Файл қосу
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ | |ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ атындағы | |СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК |Е ПОӘК 042-14-4-05. | | | |1.20.24/03- 2013 ж. | |ПOӘК |«__»____ 200__ ж. | | |««Ерекше қорғалатын |№ ___ басылым | | |табиғи аумақтар» | | | |пәннінің оқу әдістемелік| | | |материалдар | | | «ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР» ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2013 Кіріспе 1. ҚҰРАСТЫРУШЫ Құрастырушы: техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қоргау» кафедрасының профессор м.а. Сарсембенова О.Ж. ____________ « 28 » 08 2013 ж. 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1. Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедра отырысында « 3 » 09 2013 ж. № 1 хаттама Кафедра меңгерушісі,доцент ____________ Кабышева Ж.К. 2.2. Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюро отырысында Хаттама № 1 «__18_» __09___ 2013ж. АФ ОӘБ төрағасы _________ доцент м.а. Тлеубаева А.В. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдап басып шығаруға ұсынады Хаттама № 1 «_18__» ___09__ 2013ж. Оқу- әдістемелік кеңестің төрағасы, оқу – әдістемелік жұмысы бойынша проректор профессор Искакова Г.К. 4 №2 басылым 30.09.2009 ж. ауыстыруға кіргізілді. Кешен Қазақстан республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім стандарты МЖБС негізінде жаңартылған 5.04.019.-2011. Бакалавриат. Мазмұны |1|Глоссарий | | |2|Дәріс сабақтары | | |3|Практикалық сабақтар | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | I Глоссарий Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетінжер, су, орман және жер қойнауы учаскелері. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған зат-болмыс ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған объектілерінің жиынтығы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін ерекше қорғау құқықтық режимі не шаруашылық қызметінің реттелген режимі енгізіледі. Ерекше қорғау құқықтық режимі: қорық режимі, заказник режимі болып бөлінеді. Қорық режимі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе арнайы бөлінген учаскелерде кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ қоршаған ортаның табиғи жай-күйін бұзатын өзге де қызметке тыйым салуды көздейді. Заказник режимі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе арнайы бөлінген учаскелерде шаруашылық және өзге де қызметті белгілі бір маусымда, белгілі бір мерзімде ғана, мұның өзі мемлекеттік табиғи-қорық объектілерінің сақтаулуына қауіп төндірмейтіндей және олардың молығуын нашарлатпайтындай мөлшерде ғана жүргізуді көздейді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері: биоөрістік аумақтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи парктер; мемлекеттік табиғи парктер; мемлекеттік табиғи ескерткіштер; мемлекеттік қорық өңірлері; мемлекеттік табиғи заказниктер; мемлекеттік зоологиялық парктер; мемлекеттік ботаникалық бақтар; мемлекеттік дендрологиялық парктер; мемлекеттік қорғалатын табиғи аумақтардың ормандары; ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары; халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар; жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәденижәне өзге де жағынан ерекше құнды учаскелері. Қоршаған орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстарырдың жанды әрі жансыз жиынтығы; Қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталғал мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі; Қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаның зандармен қоғалатын құрамдас бөліктері; Табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері; Қоршаған ортаны ластау – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға щудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері; Қоршаған ортаның сапасын нормалау – адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу; II. Дәріс сабақтары Дәрістер негізгі маќсаты пән бойынша таќырыптарды теориялыќ негізде жеткізе білу болып табылады. Дәріс № 1 Тақырыбы: Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті. Терминдер мен анықтаулар. Мақсаты: «ЕҚТА» пәннің мақсаты, терминдер мен анықтаулармен танысу. Жоспар 1) Пәннің мақсаты мен міндеті 2) Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы 3) Негізгі түсініктер 4) Экожүйенің табиғаттық жіктелуі Пәннің мақсаты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының экожүйелерін қорғау, оларды өсімдік және жануарлар әлемі мәселелерін меңгеру болып табылады. Биоценоз – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады.Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К.Мебиус (1877 ж.) Биотоп – тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта.Нәтижесінде биоценоз бен биотоп бірлесіп – биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н.Сукачев енгізген. Биогеоценоз дегеніміз биоценоз+биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші – жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері.Биоценозды зерттеуші ғылым саласы – биоценология деп аталады. Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы. Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі. «Экожүйе» терминін 1935 жылы А.Тенсли енгізген. Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның өзара қарым қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бақылау сұрақтары: 1. «Биоценоз» ұғымын қай ғалым енгізді? 2. «Экожүйе» ұғымына қысқаша сипаттама. 3. «Биогеоценоз» термині қай жылы шығарылды? 4. «Биотоп» терминін қалай түсінесіз? 5. Экожүйелер қандай белгілері бойынша ерекшеленеді? Дәріс № 2 Тақырыбы: Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативтік құқықтық базасы. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативтік-құқықтық базасымен танысып оны меңгеру Жоспар 1) Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативтік құқықтық базасы. 2) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы. 2-бап. 1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік – табиғи қорықтарының объектілері саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі. 3.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүліктік қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі. 4.Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар және осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілермен айқындалған өздерінің құзіреті шегінде облыстардың өкілді және атқарушы органдары жүзеге асырады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік табиғи қорық - қорының объектілерін күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. Жеке тұлғалар: 1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдалануға; 2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мәселелер бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізуге; 3.Табиғатты қорғау ұйымдарымен бірлесіп, мемлекеттік табиғи – қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларға қатысуға. Бақылау сұрақтары: 1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесі. 2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды кім жүзеге асырады? 3.ҚР-сы Үкіметінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құзыретіне нелер кіреді? 4.Уәкілетті органның құзыретіне нелер кіреді? 5.Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттері қандай? 6.Заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері қандай? Дәріс № 3 Тақырыбы:Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар-тіршілік етуінің негізі. Мақсаты:. Негізгі түсініктер мен анықтамалармен танысу. Жоспар 1)Негізгі түсініктер мен анықтамалар. 2)Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер. Негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақ- ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері; 1) биологиялық ресурстар- экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдері немесе олардың бөліктері, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөліктері; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі- өздеріндегі барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендерінің репрезентативтік өкілдігін қамтамасыз ететін санаттары мен түрлері саналуан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жиынтығы; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрі- күзету) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және оның жолын кесу, өрттің алдын алу, байқау және жою үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілуі мүмкін іс- шаралар кешені; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау(бұдан әрі – қорғау) – судың қолайсыз әсерін жою, өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілуі мүмкін іс-шаралар кешені; 6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару және бақылау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендері – ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектілерінің жиынтығы; 8) интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін олар мекендейтін орта шегінен тыс жерлерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру; 9) мемлекеттік табиғи – қорық қоры – табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, оқу- ағарту, білім беру, туризм және рекреация нысанасы ретінде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи- мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектілерінің жиынтығы; 10) мемлекеттік табиғи – қорық қорының объектілері – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи – мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафтық объектілер мен олардың кешендері, жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген түрлері(таралымдары) (соның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлері); 11) рекреациялық жүктеме – есептік кезеңде немесе уақыт бірлігінде демалыс түрінің жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бірлігіне шаққандағы демалушылардың бір мезгілдегі саны; 12) Табиғат жылнамасы – мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар және мемлекеттік өңірлік табиғи парктер ғылыми бөлімшелерінің мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен объектілерінің жай-күйіне бірыңғай әдістеме бойынша жүзеге асыратын жүйелі байқаулар мәліметтерінің жиынтығы; 13) табиғи кешендерді орнықты пайдалану – табиғи кешендердің биологиялық ресурстарын ұзақ мерзімді перспективада биологиялық саналуандылықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану; 14) табиғат қорғау ұйымдары – мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер(табиғат қорғау мекемелері) және мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық- құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекетік дендрологиялық парктер; 15) экологиялық дәліз – тірі табиғат объектілерінің табиғи қоныс аударуын қамтамасыз ету және биологиялық саналуандылықты сақтау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерімен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектілері учаскелерін білдіретін экологиялық желінің бір бөлігі; 16) экологиялық желі - өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерімен экологиялық дәліздер арқылы байланысқан және өңірдің табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған әртүрлі санаттар мен түрлердегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешені. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер: 1).Биологиялық саналуандылықты, бірегей және типтік ландшафтарды сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін экологиялық желінің базалық құрамдас бөлігі ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту; 2).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау; 3).Мемлекеттік табиғи қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелерді сақтау; 4).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениетті, оқу- ағарту, білім беруді, туризмді дамыту мақсаттарында пайдалану; 5).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы; 6).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық; 7).Жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы; 8).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қол жетімділігі; 9).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Табиғи кешендер, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ осы жерлерде және басқару санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілері болып саналады. Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыретіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады. Бақылау сұрақтары: 1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға түсініктеме беріңіз. 2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі дегеніміз не? 3.Биологиялық ресурс дегеніміз не? 4.Мемлекеттік табиғи-қорық қоры дегеніміз не? 5.Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне нелер жатады? 6.Экологиялық дәліз дегеніміз не? 7.Экологиялық желі ұғымына анықтама беріңіз. 8.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптерді атаңыз. 9.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілеріне нелер жатады? 10.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілері кімдер болып табылады? Дәріс № 3 Тақырыбы:Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар-тіршілік етуінің негізі. Мақсаты: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың категориялары (санаттары) мен түрлерімен танысу. Қазақстанның Қызыл кітабы мен танысу. Жоспар 1) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізгі категориялары. 2) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері. 3) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құқықтық режимі. 4) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары мен түрлері: 1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи – қорық қоры объектілерінің маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергілікті маңызы бар санаттарға жатқызылады. 2. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: 1). мемлекеттік табиғи қорықтар; 2).мемлекеттік ұлттық табиғи парктер; 3). мемлекеттік табиғи резерваттар; 4). мемлекеттік зоологиялық парктер; 5). мемлекеттік ботаникалық бақтар; 6). мемлекеттік дендрологиялық парктер; 7). мемлекеттік табиғат ескерткіштері; 8). мемлекеттік табиғи қаумалдар; 9). мемлекеттік қорық аймақтары; 3. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: 1). мемлекеттік өңірлік табиғи парктер; 2). мемлекеттік зоологиялық парктер; 3). мемлекеттік ботаникалық бақтар; 4). мемлекеттік дендрологиялық парктер; 5). мемлекеттік табиғат ескерткіштері; 6). мемлекеттік табиғи қаумалдар. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардын жерлері 22 – бап.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне мемлеқеттік табиғи қорықтардын, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің мемлекеттік зоологиялық парктердің мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендрологиялық парктердің және мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің жерлері жатады. Мемлекеттік-табиғи қорықтарды мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерді, мемлекеттік зоологиялық парктерді, мемлекеттік зоологиякалық бақтарды, мемлекеттік дендрологиялық парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерін құру кезінде жер учаскелері басқа санаттардағы жерлер құрамынан бөлініп, оларды осы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларынан алып кою жолымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына аустырылады. Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар қорғалу аймақтарының жер учаскелер оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алмай және жер санатын өзгертпей, басқа жер санаттарының құрамында өлінеді. Мемлекеттік табиғи қорықтар мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне және олардың экологиялық жүйелерін қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағы шегінде шектеу жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық болып енгізіледі және жерге орналастыру құжаттамасында ескеріледі. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік органдар әрбір осындай аумақ бойынша белгіледі үлгідегі паспортты толтырады және оны уәкілетті органда. Тіркелген паспорттың әрбір данасы түпнұсқа болып табылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында. 1) түрі мен санаты көрсетілген ерекше қорғалатын аумақтын атауы. 2) ерекше қорғалатын құру немесе кеңей жөні мемлекеттік орган актісінің атауы, нөмірі және қабылданған. 3) қарауында ерекше көрғалатын табиғи аумақ бар мемлекет органның атауы; 4) заңды тұлга мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақ қорғау жүктелген ұйымның атауы; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың туристік инфракұрылым географиялық координаттары, шекарасының сипаттамасы аумағының көлемі және күзет аймағы көрсетілген карта-схемасы бірге орналасқан жері; 6) ерекше қорғалаты табиғи аумақта орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сандық және сандық сипаттамасымен бірге олардың тізбесі: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалы аймақтары және олардың күзет режимі турлері, жер учаскелері аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар, олардың аймағындағы табиғат пайдалану жөніндегі міндеттемелері ауыртпалықтары туралы мәліметтер; 8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызметтін етілген және тыйым салынған турлері, сондай-ақ жекелеген қызмет турлеріне қойылған шектеулер; Көрсек келіп көру ережесі, жұмыс режимі, рекреациялық жүктеме етілді. Табиғат қорғау ұйымының паспорты табиғат қорғау ұйымында, өзінің қарауында осы табиғат қорғау ұйымы болатын мемлекеттік орган да және уәкілетті органда болады. Мемлеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи құрау алдардың, мемлекеттік қорық аймақтарынын паспорты ерекше қозғалатын табиғи аумақтардың аталған түрлерін қорғау бекітіліп берілген, ұйымда, өзінің қарауында осы ұйым болатын мемлекеттік органында және уәкілетті органда сақталады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың нысаналы мақсаты өзгертілген, ол қайта ұйымдастырылған, кенейтілген жағдайларла онын паспорты қайта тіркеуден өткізіледі. Мемлекеттік табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерің, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйеяерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына болып табылады. Мемлекеттік табиғи қорықтардың негізгі қызметіне: 1) мемлекеттік табиғи қорық пен оның күзет аймағының экологиялық саналуандығын қорғау және қалпына келтіру режимін қамтамасыз ету; 2) Табиғат жылнамасын жүргізуді қоса алғанда, мемлекеттік табиғи-қорық қорынын экологиялық жүйелерін, объектілерін өрелеу және олардың мониторингі жөнінде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу; 3) экологиялық-ағартушылық қызметті жүргізу; 4) мемлекеттік табиғи қорықтын экологиялық жүйелеріне зиянды ер етуі мүмкін шаруашылық және өзге объектілерді орналастыру мен схемалар мемлекеттік экологиялық сараптамасына қатысу; 5) мемлекеттік табиғи қорық пен оның күзет аймағының экологиялық- ағартушылық ғылыми және шектеулі мақсаттарда пайдаланулы реттеу жатады. Бақылау сұрақтары: 1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізгі категорияларын атаңыз. 2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне қандай жерлер жатады? 3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құқықтық режимі. 4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортына не көрсетіледі? Дәріс № 4 Тақырыбы: ТМД елдерінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтары. Мақсаты: ұлттық парктердің және қорықтардың құрылу тарихын, олардың ерекшеліктерін, оларда қорғалатын тірі организмдердің негізгі түрлерін және географиясын оқып білу. Жоспар 1) Зоналардың географиялық орналасуы және олардың табиғи климаттық ерекшелігі. 2) Өсімдік және жануарлар әлемі. Белорусияның табиғатымен танысу Жалпы мәлімет: Белоруссия республикасы 1919 жылы 1-ші қаңтарда құрылды. Жерінің аумағы 207,6 мың км2, халқы 9 млн Астанасы - Минск. Әкімшілік жағынан 6 облысқа, 117 ауданға бөлінеді, 81 қаласы, 123 поселкісі бар. Табиғат мәселесі. Белоруссия Шығыс Европа жазығының батысында. Жерінің к 3/5 бөлігі теңіз деңгейінен 100-200 м ғана, жоғары болады. Сондықтан мұнда батыпақ жиі кездеседі. Белоруссияның жер бедеріне антропогендік мұз басу үлкен әсер еткен. Белоруссияның шығысында Орталық Берёзина жазықтары онтүстік бөлшектерінде Полесье батпақты ойпаты жатыр. Белоруссияның ең биік жері Минск Маңындағы - Дзержинск тауы. (теңіз – деңгейінен 345 м). Белоруссия жері Шығыс Европа платформасының батыс бөлігінде; Сонымен бірге республика жеріне оңтүстігінен Украина қалқаны, шығысынан Воронеж антиклизасы енеді. Бұлардың кристалды фундаменті республиканың оңтүстігінде ғана жер бетіне шығып жатады, көп жерде 20-100 м, ал кейде 1000-5000 м тереңдікте байқалады ал қыста - 36ºС. Батпақты жерлерде қайыңдар көп кездеседі. Сонымен қатар бұнда жидектерден құлпынай, қара және қызыл қарақат, таңқурай тағыда басқа кезвдеседі. Бұл қорықта жануарлар дүниесі жақсы сақталған. Онда: арқар, елік, бұғылар мен енот тектес ит, аю, қақыр және де тиындар мен қояндар. Қанаттылардан жарғанаттар мен үкі және жапалақ. Ал батпақты көлшіктерінде суда тіршілік ететін жәндіктерге онша бай емес. Онда бақалар мен әр түрлі кесірткілер түрі көп кездееді. «Беловеж пущасы» - ірі орманды массив. Территориясының 90 пайызы орманды алқап алады. Алғаштарының 21 түрі өседі. Бұнда 2% ақ қайың, 15% қара олька, 16% шырша, 6% емен, 3% ясень, 50% қарағай алып жатыр. Және жидектерден көп кездесетін қара және қызыл қарақат, құлпынай, таңқурай т.б. Территорияда қорғалатын ағаштардан шыршалар, 700 – жылғы емес және 300- жылғы қарағай, биіктігі 45-50 м. «Беловеж пущасында» өсімдіктердің 836 түрі белгіленген. Сүтқоректерінің 53 түрі, құстардың 212 түрі, ал суда тіршілік ететіндердің 11 түрі, бауырмен жорғалаушылар 7 бар. Жануарлар дүниесінен орман тышқандары, қоңыр аю. Қояндар, тиінден, қасқыр, қабан, елік, сілеусін т.б. ал суда тіршілік ететіндерден: су асыбақасы, бақалар, жыландар, мен кесірткелер. Құстардан кіші аққұтандар және қара ләйлектер көптеп кездеседі. Оның құрамында төменгі протерозой мен аркей жыныстары, 1000-5000 м, тереңдіктегі шөгінді қабаттарда карбонатты жыныстар кездеседі. Белоруссияның жер қойнауын әр түрлі пайдалы қазынаға байц. Климаты – қоңыржай континенттік оған Атлант мұхитынан келетін ауа массалары үлкен әсер етеді. Сондықтан қысы онша суық емес, ылғалды, жазы салқын, жаңбырлы. Қаңтар айының орташа температурасы - 5,5ºС, солтүстік- шығысында -8ºС, ал маусым айларында солтүстігінде 17ºС, оңтүстігінде 19ºС жауын – шашынның жылдық мөлшері 550-700 мм. оның көбі жазда жауады. Өзендері Қара теңіз бен Балтық теңізі алабына жатады. Өзендерінің жалпы ұзындығы 51 мың. км. басты өзендері: Днепр, Батыс Двина, Меман. Оларды көбінесі жол қатынасына және ағаш ағызу үшін пайдаланылады. Оңтүстік -батысында кеме жүзетін Днепр - Буг каналы бар. Белоруссияда 10700-ден астам көл бар (өздерінің ескі арналарындағы қара суларды қосқанда) Белоруссияда жерінің 60-пайызы шамамен күлгін шым топырақты жерлері көп кездеседі. Батысында орманды жердің күлгіндеу топырағы және айпаттарда батпақты жердің күлгін шым топырағы ал ірі өзен аңғарларында шалғынды жердің аллповиалдық топырағы жиі кездеседі. Республиканың жерінің 0,5 –пайызы ғана шіріндікі мол, шым карбонатты құнарлы топырақты. Белоруссияның 1/3 бөлігі батпақ (негізінен солтүстігінде) 1969 ж. құрғату жүйелері салынған жері 1772 мың гектар болды. Белоруссия, аралас орманды аймақ. Жерінің 33 – пайызы орман, оның 66-пайызы қылқан жапырақты (емен, үйеңкі, шаған т/б) орман. Ормансыз жерлері – шалғын, жайылым. Орманда және батпақты жазық жерлерінде елік, тиін, түлкі, қоян, американа жанаты, қабан т/б аңдар жиі кездеседі. Бұдан жануарлардың кейбір түрін сақтау үшін құрылған Березина қорығы мен Белоовеж орманы ыбара. Березина қорығында жоғары өсімдіктердің 906 түрі, сүтқоректілердің 55 түрі, ал құстардың 205 түрі сақталған. Жанурлар дүниесіне өте бай. әр түрлі жыртқыш аңыдарда көптеп кездеседі. Атап айтсақ, елік, қабан, аю, түлкі, қояндар мен тиіндар. Сонымен қатар жыртқыыш құстарда кездеседі. Өзендері мен көлдерінде балықтардың 30- дан астам түрі кездеседі. Климатына у келетін бофлсақ, салқын, жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 780 мм; конти нентті және ауасы алғалды жұмсақ. Орташа температурасы 5ºС. Қыс мерзгілі қысқа. Березина қорығының территориясының 90-пайызын орманды алқап алып жатыр. Қыс мезгілінде қардың түсі қалыңдығы 35 см; жазда ауа ылғалдылығы +33 ºС. Дәріс № 5 Тақырыбы: Европа елдерінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтары. Мақсаты: ұлттық парктердің және қорықтардың құрылу тарихын, олардың ерекшеліктерін, оларда қорғалатын тірі организмдердің негізгі түрлерін және географиясын оқып білу. Жоспар 1) Зоналардың географиялық орналасуы және олардың табиғи климаттық ерекшелігі. 2) Өсімдік және жануарлар әлемі. Энгадин ұлттық паркі (Швейцария). Көп адарға Швейцария туристтік қорық болып көрінеді. Мемлекетте бүкіл әлемге әйгілі, табиғи ландшафттарды сақтау іс-шаралары кеңінен қолданылады. 14-17 ғасырда Альпі тауларында темір рудасын тауып, өндірген. Оның осыдан жер атауын алған. Бұл жерлер өзінің аңшылығымен әйгілі – Кантон грацбюнген елтаңбасында алпь тау еншісі байнеленген. Ерте замандардан швейцарлар табиғатты қорғауды дәстүрге айналдырған, ал қазіргі кезде бұрынғы табиғаттан ешнәрсе қалмаған. Европада ең бірінші құрылған Швейцариялық табиғатты қорғау лигасы және табиғи рейзерваттар соның ішінде шағын участок мөлшермен 2 мың га жерді алады, инн өзені саласы және Италия шеарасы арасында, Энгондин атауын алған. Төменгі Энгондинді 1906 жылы табиғи резерват атауымен алғашқы тәжірибе мен табиғи комплекстерді ғылым үшін сақтау. Резерватты құрылымға дейін осы табиғи комплекстің кейбір компоненттері – ірі жануарлар жоғалып кетті: ақырғы аю 1904 жылы өлтірілген, бұдан бұрын қасқыр жоғалып кеткен, ал муфлон және алып тау ешкісі XVII-да жойылып кеткоен. Сонымен қатар осы ауданды табиғи резерватты таңдау болашақта Швейцар ұлттық парк болуы кездейсоқ емес. Дәріс № 6 Тақырыбы: Азия елдерінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтары. Мақсаты: ұлттық парктердің және қорықтардың құрылу тарихын, олардың ерекшеліктерін, оларда қорғалатын тірі организмдердің негізгі түрлерін және географиясын оқып білу. Жоспар 1) Зоналардың географиялық орналасуы және олардың табиғи климаттық ерекшелігі. 2) Өсімдік және жануарлар әлемі. Қапланқыр қорығы. Қорық Үстірттің Оңтүстік-Батыс аймағында орналасқан. Ол Қапланқыр платасының үлкен бөлігін қамтиды (үлкен мысық-гепардтың мұнда өмір сүруіне байланысты, түркмен тілінен аударғанда Қапланқыр – «жолбарыс платосы» деп аударылады.) Қорықтың ауданы 570000 га құрайды. Аймақтағы жабайы тұяқтылар мен гепардтарды қорғау мен қалпына келтіру үшін, қорық 1979 жылы құрылған. Қорықтың солтүстік және солтүстік-батыс жағынан екі заказник орналасқан: Сарықамыс (210400 га, 1980 ж құрылған) және Шахсенем (270000 га, 1983 ж құрылған. ) 1981 жылдан бастап қорықтың ғылыми бөлімшесі Қапланқыр платосы мен соның қасындағы аудандардың табиғатын бақылау бастады. Қорықтың негізгі мақсаты – аймақ экосистемасының табиғи құрнамын сақтау мен қалпына келтірудің ғылыми негізін қалыптастыру болып табылады, яғни Унгуз Қарақұмы, Сарықамыс ойпаты және Амударияның ежелгі атырауы. Физика-географиялық жағдайы. Қапланқыр қорығы мен оның заказниктерінің негізгі аймағы Үстірт пен Сарықамыс физика-географиялық аумақтың шөлдік солтүстік зонасында орналасқан. Аумақта үш өзіндік физика-географиялық аумақтар бар: Сарықамыс ойпаты, Унгуз Қарақұмы және Қапланқыр платосы. Қапланқыр платосы – бұл ежелгі аккумулятивтік-теңіздік жазықтық, ол бор дәуірінде қалыптасқан. Плато сармат балшығы мен карбонатты тұқымды гипспен және лайдан тұрады. Үстірттің бұл аймағының абсолютті белгіленуі 75 м Шығыстан, 150-225 м батыстан. Үңгірлерге негізгі қызығушылық байқалады. Қазіргі кезде 44 үңгір бар. Ең үлкен үңгірдің ұзындығы 200 м, биіктігі 9 м, 42-44 м тереңдікте орналасқан. Қорық пен оның ішіндегі аумақтар Қарақұмның солтүстік климаттық аймағына жатады. Климаты тым континентальді және құрғақ. Күн жарығының ұзақтығы 3000 сағатты құрайды. Жылдық орташа температура 11,60, қаңтардың орташа температурасы -50, шілденікі 280. Максимум жоғары абсолютті температура 450, абсолютті төмен температура -320. Аймақтағы жауын-шашын жылына 100 мм, ал булану 1700 мм. Көктем-қыс мезгілдерінде жауын-шашын көп болады. Аязсыз мезгіл орташа жылына 200 кщүн , 100 жоғары температурадағы орташа тәуліктік күндер – 210. Солтүстік және солтүстік-шығыс желдер соғады, жылдық орташа жылдамдық 2-5,6 м/с. Көктемде желдің жоғары жылдамдығыбайқалады. Шөл далада құрғақ және ыстық климатта, қатты жел кезінде шаң борандары байқалады. Әдетте көктем мен жазда батыс, солтүстік- батыс және солтүстік желдер соққан кезде болады. Жылына шаң борандар 40 күнге дейін барады, ал олардың орташа ұзақтығы 300-350 сағатқа дейін созылады. Қорық аймағында тұрақты өзен көздері жоқ. Тек көктемде, жауын-шашын көп болғанда ғана уақытша су көздері пайда болады. Бірақ олар қалай тез пайда болды, солай лезде жоқ болып қалады. Қорықтың оңтүстігіндегі көптеген құдықтардың тереңдігі 30-40 м. Ондағы су жоғары минералданған, бірақ жануарлардың ішуіне жарамды. Өсімдіктері. Ботаникалық-географиялық аймақтандырудың есебінен қорық аумағы екі ауданға бөлінеді. Қапланқыр платосы мен Сарықамыс ойпаты – қазақ ауданында; Унгуз Қарақұмы – Туран ауданының оңтүстік шөл аймағына жатады. Қорық флорасының толық инвентаризациясы аяқталған жоқ, 37 отбасынан 231 жоғары өсімдік түрі анықталған. Эфемер тобы 30% барлық түрді қамтиды. Бірақ вегетацияның қысқа мерзімділігне байланысты, олардың маңызы өсімдіктер өмірінде шамалы. Үстірт және Каспийдің эндемикалары кездеседі, олар СССР-дің Қызыл кітабына енгізілген: хивинская солынка, гумевник слабокалючий, клеоме НОЭ, цельнолистник туполистный, парнолистник туркменский, молочай жесткозонтиковый, мягкопладник критмолистный. Қорықта өсімдіктің екі түрі кездеседі: құмдардағы бұталылар және платодағы жартылай бұталылар. Қорықта оңтүстіктен Унгуз Қарақұмы жанасқан, ауа негізінен ақсеуіл өседі. Сексеуілдің арасында жиі комдым және ұсақ жартылай бұталылардың әр түрлі түрлері кездеседі: вьюнок, полынь, астрагал. Өсімдіктердің активті вегетациясы ақпанның соңғы күндерінен басталады. Содан кейін наурыздың ортасына таман құм бетіне эфемероидтар шыға бастайды. 10-15 күннен кейін ол гүлдеп, өңін өзгертеді. Сәуірдің 20 таман эфемерлердің жоғары дамуы басталады. Бірақ бұл көпке жетпейді, мамырдың басында эфемерлер құрай бастайды. Жануарлары. Қорық аймағы Палеарктиканың шөл-дала аумағының екі зоогеографиялық ауданына жатады. Оңтүстік Үстіртте орналасқан негізгі бөлік – қазақ зоогеографиялық ауданның Үстірт аймағына енеді. Қорықтың кішігірім бөлігі және екі заказнигі – Орта Азия шөл аймағының Тұран ауданына енеді. Қапланқыр орналасқан оңтүстік бөліктегі, Үстірттің жануарлары арасындағы эндемизм нашар қалыптасқан. Омыртқалы жануарлардың көп бөлігі генетикалық Орта Азиямен байланысқан: джейран, толай, үлкен песчанка, қоңыр жаворонок. Унгуз Қарақұмы мен сарықамыс ойпатында ортаазия шөлейтті эндемикалары көп кездеседі. Сахараға ұқсас, сүтқоректілер арасында: бархан мысығы, қаракал, суслик және т.б. кездеседі. Суда өмір сүретіндердің ішінде – жасыл құрбақа мен көл бақасы кездеседі. Рептилийдің 28 түрі анықталған: жылан – 9, кесіртке –18, тасбақа – 1. Қоңыр варан, орта азиат кобрасы, панцирный генкончик және хентаун домалақбасы СССР-дің Қызыл кітабына енгізілген. Қорықта құстардың 213 түрі кездеседі, олардың ішінде 35 – шөл аймағында ұя салады, 38 – су жанында су салады, қалғандары – қыстайтын құстар. Шөлді далада үлкен жыртқыштардың құрамына алуан болып келеді: бүркіт, змеяяд, кургани, стервятник, балабан және т.б. Қорықта жиі фелин кездседі. Кішігірім аудандарда қызғылт және бұйра пеликандар кездеседі, олар СССР-дің Қызыл кітабына енгізілген. Су деңгейінің жиі өзгеруіне және қатты дауылдардың әсерінен, олардың ұяларын шайып жібереді. Сүтқоектілерідің фаунасында 50 түр бар, оның ішінде 5-уі СССР-дің Қызыл кітабына енгізілген: гепард, медоед, қарақал , джейран және мфлон. Жытқыштар арасында түлкі, қасқыр, шакал, дала және бархан мысығы, ласка кездеседі, Күз бен қыста балшықты жерлерде, қыстауға Қазақстаннан келген сайгактарды кездестіруге болады. Дәріс № 7 Тақырыбы:. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары. Мақсаты: Қазақстанның ұлттық парктердің және қорықтардың құрылу тарихын, олардың ерекшеліктерін, оларда қорғалатын тірі организмдердің негізгі түрлерін және географиясын оқып білу.Қазақстан табиғатын ұлттық саябақ пен ескерткіштерінің, заказниктерін, өсімдік және жануралар әлемінің қорықтарын, физико-географиялық жағдайын, тарихи дамуын оқу. Жоспар 1) Зоналардың географиялық орналасуы және олардың табиғи климаттық ерекшелігі. 2) Өсімдік және жануарлар әлкемі. 3) Мемлекеттік табиғи қорықтар 4) Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер 5) Мемлекеттік табиғи резерваттар 6) Мемлекеттік зоологиялық парктер; Мемлекеттік ботаникалық бақтар; 7) Мемлекеттік дендрологиялық парктер; Мемлекеттік табиғат ескерткіштері; 8) Мемлекеттік табиғи қаумалдар; Мемлекеттік қорық аймақтары. Мемлекеттік табиғи қорық – табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметінің мақсаты өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтіру болып табылады. Мемлекеттік ұлттық табиғи парк – ерекше экологиялық ғылыми, тарихи- мәдени және рекреациялық құндылығы мемлекеттік табиғи – қорық қорының бірегей табиғи кешені мен объектілерінің биологиялық және ландшафтық саналуандылығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық – ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттік табиғи резерват – табиғи кешендердің биологиялық саналуандылығын және олармен байланысты табиғи және тарихи – мәдени объектілерді күзетуге, қорғауға, қалпына келтіруге, сақтауға арналған жердегі және судағы экологиялық жүйелерді табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттік зоологиялық парктер – мәдени – ағартушылық, ғылыми, оқу және табиғат қорғау қызметіне, тектік қорды сақтауға және әдеттегі, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін жасанды орта жағдайында өсіруге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ Мемлекеттік ботаникалық бақ - өсімдіктер дүниесін, соның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғау, молықтыру және пайдалану жөнінде зерттеулер мен ғылыми талдамалар өткізуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттік дендрологиялық парк – ағаш және бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыру мен пайдалануға арналған аумақтар бойынша белгіленген күзет режимдері бар табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттік табиғат ескерткіш – экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бірегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендерді, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне жатқызылған шығу тегі табиғи және жасанды объектілерді қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттік табиғи қаумал – мемлекеттік табиғи – қорық қорының бір немесе бірнеше объектілерін сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтің тапсырыстық режимі немесе реттелмелі режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттік қорық аймағы – мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар мен резервке қойылған жер учаскелері мен су айдындарында мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін және биологиялық алуандылықты сақтауға және қалпына келтіруге арналған іздестірілген күзет режимінің түрлері бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Бақылау сұрақтары: 1.Мемлекеттік табиғи қорығына анықтама беріңіз. 2.Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимі. 3.Мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми қызметті ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі қандай? 4.Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарында қандай шаруашылық қызмет түрлеріне тыйым салынған. 5.Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарында қандай шаруашылық қызмет түрлерін жүзеге асыруға болады? 6.Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге анықтама беріңіз 7.Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағын аймақтарға бөлу, оны күзету және пайдалану режимі. 8.Мемлекеттік табиғи резерваттарға анықтама беріңіз 9.Мемлекеттік табиғи резерваттың қорық режимі аймағының режимі 10.Мемлекеттік зоологиялық парктерге анықтама беріңіз Дәріс № 7 Тақырыбы:. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары. Мақсаты: Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарымен танысу, олардың ерекшеліктерін, оларда қорғалатын тірі организмдердің негізгі түрлерін және географиясын оқып білу, өсімдік және жануралар әлемінің қорықтарын, физико-географиялық жағдайын, тарихи дамуын оқу. Жоспар 1) Алматы қорығы. 2) Наурызым қорығы. 3) Қорғалжын қорығы 4) Марқакөл қорығы 5) Барсакелмес қорығы 6) Үстірт қорығы 7) Батыс Алтай қорығы 8) Алакөл қорығы Алматы қорығы Іле Алатауының төрінен орын тепкен Алматы мемлекеттік қорығы қаламыздың небәрі 25 шақырым қашықтықта жатыр. Бұл қорық 1934 жылы 6 мамырда құрылды. Бастапқыда қорық ұйымдастырған жердің көлемі 15 мың ғана гектар алқапты қамтыса, кейіннен оған көптеген жерлерді қосуға байланысты 40-шы жылдардың басында Алматы қорығының жалпы аймағы 857 мың гектарға жетіп, ол ерекше маңызы бар қорықтар қатарына енді. Сол кезде, оның қамтыған аймағы бүкіл Іле Алатауын, сонау Сөгеті жазығынан Каскелең өзені аңғарына дейінгі аралықты алып жатқан болатын. Оның құрамына Іле өзенінің жағалауы да кірген еді. Алайда, соғыстан кейінгі жылдары түрлі себептерге байланысты қорықтың көлемі бірнеше рет өзгеріп, тіпті кейіннен жабылып та қалды. Содан, Алматы қорығы 1960 жылдың 11 қаңтарында Іле Алатауының орталық бөлігіндегі таулы аймақта қайта құрылды. Қорықтың таулы бөлігінің алып жатқан жер көлемі 71 681 гектар. Оның ең төменгі нүктесі 1000 метрлік биіктіктен басталып 5017 метрлік Талғар шыңына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл негізгі бөліктің батыс шекарасы сол жағы Талғар өзенінің арнасымен өтсе, солтүстіктегі оң жағы Талғар өзенінің арнасымен және Есік көлі қазан шұңқырымен шектеледі. Ал шығысында Есік өзенімен бойлай барып, Шелек өзенінің бастауына, Қырғыз елінің шекарасына барып тіреледі. Сонымен қатар, қорық аймағына Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы шөл далада жатқан Үлкен және Кіші Қалқан таулары да кіреді. Қорықтың бұл бөлігінің аймағы 17850 гектар. Аталған тау аралығында орналасқан, аты әлемге әйгілі «Әнші құм» да қорықтың осы бөлігінде. Қорық жерінде табиғаттың барлық белдеулері анық байқалады. Мұнда, аптабы ыстығы бар шөл даланы да, тынық орманды белдеуді де және мәңгілік мұз болған тундраны да кездестіруге болады. Осыған байланысты қорық жеріндегі өсетін өсімдіктер мен мекендейтін хайуанаттар дүниесі түр жағынан бай келеді. Мәселен, қорық аймағында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 590 түрі, мүктердің 107 түрі, қынаның 77 түрі және саңырауқұлақтардың 190-ға жуық түрі өседі. Ал, құстардың 170 түрі, сүтқоректілердің 60 түрі, баурымен жорғалаушылардың 20-ға жуық түрі қорықтың хайуанаттар дүниесін құрайды. Олардың қоры да әркелкі. Кәсіптік маңызы бар аңдардың қорықта: еліктің 500 басы, 300 қабааааан, мыңға жуық арқар, 60 марал, 40 аю және санаулы қасқыр тіршілік етеді. Қоры тым аз болғандықтан сиреп кеткен аң мен құс түрлері де аз емес. Алматы қорығында халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабында» жойылып кету қаупі бар аң ретінде тіркелген барыс, қарақұйрық мекендейді. ТМД және респуликалық «Қызыл кітапқа» тіркелгендерден- ақ тырнақты аю, арқар, сілеусін, сабаншы, шұбар күзен, сақалта, бүркіт сияқты хайуанаттар қорық жерін қоныстанса, осы аймақта өсімдіктер дүниесінің - Мушкетов түйесіңірі, Сиверс алмасы, Островский қызғалдағы сияқты өкілдері өте сирек кездеседі. Іле өзенінің бойында жатқан қорық филиалының аймағында шөл және шөлейтті аймаққа тән өсімдіктер мен хайуанаттар түрлері таралған. Кіші және Қалқан тауларының аралығында аңның 43, құстардың 85, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі тіршілік етеді. Сонымен қатар, осы екі тау аралығында, табиғаттың өзі жасаған ғажайып туындысы « Әнші құм» атты, биіктігі 150 метр, ұзындығы 3 километрге жуық құмды төбе орналасқан. Күн ашық кезде сәл ғана жел тұрса, осы құмтөбедегі құмдар бір орнынан екінші орынға сусып жылжып, күшті дыбыс шығарады. Сол сусыған құм дыбысы кәдімгі реактивті самолеттің дыбысына ұқсас келеді. Егер, күшті жел тұрса, сол дыбыстың әсерінен 3 километрдей жерде орналасқан үйлердің терезе әйнегі сылдырлайды. Мұндай дыбыс шығарушы қасиет құрғақ кремнезем қоспасы бар жақты, сусымалы таза құмдарда ғана болатының қазір ғылым анықтап отыр. Табиғаттың басқа да құбылыстары және қорықтың өсімдіктері мен хайуанаттар дүниесін, олардың экологиясын зерттеу жұмыстарына Қазақстан Республикасының ғылым академиясы бағыт беріп, қадағалап отырады. Барлық ғылыми- зерттеу жұмыстарының негізгі халықаралық «Адам және биосфера» (МЭБ) бағдарламасына сай, аң-құстардың, өсімдіктердің шыршалы ормандарға тигізер әсерін, пайдасы мен зиянын қадағалау тұрғысында табиғат байлықтарын қорғай отырып жүргізіледі. Ғылыми жұмыстар нәтижесінде, соңғы он жыл ішінде, қорықтың ғылыми қызметкерлерібаспасөз беттерінде 800-ден астам ғылыми-көпшілік мақалалар жарияланған екен. Көпшілік арасында қорықтың маңызын, оның табиғат қорғау ісіндегі алатын орнын кеңінен насихаттауда 1962 жылы ұйымдастырылған қорық музейінің алатын орны ерекше. Мұнда қорық жөніндегі мәліметтердің барлығы дерлік жинақталған. Наурызым қорығы Наурызым мемлекеттік қорығы 1959 жылы ұйымдастырылды. Бұл қорық ұйымдастырылғаннан бергі уақыт ішінде талай-талай өзгерістерге де ұшырады. Алпысыншы жылдарға дейін қорық бірнеше рет жабылып, артынша қайта ашылып отырған кездер де болды. Тек 1966 жылдың 18 қыркүйегінен бастап ол мемлекеттік қорық ретінде жұмыс істей бастады. Ал 1968 жылдан Наурызым қорығы республикалық экология және табиғат ресурстары министрлігінің қарауына енеді . Арада өткен талай өзгерістер қорық жерінде із қалдырмай кеткен жоқ. Мұнда шаруашылық жұмыстары кең етек алумен қатар, қарағайлы орман алқаптарының едәуір жерін өрт те шарпыды. Дегенмен, соңғы жылдары жүргізіліп келе жатқан жұмыстар бұл аймақта қорықтық режимнің сақталатындығын байқатады. Наурызым қорығының қазіргі уақытта алып жатқан жер көлемі 87 694 гектар. Соның 17 662 гектары немесе 19,5 пайызы орманды алқаптардың үлесіне тиеді. Олар- Терсек, Сыпсың және Наурызым реликтілі қарағай орман алқаптары. Сонымен қатар, қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын атты көлдер бар. Аталған көлдер, әсіресе, көктем мен күз айларында нағыз құс базарына айналады. Мұнда солтүстікте тіршілік ететін құстар жылы жаққа барар және қайтар жолда дем алуға отырады. Селеу өскен жазық далалар мен ормандар арасында аң мен құстардың көптеген түрлері кездеседі. Жалпы қорық аймағында құстар 200-ден астам, сүт қоректілердің 30, қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 10-нан астам және омыртқасыздардың 700-ге жуық түрі мекендейді. Ал, өзен-көлдерде балықтың 10-ға жуық түрі мекен етеді. Жүргізіліп отырған ғылыми жұмыстардың дені реликтілі қарағай ормандары, өсімдіктер дүниесі мен тұзды көлдерде мекендейтін қанаттылар экологиясын зерттеуге бағытталған. Қорықта жан-жақты жабдықталған табиғат музейі де жұмыс істейді. Қостанай облысының Наурызым және Семиозер аудандарының аймағында жатқан Наурызым мемлекеттік қорығы табиғаттың қайталанбас бір бұрышының көркін бұзбай сақтап қалу тұрғысында өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз атқарып келеді десе де болады. Қорғалжын қорығы Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесін және далалы аймақтың біраз бөлігін қамтитын Қорғалжын мемлекеттік қорығы 1968 жылы ұйымдастырылған еді. Алайда, үш жылдан кейін ол орман-аңшылық шаруашылығына айналды да, кейіннен қайтадан қорық болып құрылды. Бастапқыда 15 мың гектардай жерді алып жатқан болса, қазіргі уақытта Қорғалжын қорығының аймағы 235661 гектарға тең. Оның көп бөлігін көлдер алып жатыр. Мұнда көктем мен күз айларында көл беті қанаттылардан көрінбей кетеді. Себебі алыс сапар шегіп бара жатқан құстар тынығу үшін бұл көлдерде біраз қонақтайды. Жылдың қай мезгілі болмасын, қорық аймағы қанаттылардың құтты қонысы.Сол себепті Қорғалжын мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО белгілеген халықаралық маңызы бар сулы-батпақты резерваттар қатарына жатқызылған. Қорық аймағында құстардың 225 түрін, сүт қоректілердің 30түрін, қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың оншақты түрлерін кездестіруге болады. Олардың барлығы да қамқорлыққа алынған. Әсіресе, дүние жүзі бойынша сиреп кеткен қоқиқазды қорғап, қорын молайтуда қорықтың алатын орны ерекше. Колония құрып тіршілік ететін қоқиқаздар қорық жеріне ұя салып, жұмыртқа басады. Ұяларын балшықтан соғып, оны жерден биіктеу етіп салады. Соңғы жылдары көл суы деңгейінің төмендеуіне байланысты, қоқиқаздар колониясының саны азайып барады. Мәселен, қорық алғаш ұйымдастырылған жылдары қоқиқаз саны 50 мың шамасында болса, қазір бұл көрсеткіш 10 мыңға жетер-жетпес. Сыйдиған ұзын сирағы мен имектеу тұмсығы болмаса, қоқиқаз бір көргенде алыстан аздап аққуға ұқсайды. Тек оның басты өзгешелігі- қоқиқаз қанатының қызғылт түсті болуы. Сол себепті, бұл қанаттыны кейде, қызылқанат немесе қызылқаз деп те атайды. Қоқиқаздан басқа қорық жерінде өте сирек кездесетін аққу, бұйра бірқазан, қызыл жемсаулы қарашақаз, аққұтан, дуадақ, безгелдек сияқты құстар тіршілік етеді. Жүргізіліп келе жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарында басты назар көл суларында мекендейтін қанаттыларға аударылады. Көл суы деңгейінің төмендеуінің табиғатқа тигізер әсері де ұдайы ескеріліп отырады. Келешекте көлдер деңгейін қалпына келтіру үшін Ертіс-Қарағанды каналынан қорыққа су бұрудың мәні зор. Марқакөл қорығы 1976жылы 4 тамызда ұйымдастырылған Марқакөл мемлекеттік қорығы Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Азу аралығында жатыр. Осы екі қыратпен көмкеріліп, айдыны күн бетіне шағылысқан Алтайдың ару көлі – Марқа адам қамқорлығына алынды. Бұл тұщы көл теңіз деңгейін 1500 метр биіктікте орналасқан. Оның жалпы аумағы 544 километр, ұзындығы 38, көлдеңені 19 километрге дейін жетеді. Ең терең жері 25 метрге жуық. Көлге тұс-тұстан 27 өзен мен бұлақ келіп құяды да, бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады. Марқакөл мемлекеттік қорығының аумағы 71 369 гектар. Шалқып жатқан Марқа жағалауы жасыл желек жамылған ну орманға тұнып тұр. Ақ қайын тал, көктерек, үйеңкі, долана, мойыл көздің жауын алады. Тауға таяу және оның баурайында көкке тік шаншылған балқарағай бой түзеді. Жайқалып өскен шөптесін өсімдіктер дүниесі де өте бай. Көлде балықтың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда, жергілікті тұрғындар «Қызыл қашаған» деп атап кеткен майқан немесе қаяз балығы, хариус, талма, теңге балық (пескарь) ойнақ салады. Қорықтың хайуанаттар дүниесі де сан алуан. Мысалы, мұндағы көл айдыны мен оның жағалауындағы тоғайларда сүт қоректілердің 40, құстардың 200-ден аса түрі мекендейді. Биологиялық өнімділігі жағынан біздегі тау көлдерінің бірде-бірі Марқакөлге тең келе алмайды. Өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесінің ерекшелігімен қатар ол жергілікті ауа райын реттеп отырады. Таяуда ұйымдастырылған Марқакөл қорығы өзінің алғашқы қадамын жасауда. Кенді Алтай өлкесінің көркіне көз тоймас осынау көрікті бұрышын сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған Марқакөл мемлекеттік қорығының келешегінен мол үміт күтуге болады. Барсакелмес қорығы Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Аралдың жалпы көлемі шамамен 200-250 км2. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған, ондағы мақсат-жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Десе де, сонғы жылдары Арал теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты Аралдың жер бедеріне едәуір өзгерістер енді. Ондағы көлдер кеуіп, олардың орнына үлкен көлемді сорлар пайда болды. Мұндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне күшті әсерін тигізіп отыр. Бұрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Бидайық, жусан, сексеуіл сияқты өсімдік сиреп барады. Қорыққа шөлде аймақққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. Алғашқыда бұл қорық ақкөбенді қорғау үшін құрылған еді. Өйткені, мұнда бұл аңды жерсіндіргенге дейін оның бар болғаны 4-5 ешкісі ғана бар болатын. Одан кейін бұл жерге ақкөбеннің 6 текесі мен ешкісі жіберілді. Олар оңай жерсініп, жылдан-азайып кеткен қарақұйрық сияқты бағалы аңдарды көбейту үшін оны осы аралға 1930 жылы жерсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесі табысты болып, бұл жануарлар саны да өсті. 1953-1964 жылдар аралығында 19 құлан Түркменстанның Бадхыз қорығығынан осында әкелініп жіберілген. Мамандардың алдында олардың саны өскендіктен Қазақстанның басқа шөлді аумақтарынан Маңғыстау және Алматы облыстарында жерсіндіру жұмыстары қолға алынды. Барсакелмес қорығы аса бағалы хауанаттар: құлан, ақбөкен, қарақұйрықтарды қорғап, олардың саның көбейтудегі мақсатын орындап шықты. Қанаттылардан қорықта – қарабауыр бұлдырық, итала қаз, қарақал, ителгі, бөктергі, бозторғайлар мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан жұмырбас және жүгіргіш кесірткелерді, ысылдағыш гекконды, қалқантұмсық жыланды ұшырастыруға болады. Көп жылдар бойы қорықта тұяқты жануарларды зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жиналған материалдар бойынша 100-ден астам ғылыми еңбек жарық көрді. Арал теңізінің қазіргі проблемаларына байланысты бұл қорықты сақтау, ондағы қазіргі күнде жүріп жатқан табиғи даму процесстерді және болып жатқан өзгерістерді ғылыми зерттеу ғалымдардың міндеті. Үстірт қорығы. Қорық 1984 жылы Батыс Қазақстандағы Маңқыстау аймағы Ералиев ауданында құрылған еді. Қорықтың жалпы көлемі 223,3 мың гектар. Орталығы қорықтан 200 шақырым жердегі Жаңа Өзен қаласы. Қорықтың алып жатқан жері Арал мен Каспий теңіздерінің аралығындағы тегіс жазықтық пен көтеріңкі үстірттерден тұрады.Суға тапшы келеді. Жер үсті сулары жоқ. Құрылуының негізгі мақсаты – шөл белдемдеріндегі ерекше табиғи ландшафттарды, сирек кездесетін жануарлар дүниесін, табиғаттың қайталанбайтын көне дәуір ескерткіштерін сақтап қалу болды. Қорық аймағында Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген түз тағыларының 12 түрі кездеседі. Әсіресе, халықаралық деңгейде қорғауға алынған қарақұйрық, үстірт қойы (муфлон), қабылан, қарақалдардың тіршілік етуі ерекше орын алады. Сол сияқты қорық аймағында құлақты кірпі, құм тышқандары, қосаяқтар, кесірткелер мен жыландардың да көптеген түрі сақталған. Аталған хауанаттардың біразы қазіргі кезде түрлі себептермен сиреп бара жатқаны өкінішті-ақ. Ғалымдардың зерттеулері бойынша Үстірт қорығы өзінің жер қыртысының (рельефінің) ерекшелігімен қатар көне дәуір ескерткіштеріне аса бай. Үстірт жазығындағы кенеттен кездесетін тақтайдай жазықтар, известі топырақтан тұратын әр түрлі түсті керіштер кәдімгі ертегідей түрлі мүсіндерді елестетіп, ерекше әсер қалдырады. Кейбір үстірттер 200-250 м. биікке көтеріліп алып платолар түзеді. Оның формалары, рельефі, түстері бейне бір табиғат сұлулықтарымен үйлесімділік тауып, қолдан жасаған ғимараттардай көрініс береді. Көне дәуірде Үстірт теңіздің түбі болғандығының айғағы ретінде мұнда теңіз хауанттарының тіс, сүйек, қабыршақ т.б. қалдықтарын жиі ұшыратуға болады. Қорықтың өсімдіктер жамылғысы да ерекше. Мұнда қатаң климатқа биімделген қара сексуілді ормандар, изен-жусанды жайылымдар, жыңғыл, күйреуік, сораң, байалыш, эфемерлер өседі. Ал, тоқтау суларда, бұлақтар төңірегінде қамыс, қоға жайқалып тұрады. Қорықта жиі ұшырасатын құмды алқаптардың табиғаты ерекше келеді. Онда өсімдіктерден еркек шөп, жүзген, жоңышқа, түйетікен, жусан, ебелек, жыңғыл, қара сексеуіл кездеседі. Қазіргі кезде Үстірт қорығында үстірт қойының, қарақұйрық, үнді жайрасы, қарақал, қабыландардың табиғаттағы саны өсіп әрі тұрақтанып келеді. Бірақта, соңғы жылдары қорықта аталған хауанаттардың саны азаюы байқалған. Мәселен, 1960 жылдары Үстіртегі қарақұйрықтың саны 100 мың басқа жетсе, ал, 2000 жылдары күрт азайып, жүздеген бас қалды деп саналды. Оның негізгі себептері: олардың табиғи тіршілік ортасының бұзылуы, таралуы және броконьерлік жағдайлар. Ал, үстірт қойлары 1960 жылдары 1300-1500 бас деп есептелсе, қазір бірнеше үйірлері ғана қалған. Кезінде Үстірт жазығында құлан да кездесетіні тарихта белгілі. Қазір барлық түз тағылары құрып кету алдында. Қорық қызметкерлерінің алдындағы міндет-сирек аңдар мен құстарды өсімдіктер әлемін қорғап қалу. Оның үстіне Үстірт қорығына, құлан, қабылан, қарақұйрық, ақбөкен, қарақал, т.б. аңдарды қайтадан жерсіндіру, сақтап қалу бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Батыс Алтай қорығы. Батыс Лениногор, Алтай қорығы Шығыс Қазақстан облысының және Зырян аудандарының аймақтарын қамтиды. Ол 1992 жылы құрылған. Жер көлемі 30,73 мың га. Қорық қазақстандық Алтайдың Линей, Холзум, Кокшин атты тау сілемдерін алып жатыр. Қорық аймағында Ақ және Қара Уба өзендері мен Кедрово және Щербакова көлдері, т.б. кішігірім су жүйелері бар. Қорықтың климаты Азия және Оңтүстік Сібір аймақтарына тән құбылып отырады. Қорық негізінен табиғат белдемдерінің тау етегінен бастап субальпі, альпі биіктігіндегі табиғаттың сан алуан тайгалы аралас орманды ландшафттарын қорғауға бағытталған. Қорық өсімдіктерін түрінің және дәрілік өсімдіктердің көптігімен ерекшеленеді. Мәселен, мұнда орманның 25 типі, қылқанжапырақты ағаштардың көп түрі шоғырланған. Әсіресе, бағалы самырсын, май қарағайдың орны ерекше. Батыс Алтай қорығында табиғат белдемдері сан алуан. Олар: шалғынды дала, бұталар, самырсынды, шыршалы тайга, субальпі, алпі және биік таулы тундрадан тұрады.Әрбір табиғат белдемдерінің өзіне тән фаунасы мен флорасы бар. Орман іші шипалы жеміс-жидек беретін ағаштарға, дәрілік өсімдіктерге өте бай. Әсіресе, субальпі белдемдерінде дәрілік өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр және алтай срағалдақтарын, бәйшешектердің тұнып тұрған популяцияларын кездестіруге болады. Альпі белдемдерінің де өсімдік жамылғысы сан алуан. Мұнда шөптесін көпжылдық өсімдіктер басым. Топтала өскен аласа қайың, алтай тиындағы, алтын тамыр, маралоты, т.б. өсімдіктер кездеседі. Биік таулы тундра 2000-2200 м биікте жатыр. Бұл белдемде жатаған бұталы өсімдіктер, осоктар, альпі мүгі, қырықбуыны, альпі сутегіні, мойыл, т.б. өседі. Батыс Алтай фаунасы да ерекше болғанымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жанадан қолға алынуда. Осы аймақтың фаунасын зерттеуші Б. В. Щербаковтың мәліметі бойынша құстар өте тіршілік етеді. Кәдімгі бүркітті, қаршыға, лашын, ителгі, сақалта, ақ құр, саңырау құр, кекілік, шіл, бөдене,ақ дегелек, үкі, жапалақ, көкек сияқты құстарды жиі ұшыратуға болады. Сүтқоректілерден алтай бұғысы, елік, құндыз, қоңыр аю, бұлан, кабырға (құдыр), бұлғын көптеп кездеседі. Батыс Алтай қорығының ғылыми, экскурсиялық, танымдық мәні зор. Болашақта қорық экологиялық мониторингтік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының ошағына айналатынына сенім мол. Себебі, табиғи ландшафттар әлі де болса өзінің алғашқы сипатын сақтаған экожүйелер болып табылады. Алакөл қорығы. Алакөл қорығы Алматы облысының Алакөл ауданының аймағында орналасқан. 1998 жылы құрылған ең жас қорық. Көлемі 73,3 мың га. Қорық солтүстігінде Тарбағатай, шығысында Барлық пен Майлы, оңтүстігінде Жоңғар тау жоталарымен қоршалған. Батыста Балқаш көлі ойысымен шектелсе, оңтүстік-шығысында Жоңғар қақпасына тіреледі. Қорықтың көлді бөлігін суы тұщы Сасықкөл, ащылау келген Ұялы және ащы сулы алакөл алып жатыр. Қорықтың климаты қатаң. Әсіресе, қыс айларында «сайкан» және «ебі» атты күшті желдер үзбей соғып тұрады. Көлде су өсімдіктерінің 22 түрі өседі. Олардың негізгілері сары дүңгіршек, атқы жапырақ, су тұңғиығы. Алакөл қорығының фаунасы да сан алуан. Мұнда сүтқоректілердің 28 түрі кездеседі. Сүтқоректілерден: қабан, елік, түлкі кездессе, ал су айдынында құстар жыртылып айырылады. Құстардың 180 түрі тіркелген. Оларды сулы-батпақты, су жағалауында тіршілік ететіндер деп топтауға болады. Әсіресе, шағалалар, бірқазандар, жабағайлар, тырналар, көкқұтандар, аққу жиі кездеседі. Мұнда соңғы жылдары ғылымға тіркелген реликті шағаланың орны бөлек. Ол ТМД елдерінің қызыл кітабына енген құс. Алакөл қорығының болашағы зор. Оның су құстарын қорғауға, кәсіптік балықтарды көбейтуге пайдасы тиер сөзсіз. Соңғы жылдары Алакөлге шетелдік туристер ағылуда. Болашақта қорық ғылыми-зерттеу лабораториясы болумен қатар еліміздің әлеуметтік, мәдени танымдық орталығына айналатын күн алыс емес. Қазақстанда қорықтармен қатар, қорыққорлар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштерінің көпшіліктің экологиялық білімін мәдениетін, сауатын ашуда маңызы зор. Десе де, көпшілік жұрт ерекше қорғалатын жерлер туралы біле бермейді. Қазақстандағы ерекше қорғалатын жерлер туралы оқушыларға дәл мәліметтер беріліп келген жоқ. Осыған орай, ерекше қорғалатын аймақтар туралы материалды жинақталған ықшамды кесте түрінде беруді жөн көрдік. Оның мектептер мен колледждер, т.б. оқу мекемелерінде «Табиғат қорғау және экология» кабинетін жабдықтауға немесе көркемдеуге себі тиері сөзсіз. Қорғалатын аймақтар туралы мәліметті және кесте үлгісін Ж. М. Мырзабековтың (2000 ж.) еңбегінен қысқартылып алынды. Бақылау сұрақтары: 1.Мемлекеттік зоологиялық парктерді пайдалану ерекшеліктері 2.Мемлекеттік зоологиялық парктерді аймақтарға бөлу және оларды қорғаудың ерекшеліктері 3.Мемлекеттік ботаникалық бақтарға анықтама беріңіз 4.Мемлекеттік ботаникалық бақтарды аймақтарға бөлу және оларды қорғаудың ерекшеліктері. 5.Мемлекеттік ботаникалық бақтарды пайдалану ерекшеліктері. 6.Мемлекеттік дендрологиялық парктерге анықтама беріңіз. 7.Мемлекеттік дендрологиялық парктерді аймақтарға бөлу, оларды күзету мен пайдалану ерекшеліктері. 8.Мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне анықтама беріңіз. 9.Мемлекеттік табиғи қаумалдарға анықтама беріңіз. 10.Мемлекеттік қорық аймақтарына анықтама беріңіз. Дәріс № 8, 9 Тақырыбы: Қазақстандағы өсімдіктер және жануарлар әлемі. Олардың экологиялық мәселелері. ҚР-ң Қызыл кітабы. Мақсаты: Қазақстандағы өсімдіктер және жануар әлемінің ээкологиялық мәселелерімен танысу. Жоспар 1) Қазақстандағы өсімдіктер әлемінің экологиялық мәселелері. 2) Қазақстандағы жануарлар әлемінің экологиялық мәселелері. 3) Қазақстандағы өсімдіктер және жануарлар әлемі қорғау. Өсімдік және жануарлар әлемін қорғау. ҚР-ң Қызыл кітабы. ҚР-ң Қызыл кітабының құрылымы. Жануарлар мен өсімдіктерді ҚР-ң Қызыл кітабына енгізу және одан алып тастау тәртібі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі және Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің жай – күйі туралы мәліметтер жиынтығын, оларды зерделеу, қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі қажетті шараларды қамтитын, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері тізбесінің суретті басылымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы сонымен бірге мезгілді жануарлар мен өсімдіктер әлемі мемлекеттік кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы жануарлар (омыртқалылар және омыртқасыздар) мен өсімдіктердің (жоғары және төмен) Қазақстан Республикасының аумағында құрғақта, суда, атмосферада және топырақта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрылықтағы қайраңын және айрықша экономикалық аймағын тұрақты немесе уақытша табиғи еркіндік жай-күйінде мекендейтін сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері (шағын түрлері, популяциялары) енгізіледі. Саны және орнықты тіршілік ету жағдайлары олардың өсімін молайту мен табиғи еркіндік жай-күйінде тектік қорын сақтау қаупін болдырмайтын шегіне дейін қалпына келтірген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері (шағын түрлері, популяциялары) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабынан алып тастауға жатады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының құрылымы. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы екі томнан тұрады: жануар (1- том) және өсімдіктер (2-том). Әр том бір кітап немесе бірнеше бөліктер (бөлімдер топтары немесе жеке бөлімдер бойынша) түрінде шығарылуы және қосымша ретінде - жануарлар мен өсімдіктердің құрып кеткен түрлерінің және шағын түрлерінің аннотация жазылған тізбесін, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы ереженің және жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық кесімдердің мәтіндерін қамтуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады, кез келген шетел тіліне аударылуы мүмкін. Жануарлар мен өсімдіктер түрлерін сипаттау тәртібін тиісінше Қазақстан Республикасының Қызыл кітап жөніндегі Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялары (бұдан әрі - Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялары) белгілейді. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына жазылған жануарлар мен өсімдіктердің әрбір түрі (шағын түрі, популяциясы) үшін мынадай негізгі деректер келтіріледі: түрдің латын, қазақ және орыс тілдеріндегі атауы; мәртебесі; сыртқы түрінің бейнеленуі; Қазақстан Республикасында картаға түсірілген, бұрын және қазіргі таралуы; саны және оның өзгеру үрдісі; лимиттеудің негізгі факторлары және саны мен ареалының өзгеру себептері; жасанды, еріксіз және мәдени жағдайларда өсіру мүмкіндігі туралы мәліметтер; Қазақстан Республикасының аумағын мекендейтін популяцияның, түрдің тетік қорын сақтаудағы рөлі; қорғаудың қабылданған және қажетті шаралары; ақпарат көздері. Қажет болған жағдайларда сондай-ақ, организм дамуының жасы мен маусымдық ерекшеліктеріне тән (құрт, жұмыртқа салу, қуыршақ, өсімдік бөліктері және басқалар) бейнелеуде келтіріледі. Жануарлар мен өсімдіктерді Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу және одан алып тастау тәртібі. Жануарлар мен өсімдіктердің сол немесе өзге де түрін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу және оның мәртебесін айқындау үшін оның санының қауіпті түрде қысқаруы, ареалының азаюы, тіршілік ету жағдайларының қолайсыз өзгерістері туралы деректер немесе оны қорғау мен өсімін молайту жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі туралы куәландыратын кез келген басқа да деректер негіз болады. Халықаралық табиғат қорғау одағының жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерінің тізіміне енгізілген және Қазақстан Республикасының аумағын мекендейтін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына бірінші кезекте енгізіледі. Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялар жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу одан алып тастау туралы, сондай-ақ олардың әрқайсысына қандай да бір мәрте беру жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын қарайды. Жекелеген мәселелерді қарау кезінде Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялар жазбаша қорытынды әзірлеу үшін де, Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялар отырысына қатысу үшін де зоология мен ботаниканың әртүрлі бөлімдері бойынша мамандарды тартады. Жануарлар мен өсімдіктердің сол немесе өзге де түрлерін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу туралы ұсынымдарды Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялар жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері тізбелерінің жобалары түрінде олардың мәртебесін көрсете отырып, жануарлар дүниесін қорғау өсиетін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органға енгізіледі. Уәкілетті орган жануарлар өсімдіктердін сол немесе өзге де түрлерін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу немесе одан шығару туралы Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялардың ұсынымын белгіленген тәртіппен қарағаннан кейін жануарлар мен өсімдіктердің түрін сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түр санатына жатқызу немесе сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендерді басқа санатқа ауыстыру туралы шешімнің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін енгізеді. Комиссия: Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының зоологиялық және ботаникалық бөлімдерінің құрылымы туралы; Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының зоологиялық және ботаникалық бөлімдеріндегі ақпарат көлемі туралы; Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы томдарының бөліктерін шығарудың және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының дубликаттарының қайта шығарудың орындылығы туралы мәліметтерді қарайды. Осы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялар уәкілетті органға жібереді. Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялардың құрамына олардың жұмыс орындарына қарамастан, зоологиялық құрылымның және ботаникалық ғылымның негізгі бөлімдері бойынша жетекші мамандар кіреді. Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялардың қызметін ұйымдастыруды Уәкілетті орган жүзеге асырады. Бақылау сұрақтары: 1.ҚР-ң Қызыл кітабына не кіреді? 2.ҚР-ң Қызыл кітабының құрылымы қандай? 3.Жануарлар мен өсімдіктерді Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу және одан алып тастау тәртібі қандай? 4.ҚР-ң Қызыл кітабы қай жылы қабылданды? III. Практикалық сабақтар Лабораториялық сабақта кейбір күрделі сұрақтарды оқып білу және студенттердің өздік жұмысының ќорытындысы болып табылады. Практикалыќ сабаќта студенттер көкейкесті мәселелерді дұрыс жеткізе алуға және өз ойларын, пікірлерін ортаға салып, емін еркін айта алады. осының бәрі ќазіргі уаќыт талабына сай жаќсы маман болуда зор үлес ќосады. № 1 - Практикалық сабақ Тақырып. Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті. Қоршаған ортаны қорғау. Сабақтың мақсаты: Пәннің негізгі ұғымдарын меңгеру. Құрлық және су экожүйелерінің жіктелуін оқу. Өсімдік және жануарлар әлемін қорғаудың негізгі шараларын қарастыру. Жоспар: 1. Сабақтың пәні және сұрағы. 2. Табиғатты қорғаудың негізгі сұрағы. 3. Экожүйе туралы ұғым. 4. Ю.Одум бойынша экожүйенің жіктелуі. Бақылау сұрақтары: 1. Сабақтың негізін атаңыз? 2. Биоценоз, биогеценоз, экожүйе ұғымдарына анықтама беріңіз? 3. Ос, табиғи орта, ООС ұғымдарына анықтама беріңіз? 4. Экожүйе жіктемесін беріңіз? Әдістемелік нұсқаулар: Материалды оқып, ұғымдардың ерекшеліктеріне назар аударыңыз. Олардың мағынасын есіңізге сақтаңыз, экожүйелер жіктелуін беріп оны есіңе сақтау қажет. Әдебиеттер: 1.Коробкин В.И. Передельский Л.В. Экология Учебник для вузов-м: Феникс,2001 2.Каимов К. Любите и берегите животных.- Алма-Ата: Мектеп, 1984-135с. 3.Экология и природопользование. Учебник Сулеев Д.К., Сагитов С.И., П.И., 4.Жумагулов К.К.,-Алматы. Ғылым,2004.-392с. № 2 - Практикалық сабақ Тақырып. Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативтік құқықтық базасы. Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы табиғатты қорғау іс- әрекетінің заң шығарушы және нормативтік-құқықтық базасымен танысып оны меңгеру. Сабақтың мінездемесі: танымды – түсіндірмелік. Сабақтың мазмұны: I. Мәліметтерді талқылайтын сұрақтар: 1. Мемлекеттік экологиялық саясат. 2. Табиғатты қорғау іс-әрекетінің басқарылуы, ұйымдастырылуы, координациясы. 3. Табиғатты қорғау заңдарының орындалуына бақылау жүргізу. II. Дәптермен жұмыс. 1. 7 шілде 2006 жылдан бастап шыққан №175- III ҚРЗ «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары туралы» деген Қазақстан Республикасының заңын оқып білу. 2. Оның негізгі жағдайларын қысқаша дәптерлеріңе конспектілеңдер. III. Мәліметті жалпылау және дәптер тексеру. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Заповедное дело в Казахстане – Алма-ата: Наука, 1982 – 216 с. 2. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 3.Қазақстанның Қызыл кітабы. № 3 - Практикалық сабақ Тақырып. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи қорықтары. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ұлттық парктердің және қорықтардың құрылу тарихын, олардың ерекшеліктерін, оларда қорғалатын тірі организмдердің негізгі түрлерін және географиясын оқып білу.Қазақстан табиғатын ұлттық саябақ пен ескерткіштерінің, заказниктерін, өсімдік және жануралар әлемінің қорықтарын, физико-географиялық жағдайын, тарихи дамуын оқу. Сабақтың мінездемесі: танымды – түсіндірмелік. Сабақтың мазмұны: I. Мәліметтерді талқылайтын сұрақтар: 1. Қазақстанның қорықтары. 2. Қазақстан заказниктері. 3. Қазақстанның ұлттық парктері. 4. Қазақстанның табиғат ескерткіштері. II. Дәптермен жұмыс. 1. Республиканың қорықтарын қарастыра отырып, кестені толтырыңдар. Бірінші бағанға қорықтың ашылған күнін, оның көлемін, орналасқан жерін көрсетіңдер. |Қорық туралы қысқаша |Сирек кездесетін өсімдік |Сирек кездесетін | |мағлұматтар |түрлері |жануарлар түрлері | | | | | 2. Қазақстанда қорықтар мен ұлттық парктер 0,32%, табиғат ескерткіштері мен заказниктері мен бірге – 1,2% территорияны алып жатқаны белгілі. Салыстыруға: Украинада 14 қорық 1% территорияны алып жатыр, ал Грузияда 17 қорық 2% территорияны алып жатыр, көбінесе өркениетті елдерде ерекше қорғалатын табиғи қорықтарға 6-12% территория белгіленген. Сендер қалай ойлайсыңдар, республшикада табиғи шарттардың, ландшафтардың, биологиялық әртүрлілігінің сақталуына қатысты олардың ауданын қорғау үшін қанша адам қажет? 3. Картадан 9 қорықтың орналасқан жерін белгілеңдер. III. Мәліметті жалпылау және дәптер тексеру. Бақылау сұрақтары: 1.Қазақстан қорықтарын атаңыз. Оларға мінездеме беріңіз. 2.Заказниктердің қандай түрлерін білесіз, оларға мінездеме беріңіз. 3.Табиғи заказниктердің физико-географиялық жағдайы. 4.Қазақстан табиғи саябақтарын атаңыз, оларға мінездеме беріңіз. 5.Қазақстан орман резерватын атаңыз және ерекшеліктерін атаңыз. Әдістемелік нұсқаулар: Республика қорықтарын оқып, бірінші бағанада қорық туралы қысқаша мәліметтерді жазып, өсімдік және жануарлардың сирек кездесетін түрлерін кестеге жазу, Қазақстан картасында қорықтардың орналасу жерін белгілеңіз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Заповедники СССР: Справочник/под ред. Н.Г. Васильева и др.-М.: Лесн.пром-сть,1983-248 с. 2.Заповедники Средней Азии и Казахстана-М,:Мысль, 1990-399 с. 3. Заповедное дело в Казахстане- Алма-Ата: Наука, 1982-1216 с. 4. Каимов К. Любите и берегите животных- Алма-Ата:Мектеп, 1984-135 с. 5.Заповедники СССР. Справочник Н.Г. Васильев, т.б. М; Лесная промышленность,1983. 6.www.geosite.com. № 4 - Практикалық сабақ Тақырып. ТМД елдерінің ерекше қорғалатын табиғи қорықтары. Сабақтың мақсаты: ұлттық парктердің және қорықтардың құрылу тарихын, олардың ерекшеліктерін, оларда қорғалатын тірі организмдердің негізгі түрлерін және географиясын оқып білу. Сабақтың мінездемесі: танымды – түсіндірмелік. Сабақтың мазмұны: I. Мәліметтерді талқылайтын сұрақтар: 1. Ресейдің қорықтары. 2. Украинаның, Белорусияның, Молдованың қорықтары. 3. Арменияның, Грузияның, Азердбайжанның қорықтары. 4. Түркіменстан, Тәжікістан, Өзбекстан және Қырғызстанның қорықтары. 5.Эстонияның, Латвияның, Литваның қорықтары. 6. ТМД-ның ерекше қорғалатын табиғи қорықтарының басқа нұсқалары. II. Дәптермен жұмыс. 1. ТМД картасынан оқылған қорықтардың орналасқан орындарын көрсетіңдер. 2. «ТМД қорықтары» тақырыбына кроссворд құрыңдар. III. Мәліметті жалпылау және дәптер тексеру. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Заповедники СССР: Справочник/под ред. Н.Г. Васильева и др.-М.: Лесн.пром-сть,1983-248 с. 2.Заповедники Средней Азии и Казахстана-М,:Мысль, 1990-399 с. 3. www.geosite.com. № 5-6 - Практикалық сабақ Тақырып. Европа мен Азияның ерекше қорғалатын табиғи қорықтары. Сабақтың мақсаты: Қазіргі кездегі Европа мен Азияның ұлттық паркі мен қорықтарының құрылу тарихын оқып білу. Олардың ерекшеліктері, оны қорғап тұрған тірі организмдердің географиясы мен негізгі түрлерін оқып білу. Сабақтың мінездемесі: танымды – түсіндірмелік. Сабақтың мазмұны: I. Мәліметтерді талқылайтын сұрақтар: 1. Камаргтың (Франция) ұлттық резерваты. 2. Татрандық ұлттық парк (Польша). 3. Плитвич көлінің ұлттық паркі (Югославия). 4. Энгадиндік ұлттық парк (Швейцария). II. Дәптермен жұмыс. 1. Оқулықтағы сөйлемдерді қолданып, Европа мен Азияның барлық елдерінің ерекше қорғалатын табиғи қорықтарының негізгі мағлұматтарын, олардың саны мен көлемін белгілеп дәптерлеріңе жазыңдар. 2. Картадан оқыған қорықтарыңның орналасқан жерін белгілеңдер. III. Мәліметті жалпылау және дәптер тексеру. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Борисов В.А., Белоусова Л.С., Винокуров А.А. Охраняемые природные территории мира. – М.: Агропромиздат,1975 – 310 с. 2.Заповедными тропами зарубежных стран. – М.: Мысль, 1976 – 351 с. № 7 - Практикалық сабақ Тақырып.Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Американың ерекше қорғалатын табиғи қорықтары. Сабақтың мақсаты:Американың ұлттық парктердің және қорықтардың құрылу тарихын, олардың ерекшеліктерін, оларда қорғалатын тірі организмдердің негізгі түрлерін және географиясын оқып білу. Сабақтың мінездемесі: танымды – түсіндірмелік. Сабақтың мазмұны: I. Мәліметтерді талқылайтын сұрақтар: 1. Солтүстік Американың ерекше қорғалатын табиғи қорықтары . 2. Орталық Американың ерекше қорғалатын табиғи қорықтары. 3. Оңтүстік Американың ерекше қорғалатын табиғи қорықтары. 4. Қазақстанның табиғат ескерткіштері. II. Дәптермен жұмыс. 1. Берілген әдебиетті пайдалана отырып дәптерге Америка континентінің барлық мемлекеттерінің ерекше қорғалатын табиғи қорықтары туралы негізгі мағлұматтарды, яғни қорықтар саны мен ауданын жазыңдар. Қорытынды жасаңдар. 2. Оқып білген қорықтардың орналасқан жерін картаға белгілеңдер. III. Мәліметті жалпылау және дәптер тексеру. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Борисов В.А., Белоусова Л.С., Винокуров А.А. Охраняемые природные территории мира. – М.: Агропромиздат,1975 – 310 с. 2.Заповедными тропами зарубежных стран. – М.: Мысль, 1976 – 351 с. № 8 - Практикалық сабақ Тақырып. Антарктика және Австралиядағы ерекше қорғалатын табиғи қорықтар. Сабақтың мақсаты:Антарктика және Австралия қорықтары мен ұлттық парктерінің құрылу тарихын оқып білу. Олардың ерекшеліктері географиясы мен ондағы қорғалатын тірі организмдердің негізгі түрлері. Сабақтың мінездемесі: танымды – түсіндірмелік. Сабақтың мазмұны: I. Мәліметтерді талқылайтын сұрақтар: 1. Австралияның ерекше қорғалатын табиғи қорықтары. 2. Антарктиканың ерекше қорғалатын табиғи қорықтары. II. Дәптермен жұмыс. 1. Берілген әдебиетті пайдалана отырып дәптерге Антарктика және Австралиядағы ерекше қорғалатын табиғи қорықтары туралы негізгі мағлұматтарды, яғни қорықтар саны мен ауданын жазыңдар. Қорытынды жасаңдар. 2. Оқып білген қорықтардың орналасқан жерін картаға белгілеңдер. III. Мәліметті жалпылау және дәптер тексеру. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Борисов В.А., Белоусова Л.С., Винокуров А.А. Охраняемые природные территории мира. – М.: Агропромиздат,1975 – 310 с. 2.Заповедными тропами зарубежных стран. – М.: Мысль, 1976 – 351 с. № 9 - Практикалық сабақ Тақырып. «Қорықтар желісінің даму перспективалары» тақырыбы бойынша практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы. Сабақтың мақсаты:Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кеңею перспективаларын зерттеу және шет елдерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісінің даму жоспарларымен салыстыру. Сабақтың мінездемесі: танымды – түсіндірмелік. Сабақтың мазмұны: I. Мәліметтерді талқылайтын сұрақтар: 1. Қазақстанда ЕҚТА перспективті жүйесінің қызмет етуі және дамуы. 2. Шет елдер жақта табиғи-қорықтық қордың дамуы. II. Дәптермен жұмыс. 1. Сіздің көзқарасыңыз бойынша, Қазақстандағы қорықтық істің проблемаларын тудыратын негізгі себептерді атаңыз. 2. Сіздің ойыңызша, республикадағы пайда болған күрделі табиғи- қорғау ситуациясынан қандай шығу жолдары бар? III. Мәліметті жалпылау және дәптер тексеру. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Заповедники Средней Азии и Казахстана-М,:Мысль, 1990-399 с. 2.Заповедники СССР: Справочник/под ред. Н.Г. Васильева и др.-М.: Лесн.пром-сть,1983-248 с. 3.Заповедными тропами зарубежных стран. – М.: Мысль, 1976 – 351 с. 4.Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтары туралы» заңы. ӘДЕБИЕТ 1 Негізгі 1.1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Алматы,: Юрист 2003 1.2. Сагимбаев Г.К. Экология и экономика. Алматы, 1977. 1.3. Коробкин В.И. Передельский Л.В. Экология./ Учебник для вузов.- М.: Феникс, 2001 1.4. Борисов В.А., Белоусова Л.С., Винокуров А.А. Охраняемые природные территории мира.-М.: Агропромиздат, 1975.-310с . 1.5. Заповедники СССР. Справочник. / Н.Г. Васильев и др./, М.: Лесная промышленность, 1983. 1.6. Заповедное дело в Казахстане.- Алма-Ата: Наука, 1982.-216 с. 1.7. Прокопов К.П., Стариков С.В., Браташ И.В, Позвоночные Восточного Казахстана.- Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2000.-224 с. 1.8. Заповедники Средней Азии и Казахстана (серия «Заповедники СССР»). – М.: Мысль, 1990.-399 с. 1.9. Заповедное дело в Казахстане.- Алма-Ата: Наука, 1982.-216 с. 1.10. Экология и природопользование. Учебник Сулеев Д.К., Сагитов С.И., Сагитов П.И., Жумагулов К.К.-Алматы.Ғылым, 2004.-392 с. 2. Қосымша 2.1. Экология и природопользование. Учебник Сулеев Д.К., Сагитов С.И., Сагитов П.И., Жумагулов К.К.-Алматы.Ғылым, 2004.-392 с. 2.2. Энциклопедия КазССР. Том 2. 2.3. Каимов К. Любите и берегите животных.-А-Ата: Мектеп, 1984.-135 с. 2.4. Охрана окружающей среды. Учебник. /Автор составитель А.С. Степановских/.- М.: Юнити – Дана, 2000 2.5. Панин С.М. Экология Казахстана: /Учебник /.- Семипалатинск 2005. 2.6. Красная Книга Казахстана 2.7. Охрана окружающей среды: Сборник нормативных правовых актов.- Алматы: Юрист, 2004.- 220 с. 2.8. Заповедными тропами зарубежных стран. –М.: Мысль, 1976.-351 с. 2.10. www.zapovednik.com 2.11. www.geosite.com
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz