.) Болгарияны Македонияны басып  алды.
Енді Фессалоникиді алып,  Константинопольдің  берілуін  талап  ете  бастады.
Баязит "Иылдырым" - Найзағай" - деп аталды.
    Европада  жаулап  алынған  жерлерге  коныстанған  түріктер  отырықшылық
өмірге көшті. Ал Кіші Азияда қалған түріктері отырықшылыққа кейін көшті.  І-
Баязит 1402 жылы 20  шіддедегі  Анкара  маңындағы  шайкаста  Ақсак  Темірден
жеңіліп калды. Өзі тұтқынға түсіп, сонда өлді. Түрік әскерлері Балқан  жаққа
қашып кұтылды. Оған гректер мен т.б. европалықтар көмектесті. Тимур  бұрынғы
эмираттарды қайтадан қалпына  келтірді.  Олардың  арасында  араздық  туғызып
отыруға тырысты. Баязиттің одан  қалған  4  баласының  арасында  бақталастық
болды. Бұл бақталастықта 1413 жылы  Мұхаммед  жеңіп  шықты.  Ол  түрік  елін
кайта қалпына келтіруге кірісті.
    Әдебиеттер тізімі:
   1. Васильев Л.С.- История Востока.-М., В 2-х т.-М, 1998 т.1
   2. Всемирная история В 24.-Т.- Минск, 1996 Т.9
   3. Тортаев С.А. – Орта ғасырдағы Шығыс елдерінің тарихы.- Алматы, 1998
   4. Хитцель Ф.- Османская империя.- М.: Вече, 2006
   5. История Востока. Т.2.: Восток в средние века.- М, 1995


    22 Дәріс. Осман мемлекеті.
    Мақсаты:
   1. Осман империясы.
   2. І Сүлейман кезеңі.
   3. Мемлекеттік құрылысы.
    Осман  мемлекетіндегі  феодалдық  қатынастар.  Түркияда  жер   мемлекет
меншігі болды. Жердің едәуір бөлігі феодалдарға  уақытша  меншікке  берілді.
Бұл уақытша берілген жер ленник деп  аталды.  Ол  екі  категорияға  бөлінді:
табысы 3-тен 20 мың сомға дейін жететін тимариоттар және 20 мыңнан  100  мың
сомға дейін табыс табатын заимдар болып, әсіресе әскери лендер басым  болды.
Леннің иелерін сипахилер деп атады. Олар  сүлтанның  атты  әскерінде  қызмет
атқарып, өздерінің лендерінің мөлшеріне сәйкес  жорыққа  белгілі  бір  әскер
шығаруға міндетті болды. Жоғары әскер  басшылары  мен  чиновниктер  неғұрлым
ірі лендерді- хассаларды алып отырды. Үкімет  шығарған  зандар  феодалдардың
алатын  рентасының  мөлшерін  және  олардын  шаруалармен  қарым-қатынастарын
катаң қадағалады.
    Халықтың басым бөлігі - феодалдық тәуелділіктегі шаруалар  -  өздерінің
жер  үлестерін  мұрагерлікпен  пайдаланды.  Еңбекке  жарамды  бүкіл   ересек
христиан еркектері сұлтанның  қазынасына  ақшалай  салық  -  харадж,  джизья
төлеп тұрды.
    ХҮ  ғасырдың  20-шы  жылдарында  Баязит  балалары  арасындағы   араздық
басылып, Түркии  мсмлекеті  қайта  күшейген  кезде,  олар  назарын  қайтадан
Константинополге аударды. 1422 жылы түріктер Констаптинопольді қоршап  алды.
Бірақ, көп ұзамай, елде ақсүйектер бүлігі қайталана  бастаған  соң  ІІ-Мұрат
сұлтан қоршауды қойып, кейін қайтуға мәжбүр болды.  Византия  Макслония  мен
Фракиядағы бірсыпыра  қалаларды  түріктерге  беруге  мәжбүр  болды.  Сөйтіп,
низантнилықтар бір кездегі ұланғайыр иеліктерінің болмашы  қалдықтарын  ғана
сақтап қалды. 1430 жылы түріктер Византияның ең ірі зкономикалық орталыгы  -
Фессалониканы басып алды.
      2.2  ХҮІ  ғасырдың  қарсаңында  Осман  империясы  өзінің  қол  астына
Балқан түбегін түгелдей дерлік бағындырды. 1457  жылы  Албанияны  басып  ала
алмаған түріктер оны 1468 жылы ақыры бағындырып алды. Албан халқының  ұлттық
батыры Скандарбег (1405-1468)  шайқаста  қаза  тапты.  Скандарбсг  Кастриоти
деген албан князінің әулетінен  шыққан.  Ол  бала  кезінде  түрік  сүлтанына
кепілдікке  бсрілген,  ІІ-Мұрат  сүлтанның  қолында  тәрбиеленіп,  ат  жалын
тартып мінісімен, соның әскерінде қызмет атқарды. Әскер  басқарудағы  ерекше
қабілеті үшін "бэй" атағын және Александр Македонскийдің құрметіне  Ескендір
атьын алды. Бұл ат бұрмалана келіп "Скандарбег" болып  кеткен.  Өз  халқының
түрік сұлтандығына қарсы  күресіне  жан-жақты  дайындалды.  Оның  ішкі  және
сыртқы  жауларымен  қатынас  орнатты.  Венгр  әсксрбасы  –Янош    Хуньядимен
келіссөз жүргізді.
    1463 жылы  түріктер  Боснияны  басып  алды.  Шығыспен  теңіз  саудасына
қожалық  түріктер  қолына  көшті.  1475  жылы  түріктер  Қырымдағы   Каффаны
(казіргі Феодосия) генуялықтардан тартып алды. Көп  өтпей,  түріктер  Донның
Азовка қосылатын алқабын тартып алып, онда Азов қамалын салды.
    Молдавия 1456 жылы Түркияға салық төлеп тұруға уәде берді. Бірақ  1457-
1467 жылдары III Иванмен одақтасып,  түріктерге  қарсы  соғысты.  1487  жылы
жеңіліп, сонан 300 жылдан астам уақыт Түркияның  қол  астында  болды.  (1793
жылы Речь поспалитаяны екінші рет бөлу кезінде Молдавия Ресейдің қол  астына
көшті). 1473 жылы  Кіші  Азиядағы  Қараман  эмиратын  басып  алғаннан  кейін
шығыста  көшпелі   түрікпен   тайпаларының   Ақ-қойлы   деген   мемлекетінің
қарсылығына тап болды.
    Арабтармен күрес. Түріктер ХҮІ  ғасырда  көптеген  араб  елдерін  басып
алды. Ең алдымен (1516-1517 жж.) сұлтан  I  Сәлимнің  кезінде  бостандығынан
құрамында  Ливан  мен  Палестина  бар  Сирия  және  Египет  айырылды.  Түрік
үстемдігіне дейін онда мамлюктер әскери-феодалдық  кастаға  ұйымдасқан,  оны
мамлюк сұлтаны басқаратын. Мамлюктер астанасы Каир болды.
    Түріктер  Сирияның  астанасына  жақындай  бергенде   жергілікті   халық
мамлюктерге  қарсы  көтеріліске  шықты.  Түрік  сұлтаны   I-Сәлим   Дамаскке
салтанатты түрде келіп кірді. Ал Палестина қалалары түріктерге  қарсылықсыз-
ақ беріліп отырды. Тек Египетте мамлюктер түріктерге айтарлықтай  қарсыласып
бақты. Кансу Гураның орнын  басқан  мамлюктердің  жаңа  басшысы  I  Түманбей
әскери бекініс түрғызуға бұйрық  берді.  Ол  Венециядан  80  зеңбірек  сатып
алып, Каирдың шет жағасына орналастырды. Бірақ зеңбіректерді  іске  асыратын
мамандар болмағандықтан I пайдалана алмады.
    1517 жылдың басында І-Сәлим бастаған түрік армиясы I Каирды басып алды.
Туман-бэйді Египет  бедуиндері  Сәлимге  I  ұстап  берді.  Ол  Каирде  дарға
асылды.  Египеттен  кейін  түріктер  Хиджазды  (Батыс  Аравия)  басып  алды.
Мұсылмандар үшін бұл ең "қасиетті ел" болып саналды.  Жыл  сайын  Мекке  мен
Мәдинаға Шығыстың көптеген елдерінен миллиондаған  адамдар  қажылыққа  барып
тұрады. Бұл ел егінді Египеттен алып тұратын. І-Сәлим I  Египетті  жеңгеннен
кейін Меккедегі Кааба храмының кілтін  алды.  Енді  ол  өз  лауазымына  "қос
қасиетті қаланың қызметкері" деген атақты қосып алды.
    Жаулап алынған халықтардың  осман-түріктерге  қарсы  көтерілістері.  Ол
халықтар өздерінің тәуелсіздік жолындағы  күресін  тоқтатпады.  Болгар  және
серб  партизандары  -  "гайдуктер"  деп  аталды.  Олар  мұсылман  мекендерін
өртеді,  тонады,  түрік  чиновниктері  мен  жауынгерлеріне  шабуыл   жасады.
Гайдуктер  жиі-жиі  қажетсіз  қаталдыққа  барып,   тонаумен   және   зорлық-
зомбылықпен  айналысты.  Славян  феодалдарының  едәуір  бөлігі  ислам  дінін
қабылдап, сұлтан жағына қызмет істеуге шығып кетіп отырды.
    Осман  империясына  кірген  жерлер  ірі  әскери-әкімшілік  бірліктерге-
уалаяттықтарға, ал олар - санджактарға  бөлінді.  Уалаяттарды,  санджактарды
басқарушылар  тек  азаматтық  билікке  ие  болып  қана  қоймай,   жергілікті
әскерлерге де басшылық  етті.  Сот  билігі  әкімшілік  өкіметтерге  тәуелсіз
судьялардың  -Кадилердің  қолында  болды.  Көптеген   шіркеулер   мешіттерге
айналдырылды.   Болгария   мен   Сербиядағы   православиялық    шіркеулердің
дербестіктері  жойылды.  Балқан  түбегіндегі  барлық  православиелік   халық
Константинопольдегі грек патриархының қарауына кірді.
    ХІҮ-ХҮІ  ғасырларда  Түркияның  және  оның  жаулап   алған   жерлерінің
экономиқалық жағдайлары біршама жақсарды. Түркия үкіметі мен  түрік  армиясы
қолөнері мен сауданың  өркендеуіне  мүдделі  болды.  Қолөнершілердің  цехтық
бірлестіктері эснафтар деп аталды. Түріктер  әдетте  сауда  жұмыстарымен  аз
айналысты.  Көпестер  негізінен  гректерден,  славяндардан,   армяндар   мен
еврейлерден  құралды.  Өнеркәсіп  товарларын   шет   елден   әкеліп   тұруды
көтермелеп отырған Турция үкіметі шет ел көпестеріне  сауда  артықшылықтарын
беріп,  баға  салығын   төмендетті.   Мұның   өзі   жергілікті   көпестердің
қызметтеріне  мейлінше   кедергі   жасап,   жергілікті   қолөнер   кәсібінің
өркендеуіне зиян келтіріп отырды. ХҮІ ғасырдың  аяғынан  бастап  османдардың
жаулап алуы аяқталды. Олжаның түсуі  тоқтағаннан  кейін  сұлтан  қазынасының
табысы кеміп кетті.  Салықтар  мен  міндеткерліктер  өсті.  Әскери-феодалдар
әскердегі қызметі үшін алған  иеліктерін  өзінің  жеке  меншігіне  айналдыра
бастады.  Олардың  көпшілігі  жорыққа  қатысудан  жалтарды,  армияның   саны
кеміді. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың аяғынан Осман империясының құлдырауы басталды.
    2.3 ХҮІ ғасырда түрік  мемлекетінің  әскери-феодалдық  құрылысы  өзінің
дамуының ең  жоғарғы  дәрежесіне  жетті.  Осман  Империясындағы  калыптасқан
әлеуметтік тәртіптер І-Сүлеймен  сұлтанның  (1520-1566)  тұсындағы   арнаулы
заң актілерімен бекітілді. І-Сүлеймен  Кануни  деген  атақ  алған.  Ол  "заң
шығарғыш" деген сөз. Заң жинағы "Канун-намэ" деп  атадды.  Бұл  заң  бойынша
шаруалар феодалдың рүқсатынсыз кете  алмайтын  болды,  яғни  шаруалар  жерге
түпкілікті бекітілді. Кедейленген шаруалардың қалаға  кетіп,  қол  өнерімен,
тағы басқа іспен айналысуына рұқсат етілмеді. Әрине, бұл шара қала мен  оның
экономикасының дамуына зиян келтірді.
    Сүлейменнің заңдары орталық өкіметті  нығайтуға  бағытталды.  Енді  жер
үлесін бөлу жергілікті  әкімшілік  емес,  сұлтаннын  өз  қолына  көшті.  Заң
бойынша янычарлар саны 20 мыңға жетті. Янычарлар  ортаға  (ротаға)  бөлінді.
Олардың  қару-жарағы  жетілдірілді,  тәртібі  күшейді.  Сүлейменнің  кезінде
Түркияның  200  мындық  әскер,  300  зеңбірек,  200  кемелік  флот   ұстауға
мүмкіндігі болды.
    Түрік қоғамы  негізгі  4  сословиеден  тұрды:  1)  оқымыстылар,  рухани
феодалдар (үлемдер); 2) әскери феодал; 3) көпестер мен қала  тұрғындары;  4)
шаруалар  (райлар-табындар).  Қала  тұрғындары   мен   шаруалардың   құқтары
шектеулі болды.
    Антифеодалдык қозғалыстар. ХҮІ ғасырдың басында Кіші Азияның  шығысында
шаруалар көтерілісі болды. Оның көсемі  өзін  Шахқұлы  деп  (Исмаил  шахтың)
атады. Сөйтіп,  ол  өзін  шииттік  бағытты  жақтаушы  екенін  білдірді.  Оны
сунниттік  бағыттағы  түріктер  Шайтан  құлы   деп   атады.   Түрік   әскері
көтерілісшілерді  Сивас  қаласының  оңтүстігінде  талқандады.  Аман   қалған
көтерілісшілер Әзірбайжанға қашты.
    Шаруалардың жаңа көтерілістері  Токата  мен  Амасья  аудандарында  өріс
алды. Оны  Нуралы  деген  шаруа  басқарды,  ал  ол  өлген  соң  Жәлел  деген
басқарды. 1519 жылы оның отрядтары Анкара  маңында  талқандалды.  1525  жылы
Баба-Зуииун  басқарған  көтеріліс  болды.  Көтерілісшілер  Сивас   қаласының
маңында  талқандалды.  1526  жылы   Малатья   ауданында   көтеріліс   болды.
Көтерілісті шиит бағытын ұстанушы  Календершах  басқарды.  Ол  көтеріліс  те
жеңілді.
    Осман империясының сыртқы саясаты бай Закавказье  жерлерін  бағындыруды
көздеді. Бірақ  түрік-османдардын  бұл  арманын  жүзеге  асыруға  Сефевидтер
кедергі келтірді. 1525 жылы Турция Алжирды  басып  алды.  1524  жылдан  1533
жылға  дейін  Турция  Габсбургтер  империясымен  соғыс  жүргізді.  Ол  соғыс
Венгрияны жаулап алумен аяқталды. Шешуші шайқас 1526  жылы  Дунайдағы  Мохач
қаласының маңында болды. Венгер, чех  әскерлерін  талқандап,  түріктер  Буда
және Пешті алды. Трансильван воеводасы  Иоанн  Запольені  Венгрияның  королі
етіп тағайындады да, оны өзінің вассалы деп жариялады.
    1529 жылы түріктер Венаны біраз уақыт қоршап, ала алмай  кейін  қайтты.
1547  жылғы  келісім  бойынша  Венгрияны  Австрия  мен  Түркия  бөліп  алды.
Трансильвания   (Румыниянын   солтүстігі)    Турция    вассалына    айналды.
Закавказьедегі соғыс әрекеттерін  Түркия  1533-1538,  1547-1555,"  1578-1588
жылдары жалғастырды. Осман империясы  мен  Сефевидтер  державасы  арасындағы
1555 жылы Амасьеде жасалған бітім шарты бойынша Батыс Армения  (Ван  көлінің
бассейні), Батыс Грузия Түркия қарамағына көшті. Ал Шығыс Армения мен  Шығыс
Грузия - Иран мемлекетінің қол астына кірді. Түріктер  Арменияны  курдтердің
билеп-төстеуіне берді.
    1578 ж. Карабах пен Оңтүстік Әзірбайжанды да қол астына  қаратты.  1578
жылы Қырым татарларының көмегімен Шемаха,  Баку  қалаларын,  келесі  -  1579
жылы - Тебризді басып алды.
    1587  жылы  Грузияның  басып  алынған  жерлерін  Гурджистан   уалаятына
айналдырды.  Ал  ислам  дінін  кабылдаған  грузин   бай-феодалдарының   мал-
мүліктері  аман  қалды.  1595  ж.  Гурджистанда  ең  алғашқы   адам   санағы
жүргізілді. Бұл санақ бойынша  жыл  сайын  түрік  қатынасына  9,5  млн.  сом
салықтан жиналатын ақша түсіп тұратын болды.  1590  жылғы  Иранмен  жасалған
бітім бойынша Бүкіл Закавказье Туркияның қол астына көшті.


    23 Дәріс. Осман мемлекеті.
    Мақсаты:
    Жоспары
   1. Осман империясы мен Еуропа.
   2. Осман мемлекеті және Ресей.
   3. Халықаралық қатынаста алатын орны.
    ХҮІ ғасырдағы Түркия мен Россия. Бұл  екеуінің  арасындағы  ең  бірінші
байланыстар  ХҮ  ғасырдың  аяғында  Түркияның  қалауы   бойынша   орнатылды.
Россияға жіберілген ең бірінші Түрік елшілігін  польша-литва  үкіметі  ұстап
алып жібермей қойған болатын. 1497 жылы Түркияға М.Плещеев аттандырған  орыс
елшілігі  келді.  Ол  түрік  үкіметінің  алдына  Азов  пен  Кафа  (Феодосия)
қалаларынан Қара теңізге шығатын сауда жолдары туралы мәселе қойды.
    Екі жылдан соң Түркияға тағы  бір  елшілік  аттанды.  Сұлтан  орыстарға
достық өмір сүруге, түрік жерлерінде  орыс  көпестерінін  саудасына  ыңғайлы
жағдай туғызуға уәде берді. Ол кезде Түркия да,  Россия  да  ешқандай  саяси
немесе территориялық мәселелер көтерген  жоқ.  Бұл  мәселелер  ХҮІ  ғасырдың
басынан орын ала бастады. 1514 жылы түрік сұлтаны сауда мәселелерімен  қатар
Мәскеуде тұтқында отырған Қырым ханы Абдуллатифты қайтаруды талап етті.  Бұл
талап  орындалмаған  соң  түріктер  орыстардың  ноғайлардағы  елшісі   Семен
Мальцевті тұтқынға алды.
    Орыс казактарының бұзықтығы,  олардың  Түркия  шекарасына  жақын  жерге
қоныстануы, қамалдар тұрғызуы,  орыстардың  түркі  тілдес  Астрахань,  Қазан
хандықтарын басып алуы, кабарда халқын езгіге салуы  (1557)  -  осының  бәрі
1569 жылғы І-орыс-түрік соғысының еебебі болды.
    Түріктердің 60 мыңдық әскері 1569 ж.  жазда  (шілде-тамыз)  Астраханьға
(15 кыркүйек) сәтсіз шабуыл жасап, кейін қайтуға  мәжбүр  болды.  Кавказдағы
түркі тілдес  халықтар  бірауыздылык  танытпады,  түріктерге  көмек,  қолдау
көрсетпеді.  Бұл  кезде  Ливон  соғысында   есі   шығып   жатқан   орыстарды
түріктердің жеңуіне, әрине болатын еді.  ІҮ  Иван  түріктердің  Астраханьнан
кейін қайтқанына  қуана-қуана  дереу  келіссөз  жүргізуге  елшілер  жіберді.
Түріктер Астраханьның Россияға қосылғандығын мойындауға мәжбүр болды.  Бірақ
Астрахань  арқылы  мұсылмандардың  қажылыққа  барып   тұратын   жол   ашуды,
орыстардың  Теректегі   қамалын   жоюды,   Солтүстік   Кавказға   орыстардың
жақындамауын талап етті.
    ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістер.  1595  жылы  көтеріліс
Ирактың солтүстігі  мен  Сирияда  болды.  Бұл  антифеодалдық  қозғалыс  еді.
Көтерілісті  Урфа  қаласынан  шыққан  ағайынды  Абдалхалим  мен   Дели-Хасан
басқарды.  Көтерілісшілер  1600  жылы   Кайсери   маңында   сұлтан   әскерін
талқандады. 1601 жылы  көтерілісшілер  сәтсіздікке  ұшырады.  Кара-Язшы  деп
аталып  кеткен  Абдалхалим  тауға  барып  паналап,  1602  жылы  сонда  өлді.
Көтерілісшілерді Дели-Хасан басқарды. Ол 30 мың қолмен Токатты  басып  алды.
Сұлтан Дели-Хасанды Боснияға паша етіп қоямын деп алдады.  1605  жылы  Дели-
Хасан өлтірілді. Көтеріліс жеңілді. 1610 жылы Әзірбайжан  мен  Сирияда  шиіт
туының астындағы кетеріліс болып, жеңіліспен аяқталды.
    2.4   ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Осман империясының қол астындағы араб  елдері
өзінің тәуелсіздігі үшін күресті.
    ХҮІ ғасырдың аяғында Ливанды эмир ІІ-Фахреддин басқарды. Алғашқы  кезде
ол сұлтан қазынасына тиісті салықты уақтылы және толық жинап  беріп  отырды.
Сұлтанның сенімі мен қолдауына ие болған  Фахреддин  өзінің  иелігін  бірте-
бірте  кеңейте  берді.  Оның  жалдамалы  отряды  болды.  Бұл  отряд   қарулы
күштердің негізі болды. Олардың құрамында 40 мың жауынгер болды.
    Иелік жерінің көлемі кеңіген сайын Фахреддиннің қазынасы  байып,  қуаты
арта түсті. Бірте-бірте Фахраддин өз еркімен шет  елдермен  байланыс  орната
бастады.  Мысалы,  Флоренциямен  сауда  келісімін  жасады.  Мұндай  өзін-өзі
билейтін тәуелсіз мемлекеттің құрыла бастауы түріктерге ұнамады.  1609  жылы
Дамасск патшасы етіп түрік  үкіметі  Ахмед  Хафизді  тағайындады.  Фахреддин
әскері жаңа пашаға қарсы тұрды.  1618 жылы Ливандықтардың 100 мыңдық  әскері
Антиохиядан Сафадқа дейінгі аралықтағы түрік билігін  жойды.  5  жылдан  соң
Дамасск пашасының әскері жеңілді. Фахреддин мұнан кейін Палестинаны  Ливанға
қосып алды. Бірақ, 1633 жылы түріктер ақыры  Фахреддинді  жеңіп,  оның  өзін
тұтқынға алып, өлтірді. Ливанда түріктер билігі толық калпына келтірілді.
    Жоғарыда айтылғандай, І-Селим (1515-1520)  сұлтанның  тұсында,  дәлірек
айтсақ - 1517 жылы Египет Осман империясының қол астына  кірді.  2-3  жылдан
кейін  мұнда  түріктер   билігіне   қарсы   бас   көтерулер   басталды.   Ол
наразылықтарды басу үшін түрік сұлтаны Сүлеймен Эль-Кануни 1525 жылы  өзінің
жақын досы Ибрагим-пашаны Египетке жіберді.  Ол  келе  салып  әскер  күшімен
катаң тәртіп орнатты. Египеттіктер үшін "Кануннамэ  -  мысыр"  деген  заңдар
жинағы жасалды. Ол заңдар жергілікті феодалдардың артықшылығын,  шаруалардың
міндеткерлігін анықтады. Египетті  1-3  жыл  аралығында  қайта  тағайындалыл
отыратын түрік пашасы басқаратын болды. Ол пашаның қолшоқпары янычарлар  мен
мамлюктерден құрылған улан болды.
    Каир пашасының ең басты  міндеті  -  Стамбулдағы  сұлтанның  қазынасына
египет жұртшылығынан түсетін салықты уақтылы  жіберіп  отыру  болды.  Жердің
бәрі мемлекеттің меншігі болып  табылды.  Мемлекеттікі  деген  -  сұлтандыкі
деген...  Сұлтанның  египеттегі  өкілі  -  пашадан  жер   алып,   пайдаланьш
отырғандар мультазимдер деп аталды. Мультазимдердің міндеті - қол  астындағы
феллахтардан салық жинап, пашаға тапсырып отыру болды.  Мультазимдер  өздері
емес, деревня старосталары арқылы жинады. Салық тек ақшалай емес, заттай  да
жиналды. Египет жылына 600 мың лиастр  төлеуі  керек  болды.  Салық  уақтылы
жиналмаса паша мультазимді  иелігінен  айыруға  хақылы  болды.  Мультазимнің
иеліктері мұра ретінде беріле алатын болды.
    Түрік үкіметі салық жинауға  мұқият  көңіл  бөле  отырып,  щаруашылықты
жетілдіруге мән бермеді. Турік рыноктарында  тек  шет  елдік  товарлар  ғана
сатылды. Осының бәрі Осман империясының экономикалық жағдайын нашарлатты


    24 Дәріс. Монғолдар мемлекеті.
    Жоспары
   1. Монғолдар державасының құрылуы.
   2. Жаулау жорықтары.
    1. Монғол тайпаларының тұрмысы мен  әлеуметтік  құрылысы.  Монғолдардың
табиғат   жағдайлары    ежелгі   уақыттан-ақ    монғолдардың   көшпелі   мал
шаруашылығымен  айналысуна жағдай жасады. Ел  территориясының   көп  бөлігі,
атап  айтсақ  4/5  бөлігі  құрғақ  далалардан,  таулы  жайылымдардан  тұрды.
Деректерде  б.з.д. ІІ мың жылдықтың  өзінде-ақ   Монғолия  территориясындағы
көшпелі  тайпалар  туралы   қысқаша   мәліметтер   беріледі.    Монғолиядағы
алғашқы мемлекеттік құрылым  б.з.д. ІІІ ғасырда  құрылған  ғұндар  державасы
еді.  Ғұн мемлекетінен кейін  Монғолия территориясында бірінен соң бірі  XII
ғасырға дейін бірнеше  мемлекеттер  өмір сүрді.  Олар:  Сяньбилер  мемлекеті
(І-ІІІ ғ.ғ.), Жужань қағанаты (ІV-VІ ғ.ғ.), Түрік қағанаты  (VІ-VІІІ  ғ.ғ.),
Ұйғыр қағанаты (745-840 ж.ж.),  Қидандардың Ляо империясы (X-XІ  ғ.ғ.).  Бұл
мемлекеттердің  этникалық  құрамы  әртүрлі  болды.   Мұнда   монғол   тілдес
тайпаларды, түркі тілдес  тайпаларды,  тунгус-манчжурлық  тайпаларды  ерекше
бөліп айтуға болады.
      XII ғасырда қазіргі Монғолияның,  Манчжурияның  және  Шығыс  Сібірдің
оңтүстік бөлігінде  көптеген  монғол  тайпалары  өмір  сүрді.   Олардың  көп
бөлігі далалық жерлерде  өмір сүріп,  мал  шаруашылығымен  шұғылданды.  Қой,
мүйізді қара жылқы өсірді. Монғолдардың бір бөлігі  ормандарда  өмір  сүріп,
аңшылықпен, балық аулаумен шұғылданды. Далалық монғолдар анағұрлым көп  және
дамыған болатын. Олар ормандық монғолдарға өз биліктерін жүргізіп,   олардан
алым алып отырды.  XII ғасырда монғолдардың әлеуметтік  құрылысында  әлі  де
тайпалық  құрылыстың белгілері күшті болды. Көшпенді монғолдар  ру-ру  болып
жасады. Оларда ата-бабалар дініне табынудың орны  күшті болды.  Әрбір  рудың
өзінің табынатын, құдайға теңелетін бабалары  болды.
      Дегенмен XII ғасырдың ІІ жартысында  XIIІ ғасыр басында  монғолдардың
қоғамдық  құрылысында рулық қатынастар ыдырай  бастады.    Рудың  ыдырауының
нәтижесінде бай ақсүектердің  нояндар  мен  баһадүрлердің   бөлініп  шығуына
жағдай  жасады.  Нояндарда  белгілі  мөлшерде  құлдар  болды.  Нояндар   мен
баһадүрлер орданы (ру одағы) басқарды. Олар  өз  кезінде  хандар  басқаратын
ірі тайпа одақтарына бірікті. Хандар  мен  оларды  қолдаушы  әскери-тайпалық
ақсүйектер  бағындырылған  тайпалардан   алым-салық   алып   отырды.   Уақыт
уақытымен тайпалық одақтың ақсүйектері құрылтай жиналысына  жиналып  отырды.
Құрылтайларда  хандар  сайланды,  өздеріне   жау   тайпалар   мен   халықтар
арасындағы соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешетін кейде  кінәлі  нояндар
менхандардың өзін де соттап отыратын.
    2. Шыңғысханның монғол-татар  тайпаларын  біріктіруі  және  жаулап  алу
жорықтары.
    ХІІІ  ғасырдың  басында  Амур  өзенінің  жоғарғы  ағысы  мен   Қытайдың
солтүстік шегарасында өмір сүретін монғол тайпаларының ханы  Темучин  (1155-
1227) монғолдың әртүрлі тайпалары мен татарларыды біріктіруге қол  жеткізді.
1206 жылы Құрылтайда (Онон өзенінің жағасында өткен) Темучин ұлы  хан  болып
жарияланып,  Шыңғыс  хан   деп  атала  бастады.  Монғолдардың  үлкен  әскери
одағының құрылуы ірі жаулап алу  жорықтарының  басталуна  әкелді.  Бұл  үшін
алғышарттары бар еді. Темучин күшті әскери тайпалық  ақсүйектерді  басқарды.
Оның  әскери  пайдаға  құныққан  тәжірибесі  әскери   күші   болды.   Монғол
тайпаларында көп мөлшерде қатардағы әскердің резерві  болды  .  Көшпелі  мал
шаруашылығы салтымен өмір сүретін монғолдарда жылқы баптау жоғарғы  дәрежеде
дамыды. Ал егіншілікпен өмір сүріп  отырған  халықтардың  қарсы  тұруы  қиын
болды. Бұнымен қатар көршілес Қытаймен көп соғыса отырып,  әскери  техниканы
қытайлықтардан  өздеріне  енгізді.     Шыңғысхан  аз  ғана  жылда   Оңтүстік
Сібірде  жасайтын  көптеген   халықтарды   бағындырды.   Олардың   арасында:
буряттар, якуттар,  қырғыздар  тағы  басқалар  болды.  1211  жылы  Шыңғысхан
Солтүстік Қытайды жаулап алуды бастады, бұл тек  өмірінің  соңғы  жылдарында
аяқталды. Қытайды түгелдей жаулап алудан алдын Шыңғысхан Орта Азияны  жаулап
алу  саясатын  бастады.  1218-1223  жылдары  өте  үлкен  Хорезм   мемлекетін
бағындырды. Ол кезде Хорезмнің құрамына Хорезмнің өзінен бөлек  Шығыс  Иран,
Бұхара, Ауғаныстан кірді. Шыңғысхан жаулап алған елдер мен қалаларын  аяусыз
қырып  жойып  отырды.  Шыңғысханға  қарсылық  көрсетуге  тырысқан  Самарқан,
Бұхара, Үргенш (Хорезм  астанасы),  Отырар  қалаларының  тұрғындарын  аяусыз
өлтіріп, тек кейін қолөнершілерді құлға айналдырды.
    3. Ұлыстардың құрылуы. Шыңғысханның өлімінен кейінгі монғол жаулап  алу
жорықтары. Моңғолдар көне көшпелілердің бірі  деп  айтылады.  Моңғол  (хамаг
моңғол) әулетінің игі  жақсылары  бас  қосып,  Тэмужинді  «Чингиз  хан»  деп
лауазымдап, Хамаг моңғолға хан көтерді.  Көне  түркі  және  моңғол  ұғымында
«Чингиз хан» дегені «аймақтың» немесе көл-көлшіктің билеушісі,  немесе  ханы
емес, баршаның  билеушісі. Көптің ханы – «теңгіс  хан»  деген  мағына  берсе
керек. Шыңғысханның таңба-мөріндегі «Көкте тәңір,  жер  бетінде  хаған  бар.
Әлем иесінің таңба мөрі» деп жазылуының түбірі, міне, осында жатса керек.
       Шыңғысхан  моңғол  әулетінің  бұл  сенімін  ақтады.  Айналасына  кім
білімді, кім адал, кімдер өткір,  қырағы  соларды  топтастыра  білді.  Мысал
келтіріп көрелік. Шыңғысханның төрт дарабозы: Боорчы, Мухулай, Борохул,  Зэв
(Жебе) төртеуі төрт тайпадан. Олардың екеуі тіптен  түркі  тектестерден.  Ал
ханның тоғыз бас уәзірінің (9 өрлег): Мухулай,  Чу  Мэргэн,  Боорчы,  Сорхан
шар,  Зэлмээ,  Зэв,  Хар  Хяруу,  Борохул,  Чихихутагты  алып  көрсек,  бірі
жалайыр, бірі шүршіт, бірі урианхат, бірі ойрат, бірі  татар,  бірі  жүрхан,
тіптен боржығаннан бірде-бірі жоқ.
      Керейттің бұрынғы астанасы Қара қорымды Моңғол елінің  астанасы  етіп
орында тұр. Өйткені, әзірге  Шыңғысхан,  оның  ұрпағынан  өзге  әлемнің  тең
жартысын жаулап алған ешкім жоқ.
      Аталған елдерді жаулап алған аймағы аса кең:  ол  жапон  немесе  Сары
теңізден Каспий, Кавказға  дейін,  Байкөл  ханғай  жотасынан  Ордосқа  (Ся),
Түркістан құмайтына дейінгі кеңістікті қамтиды. Ұлы хаған көз жұмар  алдында
ұлдарына айтқан өсиетінде келтіргеніндей бұл бір шетінен  бір  шетіне  дейін
салт  атпен  «Бір  жыл  жүріп  әзер  жететін  жол»  екен.   Немерелері   бұл
жағрафияның батысын Адриатикаға, шығысын  Ляодун  түбегіне  дейін  жеткізіп,
Моңғол империясын құрды. Империя 150-ге жуық  жыл  (1223-1368)  өмір  сұріп,
тарихта айшықты із қалдырды. Осынау әскери стратегиялық жойқын жорықтың  бас
стратегі, ой тастаушысы, қолбасшысы – ұлы хағанның өзі еді
      Шыңғысханның үрім-бұтағы, Моңғол империясының құрамында  болған  Орта
Азия мен Шығыс Түркістан,  Алтын  Орда,  Юань  Қытайы  т.б.  мемлекеттердегі
моңғолдың феодалдық билеушілері.  Моңғол  империясы  күйрегеннен  кейін  бұл
мемлекеттер дербес  өмір  сүрді.  Шыңғысхан  әулеті  «Алтын  ұрпақ»  («Алтын
ұруғ») деп аталып, моңғол феодалдары ақсүйектерінің ішінде  ерекше  құрметке
бөленді, мұрагерлік жолмен хан тағына отыруға және елдегі билікке  араласуға
праволы болды. Моңғол империясы  Шыңғысханның  балалары  басқарған  4  ұлыс-
иеліктен құралды. (қ. Қазақстан жеріндегі Жошы, Шағатай,  Үгедей  ұлыстары).
Шыңғысханның төртінші баласы Төлеге  1227  жылы  әкесінің  қара  шаңырағы  –
моңғол жері  иелікке  тиді.  Бірақ  Шыңғысхан  өлгеннен  кейін  оның  орнына
отырған Үгедейдің ұрпақтары ұлы тақты  өздеріне  сақтап  қалу  үшін  Төленің
тұқымымен  кескілескен  ұрыстар   жүргізді.   Шыңғысхан   әулеті   тұқымдары
ұлыстарының шекаралары олардың өзара қырқысулары барысында үздіксіз  өзгеріп
отырды.
       Шыңғысхан  әулетінің  арасындағы  қақтығыстар  оның  тақтан   дәселі
мұрагерлерімен  қоса  (баласы  немесе  немересі)  ханның  нағашы  жұрты  мен
ағайындары арасында да болды. Мұның өзі  іс  жүзінде  олардың  арасында  ала
ауыздық туғызып, бара-бара жекелеген феодалдық топтардың қарулы  қақтығысына
әкеліп соқты. Қару-жарақтың күшімен  құрылған  бұл  империя  жаулап  алынған
елдер  арасында  терең  тамырлы  тарихи   және   экономикалық   байланыстары
болмағандықтан ыдырап,  оқшау  бірлестіктер  болып  қала  берді  1227  жылға
дейін,  яғни  Шыңғысханның  өліміне  дейін  Монғолия  мемлекеті  өте   үлкен
территорияны  алып  жатты.  Шығысында  Охота  теңізінен   батысында   Каспий
теңізінің оңтүстік жағалауларына дейінгі жерлерді  алып  жатты.  Монғолиядан
бөлек оның құрамына Солтүстік  Қытай,  Орта  Азияның  көп  бөлігі,  Оңтүстік
Сібір және Кавказдың бір бөлігі кірді. 1235 жылдан бастап Монғолияның  ресми
астанасы Орхон өзені бойындағы Қарақорым болды.  Жаңа мемлекет  ашық  әскери
сипатта болды.
      Шыңғысхан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп берді:
    Жошыға: Батыс Сібір, Ертістен Орал тауына дейін  және  одан  ары  қарай
монғол атының  тұяғы тиген жерге дейін берді;
    Шағатайға: Орта Азияның Амудариядан Шығысқа қарайғы жерлері берілді;
    Үгедейге: Батыс Монғолия, Солтүстік Қытай берілді;
    Толыға: Монғолияның өзін қалдырды.
      Шыңғысханның мұрагерлері  оның  жаулап  алу  соғыстарын  жалғыстырды.
Батый 1235-1242 ж.ж. Шығыс Европаға  үлкен  әскери  жорық  ұйымдастырды.  Ол
Русьты, болгарларды, половецтерді және Волга мен Донның  төменгі  ағысындағы
халықтарды басып алды. Монғолдар Венгрияға, Чехияға, Польшаға  дейін  жетті.
Олардың әскерлері негізінен  Сібір  және  Болғария  территорияларынан  өтті.
Орта  Азияны  жаулағыны  сияқты  татар-монғолдар  Европада  да  өзінің  ізін
қалдырды.
       XII  ғасырдың   30-40  ж.ж.  монғолдардар  бүкіл  Кавказды,  Грузия,
Азербайжан, Арменияны бағындырды.  Орта  Азияны  жаулап  алуды  Шыңғысханның
келесі бір немересң  Төленің  баласы  Хулагу  басқарды.  Хулагу  50-60  ж.ж.
Иранды, Месопатамияны, Сирияны бағындырды. 1258 жылы Хулагу Бағдатты  алады.
Бұл уақытта Бағдаттың саяси маңызы құлаған болатын, бірақ  қала  ірі  сауда,
өнеркәсіп және мәдениет  орталығы болатын.


    25 Дәріс. Кейінгі орта ғасырлардағы Монғолия.
    Мақсаты:
   1. Саяси дамуы.
   2. Жоңғар хандығының құрылуы.
   3. Әлеуметтік – экономикалық дамуы.
   4. Ламаизм


    26 Дәріс. Африка.
    Мақсаты:
    Жоспары
   1. Африкалық қоғамдардың өркениеттік және әлеуметтік ерекшеліктері.
   2. Мемлекеттік құрылымдар. (Гана, Мали, Сонгай т.б.)
   3. Еуропалық мемлекеттердің отарлауының басталуы.
   4. Африкалық қоғамдардың өркениеттік және әлеуметтік ерекшеліктері
    Мәдениеті: VI ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың бас кезі Қытай ғылымы мен
мәдениетінің гүлдену ғасыры болды. Ол  уақытта  ерте  орта  ғасырлық  Европа
ғылыми ой-тұжырымдар шіркеу қол астында болған болса, Қытайдың  ортағасырлық
ғылымы мисстика мен схоластикадан  аулақ  болып,  елдегі  мәдени  мұралардың
сарқындары  мен  ішкі  қақтығыстарға  қарымастан  тез  дами  бастады.  Қытай
ғалымдары  бұл  кезеңде  бірнеше  ғылыми  және  техникалық  ашулар   жасады.
VIІІғасырдың басында будда монахтары И Цзин мен Лян  Лин-ңзянь  қозғалмайтын
жұлдыздардың ара қашықтығы жөнінде өз ойларын білдірді.  725  жылы  меридиан
градусының ұзындығы өлшенді. Алгебра,  геометрия,  физиканың  дамуына  үлкен
үлес қосылды. 626 жылы Ван Сяо-тун «Ежелге  арифметика»  атты  еңбек  жазып,
онда Қытай математикасы дамуының бірнеше жылдар бұрынғы көрінісін ашты.  VII
ғ. бірінші жартысында тандық Қытайдағы дәл ғылымдардың  дамығанын,  біз  осы
кездегі 3260 ғалым-математиктардың болғанымен  дәлелдейміз.  Ал,     құрылыс
техникасының тамаша жетістіктері айтарлықтай орын алды. Қытайдағы е көні  37
метрге жететін тастан жасалған Хэбэйдегі көпір  болып,  ол  өзінің  келбетін
осы күнге дейін сақтап, транспортта қолдануда.VІ ғасыр аяғында ксиолография-
тақтайшаларға жазылған жазулар пайда болды.  Ксилографияның  даму  негізінде
иероглифтык жазу жүйесі қалыптасады. Қытай медицинасы шипалы  емдік  дәрілер
шығарды.
    VII г. Қытай саудагерлері  мен  пилиграимдары  Қытайлық,  үнділік  және
цейлон кемелері арқылы, бірнеше рет оңтүстік азиялық  муссондық  жол  аркылы
Малай археологиясына, Бенгалия мен Цейлонға сапар шегеді.
    629-645 жылы Қытай буддисті Сюань Чжуан - ер жүрек зерттеушісі  орталық
Азия мен Индия болады. Сюань Чжуанның қалдырған Оңтүстік және  Орталық  Азия
халықтарының тұрмыс -  тіршілігі  атты  жазба  ескерткіштері  «Батыс  елдері
туралы жазбалар» атты кітапшағып шығарын,  кейінгі  кездерге  дейін  олардың
тарихи зерттеудегі аса  маңызды  дерек  көзі  болып  табылады.  Сюань  Чжуан
Қытайға үнді ғылымының дамуы мен будда тарихындағы догматикамен  таныстырды.
Бір жағынан, Сюань Чжуанның арқасында - Индия мен  Қытай  халқының  арасында
достық гүлденіп Индияда Қытай мәдениеті белгілі бола  бастады.  Ол  санскрит
тіліне Лао-Цзыдың философиялык «Даодэцзии»  атты  еңбегін  аударды.  671-695
жж.   Қызығушылык   барысында   Суматра    аралына  Индияға,  Непалга  теңіз
жолы арқылы, баска будда монахы, ғалым И.Цзин  келеді-  Ол  өзінің  жүзуінде
кұнды географиялык зерттеулер жазады. И Цзин VII ғ. орта шегіне  дейінгі  37
кытай миссионерлерінің теңіз арқылы Гуан-чжоудан үнділік жағалауға  шыққанын
келтіреді. Өте үлкен  табыс  зерттеулерінде  Хань  дәуірінен  Танға  дейінгі
уақыт аралығындағы тарихи шығармалар    баяндалады.    Император     Ли  Ши-
Миньнің  өзі  Цзинь  династиясының  тарихының  басын  жазады.     Акырындап,
мемлекет тарихынын дамуын өз  қолына  ала  бастайды.    Император  сарайының
ауласында  әдейі  ұйымдастырылған  канцелярия  жұмыс  жасап,  оның   негізгі
функциясы - Тан династиясының тарихын зерттеу  болды.  VI  ғ.  аяғына  дейін
император  ауласында  кітаптарды  сақтау  және  жинау  мәселесі  орын  алды.
Императорлар  жібек  матасын  ежелгі  ғалымдар  мен  әдебиетшілердің  жазған
еңбектерін тапқандарға, үлкен сыйлықтар берді.    VII ғ.  сарай  кітапханасы
қорында 90 мың том кітапқа жетті.
    Чиновтиктік қызметке түсу үшін мемлекеттік емтихан тапсыру кажет болды.
Мұндай жүйе Қытайда б.з.д. II ғасырда пайда  болып,  оның  нық  басқан  кезі
тандық кезеңмен тұспа-тұс келеді.  Жоғарғы  шен  алғысы  келгендер,  аулалык
академияға  келіп,  емтихан  тапсырулары  тиіс  болды.  Емтиханда   иероглиф
жазуымен  өте  әдемі  етіп  жаэумен  жазу  және  өлең  шығару  керек  болды.
Конфуцийлік  ілімді  жатқа  айту  керек  еді.  Міндетті  түрде   өту   керек
емтихадар,  жоғарыдағыларға   білімінің   керек   екенін   дәлелдеді.     Ел
астанасында  үш  жоғары  училище    болды.    Мұнда   тан  аристрокаттарынын
сегіз мың балалары оқыды. Облыстық, округтік және үздік орталықтарда  арнайы
мектеп ұйымдастырылды. Тандық кезеңде Чаньанда әлемде  ең  алғаш  рет  газет
шығарылады. Олар ағаш тақтайшаларына   басылды. Біздің  кезге  дейін  келіп-
жеткен   металдан өнделіп  жасалған бұйымдардан  қарап,  белгісіз   қытай  -
шеберлерінің шеберлігіне таңдай қағамыз. Қағазды пайдалаудан  біз,  кытайдың
өнері -коллиграфияның дамытанын көреміз.     Қытай  халқының  қол  жеткізген
жетістіктерінің    бірі-    живопись,     скульптура     мен     архитектура
болды. Әсіресе живописьтің жібек матасы мен қағазға жасалған түрі кең  түрде
етек  жайды.  Дәстүрлі  діни  сюжеттерден  картиналардағы  суреттер  көрініс
тапты.
               Елдегі жаңа әлеуметтік  -  экононикалық  жағдайлар  қоғамдық
өмірде  және  әдебиеттің  дамуына  әсерін   тигізді.   Әріесе,   елдің   ірі
қалаларында, Чаньанда  және  Лоянда,  көптеген  ақын-жазушылар  өмір  сүріп,
өздерінің шығармаларын жарыққа шығарды. Олардын шығу тегі  көбіне  кішігірім
кызмет атқарған чиновниктердің, ұсақ жер иленушілердің, ал  кейбір  жағдайда
олардың өзі мемлекеттік кызметтегі адамдар  болды.  Олардың  арасында  елдің
ары қарай дамуы  мен  қиыншылык  туғызатын  мәселелері  алаңдатты.Осы  кезде
өзінің гүлденуін публицистика  бастан  кешірді.  Оның  көрнекті  өкілдерінің
бірі Хань Юй болды. Оның қоғамынан  шыққан  көптеген  мақалалар,  жолдаулар,
шығармалар шықты. Өзінің көз қарасы бойынша Хань Юй,  адамды  жер  бетіндегі
тірі  ағзалардың  ішінен  бөліп  қарастырған   жоқ.   Оның     пайымдауынша,
табиғаттан   адамды    бөліп  қарастыруға  болмайды  деді.  Себебі,  Адам  –
табиғаттың үлкен бөлшегі. Оның философиялық трастаты  -  «Адам  туралы»  деп
аталады.
                Адамның  бойынан  ол  тек  қана  жеке  ерекшеліктерін  ғана
анықтамай. Сонымен қатар қоғамдық өмірдің негізгі  көрінісі  деп  пайымдады.
Филосой ежелгі дәуірге көз жұмып карауды тоқтату керек деді. Қытайдағы  VII-
ХІ ғғ. Қоғамдық тұжырымдар мен әдебиетті жандандыру үшін ең бірінші  ежелден
бастау алу керек екендігін айтты. Хань Юй ежелдегі Хань империясы  мен  Чжоу
патшалығындағы көне ескерткіштерді қарастырды. Ол әр түрлі әдебиеттерде  сол
дәуірдің адамының әлемдегі ең құнды бөлігі деп түсінді деді.  Философ  дінді
жоғары қойғандарға карсы  болып,  ол  дінде  тек  қана  дінді  дәріптеушілік
болады деп айтты.  Сонымен  қатар  Хань  Юй  «будданың  сүйегі»  атты  үлкен
баяндама  жасайды.  Осы  жазған  еңбегі  имперағорга  деген  қарату   болып,
император  буддизмнің  жақтаушысы  болғандықтан,  Хань    Юйды  елден   қуып
жібереді.
    Бейнеленген новеллалар адамды өмірге деген көзқарасын  оятқанда  болды.
Осы кезде Қытайда алгаш рет әсерлі  бейнеленген  әдебиет  жарық:  көріп,  ол
өмірдің шындық сәттерін уайымдады. Осы  уақытты  «Тан  новелласының»  биікке
өрлеген кезі деп қарастыруға болады. Оның ірі шебері  Юань  Чжэнь  еді.  Тан
империясы тусындағы  ең  танымал  поэт  Бо  Цзюи  өмір  сүреді.  Бо  Цзюидің
«Прекраснобровая  пошбла  под  копытами  коней»  атты  поэмасында   «Өмірлік
нышандық»  деген  трагедиялық  еңбегінде  байлауыш  киген  ананы  көрсетеді.
Поэма,  көбіне  тарихи  тұрғыда  жазылғанымен,  бірақ  онда  ез   еркі   мен
білместікпен қате жібереді. Ян  Гуифей  атты  кейіпкер  император  ұлдарының
бірінің колында болады, ал  Мин-хуан  ол  кезде  алпысқа  толады,  ол  қызды
өзінің гаремдігіне алады делінген. Ань Лушань Чаньанды жаулап  алған  кезде,
император 72 жаста, ал Ян-гуифей  қырықка  келіп  жетті  дейді.  Ань  Лушань
акылды  әрі  саналы  генерал  болады.  Ол  өзінің   іс-әрекеттерін   алыстан
ойлайтын.  Бірақ,  ең  соңында  оның  ойлаған  жоспарлары  құрдымға  кетеді.
Император Сычуань провинциясының батысына тығылуға мәжбүр  болады.  Чаньанды
көтерілісшілерден азат етеді,  бірақ  Мин-хуан  тақтан  бас  тартып,  өзінің
өмірінің соңына дейін Сычуанда калады.
    Тан империясының сарайы  гүлдену  үстінде  болды.  Императордың  «Аспан
сарайының» кұрылысы үшін күнделікті онда он мыңға жуық  мемлекеттік  барщина
етуге тиіс  шаруалар  мен  ремеслинниктер  еңбек  ету  тиіс  болды.  Сарайды
әсемдеу үшін 300 - ден астам тонна медь кетті.VII ғ. Екінші жартысында,  бір
тан чиновнигі трон билеушісіне былай доклад: «Елдің  әскер  800  мың  адамды
кұрайды. чиновниктер, саудагерлер, монахтар -  жерге  дән  екпей,  Тек  кана
жеуді білетіндер, елдің түрғындарының бес-алты есесін кұрап отыр.  Өте  ауыр
істе  жүрген  шаруаларды  аяусыз  қанап,  жеті  туеядтарды  киіндіріп   және
тамақтану үшін  жағдай  туғызады»  деп  жазады.  Император  сарайында  күрес
туындайды. Көп уақытқа дейін императорлар мен  ен  арасындағы  дауды  евнух-
царедворлык  пайдаланып  қалуға  тырысты.  Осы   таптық   өкілдері   орталық
мемлекттік жэне әскери органдардан кызмет алу        үшін  күреседі.  Ақыры,
олардың кол атына сарай гвардиялары түседі.
    Caxapаның оңтүстігінде орналасқан Африка  халықтары  ұзақ  та,  өзіндік
тума тарихи даму жолынан өтті. Бірақ Африка тарихының жеткіліксіз  зерттелуі
ол жолды толық ашып көрсетуге мүмкіндік  бермейді.  Дегенмен  қазірге  дейін
жинақталған ғылыми мәліметтер Африка халықтарының көпғасырлық тарихына азды-
көпті талдау жасауға жол ашады.
    Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка аудандарының даму  қарқыны
бірдей  болмады.  Орта  ғасырлардың  бас  кезінде  бір   халықтарда   таптық
қатынастар қалыптасып, мемлекеттік бірлестіктер құрылса, енді бір  халықтары
алғашқы  қауымдық  құрылыста   өмір   сүріп   жатты.   Сондықтан   Сахараның
оңтүстігіндегі Африка территориясында қоғамдық қатынастары мен  экономикалық
өмірінің дамуы жағынан ұқсас ірі аудандарды  бөліп  қарастыруға  болады.  Ол
аудандарға Батыс Судан, Шығыс Африка, Батыс Тропикалық Африка  мен  Оңтүстік
Африка жатады.
    Тропикалық   Африка   халықтарының   көпшілігі   ежелден   егіншілікпен
айналысты. Тек берберлер мен Оңтүстік Сахараның  туарегтері,  фульбе  (Батыс
Африка), масаилар, галлалар (Шығыс Африка)  сияқты  біраз  көшпелі  халықтар
мал  шаруашылығымен  айналысты.  Табиғи  жағдайдың  ерекшеліктері,   әсіресе
жердің  құнарлылығы, тек өсірілетін дақылдар  түріне  ғана  емес,  егіншілік
құрал-жабдықтарының түріне де әсер етті.  Тропикалық  Африканың  топырағында
құнар өте аз, оның жоғарғы беті ғана  құнарлы.  Оны  терең  жырту  пайдасыз.
Терең жыртқанда құнарлы топырақ желге ұшады.  Сондықтан  бұл  жердегі  халық
ұшына темірден жасалған тіс орнатылған кетпенді (мотыға)  пайдаланып  келді.
Оның бірнеше түрі болады. Африкаға тән дақылдар негізінен сорго,  тары  және
күріш болды. Сондай-ақ бұршақтың бірнеше түрлері: сиыр бұршағы, жер  бұршағы
(земляные бобы) - өсірілді. Май алынатын  өсімдіктерден  -  кунжут  (сезам),
кокос кокос  пальмасы  өсірілді.  Кен  тараған  техникалық  дақылдар:  мақта
(хлопчатник), индиго (бұршақ  тұқымдас),  қант  тростнигі  болды.  Огородтық
дақылдар да, әсіресе тамыржемістілер көптеп өсірілді.
    Қолөнері қоғамдық өндірістің маңызды бөлігін құрады. Әр қауымда  ерекше
әлеуметтік жағдайдағы қолөнершілер топтары  болды.  Олардың  қатарына  темір
ұсталары, гончарлар, тері өңдеушілер  мен  тоқымашыларды  жатқызуға  болады.
Қауым қажетті қолөнер бұйымдарымен өзін-өзі қамтамасыз ететін.
      Қолөнердің маңызды салалары      металл өндеу, ауылшaруашылығы құрал-
жабдықтарын  және  қару-жарақ  жасау,  тақыма  және  гончарлық   іс   болды.
Африкалықтар металл өндеудің ерекше тәсілін  пайдаланды.  Темір  мен  мыстан
гөрі алтын аз өндірілді.  Қауымдық  шаруалар  барлық  африкалық  қоғамдардың
негізгі өндіргіш күші болды. Африкада жер иесінен алынбайтын.  Бағындырылған
жердің адамдары сол өз иеліктерінде қала беретін  де,   тек  салық  төлеумен
шектелетін.
   1. Мемлекеттік құрылымдар (Гана, Мали, Сонгай)
    Нигер өзенінің жоғарғы және орта ағысы бассеинінде Гана,  Мали,  Сонгай
мемлекеттік (құрылымдар) бірлестіктері қалыптасты.
    Гана  мемлекеті  туралы  алғашқы  мәлімет  ҮІІІ  ғасырға  жатады.  Оның
этникалық негізін сонинке халқы құрды. Астанасы – Кумби-Сале  қаласы  болды.
ІХ ғасырда Гана сауда керуендерін  тонап,  тыныштық  бермейтін  көршілері  -
көшпелі берберлермен жиі  соғысып  отырды.  Берберлердің  лемтун  тайпасының
көсемі Тилутан Батыс  Сахараның  барлық  берберлерін  біріктірді.  919  жылы
Лемтундар билігі құлаған соң басшылық зенага тайпасына көшті. 990 жылы  Гана
зенагаларды жеңіп, олардың басты қаласы, маңызды  сауда  орталығы  Аудагoсты
алды.
    Х ғасырдың басында Гананың саяси қуаты шырқау шегіне жетті.  1054  жылы
Мароккандық Альморавидтер мемлекеті Ганадан  Аудагост  қаласын  басып  алды.
Бірақ бұл Гананың Батыс Судандағы үстемдік жағдайына нұқсан  келтірген  жоқ.
Гананың 200 мыңдық әскері болды, оның 40  мыңы  садақшылар  мен  атты  әскер
болды.
    Гана барлық Батыс Суданның  Магриб  елдерімен  саудасындағы  үстемдігін
сақтады. Оның территориясы арқылы сол кездегі барлық белгілі  сауда  жолдары
өтетін, Бірде-бір берберлер мен араб көпестерінің керуендері  Ганаға  соқпай
кете алмайтын.  Саудаға түсетін бұйымдар азық-түліктер, негізінен мыс,  каур
раковинасы, тұз,  мата,  финик  еді.  Гана  қазіргі  Мавританияның  Онтүстік
аудандарымен жүргізілетін  саудаға  да  бақылау  орнатты.  Гана  үкіметі  өз
территориясы арқылы өтетін барлық сауда керуендерінен кедендік  салық  жинап
отырды. Араб саяхатшылары мен көпестері  Гана  патшаларының  байлығы  туралы
таңғажайып аныздар таратты.
    Альморавид (қазіргі Мавритания, Батыс Сахара, Онтүстік Марокко) сұлтаны
Абу Бекр ибн-Омар Батыс Суданның Солтүстік бөлігін басып алуға, сөйтіп  онда
Ислам дінін енгізуге тырысты. 1076  жылы  ол  Гананың  астанасын  басып  ала
алды. Қала талан-таражға салынды.  Көптеген  тұрғындары  тұтқынға  әкетілді.
Гана тункасы (патшасы) Менен өзін Альморавидке тәуелді  деп  мойындады,  жыл
сайын салық төлеп тұрды. Гана ислам дінін  қабылдады.  Mароккандықтар  алтын
өндірілетін Бамбук ауданын басып алды.
    Мароккандықтардың Ганадағы  үстемдігі  қысқа  болды.  1087  жылы  Адрар
ауданында көтеріліс басталды. Ол көтерілісті  басу  кезінде  Абу-Бекр  өлді.
Мароккандықтар Ганадан әскерінің басым  көпшілігін  шығаруға  мәжбүр  болды.
Бірақ  шет  ел  басқыншылары  Гана  державасына  ауыр  соққы   болып   тиді.
Мароккандықтар қуылғаннан кейін Гананың территориясы  Аукар  және  Бассикуну
облыстарымен ғана шектелді.
    Батыс Суданда тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Солардың  бірі  Каньяга
болды.  Ол  ХІІ  ғасырда  Гананың  біраз  жерін  тартып  алып,  қуатты  Сосо
мемлекетін құрды. Бұл мемлекет, күшейіп келе жатқан Мали  патшалығы  сияқты,
Ганаға  қауіп  төндіріп  тұрды.  Гана  Суданның  Солтүстік  бөлігінің  сауда
байланыстарының орталығы  болудан  қалды.  1203  жылы  Сосо  патшалығы  Гана
территориясын  толық  жаулап  алды.  1230  жылы  Батыс  Судандағы   ең   ірі
мемлекетке айналып, барлық сауда керуен жолдарын өз  бақылауына  алды.  1224
жылы сауда жолдарының қиылысында үлкен Уалата қаласы салына бастады.
    Сосо мемлекетінің  қауіпті  бақталасы  Мали  болды.  Мали  мемлекетінің
қалыптасуы ҮІІІ ғасырға жатады.  Малидың  шекарасы  алғаш  Шығыста  Нигердің
жоғарғы ағысымен, солтүстікте - Белдугу, батысында - Бакай өзенінің  жоғарғы
ағысымен шектелді. Мемлекеттің негізгі ядросы тароре, конате,  кейта  рулары
орналасқан солтүстік аудан болды. ХІ ғасырда билік құрып тұрған әулет  ислам
дінін қабылдады. Бірақ халықтың  басым  көпшілігі  Бұрынғы  діндерінде  қала
берді. Арабтар мен берберлердің  мұсылман  көпестері  Малиге  жиі  қатынасып
тұрды және үкімет тарапынан қудалаушылыққа ие болып отырды.
    Малидың экономикалық және саяси қуатының күшеюі   ХІІ  ғасырдын  екінші
жартысына жатады. Бұл кезде Малиден өкімет билігі Кейт руының қолына  көшті.
Бұл рудың көрнекті мемлекеттік  қайраткері,  қолбасшысы  Сундиата  1230-1255
жылдары патшалық құрды. Оның кезінде қатаң  тәртіпке  бағынған  күшті  армия
құрылды. Алғашқы басқыншылық жорық нәтижесінде Мали өзіне Санкаран мен Фута-
Джаллон облыстарын қосып алды. Сонан  соң  Сундиата  Шығысқа  жорық  жасады.
Оның барысында Нигар мен Бауле өзендерінің  аралығын жаулап алды.
    Сундиата Сосо патшалығымен оның  оңтүстігін  басып  алу  үшін  соғысты.
Сундиата Белдугу мен Киринуды,  Нигердің  оң  жағасындағы  Кениенко  ауданын
жаулап алды. 1235 жылы Кирине маңындағы шайқаста  Сосо  әскері  талқандалды.
Сөйтіп,  Cocо  жерінің  едәуір  бөлігі  Малиге  қосылды.  1240  жылға  қарай
Сундиатаның қоластына  барлық  Сосо  жері  көшті.Сундиата  мемлекеттің  жаңа
астанасы - Ниани  қаласын  салғызды.  Ол  Санкарани  өзенінің  оң  жағасында
салынды (қазіргі Ниора қaласының манында).
    Мали батыс Судандағы ең күшті мемлекетке айналды. ХІІ  ғасырдың  екінші
жартысында Мали басқыншылық соғыстары жалғастырып, территориясын онан  сайын
кеңейтті.  Көптеген  әскери  қолбасшылар  жаулап  алынған  жерлерде   қалып,
вассалдық  патшасымақтарға  айналды.  Мали   империясының   құрамына   Батыс
Суданның ірі сауда және мәдени орталықтары - Уалата мен Томбукту да кірді.
    Mалидың басқа елдермен сыртқы байланысы кеңейді.  Магpиб  (Тунис-Алжир-
Марокко)  пен  Египет  мемлекеттерімен  жүйелі  сауда  айырбасы  қалыптасты.
Малидың  сыртқы  саяси   байланысы   да   кеңейді.   Марокко   сұлтандарымен
дипломатиялық қатынас орнатылды.
    ХІҮ ғасырдың екінші жартысындағы Мали тарихы мемлекеттік төңкерістерге,
ішкі талас-тартыстарға толы болды. Бұл жағдайды  оның  көршілері  пайдаланып
қалуға тырысты.
    Малидың  басты  бақталастары  Сонгай  мемлекеті  мен  Моси   тайпасының
мемлекеті - Ятенга болды.  Мали  мемлекетіндегі  қoғaмның  негізгі  ячейкасы
патриархалды отбасы болды. Оның құлдары мен ерікті қызметкерлері  де  отбасы
мүшесі деп есептелді. Осындай бірнеше отбасы ауылдық  қауым-дугаға  бірікті.
Патриархалды отбасының басшысы үстемдік етті. Онан  соң  кіші  отбасыларының
иелері келесі сатыда тұрды.  Ерікті  қол  өнершілер  мен  дихандар  қауымның
қатардағы мүшелері болды.
    Қоғамдық иерархияның ең төменгі сатысында құлдар тұрды. Құлдың   келесі
ұрпақтары ерікті қызметкерлер қатарына қосыла  беретін.  Қауымның  қатардағы
мүшелері,  құлдар  мен  еркімен  жүргендер  аптасына  5   күн   патриархалды
отбасының  иелігінде  жұмыс  істеуге  тиіс  болды.  қалған  екі   күнді   өз
үлестерінде істейтін. Ол үлесінен түскен өнім өзінде қалатын. Жер бөлу,  сот
биліктері   патриархалды   отбасының   қолында   болды.   Қызметтері    үшін
әскербасылары, жауынгерлер ел басшыларынан  алтын,  жер  алып  отырды.  Жері
үшін қызмет атқаруға міндетті болды.
    Ортағасырлық Малидың шаруашылығы  натуралды  болды.  Мали  қауымдарында
қолөнершілер  тобы  болғанымен,  басқа  қауымдармен  товар  айырбасы   қажет
болмады. Жергілікті рыноктар болды,  бірақ  олар  шағын  аудандар  көлемімен
шектелді.  Томбукту  мен  Дженне  Малидың  маңызды   сауда   және   қолөнері
орталықтары болды. Қалаларда солтүстік  африкалық   көпестер  мен  мұсылман-
діндарлар да тұрды. Олар жеке кварталдарда тұрып, өздерін-өздері басқарды.
    Сонгай мемлекеті.  Мали  мемлекеті  әлсіреген  кезде  Сонгай  мемлекеті
күшейе түсті. Сонгайлықтар Малидың шығысында тұрды.  Бірнеше  ғасырлар  бойы
Мали патшалығына алым-салық төлеп келді. ХҮ  ғасырдың  басында  сонгайлықтар
Малиден тәуелсіздігін алды. Көрші  тайпаларды  бағындырып,  сонгайлықтар  өз
биліктерін Дженнеге дейінгі  Нигер  өзенінің  орта  ағысындағы  территорияға
орнатты. Мемлекет басында берберлік әулет тұрды.
    Сонгай  мемлекетінің  күшеюі  ХҮ  ғасырдың  ортасына,  Али  Бер  билігі
(1464/1465-1492 жж.) кезіне жатады. 1468 жылы  Али  Томбуктуды  басып  алды.
Жеті жылдан кейін ол ірі сауда орталығы Дженнені басып  алды.  Али-Бер  1492
жылы кезекті бір соғыс кезінде қаза тапты. Оның баласы Бакари-Дааның  билігі
ұзаққа созылмады. Али Бердің  әскер  қолбасшысы,  Сонинке  тайпасының  өкілі
Мухаммед Туре  Бакари-Дааға  қарсы  шықты.  Ол  1493  жылы  Ангоо  маңындағы
шайқаста Бакари-Дааның әскерін  жеңді.  Сонгай  астанасына  кіріп,  өзін  І-
Мухаммед (1493-1528) деген атпен патша деп жариялады.
    Мухаммед күшті кәсіпқой армия  құрды.  Енді  шаруалардың  жұмыстан  қол
үзуінің қажеті болмады. 1494 жылы Сонгай Диага патшалығын  қосып  алды.  Көп
кешікпей Мухаммед Малидің ірі провинциясы - Багануды  Сонгайға  қосып  алды.
1513 жылы хаусандық Кацина мемлекеті жаулап  алынды.  Келесі  бір  хаусандық
мемлекет - Кеббимен бітім жасалды. 1515 жылы Агадес қаласы мен  оның  облысы
басып алынды.
    Жаулап алынған жерлердің халықтары Сонгай үстемдігіне  қарсы  көтеріліс
жасап отырды. 1517 жылы Баганада бұрынғы Мали  патшасының  әкімі  Кама  Кейт
басқарған көтеріліс болды. Ол өте қатаңдықпен басып тасталды.
    Сонгай  державасының  қоғамдық  құрылысы  құлдықтан   феодализмге   өту
кезеңінде болды. Ел басшылары өз  иеліктерінде  200-300  құлдан  1000  құлға
дейін ұстады.  Бірте-бірте  бұл  құлдар  басыбайлы  шаруаларға  айналып,  өз
қожайындарына  натуралды  рента  төлеп  тұрды.  Құлдардың  3-4-ші  ұрпақтары
ерікті  шаруаларға  айналып  отырды.  Бірақ  өзінің  қожасына  белгілі   бір
мөлшерде тәуелді болды.
    Қала тұpғындapы еріктілер болды. Сонгай  мемлекетінің  астанасы  -  Гао
қаласында шамамен  75  мың  адам  тұрды.  "Тарих  аль-Фетташ"  деген  Сонгай
жылнамасының  мәліметі бойынша Томбуктуда әрқайсысында 50 жұмысшысы  бар  26
тері илеу, т.б. шеберханалары болған.  Тіпті  100-ге  жуық  жұмысшылары  бар
шеберханалары да болған.
   2. Европа мемлекетінің отарлауының басталуы
    ХҮ ғасырдың екінші ширегінен бастап Батыс Африканың  мұхит  жағасындағы
аудандарына  европалықтар,  негізінен  португалдықтар  мен  испандықтар  ене
бастады. 1434-1482 жылдар аралығында олар Бахадор  мүйісінен  Конго  өзеніне
дейінгі  жағалықты  аралап  шықты.   Португалдықтардың   1460-1469   жылдары
отарлаған  Көгілдір  мүйіс  аралдары  Батыс  Африкадағы   ең   алғашқы   құл
саудасының базарына айналды.
    Португалдықтардың Батыс  Африкаға  ағылуы  әсіресе  1475  жылдан  кейін
күшейді. Осы жылы Лиссабондық көпес Фернан Гомиштің экспедициясы Анкобр  мен
Вольта өзендерінің төменгі саласында алтынға  бай  елді  анықтаған  болатын.
Бұл ауданда тұратын фанти тайпасы португалдық көпестердің  африка  халықтары
арасындағы ең бірінші құрбаны болды.
    Алтын жағадағы өз позициясын тез нығайту үшін 1482  жылы  Сан-Хорхе-да-
Мина (қазіргі Элмина) деген тастан  қаланған  форт  (бекет)  салды.  Алғашқы
кезде Африкадан тек алтын ғана тасылды.Құл сату онша  кең  өріс  ала  қойған
жоқ.
    Латын Америкасының жергілікті халықтарын қырып-жою  арқылы  жүргізілген
Америка   континентін   жүйелі   түрде   отарлауға,   ондағы    плантациялық
шаруашылықтың кең өріс алуына байланысты өте көп жұмыс күші қажет болды.  Ол
күштің көзі Африканың жергілікті халықтары болды. Батыс Африка  бірнеше  жүз
жыл бойына тегін жұмыс күшінің резервуары болып, үлкен құл саудасы  рыногына
айналды.
    ХҮІ ғасырдың аяғына дейін Португалия Батыс Африка  жағалауына  орныққан
ең бірінші европалық ел болды. Бірақ португалдықтар көпке  дейін  материктің
ішіне терең ене алмады. Тек Сенегал мен Гамбияның арасына ғана  біраз  енді.
Осы өзендер арқылы португалдықтар 1534 жылы  Малиге,  1565  жылы  Томбуктаға
жетті. Сенегал мен Гамбия арқылы португалдықтар  ішкі  мандинг  рыноктары  -
Кантора мен Бамбукке жетті. Бұл  жердегі  ірі  мемлекеттерді  португалдықтар
басып  ала  алмады.   Олардың   басты   назары   Төменгі   Гвинея   өзенінің
жағалауларына ауды (Сьерра Леонеден Камерунға  дейін).  Олар  бұл  жағалауды
төрт зонаға бөлді:
    1. Перечный жағалауы.  2.  Піл  сүйегі  жағалауы.  3.  Алтын  жаға.  4.
Невольничий жағасы (Вольта өзені мен Нигер дельтасы аралығы).
    Португалдық көпестер әсіресе Алтын жаға мен Невольничий  жағасында  зор
белсенділік көрсетті. Элминадан басқа  португалдықтар  Аксимде,  Шамда  т.б.
жағалық  пункттерде  бірнеше  жаңа  форттар  салды.  Онда   барлық   сауданы
шоғырландырды. ХҮІ ғасырдың басындағы португалдықтардың  Африкада  өндіретін
алтыны  дүниежүзілік  алтын  өнімнің  1/10-ін  құрады.  Жағалық   жергілікті
халықтар португалдықтармен сауда қатынасында белсенді болды.  Бірақ  алтынды
португалдықтар өте арзанға алып отырды.
    Оңтүстік Нигерияның жағалауы алғаш португалдықтар назарына  онша  іліге
қойған жоқ. Күшті Иоруб мемлекеттері ішкі аудандарға жылжуға берік  тосқауыл
болды. Бенин мемлекеті португал товарларының орнына Европа рыноктарында  өте
жоғары бағаланатын келімдәрі беріп отырды.
    1486  жылы  португал  көпестері  Гватода  Бениннің  экспорттық  портына
айналған сауда пунктін ашты. Бірақ 1506  жылы  бұл  пункттің  маңызы  болмай
қалды. Себебі  африка  келімдәрісінен  түсетін  табыс  Индия  келімдәрісінің
табысынан   әлдеқайда   аз   болды.   Сондай-ақ   португалдықтар   товарлары
бениндіктерде өте төмен бағаланды.
    Фернандо-По және Сан-Томе аралдарына бекініп алып, португалдықтар  кант
тростнигін  өсіретін  плантациялық  шаруашылықпен  айналысты.   Оларға   бұл
шаруашылық үшін жұмысшы күші керек болды. Сол себепті құл саудасы  кең  өріс
ала бастады. Ал  құлдарды  Нигер  дельтасы  мен  Оңтүстік  Нигерияның  баска
аудандарындағы ұсақ тайпалармен  жиі  соғысып  отыратын  Бенин  көптеп  сата
алды. Португалдық көпестер құлдарды қант плантацияларына жақын Алтын  жағаға
апарып, алтынға айырбастап  отырды.  Португалдық  құл  саудасы  әсіресе  ХҮІ
ғасырдың аяғында Бразилияны отарлай бастағанда кең қанат жайды.
    Бұл кезде Испания мен Англияның, Францияның Америкада басып алған басқа
да аудандарында плантациялық шаруашылық  тез  қарқынмен  дами  бастады.  Құл
еңбегіне сұраныс бірнеше есе  өсті.  Европа  елдерінің  арасында  Африкадағы
жұмысшы күшінің рыногын басып алу үшін  қызу  күрес  басталды.  Бұл  күресте
Португалия өте күшті европа мемлекеттерімен қақтығысты. Бұл  күрестің  басты
құрбаны,  әрине,  африкандықтар  болды.  ХҮІІ  ғасырда  құлдар  мен   Африка
жерлерін  басып  алу  үшін  ешбір  заңға  бағынбаған   қарақшылық   соғыстар
басталды. Тек 1530-1600 жылдар аралығында ғана португалдықтар Америкаға  900
мың африкандықтарды апарып сатты.
    1610 жылы португалия  монополиясы  голландықтар  конкуренциясына  шыдай
алмай,  жеңіліске  ұшырай  бастады.  Голландықтар   Вест-Индия   компаниясын
ұйымдастырып  Батыс Африка жағалауындағы португалдықтардың сауда  бекеттерін
басып  ала  бастады.  1642  жылға  қарай  Аргуин  Гори,  Сан-Томе   порттары
Голландықтар қолына көшті. Олар португалдықтардың Алтын  Жағадағы  порттарын
да басып алды. 1648 жылы  лортугалдықтар  біраз  уақыт  тәуелсіздігін  жеңіп
алған Сан- Томені қайтадан  өзіне  қаратып  алды.  Бірақ  Атлантикадағы  құл
саудасындағы  португалияның  монополиясы  біржолата  жойылды.   Оның   орнын
Голландия  басты.  ХҮІІ  ғасырдың  бірінші   жартысынан   бастап   Голландия
Испанияның Америкадағы отарларына негізгі құл жеткізуші делдал болды.
    Голландия  үстемдігі  де  ұзақка  созылмады.   ХҮІІ   ғасырдың   екінші
жартысында отар үшін  күреске  Англия  мен  Франция  кірісті.  Бұл  елдердің
плантаторлары құлдар үшін  алтын  сұрайтын  португалдықтардың  делдалдығынан
қуылып, құл саудасының негізгі рыноктарын басып  алуға  тырысты.  Англиямен,
Франциямен  қатар  құл  саудасына  Европаның  басқа  елдері  Швеция,  Дания,
Браңденбург те кірісті. Сөйтіп,  ХҮІІ  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  бүкіл
ХҮІІІ  ғасырдағы  Европаның   басты   державаларының   арасындағы   қайнаған
конкуренцияның өзектi  мәселесі  -  құл  саудасындағы  үстемдік  болды.  Бұл
күрестің аренасы  Африка  континенті,  әсіресе  Батыс  және  Орталық  Африка
аудандары болды.
    Англия мен Франция африкандық құлдармен саудада үстемдік құқы  берілген
ірі сауда компанияларын құрды. Мұндай компанияны Франция  1664  жылы  құрса,
Англия  1672   жылы   құрды.   Ағылшын   компаниясы   "Королдық   африкандық
компаниясы'' деп аталды.
    Францyздaрдың  сауда  экспансиясының  тіреніш  пункті  Сенегал   болды.
Mұндағы алғашқы француз бекеті 1630 жылы салынды, ал  кейінгі  жылдары  Сен-
Луи аралында  бекет  салынды;  гoлландықтaрдан  Аргуин  және  Гори  форттары
тартып алынды. Гори  бірте-бірте  француздықтардың  Батыс  Африкадағы  басты
теңіз базасына айналды. ХҮІІ ғасырда Америкаға 2 млн.  750  мың  құл  апарып
сатылды. Оның 213-ке жуығы Батыс  Африкадан  болды.  Әрбір  6-шы  африкаңдық
жолда қаза тауып отырды. Құл саудасы Африка  континентінің,   әсіресе  Батыс
Африканың санын  кемітті.  Африка  континенті  келешегi  зор  жап-жас  жұмыс
күшінен айырылды.
    Құл саудасы Батыс Африка елдерінің экономикасына, саяси жағдайына  орны
толмас  зиян  келтірді:  өндіргiш  күштер  тоқырауға  ұшырады,  континенттің
солтүстік  облыстарымен  дәстүрлі  сауда-саттық  байланыстары  үзілді,   ірі
мемлекеттер құлдырауға ұшырады. Батыс Африканың қорғаныс қабілеті  әлсіреді,
африка мемлекеттерінің құл саудасына  қатысқан  үстем  таптарының  азғындауы
байқалды.
    . Оңтүстік Сахарадағы Африка елдері біркелкі дамыған жоқ . ХУғ халықтар
біраз феодалдық қоғам болып, кең көлемді мемлекет болып құрылса,  ал  кейбір
жерлердің адамдары тайпа құрамынан  шыға  алмай  жатты.  Африканың  Оңтүстік
Сахара жерінде қоғамдық және экономикалық жағдайы жақсарған халықтарды  атап
айтуға толық болады, өздерінің тұрақтанған жерлеріне  тән  белгілері  болды:
Батыс Судан, Шығыс Африка, Батыс Тропиктік Африка және Оңтүстік Африка.
      Африка қоғамында  қарапайым  кедей  шаруалардың  еңбегі  басым  болып
келеді. Тіпті алғашқы  қоғамда  құлдарды  қолданбаған,  құлдар  жерге  салық
төлеп тұрған.
      Африканың халықтары металлды өңдеу әдісін меңгерген, әсіресе  темірді
өңдеген. Африкандықтардан  қалған  балқытылған  пештерден  байқауға  болады.
Олардың   халықтары өзбеттерінше еңбек құралдарына металл қосуды  меңгерген.

      Тропиктік Африка халықтары ежелден жер  шаруашылығымен,  егіншілікпен
айналысқан.  Мал  шаруашылығымен  тек  көшпелі  халықтар:оңтүстік   Сахарада
берберлер  мен  туарегеттер,  батыс  Африкада  фульбехтер,  шығыс   Африкада
масаилер мен галла  халықтары  айналысты.  Осы  жерде  малшаруашылығы  нашар
дамығанын   жер   шаруашылығы   түсіндіреді.    Дегенмен,    орта    ғасырда
африкалықтардың ауыл шаруашылық мәдениетінің дамуын көрсетеді.
      Африкада күнделікті астық мәдениеті және сол сияқты неше түрлі  сұлы,
күріш,   т.б.сияқты    дәнді-дақылдарды    қолданған.    Бобов    мәдениетін
таратқандарға сиыр бұршағы, т.б. берілді. Маңызды  мәдениетте  құрма,  какос
пальмасы, маңызды техникалық мәдениетте мақта, индиго,  қант  таяқшасы  орын
алды.  Үлкен  дамыған  жетістікке  -әртүрлі  бау-бақша   мәдениеті,  әсіресе
африкалық ямса және ХУІ ғ. америкадан әкелінген тағадар болды.
      Орта ғасырларды орталық базар алаңдары ашыла бастады.  ХІУ-ХУғғ.батыс
мемлекеттерде шеберханалар, әртүрлі цехтар ашылды. Ең күрделі өнеркәсіп  ол-
металл, яғни темір, алтын, күміс, ауылшаруашылық құралдар, тігін  бұйымдары,
тері өнімдері, қару-жарақ және сәулеткерлік керамикаларды қолөнершілер  тобы
өңдірді. Африкандықтар керемет ерекше металлдың, пештердің конструкцисы  мен
 технологиясын жақсы меңгерген  осы  әдіс  барлық  Тропиктік  Африкалықтарға
тән. Темір  мен  мыстың  металургиясын  кейінірек  таратты,  ал  алтын  онша
дамыған жоқ.
    Тігін текстильі бүкіл Батыс және  Орталық  Судан,  әсіресе  Хусан  және
Йорубуск   елдерінде  дамыды.  Хауса  елдері  тері  өндіруден  яғни  белбеу,
қорамсоптар, сөмкелерді өндірді. Тері текстильімен қатар  бояу  өндірісі  де
дамыды.  Йоруба, Бенине,  Нупе  елдерінде  сәулеткерлік  керамика,  күмістен
жасалынған мүсіндер, шыныдан істелінген заттар кеңінен  дамыды.  Сол  сияқты
ағаштан жасалынған әртүрлі ағаштан жасалынған мүсіндер, ритуалдық  маскалар,
сүйектер және тоқылған заттар орын алды.
            Орталық Суданның тарихы
      Батыс және Орталық Суданның халықтары ежелден бері  жершаруашылығымен
көршілес  елдермен   айырбас   жүрігізді,соның   бірі   оңтүстік   Сахараның
шекарасымен  айырбаспен айналысты. Батыс  Суданның  сахеле  зонасында   УІІ-
УІІІ ғғ.үлкен сауда пунктері болды. Аукар, Мали, кейінен  Пимбукту,  Уалата,
Гао  қалалары  батыс  судандықтардың  орталығы  болған.  Осы  аталған  үлкен
қалалар керуен жолы Батыс Судан аймағымен байланыста  болды.  Маңызды  сауда
жолы Нигер өзені, Сенегал, Гамбин, Сокота, Камадугу, т.б.болды.
      Айырбас ретінде жер шаруашылығының өнімдері  ,  малшаруашылығы,  тұз,
алтын, ал Оңтүстік Батыс Суданда  алтын және кола жаңғағы жүрді.  Нигер  мен
Сенегала  көлінің  ортасында  орта  ғасырда  бірінші   білім   беру   жүйесі
енгізілді. Гана, Мали, Сонгай ортағасырдағы  Солтүстік  Батыс  аймақтың  Чад
көлі орта ғасырлық  Бориу,  Канем,т.б.  мемлекеттер  пайда  болды.  Оңтүстік
Суданның Гвиней аралында  Йоруба,  Белин,  Фаголия,  Амантин  орта  ғасырлық
мемлекеттер пйда  болды.  Осы  аймақтағыхалықтардың  этникалық  және  тілдік
қатынасы  мемлекетттің, экономикалық жағдайының пайда болуына әкеп соқты.
    ХІ-ХУ ғғ. Судан. ХІ-ХУ ғғ. Суданның территориясы Нубия деп аталады.  ХІ
ғ Нубияда бірнеше тәуелсіз княздіктер өмір сүрді. ХІІ ғ  Нубияда  ұланғайыр,
бай  мемлекеттер  өмір  сүрді.   Жекелеген   князьдіктер   өздерін   Донгола
патшалығының вассалы деп есептеді. Египеттегі  орталық  биліктің  әлсіреуіне
байланысты Мукурра нубийлерді Египеттің оңтүстік иеліктеріне шабуыл  жасады.
Салық жүйесіне өзгерістер әкелді. Мукурра өкіметі  Египетке  жыл  сайын  400
ірі қара, 100 түйе, жабайы аңдар, финник, мата,  құралдар  жіберіп  отыратын
болды.
    Египит үкіметі Мукурраның үстінен саяси үстемдік  те  жүрді.  өздерінің
көңілін таппайтын Мукурра басшысын орнынан алып  тастап,  қалаған  адамдарын
тағайындап отырды.
    1304-1305жж Мукуррада көтеріліс болды. оны басу  үшін  Аммий  Египеттен
көмек сұрады.  Үкіметке наразы болған халық жаппай  мұсылман  дініне  кірді.
Бұрынғы христиан дініндегі өкімет басшысы орнынан алынып, оның орнына  Каире
өскен, ислам дінін  қабылдаған  Бершамбо  отырғызылды.  Доголдағы  кафедралы
собор мешітке айналды.
    ХІУ-ХУ ғғ. Судан территориясында араб тайпаларының, қоныстануы одан әрі
жалғасты. Арб тілі мен діні тез тарай бастады. Араб халықтары ежелден  Судан
мәдениетін меңгерді. Араб әлеміне жату  мақтаныш  сезімін  туғызатын  болды.
ХУІ ғ. Көк және Ақ Иілдің қосылатын жерінде Сеннар мемлекеті, Ніл  алқабының
батысында, Коржофон тауында Дарфут мемлекеті құрылды.
                                  Б.)   Гана мемлекеті
    Бұл аймақтағы ең ежелгі мемлекет Гагна немесе Аукар. Осыған дәлел  УІІІ
ғасырдағы  деректер  Гана  мемлекет  болып  қалыптасқанына  көз   жеткізеді.
Этникалық құрамын сонинке халқы құрады.  ІХ  ғасырдың  ортасына  таман  Гана
Аукар аймағын, Багану, Сахараның Хода  және  Тоганте  облыстарын,  батысында
Текуре жеріне  дейін,  шығысында  Нигерге  дейін,  оңтүстігінде  Сенегаланың
үстіңгі ағысы  мен Бауле жерлерін жаулап алды. Гана мемлекетінің астанасы  –
Кумбм-Сален болды.
    Гананың билеушілері ІХ ғасырда  бербер  тайпаларымен  күрес  жүргізді..
гана жеріне бара жатқан сауда жолын және Ганадан Магриб жеріне  бара  жатқан
сауда керуенін ұстап алды. Гананың ең қауіпті жаулары берберлер мен  лемтуна
халқы болды. 919 жылы Лемтін қоғамы толығымен күйрегеннен  кейін  соғыс  919
жылы Зенага қоғамымен  аяқталады.  Бұл  соғыста  Гана  жеңіп,  зеногтың  бас
қаласы мен Аудагост сауда орталығын жаулап алады.
    Х ғасырдың басынды Гана мемлекеті саяси жағынан күшейе түсті. 1054 жылы
Альморавида мароккалық мемлекет Ганадан Аудогасты тартып алды. Бірақ  осыдан
қарамастан Гана мойын сұнбады. Батыс Суданды   сақтап  тұрды.   Гананың  200
мың әскері, оның ішінде 40 мың мықты отряды болды.
    Осыған қоса Гана Батыс Суданның Магриб елімен  сауда  қатынасты  сақтап
тұрды.   Оның  жолымен  атақты   сауда  керуені   өтіп  отырды.  Бірде   бір
бербердің  және  арабтардың  керуені   Ганаға  төтеп  бере   алмады.   Сауда
айырбасында  мыс, тұз, мата, құма жүрді.  Гана  бүкіл  Мавритони,  Текрурам,
Фалеме,  Гангарон  жеріндегі  саудаларды  бақылап,  алтын  топырақтың   орта
ғасырдағы  болған  қалаларды  аңдып   отырды.    Тұз   бен   алтын   Гананың
экономикалық  гүлденуіне  әкеп  соқты.    Гананың   территориясынан   өтетін
керуендерді кеденнен билеушілер мұқият  болды. Арабтардың  саяхатшылары  мен
саудагерлері Гананың билеушілерінің байлығы  туралы  сөз  таратып,  тайпалар
мен мемлекеттердің  бірінші кезекте  Альморавидскийдің  империясын  қаратты.
Альморавидскийдің сұлтаны  Әбу  Бекир  ибн-Омар  өзіне  солтүстік  бөліктегі
Батыс  суданды  қаратпақшы  болды.  Сол  сияқты  сол  өңірге  «ислам»  дінін
таратпақ болды. Қала толығымен  тоналып,  қирады.  1476  жылы   Гана  қаласы
сұлтанның қолында болды. Гананың сұлтаны  Менен  Альморавидскийді  мойындап,
жыл сайын дань  беруге міндетті болды.  Халықтары  еріксіз,  күштеп  исламға
бағынды. Мароккандықтар Бамбук жеріне орнықты.
    Мароккандық билік Ганада қысқа болды.   1087  жылы  халықтық  шу  шығып
Аурара ауданында, сол кезде Әбу Бекир  ибн-Омар  өлді.  Мароккандықтар  Гана
жерінен кетуге мәжбүр болды.   Бірақ  бөтен  мемлекет  Ганалаықтарға   үлкен
соққы берді. Мароккандықтады  Ганадан қуғынан кейін Гакна  тек  Аукар   және
Бассицев жерімен  шектелді.  Батыс  Суданның  аудандарында  тәуелсіз  Данин,
Каньяга мемлекеттері пайда болды.
     ХІІ ғасырда Каньяганың билеушілері қастандық  ойлап,  Гананың  бұрыңғы
территориясын (Солтүстік Бемдущ, оңтүстік Багана,Диага бөлігі)
    қаратып Сосо мемлекетін құрайды. ХІІ ғ ішінде Сосо  мен  Мали  Гана  ға
қатер төніп тұрды.батыс Суданның сауда орталығы болудан қалды.
    1203 жылы Сосо  Гананың  бүкіл  жерін  иемденді.  Астанада  қалған  бай
отбасылары  мен  саудагерлер  қаладан  кетті.  Осылайша  Сосо  бүкіл   Батыс
Суданның маңызды сауда  керуенін  иемденді.  Осылардың  келуімен  1224  жылы
Уалата қаласы пайда болып, экономикалық орталығы деп есептелді.
    Сосоның қарсыласы  Маи  мемлекеті  болды,  Суданның  сауда  орталығында
орналасқан бай аймақтардың бірі.
                                            В)  Мали мемлекеті
    Мали мемлекетінің  пайда  болуы  УІІ  ғасыға  сай  келеді.  ІХ  ғасырда
арабтардың деректерімен дәл келеді. Малидің шекарасы Нигердің алдыңғы  ағысы
шығысқа қарай, Беледугудың солтүстікке қарай, Бакой өзенінің  алдыңғы  ағысы
батыста. Малидің орталығы солтүстік аймағы болды.  ІХ  ғасырда  ислам  дінін
қабылдады, кейбіреулері өздерінің алғашқы наным –сенімдеріне сенді.  Арабтың
және бербердің саудагерлері мен мұсылмандары  Малиге  келе  бастады.  Себебі
солармен күнделікті сауда-қатынастық жағдайда болу үшін.
    Малидің экономикалық  және  политикалық  гүлденуі  ХІІ  ғасырдың  ІІ-ші
жартысына сай келеді.  Сол кезде  Мали Кейта жеріне еніп, бұл жаңа  династия
болды. Мемлекеттік қайраткер , еңірі представитель ол Сундиата болды  (1230-
1253жж).  Оның  қарамағында  мықты,  тәртіптіәскер  болды.  Алғашқы   жорығы
Сангаран және  Футо-Джаллон  аймағы  болды  және  Мали  жеріне  қосып  алды.
Кейінен Сосо патшалығының оңтүстік жерін, және Малиге  Сосо  территориясының
көп бөлігі кірді. 1240 жылы Сундиаттардың  басшылығымен  Сосо  жерінің  бәрі
Малиге кірді. Сундиаттың билеуімен  Малидің  жаңа  астанасы  ретінде  –Ниани
қаласы болды.
    Батыс Судан жеріндегі ең мықты айбатты мемлекет  –Мали  болды.  ХІІғ.ІІ
жартысында  Мали соғыстарды жалғастыра береді. Ниани астанасы  осы  уақыттың
ішінде Нигердің үстіңгі ағысынан  ірі  сауда  орталығы  болды,  осыны  басып
Магрибтан және Ливиуан сауда керунеі өтті. Мали империясына Батыс Судандағы-
 Уалата және Тимбукту мәдени орталығы болды.  Малидің  экономикалық  жағдайы
күннен күнге кеңейе түсті. Египет пен Магриб  елімен  сауда  айырбас  қарым-
қатынаста болды. Айрбас ретінде Гана еліндегі  сияқты мұнда да  тұз,  алтын,
шыныдан  жасалған  бұйымдар  жүрді.  Ішкі  саяси   жағдай   жақсара   түсті.
Марокканың сұлтанымен дипломаттық қарым-қатынаста болды.
    ХУІ ғ. ІІ жартысында Малидің ішкі саяси жағдайы құлдырай  түсті.  Көрші
елдер территорияға кіруге мүмкіндік берді. Малидің  басты  қастары  сыпайлық
мелекет және Ятенге мем лекеті болды. Ең негізгі ядросы мандинго  тайпасында
патриархаттық  отбасы  болды.  Олардың  қатарына  құлдарда  кірді.   Осындай
бірнеше  патриархаттық  отбасылар  «дугу»деген  ауылдық   қоғамға   бірікті.
Бұлардың жеке мүлік теңсіздігі жүріп жатты. Қатардағы қоғамның адамдары  жер
шаруашылығымен кеңінен айналысты.
    Төменгі  сатыдағы  қоғамда  «құлдар  қоғамы»  тұрды.   Олар   өздерінің
жағдайына қарай бірнеше категорияларға бөлінді. Құлдардың көпшілігі   әскери
қатарда болды. Құлдық мәңгі болған жоқ, әрбір  құлдар  келе  бері  қоғамдағы
дүниеге құқылы болды.
    Қоғамның жалпы адамдары  және  құлдар  патриархтық  отбасының  жерлерін
жұмасына 5 рет өңдеп отырған, ал қалған 2 күні өздерінің отбасыларына  арнап
, өз жұмыстарымен айналысқан.
    Жерді  бөліп  беру  бұл  патриархтық  отбасның  қолында  болды,  құлдар
еңбегіненбау-бақшаның жартысын алып отырды. Жерді сатып  алу  құқығы,  тұғын
үй құқығын Мали мем лекеті шешті. Халықтың жеке  мүлкі  және  саяси  жағдайы
құлдардан  құралған  әскери  отряд  басқарды.  Құлдардан   құралған   әскери
гвардияның бастықтары өздері сияқты құл тобынан шыққан. Ақырындап олар  үкен
топқа дейін көтерілген. Құлдар гвардиясы мемлекеттік саяси  жағдайына  үлкен
рөл атқарды.
    Малидің діни адамдары бірнеше ақсүйектерден  құралған.  Бұларға  құқылы
жалпы қоғамдағы адамдар, құлдар, шенеттер  жатқан.  Жоғарғы  феодалданғандар
жер   иемденуге   толықтай   құқылы   болды.   Феодалдық    қарым-қатынастар
патриархалдық пен құл ұстаушылықпен тығыз  байланыста  болды.  Діни  адамдар
ішінде өздерінен шыққан адамдар  болған  жоқ  алғашында.  Кейінірек  олардың
ішіне жақын туыстарынан құралды. Мали елінде бірнеше орында  жер  иеліктерге
құқылы Кейта халқы тұрды. Жергілікті  тұрғындар осы тайпадан шыққан  адамдар
мемлектінің көптеген жерлердің бөлігін иемденген.
    Орта ғасырлық Малиде шаруашылық  өте  мықты  болды.   Малидегі  ауылдық
қоғамда шаруалар еш қандай айырбаспен айналысқан жоқ.  Себебі  барлық  жерде
өнімдер  бірдей  болды.  Жергілікті  сауда  орындары  болды.  Дегенмен  олар
кішігірім аймақтарда орналасқан.   Малиде ішкі сауда  –саттық  дамып  келді.
Бұл негізгі тұзбен, мыспен, алтынмен , құлдарды сатумен, тері сауда  керуені
жүрді. Мали мемлекеті Солтүстік Африкамен алтын саудасымен айналысуды  қолға
алды. Алтын саудасымен ақсүйектер , құлдардың  басшылары  қатысқан.  Алтынға
айырбас ретінде шыныдан жасалған  заттар,  бұлдар,  қару-жарақтар,және  т.б.
Солтүстік Африкадан әкелінген заттар сауда  ретінде  жүрді.  Алтын  көбінесе
ішкі саудаға тұз айырбасымен жүрді. Батыс Суданда тұз бағалы болды, тұз  тек
алтын айырбасына жүрді, тұзды айырбасқа жіберу үшін құлдарды қолданған.
    Тұз айырбасы үлкен қолданыста жүрді.  Тимбуктың  және  Дженне  қалалары
сауда орталығы  болды.  Шаруалар  тігін-  тоқулармен,  тері  –жіппен,  қайық
өңдеумен  шұғылданды.  Қалаларда  Солтүстік  Африкандықтардың  саудагерлері,
проповедтық  және  мұсылман  қорғаушылар  мекендеді.  Бұлар  негізінен  жеке
аймақтарды өзбеттерінше өмір сөрген.
                                     Г)   ХУІ- ХУІІ ғғ. Орталық Мали
    ХУІ ғасырда Мали  мемлекеті құлдырай бастады. Ең бір  қас  жауы  Сонгай
патшалығы болды. 1498-1499 жж. Багалудың  ірі  аймағын,  1500-1501жж.  Диара
жерін, 1506-1507 жж. Галам аймақтарына  шабуыл  жасап,  өзіне  қоршап  алды.
Согай патшалығының шекарасы Текура жеріне  дейін   созылды.  Соңында  Малиге
батыс жатқанда шабуыл жасалына бастады. 1530ж.  Малидің  қарамағында  болған
Бамбукты жаулады. Малидің патшасы  ІІ Мамуди 1534ж шығар жол  болмағандықтан
партугалдықтардан көмек сұрады. Партугалдық посол Перес  Фернандес  қарсылас
ретінде  шықты  бірақ   Мали  үшін  бұл  кеш  болды.  Себебі  Мали  көптеген
жерлерінен айырылды. Дегенмен Мали өінің оңтүстік жағын  сақтағанымен  саяси
жағынан құлдырап кетті. Согайлықтар  Малидің саяси жағы мен әскер  жағдайына
қысым көрсетіптұрды.
    Солтүстік Суданға басып  кіргенде  мароккандықтар  және  сонгайлықтарға
қарсы шықты. Осыған қоса Сонгайлықтар Малиден алысай түсті. ХУІІ ғ.басқа  да
қас жаулары пайда болды. Олар бомбара  халқы  болған  еді.  1600  жылы  Сегу
аймағында мемлекетін құрды. өздерінің діні анимистика бола тұра,  1645  жылы
Малидің  мұсылман  патшасына   діни   соғыс   жариялап,   оңтүстік   аймаққа
шабуылдады. 1670ж. Бобара мемлекетіндегі  Сегу  аймағы  ең  мықты  мемлекеті
болып саналды.  Сегу  Битон  патша,  Массина   және  Багома  жерлері  жаулап
алынған еді.


                    ІІ.    Сонгай мемлекеті немесе Гао және
         оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы
    Мали мемлекеті құлдырағаннан кейін Сонгай мемлекеті пайда болды.  Согай
мемлекеті Малидің шығыс бөлігінде тұрған. Бұл  жағдай  ХУ  ғ.  дейін  болды,
өйткені  Малиден  осы  кезде  тәуелсіз   болды.   Көршілес   елдерді   өзіне
бағындырып,  бүкіл  Нигердің  орта  ағысынан  Дженнеге  дейін  жаулап  алды.
Мемлекет басында бебрбер тайпасынан шыққан адам тұрды.
    Тимбукту районына сауда орталығы, шығысқа көшірілуі Малиді   әлсіретіп,
ал сонгайлықтардың экономикалық дамуы жақсара түсті. Гүлденуі- ХУ ғ.  ортасы
Әли Бераның билеуінің кезеңі болды (1461немесе 1465-1492жж). Әли  Тимбуктуды
жаулап, 7 жылдан кейін  Дженне  сауда  орталығы  басып  алды.  Сонымен  қоса
өзінің батыстағы және  оңтүстік  батыста  территориясын  кеңейтіп,  көптеген
әскермен кеденшілеі және мемлекет  қарым-қатынаста   болды.  Оның  әскерлері
Янтенге, Гурма халқын, тонаган халқын, берберлер мен  фулбелерді  әлсіретті.
Мұның мақсаты территориялар  мен  жер  өңдейтін  құлдарды  жаулап  алу  еді.
Сонгайдың  ең  жоғарғы  дамыған  кезеңінің  бірі.  Нигерия  бассейнін   және
Сахарадан бобо мен моси елдеріне дейін жаулап алу кезеңі.
    Әли Бер 1492 жылы қараша айында соғысқа  аттанған  кезде  қаза  табады.
Оның ұлы Бакари Даоның билеуі қысқа болды.  Ангоо  соғысында  Мұхаммед  Туре
соңғы сонгай әскерін талқандап, сонгайдың патшасы деп өзін Мұхаммед І (1493-
1528жж) жариялады.
    І Мұхаммедтің тұсында мықты әскер қатары болды. Үлкен ер адамдар  әскер
қатарына қосылуды шақырды, әскери  іс  біткен  соң  өз  бұрыңғы  тіршілігіне
қайта оралуға рұқсат етілді. Бұл  мемлекеттің   экономикасының  мықты  болып
дамуына әкелді.
    І  Мұхаммед  билік  кезінде  көптеген   елдерді   жаулап   алып   1506-
1507,1512,1513  жылдары  хаусандықтармен   Кациноны   жаулап,   және   басқа
хаусандық кебби мемлекетімен әскери шартқа  отырды.  1517  жылы  Кама  Кейта
бсқарған Багана  елі  жанданып,  Гао  жерінде  ішінара  соғыс  болып  Сонгай
державасы  әлсіреп,  көршілес  елдер  шапқыншылыққа  шықты.  Сонгай   елінің
билеушілері шаруашылығында әрбір 300-500, тіпті 1000 құлдан ұстаған.  Құлдар
ақырындап қарапайым шаруаларға  айналып,өз  қожайындарына  төлем  ақы  төлеп
тұрды. Екінші қатардағы құлдар өздерінің әке-шешелері сияқты біреуге  сыйлық
ретінде берілген жоқ. 3-4-ші сатыдағы құлдар бос болып есептелді.,  дегенмен
бұрынғы қожайындарына экономика жағынан бағынышты  болды.  Құлдар  сонгайдың
тарихи даму жағына да көмектесті.
    Сонгайдың қалалық шаруаларының азық-түлік  шаруалығы  мемлекетте  жақсы
дамыды.  Тимбуктудың  «Тарих-аль-Фетташ»  сонгайдың  шежіресінде  26   тігін
шеберханасы әрбір 50 жұмысшыға  дейін  жеткен.  Шеберхананың  70-тен  100-ге
дейін жеткен жұмысшылары болған.

                                               11
    Сонгайдың  тарихи  құлдар   мен  жартылай  бос  адамдармен   байланысты
бодһлды. Двюгоран құлдар тобы сонгай мемлекетіне қарсы шығып, олар  Туарегов
және Санхаджей халқымен аз шайқасқан жоқ.
    Құлдар  тобы  Сонгайды  әлсіретіп,  мемлекеттің  құлдырауының   негізгі
факторы болды.
                          А)   Моси тайпасы құрған мемлекет
    Б.з.б. І мың жылдықтың аяғында ауыл шаруашылықтың дамумен  қатар,  моси
тайпасының шаруасы мен сауданың қатар, ХІ  ғ  Вагадугу,  Ятенге,  Фада  және
Гурма мемлекеті құрылды. Моси халқы ХІХғ дейін өмір  сүрді.  Франция  жаулап
алғанға  дейін.  Вагадугудың  пайда  болуы  көршілеселдерді  жаулап   алумен
байланысты.  Мемлекет  16  ауылға  бөлінді.  Мемлекетке  5  «негізгі»   ауыл
бағынды, қалған 11 ауылды жергілікті адамдар басқарды.
    Мемлекетті 16 санновниктен құрылған адамдар  биледі.  Бұл  санновниктер
басқа билеушілер сияқты құлдар ұстады, жер иеліктері  болды.  Вагадугу  және
Ятенге, т.б. мемлекеттерде құлдарды сататын базарлар болған.
    Екінші ірі мемлекет-  ХІІ ғ. пайда болған Ятенге, астанасы- Гурси. ХІІ-
ХІУ ғғ. территориясын Сонгай  мемлекеті  мен  Мали  билікті  атадан  мирасқа
қалған  адмдар  билікті  жүргізді.  Олар  әдейі  бастыққа  моси   тайпасынан
шыққандар  болды.  Жаулап  алынған  жерлер   «жер   бастықтары»   жергілікті
тұрғындар  басқарды.   «Жер  бастықтары»  ауылшаруашылығы  туралы   шешімдер
қабылдап отырды.
    Ятенгеде жиі салық төлеп тұрған, салықты- нионьсе, само, диула,  фульбе
тайпалары төлеп тұрды. Мосилер салық төлеп тұрған жоқ, салық,  кеден  жинағы
және сауда керуені шөппен, тұзбен, малмен жиналып тұрған.
                          Б)   Хаусандық мемлекеттер
    Сонгайдың кең территориясының шығыс бөлігінде Чад көліне дейінгі  жерде
Хауса тайпасы қоныстанды.  ХІІІ  ғ.  Суданның  тарихи  деректерінде  Орталық
Суданда  деген  дерек  бар.  Арабтың  саяхатшысы  Лев   Африканский    Хауса
тайпасының мәдениеті, әлеуметтік жағдайы туралы мінездеме берген.
    Хаусада құлдар  рөлі  өте  маңызды  болды.  Олардың  еңбектері  кеңінен
таралған. Нақты хаусандық мелекеттің тарихы туралы деректер  жоқ.  Хаусанның
УІІІ-Х  ғғ.  жылнамаларында  қалаларына  жататыны  туралы  мәлім  ғана  бар.
Экономика жағынан Хаусанның негізгі қаласы- Кано. Кано  көптеген  қалалармен
сауда-саттық қатынаста болды. Әсіресе кола  жаңғағымен  Гонджа  мемлекетімне
байланыста болды. ХІУ ғ. Хаусандық мемлекеттерде  ислам  діні  пайда  болды.
Бірақ, ислам дінін негізінен үкімет басшылары мен қала  тұрғындарының  біраз
бөлігі қабылдады Дегенмен,  ауыл  аймақтарда  африкандық  анимистика  дініне
сыйынды.
    ХІУ ғ. І жартысында Каноның  гүлденген кезі еді. Каноның жаңа  астанасы
салынды, мешіттер мен құрылыстар  тұрғызыла  бастады.  Хаусанның  қалаларына
көз тігкен –Сонгай   мемлекетінің жау патшасы Барну болды. Бұл екі елді бір-
біріне сауда –саттыққа  қарсыластыққа  әкеп  соқты.  ХУІ  ғ.  Сонгай  халқы,
құлдыраған кезде Хаусан мемлекеті гүлденіп, өз тәуелсіздігін  алып,  жандана
түсті. Жетістікке қол жеткізген  Хаусанның халқының арқасында болды.


                               В)   Йоруба мемлекеті
    Нигерия және Дагомеяның оңтүстіктегі Африканы  ежелгі  мәдени  орталығы
болды. Осы аймақта жататын ХУ ғ. халықтар туралы нақты деректер жоқ.  Сөйтсе
де, қолда табылған  археологиялық   қазбалардан  бұл  халықтардың  мәдениеті
жоғары дамығанын көрсетеді. Күміс және  қоладан  жасалған  мүсіндер  Бенина,
Нупе, Иле, Ифе терракоталық  статуеткалар дәлел.  Йоруба  қаласында  санаулы
жүз мың ғана халық тұрған, және үлкен ғимараттары болған.
    ІХ ғ. Йорубада феодалды қатынас орнады және  тайпа  қатары  мен  құлдық
ұстау болды. Йорубаның экономикасы ретінде  жер  шаруашылығы  мен  егіншілік
кенінен  орын  алды.  Қолөнері  де  жоғары  дәрежеде  дамыды.  Шаруашылықпен
айналысты, көп тауарлар Гвиней жағалауына дейін жеткен.  Көбіне  тері  өнімі
мен әйнек бұйымдары  дамыды,  металл  өңдеу  мен  керамика  бөлімін  жасады.
Йоруба мемлекетіне ірі қаланың бірі Ойо болды. Оның құрылуы ІХ ғ  және   Хғ.
жатады.  Ойоны  басқарған  патша  Алафина  болды.  Ойо  қаласы   мемлекеттің
астанасы болды. Діни Ифе қаласы тек  Йоруба  халқының  орталығы  болып  қана
қоймай, сонымен  қоса  Оңтүстік  Нигерияда  діни  сенімдер  таралды.  Өкімет
билігі атадан мұра ретінде  беріліп  отырған.  Бұл  мемлекетте  өлім  жазасы
болған, тіпті мемлекет билеушілеріне  бірдей  заң  жүрген  Мемлекет   ауылды
жерлерге 2 жылға басқарушыларды тағайындаған.  Ауылдарда  ақсүйектер   кеңес
администраторы құралған.  Маңызды  рөлді  әскери  қолбасшылар  атқарды.  Ойо
қаласында  салық  жзүргізілді.  Негізгі  мемлекеттің   пайдасына   қарапайым
шаруалардың  салығы,   саудагерлердің   тауарларынан   кішігірім   аймақтағы
базарларынан пайда тигізген.
                                                Г)  Эфиопия
    Жаңа замандық ұзақ тарихы бар Эфиопия Африка еліне  жатады.  Эфиопияның
солтүстік жағында Аксум деген мелекет құрылды. Солтүстік-шығысыта  Африканың
сауда орталығы болған. Негізгі айналысқан   шаруашылықтары-  егіншілік  және
мал  шаруашылығы  болды.  Шаруалар  арпа,  бидай,  күріш,  қант  таяқшаларын
өсірді. Кең көлемді бау-бақшаны жақсы меңгерген. Көп  территорияларын  жасыл
ормандар алып жатты.  Қолөнершілер  әртүрлі  мата  түрлерін  өңдеумен,  тері
өнімдерінен неше түрлі заттар, үй бұйымдарын тоқумен шұғылданған.  Африканың
ең үлкен сауда орталығы Аксум барлық жерлерге аты  жайылған.  Аксум  жерінде
грек саудагерлерінің саны көп болды. Аксум мен  рим  –  грек  қарым-қатынасы
грек мәдениетіне әсер етті.
    Аксумның гүлденуі ІУғ жатады.  Аксумның  патшасы  тек  қана  Эфиопияның
облыстарына  билік  жүргізіп  қана  қоймай,  сонымен  қоса  Оңтүстік  Африка
аймағында биледі. Аксум Суданның мемлекетінің  Мероэ  деген  қаласын  тартып
алды. Шамамаен 353 жылы Аксум Византия  патшалығымен  сауда-саттықпен  тығыз
байланыста болған кезде, Аксум християн дінін жариялаумен байланысты болды.
    УІІ ғғ. Арабтар саудагерлерінің қатысуымен Аксум құлдырай түсті.  Саяси
және әлеуметтік жағдайы  да  өзгерді.  630-640  жж.  Арабтар  Аксумның  ішкі
жағдайын құлатты. Армахан ислам дінін таратып,  оңтүстік   Эфиопияға  әсерін
тигізді. УІІ-Х ғғ. аксумдықтар ақырында  Абиссин  аймағына  тарала  бастады.
Бұл  процессс  бірнеше  100  жылға  созылды.   Аксумдық   патшалар  орталығы
биліктері әлсірей бастады. Аксум бірнеше бөліктерге бөлінді.
    Хғ. Эфиопияның ескі астанасы құлады.  Аксумдық  патшалығы  өмір  сүруді
тоқтатты. Эфиопия жаңа патшалықтың қолына түсті.(Фалаша-иудей тайпасы  болуы
мүмкін). Себебі Эфиопия жылнамаларында Хғ-дан ХІІ ғ-ға  дейін  Аксум  туралы
хабар бермейді. ХІІ ғ.  билік  християндық  династия  Загвей  биледі.  Бұлар
Ласта ақсүйектерден шыққан. Осы  династия  100  жыл  өмір  сүрді.  Династины
билеген Лалибала, тауларда християн шіркеуін қашап  салдырған.   Осы  тамаша
ескерткіштер орта ғасырлық Эфиопия архектурасының бірі.
    ХІІІ ғ билік басына Соломондар династиясы келді. Өзін  жаңа  Эфиопияның
билеушісімін деген Хайле Селассие болды. бұл династияның  бірінші  билеушісі
Йекуне-Амлаке  (1270-1285жж).  Эфиопияның  астанасы-  Шао  ауылының  Анкобер
қаласына ауыстырылды. Бұл бұрыңғы Эфиопияның оңтүстік  аймағы  болған.  Орта
ғасырдағы   Эфиопияны  билеген  әрбір  билеуші   өз   пайдасына   мемлекетті
басқарған,  өз  қалтасына  кедейлердің  ақшаларына,  салықтарына  күн  көріп
отырған. Феодалдардың жерлерін  өңдеумен  шаруалар  мен  құлдар  айналысқан.
Орта ғасырда Эфиопияда салық ісі асты. Ерекше  салық   «дерго»  болды.  оның
анықтамасы- басшылар мен ақсүйектер салық төлеген жоқ.
    Орта ғасырларда үй құлдары болды. құлдардың еңбегінің сауда орталығында
қолданылған. Құл  ұстау  Эфиопияның  заңымен  тіркелген.  Егер  құл  ұстаушы
өзінің құлын  өлтірсе,  басқа  адамдар  сияқты  жазаланған.  Ал  құл  өзінің
қожайыны туралы заңға шағымдануына құқылы болды. Шаруа болған құл   сатылуға
тыйым салынды.
    Мемлекеттің феодалдардық жағдайы, ішкі саяси жағдайы, кеден ісі,  сауда
–саттық ісі нашарлай, әлсірей түсті. Кеңінен таралған сауда  керуені  болды.
Билікте мұсылмандар  болғандықтан  саудагерлер  феодалдық  және  мемлекеттік
іске қатысқан жоқ.
                          Д)  Конго
    ХУІ ғ Батыс тропикалық Африканың халықтары әр түрлі сатыда  тұрды,  тек
біраз бөлігі ғана өз мемлекеттерін құрды.
    ХІІІ ғ басы ХІУ ғ  баконго  тайпасынан  шыққан  Конго  мемлекеті  пайда
болды. астанасы- Мбанза-Конго (Англияның территориясында).  Соғысқа  шығудың
арқасында Конго территориясы кеңейе түсті. Мемлекет 6 ауылға  бөлінді.  Орта
ауылда Конгоға қарап тәуелді болып, салық төлеуге тиіс болды.  Конгоның  көп
бөлігі  жер  шаруашылығымен  айналысатындар  құрады.  Жер   жалпы   қоғамның
иелігінде болды, бірақ оларды бақылап отырған ауыл басшысы –Нкулунту  болды.
Ал кең көлемді мемлекет ішінде Мали Конго  болды.  Өз  жерлерлерінен  басқа,
Нкулунтудың жерлерін өңдеп, жарты бау-бақшасын беріп отырған.
    Жалпы қоғамның адамдары әртүрлі жазаға ұшырап  отырған.  Аң  аулау  мен
балық  аулау  екінші  сатыдағы  жұмыстар   болды.   Ағаш   бұйымдарын,   піл
сүйектерінен түрлі бұйымдар  жасаумен  шұғылданған.  Барлық  жерлерде  сауда
дамыған кез еді. Базарларда  тұз сататын керуендер терілер, тоқылған  заттар
астылды. Бұл жерлерде құлдар да  жүрді.  Құлдардың  қожайындары  ақсүйектері
болған. Құлдарды басқа елдерге сатып жіберуге , өлімге қиюға құқылы  болған.
Қарыз құлдар, құлдардан туған балалар  «үй  құлы»  немесе  «ошақ  құлы»  деп
есептелді,  олардың  жағдайлары  оңай  болды.  Еуропаның  құл   саудагерлері
құлдармен өте қатыгез болды. Бұл құлдар қашып кетуіне әкеп соқты  (бұл  Сан-
Томе теңіз жағалауында 4 жылға созылған).
    Ел басшысы- патша Конгон, толығымен биледі. Лата  әр  жерге  ақсүйектер
отбасынан шыққан адамдарды билік басына қойды, және туыстары билеген.  Конго
жерінің Нзинга-а-Нкуве қаласы християн дінін қабылдап Жоао да Сильва  атымен
аталды.  Астананың  аты  Сан  Сальвадорға  ауысты.  Бұлар  партугалдар   мен
римдіктермен  қарым-қатынаста  болды.   Ішкі  саяси  жағдайдағы   құл   сату
айналысуы, және соғыстар   Конго мемлекетін әлсіретті.
                           Ж)   Луба
    ХУІ  ғасырдың  І  жартысында  Катанги  территориясында  Луба  мемлекеті
негізін салды. 1959 жылғы Кисале өзенің жағалауындағы қазба  жұмыстары  ХІІ-
ХІІІ  ғ мәдениеттің дамуына көз жеткізеді.
    Луба өзінің  гүлденуі  Танганьики  көлінен  шығыстағы  Бушимани  көліне
дейін,  Маньемнен солтүстіктің  Замбидің  шекарасына  дейін  созылып  жатты.
Болуба өзінің жаулап алынған жерлеріне де  қоныстанып  отырды.  Талқандалып,
таралған халықтар Конго жеріне аттанып қоныс  тапқан.  Катанги  және  балуба
жерінің  халықтары мыс пен тұзға бай болғандығы  соншалықты,  бүкіл  Орталық
Африкаға дейін жайған.
      Билік басында жер иеліктің қожайынымын деп есептегендер отырды.  Оның
қолында саяси және діни билік болды. Билеушілердің  қатарына  ақсүйектер  де
кірген, оның көбі әскер  басшылары  болған.  Әрбір  билеушілер  әр  аймақты,
округтерді басқарып отырған. Көпшілікті құраған жер иеленушілер  еді.  Әрбір
отбасы жерлерді өңдеп, өз  жерлеріне  қожайын  болған.  Жиған  тергендерінен
жоғарғыларға төлем төлеп отырды. Катангидің жер иеленушілері,  саудагерлері,
балықшылары, аңшылары өздерінің еңбектерімен айырбас жасаған.  Ақша  ретінде
мыстың әртүрлі формалары жүрді.


    27  Дәріс.  Орта  ғасырлар  кезеңіндегі  Азия  және  Африка   елдерінің
мәдениеті, даму ерекшеліктері.
    Мақсаты:
    Жоспары
    1 Шығыс ренессансы.
    2   Ғылым, білімнің дамуы.
    3. Мәдениеттің даму ерекшелктері.
    4.Дүние жүзілік мәдениетке қосқан үлесі.
    Захиреддин Мұхаммед Бабыр атақты  Ахмет  Яссауи,  Лұтфи,  Әлішер  Науаи
тәрізді шығыс әдебиетінің құзар биік көгінде тұрған таланттардың бірі.
    Бабыр өзбектің классикалық әдебиетін, әсіресе Әлішер Науаидың бай әдеби
мұрасын ілгері дамытқан ақын. Бұған  Бабырдың  лирикалық  өлеңдері  (жинағы)
«Бабырнамасы», «Мұфассалы», «Бабыр жазбалары», «Ғаріптер ісі» тағы да  басқа
толып жатқан шығармалары дәлел. Бұл шығармалар  өзбек  халқы  әдеби  тілінің
негізін салуға, сондай-ақ классикалық  шығыс  әдебиетін  бұрынғыдан  да  әрі
дамытуға қосылған үлкен үлес болды.
    Бабырдың әдеби мұрасы әлі де болса  өзінің  тарихи-эстетикалық  бағасын
жоғалтқан жоқ. Қайта жылдар  жылжып,  ғасырдан-ғасырға  жеткен  сайын  Бабыр
қалдырған әдеби қазына қалың оқушы  қауымның  көңілінен  шығары  анық.  Оның
«Бабырнамасы» - әлем мәдениетінің ең үздік шығармаларының  қатарына  жатады.
«Бабырнаманың» ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда көшірілген  нұсқалары  қазірдің  өзінде
Ленинград, Калькутта, Гагра, Хайдарабад, Манчестр, Лондон, Эдинбург  секілді
дүние жүзінің бірнеше қалаларында  сақтаулы.  Бабыр  лирикаларының  қолжазба
нұсқалары Париж бен Үндістан кітапханаларынан табылуы да -  ақын  поэзиясына
деген халықтар сүйіспеншілігінің айқын  белгісі.  Ал,  оның  музыка  туралы,
поэтикалық өнер, жаңа әліппе туралы, соғыс техникасы жайында  жазған  ғылыми
еңбектері Орта Азия, Ауғанстан, Үндістан, Иран халықтарының  тарихында  баға
жетпес ескерткіш есепті.
    Әмір Темір (Құтбуддин Темір  Гүркап,  Темірлан)  -  қолбасшы,  мемлекет
қайраткері.  1336  жылы  Түркістанда  туып,  1405  жылы  Самарқан  қаласында
жерленген.  Барлас  тайпасының  биі  Тарағай  бектің  баласы.  1361   жылдан
Қашқария уәлаятының билеушісі  болды.  1370  жылы  Мауераннахрды  алды.  Жас
кезінде Түркістан  маңындағы  бір  шайқаста  аяғынан  жарақаттанған.  Осыған
байланысты Ақсақ Темір (парсыша Темірленг) атанған.
    Әмір Темірдің қолбасшылық  дарыны  арқасында  Хорезм  мемлекеті  (1372-
1388), Шығыс Түркістан  (1376),  Герат,  Хорасан  (1381),  Қандағар  (1383),
Оңтүстік Әзірбайжандағы Сұлтания (1384), Тебриз, Иран және  Ауғанстан  толық
бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын  жорықтан  соң  Алтын  Орданы  күйретті.
Әмір Темір 1370-1390 жылдары  Тоқтамыс  хан  мен  Едіге  әмірдің  арасындағы
алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ  Орда  мен  Моғолстанға
оннан астам жойқын соғыс жорығын ұйымдастырды. Әмір  Темірдің  Алтын  Орданы
талқандауы ресейдің төуелсіздік  алуына  оң  жағдай  туғызды.  1390  жылдары
Әзербайжан, Дағыстан,  Гүржістан  (Грузия),  Ирак  Әмір  Темір  мемлекетінің
құрамына  енді.  1398  жылы  Үндістан  басып  алынды.   Сирия   мен   Лубнан
(Палестина) мамлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа  мемлекеттері  де
Әмір  Темірдің  билігін  мойындады.  Әмір  Темірдің  үздіксіз   соғыстарының
нәтижесінде алып империя – Темір мемлекеті құрылды.  Әмір  Темір  1405  жылы
Қытайға жорыққа шаққанда жолай Отырарда қайтыс  болды.  Сүйегі  Самарқандағы
Гүр Әмір кесенесіне жерленді.
    Әмір Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек  (1394-1449),  Моғол  империясын
құрушы Бабыр (1483-1530) сынды атақты адамдар  шықты.  Әмір  Темір  өлгеннен
кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір империясы ыдырап кетті.
    Орта ғасырда өмір сүріп, артына өшпестей із  қалдырған  шығыс  поэзиясы
алыптарының бірі, азербайжан халқының ұлы ақыны Мұхаммед Физули.  Физули  өз
кезінде көп нәрседен хабары бар үлкен білімді адам  болған.  Ол  азербайжан,
араб, парсы тілін жақсы білген және сол тілдерде көркем  шығармалар  жазған.
Ол  тілдерді  жақсы  меңгеруінің  арқасында  Таяу   Шығыстың   мәдениетімен,
әдебиетімен  түгел  дерлік  таныс  болған.  Оның  поэзиясын  оқып  отырғанда
ақынның тарих,  медицина,  астрономия,  география,  логика,  философия  тағы
басқа да ғылымдармен жақсы таныс болған адам екендігін аңғаруға  болады.  Ол
өзінің «Пікірлер жүйесі» деген шығармасында ертедегі  гректің  философтарына
тоқтап Платонның,  Аристотельдің,  Гераклидтің,  тағы  басқа  да  ескі  грек
философтарының  шығармаларынан  мысалдар  келтіреді.  Бұлардың  барлығы   да
Физулидің өз заманында біраз нәрседен хабары бар, білімді  адам  болғандығын
дәлелдейді. Физули араб, парсы,  үнді,  өзбек  әдебиетін  өзінің  азербайжан
әдебиетіндей жақсы білген. Сондықтан да ол өз шығармаларында  Абу  Новастың,
Хасанның, Хаганидің, Низамидің, Әлішер Науаидің, Ахмеди Шейхтың аттарын  жиі
атап, шығыс мұсылмандарының әдеби өмірімен таныс екенін аңғартып отырады.
    Ақын  1537  жылы  «Ләйлі  –  Мәжнүн»  поэмасын   аяқтап,   одан   кейін
философиялық шығармалар жазуға кірісті.
         Бірақ ақын бұл кезде  де  үш  тілде  ғазалдар  мен  одалар  жазуын
тоқтатқан  жоқ.  Сөйтіп  ол  өзінің  «Жүрек  досы»,  «Денсаулық  пен  дерт»,
«Шарықтау  мен  сенім»,  «Кезбе  мен  тақуа»  және  т.б.   да   философиялық
шығармаларын өз өмірінің соңғы кезіне дейін жазды.
    Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмет әл –Бируни –Орта Азияның әмбебап ғалымы.
    Яки бір өзі –тұтас бір  әлем.  Ол  –һәм  астроном  әрі  математик,  һәм
географ әрі
     гнолог, һәм дәрігер әрі ақын, һәм тарихшы әрі  этнограф,  һәм  философ
әрі филолог.
     Ғылымның осынша саласында жемісті еңбек Әбу Райхан Бируни 973 жылдың
    күзінде шырылдап дүниеге келген
    Әмбебаб  –ғұлама  Бирунидің  ғылыми   мұрасы   ұшан   –теңіз.   Бүгінгі
зерттеушілердің  айтуы  бойынша,  ол  150   кітап   жазған   көрінеді.   Бір
өкініштісі, бұлардың бірқатары бізге жетпеген,  жетсе  де  үзіліп  –жұлынған
нұмсқалары   ғана.   Әйтсе   де   оның   «Үндістан»,    «Өткен    буындардың
ескерткіштері», «Асыл тастар», «Масғұт таблицалары» және  басқалары  бірнеше
әлем  тілдеріне  аударылып,  ғылымғы  кеңінен  танымал  болып  отыр.   Соның
нәтижесіде Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін Коперникпен 500 жыл  бұрын,
дененің жерге  қарай  тартылуын  Галилей  мен  Ньютоннан  600  жылдай  бұрын
анықтағандығын  бүкіл  әлем  мойындады.   Ғылыми   еңбегінің   мансұқталмай,
мойындалуы жеткілікті.
    ӘЛ ХОРЕЗМИ (783–850). Толық есімі – Әбу Абдаллах  (немесе  Абу  Жаббар)
Мұхаммед ибн Мұса Әл Хорезми. Адамзат өркениетінің дамуына және  қалыптасуны
өлшеусіз үлес қосқан, көне өркениеттер  тағылымының  тал  бесіктерінің  бірі
Ежелгі Хорезм еліндегі Хиуа қаласында дүниеге келген. Ол - әйгілі  «Шығыстың
жеті жұлдызының» бірі, әлемдік  қазіргі  алгебра  ғылымының  негізін  салушы
ретінде белгілі. Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик,  астроном  (жұлдызшы),
тарихшы, жағрапияшы.  Деректер  бойынша  арғы  аталары  бұл  аймақта,  Соғды
әлемінде кең таралған зороастризм дінінің қасиетті абыздарынан болған.
    Ғалымның латынша есімі «Алгоризми», «Алгоритми» түрінде  айтылған.  Әл-
Хорезми – жан-жақты энциклопедист ғалым  болған  тарихи  ерекше  тұлға  Оның
есімі  негізінен   әлемге,   кейінгі   ұрпақтарға   математика   саласындағы
зерттеулермен танымал болды.  Сондықтан,  қазіргі  математика  ғылымдарының,
алгебра ғылымының атасы болып саналады
    Осындай  астрономиялық  және  математикалық  еңбектерімен  бірге   оның
жағрапия саласындағы шығармасының да  орны  бар.  Хорезми  адам  мекендейтін
құрылықтың,  онда  орналасқан  әртүрлі  халықтар  мен  жер  бедерін,   өзен-
көлдерін, тау-құмдарын, теңіз-мұхиттарын,  мемлекеттері  мен  қалаларын  мен
сауда  жолдарын  көрсете   қамтитын   жер   шарының   жағрапиялық   картасын
құрастырды. Бұл  мақсатта  ол  түрлі  ғылыми  саяхатшылардың,  алысқа  сапар
шегерін саудагерлердің мәліметтерін пайдаланумен  қатар,  Византия,  Хазария
және Ауғанстан елдеріне ғылыми экспедициялар ұйымдастырып, бұл  саяхаттарға,
шәкірттерімен бірге зерттеуші  ретінде  тікелей  өзі  қатысқан.  Мысалы,  ол
карта құрастыру барысында жер меридианының бір  градусының  ұзындығы  туралы
өте дәл есептеулер жүргізді.


    Солтүстік  және Солтустік  Шығыс  Африка   елдеріне   грек    мәдениеті
ықпал  етті.  Аксумды  4 ғасырдағы  - жергілікті   жердің   жазуына  реформа
болды.  Сол  жазулар   қазірге дейін  қолданып  жүр.
    3-4  ғ.  құрылыс   Аксумдыа   зор   дамыды   .    Сарайлар,    қамалдар
салынып,   “балшықтардың    көмегімен   қосылды.   Үйдің   немесе   сарайдың
сыртқа  шығып  тұрған  валналарда  ағаштан  маймылдың   ,  мүйізтұмсықтардың
суреттерін   әшекейлендіріп   жасалынды  .    Аксумда    қала    қабырғалары
легенді білмеген.  Қорған  5 ғ.  пайда  болды  . Алғашында  Будда   храмдары
болып, кейін  хрестиян  шіркеулері  салына  бастады. Аксум  қайықтары   бір-
біріне  бай лап  қойылған   тақтайладан   жасалынды.   Аксумда  Африка   бір
інші  рет Библия  аударылды.
    Аксумның  қоғамдық өміріндкгі  маңызды оқиға 4 ғасырда  християн дінін
    қабылдауы  болды. Бұл  дін  Аксумды  солтүстігі   көршісі   Шығыс   Рим
империя
    сымен  жақындастырды.  Жаңа  діне  ену  қысқа  мерзімді  шұғыл  процесс

    болван   жоқ,    ол    бірте-біртежүзеге    асырылды   .   Шығыс    Рим
империясынан
     азаматтар  келіп ,  елдегі  християн  дінін таралуына  қызмет  жасады.

    Те гін  тамақтар таратылып  , християн  храмдарын  салдыртып
     “буддизм”біржола  жойылып  кетті деуге  болмаады. Тіпті  Эзананың  өзі

    де  християн  дінін қабылдамады  .    Аксумда   ресми   християн   Діні
452 жылы
     үстемдік  етті.
     Мәдениет  XY  –  XYII  Орта  ғасырларға  жоцқын  соғыстарға  қарамстан
Завкавказьеде,  Орта  Азия  да  дами  бастады.  Бұл  кездегі  армиян   халқы
мәдениетінің тарихындағы маңызды оқиға  -  кітап  басып  шығарудың  басталуы
болды. Армияның бірінші кітап бастырушы – Италияда  өмір  сүрген  Акоп  еді.
1512 жылы Венецияда армияның ең бірінші кітабы Парза – тумар басылып  шықты.
Ең бірінші армиян баспаханасы 1567 жылы Ыстамбулда  ашылды.1584  жылы  Римде
1633 жылы Парижде де армиян баспаханалары ашылды. Грузиядағы кітап басу  ісі
 XYII ғасырдың бірінші жартысында басталды. Ең біріншісі грузин кітабы  1629
жылы Римде басылып шықты. XY – XYI  ғасырларда  Грузияның  сәулетөнері  дами
бастады.  XII  –  XIII  ғасырларда   Давид  Рареджа   Вардзиа  монастырлары,
Икалтомен  Гелатиде, Гегтиде тамаша сарайлар салынды. XYI  ғасырда   Ананури
қамалдары  салынған.
           Арменияда XIII  ғасырда  Ани  қаласында  Саргис  сарайы,  Мренде
Сахмадин сарайы салынды.  XII – XIY ғасырларда Армениядағы  Гладзор,  Ахпат,
Санаин,  татев   монастырларында   жоғарғы   мектептер   білім   беру   ісін
жалғастырды.  XY ғасырда өмір сүрген армиян тарихшысы Товма Мецопский  Тимур
билігі кезіндегі Армения тарихын жазды. XIII  ғасырда  ірі  армиян  ақындары
Фрик, Константин Ерзнкайскийлер 1250 –  1340  өмірсүрді  Оның  Көктем  деген
поэмасы сақталған.
         XY - XY I ғасырларда Әзірбайжанда  да  сәулетөнері,  әдебиет  дами
түсті. Сәулет өнерінің ең тамаша ескерткіші  XIII  ғасырда  салынған  Пиф  –
ханег мавзолейі, XI Y ғасырда салынған диван – хане деп  аталатын  ширван  –
шахтар сарайының комплексі. XY ғасырдағы  азербайжан  сәулет  өнерінің  тағы
бір тамаша ескерткіші – Табриздегі зәулім көк мешіт.


    Мәдениеті: VI ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың бас кезі Қытай ғылымы мен
мәдениетінің гүлдену ғасыры болды. Ол  уақытта  ерте  орта  ғасырлық  Европа
ғылыми ой-тұжырымдар шіркеу қол астында болған болса, Қытайдың  ортағасырлық
ғылымы мисстика мен схоластикадан  аулақ  болып,  елдегі  мәдени  мұралардың
сарқындары  мен  ішкі  қақтығыстарға  қарымастан  тез  дами  бастады.  Қытай
ғалымдары  бұл  кезеңде  бірнеше  ғылыми  және  техникалық  ашулар   жасады.
VIІІғасырдың басында будда монахтары И Цзин мен Лян  Лин-ңзянь  қозғалмайтын
жұлдыздардың ара қашықтығы жөнінде өз ойларын білдірді.  725  жылы  меридиан
градусының ұзындығы өлшенді. Алгебра,  геометрия,  физиканың  дамуына  үлкен
үлес қосылды. 626 жылы Ван Сяо-тун «Ежелге  арифметика»  атты  еңбек  жазып,
онда Қытай математикасы дамуының бірнеше жылдар бұрынғы көрінісін ашты.  VII
ғ. бірінші жартысында тандық Қытайдағы дәл ғылымдардың  дамығанын,  біз  осы
кездегі 3260 ғалым-математиктардың болғанымен  дәлелдейміз.  Ал,     құрылыс
техникасының тамаша жетістіктері айтарлықтай орын алды. Қытайдағы е көні  37
метрге жететін тастан жасалған Хэбэйдегі көпір  болып,  ол  өзінің  келбетін
осы күнге дейін сақтап, транспортта қолдануда.VІ ғасыр аяғында ксиолография-
тақтайшаларға жазылған жазулар пайда болды.  Ксилографияның  даму  негізінде
иероглифтык жазу жүйесі қалыптасады. Қытай медицинасы шипалы  емдік  дәрілер
шығарды.
    VII г. Қытай саудагерлері  мен  пилиграимдары  Қытайлық,  үнділік  және
цейлон кемелері арқылы, бірнеше рет оңтүстік азиялық  муссондық  жол  аркылы
Малай археологиясына, Бенгалия мен Цейлонға сапар шегеді.
    629-645 жылы Қытай буддисті Сюань Чжуан - ер жүрек зерттеушісі  орталық
Азия мен Индия болады. Сюань Чжуанның қалдырған Оңтүстік және  Орталық  Азия
халықтарының тұрмыс -  тіршілігі  атты  жазба  ескерткіштері  «Батыс  елдері
туралы жазбалар» атты кітапшағып шығарын,  кейінгі  кездерге  дейін  олардың
тарихи зерттеудегі аса  маңызды  дерек  көзі  болып  табылады.  Сюань  Чжуан
Қытайға үнді ғылымының дамуы мен будда тарихындағы догматикамен  таныстырды.
Бір жағынан, Сюань Чжуанның арқасында - Индия мен  Қытай  халқының  арасында
достық гүлденіп Индияда Қытай мәдениеті белгілі бола  бастады.  Ол  санскрит
тіліне Лао-Цзыдың философиялык «Даодэцзии»  атты  еңбегін  аударды.  671-695
жж.   Қызығушылык   барысында   Суматра    аралына  Индияға,  Непалга  теңіз
жолы арқылы, баска будда монахы, ғалым И.Цзин  келеді-  Ол  өзінің  жүзуінде
кұнды географиялык зерттеулер жазады. И Цзин VII ғ. орта шегіне  дейінгі  37
кытай миссионерлерінің теңіз арқылы Гуан-чжоудан үнділік жағалауға  шыққанын
келтіреді. Өте үлкен  табыс  зерттеулерінде  Хань  дәуірінен  Танға  дейінгі
уақыт аралығындағы тарихи шығармалар    баяндалады.    Император     Ли  Ши-
Миньнің  өзі  Цзинь  династиясының  тарихының  басын  жазады.     Акырындап,
мемлекет тарихынын дамуын өз  қолына  ала  бастайды.    Император  сарайының
ауласында  әдейі  ұйымдастырылған  канцелярия  жұмыс  жасап,  оның   негізгі
функциясы - Тан династиясының тарихын зерттеу  болды.  VI  ғ.  аяғына  дейін
император  ауласында  кітаптарды  сақтау  және  жинау  мәселесі  орын  алды.
Императорлар  жібек  матасын  ежелгі  ғалымдар  мен  әдебиетшілердің  жазған
еңбектерін тапқандарға, үлкен сыйлықтар берді.    VII ғ.  сарай  кітапханасы
қорында 90 мың том кітапқа жетті.
    Чиновтиктік қызметке түсу үшін мемлекеттік емтихан тапсыру кажет болды.
Мұндай жүйе Қытайда б.з.д. II ғасырда пайда  болып,  оның  нық  басқан  кезі
тандық кезеңмен тұспа-тұс келеді.  Жоғарғы  шен  алғысы  келгендер,  аулалык
академияға  келіп,  емтихан  тапсырулары  тиіс  болды.  Емтиханда   иероглиф
жазуымен  өте  әдемі  етіп  жаэумен  жазу  және  өлең  шығару  керек  болды.
Конфуцийлік  ілімді  жатқа  айту  керек  еді.  Міндетті  түрде   өту   керек
емтихадар,  жоғарыдағыларға   білімінің   керек   екенін   дәлелдеді.     Ел
астанасында  үш  жоғары  училище    болды.    Мұнда   тан  аристрокаттарынын
сегіз мың балалары оқыды. Облыстық, округтік және үздік орталықтарда  арнайы
мектеп ұйымдастырылды. Тандық кезеңде Чаньанда әлемде  ең  алғаш  рет  газет
шығарылады. Олар ағаш тақтайшаларына   басылды. Біздің  кезге  дейін  келіп-
жеткен   металдан өнделіп  жасалған бұйымдардан  қарап,  белгісіз   қытай  -
шеберлерінің шеберлігіне таңдай қағамыз. Қағазды пайдалаудан  біз,  кытайдың
өнері -коллиграфияның дамытанын көреміз.     Қытай  халқының  қол  жеткізген
жетістіктерінің    бірі-    живопись,     скульптура     мен     архитектура
болды. Әсіресе живописьтің жібек матасы мен қағазға жасалған түрі кең  түрде
етек  жайды.  Дәстүрлі  діни  сюжеттерден  картиналардағы  суреттер  көрініс
тапты.
               Елдегі жаңа әлеуметтік  -  экононикалық  жағдайлар  қоғамдық
өмірде  және  әдебиеттің  дамуына  әсерін   тигізді.   Әріесе,   елдің   ірі
қалаларында, Чаньанда  және  Лоянда,  көптеген  ақын-жазушылар  өмір  сүріп,
өздерінің шығармаларын жарыққа шығарды. Олардын шығу тегі  көбіне  кішігірім
кызмет атқарған чиновниктердің, ұсақ жер иленушілердің, ал  кейбір  жағдайда
олардың өзі мемлекеттік кызметтегі адамдар  болды.  Олардың  арасында  елдің
ары қарай дамуы  мен  қиыншылык  туғызатын  мәселелері  алаңдатты.Осы  кезде
өзінің гүлденуін публицистика  бастан  кешірді.  Оның  көрнекті  өкілдерінің
бірі Хань Юй болды. Оның қоғамынан  шыққан  көптеген  мақалалар,  жолдаулар,
шығармалар шықты. Өзінің көз қарасы бойынша Хань Юй,  адамды  жер  бетіндегі
тірі  ағзалардың  ішінен  бөліп  қарастырған   жоқ.   Оның     пайымдауынша,
табиғаттан   адамды    бөліп  қарастыруға  болмайды  деді.  Себебі,  Адам  –
табиғаттың үлкен бөлшегі. Оның философиялық трастаты  -  «Адам  туралы»  деп
аталады.
                Адамның  бойынан  ол  тек  қана  жеке  ерекшеліктерін  ғана
анықтамай. Сонымен қатар қоғамдық өмірдің негізгі  көрінісі  деп  пайымдады.
Филосой ежелгі дәуірге көз жұмып карауды тоқтату керек деді. Қытайдағы  VII-
ХІ ғғ. Қоғамдық тұжырымдар мен әдебиетті жандандыру үшін ең бірінші  ежелден
бастау алу керек екендігін айтты. Хань Юй ежелдегі Хань империясы  мен  Чжоу
патшалығындағы көне ескерткіштерді қарастырды. Ол әр түрлі әдебиеттерде  сол
дәуірдің адамының әлемдегі ең құнды бөлігі деп түсінді деді.  Философ  дінді
жоғары қойғандарға карсы  болып,  ол  дінде  тек  қана  дінді  дәріптеушілік
болады деп айтты.  Сонымен  қатар  Хань  Юй  «будданың  сүйегі»  атты  үлкен
баяндама  жасайды.  Осы  жазған  еңбегі  имперағорга  деген  қарату   болып,
император  буддизмнің  жақтаушысы  болғандықтан,  Хань    Юйды  елден   қуып
жібереді.
    Бейнеленген новеллалар адамды өмірге деген көзқарасын  оятқанда  болды.
Осы кезде Қытайда алгаш рет әсерлі  бейнеленген  әдебиет  жарық:  көріп,  ол
өмірдің шындық сәттерін уайымдады. Осы  уақытты  «Тан  новелласының»  биікке
өрлеген кезі деп қарастыруға болады. Оның ірі шебері  Юань  Чжэнь  еді.  Тан
империясы тусындағы  ең  танымал  поэт  Бо  Цзюи  өмір  сүреді.  Бо  Цзюидің
«Прекраснобровая  пошбла  под  копытами  коней»  атты  поэмасында   «Өмірлік
нышандық»  деген  трагедиялық  еңбегінде  байлауыш  киген  ананы  көрсетеді.
Поэма,  көбіне  тарихи  тұрғыда  жазылғанымен,  бірақ  онда  ез   еркі   мен
білместікпен қате жібереді. Ян  Гуифей  атты  кейіпкер  император  ұлдарының
бірінің колында болады, ал  Мин-хуан  ол  кезде  алпысқа  толады,  ол  қызды
өзінің гаремдігіне алады делінген. Ань Лушань Чаньанды жаулап  алған  кезде,
император 72 жаста, ал Ян-гуифей  қырықка  келіп  жетті  дейді.  Ань  Лушань
акылды  әрі  саналы  генерал  болады.  Ол  өзінің   іс-әрекеттерін   алыстан
ойлайтын.  Бірақ,  ең  соңында  оның  ойлаған  жоспарлары  құрдымға  кетеді.
Император Сычуань провинциясының батысына тығылуға мәжбүр  болады.  Чаньанды
көтерілісшілерден азат етеді,  бірақ  Мин-хуан  тақтан  бас  тартып,  өзінің
өмірінің соңына дейін Сычуанда калады.
    Тан империясының сарайы  гүлдену  үстінде  болды.  Императордың  «Аспан
сарайының» кұрылысы үшін күнделікті онда он мыңға жуық  мемлекеттік  барщина
етуге тиіс  шаруалар  мен  ремеслинниктер  еңбек  ету  тиіс  болды.  Сарайды
әсемдеу үшін 300 - ден астам тонна медь кетті.VII ғ. Екінші жартысында,  бір
тан чиновнигі трон билеушісіне былай доклад: «Елдің  әскер  800  мың  адамды
кұрайды. чиновниктер, саудагерлер, монахтар -  жерге  дән  екпей,  Тек  кана
жеуді білетіндер, елдің түрғындарының бес-алты есесін кұрап отыр.  Өте  ауыр
істе  жүрген  шаруаларды  аяусыз  қанап,  жеті  туеядтарды  киіндіріп   және
тамақтану үшін  жағдай  туғызады»  деп  жазады.  Император  сарайында  күрес
туындайды. Көп уақытқа дейін императорлар мен  ен  арасындағы  дауды  евнух-
царедворлык  пайдаланып  қалуға  тырысты.  Осы   таптық   өкілдері   орталық
мемлекттік жэне әскери органдардан кызмет алу        үшін  күреседі.  Ақыры,
олардың кол атына сарай гвардиялары түседі


    XVI-XVII ғасырларда Түркияда мәдениеттің  кейбір  салалары  айтарлықтай
дамыды. Ғылым саласында ауыз толтырарлық  жетістіктер  болмағанымен  поэзия,
тарихнама және сәулет өнері едәуір табыстарға ие болды.
    Шығыстың көптеген халықтарындағыдай, түріктерде де өлең, аңыз-ертектер,
дастандар кең таралды.  Оларды  көшелер  мен  алаңдарда  меддахтар  айтатын.
Түрік поэзиясының атасы Али-Ашық-паша(1522 жылы өлген) болып табылады.  Оның
атақты “Ғарибнаме” деген  еңбегі  өлең  сөзімен  жазылған.  Ол  философиялық
мәселелерге арналған. Кітаптың бір тарауы 7 планета, 7 металл, 7 күш  туралы
(жер, мәдениет, адам, жан, сана,  сүю,  құдай)  баяндайды.  Олар  бір-біріне
пайдалы ықпал етеді делінген.
    XIV ғасырдағы поэзияны  ең  көрнекті  өкілінің  бірі  Махмуд  Абдулбахы
болды. Оны түрік лирикасының сұлтаны деп атады халық..XVII ғасырдың  басында
поэзияның жаңа саласы (жанр)-  өте  өткір  саяси  сатира  кең  тарады.  Оның
көрнекті өкілдері Вейси мен Нефи болды. Вейси “Стамбулға  өсиет  наз”,  Нефи
“Тағдыр  оқтары”  деген  басқа  шығармаларында   мемлекет   қайраткерлерінің
күнәлары мен кемшіліктері, елдің ауыр әлеуметтік- экономикалық жағдайын  ащы
сықақпен күлкі- мазақ етті.  Байрам-  паша  деген  уәзірді  мазақтап  жазған
сатирасы  үшін  Нефиді  сұлтан  IV-Мұраттың  бұйрығы   бойынша   тұншықтырып
өлтірді.
      Тарихнама айтарлықтай  дамып,  жетілді.  Тарихи  еңбектердің  негізгі
саласы  жылнамалар  болды.  Көрнекті  жылнамашының  бірі  Қажы-Кәлпе  болды.
Өзінің “Фезлике” деген еңбегінде  ол  1591-1654  жылдары  түрік  тарихындағы
уақиғаларды баяндайды.
       Тарихтың  ащы  сабақтары,  Осман  империясының  құлдырау  себептерін
көрсететін шығармалар өмірге келді. Бұл  бағытта  ең  бірінші  көзге  түскен
тарихшы- ойшыл Көшібай болды. Ол өз шығармаларын сұлтан  IV-Мұратқа,  кейін,
ол өлген соң Ибрагим сұлтанға көрсеткен, баяндаған.
    Тарихи- географиялық  шығармалардың  ішінде,  әсіресе  Эвлий  Челебидің
“Саяхат-намэ” деген еңбегінің маңызы зор болды.
    Архитектура саласында біраз жетістіктер болды. Ірі феодал- мырзалар үй-
жайларын, сарайларын елден ерекше,  әдемі  де  үлкен  етіп  салуға  тырысты.
Әсіресе көрікті мешіттер салуға көп көңіл бөлінді.
    XVI ғасырдағы көрнекті түрік архитекторының бірі Синан болды. Ол  80-ге
жуық мешіт  тұрғызды.  Ең  бастылары  Стамбулдағы  “Сулеймение”,  Эдирнедегі
“Селимийе”.  Бұл  мешіттерді  адамдардың,  жануарлардың  суреті  жоқ.  Бірақ
мешіттердің өрнек- оюлары өте тамаша салынған.  Өсімдіктер  суретімен  қатар
мешіттердің безендірілуінде құран сөздері де пайдаланылған.
    Үндістан өнері
    ХІІ  ғасырдың  аяғы  мен  ХІІІ  ғасырдың  басында  үнді  елінде   үлкен
өзгерістер болды. Мұсылман  феодалдары  Солтүстік  Үндістанды  жаулап  алған
соң, үлкен орталық мемлекеттер құрыла бастады. Үнді  елін  жаулап  алушылар,
әсіресе дін  жағына  қатты  ықпалын  тигізді.  Слнымен  қатар  мәдениетінде,
сәулет, кескіндеме,  қолөнерінде  өзгерістер  жасады.  Солтүстік  үндістанды
ХІІІ  ғасырдан  бастап  құрылыстар,  жаңа  мәдени  орындар  салына  бастады.
Мұсылман жаулап алушылары, әсіресе сәулет  өнеріне  орасан  зор  әсер  етті.
Үнді елінің салтына қатысы  жоқ  мешіттер  мен  мазарлар,  кесенелер  салды.
Жаңадан қорғанысы бар қалалар,  бай  сарайлар,  мазарлар,  медреселер,  яғни
бұрын  болмаған  құрылыстар  салына  бастады.  Үнді   елінің   қолөнершілері
өздеріне жат өнермен – сәулет, ою-өрнектермен таныса бастады. Олар әр  түрлі
тастармен жұмыс істеп, безендендіруді үйренді. Мұсылман құрылыстарында  үнді
ою - әшекейлері мен арабтардан алынған  арқалар,  күмбез,  мұнаралар  аралас
қолданыла бастады. Екі елдің сәулетшілері бірігіп жасаған жаңа минарет  Кутб
Минар 1230 жылы салынып бітті. Минарет  биіктігі  –  73  м.  Бұл  минарет  –
қабырғалары гофриленген  (бүрмеленген),  әдемі  өрнектеліп,  қатар  –  қатар
белдіктермен бөлінген, алтындалып, қызыл құммен салынған,  ортасында  биікке
көтеріліп тұрған күмбез қиылған бұрыштары бар үй.
    Балкондармен өрнектелген  биік  мұнарасымен,  әдемі  формасымен  ерекше
болып жасалған.
    Үнді сәулет өнері ХVІ – ХVІІ ғасырлардан бастап жаңа  өзгеріске  ұшырай
бастады. Ұлы Акбар басқармасы кезінде талантты  суретшілерді,  сәулетшілерді
іздеп тауып, өздеріне жұмысқа алып, біріккен мемлекеттік үлкен құрылыстар  –
Агра, Фатхур, Сикри қалаларын  безендірген  сарайлар,  саябақтар,  мешіттер,
кесенелер, үлкен қорғаныс бекіністер салғызды.
    Тәжі – Махал кесенесі Х ғасырда салынған.  Бұл  кесенесі  Үнді,  Түрік,
Иран, Ауғаныстан құрылысшылары салған.  Моғол  императорының  қайтыс  болған
әйеліне арнап жасалынған Тәжі – Махал кесенесі дүние жүзіне  белгілі  болды.
Бұл кесенені 20 мың адам 18 жыл бойы салды. Ғажайып әдемілігі  үшін  Тәжі  –
Махал «Үнді маржаны» деп  аталды.  Ол  көгілдір  аспанмен  таласып,  қиылған
бұрыштары  бар  төртбұрышқа  ұқсайды.  Ортасында  жерден  15   метрге   жуық
көтеріліп тұрған әдемі күмбез,  үйдің  жан  –  жағындағы  бұрыштарда  көлемі
жағынан мұнан кішірек тағы да төрт күмбез  бар.  Осындай  мұнарлар  кесенеге
жарасып, әдемі сымбат беріп тұр. Тәжі  –  Махал  –  аппақ  қардай  мәрмәрдан
салынып, тамаша оюлармен нақышталған, айналасында су бұрқақтары бар  саябақ.
Ұлы Моғол империясы кезінде шығыс елінен шебер миниатюралар әкелінді.  Моғол
миниатюрасы әдеби шығармалармен тығыз байланысты болды.
    Ерте ислам өнері
    Үндістанда мұсылмандық насихат, яғни үгіт іс-шаралары 711 – 713 жылдары
жүргізілді. Үндістанды толық бағындырып, елдің мәдениетіне  жаңаша  бетбұрыс
жасауға ықпал ету үшін халықты мұсылман дініне толықтай енгізу қажет  болды.
Бірақ мұсылмандар үнді мәдениет өнеріне айрықша әсер ете  алмады.  Сондықтан
үнді  –  ислам  өнеріндегі  осы  кезең,  мұсылман   халықтары   мәдениетінің
тарихында кездейсоқ құбылыс болып қалды.
    Тұтас алғанда, ерте Ислам кезеңі, оған өкшелес Моғолдар кезеңі  сияқты,
үнді тарихының біртұтас құрамды бөлігі  болып,  сол  кездегі  мәдени  дамуға
ықпал жасады. Қалай болғанда да өнер саласында үнді – исламдық  өзара  ықпал
өз жемістерін берді. Бұл кезде сәулет өнері біраз елеулі  жетістікке  жетті.
Сонымен қатар қолөнері өркендеп, гүлденді.
    Махмұд Газневи (998 – 1030) сұлтан ауғанның  астанасы  Кабулдан  шығып,
Солтүстік Үндістанға  басып  кірді,  үнділік  көркем  ескерткіштерді  құртып
жіберді. Ғаламат діни құрылыстарды қиратты.
    ХІ ғасырдағы тонаушылық пен талқандаулар, жаулап алушылардың шектен тыс
қаталдық көрсетуі әйгілі әл-Бируни жазбаларынан мәлім болып отыр.
    Самарқаннан шыққан Темір 1398 жылы Үндістанға баса көктеп кіріп, Делиді
жаулап алды. ХV – ХVІ  ғғ.  Үндістанда  Кашмир,  Дели,  т.б.  ұсақ  мұсылман
мемлекеттері құрылды. Ерте ислам  кезеңінде  Моғол  өкіметін  Акбар  билеген
тұста   салынған   индустік   және   джайндық   сәулет   өнерінің   көптеген
ескерткіштері талқандалды, мүсіндер құрып кетті.  Қазіргі  мұражайларда  сол
дәуірдегі өнер үлгілері ретінде қойылған заттар  –  сол  кездің  шағын  елді
мекендерінде  сақталып  қалған  жекелеген  тас  мүсіндері  ғана.  Сол  кезде
буддалық монахтар қудаланып, құрбан болған.
    Ертеде ислам әкімдері билеген кезде көптеген діни ғимараттар – мешіттер
мен  мұнаралар,  исламдық  діни  оқу  орындары,  керемет  көрікті  ескерткіш
бейіттер, кесенелер салынды. Бұл кезде біртұтас қалалар пайда болды.  Делиде
көлемімен,  маңыздылығымен  ерекше  есептелетін  сәулет  кешені   сақталған.
Делидегі биік күмбез Кутб – Минар (алып мұнарасы табанының  диаметрі  16  м,
биіктігі 70 м) 1794 жылы салынған.
    Сонымен қатар Кутб – уд – дин Айбектің үлкен мешіті, Ала  –  уд  –  дин
Хильджаның  мазары  мен   медресесі,   (1215   ж.)   Ильтутмыштың   кесенесі
көтерілген.
    Кутб – Минар мұнарасы қызыл  құм  тастан  салынған.  Мұнараның  негізгі
тұрқы  ою  -  өнері  жиырма  төрт  шығыңқы  кернеумен  бөлектенген.  Олардың
біреулері қырланып, шаршыланып келсе, екінші  қабаты  –  тұтастай  дөңгелек,
үшінші қабаты – кілең тіктөртбұрыш. Ислам сәулетінде бұдан  кейінгі  биігрек
мұнара – Каирдегі Хасан мешітінің мұнарасы болып саналды.
    Үндістандық мұсылман  өнерінде  тек  сәулет  өнері  дамып  қойған  жоқ,
сонымен   бірге   кескіндемеге   көңіл   бөлінді.   Үндістандағы    мұсылман
кескіндемесіндегі миниатюраның даму барысы  исламдық  пуриатанизмді  үнділік
рух біржолата жеңгендігін көрсетті.
    Ислам сәулетінің көне ескерткіштері  қатарына  Аджмердегі  (Раджастхан)
мешітті  жатқызуға  болады.  Ислам  сәулет  өнеріне  тән   қабір   басындағы
ескерткіштер, күмбездер өзіндік  ерекшеліктерге  ие.  Үнділік  ислам  сәулет
өнеріне  тән  негізгі  белгі  –  қоршаған  табиғатпен  жарасып  тұратындығы.
Сондықтан да бақтардағы  мешіт  жанында  орналасқан  исламға  тән  мұнаралар
сәулет құрылысында  пайдаланылды,  оның  құрылымы  өте  жақсы  дамыды.  Үнді
сәулеті мен оның сәндік бейнелеу өнері мұсылмандық ұлыстарға  ықпал  жасады.
Ахмадабатағы көркемдік көзқарас тұрғысынан аса елеулі  сәулет  ескерткіші  –
Джами – Мазджид мешіті (1424 ж. салынған). Үндістандағы  ерте  ислам  сәулет
өнерінің інжу – маржаны – 1514 жылы салынған  Рани  Сепари  мешіті,  сонымен
қатар Ахмад – шаһ (1414 ж.) мешіті. Сасарамдағы Шет – шаһ кесенесі  мейлінше
әсем және жақсы салынған (1540 – 1543). Бұл  –  иундар  құмтасынан  салынған
сегіз қабырғалы кесене болатын.
    ХҮІ-ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы Индия мәдениеті түрлі этнолингвистикалық
және конфессионалдық қауымдардың мәдениетінің  жиынтығы,  ерекше,  жан-жақты
және  көпқырлы.  Индия  мәдениеті  ең  алдымен  бай,  көпғасырлық   дәстүрге
негізделді, индуизммен тығыз байланысты еді. ХІІІ – ХҮ ғғ. Орта Азия,  Иран,
т.б. мұсылман әлемінің елдерінен келген ислам мәдениетімен синтезі жүрді.
      ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. елдің  мәдениетінің  дамуында  парсы  тілі  үлкен  роль
атқарды. Парсы тілі – Индиядағы мұсылман елдерінде  ресми  тіл  болды.  ХІІІ
ғасырдан бастап жергілікті тіл мен  әдебиет  туындыларына  ықпал  етті.  Осы
кезеңдегі әдебиеттегі стиль күрделі, қарапайым адамдарға түсініксіз,  ерекше
болуымен айқындалды.
      Моғол империясында парсы тілінде жазған ақындар  Мулла  Джами  Бихуд,
Мир Джалауддин Саядат өмір сүрді. Абул  –  Фазл  Аллмаидің  ағасы  Файзи  ең
көрнекті  ақындардың  бірі.  Аурангзебтің  ағасы   Дара   Шукох   сопылардың
философиясы мен  діни  ізденістерімен  жақсы  таныс  болды.  Оның  ықпалымен
санекриттен «Бхагавадгита» т.б. шығармалар парсы тіліне аударылды.  Ведалар,
упанишадаларды жақсы білген, «Бес кітап» пен «Жаңа өсиет» пен  таныс  болған
Дара Шукох, «менің дінім – Жетпіс екі халықтың діні»  -  деді.  Көзқарастары
үшін қудаланып, жазаланды.
      Абдул – Кадир  Бедиль  (1644-1720)  –  философ  –  пантеист,  индуизм
философиясымен жақсы таныс, соңғы көрнекті парсы тілінде жазатын ақын.
      Моғол кезеңінде парсы тіліндегі тарихнама одан әрі дамыды.  Шежірежел
– проза жанрының ерекше бір түрі. Ғалым-тарихшылардың әлеуметтік және  саяси
көзқарастарын білдіретін  құрал  болды.  Абдул  –  Фазл  –  Аллами  –  парсы
тіліндегі көрнекті тарихшы. Оның көрнекті,  көлемді  «Акбар-наме»  -  сұлтан
Акбар кезіндегі 1556-1593 жылдарды толық қамтиды. Соңғы бөлімінде «Аин  –  и
- Акбари» (Акбардың  ұстанымдары)  –  сарай  өмірі,  Кархане  –  мемлекеттік
шеберханалар мен қызметтер, армияны ұйымдастыру, Акбар  реформалары,  қызмет
адамдарына арналған жадынамалар беріледі.
      Абул – Фазл тарихшы ретінде өз замандастары  - Низам уд –  Дин  Ахмад
т.б. ықпал етті. Низам уд – Дин Ахмадтың көрнекті шығармасы «Таба – кат –  и
Акбари» («Акбардың разрядтары»). Абдул – Кадир ибн Мулук  –  Шах  Бадауни  –
көрнекті тарихшылардың бірі, өзінің «Таңдаулы тарихтарында» («Мунтахаб ат  –
таварих») Акбардың реформаларына қарсы шығады. ХҮІІ  ғ.  бірінші  жартысында
көптеген тарихи шығармалар жазылып, билеушілер Джахангир мен Шах –  Джаханға
марапаттауларға негізделеді.
      Эпистолярлық жанр негізінде прозалық шығармалар дамыды.  Аурангзебтің
қамаудағы әкесі Шах – Джахан  мен  ұлдарына  жазған  хаттары  ерекше  құнды.
Бабырнама
      Бабырдың  немересі  Бүлбадан  –  бегім  әкесіне  арнап  «Хумаюн-наме»
мемуарын жазды.  Джахангир  –  сөз  өнерінің  хас  шебері,  өнердің  бағасын
білетін жан-жақты билеуші. «Джахангир – наме» мемуары құнды тарихи дерек.
      Парсы тілінің ықпалымен хиндустани тілі, әсіресе оның  әдеби  түрі  –
урду араб графикасын қабылдап дамыды. Урду әдебиетінің маңызды  орталығы  ХҮ
ғ.  бастап  Деканның  қалалары  болды.  Мухаммад  Кули  Кутб  –   шах   және
Ваджихаурду тілді поэзияның көрнеті өкілдері. ХҮІ ғ. соңы – ХҮІІ ғ.  басында
бұл қалалар әдебиет провинцияларына айналып, Дели орталық  болды.  Сафруддин
Мухаммад Фаиз – көптеген Маснави және Газемилердің  авторы.  Оның  ықпалымен
қалыптасқан ақындар – Мир Таки Мир, Назир Акбарабади.
      ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Индияның басқа  –  бенгали,  маратхи  –  тілдерінде  бай
әдебиет қалыптасты. Бхакти идеялары ықпал  етті.  ХҮ  –  ХҮІІ  ғғ.  көрнекті
бхакти – ақындар құтқарудың жолы құдайға  сенім  идеясын  синкретизм  идеясы
үнді  –  мұсылман  мәдени  синтезінің  жарқын   көрінісі.  ХҮІ   ғ.   бхакти
поэзиясының көрнекті өкілі сикхтар гуруы Нанак ХҮ ғ. атақты  ақын  –  бхакты
Кабира ықпалымен жазған  өлеңдері  «Ади  Грантх»  қасиетті  кітабына  кірді.
Бенгалиядағы  ақын-бхакт,  діни  қайраткер  Чайтанья  маратхида  Намдев  пен
Экнатх. Хинди варианттарының бірінде Тулси Даса поэмасы  «Рамаяна»  жазылды,
әлеуметтік утопияны білдіретін  «Царство  Рамы»   -  әділеттілік  патшалығын
сипаттайды.  «Рамаяна»  поэмасының  кейіпкерлері  хинди  тілді  тұрғындардың
арасында белгілі  болды.  Поэманың  адамдардың,  соның  ішінде,  ең  төменгі
топтағылардың да Құдай алдындағы теңдігін жырлауы  қарапайым  халыққа  жақын
да түсінікті еді.
      Аградан шыққан соқыр  ақын,  батыс  хинди  тілінде  жазған  –  Сұрдас
әлеуметтік  теңдік  утопиясын  суреттеді.   Оның   «Гокуль   деревнясы»    -
адамдардың бәрі тең, әділеттілік үстем болған патриархалдық қауымдық  идеал.

      Діни синкретизм идеясы саяси ой-пікірде де  көрініс  тапты.  Жоғарыда
айтылған тарауларда Абул – Фазл Аллами шығармашылығында және  Акбардың  діни
саясатында көрінісі тапты.
      ХҮІ-ХҮІІ ғғ. үнді архитектурасында терең  із  қалдырды.  Құрылыстарда
екі жақты ықпал: жергілікті үндіс  және  ортаазиялық-ирандық  архитектуралық
стильдердің  синтезі  және  құрылыс  ішіндегі  техникалық  прогресс  жолымен
дамыды.
      Архитектуралық стильдердің синтезі әсіресе Акбар кезінде  тұрғызылған
құрылыстарға  тән.  Аградағы  бекініс  –  қамал,  Фатих  пур   –   Сикридегі
құрылыстарда  раджпут  бекіністерінің  сәулет  өнері   мен   индус,   джайна
храмдарының ықпалын білдіреді.  Фатихпур  –  Сикри  1569-1585  жж.  Акбардың
резиденциясы  болды.  Сонымен  бірге   мұсылман   кесенелеріне   тән   қатал
формалармен бірге, үнді архитектуралық дәстүріне  тән  декордың  байлығы  да
бар.
      ХҮІ ғ. екінші жартысындағы сәулет өнерінің маржаны Делидегі Хумаюннің
кесенесі. Иран сәулет өнерінің үлгісімен парктің ортасында  орналасқан.  ХҮІ
ғ. екінші жартысында фонтондар мен  су  көздеріне  бай  парктер  салу  өнері
жоғары дамыды.
      Моғолдар кезеңінің құрылысшылары  мәрмәрді  жиі  қолданған.  Акбардың
сарайлары мен қамалдары  мәрмәрдан  тұрғызылған,  шеберлер  өңдеуге  күрделі
тасты шебер өңдеп, одан шілтердей нәзік туындылар жасаған.


    Ұлы Моғолдар өнері
    Үндістандағы Ұлы Моғолдар  әулеті  Делиді  басып  алған  және  тонаған,
жаулап алушы самарқандық әмірші Темірден басталады.  Бабыр  1526  жылы  Лоди
әулетінен шыққан соңғы әкімді жеңіп, Дели мен Аграны жаулап алады. Оның  ұлы
Хумаюның тұсында (1508  –  1556)  моғолдар  билігі  басталды.  Ұлы  Моғолдар
патшалығы Хумаюнның ұлы Акбар тұсында (1556 – 1605) гүлденді.  Акбар  өзінің
әкесі мен атасы сияқты өнер қамқоршысы ғана болып  қойған  жоқ,  ол  сонымен
бірге аса зор ұйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түскен  және  бір  жақты
діншіл адам да емес – ті.  Ол  өзіне  бағынышты  индуистермен  де  тіл  таба
білді.  Акбар  билеген  кезеңдегі  көптеген   құрылыстар   олардан   бұрынғы
дәуірлердегі ғимараттарға тән қатаң және ұстамды бағыттан  өзгеше,  мейлінше
жаңа стиль туындылары болып келген. Бұл жаңа  стиль  әр  түрлі  формалармен,
Раджпуттар  тұқымынан  шыққан   билеушілерге   негізделген   үнділік   сарай
дәстүрлеріне барынша үнде, көрікті, сән  –  салтанатымен  ерекшеленеді.  Ұлы
Моғолдар  дәуіріндегі  тамаша  құрылыстардың  бірі   –   Аграның   солтүстік
батысындағы Сикандрада орналасқан Акбар  кесенесі  осы  стиль  үлгісі  болып
табылады.
    Бұл кесене  Акбар  әмірімен  салына  бастайды  да,  мұрагер  ұлы  билік
жүргізіп тұрған кезде, яғни 1613  жылы  аяқталды.  Оның  басқа  кесенелерден
ерекшелігі  –  буддалық   сәулет  концепциясына  орай  жоспарланғандығы.  Ол
ұзынша  формалы  үлкен  баққа  орналасқан,  зор  қақпалар  арқылы  тартылған
жолдары бар,  оларға  симметриялы  орналасқан  екі  жақтағы  дуалда  да  дәл
осындай, бірақ жалған қақпалар жасалған. Ұшы  сүйірленіп  бітетін,  мейлінше
жарасымды күмбезбен көмкерілген негізгі ғимарат  жебе  тәріздес  арқа  кесіп
өтетін үш қабаттан тұрады.  Үшінші,  үстіңгі  қабаты  құрылысты  түйіндейтін
ашық  терасса  тәрізді,  үсті  жабылмаған,  алайда  бұрыштарында   әрқайсысы
төрт төрттен сүйрік бағандармен көтерілген төрт күмбезі бар. Бұл   кесененің
негізгі құрылысы. Мәрмәр мозайкадан  салынған  ішкі  албар  тас  қорған  мен
ауланың сыртқы қабырғасынан  бөлектеген  айналма  жолмен  қоршалған.  Екінші
терасса Акбардың ақ мәрмәрден жасалған  келісті  саркофагы  тұр.  Сикандраға
жақын  жерде,  Аграның  солтүстік  батысына  қарай,  шамамен  отыз   шақырым
қашықтықта  Акбардың  әмірімен  салынған  резиденция  болған  Фатхпур  Сикри
қаласы бар.
    Бүкіл  Үндістандағы  көрнекті  құрылыстардың  бірі   салынған   Фатхруп
Сикридегі соборлық мешіт  мейлінше  әсем  кешен  болып  табылады.  Ауласының
аумағы 181х158 шаршы метр, мешітінің үш күмбезі  бар.  Аулада  ақ  мәрмәрден
жасаған Селим Чишти  шейхтың  және  Ислам  ханның  кесенелері  бар.  Ауланың
оңтүстік жағында айбынды да  керемет  келісті,  өз  алдында  дербес  құрылыс
саналатын «Әсемдік қақпасы» (43х20м) орнатылған.
    Бүгінде Үндістан сәулетінің аса үздік ескертеіші болып  саналатын,  Шаһ
Жаһан өзінің сүйікті жары Мумтаз Махал құрметіне  салдырған  Аградағы  Тәжі-
Махал  озық  ойдың  үлгісіндей  әсем   ескерткіш.   Бұл   кесене   аңыздарда
айтылатындай парсы сәулетшісінің жобасы бойынша салынса да, оның  таңғажайып
көрнісі Үндістандағы  сәулеттік  өнер  ескерткіштеріне  ортақ  фантастикалық
ирреальдық сипатта өзінің керемет жарасымын тапқан.  Бұл  тек  қана  үнділік
ескерткіштерге тән сәулеттік өнер үлгісі болып табылады.  Тәжі  Махал  үлкен
саябақтың ортасында орналасқан, қай жағынан қарасаңыз да өзінің  мұнараларға
ұқсас күмбездерімен көз жауын алып мұндалап тұрады.
    Әдебиеттерде  ағылшындар  өздерінің  Үндістандағы   отаршылдық   билігі
кезінде   көптеген   тамаша   сәулет   туындыларын   бұзып,    материалдарын
пайдаланғаны  айтылған.  Моғолдар  кезеңіндегі  сәулеттік  ғимараттар   үшін
бірден  бір  құрылыс  материалы  ақ  мәрмәр  араластырылған   қызыл   құмтас
болғандығы дәлелденді, Мәселен, Дели мен Аградағы  сарайлар  мен  форттардың
көпшілігі сол қызыл құмтастан салынған.
    Моғолдар дәуіріндегі кескіндеменің  осы  заманғы  үнді  кескіндемесінің
дамуына әсері болды. Үнділік кескіннің  жоғары  дәрежеде  болғанына  Аджанта
қабырғаларында сақталған жұрнақтар,  Декандағы,  сол  сияқты  Кинчипурамдағы
(Кайласанатхи храмы),  Танджурдағы,  Андхра  Прадештегі  Лапакши  храмы  мен
Виджаянагардағы храмның кескіндеме үлгілері дәлел.
    Үнді кескіндеме өнерінің ең жоғарғы даму  дәрежесі  Моғолдар  кезеңінде
болды.  Бұл  өнердің  өркендеуі  Акбар  билігі  кезінде  басталды  жіне   ол
күндердің  аса  үлгілі   туындылары   біздерге   жетіп   отыр.   Моғолдардың
мемлекеттік  мектебі  мен  Декан  мектептерінде,   Раджастхан   мен   Пахари
мектептерінде өз  туындыларын  мүсіндеген  көптеген  суретшілердің  есімдері
белгілі. Көп жағдайда жекелеген миниатюра қолжазбаларында оның  таңбасы  мен
салған  суретші  есімі  қатар   тұрғандықтан,   оларды   миниатюраның   даму
хронологиясына қосуға мүмкіндік бар.
    Моғолдар кезеңіндегі кескіндеме  дамуына  көне  үнділік  мұраның  негіз
болғандығы  мәлім.  Гуджараттан   табылған   1127-1288   жылдары   жазылғаны
көрсетілген, джайндық кескіндеменің  басталу  кезеңіне  жататын  кітаптар  –
осындай туындылар. Бұларға Аджанта кескіні  елес  берерліктей  сұлу  әйелдер
қимылы мен көркін, бет әлпетін бейнелеуі тән болып  келеді.  Сонымен,  бірге
халықтың  рухтағы  безендіру  мейлінше   дөрекі   бейнелер,   айталық,   аса
үлкейтілген сүйір мұрынды бет-пішіндер де бар.
    1427 жыл деп белгіленген және  сексен  бес  миниатюрамен  безендірілген
«Шаһнаме» қолжазбасы ең көне мұсылман туындыларының бірі болып саналады.  Ол
Дели музейінде сақталған.
    Джайындық  безендірудің  Солтүстік  және  Орталық   Үндістанның   шығыс
бөлігінде кең  тарағанына  Джайпурда  табылған  «Кальпасутра»  (1465)  дәлел
болады.Мұнда да «Кальпасутрамен» байланыстырылады. Сарай  маңындағы  тамаққа
талғамшы адамдарға арналып, шамамен  1500-1510  жылдары  шығарылған,  өзінше
бір көркемделген аспаздық кітап «Нимад-наме» Мальвадан табылды.
    Сонымен қатар Солтүстік Үндістанның жекелеген облыстарында, Джаунпурда,
Аудха мен Патнада кескіндеменің жергілікті мектептері жұмыс  істей  бастады.
Таж – Махал – үнді, моғол сәулет өнерінің ғана емес,  дүние  жүзілік  сәулет
өнерінің шарықтау шегі.
                      Гректердің идеялары Европаға арабтар арқылы  таралды.
Ежелгі  гректердің  барлық  еңбектері  бізге  араб  тілінен   латын   тіліне
аудармалары бойынша  таныс.  Араб  ғалымдары  антикалық  дәуірдің  идеяларын
сақтай біліп,  оларды  ортағасырлық  Европаға  жеткізе  білді.  Ортағасырлық
арабтар, кейін римдіктер ие болған ертедегі гректер философиясы мен  білімін
тек игеріп қана қоймай,  сонымен  қатар  аса  ірі  ғылыми  жетістіктерге  де
жетті. Араб әлемінде  әсіресе  900  –  1200  ж.ж.  аралығы  ғылым  мен  өнер
шарықтап тұрған дәуір болды. Араб ойшылдары  алгебраны  ойлап  тапты.  Тіпті
олардың ақындары бірінші болып математикамен  айналысып,  кейін  ақын  болып
өлең шығарды. үлкен қалалардың  көркейіп,  өсуі  медицинаның  дамуына  ықпал
етті. Қазіргі Өзбекстанның  жерінен шыққан Абу Али  Ибн  Синаның  (Авиценна)
"Медицина канондары" атты еңбегі XІV ғасырға дейін дерлік барлық  дәрігерлер
үшін канондар ретінде пайдаланылды.
    Араб ойшылдары ғылымға тек қана  методологиялық  нұсқаулар  ғана  емес,
сондай – ақ көптеген терминдер енгізді: аль хебри   -  алгебра,  аль  хемия-
алхимия, аль хогол-алкоголь және  т.б.  Ғылыми  құбылыстар  әдетте  көптеген
латын және грек сөздерімен  белгіленеді  де,  олар  көп  жағдайда  терминдер
ретінде қалыптасады.  Ал  араб  оқымыстылары  болса  сол  терминдерді  ойлап
тапты, ал кейін латын тіліне аударылды. Әрбір ғылымның тек  өзіне  ғана  тән
түсініктері  мен  терминдерден  құралған  тілі  болатындығы  белгілі.   Грек
тілінің көптеген сөздері латын сөздерімен  қатар  ғылыми  терминдер  түрінде
қолданылады. Бірақ терминдердің өзін арабтар ойлап шығарған.
    Білім ұрпақтан ұрпаққа  кітаптар  арқылы  жеткізілді,  кітаптар  қолмен
көшіріліп  отырды.  Кітаптарды  көшірумен  жазба  жазушылар  айналысты.  Осы
себепті кітаптар өте аз болды және өте қымбат тұрды. Қағаз бен  кітап  басып
шығару пайда болысымен, кітапты қолмен  көшіруші  бір  жылда  жаза  алмайтын
парақты, кітапты басып шығарушы  бір  күнде  басып  шығара  алатын  дәрежеге
жетті. Кітаптар мен брошюралар көпшіліктің  қолына  тиді,  бұл  жағдай  жаңа
идеялардың кеңінен таралуына тікелей әсер етті.
    Ең алғашқы басылым VІІІ ғасырда Жапонияда жарық көрді  деп  есептеледі.
Бұл ойып жазылған  ағаш  қалыптардан  көшіріліп  басылған,  түрлі  суреттер,
қолтаңбалар салынған дұғалар болды. («Алмас  сутра  –  б.э.д.  868  жылы  ең
алғашқы басылып шыққан кітап). Осындай қалыпты жасап шығаруға өте көп  уақыт
қажет болды, оның үстіне  бұл  қалып  тек  бір  ғана  бетті  басып  шығаруға
мүмкіндік берді. Шамамен, 1045 жылы Қытайдың императорлық сотының мүшесі  Ли
Чен құрамалы шрифтті ойлап тапты. Ол әрбір қытай  иероглифін  саздан  жасап,
олардың  әрқайсысын  темірден  жасалған  арнайы  рамаға  орналастырды.   Бұл
белгілерді қажетінше құрастырып, қайта бөлшектеп, орналастырып, жаңа  беттер
жасауға болатын еді.
    XV ғасырда қытайдың баспа тәсілдерімен  таныс  емес,  немістің  алғашқы
баспашысы Иоганн Гутенберг (1400-1468 ж.) баспа шрифтерін  өз  бетінше  жеке
құрастырып  шығарды.  Ол  әрбір  әріпті  темірден  құйып  жасады.   Сөздерді
құрайтын әріптер бір ағаш  рамаға  жиналып,  преске  орналастырылды,  осыдан
кейін оларға бояу жағылып, бір парақ қағаз салынды. Осындай әдіс бір  беттің
мыңдаған экземплярын шығарып, одан  кейін  келесі  беттерді  басып  шығаруға
мүмкіндік берді. 1500 жылға қарай Италияда –100, ал  Испанияда  –  30  баспа
станоктары іске қосылып, қызмет еті.
     Қолданылған әдебиеттер тізімі:
    1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х  частях.  Ред.кол.:
Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
    2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
    3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
    4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
    5.История Востока  В 3-х томах /ІІ-том Восток в  средние  века  М.,РАН-
1995

    28 Дәріс.   Орта ғасырлар кезеңіндегі Азия және Африка елдеріндегі  дін
және қоғам.
    Жоспары:
    1. Дәстүрлі қоғам даму ерекшеліктері.
    2.Дін.
    Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып  келе
жатқан рухани құбылыс. Батыс мәдениетінде «Дін» ұғымы түсінігінің  мәні  екі
мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші  мағынасы  латын  тіліндегі  «religare»
деген ұғым-түсінік. Бұл ұғым-түсінікпен жер мен көк (аспан) арасында  рухани
байланыс  бар  екендігі  түсіндіріледі.  Ал,  екінші,  осы  латын  тіліндегі
«religio» ұғым-түсінігі  –  қасиетті,  табыну  заты,  құдайға  құлшылық  ету
мағынасында  танылып,  қолданылады.  Екінші  ұғым  –   түсінік   біріншісіне
қарағанда діннің мәнін нақтылы бейнелейді.
         Діннің екі  сипаты  бар.  Төменгісі  –  сыртқы,  ғибадат  ету,  ал
жоғарғысы – имандылық. Имандылық барлық дерлік діндерге ортақ,  діннің  ішкі
мәнін білдіреді, сондай-ақ, ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы  және  ішкі
болмысын  тәрбиелейді.  Діннің  имандылық   сипатын   қабылдайтындар   бүкіл
болмыстың себебінің, заңдылықтарының бар екенін толық түсініп, оларды танып-
біліп, бойына сіңіріп және бұлжытпай орындауға  ұмтылады.  Барлық  діндердің
ұқсастығы және негізгі мақсаты – бір Жарату шыға деген сүйіспеншілікке  жету
және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып,  жетілу.  Олардың
ішкі мәнінде ғана емес,  салт-рәсімдерінде  де,  көптеген  ұқсастықтар  бар.
Мысалы, тасбих тартып,  Құдайдың  қасиетті  есімдерін  қайталау;  ән  айтып,
билеп, зікір салып Құдайды мадақтау,  ғибадат  ету,  дұға  оқу,  т.б.  Бағзы
замандағы наным-сенімдер барлық діндердің  пайда  болуының  қайнар  бастауы.
Себебі кез келген діннің өзегінде барлық тіршілік атаулының  Жаратушысы  бар
екендігіне деген наным-сенім және оның алдындағы қорқыныш жатыр.
    1. Діннің мәні. Ежелден келе жатқан мәдениет түрінің бірі –  дін.  Адам
баласының тарихында көп  тараған  дүниежүзілік  діндер:  буддизм,  христиан,
ісләм. Бұл  діндер  және  басқа  да  діни  сенімдер  қоғамда  жоғарғы  ұждан
өлшемдерінің   –   қайрымдылықтың,   ізгіліктің,   мейірбандылықтың   мықтап
орнығуына   көмектесуде.   Екінші   сөзбен   айтсақ,   дін   адамгершілікті,
қайырымдылықты, жан тазалығын,  рух  биіктігін  уағыздайды,  бейбітші  лікке
шақырады. Қиянат қылма, ұрлық істеме, кісі ақысын жеме, күштілер  әлсіздерге
үстемдік жасамасын, жетім-жесірге, қаріп-қасірге қорған бол,  ақ  бол,  адал
жүр дейді дін.
        1985  жылы  Американың  Гэллап  институтының  жүргізген  зерттеуіне
қарағанда, Африка тұрғындарының–95, Латын Америкасының–96, Аме  рика  Құрама
штаттарының – 94, Азияның – 89, Батыс Еуропа  халқының  –  78  пайызы  дінге
сенушілер.
         Әрбір  елдің  Конституциясы  сол  елдің   дінге   деген   саясатын
тұжырымдаған. Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Әркім өзінің  қай
ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-
көрсетпеуге   хақылы»   делінген.   Сонымен   қатар,   «әркімнің    ар-ұждан
бостандығына құқығы бар» деп те тұжырымдалған. Дін адамның  рухани  өміріне,
бірінші кезекте имандылығына әсер етеді.
        Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген, мемлекет қандай  да  болсын
дінге немесе атеизмге артықшылық бере алмайды. Діни негізде саяси  партиялар
құруға жол берілмейді.  Діни  бірлестіктер  саяси  мақсаттар  мен  міндеттер
көздемеуге тиіс деп көрсетілген Конституцияда.
        Күнделікті өмірде өзімшіл, күншіл,  пайдакүнем,  менмен,  тәкаппар,
суайт адамды имансыз деп атайды. Олай болса, жаман  мінезді  бойына  жинаған
адам  имансыз  деген  баға  алады.  Сондықтан  адамның  асыл  қасиетінің   –
адамгершілік,  жақсылық,  ерлік,  қарапайымдылық,  кішіпейілділік,  адалдық,
әділдік, шыншылдық, ұяттылық жиынтығын имандылық десек артық болмас.  Шексіз
(мәңгілік, өзгермейтін) адамгершілік құндылықты  уағыздау  әлемдік  діндерге
тән. Әсіресе тарихтың өтпелі қиыншылық кезеңінде діннің әсері күшейе  түсті.
Будда, христиан, ісләм, т.б. діндер  де  өз  идеологиясын  барынша  пәрменді
түрде жарыса насихаттап және өз діндерін дәріптеп  жатқанын  жоққа  шығаруға
болмайды. Мешіт, шіркеу  иелері  жиындарда,  теледидар  арқылы  да  сөйлеуді
жиілетті, оған барушылар да көбеюде. Кез  келген  діннің  негізгі  идеясы  –
дене бар жерде жан бар, дене өледі, жан ұшып кетеді, өмір сүре береді  деген
тұжырым.
        Дін ертеден-ақ құндылықтың иесі болған. Діннің өзі мәдениеттің  бір
түрі. Сәулетті  мешіттер,  храмдар,  тамаша  әдеби  және  діни  философиялық
шығармалар,  шіркеулік  әдет-ғұрыптар,   имандылық,   қайырымдылықтар   адам
баласының мәдени қорын байытты. Олардың ішінде  түрлі  шіркеулер,  соборлар,
Қожа Ахмет Йассауи мешіті, Библия мен Құран, некеге  тіркеу  әдеттері,  т.б.
бар. Қазіргі уақытта шіркеу және мешіттің міндеті осы және басқа  да  мәдени
ескерткіштерді сақтау.
        Шіркеудің мемлекеттен ажыратылғанына қарамастан,  көптеген  елдерде
оның  саясатқа  әсері  тиіп  отыр.  Батыс  Еуропа  елдерінде  дінге   сенуші
адамдардың  әлеуметтік  мүддесін  қорғайтын  партиялар   да   бар.   Мысалы,
Италиядағы  Христиан  демократиялық  партиясы  және  Германиядағы   Христиан
демократиялық одағы. Шіркеу саяси  және  қоғамдық  қозғалыс  тардың,  жастар
және  әйелдер  ұйымдарының,   студенттер   одағының,   шаруалар   қауымының,
кооперативтердің жұмыстарына  қатынасады.  Олар  арқылы  халықтың  әр  түрлі
топтарына әсер  етеді.  Шіркеу,  мешіттер,  діни  ұйымдар  бейбітшілік  үшін
күресте өз үлестерін қосуда. Оған Рим  папасы  Иоанн  II   Павелдің  қызметі
дәлел бола алады. Қол жеткен прогресс өзінің қарама қайшылығын  да  көрсетіп
тұрады. Ол адамға қауіп туғызуда, бірінші кезекте ядролық соғыс  қаупі  тұр.
Имандылықтың техникаға үстемдігі ғана бұл ғаламдық проблеманы шеше алады.
     Дін тарихы. Дүние жүзінде әр түрлі  діндер,  олардың  әрқайсысының  өз
ерекшеліктері бар. Біз қазіргі өркениетке  ерекше  әсер  етуші  дүниежүзілік
діндерге тоқталайық. Буддизм - өте ерте,  бұдан  2,5  мың  жыл  бұрын  пайда
болған. Будда ілімінің мазмұны –  имандылық  саласында  адамдық  қалып  және
тәртіп. Адам ойлау арқылы шындыққа  жетеді,  ауыр  жағдайдан  құтылатын  жол
табады, қасиетті ілімнің уағызнамасын сақтай отырып  табысқа  жетеді.  Будда
дінінің маңызды уағызнамасының бірі барлық тірі жәндікке  сүйіспеншілік  пен
қайрымдылық. Жамандыққа жамандық істеуден ол  жойылмайды,  қайта  өшпенділік
және қайғы-қасірет өрши түседі.
        Қазіргі уақытта буддизм Үндіқытай түбегінде маңызды  қоғамдық-саяси
және мәдени рөл атқаруда. Бирмада,  Камбоджада,  Таиландта  мемлекеттік  дін
болып  есептеледі.  1950  жылы  буддашылардың  «бүкіләлемдік   бауырластығы»
құрылды,   ал   1970   жылы   буддашылардың   «бейбітшілік   үшін    азиялық
конференциясы» болды. Бұл ұйымдар  халықаралық  саясатқа,  бейбітшілік  үшін
күреске қатынасады. Қазіргі буддизмнің ерекшелігі  сол,  ол  діннен  өзіндік
философиялық ілімге, имандылықтың өзіндік бір жүйесіне айналуда.
        Христиан діні буддизмнен бес ғасырдан кейін келген  әлемдік  діннің
бірі, қазір ол  ең  көп  тараған  дін.  Негізгі  басщылыққа  алатын  заңы  –
Қасиетті кітап (библия). Еуропа мен Америкада оған  сенушілер  1024  миллион
адамнан  асады.  Христиан  дінінің  басты  идеясы  –  сол   адамның   барлық
бақытсыздығы оның күнәсінің нәтижесі және  ол  күнәдан  шоқыну  және  табыну
арқылы құтылуға болады деп есептеледі.
        1064 жылы христиан діні екі бағытқа бөлінеді: батыстық (католиктік)
және шығыстық (православиелік).
        Христиан діні  қоғамдағы  өзгерістерге  тез  бейімделеді.  Христиан
құдайшылары   ғылым   мен   тілектестікке   бейімделген,   қайсыбір   ғылыми
теорияларды  басшылыққа  алады.  Мысалы,   дүниені   жасаушы   туралы   діни
көзқарасты  жақтай  отырып,  христиандар  әлемнің  кеңеюі  теориясына   арқа
сүйейді.  Шіркеу  діни  көзқарасты  таратуда   бұқаралық   ақпарат   құралын
пайдаланады.
        Ісләм кейіннен пайда болған дін.  Бүгінгі  әлемде  бір  миллиардтан
астам  адам:  «Сіз  дін  жағынан  кімсіз?»  -  деген  сұраққа  араб  сөзімен
«мүсілім» деп, яғни «ісләм дінін ұстайтын адаммын,  мұсылманмын»  деп  жауап
береді. Осыдан  1300  жылдан  астам  бұрын  Мұхаммед  құрған  ісләм  дінінің
бұлжытпай орындауға тиісті заңы – қасиетті кітап болып  есептелетін  Құранда
сол діннің ерекшелігі анық көрсетілген. Мұсылман дінінің  кең  тараған  жері
Солтүстік Африка, Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік Азия. Құранның  112-сүресінде
оның мазмұны былай баяндалған: Қайырымды да мейірімді Алла атынан былай  де:
«Ол Алла жалғыз, Алла құдіретті. Ол – тумаған, туылмаған және  ешқашан  оған
ұқсас ешкім болмаған». Мұсылмандылық екі ірі сенім негізі бойынша  құрылған:
1) Алладан басқа құлшылық етілетін тәңірдің жоқтығына, 2)  Мұхаммедтің  Алла
тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар екендігіне сену.
        Мұсылмандар үшін мұсылмандықтың бес негізгі міндеті бар: 1) Алланың
басқа құдайдың жоқ екеніне, Мұхаммед оның  елшісі  екеніне  сену;  2)  Намаз
оқу; 3) Ораза ұстау; 4) Зекет беру; 5) Қажылыққа Меккеге бару.
      Мұсылмандар  үшін  Құран  –  Алланың  Мұхаммедке  арнап,  сол  арқылы
адамдарға айтқан сөздері.  Егер  де  адам  аллаға  сенсе,  мұсылман  дінінің
барлық ережелерін орындаса, онда мәңгілік пейішке барады.
     «Дін» ұғымы, оның мұсылмандық түсіндірмесі, пайда болу,  даму  тарихы.
Дін - әлеуметтік институт  ретінде  адамзат  қоғамымен  бірге  жасасып  келе
жатқан рухани құбылыс. Батыс мәдениетінде «Дін» ұғымы түсінігінің  мәні  екі
мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші  мағынасы  латын  тіліндегі  «religare»
деген ұғым-түсінік. Бұл ұғым-түсінікпен жер мен көк (аспан) арасында  рухани
байланыс  бар  екендігі  түсіндіріледі.  Ал,  екінші,  осы  латын  тіліндегі
«religio» ұғым-түсінігі  –  қасиетті,  табыну  заты,  құдайға  құлшылық  ету
мағынасында  танылып,  қолданылады.  Екінші  ұғым  –   түсінік   біріншісіне
қарағанда діннің мәнін нақтылы бейнелейді.
         Батысқа  қарағанда  исламдық  өркениетте  «дін»  терминінің   мәні
басқашалау түсіндіріледі. Мұның себебі «Дін» ұғымының  кең  ауқымындағы  сан
қырлы мән-мағынасы исламға дейінгі араб елі  тұрғындарының  тіліндегі  «Дін»
сөзінің мән-мағынасының әр-түрлі түсіндірілуіне байланысты.
        Құранда «Дін» термині әртүрлі 100-ден аса мағынада қолданылады.  Ол
«сот», «тиісінше бағалау», «Ақырет күні»  деген  сөз  айшығы  ұғымында  жеке
адамның «сенімін», «дінін» және діни қауым өмірінің негізі  болып  табылатын
салт-жораның  жүйесі  ретіндегі  діннің  мағынасын  білдіруі  мүмкін.  «Дін»
термині  исламға  да,  отқа  табынушыларға  да,  яһудилерге,  насраларға  да
қаратып айтыла береді. «Дін» терминінің негізгі мәні Аллаға құлшылық  етудің
міндеттілігі мен оның  билігінің  шексіздігі  туралы  айтылған  аса  маңызды
Құран идеясына байланысты.  Құранда  туыстық  қатынасқа  тән  сипаттан  бір-
біріне тәуелді таптық қоғамға тән сипатқа өтудің көрінісі айқын көрінеді.
        «Дін» төңірегіндегі Құрани ұғымның  сан  алуандығы  орта  ғасырдағы
мұсылман теологиясында көптеген сан  түрлі  түсініктердің  туындауына  себеп
болды. Құранмен салыстырғанда бұл түсіндірулер діни сана мен  қоғам  алдында
тұрған жәрдем мәселелерді  басқа  бір  қырынан  қарастырады.  «Дін»  термині
әдетте үш құрамның жиынтығы ретінде қабылданады.
        Жұртшылық арасына кең  тараған  әл-Бухаридің  хадистерінде  мынадай
анықтамаға көбірек мән беріледі. Ол бойынша  ад-Дін  дінге  деген  сенімнің,
дінге қатысты қағидаларды орындаудың және дінге шынайы  сенуді  жетілдірудің
жиынтығы. Дін ұғымын түсіндіруде осы үш қағиданы сақтай  отырып,  ханафиттер
соның ішінде дінге сенуді  бәрінен  жоғары  қойса,  ашариттік  авторлар  дін
қағидаларын   мүлтіксіз   орындаудың   маңыздылығын   атап   көрсетеді,   ал
ханбалиттер, кейінірек Ибн  Тайлиша  –«шынайы  дәстүрдің»,  яғни  Құран  мен
суннаның мәнін баса көрсетеді. Бұлардың соңғысы Дінді  бір-бірімен  сабақтас
үш сатыда қарастырады. Олар шариғат, ат-тариқа, әл-хақиға.
        Дін ұғымының астары оған жақын ұғымдардың орнын айқындау  барысында
да және оларды қарама-қарсы қойып қарастыруда да ашыла  түседі.  Дін  туралы
әл-Милла және әл-Мазһаб ұғымдарын салыстыра зерттеген  Әли  б.  Мұхаммдедтің
(1339-1412 ж.ж.) айтуы бойынша ад-Дін жұрт бағынуға  тиіс  заң,  ал-милла  –
адамдарды біріктіретін заң, әл-мазһаб-жұрт ізімен жүруге ұмтылуға тиіс заң.
         Жекелеген  зерттеушілердің   еңбектерінде   Дін   ұғымы   әл-ислам
терминінің  баламасы   ретінде   жиі   қолданылады.   Сонымен,   мұсылмандық
дінтанушылардың түсіндірулерінше, дін дегеніміз -  әлемді  байланыс  тыратын
күш Алланың  барлығына  сенім.  Бүкіл  әлемді  және  адамды  жаратушы  ие  –
Жалғыз  Алла  адам  баласының  жүрегін  өзіне   ұштастыра   жаратады,   яғни
жаратушының барына сеніп,  оның  ажырамас  бөлшегі  екенін  адам  өз  жүрегі
арқылы сезінетін болады. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі  және
оның  Жаратушы  Құдаймен  байланысын  орнату  болса,   ислам   тұжырымдамасы
бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған  адамның  алғашқы
махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы  діндар
болып, жас кезінен Алланың  ғана  бұйрығын  орындаушы  болып  өседі.  Барлық
тіршілік атаулы, ондағы құбылыстар  мен  үдерістер  Алла  Тағаланың  қолында
екендігіне және күнәлі істері  үшін  оның  қарғысына  ұшырайтынына  мұсылман
кәміл сенеді. Осы сенім – оны  жаман  істерден  тежеуші  және  дұрыстығынан,
имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адам  дінін  жоғалтуына  алып
келеді.
         Сонымен, көріп отырғанымыздай, христиандық діни ілім тұрғысынан да
дін, мұсылмандық діни ілім тұрғысынан да дін – бүкіл болмыстың түпкі  себебі
барын,  дүние-болмыстың  жаратылу  мақсатын,  оның  сыр-сипатын  түсіндіріп,
танып-білуге  және  адамның  рухани  жетілуіне  мүмкіндік  тудыратын   әдіс-
әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте  кең,  ауқымды
ұғым. Демек,  дін  –  адам  пайымының  бүкіл  әлем  мен  болмысқа,  қоршаған
дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы  мен  сана-
сезімінен тысқары тылсым  дүниеге  қатынасы;  адамзат  танымының  дүние  мен
жаратылысқа   деген  көзқарасты  айқындайтын   мифология,   философия   және
ғылымнан ерекше өзгеше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса  күрделі
де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және  әлеуметтік
құбылыс.
         Дінтанушылардың  басым  көпшілігінің  қабылдағаны   осы   анықтама
болғанымен,  «дін»  ұғымының  мәнін  басқадай  түсіндіруге  тырысушылар   да
баршылық. Сондықтан да  болар  осы  уақытқа  дейін  ғылыми  айналымда  «дін»
ұғымының 500-ге жуық анықтамасы жүр. Бірақ, біздің  тараптан  олардың  бәрін
санамалап, сипаттап шығуға мүмкіншілік жоқ.  Сондықтан  біз  «дін»  ұғымының
мәнін анықтауға  тырысқан  анықтамаларды  жіліктей-жіліктей  келіп,  олардың
мазмұнында  бар,  әрі  қайсы  бір  белгілері  ортақ   негізгі   сипаттамалық
белгілерін санамалай кетпекпіз.
     Дін, - олардың анықтаулары бойынша:
 - адамзат өркениетінің маңызды әлеуметтік институттарының бірі;
 - мәдениет  жетістігі,  білім  мен  ғылыми-ой  санасының  жемісі,  адамзат
   қоғамының рухани дүниесінің шамшырақтық бағдары;
 - қоғамдық сананың айрықша нысаны, жаратылыс атаулыны  жаратушы  құдіретті
   күшке сенімнің қайнары;
 - дүниені жаратушы тылсым бір күш бар екендігіне, оның жаратушы екендігіне
   сенімдердің, дүниетанымдық бағдарлардың, көзқарастары  мен  стереотиптік
   догматтардың жиынтығы, дүниені  түйсіну  мен  түсіндірудің  спецификалық
   типі;
 -  адамдардың  жаратушысына  табынып,  оған   сыйынатын   әрекеттік   жөн-
   жоралғыларының жиынтығы;
 -  адамдардың  белгілі  бір  одаққа   топтасуларының   ұйымдық   көрінісі,
   қауымдасуы;
 - адам өмірінің іргелі мәселелері  өзектелетін сенімдері мен әрекеттерінің
   жүйесі.
        Десек те, «дін» ұғымының мәнін әртүрлі құбылтып, барынша  нақыштап,
ғылыми  тұрғыдан  алып  қарастырғанда  нақ  осы  анықтамасы   дұрыс-ақ   деп
қаншалықты талассақ та, діннің  басты  белгісі  адамның  ақыл-ойы  мен  ішкі
сезім мүшелері қабылдай алмайтын тылсым күшке сенім және оның бар  екендігін
мойындауда жатқандығын ұмытпалық.
        Діннің пайда болуы туралы болжамдарды саралаған ғылыми әдебиеттерде
талдағанда ұғынғанымыз, оның шығуы шамамен 40-50 мың  жыл  бұрынғы  палеолит
дәуіріне (тас дәуіріне), яғни алғашқы қауымдық қоғамның  салыстырмалы  түрде
жоғары деңгейіндегі даму кезеңіне  жатқызылады.  Аталмыш  кезеңнің  мәдениет
ескерткіштері жан-жануарлар  культі  мен  аңшылықта  қолданылған  сиқыршылық
белгілерін  сақтаған.  Сондай-ақ,  діни  наным-сенімдердің  болғандығын  сол
ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және  әшекей  бұйымдар  мен
бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдейді.  Діннің  шығуы  адам  ақыл-
ойында теориялық ойлау және ойдың шынайы өмірден ажырау мүмкіндігінің  пайда
болуы  деңгейімен  де  (діннің  гносеологиялық  негізі)   байланысты.   Яғни
жалпылама ұғым өзі белгілейтін нәрседен бөлініп,  өзінше  дербес  өмір  сүре
бастайды, сондықтан нақтылы  бар  нәрселердің  адам  санасында  бейнелеуінің
негізінде абстрактілі түсініктер де пайда болады. Бұл  мүмкіндіктер  адамның
тек қана нақтылы іс-әрекеттерінің тұтас жиынтығымен, қоғамдық  қатынастармен
(діннің әлеуметтік негізі) байланысты ғана іске асады.
        Адамзат тарихының өн  бойында  дін  адам  сенімінің  сипатына  және
халықты қамтуына байланысты сан түрлі күйде болды. Бірінші жағдайға  қатысты
оның  тотемизм,  анимизм,  натуризм,  шаманизм,  фетишизм,  политеизм   (көп
тәңірлі), монотеизм (бір тәңірлі), дейзм (әлемді  жаратқан  соң,  оның  одан
әрі  дамуына  араласпайтын,  белгілі  бір  тұлға  кейпіндегі  емес   әлдебір
бастапқы себепті мойындайтын ілім), т.б. түрлері пайда болды.
     Соның ішіндегі тарихи тұрғыдан діннің неғұрлым  ертедегі,  ең  алғашқы
көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық  жерлеу  культі  және  шамандық
болып табылады.
        Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау барлық діндерге тән  емес.
Ол қазіргі діндерден, мәселен,  ислам,  христиан,  иуда  діндеріне  тән,  ал
будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен  діннің  тайпалық-
халықтық (мысалы  иудаизм)  және  ұлтаралық,  немесе  әлемдік  (будда  діні,
христиандық, ислам) түрлері белгілі.
         Әлемдік  діндердің  әрқайсысы  түрлі  ағымдар  мен  конфессияларға
бөлінеді.  Мысалы,  ислам  дінінің  сүнниттік,  шиитік  ағымдары,   христиан
дінінің  католиктік,  православие  және  протестанттық  конфессиялары,  т.б.
Діннің екі сипаты бар. Төменгісі –  сыртқы,  ғибадат  ету,  ал  жоғарғысы  –
имандылық.  Имандылық  барлық  дерлік  діндерге  ортақ,  діннің  ішкі  мәнін
білдіреді,  сондай-ақ,  ғибадатты  да  қамтиды,  адамның  сыртқы  және  ішкі
болмысын  тәрбиелейді.  Діннің  имандылық   сипатын   қабылдайтындар   бүкіл
болмыстың себебінің, заңдылықтарының бар екенін толық түсініп, оларды танып-
біліп, бойына сіңіріп және бұлжытпай орындауға  ұмтылады.  Барлық  діндердің
ұқсастығы және негізгі мақсаты – бір Жаратушыға деген  сүйіспеншілікке  жету
және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып,  жетілу.  Олардың
ішкі мәнінде ғана емес,  салт-рәсімдерінде  де,  көптеген  ұқсастықтар  бар.
Мысалы, тасбих тартып,  Құдайдың  қасиетті  есімдерін  қайталау;  ән  айтып,
билеп, зікір салып Құдайды мадақтау,  ғибадат  ету,  дұға  оқу,  т.б.  Бағзы
замандағы наным-сенімдер барлық діндердің  пайда  болуының  қайнар  бастауы.
Себебі кез келген діннің өзегінде барлық тіршілік атаулының  Жаратушысы  бар
екендігіне деген наным-сенім және оның алдындағы қорқыныш жатыр.
    ХРИСТИАНДЫҚ . Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған  діндердің  бірі,
қазіргі  таңда  оның  2  миллиардқа  жуық  ұстанушылары   бар.   Христиандық
православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі  бағытқа  жіктеледі.
“Христос” сөзі грек тілінен алынған, мессия, құтқарушы деп аударылады.  Көне
Өсиетте Иисус Христос болашақта Израиль жеріне  келіп,  ол  жердегі  халықты
қиыншылықтан   құтқаратын,   әділеттілікті   орнататын   пайғамбар   ретінде
сипатталады.    Бұл   дін   біздің   дәуіріміздің   І    ғасырында    Помпей
шапқыншылығынан кейін Рим империясының  құрамына  кірген  Палестинада  пайда
болды. Палестинаның, әсіресе, оның орталық бөлігі  –  Самария  тұрғындарының
этностық құрамы  әртүрлі  еді.  Бұл  жерлерге  қоныс  аударғандар  мұнда  өз
мәдениеттері мен нанымдарының белгілерін ала келді. Вавилон, парсы,  македон
басқыншылығын (б.д.б. VІ-ІІ ғғ.) және жат елдік Птоломейлер мен  Селеквидтер
әулеттерінің билігін бастан кешірген палестиналық еврейлер аз уақытқа  саяси
тәуелсіздікке қол жеткізеді.  Б.д.б.  140  жылдан  бастап  тәуелсіз  Иудеяны
маккавей (хасмоней) әулетінің алғашқы священник-патшалары билейді.  Олар  ел
аумағын  ұлғайтумен  қатар  тұрғындарға  иудей  дінін  қабылдатуға  белсенді
атсалысады. Б.д.б 36 жылы  Рим  қолбасшысы  Гней  Помпей  әскерлері  Иудеяны
жаулап алады, сөйтіп, Сирия провинциясына қосылған  Иудея  Рим  империясының
бір  бөлігіне  айналды.  Иудея  мен  Самария   өзін-өзі   басқарудың   соңғы
белгілерінен айырылды. Енді  билік  толығымен  Рим  тағайындаған  билеушінің
қолына шоғырланды.  Бас  абыз  басқарған  абыздар  мен  ақсүйек  өкілдерінен
тұрған кеңес – Синдрионның құқы шектеліп, ол римдіктердің  толық  бақылауына
өтті. Саяси тәуелсіздіктен  айырылуды  Палестина  тұрғындарының  бір  бөлігі
қасірет ретінде қабылдады. Халық арасында әкелер өсиетін, діни рәсімдер  мен
тыйым салуларды бұзғаны үшін құдай қаһарына ұшырағандық туралы пікірлер  кең
таралды. Бұл еврейлердің діни-ұлттық топтары – хасидейлер  (ізгі  иудейлер) 
мен  фарисейлер  (жіктелгендер)  ұстанымдарының  нығаюына  көп  ықпал  етті.
Фарисейлер  иудаизмнің  тазалығы  үшін,  жат  жерліктердің  ықпалына   қарсы
күресіп, дәстүрлі тіршілік  нормаларын  сақтауға  шақырды.  Бұл  Жаңа  Өсиет
мәтіндерінде  көрініс  тапты.  Әлеуметтік  құрамы  бойынша  фарисейлер  қала
тұрғындарының орта таптарынан  (саудагерлер  мен  қолөнершілерден,  синагога
оқытушылары нан)  тұрды.  Жергілікті  дәстүрлермен,  киелі  діни  орындармен
санаспаған   жатжерліктер   билігіне   деген    наразылық,    Римге    қарсы
көтерілістердің  аяусыз  басып-жаншылуынан  туындаған  енжарлық,  әлеуметтік
және мүліктік теңсіздіктің  тереңдеуі,  ішкі  қайшылықтар,  сенімсіздік  пен
селқостық,  болашақтың  бұлыңғырлығы   сезімі   мен   мистикалық   сарыуайым
сарындарын  туындатты.  Біздің  дәуіріміздің  І  ғасырында  Палестинада  көп
кешікпей құтқарушының, мессияның (машиах) “құдай белгісі  бардың”  келетінін
және оның иудей халқын құтқарып, “иудей патшасы” болатындығын  уағыздаушылар
қаптап кетті. Шығыстың әртүрлі діни ілімдері сияқты Рим діні  де  аш-жалаңаш
халыққа  ешбір  үміт  бере  алмады,  Рим  дінінің   ұлттық   сипаты   ұлттық
әділеттілік,  аман  қалу  теңдігі  идеяларын  нығайтуға  мүмкіндік  бермеді.
Христиан  діні  құлдық  тәртіпті  айыптап,  қарапайым  халықтың   мүдделерін
қорғауға талпынды. Сөйтіп, адамдарға Христос  әкелген  құдай  ақиқатын  тану
арқылы әрбір адам  бостандыққа  жете  алады  деп  жариялады.  Адам  төзгісіз
қоғамдық  қатынастарға  қарсы  шығып,  әр  адамға   түсінікті   адамгершілік
құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идеялық  күшке
айналды. Христиан дінін ұстанушылар бұл дінді адамдар ойлап тапқан  жоқ,  ол
адамзатқа құдайдың жіберген діні дейді. Бірақ діни  ілімдердің  салыстырмалы
тарихы  христиан  дінінің  пайда  болуына   діни,   философиялық,   этикалық
ықпалдардың болғанын айғақтайды. Христиан  шылдық  иудаизмнің,  митраизмнің,
көне шығыс діндерінің философиялық көзқарастарының тұжырымдамалық  идеяларын
игеріп, қайта қарастырды. Осының бәрі  жаңа  дінді  байытып,  нығайтты,  оны
ұлттық-этностық мәдениеттерге қарсы тұруға  дәрменді  мәдени-интеллектуалдық
күшке, бұқаралық  қозғалысқа  айналдырды.  Христианшылдықтың  бұрынғы  діни-
мәдени  мұраны  игеруі  жаңа  ілімнің  жалпыға  танылуына  мүмкіндік  берді.
Христиан ілімінің қалыптасуына Филон Александрийскийдің (б.д.б.  25-б.д.  50
жж.) неоплатонизмі мен римдік ойшыл Сенеканың этикалық  көзқарастары  ерекше
әсер етті. Филон библиялық дәстүрге аян алуда танылатын және  жаратушы  сөзі
ретінде түсінілетін Логос ұғымы мен  эллинистік  дәстүрде  ғарыш  қозғалысын
бағыттайтын ішкі заң  ретіндегі  Логосты  біріктірді.  Филон  Логосты  мәнді
пайымдауға мүмкіндік  беретін  Қасиетті  сөз  ретінде  қарастырды.  Филонның
адамдардың  туа  біткен  күнәһарлығы,  мойынсұну,   мәннің   дүние   бастауы
ретіндегі ілімдері, Құдайға жақындау құралы –  экстаз,  жоғарғы  Логос  және
Құдай ұлы болып табылатын  логостар  (періштелер)  туралы  идеялары,  рухани
бастаулардың  иерархиялығы  туралы  түсініктері  христиандық  көзқарастардың
идеялық  алғышарттары  болып  табылады  және  бұл  идеялар  мен   түсініктер
христиандықтың қалыптасуына  зор  ықпал  етті.  Христианшылдықтың  ізгілікке
жету туралы адамгершілік  ілімі  Луцей  Анней  Сенека  көзқарас  тарына  өте
ұқсас. Сенека кез келген адам үшін  бастысы  құдайылық  қажеттілікті  түсіну
арқылы рухани бостандыққа жету деп  санады.  Бастапқы  христиандық  қауымның
құрамы  негізінен  қоғамның  төменгі  таптары  –  құлдар,   ерік   алғандар,
қайыршылар және тағы басқалардан тұрды.  Алайда  ІІ-ІІІ  ғасырлардың  соңына
қарай қауымдарда сенаторлық және әскери атағы  бар  адамдардың  саны  артты.
Христиандық қозғалысқа  ақсүйектер  мен  білімді  адамдардың  тартылуы  оның
әлеуметтік мазмұнын өзгертті. Жоғары тап өкілдері қауымда жетекші  орындарға
ие болды, мүлік жұмсау мен  діни  рәсімдерді  атқаруға  басшылық  етті.  Сол
себепті олар теңсіздікті жою,  қалыптасқан  тәртіпке  қарсы  шығу  идеяларын
христиандықтан ығыстыруға тырысты.  Римде  императорға  адалдық  культі  кең
таралған еді. Император мүсінінің алдында құрбандық шалудан бас тарту  саяси
күмәнділіктің белгісі  саналатын.  Христиандар  бұл  рәсімді  ұстанудан  бас
тартқандықтан,  императорлар  Траян  (53-117),   Марк   Аврелий   (121-180),
Семтимия Север (146-221), Валериан (193-260 жж.  шамасы),  Диоклетиан  (245-
316) және  т.б.  кезінде  қатты  қуғынға  ұшырады.  Азап  шеккендер  культі 
христианшылдықтың  таралуына  және  христиандардың  бірігуіне  ықпал   етті.
Көптеген  христиандар  қуғынан  шөл  далаларға  қашты.  Бұл  осы  уақыттарда
христиан  монахтығының  пайда  болуына  ықпал  етті.    Қауымның  әлеуметтік
құрамының  өзгеруі  олардың  әлеуметтік  эволюциясын  да  анықтады.  Бұрынғы
демократиялық  үрдістерден  бас  тарту  күшейе  түсті.  Шіркеу   мен   қауым
басшылары императорлық билікпен жақындасуға ұмтылды, ал  императорлық  билік
өз тарапынан империяны бір дін  аясында  топтастыруға  мүдделі  еді.  Ұлттық
діндерді біртіндеп, атап айтқанда, рим дінін әлемдік дінге айналдыру  сәтсіз
аяқталды.  Империя  халқының  бәріне  түсінікті  ортақ  нәрсе  қажет  болды.
Император Константин 312 жылы христиан дінінің мемлекеттік  дінге  айналуына
бастау болған Милан шешімін қабылдады. Ал 325 жылы  толыққанды  билікке  қол
жеткізген Константин Рим  империясының  аумағында  христиандықтың  шектеусіз
таралуын және оның  басқа  діндермен  теңдігін  қамтамасыз  етті.   Христиан
ілімі Қасиетті Жазу –  Библия  мен  Қасиетті  Аңызға  –  шіркеу  әкейлерінің
айтқандарына,   соборлардың   шешімдеріне    негізделеді.    Алайда,    ерте
христиандықта бұл  негіздер  болған  жоқ.  Христианшылдық  ұзақ  уақыт  бойы
ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз-әңгімелер –  “игі  хабарлар”
арқылы таралды. Алғашқы ғасырларда әртүрлі қауымдарда әртүрлі  евангелиялар,
жеке адамдардың істері туралы жазбалар пайда болды. Сол  уақыттарда  белгілі
болған  жазулар:  Петр,  Андрей,  Варфоломей,  Лука,  Иоанн   евангелиялары,
аталған Матвейден келген  евангелиялардың  әртүрлі  нұсқалары  еді.  Сонымен
қатар топтардың атауымен аталып, сол топтарда  қадір  тұтылған  евангелиялар
да, мысалы, назорейлер, эбиониттер, еврейлер евангелиялары да  пайда  болды.
Бұдан    басқа     Петр     Апокалипсисі,     Павелдің     лаодикейліктерге,
александриялықтарға арнаған хабарлары, оның Сенекамен алысқан хаттары,  Петр
уағыздары, 12 апостолдар ілімі (“Дидахе”), Герма  “Пастрі”  сияқты  аян  алу
жанрына жататын кітаптар да  кездеседі. Христиандар  арасындағы  кикілжіңнің
себебін  түсінгісі  келген  император  Константин   епископтардан   қасиетті
кітаптар тізімін жасауды талап етті, сөйтіп канонды жасақтау ісін  тездетті.
Константиннің мақсаты бір орталықтан басқарылатын империяға  сәйкес  келетін
бір орталықтан  басқарылатын  ортақ  ілім  негізінде  шіркеулерді  біріктіру
болды. Константин қайтыс болғаннан кейін 363  жылы  болған  Лаодикей  соборы
канондалған христиандық шығармалардың тізімін белгіледі. Алайда, Жаңа  Өсиет
құрамына енген кітаптар тізімі 429 жылы Карфаган соборында  бекітілді.  Жаңа
Өсиет құрамына 4 Інжіл, апостолдардың 21 өсиеті  және  Иоанның  Апокалипсисі
кірді. Бұлардың барлығы христиандар үшін киелі кітаптар болып  саналады.  Ал
қалғандарын  шіркеулік  дәстүр  апокрифтік  (жалған)   шығармалар   қатарына
жатқызады. Христиандық догматтардың бір  де  біреуі  аяқталған  күйде  пайда
болған жоқ, негізгі догматтар  канондалғаннан  соң  даолардың  төңірегіндегі
пікірталастар толастамады. Соборлар мен олардан тыс жерлерде әртүрлі  топтар
арасында христологиялық  пікірталастар  жүріп  жатты.  Олар  құдайдың  үштік
бірлігі, құдайға айналу (боговоплощение) және  күнәдан  арылу  қағидаларының
төңірегінде топтасты.  Б.д. 325 жылы Константин  талабы  бойынша  шақырылған
және оның төрағалығымен өткен христиан шіркеулерінің Никей соборы  құдай-әке
мен құдай-бала  бір  мәнді  емес  деп  тұжырымдаған  александриялық  епископ
Арийдің және оның  ізбасарларының  ілімін  айыптап,  Афанасий  Александрский
ілімін  қолдап,  осы  қағиданың  түпкілікті  түсінігін  жасады.   Құдай   үш
бірліктің тұтастығы және құдай-бала мен құдай-әке бір мәнді деп танылды.  ІV
ғасырдың 60 жылынан  бастап  бір-бірімен  келіспейтін  көптеген  теологиялық
бағыттарды тудырған Қасиетті Рух  статусы  туралы  мәселе  қойылды.  Мысалы,
духоборлар (македонияндар) Рухтың құдайылығын Әке мен  Балаға  теңестірмеді.
Алайда, шіркеулік пікірталастар толастамады. Христиан  мәселелерін  талқылау
барысында  теологтар   күннен-күнге   көбейген   ілім   белгілерін   анықтау
қажеттілігіне  тап  келді.  Құдайдың  үштік  бірлігі  идеясымен  қатар   Иса
пайғамбардың бойында адамилық пен құдайылық қалай ұштасады деген  мәселе  де
күн тәртібінен түспеді. Б.д. V  ғасырда  адамға  құдайылықтың  қонуы  туралы
қағида төңірегінде қызу пікірталастар орын алды.  Константинополь  патриархы
Несторий Христос  бойындағы  адами  және  құдайылық  бастаулардың  ара-жігін
толық ажырату  идеясын  алға  тартты.  Алайда  б.д.  431  жылы  Ефес  соборы
“Христос  бірлікте  болады”  деген  шешімге  тоқталды.  Монофизиттер   болса
Христостың  тек  құдайылық  табиғаты  бар  деп  тұжырымдады.  Монофизиттікті
император Феодосий ІІ (401-450) мен 449 жылы  эффестік  “қарақшылар”  соборы
қолдады. Феодосий ІІ қайтыс болғаннан  кейін  император-әйел  Пульхерия  мен
оның қостаушысы  Маркиан  Диаскор  қарсыластарына  қолдау  жасады.  Халкидон
соборы Христос әрі Құдай әрі адам, Құдайылықтан мәңгі туыла отырып, ол  Дева
Мариядан  адам  болып  туды,  Құдайылық  пен  адамилық   онда   араласпайды,
өзгермейді (монофизиттерге қарсы), ажырамайды (несториандарға  қарсы)  деген
құдайға  айналу  догматын  қабылдады.  Император  Маркиан  бұл   догматтарды
мойындаудан бас тартқандарды қатал жазалау туралы заң шығарды.  VІ  ғасырдың
ортасына қарай Иисус Христосты қалай  бейнелеу  керек  деген  пікірталас  та
шешілді. Бесінші  Константинопольдық  ІІ  (553  жыл)  Әлемдік  Собордың  82-
ережесі  Құдай  Ұлын  агнец  бейнесінде  емес,  адами  келбетте   бейнелеуге
міндеттеді.  Жаңа  тұрпаттағы  Христос  бейнесі  діндарларға  мойынсұну  мен
бағынуды, жанашу мен аман алып қалатын құрбандықтың  қасиеттілігін  жеткізуі
керек болды. Христиандық культтің  орнығуы  да  талас-тартысқа  толы  болды.
Алғашқы  ғасырларда  шіркеу  әулиелерді  бейнелеуге   қатаң   тыйым   салды.
Эльвирдегі шіркеулік Собор қабырғаларда  табынатын  еш  нәрсе  болмау  керек
деген ережені бекітті. ІV  ғасырдың  соңында  шіркеу  жазушыларының  бірі  –
Евсевий діни ғұрыптарда иконаларды қолдануды пұтқа табынушылық  деп  санады.
VІІІ ғасырда несториандар мен монофизиттер де иконаға табынуға қарсы  болды.
Осы кездерде иконаға табынуға тыйым салған үкімет қаулылары  да  шықты.  Бұл
пікірталас тек жетінші  ІІ Никейлік (787)  Әлемдік  Соборда  шешілді.  Собор
әулиелер мен қасиетті  оқиғаларды  бейнелеп,  оларға  табынудың  қажеттілігі
туралы ережені белгіледі. Ал христиандық  құпиялардың  және  оларға  тікелей
қатысты рәсімдердің қалыптасуы тіптен ұзаққа  созылды.  V  ғасырдың  соңында
шоқыну құпиясы,  ал  кейін  евхаристия  қабылданды.  Бірнеше  ғасырлар  бойы
христианшылдық біртіндеп шоқыну,  хош  иісті  май  жағу  (миропо   мазание),
шырша  майымен  тазару  (елеосвящение),  неке,  жалбарыну,   тәубеге   келу,
қасиеттілік құпияларын  енгізді.  Христианшылдық  біртұтас  діни  ағым  бола
алмады. Рим империясының көптеген провинцияларына  таралу  барысында  ол  әр
елдің   жағдайына,   қалыптасқан   әлеуметтік    қатынастарға,    жергілікті
дәстүрлерге бейімделді. Христиан дініндегі ең ірі  жіктелудің  бірі  негізгі
екі бағыттың – православие мен католицизмнің пайда болуы  еді.  Бұл  жіктелу
бірнеше  ғасырлар  бойы  жүрді.  Ол  Рим  империясының   батыс   пен   шығыс
бөлігіндегі  феодалдық  қатынастардың  даму  ерекшеліктеріне  және   олардың
арасындағы  бәсекелестікке  байланысты  болды.  Христиандықтың  несториандық
бағыты  ІІІ-ІV  ғасырлардан  бастап  Орта  Азия   аймағына   кіре   бастады.
Ортодокстық христиандықтан айырмашылығы сол,  несториандар  Иисус  Христосты
Құдай   Ұлы   емес,   қатардағы   адам   деп   санайды.   Тарихи    деректер
несториандықтың  Орта Азия  және  Қазақстанда  әсіресе  патриарх  Тимофейдің
(780-820 жж.) тұсында кеңінен таралғанын айтады. Қазіргі таңда  Қазақстанда 
христиандықтың  үш  бағыты  да  (католицизм,  православие,  протестанттық)  
көрініс тапқан. Сонымен қатар 1994 жылдан бастап Алматы  қаласында  Армяндық
шіркеуге  жататын  армяндардың  “Сурб  Хач”  (Қасиетті  Шармық)  атты   діни
жамағаты тіркеуден өтіп, қызмет етуде.
    Қазіргі  кезде  діни  мәселелер  өзектілікке  ие.  Жалпы  дін   әрқашан
өзектілігін жоғалтпайды. Әр-түрлі  әлеуметік,  саяси  шиеленістердің  себебі
дінде  болу  жағдайлары  кездесуде.  Бұл   әрине   діни   сауаттылықтың   өз
дәрежесінде еместігінен. Мектепте Діндер  тарихы  деген  пәннің  енгізілгені
бостан-бос емес. Әсіресе әлем діндері туралы білімнің болғаны абзал.  Діннің
табиғаты не,  функциялары  қандай,  түрлері  туралы  білу  қазіргі  заманның
талабы. Осы  сұрақтарға  жауаптарды  білетін  азамат  түрлі  миссионерлердің
арбауына ешқашан түспейді.  Негізінен  әр  адам  дінде  қозғалатын  әр-түрлі
тақырыптар бойынша толғанады, бірақ сол  сұрақтарға  жауап  беретін  адамдар
әрқашан табылмауы мүмкін. Ендігі мектептегі  өзгеріс  бұл  мәселені  біршама
шешеді.  Тек  мұғалімдердің  өзінің   діни   білімдері   жетіп,   оқушыларды
шатастырмаса болғаны. Баяндамаға материалдарды  іздеу  барысында  Адам  және
қоғам оқулықтарын қарастырдым.  Бірақ  дінге  байланысты  тақырыптардың  аса
сауатты жазылғанын байқамадым.  Дін  деген  өте  маңызды  да  нәзік  адамның
рухани өмір саласы. Бұнда өте мұқият болған абзал.  Діндер  тарихын  оқытуда
бірнеше қағидаларды қатаң ұстанған жөн.  Олар:  дін  бойынша  кемсітуге  жол
бермеу, әркімнің өз дінін ұстануына  кедергі  жасамау,  әлем  діндері  жайлы
мардымды ақпарат беру, секта, миссионерлік  жайлы  түсінік  беру,  ғылымилық
принциптері.  Осы  принциптерді  қатаң  ұстану  арқылы   келеңсіздікке   жол
берілмейді. Қазақта қылшығын алайын деп былшығын алып жүрмейік  деген  мақал
бар.
    Манихей діні.
    Манихей  дінінің  негізгі  идеясы  зороастризм  діні  сияқты  дуалистік
идеяларға толы болды.
    Манихей дінінің негізін қалаған Мани шамамен 215 жылы  дүниеге  келген.
Алғашында Сасанидтер манихей дініне қарсылық көрсетпей жүрген,  бірақ  кейін
келе  бұл  діннің  мемлекетке  және  шіркеуге  қарсы  уағыздарда  таратаныны
білгеннен кейін манихей дінін  ұстаушыларды  аяусыз  жазалып  қуғындады.  Ал
Маниді  түрмеге  қамап,  276  жылы  оны  өлім  жазасына  кесті.  Бұл  діннің
ұстанушыларына  ендігі  жерде  жасырынуға  тура  келді,  сондықтан  да  олар
батысқа қарай жылжиды.
    Кең көлемде жазылған  христиандық  аңыз  әдебиеттерде  манихей  дінінің
ықпалы өте жоғары болғандығы айтылады.
    Манихей діні Орта Азияда согдий қалаларында кең таралады.  Осы  қалалар
арқылы біл дін Шығыс Түркістан мен  Қытайға  тараған.  Иранда  манихей  діні
ештееңге қарамастан  сақталып  қалды,  және  де  өз  ықпалын  Иран  қоғамына
тигізді. ІІІ – Ү ғасырларда  Иран  билеушілері  өз  жерінде  христиан  дінін
ұсынушылардың жүруіне қарсы болмады, өйткені олардың Римге  қарсы  соғысында
көмегі тиіп қала деп ойлады.
       Сун  әулеті  билігі  кезінде  (Х-ХІІІ  ғасырлар)  қытай  филосоиялық
мектебінің жаңа Конфуцийшілдік бағыты қалыптасты.  Жаңа  Конфуцийшілдік  деп
аталған  бұл  ағымның  ерте  Конфуцийшілдіктен  айырмашылығы  –   онтология,
натурфилософия, космогонияға көбірек көңіл бөлінеді. ХІ-ХІІ  ғасырларда  Чжу
Си  және  басқалар   арқылы   конфуцийшілдер   дейтін   философиялық   бағыт
қалыптасты, ол заттарда  екі  түрлі  негіз  бар  деп  үйретті.  Олар:  Ли  –
парасатты шығармашылық күш және Ци –  енжар  материялық.  Алғашқысы  адамның
бойындағы жақсы қасиет – ізгілікке құлшыныс,  ал  екіншісі  –  жаман  қасиет
сезім қызғанышына бой ұруды  қалыптастырады.  Бұған  бәсекелес  екнші  бағыт
болған  Лу  Цзю-юань  Ван  Янмин  мектебі    ХVІ-XVІІ   ғасырларда   идеялық
басымдыққа жетті. ХVІІ-ХІХ ғасырларда классикалық  мәтіндерді  сыни  тұрғыда
оқып,  табиғатты  тәжірибемен  зерттеу  қолға  алынды.  ХХ   ғасырда   батыс
философиясы теориялары назарға алынды.  Әлеуметтік  тәртіп  пен  реттіліктің
бұлжымастығын дәйектей түсу арқылы жаңа Конфуцийшілдік ХХІ  ғасырдың  басына
дейін Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы үстем бағытқа  ие  болып
келді. Оның Жапония, Корея мен Вьетнамға да ықпалы зор болды.
            Синтоизм  бұл Жапонияның VI-VII ғасырларда қалыптасқан дәстүрлі
діні. «синто» (құдайлар жолы) ежелден жапондықтар дәріптейтін  құдайлар  мен
рухтар әлемін («ками») білдіреді. Синтоистер өздерінің діндерін  күн  құдай-
анасы және жапон императорларының ілкі анасы саналатын  Аматэрасудан  бастау
алады  деп  есептейді.  Аматэрасу–синтоистік  құдайлар   пантеонының   басты
құдайы. Синтоизм тас, тау, орман, өзен рухына бас ию.
    Синтоизм қағидалары VI-VIII  ғасырларға  жататын  басты  үш  дереккөзге
негізделген,  олар:  «Кодзики»,  «Нихон  секи»  (тарихи-жылнамалық   жинақ),
«Синсэн седзироку» (генеалогиялық тізімдер).
    Синтоизм жапондық дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл  атқарды,  ол
басты бес концепцияға негізделді. Бірінші концепцияға  сай,  әлем  өздігінен
пайда болған, әлем жоғарғы  күш  арқылы  емес,  өздігінен  реттеліп  отырды.
Екінші концепция жер бетіндегі жер  қуатын  сипаттайды.  Үшінші  концепцияда
табиғат пен тарихтың бірлігі, әлемнің тірі  және  тірі  емес  деп  бөлінбеуі
(себебі табиғаттың  барлық  құбылыстары  мен  адамда  камилер  өмір  сүреді)
айтылады.  Камилер  осы  әлемде  тіршілік  ететіндіктен,  о  дүниеден   пана
іздеудің  қажеттілігі  жоқ.  Төртінші  концепция  көпқұдайлықты   көрсетеді,
себебі синтоның өзі жергілікті табиғат культтерінен, жергілікті, рулық  және
тапалық         құдайларға          табынудан          пайда          болған
Синто дінінде әр түрлі культтердің ортақ  сипаттары  біріктіріліп,  біртұтас
рәсімділіктің күрделі жүйесі жасалды. Синтоистік  діни  табынудың  негізінде
Аматэрасуға дейінгі ататектен бастау  алатын  ата-баба  культы  жатыр.  Адам
әлемі «ками» әлемінен бөлінбегендіктен,  белгілі  мағынада  адамның  өзі  де
«ками» болып табылады, сондықтан оған о  дүниедегі  аман  қалуды  іздеу  жат
нәрсе. Діни тазалық  «камиге»  және  өз  ата-бабаларына  деген  қастерлеуді,
табиғатпен  үйлесімді  өмір  сүруді,  құдайлықпен  рухани  байланысты  қажет
етеді.  Синтоизм  этикасы  өте  қарапайым:  ирригациялық  жүйелерді  бұзбау,
қасиетті орындарды тазалықта ұстау, жан-жануарларға қамқорлықпен қарау.
    Аматэрасу культінде айна, семсер және яшма тасынан  жасалған  әшекейлер
бейнеленген. Оларды мифологиялық дәстүрлерге сай, құдай  ана  жапондықтардың
алғашқы  императоры  ретінде  немересі  (кейбір  деректер  бойынша   күйеуі)
Нинигиді жерге аттандырар  алдында  оған  тарту  етіп,  бүкіл  әлемді  нұрға
бөлеп,  билік  құруды,  бағынбағандарды  бағындыруды  өсиет  етеді.  Мифтегі
айна–адалдықты, семсер  –даналықты  рәміздейді.  Бұл  қасиеттердің  бәрі  де
император тұлғасында толық көрініс табады.  Синтоистік  храмдар  кещеніндегі
ең негізгі Исэдегі храм- Исэ дзингу  (VII  ғасыр  соңындағы  негізі  қаланса
керек). Исэ дзингу Аматэрасудың храмы болып саналады.
    Синто  дамуындағы   маңызды   кезең–«Исэ   синто»   тұжырым   дамасының
қалыптасуы.  Оның  басты  мақсаты   –   император   культын   нығайту.   Бұл
тұжырымдаманың пайда болуының  бір  себебі  моңғол  шапқыншылығы  және  одан
кейінгі (1261-1281 жж.) кезеңдегі храмдардың, әсіресе, Исэ  дзингу  храмының
ықпалы мен беделінің артуы болды. Осы уақытта император әулетінің ілкі  тегі
әрі  қорғаны  исэні  мекендейтін  Аматэрасу  культі  өте  кең  таралды.  XVI
ғасырдың екінші жартысында «исэ синтоның» дамуы  белгілі  бір  адамды  құдай
деп  қарауға  жол  ашатын  жаңа  культтің   пайда   болуына   әкелді.   Оған
императорлық әулетке жақындық емес, сол  адамның  ірі  саяси  және  қоғамдық
еңбегі негіз болды. Бұл XII ғасырдың соңында-ақ елде  қалыптасқан  жағдайды,
билікке әскери-феодалдық  ақсүйектердің  (самурайлардың)  келуін  бейнеледі.
Олар император әулетінің билігін синто  культының  саласымен  ғана  шектеді.
Сөйтіп императорда таза номиналды билік қана қалды. Феодалдық дикта тор  Ода
Нобунага (1534-1582 жж.) елді біріктіру үшін күрес барысында өзін  ками  деп
жариялап, өзіне камидей  табынуды  талап  етті.  Оның  әріптестері  диктатор
Тоетоми Хидэйсиде (1576-1596 жж.) құдай деп танылды. Токугава  Иэясу  (1542-
1616 жж.) сегунның (әскери-феодалдық басқарудың бсшысы) өсиеті бойынша  оның
аруағына табыну үшін  бірнеше  храмдар  мен  шырақ  орындары  салынуы  керек
болды.
    Қолданылған әдебиеттер тізімі:
    1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х  частях.  Ред.кол.:
Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
    2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
    3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
    4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
    5.История Востока  В 3-х томах /ІІ-том Восток в  средние  века  М.,РАН-
1995

6.3.3 Практикалық (семинар) сабақтары

1 Семинар. Қытай орталықтанған мемлекеті.
Жоспары:
   1. Қытай империясы жоғары дамыған кезіңінде.
   2. Суй империясынан Тан империясына қарай.
   3. Тан  кезеңі:  Қоғамдық  –  экономикалық,  саяси  дамуы.Конфуциандықтың
      ролі.Мәдениеттің «алтын ғасыры».
   4. Тан және сыртқы әлемі:доктрина және практика. Кореяға және  оңтүстікке
      шапқыншылықтар.
   5. Сун империясы.
   6. Вань Ан Ши Реформалары.

2 Семинар. Жапония.
Жоспары:
   1. Ямота патшалығы кезеңі.
   2. Тайка көткрілісі. Мемлекеттің құрылуы.
   3. «17 бап  заңы», «Тайхере»заңдар жинағы.


3  Семинар. Жапония.
Жоспары:
   1. Жапонияның әлеуметтік экономикалық дамуы:жаңа белгілері.
   2. Әлеуметтік құрылымы: Самурайлар қалыптасуы.
   3. Фудзивара, Тайра, Комакура кезеңдері.
   4. Сегунат кезеңі.

4  Семинар. Корея.
Жоспары:
   1. Корея үш патшалық кезеңінде.(пәкче, Когуре, Силла).
   2. Коре династиясының кезеңі.
   3. Ли династиясының қалыптасуы. Тәуелсіздік үшін күрес.
   4. Корея мәдениеті.

5  Семинар. Вьетнам.
Жоспары:
   1. Вьет мемлекеті.
   2. Дайвьет. Мемлекетті орталықтандыру. Әскери, әкімшілік реформалар.
   3. Дайвьеттің сыртқы саясаты.
   4. Діні, мәдениеті.

6 Семинар. Иран.
Жоспары:
   1. Иран сасанидтер кезеңінде.
   2. Иран сыртқы шапқыншылықтар кезінде.
   3. Сефевилер мемлекетінің құрылуы.
   4. І Аббастық соғыстары.
   5. Діні, мәдениеті

7 Семинар. Үндістан.
Жоспары:
   1. Гуптар империясы. Чандрагупта ІІ.
   2. Эфталиттердің шапқыншылығы.

8 Семинар. Үндістан.
Жоспары:
   1. Дели сұлтанаты.
   2. Ұлы Моғолдар империясы.
   3. Әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы.
   4. Моғолдар және сыртқы әлем.

9 Семинар. Арабтар.
Жоспары:
   1. Арабтар мемлекетінің құрылуы. Ислам діні.
   2. Омейядтар және Аббасидтер кезеңі.
   3. Араб жаулаушылықтары.
   4. Жер, салық түрлері.

10 Семинар. Араб мәдениеті.
Жоспары:
   1. Мәдениеттің дамуы.Исламның ықпалы.
   2. Ғылым-білімнің дамуы.
   3. Тарих, география, медицина.
   4. Архитектура. Кола мәдениеті.
   5. Араб мәдениетінің Батыс және Византияға ықпалы.

11 Семинар. Сельжуктер.
Жоспары:
   1. Сельжуктер мемлекетінің құрылуы.
   2. Әскери-лендік жүйе.
   3. Халықаралық қтынастар.
   4. Сельжук мемлеетінің мәдениеті.

12 Семинар. Осман мемлекеті
Жоспары:
   1. Осман мемлекетінің құрылуы.
   2. Осман империясы. Әскери – лендік жүйе.
   3. Осман мемлекеті және Еуропа.
   4. Осман мемлекеті және Ресей.
   5. Османлылар мәдениеті.

13 Семинар. Моңғолдар мемлекеті.
Жоспары:
   1.    Монғолдардың    әлеуметтік-экономикалық    құрылысы.    Мемлекеттің
      құрылуындағы негіздер, сыртқы әскерлер, Шыңғысханның ролі.
   2. Монғол шапқыншылықтары: бағыттары және сипаты.
   3. Монғол империясының ыдырауы. Әдебиеттерде берілген баға.

14 Семинар. Батыс және Шығыс елдеріндегі феодализм  дамуы:  ортақ  белгілері
және ерекшеліктері(салыстырмалы - сипаттама).
Жоспары:
   1. Батыс және Шығыс елдеріндегі феодализм дамуының негізгі кезеңдрі.
   2. Батыс және Шығыс феодализмінің ортақ белгілері, ерекшеліктері.
   3. Саяси даму қортындылары.
   4. Дүние жүзілік мәдениетке қосқан үлесі.

      6.3.4  БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
                                                                     Кесте-1
|№   |Тапсырма                              | Бақылау формасы     |апта    |
|5.1 |Шығыс елдеріндегі феодализмнің даму   |Конспек              |4 апта  |
|    |ерекшеліктері                         |                     |        |
|5.2 |Қытай тарихы бойынша деректер         |Реферат              |4 апта  |
|5.3 |Ерте орта ғасырлардағы Корея          |конспект             |6 апта  |
|5.4 |Дамыған орта ғасырлардағы Орта Азия   |Сараптама , слайд    |6 апта  |
|5.5 |Араб халифатындағы феодалдық          |конспект             |10 апта |
|    |қатынастардың қалыптасуы              |                     |        |
|5.6 |ІІІ-Х ғғ.Африка елдері                |Сараптама , слайд    |10 апта |
|5.7 |Кейінгі орта ғасырлардағы Қытай       |конспект             |14 апта |
|5.8 |Индия – Ұлы Моғолдар билігі кезінде   |реферат              |14 апта |


БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Тест тапсырмалары
1) Сасанидтер әулетінің негізін салушы
А. Ардашир       В. Чандрагупта I      С. Янцзянь       Д. Ли Юань
Е. Сефи-ад дин
2) Гуптар мемлекетінің  негізін салушы
А. Ардашир       В. Чандрагупта I      С. Янцзянь       Д. Ли Юань
Е. Сефи-ад дин
3) Аббасидтердің Астанасы
А, Паталипутра   В. Чаньань       С. Персеполь    Д. Бағдат  Е. Исфахан
4) Сефевидтердің  Астанасы
А, Паталипутра   В. Чаньань       С. Персеполь    Д. Бағдат  Е. Исфахан
5) Арабтардағы Вакфтық жерлер
А, Діни адамдарға, діни ұйымдарға берілетін жерлер
В. Ёскери қызметі үшін берілетін жер иелері
С. жеке меншікке берілетін, салық толеп тұратын шартты жер иелену
Д. Халиф жерлері
6) Арабтардағы Икталық жер иелену
А, Діни адамдарға, діни ұйымдарға берілетін жерлер
В. Ёскери қызметі үшін берілетін жер иелері
С. жеке меншікке берілетін, салық толеп тұратын шартты жер иелену
Д. Халиф жерлері
7) Мұсылмандардан алынатын жер салығы
А, Ұшыр     В. Зекет        С. Харадж        Д. Джизия
8. Жапонияның үлкен қалалары:
А, Персеполь, Ктесифон, Мерв, Герат
В. Агра, Панипат, Лахор, Мультан
С. Хаката, Нагасаки, Эдо, Киото
Д. Чаньань, Нанкин, Пекин
Е. Бурса, Эдерне, Анкара
9. Газан хан реформалары кай елде жүргізілді
А, Қытайда
В. Осман империясында
С. Хулагидтер мемлекетінде
Д. Сасанидтік Иран
Е. Үндістанда
10. Аравия тарихында 617 жылы
А, Ислам дінінің пайда болуы
В. Курейш тайпасының хашимидтерге байкот жариялауы
С. Мұхаммедтің Меккеден Мадинаға кошуі
Д. Мұхаммедтің Меккені бағындыруы
Е. Бағдад қаласының негізі қаланды
11. Хинин дегеніміз
А, Мал бағатын көшпелі арабтар
В. Монғолияда ерікті шаруа
С. Жапониядағы кедейленген қауым мүшелері
Д. Жапониядағы қылмыстылар мен кедей қаңғыбастар
Е Жапониядағы қоқыс тазалайтын, мал соятын,  таза емес  жұмыстарды  істейтін
ең төменгі адамдар тобы
12. Үндістандағы әскери лендер
А, Дайме         В. Займдар       С. Амарам       Д. Джагир  Е. Тимориттер
13. Хосров  I  Аношорванның сыртқы саясаты
А, Оңтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта  Азияны,   Ауғанстан,  үндістан,
Армения мен Грузияны жаулап алды
В. Византиямен,  Сириямен,  Закавказье  елдерімен  соғыс жүргізді
С.  Оңтүстік  Сібірді,  Солтүстік  Қытайды,  Орта  Азияны,  Оңтүстік  иранды
Ауғанстанды бағындырды
Д.  Русьті,  Волга  мен  донның  төменгі  ағысын,  Венгрия,  Чехия,   Польша
бағындырды
Е. Белград, Радос, Лахон,  Венгрияны,  Молдавия  мен  Валахияны,   Аравияны,
Солтүстік Африканы бағындырды
14. Шыңғысхан өлімінен кейінгі монғолдардың сыртқы саясаты
А, Оңтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта  Азияны,   Ауғанстан,  үндістан,
Армения мен Грузияны жаулап алды
В. Византиямен,  Сириямен,  Закавказье  елдерімен  соғыс жүргізді
С.  Оңтүстік  Сібірді,  Солтүстік  Қытайды,  Орта  Азияны,  Оңтүстік  иранды
Ауғанстанды бағындырды
Д.  Русьті,  Волга  мен  донның  төменгі  ағысын,  Венгрия,  Чехия,   Польша
бағындырды
Е. Белград, Радос, Лахон,  Венгрияны,  Молдавия  мен  Валахияны,   Аравияны,
Солтүстік Африканы бағындырды
15. IX-XV ғ.ғ. Нигер өзенінің жоғары және орта ағысы бойындағы мемлекеттер
А. Аксум, Нубия
В. Коре мемлекеті
С. Гана, Мали, Сонгай
Д. Иоруба,  Бенин,  Дагонея, Ашанти
Е. Борну, Канем және  Хаус
16. Жапониядағы провинциялар кезеңі не деп аталады
А,  Магриб       В. Судан   С. Сэнгоку дзидай     Д. Суахили
Е. "Канунамэ-мысыр"
17. Суахили  дегеніміз не
А. Африканың Солтүстік ендіктегі  8  градус  дейінгі  тарихи  облыс  Арабтың
"қара адам" деген сөзінен шыққан
В. Тунис-Алжир-Марокко, Африканың  мұсылман елдері
С. Шығыс африка қала-мемлекеттері
Д. Түріктердің Египеттегі басқару үшін шығарған заңдар жинағы
Е. Жапониядағы провинциялар кезеңі
18. Сафаридтер әулетінің негізін салушы
А, Тахир ибн Хусейн
В. Иакуб ибн Лейс
С. Саман куда
Д. Ағайынды Али, хасан, Ахмет
Е. Субектегин
19.Үндістандағы дели сұлтанатының негізін салушы
А, Кутуб-ад-дин Айбек
В. Мұхаммед Бабыр
С. Минотама Еримото
Д. Бахмани
Е. Ағайынды Бухи мен Харихара
20.Хулагидтер мемлекетінің билеушісінің титулы
А.  Сұлтан  В. Ильхан  С. Шахиншах     Д. Халиф   Е. Сегун
21.Испанияда  Араб халифатының құрамынан бөлініп кеткен мемлекет
А, Хордова эмираты
В.  Тахиридтер
С. Саманидтер
Д. Аглабидтер
Гайдуктер дегеніміз кімдер
А.  Египеттегі жауынгер құлдар
В. Түріктерге қарсы азаттық соғыс жүргізген болгар жіне серб партизандары
С. Араб халифатындағы словяндардан, африкалықтардан тұратын әскер
Д. Түріктерге қарсы азаттық соғыс жүргізген болгар жіне серб партизандары
Е. Туркиядағы христиан балдарынан құралған әскер
23.Янычарлар дегеніміз кімдер
А.  Египеттегі жауынгер құлдар
В. Түріктерге қарсы азаттық соғыс жүргізген болгар жіне серб партизандары
С. Араб халифатындағы словяндардан, африкалықтардан тұратын әскер
Д. Түріктерге қарсы азаттық соғыс жүргізген болгар жіне серб партизандары
Е. Туркиядағы христиан балдарынан құралған әскер
24. Вей мемлекетінің территориясы
А.  Батыснда Данхуаннан,  шығысында  Ляодунға   дейінгі  Солтүстік  Қытайдың
үлкен бөлігі, оңтүстікте Хуанхе мен Янцзы өзендерінің аралығы
В.  Сычуань,  Ганьсу  мен  Шэньсидің  оңтүстік  аудандары,    Юньнани   және
Гуйчжаудың үлкен бөлімі, Гуансидің батыс бөлігі
С. Бұрынғы Хан империясының оңтүстік-шығыс аудандары
Д. Кіші Азия
25. Гуптар мемлекетінің территориясы
А. Бенгалиядан Пенжабқа дейінгі Солтүстік Үндістан
В. Батыс Декан
С. Оңтүстік  Үндістан  Тамиль жерлерімен, бенгал шығанағымен қоса
Д. Иранның көп бөлігі, Армения мен Азербайджан, Ирак, Грузия
26.Хулагуидтер мемлекетінің территориясы
А. Бенгалиядан Пенжабқа дейінгі Солтүстік Үндістан
В. Батыс Декан
С. Оңтүстік  Үндістан  Тамиль жерлерімен, бенгал шығанағымен қоса
Д. Иранның көп бөлігі, Армения мен Азербайджан, Ирак, Грузия
27.  I Мұраттың   жаулап алған жерлері
А. Балқанда Адрианополь, Фракияны, Филиппопольды, Марица өзенінің алқабы
В. Болгрияны, Македонияны
С. Хорезмді,  Бүкіл Иранды,  Азербайджанды,  Күрдістан мен Иранды
Д. Константинопольді, Орта Грецияны және Пелопонесті
28. Сасанидтік иранның мемлекеттік діні
А. Зороастризм          В.  Синтоизм      С.  Ислам    Д.  Буддизм        Е.
Ламаизм
29. Монғолияның мемлекеттік діні
А. Зороастризм          В.  Синтоизм      С.  Ислам    Д.  Буддизм        Е.
Ламаизм
30.618-907       ж.ж.       Қытайда       өмір        сүрген        мемлекет

А. Суй империясы
В. Тан империясы
С. Сун империясы
Д. Мин империясы
31. XIV-XV ғ.ғ. Оңтүстік Үндістандағы мемлекеттер
А. Гуптар, Чалолар, Чалукейлер
В. Суй, Тан, Сун империясы
С. Омеядтар, Аббасидтер халифаты
Д. Сасанидтер, Тахаридтер, Сафаридтер
Е. Бахмани мен Виджаянгар
32.Ерте орта ғасырлардағы Аравиядағы мемлекеттер
А. Гуптар, Чалолар, Чалукейлер
В. Суй, Тан, Сун империясы
С. Омеядтар, Аббасидтер халифаты
Д. Сасанидтер, Тахаридтер, Сафаридтер
Е. Бахмани мен Виджаянгар
33. I Мұрат тұсындағы Осман түріктердің астанасы
А. Тавриз   В. Нанкин  С. Эдерне  Д. Дели    Е. Эдо
34. Дели қаласы
А. Сефевидтік Иранның астанасы
В. Ұлы Моғолдар империясының астанасы
С. Жапонияның астанасы
Д. I Мұрат тұсындағы Осман түріктердің астанасы
Е Мин  империясының астанасы
 35. VI ғ. басындағы Ирандағы бұқаралық қозғалыс
А. Сербердарлар көтерілісі
В. Хуан Чао көтерілісі
С. Бабек көтерілісі
Д. Маздакиттер
Е. Симабара көтерілісі
36.Ұлы Моғолдар мемлекетінің соңғы патшасы
А. Изергед III (632-652)
В. Аурангзеб (1658-1707)
С. Масуд Газневи
Д. Фираз-Шах-Тоғалақ
Е. Мелих шах (1082-1092)
37.Сефевидтер мемлекетінің ең гүлденген кезі
А. Ақбар тұсында
В. Хосров I Аношорван тұсында
С.  I Аббас тұсында
Д.  Озуд-ад-Доум тұсында
Е.  I Сүлеймен тұсында
38. Ақбардың сыртқы саясаты
А. Түріктермен 10 жыл соғыс жүргізіп, Грузия, Армения, Азербайджан,  Ширван,
Күрдістан мен бағдатты тартып алды
В. Бенгалияны, Ориссаны, Гуджарат  пен  Кашмирді,  Хандеши  және  Ахмеднагар
қаласын тартып алды
С. Оңтүстік  шекерадағы иеліктерді кеңейтті, 1632 ж. Ахмеднагарды,  1636  ж.
Голконда мен Бинджапурды, Махаратштраны бағындырды
Д. Иракты жаулап алды
Е. Кореяға басып кірді
39. Хорасан дегеніміз
А. Оңтүстік Үндістан
В. Мауренахр және қазіргі Ауғанстанның 1 бөлігі
С. Амудария мен Сырдария өзендерінің аралығы
Д. Жамина және ганга өзендерінің аралығы
40.  Амасье бітім шарты қандай мемлекеттер арасында
А. Рим империясы мен Иран
В. Туркия мен Франция
С. Туркия  мен  Сефевидтер державасымен
Д. Туркия мен Англия
41. Жапониядағы ірі феодалдар
А. Азнаур
В. Нахарарлар
С. Махараджалар
Д. Тэгалар
Е. Дайме
 42.Жапониядағы сословиеге кірмейтін, кедей қаңғыбас қылмыстылар
А.Бонгэ
В.Райат
С.Эснаф
Д.Сэмин
Е.Хинин
43. 1526 ж. Туркиядағы шаруалар қозғалысының көсемі
А. Шиваджи
В. Нанак
С. Халифэ
Д. Копендаршах
44. 1524-1533 ж.ж. Туркия қай елмен соғыс жүргізді
А. Габсбургтер империясымен
В. Ресеймен
С. Сефевидтік Иранмен
Д. Венеция, Австрия, Испания, Генуяның біріккен одағымен
 45.Лепанто шайқасы
А. Бату әскерлері мен чех-мора рыцарлары
В. Европалық одақтастар әскерімен Туркия
С. Серб әскерлері мен Турция
Д. Селджұқтар мен византиялықтар арасында
Е. Қытай мен Монғолия әскерлері
46.  Ұлы  Моғолдар  империясы   кезіндегі   өндістандағы   сәулет   өнерінің
ескерткіші
А. Танджур храмы
В. Тадж-Махал
С. Гумбади Алавии кесенесі
Д. Сулеймен мешіті
Е. Али-Кану сарайы
47. Токугава сегунаты өмір сүрген жылдар
А.1502-1736 ж.ж
В.1526-1858 ж.ж
С.1336-1568 ж.ж
Д.1603-1867 ж.ж
Е.1250-1517 ж.ж
48. Васко до Гамманың Үндістанға келуі
А. 756 ж
В. 637 ж
С. 642 ж
Д. 1623 ж
Е. 1498 ж
49. Монғолдардың Ирандағы қолөнер мен саудадан алынатын салық
А.  Татикара
В.  Тамға
С.  Гезит
Д.  Ашар
50.Еуропалықтардың  Қытайдағы  алғашқы  келген жері
А.Шираз бен Исфахан
В.Сацума провинциясы
С.Каликут қаласы
Д.Кантон   провинциясы
51. Судан  дегеніміз не
А, Африканың Солтүстік ендіктегі  8  градус  дейінгі  тарихи  облыс  Арабтың
"қара адам" деген сөзінен шыққан
В. Тунис-Алжир-Марокко, Африканың  мұсылман елдері
С. Шығыс африка қала-мемлекеттері
Д. Түріктердің Египеттегі басқару үшін шығарған заңдар жинағы
Е. Жапониядағы провинциялар кезеңі
52) 1571 жылы Туркия қай елмен соғыс жүргізді
А. Габсбургтер империясымен
В. Ресеймен
С. Сефевидтік Иранмен
Д. Венеция, Австрия, Испания, Генуяның біріккен одағымен
53) Манцикерт шайқасы
А. Бату әскерлері мен чех-мора рыцарлары
В. Европалық одақтастар әскерімен Туркия
С. Серб әскерлері мен Турция
Д. Селджұқтар мен византиялықтар арасында
Е. Қытай мен Монғолия әскерлері
54) Косова шайқасы
А. Бату әскерлері мен чех-мора рыцарлары
В. Европалық одақтастар әскерімен Туркия
С. Серб әскерлері мен Турция
Д. Селджұқтар мен византиялықтар арасында
Е. Қытай мен Монғолия әскерлері
55. Осман  империясыдағы  сәулет өнерінің ескерткіші
А. Танджур храмы
В. Тадж-Махал
С. Гумбади Алавии кесенесі
Д. Сулеймен мешіті
Е. Али-Кану сарайы
56. Сефевидтер мемлекеті өмір сүрген жылдар
А.1502-1736 ж.ж
В.1526-1858 ж.ж
С.1336-1568 ж.ж
Д.1603-1867 ж.ж
Е.1250-1517 ж.ж
57. Ұлы моғолдар империясы өмір сүрген жылдар
А.1502-1736 ж.ж
В.1526-1858 ж.ж
С.1336-1568 ж.ж
Д.1603-1867 ж.ж
Е.1250-1517 ж.ж
58. Голландия мен Иран арасындағы сауда келісімі
А. 756 ж
В. 637 ж
С. 642 ж
Д. 1623 ж
Е. 1498 ж























































































Пәндер