Файл қосу
Тарихи теория - тарихи үрдіс теориясы
| | |ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | | | | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК |ПОӘК | | | |042-16-02.1.34/03-2013 | |«Тарихи үрдіс және тарихи| | | |таным теориясы» пәнінің |№1 басылым | | |оқу-әдістемелік кешені |30.09.2013 | | «Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні бойынша «тарих» мамандығына арналған ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ Семей 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық сабақтар 4 Студенттердің өздік жұмысы 1 Глоссарий Тарихи үрдіс теориясы - тарихи фактілерді түсіндіруші логикалық жүйе.Факт- «шындықтың үзігі» ретінде өздігінен ештеңе де білдіре алмайды, тек тарихшы ғана оны өзінің идеялық- теориялық көзқарасына орай,сөйлете алады.Тарихи үрдіс теориясының бірі екіншісінен зерттеу пәні мен тарихи үрдіске көзқарастар жүйесі арқылы ерекшеленеді. Әрбір схема – теория қаншама фактінің ішінен өзінің логиксына сай фактіні таңдап алады. Тарихи зерттеу пәні арқылы әрбір теория өзінің кезеңдестіруін ,ұғымдық аппаратын анықтап, өз тарихнамасын құрады. Тек тарихи фактілер ғана ақиқат, ал оларды ұғыну қашан да субъективті болады. Тарихи факт - өткеннің нақты оқиғасы. Адамзаттың бүкіл өткені тарихи фактілерден өрілген, олар өте көп. Нақты-тарихи фактіні біз тарихи деректерден аламыз. Тарих ғылымында жай және күрделі фактілер бар. Алғашқылары оқиғаларды білдірсе, соңғылары өзіне түсіндіру, ұғыну сәтін де қамтиды.күрделі фактілерге тарихи үрдістер мен құрылымдарды түсіндіру жатады. Тарихи дерек- адамзат қоғамының дамуын бейнелейтін және оны ғылыми тануға негіз болатын айғақ. Тарихи деректердің түрлері: жазба, заттық, этнографиялық, фольклорлық, тілдік, кино фото деректер. Тарихи қозғалыс - өзара байланысты тарихи уақыт және тарихи кеңістік категорияларынан тұрады. Тарихи уақыт үнемі алға жылжып отырады. Тарихи уақыттағы қозғалыстың әрбір үзігі мыңдаған материалдық және рухани байланыстардан тұрады. Әрі ерекше және қайталанбайды. Т.У. ұғымы бірнеше рет өзгерді, ол тарихи үрдісті кезеңдестіруден көрінеді. ХVIII ғ аяғына дейін тарихшылар тарихи кезеңдерді билеушілердің атына қарай бөлді. ХVIII ғ. француз тарихшылары жабайылық, варварлық және өркениеттік кезеңдерді ұсынды. ХІХғ. соңында материалист - тарихшылар қоғам тарихын формацияларға (алғашқы-қауымдық. құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік) бөліп қарай бастады. ХХІ ғ.басындағы тарихи- либералдық кезеңдестіру ,қоғам тарихын:дәстүрлі,индустриялық және ақпараттық (постиндустриялық) кезеңдерге бөледі. Тарихи кеңістік- белгілі бір территорияда өтіп жататын табиғи- географиялық, экономикалық, саяси, қоғамдық-мәдени үрдістердің жиынтығы. Тарих философиясы-жүйелік философияның маңызды бір бөлігі. Бұл терминді Ф.М.Вольтер, 1765ж. өзінің «Тарих философиясы» атты еңбегінде енгізді. Алайда, философиялық-тарихи идеялар көне заманда туындай бастады. Тарих философиясының бірнеше типтері бар. 1)Онтологиялық немесе субстанционалды Т.Ф. Орыс дәстүріңде оны историософия деп атайды. 2) Сыни, рефлективтік немесе аналитикалық т.ф. Тарихилық принципі-құбылыстарды олардың пайда болуы және дамуы. олардың нақты жағдайлармен байланысында қарау. Бұл принцип тарихи құблыстардың пайда болу себептерін,түрлі этаптардағы сапалық өзгерістерін анықтап, диалектикалық даму барысында бұл құбылыс неге айналғанын түсінуге мүмкіндік береді. «Анналдар мектебі» («жаңа тарих ғылымы»)- Францияда, Марк Блок пен Люсьен Февр негізін қалаған «Анналы»(1929-1939), «Анналы социальной и экономической истории» (1939-1941) журналының төңірегінде пайда болған ғылыми бағыт. Тарих ғылымында революциялық өзгерістер енгізді.Оның мәні: тарихи баяндаудың орнына тархи мәселелілікті, яғни қоғамның барлық жақтарын суреттеуді кіргізді. Пәнаралылыққа үлкен мән берілді. Детерминизм және индетерминизм- себептіліктің орны мен ролі туралы мәселенің қарама-қайшы философиялық концепциялары. Дет.барлық құбылыстардың жалпыға ортақ, заңдылық байланысын мен себептілік шарттылығы туралы ілім. Индет. себептіліктің жалпылық сипатын жоққа шығарады. Каузалдық- себептілік. Құбылыстардың бір бірімен шарттылығының қажетті генетикалық байланысын анықтайтын философиялық категория. Марксизм- К.Маркс пен Ф.Энгельс жасаған философиялық. экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастардың жиынтығы. Оған: философиялық материализм мен диалектика, қоғамдық-экономикалық формациялар теориясы,қосымша құн теориясы,тап және таптар күресі теориясы т.б.жатады. Менталитет-(лат.-ақыл,ойлау,ойлау бейнесі) үлкен әлеуметтік топтың (халық, ұлт, тап,сословие) дүние түйсігін анықтап, мәдени дәстүр бірлігін бекітетін әлеуметтік-психологилық күйі. Парадигма- мәселенің немесе зерттеу міндетінің қойылуы мен шешімінің үлгісі және де белгілі бір ғылыми қоғамда белгілі бір тарихи кезеңнің барысында үстем жағдайда болатын зерттеу әдістерінің жиынтығы. Пассионарлық теория- Л.Н.Гумилев тарихи үрдісті этностар өмірінің динамикасы мен өзара әрекеті деп қарастырды. Пассионарлық – бұл жекелеген тұлғалардың өз алдына қойған нақты және қияли мақсаттарына қол жеткізу жолында өз өмірін құрбан ете отырып, басқаларды өз соңынан ерте білетін жоғары мақсатшлдығы. Позитивизм- гуманитарлық ойдың, барлық ақиқат білім жеке ғылымдардың қызметі нәтижесінде ғана алынатындығын мойындау принципіне негізделген бағыты. Оның негізін қалаушы француз ойшылы О.Конт.Поз-к парадигманың шеңберінде тарихи методология эмпирикалық мәліметтерді анықтап,суреттеу жәнереттеуге бағытталды. Яғни теориядан бас тартты. Провиденциализм-тарихты діни тұрғыда,құдайдың еркімен болатын нәрсе деп түсіну. Ол- барлық әлемдік діндерге тән. Революция-төңкеріс, өзгеріс. Кең мағынада – қоғамның барлық сферасындағы терең өзгерістер.Тар мағынасында- аса шиеленіскен тарихи процестер кезінде жаңа және күні өткен ескі қоғамдық қатынастар арасындағы күрестің неғұрлым өткір формасы. Маңызды белгісі- өкіметтің бір таптан екінші таптың қолына өтуі болып табылады. Өндіріс құралдары- адамдардың материалдық игіліктерді өндіру процесінде қолданатын құралдар мен заттардың жиынтығы. Еңбек құралдарына машина, жабдықтар т.б. және өндіріс нәтижесі жатады. Жалпыға ортақ еңбек құралы жер болып табылады. Еңбек заты- адам еңбегі арқылы өңделуге жататынның барлығы кіреді. Адамдар өндіріс құралдары арқылы өндіріс заттарына әсер етеді. Өркениет-(лат.civilis-азаматтық,мемлекеттік)-1)Мәдениеттің синонимі; маркистік әдебиетте сондай-ақ, материадық мәдениетті білдіреді. 2)Қоғамдық дамудың,материалдық және рухани мәдениеттің деңгейі, сатысы (антикалық өркениет, қазіргі өркениет). 3)Тарихи үрдістің жабайылық пен варварлықтан кейінгі белгілі сатысы. Эволюция- қоғам мен табиғаттағы өзгерістер, олардың бағыты,тәртібі,заңдылықтары турал түсініктер. Эпистемология- таным теориясы. 2 Дәрістер Дәріс сабағының құрылымы 1 тақырып. «Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні 1.Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы пәні. 2.Тарихи үрдіс- тарих филоофиясының пәні. 3.Пәннің категориялық аппараты. Тарих- үнемі дамуда және қозғалста болатын шындық дүние,қоғам мен табиғаттың дамуы туралы ғылым, адамзат жадында сақталып отыратын өткеннің беттері деп айтуға болады. Тарих- адамзаттың өткенін зерттейтін қоғамдық ғылымдардың кешені тәріздес. «Тарих» сөзі «баяндау», «зерттеу», «хабарлау» дегенді, ал «тарихшы» уақытты жеткізуші деген мағынаны білдірді. Қазіргі таңда,біз, «тарих» сөзін екі мағынада қолданамыз: 1-ден, өткен оқиға туралы әңгіме болса, 2-ден, өткенді зерттейтін ғылым ретінде жүреді .Тарих ғылымының пәні мемлекеттің идеологиясы мен тарихшының көзқарасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.Материалистік көзқарастағы тарихшылар- тарих ғылым ретінде түптеп келгенде материалдық игіліктерді өндірудің тәсіліне бағынатын қоғам дамуының заңдылықтарын зерттеу деп санайды. Бұл көзқарас себептілікті түсіндірген шақта басты назарды жеке адамға емес, экономикаға, қоғамға аударады. Ал, либералдық бағыттағы тарихшылардың ойынша, тарих ғылымының негізгі пәні - адам, оның әрекеті болады. Белгілі француз тарихшысы Марк Блок тарихты «Уақыттағы адам туралы ғылым» деп санады. Тарихшылар нені баса зерттесе де, өз зерттеулерінде нақты ғылыми категорияларды қолданады. Оларға тарихи қозғалыс (тарихи уақыт пен тарихи кеңістік), тарихи факт, тарихи дерек, зерттеу теориясы (методологиялық түсіндіру) жатады. Тарихи қозғалыс - өзара байланысты тарихи уақыт және тарихи кеңістік категорияларынан тұрады. Тарихи уақыт үнемі алға жылжып отырады. Тарихи уақыттағы қозғалыстың әрбір үзігі мыңдаған материалдық және рухани байланыстардан тұрады. Әрі ерекше және қайталанбайды. Т.У. ұғымы бірнеше рет өзгерді, ол тарихи үрдісті кезеңдестіруден көрінеді. ХVIII ғ аяғына дейін тарихшылар тарихи кезеңдерді билеушілердің атына қарай бөлді. ХVIII ғғ. француз тарихшылары жабайылық, варварлық және өркениеттік кезеңдерді ұсынды. ХІХ ғ.соңында материалист-тарихшылар қоғам тарихын формацияларға (алғашқы-қауымдық. құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік) бөліп қарай бастады. ХХІ ғ. басындағы тарихи- либералдық кезеңдестіру, қоғам тарихын:дәстүрлі, индустриялық және ақпараттық (постиндустриялық) кезеңдерге бөледі. Тарихи кеңістік- белгілі бір территорияда өтіп жататын табиғи- географиялық, экономикалық, саяси, қоғамдық-мәдени үрдістердің жиынтығы. Табиғи- географиялық факторлардың әсерімен халықтардың тұрмысы, шаруашылығы мен психологиясы қалыптасады; әлеуметтік-саяси және мәдени өмірдің ерекшеліктері туындайды. Көне заманнан бері халықтарды батыстық және шығыстық деп бөлу бар, алайда бұл халықтардың географиялық орналасуын емес, олардың тарихи тағдыры мен қоғамдық өмірінің ортақтығын білдіреді. «Тарихи кеңістік» ұғымы кей жағдайда нақты бір территориямен байланыссыз да алынады, мыс., христиан дүниесі-Батыстың, ал мұсылман дүниесі- Шығыстың синонимі болды. Тарихи факт- өткеннің нақты оқиғасы. Адамзаттың бүкіл өткені тарихи фактілерден өрілген, олар өте көп. Нақты-тарихи фактіні біз тарихи деректерден аламыз. Тарих ғылымында жай және күрделі фактілер бар. Алғашқылары оқиғаларды бідлірсе, соңғылары өзіне түсіндіру, ұғыну сәтін де қамтиды. күрделі фактілерге тарихи үрдістер мен құрылымдарды түсіндіру жатады. Тарихи дерек- адамзат қоғамының дамуын бейнелейтін және оны ғылыми тануға негіз болатын айғақ. Тарихи деректердің түрлері: жазба, заттық, этнографиялық, фольклорлық, тілдік, кино фото деректер. Тарихи үрдіс теориясы- тарихи фактілерді түсіндіруші логикалық жүйе. Факт- «шындықтың үзігі» ретінде өздігінен ештеңе де білдіре алмайды, тек тарихшы ғана оны өзінің идеялық- теориялық көзқарасына орай, сөйлете алады. Тарихи үрдіс теориясының бірі екіншісінен зерттеу пәні мен тарихи үрдіске көзқарастар жүйесі арқылы ерекшеленеді. Әрбір схема – теория қаншама фактінің ішінен өзінің логиксына сай фактіні таңдап алады. Тарихи зерттеу пәні арқылы әрбір теория өзінің кезеңдестіруін ,ұғымдық аппаратын анықтап,өз тарихнамасын құрады. Тек тарихи фактілер ғана ақиқат, ал оларды ұғыну қашан да субъективті болады. Түрлі теориялар тарихи үрдістің варианттары- заңдылықтар мен баламалылықтарды өз жүйесінің ыңғайына қарай анықтайды,өткен тарихқа баға беріп, болашаққа да солай божам жасайды.нақты тарихи фактілерді зерттеуші түрлі теориялардың бірі екіншісінен еш артық емес.Олардың барлығы да «шынайы, объективті, анық» боп келеді және тарих пен қазіргі қоғам туралы түрлі көзқарастар жүйесі мен дүниетанымды бейнелейді.Бір теорияны екіншісінің көзқарасымен сынау теріс әрекет, өйткені ол дүниетаным мен зерттеу пәнін өзгертіп жібереді. Ал. бұл теориялардың барлығының басын қосып бір ортақ жүйе жасауға әрекеттену ғылымға жат құбылыс болады,себебі себеп- салдарлық байланыстың бұзылып,қарама- қайшы тұжырымдард туғызады. Зерттеу пәні бойынша үш түрлі белгілі теория бар:діни- тарихи, әлемдік- тарихи, локальды-тарихи теориялар. Діни- тарихи теория бойынша зерттеу пәні- адамның Құдайға тартылуы, адамның Жоғарғы ақыл-оймен, Жаратушымен байланысын зерттейді. Барлық діндердің мәні адам тәнінің материалдық дүние ретінде уақытш, ал жанның Мәңгілігін мойындау болып табылады. Әлемдік- тарихи теорияда зерттеу пәні ретінде адамзаттың жалпы дүниелік прогрессі алынады. Басты орынға адамның әлеуметтік мәні, идеялды адам мен қоғамды жасауға мүмкіндік беретін, оның санасының прогрессі жатады. Тарихтың дамуы прогреспен сәйкестіріледі. Барлық халықтар дамудың белгілі сатыларың өтіп шығады,тек бірі- прогресс жолына ерте түссе,екіншілері кеш келеді. Прогрессивті қоғамдық даму- заң, қажеттілік, жазмыш түрінде қарастырылады. Бұл теория тарихи уақыт категориясына маңызды орын береді. Кемшілігі: бұл теория Х1Х ғғ. Батыс Европа елдерінің тарихи жағдайына қарап жасалды да, евроцентризмге бой алдырды. Ол, өз кезегінде, дүниежүзілік тарихтың бейнесін жасауға мүмкіндік бермейді, себебі, өздерінен басқа әлемнің (Америка, Азия, Африка) даму ерекшелігін ескермеуін санамағанның өзінде де, сол Европаның шеткері аймақтарын да есепке алмады (Шығыс Европа, әсіресе Ресейді).Евроцентристік позицияда «прогресс» ұғымын абсолюттендіріп, халықтарды иерархиялық сатыға бөліп тастады, осылайша, тарихтың дамуындағы «алдыңғы қатарлы», «артта қалған» халықтардың схемасы майда болды. Әлемдік - тарихи теорияның шеңберінде: материалистік, либералдық, технологиялық бағыттар бар. Материалистік (формациялық) бағыт, адамзаттың прогрессін зерттей отырып,қоғам дамуына, меншік формаларына негізделген қоғамдық қатынастарға зор көңіл бөледі.Тарих-қоғамдық-экономикалық фориациялардың ауысу заңдылығы ретінде түсініледі. Қоғам дамуының шырқау шегі-коммунистік формация. Форм- дың ауысуының негізінде өндіргіш күштердің даму дәрежесі мен өндірістік қатынастардың қарама-қайшылығы жатады. Қоғамның дамуының қозғаушы күші үстем тап пен езілуші тап арасындағы тап күресі болып табылады. Бұл бағытты жасаушылар К.Маркс пен Ф.Энгельс. Либералдық (модернизациялық) бағыт, адамзаттың прогресс- эволюциясын зерттей отырып, басты назарды жеке адамның дамуына, оның жеке бас еркіндігіне қол жеткізуіне аударады. Либ, пікірінше, тарихта дамудың әрқашан да балама жолы бар. Ал, прогрестің бағыты,таңдау- аса ерекше тұлғаға байланысты. Егер, прогресс бағыты Батыс-европалық өмір салтына сай келсе,онда бұл-адамға құқық пен еркіндік әперетін жол,ал, азиялық өмір салтына келсе, деспотия, жеке адамға биліктің өктемдігі деп саналады. Технологиялық (модернизациялық) бағыт, адамзат прогресін зерттей отырып, технологиялық даму мен қоғамдағы соған сай өзгерістерге зор мән береді. Адамзат жануарлар дүниесінен бөлініп шыққаннан бастап, ғарышты игергенге дейін техникалық дамуда болады. Ғасырлар бойы бұл дамуда аса маңызды жаңалықтар ашылып отырады, мыс.: егіншілік пен малшылықтың п.б., металлургияны игеру, керамиканы жасау т.б. Маңызды жаңалықтар адамзаттың прогрессін білдіреді де, қандай да бір саяси режимнің идеологиялық боямасына еш тәуеліз түрде болады деп саналады. Техникалық бағыт адамззат тарихын: дәстүрлі (аграрлық), индустриялық және постиндустриялық (ақпараттық) кезеңдерге бөледі. Локальдық-тарихи теорияның пәні локальдық (жекелеген) өркениеттер болып табылады.Әрбір лок.өркениет ерекше,табиғатпен астаса жатады да,өз даму жолында туу,қалыптасу,гүлдену,құлдырау және құлау кезеңдерін бастан кешеді. Жоғалған өркениеттің орнына басқасы келіп отырады. Теорияның басты назары адамның генетикалық-биологиялқ мәні мен ол өмір сүріп отырған нақты ортаға ауады.Адамзат Табиғат-биосфераның бір бөлшегі ретінде ,онымен бірге өзгеріп отырады. Адам ақылының прогрессі емес,оның санадан тыс биологиялық инстинктері:ұрпақ әкелу, күншілдік, басқалардан жақсы тұруға ұмтылу, қызғаншақтық т.б. Табиғат туғызған қоғам құрылысының формасын анықтап оны иіндетті түрде уақытта қайталап отырады.Дамудың жаңа бір орамында тарих емес, биологиялық түр-уақыттағы адам қайталанып отырады. Табиғатта өмірлік циклдің өзгермейтін айналымы жүріп жатады. Адамның өмірін прогресс емес, тіршілік ету ортасы анықтайды. Теория тарихи кеңістік категориясына үлкен мән береді. Бұл теорияның шеңберінде: славянофиль, евразияшылық, этногенез т.б. бағыттар бар. Л.-т.теория Г.В Вернадский, Л.Н.Гумилевтің еңбектерінде орын тепкен. Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясыі пәні – қазақ тарихының келелі мәселелірн зерттеуге негіз болатын ғылым саласы. Деректанулық және тарихнамалық проблемаларды методологиялық ойлаудан өткізу көп жағдайда тарихи оқиғалар туралы түсінікті байытады және жаңа деңгейге көтереді, тарих ғылымында болған және болып жатқан нәрселерді ғана түсіндіріп қоймайды, сонымен қатар оның қозғаушы күштерінің қандай болғандығын, қандай екендігін де, демек оның ғасырлар бойы қалай дамығандығын және дамып отырғандығын да түсіндіреді. Тарихи таным процесі барысында адамзат тек қана белгілі бір құбылыстың немесе тарихи тұлғаның орнын анықтау емес, сонымен қатар адамның өзінің табиғаттағы орнын анықтаудың қажеттілігімен де кездеседі. Адам өзін-өзі тани бастағаннан бастап, ол өзін қоршаған ортадағы орнын түсінуге тырысты. Өзінің іс-әрекеттерінің табиғи процестердің қалыптасып дамуындағы ролін нақтылауға ұмтылды. Адам тек қана табиғатты зерттеп қана қоймайды, ол өзін- өзі, өзінің іс-әрекеттерінің, нақты қадамдарының салдарын зерттейді. Осы зерттеу процесінің барысында белгілі бір зерттеу әдістері қалыптаса бастайды. Ғылым өзін-өзі тану қабілетіне жеткенде оның танымдық мүмкіндігі артады, жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне мүмкіндік алады. Тақырыпқа арналған сұрақтар 1.Прогресс дегеніміз не? 2.Тарихты зерттеу теорияларын сипаттаңыздар. 3. Тарих философиясы дегенді қалай түсінесіздер? Ұсынылатын әдебиет 1.Жуков Е.И. Очерки методологии истории. М., 1980. 2.Философия истории. Антология. М., 1995. 3.Философия истории. Под ред. А.С. Панарина (Учебное пособие). М., 2001. 4.Смоленский А.В. Теория и методология истории. М., 2003. Тақырып 2. Тарих философиясының қалыптасуы және дамуы. 1. «Тарих философиясы» - ұғымы. 2.Тарих философиясының немістік мектебі. 3.Тарих философиясының француз мектебі. 4.Анналдар мектебі. Тарих философиясы- жүйелік философияның маңызды бір бөлігі. Бұл жүйе механикалық емес,органикалық үйлесімді» архитектоникаға ие. Оның тараулары өзара сабақтастықпен құралған. Тұтас жүйе ретіндегі фил- ның тараулары өзара байланысты үйлескен триадалардан тұрады. Бірінші үштікке: онтология (әлем тұтастығы туралы ілім), антропология, гносеология (таным туралы ілім) кірсе, екінші үштікке: тарих философиясы, мәдениет философиясы және әлеуметтік философия жатады. Осылайша тарих философиясы қисынды түрде жоғарғы триаданы ұйғарадыда, өзінің дүниетанымдық, методологиялық негізі ретінде олардың жалпылама принциптері мен категорияларын, ұғымдарын алады. Тарих фил- ның пәні-тарих және де оны жалпылық деңгейде алып зерттейді. Кеңірек айтсақ,тарих фил- ның пәні- тарихи үрдістің мәні мен мазмұны және тарихи зерттеудің методологиясы болып шығады. «Философия тарихы» терминін алғаш рет, француз ағартушысы Ф.М.Вольтер 1765 жылы жарық көрген осы аттас кітабында енгізді. Бірақ, философиялық- тарихи идеялар сонау ерте заманда ақ туындай бастады. Нақты тарих фил- ның негізінде әрқашан уақыттың белгілі бір үлгісі жатады. Антикалық тарих фил- сы уақыттың қайталанбалы моделне бағдарланған, сондықтан оның сол түрге мәңгілік қайтып келу идеясы тән болды. Батысевропалық ортағасырлық тарих фил-сы христиандық негізде тура сызықтық, бірақ түпкі уақыт моделіне сүйенді. Жаңа және қазіргі дәуірлердегі тарих философиясы тура сызқтық шексіз уақыт моделіне бағдарланды. Ортағасырлық кезеңдетарих фил- ның мәселелері католиктік теология шегінде анықталды. Оның философиялық жүйенің дербес саласы ретінде қалыптасуы жаңа заманға сай келеді, бұл кезеңде жалпы фил-ң өзі де дін мен теологиядан азды-көпті арыла бастағантың. Ол Ф.МВольтердің, М.Ж.де Кондорсенің, Дж. Виконың, И.Г. Гердердің және әсіресе Г.В.Гегель мен К.Маркстың шығармашылығымен байланысты. Гегель «Тарих философиясы бойынша дәрістер» деп аталған еңбегін қалдырды, ал Маркстің бүкіл философиясы, Н.А. Бердяевтің дұрыс ескертуі бойынша, жүйе түрінде баяндалмағанына қарамай, ең алдымен тарих философиясы болып табылады». ХХ ғ. тарих философиясының тұтас қатардағы баламалары пайда болды, олардың кейбіреулері осы томда көрініс тапқан. Тарих философиясының бірнеше типологиялары бар. Біріншісі онтологиялық, материалды немесе субстанционалды тарих философиясы деп аталады, орыс дәстүрінде оны тарихисофия деп те белгілейді. Екінші типті сыни, рефлективтік немесе аналитикалық тарих философиясы деп те атайды. Онтологиялық тарих философиясы тарихи процесті ерекше онтологиялық шындық ретінде, болмыстың бір деңгейі ретінде және адам өмір сүруінің негізгі бір кеңмәтіні ретінде зерттеуді және ұғынуды жүзеге асырады. Онтологиялық тарих философиясының негізгі міндеттеріне жататындары: 1) тарихи үдерістің мәнісін, оның мазмұнын, архитектоникасын, қозғаушы күштерін және басты заңдылықтарын ұғыну; 2) тарихи үдерісті жіктеу және кезеңдерге бөлу, тарихи кеңістік пен уақыттың ерекшелігін зерттеу; 3) тарихтың мақсаты, мағынасы және міндеттерінің бар немесе жоқ екендігі айқындау, тарихи үдерістегі ілгерілеу мен кері кетудің арақатынасын анықтау. Рефлексиялық тарих философиясы тарихтың танымдық ерекшелігін түсінуімен айналысады. Тарих философиясының бұл баламасының негізгі міндеттері мыналар: 1) тарихи зерттеудің ерекшелігі мен шектерін айқындау, оның концептуалдық аппараты мен методологиясын анықтау; 2) тарихи танымдағы түсіндіру мен ұғынудың арақатынасын, ондағы құндылық пайымдауларының рөлін және объективтік тарихи таным мен білімнің мүмкіндіктерін тағайындау; 3) тарихи детерминизм мен тарихты жасайтын адамдардың еркін жігерінің арақатынасын анықтау. Соңғы міндеттің сипаты рефлективтік тарих философиясын дәнекерлейтінін аңғару қиын емес. Бұл түсінікті де: толыққанды тарих философиясы екі бағыттың синтезі болуы керек және аталған міндеттердің бәрін шешуі қажет. Егер бұл типологияны ұстансақ, онда ХХ ғасырда, әсіресе Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде және одан кейін онтологиялық тарих философиясы өз орнын рефлективтікке бере бастады. Оның негізінде тарихи процестің қозғаушы күштерін түсіндірмелеу сипаты жататын, басқа типологияға сәйкес бірнеше тарих философиясы жүйелері бар: 1) Құдай шешімін тарихтың қозғаушы күші деп санайтын теологиялық тарих философиясы; 2) тарихтың қозғаушы күші ретінде трансценденттік заңдылықты немесе тағдырды алатын, метофизикалық т.ф.; 3) тарихтың қозғаушы күші деп идеяларды немесе адамның рухани өмірін есептейтін идеалистік т.ф; 4) қозғаушы күштер ретінде адам табиғатын (құштарлық пен құмарлыққа ие болатын) алатын натуралистік т.ф.; 5) тарихтың қозғаушы күштері деп экономикалық қатынсатарды есептейтін матреиаличтік – экономикалық тарих ф- сы. Тағы бір типологияға сай, оның негізінде бір жағынан тарихтағы адамның рөлі мен орны айтылғанмен, индивидуалистік және коллективтік тарих философиясы, ал басқа жағынан – фаталистік (детерменистік) және белсенділік (индетерменистік) тарих философиясы ажыратылады. Тақырыпқа арналған сұрақтар «Тарих философиясы» ұғымның мәні? Тарих философиясының типтері қалай анықталады? Тарих философиясының түрлі мектептерінің сипаты. Ұсынылатын әдебиет 1. Гегель Г.Ф.Философия истории.СПб.,2000. 2. ЖуковЕ.И.Очерки методологии истории.М.,1980. 3. Вахтомин Н.К.Генезис научного знания.Л.,1973. 4. Тарих.Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық, Астана, 2006. 6-7 тт. Тақырып 3. Тарихи үрдістің категориялары және сипаты. 1.Тарихи теория- тарихи үрдіс теориясы. 2. «Қоғамдық- экономиялық формация» категориясы. 3.Тарихи үрдістегі субьективтілік пен обьективтілік диалектикасы Тарихпен айналыспастан бұрын, ең алдымен, тарих дегеніміз не? Оның мақматтары мен тарихи мәліметтерді зерттеудің әдістері қандай, тарихи ойлаудың маңызы, яғни, ерекшеліктері қандай деген сұрақтарға жауап алу керек. Басқа ғылымдар саласында мұндай сұрақтар оларды тереңірек зерттегенде ғана айтысты және күрделі болып, ал негізінен жеңіл және біркелкі шешіледі. Ал тарихта олар тарихшы- мамандар арасында да, тарих теориясымен айналыматын философтар арасында да және де тарихшылармен философтар арасында өте күшті келіспеушіліктер тудырады. Әдетте, тарихшы осы көрсетілген сұрақтарға жауапты арнайы жұмыстардан кейін табады, бірақ бұл жауаптарға аз ғана адам қанағаттанады. Тарихи үрдістің объективті бейнесін жасау үшін тарих ғылымы белгілі бір методологияға, яғни зерттеушілер жинақтаған материалдарды ретке келтіріп,өткен мен бүгіннің, тіпті ертеңнің де тиімді моделін жасауға мүмкіндік беретін қандай да бір жалпы принциптерге сүйенуге тиіс. Тарих ғылымында ұзақ уақыт бойы тарихи үрдісті ұлы адамдар мен билеушілердің әрекетімен байланыстрып келген субъективистік (объективтік- идеалистік) методология басым болып келді. Бұл концепция жан-жақты болмады да, кемшілігі көп болды. Сондықтан да, неғұрлым үйлесімді және тарихи шындыққа барынша жақын келген жаңа бір метдологияның шығу қажетігі туындады. Х1Х ғ.ортасында неміс ойшылы К.Маркс тарихты ғылыми негізге қою мақсатында тарихты материалистік тұрғыда түсіндіруге негізделген концепцияны ұсынды.Оның негізі төрт принциптен тұрды: 1.тарихи үрдістің және оның салдары ретіндегі адамзаттың біртұтастығы принципі; 2.тарихи заңдылық принципі (тарихи үрдісте адамдар мен олардың іс- әрекетінің нәтижелерінің жалпы, тұрақты,қайталанбалы жанды байланыстар мен қатынастар әрекет етеді); 3.детерминизм принципі (себеп- салдарлық байланыстар мен заңдылықтарды мойындау; тарихи үрдістің анықтаушы құбылысы материалдық игіліктрді өндіру тәсілі болады); 4.прогресс принципі (қоғамның бірте- бірте дамып неғұрлым жоғарғы деңгейге көтерілуі) Тарихты материалистік тұрғыда түсінудің негізінде формациялық жүйе жатыр. Қоғамдық- экономикалық формация ұғымы-тек тарихи үрдістің қозғаушы күшін ғана емес тарихты кезеңдестіруді анықтайды. Формациялық жол тұрғыында,адамзат өз дамуында бес негізгі кезеңді бастан өткізеді: алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік кезеңдер. Формациялардың ауысуы әлеуметтік төңкерістер нәтижесінде жүзеге асады. Жалпы алғанда К.Маркстің концепциясы тарихи үрдісті түсіндіруге біршама жақын және артық тұстары бар. Нақты критерилер негізінде жалпы тарихи дамудың анық түсініктік моделін жасай білген. Формациялық тұрғыдан келе отырып,адамзаттың тарихын объективті, заңды және үдемелі үрдіс деп қарап одан қозғаушы күштерді, негізгі кезеңдер, ерекшеліктер, заңдылықтар және т.б. айқын көруге болады. Алайда, өзінің әмбебаптығына қарамастан, бұл концепцияның маңызды кемшіліктері бар екендігін отандық және шетелдік зерттеушілер жиі айтып жүр. 1.Фор- лық түсінік тарихи дамудың бірізділік сипатын айқындайды. Формация теориясы Батыс Европаның тарихи мысалында жасалғандықтан, бірқатар елдер, әсіресе, Шығыс дүниесі бес сатылық схемаға келмей қалды. Сондықтан, К.Маркс Шығыс елдерін «азиаттық өндіріс тәсіліне» жатқызды,оның негізінде ерекше фор- я қалыптасады. Бұл материалистік концепция тарихи дамудың көпнұсқалығын көрсетуде нақты қиындықтар тудыратынын білдіреді. 2.Бұл методологияға тән нәрсе кез- келген тарихи құбылысты экономикалық қатынастардың жүйесіне, белгілі бір өндіріс тәсіліне мықтап таңу әрекеті.Басты назар өндіріс тәсілінің қалыптасу және ауысуына жібереді, ал тарихтың негізгі объекті- адамға көмекші роль ғана беріледі. Осы тұрғыда, тарихи үрдістің тұлғалық мазмұны төмендеп, тарихи дамудағы рухани факторға жете мән берілмейді. 3.Тарихи үрдістегі конфликтік қатынастардың соның ішінде күштеудің ролі асыра бағаланады. 4.Марксистік теория тарихи үрдістің дамуының тек басқы сатысы ғана емес, сондай- ақ, ақырғы сатысы да бар екенін тұжырымдайды. Соңғы коммунистік саты- шын мәнінде тарихтың ақырын білдіреді, өйткені К.Маркстің ойынша барлық қарама- қайшылықтар жойылады, ал олар тарихи үрдістің қозғаушы күштері деп саналды. Қазіргі ғылымда формациялық жолға балама ретінде өркениеттік теория айтылып жүр. Мағынасы бойынша «өркениет» ұғымы- «табиғи» (naturalis) ұғымына қарама- қарсы «азаматтық» (civilis) сөзімен байланысты. Бұл дихотомия тұңғыш рет антикалық құқық теориясында пайда болып, Аристотель мен стоиктардың еңбектеріне өтті.Қайта өрлеу дәуірінде адамдардың жабайылықтан азаматтық, мәдени және мемлекеттік дәрежеге өтуін білдіретін «өркениеттендіру» деген термин п.б.17-18ғ.бамында бұл термин ағылшын және француз ағартушыларының еңбектерінде кеңінен қолдана бастады. Алайда, «өркениет» ұғымына деген қажеттілік-тарих теориясындағы маңызды нәрсе ретінде, тек 18 ғ.ортасында туды. Француз ағартушылары (Ф.Вольтер,Ж.- Ж.Руссо т.б.) бұл ұғымды мағыналық жағынан рухани мәдениет, сана мен әділдік ұғымдарына жақын деп қарастырды. X1Vғ.европалық елдердегі көптеген күрделі еңбектерде өркениет-мәдениетке жоғары орын бөлінетін қоғамның кешенді жағдайының көрінісі деп берілді. Өркениет ұғымын одан әрі түсіндіру барысында оған жаңаша сипаттар беріліп отырды.Неміс ғалымы И.Кант мәдениет пен өркениет ұғымдарын ажыратып, өркениет, мәдениеттің сыртқы техникалық типі болады деп санады.Қоғам дамуы барысында олардың ара қатынасы қарама- қайшылықта болады, өйткені рухани мәдениет,әсіресе оның адамгершілік формасы өркениеттен қалып қояды деп түйді. Бұл идея Х1Хғ.екінші жартысындағы философ- идеалистердің еңбектерінде кеңінен насихатталды.О.Шпенглер, Ф.Ницше т.б.өркениеттің дамуы сөзсіз түрде тоқырау мен қоғамның рухани құлауына әкеп соғады деп сендірді. Ресейде Х1Хғ. өркениеттік даму концепциясы социолог Н.Я.Данилевскийдің еңбектерінен көрінді. Оның пайымдауынша, өркениет дегеніміз жекеленген локальдық құрылымдар негізінде өмір сүретін белгілі бір «қоғамның мәдени- тарихи типі» болады. Әрбір локальдық өркениет өз дамуында төрт кезеңді бастан кешіреді: Өзіндік ерекшеліктің қалыптасуы, жастық (саяси институттардың қалыптасуы), ересектік және құлдырау кезеңдері. Х1Хғ. өркениет туралы түсініктер ғылыми- материалистік тұрғыда да қалыптаса бастады. Бұл бағыт бойынша өркениет жабайылық кезімен салыстырғанда жоғары өмір деңгейіне жетіп, табиғатқа тәуелділікті жеңе білген қоғам ретінде таралды. Бұл бағыттың көрнекті өкілі Ф.Энгельс қоғамды дамушы жүйе ретінде зерттеді. Өркениет материалдық және рухани мәдениет жетістіктерінің жиынтығы түрінде болады да, оның мазмұны қоғамдық – экономикалық фармацияның типімен анықталады. ХХ ғ. өркениетке таладу жасаудың мәдени – тарихи дәстүрін ағылышын тарихшысы және философы А.Тойнби жалғастырып, оны жекелеген нақты қоғамның ерекше түрі деп санады. Өзінің «Исследование истории» атты еңбегінде тарихи үрдістің мағынасын ашуға ұмтылды. Ауқымды фактілік материалдарды жүйелеу негізінде ол қоғам дамуын локальды өркениеттердің айналымы ретінде санады. Алғашқыда 21, кейіннен 13 локальды өркениетті атады. Тойнбидің пікірінше өркениеттік үрдістің негізі әлемдік діндер, ал оның заңы – тарихтың «үндеуіне» дәл солай жауап бере алатын қоғамның қабілеті болады. Осыған орай, әрбір өркениеттің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл бағытты сондай – ақ П.Сорокин де дамытты. Қазіргі ғылым өзіне дейінгі теориялық ойлардың жетістіктеріне сүйене отырып, өркениетті барлық қоғамдық үрдістердің мазмұнын анықтайтын әмбебаб ұғым ретінде қарастырады. Өркениет ұғымында социо- мәдени қауымдастықты түсіндіреді. Оның негізігі критерийлері техниканың даму деңгейі, әлеуметтік – саяси институттар мен рухани мәдениет дәрежесі. Өркениеттің құрылымдық сипаты әлеуметтік блоктардан тұрады және олардың жүйелік ортақ әрекеті өркениеттік үрдістің механизмін құрады. Әр түрлі зерттеушілер мұндай блоктардың әр түрлі санын анықтады. Мысалы, Н.Я. Данилевский 4 блокты анықтайды: дін, мәдениет, мемлекет және әлеуметтік – экономикалық орта. Басқа ғалымдар өркениеттің мазмұнына егіншілік, қолөнер, таптар, жоғары дамыған рухани мәдениеттің түрлі элементтерін, философия, адамгершілік, психология, тіл т.б. кіргізеді. Алайда, өркениеттің анықтамасында тарихи үрдістегі материалдық және рухани факторлардың өзара әрекетінің ерекшеліктері мен жолдары, сипаты шешуші рөл атқарады. Тарихи заңдылық арнулы зерттеуді қажет етеді. Методика нақты зерттеу тәсілі деген ұғым болса, метод жалпы зерттеу деген ұғымды білдіреді. Сондықтан методтың ауқымы кең, оған методика да енеді. Ол негізгі үш құрамдас бөлімнен тұрады: -Нақты методология-басқаша айтсақ, метод теориясы, осының негізінде ғылыми таным принціптері жасалады; -Методика-зерттеудің нақты ережелері мен тәсілдері; -Техника-зерттеуге қажетті құрал-жабдықтардың жиынтығы. Үш құрамдас бөлім- методика, методология және техника бір-бірімен тығыз байланысты. Дегенмен, методология жетекші орын алады. Методология мен методиканың ғылыми таным тәсілінің ажырамас құрамдас бөлігі екендігінен шыға отырып, тарихи деректану методикасын айқындауға болады. Бұл методика мынадай принціптерге негізделген: Обьективтік принціп - тарихи құбылыстарды барлық қайшылықтармен, күрделіліктермен, санқырлылықтармен қоса жан-жақты зерттеу. Барлық деректерге толық талдау жасау. Бір-бірімен байланысты деректерді кешенді зерттеу. Партиялық принціп - ол деректерді зерттеудің өзекті мәселесі етіп, әлеуметтік талдауды алады: деректің қандай ұлттың, әлеуметтік топтың не таптың мүддесін қорғағандығын анықтайды, деректе сол әлеуметтік топтардың, ұлттардың не таптардың мүддесінің қаншалықты ашық, толық дәл көрсетілгендігін анықтайды. Тарихи принціп – ол дерекке тек нақты тарихи тұрғыдан қарау емес, сонымен қатарпайда болуы мен сақталуына әсер еткен оқиғаларды, құбылыстарды және процестерді зерттеу. Кез келген тарихи дерек белгілі бір материялды формада өмір сүреді. Мазмұны жағынан бірдей мәтіннің өзі әр түрлі формада кездесуі мүмкін. Деректің сапалы да тез өңделуі көптеген факторларға байланысты, сондай факторлардың бірі ол деректің сақтау формасы: қолжазба ма жоқ тасқа басылған ба, мұрағат материялдары ма, жоқ публикация ма? Мәтінді дұрыс оқи білу немесе түпнұсқалық проблемесы. Деректің мазмұнымен танысу барысында мәтінді қалпына келтіру және оның дәл мәнін ашуға байланысты көптеген қиындықтар пайда болады. Олар негізінен мәтіндегі кейбір сөздердің дұрыс оқылмауы немесе өшіп қалуына байланысты. Кей жағдайда мәтінді мазмұны бойынша немесе басқа мәтіндермен салыстыру арқылы қалпына келтіруге болады. Кәзіргі кезде мәтіннің өшіп қалған жерлерін немесе бүлінген жерлерін жаңадан пайда болған фотоанализ тәсілімен қалпына келтіру қолға алынуда. Деректің пайда болған уақытын анықтау. Барлық деректерде бірдей оның жазылған уақыты көрсетіле бермейді., кейде мәтінде көрсетілген уақыттың өзі де дұрыс болмауы мүмкін. Дегенмен, көп жағдайда деректің жазылған уақыты туралы мәліметті сол мәтіннің өзінен, оның мазмұнынан табуға болады: деректе аталған тарихи тұлғалардың атынан, оның лауазымынан. Атақ дәрежесінен. Деректің пайда болған жерін анықтау. Жоғарыда айтылған мәтінді оқу және уақытын анықтау үшін пайданылған тәсілдердің көбі, оның пайда болған жерін анықтау үшін де қолданылады. Сонымен қатар тарихшы тарихи географиялық гнегізіннде жасалған тарихи карталарды да пайдаланады. Тарихшыға қойылатын талаптың ең бастысы өзі зерттеп жүрген жерін көз алдына елестетуі. Сонымен қатар тарихи әкімшілік-территориялық өзгерістерді де жақсы білгені жөн. Дерек авторының не құрастырушының атын анықтау. Дерек авторының не құрастырушының атын білу оны тарихи зерттеулергеи пайдалану міндетті шарт емес. Деректегі сақталынған ақпараттың сипаты оның авторымен емес, мазмұнымен айқындалады. Тарихшыны жасырын атпен, бірнеше атпен немесе тіптен атсыз жазылған деректерр де қызықтырады. Көптеген жағдайда тарихшылар өз еңбектерінде заң жобаларын, заң актілерін, үкімен қаулы- қарарларын, ағымдағы іс қағаздарын кеңінен пайдаланса да олардың авторын білуге ұмтылмайды. Дегенмен, бұдан дерек авторының аты керегі жоқ деген ұғым тумау керек. 4.Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасы. Деректегі ақпараттың ғылыми маңызын бағалау кезінде оның шындыққа қатынасымен қатар, тарихшымен байланысын да айқында қажет. Бірінші жағдайда дерекпен шындықтың байланысына шынайылық проблемасы, екінші жағдайда «дерек және тарихшыға» өкілеттілік проблемасы пайда болады. Тақырып 4.Тарихи заңдылық категориясы. 1. «Тарихи заңдылық» ұғымы. 2. Қажеттілік пен кездейсоқтық. Альтернативтілік. 3.Тарихтың көп өлшемділігі Тарих пен әлеуметтанудың арасындағы өзара байланыстар- тарихи үрдістегі жалпы, ерекше және жекенің диалектикасы арқылы анықталады. Әлеуметтану- адамзаттың дамуы, қоғамдық үрдістің қозғаушы күштері, тарихи қозғалыстың мәні мен оның негізгі кезеңдері қызықтырады. Әлеуметтанушының назарында тарихи үрдістің барлық көрінісі уақытқа бағынбай өтеді. Тарихшыны біршама шектеулі мақсаттар қызықтырады. Оның зерттеу пәні ретінде, тіпті ол жалпы тарихты зерттеп отырғанда да, нақты бір уақыт- кеңістік координатындағы нақты оқиғалар мен үрдістер жүреді.Тарих ғылымының айрылмас белгісі ретінде- баяндау жүреді. Онсыз адамзаттың тарихи дамуының толыққанды суретін де, әсіресе оның көрінуін де жаңғырта алмаймыз. Адамзат өзінің өткен тарихын тарих ғылымы қаншалықты, қалай баяндай алатындығына қарай біледі.Осыған орай, тарихи оқиға- тарих ғылымының маңызды категориясы болып табылады. Жалпы алғанда ол, тарихи үрдістің жанды жері болып шығады.А.И.Данилов. «Исторический мир- мир событий. Там, где их нет, нет и изменения, движенияи развития, а следовательно- и истории как действительности»,- деп әділ айтады. Баяндау арқылы ғана тарих ғылымы қоғамдық санада маңызды маңызды тарихи олқиғаны сол оқиғаның өзіне ғана тән сипаты және жалпы тарихи үрдістегі орны арқылы көрсете алады Тарих ғылымындағы баяндау элементі өз пәнін бейнелейтін форманы қажет етеді, алайда, тарихи бейнелеудің мәні әңгімелеумен шектелмейді. Форма- баяндау, мазмұн- зерттеу болады. Тарихи бейнелеудің формасы мен мазмұнының диалектикасы тарихтағы жалпы мен ерекшенің диалектикасын білдіреді. Ертедегі Грециядағы Пеллопоннес соғысы. Сонымен, тарихтың пәні- ерекше болып табылады. Нақты құбылысты ғылыми тұрғыда түсіндіру үшін қоғамдық үрдістің маңызды тұстарын анықтайтын теория қажет. Жоғарыдағы Пеллопоннес соғысының мысалы бойынша, теориясыз оның себептері мен сипатын ашу мүмкін емес. Қоғамдық үрдістегі ерекшені зерттеуге бағыттала отырып, тарих ғылымы ең алдымен уақыттағы адамардың іс- әрекетін зерттейді. Тарихи зерттеудің объектісі- үнемі адамдардың қандай да бір кеңістік- уақыт шеңберімен шектелетін іс- әрекеті болып табылады. Адам өз өмірінде белгілі бір қауымдастықтың мүшесі ретінде және соның шеңберінде қатынастар жүйесіне түсіп отырады. Осы шеңберде барлық тарихи даму өтіп отырады. Сондықтан, адамның іс- әрекетін зерттеу қоғам дамуының заңдылықтарын анықтаумен жанды байланыста болған жағдайда ғана жемісті болмақ. Бұлай болмағанда тарих кздейсоқ фактілердің хаостық тізбегіне айналып кетер еді. Тарихи заңдылық деп біз, нақты тарихи шындыққа айналған, құбылыстардың қажетті байланыстарын айтамыз. Тарих ғылымының бұл маңызды категориясын сипаттайтын бірнеше белгісі бар. 1.Тарих заңдары нақты сипатта, дәл анықталатын кеңістіктік-уақыттық координаты болады. Тарих заңдарында «жалпы» жоқ. Нақты бір құбылыстың заңдары бар. Мысалы: Қараша демократиялық революциясы. 2.Өзінің нақты сипатына орай, тарих заңдары адамның іс- әркеетімен тығыз байланысты. Өйткені соңғысы тарих заңдарына өз ізін қалдырып қана қоймайды, көп жағдайда оның пайда болуына жағдай жасайды. 3Тарихи заңдылыққа адамдардың іс- әрекетінің рамкасын анықтайтын объективті элемент те кіреді. Яғни адам іс-әрекетімен қоса оның материалдық жағдайына қоса мән берілуі айтылады. Кез- келген тарихи заңдылық Объективті және субъективті факторлардың өзара әрекетінің күрделі жемісі болып табылады. Егер субъективті факторға мән берілмесе- схематизмге, ал объективті факторды есепке алмасақ, волюнтаризм мен субъективизмге әкеліп соғады. Сондықтан, тарихшы қоғамдық үрдістің объективтік те, субъективтік те жағына мән береді. Әрине нақты тарихнамалық тәжірибеде түрлі ғалымдардың өз ғылыми мүдделеріне лайық, осы екі фактордың біріне үлкен мән беруі мүмкін, алайда тарихи шындықты шынайы ғылыми түрде бейнелеу- ғалымды қайсысы қызықтырғанына қарамастан екі фактор да ескерілген жағдайда ғана жүзеге асады. Тарихи заңдылық категориясы тарихи таным жүйесінде маңызды роль атқарады, сондықтан оны терең мән беріп қарастырған абзал. Тарих ғылымы тек заңдылықты, текқажеттілікті ғанаемес, кездейсоқтықты да зерттеуікерек. Ол тарих заңдарының қимылын бейнелейтіннің барлығын, тарихтың ондай немесе мұндай тенденцияларының ашылуына кедергі келтіргендердің барлығын да зерттейді, себебі мұнсыз шынайы тарихи үрдіс жоқ. Кейде тарих заңы сырттай, көптеген қақтығыстағы күштердің, көптүрді факторлардың ерекше теңдігі боп көрінеді. Мұның олардың ешқандай да «теңқұқықтығын» білдірмейтінін және түптеп келгенде, әлеуметтік қозғалысты экономика тудыратындығының айқындығын теріске шығара алмайтынын баса айту қажет. Теориялық мүдде тарихтағы альтернативтілік мәселесін тудырады. Кейбір тарихшылар альтернативтілік даму бағытын кездейсоқтық деп санайды да, ұғымдарды көпе- көрнеу ауыстырып алады. «Кездейсоқтықтардың» көптігін ешкім жоққа шығара алмайды. Тек альтер- к туралы емес, даму түрлерінің көптігі туралы айту керек. Адам қоғамының үдей дамуы ешқашан тура болмайды, ол неше түрлі шиырлармен маталған. Сондықтан гәп,қоғам дамуы, қалайда, объективтік заңдарға тәуелді болатындығында. Альтер- к негізінен қоғам дамуының «төменгі қабаттарында», әр түрлі әлеуметтік ағзаның микропроцестерінде көрінеді. Тарихи масштаб қаншалықты ірі болса, «кездейсоқтықтардың» қалыңдығын жарып шығар жалпы тенденция да соншалықты айқын көрінеді. Альтер- ктің шектеулі, шартты сипаты бар. Ол қоғамның даму заңдылықтарын жоя алмайды. Сонымен бірге тарихи үрдістің детерминизміне жеңіл- желпі қарауға болмайтындығын айқын түсіну керек. Тақырып 4 Тарихи танымның ерекшелігі 1.Тарихтың позитивтік методологиясындағы субъект пен объект мәселесі 2.Тарих таным-ғылыми таным «Объективті шындық фактісі» мен «зерттеу пәні ретіндегі фактімен», «ғылыми фактімен» арасындағы айырмашылықты ажыратып алу керек деген пікір таралған. «Ғылыми факті – ол оқғаның өзі емес, оның арнайы түрдегі бейнесі». Осыған байланысты, марксист – тарихшылар арасында «күнделікті» тарихи фактілерден, тарихшының ғылыми – танымдық жұмысының қажетті элементі ретінде ажыратылатын тарихнамалық фактілер деп аталатын ұғым тараған. Кез келген объектілік шындық тарихи факті болып табылады. Сондықтан тарихшы байқамаған, суреттемеген себепті ешқандай құбылыс тарихи болмай қалуы мүмкін емес. А. Легко бір тарихшы байқамаған құбылысты әр түрлі сыртқы жағдайда және әр түрлі уақытта екінші тарихшы тауып зерттеуі мүмкін екендігін айтты. Бұл сыртқы жағдайлар, тарихшының өз зерттеуінде келтірілген дәлелдер тізбегіне кіреді. Алайда ол фактінің ұзақ уақыт бойына ешкімге белгісіз болып жатып қалуы мүмкін. Бар фактіні жоқ, «тарихи» емес деп жариялау дұрыс емес. Үнемі ізденіс үстінде жүретін тарихшы, өзінің ғылыми құралдарының қорын шексіз көбейту мүмкіндігіне ие болады. Оны алдын ала «тарихи емес» деп есептелген материалдардың белгілі бір щеңберімен шектеп қою дұрыс болмас еді. Тарихи зерттеудегі фактіні іріктеудің негізгі жағдайы – жалпы қағидаттарды игеру арқылы құбылыстардың қайталанатыны жайлы түсініктерді, өмірде бар тарихи заңдылықтарды пайдалана отырып, жекеден жалпыға өту. Тарихшы зерттеуге тек іс жүзіндегі белгілі бір материалдар жайлы біліммен ғана қаруланбай, бұл материалдың не беретіндігі, нақты не іздеу керектігі жайлы алдын ала ойластыра отырып кіріседі. Іс жүзіндегі материалды тұтасымен іріктеудің объектілігі тарихшының жалпы дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Фактіні іріктеу білім деңгейіне негізделген тарихшының өте жауапты жұмысы. Тарихшылардың көпшілігі зерттеушінің өзі таңдаған ғылыми тақырыпка қатысты барлық фактілерді ескеруі мүмкін емес және ол оған міндетті де емес деген пікірді ұстанды. Мысалы, Э. Сестан: «зерттеу тақырыбын таңдаған және оны әзірлеу үшін фактілерді іріктеген кезде субъективизм билік етеді», - дейді. Ол бұл таңдау «тарихшы өмір сүріп отырған орта мен уақытқа, оның өмірдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни және адамгершілік мәселелрге байланысты көзқарасы байланысты», деді. Тарихшы таңдауы шынында да, ең соңында оның қоғамдық – саяси көзқарасы арқылы анықталады. Бірақ ол фактілерді іріктеуге қалай болса солай қарауды, оның нәтижесіне субъектілік зиян келтіру дегенді білдірмейді. Барлығы зерттеушінің қандай таптық және әдіснамалық көзқарастарды қоғайтынына байланысты. Тарихи әдебиеттерде тарихи фактіні зерттеумен байланысты үдерістердің сабақтастығына үлкен көңіл бөлінеді. Әрине фактіні зерттеудің сабақтастығының үлкен көңіл бөлінеді. Әрине фактіні зерттеудің сабақтастығын абсолюттендіру мүмкін емес. Ол көп зерттеуді оған талдау жасаудан бастайтындығына немесе бұрын қалыптасқан басқа деректердің негізінде анықтағысы келетіндігіне байланысты. Екінші жағдайда тарихшы берілген нақты жағдайдағы ішкі және сыртқы заңдылықтарды ерте анықтайды. Сондықтан да оның дедуктілік әдісі басшылыққа ала отырып, қаралған фактіге жалпы теориялық алғышарттар негізінде алдын ала талдау жасауға мүмкіндігі бар «Объективті шындық фактісі» мен «зерттеу пәні ретіндегі фактімен», «ғылыми фактімен» арасындағы айырмашылықты ажыратып алу керек деген пікір таралған. «Ғылыми факті – ол оқғаның өзі емес, оның арнайы түрдегі бейнесі». Осыған байланысты, марксист – тарихшылар арасында «күнделікті» тарихи фактілерден, тарихшының ғылыми – танымдық жұмысының қажетті элементі ретінде ажыратылатын тарихнамалық фактілер деп аталатын ұғым тараған. Кез келген объектілік шындық тарихи факті болып табылады. Сондықтан тарихшы байқамаған, суреттемеген себепті ешқандай құбылыс тарихи болмай қалуы мүмкін емес. А. Легко бір тарихшы байқамаған құбылысты әр түрлі сыртқы жағдайда және әр түрлі уақытта екінші тарихшы тауып зерттеуі мүмкін екендігін айтты. Бұл сыртқы жағдайлар, тарихшының өз зерттеуінде келтірілген дәлелдер тізбегіне кіреді. Алайда ол фактінің ұзақ уақыт бойына ешкімге белгісіз болып жатып қалуы мүмкін. Бар фактіні жоқ, «тарихи» емес деп жариялау дұрыс емес. Үнемі ізденіс үстінде жүретін тарихшы, өзінің ғылыми құралдарының қорын шексіз көбейту мүмкіндігіне ие болады. Оны алдын ала «тарихи емес» деп есептелген материалдардың белгілі бір щеңберімен шектеп қою дұрыс болмас еді. Тарихи зерттеудегі фактіні іріктеудің негізгі жағдайы – жалпы қағидаттарды игеру арқылы құбылыстардың қайталанатыны жайлы түсініктерді, өмірде бар тарихи заңдылықтарды пайдалана отырып, жекеден жалпыға өту. Тарихшы зерттеуге тек іс жүзіндегі белгілі бір материалдар жайлы біліммен ғана қаруланбай, бұл материалдың не беретіндігі, нақты не іздеу керектігі жайлы алдын ала ойластыра отырып кіріседі. Іс жүзіндегі материалды тұтасымен іріктеудің объектілігі тарихшының жалпы дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Фактіні іріктеу білім деңгейіне негізделген тарихшының өте жауапты жұмысы. Тарихшылардың көпшілігі зерттеушінің өзі таңдаған ғылыми тақырыпка қатысты барлық фактілерді ескеруі мүмкін емес және ол оған міндетті де емес деген пікірді ұстанды. Мысалы, Э. Сестан: «зерттеу тақырыбын таңдаған және оны әзірлеу үшін фактілерді іріктеген кезде субъективизм билік етеді», - дейді. Ол бұл таңдау «тарихшы өмір сүріп отырған орта мен уақытқа, оның өмірдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни және адамгершілік мәселелрге байланысты көзқарасы байланысты», деді. Тарихшы таңдауы шынында да, ең соңында оның қоғамдық – саяси көзқарасы арқылы анықталады. Бірақ ол фактілерді іріктеуге қалай болса солай қарауды, оның нәтижесіне субъектілік зиян келтіру дегенді білдірмейді. Барлығы зерттеушінің қандай таптық және әдіснамалық көзқарастарды қоғайтынына байланысты. Тарихи әдебиеттерде тарихи фактіні зерттеумен байланысты үдерістердің сабақтастығына үлкен көңіл бөлінеді. Әрине фактіні зерттеудің сабақтастығының үлкен көңіл бөлінеді. Әрине фактіні зерттеудің сабақтастығын абсолюттендіру мүмкін емес. Ол көп зерттеуді оған талдау жасаудан бастайтындығына немесе бұрын қалыптасқан басқа деректердің негізінде анықтағысы келетіндігіне байланысты. Екінші жағдайда тарихшы берілген нақты жағдайдағы ішкі және сыртқы заңдылықтарды ерте анықтайды. Сондықтан да оның дедуктілік әдісі басшылыққа ала отырып, қаралған фактіге жалпы теориялық алғышарттар негізінде алдын ала талдау жасауға мүмкіндігі бар Тақырыпқа арналған сүрақтар 1.Тарихи заң категориясының мәні неде? 2.Тарихи қажеттілік дегенді қалай түсінесіздер? 3.Кездейсоқтық пен альтернативтіліктің арақатынасын қалай айырамыз? Ұсынылатын әдебиет 1. Жуков Е.В.Очерки методологии истории. М., 1980. 2. Барг М.А.Категории и методы исторической науки. М., 1984. 3. Тарих.Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Астана, 2006. 6-7том. Тақырып 5. Тарихи танымның ерекшелігі. 1.Тарихтың позитивистік методологиясындағы субьект пен обьект мәселесі. 2.Тарихи таным –ғылыми таным. 3.Тарихи танымның ментальдық және идеологияылық деңгейі. Тарихтың өзге де ғылымдар тәрізді өзіндік методологиялық негіздері мен ұстанымдары бар. Методологияның дұрыс қойылуы ғылымда оқиқалар мен құбылыстард объективті түрде терең жол ашады. Методология көне грек сөзінен аударғанда «методос», «зерттеу жолдары», «таным тәсілдері», ал «логос» ілім деген мағына береді,яғни ол ғылыми зерттеу жолдары, таным тәсілдері туралы ілім болып шығады. Ғылымда методологияның «тарихи таным теориясы» деген интерпретациясы да кездеседі. Қазіргі кезеңде методологияның анықтамасын беруде ресейлік тарихшылар белсенділік танытуда. Мәселен, В.В.Журавлев: «.. тарихи зерттеу методологиясы-бул тарихи білімді дүниеге келтіру және олардың принциптерін реттеу. Методология бұл тұста ғалымның қармағындағы малай немесе құлдық ұруды талап ететін патша емес. Яғни, методологияны не істеме де өзім білемін деген принципті ұстанып, оны біржақты дәріптеуге немесе елеусіз қалдыруға болмайды. Нағыз тарихшы ең алдымен өмір бойы методологиялық жағынан жетіледі.Ол ғылымда жинақталған методологиялық қазынмаен бірге өседі, ал соңғысы ғалымның күш- қайратының арқасында молаяды,- деп жазды. Сонымен тарих ғылымының методологиясы теориялық, дүниетанымдық ережелердің жүйесі, ол нақты шындықты танудың тәсілдері ретінде ғылыми талдау жасау талаптарынан пайда болады. Басқаша айтқанда тарих ғылымының методологиясы ғылыми зерттеу жұмысында танымдық принциптер, идеялар ретінде пайдаланылатын белгілі бір дүниетанымдық теориялық ережелердің жүйесі. Методология- белгілі бір мәселені зерттеудің ғылыми әдістемелері. Тарих ғылымындағы зерттеу тәсілдері мен жолдары,яғни методология математикадағыдай дайын формула емес, ол өзін теориялық жағынан жетілдіруді және үздіксіз ізденістер арқылы қалыптастырып, дамытуды талап етеді. Методологияға суйеніп, зерттеуші іс-тәжірибелік қызметінде әдістер кешенімен жұмыс істейді. Осыған байланысты ғылыми әдістер құрылымын былайша көрсетуге болады:1. танымының мазмұнын сипаттайтын дүниетанымдық ережелер мен теориялық приницптер. 2. зерттелуге тиіс мәселенің ерекшеліктеріне сәйкес әдістемелік қолданыстар.3. ғылыми зерттеуді дәйектейтін, оның барысы мен нәтижелерін көрсетуде қолданылатын тәсілдер осылайша, әдіс зерттеудің теориясының, әдістемесінің және техникасының өзара байланысын іске асырады. Методология әдістен де кең, ол әдістердің ілімі ретінде білімнің үш деңгейінен құралады; философиялық, ғылыми- теориялық және эмпирикалық. Тарих ғылымы мен идеология және тарих ғылымы мен саясат тығыз байланысты Ғылымдағы әдістемелік нұсқау жөніндегі ғылыми- қолданбалы ақпарат осы заманғы тарих ғылымының теориясы негізінде терең де ауқымды. Тарихтың мақсаты көшпелі мемлекеттердің дамуы мен қалыптасуындағы негізгі тарихи оқиғаларға баға беру және талдау, көшпелі мемлекеттердің тарихына жаңаша көзқарас қалыптастыру мен тарихтың қыр-сырын меңгертуді мақсат етеді. Тарих ғылымының ғылыми принциптерін игеру, тарихи танымды үйренуге қажетті біліммен қаруландыру; деректер мен тарихнаманың мазмұны мен пішінінің арақатынасының сырын ұғыну; тарих ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысып, білу; көшпелі мемлекеттердің пайда болуы мен даму процесі, оның заңдылықтарын, кейінгі зерттеулердегі мәселелерді жаңаша көзқарас тұрғысында қабылдай білу; көркемдік, тарихи болмысын тани алып, тарихи бағасын біліп, танитын талғам қалыптастыру; тарихи оқиғаның ішкі, сыртқы аспектілерін саралай алып, түрлі қырынан талдай білуге жаттықтыру. «Тарих ғылымының пәні» – Қазақстан және Орта Азия жеріндегі алғашқы көшпелі мемлекеттердің пайда болуын, қалыптасуын, ежелгі мәдениеттердің пайда болуын, дамуын, дүниежүзілік тарихтағы орнын және тарихи оқиғаларды объективті түрде нақты деректер негізінде қарастырады. Бұл курс ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, көшпелі мемлекеттердің пайда болуы мен дамуын зерттеп, олардың тарихтағы орнын анықтауда тарих ғылымына өзіндік үлес қосады. Студенттердің Қазақстан тарихы курсынан алған білімдерін тереңдете түседі және көшпелі мемлекеттердің даму жөнінде көптеген тарихи деректермен танысады. Тақырыпқа арналған сүрақтар 1.Методологияның тарих ғылымындағы орны қандай? 2.Тарихи танымның мәні? Ұсынылатын әдебиет 1.Ракитов А.И. Историческое познание. М., 1989. 2.Хвостова К.В., Финн В.К. Проблемы исторического познания в свете современных междисциплинарных исследований. М., 1997. 3.Смоленский А.В. Теория и методология истории. М., 2003. Тақырып 6. Тарих ғылымының пәні. 1.Тарих пен идеологияның өзара қатынастары. 2.Тарих және саясат. Тарих ғылымының саяси функциялары. 3.Тарих және қоғамдық сана Тарих – қоғамның қозғалыс түрінің көптігін ашып көрсететін, адамзаттың өз дамуында өтетін күрделі жолдарын түсінуге мүмкіндік беретін ғылым. Тарих, әрбір ғылым сияқты, объективті білімдерді жүйелеусіз, эмпирикалық материалдарды теориялық толықтырусыз, зерттеу құбылыстарының мәніне осы құбылыстарды басқаратын ішкі заңдылықтарын ашу жолдарына тереңдеп енбей өмір суре алмайды. ХІХ ғасырдың басындағы көптеген көрнекті тарихшылар қоғамдық таптардың тарихи үдерістегі таптық күресті танығанға дейін өмір сүру фактісін мойындады. Бірақ, таптар неге пайда болды? Адамдардың әрекеттерін қандай жасырын серіппелер бағыттап отырады? Оларды күресуге, қандай да бір ұрандарды, саяси және әлеуметтік идеалдарды алға қоюға не итермелейді? деген мәселеге ешкім де дұрыс жауап бере алмады. Көрнекті ойшыл А.Сен-Симон білімді дамытуды тарихи үдерістің негізігі факторы ретінде есептеді. Өйткені, оған дейін адамзат табиғатының өзгермейтіндігі туралы козқарас қалыптасқан болатын. Оның даму идеясына өту, адамзат идеяларының өзгеретіндігі жайлы пікірі бір адым алға басқандық болды. Бірақ ол да, білімнің неге дамитындығын түсіндіріп бере алмады. Соңында, жетілуге ұмтылатын адамның ерекше қасиеті жайлы тезиске оралды. Маркске дейінгі тарихи ғылымда, қандай да бір қоғамның тиянақты дамуы, әр түрлі екінші кезектегі себептер нәтижесінде өз бетімен жүріп отырады деген көзқарас кең таралды. Ұзақ уақыт бойына, қандай да бір қоғамның немесе адамзат дамуының, тіпті, тұтас өркениеттердің өзіне тән себептерін іздестіруге ұмтылыс жасалды. Олар мұны, бұлардың діни көзқарастарымен, күрделі иерархиялық құрылымымен, қауымдық немесе туыстық – рулық байланыстардың ерекше беріктігімен түсіндіруге тырысты. Кез келген халықтың, кез келген адамдар қауымының, жалпы тұтас қоғамның өмір сүруін және дамуын анықтайтын жағдай – барлық уақыттарда негізгі өмірлік қажеттілікті, оның ішінде тамаққа, киімге және тұрғын үйге деген қажеттілікті қанағаттандыру. Тарихи ғылым мәселелерінің бірі – осы қажеттілікті қамтамасыз етудің әр ғылым мәселелерінің бірі – осы қажеттілікті қамтамасыз етудің әр түрлі тәсілдерінің қоғамдық қатынастарға қалай әсер ететіндігін, бұл қатынастар түрінің қалай қалыптасатынын түсіндіру болып табылады. Саясаттың мазмұны өндірісті қоғамдық ұйымдастырумен анықталады. Оның ерекше белсенді рөлінің қайнар көзі нақты осында болып табылады. Экономикадан өз импульсін алып, оған тәуелді бла отырып, саясат терең экономикалық мүдделердің анағұрлым ауқымды күшіне қарай, өте жиі қоғам өмірінде жетекші жағдайға ие болады. Бүкіл әлемдік тарихи үрдістің бірлігі қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарында көрініс береді. Бұл бірлікті жалпы заңдылықтардың тиянақты түрінің міндетті сәйкестігі ретінде түсіну дұрыс болмас еді. Қоғамдық даму заңдылықтары бұл дамудың барлық құрамдас бөліктерін байланыста алып қарап зерттемей тарихи үрдісті түсіну мүмкін емес. Әр түрлі кезеңдегі көрнекті өкілдердің аттары белгілі. Оларды толық құқықпен «ұлы адамдар» деп атауға болады. Олардың саны аз, бірақ олардың қалдырған ізі өте маңызды. Ол бәрінен бұрын, бұл көрнекті өкілдердің дана жеке тұлғалар ретінде көрінуіне емес, керісінше, тарихи дамудың сол сатысындағы тұтас таптардың немесе әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіргендігіне байланысты. Бұл таптар немесе әлеуметтік топтар алдыңғы позицияны алған кезде, олар қоғамдық прогрестің тасушыларына айналады. Қоғамдық қайраткерлерге тарихи талдау жасау кезінде қоғамға теріс ықпал еткен тұлғаларды да естен шығармау керек. Мұндай жағымсыз сирек кездесетін жеке тұлғалардың да, өзінің жеке тілегі бойынша тарихи сахнаға шықпағанын атап өту керек. Олардың құрылымы бұзылған қызметтің «жеке мейірімсіз еркі» қоғамдық прогрестің реакциялық сипатын, тарихи сахнадан кетіп жатқан таптық күштер қарсылығын білдіретін белгілі бір әлеуметтік жағдайда жүзеге асуы мүмкін. Сонымен бірге қандай да бір белілі кезеңдегі халықтың әлеуметтік мінез – құлқы және өздерінің жеке позициясына сәйкес келетін жеке тұлғаны таңдауы, көбінесе, сол кезеңнің рухани өмірімен, мирасқа қалған дәстурлерімен анықталады. Сондықтан да қоғамдық сана мен мәдениет мәселесінің, тұтас алғанда тарих ғылымының бір бөлігі болып табылатыны даусыз. Тарих мәдениеті - өткенді зерттеудің арнайы саласы... Мәдениет элементтері тек әлеуметтік – экономикалық формацияның барлық қуысына терең еніп қана қоймайды, сонымен бірге онда автономдық жағдайды ұстайды. Әлеуметтік психология саласымен тығыз байланысты бола отырып, мәдени мұра, тіпті, ең ірі деген әлеуметтік өзгерістердің ықпалына баяу ұшырайды. Ол мұнда тез қайта құруға бөгет жасайтын белгілі бір селқостықты сақтайды. Зерттелген қоғамда дамып отырған, тарихи – мәдени үрдістерге көңіл аудару – оны терең зерттеудің және түсінудің қажетті жағдайы. Сонымен қатар мәдени үрдістерді түсіндіруге деген қарапайым механикалық көзқарастан сақтану қажет. Оларды тікелей саяси және экономикалық өзгерістерден шығарып қарауға болмайды. Мысалы, белгілі бір қоғамның әдебиетіне талдау жасау, зерттеліп жатқан құбылыстар мен үдерістерді олар дамыған тарихи «түсте» алып зерттеуді талап етеді. Алайда, ол әдеби шығармашылықтың көптеген өзіндік ерекшеліктерін түсіндіре алмайды. Әлеуметтік – экономикалық дамуға негізді тұжырым жасау үшін қарапацым сәйкестендіру жеткіліксіз. Тек тар хронологиялық шеңберде қарастыру арқылы, мәдени – психологиялық үдерістерді терең түсіндіру мүмкін емес. Мұнда күрес пен жарыс дамып отырған кзеғдегі, уақытша орын алған әлеуметтік – экономикалық жүйенің, аталған тарихи кезеңнің көптеген қарама – қайшы факторларының ықпалын зерттеә қажет. Мәдениет тарихын зерттеудің мәдени, әсіресе көркемдік көрнекті құбылыстардың қазіргі бай тарихтың күрделі үдерістерімен байланысын анықтауды маңызы зор. Тарихи ойдың, зерттеудің жаңа әдістері мен тәсілдерінің дамуы көп зерттелген іс жүзіндегі материалдан жаңаны көруге мүмкіндік береді. Тарихи зерттеу нысаны қатып қалған және өзгермейтін нәрсе болып табылмайды. Археология мұндай жаңалықтардың көптеген мысалдарын бере алады. Ол материалдық мәдениеттің бұрыннан белгілі, жан – жақты зерттелген ескерткіштерге жаңа көзқараспен қарауға мәжбүр етеді. Тастар «сөйлеп», бұрыңғы өткен заманның бейнесін маңызды түзетулер енгізе отырып, қабылдауға ықпал етеді. Тарих ғылымы пәнінің керемет кеңдігі ғылымдарға жоғары талап қояды. Ол міндетті кәсіби және жалпы теориялық дайындықты қажет етеді. Кәсіби дайындық соған сәйкес мамандануды, тарих ғылымның белгілі – бір саласына жататын тиянақты материалды білуді білдіреді. Жалпы тарихи дайындық әдіснамалық зерттеуді меңгеруді, ішкі күрделілігіне және көлеміне қарамастан, эмпирикалық материалдың бағытын анықтауға мүмкіндік беретін, материалистік диалектика материалдарын тиянақты түсінуді қарастырады. Тарихтың өзге де ғылымдар тәрізді өзіндік методологиялық негіздері мен ұстанымдары бар. Методологияның дұрыс қойылуы ғылымда оқиғалар мен құбылыстарды объективті түрде терең жол ашады. Методология көне грек сөзінен аударғанда «методос», «зерттеу жолдары», «таным тәсілдері», ал «логос» ілім деген мағына береді,яғни ол ғылыми зерттеу жолдары, таным тәсілдері туралы ілім болып шығады. Ғылымда методологияның «тарихи таным теориясы» деген интерпретациясы да кездеседі. Қазіргі кезеңде методологияның анықтамасын беруде ресейлік тарихшылар белсенділік танытуда. Мәселен, В.В.Журавлев: «.. тарихи зерттеу методологиясы-бул тарихи білімді дүниеге келтіру және олардың принциптерін реттеу.Методология бұл тұста ғалымның қармағындағы малай немесе құлдық ұруды талап ететін патша емес.Яғни, методологияны не істеме де өзім білемін деген принципті ұстанып, оны біржақты дәріптеуге немесе елеусіз қалдыруға болмайды. Нағыз тарихшы ең алдымен өмір бойы методологиялық жағынан жетіледі. Ол ғылымда жинақталған методологиялық қазынмаен бірге өседі, ал соңғысы ғалымның күш- қайратының арқасында молаяды,- деп жазды. Сонымен тарих ғылымының методологиясы теориялық, дүниетанымдық ережелердің жүйесі, ол нақты шындықты танудың тәсілдері ретінде ғылыми талдау жасау талаптарынан пайдаболады. Басқаша айтқанда тарих ғылымының методологиясы ғылыми зерттеу жұмысында танымдық принциптер, идеялар ретінде пайдаланылатын белгілі бір дүниетанымдық теориялық ережелердің жүйесі. Методология- белгілі бір мәселені зерттеудің ғылыми әдістемелері. Тарих ғылымындағы зерттеу тәсілдері мен жолдары,яғни методология математикадағыдай дайын формула емес, ол өзін теориялық жағынан жетілдіруді және үздіксіз ізденістер арқылы қалыптастырып, дамытуды талап етеді. Методологияға суйеніп, зерттеуші іс-тәжірибелік қызметінде әдістер кешенімен жұмыс істейді. Осыған байланысты ғылыми әдістер құрылымын былайша көрсетуге болады: 1.танымының мазмұнын сипаттайтын дүниетанымдық ережелер мен теориялық приницптер. 2. зерттелуге тиіс мәселенің ерекшеліктеріне сәйкес әдістемелік қолданыстар.3. ғылыми зерттеуді дәйектейтін, оның барысы мен нәтижелерін көрсетуде қолданылатын тәсілдер осылайша, әдіс зерттеудің теориясының, әдістемесінің және техникасының өзара байланысын іске асырады. Методология әдістен де кең, ол әдістердің ілімі ретінде білімнің үш деңгейінен құралады; философиялық, ғылыми- теориялық және эмпирикалық. Тақырыпқа арналған сүрақтар 1.Тарих ғылым ының пәнінің мәні? 2.Тарих пен идеология ның, тарих пен саясаттың арақатынасы? Ұсынылатын әдебиет 1 Жуков Е.В.Очерки методологии истории. М.,1980. 2Барг М.А.Категории и методы исторической науки. М.,1984. 3 Тарих.Адамзат ақыл-ойының қазынасы.Астана,2006.6-7том1 Жуков Е.В.Очерки методологии истории. М.,1980. Тақырып 7. Тарихи танымның әдістері. 1.Болмысты танудағы жалпы методологиялық принциптері, ғылыми танымның жалпы логикалық әдістері. 2.Пәнаралық әдіс. Арнаулы тарихи әдістер. 3.Тарихи зерттеулердің методологиясы. 4.Тарихи әдістің мазмұны және мәні. Методологияның маңызды міндеті тарих ғылымының әдістерінің табиғатын, пайдалануын және ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа қол жеткізу әдістің жалпы мазмұнын, соның ішінде ғылымның әдісі ретінде түсіну арқылы мүмкін болады. Әдістің ғылыми зерттеу үшін маңызы өте зор. Оның үстіне тарихи үрдістің күрделілігі көптеген зерттеу тәсілдерін қолдануды талап етеді. Тарих ғылымында әдістің құндылығы сол, ол методологияны жетілдіру және байыту мақсатында қажеттә материал бере алады. Әдіс адамның танымдық қызметі мен тәжрибеде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізудің тәсілдері, құралы ретінде баршаға таныс. Әдіс эвристикалы. Ол өз бойында объективтілік пен субъективтілікті сақтайды. Ол метод-ия арқылы теориямен астасып жатады, өйткені теория ғылыми әдістің дамуынсыз өмір сүре алмайды. Себебі әдіс теориялық білімге негізделген сайын күше түседі.Сондай ақ әдіспен теорияның алшақтығы алғашқының бұрмалануына, соңғының мазмұнынан айрылуға әкеледі. Осылайша теоря мен әдістің диалектикалық өзара байланысының нетижесінде олардың арасында бір- бірімен сабақтастықты толысу процесі жүреді. Сонымен, ғылыми әдістер- бұл тарихшының танымдық қызметіндегі тарихи білімнің шынайылығына жетудің саналы тәсілдері мен жолдары болып табылады. Тарих ғылымында да басқа ғылым салаларындағыдай нақты зерттеу міндетін шешу үшін жалпы ғылыми әдістер қолданылады: - ғылыми зерттеудің жалпы тәсілдері. қорыту, анализ, абстракция, салыстыру, индукция, дедукция т.б. - жалпы ғылыми сипаттағы эмпирикалық зерттеудің ерекше әдістері: сыныптау, жүйелеу, бақылау, өлшеу, эксперимент. - Теориялық зертеудің жалпы ғылыми әдістері: идеализация, формализация, ойша эксперимент, жүйелік тәсіл, математикалық әдіс, абсракциядан нақтыға және керісінше жүру әдістері, тарихи әдіс, логикалық әдіс. Ғылыми таным үрдісінің дамуы жаңа әдістерді туғызд: - жүйелік- құрылымдық талдау. - Қызметтік (функционалдық) талдау. - Алгоритмдеу. - ЭЕМ арқылы зерттеу әдісі. Аталған жалпы ғылыми әдістермен қатар, тарих ғылымының өзінің арнайы таным әдістері бар. Олар жалпы ғылыми әдістердің тарих ғылымының зертеу ерекшеліктеріне негізделген формасы болып табылады. Арнайы тарихи әдістердің екі тобы бар: - дәстүрлі тарихи әдістер - дәстүрлі емес тарихи әдістер. Дәстүрлі тарихи әдістің түрлері: - таптық талдау әдісі. - тарихи-генетикалық әдіс. - тарихи- типологиялық әдіс. - тарихи- жүйелік әдіс. - диахрондық талдау әдісі. - ретроспективтік әдіс. - тарихи- салыстырмалы әдіс. Дәстүрлі емес ( қазіргі ) тарихи әдістер: - әлеуметтік- психологиялық әдіс. - зерттеудің сандық әдісі. - зертеудің сандық талдау әдісі. кластерлік талдау әдісі т.б. Тарихи деректерді талдаудың құрамдас үш бөлігі — методология, методика және техника. Объективтік принцип, тарихилық принцип, партиялық, принцип – деректану методикасының негізгі принциптері. Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңі: деректерді іздеу, табу (деректанулык, эвристика), деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтер нақты зертгеулерге пайдалану, тәсілдсрін жасау (методика). Методологияның маңызды міндеті тарих ғылымының әдістерінің табиғатын, пайдалануын және ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа қол жеткізу әдістің жалпы мазмұнын, соның ішінде ғылымның әдісі ретінде түсіну арқылы мүмкін болады. Әдістің ғылыми зерттеу үшін маңызы өте зор. Оның үстіне тарихи үрдістің күрделілігі көптеген зерттеу тәсілдерін қолдануды талап етеді.Тарих ғылымында әдістің құндылығы сол, ол методологияны жетілдіру және байыту мақсатында қажетті материал бере алады. Әдіс адамның танымдық қызметі мен тәжірибеде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізудің тәсілдері, құралы ретінде баршаға таныс. Әдіс эвристикалы. Ол өз бойында объективтілік пен субъективтілікті сақтайды. Ол метод-ия арқылы теориямен астасып жатады, өйткені теория ғылыми әдістің дамуынсыз өмір сүре алмайды. Себебі әдіс теориялық білімге негізделген сайын күше түседі. Сондай ақ әдіспен теорияның алшақтығы алғашқының бұрмалануына, соңғының мазмұнынан айрылуға әкеледі. Осылайша теоря мен әдістің диалектикалық өзара байланысының нетижесінде олардың арасында бір-бірімен сабақтастықты толысу процесі жүреді. Сонымен, ғылыми әдістер- бұл тарихшының танымдық қызметіндегі тарихи білімнің шынайылығына жетудің саналы тәсілдері мен жолдары болып табылады. Тақырыпқа арналған сұрақтар 1. Жалпы ғылыми әдістерді атаңыз? 2. Тарихи таным әдістерінің маңызы неде? 3. Дәстүрлі тарихи әдістің түрлерін сипаттаңыздар. Ұсынылатын әдебиет 1.Ракитов А.И. Историческое познание. М., 1989. 2.Хвостова К.В., Финн В.К. Проблемы исторического познания в свете современных междисциплинарных исследований. М., 1997. 3.Смоленский А.В. Теория и методология истории. М., 2003. Тақырып 8. Тарихи танымның негізгі методологиялық принциптері. 1.Тарихи танымның негізгі принциптерінің түрлері. 2.Тарихилық принципінің формалары. 3. Неопозитивизм және тарихилық.. Принциптер логикалық және тарихи сипатта өткен кезеңднрдегі тарихатн,дүниетанымынан олпрдың жалғасы ретінде шығарылады. Табиғат та, адамзат та принциптерді бейнелемейді, керсінше, принципттер ақиқатты, себебі олар табиғат пен тарихқа сәйкес келеді. Принциптер – зерттеудің тоқтайтын пункті емес, оның қортынды нәтижесі. Осы идеялар ғылымдағы принциптің жетекші желісі, ғалым қызметінің негізгі ережесі оның ішкі сенімі екндігінен көрсетеді. Принциптердің қатарында саяси және әлеуметтік құбылыстарға талдау жасауда, баға беруде, сондай- ақ ғылыми тұжырымдамаларда қолданылатын жалпыметодологиялық түрлері анықтаушы болып табылады. Олар табиғат пен қоғамның объективті заңдылықатрын теориялық тану негізінде пайда болған негізгі дүниетанымдық бағыттар. Принципттер объективті шындыққа, ғылыми білімге сүйене отырып, кездейсоқ ойдан шығарылмайды. Тарихта жалпы методологиялық принциптер «тірек пункті» ретінде таным үшін нақты пайдаланылып, ғылыми білімнің осы саласының оның мақсат, міндеттерінен шыға отырып, өзіне тән көрініске ие болады. Осылайша приницптер дегеніміз ғылымның негізі, жетекші ұғымдары. Олар тарихтың объективті заңдарын оқып үйренуден туындайды,соның нәтижесі ретінде саналады және осы мағанада заңдылықтар іспеттес болады. Әйтсе де олардың арқасында айырмашылық бар: заңдылықтар объективті түрде зерттеушіден тыс әрекет етеді, ал принциптер логикалық категория ,олар табиғатта емес, адамдардың санасында өмір сүреді. Тарихи зерттеулер методологиясының басты орынды тарихилық, объективтілік,әлеуметтік принциптер алады. Тарихилық және объективтілік принциптерінің тарихи оқиғалар мен құбылыстар дың шынайы сипатын, мән- мазмұнын ашудағы маңызы зор. Сондықтан олар тарихшылар үшін ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде басты принциптерге айналулары тиіс. Тарихтағы ең бірінші принципі –объективтілік принципі. Ол зерттеушілердің белгілі бір тарихи оқиғалар мен процестерді талдауда шынайы пікір танытып, тұжырым жасауын таразылап, олардың шынайлығын анықтауда жетекші рөл атқарады. Осы объетивтілік арқылы тарихшы тарихи оқиғалар мен құбылыстарды шынайы түрде ашу деңгейіне баға береді. Тарихта объективтілік принципін басшылыққа алу шынайы тарих жазудың кепілі болып табылады. Екінші принцип –тарихилық. Тарихилық танымының жалпы методологиялық принципі болып табылады. Ғылыми танымда ол өзіндік,дербес маңызға ие болады. Тарихилық принципі арқылы тарихи оқиғалар мен процестердің, олардың пайда болуы және дамцуының, нақты жағдайларымен байланысының зерттелу деңгейін айқындауға болады. Бұл принцип құбылыстардың сандық және сапалық,жалпылама, дара ерекшеліктерін тануға жол ашады. Тарихилықтын келесі таным функциясы ол шынайылық туралы білімді нақтыландыруға және дәйектей түсуге мүмкіндік береді. Тарихилық принциптерінің басты талаптарының бірі- тарихта кезеңдер мен сатыларды, олардың дамуын уақыт желісі және заңды сабасқтастық негізінде қарастыру, өткендегі оқиғаларды, құбылыстарды зерттеуде тарихи бағытты ұстану. Тарих ғылымының дамуындағы кезеңдер мен сатылардың ауысымын талдауда ғана көрінбейді. Бұл тұрғыда осы процестің әлеуметтік тарихи прогресінің заңдылықтарын айқындайтын алғы шарттары анықталады. Осылайша жалпы методологиялық тарихилық принципі тарихта білімнің дамуын бір жағынан олардың пайда болуы бойынаша тұжырымдамалық бірлікте зерттеуге мүмкіндік береді. Тарихилық принциптердің арасныда тағы бір мәселе – ол олардың жиынтығы өздерінің пайда болу,қалыптасу, өзгеру, даму, бір-бірімен бірігу процесінде талданады. Бұл принцип тарихшыдан теориялық материалдардың шынайлығын тексеруді талап етеді. Тарихилық принципі тарихи фактілерді зерттеудегі абстрактілі бағытқа, оларды сыңар жақ, бұрмалап бағалауды болдырмауды ескертеді. Бұл принцип басшылыққа алып тарихтық құбылыстың пайда болуының шарттарын, себептерін, олардың экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық тамырын терең зерттеп ,оның өзгеруіне, дамуына назар аударып, қазіргі кезеңдегі жағдайын ашып көрсету қажет. Тарих ғылымындағы оқиғаларды олардың пайда болуының тарихи алғышарттармен тығыз байланыста зерттеу тарихтық фактілерді бір бірімен өзара және қоғам дамуының заңдылықтарымен байланыстырып талдауға мүмкіндік береді. Тарихтық құбылыстарды қоғам дамуы заңдылықтарымен бір тұтастыққа қарастыру күрделі, бірақ қажет шешілуге тиіс міндет. Ғылыми ойдың дамуын талдау тприхи білімді жинақтаудың шарттары мен ерекшеліктерін ескеру арқылы жургізілуі тиіс. Тарихилық принциптің тарихта тарихтық фактілердің шынайлылығын, олардың көпжақтылығын нақтылығын көруге мүмкіндік береді. Оның өзі тарихта жол ашады. Нақтырақ айтсақ ол әртүрлі проблемалардың ғылыми дамудыңтүрлі кезеңдерінде емес бір уақытта шығарылғандығын айқындауға жекелеген бір мәселелердің қарастыруына басты назар аударылып екінші біреуі маңыздылығына мән берілмей зертелгендігінің себептерін ашуға жағдай жасайды. Үшінші принцип-әлеуметтік принцип. Ол тарих ғылымының қажетті принциптерінің бірі. Кейде бұл принципті партиялық де те атайды. Ол қоғамның әлеуметтік құрылымымен, топтарымен тығыз байланысты ұғым. Әлеуметтік принцип объективті шындықты көрсете отырып алдын ала пікір қалыптастыруға жол бермейді, кеез келген құбылысты оның әлеуметтік алғышарттары тұрғысынан нақты талдауды талап етеді. Бұл принцип тарихтық фактілер мен құбылыстардың сипатын олардың шынайы нәтижелері бойынша баға берудің қажеттілігін көрсетеді. Ол ғылыми білімге ұласу тұрғысында шынайы маңызына орай бағаланады. Негізі бұл принцип тарихтық талдау жасауда зерттеушіге тарихи деректердің әлеуметтік ортасын, тарихшының ұлттық, таптық мүддесін ескеруде қажетті болып саналады. Сонымен қатар әлеуметтік тарихи құбылыстардың өзектілігін айқындауға да негіз болады. Өзекті болып ғылым дамуының кез- келген кезеңіне жататын,тарихи білімді алдыға жылжытуда прогрессивті рөл атқаратын ол тарихтік факт. Тарихшы әлеуметтік принципті ғылыми пікір- талас тәрізді тарихтық фактіні талдауда басшылықа алады. Бұнда бұл принцип тарихтық құбылыстардың пайда болуы мен дамуында әлеуметтік саяси және тарихи шарттардың ерекшеліктерін ескергенде ғана іске қосылады немесе әрекет етеді.Жалпыметодологиялық элеуметтік принцип өзінің нақты қолданысында тарихилық принципімен диалектикалық бірлікте пайдаланады. Тарих ғылымында да басқа ғылым салаларындағыдай нақты зерттеу міндетін шешу үшін жалпы ғылыми әдістер қолданылады: - ғылыми зерттеудің жалпы тәсілдері. қорыту, анализ, абстракция, салыстыру, индукция, дедукция т.б. - жалпы ғылыми сипаттағы эмпирикалық зерттеудің ерекше әдістері:сыныптау, жүйелеу, бақылау, өлшеу, эксперимент. - Теориялық зертеудің жалпы ғылыми әдістері: идеализация, формализация, ойша эксперимент, жүйелік тәсіл, математикалық әдіс, абсракциядан нақтыға және керісінше жүру әдістері, тарихи әдіс, логикалық әдіс. Ғылыми таным үрдісінің дамуы жаңа әдістерді туғызд: - жүйелік- құрылымдық талдау. - Қызметтік (функционалдық) талдау. - Алгоритмдеу. - ЭЕМ арқылы зерттеу әдісі. Аталған жалпы ғылыми әдістермен қатар, тарих ғылымының өзінің арнайы таным әдістері бар.Олар жалпы ғылыми әдістердің тарих ғылымының зертеу ерекшеліктеріне негізделген формасы болып табылады.Арнайы тарихи әдістердің екі тобы бар: - дәстүрлі тарихи әдістер - дәстүрлі емес тарихи әдістер. Дәстүрлі тарихи әдістің түрлері: - таптық талдау әдісі. - тарихи-генетикалық әдіс. - тарихи- типологиялық әдіс. - тарихи- жүйелік әдіс. - диахрондық талдау әдісі. - ретроспективтік әдіс. - тарихи- салыстырмалы әдіс. Дәстүрлі емес ( қазіргі ) тарихи әдістер: - әлеуметтік- психологиялық әдіс. - зерттеудің сандық әдісі. - зертеудің сандық талдау әдісі. - кластерлік талдау әдісі т.б. Тақырыпқа арналған сұрақтар 1Жалпыметдологиялқ принциптердің иаңыз неде? 2.Тарихилық принципінің қолдану жолдары? Ұсынылатын әдебиет 1. Барг М.А. Категории и методы исторической науки. М., 1984. 2.Иванов В.В. Методология исторической науки. М., 1985. 3.Могильницкий Б.Г. Введение в методологию истории. М., 1989. 4.Әлемдік философиялық мұра.Жиырма томдық., 16том.Алматы,2007. Тақырып 9. Тарихи факт. 1. «Тарихи факт» ұғымы және оның логикалық және гносеологиялық құрылымы. 2.Ғылыми тарихи факт және оның түрлері. «Тарихи факті» сатысы тарих ғылымының барлық ғимаратының іргетасын құрайды. Іс жүзіндегі деректерсіз бірде – бір тарихи ойдың дамуы мүмкін емес. Алайда, «факті» түсінігі тарихи танымда анықтауды қажет етеді, өйткені ол жан-жақты болып табылады. Оны тарихи тұрғыдан зерттеудің негізгі ерекшелігі, ол зерттеушінің тікелей бақылау пәні болмайтындығына және қандай да бір деректер арқылы танылуында. Тарихты материалистік түсіну онд «факті» зерттеу нысаны ретінде тарихшының санасынан тыс өмір сүреді және оған байланысты емес. Қарапайым және күрделі фактілер болады. өзара байланысты фактілердің тізбегі бола отырып, тарихи үрдіс, өздігінен тарихи факті ретінде қарала алады. Сонымен бірге танушы субъектінің ойында фактінің анық мазмұны бейнеленеді. Адами қабылдаудың көлеңкесі арқылы өте отырып, ол өзінің мәнін өзгертпей, объективтік шындық болып қалады. Бұл шындыққа жақындау, тарихи таным үдерісінің мәнін құрайды. Тарих ғылымы фактіге қатысты өте күрделі дамудан жасалады. Алғашқы кезде зерттеушінің мақсаты фактілерді жинақтау деп есептеледі. Ол кезде оның табиғаты жайлы мәселе, тіпті, қаралған да жоқ. Кейін біртіндеп, фактімен оны түсіндіру арасындағы қарама – қайшылық анықталды. Тарихшылардың кейбір бөлігі, аталған шындықты толықтыру және түсіндіруге байланысты қатты қарсылық білдірді. Олар егер факті түсіндірілетін болса, онда ол объективті маңызын жоғалтады деп дәлелдеуге тырысты. Мұндай көзқарастың объектілігі ылғи да таза қиял болды. Ал шын мәнінде, тіпті кез келген зерттеушінің материалдармен бірінші танысуының өзі, мүлдем бейтарап бола алмайды. Ол белгілі бір дәрежеде оның қандай да бір бағалаусыз өмір сүре алмайды. Тарихнамада қазірге дейін тарихи факті жайлы екі түрлі пікірді көрсетуге болады. Оның біреуі ретінде сипатталып, оны түйсіну және бағалау қажеттілігін жоққа шығарды. Француз тарихшысы Фюстель де Кулан жазба қайнар бәрін білдіреді деп ойлады. Зерттеу деректерінің мәтіні шеңберінен қандай да бір шығу сезік тудырды немесе айыптауға ұшырады. Басқасы бұған қарама – қарсы көзқараста болды. Бұл көзқарас қазір кеңінен таралды. Ол фактінің нақты шындық ретінде өмір сүруін жоққа шығаруға негізделді. Бұл көзқарасты жақтаушылардың пікірінше, факті ұғымы тарихшының санасында қалыптасады. В. Виндельбанд, Г. Риккерт т.б.оларды көптеген қайталаушылар фактілерді тануға болмайтындығын, яғни оның мәнін ашу тарихшының өз еркінде екендігін «сыни бағытта» насихаттады. Орыстың революцияға дейінгі тарихшысы А.С. Лаппо – Данилевскийдің тарихи фактіні «аталған жеке тұлғаның ортаға, оның ішінде қоғамдық ортаға ықпалы ретінде» бағалады. Р. Дж. Коллингвуд деректердің дербес маңызын мүлде жоққа шығарады, ол дерекке тарихшының өз бетімен түсініктеме беретініне көңіл бөлуге шақырады. Оның пікірінше, зерттеуші нақтылық сипаттан айырылған, өткенді дербес талқылаушы болып табылады. Осылайша, тарихи факті түсінігі анағұрлым қияли болып шығады. Э. Карр кез келген оқиға тарихи факті бола алмайды, тек оның ішіндегі тарихи маңызы барлары ғана болады. Ғалым фактілердің ішінен көптеген маңызды ақпараттарды таңдап алып, оны тарихи фактіге айналдыру үшін, өзі зерттеген кезеңге жататын фактілердің санынбілуі тиіс. Э. Каррдың пікірінше, тарих – түсіндіру деген сөз, ал түсіндіру – тарихтың артериялық қаны. Осымен бірге ол ғалым фактілерге «билік етуші жендет» емес деп атап көрсетті. Тарихшы мен факті арасындағы қарым – қатынас – «теңдік қатынас». Олар бір – біріне қажет. Тарихшыда фактісіз негіз болмайды, ал факті тарихшысыз өлі нәрсе. «Тарих деген не?» деген сұраққа жауап бере отырып Э. Карр: «Тарих – тарихшы мен фактілер арасындағы тұрақты үдеріс, қазіргі мен бұрынғы арасындағы шексіз диалог», - деп жазды. Е. Топольский: «Тарихи фактілерді динамикалық – тұтас жүйе ретінде қарастырылады және олар үнемі өзгерісте болады», - деп атап көрсетті. Ол бұл жерде «біз аталған фактімен қай кезде, ал басқа фактімен қай кезде, ал басқа фактімен қай кезде істес боламыз деген сұрақ туады», - деп жазды. Тарихи факті мәселесін жасанды күрделендіру тенденциясы бар. Оның табиғаты, оны топтастыру жайлы пікірлер көбінесе ойша жору сипатында болады. Осы пәнге арналған ауқымды әдебиеттер өз алдына нақты тарихи зерттеуді жеңілдету мақсатын қоймайды. Соған қарамастан, жалпы теориялық мәселені қою қажеттігі туып отыр. Тарихшы жұмысы – зерттеу пәніндегі белгілі бір эмпирикалық және теориялық көзқарасқа таладу жасау. Іс жүзіндегі материалды іріктеу үдерісі, тек таза кәсіби деңгейдің болуы емес, сонымен бірге іріктеу үдерісіне қатты ықпал ететін теориялық тұжырымдарды таба білу болып табылады. Тарихшыға өте жиі кездесетін «тарихи факті» мен «түсінік» арасындағы айырмашылықты анықтауға тура келеді. Мысалы, ІІ Интернационалды оппортунистік элементтердің басымдығы мен «реформизм» түсігінігі жайлы тарихи фактіні араластыру ұсынылмайды. Сансыз фактілердің ішінен белгілі бір фактілерді таңдай отырып, тарихшы оны түйсінулі, түсіндіруді іс жүзінле асыра бастайды. Материалдың талдау жасалуына қарай, ол лны түсінудің жоғары деңгейіне көтеріле береді. Зерттеудің «эмпирикалық деңгейінен» көтеріле отырып, тарихшы тарихилықтың шынайы мәнін ашатын, логикалық тәсілге көбірек жүгінеді. «Объективті шындық фактісі» мен «зерттеу пәні ретіндегі фактімен», «ғылыми фактімен» арасындағы айырмашылықты ажыратып алу керек деген пікір таралған. «Ғылыми факті – ол оқғаның өзі емес, оның арнайы түрдегі бейнесі». Осыған байланысты, марксист – тарихшылар арасында «күнделікті» тарихи фактілерден, тарихшының ғылыми – танымдық жұмысының қажетті элементі ретінде ажыратылатын тарихнамалық фактілер деп аталатын ұғым тараған. Кез келген объектілік шындық тарихи факті болып табылады. Сондықтан тарихшы байқамаған, суреттемеген себепті ешқандай құбылыс тарихи болмай қалуы мүмкін емес. А. Легко бір тарихшы байқамаған құбылысты әр түрлі сыртқы жағдайда және әр түрлі уақытта екінші тарихшы тауып зерттеуі мүмкін екендігін айтты. Бұл сыртқы жағдайлар, тарихшының өз зерттеуінде келтірілген дәлелдер тізбегіне кіреді. Алайда ол фактінің ұзақ уақыт бойына ешкімге белгісіз болып жатып қалуы мүмкін. Бар фактіні жоқ, «тарихи» емес деп жариялау дұрыс емес. Үнемі ізденіс үстінде жүретін тарихшы, өзінің ғылыми құралдарының қорын шексіз көбейту мүмкіндігіне ие болады. Оны алдын ала «тарихи емес» деп есептелген материалдардың белгілі бір щеңберімен шектеп қою дұрыс болмас еді. Тарихи зерттеудегі фактіні іріктеудің негізгі жағдайы – жалпы қағидаттарды игеру арқылы құбылыстардың қайталанатыны жайлы түсініктерді, өмірде бар тарихи заңдылықтарды пайдалана отырып, жекеден жалпыға өту. Тарихшы зерттеуге тек іс жүзіндегі белгілі бір материалдар жайлы біліммен ғана қаруланбай, бұл материалдың не беретіндігі, нақты не іздеу керектігі жайлы алдын ала ойластыра отырып кіріседі. Іс жүзіндегі материалды тұтасымен іріктеудің объектілігі тарихшының жалпы дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Фактіні іріктеу білім деңгейіне негізделген тарихшының өте жауапты жұмысы. Тарихшылардың көпшілігі зерттеушінің өзі таңдаған ғылыми тақырыпка қатысты барлық фактілерді ескеруі мүмкін емес және ол оған міндетті де емес деген пікірді ұстанды. Мысалы, Э. Сестан: «зерттеу тақырыбын таңдаған және оны әзірлеу үшін фактілерді іріктеген кезде субъективизм билік етеді», - дейді. Ол бұл таңдау «тарихшы өмір сүріп отырған орта мен уақытқа, оның өмірдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни және адамгершілік мәселелрге байланысты көзқарасы байланысты», деді. Тарихшы таңдауы шынында да, ең соңында оның қоғамдық – саяси көзқарасы арқылы анықталады. Бірақ ол фактілерді іріктеуге қалай болса солай қарауды, оның нәтижесіне субъектілік зиян келтіру дегенді білдірмейді. Барлығы зерттеушінің қандай таптық және әдіснамалық көзқарастарды қоғайтынына байланысты. Тарихи әдебиеттерде тарихи фактіні зерттеумен байланысты үдерістердің сабақтастығына үлкен көңіл бөлінеді. Әрине фактіні зерттеудің сабақтастығының үлкен көңіл бөлінеді. Әрине фактіні зерттеудің сабақтастығын абсолюттендіру мүмкін емес. Ол көп зерттеуді оған талдау жасаудан бастайтындығына немесе бұрын қалыптасқан басқа деректердің негізінде анықтағысы келетіндігіне байланысты. Екінші жағдайда тарихшы берілген нақты жағдайдағы ішкі және сыртқы заңдылықтарды ерте анықтайды. Сондықтан да оның дедуктілік әдісі басшылыққа ала отырып, қаралған фактіге жалпы теориялық алғышарттар негізінде алдын ала талдау жасауға мүмкіндігі бар. Тақырыпқа арналған сұрақтар 1. «Тарихи факт» ұғамының мәні неде? 2. Тарихи таным үрдісіндегі факттың атқаратын ролі қандай? Ұсынылатын әдебиет 1. Жуков Е.В.Очерки методологии истории. М.,1980. 2. Барг М.А.Категории и методы исторической науки. М.,1984. 3. Тарих. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Астана, 2006. 6-7том. Тақырып 10. Тарихи деректің методологиялық мәселелері. 1.Ғылыми әдебиеттегі «тарихи дерек» түсінігінің мазмұны. 2. Тарихи деректің позитивистік концепциясы. 3. Кеңестік ғылыми әдебиеттегі «тарихи дерек» түсінігінің мазмұны. 4.Тарихи деректің әлеуметтік табиғаты, гносеологиялық функциясы. Тарихи дерек-зерттеу объектісі (тарихи шындық) мен субъектіні(тарихшыны) жалғастырушы буын. «Тарихи дерек» деген түсініктің мәнін дұрыс ұғыну тарихи танымның өзінің объективтілік мәселесін дұрыс шешуге көмектеседі. Тарихи деректің мәнін ашудң негізінде бейнелеу жатыр. Болған тарихи құбылыстың деректе бейнеленуі, сол деректерде болған құбылыстардың әр түрлі образдарда көрінуі. Оқиға алдымен адамның сезімінде, түйсігінде, ойында және істерінде бейнеленеді, ал тарихи дерек болса сол бейнеленудің жемісі, қорытындысы, соның салдары ретінде пайда болады. XIXғ.соңы мен ХХғ.басындағы ірі орыс ғалымы,академик А.С.Лаппо- Данилевский: «Тарихи дерек дегеніміз- адам психикасының іске асқан жемісі»,- деп жазды. Әрине, адам психикасы тарихи деректі жасау кезінде үнемі қатысады, бірақ ол деректің пайда болуының басты себебі, басты негізі емес.Ол тек объективті қабылдаудың психологиялық ортасы ретінде түйсікті тарихи деректерге енгізуге қатысады. Нақты объективті шындық тек қана бейнеленіп қоймайды, сонымен қатар тарихи дерекке енеді. Сондықтан, объективтілік дегеніміз- нақты шындықтың деректе бейнеленуі мен енуінің диалектикалық бірлігі. Дегенмен, әрбір тарихи дерек субъективті,өйткені ол адам санасының туындысы. Еш уақытта тарихи шындық пен тарихи дерек толық ай келеді деп айтуға болмайды. Сонымен, тарихи дерек дегеніміз- объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігі. Ақпарат автордың белгілі бір мақсаты мен мүддесіне сай деректерге салынғандықтан,кез келген дерек объективтілік пен қатар субъективтілікті де өз бойында сақтайды. Тарих ғылымы белгісіз болған деректерді ғылыми айналымға түсіру арқылы ғана дамып қоймайды(экстенсивті жол), сонымен қатар бұрын ғылымға белгілі деректермазмұнына терең үңілу арқылы ондағы жасырын ақпараттарды жаңа тәсілдер көмегімен алу арқылы да дамиды (интенсивті жол). Тарих ғылымында тарихи деректерді таным мақсатында жүйелі түрде пайдаланғандық-тан, деректану ең алдымен тарихи зерттеу методологиясы шеңберінде ерекше пән ретінде қалыптасты. Әдетте деректану тарихшының зерттеу жұмысымен байланысты,сондықтан көбінде тарихи деректану және тарихи деректер туралы айтылады. Дегенмен, Мәскеулік университеттің ғалымдары қазіргі кезеңде деректанудың айналысатын проблемалары, тек тарих ғылымында ғана емес,одан әлдеқайда кең гуманитарлық зерттеудің пәнаралық кеңістігінде қарастырылатындығын айтып отыр. Олардың пікірінше,дерктану проблемаларын зерттеуді оның қалыптасу тарихынан емес, теориялық мәселелерден- оның теориялық- танымдық (эпистомологиялық) негізінен бастаған дұрыс. Қазіргі кезеңде мамандардың алдында тарихи деректер табиғатындағы ортақтық пен ерекшеліктердің диалектикасын айқндау міндеті тұр. Қайталанбайтын ерекшеліктермен қатар дерек жалпы қасиеттерге де ие. Сондықтан бұрын арнаулы зерттеу нысаны болмаған деректермен жұмыс істеу алдында проблеманы шешудің теориялық негіздемесін жасау қажет.Қазіргі деректану деректі өткеннің тарихи шындығымен байланысты қарастырады,оны тарихи білім жүйесінде зерттейді. Тақырыпқа арналған сұрақтар 1. Тарихи танымдағы деректің ролі қандай? 2.Тарихи деректің позитивистік түсінігі. Ұсынылатын әдебиет 1 Жуков Е.В.Очерки методологии истории. М.,1980. 2Барг М.А.Категории и методы исторической науки. М.,1984. 3 Тарих.Адамзат ақыл-ойының қазынасы.Астана,2006.6-7том. Тақырып 11. Тарихи теория. 1.Теория ның тарих ғылымындағы қызметі. 2.Тарихи түсінік және оның гносеологиялық түрлері. 3.Әлеуметтік және тарихи заңдар. Тарихтың қарастыратыны өзінің әлеуметтік (яғни қоғамдық, саяси, материалды және рухани – мәдени) дамуындағы адамзат болып табылады. Даму болғанда прогресс түріндегі түсінілетін емес, үздіксіз өзгерістер процесі болады, онда бір нәрсе өткенге ауысқаны үшін өзектілігін жоғалтады, ал бір нәрсе толық өзектілікке ие болады, немесе бірнәрсе әлі болған жоқ. Қазіргі тарих теоретиктеріне қарағанда өхгешелік – біз даму және үздіксіз даму ұғымын қабылдаймыз, оны «өзгеріс» ұғымымен ауыстыруға қарсылық білдіреміз және «даму» негізінде ерік бостандығы мен адамның белгілі бір мақсатты көздейтін қызметін жоққа шығаратын ештеңе де көрмейміз: олардың бәрі даму шеңберінде ақталған, сондай – ақ тарихтың философиялық және жай түрде адамзаттың өткенін зерттейтінін көрсетеді. Шындығында, адам қандай да бостандықта болғанымен және қандай мақсатты көздегенімен, оның барлық әрекеттерінің себептері бар және ол ортамен, тарихи біртұтас процеспен органикалық байланысқа түседі, сондықтан ол қоршағандардан жекеше, бөлек қарастырылмайды, қабылданылмайды. Бірақ, сол кезде, өзімізге мақсат ете отырып, сол мақсатты туындатқан ішкі рухани процесс пен әлемнің бірлігінен көңілімізді алаңдатқан мәселеден жеке және де бөлек қараймыз. Даму мен ол туралы ғылым өмір сүруі үшін, дамудың субъектісі болу керек, ең болмағанда барлық тарихи процесс көлемінде, оның басынан аяғына дейін жалпы уақыттық және жалпы көрсеткіштік бірлікте болуы керек. Сонымен бірге бір мезгілде субъектінің бір тұтастығы оның көріністерінің көптүрлігімен сәйкестендірілуі керек, яғни оған қатысты сыртқы, басқа бірнәрсе емес, өзі дамып жатырғандықтан көріністерінің көптүрлілігіне қарамастан, бұлдыр сағым сияқты болмай шындыққа сай келуі дамудың өзің жоққа шығаратындай болу керек. Әлеуметтік даму субъектісін осылай түсіну Контовскийдің «позитивизмі» метафорасында – ақ қарама – қайшылықты болып көрінуі мүмкін. Оны негіздеп түсіндіру – философияның ісі. Тарихшы мен тарихтың теоретигі егер даму идеясынан бас тартқысы келсе, оны болмай қоймайтын негізге алынатын ереже ретінде қабылдауы керек. Бұл аз болса, даму субъектісінің түр өзгерістері сағым болмаса, онда субъект, әлеуметтік іс әрекетті адамзат, абстракция да, шексіз индивидуумдарының сандық жай жиынтығы да болмайды. Ол - әрбір тарихи индивидуумның, соның ішінде халық, отбасы және т.б. секілді топтық индивидуумның да, бірақ осы индивидуум арқылы шындық пен оның көріністерін жойып жібермейтін қызметінде көрінетін реалды бірлік. Егер әлеуметтік – қызметті адамзат абстракция болса, тарихи процесс реалдыққа ие болмас еді, онда ол да, даму да болмас еді. Халықтың, мемлекеттің, топтың, отбасының және т.б. «тарихының» болуы мүмкін болғандықтан, осы шынайы субъекттерді жекеге айналдырудың дәрежесі мен толықтығы туралы мәселені алдын ала шешпей, біз оларды сондай реальды бірлік пен дамудың шынайы субъектісі болатындығын ойлауымыз керек. Даму субъектісінің бірлігінен оның әлеуметтік қызметінің де бірлігі туындайды. Сол арқылы, әлеуметтік қызметінің – экономикалық, саяси, философиялық,діни және т.б. түрлері көп жағдайда әр түрлі бола отырып, сонымен бір мезгілде біртұтас қызмет болу керек. Оның әрбір түрінде жекеше немесе тұтас емес түрде көріне алмайтын, әр түрлі бейнедегі біртұтас субъект көрінеді. Тарихшы үшін оның ғылымының алғышарты оның жеке сезінуі ғана емес, ең бастысы өзге рухани процеске шынайы түрде ену, онымен нақты бірлесу болып табылады. Сонымен, тарихшының міндеті – адамзаттың дамуы процесін оның әлеуметтік – психикалық қызметін бірге сезіну арқылы аңғарып, бейнелеу. Тақырыпқа арналған сұрақтар 1.«Тарихи түсінік» ұғымы және оны қалыптастыру жолдары. 2.Әлеуметтік және тарихи заңдардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде? Ұсынылатын әдебиет 1Репина Л.П.,Зверева В.В. История исторического знания. М., 2004. 2 Ирмуханов Б.Б. Исторические воззрения мыслителей ХХ века. А., 1999. 3 Әлемдік философиялық мұра. ХХ ғасырдағы тарих философиясы. А., 2007 Тақырып 12-13. Тарихи үрдістің қазіргі заманғы мәселелері. 1.Тарихи білімнің салыстырмалылығы. 2.Тарихты формациялы және өркениеттік тұрғыдан түсіндіру және олардың қазіргі кезеңдегі арақатынасы. 3.Ұзын толқындар теориясының қалыптасуы. 4.К.Поппердің идеялары.Хаос теориясы. ХХ ғасыр барысында тарих ғылымы бірнеше рет түбегйлі өзгерістерді басынан өткізді. Бұл өзгерістер ғылымның пәні, оның мазмұны, мәселелері, зерттеу әдістері мен түптеп келгенде ғылымның кәсіби-ғылыми және әлеуметтік статусын түсіну төңірегінде болып жатты. Бұл уақытағы тарих ғылымының дағдарысы өткен ғасырдағы тарихи танымның ерекше дамуының салдары болды. Тарих ғылымы туралы теориялық білімді оның анағұрлым кеңіген эмпирикалық базасына сай құру қажеттігі туды. Тіпті, Х1Х-ХХ ғғ. аралығында-ақ, және жаратылыс тану және тарихи танымның принципиальдық ерекшелігі орнаған соң ескі ғылыми парадигманы қайта қарау басталды да ең соңында тарихтың өзінің бейнесінің терең өзгерістерін туғызды. 1-нші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында позитивизмге шабуыл жасалына бастады. Ғасырлар аралығында басталған методологиялық дағдарыс соғыс жылдары асаүдеп, тарих ғылымының жалпы дағдарысынаәкеп соқты. Қоғамдық сананың формасы ретінде, тарих, оның қиындықтарына байланысты болады. Бұл қиындықтар неғұрлым терең әрі өткір болған сайын, олардың ғылымға ықпалы да соғұрлым ауқымды бола түседі. Міне сондықтан да, тарих ғылымының түйінді мәселесі ашық түрдегі әлеуметтік аспектке ие болады. Ол өз кезегінде тарихтың барлық ағымдарын қиындатып, шиеленістіреді. Осы тұста, батыстық өркениеттің тоқтаусыз үдемелі дамуына деген сенім жоғалып, прогресс теориясы күйрей бастады.Осыған орай,тарих атаулы жалпы керек пе деген мәселе өткір туындады. Тарихи танымның негізгі принциптерін қайта қарауға сондай-ақ, Х1Хғ.аяғы- ХХғ.басында ғылыми ойда төңкеріс жасаған оқиға- А.Эйнштейннің саластырмалылық теориясының ашылуы болды. Осы тұста тарихи білімнің позитивистік эпистемологиялық негізін релятивизм және презентизм тұрғысында қайта қарау басталды. Позитивизмнің неғұрлым беделді және тұрақты сыншылары ХХғ.көрнекті ойшылдары Б.Кроче мен Р.Дж.Коллингвуд болды және олар Гегель тәрізді тарихи үрдісті Рухтың даму тарихы деп ұқты. Американдық релятивизмнің өкілдері Ч.Бирд пен К.Беккер, орыс ғалымдары Р.Ю.Виппер, А.С.Лаппо-Данилевский, Л.П.Карсавин тарих теориясы мен тарихи таным мәселелеріне өзіндік қырларымен келді. Тарих ғылымындағы позитивтік жүктің біраз түскеніне қарамастан қоғамды- әлеуметтік организм ретінде ұғынуға, прогресс концепциясын, ұлы адамдардың әрекетіндегі оқиғалар мен үрдістердің заңдылығы мен себептілік байланымтарын ың таным идеалын түсініп, объективтілік пен субъективтілікті, материалдық және рухани факторларды қарсы қоюдың әлі ұзақ жолы тұр еді. Тарихшылардың көпшілігі әлі де тарих ғылымының фактологиялық негізінің объективтілігін жақтады. Практик- тарихшылардың бұл ұстанымы антипозитивистік концепциямен бір мезгілде қатарлас дамып отырған неопозитивистік концепцияны өмірге әкелді. Тарихтың неопозитивистік философиясы тарихтағы жалпы әлеуметтік және психологиялық фактролардың ролін мойындаумен сипатталады. Осыдан келіп,тарихи танымдағы түсіндірмелік процедуралардың –зерттелетін құбылыстарды әдеп стандарттары, ойлау, күнделікті қарым- қатынастың типтері мен құрылымдарымен салыстырудың маңыздылығын баса көрсетті. Бұл бағыттың белді өкілдері К.Поппер, экономикалық тарихтың зерттеушілері-Франсуа Симиан, Э.Лябрусс, ағылшындар Ричард Тоуни, Дж.Клепэм т.б. болды. «Ғылыми тарихты» барынша теріске шығарған неміс тарихшысы және философы О.Шпенглер. «Закат Европы» атты еңбегінде ол, тарихи құбылыстар дүниесіндегі себептілікті жоққа шығарып, тағдыр идеясын көтерді. Оның ойынша тарихи танымның негізгі әдісі интуиция деп санады. О.Шпенглер тарих теориясындағы өркениеттік көзқарасқа негіз қалады. Бұл бағытты сондай ақ, ағылшын ғалымы А.Тойнби қолдады. Тарихи- мәдениеттану әдістемесінің аясында нидерландтық ғалым Йохан Хайзинги ментальдық тарихтың негізін салды. Тарих теориясы мен тарихи таным үрдісінде тарих ғылымының дағдарыстан шығуына Февр мен Марк Блок бастаған француздық «Анналдар» мектебі тарихшыларының бірнеше ұрпағы үлкен үлес қосты.Кең ауқымдағы пәнаралық тарихты жасауға бағыт алынды.Осы мектептің атымен байланысты: « жаһандық тарих», «жаңа тарих ғылымы», «жаңа әлеуметтік тарих»,тарихи антропология, тарихи этнология, ментальдықтың әлеуметтік тарихы сияқты т.б. жаңа бағыттар пайда болып, тарих ғылмының сапалық деңгейі өзгерді. Тақырыпқа арналған сұрақтар 1.Тарих ғылымындағы жаңа бағыттардың пайда болуының алғышарттары? 2.Тарихи үрдістің басты мәселелері қандай? 3.Тарихи танымдағы жаңа әдістер туралы не білесіз? Ұсынылатын әдебиет 1. Репина Л.П.,Зверева В.В. История исторического знания. М.,2004. 2. Ирмуханов Б.Б. Исторические воззрения мыслителей ХХ века. А., 1999. 3. Әлемдік философиялық мұра. ХХ ғасырдағы тарих философиясы. А., 2007. 3.Практикалық сабақтың құрылымы Тақырып 1. «Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні 1.Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясының ғылым ретінде даму тарихы. 2.Негізгі деректер мен зерттеулер. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Тарихи үрдіс теориясының категорияларын атаңыз? 2. Тарих теориясының негізгі көзқарастарының айырмашылығы неде? Ұсынылатын әдебиет 1. Жуков Е.И. Очерки методологии истории. М., 1980. 2. Философия истории. Антология. М., 1995. 3. Философия истории. Под ред. А.С. Панарина (Учебное пособие). М., 2001. 4.Смоленский А.В. Теория и методология истории. М., 2003. Тақырып 2. Г.Гегель және тарихтың философиясы 1Гегельдің жалпы дүниетанымдық көзқарасы. 2.Гегельдің әмбебап тарихи үрдіс концепциясы.Гегель мектебі. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Гегелдің тарихтың қозғаушы күшін анықтау принципін ата?. 2.Гегелдің басқа философтардың дүниетанымына әсері? Ұсынылатын әдебиет 1.Гегель Г.Ф. Философия истории. М., 2000г. 2.Парсонс Т. Система современных обществ. М., 1997. 3.Вахтомин Н.К. Генезис научного знания. Л. 1973. Тақырып 3. Тарих пен философияның, тарих пен әлеуметтанудың арақатынасы туралы мәселе 1.Тарих пен философияның арақатынасы 2.Тарих пен әлеуметтанудың арақатынасы. 3.Аталған мәселелер төңірегіндегі түрлі көзқрастар. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Тарих ғылымының дамуына философияның ықпалы қандай болды?. 2.Тарих пен философияның арақатынасы туралы түрлі көзқарастар. Ұсынылатын әдебиет 1. Философия и методология истории. М.,1997 2. Философские проблемы исторической науки. Тарту, 1982. 3. Шидер Т.Различие между историческим методом и методом социальных наук. М., Тақырып 4. Тарихи үрдістегі обьективтілік пен субьективтілік диалектикасы. 1.Тарихи үрдістегі обьект және субьект мәселесі. 2. Аталған мәселелер төңірегіндегі түрлі көзқрастар. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Тарихи «объект» және «субъект» ұғымдары?. 2. Зерттеу обьектісі дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиет Барг М.А. Категории и методы исторической науки. М., 1984. Иванов В.В. Методология исторической науки. М., 1985. Могильницкий Б.Г. Введение в методологию истории. М., 1989. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық., 16том. Алматы, 2007. Тақырып 5. Тарихи оқиғалар мен құбылыстар. 1. «Тарихи оқиға» ұғымы. 2. «Тарихи құбылыстар»ұғымына түсінік. 3.Осы ұғымдар төңірегіендегі түрлі көзқарастар. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1 Тарихи танымда оқиғалар мен құбылыстардың анықтамасы? 2.Тарихи білімдегі ұғымдардың маңызы неде? Ұсынылатын әдебиет Барг М.А. Категории и методы исторической науки. М., 1984. Иванов В.В. Методология исторической науки. М., 1985. Могильницкий Б.Г. Введение в методологию истории. М., 1989. Әлемдік философия лық мұра.Жиырма томдық., 16том.Алматы,2007. Тақырып 6. Тарихи уақыт категориясы. 1.Тарихи үрдістің толқындық сипаты. 2.Тарихи уақыт өлшемдері. 3.Тарихи циклдар,олардың арасындағы өтпелі кезеңдер. Өзін өзі бақылайтын сұрақтар 1.Тарихи уақыт категориясының маңызы? 2.Кезеңдестіру мәселесі туралы көзқарастардың сипаты? 3. «Тарихи цикл» ұғымының мәні? Ұсынылатын әдебиет 1 Жуков Е.В.Очерки методологии истории. М.,1980. 2Барг М.А.Категории и методы исторической науки. М.,1984. 3 Тарих.Адамзат ақыл-ойының қазынасы.Астана,2006.6-7том. Тақырып 7. Неопозитивизм және тарихилық 1.Тарихилық принципінің негізгі идеялары. 2.Тарихи таным төңірегіндегі неопозитивистік көзқарастар. Өзін өзі бақылайтын сұрақтар 1. Позитивистік көзқарастардың мәні қандай? 2. Тарихилық принципінсіз тарихи зерттеу жасай аламыз ба? Ұсынылатын әдебиет 1.Ясперс К. Смысл и назначение истории. М., 1995. 2.Карр Э.Г. Что такое история? Алматы, 1997. 3.Петров Ю.В. Практика и историческая наука. Томск, 1981. 4.Гулыга А.В. Эстетика истории. М., 1974. 5Говорков А.А. М.Н. Покровский о предмете исторической науки. Томск, 1976. 6.16том. Әлемдік философия лық мұра. Жиырма томдық., Алматы,2007. Тақырып 8. Пәнаралық әдістер 1Тарихи таным әдістеріне жалпы шолу. 2.Пәнаралық әдістің мәні,қолдану аясы. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Осы әдісті кеңінен қолданған кімдер? 2.Тарихи танымдағы әдістің маңызы? Ұсынылатын әдебиет 1.Барг М.А. Категории и методы исторической науки. М., 1984. 2.Смоленский А.В. Теория и методология истории. М., 2003. 3.Ракитов А.И. Историческое познание. М., 1989. 4.Миронов Б.Н. История в цифрах. Математика в исторических исследованиях. 5.Математические методы в историческом исслдеовании. М., 1991. Тақырып 9. Тарихи зерттеудің сандық әдістері. 1. Дәстүрлі емес тарихи әдістерге сипаттама. 2. Сандық әдістердің қолдану аясы, оның маңызы. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Сандық әдіс дегеніміз не? 2. Дәстүрлі әдістің ерекшелігі неде? Ұсынылатын әдебиет 1.Барг М.А. Категории и методы исторической науки. М., 1984. 2.Смоленский А.В. Теория и методология истории. М., 2003. 3.Ракитов А.И. Историческое познание. М., 1989. 4.Миронов Б.Н. История в цифрах. Математика в исторических исследованиях. М., 1991. 5.Математические методы в историческом исслдеовании. М., 1991. Тақырып 10. Тарихи деректердің позитивистік теориясы. 1.Позитивизм және ғылыми тарих. 2.Осы бағыт өкілдерінің негізгі концепциясына баға беру. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Позитивизмға сипаттама беріңіз 2.Тарихи деректің шынайы мәні қандай? Ұсынылатын әдебиет 1.Барг М.А. Категории и методы исторической науки. М., 1984. 2.Смоленский А.В. Теория и методология истории. М., 2003. 3.Ракитов А.И. Историческое познание. М., 1989. Тақырып 11.Тарихи теория, оның белгілері, құрылымы және функциялары 1.Тарихи теорияның негізгі белгілері. 2.Тарихи теорияның құрылымы мен функциялары 3.Тарихи теория туралы түрлі көзқарастар Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Тарихи теорияның қажеттілігі неде? 2.Теорияның қызметтерін атаңыз Ұсынылатын әдебиет 1. Жуков Е.В.Очерки методологии истории. М.,1980. 2. Барг М.А.Категории и методы исторической науки. М.,1984. 3. Тарих.Адамзат ақыл-ойының қазынасы.Астана,2006.6-7том. Тақырып 12.Тарихи заңдар. 1.Тарихи заңдар тарих ғылымының элементі ретінде. 2.Әлеуметтік заңдар 3.Тарихи заңдар. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Тарихи заңдардың түсінігі? 2.Әлеуметтік заң мен тарихи заңның өзара байланысы қалай көрінеді? Ұсынылатын әдебиет 1. Репина Л.П., Зверева В.В. История исторического знания. М.,2004. 2. Ирмуханов Б.Б. Исторические воззрения мыслителей ХХ века. А., 1999. 3. Әлемдік философиялық мұра. ХХ ғасырдағы тарих философиясы. А., 2007. Тақырып 13. Шпенглердің мәдени- тарихи концепциясы. 1.О.Шпенглердің өмірбаяны. 2.Концепцияның негізгі тұжырымдары Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Шпенглер концепциясының теориялық негізі неде? 2.Шпенглер түсіндіруіндегі өркениеттің мәні? Ұсынылатын әдебиет 1. Репина Л.П.,Зверева В.В. История исторического знания. М.,2004. 2. Ирмуханов Б.Б. Исторические воззрения мыслителей ХХ века. А., 1999. 3. Әлемдік философиялық мұра. ХХ ғасырдағы тарих философиясы. А., 2007. Тақырып 14. А.Дж.Тойнбидің локальды-өркенниеттік теориясы 1.А.Дж.Тойнбидің өмірбаяны 2Теорияның негізгі тұжырымдары. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Локальды- өркениеттік теорияның негізгі белгісін атаңыз? 2.Теорияның тарихи үрдісті түсіндіру жолы? Ұсынылатын әдебиет 1. Репина Л.П.,Зверева В.В. История исторического знания. М.,2004. 2. Ирмуханов Б.Б. Исторические воззрения мыслителей ХХ века. А.,1999. 3. Әлемдік философиялық мұра. ХХ ғасырдағы тарих философиясы. А.,2007. Тақырып 15. К.Ясперстің өзекті уақыт теориясы 1.К.Ясперстің ғылыми ортасы. 2Теорияның негізгі тұжырымдары Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. «Өзекті уақыт» ұғымының мәні неде? 2. Теорияның ұтымды жағы неден көрінеді? Ұсынылатын әдебиеттер 1.Репина Л.П.,Зверева В.В. История исторического знания. М., 2004. 2. Ирмуханов Б.Б. Исторические воззрения мыслителей ХХ века. А.,1999. 3. Әлемдік философиялық мұра. ХХ ғасырдағы тарих философиясы. А., 2007. 4. Студенттердің өздік жұмысы 4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады. Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет. Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет. Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет. Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет. Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет. Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет. Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн. Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет. Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі. Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек. Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады. Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа: «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі. Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн. 4.2.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары 1.Тарихи танымдағы «субъект және объект» түсініктері. 2.Тарихи қажеттілік және кездейсоқтық.. Тарихтағы кездейсоқтылық рөлі. 3.Тарих терминінің маңызы. Тарих пәні ғылым ретінде. 4.Тарихтың ғылыми – танымдық қызметі. 5.Тарихи теорияның принциптері. 6.Дәстүрлі арнайы тарихи әдістер. 7.Тарих ғылымындағы танымның эмпирикалық деңгейі. 8.Тарихи зерттеудегі танымның теориялық деңгейі. 9.Жалпы ғылыми әдістер және олардығ тарихи зерттеудегі орны. 10.Тарихи зерттеудегі психологиялық талдау әдістері. 11.Тарихи информатика. 12.Тарих философиясы – қазіргі философияның құрамдас бөлігі. 13.Генрих Риккерт. Тарих философиясы. 14.Георг Зиммель. Тарих уақыт мәселесі. 15.Эрнест Трельч. Тарихшылдық және оның мәселелері. 16.Николай Бердяев. Тарихтың мәні. 17.Раймонд Арон. Тарих философиясына кіріспе. 18.Раймонд Арон. Тарих санының өлшемдері. 19.Б. Кроче. Тарих теориясы. 20.К. Ясперс. Тарихтың қайнарлары және оның мақсаты. 21.Фукуяма. Тарихтың аяқталғаны ма? 4.4 Аралық аттестацияға (емтихан) дайындық сұрақтары 1.Г.Гегель және философия тарихы 2.Тарихи үрдіс дамуы туралы марксистік теория 3.Тарихты зерттеудің формациялық және өркениеттік жолдары, олардың қазіргі таңдағы өзарақатынасы 4.Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясының ғылым ретінде даму тарихы. 5.Тарихи үрдістегі субъективтілік пен объективтіліктің диалектикасы 6. «қоғамдық- экономикалық формация» категориясы және оның тарих, әлеутеттану ғылымдарын-дағы қызметі. 7.Тарихи оқиғалар мен тарихи құбылыстар. 8.Тарихи уақыт. 9.Тарихи факт. 10.Тарихи циклдар. 11.Тарихи заңдылық пен баламалылық (альтернативность). 12.Қажеттілік пен кездейсоқтық. 13.Тарихи танымдағы объект пен субъектің диалектикасы. 13.Дүниежүзілік дамудың біртұтастығы идеясына көзқарастар.Моноцентризм және полицентризм. 14.Тарихи эпистомология. 15.Эмпирикалық таным. 16.Теориялық таным. 17.Тарихи танымның негізгі принциптері. 19.Тарихи танымдағы факт пен теорияның диалектикасы. 20.Тарихи танымдағы объективтілік принципі. 21.Тарихи танымның тарихилық принципі. 22.Тарихи танымның ментальдық және идеологиялық деңгейлері. 23.Тарихи танымның сандық әдістері. 24.Пәнаралылық әдістер. 25.Арнайы- тарихи әдістер. 26.Психоталдау әдісі. 27.Дәстүрлі тарихи әдістер. 28.Дәстүрлі емес әдістер. 29.Жүйелілік әдісі. Құрылымдық- функционалдық талдау. 30.Ғылыми тарихи фактілердің түрлері. 31.Тарих ғылымы пәні. 32.Тарихи сана және тарихи жад. 33.Тарихи тәжірибе мен қазіргі заман. 34.Тарих ғылымының саяси қызметі мен әлеуметтік статусы. 35.Тарих философиясының немістік мектебі. 36.Тарих ғылымындағы теорияның қызметі. 37.Социологиялық және тарихи заңдар. 38. «Анналдар» мектебінің ментальдық методологиясы. 39.Тарихи түпдерек. 40.О.Шпенглердің историософиясы. 41А.Тойнбидің жекелеген өркениеттер теориясы. 42.Тарих методологиясындағы хаос теориясы мен синергетика концепциясы. 43.К.Ясперстің «осьтік» уақыт теориясы. 44.Гендарлік тарих. 45.Постиндустриализм теориясы.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz