Файл қосу
Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ | |ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ | |СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-1830-2013 | |«Педагогикалық инновация» | | | |пәнінің оқу-әдістемелік |№3 – басылым | | |кешені | | | |(оқу әдістемелік | | | |материалдар) | | | «Мектепке даярлық тобы педагогының педагогикалық іс-әрекеті және жеке тұлғасы» ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В010200-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Cемей – 2013 1.ӘЗІРЛЕГЕН: Құрастырушы: 28.08.2014 п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен женисовна 2.ТАЛҚЫЛАНДЫ: 2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды. Хаттама № 1 04.09.2014ж. Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./ 2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында. Хаттама № 1 «05» 09.2014ж. Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./ 3. БЕКІТІЛДІ: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды. Хаттама №1 18.09.2014ж. ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./ 4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2014ж. басылымның орнына) МАЗМҰНЫ 1. Пән бойынша негізгі түсініктер (глоссарий). 2. Пәні бойынша дәрістер кешені. 3. Пәні бойынша практикалық сабақтар кешені 4. Пәні бойынша cтуденттердің өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар 1. «Мектепке даярлық тобы педагогының педагогикалық іс-әрекеті және жеке тұлғасы» пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий) Активті оқыту әдістері (белсенді) оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс); Әдiстеме /методика/ - 1) бiр нәрсенi практикалық орындаудың әдiстерiнің, тәсілдерінің жиынтығы; 2) қандай да бiр ғылымды оқытудың әдiстерi туралы iлiм. Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Бiлiм беру - қoғaм мүшелеpiнiң aдaмгepшілiк, интеллектуалдық мәдeни жәнe дeне дaмyы мен кәciби білiктiлiгiнiң жoғapы дeңгейiнe қoл жeткiзyдi мaқcaт eтeтiн үздiкciз тәpбиeлey мeн oқытy пpoцeci. Білім беру ұғымын ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци. Бiлiм берудi информатизациялау - білім беру жүйесін микропроцессорлық техникаға негізделген ақпараттық ӛніммен, құралдармен және технологиялармен қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың комплексі. Белсендiлiк - әлеуметтiк және психикалық белсендiлігiнiң турi: жеке адамның белгiлi бiр iс-әрекетке бағытталғандығының қарқыны. Тiршiлiк және iс-әрекеттерi барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзiн-өзi тәрбиелеу белсендiлiгi дамиды Білім беру – білім, іскерлік, дағдыны игеру процесі мен нәтижесі. Білім беру технологиясы - қатысушылардың комфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы, бағдарлаудағы және коррекциялаудағы мұғалімдер мен 20 оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі. Б.Б.Т. кіретіндер: мақсаттық бағытталғандық, сүйенетін ғылыми жүйесі, нәтижені бағалаудың ӛлшемдері, нәтижесі, қолданудағы шектеуліктер. Гуманизм (лат. Gumanus – адамгершілік) – дүниетаным принципі. Оның негізіне адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген мұрат жатады. Ғылым – 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Дамыту – адам ағзасындағы сапалық және сандық өлшемдердің өзгеру процесі. Дамытып оқыту - оқушылардың таным іс-әрекетін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Дарынды балалар –жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға, техникаға және т.б.) байқатқан балалар. Дәстүрлі емес сабақ - бұл орнатылмаған құрылымы бар импровизациялық оқу жұмысы. Түрлері: интегралды сабақтар, аукцион, парламенттегі дебаттар, ойын, саяхат, музыкалық-театрландырған, сайыс т.б. сабақтар. Дәстүрлі оқыту - ең алдымен оқытуды ұйымдастырудың кластық-сабақтық жүйесі тусініледі. Ол Я.А.Коменский белгілеген дидактика принциптеріне негізделіп XVIII ғ. қалыптасып, дүние жүзінің мектептерін де осы күнге дейін оқытуды осылай ұйымдастыру басым болып келеді. Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты ролді білім беру, мұғалімнің іс-әрекеті атқарады. Оны Я.А.Коменскийдің, Н.Пестолоцци, И.Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы құрайды. Жазалау –келеңсіз қылықтарды шектеп, тежеу үшін, басқалар алдында, өз тұрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында қолданылатын педагогикалық ықпал əдісі. Жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Жаңашыл – мұғалімдер – жаңа педагогикалық жүйелердің авторы, жаңартуды және жаңалықтарды жасаушы, жүзеге асырушы. Жаңашылдық (новация) – бұл шығармашылық ғылыми – зерттеу немесе өндірістік қызметтің өнімі, кез – келген құбылыс, оны пайдалану адам өмірінің нақты өмір сүру сферасында белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Жаңашылдық – бұл ерекше сипаты болып қоғамға бұрынырақта белгісіз болған өнімдерді тұрақты іздеу мен жасап шығару болып табылатын, шығармашылық қасиеті бар тұлғалар қызметінің қорытындысы. Жаңашылдық болып мыналар табылуы мүмкін: бұйым түрі, техника мен технология Жеке адам (тұлға) /личность/ - қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Ол өзінің өмір жолын таңдай алады. Тұлға -қоғамдық-тарихи категория. Оның қоғамдық мәні мен әлеуметтік функциясы жеке адам сипаттамасының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тарихы, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика т.б. зерттеу объектісі. – Жекелеген әлеуметтік шарттар: нақты мемлекеттік және қоғамдық институттардың әрекеті бұқаралық ақпарат құралдары, білім беру ұйымдары, өнерпаз шығармашылық педагогикалық бірлестіктер; – Жекелік факторлар: педагогикалық инноватиканы жасаушылардың және насихатшылардың тұлғалық ерекшеліктері. Имидж (бейне, тұлғаның фасадтық бөлігі, оның сыртқы эффектісі) – арнайы бағытталған қалыптастырушы бейнесі, танымдылық, эмоционалды-психологиялық тұрғыдан өзгеге әсер ету үшін қолданылады. Инновациялық қызмет - нәтижесi экономикалық ұсу мен бәсекелестiк қабiлетiлiгi үшiн пайдаланылатын жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдi, технологияларды және ӛнім түрлерiн ұндiрiстiң түрлi салаларына және қоғамды басқару салаларына ұңгiзуге бағытталған қызмет. Интуиция (сезу) – объективті шындықтың екінші белгісін көрсетуде ойлаудың ерекше түрі Кәсіби қабілеттер - адам тұлғасының жеке психологиялық сапаларын тәрбиелеуде өзгеретін, тұрақты қатынас Кәсіби намыс – адамның өз-өзіне және қоғамның оған деген қатынасын ашады Кәсіби стресс – күрделі еңбек жағдайында физиологиялық және психологиялық реакцияларда көрінетін көп өлшемді феномен Қалыптастыру – әр түрлі факторлардың әсерінен индивидтің тұлға болып қалыптасу процесі. Қарым-қатынас – адамдар арасындағы байланыстың күрделі түрі. Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды. «Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой – санадағы көрінісі. Мәдениет – қоғамның белгілі бір тарихи дамуының белесі, шығармашылық күш пен адам қабілетінің өмір мен шығармашылықта көрініс табуы, материалдық және рухани әлемнің бірлігі Миға шабуыл әдісі –топта жұмыс істеуде шығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде студенттерге ситуация шешімі жауабының бірнеше жолынайтуға мүмкіндік беретін, идеялармен шешімдерді қабылдаудың оперативтіәдісі. Мұғалім – оқушыларға сабақ беретін оқытушы, ұстаз. Ол педагогикалық қабілеттілігі, психикалық ерекшеліктері, сөйлеу шешендігі, жүйке жүйесінің мықтылығы сияқты сипаттардан басқа, балалармен тіл табыса алу қабілетімен де ерекешеленеді. Мұғалімнің кәсіптік әлеуметтендірілуі - мұғалімнің кәсіптік ортаға енуі; педагогикалық тәжірибені меңгеруі, педагогтар қауымдастығының стандарты мен құндылықтарын игеруі, жинақталған тәжірибені белсенділікпен жүзеге асыруы. Мінез-құлық мәдениеті – адамшылық қарым-қатынастың негізгі талаптары мен ережелерін сақтау, айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынас құра білу. Адамның жүріс-тұрыс, іс-әрекетінің жиынтық көрінісі мінез-құлық ерекшелігін айқындайды. Мінез-құлықты ерекшеліктер моральдық категорияға жатады. Ол – адамның қоғамдағы мінез-құлқын реттеу қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғам түгелдей мақұлдаған заңды талаптардың орындалу барысымен анықталады. Құқықтың моральдан айырмашылығы: біріншіден, қоғам мойындаған адамгершілік талаптарын әр адамның орындауын барлық қоғам мүшелерінің қадағалауына байланысты, екіншіден, мораль талаптарын орындау тек рухани әсер ету формаларымен (қоғамдық баға беру, көрсетілген мінез-құлық ережелерінің орындалуын мақұлдау немесе айыптау) өлшенеді. Мінез-құлық мәдениеті адамның өскен ортасына, адамдармен күнделікті қарым-қатынасына, білім өресіне, көрген –түйгеннен алған үлгі -өнегесіне байланысты. Оқыту – оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесулерінің процес. Оқыту әдiстерi - бұл мұғалiм мен оқушылардың оқу тәрбие жұмысының мiндеттерiн шешуге бағытталған өзара бiрлескен iс-әрекетiнiң тәсiлдерi. Оқыту технологиясы /педагогикалық технология/ - дидактикадағы бағыт, оптимальды жүйелердiң принциптерiн анықтаудың және жасаудың, алдын-ала сипаттамалары берiлген қайталауға келетiн дидактикалық процестердi конструкциялауды ғылыми зерттеу аясы. Өзін-өзі жетілдіру – жеке идеяларды ұғу, онымен өзіңді салыстырып, өзіңді өзгертуге тырысу Өзін-өзі сендіру – бұл әрдайым өз-өзімен дауласу, түрлі жоспарларды және қойылған мақсатқа жету анализі Пассивті оқыту әдістері – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру); Педагог–жаңашыл – жаңа педагогикалық жүйелердің авторы, жаңартуды және жаңалықтарды жасаушы, жүзеге асырушы. Педагогикалық әрекет - оқу пәнінің мазмұнына сай келетін, сабақ жайында оқу кеңістігінде жүзеге асатын мақсатқа жетуге бағытталған біртұтас психофизикалық процесс Педагогикалық басқару – қойылған мақсатқа сәйкес педагогикалық жағдайды, процесті немесе жүйелерді бір қалыптан екінші қалыпқа ауыстыру процесі. Педагогикалық біліктілік – ол іс- әрекетке деген дайындық және іс- әрекеттің көзі. Мұғалімнің педагоги калық біліктілігі бірлесе педагогикалық шеберлікті айқындайды. Мұғалімнің педагогикалық біліктілігі оның мамандығына, дипломына , сапасына сәйкес анықталады. Педагогикалық жүйе – адамды дамыту мақсатындағы жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі. Педагогикалық жүйенің белгілері: 1) мақсатқа жету үшін қажетті құрауыштардың толықтығы; 2) құрауыштар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктердің болуы; 3) құрауыштарды біріктіретін жетекші буын, жетекші идеяның болуы; 4) құрауыштар арасында ортақ қасиеттердің пайда болуы. Педагогикалық зерттеулер – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы, механизмі, педагогиканың теориясы мен тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу әдістемесі, оның мазмұны, принциптері, әдістері мен ұйымдастырылу нысандары туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми қызмет процесі мен нәтижесі. Педагогикалық инноватика - Педагогикалық жаңа енгізулер (инновациялар) - мақсатты бағытталған өзгерістер, олар білім беру мекемесінің әрекетіне жаңа, салыстырмалы тұрақты элементтерді енгізеді, сөйтіп оның дамуына және қызметіне тиімді әсер етеді. Педагогикалық жаңа енгізулердің тарауының факторлары: Педагогикалық қабілеттілік – педагогикалық жүйенің талаптарын сезіне отырып, осы талаптардың оқушыларда бейнелену ерекшеліктьерін аңғару және қажетті нәтижеге жету үшін оқушыларға әсер етудің мүмкін болатын әдіс- тәсілдерін орынды қолдана білі қабілеттілігі болып табылады. Педагогикалық қабілеттілігі бар студент педагогикалық іс- әрекетті тез меңгеріп кетеді. Болашақ шебер педагогтың кәсіби қалыптасуы, оның педагогикалық қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Педагогикалық қарым- қатынас шеберлігі – педагогикалық шебер мұғалім кім- кіммен болса да жақсы қарым- қатынас жасай білуі тиіс. Қарым- қатынас адамдармен , ұжыммен, топпен, жекелей түрде де болуы мүмкін. Педагогикалық мамандық – адамзаттың өмір сүре бастауын өзінің мамандығымен басқа адам тұлғасын қалыптастыруды басқару өнері болып табылатын әрекет түрі. Педагогикалық ойлау – бұл ұстаздың кәсіби ақылы және практикалық шығармашылығы, этикалық нормалардың сапалығы, ғылыми білім, педагогикалық технология, тұлғалық сапалардың оқу-тәрбие процесінде көрініс табуы Педагогикалық позиция – жағдай, ой арқылы оқытушының студентке көзқарасы және олармен қарым-қатынас барысында бағыты анықталады Педагогикалық такт - педагогикалық үдерістің моральдық реттеушісі ретінде оқытушының құлықтық-психологиялық қасиеттеріне негізделеді және кәсіби компетенттілікті танытудың деңгейі болып табылады. Педагогикалық талап – студенттің тәрбиеленуі кезіндегі тәртібіне қойылатын ұсыныс Педагогикалық техника- өз- өзін басқара білу және педагогикалық мәселелерді шешу процесі барысында өзара әрекеттестік жасай алу қабілеттіктерінен тұратын, мұғалімнің жүріс- тұрысының ұйымдастырылуының ерекше формасын көрсететін педагогикалық шеберліктиің элементі. Педагогикалық технология – бұл жеке қасиеттердің көрінуі мен мәдени- әлеуметтік мөлшердің үйлесімділігі және баланың өмірге деген көзқарасын, өмірмен қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында, балаға әсер етудің кәсіби негізделген педагогикалық шеберлік бөлігі Педагогикалық технология шеберлігі – білімдарлық үрдісті көтеру, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың жұүмыс істеу ерекшеліктерінеп , әдістемелік тәжірибесіне, жаңашыл әдістерін кеңінен пайдалануға үлкуен мән беру болып табылады. Педагогикалық тұлға – ұстаздың шәкіртіне өзінің жеке бас үлгісімен ықпал етуі. Ол идеяның тұңғыш негізін салушы Лейпциг қаласындағы (Германия) қыздар мектебінің директоры Г.Гаудиг (1860 – 1923 ж.ж.) болды. Ол XIX ғ. екінші жартысында ұстаздың жеке бас үлгісінің педагогикалық негізі туралы арнайы еңбек жазды. Гаудигтің теориясы бойынша, мұғалім арнайы ережені немесе әдістемелік нұсқауды басшылыққа алмай, өзінің білімі мен іскерлігін жеке басының үлгісімен шығармашылықпен іске асыру арқылы шәкірттеріне ықпал етуі керек. Педагогикалық ұжым – оқу-тәрбие мекемесі қызметкерлерінен құралған ұжым. Педагогикалық ұжым қызметін директор үйлестіріп басқарады. Педагогикалық ұжымның жоғарғы органы – педагогикалық кеңес. Педагогикалық шебер мұғалім – педагогтың берілген уақыт аралығында тиімді нәтижеге жетуінде көрінетін, балаларды үнемі түсінетін, ұғатын, өзгелердің пікірін тыңдайтын, өзгелерді сыйлайтын шебер адам. Педагогикалық шебер мұғалім болу өте қиын. Ол үшін аянбай тер төгіп, еңбек ету керек. • Педагогикалық шебер мұғалімнің оқушылардың өзіндік басқаруының ролін көтеруге тырысуы т.б. • Педагогикалық шебер мұғалімнің оқушылардың өмірге, түрлі іс- әрекеттеріне көзқарасын, белсенділігін, ынтасын арттыру; • Педагогикалық шебер мұғалімнің сынып құжаттарында оқушылардың әлеуметтік пікірін қалыптастыруы; Педагогикалық шеберлiк - кәсіптік педагогикалық іс-әрекетті өзі ұйымдастырудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін жеке адамның қасиеттердің комплексі. Оның элементтері: гуманистік бағытталғандығы; кәсіптік білімдері; педагогикалық қабілеттері; педагогикалық техника. Педагогикалық шеберлік – педагогикалық қызметтің жоғары деңгейде меңгерілуі; педагогтың оқушылардың оқу - танымдық іс-әрекетін пәрменді басқарып, мақсаткерлік педагогикалық әсер мен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін арнаулы білімдерінің, біліктері мен машықтарының, тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені. Педагогикалық шеберлік - өз жұмысын жетік білетін және балаларды жақсы көретін әрбір педагогқа тиімді жоғары әрі тұрақты жетіліп отыратын тәрбие мен оқудың өнері Педагогикалық шеберлік деструкциясы – бұл тұлғаның психологиялық құрылымда пайда болатын бұзылыс, өзгеріс немесе деформация болып табылады. Педагогикалық шеберлік деструкциясының пайда болуы және дамуы іс- әрекетті орындау өнімділігін төмендетеді, мотивация мен педагогикалық позицияға негативтьі әсер етеді. Педагогикалық шеберлік деструкциясының дамуын детерминациялайтын факторлардың көп болуын объективті және субъективті деп бөлуге болады. Педагогикалық шығармашылық - саналы және интуициялық интеграция үрдісі, сондықтан оқытушымен педагогикалық суырып-салмалылықтың игерілуі маңызды технологиялық сәттердің бірі болып табылады. Педагогикалық ықпал - мектеп әкімшілігінің, мұғалімнің, сынып жетекшіснің, тәрбиешінің оқушылардың дұрыс білім және тәрбие алуына, қоғамда өз орнын айқын табуына ықпал етуі. Педагогикалық ықпал етудің тәсілдері – бұл тәрбие әдісін толықтырып, тәрбиеленушінің тәртібін реттейтін тәсілдер Педагогикалық іскерліктер оқытушының кәсіби бағытының қалыптасуына, педагогикалық техниканың жетілуіне көмектеседі, мақсатқа сай нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Педагогикалық эмпатия – ол гректің «empatheia» , әсерленулерге ортақтасу, жаңашырлық, адамның әсерленуіне ортақтасу барысында сол адамның ішкі әлеміне еніп кету болып табылады. Эмпатия ұғымдарына түсініктемелер берген ғалымдаро қатарына В.Дильти, К.Юнг, У.Е.Мелибруда, Х.Хекхаузен т.б. Рефлексия – ойлау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тану, адам танымының өз- өзіне, ішкі жан дүниесіне, психикалық ерекшеліктері мен жағдайына бағытталуы, өз-өзіне есеп беруге бейімділік. Сабақ - оқытудың мiндеттерiн, яғни бiлiм беруiн, тәрбиеленуiн және дамуын шешуге жүйелi түрде қолданатын белгiлi бiр уақыт аралығында тұрақты құрамдағы мұғалiмдер мен оқушылардың iс-әрекетiн ұйымдастырудың формасы. Сабақты дидактикалық мақсатына қарай жіктеудің 5 түрі (типі) бар: жаңа оқу материалын өту сабағы; білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы; жинақтау және жүйелеу сабағы; аралас сабақ; бақылау, білімге, дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы. Сөз – белгілі бір мағынаға ие, заттар мен құбылыстардың атауын білдіретін тілдің негізгі формасы. Мысалы: сөзі мірдің оғындай, сөзі бір жерден шықты, сөзінің жаны бар. Сынып дегеніміз-жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімінің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Тактикалық шеберлік – ол қандай да бір мақсатқа жетудің жолдары немесе әдістері, міндеттер жүйесі болып табылады. Мысалы, тәрбиелеу және оқушыларды еңбекке баулу мәселелері жөнінде педагогикалық шебер мұғалім мынадай тактикалық міндеттерді іске асыру тиіс: Талап – педагогикалық ықпал етудің негізгі әдістерінің бірі. Іс -әрекетке итермелейтін талап (кесімділік дәрежесіне қарай -өтініш, тапсырма, бұйрық) және әрекет етуге тыйым салатын талап (нұсқау, сәйкес бұйрық, жазалау) болып бөлінеді. Тәрбие – адамзаттың тарихи қалыптастырған әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі. Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым –қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Тәрбие –жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Тәрбие технологиясы - процестегі жекелеген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі. Тәртіптілік – адамның адамгершілік бағыттылығын, өз тәртібін ойша жобалау қабілетін және өзіндік күнделікті әрекетін қамтитын тәртіпке, ұйымшылдыққы әдеттенуі. Тәртіптілік – адамдардың қоғамдық ортада белгілі бір тәртіп жүйесін сақтауын және олардың игеруге міндетті нормаларды (құқықтық, моральдық, саяси –этностық) берік сақтауын талап ететін жүйе. Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Теория – практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр алуан қоғамдық құбылыстар мен фактілерді түсіндіретін және оларға әсер ете алатын жалпы ғылыми принциптерді білдіретін ілім. Тренинг (ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады т.б. Тұлға – 1) –дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты және адам болмысының қайталанбас, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным – орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Тұлға қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым –қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам, тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады. Ұстаздық әдеп – мұғалімнің аса бағалы педагогтық қасиеті, адамдар ара қатынасының түрлі мағынасында қолданылады. Шеберлік – ол өте көп мағынада қолданылады. Мысалы: іскерлік, өнерпаз, іскер, ұста, білімпаз т.б. Шебердің қолы ортақ деуге болады. Эмоционалды тұрақтылық – жеке тұлғаның ұғымы психологиялық тұрақтылық ұғымымен ерекше үйлесім табады. Этика (әдеп) – мораль, мінезділік, олардың философиялық пән және идеологияның бір түрі ретінде қоғамдағы орны мен нормалары мен мінездік ережелірдің жиынтық жүйесі 2. «Мектепке даярлық тобы педагогының педагогикалық іс-әрекеті және жеке тұлғасы» пәні бойынша дәрістер кешені. Тақырып-1. Балаларды мектепалды дайындыққа бейімдеу әрекетінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Шетелдік және отандық жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жастың зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоциональдық дамуын анықтайтын шарт екендігін дәлелдейді. Уақытында алынған мектепке дейінгі білім мен тәрбиенің әр бала үшін де, еліміздің әл-ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту векторы ретінде стандарттар әзірлеу қажеттілігі туындады. Осыған сәйкес қабылданған жаңа стандартта мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында және мектепалды даярлық топтарында балалармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстардың мазмұны көрсетілген. Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, жетілдіруде психологиялық- педагогикалық диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады: - Мектепке жетілдіру мен оқуға бейімдеу барысы деңгейінің өлшемдері, оқу бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады; - Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, жалпы бүтіндей педагогикалық үрдістерге бағытталуы қажет және негізгі құзыреттілікке, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс; - Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделу деңгейі бала жетілуіне түрткі болатын педагогикалық шаралар жайлы нәтижелер жасауға болатынын сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады. Оқуға бейімделу әрекетін талдау психологиялық диагностиканың қолданылу бөлігін анықтайды. Оның қолданылуын қажет ететін негізгі мынандай мәселелерді атап көрсетуге болады: І. Психологиялық-педагогикалық үрдістегі диагностика негізінде мектепке даярлықты қалыптастыру. Тәрбиешілер мен мұғалімдер үнемі оқу үрдісін бағалап, орындап және жоспарлап отыруы тиіс. Ол бүтіндей топты немесе жеке баланы мектептегі оқуға бейімдеуде, оқытудың алғы шартын өткізу барысы және нәтижелері жайында ақпараттарды қажет етуі тиіс. П. Мектептегі оқуға балаларды бейімдеуде, оқытудың алғы шарттары мен дамуының жеке ерекшеліктерінің диагностикасы. (балаларды бағалау). Тәрбиешілер мен мұғалімдер өз уақытында өздері балалардың даму деңгейін үнемі бағалап отыруы қажет. Ш. Дамудағы артта қалудың түрлі формаларының диагностикасы және оларды түзету жұмыстары дамуда артта қалудың екі негізгі түрі ерекшеленеді: жүйке жүйесінің органикалық бұзылыстары мен байланыстары және клиникалық психологиялық немесе медициналық диагностиканы, терапеяны қажет ететін, негізінде дені сау балалардың дамуындағы жағымсыз сыртқы немесе ішкі міндеттермен байланыста уақытша артта қалуы және жағымсыз мінез-құлықтары. Теориялық диагностика негізінде бұл жерде екі міндетті шешу қажет: ерекше педагогикалық шараларды қажет ететін жағымсыз мінез-құлықтарды түзету жұмыстарын қолдану арқылы қалыпқа келуге көмектесу және күшейту тенденциясы байқалған (профилактикалық шараға қарамастан) балаға қатысты шешімге келу мақсатында диагносикалау мен артта қалу профилактикасы мақсатында дамудың жағымсыз ішкі және сыртқы жағдайларды өз уақытында анықтай білу. Психологтар өздерінің үйрету диагносикасының жұмыстарын саналы түрде, Л.С.Выготскийдің «үйрету кезінде баланы зерттеу» деген принципіне сүйеніп, оны психодиагностиканың тіліне аударғанда, «оның үйретуін талдап, баланы диагностикалау» дегенді білдіреді, яғни даму немесе үйрену үрдісін модельдеу және үйрету барысында талдау. Оқу әрекетінің диагностикалық талдауында екі аспект бар: қабілеттілік аспектісі және ұғыну аспектісі. Алдын-ала және соңғы тесттерді қолданып оқуға кетірген тырысуларын салыстырып және осылардан алынған жетістіктерден нәтиже шығарып, баланың интелектуалды қабілеттілігін білуге болады. Үйрету диагностикасы екі бағытта дамуы керек: әр түрлі заттарды ұғынуға қолданылатын үйретуді шығаратын әдістерді өңдеу керек және сонымен қатар, тек баланың оқуға деген интелектуалды қабілеттілігін ғана емес, сонымен бірге оқудың мотивациясын, араласа істеуін және т.б. ұғыну қабілеттілігін диагностикалауға болатын әдістерді қолдану. Осылармен бірге (баланың білімді ұғып алуының жеке ерекшеліктерін, ептілігін және т.б.) оқыту үрдісінің өзін адекватты бейнелей отырып әдістерді өңдеу керек. [2] С.Л.Рубинштейн және оның шәкірттері, ойлау психологиясына байланысты ойларын эксперименталды зерттеулерінде көрсете білді. Осындай диагностика балалардың мектептегі оқуға бейімделуінің потенциалды мүмкіндігін, сол сияқты оқу мәліметін жеке ұғып алу қасиетін көрсете білу керек, өйткені оны үйретуге таратқан тырысуларын, сонымен бірге, баланың жеке басын дамыту кезіндегі мақсатында көрсеткен көмегі туралы да пікір айту үшін, осындай тәсілдермен диагностикалаудың жаңа аспектілері пайда болады. Іздену экспериментінің өту барысында үйренудің тесттегі қосымша, мектепке баратын балада үйрену фазасындағы өзгергіштіктердің өлшемдерінде, алдын-ала және соңғы зерттеу тесттеріне қарағанда жоғарғы көрсеткіш байқалады. Түзету шараларын дұрыс таңдаудың маңызды алғы шарты, жағымсыз мінез-құлықтың себептері мен жағдайларын психодиагносикалық тұрғыда анықтау болып табылатынын айтты. [3] Оқуға бейімделу үрдісінің тиімділігін диагностика негізінде салыстыру оқу үрдісіне бейімделу, оқу бағдарламасының өту барысының орындалу нәтижелері жалпы тиісті ақпараттарды қажет етеді. Осындай ақпарат оқу үрдісімен басшылық жасайтын, педагогтарға, кеңесшілерге (әдіскерлерге), балабақша меңгерушілері мен мектеп директорларына қажет. Олар балалардың оқуға бейімделуін, мектептегі жағдайға баланың қалыптасуын салыстырудың стандартты тәсілдерін жасауға тиіс, ол өте маңызды міндет, оның шешімі жолында психологтар мен оқытушылар және әдіскерлермен бірге жұмыс жасау қажет. Балаларды мектептегі оқуға қалыптастыру мезгіліндегі олардың психикалық қасиеттерін өлшеудің төрт түрлі шкаласы бар. 1. Атаулар шкаласымен өлшеу кезіндегі жіктемесі сапалы белгілер бойынша жүргізіледі. Мысалы, «дене шынықтыруға қызығушылықтарын», «музыкалық қызығушылықтарын», «математикалық қызығушылықтарын» дифференциялауға болады. Мысалы, балаларда дене шынықтыруға қызығушылықтары айқын көрінетін болса, баланың осы қасиетіне тиісті ойлар жинағының көмегімен жүргізіледі. 2. Рангілі шкалада, топтар мен сыныптарды иерархиалық баспалдақтар бойынша орналастыруға болады, мысал ретінде бағалар шкаласын келтіруге болады. Рангілі шкалада шкалалардың жеке мағаналары арасындағы арақашықтықтар бірдей болмауы мүмкін, сондықтан оқушының үлгерімінің жақсаруына психометрия тұрғысында орта бағалар және орта баға көмегімен түрлі сыныптар арасындағы оқушылар үлгерімін салыстыруға жол берілмейді. 3. Интервалдар шкаласында тек сандық топтастыру ғана бола алады, өйткені шкала мағыналары арасындағы ара қашықтықтарды өлшеу сәйкес бірліктерімен анықталады. Мұндай шкалалар психометрикалық деп те аталады. Ең танымал интервалдар шкаласы, ол бағалаудың стандартты шкаласы болуы мүмкін, мысалы, педагогтар практикасында психометрикалық тұрғыда сенімді мәліметтерді беретін психодиагностикалық әдістер аз кездеседі. 4. Психометрикалық шкаланың басқа түрі ол пропорционалды шкала болып табылады. Интервальдар шкаласына қарағанда ол тіпті нолге тең. Мысалы, бойды өлшеу, шкалада нолге тең болса да, бірақ бойы нолге тең адам болмайды. Өлшеу жүргізілетін шкаланы таңдау, оның зерттеуінің әдіснамалық қиындықтары мен проблема сипаттамасына байланысты. Диагностикалық әдістерді құрау мүмкіншілігіне өлшеудің бара-бар стандартты шкалаларын қолдану қажет. Психометрикалық шкалаларды жасауда, балалардың алғашқыдағы ішкі орналасуын қалыпты орналасуға қайта құру қажет. Диагностика негізінде балалардың дамуын, мектепке жетілу жағдайларын талдауда, психодиагностикалық әдістер көмегімен нақты мәліметтер жасалынады және олардың негізінде балалардың белгілі бір талаптарды орындау барысында іс-әрекеттерінің психикалық жүйелі даму жолы және деңгейі жайлы нәтижелер жасауға болады. Педагогикалық диагностика бөлімінде әрбір диагноз мынандай көзқарастар тұрғысында қарастырылуы тиіс: а) мектепке баратын балалар тобына берілетін тәрбие мен оқыту мақсаттарын, баланың жеке басының дамуының актуалды деңгейі жайлы салыстырылған мәліметтерден; ә) осы жастағы балалардың дамуындағы жеке айырмашылықтар жайлы мәліметтерден; б) алдыңғы жас кезеңдеріндегі дамуы жайлы мәліметтерден (даму детермикациясы); в) болашақтағы дамуы жайлы мәліметтерден: дамуы үшін қажет ететін нәрселерді, балалардың ары қарай жақсы дамуына қолайлы жағдайларды анықтау (өзгерістер аспектісі). Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, мектеп жағдайларына жетілдіру үшін педагог пен психологтар арасында әрбір баланың оптималды дамуы үшін ең жақын жолды іздестіріп, ортақ мақсатпен анықталатын серіктестік қатынасы орнығуға тиіс. Осындай әдістемелік принциптен психодиагностикалық әдістердің қолданылуы мен жасалуы үшін екі негізгі қорытынды келіп шығады. Педагогикалық нәтижелерді жасауға мүмкіншілік беретін әдістерді жасау қажет. Психодиагносика педагогикалық үрдістермен тығыз байланыста болып, психодиагностикалық диагноз негізінде құрылатын мектепке баратын балалар дамуының педагогикалық стратегиясын қарастыруда жауапкершілікті болады. Психологиялық диагностика – жеке баламен немесе топтың психологиялық даму күйін немесе деңгейін, қасиеттерін, мектептегі оқуға бейімделуін, мектеп жағдайларына қалыптасуын нақты бағалау үшін теорияны, әдістемені және әдісті қарастырумен байланысты арнайы білімдерді психодиагностикалық бағалаудың объектісі ретінде психология балалардың түйсінуімен басталып және бір-бірімен өзара әрекеттескенде сонымен бірге, қарым-қатынас үстінде пайда болатын күрделі әлеуметтік-психологиялық үрдістерге дейін болуы мүмкін. Мектепке дейінгі мекемелерде, мектепке баратын балаларға, мектептегі жағдайларға сәйкес мынандай психодиагностикалық жұмыстарды жүргізу қажет: - мектепке баратын балалардың психологиялық (танымдық, интелектуалды және т.б.) дамудың динамикасын зерттеу. Әр бала үшін жылдық немесе айлық дамудың көрсеткіштері кіретін психодиагностикалық карта болуы керек. - әр баланың психикалық және мінез-құлық дамуының жеке ерекшеліктерін, орта стандарттан, нормадан, жағымды немесе жағымсыз жаққа ауытқуын анықтау. - Мектепке баратын балаларға, мектептегі оқуға бейімделудің және тәрбиелеудің жетістіктерін анықтау мақсатында, практикалық мінездеменің негізінде, дамуға психологиялық эксперименттерді қамтамасыз ету. - балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігін, бейімделуін және қалыптасуын анықтау, олардың өз уақытында дамуына шаралар қабылдау мақсатында жүргізілуі. - балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған әдістерді таңдап алу мақсатында, тәрбиеші, мұғалім мен ата-аналар үшін бала психологиясының күйі туралы жан-жақты хабардар болуы қажет. Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде, мынандай моральді- этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері: 1. Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі керек. 2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың ата-анасының рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Балалар мектепке баратын кезге дейінгі уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады. 3. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар өз балаларының психологиялық зерттеулерінің нәтижелерінің қорытындысын психолог маманнан білуге болады, сонымен бірге психолог, ата-аналарға өз балаларының психологиясына тиісті білгісі келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс. 4. Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа факторлардан баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін, ата-аналар мен психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс. 5. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз байланыста болып атқаруы қажет. Психодиагностикалық әдістердің көпшілігі мектепке баратын балалардың түсінігіне байланысты психологиясы мен физикалық жағынан сау балалардың, зерттелініп отырған қасиеттер дамуының орта деңгейін сипаттайды және осындай зерттеулердің нәтижелерінен ауытқуы бар балалардың да қасиеттерінің даму деңгейі де анықталады. Егер оның жеке көрсеткіштері нормадан жоғары болса, онда осы бала өзінің дамуы жағынан құрдастарынан жоғары болады, ал керісінше, егер оның жеке мәліметтері нормадан төмен болса онда құрдастарынан қалып қояды. Психодиагностикада балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігіне байланысты жүргізілетін эксперименттердің қиыншылығының ең бір негізгі себебі, баланың белгілі қабілеттерін психологтар тапсырма беру кезінде, осы тапсырманы орындауы оның қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды, сонымен бірге, мотивацияға, мектептегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты. Мектепке баратын балаларды зерттеу үстінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына барлық әдістерді қолдануға болады. Бірақ, кейбіреулері өте күрделі және арнайы бір құралдарды қажет ететіндері де кездеседі. Сондықтан практикада салыстырмалы жеңіл тесттерді сұрақнамаларды, бақылауды, құжаттарды талдауды және психодиагностикалық эксперименттерді қолданады. Психодиагностиканың негізгі құралы – тесттер. Олардың көптігіне байланысты, мынандай негізгі бөліктерге бөлінеді: жеке және топтық (ұжымдық), вербальды және вербальды емес, сапалылығы мен саны, альтернативті мен градуальды, жалпылама және арнайы тестер. «Тест» ағылшын тілінен аударылған мынандай мағананы білдіреді: «тексеру», «сынау», «сыналу». Интеллект тесттерінің арасында өз уақытында әйгілі Стенфорд шкаласы қолданылды. Сонымен бірге, Д.Векслер шығарған шкалалар кеңінен пайдаланылды. Бұл шкалалар әртүрлі жастағы балаларға арналған, олар жеке қабілеттерді және оның ұқсастығына, арифметикалық әрекеттердің шығарылуына, вербальды есептерді шығаруға, сонымен бірге, есте сақтауға, аяқталмаған суреттерді аяқтауға, конструкциялауға бағытталған. Мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларға Д.Векслердің шкаласы көп қолданылады. Балалардың үлгерімін тексеруге пайдаланылатын тесттер арқылы, көптеген психологтардың мәліметтерінен оқудың табыстылығын алдын ала білуге болады. Интеллектуалды тестте қоршаған ортаның әсерін ескеру қажет. Көптеген жеке тесттерде, баланың жеке қасиеттерін анықтау үшін қарастырылып зерттелген. Жаңа шарттарға бейімделу тесттің ең қажетті талабы. Белгілі бір жасқа арналған тесттер басқа жастағы балаларға қолдануға болмайды. Балаларды мектептегі жағдайға жетілдіріп, оқуға бейімделу мәселелеріне байланысты психологтар мен педагогтардың көп жағдайларда ынтымақтастығы көрінеді, әсіресе мектеп практикасында психологиялық міндеттерді шешу маңызды жағдайда болады. Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру; диагноз қою; дамыту жолдарын белгілеу – қысқа мерзімдік диагностикалық шара болып табылады. Осы даярлық диагностика мазмұнын үнемі жаңа ізденістермен жетілдіріп отыру – теорияның жемісі. Сондықтан да мектепке психологиялық даярлықты анықтау мазмұнын теориялық ғылым, тәжірибелік іс-әрекет ретінде қарастырады. Тақырып-2. Мектепке дейінгі балаларды мектепке даярлау. Мектепалды даярлық бойынша қарастырылатын мәселелер: мектепалды жасындағы оқыту процесс балабақшадағы дидактика ілімінң калыптасуы (П.Ф. Каптерев, Е.И. Тихеева, Р.С. Буре, В.Г. Нечаева, Г.Н. Година, З.И. Истомина, Н.К. Крупская, Е.А. Флерина, Т. Подьякова,т.б.). Мектепалды топтары мен сыныптарында балаларды оқыту ерекшелштері, оқыту мазмұны, әдістері, принциптері. Окытудың негізгі формасы-сабақ. Оқыту технологияларын қолдану жолдары. Аталған топтардағы окыту мен тәрбиелеу бағдарламаларына көңіл бөлу. Баланың мектепке жалпы дайындығы - бұл, физиологиялық, психологиялық тұрғыдан адамгершілік, ерік-жігерінің және денсаулығының қалыпты жағдайда болуы. Баланың жалпы дайындығы дұрыс болмаса оқуға құлқы болмайды, жеке тұлға ретінде қалыптасуына кедергі келтіріледі. Баланың психологиялық дайындығы - оку түрткісінің (мотивінің) қалыптасуына байланысты болмақ. Негізгі түрткілер ішінде оқу түрткісі, яғни менің көп білгім келеді, оқуды, жазуды, есеп шығаруды үйренгім келеді деген ең маңызды мәселелер қалыс қалып кояды. Мұндай түрткілер баланың психологиялық тұрғыдан дайын болған кезде ғана көрініс береді. Бұл түрткілер бірден пайда болмайды, біртіндеп қалыптасады. Олар танымдық қызығушылығы берік бола бастағанда, жаңа білім негіздерін қабылдағанда пайда болып, үлкендердің мадақтау, бағалауы нәтижесінде бекітіліп отырады. Баланың арнайы дайындығы - бұл, алғашқы білім-білік дағдыларымен қарулануы, яғни 6ipiнші сыныпта берілетін білім мазмунының қарапайым білім негіздерімен қамтамасыз етілуі болып табылады. Мектепте оқытуға дайындықты қалыптастыру дегеніміз балалардың оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруі және оқушылар ұжымына енуі үшін алғы шарт жасау деген сөз. Бұл ұзак та күрделі процесс, оның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту болып табылады. Баланың мектепте оқуға арнаулы және жалпы дайындығын ажырата білу қажет. Арнаулы дайындық балада алдымен мектептің ана тілі, математика секілді оку пәндерін үйренудің негізі болып табылатын білімнің, ұғымның, іскерліктің бар-жоғымен, жалпы дайындық оның дене және психикалық дамуына қарай анықталады. Дене дамуы — бұл баланың жақсы денсаулық күйі, төзімділігі, қолайсыз ықпалдарға қарсы тұра алуы; қалыпты антропометриялық көрсеткіштері (бойы, салмағы, кеуде клеткасының аумағы), қимыл жағынан дамуының жақсы дәрежесі, қолдың жазу үшін керекті майда, дәл және алуан түрлі қимылдар жасауға әзірлігі; мәдени-гигиеналық дағдыларының т. б. жеткілікті дамуы. Дене жағынан дамыған бала мектепте жүйелі оқуға байланысты қиыншылықтарды оңай жеңеді. Психологиялық даму алдымен интеллектуалдық даму дәрежесі деген мағынада түсініледі. Мектепке дейінгі ересектер шағының аяғына қарай балалар қоршаған орта туралы, адамдардың өмірі туралы, табиғат туралы белгілі мөлшерде білім меңгереді. Бұл білім мөлшері балалар бақшасының бағдарламасында белгіленген. Мектепке дейінгі балалардың жеке деректерді емес, мектептегі пәндік оқытуды енгізуге негіз болатын өзара байланысты білімдер жүйесін меңгеруі маңызды. Олардың таным ынтасын, әуесқойлығын дамытудың зор маңызы бар. Бұл мектепте балалардың сан алуан оқу тілегін калыптастыру үшін негіз болып табылады. Баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығының маңызды компоненті — адамгершілік- ерік дайындығы. Оку іс-әрекеті еркін ықылас коюды, мақсатты түрде есте сақтауды, өзінің мінез-кұлқын бақылай білуді, тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ұйымшылдықты т.т. талап етеді. Адамгершілік- ерік дайындығы деген ұғым сондай-ақ баланың жаңа ұжымға, мектеп ұжымына енуіне, қоғамдық жұмысқа белсене араласуына мүмкіндік беретін: ықыластылық, ізгі ниеттілік, өзара көмек, ұйымдастыру шеберлігі сияқты моральдық сапаларды да қамтиды. Бала мектептегі жаңа іс-әрекетке ғана емес, сонымен бірге өзінің құқықтары мен міндеттері бар оқушының жаңа әлеуметтік жағдайына да дайын болуға тиіс. Балалар бақшасының балаларды мектепке дайындау жөніндегі жұмысы олардың мектепке дайындайтын тобына кешуінен көп бұрын басталады. Балалар бақшасының оку-тәрбие жұмысының бүкіл жүйесі баланың мектептегі оқуға дайындығын қалыптастыруды көздейді. Мектепке дайындайтын топтың басқа топтардан айырмашылығы —балабақшасындағы тәрбие бағдарламасында көзделген оқу-тәрбие жұмысының барлық міндеттерін орындау аяқталады. Мектепке дайындайтын топта балалардың күн тәртібін мүлтіксіз орындауға қойылатын талап едәуір артады. Егер олар ұзақ уақыт балалар бақшасына барып жүрген болса, оларда күн сайын белгілі бір уақытта белгілі бір қызмет түрлерімен шұғылдану әдеті қалыптасып қалады. Балалар олардың мазмұны мен ерекшеліктерін жақсы біледі, оларды орындауға дайын тұрады. Тәрбиешінің басты міндеті — тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындауда бақылау мен балаларға көмекті күшейту, әрбір баланың алдына қойылған мақсатқа міндетті түрде жетуін талап ету. Мектепке дайындайтын топта олардың іс-әрекет мазмұнын қиындату оны жүзеге асырудың неғұрлым жоғары тиімділігімен ұштастырылуға тиіс. Мектепке дайындық тобында балалардың тәуелсіздігін қалыптастыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Тәуелсіздік қайсыбір іс-әрекет үшін кажетті білімнің, іскерліктің, дағдының болуымен, оны жүзеге асыру процесінде қалыптасатын жағдайларға, алынған нәтижелерге саналы қараумен сипатталады. Мектепке дейінгі балалық шақта баланың тәуелсіздігін дамыту мектепте оқытудың маңызды негізі болып табылады. Оку іс-әрекеті, үйге берілген тапсырмаларды орындау бірінші сынып оқушысы күнінің көпшілік уақытын алады. Ол мектепке жинала ма, сабақта отырып оқи ма немесе алғашқы коғамдық тапсырманы орындай ма — бәрінде де дербестік көрсету қажет болады. Таңертең ол өзі гимнастика жасайды, мектепке керекті нәрсенің бәрін алуды ұмытпайды. Тәуелсіз жұмыс істеу дағдысы оның сыныпта тапсырманы орындап шығуына көмектеседі, бірақ тәуелсіздік үйге берілген тапсырмаларды орындаған кезде өте кажет. Бірінші сынып окушысы өзінің жұмысын жоспарлай және бақылай білуге, өзінің жетістіктерін байқап, кемшіліктерін көре білуге; бір міндетті шешкен кезде үйренген тәжірибені басқа міндеттерді шешу үшін пайдалануға тиіс. Мектепке дайындайтын топтағы балалардың тәуелсіздігін дамыту міндеттерін, міне, осы талаптар белгілейді. Мектепке дейінгі балада жеті жасқа қарай іс-әрекеттің жекелеген түрлерінде дербестік көрсетудің белгілі тәжірибесі қалыптасады. Мысалы, өзіне-өзі қызмет көрсетуде, табиғаттағы еңбекте дербестік дәрежесі айтарлықтай жоғары, ал осы сапаның оқу және ойын кызметіндегі дамуы бұрынғысынша тәрбиешінің назар аударуын талап етеді. Мектепке дайындайтын топтағы балалар жекелеген тапсырмаларды тәуелсіз орындай алатын болуға: кітаптарды жөндеу үшін құрбыларын ұйымдастыра білуге, серуендеу кезінде тәрбиешінің көмекшісі ролін атқаруға, қимыл ойындарын өткізуге т.б. істей білуге тиіс. Егер балаларды даярлап, қалай істеу керек екенін көрсетіп, айтып берсе, олар мұндай тапсырмаларды әбден орындай алады. Тапсырманы ойдағыдай орындағаны үшін баланы мадақтап қою қажет. Балалардың тәуелсіздігін дамытуға басшылық жасай отырып тәрбиеші оларды алға қойылған міндетті ескертусіз, көмексіз және бақылаусыз шешуге, орындайтын жұмысына саналы қарауға, өз іс-әрекеттерін байқай білуге үйретеді. Тәуелсіздікті дамыту іс-әрекет мотивтерін қиындата беруге байланысты. Мектепке дайындайтын топта бұл мотив, мысалы, баланың, тәрбиеші үйреткеніндей, суретті жақсы салып қана қоймай, сонымен бірге жоғары баға алғысы, міндетті дұрыс шеше білетіндігімен көрінуі мүмкін. Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгі балалардың тәуелсіздігін қалыптастыру іс-әрекеттің барлық түрінде де тәрбиешінің басшылығымен. жүзеге асырылады. Мектепке дайындайтын топтағы балалармен жұмыста дене шынықтыру жаттығуларының спорттық түрлері ерекше орын алады. Шаңғы, коньки, велосипед тебу, шанамен сырғанау, жүзу ірі бұлшық еттердің түрлі топтарының қатысуын талап етіп, денеге жақсы күш түсіреді. Егер бала мектепке дейін дене жаттығуларының осы түрлерін меңгерсе, спорт ойындары мен сауықтарын жақсы көріп кетсе, бұл мектеп жылдарында да оның бос сағаттарда осылармен шұғылдануы үшін алғы шарт болып табылады. Бұл әрі ой еңбегінен тынығуының, ағзаны одан әрі сауықтырудың құралы болып табылады. Балаларды дене шынықтыру жаттығуларының спорттық түрлеріне үйрету жұмыстың ерекше бөлімі болып табылады, ол тәрбиешіден шаңғы, коньки тебудің т.т. техникасын және, әрине, балаларға сол қимыл түрлерін үйрету әдістемесін меңгеруді талап етеді. Мектепке осы заманғы оқытудың негізін қалаушы принцип тәрбиелей және дамыта отырып оқыту болып табылады, ол балалардың таным процестерін, білімге ықыласын дамытуды көздейді. Балалар бақшасында бұл принципті жүзеге асыруда балалардың қарапайым оқу іс-әрекеті жоспарлы және жүйелі түрде жетілдірілетін оқу сағаттары ерекше маңызды роль атқарады. Бұл тәрбиешінің балаларда оқу міндетін түсіну және оны орындауға әзір тұру, ықыласты болу, үлкендердің жоспары мен нұскауы бойынша әрекет істей білу, бұрынғы алған білімі мен іскерлігін жаңа іс-әрекетке пайдалану, тапсырманы орындау тәсілдерін меңгеру, өзін-өзі бакылау, бағалау, қалыптастыруына мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда әрбір сабақтың бағдарламалық мазмұнын дұрыс белгілеудің зор маңызы бар. Педагог әр баланы ақыл-ой жағынан тәрбиелеуге және дамытуға қамқорлық жасайды, ақыл-ой міндеттерін шеше отырып, белгілі күш-жігер жұмсау қажеттігін алдына кояды. Бірте-бірте оқыту процесінде балалардың бойында тапсырмаға саналылықпен қарау, тәрбиешінің түсіндіруіне құлақ асып, мағынасына бойлай білу, мақтау үшін емес, еңбек нәтижесінен қанағат алу үшін жақсы нәтижелерге жетуге ұмтылу қасиеттері пайда болады. Мектепке дейінгі балаларда бар ықыласымен, белгілі бір қарқынмен жұмыс істеушілік қалыптасады, жұмыс қабілеті артады. Мектепке дайындайтын топтағы балалармен жұмыста окытудың көрнекі әдістері мен тәсілдерін пайдалану белгілі ерекшелікке айналады: тәрбиеші оларды әрекет жасау тәсілін қалыптастыру үшін емес, ойлау іс-әрекетін күшейту үшін көбірек қолданады. Мәселен, үлгі нұсқаны көрсету бұрынғы тәжірибені баланың есіне түсіру үшін, оның есіндегі, елесіндегі бейнені ояту үшін пайдаланылады. Мектепке дайындайтын топтағы балалармен жұмыста оқытудың ауызша әдістерінің (тәрбиеші әңгімесінің, алдын ала ойластырылған сұрақтарды қамтитын әңгімелесудің т.б.) зор маңызы бар екенін атап айту керек. Педагог ауызша әдістерді таңдап алуға, оларды басқа (көрнекі, практикалық) әдістермен дұрыс ұштастыруға, сөйтіп оқу процесін неғұрлым пәрменді етуге, ал білімді саналы түрде меңгеретін етуге мұқият назар аударады. Мектепке дайындайтын топта ойын тәсілдері өз маңызын сақтайды. Дидактикалық ойындарға ерекше орын беріледі. Ойын формасында қойылған оқу міндеті балаға білім алу мақсатын түсіндіріп, баланың ерікті ықыласын арттырады, іс-әрекетін күшейтеді, таным ынтасын дамытады. Мектепке дайындайтын топта балаларға адамгершілік және еңбек тәрбиесін беру, олардың өз құрбыларымен және ересектермен өзара қарым-қатынасын қалыптастыру бағдарламасы күрделене түседі, азаматтық сезімдер тәрбиелеу жөніндегі жұмыс күшейтіледі. Баланың адамгершілік тәжрибесін қалыптастыра отырып, тәрбиеші олардың мінез-кұлық нормалары мен ережелерін түсінуіне көбірек сүйенеді, адамгершілік тұрғысынан пайдалы істерге жаттықтырады, күнделікті накты жағдайларда этикалық міндеттерді өздігінен тәуелсіз шешуге үйретеді. Балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ол балалардың айналасындағы адамдармен өзара карым-қатынас жүйесін қалыптастыру үшін қажетті жағдай жасайды. Мектепке дайындайтын топта дүрыс жолға қойылған еңбек тәрбиесі бастауыш сыныптарда оқудың ойдағыдай жүргізілуіне көп көмектеседі. Алайда мектепке дайындайтын топтағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойын екенін ұмытуға болмайды. Ойындардың тақырыбы кеңейеді, ойын әрекетінің құрылымы күрделендіріледі, ойындағы байланыстардың, өзара карым- қатынастардың дамуына басшылық жетілдіріледі. Балаларды мектепке жан-жақты дайындауға қамқорлық жасай отырып, педагог ата-аналардың жанұяда бала өмірінің дұрыс режимін ұйымдастыруына көмектеседі, мектепке түсерде мектеп жасына дейінгі баланың шамамен қай көлемде білімі болуға тиіс екенімен, оның есте сақтағыштығын, ықыласын, талдау, салыстыру, жинақтау, корытынды жасау қабілетін калай дамыту керек екенімен, I сыныпта баланың оку әрекетіне қойылатын талаптармен таныстырады, балалардың ой еңбегінің мүмкіндіктері, олардын еңбек нәтижелеріне көзқарасы туралы айтып береді. Ата-аналар балаларға нені және қалай оқып беру, олардың ойындарына қалай қарау керек екенін білуге тиіс. Тәрбиеші баланың ықыласын, есте сақтағыштығын, кеңістікте бағдарлағыштығын дамытуға, сезім, ойлау, сөйлеу мүшелерін дамытуға көмектесетін, қоршаған болмыс женіндегі ұғымдарды анықтай түсуге жәрдемдесу керектігі жөнінде кеңес береді. Педагог ата-аналарға баланың мінез-құлқына мектеп қандай талаптар қоятынын айтып береді, олардың не нәрсеге ерекше назар аударуға тиіс екенін, не істеу керек екенін, балалармен не жайлы әңгімелесеу, не оқып беру, әр түрлі өнер шығармаларын тәрбие мақсатында қалай пайдалану керек екенін түсіндіреді. Осындай жұмыстың қорытындысында ата-аналарда балаларды мектепке дайындау туралы білімдер жүйесінің қалыптасуы маңызды. Тақырып-3. Мектеп жасына дейінгі баланың жазу мен оқуға дайындығын қалыптастыру Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес. Кез келген мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты – балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру. Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған белгілі білік пен дағдылар қажет (алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын. Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурет салу және т.б.) және кез келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады, бірақ олардың алғышарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн. Оқушының жетекші іс-әрекеті – оқу іс-әрекеті. Балабақшада жүйелі түрде ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс- әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды. Мектепке даярлауда балабақшада ересек топ балаларын симметриялық формаларды салуда орталық сызықты салуға үйретеді. Бұл өз кезегінде, 1-сыныпта бейнелеу сабақтарында негізгі сызықтан бастап вертикальді, горизонтальді, қиғаш сызықтарды, симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету болып табылады. Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, математика, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балада денесін тік ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырылады. Олардың басты мақсаты - балаларда жазу мен санауды үйретудің алғашарттарын қалыптастыру. Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық дағды. Жазуға үйрету тек мақсатты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады. Сауат ашу – баланың көптеген психикалық қызметтерінің жетілуін талап ететін, күрделі ақыл-ой әрекеті. Жазу – психологиялық және физиологиялық тұрғыдан алғанда өте қиын күрделі үдеріс, сондықтан да жазу дағдысын игеру үдерісінің көпкомпонентті психофизиологиялық құрылымы бар. Бір сөзді жазу үшін балаға көптеген амалдар жасау керек, сол себепті баланы жазуға үйретуді жазудың барлық функцияларын жүзеге асырудан көп бұрын бастау қажет. Жазуға үйретудің негізгі міндеттері: * фонематикалық есту және сөздің дыбыстық құрамын талдау білігін дамыту; * қолдың және саусақтардың майда бұлшық еттерін дамыту; * ішкі және сыртқы сөйлеуді, сөздік-логикалық ойлаудың бастапқы кезеңдерін дамыту; * есте сақтау қабілетін дамыту; * жазу құралдарын еркін ұстай білу дағдысын дамыту; * парақтың бетінің кеңістігін бағдарлауды қалыптастыру. Балабақшадағы интеграциялық сабақтар: 1. естігенді тез ой елегінен өткізіп, жылдам жауап қайтару (доппен ойын – «Сұрақты қағып ал да, жауапты бер», «Ертегіні ата», және т.б.); 2. сөзге дыбыстық талдау жасау, оларды модельдің көмегімен жазу, жеке әріптерді құрастыру (пластилиннен, таяқшалардан, қағаздан және т.б.); 3. парақтың бетінің кеңістігін бағдарлау («Графикалық диктант», «Нүктелерге қарап заттың суретін сал» және т.б. жаттығуларды орындау); 4. колдың саусақтарының қимылы мен синхронды сөйлеу (саусақтық имитациялар, доппен ойын және т.б.); 5. қолдың қимылдарын бақылау ( «Ережеге сай ою-өрнекті салуды жалғастыр», «Суретті шрихта» және т.б.); 6. жазу жазатын құралды дұрыс ұстау білігі, - жазуға дайындалып жүрген балаға көп көмеген тигізеді. Баланы жазуға үйрету интеграциялық сабақтармен қатар арнайы сабақтарда, жүйелі жаттығулар мен ойындардың көмегімен жүзеге асырылады. Баланың қолын жазу дағдыландыру жаттығуларымен қатар, оқу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру міндеті де қойылады: үлкендерді мұқият тыңдау білігі, оолардың нұсқауы бойынша әрекет жасау, өз бетінше алдына қойынған ақыл-ой міндеттерін шешу, өз әрекетін бақылау және т.б. Балабақшада 5-6 жастағы балаларды сауат ашуға дайындауда келесі міндеттер қарастырылады: 1. көргенді, естігенді, сезінгенді түсініп, оның мазмұнын айтып беру білігін қалыптастыру; 2. айтылатын нәрсенің, әңгіменің логикалық жүйесін құру білігін қалыптастыру: жоспар түзу, әңгімені неден бастайтынын анықтау, оны немен аяқтау, бір ойдан келесі ойға бірізділікпен өту; 3. балалардың сөздің қорымен жұмыс жасау (жаңа сөздер мен ұғымдарды синонимдерді, антонимдерді игеру, кітап суретерімен және көркем әдебиет тілімен танысу); 4. сөйлеудің дыбыстық жағын дамыту: дыбысты таза айту, дауыстың ырғағы мен күшін реттеу, мәнерлілік, фонематикалық есту. 5. Балаларды ауызша және схемалық жазбаша сөйлеуден сөйлемдерді анықтауға үйрету, берілген сөздерден сөйлем құрау, сөздерді буынға бөлу, балаларды сөздің дыбыстық құрылымымен таныстыру [3]. Баланың мектепке дайындығы немесе дайын еместігі оның сөйлеу қабілетінің даму деңгейімен анықталады. Себебі, бала мектепте оқу барысында игеретін білім жүйесі ауызша және жазбаша сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Егер ауызша сөйлеуді ол мектепке дейін игерсе, ал жазбаша сөйлеуді алда үйренетін болады. Жазбаша сөйлеуді толыққанды үйрену үшін, мектепке дейін кезеңде баланың ауызша сөйлеу қабілеті жоғары деңгейде дамуы қажет. [4]. Баланы оқу мен жазуға үйрету - мектептің міндеті, бірақ көптеген дағдылар мен біліктерді бала мектепке келіп, алдына оқу мен жазудың нақты мақсаты қойылғанға дейін игере алады. Сонда ғана оның мектепке келгеннен кейін оқу мен жазуды толыққанды игеруі жеңіл болады. Ал мектепке даярлау барысында игерген дағдыларын ол өзіне жаңа іс-әрекет барысында жүзеге асырады дегіміз келеді. Болашақ бірінші сынып оқушысы нені білуі керек? Көптеген ата-аналар дайындық дегенді баласы оқу, санау және жазуды білсе болды деп біледі. Шындығында, бұл тек басы ғана. Мектепке дайындық сіз бен біз ойлағаннан да, әлдеқайда маңызды әрі күрделі мәселе екен. Негізі мектепке барғанға дейін теория жүзінде баланың оқи алуы, жаза білуі, санай алуы міндетті емес. Алайда, тәжірибе жүзінде мұның бәрін білгені өзіне пайдалы, өйткені оқудың қарқынына ілесу қиындап, бала «алдыңғы қатарлы» құрдастары арасында өзін қолайсыз сезінуі мүмкін. Бала өзін «ақсаусақ», қолынан ешнәрсе келмейтін оқушы ретінде сезінбес үшін, ата- аналарына мектепалды даярлыққа айтарлықтай мән беруге тура келеді. Сондықтан да, ерінбестен баламен даярлық сабақтарын өткізіп, үлкен жауапкершілік таныту не болмаса қолайлы уақыт пен ақша тауып, оны кәсіби мамандарға – дайындық курстарына (өзіңіз баланы апаратын мектеп ішіндегі курстар ең қолайлысы), баланы ерте бастан дамыту мекемелері немесе жеке педогогтар мен психологтарға тапсырған дұрыс болады. Әйтсе де есіңізде болсын, мектепке дайындық бірден жасала салатын нәрсе емес, оны кезең кезеңімен іске асыру керек! Баланы мектепке даярлау барысында сіз басты назар аударатын негізгі сәттер: ➢ Жалпы ой-өрісін дамыту (баланың таным көкжиегін кеңейтудің ең озық тәсілі — онымен «өмір жайлы» әңгіме жүргізу, кітап оқу және оны талдау); ➢ әріптер мен сандарды, геометриялық кескіндерді және түстерді, оңға/солға, үлкен/кіші, кең/тар түсініктерін үйрену және т.б.; ➢ мүмкіндігінше – оқи білуді (ең болмағанда буынға бөліп оқу) және санауды үйрету (ең болмағанда10-ға дейін); ➢ міндетті түрде кіші қозғауыштарды дамыту, яғни, сүйектер мен саусақтардың икемділігін дамытуға арналған сабақтар өткізу. Бұл жазуға да, сондай-ақ тілді дамытуға да қажет болатын дүниелер (бала миынының құрылымында бұл екі орталықтың орны бар). Дәлірек айтқанда, баланың көбірек сурет салуы, конструктормен ойнауы, бірнәрсені жасауы, жапсыруы, ұсақ заттармен, мысалы, моншақ, тиын, сіріңке, тісшұқығыш сынды заттармен жұмыс істеуді меңгеруі керек, олардан картина немесе аппликация, тіпті олардан әр түрлі тізбектер жасап үйренуі керек, мұның бәрі оларды бір нәрсені істеу үшін, ұзағырақ отырып айналысуға үйретеді; ➢ есте сақтау қабілетін жаттықтыру – яғни, әндер мен тақпақтарды жаттауды үйрету (мектепте болатын ертеңгіліктер мен жиындарда баланың жарқырап көрінуіне септігін тигізеді, бұл оның мектептегі өмірінің дұрыс жолға бағытталуына көмектеседі); ➢ сараптауды, жіктеуді дұрыс меңгеруге жаттықтыру – бұл баладан бір оқиғаны айтуды, яғни ең алдымен не болғанын, одан кейін қандай жағдай орын алғанын (себептік-жалғаспалы байланыстар) сұрау, түрлі картина бөліктерінен бүтін нәрсе құрастыру, заттарды қандай да бір белгілеріне қарай орналастыруды, жинақтауды тапсыру. Алайда, баланың үйренуі оның мүмкіндіктері мен психикалық жетілуіне сәйкес келмейтінін ұмытпаған жөн. Сондай-ақ, оның үйрену қабілеті баланың танымдық белсенділігінің жоғарылығы деп айтуға болмайды, көп жағдайда ата- аналар өз баласына біліммен толтыру қажет бір ыдыс қана деп қарайды. Расында, «оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар» дегендей, баланың жарқырай жануға дайын тұрған шырақ екенін, оны тек тұтату қажеттігін ескере бермейміз. Оның үстіне тұтас беттегі тақпақты жатқа айтқан бала жақсы оқушы деп бағаланғанымен, шын мәнінде ол мектепке дайындығы бойынша, психологиялық, тұлғалық, қарым-қатынас тұрғысынан, әлеуметтік-психологиялық жағынан әлсіз, тіпті дайын емес те болуы мүмкін. Дәлірек айтсақ, білім қорынан басқа балаға: коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды меңгеру,ияғни, өзі тұратын қоғамда қабылданған, күнделікті өмірдегі моральдық-адамгершілік қағидаларды пайдалана отырып, өз ортасымен түсінісе, араласа білуі керек; Тақырып-4. Қоғам дамуына байланысты педагогқа қойылатын талаптардын өзгеруі. Педагог профессиограммасы. Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған. Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті Ежелгі Греция, Ежелті Мысыр, Ежелгі Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, Марк Фабий Квинтилиан т.б. еңбектері мен идеяларында көрініс табады. Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелердің бірі болған. Ол мұғалім бойында шыншылдык, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылык, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қаситеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл- Фараби ұстаздың мінез-кұлық нормасы қаңдай болуы жайлы былай деп жазады: «..ол тым қатал да болмауга тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру - ұстаздық қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады». Педагогика ғылымының негізін қалаушы Я.А.Коменский (XVII ғ.) мұғалімдерге «ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» - дей отырып балаларды оқыту-тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің орындалуын талап еткен. Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар А.Дистерверг, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар еңбектерінде ерекше қарастырылады П.Ф.Каптерев мұғалімдердің адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле отырып, окыту мен тәрбиелеу процестерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту» кағидасының сақталуын талап етеді. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың өсіп, күрделеніп отыруы нәтижесінде педагогикалық теорияда профессиографиялық тұрғыдан зерттеулер орын ала бастады. Осы бағытта арнайы зерттеулермен айналысқан ғалымдар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.И.Щербаков, В.А.Сластенин, Ю.С.Алферов, Е.И.Антипова т.б. болды. В.А. Сластенин мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жүйесін оның педагогикалық еңбекке кәсіби даярлғы ретінде қарастырады. Ол даярлықтың құрамына мұғалімнің психологиялық,физиологиялык, даярлықтары мен қатар ғылыми-теориялық және практикалық құзіреттілігін жатқызады. В.А.Сластениннің пікірінше: «Мұғалім профессиограммасы мамандықтың паспорты ретінде оның квалификациялық сипагтамаларын, яғии қоғамдық-саяси, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және ғылыми негізделген өзара қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдыларды қамтуы қажет». Профессиограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі. В.А. Сластенин ұсынған мұғалім профессиограммасында ол педагогикалық кәсіптің жалпы сипатын және жеке мамандығына байланысты сипаттарын қарастыра отырып 4 тараудан тұратын мұғалімнің профессиограммасын береді: 1. Мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы. Бүған ол мұғалімдердің идеялық, кэсіптік-педогогикалық, танымдық бағытгылығын жатқызады. 2. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығына қойылатын талаптар. Мұнда ол мұғалімдердің білім, білік және дағдыларын біріктіреді. 3.Арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы. Бұл тарау болашақ мұғалімдердің шеберлік деңгейінде еңбектенуі үшін қажет болатын жалпы ғылыми негізде дайындық көлемі мен арнайы даярлықың қалыптасатын нақты білім, білік және дағдыны біріктіреді. 4.Мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны. Бұған мұғалімге қойылатын жалпы әдістемелік талаптар жэне жеке пән мұғалімдеріне қойылатын арнайы әдістемелік талаптар енгізілген. Жалпылап қарастырғанда қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда үлкен тәжірибе жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады: - жалпы адамзаттық қасиеттері; - кәсіби-педагогикалық касиетгері; - арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары. Белгілі педагог И.Е.Синица қоғам мен педагогикалық кәсіптің мұғалім тұлғасына қоятын жалпы талаптарын былайша сипатгайды: 1.Мұғалім деген биік те, абзал атқа лайық болыңыздар. Оқушының жеке адам ретінде калыптасу жолында жеке ұстаздардан тәлім алатынын ұмытпаңыздар. Сіздердің Отанға адал қызмет етулеріңіз, сіздердің еңбекке деген көзқарастарыңыз, сіздердің азаматтық батылдықтарыңыз және сіздердің адамдар арасындағы тәртіптеріңіз өздеріңізден тәлім алатындарға мұра боп қалатындай болсын! 2.Өз оқушыларыңызды сыйлаңыздар. Олардың ар-намысын қорғап, дамытып отырыңыздар.Оқушылардың бойында ар-намыстың дамуымен қоса жаксы касиеттер өріс алады. Ар-намысты сақтаңыздар. Ар-намысын сақтай білмеген ұустаз, оқушыларына да тәлім-тәрбие бере алмайды. 3.Қажеті болмаса, оқушыларға өз артықшылықтарыңызды баса көрсетпеңіздер. Олар сіздердің мұғалім, тәлімгер, үлкен, тәжірибелі және өздеріне қарағанда көп құқыкқа ие екендеріңізді ұмытпайды, бірақ ол туралы жиі ескерте бергенді ұнатпайды. Сіздердің оқушылармен өзара қарым-қатынастарыңызда аралық шек болуы қажет екенін жоққа шығармаймын, біракқ ол аралық шек өте алмас кедергіге айналып кетпесін. 4.Оқушылармен қарым-қатынаста тактикаларыңызды олардың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отырыңыздар. Оны жаңа тактикалық тәсіл және әдістеріңізбен байыта түсіңіздер. Тактикаларыңыз икемді болсын, көзге ұрып тұратындай кернекі болмасын. Тәрбиелеу әдістерінде де оқыту әдістеріндсгі сияқты талап қою жоғары дәрежеде болсын. Тым тіке бетке айтудан, ақылгөйліктен аулақ болыңыздар, одан кінәратсыз кесңес, ескерту әлде қайда өтімді. Ең жаксысы— айтқанды оқушылардың өз көзқарасындай қабылдағаны. 5.Педагогикалық көтермелеуді барынша кең пайдаланыңыздар, бірақ мақтауға жомарттау, жазалауға сараңырақ болыңыздар. Жазаның әсер етерліктей болуын бақылаңыздар. Қас-қабақтарыңызбен, көзқарастарыңызбен, үнсіз қимыл-қозғалыстарыңызбен басқаруды үйреніңіздер. 6.Үн қатысу, сөйлесу мәдениетін игеріңіздер, айқайдан алыс жүріңіздер. Айқай сіздің ұстаздығыңызды кемсітеді, оқушыларға тигізер ықпалыңыздың мүмкіншіліктерін төмендетеді. Айқай күштілікті емес, әлсіздікті білдіреді. 7.Пайдасы шамалы-ау деген шешімнен аулак болыңыздар, ашу үстінде шешім кабылдамаңыздар, өз құкықтарыңызды ақылмен қолдануға, ал оқушылардың ақылға келіп илігуіне мүмкіндік беретін кейінге қалдыра тұру» әдісіне жүгініңіз. 8.Педагогикалық іскерліктің бәрі сияқты,оқушылармен араласа білу де біртіндеп келеді. Окушылармен қарым-қатынас жарасымдылығы — тиісті білім, іскерлік және тәжірибе бірлігі. Пән айырмашылығына қарамай өздеріңіздің тәжірибелі әріптестеріңіздің сабақтарына барыңыздар, олардың оқушылар алдында өздерін қалай ұстайтынын, қай уақытта және қандай ескертпелер жасайтынын, тәртіп бұзғанға қалай қарайтынын, тіпті оқушыларды қалай тыңдайтыны, қалай отырып, қалай тұратынын, класта қалай жүретінін де байқаңыздар. 9.Әрбір оқушының өзіндік келбетін, класта жақсы көрінуге, өрлеп-өсуге тырысуын қадір тұтыңдар. Табыс адамға қанат бітіреді, сәтсіздік, оның үстіне бірыңғай сәтсіздік қажытады. Педагогикалық тұрғыдан алғанда ол қаншалықты бетімен кеткен болса да, оқушыны мақтауға сылтау іздеңіздер. Егер окушының өзі мұндай сылтауға мүмкіндік бермесе, оны өзіңіз табыңыз. Орынды мактау - ондаған ескертуден пайдалы. 10.Тұтас класпен тіл табысу белгілі бір дәрежеде сіздің әр оқушымен жеке тіл табуыңызға байланысты. Оқушымен оңаша болуға, мектептен бірге қайтуға, көшеде, паркте, стадионда бейне ойламаған жерден жолыққандай кездесуге уақыт табыңыздар. Егер сіз әдеп сақтасаңыз, не боса соған ілініспесеңіз, ақылгөй болмасаңыз, онда сіз белгілі бір оқушымен, яғни бүкіл класпен жақындаса түсесіз. 11.Оқушылардың ата-аналарын қуанышқа бөлеңіздер. Өз оқушыларыңызды көп жамандамаңыздар. Балалары туралы ата-аналарына көп шағынсаңыздар, олар балаларын қорғаштайды немесс окушылармен қарым- қатынастарына көмегі тимейтін, қайшы шаралар қолданады. Оның үстіне басқа біреудің әрекетімен орнаған тәртіп тиімсіз болады. Оқушылармен өзара қарым- қатынас - өздеріңіздің төл істерІңіз. 12.Реті келгенде оқушыларға өздеріңіз де бар жақсылықты қабілеттгілігіңізді, іскерлігіңізді көп білетіндігіңізді, әдеттеріңізді және т.б. асырмай, жасырмай көрсете біліңіздер. 13.Өз оқушыларыңыздың сенімін актаңыздар. Бұл сенім оқушылармен қарым-қатынастарыңыздың ұшар шыңы, олардың жан-дүниесіне енер жол. Бір оқушының сенімін ақтамасаңыз бүкіл класс сенімінен айырылуыңыз мүмкін. 14.Жылдан-жылға, күннен-күнге, оқушылардың бойына азаматқа тән жоғары сезімдерді, еңбек адамын қадірлеуді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, оның мүддесіне өзінің барлық күші мен барлық өмірін жұмсауға дайындықты сіңіре беріңіздер. Тақырып-5. Жаһандану кезеңіндегі педагог даярлығы Қазіргі таңда заман талабына қарай мұғалімдік қызметтегі адамдарға талаптар да күшейе түсті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007 ж.) педагогтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған. Аталған занның 7 тарауының 50-51 баптарында педагог қызметкердің мәртебесі анықталып, олардың кәсіптік шеберлігіне, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие бере алуларына байланысты жауапкершіліктері мен міндеттері қарастырылған. 50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі. 1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері азаматтық қызметшілер болып табылады. 2.Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды. 51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауашершілігі. 1. ТиістІ бейіні (профиль) бойьшша арнайы педагопык немесе кэсіптік білімі бар адамдар педагогтық қызметаен айналысуға жіберіледі. 2. Педагог қызметкердің: 1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға; 2)ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге; 3) жеке педаготтік қызметке; 4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға; 5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға; 6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға; 7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға; 8) педагоггік кызметгегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық жэне материалдық көтермеленуге; 9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына; 10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына; 11)ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стаж сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға; 12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқыгы бар. 3. Педагог қызметкер: 1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық жэне пракгакалық білімді жэне оқыту дағдыларын меңгеруге; 2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге; 3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге; 4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық кабілеттерін дамытуға; 5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық жэне жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға; 6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге; 7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға; 8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің жзне олардың ата- аналарының абыройы мен кадір-қасиетін қүрметтеуге міндетті. Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының зандарында және еңбек шартында көзделтен жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Сонымен,қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын жалпы талаптарға кәсіби кұзіреттілік, бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік белсенділік,шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде дамытуды жатқызуга болады. Мұғалім қызметі тек болашаққа ғана бағытталған. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметі балалардың болашағына байланысты болып келеді. ¥стаз еңбегінің нәтижелілігі де келешекте ғана көрініс береді. Мысалы, мұғалім еңбегінің жемісі нақты бір іс-әрекет жасағаннан кейін емес, айлар, жылдар өткен соң, шәкірттің бір табысқа қол жеткізуіне байланысты бағаланады. Жаңашыл-педагог Ш.А. Амонашвили: «Біз болашақтың адамын, жаңадан қалыптасқан адамды бейнелеуге міндеттіміз. Биік адамзаттық, ортақ іске берілгендік, халық, мемлекет алдындағы өзіміздің қалтықсыз парызьмызды сезіну бізді осындай адам етеді. Біздің әрқайсымыз - жүздеген тағдырдың туындатушымыз, біздің шәкіртеріміздің бақыты ұста дүкеніндей - кластарымызда шыңдалады!... Біздің жанымызда, бәрі де: күлкі де, қатыгездік те, ұстамдыльқ та, қарапайымдылық та, киген киіміміз де, біліміміз де, зеректік те, адалдық та, интеллектілік те, үйірімділік те, өмірга деген сүйіспеншілік те өріліп тұруы тиіс. Адамдағы кісілерге ұнаған таңдаулы қасиет атаулының бәрі тән болуы керек» - деп мұғалімдер тұлғасын жоғары бағалайтыны да осы мамандықтьң адам өміріндегі маңыздылығының бір дәлелі деуге болады. Тақырып-6. Қазіргі қоғамдағы мұғалімдік кәсіптің әлеуметтік маңызы. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру мәселесі осы қоғамдағы адами фактор мәселесімен тікелей байланысты, себебі жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жастар мен құзіретті мамандар ғана қоғамның өркендеп дамуына елеулі үлес қоса алады. Қоғамымыздың қарқынды дамуы үшін бәсекеге қабілетті, әлеуметтік белсенділіктері дамыған жас мамандар қажет. Ал осындай азаматтар тұлғасын қалыптастыруда олардың ата-аналарымен қатар білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің ерен еңбектері мен игі істерінің алатын орны зор. Мұғалімдік кәсіптің ежелден қалыптасқанын баршамыз білеміз. Адамдар қай қоғамдық формацияда болмасын жас ұрпакқа өз тәжірибесін жеткізіп, білгендеріне үйретіп және мақсатты, саналы түрде өмір заңдылықтарын меңгертуге талпынған.Адамзат қоғамының қай даму сатысында болмасын мұғалімдік кәсіптің атқаратын рөлі ерекше жоғары бағаланған. Мектеп және білім беру жүйелері өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне, қоғам дамуына сәйкес тәрбиеленуіне қашан да елеулі үлесін қосып келеді. Білім берудің өзін қазіргі таңда ауқымы кең әлеуметтік процесс ретінде қарастыра отырып болашақ мұғалімдерді даярлау барысында кәсіпке баулу және әлеуметтендіру процесстерін ұлітастыру қажеттілігін аңғарамыз. Педагогикалық жоғары оқу орнына келген әрбір студент жоғары сапалы деңгейде таңдаған кәсібін меңгеруі кажет, онсыз нағыз мүғалім, нағыз педагог тұлгасы қалыптаспайды, және онсыз кәсіптік білім беру ұғымы өзінің бастапқы мәнін де жоғалтып алуы мүмкін. Мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын ашу үшін оның басқа мамандықтарға қарағандағы әлеуметтік құндылығын, оның қоғамдағы орны мен рөлін тереңірек қарастырған жөн. Сан-алуан мамандықтардың ішінде мұғалім мамаңдығы «адам-адам» жүйесіне катысты мамандық, бірақ осындай жүйеде адаммен тығыз жұмыс істейтін басқа да мамандык иелсрі жеткілікті. Мысалы, дәрігер, юрист, артисттер, сатушылар т.с.с. мамандар да адамдармен тығыз қарым-қатынаста болады ғой. Педагог мамандығының маңыздылығы оның қогам дамуындагы рөлімен анықталады. Педагог мамандығында жетекші идея, негізгі міндет - адам дамуының мақсаттарын түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау. Яғни, мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматтары ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарады. Мұғалімдер қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жас өспірімдердің бойында қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар мүғалімдер жас өспірімдердің дүниетанымдарын, ұлттық сана сезімдерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын калыптастырады. Яғни, мұғалімдерді баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысы ретінде қабылдауға болады. ¥лы орыс педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайьш болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің бірі» - деген сөздері шынайылыққа үйлеседі. Адамзат тарихында мұғалім мамандығының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі -оның қай елде болмасын ең кең таралғандығы. Мысалы, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерінің басым көпшілігі педагогтар екенін атап айтуға болады. Бұл нені білдіреді? Бұл дегеніміз педагог мамандығының қоғам дамуы үшін аса қажеттілігінің, зор маңыздылығының көрсеткіші, себебі егер бұл мамандыққа қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарды даярлау кажеттілігі де болмаушы еді. Бұл мамандык мәңгілік ескірмейтін мамандықтардың бірі. Жьл сайын жоғары оқу орындарында арнайы даярланған жоғары білімді педагогтар қоғамымыздың білім беру мекемелерінде педагогикалық еңбекке кірісіп жатса да, мұғалімдер саны жетіспейді. Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына байланысты сапалық деңгейлері жоғары, кәсіби кұзіретгі мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын күшейе түсуде. Мұғалім қызметі үнемі гуманистік сипатта болады. Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі - педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасай алуында. Ең бастысы мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті - адамгершілік қадір- қассиетті сезінуге тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет - адам бойындағы ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык жолында мұғалімнің кәсіби жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты. Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты. Мұғалім үнемі балалар ұжымымен жұмыс істейді. Ал мінезі, қызығушылықтары, даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі балалардың ұжым ішіндегі қарым-қатынастарын басқара білу оңай іс емес. Ол үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл шеберлікті дамыту үшін педагогика ғылымындағы А.С.Макаренко негізін салып кеткен тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу теориясын жақсы меңгеру қажет, Бұл педагогикалық идея кейінгі көптеген шығармашыл педагогтардың тәжірибесіне негіз болғаны анық. Мұғалім бір күннің өзінде кем дегенде 3 сабақ өтсе, әр сыныпта орта есеппен 30 баладан болса, 90 оқушымеи тілдесіп бәріне бірдей білім-тәрбие беруге тырысады. Ал бір апта ішінде мұғалім қаншама оқушыға педагогикалық ықпал жасайды. Онымен қатар оның жетекшілік атқаратын өз сыныбы да болады. Міне әрбір осындай мінез-құлықтары әртүрлі оқушылар ұжымында барлығына қолайлы психологиялық ахуал тудыру, ынтымақтастықта жұмыс істете білу үлкен шеберлікті қажет етеді. Сонымен қатар мұғалім үлкен педагогикалық ұжымның мүшесі ретіде оның барлық құрылымдық бөлшектерімен үйлесімді қарым-қатынас орната алуы керек. Педагог еңбегінің маңыздылығы - осындай ұжымдық еңбекпен айналыса отырып әр оқушының даралыкқ ерекшеліктерін дамытып, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Мұғалімдер аса күрделі процесті - оқушы тұлғасының қалыптасуын басқарады. Мұғалім - оқушы өмірінің іргетасын қалаушы және ғылым негіздерімен таныстырушы маман. Мұғалім мамандығы баршамызға ортақ игілікті іс болып табылатын жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге негізделеді, себебі адам бойындағы тәрбие мен жүйелі білім баланың өмірінің оншақты жылы өтетін орта мектептен қалыптасады.Орыс халкының белгілі сыншысы,публицисті В.Г. Белинский ұстаздардың шәкірт өміріндегі рөлін жоғары бағалай отырып былай дейді: «Тәрбиеші мэртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр». Мұғалімдер әр баланың тұлғасын қалыптастыруда оларды интеллектуалдық жағынан дамытуды, эмоционалдық, рухани, дене тәрбиелерін жетілдіруді көздейді. Ал шәкірттің тұлға ретінде қалыптасуын басқару өте күрделі процесс екені балалардың әрдайым психологиялык, физиологиялық, педагогикалық өзгеріс үстінде болатындығына байланысты. Мысалы 5 сынып оқушысы мен 9 сынып окушыларына мұғалім бір өлшеммен қарап, бірдей талап қоя алмайды. Бір білім беру мекемесінің ішінде әр жастағы балалар оқу- танымдық іс-әрекетпен шұғылданып тәрбиеленеді. Сондықтан мұғалім шәкірттердің жас ерекшеліктері мен қатар дара ерекшеліктерін ескере отырып барлығына ортақ бір тиімді қарым-қатынастық жүйені калыптастыруға тырысады. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалімдік еңбектің нәтижесін өлшеп отыратын дайын арнайы құралдар болмайды, оларды өлшеу үшін балалардың бойындағы тұлғалық қасиеттердің өзгеруін күтуге тура келеді. Себебі мұғалім қаншалықты жетекші роль атқарып тұрса да, оған оқыту, тәрбиелеу процесінде пайда болатын қарым-қатынастарды басқара алуы, сол қарым-қатынастар арқылы шәкірттің өзіндік даралығын сақтап, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы қажег. Мұғалімдерге аса жауапты іс жүктелген. Қазіргі қоғам дамуында мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс жүктелгенін саналы түрде сезініп, ол еңбекті атқаруда барлық ерік-жігерлерін, күш-қайратын, білім, іскерліктерін жұмсап табысты нәтижеге жетуді көздеулері керек. Мұғалімдерге баланың мінез- құлқының, дүниетанымының, адамгершшік қасиеттерінің қалыптасуы,жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі тапсырылған. Осындай аса жауапты істі қолға алып отырған мұғалімдер өздерінің бала өміріндегі рөлін әрқашан да жоғары деңгейде атқаруға міндетгі. Ал егерде мұғалім педагогикалық іс- әрекетке немқұрайлы қкарайтын болса оның жұмысында сәтсіздікке ұшырататын көптеген қателіктер мен кемшіліктер кездесуі мүмкін. Осы ойға байланысты А.В.Луначарскийдің: «Егер алтын ісінің шебері алтынды бүлдіріп алса, оны қайта балқытып қрюына болады. Егер багалы тас бүлінсе, онда ол жарамсыз болып қалуы мүмкін, алайда ең бағалы деген жаунар тастың өзі, жаңа туган адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы не үпкен қылмыс, немесе орны толмас өкініш. Бұл материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатыныңды күні бұрын біле отырып жұмыс істеу қажет» - деген сөздері тәжірибелі педагогтардың жадында. Кейбір мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерінің төмендігінен баланың балғын балалық шағына дақ түсірулері олардың ата-аналар алдында, әріптестері алдынла беделін төмендетеді, абыройын түсіреді және олардың жіберген қателігі баланың өмір бойы жүрегінде қалады. Өкінішке орай ондай мұғалімдер өздерінің кемшіліктерін байқамай сәтсіздік жағдайларда оқушыларды кінәлап, олардың болашағына үулкен күмәнмсн қарайды. Ал окушы қателігі кешірілуі керек, себебі олар әлі өз күштері мен мүмкіндіктерін шамалай алмайтын, даму үстіндегі жандар. Мұғалім шәкіртіне сенім арта білуі арқылы оның ішкі әлеуетін ашуға мүмкіншілік туғызады. Сол сияқты егер мұғалім баланың бойында адамгсршілік сезімдсрді оята алса, ізгілік дэнін сеуіп, оларды тереңінен сусындата білсе, ондай педагогикалық ықпал баланың өмір бойғы рухани азығына айналуы мүмкін. Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери: «Өмір сүру - демек баяу өсіп-өну. Мұғалім біздің үмітімізді және біздің қогамымыздың болашагын — үйлесімді жеке тұлғаны тәрбиелейді. Мұғалім балаларға әлем мәдениетін таныстыра отырып, шын мәнінде, бақыт негізін қалайды» - деген екен. Осындай мәртебеге ие болу үшін мұғалім өз бойында ілтипаттылық, балаға сенім арта білу, байқағыштық, әділдік, сабырлық, шыдамдылық сияқты қабілеттерді дамытып жетілдіруі қажет, солардың негізінде ғана оның ерен еңбегі кәсіби табысқа жеткізуі мүмкін. Тақырып-7. Кәсіби педагогикалық құзіреттілік. Адамзат қоғамының бүгінгі даму қарқыны бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігінде өзара ынтымақтастықта болу, өзара озық тәжірибемен бөлісуді талап етеді. XXI ғасырдағы білім беру мәселелері бойынша халықаралык комиссияда «Образование: сокрытое сокровище (Білім беру: ашылмаған асыл қазына)» (1996 ж) тақырыбында жасаған баяндамасында Жак Делор білім беруге негіз болатын адамның жалпы негізгі құзіреттіліктері ретінде төрт тұғырнаманы атап өтеді: танып білуге үйрену, істеуге үйрену, бірігіп өмір сүруге үйрену, өмір сүруге үіірену. Осы түғырнамалардың бір қарағанда қарапайым болғанымен олардың мазмұнына білім беру және «құзірет» деген екі ұғымды ажырата қарастырып оларға мынандай анықтамалар береді. Құзірет - тұлғаның табысты іс-әрекетке даярлығы, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді жұмсай алу қабілеті. Құзіреттілік - оқушылардың әр-түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі. Ш.Т.Таубаева жоғарғы кәсіби білім берудің. мемлекеттік стадарттардың құзіреттілік форматында жасалуын зерттеу барысында құзіреттілік ұғымының мазмұнын ашуда оның үш түсініктемесін атап көрсетеді: Өзінің ішкі әлеуетін іске асыруға қабілетті (даярлығы) мен ынталылығы (мотивациялық аспект); Табысты шығармашыльқ іс-әрекет үшін практика жүзінде байқалған өзінің білім, іскерлік, тәжірибесін іске асыра алу қабілеті (когнитивтік аспект); Өз іс-әрекет нәтижелерінің әлеуметтік маңыздылғын және жеке жауапкершілігін түсінуі, оны үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін ұғынуы (құндылық аспект). Сонымен, осы түсініктемелердің негізінде Ш.Т.Таубаева құзіреттілік деп әлеуметтену және оқыту үрдісінде қалыптасқан және өздігінен іс-әрекетке табысты қатысуына бағытталған білім мен тәжірибеге негізделген жеке тұлғаның іс-әрекетке даярлығы мен жалпы қабілеттерінен байқалатын интегралды қасиетін түсіндіреді. Педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін анықтауда көптеген зерттеушілердің көзқарастары мұғалім іс-әрекетінің бір қырымен байланыстырылып қарастырылады. Мысалы, Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекет негізінде құзіреттілікті «тұлғалық қасиет» деп қарастырса, Л.А. Петровская коммуникативтік құзіреттілік мәселесіне, М.В.Прохорова басқарушылық құзіреттілікке көп көңіл аударады. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап А.КМаркованың еңбектерінде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі арнайы жан-жақты зерттеу пәніне айналған. Ол мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің құрамында төмендегідей 4 бөлікті ажыратып қарастырады: а) кәсіби педагогикалық және психологиялық білімдері; э) кәсіби-педагогикалық іскерліктері; б) мамандығы қажет ететін мұғалімнің кәсіби психологиялық позициясы, ұстанымдары; в) мұғалімнің кәсіби білім мен біліктерді меңгеруін қамтамасыз ететін тұлғалық ерекшеліктері. Осы кезде Л.М.Митина өз зерттеулерінде «педагогикалқк құзіреттілік» ұғымының «білім, білік, дагдыны және оларды іс-әрекетте, қарым- қатынаста,тұлғаның дамуында іске асыру амалдары мен тәсілдерін» қамтитынын ашып көрсетеді. Кәсіби құзіретілік мәселесі халықаралық денгейде Еуропалық кеңес форумдарында және ЮНЕСКО материалдарында жиі талқыланады. ЮНЕСКО құжаттарында құзыреттер (компетенции) білім беруден күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылып олардың негізгі түрлері айқындалған. В.А.Сластениннің, М.И.Мищенконың пікірлерінше педагогтың кәсіби құзіреттілігі - іс-әрекетті атқарудағы теориялық және практикалық даярлъқтарының бірлігі. Н.Д.Хмель педагогтың кәсіби құзіреттілігін окушылардың іс-әрекеттеріне бағытталған, олардың тұлғаларын ынталандыратын, шығармашылық қабілеттерін және олардың өзін-өздері іске асыруга даярльқтарын қалыптастыратын мұғалімнің басқарушыльқ іс-әрекеті деп түсіндіре отырып оның мынандай элементтерін ажыратып қарастырады: - оқытатын пән материалын еркін меңгеру, және оның мазмүнын аудитория ерекшеліктеріне бейімделе отырып толық жеткізе алу; оқушыларда білім, білік, дағдыларды меңгеру жолдарын қалыптастыру үшін оқыту әдістерін пайдаланудағы әдістемелік құзіреттілік; оқыту процесін және оқушылардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру саласындағы психологиялық-педагогикалык құзіреттілік; - оқушыларды танымдық іс-әрекетке ынталандыру, қабілеттіліктері мен тұлғалық бағыттылықтарын қалыптастыру барысында іске асатын дифференциалдық-психологиялық құзіреттілік; педагогикалық іс-әрекеттегі рефлексия немесе аутопсихологиялық құзіреттілік. М.Х. Балтабаевтың пікірінше кәсіби құзіреттілік – маманның нақты бір кәсіби іс-әрекетке даярлығының және қабілеттерінің көрсеткіштер жиынтығы. Кәсіби құзіреттілік маманның тұлғалык және іскерлік қасиеттерінің итегралдық сипаттамасы. Бұл қасиеттер маманның кәсіби іс-әрекетінің мақсаттарына қол жеткізуге қажетті білім, іскерлік, тәжірибелер деңгейімен қатар оның әлеуметтік-адамгершілік ұстанымының көрсеткіштері. Кәсіби құзіреттілігіне байланысты маман кәсіби іс-әрекет мақсаттарына, талаптарына сай өзіндік шешім.қабылдай.алуын, күрделі мәселелер жағдайында тиімді жол таба алу іскерлігін, және іс-әрекет нәтижесін бағалауға даярлығын көрсете алады. Салыстырмалы түрде талданған тағы басқа анықтамалар негізінде кәсіби құзіреттіліктің екі тұрғыдан қарастырылуын аңғарамыз: - біріншіден, көптеген зерттеушілер кәсіби құзіреттілікті мамандардың даярлық деңгейлерімен байланыстырады; - екіншіден, ғалымдар кәсіби құзіреттілікті маманның түлгалық қасиеттерімен байланыстырьп зерттейді. Құзіреттілік тұрғыдан оқыту барысында басты назар білім беру нәтижесіне, оның тұрақтылығына, оның өлшемдеріне аударылады. Бұл бағытта студенттердің дербестігі, өз беттерінше жұмыс істей алулары ескеріледі. Егер дәстүрлі оқытуда тек студенттер үлгерімінің пайыздық көрсеткіштері маңызды болса, құзіреттілік тұрғысынан оқытуда олардың жетістіктері, мүмкіншіліктер деңгейі, маман тулғасыньң қалыптасуы, олардың әлеуметтенуі, іскерліктері жоғары орынға ие болады. Көптеген ғалымдардың пікірінше мамандардың кәсіби құзіреттілігі мынандай түрлерге бөлінеді: практикалық (арнайы) құзіреттілік; әлеуметтік құзіреттілік; психологиялық құзіреттілік, ақпараттық құзіреттілік; коммуникативтік құзіреттілік, экологиялық құзіреттілік; валеологиялык құзіреттілік. Мұғалім жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі жоғары болуы үшін педагог мамаңдығына тән іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруы тиіс. Педагогтың кәсіби құзіреттілігінің құрылымы оның негізгі іскеліктері арқылы қарастырылады. Педагогтың танымдық (гностикалық) іскерлігі. Бұл компонент мұғалімнің танымдық қабілеттерін, интеллектуалдық мүмкіндігін, өз пәнін терең білуін, өзін-өзі танып білуін қамтиды және маман еңбегінің негізі болып саналады. Танымдық іскерлікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес, т.б. психикальқ қасиеттердің бірлікте дамуы қажет. Мысалы адамның байкағыштығы, өзін-өзі бакылауы, кез келген жағдайда жол таба білуі, ойлау процесінің дамуы үшін талдау жасау, салыстыру, сэйкестігін ажырату, нақтылай білу, жинақтау, корытынды жасау сияқты дағдылардың болуы қажет. Бұл сапалар адамның үнемі жаттығу, өзін-өзі тэрбиелеу оқу, білім алу еңбек ету процестері барысында түтас қалыптасады. Педагогтың конструктивтік (құрастыра білу) іскерлігі. Бұл іскерлік оқу- тәрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау, композицияльқ материалдарды іріктей алумен, оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие процесінің материалдық базасына сәйкес жұмысты ретімен ұйымдастыра білуімен сипатталады. Бұл іскерлікті меңгеру үшін интеллектуалдық іскерлік қажет. Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдын-ала ойластыру, салыстыру, болжау қабілеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан конструктивтік іскерлік танымдық іскерлікпен ұштасып жататын қасиет. Педагогтың қарым-қатынас (коммуникативтік) іскерлігі. Бұл іскерлік мұғалімнің адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым-қатынас тәсілдері ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере білуден басталады. Бұл іскерлікті қалыптастыру үшін алдымен адам басқа адамды түсіне білуі, тани білуі және өзін де таныта білуі керек. Екіншіден, өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін көзқарасын, мақсатын сөйлескен адамға, тыңдаушылар ұжымына түсіндіре білуге және оларды да түсіне білуге үйренуі қажет. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынас барысында толеранттылыққа негізделіп оң шешім таба білу маңызды. Осылардың нәтижесінде мұғалімде қарым-қатынас жасауға бейімділігі және ептілігі бар, адамдармен оңай тіл табыса алатын, басқалармен тез араласа алатын жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Педагогтың хабарлау (информациялық) іскерлігі. Бұл іскерлік аса маңызды педагогикалық іскерлік больш бөлінеді және көбінесе қатынас құралы ретінде қабылданады. Себебі қарым-қатынас хабарлау материалынсыз іске асуы мүмкін емес. Хабарлау іскерлігінде мұғалімнің дауысты үйлестіре білуі, көніл-күй сезімімен сөйлеуі, сөздің құдіретті күшін және дауыс үнін, бет қимылдар ерекшеліктерін меңгере білуі талап етіледі. Оқу-тәрбие процесінің непзгі міндеттерін тиімді шешудегі мұғалімнің сауатты сөйлеуі, қызықтыра әңгімелесуі, көрнекіліктерді қатыстыра отырып түсіндіруі, ашық пікірлесуі, шәкіртті тыңдай алуы, сұрақ-жауап тәсілдерін қолдану арқылы тыңдаушының зейінін өзіне аударта алуы әсіресе жас мұғалімдер үшін өте маңызды қаситеттер. Жас мамандарға бұндай қаситеттерді қалыптастыру үшін арнайы жаттығу қажет. Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігі. Бұл іскерлік мұғалім еңбегінен ажырамайтын, бөлінбейтін, үнемі қатар жүретін тұтас педагогикалық процесті басқарудың негізгі шарты. Бұл іскерліктің өзіндік ерекшеліктері бар: жұмысты анықтау, мақсатын белгілеу, жұмыстың орындалуын талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бағалау, есеп беру, іске қызығушылықпен кірісу, басқаларға жағымды ыкпал жасау, басқаларды бір іске жұмылдыра алу іс- әрекеттерінен құралады. Педагогтың зерттеушілік іскерлігі Зерттеушілік іскерлік мүғалімнің әрбір әлеуметтік-педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауын, ғылыми болжам жасай алуын, жобалау және эксперимент жүргізе алуьн, жоспарлауды, сонымен қатар озық тәжірибені де, өзінің тәжірибесін де жинақтай білуін, оларға теориялық, практикалық талдау жасай алуын және мектеп өміріне енгізе білуін қамтиды. Педагогтың проективтік іскерлігі - оқыту және тәрбие процестерінің перспективалық міндеттерін түсіне отырып оған жетудің стратегиялары мен тәсілдерін меңгергендігі. Мұғалімнің оқыту жэне тәрбиелеу процесінің жаңа жобасын құрастырып, оны іске асырудың тәсілдерін негіздеуі, бұл жобаның орындалуында ата-аналардың, оқушылардың қатысуын қарастыруы, қоғаммен байланыстылығын, әлеуметтік маңыздылығын түсінуі маңызды болып есептеледі. Педагогтың рефлексивтік іскерлігі «Рефлексия» деген сөз адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық жағдайларын талдап, ой елегінен өткізу деген мағынаны білдіреді. Педагогтың өз іс-әрекеттерін бақылап бағалауы, өзіне сырт көзбен қарап іс-әрекет нәтижелерінің тиімділігін талдауы, өзін басқалармен салыстыра отырып нені өзгертудің қажеттілігін түсінуі. Қарастырылып отырған іскерліктер бір-бірімен тығыз байланысып келеді. Педагогикалық кәсіптің шебері болу үшін болашақ мұғалімдер осы аталған іскерліктерді өз бойларында дамытуға барлық күш-жігерлерін жұмылдырып, бәсекелестікке қабілетті, құзыреттіліктері жоғары ұстаз болып шығуға талпынулары қажет. Сондай жағдайда ғана бұл іс-әрекет табысты нәтижеге жеткізеді. Тақырып-8. Мектепалды даярлық мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы және адамгершілік қызметінің маңыздылығы. Іс-әрекет ұғымы гылым аралык ұғымдар қатарына жатады, себебі ол педагогика психология, әлеуметтану, философия, мәдениеттаңу сияқты көптеген әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттеу мәселелерінің бірі Кез келген жеке тұлға тек өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны белгілі. Сондықтан адамтану ғылымдарының барлығы өз тұрғысынан адам санасы мен іс-әрекеттерін зерттеуге тырысады. Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда іс-әрекет - адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым-қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша іс-әрекет - қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік.. Өзіндік жеке іс-әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс- әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің осындай сипаты оның нақты бір құрылымы бар екенін анықтайды, Іс-әрекеттің құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс- қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты компоненттер кіретіні белгілі (2 тақырыптағы 1-суретті қараңыз). Адамдардың іс-әрекеттер: мазмұнына, орындалу сипаттарына, кәсіптеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Адамның шұғъілданатын кәсібіне байланысты іс-әрекеттер: медициналық, педагогикалық, конструкторлъқ,инженерлік, бухгалтерлік, т.с.с. түрлерге бөлінеді. Мазмұны жағынан іс-әрекеттерді: танымдық қоршаған әлем туралы білімдермен қарулану, дүниені танып білу); зерттеушілік (белгісіз құбылыстарды зерттеу процессі); коммуникативтік (қарым-қатынас орната алу, тіл табыса алу процестері); білім берушілік {басқаларға білім беру процесі); - өзгертушілік (қоғамды өзін жетілдіру процесі) болып ажыратылады, Әр-түрлі белгілеріне қарап педагогика-психология ғылымдарында іс- әрекеттердің негізгі түрлері ретінде: ойын; қарым-қатынас; еңбек; оқу қарастырылаады. Қазіргі қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын талаптар жиынтығымен сипаталатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін, адамның дене және рухани күшінің шектеулі бір саласын тұтас педагогикалык процесс болып табылады. Тұтас педагогикалык процесс теориясы бойынша оньң өзара тығыз байланысқан негізгі компоненттері ретінде педагог, оқушы, мақсат, міндет, мазмұн, құрал, форма,әдіс-тәсілдер, тапсырма, нәтиже болып табылады. Педагогикалык іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері: Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады. Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет (мета-іс-әрекет). Іс-әрекет субъект-субъектілік және субьект-объектілік сипатта болады. 4.Түлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілген педагогикалық қарым- қатынастың нәтижелері болашақта ғана айқындалады. Тәуелсіз ел атанып, әлемге атымызды танытуға бетбұрып отырған кезеңде ұлтымыздың бәсекеге қабілетті болашағын тәрбиелеудегі басты тұлға - мұғалім. Сондықтан тәрбие деген аталы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызмет ең беделді, әрі ең білгір адамдарға тапсырылады. Осы ойдың өзі педагогикалык іс-әрекеттің әлеумеггік маңыздылығының айқын дәлелі. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты болып келеді. Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар:А.К.Маркова,Л.М.Митина,Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов,К.С.Успанов, А.А.Молдажанова т.б. Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, оған тәрбие беру және оқыту процесін басқарады. Осындай маңызды іске жауапты болғандықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-кұлық талап етіледі. Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне мынадай негізгі қасиетерді кіргізуге болады: - оқушыларға деген сүйіспеншілігі; педагогикалык, процесті жүйелі жүргізе алуы; бақылағыштығы; педагогикалык, құбылыстарға талдау жасай алуы; педагогикалык, ойлаудың қалыптасуы; қарым-қатынас жасай алуы; ұжымшылдық; шығармашылығы және т.б. Мұғалім - өскелең ұрпақтың. интеллектуалдық негізін және рухани дүниесін қалыптастырушы, сонымен катар ол халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Осындай аса ізгі де аса қиын кәсіп мұғалімдерден тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға деген сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді. Педагогикалық іс-әрекет қызығы да, қиындығы да мол кызмет. Себебі мұғалім ата-аналар сияқты бір-екі баланы ғана тәрбиелемейді, ондаған әр түрлі қабілеттері мен бейімділігі, қызығушылығы, мінез- қүұқы мен әдет- ғұрыптары, түсінігі мен көзкарастары әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді. Олардың әрқайсысының өзіндік жекеленген ерекшелігін дамытады, ынтымақты, тату, жарасымды ұжымға топтастыра отырып әр балаға жеке адам ретінде шынайы қамқорлық жасауға тырысады. Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің бірі -жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды нығайту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматтарын, еңбеккерлерін, отан қорғаушыларын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, саясат, өнер, адам, айнала қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы керек. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігінің басты көрсеткіші - баланың тұлғалық қасиеттерін қальштастыру болғандықтан, педагог шәкіртінің даму, тәрбиелену заңдьлықтарын жете біліп, оның ішкі жан дүниесін сезіне алуына арнайы үйренуі керек. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі тығыз қарым-қатынаста болуымен және онымен рухани жагынан араласуымен сипатталады. Себебі бала жансыз зат, материал емес. Мұғалім еңбегі ептілікті, сезгіштікгі, шыдамдылықты әрі сергектікті талап етеді. Мұғалім - бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және осындай қарым-қатынастың өзіне сүйсіне алатын адам. Мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі оның бойындағы барлық қасиеттерді ауыстыра алмайды, қайта басқа қасиеттердің айқын көрінуіне негіз болады. Мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы балада да мұғалімге деген сыйластық сезімін тудырады. Сондықтан мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы, оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой- өрісінің кеңдігі, рухани байлығы тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды. Мұғалім профессиограммасына қарап маманның бұл кәсіпке жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтауға болады. Адамньң педагогикалық қызметке жарамдылығы теориялық білімнің молдығында ғана емес, сол білімді үздіксіз дамытып отыруында, нақты педагогикалық процесс жағдайына бейімдей алуында. Бұл үшін мұғалім мектеп жағдайында табысты жұмыс істеуге дайын болуы тиіс және күні бұрын нақтылы білім қорын жинақтауы керек. Сонымен қатар мұғалімнің өз білімдерін педагогикальқ қызметтің мақсатымен, әдістерімен, нақты жағдайларымен байланыстыра, ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болъп табылады. Өз бетінше ойлай білу, қиын жағдайларда жол таба білу - қазіргі заман мұғаліміне өте қажетті қасиет. Бүгінгі мұғалім - балаларға білім беруші ғана емес, сонымен қатар олардың жаңадан ғана қалыптасып келе жатқан сана- сезімін жоғары дәрежедегі рухани құндылықтармен байытушы, балаларда қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті оятушы, оларды өз бетінше жаңалық ашуға, шығармашылыққа үйретуші. Мұғалім тұлғасын сипаттайтын негізгі кәсіби маңызды қасиеттері оның педагогикалық әдебінің көрсеткіші де больш табылады. Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше педагогикальқ әдеп әр мұғалімнің жас мөлшеріне, темпераментіне, мінезқұлкына байланысты келеді. Педагогикалык әдеп - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. И.Е.Синица өзінің «Педагогикальқ әдеп және ұстаздьқ шеберлік» деген еңбегінде мұғалімнің мынандай негізгі қасиеттеріне айырықша тоқталады: - Байқағыштық Ілтипаттылъқ. Сенім. Әділдік. Төзім және сабыр сақтау. Сонымен қатар қазіргі зерттеушілердін пікірінше эмпатия ұғымы да мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады. Эмпатия - мұғалімнің оқушылардың психикалык жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның-орнына қоя алуы. Сонымен педагогтың кәсіби маңызды қасиеттері ретінде оның балаға деген ынта-ықыласын, сүйіспеншілігн, пегогикалық еңбекке қызығушылығын, психологияльқ-педагогикалық сезгіштігін, байқағыштығын, әділдігін, талап қоя білушілігін, табандылығын, ұстамдылығын, өзін-өзі басқара білуін, қайырымдылығын, мейірімділігін, кәсіби еңбекті сүйе білуін, ғылыми ой- өрісінің тереңдігін, рухани танымдық қызығушьшығын, интеллектуалдық белсенділігін, педагогикальқ өздігінен білім алуға ынталылығын, шығармашылықпен ынтымақтастықты қолдауын, жаңашыл педагогтардың идеяларын түсінуін, қабылдауын атап өтуге болады. Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашыльқ еңбек ететін, педагогикальқ шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын адам. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігі оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандьқта болмасын кездеседі. Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні ақиқат. Педагогикальқ шеберлік - кейбіреулерге ғана берілген табиғат сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құштарлығынан туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы. Жалпы жас ұрпаққа білім беру ісін жетілдіру және оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес екені анық. Сондықтан жас мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдауға, мәдениетін дамытуға, рухани кемелденуін қамтамасыз етуге аса көп көңіл бөлінуі керск. Еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы, өркендеуі, қоғам алдындағы бағдарламалық міндеттердің шешімі тікелей жас мамандардың кәсіби дайындықтарының сапасына байланысты. Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, нарық жағдайында тірішілік етіп, жұмыс істей алатын барынша білімді адамдар қажет. Бұл жағдай Қазақстанның ақыл-ой және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл тұлға тәрбиелеу керектігін көрсетеді. Экономикалық дамудың нарықтық жолын таңдап, халықаралық аренаға шығуды көздеген Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіне, оның ішінде ерекше маңызы бар болашақ ұстазды даярлау ісіне зор мән береді. Қазіргі қоғамдағы мұғалім – шығармашылық дамуға, ұшқыр ойлауға қабілетті, мемлекеттің даму бағыттарын терең түсінетін маман, ол кәсіптік қызмет міндеттерін жүйелі түрде көре білуі, мақсат қоя алуы және жемісті еңбек нәтижесіне ұмтылуы тиіс. Ең алдымен, мұғалім – адамгершілігі өте жоғары тұлға, ол адамзаттың биік идеалы әрі оның маңыздылығының критерийі болған, болып қала да бермек. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы мұғалімнің адамгершілік мәдениетінің маңыздылығына ерекше назар аудара отырып белгілі орыс философы Н.Бердяевтің мына бір сөзін еске түсіру орынды тәрізді: “Өмірдің биік мақсаттарына экономикалық немесе әлеуметтік емес, рухани мақсаттар жатады. Халықтың ұлылығы, оның адамзат тарихына қосар үлесі мемлекеттің күш-қуатымен де, экономикасының дамуымен де емес, рухани мәдениетімен анықталады”. Адамгершілік дегеніміз не? П.Кропоткиннің анықтауынша, “... бұл өз бойыңнан адамдық қасиеттерді сезіну, сол қасиеттерді сақтап өмір сүруге ұмтылу, жағымсыз іс-әрекетіңе қиналу – мұның барлығы адам табиғатының ортақ, ажырамас ерекшелігі”. Бүгінгі күнде қаталдық белең алып, рухани салаға көзқарас ауытқуына байланысты, мектеп оқушысын тәрбиелеудегі адамгершілік қағидалар да біртіндеп мансұқ етілуде. Біз әлеуметтік қатынастар мен құндылықтардың үйлесімі бұзылғанына, оқушы жастардың адамгершілік мәдениетінің апатты түрде құлдырауына куә болып жүрміз. Бұл жағдайдағы бірден бір тірек - өмірдің адамгершілік критерийлері. Қоғамның адамгершілік күштерін қалпына келтіруге түрткі болатын негізді табу және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің сыннан өткен этикалық бағдарларына күш салу бұл жағдайдағы маңызды міндет болып табылады. Оқушылардың, студенттердің білімділік, тәрбиелілік дәрежесі сияқты, олардың адамгершілік мәдениетінің дамуы да көптеген факторлар мен шарттарға, оның ішінде педагогтің адамгершілік мәдениетіне байланысты. Ал педагогтің адамгершілік мәдениеті (В.Андреевтің айтуы бойынша) – “педагогтің жеке тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің үйлескен күрделі жүйесі, ол педагогтің даму , өзін-өзі дамыту дәрежесін, ізгілік дүниетанымға бейімділігін оның адамгершілік құндылықтарын, көзқарасы мен түсініктерін қоса алғанда сипаттайды, сондай-ақ оның білім, білік, қабілеттілік жүйесін танытады...”. Болашақ мұғалімдерді даярлауда адамгершілік аспект елеулі рөл атқарады. Бұл мұғалімнің адамгершілік көзқарастарының толыққандылығы әрі тұрақтылығы ретінде сипатталады. Мұғалімнің адамгершілік санасының бір бөлшегі оның адамгершілік құндылықтарды ұға білуі және осы құндылықтарды өз шәкірттерінің қалай қабылдайтынына ой жүгіртуі болып табылады. Мораль талаптары мен ұстанымдарын, ережелерін білу және оларды педагогикалық іс- әрекетіне арнайы өзек ету мұғалімнің адамгершілік көзқарастарының қалыптасу негізі болады. Кәсіби қызметте мұғалімнің адамгершілік сезімдері оның рухани дүниесінің эмоциялық жағы, тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде қарастырылады. Педагогтің өз кәсібіне қарым-қатынасын реттейтін сезімдер тобына кәсіби борышты сезіну, жауапкершілік, өзіне-өзі сын көзімен қарау, ар-намыс, т.б. жатады. Мұғалім оқу-тәрбие үрдісінің негізгі буыны болғандықтан, ол оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, т.с.с. жан-жақты өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Мұның ішінде мұғалімнің оқушылар ұжымымен бірлескен әрекеті өте маңызды, ол әрекет бірін-бірі құрметтеуге, әрбір тәрбиеленушінің өз қадір-қасиетін сезінуіне негізделуі қажет. Педагог қызметінің адамгершілік аспектісі салыстырмалы дербестікке ие, басқа қызмет түрлерімен тығыз байланысты әрі алуан түрлі үлгіде жүзеге асырылуы мүмкін: адамгершілік ағарту, адамгершілік тәжірибесін ұйымдастыру, адамгершілікке өзін-өзі тәрбиелеу. Соңғысы моралдық бет-бұрыстың ажырамас элементі бола отырып өзіндік ерекшеліктері бар педагогикалық еңбек саласына өзінше ықпал етеді. Педагогтің кәсіби әдеп кодексі педагогикалық мораль ұстанымдары мен ережелерінен туындайтын адамгершілік талаптарының жиынтығын анықтап, педагогтің педагогикалық қызмет үрдісіндегі іс-әрекеті мен қарым-қатынас жүйесін реттейді. Мұғалімнің өзі-өзіне, педагогтік еңбекке, оқушылар мен педагогтер ұжымына көзқарасын анықтайтын негізгі талаптардың орын алуы кодекстің іргелі бөлігіне жатады. Болашақ мұғалімді даярлауда адамгершілік мәселесінің маңызы ерекше, өйткені , жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу салмағы осыған түседі. Бүгінгі күнде ғалым педагогтер жалпыадамзаттық құндылықтардың, адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой дамуынан гөрі басымдығын мойындап, орнықтыруға күш салуда. Мұғалім бала бойында қандай адамгершілік түсініктер қалыптасқанын, ол қандай жағжайға жүзеге асқанын білуі қажет. Ал баланың адамгершілік көзқарасының қалыптасуының, адамгершілік психологиялық ұғым-түсініктерінің бекуінің сөзсіз маңызды көзі – отбасы, онда өмірдің мәні мен мақсаты туралы алғашқы түсініктер, құндылық бағдар, адамгершілік және әлеуметтік қажеттілік т.б. қалыптасатыны белгілі. Ең дұрысы, педагог оқушының отбасындағы микро ортасының, ал ата-аналар мектептегі микро ортасының бір бөлшегі болулары тиіс. Отбасы – тұлғаны әлеуметтендірудің, мәдени, ұлттық, адамгершілік құндылықтардың тарихи жалғастығының маңызды институты. Биологиялық және адамгершілік жағынан бірдей дені сау бала өсіру керек қой, жас ұрпақтың саулығы – тұтас ұлттың амандығы. Тақырып-9. Мектепалды даярлық мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы. Шығармашылық ұғымы. Философиялық тұрғыдан қарастырғанда шығармашылық - жаңа сапалы материалдық жэне рухани құндылықтарды жасаудағы адамның белсенді іс-әрекеті ретінде карастырылады. Педагогикалық энциклопедияда шығармашылық-адамның өзіндік және белсенді іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде түсіндіріліп өзінің әлеуметтік маңыздылығымен және жаңашылдығымен бағаланады. Мысалы, қазіргі кездегі ғылымның, техниканың жетістіктеріне {компьютер, интернет, ұялы телефон, медицинадағы улътрадыбыстық диагностикалық аппараттар, лазер сәулелері арқылы емдеу, т.б.) көптеген ізденуші ғалымдардың шығармашылық іс- әрекеттері арқылы ғана қол жеткізіп отырғанымыз анык. Шығармашылық процесс - әрқашанда көпшілікке белгілі қалыптасқан білімдер жүйесінен ерекшеленуімен, бір құбылысқа жаңаша көзқарасты қалыптастыруымен, бірі біріне ұқсамайтын құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды анықтай алуымен, мәселелерді шешудегі тиімділігімен құнды. Шығармашылық тұлға - әрқашанда еркін, өзін-өзі жан-жақты дамытуға дайын, бәсекелестікке қабілетті, құзіреттілігі мен белсенділігі жоғары адам. Шығармашылықпен айналысуда адамның тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар оның табандылығы, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алуы, ойдың еркіндігі мен батылдығы, болжам жасай алуы, өз күшіне деген сенімділігі сияқты тұлғалык қасиеттері өте маңызды. Яғни,шығармашылық адамның тұлғалық қасиетіне жатады,сондықтан мұндай қабілетті әр адам жас кезінен өз бойында дамытқаны жөн. Ал өз күшіне сенімсіз, жасықтау адамдар ешқашанда өз беттерінше үлкен жаңалықтарға қол жеткізе алмайтынын Людвиг Фейербахтың: «Адам тек... өз күшіне сенген жағдайда ғана дегеніне жете алады» - деген сөздерімен түйіндеп кетуте болады. «Шығармашылық» ұғымына қатысты қазіргі психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік ғылымдар саласында шығармашлық ойлау, шығармашылық қиял, шығармашылық іс-әрекет, шығармашылық ойын, шығармашылық қабілет сияқты терминдер жиі қолданылуда. Қазіргі кезде адамдардың іс-әрекеттерінің сипатына байланысты шығармашылықтың мынандай түрлері ажыратылады: - ғылыми шығармашылық (бұрынғы ғылыми білімдерге қарағанда артықшылығымен бағалы жаңа білімдер жүйесі); - көркем шығармашылық (жаңа көркем әдебиет туындылары); - техиикалық шығармашылық (жаңа техникалық кұралдар мен жаңа технологиялар); - педагогикалық шығармашылық (жаңа мазмұн, педагогикалық әдістер, қағидалар, педагогикалық жүйелер т.б.) Көптеген зерттеушілердің пікірінше шығармашылықтың жемісті болуына адамның сезім күштерінің әсері өте зор. Бір мәселені ұзақ зерттеу барысында адам өзінің, ішкі күштерін толық соған жұмылдырып, жүрсе де, тұрса да ойымен сол бағытта белсенді жұмыс істесе, шабытының шырқауы аркылы шығармашылық шыңына жетуі мүмкін. Ғалым-зерттеушілердің ғылыми шығармашылықтарына байланысты В.И.Павлов: «Ғылымға адамның бүкіл өмірі сарп етілуі керек екенін ұмытпаңыздар. Екі есе өмір сүрсек те аздық етеді. Іс жүзінде, ізденіс үстінде ынтық сезіміңіз суымасын» - деп жазады. Иә, зерттеушілік іс-әрекетте ғалымдарды арман- мақсаттарына жетелейтін негізгі күштердің бірі - олардың сезіммен қанаттанған ақылы, қиялға толы құлшыныстары екені рас. Сол сияқты көркем шығармашылыққа әбден берілгендіктен бұл саланың ісмерлері де өздсрі суреттеп отырған кейіпкерінің көңіл күйіне бөленіп солардың уайым-қайғысын бірге кешкендей сезінеді. Осыған байланысты айтылған орыс мүсіншісі Антокольскийдің: «Сезім жоқ жерде көркем шығарма да жоқ» деген ойы нағыз шеберлердің өз істерін үлкен кұштарлықпен атқаратынының дәлелі. Енді осы жоғарыда қарастырылып отырған шығармашылық түрлеріне талдау жүргізіп, олардың өзара айырмашылықтарын қарастырайық. Ол үшін «Педагогикалық шығармашылықтың (басқа шығармашылықтардан айырмашылығы неде?» - деген сұраққа жауап іздестірейік. Әрине, бұл біраз ойландыратын сұрақ.. Мысалы, суретшінің шығармасы - оның салған керемет суреті, композитордың шығармасы - оның шығарған әсем әуені, ақынның шығармасы -оның әсерлі өлеңі делік. Олардың шығармашылық туындыларының негізгі ерекшеліктерінің бірі олардың аяқталғандығында, сол күйінде өзгермей сақталуында. Ал педагогикалық шығармашылықтың туындысы - үнемі дамып өзгеру үстінде болатын оның тәрбиелеп отырған шәкіртінің тұлғасы. Педагогы жақсы болса ондай шәкірттер жылдан жылға шыңдалып өздері-өздерін жетілдіре береді. Осы аталған шығармашылық түрлерінің барлығы кәмелеттік жасқа толған жастар және ересек адамдар үшін қарастырылса, балаларға қатысты «балалар шығармашылығы» деген ұғым көп қолданылады. Шығармашылық іс-әрекетпен адам баласы жастайынан таныс болады. Балалардың шығармашылығы олардың негізгі іс- әркеттері болып табылатын ойындарынан-ақ байқалады. Әсіресе мектеп жасына дейінгі шағында балалардың өте тынымсыз,танымдық белсенділіктері жоғары, үлкендердің істеріне қызығушылықтары мол, қиялшыл, арманшыл болатыны және көп ермекті талап ететіні байқалады. Олардың талаптары биологиялық, физиологиялык тұрғыдан орынды да, заңды да талап, себебі осындай талаптары арқылы олар қоршаған ортамен тереңірек танысады, дене күштерін дамытады, әлеуметтік ортаға бейімделе бастайды. Қарапайым еңбек түрлерінде де балалар түрлі шығармашылық касиеттерін көрсетеді. Мысалы, кіші жастағы баланың ешнәрсеге қарамай конструкторлардан үй, кеме, көлік түрлерін құрастыруының, дымқыл құмнан небір қайталанбас мұнаралар, үңгірлер, таулар. жолдар, көпірлер жасауларының өзі карапайым шығармашылық іс-әрекет екені түсінікті. Осындай ойындар барысында бала өз ойынан шығарған қиял әлемін елестетіп ерекше бір сезімдерге бөленіп, үлкендерге еліктей бастайды (ұл балалардың «ағаш атқа» отырып шабуы, қыз балалардың топырақ пен гүлдерді араластырып «тамақ» әзірлеулері, т.с). Егер ата-аналар баланың осындай қиялының шарықтауына, өзін әр түрлі іс- әрекеттерде сынап көруіне шектеу қоймаса онда бала ертеңгі мектептегі оқу- танымдық іс-әрекетінде де белсенді, тапқыр, шығармашыл тұлғага айналуы ыктимал. Сондықтан бала өз бойынан байқатқан қабілеттерді одан әрі дамытуға жағдай жасап, осы жас кезінен көрсеткен талпыныстарының барлығы оның болашағының негізін қалайтынын ұмытпағанымыз абзал. Мұғалім шығармашылығы және озық педагогикалық тәжірибе. Психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында шығармашылық іс-әрекет ерекшеліктерін зерттеумен айналысқандар Л.С.Выготский, СД.Рубишнтейн, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров, Т.А.Маслоу, Б.Г.Ананьев т.б. болған. Педагогикалық іс-әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық шығармашылық ұғымы кеңінен қолданылады. В.А.Сластениннің еңбектерінде педагогикалық шығармашылық педагог тұлғасының жеке, психологиялық, интеллектуалдық күштері мен қабілеттерін іске асыру процесі ретінде қарастырылады. Кез келген іс-әрекетке адам шығармашылық тұрғыдан қарауды қалыптастыруы қажет, себебі онсыз дау, ілгері жылжу, прогресс болмайды. Оқу-тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылығын шыңдайтын, тек шығармашыл ұстаз ғана. Сондықтан көп мәселелердің шешімінің тиімділігі мұғалім тұлғасының шығармашылығына байланысты. Педагогикалық шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, қайталанбастығымен ерекшеленетін шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекет. Қазіргі мектепті жаңашаландыру, оқыту-тәрбие процестерін жетілдіру мұғалімдердің шығармашылығына тікелей байланысты. Педагогикалық шығармашылықтың бір ерекшелігі - мұғалімдердің білім, білік, дағды қорларын үнемі байытып, жаңартып отыруында. Ондай мұғалімдер ешқашан да жұмыстарына селқос, немқұрайлы қарамайды, бар нәрсемен қанағаттанып қоймай, керісінше кездесетін түрлі педагогикалық қарама-қайшылықтарды женудің жолдарын іздестіріп, табысты нәтижеге ұмтылады. Педагогикалық шыгармашылық - мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы. Ондай мұғалімдердің әрбір өткен сабағы балалар үшін өте кұнды да бағалы, мұндай сабақтарға балалар қуана жүгіріп келеді, мұғалімнен бір қызықты жаңашылдық күтеді. Шығармашық мұғалімдердің өзінің ішкі жан дүниесінде, көңіл-күйінде, балалармен қарым-қатынасында үйлесімділік байқалып тұрады. Олар әр сабақты бір шығармашылықты шыңдау лабораториясына айналдырып жібереді. Мұғалім бір сабақтың үстінде бірнеше рөлді бірақ атқарып тұрады. Ол балаларға білім беруімен қатар сценарист те, басты рөлді орындайтын актер де, режиссер де, суретші де, декоратор да, костюмер де, визажист те, дизайнер де, тәртіпті қадағалаушы да, психолог та бола алуы керек. Белгілі театр реформаторы К.С.Станиславскийдің теориялық мұрасында «шығармашылдық көңіл-күй» деген ұғым қарастырылады. Оның пікірінше актердің шығармашылдық көңіл күйі көрермендердің көңіл-күйін баурап алады. Сол сияқты шығармашыл педагог та әр оқушының ынта-ықыласын, көңіл-күйін, зейінін өзіне аудартып, тіпті олардың іс-әрекеттерін басқара отырып шығармашылыққа тәрбиелей алады. Мұғалімнің негізгі мақсаты - жас ұрпақтың өмірге, әлемге, табиғатка, болашақка, адамдарға, еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, оңтайлы қатынастарын калыптастыру. Бұл үлкен жауапкершілікті талап ететін педагогикалық міндет. Педагогикалық міндетті шешудің өзі шығармашылықты кажет етеді. Педагогикалық практикада кездесетін ең қиын міндеттер шығармашыл педагогтың қолында оңай шешімін таба алады. Мектеп тәжірибесіндегі кездесетін көптеген педагогикалық міпдеттер Л.И.Рувинскийдің «Мамандықка кіріспе» атты оқу құралында мынандай үш топқа бөлініп қарастырылады: 1. Стратегиялық міндеттер- шешімі ұзақ уақытты қажет ететін ең ірі,үлкен міндеттер. Оларды шешу оқушылардың көзқарастарында, өзара карым- қатынастарында, елеулі өзгерістер туындатуы мүмкін. Мысалы, сынып жетекшісінің оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу міндеті. 2. Тактикалық міндеттер-стратегиялық міндеттерді нақтылайтын, шешілуін қамтамасыз етуге тиіс міндеттер. Мысалы, оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу үшін сынып жетекшісі мынандай тактикалық міндеттер қоюы мүмкін: тәртіп бұзушылыққа жол бермейтіндей етіп оқу жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, жауапкершілік туралы әңгімелер өткізу, ата- аналар жиналысын өткізу, осы жұмыстарга оқушылардың өздері басшылық ету ролдерін арттыру жүмыстарын жоспарлау. 3. Оперативтік міндеттер-жоспарланған іс-әрекеттерді тікелей орындауға көшу, яғни жедел түрде, балалардың көз алдында, олардың белсене қатысуымен шешілетін міндеттер. Осындай түрлі міндеттерді шешудің алдын ала дайын үлгілері, рецептері болмайды. Әр мұғалім кез-келген жағдайда өзінің шығармашылық қабілеттері,педагогикалық іскерліктері мен шеберлігі, психологиялық білімі арқылы жол тауып шыға алуы керек. Педагогикалық шығармашылық бір неше кезеңдерден құралады. 1. Шығармашылдық педагогикалық міндеттерді анықтау. 2. Педагогикалық ықпал ету әдістерін жобалау. 3.Балалармен тікелей әрекеттесу арқылы белгіленген жоспарды жүзеге асыру. 4. Қол жеткізген педагогикалық нәтижелерді талдау. Ұстаз шығармашылығы сабақтың, дәрістің тиімді жүргізілуінде, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерінің ескеріліп олардың бірлесіп жұмыс істеулерінде, және басқа да педагогикалық іс-әрекеттерде жан-жақты байқалып тұрады. Педагогикалық тәжірибе көрсеткендей шығармашылық өз еңбегінің әлеуметтік құндылығын бағалай отырып, кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіру үшін баскалардың озык тәжірибесін зерттеп отыратын мұғалімдер жұмыстарына тән ерекшелік. Педагогикалық тәжірибе озық және көпшіліктік болып бөлінеді. Көпшіліктік педагогикалық тәжірибе - оқыту, тәрбиелеу практикасының жеткен деңгейімен сипатталатын білім беру мекемелерінің және жеке педагогтардың жұмыс тәжірибесі. Озық педагогикалық тәжірибе деп басқаларға үлгі тұтатын педагогтың асқан шеберлігін атайды. Ал егер педагог тәжірибесінде шығармашылық ізденіс, өте тиімді нәтиже беретін жаңашылдык, бір қайталанбас ерекшелік қамтылған болса онда оны жаңашыл педагог-деп атауға болады. Озық педагогикалық тәжірибенің теориялық негіздерін меңгеріп оны практикада қолдану ерекшеліктері қазақстандық педагог-ғалым Ш.Т.Таубаеваның еңбектерінде жан-жақты зерттеледі. Ш.Т.Таубаеванын монографиялық еңбегінде озык педагогикалык тәжірибені зерттеу, жалпылау, қолдану мұғалімдердін зертгеушілік мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде карастырылады. Мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесі көп жылдар бойы жинақталған, ұтымды, тиімді нәтиже беретін шығармашылық іс-әрекеті. Белгілі қазақ педагогы Б.Р.Айтмамбетованың: «Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық даму деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстардың барысын идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігі мен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, коллективпен педагогикалық ынтымақтастық орнатуга бейімділігі бар, шығармашылық еңбек ететін маман болуы керек» - деген пікірі педагогикалық іс-әрекетте табысты нәтижеге қол жеткізген озық тәжірибелі педагогтардың жұмысының жоғары бағасы деуге болады. Б.Р. Айтмамбетова шығармашылық жолда еңбек ететін барлық мұғалімдерге ортақ педагогикалық идеяларды былайша жіктейді: - ынтымақтастық педагогикасын жүзеге асыру идеясы; - әрбір жеке оқушының ішкі жан дүниесін білу арқылы тығыз карым- катынаста болу идеясы; - тұтас педагогикалық процесті гуманитарландыру, демократияландыру идеясы; - қиын әрі күрделі мақсаттарды алдын-ала білу идеясы; - тірек сигналдары арқылы оқушыларды шығармашылық ізденіске үйрету идеясы, - оқушылардың білім алуында және оны бағдарлауда еріктілік принциптерін жүзеге асыру идеясы, - оқу материалын өту барысында бағдарламадан озып отыру идеясы; - ірі блоктар идеясы; - оқушыларды өздерінің білімдеріне, жұмыстарына талдау жасауға және бағалай білуге үйрету идеясы; - сынып оқушыларының интеллектуалдық дәрежесін жетілдіру идеясы; - коллективтік шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру идеясы; - шығармашылык өнімді еңбекті ұйымдастыру идеясы; - мұғалімдер ұжымымен, ата-аналар және жұртшылықпен ынтымақта болу; - қазіргі уақыттың әлеуметтік парызын орындауда мектеп пеп қоғамның тығыз байланысын жүзеге асыру идеясы. Бұл идеялардың барлығы Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, Қ.Н.Нұрғалиев. А.М.Ысқақов, Қ.Айтқалиев, Қ.Бітібаева, Е.А.Очкур сынды жаңашыл-педагогтардың тәжірибелерінде практика жүзінде қолданылып жоғары сапалы нәтиже бергені белгілі. Сондықтан осындай құнды идеяларды кәсіби іс-әрекетте қолдана алу үшін болашақ мұғалімдердің аталған жаңашыл-педагогтардың еңбектерімен тереңірек танысулары олардың шығармашылық әлеуеттерін жетілдіруге негіз болмақ. Шығармашылыққа үйрену жолдары. Шығармашыл педагог болу - қазіргі дамуы жылдам ақпараттық ғасыр талабы. Қазіргі таңда маман өзінің шығармашылық әлеуетін үнемі жетілдіріп отыру дағдысын қалыптастырмайынша оның кәсіпке жарамдылығы да төмендей береді. Ал жоғарғы оқу орындағы теориялық білім нәрімен сусындап жатқан студенттер де өздерінің танымдық белсенділіктерін дамытып, шығармашылық қабілеттерін жетілдірулері қажет, себебі ол ертеңгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижесіне тікелей әсерін тигізетін факторлардың бірі. Болашақ мұғалімдердің білім шаңырақтарындағы бүгінгі табысты оқу іс-әрекеттері - ертеңгі кәсіби құзіреттіліктерінің, бәсекеге қабілеттіліктерінің кепілі. Шынымен кәсіби-педагогикалық қызмет өз табиғатынан шығармашылық сипатқа ие екені белгілі. Шығармашылық - бұл белгілі қатынастар аркылы өзара байланысқан және өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған қызмет жүйесі. Педагогикалық шығармашылықтың, шеберліктің ең жоғарғы деңгейіне жету жолы жан-жақтылық пен оның құрамына енетін педагогикалық әрекеттердің бір-біріне ауысуымен сипатталады. Педагогикалық шығармашылықтың басты белгісі - жаңа шешімдерді іздестіруге, жаңа міндеттерді қоюға, жұмыстың стандарттан тыс әдістерін қолдануға үнемі әзір болу. Өз шығармашылығы арқылы педагог әр сабақта оқушыларды да шығармашылыққа баулуы керек. Жаңа біліммен таныстырудың өзі шығармашылық тұрғыдан жүргізілуі тиіс. Егер мұғалім оқушыларға дайын білімді баяндап бере салса, балалардың шығармашылығы дамымайды. Керісінше проблемалық сұрақтар қою арқылы балалардың ойын жетектеу, өз беттерінше ізденулері арқылы білімді меңгерту, өздері бір мәселенің шешімін ойластырып табуға жағдай жасау жиі іске асырылса оқушылардың шығармашылығын дамытуға негіз қаланады. Оқушылармен шығармашылық тұрғыдан жұмыс істей алу үшін мұгалімдер қалыптасып қалған бірқалыптылықтан шығу жолдарын іздестіріп өздерінің біліктіліктсрін үнемі жоғарлатып отырулары қажет. Тақырып-10. Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып отыр. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына толық негіз бар. Мақсат, мазмұн бірлігі неғұрлым тиімді деген әдістерді, оқыту құралдарын, балалар мен оқушылардың жетістіктеріне қорытынды жасау және бағалауды таңдап алуға негізделген білім берудің мектепке дейінгі, бастауыш буын сатыларындағы көп түрлі, көп нұсқалы бағдарламалардың болмауы, осы сатылардың арасындағы байланыстың жоқтығын көрсетеді. Берілген бағдарламаларда білімді игеру көлемі, жеке тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері ескерілмеген. Бастауыш буын мен мектепке дейінгі білім беру бір- бірінен алшақ жатыр деуге болады. Сондықтан балабақша мен бастауыш буын сабақтастығын айқындауда біріншіден: аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуы, білім мазмұнының бірыңғай, жүйелі құрылуы, баланың белсенді дамуы арқылы білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуіне; екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің болуына назар аудару керек (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістемесі, ұйымдастыру түрлері). Сонымен қатар аталған сабақтастық сақталу үшін мектепке дейінгі кезеңде — жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Бастауыш сатыда — мектепке дейінгі шақтағы жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды, қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы өзара қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды қамтамасыз етеді. Сабақтастық даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ мақсат- міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс олардың толық және жеке жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа — баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс. Сабақтастық білім беруде: балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан арғы өмірлік қызметтерін қамтамасыз етеді; білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру (балабақша-мектеп, мектеп жоғарғы оқу орны); біртұтас білім беру жүйесінде осы кезеңдердің және оқыту түрлерінің біртұтастығын ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді. Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі: балалардың білуге деген құмарлығын дамыту; балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту; балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту; тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу) Сабақтастық үрдісін 2 жақтан қарауға болады. Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады. Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі балалардың жетістігін қапсырып алып, балалардың жинақтаған әлеуетін педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың осындай түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады. Бұл: Мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады; әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау, эмоционалдық саулығы). Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт. Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері: салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру; эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау; талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту; айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру; Бастауыш мектептің міндеттері: салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін осыған сай реттеу; қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту. (эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери) мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру; әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту; мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету; Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сыныптың сабақтастық бойынша жұмысын ұйымдастыру: мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау; мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру; бала дамуының үдіксіз білім беру жүйесін құру. Мектепке дейінгі мекеменің мақсаты: денсаулығын сақтау, нығайту; психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау) мектепте оқуға дайындау (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс) Бастауыш мектептің мақсаты: денсаулығын сақтау нығайту; қабілеттерін, ойлауын дамыту; ерік, жігер сезімін дамыту. Екі ұйым арасындағы әрекет: Мектепке дейінгі мекеме —танымдық әрекет —мағлұмат алады, талдайды, ойнайды, білім алып, тәжірибе жасайды. Бастауыш сынып —оқу әрекеті —оқи алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа мазмұнды меңгереді, жаңа түсініктер қалыптасады. Мектеп пен мектепке дейінгі мекемедегі сабақтарды салыстыра отыра келесі ұқсастықтарды атап айтуға болады: Бір маңыздылық: балалардың танымдық әрекетін басқару, білім және білікпен қаруландыру бірмезетте жан-жақты тәрбиелеу. Оқыту мектепте де, мектепке дейінгі мекемеде де бағдарлама бойынша өткізіледі. Айқын және қатаң ұйымдастыру: әрқашан, әр уақытта нақты сабақ кестесі, әр баланы оқыту міндеті, педагогтың барлық балалармен ұжымдық жұмыс жүргізуі. Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері: Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады: баланың дене бітімімен бірге, саусақ сүйектерінің дамуы мен көру қабілеті т.б. іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі; құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы; қоршаған ортасын қабылдау бейімі т.б. Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын —ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар. Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын орта: оқу, ойын, жатын бөлмелері; жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар; гигиеналық талапқа сай асхана; сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын; баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш мектеп мектепалды дайындық тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі әдіс- тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық тобынан бастауыш мектепке көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы. Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады. Балаларды оқытудағы бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талаптарына сай білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады. Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері мен тәрбиешілері «Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды партаға отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді. Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады,себебі бастауыш мектептегі әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал, ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады: Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет деп ойлаймын. Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді қолдана білсе. Сонымен қатар бұл шақта баланың көрнекі-әрекеттік және бейнелі-ойлау түрлерін де жетілдіруді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген әріптестеріміз ойлаудың бұл екі түрін көп елемей, тез арада сөздік- логикалық ойлауды дамытуға кіріседі. Алайда, бала ойлауының жоғарғы формаларының жетік қалыптасуы нақ осы көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелілік түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет. Көрнекі-әрекеттік ойлау- нақты заттарды пайдаланып, белгілі мақсатты көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс- әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады. Көрнекі-бейнелілік ойлау- заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, бағыттарын, әдіс-тәсілдерін табу қабілеті дамиды. Сөздік-логикалық ойлау — сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды. Осындай жұмыстарды бірлесе отыра атқаратын істер сабақтастық мәселесін шешудің тиімді бағыты деуге болады. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты бастауыш білім беру мен мектепке дейінгі тәрбиелеу кабинеті екі буын арасындағы сабақтастықтық бойынша жұмысты ұйымдастыруда келесілерді белгілейді: бала дамуының тиімді жақтарын қамтамасыз ететін үздіксіз білім беру жүйесін құру, білім беру компоненттерінің келісімі мен байланысы негізінде баланың табысты білім алуы мен тәрбиеленуі (мақсаттары, міндеттері, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары); заман талабына сай мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартын құру; мектепте оқуға бейімделуіне, әр баланың жеке тұлғалық дамуына оң жағдай туғызу; мектепке психологиялық жағынан дайындығын қамтамасыз ету; жаңа шығармашылық шеберханалар мен жобалар құру. Институт тарапынан да бастауыш және мектепке дейінгі білім беру жүйесінде сабақтастықты қамтамасыз ету бағыты бойынша семинар, конференциялар, курс жұмыстары мен сайыстар ұйымдастырылып тұрады. Бұл жұмыстардың негізгі мақсат-міндеттері төмендегідей: Мақсаты:- Жаңа білім беруге көшу жағдайында сабақтастық түсінігінің қалыптасуы. Міндеттері: Сапалы білім беру қызметімен қамтамасыз етудегі нормативтік-құқықтық негіз жайында ақпарлау. Облыстың бастауыш және мектепке дейінгі білім берудегі сабақтастық құрылымының негізгі бағыттарын анықтау. Облыстың бастауыш және мектепке дейінгі білім мекемелерінің сабақтастық мәселелерін шешудегі тәжірибелерімен таныстыру. Сабақтастықты құрудағы заман талабына сай технологиялардың рөлін анықтау. Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру сабақтастығының моделін құру. Осы өткізетін жұмыстар барысында педагогтар облыс мекемелеріндегі бастауыш және мектепке дейінгі білім беру сабақтастығының мәселесін шешу тәжірибесі бойынша облысымыздағы тығыз байланыста жұмыс істеп жатқан мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш мектеп тәжірибесімен танысып, ой бөлісіп, тәжірибе алмасу ұйымдастырылады: мектеп пен балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстарының бағыттарын, мазмұнын айқындау жетілдіру; екі буыннның оқу бағдарламаларын және жоспарларын зерттеп, оларды жетілдіру жолдарын қарастыру; педагогикалық ұжымдарға ғылыми-әдістемелік жағынан көмек көрсетуді ұйымдастыру; оқытудың жаңа технологияларын зерттеу және ұстаздар тәжірибесіне енгізу; екі буынның таңдаған бағыттары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, белгілі бір проблемалармен айналысуына, тәжірибе-сынақ жұмыстарын жасауға басшылық жасап, ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. Сонымен қатар биылғы өткізілген педагогтардың тамыз кеңесі «Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру жүйесінде сабақтастықты қамтамасыз ету білім сапасын арттырудың өзекті мәселесі» атты тақырыпта өткізілді. Секция жұмысы барысында педагогтар келесі сабақтастықтық ұсыныс жобасын құрып, сабақтастық жұмысын ұйымдастырудағы кейбір қиындықтарды атап айтты. Қабылданған ұсыныс жоба: Әдістемелік бөлім жетекшілері, аудандық (қалалық) оқу бөлім әдіскерлері бастауыш және мектепке дейінгі білім беру сабақтастығы жайында сұрақтар бойынша педагогикалық тәжірибені облыста, аудан, мектепте жинақтап қорыту. Мектепке дейінгі педагогтар, мұғалімдер балалардың эмоционалды жайлы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған әдістер мен формаларды өз жұмысында қолдану. Мектепке дейінгі педагогтар, мұғалімдер ойын іс-әрекетін мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш буын оқытуындағы жетекші іс-әрекет ретінде қарастыру. Психологтар мен мұғалімдер баланың мектепке дайындығын анықтау барысында негізгі тест психологиялық сапасын бағалауды есепке алу. Әдістемелік бөлімнің жетекшілері, аудандық (қалалық) оқу бөлімдерінің әдіскерлері сабақтастық сұрақтарын жүзеге асыратын бірыңғай жоспар құру (мектепке дейінгі мекеме педагогы-бастауыш сынып мұғалімі-ата-ана —психолог —әлеуметтік ұстаз). Қиындықтар: кіші жастағы балалармен жұмыс жүргізудегі дидактикалық-әдістемелік базаның толық дайындалмауы; мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің ересек жастағы балалармен жұмыс жүргізу дайындығының жеткіліксіз болуы; мектепалды дайындық тобында психологиялық қызмет көмегінің аз көрсетілуі. Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай-ақ баланың физиологиялық-психологиялық даму ерекшелігінен де назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша — ата-аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау. Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнай және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай — ақ, бастауыш сыныптағы оқыту мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, мектепке дейінгі балалық шақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалады. Қорыта айтқанда, жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша елімізде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру қолға алынуда. Тәрбие-білім беру әрбір баланың мектепке келуге және жетістіктерге қол жеткізуге деген қызығушылығын арттыру үшін жағдай туғызуға, білім алуға үнемі алға басуына кепілдік беріп отыруы қажет. Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық мазмұндығын қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісінеде, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын, құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен қауіпсіз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді.Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны сақтап, тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру керек. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады. Халыққа білім беру жүесіндегі сабақтастық дегеніміз-оқыту және тәрбиелеу міндеттерін дәйекті түрде шешу мақсатында оның аралас будандары арасында өзара байланыс орнату. Мектепке дейінгі мекеме мен мектеп сабақтастығы олардың тәрбиелеу мен оқыту жұмысы мазмұны оны жүзеге асыру әдістерін өзара байланысты болуын көздейді. Балалар бақшасы мен мектеп арасындағы сабақтастықтың қажеттілігі біздің еліміздегі мектепке дейінгі тәрбие халыққа білім берудің біртұтас жүйесінің бірінші буыны . Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің сабақтастығы біржағынан балалар мен жалпы дамуы мен тәрбиелік дәрежесі жөніндегі мектептегі оқу топқа сай келетіндей етіп даярлап беруі, екінші жағынан мектептің мектеп жасына дейінгі балалар алып үйренген білімге , іскерлікке сапаға сүйенетін оқушыларды одан әры жан-жақты дамыту үшін пайдаланылатын болуын көздейді. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері бірінші сыныпта балаларға қойылатын талаптарды жақсы білуге сол талаптарға сәйкес мектепке дейінгі ересектерді жүйелі оқуға дайындауға дайындауға тиіс. Балалар бақшасымен мектеп арасындағы сабақтастық оқу мен тәрбиенің мазмұны бойынша оқу-тәрбие жұмысының тәсілдері, ұйымдастыру формалары бойынша да жүзеге асырылады. Бастауыш мектептің мұғалімі оқудың тиімділігін арттыру үшін балалар бақшасында жиі қолданылатын ойын тәсілдерін пайдаланылады. Балалар бақшасының тәрбиешісі оқыту процесінде оқу-тапсырмаларын жаттығулар енгізіп, біртіндеп оларды күрделендіреді. Сол арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда оқу-іс-әрекетінің алғышарттарын қалыптастырады. Балалар бақшасындағы оқу, оқыту формасы ретінде мектептегі сабаққа негіз дайындайды. Мектепке дейінгі мекеме іс-тәжірибесінде балалар бақшасымен байланыстарының белгілі тәжірибесі қалыптасқан. Бұл байланысты орнатудың 2 жолын бөліп көрсетеді: 1). Балалар бақшасымен мектеп педагогтар ұжымының тығыз байланысты. 2). Мектеп жасына дейінгі балалармен бірінші сынып оқушыларының тікелей жақындасуы. 4.« Мектепке даярлық тобы педагогының педагогикалық іс-әрекеті және жеке тұлғасы» пәні бойынша cтуденттердің өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар 1. Инновация анықтамасын анықтаңыз. 2. Оқытудың инновациялық әдістері мен түрлері 3. Оқытудың дәстүрлі әдістері мен инновациялық әдістерін салыстыр. 4. Тренингтер мен іскерлік ойындарды қолдану 5. Педагогикалық жүйе дегеніміз не және ол жайлы білудің қандай қажеті бар? 6. Педагогикалық іс-әрекеттегі инновациялылық қандай жағдайларды жүзеге асырумен анықталады? 7. Педагогикалық инновацияларға нені жатқызуға болады? 8. Педагогикалық жүйеге инновациялық түрлендірулер қандай бағыттар бойынша енгізіледі? 9. Педагогикалық жүйелерге жаңалық енгізулер деңгейлерінің мәні қалай сипатталады? 10. Педагогикалық инновациялар қандай критерийлермен сипатталады? 11. Педагогикалық теория инновациялылығы қандай бағыттармен анықталады? 12. Оқу мекемелерінің инновациялылығы қалай сипатталады? 13. Педагогикалық инновациялық іс-әрекет түсінігі 14. Мектеп жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар 15. Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері 16. Оқудың интерактивті әдістері үлгілері. 17. Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті 18. Педагогикалық үдеріске қатысты инновация қандай элементтерге байланысты анықталады? 19. Педагогикалық инновацияларға нені жатқызуға болады? 20. Педагогикалық жүйеге инновациялық түрлендірулер қандай бағыттар бойынша енгізіледі? 21. Педагогикалық жүйелерге жаңалық енгізулер деңгейлерінің мәні қалай сипатталады? 22. Педагогикалық инновациялар қандай критерийлермен сипатталады? 23. Педагогикалық теория инновациялылығы қандай бағыттармен анықталады? 24. Ізгілік педагогикасы қалай анықталады? 25. Гуманизм тұжырымдамасы қағидалары қалай анықталады? 26. Гуманистік педагогика тұлғаны қалай анықтайды? 27. Гуманистік педагогиканың айырмашылық белгілері неде? 28. Оқу мекемелерінің инновациялылығы қалай сипатталады? 29. Гимназияның оқу мекемесі ретіндегі ерекшеліктері қандай?
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz