Файл қосу
Қазақстанның экономикалық тарихы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК | | | |042-14-5-2.01.20.10/02-| | | |2009 | |«Қазақстанның |№1 басылым 18.09.2008 | | |экономикалық тарихы» |орнына №2 басылым | | |пәні бойынша пәнінің |30.09.2009 | | |мұғалімдеріне арналған | | | |оқу-әдістемелік кешені | | | 6М011400 «Тарих» мамандығы «Қазақстанның экономикалық тарихы» пәні бойынша Пәнінің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік кешені Семей – 2014 ж |ОӘК 042-X.1.33/02-20__ |Бас . № ___ ден |Беттер 2 ден ___ | | |_______20__ ж. | | Алғы сөз 1. ӘЗІРЛЕГЕН Құрастырушы: 6М011400 «Тарих» мамандықтарына арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған. Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Гуманитарлық заң» факультетінің Қазақстан тарих кафедрасының т.ғ.к., профессор Каримов М.Қ. «_01_» 9__2014 ж. 2. ТАЛҚЫЛАҒАН 2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының отырысында «_01_» 09____2014 ж., №_1 хаттама Кафедра меңгерушісі: Мухаметжанова Н.А. 2.2. Гуманитарлық – заң факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында «_11_»___09___2014 ж., №_1_хаттама Төрайымы: Кеңесбаева Ш.С.. 3. БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған «__30_»___09__2014 ж., №__1__хаттама ОӘК төрағасы, бірінші проректор: Искакаова Г.К. 4. АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № «___» ____ 201_ ж. баспа ОРНЫНА) | ОӘК 042-X.1.33/02-20__|Бас. № ___ ден ______20__|Беттер 3 тен ____ | | |ж. | | Мазмұны 1. Жалпы ереже 2. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар 3. Курс форматы және саясаты 4. Бағалау саясаты 5. Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу 6. МОӨЖ және МӨЖ мазмұны 7. Пайдаланған әдебиеттер | ОӘК 042-33.1__/01-20__|Бас. № ___ ден ______20__|Беттер 4 тен ____ | | |ж. | | 1. Жалпы ереже 1.1. Оқытушы мен пән туралы жалпы мәлімет Оқытушы туралы мәлімет «Гуманитарлық заң» факультетінің Қазақстан тарих кафедрасының тарих ғылымың кандидаты, профессор Каримов Мухтарбек Қарпықұлы Тарих кафедрасы Үй телефоны: 8 7222 562989 Ұялы телефон: 87755125915, 87076583851 Оқу ғимараты №1 каб. №1011 Сабақ өткілу орны - аудитория №1011 Кредиттер саны – 2; 1.2 Оқу жоспарынан шығарымы (Кесте 1) Кесте 1 - Оқу жоспарынан шығарым: |Курс |Семестр|Кредит |Дәріс |МӨЖ |Барлығы |Бақылау түрі | |1 |2 |2 |30 |60 |90 |Емтихан | 1.3. Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты. «Қазақстанның экономикасының тарихын » пәні Қазақстанның қазіргі аумағын мекендеген халықтардың экономикасы мен шаруашылықтарының қалыптасуы мен даму ерекшелігін және заңдылықтарын тас ғасырынан бастап қазіргі уақытқа дейінгісін, Қазақстан Республикасының экономикасын реформалау мәселесін қоса ашуға арналған. Берілген пәннің өзектілігі осы мамандық студенттеріне негізделшен. Дәріс ( лекция ) курсы өзіне терең мәселелерді қосады. Мысалы, ертедегі шаруашылық және әлеуметтік құрылым, түрік кезеңінің экономикасы. Ерекше бөлімдер-шаруашылықтың өзгеруіне табиғаттың және сыртқы факторлардың әсері (монғол шапқыншылығы, жонғар басқыншылығы, Ресейдің және ортаазиялық хандықтардың отарлық саяаты, қытай факторы), сондай-ақ дәстүрлі қазақ шаруашылығының XV-XVII ғ.ғ. арнайылануы. Одан әрі – капиталисттік қатынастардың элементтерінің пайда болуы және XX ғ. 20-30 ж. Қазақстан шаруашылығын мәжбүрлік құру, XX ғ. II-жартысындағы аймақтың аграрлық – индустриалдық қалыптасуы. Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалардың тарихының мәселелеріне ерекше назар аударылады. Қазақстан экономикасы тарихы пәні: Қазақстан экономикасы тарихы - әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклындағы дербес пән. Пәнді оқыту барысында қоғамның негізгі даму процестері мен заңдылықтарын ежелгі заманнан күні бүгінгі дейінгі аралықты қамтиды. Тарихи оқиғаларды оқып зерттеуде тарихи ақиқатын танып, ақтаңдақтардан ажырата білуге студенттердің мән беруіне үйрету. Сонымен қатар студенттердің тарихи ұлттық |ОӘК 042-33.1. ___/01-20__|Басп. № ____ ден |Беттер 5 ден __ | | |______20__ г. | | санасын қалыптастырып және тарихи ұлттық құндылықтарды танып білуге патриоттық сезімдерін қалыптастыру. 1.4 Курсты негізгі мақсаты. Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайын және тиімді бағытын қарастыру, " өткен шақ, қазіргі заман және болашақ"кестесі бойынша мемлекеттің экономикалық даму қиыншылықтарын социалды экономика даму бойынша қарастыру, спецификасына байланысты аймақтық экономиканың әртүрлі жағдайына байланысты дамуы, мемлекеттік мекемелердің қарастыруы және сыртқы экономиканың жұмысы. 5. Курстың негізгі міндеттері: 1.Танымдық – - тарихтың әр кезеңіндегі эконмиканың және әлеуметтік қатынастардың даму заңдылықтары мен арнайылануын мәселелерін ашу, - тұрақты және уақытша факторлардың әсерін талқылау, - ауыспалы шаруашылықтардың әртүрлілігін және артықшылығын зерттеу. 2. Эвристикалық- - ойлаудың өз бетіншелігін талап ететін мәселелерді қою, - шығармашылық және интеллектуалдық потенциалды ( тест, кроссворд , тарихи – экономикалық карта құру, жасауды ) ынталандыруға бағытталған тапсырмалар беру. 3. Тәрбиелік- - алғашқы екі міндетті шешу арқылы студенттерді халықтың тарихын есіне салу - Отан сүйгішттік рухта тәрбиелеу. 6. Пәнді зерттеу нәтижесінде магистрант меңгеру керек: ҚР-ның экономикалық негізгі мәселелерін , соның ішінде әлемдік экономикалық байланысын . Бір мекемеге басқару технологиясы ойластырып енгізу, өзінен-өзі дамуы бойынша экономикалық жүйені енгізу, сапалы жаңа өсу факторына негізделген. Алғаш білім негізінде өз күшімен экономикалық саясатты жоспарлау және дұрыс құралдарды қолдана білу. 7. Курс пререквизиті: Қазақстан экономика тарихының демократиялық және өркениеттілік бағытта дамуын айқындайтын шешуші тарихи факторлардың қағидалары мен өркениеттілікті өскелең ұрпақ бойында берік қалыптастыру болып табылады. Жоғары оқу орындарында өтілетін Қазақстан ежелгі тарихы, Қазақстан орта ғасыр тарихы, әлуметтану,т.б.пәндердің жалғасы болып табылатын Қазақстан экономика тарихы тарихи өзгерістерін ой елегінен өткізе отырып, рухани- адамгершілік, мәдени-тарихи құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында «Қазақстан экономика тарихы» пәнінің алатын орны ерекше. 8. Курс постреквизиті: Жоғары оқу орындарындағы жалпы білім беретін пән ретінде «Қазақстан экономика тарихы» курсының XXI ғ. білікті, білімді, мәдениетті адамын қалыптастыруда Қазақстан тарихының жаңа заман тарихын оқып-білу үшін, жас ұрпақ мектеп қабырғасынан қоғамдық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негіздерін игеруі қажет. Жоғары оқу орындарында өтілетін Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану,құқық негіздері, этнология, білімдері, өнертану, дінтану, т.б. пәндермен байланысында Қазақстан |ОӘК 042-33.1. ___/01-20__|Басп. № ____ ден |Беттер 6 ден __ | | |______20__ г. | | экономика тарихы білімдері әрі қарай нақтылана, толыға түседі. Қазақстан экономика тарихы Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы ғылымдар кешенінің негізі болып табылады. 1.9 Курстың пайдасы: Қазақстан тарихының экономикалық теориясы. Cоциальды-экономикалық жоспарлау және болжау. Мамандандырылған және шығармашылық жұмыс. 2. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар «Тарихты оқыту әдістемесі»пәні бойынша әрбір сабаққа магистранттар жоспардағы негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес және баспасөз материалдарын пайдаланып дайындалуы тиіс (негізгі бөлімдер мен тараулар әрбір сабаққа анықталып отырады). Магистранттарға жазбаша жұмыстарды орындау барысында Шәкәрім университетінің компьтерлерін пайдалануға, сол арқылы интернетке кіріп, мағлұматтар және ақпараттар алуға рұқсат беріледі. 3. Курс форматы және саясаты Аудиториялық уақытқа кіретіндер: дәрістер, оқылған материалдарды пікір алмасу, әртүрлі материалдарды және кейстерді талдау. Әрбір сабаққа студенттер жоспардағы негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес дайындалуы тиіс (негізгі бөлімдер мен тараулар әрбір сабаққа анықталып отырады). Бақылау жұмысқа қатыспаған және кешіккен студент ешқандай балл алмайды. Әрбір сабақтын бас кезінде шағын бақылау жұмысы жүргізіледі, ол өткен дәрісте қарастырылған негізгі ұғымидарға қатысты 5 ашық сұрақтан не болмаса дұрыс/ дұрыс емес типтес сұрақтардан тұрады. Магистранттарға барлығы 10 бақылау жұмысын орындайды. Әрбір бақылаудың ең көп шегі 10 балл (2 балл * 5 сұрақ 10 балл) Негізгі ұғымдар әрбір дәріс барысында түсіндіріледі. Сабақтарға қатысу және негізгі ұғымдарды, анықтамаларымен, түсініктерімен жазу магистранттардың міндеті. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыспаса, дәрісті ол топтағы басқа бір магистранттар алуы керек. Ал оқытушы дәрісті сабақттан тысқары уақытта студентке беруді тиіс емес (қандай себеп-салдары болса да) Әрбір сабақта студент қаралатын материалдарды талқылауға белсенділікпен қатысуы керек. Оның белсенділігі жауап беру сапасы негізінде бағаланады. Жеке жауап беру мен топ құрамында сөз сөйлей қарастырылады. 5 аптада әрбір студентке талдау үшін жеке кейс ұсынылады. Оны жоспарға сәйкес талдап, жазбаша түрде оқудың 7 аптасында тапсыруға міндетті (талдау жоспары әрбір кейсте беріледі) Курстың сонында таңдап алынған тақырыпқа сәйкес жеке зерттеу жұмысы ұсынылады Егер тыңдаушылар бірдемені түсінбесе, оқытушыдан сұрауға болады Магистранттарға жазбаша жұмыстарды орындау барысында Шәкәрім университетінің компьтерлерді пайдалануға рұқсат беріледі |ОӘК 042-33.1. ___/01-20__|Басп. № ____ ден |Беттер 7 ден __ | | |______20__ г. | | Магистранттар Шәкәрім университетінің кітапханасында жұмыс істеп, кітапхана ережесіне сәйкес кітаптарды үйге алуына болады Емтихан: қорытыды емтихан тест бойынша өткізіледі. 4. Бағалау саясаты (Кесте 2) Әртүрлі жұмыстар түрлерін бағалау шкаласы және критерийлері Магистранттардың білімін бағалау шкаласы |Бағаның әріпті |Баға |Балл |Пайыз (%) | |эквиваленті | | | | |A |Өте жақсы |4,00 |95-100 | |A- |Өте жақсы |3,67 |90.94 | |B+ |Жақсы |3,33 |85-89 | |B |Жақсы |3,00 |80-84 | |B- |Жақсы |2,67 |75-79 | |C+ |Қанағаттандырылған |2,33 |70-74 | |C |Қанағаттандырылған |2,00 |65-69 | |C- |Қанағаттандырылған |1,67 |60-64 | |D+ |Өту баллы |1,33 |55-59 | |D |Ең төмен өту баллы |1,00 |50-54 | |F |Ең төмен |0,00 |0-49 | |I |Аяқталмаған |NA | | |W |Оқудан шығарылған |NA | | |AW |Әкімшілік үкім бойынша оқудан |NA | | | |шығарылған | | | |P |Өтті (қарытынды тестке ған) |NA |0 | |ОӘК 042-33.1. ___/01-20__|Басп. № ____ ден |Беттер 8 ден __ | | |______20__ г. | | 5. Кесте 3 Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу |№ |Тақырыптың атауы |Сағат |Әдебиеттер | | | |ДК | | | |1 |2 |3 | |4 | |1 |Дәріс1. |1 | | | | |Тақырыбы: | | | | | |Пәнге кіріспе. | | | | | |Қазақстанның экономикалық тарихы пәні | | | | |2 |Дәріс 2. |1 | | | | |Тақырыбы: | | | | | |Қазақстанның экономикалық тарихының | | | | | |мәселелері тарихының деректемесі мен | | | | | |тарихнамасы | | | | |3 | Дәріс 3. |1 | | | | |Тақырыбы: | | | | | |Қазақстан тас ғасырында: экономикалық | | | | | |аспект. | | | | |4 |Дәріс 4. |1 | | | | |Тақырыбы: | | | | | |Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының | | | | | |шаруашылығы мен қоғамдық қатынстары. | | | | |5 |Дәріс 5. |1 | | | | |Тақырыбы: | | | | | |Темір дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының| | | | | |шаруашылығы | | | | |6 |Дәріс 6. |1 | | | | |Тақырыбы: | | | | | |Қазақстан жеріндегі отырықшы-егіншілік | | | | | |шаруашылығы. | | | | |7 |Дәріс 7. |1 | | | | |Тақырыбы: | | | | | |Ұлы Жібек жолы және Қазақстан аумағындағы| | | | | |ортағасырлық мемлекеттердің экономикасы. | | | | |8 | Дәріс 8. |1 | | | | |Тақырыбы: | | | | | |Қазақ хандығы: 15-17 ғ.ғ. халқы және | | | | | |шаруашылығы. | | | | |9 |Дәріс 9. |1 | | | | |Тақырыбы: | | | | | |XVII-XVIII ғасырдың басындағы қазақ | | | | | |халқының дәстүрлі шаруашылығының | | | | | |дағдарысқа ұшырауының себептерінің | | | | | |алғышарттары. | | | | |10 |Дәріс 10. |1 | | | | |Тақырыбы: | | | | | |18-19ғ.ғ. 1-жарт: Қазақстанның | | | | | |әлеуметтік-экономикалық жағдайы. | | | | |11 |Дәріс 11. |1 | | | | |Тақырыбы: | | | | | |ХІХ - 2-жарт: - ХХ ғ. басы Қазақстанның | | | | | |шаруашылығындағы өзгерістер. | | | | |12 |Дәріс 12. |1 | | | | |Тақырыбы: | | | | | |ХХ ғ. 20-40ж.ж. экономикалық жаңартулар. | | | | |13 |Дәріс 13. |1 | | | | |Тақырыбы: | | | | | |Қазақ халқының тұрмыстық өнері. | | | | |14 |Лекция 14. |1 | | | | |Тақырыбы: | | | | | |Тәуелсіздіктің жариялануы және | | | | | |90-жылдардағы саяси-экономикалық | | | | | |өзгерістер. | | | | |15 |Дәріс 15. |1 | | | | |Тақырыбы: | | | | | |Қазақстан жеріндегі экономиқалық | | | | | |реформалар және оның алғашқы нәтижелері. | | | | 6. МӨЖ мазмұны Кесте 4- МӨЖ жоспары |№ |Тақырыптардың атауы |МӨЖ | |рет.| | | |1. |Қазақстанның экономикалық тарихы |Конспект жасау: | | |пәні бойынша терминдерге | | | |түсініктеме беру. | | | |Қазақстан тарихынан парадигмалар | | | |мен дефенициялар. Қоғамға | | | |байланысты түсініктер. | | |2. |Әлеуметтік құрылым.Ақсүйек, |Коллоквиум тапсыру | | |қарасүйек, төре, төлеңгіт, | | | |сұлтан, би, батыр, қожа, молда, | | | |хазірет, имам, сопы, дәруіш, | | | |бақсы, бай, кедей, саудагер, | | | |алыпсатар, жалшы, жатақ, шаруа, | | | |малшы, жылқышы, түйеші | | |3. |Қазақстан территориясындағы көне | | | |және ерте орта ғасырдағы мәдени |Реферат | | |ескерткіштер | | |4. |Қазақ халқының дәстүрлі |Конспект | | |материалдық мәдениеті | | | |Материалдық-мәдениет ұғымы. | | | |6-13ғ.қазақтың материалдық | | | |мәдениеті | | | |а) Ортағасырлық қалалардың | | | |құрылымы | | | |ә) Қолөнердің дамуы | | |5. |Кейінгі ортағасырдағы |Конспект жасау | | |мемлекеттердің экономикалық | | | |дамуы.Қалалар санының өсуі және | | | |олардың құрылымдарының өзгеруі | | |6. | Қолөнер мен ауыл шаруашылығының |Реферат | | |дамуы. Тауар-ақша қатынасының | | | |өсуі. Ішкі және транзиттік | | | |сауда.Қалалар құрылымы, Отырар | | | |оазисі, соғдылар отарлары | | |7. |ХІХ ғ. ІІ-жартысындағы |Баяндама | | |Қазақстанның | | | |әлеуметтік-экономикалық жағдайы. | | | |Қазақстанға Ресейдің коныс аудару| | | |саясаты. | | | |Аймақтағы Капиталистік | | | |қатынастардың дамуы. | | |8. |ХІХғ. соңындағы Қазақстанның |Пікірталас өткізу | | |әлеуметтік-экономикалық дамуы. | | | |Ф.Шербин экспедицияларының | | | |қызметі. (1896-1902жж.) | | | |Қазақ ауылы және жатақтар. | | | | | | |9. |Переселен деревнялары. |Реферат | | |Қоныс аударуы қозғалысы. | | | |Сауда, жәрменкелер, өндірістер | | |10. |Сауда. Жәрмеңкелер. |Баяндама | | |Сауда-өсімқорлық капиталы. | | |11 |Қазақстан қалалары және оның |Реферат | | |өлкенің шаруашылық және саяси | | | |өміріндегі рөлі. Кәсіпкерліктің | | | |басталуы. | | |12 |Қазақстандағы өнеркәсіптің |Пікірталас өткізу | | |құрылымы, оның сипаты және | | | |ерекшеліктері. Кәсіпкерлердің | | | |әлеуметтік және ұлттық құрамы. | | |13 |Қазақстанда темір жол құоылысының|Реферат | | |басталуы. Сібір жол және оның | | | |капитализмнің “жайыла” дамуындағы| | | |маңызы. Таптық қайшылықтардың | | | |шиеленісуі. | | |14 |Қазақ өлкесінің игеруге белсене |Баяндама | | |кіріскен орыс патша үкіметінің | | | |қоныс аудару қозғалысы саясатының| | | |негізінде шаруашылық пен қазақ | | | |даласындағы экономикада | | | |өзгерістер ұшырауының тарихы | | |15 |"Бәсекеге |Дискурс. Пікір талас. | | |қабылетті-экономика-халықтың өмір| | | |сүру дәрежесін арттырудың қайнар | | | |көзі". | | 7. Пайдаланған әдебиеттер: 1. Берденова К.А., Общая и экономическая история Казахстана. А.,”Экономика” 2000. 2. Берденова А.К., Коробков Б.Т. и. др. Экономическая история Каахстана (с тестовыми заданиями). Алматы: “Экономика” 2001 3. Виноградов В.А. Экономическая история России ХІХ – ХХ вв.: Современый взгляд.М., РОССПЕН 2001 4. Экономикалық реформалар А., “Экономика” 1999 5. Сәбден О. ХХІ ғ. қандай экономикамен кіреміз. А., 1997 6. Мамыров Н.К. Проблемы развития экономики и образования в Казахстане. А., “Дәуір”1998 7.Нұрғалиев Н.Қ. Қазақстан экономикасы. Алматы-1999 8.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикалық 2030 жылдарға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы. Алматы-1997 9. Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана.,2010 10.Экономикалық реформалар А., “экономика” 1999 11.Сәбден О. ХХІ ғ. қандай экономикамен кіреміз. А., 1997 12.Мамыров Н.К. Проблемы развития и экономики и образования в Казахстане А., “Дәуір” 1998. 13. Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, 1- том, Алматы, 1996. 14. Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, II- том. Алматы, 1998. 15Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, III- том.Алматы, 2002. Қ о с ы м ш а : 1. Акишев К.А. Курган Исык. Искуство саков Казахстана. М., 1978 2. Ахинжанов С.М. Макарова О.А. Нурумов М.Н. К истории скотоводства и охоты в Казахстане. А., 1992 3. Кузнецова Э.Ф. Тепловодская Т.М. Древняя металлургия и гончарство Центрального Казахстана. А., 1994 4. Масанов Н.Е. Кочевая цивилизация казахов (основы жизнедеятельности номадного общества). – А.,-М., 1995 5. Қозыбаев М.К. Абылхожин Ж.Б. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянсива. А.,1993 6. Қозыбаев М.К. Ақтандықтар ақиқаты. А., 1992 7. Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті.А.,1997 8. Мұхатов О.Х. Қазақстанда ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеу мәселелері.(1940-1980 жж) // Отан №2/99 53-59 б. 9. Байтіленов С. “Қазақстан ауылшаруашылығындағы тоқырау”. А., 99 10. Қазақ қалай аштыққа ұшырады? (Қасіретті жылдар хаттары) А., 1991 1. ГЛОССАРИЙ Қоналға – қызмет бабымен келе жатқан әкімшілік шенділерді жеткізіп салу, қарсы алу және азықтандыру жөніндегі міндеткерлік. Хараж – алым-салық жүйесіне қатысты термин, өнім түріндегі рента негізінен «хараж» деген атпен мәлім; бұл терминнің синонимі – мал (Абдураимов М. А. Очерки аграрных отношений в Бухарском ханстве в XVI – первой половине XIX века. Ташкент, 1970. Т. 2. С. 148) Даруға – моңғол билеушісі, ханның қаладағы орынбасары; даруғаның міндеті: жалпы басқару, алым-салықтың дұрыс түсуін және міндеткерліктердің уақтылы орындалуын бақылау. XV – XVI ғасырларда «даруға» терминінің мағынасы әлдеқайда кеңейіп, билеуші, басқарушы, жалпы меңгеруші, қазынаның пайдасына міндеткерлікті өндіріп алу бастығы, губернатор дегенді білдірген (Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и её падение. М.; Л., 1950. С. 471). Хәкім – ханның тағайындалуы бойынша әкімшілік және соттық қызметті атқарушы қаланың не облыстың билеушісі. Нөкер – моңғолша сөзбе-сөз дос деген сөз. Жауынгер, қызметші. Өз көсеміне қызмет етуге міндеттенген ерікті жауынгер дегенді білдіретін термин. Түркі халықтарында «нөкер» термині «жасақ», «әскери қызметші» дегенді білдірген (МИКХ. С. 500). Аймақ – тайпа, ру деген мағынаны беретін «омақ», «обақ» деген сөзбен теңдес; XV−XVIII ғасырлардағы мұсылман шығармаларында да осылай қолданылады (МИКХ. С. 494). (246 бет) Ауыл - қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы.Ол туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралған. Ата – аймақ - жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралады. Айттыру құдалығы - қыз бой жеткенде айттырылады. Айыр қалпақ - аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Арқан - мықтылық үшін арнайы қыл қосылып жүннен есілетін ұзын жіп. Бесік құда - бала бесікте жатқанда уәделеседі. Балбал - бабалар құрметіне қабір басына қойылатын мүсін тас. Бәдізші - тас безеуші, мүсін тас жасаушылар. Бұйда - түйенің мұрындығына тағылатын бас жіп. Дәстүр - ұзақ уақыт бойы белгілі бір қоғамдар мен әлеуметтік топтарда сақталып,ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік және мәдени мұралардың элементтері. Ерулік - жаңадан көшіп келген үйді дәмге шақыру. Ертұрман - салт атқа міну үшін керекті жабдықтардың жиынтық атауы Жарапазан - тұрмыс-салт жырларының діни ұғымға байланысты түрі. Желі - құлын байлауға арнап әдейі керілген арқан. Жүз - бірнеше ұлыстың тайпалар одағы негізінде бірігуі. Жайлау - селеулі жазық дала мен биік таулардың аралығындағы шалғынды кеңістік , таза су, отты жер,қоңыр салқын ауа. Зеңгі баба - сиыр малының пірі. Киіз үй - жайылымнан-жайылымға көшіп отыру жағдайында қолайлы жеңіл құрама үй. Кереге - киіз үйдің қабырғасы. Кимешек - жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Көкірекше - жейденің немесе көйлектің сыртынан киетін жеңсіз, жеңіл киім Кебеже - азық-түлік сақтауға арналған үлкен сандық. Келі - тары, бидай т.б.дәнді дақылдарды түйетін ұнтайтын қатты ағаштан жасалған құрал. Кесене - діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған. Көген - қозы-лақ байлайтын ағытылмалы бұршағы бар, қыл арқанға тағылған қысқа жіптер. Қамбар ата - жылқы малының пірі. Құйысқан- ат әбзелі. Ер-тоқымның алға сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді. Құрық - жылқышының мал баққанда ұстайтын құралы. Қарын құда - бала анасының құрсағында жатқанда атастырылады. Қозы күзем - қозылардың күзгі жүнін қырқатын мезгіл. Мес - қымыз т.б. сусын құюға арналған ешкі терісінен жасалған ыдыс. Мәсі - ешкі терісінен тігілетін жұмсақ аяқ киім Мәдениет- материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетінадамның өмірі мен әрекетін ұйымдастыру тәсілі, қоғам мен адамның тарихи даму деңгейі Материалдық мәдениет- адам өмірінің материалдық аяда қол жеткізген жетістіктерінің жиынтығынан тұрады. игеруін, әлеуметтік - психологиялық біліктілігін білдіреді. Сыралғы - аңшылар ұстаған аң-құстарын жолда кездескен сыйлы адамдарға достарына байлап кететін дәстүр. Сүйек жаңғырту құдалығы- ескі жекжаттардың қыз алысуы. Сәукеле - қыздың ұзатылғанда киетін бас киімі. Сәулет өнері- адамның өнері мен күнкөріс тіршілігі үшін қажетті,материалды тұрғыда ұйымдасқан құрылым. Саба - қымыз ашытуға арнап, жылқының терісінен жасалатын сыйымдылығы мол ыдыс. Тасаттық - құрғақшылық кезінде тәңірден жаңбыр тілеп құрбандық шалу рәсімі. Торсық - қымыз т.б.сусын құюға ешкі немесе жылқы терісінен жасалған ыдыс. Тоғыту - маусым айында тоқтыларды суға түсіріп жуындырады. Туырлық - керегені жабатын киіз. Түндік - шаңырақты жабатын киіз. Үзік - уықты жабатын киіз. Шекпен - түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім. Шаңырақ - киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі Шекшек ата - ешкі түлігінің пірі. Шопан ата - қой түлігінің пірі. Пост – тоталитаризм – коммунизмнен кейінгі дәуір. Мемлекет билік жүргізуге жарамсыз. Плюрализм – бұқараға рұқсат етілген пікірлердің ашық айтылуы. Жекешелендіру –жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік нысандарын немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акцияларын мемлекеттен сатып алуы. Инфляция – ақшаның құнсыздануы. Депозит – банкіге сақтауға берілген салым. Акция – құнды қағаз, қорлық құндылық. Президент – президенттік және парламенттік басқару жүйесі бар елдердегі мемлекет басшысы. Вице – президент - президенттен кейінгі өкілетті кісі. Заң жобасы – заңның алғашқы мәтіні. Қайта құру – бұрынғы Кеңестер Одағына 1985 ж. М. Горбачевтың билікке келуіне байланысты пайда болған термин, елдегі саяси әлеуметтік – экономикалық салаларға реформа жүргізу. Референдум – Конституцияға өзгерістер мен қосымшалар енгізу. Авторитаризм – (лат. Autoritarisme- негізін қалаушы, жасаушы және auctaritas – пайымдау, пікір, билік, ықпал) – 1) антидемократиялық саяси режим, 2) саяси өкімет билігінің антидемократиялық тұжырымдамасы, 3) қоғамдық санада беделді, атап айтқанда өкімет билігін абсолюттендіру элементтерінің етек алуы. Агломерация – («aggiomerare» латынша «қосу», «толықтыру» деген сөзден алынған.) Біртұтас аумақтық өндірістік кешен негізінде пайда болып, ірілі – ұсақты қалашықтар мен ауылдардан құралған қоныстық жүйе. Агностицизм – ( грек.а- теріске шығару және gnosis – білім) – дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара теріске шығаратын ілім. Терминді ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гекели енгізген. А – нің гносеологиялық негізі мән мен құбылысты ажырату. Азаматтық – адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым- қатынасты білдіреді. Аккультурация – (лат.adcuitura – білім, даму) – белгілі бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпал процесі. Актуальдандыру – (лат.actualis – қарекетшіл)- болмыстың өзгерісін білдіретін ұғым. Осы ұғымда қозғалыстың тек бір жағы ғана: болмыстың, мүмкіндік ахуалынан шындық ахуалына көшуі ғана ашып көрсетіледі. Акциденция (лат.accidens – кездейсоқтық) – мәндіден, субстанциялықтан өзгеше түрде заттың уақытша, өтпелі, мәнсіз қасиеті. Бұл термін тұңғыш рет Аристотельде кездеседі; схоластикада және XVII-XVIII ғ. Философиясында кең таралды. Анохронизм (грек.anachmnismos – кері уақыт) – 1) жыл санаудағы уақытқа сәйкессіздік (хронологиялық қателіктер); 2)бір дәуірдің оқиғалары мен сипаттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екінші дәуірге телу. Антикалық мәдениет (лат.antiguus ежелгі) – ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII-I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі. Анторопоморфизм (грек.anthropos адам, тоrphe – форма, пішін) – адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді (ғарыштық, геогр.объектілерді, жан- жануарларды, өсімдіктерді, т.б.) адамға ұқсату құбылысы, өнердегі көркемдік әдіс. Архитектура (сәулет өнері) – қоғамның материалдық, идеялық-эстетикалық қажетін өтейтін ғимараттарды, басқа да мекенжайларды жобалау, салу өнері. Әлеумет (лат.socium – ортақ)- әлдебір мәнді қарым-қатынастағы адамдардың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын тұрақты да үлкен қауым. Әлеуметтік позиция - әлеуметтік құрылымдар, топтар мен ұйымдардың қарамағында және қоғамдық еңбекті бөлу жүйесінде адамның алатын орны. Билік – адамның, топтың, әртүрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін, идеологияға ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге астын механизм. Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар. Босқыншылық – қалыптасқан саяси-әлеуметтік, экономикалық және табиғи – климаттық ауыр ахуалдарға, апаттарға байланысты адамдардың атақоныстарынан, тұрғылықты мекендерінен амалсыз босып, ауа көшулері. Вандализм – Риммен қатыгездік сипатта соғысқан ежелгі германдық вандал тайпаларының атынан қалған., мәдени қиратушылықты сипаттайтын ұғым. 455 ж. Вандалдар Римді жаулап алып, ондағы көптеген құнды өнер ескерткіштерін жойған. Сол себепті вандал деп надан, варвар, мәдени құндылықтарды қиратушы адамды айтады. Демография – халықты зерттеу, халықтану ғылымы деген ұғымды білдіреді. Оның зерттеу объектісіне халықтың жыныстық, этикалық құрылымы, туу, өлу, қоныс аудару процесінің барысы жатады. Демографиялық болжам - әлемдегі белгілі бір елдегі, облыстағы, аудандағы Д.б. аумақтардағы халықтың, ұлт пен ұлыстың саны және құрамы туралы болжамдық есеп. Демографиялық саясат – халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесі. Дискуссия – топ ішінде шешім қабылдау үрдісін ұйымдастыру әдісі. Пост – тоталитаризм – коммунизмнен кейінгі дәуір. Мемлекет билік жүргізуге жарамсыз. Плюрализм – бұқараға рұқсат етілген пікірлердің ашық айтылуы. Жекешелендіру –жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік нысандарын немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акцияларын мемлекеттен сатып алуы. Инфляция – ақшаның құнсыздануы. Депозит – банкіге сақтауға берілген салым. Акция – құнды қағаз, қорлық құндылық. Президент – президенттік және парламенттік басқару жүйесі бар елдердегі мемлекет басшысы. Вице – президент - президенттен кейінгі өкілетті кісі. Заң жобасы – заңның алғашқы мәтіні. Қайта құру – бұрынғы Кеңестер Одағына 1985 ж. М. Горбачевтың билікке келуіне байланысты пайда болған термин, елдегі саяси әлеуметтік – экономикалық салаларға реформа жүргізу. Референдум – Конституцияға өзгерістер мен қосымшалар енгізу. Авторитаризм – (лат. Autoritarisme- негізін қалаушы, жасаушы және auctaritas – пайымдау, пікір, билік, ықпал) – 1) антидемократиялық саяси режим, 2) саяси өкімет билігінің антидемократиялық тұжырымдамасы, 3) қоғамдық санада беделді, атап айтқанда өкімет билігін абсолюттендіру элементтерінің етек алуы. Агломерация – («aggiomerare» латынша «қосу», «толықтыру» деген сөзден алынған.) Акциденция (лат.accidens – кездейсоқтық) – мәндіден, субстанциялықтан өзгеше түрде заттың уақытша, өтпелі, мәнсіз қасиеті. Бұл термін тұңғыш рет Аристотельде кездеседі; схоластикада және XVII-XVIII ғ. Философиясында кең таралды. Анохронизм (грек.anachmnismos – кері уақыт) – 1) жыл санаудағы уақытқа сәйкессіздік (хронологиялық қателіктер); 2)бір дәуірдің оқиғалары мен сипаттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екінші дәуірге телу. Антикалық мәдениет (лат.antiguus ежелгі) – ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII-I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі. Анторопоморфизм (грек.anthropos адам, тоrphe – форма, пішін) – адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді (ғарыштық, геогр.объектілерді, жан- жануарларды, өсімдіктерді, т.б.) адамға ұқсату құбылысы, өнердегі көркемдік әдіс. Архитектура (сәулет өнері) – қоғамның материалдық, идеялық-эстетикалық қажетін өтейтін ғимараттарды, басқа да мекенжайларды жобалау, салу өнері. Әлеумет (лат.socium – ортақ)- әлдебір мәнді қарым-қатынастағы адамдардың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын тұрақты да үлкен қауым. Әлеуметтік позиция - әлеуметтік құрылымдар, топтар мен ұйымдардың қарамағында және қоғамдық еңбекті бөлу жүйесінде адамның алатын орны. Билік – адамның, топтың, әртүрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін, идеологияға ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге астын механизм. Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар. Босқыншылық – қалыптасқан саяси-әлеуметтік, экономикалық және табиғи – климаттық ауыр ахуалдарға, апаттарға байланысты адамдардың атақоныстарынан, тұрғылықты мекендерінен амалсыз босып, ауа көшулері. Вандализм – Риммен қатыгездік сипатта соғысқан ежелгі германдық вандал тайпаларының атынан қалған., мәдени қиратушылықты сипаттайтын ұғым. 455 ж. Вандалдар Римді жаулап алып, ондағы көптеген құнды өнер ескерткіштерін жойған. Сол себепті вандал деп надан, варвар, мәдени құндылықтарды қиратушы адамды айтады. Демография – халықты зерттеу, халықтану ғылымы деген ұғымды білдіреді. Оның зерттеу объектісіне халықтың жыныстық, этикалық құрылымы, туу, өлу, қоныс аудару процесінің барысы жатады. Демографиялық болжам - әлемдегі белгілі бір елдегі, облыстағы, аудандағы Д.б. аумақтардағы халықтың, ұлт пен ұлыстың саны және құрамы туралы болжамдық есеп. Демографиялық саясат – халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесі. Дискуссия – топ ішінде шешім қабылдау үрдісін ұйымдастыру әдісі. Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны №1 лекция Қазақстанның экономикалық тарихы пәні Пәнге кіріспе. Негізігі ұғымдар:пәнге кіріспе, экономикалық тарих, экономикалық аспект. Жоспар: 1) Пәнге кіріспе.Қазақстан экономикалық тарихының қамтитын мәселелері пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны 2)Қазақстанның экономикалық тарихының мәселелері пәнінің мақсатымен міндеттері 3) Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы. Мақсаты: Қазақстан экономикалық тарихының қамтитын мәселелері пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орнымен таныстыру курстық пәннцң мақсатымен міндеттерін айқындау. Лекция 1.Пәнге кіріспе.Қазақстан экономикасының тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан экономикасының тарихынның кезеңдері: Бірінші кезең - бұдан 1,5 мыңжыл бұрынғы ғұн нәсілдері - түркілер - Ашина руының түркілері - Ордос алабынан ауған жүнді (жуан-жуан) тайпаларының ежелгі ақсүйек әулетінен тараған ұрпақгар. Осы үрдістер тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты - Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя Байқалдан Каспийге дейінгі аймақты қамтыды. Ұлы жібек жолы түркілер мемлекетінің экономикасының дамуына да оң ықпал етті.Халықаралық сауда ролін атқарды. Екінші кезең. Бұдан 1300-1100 жылы бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығыста, Орхон-Енисей өңірінде болды. Ежелгі қырғыз мемлекетінің ескерткіштері, Тоны көктің, Күлтегіннің руникалық жазулары Орхон-Енисейдің құлпытастарында таңбаланды. Түркі ұлттық рухының осынау тегеуріні X ғасырда "Манас" эпосында өзінің табиғи жалғасын тапты. Үшінші кезең. ХІІ-ХІҮ ғасырлар. Қазақтың ең алғашқы қасіреті Шыңғыс әулетінің шабуылынан басталды. Бұл жойқын күші бар сойқанды шабуыл ел экономикасының дамуын тежеді. Бұл кезенңің басыңда атақты Майқы би дүниеге келді. Ел аузындағы аңызға қарағаңда ол біздің тарихымыздағы билер институтының түп атасы. Бар қазақтық басын біріктіруге жұмылған Майқы би әйгілі қазақ шежіренамасының негізін қалаушы болды. Ел аузындағы аңыз бойынша халықтың санасына үш жүздің бас таңбаларын тасқа қашаған сол кісі екен дейді. Үйсіндердің нысаны – Ту, арғындардың нысаны – Көз, алшындардың нысаны – Найза содан қалса керек.Әр рудың таңбасы болды. Малдарына өз таңбаларын соғу арқылы танымал етіп отырды. Бір ғажабы, қазақ халқының негізгі төрт мұраты дәл сол тұста тұжырымдалыпты. Олардың үшеуі үш жүзден жауынгерлік ұраны: Ұлы жүздікі – Бақтияр – бақыт, Орта жүздікі – Ақ жол – әділет, Кіші жүздікі –Алшын –От- ана болса, барлық қазақтардың ортақ ұраны – Алаш ұғымына біріккен. Дәл осы кезенде халықтың әзі – Шыңғысхан әулетінің бұғауына іліккен еді. Халық руханияты сол заманның ең бір қуатты империялық идеологиясы – шыңғысшылдықтың ықпалына түседі. Шыңғысшылдық ақырына дейін түсінілмей қалған бір дін болып енді. Өйткені бұл тежеу білмес тегеурінді қара күш пен тентек мінезді дөрекі қайсарлық қана емес, Шыңғыс әулетінің ұлы империясының ұстынына тірек, ұстынына көрік болған рухтың революциясы еді. Ол уақытқа дейін үстемдік еткен далалықтардың түркішілдігі, оғызшылдығы, ұрандары (жүздік және жалпы алаш), олардың бұрынғы шежіресі жаңа шежіренамаға тарихи тамырласа кірігіп кетті және ішінара халықтың зердесінен өшіп қадды. Осы кезден бастап іс жүзінде тегі басқа ақсүйектердің екі тармағы – төрелер мен қожалар – түркілердің ру-тайпалық ақсүйектерінен биіктеу мәртебе алды да, оларды саяси және рухани биліктен ада қылды. Төрелер Шыңғыс әулетінің ұрпақтары, ал қожалар Мұхаммед пен оның үмбеттерінен тараған рухани биліктің иелері. Уақыт өте келе, бұл екі тармақ екілдерінің өздері де жергілікті халықпен кірігіп, олардың әдет-ғүрпын, дәстүрін қабылдап, қазақ халқының жалпы руханиятына сіңісіп кетті. Төртінші кезең. XV-XVII ғасырлар. Алғаш қазақ хандығы құрылған кезең. Шамамен 1466 жылдардан бастап, жалпыхалықтық руханияттың табиғи дамуының негізі қаланды. Біріншіден, халық рухының ұшқыны ақындардың, сазгерлер мен айтқыш абыздардың жырларынан көрінді. Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау шығармаларында шынайы қазақ руханияты қалыптасып дамыды. "Қобыланды батыр", "Қамбар батыр" сияқты батырлар жырында, "Қозы-Көрпеш - Баян-сұлу", "Қыз- Жібек" және басқа дастандарға қазақтың ұлттық рухы тұп тамыр ретінде негізге алынды. Екіншіден, нақ осы уақытта, Жәнібек пен Керей хандар Жетісуға көшіп келіп, ел басқара бастағаннан кейін, қазақ өзінің тарихи төл атымен атала басталды. Үшіншіден, дәл осы тарихи дәуірде халықтың жауынгерлік рухы тағы бір тамаша оқиғадан көрініс табады. XVII ғасырдың бірінші жартысында үш жүздің үш ұлы биі –Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би –Тәуке ханмен бірге "Жеті жарғы" атты тарихи қүжатты қабыддайды. Бұл киелі "жеті" санын нысан өткен киелі парыздан, қасиетті ережеден тұратын қазақ құқығының алғашқы кодексі еді. Ел экономикасы осы кезеңдердің барлығында дәстүрлі көшпенді шаруашылық сипатында қалыптасып дамып отырды. 2.Қазақстан экономикасының тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Бүгінгі дүние әлемге, өркениетке, мемлекетке, ұлтқа, ұлысқа, ағайын-туысқа, қалысқа бөлінеді. Қазақ ұлты бірден жаратылған жоқ, оның бір неше мың жылдық өсу, даму динамикасы бар. Тарихтың негізгі миссиясы – ұлттың руға, тайпаға, арыс ка жүзге белінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортак тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған. Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының экономикасының тарихын білуге тиіс. Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды? Оның халқымыз, үлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі танда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Сонымен әр Қазақстан азаматының ұлттық сезімін өзінің сол ұлттың мемлекеттің өкілі екендігін біддіруге байланысты ұлттың тарихын білу, әрине, үлкен шаруа. Егер XXI ғасырдың азаматы ұлтының өткенін білсе, ұлттың қалай қалыптасып, қанша қан төгіп, өзінің жерін, елін, ұлттық дәстүрін сақтап қалғанын білсе, ол адам, ол азамат өзінің үлтқа деген ішкі сезімін одан әрі күшейте түседі. Ұлттың экономикасының тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам - өзімді-өзім тану деген соз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек. Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезіну қажет. Сонда ғана ол өзінің үясын тапқан қүс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихи, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай үлттың окілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық әкелмейді. Сонымен, үлтыңның тарихын білу арқылы өзіңнің ор-нынды, ортанды біліп, өзіңді-өзің тани алатындай жағдайға келгенде гана толық қанды XXI ғасырдың азаматы бола аласың. Сондықтан Қазақ тарихын білу барлық азаматтарға шарт. Егер ұлттық сезім болмаса онда үлттың халі мүшкіл болады, ұлттың тілі де, діні де, дәстүрі де – барлығы құр әншейін жасанды нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Ал ондай ұлт кез келген басқа үлттың жетегінде кете беретіндігі даусыз. Ұлттың өзінің нық, өз аяғынан тұратындай, өзін-өзі танып, өзін-өзі сыйлайтындай дәрежеге келуі ұлттық сезімнің пайда болуына байланысты. Ал ондай сезімді тудыратын нәрселер – өзін-өзі тану, жақсылап тану, жақсы жағынан тану. 3. Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы. Тарихи деректанудьщ жалпы тарих ғылымындағы алатын орнын анықтау үшін оның қосымша тарихи пәндер мен және басқа да тарихи зерттеулердің ара қатынасына зер салу керек. а) Қосалқы тарихи пәндермен ара қатынасы. Тарихи деректерді зерттеумен көптеген қосалқы пәндердің айналысатыны белгілі. Олардың жалпы саны 30-дан асады: – эпиграфика – тастағы, металдағы, сүйектердегі, ағаштардағы жазбалар; – нумизматика – теңгелердегі жазулар; – сфрагистика – мөрлердегі жазулар; – геральдика – ел таңбаларындағы жазулар; – полиграфия –жазу материалдары мен құралдарын, жазу ерекшеліктерін зерттеу; – папирология – папирустардағы жазуларды зерттеу; – текстология – әдеби ескерткіштердегі текстер тарихын зерттеу; – дипломатика – заң актілерін зерттеу; – хронология – тарихи оқиғалардың дәл уақытын анықтау; – метрология – өлшем жүйесін тарихи дамуында зерттеу; – арихи география – өткеннің географиялық тарихын зерттеу; – генеалогия – адамзаттың, жеке адамдардың шығу тегін зерттеу, т.б. Бұл пәндердің даму барысында олардың зерттеу шеңбері де кеңіп отырады. Дегенмен, арнаулы тарихи пәңдердің қай-қайсысы болсын өзінің зерттеу объектісі жағынан да, тәсілі мен шеңбері жағынан да деректанудан әддеқайда шектеулі. Деректану ғылымы деректердің тек кейбір түрлерін, типтерін немесе топтарын (теңгелер, актілер, жылнамалар, заманхаттар, т.б.) ғана зерттеп қоймайды, ол барлық тарихи деректердегі салынған мағлұматтарды қоғам дамуының заңды жемісі ретінде зерттейді. Сондықтан оның шеңбері барлық жағынан қосымша пәндерден әлдеқайда кең. Қазіргі деректануда екі проблемалар кешені қаралады. 1. Теориялық-әдіснамалық проблемалар: – тарихи шындықтың дерекке енуі және бейнеленуі; – тарихи деректің әлеуметтік табиғаты, оңдағы субъек-тивтіліктің ара қатынасы; – тарихи деректерді жіктеу; – деректердің ғылыми қүндылығын анықтау принциптері мен тәсілдері жоне т.б. 2. Нақты-қолтаңбалық проблемалар: – деректердің нақты түрлері мен типтеріне шолу жасау және екшеу; – нақты ескерткіштерге деректанулық талдау жасау; – деректерден алынған мәліметтерді нақты тарихи індеттерді шешуге пайдалану тәсіддері және т.б. Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар: – ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және өдіснамалық саласынан білім беру; – пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру; – тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жүмыс істеу тәсілдерін жетілдіру. Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және едістемелік мәселелер бір- бірімен байланысты қаралады. Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар, негізінен, деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді. Бекіту сұрақтары: 1. Қазақстан экономика тарихы курсының пәндік мақсты қандай? 2. Қазақстан экономика қандай кезеңдерге бөлінеді? 3. Қазақстан экономика тарихы пәні қай кезеңдердің аралығын қарастырады? Әдебиеттер: Н-1,3,4,5,.Қ-2,3,4,11,14 Бекіту сұрақтары: 1) Қазақстан экономикалық тарихының қамтитын мәселелері қандай? 2)Қазақстанның экономикалық тарихының пәндік мақсаты неді? 3) Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы қалай жүреді?. №2 лекция Қазақстанның экономикалық тарихының мәселелері тарихының деректемесі мен тарихнамасы. Жоспар: Негізігі ұғымдар: экономика тарихының деректемесі, экономика тарихының тарихнамасы 1)Қазақстанның экономика тарихының деректемесі. 2)Қазақстанның экономика тарихының тарихнамасы. Мақсаты: Қазақстанның экономика тарихының деректемелерімен оның пәнге байланысты деректік маңызын көрсету.Қазақстанның экономика тарихының тарихнамалық негіздеріне мінездеме беру. Лекция. ХІV-ХV ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. XV ғасырдың екінші жартысы - XVI ғасырға Моғол жэне Шайбани ұрпақтары қалыптастырған деректемелер негізгі дерек көзі болып табылады. Темір дәуірі туралы түпнұсқа деректемелерді зерттеушілер екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа Темірдің немесе оның билік еткен ұрпақтарының әмірімен жазылған деректемелер жатады.Низам ад - дин Шальидің Шараф ад - дин Әли Иаздидің оны данышпан, әділетті мемлекет қайраткері етіп суреттейтін шығармалары осындай. Шығармалардың екінші тобын бейтарап авторлар - бұларға, мысалы, Рюи Гонзалес де Клавихо және Батыс Европаның басқа да саяхатшылары жатады, сондай - ақ әмір Темір бағындырған елдердің өз еңбектерінде оның басқыншылық саясатын бейнелеген авторлар жазған. 1423 жылы Темірдің немересі Мырза Байсұңқардың тапсырмасы бойынша Хафиз - Абру 4-томдық «Маджма*ат таварих» деген жалпыға бірдей тарих жазуды бастады. Темір ұрпақтары тарихнамасының маңызды туындылары қатарында XV ғасырдың екінші жартысындағы щығармалар ерекше орын алады. Олардың ішінде Абд ар - Раззақ Самарқандидің «Матла*ас-са дайн ва маджма*әл-бахрайны» бар. Он да Иран мен Орта Азиянын Хулагу жэне Темір ұрпақтарының 1304 жылдан 1471 жылға дейінгі тарихы баяндалған. XIV-XV ғасырлар шебіндегі Ак Орданың құлдырауы кезіндегі Шығыс Дешті Қыпшақтағы оқиғалар туралы, Барақ ханның мемлекеттің ыдырауына қарсы әрекеті, Ұлықбектің заманындағы Моғолстан мен Мауараннахрдың өзара қатынастары туралы мәліметтер мен басқа да деректемелердің ынта - ықылас туғызатыны күмәнсіз. XVI ғасырлардағы белгілі тарихшы және әдебиетші Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың «Та*рих - и Рашиди» деген шығармасы ХIV-ХIІ ғасырлардың басында Қазақстан аумағы мен көрші аумақтарда өмір сүрген ірі мемлекеттің бірі Моғолстан тарихына арнайы арналған. Бұл еңбек - Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса маңызды бастапқы деректеме. Қазақ және өзбек билеушілерінің XVII ғасырлардағы Онтүстік Қазақстан йен Ташкенттің маңызды сауда экономикалық орталықтары жөніндегі тайталастары туралы, Мүхаммед Юсуф Муншидің «Тарих-и Муким-хани» деген шығармасында айтылатын Имамкули ханның Ташкенттегі көтерілісті аяусыз басып - жаныштауы туралы мағлұматтарды атап өткен жөн. Түркі тілді деректемелер. Жалпы дәстүр мен мәдениет негізінде парсы тілді шығармалармен біріктірілген және негізінен Орта Азия мен Шығыс Түркістанда жазылған түркі тілді әдебиет ескерткіштері соңғы орта ғасырлар дәуіріндегі Қазақтан тарихы жөніндегі нарративтік деректемелер арасында маңызды орын алады. Оларда орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының қазақ халқы кұрылуымен, Қазақ хандығының пайда болуы және дамуымен, сондай - ак ХУ-ХУШ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы өмірінің көрінісі жаңғыртып көрсетумен байланысты кезеңнің ерекше маңыздылығының баяндайтын едәуір мәліметтер бар. Тарихшы, ақын, билеуші - Үндістанда Ұлы Моғолдар империясының негізін салушы Бабырдың (1483-1530) тарихнамада «Бабыр - наме» (Бабыр жазбалары) деген атпен белгі болған еңбегі орта ғасырдың тамаша тарихи - әдеби ескерткіштерінің бірі болып табылады. Жас кезіңде Бабыр Ферғананың мұрагер билеушісі болған Сол дәуірде жалпы түрік ортасында болған шаруашылық, әлеуметтік этникалық және мәдени-тұрмыстық шыңдықтарды көрсететін көптеген қыпшақ терминдері мен лексикалық айналымдар арабша түсіндіріле немесе тура аударылып келтірілетін лингвистикалық еңбектер басқа түпнұсқа деректемелер болып табылады. Адам мекендейтін бүкіл дерлік мұсылман дүниесін шарлап шыққан атақты саяхатшы Ибн Баттутаның (1304-1377) жол жазбалары - Дешті Қыпшақ тарихы жөніндегі маңызды деректемелердің бірі. Ибн Баттутаның саяхаты суреттелген «Тухфат нуззар фи ғараиб әл амсар ва аджаиб әл-афсар» («Қалалар ғажайыптары мен саяхат кереметтерін аңғартатындарға сыйлық: жүзінде оның шығармасы емес, қайта оның әңгімелеріне 1356 жылы әл-Қалби жасаған әдеби өңдеу болып табылады. Қытай деректемелері. Қытайда жергілікті емес әулет бес жүз жылға жуық билік еткеннен кейін Мин әулеті орнығып (1368-1644), ол да тақты «жатжерліктерге» бұл жолы маньчжурларға босатып берді. Негізгі деректемелер мыналар: «Мин әулетінің тарихы» («Мин ши»), «Мин әулеті билік етуінің анық жазбалары» («Мин шилу»), және «Мин империясына жалпы шабуыл» («Мин хой яо>>). Қалған деректемелер: Монғолия,Моғолстан, Темір мемлекетіне және Орталық Азияның басқа да елдеріне қытай елшілерінің, барлаушылары мен жолшыларының, көпестерінің жазбалары, ортаазиялық елшілер мен мұсылман көпестерінен алынған мәліметтер қосымша материалдар болып табылады. Сонымен бірге олар өңделген түрінде қытайдын ең басты ресми еңбектерінің бәрі кірген, олардың ерекшеліктері - Мин империясы күйрегеннен кейін жазылған. «Мин ши» Қытайдың 25 әулеттік тарихының дүниежүзілік мәдениеттің бірегей ескерткіштерінің бірі болып табылады. Оны авторлар ұжымы жазған және 1645-1735 жылдарды қамтиды. «Мин шилу» - көптеген императорлар билеуінің хроникасы, онда олардың күннен күнге жасаған қызметі туралы жазбалар бар. «Мин хой яо» - тақырыптық белгісі бойынша жасалған тарихи құрама еңбектің үлгісі. Онда шет жерлердегі елдер, олардың орналасқан жерлері, қалалар, халықтардың әдет-ғұрыптары, елшілік байланыстар туралы мәліметтер бар. Қытай деректемелері белгілі мұсылман деректемелерін өзінің жүйелігімен, уақыты жағынан ұзақтығымен және жан-жақтылығымен едәуір толықтыра түседі. Орыс деректемелері. Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеуде ХІУ-ХУП ғасырлардағы орыс құжаттары мен мұрағат материалдарының зор маңызы бар. Орыс жерлері Алтын Ордаға бағынған кезең жылнамаларында орыс князьдарының Орданың билік орындарымен қарым-қатынастарының көптеген жақтары көрсетілген. Оларда Орданың ішкі, қоғамдық саяси жағдайы туралы, атап айтқанда, XIV ғасырдың 60-70 жылдарындағы Орда шонжарларының түркі топтарының өзара қырқысқан күресі туралы айтылады. Қазақстан және Орталық Азияның шектес аумақтары халқының тарихын зерттеудегі орыстың деректі материалының маңызы XVII ғасырда барған сайын арта түсті. Сол ғасырдың аяғына қарай бұл халықтардың өздері де орыстарға бұрынғысынан гөрі неғұрлым белгілі бола түсті. 2. Соңғы орта ғасырлардағы Қ азақстанның тарихнамасы XVIII ғасырда орыс зерттеушілерінің сол кезеңдегі қазақтар туралы мағлұматтар, негізінен тұрмысы, шаруашылығы, ғұрыптары, нанымдары, жүздердің рулық-тайпалық құрамы, орналасуы туралы этнографиялық мағлұматтар жинауы жалғастырылып, халықтың шыққан тегі туралы аңыз-әңгімелер зерттелді. Бұл зерттеушілер арасында П.И.Рычков, И.Г.Георги бар. Қазіргі авторларға қазақтардың жағдайын сипаттап беретін бұл материал Кеңестік дәуірдің 80-90 жылдарындағы отандық тарихнамада революцияға дейінгі орыс тарихнамасында Қазақстан тарихының зерттелу мәселесін қарастыруда 50-70 жылдармен салыстырғанда зор ілгері басушылық байқалады. 50-70 жылдары бұл мәселенің кейбір қырларын зерттеудің негізін салып, оны жан-жақты қарастыруға атсалысқан қазақстандық тарихшылар Д. Дулатов, В. Галиев, Ж. қасымбаев, Ж. Махашев, И. Ерофеева, В. Толочко және т.б. өзінің бұл саладағы ізденістерін одан әрі жалғастыра түссе, орыс тарихнамасының ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ Қазақстан тарихына қатысты жекелеген, әлі де сөз болмаған жайларын зерттеуге, осы кезеңде басқа да тарихшылар атсалыса бастады. Аталған кезеңде қарастырып отырған мәселеге, қазақстандық ғалымдар В.Басин, Р.Киреева да көңіл аударды. Олар өз ғылыми ізденістерін ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1917 жылдар аралығындағы Ресей тарихнамасының қазақ халқының тарихын зерттеуіне арнады. Өзінің алғашқы орыс дворяндық революционерлері – декабристердің қазақ халқының тарихын зерттеуіне арнаған ғылыми ізденістерін ілгері жалғастырып В.Галиев 90-жылдардың басында «Декабристы и Казахстан» атты монографиясын жариялады. Бұл еңбек ХІХ ғ. Бірінші ширегіндегі алғашқы орыс азаттық қозғалысы өкілдерінің Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттеуі ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап еліміз тарихшыларының тыңғылықты және жан-жақты зерттеу тақырыбына айналғаны және бұл мәселені алғаш рет отандық тарихнамалық зерттеулердің негізін салушылардың бірі Д. Дулатова «Чокан Валиханов о присоединении Казахстана к России» (1963) деген мақаласында көтергені баршаға белгілі. Бұдан кейін 80-90 жылдары бұл мәселенің түпкі аспектілері , атап айтқанда, ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы дворяндық- буржуазиялық тарихнамада Қазақстанның Ресейге қосылуының жалпы мәселелернінің зерттелуі Ж.Махашевтң, Е.Ерофееваның мақалаларында; революцияға дейінгі орыс тарихнамасында Орта жүздің Ресейге қосылу процесінің жекелей қарастырылуы П. Қайсарбековтің зерттеу объектісі болды. 60-70 жылдары еліміздің кейбір тарихшылары (В.Толочко) және қазақ-орыс әдебиеттері байланысын зерттеуші белгілі әдебиетші ғалым К.Кереева- Канафиева Қазақстан тарихының революцияға дейінгі Ресей баспасөзінде зерттелу мәселесін көтерген болатын. 80 жылдардың екінші жартысында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы орыс журналдарының беттерінде Орта Азия мен Қазақстанға қатысты мәселелердің зерттелуі А.Алексеенконың докторлық монографиясы тақырыбы болды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей тарихнамасы өкілдерінің Қазақстан тарихының нақты мәселелерін зерттеуі аталған кезеңде А.Абилевтің де назарын аударды. Ол өзінің мақаласында 1768-1874 жылдары өткізілген Екінші академиялық экспедиция мүшелерінің еңбектеріндегі қазақ халқының тарихы мен этнографиясының зерттелуін қарастырады. ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы зерттеушілердің революциияға дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын талдауға арналған мұрасын зерттеуге 80 жылдары көпетеген тарихшылар өз еңбектерін арнады. ХVІІІ және ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс тарихнамасында Қазақстанның Ресеймен сауда-саттық орталығы ретінде Орынбордың дамуы туралы революцияға дейінгі зерттеулерге И.Ерофеева мен Ж:Қасымбаевтың мақалалары, РЕсей университеттері мен ғылыми қоғамдарының және елдің өз ішіндегі түрлі аймақтардағы (мысалы, Шығыс Қазақстан қалаларындағы) ғылыми және ағарту мекемелерінің ХІХ ғасырда Қазақстанның мәдени дамуындағы рөлі тарихшылардың ерекше назарын аударды. Бұл проблема жөнінде С.Зимоновтың, Ж:Қасымбаевтың зерттеулері бар. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Сібір баспасөзінің материалдары бойынша Қазақстан өлкетануының кейбір мәселелерін және ежелгі кезден бастап, 1917 жылға дейін нақты Шығыс Қазақстан өлкетануын зерттеу Р.Федорованың кандидаттық жұмысының объектісі болды. Кеңес уақытындағы (1980-1990) Отан тарихнамасында ғалымдардың жеке тұлғасына, яғни революцияға дейінгі Қазақстан тарихын қарастырған орыс ғалымдарының бір тобының немесе жекелеген тұлғаларының шығармашылығын зерттеуге арналған ңбектер көптеп жарияланды. ХVІІІ ғасырдағы жергілікті Түркістан өлкетанушысы И.Андреевтің қазақ халқын зерттеу тарихы мен орыс ғалымдары мен мен саяхатшыларының еңбектері мен жазбаларында ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарихы мен царизмнің Орта жүздегі жүргізген нақты саясатының зерттелуіне М.Ерофеева мен С.Урашевтың мақалалары арналды. Революцияға дейінгі орыс тарихнамасындағы Ішкі Орданың сипатталуы жас зерттеуші к. Кобландин мен тарихшы ғалымдар Э. Масанов пен Ж.Қасымбаевтың зерттеу тақырыпытары болды. Қазақстан тарихының кейбір мәселелерінің зерттелуіне арналған әскери тарихшы М.И.Венюковтың еңбектеріне талдау Н.Алексеенконың «Хранители памяти» (1988) кітабында берілді; Қазақстан өлкетанушысы Н.Ивлев өз еңбегін А.Ф.Голубевтің еңбектерін зерттеуге арнады. 80 жылдары П.Рычковтың Қазақстан туралы мұрасын; қазақтардың дәстүрлі құқығының зерттеушісі ретінде А.Левшиннің еңбектерін; революцияға дейінгі Қазақстан тарихын зерттеу үшін дерек ретінде Г.Генстің қолжазбаларын тарихшылар А.Абилев, Н.Ахметова. Р.Бекназаров пен С.Шакиров зерттеді. Кеңес дәуіріндегі тарихшылардың тарихнамалық еңбектерінің ішінде Д.Дулатованың 1984 жылы жарияланған «Историография дореволюционного Казахстана» (1861-1917ж.ж) деген монграфиясын еркше бөліп айтқым келеді. Онда Ресей тарихнамасының реформадан кейінгі кезеңінен 1917 жылға дейінгі аралықтағы қазақ халқын зерттеуінің қорытындылары шығарылған. Бұл еңбек аталған мәселені зерттеуге қосылған елеулі үлес болып табылады. Қарастырылған мәселерді тұжырымдай келе айтарымыз, біздің пайымдауымызша, орыс тарихи ойының Қазақстанды зерттеуі Кеңес, сонымен қатар отандық тарих ғылымының қалыптасу мен дамуына бүтіндей сәйкес келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Бірінші кезең –ХХ ғасырдың 20-50 жылдардың аяғын қамтитын, кеңестік тарихнаманың марксистік-лениндік бағытқа өтіп, тарихи мәселелерді зерттеуде крнцептуалдық ережелерді қайта қарауымен сипатталады. Бұл кезеңдегі кеңестік тарихнамада орыс зерттеушілерінің Қазақстан туралы мұрасы арнайы тарихнамалық зерттеу объектісі болған жоқ. Ғалымдар (орыс зерттеушілерінің еңбектерін) қазақ халқының тарихына қатысты аса құнды дерек ретінде ғана зерттеді. 1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясының құрылуы мен Тарих институтымен Шығыстану секторының ашылуынан кейін елімізде республиканың тарих ғылымы дамуының жаңа кезеңі басталады. Көптеген тарихшылар орыс тарихнамасының Қазақстанды зерттеуге қосқан зор үлесін тереңірек қажеттілігін өткір сезіне бастайды. Мәселен, Қазақстан тарих ғылымының 40 жылдардың екінші жартысына дейін атқарған жұмыстарының қорытындылары мен болашағы жайлы айта келіп Х.Айдарова: «Некоторые итоги и перспективы развития исторической науки в Казахстане» деген бағдарламалық мақаласында нақты тарихнамалық зерттеулердің қажеттілігін атап көрсетті. Сөйтіп, 50-ші жылдардың аяғы мен 60-жылдардың басында отандық тарихшылар тарихнаманы және оның ішінде Қазақстанның революцияға дейінгі орыс тарихнамасын зерттеуге бет бұра бастайды. Бұл мәселенің Кеңес дәуіріндегі отандық тарихнамада зерттелуінің екінші кезеңін 60-91 жылдармен шектеуге болады. Мәселенің Қазақстан тарихы көлемінде бөлініп, дербес қарастырылуы оның алдыңғы кезеңмен салыстырғандағы ерекшелігі болып табылады. Жоғарыда біз сөз еткен ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында революцияға дейінгі орыс тарихнамасының Қазақстан тарихын зерттеу мәселесін қарастыруды кеңестік тарихнамада 50-70 жылдармен салыстырғанда зор ілгері басушылық байқалады. Үшінші кезең – 1991 жылдан басталып жалғасып келеді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихшылары кеңестік идеологиялық қыспақтан, тарихқа деген таптық, формациялық көзқарастардан арылып, деректік негіздерін кеңейтіп тақырыптың жекелеген нақты мәселелерін қарастыруды тереңдетіп жатыр. Алайда, 50 жылдардың аяғы мен 1991 жылдың аралығында отандық тарихнамада ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Ресей тарихнамасында Қазақстанның зерттелуінің тарихын түрлі дәрежеде қозғайтын бірқатар еңбектердің пайда болғанына қарамастан, бұл күрделі мәселені толық және тұтастай қамтып байыптаған ғылыми зерттеу әлі туған жоқ. Бұл – біздің өкінішіміз. Бекіту сұрақтары: 1)Қазақстанның экономика тарихының қандай деректемелерін білесіз?. 2)Қазақстанның экономика тарихының тарихнамасна қысқаша шолу беріңіз? №3 лекция Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект. Негізгі ұғымдар: Табиғи орта, ауа райы, мәдениет, өңдеу тәсілі, нуклеус, Маханджарлық, Атбасарлық мәдениеттер, неолиттік төңкеріс, ботай мәдениеті, жануарлардың доместикациясы. Жоспар: 1.Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы. 2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері. 3.Мезолиттегі жер өңдеу мен мал шаруашылығы элементтері. Аңшылық, балық аулау шаруашылықтары. 4. Неолиттік революция – адамзаттың экономикалық ұмтылысы. 5. Тас индустриясының дамуы және энеолит кезеңіндегі мыс құралдардың пайда болуы. Лекция 1.Ерте гоминидтердің палеографиялық өмірсүру жағдайы. Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 — 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер де бұл өңiрлерде көп. Кейiнгi палеолит (б.з.б. 30 — 35 мыңжылдықтардан б.з.б. 12 — 10 мыңжылдықтарға дейiн) дәуiрiнде адамзат жерiмiздiң барша аймақтарына тараған. Республика аумағындағы тас дәуiрi әртүрлi ендiктердегi әлемдiк дамудың (олдувей мәдениетi, ашель мәдениетi, мустье мәдениетi, т.б.) барлық заңдылықтарын сақтаған. Ежелгi тас құралдары Қаратау қыратының оңт.-батысындағы Арыстанды өз. алқабының төм. төрттiк дәуiрiне қатысты ең биiк сөресiн құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған. 2.Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері. Қаратау сiлемдерiндегi ашель кезеңiнiң тұрақтары көп. Ең көрнектiлерi Бөрiқазған мен Тәңiрқазғаннан табылған бұйымдар төрт топқа: бiр жақты, екi жақты шапқыш құралдар; зiл мен сындырғыштар; домалақ iрi бұжыр тастар топтарына жатады. Мұндай шапқыш құралдар Оңт.-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель кезеңiндегi бұйымдарға өте ұқсас. Түркiстан қ. маңындағы Қошқорған, Шоқтас ескерткiштерiнен табылған тас құралдардың жас мөлш. б.з.б. 500 мыңжылдықтан әрi асады. Ашель кезеңiнiң ескерткiштерi Орт. Қазақстаннан (Құдайкөл, Жаманайбат, Обалысан, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Қозыбай), Маңғыстаудан (Шақпақата, т.б.), Мұғалжар тауларынан (Жалпақ, Мұғалжар, т.б.) да табылған. Екi жақты шапқыш (бифас) құрал, әсiресе, соңғы аталған өңiрдегi бiрнеше орындардан зерттелдi. Мустье кезеңiне жататын тұрақтардың ең маңыздылары Қаратаудан (Уәлиханов атындағы тұрақ, Шақпақ, т.б.), одан соң Бат. Қазақстаннан (Шақпақата, Құмақапа, Аққыр, т.б.), Сарыарқадан (Бұрма, Семiзбұғы 2-10, Аққошқар, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Бөдене-1, т.б.), Жетiсудан (Ақтоғай, т.б.) табылған. Кейiнгi палеолит жұрттарында бұрынғысынша, ұсақ малта тастардан жасалған шапқыш құралдар, салмақты қырғыштар, үш бұрышты қалақшалар көп, олар дөңгелек тұрпатты өзектастардан омырылып алынған. Омыру техникасы жетiлдiрiлген, көп қырлы призма пiшiндес өзектастар да табыла бастады. Соғып түзету техникасы кең қолданылған, ол жүзi жұқа құралдар — найза, сүңгi ұштарын жасауға мүмкiндiк берген. Бұл кезеңде палеогеогр. жағдай қолайсыздау болғанымен, Қаратау жотасынан (Уәлиханов атынд. тұрақтың жоғ. мәдени қабаттары, Ащысай, Ұшықтас, т.б.), Шығ. Қазақстандағы Ертiс өз-нен (Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбi, т.б.), Сарысу өз. өңiрi мен Солт. Балқаш өңiрiнен (Семiзбұғы, Тораңғы, Баршын, Батпақ, т.б.) табылған тас бұйымдар осы кезең туралы мейлiнше толық мағлұмат бередi. 3.Мезолиттегі жер өндеу мен мал шаруашылығы элементтері. Аңшылық, балық аулау шаруашылықтары.Палеолиттен мезолитке (б.з.б. 12 — 10 — 5 мыңжылдықтар) өткен кезеңдерде қазiргi кездегiге жуық табиғи келбет орнықты. Садақ пен жебенiң ойлап табылуы аңшылық кәсiпке үлкен мүмкiндiктер туғызды. Бұл дәуiр ескерткiштерi Қазақстанда аз зерттелген. Оңт. Қазақстанда (Маятас, Жаңашiлiк-1-3, т.б.), Орт. Қазақстанда (Қарағанды-15, Әкiмбек, т.б.), Солт. Қазақстанда (Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2, Атбасар, т.б.), Торғай ойпаты аудандарында (Дүзбай-6, т.б.), Қостанай қ. маңында (Дачная, Евгеньевка, т.б.) орналасқан тұрақтар адамдардың шаруашылығынан, дүниетанымынан мол мағлұмат бередi. Неолит (б.з.б. 5 — 3 мыңжылдықтар) дәуiрiнде адамдар өнiм өндiруге бет бұра бастады. Микролиттiк (жебе ұштары, саптамалы құрал жүздерi) және макролиттiк мәдениет (тас балта, қашау, кетпен, дән уатқыш, келi, пышақ, қырғыш, т.б.) дами түстi. Тас өңдеу (тегiстеу, аралау, бұрғылау), сүйектен, мүйiзден, ағаштан бұйым жасау жетiлдi. Қыш ыдыстар жасала бастады. Мекендерiне байланысты неолит, энеолит қоныстарының бұлақтық, өзендiк, көлдiк, үңгiрлiк деп топталатын 600 орны анықталды. Қоныс орындары Қаратау алқабынан (Қараүңгiр, Арыс, Дермене, Тасқотан, т.б.), Арал маңынан (Жалпақ, Ақеспе, т.б.), Сарыарқадан (Жезқазған, Сарыбұлақ, Қарағанды кешендерi, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Соцчигиз, т.б.) табылды. Ақмола обл. Атбасар ауд-ндағы Атбасар мәдениетi (б.з.б. 7 мыңжылдықтың соңы — 6 мыңжылдық басы) жергiлiктi мезолит тайпаларының материалдық негiзiнде қалыптасқан. Мұнда 200-ге тарта тұрақ табылған. 4.Неолиттік ревалюция-адамзаттың экономикалық ұмтылысы. Торғай ойпатында неолит дәуiрiне жататын Маханжар мәдениетiнiң тұрақтары ашылған. Сондай-ақ, бұл заман ескерткiштерi Ертiс алабында (Усть-Нарым, Пеньки, Железинка моласы) да көп. Неолит дәуiрiнде дәстүрлi аңшылық, балық аулау, терiмшiлiк сақталды. Өндiрушi шаруашылық негiзi — қарапайым егiншiлiк пен мал ш. пайда болды. Бұл энеолиттiк (б.з.б. 3 — 2 мыңжылдықтар) тұрақтардан айқын көрiнедi. 5.Тас индустриясының дамуы және энеолит кезеніңдегі мыс құралдарының пайда болуы.Көкшетаудағы Ботай бекетi жанындағы Ботай мәдениетi, Торғайдағы Терсек мәдениетi солт. өңiрлердегi далалық энеолиттi сипаттайды. Осы мәдениеттердiң көптеген материалдық деректерi байырғы адамдардың дiни нанымынан, шаруашылық жайынан хабар бередi. Күнделiктi өмiрде бiрқатар заттар мыстан жасала бастаған. Бекіту сұрақтары: 1.Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы қандай болды? 2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдерінайтып беріңіз? 3. Аңшылық құралдарын атап беріңіз? 4.Балық аулау тәсілдері қандай болды? №4 лекция Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығымен қоғамдық қатыныстары. қатынстары Негізгі ұғымдар: Көшпелі, мал шаруашылығы, Нұра, Атасу, Беғазы- Дәндібай, от өткізу әдісі. Түркі тайпаларының тарихи аренаға шығуы. Жоспар: 1). Қоланы меңгеру. Ерте металлургия. 2). Қола дәуірінің тайпаларының шаруашылығы мен бөліну ариалы: - мал шаруашылығы - жер өңдеу - үй тұрмысы 3). Қоғамдық қатынастар. Мақсаты: Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы мен қоғамдық қатынстарының экономикалық даму тарихы туралы біліктіліктерін дамыту. Лекция. 1.Қоланы меңгеру. Ерте металургия. Қола дәуiрiнде (б.з.б. 2 — 1 мыңжылдықтар) мыс пен қола металлургиясы дамыды (қ. Ежелгi кен қазбалары). Тайпалар мал және егiн ш-тарымен кешендi түрде айналыса бастады. Еңбек өнiмдiлiгi артты. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншiк кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi өстi. Қола — еңбек құралдары мен қару жасау үшiн қолданылатын негiзгi шикiзат көзiне айналды. Қола дәуiрiнде Сiбiрдiң, Жайық өңiрiнiң, Қазақстан және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегi жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендедi; бұл тайпалар өзiнше бiр үлгiдегi жарқын мәдениет қалдырды. Мұны 1914 ж. Сiбiрдегi Ачинск қ-ның маңынан табылған Андрон деревнясы атымен аталатын Андрон мәдениетiн қалдырған тайпалар ескерткiштерiнен көруге болады. Андрон мәдени-қауымдастығы таралған аймағына және өзiндiк белгiлерiне қарай үш тарихи кезеңге бөлiнедi: ерте кезеңi — б.з.б. 18 — 16 ғ-лардағы Петров мәдениетi; орта кезеңi — б.з.б. 15 — 12 ғ-лардағы Алакөл- Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттерi; соңғы кезеңi — б.з.б. 11 — 9(8) ғ-лардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндiбай мәдениеттерi. Ғылымда Андрон мәдени-тарихи қауымдастығы тарихи кезеңдерiне қатысты түрлi пiкiрлер бар. Дегенмен, ғалымдардың көбi бұл кезеңдер бiрiн-бiрi алмастырып отырды деген пiкiрге тоқтаған. Қола дәуiрiндегi әрбiр мәдениет жерлеу құрылыстарымен, қабiрге қойылған заттарымен ерекшеленедi. Бұл кезеңде түрлi металдардың қорытпаларынан еңбек құралдарын (пышақ, орақ, шалғы, балта), қару-жарақ (қанжар, найза, жебе ұштықтары), әшекейлiк бұйымдар (тоға, бiлезiк, моншақ, тарақ) жасау жетiлдiрiлдi. Ертедегi шеберлер металл құю, соғу, бедерлеу, өрнек салу, тегiстеу, әрлеу тәсiлдерiн жақсы меңгере бастады. Тас құралдары да (дән уатқыш, келi-келсап) бұрынғысынша пайдаланыла бердi. Мүйiз, сүйек, шақпақ, тас, қыш, терi, жүн, ағаштардан бұйымдар жасау iсi жетiле түстi. Мал ш. мен кен байыту iсi қоғамдағы ер адамдар рөлiн күшейттi. Бұл өз кезегiнде аналық тек үстемдiгiн аталық тек билiгiнiң алмастыруына алып келдi. Дiни ұғымда отқа, ата-баба аруағына табыну түрлерi кең тарала бастады. Қола дәуiрiнiң өзiндiк мәдени кезеңдерi Қазақстанның барлық аймақтарынан байқалады. Бекіту сұрақтары: 1). Қоланы игеру тәсілі қандайболды? 2). Қола дәуірінің тайпаларының шаруашылығы мен бөліну ариалын атап беріңіз? 3). Қоғамдық қатынастары қалай жүрді? №5 лекция Темір дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарынын шаруашылығы. Негізгі ұғымдар: Экстенсивті мал шаруашылығы, богарлық жер өңдеу, жоғалған үлгі әдісімен құю. Жоспар: 1. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өту. Жеке меншік қатынастары. 2. Жер өңдеу және ирригация. 3. Қол өнер. 4. Сауданың дамуы. Дала жолының маңызы Лекция 1.Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен қоғамдық қатынастар.Темiр дәуiрiнде (б.з.б. 7 ғ-дың басы) адам еңбегi анағұрлым өнiмдi бола түстi. Темiр өндiру қосымша өнiм мөлшерiнiң артуына жағдай туғызды. Көлiк ретiнде жылқы кеңiнен пайдаланылды. Табиғи орта мен климат жағдайларына байланысты мал ш-ның негiзгi үш түрi: көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшылық дами түстi. Темiрден ер-тұрман әбзелдерi (ауыздық, т.б.), қару-жарақ, тұрмыс бұйымдарының жаңа түрлерi жасалды. Көшпелi тұрмыста киiз үй, арба, күйме кеңiнен қолданылды. Малға және жерге отбасылық меншiк нығайды. Қауымдар арасында жайылым, мал үшiн қақтығыстар жиiлей түстi. Ерте темiр ғасыры дәуiрiнде (б.з.б. 1 — мыңжылдық ортасы) Қазақстандағы тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңт., шығыс және орт. аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына (қ. Сақтар), ал батыс, солт. аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бiрлестiгiне бiрiктi. Археол. деректер бұл бiрлестiктерде мемл. нышандардың болғандығын аңғартады. Сақтардың оңт. өңiрлердегi Бесшатыр, Есiк обасы, Түгiскен, Ұйғарақ, т.б. ескерткiштерi олардың мәдениетi мен өнер жетiстiктерiнiң бiрегей туындылары болып табылады. Шығ. Қазақстандағы тайпалар материалдық мәдениетi майәмiр (б.з.б. 7 — 6 ғ-лар), берел (б.з.б. 5 — 4 ғ-лар), құлажорға (б.з.б. 3 — 1 ғ-лар) кезеңдерiне бөлiнедi. Майәмiр кезеңiндегi Шiлiктi обасы, Берел кезеңiндегi осы аттас обалардан алынған мағлұматтардан сақтардың әлеум. жағдайын, тұрмысқа қажеттi заттардан олардың шаруашылығы мен дүниетанымын аңғаруға болады. Орт. Қазақстан тайпалары Тасмола мәдениетiн қалдырды (жазба деректерi бойынша бұлар массагет тайпалары не исседондар). Мұны тастардың тiзбектеле, мұртқа ұқсай орналасуына байланысты “мұртты обалар” деп те атайды. “Мұртты” обалардың архит. кешенi қола дәуiрi тайпаларының табынушылық құрылыс өнерiнiң дәстүрлерiн айқын бейнелейдi. Савромат-сармат ескерткiштерi, әсiресе, Елек өз. бойында көп шоғырланған. Мұндағы Бесоба қорымы, Целинный қорымы, Сынтас қорымы, т.б. ескерткiштердiң құрылысы мен олардан табылған заттар бұл тайпаларда қолданбалы өнердiң жоғары болғандығын көрсетедi. Ертедегi көшпелiлердiң дiни нанымында отқа, күнге, от басы, ошақ қасы, ата-баба аруағына табыну орын алды, пұтқа, керемет күшке сенушiлiк сақталды. Қолданбалы өнерде скифтiк-сiбiрлiк аң кескiнiн бейнелеу нақышы кең тарады. Бат. және Солт. Қазақстандағы савромат мәдениетi тайпалары — аландардың арғы тегi, Шығ. Қазақстанды аримаспылар, Жетiсу мен Оңт. Қазақстанды тиграхауда сақтары, Арал маңын массагеттер қоныстанды. Темiр дәуiрiндегi ежелгi тайпалар бiрлестiгi жөнiндегi жазба деректемелердi екi топқа бөлуге болады: 1) көне деректермелер (Геродот, Ксенофонт, Птолемей, т.б.); 2) ахамен әулетi (ежелгi парсы) сына жазбалары. Соңғы деректемелерде сақтардың үш тобы: хаумаварга сақтар, тиграхауда сақтар, тиай-парадрайа сақтар аталады; (қ. Қазақстанның ежелгi тайпалары). Мақсаты: Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы туралы толыққанды мағұлұмат беру. Жеке меншік қатынастарыдың пайда болуыныңдағы өндіріс құрал жабдықтарының маңызын дәлелдеу. Лекция. Бекіту сұрақтары: 1. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өту. Жеке меншік қатынастары. 2. Жер өңдеу тәсілдері қанада йболды? 3. Ирригация – бұл ненің тәсілі? 4. Сауданың дамуында дала жолының маңызы қанадай болды? №6 лекция Қазақстан жеріндегі отырықшы-егіншілік шаруашылығы. Негізгі ұғымдар:Қазақтың дәстүрлі егіншілігі, тайпалардың егіншілік мәдениеті. Жоспар: 1)Ертедегі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың егіншілік мәдениеті. 2)Орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығы. 3) Қазақтың дәстүрлі егіншілігі. Мақсаты: Орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығының мәдениетімен таныстыру. Лекция. Бекіту сұрақтары: 1)Ертедегі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың егіншілік мәдениеті. 2)Орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығы. 3) Қазақтың дәстүрлі егіншілігін қалай түсінесің? №7 лекция Ұлы Жібек жолы және Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің экономикасы. Негізгі ұғымдар: Ұлы Жібек жолы, ирригация, тайпа құрамы және қор тәртібі. Жоспар: 1. Тайпа құрлымы және көшу түрлері 2. Отырықшы-жер өңдеу шаруашылығы 3. Біртұтас әлеуметтік – экономикалық мәдениетте көшпелі және отырықшы мәдениеттердің интеграциясы. Мақсаты: Ұлы Жібек жолының қазақстан даласындағы экономикалық дамуымен қалалардыңөсуіне тигізген маңызын ашып көрсету. Лекция. Бекіту сұрақтары: 1.Тайпа құрлымы неге негізделді? 2.Көшу түрлерін атаңыз? 3.Отырықшылық ұғымын қалай түсінесің? №8 лекция XV-XVII ғғ. қазақ хандығы: халқы және шаруашылығы Негізгі ұғымдар: Жер өңдеу, Күйме, хисар, Вакф, мүлік, мардинар, рийат, Ясы, Сайрам, Сығанақ, Жоспар: 1). Ұйымның түсінігінің жүздік бөліспен ауысуы 2). Мал және үй шаруашылығы. Жер өңдеу. 3). Қазақстанның кейінгі ортағасырлық қалалары: - қалалар және қала тұрғындары саны - қалалар құрылымы, қаланың жер иеленуі 4). Салық жүйесі.Күйме, хисар, Вакф, мүлік, мардинар, рийат, Ясы, Сайрам, Сығанақ, Мақсаты:XV-XVII ғғ. қазақ хандығының экономикалық даму тарихының ұлттықдәстүрлі ерекшеліг і туралы білімдерін дамыту. Лекция Бекіту сұрақтары: 1). Қазақстанның кейінгі ортағасырлық қалаларды атаңыз? - қалалар және қала тұрғындары саны - қалалар құрылымы туралы не білесіз? - қалалардың болуы нені білдіреді? №9 лекция XVII-XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының дағдарысқа ұшырауының себептерінің алғышарттары. Негізгі ұғымдар: протектарат, отаршылдық, Қазақ - жоңғар соғыс. Жоспар: 1) Қазақ - жоңғар соғыстырының негізгі себептері. 2) Ресейдің отаршылдық саясатының басталуы. 3)Қазақ жүздерінің Ресей протектаратын қабылдауы. Мақсаты:XVII-XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының дағдарысқа ұшырауының себептеріні мен алғышарттарын деректер негізінде көрсету. Лекция. 1.Қазақ жерін отарлаудағы патша үкіметінің жүргізген іс-шаралары. ХVІІ – XVIII ғ.ғ. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс территорясын орта және кіші жүз қазақтары қоныстанды . Орта жүз рулары солтүстік-шығыс оңтүстік – шығыс және орталық қазақстан жерлерін мекендеген. Қазақстандағы өзендер бойынша Сарысу, Нұра, Есіл (Ишим), Тобыл, Торғай және башқұрттардың Оралдағы солтүстік батысындағы қонысы мен шекаралас болды. Ертіс ағысының орта жеріндегі батыс сібір. Кіші жүз қазақтары Қарақұмға дейінгі және Арал теңізі жағалауына Түркістанның шеті мен шектескен жерлерді және солтүстікте Ор, Елек, Жайық өзендерімен шекаралас жерлерді қоныстанып жайлаған. Жоңғар шапқыншылығы зардаптары отра жүз , кіші жүз қазақтарының ата қоныс аумақтарына өзгерістер еңгізуіне мәжбүр етті. Орта жүз Жайық өзенінің жоғарғы ағысына Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің төменгі ағысы сағаларына ие болып қалған. Ал, кіші жүз Каспий теңізіне және Жайық, Еділ өзендеріне қарай қоныстарын жылжытты. Сол кезде Қазақ даласы Ресей мен Қытай сияқты екі мықты алпауыт мемлекеттердің назарында болды. Бұл мықты мемлекеттер Еуразия контингенті орталығында өз территорияларын ұлғайту саясатына ХVІІ – XVIII ғасырларға дәл келді. ХVI ғ. Ресей Қазақ жерінің есебінен территорияларын бірте-бірте кеңейте берді. Ал ХVIII ғ. басында әскери линиялық бекіністер. Қазақ жеріне бекініс салып шекара ішіне сыналай кіруі арқылы жерімізді иемдене бастады. Қазақтарда жаңа линия жүргізуіне байланысты 70000 шаршы шақырым жер алынды. Жаңа линия ескі линиядан оңтүстікке қарай 200 шақырым ішкері , яғни Қазақ жерінің шекарасы ішке қарай ығыстырылды. Тек қана Ертіс бойында ескі линиядан оңтүстікке қарай 50 шақырымға ығыстырылып жаңа линия жүргізілді. Жер жоғалтуымен қатар өзгерістер енді көшпенді қазақтардың дәстүрлі көшу маршруттарының көп жылғы қалыптасқан жүйесі бұзылды. Мал жайылымы тарылды. XVIII ғ. ортасында басталған жаңа линия құрылысы ресей империясының қазақ даласын отарлаудың ашық жүргізген отарлық саясатының іс-әрекетінің жүзеге асуы болды. Солтүстік Қазақстанда жаңа линия бекініс құрылысының салынып бекуіне байланысты. Солтүстік Қазақстандағы Орта жүз қазақтарының көп жерлері Ресей империясына кетті. Звериноголовская - Петропавловск – Омск. Горькая линия бекіністері қазақ жеріне енудегі алаңға айналды. 1762 ж. 6 тамызында Сенат бұйрығы бойынша линия бойын жераударылғандар мен қоныстандыру жарлығы бойынша 60 жылдары XVIII ғ. Сібірден жераударғандар мен Польшадан шығарылған помещик-крестьяндар және қашқындар мен Ресейден келген еріктілер мен қоныстандырылды. Солтүстік Қазақстан аумағына бекініс салу “тарту ” арқылы Ресей империясы екі мәселені шешті. Бірінші Қазақ даласына әскери күшін еңгізді және орыс келімсектері мен қоныстандыру арқылы қазақтың ұлттық тұтастығын бұзып дәстүрлі – Орта және Кіші Орда деп аталатын географиялық территориялық атауды өзгертіп. Орынборлық және батыс Сібірлік губернияға бөлініп атауында өзгертті. Осылайша Қазақ даласында Орынборлық және сібірлік қырғыздар (қазақтар Ө.И.) атауы пайда болды. Жайықтың жоғарғы (Верхне яицкая) линиясы. Ойыл өзені бекінісі.Красногорская (Қызыл жар) және Ор дистанцияларын қосатын Жоғарғы Жайық линиясы. 9 бекініспен 16 редут қашықтығы. 561,5 шақырым Орынбордан шығысқа және оңтүстік шығысқа. Орскіден Троицкі бекінісіне дейінгі жер аралығында қазақтар тығыз қоныстанған болатын Патша үкіметі арғын жағалбайлы, қыпшақтар рулары жазғы жайлаулары қоныстарының үстінен тікелей Ор дан Троицкіге тікелей жаңа бекініс тартты. Ескі бекініс пен жаңа бекініс аралығындағы жерлер қоныстанған қазақтардың иелігіне қалды. Қазақтар ол жерлерге енді бара алмады осылайша. Оның үстіне патша үкіметі.1832 ж. бұйрық бойынша әскери казактар бекіністен 15 шақырым жерлерге дейінгі аралыққа олардың пайдалану құқын берді. Мұндай жерден айырылу. Мал мен тіршілік етіп, жанбаып отырған қазақар наразы болып қарсылық жасаған жағдайда. Қарулы әскери дайындығы бар казак әскерлерін қарсы пайдалану үшін ұстаған болатын. Жаңа линия салынуы нәтижесінде қазақ халқын жерден қысты. Шеген би, Тархан Шақшақ батыр ұрпағы арғын руының рубасының бірі былай деген. Арғындар Тобыл, Тоғызақ, Аят өзендері бойындағы малға жайлы құнарлы қоныстарынан айырылып қалды . Біздің байларымыз мал кәсіпшілігімен айналысуға дәрменсіз болып отыр деп Ресей әкімшілігіне шағым хат жолдаған. Осыдан кейін шекараға казактарды қоныстандыру арқылы қазақ жерлерін иемденіп қалды. Қазақ жеріне шекаралық бекіністерді салу жұмысын патша үкіметі 1836 жылға дейін қысы жазы жүргізді. Қатты боран болып жол болмай қалған күндердің бәрінде жұмыс істеді (59 бетте) 1843-1847 жылдары Аманқарағай бекінісінде (Құсмұрын), Орынборлық (Торғай) өте ірі форпостылары салынып болды.Бұл бекіністерді Жаңа (Новый) линия мен Горький линиялар арқылы жабдықтап отырды. (67) Солтүстік Қазақстан жеріне осылайша шетінен сыналай кіріп төріне шығып, жергілікті қазақтардың қарсылығын басып жаныштайтын арнайы әскери үлкен топтарын бекіністерге түпкілікті орналастырып үлгерген.Аманқарағай бекінісінің негізі 1843 ж. қаланды. Орынбор және Сібір Қазақтарының территориясына салынды.Бұл жердің қазақтары Торғай өзеніне қарай қоныс аударып көшіп кетуге мәжбүр болды. Осылайша жергілікті қазақтар малдың жазғы жайылымы жайлауларынан айырылды. 1849 ж. әскерилер мен қазақтар қоныстандырылды. 4,5 млн. десятина құнарлы жерлерден айырылған. 2.Қазақтар мен Ресей арасындағы сауда сабақтастығы. Қазақ халқының Ресеймен арадағы байланысының алғашқы бағыттарының бірі- сауда қарым-қатынасы болды. Оның жолға қойылып, екі халық арасындағы байланыстың басталуы негізінен қазақ жерінің орыс мемлекеті құрамына қосыла бастау кезеңінен-ақ іске асырылды. Осы аталған уақыттан бастап қазақ даласының Шығыс, Алтай өлкесі де осындай екі жақты қарым қатынасқа тартылып, уақыт өткен сайын ол кең қарқынмен дами түсті. ХVIIІ ғасырдың бірінші ширегінен басталатын аталған аймақтағы сауда қатынасы алғашында негізінен айырбас ретінде жүрді. Жергілікті қазақтардың осы саладағы саудаланатын басты тауары мал және оның өнімдері болды. Бұлар Ресейлік өнеркәсіптік тауарларына, астыққа, әртүрлі ыдыстарға, әшекей бұйымдарына, шай, қант, жеміс, т.б. тағамдарға, күнделікті қажетті мүліктерге кеңінен ауыстырылды. Осы мерзімнен басталған қазақ-орыс саудасының жергілікті халық тұрмысының дамуындағы маңызы да арта түсті. Ресей жағынан өнеркәсіп және тұрмысқа қажетті тауарларының қазақ даласына енуі олардың жаңа тұрмысқа тартылуына, қоныс аударып келген орыс шаруаларымен тығыз байланыс орнатуына жағдай жасады. Қазақтар басы артық малдары мен оның өнімдерін өздеріне қажетті тауарларға ауыстыруға мүмкіндік алды. «Орыстар мен қазақтардың ең алғашқы байланыстары,- деп жазды Н.В. Алексеенко,- сауда байланыстары болды. Қазақ даласымен сауда қарым- қатнасы... Ямышево (1720), Семей(1754), Железинкс (1764) қамал кедендері арқылы жүрді. Аталған сауда қатынастары, әсіресе 1758 жылғы Жоңғар мемлекеті талқандалғаннан кейін жедел қарқынмен дами бастады. Алғашқы ақшасыз саудада жалпы айырбас құны бір жылдық тоқты болды. Ақшасыз айырбас саудасы ХVIIІ ғасыр және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында бүкіл дала өңірінің, сонымен қатар, Ертіс жүйесі тау-кен зауыттарының оң жағасын қамтыды. ХVIIІ ғасырда қазақтармен екі арадағы айырбас саудасына негізінен Сібір казактары қатысты. ...Орыс – қазақ айыбас саудасы жыл бойы тұрақты түрде барлық орыс қоныстарында жүргізілді. Әрбір казак қонысы олар үшін сауда орталығына айналды,- деп көрсетті Сібір казак әскерлерінің тарихшысы Ф. Усов. Қазақтар айырбас үшін малдарын, тері, жүндерін, т.б. мал өнімдерін әкелді. Осы жерде олар нан, шай, қант, мақта өнімдеріне, әшекей заттарына ауыстырылады. Айырбас сауда, әсіресе, қазақтар мен Алтай таулы өлкесіндегі Кабинеттік шаруалары, сонымен қатар Бұқтырма өңірі казактары арасындағы қызу жүрді. Айырбасталатын тауарлардың ішінде астық өнімдері басым болды». (Алексеенко Н.В. Русские и казахи Верхнего Прииртышья в ХVIIІ-начале ХХ вв. Ленинград., 1967, 25-26 бб.). Осы аймақтағы орыс-қазақ саудасының алғашқы басталу тарихы туралы өлке зерттеушісі С.Н. Герасимов мынандай мәліметттер береді: «Жоңғарлармен болған соғыстан кейін орыстар бос қалған жоңғарлардың жерлерін өздеріне қаратып, шығыстағы иеліктерін ертіс өзені жағалауына дейін жылжытты. Осы жерде орыс шекаралық жүйесіне жақын келіп, қырғыз-қайсақтар орыстармен сауда қарым-қатынастарын жасай бастады. Ал бұған жоғары мемлекеттік рұқсат керек болғандықтан 1760 жылы сұлтан Абдул Файз Санк-Петербеург қаласына өзінің елшілері Бек Мырзамен Құдайбергенді жібереді. ...көршілерімен Ертіс жүйесінде сауда қатыныасын жасауға мүдделі орыс мемлекеті 1764жылы Семей қаласынан 15 шақырым жерде... Ертіс өзенінің солтүстік жағалауында кейін Семейдің «Зараечный» слободасының негізі болған ерекше айырбас алаңын негіздеді. 1765 жылы осындай айырбас алаңы Өскемен қамалында, 1765 жылы Железинскіде, ал 1803 жылы Бұқтырмада негізделді». Аталған кезеңінен басталған қазақтармен ардағы сауданы одан ары дамытып, өркендетуге патша үкіметі алғашқы кезеңінен-ақ мүдделілік көрсетті. Себебі, жергілікті халықпен айырбас саудасы Ресей үкіметіне тиімді болды. Көрсетілген уақытта негізіне қазақтарға сапасыз, Ресейдің ішкі аудандарында сұраныс жоқ өнеркәсіп тауарларын малға, оның өнімдеріне ауыстырды. Осы арқылы Ресей кәсіпорындарын арзан шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. «Даламен сауда жасау,-деп тұжырым жасайды Е. Бекмаханов өзінің зерттеулерінде,- орыс саудагерлеріне аса көп пайда әкелді. Олар мұнда өтпейтін тауарларды әкелумен қатар осы арқылы үлкен табыс тапты. Дала мен екі ортадағы сипаттама жасай отыра А.К. Гейнс былай деп жазды: «Ресейден қырғыздар барлық жәрмеңкелерде өтпеген сапасыз тауарларды алады. Керсінше, бұл қажетсіз бұйымдар қырғыз даласында малға айырбасталып, тиімді өтеді». (Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы ХІХ века. А., 1992, 350 б.). Қазақ даласын зерттеуші А.И. Левшиннің көрсетуінше: «Қырғыздар өздерінің өткізген мал, т.б. шекізат түрлерінің орнына Ресейден әртүрлі темір, шойын және мыс бұйымдарын, мысалы қазан, таған, ертоқым,...қайшы, тері, балта , шалғы, құлып, т.б. сонымен бірге, барқыт, кенеп,...жібек маталары, сандық ... кішкентай айналар, иіскейтін темекі,-ұн, т.б. алады». (Левшин А. И. Описание киргиз-кайсацких или киргиз казацких Орди степей. Спб., 1832, Алматы., 1996, 394 б.). Осы кезеңдегі қазақтардың малының молдығы мен олардың оны көп мөлшерде орыс тауарларына ауыстратындығы жөнінен Батыс Сібір мен қазақ даласын зерттеуші И.Завалишин де көрсеткен, оның айтуынша- «Олар (шекаралық қазақтар – Ғ.Қ.) негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Тері, мал, майы, жүн, т.б. тауарға-темір, тері, көбінесе астыққа ауыстырылады. Мал, қой, жылқыны да олар өте көп мөлшерде сатады. Қазақтармен екі ортадағы осындай айырбас саудасын жүргізе отыра патша үкіметінің жергілікті әкімшілігі, саудагерлер әрқашан алдауға, малдарын арзан алуға тырысып келді. Мысалы, Ресей көпестерінің ...қарапайым қазақтарды арақ беру арқылы арқылы қалай алдағанын граф Ян Потоцкий төменднгідей мысалмен дөп келтіреді: «қазақтарда айырбастауға ұсынылатын тауарлардың нақты бағасы туралы ешқандай мағұлмат, түсінік жоқ, осы арқылы көпестерге қаншама пайда келіп жатқандығын айтпай-ақ түсінуге болады. Сонымен бірге Қазақстан аталған кезеңде Ресей өнеркәсіп тауарларының өткізу аймағы ғана болып қалмады. 1829 жылғы Сыртқы істер министірлігінің Николай-1-ге хабарламасында Қазақстанның арзан шикізат байлығын өркендей бастаған өнеркәсіп орындарына пайдалану мәселесі қойылды (Бекмаханов Е. Очерки истории Казахстана ХІХ века. Алматы, 1966, 27-б.). Қазақ даласындағы айырбас сауданының өркендеуіне орай өсімқорлық кең етек алды. ХІХ ғасырдың ортасында орыс саудагерлерінің едәуір бөлегі жергілікті тұрғындарға тауарларын белгілі мерзімге дейін өспелі қарызға берді. Бұл туралы Сібір өлкесін зерттеуші М. Красовский былай деп жазды: «Саудагерлер, егін шаруашылығымен айналыспайтын казактар қырғыздарды алдау арқылы күн көреді. Олар саудагерлерден келісіммен тауарларды алып, оны қырғыз ауылдарына белгілі мерзімге дейін таратып береді, осы арқылы олар еселеп байиды... Мұндай өсімқорлықтан... татар саудагерлері де қалыспай орыс көпестерінен де артық байыды...» (Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы. Алматы., 1992, 69-б.). Даладағы жергілікті халықпен сауда қарым-қатынастары арқылы патша үкіметі қазақ жеріне кеңінен еніп, оның шаруашылық, әлеуметтік даму жағдайымен молырақ танысуға мүмкіндік алды. Осы мақсатпен 1840 жылдың басында Шығыс Қазақстан, Алтай өлкесі округтері қазақтарының мал саны бірнеше рет саналып, анықталды. Сынақ қортындысы бойынша князь Петр Дмитриевич Горчаковқа берілген мәліметте «Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл, Ақмола, Аягөз, Көкпекті және Құсмұрын округтерінде 800000-ға дейін жылқы, 200000-ға дейін ірі қара, 3000000-ға дейін қой» бар екендігі көрсетілген. Империялық қаржы министіріне берген Шекара жүйесі басқармасының соңғы есебі бойынша округтердегі қырғыз малдарының есебі бойынша округтердегі қырғыз малдарының есебі төмендегідей болды: Осы мерзімде жалпы Ресейдің сауда мәселесімен мемлекеттік коммерц коллегиясы айналысып келді, ал Орта жүз қазақтары Ресеймен сауда байланысын Семей қаласы арқылы жүргізді. ...Ресейдің 1758 жылдан бастап сауда жұмысын басқарған обер- директоры Никита Шемякин түсында сауда өркендей түсті. Саудадан түскен салық орыс мемлекетіне мол қазына болып құйылды. Мысалы, мемлекеттік саудадан 1789 жылы 3922 рубль, 90 тиын алынса, 1791 жылы 8380 рубль, 74 тиынға өсті. Семейде 1792 жылы орыс, Сібір және неміс тауарлары 51338 рубльге, ал қазақ, Ташакент және Қытай тауарлары 63800 рубль 94 тиынға жетті. (Мамырұлы Камен. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Өскемен., 1994, 178-б.). Айырбас сауданы одан ары дамыту мақсатында патша әкімшілігі қазақ даласындағы осы мақсаттағы сауда аландарын көбейтуді мақсат етіп қойды. «Оның...халықаралық саудадағы қолайлылығын ескере отыра Елизавета патшаның жарлығымен 1765 жылы Өскемен маңайында айырбас алаңы негізделді. Мұнда ташкенттіктер мен бұхарлықтар үнемі өз тауарларын әкелетін болды, ал қырғыз- қайсақтар,- деп жазады сол кездегі құжаттар, - көп мөлшерде қой, жылқы, жүн, тері сататын». Ресей өндіріс тауарларын өткізу, оларды шикізатпен қамтамасыз етуге мүдделі патша үкіметі шет аймақтағы сауда өкілдерінің мүддесін қорғауды да үнемі басты назарда ұстап келді. Осы мақсатпен қазақ даласына келген орыс саудагерлері мен өнеркәсіп орындарының өкілдеріне арнайы сауда агенттері, тілмаштар мен жол бастаушылар бөлінді. Олардың алдында қойған мақсаты да капиталистік даму жолына түскен Ресей кәсіпорындарын көп мөлшердегі шикізат көздерімен қамтамасыз ету, арзан қолды өндіріс тауарларын шет аймақтарға мол мөлшерде өтізу болды. Аталған мақсатта үкімет тарапынан саудагерлердің қызметін жеңілдетуде оларды ынталандыру, ірі сауда капиталын қалыптастыру мақсатында т.б. көптеген шаралар қабылданды. Атап айтқанда, патша үкіметі ірі саудагерлерге ресми атақ беріп, ол атақ мұрагерлікке қалатын болды. Ертіс өзені маңайындағы саудагерлікті дамыту мақсатында Семей облысы аумағында сауда жасайтын саудагерлерге, мешандарға, т.б. бірінші топтағы саудагерлерге екі мың күміс, екінші топтағы саудагерлерге бір мың күміс, үшінші топтағы саудагерлерге 400 күміс рубль капиталы болған жағдайда он жыл сауда салығынан босатылатын болды. Саудагерлер өз есебінен Аягөз, Қапал немесе Көкпекті қоныстарында сауда алаңдарын салуға міндеттелді. Сонымен қатар олардың өндіріс базаларының болуы талап етілді. (Аполлова Н.Г. Хозяйственное освоение Прииртышья в конце ХVІ-первой половине ХІХ в. Москва., 1976, 344-б.). Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін негізгі ХVІІІ ғасырдың басынан басталған қазақ-орыс саудасы алғашында айырбас ретінде басталып, кейін біртіндеп тауар-ақша қатынастарына ауысты... Бекіту сұрақтары: 1).17ғ.соңындағы экономикалық дағдарысқа не сбеп болшды? 2). Дәстүрлі қазақ қоғамының бүтін жүйесінің талқандалуына не әсер етті? 63). Сыртқы саудны кімдермен жүргізді? №10 лекция 18-19ғ.ғ. 1-жарт: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Негізгі ұғымдар: Жер дағдарысы, экономикалық дағдарыс, сыртқы сауда Жоспар: 1). Қазақ даласындағыжер мен сауда мәселесі империя саясатында. 2). 18 ғ. 50-60 ж.ж. жер дағдарысы. Мақсаты: 18ғ.20-30ж.ж.шаруашылық дағдарыстың экономикалы және демографияның салдарымен 18 ғ. 50-60 ж.ж. жер дағдарысыныңтармхын деректер негізінде таныту. Лекция. 1. Қазақ даласындағыжер мен сауда мәселесі империя саясатында. Қазақ даласын отарлаудағы империя саясатындағы жер мен сауда қатынастары мәні туралы мұрағат деректерін арқау етпекпіз. Қазақстанның кеңестік дәуіріндегі тарихнама мұрасы әр түрлі болғанымен, деректілігімен басым, құнды. “Көшпенді мал шаруашылығының басымдылығымен байланысты Қазақстандағы феодалдық құбылыстың өзіндік ерекше белгілері болды. Феодалдық формацияның қалыптасуы VI-VII ғасырларда басталды” деген парадигма жасалды. Қазақ қоғамындағы патриархалдық, феодалдық қатынастардың мәні мен ерекшелігі туралы пікір таластар негізінде екі көзқарас пайда болды. Біріншісі - көшпелі мал шаруашылығы жағдайында негізгі өндіріс құралы жер емес, мал; жерге феодалдық меншік болмаған деген көзқарасты жақтағанда, С.Е. Толыбеков, В.Ф. Шахматов, екіншісі –негізгі өндіріс құралы- жер, жерге ( жайылымдарға ) феодалдық меншік болғаны туралы, пікірді жақтаушылар Л. П. Потанов,С.З.Зиманов, Ә.Ерденов, т.б. Жер мәселесі оның меншік нысанына айналуы, қай уақыттада үлкен маңызды мәселе болып келді. Бүгінгі күнде де солай болып қала бермек. Қазақ жерін ресей патша меншігіне нысанына айналдырып алу, мәселесі оны жүзеге асыру жолдары патша үкіметі саясатындағы XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ даласындағы империя саясаты мұрағат деректеріндегі, жазбалардағы мәнінде қазақ даласын отарлау ресей патша өкіметі үшін саяси мақсат мұраттары болды. Мақсатты мұраттарына жету жолында, жүз елу жыл бойы саяси шараларын жүзеге асырудың, әкімшілік басқарудың бірнеше тәжіриберелерін қолданып, отарлық мақсаттарына жету жолындағы ізденістерін үнемі тоқтатпай, арнайы комиссиялар құрылып патша үкіметіне есептерін беріп, зерттеу барысындағы өздерінің ұсыныстарын жеткізіп отырды. Осындай бір отарлаудағы басты нысана қазақ жері болды. Қазақ жерін империя меншігіне айналдыру, жолдарындағы ізденістеріне тоқталмақпыз. XIX ғ. II жартысында қазақ даласына әкеліп, қоныстандырылған қазақ әскерлерінің қазақ жеріне ие болуларының, өзі көздеген отарлау әрекеттеріндегі мақсаттарына жетудегі қанағаттанарлық іс болмай шықты. Патша үкіметінің комиссиясының пікірінше қазақ даласына Ресей орыстарын кіргізіп, қазақ даласынан жерге орналастыруда қоныстандыру үшін еркін бейбіт отарлау мақсатына жету үшін, үкіметін қаржы шығынын шығармау, жолдарында қарастыруды назарда ұсталған. Жер шаруашылығымен айналысу немесе өндіріс ашып игеру арқылы, отарлау әдіс тәсілін енгізу қажеттігіне көздерін жеткізіп, жүзеге асыруды жолға қойды. Сол кездегі шаруашылықтың негізі және басты кәсіпшілік көзі мал шаруашылығын ығыстыру, қазақтар үшін емес үкімет үшін де тиімсіз болатын. Төрт түлік мал қазақтар үшін тіршіліктің басты байлығы, күн көріс болса, Ресей үкіметі үшін қазақ малы пайда көзі, сауданың негізгі түрі арзан шикізат көзі еді. Бір ғана мысал. 1841 Батыс Қазақстан бөлігіндегі қазақтар жайықтың ішкі жағына мал шығару, үшін қой басына 2 к, мүізді ірі қара малға 5 к., жылқыға 10 к, түйеге 25 к., күміс ақшамен әр мал басына қазақ әскеріне ақша төледі, 1841 ж Орынбор әскери қазақтарының жеріне жіберілген қазақтардың мал басынан түскен пайда Әскерлер пайдасына 4439 р. 10к. Қазақтар пайдасына 578 р.к күміс ақшамен Қазақ даласындағы орыс келімсектерін қоныстандыруға, алынған жерлер қазақтар үшін шаруашылыққа кәсіпке қолайлы, шұрайлы жерлерден айырылу болды. Қоныс аударушы тұрғандар саны көбейген сайын, қазақтар үшін шаруашылыққа қолайлы жерлер қоры қажеттілігі күшее түсті. Осыдан туындаған жағдайларға байланысты қазақтың көшпенділік ата салтында тықыр таянып, отырықшылық тұрмыс салтына біржолата бет бұрыс жасататын, дәуір кезеңінің тарихи әлеуметтік-экономикалық алға шарттары жасалып жатты. Үкімет комиссиясы кең байтақ қазақ даласының құнарлы жерлерге орыс келімсектерін қоныстандыруды қарастырып, ығыстыруды көздеген. Бұл пікірімізге үкімет комиссиясының Сібір даласын айналып шығып, көз жеткігендері Сібір округне Семиречинский облысының құрамына кеткен жерлерден тек қана Көкшетау, Атбасар және Семипалатинск округтерінің бөліміндегі жерлері жер шаруашылығы мен егін шаруашылығы мен егін егуден айналысуға тиімді. Ал, даланың азғантай бөлігінен басқа жерлері тек қана мал шаруашылығына, жайылымға ғана жарамды делінген. Сондықтан егінге қолайсыз жерлерде орналасқан, казактар бірте-бірте жер кәсіпшілігін тастап, сауда мен айналысып кеткен бұның себебі егін кәсіпшілігі тиімсіз болған, өнім түсімі шамалы болғандығынан. Байырғы қазақтар мал шаруашылығымен қатар сауданы кәсіп еткен, және ұсақ өндірістер мен айналысуды да тұрғындар кәсіп еткен. Орынбор даласының солтүстік бөлігі ғана егін шаруашылығына қолайлы құнарлы жер, сондықтан Орынбор ведомыстволарының линия бойындағы қазақтары жер кәсіпшілігімен жақсы айналысып, өкімдерін өнімдерін саудаға шығарып, сатып отырған. Сол кездегі жергілікті басқарма бастығының хабарламасы бойынша егіннің көп бөлігі тары өнімі болған саудаға тары өнісін көп шығарған делінген.Бұл жағдай қазақ даласында қоныс аударушылар емес жергілікті қазақ халқы XIX ғ. егіншілікпен жақсы айналысып, жер кәсіпшілігін жақсы дамытқан, осыған қарап өкімет комиссиясы таза жермен айналысатын мақсаттағы орыс қоныстанушыларын әкеліп, үлкен жер үлесін қажет ететін және ақшалй жәрдем бөліп өкіметтер аса бір пайда болатынын күтудің қажет болмайтынын түсінген. Қазақ даласындағы қоныстанған орыс тұрғындарының өнеркәсіп пен саудамен айналысқан жағдайларына қарап, саудаға қолайрырақ жағдай бар екендігіне көз жеткізген. Қазақ даласындағы орыс саудагерлерінің сауда да малға айырбас жасайды, сатады сөйтіп өздеріне көп пайда әкелетін болды. Қазақ даласындағы сауданың тиімділігі сондай, тіпті Сібір жеріне қоныстанушылар қалалар мен Ақмола мен Павлодар сияқты пунктерге өтініш білдіріп сауда орталықтарының қызметтеріне айналдырған. Солардың ішінен Ақмола қаласының сауда орталығына айналудағы ерекше маңызына тоқталмай кетпей болмайды, 1854 жылдары жылына 200 мың рублдің саудасын жасаған болса, комссияның жинаған анықтамалары бойынша он жылдан кейін, яғни 1864 жылы. 12.500,000 рублдің саудасы жасалған қаладағы және қыстақтағы елді мекендердегі Сібір даласындағы жәрмеңкелердің сауда айналымы жылдан жылға өсіп отырған Петропавловскіден жүз шақырым жердегі Тайынша – көл маңына жақын жерде үкіметтің қазақ даласының ішкі жағында жәрмеңкелер рұқсат бергенге шейін болған, жәрмеңке орасан зор мөлшерде болды. Бұл жәрмеңкедегі басты, сауда мал саудасы болды. Мұнда 700,000 қой , 60 000-ға дейін жылқы және ірі қара малдар айдап әкеліп саудаға салынып тұрған. Басқарманың жарлығы мен бірінші рет ашылған 1867 ж. көктемдегі Ойыл өзенінің бойындағы Орынбор даласындағы. (қазіргі Ақтөбе облысының жеріндегі) жәрмеңкеге 250,000 рублдің тауары апарылған оның 100,000 рублден астамы айырбасталып, сатылған жәрмеңкеден 20,000 бас мал түрлері сатып алынған. Қазақ-орыс арасындағы осындай сауданың алғашқы тәжірибелерінің сәттілігі орыс әкімшілігінің қазақ даласындағы экономикалық байлығының берік болатынына көздерін жеткізіп, Сібірдің ішкі жағында да уездік мекемелерді орналастыруда жақсы орындарды дұрыс таңдап сәтті орналасқан жағдайда Сібір даласындада сауда қалалар көбейіп ондағы сауда орталықтарындағы Орынбор даласындағыдай өсіп өркендеп, табыс көзіне айналатынына сенім арттырды. Патша үкіметі қазақ даласына қоеыстанушыларға сауда жасауға қолайлы аймақтарды таңдап, ол жерлерде жер кәсіпшілігімен де айналысуға мүмкіндігі бар жерлерден жер үлесін бөліп беруді ұйғарды [6]. Қазақ даласындағы жерлерде орыстарды қоныстандыру мақсатын да көп жер аймағын қамтуды жүзеге асыру үшін, қоныстанушыларға шаруашылық үшін орман ағаштарын тегін беру керектігі үкімет комиссия мүшелері ұйғарды.Сонымен қатар Сібір даласындағы қалаларда да қазақ даласына қоныстанушыларға басқада жеңілдіктерді пайдалануға мүмкін беруі қарастырылды. Орынбор губерниясының құрылуы жөніндегі ережеге сай қазақ даласындағы әскери казактардың бос жатқан жерлеріне қоныстандыруға рұқсат жасалған болатын . 1863ж. наурыздағы патша үкіметінің облыстық басқармасы жалпы кеңесінің қаулысымен әскери казактардың бос жатқан жерлерін ішкі округтің қазақтарына жалға беру туралы шешім шығарып қаулы қабылдаған. Қазақ даласына казактар мен басы байлық құқықтан босаған орыс шаруаларын қоныстандыруға көздеген мұраттарының көп жайды аңғартатын саясатының түпкі нәтижесі мәні жөнінде үкімет комиссиясы пікірі былай: «... Водворение русского населения в степи таким естественным путем не потребует жертв от правительства не возбудить неудовольстия киргизов и будет гораздо полезнее и действительнее земледельческих поселении, которая неминуемо стеснили бы киргизов». Патша үкіметінің отарлық саясаттарының ең бір мықты берік айласы қазақ даласына казактар мен крепостнойлық құқықтан босатылған жері жоқ, орыс шаруаларын қазақ даласына орналастыру арқылы Ресей патша өкіметі үшін екі мәселенің шешімін тапты.Бір деректе “В 1867 году образовано Туркестанское генерал-губернаторство. Мы таких образом врезались далеко в глубь средней Азии, стали в непосредственное соседство с Бухарой. Для русской торговли открылись новые пути и установились новые благоприятные условия”. Қазақ даласындағы империя саясатының қорытындысына тоқталсақ: Біріншіден, басы байлылық құқықтан босаған орыс шаруаларын қазақ даласына қоныстандырды. Екіншіден, ресейдің өз жерінде қалып қоныс таба алмайтын үлесті жеріде жоқ, шаруалар “жаңа жерді” игеруге өте ынталы әрі мүдделі болды. Оның үстіне біз жоғарыда көрсеткеніміздей үкімет тарапынан жеңілдіктерде қарастырылған еді. Үшіншіден, қазақ даласына отарлау мәселесінде қазақ ұлтының тұтастығын бұзды енді қазақ даласы казак, орыс т.б. ұлттан тұратын көп ұлтты империя иелігіне айналды. Төртіншіден, қазақ жері империя меншігіне айналды. Империя қоныстандыру саясатын жүзеге асыру арқылы қазақ жерінің құқықтық меншігіне еншілес болып, қол сұғып қана қоймай, көздеген қоныстандыру саясаты қазақ даласындағы империяның мақсаттарын жүзеге асыратын мықты байланыс болатын жағдайдың алғы шарттары жүзеге асатын негізі қазақ жеріне иелік ету құқына ие болу арқылы империялық мұраттарына қол жеткізудің негізін қалаған болатын. Бесіншіден, патша үкіметі актілерінің заңдылығына “негіздеме ” іздегенде басты дәлелі орыс үкіметінің өзінің қол астындағыларға қатысты кезкелген шешімді қабылдау құқығын алды. Алтыншыдан, қазақ қоғамындағы тархандар институтын жойды. Мұнда да жер мәселесі саясатына қатысты құқықтық пәрмені бар тархандарға берілген жеңілдіктер қарастырылған құқықтан айыру болатын. 1869 жылы сенат жарлығымен тархандар институтын жойды. Осылайша қазақ даласындағы тархандар институты өздерінің қызметін тоқтатты. Жетіншіден, қазақ – орыс арасындағы сауда алғашында айырбас ретінде басталып, кейін біртіндеп тауар ақша қатынастарына ауысты. Қазақ даласын арзан шикізат көзіне айналдыруда патша үкіметі көпестер мен саудагерлердің күшін пайдаланды. Бұл мақсаттың түпкі саясаты қазақ даласына экономикалық үстемдік қалыптастыру еді. Бекіту сұрақтары: 1).18ғ.20-30ж.ж.шаруашылық дағдарыстың болуына не себеп болды? 2). 18 ғ. 50-60 ж.ж. жер дағдарысы неге әкеп соқтырды? 3).17ғ. 60-70 ж.ж. қазақ шаруашылығының кеңейтілген өндіріс жолына түсуі. №11 лекция ғ. 19 ғ. 2-жарт: - 20 ғ. басы Қазақстанның шаруашылығындағы өзгерістер. Негізгі ұғымдар:1860-1890 ж.ж. реформалары, самодержавиенің переселендік саясаты, көшушілерге жеңілдіктер, жатақтың, өндірісттік жұмысшылар, столыпиндік реформалар. Жоспар: 1.Самодержавиенің аграрлық саясаты. Жер өңдеулік отарлауы 2.Капиталистік қатынастардың тууы: - өндіріс, - банк – ақша қатынастары,- сауда 3.Столыпиндік реформалардың салдары. Мақсаты: Ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның дәстүрлі шаруашылығы мен экономикалық дамуының өзгеріске ұшырауының алғышарттары мен саяси себептерін ашып көрсету. Бекіту сұрақтары: 1.Самодержавиенің аграрлық саясатытың мәнін айтыңыз? Жер өңдеулік отарлауы қалай жүрді? 2.Капиталистік қатынастардың тууы неге байланысты болды? - Қандай өдірістер пайда болды? - банк – ақша қатынастары қалай жүрді? 2.Столыпиндік реформалардың салдары неге әкеп соқтырды? №12 лекция ХХ ғ. 20-40 ж.ж. экономикалық жаңартулар. Негізгі ұғымдар: Әскер коммунизм саясаты ”, ЖЭС, индустриализация. Жоспар: 1.Кеңестік “ Әскер коммунизм саясаты ” 2.ЖЭС-экономикалық бағыты либерализациялау Қорытындылар, Қазақстандағы индустриализацияның 3.20-шы жылдардағы республика ауыл шаруашылығындағы жағдай 4.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жане оның зардаптары. 1932-1933 жылдардағы аштық. Мақсаты: Кеңестік “ Әскер коммунизм саясаты ”мен ЖЭС-экономикалық бағыты либерализациялау, индустриализация саясатының қорытындыларын деректер негізінде ашып көрсету. Лекция 1.20-шы жылдардағы республика ауыл шаруашылығындағы жағдай.1921-1922 жылдарда патша өкіметінің жер мәселесіндегі отарлау саясатының зардапты мұраларын жойған Қазакстан Түркістандағы аграрлық реформалардың жергілікті ұлт еңбекшілері, сондай-ақ қоныс аударған еңбекші шаруалар үшін елеулі маңызы болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі ауылдардағы кедейлердің салықтан босатылып, жеңілдіктер алуына жол ашты. Сонымен бірге оларда ұжымдандыру алғашқы қарапайым түрлері: сауда-саттық жасау, жабдықтау, несиені пайдалану, кейде мәдени ағарту жұмысстарының басын біріктіретін қарапайым кооперативтендіруді дамытуға жол салды. Мемлекеттік кооперативтік сауда жүйесін құрумен бірге даласында сауда құрылысының жаңа мазмұнымен байытылған ескі түрлері: жәрмеңкелер, сауда керуендері болды. Міне, осының нәтижесінде 1923 жылы баяуырақ болса да, ауыл шаруашылығы өндіргіш күштерінің өрлеуі басталды. Ауыл шаруашылығын машиналар және құралдармен, тұқымдық астықпен жабдықтау жақсарды. Мал саны да өсті. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіруде кооперацияның рөлі артты. 1924 жылы сәуірде РКФСР үкіметі Қазақ АКСР- інің көшпелі және отырықшылыққа көшкен халықтарын жерге орналастыру туралы жарлық шығарды. Жерге орналастыруға байланысты барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды. Отырықшыланған шаруашылықтарға салық жөнінен жеңілдіктер берілді. Ауыл кедейлері мен шаруаларына қаржылай көмек беру ұйымдастырылып, оның көлемі 1,5 млн. сомға өсті. Осы жылдың қазан айында ұжымдастырылған шаруашылықтардың жалпы саны 794-ке жетіп, оның 96-сы Коммуна, 456-сы ауылшаруашылық артелі, 242-і жай серіктестіктер болды. Ал 20- жылдар аяғында Қазақстанда 1250 мындай жеке шаруа қожалықтары колхоздарға ұйымдасты. Мемлекет техника және қаражат беріп, еңбекші шаруаларға жеңілдіктер жасап, колхоздарға көмек көрсетуге пейіл қылды. Бірақ көп жерлерде бұл шаралар тиісті нәтиже берген жоқ. Бұл кезде республикада совхоздар мен МТС-тар құрыла бастады. Бұлар шаруалардың ұжымдандыру мәселесін шешуге көмектесуге тиіс еді. Аграрлық саясатты іске асыру барысында ірі байлардың, "жартылай феодалдардың" ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберу бағыты алынды. 1927 ж. желтоқсанында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды. Оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмақов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов т. б. кірді. 1928 ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауыл-ауылға тікелей мыңнан астам өкіл жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді. Қаулыға сәйкес Қазақстан бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы бар ірі қараға шаққанда 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі аудандарда 300 және отрықшы аудандарда 150 шарушылықты төркіге салу белгіленді. Бұл науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды. Науқанның қорытындысы бойынша іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, олардың 619- ы тұрған округінен тыс жерлерге айдалды. Тәркіленгендерден ірі қараға шаққанда 145 мындай мал және ауыл шаруашылық саймандары тартып алынды. Қазақ байларын тәркілеу барысында заңға қайшы көптеген бұрмалаушылықтар орын алды. Кейбір жерлерде 300-400 қаралы қойы бар, орта қолды дәулетті шаруалар шаруашылықтары орынсыз тәркіге ұшырады. Ал қайсыбір жерлерде туысқан жанұяларының малдары қосылып жазылып, оларда төркіге жатты. 20-шы жылдардың аяғында көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыруға бағытталған Шаралар іске асырылды. Мұның өзі бастапқыда кейбір жеңілдіктер беру (құрал-сайман, күш-көлік, қарыз қаржы беру, екі жылға астық, ет тапсырудан құтқару) арқылы бірте-бірте жүргізілетін болып белгіленгенмен, шынтуайтқа келгенде, күштеп отырықшыландыру әдісі белең алды. Көптеген жерлерде көшпелі шаруашылықтар бір жерге иіріліп, киіз үйлерден көшесі бар қалашықтар құрылды. 10-15 күннен кейін ондағы адамдар жан-жаққа ешкімді тындамай қашуға, көшуге мәжбүр болды. 1930-31 жылдарда осындай зорлап отырықшыландыру зобалаңына ұшыраған мал шаруашылығымен айналысатын 25 ауданнан 35 мыңнан астам шаруашылықтар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Маңғыстау ауданы (Батыс Қазақстан) халқының 50 пайызы Қарақалпаққа, Түркіменияға, Ресейге көшіп кетіп оралмады. Ондағы малдың саны 65 пайызға азайды. Тек Батыс Қазақстан облысы бойынша - 82,2, республика бойынша - 51,8 пайызға қысқарды. Жалпы Қазақстан бойынша 1931 жылдың тамыз айына дейін 281 мыңнан астам шаруа қожалықтары республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Ал бұл көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында өздерінің малдарының санын көбейтіп, қалаларға ет, жүн, т.б. шығарып сатып, жағдайларын біраз түзеп алған болатын. Сонымен 20-жылдардың аяғына қарай қазақ даласындағы ірі өзгерістерге: халық шаруашылығын қалпына келтіруге, өнеркәсіп орындарын салып, кәсіпорындардың, жолдың кең жүйесін дамытуға себепші болған жаңа экономикалық саясаттың әрекетін тежеп, әміршіл-әкімшіл басқару әдісіне көшуге біржола бетбұрыс жасалды. НЭП жылдарында Орташаланып калған ауқатты шаруалар, қаладағы жағдайын біраз түзеп алған қолөнершілер мен қызметкерлер енді жат таптың өкілі есебінде қудалауға алына бастады. Саясаттағы солақайлық етек ала берді. Халықты ызғарымен ықтырып, тұманымен тұншықтырып, отына күйдіріп Сталин бастаған әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің қызыл шоқтай тарғылданған күні туып келе жатты. 2.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жане оның зардаптары. 1932-1933 жылдардағы аштық. 20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді. Алайда, 20-шы жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат негізінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгерді. Басты міндет - ең зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар салынды. Индустрияландыру қам-қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу көзделді. Атап айтқанда, бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін жасау, яғни шаруаларды ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды. Сөйтіп, 20-шы жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да колхоздастыру науқаны басталды. Бұл шараның іске асырылуына шаруалардың тілегі мен ықыласы себеп болған жоқ, ол жоғарыдан берілген әмір, нұсқаулар негізінде жүргізілді. Қазақстанда колхоздастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. Шаруаларды күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада колхоздар саны қауырт өсіп 1927 жылы 1072 болса, 1928 жылы - 2354, ал 1929 жылы - 4876-ға жетті. Бұлар колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін құрылған жасанды шаруашылықтар еді. Оларды құру барысында небір сұмдык зорлыққа, күштеуге жол берілді. Ол тұста қабылданған бірнеше қаулы-қарарлардың заңдылығын тексеру барысында Қазақстан Республикасы Жоғары Кенесінің Төралқа комиссиясының 1992 жылғы желтоқсанындағы қорытындылары жарияланды. Онда келтірілген деректер мен мағлұматтар колхоздастырудың қандай әдістермен жүргізілгені жөнінде толық түсінік береді. Колхоздастырудың 1929 жылдың орта шенінен басталғаны белгілі. Оның құлаш жаюы Сталиннің сол жылғы 7 қарашадағы "Правда" газетінде "Ұлы бетбұрыс" деп аталатын мақаласының шығуымен тұспа-тұс келді. Мұның алдында кулактарға шабуыл жөніндегі нұсқаулар негізінде Қазақстанда байлардың шаруашылықтарын тәркілеу аяқ-талған болатын. Енді жана экономикалық саясат негізінде жүргізілген шаруаларды кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отырған күшпен ұжымдастыру шарасына орын берді. Ал, бұл шара шаруа қауымының игілігін ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын қана көздеді. Сөйтіп, 20-30 жж. жаңа экономикалык саясатын дамыту бағыты тұйықталып тасталды. Ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық саяси өмірде тек "күштеу" шарасының рухы үстемдік етті. Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын тигізді. Селодағы саясаттың ең басты шарты - әміршіл-әкімшіл террорға сүйенген экономикалық емес жарлықтар, шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып қоймай, оның пайдалы жақтарын да құртып жіберді. «Ұлы бетбұрыс» селолық құрылымдарды қатігез қаталдықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады. Колхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның ішінде астықты күштеп дайындау шаруалардың күн көрісіне, көңіл-күйіне мейілінше кері әсер еткен, оларды кеңес өкіметін жек керуге итермелеген екінші бір үлкен шара болды. Ауылдарда мал саны өсіріліп көрсетіліп, алынатын еттің, жүннің көлемі белгілі есептен асып түсті. Салғыртты орындау үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Мұның өзі қойлардың жаппай қырылуына соқтырды. Егіспен айналыспайтын шаруашылықтардан астық талап етілді. Салғыртты орындамаған қожалықтар сотқа тартылды. 1928-1929 жылдары осындай айыпқа ұшыраған 34 мың ауыл-село адамдары сотталды. Мұның өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де істелінді. Колхоздастыру осындай ауыр жағдайда басталды да, оны басқару әкімшілік, зорлық, күштеу әдістерімен жүргізілді. Егер 1928 жылы Қазақстанда колхозға барлық шаруашылықтардың екі пайызы ғана кірсе, 1931 жылдың күзінде шаруаларды 70-тен 100 пайызға дейін колхоздастырған аудандардың саны 78-ге жетті. Бұл тұста өлкеде 122 аудан болатын. Шаруаларды ұжымдастыру кезінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретінде жою шаралары іске асырылды. Жергілікті орындарға жеткізілген нұскау бойынша жойы-луға тиісті бай-кулак шаңырактары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3- 5 пайызынан аспауы керек деп ескертілді. Бірақ, осыған қарамастан әміршіл- әкімшіл жүйенің асыра сілтеу әрекетімен тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке жеткізілді. Нәтижесінде тек 1930-1931 жж. республикадан тыс жерге бай-кулак деп "жер аударылып" жіберілген шаруалар саны 6765 адамға жетті. Ондаған мың шаруалар тұрған округтерінен республика ішінде басқа жерлерге көшірілді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік партия комитеті жергілікті белсенділермен бірге кәсіпорындардан сегіз мың жұмысшыны тартты. Мұның үстіне республикаға Мәскеуден, Иваново- Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан партияның шақыруымен 1204 «жиырма бесмыңыншы» келді. Бірақ бұлардың өздері қазақ жерінде отырықшыланудың мәні мен механизмін жете түсінбеді. Көптеген әкімшілер үшін бұл шартараптан жүздеген шаруашылықты бір жерге жинау болды. Мұндай топтаудың салдарынан шаруалар мал өрісінен, су мен шөп іздеп, жайылым ауыстырып отыру мүмкіндігінен айырылды. Әміршіл-әкімшіл жүйенің нұсқауымен Қазақстанның барлық аймақтарында ұжымдастыру егіншілік шаруашылықтарында да қандай қарқынмен жүргізілсе, мал өсіретін шаруашылыктарда да ол сондай қарқынмен жүргізілсін деп талап етілді. Ойластырылмай алынған шешімнің зиянды қайтарымы өзін көп күттірген жоқ. Колдағы малды қоғамдастыру нәтижесінде колхоз фермалары құрылды. Кейбір жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып, олар өте көп шарушылықты біріктірді. Соның нәтижесінде фермаларға жиналған қисапсыз мал күтімнің кемдігінен, шөптің, жайылымның жетпеуінен қырылды. Колхозға кірмеген жеке шаруашылықтарда мал ұстауға ықылас болған жоқ. Сөйтіп, 1928-32 жылдар аралығында республикада ірі қара 6 млн. 509 мыңнан 965 мыңға, қой 18 млн. 566 мыңнан 1 млн. 386 мыңға, жылқы 3 млн. 516 мыңнан 316 мыңға, түйе 1 млн. 42 мыңнан 63 мыңға азайып кетті. Қазақстанның осы жылдары одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 пайыздан 3 пайызға кеміді. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылануы күшейді. Мұның өзі шаруалар бұқарасының наразылығын туғызбай қойған жоқ. 1929-1931 жылдарда шаруалардың 372 көтерілісі болып, оған 80 мындай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Биен-Ақсу, Шыңғыстау, Бөрібаев, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т.б. жерлердегі шаруалар көтерілісі аяусыз басылып, оған қатысқандардан 5551 адам сотталды, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды. Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отрықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келді. Осындай елді арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екі жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, қазақ елі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады: 2 млн. 200 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айырылды. Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан кеміді. Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал- айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды. Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында Ф. И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген кателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айырықша назар аударылды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ, мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан бүліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақ этносының бұрынғы санын калпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялык өсудін арқасында, яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты. Бекіту сұрақтары: 1“ Әскер коммунизм саясаты ”– бұл қанадай саясат? 2.ЖЭС-экономикалық бағыты либерализациялау Қорытындылар, Қазақстандағы индустриализацияның маңызы неде?. 3.Ауылдарда әлеуметтік – экономикалық жаңартулар қалай жүрді? 4.Қазақстан экономикасының лагерлік секторы дегенді қалай түсіндіресің? №14 лекция Тәуелсіздіктің жариялануы және 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер. Негізгі ұғымдар:КСРОның ыдрауы, референдум,сайлау, Жоспар: 1) КСРОның ыдрауы. 2) 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер. 3) 90-жылдардағы ауыл шаруашылығындағы саяси-экономикалық өзгерістер. 4) 1993 – 1995 жылдардағы халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы. Мақсаты: КСРОның ыдрауынан кейінгі кеңестік саясаттанған экономиканың дағдарысымен 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістердің ел экономикасын қиын жағдайға ұрындыруының саяси және экономикалық заңдылықтарынан туындайтын себеперін ашу. Лекция. Бекіту сұрақтары: 1) КСРОның ыдрауының себебі? 2) 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер туралы неайтасыз? 3) 90-жылдардағы ауыл шаруашылығындағы саяси-экономикалық жағдай қандай болды? №15 лекция Қазақстан жеріндегі экономиқалық реформалар және оның алғашқы нәтижелері. Негізгі ұғымдар:Жекешелендіру, Ұлттық валюта, қаржылық жүйе. Жоспар: 1) Жекешелендіру және оның нәтижелері. 2) Ұлттық валютаның айналымға енуі және еліміздің қаржылық жүйесі. 3) Өнеркәсіптің дамуының алғашқы нәтижелері. 4) Тұрғын үй құрылысы. Мақсаты: Қазақстан жеріндегі экономиқалық реформалар және оның алғашқы нәтижелері туралы білімдерін дамыту. Лекция. Бекіту сұрақтары: 1) Жекешелендіру неше кезеңнен тұрды? 2) Ұлттық валюта айналымғақашан енді? 3) Тұрғын үй құрылысы қандай жүйе ьойынша қаржыландырылды? «Қазақстанның экономикалық тарихы» пәнінен тест сұрақтары 1. Экономикалық тарих пәні нені зерттейді? 1. елдің әлеуметтік және мәдени өмірін 2. көрші елдермен дипломатиялық байланысын 3. елдің экономикалық дамуын, шаруашылық байланысын 4. экономикалық географияны 5. этностық қатынастарды 2. Адамның эволюциялық дамуына әсер еткен тұрақты жағдайдың бірін атаңыз. 1. сауданың дамуына байланысты тауарлардың көп болуы 2. адамдардың бір-біріне туысқандық көзқарасының мол болуы 3. шикізаттың, тұщы судың жеткілікті болуы 4. шетелдік көмек 5. қару-жарақ, еңбек құралдарының молдығы 3. Алғашқы қауымдық құрылыста еңбектің қандай түрі өріс алды? 1. жеке меншікке негізделген еңбек 2. ұжымдық еңбек 3. еңбектің мамандандырылған түрлері 4. еңбекті қанауға негізделген еңбек 5. тек шикізаттіқ бағытта 4. Алғашқы адамдарды Ф.Энгельс өзінің «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінде қалай деп суреттеді? 1. мәдениеті біршама жетілген 2. әлі де «жартылай аң», табиғат алдында әлсіз 3. шаруашылықты тез құрастыра білгендігін 4. олардың саны өте көп 5. физиологиялық жағынан өте жетілген 5. Адамзат қоғамы даму барысындағы бір кезең неге матриархат деп аталынды? 1. әйелдердің көп болуынан 2. қауымда әйелдердің жетекші роль атқаруынан 3. барлық жұмысты тек әйелдер істеді 4. олар өте ақылды 5. сұлулығына байланысты 6. Қарахан мемлекетінің билеушісі кім деп аталды? 1. Жабғу 2. Тамғаш хан 3. Қаған 4. Илхан 5. Идиқұт 7. Қерамикалық ыдыстарды адамдар қай кезде жасай бастады? 1. тайпалық одақ кезінде 2. қола дәуірінде 3. ертедегі феодалдық мемлекеттерде 4. таптар пайда болғанда 5. неолитте 8. Моңғол жаулап алуынан кейін пайда болған оң құбылыстардың бірі? 1. қала мәдениетінің тез өсуы 2. жаппай халық санағы басталды 3. халықаралық қатынастардың, сауданың дами бастауы 4. шетелдік мәдениет тез тарады 5. оқу-білім тез қарқынмен өсті 9. Академик В. Бартольд моңғол шапқыншылығы туралы не айтты? 1. стратегиялық жоспарымен қимылдайтын ұйымдасқан әскери бірлестіктер 2. қалай болса, солай ұрысатын жабайы адамдар тобыры 3. орыс мәдениетіне үлкен зиян келтірді 4. бүкіл адамзатқа зиян тигізді 5. ешқандай да қасірет әкелген жоқ 10. IХ-ХIII ғ.ғ. қалаларды арабтардың жаулап алуын неден байқаймыз? 1. қалаларда арабтардың көп болуы 2. араб тауарларының көптігі 3. діни кітаптар көбейді 4. мешіттер салынды 5. мәдениет орындары ашылды 11. IХ-ХIII ғ.ғ. натуралдік айырбасты қандай қатынастар ығыстыра бастады? 1. жеке сауда 2. көтерме сауда 3. шетелдік сауда 4. өнеркәсіптік сауда 5. тауар-ақша айналымы 12. Шад-түтік дегеніміз не? 1. су жүйелерін реттеуші адам 2. әскери бөлімнің басқарушысы 3. қимақ тайпаларының басшысы 4. керуен басы 5. цирк ойыншысы 13 Қазақстан тарихының аса бір қиын кезінде, Жоңғар шапқыншылығы уақытында «қайың сауған» деген сөз пайда болды. Оны қалай түсінесіз? 1. ағаштан түрлі жихаздар жасау 2. аралас орман аудандарындағы жайылымдарды пайдалану 3. ағаштан жасалған үлкен ғимараттар 4. ашаршылықта қайыңның сөлін ішу 5. қайық жасау 14. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде қазақ даласындағы негізгі өмірді қалай суреттейді? 1. шалқыған байлық, керемет өмір 2. зәулім сарайлар, ғимараттар 3. өте қымбат бағалы, әшекейлі киім киюге құмарлық 4. еріншектік басқан жалқаулар елі 5. негізгі байлығын жылқы деп есептейді 15. Пақыр (факир) дегеніміз кімдер? 1. қоғамның ең кедей адамдары, зекет салығынан босатылғандар 2. діни ұйымның мүшелерә 3. егіншілер қауымы 4. керуен сарайындағы қызметшілер 5. хан ордасындағы жұмысшылар 16. Кяриздік суландырудың егіншілікте алатын орны қандай? 1. егіншілікте негізгі орын алды 2. үлесі өте аз болды 3. өте сирек қолданылды 4. тіптен қолданылмады 5. деректер жеткіліксіз 17. Қазақтың қай ханы өзін «қазақ пен қалмақтың» ханымын деп жариялады? 1. Тәуекел 2. Тәуке 3. Абылай 4. Есім 5. Жәңгір 18. Төлеңгіттер негізінен қандай қызмет атқарды? 1. елшілік қызметке жұмсалды 2. тек қолөнермен айналысты 3. алыс елдермен сауда жасады 4. кіре тасыды 5. сұлтандардың қызметін атқарды 19. ХVI-ХVIII ғ.ғ. Қазақстандағы жерге феодалдық меншіктің ерекшелігі неде? 1. жердің мемлекет қарамағында болуы 2. қауымдық-рулық меншік нысанында болуы 3. жерге белгілі бір иелік болмады 4. тайпалық меншік 5. тайпалық одақтар 20. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктелістің ең жоғарғы сатысында кімдер тұрды? 1. билер мен байлар 2. дін нелері 3. негізгі халық 4. шетел адамдары 5. сұлтандар 21. Қазақ хандығының құрылуын тек Керей мен Жәнібектің көшіп келуіне ғана байланысты кездейсоқ тарихи оқиға деуге бола ма? 1. міндетті түрде солай 2. жоқ, олай емес 3. бұл әлі толық зерттелмеген 4. тарихта жеке тұлғаның ролі өте зор 5. бұл талас тудыратын мәселе емес 22. Егіншіліктің дамуына қандай жағдайлар әсер етеді? 1. егіннің жақсы шығуы 2. егіс көлемінің мол болуы 3. оның өнімдеріне сұраныстың көп болуы 4. егіншілік ауданындағы халықтың тығыз орналасуы 5. халықаралық сауданың дамуы 23. Көш деген өлшемді түсіндіріңіз. 1. малмен бірге көшу 2. бір маусымда бір жұп өгіздің жырта алатын жері 3. керуен көшінің сипаттамасы 4. қоныс аудару, миграция 5. көшпелі елдерге тән түсінік 24. Қазақ хандығында алғашқы халық есебі қашан жүргізілді? 1. ХV ғ. 2. ХVI ғ. басы 3. ХVI ғ. ортасы 4. ХVI ғ. соңы 5. ХVII ғ. 25 Ресейдің Қазақстанға қосылғанға дейінгі қазақ даласына қызығушылығын қандай жағдайдан аңғаруға болады? екі арадағы дипломатиялық қатынастардың жоғары деңгейде болуынан 1. қазақ даласына фабрика-зауыттардың көптеп салынуынан 2. қазақ даласында зерттеу жұмыстарының басталуынан 3. ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлінді 4. мәдениет ошақтары көбейді 26. Қазақ хандығында бір орталықтан басқаратын күшті басқару әкімшілік аппараты болды ма? 1. болған жоқ 2. болды 3. ондай билікке жол берірмеді 4. билік өте жоғары болды 5. деректер жеткіліксіз 27. Қазақ хандығының құқықтық шаралары қандай заң жинағында белгіленді? 1. Ясы 2. Жеті жарғы 3. Шариғат заңдары бойынша 4. Авеста 5. Құран 28. ХV ғ. Қалалар неге қайтадан құлдырай бастады? 1. ұлы Жібек жолы нашар істеді 2. қала әкімшілігінің нашар басқаруы 3. халықаралық қатынастың әлсіреуі 4. салықтың өте жоғары болуы 5. қолөнердің, өнеркәсіптің нашар істеуі 29. Малшылардан жиналатын салық? 1. инджу 2. ұшыр 3. харадж 4. зекет 5. соғым 30. Қазақ хандығы мен шайбанидтер арасындағы ұзаққа созылған күрестің негізгі себебі – Сырдария маңы қалаларының қандай маңызы болды? 1. ең негізгі сауда орталығы еді 2. стратегиялық әскери бекіністер болды 3. өнеркәсібі жақсы дамыды 4. ірі мәдениет орталығы 5. ауа райы өте қолайлы 31. Еуразия кеңістігінде көшпелі өмір салтының дамуы неден? 1. ертеден осындай өмір салты қалыптасты 2. табиғи-климаттық жағдай 3. демографиялық жетімсіздіктен 4. қатынастардың нашарлығы 5. өмір сүруге қолайлы әрі жеңіл болғандықтан 32. Отбасылық қауым қалай құрылды? 1. жақын, қандас туыстардан 2. әр түрлі рулардан, тайпалардан 3. шаруашылық түрлеріне қарай 4. еңбекке жарамды адамдардан 5. қолдағы құлдарды қоса есептегендегі бір отбасы 33. Ғұндардың екінші жаппай қоныс аударуы қашан басталды? 1. Б.э.д. 49 ж. 2. Б.э. 26 ж. 3. Б.э. 49 ж. 4. Б.э. 93 ж. 5. Б.э. 114 ж. 34. Адамның аң аулаудан алғашқы мал шаруашылығына көшуіне қандай жағдай әсер етті? 1. темірді игеру 2. малдың көбеюі 3. алғашқы еңбек бөлінісі 4. еңбек құралдарының жетілуі 5. ақыл-ой, сананың өсуі 35. Академик Н.И. Конрад б.э.д. бірінші мыңжылдықтың ортасында Орталық Азияда тарихи белсенділіктің жаңа көзі пайда болды дейді. Оның негізгі қозғаушылары кімдер? 1. қолөнершілер 2. егіншілер 3. сауда иелері 4. көшпелілер 5. әскерилер 36. Көшпелі мал шаруашылығына өтудің қандай маңызы болды? 1. алысқа көшуге мүмкіндік туды 2. аса үлкен қой отарлары пайда болды 3. жылқы саны көбейді 4. басқа мемлекетке кетуге жағдай туды 5. өндіргіш күштер дамыды 37. Көшпелі шаруашылықтың дамуы қандай жағдайларға байланысты? 1. малдың тұқымына 2. малшының еңбекқорлығына, төзімділігіне 3. көрші тайпалармен ынтымақтастығы 4. табиғатқа 5. жыртқыш аң-құстарға 38. Қарақытай мемлекетінің әміршісі кім деп аталды? 1. Қаған 2. Шаньюй 3. Гурхан 4. Идиқұт 5. Гуньмо 39. Үш феодалдық мемлекеттің – Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттерінің, орталығы болған аса ірі саяси және сауда қаласы? 1. Баласағұн 2. Суяб 3. Охум 4. Атлах 5. Отырар 40. Ұлы Жібек жолының қызметі қашан басталды? 1. Б.э.д. II ғ. 2. Б.э. I ғ. 3. Б.э. III ғ. 4. Б.э. IV ғ. 5. Б.э. V ғ. 41. Қазақ қоғамы дамуында құлдық дәуір болған жоқ, ал құлдар ше? 1. болды 2. болған жоқ 3. ол формацияны аттап өттік 4. құлдарды пайдалану тек құлдық мемлекеттерге ғана тән 5. бұл анықталмаған мәселе 42. Мына көрсетілген тайпалық одақтардың қайсысы суармалық және тәлімілік егіншілікпен айналысты? 1. сақтар 2. ғұндар 3. қаңлылыр 4. үйсіндер 5. массагеттер 43. Ертедегі феодалдық мемлекеттердің бірінен соң бірі келіп, тез-тез ауысып отыру себебі не? 1. әміршілердің ауысуына байланысты 2. халықаралық жағдайдың шиеленісуінен 3. мықты ішкі байланыстың жоқтығы 4. діннің әр түрлілігі 5. әр түрлі этностардың болуы 44. Моңғол феодалдарының жаулап алған елдердегі негізгі саяси бағыты? 1. құлдық қоғам орнату 2. өндіргіш күштерді басқа елдер есебінен дамыту 3. өнеркәсіптік жолға түсу 4. көшпелі тұрмыс пен қырдағы патриархалдық дәстүрді жалғастыру 5. берік, тұрақты халықаралық қатынастар орнату 45. Издольщина дегеніміз не? 1. географиялық аудан 2. зооморфтық ою-өрнек 3. этнотайпалық құрылым 4. сауда термині 5. феодалдық қанау 46. Қаланың цитадель, шахристан, рабад болып бөлінуі нені аңғартады? 1. мәдени орталықтардың көптігін 2. әлеуметтік жіктелісті 3. қала халқының тығыздығын 4. шетелдік саудагерлердің көптігін 5. қала ғимараттарының сәулетін 47. Моңғол шапқыншылығынан кейінгі қазақ даласы туралы жазған шетел елшісі? 1. Рузбехан 2. Аль-Макдиси 3. Плано Карпини 4. Менандр Протектор 5. Ибн Хаукаль 48. Қарабодун деп кімдерді айтамыз? 1. қара нәсілді халықты 2. еңбекші, қарапайым адамдар 3. керуен тартушылар 4. құлдар 5. терең шахталарда жұмыс істейтіндер 49. Дешті Қыпшақ термині нені білдіреді? 1. қыпшақ тайпаларының шаруашылығын 2. қыпшақ мәдениетін 3. қыпшақ қоғамы құрылымын 4. қыпшақ этносын 5. қыпшақ елі мемлекетін 50. Омаш немесе жер-ағаш не үшін пайдаланылады? 1. егістіктің, шабындықтың көлемін анықтау үшін 2. арықтағы, тоғандағы судың мөлшерін білу үшін 3. бұрынғы қазақ үйлеріндегі ең ортаңғы, басты құрылыс материалы 4. халық жиналатын жерге қойылатын белгі 5. жер жырту үшін 51. Конфедерация дегеніміз не? 1. мемлекеттер бірлестігі 2. сауда-саттық бірлестігі 3. қолөнершілер бірлестігі 4. әскери бірлестік 5. егіншілер одағы 52. ХV-ХVIII ғ.ғ. Қазақстанда егіншілік мәдениетінің дамыған орталықтары? 1. Орталық Қазақстан аймағы 2. Еділ, Жайық өзендері бойы 3. Зайсан, Тарбағатай өңірі 4. Оңтүстік Қазақстан даласы 5. Ресейге жақын аудандар 53. Евразия кеңістігіндегі жойлып кеткен ең соңғы көшпелі мемлекет? 1. Башқұрт ұлысы 2. Найман, Керей хандықтары 3. Жоңғар хандығы 4. Моңғол мемлекеті 5. Қазақ хандғы 54. Қай қазақ ханы Бұхар сауда керуенін тонауға тыйым салу туралы жарлық берді? 1. Тәуекел 2. Қасым 3. Тахир 4. Абдаллах 5. Тәуке 55. Қазақ хандығының құрылуының негізгі себептері: 1. халықтардың туысқандық көмегі 2. әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі 3. шектес жатқан отырықшы аудандардын әсері 4. Ұлы Жібек жолы өндірістік қатынастарды дамытты 5. хандардың көрегендігі 56. Суды жоғары шығарудың ең қарапайым құралын атаңыз? 1. шығыр 2. кяриз 3. науа 4. атпа 5. тоспа 57. Ортағасырлық Қазақстанның қай қаласында алғашқы халық санағы жүргізілді? 1. Отырар 2. Сауран 3. Сығанақ 4. Тараз 5. Қойлық 58. Ірі қара мен ешкі қандай шаруашылықта басым болды? 1. байларда 2. кедейлерде 3. егіншілерде 4. орта шаруада 5. қала адамында 59. Сойургал деген не? 1. керуен жолдарының бірқалыпты жұмыс істеуі 2. зергерлік бұйымдарды жасаудың цехтық түрі 3. үш-төрт жасар жылқы 4. үлкен қорғандар тізбегі 5. иктаның жалғасы 60. Қазақта «қайың сауған» деген сөз қай кезде пайда болды? 1. қыпшақ дәуірінде 2. Моңғол шапқыншылығы тұсында 3. Алтын Орда кезінде 4. Жоңғар шапқыншылығы кезінде 5. Қоқан езгісі уақтысында 61. Б.э.д. I мыңжылдықтың орта кезіндегі тайпалық одақтарды қоғамдық құрылысы жағынан қалай деп атады? 1. мемлекет пайда болар алдындағы саты 2. мемлекеттің толық құрылған кезі 3. алғашқы қауымдық құрылыс 4. этностардың қалыптасу кезі 5. нәсілдердің шығу уақтысы 62. Сақ қоғамындағы кейбір жеке ру отбасыларының қолында байлықтың жинақталуына не әсер етті? 1. құнарлы далалық алқаптар 2. мол су көздері 3. мол соғыс олжалары 4. кен көздерін игеру 5. малдың тез және көп өнім бере алатындығы 63. Алғашқы қалалардың бірінші басталу орталығы не? 1. керуен сарай 2. базар 3. феодалдық бекініс 4. мәдени орындар 5. әмірші резиденциясы 64. Мал шаруашылығының үш түрінің қайсысы бірінші пайда болды? 1. толық көшпелі 2. жартылай көшпелі 3. отырықшы 4. толық және жартылай көшпелі 5. барлық түрі бір мезгілде 65. ХI- ХII ғ.ғ. Тараз. Яссы және басқа қалаларда кең таралған ақша-монета? 1. динар 2. дирхем 3. фельс 4. теңге 5. пұл 66. Қалан дегеніміз не ? 1. терісі бағалы су жануары 2. сұлтандар үшін жиналатын салық 3. әскери міндет 4. аңшылық сәтті бейнелеген жартас суреті 5. діни сенім 67. Отағасырлық Қазақстандағы ең ірі ақша шығару орталығын атаңыз 1. Отырар 2. Тараз 3. Яссы 4. Сығанақ 5. Құлан 68. Қазақ хандығының Ресейге алғашқы елшілігін кім басқарды? 1. Ораз Мұхаммед 2. Қадырғали Жалаири 3. Қолтыбай Аталықов 4. Келдей мырза 5. Құл Мұхаммед 69. Мүлік дегеніміз не? 1. жерге жеке меншік 2. бөлініп шыққан жас отбасына бөлінген енші 3. қыздың жасауы 4. жиналған егінді бөлу шарты 5. сайлау ережесі 70. Егіншіліктен жиналатын салықты не деп атайды? 1. зекет 2. ұшыр 3. харадж 4. мердігер 5. жамалға 71. Қасым хан тұсында әскер саны қанша болды? 1. 58 мың 2. 110 мың 3. 200 мың 4. 235 мың 5. 250 мың 72. Жалшы дегеніміз кімдер? 1. әскердің қосымша жұмысының шаруашылық тобы 2. егін етуге жалға жер алған адамдар 3. қаладағы майда саудагерлер 4. зергерлер 5. кедей батрактар 73. Жоңғар феодалдары Қазақстанға қашан алғаш басып кірді? 1. ХVI ғ. соңы 2. ХVII ғ. бірінші ширегі 3. ХVII ғ. 40-жылдары 4. ХVII ғ. соңы 5. ХVIII ғ. басы 74. Жоңғар хандығы әміршісінің лауазымы? 1. Инальчик 2. Тамғаш хан 3. Тебен Барсхан 4. Жабғу 5. Қоңтайшы 75. Қазақ егіншілері арық-тоған суларын қалай өлшеді? 1. амфора 2. аршын 3. кум 4. құлақ 5. шелек 76. Мал шаруашылығының толық сипаттамасын ашып көрсеткен қай автор? 1. Руденко 2. Зиманов 3. Георгий 4. Рычков 5. Паллас 77. «Таста жан жоқ, сұлтанда мейірім жоқ» деген қазақ мәтелін қалай түсінесіз? 1. тасты қажетіңе қарай еркін пайдалануға болады 2. сұлтандардың бай болуы 3. байлардың аса қатыгез болуы 4. қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтар арасындағы арақатынас 5. үстем тап өкілдерінің тастан сарай салдыруға құмарлығы 78. Ортағасырлық тарихшы Рузбехан қазақ саудагерлерінің сауда қызметін қалай деп бағалады? 1. қазақтардың саудаға ешқандай да икемі жоқ 2. қарапайым алыс-беріс 3. тек бұхар, орыс көпестерінің айтуымен ғана жұмыс істей алады 4. жоғары дәрежедегі дамыған сауда 5. қазақтарды тек тауар тасуға пайдаланды 79. Ресейдің Қазақстанмен шектес аудандарында сауда жасайтын қазақ, өзбек саудагерлері үшін патша әкімшілігі қандай жағдай жасады? 1. пошлина салығын көтерді 2. оларды шеқараға жолатпау туралы жарлық берді 3.оларға ешкімнің тимеуін және керуенді қорғауды жергілікті басшылардан талап етті 4. қысымшылық жасады, кемсітті 5. сауда тепе-тең болмады 80. Тархан дегеніміз не? 1. қуан далада тары өсірушілер 2. ағаш бөшке жасаушы 3. бекітіліп берілген жерден салық төлемеу құқығы 4. орта ғасырлардағы зеңбірек 5. керуен жолдарындағы бекетші 81. Алтын Орда кезінде қаражат бөлімін және салық жинауды не деп атады? 1. даруға 2. дафтар 3. дуан 4. датқа 5. дирхем 82. А.Гумилев Русь пен Дала арасындағы қатынасты қалай деп бағалады? 1. үнемі алакөз болып, қастасумен өтті 2. татулықта болды. Қиын кездерде бір-біріне көмекке келді 3. діндері басқа болғандықтан, бастары қосылмады 4. ол кезде халық сирек болғандықтан, олардың бір-бірі туралы ешқандай хабары болмады 5. ол кездегі өндіргіш күштер деңгейі тек өздерін ғана қамтамасыз етуге жарайтын еді 83. Жұт дегеніміз не? 1. тамақ ішу, жұту 2. аңшылық тәсілі 3. қаша жүріп соғысатын көшпелілердің партизандық ұрыс тактикасы 4. малдың жаппай қырылуы 5. қоланы игеру барысында алынған алғашқы қорытпа 84. Әбілқайыр хандығы қашан пайда болды? 1. 1378 ж. 2. 1396 ж. 3. 1413 ж. 4. 1428 ж. 5. 1535 ж. 85. Қазақ хандығы кезіндегі дамуды қандай қоғам деп атауға болады? 1. рулық 2. феодалдық 3. алғашқы қауымдық құрылыс 4. алғашқы капиталистік 5. матриархаттық 86. Мыналардың қайсысы қазақ өлшеміне жатады? 1. Дактиль 2. Амматум 3. Ли 4. Фарсах 5. Қарыс 87. Қазақтың киіз қай кезде пайда болды? 1. қола дәуірінде 2. ғұн заманында 3. түркілер кезінде 4. Алтын Орда тұсында 5. қазақ хандығында 88. Жатақтарды тағы басқа қандай атпен атады? 1. қара тобыр 2. бірлігі күшті қауым 3. өндірушілік дәрежесі өте жоғарылар 4. қысқа аяқ 5. мәдениет орталығы 89. Қазақ хандығы кезін «алаштың алтын заманы» деп атаған кім? 1. М. Тынышбаев 2. Мұхаммед Хайдар Дулати 3. С. Асфендияров 4. Ш. Уәлиханов 5. Қадырғали Жалаири 90. К. Маркс көшпелі халықтардың жерге меншігі туралы не айтты? 1. жерге ешқандай меншік болған жоқ 2. малға меншік жерге де жеке меншік құқығын береді 3. олар бір жерді мекендемеген соң меншік туралы айту қиын 4. қауым мүшелері жерді тең бөлісті 5. меншік тек кейбір жерлерде болды 91. Ғұндардың егіншілікпен де айналысқаны белгілі. Олар қандай дақылды көбірек екті? 1. бидай 2. тары 3. қарақұмық 4. жүгері 5. мақта 92. Патриархаттық қатынастардың нығаюына әсер еткен жағдайлар? 1. мүліктік жүктелістің өсуі 2. сыртқы сауданың дамуы 3. мемлекеттің нығаюы 4. діннің әсері 5. идеологияның күшеюі 93. Өндіруші шаруашылық дегеніміз не? 1. алғашқы металл құю пеші 2. қолөнердің шығуы 3. мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы 4. тоқымашылықтың өмірге келуі 5. сауданың дамуы 94. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезінде пайда болған әлеуметтік топ және шаруашылық негіздерінің бірі? 1. тұтас, үлкен қауым 2. отбасылық қауым 3. ру 4. тайпа 5. тайпалық одақ 95. Қалалардағы қолөнердің мамандандырылуы дегеніміз не? 1. жекелеген мамандардың өте жоғары кәсіби сапаға жетуі 2. қолөнердің бір саласындағы шоғырлану 3. заттың сыртқа көп шығарылуы 4. шығарылған бұйымдардың өте бай өрнектері болды 5. қолөнер заттары тек ірі қалаларда өндірілді 96. Моңғол әміршілерінің негізгі саяси-экономикалық саясаты қандай? 1. егіншілерден өзіне сенімді тірек болатын әлеуметтік топ жасау 2. әскерилерге, оның ішіндң нояндарға сүйену 3. отырықшы-егіншілікті дәстүрге сүйеніп, хан билігін нығайту 4. өнеркәсіптік даму жолына түсу 5. майда кәсіпкерлікті, жеке шаруашылықты барынша дамыту 97. Ірі сауда орталығы, өз монетасын шығарған, кезінде «қыпшақ даласының гаваны» деп аталған қай қала? 1. Тараз 2. Отырар 3. Сығанақ 4. Сайрам 5. Түркістан 98. Кяриз дегеніміз не? 1. тас ғимараты 2. жартастағы сурет 3. қола қанжар 4. суарудың бір түрі 5. отқа табыну 99. ХVII ғ. Ресей мен Қытай арасындағы сауда қай елдің көпестерінің қолында болды? 1. сібір көпестерінің 2. өзбек саудагерлерінің 3. қазақ алыпсатарларының 4. Қытай өндірушілерінің 5. қашғар жүк тасушыларының 100. Қазақ хандығы тұсындағы ең кедей әлеуметтік топ? 1. жатақтар 2. төлеңгіттер 3. кіре тасушылар 4.тау-кен жұмысшылары 5.байғұстар 101.көшпелі шаруашылық қандай жағдайда өзгереді? 1.мемлекет өзгергенде 2.сауда-саттық дамығанда 3.өнеркәсіп дамығанда 4.экологиялық жағдайға байланысты 5.тайпа халқы өссе 102.Түрік қағанатының құрылуына қандай жағдай әсер етті? 1.соғыс 2.өндіргіш күштердің дамуы 3.халықтардың бірлікке ұмтылуы 4.сыртқы факторлардың әсері 5.әміршінің әрекеті 103.Төрткүл дегеніміз не? 1.арасы жақын төрт көл 2.төрт жақты келісімге қол қою 3.ертедегі қаланың,керуен сарайының қалдығы 4.суармалы егіншіліктегі қолданылатын әдіс 5.қола металлургиясы 104.Издольщина деп аталатын жер пайдаланудың мәнісі неде? 1.ірі феодалдың қол астына бірігуі 2.суармалы егіншілік 3.тәлімдік егіншілік 4.жерді жалға беру 5.салық салу 105.Көшпелі халықтар басқа түліктерге қарағанда жылқыны неге жоғары бағалады? 1.сұлулығы,әсемдігі үшін 2.жарыс,көкпар үшін 3.негізгі жұмыс көлігі,өндіріс құралы 4.өте көп болғандықтан 5.жаудан тез қашып кетуге болады 106. Батыс Қазақстан территориясындағы малшылардың жайлауға ерте көшу себебі неде? 1.жайлауға ерте жетіп,малды тойндыру 2.қыстауда жайылым тозғандықтан 3.жем-шөп қорын келесі жылға қалдыру,үнемдеу 4.басқа рулардан ертерек барып,жайылымды иемдену 5.тақыр даланы ыстық түспей өтіп алу 107.Тудун дегеніміз кімдер? 1.әскердің ту ұстаушылары 2.алым-салықты жинап,оны хан сарайына жеткізуді қадағалайтын өкілетті адам 3.майда қолөнершілер 4.кен орындарындағы жалдамалы жұмысшылар 5.кіре тасушылар 108.Орда деген сөзді қалай түсінесіз? 1.мемлекет 2.көп адам жиылған жер 3.шөбі бітік жайылым 4.егіншілер қауымы 5.кішігірім қоныс басшысы 109.Алғашқы орта ғасырларда жібек маталары қандай роль атқарды? 1.кеме желкені үшін пайдаланылды 2.жібек шатырлар жасады 3.әсем киімдер жасалды 4.өте көп болғандықтан құны болмады 5.алтынмен қатар халықаралық валюта ролін атқарды 110.Шыңғыс хан Қытайға шабуылы қандай пайдалы нәтиже берді? 1.тамақ қорын молайтты 2.жібек маталарын алды 3.мәдениетке үйренді 4.қамал бұзатын техниканы үйренді 5.әскердің санын көбейтті 111.Қазақ қоғамында рулық-тәртіп дәстүрдің ұзақ сақталуы неде? 1.рулық қатынастардың өте берік қалыптасуы 2.қарапайым халықты қанау үшін 3.руаралық қатынастардың беріктігі 4.көшпелі тұрмыс жағдайында жеке шаруашылық өмір сүре алмайды 5.сыртқы жаулардан қорғану үшін 112.Әбілқайыр хандығының астанасы қай қала? 1. Сайран 2. Саудакент 3. Сығанақ 4. Суяб 5. Созақ 113. Ресей патшасы Строгановтарға берген грамотасында қазақтар туралы қандай нұсқау берілді? 1. қазақтардың жерін тартып алу 2. сауданы жақсарту 3. кен орындарын ашу, зерттеу 4. кәсіпорындар салу 5. Қытайға қарсы одақ құру 114. Қазақстанның қай аудандарында кейінгі орта ғасырларда жерге жеке меншік болды? 1. Ертіс, Есіл бойында 2. орталық аудандарда 3. фабрика-зауыттар маңында 4. балықшы ауылдарында 5. оңтүстікте 115. Ресей мен Шығыс елдері арасында Қазақстан қандай роль атқарды? 1. ол елдерді дипломатиялық жағынан жақындастырды 2. ірі сауда жолына айналды 3. тек мәдени қатынастар болды 4. діндерді жалғастырушы дәліз 5. айтарлықтай роль атқармады 116. Мына аталған өндіргіш күштер жұптарының қайсысы меншіктің дуалистік жүйесіне жатады? 1. жер мен мал 2. су мен егіншілік 3. қолөнер мен сауда 4. кен орны мен қолөнер 5. қала мен мауда 117. Сыбаға дегеніміз не? 1. барымтадан түскен малды бөлу үлесі 2. феодалдық кіріптарлық 3. сыйлыққа берілген мал 4. тойда сыбаға тарту 5. керуен жолдарындағы кішігірім асханалар 118. Тәуке ханның заңдарының қандай маңызы бар? 1. жалпыхалықтық бірлікті күшейтті 2. қазақ хандығын бүкіл Еуразияға жария етті 3. демократиялық үрдісті күшейтті 4. адамдардың құқығы нығайды 5. феодалдық меншік үстем бола бастады? 119. Жоңғар басқыншыларымен күресте қазақтар басқа қандай халықтармен тізе қосты? 1. башұүрттар, орыс қазақтары 2. сібір халықтары 3. ирандықтар 4. қырғыздар, қарақалпақтар 5. Волга қалмақтары 120. Ғұндардың егіншілікпен айналысқаны туралы жазған көне дәуір авторларын атаңыз? 1. Геродот, Страбон 2. Птоломей, Плиний 3. Помпей Трог, Менандр Протектор 4. Сымя Цянь, Бичурин 5. Плано Карпини, Вильгельм де Рубрук 121. Отбасылық қауымда қандай нәрселер ортақ болды? 1. әйелдер 2. балалар 3. жер, өндіріс жабдықтары 4. мемлекет мүлкі 5. басқа елдермен байланыс 122. Қыпшақ қоғамының қатардағы мүшелері қандай әлеуметтік жағдайда болды? 1. еркін де ерікті 2. басыбайлы, тәуелді 3. үстем тап өкілдеріне тәуелді емес 4. қоғамдық қатынастар қалыптаспады 5. алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегідей 123. Ерте тас ғасыры немен сипатталады? 1. меншіктің әртүрлілігі 2. қоғамдық қатынастардың жоғары деңгейі 3. тайпалық қатынастар жақсы дамыды 4. өндіргіш күштердің деңгейі төмен 5. мемлекетаралық қатынастар әлі де төмен 124. Номадтық шаруашылық дегеніміз не? 1. аң аулау 2. балық аулау 3. малмен айналысу 4. егіншілік 5. сауда 125. Вакфтық жерлерден алым-салық алынбауы нені көрсетеді? 1. мұндай жер иелерінің өте нашар тұрғандығы 2. ол жерлерден түсетін өнімнің мүлдем аздығы 3. дін иелерінің қоғамдағы әлеуметтік жағдайының өте жоғары болуы 4. ол жерлердің аздығы 5. Вакф тек мұсылман елдеріне тән 126. Қазақстан территориясы Моңғол империясының неше ұлысының аумағына енді? 1. бес ұлыс 2. төрт ұлыс 3. үш ұлыс 4. екі ұлыс 5. бір ұлыс 127. Моңғолдар жаулап алған елдерде негізінен басқарудың қандай түрін енгізді? 1. өзін-өзі басқару 2. бір орталықтан басқару 3. конституциялық басқару 4. парламенттік басқару 5. оқыған, зиялылар басқаруы 128. Моңғолдар жаулап алғаннан кейінгі Қазақстан туралы жазған саяхатшыны атаңыз? 1. Дженкинсон 2. Сымя Цянь 3. Аль-Макдиси 4. Земарх 5. Страленберг 129. Жібек маталары қандай роль атқарады? 1. құны төмен болды, көп шығарылды 2. егіншілерге жалақы ретінде берілді 3. қолөнершілерге жалақы орнына берілді 4. мемлекеттің қарызын өтеуге жұмсалды 5. мәліметтер жеткіліксіз, баға беру қиын 130. Көшпелі халықтарда тіршіліктің тек ұжымдық түрінің дамуы неліктен? 1. өмір сүруге өте ыңғайлы 2. өндірілген өнімді бірдей пайдалану 3. қоғамдық меншік 4. табиғи ортада тек осылай өмір сүруге болады 5. әсіресе арамтамақ,жалқаулар үшін тиімді 131. Тарихшы С.Асфендияров моңғол жаулап алушылығын қалай деп бағалады? 1. өте маңызды салдары бар оқиға (жақсы мағынасында) 2. даму екі-үш ғасырға кейін шегінді 3. тек орыстарды ғана қатты қанады 4. соққы тек отырықшы аудандарға тиді 5. көптеген көшпелі мемлекеттер тарихтан құрып кетті 132. Вертикальды көшу тәсілі қай аудандарға тән? 1. Сыр бойы 2. Каспий өңірі 3. Жетісу, Зайсан 4. Атырау, Ембі 5. Қарқаралы, Ертіс 133. Феодалдық қатынастардың коммендация деген түрін қалай түсінесіз? 1. жерді жалға беру 2. ірі феодалдың қол астына бірігу 3. ұжымдық жұмыс түрі 4. тәлімілік егіншілік 5. құдықтар арқылы суару 134. Алғашқы орта ғасырларда шопан (чабан) деп кімдерді айтамыз? 1. шапан киген малшыларды 2. керуен тартушыларды 3. Еркек құлдар, олар тек қой мен сиырды ғана бақты, жылқы бақтыруға сенбеді 4. алысқа ататын садақшы 5. егінші 135. Түмен дегеніміз не? 1. жердің орналасқан орнын көрсету 2. он мың әскери-әкімшілік бірлестік 3. адам аты 4. қола әшекей бұйым 5. ағаш ыдыс 136. Алтын орда кезінде мемлекеттік кеңселер не деп аталынды? 1. диуандар 2. дафтарлар 3. даруғалар 4. илхандар 5. датқалар 137. Феодалдық кіріптарлыққа не жатады? 1. егін егу 2. аң ату 3. балық аулау 4. етік тігу 5. сауын, соғым беру 138. Жұт неге қайталанып отырады? 1. қауым мүшелерінің жалқаулығы 2. мемлекеттің шешімімен 3. табиғатқа байланысты 4. көрші мемлекеттің әсері 5. үстем тап өкілдерінің бақталастығы 139.Зайсан деп кімді айтады? 1. моңғолдардың князьдік лауазымы 2. әскери қолбасшы 3. сауда-саттықпен айналысатын адам 4. құмырашылар цехының бастығы 5. өте шебер темір ұстасы 140. Тағар не үшін жиналады? 1. сұлтандарды қамтамасыз етуге 2. дін иелерінің қажетін өтеу 3. әскерді жабдықтау үшін 4. суландыру жүйелерін дамытуға 5. қолөнершілерге көмек ретінде 141. К.Каутский көшпелі халықтарға қандай баға берді? 1. адамзат тарихында жасампаздық роль атқарғандар 2. бытыраңқы, әлсіз, тарихқа айтарлықтай із тастамағандар 3. мәдениеттен оқшау қалып, өркениет көшінің соңында қалғандар 4. тарихты мүлдем жоғалтып жіберетіндер 5. тек құл ретінде ұстау керек 141. 1573 жыл қандай оқиғамен мәлім? 1. Қашғарияға орыс экспедициясы барды 2. Қазақ өлкесінде ғылыми-зерттеу басталды 3. Қазақтар Қытаймен сауда шартын жасады 4. Ресей Қазақстанмен дипломатиялық қатынас жасауға тырысты 5. Жоңғар шапқыншылығы басталды 142. Қазақ хандығы туралы ең алғаш ғылыми еңбек жазған қазақ тарихшысын атаңыз. 1. ішкі себептердің әсері 2. сыртқы себептердің әсері 3. кездейсоқ, оқыстан болған жағдайлар 4. тек отырықшы халықтарға тән 5. тек көшпелі аудандарға ғана тән 143. Қазақ хандығы туралы ең алғаш ғылыми еңбек жазған қазақ тарихшысын атаңыз. 1. Қажырғали Жалаири 2. Рузбехан 3. Мұхаммед Дулати 4. Қ.Тауасарұлы 5. М.Тынышбаев 144. Экзогенді факторды қалай түсінесіз? 1. ішкі себептердің әсері 2. сыртқы себептердің әсері 3. кездейсоқ, оқыстан болған жағдайлар 4. тек отырықшы халықтарға тән 5. тек көшпелі аудандарға ғана тән. 145. Я.Гавердовский қазақтардың жер пайдалану тәсілдерінің қай түрін атап көрсетті? 1. шығырмен суару 2. орман-дала жүйесін 3. кяриздік суландыру 4. үш танаптық егіншілік 5. тек тәлімілік түрін 146. Қазақстанның қай жерінде шығырмен суару көбірек орын алады? 1. Сыр өңірінде 2. Еділ, Жайық аралығында 3. Ертіс бойында 4. Орталық аудандарда 5. Оңтүстік алқапта 147. Меншік дуализмі деген терминді қалай түсінесіз? 1. екі түрлі меншік болғандықтан 2. екі түрлі меншіктің бір-біріне қарама-қарсы сипатта болуынан 3. малға және жерге меншіктің біріне-бірінің өте тығыз қатынаста болуынан 4. үшінші меншіктің алғашқы екеуіне күшті әсер етуі 5. меншіктің көптеген түрлерінің бір кезде қызмет етуі 148. Сұлтанды өлтіргені үшін төленетін құн жай қарапайым адамға қарағанда неше есе артық болады? 1. екі есе 2. үш есе 3. бес есе 4. жеті есе 5. тоғыз есе 149. Экономикалық тарих қандай ғылым салаларының қосылуынан келіп шыққанын атаңыз. 1. философия мен экономика ғылымдары 2. құқық қорғау, саясаттану және бухгалтерлік есеп 3. экономикалық теория мен тарих 4. экономикалық география мен ерте дүние тарихы 5. саяси экономия және саяси тарих 150. Алғашқы адамдардың ұзақ уақыт бойы эволюциялық дамуына әсер еткен жағдай? 1. еңбек құралдары мен қару-жарақ көп болды 2. табиғаттың дайын өнімдерінің мол болуы 3. діннің ықпалы 4. адамдардың ынтымақты өмір сүруі 5. мал өнімдері көп болды 151. Алғашқы орта ғасырлардағы Қазақстандағы күмісөндірудің ең ірі орталығы? 1. Жезқазған 2. Шығыс Қазақстан 3. Қаратау бөктері, Тәңірқазған 4. Тараз маңы, Шельдж 5. Ақтөбе кеніші 152. Вакфтық жерлердің басқа жерлерге қарағанда ерекшелігі неде? 1. ең құнарлы жерлерді иемденді 2. ірі сауда жолдары бойында орналасты 3. алым-салық алынбады 4. негізінен қаланың ішінде болды 5. көлемі өте аз болды 153. «Ойкумена» деген термин нені білдіреді? 1. малдың өнімді тұқымының шығуы 2. егіншіліктің тиімді тәсілін игеру 3. басқа мемлекетті жаулап алу 4. өндірудің жаңа тәсіліне көшу 5. жаңа жерлерді игеру, қоныстану 154. «Будун» дегеніміз не? 1. тұтас, бүтін деген сөз 2. халық, көпшілік 3. балық аулаушы топ 4. бал арасын ұстайтындар 5. қысқы соғым етін тұздайтын үлкен бөшке 155.Зекет дегеніміз не? 1. құдайға құлшылық ету 2. малдан алынатын салық 3. ру-тайпа жиналысы 4. діни сенімнің бірі 5. ұзақ мініске жарайтын түйе 156. Шығырды қайда пайдаланды? 1. суландыруда 2. зергерлікте 3. әскери қорғаныста 4. сауда-керуенін жасақтауда 5. медреседе 157. «Қара пұл» дегеніміз не? 1. қара түсті мата 2. құмды, шөлейт аудандарда болатын күшті жел, қара дауыл 3. әбден бабына келген еркек түйе, қара нар 4. шыққан тегі белгісіз қызметші, қара құл 5. динардың 1/6 тең мыс ақша 158. «Бұқара» дегеніміз не? 1. бұхарда жасалған бұйым 2. халық 3. бұхарлық саудагерлер 4. қаламен алыс-берісжасаушылар 5. тау шатқалдарында мекен ететін аңшылар 159.Көшпелі мал шаруашылығының ең басты даму фактоларының бірі? 1. асыл тұқымды малды көбейту 2. жем-шөп қорының мол болуы 3. жайылым кеңдігі 4. жыртқыш аң-құстардың аз болуы 5. көшу маршруттарының қысқа болуы 160. «Сауын» дегеніміз не? 1. мал сауу орталықтарын ұйымдастыру 2. малы жоқ адамдардың уақытша саууға мал алуы 3. тек сауын малдарына ерекше бағу тәсілі 4. сауын малдарын ерекше бағу тәсілі 5. мал өнімдерін өңдеу 161. Кейінгі орта ғасырлардағы қалаларда қолөнердің мына аталған түрлерінің қайсысы басым болды? 1. темір ұсталығы 2. қару-жарақ жасау 3. зергерлік, әшекей бұйымдарын жасау 4. көлік, арба жасау 5. ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу 162. Даруға дегеніміз кімдер? 1. емдік қасиеті бар шөп жинайтын дәруіштер 2. дар өнерінің (цирк) ойыншылары 3. дарийдің тұқымы 4. жазалы адамды дарға асушы 5. жергілікті әскери басшы 163. С.Асфендияров 1935 ж. шыққан «Қазақстан тарихы» атты еңбегінде моңғол шапқыншылығына қандай баға берді? 1. мәдениет пен өркениетті жалмаған апат 2. бұрын соңды болмаған экономикалық қасірет 3. дүниежүзілік дамуды үш ғасырға тоқтатқан тосқауыл 4. тек отырықшы халықтарға ғана залалы тиді 5. халықтар арасындағы қатынастары жоғары деңгейге көтерген ұлы құбылыс 164. Қазақ қауымының жердің шынайы иесі кімдер болды? 1. қауым мүшелері 2. жерге иелік болмады 3. үстем тап өкілдері 4. дін басылары 5. сатып алғандар 165.Шайбани хан Қазақ хандығын әлсірету үшін не істеді? 1. Жоңғарлармен бірігіп қазақтарға соғыс ашты. 2. Ресейді жауластырды 3. Түркімендерді айдап салды 4. Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алды 5. Қытаймен астыртын келіссөздер жүргізді. 166. Басқақ деген терминді қалай түсінесіз? 1. қолөнер цехының иесі 2. орта деңгейдегі әскери адам 3. көшпелі аудандардан қалаларға апарып сататын, малды айдайтындардың басқарушысы 4. алым-салық жинаушы 6. монета құюшы маман 167. Қазақ хандығына келіп біраз жемісті келіссөздер жүргізген алғашқы орыс елшісін атаңыз? 1. Веньямин Степанов 2. Третьяк Чебуков 3. Василий Кобяков 4. Андрей Неприпасов 5. Александр Тевкелев 168. Кедейлердің үстем тап өкілдеріне қарсы көрсеткен қарсылығының ең көп тараған түрі? 1. көтеріліске шығу 2. ұрып-соғу 3. малын ұрлап алу 4. басқа жаққа көшіп кету 5. жұмысқа шықпай қою 169. Көшудің айнала көші түрі Қазақстанның қай табиғи аудандарында кеңірек дамыды? 1. шөл, шөлейт 2. далалық бөктерлер 3. тау бөктерлері 4. орманды-далалы алқаптар 5. қала маңы 170.ХVІІ ғ. екінші жартысы мен ХVІІІ ғ. басында қазақ қоғамында дағдарыстық жағдайдың белең алуы неден? 1. жұт, эпизоотияның тез қайталануы 2. демографиялық өсімнің болмауы 3. сыртқы факторлардың әсері 4. халықтың тез өсуі 5. ішкі феодалдық тартыстар 171. Отырықшы-егіншілікті аудандарға көшпелілердің қажеттігі болды ма? 1. жоқ. Олар жиі-жиі шабулы жасап, зардап шектірді 2. бұлар кездейсоқ қатар орналасып қалғандар 3. көшпелілер тарихи дамудың ең соңғы сатысында болғандықтан, қажетті болмады 4. көшпелілер бір орнында тұрмады, қатынас өте сирек болды 5. көшпелілердің өнімі керек болды 172. Көшпелі шаруашылыққа ғылыми баға беріп, оны алғаш түрге, топқа бөлген ғалымдарды атаңыз. 1. Бартольд, Бернштам 2. Греков, Бромлей 3. Руденко, Кауфман 4. Златкин, Кляшторный 5. Покровский, Дахшлейгер 173. Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» бойынша өлім жазасы қандай жазамен алмастырылды? 1. құн төледі 2. Сібірге өмірік жер аударылды 3. терең зынданда ұстады 4. құлға айналды 5. дүние-мүлкі, бала-шағасы талан-таражға түсті 174.Алғашқы қазақ елшісі Құл-Мұхаммед Мәскеуге қандай тапсырмамен барды. 1. Ресей қол астына бодандыққа кіру 2. Сауданы дамыту, экономикалық байланысқа жол ашу 3. Жоңғарларға қарсы әскери одақ құру 4. Еуропалық елдерге шығу 5. Иранға қарсы соғыс ашу 175. І Петр қазақ даласына қандай баға берді? 1. Орта Азияны жаулап алу үшін қажетті плацдарм 2. Қытайға қарсы айдап салу 3. Шығыс елдеріне шығатын кілт пен қақпа 4. Бос жатқан елсіз дала 5. Қазақ жасақтарын басқа елдерді бағындыруға жұмсау 176. Кез деген қандай өлшем? 1. ұзындық өлшемі – 70 см 2. салмақ өлшемі – 16 кг. 3. көлем өлшемі – 3 га 4. уақыт өлшемі – 2 сағат 5. сұйықтық өлшемі – 1 л 177. Отырықшы мал шаруашылығы дегеніміз не? 1. малды тек бір орында бағу 2. отырықшы жатақтардың шаруашылығы 3. малдың асыл тұқымдары көп болды 4. егіншілікпен қатар малдың өсірілуі 5. мал өнімдерін тек сырттан сатып алатындар 178. Жоңғар феодалдарының қазақ даласына шабуыл жасау себебі не? 1. Қазба байлықтар, әсіресе алтын кендері қызықтырды 2. Орта Азиялық мәдениет, білім орталықтарына жақындағысы келді 3. Ресейге, батыс елдеріне шығуға ұмтылды 4. Қытайға қарсы одақ іздеді 5. Оңтүстіктегі сауда-қолөнер орталықтарын алғысы келді. 179. ХV-ХVІІІ ғ.ғ. Қазақ хандығында өндіргіш күштердің қай саласы басым орын алды? 1. мал шаруашылығы 2. егіншілік 3. қолөнер 4. сауда 5. аң аулау 180. ХVІІІ ғ. қазақтарды жерден, жайылымнан ығыстырудың алғашқы шарасын атаңыз 1. темір жолдар салуы 2. өнеркәсіп орындарының ашылуы 3. қала құрылысына жер алу 4. Жайық, ертіс өзендері бойында мал бағуға тыйым салу 5. шетелдіктерге жер беру 181. ХІХ ғ. вакфтық жерлер Қазақстанның қай аудандарында сақталады? 1. Шығыс аудандар 2. Орталық аудандар 3. Солтүстік аудандар 4. Батыс аудандар 5. Оңтүстік аудандар 182. Қазақтың бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі қоғамының дамуына көбірек әсер етке қандай әлеуметтік топ? 1. Шетел капиталы 2. Сауда адамдары 3. Орыс фабриканттары 4. Діни адамдар 5. Патша әкімшілігі 183. 1868 ж. реформадан соң Маңғышлақ приставтығы қайда бағынды? 1. Орынбор генерал-губернаторлығы 2. Батыс Сібір генерал-губернаторлығы 3. Түркістан генерал-губернаторлығы 4. Астрахань генерал губернаторлығы 5. Кавказдың әскери округі 184. ХІХ ғ. соңындағы Қазақстандағы ең ірі жәрмеңке? 1. Қоянды 2. Жәміш 3. Аягөз 4. Тайыншакөл 5. Бөкей 185. Қазақ ауылындағы майда өндірушілерді ңтолық жеке меншік иесі бола алмағанын қалай түсінесіз? 1. жерге жеке меншік болуы 2. өндіріс құралдарының ортақ болуы 3. олар көбіне пауперлік жағдайға ұшырады 4. өндірілген өнім сұраныс таппады 5. өнімнің сапасы төмен болды 186. Шаруашылықтың қандай түріне ең көп қосымша өнім өндірілді? 1. қолөнершілерде 2. кен өндірушілерде 3. балық шаруашылығында 4. орта деңгейдегі мал шаруашылығында 5. байлардың шаруашылығында 187. Албан дегеніміз не? 1. қазақтың ұлттық ойыны 2. ру-тайпа аты 3. жоңғарлар жаулап алған жерлерден жиналған салық 4. жартастағы сурет 5. руникалық жазу 188. ХІХ ғ. соңында қазақ өлкесінде кең тараған капитал? 1. өнеркәсіптік капиталы 2. аралық сауда 3. ауыл шаруашылық капиталы 4. орта кәсіпкерлік 5.балық шаруашылығы 189. Патша әкімшілігі Қазақстанға қоныс аударушыларды қалай орналастырды? 1. қазба байлық көздеріне жақын 2. бір-біріне қатысуға ыңғайлы болу үшін үлкен бір жол бойына 3. өзен-су алқаптарына 4. қалаларға жақын 5. жаңа салынған қалаларға 190. Қазақстан өнеркәсібінің өркендеуі кімдердің мүддесін көздеді? 1. жергілікті халықтың 2. қазақ қоғамындағы үстем тап өкілдерінің 3. Ресей империясының 4. орыс өнеркәсібі капиталының 5. шетел капиталының 191. Қазақстанда бірінші жәрмеңке қай жерде ашылды? 1. Қарқаралыда 2. Атбасарда 3. Семейде 4. Жаркентте 5. Бөкей Ордасында 192. Қазақстандағы мұнай көздеріне қай елдің капиталистері иелік етті? 1. Ағылшын 2. Орыс 3. Неміс 4. Француз 5. Голландиялық 193. 1916 ж. қанша жер қоныс аудару қоры арқылы орыс келімсектеріне тартып әперілді? 1. 20 млн десятина 2. 35 млн десятина 3. 40 млн десятина 4. 53 млн десятина 5. 65 млн десятина 194. Патшалық Ресей кезінде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың көп болуы неліктен? 1. жергілікті энергия көздері мол болды 2. жергілікті халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ету үшін 3. өлкенің экономикасын көтеру мақсатымен 4. өнімді осында алғаш өңдеу тиімді болды 5. халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту 195. ХІХ ғ. соңына қарай Қазақстан экономикасына капиталистік қатынастардың енуі қандай әлеуметтік жағдайды туғызды? 1. халықтың әл-ауқаты жақсрады 2. демократиялық қатынастар орнады 3. мәдениет деңгейі көтерілді 4. әлеуметтік жіктелу күшейді 5. өнеркәсіп барынша жақсы дамыды 196. Қазақстан сияқты ұлт аймақтарында құрылған майда кәсіпорындарында тұрақты жұмысшы кадрлары қалыптасты ма? 1. қалыптасты, өйткені жұмыссыздар көп болды 2. орталықтан келген жұмысшы кадрлары мол еді 3. қалыптасқан жоқ, өйткені олар уақытша істеді 4. тұрақты кадрлар тек ірі зауыт-фабрикаларда ғана болды 5. шетел жұмысшылары тұрақты істеді 197. Жетісуға қоныс аударған орыс шаруаларына патша әкімшілігі қандай жеңілдік жасады? 1. тұқыммен қамтамасыз етті 2. ауыл шаруашылық техникасын берді 3. үй, қора-қопсы салыр берді 4. құрылыс заттарын берді 5. 100 сом ссуда берді 198.Қазақ буржуазиясы өз капиталын негізінен қай салаға жұмсады? 1. өнеркәсіпке 2. ауыл шаруашылығына 3. транспортқа 4. сауда мен өсімқорлыққа 5. банкіге салды 199. Кеңестік кезеңде жәрмеңкелер қашан қайтадан жұмыс істей бастады? 1. 1924 ж. 2. 1927 ж, 3. 1929 ж. 4. 1932 ж. 5. 1933 ж. 200. 1926 ж. өткен бүкілодақтық санақ бойынша кеңес империясында 194 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұратыны анықталды. 1979 ж.санақта қанша халық бар деп көрсетілді? 1. 101 2. 168 3. 214 4. 248 5. 259 201. Тек Қазақстан кен орындары өнімі ғана емес, Солтүстік Корея мен Гвинеядан жеткізілетін боксит кенін де пайдаланған Совет Одағындағы аса ірі металлургия кәсіпорын? 1. Шымкент қорғасын зауыты 2. Үлбі металлургия зауыты 3. Балқаш мыс зауыты 4. Ленингор қорғасын-мырыш зауыты 5. Павлодар алюминий зауыты 202. 50 жылдардағы ауыл шаруашылығының артта қалуының субъективті себептерінің бірі? 1. басқару ісіндегі кемшіліктер 2. жеке меншіктегі мал басының көбеюі 3. ауыл-село халқының тез өсуі 4. үкіметтің миграциялық саясатының дұрыс еместігі 5. кейбір аудандардың ғана ерекше жағдайға көшуі 203. Ауыл шаруашылық дақылдарының бірі, тек суармалы жерлерде ғана өсетін қант қызылшасы өте төмен тиімділігі үшін кезінде «тәтті каторга» деп аталынды. Осы саланың артта қалу себебі не? 1. дайындау бағасы өте жоғары 2. сатып алу бағасы өте жоғары 3. халықтың өте көп тұтынуы 4. көп жылдар еккендіктен топырақтың құнарлығы кеміді 5. еңбек тек қолмен істелінді 204. 1965 жылғы сентябрь Пленумы көрсеткен өнеркәсіпті дамыту шараларының бірі? 1. кәсіпорындардың санын арттыру 2. ескі кәсіпорындарды толығымен дамыту 3. тек жаңа өнеркәсіп орындарын дамыту 4. толық шаруашылық есепке көші 5. тек шетелдік жабдықтарды алу 205. Қазақстан экономикасын инвестициялау жөнінен қай шет мемлекет бірінші орында тұр және оның үлесі қандай? (1999 ж. көрсеткіш бойынша) 1. АҚШ – 29 % 2. Оңтүстік Корея – 38% 3. Түркия – 34% 4. Ресей – 41% 5. Англия – 26% 206. Қазақстанның табиғи байлықтары біздің еліміздің қазіргі экономикалық жағдайынан шығарудың кепілі бола ала ма? 1. болады 2. бола алмайды 3. шетел фирмаларының көмегімен 4. олардың жекешелендіру керек 5. олар мемлекет иелігінде болу керек 207. Қазақстан Республикасында демократиялық үрдістердің дамуын неден көруге болады? 1. халық санағының жүруі 2. Президент сайлауы 3. жоғары оқу орындарының көбеюі 4. мәдени ошқтардың қайта жандануы 5. жеке меншіктің адымды дамуы 208. Егеменді еліміздің толық тәуелсіздігіне қол жеткізетін ұзақ мерзімді басым бағытының бірі? 1. автомобиль транспортын дамыту 2. су жолдары қатынасына барынша көп көңіл бөлу 3. темір жол көлігі жұмысын жақсарту 4. шетел инвестициясына негізделген экономика 5. мал тұқымын асылдандыру 209. Белгілі мемлекет қайраткері М.Сперанскийдің басшылығымен қабылданған 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы уставтың» негізгі мақсаты не? 1. өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту 2. жергілікті халықты мәдениетке тарту 3. білім бері жүйесін толық өзгерту 4. патша өкіметінің тікелей бақылауына алуға бағытталған мемлекеттік шара 5. қазақтарды еуропалық жүйеге енгізу 210.Ресей империясына жаңа территориялардың қосылуы оның экономикасының дамуына тек жақсы әсер ғана емес, сонымен қатар кері әсер етуі неліктен? 1. жаппай миграцияның әсерінен орталық аудандарда халық саны азайды 2. жас жігіттер оңтүстікте еркін жүрген казактарға кетіп қалуға тырысты 3. Отанды қорғау үшін үлкен армия керек еді, бірақ адам жетіспеді 4. өндіргіш күштерді жоспарлы дамытуға мүмкіндік болмады 5. жұмысқа қабілетті, денсаулығы жақсы адамдар ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға тырысты 211. Қазақ ұлттық буржуазиясы қандай әлеуметтік топтан құрылды? 1. қаржы салық жүйесі қызметкерлері, банкирлер 2. банк саласы қызметкерлері, ірі банкирлер 3. өнеркәсіп иелері 4. саудагерлер, приказчиктер 5. шетел капиталистері 212. Қазақстанда алғаш іске қосылған шахта, зауыт, фабрикалардың техникалық жарақтану дәрежесі қалай болды? 1. сол кездегіге қарағанда әлдеқайда жоғары 2. өте қарапайым, төмен 3. техника болмады 4. олар шетелдік капиталистерге бағынған соң техника да шетелдікі болды 5. бәрі қол еңбегімен істелінді 213. Десятина деген қандай өлшем? 1. 1 танап жер 2. 1 га 3. 10 миль 4. 5 фарсах 5. 7 ли 214.ХІХ ғ. соңында өсімқорлық капиталдың жандану себебі не? 1. ірі жәрмеңкелердің пайда болуы 2. өнеркәсіптің күрт дамуы 3. ауыл шаруашылығының шұғыл өрге басуы 4. натуралдық және жай тауар айырбасын ақшамен саудаласудың ығыстыруы 5. капиталдың бұл түрі айтарлықтай дами қойған жоқ 215. Қазақстанда жәрмеңкелік сауда қашан кең тарады? 1. ХІХ ғ. басы 2. ХІХ ғ. бірінші жартысы 3. ХІХ ғ. екінші жартысы 4. ХІХ ғ. соңы 5. ХХ ғ. басы 216.Қазақ даласын зерттеушілер ортақ пікірі бойынша егіншілікпен айналысу қандай әлеуметтік жағдайды білдіреді? 1. егіншілік мәдениетінің өскені 2. дамыған отырықшылықты 3. қайыршылық көріністі 4. экономикасы өскен шаруашылықты 5. қоғамдық дамудың озық үлгісін 217. Қазақстанның жартылай көшпелі аудандарында сауданың қандай түрі басым болды? 1. ат-көлікпен алып жүретін тасымалды сауда 2. халықтың өзін майда сауда иелеріне айналдыру 3. ондай жердегілер белгілі бір норма бойынша тауар алып тұрды 4. жәрмеңкелік 5. тұрақты 218. Мұнай өндіру өнеркәсібінің өте үлкен табыс көзіне айналу себебі не? 1. өте қуатты да өнімді машиналарды пайдалану 2. жұмысшылардың кәсіби мамандығы өте жоғары 3. арзан жұмысшы күші және бәсекелесестіктің жоқтығы 4. мұнай өнімдері қымбат болды 5. мұнай өте көп шығарылды 219. Қазақстандағы сауда өсімқорлық капитал жүргізген тонаудың хайуандық бір түрін көрсетіңіз 1. қарызын өтей алмағандар феодалдық кіріптарлыққа ұшырады 2. қарызын өтемегендердің мал-мүлкін тартып алу 3. ондай адамдар каторгаға айдалды 4. оларды ату жазасына кесті 5. қарыз үшін тек малы ғана емес, адамдарды да алды 220. Алыпсатарлар кімдер? 1. базарда майда сатушылар 2. Орта Азиялық саудагерлер 3. жергілікті халықтың малы мен мал өнімдерін арзанға сатып алып, қайта сатушылар 4. тек өнеркәсіп бұйымдарын сатушы 5. мата, киім сатушы 221. 1856 жылы Сырдария қазақтардың Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған көтерілісінің басты себебі? 1. Хиуа хандығының езгісіне қарсы күрес 2. құрғақшылық әсерінен астық шықпай жұт болды 3. жергілікті халықты орыс армиясының қара жұмыстарын істеткізу 4. қазақтарды христиан дініне күшпенен енгізу 5. қоныс аударушыларға жергілікті халықтың жерін тартып әперу 222. ХХ ғ. басында Семей облысында 28 жәрмеңке болды, соның ең ірісі қайсы? 1. Қарқара 2. А. Қоянды 3. Семей 4. Тайыншакөл 5. Аякөз 223. Орта жүзге жаңа территориялық-әкімшілік бөліктер қашан енгізілді? 1. 1801 ж. 2. 1822 ж. 3. 1824 ж. 4. 1867 ж. 5. 1868 ж. 224. Қазақтардың көшпелі өмірін, олардың мал шаруашылығының жүргізу әдісін зерттеген көрнекті ғалым, екінші Орынбор экспедициясының мүшесі кім? 1. А. Георги 2. В.Татишев 3. Г.Миллер 4. И.Кириллов 5. П.Рычков 225. 1868 жылғы реформа бойынша қазақ қоғамыдағы ең жоғары әлеуметтік топ Шыңғыс тұқымдары – сұлтандар қандай жағдайға көшірілді? 1. жағдайы сол бұрынғы қалпында қалды 2. бұрынғыдан әлдеқайда жақсарды 3. бұрынғыдан аздап төмендеді 4. генерал-губернатор шешетін болды 5. қарапайым халықпен кеңестірілді 226. Орта ғасрыларда вакфтық жерлерден салық алынбайтын. Ал ХІХ ғ. ондай жерлер болды ма, болса олар салық төледі ме? 1. айтылған кезде ондай жерлер болмады 2. ондай жер үлесі болды және салықтан толық босатылды 3. ондай жерлердің бәрі емес, салықтан босатылған бөлігі ғана төлемеді 4. ондай жерлер жергілікті әкімшілік қарамағына берілді 5. вакф жерлері мемлекет иелігіне өтті. 227. Қазақ жерлерінің Қазақ АССР-і құрамына бірігуінің аяқталуы қашан және қандай мәселеге байланысты бітті? 1. 1920 ж. Қазақ АССР-інің құрылуы 2. 1922 ж. СССР құрылуы 3. 1924 ж. Орта Азияда ұлттық мемлекеттік межелеу 4. 1927 ж. партияның ХV съезі шешімімен 5. 1936 ж. Конституцияның шешімімен 228. 1752 жылы Ертіс және Орынбор шептерін қосу үшін салынған жаңа әскери шен қалай аталынды? 1. далалық 2. ащы 3. сібірлік 4. әскери азиялық 5. қазақ 229. Аршын дегеніміз не? 1. кішкентай суармалы жер 2. ұзындық өлшемі 3. ауыл шаруашылығы құралы 4. жылқының саяқ тобы 5. көшпелілердің кең қолданылатын матасы 230. 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы ереже» бойынша Орта жүз қазақтар жері қандай әкімшілік территориялық бөліктерге бөлінді? 1. губернияға 2. облыстарға 3. аудандарға 4. уездерге 5. округтерге 231. Қазақстандағы хан билігі қашан жойыла бастады? 1. 1749 ж. 2. 1793 ж. 3. 1822 ж. 4. 1851 ж. 5. 1883 ж. 232. Қазақстанның қазба байлықтарын игеру қашан басталды? 1. ХVІІІ ғ. ортасы 2. ХVІІІ ғ. соңы 3. ХІХ ғ. басы 4. ХІХ ғ. 40 жылдары 5. ХІХ ғ. соңы 233. Қазақстанның Ресейге қосылуы шаруашылықтың қай саласына көбірек жаңалықтар әкелді? 1. қолөнер 2. сауда 3. егіншілік 4. өнеркәсіп 5. мал шаруашылығы 234. Қазақстанды жаппай крестьяндық отарлау қашан басталды? 1. ХVІІІ ғ. 40 жылдары 2. ХVІІІ ғ. соңына қарай 3. ХІХ ғ. 30 жылдары 4. ХІХ ғ. 60 жылдары 5. ХІХ ғ. соңы 235.Қазақстан ХІХ ғ. алғаш іске қосылған зауыт? 1. Спасск зауыты 2. Басқұншақ тұз өндірісі 3. Шымкент қорғасын зауыты 4. Жезқазған мыс қорыту зауыты 5. Ембі мұнай зауыты 236. Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясатының отаршылдық сипатын көрсетіңіз? 1. қазақтардың отаршылдыққа көшуіне баса көңіл бөлді 2. тартып алынған жерлер қайтарылды 3. шекараға 10 верст жақын келуге тыйым салды 4. қазақтарды ұстап алып құлдыққа сатты 5. жергілікті халықтың малын тартып алды 237. Қазақ өлкесіне орыс шаруаларының қоныс аударуы қалай жүрді? 1. жергіліңкті халықтың келісімі бойынша 2. келімсектер мен қазақтар арасныда өшпенділік туды 3. айтарлықтай қақтығыстар көп болмады 4. соғыс жолымен 5. әскер күшімен 238. ХІХ ғ. екінші жартысында құрылған Қазақстандағы алғашқы кеден бекеттерін атаңыз? 1.Омбы, Торғай, Ақмола 2.Тарбағатай, Жәміш, Өскемен 3.Аякөз, Сергиополь, Семей 4.Шымкент, Әулиеата, Ақмешіт 5.Хоргоз, Зайсан, Жаркент 239. Столыпин аграрлық реформасының басты бір элементін атаңыз? 1. хуторға шығу 2. шаруалар қалаға кетуге мүмкінідк алды 3. шетелге кетуге рұқсат етілді 4. шаруаға кәсіпорын ашуға орын берілді 5. төлқұжаттық жүйе жойылды 240.ХІХ ғ. соңында Қазақстанның облыстық және уездік қалаларының халқы неге өсті? 1. патша әкімшілігінің дұрыс саясаты 2. халықтың әл-ауқатының өсуі 3. демографиялық өсу 4. патшаның миграциялық жарлығы жақсы орындалды 5. қазақтардың қайыршылануы 241. Қазақ жерлері қандай жағдайға байланысты Қазақ АССР-і құрамына бірікті? 1. Қазақ АССР-інің құрылуы 2. ұлттық территориялық межелеу 3. индустрияландыру 4. ұжымдастыру 5. қазақ ССР-інің құрылуы 242. Қазақстандағы индустрияландырудың бір ерекшелігін атаңыз? 1. сол жылдардағы ауа райы қолайлы болды 2. инженер-техниктер көп болды 3. шетелдік мамандар көп болды 4. кәсіби мамандар жетіспеді 5. үгіт-насихат жұмысы нашар болды 243. Көмір өндірудің қанадй тәсілін қолданудың нәтижесінде қарағандылық шахтерлер еңбек өнімділігін жеті есеге өсірді? 1. ашық 2. шахталық 3. циклдық 4. терең үңгірлеу 5. жасанды қысым 244. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстан көмір мен мұнай өндіруден одақта нешінші орында болды? 1. бірінші 2. екінші 3. үшінші 4. төртінші 5. бесніші 245.Соғыстан кейінгі жалдары Қазақстанда сауданың қандай түрлері дамыды? 1. фирмалық 2. фактория 3. кооперативтік, мемлекеттік 4. қалалық 5. шетелдік 246.1962 жылы Қазақстандағы жергілікті халықтың үлес салмағы 28,5 пайызға түсу себебі не? 1. туудың азаюы 2. сырттан келушілер көп болды 3. интернационализм саясатының нәтижесі 4. халық санағы дұрыс жүргізілмеген 5. орталықтың шовинистік көзқарасы 247. Семей атом полигоны қашан жабылды? 1. 1989 ж. 2. 1990 ж. 3. 1991 ж. 4. 1992 ж. 5. 1993 ж. 248.70-80 жылдардағыҚазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қарама- қайшылықтары мен қиыншылықтарының болу себебі не? 1. қаражат дұрыс бөлінбеді 2. мамандар жетіспеді 3. әміршіл-әкімшіл жүйе қызметі 4. жұмыс күші жетіспеді 5. техника өте аз болды 249. Қазақ ССР-і өнеркәсібі қандай бағытта дамыды? 1. ауыл шаруашылық 2. өнеркәсіптік 3. шикізаттық 4. жоғары технологиялық 5. аралас 250. Қазақстан территориясындағы территориялық-өндірістік кешенінің бірін атаңыз? 1. Ақтөбе-Гурьев 2. Алтай-Өскемен 3. Қаратау-Жамбыл 4. Кентау-Шымкент 5. Қостанай-Степногорск 251. 1822 ж. М.Сперанский жасаған ереже бойынша Орта жүз қазақтары жері қалай деп аталды? 1. Ресейдің Азиялық ауданы 2. Қазақстанның солтүстік облысы 3. Сібір қазақтары облысы 4. Қазақ даласының әкімшілік орталығы 5. Негізгі астықты аудан 252. Аманат дегеніміз не? 1. затты уақытша сақтауға беру 2. уәде, келісім 3. қазақтың құқықтық нормаларының бірі 4. орыс патшасына берілген саяси кепілдік 5. осының бәрі 253. Қазақ даласын қаза-орыстық отарлаудан кейін қандай отарлау болды және ол қашан басталды? 1. әскери отарлау, 1905 ж. 2. крестьяндық отарлау, ХІХ ғ. 60-жылдары 3. шетелдік отарлау, ХІХ ғ. бірінші ширегі 4. Ортаазиялық отарлау, ХVІІІ ғ. соңы 5. жұмысшы отарлауы, 1915 ж. 254. Кәсіпорын иелері жұмысқа семьясы бар адамды алуға тырысатыны қалай? 1. балаларды оқуға тарту 2. балалар мен әйелдер еңбегі арзанға түседі 3. халықтың саны өсуіне байланысты жұмысшы поселкесін құру үшін 4. әкімшіліктік қосымша қаражат алу үшін 5. елдің әлеуметтік жағдайын түзету 255. ХІХ ғ. екінші жартысында Ресейдің Қазақстанға әкелінетін тауарлардың басты түрлері? 1. фабрика-зауыт бұйымдары және металл өнімдері 2. ірі машиналар 3. еуропалық елдерде жасалған заттар 4. азық-түлік өнімдері 5. мәдени бұйымдар 256. 1867-1868 жж. реформалар бойынша сот жүйесіне қандай жаңалықтар енгізілді? 1. билер соты қалдырылды 2. билер соты әлдеқайда күшейтілді 3. әскери соттар құрылды 4. далалық соттар құрылды 5. сот ісі жергілікті әкімшілікке берілді 257. Кенесары Қасымов күресінің түпкі мақсаты? 1. қазақ даласындағы саяси жағдайды нығайту 2. елдің экономикалық ахуалын күшейту 3. біртұтас тәуелсіз қазақ мемлекетін құру 4. көрші мемлекеттерді қосып алу 5. көрші елдермен тату-тәтті қатынаста болу 258. Спасск мыс қорыту зауытын кім және қай жылы іске қосты? 1. орыс саудагері Рязанов, 1864 ж. 2. ағылшын капиталисі Уркарт, 1883 ж. 3. ағайынды француз кәсіпкрелер Мотаскье, 1871 ж. 4. неміс инженері Готвальд, 1891 ж. 5. біріккен орыс-ағылшын акционерлік қоғамы, 1869 ж. 259. Қазақ өлкесінің табиғи байлықтары, халқының құрамы және оның шаруашылығымен өз еңбектері арқылы таныстырған ғалым кім? 1. А.Тугаринов 2. П.Рычков 3. М.Грязнов 4. В.Бенкевич 5. К.Сальников 260. Салбұрын дегеніміз не? 1. егіншілердің тоспа жасау әдісі 2. ат өнеріндегі салым салу түрі 3. мергендік, жамбыны дәл тигізу 4. ұсталық, зергерлік өнері 5. саятшылық, қыстыгүні топтасып аңға шығу, бүркітпен, тазымен аң аулау 261. Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің соңғы актісі қандай? 1. әскери бекіністердің салына бастауы 2. ірі кәсіпорындар құрылысы аяқталды 3. Ұлы жүз қазақтары Ресейге қосылды 4. қосылудың аяқталуы туралы келісім жасалды 5. тарихи маңызы бар құжат - декларация қабылданды 262. Қазақ даласы капиталистік жүйеге қалай ене бастады? 1. темір жолдар арқылы 2. шетелдік инвестиция арқылы 3. тауар-ақша айналымы арқылы 4. жергілікті әкімшілік арқылы 5. ерекше ұйымдар арқылы 263. Орал-Ембі аймағындағы мұнай кен орындары иесі ағылшын капиталистерінің орасан зор пайда табу себебі? 1. өндіруші машиналар өте өнімді болды 2. жұмысшылардың кәсіби деңгейі жоғары болды 3. инженер-техник кадрларының біліктілігі жоғары болды 4. әлеуметтік жағдай жақсы болды 5. бай кен орындарын жыртқыштықпен пайдаланды 264. 1917 жылдың қарсаңындағы Қазақстандағыжұмысшы саны? 1. 78 мың 2. 120 мың 3. 150 мың 4. 200 мың 5. 238 мың 265. Қазақстан Ресейге толық қосылып біткеннен кейін қазақ өлкесінде қай елдің тауарлары басым болды? 1. Қытай 2. Ресей 3. Орта Азия 4. Батыс Еуропа 5. Жергілікті 266. ХХ ғ. басындағы Қазақстан қалаларының негізінен майда қалалар болып қалыптасуы неде? 1. қала халқы тұрақты болмады 2. халықтың ауыл шаруашылығына жақындығы 3. майда кәсіпорындар көп болды 4. отарлық саясатқа ыңғайлы еді 5. инфрақұрылым жетілмеді 267. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі? 1. 1916 ж. 25 июньдегі патша жарлығы 2. орталық қанаудың күшеюі 3. патша шенеуніктерінің зомбылығы 4. жергілікті әкімдердің озбырлығы 5. осылардың барлығы 268. Азамат соғысы жылдарындағы негізгі саяси-экономикалық саясат? 1. национализациялау 2. жаңа экономикалық саясат 3. шаруашылық есепке көшу 4. азық-түлік салығы 5. соғыс коммунизмі саясаты 269. Майда кәсіпорындарды национализациялау қандай саясаттың кезінде іске асты? 1. жаңа экономикалық саясат 2. бірінші дүниежүзілік соғыс 3. соғыс коммунизмі 4. индустрияландыру 5. Ұлы Отан соғысы 270. 1919 жылы Азамат соғысының қиыншылықтарына қарамай, Кеңес өкіметі Қазақстанда Александров Гай – Ембі темір жолын салуға шешім қабылдауына не себеп болды? 1. Қазақстандағы майдандарға қару-жарақты тез жеткізу 2. Орта Азия мен Қазақстаннан орталыққа қатынасты жылдамдату 3. Орал-Ембі мұнайын тасу 4. Батыс Қазақстанның экономикасын көтеру 5. мұнай өңдейтін зауыт салу 271. Азамат соғысы жылдарында тауарды бөлуді қатаң орталықтандырылған жағдайында сауда не болды? 1. әрі қарай дамыды 2. жойылды 3. социалистік қоғамда тауарларға қажеттік болмады 4. тауар өндірілмеді 5. сатуда тек тұтыну тауарлары ғана болды 272. 1932 ж. ВСНХ қайта құрылған кезде өнеркәсіпті басқарудың қандай жүйесі құрылды? 1. Халық шаруашылық кеңестері 2. территориялық-өнеркәсіптік кешен 3. Ғылыми-өндірістік бірлестіктер 4. Министрлік 5. Халық комиссариаты 273. Орталық Азия мен Қазақстанда ұлттық-мемлекеттік межелеу не үшін жүргізілді? 1. халық санағын жүргізу 2. жаңа республикалар құру 3. әрбір ұлттың тарихи территориясын қалпына келтіру 4. қазба байлықтарды анықтау 5. соғысқа дайындықты бастау 274. Артель дегеніміз не? 1. кооперацияның қарапайым түрі 2. мәдени шара 3. кәсіптік-техникалық оқу орны 4. әскерге алғашқы дайындық 5. көшпелі жөндеу шаберханасы 275. Қазақстанда фабрика-зауыт өнеркәсібі қашан құрылды? 1. Ресейге қосылғаннан соң 2. Тәуелсіздік алған соң 3. Қазақ хандығы тұсында 4. Советтік дәуірде 5. Жетілген, кемелденген социализмде 276. Соғыстан кейінгі жылдары ауыл шаруашылығының артта қалуының объективті себептерінің бірін атаңыз. 1. барлық күш пен ресурстар индустрияландыруға жұмсалды 2. колхозшылар күрделі машиналарды пайдалана алмады 3. үгіт жұмысының нашарлығы 4. капиталистік насихаттың әсері 5. ауыл адамдарының жеке меншіктік психологиясы басым болды 277.Кеңестік кезеңде әскери-өнеркәсіптік кешен Қазақстанда немен айналысты? 1. республика экономикасының дамуына көмектесті 2. солдаттар егін жинауға көмектесті 3. қала құрылысына көмектесті 4. автомобиль жолдарын салды 5. Қазақстан түгелдей ядролық полигонға айналды 278.Қазақстанда біріккен кәсіпорындар салу жөнінен қай Еуропалық мемлекет бірінші орында тұр? 1. Франция 2. Германия 3. Англия 4. Италия 5. Швеция 279. Қазіргі жағдайдағы қылмыстың, есірткі тартушылардың көбеюінің, қоғамдық тұрақсыздықтың әлеуметтік шығу ортасы не? 1. батыс елдері мәдениетінің әсері 2. ішкі қаражат жүйесінің өте жоғары болуы 3. аграрлық секторды реформалаудың тиімділігі 4. импорттық тауарлардың көптігі 5. жұмыссыздықтың жоғары деңгейі 280. Нарықтық қатынастарды толық орнатуға деген сенімді күшейтетін артықшылықтарымыздың бірі? 1. кеңестік кезден қалған мол техника 2. діни сенім бостандығы, еркіндігі 3. шетелдермен дипломатиялық қатынас болу 4. қоғамдағы саяси тұрақтылық 5. адамдардың бір-біріне сенімділігі 281. Патша әкімшілігінің енгізген реформалары бойынша қазақ даласын округтерге бөлу және облыстық басқару жүйесін енгізуде қандай мақсаты болды? 1. жергілікті халықтан шыққан әкімдердің ролін көтеру 2. облыстардың экономикасын көтеру 3. дала өлкесінде патша билігін түпкілікті орнату 4. өлкедегі транспорт, пошта қызметін жақсарту 5. халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту 282. ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстанда жер қатынастары мәселесінің шиеленісу себебі? 1. халықтың тез өсуі 2. өнеркәсіп пен көліктің тез өсуі 3. жер тегін болды 4. шетел капиталистеріне сатылды 5. казачество мен орыс шаруасына тартып әперілді 283. Қазақстан Ресейге толық бодан болғаннан кейінгі қазақ даласындағы шаруашылықтың басты түрі? 1. мал шаруашылығы 2. егіншілік 3. өнеркәспі 4. сауда 5. қолөнер 284.1824 жылғы Патша өкіметінің реформасы бойынша Кіші жүз қазақтарының территориясын не деп аталынды? 1. Орынбор қазақтарының облысы 2. Кіші жүз қазақтарының облысы 3. Батыс Қазақстан облысы 4. Шығыс Астрахань облысы 5. Еділ-Жайық қазақтары облысы 285.Қазақ даласында болған көптеген ұлт-азаттық көтерілістерінің негізгі себебі? 1. сауда орындары үшін 2. қазба байлықтарға талас 3. отаршылдыққа қарсы 4. өзара талас-тартыс 5. қалалар үшін күрес 286. Қазақстанға қоныс аударып келген орыстарға егіншіліктің қандай түрін игеруге тура келді? 1. көп танапты 2. екі танапты 3. суармалы 4. тәлімілік 5. агротехникалық 287.Қазақ сауда және өнеркәсіп буржуазиясының өте баяу қалыптасу себебі? 1. мал шаруашылығымен тығыс байланысты 2. алғашқы жарғылық капиталы аз болды 3. өлкенің экономикалық артта қалуы 4. патша әкімшілігінің отарлық саясаты 5. осылардың бәрі 288. Қазақстанда шаруашылықтың қандай түрі (уклад) қалыптаса бастады? 1. натуралды 2. феодалдық 3. ұсақ тауралы 4. капиталистік 5. аралас 289. ХІХ ғ. құрылған кәсіпорындарға ортақ қандай сипаттама беруге болады? 1. майда кәсіпкерлік 2. жұмысшысы аз орташа кәсіпорын 3. ірі кәсіпорын 4. жұмысшы шоғырлануы жоғары 5. өте жоғары деңгейдегі кәсіпорын 290. ХІХ ғ. соңында Қазақстан өнеркәсіп орындарында істейтін жұмысшылардың ұлттық құрамы жағынан қалай болды? 1. қазақтар басым болды 2. орыстар көп болды 3. украиндықтар көбірек 4. көпұлтты 5. бәрі бірдей мөлшерде 291.1920 ж. өте үлкен көлемдегі ақша эмиссиясы жағдайында эквивалент ретінде ақша ролін не атқарды? 1. алтын, күміс, платина 2. соқа, сеялка, тырма 3. тұз, керосин, нан 4. қой, жылқы, сиыр 5. доллар франк, фунт стерлинг 292.Қазақстандағы индустрияландырудың қиыншылықтарының бірін атаңыз? 1. қаражат ескі кәсіпорындарға жұмсалды 2. негізінен тек ескі жабдықтар қолданылды 3. бөлінген қаржы игерілмеді 4. өндіргіш күштер дұрыс орналаспады 5. территория нашар зерттелді, транспорт нашар болды 293. Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешеннің интенсивті дамыған кезі? 1. 50-жылдар 2. 60-жылдар 3. 70-жылдар 4. 80-жылдар 5. 90-жылдар 294. 50-жылдардағы ауыл шаруашылығының артта қалу себебі не? 1. соғыс үлкен зиян тигізді 2. ауыл адамдарының қажеттілігін өздерінің шаруашылығы қамтамасыз етті 3. ауыл шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспарының кемшіліктері 4. қала мен деревня арасында ешқандай айырмашылық болмады 5. күрделі қаржыны дұрыс жұмсамау 295. Қазақстан Конституциясы бойынша жеке меншікке қол сұғуға бола ма? 1. болады 2. болмайды 3. қылмыстық жағдайда 4. заңда көрсетілмеген 5. бұл тек жеке кодекстерде анықталады 296. Тың жерлерді игеру қашан басталды? 1. 1952 ж. 2. 1954 ж. 3. 1958 ж. 4. 1961 ж. 5. 1965 ж. 297. Нарықтық экономикаға көшудің негізгі тетігі не? 1. жерді бөліп беру 2. халық санағын жүргізу 3. оқу орындарының санын көбейту 4. мал санын арттыру 5. мемлекет иелігінен алу 298. Ұзақ мерзімді басты мақсат? 1. ТМД елдері арасында басты роль атқару 2. тек өнеркәсіпті дамыту 3. ұлттық қауіпсіздік 4. ауыл шаруашылығына баса көңіл аудару 5. шетелдермен достық қарым-қатынас 299. Территориялық-өндірістік кешен дегеніміз не? 1. шағын территорияда орналасқан кәсіпорындар 2. өндіргіш күштерді толық пайдалану 3. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасындағы байланысты жақсарту 4. тек кейбір облыстарға ғана көңіл бөлу 5. салалар арасындағы өндірістік қатынастарды жақсарту 300. Қазақстанға шетелдерден әкелінетін импорттық өнімдердің басым көпшілігі қандай өнім? 1. металлургия өнімдері 2. машиналар, оның жабдықтары 3. химия өнімдері 4. отын-энергетика өнімдері 5. минералдық өнімдер. 1. 3 2. 5 3. 5 4. 2 5. 2 6. 2 7. 3 8. 5 9. 2 10. 1 11. 1 12. 5 13. 3 14. 4 15. 5 16. 1 17. 3 18. 3 19. 5 20. 1 21. 1 22. 4 23. 2 24. 3 25. 1 26. 3 27. 3 28. 3 29. 2 30. 4 31. 1 32. 2 33. 4 34. 4 35. 3 36. 2 37. 1 38. 4 39. 3 40. 2 41. 1 42. 1 43. 3 44. 3 45. 2 46. 2 47. 2 48. 5 49. 1 50. 1 51. 4 52. 4 53. 2 54. 2 55. 1 56. 1 57. 1 58. 5 59. 4 60. 1 61. 1 62. 5 63. 2 64. 4 65. 4 66. 2 67. 5 68. 1 69. 3 70. 4 71. 2 72. 4 73. 5 74. 4 75. 1 76. 4 77. 4 78. 3 79. 3 80. 1 81. 5 82. 4 83. 4 84. 4 85. 5 86. 1 87. 2 88. 1 89. 5 90. 2 91. 1 92. 5 93. 2 94. 1 95. 3 96. 1 97. 4 98. 5 99. 5 100. 4 101. 1 102. 2 103. 4 104. 5 105. 5 106. 2 107. 1 108. 5 109. 4 110. 3 111. 3 112. 2 113. 2 114. 2 115. 4 116. 2 117. 1 118. 4 119. 1 120. 3 121. 1 122. 3 123. 3 124. 4 125. 3 126. 2 127. 5 128. 4 129. 3 130. 5 131. 3 132. 1 133. 1 134. 2 135. 3 136. 1 137. 3 138. 3 139. 3 140. 1 141. 4 142. 5 143. 2 144. 4 145. 5 146. 2 147. 3 148. 5 149. 1 150. 2 151. 3 152. 1 153. 2 154. 2 155. 1 156. 4 157. 2 158. 3 159. 2 160. 2 161. 5 162. 1 163. 3 164. 1 165. 4 166. 2 167. 4 168. 5 169. 3 170. 4 171. 1 172. 1 173. 1 174. 3 175. 4 176. 1 177. 5 178. 1 179. 4 180. 2 181. 4 182. 4 183. 1 184. 3 185. 4 186. 3 187. 3 188. 3 189. 4 190. 1 191. 1 192. 3 193. 4 194. 4 195. 1 196. 5 197. 2 198. 1 199. 2 200. 3 201. 1 202. 5 203. 1 204. 4 205. 5 206. 2 207. 4 208. 4 209. 5 210. 3 211. 2 212. 2 213. 4 214. 2 215. 2 216. 1 217. 1 218. 2 219. 3 220. 1 221. 1 222. 2 223. 2 224. 4 225. 5 226. 5 227. 1 228. 2 229. 5 230. 3 231. 4 232. 5 233. 3 234. 3 235. 3 236. 2 237. 1 238. 2 239. 4 240. 4 241. 3 242. 4 243. 2 244. 3 245. 2 246. 3 247. 3 248. 3 249. 3 250. 3 251. 1 252. 1 253. 3 254. 1 255. 1 256. 3 257. 2 258. 2 259. 2 260. 3 261. 3 262. 5 263. 3 264. 1 265. 3 266. 1 267. 5 268. 1 269. 3 270. 1 271. 2 272. 3 273. 1 274. 4 275. 1 276. 1 277. 2 278. 5 279. 4 280. 3 281. 5 282. 1 283. 1 284. 3 285. 3 286. 4 287. 1 288. 2 289. 1 290. 4 291. 2 292. 1 293. 3 294. 2 295. 2 296. 5 297. 3 298. 1 299. 2
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz