Файл қосу
Қазақ тілі фонетикасы
5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей, 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық сабақтар 4 Курстық жұмыс 5 Студенттердің өздік жұмыстары 1 ГЛОССАРИЙ Аккомодация (лат. Accommadatio - бейімделу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгерісінің дауыссыз және дауысты дыбыстардың артикуляциясының бейімделуі. Акцентология (лат. Accentus - екпін және грек logos - сөз, ілім) - 1) Екпіннің табиғаты мен қызметін зерттейтін сала; 2) Екпінге байланысты болатын тілдік құбылыстардың жүйесі. Аллофон – фонеманың әр түрлі айтылуы. Апокопа – морфологиялық құбылыс. Соңғы буындардың түсіріліп айтылуы. Мысалы: «барады- барад», «барамын – барам» т.б. Ассимиляция (лат.Assimilation – үндесу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің кең тараған түрі. Ассимиляция сөздегі немесе сөйлемдегі тетелес келген дыбыстардың артикуляциялық үндесуі. Толық ассимиляция (жазса, сүзсе, жас+са, сүс-се). Жартылай ассимиляция (қазға, тасқа) болып бөлінеді. Аферезис – қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұрған дыбыстардың өзара ықпал етуі. Биллингвизм (лат. Bi- екі, lingua- тіл) – қостілділік; белгілі әлеуметтік топтың (мемлекеттік) екі тілде сөйлеуі. Бихевиоризм (ағылшын –behaviour- мінез-құлық, тәртіп)- тіл білімінде психологияның бір бағытына негізделген тілдің мәні мен қызметі туралы көзқарастар жүйесі. Сыртқы қоршаған орта мен адам мінез-құлқының байланысы бар болғандықтан, бихевиоризм теориясы туындайды. Вокализм (лат. Vocalus – дауысты дыбыс) – тілдегі дауысты дыбыстар жүйесі. Гаплология (грек. Hapleos – қарапайым және logos - сөз, ілім) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі. Қатар келген бірдей немесе ұқсас буындардың біреуінің ассимиляция салдарынан түсіп қалуы. Мысалы: бұл күн – бүгін, алып кел- әкел. Деривация (лат. Depivatio – жасалу) – бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау үрдісі. Дериваттарды суффикс қосу арқылы, сөз тіркесі арқылы, сөздерді біріктіру арқылы т.б. жасауға болады. Лексикалық деривация түпкі (түбірлі) бірліктің лексикалық мағынасын өзгертуге бағытталса («бас» - «бастық»), синтакситік деривация тек синтакистік қызметтің өзгеруін білдіреді («сайла» - «сайлау»). Диахрония (грек. diachoponos – уақыттың өтуі) – тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің аспектісі. Диссимиляция (лат. Dissimilatio - өзгеру) – сөз шеңберіндегі екі немесе одан да көп ұқсас дыбыстың артикуляциясы. Диссимиляция біртектес дыбыстар арасында пайда болады. Диэреза - сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Диэрезаның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады , мысалы: «честный – чесный», «қалмады – қамады», т.б. Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері – сөйлеу кезінде дыбыстардың бір- біріне әсер етуінен пайда болатын фонетикалық өзгерістер. Оның негізгі түрлері мынадай: аккомодация, ассимиляция, диссимиляция. Жасанды тілдер – табиғи тілді қолдану мүмкін емес немесе сапасыз болатын жағдайларда қолданылатын таңбалар жүйесі. Оның түрлері - мамандырылмаған тілдер – халықаралық тілдер (эксперанто), мамандандырылған тілдер – ғылым тілінің символдық тілі (математика тілі, химия тілі) және бағдарлама жасау тілі т.б. Жест тілі (ым тілі) – кинетикалық (мимикалық) негізде жасалған коммуникативті жүйе. Интерференция (лат. inter - аралық, ferio -соғу, тигізу) – қостілділік жағдайында тілдердің бір-біріне тигізетін әсері, ықпалы. Конверсия (сөзжасам) – бір сөз табындағы өзгеріске ұшырамай, басқа сөз табы ретінде қолданылуы (соғыс – соғыс, ақ-ақ-ақ, ат-ат т.б.). Консонантизм (лат. consonantig - дауыссыз дыбыс) – тілдегі диалектідегі , говордағы тілдер тобының дауыссыздардың жүйесі. Көптілділік (мультилингвизм, полилингвизм) – бір мемлекет ішінде бірнеше тілді пайдалануы. Бір адамның бірнеше тілде сөйлеуі. Ларингал (грек. Larynx - көмей) - көмейлік дауыссыз дыбыс. Метатеза – (грек. Meafofhesis - орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың, не буындардың өзара орын ауыстыруы. Морфема – (грек. Morrhe - форма) – тілдің негізгі бірлігі, ең кіші таңба, яғни бұл бірліктің белгілі фонетикалық тұлғасы ретінде белгілі бір мағына береді. Ономасиология - номинация (атау) теориясы. Ономасиологиядағы зерттеу зат немесе құбылыстан осы зат не құбылыстан осы зат не құбылыс туралы ойға қарай бағытталады және оларды тіл құрамдары арқылы белгілейді. Ономастика (грек. Onomastike (techne) - атау өнері) - жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімінің саласы. Протеза (грек. Proflogis - алдына қою) - сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: ырас – рас, ылай – лай. Редукция (лат. Reductio - кейін шегіну, азаю, қысқару) – дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Сандық редукция - екпін болмауынан дыбыс ұзақтығының азаюы, сапалық редукция – сол себептерден артикуляцияның өзгеруі. Мысалы: қат(ы)нас, дәр (і) гер, т.б. Редупликация (лат. Reduplication - қосралану) - алғашқы буынның (жартылай редупликация) немесе бүтін түбірдің (толық редупликация) қосарлануынан пайда болатын құбылыс. Мысалы: қап-қара, тәй-тәй т.б. Семиотика (грек. Semeion - таңба, белгі) – хабарды сақтап, басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән. Сингармонизм (грек. Syn - бірге және harmonia - қос үнділік, үндесу)- морфологиялық бірлік ретіндегі сөздің вокалдық түрленуінің нәтижесі. Бұл түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Синхрония (грек. Sync – hronos- бір мезгілде болатын) – белгілі бір даму кезеңіндегі тілдің жағдайы. Субстрат (лат. Sub. Астыңғы, және stratum - қабат) – белгілі лингвогеографиялық жерде ертеде болған тілден қалған көне элементтер. Транскрипция (лат. Trancriptio - көшіріп жазу) – сөз дыбыстарын хатқа түсіру (жазу) әдісі. Фонема (грек.phonema – дыбыс, дауыс) – тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік. Фонема мағыналық бірліктерді ажырату үшін қажет. Фонология (грек. phone – дыбыс және logos – сөз, ілім) – тілдің дыбыстық құрылысы мене қызметінде болатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білмінің бір саласы. Фузия (лат. fusio – қосылған жер) – көрші тұрған морфемалардың (негіз бен аффикстің) қосылып кетуі. Фузия түбір мен қосымшалар арасында болады, олар: н// д/т; м//б-п Элизия (лат. elisio – шығарап тастау) ілгері тұрған сөзде соңғы дыбыстың жоғалуы. Элизияға қарама-қарсы болатын үрдіс, яғни кейінгі сөздің басында тұратын дыбыстың жоғалуы – аферизис деп аталады. Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы – аузы. Эпентеза (грек.epenthesis – қосынды) –сөздегі қосымша дыбстың пайда болуы. Мысалы: кровать – кереует. Этимон (грек. etumon– ақиқат) – сөздің бастапқы тұлғасы мен мағынасы. 2 ДӘРІСТЕР №1 Дәрістің тақырыбы: «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, салалары, зерттелу жайы. Мақсаты: Қазіргі қазақ тілі курсының объектісі мен міндеті, көлемі мен жіктелетін салалары жайында мағлұмат беру. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері. 2. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы фонетикасының салалары. 3. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы. 1. Фонетика - гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Фонетиканың зерттейтіндері – тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар. 2. Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика (нақтылы тілдің фонетикасы) болып бөлінеді. «Жалпы фонетика» тіл дыбыстарының тіл жүйесінде өмір сүру жағдайларын зерттеуден басқа, оларды сөйлеудің түйдегінде зерттейді, басқаша айтқанда, ол бірінші жағынан, фонетикалық құбылыстардың бір-бірімен байланыстарын және екінші жағынан фонетикалық құбылыстар мен фонетикадан тыс құбылыстардың себепті байланыстарын қарастыра отырып, тіл дыбыстарының динамикасын зерттейді. «Жеке фонетика» белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді. Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі өзара байланыстарын белгілеп айқындайды. Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді. Туыстығы жоқ, құрылымы бөлек тілдердің дыбыстық жүйесін салыстыра зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді. Мысалы: қазақ – орыс, қазақ – ағылшын т.б. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Одан соң М.Терентьев жазған «Гармматикада» [1] қазақ фонетикасы жөнінен айтарлықтай жаңалық байқалмайды. Онда кейбір дыбыстардың айтылуы мен комбинаторлық түрде алмасуы жайында азын-аулақ мәлімет береді.Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. П.М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фонетика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Қазан төңкерісіне дейін казақ тілі жайында жазылған еңбектерден В. Катаринскийдің. «Грамматика киргизского языка» (Фонетика, этимология и синтаксис. Оренбург, 1897), И. Лаптевтың «Материалы по казах-киргизскому языку» (Москва, 1900) және Н. Созонтовтың «Записки по грамматике киргизского языка» (Ташкент, 1912) деген кітаптарын атап өтуге болар еді. Аталған еңбектердің фонетика тарауында айтарлықтай жаңалық жоқ, көбіне, бұрынғы айтылған мәселелерді қайталап отырады. Г. В. Архангельский жазған «Грамматикада» қазақ тілі дыбыстарының жіктелуі, дыбыстардың өз ара алмасуы, кейде дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп қалуы (редукциясы), үндестік заң мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады. Қазақ тілі фонетикасының ғылыми негізі А.Байтұрсынов еңбектерінде орын алады. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі проф. Қ.Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заңы, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері. 2. Фонетика қандай салалардан тұрады? 3. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы. Әдебиеттер: 1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - А.,1973,1977,1993, 2002 2. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. - А.,1962 3. Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989 4. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. - А., 1975. №2 Дәрістің тақырыбы: Дыбыс, әріп, фонема. Фонема туралы түсінік, көзқарастар. Мақсаты: Қазақ тіл біліміндегі дыбыс, әріп, фонема туралы түсінік, көзқарастарға тоқталу. Фонемалардың негізгі функциясы, қызметі жайлы мағлұмат беру. Фонема, аллофон деген ұғымдар туралы әңгімелеу. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1. Дыбыс, әріп, фонемалар туралы түсінік. 2. Фонема туралы түсінік, көзқарастар. 3. Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салушылар. Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Әдетте мынадай көзқарас кездеседі: шын тіл – жазылған тіл, яғни сөзді қатесіз жазу, жазылуындай етіп оқу. Дұрысы, жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны айтпағанда, әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Олай болатыны, сөздің өмір сүру формасы - дыбыс. Әріп – сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты әр түрлі (мәселен, д, d, т.б.) өрнектей беруге болады. Әріп пен дыбысты шатастыруға әсте болмайды. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе (мәселен, о, ө, ү, ұ), кейде бір әріп (мәселен, ю,я) бірнеше дыбыстың қосындысын (йұу, йүу, йа) өрнектейді. Керісінше, кейбір әріптердің (ь, ъ) дыбыстық мәні жоқ. Фонема (гр.phonema-дыбыс) - сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі. Тілде, әдетте, біз ойлағаннан әлдеқайда көп әртүрлі дыбыстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне топтастырылады. Мәселен, ат, ет, от, өт деген сөздерде біздің түсінігімізше бір-ақ «т» дыбысы бар. Шынтуайтқа келгенде, дауысты дыбыстардың әсерімен ол бірде жуан(ат, от), бірде жіңішке(ет, өт), бірде еріндік(от,өт), бірде езулік(ат, ет) болып, біршама ауытқу, ерекшеліктермен немесе әртүрлі реңмен айтылады да, қызметіне қарай бір-ақ фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқу, рең тіл білімінде аллофон(гр.allos-басқа)деп аталады. Сондықтан сөз дыбыстан емес, фонемедан құралады десе де болады. Фонема, сондай-ақ морфема туралы ілімнің алғаш(1870) негізін салған- орыс және поляк тілін зерттеуші И.А.Бодуэн де Куртенэ. Фонеманың көршілес келген әр түрлі фонемалардың тигізген әсеріне пайда болған реңкі к о м б и н а т о р л ы р е ң к деп аталады. Тіл білімінде фонема туралы мәселенің өзіне тән тарихы бар.Фонема туралы ілім орыс лингвистикасында өткен ғасырдын жетпісінші жылдарында пайда болған.Фонема теориясының алғаш негізін қалаған лингвист – орыс ғалымы и. Бодуен де Куртанэ (1845-1929). Оның ғылыми – зерттеу жұмыстарының әр дәуірінде фнема туралы түсінік өзгеріп отырды.Мысалы, Бодуан де Куртанэ алғашында фонеманы этимология – морфологиялық құбылыс деп қараса,кейінгі кездерде фонемаға психологиялық анықтама береді.Бодуен де Куртенэнің фонема туралы ілімін ары қарай дамытқан оның шәкірті акад. Л.В. Щерба болды.Л.В. Щерба сөздер және формаларды ажырататын реңкі фонема деп атайды. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1.Әріп пен дыбыстың қандай айырмашылығы бар? Олардың өзара қарым- қатынасы жайлы не айтуға болады? 2.Фонема дегеніміз не? 3.Фонема және морфема туралы ілімнің негізін салушы кім? 4.Фонеманың көршілес келген әр түрлі фонемалардың тигізген әсеріне пайда болған реңкі қалай аталады? Әдебиеттер: 1.С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы.- А.,2004. 2.Х. Досмұхамедов. Аламан. –А., 1994. 3.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. -А.,1973,1977,1993, 2002. 4.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.- А.,1962. 5.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. -А., 1989. 6.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А., 1975. №3 Дәрістің тақырыбы: Сөйлеу дыбыстарын қарастырудың үш аспектісі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер. Мақсаты: Сөйлеу дыбыстарын қарастырудың үш аспектісі жайлы жан-жақты түсінік беру. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерді сипаттау. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1. Анатомия-физиологиялық аспект дегеніміз не? 2. Акустикалық аспект дегеніміз не? 3. Лингвистикалық аспект дегеніміз не? Анатомия-физиологиялық аспект. Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі. Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға арналған арнайы органдар жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар (мәселен, өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т.б) қосымша атқарады. Тіл дыбыстары және олардың жасалуын түсіну үшін, дыбыстау мүшелерінің әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл т.б. Бұларды сөйлеу аппараты деп те атайды. Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығу кезінде ауа жолына орналасқан дыбыстау мүшелерінің белілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне, яғни қимыл-әрекетіне негізделген. Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозғалыс жасайды. Олар: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т.т. Бұлардың ішінде тілдің орны ерекше. Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып, келіп тұрады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар, аты айтып тұрғандай, осы дауыстан (тоннан) жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі: үнділерде – көбірек, ұяңдарда – азырақ болады да, ал қатаңдарда, мүлдеи болмайды оның есесіне қатаңдар салдырдан жасалады. Салдыр фонациялық ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан пайда болады. Акустикалық аспект. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-бірінен ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді. Дыбыстың ырғағы тербелістің жиілігіне, ал дыбыстың күші тербелістің қарқынына байланысты. Лингвистикалық аспект. Қарым-қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы ғана өмір сүреді. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық, құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвитикалық мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспектісі келіп шығады. Мұны фонология деп атайды. Алғашқы екеуін осы лингвистикалық аспектінін табиғатын дұрыс танып, білуге көмектесетін жолдар түрінде қараса да болады. Қысқасы, лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан, фонемалардың қызметі тұрғысынан қарайды. Өзін – өзі тексеру сұрақтары: 1.Дыбысты қарастырудың қанадай аспектілері бар? 2.Анатомиялық – физиологиялық аспектіге қандай анықтама бересің? 3.Акустикалық және лингвистикалық аспектінің сипаттамалары. 4.Тембр деген не? 5.Сөйлеу аппаратына нелер жатады? Әдебиеттер: 1.С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы. –А.,2004. 2.К. Аханов. Тіл білімінің негізері. –А., 1997. 3.Х. Досмұхамедов. Аламан. –А.,1994. 4.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962. 5.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989. 6. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А., 1975. №4 Дәрістің тақырыбы: Фонемаларды топтастырудың ұстанымдары. Дауысты және дауыссыз фонемалар. Мақсаты: Фонемаларды топтастырудың ұстанымдары туралы ұғым беру. Дауысты, дауыссыз фонемалардың топтастырылуына тоқталу. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1.Фонемаларды топтастырудың ұстанымдары. 2. Дауысты фонемалардың топтастырылуы. 3. Дауыссыз фонемалардың топтастырылуы. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі .Дауыстылар мен дауыссыздар.Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде фонациялық ауа (сөйлеп тұрғанда шыққан ауа): 1) кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз еркін шығады; 2) дыбыстау мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; 3)фонациялық ауа баяу (лепсіз) шығады. Ал дауыссыздардың артикуляциясы мұнан басқаша болады. Дауыссыздарды айтқанда, фонациялық ауа: 1) кедергіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; 2) тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі; 3) фонациялық ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Қандай бір тілде болсын, дауысты дыбыстарға қарағанда, дауыссыз дыбыстар көп. Дауыстылармен салыстырғанда, дауыссыздардың классификациясы әлдеқайда күрделі. Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың қатысуымен жасалса, қайсыбіреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады. Осыған орай, дауыссыздар екі топқа бөлінеді: оның бірі – қатаң дауыссыздар, екіншісі – ұяң дауыссыздар. Қатаң дауыссыздар деп дауыстың қатысынсыз жасалған дауыссыздарды айтамыз да, ұяң дауыссыздар деп дауыстың қатысуымен жасалған дауыссыздарды айтамыз. Егер дауыссыздарды айтқанда, дауыс шымылдығы жиырылып қысылмаса және дауыстың қатысы болмаса, онда қатаң дыбыстар жасалады. Мысалы: қ, к, т, п, с және т.б. Егер дауыссыздарды айтқанда, дауыс шымылдығы үн шығарарлық қалыпта болса, онда ұяң дыбыстар жасалады. Мысалы: ғ, г, д, б, з және т.б. Қатаң дауыссыздар мен ұяң дауыссыздар түрлі тілдерде дауыстың қатысу немесе қатыспауы жағынан ажыратылады да, өз ара жұп-жұбымен айтылады. Тіл – тілде қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары, керісінше, ұяң дауыссыздардың қатаң сыңарлары бар. Мысалы: к-г, п-б, т-д, с-з, ф-в және т.б. Қатаң дауыссыздарда салдыр басым болады. Осыған орай, ұяңдарға қарағанда, қатаң дауыссыздарда ауаның қарқыны басым болады. Сондықтан да, қатаң дауыссыздар кейде, қарқынды немесе күшті дауыссыздар деп те аталады. Ал ұяң дауыссыздарды айтқанда ауаның қарқыны, қатаң дауыссыздарға қарағанда, баяу болады. Осымен байланысты, ұяңдар әлсіз дауыссыздар деп аталады. Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды және мұрын жолды дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді. Егер жұмсақ таңдай жоғары көтеріліп, жұтқыншақтың мұрын қуысына баратын кіре беріс жолды жауып тұрса, онда ауа ауыз қуысымен өтеді де, осының нәтижесінде ауыз жолды деп аталатын жауыссыздар (мыс:б,д және т.б.) жасалады. Егер жұмсақ таңдай төмен түсіп, жұтқыншақтан мұрын қуысынан өтсе, онда осының нәтижесінде мұрын жолды деп аталатын дауыссыздар жасалады.(мыс: м,н...). Артикуляциялық жолына қарай салдыр дауыссыздар(қатаңдар мен ұяңдар) шұғыл дауыссыздар және ызың дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді. Шұғыл дауыссыздарды айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып кетеді, осының нәтижесінде ауа үзіліп, шұғыл шығады. Шұғыл дауыссыздардың осы қасиеті ескеріліп, олар эксплозив дауыссыздар деп те аталады. Шұғыл дауыссыздар мыналар:п, б, т, д, к, г, қ. Ызың дауыссыздар дыбыстау мүшелерінің жымдасуынан емес, тек өз ара жуысуынан, соның нәтижесінде, ауаның сүзіліп шығуынан жасалады. Ызың дауыссыздар кейде фрикатив дауыссыздар деп те аталады. Олар мыналар: в, ф, ғ, с, ш, х, з, ж, һ. Тіл – тілде ызың дауыссыздар мен шұғыл дауыссыздардың ерекшеліктерін бірдей қамтыған дауыссыз дыбыстар да кездеседі. Мұндай дауыссыздар аффрикат дыбыстар деп аталады. Аффрикаттар (ц, ч...) шұғыл дауыссыз дыбыстың элементінен басталып, ызың дауыссыз дыбыстың элементімен аяқталады. Тіл білімінде дауыссыз дыбыстар жүйесі консонантизм деп те аталады. Тіл тілде дауысты дыбыстар саны жағынан да, сапасы жағынан да түрлі- түрлі болып келеді. Кейбір тілдерде дауыстылардың саны көп те, қайсыбіреулерінде аз. Мысалы, қазақ тілінде 9жалаң дауысты дыбыс болса (а, е, ы, і, ә, о, ө, ұ, ү), орыс тілінде 6дауысты дыбыс (а, э, и, ы, о, у) бар. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысы мен қалпына қарап, атап айтқанда, 1) тілдің қалпына; 2) еріннің қатысына; 3) жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады. 1.Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар (а, ы, о, ұ) жасалса, оның таңдайдың алдыңғы жағына жуықтап айтылуынан жіңішке дауыстылар (ә, е, і, ө, ү) жасалады. 2.Ерін қатысына қарай дауыстылар еріндік және езулік болып екі топқа бөлінеді. Еріндік дауыстылар еріннің алға сүйірленуінен жасалса (о, ө, ұ, ү...), езулік дауыстылар еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуынан жасалады.(ы, і, е...). 3. Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық дауыстылар және қысаң дауыстылар болып екі топқа бөлінеді. Ашық дауыстылар жақтың кең ашылып, иектің төмен түсуінен жасалса (ә, а...), қысаң дауыстылар жақтың болар- болмас ашылуынан жасалады (ұ, ү, ы, і...). Ашық дауыстылар мен қысаң дауыстылардың аралығындағы дауыстылар – о,ө,е дыбыстары. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1.Тіл білімінде дауыссыз дыбыстар жүйесі қалай аталады? 2.Фонетика қандай салалардан тұрады? 3. Тіл білімінің арнаулы бір саласы? Әдебиеттер: 1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. -А.,1973,1977,1993, 2002 2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.- А.,1962 3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989 4. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.,1975. 5.Жүнісбеков Ә. Акустика-артикуляционного характеристики гласных казахского языка. Фонетика казахского ызыка. І-часть. А., 1969. 160 б. 6.Жунісбеков Ә.Гласные казахского языка. А., 1972. 92 б. №5 Дәрістің тақырыбы: Буын. Буынның жасалуы, түрлері. Буын және тасымал. Мақсаты: Фонетика аясында қаралатын буын, буынның жасалуы,буын және тасымал жайлы кеңінен мағлұмат беру. Қазіргі қазақ тіліндегі буындардың дыбыстық құрамы, буынның түрлері туралы жан-жақты мәлімет беру. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1. Буын және оның түрлері. 2. Буынның жасалуы. 3. Буын және тасымал мәселелері. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, ондаолар кірме сөз болғаны. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ, буындарда екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы.: бөрене, жеребе, кереует, кінәз, үстел. Сондай-ақ тіліміздегі байырғы сөздердің соңында екіден артық дауыссыз тұра алмайды. Оның өзінде негізінен еліктеуіш сөздер. Қазақ тілінде басқы буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда буындар дауыстыдан басталмайды. Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынадай болып келеді. Бір дыбысты: а- та, а- па, і- ні, а- ла, о- қы, а,ә,е,о, о- тыр.Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басындда ғана кездеседі; Екі дыбысты: ба- ла, қа- ла- да, та- за -ла; Үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт; Төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт Бес дыбысты: пункт, спорт,текст, скетч, старт; Алты дыбысты: спектр, спринт. Буынның түрлері: Ашық буын- жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын. Тұйық буын – соңы дауыссызға аяқталатын буын. Өзін - өзі тексеру сұрақтары: 1.Буынның жалпы сипаттамасы мен өзіндік қасиеттері; 2. Буынның түрлері, олардың қасиеттері мен дыбыстық құрамы; 3.Сөздердің буын құрамы; 4.Тіліміздегі сөздер құрамындағы буынның түрлеріне қарай бөлінуі; 6.Буын құрамының өзгеруі; Әдебиеттер: 1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- А.,1973,1977,1993, 2002 2.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А. 1989 3. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. –А., 1975. №6 Дәрістің тақырыбы: Екпін туралы түсінік. Екпіннің түрлері. Бунақ- ритмикалық топ. Мақсаты: Екпін (акцентуация). Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және олардың бір-бірінен айырмашылығы. Сөз екпіні оның түрлері. қазақтың төл сөздері мен халықаралық сөздердегі негізгі және квантитатив сөз екпіндері. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1.Екпін (акцентуация). 2.Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және т.б.олардың бір-бірінен айырмашылығы. 3.Екпіннің басқа тілдердегі атқарған орны. 4.Екпінге қатысты Н.А. Басқақов пен А.Н.Коноковтың пікірі. Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз. Екпін түскен буын басқа буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы ажыратылады. 1) Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.2) Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы (высота тона) арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиілеуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады. Екпіннің бұл түріне ие тілдер : қытай, корей, дүнген, япон, серб, литва және т.б. тілдер. 3)Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады. Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін – жылжымалы екпін. Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, екпін көбінесе арнаулы бір буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді. Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, екпін көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Бірде екпін сөздің семантикалық жігін ажыратса, бірде грамматикалық жігін ажыратып тұрады. (Мысалы, орыс тілінде замок (қорған) – замок (құлып), мука (азап) - мука (ұн) деген сөздер мағыналары жағынан бір- бірінен екпіннің қай буынға түсуіне қарай ажыратылады. Тіл-тілде сөз екпінінен басқа фразалық екпін де болады. Кейбір сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбай, айтылу жағынан жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болды. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады. Акцентуациялық жақтан жігі ажырамай, бір ғана екпінмен айтылып, ритмикалық бір бүтін топ құрған сөз тіркесінің құрамындағы екпін түспеген сөз екпінді өз бойына тартқан сөздің алдында тұрса, проклитика деп аталады да, соңында тұрса энклитика деп аталады. Жөн-жосық, кем-кетік, көл-көсір, мал-мүлік тәрізді қос сөздер мен ән салу, қол қою тәрізді сөз тіркестерінің әрқайсысының алдыңғы сыңарлары дербес екпінге ие бола алмай, проклитикаға айналып тұр. Тіл – тілде энклитикаға айналатындар көбінесе көмекші сөздер. Мысалы, сен ғана, үйге дейін, алыс па, жақын ба, айта ғой тәрізді тіркестердің құрамындағы ғана, дейін, па, ба, ғой деген шылау сөздер өз алдына дербес екпінге ие бола алмай, энклитикаға айналған. Түркі тілдерінде күшейткіш үстеулер мен қос сөздердің құрамындағы күшейткіш буындар екпінді өз бойына тартып, өзінен кейінгі сөзді энклитикаға айналдырады. Мысалы, қазақ тілінде өте жақсы, тым биік, аса зор тәрізді сөздердің тіркестеріндегі өте, тым, аса деген күшейткіш үстеулер екпінді өз бойына тартып, өзінен кейінгі сөздерді энклитикаға айналдырып тұр. Логикалық екпін. Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп, ерекшеленіп айтылатыны сияқты, кейде сөйлемде бір сөзге айрықша назар аударылып айтылатыны бар. Сөйлемдегі айрықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп аталады.Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, логикалық екпін көбінесе баяндауыштың алдындағы сөзде болады. Мысалы, Болат қаладан кеше келді деген сөйлемде логикалық екпін кеше деген сөзде болса, Болат кеше қаладан келді (басқа жерден емес, қаладан) деген сөйлемде – қаладан деген сөзде. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1.Екпін (акцентуация). Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және т.б.олардың бір-бірінен айырмашылығы. 2.Екпіннің басқа тілдердегі атқарған орны. 3.Екпінге қатысты Н.А. Басқақов пен А.Н.Коноковтың пікірі. 4.Сөз екпіні оның түрлері. Әдебиеттер: 1.Кеңесбаев I., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика).- А., 1962. 2.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. -А., 1986,1986,1993. 3.Байтұрсынов А. Тіл тағлымы.- А., 1992. 4.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. –А.,1999. №7 Дәрістің тақырыбы: Дыбыстардың алмасуы. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер. Мақсаты:Дыбыс өзгерістерінің басты түрлері:(игерулі, шектік, игерусіз)жайлы айта келіп, олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1.Дыбыс өзгерістерінің басты түрлері: игерулі, шектік, игерусіз. 2. Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері. 3. Дыбыс өзгерістерінің басты түрлерінің өзіндік ерекшеліктері. Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан, не жіңішке болып келуі – ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және әбден қалыптасқан фонетикалық заң. Комбинаторлық өзгерістер тек қана сөз ішіндегі, сөз аралығындағы, сөздің мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір-бірінен алшақтап тұрған бір фонеманың екінші фонемаға ілгерінді,кейінді, кейде тоғыса келіп, тигізетін әсерінен болады. Позициялық өзгерістер белгілі бір сөздің шенінде болатын өзгерістер.Оған протеза,эпентеза,элизия т.б. жатады. Ал спонтандық өзгерістер кейбір сөздердің дыбыстық құрамы ешқандай өзгеріске ұшырамай-ақ бірнеше түргі ауысуы мүмкін.Мысалы,мысық-мышық,секер-шекр т.б. Тіл тарихын жете білу үшін фонетикалық сәйкестілікпен бірге сөздердің семантикалық жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен семантикалық заңдарды ұштастыра білу – тіл тарихын, оның даму жолдарын танып білудің кілті. Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Тілдің фонетикалық жүйесі үшін дыбыстық өзгерістердің ішінде фонемалардың санын өзгерте алатын өзгерістер өте мәнді болып табылады. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1.Игерулі, шектік, игерусіз өзгерістер туралы түсінік. 2.Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері. 3. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер туралы. Әдебиеттер: 1.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы.-А., 2000, 2004. 2.Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.- А., 1988. 3.Қазақ граматикасы.- А., 2002. 4.Мырзабектен С. Қазақ тілі фонетикасы.-А.,2004. 5.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973. 6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002. 7.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002. №8. Дәрістің тақырыбы: Сингармонизм заңы. Тіл үндестігі. Ерін үндестігі. Аккомодация туралы түсінік. Мақсаты: Түркологияда ертелі – кеш айтылып келе жатқан ұлы заң сингорманизм мәселесіне ерекше назар аударту, айтылған пікірлерді сипаттап қорытынды шығару, қазақ тіліндегі және өзге тілдердегі сингармонизм заңына шолу жасау. Аккомодация туралы жан-жақты мағлұматтарға сипаттау. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1.Сингармонизм заңы туралы түсінік. 2. Сингармонизмнің тіл үндестігі мен ерін үндестігі атты түрлері. 3.Өзге тілдердегі сингармонизм заңының өзіндік ерекшеліктері. 4.Аккомодация туралы түсінік. Сингармонизм (грек. Sun – бірге және harmonia – байланыс, үндесу) – түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келді: «түбірдегі дауысты жуан болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен байланысты; біртіндеп, сатылып барып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар, сөздегі барлық буындарға арқау дауыстысы». Яғни қосымшадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты, бірімен бірі үндесіп тұрады. Бұл, әрине негізінен дұрыс. Сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі – қазақ (түрік) сөзінің өн бойында біркелкі тембрдің сақталуында. Бұлай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз естіліп, қабылдауды, түсінуді қиындатады. Сингармонизм түрлері. Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.1) Дауысты дыбыстар тілдің қатысы жағынан және 2) еріннің қатысы жағынан бір бірімен үндесіп айтылады. Лингвальдық сингармонизм. Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстының әуеніне қарай ыңғайланып айтылады.Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындарда да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. Дауысты дыбыстардың үндесуінің бұл түрін ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм дейміз. Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуін ерін үндестігі дейді. Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса, неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге толық шешімін таба алмай келеді. Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик I.Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр. Аккомодация (лат. accomodatio бейімделу) морфемалар жиігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. Мысалы: ат, ет, от, өт деген сөздерде бір ғана т онемасы дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатынын білеміз. Дауыстылар мен дауыссыздардың және керісінше, дауыссыздардың дауыстылармен көрші тұруында тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан заңдылық бар. Аккомодация құбылысында қазақ тілінде негізінен дауыстылар дауыссыздарға күштілік жасап, көбіне дауыстың қатысы және айтылуы жағынан өзіне бейімдеп тұрады. Мысалы: тарағы (тарақ-ы), ағешкі (ақ ешкі) дегендерде дауыстылар дауыстың қатысы жағына дауыссыздарды игеріп тұр деп түсіну керек. Ал дауыстылардың артикуляциялық ( айтылуы) жақтан әсері дегенде әсіресе тілдің қалпы жағынан дауыссыздарға ықпалын айту керек. Яғни, қазақ тілінде дауыссыздардың жуан және жіңішке болып айтылуы көбіне дауыстымен байланысты. Сондай-ақ жақтың, еріннің де едәуір ықпалы болады. Өзін - өзі тексеру сұрақтары: 1.Сингармонизм заңы туралы түсінік. 2. Сингармонизмнің тіл үндестігі мен ерін үндестігі атты түрлері. 3.Өзге тілдердегі сингармонизм заңының өзіндік ерекшеліктері. 4.Аккомодация туралы түсінік. Әдебиеттер: 1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - А.,1973,1977,1993, 2002 2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. -А.,1962 3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А.,1989 4. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975. №9 Дәрістің тақырыбы: Ықпалдың түрлері. Ассимиляция құбылысы және диссимиляция туралы түсінік. Мақсаты:Студенттерге дыбыстардың өзара үндесуі және ықпалдың түрлері туралы айта келе, ассимиляция құбылысы және диссимиляция жайлы түсінік беру. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1.Ықпалдың түрлері. 2.Ассимиляция құбылысы және диссимиляция туралы түсінік. Әр тілдің фонетикасында өзіне тән заңдылықтары болады. Түркі тілінде (қазақ) ондай заңның ең маңыздысы-үндестік заңы. Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустикалық-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі сингорманизм деп аталады да, дауыссыздардың бір- біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады. Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде сингармонизм де ассимиляцияның бір түрі ретінде қарастырылады.Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады.1. Ілгерінді ықпал – алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі,игеруі.2.Кейінді ықпал-алдыңғы ықпалға қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етіп, игеруі.Мысалы,тарағы (тарақы) т.б.Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерілі-кейінді әсері.Мысалы,қаңғызыл(қан қызыл)т.б. Диссимиляция – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Дыбыс үндестігінің түрлері. 2.Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі қалай аталады? 3.Дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өзара үндесуі. 4. Аккомодация туралы қысқаша анықтама беру. Әдебиеттер: 1.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006 2. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы,- А.,1992 3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973. 4. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002. 5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975. 6.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002. №10 Дәрістің тақырыбы: Қазақ орфоэпиясының жай-күйі. Мақсаты: Орфоэпиялық дағдылардың қатысымдық әрекетте алатын орнын, маңызын ескере отырып, тіл дамытуда оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға, одан әрі дамыту мен жетілдіруге белгілі талаптар қоюды игерту. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1.Орфоэпиялық дағдылардың тілімізде алатын орны. 2. Дұрыс сөйлеу нормасына қажетті тілдік объектілердің терең меңгерілуі. Орфоэпиялық дағдылардың қажеттілігі тек сөйлеумен шектелмейді. Егер тыңдаушының дұрыс қалыптасқан фонетикалық дағдылары болмаса, онда ол тыңдағаны мен естігенін дұрыс түсіне алмайды. Қазіргі фонетика сөздің дыбыстық жағын екіге топтап карастырады. Бірінші топта: 1) дыбыстар, 2) фонетикалық сөз, 3) буын, 4) сөйлем, 5) текст.Екінші жағынан: сөз екпіні, интонация, дауыс ырғақтарының элементтері, оған жататындар: сөздің сазы, сарындылығы (тонның жоғарылығы мен төмендігі), сөздің қаркыны (күштілігі мен әлсіздігі), темпі (жылдам және баяулық), сөздің тембрі (дыбыстық рең, сөздің эмоциональдық реңдері), екпін (буынға түсетін екпін, сөздің екпіні, сөйлемнің екпіні т.б.). Тілде адамдардың қарым-қатынас құралы ретінде бұл екеуі бірлікте қарастырылады. Дұрыс сөйлеу нормасы негізінен мына сияқты тілдік объектілерді терең меңгеруге байланысты болады: біріншіден, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс сөйлеу үшін үндестік заңын, яғни біріккен сөзбен сөз тіркестерінің аралығындағы дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерін, ықпалын терең меңгеру керек. Мысалы, Көпжасар - Көбжасар, ала қарға - алағарға т.б. Екіншіден, дұрыс сөйлеу үшін сөз екпінін, буын түрлері мен тасымал заңдарын білудін маңызы зор. Үшіншіден, жеке сөздер мен сөз тіркестерін және сөйлемдерді берілетін ойына лайықты айту мен оқи білуді игеру қажет. Мысалы, Сәулені кешеден бері асыға күткен Нұрлан далаға жүгіріп шықты деген сөйлем екі түрлі паузамен айтылады. Нұрлан сезінен кейін дауыс кідірісі болады да, шыкты сөзінен кейін дауыс үзілісі болады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Орфоэпиялық дағдылардың тілімізде алатын орны. 2. Дұрыс сөйлеу нормасына қажетті тілдік объектілердңі терең меңгерілуі. Әдебиеттер: 1.Ниеталиев К. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. -А., 1977. 2.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006 3. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы,- А.,1992 4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973. 5. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002. 6.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002. 7. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975. №11Дәрістің тақырыбы: Қазақ жазуы және орфографиясы. Мақсаты: Орфография туралы түсінік,орфографияның ұстанымдары жайлы айта келіп, ХХ ғ. қазақ жазуы мен орфографиясына қатысты Ахмет Байтұрсыновтың сіңірген еңбегіне жан-жақты тоқталу. 1. Орфография туралы түсінік. 2. Орфографияның ұстанымдары. 3.ХХ ғ. жазуы мен орфографиясына қатысты Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі. Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады.Олар: Күрделі сөз түрлерінің жазылуы; халықаралық сөздердің жазылуы; сызықша арқылы жазылатын түрлері. Орфография жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихы қалыптасқан жүйе, біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.Орфография тілдің белгілі бір даму кезіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайтын деуге болады. Ережелер жүйесі:1. дыбыстарды (фонемаларды) әріптермен беру, сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу, сөздерді бірге , бөлек және дефис арқылы жазу, бас әріпті пайдалану, тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды. (орфография ара-тұра «дұрыс жазу» деген синоним ретінде де қолданылады). Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негізделген ережелердің жиынтығынан тұрады. Морфологиялық принцип – сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемаларды (сөз және қосымша) құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы құрамын сақтап жазу. Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындай жазылады, яғни әрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. Дәстүрлік пинцип - сөздің бір кезде жазылып, қалыптасқан, дәстүрге айналған түрінде сақтап, жазу. Бұған қаза тіліндегі хат, хабар, қаһар, жаһан сияқты сөздерде х, һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. Дифференциялаушы принцип - дыбыстық құрамы бірдей сөздерді бір-бірімен орфографияның көмегімен айыру. Бұл принцип қазақ тіл білімінде ескерілмейді. Дұрысы, дәстүрлік пинцип бойынша хабар, хал, халық, хат, хан. Хош түрінде жазып жүргендеріміз, о баста тіліміздегі омонимдерді (қабар, қал, қалық, қат, қош) орфографиялық жақтан айырудың нәтижесі деп түсіну қажет. Қазақ тіліне қызмет ететін жазу таңбалары (графика, алфавит, әліпби) мен орфографиясы (емле) проблемасы ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап баспасөз бетінде көтеріліп, әлеумет назарына іліне бастады. Араб графикасын реформалау идеясы бойынша нақты іске кіріскен ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды. Ғалым «Жазу тәртібі» деген көлемді мақала етіп «Айқап» журналының 1912 жылғы 4-5 сандарында жариялайды. Қазақ тілінің әліпбиін түзу үшін алдымен оның фонетикалық жүйесін талдап береді. Ғалым араб жазулы (таңбалы) қазақтың өз алфавитін (әліпбиін) жасап, ғылым- білім дүниесіне ұсынады. Жүйелілікпен түзілген бұл әліпбиін Ахмет Байтұрсынов тәртіпті жазу деп атаймыз деді: «Тәртіпті жазу дегеніміз тілдегі бар дыбыстың бас-басына арналған белгісі (әрпі) бар болса» деп анықтайды. Графика мен оқыту проблемаларын ғылыми-тәжірибелік негізде тұңғыш рет көтерген ұлы ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынов болғаны белгілі. Ахмет Байтұрсынов енгізген «Жазу тәртібі» термині «Қазақ жазба дүниесіне қажет алфавит» деген ұғымды береді. А. Байтұрсыновтың өзі «Қазақ жазуы» деп, кейінгі зерттеушілер «Қазақтың тұңғыш ұлттық жазуы» деп аталған араб таңбалы жазуды ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап латынға ауыстыру науқаны басталды. Сөйтіп, нағыз ғылыми дәлелдермен орын алған үлкен тартыстан кейін 1929 жылы қазақ халқы сан ғасыр қолданып келген араб жазуынан жаңа жазу – латынға көшті. Қазақ мәдениеті үлкен таластармен қабылданған латын жазуының да «қызығын» көп көре алмады. Тағы да коммунистік империялық саясаттың тегеурінімен латын жазуы аласталып, кириллица − «орыс жазуы» қабылданды. 1940 жылдың соңынан басталған жаңа «орыс жазуын» қазақ мәдениеті: оқу-ағарту саласы, мерзімді баспасөз, баспалар ісі тегіс пайдалануға кірісті. 1957 жылы (әрине, ұзақ пікірсайыстардан кейін) ғана біршама жинақталып, түзетулер енгізіліп қазақ тілінің орфографиялық ережелерінің жаңа редакциясы қабылданды. Бұл ережелерге түзетулер мен толықтырулар енгізілген, жаңа редакциясы да 1983 ж. 25-августа Қазақ ССР Жоғарғы Совет Президумының Указымен бекітілді. Күні бүгінге дейін емле ережелерінің бұл соңғы редакциясы азын-аулақ түзетулермен қолданылып келеді. Осы ережелердің негізінде Қазақ тілінің үлкенді-кішілі бірнеше орфографиялық сөздіктері жарық көрді. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Орфография туралы түсінік. Орфографияның ұстанымдары. 3.ХХ ғ. жазуы мен орфографиясына қатысты Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі. Әдебиеттер: 1.Дүйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. А., 1973 2.Жолымбетов К. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. А., 1968. 3.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006 4.Дүйсенбаев Р. «Қазақ алфавиті туралы мәселеге, ДУГ, 1897, №10 5.Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерттеулер. А.,1993, 18-20 3. 6.Әміржанова Н. Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы (1929-40жж.). канд. дисс. авторефераты. Алматы, 2010ж №12 Дәрістің тақырыбы: Пунктуация мәселелері. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1. Пунктуация туралы түсінік. 2. Пунктуация мәселелері. 3.Тыныс белгілердің түрлері мен функциялары. Жазба тіліміздің материалдык, элемент саналатын пунктуация — жазба тілдің 6ip белгісі. Жазба тіл кажеттіктен пайда болса, жазудыц шартты белгісі пунктуация да жазумен байланысты шығып дамып келеді Жазусыз пунктуация жок. Пунктуациясыз жазу да сауатты, түсінікті болмайды. Қазақ тілінің пунктуациялық системасы мен негіздері орыс тілінің пунктуациялық үлгілерін басшылыққа алу арқылы қалыптасып келеді. Басқа түркі тілдері де негізінде орыс тілінің пунктуациялық ережелерін басшылыққа алады. Орыс пунктуациясының жалпы теориялық жағынан танылуы ертеден басталды. Тыныс белгілерін белгілі бір ережеге, негізге сүйеніп қоймаса, пунктуациялық сауаттылық саналы меңгерілмейді. Пунктуацияның осы бір мәселесіне онша көңіл бөлмегендіктен, мән берілмейтіндіктен көркем шығармаларда, газет- журналдарда және оқушылардың жазба жұмыстарында пунктуациялық сауатсыздық орфографиялық сауатсыздықтан әр уақыт асып түсіп отырады. Хронологиялық жағынан алғанда, қазақ тілінің тыныс белгілері жөнінде жазылған алғашқы еңбектердің бірі- Ш. Сарыбаевтың «Сөйлемде үтірдің қойылатын орындары» туралы шағын мақаласы. Автор бұл мақаласында оқушылар тыныс белгілерін дұрыс қоя білмейді, оның себебі қазақ тіліндегі интонациялық қалыптың бір ізбен өріс алып кете алмағандығынан деп көрсетеді. Автордың тыныс белгілерін қоя білуде интонацияның рольін бағалауы дұрыс. Ш. Сарыбаевтың екінші мақаласы - «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері арасында қойылуға тиісті сызықшаға» арналған. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Пунктуация туралы түсінік. 2. Пунктуация мәселелері. 3.Тыныс белгілердің түрлері мен функциялары. Әдебиеттер: 1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, Алматы, 1988. 2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002. 3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992. 4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973. 5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975. №13. Дәрістің тақырыбы: Сөздерді фонетикалық талдау тәртібі. Мақсаты: Сөздерді фонетикалық талдау тәртібі жайлы толық мағлұмат беру. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1. Сөздерді фонетикалық туралы қысқаша түсінік. 2. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі. Сөздерді фонетикалық жағынан талдаудың тәртібі — оның (сөздің) құрамындағы дыбыстарды ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс (үн) қатысына карай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай- ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгеруін көрсету. Сөздерді фонетикалық жағынан талдау деген- оның (сөздің) құрамындағы сөздерді ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс(үн) қатысына қарай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгертуін көрсету. Оны дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың жіктелу кестесін және үндестік заңындағы ережелерін негізге ала отырып талдау қажет. Талдау реті: 1.Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай: (жуан,жіңішке,аралас буынды сөздер) 2.Сөзді буынға бөл,буындардың түрін ата. 3.Тасымал. 4.Екпін. 5.Сөз құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай талда. 6.Сөз құрамынан дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды салдыр мен үннің, айтылу орнына, жасалу жолына қарай талда. 7.Сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санын анықта. 8.Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма?Бар болса, түсіндір. Мысалы, кітабым, әсемпаз сияқты сөздерді талдап көрейік: К-дауыссыз, үн қатысына қарай қатаң, жасалу орнына қарай тіл ортасы, айтылуына қарай шұғыл дыбыс. І-дауысты, жіңішке, қысаң, езулік дыбыс. Т-дауыссыз, қатаң, тіс, шұғыл дыбыс. А- дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс. Б- дауссыз, ұяң, ерін, шұғыл дыбыс. Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс. М- дауыссыз, үнді (сонор), мұрын жолды дыбыс. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Сөздерді фонетикалық туралы қысқаша түсінік. 2. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі. Әдебиеттер: 1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, Алматы, 1988. 2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002. 3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992. 4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973. 5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975. №14Дәрістің тақырыбы: Транскрипция және транслитерация мәселелері. Мақсаты: Транскрипция және транслитерация мәселелері жайлы толық түсінік беру. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі. 2.Транскрипция қолданылатын орындары. 3.Транскрипция ұғымы. Дыбыс пен оның таңбасы,сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді.Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып,, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу – транскрипция қолданылады.Транскрипция - бұл әріптер немесе сөздердің дыбысталуын ерекше фонетикалық белгілер арқылы жүйелі түрде жазу, графикалық және орфографиялық нормаладың ескерілмей, айтылудың барлық ерекшеліктерін дәлірек көрсететін мәтіннің жазылуы. Мүмкін транскрипция әркімге қызық емес шығар, дегенмен ол пайдалы екені күмәнсіз; транскрипцияны біле отырып, сіз бөгде адамның көмегінсіз белгісіз сөзді дұрыс оқи аласыз. Сабақ кезінде сіз сөздің транскрипциясын айналаңыздағы адамдардан қайталап сұрамай-ақ өзіңіз оқи аласыз,сонымен қатар сіз өзіңізге лексикалық материалды меңгеру процесін жеңілдетесіз. Айтылуда әрқашан әртүрлі ерекшеліктер болатындықтан, бастапқы кезеңде оқылуда қателіктер болады. Сәл кейінірек, керек жағдайда сіз өзіңіз сөздердің транскрипциясын жаза аласыз. Транскрипция оқу ережесімен тікелей байланысты, өйткені ағылшын тілінде сөздердің жазылуы мен оқылуы сәйкес келмейді. Фонетикалық транскрипция дегеніміз бұл әр дыбысқа белгілі бір таңба сәйкес келетін дыбыстың графикалық белгіленуінің шартты жүйесі. Сол сияқты фонетикалық транскрипцияның көмегімен дыбыстың ұзақтығын және екіпіннің орнын көрсетуге болады. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі. 2.Транскрипция қолданылатын орындары. 3.Транскрипция ұғымы. Әдебиеттер: 1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, Алматы, 1988. 2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002. 3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992. 4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973. 5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975 №15 Дәрістің тақырыбы: «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектеріне шолу. Мақсаты: Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1.«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» саласының зерттелуі туралы. 2. «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектері Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Одан соң М.Терентьев жазған «Гармматикада» [1] қазақ фонетикасы жөнінен айтарлықтай жаңалық байқалмайды. Онда кейбір дыбыстардың айтылуы мен комбинаторлық түрде алмасуы жайында азын-аулақ мәлімет береді.Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. П.М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фонетика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Октябрь революциясына дейін казақ тілі жайында жазылған еңбектерден - В. Катаринскийдің. «Грамматика киргизского языка» (Фонетика, этимология и синтаксис. Оренбург, 1897), И. Лаптевтың «Материалы по казах-киргизскому языку» (Москва, 1900) және Н. Созонтовтың «Записки по грамматике киргизского языка» (Ташкент, 1912) деген кітаптарын атап өтуге болар еді. Аталған еңбектердің фонетика тарауында айтарлықтай жаңалық жоқ, көбіне, бұрынғы айтылған мәселелерді қайталап отырады. Г. В. Архангельский жазған «Грамматикада» қазақ тілі дыбыстарының жіктелуі, дыбыстардың өз ара алмасуы, кейде дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп қалуы (редукциясы), үндестік заң мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады.Қазақ тілі фонетикасының ғылыми негізі А.Байтұрсынов еңбектерінде ойып орын алады. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері. 2. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы. 3. «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектері. Әдебиеттер: 1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- А.,1973,1977,1993, 2002 2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.- А.,1962 3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989 4.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. -А., 1975. 3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР №1 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, салалары, зерттелу жайы. Мақсаты: Қазіргі қазақ тілі курсының объектісі мен міндеті, көлемі мен жіктелетін салалары жайында мағлұмат беру. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері. 2. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы фонетикасының салалары. 3. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы. 1.Фонетика- гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. 2. Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика (нақтылы тілдің фонетикасы) болып бөлінеді. «Жалпы фонетика тіл дыбыстарының тіл жүйесінде өмір сүру жағдайларын зерттеуден басқа, ол бірінші жағынан, фонетикалық құбылыстардың бір-бірімен байланыстарын және екінші жағынан тіл дыбыстарының динамикасын зерттейді.» Жеке фонетика белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді. Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады. Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін айқындауды мақсат етеді. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. П.М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фонетика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Октябрь революциясына дейін казақ тілі жайында жазылған еңбектерден - В. Катаринскийдің. «Грамматика киргизского языка» (Фонетика, этимология и синтаксис. Оренбург, 1897), И. Лаптевтың «Материалы по казах-киргизскому языку» (Москва, 1900) деген кітаптарын атап өтуге болар еді. Қазақ тілі фонетикасының ғылыми негізі А.Байтұрсынов еңбектерінде ойып орын алады. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері. 2. Фонетика қандай салалардан тұрады? 3. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы. Әдебиеттер: 1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- А.,1973,1977,1993, 2002 2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.- А.,1962 3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989 4.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. – А., 1975. №2 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Дыбыс, әріп, фонема. Фонема туралы түсінік, көзқарастар. Мақсаты: Қазақ тіл біліміндегі дыбыс, әріп, фонема туралы түсінік, көзқарастарға тоқталу. Фонемалардың негізгі функциясы, қызметі жайлы мағлұмат беру. Фонема , аллофон дегеніміз не ,- деген сұрақтар төңірегінде әңгімелеу. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1.Дыбыс, әріп, фонемалар туралы түсінік. 2.Фонема туралы түсінік, көзқарастар. 3.Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салушылар. Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Әдетте мынадай көзқарас кездеседі: шын тіл-жазылған тіл, яғни сөзді қатесіз жазу, жазылуындай етіп оқу. Дұрысы, жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны айтпағанда, әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Олай болатыны, сөздің өмір сүру формасы- дыбыс. Әріп-сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты әр түрлі (мәселен, д, d, т.б.) өрнектей беруге болады. Фонема (гр.phonema-дыбыс)- сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі. Тілде, әдетте, біз ойлағаннан әлдеқайда көп әртүрлі дыбыстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне топтастырылады. Мәселен, ат, ет, от, өт деген сөздерде біздің түсінігімізше бір-ақ «т» дыбысы бар. Шынтуайтқа келгенде, дауысты дыбыстардың әсерімен ол бірде жуан(ат, от), бірде жіңішке(ет, өт), бірде еріндік(от,өт), бірде езулік(ат, ет) болып, әртүрлі реңмен айтылады да, қызметіне қарай бір-ақ фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқу, рең тіл білімінде аллофон(гр.allos-басқа)деп аталады. Сондықтан сөз дыбыстан емес, фонемедан құралады десе де болады. Фонема, сондай-ақ морфема туралы ілімнің алғаш(1870) негізін салған- орыс және поляк тілін зерттеуші И.А.Бодуэн де Куртенэ. Фонеманың көршілес келген әр түрлі фонемалардың тигізген әсеріне пайда болған реңкі к о м б и н а т о р л ы р е ң к деп аталады. Фонема туралы ілім орыс лингвистикасында өткен ғасырдын жетпісінші жылдарында пайда болған. Фонема теориясының алғаш негізін қалаған лингвист – орыс ғалымы Бодуэн де Куртенэ (1845-1929). Оның фонема туралы ілімін ары қарай дамытқан оның шәкірті акад. Л.В. Щерба болды. Л.В. Щерба сөздер және формаларды ажырататын реңкі фонема деп атайды. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1.Әріп пен дыбыстың қандай айырмашылығы бар? Олардың өзара қарым- қатынасы жайлы не айтуға болады? 2.Фонема дегеніміз не? 3.Фонема туралы ілімнің негізін салушы кім? 4.Фонеманың көршілес келген әр түрлі фонемалардың тигізген әсеріне пайда болған реңкі қалай аталады? Әдебиеттер: 1.С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы.- А.,2004. 2.Х. Досмұхамедов. Аламан. –А., 1994. 3.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. -А.,1973,1977,1993, 2002. 4.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.- А.,1962. 5.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. -А., 1989. 6.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А., 1975. №3 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Сөйлеу дыбыстарын қарастырудың үш аспектісі. Мақсаты: Сөйлеу дыбыстарын қарастырудың үш аспектісі жайлы жан-жақты түсінік беру. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1. Анатомия – физиологиялық аспект дегеніміз не? 2.Акустикалық аспект дегеніміз не? 3. Лингвистикалық аспект дегеніміз не? Анатомия – физиологиялық аспект.Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырңан орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі. Тіл дыбыстары және олардың жасалуын түсіну үшін, дыбыстау мүшелерінің әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл т.б. Бұларды сөйлеу аппараты деп те атайды.Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығу кезінде ауа жолына орналақан дыбыстау мүшелерінің белілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне, яғни қимыл – әрекетіне негізделген.Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозгалыс жасайды. Олар: тіл,ерін, жұмсақ таңдай, бқбешік, дауыс шымылдығы т.т. Бұлардың ішінде тілдің орны ерекше.Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып, келіп тұрады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар, аты айтып тұрғандай, осы дауыстан (тоннан) жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі: үнділерде – көбірек, ұяңдарда – азырақ болады да, ал қатаңдарда, мүлдеи болмайды.оның есесіне қатаңдар салдырдан жасалады.Салдыр фонациялық ауаның ауыз қуысыеда тосқауылға ұшырауынан пайда болады. Акустикалық аспект.Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір – бірінен ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді. Лингвистикалық аспект. Қарым – қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы ғана өмір сүреді. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық, қүбылытар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвитикалық мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспекті келіп шығады. Мұны фонология деп атайды. Алғашқы екеуін осы лингвистикалық аспектінін табиғатын дұрыс танып, білуге көмектесетін жолдар түрінде қараса да болады. Қысқасы, лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан, фонемалардың қызметі тұрғысынан қарайды. Өзін – өзі тексеру сұрақтары: 1.Дыбысты қарастырудың қанадай аспектілері бар? 2.Анатомиялық – физиологиялық аспектіге қандай анықтама бересің? 3.Акустикалық және лингвистикалық аспектінің сипаттамалары. 4.Тембр деген не? 5.Сөйлеу аппаратына нелер жатады? Әдебиеттер: 1.С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы. –А.,2004. 2.К. Аханов. Тіл білімінің негізері. –А., 1997. 3.Х. Досмұхамедов. Аламан. –А.,1994. 4.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962. 5.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989. 6. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А., 1975. №4 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Фонемаларды топтастырудың ұстанымдары. Дауысты және дауыссыз фонемалар. Мақсаты: Фонемаларды топтастырудың ұстанымдары туралы ұғым беру. Дауысты, дауыссыз фонемалардың топтастырылуына тоқталу. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1.Фонемаларды топтастырудың ұстанымдары. 2. Дауысты фонемалардың топтастырылуы. 3.Дауыссыз фонемалардың топтастырылуы. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі .Дауыстылар мен дауыссыздар. Қандай бір тілде болсын, дауысты дыбыстарға қарағанда, дауыссыз дыбыстар көп. Дауыстылармен салыстырғанда, дауыссыздардың классификациясы әлдеқайда күрделі. Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың қатысуымен жасалса, қайсыбіреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады. Осыған орай, дауыссыздар екі топқа бөлінеді: оның бірі – қатаң дауыссыздар, екіншісі – ұяң дауыссыздар. Қатаң дауыссыздар деп дауыстың қатысынсыз жасалған дауыссыздарды айтамыз да, ұяң дауыссыздар деп дауыстың қатысуымен жасалған дауыссыздарды айтамыз. Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды және мұрын жолды дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді. Артикуляциялық жолына қарай салдыр дауыссыздар(қатаңдар мен ұяңдар) шұғыл дауыссыздар және ызың дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді. Тіл – тілде ызың дауыссыздар мен шұғыл дауыссыздардың ерекшеліктерін бірдей қамтыған дауыссыз дыбыстар да кездеседі. Мұндай дауыссыздар аффрикат дыбыстар деп аталады. Тіл білімінде дауыссыз дыбыстар жүйесі консонантизм деп те аталады.Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысы мен қалпына қарап, атап айтқанда, 1) тілдің қалпына; 2) еріннің қатысына; 3) жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1.Тіл білімінде дауыссыз дыбыстар жүйесі қалай аталады? 2.Фонетика қандай салалардан тұрады? 3. Тіл білімінің арнаулы бір саласы? Әдебиеттер: 1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. -А.,1973,1977,1993, 2002 2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.- А.,1962 3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989 4. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.,1975. 5.Жүнісбеков Ә. Акустика-артикуляционного характеристики гласных казахского языка. Фонетика казахского ызыка. І-часть. А., 1969. 160 б. 6.Жунісбеков Ә.Гласные казахского языка. А., 1972. 92 б. №5 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Буын. Буынның жасалуы, түрлері. Буын және тасымал. Мақсаты: Фонетика аясында қаралатын буын, буынның жасалуы,буын және тасымал жайлы кеңінен мағлұмат беру. Қазіргі қазақ тіліндегі буындардың дыбыстық құрамы, буынның түрлері туралы жан-жақты мәлімет беру. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1. Буын және оның түрлері. 2. Буынның жасалуы. 3. Буын және тасымал мәселелері. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, ондаолар кірме сөз болғаны. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ, буындарда екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы.: бөрене, жеребе, кереует, кінәз, үстел. Сондай-ақ тіліміздегі байырғы сөздердің соңында екіден артық дауыссыз тұра алмайды. Оның өзінде негізінен еліктеуіш сөздер. Қазақ тілінде басқы буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда буындар дауыстыдан басталмайды. Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынадай болып келеді. Бір дыбысты: а- та, а- па, і- ні, а- ла, о- қы, а,ә,е,о, о- тыр.Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басындда ғана кездеседі; Екі дыбысты: ба- ла, қа- ла- да, та- за -ла; Үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт; Төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт Бес дыбысты: пункт, спорт,текст, скетч, старт; Алты дыбысты: спектр, спринт. Буынның түрлері: Ашық буын – жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын. Тұйық буын – соңы дауыссызға аяқталатын буын. Өзін - өзі тексеру сұрақтары: 1.Буынның жалпы сипаттамасы мен өзіндік қасиеттері; 2. Буынның түрлері, олардың қасиеттері мен дыбыстық құрамы; 3.Сөздердің буын құрамы; 4.Тіліміздегі сөздер құрамындағы буынның түрлеріне қарай бөлінуі; Әдебиеттер: 1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- А.,1973,1977,1993, 2002 2.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А. 1989 3. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. –А., 1975. №6 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Екпін туралы түсінік. Екпіннің түрлері. Мақсаты: Екпін (акцентуация). Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және олардың бір-бірінен айырмашылығы. Сөз екпіні оның түрлері. қазақтың төл сөздері мен халықаралық сөздердегі негізгі және квантитатив сөз екпіндері. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1.Екпін (акцентуация). 2.Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және т.б.олардың бір-бірінен айырмашылығы. 3.Екпіннің басқа тілдердегі атқарған орны. 4.Екпінге қатысты Н.А. Басқақов пен А.Н.Коноковтың пікірі. Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз. Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін – жылжымалы екпін.Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, екпін көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Бірде екпін сөздің семантикалық жігін ажыратса, бірде грамматикалық жігін ажыратып тұрады. (Мысалы, орыс тілінде замок (қорған) – замок (құлып), мука (азап) - мука (ұн) деген сөздер мағыналары жағынан бір-бірінен екпіннің қай буынға түсуіне қарай ажыратылады. Тіл-тілде сөз екпінінен басқа фразалық екпін де болады. Кейбір сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбай, айтылу жағынан жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болды. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады. Акцентуациялық жақтан жігі ажырамай, бір ғана екпінмен айтылып, ритмикалық бір бүтін топ құрған сөз тіркесінің құрамындағы екпін түспеген сөз екпінді өз бойына тартқан сөздің алдында тұрса, проклитика деп аталады да, соңында тұрса энклитика деп аталады. Жөн-жосық, кем-кетік, көл-көсір, мал-мүлік тәрізді қос сөздер мен ән салу, қол қою тәрізді сөз тіркестерінің әрқайсысының алдыңғы сыңарлары дербес екпінге ие бола алмай, проклитикаға айналып тұр. Тіл – тілде энклитикаға айналатындар көбінесе көмекші сөздер. Мысалы, сен ғана, үйге дейін, алыс па, жақын ба, айта ғой тәрізді тіркестердің құрамындағы ғана, дейін, па, ба, ғой деген шылау сөздер өз алдына дербес екпінге ие бола алмай, энклитикаға айналған. Сөйлемдегі айрықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп аталады. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1.Екпін (акцентуация). Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және т.б.олардың бір-бірінен айырмашылығы. 2.Екпіннің басқа тілдердегі атқарған орны. 3.Сөз екпіні оның түрлері. Әдебиеттер: 1.Кеңесбаев I., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика).- А., 1962. 2.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. -А., 1986,1986,1993. 3.Байтұрсынов А. Тіл тағлымы.- А., 1992. 4.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. –А.,1999. №7 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Дыбыстардың алмасуы. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер. Мақсаты:Дыбыс өзгерістерінің басты түрлері:(игерулі, шектік, игерусіз)жайлы айта келіп, олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1.Дыбыс өзгерістерінің басты түрлері: игерулі, шектік, игерусіз. 2. Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері. 3. Дыбыс өзгерістерінің басты түрлерінің өзіндік ерекшеліктері. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Комбинаторлық өзгерістер тек қана сөз ішіндегі, сөз аралығындағы, сөздің мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір-бірінен алшақтап тұрған бір фонеманың екінші фонемаға ілгерінді,кейінді, кейде тоғыса келіп, тигізетін әсерінен болады. Позициялық өзгерістер белгілі бір сөздің шенінде болатын өзгерістер.Оған протеза,эпентеза,элизия т.б. жатады. Ал спонтандық өзгерістер кейбір сөздердің дыбыстық құрамы ешқандай өзгеріске ұшырамай-ақ бірнеше түргі ауысуы мүмкін.Мысалы,мысық-мышық,секер- шекр т.б. Тіл тарихын жете білу үшін фонетикалық сәйкестілікпен бірге сөздердің семантикалық жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен семантикалық заңдарды ұштастыра білу – тіл тарихын, оның даму жолдарын танып білудің кілті. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1.Игерулі, шектік, игерусіз өзгерістер туралы түсінік. 2.Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері. 3. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер туралы. Әдебиеттер: 1.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы.-А., 2000, 2004. 2.Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.- А., 1988. 3.Қазақ граматикасы.- А., 2002. 4.Мырзабектен С. Қазақ тілі фонетикасы.-А.,2004. 5.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973. 6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002. 7.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 20 №8. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы. Сингармонизм заңы. Тіл үндестігі.Ерін үндестігі. Мақсаты: Түркологияда ертелі – кеш айтылып келе жатқан ұлы заң сингорманизм мәселесіне ерекше назар аударту, айтылған пікірлерді сипаттап қорытынды шығару, қазақ тіліндегі және өзге тілдердегі сингармонизм заңына шолу жасау. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1. Үндестік заңы туралы түсінік. 2. Сингармонизмнің тіл үндестігі мен ерін үндестігі атты түрлері. 3. Ерін үндестігі жайлы көзқарастар. 4.Өзге тілдердегі сингармонизм заңының өзіндік ерекшеліктері. Сингармонизм (грек. Sun – бірге және harmonia – байланыс, үндесу) – түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келді: «түбірдегі дауысты жуан болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен байланысты; біртіндеп, сатылып барып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар, сөздегі барлық буындарға арқау дауыстысы». Яғни қосымшадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты, бірімен бірі үндесіп тұрады. Сингармонизм түрлері. Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.1) Дауысты дыбыстар тілдің қатысы жағынан және 2) еріннің қатысы жағынан бір бірімен үндесіп айтылады. Лингвальдық сингармонизм. Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстының әуеніне қарай ыңғайланып айтылады.Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындарда да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. Дауысты дыбыстардың үндесуінің бұл түрін ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм дейміз. Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуін ерін үндестігі дейді. Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса, неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге толық шешімін таба алмай келеді. Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик I.Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр. Өзін - өзі тексеру сұрақтары: 1.Сингармонизм заңы туралы түсінік. 2. Сингармонизмнің тіл үндестігі мен ерін үндестігі атты түрлері. 3. Ерін үндестігі жайлы көзқарастар. 4.Өзге тілдердегі сингармонизм заңының өзіндік ерекшеліктері. Әдебиеттер: 1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - А.,1973,1977,1993, 2002 2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. -А.,1962 3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А.,1989 4. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975. №9 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Ықпалдың түрлері. Ассимиляция құбылысы. Мақсаты:Студенттерге дыбыстардың өзара үндесуі және ықпалдың түрлері туралы айта келе, ассимиляция құбылысы жайлы түсінік беру. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1.Ықпалдың түрлері. 2.Ассимиляция құбылысы туралы түсінік. Әр тілдің фонетикасында өзіне тән заңдылықтары болады. Түркі тілінде (қазақ) ондай заңның ең маңыздысы-үндестік заңы. Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустикалық-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі сингорманизм деп аталады да, дауыссыздардың бір- біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады. Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде сингармонизм де ассимиляцияның бір түрі ретінде қарастырылады. Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады.1. Ілгерінді ықпал – алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі,игеруі.2.Кейінді ықпал-алдыңғы ықпалға қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етіп, игеруі.Мысалы,тарағы (тарақы) т.б.Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерілі-кейінді әсері.Мысалы,қаңғызыл(қан қызыл)т.б. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Дыбыс үндестігінің түрлері. 2.Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі қалай аталады? 3.Дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өзара үндесуі. Әдебиеттер: 1.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006 2. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы,- А.,1992 3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973. 4. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002. 5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975. 6.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002. №10. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Фонетикалық басқа үдерістер. Мақсаты: Фонетикалық басқа үдерістердің басты түрлері жайлы айта келіп, олар туралы жан-жақты мағлұмат беру. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1. Фонетикалық басқа үдерістер туралы. 2. Диэреза, эпентеза, протеза, эпитеза, апокопа, метатеза т.б. құбылыстар туралы. Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан, не жіңішке болып келуі – ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және әбден қалыптасқан фонетикалық заң. Фонетикалық басқа үдерістердің бірсыпырасы ассимиляция мен диссимиляцияға негізделеді.Оларға мыналар жатады: Диэреза - сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Диэрезаның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады , мысалы: «честный – чесный», «қалмады – қамады», т.б. Метатеза – (грек. Meafofhesis - орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың, не буындардың өзара орын ауыстыруы. Протеза (грек. Proflogis - алдына қою) - сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: ырас – рас, ылай – лай. Редукция (лат. Reductio - кейін шегіну, азаю, қысқару) – дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Сандық редукция - екпін болмауынан дыбыс ұзақтығының азаюы, сапалық редукция – сол себептерден артикуляцияның өзгеруі. Мысалы: қат(ы)нас, дәр (і) гер, т.б. Элизия (лат. elisio – шығарап тастау) ілгері тұрған сөзде соңғы дыбыстың жоғалуы. Элизияға қарама-қарсы болатын үрдіс, яғни кейінгі сөздің басында тұратын дыбыстың жоғалуы – аферизис деп аталады. Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы – аузы. Эпентеза (грек.epenthesis – қосынды) –сөздегі қосымша дыбстың пайда болуы. Мысалы: кровать – кереует. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Фонетикалық басқа үдерістер туралы. 2. Диэреза, эпентеза, протеза, эпитеза, апокопа, метатеза т.б. құбылыстар туралы. Әдебиеттер: 1.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006 2. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы,- А.,1992 3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973. 4. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002. 5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975. 6.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002. №11 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Қазақ орфоэпиясының жай-күйі. Мақсаты: Орфоэпиялық дағдылардың қатысымдық әрекетте алатын орнын, маңызын ескере отырып, тіл дамытуда оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға, одан әрі дамыту мен жетілдіруге белгілі талаптар қоюды игерту. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1.Орфоэпиялық дағдылардың тілімізде алатын орны. 2. Дұрыс сөйлеу нормасына қажетті тілдік объектілердің терең меңгерілуі. Орфоэпиялық дағдылардың қажеттілігі тек сөйлеумен шектелмейді. Егер тыңдаушының дұрыс қалыптасқан фонетикалық дағдылары болмаса, онда ол тыңдағаны мен естігенін дұрыс түсіне алмайды. Қазіргі фонетика сөздің дыбыстық жағын екіге топтап карастырады. Бірінші топта: 1) дыбыстар, 2) фонетикалық сөз, 3) буын, 4) сөйлем, 5) текст.Екінші жағынан: сөз екпіні, интонация, дауыс ырғақтарының элементтері, оған жататындар: сөздің сазы, сарындылығы (тонның жоғарылығы мен төмендігі), сөздің қаркыны (күштілігі мен әлсіздігі), темпі (жылдам және баяулық), сөздің тембрі (дыбыстық рең, сөздің эмоциональдық реңдері), екпін (буынға түсетін екпін, сөздің екпіні, сөйлемнің екпіні т.б.). Тілде адамдардың қарым-қатынас құралы ретінде бұл екеуі бірлікте қарастырылады. Дұрыс сөйлеу нормасы негізінен мына сияқты тілдік объектілерді терең меңгеруге байланысты болады: біріншіден, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс сөйлеу үшін үндестік заңын, яғни біріккен сөзбен сөз тіркестерінің аралығындағы дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерін, ықпалын терең меңгеру керек. Мысалы, Көпжасар - Көбжасар, ала қарға - алағарға т.б. Екіншіден, дұрыс сөйлеу үшін сөз екпінін, буын түрлері мен тасымал заңдарын білудін маңызы зор. Үшіншіден, жеке сөздер мен сөз тіркестерін және сөйлемдерді берілетін ойына лайықты айту мен оқи білуді игеру қажет. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Орфоэпиялық дағдылардың тілімізде алатын орны. 2. Дұрыс сөйлеу нормасына қажетті тілдік объектілердңі терең меңгерілуі. Әдебиеттер: 1.Ниеталиев К. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. -А., 1977. 2.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006 3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973. 4. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002. 5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002. 6. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975. №12 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Орфография және оның ұстанымдары. Қазақ жазуы мен орфографиясына қатысты А.Байтұрсыновтың еңбектері. Мақсаты: Орфография туралы түсінік,орфографияның ұстанымдары жайлы айта келіп, ХХ ғ. қазақ жазуы мен орфографиясына қатысты Ахмет Байтұрсыновтың сіңірген еңбегіне жан-жақты тоқталу. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1. Орфография туралы түсінік. 2. Орфографияның ұстанымдары. 3.ХХ ғ. жазуы мен орфографиясына қатысты Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі. Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады. Орфография тілдің белгілі бір даму кезіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайтын деуге болады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негізделген ережелердің жиынтығынан тұрады.Морфологиялық принцип – сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемаларды (сөз және қосымша) құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы құрамын сақтап жазу. Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындай жазылады, яғни әрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. Дәстүрлік пинцип - сөздің бір кезде жазылып, қалыптасқан, дәстүрге айналған түрінде сақтап, жазу. Бұған қаза тіліндегі хат, хабар, қаһар, жаһан сияқты сөздерде х, һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. Дифференциялаушы принцип - дыбыстық құрамы бірдей сөздерді бір-бірімен орфографияның көмегімен айыру. Бұл принцип қазақ тіл білімінде ескерілмейді. Дұрысы, дәстүрлік пинцип бойынша хабар, хал, халық, хат, хан. Ахмет Байтұрсынов «Жазу тәртібі» деген көлемді мақала етіп «Айқап» журналының 1912 жылғы 4-5 сандарында жариялайды. Қазақ тілінің әліпбиін түзу үшін алдымен оның фонетикалық жүйесін талдап береді. Графика мен оқыту проблемаларын ғылыми-тәжірибелік негізде тұңғыш рет көтерген ұлы ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынов болғаны белгілі. 1929 жылы қазақ халқы сан ғасыр қолданып келген араб жазуынан жаңа жазу – латынға көшті. Қазақ мәдениеті үлкен таластармен қабылданған латын жазуының да «қызығын» көп көре алмады. Тағы да коммунистік империялық саясаттың тегеурінімен латын жазуы аласталып, кириллица − «орыс жазуы» қабылданды. 1940 жылдың соңынан басталған жаңа «орыс жазуын» қазақ мәдениеті: оқу-ағарту саласы, мерзімді баспасөз, баспалар ісі тегіс пайдалануға кірісті. 1957 жылы (әрине, ұзақ пікірсайыстардан кейін) ғана біршама жинақталып, түзетулер енгізіліп қазақ тілінің орфографиялық ережелерінің жаңа редакциясы қабылданды. Бұл ережелерге түзетулер мен толықтырулар енгізілген, жаңа редакциясы да 1983 ж. 25-августа Қазақ ССР Жоғарғы Совет Президумының Указымен бекітілді. Күні бүгінге дейін емле ережелерінің бұл соңғы редакциясы азын-аулақ түзетулермен қолданылып келеді. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Орфография туралы түсінік. Орфографияның ұстанымдары. 3.ХХ ғ. жазуы мен орфографиясына қатысты Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі. Әдебиеттер: 1.Дүйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. -А., 1973 2.Жолымбетов К. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. -А., 1968. 3.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006 4.Дүйсенбаев Р. «Қазақ алфавиті туралы мәселеге, ДУГ, 1897, №10 5.Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерттеулер. -А.,1993. 6.Әміржанова Н. Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы (1929-40жж.). канд. дисс. авторефераты. -А.,2010 №13 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері. Мақсаты: Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінен үзінді келтіріп, жан-жақты талдау жүргізу. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері. 2. Орфографиядағы жазба тілдің нормалары. Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады.Олар: Күрделі сөз түрлерінің жазылуы; халықаралық сөздердің жазылуы; сызықша арқылы жазылатын түрлері. Орфография жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихы қалыптасқан жүйе, біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.Орфография тілдің белгілі бір даму кезіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайтын деуге болады. Ережелер жүйесі:1. дыбыстарды (фонемаларды) әріптермен беру, сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу, сөздерді бірге , бөлек және дефис арқылы жазу, бас әріпті пайдалану, тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды. (орфография ара-тұра «дұрыс жазу» деген синоним ретінде де қолданылады). Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негізделген ережелердің жиынтығынан тұрады. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Орфография туралы түсінік. Орфографияның ұстанымдары. 2. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері. 3. Орфографиядағы жазба тілдің нормалары. Әдебиеттер: 1.Дүйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. -А., 1973 2.Жолымбетов К. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. -А., 1968. 3.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006 4.Дүйсенбаев Р. «Қазақ алфавиті туралы мәселеге, ДУГ, 1897, №10 №14 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Транскрипция және транслитерация мәселелері. Мақсаты: Транскрипция және транслитерация мәселелері туралы жан-жақты түсіндіру. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі. 2.Транскрипция қолданылатын орындары. 3.Транскрипция ұғымы. Дыбыс пен оның таңбасы,сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді.Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып,, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу – транскрипция қолданылады.Транскрипция - бұл әріптер немесе сөздердің дыбысталуын ерекше фонетикалық белгілер арқылы жүйелі түрде жазу, графикалық және орфографиялық нормаладың ескерілмей, айтылудың барлық ерекшеліктерін дәлірек көрсететін мәтіннің жазылуы. Мүмкін транскрипция әркімге қызық емес шығар, дегенмен ол пайдалы екені күмәнсіз; транскрипцияны біле отырып, сіз бөгде адамның көмегінсіз белгісіз сөзді дұрыс оқи аласыз. Сабақ кезінде сіз сөздің транскрипциясын айналаңыздағы адамдардан қайталап сұрамай-ақ өзіңіз оқи аласыз,сонымен қатар сіз өзіңізге лексикалық материалды меңгеру процесін жеңілдетесіз. Айтылуда әрқашан әртүрлі ерекшеліктер болатындықтан, бастапқы кезеңде оқылуда қателіктер болады. Сәл кейінірек, керек жағдайда сіз өзіңіз сөздердің транскрипциясын жаза аласыз. Транскрипция оқу ережесімен тікелей байланысты, өйткені ағылшын тілінде сөздердің жазылуы мен оқылуы сәйкес келмейді. Фонетикалық транскрипция дегеніміз бұл әр дыбысқа белгілі бір таңба сәйкес келетін дыбыстың графикалық белгіленуінің шартты жүйесі. Сол сияқты фонетикалық транскрипцияның көмегімен дыбыстың ұзақтығын және екіпіннің орнын көрсетуге болады. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі. 2.Транскрипция қолданылатын орындары. 3.Транскрипция ұғымы. Әдебиеттер: 1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, -А.,1988. 2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.-А., 1969,1993,2002. 3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. -А., 1992. 4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А., 1973. 5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975 №15 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Фонетикалық талдау. Мақсаты: Сөздерді фонетикалық талдау тәртібі жайлы толық мағлұмат беру. Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1. Сөздерді фонетикалық талдау туралы қысқаша түсінік. 2. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі. Сөздерді фонетикалық жағынан талдаудың тәртібі — оның (сөздің) құрамындағы дыбыстарды ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс (үн) қатысына карай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай- ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгеруін көрсету. Сөздерді фонетикалық жағынан талдау деген- оның (сөздің) құрамындағы сөздерді ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс(үн) қатысына қарай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгертуін көрсету. Оны дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың жіктелу кестесін және үндестік заңындағы ережелерін негізге ала отырып талдау қажет. Талдау реті: 1.Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай: (жуан,жіңішке,аралас буынды сөздер) 2.Сөзді буынға бөл,буындардың түрін ата. 3.Тасымал. 4.Екпін. 5.Сөз құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай талда. 6.Сөз құрамынан дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды салдыр мен үннің, айтылу орнына, жасалу жолына қарай талда. 7.Сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санын анықта. 8.Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма?Бар болса, түсіндір. Мысалы, кітабым сөзін талдап көрейік: К-дауыссыз, үн қатысына қарай қатаң, жасалу орнына қарай тіл ортасы, айтылуына қарай шұғыл дыбыс. І-дауысты, жіңішке, қысаң, езулік дыбыс. Т-дауыссыз, қатаң, тіс, шұғыл дыбыс. А- дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс. Б- дауссыз, ұяң, ерін, шұғыл дыбыс. Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс. М- дауыссыз, үнді (сонор), мұрын жолды дыбыс. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Сөздерді фонетикалық туралы қысқаша түсінік. 2. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі. Әдебиеттер: 1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.- А.,1988. 2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.-А., 1969,1993,2002. 3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. -А., 1992. 4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А., 1973. 5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975. 5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ 5.1 Көне түркі жазба мұраларындағы дауысты дыбыстар жүйесі 5.2 Көне түркі мұралары мен қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар 5.3 Көне түркі жазба мұраларындағы бір буынды сөздердің мағынасы 5.4 Көне түркі мұраларындағы сөз таптарының жіктелу сипаты 5.5 Көне түркі мұраларындағы етістік 5.6 Дыбыстық өзгерістердің тарихилығы 5.7 Сөз мағыналарының тарихи дамуы 5.8 Сөзжасамдық процестің тарихи сипаты 5.9 Сын есімнің дамуы Реферат тақырыптары 1 Сан есімнің таңбалық сипаты 2 Есімдіктің жіктелуі 3 М.Қашқари сөздігіндегі грамматикалық категориялардың берілу жүйесі 4 М.Қашқари сөздігіндегі географиялық атаулар 5 М.Қашқари сөздігіндегі кісі аттары 6 М.Қашқари сөздігіндегі атаулардың мағыналық құрылымы 7 Ж.Баласағұн дастанының дүниетанымдық маңызы 8 А.Иассауи шығармасының дүниетанымдық маңызы 9 «Кодекс Куманикус» шығармасының тілі
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz