Файл қосу
Арамшөптердің аттары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ЕГІНШІЛІК Семей -2013 Аннотация Бүгінгі заманда республиканың ауылшаруашылық өндірісінде болып өткен өзгерістерге, оның ішінде жердің жеке меншікке сатылуы және ұзақ жылдарға жалға берілуіне байланысты болашақ ауылшаруашылық мамандары жерді көздің қарашығындай сақтап, оның негізгі қасиеті- құнарлылығын ұдайы арттырып, соның арқасында өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарынан тұрақты жоғары өнім алу үшін топырақы және егіншілік шаруашылығын жақсы білулері қажет. Осы мәселелер “Егіншілік негіздері” оқулығында жан-жақты баяндалған. Оқулықта топырақ түзілу процесі, оның факторлары, топырақтың агрофизикалық және химиялық қасиеттері, республиканың топырақ типтері және олардың қысқаша сипаттамасы берілген. Егіншілік бөлімінде өсімдіктердің тіршілік факторлары, оларды егіншілікте реттеу жолдары, арамшөптер және олармен күрес шаралары, ауыспалы егістер мен топырақ өңдеудің ғылыми негіздері, оны өңдеу жүйесі, топырақты эрозиядан қорғау, егіншіліктегі мелиорация, егістік жұмыстар және егіншілік жүйесі туралы жазылған. Қазақстан егеменді ел болғаннан кейін оның халық шаруашылығының барлық салаларында ,соның ішінде білім беру саласында, тәуелсіздікке қол жетті. Олай дейтінім, мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқушыларға, студенттерге дәріс беру ана тілінде жүргізіліп жатыр. Бұл егемендіктің үлкен жетістігі. Десекте, осы ұлы істе қиындықтарда жоқ емес. Солардың бірі – мемлекеттік тілде жазылған оқулықтар, оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулардың жетіспеушілігі. Осы жағдайды ескере отырып жоғары оқу орындарының ғалым- ұстаздары қазақ тілінде оқулықтар жазып, оны көпшілікке ұсынуда. Солардың бірі – осы “Егіншілік негіздері” оқулығы. Ауыл шаруашылығының негізгі өндіріс құралы – жер. Ол халықтың байлығы, асыраушысы. Сондықтан, аграрлық саланың мамандары, топырақты, соның ішіндегі оның басты қасиеті құнарлылығын жоғарылату жолдарын, республиканың топырағын, оның типтері мен түрлерін жете білулері керек. Сонымен қатар, ауылшаруашылық дақылдарының тіршілік факторларын, олардың өсімдікер үшін маңызын, егіншілікте реттеу жолдарын, егіншілік заңдылықтарын, ауыспалы егісті, ондағы топырақ өңдеу жүйесін білу әр бір орман және ауылшаруашылық мамандарына, әрбірден соң жерге қатысы бар жеке адамдарға қойылатын бүгінгі күн талабы. Осы тұрғыдан алып қарағанда “Егіншілік негіздері” оқулығының маңызы үлкен. Бұл оқулық осы пәннің типтік бағдарламасына сәйкестендіріліп 5В080700 – «Орман қорлары және аң шаруашылығы», сондай-ақ аграрлық бағыттағы агрономиядан басқа мамандықтардың студенттеріне арналған. Кіріспе Қазақстан егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның халық шаруашылығында, әсіресе аграрлық секторында, көптеген елеулі өзгерістер болды. Атап айтқанда, Кеңес өкіметі кезіндегі ірі-ірі кеңшарлар мен ұжымшарлар таратылып, олардың орындарына жаңа шаруашылық түрлері құрылды. Бұл күнде елімізде 200 мыңға жуық шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және басқа кішігірім шаруашылық түрлері пайда болды. Қазақстан Республикасы аграрлық мемлекет. Оның ауылшаруашылық өндірісінің алдында негізгі мынадай мақсаттар тұр: -еліміздің 16 млн.га жуық халқын жеткілікті мөлшерде сапалы азық- түлікпен қамтамасыз ету; -малдарға жеткілікті мөлшерде жем-шөп қорын жасау; -өнеркәсіпті, яғни мақта-мата, жеміс-жидек, көкөніс комбинаттарын, тамақ және басқа жеңіл өндіріс орындарын шикізатпен қамтамасыз ету; - далалық аймақтарда танаптар шеттеріне орман алқабын отырғызып, елді мекендерді көгалдандыру. Осы қойылған міндеттерді орындау үшін елімізде көптеген күрделі шаралар жүзеге асырылды. Солардың ең басытыларының бірі- тың және тыңайған жерлерді игеру эпопеясы. Тың және тыңайған жерлерді игерудің арқасында республиканың егіс көлемі 9,7 млн гектардан (1953ж) 36,5 млн гектарға дейін ұлғайды. Осының арқасында астық өндіру жедел қарқындады. Кезінде республика жылына 25-27 млн тонна астық өндіріп, Ресей және Украинадан кейінгі үшінші орынға ие болды.Қазіргі кезде Қазақстанда 12 млн –нан 18 млн тоннаға дейін астық өндіріледі. Әсіресе, кейінгі жылдары ауыл еңбеккерлерінің астық өндіруде үлкен табысқа қолдары жетті. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі топырақ құнарлылығына, егіншілікте қолданылатын агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Сондықтан, әрбір жер иесі, ауылшаруашылық мамандары, топырақтың құнарлылығын, оны арттырудың жолдарын, топырақтың агрофизикалық, агрохимиялық және басқа қасиеттерін жақсартудың тәсілдерін, егіншілік заңдылықтарын, арамшөптермен күрес шараларын, ауыспалы егістерді, топырақ өңдеу жүйесін жете білулері қажет. Осы тұрғыдан алып қарағанда университет қабырғасында болашақ мамандарға жоғарыда аталған мәселелерді оқытып үйретудің орны ерекше. «Егіншілік негіздері» оқулығында осы мәселелердің негізгі теориялық және практикалық аспектілері берілген. Тақырыбы. Өсімдіктердің тіршілік факторлары және оларды егіншілікте реттеу жолдары Адамдар мен малдардың тіршілік етуінде жасыл өсімдіктердің алатын орны ерекше. Өсімдіктердің құрамында адамдарға қажетті ақуыздар, майлар, көмірсутектер, әр түрлі витаминдер, минералдық қосылыстар бар. Өсімдіктерді адамдар отынға, құрылыс материалдары ретінде, киім-кешектер жасауға пайдаланады. Адамдар қоршаған ортаның органикалық емес заттарын бірден тікелей пайдалана алмайды, олар алдымен органикалық заттарға айналуы керек. Міне, осы жерде жасыл өсімдіктердің атқаратын рөлі үлкен, себебі олар күн сәулесінің энергиясын пайдаланып, органикалық емес заттардан органикалық заттар түзеді. Жасыл өсімдіктердің тағыда бір маңызы –олар ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, атмосфераға тірі организмдердің дем алуы үшін қажет оттегін бөліп шығарады. Жер жүзінде сан алуан өсімдіктер түрлері өседі. Олардың ішінде мәдени және жабайы түрлері, арамшөптер бар. Жасыл өсімдіктердің басым көпшілігі адамдарға пайдалы, дегенмен олардың ішінде зиянды улы өсімдіктерде кездеседі. Өсімдіктер жақсы өсіп-дамуы үшін сыртқы ортаның белгілі бір жағдайлары мен тіршілік факторлары керек. Өсімдіктің тіршілігі әрқашан қоршаған ортамен тығыз байланысты. Егер қоршаған орта жағдайлары өсімдіктерге қолайлы болса, олар қарқынды өсіп, жақсы дамиды, соның арқасында өнімі жоғары болады және керісінше. Өсімдік тіршілігінің жағдайларына жергілікті жердің топырақ-климат ерекшеліктері, әр жылдың ауа райы, танаптардың фитосанитарлық көрсеткіштері және басқалар жатады. Өсімдіктерге әсер ететін сыртқы орта факторларын экологиялық факторлар деп аталады. Олар негізінен үш топқа бөлінеді. Бірінші топ – абиотикалық, яғни табиғаттың өлі факторлары (жарық, жылу, ылғал, ауа, және басқалары). Екінші топты өсімдіктерге әсер ететін тірі организмдер, яғни биотикалық факторлар құрайды. Сыртқы ортаның өзгерістерге ұшырауына әсер ететін адамдардың іс-әрекетін антропогендік фактор дейді. Бұл үшінші топтың факторы. Осылардың ішінен өсімдік тіршілігіне ең қажеттісі бірінші топ факторлары. 2.1 Өсімдік тіршілігінің факторлары. Оған жарық, жылу, ылғал, ауа және коректік заттар жатады. Жарық пен жылу ғарыштық, ал қалған үшеуі жер бетінің факторлары деп аталады. Жарық, немесе күн сәулесі жер бетіндегі тіршіліктің бірден бір қайнар көзі. Бірақ күн сәулесін тек жасыл өсімдіктер пайдаланып, өздерінде органикалық заттар құрады, ал басқа тірі организмдер осы органикалық заттар ыдырағанда пайда болатын жылу энергиясын өздерінің тіршілігі үшін пайдаланады. Жасыл өсімдіктер күн сәулесінің тек 1-2% ғана пайдаланады, ал ең жоғарғы өнім алған жағдайда бұл көрсеткіш 8-9% жетуі мүмкін. Басқа энергиялармен салыстырғанда жер бетіне ең көп түсетін күн сәулесінің энергиясы. Жер бетінің әрбір 1 шаршы см-не секунд сайын 0,037 калория немесе минутына 2,2 калория энергия түседі десек, онда бір жыл ішінде жер бетіне 398•1018 үлкен калория энергия келіп түседі. Бұл 57000 млр.тонна көмір жаққанда шығатын жылуға пара-пар. Жарық жер бетіне жағрафиялық ендікке байланысты әр түрлі мөлшерде келіп түседі. Оның жер бетінде маусымдық және тәуліктік таралу динамикасы да ендікке байланысты. Күн сәулесіне жердің климаты тікелей байланысты, ал климат әр түрлі өсімдіктердің өсуіне әсер етеді. Бұдан басқа климат топырақ түзілу процесінің ең бір басты факторы, яғни күн сәулесі өсімдікке тек тікелей әсер етіп қоймай, сонымен қатар топырақ арқылы өзінің жанама әсерін тигізеді. Әр аймақтың топырақ-климат жағдайы егіншілікті мамандандыруда, яғни қандай өсімдік түрлерін өсіруде шешуі маңыз атқарады. Жарықтың өсімдіктер үшін маңызы өте үлкен, себебі олардың жапырақтарында күн сәулесінің әсерінен фотосинтез процесі жүреді. Фотосинтез дегеніміз күн сәулесінің әсерінен қоршаған ортаның органикалық емес қарапайым заттарынан күрделі органикалық заттардың түзілуі. Оның реакциялық формуласы: 6 СО2+6 Н2О ( С6 Н12О6+6О2. Фотосинтез кезінде өсімдіктер күн сәулесінің 85 пайызын сіңіреді. Оның нәтижесінде органикалық заттар түзілуімен қатар тірі организмдердің дем алуына керекті оттегі бөлініп шығады. Егер өсімдіктерге вегетация кезінде жарық жеткіліксіз болса, олар дұрыс өтпейді. Басқаша айтқанда, жарық үшін өсімдіктер биікке бойлап өсіп, соның салдарынан, әсіресе масақты дақылдардың, сабақтары жіңішкереді. Бұл егістің жатып қалуына, ақырында өнімнің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Жарық жетіспегенде масақты дақылдардың дәніндегі ақуыздың, қант қызылшасы түбіріндегі қанттың, картоптың түйнегіндегі крахмалдың мөлшері азаяды. Өсімдіктер үшін жарық мезгілінің ұзақтығының үлкен мәні бар. Осыған байланысты олар ұзақ және қысқа күннің өсімдіктері болып екі топқа бөлінеді. Ұзақ күннің өсімдіктеріне бидай, қарабидай, арпа, сұлы, қырыққабат, ал қысқа күннің өсімдіктеріне жүгері, тары, күнбағыс майбұршақ және басқалары жатады. Олар негізінен оңтүстік аймақтарда өседі. Жарыққа қоятын талабы бойынша өсімдіктерді жарық, көлеңке сүйгіш және көлеңкеге төзімділер деп үш топқа бөлуге болады. Жарық сүйгіш өсімдікер күн жақсы түсетін ашық алқаптарда өседі. Оларға ауылшаруашылық дақылдары, шалғындық және далалық шөптер жатады. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер жарықты онша жақтырмайды, олар көбінесе биік өсімдіктердің көлеңкелі төменгі қабатында өседі. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер жарық жерде де, сонымен қатар көлеңкелі жерлерде өсе алады. Өсімдіктерде фотосинтез құбылысына қарама-қарсы дем алу процесі жүреді. Бұл процесте энергия және көмірқышқыл газы бөлінеді. Егіншілікте өсімдіктердің жарық режімі тұқым себу мөлшерін өзгерту, арамшөптерді жою, өсімдік қатарлары бағытын солтүстіктен оңтүстікке қарай орналастыру арқылы реттеуге болады. Жылжайларда өсімдіктердің жарық режімін адам өзінің қалауы бойынша реттей алады. Жылу - өсімдік тіршілігінің ғарыштық факторына жатады, өйткені оның негізгі көзі – күн энергиясы. Әр аймақтың топырақ - климаттық жағдайына, жер бедеріне байланысты түсетін жылу мөлшері әр түрлі. Республиканың солтүстік облыстарында жылудың жетіспеушілігі байқалса, ал оңтүстік аймақта керісінше жылу өте мол. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында жылы күндер саны 244-247, ал 50С -тан жоғары температура жиынтығы 4386-46160С, Қызылорда облысында 207-212 күн және 3798-38760С, ал осы көрсеткіштер Жамбыл облысында 212-223 күнге және 3674-3867 градусқа тең. Жылу топыраққа себілген ауылшаруашылық дақылдары тұқымының бөрітіп және жер бетіне көктеп шығуы үшін қажет. Тұқым көктеп шығуға қажетті температура бойынша барлық аулшаруашылық дақылдарын мынандай 5 топқа бөлуге болады: - +1-20С көктеп шығатын өсімдіктер (бидай, арпа, сұлы, қыша, мақсары) - +3-50С көктеп шығатын өсімдіктер (күнбағыс, зығыр) - +5-60С көктеп шығатын өсімдіктер (қарақұмық, бөрібұршақ) - +9-100С көктеп шығатын өсімдіктер (майбұршақ, тары және тағы басқалар) - +100С жоғары температурада көктеп шығатын өсімдіктер (үрме бұршақ, мақта және басқалар) Зығыр, қарақұмық, бидай, арпа, сұлы, шалғам және пияздың жер бетіндегі органдары +20-250С температурада қалыпты өседі, олардың тамырларының жақсы өсуіне бұдан 8-100С төмен температура қажет. Өсімдікке қажетті температураны білу ауылшаруашылық дақылдарының қолайлы себу мерзімін анықтауға және тұқым себердің алдында арамшөптермен күрес жүргізуге пайдасы тиеді. Егер өсімдіктерге температура қолайлы (оптималды), яғни +20-300С аралығында болса фотосинтездің жүру қарқыны жоғары, ал ол +40- 450С болған кезінде бұл процесс мүдем тоқтайды. Өсімдіктердің тыныс алуы теріс температурада да жүреді, оның төменгі шегі-100С, ал қыстайтын өсімдіктердің, мәселен, ағаш бүршіктерінің тыныс алуы –200С, -300С шамасында да байқалады. Сайып келгенде өсімдіктерді жылуға қоятын талаптарына қарай жылу сүйгіш және суыққа төзімді деп екі топқа бөлуге болады.Жылу сүйгіш өсімдіктерге күріш, жүгері, лобия, тары, қарбыз, қауын, мақта сияқты дақылдар жатады, олардың өсіп-өнуіне +14-150С, ал гүлденуіне +15-200С температура керек. Мұндай дақылдар суыққа төзімсіз де, ыстыққа төзімді болады. Вегетация кезіндеде әртүрлі өсімдікке қажет температура жиынтығыда бірдей емес. Айталық, бидайға көктеп шыққаннан піскенге дейін 1600-2200 градус, сұлыға - +1900-2300, картопқа - +1300-3000, қант қызылшасына -+2400- 3700, күрішке - +3000-4500, ал мақтаға - +3500-5000 градус жылу керек. Сондықтан әр аймақтың топырақ-климат жағдайына қалыптасқан өсімдіктерді, сорттарды өсіру қажет. Күн көзінің жылылығын өсімдіктер толық пайдалану үшін оларды жан-жақты ойластырып іріктеп алу қажет. Көптеген ауылшаруашылық дақылдары үшін вегетация кезіндегі қолайлы температура +22-250С аралығында жатады. Өте төмен немесе өте жоғары температура өсімдіктердің өсуі мен дамуын бәсеңдетеді, кейде тіпті олардың өлуіне әкеліп соғады. Мысалы, бидайдың, қарабидайдың, сұлының өскіндері – 60С дейінгі суыққа төзетін болса, ал жылусүйгіш мақта, жүгері, көкөністердің өскіндері температура -2-30С тан төмендесе үсіп кетеді. Өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарының жылуға қоятын талаптарына және вегетациялық кезеңінің ұзақтығына байланысты республиканың солтүстік аймағында 70-90 күнде пісетін асбұршағы, жаздық бидай, арпа өсірілсе, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірде вегетациялық кезеңі ұзақ, жылусүйгіш жүгері, мақта, көкөніс, темекі және басқалар дақылдар өсіріледі. Судың өсімдік өміріндегі орны ерекше. Біріншіден, ол өсімдіктерге еріткіш ретінде қажет, өйткені топырақтағы коректік элементтерді және олардың тұздарын өсімдіктер тек ерітінді түрінде сіңіре алады. Екіншіден, су өсімдікте жүретін фотосинтез процесіне керек, себебі фотосинтез реакциясында судың алты молекуласы қатысады. Үшіншіден, су өсімдік клеткаларының формасын сақтап тұрады, өйткені оның құрамында 80-90 пайыз су болады. Егер клетка осы судан айырылса өледі. Төртіншіден, себілген ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының бөртуі және жер бетіне көктеп шығуы топырақ ылғалдылығына байланысты. Мысалы, дәнді масақты дақылдардың топыраққа себілген дәндері бөріту үшін оның салмағының 50-55 пайызындай ылғал қажет, ал дәндерінде ақуыз көп болатын дәндібұршақты дақылдардың тұқымдары бөрітуі үшін олардың салмағынан 2,0- 2,5 есе артық ылғал керек. Бесіншіден, ылғал өсімдіктердің температурасын реттеуге қатысады. Өсімдік жапырақтарындағы устицалар арқылы буланған ылғал (транспирация) өсімдік ұлпаларының температурасын төмендетіп, оларды қатты қызып кетуден сақтайды. Алтыншыдан, ылғал топырақта және өсімдік органдарында жүретін әр түрлі биохимиялық реакциялар үшін қажет. Жетіншіден, ылғал топырақ микроорганизмдерінің тіршілігі үшін керек. Көптеген микроорганизмдердің топырақтың ылғалдылығы 25-30 пайыз болғанда белсенділігі артады. Сегізіншіден, ылғал топырақ құнарлылығының негізгі элементі, себебі құрғақ топырақтарда микробиологиялық процестер нашар жүреді, немесе мүлде тоқтайды және топыраққа берілген минералдық тыңайтқыштардың тиімділігі төмендейді. Тоғызыншыдан, топырақта ылғал жеткіліксіз болса (топырақ құрғақшылығы) немесе ауа құрғақ болса (атмосфералық құрғақшылық) өсімдіктер солып қалады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңде ылғалдыққа қажеттілігін олардың транспирациялық коэффиценті бойынша анықтауға болады. Транспирациялық коэффицент деп өсімдіктердің белгілі бір салмақ мөлшеріндегі органикалық құрғақ заттарды құруға жұмсайтын судың мөлшерін айтады. Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша өсімдік топырақтан сіңіріп алған 1000 грамм ылғалдың 990 грамын булануға, ал қалған 10 грамын транспирацияға жұмсайды екен, яғни өсімдіктер барлық жұмсалған ылғалдың тек 1,0 пайызына жуығын ғана құрғақ органикалық заттар, басқаша айтқанда, өнім құруға пайдаланады деген сөз. Өсімдіктердің транспирациялық коэффиценті олардың түрлеріне байланысты. Мысалы, астық тұқымдастарына жататын бидай мен сұлының транспирациялық коэффиценті орташа 400 өлшем болса, ал осы тұқымдасқа жататын тарынікі - 215-ке, бұршақ тұқымдасына жататын жоңышқаныкі -520-ға тең. Бұл тары бидай мен сұлыға қарағанда ылғалды 1,8, ал жоңышқамен салыстырғанда 2,4 есе үнемді жұмсайды деген сөз. Әр бір өсімдіктің ылғалды өте қажет ететін мезгілі болады, оны өсімдіктің ылғалға мұқтаж кезеңі деп атайды. Мысалы, дәнді дақылдардың мұндай кезеңі сабақтану-масақтану фазасы, жүгерінікі-гүлдену, мақтанікі- гүлдену-көсек түзу фазалары болып есептеледі. Ауа. Өсімдікке қажетті факторлардың бірі – топырақ ауасы. Оның құрамында оттегі мен көмірқышқыл газы бар. Атмосфера ауасында көмірқышқыл газының мөлшері 0,03%, ал топырақ ауасында ол 0,1 тен 1 пайызға дейін болады. Оттегі тұқымдардың көктеп шығуына, өсімдік тамырлары мен микроорганизмдердің дем алуына керек. Дем алу кезінде көмірсутектер көмірқышқыл газы (СО2) мен суға (Н2О) ыдырап энергия бөлініп шығады. Дем алудың интенсивтігіне ауа мен топырақтың температурасы әсер етеді. Температура әрбір 100С көтерілген сайын дем алу процесі 2-3 рет жылдамдайды, ал температура 45-500С болғанда мүлдем тоқалады. Өсімдіктің әрбір грамм құрғақ салмағына күніне 40-50 мг оттегі қажет. Топырақта оттегі жеткілікті болған жағдайда аэробты микроорганизмдердің көбеюі салдарынан онда азот мол жиналады. Егер топырақта оттегінің мөлшері 5 пайызға дейін төмендесе, онда өсімдіктердің тамырлары өздерінің өсуін тоқтатады, кейде өліп қалады. Әсіресе, оттегінің жетіспеушілігі тамыржемісті және түйнектамырлы дақылдарға, атап айтқанда қант қызылшасына, картопқа өте зиянды. Топырақта оттегі аз болса, онда органикалық заттардың ыдырауы бәсеңдеп, ол ұзаққа созылады. Өсімдік тамырларының дем алуы және микроорганизмдердің көмегімен органикалық заттардың ыдырауы нәтижесінде оттегі жұмсалып, оның орнына топыраққа көмірқышқыл газы бөлініп шығады. Көмірқышқыл газын өсімдіктер фотосинтез процесі кезінде пайдаланады. Тәулік бойына бір гектар жердегі өсімдіктер 250-1000 кг көмірқышқыл газын пайдаланады, яғни олардың жапырақтарының әрбір шаршы дециметр көлеміне сағат сайын 200 литр ауа керек. Қоректік заттар. Өсімдіктер тірі организм болғандықтан өнеді, өседі, дем алады, көбейеді, коректенеді, өледі. Жақсы өсіп-дамуы үшін өсімдіктерге жеткілікті мөлшерде коректік заттар керек. Оларға топырақтағы химиялық элементтер мен микроорганизмдердің тіршілігі арқасында жиналған заттар жатады. Қоректік заттар органогендік және күлді элементер болып екі топқа бөлінеді. Өсімдіктердің органикалық салмағының негізгі бөлігін құрайтын химиялық элементтерді органогендер деп атайды. Оларға көміртегі, сутегі, оттегі, азот жатады, ал күлді элементтер тобына фосфор, калий, кальций, магний, мырыш, темір және басқалары жатады. Өсімдіктерді жаққанда органогендік элементтер ұшып кетеді де, ал күлді элементтер күлде қалады. Өсімдіктер пайдаланатын барлық элементтерді макро, микро және ультрамикроэлементтер деп үш топқа бөлуге болады. Макроэлементтерге азот фосфор, калий, магний, күкірт, және басқалары жатады. Оларды өсімдіктер қоректену үшін әжептеуір мөлшерде (0,02%)пайдаланады. Микроэлементтер (мыс молибден, кобальт, цинк) өсімдіктерге аз мөлшерде, ал ультамикроэлементтер тіпті аз мөлшерде (0,001%) қажет. Қоректік элементтердің өсімдіктер үшін маңызы әр түрлі. Мысалы, азот ақуыздардың, клетка протоплазасының және ядроның құрамына кіреді. Топырақта азот жеткілікті болғанда өсімдіктің сабақтары мен жапырақтарының өсу қарқыны тездеп, үлкен вегетативтік масса түзіледі. Фосфор өсімдік ақуыздарының, нуклеин қышқылдарының, ядроның, органикалық қосылыстарының құрамдарына кіреді. Сонымен қатар фосфордың заттар алмасуында және фотосинтез процесінде атқаратын рөлі зор. Фосфор ауылшаруашылық дақылдарының дамуын жылдамдатады, масақты дақылдар дәндерінің ірі болуына, олардың тез пісіуіне және өнімдерінің сапасының жақсаруына ықпал жасайды. Сондай-ақ, фосфор қант қызылшасының түбіріндегі қанттың көбеюіне, картоп түйнектерінде крахмалдың жиналуына әсерін тигізеді. Өсімдіктер алғашқы даму фазаларында фосфордың жетіспеуінен зардап шегеді. Атап айтқанда, өсімдіктердің тамыр жүйелері нашар дамып, олардың сіңіргіштік қабілеті төмендейді. Сондықтан осы мезгілде топыраққа аз мөлшерде форфорлы тыңайтқыш берудің үлкен мәні бар. Вегетация кезінде фосфордың жетіспеушілігі өсімдіктердің өсіп-дамуын тежейді, сондықтан дақылдардың өнімі төмендейді. Топырақта фосфор жылжымалы минералдық және органикалық түрде кездеседі, оның соңғысын өсімдіктер сіңіре алмайды. Калий. Өсімдіктер өмірінде калий элементі маңызды рөл атқарады. Ол ақуыз бен көмірсутегі алмасуына қатысады, амин қышқылынан ақуыздың түзілуін күшейтеді. Сонымен бірге калий фотосинтез процесінде түзілген заттардың жапырақтан сабаққа және тамырға жылжуында маңызды рөл атқарады. Калий, көмірсутектерінің жақсы жиналуына әсер етеді, соның арқасында өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін жоғарылатады. Егер өсімдіктерге калий жетіспесе, олар әр түрлі ауруларға шалдығады, ал дәнді дақылдар жатып қалуға бейім келеді, картопта крахмалдың мөлшері, қант қызылшасының қанттылығы азаяды. Қазақстанның топырағында калий мөлшері жеткілікті. Әр бір гектар жердегі калийдің мөлшері 35 тоннадан 75 тоннаға дейінгі шамада. Оның басым көпшілгі топырақтың балшықты бөлігінде болады, сол себепті топырақтағы калий мөлшері оның гранулометриялық құрамына тығыз байланысты. Калий топырақта аналық тау жыныстарында, жылжымалы минералдық және органикалық түрлерде кездеседі. Осылардың ішіндегі өсімдіктер оңай сіңіре алатыны минералдық жылжымалы түрі. Жоғарыда қарастырылған өсімдік тіршілігінің факторы табиғатта бірімен бірі тығыз байланыста және біріне-бірі тәуелді болады. Бір фактордың жетіспеушілігі немесе шамадан тыс көп болуы, қалған факторлардың өсімдікке әсерін тежейді, яғни кері әсер етеді. Бақылау сұрақтары 1. Өсімдіктердің адамдар мен малдар өміріндегі маңызы 2. Өсімдік тіршілігі факторлары және олардың маңыздары 3. Ғарыштық факторлар және олардың көзі 4. Жер бетіндегі өсімдік тіршілігі факторларынының сипаттамасы 5. Фотосинтез процесі және оның маңызы 6. Өсімдіктің транспирациялық коэффиценті 7. Қоректік заттар және олардың маңызы Тақырыбы 2.2 Топырақ режімдері және оларды егіншілікте реттеу жолдары Ылғал топырақ құнарлылығының басты элементтерінің бірі, сондықтан ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін артырудағы алатын орны ерекше. Өсімдіктер мен микроорганизмдердің тіршілігі топырақтың технологиялық қасиеттеріне, меншікті кедергісіне, өңдеу мерзімі мен тәсілдеріне, танаптағы ылғал қорына байланысты. Топырақтың ылғал көздеріне негізінен атмосфералық жауын-шашын жатады. Ол қатты (қар, бұршақ, қырау) және сұйық түрінде (жаңбыр) түседі. Қазақстанда жауын-шашын шамалы жауады. Көлденең ендік бойынша оның жылдық мөлшері 100мм-ден (шөлейт және шөлді аймақтар) 360-400 мм-ге (орманды-далалы аймақ) дейін ауытқиды. Таулы және тау бөктері аймақтарында жауын-шашын мөлшері біршама көбірек, яғни 450-600 мм-ге дейін жетеді. Өсімдіктер үшін жауын-шашынның мөлшері ғана емес, сонымен қатар жауу мезгілі мен сипатының маңызы бар. Мысалы, вегетация кезінде және ақжауын түрінде түскен жауын-шашын өсімдіктер үшін пайдалы. Топырақтағы ылғал қорының келесі көзі – жер бетінен 3 метр тереңдіктен жоғары жатқан ыза (жерасты) сулары. Атмосфера қабатында түзілетін бу тәріздес ылғал өсімдікке тікелей су көзі болмағанмен жанама әсер етеді. Республикның суармалы оңтүстік және оңтүстік–шығыс аймақтарындағы қолдан суару топырақтағы ылғал көзінің келесі түрі болып табылады. Танаптағы ылғал қорын молайтуда ол тиімді агротехникалық шара болып саналады. Топырақ ылғалдылығы жауын-шашын мөлшеріне, ауаның температурасына, өсімдіктердің ылғалды пайдалану дәрежесіне байланысты өзгеріп тұрады. Топырақтағы ылғал әр түрлі формада болады. Олардың бастылары: гравитациялық су, капиллярлық су, гигроскопиялық су, қабыршақты су, бу тәріздес су. Гравитациялық су дегеніміз топырақ агрегаттарының аралықтарындағы ірі қуыстылықтар арқылы өз салмағымен жоғарыдан төмен қарай жүретін су. Ол бос суға жатады, сондықтан өсімдіктер оңай сіңіреді. Бұл судың негізгі көздері атмосфералық жауын-шашын және қолдан беретін су. Егер топырақта шамадан тыс көп су болса, ол барлық капиллярлық емес қуыстылықтарды толтырып, ондағы ауаны атмосфераға ығыстырып шығарады, сөйтіп топырақтың ауа режімін нашарлатып, өсімдіктердің өсуіне кері әсер етеді. Гранулометриялық құрамы жеңіл құм және құмдауыт топырақтарда гравитациялық су ұзақ ұсталмай тез төменгі қабатқа өтіп кетеді. Капиллярлық (түтіктік) су топырақтың капиллярлық қуыстылықтарында орналасады. Олар топырақтың ылғалды қабатынан құрғақ қабатына, яғни әр бағытта менискілік күштің әсерінен қозғалатын ылғал. Бұл ылғал әрқашан жылжымалы күйде болады, сондықтан өсімдіктер оңай сіңіре алады. Гигроскопиялық су – ауаның ең жоғарғы ылғалдылығында топырақ молекула түрінде сіңірген және оның бөлшектерінің бетінде үлкен күшпен берік ұсталып тұратын ылғал. Оны өсімдік пайдалана алмайды, себебі ол топырақ бөлшектерінің арасында диффузиялық жолмен тек ғана бу түрінде қозғалады және оны топырақтан ажырату үшін 1050С температурада 6 сағат бойы кептіру керек. Топырақтың гигроскопиялық ылғалдылығы тұрақсыз. Егер ауаның ылғалдылығы 100 пайыз болса, онда топырақ бөлшектерінің бүкіл бетін гигроскопиялық ылғал жабады. Мұндай жағдайды топырақтың толық, немесе максималды гигроскопиялылығы деп атайды. Топырақтың гигроскопиялығы оның гранулометриялық құрамына, органикалық заттардың мөлшеріне, тұздардың құрамына байланысты, сондықтан ол әр түрлі топырақ типтерінде бірдей болмайды. Мысалы, гранулометриялық құрамы жеңіл құмдарда 0,5 пайыз, құмдақ топырақтарда –3-4 пайыз, ал гранулометриялық құрамы ауыр балшықты және саз- балшықты топырақтарда 6-8 пайызға дейін жетеді. Максималды гигроскопиялық топырақтағы өсімдік пайдалана алмайтын судың өлі қорын анықтау үшін қажет. Ол пайызбен, т/га немесе м3 /га есептеледі. Жарғақты су топырақтың қатты бөлшектерінің сыртында 6-18 мың атмосфераның молекулалық тартым күшімен ұсталатын су. Ол топырақтың ылғалды жерінен құрғақ жеріне қарай қозғалады. Судың бұл түрін өсімдік пайдалана алмайды. Топырақтың ылғалдық қасиеттеріне оның су өткізгіштігі, ылғал көтергіштігі, ылғал сиымдылығы, ылғал жоғалтқыштығы жатады. Су өткізгіштік – топырақтың суды сіңіріп өз бойынан өткізу қабілеті. Ол топырақтың минералогиялық, катиондық, гранулометриялық құрамына, құрылымына, тығыздығына, қаттылығына байланысты. Борпылдақ, құмды және құмдауыт топырақтардың су өткізгіштігі жоғары, ал тығыз, сазды, сазбалшықты топырақтардікі нашар болады. Топырақтың су өткізгіштік қабілетінің пайдалы және зиянды жақтары да бар. Егер су өткізгіштік қабілеті төмен болса, онда ылғал топырақтың жоғарғы бетінде жиналып қалады да сай-салаға ағып кетеді немесе органикалық қалдықтардың шіріуіне, микроорганизмдердің тіршілігін баяулатуға, әкеп соғады. Ал, топырақтың су өткізгіштігі шамадан тыс жоғары болса, онда жауын-шашын мен қолдан берген сулар тамыр жүйесінен әрі қарай тез өтіп кетеді де, суды өсімдік сіңіре алмай, ылғал текке ысырап болады. Топырақтың гранулометриялық құрамы ауыр типтерінде оның су өткізгіштігін арттыратын негізгі әдіс – топырақты қопсыту, құрылымын жақсарту, органикалық заттардың қорын молайту. Ылғалсиымдылық – топырақтың суды сіңіріп және ұстап қалу қабілеті. Мысалы, құм өз салмағының 25 пайызындай, ал балшықты топырақ 70 пайызындай суды сіңіріп ұстап тұра алады. Ылғал сиымдылықтың ең төменгі капиллярлық және толық түрлері бар. Ең төменгі немесе табиғи сусиымдылық дегеніміз табиғи жағдайда топырақтан гравитациялық су ағып кеткеннен кейінгі қалған ылғалдың мөлшері. Капиллярлық сусиымдылық топырақ түтіктерінде ұсталатын ылғалдың ең көп мөлшері Толық сусиымдылық деп топырақтың барлық қуысталықтарындағы ылғалдың ең көп мөлшерін айтамыз. Ол қар ерігеннен кейін, немесе суарғаннан соң пайда болады. Топырақтың сусиымдылығы оның гранулометриялық құрамына, құрылымына және басқа қасиетеріне байланысты. Ылғал жоғалтқыштық – топырақтан судың буланып ұшып кетуі, яғни жоғалуы. Ол топырақтың түсіне, ауаның температурасына мен ылғалдылығына, тығыздығына, оның беткі қабатының формасына байланысты. Мысалы, ауаның температурасы жоғары, ылғалдылығы төмен, топырақ беті тегіс болмаған жағдайда одан ылғал көп мөлшерде буланып ұшып жоғалады және керісінше болады. Топырақтың ылғалдық режимін реттеу үшін үш бағытта агротехникалық шаралар жүргізілуі қажет. Бірінші, танаптарда су қорын жинауға бағытталған шаралар. Оған қар тоқтату, көктемдегі қар суын танаптарда ұстап қалу, танаптарды парға қалдыру, оларға биік өсімдіктерден ықтырма себу, танаптардың жиегіне ағаш алқабын отырғызу, қолдан және көлтабан суару жатады. Екінші, жиналған су қорын танаптарда сақтауға бағытталған шаралар. Бұл топқа ылғал жабу, яғни ерте көктемде топырақты тырмалау жатады. Ғылыми- зертеулер мен өндірістік тәжірибенің деректеріне қарағанда тырмаланбаған танаптарда көктемнің әрбір тәулігінде бір гектар жерден 50-100 м3 су буланып ұшып кетеді екен. Егін сепкенге дейін арамшөптерді жою керек. Өйткені олар өздерінің өніп-өсуі үшін жиналаған су қорының біраз мөлшерін және жауын-шашынның 20 пайызын пайдаланады. Үшінші бағыт жиналған және сақталған су қорын егіншілікте тиімді пайдалануға бағытталған шаралар. Оған егінді дер кезінде және қысқа мерзімде себу жатады. Өйткені, жоғарыда көрсетілгендей әр бір кешіккен күн топырақтағы ылғалдың буланып ұшып кетуіне әкеліп соғады. 2.3 Топырақтың ауа режімі және оны егіншілікте реттеу жолдары Топырақтағы газ алмасу дәрежесіне оның ауа қасиеттерінің әсері бар. Оған ауа сиымдылығы мен ауа өткізгіштігі жатады. Ауа сиымдылық дегеніміз топырақтың өз бойына белгілі бір мөлшерде ауаны сіңіріп ұстап тұру қабілеті. Ауа сиымдылығы белгілі бір уақыт ішінде (секунд, минут, тағы басқа) 1см2 көлемдегі топырақтың 1 см тереңдігіне өтетін миллиметр есебімен алынған ауа мөлшері. Қазақстанның барлық топырақ-климат аймақтарында ауа режимін әр түрлі агротехникалық шаралар жүргізу арқылы реттеуге болады. Оған топыраққа органикалық тыңайтқыш беру, әсіресе көң төгу жатады. Бұл топырақтың құрылымын жақсартып, ондағы ауа мен ылғалдың арақатынасын өзгертеді, аграциясын жақсартады. Топырақты әртүрлі тереңдікте негізгі, егін себер алдында және егін сепкеннен кейін өңдеу. Осының арқасында топырақ қопсып, оның құрылымы мен құрылысы жақсартып, ауаның топыраққа сіңуі жеңілденеді. Қуаңшыл аймақтарда топырақтарды каток арқылы тығыздау керек, өйткені соққан желдің әсерінен ондағы аз ылғалдың өзі ұшып кетеді. Шамадан тыс ылғалданған жерлердегі артық суды жою шаралары топырақтың ауа режімін жақсартады. Сор және сортаңталған жерлерде топырақтың ауа режімін жақсарту үшін оны гипстау керек. Топырақтың ауа режімін реттеудегі ең тиімді агротехникалық шара – қысқа айналымды отамалы-парлы, асытықты-парлы ауыспалы егістерді енгізу және игеру. 2.4 Топырақтың жылу режімі және оны егіншілікте реттеу жолдары Топырақтың жылу режімін реттеу үшін оның жылулық қасиеттерін білу керек. Оларға топырақтың күн сәулесін сіңіру және оны кеңістікте тарату, жылу сиымдылығы, жылу өткізгіштігі, температура өткізгіштігі жатады. Топырақтың температурасы күн энергиясын сіңіру және оның кеңістікке тарауының айырмашылығына байланысты. Өйткені, жерге түскен күн сәулесінің бір бөлігі топыраққа сіңіп, оны қыздырады да, ал қалған бөлігі әуе кеңістігіне таралып кетеді. Оны альбедо деп атайды. Жылу сиымдылығы дегеніміз белгілі бір мөлшердегі топырақты 10С қыздыруға қажетті жылуды сіңіру қабілеті. Топырақтың салмақтық және көлемдік жылу сиымдылығы бар. Бір грамм топырақты 10С-қа қыздыру үшін керек жылу мөлшерін салмақтық, ал 1см3 топырақты 10С қыздыруға қажет жылу мөлшерін көлемдік жылу сиымдылғы деп атайды. Жылу өткізгіштік - топырақтың өз бойынан жылуды өткізуі. Ол 1 секунд ішінде көлденеңі 1см2, қалыңдығы 1см топыраққа өтетін каллория есебімен алынған жылу мөлшері. Температура өткізгіштік деп топырақтың біркелкі қызып, температурасының бірдей болуын айтады. Топырақтың жылу режимін аймақтың климат ерекшеліктеріне қарай әр түрлі реттейді. Мысалы, республиканың солтүстік жақтарында жылу жетіспегеннен зардап шексе, ал оңтүстікте оның көптігінен зиян келеді. Жылу режимін реттеу үшін топыраққа жеткілікті мөлшерде органикалық заттарды (көң) төгу керек. Ол топырақтың ылғалдық және жылу сиымдылықтарын арттырады. Бұл шара ыстық жақта топырақ температурасының төмендеуіне, ал суық аймақта жоғарылауына әсер етеді. Қыстыгүні танаптарда қар тоқтату тек ылғал мөлшерін ғана көбейтіп қоймай, сонымен қатар жердің терең тоңданбауына, көктемде тез жібіуіне, сөйтіп микроорбиологиялық процестің ерте басталуына әсер етеді. Жазғытұрым өсімдіктерді үсіктен сақтау үшін жылу сүйгіш өсімдіктерді кеш себу, жүзім-жеміс ағаштарына, көкөністерге түтін салу, ағаштардың қатты қызып кетпеуі үшін олардың діңгектерін әктеу қажет. Өсімдіктердің санын өзгерту арқылы олардың жылу режимін реттеуге болады. 2.5 Топырақтың коректік заттар режімі және оны егіншілікте реттеу Топырақта өсімдіктерге қажет су, ауа, жылумен қатар коректік заттардың болуын оның коректік режимі дейді. Көптеген анализдердің нәтижесінде өсімдіктер организмдерінде әртүрлі элементтердің болатыны анықталды. Олардың ішіндегі басым көпшілігі C, H, O, N, P, K, Ca, Mg, Fe макроэлементтер. Бұл элементтерді өсімдіктер жеке молекула түрінде емес, олардың қосылыстары түрінде пайдаланылады. Өсімдіктер үшін әр элеметтің өз орны бар. Макроэлементтермен қатар өсімдіктерге микроэлементтерде қажет. Оларға B, Mn, Zn, Cu, Mo, Al, J және басқалары жатады. Өсімдіктерге ең көп қажет азот, фосфор және калий (N,P,K). Көптеген зерттеулердің нәтижесіне қарағанда аталған элементтердің қоры топырақта жеткілікті. Мысалы, Кравцовтың деректері бойынша қара топырақтардың бір гектарында N–12 тонна, P -6 тонна, ал K -20 тонна екен. Осы келтірілген қорды өсімдіктер топырақтан алып пайдаланылатын мөлшермен салыстырсақ, ешқандай тыңайтқыш енгізбей-ақ жыл сайын жоғары өнім алуға болады екен деп ойлауға болады. Бірақ, істің мәні басқаша. Бұл келтірілген қордың көбін өсімдіктер пайдалана алмайды, өйткені олар көбіне органикалық қосылыс түрінде кездеседі, ал оларды өсімдіктер тікелей ала алмайды. Азоттың топырақта органикалық (10,4 т/га), нитратты (60 кг/га) және аммиакты (110 кг/га) түрлері кездеседі. Өсімдіктер нитратты және аммиакты азотты сіңіре алатындықтан жоғарыда келтірілегн барлық азот қорының (12т/га) әр гектардан тек 170 кг ғана пайдаланады. Фосфор топырақта аналық тау жыныстарында (аппатит, сильвенит), органикалық (көңде, қида –0,2-0,3%) және жылжымалы түрлерде кездеседі. Калий аналық тау жынысы құрамында (ортоклаз, далалық шпат және т.б.), органикалық (қи, көң -0,6) және жылмалы минералдық түрде болады. Қазақстан топырақтарында фосфор аз, ал калий көп мөлшерде кездеседі. Өсімдіктерге қажет азот тұздарына NH4NO3, Ca(NO3)2, KNO3, NaNO3 жатады. Азот тұздары пайда болу үшін топырақта нитрификация процессі жүру керек. Ол екі фазада өтеді. 2 NH3 + 3 O2 = 2 HNO2 + 2H2O және 2 HNO2 + O2 = 2 HNO3+ 43200 кал Көптеген бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадан бос азоттты сіңіріп, оны өздеріне қажетті коректік заттарға айналдырады, біраз бөлігін топырақта қалдырады. Топырақтың коректік заттар режімін реттеу үшін оған ораникалық тыңайтқыштар (қи, көң, құстың саңғырығы, қорда) және жасыл тыңайтқыштар беру, танапта сабан қалдыру керек. Минералдық тыңайтқыштарды (азот, фосфор, калий тұздары) пайдалану топырақтың коректік заттар режімін реттеудің басты жолдарының бірі. Микротыңайтқыштар мен бактериалдық (азот бактерин, фосфоро бактерин) тыңайтқыштарды пайдаланудың өсімдіктер үшін үлкен мәні бар. Топырақтағы микроорганизмдердің тіршілік қабілетін артыру үшін оларға қолайлы жағдай туғызу (оптималды температура +25-30С, ылғалдылық -45-60%, бейтарап топырақ ортасы, оттегінің топыраққа тұрақты келуі және тағы басқа) керек. Тақырып 2.6 Егіншілік заңдылықтары және оларды мол өнім алу үшін өндірісте қолдану Егіншілікті қарқынды жүргізіп, ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін оның заңдылықтарын дұрыс пайдалана білу керек. Ашылу мерзіміне байланысты егіншіліктегі бірінші заң – жасыл өсімдіктердің автотрофтылық заңы. Онда (жасыл өсімдіктер ғарыштан күн сәулесі энергиясын, ауадан көмір қышқыл газын, топырақтан минералдық қосылыстарды пайдалана отырып өздеріне қажет органикалық заттарды түзеді( делінген. Сондықтан өнімді көп алу үшін егістік алқапта оптималды мөлшерде мәдени өсімдік өсіріп, ал топырақта жеткілікті мөлшерде ылғал мен минералдық коректік заттар қорын жасау керек. Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті факторлардың өзара тепе-теңділігі мен бірі мен бірі айырбасталмайтындығы заңының мазмұны: “Өсімдік тіршілігіне қажетті факторлар бір –бірімен айырбасталмайды”. Бұл өсімдікке барлық факторлар қажет деген сөз. Осыдан барып өсімдіктер тіршілігіне керекті факторлардың теңмағыналылық заңы шыққан. Оны былай түсіндіруге болады. “Өсімдік өміріне (тіршілігіне) қажетті факторлар тең мағыналы”, яғни өсімдіктер үшін жарықтың, жылудың, ауаның, қоректік заттардың және ылғалдың маңызы бірдей. Минумум, оптимум, максимум заңы. Оны бірінші рет неміс ғалымы Сакс ашқан болатын. Оның айтуынша “Ең жоғарғы өнім факторлар оптималды мөлшерде болғанда ғана алынады, ал егер олар минималды (аз) және максималды (көп) мөлшерде болса өнім төмендейді”. Бұл заңды 1840 екінші неміс ғалымы Ю.Либих толықтырады. Қайтарым заңын XІX ғасырдың орта кезінде Ю.Либих ашқан. Оның анықтамасы бойынша: “Өсімдіктер өнімі құралғанда пайдалынылған барлық заттар (азоттан басқа) толығымен қайтадан топыраққа тыңайтқыштар түрінде артығымен қайтарылуы керек.” Бұл заңды бұзу, ерте ме кеш пе топырақ құнарлылығының жоғалуына әкеліп соқтырады. Осы заңның нәтижесінде минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауттар салынды. Тұқым алмастыру заңы бойынша «өзінің биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы жағынан алшақ тұрған дақылдарды жыл сайын, немесе белгілі бір уақыт ішінде ауыстырып отыру арқылы алынатын өнім мен топырақтың құнарлылығын арттыруға болады». Осы заң негізінде егіншілікте ауыспалы егіс жүйесі пайда болған. Топырақ құнарлығының кеми беру “заңын” XVІІІ ғасырда француз экономисі А.Р.Ж.Тюрго шығарған болатын. Оның мәні мынада еді. “Өнім өндіруге сәйкес келмейтін еңбек пен шығынды көбейте бергенмен, әрбір қосымша өнімнің нәтижесі бірте-бірте кемиді, сондықтан жұмсалған шығынның ақталуы өте баяу болады, тіпті ақталмауы да мүмкін”. Осы аталған заңдарды егіншілікте қолдану өнімді молайтуға зор мүмкіншілік береді. Қазақстан егіншілігінде аталған заңдарды пайдалана отырып өте жоғары рекордтары өнім алған дихандар бар. Мысалы, Шығанақ Берсиев (1881-1944ж) Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы Құрман ұжымшарында 1943 жылы тарының әр гектарынан 201 центнер өнім жинап әлемге атағы әйгілі болған. Ыбрай Жахаев (1891-1981жж) Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қызыл-Ту ұжымшарында күріштің әр гектарынан 171 центнер өнім жинап, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері мәртебесіне ие болған. Бұрынғы Талдыкорган облысының, Талдықорған ауданындағы “1-Май” ұжымшарында 3 гектар қант қызылшасының әр гектарынан Ольга Гоноженко 936 центнер өнім жинаған, сөйтәп ол да Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған. ТМД елдерінде де жоғарғы өнім алған дихандарда аз емес. Мысалы, 1960 жылдары Ташкент облысындағы “Полиотдел” ұжымшарында Любовь Лидің звеносы әр гектар жерден 1975 центнер сүрлемдік жүгерінің көк массасын жинаған. Сөйтіп, егіншілік заңдылықтарын өндірісте қолдану үлкен табыстарға жетуге мүмкіндік туғызады. 2 тарау Арамшөптер және олармен күрес шаралары 2.1 Арамшөптер туралы түсінік және олардың ауылшаруашылығына келтіретін зияндылығы. Егістік жердерде өніп-өсіп, ауыл шаруашылығына зиян келтіретін өсімдіктерді арамшөптер деп атайды. Олар тек егіс алқабында ғана емес, сонымен қатар жайылымдықтар мен шабындықтарда, орман алқаптарында да кездеседі. Егер негізгі ауылшаруашылығы дақылдары егісінде басқа мәдени өсімдіктер кездессе, оларды арамшөп қоспасы дейді. Мысалы, бидай егісінде арпа, сұлы, не болмаса басқа мәдени өсімдіктер өссе олар арамшөп қоспасы болып есептеледі. Кейбір арамшөптердің мәдени дақылдарға бейімділігі соншалық олардың даму кезеңдері, тұқымдарының көлемдері (ені, ұзындығы) бірдей болып келеді. Сондықтан, ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын осындай арамшөптерден тазалау қиынға түседі. Мысалға сұлы егісіндегі қарасұлы, тары егісіндегі итқонақ арамшөп тұқымдарын келтіруге болады. Мұндай арамшөптерді маманданған, немесе айырылмас серіктес арамшөптер деп атайды. Кейінгі кезде кеңшарлар мен ұжымшарлардың таратылып, олардың орындарына пайда болған ұсақ шаруашылықтарда агротехникалық шаралардың орындалмауына, ауыспалы егістіктердің жойылыуына, гербицидтердің шамалы қолданылуына, жердің дұрыс және дер кезінде өңделмеуіне байланысты ауылшаруашылық дақылдарының егістерінде арамшөптер етек алып жайылып кетті. Әсіресе, республиканың астықты солтүсітік өңірде қарасұлы және атпатамырлы арамшөптер (егістік сары қалуен, далалық шырмауық тағы басқалары ) қайтадан қаулап өсе бастады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағындағы жағдай дәл осындай. Мәдени егіншіліктің ең басты көрсеткіші танаптың арамшөптерден тазалығы, кері жағдайда олар ауыл шаруашылығына орасан зиян келтіреді. Олардың ең бастыларының ішінен мыналарға тоқтауға болады. Көптеген арамшөптердің тамыр жүйелері өте күшті дамыған. С.А.Воробьевтің деректері бойынша қарасұлының тамыры 2,0 метр, ал егістік калуендікі бірінші жылы 3,5 метр, екінші жылы 5,75 метр, үшінші жылы 7,2 метр тереңдікке дейін өседі. Сондықтан, олар тіпті топырақтың терең қабатында жатқан ылғалды, коректік заттарды жақсы пайдаланылады. Тамыр жүйелернің күшті дамуына байланысты арамшөптер мәдени өсімдіктерге қарағанда ылғалды әлдеқайда көп жұмсайды. Бұған арамшөптер мен ауылшаруашылық дақылдарының транспирациялық коэффиценттерін салыстыру арқылы көз жеткізуге болады. Мысалы, бидай 1 грамм құрғақ зат құруы үшін 400 грамм, тары 250 грамм ылғал жұмсаса, ал осы астық тұқымдастарына жататын қарасұлыға 600 грамм ылғал керек, яғни ол ылғалды бидайға қарағанда 1,5 есе, ал тарымен салыстырғанда 2,1 есе көп жұмсайды. Академик А.И. Мальцевтің деректері бойынша жылдық жауын-шашын қорының 20 пайызынан астамы арамшөптердің өніп-өсуіне жұмсалады. Мұның өзі жауын- шашын мөлшері аз Қазақстан Республикасы үшін өте зиян. Міне, сондықтанда арамшөптермен күрес – ылғал үшін күрес. Арамшөптер өсіп-дамуына тек ылғалды емес, сонымен бірге қоректік заттарды ауылшаруашылық дақылдарына қарағанда жылма-жыл топырақтан әлдеқайда көп әкетеді. Соның салдарынан топырақтың құнарлылығы төмендейді. Мысалы, егістік калуен арамшөбі 36 центнер көк балауса түзу үшін әр гектардан 14 кг азот, 30 кг фосфор және 120 кг клий сіңіріп алады. Осы жұмсалған коректік заттар әрбір гектар жерден 31,8 центнер күздік бидай, немесе 250 центнер қант қызылшасын өндіріуге жетер еді. Арамшөптер топырақтың коректік заттарын ғана емес, сонымен бірге танапқа берілген минералдық тыңайтқыштардың 25-30 пайызын пайдаланады. Ауылшаруашылық дақылдары мен арамшөптердің арасында жарық үшін де күрес жүреді. Биік бойлап өсетін арамшөптер мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп, фотосинтез процесін баяулатады, осының салдарынан өсімдіктердің көмір қышқыл газын сіңіруі нашарлайды және оларда органикалық заттардың түзіліуі төмендейді, яғни алынатын өнім азаяды. Биік өскен арамшөптер топырақтың беткі қабатын көлеңкелеп оның температурасын 2-40С-қа төмендетеді, сондықтан себілген тұқым көпке дейін өнбей топырақта жатып шіриді, немесе әртүрлі ауруларға шалдығуы мүмкін және кешігіп шыққан егін дәл уақытында пісіп жетілмей күзгі суыққа ұрынады. Бұл әсіресе жазы қысқа, күзі ерте түсетін Қазақстанның солтүстік облыстары үшін өте қауыпты жағдай. Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдерін тарататын мекені болып табылады. Мысалы, қант қызылшасының қауіпті зиянкесі қант қызылшасы бізтұмсығының мекені алабота болса, ал егістік шырмауықта шалғындық көбелек дамып, ол кейіннен мәдени өсімдіктерге зиян келтіреді. Кейбір арамшөптердің жемістері, тұқымдары улы болып, адамдарды және малдарды уландырады (қырықбуын, сарғалдақ, қара меңдуана, үйбидайық, кәдімгі қарамықша), ал жекелеген арамшөптердің жағымсыз иісі малдардан алынатын өнімдерді бүлдіреді. Мысалы, ермен, жуа сүтке ащы, кермек дәм береді. Жусан жапырақтары ойран шөп тозаңдары адамдарда пішен қыздырмасын қоздырады. Арамшөптер және олардың тамырлары топырақ өңдегенде ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының кедергісін 30 пайызға дейін арттырады. Осының нәтижесінде де еңбек өнімділігі төмендейді, жанар-жағар майдың шығыны көбейеді. Мысалы, арамшөбі басым 1 гектар жерді өңдеуге 29,6 литр жанармай жұмсалса, ал олар аз жерде бұл көрсеткіш 17 литрге тең. Паразитті арамшөптер мәдени өсімдіктердің бойындағы шырынын сорып, олардың өніп-өсуіне кедергі жасайды, тіпті опат болуына әкеп соқтырады. Мысалы, күнбағыс сұңғыласы, арамшырмауық көкөніс дақылдарын, темекіні, картопты осындай жағдайға душар етеді. Арамшөптер тамырынан бөлініп шығатын улы заттар мәдени дақылдардың дамуына кедергі жасайды. Мысалы, итқонақ арамшөбінің тамырынан бөлініп шығатын улы зат жүгерінің биіктігін кемітесе, ал татар ақсүттігені тамырынан бөлінетін зат жазғы бидай тұқымының өнгіштігін кемітеді. Ошаған, қарасұлы сияқты арамшөптер тікенектер, қылқандары, ілгіштері арқылы малдарға зақым келтіріп, олардан алынатын өнімдердің, әсіресе жүннің сапасын төмендетеді. Арамшөптер басым болған алқапты бірнеше рет өңдеуге тура келеді, ол топырақтан үгітілуіне және ылғалдың жоғалуына әкеліп соғады. Жел эрозиясы қауіпі бар және жауын-шашын мөлшері аз Қазақстан Республикасы үшін бұл өте зиян. Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының өнімін күрт төмендетеді. Орыс агрономиясының классигі А.П.Костычевтың айтуынша арамшөптер алынатын өнімнің тең жартысын, қала берсе 30 пайызын төмендетеді екен. П.П.Колмаковтың деректері бойынша республиканың астықты Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында әр жылы орта есеппен тек қарасұлының кесірінен 170 млн. пұттан астам астық кем жиналады екен. Л.Т.Шалдаевтың мәлметі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының шаруашылықтарында арамшөптер жаздық бидай өнімін әр гектардан орта есеппен 3,8 центнерге кемітеді. Арамшөптердің ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін тигізетін зиянын анықтау үшін республиканың үш аймағында арнайы тәжірибе жүргізіліп төмендегідей нәтиже алынды (кесте 1) Кесте 1 Ауылшаруашылық дақылдарының түсіміне арамшөптердің тигізетін кері әсері | | | | |Бір | |Топырақ аймақтары |Дақыл |Арамшөп |Түсім, ц/га |өсімдіктегі | | |аттары |саны, дана/м2| |көсек саны, | | | | | |дана | |Қаратопырақты аймақ|Жаздық |8 |14,0 |- | |(Солтүстік |бидай |60 |5,5 |- | |Қазақстан облысы) | |190 |2,9 |- | |Қарақоңыр топырақ | |0 |20,0 |- | |аймақ (Батыс |Тары |4 |12,0 |- | |Қазақстан облысы) | |9 |5,8 |- | |Сұр топырақты аймақ| |5 |- |17 | |(Оңтүстік Қазақстан|Мақта |45 |- |8 | |облысы) | |90 |- |2 | Арамшөптер ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін 79,3 пайызға (жаздық бидай), ал мақта түсімін 8,5 есеге дейін төмендетеді. Келтірілген деректерден, тары бидай мен мақтаға қарағанда арамшөптерден көбірек зиян шегетінін байқауға болады. Бұдан басқа арамшөптерден көкөніс дақылдары көп зиян шегеді. Мысалы, А.В. Бешанов пен И.И. Әбілғазиевтің зерттеулері бойынша бір шаршы метр жерде 60-75 дана алабота болса, онда сәбіздің түсімі 80-100 пайызға дейін төмендейді. Арамшөптерден, зиянкестер мен аурулардан тек жекеленген шаруашылықтар, мемлекеттер емес, сонымен қатар дүние жүзінің ауыл шаруашылығы көптеген зардап шегетініне 2-ші кестеде келтірілген материалдар дәлел бола алады. Кесте 2 Арамшөптерден, зиянды жәндіктерден және әр түрлі өсімдік ауруларынан ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің төмендеуі | |Жоғалған өнім | |Дақылдар | | | | | |Потенциалды өніммен | | |млн.тонна |құны,млрд.доллар |салыстырғандағы пайыз | |Астық |506 |34 |35 | |Картоп |129 |5 |32 | |Қант қызылшасы |636 |6 |45 | |Көкөністер |78 |6 |28 | |Майлы дақылдар |42 |5 |32 | |Жемшөптер |8 |4 |32 | Осы 2-ші кестеде клтірілген деректер дүние жүзіндегі астықтың потенциалдық өнімінің 35 пайызы арамшөптерден, зиянды жәндіктер мен әртүрлі аурулардан жоғалады екен, ал оның ішінде тек арамшөптерден 9,5 пайыз өнім кеміп, оның құны 20,4 млрд.долларға жетеді С.А.Котың айтуынша бұл жоғалған өнім 100 млн. халқы бар мемлекетті бір жыл асырауға жетер еді. Арамшөптер тек ғана ауылшаруашылық дақылдарының өнімін азайтып қоймайды, сонымен қатар олардың сапасын төмендетеді. Атап айтқанда, бидай дәніндегі ақуыз, майлы дақылдар дәніндегі майдың мөлшері, талшықты өсімдіктердің талшығының сапасы нашарлайды. 2.2 Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері Арамшөптерге қарсы қаншама күрес шараларын қолдансақта , оларды толық жоя алмаймыз, оның себебі кейбір арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерінде екен. Арамшөптердің басты биологиялық ерекшелігі – зор тұқым өнімділігі. Мысалы, кәдімгі гүлтәжінің бір өсімдігі 500 мың дана ұрық, алабота-12 мың, ал қарсұлы 600 дана тұқым береді, яғни арамшөптер дәнді дақылдармен салыстырғанда 5 тен 37 есеге дейін өсімтал келеді (кесте 3) Кесте 3 Кейбір арамшөптердің тұқымдық өсімталдығы (А.Н.Киселевтің деректері бойынша) |Арамшөптердің аттары |Бір арамшөп өсімдігінің тұқым| | |саны, дана | |Жусан жапырақты ойраншөп |5000 | |Шырмауық тараны |1100 | |Алабота |100000 | |Кәдімгі гүлтәжі |500000 | Көптеген арамшөп тұқымдарының әр түрлі икемділігі арқасында олар кеңістікке түрлі жолдар арқылы (жел, су, құстар, малдар, жолкөлігі және басқа) жеңіл және тез тарайды. Мысалы, күрделі гүлдер тұқымдастырна жататын арамшөптер (егістік калуен, бақ-бақ) ұшпа ұрықтары, кәдімгі кәріқыз бен тікенді сарысояу тіркестері мен ілгіштері арқылы таралады. Т.Клингман мен Ф.Эштонның қабарлауы бойынша егістік шырмауықтың тұқымы ішек жолынан өткеннен кейін бұзауларда 22,3 пайыз, жылқыларда-6,2 пайыз, қойларда-9,0 пайыз, шошқаларда-21,0 пайыз, балапандарда-0,0 пайызға дейін тіршілік қабілетін сақтайды екен. Мұндай арамшөп тұқымдары малдың жас қиы арқылы таралуы мүмкін. Сондықтан, жас қиды органикалық тыңайтқыш ретінде қолдануға болмайды. Ал қарсұлының бұратылған иінді қылтанағы топырақ дымқылданғанда жазылады да, құрағанда бұралып шиырылады. Бұл дәншіктің орын ауыстыруына, тұқымның жарықшақтарға, топырақ түйіршігінің астына түсуіне мүмкіндік береді. Арамшөптердің өте бір ерекшелігі – олардың тұқымдарының бір мезгілде және біркелкі көктеп шықпауы. Сол себепті егін себу алында, тіпті парды өңдеу кезінде де арамшөптер толығымен жойылмайды. Арамшөп тұқымдарының біркелкі өнбеуін көптеген себептермен түсіндіруге болады: тұқым қабағының құрылысының ерекшелігі мен алуан түрлілігі (алабота), итқонақ (күн сәулесіне реакциясы). А.Г.Дояренконың мәліметі бойынша алабота тұқымы жарықта, ал итқонақ тек қараңғыда ғана көктейді. Арамшөп тұқымдарының бір мезгілде тегіс көктеп шықпауы олардың тыныштық кезеңіне байланысты. Кейбір арамшөп тұқымдарының тыныстық кезеңі тым ұзақ болады. Арамшөптердің тұқымдары топырақта өздерінің өнгіштік қабілетін ұзақ мерзімге дейін сақтайды. Кейбір арамшөптердің тұқымдары топырақта өз тіршілігін ондаған жылдар бойы сақтайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Мысалы, егістік қышаның тұқымы топырақта өнгіштік қабілетін 7 жыл, ал бақажапырақ 9 жыл бойы сақтайды. Арамшөптер қоршаған сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына (құрғақшылық, төменгі және жоғарғы температуралар тағы басқа) өте төзімді келеді. Арамшөптердің биологиялық ерекшелігінің бірі – олардың тұқымдары топырақтың 0-5 см тереңдігінен жақсы көктеп шығатындығы. Оны А.Н.Киселев пен Г.А.Чесалиннің зерттеулері анық дәлелдеді. Олардың зерттеулері бойынша егістік шырмауықтың тұқымы 1,5 см, ал қарасұлыныкі 5 см тереңдіктен өніп шығады. Көпжылдық арамшөптер әр түрлі вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді. Бұл жолмен көбеюдің потенциалдық мүмкіндігі өте зор, өйткені бір өсімдікте бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған бүршіктер болады. А.И. Мальцевтің деректері бойынша атпатамырлы егістік қалуен арамшөбінің бір түбі 1609 дана бүршік беріп, оның ұзындығы 76 метрге, салмағы 1003 грамға жетеді екен, ал тамырсабақты жатаған бидайықтың осыған сәйкес көрсеткіштері 5997 дана, 170 метр және 690 грамға тең. Осы келтірілген арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерінен олардың егістік жерлерде өніп-өсуге жақсы икемделгенін көрсетеді. Арамшөптер ауыл шаруашылғына зор зиян келтіретіндіктен оларға қарсы тұрақты күрес жүргізіледі. Ол тиімді болу үшін, арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерін терең білу қажет. Мысалы, азжылдық арамшөптердің көгін бір қабат отау, оларды жоюға әкеп соғады, ал атпатамырлы арамшөптерді бір қабат отау керісінше олардың көбейуін күшейтеді. 2.3 Арамшөптерді агробиологиялық топтарға жіктеу және олардың өкілдеріне қысқаша сипаттама Республиканың территориясында 300-ден астам арамшөптер түрлері өседі. Әрине, әр бір арамшөпке қарсы күрес шарасын қолдану мүмкін емес. Сондықтан оларды биологиялық топтарға бөліп жіктеген дұрыс. Арамшөптер мекендейтін орны бойынша егістік немесе аңыздық, тұрғын үй, қора-қопсы маңында өсетін сыпырынды және шабындықтар мен жайылымдықтарда өсетін арамшөптер болып үш топқа бөлінеді. Алайда, мекендейтін орны бойынша арамшөп өсімдіктерінің осы үш тобының арасында айқын шекара жоқ. Мысалы, түйетікен құлан далада, жайлауда және тіпті аңыздарда да өсе береді. Алабота, гүлтәжі - тұрған үй маңында және ауылшаруашылық дақылдарының егісінде де кездеседі. Арамшөптер өсімдіктерінің биіктігіне қарай жоғарғы қабаттың (қалуендер, ащы жусан тағы басқалар), мәдени өсімдіктермен бір биікте орналасқан орта қабаттың арамшөптері (шомыр, қарасұлы) және төменгі қабаттың (кәдімгі казтабан, егістік қанатжеміс, кәдімгі жұмыршақ) болып үш топқа бөлінеді. Төменгі қабаттың арамшөптері көлеңкеге төзімді. Кейде даму жағынан қалыс қалған орта қабаттың арамшөптері төменгі қабатта өседі (итқонақ, кәдімгі гүлтәжі). Олар көлеңкелікке (қараңғылыққа) нашар төзеді және тұқымдық өнімділігін күрт төмендетіп, күшті әлсіреген жағдайда болады. Арамшөптерді агробиологиялық топтар бойынша жіктеудің өндірістік мәні бар, сондықтан ол ең көп таралған. Қоректену тәсілі бойынша барлық арамшөптер паразитті, жартылай паразитті және паразитті емес немесе жасыл арамшөптер болып үш топқа бөлінеді. Паразитті деп өсімдік иесі арқылы коректеніп өмір сүретін арамшөптерді атайды. Бұлар фотосинтез процесін жүргізуге бейімділігін жоғалтқан, себебі олардың жапырақтары жетілмеген, сондықтанда ограникалық заттар мен суды басқа өсімдік иелерінен сору арқылы алады. Өсімдік иесінің қай мүшесінен коректік заттарды алуы бойынша парзитті арамшөптер екіге бөлінеді. Егер, қоректік заттарды өсімдік иесінің сабағынан алатын болса, онда оларды сабақ арқылы коректенетін паразитті арамшөптер дейді. Бұған жөргемшөптің барлық түрлері жатады. Ал егер арамшөптер қоректік заттарды өсімдік иесінің тамырынан алатын болса, оларды тамыр арқылы қоректенетін паразитті арамшөптер дейді. Паразитті арамшөптердің өкілдері және оларға қысқаша сипаттама Жөргемшөп, арамсояу (Повелика полевая, Cuscuta arvense). Шырмауық тұқымдасына жататын біржылдық паразиттік арамшөп. Сабағы сары түсті, жіп тәрізді, жуандығы 0,8 мм. Бұл арамшөптің тамыры мен жапырағы болмайды. Өзіне керекті коректік заттарды басқа өсімдік иесінің сабақтарына жабысып сорып алады. Арамсояу тұқымы арқылы және вегетативтік жолмен көбейеді. Тұқымның мөлшері 0,9-2 мм. Арамсояудың бір өсімдігі 20 мыңға дейін тұқым береді. Топырақта өнгіштік қабілетін 4-5 жылға дейін жоғалтпайды. Жер көктемде 20-30 градусқа қызғанда ол 4 см тереңдігінен жақсы өніп шығады. Егер, ылғал жеткілікті, ал температура қолайлы болса, топырақтағы тұқым үш аптаның ішінде толық өніп шығады. Көктеп шыққан өркен екі апта бойы тұқымдағы қоректік заттарды пайдаланып 4-5 см-ге дейін өсіп үлгереді. Бұл арамшөп сабақ кесінділері арқылы вегетативтік жолмен көбейе алады. Егер, сабақ кесінділерінің ұзындығы 12-15 см шамасында болса, ол өзінің өніп-өсу қабілетін толық сақтайды. Арамсояу карантинді арамшөптер қатарына жатады. Қазақстанда оның екі түрі басым кездеседі. Бірі, осы сипаттама беріп отырған егістік арамсояу, ал екіншісі-құлмақ түсті арамсояу. Бұл арамшөп негізінен Қазақстанның оңтүстік–шығыс аймағында кең таралған. Ол әсіресе қант қызылшасы, темекі, картоп, жоңышқа, беде және басқа дақылдардың егістіктерін ластайды. Күнбағыс сұңғылшы (Заразиха подсолнечниковая, Оговаnсhе сumаna). Сұңғыла тұқымдасына жататын біржылдық паразитті арамшөп. Сабағы қоңыр-сары түсті, түбіне қарай жуандай түседі, биіктігі жарты метрге дейін жетеді. Бұл арамшөп тұқымы арқылы көбейеді. Жемісі қауашық, онда 2000 -ға дейін тұқым пайда болады. Бір өсімдігі 100-160 мыңға дейін тұқым бере алады, ал бір гектардағы тұқым саны 90 млн. данаға жетуі мүмкін. Тұқымы ұсақ (мөлшері 0,5- 0,45мм) және жеңіл, сондықтан желмен және сумен кеңістікте тез тарайды. Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 5-10 жыл бойы сақтай алады. Жер 20-25 градусқа қызғанда өніп шығады. Сұңғыланың көктеуі күнбағысты сепкеннен соң 1,5-2 айдан кейін басталады. Ең алдымен тамыр жүйесі дамыған кезде топырақтың төменгі қабатында жатқан тұқымдар өніп шыға бастайды, бірақ олардың саны аз. Сұңғыла темекі, көкөніс, бау-бақша және басқа дақылдарды күшті ластайды. Картоп, сәбіз қырыққабат (капуста) дақылдарын онша ластамайды, ал дәнді дақылдарды, сарымсақты, пиязды, ас қызылшасын мүлде зақымдамайды. Бұл арамшөпте фотосинтез процесі жүрмейді, сондықтан ол қоректік заттарды өсімдік иесінен сору арқылы алып өмір сүреді. Сұңғыла шырынын сорып алған өсімдік - иесі әлсіреп, аяғында қурап қалады. Сұңғыламен ластанған дақылдардың өнімі 50-70 пайызға дейін кемиді. Празитті арамшөптермен күрес шаралары. Жоңышқа, беде дақылдарының тұқымынан жөргемшөп тұқымын арнайы тазартқыш машинасы арқылы тазалау керек. Егістіктердегі, жол жағасында өсіп тұрған жөргемшөпті оның тұқымы пісіп-жетілгенше толық жою оң нәтиже береді. Арамсояудың тұқымы топырақтың беткі қабатын ластайтын болғандықтан, жерді терең етіп сүдігерге жырту керек. Содан кейін ерте көктемде жөргемшөп өскен танапты тырмалау, культивациялау сияқты агротехникалық шараларды жүзеге асыру қажет. Арамсояуды биологиялық әдіс арқылы да құртуға болады. Ол үшін оған қарсы арамсояу бізтұмсығын, немория және басқа көбелектерді қолданады. Күнбағыс сұңғыласымен күрестің агротехникалық шаралардың ішіндегі ең бастысы – ауыспалы егіс жүйесін енгізу, былайша айтқанда сұғыладан зиян шегетін дақылдарды өз орнына 6-8 жылдан кейін ғана себу керек. Өңдіріске күнбағыстың және басқа дақылдардың сұңғылаға төзімді сорттарын енгізу. Сұңғыла көп өскен танапқа сүрлемдік жүгері және басқа дақылдарды себу, оларды жинап алғаннан кейін жерді терең етіп сүдігерге жырту. Өсіп шыққан сұңғыланы отап алып өртеу және басқа жұмыстар жүзеге асырылуы керек. Паразитті емес жасыл арамшөптер және осы топтың өкілдеріне сипаттама. Паразитті емес арамшөптер өздерінің тіршілік ұзақтығы бойынша азжылдық және көпжылдық болып екі топқа бөлінеді. Азжылдық арамшөптер деп тұқымы арқылы көбейетін, өмір сүру ұзақтығы 1- 2 жылдан аспайтын өсімдіктерді айтады. Олардың ішіндегі көп тарағандары жаздық, қыстап шығатын, күздік және екі жылдық арамшөптер. Жаздық арамшөптер деп көктемде шығып күзде ұрық беріп өзінің вегетациясын аяқтайтын өсімдіктерді айтамыз. Олар көктеп шығу мерзіміне байланысты ерте және кеш пісетін жаздық арамшөптер болып екі топқа бөлінеді. Ерте пісетін жаздық арамшөптерге тұқымдары топырақ шамалы қызғанда, яғни ерте көктейтін, сондықтан ерте пісіп жетлетін өсімдіктерді жатқызады. Олардың негізгі өкілдеріне алабота, қарасұлы, егістік қыша және басқалары жатады. Алабота (Марь белая, Chenopodіum album). Ол өзі аттас тұқымдастарына жататын ерте пісетін жаздық арамшөп. Алаботаның жапырақтары мен сабағы ұн тәріздес жұқа ақ қабатпен жабылған. Гүлдері өңсіз. Алаботаның тұқымының сыртында қатты қауашығы бар, сондықтан оларды алдын ала буландырмаса малдардың асқазанында қортылмай, қиымен бірге түседі. Көңді органикалық тыңайтқыш ретінде қолданғанда танаптарды ластайды. Топырақта алаботаның тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін 10 және одан да көп жыл бойы сақталады. Алабота негізінен дәнді дақылдар (күріштен басқа), бұршақ тұқымдастар, жүгері, мақта, зығыр, қант, қызылшасы, картоп егістерін латайды. Егістік қыша (Горчица полевая, Sіnapіs arvensіs). Айқышгүлділер тұқымдасына жатады. Сабағы тармақтанған, түкті, биіктігі 100см-ге дейін жетеді. Тұқымы бұршаққында өсіп-жетіліп, жерге шашылып төгіледі. Бір өсімдік 4000-ға дейін тұқым береді. Олар топырақты және дақылдардың дәндерін ластайды. Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін он жылға дейін сақтай алады. Ең қолайлы көктеп шығатын тереңдігі 5 см-ге дейін. Көктемде егістік қышаның тұқымы алғашқы кезде баяу өседі, ал кейін оның өсіп шығу қабілеті күшейеді. Бұл арамшөп бейтарап, тіпті сілтілі топырақтарда жақсы өседі. Егер егістік қыша жем-шөпке араласып кетсе, онда сүттің сапасын төмендетеді. Ал арпаға осы арамшөптің тұқымы араласса, онда шошқаларды уландырады. Кеш пісетін жаздық арамшөптер деп тұқымдары топырақ әбден қызғанда (14- 160С) көктейтін, әрі кеш пісіп жетілетін арамшөптерді айтады. Кейде оларды аңыздық арамшөптер деп те атайды. Олардың көп тараған өкілдеріне қурай, қызылқұйрық гүлтәжі, итқонақ, тауықтары және басқалары жатады. Қурай (Қаңбақ, Salsola ruthenіca) алаботалар тұқымдасына жататын, біржылдық кеш пісіп-жетілетін арамшөп. Сабағы тармақты, түксіз. Оның биіктігі 10 см-ден 100 см-ге дейін болады. Қурай тұқыммен көбейеді. Бір өсімдік 200 мыңға дейін тұқым береді. Тұқымы ұсақ, ені 1,5-2,5 мм шамасында, өзінің өнгіштік қабілетін топырақта екі жыл бойы сақтай алады. Қурайдың тұқымы көктемде кеш, яғни топырақ әбден қызғанда өніп шығады, сондықтан да ол кеш пісетін жаздық арамшөп деп аталады. Бұл арамшөп алғашқы кезде баяу өседі, ал жаздың екінші жартысында күшті қарқынмен дамиды. Қурайды басқаша қаңбақ дейді. Ол желдің күшімен домалап отырып өзінің піскен тұқымын шашып танаптарды жылдам ластайды. Қызылқұйрық гүлтәжі (Amaranthus retreflexus) қызылқұйрықтар тұқымдасына жататын, кеш пісетін арамшөп. Сабағы тік бойлап өсіп, биіктігі 15-120см-ге дейін жетеді. Бұл өте өсімтал арамшөп. Негізінен тұқыммен көбейеді. Бір түп өсімдік жарты миллионға дейін тұқым береді. Тұқымы өте ұсақ, диаметрі 0,9-1,5 мм шамасында, түсі қара, сырты жылтыр. Өте ұсақ болғандықтан топырақтың 1-2 см тереңдігінен жақсы өніп шығады. Өзінің өнгіштік қабілетін топырақта 5 жылға дейін сақтай алады. Өніп шығу үшін 12- 150С температура қажет. Көктеп шыққанда түрі қызғылт болып қант қызылшасының исі шығып тұрады, сондықтан кейде оны қант қызылшасы қызылқұйрығы деп те атайды. Бұл арамшөпті малдар жақсы жейді, сондықтан бағалы сүрлемдік өсімдік болып есептеледі. Қызылқұйрық гүлтәжі отамалы дақылдарды, оның ішінде қант қызылшасы мен көкөніс дақылдарын күшті ластайды. Дәнді дақылдар егісінде аңыздық арамшөп болып есептеледі. Бұл арамшөп Қазақстанның суармалы және тәлімі жерлерінде кездеседі. Мысыққұйрық (Итқонақ, мышей сизый, Setarіa glauca). Кеш пісіп жетілетін, астық тұқымдастарына жататын арамшөп. Сабағы жеке дара немесе шоқ-шоқ болып өседі. Биіктігі 80 см-ге дейін жетеді. Сабағының басында масақ тәрізді гүлшоғы болады. Бұл өсімдіктің тұқым көлемі тарының тұқымымен бірдей, сондықтан оны бөліп алу өте қиын. Піскеннен кейін төгіліп қалған тұқымы сол жылы шықпайды. Ол үш-төрт ай тыныштықтан кейін, келер жылғы көктемде, топырақ 15-200-қа қызғанда 12 см-ге дейінгі тереңдіктен көктеп шығады. Алғашқы кезде баяу өседі, ал танаптағы дақылдарды жинап алғаннан кейін, яғни жаздың аяқ кезіне қарай қаулап өседі. Сондықтан кеш пісетін жаздық арамшөптерді, оның ішінде мысыққұйрықты, аңыздық арамшөптер деп те атайды. Мысыққұйрықтың тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін топырақта 15-20 жылға дейін сақтай алады. Аталған бұл арамшөп барлық егістіктерді, әсіресе тары мен судан шөбі дақылдарының егістіктерін ластайды. Тауық тары (Просо куриное, петушиное, Echіnochloa grus gallі). Астық тұқымдасына жататын, кеш пісетін, арамшөп. Сабағының биіктігі 100-200-ға дейін жетеді. Тауық тарының тұқымы ұсақ, көлемі 3-3,5 мм шамасында, өзінің өнгіштік қабілетін топырақта алты жылдан астам уақыт сақтайды. Қыстап шықаннан кейін көктемде жер әбден қызған кезде 1 см-ге дейінгі тереңдіктен жақсы көктеп шығады, алғашқы кезде баяу, ал кейін жылдам өседі, жақсы түптенеді. Отамалы дақылдарды, әсіресе жүгеріні, картопты, күнбағысты, қант қызылшасын ластайды. Күздік арамшөптер және өкілдеріне сипаттама Қарабидай арпабасы (Костер ржаной, Bromus secalіnus). Астық тұқымдасына жататын біржылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 50-120 см шамасында. Бұл өсімдік тұқымымен көбейді, оның ұзындығы 7-8 мм, ал көлденеңі 1,7 мм. Бір түп қарабидай арпасы 800 ден 5000-ға жуық дейін дән береді. Ол топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 7-8 жылға дейін жоғалтпайды. Бұл арамшөптің тұқымы күзде пісіп –жетілгеннен кейін топырақтың беткі қабатынан (1-5см тереңдіктен) 100 пайыз көктеп шығады. Негізінен күздік дақылдарды, оның ішінде күздік бидай мен қарабидай егістігін ластайды. Қыстап шығатын арамшөптердің негізгі өкілдері егістік қанатжеміс, жұмыршақ және басқалары. Егістік қанатжеміс (Тhlaspі anvense). Айқышгүлділер тұқымдасына жататын біржылдық арамшөп. Сабағы тік болып 20-50 см биіктікке дейін өседі. Бұл тұқыммен көбейетін өсімдік. Бір өсімдігі он мыңнан астам тұқым береді. Оның түсі қарақоңыр, көлемі кішкентай (мөлшері 1,2-2,0х1,5мм). Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 3-5 жыл аралығында сақтайды. Малдардың асқорыту жүйесі арқылы өткенде оның өнгіштік қабілеті 40 пайызға дейін сақталады. Пісіп-төгілген жылы топырақтың 4-5 см тередігінен жақсы өнім шыға алды. Бұл арамшөптің жаздық, күздік және қыстап шығатын түрлері бар. Негізінен топырақты ластайды. Өсімдіктің сарымсақ тәріздес исі болады, сондықтан сиырларға жеуге болмайды, себебі сүттің дәмін бүлдіреді. Жұмыршақ (Пастушья сумка, Capsella bursa pastorіs) айқышгүлдер тұқымдасына жататын біржылдық қыстап шығатын арамшөп. Сабақтары жеке де, бұтақты да болып әр түрлі биіктікте өседі, биіктігі 50 см дейін жетеді. Бұл өсімдікте басқа азжылдық арамшөптердей тұқымымен көбейеді. Тұқымы бұршаққын тектес, түсі қоңыр немесе қара, қоңыр, сары. Бір өсімдік 70 мыңға дейін тұқым береді. Қолайлы жылдары екі-үш рет ұрпақ беруі мүмкін. Пісіп-жетілген жылы толық қаулап шықпайды, ал қыстап шықаннан соң ерте көктемде топырақтың 22-23 см тереңдігінен тез және біркелкі қаулап өседі. Өзінің өнгіштік қабілетін топырақта 7-11 жыл бойы жоғалтпайды. Бұл арамшөптің жаздық, күздік және қыстап шығатын түрлері бар. Қыстап шығатын түрлері күзге қарай тамыр жағасын құрайды. Жұмыршақ негізінен барлық дақылдарды, оның ішінде сирек өскен күздік және жаздық дәнді дақылдарды ластайды. Сонымен қатар ол жолдың жиегін, бау- бақшаны және басқа жерлерді де ластауы мүмкін. Екіжылдық арамшөптер және өкілдеріне сипаттама Дәрілік түйежонышқа (Донник лекарственный, Melіlotus offіcіnalіs) Бұршақ тұқымдасына жататын екі жылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 1,5-2 метр аралығында. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік, тамыры өте тереңге бойлайды, сондықтан топырақты кептіріп жібереді. Бұл арамшөп тұқымымен көбейеді. Бірінші жылы дегелек фазасында қыстайды, ал екінші жылы тұқым құрайды. Бір өсімдік 17 мыңға дейін тұқым береді. Тұқымның ұзындығы 1,8-мм, ал көлденеңі-1,25-1,50 мм шамасында. Ол өзінің өзінің өнгіштік қабілетін топырақта ұзақ сақтайды. Көптеген ғылыми-зерттеулердің мәліметі бойынша дәрілік түйежоңышқаның тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін 5 жылға дейін, ал Америка Құрама Штаттары ғалымдарының зерттеулері бойынша 70 жылға дейін сақтайтын көрінеді. Күзде және көктемде, яғни ылғал жеткілікті болған мезгелдерде топырақтың 5 см-ге дейінгі тереңдігінен жақсы өніп шығады. Ол көгеріп шыққан кезде улы болып, көп жағдайда ірі қара малды, қойды, жылқыны уландырады. Күздік және жаздық дәнді дақылдарды, жүгері, күнбағыс, асбұршақ егістіктерін ластайды. Азжылдық арамшөптермен күресу жолдары Азжылдық арамшөптерге қарсы қолданылатын агротехникалық шаралардың ішінде күзде жерді сүдігерге жырту жақсы нәтиже береді, өйткені көптеген азжылдық арамшөптердің, әсіресе ерте пісетін түрлерінің, тұқымдары шашылып, топырақтың беткі қабатында (0-5см) қалады, содан көктемде қаулап өсіп танапты ластайды. Сондықтан, сүдігер өңдеу арқылы оларды топырақтың беткі қабатынан оның астыңғы қабатына тереңге (22-25см) сіңіргеннен кейін жер бетіне көктеп шықпайды. Азжылдық арамшөптер тұқымдарын жоюда өршіту әдісінің маңызы зор. Ол үшін топырақтағы тұқымдардың көктеп шығуына қолайлы жағдай жасап (топырақты қопсыту, ептеп ылғалдандыру), арамшөптер көктеп шыққаннан кейін оларды егін себер алдында тырмалау, культивациялау, дискілеу арқылы қырқып жою керек. Бұл тәсілді Қазақстанның күзі ұзақ әрі жылы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында сүдігер жыртқанға дейін, ал республиканың күзі ерте түсетін және салқын солтүстік өңірлерінде ерте көктемде қар кеткеннен егін сепкенге дейінгі топырақ өңдеу жүйесінде жүргізуге болады. Аталған әдісті пар өңдеу жүйесінде Қазақстанның барлық аймағында жүзеге асыруға болады. Азжылдық арамшөптерді жою үшін оларға қарсы гербицидтер қолдану жақсы нәтиже береді. Әсіресе, дәнді дақылдар егісін ластап, оларға көп зиян келтіретін қарасұлыны жою үшін иллоксан гербицидін қарасұлының 2-4 жапырағы пайда болған кезде жаздық және күздік бидай егістерінде әр гектарға 2,5-3.0 әсер етуші заты бойынша 5 литр шамасында бүріккен дұрыс, ал триаллатты егін себер алдында әр гектарға 1,7-3,4 литр шамасында бүрке шашып, топыраққа тез арада сіңіру керек, кері жағдайда ол ұшып кетіп, ешқандай әсер бермейді. Көпжылдық арамшөптер, өкілдері және оларға қысқаша сипаттама Көпжылдық арамшөптерге 2 жылдан артық өмір сүріп, бірнеше рет ұрпақ беретін өсімдіктер жатады. Олар негізінен вегетивтік жолмен, сонымен қатар тұқымы арқылы көбейеді. Көпжылдық арамшөптер тамыр жүйесіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олардың ішінде Қазақстанда көп тарағандары тамырсабақты (көгентамырлы), атпатамырлы, кіндіктамырлы және басқа топтары. Көгентамырлы арамшөптердің ең зияндылары кәдімгі қамыс, қараажырық, жатаған бидайық, құмай және басқалары. Кіндік тамырлы арамшөптер. Кіндік тамырлы арамшөптердің топырақта қысайтын бір ғана жуан кіндік тамыры болады. Көктемде тамыр мойнының бүршігінен жаңа өркен өсіп шығады. Негізгі өкілдері: ащы жусан, қышқыл қымыздық және басқалары. Ащы жусан (Полынь горькая Artemіsіa absіnthіum). Күделі гүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 60 см-ге дейін жетеді. Тұқымы және вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді. Бір өсімдік 100 мыңға дейін тұқым береді, оның ұзындығы 0,8 мм, топырақтың беткі қабатынан жақсы өніп шығады. Вегетативтік көбеюі тамыр мойнында орналасқан бүршіктері арқылы жүзеге асады. Бұл бүршіктерден бірінші жылы сабақ түзбейтін өркендер пайда болса, ал екінші жылы жеміс беріп, содан кейін қурап қалады. Ащы жусан үйлердің ауласында, жолдардың жиектерінде, бос жатқан басқа жерлерде кездеседі. Әсіресе, күздік дақылдар мен көпжылдық шөптері ластайды. Өсімдіктерінің ащы исі болады, сондықтан малдар жемейді, ал егер сиырлардың жеміне араласып кетсе, онда сүтке кермек ащы дәм береді. Тамырсабақты арамшөптер, өкілдері, қысқаша сипаттамасы. Бұл топтың арамшөптері тұқымынан және түрі өзгерген жер астындағы тамырсабағының көмегімен өніп-өседі. Бұлар өте зиянды арамшөптер. Қазақстанда суармалы егіншілігінде кәдімгі қамыс, қараажырық, құмай, ал республиканың солтүстік суарылмайтын жерлерінде жатаған бидайық кең етек алған. Жатаған бидайық (Пырей ползучий, Elytrіgіa repens). Астық тұқымдасына жататын көпжылдық арамшөп. Сабағының биіктігі бір метрдей. Бұл арамшөп тұқымы және вегетативтік мүшесі (тамырсабағы) арқылы көбейеді. Бір түп өсімдік 300-ге дейін, ал барлық тамыр сабағымен қоса есептегенде 10 мыңға дейін дән береді. Дәнінің ұзындығы 4 мм, ені-1,25 мм. Ол топырақ 20- 30 градусқа қызғанда көктеп шыға алады. Өзінің өнгіштік қабілетін топырақта үш жылдан астам уақыт сақтайды. Жатаған бидайық негізінен тамырсабағы арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Бір гектардағы тамырсабақтың ұзындығы 900 шақырымға, ал ондағы бүршіктер саны 50-60 млн-ге жетеді. Тамырсабақтың топыраққа бойлау тереңдігі оның типі мен гранулометриялық құрамына байланысты. Ол саздақ және сазды қара топырақтарда (Ақмола облысы) 5-10 см, кәдімгі орташа қарашірікті қара топырақта (Солтүстік Қазақстан облысы) 10- 12 см, ал жеңіл топырақтарда 15-18 см тереңдікте жатады. Жатаған бидайық республиканың солтүстік облыстарында дәнді дақылдарды ластаса, ал оңтүстік аймағында ылғалы мол танаптарда тараған. Кәдімгі қамыс. (Тростник обыкновенный, Phragmіtes communіs). Астық тұқымдасына жататын көп жылдық арамшөп. Сабағы биік, 3 метрден асады, жуандығы 1,2-1,5 см, іші қуыс. Бұл өсімдіктің шашақгүлінде 5 мыңнан 50 мыңға дейін дән болады. Оның ұзындығы 2 мм шамасында, жердің беткі қабатынан жақсы өніп шығады. Кәдімгі қамыс тамырсабақтары арқылы жақсы көбейеді. Олар топырақтың 40-60 см тереңдігіне бойлай өседі. Көп жағдайда бір шаршы метр жердегі тамырсабақтың ұзындығы 27 метрге жетіп, ондағы бүршік саны 600-ден асады. Кәдімгі қамыстың тамырсабағы екі-үш метр тереңдікте көлбеу, содан кейін майысып жоғары қарай өседі. Майысқан тұсында күшті тамырланып тік бағытта өсетін тамырсабағын құрайды. Олардан келер жылы жаңа өсімдік өсіп шығады. Кәдімгі қамыстың бір ерекшелігі – ол тек ылғалы мол жерлерде ғана өседі. Сондықтан, бұл өсімдік республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңіріндегі суармалы егістіктерінде кең тараған. Қараажырық, соражырық (Свинорой, Cynodon dactіlon). Астық тұқымдасына жататын көпжылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 40-80 см. Бір өсімдік 2 мыңға дейін тұқым береді. Ол жердің беткі (2-3 см) қабатынан топырақ 25-30 градусқа қызған мезгілде көктеп шығады. Бірақ, қараажырықтың тұқым арқылы көбею мүмкіндігі жоқтың қасы. Бұл арамшөп негізінен вегетативтік мүшесі- тамырсабағы арқылы көбейеді. Ол топырақтың 15-20 см қабатында орналасқан. Тамыр сабағының ұзындығы 2 метр шамасында. Өсуіне қолайлы жағдай туған кезде бір жаздың ішінде 18-40 есе көбейіп, бір гектар жердегі тамырының ұзындығы 800 шақырым, салмағы 4,5 тонна , ал бүршік саны 4,5 млн-ға жетеді. Тамырсабағының басым көпшілігі суармалы жерлерде 15-17 см, ал тәлімі егістіктерде 0-5 см тереңдікте орналасқан. Қараажырық орман көшеттерінде, бау-бақшаларда, жүзімдіктерде және басқа егістіктерде кездеседі. Ол республиканың суармалы жерлерінде, әсіресе Алматы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында себілетін мақта, көкөніс, малазығы дақылдарының егісінде өседі. Құмайшөп (Гумай, Sorghіum halepense). Астық тұқымдасына жататын көпжылдық тамырсабақты арамшөп. Сабағының биіктігі 2 метр, ал жуандығы 1 см- ге жетеді. Бір өсімдікте 72-ге дейін сабақ пайда болып, аумағы 3-4 шаршы метр жерді алып жатады. Жақсы дамыған бір түп құмай 2 мыңнан 10 мыңға дейін дән береді, оның түсі қоңыр, ұзындығы 3,6 мм, ені 1,7 мм және қалыңдығы 1,07 мм. Тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін топырақта 3-4 жылға дейін жоғалтпайды. Құмайшөп негізінен тамырсабақтары арқылы көбейеді. Оның екі түрі болады. Бірі жердің бетіне шығып сабақ құрайды, ал екіншісі төмен қарай топырақты бойлай өседі. Күзге қарай жердің бетіндегі сабақтары қурап қалады, ал жердің астындағы тамырсабақтарда бүршік пайда болып, келер жылы жаңа өсімдік көктеп шығады. Қазақстанда құмайшөп суармалы жерлерде, әсіресе мақта, жүгері егістерінде кең тараған. Тамырсабақты арамшөптермен күрес шаралары. Жатаған бидайықтың топырақтағы тұқымын жою үшін, оның өсіп шығуына толық жағдай жасап, көктеп шыққаннан кейін топырақты өңдеу арқылы жояды. Жатаған бидайықтың тамырсабағын “тұншықтыру” тәсілі арқылы құртады. Ол үшін Қазақсанның оңтүстік аймағында дәнді дақылдарды жинап алғаннан кейін танапты тоғыспалы бағытта дискілі сыдыра жыртқышпен 8-12 см тереңдікке екі рет өңдейді. Содан 2-3 апта өткен соң, яғни арамшөп көктей бастаған кезде, жерді 25-27 см тереңдікке түренді соқамен сүдігерге жыртады. Қарықтың (борозданың) түбіне аударылған тамырсабақтың ұсақ бөлшектері оттегі мен коректік заттардың жеткіліксіздігінен өнуіне қарамастан жердің бетіне көктеп шыға алмайды. Республиканың солтүстік облыстарында танапты алдын ала сыдыра жыртқыштармен өңдемей-ақ бірден жерді терең етіп - сүдігерге жыртады. Жатаған бидайық басым өскен танаптарды парға қалдырады. Мұнда оның тамырсабақтарын бірнеше рет ұсақ бөлшектерге бөлу және оларды тереңге аударып сіңіру арамшөптің күшін жойып, яғни әлсіретіп, оның құруына әкеліп соқтырады. Құмайшөп өскен танапты дақылдарды жинап алғаннан кейін 10-12 см тереңдікке, содан кейін оның жаңа өскіні пайда болған соң осы тереңдікке екінші рет сыдыра жыртқыштармен өңдейді. Арамшөп қайтадан көктеп шыққаннан кейін жерді сүдігерге түренді соқамен 25-30 см тереңдікке жыртады. Отамалы дақылдар егісінде олардың қатараралығын құмайшөп көктеп шыққан сайын дүркін-дүркін культивациялағанда жоюға болады. Кәдімгі қамыс көп өскен танаптарда жерді терең етіп (30см-ге дейін) жырту жақсы нәтиже береді, себебі бұл ретте оның тамырсабақтары топырақтың бетіне аударылып тасталады, содан кейін оны тамыр сабақтарымен қоса жинап алуға мүмкіндік туады. Кәдімгі қамыс күріш егістігінде көп өсетін болғандықтан, тұқымды сепкеннен 2-3 күннен кейін атыздарға су жібереді, ол кәдімгі қамыстың көк өскінін жояды. Күріш алқабын кәдімгі қамыстан тазартуда ауыспалы егістің, маңызы зор. Тәлімі жерлерде өсетін кәдімгі қамысты жою үшін танапты таза парға қалдырады. Қараажырықпен агротехникалық күресудің басты тәсілі – ауыспалы егіс. Осы арамшөп басып кеткен танаптарды таза немесе екпелі парға қалдырып, әлсірету тәсілі арқылы құрыту жақсы нәтиже береді. Дәнді дақылдар егісіндегі қараажырықты жою үшін, оларды жинап алғаннан кейін танапты 8-12 см тереңдікке сыдыра жыртқышпен өңдейді, 3-4 аптадан кейін жерді 25-27 см тереңдікке сүдігерге жырту керек. Атпатамырлы арамшөптер, өкілдері, қысқаша сипаттамалары Олар негізінен атпатамырлары, яғни тамыр бұтақшаларының көмегімен өніп өседі, әйткенмен тұқымымен де көбейе алады. Бұл топтағы арамшөптерді тамыр жүйесінің терең орналасуына байланысты құрту қиын, сондықтан да олар егістікке көп зиян келтіреді. Атпатамырлы арамшөптердің негізгі тамырынан өніп-өсу тамыры деп аталатын жіп тәріздес тамырлар шығады. Бұларда бүршіктер болады. Мысалы, бір шаршы метр жерде егістік қалуеннің мұндай бүршіктерінің саны 1609-ға дейін жетеді. Міне, осы бүршіктерден жерасты тармақшалар-атпатамырлар өрбіп өседі. Бүйір-бүйірге тараған тамырлар өз алдына бұтақ жаядыда, жаңа сабақтар мен бұтақтар пайда болады. Бұл биологиялық топтың негізгі өкілдеріне егістік (сары) қалуен, қызғылт қалуен, көкшіл қалуен (татар ақсүттігені), егістік шырмауық, қызғылт укекіре және басқалары жатады. Егістік қалуен (Осот полевой, Sonchus arvensіs). Күрделі гүлділер тұқымдастарына жататын арамшөп. Сабағы тік бойлап өсіп, биіктігі 120 см-ге дейін жетеді. Жапырағы ұзынша, жоғарғы жағы жылтыр, ал төменгі жағы күңгірт, яғни көмекскі болып келеді. Гүлдері-себет, түрі сары. Маусым айынан күзге дейін гүлдейді. Бір егістік қалуен өсімдігі 9000 -ға дейін тұқым береді. Тұқымдары ақ түсті, үлпілдекпен жабдықталған, әбден пісіп- жетілгенде үлпілдектері түсіп қалады. Топырақтың 0,5 см қабатынан жақсы өніп шығады, ал 3 см тереңдіктен өніп шыға алмайды. Тұқымның өніп шығуы үшін жеткілікті ылғал және 20 градус шамасында температура қажет. Топырақта өнгіштік қабілетін 2-3 жылға дейін сақтайды. Басқа атпатамырлары арамшөптерге қарағанда егістік қалуеннің тік бойлап өсетін негізгі тамыры нашар дамыған, сондықтан топырақта 50-60 см тереңдікке ғана тарайды. Топырақтың ылғалды 8-16 см тереңдігінде көлбеу өскен тамырлар орналасады, ал құрғақшылық жылдары бұл тамырлар 12-18 см тереңдікке дейін ғана өседі. Олардың ұзындықтары кейде 100 см-ге дейін жетеді. Негізгі тамырдың бойында бүршіктер орналасады, ал келер жылы олардан бұтақшалар пайда болады. Олардың саны 350-400-ге жетеді. Атпатамырлы бұл арамшөптер әсіресе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында дәнді дақылдар егісінде кеңінен таралған. Егістік қалуен топырақтан коректік заттарды көп пайдаланып, оның құнарлылығын төмендетеді. Мысалы, ол 1 гектар жерден 67 кг азот, 28 кг фосфор және 159 кг калийді сіңіріп алады. Бұл коректік заттар әр гектардан 20 центнер күздік бидай өнімін алуға жетер еді. Өйткені, күздік бидай әр гектардан 10 центнер өнім беру үшін 37 кг азот, 13 кг фосфор және 18-20 калийді керек етеді. Міне, осындай топырақтан коректік заттарды көп мөлшерде алғандықтан, егістік қалуен қаулап өскен құнарлы топырақтың өзінде мәдени өсімдіктер коректік заттардың жетіспеушілігінен зардап шегеді. Егістік шырмауық (Вьюнок полевой, Convolvulus arvensіs) Шырмауық тұқымдасына жататын арамшөп. Ол ауылшаруашылық дақылдарының сабағына шырмалып өседі. Сабағының ұзындығы 1 метрге дейін жетеді. Жапырағы сағақты және сабаққа кезектесіп орналасқан. Гүлдері ірі, ақ немесе қызғылт түсті. Жемісі ашылмайтын екі ұялы қауашық. Әрбір өсімдік 100-1000-ға дейін тұқым береді.Оның ұзындығы 2-4 мм және 2-12 тереңдіктен 25-30 градус жылықта көктеп шығады. Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 2-3 жылға дейін сақтайды. Бұл арамшөптің тұқымы ұзақ биологиялық тыныштық кезеңінде болады. Өсуге барлық жағдай (ылғал, жылу және тағы басқа) болып тұрғанның өзінде тұқымның 5-10 пайызы ғана көктеп шығады. Егістік шырауықтың тамыр жүйесі топырақта 3-4 м тереңдікке дейін кетеді, ең негізгі тамыры 7 метр тереңдікке дейін бойлайды. Негізгі тамырдан 25-40 см тереңдікте жуандығы 0,7-2,5 мм, ұзындығы 0,7-1,4 м жанама тамырлар тарайды. Республикада егістік шырмауық барлық жерлерде таралған. Ол әсіресе, отамалы және техникалық дақылдар егісінде көп өседі. Ауылшаруашылық дақылдарының сабағын шырмап, оларды жатып қалуға мәжбүр етеді. Мұның өзі егіннің шағымдылығын күрт төмендетуге әкеліп соқтырады. Әсіресе жауын-шашынды жылдары егістік шырмауық көп зиян келтіреді. Бұл арамшөптің тұқымында уландыратын заттар бар. Сондықтан да астықты тазарту керек. Мұның өзі қосыша қаражатты керек етеді. Егістік шырмауық ауылшаруашылық дақылдарының көптеген зиянкестерінің таралуына мүмкіндік туғызады. Мысалы, егістік шырмауыққа күздік көблек пен шалғын көбелегі өздерінің жұмыртқаларын салады, ал одан шыққан жұлдыз құрттары егісті қатты зақымдайды. Жантақ, түйежантақ (Верблюжья колючка, Alhagі Pseudoalhagі) Бұршақ тұқымдасына жататын арамшөп. Сабағы тікенді, жалаң немесе ептеген түгі бар, биіктігі бір метрге дейін жетеді. Тікендері пісіп жетілмеген бұтақ тәрізді, гүлдері қызыл. Жемісі ішінде бірнеше тұқымы бар бұршақбас. Түйежантақтың тұқымы бүйрек тәрізді немесе төртбұрышты. Ол қатты қауашақпен қапталған, сондықтан малдардың ас қорыту жүйесі арқылы өткенде өзінің өнгіштік қабілетін жоғалтпайды. Топырақтарда өнгіштігін ұзақ уақытқа дейін сақтайды. Жантақ негізінен вегетативтік жолмен көбейеді. Оның көбею мүшесі жер астындағы атпатамырлары. Күзге қарай жантақтың жер бетіндегі сабақтары және жапырақтары қурап қалады, ал көктемде жер асындағы тамырында орналасқан бүршіктерден ол қайтадан көктеп шығады. Жантақтың тамыр жүйесі күшті дамыған. Оның негізгі тамыры топырақта бірнеше метр тереңдікке (30 метрге дейін) бойлап өседі. Топырақтың 30-50 см тереңдігінде негізгі тамырдан жанама атпатамырлар пайда болады. Оларда орналасқан бүршіктерден келер жылы жаңа өсімдік өсіп шығады. Қызғылт укекіре (Горчак розовый, Acreoptіlon repens). Қызғылт укекіре күрделігүлділер тұқымдасына жататын арамшөп. Ол бірінші жылы дәгелігін және бір метр тереңдікке дейін жететін кіндік тамырын түзеді, ал екінші жылы гүл сабағын және ұрығын береді. Қызғылт укеренің сабағы бұтақты болып келеді. Бұтақтарының ұзындығы 12-18 см, өсімдігінің биіктігі 55-80 см дейін барады. Гүлшоғыры жекеленген себет. Гүлдері ұсақ, қызғылт түсті. Әрбір өсімдік 1000-20000 данаға дейін тұқым береді. Тұқымның ұзындығы 2,6-4 мм. Ол топырақта өнгіштік қабілетін 3-4 жылға дейін жоғалтпайды. Қызғылт укекірінің тұқымы 3-6 см тереңдіктен көктеп шыға алады. Оның көктеуі үшін 20-300 температура қажет. Тамыр жүйесі өте күшті дамыған. Негізгі тамыры топырақта 5-6 м тереңдікке дейін бойлап өседі, ал атпатамырлары 15-30 см тереңдікте орналасқан. Вегетация кезінде кейбір өсімдіктің аумағы 12 шаршы метрге дейін жетеді. Мін, осындай күшті дамығандықтан қызғылт укекіре сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына, әсіресе құрғақшылыққа өте төзімді. Қызғылт укекіре республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында көп тараған, ал кейінгі жылдары Қазақстанның солтүстік облыстарында да тарай бастады. Қызғылт укекіре ауылшаруашылық өндірісіне орасан зор зиян келтіреді. Ол көп тараған жерлерде ешқандай басқа мәдени өсімдік өсе алмайды. Қызғылт укекіренің аз өскен жерлердегі егіннің өнімі 30-40 пайызға, құрғақшылық жылдары 60-80 пайызға дейін кемиді. Қызғылт укекіре топырақты өте күшті құрғатады. Мысалы, ол өскен жерлерде топырақта небәрі 5-7 пайыз ғана ылғал қалады. Қоректік заттарды ауылшаруашылық дақылдарына қарағанда әлдеқайда көп керек етеді. Мысалы, күздік бидаймен салыстырғанда қызғылт укекіре топырақтан қоректік затты 3-5 есе көп алады. Қызғылт укекіренің тұқымы араласқан бидай ұнынан пісірілген нанның қышқыл дәмі болады, ал егер малазықтық шөпке 5 пайыз қызғылт укекіре қосылса, онда жылқылар мен ірі қара малдар уланады, сондықтанда қызғылт укекіре өскен жайлымдар мен шабындықтарды пайдалануға болмайды. Қызғылт қалуен (Осот розовый, бодяк, Cіzsіum arvense) Күрделігүлдер тұқымдасына жататын арамшөп. Сабағы тік, тармақталған, биіктігі 120-150 см. Қызғылт қалуен тұқымы және вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді. Бір өсімдік 50 мыңға дейін тұқым береді. Жемісі сопақша келген дәнек. Оның ұзындығы 3-4 мм, ал ені –1,0 мм. Ол өнгіштік қабілетін топырақта 6-7 жыл бойы сақтай алады, топырақ 25-30 градусқа қызғанда 1-2 см тереңдіктен жақсы көктеп шығады. Тұқымнан шыққан өсімдігі бірінші жылы топыраққа тік бойлайтын тамыр түзеді, ал екінші жылы одан бірінші қатардағы көлбеу тамырлар пайда болып, олар майысып және жуандап төменгі қабатқа тереңдей түседі. Екінші жылдың аяқ кезінде осы көлбеу тамырдың майысып жуандаған жерінен бүршік және өркен пайда болып, қызғылт қалуен вегетативтік жолмен көбеюге мүмкіндік алады. Вегетативтік көбею мүшесі топырақтың 20-30 см тереңдігіне орналасқан жер асытындағы атпатамырлары. Ауыл шаурашылығы аталған арамшөптен көптеген зиян шегеді. Атап айтқанда, ол бір гектар жерден 140 кг азот, 40 кг фосфор және 160 кг калий элементтерін пайдаланып, топырақтың құнарлылығын төмендетеді, сонымен қатар, орақ кезінде оның үлпілдек тұқымдары комбайынның радиоторларына жабысып, мотордағы судың қызып кетуіне әкеліп соғады. Қызғылт қалуен барлық жерлерде, әсіресе Қазақстанның негізгі астық дақылдары егілетін солтүстік облыстарында көп кездеседі. Татар ақсүттігені, көгілдір қалуен (Молокан татарский, Mulgedіum tataricum). Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық атпатамырлы арамшөп. Сабағы тік, жалаң, ұшына қарай тармақталған, биіктігі 80 см шамасында. Құрғақшылыққа төзімді. Бұл арамшөп тұқымы арқылы және вегетативтік жолмен көбейеді. Бір өсімдігі 4000-ға дейін тұқым береді. Ол топырақтың 3 см тереңдігінен жақсы өніп шығады. Одан өніп шыққан өсімдік бірінші жылы топырақта төмен қарай тік бойлап өсетін тамыр түзеді. Татар ақсүттігенінің тамыр жүйесі күшті дамыған. Оның көпшілігі топырақтың 40-60 см қабатында орналасқан, бірақта негізгі кіндік тамыры 1,5-2,5 метрден 4 метр тереңдікке дейін өсуі мүмкін. Осы кіндік тамырдан топырақтың 60-70 см тереңдігінде көлбеу жанама тамырлар өсіп, оларда көптеген бүршік пайда болады. Кейде оның бір өсімдігінде саны 530 дан 22100-ге дейін жетуі мүмкін. Бір жаздың ішінде аталған арамшөп 60-қа дейін көлбеу тамыр түзуі мүмкін. Атпатамырлы арамшөптермен күрес шаралары. Олар негізінен вегетативтік мүшелері-атпатамырлары арқылы көбейеді. Бұл арамшөп осы атпатамырларында пластикалық коректік заттар жинайды. Суық түскенше агротехникалық шараларды уақытында жүргізу арқылы қоректік заттардың қорын азайту керек. Бұл үшін өсімдікті “әлсірету” әдісін қолданған жөн. Ол үшін егінді жинап болғаннан кейін жерді 10-12 см тередікке ЛД-10 немесе ЛД-15 дискілі сыдыра жырқышпен өңдеу керек. Осы кезде арамшөптердің атпатамырлары ұсақ бөлшектерге бөлініп одан жаңа өсімдіктер шыға бстайды. Осыдан 2-3 жеті өткеннен соң дискілеуді қайталау керек. Сонда жаңадан шыққан жас өсімдіктер жойылады да, ал тамыр жүйесі тағы да ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Бұл бөлшектерден жаңа өсімдіктер өсіп шығады. Оларды сүдігер жыртқанда жоюға болады, яғни 2-3 рет өңдегенде жаңадан пайда болған өсімдіктердің тамырында жиналған пластикалық коректік заттар жұмсалып, күзге қарай олардың қоры азаяды, сөйтіп олардың жер астындағы тамыр жүйелері қысқа қатты аязға төзбей үсіп кетеді. Өсімдікті “әлсірету” әдісін таза парда жүргізгенде ең жақсы нәтиже береді. Ол үшін таза парды жаз бойы 3-4 рет әр түрлі тереңдікке культивациялайды. Топырақты тайыз және терең өңдеуді алмастырып отырғанда ғана атпатамырлы арамшөптерді жақсы жоюға болады. Айталық, бірінші рет культивациялауды 5-7 см, екінші рет - 10-12 см-ге культивациялап, ең соңында жерді терең етіп сүдігерге түренді соқамен, ал жел эрозиясының қаупі бар аймақта жазықтабан сыдыра тілгішпен терең өңдеу керек. Отамалы дақылдардың қатараралығын уақытылы және мұқият культивациялау, топырақтың сортаңдануына жол бермеу, жер асты суларының деңгейін төмендету шаралары атпатамырлары арамшөптерді жоюға көмектеседі. Агротехникалық шаралармен қатар атпатамырлы арамшөптерге гербицидтер қолдану арқылы күрес жүргізу жақсы нәтижеге жеткізеді. Қосжарнақты атпатамырлы арамшөптерге қарсы дәнді дақылдар егісінде олардың түптену фазасында әр гектарға әсер етуші заты бойынша 1,0-1,2 кг 2,4-Д амин немесе натрий тұзын, 0,8-0,9 кг эфирді қолдануға болады. Түйнектамырлы арамшөптер, өкілдері сипаттамасы Аталған топтың негізгі өкілдерінің бірі жұмыр сәлемшөбі (Сыть круглая, Cyperus rotundus) қиякөлеңдер тұқымдасына жататын көпжылдық түйнектамырлы арамшөп. Сабағы жылтыр, ұшқырлы, жапырағы жалпақ болып келеді. Жұмыр сәлемшөбі тұқымы арқылы және вегетативтік жолмен көбейеді. Жас өсімдіктердің жер асытындағы сабағы алғашында төмен қарай өседі, содан 15- 20 см тереңдікке жеткенде жоғары қарай иіледі. Иілген жерінде түйін аралығы жақындап, жер астындағы сабақтар бірігіп жуандайды да, сол жерде сопақша түйнек пайда болады. Міне, сол түйнек вегетативтік көбею мүшесі болып табылады. Күзге қарай аталған түйнекте коректік заттар қоры мол жиналады. Келер көктемде осы түйнектен жаңа өсімдік пайда болады. Ол гүлдейді, тұқым береді, содан кейін қысқа қарай өледі. Бірнеше жылдан кейін жұмыр сәлемшөбінің жер астындағы сабағы топырақтың терең қабатына бойлап өсіп жаңадан түйнектер түзеді. Олар неғұрлым терең қабатта пайда болса, соғұрлым өркен кеш шығады, сондықтан олардың зияны шамалы. Бұл арамшөп шалғынды- батпақты, яғни ылғалы өте мол жерлерде өседі, сондықтан Қазақстанның суармалы аймағында көп кездеседі. Жұмыр сәлемшөбінің бір ерекшелігі ол танаптың су жиналатын ойпаң жерлерінде шоғырланып өседі. Міне, оның осы ерекшелігін оған қарсы күресу шараларын белгілегенде ескру керек. Топырақ қабатында жұмыр сәлемшөбінің түйнектері өте терең орналасқандықтан, жер жыртқанда ол зақымдалмайды, яғни толық жойылмайды. Сол себепті бұл арамшөпті жою үшін басқа агротехникалық шараларды жүзеге асыру керек. Атап айтқанда, танапта су жиналып қалмау үшін оны мұқият тегістеу қажет және артық суды жоғалту үшін дренаж жұмысын жүзеге асыру керек. Мақта егісіндегі жұмыр сәлемшөбін жою үшін сүдігер жыртқаннан кейін әр гектарға 15-25 кг эптам гербицидін қолданған жөн. Кіндіктамырлы арамшөптер, өкілдері, сипаттамалары. Олардың тобына қара ермен, ащы жусан, кәдімгі бақбақ, дәрілік бақбақ және басқалары жатады. Қара ермен, кәдімгі жусан (Полынь обыкновенная, Aіtemіsіa absіthіum) Күрделігүлділер тұқымдасына жататын арамшөп. Оның сабағы қатты, жұмыр , қырлы және тармақталған, биіктігі 2,5 метрге дейін жетеді. Ащы жусан тұқымы арқылы және вегетативтік жолмен көбейеді. Оның бір өсімдігі 700 мыңға дейін ұсақ тұқым бере алады. Тұқымның желмен ұшып таралуға қабілеттілігі күшті. Ащы жусанның кіндік тамыры топырақтың 80 см тереңдігіне дейін бойлап өседі. Одан жан-жаққа жайылатын ұзындығы 5-15 см тамырсабақтар пайда болып жердің бетіне өсіп шығады. Сөйтіп, жаңа өсімдік дамиды. Олардан күзге қарай өзінің тамырсабақтары пайда болады, міне осылай ащы жусан вегетативтік жолмен көбейеді. Ащы жусан су құбырларының бойында, танаптарда жиі кездеседі. Бұл арамшөпті жою үшін, оның бір биологиялық ерекшелігін білу керек. Ең басты биологиялық ерекшелігі оның вегетативтік көбею мүшесінің топырақтың беткі қабатында орналасуы. Сондықтан, танаптың беткі қабатын екі бағытта сыдыра жыртқыштармен өңдеп, ащы жусанның тамырсабақтарын бөлшектеп, оларды негізгі кіндік тамырдан бөліп тастау керек. Ол кесілген тамырсабақтың қаулап өсуіне мүмкіндік береді. Арамшөп көктеп шыққаннан кейін жерді терең етіп түренді соқамен сүдігерге жыртады. Ащы жусан өскен алқапқа оны көлеңкелеп, өсуіне кедергі жасайтын қара бидай, қарақұмық сияқты дақылдарды себу жақсы нәтиже береді. Каратинді арамшөптер, өкілдері, сипаттамалары. Оларға таралуы шектелген, немесе біздің елде болмайтын ерекше зиянды арамшөптер жатады. Міне, осыған орай ішкі және сыртқы карантиндік арамшөптерді ажыратуға болады. Ішкі карантинді арамшөптерге жататындар жусан жапырақты ойраншөп. Бұл арамшөп Алматы облысында кең тараған. П.Бордулеваның деректері бойынша, тек Алматыда аталған арамшөп 500 гектарға жуық жерде өседі. Облыс бойынша ең көп тараған жерлері Іле, Қарасай батыр, Еңбекшіқазақ аудандары. Ішкі карантиндік арамшөптерге бұдан басқа қызғылт укекіре, жөргемшөп жатады. Сыртқы карантиндік арамшөптерге бұзыр жабайы күнбағысы, калифорниялық жусанжапырақты ойраншөпті жатқызуға болады. Жусан жапырақты ойраншөп (Амброзия полынолистная, Ambrosіa artemіsіfolіa) кеш пісетін, каратинді, қосжарнақты, күрделігүлді тұқымдастарына жататын жаздық арамшөп. Биіктігі 20-25 см, кіндік тамыры топырақта 4 м тереңдікке дейін бойлайды. Тұқымы сарғыштан қара қоңыр түске дейін боялған, антоциандық пигменті бар, ұзындығы 2,5-3,0 мм, көлденеңі 1,5 мм, 1000 дәннің массасы 2,0-2,5 грамм, көктеген кезде жусан исі, ащы дәмі болады. Алматы облысы жағдайында маусым айының аяғынан күзге дейін гүлдейді. Тұқымы жиналғаннан кейін пісіп жетілуді қажет етеді. Алдын ала күресу шараларына тұқымды тазалау, көңді, малдың астына төселетін сабан және басқа материалдарды дұрыс сақтау мен қолдану, өңделмеген жерлердегі арамшөптерді жою, тұқымы пісіп жеткенше танаптардың айналасындағы арамшөптерді құрыту. Жусан жапырақты ойраншөп тұқымымен ластанған мал жемін үгіту, бұқтыру және басқа шараларды жүзеге асыру керек. Агротехникалық шараларға ерте пісетін дақылдарды жинау кезінде, немесе жинап болғаннан кейін, топырақты ылғалы мол жерде 6-8 см, ал ылғалы аз жерлерде 8-10 см тереңдікке дискілі сыдыражыртқышпен өңдеу жатады. Улы арамшөптер, өкілдері. Бұл арамшөптердің ішінде адамдарға және малдарға қауіпті улы болып келетіндері бар. Олардың ішінде өсімдіктердің өздері (сасық медуана) немесе жас көктері, (құмайшөп, егістік қанатжеміс, жөргемшөп) улы болып келеді. Улы арамшөптерге жататындар: кәдімгі қарамықша, қыздырма үйбидайық, қызғылт укекіре, қара меңдуана, кәдімгі сиякөк, құмайшөп. Арамшөптермен күресу шаралары оларды есепке алу және танаптың ластану картасын жасаудан басталады. Ғылыми-зерттеу мекемелері мен шаруашылықтардың тәжірибесі арамшөптермен үздіксіз күрес жүргізіп отырғанда ғана олардың ауыл шаруашылғына келтіретін зиянының бәсеңдейтіндігін көрсетті. Сондықтан, әрбір шаруашылықта арамшөптерді жою шаралары уақытылы жүргізіліп отырулуға тиісті. Бұл үшін қандай арамшөптер түрлері басым екендігін және келер жылы қай арамшөптер болатындығын алдын ала біліп отыру қажет, басқаша айтқанда оларды есепке алу керек. Арамшөптерді есепке алудың көзбен мөлшерлеу, таразылық, таразылық- сандық және сандық әдістері бар. Осылардың ішінде ең ыңғайлысы және шаруашылықта кеңінен қолданылатыны көзбен мөлшерлеу әдісі. Ол академик А.И.Мальцевтің 4 баллдық шкласы бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс бойынша әр бір танапты қиғаш бағытта жүріп арамшөптерді көзбен мөлшерлеп есепке алады. Егер егісте бірен-саран арамшөптер кездессе онда ол 1 балл деп есептеледі. Арамшөптер әр жерде ойдым-ойдым болып шоғырланып өсіп тұрса немесе егістегі жалпы өсімдік санының төрттен бір бөлігінен артық болмаса-бұл 2 балл. Егістік жерде арамшөптер көп, дегенмен сан жағынан ауылшаруашылық дақылдарының санынан кем, немесе оларға тең болғанда 3 балл болады. Арамшөптер тым көп, яғни мәдени өсімдіктерден сан жағынан басым болып келгенде оларды 4 балл деп есептейді. Оңтүстік-шығыс ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары көзбен мөлшерлеу әдісіне кейбір толықтырулар енгізді. Олардың пікірі бойынша, егер әрбір шаршы метр жерде 10-нан 50-ге дейін арамшөптер сабағы болып, оның құрғақ салмағы 2 ден 15 граммға жетсе бұл академик А.И.Мальцевтің шкаласындағы 1 баллға, ал 50-200 арамшөп сабағы кездесіп, олардың құрғақ салмағы 15-70 грамм болғанда 2 баллға тең келеді. Ал, 3 баллға әрбір шаршы метр жерде 200-600 арамшөптер сабағы және 70-200 грамм құрғақ салмақ бар деректер сәйкес келеді, егер арамшөптер сабағының саны 500-2000-ға жетіп олардың құрғақ салмағы 200-800 грамм болған жерлерде 4 балл деп есепке алынады. Көзбен мөлшерлеу әдісінің онша дәлдігі болмаса да, оңайлығы үшін ауыл және орман шаруашылықтарында пайдалануға ыңғайлы. Бұл әдіспен арамшөптердің түрлері туралы толық мәліметті тек бүкіл жаз бойы жүргізігенде ғана алуға болады, өйткені көктемде, жазда және күзде арамшөптердің түрлері ауысып тұрады. Арамшөптерді мәдени өсімдіктердің өсіп-даму фазасына сәйкестендіріп есепке алған жөн. Мысалы, дәнді дақылдардың түтіктену, гүлдену және қамырланып пісу кезеңдерінде арамшөптерді есепке алуға болады. Егер, арамшөптерді химиялық шаралар арқылы жоятын болса, онда оларды гербицидтерді пайдалану алдында, жанамалы гербицидтерді қолданғаннан 7-10 күннен кейін және 20-30 күн өткен соң есепке алған жөн. Ауылшаруашылық өндірісінде арамшөптерді үздіксіз есепке алып тұрудың мүмкіншілігі жоқ, сондықтанда оларды есептеуді белгілі бір мезгілге байланыстырған жөн. Бірінші рет есепке алудың ең қолайлы мерзімі төртгүл жапырақшалы қос жарнақты арамшөптердің гүлдеу кезі. Ұсақ гүлді арамшөптер гүлдеген кезде оларды екінші рет қосымша есептесе, бірінші ретте тек көктей бастаған арамшөптер өсіп жетілгендіктен оларды да есепке алуға болады. Міне, осылай жаз бойына екі рет есеп жүргізгенде егіс алқабындағы арамшөптерді тегіс қамтып, олардың саны туралы толық мәлімет ала алады. Арамшөптерді сандық әдіспен есепке алғанда танапты қиғаштап өтіп әрбір теңаралық қашықтықта рама қойып оның ішіндегі мәдени өсімдіктерді және арамшөптерді санайды. Содан кейін бір рамадағы, не бір шаршы метр жердегі арамшөптердің орташа есеппен алғандағы санын анықтап, олардың мәдени өсімдіктердің санының неше пайызы екенін шығарады. Бұл ретте мәдени өсімдіктерді 100 пайыз деп алады. Арамшөптерді есептеуді сандық-таразылық әдіспен жүргізгенде танапты қиғаштап өтіп әрбір теңаралық қашықтыққа көлемі 0,25 шаршы метр раманы қойғаннан кейін барлық арамшөптерді санайды, содан кейін оларды сол жерде өлшеп дымқыл салмағын өлшейді. Кейін көлеңке жерде арамшөптерді кептіріп ауалық құрғақ салмағын анықтайды. Кейінгі екі әдіс ғылыми зерттеу мекемелерінде кеңінен қолданады. Арамшөптерді көзбен мөлшерлеу әдісі бойынша есептеуде алынған материалдар танаптың арамшөптермен ластану картасын жасауға пайдаланылады. Алдын-ала жүргізілетін агротехникалық шаралардың негізгі мақсаты -арамшөптердің тұқымдары мен вегетативтік көбею мүшелерінің, кеңістікте таралу жолдарына тосқауыл қою. Әрине, ол үшін арамшөптердің көбею мүшелері, әсіресе тұқымдары танаптарға қайдан және қандай жолдармен келетінін білу керек. Көптеген арамшөптердің тұқымдары (егістік қалуен, кәдімгі бақбақ, кәдімгі қамыс және тағы басқалары) кеңістікке желмен таралады, себебі олардың тұқымдарының салмағы жеңіл және желкеңді болып келеді. Желкен дегеніміз арамшөп тұқымы көлемінің оның салмағына қатынасы. Бұл қатынастың мөлшері неғұрлым үлкен болса, солғұрлым тұқым желкенді келеді, яғни алысқа ұшады. Арамшөптердің тұқымдары желмен ұшып тарамау үшін оларды гүлдегенге дейін жойып отыру керек. Суармалы жерлерде арамшөптердің тұқымдары танаптарға су арқылы таралады. К.И. Пактың зерттеулеріне қарағанда мақта егісін суғарғанда әрбір гектарға жарты миллионнан астам арамшөп тұқымдары сумен ағып келеді екен. Сумен арамшөп тұқымдары егіс алқабына ағып келмес үшін каналдардың жиегіне шыққан арамшөптерді, олардың тұқымы пісіп жетілмей тұрғанда жою, (гербицид қолдану немесе шабу арқылы); су жүретін каналдардың түбін, қабырғаларын бетондау; науалар арқылы суару; каналдардан судың егістікке шығатын жеріне тұқымдарды жібермей ұстап қалатын тор қою сияқты шараларды жүзеге асыру керек. Арамшөп тұқымдарының танапқа таралуының келесі жолы – малдың қиы. Оған себеп кейбір арамшөптер тұқымдарының сыртқы қауызы соншалықты қатты, тіпті малдардың асқорыту мүшесі арқылы өтіп, өздерінің өнгіштік қасиетін жоймайды, олардң қиымен бірге түседі. Мысалы, Г.Клингман мен Ф.Эштонның зерттеулері бойынша егістік шырмауықтың тұқымы малдардың ішек-асқорыту мүшелерінен өткенен кейін бұзаулауларда 22,3 пайыз, жылқыларда –6,2, қойларда - 9,9, шошқаларда - 21,0 пайыз өнгіштік қабілетін сақтайды екен. Малдардың қиын органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылғанда әлгі арамшөп тұқымдары олармен бірге егіс алқабына барып түседі. Малдардың қиларын органикалық тыңайтқыш көң түрінде әр гектарға 60 тоннадан бергенде шошқа қиымен 1,8 млн, ал ірі қара малдардікімен 1,1 млн. дана арамшөп тұқымы түсетін көрінеді. Егіс алқабына тұқымдары органикалық тыңайтқыштармен тарамас үшін арамшөп басым өскен алқаптың сабанын малдарға азық ретінде пайдаланбау және оны малдардың астына төсемеу керек. Осы алқаптан жиналған астықты тазалағанда, оның қалдықтарын малға жем ретінде пайдаланған жағдайда оны алдымен ұнтақтау, не болмаса жоғарғы температурада бөктіру, малдардың қиларын шашпай-төкпей, бір жерде жинау сияқты алдын ала сақтандыру шараларын іске асырған дұрыс. Ерте пісетін жаздық арамшөптердің, тұқымдары егін жинағанға дейін, немесе оны жинау барысында топыраққа төгіліп қалады, ал кеш пісетіндердікі егін жинап болғаннан кейін топырақта қалады. Сібір ғылыми-зерттеу ауылшаруашылық институтының деректері бойынша арамшөп тұқымдарының 28 пайызы егін орғанға, ору барысында және егінді жинап болғаннан кейін топыраққа төгіліп қалып қойса, ал 73,0 пайызы астықпен бірге жиналып қамбаға барады екен. Мысалы, Сарыағаш ауданының шаруашылықтарында егін жинап болғаннан кейін күздік бидайдың бір килограмында 840 –тан 1146 данаға дейін, ал Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша орта есеппен 1308 дана арамшөп тұқымы болған. Бұл келтірілген мысалдар егістік жерлерге арамшөптер тұқымдары шала тазаланған ауылшаруашылық дақылдарының дәндерімен бірге себілуі мүмкін екендігін көрсетеді. Сондықтан, ауылшауашылық дақылдарының тұқымдарын тазалап, егістік кондицияға жеткізу керек, яғни себуге арналған тұқымдар өзінің тазалығы жөнінен мемлекеттік стандарттың талабына сай болу керек. Арамшөптерді агротехникалық жолмен негізінен үш бағытта жүргізіледі. Бірінші бағыт арамшөп тұқымының өніп-өсуіне жағдай жасап, әрі қарай оның өскінін топырақ өңдеу арқылы құрыту. Іс жүзінде бұл шара өршіту (қозғау салу) деп аталады. Бұл жолымен азжылдық арамшөптердің басым көпшілігін мәдени дақылдар себілгенге дейін жоюға жол ашылады. Өршіту әдісін Қазақсанның оңтүстік аймағында сүдігер жырту жүйесінде кеңіен қолдануға болады, себебі бұл жерлерде егін жинап болғаннан (әсіресе астық дақылдарын) күзгі суық түскенге дейін ұзақ мерзім бар (ең кем дегенде 2,5-3 ай). Осы аралықта топырақтағы арамшөп тұқымының өнуіне қолайлы жағдай жасаса (жерді қопсыту, суару) олар көктеп шыға бастайды. Сүдігер жыртқанда көктеп шыққан арамшөптер жойылады. Солтүстік облысарда өршіту әдісін бұлай жүргізуге болайды, өйткені бұл аймақта егін жинап болысымен суық түседі, сондықтанда қанша жағдай жасалғанмен жылудың жетіспеуінен топырақтағы арамшөп тұқымдары көктемейді. Азжылдық арамшөптердің топырақтағы тұқымдарын жоюдың екінші тәсілі - оларды топырақтың терең қабатына сіңіру. Бұл тәсіл арамшөптердің биологиялық ерекшелігіне негізделген, өйткені көптеген арамшөп тұқымдары жердің беткі қабатынан жақсы көктеп шығады, сондықтан оларды сүдігер жырту арқылы тереңге сіңіру керек. Арамшөптермен алдын ала күрес, олардың топырақтағы тұқымдары мен вегетативтік мүшелерін жою шаралары жүзеге асырылғанның өзінде көктем шығысымен танаптарда арамшөптер пайда бола бастайды. Ендігі міндет соларды жою. Бұл көктемдегі егіс алдындағы топырақты өңдеу жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Әсіресе, егін себудің дәл алдында жүргізілген топырақ өңдеу жүйесі көктеп шықан арамшөптерді жоюда ең тиімді агротехникалық шара. Оны Қызылорда облысында жүргізілген тәжірибе дәлелдейді. Мысалы, күріш себуден екі-үш апта бұрын танапты культивациялау алдында әр шаршы метр жерде 24 дана мысыққұйрық арамшөбі болып, күріштің өнімі 49,4 ц/га болса, ал егін себуге 1-2 күн қалғанда осыған сәйкес 7 арамшөп болып күріштің түсімі 56,9 ц/га жеткен. Егін сепкенге дейін көктеп шықпаған арамшөптер топырақты вегетация кезінде ластайды, сондықтан егін сепкеннен кейін танапты тырмалау, әсіресе отамалы дақылдардың қатараралығын культивациялау ерекше орын алады. Арамшөптермен күресудің тиімді әдістерінің бірі-ауыспалы егіс. Әсіресе, бұл республикның солтүстік облыстарында кеңінен қолданылатын дәнді- парлы ауыспалы егістіктерде жақсы жүзеге асырылады, себебі мұнда әр танап екі-үш жылда бір рет парға қалдырылады. Ал, таза парды бірнеше рет өңдеу арқылы танапты арамшөптерден тазартуға мүмкіндік зор. Бұған Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының көпжылдық тәжірибесі дәлел бола алады. Мысалы, Н.В.Шрамконың деректері бойынша таза парға себілген жаздық бидай егісінің бір шаршы метрінде 40,9 түп арамшөп болса, ал арпадан кейін себілген егісте 60,9 және 69,9 түп, ал жаздық бидайдың бірегей егісінде 108,9 түп арамшөп өскен. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы тәлімі жерлерде арамшөптерді жоюда таза пардың атқаратын маңызы ерекше екенін Е.М.Зенкованың осы аймақта жүргізген көпжылдық зерттеулері көрсетті. Мысалы, таза парға себілген күздік бидайдың әр гектарында 12,0-15,8 мың түп арамшөп болса, ал үшінші дақыл егісінде –39,2-41,5 мың түп арамшөп болған. Республиканың оңтүстігіндегі суармалы жерлердегі ауыспалы егісте таза пар болмайтындықтан мұнда арамшөптермен күресте аралық дақылдар себудің үлкен маңызы бар. Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы жерлерінде малазықтық ауыспалы егістерде үш-төрт жыл бойы аралық дақылдар (жүгері, бұршақ, сиыр жоңышқа+сұлы қоспасы және басқалар) сепкенде егістік алқаптар арамшөптерден біршама тазаланған. Қазақтың күріш ғылыми-зерттеу институтының жүргізген тәжірибесі Қызылорда облысының Сырдария ауданында күріщті бір танапқа қатарынан үш жыл бойы сепкенде әр бір шаршы метр жерде күрмектің 7000 тұқымы болған, сондықтан аталған дақылдың түсімі 30-40 пайызға төмендеген, ал қатарынан екі жыл бойы жоңышқа себілген жерде күрмек тәріздес арамшөптер мен кәдімгі қамыстың түгел жойылатыны байқалды. Бұл келтірілегн мысалдар Қазақстанның қай аймағында болмасын арамшөптерді жоюда ауыспалы егістің атқаратын маңызының зор екендігін көрсетіп отыр. Арамшөптермен күресудің химиялық әдісі. Ол гербицидтер қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда гербицидтерді егістердегі арамшөптерді құрту үшін бірінші рет 1954 жылы пайдаланды. Сол жылы гербицид 1300 гектар егіс алқабында, ал 1964 жылы ол 13 млн. гектардан астам егіс көлемінде қолданылды. Бірақта, кейінгі жылдары әр түрлі себептерге байланысты (ірі шаруашылықтардың тарап кетуі, кіші шаруашылықтардағы қаржы тапшылығы, гербицидтерді қолдану техникаларының қолдану жоқтығы және басқалар) гербицид қолданылатын егіс көлемі азайып кетті. Мұның өзі егістіктердің арамшөптермен қатты ластануына әкеліп соқтырды. Арамшөптерге қарсы қолданылатын гербицидтердің түрлері өте көп, сондықтан оларды жіктеуге тура келді. Өзінің химиялық құрамына қарай гербицидтер органикалық емес және органикалық болып бөлінеді. Органикалық емес гербицидке кальций цинамиді және басқалары жатады, ал органикалық гербицидтерге ДНОК, ПХФ, 2,4-Д тобындағы гербицидтерді жатқызуға болады. Гербицидтер өсімдіктерді зақымдайтын әсеріне қарай екі топқа бөлінеді. Біріншісі жаппай әсер ететін, ал екіншісі-талғамды әсер етуші гербицидтер. Жаппай әсер ететін гербицидтер барлық өсімдік түрлерін жояды, сондқтан оларды мәдени дақылдардан бос жерлерге, яғни таза парларда, автомобиль және теміржол тараптарының жиектерінеде, су жүретін каналдардың жағалауында және тағы басқа жерлерде қолданады. Талғамды әсер ететін гербицидтер егістіктегі арамшөптерді жояды. Олар жылымалы және жанаспалы болып екі топқа бөлінеді. Жанаспалы гербицидтер өсімдік мүшелерінің тиген жеріне ғана әсер етеді. Яғни, жапырақтарын немесе сабақтарын күйдіреді, сөйтіп олардың тіршілік қабілетін жояды. Гербицидтер өздерінің физикалық жағдайына байланысты ертінділер, суспенция, эмульсия түрлерінде шығарылады. Егіншілікте арамшөптерді жою үшін Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігінің ұсынысы бойынша 2010-2015 жылдар аралығында иллакцонды (48%) жаздық бидай, арпа егістерінде қарасұлыны жою мақсатымен егін себер алдында жаздық бидайдың түптену -түтіктену фазасында әр гектарға әсер етуші заты 1,7-3,4 л/га мөлшерінде, мақта егісінде прометринді (50%) әр гектарға 3,5-5,5 кг және дуалды әр гектарға 1,6-2,6 литр мөлшерінде топыраққа бүрку тәсілімен қолданылуды ұсынды. Көшеттіктерде гербицидтерді қолдану. Орман шаруашылығында гербицидтерді қолдану жөнінде ғалымдар арасында бірыңғай көзқарас жоқ. Орман шаруашылығы мамандарының біртобы гербицид адамдарға, малдарға, жалпы айтқанда тірі организмдерге зиянды, сондықтан оларды қолданбау десе, ал екінші тобы гербицидтер экономикалық жағынан тиімді және еңбек өнімділігі жоғары деп есептеп, көшеттіктерде гербицид қолдануға абайлап қарау керек деген пікір айтады. Сондықтан, орман көшеттіктеріне республикадағы сыналған, тиімді және адамдар мен малдар организдеріне (келеңсіз) кері әсері жоқ гербицидтерді қолданған жөн. Орман көшеттіктерінде жатаған бидайықты, қамысты, тарамбидайықты жою үшін суда жақсы еритін әсерлі заты 85% далапанды (натрий тұзы), 10-20 кг мөлшерінде бүрку керек. Азжылдық тұқымымен көбейетін арамшөптердің жас өскінін жою үшін әр гектарға 4-15 кг әсерлі зат мөлшерінде ДНОК-ты бүріккен дұрыс. 2,4 Д тобынан қосжарнақты егістік қалуен мен егістік шырмауықты жою үшін амин тұзын немесе эфирді әсерлі зат есебімен әр гектарға 2-6 кг мөлшерінде қолдану керек. Қарағайдың, шыршаның, кейде балқарағайдың көшеттіктеріндегі біржылдық арамшөптерді жоюға 2,0 кг/га әсерлі зат есебінде симазин гербициді қолданылады. Қазақстанның орман көшеттіктерінде осы топқа жататын пропазин, симазин, атразин, прометрин гербицидтерін қолданылады. Шетелдік гербицидтен 1,5 кг/га мөлшерінде раундап гербициді сынақтан өтуде. Республиканың орман көшеттеріне өте зиянды жатаған бидайық, тарамбидайық сияқты көпжылдық арамшөптерді жою үшін топырақ өңдегеннен 2-3 аптадан соң әсерлі зат есебінде 15-20 кг/га далапонды қолданған тиімді. Содан 10-12 тәуліктен кейін топырақты культивациялаған соң арамшөптер қайта шықса көшеттіктерді екінші рет осы гербицидпен 10-15 кг/га қайта бүрку қажет. Қазақстанда көшеттіктердің егістік бөлімдерінде негізінен үш гербицид, яғни симазин, пропазин және уайтспирт жақсы зерттеліп, олар кеңінен қолданылып жүр. Аталған гербицидттің ішіндегі ең тиімділері симазин мен пропазин болды. Іле Алатауы жағдайында орман көшеттіктерінде аталған гербицидтерді қолдану арқылы арамшөптерді жоюға, ал шырша, қарағай себіндіктеріне олардың әсер етпегені байқалған. 2.4 Гербицидтермен жұмыс істеген кезде қолданылатын сақтық шаралары. Арамшөптерді жою үшін гербицидтер тек егіншілікте емес, сонымен қатар орман шаруашылығында да, дәлірек айтқанда көшеттерде қоладнылады. Егіншілік шаруашылығымен салыстырғанда гербицидтерді көшеттікте қолданудың өз ерекшелігі бар. Біріншіден, көшеттіктер қоршалған ортаға, малдар кіре алмайды, сондықтан олардың уланып қалуы мүмкін емес. Көшеттіктерді жаңбырлатып суару әдісін қолданса, гербицидтер топыраққа ағып кетпейді. Оның қоршаған ортаға зияны жоқ. Көшеттіктер адамдардың тамағы үшін пайдаланылмайды, сондықтан адамдар одан уланбайды. Дегенмен, көшеттіктердегі арамшөптерді жою үшін гербицидтер қолданғанда сақ болған дұрыс. Ауылшаруашылық өндірісінде қолданылатын гербицидтер адамдар мен малдарға қауіпті емес. Әйтседе, олардың ішінде улы, кейде тіпті аса улы түрлері де кездеседі. Сондықтан, олармен жұмыс істегенде кейбір сақтандыру шараларын жүзеге асыру керек. Гербицидпен жұмыс істейтін адамдар нұсқаудан өтулері, арнайы киімдермен, атап айтқанда комбинезон, халат, қолғап, көзілдірік, респиратор және басқа жабдықтармен қамтамасыз етілулері керек. Кәмелетке жасы толмаған, балаларды, екіқабат және жас балалары бар әйелдерді гербицидпен жұмыс істеуге жіберуге болмайды. Гербицидпен жұмыс істеп жүрген мезгілде тамақ, су ішуге, шылым тартуға болмайды, ал жұмыс істеп біткеннен кейін қолды, бет-ауызды сабынмен мұхият жуу керек. Гербицидпен жұмыс істегеу уақыты күніне 6 сағаттан аспауы керек, ол адамдарға күніне кемінде жарты литр сүт ішу қажет. Гербицидтер үйлерден, тамақ және жем сақтайтын қоймалардан, мал қораларынан 250-300 метр қашықтықта сақталуға тиіс. Адамдар үзіліске кеткенде күзетші қою қажет, кері жағдайда балалар, малдар уланып қалуы мүмкін. Гербицид қолданылған жерлерге бір айға дейін малдарды жаюға, үй құстарын жіберуге болмайды. Әрине, бұдан басқа да сақтық шаралары бар. Олар арнайы өткізілетін нұсқаулар кезінде айтылады. Арамшөптермен биологиялық әдіспен күрес. Арамшөптермен химиялық әдіс арқылы күресу өнімді және тиімді деп кеңінен қолданылғанмен, экологиялық тұрғыдан, яғни қоршаған табиғи ортаны қорғау жағынан алып қарағанда, оның көптеген зиянды жақтары бар. Сондықтан да кейінгі кезде ғалымдар арамшөптермен биологиялық әдіспен күресу жолдарын зерттеп іздестіруде. Биологиялық күрес дегеніміз арамшөптердің табиғи жауларын, яғни насекомдарды, фитофагтарды, ауру таратқыш жәндіктерді, нематодаларды, саңырауқұлақтарды, вирустарды, бактерияларды оларға қарсы пайдалану. Мысалы, күнбағыс сұңғыласына қарсы фитомиза шыбыны қолданылады. Ол сұңғыланың 82-90 пайызын жояды. Кейінгі кезде арамшөптермен биологиялық әдіспен күресу жолдары біздің республикада да кеңінен зерттеле бастады. Бұл бағытта Қазақстан ғалымдары П.И.Мариковский мен А.И.Иванниковтың жүргізген зерттеулерін атауға болады. Олардың зерттеулерінің нәтижесінде кекіре құртын республикмыздың солтүстік- шығыс облыстарында кеңінен қолдануға болатындығы дәлелденсе, ал бұл тәжірибе Қазақстанның оңтүстігіндегі Жамбыл және Алматы облыстарында жүргізілген өндірістік тәжірибелердің нәтижесінде, қызғылт укекіре зақымданғаны 90 пайызға дейін жеткен. С.Төребаев пен Ж.Шілдебаевтың мәліметеріне қарағанда Қазақстанда биологиялық күрес қызғылт укекіре, ақ мия, егістік шырмауық, сарықалуен, күнбағыс сұңғыласы және басқада арамшөптердің табиғи зиянкестерін ізденуден басталды. Мысалы, 1967 жылы профессор П.И.Мариковскийдің басшылығымен біздің республикада қызғылт укекіреге қарсы алғаш рет биологиялық әдіс ретінде оның табиғи жауы кекіре құрты қолданылды. Осының нәтижесінде аталған арамшөптің 22 пайызы жойылып, ал 30 пайызы құрттардың жеуінен шіріп, өсімдіктердің дамып өсу қабілетін жойды. Республикадағы ең бір қауіпті карантиндік арамшөп жусан жапырақты ойраншөп. Бұл арамшөппен күресте басқа шаралардың ішінде биологиялық әдістің маңызы ерекше орын алады. Аталған арамшөпке қарсы фузариум ойраншөп жемір қоңызын қолданылады. Егістік шырмауыққа қарсы филлотерета қоңызын, шырмауық қара күйесін, ал егістік қалуенге қарсы оның көк қанатты қоңызын, егістік қалуен, қоңызын және теңбіл қанатты урофора шыбынын қолданады. Арамшөптермен биологиялық әдіс арқылы күресу жаңа дамып келе жатқан шаралардың бірі. Қорыта келіп айтқанда, арамшөптермен биологиялық тәсілмен күрестің болашағы зор. Арамшөптермен кешенді күрес шаралары. Көптеген ғылыми-зерттеу мекемелері мен шаруашылықтардың тәжірибелері арамшөптерге қарсы тек агротехникалық, немесе тек химиялық, әйтпесе тек биологиялық күрес әдістерін жеке-жеке қолдануың тиімділігінің болмайтындығын көрсетті. Сондықтан, арамшөптерді жою үшін кешенді шараларды қолдану арқылы аз еңбек пен қаражат жұмсап, мүмкіндігінше оларды мол жоюға болатындығы іс жүзінде дәлелденді. Кешенді күрес шаралары деп арамшөптердің санын азайтуға және тіршілік қабілеттілігін төмендетуге елеулі әсер ететін күрес шараларын бірі мен бірін ұштастырып жүргізуді айтады. Арамшөптермен күрестің кешенді шараларының бір түрі -агротехникалық және фитоцинотикалық шараларды ұштастырып жүргізу. Бұл тәсіл пар танабындағы атпатамырлы арамшөптерді, әсіресе қызғылт қалуенді жоюда жақсы нәтиже береді, себебі парды жаз бойы бірнеше рет культивациялағанда арамшөптердің басым көпшілігі жойылады, ал жойылмай қалғандарын парға себілген күздік бидай тұншықтырып басып тастайды. Механикалық және химиялық күрес шараларын ұштастырып жүргізу арамшөптерді жоюда үлкен рөл атқарады. Танапты, әсіресе парды, бір-екі рет культивациялау, содан кейін гербицид қолдану нәтижесінде арамшөптерді мол жоюмен қатар, топырақты эрозиядан қорғайды. Бұл әсіресе республиканың ашық, желі күшті далалық аймағы үшін маңызды тәсіл. Ал тіпті агротехникалық, химиялық және фитоценотикалық әдістерді біріктіріп жүргізу оданда бетер арамшөптерді толық жоюға мүмкіндік береді. Арамшөптерге қарсы жүргізілетін кешенді шараларды ауыспалы егістерде жүргізсе олардың тиімділігі тіпті жоғары болады. Бақылау сұрақтары 1. Арамшөптер, арамшөп қоспасы, маманданған арамшөптер туралы түсініктер 2. Арамшөптердің ауыл шаруашылығына келтіретін зияндары 3. Арамшөптердің негізгі биологиялық ерекшеліктерін атаңыз 4. Арамшөптердің жіктелуі белгілері 5. Азжылдық арамшөптерді қалай түсінеміз 6. Көпжылдық арамшөптердің топтарға бөлінуі 7. Жаздық арамшөптерді атаңыз 8. Атпатамырлы арамшөптер және олардың өкілдері 9. Тамырсабақты арамшөптердің өкілдері 10. Карантиндік арамшөптерді атаңыз 11. Арамшөптерді есепке алудың тәсілдері 12. Арамшөптермен алдын ала жүргізілетін күрес шаралары 13. Арамшөптермен күрестің агротехникалық шаралары 14. Гербицидтер туралы түсінік және оларды жіктеу 15. Танаптың арамшөптермен ластану картасын жасаудың принциптері 16. Арамшөптермен биологиялық әдіспен күрестің мәні 17. Арамшөптермен күрестің кешенді шараларын айтыңыз 3 тарау. Ауыспалы егістің ғылыми негіздері 3.1 Ауыспалы, ауыстырылмайтын егістер, қайталап себу, монокультура туралы түсініктер Егіншілікте қолданылатын агротехникалық шаралардың ішінде ауыспалы егістің алатын орны ерекше. Ауыспалы егіс деп территоия және уақыт бойынша немесе тек уақыт бойынша, ғылыми негізде ауылшаруашылық дақылдары мен парлардың алмасуын айтады. Ауыспалы егістің негізі болып шаруашылықтың егіс көлемінің құрылымы саналады. Шаруашылықтың егіс көлемінің құрылымы дегеніміз әр түрлі ауылшаруашылық дақылдары мен парлар көлемінің жалпы егіс көлеміне пайызбен алынған арақатынасы. Шаруашылықтың егіс көлемінің құрылымы негізінен оның өркендеу бағытына, жер көлеміне, алдына қойған мақсатына тікелей байланысты. Ауыспалы егіс өндірістік маңызы бар бірнеше міндеттерді шешуге тиісті: - ауыспалы егіс шаруашылықтың барлық жер көлеміне құрылуы қажет және ол жерлерді тиімді пайдалануға мүмкіндік беруі керек. - топрақтың құналылығын арттыруға, сөйтіп ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жоғарылатуға тиісті. - шаруашылықтағы барлық техникаларды, ауыл шаруашылығы машиналары мен құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызуы шарт. - топырақты жел және су эрозияларыынан қорғауға тиіс. - топырақты арамшөптерден, зиянды жәндіктер мен ауру қоздырғыштардан тазартуға, яғни танаптың фитосанитарлық жағдайын жақсартуға жол ашу керек. Міне, осы міндеттер орындалғанда ғана ауыспалы егістер шаруашылыққа пайдалы болады. Бір танапта ұзақ уақыт өсірілетін ауылшаруашылық дақылын үзіліссіз себілетін дақыл деп атайды. Дақылды жылда бір танапқа себе берсе, оның өнімі азаяды, тіпті тыңайтқыштар жеткілікті мөлшерде бірлесе де өнімнің төмендеуі тоқталмайды. Мұны көптеген ғылыми-зерттеу мекемелерінің жүргізген жұмыстарының нәтижелері айқын көрсетіп отыр. Мысалы, Англияның Ротамстед тәжірибе станциясының жүз жылдан астам уақыт жүргізген зерттеулерінің нәтижесі күздік бидайды бір танаапқа үзіліссіз сепкенде оның түсімі екі еседен артық төмендейтіні дәлелденген. Дәнді дақылдарды бір орнында үзіліссіз сепкенде олардың өнімділігі орташа есеппен алғанда 1,5-2,0 есе кемиді. Танапта бір дақылды үзіліссіз себу тек дәнді дақылдардың ғана емес, сондай-ақ отамалы дақылдарында түсімін азаятындығы іс жүзінде дәлелденіп отыр. Мысал ретінде Өзбекстандағы Ақ-Қабақ тәжірибе станциясының зерттеу нәтижелерін келтіруге болады. Оның 1937 жылдан бастап жүргізген тәжірибелерінің нәтижесі бойынша мақтаны бір орында көп жыл бойы үзіліссіз сепкенде, оның өнімі үш еседен аса төмендеген. Егер шаруашылықта бір ғана дақыл өсірілетін болса, оны монокультура дейді. Қазіргі уақытта жекеменшік шаруашылықтарында бір ғана дақыл өсіруді дағды қылып жүр, бұл өндіріске монокультура кеңінен кірді деген сөз. Егіншілікте дақылдарды қайталап себу жиі кездеседі. Бір танапта ауыспалы егістің айналу кезеңінен кем уақытта өсірілетін ауыл шаруашылық дақылын қайталанып себілетін дақылдар дейді. Ауыспалы егіс айналымы деп оның нобайына сәйкес барлық дақылдар мен пардың әр бір танапта болып өз орнына қайтып келу мерзімін айтады. Мысалы, үш танапты ауыспалы егістің айналымы үш жылда, бес танаптынікі бес жылда бітеді, ал дақылдар мен пардың жыл сайын танаптарда ауысып тұру жоспарын ауыспалы егістің айналым кестесі деп атайды. Барлық ауылшаруашылық дақылдарын қайталанып себуге төзімділігі жөнінен үш топқа бөлуге болады. Біріншісі – қайталап себуді жақсы көретін дақылдар (мақта, картоп). Оларды бір орынға бірнеше жыл қатарынан себуге немесе отырғызуға болады. Одан өнім түсімі онша төмендей қоймайды. Бірнеше ауылшаруашылық дақылдарын бөлек-бөлек өсіретін ауыспалы егіс танабын құрама танап деп атайды. Екінші топты қайталап себуді орташа көтеретін дақылдар құрайды (дәнді масақты дақылдар), ал үшінші топқа қайталап себуді нашар көтеретін, немесе тіпті көтермейтін дақылдарды жатқызуға болады (күнбағыс, зығыр және басқалар). Ауыспалы егістің алмасуынан уақытша шығарылған танапты шықпа танап дейді. Әдетте шықпа танапқа көпжылдық шөп егілген танап қалдырылады. Мысалы, жоңышқа егілген танап 4-5 жыл ауыспалы егістен шығарылып тасталады. Бұл мерзімі өтіп, жер тыңайғаннан кейін шөп танабы ауыспалы егіске қайтадан енгізіледі де, оның орнына басқа бір танапқа жоңышқа себіліп ауыспалы егістен шығарылады. Ауыспалы егістегі алмасу тәртібі бойынша берілген ауыл шаруашылық дақылдары мен парлардың тізбегін ауыспалы егіс нобайы (схемасы), ал 2-3 әр түрлі дақылдардан, оның ішінде пардан, тұратын ауыспалы егістің бір бөлігін оның буыны деп атайды. Ауыспалы егіс бір, екі және үш буындардан тұруы мүмкін. Ауыспалы егістің пар, отамалы, шөп буындары болады. 3.2 Дақылдардың алмасу себептері Танапқа бір дақылды жыл сайын себе берсе топырақтың құнарлылығы мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі төмендей беретінін дихандар ертеден білген. Жаратылыстану ғылымы дамыған сайын оқымыстылар бұл процестің себептері жөнінде әр түрлі болжаулар айта бастаған. Мысалы, швейцар ботанигі Декандольдің пікірі бойынша өсімдіктер топырақтан өзіне керекті және қажет емес заттарды бірдей сіңіріп алады да, соңғысын қайтадан бөліп шығарады, ол топырақта жиналып, келесі жылы сол жерге осы дақыл қайта себілген кезде өзі бөліп шығарған зиянды заттардан зардап шегеді, оның түсімі төмендейді. Бұл дақылдың бөліп шығарған заттары олар үшін ғана зиянды, басқа дақылға залалы жоқ, олардың өнімі төмендемейді, кейде тіпті жоғарылайды, сондықтан дақылдарды алмастырып себу керек деген пікір айтқан болатын. Француз химигі Пьер Жозеф өсімдіктер топыраққа органикалық заттарды бөліп шығарады, олар танапта жиналып қайталап себілген осы өсімдікке зиянын тигізеді деген. Өсімдіктің тек минералдық заттарды ғана сіңіре алатыны анықталғаннан кейін неміс ғалымы Ю.Либих барлық ауылшаруашылық дақылдарын топырақтан алатын коректік элементтерді пайдалануына байланысты үш топқа бөлді. Олар азотты, фосфорды және калийді көп пайдаланатын өсімдіктер. Қоректік элементтер қорын, топырақта біржақты азайтпау, немесе көбейтіп алмас үшін ауылшаруашылық дақылдарын алмастырып себу керек деген тұжырым жасады, басқа сөзбен айтқанда ауыспалы егісті енгізу және игеру керек деді. Орыс оқымыстылары Ротмистров (1910 ж) және Модестов (1915 ж) өсімдіктердің тамыр жүйесін алмастыру теориясын жасады, яғни тамырлары терең және таяз, жан-жаққа жайылып және жинақы өсетін өсімдіктерді алмастырып себу керек деген пікір айтты. Академик В.Р.Вильямс және басқалары біржылдық дәнді дақылдарды үзіліссіз сепкенде олардың өнімінің төмендеуін топырақтың физикалық қасиеттерінің, әсіресе оның құрылымының, нашарлауына байланысты деп түсіндірді. Дақылдарды үзіліссіз ауыстырмай сепкенде топырақ құнарлылығының төмендеуі және ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімінің кемуі жөнінде ғылымда біріне-бір қарама-қарсы осындай талас пікірлер пайда болды. Ол пікірлердің кемшілігі - оқымыстылар бұл мәселені біржақты қарап, әр тұрғыдан дәлелдеді. Осыны ескере отырып және өзі зерттеу жұмыстарын жүргізіп академик Д.Н.Прянишников дақылдардың алмасу себептерін 4 топқа бөлді. Бірінші топ - өсімдіктердің коректенуіне байланысты химиялық себептер. Дақылдар өсу барысында топырақтан коректік заттарды әр түрлі мөлшерде сіңіреді. Мысалы, бидай, арпа сияқты дәнді масақты дақылдар азот пен фосфорды көбірек, калийді азырақ сіңіреді, ал қант қызылшасы, күнбағыс, картоп сияқты отамалы дақылдар керісінше топырақтан азот пен фосфорға қарағанда калийді көбірек алады. Осы тұрғыдан алып қарағанда танапқа ылғи дәнді дақылдарды еге берсек, азот пен фосфордың мөлшері жылдан жылға азая береді де, ал калий топырақта көбірек жиналады. Сөйтіп, коректік заттардың бастапқы арақатынасы, яғни теңгерімі бұзылады. Қант қызылшасын, күнбағысты, картопты алмастырмай бір жерге еге бергенде жылдан жылға калий басқа коректік заттарға қарағанда көбірек азайып, топырақтағы коректік заттар біржақты жұмсалынып, олардың қалыпты арақатынасы бұзылады. Керісінше, дәнді масақты дақылдар мен техникалық дақылдарды ауыстырып еккен уақытта топырақтағы коректік заттар тең жұмсалып, ұзақ жылдар бойы жақсы өнім алуға мүмкіндік туады. Бұршақ тұқымдас дақылдар тамырында өмір сүретін түйнек бактерияларының көмегімен ауадағы бос азотты сіңіре алады, сөйтіп топырақтағы азот қорын көбейтеді. Бұл ретте, әсіресе бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптердің, оның ішінде жоңышқаның алатын орны ерекше. Ол әр гектарға өзінен кейін 60 кг ға дейін азот қалдырады. Егер осы бұршақ тұқымдас дақылдарынан кейін азотты қажет ететін басқа дақылдармен алмастырса, онда әлгі жиналған азот қорын осы ауыл шарашылығы дақылдары тиімді пайдаланып, коректік заттардың тапшылығы болмай, сөйтіп олардан алынатын өнім мөлшері артар еді. Дақылдардың түріне қарай олардың тамыр жүйелері де әр түрлі болады. Мысалы, астық тұқымдас дақылдар шашақ тамырлы болып келеді де, олардың тамырлары көбіне 40-50 см тереңдікке дейін ғана тарайды. Қызылша, күнбағыс сияқты дақылдардың тамыры 3 метр тередікке дейін, ал жоңышқаның тамыры 5-6 метрге дейін кетеді. Аталған дақылдарды кезектестіріп сепкенде топырақтың тек бетіне жақын маңдағы коректік заттар ғана пйдаланып қойылмай, сонымен бірге тереңде жатқан коректік заттар да іске асады. Кейбір дақылдардың (қарақұмық, бөрібұршақ) тамыры топырақтағы нашар еритін фосфордың өсімдіктер оңай сіңіре алатын жылжымалы түріне айналыуына әсер етеді. Бұл өсімдіктерден кейін топырақта басқа ауылшаруашылық дақылдары мен орман себінділері жеңіл сіңіре алатын фосфор көп қалады да, олардан кейін егілген дақылдардың коректенуі жақсарады. Егер ауылшаруашылық дақылдары мен орман себінділері алмастырылмай бір танапта себіле берсе, яғни ауыспалы егіс болмаса, онда бір жағдайда топырақтағы коректік заттардың қоры азайып, екінші жағдайда көбейеді. Бұл екі жағдайда өсімдікке кері әсер көрсетеді. Осындай қолайсыз жағдайлар болмау үшін ауыспалы егіс қолданып, өсімдіктердің коректенуін жақсартуды химиялық себептер дейді. Екінші топ – физикалық себептер. Әр түрлі ауылшаруашылық дақылдары топырақтың физикалық қасиеттеріне (құрылымы, құрамы, көлемдік салмағы және тағы басқа) әр түрлі әсер етеді. Көпжылдық шөптер топырақ құрылымын жақсартады. Топырақтың физикалық қасиеттері органикалық тыңайтқыштар қолдануда жақсартады. Топырақ өңдеу жүйесінің де оның физикалық қасиеттеріне әсері бар. Мысалы, топырақты жиі өңдеп тұруды қажет ететін қызылша, мақта, тамыржемісті отамалы дақылдарды немесе себінділерді бір орынға жылма-жыл еге берсек, топырақтың құрылымдық түйіршіктерінің көбісі трактор дөңгелегінің, жер өңдейтін машиналар мен құралдардың әсерінен үгітіліп және нығыздалып топырақтың физикалық қасиеті нашарлайды. Яғни, топырақ түйіршіктері ұлпаға айналады да, эрозия құбылысына ұшырайды және мұндай топырақтар суды жөнді сіңірмейді. Су тисе болды топырақ беті былжырап, кепкен уақытта қабыршықтанып қатып қалады. Оларды өсімдіктердің өркендері бұзып, жер бетіне шыға алмайды. Сондай-ақ, өсімдік тамырына оттегінің баруы қиындайды, оның өсуі нашарлайды, дақылдар әр түрлі ауруларға ұшырайды. Топырақтың физиклық қасиеттері (құрылымы, құрылысы, тығыздығы) нашарласа, оның ылғалдық және ауа режимдері бұзылады, яғни өсімдіктерге қолайсыз жағдай туады. Міне, осы келтірілген себептердің әсерінен өсірілетін дақылдардың өнімі төмендейді. Осындай қолайсыз жағдайды болдырмау үшін ауылшаруашылық дақылдарын алмастырып тұру, яғни ауыспалы егісті қолдану керек. Биологиялық себептер өсімдіктер мен орман себінділерінің зиянды жәндіктеріне, ауру қоздырғышарына және танап пен көшеттіктің арамшөппен ластануына байланысты. Ауылшаруашылық дақылдарымен бірлесіп танаптарда алуан түрлі арамшөптер өседі. Олардың арасында жарық, ылғал, коректік заттар үшін бәсекелестік болады, яғни күрес жүреді. Ауылшаруашылық дақылдарының арамшөптермен бәсекелесу мүмкіндігі әр түрлі. Мысалы, көпжылдық шөптер мен күздік бидайдың бәсекелестік мүмкіндігі жоғары, арпа, сұлы, жүгерінікі- орташа, ал жаздық бидай, картоп сияқты дақылдардікі – нашар. Әр ауылшаруашылық дақылдарына тән өздерінің ауру қоздырғыштары мен зиянкес жәндіктері бар. Танапқа бір дақылды еге берген жағдайда бұл оның зиянкестері көбейеді, ауруға шалдығуы жиілейді және арамшөптер де жылдан жылға көбейе түседі. Мұның себебін былай түсіндіруге болады. Ауылшаруашылық зиянкестерінің кейбіреулері дақылдардың бір түрімен, немесе соған жақын түрлерімен, не бір туыстыққа жататын өсімдіктермен ғана коректенеді. Танапқа бір дақылды үзіліссіз егу кезінде сол зиянкестерге жақсы жағдай туады да, олардың саны жылдан жылға көбейе түседі, соған орай бұлардан келетін зиян да арта береді. Мысалы, республикадағы қант қызылшасының соңғы жылдары өнімінің күрт төмендеуі зиянкестер мен аурулардың зардабынан болды. Қызылша немотодасы деп аталатын зиянкес қант қызылшасының тамырына жабысып, оның шырынын сорып тіршілік етеді. Ол қызылшаны бір танапқа жыл сайын еккенде топырақта көбейе береді де, ақыры қызылша тамырын өсірмей тастайды. Бұл зиянкестің дәнді масақты дақылдарға, жүгеріге, картопқа, көпжылдық шөптерге ешқандай зияны жоқ. Олармен коректене алмайды да, сондықтан осы дақылдар егілген жерде жыл өткен сайын жойыла бастайды, сөйтіп бірнеше жылдан соң құрып бітеді. Сонымен қатар қант қызылшасының тамыр шірігі ауруы көбейіп кетеді, себебі өндірісте ауыспалы егіс қолданылмайды. Осы себептердің зардабынан аталған дақылдың өнімі мен қанттылығы төмендейді. Картоптың ең қауіпті зиянкесі колорад қоңызы. Егер бұл дақылды бір орынға ауыстырмай үзіліссіз бірнеше жыл отырғызса, онда аталған зиянкес мүлдем көбейіп жоғары өнім алуға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ, картопты ауыстырмай бір жерге отырғыза беру оны фитофтор ауруына шалдықтырады. Дәнді масақты дақылдарды бір танапқа үзіліссіз ауыстырмай себу олардың тат, қаракүйе ауруларының, сұр көбелек зиянкесінің кең тарауына жол ашады. Бір орынға ауыстырмай себе берсе тек жоғарыда аталған дақылдар емес, басқада өсімідктер ауруға шалдығып, зиянкестерден зардап шегеді. Мысалы, қырыққабатты үнемі бір орынға себу кила ауруының дамуына апарып соқса, ал мақта - солдырма ауруына, зығыр - фузариоз, күнбағыс - жалған ұнтақ ауруларына шалдығады. Арамшөптер басым өскен жағдайда мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп, оларға жарықты аз түсіреді, сондықтан фотосинтез процесі нашарлайды, сол себепті органикалық өнім күрт төмендейді. Мысалы, жаздық дақылдар үнемі қайталап егілген жерде жаздық арамшөптерге жақсы жағдай туып, олардың саны өсе береді. Ал, сол жерге күздік бидай, әсіресе күздік қарабидай егілсе, жаздық арамшөптер күрт азаяды, себебі күздік дақылдар қыркүйек айында егіледі, олар қысқа дейін тамырланып түптеніп кетеді де, көктемде ерте көктеп жаздық арамшөптерден бұрын жетіліп, оларды өздерінің көлеңкесінде қалдырады. қалған арамшөптер жөнді өсіп-жетіле алмай, көбінесе өліп қалады. Ал күздік бидай бір жерге қайталанып егіле берсе, онда күзде өсетін арамшөптерге қолайлы жағдай жасалады. Күзде өсетін арамшөптер күздік бидаймен бірге өніп шығады да, өсіп жетілуі жөнінен бидайдан қалмайды. Бидай пісіп ораққа ілінгенше арамшөптер дәнін төгіп үлгереді, ал келесі жылы олар бұл жерде бірнеше есе көбейеді. Күздік бидайды бір танапқа қайталап сепкен сайын күзде өніп шығатын арамшөптердің саны арта береді. Бұл арамшөптерді осы жерге жаздық дақылдар егіп қана құртуға болады. Ол үшін көктемде жаздық дақыл егілер алдында бұл танапты жақсылап культивациялау керек. Сол культивациялау кезінде күзде өніп шыққан арамшөптер оталып құрып бітеді. Сөйтіп, күздік пен жаздық дақылдарды ауыстыра отырып, арамшөптердің санын күрт азайтуға болады. Отамалы дақылдар дәнді масақты дақылдарға қарағанда арамшөптерді әлдеқайда көп жояды, себебі вегетация кезінде олардың қатараралықтары бірнеше рет культивацияланып, арамшөптер қырқылады, яғни отамалы дақылдар арамшөптермен күрестің тиімді шараларының бірі. Күнбағыс, темекі сияқты дақылдарды бір жерге еге берсе, бұл танапта күнбағыс пен темекіні сорып күн көретін карантиндік арамшөп сұңғыла қаптап кетеді. Бұл паразит арамшөппен күресудің басты тәсілі – ауыспалы егісті қолдану. Аталған арамшөп дәнді дақылдар арқылы өмір сүре алмайды да, 6-7 жылда топырақтағы тұқымдары құрып бітеді. Танаптардың арамшөптермен ластануы онда себілген дақылдардың жинау мерзіміне байланысты. Вегетациялық кезеңі қысқа дақылдар танапты ерте босатады, сондықтан топырақты уақытылы және сапалы өңдеу арамшөптердің азаюына жәрдемдеседі. Біржылдық шөптер және пішен үшін ерте шабылатын дақылдар да танаптың арамшөптен тазалануына жағдай туғызады, себебі оларды шапқанда арамшөптер бірге қырқылады, сондықтан гүлдеп үлгермейді, яғни келер жылы тұқым бермейді, осының арқасында танаптар арамшөптерден тазаланады. Ауыспалы егістерде жайқатарлап жаппай егілетін дәнді масақты дақылдарды кеңқатарлы отамалы дақылдармен, немесе пармен ауыстырып отыру танаптағы арамшөптердің азаюына септігін тигізеді. Ұйымдастыру - экномикалық себептер. Ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге керекті еңбек мөлшері мен оның уақытына, жұмсалатын қаржыға тікелей байланысты. Өсірілетін дақылдар мен олардың арақатынасы шаруашылықтың мамандандырылуына байланысты. Осыған орай оның егіс көлемінің құрылымы анықталады. Ауыспалы егіс игерілген жағдайда шаруашылықта жерді тиімді, әрі өнімді пайдалануға мүмкіндік туады және техника мен жұмыс күші жыл маусымында біркелкі пайдаланылады. Егер ауыспалы егісте бір мезгілде пісетін дәнді дақылдар басым болса, онда егін себер және жинар кезінде техника, жанар-жағар майлар және басқа материалдар көп қажет, яғни қарбаластық туады, ал қалған уақыттарда босаңшылық болады. Сондықтан, ауыспалы егіс құрамында себу және жинау кезеңі бір мезгілде болмайтын әр түрлі дақылдар (ерте және кеш пісетін дәнді дақылдар, отамалы дақылдар, біржылдық және көпжылдық шөптер) болғаны жөн. Бұл техниканы, жұмыс күшін маусым бойы біркелкі пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен ауыспалы егіс нобайын құрастыру үшін дақылдардың құрамын таңдағанда тек қана аз еңбек жұмсап, техниканы және басқа жабдықтарды ұтымды пайдалану жағын ойластыру керек. Міне, осыны ұйымдастыру себептері дейді. Ауыспалы егіске агротехникалық баға бергенде ең бірінші алынатын өнім мөлшеріне көңіл аударылады. Ал, экономикалық тұрғыдан алғанда өнімнің мөлшерін ғана емес, оның сапасын, жұмсалған еңбек пен қаржыны да есептеу керек. Егер, аз қаржы мен еңбек жұмсап әр гектардан өзіндік құны төмен және сапалы өнім алсақ, сонда ғана ауыспалы егіс шаруашылыққа экономикалық жағынан тиімді болады. 3.3 Алғы егістер және оларға қысқаша сипаттама Ауылшаруашылық дақылдары топыраққа әр түрлі әсер етеді. Олардың кейбіреулері ылғалды көп пайдаланғандықтан топырақты құрғатып жібереді, ал қайсыбіреулері керісінше топырақта ылғалды өзінен кейін әжептәуір қалдырады. Сонымен қатар ауылшаруашылық дақылдары коректік заттарды да әр түрлі мөлшерде пайдаланады. Атап айтқанда, кейбір дақылдар (бұршақ тұқымдастар) топырақта азотты өздерінің өсіп-дамуына тиімді пайдаланады, калийді жақсы пайдаланатын өсімдіктерде бар. Сайып келгенде, өсімдік түрлері топырақтың коректік заттар режіміне әсер етеді. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі, яғни олардың пісіп-жетілуі де әр түрлі. Олардың ішінде тез пісіп, танапты ерте босататындары, ал керісінше мүлдем кеш пісетіндері (қант қызылшасы, тағы басқалары) бар. Топырақты дер кезінде сапалы өңдеу, сөйтіп келер себілетін дақылға қолайлы жағдай жасау танаптың ауылшаруашылық дақылдарынан босауына тікелей байланысты. Алғы дақылдардың осы ерекшеліктерін білу, ауыспалы егістегі дақылдардың орналасу тәртібін белгілеуге мүмкіндік береді. Алғы егіс деп өткен жылы осы танапта өсірілген ауылшаруашылық дақылын немесе парды айтамыз. Алғы егістер дақылдардың өніміне, мөлшеріне және сапасына күшті әсер етеді. Осыған байланысты алғы егістер өте жақсы (парлар), жақсы (күздік дақылдар, көпжылдық шөптер, отамалы және бұршақ тұқымдас көпжылдық, біржылдық дақылдар), қанағаттанарлық (дәнді масақты дақылдар) және қанағаттанарлықсыз деп төрт топқа бөлінеді. Өте жақсы алға егістерге парлардың барлық түрлері жатады. Олар таза (ерте және қара), ықтырмалы, екпелі (жаппай және отамалы) және жасыл парларға бөлінеді. Таза пар өсімдік өсіруден бос, ылғал жинау, арамшөптерді, зиянкес жәндіктер мен ауруларды жою үшін жаз бойы өңделетін танап. Ықтырмалы пар дегеніміз ылғалды мол жинау мақсатымен қыста қар тоқтату үшін биік өсетін өсімдіктерде (қыша, күнбағыс) ықтырма себілген пар танабы. Ол таза пардың бір түрі болып есептеледі. Таза пар қара және ерте таза пар болып екіге бөлінеді. Парға қалдырған танапты жаз-күз айларынан өңдей бастасақ, ондай пар қара пар деп аталады. Қара пар республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-шығыс облысының тәлімі егіншілігінде қолданылады. Қара парға күздік дәнді масақты дақылдар себіледі. Парға қалдырылған танап ерте көктемнен бастап күзге дейін өңделсе оны ерте таза пар деп атайды. Ерте таза пар солтүстік облыстарда жиі қолданылады. Оған жаздық дәнді масақты дақылдар, көбінесе жаздық бидай егіледі. Танапта жаз бойы ешқандай өсімдік болмағандықтан, топырақтағы ылғалдың көбі күзге дейін сақталады. Парға егілген дәнді масақты дақылдардың өнімі 1,5-2 еседей артық болады. Пардан кейін танапқа 2-3 жыл қатарынан дәнді масақты дақылдарды себуге болады. Республиканың күзі ұзақ және жылы суармалы аймақтарында таза пардың орнына екпелі парлар қолданылады. Екпелі пар дегеніміз вегетациялық кезеңнің біршама уақытында бірінші жартысында мәдени өсімдіктер өсетін, ал қалған уақытта өңделетін пар танабы. Екпелі парға жылдам пісіп, ерте жиналатын дақылдар себіледі. Танап себілген дақылдардан босағаннан күзгі дақылдарды немесе көктемде келесі дақылдарды сепкенше таза пар сияқты өңделеді. Екпелі пар оған себілетін дақылдардың технологиясына байланысты екі түрге бөлінеді. Егер онда жай қатарлы әдіспен егілетін дақылдар себілсе оны жаппай екпелі пар дейді, ал отамалы дақылдар себілсе оны отамалы екпелі пар деп атайды. Ол екпелі пардың бір түрі. Жасыл пар дегеніміз жасыл тыңайтқыш ретінде топыраққа сіңірілу үшін бұршақ тұқымдас дақылдар себілетін пар танабы. Жасыл пар құмдақ, құмдауыт топырақтардағы органикалық заттардың қорын көбейтіп, олардың құнарлылығын жоғарылату үшін қолданылады. Республикада жасыл парға себілетін дақылдар ретінде үлкен масса құрайтын маш, шабдар, бөрібұршақ және басқада бұршақ тұқымдасына жататын дақылдар себіледі. Отамалы дақылдар. Кең қатарлы тәсілмен себіліп, вегетация бойы арамшөптерді жою үшін қатараралықтары культивацияланатын дақылдар тобы отамалы дақылдар делінеді. Оларға қант қызылшасы, мақта, көкөніс, бақша, картоп, күнбағыс, темекі және басқа дақылдар жатады. Отамалы дақылдар танапты арамшөптерден жақсы тазартумен қатар, топырақта жүретін микробиологиялық процестердің белсенді жүруіне үлкен ықпал көрсетеді, себебі олардың қатараралығы жаз бойы өңделіп, топырақ онша тығыздалмайды. Сонымен қатар кейбір отамалы дақылдардың, атап айтсақ жүгерінің тамыр жүйесі күшті дамыған, сондықтан топырақта терең бойлап өседі. Сол себепті топырақтың терең қабатындағы ылғалды және қоректік заттарды өзінің өсіп-дамуына пайдалана алады. Сол сияқты мақта, ормандық көшеттердің тамырлары терең бойлап өсуіне байланысты топырақтың 1,0-1,5 метр тереңдігінде жатқан ылғалды пайдаланады. Осыған байланысты аталған дақылдарды бір орынға бірнеше жыл қайталап себуге болады, яғни олар өздеріне өздері жақсы алғы егіс болып есептеледі. Отамалы дақылдарға тыңайтқыштар көп беріледі және олар вегетация бойына бірнеше рет суарылады. Яғни, отамалы дақылдардан кейін танап арамшөптерден біршама таза, ылғал мен коректік заттардың әжептәуір қоры сақталған. Олар дәнді масақты және басқада ауылшаруашылық дақылдарына жақсы алғы егіс бола алады. Көпжылдық шөптер суармалы жерлерде, жауын-шашыны мол тау және тау бөктері аймақтарында өте жақсы алғы егіс болып есептеледі. Ол әсіресе күрішке, мақтаға, күздік бидайға, көкөніс дақылдарына өте жақсы алғы егіс. Көпжылдық шөптердің алғы егіс ретіндегі әсері бір жылмен ғана шектеліп қоймайды одан кейін дақылдарды 2-3 жыл себуге болады. Көпжылдық шөптер топырақтың құрылымын, құрлысын және басқа агрофизикалық қасиеттерін жақсартады, ондағы азоттың қорын молайтады, өзінен кейін көп мөлшерде органикалық заттар қалдырады және танапты арамшөптерден тазартады. Мысалы, жоңышқадан кейін әр бір гектар жерде 160 кг-ға дейін азот, 70 центнерге дейін органикалық қалдықтар жиналады. Алғы дақыл ретінде суармалы жерлерде көпжылдық шөптердің бұршақ тұқымдастырынан жоңышқа, беде, эспарцет ал астық тұқымдастырынан -еркекшөп қолданылады. Бұршақ тұқымдас бір жылдық өсімдіктер көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдарға қарағанда танапта органикалық заттарды аз, ал дәнді масақты дақылдармен салыстырғанда көбірек қалдырады. Олар дәнді масақты және отамалы дақылдарға жақсы алғы егіс, өйткені вегетациялық мерзімі қысқа, яғни танапты ерте босатандықтан оны сапалы өңдеп келер дақылды себуге жақсы дайындауға мүмкіндік туғызады. Бұршақ тұқымдастарына жататын бір жылдық дақылдарда топырақтағы азоттың мөлшерін көбейтуге жәрдемдеседі, себебі олардың тамырларында түйнек бактериялары болады, ал олар ауадағы бос азотты топыраққа жинай алады. Осы дақылдардан кейін бір гектарға 25-30 кг дейін азот жиналады. Бұршақ тұқымдас дақылдардың тағы бір ерекшелігі – танапты арамшөптен тазатуға мүмкіндік туғызады, өйткені олар үлкен вегетациялық масса құрап, арамшөптердің өсу жағдайын нашарлатып, оларды тұқыртып басып тастайды. Бұршақ тұқымдас біржылдық өсімдіктерден жақсы алғы егіс бола алатындары: сиыр жоңышқа, ноқат, асбұршақ, жасымақ, майбұршақ және басқа дақылдар. Қанағаттанарлық алғы егістіктерге дәнді масақты дақылдар жатады. Олар түріне, биологиялық ерекшеліктеріне, өсіру технологиясына қарай алғы егіс ретінде әр түрлі бағаланады. Күздік дәнді дақылдар жаздықтар үшін біршама жақсы алғы егіс болып есептеледі, себебі олар тез қаулап өсуіне және жақсы түптенуіне байланысты үлкен вегетативтік масса құрап, арамшөптерді басып тастайды, сонымен бірге ерте пісетіндіктен танапты дер кезінде босатып, оны сапалы өңдеуге мүмкіндік береді. Жаздық бидай мен жаздық арпа қанағаттанарлық алғы дақыл болып есептеледі. Бұлардың ішіндегі нашары-тары. Ол бастапқы кезде өте баяу өседі де, дамуы жағынан арамшөптерден кейін қалып қояды, сондықтан тарыдан кейін танаптарда арамшөптер көп болады. Жаздық дақылдардың онша айтарлықай алғы дақыл болып есептелмейтін тағы бір себебі бар. Олар топырақтағы өсімдіктер оңай сіңіретін коректік заттарды едәуір мөлшерде пайдаланады. Сондықтан көбіне ауыспалы егістің соңғы танабына егіледі де, бұл дақылдардан кейін танаптар парға қалдырылады. Қанағаттанарлықсыз алғы егістерге бір танапта қатарынан бірнеше жыл себілген дәнді масақты және басқа дақылдарды жатқызуға болады. Бір жерде қайталап себілген дақылдардың зиянкес жәндіктері, ауру қоздырғыштары, арамшөптері көбейіп кетеді, сондықтан олар келесі себілген басқа дақылға және өздеріне мүлдем қолайсыз жағдай туғызады, сондықтан қанағаттанарлықсыз алғы егістер тобына жатады. 3.4 Ауыспалы егістерді жіктеу Қазақстан территориясы ұлан-байтақ. Ол солтүстіктен оңтүстікке дейін 2000 шақырымнан, ал батыстан шығысқа дейін 3000 шақырымға созылып жатыр, сондықтан әр түрлі топырақ-климат аймақтарында орналасқан.Олардың ауа райы, соған байланысты өсірілетін ауылшаруашылық дақылдары әр түрлі, сол себепті ауыспалы егістерді жіктеу керек. Ауыспалы егістер одан өндірілетін өсімдік өнімдерінің басты түрлері (астық, малазығы, көкөніс, картоп), өсіру технологиясы, биологиялық ерекшеліктері, әр түрлі дақыл топтары мен парлардың арақатынасы және ауыспалы егістегі танаптар саны бойынша жіктеледі. Ауыспалы егістерден алынатын өнім түрлері бойынша оның типі анықталады. Осы белгісі бойынша ауыспалы егістер егістік, малазықтық және арнайы болып үшке бөлінеді. Негізінен астық, техникалық дақылдар және картоп өсіруге арналған ауыспалы егісті егістік ауыспалы егіс дейді. Бұл ауыспалы егіс типінде аталған дақылдар осындағы бүкіл егіс көлемінің жартысынан артығы болуы керек. Малазықтың ауыспалы егіс дегеніміз негізінен малазықтық дақылдар (біржылдық және көпжылдық шөптер, сүрлемдік жүгері, малазықтық тамыржемісті дақылдар) өсірілетін ауыспалы егіс. Малазықтық дақылдардың ауыспалы егістегі сыбағалы салмағы 50 пайыздан кем болмауы шарт. Малазықтық ауыспалы егіс мал фермасы жанындағы және шабындық-жайылымдық болып екі түрге бөлінеді. Ферма жанындағы ауыспалы егіс дегеніміз танаптары мал фермаларына жақын орналасып, жем-шөп дайындауға арналған малазықтық ауыспалы егіс. Олар негізінен шырынды, көк балауса және жасыл конвейр мал азықтарын дайындайтын дақылдарды өсіруге арналған. Шабындық-жайылымдық ауыспалы егісі шабындық және мал жайылымы үшін негізінен көпжылдық және біржылдық шөптер өсірілетін малазықтық ауыспалы егіс. Ауыспалы егістің бұл түрі ірі жем шөп, яғни пішен даярлау және малдарды жаю үшін арналған. Малазықтық егістерде шаруашылықтың ауа райы мен топырағына, өсірілетін малдың түріне және жасына байланысты әр түрлі дақылдар егіледі. Егер шаруашылық мал бордақылауға мамандандырылған болса, онда ауыспалы егісте арпа, жүгері сияқты малды тез семіретін дәнді дақылдар егіледі. Төл алу үшін мал өсіретін шаруашылықтарда бұршақ тұқымдас, құрамында ақуызы мол дақылдар егіледі. Егер шаруашылық сүт өндіруге мамандандырылған болса, онда сүрлем беретін дақылдар, құрамында суы, қанты мол болатын қызылша сияқты тамыр жемісті дақылдар егіледі. Шаруашылық қой, етке арналған ірі қара мал, жылқы өсірумен айналысатын болса, бұл ретте оларда пішендікке жарайтын, мәдени жайылымға қолдануға болатын дақылдар өсірген жөн. Малазықтық ауыспалы егістің ең басты көрсеткіші – бір гектардан алынатын жемдік өлшем мен қорытылатын протеин, витаминдер болып табылады. Арнайы ауыспалы егіс деп егіп-өсіруі үшін арнайы жағдайлар мен агротехниканы керек ететін дақылдар өсірілетін ауыспалы егісті айтады. Бұған күріш, темекі, көкөністер және топырақты эрозиядан қорғауға арналған ауыспалы егістер жатады. Мысалы, күріш егу үшін танаптар ерекше дайындалады, оны егетін атыздар тақтайды тегіс болуы керек, әйтпесе атызды сумен толтырғанда, судың қалыңдығы оның әр тұсында әр түрлі болып қалуы мүмкін, ондай жағдайда дақылдың өнімі күрт төмендейді. Көкөніс, темекі егу үшін де топырақты өте жақсылап баптау керек, бұл егістерден алынатын өнімдерді адам тікелей пайдаланылатын болғандықтан мұндай дақылдарға минералдық тыңайтқыштарды таңдап беру керек. Бұл ауыспалы егісте егілетін дақылдар қол күшін көп қажет етеді. Сондықтан өнімді мол алатындай етіп қажетті жағдай жасап, яғни уақытысында суарып, жөндеп күтпесе арнайы ауыспалы егіске себілген дақылдар оларды өсіруге жұмсалған қаражатты өтей алмай, шаруашылыққа зиян әкелуі мүмкін. Топырақ қорғау ауыспалы егісі деп ауылшаруашылық дақылдарының құрамы, орналасуы және айналымы топырақты эрозияданн қорғауды қамтамасыз ететін ауыспалы егіс. Топырақ эрозиясына қарсы қолданылатын арнайы ауыспалы егіс танаптарында дақылдар жолақтарға бөлініп орналасады. Мұндай ауыспалы егістер Қазақстанның далалық ашық аймақтарындағы топырағы жеңіл, желі күшті соғатын аудандарда қолданылады. Бұл ауыспалы егістерге көпжылдық шөптер, дәнді масақты дақылдар мен парлар үшеуі желдің күшіне байланысты 50 метрден 200 метрге дейін жолақтарға бөлініп, желдің үстем соғатын бағытына кесе- көлденең орналастырылады. Топырақты қорғайтын ауыспалы егістер республиканың солтүстіктігінде Павлодар, Ақмола облыстарында, батысында Ақтөбе облысында, оңтүстігінде Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тәлімі егіншілігінде қолданылады. Биологиялық ерекшеліктері, өсіру технологиясы және топырақ құнарлығына әсер етуіне қарай бөлінетін ауылшаруашылық дақылдары мен парлардың арақатынасы белгісі бойынша ауыспалы егіс типтерінің түрлері анықталады. Мысалы, егістік ауыспалы егістің дәнді-парлы, дәнді-отамалы- парлы, дәнді-шөпті, дәнді-шөпті-отамалы, шөпті-отамалы, шөптанапты және басқада түрлері болады. Ауыспалы егістің отамалы, шөпті-отамалы, ұрықалмастыру, шөптанапты түрлері малазықтық ауыспалы егіс типіне жатады. Ал арнаулы ауыспалы егіс типінен дәнді-отамалы-шөпті, топырақ қорғау шөпті-отамалы түрлерін атап өтуге болады. Ауыспалы егістің үшінші белгісі ондағы танаптың санына байланысты. Қазіргі заманда ауыспалы егістегі танаптың саны шаруашылықтың жер көлеміне, өсірілетін дақылдың санына тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан, қазіргі кезде кіші-гірім шаруашылықтарда ауыспалы егістер көп танапты болмайды. Дәнді-парлы ауыспалы егіс деп негізінен дәнді масақты дақылдар себілетін және пар танабы болатын ауыспалы егісті айтады. Шөптанапты ауыспалы егіс түріне егіс көлемінің жартысында, немесе одан да артығында көпжылдық шөптер өсірілетін ауыспалы егісті жатқызады. Ұрық алмастыру ауыспалы егіс деп дәнді масақты дақылдар ауыспалы егіс көлемінің жартысынан артық емес жерді алатын және олар жылына отамалы, бұршақ тұқымдас дақылдармен алмасып отыратын ауыспалы егісті айтады. 3.5 Ауыспалы егістегі аралық дақылдар Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында аязсыз кезең ұзақ, өйткені көктем ерте шығады, ал күзі жылы және кеш түседі. Бұл аймақтарда суармалы егіншілік дамыған. Аталған өңірде негізгі дақылдарды жинап алғаннан күзге дейін көп уақыт жер бос жатады. Осы жерлерді және табиғатын ерекшеліктерін тиімді пайдалану үшін ауыспалы егіске аралық дақылдар себу керек. Аралық дақыл дегеніміз ауыспалы егіс танабында негізгі дақылдардан бос уақытта өсірілетін ауылшаруашылық дақылдары. Аралық дақылдарды себу арқылы бір жерден жылына екі рет өнім алуға мүмкіндік болады. Негізгі дақыл – ауыспалы егіс танабын вегетациялық кезеңнің көпшілік уақытын алып жататын ауылшаруашылық дақылы. Аралық дақылдар бүркемелі, аңыздық, шабындық және күздік болып бөлінеді. Бүркемелі аралық дегеніміз негізгі дақылдың бүркеуінде себілетін ауылшаруашылық дақылы. Мысалы, республикның суармалы жерлерінде арпамен бірге жоңышқа егіледі. Жаз ортасында арпа піседі, оны орып алғаннан кейін іле-шала жерді суарады, сондықтан жоңышқа қаулап өседі, оны күзге дейін бір рет шөпке шауып алуға болады, яғни вегетация кезінде бір жерден екі өнім алынады. Бұл жағдайда арпа бүркеуші, ал жоңышқа бүркеленуші дақыл деп аталады. Көк балаусаға, сүрлемге немесе пішенге арналған негізгі дақылдарды жинап алғаннан кейін сол жылы өсірілетін дақылды шабындық аралық дақыл дейді. Қазақстанның оңтүстік облыстарында шөпке арналып себілген қара бидайды, сұлыны, не бұл дақылдардың бұршақ тұқымдастар дақылдарымен араласқан қоспасын олардың гүлдеу кезінде шауып алады да, орнына сүрлемдік жүгері, арпа, тары егіп тағы бір өнім алуға болады. Дәнді масақты дақылдарды орып алғаннан кейін сол жылы себілген дақылдарды аңыздық аралық дақылдар дейді. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік–шығыс облыстарында күздік бидай шілде айының басында пісіп ораққа ілігеді. Босаған жерді суарып, өңдеп, оның орнына жүгері сеуіп, немесе тары мен қарақұмықтың ерте пісетін сорттарын егіп, тағы бір өнім алуға болады. Негізгі дақыл жиналғаннан кейін жазда немесе күзде себіліп келер жылы көктемде негізгі дақылдар себілгенше малазығы ретінде шабылып алынатын дақылдарды күздік аралық дақылдар дейді. Мысалы, күзде шөпке арнап қара бидайды, егуге болады. Мамыр айының аяқ кезінде бұл дақылдарды шөпке шауып, содан соң жерді суарып және өңдеп жүгері сияқты кеш себілетін дақылдарды ексе, одан тағы бір өнім алынады. Бұл жағдайда жүгерінің өнімі, әдетте, оны ерте көктемде сепкеннен кем болмайды. Аралық дақылдар тек суармалы жерден алынатын өнім мөлшерін көбейтіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың үлкен агротехникалық маңызы да бар. Аралық дақылдар танаптағы арамшөптердің азаюына септігі тиеді. Олар топырақта көптеп органикалық заттар қалдырып, оның физиклық қасиеттерін жақсартады. Қажетті тыңайтқыштарды уақытылы бергенде аралық дақылдар егілген жердің құнарлылығы кемімейді, керісінше қайта оның арта түсетін ғылыми зерттеулер көрсетіп отыр. Қазіргі кездегі кіші шаруашылықтарда бір, немесе екі ғана дақыл себіледі, сондықтан олардың ауру қоздырғыштары, зиянды жәндіктер және арамшөптері көбейеді, міне осыларды құрытуда аралық дақылдардың маңызы зор. Аралық дақылдарды өсірудің агротехникасы жоғары болғанда ғана олардың тиімділігі арта түседі, ал кері жағдайда аралық дақылдардан пайда шамалы болады. 3.6 Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы егіншілігінде қолданылатын ауыспалы егістердің нобайлары Жер көлеміне, ауа райына, әсіресе жауын-шашын мөлшеріне, топырақтың түріне, құнарлылығына, жылудың мөлшеріне, аязсыз мерзімнің ұзақтығына, шаруашылықтың мамандардырылуына байланысты оларда әр түрлі дақылдар өсіріледі, сондықтан ауыспалы егістің бірнеше нобайы қолданылуы мүмкін. Ауыспалы егіс нобайы дегеніміз ондағы алмасу тәртібі бойынша берілген ауылшаруашылық дақылдары мен пардың тізбегі. Ауыспалы егіс нобайлары, алғы егістерден басталып, танаптарды арамшөптермен көбірек ластайтын дәнді масақты дақылдармен (арпа, сұлы, жаздық бидай) аяқталады. Бұрынғы ірі кеңшарлар мен ұжымдық шаруашылықтар таратылып, олардың орындарына жекеменшік, фермерлік және басқада ұсақ шаруашылықтардың пайда болуына байланысты дақылдар территория бойынша емес, әр танапта уақыт бойынша алмасуы, немесе бүкіл ауыспалы егіс игерілмей олардың буындары қолданылуы мүмкін. Сондықтан, егіншілікте төмендегідей ауыспалы егіс нобайлары, не олардың буындары болуы мүмкін. Қазақстанның солтүстік астықты аймағында қолданылатын ауыспалы егістер нобайлары |Егістік, дәнді-парлы, 3 танапты |Егістік, дәнді-парлы-отамалы, | |ауыспалы егістер |4 танапты ауыспалы егіс | | |Ықтырмалы-пар | |Ықтырмалы пар |Жаздық бидай | |Жаздық бидай |Жаздық бидай | |Жаздық бидай немесе арпа |4. Арпа | |Малазықтық, дәнді-отамалы, |Малазықтық, дәнді-отамалы, | |2 танапты ауыспалы егіс |3 танапты ауыспалы егіс | | | | |1.Сүрлемдік жүгері |1.Сүрлемдік жүгері | |2.Арпа немесе сұлы |2.Жаздық бидай | | |3.Арпа | Арнайы, топырақ қорғайтын 10 жылдық айналымды 5 танапты ауыспалы егіс 1 танап 3 жылғы көпжылдық шөп+пар 2 танап 4 жылғы көпжылдық шөп+жаздық бидай 3 танап 5 жылғы көпжылдық шөп+жаздық бидай 4 танап жаздық бидай+1 жылғы көпжылдық шөп 5 танап арпа + 2 жылғы көпжылдық шөп Бұл ауыспалы егіс топырағы жеңіл, құмдауыт жерлерде, желі күшті соғатын аймақтарда қолданылады. Бидай, көпжылдық шөп, және пар ауыспалы егісте ені 50 не 100 метр болатын жолақтарда орналасады. Мұндағы таза пардың үлесі 10 пайыз, дәнді масақты дақылдардікі – 40 пайыз, ал шөптікі 50 пайызды құрайды. Қазақстанның орталық және батыс облыстарында қолдануға болатын ауыспалы егістер нобайлары |Егістік, дәнді-парлы, 5танапты |Егістік, дәнді-парлы 4 танапты | |ауыспалы егіс |ауыспалы егіс | |1.Таза пар |1.Таза пар | |2.Жаздық бидай |2.Күздік бидай, не қарабидай | |3.Жаздық бидай |3.Тары | |4.Арпа |4.Арпа | |5. Жаздық бидай | | Қазақстанның шығысында орналасқан шаруашылықтарда қолдануға болатын ауыспалы егістер нобайлары. Егістік, дәнді-парлы-отамалы 5 танапты ауыспалы егіс |1.Екпе пар (бұршақ) |4.Күнбағыс | |2.Күздік бидай |5.Арпа | |3.Жаздық бидай | | Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында орналасқан облыстардың ылғалмен қамтамасыз етілген және жартылай қамтамасыз етілген тәлімі жерлерінде қолдануға болатын ауыспалы егістер нобайлары |Егістік, дәнді-парлы, 4 танапты ауыспалы егіс | |1.Таза пар | |2.Күздік бидай | |3.Күздік бидай | |4.Көпжылдық шөп (шықпа танап) | Құрғақ, ылғалмен қамтамасыз етілмеген тәлімі егіншілік жерлерде қолданылатын ауыспалы егістер нобайлар |Егістік, дәнді-парлы, 3 танапты ауыспалы егіс | |1.Таза пар | |2.Күздік бидай | |3.Арпа | Топырағы жеңіл, құмдауыт келген жерлерде топырақты эрозиядан қорғайтын 10 жылда айналымы өтетін, 5 танапты ауыспалы егістер қолданылады. 1.Пар + 3жылғы көпжылдық шөп 2.Күздік бидай + 4жылғы көпжылдық шөп 3.Арпа + 5жылғы көпжылдық шөп 4.1 жылғы көпжылдық шөп + арпа 5.2жылғы көпжылдық шөп + арпа Суармалы жерлерде қызылша, мақта, күріш, темекі және дәнді дақылдар өсіріледі. Бұл дақылдар ауыспалы егістерінің ерекшелігі – оларда міндетті түрде жоңышқа егіліп, үш жылдай ұсталады. Жоңышқа арқылы танаптардың құнарлылығы көтеріледі, арамшөптер құртылады. Келесі егілетін дақылдардың ауруларымен күресі жеңілдейді. |Егістік, дәнді-шөпті-отамалы, |Егістік, дәнді-шөпті-отамалы | |5 танапты ауыспалы егіс |6 танапты ауыспалы егіс | |1.Арпа+жоңышқа |1.Арпа+жоңышқа | |2.2 жылғы жоңышқа |2.2 жылғы жоңышқа | |3.3 жылғы жоңышқа |3.3 жылғы жоңышқа | |4.Қант қызылшасы |4. Күздік бидай | |5.Қант қызылшасы |5. Қант қызылшасы | | |6. Қант қызылшасы | |Егістік, дәнді-шөпті отамалы 5 |Егістік, дәнді-шөпті-отамалы 5 | |танапты ауыспалы егіс |танапты ауыспалы егіс | |1. Арпа + жоңышқа |1. Арпа + жоңышқа | |2. 2 жылғы жоңышқа |2. Жоңышқа | |3. 3 жылғы жоңышқа |3. Жоңышқа | |4. Қант қызылшасы |4.Мақта | |5. Қант қызылшасы |5. Мақта | |Арнайы, дәнді-шөпті, 6 танапты |Егістік, дәнді-шөпті-отамалы | |ауыспалы егіс |7 танапты, ауыспалы егіс | |1. Жоңышқа |1. Арпа+жоңышқа | |2. Жоңышқа |2. Жоңышқа | |3. Күріш |3. Жоңышқа | |4. Күріш |4. Мақта | |5. Мелиоративтік танап (пар, отамалы|5. Мақта | |дақылдар) |6. Дәнді бұршақты дақылдар, жүгері | |6. Күріш |7. Мақта | Арнайы, дәнді-шөпті-отамалы 8 танапты, ауыспалы егіс |1. Арпа + жоңышқа |5. Темекі | |2. Жоңышқа |6. Темекі | |3. Жоңышқа |7. Күздік бидай | |4. Күздік бидай |8. Темекі | Ормандық көшеттердегі ауыспалы егістер Мәдени өсімдіктер өсірілген жерлерді жыртпай 15-20 жылдай бос қалдырса топырақтың құнарлылығы жоғарылап, оның бастапқы табиғи жағдайға жуықтайтындығы дихандарға ертеден мәлім болған. Мұндай бос қалған жерлерде ең алдымен арамшөптер, содан кейін астық тұқымдастарына жататын шөптер, бетеге және басқа өсімдіктер өсіп, топырақтың табиғи құралылығы бірте-бірте бұрынғы қалпына келетін болған. Осыны ескере отырып кезінде академик В.Р. Вильямс шөптанапты егіншілік жүйесін құрып, оны ауылшаруашылық өндірісінің егіншілік саласына кеңінен ендірген болатын. Бұл жүйенің негізгі буыны шөптанапты ауыспалы егіс болатын. Осыған орай ормандық көшеттерде парлы, сидератты және шөптанапты ауыспалы егістер нобайлары қолданылды, ең кең тарағандары 2-4 танапты ауыспалы егістер болды. Олардың негізгі нобайлары төмендегідей еді: Пар танапты ауыспалы егіс буыны |1. Таза пар |1.Таза пар |1. Таза пар | |2. Екі жылдық себінді |2.Себінділер |2. Екі жылдық себінді (1-жылғы) | |(1-жылғы) | |3. Екі жылдық себінді (2-жылғы) | |3. Екі жылдық себінді | |4. Біржылдық себінді | |(2-жылғы) | | | Бірақ, пар танапты ауыспалы егістерде пар жиі өңделгендіктен біріншіден, топырақ үгітіліп, оның құрылымы нашарлайды, ал екіншіден, аэробты процес күшейіп, топырақ түйіршектерінің әрі қарай бұзылуына жол ашылады. Сондықтан, мұндай ауыспалы егіс нобайлары топырақтың құнарлылығын жоғарылату, арамшөптерді жою және ылғал қорын жинау жағдайында ормандық көшеттіктерде уақытша қолданылады. Жаңа дәуірдің басында белгілі болғандай құнарлылығы төмендеген жерлерге қарабидай, қыша, бетеге сеуіп, олардың вегетативтік массалары ұлғайған кезде күзге қарай жерді жыртып, оларды топыраққа сіңіргенде, келер жылы ол жерлерде мәдеи өсімдіктердің өнімі күрт жоғарылайтындығы байқалған. Сондықтан, ол өндірісте қолданылып сидератты жүйе деп аталынып, егіншілікке сидератты ауыспалы егіс нобайлары енгізілді. Олар өздірінің мағнасы жағынан пар танапты ауыспалы егістерге жақын. Бірақ, республиканың орманды-далалық және далалық аймақтарында бұл ауыспалы егістер тиімсіз, себебі жасыл тыңайтқыш ретінде қолданылатын өсімдіктер көпжылдық шөптерді ауыстыра алмайды, өйткені олар топырақ құрылымын түбегейлі жақсартпайды. Қазақстанда сидератты ауыспалы егістер Қостанай облысының және Ертіс өңірінің суыртпақты ормандарының құмдақ, жеңіл құмдауыт топырақтарында, сондай-ақ Алтайдың, Жоңғар Алатауының, Солтүстік және Батыс Тянь-Шанның таулы аймақтарының ұзақтығы 2-3 айналымды, 9-10 танапты ауыспалы егіс көшеттіктерінде қолданылады. Ал ұзақ мерзімге арналған тұрақты ормандық көшеттіктерде көпжылдық астық және бұршақ тұқымдастарына жататын шөптанапты ауыспалы егістерді қолданған пайдалы, өйткені олар топырақтың құнарлылығын арттырып, құрылымын жақсартады. А.Н.Протасов республиканың Солтүстік Қазақстан, Таулы Алтай, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің суармалы жерлерінде төмендегідей 7 танапты ауыспалы егіс нобайларын қолдануды ұсынды: |Таза пар |Астық-бұршақ тұқымдас көпжылдық | |Екі жылдық себіндіктер (1-жылғы) |шөптер | |Екі жылдық себіндіктер (2-жылғы) |Екі жылдық себінділер(1-жылғы) | |Астық-бұршақ тұқымдас көпжылдық |Екі жылдық себінділер | |шөптер |(2-жылғы)+біржылдық себінділер | Бұл ауыспалы егістегі көпжылдық шөптер топырақты тым құрғатып жіберетін болғандықтан, оның нобайына қосымша сидератты пар енгізу қажет. Осыған орай Қазақстанның қара топырақты және орманды-сұр топырақтарының тұрақты ормандық көшеттіктерінде төмендегідей 8- танапты ауыспалы егіс нобайы ұсынылады: |Таза пар |Астықты –бұршақ тұқымдас көпжылдық | |Екі жылдық себіндіктер (1-жылғы) |шөптер | |Екі жылдық себіндіктер (1-жылғы) |Сидералдық пар | |Астықты–бұршақ тұқымдас көпжылдық |Біржылдық себінділер | |шөптер |8. Біржылдық себінділер | Оңтүстік қара, қызыл-қоңыр және сұр топырақтар үшін 7-танапты ауыспалы егіс нобайы ұсынылады. |Таза пар |Астық-бұршақ тұқымдас көпжылдық | |Екі жылдық себінділер (1-жылғы) |шөптер | |Екі жылдық себінділер (2-жылғы) |Астық-бұршақ тұқымдас көпжылдық | |Астық-бұршақ тұқымдас көпжылдық |шөптер | |шөптер |Біржылдық себінділер | | |Біржылдық себінділер | Солтүстік Тянь-Шанның таулы-шыршалы ормандық көшеттіктеріне ұсынылатын ауыспалы егіс нобайы төмендегідей: |Қара пар |5.Төртжылдық себінділер (4-жылғы) | |Төртжылдық себінділер (1-жылғы) |6.Жоңышқа үйбидайықпен бірге | |Төртжылдық себінділер (2-жылғы) |(1-жылғы) | |4.Төртжылдық себінділер (3-жылғы) |7.Жоңышқа үйбидайықпен бірге | | |(2-жылғы) | Ормандық көшеттіктерде топырақ өңдеудің егіншілік шаруашылығынан айырмашылығы онша көп емес. Топырақ өңдеудің негізгі міндеті-ормандық көшеттіктерде оның құнарлылығын жоғарылату, құрылымын, физика-химиялық қасиеттерін жақсарту, ылғал жинау, сақтау, оны үнемді пайдалану, арамшөптерді, өсімдіктердің зиянды организмдерін жою, ауа-жылу режимдерін ретке келтіру. Орман шаруашылығында да егіншіліктегідей топырақты негізгі (аудармай, аударып жырту, жазықтабантілгіштермен қопсыту), жердің беткі қабатын (тырмалау, сыдыра жырту, культивациялау, тығыздау, шлейфтеу, жоспарлап- жүйелеу) тәсілдері қолданылады. Бұл жерде орман көшеттіктеріндегі топырақ өңдеу ерекшеліктері туралы жазылған. Топырақты алғашқы (бастапқы) өңдеу ормандық көшеттіктер салынатын барлық жер көлемінде жүргізіледі. Егер, ормандық көшеттіктер тың және тыңайған жерлерге салынса, онда топырақ өңдеу қара парды өңдегендей жүргізіледі. Қара, таулы-орманды және орманды-шалғындық топырақтарда оны өңдеу үшін қара парды өңдеу технологиясы толық сақталуы керек. Ал қызыл- қоңыр және сұр топырақтарда жер жырту тереңдігі олардың қара шірінді қабатының қалыңдығына байланысты. Егер, жерді бұл қабаттан терең жырту керек болған жағдайда төменгі қабаттар топырақ қопсытқыштармен немесе қайырмасыз соқамен өңделеді. Орман көшеттіктерін отырғызу үшін плантажды, бір корпусты арнайы соқамен жер 50 см тереңдікке жыртылады. Ауыл шаруашылығында пайдаланған жерлерде зиянды арамшөптер (жатаған бидайық, қамыс, құмай, қалуен) болмаса сүдігер өңдеу дәстүрлі жүйе бойынша, ал көген және атпатамырлы арамшөптер басым өскен жағдайда оларды жоятын топырақ өңдеу жүйесі қолданылады. Ауыспалы егістерде топырақты жыл сайын өңдеу себілімдіктер мен екпе көшеттерді қазып алғаннан, көпжылдық екпелі шөптерді және ауылшаруашылық дақылдарын жинағаннан кейін жер қара немесе сидералды пар түрінде өңделеді, ал көктемде егін себер алдында топырақ өңделеді. Топырақты негізгі өңдеу көшеттерді қазып алғаннан соң күзде сүдігерге, немесе көктемде, толық тереңдікке жыртылады. Көпжылдық екпелі шөптерден босаған танаптарды жазда (тамыз айында) ең алдымен сыдыра жыртқышпен өңдеген жақсы нәтиже береді. Егін себер алдындағы топырақ өңдеуге «ылғал жабу», культивациялау, тырмалау, шлейфтеу, топырақты жоспарлап-жүйелеу (планировка) жатады. Ауыспалы егісті агрономиялық және экономикалық тұрғыдан бағалау Шаруашылықта қолданылатын әр бір ауыспалы егіс агрономиялық және экономиялық жағынан тиімді болуы керек, сондықтан оған осы тұрғыдан баға берген жөн. Ауыспалы егісті агрономиялық жағынан бағаланғанда ондағы басты дақылдың сыбағалы салмағының шаруашылықтың басты бағытына сай келуі, оның өте жақсы және жақсы алғы егістен кейін орналасуы, арамшөптер, өсімдіктің ауру қоздырғыштары мен зиянды жәндіктерінің жойылуы, топырақтың құнарлылығының артуы, физикалық, химиялық және технологиялық қасиеттері мен басқа көркеткіштердің жақсаруы ескеріледі. Егер, ауыспалы егіс осы жоғарыда аталған жағдайларға сай келсе, онда ол агрономиялық жағынан жақсы деп бағаланады. Ауыспалы егістердің экономиялық тиімділігін анықтау кезінде оларды бір-бірімен әр түрлі тұрғыдан салыстырып баға беріледі. Егер, шаруашылық астық өндіруге мамандандырылған болса, онда ауыспалы егістер бірі мен бірі әр гектардан алынатын астық мөлшері бойынша салыстырылады. Мұнымен қатар алынған астықтың өзіндік құны, одан түскен таза пайда және тиімділік деңгейі де еске алынады. Малазықтық ауыспалы егістер бір-бірімен әр гектардан түсетін малазық өлшемі, қорытылатын протеині бойынша салыстырылады. Республикамыз нарықтық экономикаға көшкен кезде, әсіресе, ауыспалы егістердің қайсысы әр гектардан ақшаға шаққанда көбірек табыс беретінін, оның ішінде таза табыстың мөлшері қалай болатынын анықтаған дұрыс. Ауыспалы егісті енгізу және игеру Кезінде республикада ауыспалы егісті енгізу және игеру жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізілген. Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарында ауыспалы егіс барлық егіс көлеміне енгізген болатын, яғни бүкіл егістік жерлер танаптарға бөлініп, олардың шекаралары белгіленген, ғылыми тұрғыдан негізделіп, аймақтың топырақ-климат жағдайларына сай келетін ауыспалы егіс нобайлары құрастырылып, олар бекітілген болатын. Осы енгізілен ауыспалы егістердің 85-90 пайызы игеріліп, олар ауылшаруашылық өндірісінде кеңінен қолданылған. Ал республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысда бұл көрсеткіш 50-55 пайыз болған еді. Бірақ кейінгі 10-12 жылдың ішінде республикадағы ірі шаруашылықтардың ыдырауына, сол себепті пайда болған жаңа шрауашылық түрлеріне және жердің жеке меншікке бөлініп берілуіне байланысты игерілген ауыспалы егістер жойылды. Сондықтан, бүгінгі басты мақсат – шаруа қожалығы, жекеменшік, өндірістік кооператив және басқа шаруашылық түрлерінің жағдайларына сәйкестендіріп қайтадан ауыспалы егістерді жоспарлау, оларды өндіріске енгізу және игеруді қолға алу керек. Ол үшін шаруашылық өз жерлерін қайтадан танаптарға бөліп, олардың шекараларын белгілеуге тиісті. Ауыспалы егісті енгізу деген құрастырылған және бекітілген ауыспалы егіс жобасын шаруашылықтың егіншілікте пайдаланылатын жерлеріне көшіру. Ауыспалы егісті енгізу жоспарлы түрде жүргізілуге тиісті. Ең алдымен шаруашылық өзінің негізгі бағытын анықтап (егіншілік, немесе мал шаруашылығы), соған сәйкес егіс көлемінің құрылымын жасап, өзіне агрономиялық және экономиялық жағынан тиімді ауыспалы егістердің нобайын құрастырулары керек. Ауыспалы егіс енгізілгеннен кейін 2-3 жыл ішінде игерілуге тиіс. Осы жылдардың ішінде ауыспалы егістегі шаруашылыққа бағалы дақылдарға алғы егіс таңданылып алынуы керек. Ол үшін ауыспалы егіске көшу жоспары жасалады. Ауыспалы егісті игеру жоспарын орындауға кірісуді және ауылшаруашылық дақылдары мен парлардың ауыспалы егіс нобайына сәйкес алғы егістерге орналастыруды ауыспалы егісті игеру дейді. Игерілген ауыспалы егіс, онда барлық агротехникалық шаралардың дұрыс және сапалы жүргізілуіне байланысты, шаруашылықтағы егістік жерлердің құнарлылығын жоғарылатып, танаптардағы арамшөптерді, зиянкес организмдерді жойып, ауылшаруашылық дақылдарына қолайлы жағдай туғызып, олардың өнімін жоғарылатуға және сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызуы керек. Ауыспалы егістің тарих кітапшасы және агрономиялық құжаты. Енгізілген ауыспалы егістің игерілуіне көшу мезгілінде шаруашылықта өсірілетін дақылдардың өнімі мен сапасын жақсарту үшін оларды өте жақсы және жақсы алғы егістерден кейін орналастыруды, шаруашылықтың жер көлемін тиімді пайдалануды, малдарды жеткілікті мөлшерде сапалы жем-шөппен қамтамасыз етуді, ауылшаруашылық машиналары мен құрал жабдықтарын және басқа техникаларды ұтымды пайдалануды жоспарлау керек. Игерілген ауыспалы егістерді қадағалап, шаруашылықта жоспарлы түрде пайдалану үшін олардың тарихи кітапшасы болуы шарт. Бұл кітапшада әр танаптың жағдайы (жер бедері, топырақтың гранулометриялық құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, қарашірік қабатының қалыңдығы, коректік заттар, яғни азоттың, фосфордың және калийдің қорлары, арамшөптерден,ауру қоздырғыштар мен зиянды жәндіктерден тазалығы және басқа маңызды көрсеткіштері), ауыспалы егістің енгізілген және игерілген уақыттары жазылулары қажет. Аталған кітапшада танапта жыл сайын жүргізілген агротехниклық шаралар, яғни топырақ өңдеу тәсілдері, алғы егістер, дақылдардың себілген мезгілдері, тәсілдері мен мерзімдері, олардың егістіктерінде пайдаланылған орнаганикалық, минералдық тыңайтқыштар түрлері мен мөлшерлері, арамшөптерге қарсы қолданылған гербицидтер мен зиянды организмдерге қолданылған пестицидтер туралы мәліметтер жазылады. Сонымен қатар, алғы егістің тарих кітапшасына әр жылдың ауа райының ерекшеліктерін (ауаның температурасы, атмосфералық жауын-шашын мөлшері және басқа) белгілеп отырудың үлкен өндірістік маңызы бар. Бақылау сұрақтары 1.Ауыспалы егіс, үзіліссіз егіс, монокультура, қайталап себу туралы түсініктер 2.Ауыспалы егіс пен үзіліссіз егістің айырмашылығы 3.Ауыспалы егістердің жіктелу белгілері 4.Топырақ қорғау ауыспалы егісі, маңызы, қолданылатын аймақтары 5.Егістік ауыспалы егіс, нобайлары 6.Арнайы ауыспалы егіс, онда егілетін дақылдар, нобайлары 7.Малазықтық ауыспалы егістер, нобайлары 8.Ауыспалы егіс түрлері 9.Дақылдар алмасу себептерін атаңыз және оған сипаттама беріңіз 10.Дақылдар алмасуының биологиялық себептерінің мәні 11.Алғы егістер, олардың топырақ құнарлылығына әсері 12.Аралық дақылдар, олардың түрлері және маңызы 13.Ауыспалы егісті енгізу және игеру 14. Дақылдар алмасудың химиялық себептері 15. Дақылдар алмасуының физикалық себептері 16. Ұйымдастыру-экономикалық себептер, оның өндіріс үшін маңызы 17. Өте жақсы алғы дақылдарды, олардың маңызын атаңыз 18. Жақсы алғы дақылдар, маңызы 19. Қанағаттанарлық алғы егістер және олардың сипаттамасы 20. Қанағаттанарлықсыз алғы егістерді зияндылығы 21. Бүркемелі аралық дақылдарға сипаттама беріңіз және оның маңызын айтыңыз 22. Аңыздық аралық дақылдар 23. Шабындық және күздік аралық дақылдарды атаңыз 24. Аралық дақылдардың Қазақстандағы қолданылатын аймағы 25. Ауыспалы егістерге агрономиялық және экономиялық баға беріңіз 26. Танаптың тарихи кітапшасы мен агрономиялық құжаты 4 тарау. Топырақ өңдеу және оның ғылыми негіздері 4.1 Топырақ өңдеудің маңызы мен мақсаттары Егіншіліктегі ең ауыры және маңыздылығы жағынан ерекше орын алатын агротехникалық шаралардың бірі – топырақ өңдеу. Оны ғылыми және өндірістік тұрғыдан алып қарасақ егіншіліктің негізгі фундаменті болып табылады. Э.Рассел топырақ өңдеудің маңызын атай келіп, оның құнарлылығын арттыру үшін қолдан берілетін тыңайтқыштардан да зор екенін, өйткені тыңайтқыш беру арқылы топырақтың тек коректену режімін жақсартсақ, ал топырақты өңдеу арқылы оның ауа, жылу, ылғал және коректік заттар режімдерін қолайлы жағдайға келтіреміз деген еді. Шынындада, тіршілік факторларының өсімдіктер үшін қолайлы қалыптасуы топырақ өңдеу жүйесіне тікелей байланысты. Топырақ өңдеу жұмысы дер кезінде және сапалы түрде жүргізілсе оның ылғалдық, жылулық, ауа және коректік заттар режимдерінің жақсы реттелуіне, яғни ауылшаруашылық дақылдарының өніп- өсуіне және дамуына оңтайлы жағдай жасалады. Топырақты өңдеу арқасында оның жырту қабатының жағдайы, яғни тығыздығы, құрылысы, фитосанитарлық жағдайлары жақсарады. Сонымен, топырақ өңдеу деп ауылшаруашылық дақылдарының өсуіне қолайлы жағдай жасау үшін оған машиналар мен құралдардың жұмыс органдары арқылы механикалық әсер етуді айтады. Өзінің мағнасы, еңбек сіңіруді, энергияны қажет етуі жағынан топырақ өңдеу егіншілікте бірінші орында тұр. Сондықтан, оны ешқандай басқа агротехникалық шаралармен алмастыруға болмайды. Топырақ өңдеу сапалы жүргізілсе, онда ауылшаруашылық дақылдарының өнімі 25 пайызға артады. Топырақты өңдеуге үлкен қаражат, көп еңбек және энергия жұмсалады. Атап айтқанда, егіншілікте жұмсалатын энергияның 30-40 пайызы осы топырақ өңдеудің үлесіне тиеді. Сондықтан, егіншілікте энергия жұмсалу мөлшерін азайту ең өзекті мәселелердің бірі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері және шаруашылықтардың тәжірибелері осы күні өндірісте қолданылып жүрген топырақ өңдеу жүйесі энергиялық шығындарды көп болса 5-20 пайызға азайтады, сондықтан бұл мәселені түбегейлі шешу үшін әдеттен тыс топырақ өңдеу жолдарын іздестіру қажет. Тек, жерді жырту үшін ғана дүние жүзінде адамдар жылына 810 миллион тонна топырақты аударады екен. Егер, осы аударылған топырақты бір жерге үйсе, оның көлемі 20 куб шақырым болатын көрінеді. Осындай мөлшердегі топырақты аудару үшін қанша күш, жанар-жағар май, техника керек екенін көзге елестеудің өзі қиын. Академик Д.Н.Прянишниковтың айтуына қарағанда жерді жылына тек бір рет жыртқанда бүкіл әлемдегі өзендер қанша топырақты ағызып әкететін болса, сонша топырақ аударылады екен. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда топырақ өңдеудің барлық тәсілдерін, яғни жыртуды, тырмалауды, культивациялауды, дискілеуді, мала басуды және басқаларын қоса есептесе, онда жер шарын жылына 2,5 рет жыртып шыққанға тең жұмыс жүргізілетін көрінеді. Мұнымен қатар топырақы өңдеу үшін қыруар жанар-жағар майлар жұмсалады. Мысалы, П.У.Бахтиннің зерттеулері бойынша ТМД елдерінде тек жер жырту үшін ғана жылына 3,3 млн. тоннаға жуық жанар-жағар майлар жұмсалады. Осындай қиындығына қарамастан егіншілікте әлде болса, алдағы 15-20 жыл ішінде топырақ өңдеу үшін оған механикалық құралдар арқылы әсер ету (соқа, культиватор, тырмалар және басқа құралдар арқылы) сақталады. Келтірілген мысалдар топырақ өңдеу егіншіліктегі ең қиын және ауыр агротехникалық шара екенін көрсетіп отыр. Осы жұмсалған қыруар еңбек пен қаржыны өтеу үшін топырақ өңдеудің алдына төмендегідей мақсаттар қойылады: - атмосфера мен топырақ арасында газ айналымын жақсарту, жауын-шашынды және қолдан берген суларды топыраққа жақсы сіңіру, топырақтағы ылғал буланып ұшып кетпеу үшін оның жоғарғы беткі қабаты тығыздалмаған, яғни бос (борпылдақ) күйде ұстау; - топырақтың құнарлылығын арттыру және оны сақтау; - топырақты эрозия құбылысынан қорғау; - өңделетін қабаттың құрылысын және құрылымын өзгерту нәтижесінде топырақта жүретін микробиологиялық процестерді күшейту арқылы өсімдіктерді олар оңай сіңіре алатын коректік заттармен қамтамасыз ету; - қуаңшыл аймақтарда топырақта мүмкіндігінше мол ылғал қорын жинау, ал ылғалы мөлшерден тым көп болатын өңірлерде артық ылғалды жою; - топырақты арамшөптерден, олардың тұқымдары мен вегетивтік көбею мүшелерінен, ауру қоздырғыштары мен зиянды жәндіктерден тазарту; - топыраққа өсімдік қалдықтарын, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды толық сіңіруді қамтамасыз ету; - себілетін дақылдардың тұқымдарын ылғалы мол қолайлы тереңдікке сіңіру үшін жағдай жасау; - танапты көпжылдық екпелі шөптерден кейін өңдегенде олардың тамыр жүйелерінің тіршілік қабілетін жою; - суармалы жерлерде топырақтың су өткізгіштік қабілетін жоғарылату. Осы міндеттер орындалғанда ғана топырақың құнарлылығы артып, өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарының өнімі жоғарылайды, кері жағдайда жұмсалған қаржы мен энергия, сіңірілген еңбек нәтиже бермей зая кетеді. 4.2 Топырақ өңдегенде жүретін технологиялық процестер Топырақты механикалық жолмен өңдегенде бірнеше технологиялық операциялар (процестер) жүзеге асады. Олар: қыртысты аудару, топырақты қопсыту, араластыру, тегістеу, нығыздау, арамшөптерді қырқу, микробедер (микрорельеф) жасау, танап бетінде аңызды және өсімдік қалдықтарын сақтау. Топырақ үшін әр технологиялық операцияның өзіндік маңызы бар. Қыртысты аудару ерте пісетін арамшөп тұқымдары егін жиналғанша топыраққа төгіліп, танаптың беткі қабатын ластайды, сондай-ақ өсімдіктердің ауру қоздырғыштары мен зиянкес жәндіктері өздерінің жұмыртқаларын топырақтың беткі қабатына, немесе өсімдік қалдықтарына салады. Осының салдарынан топырақтың үстіңгі қабаты арамшөп тұқымдарымен және аталған зиянды организмдермен ластанып, олардың таралу орталығына айналады. Бірақ, топырақтың беткі қабатының құрылымы, құрылысы жақсы және қарашірігі (гумусы) молырақ болады, ал төменгі қабатында бұл жағдайлар нашарлау. Сонымен қатар ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының, тракторлар мен комбайндардың, топырақ өзінің салмағынан және физика- химиялық (жауын-шашын) күштердің әсерінен оның үстіңгі қабаты тығыздалады. Осы аталған қолайсыз жағдайларды болдырмау үшін топырақты 180 градусқа, яғни танаптың беткі қабатын аударып төменге түсіріп, ал астыңғы қабатын үстіне шығару керек. Бұл қыртысты аудару арқылы жүзеге асады. Тік бағытта топырақтың жоғарғы және төменгі қабаттарын өзара алмастыруды қыртысты аудару деп атайды. Қыртысты аударғанда оның алдына мынандай мақсаттар қойылады: - қарықтың (борозданың) түбіне аударылып түсірілген топырақтың беткі қабатының қасиеттерін жақсарту; - арамшөптердің тұқымдарын және вегетативтік көбею мүшелерін олар өніп шыға алмайтын тереңдікке сіңіру; - танапқа берілетін органикалық, минералдық және жасыл тыңайтқыштарды, өсімдік және жәндіктер қалдықтарын, топыраққа сіңіру. Топырақтың жырту, қабатының пішіні біркелкі болу үшін оны аударып тұру керек. Қыртысты аудару процесі арқылы топырақтың құнарлы жырту қабаты қалыңдайды. Сондай-ақ, топырақтың беткі қабатында микробиологиялық процестер әдетте жақсы жүреді, соның нәтижесінде мұнда өсімдіктің коректік заттарының мол жиналуына мүмкіндік туады. Қыртысты аудару әр түрлі қайырмасы бар соқа арқылы жүзеге асырылады. Ол жылда, немесе 2-3 жылда бір рет аударылады. Қыртысты аударудың жоғарыда келтірілген жағымды жағына қарамастан, оның қолайсыз кезеңдері де бар. Топырағының гранулометриялық құрамы жеңіл, желі күшті ашық далалық аймақтарда қыртысты аудару танапты өсімдік жамылғысынан айырады, топырақты үгітеді, ондағы ылғалдың буланып ұшып жетуіне жол ашады, сондықтан олар эрозияның пайда болуына және топырақтың құрғап кетуіне әкеліп соқтырады, яғни мұндай жерлерде қыртысты аударуға болмайды. Қорыта келіп айтқанда, қыртысты аудару процесі жергілікті жердің топырақ-климаттық ерекшелігін ескере отырып жүргізілуі керек. Топырақты қопсыту өз салмағының, қардың, механикалық (ауылшаруашылық техникалары машиналары мен құралдары), физика-химиялық (жауын-шашын) және басқа факторлардың әсерінен нығыздалады, сондықтан ондағы ауа атмосфераға ығыстырылып шығарылады, яғни оның ауа режимі нашарлайды, сондықтан топырақты қопсытып тұру керек. Сонымен қатар топырақты қопсытудың негізгі мақсаты – оған судың жақсы сіңіруін қамтамасыз етіп, ылғал қорын молайту. Топырақ көлемін ұлғайту үшін оның бөлшектерінің өзара орналасуын өзгертуді топырақты қопсыту дейді. Бұл технологиялық процестің арқасында топырақ нығыздалған кезде бұзылған түтіктік емес қуыстылықтар қалпына келтіріледі, осының салдарынан топырақтың түтікті және түтікті емес қуыстылықтарының арақатынасы қалыпты жағдайға келіп, оның ауа-ылғалдық және жылулық режимдері жақсарады. Қопсыту процесінің нәтижесінде топыраққа оттегінің көп келуінің арқасында ондағы аэробты микроорганизмдердің тіршілік белсенділігі артып, осының арқасында топырақта өсімдікке қажетті коректік заттар қоры мол жиналады. Қопсыған топырақта органикалық қалдықтар жақсы ыдырап, тез минерализацияланады. Қопсыту арқылы топырақ бетінде жауын-шашыннан және суарғаннан кейін пайда болған қабыршақ жойылады. Топырақты қопсыған жағдайда ұстау үшін оны жаз бойы бірнеше рет әр түрлі тереңдікке өңдеуге тура келеді. Қопсыту жиілігі мен тереңдігі нығыздалу дәрежесіне, гранулометриялық құрамына, ауа райына, дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, жүргізу мақсатына байланысты 3-4 см-ден 14-16 см-ге дейін ауытқиды. Топырақты қопсыту үшін соқалар, сыдыра жыртқыштар, тырмалар, культиваторлар қолданылады. Топырақты араластыру оның өңделетін қабатының біркелкі болуын қамтамасыз ету және бөлшектерінің мөлшерін кішірейту үшін жүргізілетін технологиялық процесті араластыру деп атайды. Араластырудың нәтижесінде топырақ бөлшектерінің өзара орналасуы өзгереді, берілген органикалық, минералдық, жасыл тыңайтқыштар мен микроорганизмдер жырту қабатының өн бойына біркелкі жайылады. Топырақты араластыру ондағы органикалық заттардың жақсы ыдырауына (минерализациялануына), микробиологиялық процестің белсенді жүруіне қолайлы жағдай туғызады. Гранулометриялық құрамы жеңіл, эрозияға тез ұшырайтын жерлерде, танап бетінде міндетті түрде аңыз бен өсімдік қалдықтары сақталуға тиісті танаптарда топырақты араластыруға болмайды. Топырақты аралстыру шолақ түренсіз соқалармен, сыдыражыртқыштармен, культиваторлармен, фрезалармен жүзеге асырылады. Топырақты тегістеу танаптардың беткі қабаты әр түрлі жағдайларға (жер бедері, топырақ өңдеу сапасы және басқалар) байланысты ойлы-қырлы болуы мүмкін. Мұндай жерлерде ауылшаруашылық дақылдарының себілген тұқымдары топыраққа әр түрлі тереңдікке сіңіріледі, сондықтан олар шұбалаңқы көктеп, егіннің бір мезгілде пісіп-жетілмеуіне әкеліп соқтырады. Сол себепті топырақты тегістейді. Біркелкі емес топырақ бетінің мөлшерін азайтуды тегістеу деп атайды. Топырақты тегістеу жерді жыртқаннан және терең культивациялағаннан кейін, егін себер алдында және сеуіп болғаннан соң жүргізіледі. Топырақты тегістеу суармалы егіншілікте, әсіресе күріш егісіне қажет. Егер, танап тегіс болмаса, берілген су біркелкі жайылмайды, ойпаң жерге жиналып қақ тұрады, ал қыратты жерлерден ылдыйға қарай су ағып эрозия құбылсын тудыруы мүмкін. Танап бетін тегістеу өсімдіктерді вегетация кезінде күтіп-баптауды жеңілдетеді және егін ору жұмыстарының сапасын жақсартады. Топырақты тегістеу үшін культиватрлар, тырмалар, жеңіл катоктар, малалалар, ал суармалы жерлерде арнайы грейдерлер, бульдозерлер қолданылады. Топырақты нығыздау. Топырақты қайта-қайта (күзде топырақ жыртқанда, көктемде егін себер алдында, жазда қатараралықтарды өңдеу) өңдегенде ол үгітіліп, тым борпылдақ болуы мүмкін, сондықтан оны нығыздауға тура келеді. Топырақ түйіршіктерінің көлемін азайту үшін оның бөлшектерінің өзара орналасуын өзгертуді нығыздау дейді. Ол қопсытуға қарама-қарсы процес. Бұл технологиялық процес топырақты қопсыту кезінде бұзылған түтіктік қуыстылықтар қалпына қайта келтіріледі, соның нәтижесінде топырақтың жалпы және түтіктік емес қуыстылықтарының көлемі азаяды. Нығыздау топырақтың төменгі жағынан үстіңгі қабатына ылғалдың көтерілуін, себілген ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының топырақпен және оның ылғалымен жақсы жанасуын қамтамасыз етеді, соның арқасында тұқымның жақсы бөрітіп, жылдам және біркелкі көктеп шығуына мүмкіндік туғызады. Топырақты нығыздау егін себер алдында, немесе сеуіп болғаннан кейін жүргізіледі. Егін себер алдындағы топырақты нығыздау танаптың бетін тегістеп, себілген тұқымдардың бірдей тереңдікке сіңірілуін қамтамасыз етіп, борпылдақ топырақтар шөккеннен кейін өсімдіктің тамыр жүйесіне зақым келмеуі үшін жүргізіледі. Топырақты нығыздауды гранулометриялық құрамы жеңіл, егін себер алдында ғана өңделген жерлерде және қуаңшыл аймақтарда жүргізген жөн. Ал, гранулометриялық құрамы ауыр және тым ылғалды топырақтарды нығыздауға болмайды, өйткені өсімдіктің өніп-өсуіне кері әсері тиеді. Топырақты нығыздау әртүрлі катоктармен, малалармен жүргізіледі. Арамшөптерді қырқу. Бұл технологиялық операция қыртысты аудару, топырақты араластыру және қопсыту процестерімен жалғастырыла жүргізіледі. Алайда, арамшөптерді қырқу үшін арнайы топырақ өңдеу тәсілі – культивациялау жүргізіледі. Ол жаппай және қатараралықты культивациялау болып екіге бөлінеді. Жаппай культивациялау ауыл шаруашылығы дақылдарынан бос танаптарда, яғни таза парларда, егін сепкенге дейін және оны орып алғаннан кейін танап бос болған уақытта жүргізіледі. Қатараралықты культивациялау отамалы дақылдардың аралықтарында өскен арамшөптерді жою үшін вегетация кезінде жүзеге асырылады. Арамшөптерді қырқу үшін арнайы культиваторлар қолданылады. Арамшөптер жерді жыртқанда, танапты тырмалағанда, топырақты терең қопсытқанда да қырқылады, яғни оларды жою үшін соқалар, тырмалар, сыдыра жыртқыштар, жазықтабанды сыдыра тілгіштер пайдаланылады. Микробедер (микрорельеф) жасау. Бұл технологиялық процеске жал, жүйек, қарық, ұялар жасау жұмыстары жатады. Олар мөлшерден тыс ылғалы көп жерлерде жүргізіледі. Осы технологиялық процестің арқасында топырақтан артық ылғал әкетілгендіктен, ол тез кеуіп жақсы қызады. Соның арқасында топырақтың ылғалдық, ауа, жылулық, коректік заттар режимдері жақсарады. Микробедер жасау үшін түптегіш, жүйектегіш, қарық жасайтын құралдар қолданылады. Танапта аңызды сақтау. Қазақстаның ашық далалық, желі күшті аймақтарында гранулометриялық құрамы жеңіл топырақтарда жүргізіледі. Жерді түренді соқамен аударып жыртқанда танаптың үстінде ештеңе қалмайды, барлық өсімдік қалдықтары мен аңыздар топыраққа сіңіріліп жіберіледі. Бұл топырақтың жел эрозиясын тудырады. Сол себепті танап бетінде аңызды және өсімдік қалдықтарын мүмкіндігінше сақтаған жөн. Ол аңызды сақтау технологиялық процесі арқылы жүзеге асады. Танапта аңыз сақтау технологиялық процесі біріншіден, топырақты жел эрозиясынан қорғайды; екіншіден, танапта қыста қарды көп жинауға, соның арқасында топырақтағы ылғал қорын молайтуға мүмкіндік береді; үшіншіден, қыста танапта қар қалың жиналатын болғандықтан топырақ аса тереңге қатпайды, сондықтан көктемде ерте жібіп, ондағы микробиологиялық процестер тез басталады, яғни топырақта қажетті коректік заттар коры көбейіп, өсімдіктердің алғашқы өсу фазасында коректенуі жақсарады. Танаптарда аңыз сақтау процесі әртүрлі жазықтабан сыдыра қопсытқыштар, инелі тырмалар, арнайы дәнсепкіштер арқылы жүзеге асырылады. Аталған технологиялық процестің Қазақстанның солтүстік, ашық далалық өңірлерінде, әсіресе Павлодар облысында, маңызы ерекше зор. Сонымен қатар ол республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағының тәлімі егіншілігінде де жиі қолданылады. 4.3 Топырақтың технологиялық қасиеттері. Топырақ өңдеудің сапасы, (қыртысының жақсы аударылуы, топырақтың дұрыс ұсақталуы, араласуы) және ауылшаруашылық машиналары мен құралдарына көрсететін кедергілері топырақтың технологиялық қасиеттеріне тікелей байланысты. Топырақтың байланыстылығы. Топырақтың механикалық күштің әсер етуіне қарсы тұра алатын қабілетін оның байланыстылығы дейді. Ол топырақтың гранулометриялық құрамына, ылғалдылығына, сортаңдылығына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, гранулометриялық құрамы ауыр балшықты, сортаң топырақтардың байланыстылығы жоғары, ал құмдақ, құмдауыт немесе ылғалдылығы төмен құрғақ топырақтардың байланыстылығы нашар. Топырақтың жабысқақтығы деп оның ылғалды күйінде ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының жұмыс органдарына жабысуын айтады. Топырақтың бұл технологиялық қасиеті оның гранулометриялық құрамына және ылғалдылығына тікелей байланысты. Гранулометриялық құрамы ауыр балшықты және саздақ, ылғалды топырақтар ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының жұмыс органдарына жабысқыш келеді, ал керісінше құрғақ, гранулометриялық құрамы жеңіл құмдақ, құмдауыт топырақтардың жабысқыштық қабілеті төмен немесе мүлдем жабыспайды. Егер, топырақ ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының жұмыс органдарына жабысатын болса, оның кедергісі жоғарылап, жүретін технологиялық процестердің сапасы төмендейді, яғни топырақ дұрыс үгілмейді, оның құрылымы бұзылады. Топырақтың физикалық «пісіп-жетілуі». Топырақтың өңделуге дайын екенін көрсететін жағдайын оның физикалық “пісіп-жетілуі” дейді. Топырақ “пісіп- жетілсе” жақсы уатылады, ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының жұмыс органдарына жабыспайды. Топырақтың физикалық “пісіп-жетілуін” ерте көктемде қар кеткеннен кейін егістік жұмыстарды, әсіресе ылғал жабуды бастау үшін, немесе вегетация кезінде әр суарғаннан кейін қатараралықта пайда болған топырақ қабыршығын жою үшін анықтайды. Топырақтың физикалық “пісіп-жетілуін” дәл және дұрыс анықтаудың үлкен өндірістік мәні бар. Топырақтың физикалық “пісіп-жетілу” ылғалдылығы оның ең төменгі ылғал сиымдылығының 60-90 пайызына тең. Егер, әлі “пісіп- жетілмеген” ылғалды топырақты өңдесе ол ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының жұмыс органдарына жабысып, топырақ кедергісін арттырады, сондықтан топырақ жақсы уатылмайды, өте құрғап кеткен топырақты өңдегенде үлкен-үлкен кесектер пайда болады, оны ұсату үшін топырақты қосымша өңдеу керек. 4.4 Топырақты негізгі өңдеу және оның тәсілдері, құралдары. Топырақ өзінің, қыста жауған қардың, ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының, тракторлар және комбаиндардың салмақтарының салдарынан тығыздалады. Яғни, ондағы ауа сыртқа ығыстырылып шығарылады, сондықтан топырақтағы ауа мен ылғал арасындағы оңтайлы арақатынас бұзылады. Топырақтың осы көрсеткіштерін қолайлы қалпына келтіру үшін оны өңдеу керек. Алғы дақылдарды жинағаннан кейінгі бірінші терең өңдеуді топырақты негізгі өңдеу дейді. Оған жерді аударып жырту, аудармай жырту және терең қопсыту жатады. Жерді аударып жырту ертеден келе жатқан топырақты негізгі өңдеудің басты тәсілдерінің бірі. Жерді жыртқанда ол 180 градусқа аударылып топырақтың беткі қыртысы асына түседі, астыңғы қабаты үстіне шығады, онымен бірге топырақ қопсытылады, араластырылады және арамшөптер қырқылады. Жерді әр түрлі соқалармен жыртады. Топырақтың қыртысының жақсы аударылуы, үгітілуі, қопсуы соқаның қайырмасының түрлеріне байланысты. Олар қайырмаларының түрлеріне қарай бұрандалы, цилиндрлі, жартылай бұрандалы және мәдени болып бөлінеді. Соқаның қайырмасының түрі цилиндр тәрізді болса, топырақ жақсы үгіледі және араласады, бірақ нашар аударылады. Жартылай бұрандалы соқамен жер жырытқанда топырақ керісінше жақсы үгітіледі, бірақ нашар аударылады. Мәдени қайырмасы бар соқа топырақты жақсы аударады және жақсы үгітеді. Жерді жыртқанда ол жақсы аударылуы, үгітілуі және қопсуы үшін соқалар шолақ түренмен жабдықталады. Ол топырақтың беткі 10-12 см қалыңдығын қиып алып жердің астыңғы ылғалды қабатына түсіреді. Сондықтан, мұндай тәсіл мәдени жырту деп аталады. Шолақ түрен негізгі корпустың кішірейтілген түрі. Оны негізгі корпустың алдына орнатады. Топырақты мәдени жырту оның құрылымын жақсартумен қатар танаптың бетіндегі органикалық заттарды топыраққа сіңіреді. Сондай-ақ, мәдени жыртудың арқасында танап беті тегіс болады, мұның өзі ауылшаруашылық дақылдары тұқымын бірдей тереңдікке сіңіріп, олардың тез көктеп шығуына, бір мезгілде пісуіне мүмкіндік береді. Жер жырту тереңдігі топырақ жағдайына (гумус қабтының қалыңдығы), себілетін ауыл шаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне, алғы егістерге байланысты 20 см-ден 32-35 см-ге дейін өзгеруі мүмкін. Жырту тереңдігі 18-20 см-ге дейін болса, оны таяз жырту дейді, 20-22 см болғанда әдеттегі, ал одан көп болған жағдайда терең жырту деп атайды. Топырақ неғұрлым тереңге жыртылса, соғұрлым оның ылғалдық, ауалық, жылулық және коректік заттар режимдері жақсарады. Топырақты тұрақты таяз жыртатын болса, танаптарда арамшөптер, ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестері көбейіп, ылғал аз жиналып, мәдени өсімдіктер оның жетіспеушілігінен зардап шегеді және керісінше жағдай болады. Жер жырту тереңдігі алғы егістерге, себілетін ауыл шаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Жыл сайын жерді бір тереңдікке қайта-қайта жырту өсімдіктің тамырына ауа және су өткізбейтін қатты “топырақ ұлтаны” қабатының пайда болуына әкеліп соқтырады. Өсімдіктің тамыр жүйесі осы “топырақ ұлтаны” дейін жетіп бүгіледі де қайырылып қалады, сондықтан тамыр жүйелері әлсіз болып, мол өнім алуды тежейді. Жыртылған танапта топырақ “топырақ ұлтаны” қабаты пайда болмас үшін жылма-жыл жерді әр түрлі тереңдікке жыртып, немесе топырақ тереңдеткіштерді пайдаланған дұрыс. Гумустық қабаты онша қалың емес топырақтарда терең жырту қабатын жасау үшін топырақ тереңдеткіштері пайдаланады. Ол корпустың артына қондырылып, топырақ қопсытылатын қабаттың 6-15 см тереңдігіне еніп, астыңғы құнарсыз қабатты жер бетіне шығармай қопсытады. Осылайша қопсыту топыраққа ауаның және судың жеңіл сіңіуін жақсартады, өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына қолайлы жағдай жасайды және жыртылған жердің төменгі қыртысын құнарландыруға мүмкіндік береді. Жерді жыру үшін көп корпусты әртүрлі маркалы аспалы (ПЛН-3-35, ПН-4-35А, ПЛН-5-35), жартылай аспалы (ПЛН-6-35) соқалар қолданылады. Ауыл шаруашылығында жер жыртудың үш тәсілі қолданылады: айдамдап (загонды), фигуралап және тегістеп жырту. Осылардың ішіндегі ең көп тарағаны айдамдап жырту тәсілі. Жерді соқамен жыртқанда танаптың топырағы ішке, не сыртқа қарай аударылады да, тұқым себуге, егіс алдындағы топырақ өңдеуге кедергі келтіретін үйме жалдар немесе айырма жүйелер (бороздалар) пайда болады. Жерді осылай етіп жыртқанда өңделген қабаттың жалпы тереңдігі 35-40 см жетеді. Соқаның өңдегіш құралдарының екі немесе үш сатылы қондырғысы суармалы мақта егіншілігі жүйесінде қолданылады. Өйткені, топырақты дағдылы тәсілмен жыртқанда, өңделген топырақ қабаты мен оның төменгі қабатының аралығында қатты “ топырақ ұлтаны” пайда болады, ал өңделген қабаттан төмен орналасқан топырақ, жылма-жылғы сор шаюдан және өсіп-даму кезеңдеріндегі суарудан мейлінше нығыздалады. Бұл ретте мақта дақылы тамырларының терең бойлауына бөгет жасалады. Фрезерлеу топырақты арнайы терең өңдеу тәсілі ретінде өте шымды (қыртысты) шабындықтарды және шымтезекті топырақтарды өңдеуге қолданылады. Фрезерлеу кезінде топырақ өңдеудің бірнеше тәсілдері, яғни жырту, культивациялау, тырмалау жүзеге асырылады. Топырақты фрезерлегенде ол жақсы ұсатылады және араласады. Жалпы өңдеу тереңдігі 25-40 см-ге дейін жетеді. Фрезерлеу арқылы топырақ өңдеу үш топқа бөлінеді: жаппай өңдеу, отамалы дақылдардың қатараралығын өңдеу және арық қазу жұмысын орындау. Фрезерлегеннен кейін топырақ егін себер алдында культивациялаудың қажеті шамалы. Топырақты фрезерлеу әртүрлі фрезарлар қолдану арқылы орындалады. Саңылаулау. Топырақтың су өткізгіштігін жақсарту, күзгі жауын-шашынды, көктемгі қар суын жинау үшін топырақта терең тіліктер жасалатын өңдеу тәсілін саңылаулау дейді. Бұл тәсіл су эрозиясымен күресу үшін қолданылады. Ол үшін арнаулы саңлау жасағыштармен ені 3-5 см, ал тереңдігі 1,5 метрге дейін жететін саңылаулар жасалады, олар арқылы топырақтан артық сулар әкетіледі. Аталған әдіс беткейдегі грануметриялық құрамы ауыр топырақтарды өңдеу үшін қолданылады. Бұл тәсіл қазіргі кездерде Қазақстанның солтүстік облыстарында пар өңдеу жүйесінде қолданылып жүр, себебі парға ықтырма сепкенде онда қар қалың жиналып, көктемде еріген су топыраққа сіңіп үлгермей су эрозиясын тударады. Сондықтан, осы су топыраққа жақсы сіңуі үшін оны саңылаулайды. Жыралау. Бұл тәсіл гранулометриялық құрамы ауыр, су өткізгіштігі нашар топырақтарды өңдеу үшін қолданылады. Ол үшін топырақтың 35-40 см тереңдігінде жердің бетіне параллель орналасқан диаметрі 6-8 см дөңгелек жыралар жасалады. Олардың арақашықтығы 0,7-1,4 метр болуы мүмкін. 4.5 Тау беткейі топырағын негізгі өңдеу. Тіктігі 20 градусқа дейін келетін таулы және жарқабақты беткейлерді топырақ қыртысын айырма қарықсыз және аударылған үйме жалдарды баурай бойымен төмен қарай жатқыза өңдейді. Мұндай өңдеуге жыртылған топырақты тек оң жаққа қарай аударылатын тетіктермен жабдықталған соқалармен жүргізу тиімсіз болады. Сондықтан, таулы бөктерлерді арнаулы челнокты және топырақ шымын оңға да, солға да аударып отыратын тетіктері бар арнайы соқалармен өңдейді. Осы жырықшаларға жиналған ылғал топыраққа сіңіп, соның арқасында судың сай-салаға ағып кетуі азаяды, су эрозиясы болмайды. ПЧС-4-35 екі секциялы челнокты қопсытқыш соқалардың бір секциясын оңға аударатын, ал екіншісін солға аударатын корпустармен жабдықтайды. Соқаның бір секциясын трактордың алдына, ал екіншісін артына тіркейді. Агрегат танаптың шетіне жеткенде, бұрылып жатпай өз ізімен кейін қарай жүреді. Егінжай топырағын су эрозиясынан қорғау үшін корпустың біреуіне ұзатылған қайырма қондырылады. Бұл қайырмамен өңделген топырақтың биік үймесі жауын-шашын суына бөгет болады, топырақтың қарашірігін шайылып кетуден сақтайды. 4.6 Жердің беткі қабатын өңдеу тәсілдері және құралдары Ауылшаруашылық дақылдарының өніп-өсуіне және жақсы дамуына жерді тек терең өңдеу жеткіліксіз, сондықтан оның беткі қабатын өңдеу керек. Осыған орай топырақты негізгі өңдегенге дейін, не одан кейін немесе терең өңдеу тәсілін қолданбай-ақ топырақтың беткі қабатын өңдейді. Жердің беткі қабатын өңдеуге сыдыра жырту, культивациялау, тырмалау, катоктау, малалау және басқа әдістері жатады. Сыдыра жырту топырақтың беткі 10-12 см тереңдігін қопсытып, оның қыртысын болмашы аударып өңдейді. Ол үшін сыдыражыртқыштар қолданылады. Бұл құрал арамшөпті отайды, жыртылған топырақтың қабатында ылғалды сақтайды. Сыдыражыртқыш ойық және дискілі болып бөлінеді. Дискілі сыдыра жыртқыштың алымы 10-20 метр, өңдеу тереңдігі 5-6-дан 10- 12 см, қимыл бұрышы 15-35 градус болады. Ойық дискілі сыдыражыртқыш топырақты егін себер алдында, өңдеу, үгіту, ал жазық дискілі сыдыражыртқыш көктемде ылғал жабу үшін қолданылады. Оның дискілері арамшөптерді жойып, топырақты ұстады және аударып отырады, ал жазық дискілер-топырақты қопсытады және жылжытады. Түренді сыдыра жыртқыштар топырақты 10-14 см тереңдікке өңдейді. Топырақты өңдеу жүйесінде сыдыра жырту дәнді дақылдар егісінде қолданылады, себебі танапта қалған дәнді масақты дақылдардың аңызы топырақтағы қалған ылғалдың қорын аңыз арқылы буланып ұшып кетуге мәжбүр етеді, себебі олардың тамыр жүйелері әлі тіршілік қабілетін жоғалтпаған. Академик Виноградов дәнді дқылдарды жинағаннан кейін қалған аңызды сорғыш насоспен теңестірген. Осыған орай дәнді дақылдардың аңызын сыдыражыртқышпен өңдеу, олардың тамыр жүйелерін қырқып, судың буланып ұшып кетуін азайтады. Сонымен бірге сыдыра өңдеу дақылдарды жинағаннан кейін аңызды және пар танабын өңдеуге, әсіресе ондағы арамшөптердің жатаған тамырларын ұсақтауға қолданылады. Сыдыра жырту тың, тыңайтылған жерлер, көп жылдық шөптердің қыртысын жыртудың алдында және жыртқаннан кейін олардың шымын өңдеу үшін қажет болады. Сыдыра жыртудың пайдасымен қатар зиянды жағы да бар. Сыдыра жыртқанда топырақ үгіліп, оның үстіңгі қыртысы уатылады және құрғап кетеді, аңыз сабақтары топыраққа көміліп қалады. Көктем ылғалды болған жылдары, сыдыра жырту пайдалы болады. Өйткені,ол арамшөптерді, әсіресе қара сұлыны мейлінше жояды және аңыздық дәнсепкіштердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасайды. Культивациялау жер өңдеудегі жыртудан кейінгі көп ең қолданылатын маңызды топырақ өңдеу тәсілі. Культивациялау кезінде топырақ қопсытылады, араластырылады және арамшөптер қырқылады. Сонымен қатар онымен өсімдіктерді түптеуге, үстеп коректендіруге болады. Культивациялаудың екі түрі болады: тегіс (жаппай) және қатараралықты культивациялау. Тегіс культивациялау өсімдіктер жоқ жерлерде, яғни егін себер алдында, оны жинағаннан кейін және таза парларда жүргізіледі. Ал қатар аралықты культивациялау отамалы дақылдарды күтіп-баптағанда жүзеге асырылады. Қатараралықты өңдегенде өсімдіктер қасында өңделмейтін қорғау алаңшалары қалдырылады, олар өсімдік тамырларын қырқылудан сақтайды. Отамалы дақылдардың өніп-өсуі барысында олардың қатараралықтарын өңдеген кезде минералдық тыңайтқыштарды қосымша коректік зат есебінде беруге болады. Отамалы дақылдардың қатараралықтарын өңдеуге ылғалы мол аймақтарда дақылдарды түптеу, ал суармалы егіншілікте танаптарда қарықтар жасау жатады. Топырақты культивациялау үшін КРН-4,2,КРН-5,6, РВК-4,2, РВК-5,6, КОН- 4,2, КПШ-5, КПШ-9, КПШ-11 және басқа культиваторлар қолданылады. Бұл культивациялардың жұмыс органдары табан және пышақ тәріздес, серіппелі, штангалы болып келеді, сондықтан олардың әрқайсысының атқаратын қызметі әр түрлі. Тырмалау танапта ылғал сақтау, арамшөптердің жас өскіндерін (жіпшелерін) құрту, танапты тегістеу үшін жүргізілетін топырақ өңдеу тәсілі. Тырмалар тісті (ЗБСС-1, ЗБТС-1), дискілі (БДТ-7) және инелі (БИГ-3А) болып бөлінеді. Тісті тырмалар жер қайырмалы соқалармен өңделген танаптарда, ал, дискілі және инелі тырмалар танапты сыдыражыртқыштармен өңдеген жерлерде қолданылады. Бір тіске түсетін қысымы бойынша тісті тырмалар жеңіл, орташа және ауыр болып үшке бөлінеді. Егер, бір тіске түсетін қысым 0,5-1,0 кг болса жеңіл, 1,0-1,5 кг болғанда, орташа, ал 1,5 кг-нан артық жағдайда ауыр тырмалар қатарына жатады. Тісті тырмалар соқамен аударып жыртылған жерлерде қолданылады. Жеңіл тырмалар күздік дәнді масақты, отамалы дақылдар егістіктерінде арамшөптердің жас өскіндерін және топырақ қабыршағын жою үшін ерте көктемде, егістікті суарғаннан кейін, отамалы дақылдар көктеп шыққаннан соң жүргізіледі. Орташа тырмалар тығыз емес және гранулометриялық құрамы жеңіл топырақтарды, ал ауыр тырмалар балшықты, сазбалшықты топырақтарды тырмалау үшін қолданылады. Танап бетіне аңыз және өсімдік қалдықтарын сақталу үшін жазықтабан сыдыратілгіш культиваторлармен өңделген танаптарда инелі тырмалар пайдаланылады. Тырмалау тереңдігі 3-4 см шамасында. Дискілі тырмалар топырақ кесектерін жақсы ұсатады, шым қыртысын тіліп, оларды қопсытады. Сондықтан оларды гранулометриялық құрамы ауыр, нашар өңделген жерлерде қолданады. Нығыздау. Топырақты нығыздау, ұсату және оның беткі қабатын тегістеу үшін жүргізілетін өңдеу тәсілі нығыздау деп аталады. Онымен бір мезгілде тоң кесектерді ұсақтау, топырақтың қабыршағын бұзу, ептеп қопсыту жұмысы да жүзеге асырылады. Бұл технологиялық процесті бұдырлы, сақиналы ЗККШ-6 нығыздағышы, ЗКВГ-1,4 құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұдырлы сақиналы нығыздағыштар топырақты аз үгітеді, құрылысының ерекшелігі арқасында, олар өткен жерде, топырақтың үстіңгі қабаты түйіртпекті болады. Нығыздау ерте көктемде арамшөптердің, әсіресе қарасұлының, тез көтерілуі үшін қажет. Егін себілгеннен кейінгі нығыздау сіңірілген тұқымның топырақпен жанасуын жақсартады, соның нәтижесінде дәнді дақылдардың егістік өнгіштігі 10-15 пайызғадейін артады. Сор және сортаң топырақты ылғал күйінде нығыздау зиянды, өйткені топырақ бетінде қатты қабыршақ пайда болып үлкен зиян келтіреді. Мұндай топырақты егін себілгеннен кейін нығыздау тұқымның көктеп шығуына кесел жасап ауылшаруашылық дақылдарының өнімін төмендетеді. Сол себептен мұндай танаптарды нығыздауды тұқым себер алдында жүргізген жөн. Танапты нығыздау топырақтың көптеген сапалық көрсеткіштеріне әсер етеді. Егер, егін себер алдында топырақ нығыздалса, онда ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдарының бірдей тереңдікке сіңіріліп, өсімдік өскіндері бір мезгілде көктеп шығады, сондықтан егіннің бір мезгілде пісуі қамтамасыз етіледі. Танапты егін сепкеннен кейін нығыздаудың негізгі мақсаты-топырақтың төменгі қабатында жатқан ылғалды жоғары көтеріп, оны тұқымның бөртіп, тез көктеп шығуына жағдай жасау. Топырақты нығыздау катоктар арқылы жүзеге асырылады. Олар топыраққа түсіретін қысымына байланысты жеңіл, орташа және ауыр болып үш топқа бөлінеді. Малалау. Суармалы жерлерде танаптардың беткі қабатын тегістеу және нығыздау үшін топырақты малалайды. Ол үшін арнаулы құрал мала пайдаланылады. Малалау кезінде жердің ой-шұқыры тегістеліп ірі кесектер ұсақталып ойпаң жерге жылжытылып түсіріледі. Малаланған танап біршама тегістеліп, оған берілген су біркелкі жайылады. 4.7 Топырақ өңдеу жүйесі. Әр аймақтың топырақ-климаттық ерекшеліктеріне сәйкес ауыспалы егісте белгілі бір дақылға арналып жүргізілетін, алға қойылған мақсатты шешуге бағындырылған және белгілі бір тәртіппен ғылыми тұрғыға негізделіп жүргізілетін топырақ өңдеу тәсілдерінің жиынтықтарын топырақ өңдеу жүйесі деп атайды. Топырақ өңдеу жүйесі алғы дақылдарға, танаптың жағдайына, яғни оның ылғалдық дәрежесіне, арамшөптермен ластануына, топырақтың грануметриялық құрамына, құрылымына, құрлысына, егілетін ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне, аймақтың топырақ-климаттық және басқа жағдайларға байланысты. Жүргізілу мерзіміне қарай топырақ өңдеу жүйесі егін себер алдындағы және сепкеннен кейінгі болып бөлінеді. Сүдігер жырту. Келер жылы көктемде себілетін немесе отырғызылатын жаздық дақылдар үшін осы жылғы жаздың екінші жартысында немесе күзде жүргізілетін топырақты негізгі өңдеу сүдігер жырту делінеді. Топырақтың құнарлылығын және ауылшаруашылық дақылдарының өнімін артыруда сүдігер жыртудың үлкен өндірісітік маңызы бар. Қазақстанда атмосфералық жауын-шашын мөлшері тапшы, сондықтан сүдігер жырту топыраққа күзгі, қысқы және көктемгі жауын-шашын мен қар суларының жақсы сіңуін, қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сүдігер жырту топырақта микробиологиялық процестің жақсы жүруіне, жырту алдында танапқа берілген органикалық, минералдық тыңайтқыштар мен топыраққа сіңірілетін өсімдік қалдықтарының және жасыл тыңайтқыштардың тез ыдырауына, сөйтіп танапта коректік заттар қорының мол жиналуына қолайлы жағдай жасайды. Күзде сүдігер жырту танаптардағы арамшөптерді, олардың тұқымдары мен вегетативтік көбеюі мүшелерін, ауылшауашылық дақылдарының зиянды жәндіктері мен ауру қоздырғыштарын жоюға, көктемгі егістік жұмыстарды жүргізу кезінде қарбаластық тудырмауға толық мүмкіндік береді. Сүдігер жырту шаруашылықта техникалар мен аулшаруашылық машиналарын және құралдарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік туғызады. Көптеген ғылыми-зерттеу мекемелерінің, оның ішінде бұрынғы Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы институты мен Қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік институтының жүргізген көпжылдық тәжірибелері күзде сүдігер неғұрлым ерте жыртылса, соғұрлым оның тиімділігі арта түсетіндігін көрсетті. Десекте, кейінгі жылдары құрылған жеке шаруашылықтар, шаруа қожалықтары және басқа кішігірім шаруашылықтарда қаржы тапшылығына байланысты техникалардың, жанар-жағар майлардың жетіспеушілігінен күзде көбінесе сүдігер жыртылмайды, немесе өте кеш және сапасыз жүргізіледі. Сондықтан сүдігер жыртудың тиімділігі онша болмайды. Дәнді дақылдардан кейін топырақты негізгі өңдеу. Дәнді дақылдарға жаздық және күздік бидайлар, арпа, қарабидай, сұлы, күріш, тары, қарақұмық және басқалары жатады. Олар көбінесе жай қатарлы, тар қатарлы немесе тоғыспалы әдіспен себіледі. Осы дақылдардың тұқым себу науқанын сапалы өткізуге, оның жылдам және біркелкі көктеп шығуы мен өсімдіктің кейін қарқынды өсіп-дамуына күзде сүдігердің сапалы өңделгеніне тікелей байланысты. Егер, сүдігер жырту сапалы жүргізілсе, онда кейінгі орындалатын басқа агротехникалық шаралар тиімді өткізіледі. Отамалы дақылдармен салыстырғанда дәнді дақылдардан кейін топырақ онша нығыздалмайды, сондықтан одан ылғал көп буланып ұшады. Топырақ үстінде қалған аңыздар мен өсімдік қалдықтары, қыста қардың танаптарда мол жиналуына зор әсер етеді. Мысалы, Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы институтының деректері бойынша жерді соқамен аударып жыртқан жерлерде қыста танаптағы қардың қалыңдығы 19,2 см, ал жазықтабан сыдыратілгіш культиватормен терең қопсытқанда 24,3 см болған. Жел эрозиясы болатын жерлерде танаптың бетінде аңызды және басқада өсімдік қалдықтарын сақтау үшін жазықтабан сыдыражыртқыштармен өңдеу дәнді масақты дақылдардың түсімін арттырады. Аталған институттың деректері бойынша сүдігерді соқамен жыртқан танаптарда жаздық бидай өнімі әр гктардан 10,9 центер, ал жазықтабан сыдыражыртқышпен өңдегенде 14,7 центнер болған, яғни екінші тәсіл әр гектардан 3,8 центнер өнімді артық алуға мүмкіндік берген. Қазақстанның басқада қуаңшыл аймақтарында да осыған ұқсас нәтижелер алынды. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының тәлімі жерлері қуаңшыл ашық далалы аймақта орналасқан. Бұл өңірде ылғал тапшы, жел күшті, топырағының гранулометриялық құрамы жеңіл, сондықтан жерді қайырмалы соқамен аударып жырту жел эрозиясына әкеліп соқтырады. Сол себепті жерді жазықтабан сыдыратілгіш культиваторлармен өңдеген тиімді. Мұны Алматы облысының Іле ауданында орналасқан шаруашылықтардың деректері толық дәлелдеп берді. Дәлірек айтқанда, аталған ауданда сүдігерді соқамен жыртқанда орта есептпен 5 жыл ішінде дәнді масақты дақылдардың әр гектардан түсімі 5,4 центнер, ал жерді жазықтабан сыдыратілгішпен өңдегенде 9,4 центнерге жетті. Отамалы дақылдардан кейін топырақ өңдеу жүйесі Отамалы дақылдарға қатараралығы кең тәсілмен себілетін жүгері, мақта, қант қызылшасы, темекі, күнбағыс, картоп, көкөніс, бақша және тағы басқа дақылдар жатады. Аталған дақылдардың көпшілігі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағының суармалы егіншілігінде өсіріледі. Жоғары өнімді дақылдар болғандықтан оларға органикалық және минералдық тыңайтқыштар беріледі. Жаз бойы дақылдардың қатараралығы 2-3 рет культивацияланды. Осы себепті отамалы дақылдардан кейін танап арамшөптерден біршама таза, топырағында ылғал мен коректік заттары әжептәуір сақталған, топырағы нығыздалмаған, яғни танаптың фитосанитарлық жағдайы дәнді масақты дақылдардан босаған танаппен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Егер танаптағы аталған дақылдарды уақытында сапалы түрде күтіп баптаса, яғни дер кезінде қатарарлықты өңдесе онда осы көрсеткіштері жағынан отамалы дақылдар себілген танап таза парға жақындайды. Сондықтан кейде отамалы дақылдардан кейін танапты терең өңдемей, оның беткі қабатын культивациялау жеткілікті екенін ғылыми-зерттеу мекемелері мен озық тәжірибе көрсетті. Әрине, топырақ өңдеу тәсілі мен тереңдігі танаптың жағдайына, оның арамшөптерден тазалығна, ылғал мөлшеріне, себілетін дақылдарға байланысты. Егер, танапта атпатамырлы, немесе тамырсабақты көпжылдық арамшөптер басым, топырақтың гранулометриялық құрамы ауыр болса, ондай жерлерді міндетті түрде қайырмалы соқамен аударып тереңге жырту керек. Келер жылы танапқа отамалы дақылдардан кейін отамалы дақылдар қайталанып себілсе, онда да жерді, әсіресе қант қызылшасы, себілетін танапты, терең жырту керек, себебі жер таяз жыртылатын болса, онда аталған дақылдың тамыр-жемісі қысылып өспей қалады. Картоп отырғызатын жерлердің терең жыртылуы керек. Отамалы дақылдардың ішінде күнбағыс және жүгеріден кейін жерді соқамен жырту керек. Сөйтіп, отамалы дақылдардан кейін топырақты өңдеу тәсілдері мен олардың тереңдігін дұрыс таңдай білудің өндірістік маңызы зор. Дәнді дақылдар себілетін жағдайда танапты онша терең өңдеудің қажеті шамалы. Көпжылдық шөптерден кейін топырақ өңдеу жүйесі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы суармалы жерлерде көптеген дақылдардың жақсы алғы егісі ретінде жоңышқа, ал солтүстік өңірінде еркекшөп егіледі. Көпжылдық шөптер бір орында 3-4 жыл тұрғандықтан олардан кейін танапта шым-қыртыс пайда болады, сондықтан топырақ түйіршіктері бірі мен бірі тығыз байланысқан. Көпжылдық шөптерден кейін топырақтың физикалық қасиеттері жақсарады, танап арамшөптерден тазаланады. Біржылдық дақылдармен салыстырғанда көпжылдық шөптерден кейін танаптың технологиялық қасиеттері жақсарады, бірақ көпжылдық шөптер, әсіресе жоңышқа топырақтағы ылғалды көп пайдаланғандықтан оны құрғатып жібереді. Осыған орай, көпжылдық шөптерден кейін топырақ өңдеудің алдына мынандай талаптар қойылады: - топырақ өңдеу арқылы көпжылдық шөптің жер бетіндегі және жер астындағы органдарының тіршілік қабілетін жою; - өсімдік қалдықтарының тез ыдырауына қолайлы жағдай жасау; - топырақтың ылғал, ауа, коректік заттар режимдерінің жақсаруына қолайлы жағдайлар тудыру. Жергілікті жердің топырақ-климаттық жағдайына, шымның сапасына, көпжылдық шөптерден кейін себілетін ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне және олардың қоятын талаптарына байланысты топырақ өңдеу жүйесі анықталады. Мысалы, көпжылдық шөптерден кейін себілетін дақылдар үшін жер өңдеудің ең жақсы тәсілі оны шолақ түренмен жабдықталған соқамен 25-30 см тереңдікке мәдени жырту. Жер өңдеудің сапасы жақсы болу үшін ең алдымен көпжылдық шөптердің қыртысын қарама-қарсы бағытта екі рет дискілі құралдармен өңдеу керек. Бұл ретте көпжылдық шөптердің жер асытндағы тамыр жүйелері мен танап бетіндегі органдары қырқылады, соның нәтижесінде олардың тіршілік қабілеті жойылып, келер жылы көктеп-дамуын тежейді. Соңғы дискілеуден 1,5-2 апта өткен соң жерді мәдени соқамен жыртады. Гранулометриялық құрамы ауыр топырақтарда, жел эрозиясына аз ұшырайтын аймақтарда, көпжылдық шөптерді пішенге жинап алғаннан кейін ,жердің қыртысын бірден шолақ түренді соқамен 25-27 см тереңдікке жырту жүргізіледі. Жыртылған қыртысты дискілі сыдыражыртқышпен немесе шанышпалы тырмамен өңдейді және бұдырлы сақиналы катокпен нығыздайды. Ерте пісетін дақылдарды жинап алғаннан кейін топырақты дискілі сыдыра жырқышпен 8-10 см тереңдікте, осыдан 2 апта өткен соң екінші рет 12-14 см тереңдікте сыдыра өңдейді. Сыдыра жыртып өңдеудің саны, тереңдігі және пайдаланылатын құралдарының түрі, арамшөптер мен танап топырағының ерекшелігіне байланысты шешілуі тиіс. Суармалы егіншілік жағдайында көпжылдық арамшөп өскен аңызды екі, кейде үш рет өңдеу тәуір нәтиже береді. Егер атпатамырлы арамшөптер егістікте шамалы немесе орташа мөлшерде болса, онда ерте пісетін дақылдарды жинап алған соң топырақ 28-30 см тереңдікке шолақ түренді соқамен бірден жыртылады, ал одан кейін танапта арамшөптер қайталап өсіп шықса, онда 12-14 см тереңдікке дискімен өңдейді. Егер егістікте тамыры терең орналасқан көгентамырлы арамшөптер (құмай, қияқ, қырықбуын) басым болса, онда топырақты 10-12 см тереңдікте лемешті сыдыражыртқышпен өңдеген кезде көгентамырлары 5-20 см ұзындықта қиылады, әйтседе жерге терең бойлаған тамырлар қиылмай қалып қояды. Бұл жағдайда лемешті сыдыра жырқыштарды 14-16 см тереңдікке түсіріп өңдесе, онда аталған арамшөпердің тамырлары қиылады, әрі олар топырақ бетіне шығарылып тасталады. Көпжылдық шөптердің қыртысын жырту мерзімінің үлкен маңызы бар. Ол топырақтың гранулометриялық құрамына, ылғалдық дәрежесіне, қыртыстың тығыздылығына байланысты. Көптеген аймақтарда көпжылдық шөптердің қыртысын ерте өңдеу жақсы нәтиже береді. Мысалы, күзі ерте түсетін және салқын болатын Солтүстік Қазақстан облыстары жағдайында көпжылдық шөптердің қыртысын ерте жырту маңызды рөл атқарады. Мұның себебі осы өңірдің қуаңшыл және күзі салқын келетін жағдайында ерте жыртылған жердегі өсімдік қалдықтары баяу ыдырап, көктемге дейін танапта жеткілікті мөлшерде коректік заттар мен ылғал қоры жиналады, яғни жаздық бидай өсімдігінің өсіп-дамуы қолайлы жағдай жасалады. Республиканың оңтүстік-шығыс өңірінің тәлімі жерлерінде көпжылдық шөптердің қыртысын ерте өңдеу жақсы нәтиже береді. Аталған аймақта жаз-айында жыртылған көпжылдық шөптер қыртысына себілген жаздық арпаның өнімі күзде жырту мерзімімен салыстырғанда әр гектарда 2,1-2,6 центнер артық болған. Гранулометриялық құрамы жеңіл (құмдық, құмдауыт) топырақтарда органикалық қалдықтар тез ыдырайды, сондықтан мұндай жерлерде көпжылдық шөптерден кейін топырақты кешірек өңдеген оң нәтиже береді. Егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесі. Ауылшаруашылық дақылдарының жақсы өсіп-дамуына топырақты негізгі өңдеу жеткіліксіз. Себебі, күзде топырақты негізгі өңдегеннен келер дақылды сепкенге дейін қардың, ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының, тракторлардың салмағынан топырақ тығыздалады, сондықтан оны егін себер алдында өңдеп, қопысыту қажет. Егін себер алдында топырақ өңдеудің алдына мынандай талаптар қойылады: - танапты өсімдік қалдықтарынан, арамшөптерден, зиянды жәндіктер мен ауру қоздырғыштардан тазарту; - себілген тұқымдардың жылдам және біркелкі көктеп шығуы үшін қолайлы жағдай жасау. Егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесі көптеген жағдайларға, оның ішінде топырақтың гранулометриялық құрамына, құрылымына, құрылысына, негізгі өңдеу тәсіліне, дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Осылардың ішінен көбіне-көп топырақты негізгі өңдеу тәсілі мен себілетін дақылдардың биологиялық ерекшеліктері маңызды орын алады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағында жерді соқамен жыртқандықтан ерте көктемде жер өңдеу топырақты тырмалаудан басталады. Ол топырақ физикалық «пісіп-жетілген» кезде тісті тырмалар арқылы жүгезе асырылады. Тырмалаудан кейінгі егін себер алдағы топырақ өңдеу жүйесі келер дақылдардың себілу мерзіміне байланысты. Ерте себілетін дақылдарға ылғал жапқаннан кейін топырақты тұқым сіңіру тереңдігіне культивациялайды. Оның негізгі мақсаты – қыстап және көктемде өсіп шыққан арамшөптерді жою, топырақтың беткі тұқым сіңірілетін қабатын қопсыту. Культивациямен бір мезгілде танап тырмаланады. Гранулометриялық құрамы ауыр топырақтарда және арамшөптер басым жерлерде культивациялау тереңірек жүргізіледі. Ал жылусүйгіш (жүгері, қант, қызылшасы, мақта, көкөністер) кеш себілетін дақылдар үшін ылғал жабылғаннан және арамшөптер көктеп шыққаннан соң танап 8-10 см тереңдікке екінші рет культивацияланады. Топырақтың беті тегіс болмаса, оны катокпен нығыздайды. Егер көктем кеш шығып және салқын болғанда дақылдардың себу мерзімі кешігеді, сондықтан арамшөптер қайта өседі, осы жағдайда топырақты дәл егін себер алдында үшінші рет культивациялау керек. Қазақстанның далалық ашық солтүстік аймақтарында топырақты негізгі өңдеу жазықтабан сыдыратілгіш култиваторлармен жүргізілгендіктен танап бетінде аңыз бен өсімдік қалдықтары сақталады да мұндай жерде ылғал жабуға тісті тырма жарамайды. Сондықтан, танапта ылғал жабу үшін инелі БИГ-3А, БМШ-15 немесе жазық дискілі сыдыражыртқыштар қолданылады. Аталған өңірде тұқым СЗС-2,1 А дәнсепкішімен себіледі. Ол бір жүріп өткенде 4 операция жасайды, яғни арамшөптерді қырқады, тұқым себеді, топыраққа түйіршікті тыңайтқыштарды шашады және топырақты жеңіл нығыздайды. Сондықтан, тырмалаудан кейін топыраққа жеке культивациялау жүргізбейді. Дегенмен, тұқым кәдімгі дискілі дәнсепкіштермен (СЗП-24) себілсе, онда әрине дәл егін себер алдында топырақты КПШ-9,КПШ-11 және басқа құралдармен тұқым сіңіру тереңдігіне культивациялау керек. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағындағы эрозия болу қаупі бар тәлімі егіншіліктегі егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесі дәл осындай. Дәндері өте майда дақылдар себілетін танапты егін себер алдында катоктармен нығыздайды, себебі ол аталған дақылдардың тұқымын біркелкі тереңдікке сіңіруге, сөйтіп егіннің толық және тез көктеп шығуына мүмкіндік туғызады. Пар және оны өңдеу жүйесі Белгілі бір уақыт ауылшауашылық дақылдарынан бос болатын және арамшөптерден таза күйінде ұсталатын танаптар пар деп аталады. Ол күздік және жаздық дәнді масақты дақылдар үшін өте жақсы алғы егіс. Пардың негізгі міндеттеріне мыналар жатады: - танапта ылғал қорын жинау, сақтау және оны үнемді пайдалану; - топырақ қабатындағы микроорганизмдердің белсенділігін арттыру; - топырақтағы коректік заттар қорын молайту; - танапты арамшөптерден, өсімдік зиянкестері мен ауру қоздырғыштардан тазарту Пар таза (қара пар, ерте таза пар), ықтырмалы, екпелі (жаппай, отамалы) болып бөлінеді. Таз пар деп ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіруден бос және вегетация бойына өңделетін танапты айтады. Таза пар Қазақстанның құрғақшыл суарылмайтын аймақтарында маңызды рөл атқарады. Мұнда пардың және оның келесі жылғы әсерінен әр гектардан 3-4 ц қосымша өнім алуға болатыны анықталып отыр. Қара пар таза пардың бір түріне жатады. Оны өңдеу жаздың екінші жартысынан басталып күздің аяғына дейін және келер жылғы дақылдарды сепкенге дейін жүргізіледі. Алғы дақылды жинап алғаннан кейін танап 22-25 см тереңдікке соқамен жыртылады. Содан кейін күзде, көктемде және келер жаз бойы әр түрлі тереңдікке өңделеді. Қара таза парда жиналатын пайдалы ылғал қоры туралы көп жылғы зерттеу жұмысы мынаны көрсетті. Кейбір жылдары күздік бидай себу мезгіліне қарай танаптағы ылғал көктемгі мөлшерімен салыстырғанда азаяды. Әйтседе парға жиналған көктемгі ылғалдың қорының күздік бидай сепкенге дейін 50-60 пайызы сақталады. Сондықтан, ылғалы мүлде жеткіліксіз және онымен жартылай ғана қамтамасыз етілетін аймақтардағы тәлімі егіс жағдайында ең жоғарғы да тұрақты өнім сапалы дайындалған таза қара пардан ғана алынады. Қара таза пар көбінесе Қазақсанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарының тәлімі жерлерінде қолданылып күздік бидайға өте жақсы алғы егіс болады. Ерте пар да - таза пардың бір түрі, оның айырмашылығы қара пардай күзде өңделіп дайындалмайды. Парды өңдеу ерте көктемнен басталып күзде аяқталады, ал келер көктемде оған жаздық бидай егіледі. Ерте таза пар републиканың астықты солтүстік өңірінде қолданылады. Бұл аймақта жел эрозиясы егіншілікке орасан нұсқан келтіреді, сондқтан парды өңдеу тәсілінің үлкен өндірістік маңызы бар. Аталған аймақта орналасқан ғылыми-зерртеу мекемелерінің көпжылдық зерттеу жұмыстары парды жазықтабанды сыдыратілгіштермен өңдегенде жел эрозиясына топырақтың ұшырамайтындығын көрсетті. Оған дәлел ретінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің тәжірибесін келтіруге болады (4 кесте). 4 кесте Пар өңдеу тәсілінің топырақтың беткі қабатының желге төзімділігіне әсері (орташа 1993-1997 жылдар ішінде) |Топырақ өңдеу |Аңыздың |Парлаудан кейінгі|0-5 см қабаттағы | |тәсілдері |сақталуы, % |аңыз саны, |топырақ | | | |дана /м2 |түйіртпектілігі, % | |1.Жаздықтабан сыдыра |17,0 |64,0 |52,7 | |тілгішпен өңделген | | | | |пар | | | | |2.Қыртысы аудар-ылып |2,9 |11,0 |61,0 | |өңделген пар | | | | |3.Гербицид – |58,3 |264,0 |44,8 | |жазық-табан сыдыра | | | | |тілгішпен өңделген | | | | |гербицид қолданылған | | | | |пар | | | | |4. |63,9 |241,0 |47,5 | |Гербицид-жазықта-ан | | | | |сыдыратілгіш өңделген| | | | |+гербицид қолданылған| | | | |пар | | | | |5.Гербицид |79,0 |290,0 |40,0 | |қолданылған пар | | | | Осы 4-ші кесте келтірілген мәліметтерден гербицид қолдану арқылы парды өңдеу санын азайтқанда танаптың әр шршы метр жерінде ең көп аыңз қалып, ол топырақты жел-эрозиясынан жақсы қорғайтындығын көреміз. Жаз бойы арамшөптер көктеп шыққан сайын КПШ-9, КПШ-11 культиваторлар мен 3-4 рет әр түрлі тереңдікке өңделеді, сондықтан осы кезде танап арамшөперден тазарады, топырақ қабатында коректік заттар мен ылғал қоры жиналады. Мысалы, Ақмола облысында орналасқан Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылғы институтының көпжылыдқ деректері бойынша ерте таза парда 170 мм пайдалы ылғал қоры жиналса, ал сүдігерге жыртылған танапта оның мөлшері 123 мм-ден аспайды. Ерте таза парды негізгі өңдеу тамыз айының соңында 25-27 см тереңдікке жазықтабан сыдыратілігш КПГ-250 типтес культиваторлармен жүзеге асырылады. Ықтырмалы пар - таза пардың ерекше түрі. Ол астықты өңір солтүстік Қазақстанда жаздық бидайдың ең жақсы алғы егісі. Қысы қатты, ылғалы тапшы бұл аймақтарда қарды егістік алқаптан жел айдап әкететін ашық далалық аймақтарда қолданылады. Ол үшін пар табанына биік сабақты өсімдіктер (жүгері, қыша, қонақ жүгері, күнбағыс) егіледі. Ықтырмалы парда тоқтатылған қардың қалыңдығының әсерінен топырақ тереңге тоңданбайды. Соңғы жылары ықтырма ретінде ең қолайлы дақыл қыша екені анықталды. Қыша жаздың ортасында, яғни пар танабы екі-үш рет өңделіп, арамшөптер жойылғаннан кейін себілсе, оның сабақтары күзгі суыққа дейін қатайып өседі де, қарды жақсы ұстайды. Қыша тұқымын 2-3 қатарлы әдіспен шілденің ортасы кезінде С3С-2,1А сеялкасымен себеді. Осылай себепкенде әр қатардың аралығы 22,3 см, ал ықтырма аралығы 6-8 метр болады. Топырақ қабатында ылғал жеткілікті болса, қыша тұқымын 1-2 сантимертрдей тереңдікке себеді, ал егер топырақтың үстіңгі қабаты кеуіп кеткен жағдайда оны 3-4 см тереңдікке, яғни топырақтың ылғалды қабатына сіңіреді. Ықтырмалы пардың қатараралығы әр бір 2-3 апта сайын культивацияланады. Культивациялау тереңдігі топырақтың беткі 0-10 см қабатының ылғалдылығына байланысты. Егер ауа райы жауын-шашынды болса пар 8-10 см-ге, ал құрғақ жағдайда 10-12 см тереңдікке өңделеді. Ықтырма себер алдында парды 8-10 см тереңдікке культивациялайды. Кей жылдары солтүстік өңірде шілде мен тамызда жаңбыр көп жауғанда пар танабында қарасұлы қаптап кетеді. Бұл жағдайда парды 8-10 см тереңдікке культивациялаған жөн болады. Керісінше, құрғақшылық жылдары екінші және үшінші культивациялағаннан кейін пар табанында атпатамырлы арамшөптер (егістік қалуен, егістік шырмауық, кәдімгі сурепка) қаулап өседі. Осыладың ішіндегі ең қауіптісі егістік шырмауық. Ол бірнеше рет культивациялағанның өзінде толық жойылмайды, сондықтан топырақ өңдеумен қатар 2,4-Д тобындағы эфирлерді әр гектарға әсер етуші затымен 1,4 кг бергенде жақсы нәтижеге жетуге болады. Парды терең (25-27см) тамыздың екінші жарысында КПГ-250 жазықтабан сыдыражырқышпен өңдейді. Ақтөбе облысының қызылқоңыр топырақты өңірінде пардың негізгі өңдеуін 25-27 см тереңдікке жүргізгенде жаздық бидайдан ең жоғарғы өнім алынған, ал жеңіл топырақтарда 20-22 см өңдегенде өнім жоғарылаған. Гранулометриялық құрамы жеңіл топырақтарда (құмдақ, құмдауыт, жеңіл сазбалшықты) негізгі өңдеуді 14-16 см тереңдікке жүргізу керек. Тамырсабақты жатаған бидайық, жауқияқ өскен пар танабын аталған арамшөптердің тамыр жүйесінен 1-2 см тереңдеу өңдеу жақсы нәтиже береді. Жатаған бидайық пар танабында ойдым-ойдым кездесетін болса, онда топырақты 14-16 см тереңдікке культивациялайды. Азжылдық және атпатамырлы арамшөптер өскен пар танабын өңдеу алғы егісті жинап алғаннан кейін 10-14 см тереңдікке КПШ-9 жазықтабан сыдыратілгіштерімен өңдеу аталған арамшөпердің тұқымдарын топыраққа сіңіреді, ал өсіп тұрған арамшөперді қырқады, көктемгі қар суының топыраққа жақсы сіңуін қамтамасыз етеді. Ал қарасұлы көп өскен танаптарда оны қосымша БИГ-3А тырмасымен 4-6 см тереңдікке аңызға кесе-көлденең бағытта тырмалайды. Ықтырмалы парды бірінші культивациялау КПШ-9 культиваторларымен 8-10см тереңдікке арамшөптер көктеп шыққанда жүргізеді, ал қарасұлы басым танаптарды өңдеу мамырдың бірінші жартысында басталады. Парды келесі культивациялау атпатамырлары арамшөптер сабақтағаннан бастап, жаз бойы 3-4 рет 10-12 см тереңдікке өңдейді. Екпелі пар дегеніміз вегеациялық кезеңнің біршама уақытында, яғни жаздың бірінші жартысында, мәдени өсімдіктер өсірілген, ал қалған уақытта (жаздың екіншісі жартысы-күз айлары) өңделетін танап. Онда вегетациялық кезеңі қысқа, яғни ерте пісіп, танапты ерте босататын ауылшаруашылық дақылдары өсіріледі. Ондай дақылдар ерте жиналып алынады да, топырақ, қара таза пар тәрізді өңделеді. Ол танапқа осы жылы күздік бидай немесе келер жылғы көктемде басқа дәнді дақылдар себіледі. Ылғалы жеткілікті тәлімі аймақта және суармалы егістікке таза пардың тиімділігі шамалы болады. Сондықтан, ондай жерлерде таза парды екпелі пармен алмастырады. Екпелі пардың оған себілген дақыл түсіміне бірінші және одан кейінгі жылдардағы әсері таза пармен салыстырғанда біршама төмен болады. Қара таза пармен салыстырғанда, екпелі пардың артықшылығымен қатар кемістігі де байқалады. Егіншілік мәдениелігі жоғары шаруашылықтарда екпелі пар тиімді, ал егіншілік мәдениелігі төмен шаруашылықтарда таза қара пар тиімді. Екпелі пар жаппай және отамалы болып екі түрге бөлінеді. Жаппай екпелі парға ерте пісетін біржылдық жай қатарлы әдіспен егілетін дақылдар себіледі, олардың ішінен қара бидайды, сұлы мен ас бұршақтың қоспасын, біржылдық шөптерді атауға болады. Жаппай екпелі пардағы дақылдардың вегетациясы кезінде ешөқандай топырақ өңдеу жүргізілмейді. Бұл дақылдар ерте жиналады да, қалған мезгілде танапты күзге дейін пар түрінде өңдейді, сөйтіп өзінен кейінгі өсімдіктерге жақсы алғы дақыл болады, себебі топыраққа органикалық заттар қоры көп жиналады, сондықтан күздік дақыдардың өнімін едәуір арттырады. Отамалы екпелі парға көбінесе көкөністің ерте пісетін сорттары, сүрлемдік жүгері, тағы басқа дақылдар егіледі. Отамалы дақылдар себілген екпелі пардың өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, отамалы дақылдар егілген танаптың топырағын олар көктеп шыққанға және көктеп шыққаннан кейін тырмалайды. Екіншіден, екпелі пардағы отамалы дақылдардың қатараралықтары қосымша өңделеді,сондықтан ол маңызы жағынан таза парға жақын болады. Отамалы екпелі пардың бір кемістігі оған себуге жарайтын вегетациялық кезеңі қысқа отамалы дақылдар саны өте аз. Көпшілік отамалы дақылдардың өніп-өсу мерзімі ұзақ, оны жинап алу күзге дейін созылады да, пар танабын баптап сапалы өңдеуге уақыт жетпейді. Мұндай жағдайда топырақты өңдеуді отамалы дақылдың жиналуына қаратады да, екпелі пардың топырағы негізгі себілетін дәнді дақылдар үшін дайын болмайды. Екпелі парда отамалы дақылдардың өніп-өсу мерзімі мүмкіндігінше қысқа, өнімі ертерек жиналатындай, қалған уақыт пар танабын өңдеуге жетерліктей болу керек. Мұндай талаптарды қанағаттандыратын тек қана кең қатарлап себілетін бұршақ, көкөніс, картоптың ерте пісетін сорттары, сүрлемдік жүгері дақылдары қанағаттандырады. Отамалы парды өңдеу алғы егісті жинап алғаннан кейін жерді жыртудан басталады, яғни танап 22-25 см тереңдікке бір мезгілде тырма тіркелген соқамен жыртылады. Ерте көктемде танапта ылғал жабылады, дақылдарды сепкенше топырақ бір-екі рет 6-8 см-ге тереңдікке культивацияланады, содан кейін дақылдар себіледі. Олардың вегетация кезінде қатараралығында арамшөптердің пайда болуына қарай 2-3 рет культивациялайды. Дақылдарды жинағаннан кейін пар өңдеу жүйесі басталады. Ол аймақтың топырақ ерекшелігіне, себілген дақылдарды өсіру технологиясына байланысты болады. Парда отамалы дақылдар себілгендіктен, танап арамшөптерден таза, топырағы босатылып қопсытылған, келесі дақылды себуге жақсы дайындалған. Сондықтан, оны күздік бидай сепкенше 2-3 рет культивацияласа жетеді. Соңғы культивациялау күздік бидай тұқымының сіңірілу тереңдігіне, яғни 6-8 см-ге жүргізілуі керек. Жасыл пар – екпе пардың бір түрі. Жасыл пар немесе сидерат деп жасыл тыңайтқыш ретінде топыраққа сіңірілу үшін бұршақ тұқымдас біржылдық дақылдар себілетін танапты айтады. Жасыл парға егілген дақылдарды жинап алмай, оларды гүлдену фазасында жыртып, топыраққа тыңайтқыш ретінде сіңіреді. Жасыл парға жаздық сиыр жоңышқа, шабдар, бөрібұршақ, сераделла, екпе ноғатық, түйе жоңышқа сияқты бұршақ тұқымдас дақылдарды өсіреді де, үлкен вегетативтік масса құрғанда және тамыр жүйелері әбден жетілген шағында көктей күйінде жыртып топыраққа сіңіреді. Жасыл пар құмдақ, құмдауыт, құнарлылығы төмен жерлерде қолданылады. Ол органикалық заттарды көбейтіп, топырақ құнарлылығын жақсарта түседі. Жасыл пардың өңдеу жүйесі аймақтың жағдайына және жасыл тыңайтқыш ретінде себілетін дақылдардың биологиялық ерекшелігіне байланысты. Жасыл парды өңдеу алғы дақылды жинап алғаннан кейін сүдігер жыртудан басталады. Ерте көктемде танап тырмаланады, культивацияланады, содан кейін жасыл тыңайтқыш ретінде таңдап алынған дақыл себіледі, күтіп-бапталады. Ол дақыл гүлдеген кезде соқа жіберіліп, жер жыртылады, ал оған күзге дейін егер күздік бидай себілсе, не көктемге дейін, жаздық дәнді дақылдар себілетін болса, танап бірнеше рет культивацияланады. Жасыл парға егілетін өсімдік тамырлары топырақ қабатында тереңге тарайды. Сөйтіп, тереңде жатқан минералдық коректік заттарды пайдаланады. Топырақтың төменгі қабатындағы басқа өсімдіктердің тамырлары пайдалана алмайтын заттарды сіңіреді. Жасыл пардағы себілген өсімдіктер құрамына кірген осы коректік заттар қайтадан топырақтың беткі таяз қабатына жиналып, олармен дәнді масақты дақылдар коректене алады. Топырақтың төменгі терең қабатындағы коректік заттарды оның жоғарғы қабатына көтеру процесінің суды жылдам өткізген құмды топырақта маңызы өте үлкен. 4.8 Пардан басқа алғы егістерден кейін күздік дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі Күздік дақылдар, оның ішінде күздік бидай, негізінен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы суармалы және ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген тәлімі егіншілігінде өсіріледі. Суармалы егіншілікте олар көбіне екпелі пардан кейін орналастырылады, ал тәлімі егіншілікте таза парға себіледі. Сонымен қатар, күздік бидай пардан басқа алғы егістерден кейін де себіледі. Оларға сүрлемдік жүгері, көпжылдық шөптердің қыртысы, қант қызылшасы және басқа отамалы дақылдар жатады. Пардан басқа алғы егістерден кейін күздік бидайға топырақ өңдеу жүйесі жергілікті жердің ауа райына, алғы дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, танаптың фитосанитарлық жағдайына жағдайына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, күздік бидай бір танапта қатарынан екі-үш жыл бойы себілуі мүмкін. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында күздік бидайды жинау шілденің ортасынан басталады. Сондықтан, ол танапты ерте босатады, келер күздік бидайды сепкенше ұзақ уақыт бар. Ол танапты сапалы өңдеуге мүмкіндік береді. Күздік бидайды орып алысымен танапты сыдыра жырқышпен алғашқы рет 6-8 см тереңдікке, содан 2-2,5 апта өткеннен кейін екінші рет осы құралмен 8-10 см тереңдікке өңдейді. Екінші өңдегеннен 2-3 апта өткен соң танап 22-25 см-ге егін себер алдында 6-8 см тереңдікке культивацияланады. Қант қызылшасы, картоп, сүрлемдік жүгері сияқты отамалы дақылдардың вегетациялық кезеңі ұзақ болғандықтан кеш пісіп, танапты уақытылы босата қоймайды. Сондықтан, көп кешіктірмей топырақты өңдеуге кірісу керек. Егер, аталған дақылдар вегетация кезінде жақсы күтіп- бапталудың арқасында арамшөптер, әсіресе көгентамырлы арамшөптер жоқ не аз болса, онда танапы күздік бидайды себердің алдында 6-8 см тереңдікке культивациялайды. Керісінше танапта арамшөптер көп болса, онда алғы егістерді жинап алғаннан кейін танапты сыдыра өңдеп, содан кейін егін себер алдында соқамен жырту керек. Егін себер алында тұқым сіңіру тереңдігіне топырақты культивациялайды. Күздік бидайды көпжылдық шөперден кейін сепкенде, оның қыртысын кесе көлденең екі бағытта сыдыра жырқышпен, не болмаса дискілі тырмамен өңдейді. Содан 1-2 апта өткен соң жерді 28-30 см тереңдікке артына тырма тіркелген шолақ түренді соқамен жыртады. Күздік бидай себер алдында топырақты 6-8 см тереңдікке культивациялайды. Мүмкіндік болса күздік бидайды таза және екпелі парлардан кейін сепкен жөн, кері жағдайда оны жақсы алғы дақылдардан (отамалы дақылдар) кейін орналастырған жоғары өнім алуға болады. 4.9 Орманды көшеттіктерде топырақ өңдеудің маңызы Егіншілік шаруашылығымен салыстырғанда топырақ өңдеудің айырмашылығы онша көп емес. Мұнда топырақ өңдеудің міндеті ормандық көшеттіктерде топырақтың құнарлылығын жоғарлату, құрылымын, физика-химиялық қасиеттерін жақсарту, ылғал жинау,сақтау, оны үнемді пайдалану, арамшөптерді, өсімдіктерің зиянды организмдерін жою, ауа-жылу режимдерін ретке келтіру. Орман алқабынан жерлерді, ағаш түбірлерін жою, топырақты тегістеу, арамшөптермен күресу, шым қыртысын ұсақтау, топырақты қопсыту. Орман шаруашылығында егіншіліктегідей топырақты негізгі (аудармай, аударып жырту, жазықтабан сыдыратілгіштермен қопсыту), жердің беткі қабатын (тырмалау, сыдыра жырту, культивациялау, нығыздау, шлейфтеу, жоспарлап- жүйелеу) өңдеу тәсілдері қолданады. Сонымен қатар топырақ өңдеу, оның ішінде пар өңдеу жүйелері жоғарыда толық жазылды. Бұл жерде орман көшеттеріндегі топырақ өңдеу ерекшеліктері туралы жазылған. Топырақты алғашқы бастапқы өңдеу ормандық көшеттіктер салынатын барлық жер көлемінде жүргізіледі. Егер, ормандық көшеттіктер тың және тыңайған жерлерде салынса, онда топырақ өңдеу қара парды өңдегенде жүргізіледі. Қара топырақ таулы-орманды және орманды-шалғындық топырақтарда оны өңдеу үшін қара парды өңдеу технологиясы толық сақталу керек. Ал, қызыл- қоңыр және сұр топырақтарда жер жырту тереңдігі олардың қарашірінді қабатының қалыңдығына байланысты, егер жерді бұл қабаттан терең жырту керек болған жағдайда төменгі қабаттарды топырақ қопсытқыштармен немесе қайырымсыз соқамен өңдеу керек. Ауыспалы егістерді жыл сайын өңдеуге себілімдіктер мен екпе көшеттерін қазып алғаннан кейін, көпжылдық екпелі шөптерді және ауылшаруашылық дақылдарды жинағаннан кейін жер қара немесе сидералды пар т.рінде өңделеді, ал көктемде көшет отырғызу алдындағы топырақ өңдеу жүргізіледі. Топырақты негізгі өңдеу көшеттерді қазып алғаннан соң күзде толық тереңдікке сүдігерге жыртады, немесе көктемде жыртады. Көпжылдық екпелі шөптерден босаған танаптарды (тамыз айында), ең алдымен сыдыра жыртқышпен өңдеп, содан 2-3 аптадан кейін жыртып, содан соң тағы бір сыдыра жыртқышпен өңдеген жақсы нәтиже береді. Көшет отырғызу алдындағы топырақ өңдеуге ылғал жабу, культивациялау, шлейфтеу, нығыздау, топырақты жоспарлап – жүйелеу (планировка) жатады. 4.10 Топырақты минималды, нөлдік және жылдам өңдеу Топырақтың физикалық, химиялық, технологиялық қасиеттерін, танаптың фитосанитарлық жағдайын жақсарту мақсатында егіншілікте жерді бірнеше қайтара өңдеуге (негізгі өңдеу, егін себер алдында және егін сеуіп болғаннан кейін өңдеу) тура келеді. Бұлай топырақты бірнеше рет өңдеу оны үгітіп эрозияға ұшыратады, өзі аз ылғал топырақтан буланып ұшып кетіп ысырап болады. Топырақ өңдеуге егіншілікте жұмсалатын барлық шығынның 30-40 пайызы кетеді. Сондықтан, ғалымдар егіншілікте қолданылатын жердің әр гектарынан алынатын өнімді төмендетпейтін топырақ өңдеу жүйесін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы зерттеулердің нәтижесінде ауылшаруашылық өндірісіне топырақты минималды (аз) өңдеу жүйесі енгізілді. Энергетикалық шығындарды кеміту мақсатымен топырақты өңдеудің саны мен тереңдігін азайтуды, бір жұмыс процесінде бірнеше топырақ өңдеу операциялары мен тәсілдерін біріктіруді топырақты минималды өңдеу дейді. Топырақты минималды өңдеу оны үгітілуден сөйтіп, эрозияға ұшыраудан сақтайтын, ал экономиклық жағынан алғанда еңбек пен қаржыны үнемдейтін тиімді агротехникалық шара. Осы жазылғандардың бәрін тұжырымдап келгенде, топырақты минималды өңдеу жұмыс уақытын үнемдеуді, агротехникалық шараларды қолайлы қысқа мерзімде жүргізуді, материалдық, жиналған ылғалды сақтау, топырақтың шамадан тыс нығыздалуын, еңбек өнімділігі мен дақылдардың түсімін жоғарылататын тиімді агротехникалық шара. Топырақты минималды өңдеу мына бағыттарда жүргізіледі: 1. Топырақ өңдедуің санын азайту, яғни танапты бір жүріп өткенде бірнеше топырақ өңдеу тәсілдерін бір агрегатпен жүзеге асыратын машиналар мен агрегттарды қолдану. Мысалы С3С-2,1А дәнсепкіші бір жүріп өткенде 4 операияны жүзеге асырады. Атап айтқанда, топырақты культивациялап арамшөптерді қырқады, тұқым себеді, топыраққа түйіршікті минералдық тыңайтқыштарды шашып сіңіреді және танапты жеңіл нығыздайды. Қазіргі кезде бір жүріп өткенде 6-8 техникалық операция жүргізілетін агрегаттар бар. 2. Жер өңдеуге алымы кең ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын қолдану агрегаттардың танап арқылы жүріп өту санын қысқартуға жәрдемдеседі. Мысалы, бұрынғы қолданылып жүрген КПП-2,2 КШП-3;6 культиваторларының орындарына КПШ-5, КПШ-9, КПШ-11 және кең алымды жазықтабан сыдыратілгіш культиваторлары, ал БИГ-3А тырманың орнына ЛДГ-15, ЛДГ-20, БМШ-15 құралы пайда болды. 3. Жер өңдеу тереңдігін азайту. Ол үшін топырақты жылда-жылда тереңге өңдей бермей, оны таяз өңдеумен алмастырып отыру керек. Терең өңдеу топырақты үгітіп, оның құрылымы мен құрылысын бұзады, танаптың төменгі ылғалды қабаты жер бетіне аударылғаннан кейін судың буланып ұшып кетуіне жол ашылады. Академик А.И.Бараев атындағы бұрынғы Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы институтының ұсынысы бойынша қысқа айналымды, дәнді-парлы, 4 танапты ауыспалы егісте топырақты пар танабында жазықтабан сыдыратілгіш КПГ-250 культиваторларымен 25-27 см тереңдікке қопсытып, ал қалған 3 жылда жердің беткі қабатын кеңалымды жазықтабан КПШ-5, КПШ-9 культиваторымен 14-16 см тереңдіккке өңдесе жеткілікті. Бұл жағдайда атпатамырлы көпжылдық арамшөптер гербицидтер арқылы жойылады. 4. Пар танабында механикалық өңдедуің санын қысқартып, оның орнына гербицид қолдану тиімді. Мысалы, таза парды бір рет механикалық өңдеп, оған қосымша гербицид қолданса, парды 3-4 рет механикалық әдіспен өңдегенде тең екендігін ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері толық дәлелдеді. Кейінгі кезде топырақ өңдеу кезінде кететін шығын, қаржы мөлшерлерін азайту, еңбек өнімділігін арттыру, күзгі және көктемгі далалық жұмыстарды жүргізудің мерзімдерін қысқарту, топырақтың нығыздалуын азайту, сөйтіп ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында өндіріске нөлдік өңдеу немесе егінді тікелей себу тәсілдері қолданылуда. Нөлдік өңдеу дегеніміз – топыраққа ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының жұмыс органдарымен әсер етпеу немесе тікелей тұқым себу. Нөлдік өңдеу топырақтың гранулометриялық құрамы жеңіл, желі қатты соғатын республиканың ашық құрғақ далалық аймақтарымен оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жақсы нәтиже береді. Бұл дәстүрден тыс топырақ өңдеу тәсілінің негізгі мақсаты – танапта ылғалды барынша мол жинау, сақтау және оны тиімді пайдалану. Топырақты нөлдік өңдеу Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде орналасқан Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының ылғалмен қамтамасыз етілмеген тәлімі егіншілігінде қолданылады. Топырақты нөлдік өңдеу тәсілдерін зерттеп, оны өндіріске кеңінен енгізіп жүрген В.Д.Двуреченский басқаратын Солтүстік-Батыс ғылыми өндірістік орталығы. Республиканың оңтүстік-шығыс аймағында бұл мәселемен Қазақ ғылыми- зерттеу егіншілік тнститутының ғалымдары шұғылдануда. Топырақты нөлдік өңдеу олардағы арамшөптерді гербицидтердің көмгімен жою арқылы жүзеге асырылады. Бұл деген топырақты негізгі және егін себер алдындағы өңдеулерден өткізбей-ақ СЗС-2,1А типтес дәнсепкішер сияқты машиналармен бірден егін себу. 4.11 Топырақты жылдам өңдеу Егіншілік пайда болған заманннан бастап бүгінгі күнге дейін топырақ өңдеу жылдамдығы ғылым мен техниканың дамуына байланысты өзгеріп отырды. Алғашқы кезеңдерде, әсіресе өткен ғасырдың 20-30 жылдары, жер өңдеу құралдарын аттың немесе ірі қара малдың күшімен жүзеге асырды, сондықтан жерді өңдеу жылдамдығы сағатына 3-5 шақырымдан аспады. Бертін келе егіншілікте ЧТЗ, ХТЗ, ДТ-54 сияқты шынжыр табанды тракторлар егіншілікте кеңінен қолданылды. Сондықтан, жер өңдеу жылдамдығы сағатына 6-7 шақырымнан 9-10 шақырымға жетті. Көптеген ғылыми-зерттеу мекемелері мен ғалымдардың зертеулері топырақы неғұрлым жылдам, өңдесе, солғұрлым еңбек өнімділігі артады, ал топырақты өңдеу сапасы сағатына 3-5 шақырым жылдамдықпен өңдегеннен кем болмайды, тіпті кейде артық болатындығын көрсетті. Сонымен қатар топырақты жоғары жылдамдықпен өңдеу экономикалық жағынан тиімді, себебі машиналар мен құрал-жабдықтар, жұмыс күші, жанар- жағар майлар аз мөлшерде керек. Топырақ өңдеу жылдамдығы бір орнында тоқтап қалған жоқ, әрі қарай өзгеріске ұшырады. Ауыл шаруашылығында қуатты К-700, К-701 дөңгелекті тракторлардың пайдалану арқасында топырақ өңдеу жылдамдығы сағатына 15-16 шақырымға жетті. Топырақты көрсетілген жылдамдықта өңдеу оның жақсы үгітіліп, өңдеу сапасының көрсеткіштері жоғарылайтындығын ғылыми-зерттеу мекемелерінің жұмыс нәтижелері көрсетті. Сөйтіп, топырақты жоғары жылдамдықта өңдеу барлық агротехникалық шараларды қысқа мерзімде орындауға, еңбек өнімділігін арттыруға, егіншіліктің мәдениелігін көтеруге мүмкіндік туғызды. 4.12 Жырту қабатының қалыңдығын ұлғайту Топырақтың жырту қабаты қалың болған сайын оның құнарлылығы жоғарылайды, ауыл шаруашылғы дақылдары тамырларының терең бойлап өсуіне, сөйтіп өсімдікті ылғал және коректік заттармен қамтамасыз ету жақсарады. Сондықтан, егіншілікте топырақтың жырту қабатын қалыңдатудың маңызы үлкен. Оны жүзеге асырудың жолдарына мыналар жатады: - қарашірінді қабаты мүмкіндік берсе, топырақты терең жырту; - қарашірінді қабатының қалыңдығы жұқа болған жағдайда топырақтың астыңғы қабатын қопсытатын топырақты терең қопсытқышты пайдалану; - топырақты жазықтабан сыдыратілгіштермен 30-32 см тереңдікке қыртысты аудармай терең қопсыту; - топырақты екі немсе үш қабатты соқалармен терең етіп қат-қабаттап өңдеу. Осы және басқада топырақ өңдеу тәсілдерін егіншілікте пайдалану оның құнарлылығын арттырып, мәдение түрге келтіреді, сөйтіп ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алуға мүмкіндік туғызады. 4.13 Топырақты өңдеу сапасына агротехникалық бағалау Егіншілікте топырақты өңдеу сапасын анықтаудың маңызы зор. Біріншіден, сапалы өңдеу егіншілік мәдениетінің жоғары болуымен ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттырудың негізі. Екіншіден, жіберілген кемшіліктерді жою мақсатымен қосымша өңдеудің қажеттілігі жоқ, сондықтан еңбек, жанар- жағар майлар, материалдар үнемделеді. Үшіншіден, топырақты өңдеудің сапасын бақылау мен бағалауды жақсы ұйымдастыру механизаторлардың орындаған жұмысы үшін жауапкершілікті сезінуіне және еңбегінің түпкілікті нәтижесіне ынталандыруға тәрбиелейді. Егіншілікте жүгізілетін жұмыстардың сапасын бағалау арнаулы нұсқауларда толық берілген. Сондықтан, бұл жерде біз мысал ретінде жер жырту және топырақы жазықтілігішпен өңдеу сапасын бағалауды келтіріп отырамыз. Жер жыртудың негізгі мақсаты танапқа жеткілікті мөлшерде ылғал мен коректік заттар қорын жинау және минералдық тыңайтқыштарды, арамшөптерді, зиянды жәндіктер мен ауруқоздырғыштарды, аңызды және өсімдік қалдықтарын топыраққа сіңіру. Осыған орай жер жыртудың мына қасиеттеріне сапалық баға беріледі. Агрономиялық ұсыныстарға сай мезгілде жыртылуы, жырту тереңдігі, жылдамдығы, кесектілігі, аңыздық қалдықтарды топыраққа сіңіру дәрежесі, жыртылмай қалған жердің болауы. Алынған деректер мына 5-ші кестеге толтырылады. 5 кесте Жер жырту сапасын бағалау | |Жырту мезгілі |Жырту |Жылдам|Кесе|Аңыздық |Жыртылмай | | | |тереңд|дылығы|ктіл|қалдықтар|қалған | |Өлшеулер | |ігі, |, |ігі |ды сіңіру|жердің | | | |см |км/сағ| |дәрежесі |болмауы | | | | |. | | | | | | | | | | | | | |агрономия| | | | | | | | |лық |Нақты-л| | | | | | | |ұсыныс |ы | | | | | | | |бойынша | | | | | | | |Бірінші | | | | | | | | |Екінші | | | | | | | | |Үшінші | | | | | | | | |т-б | | | | | | | | Осы алынған материалдар бойынша орындалған жұмысқа баға беріледі. Жазықтабан сыдыра жыртқышпен өңделген жердің сапасын бағалау Жерді аудармай өңдеудің негізгі – мақсаты арамшөптерді жойып, топырақты эрозиядан қорғау үшін танапта орылған егістің аңызын және басқа да өсімдік қалдықтарын сақтау. Топырақты аудармай өңдеудің сапа көрсеткіштеріне мыналар жатады: орылған егіс қалдықтарының сақталуы, өңдеу тереңдігі, арамшөптерді толық қырқу. Тексеру нәтижесінде алынған көрсеткіштерді кестеге түсіріп, оларды агротехникалық талаптармен салыстыра отырып, топырақ өңдеуге сапа бағасы беріледі. Топырақ өңдеу сапасына трактордың жүру жылдамдығы да өз әсерін тигізеді. Көптеген тәжірибелердің арқасында трактордың егістік жұмыс жылдамдығы терең қопсытқышпен топырақ өңдегенде сағатына 9-10 шақырым, жазықтілгішпен - 10-11 шақырым, ауыр культиватормен - 8-9 шақырым, шанышқылы тырмамен - 10-12 шақырым, дискілі сыдыражыртқышпен - 10 шақырымнан артық болмағаны тиімді екені дәлелденді. Осылай барлық орындалған егістік жұмыстарға баға беріледі. Бақылау сұрақтары 1. Топырақ өңдеу және оның мақсаттары 2. Топырақ өңдегенде жүретін технологиялық операциялар, олардың қысқаша сипаттамасы 3. Топырақтың технологиялық қасиеттерін, олардың топырақ өңдеу сапасына тигізетін әсерін атаңыз 4. Топырақы негізгі өңдеу және оның тәсілдері 5. Сүдігер жыртудың маңызы 6. Топырақты аудармай терең қопсыту, өңдеу құралдары 7. Топырақты арнайы өңдеу тәсілдері, құралдары 8. Топырақты арнайы өңдеу тәсілдерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз 9. Топырақты қат-қабаттап жыру, оның маңызы, жүргізетін құралдары 10. Топырақың беткі қабатын өңдеу және оның тәсілдерін атаңыз 11. Топырақы тырмалаудың маңызы, жүргізілетін мезгілі, құралдары 12. Культивациялау, маңызы, құралдары 13. Топырақ өңдеу жүйесі 14. Көпжылдық шөптерден кейін топырақ өңдеу жүйесінің ерекшелігі 15. Жаппай себілетін дәнді және отамалы дақылдардан кейін топырақ өңдеу жүйесі 16. Егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесі 17. Егінді күтіп-баптау 18. Пар, түрлері, егіншіліктегі маңызы 19. Әр түрлі парларды өңдеу жүйесінің айырмашылығы 20. Топырақты минималды өңдеу 21. Топырақ өңдеудің сапасы 5 тарау. Топырақ эрозиясы және оның зияндылығы Топырақ эрозиясы және онымен күрес шаралары. Адамдар өмірінде жер ерекше орын алады. Ол біріншіден, адамдарды асыраушы жер-ана; екіншіден, ауылшаруашылық өндірісінің негізгі құралы, үшіншіден, жер халық байлығы. Бүгінгі нарық заманында, жер жекеменшікке берілгенде оны көздің қарашығындай сақтау әрбір адамның, әр маманның алдында тұрған басты міндет. Қазақстан Республикасы жер қорын басқару агенттігінің республиканың жері ұлан байтақ, дәлірек айтқанда онң көлемі 272,5 млн.гектар, сондықтан жер жүзінде 9-шы орында тұр. Ауыл шаруашылғында пайдаланатын жердің көлемі 222,5 млн гектар, соның ішінде егістік жер 21,4 млн. гектар, яғни республика бойынша әр адамға 1,4 гектар егістік жер келеді екен. Бұдан, жердің көптігінен, оған немқұрайлы қарау керек деген ұғым тумай, керісінше жерді келер ұрпаққа сақтау керек. Табиғатта топыраққа кері әсер көрсететін факторлар көп. Солардың бірі- топырақ эрозиясы. Жер өңдеу кезінде топыраққа ықпал жасау оның құрылымы мен құрылысының бұзылуына және табиғи топырақ құрылу процесі бағытының өзгеруіне, ең соңында эрозия құбылысының пайда болуына әкеліп соқтырады. Эрозияның қатерлі, тіпті апатты зардабын сезіну үшін оның мәнісін терең түсіне білу керек. Сонымен топырақ эрозиясы дегеніміз оның желдің немсе судың (жаңбыр мен қар сулары, қолдан берілетін сулар) күшімен бұзылып, басқа бір алыс не жақын жерге барып шөгуі. Топырақ эрозиясы ауылшаруашылық өндірісіне орасан зиян келтіреді. Біріншіден, эрозияның әсерінен топырақтың беткі қабаты желмен ұшып немесе сумен шайылып кетеді, сондықтан шаруашылықар жердің құнарлы қабатынан, өсімдіктер коректік заттардан айырылады. Мысалы, Якубовтың деректері бойынша жердің 50 см қабаты желмен ұшып кетсе, қарашірігі аз құмдақ топырақтың әр гектарынан 11-16 тонна гумус, 150-300 кг азот, 120 кг фосфор жоғалатын көрінеді. Францтың мәліметтеріне қарасақ, жел мен су жылда Еуропадан 840 млн тонна, Афркадан 21 млрд. тонна топрырақты мұқиттар мен теңіздерге алып кетеді екен. Бүкіл материк жыл сайын эрозияның кесірінен жердің беткі 2 см қабатынан айырылады. Сондықтан, топырақтың қарашірігі кемиді. Мысалы, А.А.Зайцевваның зерттеулері бойынша Павлодар облысында топырақ эрозияға ұшырамағанша оның қарашірік мөлшері 2-3 пайыз болса, ал эрозиядан кейін 0,8- 1,5 пайыз қалған. Табиғатта 2,5 см жердің беткі гумустық қабаты түзілу үшін 300 ден 1000 жылға дейін уақыт керек. Екіншіден, эрозияның салдарынан дәнді дақылдардың жас өскіндерін топырақ түйіршіктері қырқып жібереді, яғни егістік жойылады. Атап айтқанда, тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы жылдарында Қазақстанда эрозияның кесірінен 2,9 млн гектар дәнді дақылдардың егісі жойылып кетті. Осы жылары республиканың астықты өңірлерінде жел эрозиясының кесірінен 12,8 млн гектар егістің өнімі төмендеп, одан 170 млн пұт асытық кем жиналды. Үшіншіден, эрозия құнарлы егістік жерлерді жарамсыз қылып, оларды не айналымнан шығарып тастауға мәжүр етеді, немесе басқа түрге көшіруге тура келеді. Мысалы, 1962-1964 жылдары Павлодар облысының шаруашылықтары эрозияға ұшыраған 850 мың гектар егістікті шабындыққа, жайылымдыққа және басқа түрлерге айналдыруға мәжбүр болды. Эрозияға ұшыраған жерлерге себілген ауылшаруашылық дақылдарының өнімі күрт төмендейді. Оның себеі эрозияның әсерінен топырақтағы қарашірік мөлшері азаяды, соның салдарынан ондағы коректік заттардың тапшылығынан өсімдік зардап шегеді. Топырақ эрозиясымен күрес шаралары. Су эрозиясымен күресуде шаруашылыққа тиісті жерді дұрыс пайдалана білудің маңызы зор. Бұл әсіресе бедері күрделі болып келетін таулы жерлерде және тау бөктерінде орналасқан шаруашылықтар үшін өте қажет. Су эрозиясына дөңес жерде орналасқан танапар өте бейім болады. Сондықтан, мұндай топырақты жиі қопсыта беруді қажет етпейтін дақылдар егу керек. Дөңес жерлердің топырағын су эрозиясынан қорғау шараларының ішінде дақылдарды еңіске көлденең, контур бойынша егу керек. Эрозия кезінде қатты соққан жел жердің үстіңгі қабатындағы топырақты ұшырып, дақылдардың тамыры ашылып қалады. Ұшырылған топырақ түйіршіктері дақылдардың жапырағын зақымдайды. Ықтау жердегі өсімдіктердің көміліп қалуына әкеліп соғады, ал кей жағдайда егістікті көшкін топырақ басып қалады да егіннен ешқандай өнім алынбайды. Эрозия зардабынан өнім кемуінің мөлшеріне байланысты дақылдар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа мақта, күнбағыс, картоп, темекі, сәбіз, тары, күздік, жаздық бидайлар, жүгері, көкөніс дақылдары жатады. Бұл дақылдар өнімін қатты төмендетеді. Мысалы, топырағы эрозияға аздап ұшыраған жерлерде аталған дақылдардың өнімі 10-30% кемиді, орташа бүлінген жерлерде –30-70, ал қатты бүлінген жерлерде-65-90 пайыз кемиді. Екінші топқа топырақ эрозиясына орташа ұшырайтын арпа, қарақұмық, бұршақ тұқымдас біржылдық шөптер сияқты дақылдар жатады. Бұл дақылдардың өнімі эрозиядан аздап бүлінген танаптарда 5-15 пайызға, орташа бүлінген жерлерде - 30-35, қатты бүлінген танаптарда 40-70 пайыз кемиді. Сұлы, қара бидай, көпжылдық шөптер басқа дақылдарға қарағанда эрозияға төзімді келеді. Бұл дақылдардың өнімі шамалы бүлінген жерлерде 5- 10 пайыз, орташа бүлінген жерлерде 15-40 пайыз, қатты бүлінген жерлерде 25- 55 пайыз кемиді. Эрозияның пайда болу факторлары. Топырақ эрозиясы негізінен екі фактордың әсерінен пайда болады. Олар: табиғи және адамдардың шаруашылық іс әрекеті (антропогендік факторлар). Табиғи факторларға климат, жер бедері, топырақ және өсімдіктер жамылғысы жатады. Климаттың ішінде топырақ эрозиясын тудыратын ең басты фактор – жел. Оның әсерінен негізінен жел эрозиясы пайда болады. Ол әсіресе қуаңшыл және өсімдік жамылғысы нашар, топырағының гранулометриялық құрамы жеңіл аймақтарда күшті әсер етеді. Жел эрозиясының пайда болуы, желдің жылдамдығына байланысты. П.С.Захаровтың деректері бойынша жердің беткі қабатынан 10 см биіктіктегі желдің жылдамдығы секундына 8-12 м болғанда эрозия пайда бола бастайды, ал ол жылдамдық 12-15 м/сек жеткенде эрозия процесі күшейіп, желдің жылдамдығы 16-25 м/сек жеткенде күшті эрозияға әкеліп соқтырады. Келесі эрозия тудыратын фактор – топырақ түйіршіктерінің мөлшері. Егер топырақ түйіршіктерінің мөлшері 0,05-0,15 мм аралығында болса, эрозия жер бетінен 15 см биіктікте желдің жылдамдығы 3,5-4 м/сек болғанда пайда бола бастайды, топырақ түйіршігінің мөлшері 1мм болса, онда эрозия тудыру үшін желдің әлгі биіктегі шапшаңдығы 9,6 м/сек , ал 1,5 мм болғанда-11,1 м/сек болуы керек. Эрозияның пайда болуы тек ғана топырақ түйіршіктерінің мөлшерімен шектелмейді, ол топырақтың гранулометриялық құрамына тікелей байланысты. Мысалы, құмдақ топырақтарда жел эрозиясы пайда болу үшін жер бетінен 15 см биіктегі желдің күші қарақоңыр топырақтарда 3-4 м/сек, ал жеңіл саздақ топырақтарда - 5,0 м/сек болуы керек. Жер бедері. Топырақ эрозиясы кез келген жер бедерінде пайда болады. Дегенмен, ол көбінесе дөңес жерлерде тезірек пайда болады. Мұның әсіресе су эрозиясына қатысы бар. Өсімдіктер жамылғысы эрозияның басты факторлардың бірі. Егер, өсімдіктер жамылғысы күшті және оның тығыздығы зор боса, онда эрозия процесі болмайды, немесе баяу жүреді және керісінше. Себебі жер бетіндегі өсімдік жамылғысы жақсы болса, ол желдің күшін азайтып, топырақ түйіршіктерінің желмен ұшып кетуіне кедергі жасайды. Ал, өсімдік жамылғысынан айырылған жерлерде эрозия процесі күшті жүреді. Өсімдік жамылғысының жоғалып кетуіне топырақ өңдеу тәсілі және малды ретсіз жаю үлкен әсер етеді. Адамдардың шаруашлық іс-әрекеті топырақ эрозиясының пайда болуына әсер ететін күшті фактор. Ол әсіресе 1954-1956 жылдар арасындағы тың және тыңайған жерлерді көтеру кезінде республикада жел эрозиясының пайда болуына үлкен әсерін тигізді. Әсіресе, республика топырағының гранулометриялық құрамын және ашық далалық аймақтағы желдің күшін еске алмай 25 млн астам жерлерді қайырмалы соқалармен аударып жыртқанда, яғни өзінің өсімдік жамылғысынан айырылғанда күшті байқалды. Республиканың ауа райын зерттейтін станциялардың деректері бойынша тың көтерілген аймақтарда жылына 300 күн желді болып тұрады екен. Міне, осындай үлкен массивті жыртып тастау жел эрозиясының пайда болуына әкеліп соқтырды. Осының арқасында тың игеруден он жыл өткен соң республика бойынша жел эрозиясы 11 млн гектер жерді қамтыды. Сол жылдар ішінде Павлодар облысының Шарбақты ауданында жел эрозиясының кесірінен 300 мың гектардан астам жер ауыршаруашылық өндірісіне пайдлануға жарамсыз болып қалды. Ал, облыс бойынша 1955-1961 жылдар арасында жел эрозиясы 700 мың гектар жерді қамтыды. Тек, бұрынғы “Лебяжье” кеңшары 1958 жылы жел эрозиясының кесірінен бірнеше мың гектар жерді айналымнан шығарып тастауға мәжбүр болды. Ал, 1962 жылы Қазақстанның солтүстік өңірінде орналасқан төрт облысында (Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) эрозияның әсерінен 1,5 млн гектар жер пайдаға асудан қалды. Топырақ эрозиясының пайда болуына оның гранулометриялық құрамы үлкен әсер етеді. Гранулометриялық құрамы жеңіл, құмдақ, құмдауыт топырақтар жел эрозиясына тез ұшырайды. Қазақстан Республикасы жер қорын басқару Агентігінің мәлеметтері бойынша еліміздің ауыл шаруашылығында пайдаланылатын 222,5 млн гектар жердің 8,1 млн. жеңіл сазбалшықты, 3,3 млн га құмдауыт, 2,77 млн. құмдар. Бұл топырақтарда кез келген уақытта эрозия пайда болуы мүмкін. Эрозия түрлері . Эрозияны тудыру факторларына байланысты оның екі түрі, яғни жел және су эрозиясы болады. Осылардың ішінде Қазақстандағы басым түрі- жел эрозиясы. Жел эрозиясы кезінде топырақтың майда бөлшекері ұшып “қара дауыл” көтеріледі, ал су эрозиясы болған танаптарда үлкенді-кішілі жыралар пайда болады және жаз айларында өте тапшы болатын су мен әр түрлі коректік заттар ағып кетеді, яғни топырақтың құнарлылығы төмендейді. Сондықтан, эрозиямен күрес, топырақты және оның құнарлылығын сақтау үшін күрес деген сөз. Эрозия топырақтың түзілу процесімен қатар жүретін құбылыс. Топырақ бетіндегі табиғи, немесе ауылшаруашылық дақылдарының өсімдік жамылғысы қаншалық тығыз болғанымен су көп болған ретте топырақ бөлшектерін белгілі мөлшерде шайып, ағызып әкетіп су эрозиясын тудырады. Жел қатты соққан кезде топырақтың өсімдік жамылғысы жоқ немесе ол аз жерлерде майда ұлпаны ұшырып әкетіп жел эрозиясын тудырады. Бұл қалыпты эрозия деп аталады. Ол баяу жүреді және аса зиян келтірмейді. Қалыпты эрозия климатқа, жер бедеріне, топырақтың судың шаю күші мен желдің бұзу төзімділігіне, өсімдік жамылғысының сипаты мен тығыздығына байланысты болады. Шапшаң немесе қалыпты эрозия адамның іс-әрекетінен және табиғатта қалыптасқан байланыстардың бұзылуынан туады. Жел эрозиясы орманы жоқ, ашық, жауын-шашын шамалы жауатын жазық далаларда болады. Қазақстанда жел эрозиясы тың және тыңайған жерлер игерілген өңірде көптеп кездеседі. Ол жерлер жыртылғаннан кейін Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе т.б. облыстарының топырақтары жел эрозиясынан қатты зардап шекті. Жел эрозиясы кезінде қарашірігі мол, гранулометриялық құрамы жеңіл, коректік заттарға бай топырақтың үстіңгі құнарлы қабатының майда түйіршіктері ауаға көтеріліп, желмен бірге ұшып кетеді. Күнделікті (жергілікті) эрозия. Әр жердің өзіне тән үйреншікті желі болады. Сол жердің әсерінен үлкенді-кішілі сырмалар, құйындар болып тұрады. Бұл желдер үйреншікті болған соң, оған көп көңіл бөлінбейді. Ал, ғалымдардың есебіне қарағанда олардан да келетін зиян аз емес. Мұндай эрозияның әсерінен күн сайын топырақтың құнарлылығы кеміп отырады, желмен ұшқан майда түйіршікерден дақылдардың жас өркендері зардап шегеді, олардың жапырақаы жырымдалып, жыртылады. Егер, танап топырағының 50 пайызынан көбінің диаметрі 1-2 мм-ден үлкен кесек түйіршіктерден тұрса, ондай танапта жел эрозиясы болмайды. Жел эрозиясының басталуына қатты әсерін тигізетін түйіршікерге диаметрі 0,5-1 мм болатын топырақ кесекшелері жатады. Мұндай түйіршіктер қатты желдің әсерінен көтеріледі де, жер бетімен секіріп домалай бастайды. Осы кезде кесектер басқа кесектерге соғылып, олардың да орнынан қозғалуына себепші болады. Ол кесектер басқаларды қозғайды, сөйтіп ақыры жел эрозиясына айналады. Диаметрі 0,1 мм-ден кем түйіршіктер қатты желдің әсерінен (жылдамдығы 15 м/сек) едәуір алысқа ұшып кетеді де, қалғаны бір жерге үйіледі. Жел эрозиясының қатерлі де қауіпті түрін шаң дауылы дейді. Ол жердің беті өсімдік жамылғысынан айырылған немесе нашар қорғалған, желі күшті соғатын, топырағының гранулометриялық құрамы жеңіл аймақтарда болады. Топырақ эрозиясының келесі түрі су эрозиясы. Ол жер бедері күрделі болып келетін Қазақстанның суармалы, таулы және тау бөктерінде орналасқан оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында, ал қар қалың түскен жылдары республиканың солтүстік, батыс облыстарында, әсіресе пар танаптарында пайда болуы мүмкін. Қар суын жерге тездетіп сіңіру үшін ешқандай әрекет жасалмаса, онда су эрозиясы барлық жерде пайда болады. Су эрозиясы кезінде тек топырақтың құнарлы бөлшектері шайылып қана қоймайды, сонымен бірге оның терең қабатында ылғал аз жиналады, содан барып дақылдар өсу кезінде су тапшылығын көреді. Су эрозиясы тамшылық, жайдақ, сызықтық және иррагациялық болып төртке бөлінеді. Тамшылық эрозия. Жаңбыр нөсерлеп жауғанда әр тамшының диаметрі 1мм-ден 5мм, соңғы жерге тамардағы жылдамдығы секундына 4,5-9,0 м болады. Осы тамшы топырақтың майда кесекшелеріне тиіп, оны бірте-бірте үгітіп езіп жібереді. Үгітілген бос, майда ұнтақтар топырақтың үстіңгі қабатындағы жіңішке саңлауларды бекітіп, судың сіңуіне кедергі жасайды. Топыраққа сіңіп үлгермеген су жер бетімен ағып, өзімен оның беткі қабатындағы майда бөлшектерін ала кетеді, сөйтіп топырақтың құнарлылығын төмендетеді. Беткі (үстіңгі) эрозия судың ағынды күші әсер етуінен пайда болады. Мұны кейде жазықтық эрозия деп атайды. Беткі эрозия өте қауіпті, себебі ол көзге онша ілінбей өтіп жатады. Бірақ, бұл эрозиядан келетін зиян көп. Оның әсерінен жыл сайын танаптың әр гектарынан 5 тоннадан 25 тоннаға дейін топырақ шайылып кетеді. Уақыт өткен сайын топырақтың органикалық затарға бай майда түйіршіктері азайып, құнарлылық кемиді, соның салдарынан алынатын өнім төмендейді. Сызықтық эрозия. Қар еріген немесе жауын жауған кезде судың қатты ағысы топырақта ор жасап, ол жер бірте-бірте үлкейіп, терең жыраға айналады. Оладың ені 2-3 метрге, кейде тіпті 10 метрге жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда топырақтың үстіңгі қабаты ғана емес, оның терең қабаттары да бұзылады. Осыны сызықтық эрозия дейді. Ирригациялық эрозия. Суару кезінде топырақтың далалық су сиымдылығынан артық су бірлесе, онда топырақ беті шайылып эрозия пайда болады. Танапты дұрыс суармаудан туындаған осы эрозияны ирригациялық эорзия дейді. Топырақты су эрозиясынан қорғауда агротехникалық шаралардың маңызы зор. Бұл шаралар онша қиын емес, оларды кез-келген шауашылықарда қолдануға мүмкіндік бар. Олардың ішіндегі ең бастысы жерді дұрыс өңдеу болып табылады. Жерді өңдеу. Эрозия жер бетімен ағатын судың әсерінен болатындықтан, барлық агротехникалық шаралар суды топырақтың терең қабатарына сіңіруге бағытталу керек. Еріген қар, жаңбыр сулары топыраққа тез сіңсе, онда жер бетімен су ақпайды, сондықтан эрозия болмайды. Су эрозиясы көптен-көп жер жырту тәсілдеріне байланысты. Дөңес жерді жыртуды тек қана еңіске көлденең жүргізеді, жырту тереңдігі 25-27 см-ден кем болмауы керек. Контурлап жырту. Мүмкіндік болса жырту жұмысын контур бойынша жүргізу қажет. Бұл үшін теодолит, не нивелир қолданылады. Танапты жыртқан кезде алғашқы соқа қағылған қазықтар бойымен жүріп өтеді, яғни бұл контурды сызып өтті деген сөз. Қалған агрегаттардың да бағыты осы контурға параллел болуы тиіс. Бұл жұмыстың бір қиындығы-жыртылған жерге тұқым себіліп, ол өсіп шыққан соң әлгі жүргізілген контурлы сызықтан адасып қалуымыз мүмкін. Бұлай болмауы үшін контурлық сызықтың бойымен көденеңі 3-4 метр етіп көпжылдық шөп егіп тастаған орынды. Содан кейінгі жырту жұмысы сол жолақтың бойымен жүргізіледі. Көпжылдық шөптерден жасалатын жолақтардың көлденеңі дәнсепкіштің бір жүріп өтетін алымындай болуы тиіс. Мұндай жолақтарды әдете әр 100 метр сайын жүргізіп отырады. Топырақты жолақтап жырту. Күзде кейбір себептермен дөңес жерге орналасқан танаптарды түгел жыртуға мүмкіндік болмаса, онда міндетті түрде еңіске көлденең жолақтап жыртып тастау керек. Жолақтың көлденеңі трактор соқасының бір, не екі алымындай болуы тиіс. Бір жолақ пен екінші жолақтың арасы мен ұзындығы жердің еңістігіне байланысты өзгеріп отырады. Жердің дөңестігі онша көп болмаса, еңістігі 20-тан кем болса, жолақтардың арасы 10- 15 метр болуы керек. Көктемде еріген қар суын жерге сіңіруге әдетте осының өзі жеткілікті болады. Қар суы жыртылған жердің бос топырағына тез сіңіп эрозия болмайды. Егер, дөңес жердің еңістігі 20-тан артық болса, оны тек терең етіп көлденең жырту жеткіліксіз. Қар суының жер бетімен ағуына жол бермеу үшін әр түрлі су ұстайтын микро бедерлер жасау керек. Жерді әр түрлі жалдар, сатылар пайда болатындай етіп жыртқан жөн. Сондай-ақ, арнаулы құралмен су тоқтайтын әр түрлі ұялар жасау қажет. Көлденең-жалдап жырту. Бұл жұмысты кәдімгі соқамен жүргізуге болады. Ол үшін соқаның төрт аудрғышының біреуін 40-50 см етіп ұзартып қояды. Жырту кезінде бұл аударғыш топрақты алдыңғы аударылған жерге тастайды, содан биіктігі 12-16 см жал пайда болады. Оның үстіне топырақ түспей қалған қарық арық тәрізді арна болып қалады. Қар суы осыларға тоқтап, топырақтың терең қабаттарына сіңе алады. Ұялар жасау күзде сүдігер жытрылған жерлерде жүргізіледі. Бұл үшін тракторға тіркелген арнаулы ұя жасайтын ЛОД-10 типтес құралдары қолданылады. Сызат жасау ең көп тараған пайдасы мол тәсіл. Мұның бір жақсы жері, жыра жасалғаннан кейін де әр түрлі дақылдарды күтіп-баптауға арналған агротехникалық шараларды жүргізе беруге болады. Сызат ШП-3-70 маркалы құралмен 40-50 см тереңдікке арасы 1,4 метрдей етіліп жасалады. Сондықтан, қар суы топыраққа оңай сіңеді де, жер бетімен ақпайды. Жердің еңістігі 100 болғанға дейін сызат жасау жұмысы жақсы нәтиже береді. Сызат жасау жұмысын тек қана сүдігерге жыртқан танаптарда ғана емес, сонымен қатар көпжылдық шөптер егілген жерлерде де, күздік бидай себілген танаптарда да, тіпті шабындықтар мен жайылымдарда да жүргізуге болады. Су эрозиясына қарсы жасалған әр түрлі ұялар, жалдар көктемде тегістеледі. Жерді тегістеу үшін тракторге тіркелген КПС-4 культиваторы, ЗБТС-1,0 ауыр тырмалармен бір агрегатта қолданылады және жер тегістегіш ВПН-5,6 А құралын, МВ-6,0 мала тегістегішін де қолдануға болады. Тыңайтқыштар қолдану. Эрозия кезінде топырақтың құнарлылығы қатты кемитіндіктен мұндай жерлерге органикалық және минералдық тыңайтқыш берудің маңызы зор. Тыңайтқыштар топырақтың құнарлылығын қалпына келтіреді, эрозияға ұшыраған жерлерге егілген дақылдардың өнімі көтеріледі. Топырақ қорғайтын ауыспалы егістер. Су эрозиясы бар жерге отамалы дақылдарды егуге болмайды. Себебі, отамалы дақылдардың бәрі дерлік топырақтың қопсып жатқанын қалайды және суды көп керек етеді. Сондықтан, отамалы дақылдарды еңістігі 1-1,5 градустан аспайтын жерлерге орналастыру керек. Эрозияға бейім жерлерге дәнді-шөпті ауыспалы егісін қолданған дұрыс. Орман-мелиорациялау шаралары. Эрозияға қарсы отырғызылатын орман алқаптары топырақтың бұзылмай сақталуына септігін көп тигізеді. Бұл орман алқаптары төмендегідей болып бөлінеді: - су бөлінетін қырда отырғызылатын орман алқабы қардың көп жиналуына, әсерін тигізеді және жел екпінін бәсеңдетеді; - су шайып сай-жыраға айналған жерлерге егілетін ағаштар танаптың шетіне дейін созылуы тиіс. Бұл ағаштар сол сайдың жыраланған жағасын бекітеді, жыраның үлкеймеуіне, эрозияның азаюына септігін тигізеді; - су ағатын сайлардың, өзендердің жағасына отырғызылатын орман алқаптары сол арналардың бойындағы топырақтың эрозияға ұшырамауын қамтамасыз етеді; - сайдың, жыраның табанына отырғызылатын орман алқабы оларды әрі қарай тереңдеп шайылудан сақтайды. Топырақ эрозиясы болмауы үшін дөңес жерлерге орман жолақтарын отырғызады. Бұл жолақтардың арақашықтығы жердің еңістігіне қарай өзгеріп отырады, егер еңістік 2-30 болса, бір жолақпен екінші жолақтың арасы 300-400 м болады, еңестік 3-40 болса - 250-300 м, ал еңістік 50-тан көп болса 150-200 м болуы тиіс. Орман алқабының көлденеңі 12-20 метр болғанда дөңес жерлерден аққан суды топырақ толық сіңіре алады. Ирригациялық эрозияға қарсы шаралар. Қазіргі кезде Қазақстанда суарылатын барлық жерлердің көлемі 1,2 млн гектар шамасында, оның ішінде егістік жерлер 1,0 млн гектардай. Мұның 90%-дан астамы республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы облыстарында орналасқан. Бұл жердің ішінде егінжай ретінде пайдаланып жүрген дөңес жерлерлер де аз емес. Дөңес жерде су ағысы қатты болатындықтан, суармалы жердің көбісі эрозиядан үлкен зардап шегуде. Ғалымдардың есебіне қарағанда жер суару ережесі мен тәсілі бұзылып жүргізілсе, бір рет суарғанның өзінде ғана әр гектардан 40-50 тонна топырақ шайылып кетеді екен. Ирригациялық эрозия топыраққа келтіреін зиянына қарай екіге бөлінеді: - суару эрозиясы, яғни жайдақ эрозия, дақылдарды суару кезіндегі болатын танаптағы топырақтың шайылуы; - қарықтар эрозиясы, яғни сызықтық эрозия – қарықтар мен каналдардың судың әсерінен қазылып шайылуы. Суару эрозиясы кезінде топырақтың майда, жеңіл, құнарлы бөлігі танаптың биік жерінен сумен төменгі жағына ағып барады да, танаптағы топырақың құнарлылығының әр түрлі болуына әкеп соғады. Жыл өткен сайын танаптың биік жерлерінің құнарлылығы кеми түседі. Су эрозиясын болдырмау үшін төмендегідей шаралар қолданылады: - суды ағызып суарудың орнына жаңбырлатқыш техникаларды қолдану керек; - егіншілікте жаңа әдіс дискретті суаруды қолдану су эрозиясын болдырмауға септігін тигізеді; - топырақты тек жер астынан суландыратын арнаулы түтіктер жүйесін қолдану өте жақсы нәтиже береді; - су жүретін жүйелерінің ішін бетондау, әр түрлі темірбетон құбырлар, науалар қолдану; - су жүретін жүйектердің ұзындығы, тереңдігі, оның ішімен жүретін су мөлшері топырақтың түріне байланысты, ол шайылмайтындай етіліп өзгеріп тұруы керек; - эрозиядан қатты зардап шеккен танаптарға көпжылдық шөптер егіліп, олар ауыспалы егіс жүйесінен шығарылып тасталуы тиіс; - эрозияға ұшыраған жерлерге органикалық тыңайтқыштар қолдану жақсы нәтиже береді. Әр гектарға 40-45 тонна көң сіңірілсе, топырақтың физикалық қасиеттері едәуір жақсарады; - жердің құнарлылығын көтеру үшін бұршақ тұқымдас дақылдарды жасыл тыңайтқыш (сидераттар) ретінде қолдану керек.; - жерді тегістеу және дұрыс жоспарлау ирригация эрозиясын азайтады; - танаптарға су жеткізуге арналған қарық жүйесі оны шайып тереңдете бермеуі үшін жердің ыңғайына қарап әр түрлі тұспалар мен бетонды төккіштер жасау керек. Жел эрозиясымен күрес шаралары Академик А.И.Бараев атындағы бұрынғы Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы, академик В.Р.Вильямс атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік институттарының және көптеген ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғалымдары жел эрозиясымен күрес шараларын зерттеп, оларды өндіріске кеңінен енгізді. Осы шаралардың бастылары мыналар: 1. Топырақты аударып жыртпай, оның бетінде аңыз қалдыру және басқа өсімдік қалдықтарын сақтау. Жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу мекемелерінің деректері бойынша өңделгеннен соң танапта 70 % дейін немесе әр шаршы метр жерде 200-300 дана аңыз сақталса жел эрозиясы болмайды екен. Ол үшін топырақты арнаулы құралдармен өңдеу керек. Оларға топырақты сыдыра қопсытатын, танап үстіндегі аңыздарға онша көп зақым келтірмейтін, жерді терең өңдеуге арналған жазықтабанды КПГ-250, КПГ-2-150, таяз өңдеуге арналған КПШ-9, КПШ-11, КПШ-12 сыдыратілгіш культиваторлары, көктемде ылғалды жабуға арналған БИГ-3 А, БИГ-6 тырмалары, ЛДГ-10, ЛДГ-15, БМШ-15 құралдары, аңызға тұқым себетін СЗС-2,1А дән сепкіштері жатады. Соқамен аударып жыртылған жерлерде эрозияның салдарынан әр гектардан 10,6 тонна, ал аңыз қалдырылып өңделген танаптардан 1,2 тонна топырақ ұшып кетеді екен. Жел эрозиясы болып тұратын ашық далалық аймақта жерді сыдыра қопсытатын құралдармен өңдегенде соқамен аударылып жыртқан жерлерге қарағанда танаптарда қар қалың тоқтайды. Көктемде сыдыра қопсытылған сүдігерге қарағанда едәуір ылғал көп болады. Осының әсерінен ауылшаруашылық дақылдарының әр гектарын 1,5-3ц өнім артық алынады. Аңызы сақталған танаптарда көбіне желтоқсан айының басында-ақ қалыңдығы 20-30 см қар тоқтайды, ал аударылып жыртылған танаптарда қар көбіне қыстың екінші жартысында ғана тоқтайды және қалың болмайды. Аңызы сақталған танаптарда қар ерте тоқтайтын себепті жер 70 см-ге дейін тоңданып қатса, ал аңызы жоқ танапта ол 1,5-2,0 метрге дейін тоңданады.Сондықтан, аңыз сақталған жерлерде көктемде қар баяу еріп, оның суы топыраққа жақсы сіңеді. Мысалы, бұрынғы Қазақ ғылыми-зертеу астық шаруашылығы институтының зерттеулері бойынша орта есеппен 5 жыл ішінде жерді соқамен аударып жыртқанда танаптағы қардың қалыңдығы 17,4 см, ал жазықтабан сыдыра тілгіш культиватормен терең қопсытып өңдегенде 33,7 см, яғни қар екі есе көп жиналған. Топырақтағы соған сәйкес алғал қоры 512 м3/га және 978 м3/га, ал жаздық бидай өнімі 9,5 ц/га және 12,8 ц/га болған. Жел эрозиясы қаупі бар аймақтарда ерте таза пар қолданған дұрыс, яғни парға қалдырған танаптарды өңдеуді көктемде бастау керек. Бұл өңдеулер сыдыра қопсытатын құралдармен жүгізілуі тиіс. Осылай еткенде жаз бойы жер бетінде аңыздар сақталады да топырақ эрозиясы болмайды. Ғалымдар жүргізген көпжылдық зерттеулер жерді сыдыра қопсытқанда күз, қыс кездерінде түсетін ылғал топыраққа толық сіңуіне мүмкіндік туатынын көрсетіп отыр. Танапта жатаған бидайық сияқты көпжылдық көгентамырлы арамшөптер болса, сыдыра өңдейтін құралдарды қолданған сайын олардың саны арта түседі. Сондықтан, мұндай танапарды парға қалдырып, жаз бойы жерді 4-5 рет сыдыра қопсытқыш культиваторлармен өңдеп, арамшөптерді жою керек. Парға қалдырылған танап жаз бойы бірнеше рет өңделетін болғандықтан жаздың екінші жартысында жер бетіндегі аңыздың азаюы себепті жел эрозиясы болу қауіпі туады. Сондықтан, парға қалдырылатын танапқа орақ кезінде астық сабанын жинамай, шашып тастау керек, өйткені ол топырақты эрозиядан қорғауға септігін тигізеді. Жерді сыдыра қопсытатын құралдармен өңдегенде арамшөптердің саны кейбір жағдайда көбейе түседі. Сондықтан, топырақ қорғаудың бұл тәсілін қолданған кезде ауыспалы егіс жүйесі мүлтіксіз орындалуы керек. Сол ауыспалы егістің бір танабы міндетті түрде пар болуы тиіс. Егістіктің топырақ қорғайтын жүйесі оны терең өңдеуді талап етеді. Парға қалдырылған танапты тамыз айының аяғында терең етіп КПГ-250 жазықтабан сыдыратілгіш культиваторы типтес құралдармен өңделеді содан 2-3 жыл бойы топырақ тек 10- 14 см тереңдікке таяз өңделіп тұрады. Кей жағдайда парға қалдырылған танаптарда арамшөптерді жою үшін культивациялаудың орнына әр түрлі гербицидтер қолдануға да болады. 2. Танаптарда жолақтың ені желдің күшіне қарай әр түрлі болады. Мысалы, желі күшті соғатын жерлерде жолақтың ені жалпақ, ал желі бәсең жерлерде керісінше жіңішке болу керек. Осыған орай жолақтардың енінің орташа жалпақтығы 50-100 метрге дейін болады. Жолақтар соғатын желдің бағытына кесе-көлденең орналасуы қажет. 3.Эрозия болатын жерлерде айналымы он жылда бітетін 5 танапты топырақ қорғау ауыспалы егісін енгізу және игеру қажет. Оларда дақылдар мен парларды жолақтап орналастыру керек. 4.Танаптардың жиектеріне топырақты желден қорғайтын орман алқабын отырғызу. 5.Топырағының грануметриялық құрамы жеңіл құмдақ және құмдауыт жерлерде танаптарға көпжылдық шөптерді егіп тастау жел эрозиясын тоқтатады. 6. Парларға биік өсетін дақылдардан ықтырма себу. Ол қыста қар ұстаумен қатар, желдің күшін азайтып, топырақтың тозаң түйіршіктерінің ұшып кетуіне тосқауыл қояды. Осындай кешенді шараларды жүзеге асырса жел эрозиясын мүлдем тоқтатуға болады Бақылау сұрақтары 1. Топырақ эрозиясы, түрлері, оларға анықтама 2. Топырақ эрозиясының егіншілік шаруашылығына келтіретін зияндары және оларды азайтудың жолдарын атаңыз 3. Топырақ эрозиясын тудыратын факторлар, оларға қысқаша сипаттама беріңіз 4. Қазақстанда жел эрозиясы басым таралған аймақтарды атаңыз 5. Су эрозиясы, оның түрлері, таралған аудандарын атаңыз 6. Жел эрозиясына қарсы қолданылады шаралар жиынтығы 7. Су эрозиясымен күрес шараларын атаңыз 6 тарау Егіншіліктегі мелиорация Мелиорация деп ауыл шаруашылығы өндірісінің басты құралы жердің қышқылдығын, сілтілігін, тұздылығын, ауалық, ылғалдық, жылулық және коректік режимдерін реттеу арқылы топырақың сапасын жақсартуға, оның басты қасиеті құнарлылығын арттыруға бағытталған, мелиоративтік шаралардың кешенді жиынтығын айтады. Бір сөзбен айтқанда мелиорацияның негізгі мақсаты- топырақтың қасиеттерін түбегейлі жақсарту. Мелиорацияға ылғал тапшы қуаңшылық аймақтарда жерді суландыру, ал ылғалы шамадан тыс көп өңірлерде оны құрғату, қышқылды топырақтарды әктеу, тұзды жерлерді жуу, шабындықтар мен жайылымдықтарды суландыру, егісті қорғайтын орман алқабын отырғызу, топырақты эрозиядан қорғау және басқа шаралар жатады. Суару. Қазақстанда кеңінен қолданылатын мелиоративтік шара-жерді қолдан суару. Оның негізгі мақсаты ылғалы тапшы қуаңшыл аймақтарда ауылшаруашылық өсімдіктерін сумен қамтамасыз ету. Суару дегеніміз-қуаңшыл аймақтарда су беру арқылы топырақты жасанды ылғандандыру. Аталған аймақтарда атмосфералық және топырақ аңыздығы қосылып өсімдіктердің қурап қалуына әкеліп соқтырады. Қолдан суару топырақтың температурасын төмендетсе, ал салқын күндерде керісінше оны жоғарылатады, сөйтіп топырақтың тәуліктік және маусымдық температураларының ауытқуының айырмашылығын азайтады. Осының арқасында көктемдегі кеш және күздегі ерте түсетін үсіктердің өсімдіктерге кері әсерін бәсеңдетеді. Топырақты мелиорациялау ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-дамуына қолайлы жағдай туғызып, олардың өнімін арттыруға себеп болады. Кеңшарлар мен ұжымшарлар тарағанша Қазақстанда 1,2 млн гектар суармалы жер немесе барлық егіс көлемінің 3,1 пайызы суарылды. Бүгінде, республикамыздағы суармалы егіс көлемі 1,0 млн гектарды құрайды. Суармалы егіншілік негізінен Қазақстанның онтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында, атап айтқанда Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Суармалы егіншілік жерлерінде жоғарғы өнімді техникалық дақылдар (мақта, темекі, қант қызылшасы), дәнді дақылдар (күздік бидай, дәндік жүгері), көкөністер (қызанақ, қияр, қырыққабат және басқалары), жоңышқа және басқа өсімдіктер өсіріледі. Аталған дақылдар өздерінің өсіп-дамуы үшін суды көп мөлшерде қажет етеді. Суару аталған дақылдардың өнімін арттырады. Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы тәлімі жерлердің әр гектарынан алынатын астық өнімі орта есеппен 10-12 ц болса, суармалы жерлерден-30-35 ц, ал кейбір алдыңғы қатардағы шаруашылықтарда-50 ц, тіпті одан да көп өнім алынады. Яғни, егін-суарудың арқасында өнім 3 есе, кей жағдайда одан да көп артады. Суару түрлері, мезгілі және мөлшері Суарудың басты мақсаттарының бірі, өсімдіктің суды ең көп қажет ететін мезгілінде оларды ылғалмен қамтамасыз ету. Ол үшін ауылшаруашылық дақылдарының ылғалға ең мұқтаж фазасын білу керек. Мысалы, дәнді масақты дақылдардың ондай кезеңі сабақтану-масақтану фазасы. Дәл осы кезде оларды қолдан суарса жоғары өнім алуға үміттенуге болады. Ауыл шаруашылығы дақылдары себілген танаптардағы су шығыны транспирациядан (өсімдіктің жұмсауы), топырақ бетінен буланып ұшып және төменгі қабатқа өтіп кетуінен құралады. Осылардың ішіндегі ең пайдалысы өсімдіктердің транспирациясы, ал қалған екеуі ылғалдың пайдасыз жоғалуы. Сондықтан, барлық агротехникалық шара ауыл шаруашылығы дақылдарының ылғалды мүмкіндігінше мол пайдалануына жағдай жасауға бағытталуы керек. Транспирация мен буланып ұшып жоғалған шығын өсімдіктердің жиынтық су пайдалану коэффиценті деп аталады. Қолдан суару өсімдіктер вегетациясы кезінде, яғни олардың көктеп шыққаннан пісіп-жеілуіне дейінгі уақытта жүргізіледі, оын вегетация кезіндегі суару дейді. Топырақта ылғал қорын молайу үшін егін сепкенше, тұқым көктеп шыққанша немесе егін жинап алғаннан кейін суаруды вегетациядан тыс (влагозарядковый) суару дейді. Мұндай суару негізінен күзде немесе қыста жүргізіледі, соның әсерінен топырақтың терең қабатында ылғал қоры көбейеді, оны өсімдіктер ерте көктемде және жаздың алғашқы айларында пайдаланылады. Әсіресе, күзде жүргізілетін ылғал жинау суының маңызы өте зор, себебі бұл ретте ылғал жинау мәселесі ғана шешіліп қоймайды, сонымен бірге топырақтағы температура режимі де жақсарады, соның әсерінен күздік бидай, көпжылдық шөптер, жүзімдіктер, көшеттіктер және жас ағаштар да ойдағыдай қыстап шығады, кейін олардың өнімдері де артады. Бұрынғы Қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік институты ғалымдарының тәжірибесіне қарағанда, тек қана күзде жүгізілетін алғал жинау суаруының өзінен-ақ күздік бидайдың өнімін 2-3 есе арттыруға болады екен. Ылғал жинау кезінде бір гектарға 1200-1500 м3 су берілуі тиіс. Ерте егілетін дақылдар үшін ылғал жинау суын міндетті түрде күзде беру керек. Ал кеш егілетін жүгері, мақта сияқты дақылдар үшін ылғал жинау суын ерте көктемде жүргізуге де болады. Оңтүстік Қазақстан облысының көп аудандарында су қыс айларында да қатпайды, сондықтан ылғал жинау үшін суару шараларын қыс айларында сор шаюмен бірге жүргізеді. Себу алдындағы суару жұмысын топырақтың үстіңгі қабаты өте құрғақ болған жағдайда жүргізеді. Бұл ретте көбіне топырақтың жыртылатын қабаты ғана суарылады. Осы суарудың арқасында топырақ беті дымқылданып, себілген тұқым дер кезінде біркелкі көктеп шығады. Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан облыстарының климаты бір жерден жылына екі өнім алуға, яғни аралық дақыл себуге мүмкіндік береді. Аралық дақылдар дәнді масақты немесе сүрлемге арналған дақылдар орылып алынғаннан кейін егіледі. Аралық дақылдар егілер алдында міндетті түрде жер суарылуы тиіс, онсыз егілген дән өркен бермейді, себебі дәнді масақты дақыл орылатын маусым-шілде айларында жауын-шашын Қазақстанның оңтүстігінде тым тапшы болады. Көкөністер мен темекі көшеттерін отырғызар алдында да жерді суару керек, онсыз көшет жөнді тамырланбай қурап қалады. Егін сепкеннен тұқым көктеп шыққанға дейін берілетін вегетациядан тыс суару топырақтағы ылғал өркенінің жер бетіне тез шығуына жеткіліксіз болған жағдайда жүргізіледі. Көп жағдайда өркен шығу үшін бір рет суару аздық жасайды, тұқым ісініп өнгенмен, олардың жер бетіне көктеп шығуына суарудан кейін пайда болған топырақ қабыршағы мүмкіндік бермейді. Өсімдіктің өсуі үшін вегетация кезінде берілетін суару өте жиі қолданылады және ол осы суарудың негізгі түрі болып есептеледі. Вегетация кезінде суару өсімдік өсіп тұрғанда беріледі. Суару мөлшері климатқа, топырақ жағдайына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Суарудағы мақсат- дақылдардың өсіп-өнуін жақсарту, олардың өнімдерінің мол болуына мүмкіндік жасау. Қоректендіре суару дегеніміз дақылдарды суаратын суға тыңайтқыштардың ерітінділерін қосып беру, ол өсімдіктерді коректік затпен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады, ал кей жағдайда коректік заттар вегетация кезінде беріледі. Тек қана өсімдікті коректендіру үшін жүргізілгенде суару мөлшері 100м3/га болады. Қоректендіру суын жаңбырлатқыш машиналармен берген өте ыңғайлы. Салқындату суы жаңбырлатқыштар арқылы жаздың ең ыстық кездерінде беріледі. Салқындату үшін көбіне көкөністер, жеміс-жидектер суарылады. Суару мөлшері әр гектрға 50м3. Сор шаю суаруы әдетте күзде, қыста, ерте көктемде топырақтағы артық тұздарды кетіру үшін қолданылады. Бұл көптен пайдаланып келе жатқан танаптарда жүргізіледі. Суару мерзімі. Өсімдік қоректік заттарды тек ерітінді түрінде алатыны белгілі, сондықтан олардың тамырлары жайылған қабатта әрқашан ылғал болып тұруы керек. Көп өсімдіктердің жақсы өсіп, жоғары өнім беруі үшін топырақ ылғалдылығы оның еркін су сыйымдылығының 65-70 пайызынан төмен түспеуі керек. Топырақ ылғалдылығы осы деңгейден төмен түсіп кетсе, дақылдардың өсуі тежеледі. Соның салдарынан өсімдіктегі зат алмасу процесі қиындайды, жапырақта фотосинтез процесі жөнді жүрмейді. Сондықтан, топырақтың еркін су сиымдылығы көрсетілген межеге жақындай бастағанда дақылдарды суара бастауымыз керек. Вегетация кезінде жауын-шашын мол болса суару мерзімі едәуір өзгеруі мүмкін. Егер, кезекті суару алдында 20 мм және одан көбірек жаңбыр жауса, онда суару мерзімі кейінге қалдырылады, жаңбыр 10-12 мм болса, суаруды 3-4 күн кідіртуге болады, жаңбыр 10 мм-ден аз болса, бұл ретте кезекті суару жұмысын белгіленген мерзімде жүргізе берген жөн. Суару мерзімінің жиілігі дақылдың түріне де байланысты. Мысалы, қант қызылшасы мен жүгерінің біріншші және екінші суаруының арасы 20-30 күнге созылатын болса, келесі суару күннің ысуына, өсімдік массасының ұлғаюына байланысты әрбір 10-15 күнде беріліп тұруы керек. Көкөністердің алғашқы суаруы мен екінші суару арасы 15-20 күн болса, кейінгі суарулардың арасы 7- 10 күннен аспауы тиіс. Көп жылдық шөптерді 20-30 күн аралатып суарып тұрса да болады. Мәдени жайылымдықдардың суару мерзімін мал жаю мезгіліне сәйкестендіріп жүргізеді. Мал жайылып болғаннан кейін мәдени жайылымдықтағы шөп 26 тәулік ішінде орнына келуі керек, осы кезде жайылым екі рет суарылуға тиіс. Оның бірінші сурылуы мал басқа жерге ауысқаннан кейін 4-5 күнде беріледі, одан 15-20 күннен кейін екінші рет суарылады. Суару кезінде топырақ танаптан шайылып кетпеуі үшін мөлшерден тыс су беруге болмайды. Олай болғанда жағдайда су топыраққа сіңіп үлгермейді де, танаптың бетімен су екпіндей ағып топырақ эрозияға ұшырап, оның құнарлы органикалық қабаты мен майда түйірлерінің танаптардан сумен ағып кетуіне әкеп соғады. Содан топырақ құнарлылығы жыл өткен сайын төмендей береді. Артық берілген судың пайдасынан зияны көп, эрозиямен қатар, топырақтың төменгі қабатындағы тұздардың жер бетіне көтерілуінің себебінен топырақ екінші рет сортаңдануы мүмкін. Су көздері және суару тәсілдері Су көздеріне үлкенді-кішілі өзендер, көлдер, тоғандар жатады. Суды көп жинау үшін кішкентай өзендерге су реттеуіш тоған салынады. Ал өзені, көлі жоқ жерлерде қолдан жасанды тоғандар жасайды, оған ерте көктемдегі еріген қар және жаңбыр сулары жиналады. Танаптарды сумен қамтамасыз ету үшін арнайы суару жүйеін жасайды. Оның негізгі элементеріне су көзі (өзен, көл, су қоймасы), негізгі жиналғыш қондырғы, бас канал, бөлгіш каналдар, уақытша суландыру тармақтары, суару қарықтары, атыздар және басқалары жатады. Су буланып ұшып кетпеуі және топырақтан жоғалмауы үшін су тасылмайтын каналдар бетондалынуы немесе бетоннан жасалған науалар арқылы су танапқа жеткізілуі керек. Ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін мынандай тәсілдер қолданылады: -жайып немесе жер бетімен ағызып суару; -көлтабан суару; -жаңбырлатып суару; -топырақ астымен суару; -тамшылатып суару; Суды жер бетімен ағызып суару ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан, әлі күнге дейін көп тараған тәсіл. Оның үстіне бұл тәсіл өте қарапайым, сенімді, көп қаражатты, күрделі құралдарды қажет етпейді, ылғал топыраққа жақсы сіңеді. Бұл тәсілмен суару үшін танапарда ұзындығы 50ден 250 метр, тереңдігі 12-25 см-дей қарықтар жасалады, олардың арақашықтығы 60- 90см болады. Ал кейде суды егістікке жайып жіберіп те суарады. Қарықпен суарғанда жерді су түгел жаппайды, демек топырақ беті түгел қатып қалмайды, оның құрылымы көп бүлінбейді. Ал, суды жайып, жер бетін түгел суға батыра суарғанда топырақтың құрылымдық түйіршіктері езіліп, жалпы құнарлылығы кемуі мүмкін. Сонымен қатар суарылған жер көбіне құрғай келе онда өсімдік тамырларына оттегі баруын қиындататын тұтасқан қабыршақ пайда болады. Жерді қарықпен жайып суарудың кемшіліктері де бар. Мұнда еңбек өнімділігі төмен, су көп шығындалады, топыраққа су көп сіңгендіктен ондай танаптар сазданып, оның тереңгі қабатта жатқан тұздары жер бетіне көтерілу мүмкіндігі арта түседі. Жайып суару тәсілмен дәнді дақылдар мен көпжылдық шөптерді суарылады. Көлтабанды суару. Жайып суарудың бір түрі- көлтабан әдісімен суару, яғни табиғи шұңқырларда, ойпаң жерлерде жиналған қар суын пайдалану. Бұл тәсіл Қазақтсанның суарылмайтын қауаңшыл далалаық аймақтарында жайылымдықтар мен шабындықтарды суару үшін пайдаланылады. Оның негізгі кемшілігі жаз бойына бір-ақ рет суаруға болатындығы. Жаңбырлата суару кезінде әр түрлі механикалық аппараттар қолданылып (ДДН-70, ДДА-100 МА,”Фрегат”, “Волжанка”, Днепр т.б.) су танаптарға шашылады. Жаңбырлата суарғанда еңбек өнімділігі 4-5 есе жоғарылайды, су өте тиімді пайдаланылады. Судың жайылу қашықтығы суару машиналарына және олардың қондырғыларына байланысты 7-8 метрден 30-40 метрге дейін болуы мүмкін. Бұл тәсілдің суды ағызып немесе жайып суарумен салыстырғанда, мынадай артықшылығы бар: егістікте қарықтарды жиі қазудың қажеті болмайды, бұл жер өңдейтін агрегаттардың жүруін жеңілдетеді; суды үнемдеп, мөлшерлеп беруге болады, әсіресе топырақ құмдауыт болып келгенде, су орынсыз ысырал болмайды; жер бетін мұқият тегістеп жатудың да қажеті жоқ; суды мөлшерлеп бергендіктен жер астындағы тұздар көтеріліп, топырақ екінші рет сортаңданбайды. Жаңбырлата суару прогрестивті тәсіл болып есептеледі. Суару кезінде онымен бірге дақылдарға тыңайтқыштар, гербицидтер, дефолианттар және микроэлементтер беруге болады. Дақылдардың ылғалға мұқтаждығын азайту үшін аэрозольдік аппараттар да қолданылады. Бұл аппаратардың көмегімен су өте майда бөлшектерге бөлініп, тұманға айналады да, дақылдар өсіп тұрған алқаптарға жіберіледі. Бұл майда су тамшылары дақылдардың жапырағының, сабағының ылғалдылығын 25-37% көтереді, өсімдіктердің топырақтан алатын су көлемін азайтады. Аэрозольдік тәсілмен суарғанда, әсіресе көпжылдық шөптердің өнімі едәуір жоғарылайды. Аэрозольдік аппараттар беретін жасанды тұмандар арқылы дақылдарды көктемгі және күзгі үсіктерден жақсы қорғауға болады. Дақылдарды аэрозольдік тұманмен ылғалдандыру суды үнемді жұмсауға мүмкіндік жасайды. Топырақ астынан су беру тәсілі әлі көп тарай қоймаған суару түрі, оның келешегі зор. Бұл тәсілмен су жер астына орналасқан су құбырларымен дақылдардың тамыры жатқан тереңдікке тікелей беріледі де, жер бетінің 5-7 см қалыңдығы құрғақ қалпымен қалады. Сондықтан, танап бетінде қабыршақ пайда болмайды. Топыраққа жер астымен су беру еңбек өнімділігін арттырып, суару құрылғыларын пайдалануды арзандатады. Қазіргі кезде бұл тәсіл көбіне жылыжайларда қолданылып жүр. Тамшылатып суару да топырақ астынан су берудің бір түрі. Бұл тәсілмен суарылғанда топыраққа су өте жіңішке түтіктер арқылы беріледі. Мұны қолдану үшін бір гектар жерге 3-10 мың метр диаметрі 6-20 мм полиэтилен түтігі қажет болады. Суды топырақ астына бірден беріп суарғанда ол өте үнемді жұмсалады. Өйткені жер беті құрғақ жатқандықтан судың орынсыз булануы жоққа тән болады. Бірақ, бұл әдістермен суару үшін өте көп қаржы керек. Өйткені мұның өзі өте күрделі жұмыс, сондықтан ауыл шаруа- шылығында тек келешекте кең көлемде жүргізілуі мүмкін. Суару мөлшері. Дақылдың сумен қалай қамтамасыз етілгенін білу үшін, жоспарланған өнімге ол дақыл қанша су қажет ететінін алдын ала есептеп шығару керек. Дақылға қажет су мөлшерін сол жерге түсетін жауын-шашын мөлшерімен салыстыра келіп, суарудың қажет, не қажет емес екенін, ал егер суару қажет болса, қанша су керек екенін есептеп шығаруға болады. Ол үшін әр дақылдың транспирциялық коэффициентін білуіміз керек. Мысалы, бидай дақылының беретін негізгі өнімі- дән. Бидай бір центнер дән беру үшін қанша центнер су қажет етсе, ол соның су жұмсау коэффициенті болып есептеледі. Масақты дақылдар әр тонна дән беру үшін 4000 тоннадай су қажет етеді. Яғни, масақты дақылдардың су жұмсау коэффициенті 400-ге тең, ал дәнге өсірілген жүгерінікі –250, тамыржемістінікі –100, картоптікі-150, көпжылдық шөптердікі –500 ге тең болады. Осы көрсетілген коэффициентті жоспарланған өнімге көбейтіп қажетті су мөлшерін анықтауға мүмкіндік туады. Мысалы, суармалы жерден 50 ц жүгері дәнін алу белгіленді делік, ал 50 ц дегеніміз 5 тонна, оны жүгерінің су жұмсау коэффициенті 250-ге көбейтсек, 1250 тонна немесе 1250 текше метр су керек болады. Бұл жүгеріні өсіруге кететін су көлемі. Ылғалдың біраз бөлігі топырақ бетінен ұшып буға айналады, келесі бөлігі топырақтың терең қабаттарына сіңіп кетеді. Әсіресе, топырақтың астыңғы қабатында тас, құмдар көп болса, оған сіңетін су да көбейеді, ал судың үшінші бөлігін сол себілген дақыл мен өсіп тұрған арамшөптер пайдаланып, көбіне жапырақтары арқылы буландырады, бұл транспирацияға кеткен су болып есептеледі. Топырақтағы судың көбісі осы транспирацияға жұмсалады. Барлық керекті судан, дақыл өсіп тұрған кездегі жауатын жаңбыр суын және топырақтағы бастапқы ылғалды алып тастап, суару кезінде танапқа берілуге тиісті су мөлшерін белгілеуге болады. Ол үшін мынадай формула қолдану керек: M=E-(P+A) Мұнда: М- суару кезінде берілуге тиіс су мөлшері (м3); Е-өсімдік өсуі үшін жұмсалатын барлық судың көлемі (м3); Р-дақыл өсу кезінде түсетін жауын-шашын мөлшері (мм); А-топырақтың тамыр жайылатын тереңдігіндегі бастапқы су мөлшері (м3); Бір рет суарғанда әр гектарға берілетін суды суару мөлшері деп атайды. Суару мөлшері топырақтың түріне, оның ылғалданатын тереңдігіне және суару алдындағы топырақтағы ылғалдық мөлшеріне суару тәсіліне қарай да өзгеріп отырады. Егер, танаптың топырағы құм немесе құмдауыт болса, ондай топыраққа су тез сіңеді, олардың суды ұстап тұру қабілеті төмен болғандықтан суару санын көбейтеді. Жаңбырлатқыш машиналарды қолданғанда ғана суды тиісті мөлшерде дәл беруге болады. Жаңбырлату арқылы әр гектарға көбіне 300-500 м3 су беріледі, бірақ ол жиірек беріліп тұрады. Суару мөлшері климат ерекшелігіне байланысты да өзгеріп тұрады. Климаты өте құрғақ аудандарда суару мөлшері 600-800 м3 /га-дан кем болмауы керек. Жауын-шашын көп жауатын аудандарда оны 300-400 м3/га дейін кемітуге болады. Танаптың су сыйымдылығына, топырақтың көлемдік массасына, ылғалдану тереңдігіне байланысты суару мөлшерін есептеп шығаруға болады. Ол үшін мына формуланы қолдану керек: M= 100d х h (W-V). мұндағы: m-суару мөлшері м3/га; d-топырақтың көлемдік массасы , г/см3 h-ылғалдандыруға тиіс тереңдік,см;w-топырақтың еркін су сыйымдылығы, қысқаша ЕСС, v-суару алдындағы топырақтың ылғалдылығы, мм. Топырақтың еркін су сиымдылығы (ЕСС) деп оның белгілі мөлшерде суды өз бойынан төмен жібермей мейлінше көп ұстау мүмкіндігін айтады. Суару кең тараған Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы егіс танаптары топырақтарының еркін су сыйымдылығы көбіне 24-28 % болып келеді. Көптеген дақылдар үшін топырақтағы ылғал оның еркін су сыйымдылығымен салыстырғанда 70-80% төмендей түскенде суаруды талап етеді. Топырақтағы ылғал 60%-тен төмен түскенде суарылған дақыл солмайды, бірақ алынатын өнім едәуір кемитінін тәжірибе көрсетіп отыр. Суару кезіндегі топырақтың ылғалдану тереңдігі дақылдың тамыр жаюына байланысты әр түрлі болады. Қант қызылшасы, жүгері сияқты тамыры тереңге кететін дақылдар үшін топырақтың ылғалданатын қабаты 70-100 см болуы тиіс, ал дәнді масақты, бұршақ тұқымдас дақылдардың топырақтың ылғалданатын қабаты да осындай болуы керек. Қызанақ пен қырыққабаттың көшетін отырғызу үшін топырақың 40-50 см қабаты ылғалды болса жетіп жатыр. Жерді суландыру-ауылшаруашылық мелиорациясының басты элементтерінің бірі. Оның негізгі мақсаты Қазақстанның қуаңшыл шөл және шөлейт аймақтарындағы жайылымдықтар мен шабындықтарды суарып, олардың өнімділігін арттыру. Жерді суландыру егістікті суару жұмысымен ұштастыра жүргізілуге тиіс. Егістікке су беру каналдары жайылымдықтар мен шабындық орналасқан жерге жақын өтсе оларды суландыру үшін осы каналдың суын пайдаланады. Мысалы, Ертіс-Қарағанды каналы осындай мақсатты орындау үшін салынған. Өзен мен көлдері жоқ жерлерде су көзі үшін шыңырау құдық суларын пайдаланады. Жер құрғату мелиорациясы. Қазақстанда жауын-шашын тапшы. Жыл бойына мұнда 100- 150 мм-ден 350-400 мм-ге дейін ылғал түседі. Сондықтан, республикада батпақты жерлер жоқтың қасы. Ал, керісінше Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы (ТМД) елдерінде атмосфералық жауын-шашын өте көп мөлшерде түседі. Мысалы, Ресейдің Мәскеу, Ленинград облыстарында, Батыс және Шығыс Сібір, Орал өңірлерінде, Белорусь республикасында жылдық жауын-шашын мөлшері 800-1000 мм-ге дейін жетеді. Мұндай жерлерде , ылғал буланып үлгермейді де топыраққа сіңеді, жер астындағы суларға қосылып, ойпаң тұстардан бұлақ болып шығады. Ал, ойпаң жерлерден су ешқайда ағып кете алмайды, содан барып олар батпаққа айналады. Сазды жерге егін егу мүмкін емес. Оны құрғату үшін әртүрлі инженерлік шаралар қолданылады, сөйтіп артық суды басқа жаққа аударып, жер өңдейтін техникалар жүретіндей жағдайға келтіреді. Құрғату кезінде ойпат жерлерде тұрып қалған сулардың ағысын реттеу және жеделдету қажет, бұл жерге артық судың келмеуі қадағаланады, жер астын суның деңгейі төмендетіледі, топырақтың су және ауа өткізгіштік қасиеті жақсартылады. Құрғату жүйелері артық суды танаптардан алып кететін ашық терең оқ- арықтардан және жабық құрғатқыш кәріздерден тұрады. Барлық құрғақ жүйе егіс бағытымен жүретін су жинағыш каналдардан, суды танаптан аударатын коллекторлардан тұрады. Жер құрғататын жүйелер салынғанда әр түрлі бөгеттер, тоспалар да жасалады, мұндағы мақсат көктемде су тасығанда немесе су көбейген кезде ойпаттарда орналасқан құрғатылған танаптарды судың қайта басып кетпеуін қамтамасыз ету керек. Топырақ бетіне жақын орналасқан жер асты суын кетіру үшін жасалынатын арықтардың тереңдігі әдетте 50-60 см, бетінің ені 100-120 см, табанының ені 20-30 см болады. Бұлар еңіске көлденең тартылады және бір-бірінен 50-200 метр қашықтықта орналасады. Арықтардың жиілігі ауа райына тікелей байланысты болады, жаңбыр өте көп жауатын және жаңбыр сулары буланып үлгермейтіндей ауа райы салқын болатын аймақтарда бұлар жиірек орналастырылады. Құрғатылатын жер мал жайылымына арналған болса немесе орман –тоғай ағаштары өсірілетін танаптар болса, онда құрғататын арықтар арнасы көбіне ашық болады, егер құрғатылатын танапқа астық егілетін болса, онда жер құрғатуға арналған арықтарды тереңдеу және жиірек тартқан дұрыс. Егер, сазды жердің топырағы суды нашар өткізетін ауыр құрылымды болған жағдайда артық суды ағызуға арналған әр түрлі тереңдікке дренаждар және жер астында орнастырылған қуыстар жасалынады. Дренаж кәрізі деп жер астына көмілген құбырдан, қыштан, тастан жасалған топырақтағы артық су жүретін әр түрлі түтіктерді айтады. Кейде бұлардың орнына жер астындағы су жүретін қуыстарға буылған шыбықтар, қамыстар, тастар көміледі. Мұнда су жүруге болатындай жіңішке қуыстар қалады. Солар арқылы топырақтағы артық сулар ағып, каналдарға құйылады. Бұл түтіктердің ішінде ең көп тарағаны қыштан жасалған дренаждар. Олар судан қорықпайды, шірімейді, сондықтан көп жылдар бойы пайдалануға жарайды. Саздарды құрғатуға арналған жүйелер біржақты және екі жақты қолданылатын болып бөлінеді. Біржақты жүйелер тек топырақтағы артық суды азайту үшін ғана қолданады. Екіжақты жүйелер көктем кезінде топырақтағы суды азайту үшін, ал жаздың ыстық кезінде, не жауын-шашын тапшы болған жылдары кез-келген уақытта топырақты суландыру үшін пайдаланылады. Бұл кезде танаптарға су жер астында орналасқан дренаж жүйелері арқылы жеткізіледі. Құрғатылған жерді игеру үшін алдымен оны өсіп тұрған ағаштардан, бұталардан, тастардан, томарлардан тазалау керек. Кездесетін шұңқырларға, сайларға топырақ төгіп, жер бетін тегістейді, органикалық және минералдық тыңайтқыштар шашады, содан кейін терең етіп жыртады. Құрғатылған жерлердегі ағаштарды кесу үшін бұтақкескіш машиналары қолданылады. Кей жағдайда ағашарды жою үшін әртүрлі химиялық заттар да пайданылады. Тал сияқы жалпақ жапырақты ағаштарға қарсы 2,4 Д амин тұзын қолдануға болады. Кесілген ағаштардың томарлары мен түбірінен танапты тазарту үшін арнаулы томар жұлғыштарды (Д-513А) пайдаланады. Бұл құралдың арнаулы тістері болады, томаржұлғыш жыланбауыр тракторлардың алдыңғы жағына орнастырылады. Танаптағы тастарды теріп, жинап, сыртқа шығару үшін тас жинағыш- томаржұлғыш (УКП-0,6 не УСК-0,7) механизмдерді қолданады. Саздақ төмпешіктерді тегістеу үшін де әртүрлі құралдарды қолдануға болады. Егер төмпешіктің биіктігі 25 см-ге дейін болса, оларды бұталы-сазды жыртуға арналған соқалармен жыртып, тегістеп жіберуге болады. Ал, төмпешіктің биіктігі 40 см болса, оларды рельстерден жасалған ауыр малалармен тегістеп алып, содан кейін жыртады. Кездесетін әр түрлі шұңқырларды бульдозерлермен, скреперлермен, аласа төмпешіктер мен сайларды фреза машинасымен, әр түрлі тырмалармен, малалармен тығыздатқыштармен (катоктармен) тегістейді. Танаптарды жоспарлағанда су жүретін каналдарға қарап сәл еңістеу етіп жасайды, сонда артық судың өзі келіп каналдарға құйылады. Игерілген жерлердің құнарлылығын арттыру үшін органикалық және минералдық тыңайтқыштар береді. Егер топырақтың қышқылдығы жоғары болса, оны әктейді. Органикалық және минералдық тыңайтқыштардың мөлшері, түрі әр танапта әр түрлі болуы мүмкін. Ол топырақтың құнарлылығына, химиялық, гранулометриялық құрамына байланысты өзгеріп отырады. Әр гектарға берілетін әктің де мөлшері топырақтың қышқылдығына байланысты болады. Топырақты химиялық мелиорациялау Дақылдардың көбісі топырақ ерітіндісі реакциясының бейтарап болуын қалайды. Ол қышқылды немесе сілтілі болса онда өсімдік нашар өседі. Мұндай топырақтың реакциясын бейтарапты жағдайға келтіру үшін оған әк не гипс береді, бұл шараларды топырақты химиялық мелиорациялау деп атайды. Қышқыл топырақты әктендіру. Қышқыл реакцияны бейтараптан- дыру үшін оны әктеу қажет. Әктеу нәтижесінде топырақтың құнарлылығы жақсарады, онда егілген дәнді дақылдардың өнімі әр гектардан 4-5 ц, қант қызылшасның өнімі –50-60 ц, сүрлемдік жүгерінің өнімі 60-90 ц дейін көтеріледі. Әктенген жерлерде дақылдардың өніп-өсуіне тыңайтқыштардың тигізетін әсері де арта түседі. Топырақтың қышқылдығын азайту үшін әктің, доломиттің ұнтақтары қолданылады. Сор топырақтарды гипстендіру. Сор топырақтар Қазақстанның шөлейт және шөл аймақтарында жиі кездеседі. Сор топырақтың құрамында натрий көп болса да, топырақ ерітіндісінің реакциясы сілтілікті көрсетеді. Сондай тұзды топырақтар сортаң және сор топырақтар болып бөлінеді. Егер, топырақтың барлық қабатында (соның ішінде үстіңгі қабатында да) суда тез еритін тұздар көбірек (0,6 дан 3 және одан көп) болса, оны сор топырақтар деп атайды. Тұздың концентрациясы жоғары болғандықтан, өсімдіктердің суды, коректік затарды сіңіруі қиындайды. Сондықтан, мұндай топырақтарда өсімдіктер жөнді өспейді, өссе де тек тұзға төзімді өсімдіктер ғана өседі. Сор топырақтар әдетте ойпаттау жерлерде, суы ащы теңіздер мен көлдердің жағасында кездеседі. Сор топырақтар құрамында кездесетін тұздардың түріне қарай хлоридті-натрийлі, хлоридті-сульфатты, кальцийлі-натрийлі, сульфатты, кальцийлі-магнийлі және т.б. болып бөлінеді. Мұның ішіндегі ең зияндылары NaCІ және NaHCO3+Na2CO3 тұздары. Сор топырақтың құнарлылығын көтеру үшін химиялық мелиорациялау–гипстендіру керек. Топыраққа гипсті енгізгенде оның құрамындағы кальций ионы топырақ сіңіру кешенінен натрий ионын ығыстырып шығады. Осының нәтижесінде топырақтың физикалық, биологиялық қасиеттері жақсарады. ТСК құрамынан натрий ионы ығыстырылып шығарылады да оның орнына кальций ионын енеді. Жаңадан құралған тұз- Na2SO4.суда жақсы ериді, сондықтан келесі суарумен немесе сор шаюмен топырақтың төменгі қабатына шайылып кетеді. Топырақты гипстендіру оны сумен шаю жұмысымен бірге жүргізілуі керек. Бір гектарға 3-10 тонна гипс жұмсалады. Суармалы аудандарда жерді дұрыс суармаудың салдарынан топырақтың екінші рет сортаңдануы да мүмкін. Мұндай жерлер ауылшаруашылық дақылдарын егуге жарамай, істен шығып қалады. Сортаң топырақты алқаптарда шөп сиректеу өсетін болатындықтан мұндай жерлерді көбіне мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Егер, ондай жерлердегі артық тұздарды сумен шайып тұрса, алынатын өнім күрт жоғарылайды. Сумен шаю жұмысы жүргізілен кезде топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштар қоса берілсе, оның құнарлылығы арта түседі. Сортаң жерді игеру кезінде оған тұзды жақсы көтеретін жоңышқа, түйежоңышқа, судан шөбі, тары сияқты дақылдарды егуден бастаған дұрыс. Сортаң топырақтың табиғи құнарлылығы да төмен. Оның құнарлылығын көтеру үшін көп қаржы жұмсау керек, яғни топырақты гипстеу, пайда болған натрий сульфатын сумен шаю, не бұл тұз төменгі қабатқа сіңіп кететіндей жағдай жасау керек. Тұзды жерді химиялық мелиорациялауға көп гипс керек. Сондықтан, көбіне топырақтың өзін-өзі мелиорациялауына жағдай жасалады. Ол үшін топырақтың гипсі бар қабатын жоғары шығарып, сортаң қабатпен араластырады. Бұған жерді терең жыртатын плантаждық соқалар қолданылады. Гипсі бар қабат пен тұзды қабат араласқанда топырақ құнарлылығы артады. Ал, егер топырақты сумен шаю мен бірге органикалық, минералдық тыңайтқыштар қолдану шаралары қоса жүргізілсе, оның құнарлылығы одан да жоғары болады, сондықтан бұл жерлерге көптеген дақылдарды егіп, мол өнім алуға мүмкіндік туады. Орман мелиорациясы. Дақылдарды аңызақ ыстық желден, топырақты эрозиядан, өзендерді, көлдерді суалудан қорғау үшін олардың жағасына ағаштар отырғызылады. Өзендердің, көлдердің, каналдардың, айналасына отырғызылған ағаштар олардың жағасын бекітеді, сумен шайылып, эрозия болудан сақтайды және судың булануын азайтады. Ағаштарды танаптардың айналасына отырғызған уақытта бұлар ауаның ылғалдылығын көтеріп, топырақтағы судың орынсыз булануын азайтып, танаптағы егілген дақылдардың өнімін көтеруге септігін тигізеді және соғатын күшті желдердің екпінін қайтарып, топырақтың жел эрозиясына ұшырауына кедергі болады. Танаптардың төңірегіне отырғызылған орман жолақтары дақылдарды суаруға жұмсалатын су мөлшерін 25 пайызға азайтады. Сонымен қатар көп жағдайда топырақты қайта тұзданудан сақтайды. Топырақтың қайта тұздануы суды өте көп беріп, оның терең қабаттарына судың мол жиналуынан болатыны белгілі. Сол тереңге кеткен су қайтадан жер бетіне көтеріліп, булана бастағанда ол өзімен бірге жер астындағы тұздарды да алып шығады. Осыдан топырақтың үстіңгі қабатындағы тұз көбейеді. Ал, ағаш отырғызылған жерлерде топырақ қайта тұзданбайды, себебі жер астына кеткен артық суларды ағаштардың тамырлары пайдаланады да, ол жер бетіне шығып, буланып үлгермейді. Танаптарды қорғайтын орман жолақтарының егілген дақылдардың өніміне тигізетін әсерін мына мысалдардан көруге болады. Қазақстанның оңтүстік- шығысында орналасқан Алматы облысында орман алқаптарының әсерінен суармалы әр гектар жерден алынатын астық өнімі 5-7 ц, темекенің өнімі –1,7 ц , дәндік жүгері өнімі-4-5 ц көбейген. Топырақ қорғау орман алқабы өзінің отырғызу құрлысы (конструкциясы) бойынша жел өткізбейтін тығыз, селдір және жел өткізетін болып үш топқа бөлінеді. Жел өткізбейтін орман алқабында ағаштар жиі, яғни тығыз отырғызылады. Топырақты желден қорғау қабілеті осында отырғызылған ағаштың 15 биіктігіне тең. Бұл орман алқабында қар мол ұсталады, ол көктемде баяу еріп топырақты жақсы ылғандандырады. Селдір құрлысты орман алқабынан соққан желдің 35 пайызы өтеді, ал топырақты желен қорғауы ағаштың 25-30 биіктігіне тең қашықтыққа дейін жетіп, желдің күші екі есе кемиді. Жел өткізетін орман алқабында ағаштардың жоғарғы жағы бірімен-бірі түйісіп желдің өтуіне тосқауыл жасаса, ал төмені жағынан жел жақсы өтеді. Топырақ қорғау алқабының осы түрі қоршаған танаптарда микроклимат жақсарып, оларға қолайлы жағдай туғызады. Топырақтағы, ылғалды сақауға арналған орман алқаптары жаз бойы танаптарды ыстық аңызақтан, құрғақшылықтан, шаңды дауылдан қорғап тұрады, желдің екпінін баяулатады, қыста танаптардан қардың ұшып кетпеуін қамтамасыз етеді. Қар қалың болса топырақ қыста тереңге тоң болып қатпайды, сондықтан көктемде және жазда топырақты тез кептіретін өкпек желден қорғайды, ылғалдың орынсыз ысырап болуынан сақтайды. Сөйтіп, алқаптағы климат жұмсарып, дақылдардың өніп-өсуі жақсарады. Танап қорғайтын орман алқабының әсерінен ыстық күндері ауаның температурасы 1-1,5 С, ал топырақтың температурасы 2,5-4 С төмендейді, бұл судың булануын орта есеппен 15-20 пайыз азайтып, өнімінің көбеюіне игі әсерін тигізеді. Ауыспалы егіс танаптарының жер бедерін және үстем соғатын желдің бағытын ескере отырып, топырақ қорғау орман алқабын екі бағытта, яғни көлденең және ұзына бойы отырғызады. Ұзына бойы орман алқабы үстем соғатын жел бағытына кесе-көлденең отырғызылады. Орман алқабының ені отырғызылатын ағаш қатарларының санына байланысты. Ағаштар 2-4 қатарлы, қатар аралықтың ені 1,5-2,3 метр, ал қатардағы ағаштардың бір-бірінен қашықтағы 0,5-0,7 метр болып отырғызылуы мүмкін. Ауа райына, топырағына байланысты негізгі орман жолақтарының арасы 200-ден 600 метрге дейін, ал оған кесе-көлденең отырғызылатын қосымша жолақтардың арасы 1000-1500 м болады. Қара топырақты далалық аймақтарда (Қазақстанның солтүстік облыстарында) негізгі орман жолақтарының арасы 400-500 метрден аспауы керек, қарақоңыр топырақты аймақтарда (республикамыздың орталық, батыс, шығыс облыстарының далалық аймағында) 300-500 м, сұр топырақты оңтүстік облыстарында –200м болады. Күріш егілетін атыздар арасына тігілетін ағаштар әдетте өте биік-20- 25 м болып өседі. Сондықтан, күріш танаптарындағы негізгі орман жолақтарының арасын 800 м етіп отырғызылады. Орман алқабын отырғызғанда үш топ ағаш тұқымын (породасын) қолданады. 1. Басты немесе негізгі тұқым. Ол топырақты желден қорғайтын негізгі алқап. 2. Ілеспелі ағаш тұқымы топырақты көлеңкелеп қолайлы микроклимат жасайды. 3. Бұталы ағаштар тұқымы топырақты көлеңкелеп, арамшөптерді құртады. Әрине ағаш тұқымдары жергілікті жердің табиғи жағдайын ескере отырып таңдап алынады. Республикамыздың солтүстік, батыс, шығыс облыстарының қызыл-қоңыр топырақты аймақтарында қайың, сағыз қарағай, теректердің әр түрі, қарағаш, сондай-ақ акацияның әр түрі, жиде, қарақат, шие, сібір, алмасы сияқты тал- шіліктерді отырғызуға болады. Жауын-шашын аздау болатын орталық облыстарда, соған жақын іргелес аудандарда, яғни қоңыр, боз топырақты аймақтарда отырғызуға болатын ағашардың түрлері азая түседі. Бұларға қарағаш, үйеңкі, жиде, қарақат еккен қолайлы. Оңтүстік облыстарының тәлімі жерлеріне отырғызуға болатын ағаштардың түрлері санаулы- ақ. Себебі, ылғалдың аздығына, ыстыққа көп ағаштар шыдай бермейді. Қазақстанның суармалы аймағында кез-келген ағашты отырғызбай, тек бағалы, шаруашылыққа пайдалы ағаштар еккен жөн. Отырғызылатын ағаштар егінге ешқандай зиянсыз, әрі топырақты қайта тұзданудан сақтайтын болуы керек. Мақта егілетін Оңтүстік Қазақсан облысында дренажы жақсы жұмыс істеп тұрған жерлерге емен, қарағаш, қайың отырғызуға болады. Жер асты суы жақын жерлерде теректің әр түрі отырғызылады (қара терек, канада терегі), ал суы тереңде жатқан жерлерде үйеңкінің әр түрін отырғызу керек. Бұл ағашар канал жағалауларының топырағын жақсы бекітеді. Топырақта тұз болмаса, ол жерге грек жаңғағы сияқты жылу сүйгіш ағаштарды отырғызуға болады, грек қара жаңғағы суықтан онша қорықпайды, ол 40С суыққа төзеді. Алманың әр түрлі сорттарын (апорт, ақ розмарин, мильтон), алмұрттың орман сұлуы сияқты сорттарын, өрік, алша, құрма тәрізді жеміс ағаштарын да отырғызған жөн. Тұзды жерлерге қарағаш, қараған, жиде ағаштарын отырғызған қолайлы. Қызылорда облысының ауа райы өте құрғақ болғандықтан, мұнда өсіруге болаын ағаштардың түрлері онша көп емес. Бұл өңірге қарағаштың аласа түрлері, ақ қараған, канада терегі, жиде жақсы өседі. Жамбыл облысының қант қызылшасы, жүгері, жоңышқа, дәнді масақты астық дақылдары егілетін танаптарының төңірегіне емен, қайың, ақ қараған, қара терек, канада терегі, қарағаш, үйеңкі сияқты ағаштары егінге жақсы сая береді. Жеміс ағаштарынан алманың Апорт, Заилийское сорттарын, алмұрттың Орман сұлуы, Талғар сұлуы, қара өріктің, шиенің, әр түрлі сорттарын отырғызуға болады. Климаты жұмсақтау болып келетін тау бөктерлерінде орналасқан танаптардың айналасына өріктің Гайрат, Қызыл исфарак сорттарын, отырғызуға болады. Егісті қорғайтын орман алқабын отырғызу. Ағаш отырғызу жұмыстары барлық аймақтар үшін бірдей десе де болады. Егін қорғайтын орман алқабын отырғызу үшін жерді күзден бастап дайындайды. Күзде бұл жерлер терең етіп жыртылады, тырмаланып, тегістеліп қойылады. Қыстай оған жаңбырдың, қардың суы сіңіп, ағаш отырғызуға дайын болып тұрады. Мүмкіндік болса ондай жерлерді суарып, топырақтағы ылғалды көбейту керек. Каналдардың бойына орман алқаптарының түбін, жақтауларын цементпен, бетон плиталармен бекітіп болғаннан кейін келесі жылы отырғызады. Ағаш оырғызуға ең қолайлы уақыт- көктем. Кей жағдайда күзде де отырғызуға болады, бұл ретте ағаш отырғызар алдында міндетті түрде жерді қандырып суарады. Көктем кезінде де ағаш отырғызыла салысымен, оған су жіберу керек. Жаз бойы ағаш жақсы тамыр алып, дұрыс өсуі үшін 5-8 рет суару қажет. Ағаштың қатараралықтары үнемі қопсып жатуы тиіс, арамшөптерді отау үшін жерді өңдеп тұру керек. Бақылау сұрақтары 1. Мелиорацияның маңызы 2. Мелиорацияның түрлерін атаңыз 3. Жер суару және оның маңызы 4. Суарудың мезгілі мен мөлшері 5. Жер құрғату, қолданылатын аймақтары 6. Химиялық мелиорация, маңызы 7. Орман алқабында отырғызылатын ағаш тұқымдары 8. Орман алқабының құрылысын атаңыз 7 тарау Егістік жұмыстар Егістік жұмыстар негізінен шаруашылықта себілетін дақылдардың тұқымдарын дайындаудан басталады, себебі тұқымның сапасы нашар болса, онда басқа агротехникалық шараларды қанша мұқият жүргізгенмен жоғарғы өнім алуға үміттенуге болмайды. Ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының сапаларына мына көрсеткіштері жатады: 1. Тұқымның тазалығы-негізгі дақыл тұқымын анықтауға алынған жалпы үлгі салмағына пайызбен көрсетілген қатынасы. 2. Тұқымның өнгіштігі-көктеп шыққан өскіннің себілген тұқым санына пайызбен есептелген қатынасы. Ол лабораториялық және далалық өнгіштік болып екіге бөлінеді. Лабораториялық өнгіштік 100 пайызға жақындау керек, ал далалық өнгіштік аймақтың топырақ-климаттық жағдайына, жылдың ауа райының, дақылдардың түрлері мен олардың сорттық ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп тұрады. 3. Тұқымның өну энергиясы –оның жылдам және біркелкі көктеп шығуы. 4. Тұқымның себуге жарамдылығы-себуге арналған тұқымдағы негізгі дақылдың таза тұқым мөлшері. 5. 1000 дәннің салмағы-оның құрғақ күйіндегі граммен алынған массасы. 6. Тұқымның ылғалдылығы-оның салмағындағы пайызбен көрсетілген гигроскопиялық ылғалдың мөлшері. Мемлекеттік стандарт бойынша тұқымның ылғалдылығы 14 пайыз шамасында болу керек. Бұл келтірілген көрсеткішерден басқа тұқым ауруларға шалдықпаған немесе зиянкестермен зақымданбаған болуы керек. Бір сөзбен қорыта айтқанда дараланған ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары төмендегі мемлекеттік стандартқа сәйкес болулары шарт. Кесте 6 Кластар бойынша тұқым сапасының негізгі көрсеткіштері | | | |Басқа өсімдіктер | | | | |Негізгі |тұқымының қоспасы, |Лаборатория-лық| |Дақылдар |Класс |дақылдың |дана/кг-нан көп емес |өнгіштік, | | | |тұқымы ,% | |% | | | | | |оның | | | | | |барлығы |ішінде | | | | | | |арамшөп | | | | | | |өсімдігі | | |Жұмсақ бидай |І |99 |10 |5 |95,0 | |МСТ 10467-76 |ІІ |98 |40 |20 |92,0 | | |ІІІ |97 |200 |50 |90,0 | |Қатты бидай |І |99 |10 |5 |90,0 | |МСТ 10467-76 |ІІ |98 |40 |20 |85,0 | | |ІІІ |97 |200 |70 |85,0 | |Арпа, сұлы МСТ|І |99 |10 |5 |95,0 | |10469-76 |ІІ |98 |80 |20 |92,0 | |МСТ 10470-76 |ІІІ |97 |300 |70 |90,0 | |Тары МСТ |І |99 |16 |10 |95,0 | |10249-90 |ІІ |97 |200 |150 |85,0 | |Ас бұршағы МСТ|І |99 |5 |0 |95,0 | |10246-86 |ІІ |97 |15 |0 |90,0 | | |ІІІ |97 |50 |0 | | |Күнбағыс МСТ |І |99 |5 |2 |95,0 | |9576-84 |ІІ |98 |15 |5 |90,0 | Себілуге тек І және ІІ клас талабына сай келетін тұқымдар жіберіледі. Тұқым тек арнайы себілген танаптан ғана алынуы керек. Ауыл шаруашылық дақылдарын себу Егін себу мерзімі ең жауапты кезең, себебі әр дақылды қолайлы мерзімде себу алынатын өнім тағдыры. Себу мерзімі ауылшаруашылық дақылдарының түрлеріне, олардың биологиялық, сорттық ерекшеліктеріне, республиканың әр аймағының топырақ-климаттық, көктемгі ауа-райына және басқа жағдайларға байланысты. Суыққа төзімді дақылдар ертерек, ал жылу сүйгіш өсімдіктер топырақ әбден қызып, оның тұқым сіңіру тереңдігінде орташа тәулік температурасы +10-12С қызғанда себіледі. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің көпжылдық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде барлық ауылшаруашылық дақылдарының әр аймақтағы себілу мерзімі анықталып, олар өндіріске кеңінен енгізілді. Мысалы, бұрынғы академик А.И. Бараев атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы институтының (М.В.Карпенко) көпжылдық зерттеулері бойынша. республиканың ең бағалы және басты дақылы жаздық бидайды Қазақстанның солтүстік өңірлерінде 15-25 мамыр аралығында сепкенде ең жоғары өнім беретіндігі дәлелденді. Аталған мерзімде себілген жаздық бидайдың әр гектарынан ерте себілген уақытпен салыстырғанда 1,5-2,0 ц/га, ал өте кеш себілген жерлерге қарағанда 1,3-1,8 ц/га үстеме өнім жиналды. Қ.Ш. Жаңабаевтың Павлодар облысының далалық-қуаңшыл аймағында жүргізілген тәжірибесі де осындай нәтиже берді. Республиканың солтүстік облыстарында арпаны жаздық бидайға қарағанда сәл кештеу себеді. Оның қолайлы себу мерзімі 25-30 мамыр аралығы. Ал, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірінде өсірілетін күздік бидайдың себу мерзімі тұрақты үсік түскенге 50-60 күн қалғанда екені анықталды. Бұл мезгіл таулы және тау бөктері жерлерінде ертерек (қыркүйектің екінші онкүндігі), ал осы аймақтың жазық жерлерінде және қиыр оңтүстігінде кешірек (қазанның басы) жүргізіледі. Жылу сүйгіш жүгері, қант қызылшасы, мақта, көкөністер және басқа өсімдіктер топырақ тұрақты қызып, оның тұқым сіңіру тереңдігінің орташа тәуліктік температурасы ең кем дегенде 8-10 градусқа жылығанда себіледі. Бұл оңтүстік облыстарда сәуірдің 10-20 жұлдызы аралығында, ал солтүстікте 10-20 мамырға (сүрлемдік жүгері) сәйкес келеді. Тұқым себу мөлшері (нормасы) әр дақылдың сорттық және биологиялық ерекшеліктеріне, тұқым себу мерзімі мен тәсіліне, аймақтың топырақ- климаттық және басқа жағдайларына байланысты. Ауылшаруашы- лық дақылдарының тұқым себу мөлшері әр гектарға килограмм немесе миллион данамен есептеледі. Дәнді масақты дақылдардың тұқым себу мөлшері Қазақстанның орманды- далалық және қуаңшыл далалық аймқтарында әр гектарға 2,5 млн данадан (қуаңшыл аймақ) 4,0 млн. данаға (жауын-шашыны көбірек жауатын) орманды- далалық қаратопырақты аймақ дейін ауытқиды. Қазақстанның орталық және батыс өңірлерінде бұл көрсеткіш 2,5-3,5 млн дана, ал шөлейт аудандарда- 1,5-2,0 млн дана болады. Республиканың шығыс аймағында тұқым себу мөлшері көбірек. Мысалы, осы өңірдің қуаңшыл-далалық жерлерінде 2,5-4,0 млн.дана/га болса, ал тау бөктерінде әр гектарға 4,0-5,5 млн дана дән себу керек. Еліміздің суармалы егіншілігінде өсірілетін күздік бидайдың бір гектарға себу мөлшері 5,0-6,0 млн., ал күріштікі –7,0-8,0 млн. данаға жетеді.Аталған аймақтағы қант қызылшасының себу мөлшері әр гектарға 180-250 кг, картоптікі-55-60 мың дана, орта талшықты мақтаның 1 гектардағы өсімдік жиілігі 100-120, жіңішке талшықты мақта үшін 120-130 мың дана болуы керек. Тұқым себу тәсілдері ауылшаруашылық дақылдарының өніміне тікелей ықпал етеді, себебі өсімдіктердің коректену алаңы, яғни ылғал және коректік элементтермен қамтамасыз етілуі, осы себу тәсіліне байланысты. Тұқым себу тәсілдеріне дақылдардың түрлері де әсер етеді. Дәнді масақты дақылдар жай қатарлы, яғни өсімдіктердің қатараралығы 15 см, (СЗП- 24 типтес дискілі дәнсепкіштермен себілсе) немесе 23 см (СЗС-2,1 типтес дәнсепкіштермен), суармалы аймақтарда тар қатарлы (қатараралығы 7,5 см СУБ- 48 типтес дәнсепкіштермен) тәсілдермен себіледі. Дәнді масақты дақылдарды тоғыспалы әдіспен кесе-көлденең екі бағытта себугеде болады. Бұл тәсілмен себілгенде тұқым себу мөлшері екі есе азайтылады. Арамшөптерден қатты зардап көретін тарыны таспалы әдіспен, яғни қатараралығы 30-45 см, екі немесе үш жолды етіп себеді. Мұндай тәсілмен көкөністерді және дәрілік өсімдіктерді де себеді. Отамалы дақылдар кеңқатарлы, шаршылы-ұялы, кеңқатарлы-нүктелі, ұялы және басқа тәсілдермен себіледі. Кеңқатарлы тәсілмен сепкенде өсімдіктердің қатараралығы 45 см, 60см,70см және 90 см болады. Шаршылы-ұялы тәсіл 60х60см немесе 70х70 см схемасы бойынша әр ұяға 2-3 дән себіледі. Мұндай әдіс жүгеріні сепкенде қолданылады. Кең қатарлы-нүктелі тәсілмен сепкенде өсімдіктердің қатараралығы 90 см, ал қатардағы қашықтығы 18-20 см болады. Бұл тәсілмен көбінесе мақта егіледі. Оның себу схемасы 90х20-2 немесе 90х20-3, яғни өсімдіктердің қатараралығы 90см, қатардағы өсімдіктің бір-бірінен орналасу қашықтығы 20см, әр ұяға 2 немесе 3 дән себіледі. Кеңқатарлы тәсілмен картоп, қант, қызылшасы, темекі, күнбағыс, көкөністер сияқты отамалы дақылдар себіледі. Тұқым сіңіру тереңдігі дәннің ірілігіне, топырақтың гранулометриялық құрамы мен тұқым сіңіру тереңдігіндегі ылғалдылығына, себу мерзіміне байланысты. Дәнді масақты дақылдардың (бидай, арпа, сұлы және басқа) тұқымдары орташа 5-7 см тереңдікке сіңіріледі, топырақтың беткі қабаты құрғақ, гранулометриялық құрамы жеңіл болса 6-8 см тереңдікке себуге болады. Жүгері, асбұршақ тұқымдары 7-9 см тереңдікке сіңірілсе, картоп 8- 10см тереңдікке отырғызылады. Тұқымдары ұсақ дақылдар (жоңышқа, қыша, зығыр және басқалары) 3-4 см тереңдікке себіледі. Егістікті күтіп-баптау Ауыл шаруашылық дақылдарын сепкеннен немесе отырғызғаннан егін жинағанға дейінгі аралықта бір-бірімен тығыз байланыста белгілі бір ретпен орындалатын топырақ өңдеу жиынтығын егін сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу жүйесі делінеді. Оны көбінесе өсімдіктерді күтіп- баптау деп те атайды. Егін сепкенен кейінгі топырақ өңдеу жүйесінің негізгі мақсаты: -себілген ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының бөртіп-өнуіне, жылдам және біркелкі көктеп шығуына, өсімдіктердің әрі қарай жақсы дамуына қолайлы жағдай жасау; -топырақтағы ылғал және қоректік заттар қорын тиімді пайдалану арқылы өсімдіктерді оларға қажетті осы тіршілік факторларымен қамтамасыз ету; -егістікті арамшөптерден, зиянды жәндіктер мен ауру қоздырғыштардан тазарту. Егін сепкенен кейінгі дәнді дақылдар егісінде бірінші жүргізілетін жұмыс-топырақты катоктар арқылы нығыздау. Ол егін себумен бірге жүргізіледі, өйткені осы күнгі дәнсепкіштер әр қатарды нығыздайтын жеңіл катоктармен жабдықталған. Келесі орындалатын жұмыс-тұқым көктеп шыққанға дейін және жаңадан көктеп келе жатқан арамшөп өскіндерін құртуға, топырақ бетінде пайда болған қабыршақтарды жоюға көмектеседі. Ерте көктемде қар кетіп, топырақ дегдіген кезде күздіктерді жеңіл және орташа тісті тырмалармен тырмалау керек. Бұл ретте пайда болған топырақ қабыршағы жойылады, танаптан ылғалдың буланып ұшуы азаяды, ақ жіпше фазасында болған арамшөп өскіндері құртылады. Егін сепкенен кейінгі жүргізілетін маңызды агротехникалық шаралардың бірі-отамалы дақылдардың қатар аралығын культивациялау. Вегетация кезінде отамалы дақылдардың бос жатқан қатараралығында арамшөптер өседі, ал суарғаннан кейін оларда топырақ қабыршағы пайда болады. Осы жағымсыз жағдайларды жою үшін отамалы дақылдардың қатар аралығы культивацияланады. Оның саны және жүргізілу тереңдігі танаптың арамшөптенуіне және суару санына байланысты. Жаз бойы отамалы дақылдардың қатар аралығы 2-3 рет, 6-8 см ден 10-12 см тереңдікке қопсытылады. Отамалы дақылдардың қатар аралығын өңдеу кезінде олар үстеп коректендіріледі. Ол үшін КРН-4,2, КРН-5,6 және басқа культиваторлар қолданылады. Отамалы дақылдардың ішінде картопты түптейді. Ол топырақты қопсытып, картоптың түйнегінің ірі және жақсы болып өсуіне мүмкіндік береді. Бұл жұмыс КОН-2,8, КОН-4,2 түптегіш культиваторларымен жүзеге асырылады. Егін сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу жүйесі жерді негізгі және егін себер алдындағы топырақ өңдеуге қосымша агротехникалық шара ретінде өсімдіктердің өсіп-дамуына қолайлы жағдайлар тудырып, олардың өнімін арттыруға әсер етеді. 8 Тарау Егіншілік жүйесі Егіншілік жүйесі- өсімдік шаруашылығы саласын ғылыми тұрғыдан жүргізу деп белгілі орыс ғалымы профессор А.В. Советов (1826-1901) ғылыми негізде түсінік берген. ХХ ғасырдың басында академик В.Р.Вильямс минералды тыңайтқыштардың аз мөлшерде өндірілетінін ескере отырып шөптанапты егіншілік жүйесін ұсынды, яғни топырақ құнарлылығын минералдық тыңайтқышсыз көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің көмегімен қалпына келтіруге болатынын дәлелдеді. Қазіргі кезде, егіншілік жүйеі деп жерді тиімді пайдалануға, топырақ құнарлылығын арттырып, ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары сапалы және тұрақты өнім алу мақсатына бағытталған агротехникалық, мелиоративтік, ұйымдастыру жұмыстарының өзара байланысқан кешенді жиынтығын айтады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты, егіншілік жүйесінің міндетері күрделіне түсті. Қоғам дамыған сайын, өндірістік қатынастар өзгерді, ауылшаруашылық ғылымының дамуына орай топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және жоғарлату әдістері, егіс көлемі, дақылдар түрлері және өнімділік деңгейі өзгерді.Сондықтан, жалпы егіншілік жүйесі де өзгеріске ұшырады. Бұрынғы замандағы және қазіргі кездегі қолданылып жүрген егіншілік жүйелері даму дәрежелеріне байланысты үшке бөлінеді: қарапайым, экстенсивті және қарқынды (интенсивті). Егіншіліктің қарапайым жүйесі топырақтың тек табиғи құнарлылығын пайдалануға негізделген. Бұл егіншіліктің алғашқы даму кезеңіне тән ерекшелік, яғни ол егіншіліктің ең қарапайым жүйесі болып саналады. Ерте кезде адамдар орманды алқаптарға егін салу үшін, ағаштарды кесіп немесе өртеп, егістік алаңдар даярлаған. Орманнан тазартылған жерлерде 3-5 жыл бойы дақылдар егілген. Танаптарда арамшөптер көбейіп, топырақ құнарлылығы және өнім мөлшері төмендеген жағдайда, ол жерлер тасталып, егіс үшін жаңа жерлер дайындалған. Егіншіліктің бұл жүйесі отамалы отты өртеу деп аталады. Далалық аймақтарда ағаш мүлде жоқ, немесе жоқтың қасы, онда көбінесе көпжылдық табиғи шөптер өсетіні белгілі. Сондықтан, бұл жерлерде егістік үшін табиғи тың жерлер, жайылымдар мен шабындықтар пайдаланылған. Мұны тыңайған егіншілік жүйесі деп атаған. Пайдаланылатын жерлердің өнімділігі төмендеп, арамшөптерді көбейіп, құнарлылығы азая бастаған кезде дихандар ол жерлерді тастап, басқа тың жерлерге ауысып отырған. Тастап кеткен танаптарда 15-20 жылдан кейін, табиғи көпжылдық шөптердің өсуіне байланысты, топырағының құнарлылығы қайтадан қалпына келген. Сол кездері, танап қайта жыртылып, егін себілген. Сондықтан, егіншіліктің бұл көшпелі тәсілі-тыңайған “егіншілік” жүйесі делінген. Қазақстанда көпке дейін егіншіліктің осы жүйесі қолданып келген. Егіншіліктің экстенсивті жүйесі. Бұл жүйе егіске жарамды жерлерді пайдалануды жақсартты. Халықтың санының өсуіне байланысты, егіс алқабының көлемі ұлғайтырылды. Жерге жекеменшіктік пайда болды, сол себепті дихан кез- келген жерді жырту мүмкіндігінен айырылды. Енді, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мерзімін қысқарту қажеттілігі туды. Ондай талаптар жерді парға қалдыру арқылы жүзеге асырылды. Жерді парға қалдырғанда армашөптерді құртуға, топырақтың құнарлылығын жоғарлатуға мүмкіндік жасалды. Жерді тыңайту мерзімі бір жылға дейін қысқартылды. Дақыл егілмеген танапта арамшөптермен күресу жүргізіледі, яғни жаз бойы күтіп-бапталды. Осылай егіншіліктің экстенсивтік жүйесі пайда болды. Парға қалдырылған танаптарға органикалық және минералдық тыңайтқыштар сіңіріледі. Сөйтіп, табиғи жағдайда танаптың құнарлылық күші 15-20 жылда қалпына келетін болса, адам оны бір жылда құнарлы қалпына келтіретін болған. Алғашында ауыспалы егіс екі танаптан ғана тұрды. Біреуін парға қалдырып, екіншісіне астық дақылдары себілді. Содан кейін екі танапты ауыспалы егістің орнына, 3-4 танапы ауыспалы егісті пайдалана бастады. Бұл экстенсивті егіншіліктің парлы жүйесі деп аталынды. Егіншіліктің бұл жүйесі қарапайым жүйесіне қарағанда жүйесі алға басқандық болды. Бұл жүйе бойынша мол өнім жинау үшін егіске жарамды жерлердің басым көпшілігіне дәнді дақылдар егуге мүмкіндік туды. Егіншіліктің экстенсивтік жүйесіне бұдан басқа көп танапты-шөпті, жақсартылған дәнді дақылдар, шөптанапты жүйелері жатады. Егіншіліктің интенсивті озық жүйесі. Бұл жүйе 18 ғасырдың басында Англияда пайда болған. Оның ерекшелігі-жерді тиімді пайдалану үшін егіншілікте ғылымға негізделген кешенді шаралар қолданылды. Ол үшін танаптарға қажетті мөлшерде органикалық және минералдық тыңайтқыштар берілді, зиянкестерден және аурулардан қорғау үшін әр түрлі химиялық улы заттар қолданылды. Бұл жүйеде пар жоқ, ауыспалы егіс құрамына техникалық дақылдар енгізілді. Жылма-жыл танаптарға биологиялық жағынан әр түрлі және өсіру технологиясы бір-бірінен өзгеше дақылдарды орналастыру топырақың құнарлылығын жоғарылатып, алынатын өнім мөлшерін арттыра түсті. Осы күнгі интенсивтік егіншілік жүйесіне тұқым алмастыру, жақсартылған дәнді-парлы, дәнді-отамалы, дәнді-парлы-отамалы, дәнді-шөпті түрлері жатады. Ғылым жетістіктеріне сүйене отырып құрылған егіншілік жүйесі барлық ауылшаруашылық өнімдерін жеткілікті мөлшерде өндірумен қатар, жыл сайын топырақ құнарлылығының арта түсуін және алынатын өнімнің арзан болуын қамтамасыз етуі тиіс. Егіншіліктің ұсынылған жүйесі оның экономикалық тиімділігі дәлелденгенде ғана ауыл шаруашылығына енгізіледі. Әр аймақтың табиғи-экономикалық жағдайына қарап, оған тиімді егіншілік жүйесі қолданылады. Қазақстанның солтүстік аймағының топырағы қара және қарақоңыр, жауын-шашын мөлшері 300-400мм болады, сондықтан бұл өңірде дәнді-парлы егіншілік жүйесі қолданылады. Жыртылатын жерлердің 2/3 бөлігі астық дақылдарының үлесіне тиеді, ал республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірінің суармалы жерлерінде негізінен техникалық дақылдар өсірілгендіктен, бұл жерлерде интенсивтік егіншілік жүйесі басым. Суармалы жерлерде таза пар болмайды. Жердің құнарлылығы көпжылдық және біржылдық бұршақ тұқымдас шөптер өсіру, топырақты дұрыс өңдеу, тыңайтқыштар қолдану, ауыспалы егістерді енгізу және игеру арқылы жоғарылатылады. Қазақстанның солтүстігінде және оңтүстік, оңтүстік–шығыс аймағының тәлімі жерлерінде егіншіліктің топырақты эрозиядан қорғау жүйесі қолданылады. Себебі, тың және тыңайған жерлерді игерген кезде, бұл аймақтарда жел эрозиясы басталды. Топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып әкетті. Топырақты осы апаттан сақтау үшін, егіншіліктің арнайы жүйесі- топырақты қорғау шарасы қолданылды. Егіншіліктің жүйесін ғылыми негізде құру үшін біраз шаралар қолдану керек. Шаруашылықтың бағытын анықтап, осыған сәйкес егіс көлемінің құрылысын нақтылы есептеу, ауыспалы егіс нобайларын құру, жер өңдеу жұмыстарын жоспарлау, тыңайтқыштар қолдану жүйесін жасау, арамшөптермен, ауылшаруашылық дақылдарының ауруларымен, зиянкестермен күрес шараларын құру, тұқым алмастыру жүйесін жоспарлау, топырақты су және жел эрозияларынан қорғау жүйесін белгілеу, осы жұмыстардың бәрін толық орындауға қажетті ауылшаруашылық машиналары және құралдарымен шаруашылықтарды толық қамтамасыз ету. Бұл шаралар жүйесінің әрқайсысының маңызы аймақтың ауа райына, топырағына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Топырағының құнарлылығы төмен аймақтарда тыңайтқышты дұрыс беру жүйесінің маңызы басқа шаралардан жоғары болуы мүмкін, ал жауын-шашын аз түсетін жерлерде суару, ылғал жинау және оны сақтау шараларының маңызы зор. Қазақстан жер көлемі жағынан ТМД елдері бойынша екінші орын алады. Республика жері батысында Еділдің төменгі ағысынан шығысында Алтай тауына дейін 2000 шақырымға, ал солтүстігінде орманды-далалық Батыс Сібір жазығынан, оңтүстігінде Орта Азия шөліне дейін 1695 шақырымға созылып жатыр. Үлкен материктің ортасында мұхиттардан өте қашық орнасқандықтан климаты құрғақ және күрт континентальды болып келеді. Жерінің үлкенділігіне байланысты және территориясында биік таулар болғандықан Қазақстанның климаты, топырағы, жер бедері алуан түрлі болады. Жазық далалары, жалпақ жоталары, биік қарлы таулары да бар. Осыған байланысты, республика территориясы әртүрлі аймақтарға бөлінген. Әр аймақтың топырағына, климатына байланысты өзіне лайықты, тиімді егіншілік жүйелері бар. Қазақстан Республикасының территориясы төрт егіншілік жүйесіне бөлінген: 1.Негізінен, жаздық бидай өсірілетін Солтүстік, Батыс, Орталық және Шығыс Қазақстанда қолданылатын топырақ қорғау егіншілік жүйесі. Бұл аймақта жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-400 мм, күшті жел жиі соғып тұрады, соның әсерінен топырақ эрозияға ұшырайды. Сондықтан, аймақтың егіншілік жүйесі топырақты эрозиядан қорғауға, мүмкіндігінше көбірек ылғал жиануға бағытталған. Сонымен қатар, тұзы мол, сортаң топырақтардың құнарлылығын көтеруге, арамшөптерді жоюға арналған шараларда жүргізіледі. Бұл өңірде көбінесе қысқа айналымда дәнді-парлы ауыспалы және дәнді- парлы–отамалы ауыспалы егістері қолданылады. Жауын-шашыны молырақ далалық, орманды-далалық аймақтарда төрт-бес танапты дәнді-парлы ауыспалы егіс қолданылады, онда пардан кейін дәнді масақты дақылдар екі-үш рет егіледі. Кейде алты танапты дәнді-парлы-отамалы ауыспалы егістер қолданылады, онда пар-бір танапты, дәнді масақты дақылдар төрт танапты, сүрлемге арналған жүгері бір танапты алып жатады. Топырағы жеңіл, құмдауыт болып келетін алқаптарға оны эрозиядан қорғау үшін арнаулы топырақ қорғау ауыспалы егістері қолданылады. Бұл ауыспалы егістердің ерекшелігі-танаптар ені 50-100 м болып келетін жолақтарға бөлінеді. Сол жолақтарға парлар мен дәнді дақылдар, отамалы дақылдар мен дәнді дақылдар немесе көпжылдық шөптер мен дәнді дақылдар кезектесіп егіледі. Бұл жағдайда, егістік жердің 50 пайызы көпжылдық шөптердің, 40 пайызы дәнді масақты дақылдардың, 10 пайызы пардың үлесіне тиеді. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында орналасқан тәлімі жерлерінде күздік бидай, көпжылдық шөптер егілетін топырақ қорғайтын егіншілік жүйесі қолданылады. Бұл жерлерде де жауын-шашын өте тапшы болып келеді (жылына 200-250 мм). Сондықтан, дәнді-парлы үш-төрт танапты ауыспалы егістер қолданылады. Пардан кейін күздік бидай, сосын бір-екі жыл арпа егіледі. Топырағы құмдауыт болып келетін алқаптарда арнаулы бес танапты топырақ қорғайтын ауыспалы егістер қолданылады. Аймақтағы көптеген шаруашылықтардың тәжірибесі егіншіліктің бұл жүйесі өте тиімді екенін көрсетті. Суармалы жерлерде интенсивтік егіншілік жүйесі қолданылады. Техникалық, көкөністік, малазықтық дақылдар өсіретін Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында орналасқан суармалы егіншілік жүйесінде мақта, қант қызылшасы, темекі сияқты құнды техникалық дақылдар өсіріледі. Мақта тек Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, қант қызылшасы Алматы және Жамбыл облысында , темекі Алматы облысында өсіріледі. Аталған құнды техникалық дақылдарды арнайы мамандандырылған ауыспалы егісте өсіреді, оның құрамында міндетті түрде бұршақ тұқымдас көпжылдық шөп-жоңышқа болады. Жоңышқа жердің құнарлылығын қалпына келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар, жазда бірнеше рет орылып, мал сүйсініп жейтін құнарлы протеинге бай пішен береді. Көкөніс дақылдары ірі қалаларға жақын орналасқан арнайы мамандандырылған шаруашылықтарда өсіріледі. Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының суарылмалы жерлерінде жоғары өнім беретін дақыл дәндік жүгері өсіріледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында топырақты су эрозиясынан қорғауға арналған егіншілік жүйесі қалыптасқан. Егіншілік жүйесінің бірнеше буындардан тұрады. Олардың осы күнгі буындары: 1. Шаруашылықтың және ауыспалы егістердің территориясын ұйымдастыру буыны. Оған шаруашылықтағы жер түрлері, яғни егістік жерлер, шабындықтар, жайылымдықтар және басқалары, олардың шекараларын, көлемдерін анықтау жатады. Осы аталған жерлердің құнарлылығын арттыру, олардан жоғары өнім алу үшін агротехникалық, мелоиративтік және басқа шараларды жүзеге асыру керек. 2. Топырақ өңдеу буыны. Шаруашылқтағы топырақтың құнарлылығын кеңейтіп ұдайы ұлғайтып арттыру үшін оны мезгілінде жергілікті климат ерекшеліктеріне сәйкестендіре отырып өңдеу, эрозиядан қорғау үшін топырақ өңдеуге осы күнгі техникаларды қолдану жатады. 3. Тыңайтқыш қолдану буынына әр дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне, топырақ типтеріне, ондағы коректік заттар қорына сүйене отырып органикалық, минералдық, микро және бактериялдық тыңайтқыштардың нормасын есептеу, оны өсімдіктер талабына сай топыраққа сіңіру шаралары жатады. 4. Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары, зиянкестері және танаптағы армашөптермен күрес шаралары егіншілік жүйесінің келесі буыны болып есептеледі. Оларды жою үшін пестицидтерді қолдану, жергілікті жердің топырақ-климат жағдайларына сәйкес агротехникалық шараларды жүзеге асыру керек. 5. Топырақты эрозиядан қорғау буыны. Егіншілік жүйесінің бұл буыны жел эрозиясы кеңінен тараған республиканың гранулометриялық құрамы жеңіл топырақтарында, желі күшті далалық ашық аймағында және су эрозиясы болатын суармалы егіншілік пен тау және тау бөктері өңірлерінде кеңінен қолдануды қажет етеді. 6. Егіс қорғайтын орман алқабы буыны. Қуаңшыл далалық аймақта құрғақшылық пен аңызаққа қарсы, танаптарда қарды мол ұстауға, топырақты жел эрозиясынан қорғауға арналады. 7. Тұқым шаршуашылғы буыны. Халықта жаман тұқымнан жақсы өнім күтпе деген нақыл сөз бар. Сондықтан, әр шаруашылық өздері өсіретін дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін олардың жақсы сорттары мен тұқымдарын пайдалану керек. Кері жағдайда барлық жүргізілген агротехникалық шаралардың әсері жоққа шығуы мүмкін. 8. Мелиоративтік шаралар буыны шаруашылықтағы жерлердің сапасын жақсартуға бағыталған. Тұзды жерлерді жуу, қышқылды топырақтарды және сілтілі топырақтарды әктеу, гипстеу. Қуаңшылық аудандарда егінді суару топырақтың физика-химиялық қасиеттерін жақсартып, ол жерлерден мол өнім жинауға мүмкіндік туғызады. Бұл бөлімде егіншілік жүйесінің әр буынына қысқаша ғана сипаттама берілді, себебі олар туралы толығырақ оқулықтың соларға сәйкес тарауларында толық айтылған. Қазақстан егіншілігінің қысқаша даму тарихы Алдыңғы тарауда жазылған егіншілік жүйесінің даму тарихы дүние жүзінегі егіншілік жүйесіне ортақ. Әр жердің, аймақтың топырақ-климаттық жағдайларына, әдет-ғұрпына, салтына байланысты егіншілік жүйесінің дамуы әр түрлі болды. Қазақстанда егіншілік ереден дамып келе жатқан ауыл шаруашылығының саласы. Ол ертеректе Сырдария, Ангрен, Чирчик, Арыс өзендерінің бойында, Қаратау мен Талас жазықтықтарында, Торғай, Атбасар, далаларында, Ертіс өзені, Зайсан жазықтығында, шоғырланған болатын. Аталған аймақтарда негізінен суармалы егіншілік дамыған. Бұған дәлел Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында табылған жерді суаруға қолданған каналдардың қалдықтары. Десекте, атақы ғалым Шоқан Уәлихановтың зерттеулері бойынша қазақтар тәлімі егіншілікпенде шұғылданған. Қазақтардың егіншілікпен шұғылдануына жұт апатының кесірінен малдардың түгелдей қырылып қалуы себеп болған. Ол әсіресе 1879 және 1891 жылдар “қоянды жылы” деген атпен тарихта қалған. Екінші себеп, 1723 жылғы қалмақтармен соғыс салдарынан туған “Ақабан- Шұбырынды” уақиғасы, өйткені мұнда мал басы түгел қырылып, қазақтардың Сары- Арқаға көшуі. Қазақтың ұлан-байтақ жерінде егіншілік әр түрлі бағытта дамыды. Бүгінде тың және тыңайған жерлердің игерілінуе, техникалық құнды дақылдардың себілуіне байланысты Қазақстан егіншілігі мүлдем өзгерді. Оның кең байтақ өлкелерінде дәнді-парлы, отамалы, ұрық алмастырушы және басқада интенсивті егіншілік жүйелері қолданылады. Мысалы, Қазақстанның оңтүстігінде адамдар суармалы егіншілікпен шұғылданды, мұнда олар көрші Өзбекстаннан көп нәрсені үйренді. Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына ХІІІ және ХІV ғасырларда дәуірлеп, кейін жойылып кеткен егіншілік саласы ХІХ ғасырдың орта кезінде қайтадан дамыды. Осы кезде, дәлірек айтқанда, 1883-1884 жылдары қазақтар аз күшпен Шиелі каналын қайта қалпына келтірді. Қазалы уезінде ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында егіншілік қайта дамып, онда тары және арпа өсіріле бастады. Талас, Шу және Іле өзендерінің аймағы кеңістіктерінде қазақар егіншілікпен осыдан 200-300 жыл бұрын айналысқан. Егіншілікпен шұғылданған шаруашылықтар Іле өзенінің жағалуынан және Қаратал жазықтығынан 1885 жылы бұрынғы Верный (Алматы) қаласына бидай, сұлы жеткізіліп тұрған. Дегенмен, егіншілікпен бүкіл қазақтар шұғылданды деуге болмайды, олардың ішінен тек кедей-дихандар ғана егіншілікті жүргізді. Солтүстік Қазақстанда егіншіліктің дамуы 1723 жылы болған “Ақтабан- Шұбырынды” оқиғасымен байланысты. Мысалы, Қазақтар, Көкшетау және Қарқаралы уездерінде ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында, Ақмола уезінде осы ғасырдың басында егіншілікпен шұғылдана бастады. Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде егіншілік басқа аймақтарға қарағанда әлдеқайда ерте дамыды. Әсіресе, Торғай уезінде ХVІІІ ғасырдың аяғында және ХІХ ғасырдың басы егіншілік жақсы дамыды. Бұл өңірде қазақтар жер өңдеуді көрші орыстардан үйренді. Солтүстік Қазақстанда егіншілік ХХ ғасырдың басында қарқынды өркендеді. Мысалы, Ақмола уезінде 1906 жылдан 1916 жылға дейін егіс көлемі 33 мың тақтадан (десятина немесе 36,1 мың гектар) 45 мың тақтаға (49,2 мың гектар) дейін ұлғайды. Егіс көлемінің көпшілік бөлігіне бидай себілді, өйткені оның өнімі басқа дақылдарға қарағанда жоғары боды. Мысалы, Қостанай уезінде кей жылдары жаздық бидайдың әр гектарынан 38 центнерге дейін өнім алынды. Оңтүстік Қазақстанда егіншіліктің дамуына жыртуға жарамды жерлер көлемінің молдығы әсер етті. Бұл өңірде егіншілік әсіресе Әулие-Ата уезінде жақсы дамыды. Самара және Орынбор губернияларымен көршілес жатқан Орал, Актөбе уездерінде егіншіліктің өркендеуіне аталған жерлердің ықпалы тиді. Қазақтардың негізінен мал шаруашылығымен айналасуына байланысты ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында олар егіншіліктен алған өнімді тек ішкі пайдаланысқа жұмсады, өйткені одан түскен өнім мөлшері шамалы болатын. Егіншілікте бидаймен қатар арпа, тары дақылдары өсірілді. Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты Қазақстанда негізінен астықты-парлы үш танапты ауыспалы егіс, яғни дәнді- парлы егістік жүйесі дамыды. Бақылау сұрақары 1. Егіншілік жүйесі және оның буындары 2. Егіншілік жүйесінің даму тарихы 3. Қазақстанның егіншілік жүйесінің дамуы 4. Осы күнгі иненсивтік (озық) егіншілік жүйесі, оның буындары 5. Қарапайым егіншілік жүйесінің түрлерін атаңыз, оларға қысқаша сипаттама беріңіз 6. Экстенсивті егіншілік жүйесінің түрлері, олардың сипаттамасы Әдебиеттер 1. Әрінов Қ.Қ, Өсімдік шаруашылығы практикумы, Ақмола ,1996 2. Бараев А.И., Почвозащитная система земледелия, Алма-Ата, 1985 3.Богарное земледение (коллектив авторов), Алматы, 1976 4. Дояренко А.Г. Факторы жизни растений, М:, 1966 5. Дюсенбеков З.Д. Агроэкологический потенциал горного земледелия северного Тянь-Шаня,Алматы,1980 6. Дурасов А.М.,Тазабеков Т.Т. Почвы Казахстана, Алма-Ата 1981 7. Егіншіліктегі топырақ қорғау жүйесі, (жалпы редакциясын басқарған А.И.Бараев), Алматы , 1997 8. Жаңабаев Қ.Ш Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы Алматы, 1994 9. Жаңабаев Қ.Ш Қазақстанда жиі кездесетін арамшөптер және олармен күрес, Алматы, 1994 10. Жаңабаев Қ.Ш Жаздық бидай “Егіншілікте өнім сапасын арттыру кітабында, Алматы 1980 11. Зенкова Е.М. Севооброты и плодародие почв, Алма-Ата, 1979 12. Ковалев Н.Д. Основы агрономии, М:,1968 Артюшенко М.Д. и диругие 13. Можаев Н.И., Өсімдік шаруашылығы (оқулық), Ақмола, 1993 Әрінов К.К. және басқалар 14. Основы земледелия под общей редакцией В.Н.Прокошева,М:,1975 15. Почвоведение под редакцией И.С.Каурчиева, М:,1989 16. Румянцев В.М. Земледелие с основами почвоведения ,М:, 1979 Колтева З.Ф. Сурков Н.Н. 17. Сдобников С.С. Вопросы земледелия в целинной крае ,М:,1964 18. Сейтов І, Суармалы егіншілік өнімін арттыру, Алматы 1981 Өрісбаев Қ 19. Тазабеков Т.Т. Топырақ және қоршаған орта, Алматы 2001 Апушев А.К. Тазабекова Е.Т 20. Тұрарбеков А.Т. Солтүстік Қазақстан егіншілігі, Алматы 1990 Иванников А.В. 21. Тілемісов Х, Ауыл шаруашылығы сөздігі, Алматы 1991 Рамазанов Е 22. Экономическая эффективность почвозащитной технологии и комплекса противоэрозионной техники, Целиноград, 1974
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz