Файл қосу

Тұлғаның дамуы




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                   |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                             |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК                  |                           |
|                         |                      |ПОӘК                       |
|                         |                      |042-14.05.01.20.100/03-2012|
|ПОӘК                     |                      |                           |
|Оқытушыға арналған пәннің|№1 басылым  орнына    |                           |
|жұмыс оқу бағдарламасы   |______№ 2 басылым     |                           |
|««Жеке тұлғаның даму     |                      |                           |
|психологиясы»            |                      |                           |










                        ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                      «ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ»


                    «6М0503» – «Магистранттарға арналған



                         ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

















                                 Семей  2012



                                   Алғысөз

1 ЖАСАЛЫНДЫ
Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
“ Психология” кафедрасының доценті Ш.С.Сатиева _____________
                                                                   “     28”
08  2012ж
2 ҚАРАЛДЫ
2.1  Шәкәрім  атындағы  Семей   мемлекеттік   университетінің   “Психология”
кафедрасының отырысында
Хаттама №  1 «28»   09   2012 жыл

Кафедра меңгерушісі: ____________ Ш. Сатиева

2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама №1 «05» 09 2012жыл

Төрайымы  ___________ Г. Григорьева

3 БЕКІТІЛДІ
3.1 Университеттің  оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында  мақұлданды  және
баспаға ұсынылды
Хаттама №   1    «13»  09  2012 жыл

ОӘК төрағасы, бірінші проректор ___________ Б. Рскелдиев




































    Мазмұны
     1 Глоссарий
      2 Дәрістер
      3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
      4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
       5 Магистранттың өздік жұмысы



ТҰЛҒАНЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУДІҢ АСПЕКТІЛЕРІ
                І.Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар.
    Тұлғаның психологиялық теорияларында  тұлғаның  табиғатын  түсіндіретін
өзара бір-бірін толықтыратын екі ықпал бар. Біріншісінде  тұлға  субъектінің
мінез-құлық  ерекшеліктері  мен   интрапсихикалық   қасиеттердің   автономды
жүйесі, уникалды деп анықтайды, ол жүйеге мінезі, қабілеттері,  түсініктері,
құндылыққа бағдарлануы мен концепциялары кіреді.
    Екінші ықпалда  тұлға  болу  үшін  интерперсоналды  кеңістікке  қосылуы
керек, басқа адамдармен белсенді саналы әлеуметтік қатынастар  құрады,  яғни
тұлға  ол  интерпсихикалық  байланыстары  мен  адамның  өзара   қатынастары.
Тұлғаның интерпсихикалық  компонентіне  шоғырланған  Л.Хьел,   Д.Зиглер  оны
ғылыми зерттеудің келесі аспектілерін көрсетеді:
    Тұлға құрылымы ол тұрақты сипаттамалар, әртүрлі   комбинацияларға  түсе
отырып  бірыңғай,  ұйымдасқан  тұтастық  құрайды  және   тестілеуде   немесе
экспериментте орнықты көрсеткіштерді  табуды  мүмкін  ете  алады;  мотивация
мінез-құлықтың     процессуалды,   динамикалық   аспектілерін  қосатын  оның
себептері мен факторларын шақыратын оятатын мотивтер.
    Тұлғаның  дамуы  әртүрлі  жас  сатыларында  нәрестеліктен   қартайғанға
дейінгі оның қасиеттері мен  ерекшеліктерінің  заңды  өзгерістері;  тұлғаның
психопатологиясы   тұлғаның   биосоциалды    қоршағандарға    адаптациясында
шарттанған қиындықтар, процестер, факторлар және психиканың жұмыс  жасауынан
ауытқуы;  тұлғаның  психикалық   денсаулығының   негіздемесі   белгілі   бір
критерийлермен   сәйкес   бөлінгендер;   тұлғаның    писхологиялық    әсерді
коррекциялау процесіндегі трансформациясы эмоциялық ерік когнитивті,  мінез-
құлықтық  сферадағы  өзгерістер,  психотерапевтік  ықпалдар  мен  техникалар
жасайтын  жағдайларға  жету  үшін  жасалатын   трансформациямен   байланысты
болады.
    Тұлғаның кез келген теориясы мына сұраққа  жауап  беру  үшін  жасалған.
Тұлғаның құрылысы оны құрайтын элементтер  қандай?  Адамның  істерін  қандай
мотивтер бағыттайды? Адамның тұлға болуын не детерминациялайды,  оның  өсуін
не қамтамасыз етеді, не кедергі келтіреді? Тұлғалық дамуда қандай  факторлар
аномалияны шақырады? Психикалық  денсаулықты  бағалау  критерийі  мен  шарты
қандай?
    Тұлғаның өзіндік тиімділігін көтеру үшін және  позитивті  өзгерту  үшін
оларды не камтамасыз етеді? Д.Мацумото әртүрлі теорияларды жалпылап,  оларды
біріктіретін жағдай ол сыртқы ситуациялардан  тәуелсіз  орнықтылық  мәселесі
деді. Альтернативті ықпал былай айтады: тұлға  тек  әлеуметтік  байланыстары
мен тұлға аралық қатынастардың жүйелері арқылы ғана адекватты түсініледі.
    Тұлғалық     белсенділік      теориясы      бойынша      А.В.Петровский
интраиндивидуалдымен қатар тұлға аралық өзара әрекеттің  «индивидуалдылықтың
айналасындағы кеңістік» ретінде белсенділіктің интериндивидуалды сферасы  да
бөлініп  алынады.  А.В.Петровский  бойынша  тұлғаның  белгілі  бір  қырларын
бекіту индивидтің сол бірлестікке қосылу механизміне бағынады.
    Тұлғаның дамуын индивид аралық қатынастар  субъектісі  ретінде  бағалау
үшін негізгі  критерийге  әлеуметтік  топтарға  кіру  сәттілігінің  дәрежесі
алынады,  өзінің  меншікті  белсенділігін  басқа  адамдармен  белсенділікпен
интеграциялау қабілетінің  деңгейі  алынады.  Тұлға  үнемі  қарым-қатынаста,
басқаға  арналған  қатынаста  беріледі  және  «ішкі  тәуелсіз  территориясы»
болмайды,  әлеуметтік  қатынастардан  автономдылығы  жоқ   деген   идеяларды
М.М.Бахтин және Л.С.Выготский жасады.
    Олардың бірігулерінен ол кеңес психологиясының,  қазіргі  психологияның
гуманитарлық білімдер жүйесінің негізі болып табылды. М.М.Бахтин оны  келесі
тезисте көрсетті: «Мен өзімді ұғынамын  өзімді  тек  басқаға  ашқанда  ғана,
басқаның көмегімен ғана өз өзім бола аламын».  Адамның  өз  болмысы  (сыртқы
мен ішкі) терең  қарым-қатынас.  Бар  болу  ол  қарым-қатынасқа  түсу  болып
табылады. Бар болу ол басқа үшін бар болу сол арқылы өзім үшін бар боламын.
    Тұлға  аралық   қатынастар   субъектісі   ретінде   тұлға   өзінде   үш
репрезентацияланған (сфералар) бірлікті табады:
    1) интраиндивидтілік   тұлға   оның    «интраиндивидті     сапаларының»
орнықты  жиынтығы  ретінде  адамның  индивидуалдылығын  құрайтын  психикалық
қасиеттер (темперамент  пен  мінез  ерекшеліктері,  қабілеттері,  мотивтері,
тұлғаның бағыттылығы және басқалар).
    2)  интериндивидті   тұға   индивидтің   индивид   аралық   байланыстар
кеңістігіне қосылуы ретінде қаралады, онда ішкі  топтық  өзара  қатынас  пен
өзара әрекет оларға қатысушылардың  тұлғалық  сипаттамасы  ретінде  қаралады
(мұнда  тұлға  аралық  өзара  қатынастарды  түсінудегі  жалған  альтернатива
жойылады, олар не топтар феномендері не тұлға аспектілері ретінде  қаралады,
мұнда тұлғалық топтық, ал топтық тұлғалық ретінде алынады.
    3) метаиндивидті тұлға  индивидтің  басқа   адамдармен   тіршілік   іс-
әрекетіндегі «идеалды берілу» ретінде қаралады, сонымен қатар маңызды  өзара
әрекет  шегінен  шығады;  мұнда  адам  интеллектуалды,  эмоциялық     немесе
мотивациялық  сферасындағы   мағыналық   құрылулардың   субъектісі   ретінде
беріледі.
    Индивид өзінің дамуында әлеуметтік детерминацияланған  қажеттіліктерді,
тұлға болуды бастан  кешіреді,  өзін  басқа  адамдардың  тіршілік  әрекетіне
сеніп тапсырады, олардағы өзінің бар болуын сезінеді, мәнді  әлеуметтік  іс-
әрекетте өзінде тұлға болу қабілетін көреді. Тұлға индивидтің  интерперсонал
байланыстары негізінде жасалатын іс-әрекеттің әртүрлі аспектілеріне  қатысты
қатынастардың ерекше жүйесі ретінде қарастырылады.
    Ол  қатынастар  тұлғаның  құрылымдық   біріншілей   элементтері   болып
табылады. Қатынастар психологиясының негізін  орыс  писхологы  А.Ф.Лазурский
салды, «Тұлғаны зерттеу программасы және оның ортаға қатынасы»  деген  еңбек
жазды. А.Ф.Лазурский бірінші рет «тұлғаның сыртқы  ортаға  қатынасы»  туралы
категорияны  айтты  (табиғатқа,  адамдарға,  әлеуметтік   топтарға,   рухани
құндылықтарға қатынас және басқа  қатынастар),  ол  категория  психологиялық
талдаудың бірлігі ретінде алынды.
    Кейінірек   қатынастар   психологиясы    В.Н.Мясищевтің    еңбектерінде
дамытылды.  Ол  мына  тезисті  тұжырымдады:  тұлғаның  мәні  оның   болмысқа
қатынасы болып табылады. Адамның дамыған психологиялық  қатынас  ол  әртүрлі
жағы   бар   болмысы   бар   тұлғаның   индивидуалды,   таңдамалы,    саналы
байланыстарының тұтастай жүйесін көрсетеді.
    В.Н.Мясищевтің айтуынша психологиялык қатынастың құрамына үш  компонент
кіреді:   танымдық   (когнитивті),   эмоциялық   және   ерік.   Алайда   бұл
компоненттерді  қатынастардың  құрылымдық  элементтері  ретінде   емес   оны
психологиялық талдаудың үш әртүрлі мағыналық ракурсы ретінде  қарастырылады.
Тұлғаның қатынастары  орнықты немесе орнықсыз болуы.
     Тұлғалық құрылымның жоғарғы қабатына кірген қатынастар  өзгергіштікпен
сипатталады. Қатынастар тұлға ядросына жақын  болған   сайын  соғұрлым  олар
статикалы болады және ішкі мен сыртқы өтіп жатқан  өзгерістерге  ұшырамайды.
Егерде бұл терең қатынастар өзгере  қалса  да  онда  тұлғаның  психологиялық
қатынастарының барлық жүйелері трансформацияланады.
    Кеңестік психологиядағы тұлға теорияларының жалпы постулаттары:
    Тұлғаның кеңестік концепциялары егер  вариациялары  болса  онда  келесі
жалпы теориялық пункттерде қосылады:
    1. Тұлғада биологиялық айналдырылған формада  әлеуметтік  ретінде  өмір
сүреді. Табиғи (органикалық) сипаттамалар тұлға құрылымында оның  әлеуметтік
шарттанған элементтері сапасында болады.
    2.  Тұлғаның  белсенділігі   ситуацияға  алғашқы  берілген  шектеулерді
түсіруге әкеледі. Мақсатқа жету жолындағы кедергілер  мен  шектеулер  оларды
жеңуге бағытталған ерекше іс-әрекетті оятады.
    3. Тұлға деген ол индивидтің социумда  алған  жүйелік  сапасы.  Өзіндік
ұйымдасудың осы арнайы формасы туа берілген индивидтік қасиеттердің  үстінде
орналасады.
    4. Тұлға  орнықты  тұлғааралық  байланыстар  жүйесінде  ғана  түсінікті
болады.   Кеңестік    психологияның    базалық    жағдайларының    негізінде
(А.Н.Леонтьев)   бұл   байланыстар   бірлескен   іс-әрекеттің   мағынасымен,
мазмұнымен, құндылықтарымен жанамаланады.
    5. Максимализация     постулаты:     тұлға    индивидтің     максималды
персонализацияға   ұмтылуынан   туады   (А.В.Петровский)    Осы  постулаттан
теориялық гипотезалар туындайды:
    а)  индивидуалдылығын  белгілеу  жоспарында  құндылықтары  бар  индивид
қабылдаған  кез  келген  бастан  кешірулер   қажеттілікті   персонализацияға
маңыздандырады және басқаның мәнділігін  іздеумен  анықталады  онда  индивид
идеалды түсініктерді алуы мүмкін;
    b)   индивид   қарым-қатынастың   кез   келген   ситуациясында   өзінің
индивидуалдылығын таратуға  және  анықтауға  ұмтылады,  осы  нақты  жағдайда
персонализация мүмкін болады. Оны  жүзеге  асырудың  мүмкін  болмауы  өзінде
жаңа мүмкіндіктерді іздеуге апарады немесе заттық  іс-әрекетте  өзін  табуға
апарады;
    с) қарым-қатынастың  екі  немесе  оданда  көп  серіктестерінен  субъект
максималды  адекватты  персонализацияны  қамтамасыз  ететін   адамды   дұрыс
көреді.  Соған ұқсас ұзақ персонализацияны қамтамасыз  ететін  адамды  артық
көру                                                               табылады.

    6. Тұлға дамуының индивид аралық қатынастар жүйесінде туындаған  қайнар
көздері қажеттілік пен персонализацияның арасындағы  қайшылық  ретінде  өмір
сүреді.
    7.  Тұлға  онтогенездің  сатыларында  иерархиялық  орналасқан  топтарда
қалыптасады.   Тұлға дамуының  сипаты  ол  қосылған топтың  даму  деңгейімен
сипатталады.
    Көптеген әртүрлі тұлға теориялары бар  оларда  тұлға  мәселесі  әртүрлі
қарастырылады.  Мысалы  психоаналитикалық  теория  дамуды  қоғамдағы  өмірге
адамның  биологиялық  табиғатының   адаптациясы   ретінде,   қажеттіліктерді
қанағаттандыру тәсілдері мен қорғаныс механизмдерін жасау деп түсінеді.
    Қырлар теориясы тұлғаның барлық қырлары өмірде қалыптасады, ал  олардың
туындау процесі, өзгеруі мен тұрақтануы биологиялық емес  заңдарға  бағынады
деген тұлғаның дамуы туралы түсініктерге сүйенеді.
    Әлеуметтік үйрену теориясы тұлғаның дамуы адамдардың тұлғааралық  өзара
әрекет  тәсілін  қалыптастыру  ретінде  түсінеді.  Гуманистік   және   басқа
феноменологиялық  теориялар  оны   «Меннің»   қалыптасуы   процесі   ретінде
талдайды.
    Алайда тұлғаның даму мәселесін қарастырған позициялар мен  теориялардан
басқа  интеграцияланған,  тұлғаны  тұтастық  ретінде  қарастыратын   әртүрлі
теориялар мен ықпалдар тұрғысынан анықтайтын бағыт та бар. Осындай  ықпалдың
аясында  бірнеше  концепциялар  қалыптасты,  олар   негізгі   назарды   даму
барысында тұлғаның жан жақты өзара байланысқан өзгерулері деп бекітеді.
    Осындай даму туралы осы бағытты ұстаған теориялардың  бірі  американдық
психолог  Э.Эриксонның  концепциясы,  яғни  эпигенетикалық   принцип:   адам
туғанынан өмірінің соңына дейін  міндетті  түрде  өзінің  тұлғалық  дамуында
өтетін сатылардың генетикалық негізін алдын ала анықтады. Э.Эриксон адам  өз
өмірінде басынан сегіз психологиялық дағдарысты өткізеді деп көрсетті:
    1. Сену-сенбеу дағдарысы (өмірдің бірінші жылы)
    2. Ұялуға қарсы автономия (2-3 жас айналасы)
    3. Кінә  сезіміне  қарсы  бастамашылдықтың  көрінуі  (шамамен  4-6  жас
аралығы)
    4. Өзін толық қанды сезінбеу  комплексіне  қарсы  еңбексүйгіштік  (7-12
дейін)
    5. Конформизм, сұр индивидуалдылыққа қарсы жеке бастық өзіндік анықталу
(12-18 жас).
    6. Жасқа байланысты психологиялық изоляцияға қарсы көпшілдік және интим
(20 жас шамасы).
    7. «Өзіне кетуге» қарсы жаңа ұрпақты тәрбиелеу  қамқорлығы  (30-60  жас
аралығы).
    8. Өкіну сезіміне қарсы өміріне қанағаттану (60 жастан жоғары).
    Э.Эриксонның  концепциясында  тұлғаның  анықтамасы  сатылардың  алмасуы
арқылы түсініледі, әрбір сатыда  адамның  ішкі  әлемінде  сапалы  өзгерулер,
қоршаған адамдармен қатынас радикалды өзгерістер  өтеді.  Соның  нәтижесінде
тұлға дамудың сол  сатысына  тән  жаңа  сапаларды  игереді.  Оның  пікірінше
тұлғалық қырлар алдыңғы даму негізінде пайда болады.
    Тұлға ретінде дамып және қалыптасып адам  тек  жағымды  сапаларды  ғана
емес кемшіліктерді де меңгереді.  Бір  теорияда  әрі  жағымды  әрі  жағымсыз
өзгерулердің үйлесу варианттарын келтіру мүмкін емес. Сондықтанда  Э.Эриксон
өзінің концепциясында тек тұлғаның екі даму сызығын көрсетті: нормалды  және
аномалды. Әрине олар дәл сондай болып таза күйде өмірде кездеспейді,  алайда
нақты көрсетілген  ол  жағдайлардан  аралық  варианттарды  адамның  тұлғалық
дамуында көруге болады.
    Психологияның әртүрлі мектептерінде тұлға табиғаты әртүрлі  түсініледі,
оның  себебі,  оны  психологияның  пәні  ретінде  анықтаумен,  психологиялық
зерттеулерге  деген  қатынаспен,   зерттеулерде   қалыптасқан   пршциптермен
байланысты болды. Сондықтанда фрейдизм  аясында  негізгі  ұғым  инстанциялар
мен,   өзбеттілі   өмір   сүретіндердің    арасындағы    конфликт    ретінде
қаралғандықтан, тұлға үнемі конфликт жағдайында қаралды.
    Осы  бағытқа  негіздемені  австриялық  дәрігер,   психиатр,   психолог,
философ, бейсаналық теориясын жасаушы З.Фрейд берді. Психика оның  пікірінше
санадан тұрады, ол адамға оның басынан өткізгендері ретінде  беріледі,  сана
алды  күйі  жеңіл  ұғынылатын  бірақ  дәл  сол  уақытта  анық  ұғынылмайтын,
бейсаналық басынан кешкендер болады деп түсінілді.
    Психиканы динамикада қарастыра отырьш, З.Фрейд  сана,  сана  алды  және
бейсаналылықтың арасында үнемі қозғалыстар,  өзара  әрекеттер,  конфликтілер
болады деді. Санадан ыңғайсыз, қабылданбайтын тілектер, қабылданбайтын  еске
түсірулер ығыстырылады. Сана қоршағандар  негативтің  бағалаған  ұмтылуларды
басып тастайды, олар  бейсаналыққа  өтеді,  санада  көріну  жағдайы  туғанға
дейін сонда өмір сүреді.
    Сөйтіп  бейсаналық  ығыстырылған,  сана  үшін  жарамайтын   мазмұндарды
(тілектер,  ойлар  т.б.),  алғашқы  инстинктерді   «орналастырушы»   ретінде
түсінілді. Сана мен бейсаналықтың  арақатынасы  айсбергтің  судың  асты  мен
үстінің арақатынасы ретінде қаралды. Су асты бөлігі үлкен және көрінбейді.
    Тұлғаның  құрылымы  З.Фрейд  бойынша  басқаша  берілді:  «ид»   төменгі
инстанция, бейсаналы біріншілей қажеттіліктерді  орналастырады,  қанағаттану
принципіне бағынады. Қанағаттану принципі психикалық өмірді  реттеуші  болып
табылады, ол қанағаттануға ұмтылу мен қайғыларды жоюмен көрінеді.
    «Супер эго» «үстіде»  орналасады,  жоғарғы  инстанция  болып  табылады,
біріншілей қажеттіліктерде көрінетіндерді шектейді. «Супер  эго»  бейсаналық
инстанция, мінез-құлық цензурасы, бастан өткен әсерлер.
    «Эго»  психикалық  өмірдің  ұғынылған  жағы,  реалды   өмір   шарттарын
бағдарлануды береді, «супер эго» талабын  және  «ид»  тілектерімен  келісуге
ұмтылады.   «Эго»   негізінде   жатқан    реалдылық    принципі   тілектерді
қанағаттандыру   барысындағы   реалды   болмысты   ескеретін    бағдарлануды
көрсетеді.














    З.Фрейдтің негізгі ұғымы   ол  энергия.  Либидо  ол  сексуалды  энергия
немесе  жасампаз  энергия.  Бұзатын  энергия  өлімге,  агрессияға   ұмтылуда
көрінеді. Энергия бейсаналықтан бөлінгісі келеді, ал әлеуметтік  шек  қоятын
цензура энергияның тура өз  міндетіне  баруын  шектейді.  Конфликтіден  қашу
энергияның  таралу  мүмкіндігінің  орындалмайтындығымен  шақырылған  күштену
үшін «эго» сублимацияны пайдаланады.
    Сублимация сексуалды ұмтылулар  энергиясын  әлеуметтік  рұхсат  етілген
объектілерге  ауыстыруды  жасайды,  сексуалды  инстинкт  энергиясын  тікелей
объектіден  алып  кетеді,  оны  әлеуметтік  өнімді   іс-әрекетке   қолдануға
жұмсайды.  Егер  «Эго»  зорығуды  конфликтіден  түсірмесе,  онда  ол  бастан
кешірген  зорығуды  неврозға  апарады.  Невроз   психоаналитиктердің   айтуы
бойынша ол мәселені шешуден кету деп санайды.
    Ұғыну невроздан жазылуға мүмкіндік береді, невроз қорғанудың бейсаналық
құралы  болып   табылады.   Невротик   психоаналитиктің   интерпретациясымен
белсенді қарсыласады,  өзінің  шынайы  невротикалық  конфликтісін  түсінгісі
келмейді.  Фрейд  бойынша  конфликт  табиғаты  бойынша  психикаға  тән,   ол
жойылмайды.
    Алайда «Эго» конфликтіні тиімді басқара алады, невроздан  қашырады.  Ол
үшін «Эго» психологиялық қорғаныстарды қолданады, сол арқылы санадан  шектеу
қойылған қабылданбайтын өзінің меншікті импулсьтарын қабылдауды жояды.
    Психологиялық  қорғаныс  бейсаналық  механизмдердің  жиынтығы,  «Эгоны»
сыртқы қауіптен,  бейсаналықтан  келетін  «Супер  Эго»  үшін  қабылданбайтын
меншікті әуестенулерден қорғауды қамтамасыз етеді.
    Психологиялық қорғаныс механизмдері әртүрлі формаларға ие болады,  оның
алпыстан аса түрі кездеседі, мысалы  проекция,  ығыстыру  т.б.  Бейсаналықты
сыналушыньщ есебінсіз  зерттеу  мүмкін  емес,  сондықтанда  түс  көргендегі,
қателескен     әрекеттердегі,     невротикалық     симптомдардағы,     еркін
ассоцациялардағы бейсаналықтың нысанын, бұзылуын, көрінгендерін  анализдеуді
қолдануды ұсынады. Қате әрекеттер есімдерді ұмыту, естімей  қалу,  қателесу,
жаңылысу, басқа нәрсені айта салу көріністерінде білінеді.
    Комбинацияланған  қате  әрекеттер  болады.   Қате   әрекеттер   санадан
ығыстырылған, көріну  қабілетінен  айырылған  басып  тасталынған  психикалық
материалдар әрекетімен шақырылады. Белгілі бір жағдайда әрекеттің  ұғынылған
бағытын, басылып  қалған  тілектер  интерференциясы  қате  әрекетті,  әрекет
бағытын береді.
    Түс көруді кейде «бейсаналықтағы патшалық қақпасы» деп атайды. Түс көру
жұмысы, ауыстыру мен конденсация түс көру  бейнелерін  түсініксіз,  анықсыз,
санаға  түсініксіз  етіп  жасайды.  Фрейдтің  идеяларының   бірі   символдар
сөздігін жазу, көптеген психоаналитиктер оған қарсы болса  да,  оны,  барлық
бейнелерді ұғынылған тілге аудару болды.
    Ең қызығы сол түс көру жұмысын талқылап оны қайта  жасалған  психикалық
материалдарды  меншікті  бастапқы  қабат  деп  қабылдау  болды.   Түс   көру
жұмыстарын талқылауда «әрекетті қайта жасау», яғни түс көру  әрекетін  қайта
жасау болып табылады.
    Ол реконтекстуализация (түс көрудегі ауысудан кейін) және деконденсация
(түс көруден кейінгі жасалған жұмыс  конденсациясы).  Түс  көруді  анализдеу
барысында символдарды түсіну оларды өңдегеннен кейін ашылады.
    З.Фрейдтің практикасында емес, теориясында бейсаналық  пен  сана  деген
дихотомия    бар,    бұл    дихотомиялар   басқада   ғылыми   дихотомияларда
кездеседі: сыртқы  мен  ішкі,  ырықты  мен  ырықсыз,  рефлексивті  емес  пен
рефлексивті. Интериоризация ұғымы осы дихотомиялар негізінде жасалған.
    Психоанализ субъектіге анықталуды жапсырудан, проблемаға  творчестволық
шоғырланудан  бас  тарту  мәселесі   бойынша   басқалардан   айырмасы   бар.
Творчестволық адам творчество беретін  анықталудан,  мәселені  шешуден  қашу
үшін психоанализден жиі бас тартады.
    Фрейд психологияға, мәдениетке үлкен үлес қосты.  Фрейдтің  психоанализ
практикасы мен теориясы пайда болғаннан кейін адам  басқаша  ойлай  бастады,
басқаша қорытынды жасады.
    Сондай-ақ швейцар ғалымы, З.Фрейдтің бұрынғы шәкірті Карл Густав Юнгтің
теориясы да өте атақты, өзі  кейін  меншікті  адам  психикасы  жалы  идеялар
жүйесін жасады. Адам үшін барлық қоршағандар  оның  тәжірибесінде  беріледі.
Сондықтанда К.Юнгтің ойынша ең адал идеялар субъективті болып табылады.
    Юнг фрейдизмнен кетті, бейсаналық биологиялыққа апарылмайды деп санады.
Оның  пікірінше,  бейсаналық  алдыңғы  ұрпақтың   психикалық   тәжірибесінде
беріледі,  мінез-құлық  типтер,  эмоциялық  реакциялар,  спонтанды  фантазия
бейнелері, түс көрулердің қосындылары деп анықталды.
    Юнгтің  екінші  бір  басты  идеясы  ол  бүтіндік  идеясы.  Ол  интуиция
бүтіндігі  болды,  Жан  автономды  фактор,  онда  бейсаналық  санамен  қатар
амалсыз өмір сүреді деп санады. Жан  өзінің  заңдылықтарына  ие,  психикалық
бүтіндік ол бейсаналық  пен  сана.  Бейсаналық  табиғи,  автоматты  мақсатқа
сәйкес процесс, ол жанның бүтіндігі үшін қолданылады.
    Бейсаналық ол  энергия  символдарда  көрінеді.  Бейсаналық  реттелмеген
құбылыс,  санамен  бағытталады,  одан   тыс   өмір   сүреді,   оның   тілегі
бейсаналықтың  мазмұнын  қалай  бар  солай  көру.  Бейсаналықтың   реттелген
әрекеті   архетиптердің   болуымен   анықталады,   олар   өткен    бейнелер,
мәдениетіне, даму деңгейіне қарамастан барлық адамға тән болады.
    Осы мифологиялық сюжеттердің, мотивтердің қайталануы Юнгты  коллективті
бейсаналықта болатын кейбір бейсаналық  өткен  бейнелер  болады  деген  ойға
итермеледі.  Архетиптер  өмірге  мифологиялық   мотивтер   түрінде   болатын
түсініктер комплексін шақырады. Архетиптер бейсаналықта болатын белгілі  бір
принциптердің  бір  жағдайларда  белсендірілгендердің  жинағы  ретінде  өмір
сүреді және санаға энергетикалық ағындар ретінде шығуға ұмтылады.
    Юнгтің  түсінуі  бойынша  архетиптер  өзбеттілі  болудың   белгілі  бір
дәрежесі,  ал  сана   творчестволық   еркіндік   ретінде   болады.   Архетип
символикалық формаларды қабылдай алады, стереотипті  реакциялар  мен  әрекет
қабілетінде көріне  алады.  Юнг  бойынша  тұлғаның  қалыптасуы  индивидуация
болып табылады, яғни коллективті негізден өзіңнің меншікті психикаңды  бөліп
алу.
     Адамның рухани тууы, психикалық  өзбеттіліктің  пайда  болуы,  адамның
дамуға кабілетті болуы осының бәрі индивидуацияның  мәнін  береді.  Өкінішке
орай жаңа адамның санасының дамыған, Юнгтің ойы бойынша, индивидуация,  даму
үшін  қолданылмайды.  Индивидуация  санада   өтеді,   оның   нәтижесі   сана
деңгейінің өскені болып табылады.
    Сананың жоғарғы жағына жарып шыққан мазмұнды ұғыну, оларды саналы жасау
санаға күш беретін негіз ретінде  қарауға  болады.  Бейсаналықтың  болатынын
мойындамау,   бейсаналықтан    келетін    энергияны    қабылдамау    сананың
диссоциациясын шақырады. Бұл коллективті бейсаналық  стихиясында  еріп  кету
болып табылады.
    Психикалық ауру  ол  бейсаналықтың  автономды  мазмұнын  реалды  объект
ретінде   қабылдау   болып   табылады.   «Тұлга»   туралы   айтқанда    онда
«индивидуалдылық» дегенді түсінеміз, алайда бұл  контекстте  Юнг  әлеуметтік
масканы ұйғарады, яғни әлеуметтік әрекетте  табылатындарды  айтып  отыр,  ал
оның артында коллективті бейсаналық тығылып тұр дейді.
    Бұл  индивидуалдылық  емес,  индивидуацияның  нәтижесі  емес.  К.Г.Юнг,
тұлғаның дамуы жайлы айта отырып,  бүтіндіктің  пайда  болуы  мен  тәрбиелеу
шарттарын, адам индивидуалдылығы жайлы қарастырды.  «Тұлға»  өмір  барысында
біртіндеп дамитын  ол  бір  туылған  тұқым  емес.  Анықталусыз,  бүтіндіксіз
тұлғаның жетілуі көрінбейді. Осы үш қасиет балаға  тән  емес,  себебі  солар
арқылы ол балалықтан айырылмауы керек.
    Ешкімде тұлғаны тәрбиелей алмайды, егер ол өзі тұлға болмаса. ... Тұлға
біздің өмір сүруіміздің бүтіндігін толық тарату,  ол  қол  жетпейтін  идеал.
Алайда  қол  жетпеушілік  идеалға  қарсы  болатын  себеп  емес,  сондықтанда
идеалдар бір басқа нәрсе, жолды көрсетуші, бірақ мақсат емес...».
    Юнг бойынша тұлға қандай да бір дамуға  ұмтылудан  емес,  қажеттіліктен
байланысты  дамиды:  «тұлғалық  даму  акциясы  ол  бөтенге  көзқарас,  атағы
шықпаған  мекеме,  тура  жолдан  ауытқу....  ешкімге  ұқсамайтындай   болуға
тырысу. Өкінішке  орай  тұлға  адамзаттағы  атақты  геройлар,  олар  құрмет,
махаббат, таң қалу шақырады. Нағыз тұлға өзінің  қолданылуына  ие  болады...
Тұлғаның масштабы аз болған сайын, ол соғұрлым үлкен дәрежеде  анықталмайтын
және бейсаналы болады.
    Бихевиоризмде психикалық зерттеуге  жабық  болатын  бір  нәрсе  ретінде
қарастырылды, сондықтанда  психикалықты  олар  зерттемеді.  Субъект  реакция
жасайтын сыртқы мінез-құлық  реакциялары  мен  стимулдары  тіркелді.  Мінез-
құлық сыртқы формаға апарылды және сыртқыны уреттеумең анықталды.
    Олардың ойынша осы  жағдай  объективті  ғылыми  зертетуге  психологияны
әкеледі  деп  санады.  Тұлға   психикалық   ретінде   не   мойындалмады   не
қарастырылмады,   тек   белгілі   бір   стимулдарда    қалыптасқан    кейбір
реакциялардың  жиынтығы   деп   берілді.   Тұлғаның   дамуы   мен   тәрбиесі
реакцияларды меңгерумен, маңызды стимулдарға реакция жасай  алуды  үйренумен
түсіндірілді.
    Бихевиоризмде қажеттіліктерді  қанағаттандыру  үшін  жетуге  байланысты
реакцияларды       меңгеру      процесі       қарастырылды.       Қажеттілік
қанағаттандыруды талап  етеді,  тәрбие  реакциялармен  бекітілуі  керек,  ол
қанағаттандыруды   жасайды,   әлеуметтік   түрде    қолдау    табады.  Басқа
реакцияларға  қосылуға  реакцияға  шектеу  жасау   әрекеті   қажеттіліктерді
қанағаттандыруға, бейімделгіш реакцияны қалыптастыруға әкелмейді.
    Үйрену, дұрыс бекітілу субъектінің өзінің қанағаттануына  оны  қоршаған
адамдармен комфортқа әкеледі  деп  санады  бихевиористер.  Дұрыс  реакциялар
тіркелген  программдалған  мәдениет,  қандай  реакциялар  әлеуметтік  қолдау
табады, қайсысы жаза алады соны көрсетеді, индивидтің комфортты өмір  сүруін
жасайды.
    Б.Скиннердің айтуы бойынша бекітулер жүйесі қалыптасқан  қоғамда  әрбір
реакция мен қате реакция үшін алған жаза жүйелері  үшін  индивидтер  бақытты
болады.  Тұлғаның  белсенділігі,  өзіндік  санасы,  қабілеті   құндылықтарды
бекіту сұрақтары бихевиоризмде қаралмады.
    Необихевиоризмде аралық өзгергіштіктер ұғымы пайда болды, олар стимулға
деген реакцияны деформациялайды, жоққа шығарады  деген  психикалық  мағынада
түсінді. Осы аралық өзгергіштіктер «сынға» түспесін үшін  психикалық  бастан
кешулерге,   тұлғалық   қасиеттерге,   мәдениетке   қосылды.    Психологияда
бихевиоризмнің маңызды мәні сол олар мінез-құлық категориясын ашты.
    Гуманистік психологияда тұлға ұғымын өзін түсіне алатын  қабілетке  ие,
творчестволық қабілеттерін аша  алады  деп  түсінді.  Адамның  өмірде  алған
негативті тәжірибелері өз мүмкіндіктерін ашуға, қабілеттерін  ашуға  кедергі
жасайды. Психотерапевт психологиялық  көмек  сұраған  адамның  «үсті»  деген
позицияны алмай-ақ мәселені шешпей-ақ, сұрақтарға жауап берсе, қабылдау  мен
ашықтықты жасайтын пихологиялық кеңістік  орната  алады,  онда  адамның  өзі
қабілетін тарата алады, өзін түсінеді, өз мәселесін өзі шешуге келеді.
    К.Р.Роджерс айтқандай қоршағандардың әсерінен адам  өзіне  қажет  емес,
түсініксіз  болғандарды,  оның  дамуын  қамти  алмайтындарды   сол   міндет,
мақсаттардан  «тыс»  қояды.  Өз  тілегін  және   өзін,   мақсатын   түсінуге
қабілетті, алайда ол үшін басқаларды  қабылдау  мен  түсінуде  қажетті  шарт
қажет болады. Осы жағдай психотерапияның мәнін құрайды.
    Гуманистік  психологияда  тұлғаны  өзін  көрсетуге  қабілетті,   жоғары
нәтижелерге жету қабілетін игерген деп қарастырады.  А.Маслоу  бойынша  адам
ішкі табиғатпен сипатталады, ол инстинктоидты болады,  туа  беріледі,   адам
оны өз өмірінде жүзеге асыруға міндетті деп санайды.
    Алайда барлық адам бірде өзіндік маңызданбайды,  жоғарғы  жетістіктерге
жетпейді, өз  қабілеттерін  тарата  аламайды.  Егер  ол  болмаса  адам  ауру
болады,    зиян    шегеді.    Өзіндік    маңыздануға     ұмтылмаған     адам
психопатологиясы   бар   адам,    алайда    туа    берілген    қабілеттерде,
творчествосы, өзін көрсету арқылы жазыла алады деп көрсетті А. Маслоу.
    Өзіндік  маңыздануды  ұғынылған   әрекет,   бағытталатын   мақсат   деп
қарастырды деп А. Маслоуды сынады,  яғни  Маслоудың  теориясында  адам   өзі
өзіндік  маңыздануға  ұмтылады,  өз  қабілеттерін  ұғғынып  ашады,  В.Франкл
бойынша     өзіндік     маңыздану,      творчестволық      қабілетгерге  ену
жоспарланбаған нәтиже  емес,  ал  мақсатқа  сәйкес  бағыттылық  творчествоға
кедергі келтіреді.
    Тұлғаны теориялық тұрғыдан құбылыс ретінде қарастыруға болады,  сонымен
бірге тұлғаны  зерттеудің  реалды  міндетін  де  қоюға  болады.  Диагностика
мақсатымен тұлға психотерапиясында оның индивидуалды көрінулері  зерттеледі.
Р.Кеттелл  тұлғалық  қасиеттерді  зерттей  отырып,  оны  он  алты   факторлы
тұлғалық сауалнамада суреттеп, тұлға махаббатқа ұқсайды деді:  бәрі  біледі,
ол бар, бірақта ешкім де бар екенін, не жоқ екенін анықтаған жоқ  деп  бірде
айтқан еді.
    Тұлға туралы айтады, алайда оның не екенін, қалай анықтау керек  екенін
толық әлі ешкім айтқан жоқ. Оның тұлғалық мағыналары тілде айтылмайды,  онын
әлем көрінісіне басқа  адам  жетпейді,  мақсатты  таңдау  сыртқы  шарттармен
шарттанбайды. Тұлға категориясы оны түсінудің жаңа  талпыныстарын  шақырады,
әртүрлі анықтамаларға әкеледі, алайда  тұлға  ұғымын  толық  қамтуды  мүмкін
етпейді.
    Р.Кеттелл тұлғаны қасиеттердің иерархиялық моделі  түрінде  түсіндірді,
олардың ішінде эмоциялық тұрақтылық, экспансия,  өзіндік  бекіту  қасиеттері
бар. Тұлға қасиеттерінің арасында табылған корреляцияның арқасында  тұлғаның
мына   факторлары   табылды:   интроверсия,   нейротизм,   олар    қасиеттер
иерархиясының шыңындағы фактор болып саналды.
    Бұл тұлғаға деген номотетикалық ықпалдың басталуына негіз  болды,  онда
жалпы қасиеттер зерттеледі, сол арқылы әртүрлі адамдарды  өзара  салыстыруға
болады.  Оның  өкілі  Г.Оллпорттың  пікірінше,  тұлға   жалпы   қасиеттермен
анықталмайды, оны уникалды, жалқы, қайталанбас жағдайларда көру керек  деді.
Ол тұлғаны түсінуді мүмкін етеді деді.
    А.В.Петровский тұлғаның қасиеттерін қарады. Мәні қаралмайды деп  тұлғға
жайлы сол ықпалға сын айтты. Мұндай ықпалды  А.В.Петровский  коллекционерлік
ықпал деп атады. Зерттеуші қасиеттердің тізімін  жасап,  оны  зерттейді,  ал
тұлға деген не деген сұраққа келмейді.
    Тұлға  табиғатына  байланысты  кеңестік  психологиядағы  көзқарастардың
ішінде ең алдымен  А.Н.Леонтъевтің  тұлға  теориясын  аламыз.  Тұлға  туралы
теорияларды талдай отырып, әрі олардың негізсіз екенін  айтып,  А.Н.Леонтьев
іс-әрекет ықпал аясында тұлғаға деген басқа көзқарасты  қалыптастырды.  А.Н.
Леонтьев бойынша тұлға іс-әрекеттің ішкі бір кезеңі.
    А.Н.Леонтьев өзінің «Іс-әрекет. Сана. Тұлға» деген  кітабында  көптеген
кейбір  зерттеушілер  келісетін,  келіспейтін  жағдайды  тұжырымдады.  Ондай
жағдайлардың бірі, тұлға қайталанбайтын тұтастық пен бірлік болып  табылады.
Екінші  жағдай   ол   тұлға   психикалық   процестерді   басқаратын   жоғары
интеграцияланған инстанцияны береді.
    А.Н.Леонтьев былай дейді, бұл жағдайлар  бір  уақытта  әрі  дұрыс  емес
қорытындыға да әкелуі мүмкін. Психикалық процестер мен  тұлға  психологиясын
қарсы қою оларды бір-бірінен  ажыратып  қарауға  әкеледі.  Тұлға  психикалық
процестерден тыс қаралса  ол  абстракция  болып  қалады,  толық  мәнді  емес
тұтастыққа «айналады немесе дисплозициялар мен мақсаты салынған «Мен»  болып
қалады.
    А.Н.Леонтьев бойынша тұлға мен психикалық процестерді  бөлу  психикалық
процестерді  индивидуалды  қасиеттерге  шоғырландыруға  әкеледі.  Алайда  ол
жағдай мәселені шешпейді,  алдын  ала  ол  сипаттамалардың  қайсысы  тұлғаны
сипаттайтынын, қайсысы тұлғалық болатынын білуге болмайды.
    Бұл   сұрақты   шешпес   үшін,    А.Н.Леонтьевтің    ойынша    тұлғаның
ерекшеліктеріне  арналған  комплексті  ықпал  жасалады,  онда  тұлға  барлық
әртүрлі қасиеттер ретінде  қарастырылады.  Тұлға  психологиясы  антропология
бола  бастайды.  Адамға  деген   комплексті   ықпалды   А.Н.Леонтьев   жоққа
шығармайды, алайда бұл ықпалды ауыстырмайтын тұлға мәселесін қозғайды.
    Комплексті зерттеу психология үшін  маңызды,  алайда  ол  жағдай  тұлға
мәселесін ерекше етіп жылжытады. Тұлға жайлы  білімдер  жүйесі  егерде  онда
тұлғаның  негіздемесі  жайлы  сұрақты  талдау  жоқ  болса,  онда   ол   оның
маңыздылығын  түсіндіре  алмайды.   Тұлғаны   психологиялық   зерттеу   жеке
қасиеттерді зерттеу комплекстерімен ауыстырылмайды.
    Тұлғаның қалыптасуындағы тарихи антропологиялық ықпалды да А.Н.Леонтьев
талдайды. Мәдени антропологиялық ықпал үшін негіз болып  адам  табиғаты  тән
емес, алайда мәдениет тән  психологиялық  айырмашылықтар  болады  деген  ой-
пікір болды. Мұнда  тұлға  жүйесі  индивидуализацияланған  әэдениет  ретінде
қаралды, оған адам индивидуалды қатысады деп саналды.
    Даму   адамның   мәдениеттенуі   (окультурирование)   деп    түсінілді.
А.Н.Леонтьев мәдени антропологиялық ықпалды сынады, себебі  өзінің  авторлық
теориясында негізгісі әлеуметтік болып табылды.  Тұлға  адамның  іс-әрекетке
ену процесінде әлеуметтік шарттар арқылы қалыптасады.
    Тұлғаның   мәдени   антропологиялық    интерпретациясын    А.Н.Леонтьев
антипсихологиялық деп санады.  Мұнда  мәдениет  конструкт  ретінде  қаралды.
Мәдениетті  тасушылар  индивидтер,  мәдениет   адамдағы   тұлғалықты   емес,
тұлғасыздықты, тұлғадағы жалпы нәрсе  тілді,  мәнді  рөлдерді  шарттандырады
деді А.Н.Леонтьев.
    А.Н.Леонтъев тұлғаны  мәдениеттің  жеке  бір  персонификациясы  дегенге
қарсы  болды.   Культуралогиялық   теория   нақты   жағдайларға   мәдениетте
анықталатын   индивидуалды    адаптация    мен    архетиптерді    ажыратады.
А.Н.Леонтьевтің  пікірінше,  бұл  айырмашылықтар  конструктивті  емес   және
архетиптер түсіндірілмейді.  Бұл  концепциядағы  екі  факторлы  схема  мәнді
болып қала береді.
    А.Н.Леонтьев  тұлға   дамуын   іс-әрекеттегі    өзіндік   қозғалыс  деп
қарастыруды, оның ішкі қозғаушы  қайшылықтарын  зерттеуді  ұсынады.  Дамудың
алғы шарты даму барысына шарт ретінде кіргізіледі. Өзіндік  қозғалыс  идеясы
өздігінен  қозғалатын  іс-әрекет  мәселесіне  әкеледі.   Іс-әрекет   тұлғаны
итермейді, оны ашады. А.Н.Леонтьев тұлғаның  қоғамдық  тарихи  маңызы  жайлы
идеяны                                                              қозғады.









    Тұлға  бірінші  рет  қоғамда  пайда  болды,  тарихта  көрінді.  Индивид
қоғамдық қатынастар субъектісі ретінде тұлғаға айналды. Тұлға санаға да, іс-
әрекетке де солардың алдында болады деп түсінілмейді. Тұлға  туылмайды,  іс-
әрекетте оның өзіндің қозғалысында қалыптасады.
    Тұлғаның әлеуметтік психологиялық ықпалын тарата отырып, А.В.Петровский
және  В.А.Петровский  оны  топтағы  іс-әрекеттік  жанамаланған  қатынастарда
қарастырады. Тұлға ол жүйе, ішкі тіпті тұлға  аралық  жоспарда  шектелмейді.
Тұлға өзіне басқадағы бейнеленуді де кіргізеді. Тұлга төмендегі  жағдайларды
құрамдас жасайды:
    1. интраиндивидті, адам өзін өзі мағынаны береді, қарым-қатынассыз адам
өзі   үшін    ғана    тұлға.   Әлеуметтік    өзара    әрекетті   қамтымайтын
темперамент, мінез, қабілет сияқты қасиеттері қаралады.
    2. интериндивидті ол өзара әрекеттің әлеуметтік тиімділігіндегі  тұлға.
Әлеуметтік  өзара  әрекет  феноменінде   тұлға   жанданады.   Өзара   әрекет
феномендері тұлғаны өздері қарым-қатынасқа түсіреді.
    3. метаиндивидті құрамдас оған тұлғаны басқа  адамның  идеалды  түсінуі
жатады. Бір тұлғаның екінші  тұлғада  бейнеленуі  бейнелерге  әкелмейді,  ол
қатынас болуы мүмкін, әсерленулер, қайғырулар болуы мүмкін.
    Субъектілік бейнелену бір адамның басқа  адамда  көрініс  табуына  әсер
еткен тұлғалық үлес қосу болып табылады. Бұл үлес  қосу  бейнеленетін  тұлға
үшінде, бейнелеген тұлға үшінде қатысты болады. Бейнелену  бір  бейне  болып
табылмайды, ол мүмкін мағыналардың ұғынылмағын компоненттері  болуы  мүмкін.
Тұлға өзінікін басқа адамға қалай қатынас жасаса солай көреді.
    Персонификация    әлеуметтік    байланыстардың    маңызды     элементі.
Персонализацияға қажеттілік тұлғаның маңызды қажеттіліктерінің  бірі,  басқа
адамда идеалды көрініс берейін деген ойға ұмтылулар, басқа үшін мәнді  болып
табылатын өз бейнесін өзінде тіркеу.
    Әлеуметтік психологиялық ықпалда тұлға  топтық  қатынастар  контексінде
қаралады, онда тұлға басқаларда персонализациялануға ұмтылады.
    Тұлға   топта   қалыптасады,   онда   адаптация   сатыларынан    өтеді,
құндылықтарды,  ережелерді,  дағдыларды   меңгереді,   индивидуализациялану,
қарсы қою сатысынан өтеді, басқа топ мүшелерімен  тең  өзара  әрекетке  түсе
отырып интеграциялану сатысынан өтеді.
    Тұлға жоғарғы формаларда causa  sui  принципіне  жататын  субстанциалды
категорияға жатады. Бұл  принцип  өзіндік  себептілік,  өзіне  себеп  болуға
қабілетті дегенді білдіреді. Бұл принципті философияда Г.В.Ф.Гегель  жасаған
және тұлғаны психологиялық  зерттеулерге  В.А.Петровский  қолданды.  Өзіндік
себеп жоғарғы категорияларда  ашық  көрінеді.  Өзіндік  себеп  алдыменен  ол
ортаға бейімделу ары қарай іс-әрекетке бейімделу болып табылады.
    Тұлға осы өзіндік себепті айқын көрсетеді. Мәдениетке бағына отырып, ол
онда қозғалады және үнемі шекарадан шығады. Барлық  мәдениет  шекарада  өмір
сүреді  дейді  М.М.Бахтин.  Тұлға  қозғалғыш  болып  табылады,  өз  шегінен,
мәдениеттен шыға алады, және тұлғаны категорияға салу мүмкін еместігін  оған
аяқталған түсінік беру мумкін емес екенін көрсетеді.
   2. Шет ел психологиясында тұлға түсінігін зерттеу теориялары Теориялар
                              аясындағы тұлға.
    Көптеген    теориялар     психологиялық     оқулықтарда     берілмейді,
американдық тұлға теориялар басқа елдердің  теорияларын  мойыңдай  бермейді,
тек тұлға  теориясын  жасаушы   Фрейд,  Юнг,  Адлер  болмаса,  әрі  көптеген
теориялар өз «ұясында» қала береді, жаңа теориялар келе береді.  Теорияларға
контент  анализ   жасасақ,   барлық   классикалық  теориялар  шыққанына  көп
уақыт болды,  тіпті  тұлға  теориясы  жайлы  американдық  оқулық  1967  жылы
шықсада олар қайта басылып шығып жатыр.
    Бүгінгі тұлға теорияларының жағдайы қалай,  сол  американдық  оқулықтан
кейін өзгерді ме, бүгіндері  тұлға  теориясында  әлеуметтік  конструкционизм
методологиясы үстемдік жасауда,  олар  кез  келген  теорияны  немесе  ұғымды
әлеуметтік контекстте суреттейді.  Солардың  ішінен  теориялардың  үш  тобын
бөлеміз - біріншісі операциялық  немесе  клиникалық  бағдарланғандар,  тұлға
теорияларының  ішінен  қызығу  туғызатыны  экзистенциалды  бағдарлану  тұлға
теориялары  -  бір  жағынан  Фрейдті  екінші  жағынан  Хайдегерді  жақтайтын
М.Босстың теориялары-тұрмыстық анализ  теориялары,  логотерапия  -  В.Франкл
(1990-1997).
    Қандай  теориялар  көп  оқылады  -  1.Фрейд,  2.Юнг,  3.Адлер,  олардың
оппоненті  4.Роджерс,  5.Скиннер,  6.Оллпорт,  7.Маслоу,   8.Фромм,   аралық
статуста Кэттелл, Келли, Эриксон, Бинсвангер, Босс, Шелдон,  кейінгі  орында
Доллард, Миллер, Салливан, Меррей, Роттер, Хорни, Айзенк, Левин ең соңында.
    Ең   көп   оқылатыны    -    психоанализ,    бихевиоризм,    гуманистік
психология. Жаңа американдық тұлға теориялары бағытында екі  бағыт  үстемдік
етеді - біріншісі, әлеуметтік когнитивті  бихевиоризмнен  шыққан  Дж.Роттер,
А.Бандура, екіншісі каузальды (себеп, басқа  мінез-құлықтан  себеп  іздейді)
атрибуцияға  байланысты  мінез-құлық  пен  мотивацияны  регуляция   жасайтын
эгогендік ықпал, яғни  тұлға  әуел  бастан  социумға  қосылған,  мінез-құлық
грамматикасы, ережелер, сөз дамиды.
    Тұлға теориялары өте көп олардың бәрі оқулықтарда беріле бермейді.  Шет
ел психологиясында  көп  оқылатын  теориялардың  алдында  тұрғандары,  олар,
З.Фрейд, К.Юнг, А.Адлер, К.Роджерс теориялары алдыңғы қатарды алады,  оларға
Б.Скиннер, Г.Оллпорт, А.Маслоу, Э.Фромм, А.Бандураның еңбектері қосылады.
    Келесі орында Р.Кэттелл, Дж.Келли,  Э.Эриксон,  Л.Бинсвангер,  У.Шелдон
алса, келесі топты  Дж.Доллард,  Н.Миллер,  Г.Салливан,  Г.Меррей,  К.Хорни,
Г.Айзенк   алады.   Осыдан   көріп   отырғанымыздай   көбінесе   писхоанализ
бихевиоризм  гуманистік  психология  үштігі  көп  қылады,  оқулықтарда   көп
жазылады.
    Кеңес психологиясында жазылған теорияларда басты деген төрт теорияларды
көрсетуге  болады  іс-әрекеттік  концепцияға  негізделген  мәскеулік  мектеп
(А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович), ленингард мектебі  (Б.Г.Ананьев,  В.Н.Мясищев),
грузин мектебі (Д.Н.Узнадзе),  пермь  мектебі  (В.С.Мерлин).  Кейінірек  бұл
мектептерді жалғастырған  теориялардың  қатарына  А.Г.Асмолов,  Б.С.Братусь,
Ф.Е.Василюк, Д.А.Леонтьев, А.В.Петровский, В.А. Петровский,  В.И.Слободчиков
және тағы басқалардың еңбектерін айтуға болады.
    Тұлға теорияларының ішінен таңдап, олардың  қайсысын  оқулыққа  кіргізу
керек деген  сұрақ  өте  күрделі  болып  табылады.  Соған  қарамастан  тұлға
феноменінің табиғатын аша алатын, нақты жағдайды көрсете алатын  теорияларға
шолу жасау мүмкіндігі автордан байланысты болады.
    Негізгі екпінді шет ел теориялардағы тұлға мәселесі  қалай  анықталады,
олардың кеңес психологиясында және қазіргі психологияда алатын орнына  қарай
және кеңес психологиясындағы негізгі теорияларға және  олардың  бұл  күндері
жалғасын тауып отырған теорияларға  жасала  отырып  оқырмандарға  психология
ғылымындағы тұлға түсінігінің мәнін ашу болып табылады.
    ПІет елдік теорияларда әрине тұлғаны түсіндіруде,  оны  анықтауда  әсер
еткен, адамзат баласының өмірінде  ұлы  із  қалдырған  ұлы  классиктерге  де
екпін жасалады (Гиппократ, Платон, Аристотель), сол сияқты  ұлы  ойшылдардың
еңбектеріне сүйенбей тұлға  түсінігін  талдау  мүмкін  еместігі  көрсетіледі
(Кант, Гоббс, Локк, Спиноза, Ницше).
    Ал кейінгі тұлға теорияларын  қалыптастыруға  негіз  болған  еңбектерді
айтуға  болады,  олар  Шарко  мен  Жаненің,  Фрейдтің,   Юнгтің   клиникалық
бақылаулары, гештальттық дәстүрлер мен  В.Штерн  еңбектерін  айтуға  болады.
Кешірек   эксперименттік   психология   мен   үйрену   теорияларының   тұлға
теорияларын  жасауға  негіз  болды.  Келесі   бір   негізді   психометриялық
зерттеулер береді.
    Шет елдік теорияларда  тұлғаны  әрқалай  түсіндіреді,  ағылшын  тілінде
тұлға епті  деген  мағынаға  келеді.  Индивидтің  тұлғасы  әртүрлі  жағдайда
әртүрлі  адамдардың  позитивті  реакциясын  алуға  ұмтылатын   тиімділігімен
бағаланады. Сондықтанда курстарда «тұлғалық тренинг» деп аталады.
    Оқушының тұлғалық проблемасын  айтқанда  мұғалім  оқушының  педагогпен,
оқушылармен  қанағаттанған  қатынас  орната  алу  үшін  әлеуметтік  ептілігі
адекватты емес екені туралы айтады. Индивидтің  қоршағандарға  әсері  туралы
айтқанда индивид «агрессиялы тұлға», «тіл алғыш тұлға»,  «қорқынышты  тұлға»
дегендер туралы түсініледі.
    Оллпорт әдеби  шолуларда  тұлға  туралы  елуге  жуық  анықтаманы  бөліп
көрсетеді.  Оллпорт  ол  анықтамаларды   ажырату   үшін   биосоциалды   және
биофизикалық  деп  атады.   Биосоциалды   анықтамаларда   тұлға   терминінің
тұрмыстық  қолданылуына  сәйкес  келеді,  тұлғаны   индивидтің   «әлеуметтік
стимулды құндылығы» дегенмен ара қатыстырылады, Яғни  басқалардың  реакциясы
субъектінің  тұлғасын  анықтайды,  оған  Оллпорт   тұлға   тек   басқалардың
реакциясымен  ғана  анықталмайды   деп   қарсы   болып   оған   биофизикалық
анықтамаларды     қосады,     тұлғаның     сипаттамалары     мен   саналарын
кіргізеді.
    Басқа анықтамаларда индивидті бағалауда оның маңызды деген  қасиеттерін
кіргізеді,  ал  тағы  бір  анықтамаларда   тұлғаның   ұйымдастырушы   немесе
интеграциялаушы  функциясын  көрсетеді,  тұлға  индивидуалды  мінез-құлықтың
әртүрлі түрлерін реттейді деп айтады. Тағы бір анықтамаларда тұлғаны  мінез-
құлықтың  уникалды  немесе  индивидуалды  аспектілерімен  береді,  индивидті
басқа адамдардан ажырату үшін сол анықтаманы қолданады.
    Кейбір теоретиктері тұлға адамның  маңыздылығын  құрайды  деп  санайды.
Сонымен шет елдік теорияларда тұлғаны тұлға  теориясын  жасаған  авторлардың
өздерінің  жеке  зерттеген  бақылаулары   негізінде   жасалған   эмпирикалық
түсініктерімен түсіндіріледі. Біз тұлға  феноменін  өз  эксперименттері  мен
жеке бақылау нәтижелерінде  ашып  көрсеткен  соның  негізінде  жазған  басты
теориялардың кейбіреулеріне тоқталамыз.
                         3. Классикалық психоанализ.
    Белгілі психолог  ғалым  З.Фрейд  (1856-1939)  бейсаналық  писхологияны
еркін  ассоцациялар  әдісімен  қырық  жыл  зерттеді.  Көптеген  қолдау   мен
қарсыластарға тап болған З.Фрейд заманымыздың  атақты  психологтарының  бірі
болып саналады. Негізгі еңбектері «Түстерді  талқылау»  (1900),  «Күнделікті
өмірдің  психопаталогиясы»  (1901),  «Психоанализ  бойынша   жалпы   кіріспе
лекциялар» (1917), «Психоанализ очерктері» (1940) және тағы басқалар.
    Тұлғаның құрылымы. Тұлға үш негізгі жүйелерден  тұрады:  ид,  эго  және
суперэго  («ол»,  «Мен»,  «жоғары  Мен»).  Әрқайсылары   өз   функцияларына,
қасиеттеріне,   компоненттеріне,   әрекет   принциптеріне,   динамикаларына,
механизмдеріне ие болса да олар бір бірімен өте тығыз байланыста болады.
    Мінез-қүлық осы үш жүйенің өзара әрекетінің өнімі  болып  табылады.  Ид
тұлғаның бастапқы жүйесі: ол матрица  соның  нәтижесінде  эго  мен  суперэго
дифференциалданады.  Ид  туа  берілетін,  туғанда  қатысатын   инстинктерден
тұратын психикалық  құбылыс.  Ид-психикалық  энергиялардың  резервуары,  екі
басқа жүйелер үшін энергияны қамтамасыз етеді.
    Ид дене  процестерімен  байланысты,  энергияны  сонда  жұмсайды.  Фрейд
бойынша ид «шынайы психикалық болмыс», себебі  ол  объективті  болмыс  жайлы
білмейді, субъективті бастан кешірулердің ішкі әлемі. Энергия көбейгенде  ид
оны көтере алмайды, зорығудың дискомфортты күйі ретінде бастан өткізіледі.
    Организмнің зорығу деңгейі  жоғарылағанда  яғни  сыртқы  стимуляция-ның
нәтижесі не ішкі қозудың салдары болып табылатын ид - бірден зорлануды  алып
тастауға  әрекет  жасайды,  организмді   ыңғайлы   үнемі   болатын   төменгі
энергетикалық деңгейге қайтып  әкелуге  әрекет  жасайды.  Ид  эрекет  ететін
зорланудың редукция принципі қанағаттану принципі деп аталады.
    Өз міндетін орындау үшін, ауырған күйден  қашу  үшін,  қанағаттану  алу
үшін ид екі процесті жасайды: рефлекторлық әрекет  (туа  берілген  автоматты
реакциялар, мысалы түшкіру, әдетте  олар  зорығуды  жояды)  және  біріншілей
процесс, ол күрделі реакция оған  түс  көру,  галлюцинация,  аутистік  ойлау
жатады (объект бейнесін жасау арқылы энергияны босатып  жіберуге  талпынады,
мысалы,  аш  адам  тамақтың  менталды  бейнесін   жасайды).   Осы   менталды
бейнелерді орындайтын тілектер ид белгілі жалғыз болмыс болып табылады.
    Эго. Организмнің қажеттіліктері сәйкес реалды  әлеммен  өзара  әрекетті
талап етумен  байланысты  эго  пайда  болады.  Ид  мен  эгоның  айырмашылығы
мынада, ид тек субъектілік болмысты ғана біледі, ал эго  ішкі  мен  сыртқыны
ажыратады. Эго реалдылық принципіне бағынады және екіншілей  процесс  арқылы
әрекет етеді.
    Реалдылық принципінің мақсаты қанағаттандыру объектісі табылғанға дейін
зорығудың алдын алады. Екіншілей процесс ол реплистік. Екіншілей процесс  ол
реалистік  ойлау.  Эго   екіншілей   процестің   арқасында   қажеттіліктерді
қанағаттандыру жоспарын тұжырымдайды, содан кейін оны тексереді.
    Эго тұлғаның орындаушы органы, ол  әрекет  есігін  ашады,  әрекет  неге
сайкес  келетіндерді   ортадан   алып   алады,   қандай   инстинктер   қалай
қанағаттандырылатынын шешеді. Өте маңызды орындау функцияларын жүзеге  асыра
отырып  эго  амалсыздан  идыдан,  суперэгодан,   сыртқы   дүниеден   келетін
қайшылықты,  командаларды  интеграциялауға  талпынады,  осы  күрделі  міндет
эгоны күш салу күйінде ұстайды.
    Алайда эго идының ұйымдасқан бөлігі, ид мақсаттарының артынан  ілеседі,
оларды фрустрацияламайды,  эго  идыдан  бөлек  өмір  сүрмейді,  одан  ылғида
тәуелді болады.  Оның  басты  рөлі  организмнің  инстинкті  сұраныстары  мен
ортаның шарттарының арасында делдал болу, оның жоғарғы  мақсаты  организмнің
тіршілігін қолдау.
    Суперэго.  Дәстүрлі  түсініктер  мен  құндылықтардың  идеалдардың  ішкі
презентациясы. Суперэго тұлғаның  моралды  күші,  болмысты  емес  идеалдарды
береді, қанағаттану  үшін  емес  жетілу  үшін  қызмет  етеді.  Оның  негізгі
міндеті моралдық стандарттардан шығатындардың не дұрыс не дұрыс емес  екенін
бағалайды. Суперэго ата-анадан келетін жазалау мен мадақтауға жауап  ретінде
дамиды. Жазадан қашу үшін бала  өз  мінез-құлқын  ата-анасы  талап  еткендей
ұйымдастыруға үйренеді.
    Дұрыс емес жасалған әрекет үшін алған баланың жазасы эгоның бір  жүйесі
ар-ұятқа инкорпорацияланады. Баланы  сол  үшін  мадақтаған  әрекеттері  оның
эгоның тағы бір жүйесі идеалдарына қосылады, осы екі процестің  механизмдері
интроекция деп аталады. Бала ата-анасының моралды нормаларын қабылдайды.
    Ар  ұят  адамды  кінә  сезімін  сезу  үшін  жазалайды,  эго  идеал  оны
мадақтайды,   оған   мақтаныш   тудырады.   Ата-аналық   бақылаудың   орнына
қалыптасқан суперэгодан кейін өзіндік  тексеру  келеді.  Өзіндік  тексерудің
негізгі функциялары: ид импульстарына қарсыласу «сексуалды және  агрессиялық
импульстар»; реалды мақсаттарды  моралды  максаттарға  ауыстыру  үшін  эгоны
«көндіру»; жетілгендік үшін күресу.
    Сондықтанда суперэго идымен, эгомен оппозицияда болады және  әлемді  өз
бейнесімен жасауға тырысады. Алайда суперэго идының  иррационалдығы  сияқты,
эго  сияқты  инстинктерді  тексеруге  ұмтылады.  Эгодан   айырмашылығы   сол
суперэго инстинкті қажеттіліктердің қанағаттануын жауып тастайды.  Ид,  эго,
суперэго біздің тұлғаны басқарады деп қарастырмау керек.
    Ол жүйелік принциптерге бағынатын әртүрлі психикалық  процестерді  атау
үшін ғана түсініліп қаралады. Әдеттегі жағдайда бұл  принциптер  бір  біріне
қарсы  келмейді,  бір  бірін  жоққа  шығармайды.  Олар  эгоның  басшылығымен
бірыңғай команда ретінде жұмыс жасайды.  Тұлға  нормада  үш  бөлікті  жағдай
ретінде  емес,  бірыңғай  тұтастық  болып   жұмыс   жасайды.   Ид   тұлғаның
биологиялық құрамы, эго психологиялық  құрамы,  суперэго  әлеуметтік  құрамы
болып табылады.
    Тұлғаның динамикасы. Инстинкт  қозудың  соматикалык  көзінің  ішкі  туа
берілген  психологиялық   репрезентациясы.   Психологиялық   репрезентациясы
тілектер,  дене  қозуы,  ал  одан  шыққандарды  қажеттіліктер  деп   атайды.
Фрейдтің ойынша ортада орналасқан қозу көздері инстинктерге қарағанда  тұлға
динамикасы үшін аса маңызды емес. Инстинкт психикалық энергиялар кванты.
    Инстинктер психикалық энергиялардың қосындысын береді. Инстинкт  қайнар
көз,  мақсат,  объект  және  импетусқа  ие,  қайнар  көз  дене  күйі  немесе
қажеттіліктер,  мақсат  сол  дене  қозуларын   жоюмен   байланысты,   объект
қажеттіліктерді қанағаттандыру шарты,  импетус  инстинкттің  күші.  Фрейдтің
инстинктер  теориясына  сәйкес  инстинктердің  мақсаты  мен  қайнар  көздері
өмірде тұрақты  болып  қалады,  физикалық  жетілу  қайнар  көзін  ауыстырады
немесе оны алып тастайды.
    Жаңа дене қажеттіліктердің дамуына  байланысты  жаңа  инстинктер  пайда
болады. Энергиялардың бір объектіден басқасына  ауысуы  тұлға  динамикасының
маңызды  сипаттамасы.   Ол   адам   мінез-құлқының   әртүрлі   және   иілгіш
болатындығын   көрсетеді.    Барлық    әдеттер,    қызығулары,    талғамдары
энергиялардың инстинкті  объект  таңдаулардан  шығып  ауысып  отырады,  бәрі
инстинктерден шығарылады.
    Фрейдтің мотивация  теориясы  бойынша  инстинктер  адам  мінез-құлқының
жалғыз  қайнар  көзі  деп  саналды.  Фрейд  инстинктердің  тізімін   жасауға
ұмтылған  жоқ.  Органикалық  қажеттіліктердің  идентификациясы   психологтың
емес,  физиологтың  міндеті  деп  саналды.  Фрейд  инстинктерді  екі   топқа
жіктеді: «өмір инстинктері» жэне «өлім инстинктері».
    Өмір инстинктері индивидтің тірі  қалуы  мен  көбеюін  қамтиды  (аңсау,
секс), өмір инстинктер арқылы жанданған  энергия  либидо  деп  аталды.  Өмір
инстинктерінің  ішіндегі  сексуалды  инстинктерге  Фрейд  көп   мән   берді,
психоанализ аясында адам не жасайды соның бәріне  осы  инстинкт  жапсырылды.
Сексуалды инстинкт жалғыз  емес,  яғни  эротикалық  тілектерді  оятатын  бір
қатар  дене  қажеттіліктері  болады,  тілектердің  әрқайсысы   өзінің   дене
аймақтарында қайнар көздеріне ие болады олар эрогенді  зоналар  деп  аталады
(ауыз, ерін, анальды облыс, жыныс мүшелері).
    Сору оралды қанағаттануды, бөліп  шығару  аналды  қанағаттануды,  жыныс
мүшелерін  үйкелеу  гениталды  қанағаттандыруды  шақырады.   Балалық   кезде
сексуалды инстинктер бір бірінен тәуелді болмайды, пубертатқа жеткенде  олар
араласу бағытына ие болады.
    Өлім инстинктері Фрейд  өзі  атағандай  деструктивті  инстинктер  болып
табылады, олар өмір инстинктері сияқты аса  танымал  емес  сондықтанда  олар
туралы білетініміз аз  деп  көрсетеді  Фрейд,  алайда  олар  өз  миссияларын
орындаудан қаша  алмайды.  Фрейдтің  пікірі  бойынша  әрбір  адам  бейсаналы
деңгейде өлгісі келетін тілегі болады.
    Алайда Фрейд  өлім инстинктерінің соматикалық қайнар көздерін анықтауға
талпынбады,  осы  иистинктердің  жұмысын  жасайтын  энергияларға   да   атау
бермеді. Өлім инстинктерінің болуы туралы ойды  Фрейд  Фехнерм  тұжырымдаған
тұрақтылық  принципін  негізге  алды.  Ол  принцип  бойынша  барлық  өмірлік
процестер органикалық емес әлемнің тұрақтылығына оралуға ұмтылады.
    «Қанағаттану  прииципінің  басқа  жағы»  деген   еңбегінде   Фрейд   ол
инстинктерді түсіндіріп кетеді. Адамдағы өлім инстинктіне ұмтылу  тұрақтылық
принципінің  психологиялық  репрезентациясы.  Өлім  инстинктерінің   маңызды
дериваттарының бірі агрессиялық оянулар, агрессия өзіндік бұзылу.  1941-1945
жылғы соғыстан кейін Фрейд бұл инстинктер  де  сексуалды  инстинктер  сияқты
маңызды мотив болып табылады деді. Өлім  инстинктері  мен  өмір  инстинктері
бір  бірімен  араласып  кетеді  (махаббат  қатты  қуанудан   қатты   өшігуге
әкеледі).
    Тұлғаның динамикасы ид, эго, суперэго жақтан психикалық энергияны  бөлу
мен қолдану тәсілдерімен  анықталады.  Ид  басынан-ақ  барлық  энергияға  ие
болады, ол энергияны рефлекторлық әрекеттер үшін қолданады  және  біріншілей
процесс арқылы тілектерді үшін қолдануға жұмсайды.
    Инстинктерді қанағаттандыратын әрекетке энергияны әкелу  объект  таңдау
және объект катексис деп аталады. Катексис термині Фрейдке  жатпайды  оданда
бұрын  қолданылған  бірақ  ағылшын   тілінен   аудару   өте   қиын   шамамен
«инвестицациялау» немесе «салу» деген мағынаны береді. Идының энергиясы  тез
өтеді, бір әрекеттен басқасына тез ауысып отырады.
    Эгоның өзінде энергия  болмайтындықтан  ол  оны  идыдан  алып  отырады.
Идыдан энергияны алып өз процестеріне эго қосуы  идентификация  механизмімен
жүзеге асады. Идентификация Фрейдтің ең қиын күрделі  ұғымдардың  бірі  және
түсіну  өте  қиын.  Ид  ақыл  мазмұнын,  перцепцияны,  ес  бейнелері  болсын
айырмашылықты көрсете алмайды, ал катексис сол үшін қажет болып табылады.
    Жеткілікті энергияны алып алғаннан кейін эго  енді  басқаша  қолданады,
оны екіншілей процесс арқылы  қанағаттандыруға  жұмсамайды.  Энергияның  бір
бөлігін  әртүрлі  психикалық  процестерді  жоғарғы  деңгейге   шығару   үшін
қолданады, басқа бір бөлігін идының импульсивті  иррационалды  белсенділігін
ұстап тұру үшін қолданады. Сол ұсталып  тұратын  күштер  антикатексис  болып
табылады.
    Егерде  иды  жағынан  қауіп  көп  төнетін  болса  эго   онда   қорғаныс
механизмдерін жасайды. Қорғаныс механизмдері сонымен  қатар  эгоға  суперэго
жағынан келген қысымды кетіру үшін қолданылады, алайда ол  қорғаныстарға  да
энергия қажет болады. Тұлғаның орындаушы органы ретінде эго    энергияны  үш
жүйелерді интеграциялау үшін  қолданады,  эго  интеграциялаушы  функциясының
мақсаты тұлғаның ішкі гармониясын жасау, яғни эгоның ортамен өзара  әрекетін
тиімді жүзеге асырады.
    Идентификация механизмі суперэгоның  жүйелерінің  энергетизациясы  үшін
жауап береді. Тұлғаның динамикасы ояту күштерінің,  катексистің  ұстап  қалу
күштерінің, антикатексистің өзара әрекетінен тұрады.
    Мазасыздану. Тұлғаның динамикасы көп  жағдайда  қажеттіліктерді  сыртқы
әлем  объектілерімен  өзара  әрекет  арқылы  қанағаттандыру   қажеттілігімен
анықталады. Фрейд мазасызданудың  үш  түрін  көрсетті:  реалды  мазасыздану,
невротикалық мазасыздану, моралды мазасыздану немесе кінә сезімі.
    Реалды  мазасыздану  немесе  қорқыныш  ол  сыртқы  әлемнің   қауіптері,
невротикалық мазасыздану жаза алу қорқынышы, моралды мазасыздану ол  ар  ұят
қорқынышы. Мазасызданулардың функциялары адамды келе жатқан  қауіп  қатерден
қорғап қалу. Кешірек  келетін  мазасызданудың  прототипі  туғанда  берілетін
зақымдану болып табылады. Эго мазасызданулармен күресе алмаса онда  қорғаныс
механизмдеріне жүгінеді.
    Тұлғаның дамуы. Тұлға зорығудың төрт қайнар көзінің  негізінде  дамиды:
физиологиялық   өсу   процестері,   фрустрациялар,   конфликтілер,    қауіп.
Идентификация  мен  араласу  екі  әдісі  арқылы   индивид   фрустрацияларды,
конфликтілерді, мазасыздануларды шешуді үйренеді.
    Идентификация. Фрейд идентификация ұғымын  әдеттегі  иммитация  ұғымына
қатысты  қолданды,  бала  өз  ата-анасымен  идентификацияланады.  Әрбір  жас
кезеңдерінде     өзінің     идентификацияланатын     фигуралары      болады,
идентификацияның көп бөлігі бейсаналықта өтеді.
    Адамға  біреумен  ылғида  идентификациялану   міндетті   емес,   оларды
таңдайды,   қажетін   ғана   идентификациялайды.   Идентификация   жоғалтқан
объектілерді қайтару әдісі  болып  табылады,  қорқыныштан  да  идентификация
болады,   бала   жазадан    қашу    үшін    ата-ананың    шектеу    салуымен
идентификацияланады.
    Араласу.  Фрейдтің   пікірінше   өркениеттің   дамуы   алғашқы   объект
таңдауларды  шектеумен  және   әлеуметтік   рұқсат   етілген   мәдени   және
творчестволық каналдарға өтумен байланысты  мүмкін  болады.  Жоғарғы  мәдени
жетістіктерді проекциялау сублимация деп аталды.
    Араласудың бағыты екі факторлармен  анықталады:  алмасатын  объект  түп
нұсқаға  қаншалықты  ұқсас   және   қоғам   тарапынан   болатын   шектеулер.
Ауыстыратын объект  катексистерді  қалыптастыру  тәсілі  тұлға  дамуының  ең
қуатты   механизмдері   болып   саналады.   Қызығулардың,    құндылықтардың,
қатынастардың барлық жүйесі осы алмасудың арқасында пайда болады.
    Эгоның қорғаныс механизмдері. Өте қатты мазасыздану болғанда оны азайту
үшін жедел  шара  қолдануды  қажет  етеді,  оны  қорғаныс  механизмдері  деп
атайды. Маңызды  қорғаныс  механизмдері:  ығыстыру,  проекция,  реакцияларды
қалыптастыру, фиксация және регрессия.
    Барлық қорғаныс механимздері екі жалпы сипаттамаға ие болады:
    1) олар болмысты жоққа шығарады, фальсификациялайды, бұрмалайды.
    2) олар бейсаналы әрекет етеді, адам олардың бар екенін сезбейді.
    Ығыстыру.  Бұл  психоанализдің  ең  ерте  ұғымдарының  бірі.  Фрейд  өз
теорияларында ид, эго,  суперэгоны  тұжырымдамастан  бұрын  психикалықты  үш
облысқа бөлді: саналы, сана алды  және  бейсаналық.  Сана  алды  күйі  қажет
кезде саналы бола алатын психикалық  материалдан  тұрады,  ал  бейсаналықтың
мазмұны санаға жетпейді, ығыстырылады.
    Фрейд өзінің тұлға теориясын қайта қарастырғанда ығыстыру ұғымы  эгоның
қорғаныс механизмдерінің біреуін атау үшін қолданылды. Фрейд   саналы,  сана
алды,  бейсаналық  терминдерінен  бас  тартып  олардың  орнына  ид,     эго,
суперэгоны      қолданды,      осыған      байланысты      ығыстыру      мен
ығыстырылғандар бір схемада бірге бола алмайтын болды.
    Ол  ығыстыруды  эгоға,  ал  ығыстырылғандарды  идыға  жатқызды.
    ЬІғыстыру объект таңдау өте қатты мазасыздануды тудырғанда антикатексис
арқылы  санадан  қуылған  кезде   пайда   болады.   Ығыстыру   өзіне   жолды
антикатексис арқылы салады немесе араласу формасында өз көрінуін табады.
    Бірде қалыптасқан ығыстыруды кетіру оңай емес. Адам енді қауіп жоқ  деп
тыныштансада   соған   сенседе   ол   мүмкін   емес,    себебі    ығыстыруды
реалдылықты    көрмейінше    «шашып»   тастауға    болмайды.     Сондықтанда
ересектер   өздерінде   көптеген   балалық   қорқыныштарды   ұстайды:    сол
қорқыныштарға реалды негіз жоқ деген мүмкіндіктерді өзінде таба алмайды.
    Проекция.  Эго  әдетте  невротикалык  немесе   моралдық   мазасыздануға
қарағанда   реалды   мазасызданумен   жеңіл   басқара       алады.    Егерде
мазасызданудың  қайнар  көзді  өзінің  меншікті   жабайы  импульстарға  емес
сыртқы дүниеден іздесе адамның мазасыздану күйі жеңілденеді.
    Невротикалық немесе моралдық мазасызданулардың объективті қорқыныштарға
өтетін механизм проекция деп аталады. Әдетте адам «ол мені жек көреді»  десе
ол «мен  оны  жек  көрем»  дегенді  білдіреді.  Проекция  екі  жақты  міндет
атқарады,  ол  мазасыздануды  төмендетеді,  қауіпті  азайтады  және   адамға
жаулардан  қорғану  деген  сылтаумен  өз  импульстарын  көрсетуге  мүмкіндік
береді.
    Реакцияларды  қалыптастыру.  Санада  импульс  мазасыздануларын   немесе
сезімдерді  оның   қарама-қарсы   сипатына   ауыстырады,   мысалы   махаббат
өшпенділікке ауысады.
    Фиксация жэне регрессия. Адам туғанынан  кемелденуге  дейін  бір  қатар
сатыларды басынан өткізеді. Алайда әрбір жаңа қадам белгілі  бір  фрустрация
мен мазасыздану тудырады, нормалды даму не тоқтап қалады не  уақытша  тоқтап
қалуы мүмкін. Адам белгілі бір даму сатыларында тоқтап қалуы  мүмкін  себебі
жаңа қадам мазасыздануға толы болады.
    Мысалы өте қатты тәуелді бала және оның  фиксациясы:  мазасыздану  оның
тәуелсіздігіне кедергі келтіреді. Қорғаныстың осы  типімен  регрессия  тығыз
байланысты.   Адам   зақымданған   бастан   кешірулерді   алғанда   неғұрлым
ертеректегі жас сатысына кетеді. Мысалы бала бірінші күні мектепке  келгенде
қорқып, инфантилді мінез-құлық көрсете бастайды, жылайды,  саусағын  сорады,
мұғалімге жабысады, бұрышқа тығылады.
    Фиксация мен регрессия әдетте олар салыстырмалы күйлер болып  табылады;
адам сирек фиксацияға немесе  регрессияға  барады.  Фиксация  мен  регрессия
тұлға дамуының теңсіздігі үшін жауапты болады.
    Даму  сатылары.  Бала  алғашқы  бес  жылда  динамикалы   дифференциалды
сатыларды бастан өткізеді, содан кейін бес алты жаста латентті кезең  келеді
онда  динамика  тұрақтана  бастайды.  Жеткіншек  жасында  динамика  қайтадан
күшейеді содан соң біртіндеп ересек жасына өткен сайын төмендей бастайды.
    Фрейдтің ойынша баланың алғашқы бес жылдағы өмір тұлғаның қалыптасуында
шешуші рөл атқарады. Дамудың әрбір сатысы  алғашқы  бес  жылда  белгілі  бір
дене аймақтарына реакция беру ерекшеліктерімен  анықталады.  Бірінші  сатыда
бір жасқа дейін  созылады,  динамикалық  белсенділіктің  облысы  ауыз  болып
табылады.
    Оралды  сатыдан  кейін  бөліну  функциясына  байланысты  катексис   пен
антикатексис  дамиды  оны  аналды  саты  деп  атайды.  Ол  екі  жасқа  дейін
созылады, одан кейін фалли сатысы келеді,  мұнда  жетекші  эрогенді  зоналар
жыныс мүшелері  болады.  Осы  оралды,  аналды,  фалли  сатылар  прегениталды
сатылар деп аталады. Содан  кейін  бала  ұзақ  латентті  сатыға  тап  болады
динамикалық тұрғыдан мазалы тұрақты саты болып саналады.
    Бұл уақытта импульстар ығыстырылады,  жеткіншек  жасындағы  динамикалық
қайта туындаулар прегениталды импульстарды белсендіреді, егерде  оларды  эго
сәтті  сублимацияласа,  трансформацияласа,  ауыстырса  онда  адам  жетілудің
финалды сатысы гениталды сатыға өтеді.
    Оралды саты. Тамақ ауыз кеңістігімен байланысты болатын  қанағаттанудың
негізгі қайнар көзі. Оралды белсенділіктің екі тәсілі тамақты  қабылдау  мен
тістеу кейінгі  қалыптасатын  мінездің  протиптері  болып  саналады.  Оралды
қабылдаудан болатын қанағаттану қабылдаудың басқа  тәсіліне  ауысуы  мүмкін,
мысалы  адам  білімді  меңгерумен  немесе  меншікке  ие  болумен  байланысты
қанағаттану алады.
    Мысалы сенгіш адам ол  сол  тұлғаның  оралды  инкорпоративті  деңгейіне
тіркеліп қалған адам: ондай адам барлығын оған кім  не  айтады  соның  бәрін
қабылдай береді.  Тістеу  немесе  оралды  агрессия  ауысып,  сарказм  немесе
дауласуға бейім тұратын форманы алады.
    Оралды сатыда  бала  шешесінен  толық  тәуелді  болады,  оны  жұбатады,
тамақтандырады, тербейді, дискомфорттан  сақтайды,  осы  кезеңде  тәуелділік
сезімі қалыптасады,  тәуелділік  сезімі  өмір  бойы  жалғасады  оның  «Мені»
өсседе ол жалғаса береді, адам  мазасыздану  мен  қауіпті  сезгенде  бірінші
орынға шығады.
    Фрейдтің ойынша тәуелділіктің ең айқын симптомы ол  анасынын  құрсағына
қайта оралғысы келу сезімі.
    Анальды саты. Тамақ ішіліп, енді ол қорытылып,  қалдықтары  шығарылады,
рефлекторлы шығарылады. Фекалийлердің  шығуы  дискомфорт  көзін  жояды  және
жеңілдену сезімін береді. Баланы дәретке отырғызуға үйреткенде  шамамен  екі
жастан бастап ол инстинкті импульстарды  сыртқы  реттеу  сатысының  маңызды,
бірінші  кезеңін  бастан  кешіреді.  Ол  қанағаттануды   аналды   зорланудан
алыстатады. Шешесі дәретке отырғызуды  үйретудің  қандай  әдісін  қолдануына
байланысты балада мінез қырларының қалыптасуына әсері болады.
    Егерде шешесі қатал, репрессивті әдістер қолданса бала фекалдарды ұстап
қалып жібермей іші қатып қалады. Бұл реакция мінез-құлықтың басқа  түрлеріне
таралса онда балада «ұстамдылық» мінез дамиды, ол бір беткей және  қолы  тар
болады. Сонымен қатар балаға  репрессиялы  шараның  әсерінен  бала  түсінбей
фекалдарды  ыңғайсыз  қажетсіз  кезде  бөлсе  ол  кейін  барлық  өзін  ұстай
алмайтын түрлердің бәріне  ие  болады:  қатыгез,  себепсіз  деструктивтілік,
өзінің ойына келгенін жасау, салақ т.с.с.
    Егерде шешесі керісінше баладан фекалдарын шығаруды  сұрап  оны  ерекше
мадақтап отырса онда балада  фекалдарды  шығарудың  маңызды  екендігі  жайлы
түсінік пайда болады. Ол кейін  балада  креативтілік  пен  продуктивтіліктің
негізі болады. Басқада көптеген мінез қырлары аналды сатыда қалыптасады.
    Фалли саты. Бұл сатыда (3-5 жас)  тұлғалық  дамудың  негізін  сексуалды
және агрессиялы сезімдер қалайды. Мастурбация  мен  фантазиядан  қанағаттану
алған  балалық  эротикалық  белсенділік  бұл  сатыны   эдип   комплекстеріне
бағыттайды, яғни эдип  комплекстер  қарсы  жынысты  ата-ананы  катексиялайды
және өз жынысындағы ата-ананы жау көреді, ұл мен  қыз  балада  олар  әртүрлі
өтеді,  балада  кастрация   қорқынышы   болады,   оны   Фрейд   кастрациялық
мазасыздану деп атады, қыздарда кастрация комплексі болады, бұл жағдай  бала
бес   жасқа   келгенде   санадан   ығыстырылады,   модификацияланады.   Эдип
комплекстер тұлғада терең із қалдырады.
    Гениталды  саты.  Прегениталды  кезең   катексистері   сипаты   бойынша
нарциссицтік болып табылады. Индивид өз денесін  манипуляциялап  қанағаттану
алады. Жеткіншек жасында осы  өзіне  ғашық  болу  немесе  нарциссизм  ерекше
объект тандауға өтеді.  Жеткіншек  басқаларды  нарциссистік  емес,  эгоистік
емес, альтуристік мотивпен жақсы көреді.
    Сексуалды аттракция, социализация, топтық белсенділік, кәсіби анықталу,
өмірлік өмірге дайындық  пайда  болады.  Жеткіншек  сатысының  соңына  қарай
әлеуметтенген,   альтуристік   катексистер   әдеттегі   сублимациялар    мен
идентификациялар ретінде тұрақтана бастайды. Оралды, аналды,  фалли  сатылар
катексистері араласып, гениталды импулсьтармен синтезделеді.
    Зерттеу әдістері. Фрейд  терапевтік  ситуацияда  қолданган,  мәліметтер
жинаған арнайы техникаларының кейбіріне тоқталамыз. Еркін  асоциациялар  мен
түс көруді  талдау.  Истерияны  зерттеуде  Фрейд  сол  кезде  атақты  болған
гипноздан басқа жаңа әдісті естиді, катарсис немесе «әңгімемен емдеу».
    Пациент әрбір  симптомның  бірінші  көрінуін  содан  кейін  оның  қалай
жоғалғаны туралы әңгімелейді. Осы  әдістің  негізінде  Фрейд  өзінің  ерекше
еркін ассоцациялар әдісін жасады. Пациент санасына не ой  келеді  ол  қандай
болсада  соны  баяндайды,  басына  не  келеді  бәрін  айтуы  керек,   оларды
логикалы, құрылымды етіп жасауға пациент  тырыспауы  керек,  терапевт  енжар
рөл атқарады, пациенттің сөзін бөлмейді,  пациент  тыныш  бөлмеде  кушеткаға
жатқызылады. Осы шартты сақтаған пациент Фрейдтің ойынша ең ақырында  өзінің
бала  кезде  басынан  өткізген   күйлерге   әкеледі.   Ассоциативті   сөздік
лабиринтті көптеген нәрселер ашылады.
    Түстерді талдау. Ол бір жеке әдіс емес, ол еркін ассоцациялар  әдісінің
жеке бір түрі, ол пациенттің басына келгенін айтудың  табиғи  түрі.  Алғашқы
Фрейдтің пациенттері спонтанды түрде түстерді естеріне  түсірді,  содан  соң
еркін түрде оларды еркін  ассоцациялады.  Түстерді  қайта  айтып  шығу  және
оларды еркін ассоцациялау адам тұлғасының динамикасы  жайлы  керемет  қайнар
көздер деп санады Фрейд.
    Осы сәулеленудің  нәтижесінде  ол  өзінің  түстерін  талдады.  Фрейдтің
ойынша түстер адам ақылының мазмұны  мен  жабайы  әрекеттері  жайлы  мәлімет
береді. Түстерді жасайтын жабайы әрекеттерді  Фрейд  бірінші  процестер  деп
атады,  бірінші  процестер  тілектерді  орындауға  ұмтылады  немесе  қалаған
бейнелер  арқылы  зорығуды  алып  тастайды.  Пациенттердің  түстері   арқылы
олардың еркін  ассоцацияларына  ие  бола  отырып  Фрейд  адам  ақылының  қол
жетпейтін облысына кіре алды және сол арқылы тұлғаның негізін аша алды.
    Оқиғаларды талдау. Фрейд  тек  кейбір  оқиғаларды  ғана  жариялады,  ол
кәсіби этиканы сақтап  бәрін  жариялаған  жоқ.  Ол  тек  алты  оқиғаны  ғана
жариялады. Солардың бірі Шребер оқиғасы алайда ол Фрейдтің  пациенті  болған
жоқ. Фрейд өз анализін сот Дэниел Шребер жасаған паранойді  автобиографиялық
суреттеген жұмысқа сүйеніп жасады.
    Келесі оқиға өз әкесі өз баласын Фрейдтің көмегімен жазып шығарған  бес
жасар Ганстың фобиясы болды. Ал қалған  төрт  жағдайда  Фрейд  өзі  терапевт
болды   («Дора»,   «Қасқыр   адам»,    «Тышқаны    бар    адам»,    «Әйелдер
гомосексуализмі»).
    Фрейдтің өзіндік талдауы. Фрейд үшін эмпирикалық мәліметтердің  маңызды
көздері  өзінің  меншікті  бейсаналық  материалдары  болды.  Фрейд   өзіндік
талдауды өзінің түстерін талдаудан бастады,  соның  негізінде  ол  түс  көру
теориясы мен балалық сексуалдылық теориясын  жасады.  Өзінің  тұлғасында  өз
пациенттерінде болатын сол конфликтілерді, иррационалдылықты,  қайшылықтарды
көрді. Фрейд өзінде тексермей ешқандай  гипотеза  жасамаған.  Өзінің  барлық
өмірінде ол өзін талдаумен айналысқан.
    Психоанализді талдау. Барлық теориялар психоанализ сияқты ең көп  сынға
ұшыраған жоқ, психоанализге күлді де, оларды сынады  да,  қарсылықтарды  көп
көрді.  Фрейдтің  теориялары  соңғы  кездері  тіпті  қатты  сынға   ұшырады,
гуманизм,  механистік  және  детерминистік   ғылыми   ықпалмен   өте   тығыз
байланыста болды деп санады. Бұл күндері теория адам туралы  өте  мардымсыз,
көңілсіз жағдайларды суреттейді деп санайды.
    Феминистік бағыт  Фрейдті  әйелдер  психологиясына  қатысты  тіпті  жек
көреді.  Әрине  барлық  сынаған  жағдайларды  баяндауды   мақсат   етпейміз,
көптеген  сындар  психоанализ   мәліметтері   бұрмаланған,   интерпретациясы
жеткіліксіз деп санады және олар әлі күнге дейін жалғасуда.
    Соның кейбіріне тоқталайық. Фрейд  бақылауды  қадағаланбайтын  жағдайда
өткізді,  Фрейд  өзі  де  мойындады  сеанс  кезінде   пациенттердің   барлық
айтқандарын толық тіркемеген, біраз уақыттан  кейін  ғана  тіркеп,  соныңда,
соның негізінде жұмыс жасағанын айтты. Пациенттердің айтқанына сенген,  оның
шын екенін басқа әдістерді қолданып зерттемеді  деп  сынады.  Фрейд  адамның
мінез-құлқы туралы терең білімдерді тек бейсаналық облыс ғана береді деді.
    Алайда  Фрейд  эмпирикалық  мәліметтерді   квантификацияламады,   соның
арқасында  оның  бақылауларының  статистикалық  мәнділігі  мен  сенімділігін
анықтау мүмкін емес болды. Көптеген  сұрақтар  туындайды,    Фрейд  «алдаған
жағдайларына     өзіне     қажет     еткендерді     апарған     жоқ      па,
пациенттердің еркін ассоцациялары  шыныменде  еркін  болды  ма,  әлде  Фрейд
тыңдағысы келгендерді ғана айтты ма, мәліметтері  қаншалықты  сенімді,  міне
осы сияқты сұрақтар психоанализдің валидтылығы туралы күмән тудырады.
    Осыған байланысты психоанализдің ұшыраған көптеген қиындықтарға қатысты
атақты   психоаналитик   Лоуренс   Куби    фундаменталды    ғылым    ретінде
психоанализдің шектеулілігі жайлы  былай  дейді:  «Жалпы  алғанда  шектеулер
мынаған байланысты,   аналитикалық процестің негізгі жоспары қажетті  ғылыми
валидттылықты бере алады, алайда қиындықтар мен бірінші процестерді  тіркеу,
саналы мен бейсаналық процестердің байланысын  еркін  зерттеу   қиындықтары,
өзгергіштіктерді  сандық   бағалау   қиындықтары  гипотезаларды  ұлғайту  не
азайтуды  анықтаудағы  қиындықтар,   айтқан  [  болжамдардың     валидтылығы
сияқты    жағдайлар    көптеген    ғылыми  проблемалардың  арасында  әлі  өз
шешуін таппаған сұрақтардың бірі».
    Кейбір сынаулар мына жағдайға көңіл бөлді, катексис пен антикатексистің
өзара әрекетті сандық өлшеу туралы  психоанализ  үндемейді,  адамның  бастан
кешкендер зақымданған күй болу үшін қаншалықты интенсивті  болу  керек,  эго
инстинкті импульстарды ұстап алу үшін  қаншалықты  әлсіз  болу  керек  деген
мәселелер  болды.  Осындай  сыни  жағдайларға  қарамастан  психоаналитикалық
теория қазіргі жаңа әлемдік деңгейде статусы неге жоғары?
    Маңыздысы  мынада,  барлық  мінез-құлық   теориялары   ғылыми   жағынан
жеткіліксіздіктері көптеп саналады. Психологияға  әлі  ұзақ  жол  керек  осы
жағдайды шешкенге, психолог өзі шешеді қай  теорияны  басшылыққа  алу  керек
екенін. Психоанализ адам үшін маңызды болып табылатын  сұрақтарды  аса  ашық
жариялайды, соны шешкісі келеді, бұл жағдай бұл  күндері  жаңашыл  сипаттағы
адамдардың көңілінен шығуда.
                           3. Аналитикалық теория.
    Жас цюрих психиатры Карл Юнг (1875-1961)  алғашында  Фрейд  теориясының
әсеріне қатты  берілді.  Бір  бірімен  хат  алысып  ойларын  бөлісті,  кейін
кездесті,  алайда  үш  жылдан  кейін  олардың   арасында   салқындық   орнап
қатынастары мүлдем  үзілді,  кейін  мүлдем  кездеспеген.    Юнгтың  теориясы
психоаналитикалық деп саналсада ол Фрейдтің теориясынан  өзіндік  ерекшелігі
бар. Юнгтің теориясында адамға деген  көзқараста  каузалдылық  (индивидуалды
және нәсілдік тарих) пен телеология (мақсат  пен  ұмтылулар)  үндескен.  Юнг
тұлғаның нәсілдік және филогенетикалық негізіне екпін жасайды.
    Тұлғаның    құрылымы.    Тұлға    немесе    жан    өзара    байланысқан
дифференциалданған  жүйелерден  тұрады,  маңыздылары:   эго,   жеке   бастық
бейсаналықтар   мен   оның   комплекстері,   коллективті   бейсаналық   оның
архетиптері, персоналар, анима  мен  анимус,  көлеңке.  Олардан  басқа  ішкі
ыңғайланулар болады: интроверсия мен экстроверсия және олардың  функциялары:
ойлау, сезімдер, түйсіну мен  интуиция,  тұлғаның  барлық  орталығы  өзіндік
болып табылады.
    Эго  бұл  саналы  ақыл,  саналы  перцепциялардан,  еске   түсірулерден,
ойлардан, сезімдерден тұрады. Эго идентификациялану сезімі  мен  үздіксіздік
сезіміне жауап  береді,  индивидуалды  адамның  көзқарасы  сананың  орталығы
болып саналады. Жеке бастық бейсаналық. Бұл  эгоға  жанасқан  аймақ,  санада
болған  бірақ  ығыстырылған,  жаншылған,  ұмытылған,  мойындалмаған   бастан
кешкендер, егерде көріне бастаса сана деңгейінде әсер беру  үшін  өте  әлсіз
болады. Жеке бастық бейсаналықтың мазмұны  Фрейд  айтқан  сана  алды  күйіне
ұқсайды, сана оған жете алады, жеке бастық бейсаналық  пен  эгоның  арасында
күшті «екі жақты қозғалыс» жүреді.
    Комплекстер.  Комплекстер  ол  ұйымдасқан  топ   немесе   жеке   бастық
бейсаналықта болатын сезімдердің, ойлардың, перцепцияның, еске  түсірулердің
констелляциясы,  оның  ядросы   болады,   магнит   сияқты   барлық   әртүрлі
констенцияланған бастан кешкендерді өзіне тартады.
    Мысалы аналық комплекс  болады,  ядросы  анасымен  байланысты  нәсілдік
бастан  кешіру  негізінде  пайда  болады,  атап  айтқанда   балалық   бастан
кешкендер. Анасына қатысты ойлар, сезімдер, еске түсірулер  ядроға  тартылып
комплекстер құрайды. Ядро  және  көптеген  ассоциацияланған  элементтер  кез
келген уақытта олар бейсаналы болады, алайда кез  келген  ассоцация  жекелеп
саналы ассоциация бола алады.
    Коллективті бейсаналық. Коллективті бейсаналық  немесе  трансперсовалды
бейсаналық күшті әсері мықты психикалық жүйе, паталогиялық  жағдайларда  эго
мен жеке бастық бейсаналықты қорғайды.  Коллективті  бейсаналық  ата-бабадан
берілген жасырын еске түсірулердің қоймасы, тұқым қуалаумен  берілген  өткен
нәрселер тек нәсілдік тарих ғана емес, әрі адамға дейінгі және  жануарлардың
тәжірибелері.
    Коллективті бейсаналық көптеген өткен ұрпақтардың бастан  кешкендерінің
негізінде  пайда  болатын  адамның  эволюциялық   дамуын   тұқым   қуалаудан
алғандары. Ол индивид өміріндегі жеке бастық  жағдайынан  толық  ажыратылған
сондықтанда   универсал   болып   табылады,   Юнгтің   ойынша    коллективті
бейсаналықтың  универсал  болатыны  адамдардың  барлығының  ми   құрылысының
бірдей болуын айтады.
    Нәсілдік еске түсірулер немесе  репрезентациялар  тұқыммен  берілмейді,
біз тек алдыңғы өткен ұрпақтардың тәжірибелерін  қайталау  мүмкіндігін  ғана
аламыз. Ол біздің  бейімдіктеріміз,  әлемге  белгілі  бір  жағдаймен  бірдей
реакция жасаймыз. Коллективті бейсаналық тұлғалық  құрылымның  туа  берілген
нәсілдік  негіздемесі,  онда  эго,  жеке  бастық  бейсаналық  және   басқада
индивидуалды игергендер өседі.
    Адам өзім тәжірибем деп санағандардың бәрі коллективті бейсаналық болып
табылады, олар мінез-құлыққа әсер етеді.  Туа  берілген  виртуалды  бейнелер
объективті   әлеммен   идентификацияланған   перцепциялар   мен    идеяларға
айналады.   Бейсаналықтың  екі    аймағы   жеке   бастық   және  коллективті
адам  үшін  мәні  зор  болады.  Симптомдар,   фобиялар,  иллюзиялар     және
басқада   иррационалды   құбылыстар   алыстатылған  бейсаналық  процестерден
туындайды.
    Архетиптер. Коллективті бейсаналықтың құрылымдық компоненттері  әртүрлі
аталады: архетиптер, доминанттар, алғашқы бейнелер, имаго, мифтік  бейнелер,
мінез-құлық паттерндері. Архетип  мәнді  эмоциялық  элементі  бар  универсал
ойлау формасы (идеялар).
    Осы ойлау формалары  әдеттегі  сергек  өмірдегі  саналы  ситуациялардың
кейбір аспектілеріне сәйкес  бейнелер  мен  көрулерді  жасайды.  Мысалы  ана
архетипі ана бейнесімен жасалып, кейін реалды анамен идентификацияланады.
    Қысқаша айтсақ бала генетикалық ананың алдыңғы қалыптасқан концепциясын
тұқым қуалаудан алады. Архетиптер коллективті  бейсаналықта  міндетті  түрде
бір-бірінен бөлінбейді, олар өзара бір біріне өтеді, араласады.
    Мысалы  батыр  архетипі  ришалық  туғызған  «король  философ»  бейнесін
тудырады. Архетиптер комплектердің  ядросы  бола  алады,  бастан  өткендерге
тартылады.  Архетип  санаға  ассоциацияланған  бастан  өткендер  арқылы  өте
алады.  Мифтар,  түс   көрулер,   көрулер,   ритуалдар,   діни   түсініктер,
невротикалық  және   психикалық   симптомдар,   өнер   туындылары   көптеген
архетиптік материалдарды береді.
    Коллективті бейсаналықта көптеген архетиптер болады, олардың  көпшілігі
туу архетиптеріне, қайта өрлеу,  қайтыс  болу,  билік,  сиқырлық,  тұтастық,
батырлық,  бала  архетиптеріне  идентификацияланған.   Архетиптердің   тұлға
ішіндегі  жүйелеріне  персона,  анима,  анимус,  көлеңке  жатады.   Персона.
Персона ол  маска,  адам  әлеуметтік  шарттардың,  дәстүрлердің  талаптарына
жауап үшін, ішкі архетипті қажеттіліктеріне жауап үшін киеді.
    Ол адамға қоғам беретін рөл, қоғамдық күтулерге сәйкес  адам  оны  өмір
бойы орындайды. Масканың мақсаты басқаларға белгілі бір әсер қалдыру ол  жиі
үнемі болмасада адамның  шынайы  табиғатын  жасырады.  Персона  ол  көпшілік
тұлғасы, әлеуметтік шарттан  тыс  тұрған  өзінің  меншікті  тұлғасына  қарсы
қоғамдық пікір мен өзіне жапсырып қойған жақтары.
    Индивид өзінің шынайы меншікті сезімдерін емес ойнайтын рөл  сезімдерін
ұғынады, сол персонамен идентификацияланады. Ол жеке автономды адам  болудың
орнына қоғамның бейнесі бола бастайды. Персона дамитын ядро ол  архетип,  ол
да  басқа  архетиптер  сияқты  нәсілдік  тәжірибеден   шығады,   тәжірибелер
әлеуметтік  өзара  әрекеттен  әлеуметтік  рөлдерді  қабылдау   адамдар  үшін
пайдасын  беретін  әлеуметтік  жануарлар  ретінде  қызмет   етеді.   (Кейбір
аспектілерде персона Фрейдтің суперэгосын еске түсіреді).
    Анима және анимус.  Көп  жағдайда  адам  табиғаты  бойынша  бисексуалды
жануар деп мойындалады. Физиологиялық деңгейде  ер  адамдар  гармондары  мен
әйелдер гармондары деп  бөлінеді.  Психологиялық  деңгейде  екі  жыныста  да
маскулинді әрі феминді сипаттамалар табылады. Ер  адамдағы  феминдік  жақпен
әйелдердегі    маскулиндік     жақтарды     Юнг     архетиптерге     жазады.


    Ер адамдағы феминді архетип анима деп аталады, әйелдердегі  маскулиндік
архетип  анимус  деп  аталады.  Бұл  архетиптер  хромосомалармен,   жыныстық
бездермен шарттана алады, олар әйелдермен  байланысты  ер  адамдық  нәсілдік
бастан кешірулердің өнімі болып табылады және керісінше әйелдерде болады.
    Басқаша айтсақ ер адам әйелмен  өмір  бойы  тұрып  феминді  ал  әйелдер
маскулинді бола бастайды. Бұл  архетиптер  әрбір  жыныста  тек  қарама-қарсы
қырларды ғана емес олар  әрі  коллективті  бейнелер  болып  табылады,  соның
арқасында әрбір жыныстағылар басқаларды түсінеді.
    Ер адам әйел табиғатын өзінің анимасы  арқылы,  ал  әйелдер  ер  адамды
өзінің анимусы  арқылы  сезінеді.  Алайда  анима  мен  анимустар  бір  бірін
түсінбеуге де әкеледі. Коллективті бейсаналық талаптары мен  сыртқы  әлемнің
реалдылығы арасында компромис болуы керек,  әйтпесе  адам  жеткілікті  түрде
адаптация жасай алмайды.
    Көлеңке. Көлеңке архетиптері эволюция барысында адамдардың өмір сүрудің
төменгі  формалардан  тұқым  қуалаумен  алған   жануар   инстинктері.   Адам
табиғатын, жануарлық жағын жандандырады. Көлеңке архетиптері санадағы мінез-
құлық пен мінез-құлықтағы жағымсыз әлеуметтік қолданбаған  ойлар,  сезімдер,
әрекеттер үшін жауапты болады.
    Өзіндік (самость). Бұл архетип әртүрлі символдарда  көрінеді,  оның  ең
маңыздысы мандала немесе сиқыр шеңбер. Өзіндік  ол  тұлғаның  орталығы  оның
төңірігіне басқа жүйелер  топтанады,  сол  жүйелерді  бірге  ұстап  тұлғаның
бірлігін, теңдігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өзіндік ол  өмір  мақсаты
адамдар оған үнемі ұмтылады, алайда оған бәрі жете бермейді.
    Ішкі бағдарланулар. Юнг екі ішкі бағдарлану немесе  тұлға  бағдарлануын
ұсынады   олар   экстраверсия   және   интроверсия   ішкі    бағдарланулары.
Экстравертті   ішкі   бағдарланулар   адамды   сыртқы,   объективті   әлемге
бағдарлайды,  интровертті   ішкі   бағдарлану   ішкі,   субъективті   әлемге
бағдарлайды. Тұлғада бір біріне қайшылықты  екі  ішкі  бағдарлануда  болады,
олардың бірі үстемдік етеді,  саналы  болып  табылады.  Эго  әлемге  қатысты
экстравертті болса, онда тұлғалық бейсаналық интровертті болады.
    Функциялар.  Төрт  фундаменталды  психологиялық  функция  бар:   ойлау,
сезімдер, түйсіну мен интуиция. Ойлау  идеялы  және  интеллектуалды  болады.
Сезімдер  бағалаушы  функция,  субъект  үшін  позитив  не  негатив   болатын
заттардың құндылығын анықтайды. Сезім адамға  функция  ретінде  қанағаттану,
ауру, ашу, қорқыныш, қуаныш, қайғы береді.
    Түйсіну, перцептивті және реалды функция. Ол нақты  мәліметтер  береді.
Интуиция бейсаналы  процестер  мен  мазмұндар  негізінде  болатын  қабылдау.
Ойлау мен сезімдер рационалды функциялар, түйсіну мен интуиция  иррационалды
функциялар. Төрт функцияның біреуі үстемдік жасайды оны жоғарғы функция  деп
атайды. Ең  дифференциалданған  фуннкция  төменгі  функция  деп  аталады  ол
бейсаналыққа ығыстырылады.
    Тұлғаның динамикасы. Психикалық энергия. Биологиялық жүйелер  ретіндегі
организм энергиясы. Психикалық  энергия  барлық  виталды  энергиялар  сияқты
метаболилік дене  процестерінен  туындайды.  Юнг  өмірлік  энергия  либидоны
психикалық  энергияның  эквиваленті  ретінде  қолданды.  Психикалық  энергия
гипотетикалық конструкт, нақты субстанция немесе феномен  емес,  ендеше  оны
өлшеуге немесе көруге болмайды.
    Психикалық  энергия  потенциалды  немесе  актуалды  күштер  ретінде  өз
көрінісін табады. Тілектер, ерік, сезім, зейін ұмтылулар  тұлғаның  актуалды
күштері,  бейімділік,   бейім  болу,  тенденция,  ішкі  бағдарлар   тұлғаның
потенциалды күштері болып табылады.
    Психикалық құндылықтар. Тұлға элементіне кірген  психикалық  энергияның
мөлшері құндылықтар болып табылады. Құндылықтар зорланудың өлшемдері.
    Комплекстердің күші. Бақылау мен тестер саналы құндылықтарды анықтайды,
ал  бейсаналық  құндылықтарды  анықтай  алмайды.  Юнг  комплектердің   күшін
анықтаудың  үш  әдісін  көрсетті:  бақылау   және   аналитикалық   дедукция;
комплекстердің  индикаторларын  табу;  эмоциялық  көрінудің  интенсивтілігін
өлшеу.
    Комплекстер ылғи сырттай көріне бермейді, ол түс  көргенде,  түсініксіз
құбылыстарда да көрінеді. Комплекстердің индикаторы  ол  мінез-құлықтың  кез
келген  бұзылуы,  мысалы  жаңылысу  «әйелім»  деудің  орнына   «шешем»   деп
айтады.    Ситуацияға       эмоциялық       реакцияның        интенсивтілігі
комплекстердің күштерінің басқа көрсеткіштері.
    Эквиваленттілік принципі. Юнг психодинамиканы скі принциппен түсіндірді
экиваленттілік   және   энтропия   принциптері.   Экиваленттілік    принципі
физикадағы термодинамиканың I-заңына сәйкес келеді.  Қандайда  бір  құндылық
жоғалып  кетсе  немесе  әлсіресе  психикалық  энергия  жоғалмайды  ол   жаңа
құндылықтарда қайтадан жанданады. Энергия үздіксіз  тұлғаның  бір  жүйесінен
басқасына өтеді ол түлғаның динамикасын құрайды.
    Энтропия принципі. Термодинамиканың II заңы  сияқты  энтропия  принципі
бойынша психикадан энергияның бөлінуі бір балансқа, тепе-теңдікке  ұмтылады.
Соның идеалды көрінісі ол өзіндік күй.
    Энергиялардың   қолданылуы.   Тұлғаның   энергиялары    екі    мақсатқа
қолданылады:  бір  бөлігі  өмірді  жалғастыру  үшін  қолданылады  оған   туа
берілген инстинкті функциялар  жатады  (тамақтану  немесе  жыныстық).  Артып
қалған энергиялар мәдени немесе  рухани  іс-әрекетте  қолданылады.  Тұлғаның
дамуы. Каузалдылық және телеология. Тұлға янус сияқты бір жағы  өткенге  бір
жағы болашаққа қарайды, сол арқылы тұлғаны толық  тани  аламыз.  Каузалдылық
пен  телеология  Юнгтің  ойынша   ойлаудың   таңдамалы   тәсілдері     ғана,
ғалымдар    оларды    табиғи     феномендерді     реттеу   үшін   қолданады.
Каузалдылық пен телеология  табиғатта  табылмайды.  Адамдарда  жағдайдан  еш
шыға алмайтын  сезімдер  берсе  ал  кейбір  адамдар  өз  өткен  кезеңдерінің
тұтқындары болады, жасалғанды өзгертуге  болмайды,  финалды  ішкі  бағдарлар
адамдарға үміт береді, сол үшін өмір сүру керек деген ойға әкеледі.
    Синхрония. Юнг каузалдылықпен, телеологиямен  байланысы  жоқ  синхрония
принципі туралы айтты. Бір адам  туралы  ойласаң,  айта  бастасаң  сол  адам
жетіп келеді («кімді айтсаң сол келеді»). Юнг оны телепатиямен  паранормалды
феномендерге сүйенеді. Юнг әлемде себептілік принципі бар  дейді.  Синхрония
феномендеріне архетиптер табиғаты жазылады. Сипаты  бойынша  психоидты  яғни
әрі психологиялық эрі физикалық болады.  Тұқымқуалаушылық.  Тұқымқуалаушылық
биологиялық инстинктерге жауап береді, өзін  сақтау  мен  өндіруге  жауапты.
Инстинктер адамның жануар жақтарын құрайды. Ата-бабаның  бастан  кешкендерін
қайталау туа берілетін архетиптер болып табылады.
    Даму сатылары. Фрейдтен айырмашылығы сол Юнг  даму  сатыларын  туғанына
бастап есейгенге дейінгі кезеңдерді жазбайды. Ерте жаста либидо  белсенділік
тірі  қалу  үшін  соған  инвестицияланады.   Бес   жасқа   дейін   сексуалды
құндылықтар көрініп жеткіншек жасында өз шыңына жетеді. Жасөспірім  мен  жас
кезде негізгі өмірлік инстинктер мен виталды процестер үстемдік етеді.
    Жас адам энергиялы, импульсивті,  ынтыққыш  әлі  де  болса  басқалардан
тәуелді болады. Отыз жасқа таман қырық жасқа таяу кезде  құндылықтар  жүйесі
ауысады.  Жасөспірімдік  қызығулар  мен  ұмтылулар   көбірек   мәдени   бола
бастайды, биологиялық  жағы  азаяды.  Орта  жастағы  адам  интровертті  бола
бастайды, импульсивтілігі азаяды. Даналық пен өткірлік  физикалықтың  орнына
ақыл-ой  энергиясына  әкеледі.  Тұлғаның  құндылықтары   әлеуметтік,   діни,
азаматтық, философиялық символдарға сублимацияланады, адам рухани болады.
    Прогрессия және регрессия. Даму не прогрессивті не регрессивті  болады.
Регрессияда   тұлғаның   саналы    эгосы    сыртқы    ортаның    талаптарына
қанағаттандырумен  және  бейсаналықтың  қажеттіліктерімен  келіседі,  Эгоның
объективті  құндылықтары  субъективтілікке  трансформацияланады.   Регрессия
прогрессияның антитезі.
    Индивидуация процесі. Адам тұрақты бірлікте даму тенденциясына  ие  деп
көрсетті Юнг. Дамудың  негізгі  мақсаты  өзіндік  таратылу.  Кедергілер  көп
болса тұлғаның жүйкесі жұқара береді. Тұлға дені  сау  және  интеграциялануы
үшін әрбір даму жүйесі дифференциалдану мүмкіндігіне ие, соған жету  процесі
индивидуация процесі деп аталады.
    Трансцендентті функция. Индивидуация процесінің арқасында ішкі  түрлену
жүзеге асады, дифференциалданған жүйелер  трансцендентті  функциялар  арқылы
интеграцияланады.  Трансцендентті  функцияның  мақсаты  адамның  мәнін  ашу,
тұлғаны оның «барлық аспектісінде» тарату.
    Тұлғаның басқа күштері әсіресе ығыстырулар трансцендентті  функцияларға
қарсыласады, бейсаналық сферада  қозғалыс  жасайды.  Бейсаналық  қозғалыстар
түс көруден, мифтерден  тағы  басқалардан  көреміз,  солардың  бірі  мандала
символы. Мандала санскриттен алынған сөз шеңбер дегенді  білдіреді.  Мандала
батыс дінінен де шығыс дінінен табылған.
    Сублимация  жэне  ығыстыру.  Психикалық  энергиялар  ауыса  алады.  Бір
процестің жүйесінен басқасына өте  алады.  Ауысу  эквивалент  жэне  энтропия
сияқты  базалық  динамикалық  принциптердің  арқасында  боллады.  Осы  ауысу
процесін индивидуация мен трансцендетті функциялар атқарады, оны  сублимация
деп   атайды.    Сублимация    жабайы,    дифференциалданбаған,    инстинкті
процестердің        энергиясын        жоғарғы         мәдени,         рухани
дифференциалданған процестер энергиясына ауыстырады.
    Энергиялардың таралуы инстинкті немесе сублимациялы каналдармен жабылса
онда  олар  ығыстырылады.  Ығыстырылған  энергия  сақталу  принципі  бойынша
мүлдем жоқ болып кетпейді ол әрірек  ығыстырылады.  Яғни  бейсаналықта  орын
табады, қосымша  энергия  алған  бейсаналық  саналы  эгоға  қарағанда  үлкен
зарядка ие болады. Бұл энергия энтропия принципіне сәйкес эгоға қарсы  шығып
рационалды процестерді бұзады.
    Жоғары  энергияланған  бейсаналық  процестер  ығыстыру  арқылы   шығуға
тырысады, егерде ол шықса адам өзін иррационалды жэне  импульсивті  жағдайға
әкеледі. Сублимация мен ығыстыру сипаттары бойынша бір  біріне  қарама-қарсы
болады. Сублимация прогрессивті,  ығыстыру  регрессивті  болады.  Сублимация
психиканы   алдыға   жылжытады,   ығыстыру   артқа   жылжытады.   Сублимация
рационалды,  ығыстыру  иррационалды,   сублимация   интегративті,   ығыстыру
дезинтегративті болады.
    Символизация. Символдарға юнгтік психология  екі  функция  береді:  бір
жағынан фрустрацияланған инстинкті импульстардың  талпынысын  береді,  басқа
жағынан архетипті материалдарды жандандырады. Символдардың  рөлдерінің  бірі
импулстерге қарсыласу. Символдар  психиканың  репрезентациясы.  Символдардың
екі аспектісі бірі ретроспективті инстинктерді жетекшілікке  алады,  басқасы
просективті,  адамның  соңғы  мақсатымен  байланысты  екеуі  де   бір   ғана
тізбектің екі звеносы болып табылады.
    Зерттеу әдістері.  Комплекстерді  эксперименттік  зерттеу.  Юнг  сөздік
ассоцациялар  әдісі  мен  эмоцияларды  физиологиялық   өлшеуді   үйлестіруге
ұмтылды. Бұл әдістер пациенттердің комплекстерін  табуға  арналды.  Стимулды
сөзге жауап берудің созылуы тыныс  алу  мен  тері  кедергісінің  өзгерістері
бойынша сөз комплекстерді қозғады деп санады.
    Оқиғалар. Юнг салыстырмалы әдісті пайдалана  отырып  тарих,  мифология,
дін оқиғаларын салыстырып олардан фантазиялар мен түс  көрудің  архетиптерін
іздеді («Психология жэне алхимия т.б.).
    Мифологияларды,  дінді  салыстырып  зерттеу.  Юнг  мифологияға,  дінге,
алхимияға, астрологияға көп көңіл бөлді.  «Психология  және  алхимия»  деген
еңбегінде Юнг пациенттің көптеген көрген  түстерінің  үлкен  сериясын  алды.
Түстерді       интерпретациялап,       Юнг       символдардың       арасында
паралелльдер болады,  орта  ғасырдағы  алхимиктердің  қозғаушы  күштері  сол
пациенттің қозғаушы күштерімен бірдей болады деп қорытындылайды.
    Түс көру. Фрейд  сияқты  Юнгта  түс  көруге  көп  кеңіл  белді.  Оларды
проспективті және ретроспективті мазмұндары бойынша  көрді,  «үлкен  түстер»
дегенді бөліп көрсетті, онда көптеген архетипті бейнелер болады деп санады.
    Амплификация әдісі. Түс көрудің белгілі бір аспектілерін  зерттеу  үшін
Юнг бұл әдісті жасады, еркін  ассоцациялар  әдісіне  мүлдем  ұқсамайды,  түс
көруші адам элементтерге көптеген ассоцациялар  береді.  Юнг  сонымен  қатар
түс көрулер сериясын талдау әдісі мен белсенді қиял әдісін де қолданды.
    Аналитикалық психологияны талдау. Юнгианды психологияны жақтаушылар өте
көп, әсіресе практикада жүрген психоаналитиктер, олар  оның  психотерапевтік
әдістерін көп қолданады. Юнг Фрейд пен оның мектебінің  психоаналитиктерінен
көптеген   қарсыласуды   көрді.   Олардың   ойынша    архетиптер    тәжірибе
терминдерінде  суреттелді,  ал   оны   туа   берілетін   тұқымқуалаушылықпен
байланыстыру абсурд деп санады.
    Аналитикалық психология психологтар жағынан фрейд  мектебі  сияқты  көп
сынға ұшыраған жоқ. Психология аналитикалық теорияны неге көзге ілмеді,  оны
көптеген әлем психологтары оларға  құрмет  көрсетседе,  ең  басты  бір  оның
себебі,   аналитикалық   психология   клиникалық,   тарихи,    мифологиялық,
алхимиялық,   діни,   медитация,   мистицизм,   окультизм    материалдарында
негізделеді,  эксперимент  арқылы   бекімеді.   Осыған   қарамастан   Юнгтің
аналитикалық теориясы қазіргі заман ойшылдарының бір ең тамаша  жетістіктері
болып табылады. Фрейдтен кейін «жан» туралы ашық батыл айтқан Юнг болды.
               5.Тұлғаның әлеуметтік психологиялық теориялары.
    Адамға деген биофизикалық ықпалдан  басқа  интеллектуалды  тенденциялар
қалыптасты, психоанализге  «әлеуметтік  психологиялық  көзқарастар»  әкелген
концепциялардың  ішінде  негізгілерін  айтуға  болады   (А.Адлер,   К.Хорни,
Э.Фромм,  Г.Салливан)  олардың   ішінде   «жаңа   әлеуметтік   психологиялық
көзқарастың» әкесі Адлер Альфред болып табылады.
    А.Адлер  (1870-1937)  Фрейд  пен  Юнгтен  айырмашылығы  сол   ол   адам
мотивациясы  әлеуметтік  оянулармен  шарттанады  деді,  адамдар   әуелден-ақ
әлеуметтік  болып  табылады,  өздерін   басқа   адамдармен   арақатыстырады,
бірлескен әлеуметтік  іс-әрекетке  қатысады.  А.Адлер  әлеуметтік  қызығулар
адамда туа берілген мәнділік деп санады, осы тұрғыдан ол да  Фрейд  пен  Юнг
сияқты кейбір көзқарастары биологиялық болып табылады.
    Адлер  психологтардың  ойына  әлеуметтік  өзгерткіштер  дегенді  салып,
әлеуметтік психологияның дамуына  негіз  салды.  Адлердің  тағы  бір  екінші
маңызды еңбегі ол тұлға теориясына жоғары  персоналданған  субъективті  жүйе
«Креативті  Мен»  деген  ұғымды  кіргізді.  Үшінші  айтқан  маңызды  жағдайы
психоанализден айырмашылығы сол ол адамның уникалды сипаты жайлы айтты.
    Әрбір адам уникалды қырлар, мотивтер, қызығулар, құндылықтар жүйесі деп
қаралды.  Адлердің  теориясында  сексуалдылық  минимумға   апарылған,   адам
алдымен әлеуметті жан деп саналды. Тағы  бір  маңызды  айтқан  ойы  тұлғаның
орталығы  сана  болып  табылады,  адамдар  саналы  маңыздылық,   мінез-құлық
себептерін  түсіне  алады,   адамдарда   өзіндік   сана   болады,   әрекетін
жоспарлайды, басқарады, психиатр ретінде көп практика жасады.
    Адлердің концепциясында тұлғада болатын төмендегі жағдайларды көрсетті:
фиктивті  финализм,  басым  болуға  ұмтылу,  толық  қанды  емес  сезімі  мен
компенсация, әлеуметтік қызығу, өмір стилі, креативті Мен.  Адлер  зерттеуде
қолданған әдістері: туу реті мен тұлға  жайлы,  ертедегіні  еске  түсірулер,
балалардың бастан кешкендері бойынша сезімдері.
    Эрих Фромм. Фромм  еңбектеріндегі  негізгі  тақырып  адамдағы жалғыздық
  пен   адамдардан   бөлектену    жағдайы    болды.    Оның  көзқарастарының
қалыптасуына Маркстің идеялары әсер етті. Адам бір  уақытта  табиғаттың  бір
бөлігі,   әрі   жануар   әрі   адам,   жануар   ретінде   адам   биологиялық
қажеттіліктерді игереді, адам ретінде өзіндік санаға, ақылға, қиялға ие.
    Адамның бастан кешетін күйлеріне нәзіктік сезімі,  қызығулар,  махаббат
пен бірге әсерлену, жауапкершілік, қатынастар,  адалдық,  идентификациялану,
еркіндік пен трансценденция, құндылықтар  мен  нормалар  жатады.  Бес  түрлі
қажеттіліктерді   көрсетті:   трансценденцияға    қажеттілік,    қалыптасуға
қажеттілік,   идентификациялануға   қажеттілік,    бағдарланулар    жүйесіне
қажеттілік, басқаларға қажеттілік.
    Трансценденцияға  ұмтылу  адамның  жануарлық   табиғаттан   көтерілуіне
қатысты   қажеттіліктерге  сәйкес  келеді,  жасалған  емес,  жасаушы  болуға
ұмтылу.  Адам  өзінің  уникалдылығына,  индивидуалдылығына  ұмтылады.  Басқа
адаммен, топпен өзін идентификациялауға ұмтылады.
    Бағдарлану жүйелері арқылы әлемді таниды. Адам  тұлғасы  қоғам  беретін
мүмкіндіктерге сәйкес дамиды. Адамның қоғамға бейімделуі ішкі  қажеттіліктер
мен сыртқы  талаптардың  арасындағы  компромисс  ретінде  түсініледі.  Фромм
әлеуметтік  мінездің   бес   типін   көрсетті:   рецептивті,   эксплуативті,
жинақтаушы,  нарық,  продуктивті.  Кейінірек  Фром  тағы  екі  типті  атады:
некрофильді және биофильді. Фромм үшін қоғам мен  адамның  қатынас  мәселесі
ең маңызды болды.
    Оның ойынша адам табиғаттың туа берілген маңыздылығы, қоғам сол маңызды
табиғат жүзеге асу үшін жасалады, осы уақытқа дейін бірде бір қоғам  адамның
базалық қажеттіліктеріне көңіл бөлген  жоқ,  ондай  қоғамды  жасауға  болады
деген негізгі ойларды бекітті. Ондай қоғамды Фромм  гуманистік  коммунитарлы
социализм деп атады.
    Фромм өз теориясын емдеу барысында  адамдарды  бақылау  арқылы,  тарих,
экономика,  социология,  философия,  әдебиет  жайлы  адамдардың   білімдерін
бақылап, эмпирикалық зерттеулер арқылы жасады. Әлеуметтік мінездің үш  түрлі
типін бөлді: продуктивті жинақтаушы, продуктивті  эксплуативті,  продуктивті
емес рецептивті.
    Карен Хорни (1885-1952). Психоаналитик ретінде  практикадан  өте  жүріп
ортоксалды  психоанализден  көңілі  калды,  «Психоанализдің  прогресі   үшін
ассоцация» деген қоғамды негіздеді. Хорни Фрейдтің  психологиялық  жүйелерді
ары  қарай  дамытушы  болды.  Хорни  Фрейдтің  әйелдер  психологиясы   жайлы
айтқандарына    қарсы    болды.    Проблемаларды    иррационалды     шешетін
қажеттіліктерді  невротикалық  қажеттіліктер  деп  атады,  оның   он   түрін
көрсетті:
    1. махаббат пен қолдауға невротикалық қажеттілік
    2. «серік-қамқоршыға» невротикалық қажеттілік
    3. өмірді тар шектеуге невротикалық қажеттілік
    4. күшке невротикалық қажеттілік
    5. басқаларды жұмсауға невротикалық қажеттілік
    6. мәнділікке невротикалық қажеттілік
    7. таңқалатын объект болуға невротикалық қажеттілік
    8. жеке жетістіктерге жетуге невротикалық қажеттілік
    9. өзіндік жету мен тәуелсіздікке невротикалық қажеттілік
    10.жетілу мен мінсіздікке невротикалық қажеттілік
    Хорни кейін қажеттіліктерді үш топқа бөлді: адамдарға  қозғалыс  көпшіл
тип, адамдардан кету қозғалысы  оқшаулану  типі,  адамдарға  қарсы  қозғалыс
конфликт тип. Хорнидің пікірінше конфликт әлеуметтік шарттарды тұғызушы.
                  6. Әртүрлі теориялардағы тұлға құрылымы.
    Қазіргі жаңа психологиялық тұлға  теориялары  не  береді?  Бұл  күндері
көптеген тұлға теориялары бар, солардың ішінде бір назар  салатын,  нақтырақ
теориялары бар. Олар қырлар теориясы, тұлғаның  психоаналитикалық  теориясы,
әлеуметтік рөлдер теориясы, тұлғаның гуманистік теориялары.
    Барлық қазіргі жаңа тұлға теориялары  XX  ғасырдың  алғашқы  жартысында
жасалды, әртүрлі жиырмаға  жуық  теориялар  пайда  болды.  Осы  теориялардың
бәрінде  барлық  мүмкін  деген  тұлға  психологиясына  арналған  көзқарастар
болды, жоғарыдағы аталған төрт теориялардан басқа осы уақыттан бастап  басқа
жаңа тұлға теориялары жасалмады.
    Оның орнына ғалымдар адам тұлғасының жеке ерекшеліктерін, олардың пайда
болуын, дамуын,  қалыптасуын  терең  зерттеумен  айналыса  бастады.  Әртүрлі
теорияларда әсіресе жоғарыда аталған теорияларда тұлғаның  құрылымы  әртурлі
беріледі, суреттеледі. Соларға тоқталамыз.
    Тұлғаның қырлар  теориясында  тұлғалық  психологиялық  қасиеттеріне  не
жатқызады? Қырлар теориясын американдық психологтар  Г.Оллпорт  пен  ағылшын
психологы Р.Кеттеллдің атымен  байланыстырады.  Г.Олппорт  қырлар  теориясын
негізін  салушы,  ал  Р.Кеттелл  тұлға   қырларын   эксперименттік   зерттеу
әдістерін ұсынды.
    Тұлғаның қырлар теориясында  тұлғаны  суреттейтін  негізгі  ұғым  тұлға
қырлары алынды.  Тұлға  қырларына  өз  өмірінде  алған  тәжірибелері  арқылы
алғандары,  организмнің   физиологиялық        ерекшеліктері,   тұқымқуалау-
шылықпен берілген орнықты қасиеттері алынды. Тұлға қырларына мысалы  адамның
мінез қырларын  жатқызады.  Тұлға  қырлары  шамамен  адамда  ерте  балалықта
басталады, ал 6-7 жаста мінез қырлары қалыптасқан болып саналады.
    Ары қарай қырлар жүйесі дамиды,  өзгере  алады  ол  процесс  өмір  бойы
жүреді.  Алайда  басты  қырлар  балалықта   қалыптасқандар   адам   өмірінде
өзгеріссіз  қалады.  Тұлғаның  қырлар   теориясы   тұлғаның   қазіргі   жаңа
зерттеулеріне  және  оны  зерттеу  әдістеріне  әсер   етеді.   Психологиялық
тестердің көпшілігі адамды тұлға ретінде тұлға қырлары арқылы зерттейді.


    Психоаналитикалық тұлға теориясының негізін З.Фрейд салды, оны көптеген
шәкірттері мен ізбасарлары ары қарай дамытты, олар А.Адлер, К.Юнг,  Э.Фромм,
К.Хорни,   Г.Салливен,   алайда   олардың   көзқарастары   мен    З.Фрейдтің
көзқарастары біршама айырмашылықтары болды.
    Бұл теорияның негізінде мына идеялар жатады. Тұлға адамның үш  бөліктен
тұратын ішкі психологиялық құрылуы. Тұлғаның басты бөлігін бейсаналық  алады
(психоанализде оны Ид деп атайды). Оған адамның биологиялық инстинктері  мен
органикалық қажеттіліктері кіреді, олардың жанауарлармен ортақ  жалпы  нәрсе
белгілі бір бейнеде әрекет жасауға  бейсаналық оянуы жатады.
    Осы  қажеттіліктер  мен   инстинктердің   мінез-құлыққа   әсерін   адам
қадағалай алмайды. Керісінше олар сана мен еріктен  басқа  мінез-құлықты  да
басқарады оны сана мен еріктен тыс әрекет жасауға мәжбүр етеді. З.Фрейд  пен
оның  оқушыларының  арасында  бейсаналықтың  мәнін   ұғынуда   белгілі   бір
айырмалар болды.
    Сол кезде барлық ғылымға әсері  болған  Ч.Дарвиннің  эволюция  теориясы
болды,   теорияны    жасаған    З.  Фрейд    бейсаналықтың    және     тұлға
психологиясының    негізіне    жануарлардың    биологиялық    инстинктерінен
тұқымқуалаумен    алатындарын    айтты:     сексуалды     қажеттілік     пен
агрессиялық.
    Жоғарыда көрсетілген З.Фрейдтің ізбасарлары (оларды  неофрейдистер  деп
атайды) тұлғадағы бейсаналықтың тек биологиялық тар  түсінуге  қарсы  болды,
оны кейбір әлеуметтік қажеттіліктермен толықтырды.
    А.Адлер мысалы, адамның  маңызды  бейсаналық  қажеттіліктеріне  билікке
ұмтылуды жатқызды. К.Хорни бейсаналықтың  құрылымына  әртүрлі  комплекстерді
кіргізді. Комплекс ол адам өзінің кемшіліктерімен байланысты  бастан  кешкен
қайғыларын  қосатын  психологиялық  құрылым,  ол  адамда  әдеттегі   өмірлік
ситуацияларға адекватты  емес  реакциясы  көрінеді.  Комплекстердің  ең  көп
белгілісі ол толық  қанды  емес  комплекс.  Э.Фромм  бейсаналылыққа  адамның
еркіндікке ұмтылуын немесе оны керісінше  оны  шектеуге  ұмтылуын  жатқызды.
Тұлғаның құрылымының екінші бөлігін Эго құрайды,  оған  адам  тұлға  ретінде
өзі жайлы не біледі соның бәрі кіреді, яғни оның өзіндік санасы жатады.
    Эго   адамдағы   жағымды    және    жағымсыз    сапаларды    жатқызады.
Психоаналитикалық теорияда тұлға құрылымыынң үшінші  бөлігі  Супер  Эго  деп
аталады. Оған адамның құндылықтары, өмірлік  мақсаттары,  идеалдары  қысқаша
айтсақ адам кім болғысы келеді, тұлға  ретінде  өзін  қалай  көргісі  келеді
соның бәрі кіреді.
    Тұлғаны құрайтын үш құрылым: Ид, Эго,  Супер  Эго  әдетте  бір  бірімен
гармонияда болмайды бір біріне толық сәйкес келмейді. Олардың  арасында  жиі
түрде міндетті түрде  болатын  кете  алмайтын  қиын  шешілетін  конфликтілер
болады,  оны  адам  өзінің  тұлғалық  өсуі  мен  дамуында  шешуге  ұмтылады.
Тұлғаның осы бөліктерінің арасындағы қиын  шешілетін  конфликтілер  көбінесе
невроздар, психикада және мінез-құлықта ауытқулар тудырады.
    Әлеуметтік  рөлдер  теориясында  тұлға   құрылымы   қалай   түсініледі?
Әлеуметтік ролдер теориясы мына идеядан туындайды, әрбір  адам  өз  өмірінде
белгілі бір әлеуметтік рөлдерді ойнайды.
    Адам басқа адамнан алатын рөлдердің соншалықты сіңгені  сондай  әртүрлі
өмірлік ситуацияларда ол әдеттегі жағдай сияқты болып кетеді,  адамды  тұлға
ретінде анықтай бастайды.  Әлеуметтік  рөлдер  теориясының  айтуынша  рөлдер
адамның тұлғасының басты сипаттамасы болып табылады.
    Тұлғалық  психологиялык  рөлдер  теориясының  көп  түрі  бар.   Олардың
ішіндегі ең танымалы американдық психолог Э.Берн жасаған трансакт  теориясы.
Оның концепциясы бойынша адам өзіне басқалардың  мінез-құлқын  өзіне  алады,
келесі әлеуметтік рөлдерді ойнайды: баланың рөлі,  ата-ананың  рөлі,  ересек
адамның рөлі.
    Баланың ролі мына жағдайда пайда болады, ересек адам өзін бала  ретінде
сезіне беруі жалғаса бергенде көрінеді,  шынында  да  ол  өзін  бала  сияқты
сезінеді, ересек адам ретінде болудың орнына бала сияқты әрекет жасайды.  Ол
көбінесе  мына  жағдайда  жиі  көрінеді,  мысалы  ол  өзін  жауапкерсіздікті
көрсеткенде, еркелейді, қоршағандарға  оған  қамқорлық  көрсеткенде  жоғарғы
талап қоя бастайды.
    Ол өзі қоршағандарға қамқорлық  көрсетпейді,  оны  дұрыс  деп  санайды.
Мұндай  адам  басқаларға  қатысты  ересектерге  қатысты  өзін  бала  ретінде
қатынас  жасайды,  ал  оларға  «ата-ана»  рөлін  береді.   Егер   адам   оны
қоршағандар,  оның  балалары  жауапкершіліксіз,  жәрдемсіз,  өзбеттілі  бола
алмайды, толық ақылды емес оларға үнемі  көмек  беру  керек  деген  мақсатта
өзін ұстаса ол өзін ата-ана рөлінде сезінеді.
    Ата-ана рөлі психологиялық тұрғыдан мына  жағдайда  көрінеді  адам  өзі
қоршағандардың пікірімен санаспайды, олар үшін жауапкершілікті өзіне  алады,
өзінің  қамқорлығын  жабыстырып  қояды,  оларға  бала  сияқты  қарап  сондай
талаптар  қояды,  олармен  бала  сияқты   қарым-қатынас   жасайды,   мысалы,
жазалайды, кінәлайды, үйретеді, оқытады.
    Ересек адамның рөлі мына жағдайда көрінеді, адамдар бір-бірімен  әдетте
қалай қатынас жасайды, қалай ұстайды өзін тура солай ұстайды, мұнда  адамдар
жеке басының еркіндігін қалайды, тәуелсіздікті  қалайды,  әркім  өзін  қалай
ұстағысы келеді солай болуы керек деп санайды, ең  керегі  бір-бірін  силау,
бір-біріне сену, бір-бірінен талап етуге құқысы жоқ  деп  санайды,  зорлауға
болмайды дейді, бірі-бірін жазалауға міндетті емес, ата-анасы  сияқты  бәрін
талап етпеу керек дейді.
    Осы үш рөлдер  Берннің  пікірі  бойынша  әрбір  адамның  мінез-құлқында
үйлеседі,  олардың  индивидуалды  үйлесулерінде  адамның  тұлғасына   сәйкес
индивидуалды құрылымды береді.
    Гуманистік теориядағы тұлға құрылымына не кіреді?  Тұлғаның  гуманистік
теорияларындағы ең танымалы А.Маслоудың  теориясы.  Бұл  теориядағы  негізгі
ұғым   «қажеттілік»   ұғымы   алынады.   Маслоу   бойынша   тұлға   құрылымы
қажеттіліктердің реттелген  жүйесі  немесе  иерархиялары  алады,  оған  адам
өміріндегі ең маңызды  қажеттілік  ең  жоғарғы  сатыны  қамтиды.  Егер  адам
жоғары дамыған тұлға деп саналса онда ол үшін  маңызды  қажеттілік  ол  өзін
маңыздандыру қажеттілігіне ие болады.
    Адамның өз қабілеттерін толық дамытуға ұмтылуы, олардың  адамдарға  көп
пайда әкелгендігі  өзіндік  маңыздандану  қажеттілігіне  жатады.  Адам  үшін
өмірінде маңызды болған бұл қажеттілікке ие болған адам өзін  маңыздандырған
тұлға деп саналады.
    Маслоудың пікірінше мүндай тұлға келесі негізгі қырларды игереді: мінез-
құлық пен ойлауда өзбеттілік және тәуелсіздік; жоғары моральдың болуы;  адам
өзіне  қоятын  өнегелік  талаптарды  жоғарлатуы,  дүниеге  реалды  көзқарас;
адекватты өзіндік бағалау және нормалды талаптану деңгейі;  адамдарға  сенім
көрсететін мейірімді силастық қатынас; адамдардан салыстырмалы  тәуелсіздік,
өз  құндылықтар  жүйесіне  бағдарлану;  рухани   өсуге,   өнегелік   өзіндік
жетілдірілуге ұмтылу.
    Адамның қажеттіліктерінің  иерархиясын  анықтайтын  заңдылықтар  болады
олар  адам  құрылымында   орындары   ауысып   тұрады,   оның   орнын   басқа
қажеттіліктер  алатын  кездерді  түсіндіретін  заңдар  болады.  Олар  келесі
заңдар.   Егерде   оның   оданда   төмендеу   қажеттіліктер   азда   болсада
қанағаттандырылса, онда жоғары деңгейдегі қажеттіліктер  адам  үшін  маңызды
бола бастайды, пайда болады. Егерде  адам  аш  болса  немесе  өзін  қауіпсіз
сезінсе оның творчестволық  жандануы  немесе  қарым-қатынасқа  творчестволық
түсуі мүмкін емес ғой.
    Егерде адамда бір жаңа қажеттілік маңызды бола бастаса онда  иерархияда
қажеттіліктердің орналасу реті өзгереді. Жаңадан пайда болған  және  маңызды
болған қажеттілік иерархияда жоғарғы орында алып адам тұлғасын  оның  мінез-
құлқында анықтайды. Соның нәтижесінде басқа  қажеттіліктер  екінші  жоспарға
кетеді, оларды қанағаттандыру сол адам үшін жаңадан келген,  маңызды  болған
қажеттіліктердің қанағаттандыруына бағына бастайды.
    Егер мысалы адам  творчестволық  тұлға  бола  бастаса  онда  творчество
қажеттілігі ол үшін бірінші орынға шығады, ол творчество  үшін  иерархиядағы
төменгі орындағы қажеттіліктерді қанағаттандырудан бас тартады.
                      7. Тұлға теорияларының келешегі.
    Әртүрлі тұлға теорияларын салыстырғанда негізгі  фактор  мінез-құлықтың
бейсаналық  детерминанттары  мен   оған   қарсы   саналы   детерминанттардың
арақатыстылығының  маңыздылығы  жайлы  жағдай  болып  табылады.   Бейсаналық
факторлар  Фрейдте  және  ортоксалды   психоанализ   әсер   еткен   көптеген
теорияларда мысалы Меррейдің, Юнгтің теорияларында көп айтылды.
    Ал басқа теорияларда бейсаналық  мотивация  өте  маңызды  орын  алмайды
оларға  Оллпорт,  Левин,  Гольдштейн,  Скиннер,   Роджерс   теориялары   мен
эксзистенциалистердің      теорияларын      жатқызамыз.       Мінез-құлықтың
детерминанттары ретінде мадақтау  немесе  бекіту  туралы  негізгі  жағдайлар
Скиннердің, Миллердің, Доллардтың теорияларында айтылады.
    Үйрену   процесіне   байланысты   тұлға   теоретиктерінің    арасындағы
айырмашылық  бір  жағынан  Скиннер,  Миллер,   Доллард   теориялары   оларды
негіздесе, ал басқа жағынан Бинсвангер, Босс, Юнг,  Роджерс,  Шелдон  үйрену
процесіне маңызды орын бермейді. Оллпорт пен Кэттелл  ол  процестерге  көңіл
бөлседе олар басқа теоретиктер айтқандарды біріктіруге тырысты.
    Үйрену процесін мүлдем басқаша қарастырған К.Левин болды Тұлға  қырлары
жайлы теориялардың айрықша белгісі тұлға құрылымын нақты көрсеткен  схемалар
болды.  Олардың  ішінде  тұлғаның  меңгерген,  алған  нәрселерін  түпкілікті
қарастырған авторлардың ішінде Фрейд, Оллпорт, Кэттелл, Юнг, Меррей,  Шелдон
бар.  Америка  психологиясы  тұлға  теорияларында  мінез-құлық  детерминанты
ретінде қарастырылған тұқымқуалаушылық факторлардың рөліне аз мән берді.
    Қазіргі жаңа теоретиктерді организмистер деп атауға  болады,  индивидті
тұтастай  жұмыс  жасайтын  бірлік  ретінде  қарастырады.  Оллпорт,   Ангьял,
Гольдштейн, Юнг,  Меррей,  Роджерс  пен  Шелдон  мінез-құлық  адамнан  бөлек
қарастырылмайды деп санады оған биологиялық сыртқы жағдайды қосты.
    Психологиялық ортаның әсері жайлы  ойларды  Бинсвангер,  Гобес,  Левин,
Роджерс  дамытты.  Өзіндік  ұғымын  пайдаланған  теоретиктер   мінез-құлықты
суреттегенде өзіндіктің маңыздылығына аса мән береді  олар  Оллпорт,  Адлер,
Ангьял, Кэттелл, Фрейд,  Гольдштейн,  Юнг,  Роджерс.  Ал  аз  мән  бергендер
Айзенк, Скиннер, Миллер, Доллард, Шелдон болды.
    Тұлға теоретиктерінің  көбі  маңызданған,  кемелденген  немесе  идеалды
тұлға жайлы мәселеге көп ден қойды Роджерс, Бинсвангер, Босс, Оллпорт,  Юнг,
Фрейд, Хорни, Адлер, Меррей, Ангьял, Гольдштейн  жұмыстарын  айтуға  болады.
Тұлға теорияларын салыстырғанда  олардың  арасында  айырмашылыққа  қарағанда
ұқсастық көп екені, бірі біріне жақындайтынын көруге болады.
    Ең негізгісі  бұл  түсініктің  тұлғалар  теориясындағы  алатын  орнымен
саралау керек. Себебі бұл түсінікке байланысты әрбір автор теорияны  тексеру
және  бағалау  үшін  қолданатын  теориялық  алғы  шарттар  мен   эмпирикалық
инструментіне қарай бағдарланады. Ең негізгісі психологиядағы өте  көп,  әрі
күші мықты деген бағыттарды  алып,  ондағы  осы  терминді  қалай  суреттейді
соның негізінде бұл терминнің психологиялық маңыздылығын көруге болады.
    I.  Типтер  теориясы.  Ең  көнесі  Гиппократ  4  темперамент   типтерін
көрсетті.    Мұнда   мына   жағдай   негізделді   және     кейінгі    типтер
теорияларындада осы жағдай басты болып табылды  әрбір  индивид  осы  негізгі
элементтердің (темпераменттің төрт типі) белгілі бір балансын береді.  Толық
  типологиялық   теорияға    В.Г.   Шелдонның    конституционалды  теориясын
жатқызуға болады. Өте сенімсіз болсада тұлға   дамуы дене  типтерімен  тығыз
байланысты деді.
    К.Юнгтің теориясы психоаналитикалық болсада кейде  ол  типтер  теориясы
ретінде жіктеледі, себебі оның индивидтерді типтерге жіктегені үшін,  мысалы
интроверт экстраверт.
    II. Қырлар теориясы.  Осы  бағыттағы  барлық  теориялар  мына  жағдайды
негіздейді адамның тұлғасы қырлар  компендиумнан  тұрады,  яғни  мінез-құлық
тәсілдері,  ойлауы,  сезімдері   және   т.б.   қырлардан   байланысты.   Бұл
теориялардың алғашқылары тұлғаны оның  қырларын  атап  ғана  көрсету  арқылы
анықтады.
    Кейінгілері  факторлық  талдау  арқылы    тұлғаны  өлшеудің  тәсілдерін
жасауға  тырысты.  Мұндағы  ең  танымалы  Р.Б.  Кэттеллдің  терең   қырларға
негізделген теориясы,  яғни  «қырлар  тұлғаны  анықтаушы».  Кэттелл  бойынша
тұлға теориясының мақсаты қырлардың индивидуалды матрицасын құру сол  арқылы
тұлғаның мінез-құлқын анықтау.
    Мұнда мына жағдайды көруге болады типтер және қырлар теориясы бір бірін
толықтырады, яғни бір монетаның  екі  жағы  деуге  болады.  Типтер  теориясы
индивидтер үшін жалпы болып табылады, ал  қырлар  теориясы  оларды  ажыратып
көрсетуге шоғырланады. Алайда бұл теориялар базалық тұлға  ұғымын  әр  түрлі
түсінуге әкеледі.
    ІІІ. Психодинамикалық және  психоаналитикалық  теориялар.  Бұл  бағытқа
көптеген  теориялар  жинақталған,  Фрейд,  Юнгтің  классикалық   теориялары,
Адлер, Фромм, Салливан мен  Хорнидің  әлеуметтік  психологиялық  теориялары,
осы бағыттағы соңғы жаңа Лэинг жэне Перлздің  теориялары.  Олардың  арасында
көптеген айырмашылықтар бар, соған қарамастан олар мына  бір  негізгі  жалпы
идеяны басшылыққа алады, тұлға интеграция түсінігі арқылы сипатталады.
    Мұнда  имплицитті  (бейсана,  түсініксіз,  жасырын,  бақылауға  тікелей
көнбейтін, ұғынусыз)  ұйғарымдар  арқылы  даму  факторларына  негізгі  екпін
жасалады, яғни ересектердің  тұлғасы  әртүрлі  факторлардың  интеграциясының
қалай өтуіне байланысты уақыт ағымына қарай біртіндеп дамиды. Сонымен  қатар
ең  негізгісі  мұнда  мотивация   ұғымына   көп   көңіл   бөледі.   Тұлғаның
мәселелерінде   негізгі   мотивациялық   синдромдарын   (мінез)    бағаламау
ешқандайда теориялық пайда бере алмайды деп саналды.
    ІҮ. Бихевиоризм. Тұлғаны зерттеуге  үйрену  теориясын  таратты.  Алайда
күші  бар  таза  бихевиористік  тұлға  теориялары  жоқ,  бұл   бағыт   басқа
теоретиктердің тұлғаны  зерттеуде  мына  жағдайға  көңіл  бөлуді  негіздеді.
Көптеген адамдар көрсететін орнықты мінез  құлықтар  негізгі  типтер  немесе
тұлға динамикасының салдары, ал салдар қоршаған ортаның ма,  әлде  кездейсоқ
туындаған  бекітулер  ме.  Осы  бихевиоризмді   қолдаған   теоретиктер   бұл
мәселеде тұлға феноменін көрмейді, ол жоғалып кетеді соған карамастан  тұлға
түсінігі қажет деп санайды.
    V.  Гуманизм.  Бұл  бағыт  психологияда   психоанализ  бен  бихевиоризм
үстемдік ете  бастағаннан  кейін  туындады.  Маслоу,  Роджерс,  Мэй,  Франкл
феноменологияға   (философиядағы   доктрина,   тікелей    тәжірибе    ғылыми
зерттеулері  психологияның   негізі   деп   санайды,   Э.Гуссерл   физикалық
оқиғалардың қатысы жоқ  оқиғалар,  жағдайларды  сыртқы  әсерсіз  адам  қалай
сезінеді, әсерленеді, индивидтің  окиғаға  реакциясы)  екпін  жасайды,  онда
негізгісі  бірінші  дәрежелі  жағдай  субъективті  психикалық  тәжірибе  деп
санайды.
    Сөйтіп   бихевиоризмнің    редукционизміне    (философиялық    көзқарас
табиғаттағы үлкен инсайтка қайталанған анализ арқылы қол жетеді,  ол  терең,
базалық  деңгейге  апарады)  қарсы  өзіндік  маңыздануға  (самоактуализация)
ұмтылу ең негізгі  деп  санайды.  Бұл  бағыттың  қиындығы  олардың  көптеген
теориялық  жағдайларының  ғылыми   тексерілуге   қиындық   келтіруі.   Соған
қарамастан бұл бағыт  тұлғаны  зерттеудегі  маңызды  ықпал  болып  саналады,
адамзаттық потенциалды түсінудің алғашқы қозғалысын жасады.
    VI.  Әлеуметтік  үйрену  теориясы.  Бұл  бағыттағы  көптеген  теориялық
жағдайлар адамға табиғаттан берілген қасиеттерге қоршаған  ортаның  әсерінің
арақатынасына  байланысты  туындады.   Алайда  тұлға   түсінігі   әлеуметтік
контекстерде  меңгерген  мінез-құлқымен  талданды,  ұлы  теоретик  А.Бандура
бойынша адамның тұлғасына үйрену әсер етсе де оның  мінез-құлқы  стимул  мен
кездейсоқ  бекітулерден   тыс   негізгі   факторларға   байланысты,     атап
айтқанда    олар    когнитивті    факторлар    ес,    есте   информацияларды
сақтау процесі, өзіндік реттелу процесі жатады.
    Алайда олардың көптеген зерттеулері үйренуді механизм  ретінде  бақылау
мен  модельдеуге  шоғырланып,  теориялық  түрде   мінез-құлықты   әлеуметтік
контекстерде теориялық суреттеуге шамалары келмеді.
    ҮІІ. Ситуционизм.  Вальтер  Мишель  осы  бағыттың  негізін  салушы,  ол
бихевиоризм  мен   әлеуметтік   үйрену   теориясын   жақтаушы   болды.   Оны
жақтаушылардың пікірі бойынша мінез-құлық моделі ішкі  типтер  немесе  мінез
қырларынан емес ол бір жағдайлардан  байланысты  болады.  Адам  ішкі  жағына
бағдарланбайды, ситуациядан тәуелді.
    ҮІІІ. Интеракционизм. Тұлға белгілі бір сапалардың, қабілеттердің өзара
әрекет.
     Жоғарыда берілген сегіз теориялық  бағыттар  тұлға  терминіне  қатысты
өздері екі бағытқа негізделеді 1 мен 3  олар  теориялық  конструкт  жасайды,
гипотетикалық сипатқа ие, мінез-құлықтағы рөл себебін ішкі «маңыздылық»  деп
қарайды, ал 4 пен  8  тұрақты  мінез-құлыққа  негізделіп  тұлғаны  екіншілей
фактор деп қарайды. Әрине бұлардан басқада  теориялар  толып  жатыр  мәселен
К.Левиннің өріс теориясы және басқалар.
    Кеңес психологиясында тұлға феномені бірнеше аспектіде  қаралды.  Тұлға
мінез  құрылымын   жасайтын   психикалық   қасиеттердің   орнықты   жиынтығы
(Б.М.Теплов,   В.Д.Небылыцин,   В.С.Мерлин   индивидуализация    аспектісі),
тұлғаның   әлеуметтік   кемелденуі   (А.А.Реан,    В.Н.Кудрявцев),    субъкт
психологиясы (С.Л.Рубинштейн) және т.б.
       8. Тұлға феноменін тұлға теориялары негізінде зерттеу жолдары.
    Тұлғаның өзіндік бағалауын  зерттеу.  Өзіндік  бағалау  тұлға  дамуында
орталық   орынды   алады,   ол   әлеуметтік   адаптацияға,    дезадаптацияға
I  байланысты,   тұлғаның  мінез-құлқы  мен  іс-әрекетінің  нәтижесі   болып
табылады. Әрине ол адамға  басынан-ақ  берілген.  Социум  өзіндік  бағалауға
әсер етеді. Тағы да педагогикалық іс-әрекетке  келеміз,  жеткіншектер  жасы,
егер оның өзін бағалауы социумда тіреу  таппаса,  оны  басқалардың  бағалауы
өзін   бағалау   шкаласымен   салыстырғанда   ылғида  төмен    болса,   онда
фундаменталды  қажеттіліктердің  бірі  өзін   силату   қажеттілігін   тарату
жабылады (блокируется) бірден өзін дискомфорт сезімінде сезінеді.
    Ал тұлға үнемі дискомфорт пен дистресс жағдайында болуы мүмкін емес, ал
жеткіншек болса өзі бұл психологиялық  жағдайдан  шыға  алмайды,  жолын  өзі
таба алмайды. Оның өзіндік бағалауы әлеуметтік  кеңістікте  адекватты  тіреу
табуы керек.  Осы  мәселені  психологиялық  шешудің  бір  жолы  жеткіншектің
өзіндік бағалауын адекватты қабылдайтын топқа  кіруі,  жеткіншек  осы  топта
өзін комфортты сезінеді,  силауға  деген  қажеттіліктері  қанағаттандырылады
(гуманистік психология, гештальт терапия).
    Мұнда мына модель жұмыс жасайды топ ішінде «шестерка», ал  басқа  бөтен
жеткіншектер үшін авторитет.  Гуманистік  теорияда  (Маслоу)  өзін  силатуға
деген қажеттілік адамның фундаменталды қажеттіліктерінің бірі деп санайды.
    Тұлғаның  акцентуациясы.  Акцентуация  терминін   бірінші   рет   неміс
психиатры, Берлин неврология клиникасының  профессоры  К.Леонгард  кіргізді.
Кеңес  психологиясында  балалар  психиатры  А.Е.Личко  акцентуацияның  басқа
типтерін ұсынды.  Акцентуация  деген  ол  мінездің  дамуының  дисгармониясы,
кейбір  мінез  қырларының  ерекше  көрінуі  (гипертрофты),  тұлғаның  кейбір
ситуацияларға  адаптациясын  қиындатады.  Леонгардтың   жұмыстарында   тұлға
акцентуациясы және мінездің акцентуациялы қырлары деген  түсініктер  үйлесіп
беріледі, ал Личко тек мінез акцентуациясы деп қарайды.
    К.Леонгардта   демонстративті   тип,   педантты   тип,   тұрып   қалған
(застревающий) тип,  қозғыш  тип,  гапертимді  тип,  дистимді,  циклотимиді,
экзальтирлі  тип,  эмотивті  тип,  мазасыз  тип.  Личко  да  орнықсыз   тип,
конформды  тип,  шизоидты,  эпилептоидты,  истериодтты,  астено  неврология,
сенситивті, психоастеникалық, гипертимді. Циклоидты, лабилді, аралас  типтер
бар.
    Орнықсыз тип еңбек жасағысы келмейді,  мейрамға,  қыдыруға  әуес,  ерік
күші әлсіз, егерде парыз деп санасада еркі оған жетпейді, байланысқа  үстірт
түседі, романтикалық ғашықтық жоқ, болашағына қам жемейді, жоспар  құрмайды,
бүгінмен ғана өмір сүреді.
    Конформды тип негізгі мінез қыры «барлығы» сияқты  болуға  ұмтылу  киім
кигеннен  тамақ  ішкенге  дейін,   қоршағандардан   позициясы,   мінез-құлқы
пікірлері қатты тәуелді  болады.  Өз  ортасының  «Жақсы»  ортасында  тырысып
оқиды, жұмыс жасайды, «жаман»  ортада  олардың  дәстүрлерін,  әдеттерін  тез
үйренеді. Мінез-құлықтың топтық эталондарын,  информацияларды  құндылықтарды
қабылдауға сынмен қарамайды.  Жеке  бастама  қажет  болмағанда  жақсы  жұмыс
жасайды.
    Шизиодты  тип.  Негізгі  қыры  қарым-қатынаста  тұйық,  сезгіштігі  кем
байланысқа түскенде тез айнып тіпті тез өзіне кетеді,  басқалардың  қайғысын
түсінуге сезімтал емес,  эмпатиясы  төмен,  партнердің  ойларын,  тілектерін
ұқпайды.  Әуестенуі  өте  күшті,  тұрақты,  ешкімге  ұқсамайды.   Эротикалық
фантазиялары бай болады, жиі асексуалды, эмоциялық контактілерге  түсуі  өте
ауыр.
    Эпилептоидты тип көңілі толмайды  іші  пыса  береді,  соған  байланысты
ашуланшақ, сол  ызасын  төгетін  объектіні  ылғи  іздеп  жүреді,  аффективті
жарылғыш, аффектілері өте күшті, ұзаққа созылады, махаббатта өте  қызғаншақ,
құрбыларына келгенде  лидер,  билікті  алғысы  келіп  тұрады,  қатал  тәртіп
жағдайына жақсы  бейімделеді,  бастықтың  алдында  бәрін  орындап,  жағдайын
түзеткісі келеді,  ұсақшыл  ұқыпты,  барлық  ережелерді  дәл  сақтайды,тіпті
олары іске кесірін тигізеді, реттілікті ұнатады, педант.
    Истериодты тип негізгі белгісі өте эгоист, өзіне елдің бәрі көңіл бөлсе
дегенге  қатты  алаңдайды,  бәрі  маған  таңқалса,  қызықса   деп   ойлайды,
жалғандығы және фантазиясы  өзіне  назар  аударту  үшін  жасайды,  театралды
бастан кешіру, өзін көрсете береді. Жұмысқа қабілеті төмен, өзін  көрсететін
жерде ғана қимылдайды.
    Астенико невротикалық тип тез шаршайды, ашуланшақ,  ақыл  ой  жұмысында
тез шаршайды, болар болмас нәрсеге аффективті.
    Сенситивті  тип  өзінің  әлсіздігіне  жоғары  сезімталдық,  өзінен  көп
кемшілік көреді, физикалық меніне көңілі толмайды,  тұйық,  қорқақ,  ұялшақ,
танымайтындармен қарым-қатынасты орнатуы қиын.
    Психастеникалық тип шешімге келе алмаушылық, мазасыз,  кінәмшіл,  жақын
туысқандарын көп ойлайды, мінез қырлары бастауыш мектепте-ақ  көрінеді,  өзі
үшін, басқалар үшін жауап беру ең қиын  тапсырма  болып  табылады.  Қиялында
қорқынышты көп ұстайды.
    Гипертимді  тип  көңіл  күйі  ылғида  жоғары,  лидерлікке  жету  ылғида
белсенділік көрсетеді, жаңаға тез назар салады, бірақ  қызығулары  тұрақсыз,
таңдаусыз әркіммен таныса береді, таныс емес ортаға тез  бейімделеді,  бірақ
жалғыздықты көтере алмайды, тәртіпке жоқ өз мүмкіндіктерін асыра  бағалайды,
болашаққа оптимист көзқарас, ашуы тез тарайды.
    Циклоидты тип көңілі біресе жоғары  біресе  төмен  тез  ауысып  тұрады,
жұмыс қабілеті де соған байланысты болады, сәтсіздіктерді  өте  қиын  бастан
кешіреді, суицидқа жақын.
    Лабильді тип көңіл күйі  тез  алмасады,  соған  қарай  белсенділігі  де
өзгереді,  қарым-қатынасы  да  өзгереді,   сезімдері  терең,   шын   болады,
сезімтал,  лидерлікке  ұмтылмайды,  өз  мінезін  адекватты  эмпатияға   бай,
бағалайды.
    Аралас типтер акцентуациядан  басқа  екі  қыр  анық  көрінеді,  жартысы
акцентуациялы болады, мысалы конформды гипертимді тип болуы мүмкін.
    Тұлға теорияларына байланысты соңғы кезде көп айтылып  жүрген  А  типті
тұлғалар  және  А  типті  мінез-құлық  модельдері.   Бұл   ұғымдарды   тұлға
психологиясына психосоматикалық медицинадан  М.Фридман,  Р.Розенман  әкелді.
Бұл  типтегі  адамдар   нәтижесінде   психоэмоциалы   дистресске   әкелетіні
дәлелденді.
    Негізгі белгілері біріншілікке күшті ұмтылады, әлеуметтік  басымдылықты
жақсы көреді, өмірді бәсекелес  күрес  деп  ойлайды,  барлық  жерде  бірінші
болғысы  келді,  жәй  нэрселердеде  бірінші  болу  тілегі  басын   ауыртады,
амбициялы болады, шыдамсыздықты жиі көрсетеді, қайсар, мақсатқа  жетуде  өте
шыдамсыздық  көрсетеді,  агрессияны  жиі  білдіреді,  алайда  осының   бәрін
әлеуметтік бәсекелесуде ғана көрсетеді.
    А типті тұлға атауы жиі түрде А типі және оның жүрегі немесе  коронарлы
тип деп аталады, себебі бұл типтегі адамдар инфаркт,  инсульт  аурулары  жиі
кездеседі,  психоневрологияға  тәуекел  көп  болады.  Әлеуметтік  бәсекедегі
сәтсіздіктер оларды психоэмоциялы тәуекелге, дистресске тез әкеледі.
    Тұлға  феномені  өте  күрделі   және   уникалды,   типологиямен   тұлға
теориясының  көрнекті  өкілдері  Юнг,  Айзенк,   Фромм,   Кречмер,   Шелдон,
Лазурский, Павлов, Кант, Декарт және т.б. айналысты.  Психоанализдегі  тұлға
теориясына бағытталған тұлғалар типологиясы, психоаналитикалық типология.
    I. Оралды тип басқалардан қатты тәуелді  болады,  ішкі  бағдары  енжар,
арам немесе шектен тыс ақкөңіл болады.
    II. Аналды тип ұқыпты, бірбеткей, тәртіпшіл
    III.Уретралды тип даңқты жақсы  көреді,  ұялшақ  бірақта  бақталастыққа
жақын болады.
    IV.Фалии тип (өз жыныс мүшесіне қызығудың басталуы)  шешім  қабылдағыш,
өзіне сенімді, мақсатқа ұмтылғыш.
    Ү. Гениталды тип теңгерілген тұлға.
    Хейманс психологиялық характерологиясын  француз  мектебінің  өкілі  Ле
Сенн аяқтаған типологиясы.
    Эмоциялық тип, белсенді тип, біріншілей және  екіншілей  тип  осылардан
сегіз  мінез  сипаттамасы  шығады.  Жүйкесі  жұқарған,  сентименталды,   өте
әрекетшіл, қызба, ынтыққыш, сангвиник, флегматик, аморфты қамсыз, апатиялы.
    Психологиялық әдебиеттерде  адамды  белгілеу  үшін,  сипаттау  үшін  үш
термин қолданылады индивид,  индивидуалдылық,  тұлға,  олар  адам  түсінігін
ерекше көрсете отырып, өздерінің мазмұндары әртүрлі  болады.  Адамның  дамуы
жайлы, меңгерген индивидуалды ерекше психологиялық, рухани  және  әлеуметтік
сапалары туралы айтатын болсақ,  онда  жоғарыдағы  үш  түсінікті  талдауымыз
керек.
    Қайтадан  бізді  қорқыту  үшін  немесе  таныс   бет   бейнелерді   неге
қайталайды. Сондай-ақ ұқсас дауыстар да бар. Алайда олар  тек  сырттай  ғана
ұқсас, ал ішкі әлемдері жатқан бір жұмбақ.  Тарзанды  шал  ретіңде  елестету
мүмкін емес ғой, адам деген бір  уникумм.  Нақты  бейнелер  мықыт  торстарды
жасайды, біз оларды басқаша  қабылдай  алмаймыз.  Дон  Кихоттың,  Алпамыстың
сыртқы бейнелерін ауыстырып көріңіз.
    Балалар өздеріне таныс  мультфильмдерді  жақсы  көреді,  кейін  олардың
персонаждарын басқаша ауыстырғанда,  олар  көрмей  қойған.  Жаңа  геройларды
таныс еместер деп қабылдаған, бұрынғы геройлар тек бет әлпеті өзгерілген.
    Индивид тарихтың алғы  шарты.  Мен  өзімді  көргім  келсе,  көз  алдыма
келтірсем, алдымен физикалық бейнені кез алдыма келтірем, алайда ол  ауысады
ғой,  жылдар  өтеді,  қатты  өзгерістер  байқалады,  дауыс   өзгереді   тағы
басқалар.  Ішкі  темір  бездерінен  (внутр.желез)  жұмбақ  секрециялар  ояна
бастайды.  Таң  қаларлық   энергиялар   туындайды.   Мен   өзімді   жанымнан
бақылаймын, шынында мен бе, депрессияға ұшыраймыз. Сұрақтар көп.
    Индивид биологиялық сипаттамалардың жинағы болсада ол  әлеуметтік  тірі
жан, сондықтанда оған тек тәнге қатысты және жалды  психологиялық  қасиеттер
ғана тән деп  ойламау  керек.  Сондықтанда  индивидті  «қоғамға»  абстракция
ретінде қарсы қою керек, яғни адам қоғаммен қалай  арақатынаста  болады  сол
мағынада түсінеміз.
    Адам табиғи негіздерді бөледі, индивид  әуелден-ақ  әлеуметтік,  алайда
әрбір адам өзінде керемет индивидуалды байлықтарды ашады  деп  ұқпау  керек,
белгілі бір деңгейде ол табиғи негізгілік, социумға  енген  деп  түсініледі.
Социумда  адам  не  ашылады  не  жабық  әлеуметтік  атом   ретінде   қалады.
Фантастикалық әдебиетте минимум адам деген бар, ал  адамдар  минимумға  емес
максимумға ұмтылу керек, әлеуметтік  процестер  индивид,  оның  байланыстары
арқылы таратылады. Біз индивидте әлеуметтік және  психологиялық  байлықтарды
ұйғарамыз.
    Индивидтті түсіну үшін оны қоғамна тыс қабылдай алмаймыз, себебі ол сол
қоғамда   өмір   сүреді.    Индивид    өзіндегі    шарттанған    биологиялық
қажеттіліктерді  тарату  үшін  қоғамның  басқа  мүшелерімен  қарым-қатынасқа
түседі. Ендеше  индивидті  бөлуге  болмайды,  бір  жағынан  тек  биологиялық
әлемін, бір жағынан тек әлеуметтік  әлемін,  қоғамды  бөлек  көре  алмаймыз,
себебі қоғам оларды не қанағаттандырады не басып жоқ қып жібереді.
    Американдық  психоаналитик  Фромм  өзінің  тұлға  жайлы   теорияларында
көрсетеді, адамның әлеуметтік тарихы адам өзін  табиғатпен  бірлікте  болған
күйінен бастап шықты, ол өзінің жеке  тірі  адам  екенін,  басқа  адамдардан
айырмашылығы бар екенін түсінгенде пайда  болды.  Соған  қарамастан  индивид
табиғаттың  бір  бөлшегі  екенін  үнемі  сезінеді.  Адам  табиғаттан  бөліне
отырып, индивидке айналып, өзін адам ретінде бірінші рет сезіне бастады  деп
жазады ол.
    Тұлға деген  кім.  Санкт-Петербургта  сот  процесі  жүріп  жатыр,  адам
өлтірген қылмыскер жетондармен ойнап отыр, көзін жартылай ашып шешім  оқыған
прокурорға қарады. Сонда оның санасында не өтті, қорқыныш, ұялу, өкіну  әлде
агрессия ма.  Осы  адамға  өлім  жазасы  туралы  үкімді  оқығанда  мен  оған
қарадым, оның көзкарасы мәнсіз, нейтраль, әрі тоқтап қалған сияқты  көрінді.
Соңғы сөз оқылғанда залдағылар қатты қол шапалақтады.
    Мені осы жағдайда не таңқалдырды, жауыз  кылмыскер  емес,  үкімді  оқып
жатқандағы өлі тыныштық орнамаған жағдай емес, прокурордың  қаталдығы  емес,
мен күтпеген залдағы адамдардың қол соғуы болды. Залда  бір  жын  күш  пайда
болғандай, елесі көз алдыма келді.
    Адамның өмірі зорлықпен тоқтатылды,  әрине  менікі  дұрыс  емес  шығар,
қылмыскерге  жақ  тартуға  болмайды,  егерде  адамдар  осы  процесті   үнсіз
бақылап, оны ойша талдаса ғой, бірақ олар бәрі  ешнәрсе  болмағандай  есікке
асықты,  күнделікті  тіршіліктеріне  асықты,  ешнәрсе  болмағандай.   Алайда
олардың ең куанғандары басқаша  болды,  олар  өлім  жазасын  қол  шапалақтап
қарсы  алып,  қуаныштарын  соған  шығарды,  есіктің  сыртында  күтіп  тұрған
тіршіліктеріне емес.
    Енді қылмыскерге оралайық, қандай суыққанды адам,  мен  ойладым  қандай
ерекше  тұлға,  ерік  импульсі   қандай   күшті,   онда   не   деген   күшті
қайталанбастық және жауыздық бар, қандай өзіндік ерекшелік,  әрине  сіздерге
бұл ой ұнамайды, мен әдейі істеп тұрмын, әрине  оны  тұлға  деп  айту  қиын,
адам өлтірген адамды қайталанбас керемет деп айту логикаға сыймайды.
    Бізде коллективті сана деген мүлдем деградацияға ұшыраған,  құндылықтар
өзгерген,  оқушыларға  арналған  әдебиеттерді   қарасақ   бұрынғы   өмірдегі
жағдайларды  керемет  тұлғалар  жасаған,  бірақ  қиналмаймыз,  олардың  бірі
ұрлықшы, сатқын, интриган, екіншілері қылмыскер екені бізді  қинамайды.  Біз
бәрібір ойлаймыз қандай керемет тұлға деп, теориялық  тұрғыдан  жамандар  да
адамдар, әрине тарихты солай жаман деп көрсетуге болмайды.
    Сол кездің адамдары да  өздерінің  ынтығуларымен,  қорқыныштарымен,  өз
әсерленулерімен өмір сүрген. Неге біз адамдардың  ерекшелігі  жайлы  нәрсені
солармен байланыстырамыз, бәрібір оларды тұлға деп мойындаймыз. Патша  тойға
адамдарды  өлтіретін  пирогты  комплексіз,   қиналмастан   апарды,   бәрібір
жауыздық болсада адам тұлғасы жайлы айтамыз.
    Ресейден шыққан тоғызыншы сыныпқа  арналған  Я.Соколовтың  «Азаматтықты
тану» (граждановедение) кітабында жазылған «Иә, қылмыскерде,  ереже  бойынша
тұлға, да,  осыны  оқыған  бала  қиялында  тұлғалар  парады  өтеді  өкіметті
тонаушылар,  бұзықтар,  ұрлықшылар...  Бәрі  абсурд...  Философия  тарихында
индивидуалдылық пен тұлға  түсінігіне  байланысты  Н.Бердеявтің  мына  сөзін
айтуға болады:  «человек  может  иметь  яркую  индивидуальность  и  не  имет
личности».
    Тұлға индивидттегі барлық адамзаттық көріністер болып  табылады.  Неміс
философы Ф.Шлейермахер  (1763-1834)  «каждый  человек  должен  на  свой  лад
выражать человечество», осы ой психологияда тұлғаны түсінуге итермелейді.
    Тұлға жайлы  сөз  болса,  онда  индвид,  индивидуалдылық,  тұлға  деген
ұғымдардың философиялық мәні  жоғалады.  Тұлға  рухани  адамның  универсалды
ұғымы, ол өзіне өзіндік  болмысты,  әлеуметтік  сапаларды,  жанның  байлығын
жинайды. Қайыршыны тұлға деп айта аламыз ба,  айта  алмаймыз,  ал  неге  деп
ойлаймыз.
    Ол әлеуметтік сапаларды жоғалтты, әлеуметтік  нормалардан  бас  тартты,
мәдени дәстүрлерді ұмытты, яғни өзін  минимумға  апарды.  Жоғарыда  айтылған
қылмыскерге ораламыз, ол тұлға ма. Қараңыз ол  қалай  батыл,  тіпті  ешкімге
ұқсамайды. Алайда ол адамдық нормалардан шықты, бар  мінез-құлық  ережелерін
ұмытты, өзін криминалға итерді. Біз қылмыскердің  тұлғасына  қатысты  барлық
жаман сапаларды оған жапсырсақта, біз бейсана дәрежесінде  бәрібір  өнегелік
сапалардан үміттенеміз.
    Тұлғалардың  психологиялық  типтері,  ол   өзіндік   бағалаумен   тығыз
байланысты, олардың  екі  түрі  бар:  не  өзіме  ризамын  не  риза  емеспін.
Американдык философ  және  психолог  У.Джеймсте  тұлға  теориясында  бірнеше
жағын  көрсетеді,  мақтаныш  сезімі,  өзіне  разылық,  жоғарғы  кеуде,  даңқ
сүйгіштік, екінші жағынан ол  қарапайымдылық,  қорлану,  ұялу,  сенімсіздік,
өкіну, қоғамдық ұлтқа қалам деген сана.  Өзіндік  бағалау  неден  байланысты
Джеймс бойынша ол сәттіліктен байланысты.
    Субъектінің ішкі  әлемінде  бірнеше  тұлғалар  болады  немесе  тұлғалар
иерархиясы, бізде басқалар тұлғалықты мойындаса, онда бізді  қоғамдық  тұлға
жасайды (Джеймс), біз жануарлар табыны ғана емес  «қоғамдық  жануарлар»  біз
қоғамда болғанды ұнатамыз, әрі туа берілген механизм бар, бізге  бәрі  назар
аударса,  басқаларға  жағымды  болып  көрінсем  деген,  сондықтанда  адамның
ішінде қаншама әлеуметтік тұлғалар бар.
    Ал  рухани  тұлғага  Джеймс  мынаны  жатқызады,  нақты  алынған  рухани
қабілеттер мен қасиеттердің жинағын қамтыған сана күйі,  оның  ең  орталығы,
ең қасиеттісі біздегі «Мен», яғни белсенділік сезімі, ол ішкі  рухани  күйде
табылады.  Бір  адамдағы  бірнеше  тұлғалардың  түрлерін  иерархия   түрінде
елестетуге болады төменде физикалық тұлға жоғары  қарай  рухани  тұлға  және
аралықтағы  физикалық  пен  руханидың  арасында  жатқан  әртүрлі  материалды
(біздің тәнімізден  бөлек  жатқан)  және  әлеуметтік  тұлғалар.  Потенциалды
қоғамдық тұлға ерекше парадокстар нәтижесі, ол тұлғаның діни  және  өнегелік
жақтарымен тығыз байланысты.
    Адам  деген   кім.   Психологияда   адамды   өте   жарқырап   көрінетін
энергетикалық жүйе деп түсініледі, кез келген  энергетикалық  жүйе  тыныштық
күйіне келуге ұмтылады,  ол  соны  жасауға  мәжбүр  болады,  сол  үшін  оған
энергия қызмет етеді. Оның жасырын функциясы өзінің  меншікті  тепе-теңдігін
сақтау.
    Тұлға   теорияларының   тағы   бір    авторы    американдық    психолог

                                                                   Э.Берннің
пікірінше  адамның  механизмі  солай  жаратылған  барлық  ішкі  және  сыртқы
оқиғаларында ерте ме әлде кеш пе бір тепе-теңдікті орнына келтіретін  жағдай
міндетті түрде болады. Тепе теңдіктен шыққан  шығушы  энергия  (күш  кетіру)
адамда  физикалық  және  психикалық  болып   бөлінеді.   Психикалық   зорығу
(напряжение)  мазасыз,  тынымсыз,   беймаза   сезімдерде   көрінеді,   ондай
қажеттіліктерді тілектер деп атайды.
    Тек тірі жандылар ғана  тілек  тілей  алады,  сол  күрделі  тілектерден
жыныстық ұмтылу, өзін жақсы көру, қолдау  табуға  ұмтылу  тілектері  шығады,
солардың ішінде  көптеген  саналы  және  бейсаналық  тілектер  толып  жатыр,
психологиядағы тұлға феноменін түсінуге  арналған  теориялардың  да  міндеті
осындай  тілектердің  табиғатын  ұғыну.  Адамдағы   проблемада   энергиядағы
проблема сияқты, күш  кетіруді  түсіру  үшін  аз  болсада  кедергінің  жолын
іздейді.
    Швейцар психологы, классикалық тұлға  теорияларының  авторларының  бірі
К.Г.Юнг адамдарды үшке бөлді экстраверт, интроверт, амбиверт (интроверт  пен
экстраверттің   арасында   тепе-теңдікке   жеткендер).    Аудиторияда    кім
экстраверт, кім интроверт деп сұрасаң көбі  қашады,  өздерін  ешкім  емеспіз
немесе амбивертпіз деп ойлайды.
    «Покровские ворота» деген фильмде оның басты кейіпкері айтады  мен  өте
өңсізбін, қолайсызбын, ынжықпын, жалғыздыкты жақсы көремін,  өз  ойыма  өзім
батып кетемін, мен өте ұялшақпын, қарым-қатынасқа тез түсе алмаймын.
    Ендеше мен интровертпін ғой,  ұмытып  барамын  кейде  қонаққа  барғанды
қатты ұнатамын, сол кезде көп сөйлесемін... ол  сонда  экстраверт  пе.  Адам
сондай күрделі оның нүктесін табу өте қиын, бүгін экстраверт  болсам,  ертең
интроверт боламын, шексіздік.
    Ағылшын  психологы,  тұлға  теорияларының  авторларының  бірі  Г.Айзенк
экстраверт не интроверт болу сол күнгі жұлдыздарға  байланысты  дейді.  Міне
осындай гипотезалар психологиялық типтерді жасауға  итермелейді,  бір  типке
жатқызған  адамдардың  өзінде  айырмашылықтар   болады.   Соған   қарамастан
психология ғылымы ол айырмашылықтарды топтап адамдарды әр топқа жатқызады.
    Юнг жазады «екі жас  адам  қала  сыртында  қыдырып  жүріп  бір  замокке
келеді, екеуі де замокты іштен  көргісі  келеді,  интроверт  айтады  «ол  іш
жағынан қалай көрінеді екен», экстраверт айтады  «жүр  кірейік»  деп  бірден
қақпаға жылжиды. Интроверт  оны  тоқтатуға  тырысады  «мүмкін  бізге  рұқсат
етпейтін шығар, өзі ойша ойлап тұр, мүмкін онда  полиция  бар  шығар,  штраф
салуы мүмкін, ит  бар  шығар».  Оған  экстраверт  жауап  береді  «жақсы  жүр
сұрайық, олар бізді  жіберер»,  оның  қиялында  қайырымды  бір  шал  күзетші
рұхсат береді, қонақ жай  синьорлар  рұхсат  берер.  Ақырында  экстраверттің
оптимизмінің арқасында олар замокке кіреді.
    Ары  қарай  Юнг  былай  суреттейді,  олар  ішке  кіргенде  замок  қайта
жасалыпты, ішінде ешнәрсе жоқ, екі жәй ғана бөлмелер қалған, онда  ескі  бір
екі экспонат  ғана  бар,  сонда  интроверт  соншалықты  қуанады,  күзетшінің
айтқандарына қызығып, беріліп кетеді, жас адамның ұялшақтығы бәрі жоғалады.
    Ал  экстраверттің  керісінше  көңіл-күйі  құлдырай  береді,  іші   пыса
бастайды, беті қызарып кетеді, себебі  қайырымды,  қонақжай  рыцарлар  қарсы
алмады, оқиғаға орын жоқ, музейге айналған замок ғана. Мұны  үйдеде  қарауға
болады.
    Сонымен интроверт жанданып кетеді, экстровертте көңіл күй түсіп кетеді,
экспонанттар  оған  кітапхананы  елестетеді,  ал  кітапхана   университетпен
ассоцацияланады,   университет   оқумен   және    жақындап    келе    жатқан
емтихандармен ассоцацияланып,  көңілі  түсіп   кетеді,   алдында  соншалықты
қызықты болған замок оған  енді  ұнамайды,  объект  негатив  бола  бастайды.
Интроверт айтады қандай тамаша болды, ал екіншісі айтады, ішім пысты дейді.
    Интроверттің ашуы келеді, ойша  ойлайды  енді  ешқашанда  экстравертпен
серуенге шықпаймын. Экстраверт ойлайды интроверт эгоист көктемнің  бір  күні
мына экспонанттарға кетті деп. Осы тәжірибеден  кейін  Юнг  шешті  адамдарды
тек  интроверт  және  экстраверт  деп  ғана  бөлмей,  оларды  жеке   негізгі
психологиялық  функциялары  бойынша  да  ажырату  керек.  Яғни  олар  ойлау,
сезімдер,  түйсінулер,  интуициялар.  Осыған  байланысты  ойлауды  сезімтал,
түйсінгіш, интуитивті типтер деп бөледі.
    1908 жылы З.Фрейдтің «Мінез және аналды  эротика»  деген  кітабы  жарық
көрді, мінезде көп кездесетін ерекше үш  қыр  ұқыптылық,  бірбеткейлік  және
үнемдегіш  аналды  эротикамен  байланысты  деді  яғни   ануспен   байланысты
сезімталдық. Мінез ол салыстырмалы түрде  сезімдердің  тұрақты  құрылымдары,
Фрейд мінез арқылы типология жасағысы келгенімен онымен айналыспады.
    1933 жылы В.Райхтың «мінезді анализдеу» деген кітабы  шықты,  әрине  ол
қазіргі характерологиядан  алыста  жатыр,  дегенмен  ол  бастау  берді,  осы
Райхтың шәкірті А.Лоуэн  оралды  сатыны  талдады,  себебі  психикалық  жұмыс
жасау биоэнергетикалық процестерден тікелей байланысты.
    Егерде баланы ана сүтінен ертерек  айырса  онда  ол  адамда  өмір  бойы
қанығуға ұмтылу болады, бала сияқты тәтті  ұйқыға  бара  береді  бұл  оралды
саты, мұндай адамдар терең жалғыздық сезімі, көңіл қалу, дәрменсіздік  жайлы
жиі айтады, оларға үнемі назар аударғанды ұнатады, мақтағанды күтеді,  маған
тілектер айтса екен деп қатты қажетсінеді. Оралды типтегі адамдар  физикалық
белсенділіктен тез шаршайды, энергия жетіспей жүреді.
    Тағы бір тип мазохзистік «олар субъективті  болады,  қайғырулары  үнемі
сақталады, шағымшыл болады, ылғида өзіне зиян келтіріп жүреді, өзін  кінәләй
береді (моральды мазохизм), басқаларды үнемі қинай  береді,  мұндай  типтегі
барлық адамдар қолапайсыз  болады,  қарым-қатынаста  да  қолапайсыз  болады,
ақыл ойы жетпейтін сияқты көрінеді.
    Истерикалық типтер психоанализде  кейін  жасалды,  оның  симптомдарымен
Фрейд  өзі  талдады,  кейін  Райх  мына  сипаттаманы  береді  «оның  негізгі
ерекшелігі ашық сексуалды  мінез-құлық,  дене  жүрісінде  соған  бейімдейді,
одан  сексуалдылықтың  белгілері  анық  көрінеді,  сөзінен,  интонациясынан,
көзқарасынан.  Мұндай  адамдарда  мазасыздану,  қауіпсіздену  сезімдері  көп
болады, олар бала кездегі қорқыныштармен тікелей байланысты болады.
    Фалли  (өз  жыныстық   мүшелеріне   қызығу)   нарцистік   типтер   олар
компульсивті  (қайталағыш,  жабысқақ),  невроз  бен   истерияның   ортасында
болатын типтер  компульсивті  типтер  импульстарды  ұстау,  өзін  қадағалау,
депрессия тән болса,  истерияларды  ашуланшақтық,  тірі  қиял,  шыдамсыздық,
лабилділік (икемді) тән болғандықтан  фалли  нарцис  типтер  өзіне  сенімді,
өзін  жоғары  санайтын,  икемді,  энергиялы  және  көрнекті  болады.  Оларда
агрессия көп болады.
    Енжар әйел типтегі типтер  шамадан  тыс  жұмсақ,  көнгіш,  жұмсақ,  қу,
дауыстар әйелдерге ұқсас, бет келбеттері де жұмсақ, иілгіш болады,  агрессия
болмайды.
    Шизофрениялық  типтер  осыған  дейін  «Меннің»  дамуындағы  бұзылуларды
көрдік, невроз адамның болмыспен қатынасының бұзылуы,  оны  қисайтып  көруі,
невротиктер   болмыспен   қатынасты   сақтайды,   алайда   оның   талаптарын
қабылдамайды,  сенімсіздік  көрсетеді,  күмәншіл  болады,   агрессия   күшті
болады,  ал  шизофрениктер  болмыспен  байланысты   мүлдем   үзеді,   оларда
деперсонализация  жүреді,  яғни  тұлғаның  бөлшектенуі   (распад),   тәнінде
өзінікі емес деп сезінеді, кейде ол батыл болады бірақ ол  ұзаққа  бармайды,
агрессиясы күшейеді, өзін қадағалау жойылады.
    Бұл типтердің бәрі клиникалық зерттеулерде жасалды, егерде адамда мінез-
құлықтың типтік тәсілі жоқ болса, ол сау адам, ол  болмыста  өзін  спонтанды
ұстайды, ситуацияның талаптарына рационалды  бейімделеді,  ендеше  денсаулық
дегеніміз ол иілгіш күйі.
    Әлеуметтік мінездер (типтер) яғни тұрақты  нақты  көрінетін  бағдарлану
жүйелері. Социализация процесі индивид  адамдар  арасындағы  қатынас  арқылы
өзін және өзінің басқаларға деген қатынасын  анықтағанда  басталады.  Қарым-
қатынастың нақты типінің дамуы  әлеуметтік  мінездің  қалыптасуына  әкеледі.
Тұлғаның құрылымын тек оның ойлары, сезімдері ғана емес оның  әрекеттері  де
анықтайды, мұны  Фрейд  айтты,  алайда  Фромм  оны  теориялық  негізделмеген
дейді.
    Мысалы  адам  үйдің  терезелерін  санай  бергісі  келсе   соған   қатты
қажеттілік болса, онда ол  қажеттіліктің  астында,  негізінде  қандайда  бір
итермелейтін  ішкі  ұмтылулар  бар  (невротиктер),  ал  сау  адам   ақылмен,
болмыстың жағдайларына қатысты ойланып жасайды. Осы  рационалды  мінез-құлық
тұлғаның құрылымын анықтайды. Осы әлеуметтік мінез-құлықтың функциясы неде.
    Мысалы  адам  артық  затты,  қобырап  жатқанды  ұнатпайды,  егерде   ол
магазинде істесе, онда оған пайдалы себебі үнемшіл болуға ол  міндетті,  осы
мінездің экономикалық функциясынан басқа психологиялық функциясы да  болады,
адамға оның тұлғасында жатқан жинақтағыш қажеттілік болып табылса,  онда  ол
терең  психологиялық   қанағаттану   алады,   ол   әрі   экономикалық,   әрі
психологиялық ұтады.
    Ендеше нормалды  адам  үшін  өз  әрекетін  практикалық  қажеттіліктерге
сәйкес бағыттауы керек және өз іс-әрекетінен психологиялық қанағаттану  алуы
керек.  Әлеуметтік  шарттарға   бейімделе   отырып   адам   мінез   қырларын
қалыптастыра  бастайды,  ол  сол  ортаның  талабына  қарай   әрекет   етеді,
сондықтанда психологиялық энергиялар өндіргіш күштерге айналады, ол  қоғамға
қажет, ал адамда сыртқы күштеуден басқа еңбекке  деген  психологиялық  мәнге
ие ішкі қажеттілік болады, ол адам өзін тұлға ретінде сезіну үшін маңызды.
    Адам сыртқы билікке бағынумен қатар  өзінде  ішкі  билікті  жасайды  ол
дегеніміз парыз бен ар ұят, оларсыз бірде бір  сыртқы  билік  басқара  алмас
еді. Сонымен әлеуметтік мінездер сыртқы мұқтаждықтарды ішкі  қажеттіліктерге
айналдырады, адамның энергиясы әлеуметтік экономикалык  жүйенің  міндеттерін
орындауға жұмсайды, соған сәйкес  мінез-құлық  қалыптасады.  Егерде  мінезде
белгілі  бір  қажеттіліктер  дамыса  онда  оған  сәйкес   мінез-құлық   оған
психологиялық қанағаттану береді, әрі материалдық табыста практикалық  пайда
келеді.
    Қоғам индивидке бір уақытта осы екі  сфераны  қамтамасыз  етсе,  сыртқы
және ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етсе (материалды  және
рухани)  онда  психологиялық  күштер  әлеуметтік  құрылымдарды  цементтейді.
Алайда ерте ме кеш пе ажырау болады, бұрынғы мінез  қырлар  сақталады,  олар
жаңа  эконмикалық  жағдайға  сәйкес  келмейді,   пайдасыз   болады,   ендеше
психологиялық адаптация өзгереді, бұрынғы құндылықтар нарыққа қарай  басқаша
қабылданады.
    Қай заманды алсаңда адамдардың күнәлері көп,  патша  болсын,  жәй  адам
болсын, тіпті құдайлар туралы аңыздарда да  (Прометей).  Адамдардағы  кінәлі
болу  сезімі  міндетті  түрде  болатын  процесс,  оны   қорқыныштар,   қанды
үстемдіктерді игерген, олардан шығатын  жол  іздеу  керек,  алайда  дамудағы
ынтығуларды жеңу мүмкін емес, ендеше ішкі әлемде гармония жоқ.
    Әлемдегі барлық жануарлар инстинкті программасы аяқтайды, аралар  ұясын
жасап шығарды, тек адам ғана бітпей қалған ... сондықтанда  өмір  бойы  адам
зерттеледі. Адам қолы тар ал оны тұлға деп айта аламыз  ба?  Адам  психикасы
өте сая қырлы, тұлға теориясының бір авторы Ассаджиолидің психика  моделінде
бірнеше қабаттар бар:
    Бірінші қабат төменгі  бейсаналық  -  элементар  психика  актілері,  ол
дененің жұмысын қамтамасыз етеді, дене функцияларын ақылды  коррдинацияларын
басқарады,   фундаменталді   әуестенулер   кіреді,   яғни   адамның   өзінің
қажеттіліктерін қанағаттандыруы, ол  көптеген  комплекстерден  тұрады,  олар
интенсивті эмоцияларға қаныққан болады, одан кейін түс көру, мұңаю,  төменгі
қиял   кіреді,    төменгі    парапсихологиялық    процестер,    патологиялық
құбылыстар—фобиялар, оянулар, паранизм, маниялардан тұрады.
    Екінші қабат ортаңғы бейсаналық — белгілі бір психикалық  элементтердің
жиынтығы, біздің сергек санамызға жақын және бәрін жеңіл  жасайды,  жиналған
тәжірибелерді ассимиляциялайды (қосады, меңгереді), ойлау,  қиял  процестері
өтеді, осы қабатта идеялар туады олар санаға өтуге ұмтылады.
    Үшінші қабат  жоғарғы  бейсаналық  -  немесе  жоғары  сана,  бұл  қабат
интуиция  мен  шабыттануды  береді,  мұнда  көркем,  философиялық,   ғылыми,
моралды талаптанулар туындайды,  адамды  жақсы  көру,  геройлық  мінез-құлық
импульстері туындайды. Жоғарғы  сезімдер  альтуристтік  махаббат,  генийлік,
өзіндік жарқырау, экстаз, өзін білімдірудің  қайнар  көзі  осы  қабат  болып
табылады. Мұнда жасырын күйде барлық жоғарғы  психикалық  процестер,  рухани
энергия болады.
    Төртінші қабат - сана өрісі, мұнда адам  үнемі  бақылайтын,  талдайтын,
бағалайтын үздіксіз түйсінулер, сезімдер,  тілектер,  импульстер,  бейнелер,
ойлардың ағындары болады.
    Бесінші  қабат—«Мен»  санасы,  «мен»  түсінігі   психологияда   тұлғаны
белгілеу үшін қолданылады, «Мен» - ақылдың,  дұрыс  ойлаудың  қолдау  табуы,
«мен»  дегенде  индивидтің   санадан   айырмашылығы   бар   өзіндік   санасы
түсініледі, екеуінің айырмашылығы - біреуі- ақ жарқыраған  экран,  екіншісі,
оған көшірілген ондағы әртүрлі көріністер (сезімдер, түйсінулер ойлар).
    Алтьшшы қабат - жоғарғы «Мен» - тұрақты орталық, эгоның шегінен  шыққан
нағыз «мего> бүл ішкі әлем мен сыртқы әлемнің арасындағы делдал,  бейсаналық
әуестенулерді   ырықтандырып   оларды   әлеуметттік   мінез-құлық   арнасына
бағыттауға ұмтылады,  себебі  адам  ұйықтағанда  депрессия,  гипноз,  наркоз
күйінде болады, онда оның «мен» күйі жоғалып, сергектену күйіне өтеді,  сана
реалды «Менді» тұлға құрылымына проекциялайды.
    Жетінші қабат - коллективті бейсаналық (Юнг) адамдардың тұқым қуалаудан
алатын ұғынылмаған  психикалық  құрылымдар,  бейнелер,  ұрпақтан  -  ұрпаққа
беріледі, алдыңғы ұрпақтың психикалық тәжірибесін өзіне  алады.  Коллективті
бейсаналықта  «психикалық  космос»  (жартылай  өткізгіш  арқылы  бір   жақты
таралу) процестері өтеді онда адамдар арасындағы контакт жүзеге асады,  адам
әуелден-ақ оқшауланған жан емес,  әрбір  адам  адамзаттық  психика  мұхитына
бойлау, яғни психокосмос.  Адам  өз  әлемін  түсіне  отырып,  барлық  әлемді
түсінеді.
    Психологияда сана - ол сезімдер мен ақыл ой бейнелерінің  калейдоскопы,
онда  біруақытта  түйсіну   пайда   болады,   яғни   менің   бастан   кешкен
әсерленулерім, алайда сананың алды бейсаналық күй,  ол  оның  ылғида  алдына
шығып отырады,  бейсаналықты  сананың  анасы,  тамақтандырушысы,  бейсаналық
ылғида  тартылуы  керек,  ол  соны   қажетсінеді.   Сана   өзінің   күштерін
бейсаналықта бітіреді, тек саналық пен бейсаналықтың  өзара  байланысы  ғана
олардың жасампаз мағынасының шарты болып  табылады.  Адам  санасы  бітпейді,
көпқырлы, сана ылғида жағымсыз жағдайларды тереңге тығып тастауға тырысады.
    Тұлға феноменіндегі терең психика  жұмбақтары  —  бейсаналық  ашылмаған
материк, онда кейбір орнықты стандарттарды көруге болады, олар бізге көру  (
ағындарын береді, ғалымдар төрт  түрлі  сағымдардың  бар  екенін  дәлелдеді,
олардың қайнар көздері бар, табиғаты ерекше.
    Профессор  Грофф  зертгеулері  бойынша,  1—сі  адамның   абстракциялық,
эстетикалық тәжірибелерімен байланысты, ол ерекше  бір  түстерді,  иістерді,
формаларды көреді, фантастикалық, экзотикалық  ландшафтарды  көреді,  тайга,
джунглиреді көреді. Бұл нені білдіреді?  Яғни,  Адам  психикасы  эстетикалық
бейнелерге айнала алады, ол бейсаналық облысты  қамтымасада,  өзінше  ерекше
дүние, эстетикалық интуиция деп аталады.
    2 — ші көру типі биографиялық  тәжірибемен  байланысты,  ақын  айтпақшы
«бұл жағдай мен де болды...», формасы  бойынша  түс  көруді  еске  түсіреді,
бейнелер бейсаналықтан алынады, адам өз  өмірін  қайтадан  бастан  кешіреді,
балалықтағы бақытты күйлер немесе ащы кездер олар  сол  кезде  психикада  із
қалдырған. Тұлға теориясьшда (психоаналитикалык практикада)  пациенттер  жиі
балалыққа оралады (альтурист және эгоизм, махаббат және  жеккөру  олар  бәрі
бейсаналықта шырмаланады.
    3-ші көру психологияда  жасалған  бірде  бір  теорияға,  зерттеуге  кір
алмайды, табиғаты өте жұмбақ, мысалы ана құрсағынан баланың  бөліну  процесі
психологиялық  феномен.  Баланың  дүниеге  келуі  драматикалық  терминдермен
белгіленеді, туа салған бала терең дағдарысқа ұшырайды өзінің  физиологиялық
топологиясына  байланысты  өлімге  жақын  келеді.   Физикалық   ауру   күйі,
агониялар (бала ушін) туу процесіне әсер етеді.
    Бұл адам дүниеге келіп жатқандағы, өміріндегі ең сынды кезең, бала  ана
құрсағынан  бөлінеді,  бұрынғы  биологиялық  байланыстар  үзіледі.   Өліммен
эмоциялық  және  физикалық  қағтығысулардың   нәтижесінде   ұрықтың   (плод)
психикасында терең өзгерістер болады, қорқыныш  сезімі,  қауіпсіздік  сезімі
пайда болады.
    Сана  асты  күйінде,  Психиканың  тереңінде  архетипті   (тұқымқулаудан
алынған бірінші бейнелер) бейнелер салынады, мысалы жанып жаткан пеш,  тасып
жатқан су, жаман  қорқынышты  бейнелер.  Бұл  күйлер  адам  кейін  есейгенде
галлюцинацияда кездеседі,  мистикалық  бейнелерге  жоғалған  пейіш,  құлаған
періште, лабиринтгі адасу сияқты символикалар сәйкес келеді.
    Ұрық дүниеге келуі  керек,  ол  әлі  анасының  кұрсағында  қала  беруге
күреседі, керемет  энергия  ағыны  туындайды,  психиканың  тереңінде  вулкан
ағындары, штормдар, сілкінулердің символикалық бейнелері пайда  болады.  Бұл
күйге архетиптер жауап береді— титандарды ұстап алу, кеменің  ең  асты  тағы
басқалар,  мифологиялық   бейнелер   туындайды-демондармен,   періштелермен,
құдайлармен  космостық  соғыстар  (бәрі  психоанализ  арқылы   пациенттердің
ассоциациясы).
    Енді ең соңғы саты жақындап келеді, туу  процесінің  қорытынды  сатысы,
қатты ауырлықтан кейін, зорығудан  кейін  толық  босаңсу  кезеңі  басталады,
бұлыңғырлық өте жарқыраған жарықпен алмасады, кіндігі  кесіледі,  адам  енді
тәуелсіз  өмір   сүре   бастайды,   енді   архитип   символикалар   жоғалып,
индивидуалды  болмыс  пайда  болуы  керек,   алайда   осы   кезеңдегі   жады
матрицасында, сондағы символикалар адам есіне сақталады.
    4-ші  керу  психоаналитикалық  сеанста   пациент   өзіне   қатысы   жоқ
картиналарды көреді, ол  монгол  атын,  испан  тілін,  австралия  күзетшісін
кереді, неге? Бұл тәжірибелер трансперсоналды  д.а.  яғни  барлық  адамзатқа
тән жинақталған ақпараттар. Әрине былай ұйғаруға болады, нақты адамның  сана
асты күйі  тек  өзінің  меншікті  мәдениетіне  тән  бейнелерін  ғана  үстіге
шығарады деп, индивидке жақын тәжірибелер мен дағдылар.
    Ал шындығында ол олай емес, психиканың тереңінде өз ақпараттары шегінен
шығатын бейнелер болады, адам көне замандағы символикаларды  көреді,  оларды
көру ешнәрсемен  бекітілмейді.,  алайда  әсерлер  өте  анык  көрінеді,  адам
бұрынғы оқиғаның бәрін көре алады барлық адамзатқа тән ес  бар,  алайда  бұл
тек гипотеза жаңа тұлға теорияларнда ашық тұрған сұрақ.
    Яғни адамдардың түпкі   негізі бір. АДАМ  жанталасқан  жан,  үнемі  өзі
жайлы түсініктерді өзгерте береді.
    9. Тұлға теориялары және психология тарихы.
    Тұлға  теорияларын  талдау  ұлы   классиктер   Гиппократ,   Аристотель,
Платоннан басталады. Ондаған ойшылдарда оған кіреді  Аквинат,  Кант,  Гоббс,
Локк, Ницше. Тұлға теорияларын жасауға  клиникалық  зерттеулер  негіз  болды
(әдеби кезед, клиникалық,  эксперименттік,  психометрикалық)  Шарко,  Фрейд,
Юнг. Гештальттық бағдар  В.Штерн  мінез-құлықты  жеке  бір  жақтарын  немесе
фрагментарлы зерттеу ақиқатқа әкеледі деп түсінді.
    Эксперименттік  психология  бақылауға  көнетін  эмпирикалық  зерггеулер
арқылы   мінез-құлықты   модификациялау    негізінде    теориялар    жасады,
психометрика арқылы индивидуалды  айырмашылықтар  өлшеніп  тұлға  теориялары
құрылды.
    Мысалы мінез-кұлықты  шкалалау.  Классикалық  тұлға  теориялары  Шарко,
Фрейд, Жане, ал эксперименттік  психологияда  Павлов,  Торндайк,  Гельмгольц
теориялары негізделді. Олар инсайт пен  интуиция  арқылы  тұлғаны  зерттеуге
тырысты, кейбіреулері клиникалық зерттеуге қарсы болды.
    Тарихта тұлға  теориялары  басқаша  ойлау  (инакомыслие)  деп  саналды,
клиникалық зерттеулер теория мен  практиканы  үйлестірді.  Тұлға  теориялары
барлығы  практикамен  тығыз  байланысты  дамыды.   Психологиядағы   көптеген
құбылыстарды ашты, бірақ  оларды  кейде  қоғам  қабылдамады,  психологтардың
өздері күмәндәнді, «тұқым қуалаушылықпен» алады деген ұнамады.
    Тұлға теориялары индивидтің тірі қалуына, оның психологиялық  табиғатын
түсінуге  негіз  болады.  Тұлға  теорияларының   фундаменталды   жағдайларын
лабораториялық жағдайда көруге болады, практикада дәлелденеді,  теориялардың
негізгі мақсаты тұлға феноменін тұтастық жүйесі.
    Адамның мінез-қүлқын оның  тұтастығында  зерттеу  ғана  онын  табиғатын
ашады  деді.  Тұлға  теориялары  интегративті   сипатқа,   адамдағы   барлық
психикалық процестердің интеграциясын  жасайды,  Психологиядағы  практикамен
бекітілмеген теоретиктер тұлға теориясын жасаушы теоретиктерге  үнемі  қарсы
болды, тұлға феномені толық ашылмайды деп санады?
    Тұлға  феномені,  түсінігі  ағылшын   тілінде   екі   мағынаны   береді
біріншісінде бұл термин ептілік немесе икемді, оқушының тұлғалық  проблемасы
жайлы  айтқанда   оқушының   әлеуметтік   ептіліктері   басқа   оқушьшармен,
педагогаен қанағаттандыралық қатынас  жасауға  адекватты  емес,  екіншісінде
индивидтің  қоршағандарға  қалдыратын  әсері,  яғни   мұнда   индивид   үшін
«агрессивті түлға» немесе «тіл алғыш түлға» дегендерге ие болады.
    Теория  деген  не  бәріміз  білеміз  теория   фактіге   қарама-қайшылық
дәлелденбейтін  гипотеза,  болмысқа  байланысты  саудаласу,  ал  дәлелденген
теориялар фактілер болып табылады. Келесі пассаж  ол  ғылымның  методолгтары
мен логиктерінен алынған ойлау  экстрактары,  теория  дегенді  түсініп  алып
содан кейін оның  функцияларын  іздейміз,  олар  шарттар  жинағынан  тұрады,
теоретиктің творчестволық қатынасы болып табылады.
    Теория  пайдалы  немесе  пайдасыз  болады,  теория   эмпирикалық   және
практикалық бекітілуі керек, зерттеудің  эвристикалық  және  жүйелік  сипаты
болуы керек, осы сипаттағы тұлға  теориялары  психология  тарихында  зерттеу
анализі мен объектісі болып отыр, практикалық психологияның негізін құрады.
    Тұлға  теориялары  ол  мінез-құлықтың  жалпы  теориясы  болып  табылады
бейсаналы мен саналы мінез-құлықтың  детерминанттарын  ашады.  Барлык  тұлға
теориялар соншалықты көп  болса  соншалықты  әртүрлі,  қазіргі  психологияда
тұлға теорияларын бірнеше кластерлерге бөледі:
    - бірінші кластер  Адлер,  Фромм,  Хорни,  Меррей,  Салливан  әлеуметтік
      теориялардың функционалистік теориялары;
    -  екінші кластер Фрейд, Адлер, Юнг даму тұрғысынан тұлғаньң құрылымдары
      мен бейсаналы комплекстері;
     -  үшінші   кластер   Ангьял,   Гольдштейн,   Роджерс   туа    берілген
      организменді өзіндік маңыздану;
     - төртінші  кластер   Адлер,   Фрейд,   Меррей,   Салливан   әлеуметтік
қоршағандармен өзара әрекеттегі үздіксіз даму;
    -  бесінші кластер Оллпорт, Кэттелл, Адлер, Фрейд, Юнг, Шелдон  тұлғаның
конституционалды құрылымдары.
    Тұлға теорияларының кемшіліктеріне қарамастан психологияның практикалық
негізін жасай  алды.  Нарық  заманының  -тұлғасы  ол  аффектісіз  интеллект,
бәсекеге  қабілетті   адам,   жаңа   әлеуметтік   экономикалық   жағдайларға
психологиялык адаптация, жаңа өзгерістер, жаңа әлеуметтік мінез  бен  мінез-
құлық. Ішкі гармония мен психикалық дені  саулық,  рухани  бостандық,  үлкен
бостандыққа қозғалыс, өз индивидуаддылығыңды табу, творчестволық күш,  басым
болу үшін күрес,  мінез-кұлық  паттерндері,  автономды  адам,  психологиялық
өсу, өзіңе қызығу, өзіңді басқару,  икемділік,  өзіңді  қабылдау,  тәуекелге
бару,    махаббат,    жағымды    эмоциялар,    психологиялык    қанағаттану,
индивидуалдылық, интеллектуалды потенциал, шыдамдылық, рефлексия.
    Тұлға теорияларының негізгі авторлары:
    1. 3. Фрейд - классикалық психоанализ
    2. К.Г. Юнг - аналитикалық психологая
    3. А. Адлер,
    4. 4.Э. Фромм,
    5.  К. Хорни,
    6. Г.С. Салииван - әлеуметтік-психологаялық теориялар
    7.  Г. Меррей - персонологиялық психология
    8. К. Гольдштейн,
    9. А. Ангьял,
    10. А. Маслоу - организменді психология
    11. К.Роджерс - адамға негізделген, орталықтандырынған теория
    12. Л. Бинсвангер,
    13. М. Босс  - экзистенциалды (ерік бостандығы, индивидуалды таңдау)
    психология
    14.К. Левин - өріс теориясы
    15.Г. Оллпорт - индивидулды психологая
    16.Э. Шелдон - конституционалды психология
    17.Р. Кэттелл - факторлық теория
    18.Д. Доллард,
    19.Н. Миллер - стимул - реакция теориясы
    20.Г. Айзенк - факторлық анализ
    21.А.Бандура,











    22.Б. Скиниер - оперантты бекітілу теориясы.
    Қазіргі жаңа тұлға теориялары: I. Гуманистік бағыттағы теориялар:
    1.  А. Маслоу (1908-1970) - өзіндік маңыздану (самоактуализация)
    2.  К. Роджерс (] 902-1987) - тұлғаның өзіндігі (самость).
    ІІ.Психоаналитикалық бағыттағы теориялар:
    1. Г. Оллпорт (1897-1967) - тұлғаның уникалдылығы
    2. Г. Меррей (1893-1988)-персонологая
    3.  Э. Эриксон    (1902-1994) - әлеуметтік  тұлға  психологиясы,  тұлға
периодизациясы.
    III. Бихевиористік бағыттағы теория:
    1.  Б. Скиннер (1904-1990) - радикалды бихевиоризм,  позитивизм,  мінез
-құлықты басқару.
    ІУ. Когнитивті бағдардағы тұлғалар теориясы:
    2. Дж. Келли (1905-1966) - конструктивті теория
    3.  К. Кольберг (1927-1987) - адамгершілік дилеммасы
    У. Синтетикалық бағыттағы теориялар:
    1.  К. Левин (1890-1947) - өріс психологиясы
    2.   Р. Ассаджиоли (1888-1974) - психосинтез.
    У1. Жаца психотерапевтік теориялар:
    1.  Э. Берн трансактілік анализ
    2. Когнитивті психологиялық ақпаратгар теориясы
    3. Терең психология (глубинная психология)
    4. Генетикалық психология (Ж. Пиаже)
    5. Феноменологиялык психология
    6. Характерология
    7. Эго психология
    8. Экзистенциалды психология
    9.  Интеллект психологиясы
       10. Түсіну психологиясы
    11. Парапсихология
    12. Теориялық психология
    13. Эмоцияның когнитивті теориясы
    14. 0йлаудағы бейнелік компоненттер
    15. Индивидуалды айырмашьшықтар теориясы
    16. Когаитивті диссонанс теориясы. 17. Құрылымдық баланс теориясы
    17. Конгруэнтті теория (теория изменения отношения)
    18. Трансперсоналды психология (космостық сана)
    19. Рөлдер теориясы.
    2 0. Психодинамика
    Қазіргі Ресейдегі бағыттар:
    Қазір іс әрекет ықпалын дамытушылар: А.Г. Асмолов, Б.С.  Братусь,  Ф.Е.
Василюк,  Д.А.  Леонтьев,  А.В.  Петровский,  В.И.  Слобадчиков,   ал   С.Л.
Рубинштейннің мектебін К.А. Абульханова - Славская,  Л.И.  Анцыферова,  И.С.
Кон жалғастыруда. Тұлға психологиясьна қызығулар  болсада  жеке  бір  оқулық
жоқ.
    Адам туған кезде өзін индивид ретінде сезінеді, өзін «Мен» деп  атайды,
ендеше оның тұлғасы қалыптасты деп айта аламыз ба, жоқ. «Мен» деген  ол  тек
бастау ғана, түлға дамиды, байытылады.  ТҰЛҒА  ОЛ  ТҰТАСТЫҚ,  БІРЛІК.  Тұлға
түсінігі  көггқырлы,  оларға  оның   құрылымдары,   психологиялық   типтері,
мотивациялары, қабілеттері,  дарындылығы,  темпераменті  жатады.  Әлеуметтік
мінез нақты  сызылған  бағдарланулар  жүйесі,  әрбір  қоғамда  бағдарланудың
бірнеше типтері болады, олар адаптацияға эртүрлі әсер етеді.
    Тұлға болып туылмайды, қалыптасады. Осы қалыптасу организмнің  дамуынан
мәнді айырмасы болады.  Адамның  тұлғасы  өзінін  аяқталуын  мына  жағдайдан
табады, ол барлық организм сияқты дамьп ғана  қоймайды,  әрі  өзінің  тарихы
болады.
    Басқа тірі жандыларға қарағанда адамзатта тарих болады, ол  тек  дамуды
қайталау емес, ұрпақтан - ұрпаққа берілетін іс-әрекет өз  болмысын  өзгертіп
отырады. Адамзатқа жататындардың бәрін әрбір адамға жатқызуға болады,  әрбір
адам сол тарихтың субъектісі, соған қатысушы. Өзінің даму жолын түсіну  үшін
оны белгілі бір аспектіде қарастыру керек: не болды?, мен  не  істедім?,  не
болдым? деген сұрақтар.
    Мәнді бір нәрсені жасаған адам басқа адам бола бастайды. Ол  үшін  ішкі
мүмкіндіктер болуы керек.  Тұлғаның  дамуын  түсіну  кілтін  өзінің  өмірлік
жолын жасай отырып, қалыптасады. Оның психикалық кабілеттері тек  алғы  шарт
ғана емес, оның істерінің нәтижесі. Адамның мінезі оның істерінде  көрінеді,
әрі сонда қалыптасады, адамньщ мінезі әрі оның  алғы  шарты,  мінез-кұлқының
нәтижесі және сол мінез-құлықта қалыптасады.
    Адам үшін оның өмір баяны, өмір жолы писхологиялық тұрғыдан қажетті мән
болып табылады. Адамның саналылығы  оның  болмысымен  тығыз  байланысты,  ал
болмыс саналылықпен байланысты. Өзінің еңбегі,  творчествосы  арқылы  ылғида
қоғамдық еңбектің,  қоғамдық  творчествоның  өнімі  больш  табылады,  себебі
әрбір адам қоғамдық маңызы болып табылады,
    Тұлға түсінігі психологиядағы негізгі  бір  «бөлімдердің  атауы»  болып
табылады. Яғни бұл термин сондай күрделі, қолдану облысы өте кең,  сондықтан
да даналы автор оны  тақырып  атауы  ретінде  алады  да,  ол  түсінікті  кең
қолдана береді, оған өзі жауапкершілік алмайды.
    І.Тұлга (психологияда) әлеуметтік қатынастарға қатынасатын және  заттық
іс- әрекет пен қарым-қатынасты меңгерген  индивидтің  жүйелі  сапасы.  Тұлға
белсенділікпен  сипатталады,  өз  іс-әрекет  сферасын  кеңейтуге  ұмтылатын,
терең мағыналық мотивтерге ие және өз қатынастарын саналы  ұғынушы  субъект.











    Тұлғаның дамуы өзіндік сананың дамуымен  қатар  ұғынылмаған  психикалық
реттеуді де көрсетеді, тұлға үшін субъективті  жағдай  мыналардан  құрылады,
өзінің  «Мені»  жайлы  түсініктерден  (бейнелер,  Мен  концепциясы)  өзіндік
бағалау, өзін силау сезімдері, талаптану деңгейлері жүйесінен тұрады.
    П. Тұлға топаралық қатынастардың субъектісі, соған қатысушы, әрбір  топ
мүшесі тұлға болып табылады.
    Ш.Тұлға  басқа  адамдардың  өмірлік   іс-әрекетінде   өздерін   табады,
әлеуметтік қатынастарға басқа  адамдармен  түседі,  социализация  процесінде
дамиды (Макаренко). Тұлға әртүрлі жас даму кезеңдерінде өзгеріп  дамиды  деп
қаралады, тұлғаның табиғи негіздерінен алысқа кетеді.
    Адамдармен қарым-қатынасқа түскенде әсіресе адам  адам  сферасы  немесе
басқа  адамдармен  іс-әрекетте,  мысалы  педагогикалық   іс-әрекетте   басқа
адамның  тұлғасымен  өзара  түсінісу  қажет  болады.   Енді   ғана   тұлғасы
қалыптасып  жатқан  индивидтер,  әрі  олар  өте  сезімтал,  сынғыш,  әртүрлі
әлеуметтік әсерге еліктегіш кезде олармен психологиялық түсінісу өте қиын.
    Психологиялық модель  бойынша  педагогикалық  қарым-қатынаста  субъект-
объект емес субъект-субъект қарым-қатынасы орнауы керек. Ең қажеттісі қарым-
қатынаста «басқаның» тулғасын  адекватты  түсіну.  Осыған  байланысты  тұлға
теориялары  негізінде  оларды  зерттеу  жолдарын  білу  қажеттігі  әрқашанда
туындайды.
    Тұлға орнықты тұлға аралық байланыстар жүйесінде ғана түсінікті  болады
және ол  сол  байланысқа  қатысатын  әрбір  мүшелердің  бірлескен  іс-әрекет
мағынасымен, құндылықтарымен,  мазмұнымен  жанамаланады.  Осы  тұлға  аралық
байланыстары  шынайы  болып  табылады,  ал  өз  табиғаттары  бойынша  жоғары
сезімталдыкка ие болады.  Олар  ұжымға  кіретін  адамдардың  істерінде  және
индивидуалды қасиеттерінде көрінеді бірақ оған апарылмайды.
    Тұлғаның  даму  мәселесін  қарастыра  отырып  авторлар  адамның  дамуы»
шарттандыратын, себептерін  табуға  ұмтылады.  Көптеген  зерттеушілер  тұлға
дамуының қозғаушы күші әртүрлі қажеттіліктердің,  комплекстердің  дамуы  деп
санайды. Ол қажеттіліктердің ішінде маңызды орынды өзіндік даму  қажеттілігі
алады. Өзіндік  дамуға  ұзатылу  кандай  да  бір  жете  алмайтын  идеалдарға
ұмтылуды білдірмейді. Ең маңыздысы тұлғаның нақты  мақсатқа  жетуге  ұмтылуы
немесе белгілі бір әлеуметтік статусқа ие болуы жатады.
    Тұлғаның дамуын жалпы мәселелер аясында қарастыратын басқа бір  маңызды
сұрақ ол тұлғалық қасиеттердің орнықтылық дәрежесі  жайлы  мәселе,  Көптеген
тұлға  теорияларының  негізінде  тұлға  әлеуметтік   психологиялық   феномен
ретінде өзінің қалыптасуында өмірлік  орнықтылықты  береді  деген  ой  пікір
жатады.  Тұлғалық  қасиеттердің  орнықтылық  дәрежесі   оның   әрекеттерінің
бірізділігін жэне мінез-құлықтың сипатын анықтап, оның істеріне заңды  сипат
береді.
    Тұлғаның  белсенділігі,  әлеуметтік   шарттар,   іс-әрекет   индивидтік
диапазондардан шектелген, алайда оның аясында  даму  шешілмейді  және  мәнді
әлеуметтік жетістіктерге апаруға қабілетті болады.  Психологияда  индивидтік
және тұлғалық қасиеттердің өзара әрекетін зерттеу міндеті қойылады.
    Әлеуметтік өзара әрекет  процесінде  индвидтік  қасиеттерді  тағайындау
туындайды. Индивидтік қасиеттер кейбір тұлғалық  факторлардың,  қасиеттердің
белгілеріне айнала бастайды.  Индивидтік  қасиеттерді  осылайша  тағайындау,
бағалау,  категоризациялау  нәтижесінде  тұлганың  дамуын   ерекше   анықтай
бастайды.
    Тақырыптан  көріп  отырғандай  тұлға  теориялары   мен   ондағы   тұлға
феноменіне талдау жасау керек. Мұндағы негізгі  ғылыми  проблема  неде  және
оны қандай методологиялық ақпаратпен түсінеміз  немесе  талдаймыз..  Бірінші
ғылыми проблема ол психологиядағы тұлғалар  теориясын  арнайы  курс  ретінде
оқытудың ғылымилығы неде.  Екінші  мәселе  тұлға  феноменіне  қандай  ғылыми
бағытпен  келеміз.  Үшінші  мәселе  осы  тақырыпты   ғылыми   ашуда   қандай
методология негіз болады.
    Жалпы психологияда тұлға психологиясы деген бөлім бар, бірақ  ол  тұлға
теориялары емес, ал тұлға  теориялары  сол  тұлға  феноменін  әрі  теориялық
негіздейді әрі оны  практикада  бекітеді,  көптеген  теориялар  гапотетикалы
сипатқа ие, қолданбалы негізі жоқ, ал тұлғалар теориясынын,  ғылымилығы  сол
ол өзінің теориялық постулаттарын міндетті  түрде  практикалық  психологияда
негіздеген,   тірі   психологиялық   тәжірибелерді   береді,   психологияның
методоллогиялық негізін қалайды. Сондықтанда бұл пән міндетті  түрде  кәсіби
психологтарға беріледі.
    Тұлға  ғылыми  психологиядағы  ең   күрделі   категория   оны   адамның
психологиялық  және  индиивдуалды  ерекшеліктерін  салыстыру  мен  бағалауда
қолданылады.  Тұлға   туралы   айтқанда   біз   индивидте   әлеуметтік   пен
айырмашылығын көрсететін ерекше сипатта біріктіру,  оның  интрапсихикалық  (
ішкі түлғалық) жэне интерпсихикалық (тұлға аралық)  байланыстардың  тұтастай
жүйелі жиынтыгы деп түсінеміз.
                 Тұлға психологиясы бойынша негізгі ұғьшдар:
    1.  Істер (деяние) - субъектінің белсенділігінің көріну формасы.
    2.  Психологиялық  қорғаныс    -    конфликтіні   ұғынуға    байланысты
туындаған  мазасыздану  сезімін  минимумға  дейін  апаратын   немесе   жоюға
бағытталған тұлғаның тұрақтануының ерекше регулятивті жүйесі.
    3.  Индивидуалдылық     -  басқа  адамдардан  өзінің  әлеуметтік  мәнді
айырмашылықтарымен сипатталатьш адам.
    4.  Интроспекция  -      адамның  өзіндік  бақылау  жолымен  психикалық
құбылысты   тану    әдісі,    яғни    адамның    өзі    санасында    әртүрлі
тапсырмаларды шешуде не өтіп жатыр соған назарын салып зерттеуі.
    5.  Когнитивті психология - психологиядағы  жаңа  зерттеу  бағыттарының
бірі, адамның мінез- құлқын білімдердің  динамикасы  мен  қалыптасу  процесі
негізінде түсіндіреді.
    6.   Тұлға    -   әлеуметгік   қатынастар   мен   саналы   іс-әрекеттің
субъектісі ретіндегі индивид.
    7.  Тұлғалық мағына -    қоршаған  орта  кұбылыстары  мен  объектілерге
тұлғаның субъективті қатынасы.
    8.  Дүние таным - объективті әлем мен ондағы  адамның  орнына,  адамның
қоршаған болмысқа, өзіне қатынасына деген көзқарастардың жүйесі.
    9. Психолингвистика  -  ғылым  облысы,  психология  мен  лингвистиканың
арасындағы шекара (грань), адамның  сөзін,  оның  туындауын,  жұмыс  жасауын
зерттейді.
    10. Тұлғаның өзіндік анықталуы    -     проблемді  ситуацияда  меншікті
позицияны бекіту және табудың саналы актісі.
    11. Өзіндік бағалау -    тұлғаның  өзін  бағалауы,  өз  мүмкіндіктерін,
садаларын, басқа адамдардың арасьшдағы орнын бағалауы.
     12.Статус - адамның топтағы жағдай,  оның  құқықтары  мен  міндеттерін
анықтайды.
    1З. Құрылым  -   объектінің   тұтастығын   және   өзіне   ұқсайтындығын
қамтамасыз   ететін   объектілердің   компонентерінің    арасындағы  орнықты
байланыстардың жиынтығы.
    14.Субъект - болмысты өзгертетін және танымның қайнар көзі болатын
    индивид немесе топ.
    15.Тұлғаның    қырлары    -    индивидтің    мінез-құлқының     әртүрлі
ситуациялардағы орнықты, қайталанатын ерекшеліктері.
    16. Әуестену -  ұғынылмаған  немесе  жеткіліксіз  ұғынылған  қажеттілік
көрсететін психикалык күй
    17.Диспозиция - адамның белгілі  бір  сыртқы  немесе  ішкі  әрекеттерге
дайындығы, бейімдігі
    18.Қызығу - адамның қандайда бір  объектіге  эмоциялық  жоғарғы  зейіні
    19.Мотив - субъектінің қажеттілігін  қанағаттандыруға  бағытталған  іс-
    әрекетке ояту
    20.Мотивация   -   организмнің   белсенділігін   және   оның    бағытын
анықтайтын бағытын шақыратын ояну
    21.Ынталану - әлеуметтік  рұқсат  етілген  көрсеткіштер  аркылы  әрекет
себебін субъектінің рационалды түсіндіруі
    22.Табысқа жету мотиві - әртүрлі іс-әрекетте табысқа  жету  қажеттілігі
және ол тұлғаның орнықты қыры ретінде қарастырылады
    23.Ниет - белгіленген прогаммаға сәйкес әрекетті аяқтауға саналы ұмтылу
    24.Тұлғаның бағыттылығы - орнықты мотивтердің  жиынтығы,  тұлғаның  іс-
әрекетін бағдарлайды.
    25.Қажеттілік - организмнің, индивидтің, тұлғаның бір  нәрсеге  қатысты
мұқтаждығы
    26.Ұмтылу - біріншілей ояну, қажеттілікті сезімдік бастан кешіру
    27.Жетістік тестері - сыналушының нақты  білім,  ептілік,  дағдыларының
деңгейін көрсететін психодиагностикалық әдістеме



                                 Әдебиеттер:
1. Абульханова    К.А.  Психология     и  сознание     Личности.-М.-Воронеж.
2009.-225 с.
2.  Ананьев Б.Г.Человек как предмет познания.-СПб.-2008
3. Асмолов А.Г. Психология личности: Принципы  общепсихол.анализа:  Учеб.для
вузов по спец. «Психология».-М.: Изд-во МГУ, 2008,- 416 с.
4.  Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества-М., 2006
5. Бернс   Р.В.     Развитие    Я-концепции    и    воспитание:     Пер    с
англ.\Общ.ред.В.Я.Пилиповского.-М.: Прогресс, 2006
6.  Божович  Л.И.  Личность  и   ее   формирование   в   детском   возрасте:
Психол.исследование.-М.Лросвещение, 2008.-464 с,
7.  Бодалев А,А. Психологая о личности.-М.: Изд-воМГУ,2008
8.  Братусь Б.С. Аномалии личности.-М.: Мысль, 2008
9. Братусь  Б.С.,  Розовский  И.Я.,  Цапкин  В.Н.  Психологические  проблемы
изучения и коррекции аномальной личности.- М.: МГУ, 2008
10. Брушлинский А.В. Проблемы психологии субъекта.-М.,2004
11. Бурлачук Л.Ф. Психодиагностика личности. -Киев., 2009
12,Выготский Л.С. Собр.соч. в 6-ти т. Т.2.-М.: Педагогика, 2007
13.Гроф С. За пределами мозга. -М., 2008
14. Джеймс У. Воля к вере. -М., 2007
15.Елисеев   О.П.   Конструктивная   типология   и   психодиагностика
личности.  Псков,  -  1994  іб.Зинченко    В.П.     Миры      сознания     и
структура   сознания   \\ Воир.психол.2008, №2
17. Зинченко В.П., Моргунов Е.Б. Человек развивающийся.-М., 2004
18. 3инченко В.П. Мысль и Слово Густава Шпета.-М., 2008
19.Кон И.С. Постоянство и изменчивочть личности // Психологический  журнал.-
2007, №1.
20. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М., 2004
21.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание.Личность.-М., 2007
22.  Леонгард К. Акцентуированные личности.-Киев: Вища школа, 2009
23. Лоуэн А. Физическая динамика структурьг характера. -М., 2006
24.Маслоу А. Новые рубежи человеческой природы.-М.: 2009
25.Мясищев В.Н. Личность и неврозы.-Л.: Медицина, 2008
26.Олпорт Г. Личность: Проблема науки // Психология личности.-
Тексты.-М.,2007
27.Первин Л., Джон О. Психология личности. Теория и исследования.-М.,2008
28. Петровский А.В. Личность. Деятельность. Коллектив.-М.: Политиздат,  2008

29.Петровский А.В.  Личность:  феномен  субъектности.-Ростов  на  Дону.-2006
30.Петровский В.А. Личность в психологии.-Ростов на Дону.-2006
31. Психология личности: новые исследования. -М., 2008
32. Психология личности в трудах отечественных психологов.-Сост. Реан  А.А.-
Спб.-2008
33.Психология личности в трудах   зарубежных  психологов.-Сост.  Реан  А.А.-
Спб.-2008
 34.Роджерс К.  К  науке  о  личности  //  История  зарубежной  психологии,-
М.,2006
35.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии.-СПб.:Питер, 2009
36.Соколова Е.Е. Созннаие действующее \\ Вестник МГУ.  Сер.14.  Психологая.-
2007.- №1
37.Фельдштейн Д.И. Психология развивающейся личности. -М. 2006
38. Франкл В. Человек в поисках смысла.-М.:   Прогресс.-2008.-366 с.
39.Хьелл Л. Зиглер Д. Психологая личности. -М., 2009.-608 с.
40.ЮнгК.Г. Психология бессознательного.-М., 2006

Пәндер