Файл қосу

Бетон толтырғыштары












|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                      |
|ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ                           |
|3 дәрежелі СМЖ құжат      |УМКД             |                            |
|                          |                 |УМК                         |
|                          |                 |042-14.1.04.01.20.70/01-2010|
|«Құрылыс материалдары»    |№2 баспа         |                            |
|пәнінің оқу-әдістемелік   |                 |                            |
|кешенінің                 |                 |                            |
|оқу- әдістемелік          |                 |                            |
|материалдары              |                 |                            |






                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ




                          «  Бетон толтырғыштары »






         050729 “Құрылыс”, 050730 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын


                        және конструкцияларын өндіру»











                        Оқу әдістемелік материалдары















                                                         Семей 2010












                                   Мазмұны



    |    |                                                                |   |
|1   |Дәрістер                                                        |   |
|2   |Зертханалық жұмыстар                                            |   |
|3   |Студенттің өздік жұмысы                                         |   |






















































      1 ГЛОССАРИЙ


      Оқу-әдістемелік кешенде келесідей терминдер мен анықтамалар берілген:

      Адгезия – әртүрлі дене беттерінің ілінгіштік қабілеттілігі.
      Атмосфераға тұрақтылық  –  заттардың  атмосфералық  факторлар  әсеріне
төтеп беру қабілеттілігі.
      Аморфты күй – анықталмағандық құрылымдағы зат.
      Ылғалға тұрақтылық – материал қасиетінің ылғал  әсеріне  ұзақ  кедергі
көрсетуі.
      Су өткізгіштік – материалдың қысымда ылғал өткізу қасиеті.
      Суға  тұрақтылық  –  материалдың  суға   қаныққан   шегінде   беріктік
деңгейінің төменеуі.
      Су  ұстағыш  қабілеттілігі  –  ерітінді  қоспаның  артық  суды   ұстау
қабілеттілігі.
      Толық  беріктікке  жету  уақыты  –   байланыстырғыш   сипатына   қарай
материалдың толық беріктікке жету уақыты.
      Түзету уақыты – материалдың серпімділігін сақтау уақыты.
      Қатаю уақыты – материалдың серпімділігін жоғалту уақыты.
      Гигроскопиялық – ауадағы ылғалды сіңіру қабілеттілігі.
      Ерітіндінің   қажеттілік   қабілеттілігі   –    ерітіндінің    жұмысқа
қабілеттілік уақыты.
      Дыбыс жұтқыштық – қарқынды дыбысты әлсіздендіру қабілеттілігі.
      Үйкелгіштік – материалдың үйкелгіш күштер әсеріне кедергі қасиеті.
      Конгломерат – күрделі құрам.
      Ағару коэффициенті – материалдың ағару деңгейінің көрсеткіші.
      Суыққа  төзімділік  –  материалдың  маусымды  мұздату   және   ерітуге
қабілеттілік қасиеті.
      Сығуға беріктігі – бұзылу  басталғанға  дейін  материалдың  максималды
қысымы.
      Ілінісу беріктігі – бұзылу басталғанға  дейін  материалдың  максималды
созылуы.
      Жарыққа тұрақтылық – ультра күлгін сәуле  әсерінен  материалдың  түсін
өзгерту қабілеттілігі.
      Релаксация – деформация әсерінен кернеудің өздігінен төмендеуі.
      Ретардация – деформацияның өздігінен өзгеруі.
      Седиментация – қатты фазаның отыруы.
      Отыру – материалдың кебу, қатаю кезінде өлшемі мен  көлемінің  кішірею
қасиеті.



    1.  Дәрістер.


    №1 дәріс.   Кіріспе. Бетон толтырғыштары - құрылыс материалдарының
негізгі бөлімі; кіріспе, мақсаты, тапсырмасы, құрылымы,курсты оқытуды
ұйымдастыру.
    Дәріс жоспары:
    1.Кіріспе.
    2 Бетон толтырғыштарының негізгі мақсаты , құрылымы.


Бетон  -  белгілі мөлшерде алынатын щебеннен ( гравийден ), құмнан,
қоспалардан тұратын бетондық араластың қалыпталыну және  қатаю нәтижесінде
пайда болатын жасанды тас материалы. Бетондар өнеркәсіптік, азаматтық,
гидротехникалық және басқа да ғимараттарда кеңінен қолданылады. Бетон
көлемінің басым көпшілігін  - 85-90 %  дейін құм мен щебеннен тұратын
толтырушылар құрайды. Құрылыста түрлі қасиеттерімен сипатталынатын әр-түрлі
бетондар қолданылады. Бетондар мынадай белгілері бойынша жіктелінеді :
орташа тығыздығымен, арналу мақсатымен, байланыстырушы және толтырғыштар
түрімен. Структура сапасының маңызды көрсеткіші болып табылатын бетонның
орташа тығыздығына оның басты қасиеттері ( мықтылығы, аязға төзімділігі, су
өткізбейтіндігі, жылуөткізгіштігі және т.б. ) байланысты.
Ораша тығыздығы бойынша бетондар  өте ауыр, ауыр және жеңіл түрлеріне
жіктеледі.
Қолдану салаларына байланысты  - конструкциялық және арнаулы бетондар болып
бөлінеді. Өте ауыр бетон, орташа тығыздығы 2500 кг\м3 жоғары, аса ауыр
толтырғыштар (магнезит, барит, шойын бытырасы, болат кесінділері )
негізінде алынады. Мұндай бетондарды ядролық реакторларда радиоактивтік
сәулелерден қорғану үшін, қорғаныс қалқа ретінде жиі қолданады.
Ауыр бетон  - құрылыстық бұйымдар мен конструкцияларды көптеп шығаруға
қолданатын бетонның басты түрі.Қазіргі кезде көбінесе   В20  кластағы
бетондарды өте жиі қолданады. Келешекте бетонды тек жуылған және
фракцияланған толтырушылар негізінде алуға толық көшу керектігі
қарастырылған. Мысалы, үш – төрт фракциядағы ірі және екі фракциядағы майда
толтырушылар негізінде және ең аз цемент шығыны мен сапасы жақсы,
структурасы бір текті бетондар алынатындығында күмән жоқ. АҚШ , мысалы , 15
фракциялы түрлі толтырушылар шығарады. Шет елдерде көптеген ғимараттар үшін
қолданылатын материалдар сапасы, дозалау және бетон араласпасын дайындау
деңгейі нәзік химиялық технология процестері деңгейінде ұйымдастырады.
90-шы жылдары маркасы 500 цементтер мен суперпластификаторларды қолдануға
негізделген жоғары мықтылық бетондардың жаңа технологиясы өңделінген.
Мықтылығы жоғары бетондардан жасалынатын конструкцияларды және бұйымдарды
құрылыс практикасында барынша кең қолдану үшін Қазақстан аймақтарының
барлығында сапалы толтырушылар алуға жарайтын , қатты тау – тас жыныстары
жетерліктей.
Толтырғыштар деп – табиғи немесе  жасанды  минералдық  түиіршіктер  араласын
айтады.Түйіршіктер мөлшері ГОСТ бекітілген аралықта болады. Бетон  құрамында
бұл түйіршіктер байланыстырушы затпен біріктіріліп тас  тәрізді  мықты  дене
құрайды.
      Толтырғыштар  жалпы  бетон  көлемінің  85-90%  құрайтындығынан    олар
бетондық араласпаның технлогиялық қасиетіне  және  бетон  сапасына  өте  көп
әсерін тигізеді.
      Құрылыс бұйымдарын бір ғана байланыстврғыш заттар  дайындамайды,  оған
себеп,  байланыстырғыштардың  бағасы  өте  қымбат  және   физико   -химиялық
қасиеттері  күрделі.  Осындай  кемшіліктерді  жою  мақсатында  минералды   (
биорганикалық) байланыстар негізінде құрылыс  бұйымдарына  толтырғыштар  деп
аталатын  ірілігі  әр  түрлі   инертті   материалдарды   қосады.   Қарапайым
толтырғыштардың құны байланыстырғышқа қарағанда  едәуір  арзан.  Сәйкесінше,
бетонда толтырғыш көп болған сайын бетон құны да арзандайды.
      Толтырғыштар қоры  респупликамыздың  барлық  аймақтарында  жетерліктей
(құм шебень) Одан басқа әзірше аз қолданып  жүрген  өнеркәсіп  қалдықтарынан
(ТЭС күлі, металлургиялық шлактар т.б.)  алынатын  толтырушылар  қоры  жетіп
артылады.. Дұрыс  таңдап  алынған   толтырғыштар  негізінде,  ең  аз  цемент
шығындаумен экономикалық тиімді бетон  алынады  және  толтырғыштар  бетонның
техникалық қасиеттерін жақсартады.  Мықтылығы  жоғоры  толтырғыштар  қаңқасы
бетонның беріктік  және деформациялық  модулін біршама ұлғайтып жүк  астында
 конструкциялар деформациясын кішіреитеді, сондай –  ақ  жүктің  ұзақ  уақыт
әсерінен  пайда  болатын  қайта  орнына  келмейтін  деформациясын  –   бетон
жылжымалылығын азайтады.
      Толтырғыштар   түпкі   тегі   бойынша   табиғи,   жасанды,   өнеркәсіп
қалдықтарынан алынғандар болып топқа  бөлінеді.  Табиғи  толтырғыштарды  тау
жыныстарын (гранитті, диабазды , диоритті, ізбест тасын, жанартаулық  туфты,
гравийді,  кварцитті,  мраморды  т.б.)  механикалық  қайта  өңлеумен  алады.
Жасанды толтырғыштар ретінде – шикізаттардан  және  өнеркәсіп  қалдықтарынан
термиялық  немесе  басқаша  өңдеу  тәсілімен  алынатын  арнаулы  дайындалған
материалдарды қолданады. Бұларға жататындар керамзит және оның  түр-түрлері,
термозит, шлактық пемза және  т.б.  Өнеркәсіп  қалдықтарынан  толтырғыштарды
шикізаттың химиялық және фазалық  құрамдарын  өзгертусіз  алады.  Бұл  топқа
металлургиялық және отын шлагынан алынатын тығыз  және  кеуекті  щебень  мен
құм,  кесек  дисперстелінген  ТЭС  күлі  кіреді.   Бетонда  майда  және  ірі
толтырғыштарды қолданады. Майда  толтырғыштар  ретінде  түиіршіктер  мөлшері
0,16-  5мм  аралығында  табиғи  немесе  жасанды   құмды   пайдаланады.   Ірі
толтырғыштар түйіршіктері  5-70 мм аралығында болатын ұсақ  тас  және  шағал
тас болып екі топқа жіктеледі.
      МСТ  8267-82  талабына   сәйкес    ірі   толтырғыш   сапасы   мынандай
көрсеткіштермен  -  тығыздығымен, түйіршіктік және минеральдық  құрамымен  ,
түйіршік  пішінімен,  беріктігімен,  мықтылығы  нашар  түйіршік  мөлшерімен,
аязға    тұрақтылығымен,    қуыстылығымен,    кеуектілігімен     анықталады.
Тығыздығына байланысты   1. тығыз  (Pm > 2000кг\м3),   2. кеуекті    ( Pm  <
 2000кг\ м3)   толтырғыштарға жіктеледі.


Кеуекті толтырғыштар негізіндегі бетондарды, басқаша айтқанда, жеңіл
бетондарды тығыз толтырғыштармен жасалынған бетондар, яғни ауыр бетондар
орнына қолдану үйлер мен ғимараттардың массасын төмендетуге және соған
сәйкес көліктік және жинақтау операцияларының құндарын төмендетуіне, жылу
қоршауын жақсаруына және де, үйді пайдалану барысындағы энергия шығынын
азайтуға  (жеңіл бетондарды пайдалануға байланысты жылу жоғалтуын 20-50 %
ға азайту, демек үйді жылытуға кететін энергия шығынын 10-25%  ға қысқарту)
ықпалын тигізіп, үйлер мен ғимараттардың отқа , аязға, және жер сілкінуге
төзімділігін асырады.
      Кеуекті толтырғыштар негізіндегі жеңіл  бетондардан  жасалған  қабырға
конструкциялары қалыңдығы  кірпіштен  көтерілген  сондай  конструкцияларымен
салыстырғанда 2 есе жұқа және  энергия  сыйымдылығы  шамамен  1,3  рет  кем.
Жеңіл бетондар  көптеп  жасалынатын  конструкциялар  (  қабырға  панельдері,
жабын  плиталар,  арқалықтар  және  т.б.)   жасауға   және   гидротехникалық
ғимараттарда пайдаланады.  Жеңіл  бетондар  үшін  қолданылатын  толтырушылар
өндіру тәсілдері бойынша жанартаулық  табиғи  және  минералдық  шикі  қордан
және өнеркәсіп өндіріс қалдықтарынан алынатын  жасанды  толтырушылары  болып
екі  топқа   жіктелінеді.   Кәдімгі   қатардағы   толтырғыштар   өндірісімен
салыстырғанда жасанды  толтырғыштар  өндірісі  қоршаған  ортаны  айтарлықтай
ыластайтынын атап кеткен  жөн.  Онымен  қатар  ,  өнеркәсіптік  қалдықтар  (
металлургиялық шлактар, күлдер және жылулық электр станцияларының  шлактары,
көмірбайытудағы   қалдықтар   ағаш   өңдеу   қалдықтары   т.с.с.)   кеуектік
толтырушылар алуға жарамды да және тиімді де болатын  бастапқы  материалдар.
Егер өндіріс қалдықтарына ұқыптылықпен  қарайтын  болсақ,  олар  әрі  бағалы
және әрі жартылай  дайын  материалдар  болып  саналады.  Мұндай  қалдықтарды
жеңіл   толтырушылар   алуға   пайдалану   қоршаған   ортаны    сауықтыруға,
толтырушылар  шығаруға  және  үйлерді  пайдалануға  жұмсалынатын  отын  және
энергетикалық   шығындарды   төмендетуге   ықпалын   тигізеді,    жергілікті
материалды пайдалану арқасында тасымалдау көлемі азайып, көлік  саны  едәуір
қысқарылады,  осының  нәтижесінде,  құрылыстық  жұмыстар  құны   айтарлықтай
төмендейді.  Айталық  күл  және  құмшлактық  қалдықты  бетондар  араласпасын
дайындағанда  біршама  цемент  орнына  қоспа  ретінде  пайдалануға  жарамды.
Оларды автомобиль жол құрылысында және ауыл  шаруашылығында  қолдану  тиімді
екені  дәлелді.  Бетон  технологиясында,  әсіресе,  құрғақтай  алынған   күл
тиімділеу. Көптеген зерттеулер нәтижелері және  өндіріс  практикасы  бойынша
құрғақтай алынған күлді 100-150кг\м3 мөлшерінде қолдану ауыр бетондарда  30-
40  кг\м3  цемент  үнемдеуге,  бетон  араласпасының  технологиялық  қасиетін
жақсартуға, тығыздығын, су өткізбейтіндігін,  сульфат  тұрақтылығын  асыруға
және басқа да қасиетін жақсартуға  әсерін  тигізетіндігі,  майда  түйіршікті
бетонда- мөлшері  50-70  кг\м3  цемент  үнемдеуді,  жеңіл  бетондарда  майда
толтырушылар орнына қолдануды және біраз цемент үнемдеуді,  ұялы  бетондарда
– ұнтақталған
кремнеземдік компонентінің орнына қолдануға және байланыстырушыларды
үнемдеуге мүмкіндік болатыны дәлелденген.Бұдан былайғы зерттеу жұмыстарының
міндеті – күл түйіршігінің  және гранулометриясының, оның химиялық
активтігінің және химиялық құрамының  (әсіресе, сілтілер мен органикалық
қалдықтардың) бетон қасиеттеріне тигізетін әсерлерін тексеру болып
табылады; күл қосылған бетон мәнгілігін бақылау.
      Бетон қоспасын дайындауда қолданылатын цементтің түрі мен оның маркасы
бетон  құрылымының  болашақта  қолданылуына,  өндірістік  жұмыс   шарттарына
байланысты. Бетон қоспасын дайындау  үшін  кәдімгі  ауыз  су  пайдаланылады.
Өндірістік немесе тұрмыстық, бұлақ суларын пайдалануға болмайды.
      Ұсақ толықтырғыш ретінде  табиғи  немесе  жасанды  кұм  пайдаланылады.
Түйіршік өлшемі 0,14–5 мм, тығыздығы  р>1800  кг/м3.  Жасанды  құмды  тығыз,
ауыр тау тілімдерін ұсақтау арқылы  алады.  Құмның  сапасын  бағалауды  оның
тығыздығын, түйіршік арасының бостығын, ылғалдылығын,  түйіршік  құрамы  мен
ірілік  модулін  анықтайды.  Сонымен   қатар   құмның   басқа   да   сапалық
көрсеткіштерін  түйіршік   пішінін,   кедір-бұдырлығын   зерттейді.   Құмның
түйіршіктік немесе гранулометриялық  құрамы  ГОСТ  8736-77  талаптарына  сай
болуы керек. Құмның гранулометриялық  кұрамын  кептірілген  кұмды  тесігінің
өлшемі 5; 2,5; 1,25; 0,63; 0,315; 0,14  мм  болатын  ситадан  өткізу  арқылы
аныктайды. Ситадан өткізу нәтижесінде әрбір ситада  а1  қалдық  қалады.  Оны
ситадағы қалдық массасын mi кұмның толық массасы m қатынасымен анықтайды.
      [pic]
      Аi толық қалдықты анықтаймыз
      [pic]
мұндағы,    А - ситадағы толық қалдық.
      Ірілік модулі бойынша құмды ірі  (Мк>2,5),  орташа  (Мк=2,5-2),  майда
Мк=2-1,5), өте майда (Мк=1,5-1).
      Бетон қоспалары стационарлы бетон зауыттарында немесе қозғалмалы бетон
араластырғыш қондырғыларда дайындалады. Бетон қоспасының сапасына,  дайындау
процесіндегі оның араласу сапасы әсер  етеді,  Араластыру  ұзақтығы  бірнеше
минутқа созылады. Қажет болған жағдайда  бетон  қоспасын  5  сағаттан  кейін
қайтадан  араластыруға  болады.   Бетон   қоспасын   даярлауда   құрамындағы
материалдың өлшемі маңызды роль атқарады.  Цемент  пен  су  массасы  бойынша
мөлшерлеу ауытқуы ±1%, ал толықтырғыштар үшін ±2 аспауы  тиіс.  Дайын  бетон
қоспасын, кұю орнына арнайы транспорт кұралдарымен  жеткізеді.  Дайын  бетон
қоспасын құю орнына  дейін  тасымалдау  ұзақтығы  1  сағаттан  аспауы  тиіс.
Қазіргі кезде бетон механизациялайтын бетон құйғыш көмегімен жүргізеді,  құю
кезінде  бетон  қоспасын  тығыздау  барлық  аралықтарды   сапалы   толтыруды
қамтамасыз  етеді.  Бетон  қоспасын  тығыздаудың   кең   тараған   әдісі   –
вибрациялау.  Бетон  қоспасын  вибрациялағанда  ондағы  үйкеліс  төмендейді,
аққыштығы жоғарылайды, қоспа ауыр  тұтқыр  сұйықтық  түріне  өтеді  және  өз
салмағымен тығыздалады. Тығыздалу процесінде бетон  қоспадан  ауа  шығарылып
бетонның беріктігі артады.  Бетонның  беріктігін,  суыққа  төзімділігін,  су
өткізбейтіндігін  жоғарылату  үшін  бірінші   вибрациялаудан   кейін   1,5-2
сағаттаи кейін қайта вибрациялайды.


          Бақылау сұрақтары:
      1. Бетон және толтырғыштар дегеніміз не?
      2.  Бетон толтырғыштарының  экономикалық пайдасы неде?
    ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
    4.  Сатеков  Б.С.  Табиғи  және  жасанды  құрылыс   матариалдары    мен
бұйымдары. 2 том. 305-310 б.


      №2 дәріс.   Толтырғыштардың негізгі қасиеттері, механикалық,
физикалық, химиялық және технологиялық қасиеттері.


      Дәріс жоспары:
      1. Толтырғыштардың негізгі қасиеттері.
       2. Толтырғыштар қасиетінің бетон  бұйымдарына әсері.

      Бұл құрамның байланысын, материалдардың қасиеті мен құрылуын,  сонымен
қатар  олардың  физика-химиялық,  физикалық,  механикалық  және   басқа   да
әсерлердегі өзгерісі заңдылықтарын зерттейтін  ғылым.  Кез  келген  материал
құрылымда  жүктемеге  немесе  қоршаған  орта  әсеріне  ұшырайды.    Бетондар
қасиеттері тек  құрамаларының  сапасына  ғана  емес,  олардың  құрылымдарына
көбірек  байланысты  болады.  Материалды  дұрыс  таңдай   отырып,   бетондар
структурасын қатаю процесінде реттеу жолдарымен бірдей  құрамалар  негізінде
алынатын бетондар қасиеттерін кең аралықта өзгертуге әбден болады.  Бетонның
құрылыстық   көрсеткіштері   құрылымдарының   ірілігімен,   гранулометриялық
құрамымен, түйіршіктер пішінімен және олардың сандық  қатынастарымен,  өзара
орналасыуымен және структуралық  байланыстарымен,  сондай-ақ  кеуектері  мен
ақауларының болуымен анықталады.  Құрамаларының  (щебеннің,  құмның,  цемент
тасының) қасиеттері әртүрлі  болғандығынан,  бетондар  структурасы  біркелкі
болуы мүмкін  емес.  Технологиялық  мән-жайды  ғылыми  негізде  шешу  арқылы
бетонның агрессивтік ортада тұрақтылығы  жетімсіздігін,  шөгіну  және  ісіну
кезіндегі  деформациялануын,   ыстыққа   шыдамсыздығын   және   т.б.   жаман
қасеттерін жоюға мүмкіншіліктер бар. Материалдың ғимаратта  қолданылу  жұмыс
шартына байланысты құрылыс материалдары төмендегідей жіктеледі:
1. әмбебап типтегі материалдар (қатаң құрылымдарға арналған)
2. арнайы бағыттағы материалдар (әсерден қорғауға арналған)
      2.Олардың қолданылу  аймағы  материалдардың  қасиеттеріне  байланысты.
Барлық қасиеттері өзіндік ерекшеліктеріне қарай төмендегідей жіктеледі:
1. Физикалық. Оларға салмақтық сипаттамалары, тығыздығы,  сұйықтар,  газдар,
жылу  мен  радиосәулелер  үшін  өткізгіштік,  қоршаған  ортаның   агрессивті
әсеріне кедергілік қасиеті жатады.
2. Химиялық. Материалдардың қышқыл, сілті,  тұзды  ерітінділерге  тұрақтылық
көрсеткіштерімен бағаланады.
3. Механикалық. Қысу, созу, соққылау, майыстыру және тағы  да  басқа  күштік
әсерлерге кедергілік қабілетімен сипатталады.
4. Технологиялық.  Материалдың  бұйым  даярлау  кезінде  өңдеуге  төзімділік
қабілеттілігі.
      Бұйымның құрылымы эксплуатацияға сенімді (жарамды)  және  төзімділікті
қамтамасыз етуі қажет.
      Сенімділік  дегеніміз  төзімділік,  бұзылмау,   жөндеуге   жарамдылық,
сақталғыштық.
      Төзімділік – бұйымның  қасиеті  жұмысқа  жарамдылығын  қажетті  аралық
жөндеулермен шектік деңгейге дейін сақтауы. Шектік деңгейі  бұзылу,  техника
қауіпсіздігі  немесе  экономикалық   мәселелермен   анықталады.   Төзімділік
эксплуатация режимі мен нақты климаттық  шарттарда  эксплуатациялық  сапасын
жоғалтпай қызмет көрсету мерзімімен өлшенеді.
      Бұзылмау –  эксплуатация  шарты  мен  белгілі  режимде  белгілі  уақыт
аралығында жөндеуге түспей бұйымның жүмысқа қабілеттілігін сақтауы.
      Жөндеуге жарамдылық –  техникалық  сипаттамасын  сақтай  отырып  қайта
қалпына келуге қабілеттілік қасиеті. Орташа уақыт,  еңбек  сыйымдылығы,  бір
бұзылуды жөндеу бағасы көрсеткіштер болып табылады.
      Сақталғыштық – техникалық құжаттамада  белгіленген  сақтау  мерзімінде
және  сақтау  мерзімінен  кейін,  тасымалдауда  негізделген  эксплуатациялық
көрсеткіштерді сақтау қасиеті.
Бетон – белгілі мөлшерде алынатын щебеннен (гравийден) , құмнан  қоспалардан
тұратын бетондық араластың қалыпталыну және қатаю нәтижесінде пайда  болатын
жасанды тас материал.
      Толтврғыштардың әсіресе тау жыныстарының физика- механикалық қасиеті
мықтвлығымен, аязға тұрақтылығымен, кеуектілігімен, су сіңіргіштігімен және
басқа да көрсеткіштерімен сипатталады. Толтырғыштың мықтылығы бетон
беріктігіне әсерін тигізеді. Мықтылығы бойынша қойылатын талап,  тек ірі
толтырғыштарға ғана қатысады. Оның себебі , әдетте майда толтырғыштар
ретінде  пайдаланатын кварцтық  құмның беріктігі бетон беріктігінен
анағұрлым басым екендігі  өзінен -өзі белгілі. ( қысқандағы кварцтың
мықтылвығы 1000 МПа астам, ал бетонның максимальдық мықтылығы  СНиП бойынша
60 МПа)  . Щебень мықтылығы  ( 20- 140 МПа ) маркаларымен сипатталады.
Мықтылығы 20 МПа төмен жыныс нашар түрлеріне жатады. Щебеньде болатын нашар
түйіршіктер стандартпен шектеледі. Құрылыс нысандарында немесе темірбетон
зауыттарында алдымен қолданатын құм және щебень толтырғыштарының
түйіршіктік құрамын іріктеп алаады,  т.е. құм мен щебеннің жеке фракциялары
арасындағы арақатысты талапқа сай тиянақтайды.Түйіршіктердің өлшеміне қарай
толтырғыштар      1. Майда (құм) түйіршігі   0,16 -5мм,
                                     2. Ірі      5 – 70 мм дейін.
      Ірі толтырғыштар түйіршігінің пішініне қарай    --- Қиыршық тас  және
малта тас болып бөлінеді.  Толтырғыштар түйіршіктерінің пішіні ең алдымен
бетон және ерітінді  араласпасының  ыңғайлы  төсемділігіне әсерін тигізеді.
      Толтырғыштар арқылы бетонның қасиетін анықтауға болады. Мысалы   Шойын
немесе темір рудаларын толтырғыш ретінде пайдаланып, ионды сәулелерден
қорғайтын өте ауыр бетон алуға болады.
      Технологиялық қасиеті жоғары, тығыз фракциялар қоспасын алу үшін
қуыстығы 45 % аспайтын, жалпақ және сопақ пішіндегі  түйіршіктері  35%  ,
ал жолға төселенетін бетонға арналған шағал тасты  25%  көп емес, ірілігі
әр түрлі шағал тастарды пайдаланады.
      Орташа тығыздығы  1800 – 2800 кг\ м3 , тау жынысынын алынған
толтырғыштарды ауыр бетонға жиі қолданады.  Тығыздығы р  - 2800 кг\ м3
толтырғыштарды қолдану  бетон тығыздығын жоғарылатып, ғимараттар массасын
қажетсіз ұлғайтып жіберуіне әкеліп соғады. Мұндай толтырғыштар
радиоактивтік сәулеленуден қорғануға жұмсалатын арнаулы бетондарда
пайдаланады.
      Тығыздығы  р   - 1800 кг\ м3  кем толтырғыштар елеулі кеуектілігімен
ерекшеленеді. Оларды жеңіл бетондарда пайдаланады. Толтырғыштардың
кеуектілігі жоғары болатындықтан , мұндай бетондарардың  жылу қоршағыштығы
да жақсы  болады. Ең аз цемент шығынында берілген мықтылықтағы бетон алуға
толтырғыштың түйіршіктік құрамы  шешуші роль атқарады. Неғұрлым толтырғыш
ірі болса, соғұрлым меншікті беті аз болады. Мысалы ,   толтырғыштың
абсолюттік көлемен 1м3  тең етіп есептегендей  ірілігі  10 – 20 мм
түйіршіктер араласының меншікті беті 400 м2 құрайды,  ірілігі 2,5 – 5 мм
түйіршіктер үшін  ол 1600м2 тең, ал ірілігі 0,05 – 0,16 мм шаң тәрізді
түйіршік үшін   -     160 000м2.
       Толтырғыштардың теориялық түйіршіктік құрамының қисық сызығын  Фуллер
және Боломей  ұсынған формула бойынша салуға болады.


      Р  =  m + ( 100  -   m )  d  | D
       Мұндағы  р – ірілігі   d мм  дейінгі материал бөлігі ( толтырушылар
араласы) барлық материал массасынан %  ;  Д – толтырушы түйіршігінің ең
ірісі, мм;   m   -  толтырушылар тегіне  және бетон араласпвсының
жұмсақтығына байланысты болатын коэффициент,   m = 8 -12.
Толтырғыштың маңызды сипаттамасы  ондағы залалдық қосынды мөлшері болып
табылады. Ондай қосындыларға жататындар минералдар –сульфаттар, сульфидтер,
кремнеземнің аморфтық  өзге түрлері ( холццедон, опал, жанартаулық шыны)
және т,б, заттар. Зияндық заттар цемент минералдарымен химиялық әрекеттесіп
, бетон мықтылығын төмендетіп немесе онда коррозия туғызатын заттар түзуі
мүмкін. Бетонның қажетті химиялық тұрақтылығын тұрақты байланыстырушы
заттар мен толтырғыштар пайдалану арқылы қамтамасыз етеді. Әдетте, мынандай
байланыстырушыларды пайдаланады: фурфурол- ацетоналық, полиэфирлік, фурано-
эпоксидтік шайырларды, сұйық шыныны. Толтырушылар да қышқылға тұрақты болуы
тиісті (кварцтық құм, граниттік щебень және т.с.с.) Химиялық тұрақты
бетондардың қысқандағы мықтылығы 30-110МПа , аязға тұрақтылығы 1000 цикл
құрайды.



      Бақылау сұрақтары:
     1. Бетон толтырғыштарының  негізгі  қандай қасиеттерін білесіз?
    2. Толтырғыштар түйіршіктерінің пішініне қарай қалай жіктеледі ?
    3. Толтырғыштардың теориялық түйіршіктік құрамын қалай есептеуге болады
       ?
    ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
    4.  Сатеков  Б.С.  Табиғи  және  жасанды  құрылыс   матариалдары    мен
бұйымдары. 2 том. 305-310 б.




      №3 дәріс.  Бетон толтырғыштарының түрлеріне қарай бетон және бетон
қоспасының қасиеттеріне әсері. Майда толтырғыштардың түрлері.


      Дәріс жоспары:
      1. Толтырғыштардың бетон және бетон қоспасына   әсері.
       2. Майда толтырғыштардың түрлері.
      Толтырушылар түрлері бойынша-  тығыз, кеуекті және арнаулы
толтырғыштар қолдана жасалынған бетондар болып ерекшелінді. Тығыз
толтырғыштармен алынған бетондар құрамдарына тығыз тау жыныстарынан (
мысалы граниттен) немесе өнеркәсіп қалдықтарынан (мысалы, металлургиялық
шлактардан) жасалынатын толтырғыштар болады. Кеуекті толтырғыштар
негізіндегі бетондар жасанды кеуекті толтырғыштарды ( керамзит, аглопорит
және басқа түрлерін немесе кеуекті тау жыныстарынан алынатын толтырғыштарды
пайдалана жасайды.
Бетонда  майда және ірі толтырғыштарды пайдаланады. Майда толтырғыштар
ретінде түйіршіктер мөлшері  0,16 – 5 мм аралығындағы табиғи  немесе
жасанды құмды қолданады. Ірі толтырғыш түйіршіктері  5 – 70 мм аралығында
болатын ұсақ тас және шағал тас болып екі топқа жікттеледі. Толтырғыштың
туйіршіктік құрамы, беріктігі және тазалығы бетон қасиеттеріне ең елеулі
әсерін тигізетін факторлар. Түйіршіктік құрамы толтырғышта түрлі мөлшердегі
түйіршіктердің болуымен сипатталады. Оны толтырғыштан алынған  сынама
мөлшерін  0,14 – 70 мм стандарттық електер арқылы елеп анықтайды.Түрлі
мөлшердегі түйішіктері бар қатардағы  толтырғыш  және өзара жақын
мөлшердегі түйіршіктерді қамтитын жеке фракцияларға, мысалы ,  5 – 10
немесе  20 – 40 мм жіктелген фракциондалған толтырғыштар болып екіге
бөлінеді. Толтырғыш ең кіші немесе ең үлкен  ірілігімен  сипатталады. Егер
толтырғыш құрамында барлық мөлшердегі түйіршіктер – ең кішісінен ең
улкеніне дейін бар болса, онда түйіршік құрамын үзіліссіз деп атайды ,  ал
жоқ болса үзілісті  дейді.Толтырғыш қуыстығы  өзінің түйіршіктік құрамымен
тікелей байланысты, тығыз салыну мүмкіндігімен анықталады.Толтырғыш
қуыстылығы маңызды сипаттама болып есептеледі, себебі оның мөлшеріне цемент
шығыны  және бетонның басқа да қасиеттері байланысты болады. Толтырғыштың
қуыстығы 20 -50%  дейінгі аралықты ауытқиды. Әдетте бетонға бірнеше
фракциядан тұратын және қуыстығы ең аз толтырғыштарды қолдануға тырысады.
Ірі толтырғыштың мықтылығы неғұрлым төмен болса, соғұрлым бетон
мықтылығының мүмкіндік шегі төмен болады және оның молшеріне байланысты.
Толтырғыштың бетон араласпасының қасиетіне тигізетін жинақты технологиялық
сипаттама – араласпаның су талапкерлігі. Толтырғыштың су талапкерлігі
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым нақтылы берілген қасиеттерімен бетон алу
үшін цемент және  су шығыны жоғары болады. Түрлі толтырғыштарды сынаудың
нәтижесінде құмның су қажеттілігі  Вк  - 4 -  14 %, ірі толтырғышта  -  В
-   1 + 10 % болатыны белгілі болған. Ірі түйіршікті құмның су талапкерлігі
 Вк  -  4 – 6% , ірілігі орташа құмдыке  -  6 – 8%, майда құмдыкі  - 8 –
10% және жоғары.(өте майда болса) Стандартты Вольск құмның  Вк  - 4 % дай
болады. Ұсақ тастың суқажеткөйлігі  1 – 4% ақтарылған тау тас жынысынан
алынған  шағал толтырғышта  - карбонаттық жынысынан алынған толтырғышта – 5
- 10 %.
Толтырғыштар беттерінің сипаты бетон қоспасының қасиетіне және бетон
беріктігіне елеулі әсерін тигізеді.Беті тегіс толтырғыштармен (ұсақ тастан)
жасалынған беті ыңғайлы төселімділігі жақсы болады, ал кедір- бұдыр болып
келетін толтырғышпен (шағал тастан) жасалынған қоспада – нашарлау болады,
бірақ бетон беріктігі ұсақ тасты қолданғандағыға қарағанда , едәуір жоғары
болады. Мұны беті кедір – бұдыр толтырғыштың цемент тасымен ілінісу бетінің
үлкендігімен және беріктігімен түсіндіруге болвды.
Саз және топырақ түйіршіктері бет мөлшері өте үлкен болатындықтан бетон
қоспасының су қажеттілігін көбейтіп жібереді, құм түйіршігін бүркеп, оның
цемент тасымен ілінісуін нашарлатады және бұл қосындылар бетонның аязға
тұрақтылығын төмендетеді. Сондықтан мөлшері  0,14 мм кем түйіршіктер
массасы құмда  10%  аспауы керек.
      2. Майда толтырғыш   - құм табиғи және жасанды болуы  мүмкін, түйіршік
мөлшері  5 – 0,14 мм. Табиғи құм  -  тау жынысының  қирап  бұзылуынан  пайда
болған  бос  жыныс.  Минералдық  құрамы  бойынша  кварцтық,  дала   шпаттық,
карбонаттық және т.б.  құмдарға  жіктеледі.  Бұлардың  ішінде  кварцтық  құм
сапасы бойыншы жақсы және бетон дайындау үшін жиі қолданады.


      Бақылау сұрақтары:
     1. Бетон толтырғыштарының құрамы - бетон және  бетон  қоспасына  қалай
        әсер етеді?
       2.  Майда  толтырғыштар  түйіршектерінің  мөлшерін  қалай  анықтауға
болады?
    ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
    4.  Сатеков  Б.С.  Табиғи  және  жасанды  құрылыс   матариалдары    мен
бұйымдары. 2 том. 312-318 б.


           №4 дәріс.  Табиғи тау жыныстарынан жасалған бетон толтырғыштары.
Табиғи және жасанды құм.Құмның түйіршіктік құрамы. Құмның құрамындағы
органикалық қоспалар және олардың сипаты.
      Дәріс жоспары:
     1. Табиғи тау жыныстарынан жасалған бетон толтырғыштарының жіктелуі.
     2. Құмның түрлері және оның құрамы
          3   Құмның құрамындағы органикалық қоспалар және олардың бетон
ға, цементке әсері.
      Тау жыныстары деп – жер қыртысын құрастыратын құрамы тұрақтылау
      минералдық сілемді (массаны) айтады.
      Минерал дегеніміз – химиялық құрамы бірдей, физикалық қасиеттері ұқсас
      табиғи зат. Толтырғыштардың минеральдық құрамы  -    петрографиялық
      сипаттамасы ( грекше « петра»  - тас,  «графа»  - жазамын) бойынша
      бағаланады.
      Тау жынысының    петрографиялық сипаттамасына  кіретіндер:  оның аты
      және бастапқы тегі, тау жынысын құрушы басты минералдары, жарықтығы
      мен жерге мүжілуін бағалау, залалды қосындының барлығы туралы
      деректер, радиоцондық – гигиеналық көрсеткіші және т.б. деректер.Тау
      жынысының аязға тұрақтылығы  маркамен бағаланады. Марка осы тау
      жынысынан алынған щебеннің  бұзылмай төзеп берген мұздату және еріту
      циклінің максималдық санын көрсетеді. Отқа тұрақты, химялық тұрақты ,
      коррозияға  тұрақты  және басқа арнаулы бетондар үшін  пайдаланатын
      толтырғыштар алынатын тау жыныстарына қосымша талаптар қойылады.
      Жинақталмалы және тұтастық конструкцияларына, бұйымдарына және
      бөлшектеріне жұмсалынатын барлық ауыр бетон түрлері үшін, ірі
      толтырғыш ретінде ақтарылған жыныстан алынатын маркасы 800төмен емес
      щебенді, метаморфиялық жыныстан алынатын  М600 кем емес щебеньді
      пайдаланады. Табиғи тастан жасалынған щебень маркасы бетон
      мықтылығынан  ең кем дегенде  1,5 есе жоғары болуы керек; мықтылығы 30
      МПа және одан жоғары бетон үшін  - 2 есе;Ірі толтырғыш аязға
      төзімділігі бойынша мынадай маркаларға жіктеледі:  Ғ15, 25,50,100,
      150, 200, 300. Аязға тұрақтылық маркасы шағал тас кемуі  5 % аспағанға
      дейін гі  кезекпен мұздату және еріту цикл санына сәйкес. Ірі
      толтырғыштардың мықтылағы бойынша маркасына байланысты ондағы шаңдық ,
      саздық  және лайлық қосындылары ақтарулық және метоморфиялық
      жыныстарында 1%  аспауы керек, М600- 200 шөгіндік жыныстарында – 2%  ,
      М200- 400  -  3  % көп болмауы керек.
      Жарылғыштығын анықтардағы массасының кемуіне байланысты, шөгінділік
      және метоморфиялық тау жыныстарынан алынған толтырғыштардың мынадай
      маркалары болады:  1200, 1000,800, 600, 400,300, 200  ал ақтарылған
      тау жыныстарынан алынғандар үшін : 1400, 1200, 1000,800, 600.
      Құм құрылу жағдайы бойынша - өзендік, теңіздік, сайлық (таулық) болып
      бөлінеді. Өзендік және теңіздік құмдар түйіршіктері тұйықталған
      пішінде және беті тегістелінген болады, себебі су ағынымен көшірілген
      кезде қажалады.
      Сай және тау құмдарының түйіршіктері қырлылау келеді, құрамдарында
      саздық және органикалық қоспалары болады.
      Жасанды құмдарды тау жыныстары, не металлургиялық шлактарын, сондай
      –ақ  т.б. өнеркәсіптік қалдықтарын уатқыштарда уату арқылы
      алады.Түйіршіктік құрамы бойынша аса ірі, ірі, орташа ірі,майда және
      өте майда құмдарына бөлінеді.
      Құмның түйіршіктік құрамы цемент шығынына және бетон тығыздығына
      әсерін тигізеді.Құмның ірілігін оның ірілік модулімен сипаттайды.
      Ірілік модуль деп  майда толтырғышты мөлшері  2,5; 1,25 ; 0,63; 0,315;
      0,14 мм стандарттық електер жинағы  арқылы елегендегі електердегі
      толық қалдықтардың қосындысын  100 бөлгендегі нәтижесін айтады:


      Мк    =   ( А2,5 +А 1,25 + А 0,63 + А 0,315 + А 0,14 ) / 100


      Ірілігі бойынша құмның жіктелуі.


      |Құм тобы                |Ірілік модулі           |Тор тесік мөлшері 0,63  |
|                        |                        |мм електегі толық қалдық|
|                        |                        |массасы бойынша , %     |
|Аса ірі                 |3,0 жоғары 3,5 дейін    |65 жоғары 75 дейін      |
|Ірі                     |2,5 жоғары 3,0 дейін    |45 жоғары 65 дейін      |
|Орташа ірі              |2,0 жоғары 2,5 дейін    |30 жоғары 45 дейін      |
|Майда                   |1,5 жоғары 2,0 дейін    |10 жоғары 30 дейін      |
|Өте майда               | 1,0 жоғары 1,5 дейін   |10 дейін                |




      Ірілік модулін 2,5 жоғары құмды  В25 ( М 350) және одан жоғары
      класстағы бетон үшін ұсынады. Ірілік модулі 1,5 нан  2 –ге дейінгі құм
       В15  (М 200) дейінгі класстағы бетондарға қолдануға болады.Жолға және
      әуежайына жамылтқы ретінде қолданатын  В30 (М400) дейінгі класстағы
      бетондарға, технико – экономикалық жағдайда , ірілік модулі  1,5 – 2,0
      аралығындағы құмдарды да қолдануға рұқсат етіледі.
      Ірілігімен қатар құмның қуыствғының да , т.е. түйіршіктер аралығындағы
      кеңістіктердің де маңызы зор.Жақсы құмдарда бұл  қуыстық көлемі 30 –
      дан  38% – ға  дейін болады. Бір мөлшерлік түйішіктерден тұратын
      құмдардың қуыстығы 40 – 47 % дейін жоғаралауы мүмкін. Табиғи құмның
      түйіршік құрамы келтірілген талапқа сәйкес келмеген  жағдайда, майда
      құмға  табиғи немесе ұсатылған құмның  ірі фракциясын қосады, ал ірі
      құмға ірілік модулін төмендету үшін майда құмдарды енгізеді. Осылайша
      құмның түйіршік құрамын  және ірілің модулін реттеуге болады. Құмның
      сапасына қойылатын  талаптарға  сай  мына деректерді де ескерген жөн.
      Құмның түріне байланысты  тесігі  0,14 мм елек арқылы өтететін
      түйіршіктер мөлшері   - 5 – 10 %  аспауы керек. Мөлшері  5 мм ірі
      түйіршіктер % массасы бойынша :  табиғи  және уатылған  құмдарда  10;
      қалдықтан уатылып алынған  15; байытылған құмда 5 ; фракцияланған
      құмның ірі фракциясында 10 аспауы керек.  Мөлшері 10 мм жоғары
      түйіршектер барлық құмдарда массасы бойынша  0,5  % аспауы керек.
      Органикалық қосындылар  ( мысалы қи ) құмда кездесіп қалған жағдайда ,
оның мөлшері өте аз болуы керек, себебі, олар әсіресе органикалық  қышқылдар
, бетон мықтылығын төмендетеді және тіпті цементті бұзып жібереді.   Олардың
 құмда бар жоғын білу үшін құмды   3    -  дық  күйдіргіш  натрийдің   сулық
ерітіндісімен  ( ерітіндінің құмға қатынасы  1:1  )  өңдейді,  сосын  оны  1
тәулік бойы  тұндырады. Осылайша өңделген   ерітінді   бір  тәуліктен  кейін
түсі ақшыл – сары болу қажет. Бұл калориметриялық  тәсіл деп аталады.  Аязға
тұрақтылығы  F 300  және одан  жоғары  маркалы   бетонға  қолданатын  құмның
аязға тұрақтылығы  міндетті  түрде  сыналады.  Сонда  ол  күкірт  қышқылының
ерітіндісінде, ең кем дегенде 5 циклдан кейін массасын 10 %- ға  дейін  ғана
жоғалтып, аязға тұрақтылық белгсін көрсетуі  қажет.


       Бақылау сұрақтары:
     1. Табиғи тау жыныстарынан бетон толтырғыштарын қандай жолмен алады?
      2. Құмның құрамындағы органикалық  қоспалардың  мөлшерін  және  бетон
қоспаларын жасауда кері әсерін қалай анықтайсыз?
    ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
    4.  Сатеков  Б.С.  Табиғи  және  жасанды  құрылыс   матариалдары    мен
бұйымдары. 2 том. 310-318 б.


      № 5 Дәріс  Ұсақ тас пен шағал тас . Техникалық талаптар.
      Дәріс жоспары:
     1. Малта ( ұсақ ) тас пен қиыршық ( шағал ) тастың сипаттамасы.
     2.  Техникалық талаптарды таблица түрінде енгізу.

Бетондағы ірі толтырғыштарға  ұсақ тас, шағал тас, щебень және қиыршық
тастан алынатын шағал тас жатады.
Гравий (қиыршық тас) турлі тау жыныстарының мүжілгедігінен пайда болған бос
қабаттағы жыныс, түйіршік мөлшері – 5 – 150 мм аралығында.Құрылу жағдайы
және жатқан жері бойынша өзендік, теңіздік, көлдік,және ойпандық деп
бөлінеді. Гравий түйіршігінің беті тегіс, сондықтан цемент тасымен ілінісу
мықтылығы (адгезиясы) щебеньге қарағанда нашарлау. Сондықтан гравийді
төменгі маркадағы (М300 дейін) бетондар алу үшін, үй іргесінің астына,
жолдарға пайдаланады.
Ұсақ тас  деп тау жыныстарының табиғат әсерлерімен бұзылуынан құралған ьос
материалды айтады. Ұсақ тас мөлшері  5 – 70 мм  домалақталған, беті
тегістеу түйіршектерден тұрады. Құрамында құм, топырақ және саз
қосындылары, кейде органикалық заттар да болуы мүмкін.Құмы көптеу болса –
мундай материалды ұсақ тас ты  қум аралас немесе ұсақ тасты құм деп атайды.
Ұсақ тас құрамында сопақ және жалпақ түйіршіктер массасы бойынша 15%  артық
болмауы керек.
Гравий түйіршігінің мықтылығы бетонның беріктігінен  20 – 50% жоғары болуы
керек.
Шағал тас  - қысқандағы беріктігі  20 – 320 МПа тау жыныстарын жарып немесе
ұсатып алынатын, мөлшері 5 – 70 мм түйіршіктерден тұратын бос материал.
Шағал тас түйіршіктерінің беті ойлы қырлы, бұрышталынған қалпында алынады.
Осының арқасында шағал тас цемент тасымен ілінісуі ұсақ таспен
салыстырғанда анағұрлым мықты. Сондықтан, беріктігі жоғары бетондар үшін
ірі толтырғыш ретінде шағал тасты қолдану оңды. Беріктігі орташа бетондар
үшін қымбат шағал тас орнына жергілікті ұсақ тасты қолданған айтарлықтай
тиімді.
Ірі толтырғыштың түйіршіктік құрамын сипаттау үшін, оның ең үлкен және ең
кіші ірілігін біліп алған жөн.Толтырғыштың ең үлкен ірілігі Д массасы
бойынша,  толық қалдық әлі 10%  аспайтын елек тесігінің мөлшеріне сәйкес
болады. Ең кішкентай ірілігі    d   електердің толық қалдық  95%  асатын
болса, сол електің тесік мөлшерімен анықталады, демек ол елек арқылы
еленетін байқаманың өтетіні массасы бойынша,  5  % аспайды. Ірілігінің ең
майдасы, әдетте  5 мм.
Шағал тас пен ұсақ тас көбінесе фракцияланған күйінде пайдаланады. Сол үшін
оларды ірілігіне байланысты  5 – 10 ;  10 – 20 ;  20 – 40 ;  40 – 70 мм
фракцияларына бөледі. Мыны кестеде фракциялар араласының түйіршіктік құрамы
келтірілген.

Ірі толтырғыштың  түйіршіктік құрамына қойылатын талаптар

|Аттары      |Ең майда 5 (3)     |0,5 ( Д ең кіші + Д ең|Д  ең   |1,25     |
|            |-10мм және одан    |ірі)                  |ірі     |Д ең кіші|
|            |ірілеу түйіршіктері|                      |        |         |
|            |бар фр-лары үшін  Д|                      |        |         |
|            |ең кіші            |                      |        |         |
|            |                   |Бір фр-я|Фракциялар   |        |         |
|            |                   |үшін    |араласы үшін |        |         |
|1           |2        |3        |4       |5            |6       |7        |
|Массасы     |         |         |        |             |        |         |
|бойынша,    |         |         |        |             |        |         |
|%           |95 -100  |90 - 100 |40-80   |50-70        |0       |0        |
|електердегі |         |         |        |             |        |         |
|Толық қалдық|         |         |        |             |        |         |


      Шағал тастың ( ұсақ тастың) қуыстығы түйіршіктер пішіндеріне де
байланысты келеді. Олар жалпақ және сопақ пішіндегі түйіршіктер көбейген
сайын, қуыстығы да ұлғая түседі. Жалпақ және сопақ пішіндегі түйіршектердің
санына байланысты  шағал тас  3 топқа бөлінеді:  кубтәрізді  (15% дейін ) ,
жақсартылған  ( 15 – 25 %), қатардағы ( 25 – 35 %) шағал (ұсақ)тас.




      Технологиялық қасиеті жоғары, тығыз фракциялар қоспасын алу үшін
қуыстығы 45  аспайтын, жалпақ және сопақ пішіндегі  түйіршіктері  35  , ал
жолға төселенетін бетонға арналған шағал тасты  25  көп емес, ірілігі әр
түрлі шағал тастарды пайдаланады.


      Ірі толтырғыш гранулометриялық құрамы, пайызбен

|Толтырғыштың ең  |Ірі толтырғыштағы фракциялардың, мм мөлшері,            |
|үлкен  ірілігі,  |                                                        |
|мм               |                                                        |
|                 |5-тен 10  |10-нан     |20-дан     |40-тан     |70-тен     |
|                 |ға дейін  |жоғары 20ға|жоғары     |жоғары     |жоғары     |
|                 |          |дейін      |40-қа дейін|70-ке дейін|120-ға     |
|                 |          |           |           |           |дейін      |
|1                |2         |3          |4          |5          |6          |
|20               |25 – 40   |60 – 75    |   --      |   --      |   --      |
|40               |15 – 25   |20 – 35    |40 – 65    |   --      |   --      |
|70               |10 – 20   |15 – 25    |20 – 35    |35 – 55    |   --      |
|120              |5 - 10    |10 - 20    |15 - 25    |20 - 30    |30 - 40    |

Щебеннің және гравийдің мықтылығы маркасымен сипатталады.Шағал тас пен
қиыршық тас беріктігі бойынша маркасын құрғақтай немесе су сіңірілген
қалпында, цилиндрде қысу нәтижесі негізінде анықтайды. Шағал немесе ұсақ
тастарды пайдаланарда, олардың жоғарыда келтірілген  техникалық –
экономикалық көрсеткіштерін салыстыра отырып қабылдайды.
      Бақылау сұрақтары:
     1. Малта ( ұсақ ) тас пен қиыршық ( шағал ) тастың толтырғыш ретіндегі
         қандай қасиеттерін білесіз?
     2. Қандай техникалық талаптар қойылған?

         ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
    4.  Сатеков  Б.С.  Табиғи  және  жасанды  құрылыс   матариалдары    мен
бұйымдары. 2 том. 310-318 б.


№ 6 Дәріс Табиғи кеуекті толтырғыштар. Вулкан тау жыныстарынан жасалған
бетон толтырғыштары.
 Дәріс жоспары:




Кеуекті толтырғыштар – тығыздығы 1000кг/ м3 аспайтын шағал тас және қиыршық
тас тәрізді толтырғыштар,  1200 кг/ м3  аспайтын жеңіл құм.
Табиғи кеуекті толтырғыштар – жанартаулық және шөгінділік болып екі топқа
бөлінеді.  Жанартаулыққа пемзадан алынған шағал тас және құм, жанартаулық
шлак, туф және туфтық құйылма жатады. Шөгінділік толтырғыштарға кеуекті
әктасы және әктік туф, опока, трепель, диотомиттер жатады.
Жасанды кеуекті толтырғыштарға - өнеркәсіптік түрлі қалдықтар: отындық және
металлургиялық шлактар, күл, күл шлактық араластар және т.б.; арнаулы
жасалынатын толтырғыштар керамзит және оның түр-турлері ( шунгезит, күлдік
гравий, саздық күлден алынатын керамзит ) , аглопорит , шлактық пемза,
гранулданған шлак, күптірілген перлит және вермукулит жатады. Осылардың
барлығын щебень, құм және гравий түрінде саздық, күлдік, шлактық және т.б.
минеральдық  шикізаттарды әдейі термиялық жағдайда өңдеп барып алады.






Кеуекті толтырғыштардың басты қасиеттері


|Көрсеткіштер аттары     |Керамзит  |Аглопориттік  |Шлактық   |Күптірілген |
|                        |және оның |шағал         |пемза     |перлиттік   |
|                        |түр-түрлер|              |          |шағал       |
|                        |і         |              |          |            |
|1                       |2         |3             |4         |5           |
|Жеке фрак-ң             |          |              |          |            |
|өзіндіктығыздығы,       |185 -850  |370-750       |475-900   |360-520     |
|Кг\м3                   |          |              |          |            |
|Қиыршық (щағал тас)     |          |              |          |            |
|Құм                     |430-1100  |750-900       |500-1400  |60-300      |
|Түйіршік тығыздығы,     |0,31-1,54 |1,04-1,69     |1-1,8     |0,7-1,0     |
|г/см3                   |          |              |          |            |
|Мықтылығы               |0,3-6     |0,7-1,5       |0,4-2,6   |0,9-1,0     |
|(цилиндрдегі), МПа      |          |              |          |            |
|Түйіршікаралығындағы    |40-49     |48-56         |50-63     |47-48       |
|қуыстық көлемі, %       |          |              |          |            |
| Алынатын жеңіл бетон   |900-1300  |1300-1400     |1400-1800 |900-1000    |
|тығыздығы, кг/ м3       |          |              |          |            |

Кеуекті толтырғыштардың мықтылығын – олардың түйіршіктерін цилиндрге
пуансонмен берілген тереңдікке дейін сығумен анықтайды. Сондағы анықталған
жүк кернеуін шартты мықтылық көрсеткіш ретінде қабылдайды. Бірақ бұл
көрсеткіш түйіршіктер араласының қуыстығына тәуелді келеді, сондықтан ,
толтырғыштың шартты мықтылығын оның маркасын сипаттайтын шын мықтылығына
көшіру үшін арнаулы коэффициенттер қолданады.
Кеуекті толтырғыштар беріктігі бойынша төмендегідей маркалармен
сипатталады:  М25 ;М35, М50; М75; М100; М125; М150; М200; М300;М350.
Кеуекті толтырғыштардың серпінділік модулі  тығыз толтырғыштармен
салыстырғанда көп төмен. Бұл олардың ең маңызды ерекшеліктерінің бірі  -
созымдылығының жоғарылығында.



№7  Дәріс  Пемза, вулкан шлактары.
Дәріс жоспары:

   1. Пемза, вулкан шлактарының пайда болуы және қолданылуы.


Пемза  жанартаулық жынысқа жатады . Жанар таулық жыныстар деп –
қысымдылықпен бөлшектенген  қалпында аспанға атылған  жанартау лавасын –
бос массаны айтады. Түйіршіктерінің ірілігіне байланысты оларды ж.таулық
күлдер  (түйіршік диаметрі 1 мм дейін ) , құмдар ( т. Диам – 5мм дейін)
және пемзалар деп атайды.
Пемза - өте жеңіл кеуекті жыныс. Табиғатта пемза ірілігі  5 – 30 мм кеуекті
түйіршіктерінен тұратын материал қалпында жатады. Кеуектерінің ірі және
жабық болатындығынан пемза, әдетте суды онша сіңірмейді, сондықтан, аязға
төзімді. Пемзаның кеуектілігіне ( 80  дейін ) сай оның жылу өткізгіштік
коэффициенті   - 0,14  -  0,23 Вт (м*  К) , орташа тығыздығы  - 500-600 кг/
м3 , қысқандағы мықтылық шегі  - 2- 4 МПа.
Құрылыста пемзаны жылытосқауылдағыш ( жылу қоршаушы) материал ретінде ,
жеңіл бетондар үшін толтырушылар алуға , құрылыс әгіне және цементке
минералдық активті қоспа ретінде пайдаланады.

№8 Дәріс  Жасанды кеуекті бетон толтырғыштары.

Дәріс жоспары:
1. Жасанды кеуекті бетон толтырғыштарының негізгі қасиеттері.

Бастапқы шикізатты өртеу барысында органикалық қосындылардың және
қоспалардың жануының арқасында пайда болған  газдардың , будың балқытаылған
массадан сыртқа шығуға ұмтылуынан немесе т.б. прцесстер нәтижесінде,
минералдық масса көптірілген болып қалады. Минералдық массаның едәуір
бөлігі өртегенде, газтәрізді өнімдерін ұстап тұратындай белгілі қоюлықтағы
балқымаға көщеді.
Жасанды кеуекті толтырғыштарды алудың  технологиялық процессі  бастапқы
шикізатты даярлау, оны термиялық өңдеу, ұсату және сорттау операцияларынан
тұрады.
Жеңіл бетондарда барынша кең қолданылатын 10 – 20мм  фр- лық ірітолтырғыш
және  5 – 10; 20 – 40мм  фракциялары да қолданылуы мүмкін.
Толтырғыштың пішін коэффициенті  - ең үлкен түйіршік мөлшерінің  ең кіші
мөлшеріне қатынасы бірге жақындаған сайын  түйіршікаралық қуыстар көлемі де
кішірейе береді. Толтырғыштың су сіңіргіштігі , оның жалпы кеуектік
шамасына да және кеуектік кеңістігінің құрылымына да байланысты болады.
Түйіршік бетіндегі балқытылған қабықтың болуы , оның су сіңіргіштігін
едәуір төмендетеді. Керамзиттік қиыршықтағы осындай  қабықтың болуы
арқасында керамзиттің сусіңіргіштігі ондай қабығы жоқ шағалмен
салыстырғанда 2 есе кем.














|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                      |
|ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ                           |
|3 дәрежелі СМЖ құжат      |УМКД             |                            |
|                          |                 |УМК                         |
|                          |                 |042-14.1.04.01.20.70/01-2010|
|«Құрылыс материалдары»    |№2 баспа         |                            |
|пәнінің оқу-әдістемелік   |                 |                            |
|кешенінің                 |                 |                            |
|оқу- әдістемелік          |                 |                            |
|материалдары              |                 |                            |






                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ




                           «  Әрлеу материалдары »






         050729 “Құрылыс”, 050730 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын


                        және конструкцияларын өндіру»











                        Оқу әдістемелік материалдары




















                                 Семей 2010












                                   Мазмұны



    |    |                                                                |   |
|1   |Дәрістер                                                        |   |
|2   |Зертханалық жұмыстар                                            |   |
|3   |Студенттің өздік жұмысы                                         |   |
























































        Дәрістер.


    №1 дәріс.   Кіріспе. Қазіргі  замандағы  құрылыста әрлеу
материалдарының қызметі.
    Дәріс жоспары:
    1.Кіріспе.
    2  Әрлеу материалдарының жіктелуі және оның технологиялық
классификациясы.

Бірде-бір ғимаратты құрылыс материалдары мен және құрылыста қолданылатын
әрлеу материалдарынсыз өткізуге болмайды.
Құрылыста қолданылатын әрлеу материалдары – құрылыс конструкциялары мен
ғимараттарға біршама қасиеттер беруі  қажет. Олар :
 -----  қоршаған орта жағдайларынан қорғау;
------   архитектуралық шешімдер бойынша  әсемдеу қызметін атқару;
 -----   кірлеу, шаңдану, ылғалдану сияқты ерекше санитарлы – гигиеналық
шарттарды  тудыру;
 ----  әрленуші беттерді әр түрлі механикалық; химиялық  кемшіліктерден;
радиациядан, тозудан, коррозиядан, суықтың және ыстықтың әсерінен қорғау.
Бүгінгі таңда  әрлеу бұйымдарының  350 ден аса түрлері бар және олардың  2
түрлі классификациясы бар:
  ---    бастапқы негізі болатын  материалдардың техникалық
классификациясы;
 ----    құрылыстың орындалу жері мен барысы бойынша болатын архитектуралы
– құрылымдық классификациясы.
Технологиялық классификациясы бойвнша   ---- әрлеу материалдары келесі
топтарға бөлінеді:
    ■ -- бояу қоспалары;
    ■ -- табиғи және жасанды тастар;
    ■ --  керамика ;
    ■ --  шыны ;
    ■ -- металл ;
    ■ --  ағаш материалдары ;
    ■ -- полимерлер және  т/б.
Архитектуралық – құрылыстық  классификациясы бойынша  келесі топтарға
бөлінеді :
    - сыртқы  әрлеу ;
    - ішккі әрлеу жұмыстары :
    - еден жабындары ;
    - арнайы мақсаттарда ;

Эксплуотациялық қасиеттерінің ішінде маңыздалары болып , бөлмеде жұмыс
істеуге, демалуға қолайлы жағдайлар тудыратын сан- гигиеналық  талаптары
жатады. Сонымен қатар , белгіленген нормаға сай отқа төзімділік және
радиациялық қасиеттері де жатады. Ең  маңыздысы , бұл әрлеу материалдарының
жеңіл жуылуы, дизенфекциялануы, тазалануы болып табылады. Бояу материалдары
2 бірдей функцияны атқарады – ол  әреу және металлдан , темірбетоннан ,
ағаштан, кірпіштен, және т\б материалдан жасалған бұйымдардың беттерін
қорғау. Өзінің құрамы бойынша бояу материалдары композиттерден, пигменттер
мен толтырғыштардан тұрады.
      Бақылау сұрақтары:
     1. Әрлеу материалдарның  қолданыстағы қызметі қандай?
     2. Әрлеу материлдары қалай жіктеледі?


         ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
    4.  Сатеков  Б.С.  Табиғи  және  жасанды  құрылыс   матариалдары    мен
бұйымдары. 2 том. 310-318 б.
        5. Горчаков   Строительные материалы и изделия.



№2 Дәріс:  Беттік керамикалық кірпіштің өндіру технологиясы.
Дәріс жоспары:
   1. шикізатты даярлау технологиясы.
   2. беттік керамикалық кірпішті өндіру әдістері.

Беттік кірпіштер мен керамикалық тастар сыртқы және ішкі қабырғаларды қалау
үшін және сонымен бірге қаптау үшін қолданады. Мұндай кірпіштердің және
тастардың беттерін теп-тегіс немесе кедір –бұдыр  немесе әрленген (
фактураланған) етіп шығарады. Бұларды жасау үшін кәдімгі қызыл болып
күйдірілетін саздан басқа диотомиттерді де және трепельдердіде пайдаланады.
Жасау технологиясы кірпіштікінен аумайды.Тек шикізаттардың  біртектілігіне,
пішіндерінің дұрыс, түстерінің бірыңғай болуына қойылатын талаптарды
орындау қажет және керамикалық массаның  құрамын таңдай отырып, күйдіру
тәртібін реттеумен ақ , қоңыр және ақсары түсті кірпіштер мен керамикалық
тастарды шығаруға болады.
Қазылып алынған балшық  арнайы майдалағыш айналмалар мен жанышқыш
біліктердің көмегімен ұсақталады, және төменгі жағына орнықтырылған елек
арқылы еленеді, ал төменгі беріктіктегі саздың ірілері ұсақталып сумен
араластырылады. Жеткіліксіз араласқан балшық дайындалған бұйымның сапасын
нашарлатуға және техникалық талаптарға сай келмеуіне септігін тигізеді.
Балшықты ерітіндіні дұрыс араластыру , әсіресе қалыңдығы үлкен емес
керамикалық беттік беттік бұйымдарды өндіру кезінде өте қажет.
Керамикалық беттік кірпішті өндірудің 3 әдісі бар:    илімділік;  жартылай
құрғақ әдісімен престеу  және құю (шликер) әдісі.Кірпіштерді илімді
(пластикалық) әдіспен өндіру  іс жүзінде таспалы тығыздатқыштардың (шнек)
көмегімен  балшықты аралас массаны қалыптау кең тараған.Тасымалдап
жеткізілген топырақ балшық езетін мащиналарда  ылғалдылығы 18-25%  ға дейін
ылғалданып біртекті иілгіштік құрамдағы масса алынғанша ұқыпты түрде
араластырады. Осындай жолмен дайындалған балшық , бұйымдарға керекті пішін
беретін, соңына мундштук орныққан,таспалы тығыздайтын  құрылғыға түскен
дайын балшық қысымының әсерінен жылжып, мундштуктегі саңылаулар арқылы
қалыпталады. Қысымдығы 1,6 -7 МПа аралығында.Балшықты ң илімділігін арттыру
үшін және оның қуыстығын кеміту үшін таспалы вакуумды тығыздатқыштың
жетілдірілген жаңа түрін ойлап тапты . Осындай машиналарда қалыпталған
кірпіштер , балшық массасындағы ауа көпіршіктері мен артық ылғалды,
вакуумды қондырғының шығарып жіберуіне орай , көтеріңкі беріктік пен
тығыздыққа ие болады. Содан кейін таспалы ( ленталы ) пресске түсіріледі.
Пресс өнімділігі сағатына 10000дана кірпіш. Пресстен үзіліссіз шығатын
кескін (брус )  автомат арқылы кірпіш қышқа кесілініп ,  камералық немесе
туннельдік кептіргіш пеш вагонеткаларына тиеледі. Қыштардың кептірілу
ұзақтығы  1 – 3 тәулік . Алдын – ала кептірілген қыштар  үздіксіз істейтін
туннельдік пеште пайдаланған шикі түріне байланысты , 950 -1050 С
температурада күйдіріледі. Күйдірілу уақыты 18-24 сағаттай болады.
Шала құрғақ тәсілімен қалыптарда шикі материалдар алдын – ала жанышқыларда
майдаланған соң , кептіргіш доңғалақта (барабанда ) ылғалдылығын 6-8  ға
жеткізе кептіріледі, одан кейін ұнтақтағышта (дезинтеграторда) тағы да
майдаланады, еленеді, 8-12  ға дейін суланады және жақсылап араластырылады.
Дайын массаны гидравликалық немесе механикалық престерде пресстерде
қалыптайды. Қалыпталынған бұйымдар бірден күйдіру пешіне, одан әрі дайын
өнім қоймасына жөнелтіледі.
Кірпіштің тығыздығы  1600 – 1900 кг\ м3 , ал жылу өткізгіштігі  0,70-0,82
Вт\ (м*   град С ). Бұл қасиеттер көрсеткіштерінің жоғары мағыналары шала
құрғақтай пресстелінген кірпішке жатады.
Созымталдық тәсілмен керамикалық кірпіш өндірудің  технологиялық схемасы:
1. – жәшіктік бергіш; 2- таспалы тасымалдағыш ; 3- майдалағыш ; 4-
айналажүгірмелердегі саздың талқандалыуы ;  5- таспалы тасымалдағыш ; 6-
таспалы прессте кірпіштің қалыпталуы; 7 – кескіннің автоматпен кірпіш –
қышқа кесілуі.
Беттік кірпіш пен керамикалық тастардың мықтылығы бойынша маркалары:
М75, 100, 125, 150,  су сіңіргіштігі  - 6%  кем емес және 14%  тен аспауы
керек, аязға төзімділігі   25 циклдан кем болмауы керек.


      Бақылау сұрақтары:
      1 Беттік керамикалық кірпішті өңдеудің қандай әдістерін білесіз?
      2   шикізатты даярлау технологиясы қалай жүргізіледі ?


        ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
    4.  Сатеков  Б.С.  Табиғи  және  жасанды  құрылыс   матариалдары    мен
бұйымдары. 2 том. 342-345 б.


№ 3. Дәріс: Керамикалық әрлеу  плиталардың өндіру технологиясы.
Дәріс жоспары:
   1. Керамикалық әрлеу  плиталардың жіктелуі.
   2. Керамикалық әрлеу  плиталарын өндіруде шикізатқа қойылатын талаптар.

Тұрғын және қоғам үйлерінде (санитарлық- техникалық бөлмелерді ,
асханаларды, тұрмыстық жайларды, емханаларды, сауда жайларын, бассейндерді,
метрополитендерді т\б ғимараттарды ) ішкі қабырғаларын қаптауға керамикалық
өнеркәсіптерінде түрлі-түсті плиткалар мен плиталар шығарылады. Плиткалар
квадратты тіктөртбұрышты және бейнелі(фигуралы) пішінде жасалынады.
Квадраттық плиткалар 200*200; 150*150; және 100*100мм
Тік бұрышты плиткалар 200*150; 200*100; 150*100; 150*75; 150*25мм
мөлшерінде шығарылады.
Іштен қаптайтын керамикалық плиткаларды жасауға қолданатын шикізат
шихтасының құрамы , массасы бойынша %:  25-75 саздан, 10-26 каолиннен, 10-
28 құмнан, 5-20 шамоттан, 10-30 перлиттен, шыны сынықтары, дала шпаттық
концентрат сияқты балқымалардан тұрады. Керамикалық массаның температуралық
ұзындық ұлғаю коэффициентін бор, әктас, талқандалған құм т\б қосу арқылы
реттейді. Саздардан ақшыл күйдірілетін отқа төзімді қиын балқитын , сондай-
ақ қызғылт күйдірілетін оңай балқығыш түрлері қолдана беріледі.
Құрастырылған шихтаны белгілі технологиялық тәсілдермен майдалап, бір
камералық доңғалақ диірменде суға араластыра ұнтақтайды және т\с
операциядан кейін қаймақ сияқты шликер дайындалады да қалыптарға құйылып ,
кептірілу және күйдірілу технологиялық сатыларынан соң дайын қаптаушы бұйым
шығады.Іштен қаптауға қолданатын плиткалар  пайдаланатын шикізатына
байланысты майоликалық және фаянсалық деп екіге бөлінеді.
Фаянсалық плиткалар отқа төзімді және қиын балқығыш саздарға кварцтық құм
және дала шпаты, әктас немесе бор сияқты балқығыштарды қоса дайындаған
керамикалық массадан  автоматикалық буынды рычагты пресстерде пресстеп
жасайды. Плиткалардың сапасын жақсарту үшін , қалыптау процессін 2-3 сатыда
жүргізеді. Алдымен тығыздау күшін  4-5МПа  жеткізеді, одан кейін
пресстелінген массадан сығылысқан ауаны шығару үшін штамп көтеріледі.
Екінші сатыда пресстің тығыздау күшін 18-22 МПа дейін жоғарылатады.
Плиткалар және қаптаушы бұйымдар шығаратын конвейірлік созындылар бірнеше
пресстері бар пресстік бөлімнен , плиткаларды кептіргіш камераларға
жіберетін шынжырлы немесе торлы тронспортерден , глазурлайтын бөлімнен және
күйдіру пешінен
тұрады.Әдетте , плиткаларды дамылсыз істейтін роликті пештерде күйдіреді.
Пештен күйдіріліп шыққан плиткаларды түсі, мөлшері және сапасы бойынша
сорттпп ағаш жәшіктерге тығыздап салады.
Құйылған керамикалық плиталар (МСТ) табиғи және жасанды қосындылары бар
саздан дайындалған шликерден құйма тәсілі бойынша жасалынады. Олар үй
жайлардың, ғимараттардың ішін және сыртын қаптау үшін арналған.Пішіндері
бойынша бұл плиткалар квадратты және тура бұрышты болады. 21*21; 46*46;
қалыңдығы 3 мм ; 71*71; 96*96; қалыңдығы 3,5мм; Тікбұрыштылары 46*21; 71*21
; қалыңдығы 3мм; 71*46; 96*21; 96*46 ; 96*71 ;  121*21; 121*46; 121*71;
121* қалыңдығы 3,5мм.
Техникалық талаптар : МСТ бойынша қабырғаны іштен қаптауға арналған
плиткаларға қойылатын талап қатаң. Бір партиядағы плиткалардың түстері
міндетті түрде біркелкі болу керек. Ешқандай жарық – шетінегендік, күйіп
кеткен немесе күйдірілуі жетілмегендік және т.б жіберілмейді. Плиткалардың
су сіңіргіщтігі 17  дан көп болмауы керек. Игендегі беріктік шегінің орташа
шамасы 12 МПа кем болмауы керек, ал ең азы 8 МПа төмен болмауы керек.
Термиялық тұрақты жағынан бұл плиткалар 125  +-  5 град.С температурадан
15+20 С дейін кенеттен төмендеуіне ешбір бүліну белгісіз шыдауы керек.
Еденге төсеуге арналған плиткаларды жасау үшін  жоғарғы сапалы созымтал
және балқулық температура интервалы кем дегенде 80-100 град.С болатын
саздарды қолданады. Саздың созымталдығын реттеу үшін құнарсыздандырғыш
материалдарды, балқу температурасы
н төмендету үшін белгілі қоспаларды және минералдық бояғыштарды шихтаға
қосады. Осындай құрастырылған шихтадан құрғақ немесе сулы (құймалық-
шликерлік) тәсілмен ұлпа дайындайды. Құрғақ тәсіл ешқандай қоспаны қажет
етпейтін біртекті саздарды пайдаланғанда қолданады.
Сулы (құймалық) тәсіл балқымаларды және минералдық қосымшаларды қосуды
талап ететін саздарды пайдаланғанда қолданады. Бұл тәсіл бойынша сазды
белгілі механикалық жабдықтар көмегімен майдалайды, ұнтақтайды, сосын үлкен
сыйымдылықта суды көптеу құйып және керекті қосымшаларын қосып үдемелете
араластырады. Осындай операциялардан кейінгі қаймақ тәрізді құйма ( немесе
оны шликер деп те атауға болады)  фильтр пресске немесе шашыратқыш
кептіргішке жіберіліп, ылғалдылығын 20  - ға дейін жеткізе сусыздандырады.
Сосын 5-7  -ға дейін құрғатады да айналмалы жүгірмелерде ұнтақтайды.
Осылайша ұнтақталған шала құрғақ масса салмалыға (бункерге) түсіп  24-28
сағат бойы сақталады да пресске жіберіледі. Плиткаларды жартылай автоматты
гидравликалық немесе автоматты механикалық пресстерде 25-30 МПа қысымдықпен
тығыздап қалыптайды. Сонан соң , оларды саңылаулық роликті пештерде  1100-
1300 град.С температурада күйдіреді. Еденге арналған плиткалар  (МСТ)
бойынша  кеуектігінің төмендігімен, тығыздығының жоғарылығымен, отқа
тұрақтылығымен ерекшелінеді. Олар глазурланған, жартылай глазурланған,
глазурланбаған, беті тегістелінген немесе кедір бұдырланған болып
шығарылады.


      Бақылау сұрақтары:
      1. Керамикалық  әрлеу плиталарды өндірудің қандай тәсілдерін білесіз?
      2.  Қаптауға арналған плиткаларға қойылатын қандай талаптар бар ?


        ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
    4.  Сатеков  Б.С.  Табиғи  және  жасанды  құрылыс   матариалдары    мен
бұйымдары. 1том. 342-348 б.


№ 4. Дәріс: Декоративтік -әрлеу бетондары  және  ерітінділердің  өндіру
технологиясы.
Дәріс жоспары:
  1. Құрылыстық ерітінділердің  арнауларына байланысты  жіктелуі.
  2. Декоративтік -әрлеу ерітінділердің  өндіру технологиясы.
Жалпы құрылыстық ерітінді конгломератты материалдардың бір түрі. Оны
байланыстырушы заттан, судан және майда толтырушылардан (құмнан) тұратын
рационалды құрамдағы араласпаның қатаюы нәтижесінде алады.Құрылыстық
ерітіндіні қолданудағы басты ерекшелік , оларды көпшілігінде кеуекті
конструкцияларының  -- кірпіштің , бетонның , табиғи тас материалдарының
бетіне тығыздамай жұқалап салуда, не жағуда.
Құрылыстық ерітінділер арнауларына байланысты  қалаулық, сылаулық, жинаулық
және арнаулық болып топтарға бөлінеді. Арнаулы тобына  тампонаждық ,
акустикалық, гидроқоршаушылық, рентгеннен қорғаушы және т.б. құрылыстық
ерітінділер  жатады.Ылғалдылығы 60   жоғары жерлерде пайдаланатын үйлер не
оның конструкциялық бөліктері үшін қолданатын ерітінділерді тек қана цемент
негізінде дайындайды.  Қолданатын майла  түйіршікті толтырушылардың
түрлеріне байланысты   құрылыс ерітінділері  ауыр  және жеңіл топтарына
жіктеледі.
Ауыр қоспалардың орташа алғандағы тығыздығы  1500кг\ м3 жоғары;
 Ал жеңілдерінің   -  1500кг\м3 дейін болады.
Арнайы ерітінділерді  ( декоративті, қышқылға тұрақты, рентген қорғаушы
т.б. ) дайындарда оларға жарамды байланыстырушы заттарды , толтырушыларды
және қоспаларды ерекше ұқыптылықпен арнауларына  сәйкес  сипаттамаларын
қамтамасыз ететіндей мақсатпен таңдайды.
Декоративтік ерітінділер және құрамалар үйлер мен ғимараттар маңдайша
бетіне (фасадына) және интерьеріне сәулеттік және көркемдік сапа беру үшін
арналған.Декоративтік түсті ерітінділер қабырғалық панельдердің ,
блоктардың сыртқы беттерін зауыттық жағдайда өңдеу үшін өте жиі
қолданады.Өңдеу түріне байланысты түсті декоративтік ерітінділерді  (
әктілі – құмдық , цементті – құмдық , терразиталық , тастартүсті ) және де
декоративтік  ( полимер – цементтік, цементті – перхлорвинильдік , цементті
– коллоидтық және т.с.с. ) құрамаларды қолданады.
Декоративтік ерітінділер  қысқандағы мықтылығымен  астындағы негізімен
жақсы ұстаса ұласуымен қатар қоршаушы орта қалайда әсер ететін жағдайда да
үйлерді пайдалану мезгілі бойынша бастапқы түсін , текстурасын және басқа
сапасын сақтауы керек. Сондықтан мұндай ерітінділерге  аяз , жарық, су
төзімдіктері жағынан қойылатын талаптар қаталдау.Бұл көрсеткіштердің
орнықтылығы ерітінділер дайындардағы қолданатын материалдар қасиеттеріне
байланысты болады.Үйлердің сыртқы бетін өңдеуге және бояуға жұмсалатын
декоративтік ерітінділер мен құрамаларға байланыстырушы заттарретінде ақ
және түсті портландцементтер, полимерцементтер қолданады.Интерьерлерді
өңдеу үшін әкті, гипстік байланыстырушыны, гипсополимерцемент, цементті
перхлорвинилдік байланыстырушыларды жиі қолданады. Бояғыш қоспалар ретінде
жарыққа, сілтіге, және қышқылға тұрақты табиғи немесе жасанды пигменттер (
мысалы хром оксді, темір суригі , графит және т.б. ) қолданады. Ақ
пигменттер ішіндегі ең жарамдылары мрамор ұлпасы мен ақ портланлцемент.
Декоративтік өңдеуге қолданатын полимерцементті декоративтік ерітінділер
түрлі майда қиыршық тастардан тұратын толтырушылар негізінде дайындайды.
Бұл толтырушыларға жуылған құм, граниттен, шыныдан, керамикадан , көмірден
, пластмассадан ұсақтап алынатын іріліктері 2-2,5 мм қиыршықтар жатады.
Декоративтік қиыршықтар қысымдық ауа көмегімен желімдеуші құрамамен
өңделінген конструкция бетіне атқылап жапсырады, сосын  кремний –
органикалық гидрофобиздаушы  жамылтқымен жауып қорғайды. Полимерцементтік
желімдеуші құрама үй сыртын , ал суэмульсиондық бояуды іш жағын (
интерьерді ) өңдеуге қолданады.

      Бақылау сұрақтары:
     1. Құрылыстық ерітінділер арнауларына байланысты қалай жіктеледі?
     2. Интерьерлерді өңдеу үшін қандай ерітінді түрін қолданады?


        ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары  мен бұйымдары.
2том. 145-167 .б.

№ 5. Дәріс: Құрғақ құрылыс қоспалары.  Олардың жіктелуі мен өндіру
технологиясы.
Дәріс жоспары:
   1. Құрғақ құрылыс қоспалары және  олардың жіктелуі.
   2. Құрғақ құрылыс қоспаларының  өндіру технологиясы.

Құрылыстық қоспалар арнауларына байланысты  қалаулық, сылаулық, жинаулық
және арнаулық болып топтарға бөлінеді. Арнаулы тобына  тампонаждық ,
акустикалық, гидроқоршаушылық, рентгеннен қорғаушы және т.б. құрғақ
қоспалар  жатады.Ылғалдылығы 60   жоғары жерлерде пайдаланатын үйлер не
оның конструкциялық бөліктері үшін қолданатын қоспаларды тек қана цемент
негізінде дайындайды.  Қолданатын майла  түйіршікті толтырушылардың
түрлеріне байланысты  құрғақ құрылыс қоспалары  ауыр  және жеңіл топтарына
жіктеледі.
Ауыр қоспалардың орташа алғандағы тығыздығы  1500кг\ м3 жоғары;
 Ал жеңілдерінің   -  1500кг\м3 дейін болады.
Қысқы мезгілдерде пайдалану үшін аязға қарсы қоспалар  ( сақар К2СО3,
соданы Na2 CO3 , натрий нитраты, аммиак суы және т.с.с.) қосады.Натрий
ацетатын қосқанда қоспаның  - 15град.С аязда мықтылығын тездете қабылдай ,
жақсы көрсеткіштерді көрсетеді. Бұл қоспаның оптималдық мөлшері цемент
массасынан  10-15%  , натрий нитратының  5-10% дейін.
Аязға қарсы қоспалар  ерітінді дайындағанда судың мұздану температурасын
төмендетіп , байланыстырушының гитротациялану процессін
тоқтатпайды.Құрылыстық қоспалар үшін кәдімгі табиғи құмды ( таулық,
өзендік, көлдік т.б түрлер) немесе тығыздығы төмендеу жасанды құмдарды (
керамзиттік, термозиттік, күптірілген перлиттік немесе вермукулиттік,
пемзалық , туфтық ) қолданады.Байланыстырушы зат шығынын мүмкіндігінше
азайту үшін құмның гранулометриялық құрамы нормалды және тығыздығы
жоғарылау болғаны жөн. Үй қабырғаларын қалауда , плиткамен қаптарда және
сыларда қолданатын құрылыстық құрғақ қоспалардың құрамын  түрлі минералдық
қоспалары бар цемент негізінде дайындау керек. Жылжымалылығын жақсарту үшін
созымталдандырушы , гидрофобизациялаушы  - ауақамтымалаушы органикалық
қоспаларды енгізеді. Құрғақ құрылыс қоспалары бір жерде арнаулы зауыттарда
дайындалады. Кейінгі жылдары автоматтандырылған кәсіпорындар көптеп
дамуда.Мұндай кәсіпорындарында берілген бағдарлама бойынша   құрғақ құрылыс
қоспаларының әр алуан түрін және маркасын дайындайды. Жан – жақты
автоматталынған зауыттарда барлық механизмдер жұмыстары автоматтық жолмен
басқару , бақылау , дозалау және байланыс құралдарымен жабдықталынып бір
басқару пультінде шоғырланған. Басты процестерінің реттелінуі арнайы
программа бойынша жүргізіледі. Құрғақ құрылыс қоспаларын дайындаған
жағдайда , ылғалдылығы 1  - дан асық емес араласпаны тікелей жұмыс орнында
сумен араластырады. Құрғақ қоспаның нысанға жеткенше түйіршектеніп қалуынан
және цементтің активтігі төмендеп кетуінен сақтану үшін , және де оның
көптеген қасиеттерін жақсарту үшін гидрофобтаушы қоспаны енгізеді. Құрылыс
қоспаларын дайындайтын зауыттар құрамына араластыратын қондырғылар ,
шикізат материалдарының қоймалары және басқа қосалқы жабдықтар кіреді.
Құрғақ қоспалар дайындау үшін мезгілмен (циклды) немесе дамылсыз істейтін
араластырғыштарды қолданады. Құрғақ құрылыс қоспаларын дайындарда
құрамаларын массасы бойынша дозалайды.Мезгілдік істейтін араластырғыш
қондырғылар ұлпа тәрізді материалдарды , құмды , цементті , органикалық
қоспаларды дозалайтын таразылық порциялық  дозаторлармен жабдықталады.
Құрғақ қоспалардың оңды төселгіштігі жаңадан дайындалған ерітіндінің
жылжымалығына және оның су ұстағыш қабілетіне байланысты. Араласпа
жылжымалылығын  лабораторияда  металдан жасалынған массасы 300 гр
стандарттық конустың  араласқа бату тереңдігімен  анықтайды.

      Бақылау сұрақтары:

      1 Құрғақ құрылыс қоспалары  арналуы бойынша қалай жіктеледі?
      2. Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру технологиясы қалай?


        ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары  мен бұйымдары.
2том. 145-167 .б.

№ 6 Дәріс: Асбестоцементтік  әрлеу материалдары мен бұйымдары.
Дәріс жоспары:
   1. Асбестоцементтік  әрлеу материалдары мен бұйымдарын өндіру
      технологиясы.
   2. Өндіру процессіндегі қолданатын тәсілдер.
Техникалық дәрежесі жағынан асбест – цементтік өнеркәсіп  қазіргі кездегі
жоғары механикаландырылған және автоматикаландырылған құрылыстық
материалдар өнеркәсібінің саласына жатады.
Асбест – цемент деп  -  цемент, асбест және су араласпасының қатаюы
нәтижесінде алынатын күйдірілмеген жасанды тас материалдарын айтады. Асбест
– цемент негізінде  жамылтқыш толқынды плиталар, құбырлар, қабырғалық
панельдер, декоративтік бұйымдар шығарылады.Қазақстанда асбест-цементтік
материалдар мен бұйымдар жасайтын зауыттар жоғары механикаланған және
негізгі технологиялық процесстері автоматикаланған. Мысалы Шымкенттегі
асбест – цемент бұйымдарын шығаратын зауыт кейінгі кездерде технико-
технологиясы жетерліктей дамыған алдыңғы өнеркәсіп қатарында істеп келеді.
Жалпы ТМД  аймақтарында өндірілетін асбест – цемент бұйымдарының
номенклатурасы 40 –тан астам келеді. Оларды мынандай негізгі топтарға
бөлуге болады. Профильделінген табақтар үй жамылтқысына және қабырғалар
қаптауға арналған толқынды және жартылай толқынды шифрлар; жазық плиталар
-- қабырғаларды өңдеу үшін арналған кәдімгідей және фактураланған немесе
боялған плиталар ; жылуқоршағыш қабаты бар жамылтқылық және қабырғалық
панельдер; жалғастырғыш муфталарымен қоса қысымды және қысымсыз құбырлар;
арнаулы асбест-цементтік бұйымдар --  сәулеттілік ,  санитарлық –
техникалық ,  электрқоршаушы, радиотехникалық және т.с.с.
Асбест- цемент зауыттарында байланыстырушы ретінде  поротландцемент М400
және М500 қолданады.Онда гипстен басқа қоспалар болмауы керек. Массасы
бойынша С3S  -- 52 % кем емес,  С3А  --8 % көп емес, бос әк СаО  -- 1%
асық емес болулары керек. Егерде автоклавтық өңдеу тәсілі қолданатын болса
, онда құмдалған портландцементті де пайдаланады. Мұндай цементтегі
ұнтақталынған кварцтық құм мөлшері клинкердегі  үшкальцийлік силикат санына
 С3 S байланысты. C3S мөлшері клинкерде көбейген сайын құмды көбірек қоса
түседі. Мысалы алиттік клинкерден ПЦ өндірерде  құм қоспасын  45%  -ға
жеткізеді , ал белиттік клинкерде  -30-35 % -ға дейін.Құмның сапасын  -
SiO2     мөлшері  87 % кем емес, калий және натрий  3 % асық емес,
тозаңдық, ылайлық және саздық ілеспе  10%  аспайтындай шамаларда реттейді.
Асбест- цементтік өнеркәсібінде көбінесе хризотил – асбест пайдаланады.Ол
сыртынан қарағанда сулы немесе сусыз магний силикатынан тұратын  жіңішке
талшықты  бейорганикалық масса, формуласы 3MqO * 2SiO2 * 2H2O. Оны
серпетиналық тау жыныстарынан өндіреді. Асбест талшық ұзындығы 40 мм дейін
болуы мүмкін.  Талшығының орташа ұзындығы мен шаңының мөлшері бойынша
асбест сортқа бөлінеді :  0; 2; 1; 3; ...және т.с.с 8 сортқа дейін. Ең
жоғарғы маркасы  0; ең төменгісі 8 ; Асбест – цементтік бұйымдар жасау үшін
 3; 4; 5; 6  сортты асбесті қолданады. Асбест жабық қоймаларда жеке
бөліктерде маркалары және сорттары бойынша сақталады. Цемент және асбест
шығындарының технологиялық нормаларының сақталуы қатаң бақылауда болуы
тиісті. Әрбір бұйымдар үшін ерекше асбест араласпасы тағайындалады.
Асбестік бұйымдар өндірісінің технологиялық схемасы: -
    - асбест тасын қоймаға жинау және сақтау;
    -  асбест қоспасын құрастыру;
    - Асбест ыдырату;
    - Асбест – цементтік массаны дайындау;
    - Асбест – цементтік бұйымдарын қалыптау ;
    - Қалыпталынған бұйымдарды алдын – ала қатайтқызу ;
    - Бұйымдарды механикалық өңдеу ;
    - Олардың қатаюлары және жинақталулары.
Бұйымдарды өндіру процессінде  тағы қосымша операциялар орындалуы мүмкін,
мысалы , жазық табақтардың қасиеттерін оңдау үшін престеу , толқынды
табақтарды жасау үшін  толқындату орындалады. Жалпы бұйымдар өндіру процесі
 сулы , шалақұрғақ  және құрғақ тәсілдерінің біреуі бойынша жүргізіледі.
Кейінгі жылдары үлкен мөлшерлі табақтардың  Ут (УВ) , ОТ ( СВ) , және СЕ
шығарылуы меңгерілген.  Бұлардың жасалынуы және кеңірек қолданылуы құрылыс
саласында еңбек өнімділігін арттыруға және материал сыйымдылығын
төмендетуге мүмкіндік беруде. ОТ және УТ пайдаланғандағы жинақтық санын 3
еседей қысқарту, ТК (ВО) қолданғандағымен салыстырғанда , үйлер шатырларын
жабардағы еңбек шығынын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді.  Кейінгі
жылдары түсті жамылтқыш плиталардың өндірілуі дамып, өңдегіш асбест –
цементтік бұйымдарды шығару басталды. Жазық түсті табақтар  ПХО, КО, КЧ
эмалдарымен сырланады. Сондай – ақ  ақ және түсті портландцементтері
негізінде жасалынатын декоративті жазық табақтар әдемі және мәңгілік.
Оларды көпшілігінде балкондарды және лоджияларды қоршауға қолданады.
Жоғарыда келтірілген тиімді асбест цемент бұйымдарын құрылыс саласына
енгізу нәтижесінде жинақтық жұмыстың  еңбек сыйымдылығы  1,5 – 2 есе
төмендетуге, еңбек өнімділігін 2-2,5 есе асыруға, шикізат шығынын азайтып ,
жалпы үй конструкциясы массасын бірқатар азайтуға ықпалын тигізді. Жалпы
тиімді асбест цементтік бұйымдардың құрылыстағы үлесі  1975 жылғы 15 % дан
2005 жылы 80%  -ға жетті.

 Бақылау сұрақтары:
1. Асбестік  бұйымдар өндірісінің технологиялық схемасы қалай?
2. Асбестцементтік  бұйымдар өндірісінің негізгі  шикізаты ретінде нені
қолданады?

        ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
        4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары  мен
бұйымдары. 2том. 168-193 .б.

№ 7Дәріс: Шыныдан жасалынған  әрлеу материалдары .
Дәріс жоспары:
   1. Шыныдан жасалынған  әрлеу материалдарының өндіру технологиясы.
   2. Шыныдан жасаудағы қолданылатын шикізаттар.
   3. Шыны түрлері.

Шыны – деп силикаттардан , алюминаттардан , натрий , калий, кальций және т.
б. Сол сияқтылардың карбонаттарынан тұратын шикізат ерітінділерінің  -
балқымаларының суытылуынан алынатын аморфты қатты дене. Бірақ құрылыста
көпшілігінде силикаттық шыны қолданады деуге болады. Терезелік шыны құрамы:
 SiО2 -71-72%;    NaO  14-15%;    CaO  6.5-7%;     MgO  -4%;   Al2O3 -2%;
Басқа арнайы шыныны алу үшін тиісті оксидтерді қолдана отырып, оның
химиялық құрамын қажетті бағытта өзгертеді.
Шыны өнеркәсібіндегі қазіргі кездегі жетістіктің тағы бір белгісі  шыныдан
жаңа құрылыс материалдарын  шығару тәсілдерінің меңгерілуі.  Мысалы,
жайылған ( прокатталынған ) жазық шыны, түрлі түсті мозайкалық плиткалар,
« метелица» деп аталатын сәулетті құрылыстық шыны және беті металды
қабықпен жабылған әйнектер, түсті қабатталған  «триплекс» деп аталатын
жазық шынылар құрылыс саласында  және көліктер саласында қолдана бастады.
Шыны балқымасын көбіктендіру жолымен жылу қоршағыш және дыбыс сіңіргіш
тиімді материалдары алынады.
Шыны негізінде ситаллы деп аталатын бір өзі шыны мен кристалдық дене
қасиеттерін үйлестіре көрсететін микрокристалдық материалдарын алу
басталды. Ситалдардан жасалған бұиымдар термиялық және механикалық үлкен
беріктігімен ерекшеленеді. Термо  -  механикалық қасиетінің жақсылығы
ситалдық бұйымдардың арнайы құрылыс салаларында қолдану болашағын ашып
отыр. Мысалы ситаллалар температура өзгергенде  мөлшерлерін өзгертпейтін
конструкция бөлшектерін  және ситалла құбырларын жылу алмастырушыларды
жасау үшін тиімді келеді . Ситалладан жасалған бұйымдардың термиялық
беріктігі  200-700градС  тең , кейде 1100 град. С дейін жетеді.
Табақтық шыны  -  шынының негізгі түрі, оны терезе және есік ойықтарын
әйнектеуге , витриндерге, үйдің ішін және сыртын өңдеуге қолданады. Олар 3
сортта және қалыңдығына байланысты 6 маркада шығарылады : 2; 2,5; 3; 4;
5;6мм . Табақ ені  250-1600мм, ұзындығы  250-2200  мм . 1кв. Шыны массасы
2-5 кг. Болуы мүмкін. Табақ шыны сортын  ақаулығының барлығына байланысты
анықтайды.
Витриндік шыны  -  сауда және әкімдік , қоғамдық т.с.с.  үйлердің алдыңғы
жағынан  үлкен аумақты беттерін әйнектеу үшін кең қолданады. Әдетте ,
витриндік шыны жылтылдатылған болады, қалыңдығы  6-10 мм , мөлшерінің  ең
үлкені  3500*6000мм.
Жарық шашушы шыны    декоративтігімен және жарық шашыратушылығымен
сипатталады. Көрілусіз жарықтандыру немесе шашыратылған жарық қажет болған
жағдайда терезелік ойықтарды, қалқаларды және есіктерді әйнектеу үшін
күнгірттелінген немесе әшекейленген шыныларды қолданады. Әшекейленген
шыныларды горизонтальдық жаю тәсілімен , гравировальдік жанышқыларда
(вальцаларда) алады.  Күнгірттелінген шыныны құм қысымдық ағымымен өңдеп
шығарады.
Әшекеленген шыны  - гравировальдік  білектерде (валцаларда) түзсіз және
түсті шыны массасын  горизонтальдықта үздіксіз жаю арқылы алады.  Ә.Ш. ені
400-1600, ұзындығы  600-3600, қалыңдығы  4,5 және 6 мм .  Оны шашырата
жарықтандыруды  және көрілмейтіндікті  қажет ететін үймереттер мен
ғимараттардың есіктерін әйнектеуге , қалқаларын тұрғызуға қолданады.
Эмалдалынған шыныққан шыны  « стемалит»  - бір жағынан керамикалық бояумен
боялған  және шыны мықтылығын асыру үшін бояудың жабысуын бекіту мақсатымен
термиялық өңдеуден өткен декоративтік бұйым. Көп қабатты үйлердегі терезе
қатарларының арасында стемалит горизонталдық конструкциялық элемент түрінде
бекітіледі. Және де оны үйдің ішін сыртын , қалқаларын өңдеуге пайдаланады.
 Эмалдалынған шыны плиткаларын   терезелік шынылардың шығындарын қажетті
мөлшерлерге  ( 150*150  және 150*75 мм) кесіп , біржағына жұқалап эмальдық
шликер жағып, сосын эмаль балқытылғанға дейін пеште күйдіріп алады. Оларды
асханаларды, санитарлық түйіндерді , машиналарды, емханаларды және басқа
емдеу мекемелерін қаптау үшін керамикалық плиткалардың орнына қолданады.
Шыныпрофилит , шынытемірбетон конструкциясы , шыны пакеттері, шыны есіктері
, шыны құбырлары және оларға керекті фасондық бөлшектері туралы оқып білу
керек.

      Бақылау сұрақтары:
     1. Шыныдан жасалынған  әрлеу материалдарын  және өндіру технологиясын
        айтыңыз.
     2. Шыныдан  әрлеу материалдарын өндіруде қандай шикізаттарды
        қолданады?
     3. Шыны түрлерін атаңыз.
     4.
  ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
       4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары  мен
бұйымдары. 1том. 398-405 .б.






№ 8Дәріс: Шыны өндіру технологиясы .

Дәріс жоспары:
   1. Шыны өндіру технологиясы .
   2. Шихтаны дайындау процесі.

Шыны - өндіруге қолданатын шикізаттарын басты және қосымша материалдарға
шартты түрде бөледі. Басты шикізат материалдарына  табиғи және жасанды
заттары жатады.  Осы заттарды қолдану арқылы шыны массасына , оны құрайтын
қышқылдық, сілтілік , және сілтілік жер металдар оксидтерін және
диоксидтерін енгізеді.
Қосымша шикізаттар қатарына әр алуан химиялық элементтердің қосындылары
жатады. Оларды шыныларды бояу және күнгірттеу, шыны массасының сапасын
жақсарту үшін, шыны қайнатылуын түзету мақсаттарымен шикізат шихтасына
қосады.
Шыны өндірісі мынандай технологиялық бөліктерді қамтиды :
    - шикізаттарды дайындау ( кептіру, майдалау, байыту );
    - шыны шихтасын әзірлеп қорыту пешіне салу (өлшемдеу – дозалау,
      құрамаларын – компоненттерін араластыру және пеш салмаласына жіберу )
      ;
    - балқымадан шыны материалдары мен бұйымдарын шығару (қалыптау);
    - сапалық көрсеткіштерін жақсарту үшін бұйымдарды термиялық, механикалық
      немесе химиялық тәсілдермен өңдеу.
Шыныны вертикалдық тарту тәсілімен  100 кг шыныға шамамен есептегендегі
шихта құрамы:

|Аталуы                  |Шыныны  тік жоғары созу тәсілі                   |
|                        |Қайықтық                |Қайықсыздық             |
|Кварц құмы              |61                      |64,3                    |
|Доломит                 |18,2                    |18,4                    |
|Әктас                   |2                       |4                       |
|Сода                    |23,9                    |21,7                    |
|Натрий сульфаты         |2,5                     |2,5                     |
|Пегматит                |10,4                    |10,4                    |
|Көмір                   |0,5                     |0,5                     |


Алдын ала әзірленілген, берілген мөлшерлерінде өлшелінген шихта құрамы
тарелка немесе барабан тәрізді араластырғыштарда жақсылап араластырылады.
Дайындалған шихта ылғалдылығы  4-7%   дай болуы керек, себебі сондай
ылғалдылықта шихта агрегатталына бөлінбей құрамы бойынша біркелкілігін
сақтайды.

      Бақылау сұрақтары:
      1. Шыны өндіру технологиясы .
   3. Шихтаны қандай процесстер бойынша дайындайды?

        ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
       4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары  мен
бұйымдары. 1том. 378--385 .б.

№ 9Дәріс: Органикалық әрлеу материалдардың полимер негізінде өндіру
технологиясы .
Дәріс жоспары:
1.Органикалық әрлеу материалдардың полимер негізінде өндіру технологиясы .
2.Қолдану саласы.
Кейінгі  жылдардағы жоғары полимерлік материалдарды зерттеудегі , каучук
тәріздегі қасиеттері бар көптеген полимерлерді синтездедегі сондай – ақ ,
каучуктер мен пластикалық қасиеттері бар материалдар аралығында кешенді
қасиеттері болатын полимерлерді зерттеп синтездеу жұмыстарындағы орасан зор
прогресс барлық полимерлердің химиялық структурасы дерліктей пара-пар
екенін , пластмасса   және каучук  бір түсінік екенін дәлелдеуге мүмкіндік
береді. Синтетикалық полимерлер негізінде алуан түрлі құрылыстық
материалдар мен бұиымдар жасау технологиясы өндіріске енгізілді.  ХХ-
ғасырдың 20 шы және 30 шы жылдарында мочевино-формольдегидтік , полиэфирлік
 т.б. полимерлер өнеркәсіптік көлемінде қолданылатын болған. 30 шы
жылдардан бастап полимеризациялық пластиктердің ( полистирол,
поливинилацетат, поливинилхлорид және т.б.) халық шаруашылығында маңызды
роль атқара бастаған.
40-шы жылдар полимеризациялық пластиктер технологиясының жеделдете дамуымен
сипатталады. Полимер негізінде материалдар қолдану құрылыс сапасын
жақсартуда, үйлер мен ғимараттар массасын азайтудағы және құрамалы
түзілістердің  зауыттық дайындығын асырудағы ең маңызды  және тиімді әрекет
болып саналады.  Қазіргі индустриялық құрылыстарда пластмассалық
материалдар мен бұйымдардың  алатын орны ерекше және тиімділікпен
пайдаланатын жерлері даусыз анықталған. Олар жоғары сапалы өңдеулік
материалдары ( әсемдік пленкалар,линолиумдер, пластиктер ) гидроизоляциялық
және герметикалық материалдар ( мастиктер, пленкалар) Құбырлар және
санитарлық – техникалық жабдықтар , полимер бетондар және полимер
ерітінділер және полимерлік желімдер.
 Полимерлер (« поли» –көп , «мерос» –бөлік деген мағынада) деп молекуласы
көп қайталанатын үзбелерден (түйіндерден) тұратын жоғарғы молекулалы
қосындыны айтады. Ал полимерлерді құрайтын төмен молекулалық түзінділерді
монемерлер деп атайды. Полимерлер шыққан тегіне байланысты 2 топқа
жіктеледі  - табиғи және синтетикалық (жасанды) , ал химиялық құрамы
бойынша  -органикалық және бейорганикалық. Өндірісте көп қолданылатыны  -
жасанды органикалық полимерлер.
Полимерлердің алыну тәсілдері бойынша  пластмассалар 4 классқа бөлінеді: А-
полимеризациялықтар ; Б – поликонденсациялықтар ; В – табиғи полимерлерді
модификациялау арқылы алынғандар ; Г – табиғи смолаларды және басқа
органикалық заттарды өңдеу жолымен алынғандар. Құрылыста көбінесе  А және
Б класындағы полимерлер негізінде алынатын пласстмассалар жатады.
Полимерлену реакциясы  кезінде біркелкі немесе түрлі молекулалардың бір
бірімен қосылуы жүреді. Тізбекті полимерленуде процесс 3 сатыда өтеді:
мономерлердің активті радикалдар құрай қозулары , тізбектердің өсуі және
оның үзілулері. Мономерлерді қоздыру жылыту арқылы жарық сәулесімен
иониздау әрекетімен, катализаторлар қосу жолымен жүргізеді .Соған сәйкес ,
термиялық, фотохимиялық, радиоциондық полимеризацияларына ажыратылады.
Тізбектік полимерлену көмегімен  полиэтиленді, қарапайым полиэфирлерлді ,
полистиролдарды, поливинхлоридтерді және т.б. синтездейді. Сатылық
полимерлену қозғалыстағы атомдардың бір молекуладан екінші молекулаға өтуі
есебінде біртіндеп , мономер молекулаларының бір біріне қосылу нәтижесінде
жүреді. Осындай тәсіл бойынша полиуретандарды, полиамидтерді,
полиэпоксидтерді алады. Құрылыста ең көп қолданылатындар жаңғыштығы төмен
болатын полистирол және полиформальдегид негізінде жасалынатын түрлі түсті
декоративтік плиталар және табақтар. Мысалы ыстықтай престелініп жасалынған
 полиформ панелдері бағалы ағашты кесіп қарағандағы көрінісін бейнелейді.
Олардың мөлшерлері  500*500 мм, қалыңдығы  10 мм, нағыз тығыздығы  1000кг\
м3 , су сіңіргіштігі  0,65  аспайды. Мәдени тұрмыс және әкімшілік үйлерінің
қабырғаларын және төбелерін осы панелдермен өңдерде оларды шегемен немесе
шуруптармен бекітеді.
Полистиролдық қапталушы плиткалар  -  гранулдалынған полистиролдан құю
тәсілімен қысымдықпен жасайды. Жылу тұрақтылығын жоғарылату және бағасын
төмендету мақсатымен полимерлік массаға ұлпа тәрізді толтырғыштарды қосады.

 Бақылау сұрақтары:
   1. Органикалық әрлеу материалдардың полимер негізінде өндіру технологиясы
      қандай?
   2. Полимер дегеніміз не?
   3. Полимер негізіндегі әрлеу материалдары қалай жіктеледі?

        ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
        4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары  мен
бұйымдары. 1том. 448-490 .б.

№ 10Дәріс: Рулонды полимерлік әрлеу материалдары.  Әр түрлі линолеумнің
өндіру технологиясы .

Дәріс жоспары:
1.Рулонды полимерлік әрлеу материалдарының жіктелуі.
2.Әр түрлі линолеумнің  өндіру технологиясы .

Едендік үшін полимерлік материалдар зауытта жасалынған дайын бұйымдар:
рулондық және плиталық түрінде болулары мүмкін.Тұрғын үйлер құрылыстарында
рулондық және плиталық материалдары кең колдануда. Еден жабуға арналған
полимерлік материалдар структурасы , шикізаты , қаттылығы және сырт
көрінісі бойынша жіктелінеді.Структурасы бойынша рулондық материалдары мен
плиталық бұйымдары астынғы негізді  (маталық, картондық, жылу қоршағыштық )
және астынғы негізсіз (бір және көпқабатты) болулары мүмкін. Басты
шикізаттарына байланысты ( полимерге) рулондық материалдар
поливинхлоридтік, алкидтік, коллоксилиналық, резиналық , плиталықтар және
полимер бетондық деп бөлінеді.Рулондық  материалдар және плиталық бұйымдар
сырт көрінісі бойынша түсімен , пішінімен және фактурасымен ажыратылады.
Рулондық материалдар -  астында мата негізі бар поливинил хлоридтік
линолеум еденге арналған рулондық материал, негізгі компоненті
поливинилхлорид. Оны маталық және жылу изоляциялық негіздеріне пластмассаны
жағу тәсілімен өндіреді. Линолеумді өндіру үшін байланыстырушы поливинилден
басқа шикізат ретінде тальк, барит, гидрофобталынған бор, ағаш ұнтағы және
т.с.с. толтырушыларды, жұмсартушылар ретінде диоктилфталатты, т.б.
қоспаларды пайдаланады.
Линолеумды бояу үшін мумияны , темір сүрігін,литопаонды, ультрамаринді,
хромдық көкті және т.б. минералдық бояуларды қолданады. Асты негізді
линолеумді 5типте жасайды:  А -  басылған суретті мөлдір пленкадан бет
қабаты бар линолеум,   Б   -- поливинилхлорид қабатымен көрінбей қалудан
қорғалған суреті бар линолеум ;  В – бір түсті линолеум, Г – мрамор тәрізді
линолеум ; Д – екі түсті линолеум. Астында мата негізі бер линолеум
рулонның  ұзындығы 12 м, ені 2,0 м және қалыңдығы 1,6 – 2,0 мм. Оны тұрғын
үй және қоғам үйлерінің еденіне төселуге қолданады.
Жылу қоршағыштаушы астынғы негізді поливинилхлоридтік линолеум  дегеніміз
екі қабатты материал. Линолеумнің үстінгі бет қабатын поливинхлоридтік
композициядан , ал төменгі қабаты – ине өтетін маталық емес астынғы
негізден жасайды. Оның үстінгі бет қабатын басылған суреті бар
поливинхлоридтік пленкамен қаптайды. Мұндай линолеумды жақпалық , білік –
каландрлық  немесе экструзиялық тәсілдермен жасап шығарады және тұрғын үй
жайларында қолданады Үстінгі қабатының структурасына және өндіру тәсіліне
байланысты линолеумнің 5 түрін шығарады:  Жағылған (промазный)  -ПР;
білікті каландралық  - ВК;  мөлдір поливинилхлоридтік пленкасы бар білікті
каландралық – ВКП ; экструзиялық – ЭК; және мөлдір пленкасы бар экстузиялық
 - ЭКП . Өлшемі :  12 м, 1,8м, 3 -6 мм рулон түрінде шығарады. Сондай-ақ ,
бөлме ауданына есептелінген « пісіріле біріктірілген клем» атты линолеум да
шығарылады. Көбіктенген қабаты бар поливинхлоридтік линолеум    көбіктенген
поливинхлоридтік қабатпен жабылған каркастан ( шыны кенебінен, асбест
матасынан және т.б.) тұратын рулондық материал. Үстінгі бетіне баспалап
сурет салып, оны мөлдір поливинхлоридтік пленкамен жауып құрғатады. Мұндай
линолеумді жақпалық тәсілмен жасап шығарады. Өлшемдері  12м –ден кем емес,
ені – 2,0м дейін, қалыңдығы  1,8 мм рулон түрінде мынандай типте жасайды:
ені немесе 3 қабат көбіктелінген поливинилхлорид жағылғанына сәйкес  І-Т,
ІІ-Т , ІІІ-Т және бет қабаты әшекейлене өрнектелінген линолеумдер ;  бір ,
екі немесе үш қабатты көбіктелінген поливинхлориді бар, бірақ бет қабаты
өрнектелінбеген линолеумдер  І-Н; ІІ-Н, ІІІ-Н. Астыңғы негізсіз бір және
көпқабатты поливинхлоридтік линолеум  - еденге арналған тиімді
материалдардың бірі. Оны біліктемелік , каландралық немесе экструзиялық
тәсілдердің бірімен жасап шығарады. Структурасына байланысты 3 типтегі
линолеум шығарылады :  КҚ- көп қабатты; М –мрамор тәрізді,  Б – бір қабатты
бір түсті. Линолеумнің үстінгі және жұмыс , декоративтік қабаттарында
толтырушылар шамалы ғана болатындығынан үйкеліс тұрақтылығы үлкен келеді.
Ал астынғы қабатында толтырушылар көп болады да полимермен бояғыштарды
үнемдеуге мүмкіндік туып, линолеум құнын төмендетуге септігін тигізеді.
Линолеум еденге жақсы желімденуі үшін оның астынғы бетін, әдетте кедір
бұдыр (рифленген) етіп жасайды. Астындағы негізсіз линолеум гигиеналығы
жағынан өте жақсы, сол себебті оны медициналық мекемелер мен лаборатория
жайларында еденге төсеу тиімді. Ұзындығы – 12 м дейін, ені -1,2-1,4 м ,
қалыңдығы 1,5-1,8 мм рулон түрінде шығарады. Астыңғы негізсіз
поливинилхлоридтік қиын тұталынатын маркасы  ТНН  және  ТТН линолеумдары:
осыған ұқсас.
Алкидтік линолеум   беті бір өңді немесе өрнектелген, астынғы негізі
матадан болатын рулондық материал  ұзындығы – 2,5-5,0 м , маркасы  А және
Б. Оны өсімдік майымен модификацияланған алкидтік полимер мен
толтырғыштардан  тұратын массадан жасайды. Оның физикалық – механикалық
қасиеттерінің көрсеткіштері поливинилхлоридтік линолеумге қарағанда едәуір
жоғары. Алкидтік линолеумнің негізгі қолданатын жері  -- теміржол көлігінде
вагондар да , кемелер каюталарында ,метрополитенде еденді төсеуге кеңінен
қолданады.  Релин (резиналық линолеум) екі қабатты рулондық материал ,
үстінгі тозуға тұрақты бетін  (қалыңдығы – 0,8 мм кем емес) синтетикалық
каучуктен , толтырғыштардан ( түсті резинадан , каолиннен, ағаш ұнтағынан)
бояғыштардан тұратын композициядан , ал астынғы қабатын , әдетте битум және
шамалы синтетикалық каучук қосылған ескі резинадан жасайды. Бұл жерде айта
кететін жайт  - әрбір қабат жеке дайындалады, сосын дайын релин алу үшін
оларды біріктіре қосып, резиналарын вулканизациялайды. Релинді бір және көп
түсті рулондық материал түрінде шығарады., Ұзындығы – 12м, ені – 1,0-1,6 м
,қалыңдығы – 3мм. Ол мынандай типке жіктелінеді :  А – қоғамдық,
өндірістік үйлердің едені үшін және теміржол вагонына арналған; Б – ырықсыз
желденілетін жайлар үшін ;  В  - хирургиялық жайлардың  арнаулы лаборатория
еденіне арналған антистатикалық линолеумдер. Ылғалдық режимі жоғары
(моншада, кір жуатын жайларда) еденге төсеуге пайдаланады. Линолеум дұрыс
төселінген жағдайда  20-25 жыл бойы пайдаланады.

   Бақылау сұрақтары:
1.Линолеумді  өндіру үшін шикізат ретінде қандай материалдар қолданады?
2. Рулонды полимерлік әрлеу материалдары қалай  жіктеледі?


        ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
       4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары  мен
бұйымдары. 1том. 476 -485 .б.

№ 11Дәріс: Сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстарына арналған полимерлік
материалдар.
Дәріс жоспары:
   1. Сыртқы әрлеу жұмыстарына арналған полимерлік материалдар.
   2. Ішкі әрлеу жұмыстарына арналған полимерлік материалдар.
   3.

 Синтетикалық полимерлер негізінде алуан түрлі құрылыстық материалдар мен
бұиымдар жасау технологиясы өндіріске енгізілді.  ХХ- ғасырдың 20 шы және
30 шы жылдарында мочевино-формольдегидтік , полиэфирлік  т.б. полимерлер
өнеркәсіптік көлемінде қолданылатын болған. 30 шы жылдардан бастап
полимеризациялық пластиктердің ( полистирол, поливинилацетат,
поливинилхлорид және т.б.) халық шаруашылығында маңызды роль атқара
бастаған.
40-шы жылдар полимеризациялық пластиктер технологиясының жеделдете дамуымен
сипатталады. Полимер негізінде материалдар қолдану құрылыс сапасын
жақсартуда, үйлер мен ғимараттар массасын азайтудағы және құрамалы
түзілістердің  зауыттық дайындығын асырудағы ең маңызды  және тиімді әрекет
болып саналады.  Қазіргі индустриялық құрылыстарда пластмассалық
материалдар мен бұйымдардың  алатын орны ерекше және тиімділікпен
пайдаланатын жерлері даусыз анықталған. Олар жоғары сапалы өңдеулік
материалдары ( әсемдік пленкалар,линолиумдер, пластиктер ) гидроизоляциялық
және герметикалық материалдар ( мастиктер, пленкалар) Құбырлар және
санитарлық – техникалық жабдықтар , полимер бетондар және полимер
ерітінділер және полимерлік желімдер.

   Бақылау сұрақтары:
1. Сыртқы әрлеу жұмыстарына арналған  қандай полимерлік материалдарды
білесіз?
2.  Ішкі әрлеу жұмыстарына арналған  қандай полимерлік материалдарды
білесіз?



        ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
       4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары  мен
бұйымдары. 1том. 476 -485


№ 12Дәріс: Мастикалар және желімдердің номенклатурасы.
Дәріс жоспары:
   1. Мастикалар және желімдердің жіктелуі.
   2. Мастикалар және желімдердің өндіру технологиясы.

Полимер негізіндегі герметикалаушы материалдар  құрылыстық
конструкциялардағы шөгіндік және температуралық жіктерді бітеу үшін
қолданады. Сондай – ақ , герметикалық материалдар терезелік және есіктік
блоктардың қабырғамен түйіскен жерлерін герметикалап бітеу үшін  және т.б.
бетоннан немесе темірбетоннан тұрғызылған ғимараттарда кеңінен қолданады.
Болашақта дыбыс өткізулігін азайту мақсатында герметиктердің ішкі
конструкцияларды тығыздау үшін және құрал жабдықтардың конструкцияларға
дірілдерлік әсерін бәсеңдету үшін қолданылуы көзделуде.
Герметикалаушы материалдар ылғал, бу және газ өткізбейтін және аязға
төзімді болуы тиіс; үйлерді , ғимараттарды пайдалану кезінде өздерінің
физикалық – механикалық қасиеттерін өзгертпеуі, токсикалық заттарды бөліп
шығармауы керек. Қолданар сәттегі агрегаттық күйіне байланысты герметиктер
2 топқа жіктеледі : герметикалаушы мастиктер және иілімді кеуектік аралық
төселме (прокладка).
Қағаз қабатты пластиктер  -  термореактивтік полимерлермен  сіңірілген
арнаулы қағаздарды  ( 15  -  20  крафт  -қағазды )  ыстықтай пресстеп
алынатын табақты өңдеуші материал. Пластиктерді ұзындығы  100-300 см, ені
60-160 см , қалыңдығы  1-5 см тақтай түрінде жасайды. Тығыздығы  1400 кг\м3
, табақ ұзындығымен созғандағы  мықтылығы кем дегенде  90 МПа , ал көлденең
созғанда  - 70 МПа .  24 сағат бойы суда сақтағаннан кейінгі бұл
көрсеткіштері  тиісінше  72  және 56 МПа кем болмауы керек. Ыстықта
престелінген кезде полимерлер балқып , ал кейін суытқан мезгілінде
қайталанбайтындай қатайып ,  тұтасталынған жазық табақ пластикасы алынады.
Оның беті бір түсті немесе әр түрлі әрлі суретімен болуы керек.
Қаттылығы және тозу тұрақтылығы жоғары болатындығынан кісі шомылатын
(ванна) жерді, дәретхананы , лабораторияларды және т.б. жайларды өңдеуге
қолданады.
          Бақылау сұрақтары:
     1. Мастикалар және желімдердің өндіру технологиясы қалай?
     2. Мастикалар  мен  желімдер қалай  жіктеледі?

        ӘДЕБИЕТТЕР
    1. Үдербаев С.Н  Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006,  169
б.
    2. Попов К.Н. Строительные материалы  и  изделия:  Учебник/  К.Н.Попов,
М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
        3. Комар А.Г. материалы и  изделия:  Учеб.  для  инст.  экон.  спец.
строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
       4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары  мен
бұйымдары. 2том. 510 -585


№ 13Дәріс: Мастикалар және желімдердің номенклатурасы.
Дәріс жоспары:












№ 14Дәріс: Мастикалар және желімдердің номенклатурасы.
Дәріс жоспары:













№ 15Дәріс: Тұсқағаздың өндіру технологиясы.
Дәріс жоспары:
















   Ангобаланған кірпіш – беттік жағы ангобамен бүркелініп
   жасалынады.Ангобаны ақ саз -80 % шамасында )  шыны сынығы  ( 15- 20 % ) ,
   минералдық бояғыштар ( 5-7 % ) қосындысын доңғалақ диірменде майдалап
   езіп, суспензия түрінде дайындайды. Оны жаңадан қалыпталынған немесе
   кептірілген кірпіш бетіне форсункамен жұқалап жағады да  күйдіру пешіне
   жібереді. Күйдіру нәтижесінде ангоба кірпіш бетімен берік ілінісіп, оның
   структурасын және түсін жасырады.
   Глазурланған кірпіш – үй сәулетінің ерекше мәнерлігін асыру үшін негізгі
   қаптағыш бұйымдармен қоса қолданады.
Ұсынылатын құрылыстық ерітінділер жылжымалылығы.

|№    |Ерітінді арналуы                          |Конустың араласқа бату  |
|     |                                          |тереңдігі , см          |
|1    |2                                         |3                       |
|1    |Ірі панельдерден және блоктардан          |        5 – 7           |
|     |қабырғалар жинау және жіктерін көрнекті   |                        |
|     |айқындау үшін                             |                        |
|2    | Кәдімгі кірпіштен , бетондық тастан және |       9 -  13          |
|     |жеңіл тау жыныстарынан қабырға қалау      |                        |
|3    |Қуыс денелі кірпіштен немесе керамикалық  |       7 -  8           |
|     |тастан қабырға қалау                      |                        |
|4    |Бұта тастарынан кәдімгідей қалау          |       4 – 6            |
|5    |Бұл да дірілдете қалау                    |        1 -  3          |
|6    |Бұта қалауындағы қуыстарды құю            |        13  -  14       |




Шамамен алынған ерітінділер құрамы  ( цемент : әк илемесі : құм , көлемдік
бөлшекпен )

|Байланыстырушы     |Ерітінділер маркасы                                  |
|маркасы            |                                                     |
|                   |25           |50          |75           |100          |
|1                  |2            |3           |4            |5            |
|Жер үстіндегі конструкциялар үшін қолданатын ерітінділер                  |
|200                |1:0,8:7      |1:0,3:4     |1:0,1:2,5    |--           |
|300                |1:1,4:10,5   |1:0,6:,     |1:0,3:4      |1:0,2:3,5    |
|400                |    ---      |1:0,9:8     |1:0,5:5,5    |1:0,4:4,5    |
|Жер астындағы конструкциялар үшін қолданатын ерітінділер                  |
|200                |--           |1:0,4       |1:0:2,5      |--           |
|300                |--           |1:0,6       |1:0:4        |1:0:3        |
|400                |--           |--          |1:0:5,5      |1:0:4,5      |

Асбест – цементтік  негізгі бұйымдар түрлерінің сипаттамалары.

|        |Мөлшері , мм                      |Игендегі   |қолданылуы        |
|        |                                  |мықтылығы  |                  |
|        |                                  |МПа        |                  |
|        |Ұзындығы |ені |Қалыңдығы |қимасы  |           |                  |
|1       |2        |3   |4         |5       |6          |7                 |
|Жамылтқы жазық плиткалары                                                 |
|-       |600      |300  |4        |-       |-          |Тұрғын және       |
|        |         |     |         |        |           |азаматтық үйлерге |
|        |         |     |         |        |           |жамылтқы үшін     |
|-       |600      |400  |4        |-       |-          |                  |
|Толқынды табақтар                                                         |
|ТК(ВО)    |1200   |686   |5,5     |Толқын  |160        |Азаматтық,        |
|          |       |      |        |қадамы  |           |өнеркәсіптік және |
|          |       |      |        |115     |           |ауылшаруашылық    |
|          |       |      |        |        |           |үйлеріне жамылтқы |
|          |       |      |        |        |           |және қабырғалық   |
|          |       |      |        |        |           |қоршаулары үшін   |
|          |       |      |        |        |           |арналған          |
|ТН( ВУ)   |2500-28|994   |8       |167     |160-190    |                  |
|          |00     |      |        |        |           |                  |
|УТ(УВ)    |1750   |1125  |6-7,5   |200     |180-200    |                  |
|          |1750-25|1130  |5,8-6   |150     |175        |                  |
|ОТ( СВ)   |00     |      |        |        |           |                  |
|СЕ        |250    |1150  |6       |177     |200        |                  |
|Престелінген  және престелінбеген жазық табақтар                          |
|-         |1200   |800   |6,8     |-       |-          |Қабырғалық        |
|          |       |      |        |        |           |панельдер,        |
|          |       |      |        |        |           |жамылтқы плиталар,|
|          |       |      |        |        |           |санитарлық –      |
|          |       |      |        |        |           |техникалық        |
|          |       |      |        |        |           |кабиналар, асулы  |
|          |       |      |        |        |           |төбелер, үйді     |
|          |       |      |        |        |           |іштей және сырттай|
|          |       |      |        |        |           |қаптау үшін       |
|-         |1500   |1200  |10      |-       |-          |                  |
|-         |1800   |1500  |-       |-       |-          |                  |
|-         |2400   |-     |-       |-       |-          |                  |
|-         |2800   |-     |-       |--      |--         |                  |
|-         |3000   |-     |-       |-       |-          |                  |
|-         |3600   |-     |-       |-       |-          |                  |




Ситаллалардың , шынының және болаттың қасиеттері.

|    |Қасиеттері              |ситалла       |шыны          | Болат        |
|1   |Тығыздығы , кг\м        |2500-2700     |2500          |7200          |
|2   |Серпіндік модуль, МПа   |(0,875-1,4)10 |(0,45-0,83)10 |(2,1-2,2)2-10 |
|3   |Беріктік шегі , МПа     |              |              |              |
|    |Созғандағы              |110-160       |35-70         |300-1400      |
|    |қысқандағы              |500-1500      |700-1000      |-             |
|    |игендегі                |110-260       |50-70         |-             |
|4   |25-300 С аралығындағы   |0-ден         |(8,5-9)10     |(11-12)10     |
|    |ұзындығы бойынша        |20*10-дейін   |              |              |
|    |температуралық ұлғаю    |              |              |              |
|    |коэффициенті , 1\ град. |              |              |              |
|5   | Жұмсару температурасы ,|850-1350      |700           |1520          |
|    |град. С                 |              |              |              |





Полимер негізіндегі герметикалаушы материалдар  құрылыстық
конструкциялардағы шөгіндік және температуралық жіктерді бітеу үшін
қолданады. Сондай – ақ , герметикалық материалдар терезелік және есіктік
блоктардың қабырғамен түйіскен жерлерін герметикалап бітеу үшін  және т.б.
бетоннан немесе темірбетоннан тұрғызылған ғимараттарда кеңінен қолданады.
Болашақта дыбыс өткізулігін азайту мақсатында герметиктердің ішкі
конструкцияларды тығыздау үшін және құрал жабдықтардың конструкцияларға
дірілдерлік әсерін бәсеңдету үшін қолданылуы көзделуде.
Герметикалаушы материалдар ылғал, бу және газ өткізбейтін және аязға
төзімді болуы тиіс; үйлерді , ғимараттарды пайдалану кезінде өздерінің
физикалық – механикалық қасиеттерін өзгертпеуі, токсикалық заттарды бөліп
шығармауы керек. Қолданар сәттегі агрегаттық күйіне байланысты герметиктер
2 топқа жіктеледі : герметикалаушы мастиктер және иілімді кеуектік аралық
төселме (прокладка).
Қағаз қабатты пластиктер  -  термореактивтік полимерлермен  сіңірілген
арнаулы қағаздарды  ( 15  -  20  крафт  -қағазды )  ыстықтай пресстеп
алынатын табақты өңдеуші материал. Пластиктерді ұзындығы  100-300 см, ені
60-160 см , қалыңдығы  1-5 см тақтай түрінде жасайды. Тығыздығы  1400 кг\м3
, табақ ұзындығымен созғандағы  мықтылығы кем дегенде  90 МПа , ал көлденең
созғанда  - 70 МПа .  24 сағат бойы суда сақтағаннан кейінгі бұл
көрсеткіштері  тиісінше  72  және 56 МПа кем болмауы керек. Ыстықта
престелінген кезде полимерлер балқып , ал кейін суытқан мезгілінде
қайталанбайтындай қатайып ,  тұтасталынған жазық табақ пластикасы алынады.
Оның беті бір түсті немесе әр түрлі әрлі суретімен болуы керек.
Қаттылығы және тозу тұрақтылығы жоғары болатындығынан кісі шомылатын
(ванна) жерді, дәретхананы , лабораторияларды және т.б. жайларды өңдеуге
қолданады.






Пәндер