Файл қосу

Мұнайдың фракциялық құрамы




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                     |
|СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                      |
|3 деңгейдегі СМЖ    |ПОӘК                 |                             |
|құжаты              |                     |ПОӘК  042-18-10.1.98/01-2014 |
|ПОӘК «Мұнайхимия»   |«11».09. 2014        |                             |
|пәні бойынша        |№2 басылымы          |                             |
|оқытушыға арналған  |                     |                             |
|бағдарлама          |                     |                             |














                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ





                        «Химиялық сандық анализ» пәні


         5В072000-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»,
   5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»  мамандықтарына
                                  арналған

                     ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ














                                    Семей
                                     2014



                                  Алғы сөз

1 ӘЗІРЛЕНГЕН

ҚҰРАСТЫРУШЫ                         «_____»_____  2014  ж.  Б.Х.  Мұсабаева,
х.ғ.к.,
«Химия» кафедрасы меңгерушісі

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1  «Химия» кафедрасы мәжілісінде   «29»  тамыз  2014 ж.,  № 1  хаттама

Кафедра  меңгерушісі                                  Б.Х. Мұсабаева

2.2  Инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің
мәжілісінде
«05» қыркүйек  2014 ж.,  № 1  хаттама

Төрайымы                              С.С. Төлеубекова

3  БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде мақұлданған және басып
шығаруға ұсынылған
«11»  қыркүйек  2014 ж.,  № 1  хаттама

ОӘК төрайымы                                Г.Қ. Искакова

4  «18» 09. 2013 №1 БАСЫЛЫМ  ОРНЫНА   ЕНГІЗІЛГЕН





















                                   Мазмұны



|1  |Қолданылу саласы                             |4                       |
|2  |Нормативтік сілтемелер                       |4                       |
|3  |Жалпы ережелер                               |4                       |
|4  |Пән мазмұны                                  |6                       |
|5  |Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары |8                       |
|6  |Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыздандыру |15                      |
|   |картасы                                      |                        |
|7  |Әдебиеттер                                   |16                      |








































1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

Оқытушыға арналған  пәннің  жұмыс  оқу  бағдарламасы,  5В072100-«Органикалық
заттардың  химиялық  технологиясы»   мамандығы  бойынша  «Мұнайхимия»  пәнін
оқитын студенттердің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіреді.

      2  НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

    «Мұнайхимия» пәнінің оқытушыға арналған оқу жұмыс  бағдарламасы  келесі
құжаттардың талаптары мен  ұсыныстарына  сәйкес  берілген  пән  бойынша  оқу
үрдісін ұйымдастырудың тәртібін белгілейді:
      - Жоғары білімнің мемлекеттік жалпы білім  беру  стандарты,  23  тамыз
2012  жылғы  №  1080   Қазақстан   Республикасының   Үкіметінің   қаулысымен
бекітілген;

      - 5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
мамандығының типтік оқу жоспары, 2013 жыл.

      - СТУ 042-ГУ-4-2014 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге  және
ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;
      - ДП 042-1.01-2014 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы  және
мазмұны» құжаттандырылған процедурасы.


      3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


          3.1  Пәннің қысқаша мазмұны
      «Мұнайхимия» сабағының  пәні  мұнай  мен  мұнай  өнімдірінің  құрамын,
қасиеттерін, оларды  зерттеу  әдістерін,  мұнай  өнімдірін  бөлу  әдістерін,
мұнайхимиялық синтез негіздерін оқыту болып табылады.
      Мұнай  мен  газдың  энергетика,  транспорт,  құрғаныс  және  басқа  да
өнеркәсіп  салалары  үшін  маңызы  өте   жоғары.   Мұнайдан   барлық   сұйық
жанармайлар,  майлар,   жағармайлар,   битумдар,   мұнай   коксы,   парафин,
техникалық көміртек және  басқа  да  тауарлық  өнімдер  алынады.  Мұнай  мен
көмірсутектік газдар көптеген химиялық өнімдер мен  тұтынымдық  өнімдер  алу
үшін тамаша шикізат болып табылады.
      Курсты оқыту студенттердің бейорганикалық, органикалық  химия  бойынша
білімдеріне негізделеді.
      3.2 Курс мақсаты:
«Мұнайхимия»   пәнінің   мақсаты   студенттердің   мұнайхимияның   теориялық
негіздері  жайлы,  мұнайдың  түзілуі,  химиялық  және   фракциялық   құрамы,
мұнайды өндіру, өңдеу жайлы  білім алуы.
      3.3 Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер:
-мұнайдың химиялық және фракциялық құрамын білу;
-мұнай компоненттерін бөлу әдістерін білу;
-мұнай өңдеудің негіздерін игеру;
-мұнай өнімдерін бөлу мен анализдеу әдістерін білу.
   3.4. Курсты оқыған студент мыналарды меңгеруі тиіс:
    •  Мұнахимияның  теориялық  негіздерін,  мұнай  мен  мұнай   өнімдерінің
      физикалық қасиеттерін мен элементтік құрамын.
    • Мұнай өңдеу кезіндегі процесстердің мәні мен заңдалықтарын;
    •  Мұнайхимиялық  синтез  негізін  құрайтын  заңдылықтар  мен   химиялық
      процесстердің  мәнін түсінуі.
   3.5. Курс пререквизиттері:
    •  «Бейорганикалық химия».
   3.6. Курс постреквизиттері:
    • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
    • Органикалық және мұнай химиялық өндірісі технологиясы
   3.7.Оқу жоспарынан көшірме:
                                                                     1 кесте
|Курс                                                             |Семестр |
|1 МИКРОМОДУЛЬ. МҰНАЙДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ                             |
|Дәрістер                                                                  |
|Мұнайдың түзілуі және жіктелуі.                                  |1       |
|Мұнай түзілуінің бейорганикалық гипотезалары: Соколовтың         |        |
|космостық гипотезасы, Менделеевтың карбидтік гипотезасы,         |        |
|Кудрявцевтың магмалық гипотезасы. Мұнай түзілуінің органикалық   |        |
|теориялары. Миграциялық органо-минералдық теория. Мұнай мен      |        |
|газдың түзілу кезеңдері.                                         |        |
|Мұнайдың фракциялық құрамы                                       |1       |
|Мұнайды фракциялау әдістері. Айдау, ректификация. Олардың        |        |
|түрлері. Мұнайдың негізгі фракциялары.                           |        |
|Мұнайдың элементтік және топтық құрамы. Оларды анықтау әдістері  |2       |
|Мұнайдың және мұнай өнімдерінің негізгі элементтері - көміртек   |        |
|және сутек, олардың мөлшерін анықтау. Мұнайдың құрамына кіретін  |        |
|гетератомдар: оттек, азот, күкірт, оларды анықтау әдістері. Мұнай|        |
|мен мұнай өнімдерінің топтық және топтық-құрылымдық құрамы,      |        |
|анықтау әдістері. Мұнайдың топтық құрамын анықтау әдістері:      |        |
|химиялық әдістер, физика-химиялық әдістер, аралас әдіс, физикалық|        |
|әдістер. Бензиндік фракциясының топтық құрамы. Май фракциясының  |        |
|құрылымдық-топтық құрамы. Гудрондар фракциясының                 |        |
|құрылымдық-топтық құрамы.                                        |        |
|Мұнай және мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттері          |2       |
|Салыстырмалы тығыздығы. Молекулалық масса. Тұтқырлығы:           |        |
|динамикалық; кинематикалық; шартты тұтқырлық.                    |        |
|Майлардың тұтқырлықтық-температуралық қасиеттері: тұтқырлық      |        |
|коэффициенті; тұтқырлықтың температуралық коэффициенті:          |        |
|тұтқырлықтық температуралық коэффициенті; тұтқырлық индексі.     |        |
|Қату, лайлану және кристалдану температуралары. Ұшқындану, тұтану|        |
|және өздігінен тұтану температуралары. Оптикалық қасиеттері:     |        |
|Рефракция және жарықтың сынуы; меншікті рефракция; молекулалық   |        |
|рефракция, рефракция интерцепті немесе рефрактометриялық айырма. |        |
|Дисперсия түрлері:  орташа,  салыстырмалы, меншікті дисперсия.   |        |
|Мұнайды өндіру тәсілдері                                         |1       |
|Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу. Мұнай өндірудің әдістері: |        |
|фонтандық әдіс, компрессорлық (газлифттік) әдіс, терң насостық   |        |
|әдіс. Мұнай құбырларының өткізгіштігін арттыру тәсілдері:        |        |
|химиялық, механикалық, жылулық тәсілдер. Мұнай өндіру кезіндегі  |        |
|экологиялық іс-шаралар.                                          |        |
|Практикалық сабақтар                                                      |
|Мұнайдың түзілуі                                                 |1       |
|Мұнайдың жіктелуі. Жіктелу түрлері                               |1       |
|Тауарлық мұнайға қойылатын стандарт талаптары                    |2       |
|Мұнайдың фракциялық құрамы                                       |1       |
|Мұнайдың элементтік және топтық құрамы                           |1       |
|2 МИКРОМОДУЛЬ. МҰНАЙДЫ ӨҢДЕУ                                              |
|Мұнай өңдеу процесстері                                          |2       |
|Мұнайды дайындау. Мұнай өңдеу кезіндегі біріншілік процесстер.   |        |
|Мұнайды  атмосфералық айдау. Вакуумдық дистилляциялау.  Мұнай    |        |
|өңдеу кезіндегі екіншілік процесстер: Тереңдетуші: катализдік    |        |
|крекинг, термиялық крекинг, висбрекинг, баяу кокстеу,            |        |
|гидрокрекинг, битум өндіру және т.б. Асылдандырушы: риформинг,   |        |
|гидротазалау, изомерлеу және т.б. Басқа процесстер: май өндіру,  |        |
|алкилдеу, арендер өндіру және т.б.                               |        |
|Негізгі мұнай өнімдерінің түрлері, олардың құрамы мен            |2       |
|эксплуатациялық қасиеттері                                       |        |
|Мұнай өнімдерінің топтары: отындар, мұнай мұнайлары, парафиндер  |        |
|және ароматты көмірсутектер, мұнай битумдары , мұнай коксы,      |        |
|пластикалық смазкалар, басқа мұнай өнімдері. Отындардың негізгі  |        |
|түрлері: автомобиль және авиациялық двигателіне арналған         |        |
|карбюраторлық отындар және бензиндер, реактивті отындар –        |        |
|авиациялық керосиндер, дизельдік отындар. Отындардың қосымша     |        |
|түрлері: газотурбиндік, пештік, қазандықтық, тұрмыстық сұйытылған|        |
|газдар. Олардың құрамы мен эксплуатациялық қасиеттері.           |        |
|Мұнайхимиялық синтез процесстері                                 |2       |
|Мұнайхимиялық синтезде қолданылатын органикалық реакциялар       |        |
|түрлері. Мұнайдан біріншілік көмірсутектік шикізат алу. Жеке     |        |
|органикалық қосылыстар синтезі. Жасанды пластмассалар мен каучук |        |
|алу процесстері. Талшықтар, пластификаторлар алу. Беттік активті |        |
|заттар, синтетикалық жуғы заттар, еріткіштер алу. Катализдік     |        |
|процесстер.                                                      |        |
|Жағармайларға арналған қосымдар.                                 |1       |
|Майларға қосымдардың түрлері: детергенттік, жуушы,               |        |
|антитотықтырғыш, антикоррозиялық, антифрикциялыұ, ұтқырлықтық,   |        |
|көбікке қарсы қосымдар. Олардың құрамы, әсер ету механизмі.      |        |
|Комбинирленген қосымдар.                                         |        |
|Практикалық сабақтар                                                      |
|Мұнай өңдеу кезіндегі біріншілік процесстер                      |1       |
|Мұнай өңдеу кезіндегі екіншілік процесстер                       |1       |
|Мұнай отындарының негізгі түрлері, эксплуатациялық қасиеттері    |2       |
|Мұнайдан біріншілік көмірсутектік шикізат алу процесстері        |1       |
|Мұнайхимиялық синтез процесстері                                 |2       |
|Мұнайхимиялық синтездегі катализдік процесстер                   |1       |
|Жағармайларға арналған қосымдар                                  |1       |
|Дәрістер, барлығы                                                |15      |
|Практикалық сабақтар                                             |15      |

      5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Әрбір студент семестр бойында 4 жазбаша БӨЖ орындауы тиіс.
№1 БӨЖ тапсырмалары
1. Қазақстанның мұнай-кен орындары, олардың сипаттамалары.
2. Қазақстанның мұнай өңдеу өнеркәсібі.
3. Қазақстанның мұнай қорлары, оларды болжау.
4. Қазақстана мұнайды тасымалдау мәселелері.
5. Қазақстанның жоғары тұтыр мұнайлары мен табиғи битумдары.
7. Мұнайды өндіру тәсілдері.
№2 БӨЖ тапсырмалары
1. Америка мұнай институтының (API) стандарттары.
2. Жанармайдың негізгі түрлеріне Жапония стандарттары.
Жанармайдың негізгі түрлеріне Ұлыбритания стандарттары.
Жанармайдың негізгі түрлеріне АҚШ стандарттары.
№3 БӨЖ тапсырмалары
1.Әлемдік Мұхиттың ірі мұнай таңбалары.
2. Әлемдегі ірі мұнай таңбалары.
3.Ресейдің мұнай авариялары.
4.Қазахстаның мұнай авариялары.
5.Этилденген бензин. Октан санын арттырудың альтернативалық жолдары.
№4 БӨЖ тапсырмалары
1.Зиянды заттар. Қауіптіліктің санитарлық класстары.
2.Инженерлік-экологиялық көрсеткіштер.
3. Экологиялық бақылаудың аспаптары мен әдістері.
4. ҚР атмосфералық ауаны қорғау заңы.
5. ҚР экологиялық  сараптау жайлы заңы.

      6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ КАРТАСЫ
                                                                     3 кесте
|Оқулықтар мен оқу-әдістемелік         |Экземпляр  |Студент   |Қамтама     |
|құралдардың атауы                     |саны       |саны      |cыздандыру  |
|                                      |           |          |пайызы      |
|1                                     |2          |3         |4           |
|Бишімбаева, Г.Қ. Мұнай және газ       |50         |2         |100         |
|химиясы мен технологиясы: [Оқу құралы]|           |          |            |
|/ Г.Қ. Бишімбаева; Букетова А.Е.-     |           |          |            |
|Алматы: [Бастау], 2007.- 241б         |           |          |            |
|Құлажанов, К.С. Мұнай өңдеу           |10         |2         |100         |
|процестерін жетілдіру: оқулық / К.С.  |           |          |            |
|Құлажанов, О.А. Алмабеков, Ә.М.       |           |          |            |
|Нұралы.- Алматы: Print- S, 2011.      |           |          |            |
|Абдуқадырова, Қ.А. Мұнай және газ     |10         |2         |100         |
|химиясы: оқулық / Қ.А. Абдуқадырова.- |           |          |            |
|Алматы, 2013.- 319 б.                 |           |          |            |
|Суербаев, Х.А. Мұнай химиясына        |2          |2         |100         |
|кіріспе: оқу құралы / Х.А. Суербаев;  |           |          |            |
|Ә.К. Қоқанбаев, Қ.М. Шалмағамбетов.-  |           |          |            |
|Алматы: Қазақ ун-ті, 2004.- 142 б.    |           |          |            |





      7 ӘДЕБИЕТТЕР

7.1 Негізгі әдебиет:
7.1.1 Бишімбаева, Г.Қ. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы: [Оқу
құралы] / Г.Қ. Бишімбаева; Букетова А.Е.- Алматы: [Бастау], 2007.- 241б
7.1.2 Суербаев, Х.А. Добыча и транспорт нефти и газа: учеб. пособие / Х.А.
Суербаев.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2002.- 222с.
7.1.3 Құлажанов, К.С. Мұнай өңдеу процестерін жетілдіру: оқулық / К.С.
Құлажанов, О.А. Алмабеков, Ә.М. Нұралы.- Алматы: Print- S, 2011.
7.1.4 Абдуқадырова, Қ.А. Мұнай және газ химиясы: оқулық / Қ.А.
Абдуқадырова.- Алматы, 2013.- 319 б.
7.1.5 Суербаев, Х.А. Мұнай химиясына кіріспе: оқу құралы / Х.А. Суербаев;
Ә.К. Қоқанбаев, Қ.М. Шалмағамбетов.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2004.- 142 б.
7.1.6 Надиров Н.К.Высоковязкие  нефти  и  природные  битумы  ,  в  5  томах,
Алматы, Гылым, 2001.
7.2 Қосымша әдебиет:
7.2.2 Суханов, В.П. Каталические процессы в нефтепереработке/ В.П. Суханов.-
 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Химия, 1973.- 413 с.
7.2.3 Галимов, Ж.Ф. Методы анализа катализаторов нефтепереработки/ Ж.Ф.
Галимов; Г.Г. Дубинина, Р.М. Масагутов.- М.: Химия, 1973.- 191 с.
7.2.4 Уильям Л. Леффер Переработка нефти, М, ЗАО Олимп-Бизнес -, 2001,224с.
Пәндер