Файл қосу
Абайдың шығармалары
Семей мемлекеттік педагогикалық институты Қазақ филологиясы факультеті Қазақ әдебиеті кафедрасы ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН «АБАЙТАНУ» «050117» Қазақ тілі мен әдебиеті «050205» мамандықтары бойынша ІІ, ІІІ, ІҮ курс студенттері үшін Семей, 2008 ж. Құрастырушы: Ф.ғ.к., Сабырбаева Р.Қ. Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында бекітілген. « » тамыз 2008ж. № 1 хаттама Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к.: Ақтанова А.С. (қолы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты) Факультеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланған « » 09.2008ж №1хаттама Қазақ филологиясы факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді « » 09 2008ж № 1 хаттама Факультет деканы ф.ғ.к.: Ф.З.Жақсыбаева Мазмұны 1. Силлабус 2. Глосарий 3. Дәрістердің қысқаша сипаттамасы 4. Тәжірибелік сабақтардың қысқаша сипаттамасы 5. СОБӨЖ тапсырмалары 6. СӨЖ тапсырмалары 7. Пайдаланылған әдебиеттер Пәннің оқу бағдарламасы – (Syllabus) 1. Оқытушы туралы деректер Аға оқытушы Сабырбаева РК. 1.1Атауы: Абайтану Кредиттер саны: 3 сағат-135 Өту орны: №3 ғимарат Оқу жоспарынан үзінді |курс | 1.3 Осы пәнді игеру үшін қажет білім – пәнді игеру үшін дағды мен білім студенттерге берілетін ақпаратты меңгеру, байқау, салыстыру, ойлау, теориялық білімді тәжірибесінде қолдана білуі тиіс. 4. Осы пәнмен байланысты пәндер – философия, эстетика, мәдениеттану, психология. 5. Қысқаша сипаттамасы: Пәннің мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұраларын меңгерту. Абайдың өмірі мен шығармашылығы төңірегінде белгілі бір жүйелі дәрежеде толық та, кең көлемде мағлұмат беріледі. Ақын өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы ұлы ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін кең ауқымда игертуді мақсат етеді. Ақын шығармашылығының зерттелуі, ақын мұрасының игерілу, жариялану тарихы жөнінде мағлұматтар беріледі. Пәнді оқыту міндеттері. Курстың теориялық бөлімінде қазақ әдебиеті тарихын жаңаша бағамдау пәнін ғылым ретінде танылуы, оның ғылымдар арасында алатын орны, әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны, , басқа ғылым салаларымен байланысы, оның зерттеу әдістері жайлы мәліметтер беру, семинар сабақтары және зертханалық сабақтары теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді. 1.6. Пәннің негізгі міндеті: Абайтану жайында түбегейлі білім беру. Пән бойынша тапсырмалар орындау және тапсыру кестелері |№ |Жұмыс |Тапсырмалардың мақсаты мен |Ұсыныла-тын |Бақылау |Өткізу | | |түрлері |мазмұны |әдебиеттер |нысан-дары|ұзақтығы | |1 |Дәріс |Абайтану пәнінің мақсаты мен|1, 3, 4 |Ауызша |2 апта | | | |міндеті. |,10,11 |баяндау | | |2 |Дәріс, |Кіріспе. Өмірі мен |7, 8, 9, 11, |Конспект |2 апта | | |семинар |шығармашылығы Абай өмірі мен|13, 22, 23, | | | | |СӨЖ |шығармашылық мұрасынан жалпы|24, 25,29. | | | | |ОСОЖ |мәліметтер. Өмірбаяны. | | | | | | |Шығармалары | | | | |3 |Дәріс |Абай шығармашылығының қайнар|1, 8, 9, 26, |Реферат |4 апта | | |Семинар СӨЖ|бұлақтары. Абай – ұлттық |27, 28,29. | | | | |ОСОЖ |жазба әдебиеттің негізін | | | | | | |салушы. | | | | |4 |Дәріс, |Абай – қазақ поэзиясының |1,2, 3, 7, 8,|Талдау, |4 апта | | |Семинар |реформаторы. Қазақ |9, 27, 28. |жаттау | | | |ОСОЖ, СӨЖ |поэзиясына Абай әкелген | | | | | | |жаңалықтар. Абай – ойшыл, | | | | | | |философ ақын. | | | | |5 |Дәріс, |Абай - өз заманының жыршысы.|1, 4, 5, 6, |конспект |6 апта | | |семинар |Абай шығармалары – ақын |9, 25, 27, | | | | |СӨЖ ОСОЖ |заманының шежіресі. Абайдың |28,29. | | | | | |заманы | | | | |6 |Дәріс, |Абай шығармаларындағы |2, 3, 4, 5, |Мәтін |6 апта | | |семинар |адамгершілік тақырыбы |22, 24, 28 |жаттау | | | |ОСӨЖ |Ақынның жастар тәрбиесіне | | | | | |СӨЖ |арналған «Жігіттер, ойын | | | | | | |арзан, күлкі қымбат», «Бір | | | | | | |дәурен кемді күнге | | | | | | |бозбалалық» атты | | | | | | |шығармаларының мазмұны | | | | |7 |Дәріс, |Ақын мұрасындағы табиғат |2, 3, 4, 5, |Салысты-ру|8 апта | | |Семинар |тақырыбы. . Қазақ поэзиясына|22, 24, 28 |, | | | |СӨЖ |табиғат лирикасын тұңғыш | |жаттау,тал| | | |ОСӨЖ |енгізген Абай. | |дау | | | | | | |жұмыста-ры| | |8 |Дәріс, |Абай поэзиясындағы махаббат |2, 3, 4, 5, |Салысты-ру|8 апта | | |семинар |тақырыбы. Ақынның бұл |22, 24, 28 |, талдау | | | |СӨЖ ОСОЖ |тақырыпқа енгізген | |жұмыста-ры| | | | |жаңалықтары. Алғашқы | |Реферат | | | | |өлеңдеріндегі Шығыс | | | | | | |ақындарына еліктеуден | | | | | | |махаббат сезімін жырлаудағы | | | | | | |реалистік әдіске көшуі.еті. | | | | |9 |Дәріс, |Абайдың эстетикалық |5, 7, 8, 9, |Мәтіндік |10 апта | | |семинар |тағылымы. Эстетика туралы |14, 21, 23, |талдау | | | |СӨЖ |жалпы ұғым. Абайдың |26, 27,29. | | | | |ОСӨЖ |эстетикалық көзқарастары | | | | |10 |Дәріс, |Ақын өлеңдеріндегі даналық |1, 6, 8, 9, |конспект |10 апта | | |зертхана |дәрістері. Абай –дана; Абай |11, 26, | | | | |СӨЖ |– кемеңгер. Батыс пен Шығыс |27,29. | | | | |ОСӨЖ |даналығын бір басына | | | | | | |жинақтаған, өз заманының әрі| | | | | | |ғұлама ғалымы, әрі кемеңгер | | | | | | |ойшылы, әрі данышпан ақыны | | | | |11 |Дәріс |Абайдың поэмалары. Абайдың |2, 3, 8, 9, |Талдау |12 апта | | |Семинар |шығармашылық мұрасындағы |24, 25, 27, |,салыстыру| | | |ОСОЖ, СӨЖ |оның поэмаларының орны. |28,29 |,жаттау | | | | |«Ескендір», «Масғұт» және | | | | | | |«Әзімнің әңгімесі» | | | | | | |поэмаларының жалпы мазмұны, | | | | | | |көркемдік ерекшелігі, жазылу| | | | | | |тарихы | | | | |12 |Дәріс, |Абайдың көркем аудармалары. |5, 7, 8, 9, |Бақылаужұм|12 апта | | |семинар |Абайдың, жазба әдебиетімізде|14, 21, 23, |ысы,Талдау| | | |СӨЖ |көркем аударма саласын |26, 27,29. | | | | | |дамыту жөніндегі еңбектері, | | | | | | |жаңашылдық бастамасы.. | | | | |13 |Дәріс |Абайдың қарасөздері. Абайдың|2, 3, 8, 9, |Талдау | 14 апта | | |семинар СӨЖ|шығармашылық мұрасында оның |24, 25, 27, |коллквиум | | | |ОСӨЖ |қарасөздерінің алатын орны, |28. | | | | | |ұлттық көркем прозаны | | | | | | |дамытудағы маңызы. | | | | |14 |Дәріс, |Абайтану ілімінің қалыптасу |1, 6, 7, 8, |реферат |14 апта | | |семинар |тарихы. Абайтану ілімінің |9, 10, 15, | | | | |СӨЖ ОСӨЖ |жүз жылдық тарихы. Абай |16, 17, 18, | | | | | |мұрасы жөніндегі ең алғаш |20, 28,29. | | | | | |пікір айтқан Ә.Бөкейханов, | | | | | | |А.Байтұрсынов, М.Дулатов | | | | | | |еңбектері. «Абай» | | | | | | |журналының жарық көруі | | | | |15 |Дәріс, |Кеңестік дәуірде Абай |1, 2, 3, 7, |Талдау, |14 апта | | |семинар |шығармашылығы жөнінде орын |8, 9, 27, |конспект | | | |СӨЖ |алған теріс көзқарастар. |28,29 | | | | | |20-30 жылдарда Абай мұрасы |. | | | | | |жөнінде өрістеген | | | | | | |айтыс.Отызыншы жылдарда Абай| | | | | | |шығармалары жөнінде іргелі | | | | | | |ғылыми зерттеулердің туа | | | | | | |бастауы. Абайтану ілімінің | | | | | | |негізін салған М.Әуезовтің | | | | | | |еңбегі, Абай шығармаларын | | | | | | |жинастырап, бастырып, | | | | | | |насихаттау ісіндегі Әуезов | | | | | | |бастамасының 40-шы жылдардан| | | | | | |кейінгі дамуы | | | | 1.7.Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер: Негізгі әдебиет: 1. Абай шығармаларының академиялық басылымдары.(1945,1954,1957,1977 және 1995 ж.ж толық жинағы) 2. Абай энциклопедиясы. – Алматы. Атамұра, 1995.-720 б. 3. Абайдың өмірі мен творчествосы.Жинақ.-Алматы, 1954. 4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі-Алматы:Ана тілі,1995.-272 б. 5. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеу, мақалалар 20 томдық.- Алматы: Жазушы,1987. 6. Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа.-Алматы: Санат,1997.- 416 б. 7. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері.- Алматы: Санат,1997. – 448 б. 8. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. - Алматы, 1997- 2004. 9. Мұхаметханов Қ.Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы: Дәуір, 1993-224 б. 10. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1994.-132 б. 11. Мырзахметов М. Абайтану. Библиограф. көрсеткіш .- Алматы: Ғылым, 1988. Қосымша әдебиет: 12.Әлімқұлов Т.Жұмбақ жан.-Алматы:Жазушы , 1993-223 б. 13. Байғалиев Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде. Алматы:Арыс,2001. 14. Базарбаев М.Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы.- Алматы. Жазушы, 1973-254 б 15. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны. 16. Бөкейханов Ә. Абай(Ибраһим) Құнанбаев. 17. Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. - Алматы, 1 т,1959. 18. Жиреншин Ә Абай Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы.- Алматы: Қазмембас,1950-222 б 19. Қасқабасов С Абай және фольклор.-Алматы:Білім, 1995.-64 б. 20. Машанов А. Әл- Фараби және Абай. - Алматы: Қазақстан, 1994.-192 б. 21. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі.-Алматы:Жазушы,1996. 22. Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі.-Алматы:Қазақстан,1993-128 б 23. Сүйіншәлиев Х. Абайдың қара сөздері.- Алматы:ҚМКӘБ, 1956-151 б 24. Сыздықова Р Абай шығармаларының тілі. - Алматы, Ғылым,1968-736 б. 25. Тоғжанов Ғ. Абай- Алматы:Қазмембас, 1935-16 б 26. Ысқақов А. Абай тілі сөздігі.-Алматы:Ғылым,1968-736 б. 27. Ысмағұлов Ж. Абай ақындық тағылымы.-Алматы:Ғылым, 1994-280 б. 28. Картаева А. Абай мұрасы “Абай жолы” роман-эпопеясында. Алматы, 005. 29.Ердембеков Б 30.Оразалин К. Абайдан соңғы ақындар. «Жұлдыз», 2000ж. №6. 31.Бөжеев М. Абайдың ақындық айналасы. Алматы, 1971 32.Ысмайлов Е. Ақындар Алматы, 1956 33.Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. Алматы, 1988 1.8 Студенттердің сабақтағы жұмыстарының рейтингілік бағасы |№ |Көрсеткіштері |Студенттің балл | | | |бойынша рейтингі | |1 |Сабақта оқу жұмысына қатысқан жоқ | 0 | |2 |Сабақта оқу жұмысына ауық – ауық қатысты | 1 | |3 |Сабақта оқу жұмысының мазмұны мен ұйымдастырылуы | | | |талаптандыруды, түзетуді және ретке келтіруді қажет|2 | | |етеді | | |4 |Оқу жұмысына белсене қатысқан студенттің жауап тары| | | |әдістемелік және теория тұрғысынан негізделген, | | | |нақты жағдайларда білімін шығармашылықпен пайдалана|3 | | |біледі. | | Рейтинг шкаласы |Бақылау нысаны |Ұпайлары | |Ағымдағы |20 | |Аралық |35 | |Үйдегі |10 | |Қорытынды |35 | |Барлығы |100 | Студенттердің түрлі сипаттағы тапсырмаларды орындауының рейтингтік бағасы. | | |Студенттің балл | |№ |Көрсеткіштері |бойынша рейтинг | |1 |Тапсырма орындалған жоқ | 0 | |2 |Тапсырма үлгі бойынша орындалған | 1 | |3 |Тапсырмалар қайта құрылды | 2 | |4 |Тапсырма шығармашылықпен орындалды, жұмыстың | | | |жаңа амалы ұсынылды. |3 | |Бағаның әріптік |Ұпайдың сандық |Пайыздық |Дәстүрлік жүйеде бағалау| |баламасы |баламасы |көрсеткіштері| | |А |4,0 |95-100 |өте жақсы | |А- |3,67 |90-94 | | |В+ |3,33 |85-89 |Жақсы | |В |3,0 |80-84 | | |В- |2,67 |75-79 | | |С+ |2,33 |70-74 |Қанағаттанарлық | |С |2,0 |5-69 | | |С- |1,67 |60-64 | | |Д+ |1,33 |55-59 | | |Д |1,0 |50-54 | | |F |0 |0-49 |Қанағаттанғысыз | 9. Курстың саясаты мен реті студенттерге пәнді оқу барысында қойылатын әкімшілік талаптарын көрсетеді. (балл бойынша) * Кешігу * Сабақты босату * Аудиториядағы жүріс – тұрысы * Жұмыстарын кеш өткізгені • Емтиханда болмауы және т.б. 2. Оқу-әдістемелік кешеннің тізбесі мен мазмұны 2.1. Курстың тақырыптық жоспары Барлығы (кредиттер): 3 (135 - сағат) |№ |Тақырыптар |Дәріс |Тәжі-ри|ОСӨЖ |СӨЖ | | | | |бе | | | |1 |Абайтану пәнінің мақсаты мен |2 |1 |1 |4 | | |міндеті. | | | | | |2 |Ақынның өмірі мен шығармашылығы |2 |1 |2 |4 | |3 |Абай шығармашылығының қайнар |2 |1 |1 |4 | | |бұлақтары. Абай – ұлттық жазба | | | | | | |әдебиеттің негізін салушы. | | | | | |4 |Абай – қазақ поэзиясының |2 |1 |1 |4 | | |реформаторы. Қазақ поэзиясына Абай | | | | | | |әкелген жаңалықтар. Абай – ойшыл, | | | | | | |философ ақын | | | | | |5 |Абай өз заманының жыршысы |2 |1 |2 |4 | |6 |Абай шығармаларындағы адамгершілік |2 |1 |1 |4 | | |тақырыбы | | | | | |7 |. Ақын мұрасындағы табиғат. |2 | 1 |1 |4 | |8 |Абай поэзиясындағы махаббат |2 |1 |2 |4 | | |тақырыбы. | | | | | |9 |. Абайдың эстетикалық тағылымы |2 |1 |1 |4 | |10 |Ақын өлеңдеріндегі даналық |2 |1 |2 |4 | | |дәрістері. Абай –дана; Абай – | | | | | | |кемеңгер. Батыс пен Шығыс әсері | | | | | |11 |Абайдың поэмалары |2 |1 |2 |4 | |12 |Абайдың көркем аудармалары. |2 |1 |1 |4 | |13 |Абайдың қарасөздері |2 |1 |2 |4 | |14 |Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы |2 |1 |2 |4 | |15 |Абайтану ғылымының зерттелуі. Абай |2 |1 |0,5 |4 | | |және М.О. Әуезов | | | |4 | | | | | | |3,5 | | |БАРЛЫҒЫ |30 |15 |22,5 |67,5 | 2.2Дәріс сабақ тезистері 1 -2 дәріс 1.1Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті 3-4 дәріс 3.1Кіріспе. Өмірі мен шығармашылығы 3.2 Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтер. 4.1. Өмірбаяны. Шығармалары 5-6дәріс 5.1 Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары. 6.1.Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы. 7-8 дәріс. 7.1.Абай – қазақ поэзиясының реформаторы. 8.1.Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. 9-10 дәріс. 9.1Абай – ойшыл, философ ақын. 10.1. Абай тундыларындағы үш сүю (имани гүл), жәуәнмәрттілік мәселесі. 10.2. Әл-Фараби және Абай. 11-12 дәріс. 11.1. Абай - өз заманының жыршысы. 12.1.Абай шығармалары – ақын заманының шежіресі. .«Кабус -намеге» Абайдың қатысы 13-14 дәріс. 13.1.Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы. 14.1 .«Құтадғу білік және Абай». 15-16дәріс. 15.1.Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы. 16.1. Қазақ поэзиясына табиғат лирикасын тұңғыш енгізген Абай 16.2. Абайдың ағартушылық қызметі. 17-18 дәріс. 17.1.Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы. 17.2Ақынның бұл тақырыпқа енгізген жаңалықтары. 18.1 Науаи мен Абай. Алғашқы өлеңдеріндегі Шығыс ақындарына еліктеуден махаббат сезімін жырлаудағы реалистік әдіске көшу 19-20 дәріс. 19.1.Абайдың эстетикалық тағылымы. 20.1.Эстетика туралы жалпы ұғым. Абайдың эстетикалық көзқарастары 21-22 дәріс. 21.1.Ақын өлеңдеріндегі даналық дәрістері. Абай –дана; Абай – кемеңгер. 22.1.Батыс пен Шығыс даналығын бір басына жинақтаған, өз заманының әрі ғұлама ғалымы, әрі кемеңгер ойшылы, әрі данышпан ақыны 22.2. Жүсіп Қарабағи мен Абайдағы Сезім (Хауас)жайлы ойлар 23-24 дәріс. 23.1. Абайдың поэмалары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны. 24.1.«Ескендір», «Масғұт» және «Әзімнің әңгімесі» поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы 25-26 дәріс. 25.1.Абайдың көркем аудармалары. 26.1.Абайдың, жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы 27-28 дәріс. 27.1. Абайдың қарасөздері. Абайдың шығармашылық мұрасында оның қарасөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы. . 29-30 дәріс. 29.1. Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы. Абайтану ілімінің жүз жылдық тарихы. 30.1..Абай мұрасы жөніндегі ең алғаш пікір айтқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов еңбектері. «Абай» журналының жарық көруі 2.3 Семинарлар тақырыптары. 1- семинар 1.1. Абай өмір сүрген дәуір болмысы. ХІХ ғ. ІІ жарт. қазақ халқының тарихи жағдайы. Ел билеу жүйесі 1.2.Абай мұрасын танытудағы еңбектер,зерттеулер. 1.3.Абай ақындығының алғашқы және толысу кезеңдері. 2 -семинар. 2.1. Абай Құнанбайұлының өмірбаяны. 2.2.Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтер. 3- семинар. 3.1. Абай даналығының нәр алған көздері. Ақын поэзиясына Шығыс, Батыс әдебиетінің әсері. 3.2.Абайдың ақындығының қалыптасуы. («Абай жолы» эпопеясы негізінде ) 3.3..Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы .Ғалымдар пікірлері. 4-семинар 4.1 Абай – қазақ поэзиясының реформаторы. 4.2.Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. 5-семинар. 5.1.Абай – ойшыл, философ ақын. Әл-Фараби және Абай. (Ақжан Машанов зерттеуі бойынша. 5.2 Лирикалық қаһарманның көңіл күйін, жан дүниесін ашатын туындылары. Әл- Фараби мен Абайдың жүрек туралы айтқан пікірлерінің үндестігі. 5.3. Абайдың исламиятқа қатысы Алла, дін, мұсылманшылық тақырыбына жазылған өлеңдері. Абайдың діншілдігі жөнінде М.Әуезовтің айтқан пікірі 6- семинар 6.1. Абай - өз заманының жыршысы. 6.2.. Абай поэзиясында ащы сыналып, реалистік түрде көрінуі. Болыс-билердің сатиралық образдары Абай шығармалары – ақын заманының шежіресі. 7- семинар 7.1. Ақынның жастар тәрбиесіне арналған «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық»т.б.шығармаларының мазмұны,жаттау,талдау 7.2. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы 8-семинар 8.1 Абайдың жыл мезгілдеріне арналаған өлеңдеріндегі қазақ ауылының көрінісі. Көшпелі елдің табиғатқа тәуелділігі 8.2. Абайдың оқу, білім-ғылым жайлы өлеңдеріндегі ағартушылық пікірлері. Дидактикалық сарын 9-семинар 9.1. Абайдың махаббат лирикасы. Қазақ поэзиясындағы жаңалығы 9.2.. Қазақ жастарын адал сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны. 10- семинар. 10.1.Абай – эстет ақын. Ақынның эстетикалық, сыншылдық пікірлері. 10.2. «Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы» атты өлеңнің бағдарламалық мәні. Ондағы өлең деген ұғымның мәні, сол кездегі қазақ өлеңінің жай-күйі ұлттық поэзияның болашақ бағдарлары; ақынның азаматтық борышы 11- семинар. 11.1. Абайдың табиғат, адам, өмір, өлім, құдай, дін жөніндегі өлеңдерін талдау 11.2. Ақының терең тебіреніске толы философиялық ой өрнектері, оның философиялық толғаулары 12-семинар 12.1.. Абайдың поэмалары. Мазмұндық-идеялық ерекшелігі 12.2. Абай және Шәкәрім 12.3. Абай және оның ақын шәкірттеріне поэма жанрын дамыту жөніндегі ақыл- кеңестері, Ақылбай мен Мағауияның дастандары. Абайдың тапсырмасымен Көкбайдың, Әріптің, Әсеттің жазған поэмалары. 13- семинар 13.1. Орыс поэзиясының екі алыбы Пушкин мен Лермонтов шығармаларын қазақ тіліне аударудағы Абай тағылымы. 13.2. Абайдың Крыловтан аударған мысалдары 14-семинар 14.1 Абай қарасөздерінің жанры мен көркемдік ерекшеліктері. Бұл жөніндегі М.Әуезовтің көзқарасы және оның Абай сөздерін жіктеуі 14.2.Тақырыптық жүйесі, оның ақын өлеңдерімен үндестігі. 15-семинар 15.1.Абайдың ақындық мектебі жөнінде көтерілген айтыс-тартыстар. М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Мұқаметханов т.б. еңбектері 15.2. Ақынның 100 жылдық, 150 жылдық мерекелері тұсындағы абайтану ғылымына қосылған үлестер. 2.4Студенттердің өз бетімен оқытушының басшылығымен орындайтын жұмысы шеңберіндегі тапсырмалар жоспары. |№ |Тақырыптар |Жұмыс түрі |Тапсыру |Баға | | | | |мерзімі | | |1 |Абайдың өмірі мен ата |Конспект,жаттау |ІІ апта |1 | | |тегі жайлы мәліметтер | | | | | |Абайтану ілімінің | | | | | |қалыптасу тарихы | | | | | |Өлеңдерін жатқа оқу | | | | |2 |Абай қазақ поэзиясының |Өздік жұмыс |2 апта |1 | | |реформаторы Абай мұрасы | | | | | |жөніндегі ең алғаш пікір | | | | | |айтқан Ә.Бөкейханов, | | | | | |А.Байтұрсынов, М.Дулатов | | | | | |еңбектері Өлеңдерін жатқа| | | | | |оқу | | | | |3 |Абайдың ағартушылық |Зерттеулер,ғылыми |ІҮ апта |1 | | |қызметі Өлеңдерін жатқа |пайымдаулар | | | | |оқу | | | | |4 |Абайдың ұлттық |Жаттау |ІҮ апта |1 | | |поэзиямызда алатын орны. | | | | | |Көзімнің қарасы, Айттым | | | | | |сәлем Қаламқас, Қиыстырып| | | | | |мақтайсыз - өлеңдері | | | | |5 |«Біреудің кісісі өлсе – |өздік жұмыс |6 апта |1 | | |қаралы ол» атты өлеңін | | | | | |талдап, мазмұнын ашу. | | | | | |Өлеңдерін жатқа оқу Абай | | | | | |мұрасы монографиялық | | | | | |зерттеулер желісінде | | | | |6 |Абайдың Толық адам туралы|талдау |6 апта |1 | | |ілімі .Абай және исламият| | | | | |әлемі. Өлеңдерін жатқа | | | | | |оқу | | | | |7 |Абай поэмалары Өлеңдерін|Жаттау,талдау |8 апта |1 | | |жатқа оқу. | | | | |8 |Абай және Шығыс Өлеңдерін|Зерттеулерге шолу |8 апта |1 | | |жатқа оқу | | | | |9 |Абайдың аудармашылық |Жаттау,талдау |10 апта |1 | | |мектебі. (Лермонтов, | | | | | |Крыловтан аударған | | | | | |туындылары) Абай және | | | | | |Пушкин | | | | |10 |М.О. Әуезов – Абай |Конспект, ғылыми |10 апта |1 | | |шығармашылығының |мақалалармен жұмыс | | | | |текстологі. Өлеңдерін | | | | | |жатқа оқу | | | | |11 |Абай - сазгер Өлеңдерін |Жаттау,талдау |12 апта |1 | | |жатқа оқу | | | | |12 |Абайдың қара сөздері |жаттау, талдау |12 апта |1 | | |(қара сөздерінің жазылу | | | | | |тарихы. жатқа оқу | | | | |13 |Абайдың ақын шәкірттері |Реферат ,талдау |14 апта |1 | | |Өлеңдерін жатқа оқу | | | | |14 |Абай мен Шәкәрім |Салыстыра талдау |14 апта |1 | | |үндестігі Өлеңдерін жатқа| | | | | |оқу | | | | |15 | Абай және М.О. Әуезов. |Конспект, Ғылыми |15 апта |1 | | |Абай поэзиясындағы |сараптама | | | | |психологизм Әуезов | | | | | |шығармашылығында | | | | | |Өлеңдерін жатқа оқу | | | | СӨЖ тапсырмалары |р/с|СӨЖ тапсырмаларының |Тапсырма түрі |Тапсыру |Баға | | |мазмұны | |мерзімі | | |1 |Абайды танудың алғашқы |өздік жұмысы |апта |1 | | |кезеңі. Ақын мұрасының | | | | | |насихатталу жайы. | | | | |2 |Қайым Мұқаметқанов – |Конспект | апта |1 | | |абайтану ғылымының білгірі| | | | |3 |Зәки Ахметовтің абайтану |Реферат | апта |1 | | |саласындағы еңбектерінің | | | | | |ғылыми мәні. | | | | |4 |М.Мырзахметұлының абайтану|өздік жұмысы | апта |1 | | |ғылымындағы еңбектерінің | | | | | |маңызы | | | | |5 |Абайдың Әбдірахманға |Талдау | апта |1 | | |арналған өлеңдерінің | | | | | |тағлымы | | | | |6 |Абай – ұлтжанды азамат |Талдау | апта |1 | | |ақын. | | | | |7 |ХІХ ғасырдың екінші |Конспект | апта |1 | | |жартысы – қазақ даласын | | | | | |отарлаудың ең асқындаған | | | | | |кезеңі. Оның Абай | | | | | |шығармаларында бейнеленуі.| | | | | |Абай шығармаларындағы | | | | | |қазақ қауымының әлеуметтік| | | | | |бейнесі | | | | |8 | Абайдың ақын шәкірттері. |Талдау,салыстыр| апта |1 | | | |у | | | |9 |Абайдың әдеби мектебі. |талдау |апта |1 | |10 |Абайдың Крыловтан аударған|Талдау |апта |1 | | |мысалдары | | | | |11 |«Ескендір»поэмасында |Конспект | апта |1 | | |Физули нұсқасына | | | | | |енгізілген өзгерістер. | | | | | |Македонский бейнесін | | | | | |сомдаудағы Абайдың | | | | | |шығармашылық концепциясы. | | | | |12 |«Масғұт» поэмасының |өздік жұмысы | апта |1 | | |тарихилық белгілері. | | | | | |«Әзімнің әңгімесі» атты | | | | | |дастанының жарыққа шығу | | | | | |тарихы | | | | |13 |«Евгений Онегин» романынан|талдау | апта |1 | | |үзінділер аударудағы | | | | | |Абайдың көздеген мақсаты | | | | |14 |Абайдың көңіл күй |Конспект | апта |1 | | |лирикасы. Абай | | | | | |поэзиясындағы психологизм | | | | |15 |Абай мұрасының 1918 – 1926|өздік жұмысы |апта |1 | | |жылдар аралығында | | | | | |зерттелуі. | | | | | |. | | | | |16 |Абай мұрасының1926 – 1940 |өздік жұмыс | апта |1 | | |жылдар аралығында | | | | | |зерттелуі | | | | |17 |Кеңестік дәуірде Абай |Ғылыми | апта |1 | | |шығармашылығы жөнінде орын|сараптама | | | | |алған теріс көзқарастар. | | | | |18 |20-30 жылдарда Абай мұрасы|талдау | апта |1 | | |жөнінде өрістеген айтыс. | | | | |19 |Абайтану ғылымының |Конспект | апта |1 | | |қалыптасуындағы | | | | | |М.Әуезовтің еңбектері | | | | |20 |Абайтану ілімінің жүз |Реферат | |1 | | |жылдық тарихы | |апта | | 7. Курс бойынша емтихан сұрақтары: 1. Абайдың оқу, білім-ғылым тақырыбындағы өлеңдері. Абайдың ағартушылық қызметі. 2. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы. 3. Абайдың Толық адам туралы ілімі 4. Абайдың Әбдірахманға арналған өлеңдерінің тағлымы. 5. Қазақ поэзиясына Абайдың тұңғыш табиғат лирикасын енгізуі. 6. Абайдың суреткерлік шеберлігі. 7. Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны. 8. Ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. 9. Абайдың сөз өнері, өлең, ән туралы пікірі. Өнер адамына қояр талабы. 10. Абайдың эстетикалық көзқарастары. 11. Абайдың көңіл күй лирикасы. Абай поэзиясындағы психологизм. 12. Абайдың философиялық толғаулары. Табиғат, адам, өмір, өлім, құдай, дін жөніндегі өлеңдері. 13. Абай шығармашылығының биік нысанасы «үш сүю» туралы ақынның танымы 14. Алла, дін, мұсылманшылық тақырыбына жазылған өлеңдері. 15. Абайдың діншілдігі жөнінде М.Әуезовтің айтқан пікірі. 16. Абайдың қарасөздерінің жанры мен көркемдік ерекшеліктері. Бұл жөніндегі М.Әуезовтің көзқарасы 17. Абай қарасөздерінің тақырыбы мен идеясы. 18. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны. 19. «Ескендір» поэмасында Физули нұсқасына енгізілген өзгерістер. Македонский бейнесін сомдаудағы Абайдың шығармашылық концепциясы. 20. «Масғұт» поэмасының тарихилық белгілері. 21. «Әзімнің әңгімесі» атты дастанының жарыққа шығу тарихы. 22. Абайдың көркем аудармалары 23. Орыс поэзиясының екі алыбы Пушкин мен Лермонтов шығармаларын қазақ тіліне аударудағы Абай тағылымы. 24. «Евгений Онегин» романынан үзінділер аударудағы Абайдың көздеген мақсаты. 25. Абайдың Крыловтан аударған мысалдары 26. Абайдың әдеби мектебі. 27. Абайдың ақын шәкірттері. 28. Қайым Мұқаметханов – абайтану ғылымының білгірі 29. Абайды танудың алғашқы кезеңі. Ақын мұрасының насихатталу жайы 30. Абай мұрасы жөніндегі ең алғаш пікір айтқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов еңбектері. 31. Абайтану ғылымының қалыптасуы. 32. Абай мұрасының 1918 – 1926 жылдар аралығында зерттелуі. 33. Абай мұрасының 1926 – 1940 жылдар аралығында зерттелуі. 34. Кеңестік дәуірде Абай шығармашылығы жөнінде орын алған теріс көзқарастар. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс. 35. Абайтану ғылымының қалыптасуындағы М.Әуезовтің еңбектері 36. Абайтану ілімінің жүз жылдық тарихы. 37. Зәки Ахметовтің абайтану саласындағы еңбектерінің ғылыми мәні. 38. М.Мырзахметұлының абайтану ғылымындағы еңбектерінің маңызы 39. Абай есімінің дүниежүзілік көлемде танылуы. 40. Абай шығармашылығының әлем тілдеріне аударылуы 41. Абай жайлы жазылған көркем шығармалар 42. Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы. 43.Абай мұрасы монографиялық зерттеулер желісінде 44.Абай өлеңдерінің төңкеріске дейінгі жариялану, таралу жайы. 45.Абайдың мұрасын зерттеуші, насихаттаушылар 46.Абай мұрасының орыс тілінде танылуы. 47.Абайтану тарихы. Оның басты кезеңдеріне сипаттама. 48.Абай мұрасының 1940 жылдардан кейінгі зерттелуі. 49.Абай шығармаларын насихаттау, дерек мағлұматтарды жинастыру. 50.Абай дүниетанымы пікір таласында. 51.Абай мұрасы монографиялық зерттеулер желісінде. 52.Абайдың әдеби мектебі. Абайдың ақындық мектебі айналасындағы айтыс- тартыстар. 53.Абай мұрасының әр сала бойынша зерттелуі. 54.Текстологиялық жағынан зерттелуі 55.Архив материалдары. 56.Рухани қазына көздері. 57.Абайдың Шығысқа қатысы . 58.Абай дүниетанымы мен салалары 59.Абай және әлем әдебиеті. 60.М. Әуезов және Абайтану проблемалары. Абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлы еңбегі негізінде. 61.Абай мұрасы М.Әуезов туындыларында 62.Абай өлеңдері мен қарасөздері М. Әуезов шығармаларында 63.Абай сөздерінің М.Әуезов шығармаларындағы түрлену жолдары 64.Абай поэзиясындағы психологизм Әуезов шығармашылығында 65.Абайтану ғылымының бүгінгі белестері. Өзекті мәселелері ГЛОССАРИЙ 1. Пәннің оқу бағдарламасы – (Syllabus) 2. Оқытушы туралы деректер Ф.ғ.к.,Сабырбаева Р.Қ. 3. Пән туралы деректер Атауы: Абайтану Кредиттер саны – 3, сағат - 135 Өту орны №3 ғимарат Оқу жоспарынан үзінді |кур|Семестр |Кре-дит|Лекц. |Семи-на|ОБСӨЖ| |с | | |сағат |рлар | | |1 |Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті |2 |1 |1 |4 | |2 |Ақынның өмірі мен шығармашылығы |2 |1 |2 | 4| |3 |Абай шығармашылығының қайнар |2 |1 |1 |4 | | |бұлақтары.Абай – ұлттық жазба әдебиетінің | | | | | | |негізін салушы | | | | | |4 |Абай-қазақ поэзиясының реформаторы .Қазақ |2 |1 |1 |4 | | |поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай | | | | | | |ойшыл, философ ақын | | | | | |5 |Абай өз заманының жыршысы |2 |1 |2 |4 | |6 |Абай шығармаларындағы адамгершілік |2 |1 |1 |4 | | |тақырыбы | | | | | |7 |Ақын мұрасындағы табиғат |2 |1 |1 |4 | |8 |Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы |2 |1 |2 |4 | |9 |Абайдың эстетикалық тағлымы |2 |1 |1 |4 | |10 |Ақын өлеңдеріндегі даналық дәрістері.Абай |2 |1 |2 |4 | | |–дана; Абай-кемеңгер. Батыс және Шығыс | | | | | | |әсері | | | | | |11 |Абайдың поэмалары |2 |1 |2 |4 | |12 |Абайдың көркем аудармалары |2 |1 |1 |4 | |13 |Абайдың қарасөздері |2 |1 | 2 |4 | |14 |Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы |2 |1 |2 |4 | |15 |Абайтану ғылымының зерттелуі. Абай және |2 |1 |0,5 |4 | | |М.Әуезов | | | | | | |Барлығы: |30 |15 |22,5 |67,5 | № 1-дәріс Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті Сабақтың мақсаты: Абай мұрасын тану, бағалау, бүгінге дейінгі зерттеліп келе жатқан мәселелерді жан-жақты қарастырып, қазақ әдебиеті тарихы ғылымының іргелі саласының бірі-абайтанудың қалыптасуын кеңінен тану. Тірек сөздер: абайтану, өлең, ғылыми мақала,жинақ т.б. Сабақтың жоспары: 1. Абайтану пәнінің қалыптасу тарихы 2. Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі.Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ , оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар.Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой – пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады.Бірақ Абайды алғашқы зерттеушілердің аты – жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді.Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды. Абайдың екі өлеңі ( «Семей уезі Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбайұлы ауылының Бақанас өзенінің бойындағы Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы түрі » ) («Жаз ») «1888 жылғы май айында Ақшатау деген жерде Семей облысы мен Жетісу облысының чрезвычайный съезі болғанда бір уездің ел билеушілерінің түрі » («Болыс болдым , мінеки» ) деген аттармен 1889 жылы «Дала уалаяты газетінің » 7 , 12 сандарында басылыпты.Одан кейін 1897 жылы Қазанда Бектұрған Сиқымбай ұлы бастырып, Жанұзақ ақын құрастырған «Князь бен Зағифа » атты хиссада Абайдың «Сынағандағы аттың сыны» ( «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» ) , «Бүркітші » («Қан сонарда бүркітші шығады аңға» ) атты өлеңдері жарық көрген.Алдыңғы екі өлең Көкбай ақын атынан жарияланып, соңғы екі өлеңді кітапты құрастырушы авторын айтпай, айтыс тексіне кіргізіп пайдаланған.Оларда осы күнгі белгілі нұсқалардан ауытқу да байқалады. Ал, Абайдың өмірі мен ақындық өнері жөнінде бірінші ғылыми ой айтқан адам -Әлихан Бөкейханов.1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеуінде ол «Қырғыз ( Қазақ ) поэзиясындағы жаңа бағыттың өкілі есебінде Құнанбаааевты ( Кітапта «Кномбия» болып қате басылған) ( Семей) атауға болады, ол поэтикалық түрі мен мазмұны жағынан көптеген әсем өлеңдердің авторы ( әсіресе, табиғатты суреттеуі) ». «Евгений Онегин» мен Лермонтовтың көп өлеңдерінің жақсы аудармаларын жасаған да сол ( олар қырғыздарға (қазақтарға ) тым түсінікті түрде аударылған) – деп жазған.Ол кейін Тұрағұл мен Кәкітайға Абай өлеңдерін жинап бастыру жөнінде хат жазып, солар арқылы ұлы ақынның шығармаларымен толық танысқан.Соның нәтижесінде 1905 жылы «Абай ( Ибраһим) Құнанбаев » атты азанама – мақала жазған.Мақалада автор Абайдың шыққан тегі, өмірі, шығармашылық жолы жайлы тұңғыш мәліметтер береді.Ақынның шығармашылық ізденісінің негізгі бағыттарына , көркемдік табыстарына тоқталады.Сөйтіп ол : «өлеңдерінен көріп тұрғандай , Абай аса талантты поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы бола білді.Халықтың рухани шығармашылық қасиетін осынша биікке көтерген Абай сияқты қырғыз (қазақ ) ақыны осы кезге шейін болған емес.Жылдың төрт мезгіліне арнаған (Көктем, жаз, күз және қыс ) тамаша жырлары оны Европаның атақты ақындарының қатарына қояды »(1) - деген қорытынды жасайды. Осы шағын пікірлердің өзінен Абайдың ұлылығын, қазақтың жаңа дәуірдегі әдебиетінде алатын орнын, ақынның дүниежүзілік поэзиясының биік деңгейіндегі шығармашылық қызметін дұрыс танығанын көруге болады.Бұл пікірлер Абай туралы соңғы айтылар ойларға мұрындық болды.Оның үстіне , жоғарыдағы мақалаға қарағанда , Әлихан Абай шығармаларын жинатып, өзі басқаруымен Семейде ( орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі арқылы ) бастырмақ болған сияқты. 1906 жылы Павлодарда ұсталған Әлиханның портфелі ішінде Абайдың қолжазбасы болғаны да мұны растай түседі.Алайда сол кездегі саяси жағдайдың ауырлығынан ол бұл ойын іске асыра алмаған. Әлиханның үздіксіз қуғындалуынан қауіп қылған Кәкітайдың Семей, Омбы жағынан ештеме тындыра алмай, Петербургке де баруы осымен байланысты болса керек. Абайдың тұңғыш шыққан өлеңдер жинағы ( 1909 , Петербург ) Абайтануда , ақын атын туған халқына кең жаюда ерекше маңызды қызмет атқарған ұлы уақиғалардың қатарына жатады.Оны бастырушылар – ақынның ұлы Тұрағұл мен інісі Ысқақтың баласы Кәкітай.Абай тәрбиесінде болып, қасында көп жүрген Кәкітай – оның мұрасының да жарық көруіне көп күш салған.Ол жинаққа «Абай Құнанбайұлының өмірі» атты мақала жазған. Абай кітабының тұңғыш басылымының тарихи маңызына қоса , ақын өмірі мен шығармашылығы жайында оқырмандарға тың мәліметтер ұсынған Кәкітай мақаласы да Абайтану тарихында көрнекті орын алады.Онда Кәкітай Абай өлеңдерінің тууына себеп болған тарихи шындық пен ақын бастан кешкен қайғының түп – төркінін жақсы ашып көрсетеді.Оның акындық ізденістерінің шеңберін айқындайды.Абайдың ақындық биікке көтерілуінің негізгі себептерінң орыс және дүниежүзілік әдебиет пен ғылым деңгейінен іздеу Кәкітай мақаласының өміршең, кейінгі зерттеушілерге ой салған ерекше маңызды тезисі болды. «Орыс ғылымын кітапта оқығандық Абайдың көңіліндегі ақындығын қозғағанын » ол орынды айтты.М.Әуезов кезінде бұл мақаланы жоғары бағалап, ақынның өмірбаянын жазуға көмектескенін мойындаған. Абай жинағы шығып, халық арасына тараған кезде оның ақындық өнерін айрықша сөз етіп, ұлылығын мойындап, алғашқы пікір айтқан адам – А.Байтұрсынов еді.Ол «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев, онан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ » - деп түйін айтты.Әуелі ( 1903 ) Абай өлеңдерімен қолжазба дәптер күйінде танысып, кейін (1909) ақын кітабын оқығаннан кейінгі әсерін айта келіп, Ахмет Абайдың «Сөзі аз, мағынасы көп, терең » жырларының шығуы жағдайларына, әлеуметтік сырына, көркемдігіне үңіледі.Жеңіл ойлап, ашық айта салатын жадағай халық жырларына Абай сөзін қарсы қоя отырып, ол сөздің ішкі мағынасын түсіне, терең оқудың қиыншылығы Абайдан басталатынын атап көрсетеді.Абай сөзінің жалпы жұрттың ұғымына ауырлығын айта отырып, «Ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік... Не нәрсе жайынан жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қарамай жазады» , -дейді.Қазақ әдебиетінде Абайдың өзі тұңғыш көтерген айтушы мен тыңдаушының проблемасын Ахмет осылай ақын өлеңін оқу, түсіну тұрғысында талдайды. Бекіту сұрақтары: 1. Абайтану саласы қай жылдан бастап зерттеле бастады? 2. Абайтану пәнінің мақсаты? 3. Абай мұрасын танытудағы еңбектер? Әдебиеттер тізімі: 1.М.Мырзахмет «Абайтану тарихы» Алматы – 1994ж. 2. Қ.Мұхаметқанов «Абай мұрагерлері» Алматы-1995 ж. Дәріс №2 Ақынның өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты: Абайдың шығармашылығы мен өмірі жайлы толық мәлімет бере отырып, студенттерді ұлы ғұламаның отбасы, өскен ортасымен кеңінен таныстыру. Тірек сөздер:ақын, философ, медресе, уез,жүз,ру. Сабақтың жоспары: 1.Абайдың өмірі 2.Абайдың шығармашылығы Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез. Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды. Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді. Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты. Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді. Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады: ...Кедейдің өзі жүрер малды бағып, Отыруға отын жоқ үзбей жағып. Тоңған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып. Қар жауса да тоңбайды бай баласы, Үй жылы, киіз тұтқан айналасы. Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты, Ағып жүріп ойнатар көздің жасы. Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады. Сол кезде Семейге айдалып келген орыс демократтарымен танысады. Соның ішінде өзінің ерекше танысып, араласқаны Михаэлис болды. 1880 жылдары айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, өзі олардан үйрене жүріп, өзі де оларды халқының салт-дәстүрімен таныстырып, қол ұшын берді. Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор. Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткеніндей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды. Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп қырықтан асқан шағында біржола ақындыққа берілді. Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті. Абай өлеңдері бай философиялық, күрескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті. «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» - Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары да зерттеушілердің назарында. Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады. Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатыны Абайдың өз балалары. Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды. Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған. Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген. Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды. Қара сөздерден адамның көңіл-күйінің жарығы мен қараңғысының айнасы болған – күлкі мен қайғы туралы педагогтар арасында осы күнге дейін айтылмаған тың ой табамыз. Өйткені күлкі мен қайғы туралы ешкім Абайдай тап басып айта алмаған. Абай «күлме» демейді тек «орынсыз күлкіден сақ бол» дейді. Абай өз шығармалары арқылы рухани бірлікке шақырады. Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды. Абайды Абай еткен, асыл сөзімен өлең етіп ұйытып, жүрегіне жыр болып байланған қасиеті - өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында тапқан танымдық олжалары, санасын сарғайтып барып көзін ашқан тұжырым тоғыстары өлең арқылы өріліп жатыр. Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы» деп те аталады. Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Жер бетіндегі күллі қазақ қауымы өздерінің ұлы Абайымен мақтанады. Олар күн өткен сайын Абайды жаңа қырынан тануда. Өйткені Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар. Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жақсы бағасын алуда. Соның бір дәлелі, Қытай Халық Республикасында Абай шығармаларының қазақша нұсқаларынан сырт оның үш бірдей дастаны және өлеңдері мен қара сөздері қытай тілінде жарық көрді. Ақынның өз кіндігінен он бала тарады. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт күткен талантты балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған. Абай есімін еске қалдыру мақсатында көптеген шаралар жүзеге асты. Ең алдымен, Жидебайдағы Абай қыстауы қалпына келтіріліп, ол Семейдегі Абай қорық мұражайының филиалына айналдырылды. Ақын жерленген зиратқа гранит пен мрамордан құлпытас орнатылды. Семейде және Қарауылда ескерткіш орнатылды. Бекіту сұрақтары: 1 Абайдың ақын болып қалыптасуына ықпал еткен кімдер? 2.Абайдың балалық шағы қай жерде өтті? 3.Абайдың шығармаларының тақырыбы? Әдебиеттер: 1. Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б. 2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б. Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б. 3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б. 4. Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. - 2003. - №1. - 1 - 4 б. 5. Борбасов С., Ізтілеуова С. Ұлы ақын тәлімі және ұлттық рухани келбеті // Семей таңы. - 1994. - 4 қазан. 6. Құнантаева К., Халитова И. Абайдың қара сөздеріндегі педагогикалық ой- пікірлер // Ақиқат. - 1994. - №4. - 70 - 73 б. 7. Сұлтанбеков М. Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?: Абайдың Зұлқарнайы туралы поэмасы хақында // Семей таңы. - 1990. - 16 қазан. - 4 б. № 3 дәріс Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары.Абай – ұлттық жазба әдебиетінің негізін салушы Сабақтың мақсаты: Ұлттық жазба әдебиетінің негізін салудағы Абайдың қосқан үлесі туралы кеңінен ой қозғап, насихаттау. Тірек сөздер: мәдениет, әдебиет, отаршылдық,жұрт, ақындық дәстүр т.б. Сабақтың жоспары: 1.Абай шығармаларының қайнар бұлақтары 2.Абай-ұлттық жазба әдебиетінің негізін салушы | | | | | | |[pic] | | | |Отаршылдықтың қанды шеңгеліне түсіп, елдігі шайқалудың үстінде тұрған | |қазақ қауымына тіршіліктің отын сепкен, «суға кетіп бара жатқан» халықтың| |қолына іліккен тал болған, тынысы тарылғанда көкірек сарайын ашқан жұпар | |ауа іспетті, қазақ жұрағатын жойылудан аман сақтап қалып, аяққа тұруына, | |ес жиып, бас көтеруіне толық әсер еткен баға жетпес дүние ол - хакім | |Абайдың шығармалары. | |Философиялық, тарихи, саяси еңбектер емес, Абайдың қуатты поэзиясы мен | |ғақлиялары. Сондықтан да Абай шығармаларының жинақталып, жүйеленіп, | |баспаға ұсынылып, жарияланып шығуы - қазақ мәдениеті мен әдебиетінің | |өркендеуіне ғана емес, қазақ елінің елдігіне, мемлекеттігіне қадам | |бастырған, қалыптастырған елеулі құбылыс болды. | |Әрине, ақынның алғашқы жинағының жариялануының басы-қасында Әлихан | |Бөкейханов сынды Алаш көсемінің, Абайдың өз балалары мен жақын | |туыстарының жүргендігі ақиқат. Оның ішінде Кәкітай Ысқақұлының ардақты | |есімі алдымен ауызға түсетіндігі белгілі. Өткен жылы жинақтың 100 жылдық | |мерейтойына орай республика көлемінде түрлі іс-шаралардың өткізілгені | |көпшілік қауымға аян. Біздің мақсатымыз осы жинақтың жариялануы тарихына | |байланысты әлі де ашық айтылмай келе жатқан факторлар тұрғысында болмақ. | |Көрнекті абайтанушы ғалым А.Нұрқатов өзінің «Абайдың ақындық дәстүрі» | |еңбегінде тұңғыш жинақтың жариялануына байланысты Кәкітайдың ұлы Әрхам | |Ысқақовтың «Қазақ әдебиеті» газетінде 1959 жылдың 27 наурызында | |жарияланған «Әкем туралы естеліктен» атты мақаласына сүйене отырып, | |мынадай мәліметтерді келтіреді: «1906 жылы жаз шығып, киіз үй тіккенде | |Кәкітай қос тұрғызып, Мүрсейіт молланы шақырып алды да, «сен мына біз | |жинаған Абай өлеңдерін реттеп жаз» деп оңаша қосқа отырғызды. Мүрсейіт | |асықпайтын, арабша сұлу жазатын адам еді. Бір ай шамасында көшірімді | |әзірлеп алып, Кәкітай Семейге жүріп кетті. Жол шығынына екі семіз ат, екі| |семіз түйесін әкеткен-ді. Малын Семейде ақшалап алып, Омбы қаласына | |кеттім деп хат жазды...» | |Осында ақын өлеңдерінің жүйелеп көшіру ісін 1906 жылы жаз айында | |басталғандығы жөнінде ақпарат берілген. Алайда саналы ғұмырын абайтану | |мәселелеріне, Абай мұрасының толықтай игерілуіне арнаған ғалым | |Қ.Мұхамедхановтың Кәкітай Ысқақұлы туралы жазылған мақаласында Әрхам | |естелігіне сүйене отырып, 1905 жылдың жаз айында Мүрсейітке қолжазбаны | |көшірту ісінің басталғандығын айтып өтеді. Ғылыми хронологиялық дәлдік | |үшін Абайдың тұңғыш жинағын жариялауға дайындық ісі 1905 жылдың жаз | |айында басталған деген тұжырым орныққаны дұрыс көрінеді. Себебі ақын | |жинағын шығарушылардың бірі Әлихан Бөкейхановтың Кәкітай туралы | |мақаласына сүйенетін болсақ, Кәкітаймен 1900 жылдан бері таныстығы, Абай | |қайтыс болғаннан кейін 1904 жылы марқұмның балаларына өлеңін кітап етіп | |бастыру жөнінде ұсыныс жасағаны, 1905 жылы шілденің аяғында Кәкітайдың | |Абайдың қолжазбасын алып, Омбыға келгендігі баяндалады. (Мұхамедханов Қ. | |«Абай кітабын алғашқы шығарған Илияс Бораганский». Алматы, 2009). | |Әрхам Ысқақовтың «Қазақ әдебиеті» газетінде 1959 жылы жарияланған | |естелігі сол кездегі саяси идеологияға байланысты редакцияланғаны айқын | |көрінеді. «Жылымықтың» лебі болғанымен, тоталитарлық жүйе механизмі | |қарқынды жұмыс істеп тұрған заман, Алаш көсемдерінің ақталмаған кезеңі | |болғандықтан, Ә.Бөкейханов тұлғасына байланысты жайттар түгелімен | |өзгеріске ұшырап берілген. | |Сонымен, Абайдың қолжазбаларын әдіптеп хатқа түсіріп, үкілі үмітпен | |Омбыға аттанған Кәкітайдың, сондай-ақ Абай жинағының жолы болмайды. | |Жинақты баспаға әзірлеп, соңғы редакцияларын жасап жүрген Ә.Бөкейханов | |патшалық жандармдары тарапынан 1906 жылдың қаңтар айының басында | |тұтқындалады. Әлиханның тұтқындалуына байланысты жинақты бастыру ісі | |біраз кешеуілдейді. Кәкітай үшін жаңа жоспар жасап, қайткен күнде де | |кітапты бастыруды жүзеге асыру мақсаты алға шығады. Әрхам Кәкітайұлы: | |«Одан кейін әкем «Омбыда бастыра алмадым, Қазан қаласына жүріп кеттім» | |деп тағы да хат жазды. Бір жұмадан соң «Қазан қаласындағы баспаханалардың| |басуға уақыты болмады. Сондықтан Петербург баспаханаларымен шарт | |жасастым. Тез 200 сом ақша салыңдар» деген телеграмма келді». | |Осы арада талай құпияның сыры жатыр. Абай өлеңдерін Қазан қаласындағы | |баспаханалардан басуға неге мүмкіндік болмады? Әрхам Кәкітайұлы бұл | |кедергілердің сырын білсе де, зұлым жүйенің тепкісінен ашып айтпаған | |сыңайлы. Қазақ кітабының қилы да қасіретті тарихын зерттеген ғалымдар | |Ш.Елеукенов,Ж.Шалғынбаевалардың «Қазақ кітабының тарихы» атты еңбегінде | |отаршылдық жүйенің, патшалық Ресейдің өз боданындағы түркі-мұсылман | |халықтарының кітап бастыру ісіне байланысты ұстанған саясатының | |бетпердесі сыпырылып, қанды жүзі айқын көрсетілген. ХІХ ғасырдың соңғы | |ширегінде мұсылман, діни әдебиеттің көптеп шығуынан, «Қазанда, басқа | |қалаларда қазақ кітаптарының көптеп басылуы, оған қоса шеттен мұсылмандық| |әдебиеттің ат-нөпір үстемелеп түсуі - осының бәрі қазақ қоғамына | |исламның, ол арқылы панисламизм, пантюркизм идеяларының ықпалының күшейе | |түсуінен» қорқып, аталмыш бағыттағы кітаптарды қазақ даласында кең | |таратпаудың жолдарын қарастырып, түрлі әккі де зымиян амалдарға барады. | |Олардың басшылыққа алған нақты ұстанымдары мынадай: 1875-1880 жылдары | |Баспасөз басқармасын В.Григорьев басқарған кезде «кітап ел арасына көп | |тараса, күш алып кетеді. Ендеше, оны осы күшінен айыру көлемін қысқартып,| |ауыздықтай беру керек» дескен. Соны әккі чиновник Смирнов былайша | |жүйелейді: «Қазақ басылымдары оқушысына қымбатқа түсетін болсын. Оның | |бағасын удай қылудың бір айласы - цензор штемпелін бұлдау, ол үшін көп | |қаражат айырып алу» дейді. | |Кітап шығару - коммерциялық іс. Кітап сауда айналымына түскендіктен, | |үкімет тиісті салығын салады. Смирновтың айтып тұрғаны - көлденең салық. | |Салықтан белі қайысса, мұсылмандар кітап шығара алмайды, қаражаты | |жетпейді деп тұр. | |Бұл патшалық шенеуніктердің ұстанған ұстанымдарының бірінші тармағы ғана.| |Боданындағы түркі-мұсылман халықтарын рухани тұншықтыру, санасын оятпау, | |орыстандыру саясатын жүргізу сынды сұрқия мақсаттар жатты олардың | |көкейінде. | |Абай жинағының Қазан баспаларында жарық көрмеуінің бірінші себебі осы | |болса, екінші себебі де саяси цензура саясаты болса керек. Қазанда | |шығатын қазақ кітаптарына арнайы жіті бақылау қойылғаны, кітап шықпастан | |бұрын арнайы өкілетті адамдар тілмәштар арқылы кітап мазмұнымен мұқият | |танысып шығатындығы, патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қайшы келетін| |идеялар болса, ол кітаптардың түбірімен жойылатындығы жоспарлы түрде іске| |асырылған және бұл істерге байланысты тарихи деректер «Қазақ кітабының | |тарихы» атты еңбекте көптеп кездеседі. Қазанға барып тауы шағылған | |Кәкітай 1900 жылғы «Тәржіман» газетінде жарияланған мақала арқылы таныс, | |Петербургтағы И.Бораганский баспаханасына жол тартады. Абайтанушы | |Қ.Мұхамедханов Абайдың «Тәржіман» газетін оқып тұрғандығы, сондықтан | |ақынның айналасы И.Бораганский баспаханасы туралы білгендіктерін айтады. | |К.Ысқақұлының да сол кездегі астана Петербургтегі ондаған басқа | |баспаханаларға емес, арнайы И.Бораганскийдің баспаханасына жол тартуы | |кездейсоқ іс емес. | |Әрхам Кәкітайұлының «Сондықтан Петербург баспаханаларымен шарт жасастым. | |Тез 200 сом ақша салыңдар» деген теле-грамма келді» деген сөздерінің | |астарында үлкен тарих жатыр. Жоғарыдағы үзіндіде келтірілген бұратана | |халықтардың кітап бастыру істерінің құнын шарықтатып, бағасын асқақтатып,| |түрлі салықтардың, төлемдердің ойдан шығарылуы арқасында шындығында да, | |қазақ сынды халықтардың кітап басу ісі едәуір қиындыққа ұшырады. | |Кәкітайдың елден 200 сом ақша сұратуы - соның айғағы. ХХ ғасырдың басында| |ірі қара малдың сол кездегі нарықтағы бағасы 3 сом болғандығын ескеретін | |болсақ, 66 ірі қара малдың құны екендігі, ал тіпті 5 сомнан есептейтін | |болсақ, 40 қара малдың құны екендігі анықталады. Осы жерден-ақ патшалық | |Ресейдің зұлым саясатын анық көруге болады. | |Абайдың балалары мен Құнанбай қажы ұрпақтары осындай қаржыны жинап, хакім| |Абайдың сөздерін жарыққа шығарады. Адал сүт емген, алып әкеден арлы болып| |туған халық перзенттері ғасыр ерлігіне тән іс атқарып, қазақтың елдігін, | |азаттығын, рухын сақтап қалған теңдесі жоқ қазынаны халықтың игілігіне | |жаратады. Кітап бастыру ісі тек қыруар қаржыны құюмен ғана біткен жоқ, | |баспа шарттарына сай оның қатесін түзету, жүйелеу сынды істер де едәуір | |қиындық тудырған. | |«Кәкітай бір айда қайта оралды. Кітаптың корректорлық міндетін өз мойнына| |алыпты. Баспахана әр баспа табақты Семейде Абай түсіп жүретін Әнияр үйіне| |жіберіп тұратын болыпты. Әнияр Кәкітайға жеткізіп тұрды. Кәкітай оның | |қатесін түзеп, қайта Петербургқа жіберіп отырды. Осындай сергелдеңмен | |жүріп, Абай өлеңдерінің бірінші жинағы 1909 жылы, яғни үш жылда зорға | |жарыққа шықты. Әріп терушілердің қазақтың сөзін ұқпауынан қатесі көп | |болды, толық түзеуге мүмкіндік болмады». | |Әрхам аға айтып отырғандай, Абай өлеңдерін тұңғыш рет жарыққа шығару | |осындай сергелдеңге ұласып, кітап төрт жыл дегенде қазақпен қауышады. Бір| |кітап тарихы - бір халықтың сол кезеңдегі тарихына пара-пар, қоғамдағы | |саяси-әлеуметтік, тарихи жағдаяттардың көрінісі болып тұр. | |Бір кітап тарихы - ХХ ғасырдың басындағы қазақ қасіретінің айғағына | |айналған. Сол бір кітап - ұлттық санамызды оятып, ел болуымызға септік | |болды. Осы кітап арқасында қазақ қоғамы, қазақ ұлты жоқ болып кетуден | |аман қалды. Патшалық өкімет қанша кедергі мен қиындық жасаса да, | |қолдаушысы бар асыл мұра жарық көріп, халық игіліне айналды. Өскелең жас | |ұрпақ халқымыздың қилы тарихын біліп, асыл ерлеріміздің есімдерін | |ардақтап жүруі тиіс. Осындай елі үшін атқарған теңдессіз еңбегі үшін | |Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаевтың атына еліміздің бас қалаларынан көше | |атауларын беріп, халық жадында мәңгілікке қалдыруға шаралар жасалуы | |керек. | | | Бекіту сұрақтары: 1. Абай – ұлттық жазба әдебиетінің негізін салудағы басты мақсаты не? 2. Абай шығармашылығының нәр алған көздері? Әдебиеттер тізімі: 1.Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР- ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б. 2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б. Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б. 3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б. № 4 дәріс Абай-қазақ поэзиясының реформаторы .Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай ойшыл, философ ақын Сабақтың мақсаты: Абайдық қазақ поэзиясына әкелген жаңалықтарына тоқталу, ақын тыңнан енгізген өлеңіндегі жаңа түрлердің сыр-сипатын жете таныту. Абай философиясының дамуы мен қалыптасуына кеңінен тоқталу. Тірек сөздер: поэзия, қара өлең, ұйқас, жан, құдай, алла, философия, жаратқан,адамзат. Сабақтың жоспары: 1. Абай қазақ поэзиясының реформаторы 2. Абай әкелген жаңалықтар 3. Абай ойшыл, философ ақын. Қазақ поэзиясының бар мазмұнымен, бар көркемдігімен қанағаттанбай, оның мазмұнын да, көркемдігін де қазақ әдебиетінде бұрын болмаған биік сатыға көтерген Абай қазақтың өзінен бұрынғы өлең өлшеуімен де қанағаттанбайды, жаңа түрлер, жаңа өлшеулер іздейді. Абайға дейінгі қазақ поэзиясындағы әлгі үлгілерге өлеңнің метрикалық құрылысы жағынан болсын, Абайдың қосқан жаңалығы – үш, төрт, бес, алты, сегіз буынды жолдары бар өлең. Үйлес жөнінде қазақ поэзиясына Абайдың қосқан жаңалығы – жиырма. Бұл жаңалықтарды тапқанда Абайға жәрдемші болған орыс поэзиясы. Бірақ орыс поэзиясының мазмұнынан алған үлгілері сияқты, түрінен алған үлгілерін де қазақ халқының ұғымына дәлдеп, қазақ тілінің заңына сүйене отырып алады. Қазақ поэзиясының төрт буыннан артық тапқан түрлерінің ешқайсысында бұзбайды, қазақ сөзінің әрбір буыны негзінде үш дыбыстан артық дыбысты көтермейтін, төрт дыбысты буын сирек кездесетін заңын да Абай қатты сақтайды. Абайдың қазақ поэзиясына қосқан жаңалығы – силлабикалық өлеңнің заңын бұзуында емес, өлең жоларының өлшеуі мен үйлестерін байытуда. Енді Абайдың осы жаңа түрлерін талдап көрейік. Бірінші. Әрбір шумағында төрт жол, әр жолында алты буын бар, үйлесі – а,б,а,б болып келетін өлең: Қызарып, сұрланып, - а Лүпілдеп жүрегі - - б Өзгеден ұрланып, - а Өзді-өзі керегі. – б Екінші. Бірнеше өлеңін осы - әр шумағында төрт жол, әр жолында алты буын бар, үйлесі – а,б,а,б, боп шалыс келетін түрмен жазған Абай «Болды да партия» деген өлеңінде де төрт жолды шумақпен әр жолын алты буынмен, әр шумағын шалыс үйлеспен жазады. Бірақ бұл өлеңдегі жеті шумақтың екінші, төртінші, алтыншы, сегізінші, оныншы, он екінші, он төртінші жолдарының аяғы: «жарылды», «шарынды», «кәріңді», «барымды», «арымды», «тамырды», «сабырды», «тарыңды», «сарынды», «жарымды», «тарылды», «қарымды», «зарымды» деген он төрт үйлеспен бітеді. Буындарын сызықпен белгілегенде, бұл өлеңнің сызықтары мынадай: Ххх ххх – а Ххх ххх – д Ххх ххх – б Ххх ххх – б Ххх ххх – а Ххх ххх – е Ххх ххх – б Ххх ххх – б Ххх ххх – г Ххх ххх – е Ххх ххх – б Ххх ххх – б Ххх ххх – г Ххх ххх – ж Ххх ххх – б Ххх ххх – б Ххх ххх – в Ххх ххх – ж Ххх ххх – б Ххх ххх – б Ххх ххх – в Ххх ххх – з Ххх ххх – б Ххх ххх – б Ххх ххх – д Ххх ххх – з Ххх ххх – б Ххх ххх – б Үшінші. Әрбір шумағында төрт жол бар, әр жолы жетібуыннан, үйлесі – а,а,б,а болып келетін өлең: Айттым сәлем, қаламқас, - а Саған құрбан мал мен бас – а Сағынғанда сені ойлап, - б Келер көзге ыстық. – а Төртінші. Шумағы да, жолдарының буын саны да үшінші түрдей, бірақ үйлесі – а,б,а,б боп шалыс келетін өлең. Сонда көңлім жоқтайды – а Татуы мен асығын. – б Көзі жетіп тоқтайды – а Өткен күннің қашығын. – б Бесінші. «Білімдідін шықққан сөз» деп басталатын өлең. Бұл өлеңнің бастапқы шумағы үшінші түр сияқты: төрт жолды, әр жолы жеті буынды, үйлесі – а,а,б,а боп келеді де, екіншісі шумақтан бастап, 8 шумақты, 32 жолды бұл өлең өзгереді. 1. Үйлесі – «сөз», «кез», «көз», «тез», «ез», «күйез», «мінез», «без», «жез», «бөз» боп, бірнші, екінші, төртінші, сегізінші, он екінші, он алтыншы, жиырманшы, жиырма төртінші, жиырма алтыншы, отызыншы жолдарда үйлесіп отырады; бастапқы шумақтағы а,а,б,а – ға қалған шумақтардың соңғы жолдары түп-түгел үйлеседі. 2. Бұл өлеңдегі сегіз шумақтың бәрі де төрт жолды, әр жолы жеті буыннан құралатын өлең болғанмен, екінші шумақтан бастап, үйлесі – в,в,в,б болады да, қалған шумақтарының бәрі осы ізбен кетеді. Жүрегі –айна, көңілі ояу – в Сөз тыңдамас ол баяу. – в Өз өнерін тұр таяу, - в Ұқпасын ба сөзді тез? – б Әбілет басқан елер ме, -г Сөзге жуық келер ме?- г Түзу сөзге сенер ме, - г Түзелмесін білген ез? – б Алтыншы. Әрбір шумағында төрт жол бар, бастапқы жолы жеті буынды, соңғы үш жолы сегіз буынды, үйлесі – а,б,а,б боп келетін өлең. Желсіз түнде жарық ай,- а Сәулесі суда дірілдеп,- б Ауылдың алды терең сай- а Тасыған өзен дүрілдеп. – в. Жетінші. Әр шумағында алты жол бар, әр жолында жеті буын бар, үйлесі – а,а,б,в,в,б боп отыратын өлең. Өзін - өзі күндейді –а Жақынып жаттай міндейді – а Ол – арсыздық белгісі –в Ұятсынбай, ойланбай – в «Қой» дегенге тіл алмай – в Іс қылмай ма ол кісі – б сегізінші. Бір шумағында алты жол бар, 1,2,4,5 жолдары бес буыннан, 3,6 жолдары жеті буыннан, үйлесі – а,а,б,в,в,б болып келетін өлең. Бай сейілді –а Бір бейілді, - а Елде жақсы қалмады. – б Елдегі еркек, - в Босқа селтек –в Етіп елін қармады, -б Абай – ойшыл, философ, ақын. Абайдың философиялық ой – пікірлері Әлем халықтары әдебиетінің тарихында философиялық лириканың даму жолында, түп иені танып-білу талпынысында әрқилы дүниетанымдық көзқарастар көрініс беріп жатты. Әсіресе, бұл күрделі мәселеде классикалық сопылық поэзия авторлары басым түсіп жатқаны шындық еді. Қараханидтер билігі тұсында (ІХ-ХІІ ғасыр) сопылық поэзияның философиялық лирика жанрында дүниенің сырын танып-білу тақырыбының шеңбері кеңейіп, философиялық дүниетаным деңгейіндегі ой-толғаныстар тұғыры қол жетпестей биікке көтерілді. Түрік халықтары әдебиеті классиктерінің бұл кезеңде философиялық, гуманистік мұрат-мақсатты ұстануы жөнінде әлем әдебиетінің биік тұғырына көтерілуі Жүсіп Хас хажиб Баласағұнның «Құтадғу білік» дастаны мен Ясауидің «Диуани Хикмет» туындыларынан көрінді. Түрік халықтары әдебиеті тарихында қазақ поэзиясы ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ хандығы тұсындағы өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар ауызша түрде жырланатын поэзия қалпына түсті. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясында қазақ халқының дүниетанымы поэзия тілінде жырланып, философиялық көзқарасы толғау, өлең жырларында біршама көрініс беріп отырды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы өмір шындығы философиялық лирика жанрындағы Абай мен Шәкәрім шығармаларында тақырыбы жағынан айрықша дараланып, назар аударғаны түп иені теологиялық және ғылыми тұрғыдан танып- білуге шешуші түрде мән бере жырлануында жатыр. Философиялық лирикадағы бұл рухани соны ұмтылыс тамырсыз, төркіні беймағлұм дерексіз құбылыс емес еді. Бұл ой толғаныстар орта ғасырдағы Тұран жеріндегі түрік халықтары поэзиясынан ойып тұрып орын алған түп иені таныл білу жолындағы Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік», Ясауидің «Девони хикметі» мен Махмұт Қашқаридің «Девони ат-түрік» туындыларынан нәр тарып жатқан еді. Абай мен Шәкәрім солар салған ата дәстүрді өз заманы талабына қарай жаңғыртып дамытушы ойшыл ақындар болды. Абай бастаған философиялық лирикада түп иені танып-білу жолында жантану іліміне айрықша назар аударуы байқалады. Қазіргі әдебиетте психология пәнін жантану ғылымы деп атап жүруі шындыққа жанаса бермейді. Өйткені, логика ойлаудың заңдары туралы ғылым болса, психология нерв жүйесіне байланысты адамдағы психикалық құбылыстардың заңдылығын зерттеп жүйелейтін ғылым саласы ғана. Сондықтан ол ғылымды ғарыштан келетін жанға байланысы рухани құбылыстан тыс болуы себепті де, оны жантану іліміне жатқыза алмаймыз. Жантану ілімі саласында Абай дәстүріне сүйене отырып, Шәкәрім бұл күрделі де терең мәселеге біржолата мән бере қарауы себепті, ұзақ жылдар бойы сарыла іздену жолына түсті. Абай шығармаларында философиялық лирикаға бет бұру 1889 жылдардан басталды да, түп иені тану мен жантану іліміне тереңдеп, жан-жақты ой- толғаныстарына бату өмірінің соңына дейін жалғасты. Жантану іліміне Абайдың ақын шәкірттерінің арасынан Шәкәрім ғана жеке-дара Абай дәстүріне айналған философиялық лириканы дамыту, жаңарту жолына біржолата бет бұрды. Шәкәрім 1898 жылдан бастап түп иені танып-білумен ол жолдағы пайда болған жантану іліміне терең бойлау бағытына біржолата бет бұрып, қорытқан ой байламдарын: Қырықтан соңғы иманым, Отыз жылдай жиғаным, – деп, отыз жылдық іздену жолындағы қол жеткен ой желісінің негізін «Үш анық» деп аталатын философиялық қолжазбасында желілі жүйеге түсіріп, баяндап берді. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ поэзиясында Абай мен Шәкәрімнің философиялық лирикасында түп иені танытудан туған жантану ілімі хақындағы философиялық ой-толғаныстарының танымдық деңгейіне сол кезеңдегі батыс пен шығыс поэзиясы жете алмағаны шындық. Абайдың түп ие мен жантану іліміне ой жүгіртіп ізденуі 1889 жыл мен 1902 жыл аралығындағы бір мүшелге жуық уақыт алғанын көреміз. Бір мүшел ішінде осы тақырыпқа 13 өлеңі мен 6 қарасөзін арнады. Абайдың осы ой- танымдарынан нәр алып, ойшылдық дәстүрін жалғастырып дамытқан шәкірті Шәкәрім де түпиені танып-білу мен жантану іліміне өзіндік қайталанбас ой- пікірлері мен қорытынды ой-танымдарын ұсына отырып: Кейінгі жандар қабылдар Айтылған түзу жолымды, – деп, келешек заман жастарына өз рухани мұрасын аманат етеді. Әрине, Шәкәрімнің түзу жолы – бүгінгі біздің арман қуған тәуелсіздік замандағы рухани жолымызбен үндестік табуымен бірге заман талабына да сай келіп тұр. Өйткені қазіргі үшінші мыңжылдықта ғылым адамгершілік пен діни бастаулардан желі тартып, дін ғылымиланған кезде өз мәнімізді яғни жанымызды Шәкәрім меңзеген жолмен ғана тани алмақпыз. І Түп иені танып, білуге ұмтылған ойшыл ақын Абай ой дариясына қадам басқанда: Ақылдың жетпегені арман емес, Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын, – деп, хақлиққа мақұлық ақылы жете алмайтындықтан, «Ақылға сыймас ол Алла» деген қорытындыға келген еді. «Алла деген сөз жеңіл» деген атақты өлеңінде түп иені танып білудің түп қазығы жүректе деген танымды ұстанады. Түп ие жайындағы философиялық деңгейдегі ой танымының негізі сопылық поэзия классиктерінің ұстанған танымдық жолы болатын-ды. Абай өзі де поэзиясында жүректің культін көтеріп жырлап өтуі жай құбылыс емес, күрделі дүниетанымға жетелейтін сенімді бағдар болатын. Міне, осы түп иені танып білудегі Абай әрекеті мен туындыларындағы ой-танымдарын дәстүр ретінде жалғастырған Шәкәрім таза ақылға сүйене отырып, өзінше танып, жаңғырта түсті. Шәкәрім сопылық поэзияның символдық бейнелермен перделенген белгілерін өз поэзиясында көркемдік тәсіл тұрғысынан пайдаланады. Мысалы: Менің Жарым қыз емес, Хақиқаттың шын нұры, – деп, сопылық поэзия классиктерінің бірінші сүю ұғымындағы Аллаға ғашықтықты сұлу жарға деген махаббаттық сезімінің орнына Шәкәрім «Хақиқаттың шын нұрына» балай суреттеуінен түп иені іздеп отырғаны айқын көрініп тұрады. Түпиені іздеуге қозғау салған, өмірді жете танып білуге деген құштарлық пен талпынудан туған: 1. Неден бармын? 2. Не қылған жөн? 3. Жоғала ма жан өлген соң? деген үш сұраққа Шәкәрім айрықша мән бере қараған. Осы аса күрделі үш сұраққа жауап іздеу жолындағы Шәкәрім ізденістерінің бастау көзі Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы «Ақын аға» тарауында Абайдың әдеби мектебіндегі ақын-шәкірттері Дәрмен, Көкбай, Шұбар (Шәкәрім), Ақылбай, Мағауия, Кәкітай т.б. арасындағы хақиқат жайлы талас-пікірлерде жатыр. Осы пікір таласына сөзге төрелік айтатын Абай толғаныстарында берілетін «…Хақиқаттың шешуі: Жаратушы кім? Ғалам дегеніміз не? Жан не нәрсе және адамның хақиқатты білудегі дерегі не?» деген күрделі сұрақтарға берген жауап сөзінде зор танымдық ойлар төркіні жатыр. Заман қысымын көп көрген кеменгер жазушы М.Әуезов аталы ой танымын яғни Абай мен Шәкірімнің жантану ілімінен із тастап кетуді мақсат тұтқаны аңғарылып тұр. Түп ие (Хақиқат) пен ғаламды танып білудегі Шәкәрім көзқарасында қос қабатты қатпарлы таным жігі жатқаны да аңғарылады. Шәкәрім танымындағы төменгі қабат – күн жүйесіне байланысты туындаған. Шәкәрім күн – ата, жер – ана деп қарап, жер планетасындағы тіршіліктің пайда болу, даму жолын яғни, «неден бармын?» деген философиялық сұраққа жауап беруге ұмтылатыны «Тіршілік, жан туралы» өлеңіндегі ой- толғаныстарында тереңнен талдай отырып берілген. Абайдың: Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынышты, Құмары екеуінің сондай күшті дегені, Шәкәрімде «Күн – ата, жер – ана» ұғымында дамытылып жалғастырылған. Көк аспаннан күннің жазғытұры төнуі, жер ананың тотықұстай түрленіп толысуы – бәрі тіршілік атаулының шығу көзін меңзейді. Бұл құбылыстың нәтижесі Шәкәрімде былайша суреттеледі: Жарықтан бізді бу қылған, Құбылтып буды су қылған, Суынан топырақ қатырып, Топырақтан жасыл туғызған. Ие кім сонда денеге?.. Сол жаннан талай жан өскен, Жанына қарай тән өскен. Өсімдік жаны нашар боп, Олардан жәндік және өскен, Жәндіктен адам таралған, – деген тың таным желі тартады. Күн нұрының әсерімен жер ана бойында пайда болған: 1) өсімдік; 2) жәндік. 3) жәндіктен адам жаралады, яғни неден бармын деген сұраққа Шәкәрім арғы жағы күн нұрынан пайда болған жер ана бойындағы: 1) өсімдік (өсімдік жаны); 2) хайуанат (хайуанат жаны); 3) адамзат (адам жаны) әлемінің табиғи жолмен пайда болу процесін көз алдымызға алып келеді. Бұларды күн жүйесіндегі жер планетасында жаралған табиғи құбылыс ретінде танып-біледі. Шәкәрім дүниетанымдық көзқарасындағы жоғарғы қабатында сөз болатын мәселе түпие мен соған балама ретінде қолданылатын жан сөзі жайында ой толғайтыны бар: Жаралыс басы – қозғалыс, Қозғауға керек қолқабыс. Жан де мейлі бір Мән де, Сол қуатпен бол таныс, Әлемді сол Мән жаратқан, – деп түп ие сөзінің синонимі немесе балама ұғымы ретінде «Жан» сөзі мен «Мән» сөзін тең дәрежедегі мағынасы жағынан бір ұғым ретінде қолданады. Бүкіл әлем немесе сол әлемнің ішіндегі жанды-жансыз нәрселердің бәрін де жаратушы қуат иесі – түп ие (арабша – Алла, парсыша – Құдай, қазақша –Тәңірі немесе Жаратушы). Ал «Жаралыс басы – қозғалыс» болса, сол қозғалысты «қозғаған қуат – жан дейміз» деп, басты себепкер күш ретінде жанды ерекше даралап, атап өтетіні бар. Ақын «қозғаған қуат – жан дейміз» деп, «Жаралыс басы – қозғалыста» қозғаушы қуат күші жан болып саналатынын алдымызға жайып салады. Ақын ойын қорыта келгенде, қозғаушы күш – жан, мән, жанның егесі ретіндегі бас қозғалыс хақында айтылған ой-пікірлердің жемісі бір арнаға құйылады да, ол - түп ие деген ой-байламы шығады. Яғни, бұл ұғымды ақын сөзімен айтар болсақ, «Ең түпкі жаратушы – мінсіз ие» деген өзекті де желілі танымға тірелеміз. ІІ Шәкәрім өз ұстазы Абайдың толық адам іліміне терең мән бере отырып, шығармаларында ұждан мәселесіне ерекше тоқталып өтеді. Ол ХІ ғасырда жазылған Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастанымен жете танысып, ондағы жауәнмәртілік іліміне назар аударған, Ясауидің кемел адам туралы хал ілімін де білген. Абайдың толық адам ілімінің арғы түп төркіні осы аталып өткен шығармалардан желі тартып, өз заманы шындығына орай қазақ әдебиеті тарихында тың тақырып болып енген толық адам ілімін қалыптастырды. Осы ілімнен идеялық бағыт-бағдар алған Шәкәрім адамды рухани тазалық жолына түсіретін: Ар түзейтін бір ғылым табылмаса, Зұлымдықты ешқашан әділ жеңбес деген қорытынды ойға келді. Өйткені білімді жұрт, өркениетті ел деген Европаның өзі (ар түзейтін ғылымы жоқ болғандықтан) хайуандықтан шыға алмай отырғанын атап өтеді, сонымен қатар: ХХ ғасырдың адамынан Анық, таза бір елді көрмей өттім, – деп, ауыр да өткір сын айтады. Философиялық лирикалары мен «Үш анық» трактатында Шәкәрім ұждан мәселесіне төтенше мән бере қарайтыны бар. Ынсап, әділет, мейірім үшеуі ұждан ұғымын құрайды. Өйткені «Ұждан – жанның тілегі. Неге десеңіз, жан – тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын жоғарылай береді. Мәселен, таза дене, таза толық мінез, ой, істер керек қылады. Соның қатты бір керегі – совесть – Ұждан. Оны осы өмір үшін керек қылмайды, соңғы өмір үшін де керек қылады» (Үш анық. 30 б.). Яғни, Ұждан екі өмір үшін де қажет екен. Өлерін білген екі адамның біреуі жанның жоғалмайтынын, бұдан да таза болып жоғарылайтынына сенсе, үлкен үмітке қол артып, қуаныш сезіміне бөленеді. Ал, өлген соң жан жоғалады деген өкініште болып, үмітсіздік дариясының барсакелмес қайығына мінеді. Осындай нанымдағы пенделерге қарап Шәкәрім: Жоқ, шырағым, жанымыз жоғалмайды, Екі өмірдің азығы – осы Ұждан Шын нану – ақылымен қабылдауы, Қалады зұлымдықтан сөйткенде адам, –– деп Ұжданның адам үшін екі өмірде де рухани азығы: ынсап, әділет, мейірім сияқты ақыл адами қасиетті әрбір саналы адам жастайынан бойына ұялату жолында болуын ескертеді. Өйткені «Ар түзер адамның адамдық санасын» деп, Ұждан ұғымына зор мән бере қарағандықтан: Шын таза жан тазалықпен Тәңірісіне барады ол. Мейірім, ынсап, әділеттен Ағызам деп нұр бұлақ! –– деп, өзі қойған екінші сұрағына жауап береді. Шәкәрімнің екінші сұрағының яғни «не қылған жөн?» деген мәселеге беретін жауабы – адамның уақытша өмір жолында құлшынып әрекет ететін мақсаты ар ғылымы жолында табанды түрде еңбектенуін айтады. Сондықтан үжданды пенденің мұрат-мақсаты қайда жатқанын, арман-мақсатының темірқазықтай адастырмас бағытын үлкен сеніммен бағыт-бағдар бере жөн сілтейтінін көреміз. «Ар ғылымы оқылса», – деп армандаған ойлы ақынның келер ұрпаққа нұсқаған адамшылық жолы – әр адамның жан тілегіне айналған Ұжданды (әділет, ынсап, мейірім) тұла бойына ұялату болғандықтан: «…ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен Ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірде де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол – осы мұсылман жолы сияқты» (Үш анық, 34 бет), – деп осы жолды бүкіл өмір бойғы ізденісінен туған аса зор мән-мағынаға толы ой-қорытындысын ұсынады. Бұл – біздер үшін рухани шамшырақ! ІІІ Шәкәрім қойған үшінші сұрақ – «Жоғала ма жан өлген соң?» Жантану ілімі Абай мен Шәкәрім мұрасындағы философиялық лирикалары мен қара сөздерінде желі тартады. Жантану ілімі жайында Жүсіп Баласағұн мен Ясауи шығармаларында теологиялық тұрғыдан тереңірек қарастырылса, ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақтың ауызша жырланған поэзиясында да тікелей болмаса да, жанама түрде ой-пікірлер айтылып табиғи жалғастық тауып келген. Ал ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында жантану ілімі Абай мен Шәкәрім мұрасының өзекті желісінің ғылыми рухани кілтіне айналып, өз заманының шырқау биігіне көтерілді. Абайдағы: Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі, «Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі, – деп, «мен» яғни, жан өлмейді, ал тән өледі деген байлам жасайды. Жан туралы Абай танымы екі түрлі. Біріншісі – 27-ші қара сөзде жан өлмейді деген таным. Екіншісі –бес сезім мен жанның жибили қуаты арқылы жинақталған іштегі ой қазынасы өнердің бір түрі арқылы сыртқа шығып, ол ой қазынаның иесі (тәні) өлсе де, оның рухани ой қазынасы ретінде ақындық өнердің қуатымен сыртқа шығуы, яғни, мәңгілік рухани азық көзі болып қалуы. Осы себепті де Абай: «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», – деп, рухани ой қазынасына айналған жанның не себепті өлмейтініне мән бере қараған. Ал, Шәкәрім болса, осы идеяны жаңа қырынан көрсетуге ұмтыла отырып: Ғибрат қылар артына із қалдырсаң – Шын бақыт, осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің, – деп өзіндік ой-байламын жасап отыр, Адам жаны қайдан келді? – деген мәселеге Абай да, Шәкәрім де ерекше мән бере қараған. Абай 27- қара сөзінде осы мәселе төңірегінде ой жүгіртеді: «Жә, сен бұл ақылға қайдан ие болдың? Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді де, сонан соң ие болдың», – деп ақыл мен жанның ара қатысы жайлы пікір көтереді. Осы ойдың желісін Шәкәрім нақтылай дамытып, жан ұғымына тереңдей отырып, өзінің тынымсыз ізденуден туған жаңаша ой-танымын оқырман назарына ұсынғанда жан күннің нұрынан келген деген өзіндік жаңаша танымын ұсынады: «Жанымыз күннен келген нұрдан, Тәніміз топырақ пенен судан. Күн – атам, анық жер – анам… Кетеді жаным күнге таман, Жазықсыз болса, барады аман, Қиянат істі қылмаған,–– деп жанның көп қырлы сырын аша отырып, жанның мәңгі өлмейтіні жайлы ой- танымын бар болмысымен алдымызға жайып салады. Жантану ілімінің осы күрделі рухани табиғаты туралы мұсылман әлеміндегі тұңғыш пікір Құраннан басталады. Бұл мәселенің сыры тереңде жатқанын, жай адами таныммен алынбайтынын Алла Тағала Мұхаммед пайғамбарға қарата айтылатын сөзінде (17 сүре, 85 аят): «Олар сенен жан туралы сұрайды. Жан дүниесін Тәңірім ғана біледі. Сендерге берілген білімнің шегі аз ғана де», – деп арнайы мағлұмат тастауында түбі терең құпия сырлар әлемі қабаттасып жатқанын байқаймыз. Шәкәрім күннің нұрынан келген адам жаны оның тән өлген соң, қиянатқа жол бермей, ізгілік жолында болса, келген жері күнге қарай, яғни мәңгілік тұрағына қарай қайтады деген соны да тың танымға келеді. Күннің өзі жарық нұрдан, яғни түп иеден – мәннен жаралғаны себепті «Жарық нұрдан жаралған күн жоғалмас» деп, өз дүниетанымының төменгі қабатынан өрлеп, жоғары қабаттағы жанға, мәнге яғни түп иенің өзіне қарай тартады. Өйткені «жаралыс басы – қозғалыс» болса, «қозғаған қуат – жан дейміз» деп, түп иені жанға балауы айқын көрініп тұр. Түп иенің яғни жанның нұры күнге берілсе, адам жаны күннің нұрынан жаралады. Яғни адам жанының түп төркіні күн нұрынан ары өтіп, түпиенің (жанның) өз нұрынан келген болып шығады. Адамның түп төркіні түпиемен тікелей ғарыштық байланыста болуы себепті, бұл құбылысты ойшыл ақын: «Жоғары ғарыштан затың Анық шын бұл маған көңіл» деген ой байламына келіп отыр. Шәкәрімнің бұл байламға келуінің негізі түп иенің нұрында жатуы себепті: Нұрына күн нұры жетпес, Жетекшім – себеп, тым күшті ол, –– деп ой-толғауында бүкіл әлемнің қозғалысына бас себепші болған күш түп ие нұрына, тіпті, күннің нұры да жете алмайды. Өйткені оны шартты түрде айтқанда ол төменгі қабаттағы, яғни күн жүйесі шеңберіндегі құбылысқа жатады екен. Оның өзі түп иенің нұрынан жаралып, жер бетіндегі өсімдік, жан- жануар мен адамның дүниеге келуіне тәннің топырақ пен судан жаралып, пайда болуына тікелей себепкер болып отыр. Жанның қайдан келгендігі жөнінде теология мен бүгінгі ғылымда әр түрлі талас пікірлер бар. Бірі жан жолдан қосылды десе, бірі жан өмірдегі өзіндік дамудан (саморазвитие) жанды табиғи құбылыс ретінде пайда болған шыңдық деп қарайды. Ал Шәкәрім болса, осы пікірлерді сынға ала отырып: «Жан жолдан қосылды деп дін де, пән де Ақылды байлап қойған соған мүлде, –– дейді. Бірақ адам өз жанын танымады, Біледі бір өзінен басқаны адам, –– деп адамның жаны ғарыштан, бас қозғаушы күште жатқанын меңзейді. Адам баласының өз жанын танып білмеуіне философ ғалым Конттың (1797-1857) жанның ғарыштық табиғатынан көз жазып қалуы себепті: Ойменен тапқан бұлдыр деп, Дене мен пәнге байлаған Баяғы Конттың сөзі еді, –– деп батыс философының пікір танымын қатты сынға алатыны бар. Өйткені Конт(1797-1857) сыртқы бес сезім арқылы танылатын нәрсені ғана шындық деп білгендіктен, жан сырын танып білуден сырт қалды. Осы себепті Конт жанның ғарыштан келу жайын терістесе, Шәкәрім жанның түп иеден келгендігін «Бас қозғалыс ғой – жанның атасы» (1.266 б.) деп жанның келетін түп төркіні қайда жатқанын дәл меңзеп көрсетіп отыр. Шәкәрім жантану іліміне терең бойлап, Абай салған сара жолмен адамның өз жанын танып білуі қажет екенін ұғынады. Осы себепті 30 жыл бойы ізденіп, адамның жан сырын танып білуге түрткі болған адам қайтыс болғаннан кейін оның жаны өле ме, немесе мәңгі жасауы мүмкін бе деген сұрақтың соңына шырақ алып түседі, өмір бойы ізденеді. Шынды білмек болсаң сен, Алдыменен жанды біл, – (1.240 б.) деп хақиқатты яғни түп иені танып білу үшін алдымен жанның сырын танып білуді шешуші орынға қоюында терең мән жатыр. Өйткені әлемдік қозғалыс жаралыс басы болса, Шәкәрім ол қуатты «жан, мән» деген екі сөзбен қосарлап беруінде үлкен мағына жатыр. Дүниені жаратқан ұлы қуат - жан мен мән болуы себепті, осы қуатпен таныс болуды шешуші орынға қоюында да айрықша мән- мағына жатыр емес пе? Абай 43 - қара сөзінде жан қуаты деген бек көп қуат (куа), оның түрлері де көп деп ескертеді де, сол көп жан қуаттарының арасынан үш қуатқа арнайы тоқталып, талдай отырып танытатыны бар. Осы танымды ары қарай жалғастырған Шәкәрім «шығады жаннан көп қуат», – (1.286 б.) деп ой түйеді. Жан қуаты ғана тәндерді жаратады, осы себепті жан – қожа, тән – құлы болғандықтан оған билік етеді. Өйткені «Жан өсіріп тұр тәннің баршасын» (1.265 б.) яғни дүниедегі есепсіз денелердің жаралып өмір сүруі жанның арқасында болады екен. Шәкәрімнің: Бас қозғалыс қой жанның атасы Ол жаратады түрлеп (1.266 б.), – деп, халық аузында айтылып жүрген «18 мың ғаламның жаратушысы жаппар хақ» деуімен де үйлесім тауып тұр. Қозғаған қуат – жан дейміз Жан өсті жаннан сан дейміз. Сол жандар әсер берген соң, Жаралды сансыз тән дейміз. Жанына қарай тән болар ,– деп жоғарыда айтылған ойын осы өлең жолдары арқылы айғақтай түседі. ІҮ Жанның өлмеу, жоғалмау себебін іздеген Шәкәрім өзгелер айта алмаған соны пікір желісін тартатыны бар. Хақиқат жан нұрына қанса біреу, Оның жаны өлмейді балталаса (1.309), – деп ой толғауына қарағанда, жанның өлмеуінде екі түрлі себеп жатқан тәрізді: біріншісі – сопылық поэзиядағы «ашық-машұғ» ұғымындағы перделеп бейнелеп берілетін сопылық өлең табиғатына көңіл бөлген Шәкәрім: «Менің жарым қыз емес, Хақиқаттың шын нұры», – деп жазуында ең өзекті мәселенің астарлы мағынасы жатыр. «Хақиқаттың шын нұры» деп отырғаны – түп иені танып білу арқылы шындыққа көз жеткізу. Екіншіден, Шәкәрімнің «Ғылымда не бар болса, бәрі жанда» (1.125) деп жатуына себебі де бар сияқты. Дене (тән) мың құбылып өзгерсе де, оның ескі жаны өзгермейді. Дене киген киім сияқты ескіріп тозып қала береді, бірақ жан (ескі жан) өзгермейді, өлмейді. Осы себепті Шәкәрім «жан менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді, құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ» («Үш анық», Алматы, 1991, 29 бет), – деп ой байламын жасайды. Жан әр түрге түседі, мысалы, инстинкті – сезімді жан, сознание – аңғарарлық жан, мысль – ойлайтын жан, ум – ақылды жан. Сезімді жан (инстинкт) – өсімдіктер жанына тән құбылыс. Аңғарарлық жан (сознание) – жануарлар әлеміне тән қүбылыс. Мысль (ум) – толық, терең ақыл адамзатқа ғана тән құбылыс болып саналады. Адамның хайуанаттан артықшылығы да осында, ақылында, алды-артын болжай алу қабілетінде жатса керек. Өйткені: Тән – терезе, ой – қожасы, Ойлап анық байқасаң, Бар ғылымның түп атасы Таза ақылмен ойлану, – деп адамға тән ой мен ақылға, оның дамыған түрі таза ақылға мән береді де, «толық терең ақыл адамнан шығады» («Үш анық», 29 бет) деген байламға келуі жай нәрсе емес, ұзақ жылдар бойы ізденістің жемісі. Бекіту сұрақтары: 1. Абай әкелген жаңалықтар 2. Абайдың қандай өлеңдерінде философиялық сарын басым? 3. Абай Алланы тануда қандай үш мәселеге тоқталған? Әдебиеттер тізімі: 1. Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР- ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б. 2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б. Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б. 3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б. 4. Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. - 2003. - №1. - 1 - 4 б. 5. Борбасов С., Ізтілеуова С. Ұлы ақын тәлімі және ұлттық рухани келбеті // Семей таңы. - 1994. - 4 қазан. 6. Құнантаева К., Халитова И. Абайдың қара сөздеріндегі педагогикалық ой- пікірлер // Ақиқат. - 1994. - №4. - 70 - 73 б. 7. Сұлтанбеков М. Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?: Абайдың Зұлқарнайы туралы поэмасы хақында // Семей таңы. - 1990. - 16 қазан. - 4 б. №5. дәріс Абай өз заманының жыршысы Сабақтың мақсаты: Ғалымдардың зерттеуіндегі ең өзекті тақырып – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білім беру. Жай ғана білім беру емес кеңейтілген, дамытылған жүйедегі Абай шығармашылығын зерттеген тұңғыш еңбектің мән-жайын ашып түсіндіру. Тірек сөздер: Абай сыны, мақала, ақиқат, дөрекі социализм, көркемдік әдіс Сабақтың жоспары: 1. Абайдың кемеңгер өнерпаздығының зерттелуі 2. Абай шығармашылығы сын обьектісі ретінде Ең алдымен 1909 жылы Петербугте басылып шыққан «Қазақ ақыны Ибраhим Құнанбай ұлының өлеңдері» жинағына және Кәкітай Ысқақұлының «Абай (Ибраhим) Құнанбайұлының өмірі» атты мақаласына айрықша тоқтау қажет. 1909 жылғы жиақ Абай өнерінің бүкіл Қазақстан көлеміне жайылуына жағдай жасаса, 1933 жылы М.Әуезов құрастырған бір томдық Абайдың өнерпаздық өсу жолын аңғартуға, ғылыми жүйемен зерттеуге негіз болды. Абайдың өмірі мен творчествосының қыры мен сыры түгел аян. Зерттеу еңбектері, әсіресе, кемеңгер жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» эпоеясы ұлы дарынның қадір – қасиетін қалың жұртшылыққа әбден танытты. Біз осы ұлы істің ең арғы бастауын сөз қылған уақытта кейбір қайталауға тура келетінін сезсек те, қазақ әдебиет сынының туу мәселесі тұрғысынан кейбір мәселелерді айтпай өту мүмкін еместігін ескердік. Өйткені Кәкітайдың мақаласы Абай өмірі мен творчествосының қазіргі уақытта кеңейтіле, дамытыла айтылып жүретін жайларын едәуір қамтыған тұңғыш еңбек екенін айрықша ескерту қажет. Бұл жөнінде М.Әуезов Абай шығармаларының 1909 жылдан кейінгі (1933 жылға дейінгі) баспаларының қате – кемшілігін сынай келіп, «соңғы баспалар Абайдың өмірбаянына да Кәкітай жазған сөз, деректерден басқа ешбір тың жаңалықтар қосқан жоқ-ты. Сондықтан Абайдың баспаға шығуында тарихтық, бірінші зор еңбек етуші Кәкітай» деп баға берген болатын. Кәкітайдың осы еңбегін С.Мұқанов та зор ілтипатпен айтады. Кәкітай Ысқақов өзінің осы мақаласында негізінен үш мәселені баяндауды мақсат еткен. Бірінші – Абайдың ата-тегі және оның Абайдың ақындық өнеріне жасаған әсері, екінші – Абайдың әлеуметтік өмірі, үшінші – кемеңгер ақын творчествосының негізгі идеялық – эстетикалық арнасы. Бұлармен қатар сөз арасында естелік сипатында айтылатын деректер де бірқыдыру. Абай 15 жасынан бастап әкесіне үлкен қолғабыс тигізе бастаған. 20 жасында Абай халық ортасында маңдай, бас шешен болды... халық жайынан бұрынғы әдетті, ғұрыпты, ескі белгілі билердің қилы іс туралы қылатұғын биліктерін көп білген. Өзінің зейіні артық болған соң кәрі мақалаларды, неше түрлі қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелерді бірін ұмытпай біліп алған. Қазақтың ескі заманы болса бұрынғы қазақтың атақты биінің бірі болмағы анық еді. Кәкітай мақаласының шоқтығын көтеретін мәселелер – Абайдың қоғамдық өмірі мен өнерпаздығына объективті талдау жасауға талаптанған бөлімдері. Кәкітай мақаласында Абайдың 1845 жылы туып, 1904 жылы 23 маусымда дүние салуын, Ахмет Риза медресесінде жүргенде Приходская школада 3 ай орысша оқып, 15 жасынан ел ісіне араласуын, қысқасы бүгінде бүкіл халыққа бүге – шігесіне дейін белгілі Абай өмірінің белеңді – белеңді кезеңдерін баяндауы тарих үшін айрықша бағалы деректер болады. «Бұл жөнінде қазақ мәдениет тарихында, Абай мұрасына ерекше еңбек сіңірген, Абай өзі тәрбиелеп баулыған, жас жұртшылықтың көрнекті өкілі болған – Кәкітай Ысқақұлының еңбегін айрықша айту керек» (20-том, 16) деген М.Әуезов пікіріне қосылмасқа болмайды. Абайдың жер аударылып келген Е.П.Михаэлис, С.Гросспен таныс болғандығына айрықша мән береді. Егер олармен таныспаса «Абай әлде бойына біткен өнерін жарыққа шығарып білдірмей кетуге де болатұғын еді» дей келіп, олардан алған үлгі - өнегенің арнасын баяндайды. «Абайдың ғылымға бетін түзеп жібермекке осы кісілер үлкен себеп болған. Абайды орыстың белгілі жазушылары Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Тургенев, Салтыков, Достоевский, Белинский, Добролюбов, Писарев деген кісілердің шығарған кітаптарымен таныс қылған. Абай өле - өлгенше: менің Әкемнен артық жанашырлық қылып, дүниеге көзімді ашқан Михаэлис деп атап отырушы еді. Кәкітайдың мақаласы Абай жинағында 1909 жылы жарияланса да, одан әлдеқайда ерте жазылған. Абай дүние салғаннан кейін Кәкітай Абайдың өлеңін жинап, кітап етіп бастыру қамына кіріседі. Мақала 1904 жылдң екінші жартысы мен 1905 жылдың алғашқы айларында жазылып, даяр болғаны күмән тудырмайды. Өйткені бұл мақала 1905 жылы 27 тамызда Орыстың императорлық география қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне келіп түскен. («Записки...» 1907, 4 және 9-бет). Оны орыс тіліне Ә.Бөкейханов аударып, «Абай (Ибраhим) Құнанбаев (некролог)» деп өзінің атынан 1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде, содан кейін «Запискийдің» 1907 жылғы басылымында жарияланған. Мақаланынң ең соңында Абайдың өміріне байланысты деректерді Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаевтан алдым деп ескерту жасалған. Біз осы мақаланың авторы орысша және қазақша текстерін салыстырған уақытта болмашы ғана өзгерістері барын көрдік. Орысшасы қазақшасынан бұрын шыққан. Демек, бұл мақаланың авторы кім деген мәселе жауапсыз қалмауға тиіс. Мүмкін, Кәкітай орысшадан аударып алған шығар, әлде Бөкейханов Абайдың өмірбаянының деректерін Кәкітай берді дегенді айтып, өзі жазған болар, не Кәкітай мақаласын аударып қана шыққаны автор болуға негіз деп есептеген шығар. Қалай болғанда бүкіл қазақ әдебиеттануында, әсіресе Абайтануда сүбелі орын бар дүниенің ақиқатына жетуге тиіспіз. Өйткені Қазан төңкерісіне дейін Абай жайында жарияланған орысша, қазақша мақалалардың бәрінде де осы «Запискиде» шыққан мақалаға меңзеу жасалады. Соңғы кезде, яғни «Жұлдыз» журналының 1991 жылғы 9 санында орысшадан аударылып жарияланды. Сонда мақаланың шын авторы кім? Деген сауал өзінен - өзі туындайды. Культ заманында жазылған еңбектердің бірде – бірінде бұл мақаланың атын атамақ түгіл, шын сырын анықтауға ешбір зерттеуші назар аудармады. Қ.Жұмалиев «1907 – 1909 жылдар Кәкітай Ысқақұлының әуелі орысша, артынан қазақшаға «Абай Құнанбайұлының өлеңдері» деген кітапта Абайдың өмірбаяны басылды» деп хабарлағанына қарағанда бір шикіліктің барлығын сезгенде де, Әлихан атымен жүрген мақаланың мән – жайын айқындауға жүрегі дауаламаған. Ол кезде осылай етуге мәжбүр еткені белгілі, алайда Абайдың кеңес заманына дейін танылуы, даңқы жайылуы, насихатталуы жайындағы мәселені енді айқындау шарт. Кеңес заманында қалыптасқан орынсыз қауіптену мен күдіктенушіліктің зияны қаншама мол болғандығы осы мақаланың авторын айқындау барысында айқынырақ көрінуге тиіс. «Семипалатинский листок» пен «Запискиде» жарияланған мақаланы қазақшаға Т.Жұртбаев аударып, «Жұлдыз» журналының 1991 жылғы 9 санында жариялады, авторы - Ә.Бөкейханов. «Сын сапары» (1971) монографияда және жоғарғыдағы талдауларда мақаланың авторы Кәкітай Ысқақұлы екеніне шүбә келтірмедік. Оны дәлелдер материалдарды түгел есепке алу керек. 1903 жылы П.П.Семенов пен В.И.Ламанскийдің басқаруымен «Россия. Полное географическое описание нашего отечества. Настольная и дорожная книга для русских людей» деген жалпы атаумен шыққан еңбектің 18 томы түгелдей қазақ өлкесіне арналды. Оның «халқы» дейтін екінші бөлімінің төртінші тарауы «Историческая судьба Киргизского края и культурные его успехи» деп аталады. Бұл тараудың авторлары – А.Н.Седельников, А.Н.Бөкейханов пен С.Д.Чазов. Ал бесінші – «распределение население Киргизского по территории, его этнографический состав, быт и культура» деген тараудың авторы жалғыз А.Н.Седельников. Әдебиетке, әсіресе Абайға байланысты пікір осы тарауда айтылғандықтан Ә.Бөкейхановтың қатынасы болуы қай дәрежеде екенін аңғаруға тиіспіз. 1909 жылы Уфа қаласындағы «Шарық» баспасында Омбы қазағы Зейнелғабиден бин Ялкаж Мұқмырак Әлжауари құрастырған «Насихат қазақия» атты кітаптың «Әдебиет қазақия, яки қазақтың тіл өнері» деген бөлімінде «сөзге ұсталық әр халықта мақтаулы болған сықылды, өлеңшілік те құрметсіз, қадірсіз емес. Ғараптардың Лібиі, русларының Пушкині қияметкеше халық тілінде сөйленіп, тарихта жазылды... Басқа халықта болған сықылды қазақтарда да бар... Осы ретте, татар, башқұрт ақын – жазушыларының Абай жайында айтқан пікірлерін зор ілтипатпен атау парыз. Татар ғалымы, Филология ғылымының докторы Хатип Усманов өзінің «Егіз жырлар» атты мақаласында башқұрт ақыны Шаихзада Бабич 1913 «Мен Құнанбаев жырларын керім әсемдікті, абзал сұлулықты көрем де, рақат сезімге бөленем, мен оның орнын татар ақыны Тоқай мен араб ақыны Имраилькаис тұрған биікке апарып қойдым» деп жазған екен. Абай өнерпаздығының танылуы мен даңқының жайылуында айрықша атап өтетін жыл – 1914 жыл. Данышпан ақынның тұңғыш жинағының қазақ еліне кең таралуына және дүние салғанына 10 жыл толуына байланысты газет – журналдарда бірқыдыру мақалалар жарияланды. Сөйтіп Абай творчествосы және оның өнегелі өмірі қазан төңкерісіне дейін орыс, қазақ тілінде жарияланған арнайы мақалалар мен еңбектер арқылы қазақ еліне жария болды. Осы негізгі арнаға жанама сопақтар - әлеуметтік, қоғамдық, шаруашылық, оқу – ағарту мәселелеріне арналған еңбектерде Абай өлеңдерін цитатқа алу және ұлы ақынға арнап өлең шығару жолдары да тоғысып жатты. Бекіту сұрақтары: 1. Абайдың кемеңгер өнерпаздығының зерттелуі. 2. Абай өнері - өсер сынға өрелі өрнек. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Дәрімбетов Б. Тазару: Әдеби сын. – Алматы: Жазушы. 1991- 160 бет. 2. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы. Санат. 1994. 3. Кәкішев Т. Дәстүр суреттері. Алматы. 1981. 4. Күмісбаев Ө. Ортақ арна: Әдеби сын мақалалар. Алматы,1985. 232 б. №6 дәріс Абай шығармашылығындағы адамгершілік тақырыбы Сабақтың мақсаты: Тірек сөздер: Сабақтың жоспары: №7 дәріс Абай мұрасындағы табиғат Сабақтың мақсаты: Абайдың табиғат тақырыбына арналған өлеңдерінің мәнін ашып, мазмұнын түсіну. Өлеңдері арқылы Абайдың қазақ поэзиясына әкелген жаңалықтарын талдау. Тірек сөздер: жаз, қыс, күз, жазғытұры Сабақтың жоспары: 1. Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдеріндегі қазақ ауылының көрінісі. 2. Көшпелі елдің табиғатқа тәуелділігі Абайдың табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі де жан-дүниесі де терең ашылған. Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты, күзді, көктем мен жаздың қайталанбас, соны бояуларымен бейнелеп берді. Туған ел табиғатын сипаттауда оның суреткерлік шеберлігі айқын аңғарылады. Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы, мекен-жайы ретінде ала отырып, әлеуметтік өмірі мен қазақ халқының көшпелі тұрымысмен тығыз байланыстыра көрсетеді. «Күз» атты өлеңінде ақын жылдың төрт мезгілін суреттейтін басқа өлеңдеріндегідей үлкен суреткерлік шеберлік таныта отырып, табиғат көріністеріне жанастыра ауылдың күнделікті машықты өмір тұрмысын мейлінше қарапайым нақтылы түрде, ешқандай көрікте, әдейі әсірелеусіз сипаттайды. Аспанды қаптаған сұр бұлтты, жерді басқан дымқыл тұманды, жапырағы түскен ағашты, сарғайып тозған күзеуді суреттеу арқылы көшпелі ауыл тіршілік ететін табиғи ортаны, айналаны нақтылы қалпында айқын көзге елестетеді. Ойнақтаған жылқылар, үйірінен қашып, оқшауланған биелер, жарыса шапқылаған тайлар – бұлар да мал баққан елдің өмір-тұрмысының айнымас, әрқашанда қосақталып жүретін белгі нышандары десек болады. Өлеңді түгелдей алып қарасақ, онда табиғат көріністерін гөрі көшпелі елдің тұрмысын тіршілік әрекетін бейнелеу жағы басымырақ екенін мойындауға тура келеді. Дәл тауып айтпай берілген нақтылы күнкөріс әрекеттері-қазақтардың теріні малмаға салып, иін қандырып алып илейтіні, қыс бойы қорек ететін астықты күзде түйемен барып басқа жақтан әкелетіні, киіз үйдің іші ыс болады деп күзгі суықта от жақпай отыратыны, әйелдердің түйенің шудасынан жіп иіріп жыртылған жерін жамайтыны бәрі де көшпелі елдің дағдылы тіршілігін, тұрмыс-жағдайын, әдет-салтын анық аңдатады. Мал бағумен күн көрген елдің өмірге бейімділігі тіршілікке икемділігі, ептілігі де байқалмай қалмайды. Қара суыққа тоңып дірдектеген балалар мен кемпір-шалдар сиқы күзгі табиғаттың жабырқаңқы түріне толық сәйкес келеді. Ақынның «Жазғытұры» дейтін өлеңіндегі шұғылалы сәулесін шашқан күнді жарық айда жымыңдасқан жұлдыздарды қызықтау, шат жарқын көңілді адамдар бейнесін алға тарту, табиғатты көтеріңкі леппен суреттеуі мұнда жоқ. Бұл өлеңде: Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш-қурай,- деп ағаш пен қурайдың кемпір-шалмен салыстыратыны көңіл қоярлық. Бұл ббүрісп үриген кемпір-шалдың мүшкіл халіне оқырманның аяныштылық сезімін күшейте түседі. Өлеңде тек кедей, жоқ-жітік адамдардың хал-жайы айтылатыны тегін емес. Ол көшпелі елдің тұрмыс- тіршілігі күз түскенде қиындайтынын нанымды етіп көрсету үшін қажет. Өлеңнің осындай мазмұны оның сарынаына әсер ететінін мойындасақ иа, бірақ бұдан ақынның көңіл күйі де сондай жабыңқы демесек керек. «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңінде табиғат көрінісі жоққа тән, ақын жылдың осы мерзімі мал баққан елдің тұрмысына, әсіресе кедейлердің өміріне қаншалық ауыртпалық әкелетінін сипаттап береді: Кедейдің өзі жүрер малды бағып, Отыруға отын жоқ үзбей жағып. Тоңған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып. Жас балаға от та жоқ тұрған маздап, Талтайып қақтана алмай, өле жаздап, Кемпір – шалы бар болса, қандай қиын, Бір жағынан қысқанда жел де аздап. Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі, Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі? Қара қидан қап ұрыспай берсе, Ол да қылған кедейге үлкен сыйы. Көшпелі елдің тіршілігін, күн көрінісін айрықша жан ашырлық сезіммен суреттеген осы өлең шумақтарында сирек кездесетін байқағыштық, шыншылдық бар екенін қанша айтса да артық емес. Сонымен қатар, кедейдің тұрмысының ауыр екенін жас балалардың аянышты халін бейнелеу арқылы кқрсетуі ерекше әсерлі. «Қыс» атты өлеңінде Абай жылдың осы мезгілін мейірімсіз, түсі сұсты, қатал, кәрі құданың кейпінде сипаттайды. Бұл тәсіл ақынға қыстың көшпелі тұрмыс кешкен қазақ елінің өміріндегі ең бір ауыр, жайсыз кез болғанын неғұрлым айқындап, әсерлі етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр-мылқай танымас тірі жанды. Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық. Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып, ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сілкісе, қар жауып, мазаңды алды. Қысты осылай кәрі шалдың кейпінде бейнелеу қазақ поэзиясында бұрын болмаған мүлде тың, жаңа көркемдік тәсіл. Орыс мәдениетінің ықпалымен қазақ өміріне кейін кірген жаңа жылда келетін Аяз атадан Абайдың кәрі құдасы басқарақ. Өйткені ол –қаһарлы кәрі шал. Қыстың бар ызғарын бойына жиып алғандай осы кәрі құданың бейнесі көркемдік қиялдың жемісі десек те, оның қыс мезгілін көзге айқын елестетерлік мәні де зор екенін мойындаған жөн. «Жазғытұры» өлеңінде негізгі сарын – сахара табиғатының көркін сипаттай отырып, қазақ халқының көшпелі өмір тұрмысын реалистік шынайылықпен нақтылы бейнелеу. Сонымен қатар бұл өлеңде табиғат көрікн, сұлулығын асқақ шабытты суреткердің көзімен қарап тамашалау, тамсану пафосы да ерекше күшті. Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі. Осы бастапқы шумақтан-ақ ақын адам өмірі мен табиғат құбылыстарының арасындағы жалғастық – үндестікті бар жанымен сезінетінін айқын аңғаруға болады. Мал баққан елдің қаркетін, тұрмыс-жайын, жазды жадырап, қуана қарсы алғанын көрсететін нақтылы суреттемелерде табиғат көркін, малды, құсты мейлінше шынайы бейнелеген тұстарда өлеңнің жаңағы айтылған өзгешелігі бірте-бірте толығып, табиғат аясында отырған елдің тұтас бір өмір көрінісі алдымызға тартылғандай болады. Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынысты, Құмары екеуінің сондай күшті. Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай, Біреуіне біреуі қосылыспай. Көңілі күн лебіне тойғаннан соң, Жер толықсып түрленер тоты құстай. Мұндағы күннің балама бейнесі қазақ қауымында әбден қалыптасқан қалыңдығын айттырып қойып, арада бірнеше ай өткізіп, сағындырып келетін күйеудің тұлғасын айқын елестетеді. Жұлдыз бен айың бейнелері де қыз айттыру, келін түсіру ғұрпына орайлас беріледі. Жылы жел де күйеу мен қалыңдықтың үйлену тойы болатынын айтып, ауыл-ауылды аралап, шапқылап жүрген хабаршы бейнесінде көрінеді. Осының бәрі қазақ елінің өмір салты, әдет-ғұрпына жанасымды жасалған көркемдік салыстырулар. «Жаз»- бұл шығарманың көркемдік сапасын өте жоғары бағалаған Ілияс Жансүгіров от туралы айта келіп, былай деп жазды: «Абайдың жыры ырғақ, музыка, дыбыс құрылысы жағынан төгіліп кетеді. Абайдың бұл өлеңіндегі бұл өлеңіндегі бір ақындық өзгешелігі – ол өлең ұйқасындағы етістіктердің сайдың тасындай ірі, қимылды,қозғалысты көрсетуге жандылығы». Өлеңнің бастапқы жолдарында ауылдың жаңа қонысқа, ажзғы жайлауға көшіп келгені айтылады. Бұл өлеңнің бастамасы, кіріспесі ған болса да, ақын тек ауылдың орнаған мекен- жайын ғана баяндап отырса да, мұнда да қимыл-әрекет жоқ емес. Ауылдың көшуін болған, аяқталған оқиға деп санасақ, өзенді күркіреп жатқан деп бейнелуі бұл толассыз тынымыз болып жатқан қимыл- әрекетті көрсетеді. Жаздыгүнгі жайлаудағы қазақ өмір-тұрмысын суреттегенде Абай жаздың келуі мал бағумен күнелткен «жаз-жазыл, қыс –қысыл» дейтін көшпелі елге көп жеңілдік, қуаныш-қызық әкелгендей көрінетінін байқатады. Ақынның әр сөзі, сипаттамасы дала жазының осындай көркем бейнесін көрсетуге лайық, орайлы алынған. Ұзарып өсіп, толған жасыл шөп, бәйшешек гүлдер де, күркіреп жатқан өзен де осы тұрғыдан қарағанда бірден-бір қажетті белгілер. Бекіту сұрақтары: 1. Абайдың табиғат тақырыбына жазған өлеңдерінің мәні неде? 2. Өлеңдерінде қазақ ауылының көрінісі қалай берілген? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» Алматы: Ана тілі 1995ж 2. Абай энциклопедиясы.- Алматы. Атамұра, 1995 ж Дәріс № 8 Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы Сабақтың мақсаты: махаббат лирикасын оқыта отырып жастарды адал сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Тірек сөздер: махаббат,жан, жар етпес қара көңлім не қылса да, ғашықтық, құштарлық. Сабақтың жоспары: 1. Абайдың махаббат лириксы 2. Қазақ жастарын адал сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны. Махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан, көркемдік сипат өзгешелігі жағынан да сан алуан. «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», «Ғашықтық құмарлықпен ол екі жол» таза махаббат сезімдерін қастерлейтін өлеңдер болса, «Мен сәлем жазамын»- ғашығына деген сағыныш сезіміне толы мұңды өлең. Ал «Қор болды жаным» тіпті сағынышты, зарлы өлеңдеуге де лайық, бірақ қайғы мен үміт аралас келеді. Мұны өлеңнің соңғы шумағынан әсіресе айқын байқаймыз: Бұл қылған зарым Барса жардың маңына, Ол - қылған дәрім Ғашығымның жанына, Ойландырып ойды, Түзетпейме бойды? Мұңды сарынды мазмұн-мағынасы да, құрылыс-қалпы да айрықша күрделі өлеңінен- «Сен мені не етесің?». Ол ғашық жарға арналып айтылған, сезім иірімдері мол, нағыз психологиялық монолог түрінде құрылған. өлеңде ғашығын сарғая күткен жігіттің аласұрған жүрегінің толқыны, сүйгеніне жалынып- жалбыранған, күдіктенген, күдер үзген сезім күйі - әр сөздің айтылуынан да өлең тармақтарының құбылмалы өрнекті ырғағынан да сезіліп тұрғандай. Абай «Ғашықтық, құштарлық пен – ол екі жол» деген өлеңінде: Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, Мен не болсам болайын сен аман бол,- десе «Сен мені не етесің » деген өлеңінде: Серт бұзғанның,біл, орны – шоқ,-дейді. Алдыңғы өлеңінде мейірімділік, кешірімділік сарыны басым келсе, екінші өлеңінде сөзінде тұрмаған жар жазалы болады, о дүниеде қасірет шегеді дейді. Мұны ақынның екі өлеңіндегі екі түрлі көркемдік шешім тапқаны лайық. Біріншісінде ақын адал сезім білдіргендей болса, екінші өлеңінде ғашық жігіттің сүйгеніне мені тастап мүлде кетер болсаң, кейін осындайға душар боласың деп айтқаны байқалады. «Сен мені не етесің» өлеңіндегі әр шумағы ұзынды-қысқалы 14 тармақтан құралатын бұл өлшемді Абай өзі де басқа өлеңдерінде қолданбайды. Жастардың көпшіліктің айтуына лайықтап, жазған өлеңдерін ақын кең тараған 7-8 буынды, немесе 6 буынды өлшеммен шығарған. Олар - әнге салып айтылатын «Айттым сәлем, қаламқас», «Көзімнің қарасы» өлеңдері. «Жігіт сөзі» мен «Қыз сөзі» бір-біріне жалғас жазылғаны, бұларды қатарынан қоса алып қарастыру лайық екені осы өлеңдерінің мазхмұнынан анық аңғарылады. «Жігіт сөзі» ғашық қызға арнап айтылған сәлем хат түріндегі өлең болса, «Қыз сөзі» соған жауап өлең екені анық. Махаббат лирикасының ең таңдаулыларының бірі – «Көзімнің қарасы» үнемі әнге салып айтылып жүретін, халық арасында кең тараған өлең. Осы баршаға мәлім көпшілік аузынан түсірмей айтып жүретін өлеңнің жанрлық түрі жағынан ерекшелігі қандай десек, оны бір сөзбен қырынан ғана келіп айта салу жеткіліксіз болар еді. Неге десеңіз бұл өлеңнің өзіндік өзгешелігі мол. Ғашығына ынтызарлығын, махаббат сезімін тебіреніп айтуы, қыздың сұлулығын, жарасымды мінезін көркемдеп бейнелеуі жағынан оның сәлем хат түріндегі өлеңге жақын келетін тұстары аз емес. Қара көз, имек қас, Қараса жан тоймас. Аузың бал қызыл гүл, Ақ тісің кір шалмас. Қыр мұрын, қыпша бел Солқылдар, соқса жел. Ақ етің үлбіреп өзгеше біткен гүл. Мұхтар Әуезов «Көзімнің қарасы» қазақтың шешен тілімен шеберлеп айтқан сезімдерді көрсетеді,-деп жазды,-сонымен қатар Шығы поэзиясында Навон, Физули лирикасында көо орына алған үлгілердің әсері де жоқ емес. Мұнда жастар махаббатының нақтылы шындығынан гөрі сұлудың көркін мадақтау көп. «Қызарып, сұрланып» өлеңінде екі ғашықтың оңаша кездескен шағын автор сирек ұшырасатын суреткерлікпен бейнелеп, жастардың жан сезімін , ішкі тебіренісін, психологиялық күйін олардың қимыл-қозғалысын, тұрысып, жүректерінің лүпілін, көз-қарасының, қас-қабағының құбылуын нақтылап көрсету арқылы шебер бейнелейді. «Қызарып, сұрланып» - жазба поэзиясындағы таза сыршылдық лириканың озық үлгісі. өлеңде жастардың алғашқы махаббатына лайық шынайы ынтықтық, пәк сезімділік, әдептілік,сыпайылық, ұялшақтық-бәрі олардың қимыл- қозғалысы, бет пішінінің өзгеріп –құбылуы арқылы нақтылы сипат алып, ғашықтардың жолығып тұрған сәтін көзге айқын елестетін тұтас бір көрініс- сурет жасалған. «Есіңде бар ма жас күнің» дейтін өлеңінде де махаббат тақырыбын өтіп кеткен жас шағын еске ала отырып толғайды: Махаббат, қызық, мал мен бақ. Көрінуші еді досқа ортақ. Үміт жақын, көңіл ақ, Болар ма сондай қызық шақ? Құдай-ау, қайда сол жылдар?! Махаббат, қызық мол жылдар?! Ақырын, ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар. Өткенді бір сәт қызықтап,оны жылы сезіммен ойға алған ақын сол жылдардың қайта оралмайтынын «құрғырлар» деп жеңіл әзілмен айтады. өткенге өкініш білдіріп отырса да, мұңды сезімге бой алдырмай, көңілін тындыруға, жұбаныш етуге, төзімді болуға бейім екенін анық байқаймыз. «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында», «Асқа, тойға баратұғын» өлеңдерінде махаббат тақырыбы өзгеше қырынан баяндалған. Алғашқы өлеңінде халық арасында жиі кездесетін әйелді малға сату әдетін сынау үшін қыздың трагедиялық өлімі тек тілге тиек етілген, және бұл уақиға бұрынғы хандық дәуірде болған делінген. Жас қызды малға сату, шалға беру өтіп кеткен заманның ісі, қазіргі кездегі ұғым-түсінікке үйлеспейді деген ойын айқындап түсу үшін осы сюжетті өлеңнің беташары ретінде алған. Сонымен бірге осы сюжет арқылы, малы бар бай адам ғана емес, тіпті хан болса да, уәрі мен жастың арасында махаббат болмайды деген түйінді пікірін дәлелді етіп жеткізеді. Жас қыз бен оны мал беріп сатып алуға тырысатын кәр шалдың бейнесін бір-біріне қарама-қарсы қойып, шендестіру тәсілімен суреттеген өте әсерлі: Біреуі-көк балдырған, бірі-қурай, Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз. Қызды айтқанда Абай «ет жүрек», «жас жүрек» сияқты сипаттамаларды алса, шалды метонимия тәсілімен «қартайған қу сүйек» деп бейнелейді. Бекіту сұрақтары: 1. Абайдың махаббат тақырыбына арналған өлеңдері? 2. Махаббат тақырыбына жазылған өлеңдерінің идеясы? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. С.Мұқанов «Таңдамалы шығармалар» 16-том жарқын жұлдыздар Алматы, 1980 жыл З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» Алматы: Ана тілі 1995 ж. Дәріс №9 Абайдың эстетикалық тағлымы Сабақтың мақсаты: Абайдың ақындық өнері мен дүниетанамындағы өзгерістер мен толысудың, іштей түлеп, рухани қорлаудағы эстетикалық тағлымның алатын орны жайлы кеңінен ашу. Тірек сөздер: би, болыс, эстет, сыншыл, реалист,мінеу т.б. Сабақтың жоспары: 1. Абайдың эстетикалық тағлымы 2. Абайдың эстетикалық көзқарастары Абай – қазақ әдебиетінде сыншыл реализм әдісінің негізін қалаған дарын. Оның шығармалары жеке адамның қара басындағы кемшілікті әжуалаудан гөрі қоғамдық құрылыстың кем – кетігін сынау – мінеу дәрежесіне көтерілген. Дидактикалық, моралистік әуендерден гөрі Абай шығармаларында сатиралық шенеу басым. Сатираны өз өнерінің ең қуатты арнасына айналдырған Абай қоғамдық мәселеге сын көзімен қарап, өз үкімін шығарып отырды. Абайдың эстетикалық ойлары мен сыншылық пікірі алдымен өнер иесі – ақын, композиторлар кім, олардың қоғамдағы орны қандай деген түбегейлі мәселеден өрбіді. Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрмай зарлап, - деген уақытта Абай ең әуелі өнердің саудаға түспеуін, оны кәсіпке айналдырмау керектігін айрықша ескертеді. Абайдың өнерпаз жастарға айтқан ақылы – есіл өнерді қор қылмай, игі мақсатқа, халық қажетіне жұмсау ниетінен туған. Мұны ол өзінің үлгісімен де көрсетпек болды. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ – барды, ертеңгіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. – деп ашық айтып, өзінің негізгі эстетикалық идеалы : Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін жойып, көңілін ашпақ, - екенін халыққа да, оның тілеуін тілеген өнерпаз – дарындарға да жар салды. Демек, өнерді өнегелі іспен, әлеуметтік мәнмен, үлкен мақсат – арманмен сабақтастыру, оған қатаң эстетикалық талаптар қою – Абайдың сыншылық ойының өрелі биігі. Абай мақал – мәтелдердің мәніне айрықша назар аударып, өзінің сыни ой – пікірін білдіруден тартынған жоқ. Ол « Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа жарамайтұғыны да бар» деп білген. «Қалауын тапса, қар жанады», сұрауын тапса адам баласының бермейтіні жоқ деген – ең барып тұрған құдай ұрған сөз. « Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өткізгенше, малды не жерден, не терден сұрау керек қой» - дейді Абай. Сондай – ақ «Атың шықпаса жер өрте», «Алпыс күн атан болғанша, алты күн бура бол», «Алтын көрсе періште жолдан таяр» деген мақалдардың моральдық негізін әшкерелеп, өзінің сыншылық көзқарастарының әбден қалыптасқандығын, эстетикалық ойының өрелі биікке көтерілгендігін танытады. Қазақтың ұлы ағартушы – демократтарының сыншылық ой – пікірінен шола баяндаған уақытта үшеуіне тән ерекшелік анық бой көрсетеді. Қазақтың сыншылық ойының оянып, туа бастау шағында Шоқан, Ыбырай, Абай қоғамдық сананың үш мәнді саласы бойынша ой өрбітті. Сөйтіп, жаңа заман тудырған қазақтың үш данышпаны ғылыми, педагогикалық, эстетикалық тұрғыдан сыншылық өнердің қарлығашын ұшырып, мәнді өнеге көрсетті. Бекіту сұрақтары: 1. Эстетика дегеніміз не? 2. Абайдың эстетикалық көзқарастары жайлы Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы. 1994. 2. Егеубаев А. Сөз жүйесі: Сын кітабы. Алматы. 1985. 272 бет. 3. Ашимбаев А. Сын мұраты: Әдеби сын. Алматы. 1974. 248 бет 4. Ысқақұлы. Сынталқы. Алматы. 2005. 415бет Дәріс №10 Ақын өлеңдеріндегі даналық дәрістері. Абай-дана; Абай-кемеңгер. Батыс пен Шығыс әсері. Сабақтың мақсаты: Абай өлеңдері арқылы Абайдың дана, кемеңгер екенін таныту. Ақын болып қалыптасуындағы Батыс пен Шығыс әсеріне тоқталу. Тірек сөздер: шығыс,дана, Хафиз, Жәмшит, Сүлеймен т.б. Сабақтың жоспары: 1.Абай –дана, кемеңгер 2. Ақынға Батыс пен Шығыстың әсері Абайдың шығыс әдебиетін қаншалықты терең білгені оның алғашқы шәкірттік өлеңдерінен де айқын көрінеді. «Шығыс ақындарынша» деп ат қойылған ең бірінші өлеңінің өзінде аты аңызға айналған ерте заман қаһармандары Сүлеймен, Жәмшит, Ескендірлер аталуы жай қызықтаушылық болып естілмейді. Бұл жас Абайдың аталған адамдар жайында жазылған шығармалармен таныстығын аңғартады. Ал оның өзіне пір тұтып, үлгі санаған ақындары Фирдауси, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули, Шәмси, Сайхалилар назым көгіндегі мәңгі сөнбес жарық жұлдыздар болатын. Бұлар да Абай үшін хрестоматиялық санама есімдер емес, сан алуан ғазалдарын оқып еркін сусындаған биік көркемдік ұстаздары еді. Осы кезге дейін зерттеушілердің көбі құр еліктеу деп санап, онша мән бермей келген өлең «Әліпбидің» құрамы мен теңемелік, баламалық өрнектерінен орта азиылық түркі назымының нақыштары айнаға түскендей байқалады. Бұдан біз Абайдың ерте шәкірттік медреселік дәуірінің өзінде түркі назым өлеңінің де, нәсірқарасөзінің де қазынасын жетік түсініп алғанын көреміз. Шығыстық әдебиеттің, әсіресе, Орта Азияға ерекше әсерін тигізген парсы әдебиетінің, қазақ ақындары түсуге қолайлы да, біразы түсіп көрген де бірталай жолдары бар еді. Бірінші, Әбілқасым Фирдоусидің жолы. Бұл жол – Отан қорғау ісінде еңбегі зор адамдардың жорықтарын дәріптеп жазған ұзақ сюжетті эпос жасау жолы. Мұндай жолды қуған Абай замандастарынан қазақ ақыны болған жоқ. Абай да бұл жолға түскен жоқ. Ол өзі түспеуімен қоймай: Батырды айтсам ел шауып алған талап, Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап. Әншейін күн өткізбек әңгіме үшін Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап,- деп, Батырдан барымташы туар даңқой, Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой. Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, Елірмелі маскүнем байқалған ғой,- деп өзге қазақ ақындарын да ондай эпос жазудан бездіруге тырысады. Неге өйткені себебіне алда тоқталамыз. Екінші, Шайхы Сағдидың жолы. Бұл қысқа түрде хикаялы өлеңдер жазатын және өлеңдерінің көбі нақылға, насихатқа құрылған, адамның мінез-құлқын түзетуге тырысатын, дидактикалық поэзияның жолы. Түр және мазмұн жағынан, Сағдидың хикаяларына дәл келетін Абайдың жалғыз ғана шығармасы бар, ол – «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында»деген өлеңі. Абайдың өзге өлеңдерінің біразында дидактизм мен Абайдың дидактизмінің басы бір де, аяғы басқа. Екеуі де халыққа мінезі жат адамды сөгумен қабат, сол мінезден қайтуға шақырады. Осы араға шейін Абай Сағдимен бірге келеді де, содан әрі қарай айрылады. Қоғам өміріндегі зұлымдықпен күресуге аттанған Сағдидың ат басын тірейтін жері – тағдыр. Бұл «жерден» Сағдидің өзі де аттап өтпейді, басқаларға да «атта» демейді. Абайдың ұғымында тағдыр адамға жетекші емес, тағдырға адам жетекші. Адамның жақсы я жаман болуы тағдырдан емес, өзінен. Зұлымдықпен күресу жолында зұлымдықтың өзінен басқа бөгет жоқ. Адамға лаухыл-махфуздан келген зұлымдық жоқ. Жұрттың «зұлымдық» деп атайтыны - қоғам тіршілігінен тысқары бірдеңе емес, сол қоғамның өз өмірінен шыққан мінез. Зұлымдықтың өсетін топырағы – «терін сатпай, телміріп көзін сатуда». Әділеттің өсетін топырағы – еңбекте. «Зұлымдық пен әділдіктің күресі» деген күрес –қанау мен еңбектің арасындағы күрес. Бұл күрестің мақсаты – қанауды тоқтату. Үшінші, Хожа Хафиз бен Омар Һайямның жолы. Шығыс әдебиетінде осы екі ақыннан басталатын ағым тағдырға көнуге қарсы. Олардың ойынша, әрбір жеке адамды тағдыр емес, әкім емес, өзі билеу керек; әрбір жеке адам, өзінің тән құмарын, жан құмарын қанағаттандыруда ерікті болу керек. Адам дүниеге бейнет үшін емес, рақат үшін, сүйген жарын құшу үшін, гүлді бақшаны мекендеп, жемісін жеу үшін, бұлбұлдың сайрауын тыңдау үшін, өзі де сол бұлбұлға үш қосу үшін келген. Көркемдікке табыну жағынан Абай оларға біраз ұқсап қалады, бірақ айрылар жері – «көркемдік- көркемдік үшін» дейтін тезиске бой ұсынбай, көркемдіктің өзіне үлкен мән бере қарауында. Өмірдің яғни өркендеудің қажетіне жарамаған көркемдік, адам қызығар көркемдік емес. Абайдың, мәселен, «әйелді сұлулығына қарап сүйме, мінезіне қарап сүй» деуі де осыдан. әйелдің сұлу болуына Абай: Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. Жіңішке қара қасы сызып қойған, Бір жаңа ұқсатамын туған айды. Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын, Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды. Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі, Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды!.. Жұп-жұмыр ақ торғындай мойыны бар, Үлбіреген тамағын күн шалмайды... Қолаң қара шашы бар, жібек талды, Торғындай толқындырып көз таңдайды... деп құмарта отыра, Сөйлесе, сөзі әдепті һәм мағыналы,- деп әйелдің сұлулығының үстіне мінезді, ақылды болуын, Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы,- деп сұлулықтың, ақылды, мінезділіктің үстіне, әйел еңбекке де бейім, епті болуын талап етеді. Бұл көзқарас Шығыс эстеттерінің ұғымынан мүлде өзгеше екендігі айқын. Қорытып айтқанда, өзінен бұрынғы қазақ әдебиетін таяныш қана көріп, үлгі алуды қанағат көрмей, құлашын қазақта бар әдебиеттен асыра сілтеген Абай Шығыс әдебиетін өзінің ақындық «багажын» молайту есебінде ғана пайдаланады. Қазақ әдебиеті мен Шығыс әдебиеті – Абайдың үлгісі емес, азығы. Бекіту сұрақтары: 1. Абайдың қандай өлеңдерінде өсиет нақыл сөздер көптеп кездеседі? 2. Неліктен Абай шығысым батыс болып кетті дейді? Пайдаланылған әдебиеттер: С.Мұқанов «Таңдамалы шығармалар» 16-том жарқын жұлдыздар Алматы, 1980 жыл \\ Абай Қ.Жұбанов «Абай және шағатай әдебиеті» \\ Абай Р.Бердібай «Сенімі кәміл кемеңгер» Дәріс № 11 Абайдың поэмалары Сабақтың мақсаты: Абайдың поэмаларының толық мазмұнын түсіндіріп, идеясын ұғындыру. Тірек сөздер: поэма, шығыс, Ескендір, дастан, Аристотель т.б. Сабақтың жоспары: 1.Абай поэмалары 2.Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмаларының орны. Абайдан қалған үш поэма бар.Олар : «Масғұт» , «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Соңғысы аяқталмаған. Бұлардың бәрі де ақынның бұрынғы шығармаларындай қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған, Шығыс халықтарының аңыз, ертегілері сюжетіне дастан үлгісінде жазылған. Уақиғалары шағын, көлемдері аз келеді.Аңыздарды ақын, көбінесе, өзіне қажет ұстаздық , тәрбиелік ой – мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі етеді. Поэманың идеясында әйелді қоғамның ерлерге тең мүшесі деп тану, оның әлеуметтік өмірдегі орнын бағалау жағына көбірек көңіл бөлінеді.Мұны Масғұттың көзқарасынан айқын танимыз. Ұры тонап жатқан шалды айырып алған ол шалдан базарлық алуға барғанда өзіне қызыл жемісті таңдайды. Ағын жесең, ақылың жаннан асар, Сары жесең, дәулетің судай тасар. Егерде қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар, - дейді шал.Масғұт ақылды да, байлықты да таңдамайды, оларды сынайды. Көп наданның арасындағы жалғыз ақылды адамның күйіне де, байлық пен малқұмарлық аздырған байдың жайына да талғампаздықпен қарайды. Қызылды жесем, мені әйел сүйер, Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер. Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса, Деп едім бір пайдасы маған тиер. Еркектің еркек адам болса қасы, Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы. Хан қаһар, қара кісі қастық қылса, Сонда ұрғашы болмай ма арашашы? Тегінде адам басы сау бола ма? Үйінде тексерілмес дау бола ма? Ері ашу айтса, әйелі басу айтып Отырса, бұрынғыдай жау бола ма? – дейді Масғұт өз таңдауын түсіндіргенде. Ол әйелмен достықты қадыр тұтады. Ер мен әйел теңдігін жақтайды. Поэма ақынның осы идеясына әкелетін уақиғаны баяндауға құрылады.Онда суреткерлік емес, ой, ақыл басым. Уақиға мен тартыс өмірлік тартыстан емес, ақынның ақылынан , айтайын деген ой – үлгісінен туады. Оның жаңа үлгідегі поэма түрінде емес, шығыс дастандары түрінде жазылуы да осыны байқатады. «Әзім әңгімесі» - «Мың бір түн» ертегісінен алынған бір уақиғаның өлеңмен жазылған түрі. Мұнда көпті алдап жүрген адамдардың аярлық мінезі сыналады. Поэма аяқталмаған. Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі де, ақынның гуманистік ой – пікірін тереңірек танытатыны да – «ЕСКЕНДІР». «ЕСКЕНДІР » поэмасы Шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен тараған, Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарына қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами , Науаи , Жәми сияқты ақындары да жыр еткен. Абай бұл тақырыпты өзінен бұрынғы ақындар үлгісінің ешқайсысына бұрмай , өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін күшпен жаулап алмақ болған қанқұяр саясатын сынауға ауысады.Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы ғалым, гуманист Аристотельді кіргізеді. Поэма әділдік пен жауыздықтың тартысына құрылады.Жауыздыққа жетелейтін қызғаншақтық пен тойымсыздық екенін көрсете келіп, ақын әділдік, даналықты соған қарсы ұсынады. Қақпа мен адамның көз сүйген символ ретінде алады да , ол жұмбақтарды ақылға шештіреді. Бұл – адам көз сүйегі, - деді ханға. Тоя ма адам көзі мың – мың санға? Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр, көзге құм құйылғанда. Кәпір көздің дүниеде араны үлкен, Алған сайын дүниеге тоя ма екен? Қанша тірі жүрсе де, өлген күні Өзге көзбен бірден – ақ болады екен. Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған жолынан қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты әділдікке жеңгізеді. Поэма аңыз сюжетін сақтағанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде суреттейді. Уақиға бір түйінге - әділдік пен жауыздықтың бетпе – бет кездесуіне топталады да, кейіпкердің мінез – құлқы , іс - әрекеті арқылы біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы уақиға арқауы болып, оның өне бойында көрініп отырады. Ең соңында ғана Абай оны Аристотельге кездестіреді.Ақынның дидактикалық , өсиет –үлгілік қорытындысы осы арада шығарылады. Поэмада жарқын суреттер мен қажетті баяндаулар , диалог пен лирикалық шегініс орынды пайдаланылады. Бұл – Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігін танытады. Бекіту сұрақтары. 1. Абайдың поэмаларының сюжеті қай ақыннан алынған? 2. Неліктен Абай Ескендірге адамның бас сүйегін берді? 3. Низами нұсқасымен Абай нұсқасын салыстырып, қорытынды жасаңдар? 4. Абайдың аяқалмай қалған поэмасы? Пайдаланған әдебиеттер: 1. «Абай» энциклопедиясы. 2. \\ Абай журналы - № 7-9 3. \\ Қазақ тілі мен әдебиеті журналы «Абайдың поэмалары»№ 12 -2001жыл. Дәріс № 12 Абайдың көркем аудармалары Сабақтың мақсаты: Абай аудармаларының негізгі ойын, мәнін, мағынасын жете түсінідіріп, аударманың негізгі идеясын ашу. Тірек сөздер: аударма, мысал, роман, шумақ, ұйқас т.б. Сабақтың жоспары: 1.Абай аудармалары 2. Абайдың аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері Орыс ақындарынан Абайдың аударғандары: Крылов, Пушкин, Лермонтов. Абайдың шығармаларын жинап бастырушылардың сөзіне сенсек, оның орыс әдебиетінен бірінші аударған шығармасы Лермонтовтың «Бородиносы». «Бородино» - Лермонтовтың Отанын сүйгендігіне, жерін, елінің ерлік тарихын сүйгендігіне кепіл шығарма. Бұл-Абайдың өз жерін, өз Отанын, өз елінің ерлігін сүюімен қабысады. Сондықтан бұл өлеңді аударудағы оның мақсаты да ап-ашық:-халқын, Отанын сүюде, ерлікке жұмылуда орыстан үлгі алуға шақыру. «Бородинодан» кейін Абай өзінің сүйікті ақындарының өлеңдерін аудару ісіне ерекше мән бере қарап, қазақ елі үшін бұл істің пайдалы екенін ескеріп және өзінің ақындық шеберлігін ұштай да өрістет түсуге орасан ықпалы бар екендігін сезіп, Пушкиннің «Евгений Онегинінен» бірнеше үзінділер, Лермонтовтан 20 шақты өлең, Крыловтан 15 шақты мысал аударады. «Бородинодан» кейін Абайдың аударуға кіріскені- «Евгений Онегиннен» үзінділер. Пушкиннің бұл романнан басқа шығармаларын Абайдың аударғаны беймәлім. «Евгений Онегинді » Абай тұтас аударған жоқ, одан оның аударғандары: романның басында Пушкиннің Онегинді сипаттауы, Татьянаның Онегинге жазған хаты, бақша ішінде жолыққан Татьянаға Онегиннің берген жауабы, Онегиннің Татьянаға жазған хаты, Татьянаның Онегинге берген жауабы. Орыс поэтикасында «онегиндік шумақ» аталып, әр шумағы 14 жолдан құралатын, әр жолында 9 буын болатын, үйлесі-а,б,а,б,в,в,г,г,д,ж,ж,д,з,з боп келетін түр «Евгений Онегиннің» өн бойында өзгеріссіз сақталады. Абай өз аудармаларында бұл түрді қолданбай, «Онегиннің сипатын» шумағы төрт жолдан, әр жолы 11буыннан құралатын, үйлесі-а,а,б,а боп келетін түрмен – қара өлеңмен аударады. «Онегиннің сипаты» -Абайда 34 жол өлең. Пушкиннің оригиналында да аударылған жолдарының саны 34. «Онегиндік шумақтың» Абай түрін сақтамағанмен, мазмұнын сақтайды, образдарын тамаша дәл келтіреді: Пушкиннің оригиналы мен Абайдың аудармасын қатар оқып көрсең, мағынасы да, көркемдігі де дәл түсетініне ғажап қаласың. Абай орыс ақындарынан 56 шығарма аударған, солардың сегізі Пушкиннен, он төрті Крыловтан; Мацкевич, Бунин, Полонскийден бір-бір өлең, авторы белгісіз үш өлең, ал қалған 28 шығарма Лермонтовтан. Абайдың «Лермонтовтан аударды» дейтін шығармалары үш жүйеге бөлінеді: 1. Көлемі, мазмұны, көркемдігі Лермонтовтың оригиналымен дәл түсетіндер. Мәселен, Лермонтовтың «Выхожу один я на дорогу» деп басталатын өлеңі 20жол. Осы өлеңді Абай «Жолға шықтым бір жым- жырт түнде жалғыз» деп бастап аударады да, 20 жолды 20 жолға сыйғызады. Осы сияқты аударылған бірнеше өлең бар. «Парус» («Жартас»), «Қараңғы түнде тау қалғып». 2. Көлемін қысқартып, негізгі мазмұны мен көркемдігін сақтап аударған өлеңдер. Мәселен, «Теректің сыйы» Лермонтовта 76 жол өлең, Абай оны қысқартып 38 жолға түсірген. Лермонтовта «Кабардинец» («Е р Серкеш»). 3. Жалпы сарыны, жалпы мазмұны ұқсап отыратын Лермонтовтан «аударма» деуден гөрі, «Лермонтовтың сарынымен» деуге келетін өлеңдер. Мәселен, Лермонтовтың «Дума» дейтін өлеңі оригиналда 44 жол өлең. Абайдың «Қарасам, қайғыртар жұрт бұл заманғы» деп басталатын өлеңі. Абайдың Крыловтан аударғандары қазаққа түсінікті болатын мысалдар. Лермонтовтың кейбір шығармаларын қысқартып аудару әдісін Абай Крыловқа да қолданады. Бірақ мысалдың басында я ақырында тұратын насихат сөздерін кейде өзінше бұрғаны болмаса, орыс тұрмысына ғана арнаулы, қазақ тұрмысында кездеспейтін кейбір әдет-ғұрыптың көріністерін қазақшалағаны болмаса, орыстың әдетіне байланысты кейбір теңеу, салыстыру, әсіреулерді қазақ әдетіне байланысты теңеу, салыстыру, әсіреулермен алғаны болмаса, жалпы оқиғалық мазмұнын бұзбайды. Мәселен, «Есек пен бұлбұл» деген мысалын Крылов «Бұлбұлға есек кездесті» деп оқиғадан тура бастаса, Абай: Тойған есек шөпті оттап маңайдағы, Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы, Қаңғырып өлкені өрлеп келе жатып, Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы,- деп бұлбұлға жолығар алдында есектің қыдырғанын баяндап алады. Крылов мысалдың аяғында: «Тәңірі, бізді де сондай қазыдан сақтағайсың»,- деп қорытынды пікірін бір ғана жолмен айтса, Абай: Демеймін мені мақтасын, Я жақсын, я жақпасын, Сөйтсе де мұндай сыншыдан Құдайым бізді сақтасын,- деп Крыловтың бір жолын төрт жолды бір ауыз өлеңге айналдырады. «Шегіртке мен құмырсқа» - Крыловтан 30 жол өлең. Абайда 36 жол. Алты жолды артық қосқанда, Абай Крыловтың жолын жолға сыйғыза алмай отырған жоқ. Крылов: Билеуге құмар шегіртке Жазды ән сап өткізді,- Ойлаған жоқ шұқыр деп, Ызғарлы қыс кеп, көзді,- деп мысалын тура қыстың келуінен бастаса, Абай: Шырылдауық шегіртке, Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөләйттап, Қызықпен жүріп жазды алған. Жаздыгүні жапырақтың, Бірінде тамақ, бірінде үй, Жапырақ кетті, жаз кетті, Күз болған соң, кетті күй,- деп шегірткенің жазғы сайранын Крыловтан кеңірек толғап кетеді. Бекіту сұрақтары: 1.Абай орыс ақындарынан кімдердің шығармаларын аударды? 2. Көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері? Пайдаланылған әдебиеттер: 1.«Абай» энциклопедиясы. 2.\\ Абай журналы - № 7-9 Дәріс № 13 Абайдың қарасөздері Сабақтың мақсаты: Абайдың қара сөздерінің мән мағынасын кеңінен ашып, зерттеу. Ақын осы сөздері арқылы не айтқысы келді соны мәнін ұғынуға бағыт беру. Абай сөзінің құндылығын әр қырдан талдау. Тірек сөздер: ғақлия сөз, қара сөз, ақыл, ғылым, парасат, адам, мінез, мансап, жан, құмарлық, тән, ғибарттану, адамгершілік т.б. Сабақтың жоспары: 1. Абай сөздерінің жіктелуі 2. Тақырыптық жүйесі, оның ақын өлеңімен үндестігі. Абай XIX ғасырдың 90-жылдары өзінің ой толғаныстарын қара сөздермен жазған. Өз шығармасын қара сөзбен жазудың публицистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қара сөз қазақтың көркем жазба әдебиеті тарихында Ы.Алтынсариннен басталады. Одан әрі қарай дамытушы Абай болды. Абайдың қара сөздері- көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер. Онда ғылыми философиялық толғаныстар кең орын алған. Абай қара сөздерді жазуға зор дайындықпен келген. Ол бұл еңбектерін діни сопылық теологиялық ғылымды да, жаратылыс заңдарын ашқан Галилей, Коперник, Спенсер, Ньютон, Пифагор, Сократ шығармаларын да, шығыстың ойшылдары- Фирдауси, Шамси, Қожа Хафиз, Бабыр т.б. еңбектерін де оқып, ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жаузға кіріскен. Ол қара сөздердегі келтірілген терминдік атаулар мен сілтемелерден немесе ой-пікір үндестігінен байқалады. Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық, ғибрат беуріді көздей құрылған. Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады. Немесе өзімен-өзі кеңесу, ой- пікір білдіру үлгісінде құрылады. Бұл – Батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдаланған. Абай өзінің қара сөздерін жазудағы мақсатын былайша баяндайды. «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры, осыған бел байладым. Енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл –ел қамын ойлаған ұлы ойшыл-ғалымның өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым-қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді. Қара сөздердің жалпы саны – қырық алты. Олардың әрқайсысы әлеуметтік өмірдегі белгілі бір мәселені сөз етіп, ой-пікір білдіреді. Абайдың қара сөздерін тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады. 1. Дүниенің тылсым сырын танып білу мәселесіне «Жетінші », «Он тоғызыншы»,«Отыз бірінші»,«Отыз сегізінші»,«Қырық үшінші» қара сөздерінде тоқталып, ой қорытады. Ол өзінің «Қырық үшінші» қара сөзінде «Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілімен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады да, содан білгені, көргені көп адам есті, білімді болады»дейді. Ал «Жетінші» қара сөзінде: «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі- білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыншымау. Бұл – жан құмарлығы... » деп жан мен тәннің байланысын ашуға талпыныс жасайды да, қырық үшінші сөзінде: «Адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты- ақыл, ғылым... Ол талаптылықпен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды. Абай естіген нәрсені еске сақатудың, есті тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын да сөз еткен. Ол өзінің «Отыз бірінші» сөзінде: «Естіген нәрсені ұмытпасққа төрт түрлі себеп бар: әуелі- көкірегі байлаулы берік болмақ керек, екіншісі- сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек, үшінші- сол нәрсені ішінен бірнеше рет қайталап ойланып, көңілге берікту керек, төртінші- ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы күлкішілдік, я бір қайғыға салынып, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе- күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер»,- деп ынта қоя тыңдау, естігенді ойда қайталап бекіту, көңіл-күйдің әр түрлі әсерлерінде үнемі салынып, беріліп кетпеу, ерік-жігерді тізгіндеп ұстау жөнінде педегеогикалық тұрғыдан ақыл-кеңес береді. 2. Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» қара сөздері ілім- білімге ұмтылуға бөгет болатын надандық, талапсыздық, жалқаулық мінездерді сынауға арналған. Ол бірлік, тірлік деген сөздердің мәнін аша келіп, «Алтыншы» сөзінде «бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес» десе, енді бір жерінде «ырыс алды –тірлік» дейді де, «Ол қандай тірлік?... Жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тіршілік итте бар.... Жанын қорғалатып, жаудан қашып, еріншек атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болды.... Тірлік олар емес, көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адам еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың. Кеселді жалқау, қылжақпас, Әзір тамақ, әзір ас. Сыртың пысық, ішің лас, Артын ойлап ұялмас,- болып жүріп, тірімін деме, одан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық »,- дейді. 3. Ар-ұят, адамгершілік мәселелері «Бесінші», «Он бірінші», «Он сегізінші» сөздерінде әңгіме болады. «Отыз үшінші» сөзінде мал табудың жолдарын өнерден іздеу туралы өсиет айтады. «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнерлі қазақтың әулиесі- сол.... Бірақ өнеріңді бұлдай, бағалай біл »дейді. Абай «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озды. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де- ақымақшылдық » деген қорытынды жасайды. 4. Абай ғылым, білім, өнер жайын сөз еткенде, ең алдымен сауданың тегін білетін өзбек, татар жұртын, өнер ғылымның жолын қуған орыс жұртын үлгі етеді. «хикмет те, өнер де, мал да, ғылым да – бәрі орыста тұр. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына енеді... Орыстың ғылымы, өнері- дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі»- дейді. («Жиырма бесінші» сөзі) Абайдың көптеген өлеңдеріндегі сияқты қара сөздерінде нақыл, мақал- мәтелге айналып кеткен айшықты сөз тіркестері жиі кездеседі. Мәселен, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық», «Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол», «Қайратсыз ашу- тұл, тұрлаусыз ғашық- тұл, шәкіртсіз ғалым- тұл». Абай еңбектің адам баласының игілігі үшін аса қажетті іс-әрекет екенін айта келіп, оны жоғары адамгершілік қасиетпен байланыстыра қарастырады. Мәселен, ол: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамгершіліктің қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», «Әкесінің баласы- адамның дұшпаны, адамның баласы- бауырың»- деп бүкіл адам баласын сүю, халыққа, көпке пайдасын тигізу сияқты ұлы гуманистік қасиеттерді дәріптейді. Абайдың қара сөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік, т.б. туралы озат ой- пікірлер оның ағартушылық, демократиялық көзқарасын айқындай түседі. «Қара сөздер » Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады. Себебі 1900-1904 жылдары арасында жүрек ауруының асқынуы салдарынан ұлы ойшыл өндіріп көп еңбек жаза алмаған. Сөйтіп, ол 1904 жылы 23 маусымда 59 жасында дүниеден қайтты. Бекіту сұрақтары. 1. Абайдың қара сөздерін тақырыптық тұрғыдан талдаңдар? 2. Абай осы сөздері арқылы қоғам, адам қандай болу керек ? 3. Абайдың қара сөзімен тағы қандай ақындар сөзінің арасында үндестік бар? Пайдаланған әдебиеттер: «Хакім Абай» - Ғ. Есімов, Алматы М.Дулатов «Абайдың шығармалар»жинағы Алматы 1991 «Абайдың қара сөздері» Дәріс № 14 Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы Сабақтың мақсаты: Абай мұрасын тану, бағалау, бүгінге дейінгі зерттеліп келе жатқан мәселелерді жан-жақты қарастырып, қазақ әдебиеті тарихы ғылымының іргелі саласының бірі-абайтанудың қалыптасуын кеңінен тану. Тірек сөздер: абайтану, өлең, ғылыми мақала,жинақ т.б. Сабақтың жоспары: 3. Абайтану пәнінің қалыптасу тарихы 4. Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі.Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ , оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар.Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой – пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады.Бірақ Абайды алғашқы зерттеушілердің аты – жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді.Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды. Абайдың екі өлеңі ( «Семей уезі Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбайұлы ауылының Бақанас өзенінің бойындағы Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы түрі » ) («Жаз ») «1888 жылғы май айында Ақшатау деген жерде Семей облысы мен Жетісу облысының чрезвычайный съезі болғанда бір уездің ел билеушілерінің түрі » («Болыс болдым , мінеки» ) деген аттармен 1889 жылы «Дала уалаяты газетінің » 7 , 12 сандарында басылыпты.Одан кейін 1897 жылы Қазанда Бектұрған Сиқымбай ұлы бастырып, Жанұзақ ақын құрастырған «Князь бен Зағифа » атты хиссада Абайдың «Сынағандағы аттың сыны» ( «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» ) , «Бүркітші » («Қан сонарда бүркітші шығады аңға» ) атты өлеңдері жарық көрген.Алдыңғы екі өлең Көкбай ақын атынан жарияланып, соңғы екі өлеңді кітапты құқрастырушы авторын айтпай, айтыс тексіне кіргізіп пайдаланған.Оларда осы күнгі белгілі нұсқалардан ауытқу да байқалады. Ал, Абайдың өмірі мен ақындық өнері жөнінде бірінші ғылыми ой айтқан адам -Әлихан Бөкейханов.1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақөтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеуінде ол «Қырғыз ( Қазақ ) поэзиясындағы жаңа бағыттың өкілі есебінде Құнанбаааевты ( Кітапта «Кномбия» болып қате басылған) ( Семей) атауға болады, ол поэтикалық түрі мен мазмұны жағынан көптеген әсем өлеңдердің авторы ( әсіресе, табиғатты суреттеуі) ». «Евгений Онегин» мен Лермонтовтың көп өлеңдерінің жақсы аудармаларын жасаған да сол ( олар қырғыздарға (қазақтарға ) тым түсінікті түрде аударылған) – деп жазған.Ол кейін Тұрағұл мен Кәкітайға Абай өлеңдерін жинап бастыру жөнінде хат жазып, солар арқылы ұлы ақынның шығармаларымен толық танысқан.Соның нәтижесінде 1905 жылы «Абай ( Ибраһим) Құнанбаев » атты азанама – мақала жазған.Мақалада автор Абайдың шыққан тегі, өмірі, шығармашылық жолы жайлы тұңғыш мәліметтер береді.Ақынның шығармашылық ізденісінің негізгі бағыттарына , көркемдік табыстарына тоқталады.Сөйтіп ол : «өлеңдерінен көріп тұрғандай , Абай аса талантты поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы бола білді.Халықтың рухани шығармашылық қасиетін осынша биікке көтерген Абай сияқты қырғыз (қазақ ) ақыны осы кезге шейін болған емес.Жылдың төрт мезгіліне арнаған (Көктем, жаз, күз және қыс ) тамаша жырлары оны Европаның атақты ақындарының қатарына қояды » - деген қорытынды жасайды. Осы шағын пікірлердің өзінен Абайдың ұлылығын, қазақтың жаңа дәуірдегі әдебиетінде алатын орнын, ақынның дүниежүзілік поэзиясының биік деңгейіндегі шығармашылық қызметін дұрыс танығанын көруге болады.Бұл пікірлер Абай туралы соңғы айтылар ойларға мұрындық болды.Оның үстіне , жоғарыдағы мақалаға қарағанда , Әлихан Абай шығармаларын жинатып, өзі басқаруымен Семейде ( орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі арқылы ) бастырмақ болған сияқты. 1906 жылы Павлодарда ұсталған Әлиханның портфелі ішінде Абайдың қолжазбасы болғаны да мұны растай түседі.Алайда сол кездегі саяси жағдайдың ауырлыгынан ол бұл ойын іске асыра алмаған. Әлиханның үздіксіз қуғындалуынан қауіп қылған Кәкітайдың Семей, Омбы жағынан ештеме тындыра алмай, Петербургке де осымен байланысты болса керек. Абайдың тұңғыш шыққан өлеңдер жинағы ( 1909 , Петербург ) Абайтануда , ақын атын туған халқына кең жаюда ерекше маңызды қызмет атқарған ұлы уақиғалардың қатарына жатады.Оны бастырушылар – ақынның ұлы Тұрағұл мен інісі Ысқақтың баласы Кәкітай.Абай тәрбиесінде болып, қасында көп жүрген Кәкітай – оның мұрасының да жарық көруіне көп күш салған.Ол жинаққа «Абай Ққнанбайұлының өмірі» атты мақала жазған. Абай кітабының тұңғыш басылымының тарихи маңызына қоса , ақын өмірі мен шығармашылығы жайынжа оқырмандарға тың мәліметтер ұсынған Кәкітай мақаласы да Абайтану тарихында көрнекті орын алады.Онда Кәкітай Абай өлеңдерінің тууына себеп болған тарихи шындық пен ақын бастан кешкен қайғының түп – төркінін жақсы ашып көрсетеді.Оның акындық ізденістерінің шеңберін айқындайды.Абайдың ақындық биікке көтерілуінің негізгі себептерінң орыс және дүниежүзілік әдебиет пен ғылым деңгейінен іздеу Кәкітай мақаласының өміршең, кейінгі зерттеушілерге ой салған ерекше маңызды тезисі болды. «Орыс ғылымын кітапта оқығандық Абайдың көңіліндегі ақындығын қозғағанын » ол орынды айтты.М.Әуезов кезінде бұл мақаланы жоғары бағалап, ақынның өмірбаянын жазуға көмектескенін мойындаған. Абай жинағы шығып, халық арасына тараған кезде оның ақындық өнерін айрықша сөз етіп, ұлылығын мойындап, алғашқы пікір айтқан адам – А.Байтұрсынов еді.Ол «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев, онан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ баласындабіз білетін ақын болған жоқ » - деп түйін айтты.Әуелі ( 1903 ) Абай өлеңдерімен қолжазба дәптер күйінде танысып, кейін (1909) ақын кітабын оқығаннан кейінгі әсерін айта келіп, Ахмет Абайдың «Сөзі аз, мағынасы көп, терең » жырларының шығуы жағдайларына, әлеуметтік сырына, көркемдігіне үңіледі.Жеңіл ойлап, ашық айта салатын жадағай халық жырларына Абай сөзін қарсы қоя отырып, ол сөздің ішкі мағынасын түсіне, терең оқудың қиыншылығы Абайдан басталатынын атап көрсетеді.Абай сөзінің жалпы жұрттың ұғымына ауырлығын айта отырып, «Ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік... Не нәрсе жайынан жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қарамай жазады» , -дейді.Қазақ әдебиетінде Абайдың өзі тұңғыш көтерген айтушы мен тыңдаушының проблемасын Ахмет осылай ақын өлеңін оқу, түсіну тұрғысына талдайды. Бекіту сұрақтары: 4. Абайтану саласы қай жылдан бастап зерттеле бастады? 5. Абайтану пәнінің мақсаты? 6. Абай мұрасын танытудағы еңбектер? Әдебиеттер тізімі: 1.М.Мырзахмет «Абайтану тарихы» Алматы – 1994ж. 2. Қ.Мұхаметқанов «Абай мұрагерлері» Алматы-1995 ж. Дәріс №15 Абайтану ғылымының зерттелуі. Абай және М.Әуезов Сабақтың мақсаты: Абайтану ғылымын зерттеуді М.Әуезовтың қосқан үлесі жайлы мәлімет беру. Тірек сөздер: ғылым,заңғар биік,әлем,халық т.б. Сабақтың жоспары: 1. М.Әуезов және Абай 2. Абай мұрасын зерттеуші М.Әуезов Мұхтар Әуезовтың Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан танып білу жолында жарты ғасырға таяу толассыз ізденіс үстінде туған көп салалы ғылыми зерттеу еңбектері абайтанудың қолы жетпес заңғар биігіне айналып отыр. Бұл еңбектердің нәтижесінде М.Әуезов қазақ әдебиеті тарихын іргелі де көрнекті саласы абайтанудың негізін салушы әрі ол мұраны ғылыми творчестволық жолмен бүкіл әлем халқына таныту арқылы да әдебиеттану саласында қайталанбас дарынды тұлға ретінде танылып, мойындалды. Абай мұрасын терең бойлай танып білу мен насихаттау жайында атқарған ұлан-ғайыр еңбегі қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ ұлттың рухани қазыналы байлығына айналып та үлгерді. «Абай» журналының ұлы ақын мұрасын жөнінде мақалалар жазып, Абайдың қайтыс болуына жиырма жыл толуына орай ақын мұрасын жинастырып, өмірі мен творчествасын зерттеуге кіріскен М.Әуезов ғұмырының соңына дейін толассыз іздену үстінде болды. Абай мұрасын зерттеу – автордың дем беру үшін рухани қайнарына айналды. Ол мұра жөнінде жазылған М.Әуезовтың жазылған көп салалы ғылыми зерттеу еңбектері мен көп томды ұлы эпопеясын жазуы- ғылыми творчествалық зор мақсаттың шын мәнінде жүзеге асуын бұлтартпас дәйекті айғағына айналды. Тек қана бір ақынның мұрасы жайында бір ғана зерттеушінің соншалықты зор көлемде зерттеу жұмысын жүргізумен бүкіл әлем оқырманын табындырған көркем шығармалар жазуы әлем әдебиеті тарихында кездесе бермейтін бірегей құбылыс. М.Әуезовтың ұзақ жылдар бойы жүргізген ізденіс үстінде туған ой- пікірлері түгелге жуық «Әр жылдар ойлары» деген атпен басылым көрген монографиялық еңбегінің желісіне сіңісіп отырған. Бұл еңбек автордың ұлы ақын мұрасына арналған жоғарғы оқу орындарында абайтанудың арнаулы курсынан оқылған дәрістері арқылы жинақталған ой-пікірлері мен танымдары болатын. Өйткені осы монографиялық еңбегіне дейін мұрасының әр түрлі салаларын өз алдына жеке сөз етіп, ізденісте жүргізіп келсе, сол жан-жақты ізденіс үстінде туған ойлары мен танымдарын түгелге жуық қамти отырып, ғылыми негізде хронологиялық желіге түсіріп, баяндап берген. Мұнда көзделген басты міндет – Абай мұрасының сырын, болмысын танып білумен қалың оқырман қауымға таныту болуы себепті де, ол ақын мұрасын тұтас қамтып, көптен бері айтып, жазып келе жатқан ой танымдарын өзі ұстанған хронологиялық желісіне шебер түрде сіңімді өріліп, үйлесім тапқан табиғи тұтастықты көреміз. Абай мұрасын тұтас қамтып зерттеу нысанын алғанда хронологиялық желіне қолдану мақсаты – Абайдың ақындық өнері мен дүниетанымындағы өзгерістер мен толысудың, іштей түлеп рухани қорлаудың эволюциялық даму жолын көрсетуде. Еңбектегі назар аударарлық ерекшелік – Абайдың мәдени мұрасын тұтас қамытылып, ақындық мәдениеті мен көркемдік шеберлігінің даму жолдары, дүниетанымы мен рухани өсуінің эволюциясын хронологиялық желіге сүйене отырып, әрі ақын творчествосындағы өзгерістер мен бетбұрыстардың себебін сол дәуірдің тарихи шындығы мен сабақтастыра қарап, сырын ашып саралауда жатыр. Елуінші жылдар ішіндегі зерттеулерде М.Әуезов Абай мұрасы жайында кейбір талас тудырған күрделі мәселелерге көңіл аудара бастады. Әсіресе, Абайдың әдеби мектебі немесе Абайдың шәкірт ақындары туралы қолдан қоздырылған, бірақ ғылыми ойдан тыс, саяси идеологиялық мақсат көздеген теріс бағыттағы ой-танымдары мен пікір таластырып, өз көзқарасын қорғау жолында күреске түсті. Ұтыстар да ұтылыстар да болып жатты. Бұл салада күресте ақыры шындық жеңді. Бірақ кешігіп келді ... Бұл тұста кейбір зерттеушілер тарапынан Абай ақындығының алғашқы жылдарындағы шығармалары ешбір ғылыми дәлелсіз сыңаржақтылықпен терістеле бастады. М.Әуезов бұл мәселеге де ерекше көңіл аударып, алғашқы жылдардағы ақын шығармаларының сыры мен қырын ғылыми тұрғыдан тереңдей аша отырып, пайдасынан зияны басым ғылыми ойға жат нигелистік пікірдің жалғандығын батыл әшкереледі. Ұлы ақын мұрасы жолындағы ізденістері мен жиырмасыншы ғасырдың ұлы туындысы аталған «Абай жолы» эпопеясы – қазақ елінің өткені мен бүгінгі дәуірінің рухани көпіріне, яғни дәстүрлер жалғастығына айналуда. Енді Абай мұрасының сыры мен қырының мән-мағынасын М.Әуезовтың абайтану саласындағы ғылыми еңбектері мен «Абай жолы» эпопеясы арқылы танып білетін рухани ғажап құралға ие болудамыз. М.Әуезов- ұлыларға тән көп қырлы дарын иесі. Оның көркемдік әлемі мен жарты ғасырға жуық Абай мұрасы туралы ғылыми зерттеу еңбектерін танып білу жолында ғалымдар тарапынан атқарылар көп салалы аумағы мол арналы міндеттерді алға тартады. Айтулы дарын иелерінің творчестволық өмірінде құлай берілген әрі ұзақ ізденуден туатын жан сыры ретінде жазылатын бас шығармасы болмақ. М.Әуезовтың мұндай туындысы – «Абай жолы» эпопеясы. М.Әуезовтың жиырма томдық шығармалар жинағында абайтану саласында жазылған еңбектері түгелге жуық беріліп, олардың бәріне де арнайы ғылыми түсініктемелер жазылды. «Абай» энциклопедиясында да М.Әуезовтың абайтану саласындағы еңбектері мен зерттеулері өз көрінісін толық тауып, оқырманға келгелі отыр. М.Әуезовтың абайтану тарихындағы орны мен сол жолда жазылған ғылыми зерттеу еңбектері жайында осы жолда автор тарапынан 1982 жылы «Ғылым »баспасына «М.Әуезов және абайтану проблемалары» деген көлемді монографиясында қамтылған болатын. Абайтану тарихы саласында М.Әуезов атқарған тарихи еңбектің желісін танып білуді қалаған оқырманының назарына сол басылымды ұсынады. Осымен абайтану тарихындағы М.Әуезов дәуірі аяқталады. Ол кезең 1965 жыл мен 1995 жылдар аралығын қамтып, ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойын қамтумен шектеледі. Бекіту сұрақтары: 1. М.Әуезов мұрасын зерттеу барысында қандай мәселелерге тоқталды? 2. Әуезовтың қандай ғылыми еңбектері абайтанудың қалыптасуына жол ашты? Пайдаланылған әдебиеттер: 1.С.Мұқанов «Таңдамалы шығармалар» 16-том жарқын жұлдыздар Алматы, 1980 жыл 2. М.Мырзахмет «Абайтану тарихы» Тәжірибелік сабақтарының қысқаша сипаттамасы № 1 тәжірибелік сабақ: Абай өмір сүрген дәуір болмысы ХІХ ғасыр ІІ жартысы қазақ халқының тарихи жағдайы. Ел билеу ісі Сабақтың мақсаты: Абай мұрасын танытуда орын алған еңбектер мен зерттеулерге кеңінен тоқталу Сабақтың жоспары: 1. Абай мұрасын танытудағы еңбектер мен зерттеулер 2. Абай ақындығының алғашқы және толысу кезеңдері Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін 100 жылдан астам тарихы бар. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой- пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады. Бірақ Абайды алғаш зерттеушілердің аты-жөні менен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып, Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді. Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайын да ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды. Абайдың өмірі мен ақындық өнері жөнінде бірінші ғылыми ой айтқан адам - Әлихан Бөкейханов. 1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеуде ол «Қырғыз поэзиясындағы жаңа бағыттың өкілі есебінде Құнанбаевты атауға болады, ол поэтикалық түр мен мазмұны жағынан көптеген әсем өлеңдердің авторы. «Евгений Онегин» мен Лермонтовтың көп өлеңдерін жақсы аудармаларын жасаған да сол»-деп жазған. 1905 жылы «Абай Құнанбаев» атты мақала жазған. Мақалада автор Абайдық шыққан тегі, өмірі, шығармашылығы жөнінде тұңғыш мәліметтер береді. Ақынның шығармашылық ізденісінің негізгі бағыттарына, көркемдік табыстарына тоқталады. Сөйтіп, ол «өлеңдерінен көрініп тұрғандай, Абай аса талантты поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы бола білді. Халықтың рухани шығармашылық қасиетін осынша биікке көтерген Абай сияқты қазақ ақынын осы кезге шейін болған емес, жылдың төрт мезгіліне арнаған тамаша жырлары оны Европаның атақты ақындарының қатарына қояды»- деп қорытынды жасайды. Абайдық ақындық өнерін айрықша сөз етіп, ұлылығын мойындап, алғашқы пікір айтқан адам – Ахмет Байтұрсынов еді. Ол «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»-деп түйін айтты. Ахмет Абайдың «Сөзі аз, мағынасы көп, терең» жырларының шығуы жайларында әлеуметтік сырына, көркемдігіне үңіледі. Жеңіл ойлап, ашық айта салатын жағдай халық жырларына Абай сөзін қарсы қоя отырып, ол сөздің ішкі мағынасын түсіне, терең оқудың қиыншылығы Абайдан басталатынын атап көрсетеді. Тағы да Ахмет «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек.Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған »- деп жазады. Ахметтен кейін Абайтану саласында бағалы ой айтқан адам – М.Дулатов. Оның «Абай » атты мақаласы ақынның қайтыс болуының 10 жылдығына арнап жазылған. Ол да Абайдың жаңа мазмұнды ұлттық әдебиет жасаудағы орнын айрықша атайды. «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып, оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттығы да сол»- дейді. Бұл әрине Абайға дейінгі ұлттық әдебиетті жоққа шығару емес, ақынның дүниежүзілік биік үлгіге сүйенген жаңа әдебиет жасаудағы еңбегін бағалау. Оның жырларының халықтың жүрегіне «Сәуле беріп», «Алғашқы атқан жарық жұлдыздай» еткен әсерін Міржақып айрықша атайды. Сонымен қатар мақалада Абай өлеңдерінің қолжазба күйінде тарауы тарихынан мәлімет беріледі. 1904 жылы мұндай жинақты Ахмет Байтұрсыновтың көріп оқығанын Ә.Бөкейхановтың оны бастыру жөніндегі талабын Петербург басылымының жайында әңгімелейді. Әдістемелік нұсқау: Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралауды нұсқадым. Сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты «Абай » журналының сандарын қарау. Әдебиеттер тізімі . Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР- ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б. 2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б. Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б. 3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б. 4. Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. - 2003. - №1. - 1 - 4 б. 5. Борбасов С., Ізтілеуова С. Ұлы ақын тәлімі және ұлттық рухани келбеті // Семей таңы. - 1994. - 4 қазан. 6. Құнантаева К., Халитова И. Абайдың қара сөздеріндегі педагогикалық ой- пікірлер // Ақиқат. - 1994. - №4. - 70 - 73 б. 7. Сұлтанбеков М. Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?: Абайдың Зұлқарнайы туралы поэмасы хақында // Семей таңы. - 1990. - 16 қазан. - 4 б. № 2 тәжірибелік сабақ: Абай Құнанбайұлының өмірбаяны Сабақтың мақсаты: Абайдың шығармашылығы мен өмірі жайлы толық мәлімет бере отырып, студенттерді ұлы ғұламаның отбасы, өскен ортасымен кеңінен таныстыру. Сабақтың жоспары: 1.Абайдың өмірі 2.Абайдың шығармашылығы Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез. Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды. Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді. Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты. Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді. Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады: ...Кедейдің өзі жүрер малды бағып, Отыруға отын жоқ үзбей жағып. Тоңған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып. Қар жауса да тоңбайды бай баласы, Үй жылы, киіз тұтқан айналасы. Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты, Ағып жүріп ойнатар көздің жасы. Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады. Сол кезде Семейге айдалып келген орыс демократтарымен танысады. Соның ішінде өзінің ерекше танысып, араласқаны Михаэлис болды. 1880 жылдары айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, өзі олардан үйрене жүріп, өзі де оларды халқының салт-дәстүрімен таныстырып, қол ұшын берді. Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор. Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткендей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды. Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп қырықтан асқан шағында біржола ақындыққа берілді. Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті. Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті. «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» - Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары да зерттеушілердің назарында. Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады. Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатыны Абайдың өз балалары. Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды. Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған. Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген. Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды. Қара сөздерден адамның көңіл-күйінің жарығы мен қараңғысының айнасы болған – күлкі мен қайғы туралы педагогтар арасында осы күнге дейін айтылмаған тың ой табамыз. Өйткені күлкі мен қайғы туралы ешкім Абайдай тап басып айта алмаған. Абай «күлме» демейді тек «орынсыз күлкіден сақ бол» дейді. Абай өз шығармалары арқылы рухани бірлікке шақырады. Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды. Абайды Абай еткен, асыл сөзімен өлең етіп ұйытып, жүрегіне жыр болып байланған қасиеті - өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында тапқан танымдық олжалары, санасын сарғайтып барып көзін ашқан тұжырым тоғыстары өлең арқылы өріліп жатыр. Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы» деп те аталады. Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Жер бетіндегі күллі қазақ қауымы өздерінің ұлы Абайымен мақтанады. Олар күн өткен сайын Абайды жаңа қырынан тануда. Өйткені Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар. Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жақсы бағасын алуда. Соның бір дәлелі, Қытай Халық Республикасында Абай шығармаларының қазақша нұсқаларынан сырт оның үш бірдей дастаны және өлеңдері мен қара сөздері қытай тілінде жарық көрді. Ақынның өз кіндігінен он бала тарады. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт күткен талантты балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған. Абай есімін еске қалдыру мақсатында көптеген шаралар жүзеге асты. Ең алдымен, Жидебайдағы Абай қыстауы қалпына келтіріліп, ол Семейдегі Абай қорық мұражайының филиалына айналдырылды. Ақын жерленген зиратқа гранит пен мрамордан құлпытас орнатылды. Семейде және Қарауылда ескерткіш орнатылды. Әдістемелік нұсқау: Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты шыққан мақалаларды қарастыру. Әдебиеттер: 1. Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б. 2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б. Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б. 3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б. 4. Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. - 2003. - №1. - 1 - 4 б. 5. Борбасов С., Ізтілеуова С. Ұлы ақын тәлімі және ұлттық рухани келбеті // Семей таңы. - 1994. - 4 қазан. 6. Құнантаева К., Халитова И. Абайдың қара сөздеріндегі педагогикалық ой- пікірлер // Ақиқат. - 1994. - №4. - 70 - 73 б. 7. Сұлтанбеков М. Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?: Абайдың Зұлқарнайы туралы поэмасы хақында // Семей таңы. - 1990. - 16 қазан. - 4 б. №3 тәжірибелік сабақ Абай даналығының көздері. Ақын поэзиясына Шығыс пен Батыс әдебиетінің әсері Сабақтың мақсаты: Абай өлеңдері арқылы Абайдың дана, кемеңгер екенін таныту. Ақын болып қалыптасуындағы Батыс пен Шығыс әсеріне тоқталу. Сабақтың жоспары: 1.Абай ақындығының қалыптасуы 2. Ақынға Батыс пен Шығыстың әсері Абай мұрасының рухани нәр алған қазыналы көздері жөнінде алғаш рет ғылыми тұрғыда жүйелі пікір қозғап, өз танымын батыл түрде ұсынып дәлелдеген жазушы М.Әуезов болатын. Абайдың әдеби мұрасының рухани нәр алған үш бұлағы жайлы тұңғыш рет тың пікірді М.Әуезов Абайдың ғылыми өмірбаянына арналған еңбегінің алғашқы нұсқасында айтса , кейіннен 1934 жылы көн даярлықпен келіп жазған «Абай ақындығының айналасы » деген ғылыми – теориялық мақаласында бұл ой – толғамдарын нақтылы әрі кең тереңдете отырып, М.Әуезов ұлы ақынның 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты мәжілісте жасаған баяндамасында Абай мұрасының рухани нәр алған қазына көздерін ресми түрде түпкілікті таным ретінде бандаған-ды.Жалпы Абай мұрасының рухани көздері , әсіресе, оның шығыстың рухани қазыналарымен дәстүрлі байланысы туралы мақала – зерттеулердің ерекше көбірек жарық көрген тұсы да осф кезең.Бірақ бұл кезеңде нақтылай ғылыми тұрғыдан зерттеп барып пікір айтудан гөрі жалпылай дақпыртпен жазу, немесе насихаттық сипатта ой айту басымдау түсіп жатты, өйткені оның да себептері бар еді. 1988 жылы жарық көрген «Абайтану.Библиографиялық көрсеткіш » атты кітаптың Абай мұрасының Шығыс пен байланысы туралы біліміне енген материалдарыннан Әуезовтің ақын мұрасының шығыстың рухани - қазына көздерімен қарым-қатынасын ашуға бірнеше мақала- зерттеулер жазуға қызу ат салысқанын көруге болады.Бұл еңбектердің көпшілігі Абайдың шығыс классиктерімен әдеби –шығармашылық байланысына арналса, санаулы зерттеушілер ғана Абайдың философиялық дүние танымы мен исламиятқа қарым- қатынасын қамтыған. Әрине Абай мұрасын зерттеуші әдебиетші қаламгерлер арасындла абайтану тарихында беталысын, бағыт-бағдарын дұрыс көшелі ой танымдар айта білгендері де , сондай ақ тұрпайы социологиялық , компаративистік танымдағы ой – пікірлерге ұрынғандары да болады, саясат шылауына шатысқандар Абайтану бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға кедергі жасай бастады.Ал мұның өзі Абайдың шығармашылығын қызу ат салыса зерттеуге ұмтылған ғалымдардың бет алысын, бағыт – бағдарын тежей бастағаны , сөйтіп бұл игілікті , тарихи маңызы зор істі бірнеше жылға кешеуілдеткені белгілі. Сөйтіп бұл кезеңде Абай мұрасының шығыстың рухани қазына көздеріне әдеби – шығармашылық қарым – қатынасын жете танып білуге , терең меңгеруге қарсы елеул ікедеогілерде орын ала бастады.Бір жағынан зерттеушілердің Абайдың ақындық кітапханасында қамтылған дерек – мағлұматтарды анықтап, нақтылай оқып білуге арапб, парсы, шағатай тілдерін жете білмеуінің үстіне қазақ жазуының аз жылдар аралығында үш рет алмасып кетуідн , жас ұрпақтың ертеде араб жазуымен басылып крген деректер көзін оқып, тану мүмкіндігінен айырылуы көптеген қиындықтар туғызды. Екінші жағынан, алып қарағанда кедергінің ең басты себебеі, БКП ( б) ОКН-ң 1949 жылы арнайы саяси –идеологиялық мақсат көздей отырып қабылдаған космополитизм туралы қаулысында жатты.Бұл қаулы сырттай қарағанда отыншылдық , интернационалистік қалып танытатын , ал ішкі мән –мағынасы жағынан алып қарағанда, онда ұсақ ұлттардың тарихи зердесін шайып , өткенінен қол үздіріп , бір ғана халықты мадақтап дәріптеуге құрылған империялық зұлымдық ой бүркемеленіп жатты.Өйткені осы аталмыш қаулы қабылданған күннен бастап – ақ шығыс мәдениетінің рухани қазыналары жайында азын аулақ пікір білдірген, немес азды – көпті мақала зерттеулер жазған қалам қайраткерлері қуғын – сүргінге түсіп , оларға орынсыз саяси айып тағыла бастады.Тағылған кінәнің үлкені қалам қайраткерлерінің ғылыми- шығармашылық іздену жолындағы ой – толғаныстарында орын алған шығысқа бас июшілік , яғни космополиттік идеяларда жатыр деген , тарихи шындықтан алыс , жасанды саяси – идеялық айыптарда жатқан еді.Ал абайтану тарихында ұлы ақын мұрасының рухант нәр алған қазына көздерінің бірі ретиінде шығыс мәдениетімен оның ұлы ой алыптарымен қарым – қатынасын зерттеп бтанып білу процесі енді ғана әужие алып, нәрленіп келе жатқан кезде зерттеулік ойлар бірден саябырлап , мәселеге бойлай еніп терңдеме , үстірттік қалыпқа түсті, ал бұл аталмыш мәселеге ғылыми тұрғыдан назар аударып, тереңдей танып білу бағытында ой- пікір айтуға талпыныс жасаған зерттеушілер қатаң айыпталып , сынға ұшырай бастады. Мысалға алар болсақ тіпті ертеде 1934 жылы жазылған «Абай ақындығының айналасы » деп аталатын мақаласында айтылған аталы пікірі үшін М.Әуезов тағы да айыпталып қатты сынға ұшырады.Қапияда жол тауып тығырықтан сырт айналып шығуға мәжбүр болған М:Әуезов менің айтып жүрген шығысым советтік шығыс республикаларының классиктері болатын-ды деген сылтау табуы да сол қаулыдан сескендіктен айтылған еді. Осы себепті, әсіресе, Абайдың исламиятқа қатысын сөз еткенде өз сырын аша бермей ой – пікірінің төркінін тезиз түрінде ғана беріп, онда да абайтану жөнінде жарияланбай қалған қолжазбаларында қалдырып отырған . Ал абай дүниетанымының қалыптасу жолындағы рухани қайнарлары жайында пікір айтқан тарихшы , философтар мен кейбір әдебиетшілер орыс , Еуропа мәдениетінің Абай мұрасына әсерімен шығармашылық қарым –қатынасын жөнсіз асыра көпіртіп көрсетіп , Абайдың шығыс мәдениетіне қатысы жөнінде мүлдем сөз қозғамау себебі де космополитизм туралы қаулының саяси ызғарының сырт айналғандық болатын- ды. Әдістемелік нұсқау: Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралау. Сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты «Абай » журналының сандарын қарау. Әдебиеттер тізімі . Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР- ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б. 2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б. Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б. 3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б. 4. Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. - 2003. - №1. - 1 - 4 б. №4 тәжірибелік сабақ Абай –қазақ поэзиясының реформаторы Сабақтың мақсаты: Абайдық қазақ поэзиясына әкелген жаңалықтарына тоқталу, ақын тыңнан енгізген өлеңіндегі жаңа түрлердің сыр-сипатын жете таныту. Абай философиясының дамуы мен қалыптасуына кеңінен тоқталу. Сабақтың жоспары: 1.Абай қазақ поэзиясының реформаторы 2.Абай әкелген жаңалықтар Абай – азамат , қайраткер, санаткер, ойшыл , ақын.Ол өз заманының перзенті, тұстасы, ағасы, атасы.Ол өз дәуірінің күрескері, ақылгөйі. Осының бәрін топтастырғанда «Абай » деген тұлға туады.Бұл тұлғаны қалайша анықтауға , қалайша мүсіндеуге керек? Дәуір арқылы Абайды ашамызба, яки болмаса дәуір арқылы Абайды ашамызба? Әдебиет зерттеу тәсілі жағынан келгенде , бұның мәні айрықша . Психологияны анықтайтын ғылым бір бейімді адамды талант тобына телісе , бірнеше бейімнің басын қосқан кісіні данышпан деп таниды. Абай Құнанбайұлы осының соңғысына жатады. Дара жазушы және әдебиетші Т.Әлімқұловтың «Жұмбақ жан» кітабынан Абайдың ақындық шеберлігі, жаңашылдығы жайлы тұжырымдаған тың пікірлері аталған тақырыпты толығымен ашады. Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы Өлмейтұғын артына сөз қалдырған Абай. Әр ұлымыз бен қызымыз Абай аңсағандай азамат атанса халқымыз адамзат көшінде әркез ардақты орында болатыны һақ делінген М.Әлімбаевтың «Ұлы ақынның аңсағаны қандай азамат? » атты эссесі пайдаланылды. Қазақтың ысылған классикасы Абайдан басталса , оған күні бүгінге шейін бірде – бір ақын тіркелмесе. Абай туралы еңбек жазудың жауапкершілігі өзінен - өзі түсінікті.Асқар таудың түбі тұншықтырады. Оның биіктігін аңғару үшін алыстан қарау керек. Көз жазып жазуға және болмайды. Бұл жағынан келгенде , мүше мерекелер қонақтаған жолаушыны толғандырарлық белестерге пара – пар. Абай – азамат , қайраткер, санаткер, ойшыл , ақын.Ол өз заманының перзенті, тұстасы, ағасы, атасы.Ол өз дәуірінің күрескері, ақылгөйі. Осының бәрін топтастырғанда «Абай » деген тұлға туады.Бұл тұлғаны қалайша анықтауға , қалайша мүсіндеуге керек? Дәуір арқылы Абайды ашамызба, яки болмаса дәуір арқылы Абайды ашамызба? Әдебиет зерттеу тәсілі жағынан келгенде , бұның мәні айрықша . Психологияны анықтайтын ғылым бір бейімді адамды талант тобына телісе , бірнеше бейімнің басын қосқан кісіні данышпан деп таниды. Абай Құнанбайұлы осының соңғысына жатады. Өзінің кім екенін білген Абай тоғыз жолдың торабында өнерді , оның ішінде поэзияны таңдады. Соның өзінде «өлең шіркін өсекші жұртқа жаяр, сырымды тоқтатайын айта бермей» деп теткіді.Жіті ойласаңыз , осында қанщама мағына жатырн ашып, өлеңмен мұң шағады, өлеңмен наз төгеді, өлеңмен сыр шертеді. Поэзияның табиғатын жетік білген ақын жотарттық жасайтын жерде жомарт та, сараңдық жасайтын жерде сараң. Ол кейде төкпе , кейде бүкпе,. Кейде іңкәр, кейде торыққыш.Кейде әсершіл, кейде байқампаз. Кейде ойшыл , кейде ақылгөй. Осының бәрі оның байырғы болмысының, табиғи дарынының үстіне оның мұратынының , мақсатының, мүддесінің кеңдігінен туған қасиеттер еді. Әбден тоқтасқан шағында туған қара сөздерін былай қоя тұрсақ , Абайдың философиясы , эстетикасы ,тұрмыстық толғаныстары оның поэзиясында , жұртқа тез тарайтын ұшқыр жанрда жатыр. Төркіні тым әрідегі қазақ поэзиясының ұлттық өмірде араласпаған саласы жоқ. Сәбидің тілін сындыратын жаңылтпаштан дананың жұмбағына шейін , жар – жардан жоқтау жырына шейін, қаһармандық дастаннан ғашықтық дастанына шейін , тойбастардан қиссаға шейін, ауызекі айтыс пен қағаз жүзіндегі айтысқа шейін поэзия үстемдік жүргізді. Терме, тақпақ, жарапазан жырымен айтылса, жезтаңдай шешендер сөзі ырғаққа құрылды. Осының бәрі қазақ топырағында поэзияны бірде құнды етсе, бірде құнсыз етті. Осындай салт санада ,осындай дәстүрде , осындай қауымда өскен Абай тұңғыш жырын пірге сыйынудан бастап, еліктеуге ұрынса , кейін бірте – бірте поэзияның өмірдегі орнын , ақындық қуаттың құдіретін ұғына бастады. Санаға сіңген шешендік , қанға дарыған қаратілдік сарапқа түсіп , сараланды, сұрыпталды, екшелді. Сөз сұлулыққа құрылмай, шымырлыққа , шыншылдыққа, мағыналыққа , астарлылыққа құрылды. Бұның баршасы Абайдың өзін кәміл танытатынын аңдатады. Шеберлік шіркіннің бойға шымшымдап , шымырлап тарайтынын айтпағанда , Абай мұрасы асығыстықты , ұшқарылықты, дәлсіздікті көтермейді. Ерте оянып, ерте ойланған, ерте толғанған Абайдың көркем әдебиетпен әбден есейген , толысқан шағында шұғылдануында қайталанбас табиғилық бар. Пешенеге кеш жазылған ырыстың баянындай бұл табиғилыққа өкінуге орын жоқ. Абайдың әлеуметтік – қогғамдық күреске араласып, өмір сырын жіті танып, санасы ұлғайған шағында әдебиетке батыл баруы өткен күнінің орнын толық өтеген. Бұған оның сайын сахарадан , өскен ортадан , жастық дәуреннен алған әсерін, түйген түйінін қоссақ, осы байлықты игеруде орыс әдебиетінен мейлінше мол қаныққан құнарлы мәдениетін, тұңғиық білімін телісек, піскен дарынның жемісін қанағат тұтпасқа шара жоқ. Абай мұрасының әр тарауы дербес еңбектерге татиды. Осы мұраның ең тереңі , ең бағалысы , ең баяндысы – сыршыл лирика. Бұған азаматтық сарын, көңіл сазы, табиғат толғауы, махаббат жыры жатады. «Жұртым - ай ұқсаңшы сен сөздің ішін » деп келетін шымыр жолдардан басталатын Абай сарыны , Абай сазы , Абай лебі адам жанын әлдилейтін алуан әуендерге ұласқанда , осының баршасының үстінен қарайтын биік тұрады. Бұл жағынан келгенде Абай немістің Гетесін , орыстың Пушкинін еске түсіреді. Ұлы ақындардың әлемді көоуі айшықты , дүние тануы терең , түйсігі тұңғиық келмек. Бұған ақылдың оралымдылығы қосылмақ. Абайдың өмір сырына қанықтығын мінез құлыққа сыншылығын былай қойғанда туған табиғатты көре , сезе, сезіне білуінде қанша құдіретті нәзіктік жатыр. Бұл ретте Абайдың : Көлеңке басын ұзартып, Алысты көзден жасырса, Күнді уақыт қызартып, Көкжиектен асырса. Күңгірт көңілім сырласар, Сұрғылт тартқан бейуақта Төмен қарап мұңдасар Ой жіберіп әр жаққа!- деп келетін дәріпті өлең дүниежүзі поэзиясына ұялмай қосылатын бұлбұл лирика. Буын мөлшерінің біркелкілігіне құрылатын қазақтың силабикалық жырына Абай батыл жаңалық енгізді. Сен мені не етесің Мені тастап , Өнер бастап, Жайына Және алдап , Арбап, Өз бетімен сен кетесің Неге әуре етесің. Қазақ өлеңінде бұрын болмаған ұйқастар. Жалғаны жоқ кішіпейілділікке бой ұрып, қолдан келген қораш дүниені Абайдың өз сөзімен түйеміз : Жүрегімнің түбіне терең бойла Мен бір жұмбақ адаммын, онына ойла! Әдістемелік нұсқау: Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралауды нұсқадым. Сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты «Абай » журналының сандарын қарау. Әдебиеттер тізімі . Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР- ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б. 2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б. Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б. 3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б. №5 тәжірибелік сабақ Абай- ойшыл, философ ақын. Әл-Фараби және Абай. Сабақтың мақсаты: Абайдың философиялық шығармаларын талдау,олардың мәнін ашу және Абай мен Әл-Фараби арасындағы үндестікті ашу Сабақтың жоспары: 1. Абай ойшыл, философ ақын 2. Әл-Фараби және Абай Абай – қазақтың ұлы ойшыл философы. Оның өлеңдері мен қара сөздерінің дені терең философиялық ойларға құрылған. Абай философиялық ойдың заңғар биігіне оқудан гөрі өмір мен болмыстың өзінен тоқу арқылы жеткен таза табиғат тудырған ғұлама десек керек. Грецияда идеалистік философияның негізін салған атақты математик Пифагор дүниетанымында санды ерекше көкке көтеріп, оның рөлін айрықшалап абсолютке айналдырған. Кеңістіктегі ең кіші өлшем нүкте болса, 1 санын соған теңеп барлық санның маңызды негізгі элементі етіп қарастырады. Мұндай ойды Абай да айтады: Единица- жақсысы, Ерген елі бейне нөл, Единица –нөлсіз-ақ, өз басындық болар сол единица кеткенде, не болады өңкей нөл?!-деп пайымдайды. Абай философиясы дүниеге идеалистік көзқарасты қалыптастырған. Платон философиясы материя мен болмысты екінші кезекке қояды. Ал бірінші алғы орынға идеялар әлемін тұрғызады. Алдымен идея туып, сол идея бойынша табиғат жаратылған дейді. Бұдан дүниені жаратқан жаратушы деген қорытынды шығады. Сонда жаратушымыз бір құдай деген сөз. Абайдың дүниетанымында бұдан өзгешелік жоқ, жер-дүниені, табиғатты бір жаратушы жаратқанына, алланың ақиқаттығына шәк келтірмейді. Демек, Абай – идеалист философ. Платон тән өлгенмен жан өлмей мәңгі жасайды деп білді. Ол тән тірлігінде білімді болған жандар тән өлген соң, дүниеге жаңадан келген болашақ данышпандар мен игі жақсылардың денесіне көшетіндігіне сенді. Ал білімі шамалы жандар қарапайым адамдарға көшеді деді. Абай да осылай деп ашық айтады: Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес. «Мен» мен «менікінің» айрылғанын өлді деп ат қойыпты өңкей білмес,- деп, ертең тәні өлгенмен жаны өлмейтініне кәміл сенеді. Мұндағы Абайдың «мен» деп отырғаны жаны да, «менікі» -тәні. Платон мен оның ұстаған идеалист философтар табиғатты, материяны екінші орынға қоюмен бірге, оларды баянсыз, жетілмеген өзгермелі деп есептейді. Абай солардың еңбектерін түгін қалырмай зерделеп оқып, зерттеп шыққан адамдай «өлсе өлер табиғат» деп, Платон тұжырымының үстінен дәл түсіп айтады. Бұл мәселеде Абай мен платоншылардың ой-пікірлерінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Шынында табиғаттың, жердің апатқа ұшырауы әбден мүмкін екенін қазір ғылым да жоққа шығармайды. Клиникалық өлім кезінде жанның денеден ұшып шығып, бірер минут уақыт ішінде ғарыш кеңістігіне барып оралатынын медицина ғылымы да мойындай бастады. Біздің дәуірімізден арғы бес ғасыр бұрын кешкен грек философы Гераклит жаратылыс үнемі динамикалық қозғалыста болаиынын, дүние пайда болу мен жоғалудан тұратынын, тұрақты ештеңе жоқ екенін, бәрі өзгеріп ауысып отыратынын дәлелдеп жазған. «Бір өзенді екі рет кешіп өтуге болмайды» дегенді дәлелдеген де осы Гераклит болатын. «Өйткені сіз өткен кездегі су ағып кетеді де, орнын басқа су басады» - дейді. Сөйтіп табиғатта бәрі құбылып тұратынын өзінің философиялық еңбектеріне арқау еткен. Гераклиттің бұл пайымдаулары Абай өлеңдерінде де бар: Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек. Әлемдік тарихқа енген атақты да ұлы философтардың айтқандарымен Абай ойлары, міне, осылай үндесіп, сабақтасып жатады. Абай алдымен философ ақын. Оның кез келген өлеңі философиялық терең ойларға құрылып отырады. Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, Ұрлық, қулық қылдым деп қағар елбек, Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек. Осынау әйгілі жыр шумағында философ ақынның заңғар биік өрелі ойын әркім жадында сақтап жүрсе ғой дейсің. «Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек»,- деп Абай біздің бүгінгі алыпсатар алаяқтар мен аламандарды, ұрлық, қулық-сұмдық пен елді арбап, тонап байып жатқандарды сыпыра сынап отыр емес пе ? адал еңбекпен емес, арам «еңбекпен» байып, адал еңбеккерлерге шекесінен қарап жүргендер қаншама қазір. Тіпті ондайлар Абай заманындағыдан да он сан есе көбейіп кеткені анық. Олардың Абай заманындағыдан да сұрқияланып, арсынданып алғаны белгілі. Қысқасы, адал еңбек аяққа басылып, арам «еңбектің » мейманасы асып- тасып тұрған қалпы бар. Бірақ арам еңбек құлдардың Абай айтқан жамандығы, ақыл-санасының аздығы сол – олар арамдықтың, қулық-сұмдықтығ ақыры әшкереленетінін, жазаға тартылатынын, мың күн сынбаған шөлмектің бір сәтті күні сынып, әділдікке де кезек келетінін ойламайды. Ондай құлқын құлдары, кресло мен лауазым құлдары бүгінгі қарын тоқтығын ғана ойлап, ертеңгі келер күнде жұмысы болмайды. Бүгін қолынан ешкім қақпаса, мәңгі солай бола беретіндей көрінеді. Профессор Д.Кішібеков өзінің «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған мақаласында Абайдың «Көпте ақыл жоқ» деген әйгілі философиялық тұжырымына тамаша талдау жасаған; «халық қашан да дана», «тарихты халық жасайды» деген жайдақ жалпылама пікірлердің тасасында қалмай, Абай сөзінің дұрыстығын дәлелдеп шыққан. Көнте ақыл жоқ екенін Абайдан бұрын батылы барып ешбір философ айтқан емес. Ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та жөнге сал! –деп төбеден қос қолдап ұрғандай, шапалақпен жақтан тартып жібергендей етіп турасын ашық айтып салады. Бұл көпке топырақ шашқандық емес. Бұл – тарихи аса маңызды тұжырым, асқан даналықпен айтылған аттылған философиялық толғам, өткір қанатты сөз. Бұл сөздің мәнін әлі де аша түскен мақұл. Себебі халық дана деген осы күнге дейін айтылып келген жалпақтау сөз сол халықтың өзін адастырып келді. Абайсыз қазақ мәдениеті, философиясы туралы сөз айтуы мүмкін емес. Сондықтан Абайды тану қазақты тану деген проблеманы өте тығыз байланысты. Араларында 25 ғасыр жатқанымен, Анахарис пен Абай дүниетанымында ұқсастық бар. Бұл ұқсастықтың мәні екеуінің де күдік философиясына жақындығы. Анархистің күдік қатарына жататынындығын айттық. Ал, Абайға келсек, ол ешқащанда ғылым, болмыс, адам туралы айқын ұғымға жеңіл айтып «көмсінбеген». Оның әсіресе жауаптан сұрағы көп. Ол ақылға сын айтқан ақылдың мөлшерін біле білген. Егер де ақыл өлшеулі болып, ол арқылы ғалымды тану мүмкін болмаса еді. Бұл күдік философиясы. Бірақ, бұл әншейін күдік бір нәрсе емес. Тек ақылды жан ғана ақылдың шегін сезіне алады. Сақ ойшылы Анархис те қазақ ойшылы Абайдың философиясы үндесуі осында жатыр. Абайдың философиясын тану, бүкіл қазақтың философиясын тану. |Әл-Фарабидің «қайрат», «ақыл» және «жүрек» жайындағы философиялық | |ой-пікірлерін Абай өзінің «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңіндеде әрі | |ойшыл-кемеңгер, әрі аса дарынды сөз зергері ретінде оқырманға зор | |шеберлікпен жеткізген. | |Ислам дәуірі әдебиеті мен қазақ ақын-жыраулары поэзиясы арасындағы | |көркемдік дәстүр жалғастығын сөз еткенде, мықтап ескеретін бір жәйт бар. | |Кез келген халық әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы сол қоғамдағы тарихи | |жалғастықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал тарихи жалғастық | |дегеніміздің өзі, ең алдымен, ақыл-парасат жалғастығы екені белгілі. | |Мәселен, Әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік-этикалық ой-тұжырымдары | |өзінен кейінгі дәуірлердегі ойшыл қаламгерлердің шығармаларынан өзінің | |дәстүрлі жалғастығын тапты. Мәселен, Әл-Фараби өзінің «Интеллект | |(сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде адамның ақыл-парасат| |мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны «потенциалды интеллект», | |«актуальды интеллект», «жүре келе дарыған интеллект», «әрекетшіл | |интеллект» сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. | |Әл-Фараби «жүре келе дарыған интеллект» туралы айта келіп, адам туғаннан | |ақылды, білімді болып тумайтынын, интеллектің өзі жүре келе, естіп, көріп| |барып қана дамитынын ескертеді.Сондай-ақ Әл-Фарабидің «Мемлекеттік | |қайраткерлердің нақыл сөздері» атты еңбегінде адам бойындағы жақсы және | |жаман қасиеттердің бәрі жаратылысынан емес, жүре келе, өзін қоршаған | |қоғам өміріне сәйкес өзгеріп отыратынын айта келіп, төмендегідей тұжырым | |жасайды: «Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, | |қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан | |дарымайды. Бірақ қайырымдылықпен немесе жаман қылықпен (байланысты) күйге| |жаратылысынан бейім болуы мүмкін, оған қандай да болсын басқа | |әрекеттерден гөрі әлгі (күйден) туатын әрекеттерді істеу оңайырақ | |болады... | |Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа | |сыймайтыны сияқты, қайырымдылықтың, этикалық және интеллектуалдық бәріне | |жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мүмкін | |емес». | |Әл-Фарабидің интеллект жөніндегі осы философиялық ой-тұжырымын араға | |тоғыз ғасырдай уақыт салып барып, қазақ қауымының жаңа тарихи жағдайында | |Абай Құнанбаев зор білгірлікпен жалғастыра түскен сияқты. Абай өзінің «Он| |тоғызыншы сөзінде»: | |«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып | |ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені | |көп болған адам білімді болады. Естілердің сөздерін естіп жүрген кісі өзі| |де есті болады. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, | |жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады», - | |деп жазады. | |Сондай-ақ Әл-Фарабидің ғылым-білімді меңгерудегі интеллект рөлі жайындағы| |философиялық тұжырымын Абай өзінің «Он тоғызыншы сөзінде» мейлінше | |айқындай түскен. Абай өз ойын: «ғылым-білімді әуел бастан бала өзі | |ізденіп таппайды. | |Басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі | |іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік | |болса, сонда ғана оның аты адам болады», - деп тұжырымдайды. Әл-Фараби | |өзінің жоғарыда аталған еңбегінде «жан қуаты» жөнінде қолданған ұғымдар | |мен термин сөздер сол қалпында Абай қара сөздерінде (7, 17, 27, 38, | |43-сөздер) қайталануы кездейсоқ құбылыс емес. | |Әл-Фараби: «Ақыл-парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен | |өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін | |күш» деп көрсетеді. | |Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты | |философиялық трактатында «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға | |түсінік бере келіп: «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа | |мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның | |үстемдігі бірінші емес», -дейді. | |Әл-Фарабидің «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» жөніндегі осы философиялық | |тұжырымы Абайдың «Он жетінші сөзінде» өзінің логикалық жалғасын тапқан | |сияқты. Абайдың осы сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы| |өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда| |«ғылым» бұл үшеуіңнің де айтқандарың рас, үшеуің де қажетсің: «Ей, | |Қайрат, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай | |қаталдығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты | |берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман», - депті.| |Бұдан кейін «ғылым» өз шешімін «Ақылға» айтыпты: «Жаратқан тәңіріні де | |сен танытасың. Жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен | |тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шьғады. | |Жақсының, жаманның-екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуініңіз | |дегенін тауып беріп жүресің, соның жаман»,-депті. Бұдан кейін Абай осы үш| |категория жайында түйін жасап, Әл-Фарабидің жоғарыда айтылған пікірін өз | |оқырманының ұғымына лайықтап жеткізеді. | |Абай «Осы үшеуің басынды қос, бәрін де «Жүрекке» билет, - деп ұқтырып | |айтушының аты «ғылым» екен. - Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай | |табыссаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің| |ала болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза | |сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы», - | |депті деген қорытындыға келеді. | |Әл-Фарабидің «қайрат», «ақыл» және «жүрек» жайындағы философиялық | |ой-пікірлерін Абай өзінің «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңіндедеәрі | |ойшыл-кемеңгер, әрі аса дарынды сөз зергері ретінде оқырманға зор | |шеберлікпен жеткізген. | | | |Абай ақыл мен қайраттың иесі болған адамды «жарты адам» дейді. Өйткені | |ондай адам тек «суық ақыл» мен «жүгенсіз қайраттың» ғана өкілі болып | |табылады. Ал бойына осы екі қасиетпен қоса-қабат әділет-шапқат (жүрек) | |біткен адам ғана «толық адам», яғни ол енді «нұрлы ақылдың» өкілі деп | |танылады. Сөйтіп, Абайдың «нұрлы ақыл» жайындағы тұжырымының | |қайнар-бастаулары Әл-Фарабидің интеллект туралы ілімінде жатқанын аңғару | |қиын емес. | |Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарастарын білдіретін зерттеулері де | |баршылық. Олар: «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік | |қайраткерлердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жолында» деп аталатын | |ғылыми еңбектері. Әл-Фараби өз зерттеулерінде этика, мораль мәселелеріне | |ерекше назар аударып отырған. | |Этиканың зерттеу объектісі - мораль, мінез-құлық, әдептілік нормалары | |екенін жан-жақты дәлелдеген. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, этиканың ең | |жоғары категориясы бақыт болып табылады. Сондай-ақ ол адам бойындағы | |ақыл-парасатты этикалық-адамгершілік қасиеттерден бөліп қарауға болмайды | |дегендей пікір айтады. | |Ақыл мен адамгершілік, қайырымдылық өзара табиғи түрде байланысып жатқан | |құбылыстар екенін түсіндіреді. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, адам өзінің | |мінез-құлқын жетілдіре түсу үшін, ең алдымен, ол өзіне-өзі мейлінше адал | |болуы тиіс. Сонда ғана адам өз бойындағы ізгілікті қасиеттерді барынша | |жетілдіре түсуге мүмкіндік алады. Әл-Фараби «қандай шебер әдістің | |жәрдемімен жақсы мінез-құлыққа жететінімізді қарастыруымыз керек» дей | |келіп, әзіл мен күлкі сияқты құбылыстарға моральдық-этикалық тұрғыдан | |баға береді. | |Қоғамдағы әрбір құбылыс шектен шығып кеткен жағдайда адамға теріс әсер | |ететіні сияқты адамның мінез-құлқындағы шамадан асып кеткен көріністер де| |ізгі қасиеттерге кері ықпалын тигізеді. Осы пікірін түйіндей келіп, | |Фараби: «әзілқойлық-әзілді шектен тыс қолданудан болады. | |Ал әзілдеу оңай болғандықтан, біз соған бейім бола бастаймыз. Енді бізге | |қалғаны бір шеткеріліктен екінші шеткерілікке немесе орташа мөлшерге | |ауысуды жеңілдету үшін қандай амалдар бар екенін білу» деп жазады. | |Әл-Фарабидің осы моральдық-этикалық тұжырымын Абай өзінің «Төртінші | |сөзінде»жалғастыр атүседі: «Күлкіге салынған кісі не шаруадан, не | |ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса | |керек»... | |Әл–Фараби мен Абай арасындағы даналық ой-пікір сабақтастығы жайындағы | |нақты деректер осылайша өз жалғасын табады. | Әдістемелік нұсқау: Абай философиясына байланысты мақала, зерттеулерді қарастыру. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. С.Мұқанов «Таңдамалы шығармалар» 16-том жарқын жұлдыздар Алматы, 1980 жыл 2. Абай «Екі томдық шығармалар жинағы» Алматы «Жазушы»1986 ж. №6 тәжірибелік сабақ Абай өз заманның жыршысы Сабақтың мақсаты: Ғалымдардың зерттеуіндегі ең өзекті тақырып – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білім беру. Жай ғана білім беру емес кеңейтілген, дамытылған жүйедегі Абай шығармашылығын зерттеген тұңғыш еңбектің мән-жайын ашып түсіндіру. Сабақтың жоспары: 1. Абай өз заманының жыршысы 2. Абай поэзиясындағы ащы сын, болыс-билердің сатиралық образы Ең алдымен 1909 жылы Петербугте басылып шыққан «Қазақ ақыны Ибраhим Құнанбай ұлының өлеңдері» жинағына және Кәкітай Ысқақұлының «Абай (Ибраhим) Құнанбайұлының өмірі» атты мақаласына айрықша тоқтау қажет. 1909 жылғы жиақ Абай өнерінің бүкіл Қазақстан көлеміне жайылуына жағдай жасаса, 1933 жылы М.Әуезов құрастырған бір томдық Абайдың өнерпаздық өсу жолын аңғартуға, ғылыми жүйемен зерттеуге негіз болды. Абайдың өмірі мен творчествосының қыры мен сыры түгел аян. Зерттеу еңбектері, әсіресе, кемеңгер жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» эпоеясы ұлы дарынның қадір – қасиетін қалың жұртшылыққа әбден танытты. Біз осы ұлы істің ең арғы бастауын сөз қылған уақытта кейбір қайталауға тура келетінін сезсек те, қазақ әдебиет сынының туу мәселесі тұрғысынан кейбір мәселелерді айтпай өту мүмкін еместігін ескердік. Өйткені Кәкітайдың мақаласы Абай өмірі мен творчествосының қазіргі уақытта кеңейтіле, дамытыла айтылып жүретін жайларын едәуір қамтыған тұңғыш еңбек екенін айрықша ескерту қажет. Бұл жөнінде М.Әуезов Абай шығармаларының 1909 жылдан кейінгі (1933 жылға дейінгі) баспаларының қате – кемшілігін сынай келіп, «соңғы баспалар Абайдың өмірбаянына да Кәкітай жазған сөз, деректерден басқа ешбір тың жаңалықтар қосқан жоқ-ты. Сондықтан Абайдың баспаға шығуында тарихтық, бірінші зор еңбек етуші Кәкітай» деп баға берген болатын. Кәкітайдың осы еңбегін С.Мұқанов та зор ілтипатпен айтады. Кәкітай Ысқақов өзінің осы мақаласында негізінен үш мәселені баяндауды мақсат еткен. Бірінші – Абайдың ата-тегі және оның Абайдың ақындық өнеріне жасаған әсері, екінші – Абайдың әлеуметтік өмірі, үшінші – кемеңгер ақын творчествосының негізгі идеялық – эстетикалық арнасы. Бұлармен қатар сөз арасында естелік сипатында айтылатын деректер де бірқыдыру. Абай 15 жасынан бастап әкесіне үлкен қолғабыс тигізе бастаған. 20 жасында Абай халық ортасында маңдай, бас шешен болды... халық жайынан бұрынғы әдетті, ғұрыпты, ескі белгілі билердің қилы іс туралы қылатұғын биліктерін көп білген. Өзінің зейіні артық болған соң кәрі мақалаларды, неше түрлі қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелерді бірін ұмытпай біліп алған. Қазақтың ескі заманы болса бұрынғы қазақтың атақты биінің бірі болмағы анық еді. Кәкітай мақаласының шоқтығын көтеретін мәселелер – Абайдың қоғамдық өмірі мен өнерпаздығына объективті талдау жасауға талаптанған бөлімдері. Кәкітай мақаласында Абайдың 1845 жылы туып, 1904 жылы 23 маусымда дүние салуын, Ахмет Риза медресесінде жүргенде приходская школада 3 ай орысша оқып, 15 жасынан ел ісіне араласуын, қысқасы бүгінде бүкіл халыққа бүге – шігесіне дейін белгілі Абай өмірінің белеңді – белеңді кезеңдерін баяндауы тарих үшін айрықша бағалы деректер болады. «Бұл жөнінде қазақ мәдениет тарихында, Абай мұрасына ерекше еңбек сіңірген, Абай өзі тәрбиелеп баулыған, жас жұртшылықтың көрнекті өкілі болған – Кәкітай Ысқақұлының еңбегін айрықша айту керек» (20-том, 16) деген М.Әуезов пікіріне қосылмасқа болмайды. Абайдың жер аударылып келген Е.П.Михаэлис, С.Гросспен таныс болғандығына айрықша мән береді. Егер олармен таныспаса «Абай әлде бойына біткен өнерін жарыққа шығарып білдірмей кетуге де болатұғын еді» дей келіп, олардан алған үлгі - өнегенің арнасын баяндайды. «Абайдың ғылымға бетін түзеп жібермекке осы кісілер үлкен себеп болған. Абайды орыстың белгілі жазушылары Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Тургенев, Салтыков, Достоевский, Белинский, Добролюбов, Писарев деген кісілердің шығарған кітаптарымен таныс қылған. Абай өле - өлгенше: менің Әкемнен артық жанашырлық қылып, дүниеге көзімді ашқан Михаэлис деп атап отырушы еді. Кәкітайдың мақаласы Абай жинағында 1909 жылы жарияланса да, одан әлдеқайда ерте жазылған. Абай дүние салғаннан кейін Кәкітай Абайдың өлеңін жинап, кітап етіп бастыру қамына кіріседі. Мақал 1904 жылдң екінші жартысы мен 1905 жылдың алғашқы айларында жазылып, даяр болғаны күмән тудырмайды. Өйткені бұл мақала 1905 жылы 27 тамызда Орыстың императорлық география қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне келіп түскен. («Записки...» 1907, 4 және 9-бет). Оны орыс тіліне Ә.Бөкейханов аударып, «Абай (Ибраhим) Құнанбаев (некролог)» деп өзінің атынан 1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде, содан кейін «Запискийдің» 1907 жылғы басылымында жарияланған. Мақаланынң ең соңында Абайдың өміріне байланысты деректерді Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаевтан алдым деп ескерту жасалған. Біз осы мақаланың авторы орысша және қазақша текстерін салыстырған уақытта болмашы ғана өзгерістері барын көрдік. Орысшасы қазақшасынан бұрын шыққан. Демек, бұл мақаланың авторы кім деген мәселе жауапсыз қалмауға тиіс. Мүмкін, Кәкітай орысшадан аударып алған шығар, әлде Бөкейханов Абайдың өмірбаянының деректерін Кәкітай берді дегенді айтып, өзі жазған болар, не Кәкітай мақаласын аударып қана шыққаны автор болуға негіз деп есептеген шығар. Қалай болғанда бүкіл қазақ әдебиеттануында, әсіресе Абайтануда сүбелі орын бар дүниенің ақиқатына жетуге тиіспіз. Өйткені Қазан төңкерісіне дейін Абай жайында жарияланған орысша, қазақша мақалалардың бәрінде де осы «Запискиде» шыққан мақалаға меңзеу жасалады. Соңғы кезде, яғни «Жұлдыз» журналының 1991 жылғы 9 санында орысшадан аударылып жарияланды. Сонда мақаланың шын авторы кім? Деген сауал өзінен - өзі туындайды. Культ заманында жазылған еңбектердің бірде – бірінде бұл мақаланың атын атамақ түгіл, шын сырын анықтауға ешбір зерттеуші назар аудармады. Қ.Жұмалиев «1907 – 1909 жылдар Кәкітай Ысқақұлының әуелі орысша, артынан қазақшаға «Абай Құнанбайұлының өлеңдері» деген кітапта Абайдың өмірбаяны басылды» деп хабарлағанына қарағанда бір шикіліктің барлығын сезгенде де, Әлихан атымен жүрген мақаланың мән – жайын айқындауға жүрегі дауаламаған. Ол кезде осылай етуге мәжбүр еткені белгілі, алайда Абайдың кеңес заманына дейін танылуы, даңқы жайылуы, насихатталуы жайындағы мәселені енді айқындау шарт. Кеңес заманында қалыптасқан орынсыз қауіптену мен күдіктенушіліктің зияны қаншама мол болғандығы осы мақаланың авторын айқындау барысында айқынырақ көрінуге тиіс. «Семипалатинский листок» пен «Запискиде» жарияланған мақаланы қазақшаға Т.Жұртбаев аударып, «Жұлдыз» журналының 1991 жылғы 9 санында жариялады, авторы - Ә.Бөкейханов. «Сын сапары» (1971) моногрфиямызда және жоғарғыдағы талдауларда мақаланың авторы Кәкітай Ысқақұлы екеніне шүбә келтірмедік. Оны дәлелдер материялдарды түгел есепке алу керек. 1903 жылы П.П.Семенов пен В.И.Ламанскийдің басқаруымен «Россия. Полное географическое описание нашего отечества. Настольная и дорожная книга для русских людей» деген жалпы атаумен шыққан еңбектің 18 томы түгелдей қазақ өлкесіне арналды. Оның «халқы» дейтйін екінші бөлімінің төртінші тарауы «Историческая судьба Киргизского края и культурные его успехи» деп аталады. Бұл тараудың авторлары – А.Н.Седельников, А.Н.Бөкейханов пен С.Д.Чазов. Ал бесінші – «распределение население Киргизского по территории, его этнографический состав, быт и культура» деген тараудың авторы жалғыз А.Н.Седельников. Әдебиетке, әсіресе Абайға байланысты пікір осы тарауда айтылғандықтан Ә.Бөкейхановтың қатынасы болуы қай дәрежеде екенін аңғаруға тиіспіз. 1909 жылы Уфа қаласындағы «Шарық» баспасында Омбы қазағы Зейнелғабиден бин Ялкаж Мұқмырак Әлжауари құрастырған «Насихат қазақия» атты кітаптың «Әдебиет қазақия, яки қазақтың тіл өнері» деген бөлімінде «сөзге ұсталық әр халықта мақтаулы болған сықылды, өлеңшілік те құрметсіз, қадірсіз емес. Ғараптардың Лібиі, русларының Пушкині қияметкеше халық тілінде сөйленіп, тарихта жазылды... Басқа халықта болған сықылды қазақтарда да бар... Осы ретте, татар, башқұрт ақын – жазушыларының Абай жайында айтқан пікірлерін зор ілтипатпен атау парыз. Татар ғалымы, Филология ғылымының докторы Хатип Усманов өзінің «Егіз жырлар» атты мақаласында башқұрт ақыны Шаихзада Бабич 1913 «Мен Құнанбаев жырларын керім әсемдікті, абзал сұлулықты көрем де, рақат сезімге бөленем, мен оның орнын татар ақыны Тоқай мен араб ақыны Имраилькаис тұрған биікке апарып қойдым» деп жазған екен. Абай өнерпаздығының танылуы мен даңқының жайылуында айрықша атап өтетін жыл – 1914 жыл. Данышпан ақынның тұңғыш жинағының қазақ еліне кең таралуына және дүние салғанына 10 жыл толуына байланысты газет – журналдарда бірқыдыру мақалалар жарияланды. Сөйтіп Абай творчествосы және оның өнегелі өмірі қазан төңкерісіне дейін орыс, қазақ тілінде жарияланған арнайы мақалалар мен еңбектер арқылы қазақ еліне жария болды. Осы негізгі арнаға жанама сопақтар - әлеуметтік, қоғамдық, шаруашылық, оқу – ағарту мәселелеріне арналған еңбектерде Абай өлеңдерін цитатқа алу және ұлы ақынға арнап өлең шығару жолдарыд да тоғысып жатты. Әдістемелік нұсқау: Абай шығармаларын талдау, мақала, ғылыми еңбектерге шолу жасау. Пайдаланылған әдебиеттер: 3. С.Мұқанов «Таңдамалы шығармалар» 16-том жарқын жұлдыздар Алматы, 1980 жыл 4. Абай «Екі томдық шығармалар жинағы» Алматы «Жазушы»1986 ж. №7 тәжірибелік сабақ Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы №8 тәжірибелік сабақ. Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдеріндегі қазақ аулының көрінісі Сабақтың мақсаты: Абайдың табиғат тақырыбына арналған өлеңдерінің мәнін ашып, мазмұнын түсіну. Өлеңдері арқылы Абайдың қазақ поэзиясына әкелген жаңалықтарын талдау. Сабақтың жоспары: 1.Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдеріндегі қазақ ауылының көрінісі. 2.Көшпелі елдің табиғатқа тәуелділігі Абайдың табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі де жан-дүниесі де терең ашылған. Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты, күзді, көктем мен жаздың қайталанбас, соны бояуларымен бейнелеп берді. Туған ел табиғатын сипаттауда оның суреткерлік шеберлігі айқын аңғарылады. Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы, мекен-жайы ретінде ала отырып, әлеуметтік өмірі мен қазақ халқының көшпелі тұрымысмен тығыз байланыстыра көрсетеді. «Күз» атты өлеңінде ақын жылдың төрт мезгілін суреттейтін басқа өлеңдеріндегідей үлкен суреткерлік шеберлік таныта отырып, табиғат көріністеріне жанастыра ауылдың күнделікті машықты өмір тұрмысын мейлінше қарапайым нақтылы түрде, ешқандай көрікте, әдейі әсірелеусіз сипаттайды. Аспанды қаптаған сұр бұлтты, жерді басқан дымқыл тұманды, жапырағы түскен ағашты, сарғайып тозған күзеуді суреттеу арқылы көшпелі ауыл тіршілік ететін табиғи ортаны, айналаны нақтылы қалпында айқын көзге елестетеді. Ойнақтаған жылқылар, үйірінен қашып, оқшауланған биелер, жарыса шапқылаған тайлар – бұлар да мал баққан елдің өмір-тұрмысының айнымас, әрқашанда қосақталып жүретін белгі нышандары десек болады. Өлеңді түгелдей алып қарасақ, онда табиғат көріністерін гөрі көшпелі елдің тұрмысын тіршілік әрекетін бейнелеу жағы басымырақ екенін мойындауға тура келеді. Дәл тауып айтпай берілген нақтылы күнкөріс әрекеттері-қазақтардың теріні малмаға салып, иін қандырып алып илейтіні, қыс бойы қорек ететін астықты күзде түйемен барып басқа жақтан әкелетіні, киіз үйдің іші ыс болады деп күзгі суықта от жақпай отыратыны, әйелдердің түйенің шудасынан жіп иіріп жыртылған жерін жамайтыны бәрі де көшпелі елдің дағдылы тіршілігін, тұрмыс-жағдайын, әдет-салтын анық аңдатады. Мал бағумен күн көрген елдің өмірге бейімділігі тіршілікке икемділігі, ептілігі де байқалмай қалмайды. Қара суыққа тоңып дірдектеген балалар мен кемпір-шалдар сиқы күзгі табиғаттың жабырқаңқы түріне толық сәйкес келеді. Ақынның «Жазғытұры» дейтін өлеңіндегі шұғылалы сәулесін шашқан күнді жарық айда жымыңдасқан жұлдыздарды қызықтау, шат жарқын көңілді адамдар бейнесін алға тарту, табиғатты көтеріңкі леппен суреттеуі мұнда жоқ. Бұл өлеңде: Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш-қурай,- деп ағаш пен қурайдың кемпір-шалмен салыстыратыны көңіл қоярлық. Бұл ббүрісп үриген кемпір-шалдың мүшкіл халіне оқырманның аяныштылық сезімін күшейте түседі. Өлеңде тек кедей, жоқ-жітік адамдардың хал-жайы айтылатыны тегін емес. Ол көшпелі елдің тұрмыс- тіршілігі күз түскенде қиындайтынын нанымды етіп көрсету үшін қажет. Өлеңнің осындай мазмұны оның сарынаына әсер ететінін мойындасақ иа, бірақ бұдан ақынның көңіл күйі де сондай жабыңқы демесек керек. «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңінде табиғат көрінісі жоққа тән, ақын жылдың осы мерзімі мал баққан елдің тұрмысына, әсіресе кедейлердің өміріне қаншалық ауыртпалық әкелетінін сипаттап береді: Кедейдің өзі жүрер малды бағып, Отыруға отын жоқ үзбей жағып. Тоңған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып. Жас балаға от та жоқ тұрған маздап, Талтайып қақтана алмай, өле жаздап, Кемпір – шалы бар болса, қандай қиын, Бір жағынан қысқанда жел де аздап. Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі, Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі? Қара қидан қап ұрыспай берсе, Ол да қылған кедейге үлкен сыйы. Көшпелі елдің тіршілігін, күн көрінісін айрықша жан ашырлық сезіммен суреттеген осы өлең шумақтарында сирек кездесетін байқағыштық, шыншылдық бар екенін қанша айтса да артық емес. Сонымен қатар, кедейдің тұрмысының ауыр екенін жас балалардың аянышты халін бейнелеу арқылы кқрсетуі ерекше әсерлі. «Қыс» атты өлеңінде Абай жылдың осы мезгілін мейірімсіз, түсі сұсты, қатал, кәрі құданың кейпінде сипаттайды. Бұл тәсіл ақынға қыстың көшпелі тұрмыс кешкен қазақ елінің өміріндегі ең бір ауыр, жайсыз кез болғанын неғұрлым айқындап, әсерлі етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр-мылқай танымас тірі жанды. Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық. Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып, ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сілкісе, қар жауып, мазаңды алды. Қысты осылай кәрі шалдың кейпінде бейнелеу қазақ поэзиясында бұрын болмаған мүлде тың, жаңа көркемдік тәсіл. Орыс мәдениетінің ықпалымен қазақ өміріне кейін кірген жаңа жылда келетін Аяз атадан Абайдың кәрі құдасы басқарақ. Өйткені ол –қаһарлы кәрі шал. Қыстың бар ызғарын бойына жиып алғандай осы кәрі құданың бейнесі көркемдік қиялдың жемісі десек те, оның қыс мезгілін көзге айқын елестетерлік мәні де зор екенін мойындаған жөн. «Жазғытұры» өлеңінде негізгі сарын – сахара табиғатының көркін сипаттай отырып, қазақ халқының көшпелі өмір тұрмысын реалистік шынайылықпен нақтылы бейнелеу. Сонымен қатар бұл өлеңде табиғат көрікн, сұлулығын асқақ шабытты суреткердің көзімен қарап тамашалау, тамсану пафосы да ерекше күшті. Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі. Осы бастапқы шумақтан-ақ ақын адам өмірі мен табиғат құбылыстарының арасындағы жалғастық – үндестікті бар жанымен сезінетінін айқын аңғаруға болады. Мал баққан елдің қаркетін, тұрмыс-жайын, жазды жадырап, қуана қарсы алғанын көрсететін нақтылы суреттемелерде табиғат көркін, малды, құсты мейлінше шынайы бейнелеген тұстарда өлеңнің жаңағы айтылған өзгешелігі бірте-бірте толығып, табиғат аясында отырған елдің тұтас бір өмір көрінісі алдымызға тартылғандай болады. Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынысты, Құмары екеуінің сондай күшті. Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай, Біреуіне біреуі қосылыспай. Көңілі күн лебіне тойғаннан соң, Жер толықсып түрленер тоты құстай. Мұндағы күннің балама бейнесі қазақ қауымында әбден қалыптасқан қалыңдығын айттырып қойып, арада бірнеше ай өткізіп, сағындырып келетін күйеудің тұлғасын айқын елестетеді. Жұлдыз бен айың бейнелері де қыз айттыру, келін түсіру ғұрпына орайлас беріледі. Жылы жел де күйеу мен қалыңдықтың үйлену тойы болатынын айтып, ауыл-ауылды аралап, шапқылап жүрген хабаршы бейнесінде көрінеді. Осының бәрі қазақ елінің өмір салты, әдет-ғұрпына жанасымды жасалған көркемдік салыстырулар. «Жаз»- бұл шығарманың көркемдік сапасын өте жоғары бағалаған Ілияс Жансүгіров от туралы айта келіп, былай деп жазды: «Абайдың жыры ырғақ, музыка, дыбыс құрылысы жағынан төгіліп кетеді. Абайдың бұл өлеңіндегі бұл өлеңіндегі бір ақындық өзгешелігі – ол өлең ұйқасындағы етістіктердің сайдың тасындай ірі, қимылды,қозғалысты көрсетуге жандылығы». Өлеңнің бастапқы жолдарында ауылдың жаңа қонысқа, ажзғы жайлауға көшіп келгені айтылады. Бұл өлеңнің бастамасы, кіріспесі ған болса да, ақын тек ауылдың орнаған мекен- жайын ғана баяндап отырса да, мұнда да қимыл-әрекет жоқ емес. Ауылдың көшуін болған, аяқталған оқиға деп санасақ, өзенді күркіреп жатқан деп бейнелуі бұл толассыз тынымыз болып жатқан қимыл- әрекетті көрсетеді. Жаздыгүнгі жайлаудағы қазақ өмір-тұрмысын суреттегенде Абай жаздың келуі мал бағумен күнелткен «жаз-жазыл, қыс –қысыл» дейтін көшпелі елге көп жеңілдік, қуаныш-қызық әкелгендей көрінетінін байқатады. Ақынның әр сөзі, сипаттамасы дала жазының осындай көркем бейнесін көрсетуге лайық, орайлы алынған. Ұзарып өсіп, толған жасыл шөп, бәйшешек гүлдер де, күркіреп жатқан өзен де осы тұрғыдан қарағанда бірден-бір қажетті белгілер. Әдістемелік нұсқау: З.Ахметовтың зерттеулерінен және мезгіл басылымдарынан қарау. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» Алматы: Ана тілі 1995ж 2.Абай энциклопедиясы.- Алматы. Атамұра, 1995 ж № 9 тәжірибелік сабақ . Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы Сабақтың мақсаты: махаббат лирикасын оқыта отырып жастарды адал сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. . Сабақтың жоспары: 3. Абайдың махаббат лириксы 4. Қазақ жастарына адал сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны. Махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан, көркемдік сипат өзгешелігі жағынан да сан алуан. «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», «Ғашықтық құмарлықпен ол екі жол» таза махаббат сезімдерін қастерлейтін өлеңдер болса, «Мен сәлем жазамын»- ғашығына деген сағыныш сезіміне толы мұңды өлең. Ал «Қор болды жаным» тіпті сағынышты, зарлы өлеңдеуге де лайық, бірақ қайғы мен үміт аралас келеді. Мұны өлеңнің соңғы шумағынан әсіресе айқын байқаймыз: Бұл қылған зарым Барса жардың маңына, Ол - қылған дәрім Ғашығымның жанына, Ойландырып ойды, Түзетпейме бойды? Мұңды сарынды мазмұн-мағынасы да, құрылыс-қалпы да айрықша күрделі өлеңінен- «Сен мені не етесің?». Ол ғашық жарға арналып айтылған, сезім иірімдері мол, нағыз психологиялық монолог түрінде құрылған. өлеңде ғашығын сарғая күткен жігіттің аласұрған жүрегінің толқыны, сүйгеніне жалынып- жалбыранған, күдіктенген, күдер үзген сезім күйі - әр сөздің айтылуынан да өлең тармақтарының құбылмалы өрнекті ырғағынан да сезіліп тұрғандай. Абай «Ғашықтық, құштарлық пен – ол екі жол» деген өлеңінде: Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, Мен не болсам болайын сен аман бол,- десе «Сен мені не етесің » деген өлеңінде: Серт бұзғанның,біл, орны – шоқ,-дейді. Алдыңғы өлеңінде мейірімділік, кешірімділік сарыны басым келсе, екінші өлеңінде сөзінде тұрмаған жар жазалы болады, о дүниеде қасірет шегеді дейді. Мұны ақынның екі өлеңіндегі екі түрлі көркемдік шешім тапқаны лайық. Біріншісінде ақын адал сезім білдіргендей болса, екінші өлеңінде ғашық жігіттің сүйгеніне мені тастап мүлде кетер болсаң, кейін осындайға душар боласың деп айтқаны байқалады. «Сен мені не етесің» өлеңіндегі әр шумағы ұзынды-қысқалы 14 тармақтан құралатын бұл өлшемді Абай өзі де басқа өлеңдерінде қолданбайды. Жастардың көпшіліктің айтуына лайықтап, жазған өлеңдерін ақын кең тараған 7-8 буынды, немесе 6 буынды өлшеммен шығарған. Олар - әнге салып айтылатын «Айттым сәлем, қаламқас», «Көзімнің қарасы» өлеңдері. «Жігіт сөзі» мен «Қыз сөзі» бір-біріне жалғас жазылғаны, бұларды қатарынан қоса алып қарастыру лайық екені осы өлеңдерінің мазхмұнынан анық аңғарылады. «Жігіт сөзі» ғашық қызға арнап айтылған сәлем хат түріндегі өлең болса, «Қыз сөзі» соған жауап өлең екені анық. Махаббат лирикасының ең таңдаулыларының бірі – «Көзімнің қарасы» үнемі әнге салып айтылып жүретін, халық арасында кең тараған өлең. Осы баршаға мәлім көпшілік аузынан түсірмей айтып жүретін өлеңнің жанрлық түрі жағынан ерекшелігі қандай десек, оны бір сөзбен қырынан ғана келіп айта салу жеткіліксіз болар еді. Неге десеңіз бұл өлеңнің өзіндік өзгешелігі мол. Ғашығына ынтызарлығын, махаббат сезімін тебіреніп айтуы, қыздың сұлулығын, жарасымды мінезін көркемдеп бейнелеуі жағынан оның сәлем хат түріндегі өлеңге жақын келетін тұстары аз емес. Қара көз, имек қас, Қараса жан тоймас. Аузың бал қызыл гүл, Ақ тісің кір шалмас. Қыр мұрын, қыпша бел Солқылдар, соқса жел. Ақ етің үлбіреп өзгеше біткен гүл. Мұхтар Әуезов «Көзімнің қарасы» қазақтың шешен тілімен шеберлеп айтқан сезімдерді көрсетеді,-деп жазды,-сонымен қатар Шығы поэзиясында Навон, Физули лирикасында көо орына алған үлгілердің әсері де жоқ емес. Мұнда жастар махаббатының нақтылы шындығынан гөрі сұлудың көркін мадақтау көп. «Қызарып, сұрланып» өлеңінде екі ғашықтың оңаша кездескен шағын автор сирек ұшырасатын суреткерлікпен бейнелеп, жастардың жан сезімін , ішкі тебіренісін, психологиялық күйін олардың қимыл-қозғалысын, тұрысып, жүректерінің лүпілін, көз-қарасының, қас-қабағының құбылуын нақтылап көрсету арқылы шебер бейнелейді. «Қызарып, сұрланып» - жазба поэзиясындағы таза сыршылдық лириканың озық үлгісі. өлеңде жастардың алғашқы махаббатына лайық шынайы ынтықтық, пәк сезімділік, әдептілік,сыпайылық, ұялшақтық-бәрі олардың қимыл- қозғалысы, бет пішінінің өзгеріп –құбылуы арқылы нақтылы сипат алып, ғашықтардың жолығып тұрған сәтін көзге айқын елестетін тұтас бір көрініс- сурет жасалған. «Есіңде бар ма жас күнің» дейтін өлеңінде де махаббат тақырыбын өтіп кеткен жас шағын еске ала отырып толғайды: Махаббат, қызық, мал мен бақ. Көрінуші еді досқа ортақ. Үміт жақын, көңіл ақ, Болар ма сондай қызық шақ? Құдай-ау, қайда сол жылдар?! Махаббат, қызық мол жылдар?! Ақырын, ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар. Өткенді бір сәт қызықтап,оны жылы сезіммен ойға алған ақын сол жылдардың қайта оралмайтынын «құрғырлар» деп жеңіл әзілмен айтады. өткенге өкініш білдіріп отырса да, мұңды сезімге бой алдырмай, көңілін тындыруға, жұбаныш етуге, төзімді болуға бейім екенін анық байқаймыз. «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында», «Асқа, тойға баратұғын» өлеңдерінде махаббат тақырыбы өзгеше қырынан баяндалған. Алғашқы өлеңінде халық арасында жиі кездесетін әйелді малға сату әдетін сынау үшін қыздың трагедиялық өлімі тек тілге тиек етілген, және бұл уақиға бұрынғы хандық дәуірде болған делінген. Жас қызды малға сату, шалға беру өтіп кеткен заманның ісі, қазіргі кездегі ұғым-түсінікке үйлеспейді деген ойын айқындап түсу үшін осы сюжетті өлеңнің беташары ретінде алған. Сонымен бірге осы сюжет арқылы, малы бар бай адам ғана емес, тіпті хан болса да, уәрі мен жастың арасында махаббат болмайды деген түйінді пікірін дәлелді етіп жеткізеді. Жас қыз бен оны мал беріп сатып алуға тырысатын кәр шалдың бейнесін бір-біріне қарама-қарсы қойып, шендестіру тәсілімен суреттеген өте әсерлі: Біреуі-көк балдырған, бірі-қурай, Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз. Қызды айтқанда Абай «ет жүрек», «жас жүрек» сияқты сипаттамаларды алса, шалды метонимия тәсілімен «қартайған қу сүйек» деп бейнелейді. Әдістемелік нұсқау: З.Ахметовтың зерттеулерінен және мезгіл басылымдарынан қарау. Пайдаланылған әдебиеттер: 2. С.Мұқанов «Таңдамалы шығармалар» 16-том жарқын жұлдыздар Алматы, 1980 жыл З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» Алматы: Ана тілі 1995 ж. №10 тәжірибелік сабақ. Абайдың эстет ақын Сабақтың мақсаты: Абайдың ақындық өнері мен дүниетанамындағы өзгерістер мен толысудың, іштей түлеп, рухани қорлаудағы эстетикалық тағлымның алатын орны жайлы кеңінен ашу. Сабақтың жоспары: 3. Абайдың эстетикалық тағлымы 4. Абайдың эстетикалық көзқарастары Абай – қазақ әдебиетінде сыншыл реализм әдісінің негізін қалаған дарын. Оның шығармалары жеке адамның қара басындағы кемшілікті әжуалаудан гөрі қоғамдық құрылыстың кем – кетігін сынау – мінеу дәрежесіне көтерілген. Дидактикалық, моралистік әуендерден гөрі Абай шығармаларында сатиралық шенеу басым. Сатираны өз өнерінің ең қуатты арнасына айналдырған Абай қоғамдық мәселеге сын көзімен қарап, өз үкімін шығарып отырды. Абайдың эстетикалық ойлары мен сыншылық пікірі алдымен өнер иесі – ақын, композиторлар кім, олардың қоғамдағы орны қандай деген түбегейлі мәселеден өрбіді. Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрмай зарлап, - деген уақытта Абай ең әуелі өнердің саудаға түспеуін, оны кәсіпке айналдырмау керектігін айрықша ескертеді. Абайдың өнерпаз жастарға айтқан ақылы – есіл өнерді қор қылмай, игі мақсатқа, халық қажетіне жұмсау ниетінен туған. Мұны ол өзінің үлгісімен де көрсетпек болды. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ – барды, ертеңгіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. – деп ашық айтып, өзінің негізгі эстетикалық идеалы : Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін жойып, көңілін ашпақ, - екенін халыққа да, оның тілеуін тілеген өнерпаз – дарындарға да жар салды. Демек, өнерді өнегелі іспен, әлеуметтік мәнмен, үлкен мақсат – арманмен сабақтастыру, оған қатаң эстетикалық талаптар қою – Абайдың сыншылық ойының өрелі биігі. Абай мақал – мәтелдердің мәніне айрықша назар аударып, өзінің сыни ой – пікірін білдіруден тартынған жоқ. Ол « Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа жарамайтұғыны да бар» деп білген. «Қалауын тапса, қар жанады», сұрауын тапса адам баласының бермейтіні жоқ деген – ең барып тұрған құдай ұрған сөз. « Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өткізгенше, малды не жерден, не терден сұрау керек қой» - дейді Абай. Сондай – ақ «Атың шықпаса жер өрте», «Алпыс күн атан болғанша, алты күн бура бол», «Алтын көрсе періште жолдан таяр» деген мақалдардың моральдық негізін әшкерелеп, өзінің сыншылық көзқарастарының әбден қалыптасқандығын, эстетикалық ойының өрелі биікке көтерілгендігін танытады. Қазақтың ұлы ағартушы – демократтарының сыншылық ой – пікірінен шола баяндаған уақытта үшеуіне тән ерекшелік анық бой көрсетеді. Қазақтың сыншылық ойының оянып, туа бастау шағында Шоқан, Ыбырай, Абай қоғамдық сананың үш мәнді саласы бойынша ой өрбітті. Сөйтіп, жаңа заман тудырған қазақтың үш данышпаны ғылыми, педагогикалық, эстетикалық тұрғыдан сыншылық өнердің қарлығашын ұшырып, мәнді өнеге көрсетті. Әдістемелік нұсқау: Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралауды нұсқадым. Сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты «Абай » журналының сандарын қарау. Әдебиеттер тізімі . Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР- ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б. 2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б. Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б. 3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б. №11 тәжірибелік сабақ. Абайдың табиғат, адам, өмір, өлім, құдай, дін жөніндегі өлеңдерін талдау. Сабақтың мақсаты: Абайдың философиялық көзқарастарын, дүниетанымдық ойларын өлеңдерінен оқи отырып, өмірлік қағида етіп қалыптастыруға жөн сілтеу.Абайдың айтқан пікірлерін өз саналарына түйіп, шығармашылығының бір қыры философиямен ұштасып жатқандығын меңгерту. Сабақтың жоспары: 1. Ақынның терең тебіреніске толы философиялық ой өрнектері. 2. Абайдың философиялық толғаулары. Абай шығармашылығының бір өзекті қыры-оның философиялық көзқарасы. Абайдың философиялық көзқарасы дегенде ең алдымен басын ашып алатын жайт сол, ол философиялық жүйе құрастырмаған, тіптен арнайы философиялық трактан жазбаған ойшыл. Абайды ақын деп сөзсіз мойындап отырғанымызбен, оның дүниетанымында сананың басым екенін айыру мүмкін емес. Абай өмірге бірде тек ақын көзімен, бірде тек ойшылдықпен қарамаған, оның дүниеге көзқарасы өзін қоршаған ортаны тұтас қабылдаудан туған. Ақынның «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңіне тоқталсақ. Бұл өлеңде Абай Алланы тану проблемасын қозғаған. Қазақ топырағында Абайға дейін Алланы тану мәселесімен шұғылданған ойшылдарды біле бермейміз. Абай Алланың насихатшысы емес,оны танушы, зерттеуші ойшыл. Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз еш уақытта жалған болмас,-деп Абай мәселені діни сана ауқымында қарастырып, бірақ Алланың растығына айрықша көңіл бөлген. Ақын «рас» деген түсінікпен нені айтқалы отыр. Бұл бір мәселе. Сонымен бірге Алланың өзі ғана рас емес, сөзі де рас дегенде нені меңзеп отыр. Бұл біріншіден туындайтын мәселе. «Рас» деген қандай болмасын заттың, құбылыстың мәнін, әрі сапалық мөлшерін білдіре алатын өлшем, заттың рас болуы да, болмауы да мүмкін. Алғашқыда рас болып айқындалған зат, келе-келе мәнсіздене рас емеске айналуы ықтимал. Демек, растың бір-ақ мәні бар, ол оның растығы. Бұл «рас» ұғымының қыры. «Растың»екінші қырына келсек, онда растың растығын тану мәселесіне тірелеміз. Бұл философиялық мәселе. Растың растығын тани алмасқа, ол жөнінде не айтуға болады. Бірақ Абай Алланы рас дегенде, оны ақиқат деп отырған жоқ, танылатын мүмкіндік, болмыс ретінде қарастырған. Абайдың өлеңінің екі жолында «рас»-ты үш рет қолдануы тегін емес. Ол өлеңді қабылдаушының ойына өріс бергендік. «Алланың өзі де рас емес, сөзі де рас», ал керісінше ойлап көрелік. «Алланың өзі де рас емес, сөзі де рас емес», сонда рас не болғаны. Ақылың бар, сана- сезімің бар ойлан, түйсін. Алладан өзге қандай расың бар. Абай расқа үшінші жағынан келген. Ол оның тарихи мәңгілігі. «Растың » төртінші қыры. Рас, мәңгілік өлшемі дейік, бірақ болмыста өткінші жайлар да бар, емес пе? Олардың барлығы да рас. Рас әменде рас. Сондықтан Алланың ешқашан жалған болуы мүмкін емес дейді. Абай өз шығармаларын да Алланы үш мағынада қолданылған: • Онтологиялық мазмұнда, яғни Алла- шындық, ақиқат. • Космогониялық мәнде, демек алла әлемді жаратушы, құдірет. • Гносеологиялық тұрғыда.Ислам дінінде Алланы тану оның елшісі пайғамбар арқылы болмақ дейді. Абай өз замандастарын да, кейінгі ұрпақ біздерді де Алла туралы жеңіл әңгімеден аулақ болуға шақырады. Абай ұғымында ол «ақылға» сыймас шындық, сондықтан ол Алла мен Адам арасындағы жалғастырушы күш – махаббат деген тоқтамға келген. Абай дүниетанымында Алланы тану мәселесінде махаббат ерекше орын алған. Осы тұста заңды сұрақ туады. Абай мұндай мәселерге қалай келген? Бұл сұраққа тікелей жауап беруден бұрын діни философиядағы «махаббат» мәселесіне тоқталып өтейік. Әлемдегі ешбір діни философия махаббат мәселесіне соқпай өтпеген. Христиан дінінде «құдай дегеніміз-махаббат» деген қағида бар. «Махаббат туралы ілімдердің негізгі түптамырлары тоғысатынына еш таңқалуға болмайды. Себебі, махаббат адамдық өлшемнің белгісі. Абайдың «махаббатсыз дүние бос» дейтіні де содан. Махаббат туралы ой міндетті түрде өмір мәніне , болмысына бастап апарады». Абай махаббаттың адамның кеселді қылықтарынан тазартатын күш екеніне кәміл сенген. Бірақ, қазақ даласында «махаббат философиясы», «махаббат поэзиясы» болып сіңген болатын. Алла мен Адам арасындағы махаббат болғанымен, мәселенің түп қазығы сол қалпында, яғни адам бойындағы асыл қасиеттерді саудаға салмау. Адамдардың бір-біріне қалтықсыз берілуі, ғашық болуы бұл құдай жолы. Махаббат Алланың қасиеті, сипаты ретінде шексіз өлшеусіз шындық. Демек, ол туралы таным да шексіз. Махаббат мәңгі таусылмайтын тақырып. Өмірдің мәні махаббатта. Келе-келе адамның Аллаға махаббаты рух махаббаты және тән махаббаты болып бөлінген. Ол туралы Абай «Ғашықтық, құмарлықпен- ол екі жол»деп нақты айтқан. Енді махаббаттың туындау үшін адамдар өмір сүруі қажет емес пе? Ендеше осы өмір деген не? Оның мәнісі дегенде Абай ақын не деген соған тоқталсақ. Абайдың «ӨМІР, ДҮНИЕ ДЕГЕНІҢ АҒЫП ЖАТҚАН СУ ЕКЕН» деген өлеңіне кеңінен тоқталсақ. Өмір болмысына тереңдеген адам, одан ешқашан қызыққа кенелеген емес.Өмір туралы ой Будданың ел кезіп кетуіне әкелсе, Диогеннің «бөшкеде» өмір сүруіне жеткізген. Сондықтан Абай «өмір, дүние дегенің ағып жатқан су екен. Жақсы-жаман көргенің, ойлай берсең у екен»- дейді. Осы ойдың генезисіне зер салсақ, мұндай түсінікті сопылар дүниетанымынан кездестіреміз. Өмірдің «жалған өмір» атануына да бір дәлел осындай ұғымдар болса керек. Дүниені релятивтік принциппен түсіндіру «мәңгілік өмір» идеясына әкелген. Бұл идея көп діндерге ортақ. Жалған, яғни қысқа, шолақ өмір және мәңгілік өмір туралы ойлар көктен түспеген адам болмысынан туған. Адам ғұмыры қысқа әрі қайталанбайды, ағып кеткен су сияқты, бірақ судың мәңгі жойылмайтыны сияқты адам рухы да мәңгілік. Өмір мәнін бір данышпан ашып кетсе, өзге данышпандарға не қалмақ. Осы тұрғыдан алғанда данышпандықтың өзі-өлшеулі ақыл, шектеулі сезімнің синтезі. Данышпан айтты деген сөз ақиқат емес, соған барар жолдың бағыты. Бізге данышпандардан керегі сол. Ал, адамға бұл дүниеден не керек. Оған өмір керек. Басқа еш нәрсенің қажеті шамалы. Өмір деген адам болмысы, оның тіршілікгінің кеңістігі, өрісі. Зерделі жан өз болмысын бағдарлай алуға талпынады, ол «өмірдің алды ыстық, арты суық, Алды ойын, арты мұңға жуық». Өмір сүру қажеттілігін мойындауы керек. Өмір сүруге ынта еткен адам қандай нәрсенің керектігін өзі-ақ анықтай алады. Тек адамға өмір сүруге еркіндік берілуі керек. Еркін адам өмір сүру қажеттілігін өзі сезінбек. Адам еркіндігін күзетуші- періште, оның еркін алып, адастырушы- шайтан. Әр адамның бойында періште бар, шайтан бар. Адам болғаннан кейін, оның табиғатында періште де, шайтан да бар. Мәселе, қайсысының билік құруында. Шайтан сөзіне еріп, аяғын шалыс баспаған адам дүниеден таппайсыз, егер де ондай жан боласа, оның өмірдегі шайтандықты білмегені. Бұл оның рухани кемтарлығы. Керісінше, періштесі боласа да, оның дымын шығармастай етіп, аузын буып, бойын мүлдем шайтан билеген жан өмірде кездеседі. Сонда байқайсыз ба, адам баласы періштеліктен гөрі шайтандыққа бейімдеу. Неге дейсіз ғой. Бұл сұраққа да барлық заман данышпандары жауап берумен келеді. Бірақ, айқындылық жоқ. Адам құпиясы, өмір сыры мәңгілік жұмбақ, сондықтан да Абай сияқты данышпандар осы мәселелерге келгенде қапа болып: Қапамын мен, қапамын. Қуаныш жоқ көңілде, Қайғырамын жатамын, Нені іздеймін өмірде,- деуі орынды. Тек қана бір ескертпе, осылайша ой толғау үшін адам тіршілік қаракетінен биік болуы керек. Ондай жанды біз данышпан дейміз. Әдістемелік нұсқау: Ғарифолла Есімнің «Хакім Абай» еңбегін қарастыру және «Абай» журналын қарау. Әдебиеттер тізімі: 1. «Хакім Абай» - Ғ. Есімов, Алматы 2. Абайдың өлеңдер жинағы, Алматы «Жазушы» 1968 жыл 3. \\Абай журналы №10,11,19 №12 тәжірибелік сабақ. Абайдың поэмалары. Абай және Шәкәрім Сабақтың мақсаты: Абайдың поэмаларының толық мазмұнын түсіндіріп, идеясын ұғындыру. Сабақтың жоспары: 1.Абай поэмалары 2.Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмаларының орны. 3. Абай және Шәкәрім Абайдан қалған үш поэма бар.Олар : «Масғұт» , «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Соңғысы аяқталмаған. Бұлардың бәрі де ақынның бұрынғы шығармаларындай қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған, Шығыс халықтарының аңыз, ертегілері сюжетіне дастан үлгісінде жазылған. Уақиғалары шағын, көлемдері аз келеді.Аңыздарды ақын, көбінесе, өзіне қажет ұстаздық , тәрбиелік ой – мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі етеді. Поэманың идеясында әйелді қоғамның ерлерге тең мүшесі деп тану, оның әлеуметтік өмірдегі орнын бағалау жағына көбірек көңіл бөлінеді.Мұны Масғұттың көзқарасынан айқын танимыз. Ұры тонап жатқан шалды айырып алған ол шалдан базарлық алуға барғанда өзіне қызыл жемісті таңдайды. Ағын жесең, ақылың жаннан асар, Сары жесең, дәулетің судай тасар. Егерде қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар, - дейді шал.Масғұт ақылды да, байлықты да таңдамайды, оларды сынайды. Көп наданның арасындағы жалғыз ақылды адамның күйіне де, байлық пен малқұмарлық аздырған байдың жайына да талғампаздықпен қарайды. Қызылды жесем, мені әйел сүйер, Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер. Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса, Деп едім бір пайдасы маған тиер. Еркектің еркек адам болса қасы, Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы. Хан қаһар, қара кісі қастық қылса, Сонда ұрғашы болмай ма арашашы? Тегінде адам басы сау бола ма? Үйінде тексерілмес дау бола ма? Ері ашу айтса, әйелі басу айтып Отырса, бұрынғыдай жау бола ма? – дейді Масғұт өз таңдауын түсіндіргенде. Ол әйелмен достықты қадыр тұтады. Ер мен әйел теңдігін жақтайды. Поэма ақынның осы идеясына әкелетін уақиғаны баяндауға құрылады.Онда суреткерлік емес, ой, ақыл басым. Уақиға мен тартыс өмірлік тартыстан емес, ақынның ақылынан , айтайын деген ой – үлгісінен туады. Оның жаңа үлгідегі поэиа түрінде емес, шығыс дастандары түрінде жазылуы да осыны байқатады. «Әзім әңгімесі» - «Мың бір түн» ертегісінен алынған бір уақиғаның өлеңмен жазылған түрі. Мұнда көпті алдап жүрген адамдардың аярлық мінезі сыналады. Поэма аяқталмаған. Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі де, ақынның гуманистік ой – пікірін тереңірек танытатыны да – «ЕСКЕНДІР». «ЕСКЕНДІР » поэмасы Шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен тараған, Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарына қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами , Науаи , Жәми сияқты ақындары да жыр еткен. Абай бұл тақырыпты өзінен бұрынғы ақындар үлгісінің ешқайсысына бұрмай , өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін күшпен жаулап алмақ болған қанқұиар саясатын сынауға ауысады.Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы ғалым, гуманист Аристотелтді кіргізеді. Поэма әділдік пен жауыздықтың тартысына құрылады.Жауыздыққа жетелейтін қызғаншақтық пен тойымсыздық екенін көрсете келіп, ақын әділдік, даналықты соған қарсы ұсынады. Қақпа мен адамның көз сүйген символ ретінде алады да , ол жұмбақтарды ақылға шештіреді. Бұл – адам көз сүйегі, - деді ханға. Тоя ма адам көзі мың – мың санға? Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр, көзге құм құйылғанда. Кәпір көздің дүниеде араны үлкен, Алған сайын дүниеге тоя ма екен? Қанша тірі жүрсе де, өлген күні Өзге көзбен бірден – ақ болады екен. Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған жолынан қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты әділдікке жеңгізеді. Поэма аңыз сюжетін сақтағанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде суреттейді. Уақиға бір түйінге - әділдік пен жауыздықтың бетпе – бет кездесуіне топталады да, кейіпкердің мінез – құлқы , іс - әрекеті арқылы біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы уақиға арқауы болып, оның өне бойында көрініп отырады. Ең соңында ғана Абай оны Аристотельге кездестіреді.Ақынның дидактикалық , өсиет –үлгілік қорытындысы осы арада шығарылады. Поэмада жарқын суреттер мен қажетті баяндаулар , диалог пен лирикалық шегініс орынды пайдаланылады. Бұл – Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігін танытады. Қазақтың қоғамдық ой алыптары Абай мен Шәкәрім тағдыры мен шығармашылығында ұқсастық пен айырмашылықтар бар. Олардың есімдері ылғи бірге аталады: аға және іні, рухани туысқандар, ұстаз және шәкірт, қоғамдық жұмыстағы қызметтестер. Қазақ фольклоры, шығыс классикасы, батыс мәдениеті екеуіне ортақ дүниетанымды игеруге көмектескен өз тәлімгерлері болған. Ағартушылық жолына, ғылым жолына мені әкелгендер деп Абай ағасы Халилланы, әжесі Зерені, орыс достарын атап кеткен. Ал, Шәкәрім шәкірттік ризашылғын атасы Құнанбайға, ағасы Абайға, қоғам қайраткері Исмаил Гаспринди алдында білдірген, әсіресе, Абайдың педегеогикалық ықпалын бағалайтын. Абай өзінің мұрасымен классик ретінде танылып қана қоймай, өзіне тән дәстүрі бар ақындық, адамгершілік, ағартушылық мектебін ашқан, өз маңайындағы шәкірттері қанатанып ұшуына үлкен ықпал жасаған ұстаз ретінде танылды. Белгілі абайтанушы М.Әуезов көрсеткендей, қазақ еліндегі басқа ақындармен салыстырғанда Абайдың үлгісін алған шәкірттері болуы- тарихи жаңалық. Ақылбай, Әріп, Бейсембай, Кәкітай, Көкбай, Шәкәрім- Абай мектебінің мақтанышы, жаңашыл, ойшыл, ағартушы, тәлімгер болған тұлғалар. Қанымен, жасымен, рухымен ұстазына ең жақын болған – Шәкәрім. Тақырып, мазмұн жақтарынан ұстаз бен шәкірттің өлеңдері, қара сөздері ұштасып жатады. Абайдың тәлімдік, тәлімгерлік таланты Шәкәрімнің сегіз қырылылығында өз көрінісн табады. Ұстазында кездесетін, өзіне дейін қазақ мәдениетінде ұштаспайтын құбылыстарды дамытқан Шәкәрім, ұстазымен салыстырғанда ілгері кеткені дау тудырмаса керек. Қазақ, халқының этногенезі туралы Абай екі ауыз сөз қалдырып, сол сөзінде этногенезді зерттеу бағдарын анықтаған. Абайдың тапсырмасымен 19 жасынан мәліметтерді жинаған Шәкәрім мазмұн және форма жағынан ерекше «Түрік, қырғыз- қазақ һәм хандар шежіресін» құрастырған. Өзге дәстүрлі шежірелерден айырмашылығы- тек қана жүздер мен рулардың пайда болуы туралы аңыздардың жазба түріндегі жинағы еместі. Бұл автордың қазақ елінің тарихи санасын, ұлттық сезімін жоғары көтеретін тәлімдік ойлар қорытындысы еді. Абайдың «Қарасөздері» қазақ философиясының негізгі ой түрткісі болса, Шәкәрімнің «Үш анығы» - қазақ философиясының шыңы. Форма жағынан Абай туындысы әдеби эссе болса, «Үш анық» - ғылыми аңсар, трактат. Оқырмандар жақсы түсініп, берік меңгеріп, есте сақатуына ыңғайлы болуы үшін трактат стилі қолайлы, өз ойларын автор бірнеше рет қайталап жазады, негізгі дәлелдерін келтіреді, қортындысын анықтайды. Араб, орыс терминдерін міндетті түрде қазақ тіліне аударды, дербес терминдер ұсынып, қазақ тіліндегі философиялық категориялар, таулар негізін қалайды. Екі ойшылды қызықтырған жан мәселесі. Табиғат өлсе де жан өлмес деген Абайдың пікірн Шәкәрім түрлендіреді. Оның пайымдауынша, дүниедегі барша нәрсенің жаны бар, жан өлмейді, өзгереді, өзгерген сайын өседі, жоғарлайды: сезімді жан, аңғарлық жан, ойлайтын жан, ақылды жан. Жан мәселесін зерттегенде Шәкәрімнің буддизм қағидаларымен таныс болғаны шығармаларынан белгілі, сезіледі. Кәкітайдың айтуынша, Абай буддизм негіздерін зерттеп үлгермедім деп өкінген екен. Абай мен Шәкәрім екеуіне ортақ ой- діндердің бәрі шатақ, екеуі да соқыр дінге, жұртты жеген молдаларға қарсы шыққан. Бірақ екеуі де негізгі діни қағидаларды жоғары рухани- құлықтық қағидалар деп түсінген. Шәкәрімнің жетістігі- «Мұсылмандық шарты», жастарға арналған этикалық оқулық, оқу кітабы санына жатады. Біздің ойымызша, бұл кітапты мектептерде ислам сабағында мұғалімдер қолданған болуы әбден мүмкін. Құран аяттары бірінші рет араб тілінен қазақ тіліне аударылған, әрі діни талаптарға автор өз түсінігін келтірген, оқырмандарға түсінікті болуы үшін мысалдар келтірген. Осы еңбектің мәнін айқындау үшін Европадағы Ұлы Реформацияның түрткісі болған Мартин Лютердің Библияны латын тілінен алғаш рет неміс тіліне аударғанын еске алсақ қателеспейміз. Абай қазақ поэзиясына бірінші болып пейзажды енгіп, табиғатты өлеңдерінде жеке кейіпкер етіп көрсетіп, адам және табиғат мәселесін көтерген. Бірінші дүниежүзілік соғыстың куәгері болған Шәкәрім экологиялық тәрбие негіздерін салып, адам құлқы және табиғат, табиғатты сақтауға ғалымдардың жауапкершілігі туралы ойларын жариялаған. Ел мұңын шертіп, ел тағдырына қайғырған Абайдың әуендерін Шәкәрім қайта жаңғыртты. Соңғы жылдары жазған шығармаларының түп- тамыры- қоғамдық ірі оқиғалар, үш орыс төңкерілісі, азамат соғысы, коллективтендіру саясатының нәтижелері. Қоғам қайраткерлері ретінде Абай мен Шәкәрім қызметтерінде үндестік мол, екеуі де болыс болған, билік жүргізген, әділ шешімдер қабылдаған. Қырық жас шамасында екеуі де ғылым жолына түскен, әдебиетпен а арналғанШәкәрім қажылық сапраға барып қайтқан. Ағартушылық міндетін Шәкәрім орыс географиялық қоғам бөлімшесінде мүше болып та жалғастырған. Шәкәрім Абайдың алғашқы ғұмырнамашысы. Ол 21 жасында Абайға арналған «Жастарға» өлеңін жазған. «Жастарға» Абай туралы жазылған бірінші жазба сөз десек жаңылыспаймыз, өлеңде 34 жасар Абайдың өмірбаяны, негізгі шығрамшылық және қоғамдық қызметі жөнінде мәлімет алуға болды. Шәкәрімнің Абай туралы жазғандары: «Шежіре» кіріспесінде, «Мен жетпіс екі жасқа келгенше», «Жолама қулар, маңайға», «Абай өмірбаяны» әлі табылмаған. Өз шығармаларында Абайды жете таныған биіктен көрінеді. Абай ойларын өзіндік бағытта жалғастырады. Абайдың қай ойларын дамытса да Шәкәрім оны міндетті түрде педагогика саласына, оқу- ағарту жүйесіне алып келеді. Мысалы, екеуіне ортақ тақырып ар, ұждан болса, енді логикалық нәтижесі ретінде шәкәрім мектептерде ер сабағын жеке пән ретінде оқытуды ұсынады. Абай мен Шәкәрім профессионал- педагог болмаған, бірақ айтқан сөздері, атқарған қызметтері осы мәселеге тығыз байланысты. Әдістемелік нұсқау: Абай энциклопедиясы және «Қазақ тілі мен әдебиеті»журналын, Шәкәрімтану мәселелері еңбегін қарастыру. Әдебиеттер тізімі: 1.Д.Омаров «Абайтану курсы»-Алматы 1998 жыл 2.М.Мырзахметов «Абайтану»- Алматы 1994 жыл 3.\\ «Қазақ тілі мен әдебиет» №12 2005 жыл 4.Шәкәрім шығармалар жинағы 5. «Абай» энциклопедиясы. 6.\\ Абай журналы - № 7-9 7.\\ Қазақ тілі мен әдебиеті журналы «Абайдың поэмалары»№ 12 -2001жыл. №13 тәжірибелік сабақ. Абайдың Крыловтан аударған мысалдары Сабақтың мақсаты: Абай аудармаларының негізгі ойын, мәнін, мағынасын жете түсінідіріп, аударманың негізгі идеясын ашу. Сабақтың жоспары: 1.Абай аудармалары 2. Абайдың аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері 90 – шы жылдардың аяқ кезінде Абай Крылов мысалдарын көбірек аударумен шұғылданған.Ол «Емен мен шілік», «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Жарлы бай», «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Әншілер», «Алақойлар», «Түлкі мен қарға», «Есек », «Бақа мен өгіз», «Піл мен қанден» мысалдарын аударған. Крыловқа қол созуына Абайдың өз айналасына сыншылдықпен қарауы зор себеп болған. Ол өз шығармаларында аяусыз әшкерелеген ұнамсыз құбылыстарды енді мысалдың үлгісімен сынап көруге бел байлайды.Сол үлгімен адам бойындағы қулық – сұмдықты, тойымсыздықты, жауыздық пен зорлық – зомбылықты , ашқарақтықты, әлін білмегеннің әлегін аяусыз шенейді.Крылов суреттеген бұл тәрізді мінез – құлық , іс - әрекеттер орыс қауымына ғана емес, қазақ шындығына да тән еді. Абай осыны көре білді. Осы жерде орыс – қазақ ақындарының ойлары түйісті. Екеуі бірігіп жалпы адам баласына ортақ әр алуан сұрқиялықтарға соққы береді. «Түлкі мен қарға» мысалында мақтан сүйгіш даңғойлардың түлкі мінездес қуларға мазақ болуын көрсетсе, «Шырылдауық шегірткеде» ертеңгісін ойламайтын жалқауларды күлккі етеді. Шегірткені әкеліп, онан әлде қайда кіші жәндік , бірақ еңбекшіл құмырсқаға бас игізеді. Мұның бәрінде адамдық намыс, әділдік үшін күрес идеясы көрінеді. Сондықтан Абай Крылов мысалдарын өз оқушысына оңай, ұғымды боларлық өлең үлгісінде аударған. Ю.М.Лермонтовтың өмір сүрген дәуірі декабристер қозғалысының басылып, Ресейде патшалық кертартпа күштердің өктемдік алған кезі болатын.Соған орай ұлы ақынның шығармалары өз қоғамы мен оның әкімдеріне деген ашу-ызаға, кекке толы келеді.Ақын өлеңдерінің кейіпкері – күресті аңсаған, заманының сырына қанық және оған қарсы, батыл адам.Өмір сүрудің мақсаты мен мән – мағынасы , тағдырына наразылық, достарының тұрақсыздығы мен адамдардың екі жүзділігі ақын шығармаларының негізгі тақырыбына айналады.Ол ұнамсыз адамдар мен патшашыл көзқарастарды аяусыз сынап- шенеді.Осы жолдағы ізденіс үстінде ол Лермонтовеңбектерімен танысты да, оны өзіне өлмес серік етті.Абайдың 80- жылдардың орта кезінен бастап, заман мен оның адамдары туралы ойланғанда («Қалың елім, қазағым», «Адасқанның алды жөн», «Сегіз аяқ»), Лермонтовқа көп жағынан жақын келуінің де сыры осында болатын. 90- жылдардың басынан бастап Абай өмірінде көңіл құлазытар бірқатар келеңсіз оқиғалар болды.Көп жылдар айтысып- тартысып, бір жақындап , бір алыстап жүрген ескі достары (Жиренше, Оразбай т.б.) біржолата ат құйрығын кесісіп кетті. Және жай кетпейді, жауласып кетеді.Құнанбай заманынан қалған ескі кектерін еске түсіріп, ақынға қарсы айбат көссетушілер тобы өсе түседі. 1891 жылы жақсы көретін інісі Оспан, 1895 жылы сүйікті ұлы Әбдірахман қайтыс болады.Осылардың бәрі ақынды өмірден түңілдіріп, жалғыздық азабына салды.Осындай тұстарда ол Лермонтовпен көбірек сырласты.Бұрын ара-кідік бірер шығармасын («Бородино») ғана аударған Абайдың 90- жылдар ішінде Лермонтов өлеңдерін көп аудаурының да себебі осында еді. Абай Лермонтовтан жалпы саны 27 шығарма аударған.Олардың ішінде «Демоннан», «Боярин Оршадан», «Измаил - Бейден», «Вадимнен» үзінділер бар.Ал, лирикаларынан ол «Теректің сыйы», «Қарасам, қайғырар жұрт бұл заманғы», «Тұтқындағы батыр», «Жолға шықтым жым – жырт түнде жалғыз», «Жалғыз жалау», «Жартас», «Дұға», «Альбомнан», «Менің сырым, жігіттер , емес оңай», «Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда», «Қараңғы түнде тау қалғып». (Лермонтов оны Гетеден аударған), т.б. аударған.Бірқатар өлеңдерін ( «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Ауру жүрек ақырын соғады жай», «Әм жабықтым, әм жалықтым» т.б.) Абай Лермонтовтан бастап, өз күйін айтуға ауысып кетеді. Мұның бәрі 90- жылдың ішінде Абайдың Лермонтовпен тіпті мұндас болып, қазақ ортасының ұнамсыз жақтарын сынауда, өз басының көңіл – күйін танытуда көп тереңдегенін аңғартады. Оның сыншылдығы өткірленіп, күшейе түседі. Әдістемелік нұсқау: Абай журналы мен мерзімдік басылымдарына шолу жасау. Әдебиеттер тізімі: Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б. 2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б. Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б. 3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б. 4. Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. - 2003. - №1. - 1 - 4 б. №14 тәжірибелік сабақ. Абай қарасөздерінің жанры мен көркемдік ерекшелігі Сабақтың мақсаты: Абайдың қара сөздерінің мән мағынасын кеңінен ашып, зерттеу. Ақын осы сөздері арқылы не айтқысы келді соның мәнін ұғынуға бағыт беру. Абай сөзінің құндылығын әр қырынан талдау. Сабақтың жоспары: 3. Абай сөздерінің жіктелуі 4. Тақырыптық жүйесі, оның ақын өлеңімен үндестігі. 90 – жылдар ішінде Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Оның қара сөздері көркем шығарма түрінде емес, ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған. Оның сөйлем құрылымы, сөз саптау өзгешеліктері де осы мақсаттан туады.Көлемі шағын, мазмұны, мағынасы мол , терең болып келеді. Кейбіреулері сұрау – жауап түрінде , өзімен өзі сырласу, оқырманмен кеңесу түрінде беріледі. «Ақыры , ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде – кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». «Бірінші сөзде» абай қароа сөз жазудағы өз мақсатын осылай түсіндіреді.Ол осы «ойына келген нәрселер» туралы жазуды соңғы өмірінің мақсат – мұраты тұтады.Сол арқылы кейінгі ұрпаққа ақыл - өнеге, өсиет, ғибрат қалдыруды көздейді. Абайдың қара сөздерінің жалпы саны 45 .Олардың қайсысы болса да, сол дәуірдегі әлеуметтік өмірдің күрделі мәселелерін сөз етуге арналады. Кейбір сөздері тақырыбы, мазмұны жағынан бірін – бірі толықтырып отырады. Абайдың оқырманға ой тастап, тереңнен толғаған мәселесінің бірі – адамның адам болуға үйренуі, естілекке ұмтылуы, кәсіпке мойынсұнуы, дағдыны дамыту жайлары. «Адам , - дейді ол «Он тоғызыншы сөзде» , - ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе , дүниедегі жақсы, жаманды таниды- дағы, сондайдан білгені , көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.Әрбір есеілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман нәрселерден сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады». Адамның естіген, көрген нәрселерін есінде сақтап, өзіне өмір серігі ете білуінің жолдарын ақын «Отыз бірінші» сөзінде айтады: «Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, берік болмақ керек.Екінші , сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып ынтамен ұғу керек.Үшінші – сол нәрсені, ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші – ой кеселді нәрселерден аулақ болу керек. Егер бір кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері : уайымсыз салғырттық, ойыншы – күлкішілдік , я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер ». Абайдың қара сөздерінде қазақтың мақал – мәтелдерін мазмұны мен шығуы жағынан сынай талдауға да орын беріледі. Өмір сабағының түйіні есебінде мақал – мәтелдердің жастарға тәрбиелік, өнегелік мәні барын түсінген ақын оның жас ұрпақты теріс тәрбиелейтін үлгілерін ашып көрсетеді.Ол : «Мал – адамның бауыр еті», «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Малдының беті жарық, малсыздың беті шарық», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат» , тағы басқа мақал – мәтелдерді мысалға алады да, олар жайлы ойын былай түйеді: «Бұл мақалдардан не шықты?Мәлімболды : қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам ейді екен; бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малшыларды алдап алмақ, яки мақтап алмақ екен, бермесе, оныменен жауласпақ екен . Малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық, сұмдық , тіленшілік , соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп , мал тапса, жазалы демесек керек » ( «Бесінші сөз») Осы ойын «Жиырма тоғызыншы» сөзде жалғастырады. «Жарлы болсаң , арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң , тірі болып жүргені құрсын. «Қалауын тапса қар жанады» , «Сұрауын тапса , адам баласының бермейтіні жоқ» деген , - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы.Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпенен өмір өткізгенше , малды не жерден сұрау керек, не терден сұрау керек қой... «Атың шықпаса, жер өрте» дейді.Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? ... «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті » дейді.Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата- анасын малға сатпақ – ең арсыздың ісі емес пе ? , - дейді ол. Ақын «қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығын» да көрсеткен. Өзі де өлеңдерінде, қара сөздерінде көп мақал – мәтелдер жасаған. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,«Азат басың болсын құл – қолдан келмес іске ұмтыл» деген сияқты Абай сөздері халық арасына мақал боп сіңіп кеткен. Олар арқылы ақын елді еңбек етуге, кәсіпке үйренуге шақырды. Елді көтерудің , өзіңнің де қатарға қосылуыңның жолы еңбекте деп түсінді.Оның :«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың.Адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың », - деген сөзі де осындай ғибрат ұсынады.Абайдың өзі шығарған нақылдарының көбі оның Отыз жетінші сөзінде жинақталған. Онда: Бақпен асқан патшадан Мимен асқан қара артық Сақалын сатқан кәріден Еңбегін сатқан бала артық . ...Жаман дос – көлеңке. Басыңды күн шалса, Қашып құтыла алмайсың. Басыңды бұлт алса, Іздеп таба алмайсың. ...Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, Адамның баласы – бауырың,- деген сияқты нақылдар бар. Әдістемелік нұсқау: Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралау. Сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты «Абай » журналының сандарын қарау. Әдебиеттер тізімі . Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР- ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б. 2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б. №15 тәжірибелік сабақ. Абайдың ақындық мектебі. Ақынның 100 жылдық, 150 жылдық мерекелер тұсындағы абайтану ғылымына қосқан үлестері Cабақтың мақсаты: Абайдың ақындық мектебінен нәр алған ақындарды жете тану, абайтанудың қалыптасуына қосқан ғылыми еңбектері туралы мәлімет беру. Сабақтың жоспары: 1. Абайдың ақындық мектебі. 2.Ақынның 100 жылдық, 150 жылдық мерекелер тұсындағы абайтану ғылымына қосқан үлестері Ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді, рухани өмірімізді тас қамауда, шынжыр қоршауда қадағалап ұстап келген коммунистік саясаттың қанды торының үзілуі елімізге тың серпіліс әкелді. Өткен тарихымызға, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің ойы мен қырына, даму тарихына ұлттық көзқараспен жіті көз тігіп, әдебиетіміздегі орны ойсырап тұрған тұлғаларды түгендей бастадық. Кешегі кеңестік империяның дәуіріндегі идеологияның ықпалынан толыққанды түрде айтылмай келген төл әдебиетіміздің қатпарларына ұлттық көзқараспен жаңаша пайымдаулар жасауға мүмкіндік туды. 1951 жылғы Абай мұрасын талқылауға арналған ғылыми айтыстан кейін буржуазиялық - объективтік концепция делініп, енді ғана қанатын кең жайып келе жатқан кезде тоқырауға түскен Абайдың әдебиет мектебі қаншама жылдардан кейін қайта шаңырағын көтеруде. Ұлы Абайдың ақындық мектебінің талантты шәкірттері де өздерінің әділ бағаларын алып, халықпен қайта табысты. Абайдың ақындық тәрбиесін көрген шәкірттердің ішінде ұлы ақынның қасында ширек ғасырдай жүріп, іні-досы болған Көкбайдың алар тұғыры өте жоғары. ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында, төңкерістерге толы заманда өмір кешкен, ұлы Абайдай қазақ поэзиясының асқар шыңының ақындық тәлімін алған, артына мол әдеби мұралар қалдырған, ел ортасынан медресе, мешіт ашып, ұстаздық қылып, молда атанған, қажы Көкбай Жанатайұлының әдебиет тарихындағы алар тұғыры биік болғанымен, күні бүгінге дейін шығармалар жинағы жарық көрген жоқ еді. Соның сәті бүгін түскендей. Бұл күнді аңсап өткен жандар қаншама. Солардың ішінен Көкбай шығармаларын тірнектей жинаған Сейітқали Қарамендинді айрықша атап өткіміз келеді. Осы жинақты алғаш құрастырушылардың бірі де - С.Қарамендин. Оның болашақ Көкбай мұраларын жинап, зерттеушілерге айтып кеткен Аманаты бүгін орындалды деп білеміз. Өз халқымыздың хандары туралы айту ұлтшылдық, "өзімдікі" деп таныған "өзгенің" хан-патшасын марапаттау ұлы достық болып табылған, соған лайықты стандартты коммунистік идеология кезінде Абылай хан, Кенесары мен Наурызбай ерліктеріне ыстық ықыласын білдіре отырып жырға қосқан Көкбай Жанатайұлының эпикалық шығармалары жарық көру, зерттелу түгіл, тар қапасқа қамалды. Ақынның жеке өмірі де саяси кінәлаулардан құр қалған жоқ. Сол заманда Көкбайдың діни бағыттағы өлеңдері ақын мұрасының зерттелуіне кедергі болды десек те, Ленин жөнінде жазған өлеңі ақынға еш көмегін тигізе алмады. Ақынның бай әдеби мұрасы: өлеңдері мен айтыстары, дастан-жырлары қаншама уақыт бойы зерттелусіз қала берді. Көкбайдың бай мұрасының өз алдына жеке жинақ болып жарыққа шықпауының өзі, ақын мұрасының зерттелу, жариялануының, халыққа кең тарамауының мөлшерін танытады. Көкбай Жанатайұлының қолжазбалары қазіргі таңға толық жеткен жоқ. Ақын шығармалары шәкірттерінің, ағайындарының, жекелеген жинаушылардың орасан зор еңбегінің нәтижесінде сақталды. Көкбай ақын туралы алғашқы там-тұмдаған пікірлер 1933 жылдан бастап көріне бастады. К.Жанатайұлының Абай тәлімін алған талантты шәкірті екендігіне, ұлы ақынның дәстүрін жалғастырушы болғандығына тұңғыш ғылыми тұрғыда анықтама берген М.О.Әуезов еді. М.Әуезов 1934 жылғы "Абай ақындығының айналасы" мақаласында Абайдың төрт ақын шәкіртінің бірі деп Көкбайды атайды. Мұхтар Әуезовтің 1933 жылдан бастап Көкбайға жанашырлықпен қарауы, ақын мұрасын зерттеп, жақсы баға беруі басқа әдебиетшілерге үлкен әсерін, ықпалын тигізеді. Отызыншы жылдардың аяғы мен қырқыншы жылдардың басынан бастап Көкбайдың өлеңдері мен поэмалары жинала бастайды. Ертелі - кеш ел аузынан жиналған ақын шығармаларының қолжазба нұсқалары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Орталық Ғылыми кітапхана қорында және Әдебиет және өнер институтының қолжазба бөлімінде сақтаулы. Көкбай шығармаларын осы кезден бастап жинаушылар деп Садық Қасиманов, Ермұхамбет Жексембаев, Есентай Бердин, Кенжебаев Қасен, Күсембек Байғұттыұлы, Абдулғафар Шайх әл-Рази сияқты адамдарды атаймыз. М.О.Әуезовтің К.Жанатайұлының өмірі мен әдеби мұрасына арналған Абай монографиясының жеке бөлімі "Көкбайдың ақындығы" атты мақаласы алғаш рет 1988 жылы шыққан "Абайтанудан жарияланбаған материалдар" кітабында жарық көрді. "Көкбайдың ақындығы" деп аталатын бұл қолжазба К.Жанатайұлының ғұмырнамасы мен әдеби мұрасына қысқаша ғана тұжырымдама жасаған мақала болғанымен, Көкбай ақын турасында жазылған ең алғашқы толық еңбек. Елуінші жылдардағы Көкбайтанудағы қомақты еңбек деп Қ.Мұхамедханұлының "Абайдың әдебиет мектебі" атты кандидаттық диссертациясын атаймыз. Ғалым Көкбайды Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушылар, дамытушылар, артына әдеби мұра қалдырған ақын шәкірттер қатарында қарастырады. Қазақ әдебиетінде Қайым Мұхамедханұлының "Абайдың әдебиет мектебі" атты кандидаттық диссертациясының қорғалуымен қатар, осы тақырыпта айтыс өршіп кетеді. 1951 жылдың маусымның он бесінен бастап ҚазССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты мен Қазақстан Жазушылар Одағы бірлесіп өткізген "Абайдың әдеби мұрасы" мәселесін талқылауға арналған ғылыми айтыс дейтін үш күнге созылған үлкен жиналыс болды. Оның қорытындысы былай болып шығады: "Абай мұрасын зерттеу" жөніндегі жақында өткізілген айтыста "Абайдың ақындық мектебі" деген концепцияның ғылымға қарсы екендігі және саяси зияндылығы әшкереленді. Айтыстың материалдарын зерттеп және қорыта келіп, ҚазССР Ғылым Академиясының Президиумы былай деп табады: "Абай мектебі" дейтін концепция тарихи шындыққа ешбір қатысы жоқ және буржуазиялық-объективтік жалған концепция болып айыпталады. Сонымен Көкбай сияқты Абай дәстүрін жалғастырушы ақын шығармаларының аузына қара құлып қойылды. Сол бір қуғындау, қудалау заманында "саяси беті теріс, кертартпа ақын" атанса да Көкбай ел есінде жақсы сақталған. Сексенінші жылдардың басынан бастау алатын Көкбай жөнінде жаңаша ойлаудың майда қоңыр, самал желі ескен кезде, бұл жайлылыққа ақынды сүйер қауым бірден ықыластарын танытып жатты. Көкбай мұрасымен оқушылар қауымы алғаш "ХIХ ғасырдағы қазақ поэзиясы", "Бес ғасыр жырлайды" сияқты жинақтар арқылы таныса бастады. К.Жанатайұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуде ғалым Болатжан Абылқасымовтың алар орны ерекше. Көкбай ғұмырнамасы мен әдеби мұрасын жаңа көзқараспен тыңғылықты түрде қарап шыққан ғалымның "Көкбай Жанатайұлы" атты мақаласы 1988 жылы жарық көрді. 1990 жылдардың ішіндегі Абайтанудағы, Көкбайтануда ең үлкен жеңіс - Қ.Мұхамедхановтың 1951 жылдары қуғындауға ұшыраған, енді кітап болып шыққалы тұрғанда қатты сынға алынып, жарық көрмей қалған еңбегінің қайта жарық көруі. Араға 43 жыл салып қайта оралған Абайтанудың білгір маманы Қ.Мұхамедханұлының "Абайдың ақын шәкірттері" атты ғылыми еңбегі Көкбай мұрасын тағы бір белеске көтерді. 1999 жылы "Көкбай Жанатайұлының әдеби мұрасы" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғалды. Диссертация Көкбай мұрасын алғаш монографиялық дәрежеде қарастырып шықты. х х х Өткір тілді, ұшқыр ойлы, импровизатор ақын К.Жанатайұлы 1861 жылы 26 маусымда Шыңғыстаудың етегінде, Тақыр өзенінің бойында, қазіргі Абай ауданының Көкбай аулында дүниеге келген. Көкбай Тобықты ішінде Көкше руынан. Ақын өзі туралы: Тобықты арғы тегім,затым-Көкше, Жасым кіші болса да, сөзім кексе. Жанатай - әкем аты, атым - Көкбай Сеңгірдей тасқа шыққан еп-ерекше,- дейді. Көкбай алғашқы сауатын ауылда Төлетай деген молдадан ашады. Баласының тек өлең-жырға ғана емес, өнерге, оқуға бейім екендігін, зеректігін, ұғымталдығын байқаған әкесі оны Семей қаласына жібереді. Көкбай қалаға келіп, мешіт жанындағы медреседе Қамали Қазіреттен мұсылманша дәріс алады. К.Жанатайұлы мұсылманша оқумен тоқталмай 1878 жылы үш сыныптық уездік училищеге түсіп оқиды. Орысша оқуға деген құштарлығы зор, әрі зейінді Көкбай училищеге түскеннен кейін өзінің зеректігін байқатады. Орыс тілі, арифметика, география, геометрия, сызу және татар тілі сияқты сабақтардан жақсы деген бағалар алған. Ауылдан, қырдан келіп орыс мектебінде оқу жылының бірінші жартысының өзінде сабаққа үлгеруі, тіпті жақсы бағалар алуы үлкен жетістік еді. Сөйтіп, Семейдің уездік училищесінде, Қамали медресесінде оқыған Көкбай елге келген соң үнемі Абай жанында болады. Көкбай 1901 жылы Мұқыр болысына молда болып сайланады. "Семей облысы. Бұйрық N81.1901.10 сентябрь. Семей уезі Мұқыр болысына Көкбай Жанатайұлының молда сайлануы туралы бұйрық". Сонымен, Көкбай ұстазы Абайдың ақыл- кеңесімен, рұқсатымен 40 жасынан бастап Тақыр өзенінің бойындағы қорасының қасынан медресе салып, бала оқытуға кіріседі. Көкбай Жанатайұлы ел ортасында медресе ашып, ағартушылық іспен айналысуымен қатар, мұсылманға үлкен сауап болатын құдайдың үйі-мешіт салдырады. Мешіт 1908 жылы Абай қайтыс болғанына төрт жыл болған кезде толық салынып бітеді. Көкбай ақын 1913 жылы Мекке, Мәдинеге барып өзінің мұсылмандық парызын өтеп қайтады. К.Жанатайұлы Тақырдағы медресесінде әрі ұстаз бола жүріп, сол кезде құрылып жатқан уездік земствоның мүшесі болған. 1920 жылдардан ауырып- сырқай бастаған Көкбай замана талабы сол болғандықтан, кеңес өкіметінің саясатымен өзге жолмен оқытатын оқу әдісіне, жүйесіне қарсылығын білдірмей, өзінің қаншама жыл ұстаздық еткен, маңдай тері, адал еңбегімен салынған медресесін жаңаша дәріс беретін мұғалімдерге босатып береді. Көкбай медресесі 1901 жылдан 1921 жылға дейін ескіше жұмыс істеген. 1921 жылы оны жаңа оқу жүйесімен оқытатын мұғалімге босатып береді. Онда 1928 жылға дейін мектеп болады. К.Жанатайұлының денсаулығы жиырмасыншы жылдардың басынан бастап бұзыла бастайды. Көкбай дертінің бет алысынан секем алып, қорқып, жақсы дәрігерлерге қаралғанды жөн көреді. Сондықтан да ол 1922 жылы Омбы қаласына, 1923 жылы Мәскеуге барып емделіп қайтады. Ленинградта болады.Алайда К.Жанатайұлы меңдеп алған ауруынан оңала қоймайды. Сонда да ол ауруға мойымай, емделуді, мықты мамандарға барып қарала беруді жөн көреді. Ақырында К.Жанатайұлы ел-жұртымен қоштасып, бақұлдасып, 1925 жылдың қазан айының басында Мәскеуге бармақ болып жолға шығады. Бірақ бұл ақынның соңғы сапары болды. 1925 жылы Күшікбай кезеңінде ақын дүниеден қайтады. х х х Көкбай-Абай мектебінің адал ұлы. Өйткені ол-Абайдың ұлағатты принципін мықты ұстанған ақиқатшыл, шыншыл тұлға. Ол құдай берген табиғи дарынының, жаратылыс болмыс бітімінің арқасында Абай салған даңғыл жолдан таймаған ақын. К.Жанатайұлының ақындық талантының ұшталуына, дүниетанымдық көзқарасының кеңеюіне Абайдың, Абай мектебінің зор ықпалы болғаны белгілі. М.Әуезовтің өзі Көкбайдың ақындығы туралы сөз қозғағанда: "Ол кезде Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырып салма, импровизацияға ең жүйрік ақын Көкбай болғаны даусыз. Сол талантын бағалап, Абай бұны өзі жазып жүрген алғашқы өлеңдеріне ие ғып шығарады", - деп, Көкбайдың жай ақындардың бірі емес, талантты ақын екендігіне назар аудартады. Көкбай, біріншіден, импровизатор ақын. Ақынның "Оспанға" , "Мұсажанға", "Молдабайға", "Төребайға", "Сараңбайға", "Зағипаға" сияқты өлеңдерінің көпшілігі табан астында дүниеге келген. Ал, олардың көпшілігі бірқақпайлар болып келеді. Олар табан астында шығарылған бір, не болмаса екі шумақ көлеміндегі өлеңдер тобы. Бірқақпайлар көбінесе адам мінез- құлқындағы, не кереғар ісіндегі кемшіліктерді әжуалауға, яки болмаса әзіл- оспақпен келемеждеуге арналған. Көкбай өзі ұнатқан адамы болса пір тұтып, асқақтата, мақтауын асыра жырлаған. Абайдың өз тәрбиесінде болған және оның ақылы мен сыны бойынша тақырыптар таңдап, көлемді шығармалар жазған "анық шәкірт ақындар" ішінде ұлы ұстазының өлеңдеріне аты кірген де жалғыз ақын Көкбай болатын. "Ал, кейін Көкбай шығарған өлеңдерді алсақ, бұл жағынан да Абайды үнемі өзіне ұстаз, аға тұтқан Көкбай барын айқын танып отырамыз" ,- деп М.Әуезов айтқандай, Көкбай өлеңдерінен Абай бейнесін үнемі кездестіріп отырамыз. "Семейге Абай келсе, бізге думан", "Абайдан сабақ алдым бала жастан" деп басталатын өлеңдерімен қатар, көптеген шығармаларында Абай ұлылығын жыр етуден таймаған. Абайдан сабақ алдым бала жастан, Тең бар ма ойға терең онан асқан. Алды бейіш, артына ырыс болсын, Мен оның шәкірті едім ізін басқан, -деп, Абайдың ақыл-ой тұңғиығына ешкімнің тең келе алмайтын ұлылық тұлғасын тереңдік, шексіздік ұғымдары арқылы түсіндіріп, өзінің Абайдан сабақ алған шәкірті екендігін мақтанышпен жырласа, енді бір өлеңінде Абаймен бірге жүріп, ақыл - кеңесіне, өсиетіне ләззаттанып, сол арқылы білім жолына түскендігін айтады: Абаймен бірнеше жыл араластым, Шешімін әр жұмбақтың ақылдастым. Мұра етіп өсиетін, ләззаттанып Жолына білім,өнер қалыптастым,- дейді. Қаншама жыл Абай қасында болып, ұстазының ақылын бойына дарытқанымен Көкбай өзінің Абайдан алған тәлім-тәрбиесін, дүниетанымдық көзқарасын өзіне аз санайды. Абайдай ғұламаның айтқан ақыл-кеңесін, ой-танымдық өрісін аз ұғып, көп меңгермедім, бардың қадірін білмедім деп өкініш тұтады. Ұстазының дүниеден өткенін естіген талантты шәкірті: Жаннатта жаның болғыр Абай құтып, Жаныңда бос жүріппін шатып-бұтып. Осындай ен дарияны жайлағанда, Тым болмаса қалмаппын қана жұтып,-деп өлең шығарады. Көкбай өлеңдерінің негізгі кейіпкерлері - замандастары, туыс-жақындары мен ауылдастары, бір сөзбен айтсақ өз ортасы. Олардың дені арнаулар. Көкбай арнаулары мазмұн жағынан алғанда мақтау және сынау түрінде туған. Мақтап шығарған өлеңдеріне жоғарыда келтірген Абайға, Оспан мен Молдабайға, Базаралыға, Ә.Бөкейханұлына, Ленинге арналған арнауларын жатқызуға болады. Ал, көптеген өлеңдерінде елге зияны тимейтін, әркімнің өз мінезінің ерекшелігі болып көрінетін одағайлықты жеңілдеу әзіл-қалжыңмен мысқылдап мысал етеді. Көкбай шығармаларына зер салсақ, түрлі адамдар мінезін-құлқын көрсетуге өте шебер екенін, ойын шындыққа, парасатқа сүйеніп айтқандығын байқаймыз. Ақын өз заманындағы әділетсіздіктерді,өсімқор, мейірімсіз байларды ащы сынға алады. Бірде ол елге сараңдығымен әйгілі болған Алдырахметті ("Сараң байға"), билік үшін ырылдасқан шен құмарлықты ("Күлембай мен Дүтбайға" ), үй ішіне қарамай таң атқаннан ел кезіп жүретін қыдырымпаздықты, еңбексіз ат мініп, ас ішкіш, пәлеқұмар, ашқарақ, қомағай, мешкейлікті ("Тоғыз көк"), сауда үшін ар-иманын сатып күн көретін алыпсатарлықты ("Ұсақ байларға" ) сынаса, енді бірде өсек десе ішкен асын жерге қоятын, кесел іздеп жүретін ұрыншақтықты ("Мұсажанға"), оқу мен өнер- білімде жұмысы жоқ, сергелдең серілікті ("Салдарға") тілге тиек етеді. Осы өлеңдердің барлығында да Көкбай аузынан шыққан сөздің қай-қайсысы да нысанаға дәл тиетін шындығымен, тиген жерін осып түсетін өткірлігімен әсерлі естіледі. Көкбай өзінің маңайында, қасында жүрген ауылдастарының бойындағы өзге адамдар байқай бермейтін, суреткер көзімен өзі ғана көре алған оқшау мінез ұшқындарынан жанды бейнелер жасайды. Көкбай өлеңдерін оқи отырып оның ру басы жуандарды, ел ұйтқысын бұзар кейбір болыс-билерді, тілі мен жағына сүйенген теріс пиғылды арамзаларды дәл ұстазынша өткір тілмен әйгілеп, әшкерелеп қайыра өлеңге қосқандығын байқаймыз. "Мұсажанға", "Дүтбайға", "Ағыбайға" сияқты өлеңдерінен Абайдан көп мазмұн, идеялық үлгі алған және оларды өзіне мұрат тұтқан талантты ақын екендігі көрінеді. Көкбай ақын көтерген мәселелер сан алуан. Олар-елдің береке-бірлігі, заман, елді, жерді қорғау, халыққа қызмет ететін ерлерді дәріптеу, адам мінез- құлқындағы жарамсыз қасиет, дағдыны сынау. Сондай үлкен тақырыптың бірі- елдің өзара бірлігі. Ел арасындағы береке-бірлікті,татулықты көздеген Көкбай ақын оны ең алдымен өз туыстарынан, руластарынан, ауылдастарынан бастап жолға қоюды көздейді. Ел ішінде болатын алауыздықты, көре алмаушылық қасиетті, қызғаншақтықты жоюды көксеген ақын, ең алдымен, өз руластарын ынтымаққа шақырады: Байғұс-ау, Мұсабаймен тұрқың бірдей, Олар жұлдыз болғанда, біз үркердей. Аспанда алты жұлдыз бас қосып тұр Жүрсеңші біреуіңді бірің ілмей. Айналасындағы толып жатқан ұрлық-қарлық, қулық-сұмдық, алаяқтық пен айуандылық ақынды толғандырмай қоймайды. Әділ, тура биліктің құны кетіп, шындық пен адалдықтың аяқ асты болуы, жуанның момынға істеген зорлығы,өктемдігі ақын өлеңдерінде кең көрініс тапқан. "Жақсылыққа", "Арбалы Сарытау", "Хафиз Қабылбековқа" деген өлеңдері осы бағытта туындаған. К.Жанатайұлының "Ұмсындыққа" деген өлеңі әйел бостандығы, қалың мал мәселесіне, "Жаз болса жалқау қазақ жатушы едің" деп басталатын өлеңі еңбек тақырыбына арналған. Көкбай тек өз ауылдастарының, замандастарының, халқының өміріндегі кездесетін келеңсіздіктерді құр сынаушы ғана емес, оларды бұндай қасиеттерден, әдеттерден арылуға, адамгершілікке, парасаттылыққа шақырушы. Ақын адамгершілік қасиеттерді әрі уағыздаушы, әрі оны бағыт ретінде көрсете білуші. Яғни, ақынның басты мақсаты-кереғарлықты түзету, кемшілікті жою. Көкбай өлеңдерінің түп-төркінінде, негізінде осы мақсат жатыр. Бұл ақынның Абайдан үйренген ізгі қасиеті. х х х Көкбай қағыстары көлемі жағынан шағын болып келгенімен, мазмұн, мағына жағынан көптеген айтыстардан кемшін түспейді. Көкбай сөздері айтқан жерін ойып түсер өткірлігімен, әзіл-қалжыңды орнымен келістірер тапқырлығымен ерекшеленеді. Көкбайдың ең алғашқы өлеңмен қағысуы, сөз жарыстыруы, айтысуы Семейдегі училищеде оқып жүрген кезінде болады. Ақынның Әріп, Біралы, Саржан, Жүнісхан, Кемпірбай және Міржақыппен қағыстары сақталған. Олардың көбі табан астында суырылып салып айтылған туындылар болса, кейбіреулері екі ақынның бір-бірімен хат арқылы жазысып айтысқандары. Көкбай Жанатайұлының қағысулары дегенде ең алдымен аузымызға жастайынан Сыбанның жас перісі атанған ақын Әріп Тәңірбергенов түседі. Екі ақынның шығармашылық жолдары бір бастаудан нәр алып, қайта тоғысып кетіп отыратын арналар сияқты әрдайым байланысқа толы. Туыстық жағынан нағашылы- жиенді болып келетін екі ақын бала кездерінен бастап араласып, өнер жолына бірге қанат қағады. Ғұмыр бойы әзіл-қалжыңмен бір-бірін зілсіз сынап өткен ақындардың өмірі кейінгі буынға, ұрпаққа үлгі-өнеге. Көкбай мен Әріптің ең алғашқы айтысы жас кезінде болса, ең соңғы айтысы жиенінің қатты науқастанып, өлім аузында, ауырып жатқанда болады. Осы уақыт аралығында екі ақын бір-біріне қалжың айтудан бір танбай, тату-тәтті құрдастай әзілдесіп өткен. Әріптің жасы Көкбайдан үш-төрт жыл үлкен болғанымен, тең құрбыдай қалжыңдасып, сыйластықтарын жоғары орынға қойған. Көкбайдың айтыс-қағыстарында ақын аузынан маржандай тізіліп шығып жатқан әрбір түйінді ой әділдігімен, қисындылығымен, көркемдігімен ерекшеленеді. Әлеуметтік тақырыпқа, яки әзіл-қалжыңға құрылған айтыстарының қайсысында да болмасын, Көкбай қашан да шындықты бетке ұстар парасатты жауаптың, әділ әзіл-қалжыңның бел ортасында. Ақын аз сөзбен алғыр ой айтуға шебер екендігін көптеген қағысуларында көрсете алған. Ақын қағысулары айтыс төрінен орын алары сөзсіз. х х х К.Жанатайұлы шығармашылығының көлемді бір саласы - қисса-дастандары, поэмалары. Көкбай - ұзақ оқиғалы үлкен шығармалар жазған эпик ақын. Оның эпикалық туындыларынан Абайдың ақындық дәстүрінің жалғастығы, Абай ықпалы айқын аңғарылады. Абай әңгімелі, оқиғалы жыр-дастандарға өрістеп бармаған. Есесіне талантты шәкірттері тудырған жыр-дастандар қазақ поэзиясындағы жаңа үлгідегі поэмалар шоғыры болды. К.Жанатайұлының қаламынан "Сабалақ" , "Қандыжап", "Құлынды даласы" атты жыр - дастандар, "Ғаділ патша", "һарун Рашид" қиссалары сияқты эпикалық сипаттағы шығармалар туды. Ақын көлемді шығармалары арқылы қазақтың өткен тарихына қалам тербейді. Есімдері тек қана құрметпен аталуға тиіс қазақтың ерлерін жырға қосады. Ал, қиссаларында қызықты оқиғалар арқылы оқырмандарын ертегі әлемге жетелеп, оқиға ішіне енгізе отырып, адамгершілік, имандылықты құлақтарына құяды. Өткен тарихты да білдіру, ұлтын сүюге шақырып, дін жолдарын, адамшылық қасиеттерді уағыздау - ақынның басты мақсаты. Оның көлемді туындыларының ішіндегі көрнектісі –"Сабалақ" . Жыр қазақ халқының ел болып бірігуіне, халық болып қайраттануына елеулі және басты үлес қосқан, қазақ тарихындағы ірі тұлға Абылай ханның ерлік істеріне арналған.Басты қаһарман да- хан Абылай атанған жетім бала Әбілмансұр. Жырдың басында оның жетім қалып, Төле би аулына келген кездегі "Сабалақ" бейнесін ақын төмендегідей шеберлікпен суреттейді: Бір бала үсті-басы далба-дұлба, Күрсініп дем алады анда-санда. Жылтыр көз тікірейген, сұрғылт сары Жаратқан ерекше ғып алла тағала. Қой жүні, жыртық күпі, сеңсең тымақ, Көзіне шашы түсіп кеткен тым - ақ. Сұңқардың отырысы баласындай Нәсілі Төле биге кетті ұнап. Болашақта ел билер Абылайдың сыртқы кескін - келбеті де, қарапайым бейнесі де, тектік қасиеті де осында сыйдырылған. Халық арасында кең тараған Сабалақ мінездерін Көкбай өз жырында шебер пайдаланады. Ақын баланың аяқ- қолын төрт жаққа соза жатуы мен Төле би қалдырған малдың басын жалғыз жемей үлестіруі сияқты детальдар арқылы болашақта ел билейтін адамның белгілерін көрсетеді. Көкбай көлемді жырларында өзі жырлап отырған кезеңнің шынайы шындығын көрсетуге тырысады. Ол осы шығармасына халық арасында аңызға айналған элементтерді енгізе отырып, өзінің идеясын, ақындық нысанасын алып шығу барысында тарихи дәлдікті, нақты деректерді көркемдік деталь ретінде пайдаланып, шынайы оқиғалар жүйесінен ауытқымай оны тарихи жыр дәрежесіне жеткізген. Көкбайдың Абылай ерліктеріне арналған осы шығармасы сюжеттік, композициялық құрылысы жағынан аса күрделі болмаса да, Абылайдың ел билігіне жеткенге дейінгі өмір тарихын жан - жақты сомдап бере алған. Ақынның Абайдан естіген әңгімесі де Абылай өмірінің жас шағы еді. Кенесары мен Наурызбай, олардың төңірегіндегі батыр туыстары жөнінде жазылған шығармасы- "Төрт төре" атты тарихи дастан. "Сабалақ" жырының заңды жалғасы болып табылатын бұл шығарма Абылайдың бір топ ұрпақтарына арналған. "Бекташ нұсқасында Абылай туралы әңгіменің жалғасы түрінде берілген, ал басқа бір қолжазбаларда дербес жыр ретінде ұсынылған "Ер Наурызбайдан" Кенесары қозғалысы туралы, ол қозғалыстың себеп-салдары, тірек-күші, бағыт- бағдары, мақсат-мұраты туралы ешқандай дерек ала алмаймын", - деп М.Мағауин айтқандай, Көкбай жырында Кенесары бастаған көтеріліс кеңінен суреттелмейді. Жырдың негізгі бағыты қазақ жерінің, халқының бостандығы, еркіндігі үшін жанын салып жүрген ерлердің күресін, қысылған шақтағы амалсыз әрекеттерін көрсету болған. Ақынның елдің еркіндігіне осы мұнарадан қарағандығын оқиғалар жүйесінен аңғару қиын емес. Бірінен кейін бірі туындап отыратын оқиғалардың әлеуметтік астарына ақын аса мән берген. Соны негізгі нысана етіп алған. Қазақ жеріне жан-жағынан көз алартып қызыға қараған, басып алуды ойлаған үлкен державалар, шұрайлы жерлерін тартып алып, бекіністер сала бастаған отаршылдар, бір мұсылманбыз, қиянат жасамас дегенде алдап соққан сарт, түрікпендер әрекеттерінің, ойларының түпкі тамырына ақын терең үңілген. К.Жанатайұлы Абылай, Кенесары, Наурызбайларды қоршаған әлеуметтік орта, сол кездегі қоғамдық-саяси жағдай, солардың заманының шындығын шерте отырып, тарихи тақырыптың бүгінгілік мәнін, актуалдық маңызын басты назарға ұстаған. Көкбай Жанатайұлының Абылай хан, оның қайсар ұрпағы хақында жазған " Сабалақ" жырының заңды жалғасы - " Наурызбай-Фатима" дастаны. " Наурызбай-Фатима" - ғашықтық дастан. Сондықтан да онда махаббат, ерлік, ел арасындағы татулық басты орын алған. Фатиманың Науанға деген сүйіспеншілігі де осы идеяға бағынған. Жеке жыр ретінде тануға болатын " Наурызбай - Фатима" ғашықтық дастаны " Сабалақ" жырының көрнекті де, көлемді бөлігі. К.Жанатайұлы осы жырды: Сабалақ деген атпен өзін жырлап, Әулетін өлең қылдым Абылайдың. Шәкірті-Абай ақын, атым- Көкбай Еркесі ем Тобықтыда Жанатайдың,- деп аяқтайды. К.Жанатайұлының "Сабалақ" жырынан өзге де көлемді ауыз толтырып айтарлықтай мұралары бар екендігін жоғарыда келтірдік. Олардың бірі – "Құлынды даласы" атты дастан. Бірақ бұл поэма қазіргі таңға дейін табылмай келеді. Көкбай ақынның тағы да бір көлемді дастаны, өмірінің соңғы шағында жазған " Қандыжап" атты тарихи шығарма. Онда Абылай ел тыныштығын, азаттығын ойлап, халқының болашағы үшін уайымдаған, халқының адал перзенті ретінде суреттеледі. Өмірдегі шындықтан алыс кетпеген К.Жанатайұлы Абай айтқандай "қазақтың мақтан қылар ерлерінің бірі" Абылайды қолынан келгенше ірі тұлға ретінде бейнелеуге тырысқан. Оның басындағы кездесетін жекелеген кемшіліктерін де жасырмайды. Тарихи шындықты негізге алып, Абылайдың ерлік істерінің бір қырын баяндауды мақсат тұтады. Дастанның идеялық мазмұндағы бір құндылық - қаншама жылдарға созылған қазақ-қалмақ соғысының Абылай хан арқасында бітім табуын, осы жолдағы қазақ хандары мен ерліктерін суреттеу. К. Жанатайұлының рухани нәр салған алтын бастауларының бірі-шығыс әдебиеті. Оның шығыс мәдениетін тереңдеп оқып үйренуіне орасан зор ықпал еткен адамның бірі, өзінің ұстазы - Абай Құнанбайұлы. Шығыстық қисса-дастандардың, оқиғалы әңгімелердің көпшілігі Абай айтуы бойынша, сол ортада кеңірек таралып, мол өріс жаяды. Көкбай Жанатайұлы "Мың бір түн" ертегісінің негізінде екі қисса жазады. Оның алғашқысы "Ғаділ патша қиссасы" болса, екіншісі - "һарун Рашид қиссасың деп аталады. Екі қиссаны да С.Қарамендин ел ортасынан тауып, 1927 жылы хатқа түсірген. Олар архив қорларында сақталғанымен күні бүгінге дейін жарық көрген жоқ. Қиссаларды жазудағы ақынның басты нысанасы - адам баласын адамшылыққа, адалдыққа, шынайы махаббат пен алғырлыққа, тапқырлық пен әділеттілікке шақыру. Екі қиссаның да тәрбиелік маңызы аса жоғары. х х х Қазақ әдебиеттану ғылымының туу, ояну, даму кезеңдеріне көз жүгірткенде, ұлттық ғылыми-зерттеушілік, әдеби-теориялық ой-пікірдің басты нысанында болып, классикалық мұраны игеруде жан-жақты, ғылыми тұрғыда зерттеле бастаған ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы екендігін байқаймыз. Абайды тану-халқымыздың тарихын тану деп білсек, осы жолда үлкен жұмыстар атқарылып келеді. 1924 жылы Абайдың дүниеден өткеніне 20 жыл толуына орай Семей қаласында әдеби кеш өтеді. Көкбай осы кеште Абайдың мінез ерекшеліктерін, өзі білген ұстазы жайлы әңгімелерді, Абайдың ақындық тұлғасын сипаттап шығады. Көкбайдың осы пікірлері Абай мұрасы мен ақындық ерекшеліктерін танып бағалауға үлкен көмегін тигізген. Көкбай әңгімесінің аса құндылығына М.Әуезов жоғары баға берген. Абайдың ерекше мырзалығы, жомарттығы, дүниеқор еместігі, малшысына адалдығы, ақшаға да сараң болмағандығы, қонақшылдығы мен тоғызқұмалақты қызығып ойнайтындығы, жас кезіндегі аңшылығы- барлығы- Көкбай естелігінде көрініс тапқан. К.Жанатайұлының Абайдың мінез көріністері туралы айтқан естелік-әңгімесі Абайтануға қосылған құнды деректің бірі деп білеміз. Мұхтар жазған Абай өмірбаянына бұл еңбектің тигізген үлесі ерекше мол. "Онан соң Абайдың өмірбаянын толық етіп жазуда да Көкбай айтып берген материалдар аса көп еді. Олар құнды деректер болатын. Тек Көкбайдың Абай тұсында айтқан естелігі толық жазылмады. Бірақ 1933 жылы біз құрастырып жазатын алғашқы толық өмірбаянның көп фактылары Көкбайдың аузынан алынған",- дейді М.Әуезов. Абай шығармаларының жинағы толық болып шығуына да Көкбайдың еңбегі зор болғанын атап айтуымыз керек. Яғни Көкбайдың қазақ әдебиетіне қосқан үлкен үлесі - Абайдың асыл мұрасын аман сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу. Бұл бағыттағы Көкбай еңбегі туралы М.Әуезов былай деп жазады: "1924 жылдан бастап Абайдың өмірбаянын жазушыларға және барлық толық жинағын құрастыруға Көкбай барынша зор көмек еткен еді. Абайдан қалған мұраның қазақ оқушыларына толық жинақ боп құралып шығуына анық еңбек сіңірген кісінің бірі - Көкбай. ...1909 жылы Кәкітай бастырып шыққан жинақ Абай еңбектерінің жарым көлеміндей ғана еді. Көкбай қолжазбада сақталған шығармалар ғана емес, өзінің жадында жүрген, біршама жоғалып кетуге мүмкін болған Абай өлеңдері мен кейбір шумақтар, жолдарды хатқа түсіртіп, ұлы ақынның өзге мұраларының қатарына қостық. М.Әуезов жоғары бағалағандай Абай мұрасының толыққанды түрде сақталуына, ғұмырнамалық дәлді деректердің бізге жетуіне Көкбай теңдессіз еңбек сіңірген. Ұстазы алдындағы, келешектің алдындағы парызын ұға біліп, борышынан құтылды. Дана ақынның дара шәкіртінің кемеңгерлігі де осында. Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы–ақынның туғанына 95 жыл толуы қарсаңында Халық Комиссарлар Кеңесінің 1940 жылғы 1-сәуірдегі қаулысы бойынша ұйымдастырылды. Оның негізгі қорын 1885 жылы өлкетану мұражайына Абай тапсырған заттар құрайды. Аталмыш заттардың 30-ға жуығы мұражай қорында сақтаулы. Алғашқы жылдары мұражай Абай ақын Семейге келгенде ат басын тіреп, түсіп жүрген Бекбай Байысов пен Әнияр Молдабаевтың үйлеріне орналасқан болатын. 1967 жылдан бастап, мұражай көпес Ершовтың (Ленин көшесі, 12) үйіне орын тепті. 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Абай мұражайы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы болып қайта құрылды. Қорық-мұражайдың құрамына қалалық кешен, Бөрілідегі М.Әуезовтің музей-үйі, Жидебайдағы Абайдың әдеби-мемориалдық музейі, қорық аймағына кіретін 16 тарихи орындар, Абай ауданы Құндызды ауылындағы халық ақыны Шәкір Әбеновтың мұражайы және Мақаншыдағы Әсет Найманбаевтың мұражайы кіреді. Қалалық кешенге Ахмет Риза медресесі мен мешіті, «Алаш арыстары және М.Әуезов» музейі кіреді. Мұнда ақын пайдаланған кітаптардың түпнұсқалары қойылған. Мұражайда ұлы ақын өміріне қатысты бірнеше бөлімдер бар. Осының бәрі қосыла келгенде Абай дәуіріне, оның шығармашылығына терең бойлауға жол ашады. Бас мұражай экспозициясы келесі залдардан тұрады: «Абай және оның дәуірі», «Абай шығармашылығы», «Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары», «Абай аудармалары мен музыкалық мұрасы», «Шығыс поэмалары», «Ескендір поэмасы», «Күмбезді зал», «Жыл мезгілдері», «Жаз өлеңіне арналған панорамалық заң», «Тақырыптық көрмелер залы», «Ақындық айналасы», «Абай халық жүрегінде», «Сыйлықтар залы». 1855-1859 жылдары Ахмет Риза медресе экспозициясы, медресе тарихы, Абай және Шығыс бөлімдерінен тұрады. Медреседе жас шәкірт Абай (Ибраһим) пайдаланған түпнұсқа кітаптар қойылған. Бұлар әдеби оқулықтар, шығыс ғұламаларының еңбектері. Абай қорық-мұражайы қорында 20 мыңнан астам жәдігері, 12 950 кітабы бар ғылыми кітапхана және көшірме жасайтын ғылыми-техникалық бөлім бар. 1997 жылы Семейдегі Әнияр Молдабаевтың үйінде «Алаш арыстары – М.Әуезов» мұражайы ашылды. Ол М.Әуезовтің Семейдегі өмірі мен қызметіне, сондай-ақ алашорда қайраткерлеріне арналған. Абай ауданының аймағында орналасқан Бөрілі-Мұхтардың балалық, жастық шағы өткен жер. Сондықтан мұнда жазушының өмірі мен шығармашылығын қамтиды. Жидебай – Абайдың әкесі Құнанбай әулетінің ата қонысы. Мұнда ақынның әдеби мұралары: қарасөздері, өлеңдері, аудармалары жазылды. Ақын мұражайын кезінде өркендетуге үлес қосқан жазушы, ғалым, қайраткерлер Қ.Туғанбаев, Қ.Мұхамедханұлы болды. Мұражайда жазушы М.Әуезовтың өз қолымен сыйға тартқан ақынның көзі тірісінде түскен фотосуреттері және Абай үйінің дүниелері асылдың көзіндей сақтаулы. Сонымен қатар, қаланың музыка, өнер саласындағы өнерпаздарының жиі бас қосатын жері. Белгілі жазушы-сыншы, әдебиет және өнер зерттеушісі, абайтанушы Төкен Смайылұлы Ибрагимов 1976 жылдан осы Абай қорық мұражайын басқарады. Әдістемелік нұсқау: Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралау. Сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты «Абай » журналының сандарын қарау. Әдебиеттер тізімі . Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР- ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б. 2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б. Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б. Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмысы шеңберіндегі тапсырмалар (СОБӨЖ) №1 Абайдың өмірі мен ата тегі жайлы мәліметтер. Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы. Тапсырма: Конспект (өлеңдерін жаттау) Өздік жұмысының мақсаты: Абайдың өмірі мен шығармашылына шолу жасау, абайтану ілімінің қалаптасуына студенттердің ғылыми тұрғыда ізлене отырып, қысқаша ой-толғамдарын конспектілеу Әдістемелік нұсқаулық: 2-3 беттен тұратын жазба түріндегі жазу жұмыстары №2.Абай қазақ поэзиясының реформаторы. Абай мұрасы жөнінде ең алғыш пікір айтқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов еңбектері Тапсырма:өздік жұмыс Өздік жұмысының мақсаты: Абай қазақ поэзиясының реформаторы екендігін жан-жақты қарастыру, Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынов еңбектеріне зерттеу жасау. Әдістемелік нұсқаулық:Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралауды нұсқадым. №3. Абайдың ағартушылық қызметі Тапсырма: зерттеулер, ғылыми пайымдаулар Өздік жұмысының мақсаты: Абайдың ағартушылық қызметін оқып, білу, жан- жақты зерттеу Әдістемелік нұсқаулық: Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралауды нұсқадым. Сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты, Абайтану тарихын оқытуды ескердім. №4. Абайдың ұлттық поэзиямызда алатын орны. «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қиыстырып мақтайсыз» өлеңдері Тапсырма: жаттау Өздік жұмысының мақсаты: Абай өлеңдерінің тақырыптық мазмұнын, мәнін ашып, идеясын түсіну. Әдістемелік нұсқаулық:Тақырыпты толық меңгерсін деген мақсатта З.Ахметовтың, М.Мырзахметовтың еңбектерін оқу. №5. «Біреудің кісісі өлсе- қаралы ол» атты өлеңін талдап, мазмұнын ашу. Абай мұрасы моногрофиялық зерттеу желісінде. Тапсырма: өздік жұмыс Өздік жұмысының мақсаты: Абай мұрасын студенттер ғылыми тұрғыдан зерттеп, ой-тұжырымдама жасауға бағыт беру. Әдістемелік нұсқаулық:Тақырыпты толық меңгерсін деген мақсатта М.Әуезовтың, С.Мұқановтың еңбектерін оқу. №6. Абайдың толық адам туралы ілімі. Абай және исламят әлемі Тапсырма: талдау Өздік жұмысының мақсаты: Абайдың алла, ислам, дін туралы мәселелерін жан- жақты талдау. Әдістемелік нұсқаулық: М.Мырзахметовтың еңбектерін басшылыққа алу. Оны қамту студент білімін толықтыруда маңызы зор. №7. Абай поэмалары Тапсырма: жаттау, талдау Өздік жұмысының мақсаты: Абайдың поэмаларының идеясын, тақырыптық ерекшеліктерін ашу. Абайдың поэма жазудағы мақсатына тоқталу. Әдістемелік нұсқаулық:Абайдың кемеңгер өнерпаздығының зерттелуі туралы толық мағлұмат алу үшін, Абай жайлы жазған, зерттеген туындыларды оқу. №8. Абай және Шығыс Тапсырма: зерттеулерге шолу Өздік жұмысының мақсаты: Абай нәр алған шығыс әдебиетін зерттеу, тыңнан материалдарды қарастыру. Әдістемелік нұсқаулық: Р.Бердібайдың еңбектерін оқу. Оны қамту студент білімін толықтыруға негіз болады. №9. Абайдың аудармашылық мектебі Тапсырма: жаттау,талдау Өздік жұмысының мақсаты: Абайдың аударма саласына қосқан еңбектерін талдау, саралау. Әдістемелік нұсқаулық:С.Мұқановтың, Абай энциклопедиясын қарастыру. Бұдан басқа басылымдарын қарастыру. №10 М.О.Әуезов – Абай шығармашылығының текстолігі. Тапсырма: конспект, ғылыми мақалалармен жұмыс Өздік жұмысының мақсаты: М.Әуезовтың еңбектерін қарастыру мақсатында Абай шығрамшылығының әр қырын ашу. Әдістемелік нұсқаулық:Бұл тақырыпты кеңінен ашып, қарастыру үшін М.Әуезовтың, М.Мырзахметовтың еңбектерін қарастыруды нұсқау . №11. Абай - сазгер Тапсырма: жаттау, талдау Өздік жұмысының мақсаты: Абайды сазгер ретінде танытатын шығармаларына тоқталып, мақалалармен жұмыс жасау. Әдістемелік нұсқаулық:Абай сазгер тақырыбын тереңінен меңгеру үшін мерзімді басылымдарды оқу. №12. Абайдың қара сөздері Тапсырма:жаттау, талдау Өздік жұмысының мақсаты: Абайдың қарасөздерінің мәнін, мағынасын түіну, оларға талдау жасау Әдістемелік нұсқаулық:Тақырыпты толығымен меңгеру мақсатында, Ғ. Есімнің «Хакім Абай»еңбегін оқу. №13 Абайдың ақын шәкірттері Тапсырма: реферат талдау Өздік жұмысының мақсаты: Абайдан нәр алған ақын шәкірттерді жете зерттеп, олардың шығармаларының үндестігін қарастыру. Әдістемелік нұсқаулық:Бұл тақырыпты кеңінен ашып, қарастыру үшін М.Мырзахметовтың, М.Әуезовтың еңбектерін қарастыру. №14 Абай және Шәкәрім үндестігі Тапсырма: салыстыру,талдау Өздік жұмысының мақсаты: Абай мен Шәкәрімнің үндестігін ашу, өлеңдеріне талдау жасау. Әдістемелік нұсқаулық:Абай және Шәкәрім тақырыбын толық меңгеру мақсатында мезгіл басылымдарын,әдеби сын мақалалар еңбектермен танысу. №15. Абай және М.О.Әуезов. Абай поэзиясындағы психологизм. Тапсырма: Конспект, ғылыми сараптама Өздік жұмысының мақсаты: Абай поэзиясындағы психологизм тақырыбын ашу, М.Әуезовтың Абайға қатысты зерттеулерін ғылыми тұрғыдан қарастыру. Әдістемелік нұсқаулық:Тақырыпты жоғары дәрежеде меңгеру үшін М.Мырзахметовтың, А.Байтұрсыновтың, С.Мұқановтың еңбектерін қарастыру. Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысы шеңберіндегі тапсырмалар (СӨЖ) № 1 Тапсырма: өздік жұмыс Өздік жұмысының мақсаты: студенттердің абайтану ілімінің қалыптасуына ғылыми тұрғыда іздене отырып, қысқаша ой-толғамдарын конспектілеу Әдістемелік нұсқаулық: Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралау № 2 Тапсырма: конспект Өздік жұмысының мақсаты: Қ.Мұхаметқановтың Абай туралы зерттеу еңбектерін жан-жақты қарау, талдау. Әдістемелік нұсқаулық: Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастыру. Сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты, Қ.Мұхаметқановтың еңбектерін оқу. № 3 Тапсырма: реферат Өздік жұмысының мақсаты:З. Ахметовтың абайтану саласындағы еңбектерінің ғылыми мәні және мазмұны. Әдістемелік нұсқаулық:Тақырыпты толық меңгерсін деген мақсатта З.Ахметовтың зерттеу мақалаларын оқу. № 4 Тапсырма: өздік жұмыс Өздік жұмысының мақсаты: М.Мырзахметұлының абайтану ғылымындағы еңбектеріңнің маңызын ашу, ғылыми тұрғыдан сараптау. Әдістемелік нұсқаулық:Қаламыздағы кітапханалардағы әдеби қорымызда сақталған газет, журналдарды қарастырып, саралау. № 5 Тапсырма: талдау Өздік жұмысының мақсаты:Абайдың Әбдрахманға арналған жоқтау өлеңдерінің тағлымы мен тақырыбын жете ашу. Әдістемелік нұсқаулық:Тақырыпты толық меңгерсін деген мақсатта Абайдың өлеңдер жинағын оқу. № 6 Тапсырма: талдау Өздік жұмысының мақсаты: Абай ұлтжанды азамат, ақын екендігін студенттермен бірлесе отырып, талқылау. Әдістемелік нұсқаулық: М.Әуезовтың, С.Мұқановтың және мерзімді басылымдарды оқу. №7 Тапсырма: конспект Өздік жұмысының мақсаты: ХІХ ғасырдың ІІ жартысы қазақ даласында отарлаудың ең асқындаған кезеңі, оның Абай шығармашылығында бейнеленуі және Абай шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесін ашық көрсету. Әдістемелік нұсқаулық: Абай жайлы жазған, зерттеген туындыларды оқу. №8 Тапсырма: талдау, салыстыру Өздік жұмысының мақсаты: Абайдан нәр алған ақын шәкірттердің өлеңдерін талдау, тақырыптық идеясын түсіну. Әдістемелік нұсқаулық: Абайдың ақын шәкірттері туралы монографиялармен танысу. №9 Тапсырма: талдау Өздік жұмысының мақсаты: Абайдан нәр алған ақын шәкірттердің өлеңдерін талдау, тақырыптық идеясын түсіну. Әдістемелік нұсқаулық: М.Әуезовтың еңбектерінен қарастыру. № 10 Тапсырма: талдау Өздік жұмысының мақсаты: Абай аудармаларының мәнін, тақырыптық идеясын түсіну. Әдістемелік нұсқаулық:Бұл тақырыпты кеңінен ашып, қарастыру үшін С.Мұқановтың, З,Ахметовтың,Қ.Мұхаметқановтың, М.Мырзахметовтың еңбектерін қарастыру. №11 Тапсырма: конспект Өздік жұмысының мақсаты: Абайдың «Ескендір» поэмасының тақырыптық ерекшелігін кеңінен ашу. Физули нұсқасымен Абай арасындағы үндестікті салыстыру Әдістемелік нұсқаулық:Әдеби мұраны игеру мәселері тақырыбын тереңінен меңгеру үшін Абай энциклопедиясын, М. Мырзахметовтың еңбектерін оқу. №13 Тапсырма: талдау Өздік жұмысының мақсаты: «Евгений Онегин» романынан үзінділер аударудағы Абайдың көздеген мақсаты, қазақ әдебиетіне қосқан үлесін талқылау. Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты толығымен меңгеру мақсатында, М.Мырзахметовтың, М.Әуезовтың еңбектерін оқу. №14. Тапсырма: конспект Өздік жұмысының мақсаты: Абайдың көңіл-күй лирикасына арналған өлеңдерін жан-жақты талдау, тақырыптық идеясын ашу. Әдістемелік нұсқаулық: Абайдың көңіл-күй лирикасына арналған өлеңдерін толық меңгеру мақсатында З.Ахметовтың еңбектерін оқу. №15 Тапсырма: өздік жұмыс Өздік жұмысының мақсаты: Абай мұрасының 1918-1926 жылдары аралығындағы зерттеулерін саралау. Әдістемелік нұсқаулық:Тақырыпты жоғары дәрежеде меңгеру үшін М.Әуезовтың, С.Мұқановтың еңбектерін қарастыру. №16 Тапсырма: өздік жұмыс Өздік жұмысының мақсаты: Абай мұрасының 1926-1940 жылдары аралығындағы зерттеулерін саралау. Әдістемелік нұсқаулық:Тақырыпты жоғары дәрежеде меңгеру үшін М.Әуезовтың, С.Мұқановтың еңбектерін қарастыру. №17. Тапсырма: ғылыми сараптама Өздік жұмысының мақсаты: Кеңестік дәуірде Абай шығармашылығы жөнінде орын алған теріс көзқарастарды қарастыру. Әдістемелік нұсқаулық:Тақырыпты жоғары дәрежеде меңгеру үшін М.Әуезовтың, С.Мұқановтың еңбектерін қарастыру. №18 Тапсырма: талдау Өздік жұмысының мақсаты: 20-30 жылдары Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыстарға тоқталу, талдау. Әдістемелік нұсқаулық:Тақырыпты жоғары дәрежеде меңгеру үшін М.Әуезовтың, С.Мұқановтың еңбектерін және мерзімді басылымдарды қарастыру. №19 Тапсырма: конспект Өздік жұмысының мақсаты: Абайтану ғылымының қалыптасуындағы М.Әуезовтың еңбектерін қарастыру, өз ойларын конспектілеу. Әдістемелік нұсқаулық:Тақырыпты жоғары дәрежеде меңгеру үшін М.Әуезовтың еңбектерін,мақалаларын қарастыруды нұсқадым. №20 Тапсырма: реферат Өздік жұмысының мақсаты: Абайтану ілімінің 100 жылдық тарихына байланысты зерттеулер жүргізу. Әдістемелік нұсқаулық:Тақырыпты жоғары дәрежеде меңгеру үшін М.Мырзахметовтың М.Әуезовтың, С.Мұқановтың еңбектерін, мерзімді басылымдарды қарастыру. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. – Алматы: Ғылым, 2003. – Т.10. – 456 б. 2. Әуезов М. Абай Құнанбаев А., 1967. 3. Байтұрсынов Ахмет. Қазақтың бас ақыны. А., 1989. 4. Дулатов М. Абай. Шығармалар жин. Алматы, 1991. 5. Жансүгіров І. Бес томдық шығармалар жин. Ү том. Алматы, 1988. 6. Жұмалиев Қажым. Қазақ әдебиеті туралы ІІ томдық зерттеулер. 7. Жұбанов Қ. Шығармалар мен естеліктер. Алматы, 1999. 8. Құнанбаев А. Шығармаларының ІІ том. жинағы Алматы, 1954, 57, 77. 95,2002. 9. Мұхаметханов Қ. Абай мұрагерлері. Алматы, 1995. 10. Мырзахметов М. Абайтану. Алматы, 1988. 11. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі . А., 1995. 12. Дулатұлы М. Абай // Қазақ. – 1914, 23 маусым. 13. Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. – Астана: Фолиант, 2005. – Т.1. – 572 б. 14. Қирабаев С. Абайтанудың кезекті міндеттері туралы // Абай және қазіргі заман: Зерттеулер жинағы. – Алматы: Ғылым, 1994. – 336 б. 15. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. – Алматы: Санат, 1997. – 448 б. 16. Ахметов З. Абайтану және ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері // Қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері. – Алматы: Ғылым, 2002. –274 б. 17. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – Алматы: Ғылым, 2001. – 448 б. 18. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. – Алматы: Жібек жолы, 2004. – Т.15. – 394 б. 19. Қасқабасов С. Абай және фольклор // Қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері. – Алматы: Ғылым, 2002. – 274 б. 20. Ысмағұлов Ж. Абай дәстүрі және оның ХХ ғасыр басындағы әдебиетте дамытылуы // Қазақтың бас ақыны: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Дәуір, 2004. – 120 б. 21. Букейханов А. Абай (Ибрагим) Кунанбаев // Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела Императорского русского географического Общества. Вып. 3. – 1907. – С. 1-8. 22. Қыр баласы. Түрк, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі // Қазақ. – 1913, 28 сәуір. 23. Қыр баласы. Қалқаман-Мамыр (Шәкәрім). Сын // Қазақ. – 1915, 22 сәуір. 24. Ғалихан. Кәкітай // Қазақ. – 1915, 18 ақпан. 25. Ғаббасов С. Тарих қазақ жайынан // Айқап. – 1915. – №9. – Б.128-129. 26. Схақұғлы Кәкітай. Абай (Ибрагим) Құнанбайұғлының өмірі // Абай. –1992. – №3. – Б.17-22. 27. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Қазақ. – 1913, 23 қараша; 30 қараша, 22 желтоқсан. 28. М.М. Семипалаттан // Айқап. –1914. –№4. Б. 67-68. 29. Мәрсеков Р. Қазақ әдебиеті жайынан // Қазақ. –1915, 19 наурыз. 30. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б. 31. Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы кітапханасының қолжазбалар қоры. № 66-бума. 32. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1994. -192 б.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz