Файл қосу
Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ ТАРИХ КАФЕДРАСЫ «Тарих мамандығына кіріспе» пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН 050114 тарих мамандығына арналған Семей, 2013 1.1. Пәннің атауы: Тарих мамандығына кіріспе 1.2.Оқытушы жайында мәлімет : т.ғ.к., доцент м.а. Мұқатаева З.Қ Мекен жайы : Глинки көшесі,31”Б” 1.3.2013-2014 оқу жылы Оқу семестрі : 1 Кредит: 1 |К|Семестр |Кредит |Дәріс сағаты |Семинар |ОСӨ|СӨЖ | |у| | | |сағаты |Ж | | |р| | | | | | | |с| | | | | | | |1|2 |3 |4 |5 |6 |7 | |1|Тарих |Педагогикалы| Негізгі және |Дөңгелек |Бес|Сабақ | | |мамандығының |қ |қосымша |үстел |бал|кестесі| | |ерекшелігі |мамандықтың |әдебиеттер, | |лды|не | | | |ерекшеліктер|мерзімді | |қ |сәйкес | | | |і туралы әр |басылымдар | |жүй| | | | |түрлі дерек | | |е | | | | |көздерінен | | |бой| | | | |мәлімет | | |ынш| | | | |жинақтау, | | |а | | | | |жүйелеу | | | | | |2|Тарихи | |Педагогикалық |Картотека |Бес|Сабақ | |.|іс-әрекеттің |Педагогикалы|мамандыққа |құру. |бал|кестесі| | |мәні және |қ |кіріспе. |Аннотация |лды|не | | |құрылымы |іс-әрекеттің|Типтік оқу |жазу. |қ |сәйкес | | | |мәні мен |бағдарламасы. | |жүй| | | | |құрылымын |А., 2005. | |е | | | | |бейнелейтін |Мамандыққа | |бой| | | | |ғылыми |кіріспе. Жалпы | |ынш| | | | |әдебиеттер |ред. Басқарған | |а | | | | |каталогын |Л.И. Рувинский. | | | | | | |құру, |А., 1991. | | | | | | |аннотация |Кукушин В.С. | | | | | | |жазу |Введение в | | | | | | | |педагогическую | | | | | | | |деятельность. | | | | | | | |Ростов- на Дону,| | | | | | | |2002. | | | | | | Мұғалім |“Мен неге |Педагогикалық | Шығарма |Бес|Сабақ | |3|-педагогикалық |педагог-псих|мамандыққа | |бал|кестесі| |.|іс-әрекеттің |олог болғым |кіріспе курсы | |лды|не | | |субъектісі |келеді?” |бойынша жоғары | |қ |сәйкес | | |ретінде | |оқу орындарына | |жүй| | | | | |арналған | |е | | | | | |оқулықтар, | |бой| | | | | |әдістемелік | |ынш| | | | | |құралдар, | |а | | | | | |оқу-әдістемелік | | | | | | | |нұсқаулар, БАҚ | | | | |4|Педагог- | |Битянова М.Р. и | Реферат |Бес|Сабақ | |.|психологтың |Педагог-псих|др. Работа | |бал|кестесі| | |кәсіби |ологтың |психолога в | |лды|не | | |іс-әрекетінің |кәсіби |начальной школе.| |қ |сәйкес | | |ерекшеліктері |іс-әрекетіні|– М.: Генезис. | |жүй| | | | |ң |2001 | |е | | | | |ерекшеліктер|Григорович Л.А. | |бой| | | | |і (жұмыс |Введение в | |ынш| | | | |бағыттары, |профессию | |а | | | | |кәсіби |психолог.М., | | | | | | |этикасы, |2004. | | | | | | |шеберлігі) |Лукьянова М.И. | | | | | | |туралы әр |Моя профессия – | | | | | | |түрлі дерек |детский | | | | | | |көздерінен |психолог. М., | | | | | | |мәлімет |2007. | | | | | | |жинақтау, |Мазилов В.А. | | | | | | |жүйелеу, ой |Психолог в | | | | | | |қорыту |системе | | | | | | | |образования: | | | | | | | |проблемы | | | | | | | |подготовки. М., | | | | | | | |2007. | | | | | | | |Овчарова Р.В. | | | | | | | |Справочная книга| | | | | | | |школьного | | | | | | | |психолога. | | | | | | | |М.,1993. | | | | | | | |Рабочая книга | | | | | | | |школьного | | | | | | | |психолога | | | | | | | |/Под.ред | | | | | | | |И.В.Дубровиной | | | | | | | |М., | | | | | | | |Рогов Е.И. | | | | | | | |Настольная книга| | | | | | | |практического | | | | | | | |психолога в | | | | | | | |образовании. | | | | | | | |М.,1996. | | | | | | | |Сақтағанова Т. | | | | | | | |Білім беру | | | | | | | |жүйесіндегі | | | | | | | |психологиялық | | | | | | | |қызметтің | | | | | | | |ережелерінен. //| | | | | | | |Мектептегі | | | | | | | |психология .№2 | | | | | | | |(наурыз-сәуір) | | | | | | | |2006 жыл, 5 бет.| | | | | | | |Сақтағанова Т. | | | | | | | |Өркениетті білім| | | | | | | |жүйесіндегі | | | | | | | |психологиялық | | | | | | | |қызмет.// | | | | | | | |Мектептегі | | | | | | | |психология .№2 | | | | | | | |(наурыз-сәуір) | | | | | | | |2006жыл, 6-7 б. | | | | | | | |Фридман Л.М., | | | | | | | |Кулагина И.Ю. | | | | | | | |Психологический | | | | | | | |справочник | | | | | | | |учителя. – М.: | | | | | | | |Просвещение, | | | | | | | |1991. | | | | | | | |Фридман Л.М. О | | | | | | | |концепции | | | | | | | |школьной | | | | | | | |психологической | | | | | | | |службы. | | | | | | | |//Вопросы | | | | | | | |психологии. | | | | | | | |2001, №1, 97-105| | | | | | | |с. | | | | |5|Педагог - | |Кукушин В.С. |Педагогтард|Бес|Сабақ | |.|психологтың |Педагогтарды|Введение в |ың жеке |бал|кестесі| | |кәсіби өзін-өзі |ң жеке |педагогическую |тұлғалық |лды|не | | |тәрбиелеуі |тұлғалық |деятельность. |және кәсіби|қ |сәйкес | | | |және кәсіби |Ростов- на Дону,|сапаларын |жүй| | | | |сапаларын |2002. |диагностика|е | | | | |диагностикал|Григорович Л.А. |лайтын |бой| | | | |ау |Введение в |әдістемелер|ынш| | | | | |профессию |портфелі |а | | | | | |психолог.М., | | | | | | | |2004. | | | | | | | |Лукьянова М.И. | | | | | | | |Моя профессия – | | | | | | | |детский | | | | | | | |психолог. М., | | | | | | | |2007. | | | | |6| Педагогикалық | Қоғамдағы | | Жобаны |Бес|Сабақ | |.|мамандықтың |мұғалімнің | |қорғау |бал|кестесі| | |перспективалық |рөлін | | |лды|не | | |дамуы |арттыру | | |қ |сәйкес | | | |туралы | | |жүй| | | | |ғылыми жоба | | |е | | | | |жасау | | |бой| | | | | | | |ынш| | | | | | | |а | | |7| | |7| Педагогикалық | “Мотив”, | Ильин Е.П. | |Бес|Сабақ | | |мамандықты |“мотивация” |Мотивация и | |бал|кестесі| | |таңдау |ұғымдарына |мотивы. СПб; | |лды|не | | |мотивациясы |түсінік |Изд-во Питер, | |қ |сәйкес | | | |беру. |2000, 512с. | |жүй| | | | |Педагогикалы|Маркова А.К., | |е | | | | |қ мамандықты|матис Т.А.,Орлов| |бой| | | | |таңдау |А.Б. | |ынш| | | | |мотивациясын|Формирование | |а | | | | |анықтау |мотивации | | | | | | | |ученияМ., 1990. | | | | | | | | | | | | |8|Педагогтың |Педагогтың |Негізгі және |Баяндама |Бес|Сабақ | |.|кәсіби өзін-өзі |кәсіби |қосымша | |бал|кестесі| | |тәрбиелеу |өзін-өзі |әдебиеттер | |лды|не | | |тәсілдері мен |тәрбиелеу | | |қ |сәйкес | | |құралдары |тәсілдері | | |жүй| | | | |мен | | |е | | | | |құралдарын | | |бой| | | | |анықтау | | |ынш| | | | | | | |а | | | | | | | | | | | | | | 5. Баға жөнінде ақпарат |Әріптік жүйе бойынша |Ұпай |%-дың мазмұны |Дәстүрлі жүйе бойынша | |баға | | |баға | |A |4,0 |95-100 |Өте жақсы | |A- |3,67 |90-94 | | |B+ |3,33 |85-89 |Жақсы | |B |3,0 |80-84 | | |B- |2,67 |75-79 | | |C+ |2,33 |70-74 |Қанағаттанарлық | |C |2,0 |65-69 | | |C- |1,67 |60-64 | | |D+ |1,33 |55-59 | | |D |1,0 |50-54 | | |F |0 |0-49 |Қанағаттанғысыз | Рейтинг – білімнің баға көрсеткіші | | | | |№ |Бақылау нысаны |Пәннің | |Р/с | |жалпы % | | |Ағымдағы бақылау |30 | | |Дәріс сабақтарына қатысу |4 | | |Зертханалық тапсырманы қорғау |4 | | |Тәжірибелік сабақтарды орындау |7 | | |СОӨЖ тапсырмаларын орындау |5 | | |СӨЖ тапсырмаларын орындау |10 | | |Аралық бақылау |30 | | |АБ1 (бақылау жұмысы) |15 | | |АБ2 (тестілеу) |15 | | |Қорытынды бақылау (ауызша емтихан немесе тестілеу)|40 | | |Пән бойынша барлығы |100 | 6. Балл қою саясаты. Пән бойынша үлгерімді бақылау төмендегі нысанда жүзеге асырылады: - ағымдағы бақылау (апта сайын жүргізіледі) - аралық бақылау (8, 15 апта арасында) - қорытынды бақылау (оқу кезеңі соңында жүргізіледі, емтихан) Ағымдағы бақылау – студенттің зертханалық сабақта (үй тапсырмасын орындау, өз беттерімен есептер шығару), жеке тапсырмаларды орындау жұмыстарының қорытындысы. Аралық бақылау – бұл тестілер және оқытушының қатысуымен дәрісханада бақылау жұмыстарын орындау, сондай-ақ коллоквиумдар, зертханалық жұмыстар өткізу. Қорытынды бақылау студент оқылған пәннің тұйықталған, тұтас бөлігін оқуды аяқтаған соң жүргізіледі. Студенттердің білімін бақылау схемасы |№ |Бақылау нысаны |Пайыз|Апта |Қоры| | | | | |тынд| | | | | |ы | | | | | |8 | | |Емти| | |хан | | |(мак| | |сим.| | |) | 7. Курс саясаты 1. Сабаққа кешікпеу. 2. Сабақ үстінде сөйлеспеу, сағыз шайнамау. 3. Сабақ босатпау, ауырған жағдайда анықтама әкелу. 4. Босатқан сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта қайта тапсыру. 5. Ұялы телефонды өшіру. 6. Тапсырма орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі. 7. Үй тапсырмасын уақытында және ынталы орындау. 8. Оқу үрдісіне белсенді қатысу. 9. Ұқыпты және міндетті болу. 10. Оқытушыларға және курстастарына шыдамды, ашық және тілектес болу. 12. Бақылау нысаны бойынша сұрақтар және тақырыптар тізімі 1.Жоғары кәсіби білім берудің заңды негіздері. 2.Педагогикалық мамандықтың жалпы сипаттамасы. 3. Педагогтың кәсіби әрекеті және оның жеке тұлғасы 4. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы 5.Педагогтың кәсіби компетенттілігі (құзырлығы) 6. Педагог тұлғасын кәсіби қалыптастыруға даярлау. Студенттің оқу еңбегінің мәдениеті 7. Педагогты даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика 8. Зерттеу іс-әрекеті педагогикалық іс-әрекеттің компоненті ретінде 9.Педагогикалық шығармашылықтың психологиялық-педагогикалық негіздері 10. Педагогикалық қарым-қатынас – шығармашылық процесс ретінде У. Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету УІ. Дәріс курсы 1-тақырып. Жоғары кәсіби білім берудің заңдастырылу негіздері. Мамандық 5В011400-Тарих 1. ҚР Конституциясы. ҚР “Білім беру туралы” заңы. Білім беру заңында көрсетілген мұғалімнің құқығы және міндеттері. ҚР жоғары кәсіби білім беру концепциясы. ҚР 2011-2020 жыл аралығындағы білім берудің мемлекеттік бағдарламасы. Мемлекеттік стандарттар. 2. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі: мақсаты, міндеттері, принциптері, қызметтері, модельдері. Негізгі ұғымдар: білім беру, білім беру заңы, мемлекеттік бағдарлама, мемлекеттік стандарт 1. ҚР үздіксіз білім беру процесі халқымыздың салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. ҚР тәуелсіздігіне орай білім беру мәселелері жаңаша бағытта дамуға көшті. Осыған сәйкес ҚР білім беру туралы заңы қабылданып, онда білім берудегі мақсат пен жаңа міндеттер айқындалып көрсетілді. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты: 1. ҚР азаматтары білім алуға тең құқылы 2. Әрбір азамат үшін интеллектуалдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы. 3. Білімнің зайырлылығы. 4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау. 5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі. 6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әр түрлі болуы. 7. Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы. 8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек. 9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы. 10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу. ҚР білм беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару органдары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылды. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде қарастыруға қажетті жағдай жасау көзделеді. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі мен сабақтастығы принципі негізінде мынандай білім беру деңгейлерін қамтиды: 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; 2. Бастауыш білім беру; 3. Негізгі орта білім беру; 4. Орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру); 5. Орта білімнен кейінгі білім беру; 6. Жоғары білім беру (бакалавриат, университет, академия, институт және оларға теңестірілгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище)); 7. Жоғары оқу орнынан кейін білім беру (магистратура, аспирантура, докторантура). Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады. Солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды. 2. «Білім беру - жеке тұлға мен қоғам мүддесі бойынша жүзеге асырылатын педагогикалық ұйымдасқан әлеуметтену процесі» (Б.М.Бим-Бад, А.В.Петровский). «Білім беру - қоғамда арнайы ұйымдастырылған адамның дамуына қажетті жағдай жасау жүйесі»(В.С.Безрукова). «Білім беру - білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің оқыту процесіндегі жетістігі жүйесі» (И.П.Подласый). «Білім беру - адамзаттың әлеуметтік маңызды тәжірибесін меңгерумен байланысты білім, іскерлік, шығармашылық әрекеттерде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту процесі» (Үлкен энциклопедиялық сөздік). Білім беру түрлері ➢ Мазмұнының типі бойынша - биологиялық; - математикалық; - дене тәрбиелік; - экономикалық; - филологиялық және т.б. ➢ Доминантты мазмұнына байланысты • Теориялық - гуманитарлық; - жаратылыстану ғылымы; • Қолданбалы - гуманитарлық; - жаратылыстану ғылымы; ➢ Адамзат әрекетін меңгеру шеберлігі мен түріне байланысты - музыкалық; - көркемдік; - техникалық; - технологиялық; - педагогикалық; - медициналық және т.б. • Білім берудің жүйе ретінде 3 өлшемде қарастырылуы ✓ Білім берудің әлеуметтік ауқымы, яғни әлемдегі, белгілі бір елде, қоғамда, аймақта, ұйымда , т.б. бұл жерде сонымен қатар мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық, қоғамның жоғарғы сатысындағы, клерикалдық және т.б. білім беру жүйесі; ✓ Білім беру бейімі - жалпы; - арнайы (математикалық, гуманитарлық, жаратылыстану т.б.); - қосымша кәсіптік. • Осы позициялар бойынша білім беру сипаттары ✓ Білім берудің жүйе ретінде ақсүйектік немесе клерикалды, мемлекеттік, жеке меншік, муниципалды немесе федералды екендігі; ✓ Білім беру жүйе ретінде деңгейлігімен, сатылығымен сипатталады. Оның негізіне, басым көпшілік жағдайда, жас ерекшеліктік өлшемдер алынады. Барлық мемлекеттерде жеткілікті деңгейде мектепке дейінгі білім, үш сатылы мектептік (бастауыш, орта, жоғары) жүйе қалыптасқан. ✓ Білім беру жүйесіне деңгейлердің сабақтастығы , басқаруға икемділігі, тиімділігі, бағыттылығы тән. ✓ Білім беру жүйесінің ұсақ жүйелеріне сапалық және сандық сипат тән. ✓ Білім беру жүйе ретінде А.И. Субетто мен Н.А.Селезневалар бойынша дуалистік принципке сәйкес бір мезгілде қызмет ету және дамумен анықталады. Бұл көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық және жалпы педагогикалық болғанмен психологиялық-педагогикалық аспектілерді де белгілейді. ✓ Психологиялық-педагогикалық аспектілер мынадай сұрақтарға жауап беруден тұрады: - адам (бала) немесе оның ата-аналары білім беру жүйесі кезеңдерінің барлық иерархиясын көз алдына келтіре отырып, дұрыс таңдауды қалайша жүзеге асырады; - әрбір білім беру құрылымының (кіші, орта, мектептегі жоғары кезең, гимназиялық, лицейлік) оқыту субъектісі - білім алушыға қатынасы қалайша жүзеге асырылады; - бір құрылымдағы алдыңғы дайындықтың келесі кезеңде білім алуды жалғастыруға мүмкіндігі, оның әрқайсысындағы әрекеттің тиімділік критерийлері, осы жүйені басқару механизмі қандай және басқару ерекшелігіндегі жетістіктерді тестілеу көмегімен анықтау. • Білім беру процесс ретінде: ✓ Оқыту процесінде тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамыту және білім берудің үздіксіздігі арқылы танылады. • Білім берудің нәтижесі болып: ✓ Нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі табылады. ✓ Белгілі білім беру жүйесінде білім алған адамның өзі. Бұл тұрғыда білім беру нәтижесі білім болып табылады. • Қазіргі заманғы білім берудің негізгі тенденциялары (А.А.Вербицкий бойынша) Бірінші тенденция – білім берудің әрбір кезеңін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну (мектеп пен жоғары оқу орны; ЖОО мен студенттердің болашақ өндірістік қызметі); Екінші тенденция – «оқытуды индустрияландыру», яғни қазіргі заманғы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік беретін оқытуды компьютерлендіру және оны технологияландыру. Үшінші тенденция - басым мәлеметтік формалардан проблемалық элементтер, ғылыми ізденістер, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен қолданулары қамтылған оқытудың белсенді әдістері мен формаларына көшу. Төртінші тенденция – оқу-тәрбие процесін қатаң тәртіппен ұйымдастыру мен алгоритмделген әдістерден осы процесті дамытушы, белсендіруші, жылдамдатушы, ойын және т.б. әдістеріне ауысудың психологиялық- дидактикалық шарттарын қарастыру. Бесінші және алтыншы тенденция - оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымды, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде басты назар «оқытушының оқыту әрекетінен оқушының танымдық әрекетіне ауысады». Білім берудің психологиялық принциптері - Қоғамның барлық тәрбиелеуші күштерінің, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатында мектеп пен басқа арнайы институттардың бірлігі; - Ізгілендіру - қоғамның ең жоғары әлеуметтік құндылығы ретіндегі әр балаға көңіл аударуды күшейту, жоғары интеллектуалдық, адамгершілік қасиеттері және дене қуаты жетілген азаматты қалыптастыруға бағдар беру; - Жіктеу (дифференциация) және даралау (индивидуализация), әрбір оқушының қабілеттілігін толық анықтау және дамытуға дейін жағдайлар жасау; - Демократияландыру, оқушылар мен педагогтардың белсенділігін, шығармашылығын дамыту үшін алғышарттар құру, оқушылар мен мұғалімдердің мүдделерінен туған өзара әрекеттесу, жұртшылықтың білім беруді басқаруға кеңінен қатысуы. Білім беру модельдері ✓ Білім беру моделі мемлекеттік-ведомствалық ұйым ретінде. Білім беру жүйесі мемлекеттік билік құрылымындағы халық шаруашылығының басқа да салалары сияқты өз алдына бөлек бағыт. Ол ведомстволық принцип бойынша қатаң түрде орталықтандырылған мақсаты, білім беру мазмұны, оқу мекемесінің номенклатурасы және білім беру жүйесінің типіне сәйкес оқу пәндерін анықтаудан құрылады. ✓ Дамыта оқыту моделі (В.В.Давыдов, В.В.Рубцов және т.б.). Білім беруді ұйымдастыруды білім беру жүйесінің әртүрлі ранг, тип және деңгейлерінде кең түрде іс-әрекет кооперациясы арқылы жүзеге асырылатын ерекше инфрақұрылым ретінде қарастыруды мегзейді. Осындай құрылым білім беру қызметінде халықтың қажеттілігін қанағаттандыра алмақ және тез арада білім беру міндеттерін шешіп, білім беру спектрін кеңейтуді қамтамасыздандырмақ. ✓ Дәстүрлі модель (Ж.Мажо, Л.Кро, Ж.Капель, Д.Равич, Ч.Финн т.б.) Жүйелі академиялық білім беру моделі мәдениеттің әмбебап (универсалды) элементтерін тасымалдау тәсілі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі концепцияға сәйкес білім беру жүйесі базалық білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру міндетін шешуі тиіс. ✓ Рационалистік модель ( П.Блум, Р.Ганьэ, Б.Скиннер т.б.) Білімді іскерлікті, дағдыны меңгеруді қамтамасыз ету арқылы қоғамға жас ұрпақты практикалық түрде бейімдеуді ұйымдастыруды шамалайды. Аталған модель аймағында жас ұрпаққа ауыртпалықсыз қоғамдық құрылымға енуге мүмкіндік беретін мәдени құндылықтарды тасымалдау- меңгерту жүзеге асырылады. ✓ Феноменологиялық модель (А.Маслоу, А.Комбс, К.Роджерс және т.б.) Оқытудың тұлғалық сипаты білім алушылардың индивидуальдық- психологиялық ерекшеліктерін ескеруді, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне мұқияттылық пен құрметпен қарауды болжайды. Оның өкілдері мектепке «білім беру конвейері» деп қарауды теріске шығарады. Білім беруді гуманистік тұрғыда қарастырады. ✓ Институционалдық емес модель (П.Гудман, И.Иллич, Ж.Гудлэд, Ф.Клейн, Дж.Холт, Л.Бернар және т.б.). Білім беруді әлеуметтік институттардан, соның ішінде мектеп және ЖОО тыс ұйымдастырудың қажеттігіне бағытталған, демек білім беру «табиғатта», Internet көмегімен, «ашық мектеп» жағдайында, дистанттық оқыту және т.б. жүзеге асырылады деген қағиданы ұстайды. • Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (И.П.Раченко бойынша) 1. Жүйенің қызметін анықтайтын мақсаттар мен міндеттер; 2. Оқыту мен тәрбиенің мазмұны; 3. Педагогикалық кадрлар; 4. Ғылыми кадрлар; 5. Оқушылар; 6. Материалдық-техникалық жабдықтау; 7. Жүйенің қаржымен қамтамасыздандырылуы және оның тиімділік көрсеткіштері; 8. Жағдайлар (психофизиологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық және әлеуметтік); 9. Ұйымдастыру және басқару. • Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (Ф.Г.Кумбс бойынша) 1. Жүйедегі әрекетті анықтайтын мақсаттар мен алғашқы міндеттер; 2. Оқушылар; 3. Жүйедегі әрекетті үйлесімді басқару, жетекшілік жасау және бағалау; 4. Оқу уақытының құрылымы мен бөлу, әртүрлі тапсырмаларға сәйкес оқушылардың бөлінуі; 5. Мазмұн; 6. Оқытушылар; 7. Оқу құралы ; 8. Оқу процесіне қажет ғимарат; 9. Технология; 10. Білімді тексеру және бағалау; 11. Ғылыми зерттеу жұмысы; 12. Жүйе тиімділігінің көрсеткіші , шығыны. Қолданылған әдебиеттер: 1.Зимняя И.А. Педагогическая психология. С. 52-95 2.Айсмантас Б.Б. Теория обучения: схемы и тесты, Москва, ВЛАДОС, 2002, С. 15-21 2-тақырып. Педагогикалық мамандықтың жалпы сипаттамасы 1.«Кәсіби білім беру» ұғымына түсінік 2.Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы. 3.Көрнекті педагогтар. 4.Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері. Негізгі ұғымдар: кәсіби білім беру, мамандық, педагог. 1. Кәсіби білім беру психологиясы педагогикалық психологияның саласы ретінде кәсіби білім беру жүйесіндегі оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық механизмін, мамандықты меңгеру механизмдерін зерттейді. «Кәсіби білім беру» ұғымы арнайы білім берумен теңестіріледі және ол кәсіби- техникалық, арнайы және жоғары білім беру мекемелерінде алынады. Кәсіби білім алу нақты мамандық бойынша белгілі білім алу және қалыптастырумен байланысты. Кәсіби білім беруді ұйымдастыру бірнеше принциптерден тұрады: ✓ Кәсіби білім берудің қазіргі әлемдік тенденциядағы арнайы білім берумен сәйкестігі принципі; ✓ Кәсіби білім берудің беріктігі принципі әлем туралы түсініктерді қалыптастырудағы психологиялық процестерді (Е.А.Климов) жүйелі білім алу мәселесімен байланыстыруды талап етеді. ✓ Кәсіби білім берудің жекелену принципі сол кәсіпке сәйкес кәсіби маңызды сапаларды қалыптастыру проблемаларын зерттеуді талап етеді. Осы аталғандардан кәсіби білім беру психологиясының пәндік аймағы туындайды: ✓ Кәсіби білім беру жүйесінде жеке тұлғаның жас және дербес ерекшеліктерін зерттеу; ✓ Кәсіби іс-әрекеттің субъектісі ретінде адамның өмірлік және кәсіби жолын зерттеу; ✓ Кәсіби оқыту және кәсіби тәрбиелеудің психологиялық негізін зерттеу; ✓ Кәсіби іс-әрекеттің психологиялық аспектілерін зерттеу. • Кәсіби білім беру психологиясы әдістері 1. Бақылау 2. Эксперимент 3. Анкета 4. Қызмет нәтижесін зерттеу 5. Профессиография Профессиография нәтижесінде профессиограмма құрылады, немесе нақты еңбек процесі, оны ұйымдастыру жөнінде мәлімет құрастырылады (техникалық, санитарлық-гигиеналық, технологиялық, психологиялық, психофизиологиялық, сондай-ақ мамандық психограммасы құрылады. Психограмма психологиялық және психофизиологиялық іс-әрекетті белсендіретін және оны орындауды қамтамасыз ететін кәсіби маңызды сапалардан тұратын нақты еңбек әрекетін психологиялық талдау негізінде құрылған мамандық «портреті». • Кәсіби білім беру психологиясының зерттеу бағыттары: ✓ мамандықты психологиялық аспектіде зерттеу және «профессиограмма» құру; ✓ кәсіби іскерлік пен кәсіби білім беру процесінде дағдының қалыптасу заңдылықтарын зерттеу; ✓ кәсіби іскерлікті жетілдіру мен қабілеттілікті дамыту проблемаларының кәсіби іскерлікті жетілдіру мен кәсіби қабілеттілікті дамытуға (сенсорлық, интеллектуалдық, моторлық) әсері проблемалары; ✓ кәсіби оқытудың психологиялық проблемаларын теориялық өңдеу. • Кәсіби білім берудің психологиялық мәселелерінің даму тарихы 3 (үш) кезеңнен тұрады: І- кезең. «Психотехникалық» - ХХ ғасырдағы 20-30 жылдар. Алғашқы рет кәсіби білім беру психологиясы туралы мәселелер 20-жылдары психотехника шеңберінде еңбек туралы ғылым ретінде туындаған. ІІ-кезең. ХХ ғасырдағы 30-жылдардың аяғынан бастап 50-жылдардың ортасына дейін. Еңбек психологиясының алдында жоғары маманданған мамандарды даярлауда әлеуметтік тапсырмаға жауап беру міндеті тұрды. Ондағы басты проблемалардың бірі еңбек іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру заңдылығын анықтау мен одан әрі жетілдіру, оларды жаңа жағдайда қайта құру, кәсіби- қабілеттілік процесін қалыптастыру, кәсіби білім беруде психологиялық сұрақтарды анықтау. ІІІ- кезең. ХХ ғасырдағы 50-жылдардың ортасынан 70-жылдарға дейін. Отандық психологияда іс-әрекет парадигмасының одан әрі дамуы білім мен іскерлікті қалыптастыру идеяларының дамуымен байланысты педагогикалық психологияның теориялық және қолданбалы аспектілерін құруға әкелді (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин зерттеулері). 60-жылдардағы кибернетика, бағдарламалық оқыту идеяларының дамуы ақыл-ой әрекетінің кезеңдеп қалыптасу теориясының негізінде (П.Я.Гальперин) бағдарламалық оқытудың негізін қалауға әкелді. 80-90 жылдардағы психологиялық зерттеулерде кәсіби білім беру проблемалары жеке тұлғаны зерттеу контексінде талданды. Кәсіби маңызды сапа ретінде жеке тұлғаның ерекшелігі (психофизиологиялық ерекшеліктерден айырмашылығы) кәсіби іс-әрекеттің жетістігінің және сенімділігінің факторы бола алады. 2. Мамандық – белгілі даярлықты қажет ететін іс-әрекеттің түрі, тіршілік көзі болып табылады. Мамандық – белгілі адамға тиесілі білім, іскерлік және дағды жүйесі ретінде де сипатталады. Мамандықты суреттеудің жалпы схемасы 4 аспектіні қамтиды: 1.әлеуметтік-экономикалық (мамандықтың қысқаша тарихы, оның халық шаруашылығы жүйесіндегі орны, мамандарды даярлау туралы мәлімет, перспективасы, еңбек жалақысы, мамандықтың мәртебесі); 2.өндірістік-техникалық (технологиялық процесс, объект, еңбек құралы, жұмыс орны, еңбекті ұйымдастыру формалары туралы мәліметтер); 3.санитарлық-гигиеналық (климат жағдайлары туралы мәлімет, жарықтандыру сипаты және басқа да санитарлық факторлар, еңбек режимі мен ритмі, медицинаға кері көрсеткіштер); 4.психофизикалық (мамандықтың психикалық процестер мен тұлғаның қасиеттеріне қоятын талабы). • Мамандықтардың еңбек пәні бойынша бөлінуі (А.Н.Леонтьев бойынша): ✓ биономикалық (табиғат); ✓ техномикалық (техника); ✓ сигномикалық (белгілер); ✓ артономикалық (көркемдік бейнелер); ✓ социономикалық (адамдардың бірлесіп әрекет етуі немесе өзара қатынасы). • Е.А.Климов бойынша кәсіби іс-әрекеттің 5 схемасы: 1. «Адам – Табиғат» (агроном, зоотехник, ветеринар, микробиолог, биолог...); 2. «Адам – Техника» (слесарь, техник-механик, техник-технолог, инженер- электрик, электрослесарь); 3. «Адам - Белгі» (программист, математик, картограф, т.б.); 4. «Адам - Көркемдік бейне» (суретші, балет артисі, актер, архитектор, скульптор, журналист); 5. «Адам – Адам» (дәрігер, мұғалім, әлеуметтік қызметкер, сатушы, шаштараз т.б.). ✓ «Адам-Табиғат» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: дамыған қиял, көрнекі-образдық ойлау, жоғары деңгейдегі көру есі, байқағыштық, өзгермелі табиғи факторларды көре білу және бағалау қабілеті; маман шыдамды, табанды болуы керек; ұжымнан тыс жұмыс жасауға әзір, кейде қолайсыз табиғат жағдайларында да, т.б. ✓ «Адам–Техника» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: қозғалыстың жақсы координациясы (үйлесімділігі), нақты көру, есту, вибрациялық және кинестезиялық қабылдау, дамыған техникалық және шығармашылық ойлау мен қиял; зейіннің бөлінушілігі мен шоғырлануы, байқағыштық. ✓ «Адам–Белгі жүйесі» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: жақсы оперативті және механикалық ес; зейінді ұзақ уақыт шоғырландыру қабілеті; зейінді бөлу және ауыстыру, қабылдаудың нақтылығы, шартты белгілер астарын көре білу іскерлігі, ынталылық, шыдамдылық; логикалық ойлау. ✓ «Адам-Көркемдік бейне» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: көркемдік қабілеттер; көру есі, дамыған көре отырып қабылдау, көрнекі-образдық ойлау; шығармашылық ойлау; шығармашылық қиял: адамға эмоционалды әсер етудің психологиялық заңдары туралы білім. ✓ «Адам-Адам» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: қарым-қатынасқа ұмтылыс; танымайтын адамдармен контактіге жеңіл түсу іскерлігі, адамдармен жұмыс барысында өзін тұрақты түрде жақсы сезіну; жақсылық тілеуші, елгезек; шыдамдылық; эмоциясын тежей алу шеберлігі; адамдардың және өзінің мінез-құлқын саралау қабілеттілігі, басқа адамдардың ой-ниеттерін және көңіл-күйлерін түсіну, кикілжіңді шеше білу іскерлігі, ойша өзін басқа адамның орнына қоя білу қабілеттілігі; басқа адамды тыңдай алу, оның ой-пікірімен санасу іскерлігі; сөз, мимика, жестті (ым-ишара) орынды қолдану, әр түрлі адамдардың тілін табу; адамдарды сендіре білу; жинақылық, тиянақтылық, дәлдік, нақтылық, адамдар психологиясы туралы білім. ✓ «Адам-Адам» мамандығы топтарына сипаттама 1. Басқару, оқыту, тәрбиелеу іскерлігі «адамдардың әр түрлі қажеттілігін қанағаттандырудағы пайдалы іс-әрекеттермен шұғылдану». 2. Тыңдай алу іскерлігі. 3. Кең ауқымды білім . 4. Сөйлеу (коммуникативтік) мәдениеті . 5. Ақылдың бағыттылығы, басқалардың орнына өзін қоя білу (децентрация), оның ішкі әлемін сезіну (эмпатия), өзінің ойын біреудікі ретінде қабылдамау іскерлігі. 6. Адамның деңгейі бұдан да жоғары болады деген сенімге негізделген бағыт. 7. Байқағыштық. 8. Халыққа қызмет етудің дұрыстығы жөніндегі терең де оптимистік сенімі. 9. Стандарт емес жағдаяттарды шешу. 10. Өзін-өзі реттеу деңгейінің жоғарылығы. 11. Төзімділік іскерлігі. • Кәсіпті (мамандықты) таңдауға ықпал ететін 8 негізгі факторлар (Е.А.Климов бойынша): 1) ересектер, отбасы көзқарасы; 2) құрбылардың көзқарастары; 3) мектептегі педагогикалық ұжым көзқарастары; 4) жеке кәсіби және өмірлік жоспарлар; 5) қабілеттіліктер мен олардың көрінісі; 6) қоғамдық мойындауға талаптану; 7) кәсіби әрекет туралы мағлұматтану; 8) бейімділік. • Психологтар бойынша мамандықты таңдаудағы негізгі факторлар Субъективті факторлар: қызығушылықтар (танымдық, кәсіби, мамандыққа қызығушылық, бейімділік); ✓ қабілеттіліктер (белгілі іс-әрекетте жетістікке жетуге қажет психологиялық механизмдер); ✓ темперамент; ✓ мінез. Объективті факторлар: ✓ даярлық деңгейі (үлгерімі); ✓ денсаулық жағдайы; ✓ мамандық әлемі туралы ақпарат алу. Әлеуметтік мінездеме ✓ әлеуметтік орта; ✓ үй-тұрмыс жағдайы; ✓ ата-анасының білім деңгейі. Д. Сьюпери бойынша кәсіби жол кезеңдері: зерттеушіні индивидтің бейімділігі мен қабілетін анықтау, кәсіби «Мен» концепциясын белсендіретін өзіне тиесілі мамандықты іздеу қызықтырған. ✓ І - даму кезеңі (туғаннан 14 жасқа дейін). Балалық шақта «Мен» – концепциясы дами бастайды. Балалар ойын кезінде өздеріне не ұнайды, неменеге икемді екендіктерін әр түрлі рөлдерді ойнай отырып анықтайды. Оларда болашақ кәсіби карьераға әсер ететін қызығушылықтар байқалады. ✓ ІІ - зерттеу кезеңі (15 жастан 24 жасқа дейін). Қыздар мен бозбалалар өз қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, қабілетін, құндылықтары мен мүмкіндіктерін анықтап, түсінуге ұмтылады. Осындай өзіндік саралауды негізге ала отырып олар кәсіби карьераның мүмкін варианттарын қарастырады. ✓ ІІІ- карьераны жеңілдету кезеңі (25 жастан 44 жасқа дейін). Қызметкерлер таңдап алған іс-әрекеттерінде берік орын алуға тырысады. Еңбек етудің алғашқы кезеңінде жұмыс орнын немесе мамандықты өзгертуі мүмкін, бірақ осы кезеңнің екінші жартысында таңдап алған мамандығын сақтап қалу тенденциясы байқалады. Адамның еңбек ету биографиясында осы жылдар шығармашыл жылдар болып табылады. ✓ IV- жеткен жетістікті сақтау кезеңі (45 жастан 65 жасқа дейін). Қызметкерлер алдыңғы кезеңде жеткен дәрежені сақтап қалуға тырысады. ✓ V - құлдырау кезеңі (65 жастан кейін). Дене және ақыл-ой күші төмендей бастайды. Еңбек әрекеті тоқтайды. • Хейверхерст бойынша кәсіби жол кезеңдері: Адамдарға толыққанды қызмет етуге мүмкіндік беретін әрекетті құру мен еңбек дағдысын игеру кәсіби жол кезеңдерін анықтау критерийлері болып табылады. 1. Жұмысшылармен (қызметкерлермен) теңестіру (5 жастан 10 жасқа дейін). Балалар өздерінің жұмыс істейтін әке-шешелерімен теңестіріледі және болашақта жұмыс істеуге деген ниет «Мен» -концепциясының бір бөлігіне айналады. 2. Негізгі еңбек дағдысын игеру мен еңбек сүйгіштікті қалыптастыру (10 жастан 15 жасқа дейін). Оқушылар әр түрлі міндеттерді шешуде өз уақыттары мен күш қуатын дұрыс ұйымдастыруды үйренеді. Мысалы үй тапсырмасын орындау немесе үйдегі жұмыс. Олар: алдымен – жұмыс. Одан кейін – ойын принципі бойынша жүре бестайды. 3. Нақты кәсіби бірегейлікке (идентичность) ие болу (15 жастан 25 жасқа дейін). Адам мамандық таңдап сол мамандыққа өзін даярлай бастайды. Ол таңдау мен карьераны бастауға көмектесетін белгілі еңбек тәжірибесін жинақтайды. 4. Кәсіби маманның қалыптасуы (25 жастан 45 жасқа дейін). Ересектер өзінің кәсіби қабілеттілігі мен мүмкіндік шеңберіндегі шеберлікті жетілдіре отырып қызмет баспалдағында жоғары өрлей бастайды. 5. Қоғам игілігі үшін жұмыс (40 жастан 70 жасқа дейін). Жұмысшы- қызметкерлер өз кәсіби карьерасының шыңына жетеді. Олар өзінің азаматтылығы мен әлеуметтік жауапкершілігі туралы ойлана бастайды және күштерін қоғам алдындағы міндеттерін орындауға жұмсайды. 6. Кәсіби әрекеттің жемісті (нәтижелі) кезеңі туралы толғану (70 жастан кейін). Зейнеткерлікке шыққаннан кейін адамдар кәсіби жүріп өткен жолын ой-елегінен өткізіп, ондағы жеткен жетістіктерін қанағаттана отырып есіне алады. • Кәсіптенген маман дамуының негізгі фазалары (Е.А.Климов бойынша) ✓ Оптант (оптант, оптация фазасы). Адам мамандық таңдауға қам жеген кейіп танытады. Бұл фазаның нақты уақыттық шекарасы басқа фазалар сияқты жоқ, өйткені олар тіршілік жағдайы мен мәдениеттің дамуымен байланыстырылады. ✓ Адепт (немесе адепт фазасы) – мамандықты меңгеру үстіндегі адам. ✓ Адаптант (немесе адаптация фазасы, жас маманның жұмысқа бейімделуі). Жас маман өзі келіп түскен ұжымның нормаларына бейімделеді, шығармашылық міндеттерді шешіп үйренеді. ✓ Интернал (немесе интернал фаза) - өз ісін тұрақты, жақсы көретін, негізгі кәсіби функцияларды өзбетті орындай алатын тәжірибелі маман. ✓ Шебер – жұмысшы қарапайым және ең күрделі міндеттерді шеше алады. Ол өзінің белгілі бір сапаларымен, іскерлігімен, кәсіби аймақта кең де терең білімімен ерекшеленеді. Оған қайталанбайтын, ерекше іс-әрекет стилі тән, оның жұмыс нәтижелері үнемі ерекше және өзін алмастыруға келмейтіндердің қатарына қосуына негізі бар. Өз біліктілігінде (дәрежесінде) формальды көрсеткіштерге ие (разряд, категория, дәреже, атақ). ✓ Авторитет - өз ісінің шебері, көпке танымал (белгілі салада, салааралық деңгейде, мемлекетте). Кәсіби міндетін мол тәжірибесі, іскерлігі, жұмысын ұйымдастыру шеберлігі арқасында шешеді. ✓ Үйретуші – беделді, өз ісінің шебері, шәкірттерін, ізбасарларын үйретуге әзір. 3. Мұғалім – қоғам мен өскелең ұрпақ аралығындағы сарапшы. Мұғалім мамандығы біздің елімізде ең көп тараған мамандықтың бірі. Мұғалім – бұл болашаққа ұмтылған адам. Мұғалім ең күрделі процестерді – жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. “Егер кебіс тігуші олақ болса, мемлекет бұдан көп зардап шеге қоймайды – бар болғаны азаматтар біршама уақыт нашар киінеді, ал егер шәкірт ұстазы өз міндетін нашар орындаса, онда елде надандар мен бұзақылар көбейіп кетеді” (Платон); “Мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған ешнәрсе жоқ” (Ян Амос Коменский); “Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі” (К.Д.Ушинский); “Тәрбиешілік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр” (В.Г. Белинский); “Мұғалім балаларға өткен ұрпақтан ең таңдаулысын беруі және ескінің сарқыншағын кемістік пен кеселді бермеуі тиіс.” (А.В.Луначарский); “Егер алтын ісінің шебері алтынды бүлдірсе онда алтынды қайта құюға болады. Егер бағалы тас бүлінсе, онда ол бракқа кетеді, алайда ең бағалы гауһар тастың өзі, жаңа туған адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы не үлкен қылмыс, немесе орны толмас өкініш. Бұл материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатыныңды біле отырып жұмыс істеу қажет”(А.В.Луначарский); “Ғылымды өзі жетік білетін, оны меңгерген және оны жақсы көретін ұстаз ғана шәкірттеріне жемісті қызмет ете алады. Өзің жақсы көрмейтін пәннен гөрі, өзің жақсы көретін пән он есе жақсы меңгеріледі” (Д.И. Менделеев); “Әлемде сезімін оятуға ешкім жәрдемдеспеген көп адам бар екен. Адамның адамгершілік негізін ояту, өмірдегі ең таңдаулы қасиеттерді келтіру ең алдымен мұғалімге жүктеледі. Мұның өзі үлкен тәрбиелік проблема” (Француз жазушысы, ойшылы Антуан де Сент-Экзюпери) 3. Көрнекті педагогтар Ян Амос Коменский (1592-1670). Ян Амос Коменскийдің әлемге танымал шығармалары: √ «Ұлы дидактика» (1657ж.), √ «Жалпыға кеңес», √ «Ана мектебі» және т.б. Оның педагогикалық идеяларының мәні мынада: √ жалпы мен ерекшенің, тұтастық пен жеке бөліктердің, даму мен тәрбиенің, білім берудің қоғамдық жүйесімен тұтастай жеке тұлғаның табиғи да баяу еркін дамуының, дербес және қоғамдық дамудың бірлігі; √ тәрбиенің мақсаты – адамды мәңгілік өмірге даярлау; √ тәрбиенің үш құрамдас бөлігі: ғылыми білім алу, адамгершілік тәрбиесі, діни тәрбие; √ жеке тұлғаның жан-жақты дамуы; √ адам - табиғаттың перзенті, сондықтан барлық педагогикалық құралдар адамның табиғатына сәйкес болуы қажет. Тәрбиенің «табиғатқа сәйкестігі» принципі дегеніміз адамның рухани өмірінің заңдарын зерттеу мен олармен барлық педагогикалық әсер етулерді үйлестіру; √ табиғатты, адамды және оның іс-әрекетін басқаратын басты принциптердің бірлігін мойындауы; √ тәрбие мен оқытудың бір-бірінен бөлінбейтін бірлікте қарастырылуы; √ ана тілі негізінде жан-жақты білім беру; √ оқытуға қойылатын негізгі талаптар: оқытуды ертерек бастау, оқу материалының баланың жасына сәйкестігі. Оқытудың «жақыннан алысқа», «белгіліден белгісізге», «қарапайымнан күрделіге», «нақтылыдан абстрактіліге» қарай көшіп отырудың ережесінің құрылуы; √ танымның үш көзі: сезім, ақыл, сенім; √ тәрбие мақсаты тек қана білімді меңгеру ғана емес, моральдық сапаларды дамыту да (ең алдымен, шыншылдық, батылдық, өз күшіне сенімділік); √ бәрін де барлығына оқыту. Джон Локк (1632-1704) – “Тәрбие туралы ойлар”: √ қоғамға пайдалы білім алатын, дене және рухани жағынан тұтас адамды дамыту қажет; √ ізеттілік – үзақ уақыт бойында адамда ләззатқа батырады, қайғы-мұңды азайтады. Моральдық ізеттілік – ерікті түрде адам ерік-жігерінің тәңірі берген еріктің қарамағындағы – шынайы моральдың негізі - қоғам және табиғат заңына бағынулары; √ жеке тұлға мен қоғамдық қызығушылық арасындағы үйлесімділік есті және тақуалық мінез-құлық арқылы жүзеге асады; √ бала – не жазғың келсе соны жазуға болатын «ақ тақта» сияқты тап-таза. Ж.Ж. Руссо (1712-1776) – «Эмиль, немесе тәрбие туралы » (1762ж.): √ оқытудың мазмұны мен әдістемелері баланың өз әрекеті мен белсенділігін дамытуға ықпал етуі қажет: «Оқыту процесінде оқушыны үнемі ғылыми шындықты қалай болғанда да ашушы, зерттеуші ретінде қою керек». Оқушы «ғылымды жаттап алмайды, оны ойлап шығарады»; √ білімді кітаптан емес, өмірден алу қажет. Оқытудың кітаптық сипаты, өмірден, практикадан алшақтау жарамайды және құртады; √ барлығын бірдей бірдеңеге үйретудің қажеті жоқ, нақты адамды не қызықтырады, оның бейімділігіне не сәйкес келеді, соған сәйкес оқыту қажет, сонда оқушы даму мен білім алуда белсенділік танытады; √ балада зеректікті, зейінділікті, байқампаздықты дамыту қажет. Г.И. Песталоцци ( 1746-1827) – «Лингард және Гертруда»: √ кез келген оқу бақылау мен тәжірибеге негізделуі кажет, және содан кейін ғана ол қорытындылау мен жалпылауға қарай көтеріле алады; √ оқыту процесі жүйелі түрде жекеден тұтастыққа қарай құрылуы қажет; √ оқытудың негізі – көрнекілік. Оны қолданбай дұрыс елестете, ойлау мен сөйлеуді дамытуға болмайды; √ оқыту білім қорын жинақтауға және сондай-ақ ақыл-ой қабілетін, адамның ойлауын дамытуға ықпал етуі қажет; √ тәрбиенің гуманды сипаты: балаларға деген ізгі қатынас. Олардың адамгершіліктерінің дамуының негізі – жанашырлық және адамдарға деген аяушылық білдіру; √ балалардың шамасына шақ еңбекті ұйымдастыра отырып оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру идеясы; √ балалар қауымдастығының тәрбиелік рөлі (тәрбиелеуші ұжым). И.Ф. Гербарт (1776-1841) – «Педагогикадан лекция очеркі» және т.б.: √ адамның бұрынғы тәжірибелері туралы елестердің жаңа әсерлермен бірігуі қабылдаудың дұрыстығын және беріктігін және жаңаны меңгеруді анықтайды; √ тәрбиенің мақсаты – ізгілік пен жақсылық, өмір сүріп отырған қоғамдық қатынастарға икемделе алатын адамдарды тәрбиелеу, қалыптасқан тәртіпті сыйлай білетін, соған бағына білетін адамдарды тәрбиелеу; √ тәрбие процесінің үш саласы: басқару, оқыту және адамгершілік тәрбие; √ оқудың тәрбиелі сипатта болу идеясы: баланың жан-дүниесінде бар елестерді өзгерте отырып, баланың мінез-құлқына, жан-жақты қызығушылықтың дамуына әсер етуге болады; √ адамгершілікке тәрбиелеу идеясы: ішкі еркіндік, кемеліне жету, ізгілік, құқық, әділеттілік. Ф.А.В. Дистервег (1790 -1866) – «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық»: √ тәрбиенің негізгі принциптері: табиғатқа сәйкестік, мәдениетке сәйкестік, өздігінен істеушілік; √ тәрбие міндеттері – туа біткен нышандардың өздігінен дамуын қамтамасыз ету; √ оқытуда көрнекіліктің орны ерекше; √ оқу материалының түсініктілігі – оны меңгеру жетістігінің шарты; √ оқытудың жемісті болуы оның тәрбиелік мәнінің болуында. Ресейдегі ғылыми педагогиканың негізін салушы К.Д.Ушинский. К.Д.Ушинскийдің (1824-1870) маңызды еңбектері: √ «Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы», √ «Қоғамдық тәрбиенің халықтық негізі туралы», √ «Мектепті құрайтын үш нәрсе», √ «Ана тілі», √ «Балалар дүниесі» және т.б. Негізгі идеялары: √ Халықтық принцип: оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде әр халықтың өз ұлттық белгілері және шығармашылық көріністеріне деген объективтілік қажеттілік; √ Ана тілі приоритеті мектептегі білім беру пәні ретінде. Ана тіліне оқыту “сөздің қадір-қасиетін” дамытады, тілдің қоймасына енгізеді, “дүниеге көзқарасты” қалыптастырады; √ Еңбек туралы идея жеке тұлғаның дамуының басты факторы ретінде (“тәрбиеленушіде еңбекке деген сүйіспеншілікті ұялату, оны еңбек етуге дағдыландыру“ қажет); √ Тәрбие мақсаты – белсенді де шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру, адамды адамзат іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы ретінде дене және ақыл-ой еңбегіне даярлау; √ Ғылым мен мектептің дінге тәуелсіздігі; √ Адамгершілікке тәрбиелеу мәселесінің қоғамдық-тарихи сипатта болуы; √ Басты міндеттердің бірі шовинизмді болдырмайтын елжандылыққа тәрбиелеу, адамзаттық борышқа тәрбиелеу, авторитарлықты жою; √ Тәрбие жүйесі жағымды мысал негізінде, баланың ақылмен атқарған іс- әрекеті, оқушылармен өзара қатынас негізінде құрылады; √ Ең маңыздысы оқушыларды оқуға үйрету (“балаға белгілі білімді беріп қана қоймай, онда өздігінен, мұғалімсіз, жаңа білім алуға деген тілек пен қабілетті дамыту қажет”); √ Оқудың тәрбиелік сипатта болу принципі (оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі); √ Оқыту процесінде жас ерекшеліктік және психологиялық ерекшеліктерді ескеру; √ Оқытудың көрнекілік пен бірізділік (нақтыдан абстрактілікке қарай) принципін оқушы шамасына шақ негіздеу; √ Оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты – методикалық шеберлікте, ал методикалық шеберліктің әр түрлі оқыту әдістеріне байланыстылығы. Н.А. Добролюбов (1836-1861): √ тәрбие идеалы – “табиғи ұмтылысты” қанағаттандыру (“өйткені бәріне жақсы болуы үшін”); √ ақыл-ой, дене және адамгершілік тәрбиесінің үйлестірілуі; √ баланың жеке тұлғасына, оның жан-жақты дамуына деген қамқорлық, жас адамды белсенді де бақытты өмірге дайындау. Н.И. Пирогов (1810-1881) еңбектері: √ “Өмір мәселелері” (1856) – тәрбие мәселесіне арналған мақала. Негізгі идеялары: √ тәрбие және жалпыадами тәрбие, жалпы адамзаттық білім алу арқылы өзін- өзі тану идеясы; √ жалпыадамзаттық тәрбие ұлттық тәрбие идеясымен үйлестірілген болуы қажет; √ көрнекілік пен сөздің оқу-тәрбие процесіндегі бір-бірімен байланыстылығы. Л.Н. Толстой (1828-1910) еңбектері: √ “Азбука” (1872), √ “Жаңа азбука” (1875), √ «Оқу кітаптары». Негізгі идеялары: √ “еркін тәрбие” (Руссо бойынша) идеясы: тәрбие ең алдымен өзін-өзі дамыту; тәрбиенің міндеттері – туылғаннан бастап адамзат бойында бар гармонияны қорғау, балаға еркіндік беру; “педагогиканың критериумы тек біреу ғана ол - еркіндік”; √ баланың ерекшелігі мен оның қызығушылығын ескеру принципі. Н.К.Крупская (1869 -1939): Негізгі еңбектері: √ “Халық ағарту ісі және демократия”, √ “Еркін мектеп туралы мәселеге”, √ “Семья және мектеп”, √ “Мектептегі өзін-өзі басқарушылық туралы”, √ “Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселе”, √ “Ер балаларды “әйелдердің ісіне” үйрету қажет пе?». Негізгі идеялары: √ Коллективизм сезімі – адамгершілік тәрбиесінің негізі; √ Ұжымдағы балалардың қоғамдық пайдалы еңбегі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда тәрбиенің тиімді құралы болуы қажет, жұмыстың балалардың білімі мен іскерліктеріне сәйкестігі; √ Қарапайымдылық пен кішіпейілдік қасиеттерінің жоғары бағалануы. С.Т. Шацкий: √ Тәрбие әлеуметтік тапсырмаға сәйкес болуы қажет және онымен бірге жеке тұлғаның дербес ерекшеліктерін ескеру қажет; √ ортақ мақсатқа жету үшін балалардың бойындағы іскерліктерді біріктіруге тырысуды қалыптастыру (мысалы, өзін-өзі басқару); √ Оқыту іскерлігін меңгерген, балаға әлеуметтік жағымды әсерді қолдайтын оқытушыны даярлау; √ Баланы қоршаған макро- және микроәлеуметтік ортаны ескеру. П.П. Блонский: √ Оқыту мен тәрбиелеу бала дамуының заңдылығы туралы білім негізінде жүзеге асырылуы тиіс; √ Баланың жеке тұлғасын, оның қажеттілігі мен қызығушылығын құрметтеу, √ Бала жеке тұлғасының жан-жақты дамуы (ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиесі). А.С. Макаренко (1888-1939) негізгі еңбектері: √ «Ұстаздық дастан», √ «Мұнара үстіндегі тулар», √ «Ата-аналар кітабы», √ «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» және т.б. Негізгі идеялары: √ тәрбиелеушы ұжым теориясы педагогикалық процестің формасы ретінде; √ұжымды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтауы, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, коллективтің барлық мүщелерінің іс-әрекет жасауы, бірлігі, коллектив мүшелерінің өз арасында міндеттерін анықтауы, бұл міндеттерін әрқайсысының ұқыпты орындауы; қатаң түрде орнатылған тәртіптің болуы, оны коллектив мүшелерінің сөзсіз орындауы; өз мүшелері үшін коллективтің жеке адамдарының бүкіл коллектив алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім; өзара бағына білу; √ ұжымда адамдар бірлестігіне тән нормалар, өмір стильдері, қарым-қатынас қалыптасады: әр түрлі жастағылардан құрылған отрядтар, командирлер советі, өзін-өзі басқару, коллектив өмірінде мажорлық оптимистік тон құру, «адамға неғұрлым көп мөлшерде талап қою және оған неғұрлым жоғары деңгейде құрмет көрсету»; √ ұжымның өмір сүруінің маңызды заңын анықтаған, ол – ұжымның қозғалысы, өсуі, ілгері дамуы; √ ұжымдағы балаға «параллельді әрекет ету» әдісін қолдану; √ еңбек тәрбиесі – тәрбиенің маңызды элементтерінің бірі; оқытуды ұйымдастырылған өндірістегі еңбекпен біріктіру идеясы; √ отбасы алғашқы ұжым болып табылады; отбасы тәрбиесіне керекті басты жағдайлар: отбасындағы еңбектің дұрыс ұйымдастырылуы, дұрыс құрылған режим, ата-аналар мен отбасының басқа мүшелері арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластық, ата-аналар мен ересек отбасы мүшелерінің белделінің болуы. √ шын беделге негіз болатын жағдайлар: отбасындағы ересектердің өздерінің азаматтық міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарауы, балаларға дұрыс ретімен сүйіспеншілік білдіруі және талап қоюы; ата-аналардың бір-біріне қатынасы, олардың қылықтары, еңбекке, затқа қатынастары – осының бәрі балаға әсер етеді де, оның жеке тұлғасын қалыптастырады. В.А.Сухомлинский: √ балалар ұжымы – идеялық, интеллектуалдық, эмоционалдық және ұйымдастырушылық қауым, балалар бірлестігі: «ұжымдық рухани өмір», «класстың интеллектуалдық фоны»; √ дәстүр, фольклор, табиғаттың балаға тәрбиелік әсері маңызды; √ балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жетістігі, әрбір баланың рухани өмірі мен дамуының ерекшеліктері туралы білімі терең болғанда ғана мүмкін. М.А. Данилов: √ білімді сұрыптау, жеке тұлғаның ішкі күшін ынталандыру, өзбетті ойлау мен әрекетті талап ететін оқу еңбегін ұйымдастыру идеялары негізіне жатқызылған бастауыш білім беру концепциясы; √ оқыту мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы ретінде. М.А. Мельников: √ дифференциалды оқыту жүйесі: таңдалған пәндер негізінде сабақтың бағдарламасы бойынша факультативті сабақтар, класстар және мектептер. Л.В. Занков: √ оқушылардың танымдық мүмкіндіктерінің приоритетіне негізделген кіші мектеп оқушыларын оқыту жүйесі. Қазақстандық педагогтар: Ш.Уәлиханов (1835 -1865): √ Діннің прогреске бөгет болатынын, ғылым мен мәдениетке кесел жасайтынын, әсіресе ислам дінінің реакциялық сипатын анық айтқан; √ Адам психикасы сыртқы ортаға, әсіресе географиялық, табиғат жағдайларының әсеріне байланысты қалыптасып отырады. Ы.Алтынсарин (1841 -1889) – қазақтың тұңғыш педагогының еңбектері: √ Қазақ даласында бірінші рет мектеп ашқан (1864ж), √ Қазақ мектептеріне арналған тұңғыш оқу құралдарын жазды; √ «Қазақ хрестоматиясы», √ «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық», √ Еңбек тәрбиесіне ерекше мән берген: мектептің жанында бау-бақша, шеберхана жұмыс істеді; √ Адамгершілік тәрбиесіне жете мән берді. Абай Құнанбаев (1845-1904): √ Мектепте жүйелі білім беру қажеттігін мойындады; √ Жастарды орыс ғылымын үйренуге шақырады; √ Оқыту процесінде ақыл-ойды дамыту; ойлау мен қиялдауды дамыту айналадағы дүниені, құбылыстар мен заттарды жан-жақты терең танып білуге мүмкіндік береді; ақылда адам заттар мен құбылыстардың сырын ашып, одан дұрыс ой қорытындыларын жасай алады; √ Білім алуға ең зиянды нәрсе – салақтық, пайымсыздық; √ Оқыту жүйесі нәтижелі, әрі пайдалы болу үшін балаларға әуелі ана тілінде, оларға шын ғылыми білім беруді, содан кейін барып шетел тілдерінде, мәселен араб, парсы тілдеріне, үйретуге көшуді ұсынды; √ Адамның ең жақсы қасиеттері: ерлік, табандылық, тұрақтылық, әділеттік және шыншылдық, сыпайгершілік, еңбек сүйгіштік, білімге құмарлық және ақылдылық; √ жастарды достық, татулық, әділеттік, дұрыстық сияқты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге шақырды; √ көркем сөздің, музыканың тәрбиелік маңызына тоқталды. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) Шоқан, Абай, Ыбырайдың салған ағартушылық арна-дәстүрлерін әрі қарай жалғастырды. Этика – ар ілімі дей келе ар мәселесіне ерекше ден қойған. Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) қазақ тілі оқыту әдістемесінің іргетасын қалады. «Қазақ оқу құралы» (1912ж.), «Әліппе», «Тіл-құрал» (1915 ж.), «Баяншы» (1915 ж.) тағы басқа әдістемелік еңбектер жазды. Мұнда мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жөн-жобасын көрсетті. Нәзипа Құлжанованың (1887-1934) «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу» (1924 ж.) атты еңбегі – Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиеге арналған алғашқы құнды еңбек. Ж. Аймауытов (1889-1931) – педагогика, психология саласына арналған ғылыми зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. М. Жұмабаевтың (1893-1938) «Педагогикасы» (Ташкент,1922 ж.) - тұңғыш қазақ тілінде жазылған оқу құралы. Шәрапи Әлжанов (1901-1938) – қазақтың тұңғыш профессоры. Тәлім-тәрбие саласында көптеген еңбектер жазып қалдырды. Ғалымның педагогика, психология, осы ғылымдардың тарихы жайлы еңбектері бар. Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) – дидактика мәселелерімен жан-жақты айналысқан ғалым. «Педагогика мәселелері» (1940 ж.), «Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу» (1940 ж.) тағы басқа еңбектері әлі де өз құндылығын жойған жоқ. Қ. Бержанов (1924-1976) – «Педагогика тарихы» (С. Мусинмен бірге) (1971 ж.), «Қазақстан мұғалімдерінің қоғамдық және мәдени ағартушылық қызметі» (1951 ж.), тағы басқа еңбектердің авторы. Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. Олар: Р.Г. Лемберг, А.И. Сембаев, Г.А. Уманов, Т.Тәжібаев, М. Ғабдуллин, тағы басқалар. Ресейлік жаңашыл-педагогтардың жүйесі Жаңашыл педагогтардың ізгілікті стратегияларының сипаты: √ оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеу, √ оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін дамыту, √ өздігімен ойлау қабілетін дамыту, √ жағымды эмоционалдық педагогикалық процесті қалыптастыру, √ педагогикалық процесте педагогикалық зорлықтың барлық түрлерін аластату. Жаңашыл педагогтар тәжірибелерінің төмендегідей ережелерге негізделуі: * оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау; * зорлықсыз оқыту; * күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту); * ірі блоктар идеясы; * тіректерді қолдану (С. Лысенкованың үлгілері, Е.Ильиннің тірек бөлшектері, В. Шаталовтың тірек белгілері және т.б.); * өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау); * ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы); * сыныптың интеллектуалдық фоны (оқушылардың алдына өмірлік маңызды мақсаттарды қою және олардың бағдарлама шеңберінен тыс білім алуы); * ұжымдық шығармашылық тәрбиелік қызмет (коммунарлық әдістеме) ; * оқушылардың өзін-өзі шығармашылық басқаруы; * тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау; * ата-аналармен ынтымақтастық құру. Виктор Федорович Шаталов жүйесі: КСРО халық мұғалімі, Донецк ашық университетінің профессоры. Ол: √ оқу материалы блок-схема қолданыла отырылып максимальды түрде нақты, қисынды түсіндіріледі, олар оқу материалының логикалық байланысын бейнелейді; √ оқушылар ойда сақтап отырған блок-схеманы тірек ете отырып сұраққа жауап береді; √ үйде алғашында сабақта шешілген есептер (жаттығулар) орындалады, нәтижесінде тіпті оқу деңгейі «төмен», бірақ оқуға ниеттері бар оқушылардың өзі нәтижеге жетпек; √ оқушы білімін бағалау тақырыпты әрбір оқушы меңгергеннен кейін жүзеге асырылады. В. Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны белсенді оқуға тартуға, оның танымға өзіндік талпынысын қалыптастыруға, оның өз ар-намысы мен күш- жігерін сезінуге мүмкіндік береді. Евгении Николаевич Ильин жүйесі: әдебиет пәнін оқытудың ерекше әдістемесін әзірлеген Санк-Петербург қаласындағы №ектептің әдебиет мұғалімі. Оның әдістемесінде: √ әдебиет сабағы әрбір оқушыға адам болу тәлімін беретін өнер және адамгершілік-этикалық курсы; √ адамды адам етіп қалыптастыру үрдісі, ол жай ғана жұмыс емес, қарым- қатынас үйлесімділігі, жай ғана оқытып-үйрету сабағы емес, тұғыры биік өнер, ол сабақ кестесіндегі сағаттар саны емес, нағыз өмір. Бұл жаңашыл педагог жасөспірімге өз күшіне сенуге көмектесіп, оның ең жақсы қасиеттерін ашуға ықпалын тигізеді, оны ізгілік пен азаматтылықтың биік шыңына жетелейді. Софья Николаевна Лысенкова жүйесі: Мәскеу қаласының № 587 мектебінің бастауыш мектеп мұғалімі, КСРО халық мұғалімі. Жаңашыл педагог С. Лысенкова қазіргі кездегі бір күрделі мәселенің басын ашты. Ол: √ жаңа материалды «ірі блоктар» арқылы меңгеру; √ оза отырып оқыту идеясы (сабақтың бастапқы бірнеше минутының сабақ барысында меңгерілетін ұғымдарға арналуы); √ даму деңгейі әр түрлі балаларды қосымша сабақсыз, кез келген «теңеусіз», ата-аналардың көмегінсіз бірге оқытып, білім беру міндеті. Шалва Александрович Аманошвили жүйесі: Педагогикалық ғылым мен тәжірибеде академик Амонашвили Шалва Александрович – бастауыш мектеп оқушыларына эксперименталдық білім беруді енгізген жаңашыл мұғалім. Ол РБА академигі болып табылатын Грузия мен Ресейде танымал ғалым және практик педагог. Ш. Амонашвили өзінің эксперименталдық мектебінде √ «мұғалім-оқушы» жүйесінде педагогикалық ынтымақтастық идеясы, √ «гуманды педагогика» жеке тұлғаға ерекше көзқарас педагогикасы, √ тіл мен математиканы оқытудың ерекше әдістемелері. Оның жұмысының айрықша нәтижесі «Гуманистік-тұлғалық педагогика қағидалары негізінде бастауыш білім беру сот ісі туралы трактатта» суреттелген «Өмір мектебі» технологиясы болып табылады. Игор Павлович Волков жүйесі: Ресей Федерациясының еңбегі сіңген мұғалім, жаңашыл педагог. Ол Мәскеу облысының Реутов қаласында істейді. И. Волков шығармашылықты дамыта оқыту технологиясын әзірлеп, әске асырды. Бұл: √ әр түрлі іс-әрекет түрін оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерін дамыту үшін қолдану; √ тұлғаның шығармашылық қабілеттерінің оқушылардың әрқайсыларының өзінің жанына жақын істі еркін таңдаулары демек, «еркін шеберхана» идеясы және мұнда оқушы белсенділігіне шектеу жоқ; √ «Өзің үйрендің бе – енді жолдасыңды үйрет» шығармашылық принципін жүзеге асыру. Қазақстандық жаңашыл-педагогтардың жүйесі. Нұрғалиев Құмаш – қаһармандық, азаматтық, батылдық үлгісі. Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан ол 19 жасында I топ мүгедегі болып қалған. Рига түбіндегі шайқаста екі аяғы мен сол қолынан айырылған ол өмір сүруге ғана емес, өз өмірін, қабілетін, дарынын жас ұрпаққа білім беруге арнауға бекінген. Оны білім саласындағы «Қазақтың Мересьеві» деп атайды. Ол өзінің туған жері Боран ауылындағы мектепті қырық жылдан астам уақыт басқарған (1957-1988). 1975 жылы мектеп КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне, ал 1980 жылы Қазақстанның ХШЖҚ қатынасып, мектеп III орын алып, медалмен марапатталды. Қазір мектеп «Құмаш Нұрғалиевтың мектеп-гимназиясы» деп аталады. Нұрғалиев Құмаш – Ленин ордені иегері, КСРО және Қазақ КСР-інің білім беру озаты, Қазақстанның еңбегі сіңген мұғалімі, КСРО халық мұғалімі. Нұртазина Рафиқа Бекенқызы – Қазақстанның халық мұғалімі, Еңбек Ері, педагогика ғылымдарының кандидаты, әдіскер-ғалым, қоғам қайраткері әрі жазушы. Ол 240 ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің, соның ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған 15 оқулық пен оқу құралының авторы болып табылады. Ол Қазақстандағы ең танымал орыс тілінің мұғалімі. Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы - Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы гимназия-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, КСРО мемлекеттік сыйлық иегері, Қазақ КСР-нің және КСРО білім беру ісінің озаты, Н. К. Крупская атындағы медаль иегері Бітібаева Қанипа 60 ғылыми-педагогикалық мақала, 13 кітаптың, соның ішінде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі бойынша 2 оқулықтың авторы, ол 4000 дидактикалық материал, 300 көрнекі құрал әзірлеген. Қанипа Омарғалиқызының сабақтары – ынтымақтастық педагогикасы. Оның сабағында әрбір оқушы өзін тұлға деп сезінеді. Бұл жаңашыл педагог үшін ынтымақтастық педагогикасы адамгершілік педагогикасы болып табылады Ысқақов Архимед Мыңбайұлы – Қазақстан Республикасының халыққа білім беру ісіне еңбегі сіңген қызметкер, «Тарлан» сыйлығының иегері, авторлық мектеп директоры. Ысқақов Архимедтің авторлық мектебі мақсаты – еңбек және қызықты оқу үрдісі мен оқушылардың жеке қабілеттерін, бейімдерін, қызығуын дамыту арқылы үйлесімді және қоғамда белсенді тұлғаны қалыптастыру. Қолданылған әдебиеттер: 1. Бержанов Қ., Мусин Б. Педагогика тарихы. А., 1984, 212-228 беттер. 2.Титов В.А. Педагогика начальной школы. Конспект лекций. М., 2003, С 14- 16. 3.Джуринский А.Н. История педагогики. 4.Мұсаева С.А., Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. Астана, 2006,146- 149б. 3-тақырып. Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және оның жеке тұлғасы 1.Педагогикалық іс-әрекеттің мәні: мақсаты, педагогикалық әрекет тарихи, динамикалық құбылыс ретінде. 2. Педагогтың жеке тұлғасы: негізгі кәсіби маңызды сапалары. 3. Педагогикалық ұжымдағы психологиялық климат (хал – ахуал). Негізгі ұғымдар: педагогикалық іс-әрекет, педагогтың жеке тұлғасы, кәсіби сапалар. 1. Педагогикалық іс-әрекет – оқушының тұлғалық, интеллектуалдық, іс- әрекеттік дамуына бағытталған, сонымен бірге өзін-өзі дамытуы мен өзін- өзі жетілдірудің негізі болып табылатын мұғалімнің оқушыға (оқушыларға) ықпалы. • Педагогикалық іс-әрекет сипаттамалары - мақсаттылық; - түрткі (мотив); - пәнділік; - өнімділік. 2. А.К.Маркова бойынша кәсіби сапалар: ✓ педагогикалық эрудиция (білімдарлық); ✓ ғылым салаларын терең меңгеру; ✓ педагогикалық мақсат қоя білушілік; ✓ педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау; ✓ педагогикалық интуиция (сезімталдық); ✓ педагогикалық импровизиация (суырып салмалық, жанынан жедел шығару, шешім қабылдау); ✓ педагогикалық байқағыштық; ✓ педагогикалық көрегендік. Митина Л.М. бойынша кәсіби сапалар: ✓ әдептілік; ✓ сыпайылық; ✓ сезімталдық; ✓ тәрбиелілік; ✓ зейінділік; ✓ ізденімпаздық; ✓ шыдамдылық; ✓ адамгершілік; ✓ іскерлік; ✓ тәртіптілік; ✓ белсенділік; ✓ саяси сауаттылық; ✓ сыншылдық; ✓ патриоттық; ✓ болжағыштық; ✓ өзбеттілік; ✓ принципшілдік; ✓ батырлық; ✓ кешірімшілдік; ✓ кішіпейілдік; ✓ балаға деген сүйіспеншілік. М.М.Мұқанов бойынша педагог мамандығына лайықты сапалар: ✓ педагогтың идеялық сенімі; ✓ педагогтың қабілеті; ✓ педагогтың ұстамдылығы; ✓ әділеттілік және абырой. Осының ең ортасы, өзегі, яғни жеке бас сапасының ядросы – бағыттылығы, бейімделушілігі, өзін-өзі бағалау, «Мен» бейнесі. Мұғалімнің кәсіби қасиеттері: ✓ Ұйымдастырушылық – ұйымдастырушылық, іскерлік, белсенділік, талап қойғыштық, өзіндік сын, т.б. ✓ Коммуникативтік – зейінділік, қайырымдылық, ашықтық, мейірбандық, қарапайымдылық, сезімталдық, әдептілік. ✓ Экспрессивті-перцептивті – байқағыштық, креативтілік, интеллектуалдық, белсенділік, зерттеушілік стилінің ерекшелігі, сыншылдығы, икемділік. ✓ Кәсіби қабілеттілігі ✓ Дене және психикалық денсаулығы- эмоционалды- еріктік тонустың жоғарылығы, оптимистік, эмоционалдық төзімділік, елгезектік. Педагогтың субъективті қасиеттері (П.Ф.Каптерев бойынша) Объективті мазмұндағы: мұғалімнің пәні туралы білімі (меңгеруі), ғылыми дайындығы, қосымша пәндер туралы білімі; пәннің методологиясымен, дидактикалық принциптерімен танысу, баланың ерекшеліктерін меңгеру. Субъективті мазмұндағы: сабақ бере алу шеберлігі, таланты, өнері. • Педагогтың субъективті қасиеттерін анықтаушы бағыттар (Роджерс бойынша) ✓ Гуманистік бағыт – ұстаздың оқушының мұқтаждығы мен қажеттілігіне көңіл аударуы; ✓ Эгоцентрлік бағыт – ұстаздың тек өзіне, өз мүддесіне, қажеттілігіне назар аударуы; ✓ Бюрократтық (төрешілдік) бағыт – ұстаздың әкімшіліктің нұсқауларын, жоғарыдан келген құжаттарды өзіне бағыт етуі. ✓ Конформистік бағыт – ұстаз әрекетінің ұжым өмірімен, өзінің әріптестерімен қатынас жасауға негізделуі. ✓ Авторитеттік бағыт – ұстаз оқушының ата-аналарына, олардың қоғамдағы орнына сүйенуі. ✓ Когнитивтік бағыт – ұстаздың өзі беретін пәннің мазмұнына сүйенуі. • Кәсіби ұстаным (позиция) типологиясы ( М. Тален бойынша) «Сократ» – пікірталасты мақсатты түрде туындатушы ретінде танымал педагог. Үнемі конфронтацияны туындатушы болғандықтан жекешелену, оқу процесін ұйымдастыруда жүйесіздік тән; оқушылар өз позицияларын қорғай алуға ұмтылады, қорғауға үйренеді. «Генерал» - екі ойлылықтан аулақ, талап қойғыш, өзін тыңдатуға қатаң түрде жететін педагог, өйткені ол өз көзқарасын дұрыс дей келе, оқушыны армиялық тәртіпке, бұйрыққа бағынуы тиіс деп есептейді. «Топ дискуссиясының жетекшісі» - оқу-тәрбие процесіндегі нәтиже, оқушылар арасында келісімге, ымыраласуға келу деп есептейді, демократиялық келісу жолын іздеу, дискуссия нәтижесіне қарағанда басты орында деп қарап өзі бағыттаушы рөлін атқарады. «Менеджер» - белсенділікті, өзбеттілікті жақтайтын, сыныпты тиімді әрекетке бағыттайтын педагог. Педагог жеке оқушымен шешілуге тиіс міндет- мазмұнынды сапалы бағалауға, талдауға ұмтылады. «Шебер» - өзінің өмірге қатынасы, көзқарасы арқылы үлгі ретінде көрінеді. «Жаттықтырушы» - бірлескен рух негізінде сыныпта қарым-қатынас атмосферасын қалыптастырушы. Оқушылар мұнда бір команданың мүшесі сияқты, әрқайсысы жеке индивид ретінде маңызды емес, ал бірлікте барлығына қол жеткізе алады. Педагог - топқа дем беруші, мұндағы ең басты соңғы нәтиже – жеңіс, табыс. «Гид» - білімді, жан-жақты, энциклопедист бейнесінде. Қысқа сөйлейтін, тура, өзін-өзі ұстай алатын адам. Берілген сұраққа жауабы үнемі дайын. 3. Педагогикалық ұжымдағы психологиялық климат (хал – ахуал). Педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің тиімділігі ондағы моральдық - психологиялық климатқа байланысты. Осы моральдық-психологиялық климатқа мұғалімнің мектептегі көңіл-күйі, оның педагогикалық әрекетте бар ынтасымен жұмыс істеуі байланысты. Өзінің әлеуметтік-психологиялық мазмұны бойынша ол психологиялық жағдайлардың бірлігінде байқалатын, біріккен нәтижелі іс-әрекет пен топта жеке тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызатын тұлғааралық қарым- қатынастың сапалы жағын береді. Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психологилық сипат топтың даму деңгейіне байланысты және әрбір мұғалімнің шығармашылығының өлшемін анықтайды. Педагогикалық ұжымның психологиялық климатына оның бірнеше жағының тиімді сабақтастығы тән, атап айтқанда: ✓ мектеп әкімшілігінің басқару стилі; ✓ еңбек ету жағдайы; ✓ мұғалімдер - ұжым мүшелерінің әлеуметтік-психологиялық сәйкестігі; ✓ әлеуметтік – психологиялық мақсатты мұғалімнің жүзеге асыруы; ✓ әкімшілік тарапынан жүзеге асырылатын әлеуметтік – психологиялық мақсат. ( Жайлы психологиялық атмосфера – педагогикалық ұжымда төмендегі сапалардың болуын болжайды: ✓ еңбек қуанышы; ✓ оптимизм; ✓ сергектік; ✓ қорғаныш сезімі; ✓ қарым – қатынастағы қуаныш; ✓ сенім; ✓ сүйеніш сезімі. Жалпы мақсат қана емес, достық, бір-бірін құрметтеу, ұнату негізінде қалыптасқан педагогикалық ұжым балаларға білім береде, тәрбиелейде алады. ( Педагогикалық ұжымдағы іс - әрекет жетістігінің критерийлері: ✓ оқушылардың білімділігі; ✓ оқушылардың тәрбиелілігі; ✓ педагогтардың кәсіби біліктілігі; ✓ педагогикалық ұжымның туындаған міндеттерді жедел шешу қабілеттілігі; ✓ педагогтардың жеке тұлғалық сапаларының жетілуі. Қолданылған әдебиеттер: 1. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Алматы, 2005, Б. 291-316. 2. Логвинов И., Сарычев С., Силаков А. Педагогическая психология в схемах и комментариях. Питер, 2005, С. 152, 162 – 167. 1. Платонов К.К. Краткий словарь системы психологических понятий. М., 1984, С.155. 4 – тақырып . Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы 1. Н.В. Кузьмина бойынша педагогикалық іс-әрекет компоненттері. 2.А.И. Щербакова бойынша педагогикалық іс-әрекеттің педагогикалық процесті іске асыру кезіндегі компоненттері. 3.Н.Д. Хмель бойынша педагогикалық іс-әрекет компоненттері. 4.Педагог педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретінде: педагогтың позициясы, педагогтың әлеуметтік, кәсіби позициясы. 5.Л.Б. Ительсон бойынша негізгі рөлдік педагогикалық позицияға сипаттама. 6. Профессиограмма - педагогикалық білім мақсатының бейнесі ретінде. 1. Педагогикалық іс-әрекет сипаттамалары - мақсаттылық; - түрткі (мотив); - пәнділік; - өнімділік. • Педагогикалық іс-әрекет формалары - әңгіме (сократтық әңгіме) немесе майевтика; - шеберханадағы жұмыс; - сабақ; - лекция; - семинар; - сынақ; - практикум; - тренингтер және т.б. • Н.В.Кузьмина бойынша педагогикалық іс-әрекет дәрежесі І - (минималды) репродуктивті; педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес. ІІ - (төмен) бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті. ІІІ - (орташа) локальды модельдеуші; педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие (яғни, педагогикалық мақсат қою, іздестіру нәтижесі бойынша өзіне жауап беру және оқушыларды оқу-танымдық іс-әрекетке біртіндеп енгізу); орташа продуктивті. IV – (жоғары) – оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері; педагог жалпы пән бойынша оқушылардың дағдылар, іскерліктер ізденісіндегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті. V – (ең жоғары) – оқушылардың жүйелі модельдеуші іс-әрекеттері мен мінез- құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғары продуктивті. • Педагогикалық іс-әрекеттің пәндік мазмұны ✓ мотивация, ✓ мақсат; ✓ пән; ✓ құралдар; ✓ тәсілдер; ✓ өнім; ✓ нәтиже. • Педагогикалық іс-әрекет пәні дамудың шарты мен негізі ретінде оқытушылардың пәндік, әлеуметтік мәдени тәжірибені игерулеріне бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы. • Педагогикалық іс-әрекет құралдары: ✓ Ғылыми (теориялық және эмпирикалық) білім, ғылыми білімнің көмегімен және солардың негізінде оқушылар тезаурусы қалыптастырылады; ✓ Білімді «тасымалдаушы» ретінде оқулықтағы мәтіндер немесе пәннің ақиқат фактілерін, заңдылықтарын, қасиеттерін мұғалімнің ұйымдастырған бақылауы жағдайындағы (зертханалық, практикалық сабақтарда, даладағы практика кезінде) оқушының жаңадан жасаған елестетулері; ✓ Қосымша құралдарға жататын техникалық, компьютерлік, графикалық, т.б. құралдар. • Педагогикалық іс-әрекет тәсілдері: ✓ түсіндіру; ✓ көрсету (иллюстрация); ✓ оқушылармен бірігіп атқарылатын жұмыс; ✓ оқушы тәжірибесі; ✓ тренингтер және т.б. • Педагогикалық іс-әрекет нәтижесі Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі мақсатының орындалуы ретінде оқушының тұлғалық, интеллектуалдық дамуы, оның тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі ретінде жетілуі, қалыптасуы. Педагогикалық іс-әрекет психологиясы проблемалары: 1. Педагогтың шығармашалық потенциалы мен педагогикалық стеоретипті жою мүмкіндіктері проблемасы. 2. Мұғалімнің кәсібилігі (профессионализм) проблемасы. 3. Мұғалімді психологиялық даярлау проблемасы. 4. Дамыта оқыту жүйесіне мұғалімді даярлау проблемасы. 5. Мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру проблемасы. 6. Мұғалімнің инновациялық процестерді жете ұғынуы проблемасы. ✓ Педагогикалық іс-әрекеттегі негізгі қарама-қайшылықтар • Кәсіби міндеттер динамикасы мен оны жүзеге асырудағы мұғалімнің ішкі даярлығы арасында; • Білім беру саясаты динамикасы мен мұғалімнің нақты және жүйелі позицияны ұстануға ұмтылысы арасында; • Шығармашылық өзін-өзі реттеудегі жеке тұлғалық қажеттілік пен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері арасында; • Күнделікті өзекті ақпарат көлемі мен оны саралау, меңгеру, сақтау, тасымалдау қабілеттілігі арасында; • Қоғамның білім беру қызметіне қажеттілігі мен мұғалімнің жұмыс уақыты резервінің қысқаруы, сондай-ақ оқытушы кадрларының азаюы мен материалдық деңгейлерінің төмендігі арасында; • Әлеуметтік-кәсіби топтың көпшілігінің бос уақыттарының көбеюі мен педагогикалық кәсіп өкілдерінің бюджеттегі уақыттары өзгерісінің тенденциясы арасында. Мұғалім функциялары • Оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару: мақсатқа жету, диагностикалау, болжау, өзінің және оқушының іс-әрекетін жобалау және жоспарлау; • Мәліметтік (ақпараттық), ұйымдастырушылық, бақылау және коррекциялық функциялар; • Аналитикалық функция; • Педагогикалық білімді насихаттаушы функция. 2. А.И. Щербакова бойынша педагогикалық іс - әрекеттің психологиялық функциялары: ✓ Ақпараттық функция (материалды меңгеру және оны бере білу өнері); ✓ Дамытушы (оқушының тұлғалық дамуын басқару); ✓ Бағыт беру функциясы (жеке тұлғаның, оның мотивінің, идеалының бағыттылығы); ✓ Жұмылдыру функциясы (оқушылардың ақыл – ой әрекетін белсендіру, олардың өзбеттілігін дамыту); ✓ Зерттеу (педагогикалық процестегі шығармашылық ізденіс, тәжірибе жүргізу іскерлігі, тәжірибесін жалпылау және өз шеберлігін үнемі жетілдіру). Оқытушы мен оқушылар қарым-қатынасындағы негізгі функциялар ✓ Конструктивті: білім мазмұны мен пәннің практикалық мәнін талдау мен түсіндірудегі оқытушы мен оқушының педагогикалық әрекеттері . ✓ Ұйымдастырушылық: Бірлесе мағмұматтандыру мен оқу-тәрбиелік әрекет нәтижесіне жауапкершілікпен жетудегі оқытушы мен оқушылардың біріккен оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. ✓ Коммуникативті-стимулдандыру: Оқу-танымдық іс-әрекеттің әр түрлі формаларының үйлесімі (индивидуалдық, топтық, фронтальдық), педагогикалық ынтымақтасу мақсатында өзара көмек көрсетуді ұйымдастыру; оқушыларға нені білуі, түсінуі, үйренуі керектігі жөнінде түсінік беру. ✓ Ақпараттық-білім берушілік: қоғамдық өмір аумағындағы жаңалықтарға оқушыларды бағыттау, әлемді дұрыс қабылдатуда оқу пәнінің практикамен байланысын көрсету; оқу пәні аумағы деңгейінің қозғалмалылығы мен оқу материалының эмоционалды түсіндірілуі, оқушылардың бейнелі-сезімдік сферасына иек арту. ✓ Эмоционалдық-түзетушілік: Оқыту процесінде оқу іс-әрекеті түрлерін ауыстыру барысында, оқытушы мен оқушылардың сенімділік қатынасында «ашық перспектива» және «жеңіске жету» принциптерін жүзеге асыру. ✓ Бақылау-бағалау функциясы: Оқытушылар мен оқушылардың өзара бірін-бірі бақылауын ұйымдастыру және өзін-өзі бақылау, бағалау арқылы бірлесе отырып мұғалімнің кәсіби қасиеттерін жетілдіру. 2. Кәсіби білім беру психологиясы әдістері 1.Бақылау 2.Эксперимент 3.Анкета 4.Қызмет нәтижесін зерттеу 5.Профессиография Профессиография нәтижесінде профессиограмма құрылады, немесе нақты еңбек процесі, оны ұйымдастыру жөнінде мәлімет құрастырылады (техникалық, санитарлық-гигиеналық, технологиялық, психологиялық, психофизиологиялық, сондай-ақ мамандық психограммасы құрылады. Психограмма психологиялық және психофизиологиялық іс-әрекетті белсендіретін және оны орындауды қамтамасыз ететін кәсіби маңызды сапалардан тұратын нақты еңбек әрекетін психологиялық талдау негізінде құрылған мамандық «портреті». 5 – тақырып. Педагогтың кәсіби компетенттілігі (құзырлығы) 1. «Компетенттілік»,«кәсіби компетенттілік» туралы ұғым. 2.Кәсіби компетенттілік мазмұны және педагогтың педагогикалық шеберлігі. 3. «Іскерлік» ұғымы. Педагогикалық іскерлік. Негізгі ұғымдар: Компетенттілік, кәсіби компетенттілік, іскерлік, педагогикалық шеберлік 1. (Компетенттілік( ұғымы (қазақша құзырлылық) әр түрлі түсіндіріледі. Шетел сөздері түсіндірмелі сөздігінде (компетентті( ұғымы қандай да бір мәселені жан-жақты меңгерген адам, француз тілінде (Сompetent) – компетентті, құқылы. Ағылшын тілінде қабілеттілік, латын тілінен аударғанда (Competentia) (дегеніме жетемін(, (сәйкеспін(, (лайықпын( деген, яғни белгілі бір саладағы толық игерілген білім мен жинақталған тәжірибені білдіреді. Адамдағы таным мен тәжірибесі бар аймақ сұрақтарының ауқымы. Белгілі бір аймақтағы компетенттілік – осы аймақ көлеміндегі материалды білім мен қабілеттілікке сәйкес меңгеру және осы аймақтағы негіздемеге орай өзінің көзқарасын еркін білдіру мен әрекет ету. С.И.Ожегов сөздігінде компетенттілік қандай да бір саладан хабардарлық, жете білушілік. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде компетенттілік – белгілі бір саланы жетік білуші, өзінің білімі жағынан мәселені шешуге, ол жөнінде пікір айтуға құқы, уәкілдігі бар адам. Сонымен қатар ғылымда кәсіби компетенттілік деген ұғым бар. Бұл ұғымға зерттеуші-ғалымдар әр түрлі бағытта өз пікірлерін білдірген. «Кәсіби компетенттілік - кәсіби педагогикалық әрекетті өзіндік ұйымдастырудың жоғары деңгейі» (Н.Н.Тарасевич). «Кәсіби компетенттілікті мұғалім меңгерген объективті қажетті білім, іскерлік, психологиялық сапалардың өзара байланысы және олардың процесс пен педагогикалық әрекеттің нәтижесіне әсері ретінде қарастырған» (А.К.Маркова). «Кәсіби компетенттілік - тапсырманы орындау қабілеті мен әзірлігі» (Бергоун). «Кәсіби компетенттілік – психологиялық-педагогикалық даярлықтың жоғарғы деңгейімен ерекшеленетін жеке тұлғаның белгілі сапаларының жиынтығы» ( Н.В.Кухарев). «Кәсіби компетенттілікті үш компонентке бөледі: кәсіби -білім берушілік, кәсіби -әрекеттік, кәсіби–жеке тұлғалық» (Н.Н. Лобанова). «Кәсіби компетенттілік - педагогикалық өзара әрекет процесінде көрінетін білім, практикалық іскерлік, мінез-құлық арасындағы өзара келісімділік» (М.И. Лукьянова). «Кәсіби компетенттілік – маманның білім, іскерлік және дағдыларды меңгеруін көрсететін сапаларының жиынтығы» (Л.Ю. Кривцов). «Кәсіби компетенттілік – кәсіби кәмелеттілік, кәсіби іс -әрекетті шығармашылық деңгейде қазіргі сәтте социумда қабылданған нормалар мен стандартқа сәйкес жүзеге асыру» (Педагогикалық әдебиеттер). Сонымен, кәсіби компетенттілік – ерекше міндетіне оны жүзеге асыруда қолданылатын барлық білім мен дағдының жиынтығын құрайтын нәтижелі кәсіби іс-әрекетке деген қатынас. Кәсіби компетенттілік - мамандық иесіне, мамандыққа, мамандандыруға қойылатын талаптарға және біліктілік стандартына сәйкес маманның дене, психикалық және рухани жағдайының сапасы, қасиеті немесе жағдайы. Жалпы түрде кәсіби компетенттілік – белгілі еңбек функцияларын өз бетті, жауапкершілікпен және сапалы орындау қабілеттілігі. 2. Психологияда кәсіби компетенттілік арнайы, әлеуметтік, тұлғалық, даралық (индивидуалдық) кәсіби компетенттіліктен тұратын кешенді білім ретінде қарастырылады. Арнайы Өзіндік кәсіби әрекет іскерлігі мен дағдыларын ең жоғарғы деңгейде қалыптастыру, өзінің кәсіби дамуының перспективасын анықтау қабілеттілігі Тұлғалық Өзінің кәсібилік деңгейін арттыруда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі игеру тәсілдерін меңгеру Әлеуметтік Өзіндік кәсіби әрекет іскерлігі мен дағдысын, кәсіби қауыммен байланысты игеру; өзінің кәсіби еңбегінің нәтижесіне әлеуметтік жауапкершілік Даралық (индивидуалдық) Өзінің даралық ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу тәсілдерін таңдап алу мен жүзеге асыру қабілеттілігі. Арнайы компетенттілік мазмұнын мыналар құрайды: • Әлеуметтік контексте таңдап алған мамандығының ролін, орнын, спецификасын түсіну; • Таңдап алынған кәсіби әрекеттің шегі туралы білімі және басқа мамандықтармен өзара байланысы; • Кәсіби сана (кәсіби әрекеттік белгілерін сезіну – пәнін, құралын, еңбек нәтижесін); • Кәсіби ойлау (кәсіби міндеттерді қоя және шеше білу қабілеттілігі), кәсіби интуиция; • Кәсіби әрекеттің нормасы мен амал-тәсілдерін игеру; • Кәсіби әрекеттің түрі мен тәсілдерін оның нәтижесімен байланыстыру қабілеттілігі; • Кәсіби еңбектің жоғары эффективтілігі мен нәтижесінің тұрақтылығы; • Өзінің кәсіби әрекетін бағалай білу іскерлігі, оны әріптестер әрекеті және көрсеткіштерімен салыстыра білу; • Кәсіби өсу, кәсіби шеберлік; • Кәсіби әрекетті үнемдеу (еңбек нәтижесіне жетуде күш-жігер мен шығынды минимумға жеткізу); • Кәсіби еңбек мәдениетін игеру. Әлеуметтік компетенттілік мазмұнын төмендегілер құрайды: • Өзін кәсіби қауымға енгізуі; • Кәсіби қарым-қатынас, этикалық норманы игеру; • Кәсіби әрекет нәтижесінің адамзаттың игілігіне бағытталуы; • Өзінің кәсіби әрекеті салдарына әлеуметтік жауапкершілік; • Өзінің кәсіби әрекеті нәтижесін көрсете білу іскерлігі; • Мәселені шешуде өз көзқарасының ақиқаттығын дәлелдей алу іскерлігі; • Кешенді кәсіби міндеттерді шешуде әріптестерге кәсіби көмек беру және қабылдау, өзара байланыс жасау іскерлігі ((горизонтальды( өзара байланыс); • Басшылар және қарамағындағылармен іскерлік қатынас орнату, оларды қолдау іскерлігі ((вертикальды( өзара байланыс); • Басқара алу және бағына білу іскерлігі; • Ұжымда жұмыс істей білу іскерлігі (топ айналысып жатқан жалпы міндетті сақтай отырып өзіне берілген тапсырманы орындай білу қабілеттілігі); • Басқа адамның позициясына көше білу іскерлігі (децентрация, эмпатия); • Социумда өзінің кәсіби іс-әрекетіне және оның нәтижесіне деген қызығушылықты тудыра білу іскерлігі; • Өзгеріске даяр болу, өзара қарым – қатынас процесінде әрекеттесу іскерлігі; • Өзара бәсекелестікке қабілеттілік. Тұлғалық компетенттілік мазмұнын мыналар құрайды: • Кәсіби мотивацияның тұрақтылығы; • Позитивті (Мен( –концепциясының болуы; • Кәсіби міндеттерді қоя және шеше білудегі өзбеттілік; • Мінез –құлық еріктілігі, кәсіби әрекет процесінде сыртқы және ішкі кедергілерді жеңе білу қабілеттілігі; • Саналы кәсіби шығармашылық; • Өз мамандығын саналы түрде байыту; • Өзін мамандыққа, мамандықты өзіне бейімдеу; • Икемді бейімділік; • Кәсіби әрекетті орындау барысындағы жағымды эмоционалды көңіл – күйдің басымдылығы; • Кәсіби еңбекпен қанағаттану; • Кәсіби білім мен іскерлікті дербес жетілдіру қабілеттілігі; • Өзінің кәсіби іс -әрекетін жоспарлау, бақылау, реттеу және түзету қабілеттілігі. Даралық кәсіби компетенттілік мазмұнын төмендегілер құрайды: • Тұтастай кәсіби өзіндік сана; • Кәсіби әрекеттің дара стилін құру; • Кәсіби қабілеттілігін өздігінен дамыту; • Өзін кәсіби деңгейі жоғары маман ретінде қабылдау; • Өз бойындағы жетістігі мен кемшілгінің туындау себептерін іздеу; • Кәсіби өзін-өзі анықтау процесінің үнемі тереңдеуі; • Өзіндік мотивация, кедергіге тұрақтылық; • Өзіндік кәсіби жетілу стратегиясын құру мен жүзеге асыру; • Кәсіби деңгейдің жетілуіне сәйкес дараланудың артуы; • Кәсіби іс-әрекеттің мотивациялық және әрекеттік аймағындағы келісімділіктің болуы; • Кәсіби сауаттылық; • Кәсіби тәжірибелерді тірек ету; • Қиын жағдаяттарда өзін-өзі қолдау мүмкіндігі, өзін-өзі реттеуінің жоғары деңгейлігі. ✓ Психологиялық-педагогикалық компетенттіліктің негізгі компоненттері үш блокта қарастырылады: • Психологиялық-педагогикалық білімділік – жалпы кәсіби деп аталатын білім. - Дифференциалды-психологиялық, демек оқу материалын балалардың жас және дербес ерекшеліктері сипатына қарай меңгерту ерекшеліктері туралы білім; - әлеуметтік психологиялық –топтық және оның жеке мүшесінің оқу –танымдық және коммуникативтік әрекеті ерекшелігі туралы және мұғалімнің білім алушылармен өзара қарым-қатынасы, қарым-қатынас заңдылығы туралы білім; - аутопсихологиялық - ол өз іс-әрекетінің жетістігі мен кемшілігі және өз жеке басына тән сапалардың жиынтығы туралы білім. 3. Іскерлік - белгілі жағдайда белгілі іс-әрекетті орындауға мүмкіндік беретін білім мен икемді дағдының жиынтығы. Педагогикалық іскерлік – мұғалімнің түрлі әрекеттерінің жиынтығы, олар, ең алдымен, педагогикалық іс-әрекет функцияларымен теңестіріледі, елеулі мөлшерде мұғалімнің даралық-психологиялық ерекшеліктерін айқындап, оның пәндік-кәсіби құзырлығы жөнінде дәлел келтіреді. Педагогикалық іскерліктің А.К.Маркова 9 тобын сипаттаған. 1-топ. Педагогикалық міндетті анықтау кезінде өз мотивтері мен мақсаттарын, оқу-тәрбие беру процесінің белсенді даму үстіндегі қатысушы ретінде оқушыға бағыттау; педагогикалық ситуацияны зерттеу және қайта түрлендіру; педагогикалық міндеттерді сатылы және жедел түрде нақтылау, белгісіздік жағдайда оңтайлы педагогикалық шешім қабылдау, педагогикалық мақсаттар мен міндеттерді педагогикалық жағдаяттардың өзгеру шамасына қарай икемдеп бейімдеу; қиын педагогикалық жағдаяттардан абыроймен шығу; педагогикалық міндеттерді орындаудың жақын және алыс нәтижелерін болжай алу, т.б. іскерліктер. 2-топ: 3 топшадан тұрады. І-ші топша: «Нені оқыту керек». Оқу материалымен жұмыс жасай білу іскерлігі (оқыту туралы жаңа концепциялар мен технологияларды меңгеру), оқу пәні бойынша негізгі қағидаларды бөліп алу, оқу пәнін жаңарту (ұғым, термин, дискуссияларды пайдалану арқылы), педагогикалық жаңалықтарды талдау қабілеттілігі, мектеп оқушыларында жалпы білімділік және арнайы ептілікті, дағдыны қалыптастыру, пәнаралық байланысты жүзеге асыру. ІІ-топша: «Кімді оқыту керек». Оқушылардың жеке психологиялық процестерін зерттеу (ес, ойлау, зейін, сөйлеу т.б.), іс-әрекет түрлеріне сипаттама (оқу, еңбек); оқушылардың білімділігі мен тәрбиелілігін зерттеу, оқушының оқуға шынайы мүмкіндіктерін зерттеу; оқу үлгерімі және жеке бас сапаларын ажырату, жас ерекшеліктеріне байланысты бір кезеңнен ІІ-ші кезеңге өтуді зерттеу, үлгермеушілермен және дарынды оқушылармен жоспар бойынша жұмыс т.б. ІІІ-топша: «Қалай оқыту керек». Оқыту және тәрбиелеу формаларын, әдістерін дұрыс таңдап алу іскерлігі, оқытушы мен оқушының жұмсалатын күшін, уақытын есепке алу; педагогикалық ситуацияны салыстыра алу, жалпылай алу, біріктіру; оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыру; педагогикалық міндетті шешудің бірнеше жолдарын іздестіру; қолайлы жол таңдау. 3-топ: Психологиялық-педагогикалық білімді қолдана білу іскерлігі, педагогикалық тәжірибелерді қолдану; өз еңбегінің қорытындысын тіркеу, еңбегінің күшті және әлсіз жақтарын көре білу, оқушылардың қиындықтарын өз жұмысындағы кемшіліктерімен байланыстырып отыру; өзінің жеке бас стилін бағалау, өз тәжірибесін саралау, басқа мұғалімдердің тәжірибесімен салыстыру, алмастыру; педагогикалық әрекетті дамыту барысында жоспар жасай білу іскерлігі. 4-топ: Кең спектрдегі коммуникативті міндеттерді шешу. Психологиялық қауіпті болдырмау, жою. 5-топ: Жоғары дәрежедегі қарым-қатынас тудыратын жолдарды іздестіру, қолдану. Оған мыналар жатады: қарым-қатынаста басқаның позициясын түсіну іскерлігі, оған деген қызығушылықты арттыру, оқушыны дамытуға бағыт, мінез- құлық бойынша оқушының ішкі жағдайын түсіну (мимика, жест), өзін оқушының орнына қоя білу («децентрация»); сенімді, жайлы атмосфера қалыптастыру, басқарудың демократикалық стилінің басымдығы; оқушыны мақтауға, кешірім сұрауға дайын болу, оқушының сөзін бөлмеу, оқушының қарым-қатынастық әрекетінен қорықпау; көпшілік алдында сөз сөйлей білу. 6-топ: Кәсіби позициясын сақтай алу іскерлігі, яғни өз кәсібінің мәнділігін түсінетін , оның әлеуметтік және жалпы адамзаттық құндылығы жолында қиындықтарға төтеп бере алуға қабілеті; өзінің педагогикалық қабілеттерін, олардың перцептивтік (басқа адамды түсіну және зерттеу, оның көзқарасымен қарау) және басқару (оқушының тек мінез-құлқы мен қылықтарына ғана емес, сондай-ақ оның түрткілеріне, мақсаттарына әсер ету) компоненттерін қамти отырып жүзеге асыру және дамыту; өзінің эмоционалдық күйін басқару; өзінің және оқушылардың позитивті мүмкіндіктерін қабылдау және осылайша өзінің «Мен»-тұжырымдамасын нығайтуға ықпал ету; еңбек эталондарын меңгеру (педагогикалық шеберлік); шығармашылық ізденісті іске асыру. 7-топ: Кәсіби дамуды сезіне алу іскерлігі, өзінің жеке бас стилін анықтау, күшті жақтарын нығайту, әлсіз жақтарын ығыстыру, жаңалық енгізуге ізденіс, новаторлық деңгейге өте білу. 8-топ: Оқу жылының басы мен аяғында оқушының білім деңгейіне сипаттама бере алу; өзін-өзі тексеру, бағалау; дағдылану, оқыту көрсеткіштерін табу (оқушыға көмек көлемі, үлгермеушілік себептерін ашу, жеке және жалпылай әсер ету), кезеңдерге сай оқудың және оқытудың компоненттерін даярлау; өз бетімен білім алуға, үзіліссіз білім алуға дайындықты ынталандыру. 9-топ: Оқушының тәрбиелілігін мұғалімнің бағалау іскерлігі; мінез-құлық арқылы оқушының адамгершілік нормасы мен көзқарасын болжау. Әлсіз дамыған мінез көріністерін дамытуға жағдай жасау (мысалы, белсенділікті арттыру, алаңдаушылық коэффициентін төмендету, лидерлікке жетуге жағдай жасау). Қолданылған әдебиеттер: 1.Григорович Л.А. Введение в профессию «психолог». Учебное пособие, М., 2004, С. 39-42. 6 – тақырып. Педагог тұлғасын кәсіби қалыптастыруға даярлау. Студенттің оқу еңбегінің мәдениеті 1. Педагогтың жалпы педагогикалық даярлығының қазіргі кезеңдегі жағдайы. 2.Болашақ педагогтың жалпы педагогикалық білім, іскерлік деңгейлері. Жалпы педагогикалық білімнің, іскерліктің, дағдының қалыптасу кезеңдері. 3.Педагогикалық пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы кешенділік. 4.Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері және педагогикалық іс-әрекет мотивациясы. 5. Педагогикалық білім беру жүйесінде педагог жеке тұлғасының дамуы. 6.Студенттің оқу еңбегі мәдениеті. Студент-болашақ педагогтың кәсіби өзін- өзі тәрбиелеуі, студент-педагогтардың өздігінен білімін жетілдіру негіздері. Негізгі ұғымдар: білім, іскерлік, дағды, мотивтер, іс-әрекет мотивациясы, оқу еңбегі мәдениеті. 1. Мамандарды даярлау мәселесімен айналысқан ғалымның бірі профессор М.А. Құдайқұлов. Ғалымның пікірінше, «мұғалімді даярлау» ұғымы кез-келген пән мұғалімін жалпы педагогикалық қызметке дайындауға қатысты қолданылады, сондықтан мұғалімнің өз пәні бойынша әдістемелік даярлығын, жалпы әдістемелік даярлықтан ажырату үшін «кәсіптік-әдістемелік даярлық» деген ұғымды енгізген дұрыс болады. Және де мұндай «кәсіптік-әдістемелік даярлықты» жақсартудың бірден-бір жолы ретінде педагогикалық жоғары оқу орнындағы студентті оқытуға, тәрбиелеуге, қалыптастыруға бағытталған барлық жұмыстардың кәсіптік педагогикалық бағдарлануын атай отырып, оны төмендегідей көрсетеді: - ЖОО оқылатын барлық оқыту пәндерінің кәсіптік педагогикалық бағдарлануы; - Студент жастар арасында жүргізілетін тәрбиелік және мәдени көпшілік шаралардың кәсіптік-педагогикалық бағдарлануы; - Аудиториядан тыс (өзіндік жұмыстардың, өз білімін жетілтірудің және т.б.) жұмыстардың кәсіптік педагогикалық бағдарлануы; - Кафедралардың ғылыми-әдістемелік жұмыстарының кәсіптік педагогикалық бағдарлануы және т.б. ЖОО студенттерінің танымдық ізденімпаздығының қалыптасуының даму деңгейлерін П.И. Пидкасистый былай сиапттайды: - репродуктивті деңгей (неғұрлым төменгі) – студент танымдық тапсырманы үлгі бойынша ғана орындайды; - қайта жаңғыртушы деңгей – студент белгілі үлгілер, нұсқаулар бойынша әрекет етеді; - вариантты (ішінара іздену) – жаңа тапсырмаларды өздігінен орындайды, бірақ кейбір тұстарын оқытушының көмегімен орындайды; - шығармашылық (жоғары) – студент мәселені өзі талқылап, өзі шешеді. Н.А. Половникова оқушының танымдық ізденімпаздығының мынадай деңгейлерін көрсетті: - бірінші деңгей (көшірмелі ізденімпаздық) –танымдық әрекеттің негізгі формасы үлгілерінің көшірмесін жасай білуі; - екінші деңгей (өндіру-таңдау ізденімпаздығы) –танымдық әрекеттің негізгі тәсілдерін игеру, оларды таңдау және алғашқы шығармашылық тұрғыда қолдану; - үшінші деңгей (шығармашылық ізденімпаздығы) – танымдық әрекеттің барлық тәсілдерін таңдап, оларды шығармашылық деңгейде қолдану. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық қызметке кәсіби даярлығын бағалау картасы |Даярлық мазмұны |Студенттің даярлығын бағалау |Балл | | |көрсеткіштері |0 1 2 3 | |Ғылыми-теориялық |1.Ғылымның мақсаттары мен міндеттеін| | |даярлығы |білу | | |І.І І. Пәннің |2. Ғылымның негізгі заңдылықтарын | | |ғылыми-теориялық |білу | | |негіздері туралы |3.Ғылыми терминологияны білу | | |білімі |4. 4.Ғылымның логикасын түсіну | | |ІІ. Пәннің ғылыми |1.Түрлі ғылыми таным әдістеріне | | |әдістері туралы |бағдарлай білу | | |білімі |2.Ғылымда қолданылатын әдістердің | | | |мәнін түсіну | | | |3.Пәнді оқыту процесіндегі ғылыми | | | |әдістерді қолдану мүмкіндігін білу | | |ІІІ. Ғылымның тарихи|1.Ғылымдағы жаңалықтардың ашылу | | |дамуы мен |тарихын білу | | |жетістіктері туралы |2.Ғылыми жаңалықтардың пәнді игеру | | |білімі |процесінде қлданудың қажеттілігін | | | |түсіну | | | |3.Ғылым жетістіктері туралы білімнің| | | |болуы | | | |4.Бұл білімді оқытуда пайдалану реті| | | |мен ролі туралы түсінігінің болуы | | |Әдістемелік даярлығы|1.Оқу пәнінің оқыту жүйесінде, | | |І. Оқу пәні бойынша |дамыту мен тәрбиелеудегі ролін білу | | |оқушыларды оқыту |2.Оқу пәні бойынша оқушыларды | | |мазмұнын игеруге |оқытудың мақсаты мен міндеттерін | | |даярлау |түсіну | | | |3.Оқу пәнін оқытудағы бағдарламаны | | | |пайдалана білу | | | |4.Оқыту процесіне қажетті білім мен | | | |білікті және дағдыны қалыптастыру | | |ІІ. Пәнді оқытуда |1.Әдістер мен тәсілдердің пәнді | | |қолданылатын әдістер|оқыту мақсаты мен мазмұнына сай | | |мен тәсілдер туралы |келуі | | |білімі |2.Оқушыларға білім беруде түрлі | | | |әдіс-тәсілдердің мақсатқа | | | |бағытталуын қадағалау | | | |3.Әдістер мен тәсілдердің оқыту | | | |процесіндегі мәні және оны қолдану | | | |4. Жаңа әдістер мен тәсілдерді | | | |пайдалану | | |ІІІ. Пәнді оқытудағы|1.Пәнді оқыту формасы мен әдістері | | |ұйымдастыру |және олардың мазмұнының өзара | | |формаларын білу |байланысын түсіну | | | |2. Түрлі оқыту формаларын | | | |пайдаланудың мәні мен тиімділігін | | | |ескеру | | |ІУ. Оқыту құралдарын|1.Түрлі оқыту құралдарын пайдалану. | | |білу |Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін | | | |дамытуда оқыту құралдарының ролін | | | |түсіну және олардың оқуға | | | |қызығушылығын оятудағы, басқа да | | | |педагогикалық міндеттерді шешудегі | | | |ролін ескеру | | |Психологиялық-педаго|1.Оқушылардың психологиялық | | |гикалық даярлығы |ерекшеліктерін білу және оқытудың | | |І. Оқушылардың |әдістері мен тәсілдерін, мазмұны | | |психологиялық |мен формасын таңдауда ескеру | | |ерекшеліктерін білу |2.Оқыту компонентін, оның мәні мен | | | |логикалық өзара байланысын білу | | | |3.Түрлі жас топтарындағы оқушыларды | | | |оқыту, тәрбиелеу, дамытудың | | | |психологиялық негіздерін білу | | |ІІ. Педагогиканың |1.Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, | | |теориялық негіздерін|дамыту процесінде педагогикалық | | |білу |өзара әрекет міндеттері мен | | | |мақсаттарын түсіну | | | |2.Оқушылардың білімі мен тәрбиесі | | | |деңгейін анықтау әдістерін білу | | | |3.Сабақтың психологиялық сипатын | | | |білу | | | |4.Оқыту әдістерін топтау және | | | |әрқайсысына сипаттама беру | | |ІІІ. Педагогикалық |1.Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін | | |технология туралы |басқару мен ондағы мұғалімнің | | |білімі |қажеттігін түсіну | | | |2.Өзінің және оқушылардың еңбегін | | | |ұйымдастыру мен жоспарлау тәсілдерін| | | |білу | | | |3.Оқыту процесінде оқушылардың | | | |бақылау-талдау әрекетіндегі мазмұнын| | | |білу | | | |4.Педагогикалық іс-әрекет техникасын| | | |игеру | | 2. Білім: Қоғамдық-тарихи тәжірибеде тексеруден өткізілген ақиқатты тану процесінің нәтижесі. Ақиқаттың адам санасында ұғым, пікір, теория түріндегі адекватты бейнесі. Іскерлік: Қамтылған білім мен дағды бірлігінде адам тарапынан меңгерілген әрекетті орындау тәсілдері Дағды: Жаттығу нәтижесінде автоматтандырылған әрекет. Білім түрлері Ұғым және терминдер ➢ Фактілер туралы білім ➢ Заңдар туралы білім ➢ Теориялар туралы білім ➢ Таным әдістері мен іс-әрекет амалдары туралы білім Білім түрлерінің өзара байланысы Ұғым - заттар мен құбылыстар туралы санадағы бейне. Пікір – бір зат туралы не мақұлдау , не теріске шығаруда көрінетін ой; Ой қорытындысы – бірнеше пікірден жаңа бір пікір туындату тәсілі. Дәлелдеу – ақиқаттығы дәлелденген басқа пікірлерді негізге ала отырып өз көзқарасының ақиқаттығын дәлелдейтін ой. Түсіндіру – зат, құбылысқа тән қасиеттер, құрылым, функцияларды негізге ала отырып, олардың байланыстарын заңды факторлар негізінде негіздеу. Гипотеза – құбылыс немесе топты құбылыс жөнінде алдан ала шартты түрде ұсынатын ой; кейбір құбылыстардың бар екендігі туралы болжам. Теория – белгілі ақиқат аймағы жөнінде мәнді байланыс пен заңдылықтар жөнінде тұтастай көзқарас қалыптастыратын білімді ұйымдастырудың дамыған формасы. Білімді меңгеру кезеңдері (этаптары): 1. Тану; 2. Қайта жаңғырту; 3. Түсіну; 4. Таныс жағдаяттарда қолдану; 5. Таныс емес жағдаяттарда қолдану; 6. Бағалау. Меңгеру деңгейлері: Репродуктивті (үлгі бойынша стандартты жағдаяттарда қолдану); Продуктивті (проблеманы іздеу, білімді әр түрлі жағдаяттарда қолдану). Білім өлшемдері Білімнің кеңдігі – ұғымның белгілері мен олардың бір-бірімен байланысын ажырату қабілеттілігі; Білімнің жеделдігі - әр түрлі жағдаяттарда меңгерілген білімді қолдануда шапшаңдық көрсету қабілеттілігі; Білімнің тереңдігі – ұғымдардың мәнді белгілері мен олардың байланысын ажырата алу қабілеттілігі; Білімнің икемділігі - бір міндетті шешуде бірнеше шешім жолын тауып өз бетімен қолдана білу немесе ұқсас міндеттерге жетуде дәстүрлі емес жолды табу. Білімнің нақтылығы және жалпылығы - жалпы түрдегі білімді бөліп алу, нақтыны жалпыға жақындату, жекені жалпыға ығыстыру: Білімнің жинақылығы – ойды жинақы түрде, жүйелі жеткізу; Білімнің жүйелілігі – ұғымдар иерархиясын оның жүйелілігі мен өзара байланысын анықтау іскерлігі; Білімнің саналылығы – материалды қайта топтаумен қайта өңдеу, құбылыс, заң т.б. деректерді шығармашылықпен қолдану іскерлігі. 4. Мотив (франц. мotif - себеп, лат. мoveo – қозғаймын) - субъектінің өмір сүру жағдайы ықпалымен қалыптасатын және оның белсенділігінің бағытын анықтайтын әрекетті туғызушы. Мотив ұғымы субъектінің белсенділігін туғызатын түрлі құбылыстар мен күйлерді білдіру үшін қолданылады. Мотив – адамды түрлі іс - әрекетке итермелейтін күш, себеп, түрткі. Мотив түрлері: А.К.Маркова мотивтердің келесі тобын көрсетеді: 1 Танымдық мотивтер – оқу іс-әрекетінің мазмұны және оны орындау үлгісімен байланысты. Кең танымдық - мәселені шешуді қабыл алу; - қосымша мәлімет алу үшін мұғалімнің көмегіне сүйену және т.б. ✓ Оқу-танымдық - әртүрлі шешім қабылдау тәсілдерін іздестірудегі дербес іс-әрекет; - жұмыстың әртүрлі тәсілдерін салыстыру барысындағы мұғалімнің көмегі және т.б. Өз бетімен білім алу мотивтері - оқу еңбегін ұтымды ұйымдастыру жөнінде мұғаліммен сұхбаттасу; - өз бетімен білім алудағы нақты әрекеттер және т.б. 2) Әлеуметтік мотивтер – оқушының басқа адамдармен әлеуметтік өзара қарым- қатынасымен байланысты. Кең әлеуметтік мотивтер - оқушының борыш пен жауапкершілікті түсінуін дәлелдейтін қылықтары және т.б. Тар әлеуметтік мотивтер - құрбыларымен қарым-қатынасқа түсу және олардың арасында беделге ие болуға ұмтылыс; - жолдастарына көмек көрсету және т.б. Әлеуметтік ынтымақтасу мотивтері - Ұжымдық жұмысқа ұмтылыс пен оны жүзеге асырудың ұтымды тәсілдерін сезіну. Білімге алуға деген мотив үш басты қызметті атқарады: - Талпындырушы (іс-әрекетін бағыттайды); - Бағыттаушы (мінез-құлқын бағыттап, ұйымдастырады); - Мән-мағыналық (іс-әрекетіне жеке тұлғалық мән мен мағына береді). Мотивтер ішкі және сыртқы деп те бөлінеді. Сыртқы мотив. Сыртқы мотив баланың іштей өзінің талпынуынан кездеспейді. Көбіне өзгелерден сескенуінен туындайды. • жазалау; • мадақтау; • сес көрсету және талап ету; • материалдық пайда табу; • топқа қысым түсіру. Ішкі мотив. Ішкі мотив баланың өзіндік ықыласы және сан алуан құбылыстардың өзіне тән сырларын білуге ұмтылуынан тұрады. Ішкі мотив оқу тапсырмасын орындамай тұрып, соған ұмтылу ретінде де кездеседі. • білімге деген қызығушылығы; • мәдени және кәсіби деңгейді көтеруге деген ұмтылыс; • зеректік; • жаңа мәліметті меңгеруге деген қажеттілік. Мотивация – субъектіні белгілі әрекет жасауға іштей ынталандырушы күш. Адамды барлық тіршілік иесі сияқты белсенді іс-әрекетке итермелейтін күш - бұл қажетсіну, яғни индивидтің өзінің тіршілік ету мен даму жағдайларының тәуелділігінің көрсеткіші. Мотивация ұғымына талаптанудың барлық түрі енеді: адамзаттың іс-әрекетін тікелей негіздейтін мотивтер, қажеттіліктер, қызығушылықтар, ұмтылыстар, мақсаттар, идеалдар. Мотивация құрылымынан 4 компонентті бөліп алуға болады: - іс-әрекетке қанағаттану; - іс-әрекет нәтижесінің жеке адам үшін маңыздылығы; - іс-әрекет үшін сыйлық алуды мотивтендіретін күш; - жеке басқа еріктен тыс қысым түсіру. Мотивация құрылымына ықпал етуші факторлар: Ынталандырушы мотивтік факторлардың бірінші түрі (қажеттілік және инстинктер) белсенділіктің қайнар көзі болып келеді. Оларға талдау жасау арқылы организм не себептен белсенділік күйге түседі деген сұраққа жауап алуға болады. Ынталандырушы мотивтік факторлардың екінші түрі организм белсенділігінің бағыттылығын анықтайды. Ынталандырушы мотивтік факторлардың үшінші түрі – бұл эмоциялар, сезімдер және бағдар. Бұлар мінез-құлықты басқару динамикасын жүзеге асыру туралы сұраққа жауап береді. “Оқу мотивациясы жиі өзгеріп отыратын және бір-бірімен жаңа қатынасқа түсіп отыратын итермелеуші күштің нәтижесінде қалыптасады (оқушы үшін оқудың қажеттілігі мен мағынасы, оның мотивтері, мақсаты, эмоциясы, қызығушылықтары). Сондықтан мотивацияның қалыптасуы тек қана оқуға деген жақсы қатынастың дамуы немесе кері қатынастың бой алуы емес, ол соның арғы жағында тұрған мотивациялық аймақ құрылымының күрделенуі әрі соған енетін итермелеуші күштің, жаңа кейде олардың арасындағы қарама-қайшы қатынастың пайда болуы” (А.К. Маркова). Мотивтерді топтастыру 1.Өзекті және мүмкін болатын (потенциалды) мотивтер. Өзекті мотив – жеке тұлғаның таңдап алған және шынайы әрекеттердің мотиві. Мүмкін болатын мотив - әрекетті ұйымдастыра алатын мотив. 2.Даму бойынша негізгі және қосалқы мотивтер. Негізгі мотивтер жеке адам үшін маңызды, ол адамның мінез-құлқында көрініс беріп негізгі орын алады. Қосалқы мотивтер жеке адаммен тығыз байланыста болмайды. Олар адамда әлсіз дамыған. 3.Мағынаны құраушы және ынталандырушы мотивтер. Мағынаны құраушы мотивтер іс-әрекетке жеке тұлғалық мағына береді. Мұндай мотивтер арқылы адам өзінше дүниеге, қоршаған адамдарға, қоғамға және өз-өзіне деген қатынасын білдіреді. Ынталандырушы мотивтер мағынаны құраушы мотивтермен бірге жүріп, қосымша ынталандырушы фактордың рөлін атқарады, олар жағымды және жағымсыз болуы мүмкін. 4.Заттық мазмұны бойынша заттық, функционалды және нормативтік мотивтер болады. Заттық мотивтер іс-әрекеттің мақсатты бағытын құрайтын мотивтер. Ол үнемі нәтижені көрсетіп отырады (мысалы, үздік оқу). Функционалды мотивтер – іс-әрекетпен бірге жүреді, бірақ соңғы нәтиже көрсетпейді (мысалы, қарым-қатынас мотиві). Бұл мотив соңғы нәтижемен емес, іс-әрекет барысында қанағаттандырылады. Нормативті мотивтер – кедергі болатын мотивтер. Ол іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, оны белгілі шектеулерге бағындырады. Бұған адамгершілік немесе құқықтық мотивтер жатады. 5.Жалпылау деңгейі бойынша жалпыланған және нақты мотивтер болады. Жалпыланған мотивтер өз ықпалын іс-әрекет түрлеріне тигізеді. Нақты мотивтер жеке әрекет-қылықтың құрамдас бөлігі. 6.Саналылық деңгейі бойынша саналы түрде түсінілетін және саналы түрде түсінілмейтін мотивтер.Саналы түсінілетін мотивтер әрекет жасаушы адамның санасында айқын көрініс береді. Кей жағдайда адам өзін әрекет жасауға итермелейтін мотивтерді толық сезіне бермейді, бұл саналы түсінілмейтін мотивтер. Г.Розенфельд мотивацияның үш аспектісін қарастырады: құндылық, мақсатты және бағыттылық. Құндылық аспектісінде автор мотивтердің 3 (үш) тобын көрсетеді: 1. Оқу қуаныш сезімі ретінде; 2. Оқу жеке бас пайдасына ие болу ретінде (материалдық пайда); 3. Оқу әлеуметтік статусқа ие болу, сәтсіздіктен қашу ретінде; 4. Оқу әлеуметтік идентификация (негізінде достарының әсері және басқаларға еліктеу); 5. Оқу күштеудің, күш көрсетудің салдарынан; 6. Жауапкершілік сезімінен оқу; 7. Өмірлік тәжірибенің маңыздылығын түсіну негізінде оқу (мамандық, өмірлік мақсат); 8. Оқу қоғамдық қажеттіліктер негізінде (қоғамдық нормалар, принциптермен теңестіру). Қолданылған әдебиеттер: 1. Столяренко Л.Д . Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов- на-Дону, 2004, С. 55-61. 2.Ильин Е.П. Мотивация и мотивы. СПб, Изд-во Питер, 2000, С. 512. 3.Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации учения. М.,1990. 4.Маркова А.К., Орлов А.Б., Фридман Л.М. Мотивация учения и ее воспитание у школьников. М.,1983. 5.Хекхаузен Х. Мотивация и деятельность. М., –Т.2.,1986. 6. Әбілқасымова А.Е., Омарова Р.С. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. А., 2003, 39-40,126-129 беттер. 7- тақырып. Педагогты даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика 1.Педагогикалық практиканың міндеттері. 2.Педагогикалық практиканы ұйымдастырудағы негізгі ережелер. Студенттерді педагогикалық практикаға дайындау. 3.Педагогикалық практиканың мазмұндық ерекшеліктері. 4.Педагогикалық практиканы басқару жүйесі. Педагогикалық практика барысындағы есеп формалары және студенттерді бақылау түрлері. Негізгі ұғымдар: педагогикалық практика, педагогикалық практиканы басқару. 1. Білім алушылардың кәсіптік практикасы (ҚР білім туралы заңы. 15 тамыз, 2007ж) 1) Білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар даярлайтын оқу бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады. Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда жүргізіледі және оқыту процесінде алған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжірибелерді меңгеруге бағытталған. 2) Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны жұмыстық оқу бағдарламаларымен және жұмыстық оқу жоспарларымен айқындалады. 3) Кәсіптік практиканы өткізу үшін білім беру ұйымдары шарттық негізде практиканың базасы ретінде ұйымдарды айқындайды, олармен практиканы өткізудің келісілген бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді. Шарттарда білім беру ұйымының, практиканың базасы болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері мен жауаптылықтары айқындалады. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық, қоғамдық, педагогикалық және арнайы ғылымдарды үйрету студенттердің практикалық педагогикалық қызметімен үйлестіріле жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы – педагогикалық практика. Педагогикалық практиканың маңызды міндеттері – оқу-тәрбие процестерін, мұғалімдер мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрену, олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну. Мұндай іскерлікті саналы түрде үйрену қажет. Тәрбиелеу мен оқыту педагогикасын және психологиясын терең үйрену мұғалімдер қолына қажетті «құрал» береді, педагогикалық құбылыс мәнінің механизмін жете түсінуіне мүмкіндік береді. Педагогикалық практика нақты педагогикалық ақиқат жағдайында өткенімен, оның тәлім алу сипаты бар. Студенттер қызметінің мұғалімдер қызметінен түбегейлі айырмашылығы болады. Мұғалім күн сайын, сағат сайын тұтастай оқу-тәрбие процесін жасайды, оның қызметінің мақсаты мен міндеті – оқушылардың жеке өзін қалыптстыру. Студент қызметінің мақсаты мен міндеті ең алдымен жеке өзін қалыптастыру, күрделі оқу-тәрбие процесін тұтастай құра білуді меңгеру. Оқыту процесінде педагогикалық практиканың мазмұны екі бағытта дамиды. Оның біріншісі нақты оқу-тәрбие процесінің логикасына бағынып, онда ол нақты педагогикалық қызметті орындауға қатысады. Екіншісі – жоғары оқу орнының курсында оқыған оқу пәнінің логикасына негізделіп, соның әсерінен практикалық педагогикалық қызмет мазмұны өзгереді. Педагогикалық практиканың жалпы міндеттері әрбір курста нақтыланып, педагогикалық іскерліктің дамуының қолайлы логикасын қамтамасыз етеді, әрі оқушылармен нақтылы бір жұмысты естігенде тиімсіз және мақсатсыз қайталауды ескертеді. Бірінші курста жетекші ретінде мынадай міндеттер сараланады. 1. Оқушылармен тұтастай педагогикалық қарым-қатынас орната білу. 2. Оқушыларды оқыта білуді меңгеру (ең алдымен қоғамдық ұйымның мүшесі ретінде). 3. Балалардың мектептен тыс өмірін неғұрлым қолайлы амалдармен ұйымдастыруды меңгеру. 4. Оқушылардың ата-аналарымен байланыс орната білуді меңгеру. Екінші курста теоориялық білім тереңдетіледі, практикалық педагогикалық қызмет саласын ұлғайтудың, соның басты міндеті болып саналатын класс жетекшісі жұмысының жүйесін меңгерудің негізі қаланады. Бірінші курста қол жеткен іскерлігіне сүйене отырып, студенттер тәрбие жұмысының алуан формаларын : класстағы, кластан тыс, мектептегі және мектептен тыс формаларын меңгереді. Оқушылармен педагогикалық тиімді қарым- қатынас орнату өте-мөте қажетті. Класс жетекшісі мен оқушылардың қарым- қатынасы әр түрлі жағдайда бірдей бола бермейді. Үшінші курс – тәрбие жұмысындағы негізгі педагогикалық іскерлікті меңгеруді аяқтайтын, оның жүйесі қалыптасатын жауапты кезең. Студенттер жоғары кластарда немесе орта кәсіптік – техникалық училищелерде практикадан өтеді. Олар оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптерін тереңірек игеріп, мүмкіндігіне қарай пән мұғалімінің жұмысын бақылауға қатысады. Сабаққа әзірленудің бүкіл барсымен – жоспар мен конспект жасаудан бастап көрнекі құралдар әзірлеуге дейінгі жұмыстарын оқып танысады. Пәндер бойынша сабақтан тыс жұмыстарды – жекелей және топтық консултациядан бастап пәндік кештер, апталықтар, айлар, экскурсиялар т.б. өткізе білуді меңгереді. Төртінші және бесінші курстарда педагогикалық практика оқу сабағынан қол үзіп өткізіледі де, мұны өндірістік деп атайды, ол 6-дан 10 аптаға дейін созылады. Мұнда пә мұғалімінің кәсіптік қызметті меңгеруіне баа көңіл бөлінеді. Тәрбие процесі ұғымы тұтастай тамамдалады, өйткені оның құралдар жүйесіне сабақтағы жетекші тәрбие, яғни пәнді оқыту құралдары енгізіледі. Студенттер мұғалім ретінде өз бетінше жұмыс істеп, олардың барлық қызметін – тәрбиешілік және оқытушылық қызметтерін атқарады. Әрине, бұл кезеңдегі практикалық даярлықтың табысты болуыкөп жағдайда әрбір студенттің алғашқы оқу жылында меңгерген педагогикалы іскерлік жүйесінің деңгейіне, алдымен тәрбие берудегі іскерлігіне байланысты. Педагогикалық практиканы ұйымдастыру талаптарының бірі – жоғары оқу орнында оқытудың барлық жылдарында оның үздіксіз өткізілетіндігінде. Осы талапты негізге ала отырып, мыналарды атап көрсету қажет. Педагогикалық практика өзінің комплекстілік сипатымен ерекшеленеді. Практикалық педагогикалық қызмет барысында әр түрлі оқу курстарында, түрліше уақыттарда оқушы, мұғалім, оқу-тәрбие процесі туралы алған бүкіл білімің ұштасады, жинақталады қорытылады. Студен өзінің арнайы оқу пәнінің мазмұнын арнайы сабақтарда оқып үйренеді, психологиялық-педагогикалық сабақ циклдерінде оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын жете ұғынады, кейіннен ол оқушылармен тікелей жұмыс істегенде пән мазмұнын, методикалық, психологиялық, педагогикалық іскерлік секілділерді айналып өте алмайды. Педагогиаклық практикаға кірісерде оқу-тәрбие жұмысының алуан сырларын ой-елегінен өткізіп шығу қажет. Кәсіптік білімнің ұлғайып тереңдеген сайын мектептегі оқу-тәрбие процесі, оның тұтастық сипаты барынша айқындала түседі. Педагогикалық практиканың комплекстілігі оны жоспарлау, ұйымдастыру, мазмұндау бақылау және бағалау жүйесі арқылы байқалады. Жалпылама бірыңғай баға бергенде студенттің практикалық қызметінің бүкіл бағыты көрінеді. Педагогикалық практика оқу сипатында болады, оның барысында оқытушының басшылығымен болашақ мұғалімде педагогикалық іскерлік жүйесі бірте-бірте қалыптасады. Алайда іскерлік жүйесін терең меңгеру әрбір студентте дербес өткенімен, бүкіл практикалық педагогикалық қызме коллективтік түрде болады – мұғалім мамандығының басты ерекшелігі де осында. Студент осы ерекшелікті қаншалықты түсінсе, педагогикалықпрактика барысында коллективтік педагогиаклық қызметті қаншалық жете үйренсе, кәсіптік-педагогикалық даярлық соғұрлым табысты болады. Мәселе тек әрбір кәсіпке тән коллективтік жұмыстың адамгершілік нормаларын терең меңгеруде ғана емес. Педагогикалық қызметтің артықшылығы сол, жеке оқушылар, оқушылар коллективі бір адамның, ең жақсы деген мұғалімнің ғана емес, бүкіл педагогикалық коллективтің ықпалымен қалыптасады. Студенттер тобы педагогикалық практика барысында педагогикалық коллективтің өзінше моделіне айналады. Әрбір студенттің күш жігері белгілі бір мектепте жұмыс істейтін топта тиісті ынтымақты қарым-қатынас, жоғары талап орнатуға, ортақ мақсат пен міндетті түсінушілікке бағытталуы тиіс. Студент-практиканттар коллективі мен мұғалімдер коллективі бір-біріне қарсы қойылмайды, алайда объективті себептерге байланысты қосылмайды, өйткені студенттер мектепте уақытша істейді. Алайда мектептің, оқушылар мен мұғалімдердің қаморлығы осы мектептегі студент-практиканттардың қамқорлығымен бірдей дәрежеде болуы тиіс. Барлығы күні бұрын ойластыруы, ауыспалы және тура мағынасында айтқанда алғашқы күннен бастап мектептегі өз орнын белгілеуі; өз мүйісін безендіруі мектеп өмірінің ішкі тәртіп ережесін толық білуі, коллективтік дәстүрге араласуы тиіс. Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың ерекшелігі – қоғамдық-саяси, қоғамдық-педагогикалық қызметтердің және кәсіптік-педагогикалық әзірліктің біртұтатығында. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарында тек ата-аналарға ғана емес, оқушы жастардың жұмысына қатысы барбарлық адамдарға мұғалімдер күшімен педагогикалық жалпыға міндетті оқу өткізу көзделген. Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың маңызды талаптарының бірі – оны бірінші курстан соңғы курсқа дейін жоспарлаудың перспективалығында. Практикалық педагогикалық даярлықты жоспарлаудың ролі ерекше зор. Егер барлық пәндер бойынша теориялық курстардың оқу материалы меңгеру жоспарына сәйкес күні бұрын белгіленіп қойылатын болса, практикалық педагогикалық қызмет студент алдына кез келген уақытта толық көлемде кездеседі. Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың тағы бір талаптарын- педагогикалық басшылық пен жоғары белсенділікті, студент-практиканттың дербестігін үйлестіруді атаған жөн. Педагогикалық практика программасында студенттер қызметінің басты бағыттары белгіленген. Мұнда оқу-тәрбие жұмысының нақтылы мазмұны мен көлемін студенттердің өздері белгілейді. Олардың дербестілігі мен белсенділік деңгейі осыдан көрінеді. Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жоғарыда аталған талаптарының маңызды екені сөзсіз, бірақ олардың өзара байланысты екендігін түсіну одан да маңызды. Шындығында, кәсіптік даярлықтың, қоғамдық-саяси және қоғамдық педагогикалық қызметтің біртұтас талаптары педагогикалық басшылықпен үйлестірілген дербестілік пен белсенділік балаптарымен тығыз байланысады. 8 - тақырып. Зерттеу әрекеті педагогикалық іс-әрекеттің компоненті ретінде 1. «Ғылым» ұғымының философиялық, психологиялық, педагогикалық мәні 2. Педагогикалық зерттеудің басты принциптері. Педагогикалық - психологиялық зерттеулердің негізгі кезеңдері 3. Ғылыми-зерттеу жұмысының түрлері: реферат, баяндама, мақала, рецензия, оқу құралы, диссертация Негізгі ұғымдар: ғылым, әдіснама, білім, ғылыми зерттеу, реферат, баяндама, мақала, рецензия, оқу құралы, диссертация. ҒЫЛЫМ – 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеу лер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Ғылым – табиғат қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған оның барлық шарттары мен сәттерін: білімдерімен және қабілеттерімен, біліктілігімен, дене тәрбиесімен,ғылыми еңбегінің бөлінісімен және кооперациясымен қоса ғалымдарды, ғылыми мекемелерді, тәжірибелік және лабораториялық жабдықтарды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістерін, түсінік және категория аппаратын, ғылыми ақпарат жүйесін, сондай-ақ, алғышарт, құрал-жабдық ғылыми өндірістің нәтижесі блоып табылатын барлық ғылымдарды түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы.Бұл нәтижелер, содай-ақ, қоғамдық сана формасының бірі бола алады. Ол объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны. / ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ. ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЕРМИНДЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ. А., 2002 /. Ғылым – қоғамдық сананың ерекше формасы (күрделі, жан-жақты). Ғылым – білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер. Адам және қоғам туралы ғылымдар – (білім беру психологиясы, әлеуметтану, т.б.) адамның жүріс-тұрыс және даму заңдылықтары туралы, сонымен бірге адамдар арасындағы өзара және олардың қоғам мен қарым-қатынастары туралы осы заманғы ғылыми түсініктерді қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді. Ғылым объектісі – ол адамзат тарапынан жасалғандардың барлығы әлемнің құрылысы мен жердегі тіршіліктің пайда болуынан бастап қоғамдық өмір мен жеке ғылымның проблемелерына дейін. Ғылым мақсаты – жаңа білім алу мен оны әлемді меңгеру практикасында қолдану. Ғылымның ерекшелігі – ғылыми білімнің ақиқаттылығын дәлелдеу. Ғылым екі маңызды элементтерден тұрады.: ғылыми білім жүйесі және ғылыми әрекет және олардың өз ерекшеліктері мен мақсаттары бар. Ғылыми білім жүйесі мынадай басты элементтерден тұрады:теория, заң, гипотеза, ұғым және ғылыми әдістер. Ғылым спецификасы, олардың әлемді ұғым, заң, теория күйінде бейнелеуде. Ұғым түйсік қабылдау , елестету бірлігіне қатысты: түйсік – қабылдау – елестету – ұғым. Ұғым – заттың құбылыстың объектісінің аталуы, зат пен құбылыстар туралы ой. Ғылыми заң – адам санасында бұрыннан жинақталған тәжірибелердің объективті моделін беру, жинақтау. Ғылыми теория – белгілі теорияның объектісіне байланысты ақиқаттың белгілі аймағындағы заңдылықты беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы. Білім - адамның белгілі бір жүедегі ұғымдарының, деректерімен пайымдарының ,т.б. жиынтығы. Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, зияттық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі. 2. Ғылыми-педагогикалық зерттеу – педагогикалық-психологиялық жаңа білімдердің қалыптасу процесі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективтік заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекет түрі. Ғылыми педагогикалық зерттеулердің үш деңгейі сараланады: эмпирикалық – педагогика ғылымында жаңа фактілер белгіленеді, теориялық - бұрынырақта ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың болашақтағы дамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар ұсынылып, қалыптастырылады; әдістемелік – тәжірибелік және теориялық зерттеулер негізінде педагогикалық құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптастырылады. Педагогикалық - психологиялық зерттеулердің негізгі кезеңдері 1. Проблеманың (мәселенің) жағдайын зерттеу. Проблеманы қоя білу, зерттеу объектісі мен пәнін анықтау. 2. Кеңінен таралған зерттеу концепциясын нақтылау немесе құру. Гипотеза жасау. 3. Зерттеу жоспарын құру - Зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтау; - Эксперимент жоспарын анықтау; - Зерттеу әдістері мен әдістемелерін таңдау; - Мәліметті өңдеуде қолданылатын математикалық әдістерді және т.б. анықтау. 4. Мәлімет жинақтау және фактілер бойынша жазу. 5. Нәтижені (мәліметті) өңдеу. 6.Гипотезаның дәлдігін нәтиже бойынша бағалау, зерттеу концепциясы шеңберінде нәтижені интерпретациялау (талдау беру, түсіндіру). 7.Алынған нәтижені ғылымдағы концепция және теориялармен байланыстыру. Жалпы қорытынды жасау. Проблеманың перспективасын бағалау. Педагогикалық зерттеу әдістері – педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімді таңдаудың негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: - ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; - индукция; - дедукция; - жіктеу; - аналогия. - салыстыру. Эмпирикалық әдістер: - мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); - тексеру және өлшеу (шкалалау); - мәләметтерді өңдеу; - математикалық, статистикалық, графикалық кесте; - баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); - зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). Бақылау әдісі. Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді. Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады. Байқағыштық – педагогикалық біліктіліктің көрсеткіші. Күрделі бақылау – зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау. Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады. Бақылау – еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудың негізгі қызметі – зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру. Бақылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес. Зерттеушінің зертеу объектісімен байланысына қарай тікелей, жанама, ашық, жабық бақылаулар болады. Бақыладуың бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері белгіленеді. Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама бақылау зертеушінің тапсырмасымен жүргізіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының ойындарын, жоғары сынып оқушыларына бақылаттыруға болады. Ол үшін зерттеуші нақты нұсқаулар береді, бақылаудың табыстылығы, зертеушінің дайындығына байланысты. Ұжым болып бақылау кезінде біріншісі – зерттеуші мұғалімнің іс- әрекетін, екіншісі – оқушылардың, үшіншісі – жекелеген оқушылардың іс- әрекетін белгілейді. Зертелетін педагогикалық құбылыстардың жасырын жерлеріне енуге мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау. Мысалы: бастауыш сынып оқушылары зерттеушінің сұрауымен өздік жұмысты орындауға кеткен уақытты, үй тапсырмасын қалай орындап жүргендерін жазады. Бақылау нәтижелерінің дұрыстығы педагогикалық процестің табиғилығына байланысты. Адамның жеке өзі қалғандағы және біреу қарап тұрғандағы мінезі түрліше болады. Сондықтан бұлтартпас дәлелдер алу үшін ашық бақылау жеткіліксіз. Сондықтан жабық бақылау педагогикалық процестің нақты көрінісін береді. Ашық және жасырын бақылау көмегімен алынған мәліметтер оқиғаның толық суретін береді. Үздіксіз бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу. Мысалы: сабақ, тәрбиелік іс-шара, т.б. объектілер үзіліссіз қаралады. Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар бақыланады. Мысалы: биыл бірінші сыныпқа қабылданған оқушыларды зерттеу. Объектілері – оқушының мәдениетттілігі, ой-өрісі, мінезі, т.б. Педагогикалық құбылысты бөліп алып бақылау ғылыми жұмыстың міндетіне байланысты. 1. Алдымен бақылау объектілері бөлініп, бақылау арқылы түскен мәліметтерді хаттамаға жазуға болады. Күнделік, алдын-ала әзірленген кестелер қолданылады, оларға оқушылардың іс-қимылдары, т.б. жазылады. Бақылау материалдарын дәл жазылуы керек. Бақылау фактілері кезінде белгіленіп отырылмаса, жақсы жүргізілген бақылаудың өзі де құндылығын жоғалтады. Бақылауды күнделік дәптер түрінде жүргізген ыңғайлы. Ең әуелі баланың денсаулығы, отбасының құрамы, ата- аналарының мамандығы жөнінде қысқаша мәлімет беру керек. Содан кейін бақылау жөнінде жазулар болады. Ұзақ уақыттық зерттеу – бір ғана сыналушылардың өздерін ұзақ уақыт және жүйелі зерттеу; адамның өмірлік циклы фазаларының жастық және дербес өзгергіштігінің диапазонын анықтауға мүмкіндік береді. Ғылыми болжам – тәжірибеде әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болатындай мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми білім, болжам. Практикалық қажеттіліктен туып, ғылым жетістіктеріне сүйене келе болжау – адам ойының бір нысанына айналған. Ғылыми болжамның мүмкіндігі – оның ғылыми негізділігі мен өзара заңдылығында, өзара тәуелділігінде. Кез-келген объективтік процестің дамуын болжау үшін ғалым (зерттеуші) сол процестің мәнді байланыстарын бейнелейтін теорияларға сүйенеді. Ғылыми болжау объект қозғалысының басты бағытын ықтималды түрде анықтайды. Ғылыми болжаудың екі түрі бар: біріншісі – тәжірибеде белгісіз болғанымен, табиғатта бар нәрселер туралы, екіншісі – табиғатта, өмірде әлі болмағанымен, келешекте пайда болатын жағдайлар, оқиғалар, құбылыстар туралы болжам. Құрылу әдісіне қарай болжамдар индукциялық және дедукциялық болып бөлінеді. 3. Ғылыми-зерттеу жұмысының түрлері: реферат, баяндама, мақала, рецензия, оқу құралы, диссертация Резюме (түйін) – франц.- қысқаша баяндау – біреу не бір нәрсе туралы тек қана негізгі мағлұматтар берілетін қысқаша хабарлама. Түйін ғылыми баяндамалар немесе жұмысқа қабылданушы үміткер, т.б. туралы болуы мүмкін Сөйленетін сөздің, мақаланың қысқаша мазмұны, қысқаша қорытынды. Эпиграф – (грек. Epigraphe - жазу) шығарманың негізгі тақырыбы мен идеясын түсіндіретін үзінді сөз. Эпиграф шығарманың не тараудың басында жазылады. Эпиграф көп жағдайларда біреудің сөзін шығарманың немесе еңбектің басында цитата келтіре отырып беріледі. Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау. Сілтеме – сілтелетін, сілтенген. Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой- пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу. Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау. Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі. Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау. Рецензиялау - оқу материалы , кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу. Тақырыптық тезаурус - бөлім, тақырып бойынша негізгі ұғымдарды ретке келтіру. Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат. Оқулық – оқу бағдарламалары мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай нақты оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде, жүйемен баяндайтын кітап. Оқу пәнінің толық мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында баяндалады. Оқулықтарға мынадай педагогикалық талаптар қойылады: оқу материалының қазіргі ғылым мен техниканың дәрежесіне сәйкес баяндалуы; жоғары идеялығы; жастарға жан-жақты білім беруге сәйкестігі; оқулықтар мазмұнының бағдарламаның мазмұнына ұғынуға лайықты болуы; оқулық материалдарының жүйелі және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы; оқулықтарда дәл және анық формуланған қорытындылар, ережелер, заңдар мен анықтамалардың баяндалуы; тілінің жатық, әдеби және ықшамды болуы, оқушылардың ұғымына сәйкес келуі; оқу материалын меңгеруді жеңілдететіндей иллюстрациялардың, суреттердің, таблицалардың, диаграммалардың, схемалар мен сызулардың болуы; оқулықтардың мұқабасының ретті сәндендірілуі (қағаз, шрифт, мұқаба) . Негізгі оқу пәндерінің оқулықтарына қосымша әр түрлі оқу құралдары қарастырылады. Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады: 1) Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне; 2) Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғандығымен танысу; 3) Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу; 4) Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу, шрифтердің көлеміне, біркелкілігіне назар аудару; 5) Безендірілу сипатына; 6) Қайталауға берілген сұрақтарға; 7) Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б. Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударамыз. Автор - әдебиет, өнер музыка, бейнелеу, мүсін, сәулет, графика, ғылым, білім, техника т.б. салада шығарма жазған (жоба жасаған, тың тәжірибе жинақтаған, оқулық, оқу әдістемелік құралдар ұсынған) немесе соған қатысқан адам, не ұжым (мекеме, ұйым, іскер топ т.б.) Ғылыми-практикалық, ғылыми-әдіснамалық конференциялар – ғылыми тақырыпқа негізделіп жоспарланған, сол ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық негізін практикамен ұштастыратын ғылыми жиын. Диссертация – ғылыми дәреже алу үшін зерттеліп жазылған ғылыми-зерттеу жұмысы. Ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесін алу үшін, диссертацияда автордың жаңа ғылыми-тәжірибелік пікірлері, ұсыныстары,ізденушінің теориялық білімі қамтылады. Автореферат – ғылыми еңбектің мазмұнын автордың ауызша не жазбаша түрде қысқаша баяндауы. Кандидаттық не докторлық ғылыми дәреже алу үшін жазылған диссертацияның авторефератында сол еңбектің ғылыми теориялық мәні қысқаша тұжырымдалады. Реферат – (лат.Refero – хабарлаймын деген мағына береді) – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс. Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады. Реферат жазуда не ескеріледі? 1) таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты кішігірім зерттеулер жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау. 2) керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал. 3) реферат жазуда негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдылану. 4) фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасау. 5) пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін қайдан алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет. 6) реферат аудиторяда талқыланады, реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен танысады. Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденісін құлшындырады. Рефератты талқылау - шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-амазмұны зор әрекет жұмыс. Бұл кезде сөйлесушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылап, қорытындысын шығару - маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. Рефератпен жұмыс істеу жағдайлары 1. Жалпы жағдайы 1.1. Реферат қысқа мазмұнды жазу түрінде және жекеше оқу-зерттеу әрекеттерінің қорытындысы болып саналады. Басқаларынан айырмашылығы ол шығармашылық жазу түрі, оқушыларға орындалатын рефераттың құрылымы, мазмұны, хатталуы болады. 1.2. Реферат оқытушының жетекшілігімен орындалады, пікір айтылады және оқу- зерттеу жұмысының сайыстарында көрсетіледі. Сонымен қатар қорғауға арналған реферат емтихан тапсырғанда таңдау бойынша аралық және мемлекеттік аттестациялау формасының бір түрі болып көрінеді. 2. Рефераттың құрылымы 2.1. Рефераттың тақырыбын оқытушы ұсынуы мүмкін. Рефератпен жұмыс жасау барысында ғылыми жетекшінің келісімімен бірге таңдалған тақырыпқа өзгертулер енгізілуі мүмкін. 2.2. Рефераттың құрылымы болуы керек (басты бөлімі, параграфы). Оны 4 бөлімге бөлуге болады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімі. Пәннің спецификасы мен реферат мазмұнына сәйкес оған мазмұнды құжаттар, иллюстрациялар, таблицалар, схемалар енгізілуі мүмкін. 1. Реферат мазмұнын бағалау Реферат мазмұны былайша бағаланады: - тақырыпқа сай реферат құрылымының деңгейі; - тақырыптың өзектілігі және ақиқаттылығы; - зерттеулердің көлемі және басқа да жаңалықтардың қайнар көзі; - Мазмұнның стилі және сауаттылығы; - Рефераттың өңделуінің талапқа сәйкестілігі. 9-тақырып. Педагогикалық шығармашылықтың психологиялық-педагогикалық негіздері 1. Педагогикалық шығармашылықтың «алгоритмі». 2. Педагогикалық міндеттерді іске асырудағы шығармашылық процедура және технология. Шығармашылық ойлау. Негізгі ұғымдар: іскерлік, шығармашылық Студент жоғары оқу орнында оқи жүріп, психологияны, педагогиканы және басқа, жеке пәндерді оқыту әдістемесін оқып үйрену, педагогикалық практикаға бару, педагогикалық іс-тәжірибені меңгеру мен талдау, озық тәжірибе үлгілерімен танысу арқылы педагогикалық шеберлік негіздерін үйрене бастайды. Педагогикалық шеберлікті жетілдірудегі басты мақсат – мұғалімдік мамандық бойынша өзінің алдына қойған міндеттерін педагогикалық іс-әрекет деңгейіне жеткізу, оны нәтижелі түрде іске асыра білу. Педагогикалық кәсіптік әрекеттерге өзін-өзі бағыттап, ұйымдастыратын педагогикалық білгірлік қасиеттер педагогикалық шеберлік жүйесіне жатады. Педагогикалық кәсіби шеберліктің іргетасы – кәсіптік білім. Мұғалімнің кәсіптік білгірлігі – біріншіден, өзі оқытатын пәнін терең білуге негізделсе, екіншіден, сол пәнді оқып тани білетін оқушыларға арналады. Кәсіптік білім – теориялық, технологиялық, әдістемелік жағынан тұтасады. Оны әрбір педагог өз тәжірибесіне сай құрады, ғылыми білімі негізінде оның заңдылықтарын көре біледі. Кәсіптік білім – студенттің жоғары оқу орындарында оқу процесіндегі кәсіби дайындығы барысында қалыптасады. 2. Іскерліктің қалыптасу кезеңдері мен психологиялық құрылымы: Іскерлік өз қалыптасуында бірнеше кезеңдерден өте отырып, соңында шеберлік пен шығармашылыққа айналады. 1- кезең. Бастапқы іскерлік - іс-әрекет мақсатын ертеректе қамтылған білім мен дағдыға негіздей отырып сезіну және оған жету құралын іздестіру; іс- әрекет байқап көру – қателесу жолымен орындалады. 2 – кезең. Іскерліктің жеткіліксіздігі – іс-әрекетке қатыссыз ертеректе жинақталған білім мен оны іске асыру тәсілдерін қолдану. 3 – кезең. Жекеленген жалпы іскерлік - әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қажетті, дамыған, бірақ ауқымы тар іскерлік қатары (өзінің іс-әрекетін жоспарлау іскерлігі, ұйымдастырушылық іскерлік). 4 – кезең. Жоғары деңгейдегі іскерлік – нақты іс-әрекетте білім мен дағдыны шығармашылықпен қолдану; мақсатын ғана емес, оған жету тәсілдерін таңдау мотивтерін сезіну. 5 - кезең. Шеберлік - әртүрлі іскерлікті шығармашылықпен қолдану. 10-тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас – шығармашылық процесс ретінде 1.Педагогтың іс-әрекеті құрылымындағы педагогикалық қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері 2.Педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру кезеңдері. 3. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас стильдері. Негізгі ұғымдар: педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық қарым-қатынас стильдері 1. Қарым –қатынас немесе коммуникация процесі кең, ауқымды ұғым, ол - саналы және санасыз байланыс, ол - мәліметті тасымалдау және қабылдау, ол - барлық жерде және үнемі байқалатын процесс. «Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын адамдар арасындағы байланысты құратын және дамытатын күрделі, көп жоспарлы процесс» (Қысқа психологиялық сөздік). «Қарым-қатынас – адамдар арасындағы байланысты құру мен дамытуда, жеке тұлғалық қарым-қатынасты қалыптастыруда көрінетін және біріккен іс- әрекетке деген қажеттілікті туындататын жеке тұлға белсенділігінің универсалды формасының бірі (таным, еңбек, ойынмен бірге)» (А.И.Конюхов). «Қарым-қатынас – бір адамның екінші адамға әсер ету нәтижесі болып табылатын, адамдар арасындағы байланыс» (М.В.Гамезо, И.А.Домашенко). Қарым-қатынас функциялары ✓ Ынтымақтастық. Қарым-қатынаста орынды (рационалды) эмоционалды және еріктік өзара әсер етулер және индивидтердің өзара әрекеттері жүзеге асырылады және көңіл-күйдің, ойдың, көзқарастың жалпылығы қалыптасады, өзара түсінушілік туындайды, манера, әдет, мінез-құлық стилі меңгеріледі, топтық және ұжымдық іс-әрекетті сипаттайтын бірлік пен ынтымақтастық құрылады. ✓ Қалыптастырушы. Қарым – қатынас жеке тұлғаның жағымды жағының ашылуы, санасының және өзіндік санасының қалыптасуы, оның дамуының стимуляторы: басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсе отырып, өзіне басқалардың қатынасын саралай келе, адам өз бойында өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілікті байқайды және осы қажеттілікті өзін-өзі тәрбиелеу процесінде жүзеге асырады. ✓ Дамытушы. Қарым-қатынаста байқалатын «жұқтырудың» әлеуметтік- психологиялық механизмі мен еліктеу, адам идеалындағы сапа, қасиеттерімен қоса бейнені қалыптастыруға ықпал етеді – бұл өзін-өзі дамытуға деген үлкен стимул! ✓ Танымдық. Қарым-қатынас қоршаған ортаны тану мен түрлендіру процесі жүзеге асырылатын бірлескен шығармашылықтың формасы. ✓ Мәліметтік. Қарым-қатынас мәлімет (дерек) көзі және ақпарат арнасы: қарым-қатынас процесінде (коммуникация) адам фактілерді, түсініктерді, идеяларды ғана емес, онда құнды қатынастар, қызығушылықтар, көңіл-күй, сезім де меңгеріліп, тасымалданады. ✓ Ұйымдастырушылық. Қарым-қатынас – адамды тәрбиелеу үшін жағдай тудырады: тәрбие өнері ең алдымен – қарым-қатынас өнері деп педагогтар әділ пікір айтады, қарым-қатынаста жеке тұлғаның өзінің әлеуметтік рөлін, ұйымдастырушылық және серіктік (партнер) сапаларын жүзеге асыруға деген ұмтылысы орындалады. Қарым-қатынас әлемі (М.С.Каган бойынша) • Нақты серікпен (партнер) қарым-қатынас ✓ Тұлға аралық қарым-қатынас: - өкілдік қарым-қатынас; - мәдени қарым-қатынас; ✓ Топтағы қарым-қатынас: • Сағымдағы (иллюзиядағы) серікпен қарым-қатынас ✓ Жануарлармен қарым-қатынас; ✓ Затпен қарым-қатынас ; • Ойдағы серікпен (квазисубъектімен) қарым-қатынас ✓ Өзінің екінші «Мен»-імен қарым-қатынас; ✓ Мифологиялық немесе көркем бейнемен қарым-қатынас: ✓ Ақиқатта (болмыста) жоқ адам бейнесімен қарым-қатынас. • Қиялдағы серіктердің қарым-қатынасы (көркем персонаждар – квазисубъектілермен). Қарым-қатынас түрлері • Қарым-қатынасқа түсушілер құрамы бойынша ✓ Тұлғааралық – іскерлік және жеке тұлғалық қарым-қатынас Адам↔ Адам жүйесінде; Өзара қатынас сипатына қарай: - қызметтік; - қызметтік-жолдастық; - достық. ✓ Жеке тұлғалық-топтық – іскерлік, Адам ↔ Топ жүйесіндегі қарым-қатынас; Өзара қатынас сипатына қарай: - қызметтік және қызметтік-жолдастық; - жетекшінің ұжыммен, топпен қарым-қатынасы; ✓ Топаралық - Топ ↔ Топ жүйесіндегі іскерлік қарым-қатынас, екі немесе бірнеше қауымдастықтың контактісі. • Жақындасу деңгейі бойынша: ✓ Тікелей – «бетпе-бет» қарым-қатынасқа түсу, әрбір қатысушының қарым- қатынастың барлық құралдарын қолдана отырып басқа адамдармен (адаммен) байланысқа түсуі және сол арада кері байланысқа түсу мүмкіндігі де. ✓ Жанама – үшінші адам, немесе пошталық байланыс, техникалық құрал, зат, естелік т.б. арқылы қарым-қатынастың жүзеге асуы. • Ұзақтығына байланысты: ✓ қысқа уақыттық; ✓ ұзақ уақыттық. • Аяқталуына байланысты: ✓ аяқталған; ✓ аяқталмаған. Қарым-қатынас құрылымы: • Коммуникативті - қарым-қатынас субъектілерінің арасында мәлімет алмасу; • Интерактивті - жалпы өзара әрекет стратегиясын құру, факті, қатынастардың ғана емес әрекеттердің де алмасуы. • Перцептивті - серіктестік қарым-қатынасты бір-бірін қабылдауы, зерттеуі, түсінісуі, бағалауы. Қарым-қатынас коммуникация ретінде • Вербальды (сөз) ✓ Сыртқы: - ауызша; - монологты; - диалогты. ✓ Іштей. • Вербальды емес ✓ кинетикалық (вербальды емес құралдардың көмегімен қарым-қатынасқа түсу, жест, мимика, пантомимика); ✓ параэкстралингвистикалық (қосымша мәліметті дауыс ырғағын өзгерту арқылы беру, диапазон, тондық өзгеріс); ✓ проксемикалық (қарым-қатынасқа түсушілерді орналастыру, қарым- қатынастың уақыты); ✓ визуальдық (көз арқылы мәліметтік байланыс). 2. Педагогикалық қарым-қатынас – оқудағы өзара іс-әрекет формасы, оқушы мен оқытушылардың ынтымақтастығы. Педагогикалық қарым-қатынаста вербальдық, көркемдік, символикалық, кинетикалық құралдарды пайдалана отырылып коммуникативті, перцептивті және интерактивті функциялар жүзеге асырылады. • Педагогикалық қарым-қатынас кең контексте «... оқушылардың мотивациясының дамуы мен оқу іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын қамтамасыз ететін, мұғалімнің (кеңірек алсақ – педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым- қатынасы» (А.А.Леонтьев). • Педагогикалық қарым-қатынас – оқыту мен тәрбиелеу мақсаты мен міндетерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін педагог пен оқушылардың өзара әрекетіндегі құралдар мен әдістер жиынтығы (Л.Д.Столяренко) . Педагогикалық қарым-қатынас функциялары бойынша бөлінеді: - контактілі; - дистантты, - ақпаратты; - түрткі болу; - координациялық; - үйлестіруші өзара әрекеттесу. • Педагогикалық қарым-қатынас ерекшелігі ✓ Педагогикалық қарым-қатынас бағыттылығы - Педагогикалық қарым-қатынас білім алушылардың өзара әрекеттесуінің өзінде олардың тұлғалық дамуы мақсатына бағытталған; - Педагогикалық жүйенің өзіне негіз болып табылатын, оқу білімдерін игеруді ұйымдастыруға және осы негізде шығармашылық іскерліктерді қалыптастыруға, демек игеру пәніне (меңгеру) бағытталған; - Білім алушыларға (олардың актуальды жағдайларына, дамудың болашақтағы бағыттары) бағытталған. ✓ Педагогикалық қарым-қатынас субъектілерінің 3 жақты бағыттылығы - жеке тұлғалық; - әлеуметтік; - пәндік. ✓ Оқыту (білім беру) функциясын жүзеге асыру А.А.Брудный бойынша, оқыту функциясы тасымалдаушы функциямен теңестірілуі мүмкін. Педагогикалық қарым-қатынаста оқыту функциясы жетекші болғанымен, ол басты функция емес, бұл – мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың бір-бірімен жан-жақты әрекеттесуінің табиғи бөлігі. ✓ Педагогикалық қарым-қатынастың «Адам-Адам» типінде суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу өзгешілігінің бейнеленуі; ✓ Қарым-қатынасты жеңілдету және фасилитация функциялары (К.Роджерс). Мұғалім қарым-қатынас фасилитаторы, демек мұғалімнің оқушыға өзін және өз бойындағы жағымды (жақсы) қасиеттерін көрсетуге көмектесуі. • Қарым-қатынас стилі адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесу тәсілдері мен құралдарының тұрақты формасы . • Оқытушының қарым-қатынас стилі ✓ Оқушылардың ойлау процесіне зейін аударып, қалт еткен ойдың туындауы дереу қолдауды қажет етеді, кейде ойды байқадым деген белгінің өзі де жеткілікті; ✓ Эмпатияның болуы - өзін оқушының орнына қоя білу ептілігі – оның іс- әрекеті мақсаттарын, түрткілерін және оның өзін түсіну, бұл белгілі бір дәрежеде оқушы іс-әрекетін болжауға, алдын ала басқаруға мүмкіндік береді; ✓ Жақсылық тілеуші, оқушы жетістігіне әріптестің қызығушылығы позициясы; Рефлексия – педагогтың өз іс-әрекетін қатаң түрде үздіксіз талдау және оқу процесіне неғұрлым мол және жылдам түзетулер енгізу. Қарым-қатынас: ✓ Педагогикалық қарым-қатынас оқудағы өзара әрекет формасы, педагог пен оқушының ынтымақтастығы; ✓ Педагогикалық қарым-қатынас бір мезгілде оның үш жақты: коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік болуы, ✓ Педагогикалық қарым-қатынас вербальдымен қатар басқа да тәсілдердің, яғни көркемдік, кинетикалық, символикалық тәсілдердің кең түрде көрінуі. • Кәсіби ұстаным (позиция) типологиясы ( М. Тален бойынша) «Сократ» – пікірталасты мақсатты түрде туындатушы ретінде танымал педагог. Үнемі конфронтацияны туындатушы болғандықтан жекешелену, оқу процесін ұйымдастыруда жүйесіздік тән; оқушылар өз позицияларын қорғай алуға ұмтылады, қорғауға үйренеді. «Генерал» - екі ойлылықтан аулақ, талап қойғыш, өзін тыңдатуға қатаң түрде жететін педагог, өйткені ол өз көзқарасын дұрыс дей келе, оқушыны армиялық тәртіпке, бұйрыққа бағынуы тиіс деп есептейді. «Топ дискуссиясының жетекшісі» - оқу-тәрбие процесіндегі нәтиже, оқушылар арасында келісімге, ымыраласуға келу деп есептейді, демократиялық келісу жолын іздеу, дискуссия нәтижесіне қарағанда басты орында деп қарап өзі бағыттаушы рөлін атқарады. «Менеджер» - белсенділікті, өзбеттілікті жақтайтын, сыныпты тиімді әрекетке бағыттайтын педагог. Педагог жеке оқушымен шешілуге тиіс міндет- мазмұнынды сапалы бағалауға, талдауға ұмтылады. «Шебер» - өзінің өмірге қатынасы, көзқарасы арқылы үлгі ретінде көрінеді. «Жаттықтырушы» - бірлескен рух негізінде сыныпта қарым-қатынас атмосферасын қалыптастырушы. Оқушылар мұнда бір команданың мүшесі сияқты, әрқайсысы жеке индивид ретінде маңызды емес, ал бірлікте барлығына қол жеткізе алады. Педагог - топқа дем беруші, мұндағы ең басты соңғы нәтиже – жеңіс, табыс. «Гид» - білімді, жан-жақты, энциклопедист бейнесінде. Қысқа сөйлейтін, тура, өзін-өзі ұстай алатын адам. Берілген сұраққа жауабы үнемі дайын. 4. Педагогикалық іс-әрекет стилі • Іс-әрекет стилі, объектінің өзінің қабілеттерін айқындай отырып және оның даралық-психологиялық, тұлғалық ерекшеліктерімен анықтала отырып, оның операционалдық құрамын, іскерліктері мен дағдыларын қамтиды (В.Э.Чудновский). • Педагогикалық іс-әрекет стиліне әсер етуші факторлар: ✓ Іс-әрекет субъектісі мұғалімнің жеке даралық-психологиялық ерекшеліктерін, ол даралық-типологиялық, тұлғалық, мінез-құлықтық ерекшеліктерді қамтиды; ✓ Іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері; ✓ Оқушылардың ерекшеліктері. • Педагогикалық іс-әрекет стилдерінің түрлері (А.К.Маркова бойынша) ✓ Өктемшілдік стиль. Оқушы тең құқылы серіктес емес, педагогикалық әсер ету объектісі ретінде қарастырылады. Мұғалім біржақты шешім қабылдайды, шешеді. Өзі қойған талаптарының орындалуына қатаң бақылау орнатады. Қалыптасқан жағдайлар мен шәкірттердің пікірлерін есепке алмай, өз құқықтарын пайдаланады. Осының салдарынан шәкірттері белсенділіктерінен айырылады, өзін-өзі төмен бағалайды, бойларында агрессия пайда болады. Оқушылардың күші білімді игеру мен өзін-өзі дамытуға емес, психологиялық тұрғыда өзін-өзі қорғауға бағытталған. Мұндай мұғалімнің әсер етуінің негізгі әдісі – бұйрық, ақыл айту. Мұғалімге өз кәсібіне қанағаттанудың төмендігі және кәсіби тиянақсыздық тән. ✓ Демократиялық стиль. Оқушымен қарым-қатынаста тең серіктес, бірігіп білім іздеуде әріптес. Мұғалім оқушыларды шешім қабылдауға тартады, олардың пікірлерін есепке алады, ой-пікір білдіруін бағалайды. Оқушылардың оқу үлгерімін ғана емес, олардың тұлғалық сапаларын да есепке алады. Оқушыға әсер ету әдістері – түрткі болу, кеңес, өтініш. Осы стильдегі мұғалімнің оқушылары байыпты, қанағаттану, өзін-өзі жоғары бағалау күйін сезінеді. Мұғалімдер өзінің психологиялық іскерліктеріне көбірек назар аударады, оларға кәсіби орнықтылық, өз мамандығына қанағаттану тән. ✓ Либералдық стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан қашып, бастаманы оқушыларға, әріптестеріне береді. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен қадағалауды жүйесіз орындайды, жалтақтаушылық, толқу байқалады. Сыныпта ауытқымалы микроклимат, жасырын қатынастар байқалады. • Қазіргі заман мұғалімін сипаттушы даралық стильдердің 4 түрі: ✓ Эмоционалды-импровизациялық стиль ✓ Эмоционалды-әдісқойлық стиль ✓ Пайымдаушы-импровизациялық стиль ✓ Пайымдаушы-әдісқойлық стиль. Қолданылған әдебиеттер: 1. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. А., 2005, 360-385 б. СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖӘРДЕМІМЕН ЖӘНЕ ӨЗДІГІНЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР - Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ие болу керек). - Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. - Алғашқы кезден оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл кеңес алудың пайдасы зор. - Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп оқып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу керек. - Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Студенттердің өздік жұмыстары (СОӨЖ, СӨЖ) үй тапсырмаларын орындауды қамтиды. Ол: реферат, конспект, кроссворд, әдістемелермен жұмыс, аннотация жазу, жаттығу орындау және т.б. түрінде жүргізіледі. Қойылатын талаптар: 1. СОӨЖ, СӨЖ оқытушы белгіленген мерзімінен кешіктірмей, уақытында барлық талаптарға сәйкес орындалуға тиіс; 2. СОӨЖ, СӨЖ өзі орындауы қажет, оны басқадан көшіруге, яки болмасы басқаға көшіруге беруге болмайды (ондай жұмыс бағаланбайды, сол себепті ұпай төмендетіледі); 3. СОӨЖ, СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында кейбір өзгерістер мен толықтыруларды ескеруге тиіс; СӨЖ берілген нұсқау (дәптерде, А4 форматты қағазда және т.б.) бойынша өзгертуге тиіс. Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады: 1) Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне; 2) Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғандығымен танысу; 4) Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу; 4) Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу, шрифтердің көлеміне, біркелкілігіне назар аудару; 5) Безендірілу сипатына; 6) Қайталауға берілген сұрақтарға; 7) Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б. Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударамыз. Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады. Реферат жазуда не ескеріледі? 1) таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты кішігірім зерттеулер жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау. 2) керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал. 3) реферат жазуда негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдылану. 4) фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасау. 5) пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін қайдан алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет. 6) реферат аудиторяда талқыланады, реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен танысады. Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденісін құлшындырады. Рефератты талқылау - шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-амазмұны зор әрекет жұмыс. Бұл кезде сөйлесушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылап, қорытындысын шығару - маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. Рефератпен жұмыс істеу жағдайлары 1. Жалпы жағдайы 1.1. Реферат қысқа мазмұнды жазу түрінде және жекеше оқу-зерттеу әрекеттерінің қорытындысы болып саналады. Басқаларынан айырмашылығы ол шығармашылық жазу түрі, оқушыларға орындалатын рефераттың құрылымы, мазмұны, хатталуы болады. 1.2. Реферат оқытушының жетекшілігімен орындалады, пікір айтылады және оқу- зерттеу жұмысының сайыстарында көрсетіледі. Сонымен қатар қорғауға арналған реферат емтихан тапсырғанда таңдау бойынша аралық және мемлекеттік аттестациялау формасының бір түрі болып көрінеді. 2. Рефераттың құрылымы 2.1. Рефераттың тақырыбын оқытушы ұсынуы мүмкін. Рефератпен жұмыс жасау барысында ғылыми жетекшінің келісімімен бірге таңдалған тақырыпқа өзгертулер енгізілуі мүмкін. 2.2. Рефераттың құрылымы болуы керек (басты бөлімі, параграфы). Оны 4 бөлімге бөлуге болады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімі. Пәннің спецификасы мен реферат мазмұнына сәйкес оған мазмұнды құжаттар, иллюстрациялар, таблицалар, схемалар енгізілуі мүмкін. 2. Реферат мазмұнын бағалау Реферат мазмұны былайша бағаланады: - тақырыпқа сай реферат құрылымының деңгейі; - тақырыптың өзектілігі және ақиқаттылығы; - зерттеулердің көлемі және басқа да жаңалықтардың қайнар көзі; - Мазмұнның стилі және сауаттылығы; - Рефераттың өңделуінің талапқа сәйкестілігі. СОӨЖ-1. Тақырыбы: Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі (2 сағ) Мақсаты және мазмұны: Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері туралы әр түрлі дерек көздерінен мәлімет жинақтау, жүйелеу. Бақылау формасы: Дөңгелек үстел Әдебиеттер: Негізгі және қосымша әдебиеттер, мерзімді басылымдар. Әдістемелік нұсқау Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері туралы әр түрлі дерек көздерінен мәлімет жинақтау мен жүйелеу негізінде дөңгелек үстелде өз ойыңызды ортаға салыңыз, педагогикалық мамандықтың ерекшелігін айқындаңыз; студент нені білуі және меңгеруі керектігін естен шығармаңыз. СОӨЖ-2. Тақырыбы: Педагогикалық іс-әрекеттің мәні және құрылымы (2 сағ) Мақсаты және мазмұны: Педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен құрылымын бейнелейтін ғылыми әдебиеттер каталогын құру, аннотация жазу Бақылау формасы: Картотека құру. Аннотация жазу. Әдебиеттер: 1. Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Типтік оқу бағдарламасы. А., 2005. 2. Мамандыққа кіріспе. Жалпы ред. Басқарған Л.И. Рувинский. А., 1991. 3. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность. Ростов- на Дону, 2002. Әдістемелік нұсқау Педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен құрылымын бейнелейтін ғылыми әдебиеттер каталогын құруда курсты меңгеруге ұсынылған әдебиеттерді және ондағы ғалым-зерттеушілердің еңбектерін негізге алыңыз, педагогикалық іс- әрекеттің ерекшелігін айқындаңыз. СОӨЖ- 3. Тақырыбы: Мұғалім - педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде (1 сағ) Мақсаты және мазмұны: “Мен неге педагог-психолог болғым келеді?” тақырыбына шығарма жаза отырып студенттің мамандықтың спецификасын қаншалықты меңгергендігін анықтау. Бақылау формасы: Шығарма Әдебиеттер: Педагогикалық мамандыққа кіріспе курсы бойынша жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік нұсқаулар, БАҚ. Әдістемелік нұсқау “Мен неге педагог-психолог болғым келеді?” тақырыбына шығарма жаза отырып өзіңіздің пікіріңіз бойынша осы мамандықтың спецификасын ашыңыз. СОӨЖ- 4. Тақырыбы: Педагог - психологтың кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктері (2 сағ) Мақсаты және мазмұны: Педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктері (жұмыс бағыттары, кәсіби этикасы, шеберлігі) туралы әр түрлі дерек көздерінен мәлімет жинақтау, жүйелеу, ой қорыту Бақылау формасы: реферат Әдебиеттер: 1. Битянова М.Р. и др. Работа психолога в начальной школе. – М.:Генезис. 2001 2. Григорович Л.А. Введение в профессиюВведение в профессию психолог.М., 2004. 3. Лукьянова М.И. Моя профессия – детский психолог. М., 2007. 4. Мазилов В.А. Психолог в системе образования: проблемы подготовки. М., 2007. 5. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. М.,1993. 6. Рабочая книга школьного психолога /Под.ред И.В.Дубровиной М., 7. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании.М.,1996. 8. Сақтағанова Т. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің ережелерінен. // Мектептегі психология .№2 (наурыз-сәуір) 2006 жыл, 5 бет. 9. Сақтағанова Т. Өркениетті білім жүйесіндегі психологиялық қызмет.// Мектептегі психология .№2 (наурыз-сәуір) 2006жыл, 6-7 б. 10. Фридман Л.М., Кулагина И.Ю. Психологический справочник учителя. – М.: Просвещение, 1991. 12. Фридман Л.М. О концепции школьной психологической службы. //Вопросы психологии. 2001, №1, 97-105 с. Әдістемелік нұсқау Педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктері (жұмыс бағыттары, кәсіби этикасы, шеберлігі) туралы әр түрлі дерек көздерінен мәлімет жинақтау, жүйелеу, ой қорытуларыңызды реферат демек, қайнар көздердің негізгі мазмұнын ықшамды түрде берілуі сұралады. СОӨЖ- 5. Тақырыбы: Педагог-психологтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі (2 сағ) Мақсаты мен мазмұны: Педагогтардың жеке тұлғалық және кәсіби сапаларын диагностикалау Бақылау формасы: Педагогтардың жеке тұлғалық және кәсіби сапаларын диагностикалайтын әдістемелер портфелі Әдебиеттер: 1. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность. Ростов- на Дону, 2002. 2. Григорович Л.А. Введение в профессию психолог.М., 2004. 3.Лукьянова М.И. Моя профессия – детский психолог. М., 2007. Әдістемелік нұсқау Педагог-психологтардың жеке тұлғалық және кәсіби сапаларын диагностикалайтын әдістемелерді жинақтаңыз (әдістемелер ғылымда қолданыста және бірнеше болуы шарт) СОӨЖ- 6. Тақырыбы: Педагогикалық мамандықтың перспективалық дамуы (3 сағ) Мақсаты мен мазмұны: Қоғамдағы мұғалімнің рөлін арттыру туралы ғылыми жоба жасау Бақылау формасы: Жобаны қорғау Әдістемелік нұсқау Қоғамдағы мұғалім қызметінің әлеуметтік маңыздылығы мен оған қойылатын талаптарды ғылыми негізде игере отырып осы мұғалімнің ролін арттыру жобасын жасаңыз. Жоба топ алдында қорғалады. СОӨЖ- 7. Тақырыбы: Педагогикалық мамандықты таңдау мотивациясы (2 сағ) Мақсаты мен мазмұны: “Мотив”, “мотивация” ұғымдарына түсінік беру. Педагогикалық мамандықты таңдау мотивациясын анықтау Бақылау формасы: Конспект Әдебиеттер: 1. Ильин Е.П. Мотивация и мотивы. СПб; Изд-во Питер, 2000, 512с. 2.Маркова А.К., Матис Т.А.,Орлов А.Б. Формирование мотивации учения М., 1990. 3.Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика. Учебник для вузов. -СПб. Питер, 2000. Әдістемелік нұсқау Мотив – бұл адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін әрекетіне ішкі талаптану болғандықтан, өзінің ытылмыш мамндықты таңдау мотивациясын анықтаңыз. СОӨЖ - 8. Тақырыбы: Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдары (1 сағ) Мақсаты мен мазмұны:“Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдарын анықтау Бақылау формасы: Баяндама Әдебиеттер: Негізгі және қосымша әдебиеттер Әдістемелік нұсқау Берілген әдебиеттердің негізінде педагогтардың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдарын анықтауға тырысу, осы мәселелерге арналған әдебиеттерді, ғылыми деерктерді жинақтау қажет. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІГІНЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН КЕҢЕСТЕР (НҰСҚАУЛАР) - Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ие болу керек). - Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. - Алғашқы кезден оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл кеңес алудың пайдасы зор. - Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп оқып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу керек. - Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) үй тапсырмаларын орындауды қамтиды. Ол: реферат, конспект, кроссворд, әдістемелермен жұмыс, аннотация жазу, жаттығу орындау, бақылау және т.б. түрінде жүргізіледі. Қойылатын талаптар: 1.СӨЖ оқытушы белгіленген мерзімінен кешіктірмей, уақытында барлық талаптарға сәйкес орындалуға тиіс; 2.СӨЖ өзі орындауы қажет, оны басқадан көшіруге, яки болмасы басқаға көшіруге беруге болмайды (ондай жұмыс бағаланбайды, сол себепті ұпай төмендетіледі); 3.СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында кейбір өзгерістер мен толықтыруларды ескеруге тиіс; 4. СӨЖ берілген нұсқау (дәптерде, А4 форматты қағазда және т.б.) бойынша өзгертуге тиіс. Бақылау әдісі. Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді. Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады. Байқағыштық – педагогикалық біліктіліктің көрсеткіші. Күрделі бақылау – зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау. Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады. Бақылау – еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудың негізгі қызметі – зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру. Бақылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес. Зерттеушінің зертеу объектісімен байланысына қарай тікелей, жанама, ашық, жабық бақылаулар болады. Бақылаудың бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері белгіленеді. Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама бақылау зертеушінің тапсырмасымен жүргізіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының ойындарын, жоғары сынып оқушыларына бақылаттыруға болады. Ол үшін зерттеуші нақты нұсқаулар береді, бақылаудың табыстылығы, зертеушінің дайындығына байланысты. Зерттелетін педагогикалық құбылыстардың жасырын жерлеріне енуге мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау. Бақылау нәтижелерінің дұрыстығы педагогикалық процестің табиғилығына байланысты. Адамның жеке өзі қалғандағы және біреу қарап тұрғандағы мінезі түрліше болады. Сондықтан бұлтартпас дәлелдер алу үшін ашық бақылау жеткіліксіз. Сондықтан жабық бақылау педагогикалық процестің нақты көрінісін береді. Ашық және жасырын бақылау көмегімен алынған мәліметтер оқиғаның толық суретін береді. Үздіксіз бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу. Мысалы: сабақ, тәрбиелік іс-шара, т.б. объектілер үзіліссіз қаралады. Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар бақыланады. Мысалы: биыл бірінші сыныпқа қабылданған оқушыларды зерттеу. Объектілері – оқушының мәдениетттілігі, ой-өрісі, мінезі, т.б. Педагогикалық құбылысты бөліп алып бақылау ғылыми жұмыстың міндетіне байланысты. 1. Алдымен бақылау объектілері бөлініп, бақылау арқылы түскен мәліметтерді хаттамаға жазуға болады. Күнделік, алдын-ала әзірленген кестелер қолданылады, оларға оқушылардың іс-қимылдары, т.б. жазылады. Бақылау материалдарын дәл жазылуы керек. Бақылау фактілері кезінде белгіленіп отырылмаса, жақсы жүргізілген бақылаудың өзі де құндылығын жоғалтады. Бақылауды күнделік дәптер түрінде жүргізген ыңғайлы. Ең әуелі баланың денсаулығы, отбасының құрамы, ата- аналарының мамандығы жөнінде қысқаша мәлімет беру керек. Содан кейін бақылау жөнінде жазулар болады. Студенттердің психологиялық-педагогикалық бақылау іскерлігін, өзін-өзі бақылау, дамыту мақсатында өзінің дамуын жоспарлау, бақылау нәтижелерін психологиялық тұрғыдан анализдеу, өз өмірлерінің кейбір кезеңдерін анализдеу үшін курсты меңгеру барысында студенттердің әрқайсысы бір дәптер ашып онда берілген 6 тапсырманы орындайды. Дәптер семестр соңында оқытушыға тапсырылады. Оның бірінші бетінде студенттің аты-жөні, жасы, курсы, тобы, дәптердің басталған және аяқталған уақыты жазылады. ТАПСЫРМА 1. Мен кіммін? Өзіңіздің бойыңыздағы 10 ерекше қасиеттеріңізді жазыңыз. Оннан көп қасиет-сапаларыңызды да көрсетуіңізге болады. ТАПСЫРМА 2. Қосыла бақылау. Бұл туысыңызды немесе досыңызды, жолдас қызыңызды бақылау, және бақыланушы адам өзінің бақыланушы екендігін білмеуі тиіс. Бақылау тақырыбы: Бір күнгі көңіл-күй. Ең алдымен жеке бір бетке бақылау кестесі сызылады: |Уақыты |(+) КӨҢІЛ-КҮЙ |(-) КӨҢІЛ-КҮЙ | |10.00-12.00 | | | |Өмірлік жағдаят | | | |12.00-14.00 | | | |Өмірлік жағдаят | | | 6 сағат бойы үздіксіз бақылау жүргізудің қажеті жоқ. Бақылау аралық үзіліс болуы мүмкін (мысалы, бақыланушы дүкенге кеткен уақыт және т.б.). Бірақ мүмкіндігінше толықтай бір күнгі әрекетті бақылаған дұрыс. Сіз бақыланушыға білдірмей оның көңіл-күйін, көңіл-күйінің өзгеруін, оған әсер етуші адамдар, ситуациялар және т.б. дәптерге түсіріп отырыңыз. Соңғы бақылау сеансы аяқталғаннан кейін мінез-құлық пен көңіл-күй динамикасын анализдеңіз. Анықталады: бақыланушының көңіл-күйі, көңіл- күйінің өзгеруіне әсер етуші себептер, ситуациялар, ойлар, еске түсулер және т.б. Кейде бақыланушының көңіл-күйіне әсер еткен себептерді сұрап білуге де болады. Ең маңыздысы бақыланушы эмоционалды теріс жағдайдан шыға алды ма, егер шыға алған болса оған не әсер етті, соны ұғыну. ТАПСЫРМА 3. Өзін-өзі бақылау. Бақылау тақырыбы бізге белгілі : Бір күнгі көңіл-күй. Бақылау схемасы да алғашқыдағыдай. Сіз енді өзіңіздің көңіл- күйіңізді және көңіл-күйіңіздің осылай болуына нендей жағдайлар әсер еткендігін араға 2 сағат салып кестеге түсіріп отырыңыз. Күннің соңына қарай көңіл-күйіңіздің өзгеру динамикасын және оған әсер етуші факторларды анализдеуіңіз керек. ТАПСЫРМА 4. Ересектермен, құрбыларыңызбен, ересектермен конфликтілі жағдайлар кезеңдерін ретроспективті анализдеу. Қалыпты жағдайда сіз өзіңіздің өміріңіздегі ең конфликтілі жағдайды есіңізге түсіріп (неше жаста), оның туындауына не әсер етті және кіммен болғандығын, сол кездегі сіздің көңіл-күйіңізді, тілегіңіз бен ойларыңызды дәптер бетіне түсіріңіз. Егер сіздің өміріңіздегі конфликт бірнешеу болса, олардың барлығын сол кездегі жасыңызды көрсете отырып дәптер бетіне түсіріңіз. Тапсырманың соңында сол болған конфликтілерге сіздің бүгінгі көзқарасыңызды білдіріңіз, ең алдымен сол кездегі сіздің қобалжуыңыз бен әрекетіңізге. ТАПСЫРМА 5. Жоспарлау тренингі. Бір апта бойы (лекция курсы кезінде) Сіз өзіңізді-өзіңіз дамыту күнделігін бастайсыз. Күнделікте ең бірінші сізді дамытатын бір аптаға арналған 2 өзіндік міндетіңізді анықтап жазасыз. Ол туған-туыстарыңызбен қарым-қатынас стиліне немесе құрбыларыңызбен қарым- қатынасқа, күнделікті күн тәртібін орындауға, оқу мақсатына жетуге, сіздің белгілі бір нәрсеге алаңдауыңызға және т.б. арналуы мүмкін. Өзіндік міндетіңізді неғұрлым ақиқат жағдайға сәйкес қойғаныңыз жөн, демек ол сіздің жағдайыңызда орындалатындай болуы тиіс. Енді өзіңіздің ойыңызды жүзеге асыру жоспарын құрыңыз. Мысалы, аптаның қай күнінде мен міндетіме жетуге орай қандай әрекет жасаймын. Немесе керісінше мынадай істен аулақ боамын деген сияқты. Сіз алты күн бойы түнгі ұйқыға кетер алдыңызда құрылған жоспарыңыз бойынша орындалған әрекеттеріңізді бағалап оның орындалу деңгейін 5 баллдық шкала негізінде күнделікке түсіріп отырасыз: 100% орындалса -5 ұпай; 75% орындалса – 4 ұпай; 50% орындалса – 3 ұпай; 25% орындалса –2 ұпай; 0% орындалса – 1 ұпай. Аптаның соңында 6+6 өзін-өзі бағалау деңгейі шығады. Келесі кезекте сіз бірінші міндеттің орташа орындалу деңгейін анықтайсыз (СВ1): алты өзіңізді бағалау ұпайларын бір-біріне қосып 6-ға бөлесіз (шыққан санды үтірден кейінгі екі санымен қоса есімізде сақтаймыз). Осылайша екінші міндетке жетудің орташа деңгейі анықталады (СВ2). Соңында, сіз дамытушы міндеттің 100% орындалмауына нендей жағдайлар себеп болды және туындаған кедергілерді, қиыншылықтырды анализдеп, қорытып күнделігіңізге түсіріңіз. ТАПСЫРМА 6. Төмендегідей сұрақтарға толықтай жауап берсеңіз: - Мен неліктен педагогика және психология аймағындағы мамандықты таңдадым және «Қайнар» (Семей) университетінде оқығым келді - Менің өз эмоциямды, ойларымды, іс-әрекеттерімді жайсыз да ауыр ситуацияларда психикалық реттеу тәсілдерім. Реферат тақырыптары 1.Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде 2.Педагогтың ғылыми-зерттеушілік мәдениеті 3.Педагогтың кәсіби сапалары 4.Педагогтың жеке тұлғалық сапалары 5.Педагогикалық құндылық мәселелері 6.Педагогтың кәсіби құзырлығы мәселесі 7.Педагогикалық деонтология мәселелері 8.Педагогикалық акмеология мәселелері 9.Педагогтың басқа мамандықөкілдерімен байланысы 10.Қазақстан Республикасындағы жаңашыл педагогтар тәжірибелері 11. Педагогикалық іскерлікті қалыптастыру мәселелері 12. Педагогикалық этика мәселелері 13. Педагогикалық практиканың маманды даярлаудағы орны 14. Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері және педагогикалық іс-әрекет мотивациясы. 15. Педагогикалық білім беру жүйесінде педагог жеке тұлғасының дамуы. 16. Студенттің оқу еңбегі мәдениеті. 17. Студент-болашақ педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі, студент- педагогтардың өздігінен білімін жетілдіру негіздері. ХІІІ. Лекция тақырыптарын ашуда мультимедиялық аппаратуралар қолданылады. ХІУ. Сабақ педагогика және психология кабинетінде жүргізіледі. Глоссарий Білім – адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол, сана, таным, ойлау, ақиқат, ғылым, т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланысты, әрі солар арқылы анықталады. Білім тұлғаның қалыпты әлеуметтенуінің және билік құрылымына енуінің міндеттері шартты болып табылады.білім бүкіл адамзат ақыл-ойының адамды қоршаған табиғатта, айналаны танып –білудегі ғылыми мәлімет қорының жиынтығы; қоғамдық өмірдің даму сатыларына сай теориялық анықтамалар мен адамның өмірлік қарекетінде айқындалып дәлелденген белгілі бір жүйедегі ұғымдар дүниесі. Гуманизм (лат. Gumanus – адамгершілік) – дүниетаным принципі. Оның негізіне адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген мұрат жатады. Ғылым – 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Педагогикалық зерттеулер – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы, механизмі, педагогиканың теориясы мен тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу әдістемесі, оның мазмұны, принциптері, әдістері мен ұйымдастырылу нысандары туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми қызмет процесі мен нәтижесі. Педагогикалық басқару – қойылған мақсатқа сәйкес педагогикалық жағдайды, процесті немесе жүйелерді бір қалыптан екінші қалыпқа ауыстыру процесі. Педагогикалық диагноз – оқушының қабілетін, мінезіндегі ауытқуларды, оқу барысында кездесуі мүмкін қиындықтарын анықтау. Педагогикалық диагноз оқушының мектеп бағдарламасын игеруі туралы мәліметтер негізінде, оның оқу іс-әрекеттерін бақылау және нәтижелерін талдау және т.б. арқылы қойылады. Педагогикалық жүйе – адамды дамыту мақсатындағы жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі. Педагогикалық жүйенің белгілері: 1) мақсатқа жету үшін қажетті құрауыштардың толықтығы; 2) құрауыштар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктердің болуы; 3) құрауыштарды біріктіретін жетекші буын, жетекші идеяның болуы; 4) құрауыштар арасында ортақ қасиеттердің пайда болуы. Педагогикалық зерттеу әдістері – оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың объективтік заңдылықтарын танып - білудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы. Педагогикалық зерттеу міндеті – педагогикалық зерттеудің нақтыланған немесе неғұрлым жекеленген мақсаттарын айқындау. Педагогикалық зерттеу пәні - зерттеу объектісінің нақты бөлігі ондағы жүріп жатқан процесс немесе зерттелетін мәселе аспектісі. Педагогикалық кәсіптік борыш – педагогтың кәсіптік іс -әрекетін жүзеге асыратын құлықтық талаптар жүйесі. Педагогикалық консилиум – оқушылардың үлгерімі мен тәртібін тереңірек қарастыратын, оларды оқыту мен тәрбиелеуде байқалған кемшіліктерді жоюға дұрыс жол табу мақсатында өткізілетін мұғалімдердің кеңесі. Педагогикалық тұлға – ұстаздың шәкіртіне өзінің жеке бас үлгісімен ықпал етуі. Ол идеяның тұңғыш негізін салушы Лейпциг қаласындағы (Германия) қыздар мектебінің директоры Г.Гаудиг (1860 – 1923 ж.ж.) болды. Ол XIX ғ. екінші жартысында ұстаздың жеке бас үлгісінің педагогикалық негізі туралы арнайы еңбек жазды. Гаудигтің теориясы бойынша, мұғалім арнайы ережені немесе әдістемелік нұсқауды басшылыққа алмай, өзінің білімі мен іскерлігін жеке басының үлгісімен шығармашылықпен іске асыру арқылы шәкірттеріне ықпал етуі керек. Педагогикалық ұжым – оқу-тәрбие мекемесі қызметкерлерінен құралған ұжым. Педагогикалық ұжым қызметін директор үйлестіріп басқарады. Педагогикалық ұжымның жоғарғы органы – педагогикалық кеңес. Педагогикалық шеберлік – педагогикалық қызметтің жоғары деңгейде меңгерілуі; педагогтың оқушылардың оқу - танымдық іс-әрекетін пәрменді басқарып, мақсаткерлік педагогикалық әсер мен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін арнаулы білімдерінің, біліктері мен машықтарының, тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені. Педагогикалық ықпал - мектеп әкімшілігінің, мұғалімнің, сынып жетекшіснің, тәрбиешінің оқушылардың дұрыс білім және тәрбие алуына, қоғамда өз орнын айқын табуына ықпал етуі. Рефлексия – лат. «бейнелеу» деген сөз (өз ойларын, бастан кешіргендерін талдау). Адам санасының өзін - өзі білуге, ішкі жан – дүниесін, психикалық жай - күйін тануға бағытталуы.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz