Файл қосу

Индивидуалды айырмашылықтардың қазіргі заман психологиясы



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                      |
|СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                          |
|3 деңгейлі СМК құжат     |ПОӘК                     |                         |
|                         |                         |ПОӘК                     |
|                         |                         |042-18-16.1.56/03-2014   |
|ПОӘК                     |Басылым №1               |                         |
|Магистрантқа арналған    |05.09.2014 ж.            |                         |
|«Индивидуалды            |                         |                         |
|айырмашылықтардың қазіргі|                         |                         |
|заман психологиясы»      |                         |                         |












                        ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

         «Индивидуалды айырмашылықтардың қазіргі заман психологиясы»


 «6M050300» – «Психология» мамандығының магистранттарына арналған


                         ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


















                                 Семей 2014





Мазмұны
    1 Глоссарий
    2 Дәрістер
    3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
    4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
    5 Магистранттың өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ





    |№  |Терминдер       |Түсініктер                                               |
|1. |Глоссарий       |(лат.glossarium словарь)мәтінге байланысты ескі немесе аз|
|   |                |қолданылатын сөздер тізбегі                              |
|2. |Абстракция      |(от лат. abstraction - елеңдеу)                          |
|3. |Абулия          |(от греч. a-терістеу, бөлшек bule - воля  - жігерсіздік) |
|   |                |– ерік кемістігі                                         |
|4. |акцепт          |Екпін                                                    |
|5. |Агрессия        |(лат.aggressio) агрессиялылық                            |
|6. |Адаптация       |(лат. adaptation –приспособлять) – бейімделу             |
|7. |Аддиктивті      |Психоактивті заттарды пайдалану барысында шындықтан      |
|   |тәртіп          |аулақтау үшін жасалытын ауытқу тәртібі.                  |
|8..|Мінез           |К.Леонгард еңгізген ұғым. Мінез екпіндеуін білдіреді.    |
|   |акцентуации     |                                                         |
|9. |Анализ          |(гр.analysis- талдау) -  Тұтас бөлікті жеке бөлшектерге  |
|   |                |бөлудің әдістемесі.                                      |
|10.|Анализатор      |И.П.Павлов еңгізген ұғым-талдағыштар дегенді білдіреді.  |
|11.|Апперцепция     |(лат. ad при, к + receptio) қабылдаудың өткен өмірге     |
|   |                |тәуелділігі.                                             |
|12.|Апраксия        |(гр.apraxia)-мидың бөліктерінің зақымдануы негізінде     |
|   |                |мақсатты қимыл-қозғалыстарды жасай алмау.                |
|13.|Аромафито-эргоно|Өсімдік иістерін пайдалану арқылы адаға психикалық,      |
|   |мика            |эмоционалды және физиологиялық әсер ету.                 |
|14.|Ассоциация      |(лат. association - соединение) – байланыс қатынастарын  |
|   |                |айтамыз.                                                 |
|15.|Аутоагрессивті  |Суицидалды ойлар нәтижесінде қоршаған ортаға қауіп       |
|   |тәртіп          |көрсететін пікірлер, әрекеттер.                          |
|16.|Аутогенді       |(от греч.autos – сам, genos- пайда болу)-емдеудің        |
|   |жаттығу         |психотерапиялық әдісі. психотерапевтический метод        |
|   |                |лечения,  предполагающий  обучение                       |
|17.|Аффект          |(лат. affectus-душевное  жан күйзелісі) – қысқа мерзімде |
|   |                |бұрқ етіп көрінетін жан күйзелісі.                       |
|18.|амбиция         |Шамданғыш, ызақор                                        |
|19.|Индивидуалды    |Әртүрлі психосоматикалық бұзылулар барысында индивидуалды|
|   |шаршау (немесе  |ерекшеліктердің эмоционалды өзгерісі.                    |
|   |психонев        |                                                         |
|   |роз)            |                                                         |
|20 |Индивидуалды    |Отан алдында және қоршаған ортада немаса белгілі бір     |
|   |дәстүр          |жерде өзінің абыройын, дәстүрін, тәртібін адал атқару.   |
|21 |Индивидуалды    |Психологияның бір саласы.                                |
|   |психология      |                                                         |
|22.|валидті         | Жарамды                                                 |
|23.|гипотеза        |Ғылыми болжам                                            |
|24.|Интервал        |Арақашықтық                                              |
|25 |Ерік            |Өз мінез құлқын меңгере алу қабілеті.                    |
|26.|Еріктік әрекет  | Белгілі бір әрекетті  мақсатты түрде орындауға ішкі,    |
|   |                |ерекше жағдайы.                                          |
|27 |Қабылдау        |-психикалық процесс.                                     |
|28 |Қиял            |-психикалық процесс.                                     |
|29.|Гиподинамия     |Қимыл-қозғалыс компоненттерін күшін әлсірету.            |
|30 |Іс-әрекет       | -психикалық процесс.                                    |
|31 |Делинквентті    |Қоғамға қарсы бағытталған тәртіп ауытқушылығы, көп       |
|   |тәртіп          |жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады.                    |
|32 |Девиантты тәртіп|Қоғамға қарсы бағытталған адамгершілік бағыттағы тәртіп  |
|   |                |ауытқушылығы                                             |
|33 |Әрекет ете алу  |Өзінің жұмыс істей алу қабілеттілігін көрсете алатын адам|
|   |                |психикасының жағдайы.                                    |
|34 |Тілек           |Мақсатты ықылас.                                         |
|35 |Мақсат          |Белгілі бір процедураға сәйкес іс-әрекет мақсаты.        |
|36 |Иллюзии         |Алдану                                                   |
|37 |Ұжымдық пікір   | Тәртіп пікірлерінің қосындысы.                          |
|38 |Ұжымдық         |Ұжымның көп бөлігіне ие болған біріккен күйзелісі.       |
|   |көңіл-күй       |                                                         |
|39 |Мотивация       |Іс-әрекетке ұмтылдыратын  қосынды                        |
|40 |Мотив           |Субъектінің қажеттілігін өтеуге ұмтылдыратын әрекеттер.  |
|41 |Бағыттылық      |Жеке тұлғаның күрделі қасиеті.                           |
|42 |Дағды           |Іс-әрекеттің автоматтанған түрі.                         |
|43 |Ес              |-психикалық процесс.                                     |
|44 |Үрей            |Қорқыныштың уақытша меңгерілмейтін гипертрофтық          |
|   |                |күйзелісі.                                               |
|45 |Патомінездік    |Тәртіп дефектісі негізінде пайда болатын тәртіп          |
|   |тәртіп          |ауытқушылығы.                                            |
|46 |Әлуметтік бағдар|Адамдардың қарым-қатынасы мен сенімі.                    |
2 Дәрістер


 Модуль 1. Индивидуалды айырмашылықтардың қазіргі заман психологиясы пәніне
                                   кіріспе
    1-тақырып. Қазіргі кездегі  психологиядағы  индивидуалды  ерекшеліктері
ғылым ретінде
    Адамдардың  индивидуалдылыққа  байланысты  ерекшеліктері  бірінше   рет
ежелгі   психологиялық   теорияларда   көрінді.   Оның   ішінде   Платонның,
Аристотелдің  еңбектерінде  адамдардың  қабілеттерінің  айырмашылықтары  бар
екені дәлелденді.
      Он  сегізінші  он  тоғызыншы  ғасырларда  Руссо,  Песталоцци,  Гербарт
Фребель өзінің педагогикалық теорияларында баланың  қабілетіне  қарай  білім
жүйесін    өзгерту    қажеттілігін     бекітті,     сонымен     индивидуалды
айырмашылықтардың маңызын білдірді.
      Сол кездегі дифференциалды психологияның дамуына үлкен үлес  қосқандар
В.Вундт,   Крепелин   (эксперимент   бағытын   индивидуалды   ерекшеліктерді
зерттеуге  ауыстырды),  Бине,   Шарко   (үлкен   сандарды   есте   сақтаудың
эксперимент  зерттеулерін  өткізді),  У.  Штерн  (тұлғаның   жеке   жақтарын
зерттеуге салды).
    Адамдардың  индивидуалды  айырмашылықтарын   зерттейтін   психологияның
саласы. Латын сөзінен differentia - айырмашылық, және грек сөзінен psyche  -
жан + logos – білім пайда болған термин.
    «Дифференциалды психология» терминды В.Штерн 1900 жылы ұсынған.
    Дифференциалды психология адамдардың қабілетінің,  интеллект  деңгейін,
мінез  құлықтың,   іс   әрекетінің   психикалық   құрылымының   индивидуалды
айырмашылықтарын зерттейтін ғылым.
    Зерттеу  объектісі  ретінде  бір  индивид  немесе  әртүрлі  әлеуметтік,
этностық, жастық топтар болуы мүмкін. Көбінесе зерттеуге тұлғалық және  ойға
байланысты индивидтың ерекшеліктері түседі.
        Дифференциалды   психологияның   теоретикалық    және    практикалық
міндеттері:
       1. Дифференциалды психология пәніне байланысты мәселелерді, басқа да
          ғылымдармен байланысын тереңдете зерттеу;
       2. Дифференциалды психофизиологияға байланысты мәселерді қарастыру;
       3. Жаңа әлеуметтік – психологиялық құбылыстарда пайда  болатын  және
          ерекше  көрінетін  адамның  индивидуалды  ерекшеліктерді  зерттеу
          (этникалық,  экономикалық,  класстық,  саяси,  идеологиялық  және
          т.б.);
       4.    дифференциалды    психологияның    қолданбалы    психологиямен
          байланыстарын қарастыру.
      Дифференциалды  психология  эксперименталды   психологияның   дамуының
нәтижесінде   пайда   болды.   Бірақ   екеуінің   зерттеу   жолдары   бөлек.
Експерименталды психология тітіргендіргіш әсері зерттеленсе,  дифференциалды
психологияда әсер  ететін  тітіргендіргішті  өзгешелігі  бар  индивид  қалай
қабылда  екені  зерттелінеді.  Бұл  кезде  стимулді   өзгертпей,   зерттеуші
индивидтерді ауыстырып олардың айырмашылықтарын зерттейді.
      Дифференциалды  психология  психологияның  басқа   салаларымен   тығыз
байланысты. Оның ішінде жалпы, эксперименттік психология,  психодиагностика,
педагогикалық психология, шығармашылық психологиясы және т.б.


      2-тақырып.     Қазіргі     кездегі     психологиядағы     индивидуалды
ерекшеліктерінің зерттеу әдістері
             Дифференциалды  психологияның   зерттеу   әдістеріне   бақылау,
эксперимент, интроспекция, егіздер  әдісі,  құжаттарды  зерттеу,  сұрақтама,
биографиялық,  статистикалық  талдау,  тестілеу   жатады.   Жалпы   айтқанда
индивидуалдылықты зерттеудегі  әдістер  объективті  және  субъективті  түрге
бөлінеді.
      Дифференциалды психологияның негізгі зерттеу әдістеріне  статистикалық
талдау жатады.
      Дифференциалды психологияның негізін қалаушысы ағылшын ғалымы  Френсис
Гальтон индивидуалды айырмашылықтарды  зерттеу  үшін  статистикалық  әдістің
техникасын  еңгізді.  Және  көп  зерттеулерді  өткізу  үстінде   эксперимент
жүргізу үшін бірнеше құралдарды жасады. Оның ішінде бүлшық ет сезімін,  есту
түйсіктерді бағалауға арналған құралдар.
      1882  жылы   Ф.Гальтон   Лондон   қаласында   бірінші   антропометрлік
лабораториясын ашты. Сол кездегі ғалымдардың  ойынша  (бірнеше  концепциялар
бойынша)  дене  қасиеттері   жан   қасиеттеріне   қарама   қарсы   қойылған.
Лабораторияда  өткізілген  Гальтонның  зерттеулері  бұл  теорияларды   жоққа
шығарды. Антропометрикалық лабораторияда  ол  сенсорлық,  сенсорлық-моторлық
процестердің өтілуін өлшеудің пролцедуралары мен түрлі  тестерін  жасақтады.
Сенсорлық  мүмкіндіктерді   өлшеудің   негізінде,   ол   ол   адамның   жеке
қасиеттерінің айырмашылықтарын түсіндіруге тырысты.
      индивидуалды  айырмашылықтарды  зерттеуде  жинақталынған  мәліметтерді
өңдеу процедурасы үшін статистикалық  әдістің  қажеттігі   немесе  оның  осы
процедураларға бейімделу қажеттілігі туындады. Осы мақсатта Фрэнсис  Гальтон
математикалық процедураларды бейімдеді.
    Оның бірі корреляция  мәселесі.  Гальтоннан  кейін  оның  шәкірті  Карл
Пирсон корреляция теориясының математикалық аппаратын өңдеді.
      Корреляциялық талдау  - латынның “сәйкестендіру” мағынасын білдіретін,
зерттелінуші белгілер мен факторлардың  тығыз  байланыстары  мен  белгілерін
бағалаудың статистикалық әдісі.
      Өз зерттеулерін сүреттеп дәлелдеу үшін Френсис Гальтон Бельгия  ғалымы
Адольф Кетленің статистикалық теориясын қолданды.
      Кетленің  ойынша  алынған  нәтижелерді  түсіндіру  үшін  статистикалық
заңдар негізінде «орта адам» теориясын алуға  болады.  Оның  негізінде  адам
табиғаты армандар, идеалдар ретінде бар болады. Сонда  адамдар  ықтималдыққа
сәйкес одан ауысып кетеді.
      Егер орта баға тұрақты  болса,  онда  статистикалық  заңдар  негізінде
әртүрлі жағдайларды алдын ала болжауға мүмкін болады.
      1869   жылы   Френсис   Гальтонның   «Дарынның   тұқым   қуалаушылығы»
(«Наследственность таланта») атты кітабі шықты.
      Бұл кітапта Ф.Гальтон бірнеше биографиялық  фактілердің  статистикалық
талдауын жасады. Және қабілеттерді  анықтау  үшін  Кетле  заңдарын  қолданып
тұқым қуалаушылық фактордың маңызын бекітті. Сонымен Ф.Гальтон  алғашқы  рет
психикалық қабілеттердің дамуының генетикалық негіздері мәселесін ұсынды.
      Гальтонның ойынша адамдардың индивидуалды айырмашылықтарының негізінде
генетикалық аспект  жатыр.  Ол  психологияда  егіздер  әдісін  ұсынған.  Бүл
әдістің қолдануының мақсаты генетикалық және сыртқы әсерлердің  арақатынасын
анықтау болған.
      Он  тоғызыншы  ғасырдың  басында  дифференциалды  психологияның  дамуы
генетика  ғылым  саласымен  байланысты.  1900  жылы  Мендель   ашқан   тұқым
қуалаушылық  заңдардың  дамуы  тұқым  қуалаушылық  механизмдерін   анықтауға
арналған эксперименталды жұмыстарды қайта жаңғартты.
      Осылайша,  биографиялық,  сұрақтама,  эксперимент   нәтижелері   тұқым
қуалаушылықтың психикалық қасиеттерге,  ой  қабілеттеріне  әсер  ететіндігін
көрсетті.


[pic]   Статистикамен   бірге   дифференциалды   психологияның    әдістеріне
психологиялық  тестілеу  жатады.  Френсис   Гальтонның   алғашқы   тестілері
жоғарыда айтылған сенсомоторлық тәжірибелерге жатқан.
    Ал психологиялық  тестілеудің  дамуының  келесі  кезеңі  Джеймс  Маккин
Кэттеллдың  атымен  байланысты.  Бұл  американдық  ғалым   өз   жұмыстарында
эксперименталды психологияны және адамдардың  индивидуалды  айырмашылықтарын
зерттейтін психология саласын біріктірді.
      1890 жылы Кэттелл өз мақаласында «интеллектуалды тест» ұғымын ұсынды.
Бұл  тесттер  колледж  студенттердің   интеллектуалды   деңгейін   анықтауға
арналатын. Кеттелл ойынша интеллектуалды  функцияларды  өлшеу  үшін  адамның
сенсорлық қасиеттерін (бұлшық ет күшін, салмағын, жылжу жылдамдығын,  ауруға
сезгіштігін, көру және есту өткірлігін, реакция уақытын) тестілеу керек.
      Кэттеллден кейін  европалық  психологтар  (Германияда  Орн,  Креппелин
және  Эббингауз,  Италияда  Гуччарди  және   Феррари)   осындай   тестелерді
құрастырып  жинады.  Бірақ  Бине  және  Генри  1895  жылы  Францияда  шыққан
мақаласында  тестілерде  интеллектуалды  деңгейді  анықтау  үшін   сенсорлық
қасиеттерге көп көңіл аударудың қажеті жоқ  деген.  Өз  көзқарасын  дәлелдеу
үшін олар жаңа тестілерді ұсынды. Бұл тесттер ес,  қиял,  зейін  қасиеттерін
өлшеуге бағытталған болған.





6 тақырып.  Жеке тұлғаның индивидуалды-психологиялық  ерекшелігі  Адамдардың
индивидуалды айырмашылықтарының  негізін  олардың  тұқым  қуалаушылығы  және
қоршаған орта қалайды. Біріншіден тұқым қуалаушылық табиғатын анықтайық.
    Адам өзінің индивидуалды  тұқым  қуалаушылығын  ата  анасынан  ұрықтану
кезінде қабылдайтын ерекше ген комбинациясы (жүйесі) анықтайды.  Осы  гендер
комбинациясы арқылы тұқым қуалаушылық факторы адамға  белгілі  бір  деңгейде
әсер етеді.
    Индивидуалды  айырмашылықтардың   негізінде   мүмкін   болатын   гендер
комбинациялардың шексіз әртүрлілігі жатыр.
    Біріншіден, адамның ең  қарапайым  қасиеттері  гендердің  үлкен  санның
әсеріне тәуелді.
    Екіншіден, ата аналық клеткалар  да  әртүрлі  гендер  комбинацияларынан
турады.
    Үшіншіден, екі организм клеткалары жаңа бір организм  пайда  болу  үшін
біріккенде гендер комбинациялары бірнеше есе көбейеді.
    Сондықтан, бір ата ананың екі баласы,  мысалы  ағалы  қарындастар,  тең
тұқым  қуалаушылыққа  ие   бола   алмайды.   Бұны   бір   мезгілде   туылған
түрліжұмыртқалы егіздерден байқауға  болады,  өйткені  олар  түрлі  жұмыртқа
клеткаларынан дамиды, сәйкес екі түрлі гендер комбинациясы жүзеге  асырылды.
 Олар әдеттегідей ағалы қарындастар сияқты тек қана бір біріне  ұқсайды.  Ал
біржұмыртқалы егіздер бір  немесе  бүтін   ұрықтанған  жұмыртқаклеткаларынан
пайда болады және бұл  егіздердің  гендер жинақтары бірдей. Сондықтан,  олар
тұқым қуалаушылық фактор бойынша бір біріннің көшірмесі болып шығады.
    Мысалы индивидтің  жыныстық  ерекшелігі  жыныстық  қос  хромосомалармен
анықталады, олар Х-хромосома және Ү-хромосома  деп  белгіленеді.  Егер  бала
атан-анасының әрқайсысынан Х-хромосома алатын болса,  ол  әйел  жынысына  ие
болады, яғни еркектік  белгілерге  үстемдік  етіледі.  Ал,  егер  Х  және  Ү
хромосомалаларды қатар алатын болса баланың жынысы ер болмақ.  Негізінен  Ү-
хромосома салыстырмалы түрде аз  келеді,  оның  құрамында  гендер  саны  аз.
Генетика ғылымы әрбір индивидте  екі  жынысқа  қажетті  гендер  болатындығын
айтады және Екі Х-хромосоманың бірігуі  әйелдік  белгінің  басымдылығына  ал
бір ғана Х-хромосоманың болуы еркектік белгінің басымдылығына әкеледі.
    Хромосомалалардағы нақты гендер индивидтің белгілі  қасиеттеріне  жауап
береді және  олар  басқа  гендермен  араласу  кезінде  сан  жағынан  қайсысы
басымдылық  көрсететін  болса,  нақты   (СОЛ)   қасиеттің   КӨРІНУІ   НЕМЕСЕ
КӨРІНБЕУІНЕ әкеледі. Әрбір белгі индивидке  тұқым  қуалау  арқылы  берілетін
барлық гендердің өзара араласу нәтижесі болмақ.
    «Коршаған орта» ұғымын текқана географиялық мағынада түсінуге болмайды.
Психологиялық  қоршаған  орта   адамның   өмір   бойындағы   барлық   сыртқы
әсерлерінен турады. Және де қоршаған ортаны сыртқы  әсерлер  деп  түсіну  де
дұрыс емес, өйткені ғылыми жолмен клетканың да  ішінде,  клеткалар  арасында
да бір орта бар екені дәлелденген. Мысалы  бір  жанұяда  тәрбиеленген  ағасы
мен  інісінің  “қоршаған”  ортасы  олардың  бір-біріне  әсер  ету   есебінен
әртүрлі.
    Тұқым қуалаушылық және қоршаған орта  арақатынасы  туралы  айтсақ,  екі
фактор да адам қасиеттерінің дамуына,  оның  әрекетіне  бірдей  әсер  етеді.
Бірлескен үлес теория бойынша да  адамның  дамуы  тұқым  қуалаушылыққа  және
қоршаған  ортаға  да  тәуелді.  Ал  адамның  әрекеттік  қасиеттері   олардың
бірлескен әсерінің нәтижесі ретінде қарастырылады.
    Ғылымда тұқым қуалаушылық және қоршаған орта арақатынасы туралы ең  кең
тараған көзқарас ол өзара әрекеттестік теориясы. Бұл  теория  бойынша  тұқым
қуалаушылық және қоршаған  орта  факторлары  бір  біріне  қосымша  факторлар
ретінде  қарастырылмайды.  Екеуіде  бір  біріне  тәуелді.  Мысалы,  қоршаған
ортаның кез келген факторы тұқымға  байланысты  әртүрлі  әсер  етеді.  Соған
қарай, кез келген тұқымдық фактор қоршаған ортаның жағдайына  қарай  әртүрлі
жақтан өзін көрсету мүмкін.
      Адамның «Ноmо sаріеns» биологиялық түріне жататындығын «индивид» ұғымы
білдіреді. Ол биологиялық түрдің  генетикалық  ес  деңгейінде  және  адамның
дене   құрылымында   (дене   конституциясында)   бекітілген.   Бұл    деңгей
конституционалды деңгей деп  аталады.  Мысалы,  осы  деңгейде  біз  жыныстық
айырмашылықтарды анықтай аламыз. «Ноmо sаріеns» биологиялық  түріне  жататын
әйел және ер  адамдардың  конституциялық  айырмашылықтары  дене  салмағында,
бойында, дененің әртүрлі бөлімінде көрініс алады.
      Әр индивид тұған кезінен сыртқы тітіргендіргіштердің  ықпалын  сезеді.
Осы  тітіргендіргіштер  сенсорлық  жүйе  деңгейінде   адамның   индивидуалды
сезімталдыққа әсер етеді. Сезімталдық индвидтың психикасын негізін  құрайды.
Сондықтан, индивидуалды айырмашылықтардың психикалық  деңгей  туралы  айтуға
болады.
      Сыртқы тітіргендіргіштің кез келген әрекетіне  адамда  сәйкес  келетін
реакция  пайда   болады.   Көбінесе   бұл   реакция   адамның   қозғалысында
(моторикасында)  көрініс  көреді.  Әр  реакцияда  латентты   кезең   болады.
Сондықтан    әртүрлі     индивидтердің     сенсомоторлық     байланыстарында
айырмашылықтарды  сүреттеу  үшін  «реактивтік»   ұғымы   алынады.   Сонымен,
сезімталдық және реактивтік жеке индивид  психикасының  құрылымында  саналық
және сапалық айырмашылықтарды, динамикалық ерекшеліктерді білдіреді.
      Индивид психикасында өмірдің белгілі бір  кезеңінде  сапалы  жаңа  бір
деңгей пайда болады. Ол сана. Санасы бар индивид тұлға ретінде  бола  алады.
Сондықтан,  жалпы  және  дифференциалды  психология   салаларында   істейтін
зерттеушілер субъект психикасының индивиддік және тұлғалық  айырмашылықтарды
зерттеуге  қызығады.  Егер  сезімталдық  және  реактивтік  адам  табиғатымен
себептелсе,  индивидтың  санасы  оның   әлеуметтік   ортамен   әрекеттесудің
нәтижесінде туындайды. Тұлғаның айырмашылығы оның санасында,  қоршаған  орта
және өзі туралы білімінде.
      Индивидтық және тұлғалық қасиеттер бірігіп индивидуалдылықты  құрайды.
Адам индивидуалдылығы қайталанбас ерекше бір қасиет.
      Адам психикасының деңгейлері бір бірімен байланысып, бір  біріне  әсер
етеді.  Сондықтан  дифференциалды  психология  үшін  индивид  психикасындағы
биологиялық және әлеуметтік жақтардың рөлі өте маңызды. С.Л.Рубинштейн  және
Б.М.Теплов  ғалымдардың  ойынша  индивид  психикасында   тұқым   қуалаушылық
фактордың,  тұғаннан  және  осы  өмірде  пайда  болған  факторлардың   әсері
зерттеліну керек. С.Л. Рубинштейн бойынша осы өмірде пайда болған  қасиеттер
сыртқы әсерлер адамның ішкі дүниесіне сіңу арқылы  пайда  болады.   Ал  Б.М.
Теплов бойынша ішкі  қасиеттер  генетикалық  механизмдерімен  себептелмейді.
Оған әсер ететін  туа жаралған қасиеттер.


7-тақырып  Қазіргі кездегі  психологиядағы  индивидуалды  ерекшеліктің  дене
құрылымы және әрекет- қылығы.
Адамның дене құрылымы мен психологиялық қасиеттерінің байланысын
оның әрекет-қылығын талдау арқылы анықтауға болады. Әрине, бұл өз  кезегінде
бірқатар теориялық (тұқым қуалаушылық әрекет-қылыққа  тек  құрылымдық  сипат
арқылы  беріледі  және  қасиет-сапаның  табиғатын  топтастыруға   байланысты
конституционалды типтерді зерттеу) және практикалық  талдау  (әрекет-қылықты
болжау) жұмыстарын қажет етеді.
      Әрекет-қылық дегеніміз не? Адамның сырткелбеті  арқылы  оны  бағалауға
немесе оның әрекет-қылығын алдын ала болжауға болады ма?
      Ертеректе, әлеуметтік  қарым-қатынас  қалыптасағаннан  бастап  адамның
дене құрылымы арқылы  оның  психологиялық  ерекшеліктерін  бағалау  актуалды
мәселеге айналып кейінрек, бұл іспен  френология  және  физиогномика  сияқты
псевдоғылымдар айналысты.  Сырт  келбетіне  қарап  адамның  қоршаған  ортада
қалыптасқан түрлі стереотиптік бағалаулары адамның өз-өзін объективті  түрде
баға беруіне кедергі жасайды.
      Дене құрылымы мен әрекет-қылықтың арасындағы өзара  байланысты  немесе
олардың арасындағы  өзара  себептілікті  (корреляцияны)  бағалаудың  бірнеше
типтері бар. Дене құрылымы – А, әрекет-қылық – В,  Басқа  ауыспалылық  (мыс.
Экономикалық-әлеуметтік фактор) –  С.  Бірінші  тип  бойынша  дене  құрылымы
әрекет-қылыққа  әсер   етеді,   екінші   типте   В   –   А-ға   әсер   етеді
(психосоматикалық  аурулар,  оқушының  омыртқа  сүйектерінің  қисаюуы   және
т.б.).
    Әрбір кісінің жеке басына  тән  дара  өзгешеліктің  бірі  –темперамент.
«Темперамент» сөзінің шығу  тегіне  тоқталар  болсақ,  «красис»  деген  грек
сөзін латынша-темпераментум дейді.  Мұндай  атаудың  мәні  заттардың  мөлшер
шамаластығы деген  түсінікті  білдіреді.  Сөйтіп,  біз  темпераментті  жүйке
жүйесінің  табиғи  типтік  қасиеттеріне  тәуелді,  жеке  адамға   тән   дара
өзгешелік деп білеміз.
    Темперамент  –  организмнің  физиологиялық  өзгешеліктерімен,  әсіресе,
жоғары жүйке  қызметінің  тума  қасиеттерімен  шарттас  психикалық  құбылыс.
Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да, психиканың күші мен  тереңдігінен
де, адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де жақсы байқалып отырады.
    Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты  динамикасын
айқындайтын   психиканың   дара   қасиеттерінің   жиынтығы.Бұл    психикалық
ерешеліктер адамның барша іс-әрекетінде  оның  мазмұны,  мақсаты  және  сеп-
түрткілеріне  тәуелсіз  бірқалыпты  көрінеді,  есейген  шақта  да  өзгеріске
түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
    Темпераменттер  жөніндегі  ғылымның  ірге  тасын  қалаған  ежелгі  грек
дәрінері –  Гиппократ  (б.э.д.  V  ғ.).  Оның  тұжырымы  бойынша,  әр  түрлі
темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық  заттарға
байланысты болмақ. Олар: денені  жылытып  тұратын-қан,  салқындататын-шырын,
құрғататын-бауырдағы  сары  өт  және  оған  дымқылдық   беретін   қара   өт.
Организмде  қанның  пропорциясы  артық  болса,  ол  сангвиникалық   (латынша
«сангиус»-қан), ал  шырын  басым  болса  (грекше  «флегма»-шырын)  флегматик
темперамент деп, ал  организмде  қара  өт  басым  болса  меланхолик  (грекше
«мелай-нехоле»-қара өт), организмде сары  өт  басым  болса  холерик  (грекше
«холе»-өт) темпераменті деп аталған.
    Гиппократ организмдегі  сұйықтардың  бірінен  екіншісінің  басым  болуы
кейбір аурулардың  шығу  тарихын  түсіндіруге  де  жарайды  деді,  ол  мидың
ролінтүсіне білді, оны  бездердің  бірі  деп  санады.  Бұл  –  адамның  жеке
ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
    Рим дәрігері Гален (б.э.д. II) темпераменттің санын он  үшке  жеткізді.
Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса,  адамның  темпераменті  күшті
болатынын,  денесі  салқын  болса,  темпераменті  баяулайтынын  айтты.   Бұл
секілді  түсініктердің  прогрессивтік  маңызы  зор.  Өйткені  адамның  тәнін
зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау – сол кезде кең жайылған, жан  тәнге
байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге үлкен соққы еді.
    Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі  химиялық  заттардың
құрамына байланысты түсіндіруге  тырысты.  Кейінен  темперамент  организмнің
түрлеші физиологиялық өзгешеліктеріне, атап  айтқанда,  қан  жолы  жүйесінің
құрылысына, зат алмасуға, ішкі  секреция  бездеріне  т.б.  байланысты  деген
пікірлер  де   тарады.   Неміс   философы   И.   Кант   (1724-1804)   өзінің
«Антропология»  деген  еңбегінде  темпераменттің  төрт  түрі  туралы   толық
психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-
біріне балама ретінде қарастырды.
    Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың  дене  құрылымы  және
физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен  сай  келетін  көп  түрлі  әрекет-
қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты.  Осыған  орай  темпераменттің
көп түрлі типологтясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар  саларлықтай  тип  –
адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент  қасиеттеріне
негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні:  әр
адам өз дене құрылымына орай  өзіндік  психикалық  ерекшелікке  ие.  Осыдан,
дене  мүшелерінің  сырттай  өлшемдеріне  байланысты  төрт   конституционалды
психикалық тип белгіленген:
    Лептосоматик – бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты,
қол-аяғы ұзын, сидыйған.
    Пикник – мығым, сезімшең,  кіші  немесе  орта  бойлы,  қарны  қампиған,
домалақ бас, қысқа мойын.
    Атлетик – бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік;  ұзынша  не
орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
    Дисплатик – дене бітімі қисынсыз. Бұл  адамдар  әрқилы  мүшелік  зақым-
сырқаттарға ұшырағандар.
    Аталған дене құрылымы типтеріне үш  темперамент  типі  сай:  шизотомик,
иксотомик, циклотомик. Шизотомик  –  дене  құрылымы  нәзік,  әлсіз  дамыған,
тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар  мен  көзқарастар  өзгеріміне
ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға  икемдесуі  қиын.  Иксотомик  –  денесі
мығым, мінезі байсалды,  сезімталдығы  кем,  ым-ишара  жоқ,  ойлау  қабілеті
шабан,  көбіне  майдашыл.  Циклотомик   –   сезімшең,   домаланған   денелі,
эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл  табысқыш,  көзқарастары
шындықтан ауытқымайды.
    Жоғарыда  баяндалған  конституциялық  типология   теориясының   негізін
қалаған – Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты.  Ал  осы
теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы  ғасырдың  40-жылдарында  АҚШ-та  одан
әрі жалғастырған У. Шелдон  болды.  Бұл  ғалымның  да  темперамент  типтерін
айыруда ұстанған принципі – адам дене құрылымы және оның өзінің жаңалығы   -
эмбриологиялық белгілер.
    Конституционалдық тұжырымдардың көпшілігі жантану ғылымында өткір сынға
алынды.   Бұл   теориялардың   негізгі   кемшілігі:   тұлғаның    психикалық
қасиеттерінің  қалыптасуында  қоршаған  орта  мен  әлеуметтік   жағдайлардың
ескерілмеуі.
    Ал ғылым шындығына келетін болсақ, адамдағы  психикалық  процестер  мен
оның қылығы жүйке жүйесі қызметімен байланысты екендігі  ежелден-ақ  белгілі
болған.   Темперамент   тұрлерінің   кейбір   жалпы   психикалық   процестер
ерекшелігіне тәуелді келуі И.П. Павлов және оның шәкірттерінің  еңбектерінде
эксперименталды дәлелденген.
    И.П. Павлов  иттің  шартты  рефлекстік  әрекет  ерекшеліктерін  зерттей
отырып, олар қылық-әрекеттеріндегі  даралық  өзгешеліктердің  пайда  болуына
назар  аударды.  Мұндай  айырмашылықтар  ең  алдымен   иттердің   рефлекстік
қозуларды мен сол қозулардың  сөну  теңдігі  мен  дәлдігінен  көрінген.  Бұл
жағдайлардың көрінуі жүйке процесінде қалыптасатын тұрақты қасиеттер –  қозу
және тежелуге байланысты  екендігі  жөнінде  эксперименттермен  дәлелденген.
И.П. Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері  ретінде  қозу  мен  тежелу
күшін, тепе-теңдігін және қозғалмалылығын атап көрсетті.
    Қозу күші мен тежелу күші – бір біріне тәуелсіз жүйке жүйесінің  дербес
қасиеттері. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекетшендік қабілетінің  белгісі.
Осы күшке орай жүйке төзімді, ұзақ не қысқа мерзімді  әсерлі  қозуды  сақтай
алады,  тежелуге  бейімделеді.  Ал  тежелу  күші  жүйке  жүйесіндегі   күшті
әоерлерді  басып,  сөну  және  біріктіру  шартты  реакцияларын  іске   асыру
қызметін атқарады.
    Жүйке жүйесі процестерінің тепе-теңдігі қозу мен тежелу  құбылыстарының
өзара  бірдейлік  сипатын  көрсетеді.  Осы  екі  процесс  күштерінің  аралық
қатынастарынан,  бір  процесс  күші  екіншісінен  басым  болуынан   тұлғаның
ұстамды, байсалдылығы не ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды.  Жүйке  жүйесінің
үшінші қасиеті – жүйке процесінің  қозғалмалылығы  –  бір  жүйке  процесінің
екінші  түріне   ауысу   жылдамдығына   көрінеді.   Сонымен   бірге,   жүйке
процестерінің  қозғалмалылығы  адам  қылық-әрекетінің   өмір   жағдайларының
өзгеруіне сай қалыпқа ене алу қабілетін де танытады. Жүйке жүйесінің  мұндай
қасиетінің  өлшемін  бір  әрекеттен  екіншісіне,  енжарлықтан  белсенділікке
немесе кері  өту  шапшаңдығымен  бағалаймыз.  Жүйке  қозғалмалылығына  қарсы
құбылыс – жүйке жүйесінің селқостығы. Бір  процесс  түрінен  екіншісіне  өту
үшін қаншалықты көп уақыт пен  кұш  қажет  болатын  болса,  жүйке  жүйесінің
селқостығы сонша үлкен болғаны.
    Аталған жүйке процестерінің қасиеттері негізінде жүйке  жүйесінің  типі
немесе жоғарғы жүйке қызметінің типі деп аталатын құрылым түзіледі.Бұл  жұйе
әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер  бірлігінен  құралады.
Ол  қасиеттер:   қозу   мен   тежелу   процестерінің   күші,   тепе-теңдігі,
қозғалмалылығы.Осы  үш  қасиетті  негізге  ала  отырып,  И.П.  Павлов  жүйке
процесінің күшіне орай және  күшті  тип  пен  әлсіз  типті  айыра,  дәстүрлі
Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты;
    -  күшті,қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы - сангвиник;
    - күшті,қозу мен тежелуі теңдей,салғырт - флегматик;
    - күшті, қозуы басым - холерик;
    - әлсіз тип - меланхолик.
    Сонымен, И.П. Павлов түсінігінде, жүйке жүйесінің типі  тума  беріледі,
тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан өзгеріске  келе  бермейді.  Осыдан  жүйке
жүйесінің қасиеттері – жүйке  жүйесінің  жалпы  психикалық  көрінісі  болған
темпераменттің физиологиялық  негізін  қалайды,  яғни  адам  темпераменті  –
жоғары  жүйке  жүйесінің  сырттай  әрекет  қарқынында  танылатын  психикалық
бейнесі.
    И.П. Павлов негіздеген типология темперамент  психологиясы  саласындағы
көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді.  50-жылдары  жұргізілген
осындай ізденістер нәтижесінде И.П. Павловтың шәкірттері В.М. Теплов,  кейін
В.Д.  Небылицын  темперамент  типологиясын  жаңа  элементтермен  толықтырды.
Ересек адамның жұйке жүйесін  эксперименталды  талдауға  ала  отырып,  жүйке
процесіне байланысты екі қасиетті ашты: лабильдік  және  динамикалық.  Жүйке
жүйесінің лабильдігі – жүйке  процесінің  туындау  және  сөну  шапшаңдығында
көрінеді де,  ал  динамикалылығы  –  қоздырғыш,  ұнамды  және  кері  әсерлі,
тежегіш шартты рефлекстердің оңай және жылдам түзілуінен байқалады.
    Көп  зерттеулердің  нәтижесінде  осы  заман  психологиясының  теориялық
тоқтамы: әрқандай адам белгілі  типті  жүйке  жұйесіне  ие.  Нақты  жұйкелік
типке сай темперамент қасиеті дара  психологиялық  өзгешеліктердің  мазмұның
құрайды.
    Психологияда жүйке жүйесінің белгілі типі адамның қылығынан, іс-әрекеті
мен  еңбегінен,  оқу  әрекеті  мен  ойнынан,  сөйлеген  сөзі  мен   спортпен
шұғылдану әрекетінен  белгі  беріп,  меншікті  дара  өзгешелігін  көрсетуіне
байланысты  сангвиник,  холерик,  флегматик,  меланхолик  деп  төртке  бөліп
сипаттаймыз.
    Сангвиниктің змоциялық қозуы шапшаң, күшті бірақ  тұрақсыз.  Көңіл-күйі
әп-сәтте өзгереді. Ол -  әсершіл  адам.  Ұнатқан,  сүйген  нәрсесіне  елігіп
әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі  уақиғаларға,
нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге  ауып  кетуі  де
тез. Көңілі көтеріңкі блып  келеді.  Ұзақ  уақыт  мұнайып  жүрмейді.  Бастан
кешкен сезім күйлері санасында елеулі  із  қалдырмайды.  Шапшаң  да  икемді,
қозғалғыш та қызу, еті тірі сергек. Сезм күйлерін сыртқы  қимылдары  әйгілеп
тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді,  мимика  қимылы  көп.  Ақжарқын,  ашық.
Мұндай  адам  басқалармен  жылдам  жақындасады,  бірақ  қатынас-байланысында
үстірттік болады. Қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпынуы көп,  бірақ
оп-оңай солғындап қала береді,  бастаған  ісіне  тыңғылықты  болмай,  жұмысы
аяқсыз қалады.Уәде береді, бірақ оны орындай алмайды. Ойынға қызу  қатысады,
ойын процесінде рөлін өзгертіп отырады, өкпелепқалуы оңай,  өкпелесе,  жылап
жібереді, алайда, ренжігенін лезде ұмытады,  көзінің  жасы  кеппей-ақ,  күле
бастайды.
    Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта
көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек  кісі.  Әп-сәтте  қызып  кетіп,  күйіп-
піседі.  Ашуланса,  бұрқ-сарқетіп,  қызу  екпіні  сарқылып  барып  басылады,
бастан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады,  қимыл-қозғалысы  шапшаң.
Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызылу, жігерлі, пысық  және  іс-әрекет
атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа құмарта беріліп,  екпінмен  істейді,  анық,
әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері  сөзінен,  мимика,  пантомимикасынан
білініп тұрады.
    Холерик бала белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі, бастаған іс-
әрекетін  аяқтап  шығады,  көп  адам  қатысқан  ойындарға  құмар.   Өзі   де
ұйымдстырып,  аяғына  дейін  белсене  қатысады,  шыдамсыз,  күйгелек,  лезде
өкпелейді, әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ сақтайды.
    Меланхоликтің  эиоциялық  көтерілуі  табанды,  күшті,  тұрақты  болады,
сыртқы көрінісі әлсіз келеді.  Әр  нәрседен  ауыр  әсер  алады,  олар  бойын
билеп,  санасында  терең  із  қалдырады,  көңіл  күйлері   бірқалыпты   ұзақ
сақталады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, кейде қайғылы  да
болады. Сыртқы  жағдайдан  үрейленіп,  сескеніп  тұрады,  кедергі  кездессе,
уайымдап қажи түседі,  қимыл-қозғалыстары  ақырын,  баяу  болады.  Мәнерсіз,
ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан  көрінбейді.  Өзі  тұйық,
жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды.  Іске  бірден  кірісіп  кетпейді,
егер кіріссе, іс-әрекетін толық аяқтап шығады.
    Меланхолик бала сыпайы, момақан, жасқаншақ келді,  біреу  сұрақ  қойса,
қысылып, ұялып қалады, көңілденуі де, өкпелеп ренжуі де қиын, ренжіп  қалса,
көпке дейін ұмытпайды, ойынға  бірден  қосылып  кетпейді,  жатырқап  тұрады,
кешігіп барып қатысады, іске де бірден кіріспейді, бір бастап кетсе,  ойынды
да, жұмысты да аяқтап шығады.
    Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып  желікпейді,  елеуреп
ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ  сақталады,  баяу
өзгереді, жарқырап қуануда, жабырқап қайғыру да қиын, аз қозғалады,  сылбыр,
керенау  қимылдайды,  сезім  күйлерін  дене  қимылдары  білдіріп   тұрмайды,
мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды  сөйлейді.  Кісімен
араласып жақындасуда мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып  барып  кіріседі.  Іс-
әрекетін байсалды, тиянақты  орындайды,  бастаған  ісін  қадағалап  істейді,
аяқтап шығады.
    Флегматик бала байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз,  өзі
ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса, есебін тауып  жлтарып
кетеді, тыныштықты жақсы көреді.  Көңіл  көтеретін  сауыққа  да  әуес  емес,
бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.
    Әрбір  жеке  адамның  темпераментінде  жалпы  адамдарға  ортақ,  типтік
бірсыпыра сипаттар болады. Сол сипаттарымен әр кісі  темпераменттің  белгілі
бір типіне қосылады. Жоғарыды атап  айтылғандай,  таза  темперамент  типтері
өмірде сирек кездеседі. Көп адамдарда бір типтің сипаттары  басқа  типтердің
сипаттарына қосылып, араласып жүреді.
    Сонымен,  темпераменттің  адам  психикасындағы  мәнін  жоғары   бағалай
отырып, оның адам бойындағы  табиғи  қасиет  –  жүйке  жүйесінің  типтерімен
байланысты   екеніне   көз   жеткіздік.   Темперамент   –    адамның    дара
психологиясының өзіндік бір сипаты ғана.

8-тақырып . Оқыту және дара айырмашылықтар.
1.Оқудың  жалпы  теориясындағы  оқу  іс-әрекетінің  теориясы.
2.Оқу     іс-әрекетінің     анықтамасы.    Оқу    іс-әрекетінің      негізгі
сипаттамалары.
3.Оқу іс-әрекетінің  пәндік  мазмұны. Оқу іс-әрекетінің  сыртқы құрылымы.
1. Оқу іс-әрекеті- іс-әрекеттің  ерекше  түрі
2. Оқу іс-әрекетінің  пәндік  мазмұны
3. Оқу іс-әрекетінің  сыртқы  құрылымы
Өзін-өзі  тексеруге  арналған сұрақтар:
1.Оқу іс-әрекетінің  пәндік  мазмұнына не жатады?
2.  Оқу   іс-әрекетінің  құрылымында   оқу   әрекеттерінің  қандай   түрлері
бөлінеді және оған  не негіз болады?
3. Мұғалімнің  бақылауы, бағалау  мен  оқушының өзіндік  бағалауы   арасында
 қандай  байланыс бар?
4. Оқу міндеттерінің  құрамына  не жатады?
Әдебиет:
1.   Балл   Г.А.    теория    учебных     задач:    психолого-педагогичсекий
аспект.М.,2008.
2.  Давыдов  В.В.,   Ломпшер   И.,   Маркова   А.К.   Формирование   учебной
деятельности  школьника. М.,2007.
3. Давыдов В.В. Проблемы  разивающего обучения.М.,2006.
4. Ильясов  И.И. Структура процесса обучения.М.,2006.
5. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. М.,2008.
6.    Талызина    Н.Ф.    Теоретические     проблемы      программированного
обучения.М.,2009.
7.Шадриков В.Д. Психология деятельности и способностичеловека.м.,2006.
Якунин В.А. Психология 8.учебной деятельности студентов. М.,2004
Оқу анықтамасы
К.К.Платонов.
Бұл бұрын оқылған  жаттығулар  мазмұнымен   толықтырылған,  жаңа  мазмұндағы
жаттығуларға сүйенетін коллектив пен жеке тұлғаның қалыптасу түрі.
П.И.Пидкасистый
Бұл жеке тұлғаның  қалыптасу негізінде  жатқан  басқарушы  таным,  қоғамдық-
тарихи тәжирбені менгеру, елестету, осы  және  басқа  да  нақты  әрекеттерді
игеру  болатын процестегі қатынас.
Н.Ф.Тальзина
Бұл    оқу процесіндегі оқытушының іс-әрекеті
И.А.Зимняя
Оқыту   отбасы,   мектеп,   ЖОО,    бірлестіктердің    шарттарымен    арнайы
ұйымдастырылған, қоғамдық, тарихи әлеуметтік мәдени тәжірибені басқа  адамға
жүйелі беруді білдіреді
И.Ф.Харламов
Бұл  мақсатқа  бағытталған  оқушылардың  белсенді  оқу-танымдық   іс-әрекеті
бойынша,  ғылыми  білім  мен  әдет,  творчествалық  қабілетін  дамыту   және
әлемтану,  эстетикалық  көзқарас,  тұжырымды  ұйымдастыру   және   стимулдау
процесі.
Оқу әрекетінің құрылымы мыналардан тұрады:
-оқу міндеттері немесе тапсырмалар
-оқу  әрекеттері  (баланың  қолданатын  нақтылы  практикалық  және  ой-тәсіл
амалдары)
-бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап тексеріп отрыуы)
-бағалау (мұғалімдердің және оқушының өзіне өзі беретін бағасы)
Бастауыш мектеп оқушысының іс-әрекеті дамитындай ие болуы үшін  төмендегідей
негізгі жағдайларды ескеру қажет.
1.  Іс-әрекеттің  мақасаты.  балаларды  қызықтырарлықтай  нақты  міндет  қою
керек.
Олар нені бақылауды керек?
Не үшін? Мұнда нені білу қажет?
2. Оқушының іс-әрекетінде себептер яғни алға қойған мақсатқа жету  жолындағы
әрекетке  бар  күш-жігерін  салуға  итермелейтін  ынта  зор  атқарады.  А.К.
Дусавицкий  мен  мен  В.В.  Репкиннің  зерттеулері  көрсеткеніндей,  барынша
тиімді ұйымдастырылған оқу ісінде төмеңгі снып  оқушылары  бағаға  қызығудан
шынайы танымдық мүлдені білуге тез ауысады.
3.  Іс-әрекеттің  мазмұны  –бұлар  оқушыларға  орындауға   тиісті   білімдер
(елестетулер, түсініктер),-оларға белгілі болған білімдер ғана емес  сондай-
ақ оқушылар келешекте іс-әрекет үстінде яғни  мұғалім  берген  тапсырмаларды
шешу барысында меңгерген тиісті білімдер.
4. Оқушылар жүзеге асыратын іс-әрекетке кіретін қимл аса маңызды. Бұл  –бала
еңбекпен  немесе  ойынмен,  музыкамен  немесе   математикамен   айналысқанда
қолдануға тиіс дағды шеберлік тәсіл. Оқушыдан әр түрлі  ақыл-ой  әрекеттерін
талап   ететін   тапсырмалар,   үлкендердің   кейде   айтуымен   орындалатын
операцияларды орындағанға қарағанда зор дамытушылық беретініне  көз  жеткізу
қиын емес.
5. Оқушының іс-әрекеті дамушылық сипатқа ие  ьолуы  үшін  балаларға  өскелең
талар  қоя  отырып,  оны  үнемі  күрделендіріп  отыру  керек:   іс-әрекеттің
мазмұны,   оның   мақсаты   мен   міндеттері   біртіндеп   күрделендіріледі,
орындалатын әрекеттің күрделенуі-өсіп келе жатқан оқушыға  оның  дамытушылық
әсерінің көбірек болуы маңызды.
6.  Бала  өзінің  жетістіктері  мен  сәтсіздіктерін  білу  үшін   алғашқысын
бекітіп, екіншісін жою үшін, мұғалімнің тарапынан оның  іс-әрекетін  бақылау
және  бағдарлау  –қызықты  және  нәтижелі  іс-әрекетке  ынталандыратын  роль
атқаруы тиіс.
Оқу әрекеттерін меңгеру кезеңдері мен түрлері
Оқу-танымдық   мотивация   танымдық   қажеттіліктер    мен    интеллектуалды
белсенділікті   туғызады.   В.В.Давыдов   бойынша,   оқу   әрекеті    арнайы
спецификалық мазмұнға ие. Яғни ол  адам  санасының  дамыған  формалары.  Оқу
мақсаты –анық нені меңгеру керектігі туралы ойдың болуы.
Бастауыш   сыныптарда   оқу   іс-әрекеті   бастапқыда   балалардың    оқудың
компонентерімен танысудың негезінде болады.  В.В.Давыдов  бұл  компонентерді
былай  көрсетеді: 1) оқу ситуациялары 2) оқу әрекеті 3) бақылау 4)  бағалау.
Бұл  компоненттердің   әр  қайсысының  мазмұнын  балада   ақыл-ой   дамуының
қалыптасуына тікелей байланысты.
      Оқу ситуациялары (жағдаяттары).
      Оқу ситуациялары  бірқатар  ерекшеліктермен  сипатталады.  Біріншіден,
мұнда  оқушылар   ұғымдардың  қасиеттерін  бөліп   алудың   немесе   нақтылы
практикалық  міндеттердің  кейбір   нұсқаларын  шешудің   жалпы   тәсілдерін
игереді. Екіншіден, осы тәсілдердің бейнелерін қайта  жасау  оқу   жұмысының
негізгі мақсаты ретінде  көрінеді.
                                                    Оқу        әрекеттерінің
ерекшеліктері
      Оқу іс-әрекетінде оқу әрекеті ерекше орын алады.  Оқу  әрекеті  арқылы
оқушылар  міндеттерді  шешудің  жалпы  әдістерінің   үлгілерін  және  оларды
қолдану шарттарын анықтаудың  жалпы   тәсілдерін  қайта  жаңғыртып  игереді.
Бақылау  әрекетінің ерекшеліктері
      Оқу ситуацияларында толық жарамды жұмыс әрекеттердің тағы да бір типін
– бақылау әрекетін орындауды талап етеді. Бақылау түрлері  сан  алуан.  Оның
екі формасы ерекше маңызды: 1) шын мәнінде орындалған іс-әрекеттердің  дайын
нәтижелерін  талдау   негізінде   жасалатын   бақылау   2)   ойлау   бойынша
орындалған әрекеттердің көзделген нәтижелері негізінде  болатын бақылау.  Ал
бақылаудың қажеттігін және оның іске асу тәсілдерін алғаш мұғалім  көрсетеді
және басқарады. Балалардың бұл әрекеттерді  ойша  орындау  формасының  болуы
бақылаудың да көзделген  оқу әрекеттері  негізінде  ғана  жүргізілуіне  алғы
шарт   жасайды.  Бұл  жағдайда  оқушы  мүмкін  болатын  нәтижелер  әрекеттер
ерекшеліктерімен қалай байлнысты екенін  көреді  және  дұрыс   байланыстарды
таңдап алады.
      Бағалау іс-әрекетінің ерекшеліктері
Бақылау оқу қызметінің тағы да бір  бөлігімен-бағалаумен  тығыз  байланысты.
Ол игеру нәтижелерінің оқу ситуацияларына сәйкес, я алшақ болуын  көрсетеді.
Оқу әрекеті- оқу жұмысының әдіс-тәсілдері. Бақылау әрекеті (дұрыс  орандауға
нұсқау)  мен  өзін-өзі  бақылау  (өзінің   әрекеттерін   мұғалімнің   берген
үлгісімен  салыстыру).   Бағалау  мен  өзін-өзі  бағалаудың  әрекеті-    оқу
мақсаты қандай дәрежеде орындалды. Нәтижесі  болды  ма?   Қорытындыны  жасау
барысында оқушылардың  эмоционалды  қанағаттану  сезімдерін  ересек  адамдар
есептеу керек. Кіші мектеп  жасындағы  балалардың  негізгі  мақсаты  –«оқуға
үйренуді» қалыптастыру.  Толыққанды оқу іс-әрекеті  мынандай  іскерліктерден
тұрады:
-оқу тапсырмасын бөлу және оны тұрақтату;
-тапсырмаларды орындау барысында жалпы шешімдерді табу  және  өзбетімен  оны
меңгеру;
-өзін және өзінің әрекеттерін адекватты бағалау және бақылау;
-өзін-өзі реттеу мен рефлексияны меңгеру;
-логикалық ойлау заңдарын пайдалану;
-теориялық және де басқа қортындылау формаларын меңгеру және пайдалану;
-жоғарғы шығармашылық белсенділігінің болуы.
Оқу әрекетіндегі қиыншылықтар төмендегідей жағдайдан туындауы мүмкін:
-оқу  әрекетіне  қажетті  элементтердің   қалыптаспауы   (оқушы   позициясы,
танымдық мотивациялар т.б.);
- ырықтылықтың даму деңгейінің  төмендігі,  зейін,  еске  сақтау  деңгейінің
төмендігі, ересек адамға тәуелділік;
-мектеп өміріне бейімделе алмау, тұлғалық , мектеп өмірінен тыс  әрекеттерге
қызығушылық таныту т.б.
Іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы.

     Іс-әрекет  категориясы  негізгілердің  бірі   болып   табылады.   Оның
контексінде  оқулықта  былай  талданады:  оқытушы   (педагог)   және   оқушы
педагогикалық және оқу іс-әрекетінің субъектілері  ретінде,  оқу  материалын
меңгеру оқу  іс-әрекеті  ретінде.  Осыған  байланысты  философияда  (Гегель,
Фейербах,  Маркс)  және  жалпы  психологияда  (М.Я.Басову,   С.Л.Рубинштейн,
А.Н.Леонтьев)  көрсетілген   іс-әрекеттің   жалпы   теориясының   негіздерін
тереңірек қарастыру қажет.
      Іс-әрекет ұғымы ғылыми ретінде философиялық ойға  ХҮІІІ  жүз  жылдықта
И.Кантпен  енгізілген,  XIX  ғ.  методолгиясында   Г.Гегель,   Л.Фейербахтың
жұмыстарынан бастап қана, сондай-ақ К.Маркспен  өткізілген  осы  жұмыстардың
талдауынан бастап іс-әрекетке категория ретінде мазмұнды әрі  толық  талдауы
берілді. Ол қазір осы категорияның психологиялық  талдауының  методологиялық
негізі ретінде қарастырылады. Бұл  жерде  іс-әрекет  категориясының  әлі  де
әлсіз әзірленгеніне назар аудару керек. «Психологияда да, философияда да іс-
әрекеттің нақты әрі дифферециалданған анықтамалары жоқ. Бұл ұғымды  ғылымдар
алуан түрлі мағыналарда қолданады».
Іс-әрекеттің диалектикалық-материалистік түсінігінде ең алдымен оның  заттық
сипаты  бекітілгенін,  іс-әрекеттегі  заттықтың  және  сезімдіктің   бірлігі
бекітілгенін  ескеріп  өту  керек.  Осындай  ұғымда  іс-әрекет  белгілі  бір
адаммен  жасалады  -  субъектімен  немесе  субъектілер  жиынтығымен   немесе
белгілі бір адамдық қоғаммен. Іс-әрекет  субъектісінің,  іс-әрекет  етушінің
болуы осы құбылысты психологиялық талдау үшін өте маңызды.  Адам,  іс-әрекет
субъектісі ретінде, оны жоспарлайды, ұйымдастырады, бағыттайды.  Осы  уақыта
іс-әрекеттің   өзі   адамды   оның   субъектісі   ретінде,   тұлға   ретінде
қалыптастырады. Осындай субъекті мен оның  іс-әрекетінің  байланысын  осылай
түсіну  С.Л.Рубинштейн  бойынша  сана  мен   іс-әрекет   бірлігі   принципін
бейнелейді. Іс-әрекеттің субъекттілігі  (В.И.Слободчиков,  А.В.Петровскийдің
анықтамасындағы субъекттілік феноменінің жалпы контекстінде) оның негізгі  с
ипаттамаларының     бірі     ретінде     қарастырылады      (С.Л.Рубинштейн,
К.А.Абульханова, А.В.Брушлинский, В.А.Лекторский,  В.В.Давыдов  жэне  т.б.).
А.Г.Асмоловтың  анықтамасы  бойынша  «Іс-әрекет  бұл  үрдісінде   психикалық
образдың туындауы,  оның  объектіге  айналуы,  заттық  шындықта  субъектінің
қатынастарының  психикалық   образбен   жанама   жүзеге   асырылуы   жүретін
субъектінің  сыртқы  дүниемен  өзара  әрекетестігінің  динамикалық,  өзбетті
жасақталатын иерархиялық жүйесі». Іс-әрекеттің  философиялық  концепциясында
(Гегель,  Маркс,  Ильенков,  Юдин  т.б.)  оның   екі   жағы   қарастырылады:
«затталуы» және «заттарға бөлінуі», олар  адамның  заттық  іс-әрекетінің  әр
түрлі жақтарының қарама-қайшылығын, бірлігін  білдіреді.  Осыған  байланысты
К.Маркс бойынша зат әлеуметтік мәдени немесе адамзаттық бола алады.  Заттала
отырып  адамзаттық  маңызды  күштер  объектілерге,  мәдениет   құбылыстарына
ауысады. Осыдан кейін ары қарайғы іс-әрекетте олардың затқа бөлінуі  жүреді,
яғни  адамға  тән  күштердің  ашылуы,   оларды   заттардан,   құбылыстардан,
объектілерден  алу,  берілген  жағдайда  -  сол  іс-әрекет   объектілерінен.
Мәселен,  таным  іс-әрекетінде  заттарға  бөліну   негізінде   ары   қарайғы
затталуға арналған.
     Еңбектік өндірістік іс-әрекет  көбінесе  затталумен  сипатталады.  Кем
дегенде   екі   адамның   біріккен   іс-әрекетімен   анықталатын   қоғамдық-
коммуникативтік іс-әрекет  затталу  мен  заттарга  бөлінудің  қатынастарының
ішкі бірлігін жүзеге асырады. Мәселен, қоғамдық-коммуникативтік  іс-әрекетті
жүзеге асырудың формасы болып  табылатын  вербальды  қарым-қатынаста  сөйлеу
тыңдаушының  оны  затқа  бөлуі  үшін  мағынаны   заттайды,   себебі   тыңдау
процесінде оны ары қарайғы заттау үшін мәтіннің осы  мағынасының,  мағыналық
мазмұнының заттарға бөлінуі, ашылуы жүзеге асырылады.
      Бұл сипаттама коммуникативтік процестің  негізі  ретінде  қарастырылуы
мүмкіндігін атап кету жөн. Коммуникация - бұл затталу және заттарға  бөліну
кезіндегі   субъектінің   қоршаған   шындықпен    бағытталған    байланысы;
коммуникативті   процестердегі   ақпараттың   материалдық   тасымалдаушылар
-тасымалдаушы жүйенің  затталған  іс-әрекет  ретінде  белгілі  бір  заттық-
белгілік жүйелер болып табылады (К.К.Платонов, Н.М.Тавер); заттарға  бөлішу
іс-әрекет процестерінде ақпарат сәйкес коды болган жағдайда қайта құрылады.
Затталу және заттарға бөліну процесстерінің  мәнін  және  өзара  ауысуларын
түсіну адамның іс-әрекетін талдау үшін негіз болып табылады.
      Осы  категорияның  біз  берген  анықтамасы  А.Н.Леонтьевтің  іс-әрекет
теориясына және оның осы категорияның генезисін,  мазмұнын  және  құрылымын
түсінуіне негізделген. А.Н.Леонтьев жазған психика дамуының  концепциясында
«іс-әрекет» категориясы маңызды орын алады және адам белсенділігінің  мәнін
анықтаудың негізінде жатыр (М.Я.Басов, А.Н.Леонтьев,  С.Л.Рубинштейн).  Іс-
әрекет - бұл адамның қоршаған  ортамен  арасындағы  осы  белсенді  мақсатқа
бағытталған іс-әрекет формасы болып табылады, ол осы  өзара  әрекеттестікті
туындатқан қажеттілікке жауап береді (С.Л.Рубинштейн). Қажеттілік  бұл  іс-
әрекеттің алғышарты, көзі болып табылады. Алайда қажеттілік  өзбетті    іс-
әрекетті  анықтамайды - оны  осы  қажеттілік  неге бағытталғаны, яғни затқа
бағытталуы  анықтайды.  «Кез  келген  іс-әрекеттің  алғышарты  белгілі  бір
қажеттілік. Алайда, қажеттілік өзбетті іс-әрекеттің нақты бір  бағыттылығын
анықтай алмайды. Қажеттілік өз анықтылығын тек  іс-әрекеттің  затында  ғана
алады: ол өзін сол затта табуы керек тәріздес». Мәселен, композитордың  іс-
әрекеті музыкалық туынды жасауға бағытталған, шлифовщик немесе  фрезеровщик
-  өңделіп  жатқан  детальге  қажетті  формалар,  профильдер,  сипаттамалар
келтіруге, ұстаздың іс-әрекеті -әлеуметтік-мәдени тәжірибені  тасымалдауға,
оқушылардың мәлім  етілетін  мәліметтерді  меңгеруін  ұйымдастыруға  т.с.с.
Оқушының іс-әрекеті осы тәжірибені меңгеруге бағытталған. Басқаша айтқанда,
іс-әрекет  оның  қажеттілігін  тудырған   затты   анықтайды.   Іс-әрекеттің
заттылығы сәйкесінше оның сипаттамаларының негізгісі  болып  табылады.  Іс-
әрекеттің  заты  бойынша  оның  түрлерін   бөледі   және   атайды,   мысалы
педагогикалық,  құрылымдық  т.с.с.   Зат   -   іс-әрекеттің   психологиялық
мазмұнының негізгі элементтерінің бірі, оған әдістер, тәсілдер,  өнім  және
нәтиже кіреді. Іс-әрекеттің маңызды сипаттамасы бұл  оның  мотивтендірілуі,
оны қарастырған уақытта іс-әрекеттің бастапқы сәті  өзіне  көңіл  аударады,
яғни оның алғышарты - затта өзінен  тапқан  қажеттілік.  «Қажеттілік  затта
өзінің анықтылығын табатындықтан, аталған зат  іс-әрекетті  тудыратындықтан
түрткісі  болады».  «Міне,  іс-әрекет   ұғымын   мотив,   түрткі   ұғымымен
қажеттіліктен байланысты. Мотивсіз іс-әрекет  болмайды».  Бұл  жерде,  егер
қажеттілік, мысалы таным қажеттілігі кітаптың жақсы  мазмұны  сияқты  затта
өзін тапса онда  осы  затта  өзін  тапқан  қажеттілік,  немесе,  «затталған
қажеттілік» іс-әрекеттің ішкі мотиві бола бастайды.  Ішкі  мотив  іс-әрекет
кұрылымының өзіне кіреді. Мұнда осы анықтаманы С.Л.Рубинштейннің  іс-әрекет
мотивін  түсінумен  сәйкестендіру  маңызды:  «Кез  келген  әрекет  мотивтен
шығады, яғни маңызды бір нәрсені басынан кешіруді тудыратын  мотивтен,  бұл
осы әрекетке индивид  үшін  мәнін  береді.  Осы  анықтамада  бастан  кешіру
факторы маңызды, ол қажеттіліктің затпен «кездесуімен» қатар болуы  мүмкін,
алайда саналы түрткі ретінде болмауы да мүмкін. Ішкі мотивтермен қатар, іс-
әрекет сыртқылармен де - Л.И.Божович бойынша  кең  әлеуметтік  немесе  жеке
мотивтермен туындайды. Мысалы осы мектепте оқудың  пайдалылығы  мотиві,  өз
өсімінің мотивтері міндет мотивтері  -  оқушының  оқу  іс-әрекетінің  өзіне
қатысты сыртқы. Бұл жерде олар «білінетін, түсінілетін»  болуы  да  мүмкін,
«шынайы әрекет ететін» де болуы мүмкін. Алайда жалпы алғанда қоғамдық мінез-
құлықтың күшті тудырушылары бола отырып, осы  сыртқы  мотивтер  өзімен  өзі
оқушының оқу материалын меңгеруге  бағытталған  оқу  іс-әрекетіне  қосылуын
қамтамасыз ете алмайды. Олар оқушының оку  тапсырмасын  қабылдауын  анықтай
алмайды. Осы процеске  ішкі,  таным  мотивтері  де  қосылуы  қажет.  Сыртқы
«түсінілетін» мотивтер белгілі бір шарттарды әрекет  етуші  бола  бастайды,
деп А.Н.Леонтьев көрсеткен. Оқушы сабақты оның  мектеп  (дәлірек  айтқанда,
оның қабылдаған  оқушы  әлеуметтік  ролінің)  талабы  екенін  білетіндіктен
орындайды. Міне ол бірнеше рет үй тапсырмасын  жасайды,  ата-аналарына  өте
жақсы бағасын алғым келеді деп түсіндіре отырып  немесе  ата-анасын  немесе
мұғалімін қуантқысы келетіндіктен  жақсы  жазады.  Енді  бірде  ол  жұмысты
тапсырманың неғұрлым қызықты шешімін  тапқандықтан  жасағанын  айтады.  Бұл
жоғарғы, шынайы, ішкі, процесске бағытталған, шынайы  әрекет  ететін  таным
мотивінің  жеңісі.  Сәйкесінше,  А.Н.Леонтьевтің  артынан  ере  отырып  іс-
әрекетті «бұл адамның дүниеге деген  белгілі  бір  қатынасын  жүзеге  асыра
отырып, ерекше, оларға сәйкес қажеттілікпен жауап  беретін  процестер»  деп
атаймыз.  Іс-әрекеттің  осындай  анықтамасы  оның  әрқашанда   затты   және
мотивтендірілгенін  білдіреді  -  белсенді  мақсатқа  бағытталған   процесс
ретінде  затсыз,  мотивтендірілмеген  іс-әрекет  болмайды.  Және  егер  іс-
әрекеттің заты дегеніміз - бұл оның неге бағытталғаны болса, онда  мотивтің
анықтамасы - осы іс-әрекет не үшін жасалады деген сұраққа жауап.
      Адамның іс-әрекетін анықтайтын сипаттама бұл оның мақсат  бағыттылығы.
Іс-әрекеттің мақсаты, дәлірек айтқанда оған  кіретін  әрекеттердің  мақсаты
бұл оның интеграциялаушы және бағыттаушы  бастамасы.  Жалпы  методологиялық
жоспарда мақсат  ойлауда  іс-әрекет  нәтижесін  алдыңғы  қатарлы  қою  және
белгілі бір құралдардың көмегімен жүзеге  асыру.  Белгілі  бір  іс-әрекетті
жүзеге асырар алдында адам Л.Фейербахтың айтуынша  «оның  басында  ол  оған
сәйкес құрайтын, жүзеге асыратын бір идея, образ болады».  Мақсат,  жоспар,
келешек әрекеттің нәтижелерін көре білу нақты адам мен  қоршаған  шындықтың
арасындағы өзара әрекеттестітің ерекше  формасын  көрсетеді,  «адам  өзінің
және басқа табиғи күштерін процестің басында  ойлауда  болған,  яғни  форма
түрінде немесе зат образында болған салдар немесе мақсатты  жүзеге  асыруға
міндетті себеп ретінде  әрекет  келтіреді.(И.Элез).  А.Н.Леонтьевке  сәйкес
психологиялық мақсат іс-әрекеттің затымен  байланысты.  Осылайша  іс-әрекет
мақсаты оның мотивтерімен де байланысты  екен.  Бұл  байланыс  адамның  іс-
әрекетінде оның мотивінің мақсатқа деген қатынасы ретінде туындайды. Алайда
бұл қатынасты қарастырар бұрын іс-әрекеттің тағы бір сипаттамасын  белгілеп
өтейік - оның саналылығы. Саналылық іс-әрекет субъектісіне  (өзін  сезінуі,
рефлексия) немесе мазмұнына,  іс-әрекет  процесіне  жатуы  мүмкін.  Мәселен
«...жеке танымның әр актісі өзіндік сананы,  яғни  субъектінің  өзі  туралы
нақты емес білуін білдіреді.  Бұл  анық  емес  білімді  аныққа  айналдыруға
болады, яғни өзіндік сананы рефлексияға  айналдыру.  Бұл  жағдайда  субъект
өзінің уайымдарын талдайды, өзінің психикалық өмірінің ағымын бақылайды, өз
«менінің» сипатын анықтауға тырысады, т.с.с. Рефлексияның  әрбір  актісі  -
бұл түсінудің, ұғынудың актісі».
Іс-әрекет мазмұнын  сезінуге  қатысты  А.Н.Леонтьев  «белсенді  сезіну»  мен
санада «жай пайда болғанды» айырады. Кез келген іс-әрекеттің,  соның  ішінде
оқу іс-әрекетіндегі осы  ерекшелігін  талдау  үшін  субъект  үшін  тек  оның
мақсатты  белсенділігінің  заты  болып  табылатын   ғана   мазмұн   белсенді
сезінеді,  яғни  белгілі  бір  іс-әрекет  жүйесіндегі  ішкі  немесе   сыртқы
әрекетінің тікелей мақсаты  құрылымдық  орын  алатын  мазмұн  ғана  сезінеді
деген   тұжырым     маңызды.   Іс-әрекет      саналылығының      келтірілген
анықтамасы оқушының оқу  іс-әрекетін  талдауда  өте  маңызды.  Мысалы,  кіші
сыныптардағы оқушы өзінің даму деңгейі бойынша  әрқашанда  рефлексияда  бола
алмайды және оқу пәнінің мазмұнын өзінің оқу іс-әрекетінің  мақсаты  ретінде
белсенді сезіне алмайды. Яғни мұғалім  міндеттерінің  бірі  оқушыда  осындай
мақсаттың біртіндеп қалыптасуы үшін шарттар жасау.
      Іс-әрекетте  оның  әрекет  іс-әрекет  бірлігі   оның,   клеткасы,   ал
операциялары  -  әрекетті  жүзеге  асыру  әдістері  болып  табылатын   ішкі
құрылымын бөледі. Әрекет іс-әрекеттің морфологиялық бірлігі ретінде өзбетті
іс-әрекет бола алады және керісінше операцияға айнала алады. А.Н.Леонтьевке
сәйкес, әрекет - бұл мотиві оның затымен  сәйкес  келмейтін,  керісінше  ол
қосылған іс-әрекеттке жататын процесс.
      Оқушының кітап оқуы әйгілі мысалында А.Н.Леонтьев іс-әрекет пен әрекет
арасындағы айырмашылықты  көрсетеді.  Мәселен,  егер  оқушы  кітапты  өзінің
қажеттілігін қанағаттандыру үшін, бір жаңаны білу үшін  (кітапта  жазылғанды
өзінде табу үшін) оқыса мұндай  процесс  іс-әрекет  деп  аталына  алады.  Ол
кітаптың мазмұнына бағытталған. Нағыз мазмұны кітапты оқуға тартты,  ол  осы
іс-әрекеттің  ішкі  мотиві  болган.  Егер  оқушыны  алаңдатса  ол   жағымсыз
эмоцияларды  басынан  кешіреді,  ол  өз  іс-әрекетін  келмесе  де  ляззатсыз
тотатады. Егер оқушы кітапты тек емтихан тапсыру үшін ғана оқыса, бүл  мүлде
басқа. Сәйкесінше мүндай процесс тек әрекеттер жиынтығы деп қана  сипатталуы
мүмкін.  Егер  оқушыны  осындай  оқудан  алаңдатса  ол  әдетте   жеңілденуді
сезінеді, бұл да іс-әрекеттің жоқтығын көрсетеді.
      Бұл жағдайда кітапты оқу, ол оқушы  оның  қажеттілігін  тек  емтиханға
дайындық үшін ғана сезінгенге дейін созылған жағдайда әрекет болып  қалады.
Өйткені ол бағытталған зат  (кітап  мазмұнын  меңгеру)  оның  мотиві  емес.
Оқушыны оқуға итеріп тұрған бұл емес,. ол емтиханды тапсыру  қажеттілігінен
деп көрсетеді А.Н.Леонтьев.  Әрекеттің  тікелей  мақсаты,  мысалы  оқушының
мүғалімнің сұрақтарына  мазмұнды  толық  жауап  беруі,  мотивпен,  оқушының
мұғаліммен өз ойымен бөлісу  қажеттілігімен  сәйкес  келген  уақытта  (оның
заты) (ал мұғалім бұл қажеттілікті қанағаттандыра алуы мүмкін)  бұл  әрекет
ашық тұлғалық-маңызды мотивтендірілген мазмұндау іс-әрекетіне айналады. Бұл
нақ осы әрекетті орындаудың және нақты мысалдағы оқудың коммуникатитвті іс-
әрекетін қалыптастырудың ең  жақсы  алғышарты  бола  алатын  шарттар  болып
табылады.
      А.Н.Леонтьевтің мына ойын да бөліп  көрсету  қажет,  адам  әр  әрекеті
орындауға  белгілі  бір  мән  береді  және   оны   іс-әрекеттің   мотивімен
сәйкестендіреді.  «Міне,  кез  келген  саналы  әрекет  оның   психологиялық
ерекшеліктерін анықтайтын белгілі бір іс-әрекеттің ішінде қалыптасады». Бұл
жерде әрекеттің саналы операция  бола  алатыны,  ал  оқу  процесінде  болуы
тиістілігі  көрсетіледі.  Кез  келген  саналы  операция  «алғашқыда  әрекет
ретінде қалыптасады»,  ол  ондайға  содан  айналады.  Мәселен,  оқушылардың
саналы орындалатын шетел тілінің дыбысын айтудың  фонетикалық  әрекеті  осы
дыбыс сөз кұрамына, сөйлемге  енген  кезде  «саналы»  операцияға  айналады.
Н.А.Бернштайм бойынша оперция фондық автоматизм деңгейіне
өте отырып, әр түрлі шарттарда бүкіл сөзді  айту  әрекетін  орындау  әдісіне
айналады.  Осы  сызбаны  талқылай  және  талдай  отырып   В.П.Зинченко   мен
В.М.Мунипов осы әрекеттің  —  қол  жеткізуге  міндетті  нәтиже  туралы  ойға
бағынышты  процесс,  яғни   саналы   мақсатқа   бағынышты   процесс   екенін
белгілейді. (А.Н.Леонтьев). Интенционалды (жэне  идеалды)  аспектіден  басқа
әрекеттің  операциялық  аспектісі  де  бар,  ол   мақсаттың   өзімен   емес,
шынайылықтың функционалды  маңызды  қасиеттерімен  анықталады.  Функционалды
маңызды қасиеттерге шынайылықтың  шарттары  мен  заттық  қасиеттерін  кіреді
Сондықтан   авторлар   іс-әрекеттің   функционалды   құрылымының   сызбасына
«операция» ұғымынан неғұрлым ұсақ ұғым, дәлірек айтқанда, функционалды  блок
ұғымын енгізе отырып нақтылауды ұсынады.
      Қарастырылғанның  барлығы  бір  жағынан   «іс-әрекет»   категориясының
субъектілік,   заттылық,   белсенділік,   мақсат   бағыттылық,   мотивтілік,
саналылық сияқты сипаттамаларында оның  үлкен  мағыналық  мәнін,  ал  екінші
жағынан — оның психологиялық мазмұнының компоненттерінің  (заты,  құралдары,
әдістері, өнісі, нәтижесі) және әрекеттер мен операцияларды  қосатын  сыртқы
құрылымының көмегімен оның үлкен функционалды түсіндіруші күшін көрсетеді.

9-тақырып. Адамның  индивидуалды мінездік ерекшеліктері
     Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен  ерекшеленеді.
Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне   орай  ажыратылады.  Мінез  деген
психологиялық қасиеттің төркіні гректің  «характер»  деген  сөзінен  шыққан.
Мәнісі – із қалдыру.  Психологияда  бұл  –  дербестік  мағынасы  бар  адамға
байланысты ұғым.
     Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік  психологиялық  қасиеттер
мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері  әркімде
әрқилы жағдайда  байқалып,  адамның  сол  жағдайларға  қатынасын  білдіреді.
Мінез  ерекшеліктері  –  адамның  даралық  өзіндік  психикалық   қасиеттері.
Дегенмен,  адам  бойындағы  ерекшеліктердің  бәрі  бірдей,  мысалы,  естудің
нәзіктігі,  көздің  көргіштігі,  есте   сақтаудың   шапшаңдығы,   ақыл-ойдың
тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.
     Адам  мінезінің  көріністері  әрбір  жеке  жағдайда,  оның   оқиғаларға
қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекет сапасы сол іске  деген  қатынасымен
қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, ақыл-ойына да  байланысты  болады.  Соның
нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестері оның іс-әрекет  түрлеріне
ықпал  етіп,   адамның   ақыл-ойын,   көңіл-күйін,   эмоциясын,   ерік-жігер
қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады.
     Қоғам әсерлері мен ықпалдарн бейнелейтін  мінез  мазмұны  жеке  адамның
өмірлік  бағыт  бағдарын  құрайды,  яғни  оның   материалдық   және   рухани
қажеттіліктеріне,   қызығуларына,   наным-сенімдеріне,   мақсатарына   негіз
болады. Мінезге қарай адамның дүниеталғамы, өмір мәнеі,  әрекет-қылықтарының
себептері анықталады.
     Адам мінезі сан алуан.  Бұл  іс-әрекетте  айқын  байқалады:  біріншінің
қимыл  әрекеттері  –  шапшаң,  екіншісінің  қимыл  әрекеті  –  баяу,   бірақ
тыңғылықты, үшінші – іс-әрект барысында белгілі нақты  шешімге  келеді  және
т.б. Адам мінезінде  көрінетін  мұндай  ерекшеліктерді   -  мінез  бітістері
дейміз. Қандай жа бір бітіс - әрекет-қылықтың тұрақты,  қайталанып  отыратын
нақты белгісі.
     Мінез  бітістері  мен  оның  сипатын  белгілі  қылықтың  нақты  оқиғаға
байланысты болуынан білуге болады, яғни белгілі бітістің  көріну  мүмкіндігі
неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі  ретінде  танылады.
Бірақ, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне  бермейді,  адам  әдетіндей
бірқалыпты, механикалқ  қайталана  бермейді.  Әдет  пен  мінез  бітістерінің
арасында  өзара  байланыс  болғанымен  олардың  табиғаты  екі  бөлек.  Мінез
бітістері әдетке қарағанда адам қылығына ықпал ете отырып, сол  әрекет-қылық
барысында қалыптасады.  Сондықтан  мінез  бітістерінің  қалыптасуын  әрекет-
қылық мотивтерінен бөліп қарауға болмайды.
     Мінездің  жалпыланған  қасиеттері   өздерінің   диалектикалық   қарама-
қарсылықтарында көрінеді: күшті-әлсіз,  қатал-жұмсақ,  тыңғылықты-  бейтарап
және  т.б.  Мінез  қаталдыңы  өжеттік  ,  тайсалмастықпен   байланысты,   ал
жұмсақтықтан  адам  икемшіл,  орнымен  шегінеді,  келісім  жолдарын   табуға
ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің  ішіндегі
жетекші  және   екінші   деңгейлі   қасиеттердің   дәрежесімен   анықталады.
Қасеттердің бәрі өзара үйлесімді  келсе  тыңғылықты  мінез,  ал  бір  қасиет
екіншісімен үндеспесе – қайшылықты мінез орнығады.  Адамның  қызығушылықтары
мен  ұмтылыстарының,  жан-жақты  дамығандығы   мен  көп  түрлілігі  мінездің
кеңдігін танытады.
     Көп  жағдайда  мінез  және  темперамент   салыстырылып   түсіндіріледі.
Темперамент пен мінездің өзара байланысы :
       1. Темперамент пен мінездің өзара тығыз байланысы (Кречмер);
       2. Мінез темпераментке қарсы шығуы мүмкін  деген   (антогоностикалық
          қатынас – Викторов, Левтитов);
       3. Темпераментті мінездің элементі ретінде;
       4. Темпераментті мінездің тума негізі ретінде мінездің қалыптасуының
          негізі деп мойындау.
      Адам мінезі – адамның  өмір  бойы  қалыптасқан  дара  ерекшеліктерінің
жүйке  жүйесінің  қызыметінің  тума  қасиеттерімен  байланысы.  Оған   дәлел
ретінде шыншыл немесе мейірімді, өтірікші,  зұлым  болу  темпераменттің  кез
келген   типінде   кездеседі.   Бірақ    мінездің    кейбір    ерекшеліктері
темпераменттің  нақты типтерінде неғұрлым жеңіл  қабылданады.  Қарым-қатынас
жасаушылық әрине сангвиник және холерикке тиімді.
       Біргелкі темпераментке ие  адамдарда  әрқилы  мінез  белгілері  болуы
мүмкін. Темперамент  ерекшеліктері  қайсыбір  мінезді  дамытып,  басқаларына
шектеу қояды. Мысалы, холерикке  карағанда  меланхоликтің  өзіне  жігерлілік
пен жүректілікті дарытуы қиынға соғады. Ал холерик флегматик сияқты  ұстамды
бола алмайды, флегматик сангвиник ұқсап көпшілікпен  тез  тіл  табысып  кете
алмайды, т.с.с.
      Мінезі тұрақталған адамда темперамент дербес әрекет  көрінісі  болудан
қалып, мінез бітістеріне сай  әрекет-қылықтардың  іске  қосылу  динамикасын
айыруға көмектеседі. Мінез  және  темперамент  бітістері  адамның  біртұтас
келбет-кейпінде  өзара  байланысқа  түсіп,  тұлға  дара-лығының  интегралды
сипаттамасын береді,
      Мінез бен ерік арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп  жағдайда    "мінезді
адам"  және   "еркі   күшті  адам"   сөз тіркестерін бір  мәнде  түсенеміз.
Ерік,  көбіне,  мінез  күшімен,  қатаңдығымен,   табандылығымен  және  т.б.
байланысты. Адам мінезінің күштілігін айта отырып, ондағы  еріктік  сапалар
мен мақсат беріктігін ескереміз. Бұл тұрғыдан адам мінезі  ерік   сапаларын
қажет ететін  қиын жағдайларда, үлкен кедергілерді жеңуде көрінеді. Алайда,
мінез тек күш сипатымен айқындалмайды,   онда  әрқилы  өмір жағдайына  орай
ерік әрекетінің қызметін бағыттаушы мазмұн  бар.  Бір  жағынан,     еріктік
әрекеттерде    мінез    қалыптасады    әрі  көрінеді,  адам  үшін   маңызды
ситуацияларда ерік мінезге ауысып, турақты қасиет түрінде бекиді; кейін осы
қасиет адам қылығы мен еріктік әрекеттеріне ықпал етеді. Ерікті  әрекет  әр
уақыт мақсатына орай нық, турақты және табандылығымен ерекшеленеді.  Екінші
тараптан,  еркі  бос  адамды  көп  жағдайда  "мінезсіз"   деп   сипаттайды.
Психологиялық турғыдан бұлай болмауы тиіс, еркі бос адамның  да  қандай  да
мінез бітістері баршылық: қорқақтық,  жүрексіздік,  сенімсіздік  және  т.б.
Мінезі айқын болмағандықтан адамның іс-әрекет, қылығын алдын ала болжастыру
мүмкін емес. Мұндай адамда оның қылық-әрекетіне жетекшілік еткендей  дербес
бағыт-бағдар жоқ.  Оның  әрекеттерінің  бәрі  өз  билігінде  болмай,  тысқы
ықпалдарға тәуелді.
      Мінез ерекшеліктері адамның сезімдік процестерімен байланысты, әрі бұл
байланыс  өзара   ықпалды.   Бір   тараптан,     инабаттық,     эстетикалық,
интеллекттік   сезімдердің даму деңгейі адамның  іс-әрекеті  мен  қатынасына
және  бұлар  негізінде  қалыптасқан   мінезге   тәуелді.   Екін-шіден,   осы
сезімдердің өздері тұлғаға тән турақты  ерекшеліктерге  өтіп,  адам  мінезін
құрайды. Борыш сезіну,  әзілді  көтеру,  т.с.с.  күрделі  сезімдердің  болуы
жоғары дамыған адамның сипатын танытады.
      Адамның мінез бітістерінде ақыл-ой (интеллект) үлкен  маңызға  ие,  Ой
тереңдігі мен жүйріктігі,  қалыптан  тыс  мәселелерді  қоя  біліп  және  оны
дербес шешу, ой жұмысындағы ынта мен сенім -  бәрі  адам  мінезінің  ақылдық
қорының белгісі. Ал осы ақыл қабілетін пайдалануда бағыт  таңдау  -  тікелей
мінезге   байланысты.   Тұрмыста   ақылға   кенде   емес,    бірақ    (мінез
жарамсыздығынан) жарытып, ештеңе өндірмейтін адамдар аз емес.
      Мінез   құрастырушы   кептеген   қасиеттер   біртұтас,  олар  даралап,
шектеуге келе бермейді (өшпенділік, күдікшілдік, сақилык, т.б.).  Ал  кейбір
қасиеттер,  мысалы,   еріктік   (жүректілік,   дербестік   т.б.),   сезімдік
(жайдарылық, кө-ңілділік т.б.),  ақыл-саналық  (ой   терендігі,    сындарлық
т.б.) адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде  талдауға   келеді.
 Барша  мінез   бітістері  өзара  заңдылықты  байланыскан:    батыр  адам  -
сақи да табанды; ашық адам - жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б.
      Мінез  түрі әзінің  құрамындағы  бітістердің  жалпы  сипатына  тәуелді
келеді,  ал бітістер негізгі немесе жетекші  және  қосалқы  болып  бөлінеді.
Негізгілері  адамның  бағыт-бағдарын  айқындауға  ықпалын   тигізіп,    яғни
адамның   тұрақты   мінезінің  сипатын   береді  де,     қосалқылары   мінез
қырларын   толықтыра    түседі.    Мысалы,    батылсыздық,   қорқақтық  және
альтруистік бітістердің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие   болса,   онда  адам
секемшіл  мінезді  келіп,     біреуге     жақсылық,     яғни     альтруистік
қадамында  жалтақшыл,  күдікті  болуынан  көздеген   ісіне   бара   алмайды.
Керісінше, альтуристік қасиет басым келсе, алғы  екі  жағымсыз    бітістерді
қаймықпай   басып,   қайырымдылық ісінде батыл мінезді қадам жасайды.
      Адам  мінезінің  белгілі  турде  калыптасуы  оның   коршаған   дүниеге
кдтынасына байланысты. Бул қатынастардың  мәні  адам  араласып,   байланысқа
келген өмірлік
объекттердің маңызымен анықталады:
        1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - өгірікші,  әдепті  -
           дөрекі т.б.).
        2. Орындалатын іс қызметіне орай (еңбеккер - еріншек т.б.)
        3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзімшіл т.б.).
        4. Заттарға қатынасынан (сақи - ашкөз, үқыпты - салақ т.б.).
      Аталған қатынастардың бәрінің де  мінез  түрінің  қалыптасуында  үлкен
маңызға ие  екені  сөзсіз,  дегенмен  тұрақты,  нақгы  мінездің  орнығуы  ең
алдымен адамның адаммен,  қоғамға  араласып,  қатынасу  дәрежесіне  тәуелді.
Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда  көрінетін
ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды.  Адамдар  өзара  ұзақ  қатынасқа
келе отырып, бірі екіншісінің мінезіне таңбасын салады, осыдан  көй  адамдар
әрекет-қылығында  өзара  ұқсастыққа  келеді  немесе  қарама\  қарсы,   бірақ
бірінің кемшілігін екіншісі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда,  еңбек,
іс-әрекет қатынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек  келіп,  мінез
түрінің басқаларынан ажыралуына себепші болады,
      Мінез әр түлғада өзінше көрініске ие, солайда бол-са,  оның  құрамында
белгілі топ адамдарына ортақ бітіс-төрді біріктіруге болады. Осыдан,  мінез
түрі (типі)  -  адамдар-дың  кейбір  тобына  тән  қасиеттің  біреудің  дара
мінөзінде нақты көрінуі. Мұның түпкі себөбі - мінез  тума  берілмей-ді,  әр
адамның белгілі топ,  қоғам  өкілі  болуынан  оның  өмір  жағдайы  мен  іс-
әрөкетіне сай қалыптасады.
      Мінезде жеке бітістер және сапалармен қатар тұлғаның  қоршаған  ортаға
икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі -  мінез  типтерін  ажыртуға
болады. Мінез типін анықтауда  нақты  адамдар  мінезінің  жалпы  да  мәнді,
өмірлік қажетті тараптары ескеріледі.
Осыған орай мінез келесі типтерге бөлінеді:
  1. Үйдесімді (гармонический) мінез типі - қорша-ған  ортаға  икемділігімен
     ерекшеленеді. Мұндай мінезді адамда ішкі  қарама-қарсылықтар  болмайды.
     ойлаған ойы мен істеген іс бір-біріне сай  келеді.  Көпшіл,  ерік  күші
     мол, қайсар, бір сөзді. Өмірдің барша қиын жағдайларында таңдаған бағыт-
     бағдарынан  қайтпайды,   көзқарас,    талғамын  ауыстырмайды.   Мақсат-
     мұраттары мен принциптері үшін күреске дайын. Бүл адамдардың өмір  сүру
     тәсілі жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.
  2.   Іштей   қарама-карсылықты,   бірақ   сырттай   келісімді   (внутренне
     конфликтный, но внешне согласованный) мінез адамы.  Бүл  типті  адамның
     ішкі ниеттері мен сырт әрекет - кылығы арасында келіспестік бола түрып,
     өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына  ыңғай  береді,
     іс-әрекетін соларға  бағындырып,  үлкен  күшпен  орындайды.  Өзін  ерік
     билігінен бірде босатпайды, жан, ой дүниесін сырттай болмыс  шындығынан
     ажыратпаудың жол-дарын іздестіруге дайын түрады.
      Сыртқы  дүниемен  болған  араздықты  мүндай  адамдар   өздерінің   ой-
пікірлерін  қайта  қарастырумен,  психологиялық  қорғаныс   іздестіру   және
әлеумет қолдамаған күн-делікті түрмыс күйбеңіне берілмеу  жолдарымен  шешуге
бейім келеді. Қоғам мүшелері қабылдаған  рухани  кундылық-тарды  мойындайды,
бірақ сыртқы жағдайларды өзгертуге ынталы емес.
      3. Икемі кем, қарама-қарсылықты (конфликтный с пониженной  адаптацией)
мінез  адамы:  көңіл-күй,  ниет-тері  мен  элеуметтік   борыштары   арасында
үйлеспестік  орын  алған,  шамданғыш,  үнамсыз  эмоциялары  басым,   тілдесу
қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сарабына сала бермейді.  Бүл  мінез
адамдарына тән қасиет: қоршаған  дүниемен  арақатынасын  нақты  әрекет-қылық
жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты -  тез  өзгеріп  түратын
қажеттері,  олар  пікірінше,  қандай   да   күш   жүмса-май-ақ   бір   сәтте
қанағаттандырылуы тиіс.
      Олар өмір үшін күреске дағдыланбаған, қажыр-сыз. Балалық  шағында  бүл
адамдар   шектен   тыс   мәпе-леніп,   тәңірегіндегілердің   орынсыз   артық
қамқорлығынан дербестік  қалыпқа  үйренбеген.  Осыдан,  әрқандай  кедергіден
қорқады,  ойланып,  жол   іздестіруге   шамасы   жетпей-ді.   Қиыншылықтарды
абыржумен  қабылдап,  ырықсыз   психологиялық   қорғаныстармен   (шарбаялық,
қыңырлық, нәтижесіз армандау) айналып өтуге тырысады.
4. Тиянақсыз (вариативный) мінезді адам - бағыт-бағдарының  түрақсыздығынан,
принциптік бостығынан тө-ңіректегі жағдайға ыңғайшыл  келеді.  Жеке  адамдық
дең-гейі төмен. Түрақты мінез-қүлығы кдланбаған, осыдан барша  іс-әрекетінде
қоршаған ортаға  ыңғайлану,  қатынас  адамдарына  жағымпаздану  бұл  адамның
бойына сіңген мінездік көрініс.Мұндай адамдардың  ішкі  жан  дүниесі  дөрекі
қарапайымдылыққа негізделген;  тіршілік  ушін   болған  әрекет-қимылы  тікө,
бірбеткей. Күнделікті күйбең мүдделеріне жетуде ойланып-толғануды  білмейді,
өз мүдделерін шектей алмайды. Олар үшін  кедергі  біреу-ақ  -  сыртқы;  ішкі
сапалық,  жандүниелік  қиыншылықтарды  өлшестіруге   ақылы   жетпейді,   бар
көздегені - мол, оңай олжа, бір мезеттік игілік. Бүл адамдардың барша  ынта-
ықласы, нақгы,  қалыпты  жағдайды  пайдаланумен  қажеттерін  мейлінше  толық
қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен ішкі  дүниесін  тысқы  жағдайларға
бағындыру   -   мұндайлардың   негізгі   мінездік болмысы
10-тақырып    Адамның     интеллектісінің    индивидуалды    ерекшелігіМінез
акцентуациясы ұғымын психологияға енгізген К.Леонгард болды.
Мінездік      (акцентуация)  психологияда  -  мінездің  кейбір  бітістерінің
қалыптан тыс дамып, тұлға психикасының "әлсіз  жерлері"  формасында  көрініс
беруі, яғни мінездің кейбір ерекшеліктері  өте  айқын  байқалады,  және  бұл
түрлі жағдайларда біртиптік конфликтілер  мен  жүйке  күйзелістеріне  әкелуі
мүмкін.  Мұндай да адам жалпы тұрақты  қасиеттерге  ие  бола   тұра,  кейбір
әсерлерге  өте  кінәмшіл,  шыдамсыз  келеді.  Асқынба   мінез   адамы   қиын
жағдайларда   төзімділіктен  айры-лып,  мінез-құлығының   ақаулығын   жасыра
алмайды.   Тулғалық мінез    асқынуына    тап    болған    адам     қоршаған
   орта әсерлерінө  берілгіш,   психикалық  күйзеліске   көп   түседі.  Егер
жағымсыз әсерлер мінездің "әлсіз жерлеріне"  соққы  болып  тиетіндей  жағдай
болса, адам қылығы күрт өзге-реді, мінездің  шектен  тыс  дамыған  бітістері
адам билігіне  ырық  бермей,    басқа   ұнамды   қасиеттердің   бәрін  жоққа
шығарады. Кейбір адамдардың жәй әзіл немесе сын көтермеуі,   екіншілердің  -
орынды,  орынсыз тіке,  шыншыл болуы - осы  мінез  бітісі  асқынуының  айқын
мысалы. Мінез акцентуациясының  көріну  дәрежесіне  байланысты  анық  немесе
жасырын (латентті) болып бөлінеді.  Мінез  акцентуациялары  жанұя  тәрбиесі,
әлеуметтік орта, кәсіптік әрекеттер  мен  жалпы  денсаулық  деңгейіне  қарай
ауысып  отыруы  мүмкін.  Ендеше  мінез  акцентуациясы  тұрақты  емес.  Мінез
акцентуациясы біртіндеп жайдақталуы мүмкін.

      Мінездің мұндай ұнамсыз жәйті жасөспірім шақта қарқынды дамып,   уақыт
  өтумен   қалыпты  күйге   түсуі  мүмкін,    ал  адамды  қоршаған  ұнамсыз
жағдайлар  басымдау болса, психикалық сырқаттарға тап қылады. Демек,  мінез
акцентуациясы қалыпты норманың ең шеткісінде орналасып, психопатияға ұласуы
мүмкін.
Мінез акцентуациясы психопатияға қарағанда тұлғаның  тұлғаның  психологиялық
әсер етулерінің кез-келгеніне емес,  нақты  бір  жағдайларында  ғана  ерекше
әсерін  байқауға  болады.  Күрделі  психогенді   жағдайларда   ғана    мінез
акцентуациясы өткір аффективті  реакцияға  айналуы  мүмкін  (невроз).  Мінез
акцентуациялары  психопатиялық  бұзылыстармен  шекаралас  болғандықтан  оның
типологиясы   психиатрияда   жасақталған    психопатия    классификациясының
негізінде жасалынады (тек бұл типология психикалық дені  сау  адамдарға  тән
болады).   Психогениялар  –   психикалық   түрлі   психикалық   травмалардың
нәтижесінде  бұзылуы.  Психогениялар  бір  сәтте  жүзеге   асырылған   өткір
ситуациялар  нәтижесінде  де,  сондай-ақ  салыстырмалы  түрде  әлсіз,  бірақ
ұзаққа  созылған  ситуациялар  нәтижесінде   де  болуы  мүмкін.  М-ы:  түрлі
ауруларға байланысты организмнің әлсізденуі.ж.ж-нің шаршауы немесе  тұлғалық
ерекшеліктердің спецификасы болуы мүмкін.  Психикалық  аурулар  клиникасында
психогения екіге бөлінеді:

1. реактивті көрінісіне қарай психогендік және психоздар;
2. невроздар.
       Мінездің  ұлтгық  ерекшеліктері.   Ұлгтық  мінез  адамдардың   тарихи
қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып  саналатын  этностың,.  үлттың,
халықтың  өмір  тіршіліп"  мен  әлеуметтік   жағдайының   түтастығы   арқылы
танылады.  Әрбір  халық  пен  ұлттың,  этностың  өзіндік  мінез-қүлықтарының
ерекшеліктері болатындығы  -  тарихи  шындық  және  объектив  фактор.  Қазақ
халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп  тұратын  өзіндік  сипат-
касиеттері бар, Ыбрай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез-құлқына  тән
бірсыпыра касиеттерді атап көрсеткен-ді,  Оның  анықтауынша,  қазақ  халқына
қарапайымдылық пен кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен  кеңпейілділік,  өзге
нәсілді адамдарға деген достық және  сыйластық  көзщрас,  қонақжайлылық  пен
пайымшыл-дық сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ, олардың бойында өзге де мінез-
құлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақ-тардың өз  жері  мен  Отанына,  туған
еліне   деген   шексіз   сүйіспеншілігі,   мал   шаруашылығымен   айналасуға
икемділігі,  меймандостығы  мен  балажандығы,  өмірдің  қиыншы-лықтары   мен
әділетсіз істерге төзімділігі,  сөз  әнерін  ардақтауы,  шешендік  қабілеті,
еңбексүйгіштігі  мен  шыдамдылығы  олардың  жалпы  ұлттық  қасиеттері  болып
табылады. Әрбір ұлт пен ұлысқа, этнос  пен  тайпаға  тән  қасиеттердің  жай-
жапсары - әлеуметтік психология саласы - этникалық психологияның  зерттейтін
төл пәні.


11-12 тақырып Индивидуалды қабілеттерінің ерекшеліктері

Қабілет – адамның  дара психологиялық ерекшелігі ретінде.
      Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет
және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем  беретін  сапаларға
ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті  түрде,  бір
жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден -  әркімде  өз
алдына, қайталанбас  көрінісінен  жеке  адам  кабілеті  деп  аталады.  Адам
болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бі-рақ бұлардың бірі
де шын қабілет тобына кірмейді, се-бебі, біріншісі - психологиялық  құбылыс
емөс, екіншісі -баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты  іс-
әрекетпен байланыстылығын баса айтумен,  тиімді  нә-тижеге  негіз  боларлық
дара-өзгермелі  адам  қасиеттері-нің  шеңберін  тарылта  қарастыру   керек.
Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам  іс-әрекетті  тезірек  меңгереді,
қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әр-түрлі психофизикалық
қызметтер  мен  психикалық  процес-терді  ғана  емес,  сонымен  бірге  жеке
түлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді  күрделі  бірігім.
Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды  әрекеттерінде  көрінгенімен,  қабілет
табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық  және  білім  жағынан
күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулөр  арнайы  оқып,
үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебөр.  Нақты
көрінетін білім, ептілік және дағдылар  қатарында  қабілет  адамның  жүзеге
асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни қабілет  жерге
тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса енеді, кері жағдайда көрінбей-
ақ жойылады. Осыдан, қабілет -  білім,  ептілік  және  дағдыларды  игерудің
мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы  көп  жәйттерге  тәуелді.  Мысалы,
балада керемет математикалык, қабілет болуы ықтимал, бірақ ол  сол  баланың
ғұлама-математик боларының  кепілі  емес.  Арнайы  шарттар  (бағдарлы  оқу,
шығармашыл пе-дагоғ,  отбасы  мүмкіндіктері  ж.т.б.)  орындалмаса,  қабілет
дамымай жатып, өшеді. Қоғам қолдамауынан қаншама да-налардың болмай  жатып,
қурдымға кеткенін кім санапты? Ал  мектепте  "үштік"  бағаға  ептеп  ілесіп
жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғалым-физик болыпты.
      Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей
байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса  отырып,
қабілет  одан  әрі  дамиді,  іс-әрекетке  жаңа  мазмүн  мен  сипат  береді,
Математиканы оқымаған адамның математикалық  қабілеті  ешқашан  да  жарыққа
шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп қүрап, мәселе шешу және т.б.
барысында ғана қалыптастыру мүмкін.
      Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың  өздерінде  көрінбей,
танып үйренуге орай нақты әрекөтті игеру  динамикасында  (тез-шабан,  оңай-
қиын) байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі  мен  тәсілдерінің
тиімділігі қабілетке тәуелді.
      Қорытындылай  келе,  "қабілет"  түсінігінің  бүгінгі  ғылым   қабылдап
отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М.Теплов) атайық:
    •  Кабілет  -  бір  адамды  екіншісінен  ажырататын  дара  психологиялық
      ерекшелік. Баршаға бірдей тән касиеттері қабілет бола алмайды.
    • Кдбілет - барша түлғаға тән бол-ған ортақ сапа емес, кей  адамға  ғана
      дарыған  қандай  да  бір  не  бірнеше  іс-әрекетті  табысты  орындауға
      жарайтын өзара ептілік.
    •  Қабілет - нақты адамда  топталған  білім,  ептілік  және  дағдылардан
      оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
      Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып,  егер  адам
іс-әрекетке  байланысты  талаптар-ды  орындай   алмаса,   оның   қабілөтінің
жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға  қажетті  білім  қорын  жинақтап,
ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай  күш  салып,  үзақ  уақыт
жаттығуы  тиіс,  ал  тәрбиеші-педагогтар  оны  оқытып,  үйрету  үшін   үлкен
шеберлік  пайдалануы  лазым.  Әйгілі   режисер   В.Немирович-Данченко   "Кім
болса,сол режисер бола алады ма?" деген сұраққа  "Әлбетте,  әркімде  болады,
бірақ біреуге ол үшін 3 жыл оқып, тәрбиеленуі қажет, ал екіншіге -  30  жыл,
үшіншіге - 300 жыл да аз" - деп жауап беріпті. Сонымен бірге, адам  қабілеті
уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай қалыптасуы мүмкін.
      Көрінген  іс-әрекет  жеке  адам   қабілетін   дамыта   алмайды.   Адам
тіршілігінің  жалпы  құрылымына  назар  аудара   отырып,   қабілет   дамуына
ықпалсыз, керісінше. көрінген қабілет нышандарын  тежеп,  олардың  жойылуына
себепші  іс-әрекеттер  барын  байқау  қиын  емес.  Мысалы,  егер  ән-күй  не
шығармашылық  қабілеті  бар   адам   ауыр,   қарапайым   дене   жүмыстарымен
шұғылдануына  тура  келсе,  әрине,  кейінгі  іс   ондағы   табиғи   қаланған
кдбілеттердің дамуына оң әсер етуі екіталай.
      Жеке   тұлғаға   байланысты   дамытушы   іс-әрекет   жайында    әңгіме
қозғалғанда,    алдымен   маңызды    болуынан   төңірегіне   адамның   барша
мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс-әрекет ескерілуі қажет.  Сондықтан,  нақты
әрекеттің дамытушылық қасиетін тану үшін,   оны  жеке  адаммен  байланыстыра
сипаттау керек.  Бұл жағынан бүкіл адам өмірімен қабысқан  кәсіби  қызметтің
өзі  де  иесі  үшін  аса  мәнді  де  маңызды  болмауы   мүмкін.   Өндірістік
тапсырыстар мен қызметтік міндеттер адамның шығармашылық  мүмкіндіктері  мен
тұрмыстық бай тәжірибесін толық және жан-жақты ашып бере алмайды.
      Іс-әрекет адам қабілетін  ұдайы  дамыта  бермейді,  оның   себебі    -
қабілет  пен   іс-әрекет  арасында    белгілі  сәйкестіктің  болмауы.   Бұл
сәйкессіздіктің  мәні:   әрқандай   қабілет   өзінде    қалаған   іс-әрекет
мүмкіндіктерін қамтуынан  қай  бір  жағынан  нақты  орындалып  жатқан  іске
қарағанда ауқымда да кең мағыналы. Екінші жағынан,  нақты  іс-әрекет  өзіне
қатысты қабілеттен кеңірек болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі  мүмкін.
"Калыпты  адам  өзінің  дене  және  ақыл  қабілеттерінің  он  пайызын  ғана
пайдаланады.  Қолданған   және   онда   пайдаланбай   қалған   мүмкіндіктер
айырмашылығы - адамның кім болып  танылғаны  мен  әлі  де  кім  болатынының
көрсеткіші" (Коупленд П.)
      Осыған орай қабілеттер нақты (актуальный) және мүмкін  (потенциальные)
болып екіге бөлінеді.
оол
      Мүмкін болар қабілеттер нақты іс-әрекетгің қан-дай да  түрінде  көріне
 бермейді,   алайда  белгілі әлеумет-тік
      Жағдайлардың  өзгеруімен  қызмет  желісіне   қосылуы   мүмкін.   Нақты
қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында іске  асатыны  ғана  емес,  сонымен
бірге дәл бір уақытта  және  нақты  шақтағы  әрекетке  қажет  болғандары  да
кіреді. Мүмкін болған және  нақты  қабілеттерді  тұлға  кабілетінің  дамуына
ықпал  етуші  әлеуметтік  жағдайлардың  жанама  көрсеткіші  ретінде   тануға
болады. Себебі қоғамның әр  тарихи  даму  кезеңінде  қалыптасқан  әлеуметгік
жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі не  кедергілерден  сөніп
кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәтті болмай қалады.
      Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің  табиғи  берілетінін
қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен  бірге
психология  белгілі  іс-әрекетті  табысты  орындаудың   шарты   болатын   ми
құрылымының  тума  ерекшеліктеріне  шек  кел-тірмейді.  Қабілеттер  дамуының
табиғи негізі болған мидың  құрылымы,   сезім  мүшелері  мен  қозғалыстардың
анатомиялық-физиологиялық   нәсілдік   ерекшеліктері   нышан   деп  аталады.
Шын мәнінде, адамдар арасындағы  табиғи  айырмашылықтар  оларда  қалыптасқан
дайын қабілеттерде емес, дәл  осы  нышандар  көрінісінде.  Нышандар  қабілет
дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп,  кемелдену жолу  осы
екі  құбылыстың  өзара   ұштасып,  байланысқа  келуінен   болады.   Нышанның
арқасында   дамығанымен,   қабілет     сол   нышанның   өзіндік   қызметінен
туындамайды,   ол  нышаннан  бастауын ғана   алған  даму  процесінің  нәтиже
жемісі.
      Мысалы, ақыл-ес қабілеттері ең алдымен ми  қызметінен  -  қарқынды  не
бәсең   қозулардан,   жүйке   процестерінің    қозғалмалылығынан,    уақытша
байланыстар түзілімінің шапшаң не баяулығынан және т.б.  -  яғни  И.П.Павлов
генотип  (жүйке  жүйесінің  тума  ерекшеліктері)   деп   атаған   құбылыстан
көрінеді, Мидың қанмен  қамтамасыз  етілуі  де  ақыл-сана  кабілетіне  ықпал
жасайды. Толық қан айналымы - ми  қызметінің  ақыл-ой,  зейін  шоғырландыру,
жақсы есте қалдыру, жүйке байланыстарының (ассоциация)  тез  журуінің,  сана
жұмысымен шаршамай, мүлтіксіз жоғары тиімділікпен орындалуының кепілі.
      Мидың тума қасиеттері адамның типологиялық ерек-шеліктерінде екі түрде
көрінеді (И.П.Павлов):
      1. Жоғары жүйке жүйесіне тәуелді;
      2. Бірінші және екінші сигналдық жүйелердің арақатынасына байланысты.
      Адам қабілеттерінің  дамуында  жоғары  жүйке  жүйесі  қызметінің  типі
(күші, тепе-тендігі, қозғалмалылығы ж.т.б.) үлкен маңызға ие. Осыдан,  жүйке
процестерінің  күші,  тепе-теңдігі  және  қозғалмалылығымен  (белсенді  тип)
байланыса  отырып,  адамның  ұйымдастырушылық  қабілеттерінің   қалыптасуына
қажет  көптеген  еріктік  және  тілдестік  қасиеттердің  түзіліп,  орнығуына
жәрдемін тигізеді.
      Өздеріне тән бейнелеу мумкіндіктеріне орай бірінші  не  екінші  сигнал
жүйелерінің  аз  немесе  көп  әрекетке  қатысуынан  қабілеттердің   3   типі
(И.П.Павлов)  ажыралады:  көркемөнерлік  (көбіне  бірінші  сигналдық  жүйеге
негізделген);  ой-саналық  (көбіне  екінші  сигналдық  жүйеге  негізделген);
аралас (екі жүйе де  бірдей  қатысқан).  Осыдан,  "суреткерлер"  -  объектті
тұтас бейнелеуге бейім, "ойшылдар" - талдаумен, элементтерге ажырата  тануға
шебер,  ал  "аралас"  қабілеттер  қалыпты  дамыған  адамдардың  бәріне   тән
құбылыс.
      Нышандардың әртүрлі кабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне
нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет.  Тума  берілген
нәзік есіту қасиеті - музыкант  болудың,  ал  түр-түс  айыра  білу  болашақ
суреткер болудың алғы шарты.
     Нышандар дамуы әлеуметтік процестерге тікелей  тәуелді.  Егер  қоғамда
белгілі бір кәсіпке қажеттік  туып,  қандай  да  адамның  сол  кәсіпке  сай
нышандық белгісі болса (музыкантқа кажет нәзік  есту  қасиеті),  онда  оның
нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып,
дамиды.
      Нышан іс-әрекеттің нақты формасына байланыссыз  көп  мағыналы  келеді;
сондықтан, белгілі бір нышан  негізінде  іс-әрекет  талабына  орай  әртүрлі
қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан, жақсы есту әрі  әуен  ырғағын  сезінуден
адам  күй  орындаушы,  дирижер,  биші,  әнші,  му-зыка  сыншысы,   педагог,
композитор ж.т.б. болары ықтимал. Сонымен бірге, болашақ қабілеттер мен іс-
әрекет-тердің  саналуан  болуынан  нышан  жеке  адамның   дара   таңдамалық
қасиетіне негіз береді.
Дарындылық мәселесі.
      Адам қабілетіндегі айырмашылық  іс-әрекеттің  нәтижесінен,  яғни  оның
сәтті не сәтсіздігінен байқалады.  Қызығушылық  адамда  объектті  жан-жақты
танып  білуге  ұмтылудан  туындайды.  Ал  бейімділік  -  нақты  іс-әрекетті
орындауға талпыну.  Қызығушылық  пен  бейімділік  сапаларының  үнемі  өзара
үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар
себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал,  бірақ  ол
осы саладағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы  мүмкін.  Дегенмен,
белгілі бір іс-әрекет  түріне  қабілеті  бар  адамдардың  қызығушылығы  мен
бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады,
      Іс-әрекетпен  айналысқанда  адамның  табыска  же-туі   үшін   қабілет,
қызығушылық,  бейімділіктен   тыс   оның   мінез-қүлқында   келесі   сапалық
көріністер болуы қажет: ең алдымен - еңбексүйгіштік,  табандылық,  батылдық.
Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де  айтар-лықтай  өнімге  қол
жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын  көзімен
қарап, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын  ажырата  аларлық  деңгейде
болуы керек.
      Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант,
данышпандық, шабыт кіреді.
      Әртүрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім,  ептілік-дағдылар  бірлігін
жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз  етуші  жалпы  қабілеттер  ерекшелігін
дарындылық  деп   атайды.   Дарындылық   әрбір   адамның   ақыл-сана,   оқу,
шығармашылық, көркемөнөр,  адамаралық  қатынастар  түзу  және  психомоторлық
қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән  қасиеттер:  зейінділік,
жинақылық,  тұрақтылық,  әрқашан  қызметке  дайын  болу;  мұндай   тұлғалар,
сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа  ие,  еңбекте  шаршап
шалдығуды   білмейді,   басқалармен   салыстырғанда   интөллекттік   деңгейі
анағұрлым жоғары.
      Өз қызығулары бағытында  дарынды  адамдар  қайтпас  қажырлылық  таныта
алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі - 2-3 жасар баланың бір  іспен  үзбей
шұғылдана алу уақыты. Басқа қатарларымен  салыстырғанда  дарынды  бала  өзін
қызықтырған іспен  бірнеше  сағат  шұғылданып,  қажет  болса,  оған  бірнеше
күндер бойы қайта оралып, көздегеніне  жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды.
      Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мөн ептілік,  дағдыларды
 игеріп әрі жетілдіріп баруға тікелей тәуелді.
      Дарындылықтың  өзіндік  ерекшелігі  ең  алдымен  қызығушылық  бағдарға
байланысты.  Осыдан,  біреу  математикаға  қүмар,  екінші  -  тарихқа,  және
біреулөр – қоғамдық жұмыстарға  бас  (лидер)  болуда  өз дарындылығын   іске
қосып,  оны  нақты  іс-әрекетте  кейін  дамыта  түседі.  Мысалы,     мүғалім
дарындылығының   көрсеткіштері  келесідей:
               1) оқу материалын шәкірттерге түсінікті күйге келтіру;
               2) оқушы көңіл-күйін қалтқысыз тану;
               3) жұмыста шығармашыл болу;
               4) балаларды өз еркіне көндіре алу;
               5) балалар ұжымын біріктіруге қабілетгілік;
               6) сөз мәнерлігі мен мазмұндылығы;
               7) сөйлеу көркемділігі мен нанымдылығы;
               8) педагогикалық әдептілік;
               9) оқу материалын түрмыспен байланыстыра алу;
              10) шәкірттерге кдратылған бай-қағыштық;
               11) педагогикалық талапшаңдық (Ф.Н.Гоноболин).
      Кабілеттер өз деңгейлері мен ауқымы жағынан ажыралады. Нақты іс-әрекет
аймағында өте жоғары деңгейге көтерілген қабілет -  шеберлік  деп  аталады.
Шеберлік, яғни бір іс-әрекет аймағында жоғары жетілгендік үлкен де  қажырлы
еңбек негізінде  пайда  болады.  Шеберлік  көбіне  өндірістік  қайта  жасау
қызметтерімен байланысты келеді. Алайда, бүл шеберліктің  дайын  ептіліктер
мен дағдылар бірлігінен туындайтынын білідірмейді.
      Әрқандай кәсіптегі (мүғалім, дәрігер, үшқыш, спортшы ж.т.б.)  шеберлік
кез келген жаңа мәселелерді шешуге қажет  болған  психологиялық  дайындықты
қажет етеді. Шебер маман үшін шығармашылық міндетті түсіну мен оны  орындау
жолдарын табу - екеуі өзара байланыста қабылданады, іске  асады,  яғни  "не
істеу" және "қалай істеу" арасында жік болмайды.
      Шеберлік деңгейі - өзгермелі, дамудағы  құрылым.  Іс-әрекет  барысында
адамның  қабілет  түзілімі,  түлғалық  мәні   қалыптасып,   бір   деңгейден
екіншісіне  көтерілумен  ұдайы  ауысып  барады.  Өте  дарынды  адамдар   да
қарапайым  еліктеуден  бастап,  кейін  бірте-бірте   тәжірибе   жинақтаудан
жасампаздық дәрежесіне көтеріледі.
     Адам қабілетінің  ерекше  даралық  сипатын  көрсететін  психологиялык,
құбылыс - талант. "Талант" сөзінің төркін мәні: ежелгі грек  қауымында  бай-
манап өзі жоқта жұмыстан қашқақтамасын  деп  еріншек  құлына  беретін  күміс
ақша бірлігі - талант аталады екен, ақылдан жұта  құл  оны  алудан,  пайдалы
айналымға  жіберудің  орнына,  топыраққа  көміп,  жасыратын  болған.  Осыдан
халықта "таланты  құм  болды",  "таланты  көмілді"  деген  үғымдар  сақталып
қалған.  Қазіргі күнде талант арнайы қабілеттердің (музыкалық,  суреткерлік,
әдеби шығармашылық ж.т.б.)  жоғары  деңгейлі  дамуын  білдіреді.  Кабілеттер
сияқты талант та іс-әрекетте көрініп, өрістейді.  Талантты  адамның  қызметі
өзінің жаңашылдығымен, қайталанбас мәнерімен ажыралады.
      Таланттың оянуы тікелей қоғамдық болмысқа  тәуелді.  Кандай  бағыттағы
дарындылықтың жол алуы дәуір қажеттігі мен  әлеумет  алдында  турған  нақты
міндеттерге байланысты. Мемлекеттің дамуы  инженерлік  және  конструкторлық
таланттардың жетілуінен, мемлекеттің көркейген  кезеңіндө  ән-күй,  әдебиет
таланттары шығады, ал соғыс уақытында - талантты  әскери  қолбасшы  дүниеге
келеді. Осыдан, қазақ  арасынан  шыққан  Қ.Сатпаев,  М.Әуезов,  Б.Момышұлы,
Қажымұқан - әрбірі өз дәуірінің саңлақтары.
      Талант - көптеген қабілеттердің байланысы,  біртұтастығы.  Өте  жоғары
дамыған, бірақ оқшауланған бір қабілет талант дәрежесіне көтеріле  алмайды,
Мысалы, кейбіреулер 10 қаналы  не  оданда  көп  санды  лезде  көбейтеді  не
бөледі, бірақ математик емес, бола алмайды да.
      Кабілеттердің  даму  барысындағы  ең   жоғары,   шыңдалу   деңгейі   -
данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір  дәуірінде,
адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із калдырған адам ғана данышпан  бола
алады. Өркениеттің  5000  жылдық  тарихында  мүндай  шыңға  400-ақ  кемеңгер
көтеріліпті  (Котс).  XX   ғасыр   саңлақтары   атанған,   арамызда   жүрген
замандастарымыз  ақын  Олжас  Сүлейменов,  сынаушы-ұшқыш,  ғарышкер   Тоқтар
Әубакиров қазақ данышпандарының бірінші ондығынан.
     Адамның шығармашылық іс-әрекетінің аса табысты  болуына  себепші  рухи
көтеріңкілік пен ерекше күш-қуат туындайтын кезендер болады. Бұл жағдайдағы
адамды  жаңа  идеяларға  жетектеп,  оларды  іске   асыруға   ынталандыратын
психологиялық қалып - шабыт деп аталады. Шабыт шығармашыл  түлғаның  жоғары
белсенділігінен,    оның    іс-әрекетінің    жемістілігінен,    жасампаздық
ептілігінен, жаңалык, ойлап табу қызметіне толық берілуінен көрінеді.  Өмір
намашыларының айтуынша, И.С.Тургенев шығармаларын жазуды  өзін-өзі  зорлап,
көндіруден емес, ішкі ниет қалауымен қалай бастағанын білмей қалады екен.
      Шабыт пен еңбек - екеуі егіз, бір-бірінсіз аса алмайды. Осыдан,  шабыт
- қажырлы еңбек пен орасан бай білім қоры негізінде  туындайтын  мүмкіндік.
"Шабыт - еріншектерден қашатын, шақырғанға баратын қонақ" (П.И.Чайковский).
Сана айқындығы. ой мен бейнелер  кернеуі;  ес,  зейін  өткірлігі,  мақсатқа
бағыттайтын арнасына симаған ерік күші - шабыттанудың алғы шарттары.

13-тақырып  Қазіргі  кездегі  психологиядағы  жеке   тұлғаның   индивидуалды
мотивациялық аймағының ерекшелігі
Оқу  мотивациясының  жалпы  сипаттамасы. Оның  жүйелі  ұйымдасуы.
Өзін-өзі  тексеруге  арналған сұрақтар:
1. Оқу іс-әрекетін меңгеруден, ал меңгеруді  –  дағдылар   қалыптасуынан  не
ажыратады?
2. Дағдының  «жасалу» термині  неліктен  «даму»  терминіне   қарағанда   осы
процесті нақтырақ  бейнелейді?
3.Үйренуге  қандай  негізгі  факторлар  әсер етеді?
Әдебиет:
1. Ильясов И.И. Структура  процесса учения, М.,2006
2. Лингарт Й.Процесс и структура  человеческого учения. М.,2008
3. Талызина Н.Ф.Педагогическая психология.М.,2008. Гл.6
4. Якунин В.А. психология деятельности  студентов. М.,2004.
  Білім, дағды, іскерлік туралы түсінік
      Ғылым мен техниканың жылдан – жылға кең  өріс  алып,  жедел  қарқынмен
дамуы білімнің негізі болып табылады.
      Соған сәйкес бүгінгі таңда  мектеп  оқушыларының  өз  бетімен  жұмысын
арттыру   мен   шығармашылық   қабілеттерін   дамытуда    жаңа    ақпараттық
(компьютерлік) технологияны пайдалану және  оның  тиімді  әдістемесін  ұсыну
өзекті проблемаға айналып отыр.
      Шығармашылық қабілет дегеніміз не,  ол  қандай  өзіндік  қасиеттерімен
ерекшеленеді және оны компьютердің көмегімен тиімді дамыта аламыз  ба  деген
мәселелерді шешуді талап етеді.
      И.Д. Левитовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс
-  әрекет  қорытындысында  жаңа  бір  нәрсені  үйренулері  және  оқушылардың
даралық бейімділіктерінің,  қабілеттерінің,  тәжірибелерінің  көрінуі  болып
табылады.
      Көптеген психологтар оқушылардың жасы  өскен  сайын  нерв  жүйелерінің
мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушының  дамуы  үшін
ең қажетті құнды қасиеттердің біртіндеп  жоғалып  отыратындығымен  түсіндіре
отырып,  бала  қабілеттерінің  дамуы  үшін  ең   қымбатты   кезеңді   тиімді
пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді.
      Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс  -  әрекетпен  айналысуға  бет
бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің  алғашқы  белгісі.
Сондықтан да балалық кезде ерекше көзге түсетін  бейімділіктердің  келешекте
олардың   қабілеттерінің   көрсеткіштері   екенін    ескеріп,    оқушылардың
бейімділіктерін  дер  кезінде  көре  біліп,  оларда  соған  сәйкес   келетін
қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.
      Мектеп оқушыларының  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  жөнінде  И.П.
Волковтың айтқан  пікірі  өте  құнды.  Сондықтан  да  біз  өз  зерттеуімізде
автордың пікіріне қосыла, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін  олардың  өз
бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін,  дағдыларын  пайдалана  отырып,
өздеріне бұрыннан белгісіз жаңадан бір нәтиже алуы жалпы білімдерімен  қатар
олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс –  тәсілдердің  тиімдісін
таңдай алуына, тапқырлықтарына және т.б. себептерге байланысты  болатындығын
айтады.
      Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілеттерінің құрамдас  компоненттерін
анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ,  И.Л.  Лернердің,
А.Н. Луктың, В.И. Андреевтің, А.Л. Яколевтің,
 Д.Б. Богоявленскаяның еңбектері. Біздің ойымызша, осы  аталған  еңбектердің
ішінде И.Л. Лернер мен А.Н. Луктың еңбектері ерекше назар аударарлық.
А.Н.  Лук  шығармашылық  қабілеттердің   компоненттерінің   құрамына   басқа
көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді 3  негізгі  топқа
бөліп қарастырады:
   1. ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылықтар және икемділік);
   2. темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл - күй);
   3. ақыл – ой қабілеттері.
Біздің пікірімізше,  А.Н.  Луктың  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерінің
компоненттері құрамына  қатысты  айтқан  пікірі  құнды  және  оны  төмендегі
себептерге сәйкес түсіндіре аламыз
   1.  оқушы кез келген іс - әрекет  нәтижесінде  жақсы  нәтиже  алу  немесе
      белгілі  қабілет  түрін  дамыту  үшін  алдымен,  осы  іс  -  әрекетке,
      қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса оның нәтижесінің  де
      төмен болатыны сөзсіз.
   2. Көңіл – күй – бұл кез келген істі орындауда негізгі, қажетті көрсеткіш
      деуімізге болады.Сондықтан да оқушылардың  шығармашылық   қабілеттерін
      дамыту  олардың       осы   бағыттағы   іс-әрікетке   деген  көңіл-күй
      деңгейі маңызды,     сондай-ақ ол  олардың  жұмыстарының  нәтижелігіне
      әсер ететіні  белгілі.
   3. Кез келген іс-әрікетті  біз ақыл-ой  қабілеттері негізінде  ғана  іске
      асыра аламыз. Сондықтан да оқушылардың   шығармашылық   бағытта  жұмыс
      істеулері де алдымен  істейтін әрекеттерін   алдымен  осы  ақыл  –  ой
      қабілеттері   арқылы  жоспарлап   алып,  оны  практика  жүзінде   іске
      асыруларын талап етеді.
Я.А. Пономарев кез келген шығармашылық бағыттағы  іс  -  әрекеттің  негізгі,
бастысы – шығармашылық ойлау дей отырып, оның даму критериясы ретінде  іштей
жоспарлау әрекетін немесе «ойша» әрекеттенусіз іске аспайтыны  анық.  Сондай
– ақ адамның «ойша» әрекеттенуі, яғни  ойша  санауы,  талқылауы,  жоспарлауы
және т.б. – бұл адам интеллектісінің айрықша көрсеткіші болып табылады.
Біріншіден, адам, «ойша»  әрекеттене  отырып,  нәтижесінде  не  алатындығын,
яғни болашақта алатын нәтижесінің бейнесін көз алдына елестете алады;
Екіншіден, қойылған мақсатқа жету жолын жоспарлап, алынбақшы  нәтижеге  жету
тәсілін ойша құрастыра алатындығын көреміз.
Психологиялық   зерттеулерге   қарағанда   оқушылардың    ойша    әрекеттену
қабілеттері әсіресе, негізгі  оқу  іс  -  әрекеті,  дағдылары  қалыптасқанда
үздіксіз дамиды және сондай – ақ олардың шығармашылықпен өзін - өзі  көрсете
білу  қажеттігі  басым.   Бұл   оның   жеке   тұлғасының   анықталуына,   өз
қабілеттерін жүзеге асыруға  және  оның  қанағаттандырылуы  оқушыға  әрқашан
қуаныш сезімін тудырады.
      В.В. Давыдов оқушыларда  осы  кезеңде  байқалатын  психологиялық  жаңа
сапалық қасиеттерді  сипаттай  отырып  былай  дейді:  «Оқушы  өз  әрекетінде
барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі варианттарын  салыстыра
алады және есептің шешуін бақылай алады».
      Оқу іс - әрекетінде қажетті бақылау, өзін - өзі бақылау, сондай  –  ақ
есептің шешуін ауызша түсіндіруді талап ету, бағалау қажеттігі  ішкі  жоспар
бойынша  әрекеттенуге және ойша жоспар құруға қолайлы жағдай туғызады.
      Жүргізілген  зерттеу  жұмыстары   оқушылардың   шығармашылық   әлеуеті
әсіресе, ән – күйде,  ойын  үстінде,  техника  саласында  жаңа  бір  нәрсені
ашумен, құрастырумен, білумен байланысты көрінеді.
      Сондықтан да біздің ойымызша оқушылардың шығармашылық қабілетерін  біз
компьютердің және соған сәйкес компьютерлік ойындарды  (үйрету,  жаттықтыру,
дамытушы) пайдалану арқылы толықтай қалыптастыра аламыз.
14  -15   тақырып   Психологиялық   индивидуалды   ерекшеліктің    гендерлік
аспектілері
      Күнделікті  бақылаулар  қоғамдық  өмірде  әйелдер  және   ер   адамдар
арасындағы тұлғалық өзіндік ерекшеліктердің  бар  екендігін  көрсетіп  отыр.
Көптеген эмоционалдық  және  әлеуметтік  сипаттамаларда  бұл  алшақтық  ерте
балалық кезеңнен бастап көрніс табуда.  Дәстүрлі  жыныстық  айырмашылықтарда
байқалатын тұлғалық  дамудың  маңызды  аспектілері:  қызығушылықтар,  қалау-
идеалдар, бағыттылықтар және тұлғалық құндылықтар.
      Ерте балалық шақтағы ойын белсенділігін зерттеулердің  нәтижесінде  ұл
балалардың көбінесе бұлшықет  ептілігін  дамытуға  қолайлы  қозғалмалы  және
бәсекелік   ойындармен  айналысатын  болса,  қыз  балалар  неғұрлым  байыпты
ойындарға бейім екендіктері  байқалады. Түрлі  жас  кезеңдеріндегі  жыныстық
ерекшеліктерді әртүрлі тұлғалық бағыттарда зерттеу арқылы қарастырылынды:
    • балалардың оқырмандық қалаулары;
    • орта мектептердегі кәсіптік таңдаулар;
    • құндылықтарды салыстыру;
    •  әйелдер  және  ер  адамдардың  өзара  әңгімелесу  үзінділерін  жүйелі
      сараптау;
    • қызығушылықтар тесті;
    • қарым-қатынас ерекшеліктері;
    • жетістікке жету мотивациясы;
    • сексуалды әрекет-қылықтары (Кинси талдаулары);
    • агрессивтілік және т.б.
   Тұрақты жыныстық ерекшеліктердің  бірі  ер  адамдардағы  агрессивтіліктің
басымдылығы. Әрине бұл оның мәдени және биологиялық  (бұлшықет  күші,  еркек
гармоны)  шығу  тегіне  байланысты.  Біздің   әлеуметтік   ортада   жыныстық
ерекшеліктердегі агрессивтілік ерте балалық шақта байқала бастайды.
    Жыныстық  ерекшеліктерді  табиғатын  зерттеулер  көбінесе  бізді  мәдени
ортада ер және әйел  адамдардың  жауаптарын  салыстыру  арқылы  жүргізіледі.
Егер 30% ерлер және 29% әйелдер қазіргі өнерді ұнататындықтарын айтса,  онда
бұл мәселедегі жыныстық айырмашылықтар сұрағы өздігінен жоққа шығарылады.
      ММРІ,  Бланк  кәсіптік  қызығушылықтар  қағазы,   Гилфорд-Циммерманның
темперамент  Шкаласы,  гофтың  феминділік  Шкаласы  арқылы  түрлі   өмірлік
аспектілердегі еркектілік пен әйелділік баға
  3  Практикалық  және  семинар  сабағының   сұрақтарӘдістемелерді   жүргізу
барысындағы практикатапсырма үлгісі.

№ 1. Тұлғаның тартымдылық деңгейін зерттеу

№2.  Зейін.
                  Ғылыми әдебиеттерге шолуда не ескеріледі?
А.Маслоу, К. Роджерс, В.Сатир,   В.Франкл еңбектерінен коллоквиум.

К.Роджерс, А.Маслоу, В.Сатир, В.Франкл   немесе  т.б.  еңбектерінен  біреуін
өзіңіздің қалауыңыз бойынша  оқып  танысу  қажет.  Өзіңіздің  оқып  танысқан
авторлардың   негізгі   түсініктер   мен   феномендер    жүйесін    құрыңыз.
Психологиялық-педагогикалық  іс-  тәжірибе  барысында  сіздің  ойыңызша  бұл
авторлардың негізгі ойларының өміршеңдігі неде деп ойлайсыз?  Болашақта  осы
авторлардың  қайсысының идеяларын басшылыққа алуға болады  деп  кеңес  берер
едіңіз?

Сабақ барысы.
Аудитория кездейсоқ түрде жұптарға бөлінеді.  Жұптар  бір-біріне  оқығандары
туралы пікір алмасады. Бір-бірлеріне сұрақтар тізімін әзірлеп  сұрақ  қояды.
Коллоквиумды  оқытушының   басшылығымен   де   немесе   жекелей   студентпен
әңгімелесу түрінде де өткізуге болады.

                Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?

Методологиялық  проблемалардың  негіздерін  ашу  үшін  тыңғылықты,   жүйелі,
бірізділік  қажет.  Методологиялық  жағдайлардың  шешімін  табу  үшін  дәріс
материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену  қажет.  Жиналған
материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін  зерттеп,
танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.
  Сабақ барысы.
  Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге
байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20  минутта  дискуссия  барысында
өздерінін  көзқарастарын  дәлелдеп  шығатын  сұрақтар  тізімін   белгілейді.
Қарсылас жақты  мұқият  тыңдап,  олардың  келтірген  дәлелдемелердін  дұрыс,
бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға  білім  беру
мен  оларды  тәрбиелеуде  алатын  орны  қандай?  Бір  проблемаға  байланысты
бірнеше көзқарастардың болуы неліктен?  т.б.  сұрақтар  төңірегінде  ойланып
көріңіз.


      4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау


      Пән бойынша курстық және  бітірушілердің  кәсіби  жұмыстарын  дайындау
қарастырылмаған.

    5 Магистранттардың өздік жұмысы

    5.1. МӨЖ және МӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.


      Магистранттың өздік жұмысы (МӨЖ) олардың индивидуалды және топпен  оқу
әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз  іске  асады
(немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).
       Өздік жұмысының маңыздылығы  оқытыушының  көмегінсіз,   магистранттың
міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде  қолдану  оның  қандай
да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.
       МӨЖ– өзінің білімін жетілдіру  әдісі,  оқытудағы  әртүрлі  әдістермен
дедактикалық  байланысы.  Магистрант  өздік   жұмысы   процесінде   белсенді
шығармашылық  жеке  тұлға  ретінде  көрінеді,  өзінің  мәдениетін  таратушы,
бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.
І. Берілген тақырыпты конспектілеу.
Негізгі талаптар:
   1.  Жазып  отырған  тақырыптан  алшақтамай,  оның  мазмұнын  нақты  ашуға
      талпыну.
   2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
   3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын  жоспарға  сай  рет-
      ретімен жүйелі баяндауы қажет.
   4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
   5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
   Реферат жазуда не ескеріледі?
   1. Таңдап  алған  рефераттың  тақырыбына  қатысты   магистрант  кішігірім
      зерттеулер жасайды. Магистрант осы алғашқы ғылыми  жұмысқа  байланысты
      мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
   2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.
   3. Реферат жазуда магистрант негізгі  мәселені  ажыратуға,  тақырыптардың
      өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.
   4. Фактілер,  фактілік  материалдарды  іріктеу  және  жинақтау  негізінде
      таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
   5.  Пайдаланған  деректер,  материалдар,  әдебиеттердің  тізімін,  қайдан
      алғанын  (сілтеме)  қайда,  қашан,  қандай  баспадан  жарық   көргенін
      көрсетуі қажет.
   6. Магистранттың жазған  рефераты  аудиторияда  талқыланады.  Ең  алдымен
      оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен,  негізгі  идеясымен  таныстырады.
      Тақырыпты зерттеуші студен  реферат  мазмұнын  аудиторияда  баяндайды,
      сұрақтарға жауап береді.
      Жұмыстың мұндай  түрі,  формасы,  нұсқасы   магистранттердің  танымдық
белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.
      Рефератты  талқылау  –  шығармашылық  жұмыстың  бір   көрінісі,   яғни
білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік  мән-мазмұны  зор  әрекет,
жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай,  нақты,  тұжырымды
ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
      Рефератты талқылып, қорытындысын шығару  –  маңызы  зор  жауапты  сәт,
белгілі бір тақырып төңірегінде  ғылыми  дәйекті  тұжырымдар  жасап  үйрену.
Соңында оқытушы реферат жазған  магистранттың, пікір  айтушылардың  сөздерін
жинақтап,  қажетті  толықтырулар  енгізеді,  мәселенің  түсініксіз  тұстарын
анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
      Магистранттың   өздік   жұмыстарды   орындауларына   жалпы    кеңестер
(нұсқаулар)
      1. Өздігінен  білім  алу  үшін,  алдымен  сол  жұмысқа  қажетті  нақты
дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі  анықтама
әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
      2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті
әдебиеттер  мен   құралдардың   болуы   т.б.)   керек   етеді,   ең   дұрысы
кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
      3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық  біліп,  ол  жұмысты
белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
      4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан,  кітапханалардан
ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
      5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс  жасамай  жүргізген
жөн.
      6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып,  түсінбеген  жерлерді
қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
      7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды,  түрлі  сөздіктерді  қоса
пайдаланып отыру керек.


Магистранттың өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
         • Жұмыстың көлемін шамадан тыс  асырмай,  оның  сапасын  арттыруға
           көңіл аудару;
         • Магистранттың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс
           ұштастыра білу;
         • Магистранттың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу  қабілетін
           жүйелі түрде дамыту;
         •  Өзіндік   жұмыстың   мазмұнына   күнделікті   өмірден   алынған
           материалдарды, хабарларды енгізу;
         • Магистранттың табиғат пен қоғам  дамуының  жалпы  заңдылықтарын,
           сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды  өздігінен  талдап
           түсінуге үйрету;
         •  Магистранттың  алған  білімдерін  іс  жүзінде  қолдана   білуге
           дағдыландыру;
         • Магистранттың оқу жұмысына  шығармашылық  тұрғыдан  қарауға,  әр
           уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
         • Магистранттың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын
           қалыптастыру.


6. МӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары


1.Схема   «Қазіргі   кездегі   психологиядағы   индивидуалды    ерекшелігіне
байланысты пікірлердің даму тарихы»
2. Конспект «Қазіргі кездегі психологиядағы индивидуалды ерекшелігі»
3. Индивидуалды зерттеудегі жүйелі бағытын статистикалық әдістердің сипаты
4. Реферат ««Қазіргі кездегі психологиядағы индивидуалды ерекшелігі»
5. Тұқым қуалаушылықтың құрылымдық және функционалды мінездемесі
6. Конспект «Тұқым қуалаушылықтың және қоршаған ортаның адамға әсері»
7.  Тұқым  қуалаушылықтың  және  қоршаған  ортаның  адам   дамуына   әсеріне
байланысты мысалдар келтіру
8. Дене  құрылымы  мен  әрекет-  қылыққа  байланысты  таралған  қателіктерге
теоретикалық негіздер жасау.
9. Оқып- зерттелінген материалдар бойынша өз ой- тұжырымдарын бекіту.
10. Конспект «Психологиялық типтер» (К.Юнг)
11. Схема «Акцентуацияларға байланысты теориялар»
12. Эссе «Асыранды балалар»
13. Реферат «Қабілеттер мен дарындылық»
14. Схема «Дарындылықты диагностикалау жолдары»














Пәндер